Сөйле десең, сөйлейін
Көпен Әмірбек
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Тұлғалы ғұламалардың тұжырымы бойынша, әлемге шуақ шашатын екі нәрсе: бірі – Күн, екіншісі – Журналист. Ендеше, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Көпен Әмірбек халыққа қалжыңымен танымал сықақшы ғана емес, көлегейі жоқ көркем сөз шебері екені елге мәлім. Оның бұл кітабына атақты ақын-жазушылар, сайыпқыран сатириктер, өнер жұлдыздары, сондай-ақ мемлекет ж
Көпен ӘМІРБЕК
“Дәстүр”
СӨЙЛЕ
ДЕСЕҢ,
СӨЙЛЕЙІН
УДК 821.512.122 ББК 84(5 Қаз) Ә96 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К. «Сөйле десең, сөйлейін»: Естелік, эссе, сыр-сұхбат/ К.Әмірбек. – Алматы: «Каратау КБ» ЖШС; «Дәстүр», 2015.– 468б. ІSBN 978-601-7204-26-6 Тұлғалы ғұламалардың тұжырымы бойынша, әлемге шуақ ша шатын екі нәрсе: бірі – Күн, екіншісі – Журналист. Ендеше, Қа зақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Көпен Әмірбек халыққа қалжыңымен танымал сықақшы ғана емес, көлегейі жоқ көркем сөз шебері екені елге мәлім. Оның бұл кітабына атақты ақын-жазушылар, сайыпқыран са тириктер, өнер жұлдыздары, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткерлері туралы сыр-сұқбат, эссе мен елеулі мақалалары енген. Танымы мен тағылымы мол бұл жинақ көзі қарақты көпшілік қауымға арналған. УДК 821.512.122 ББК 84(5 Қаз) ІSBN 978-601-7204-26-6 © Әмірбек К., 2015. © «Дәстүр», 2015. © «Каратау КБ» ЖШС, 2015. Ә 96
Ê 1-бөлім ӨÊÅÌÍІҢ ӨÇІ
ÒÎҚÌÀҒÀÌÁÅÒÎÂ
“АССАЛАУМАҒАЛЕЙКҮМ,
НЕМЕРЕМ МЕН
ШӨБЕРЕМ”
Д аңқ! Атақ! Екеуі де егіз ұғым. Адамды атақ алып шыға ма, әлде атақдәрежені адам сүйрей ме? Білмеймін. Әйтеуір біз іңгәләп жөргекте жүр генде Асқар Тоқмағамбетовтің атағы менмұндалап жер-көкте жүргенін ғана білем. Атақ-даңқ та ағып жатқан өзен секілді. Жеңіл-желпі нәрсе мен іші кеуек бос дүние ағын судың бетінде қалқиды. Ал, салмақты да салалы заттар сарқырап аққан өзеннің түбінде жатады. Біз бала кезімізде Ас қар Тоқмағамбетовтің су бетінде қалқыған қалытқыдай аты мен атағын жеңіл-желпі естігеніміз болмаса, көзге көрінбей батып жатқан салмақты шығармаларынан хабарсыз едік. Бетпе-бет көрген емеспін. Бірді-екілі әзіл-сықақ туындыларын жастайымыздан жаттап өскеніміз болмаса, о кісінің кім екені, тіпті қайда оқығаны біз үшін жұмбақ-тын. Бірақ, “Асқар Тоқмағамбетов” десе, құлағымыз елең ете қалатын. Әсіресе, алғашқы әсер есімде. Бастауыш мектепте оқып жүрген кезімде ауылға бір топ әртіс келді. Ішіндегі бір жігіт көркем сөз оқиды екен. Жүріс-тұрысы цирктің атындай ширақ. Кербез. Асекеңнің “Желіккен жеңгейлер” атты фельетон өлеңін нәшіне келтіріп, көк кептердің мойнындай мың құбылтып оқығанда көпшілік көрермен шапалақ ұрып, сахнадан жібермей қойды. Көрерменнің сұрауы бойынша Асқар ағамыздың “Маймұрынға майшелпек” атты тағы бір сықақ өлеңін орындады. Сол күннен бастап Асекеңнің астары қалың, қырық қатпарлы, шым-шытырық шығармаларына ден қойып, кітапқа деген балалық махаббат оянып, құштарлық артты. Бұл не? Әрине, әдебиеттің әсері, шығарманың шарапаты ғой. Ауылдағы ақсақалдардың аузынан Асекең туралы жырдан қызық әңгіме естіп өстік. Шәуілдір туралы роман жазу үшін біздің ауылды атпен ара лап, небір хикаяны ерінбей-жалықпай қағазға түсіре беріпті. Арғы-бергі заманды көрген қазыналы қариялармен әңгімелесіп, атыз-арықтың басын дағы бау-бақшаға тігілген қамыс күркенің ішінде айлап жатып жазыпты. Асекеңнің көзін көрген үлкен кісілерге тосыннан сұрақ қоямын. – Асқар ағаны шынымен көрдіңіз бе? – деймін. – Көргенде қандай! – дейді Досмайыл нағашым. – Біздің шайлаға кеп шай ішіп кетіп тұратын. – Әңгімесі қызық шығар? – Көп үндемейді. Көзінің қиығымен ғана қарап, үндемей отыра беретін. Сонша жазудың бәрі қай жерінен шығатынын қайдам, әйтеуір сөзге сараң. Жасқаншақтап жанына көп жолай бермейміз. Қасында жүрген үлкен кісі лердің бәрі қазір жоқ, бақилық боп кетті ғой! – дейтін. Белгілі де беделді журналист Мыңбай Ілес ағам айтады:– “Әне, Асқар шайтан арбамен кетіп бара жатыр” деді біреулер. Жалт қарасам ақсары кісі екі доңғалаққа мініп, зымырап барады екен. Екі доңғалақты көлігі велосипед екенін кейін білдім. Оны жұрт “Шайтан арба” деп атайтын. Балалық шақтағы естіген әңгімелерім осы ғана. Кейінірек, өз қолымыз
өз аузымызға жетіп, журналистік жолға түскесін Асқар Тоқмағамбетовтің батасын алып, сырласқым келді. Азуын айға білеген “Ара” журналы сөз зергері Ғабит Мүсіреповтің Бас редакторлығымен 1956 жылы шыға бастаған заманда Асқар Тоқмағамбетов осы сатиралық басылымда аз-кем істепті. Қолтаңбалары журнал бетінде сайрап жатыр. Бірақ, көп ұзамай өзінің туып-өскен Қызылорда қаласына біржола қоныс аударып, көшіп кетсе керек. О кісіге амандасу үшін бір кездегі Қазақстанның астанасы болған Ақмешітке аттану керек. Сол жылдары шыққан көп томдық шығармалар жинағын парақтадым. Зерттедім. Зерделедім. Соноу 1905 жылы Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданының Қызыл орақ ауылында туған Асқар ағамыз Ташкент иррига ция институтының даярлық курсына түскенде небәрі жиырма жаста екен. Білімнің теңізінде кемедей жүзіп, көркем дүниенің көкжиегін кеңейтуді мақсат тұтқан балаң жігіт жиырма бес жасында Мәскеу полиграфия инс титутында оқыды. Әрі қарай қаламын арқалап, қағазын жастанып біржола шығармашылықпен айналысты. Қызылорда облысының “Ленин жолы”, одан соң республикалық “Социалистік Қазақстан”, “Лениншіл жас”, “Қазақ әдебиеті” газеттерінде және сатиралық “Ара” журналында қызмет істеді. Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент, Қызылорда облыс аралық бөлімшелерінің жауапты хатшысы болды. Кеңес өкіметі кезінде шыққан энциклопедияға үңіліп, қысқаша болса да мағлұмат алдым. Кейінгі толқын буындар үшін сол шежіреден үзінді келтіре кетейін. “... алғашқы дәуірдегі (1925-30) шығармаларында кедей жалшылардың бай-манаптарға қарсы таптық күресін, советтік тұрмыстың жарқын көрініс терін жырлады. Жер бөлісі, конфискелеу, коллективтендіру, әйел теңдігі, Түркісіб құрылысы тәрізді маңызды істерді жырлады. 30-жылдардан кейінгі шығармаларында шөл даланы суландырған, техниканың тілін білген, ша руасы көркейген, мәдениеті өркендеген колхозды ауылдың, оның жаңа адамдарының бейнесін жасады. Отан қорғау, интернационализм, Солтүстік мұзды мұхитты игеру, алысқа қонбай ұшу, Батыс Европада белең алған фа шизмнің лаңын әшкерелеу тақырыбына арнап өлең, поэмалар жазды. Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан мен тылдағы ерлікті, халықтар достығын, жеңіске деген құштарлықты патриоттық жырларына арқау етті. Соғыстан кейінгі жылдардағы ақын шығармалары бейбіт өмір тынысын, әлеуметтік мәні бар оқиғаларды, ел өміріндегі елеулі өзгерістерді, совет адамдарының жасампаз еңбегін, гуманистігін қамтыды. Тоқмағамбетов – адамның жан дүниесін, табиғат сырын жіті танитын лирик ақын. Оның көптеген лирикалық патриоттық өлең-жырлары, тақпақтары, өлеңдері әнге лайықталып жазылған. 30-жылдарда “Біздің Сәуле” орыстың “Комсомолка Дуня”, “Тап қорғаны”, – “Қазболат удалой”, “Қош. аман бол” – “Проводы” әндерінің әуенімен айтыл са, “Бәтиманың хаты”, “Түркісіб түйіскенде”, “Буденный маршы”, “Қызыл әскер жыры”, “Бір, екі, үш” т.б. өлеңдері арнаулы әндермен орындалып, халыққа кең тарады. Ұлы Отан соғысы жылдарында “Күт мені”, “Сүйген жарға” т.б. ән-өлеңдерінің эмоциялық қуаты күшті болды. Оның творчество сының бір қыры – сатиралық шығармалары. “Қырғи тілді ақын” (М.Әуезов) өмірдің күйкі көріністерін, адам санасындағы ескіліктің қалдықтарын сықақ еткен әжуа, мысқыл өлеңдерді, фельетондарды, скетчтерді күлкі үшін емес, белгілді идеялық бағытта, көркемдік түйіндеу дәрежесіне көтеріп жазды. Алғашқы сатиралық өлеңдерінің жинағы (“Күлкі-сықақ”) 1929 ж. басылды. Содан бері сатиралық өлеңдері мен фельетондары бірнеше рет жеке кітап болып шықты. Сан алуан сатиралық бейнелер жасады. Эпиграмма, пародия,
достық әзіл түріндегі өлеңдерді мол жазды. Қазақ совет поэзиясында мысал жанрының дамуына елеулі үлес қосты. Тоқмағамбетов – қазақ совет поэзиясында поэма жанрын өркендетуде де жемісті еңбек еткен. Оның поэмаларын тақырыбы, түрі жағынан төрт топқа бөлуге болады: 1) колхоз. совхоз өмірі (“Хат”, “Бақыт кілті”, “Қас келең”, “Өмірге жол”, “Агроном көктемі” т.б.). 2) Тарихаи адамдар туралы (“Батыр Әли”, “Ақын тағдыры”, “Кремль сақшысы” т.б. ). 3. Отан қорғау, ерлік, патриотизм тақырыбы (“Ажалды жеңген алыптар”, “Батырлар дас таны”, “Уборщица” т.б.). 4) халықаралық интернационализм тақырыбы (“Берлин көшесінде”, “Испания”, “Қараңғы түнде”, “Рейн жағасында” т.б.). Осылардың ішінде “Берлин көшесінде” (1932), “Ақын тағдыры” (1965) поэмалары – қазақ совет поэзиясының кезеңді табыстары. Әдебиеттің бар саласында жемісті еңбек еткен автордың проза жанры на қосқан үлесі де мол. Ол очерктер мен фельетондарды 30-жылдардан бері үзбей жазып, жариялап келеді. Ы.Жақаев өмірін арқау еткен повесін (“Қыран тұғырдан ұшады”, О.Бодықовпен бірігіп, 1969), Октябрь рево люциясының қарсаңындағы ауыл өмірін суреттейтін “Ақмоншақ” (1973) повесін жазды. “Әке мен бала” (1961) романында Қаратау мен Сыр бойын мекендеген қазақ кедейлерінің өмірін суреттеді. Автор бұл романды қайта қарап толықтырды (“Қарбаласта”, 1975). “Жыр күмбезі” – тарихи роман. Шығармаға 19-ғасырдың 2-жартысында өмір сүрген Базар жырау мен оның төңірегіндегі белгілі ақындар Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары т.б. творчествосы мен өмірі арқау болған. Автордың “Әзірет Сұлтан” драмасы, “Бәріміз де сондай болсақ” киносценарийі, бір актілі пьесалары, скетчтері драматургия жанрындағы үлесін танытады. Ол С.Айнидің “Құлдар” ро манын аударды (1953). Октябрь революциясы, 1-дәрежелі Отан соғысы, 3 рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен наградталды”. Міне, Асқар Тоқмағамбетовтің асқан асулары қилы заманнан дилы заманға осылайша ұласқан. ... Күндердің күнінде сәті түсіп 1982 жылы наурыз айында “Қазақ әдебиеті” газетіне орналастым. Сын-сықақ, фельетон бөлімінің меңге рушісімін. Бас редактор Шерхан Мұртаза. Оның орынбасары көрнекті ақын Әбірәш Жәмішев аға мені кабинетіне шақырып алды. Столының үстінде Асқар Тоқмағамбетовтің бес томдық шығармалар жинағы жатыр. – Қызылордаға барып қайт! – деді жұмсақ үнмен. – Асқар ағамызбен сұхбат жүргіз. Кәрі қойдың жасындай жасы қалды, қашанғы қалқайып тұрар дейсің. Ұлыларды ұмытып барамыз, бір марқайып қалсын ақсақал. Әбірәш ағаның бұл тапсырмасын қуана-қуана қабылдап, ертесіне жолға шықтым. Он жыл бірге оқыған кластас досым Әләйдар Мамырайымов Қызылор дада қызмет істейтін. Оған телефон шалып, тауып алдым да: – Қаланы білесің ғой, мені Асекеңнің үйіне апар! – дедім. Құралай жеңгеміз жылы шыраймен қарсы алды. Аякөз атты ақсары қызы дастархан жайып, құрақ ұшты. Бірақ, Асекең үйде емес, қала маңындағы шипажайда демалып жатыр екен. Әләйдар екеуміз сонда тарттық. Бөлмеде бір өзі. Естелік жазып бітіпті. Келген шаруамызды, газеттің тапсырмасын тәптіштеп айта бастап ем, оған онша мән бере қойған жоқ. – Уақыттарың бар ма? – деді сөзімді бөліп. – Иә, иә! – дедік екеуміз ентелей түсіп. – Ендеше тізе бүгіп отырыңдар. Мен сендерге Күләш Байсейітова туралы естелігімді оқып берейін. Шөмеленің ішінен екі бау шөпті суырып алғандай қалың қағаздың
арасынан екі бөлек қағазды бері шығарды да, аспай-саспай ежіктеп оқи бастады. Түс болды. Бітетін түрі жоқ. Аспаздар келіп алдына тіске жұмсақ ботқа мен шай қойып кетті. Оны аңғарар емес. – Ас-аға, шайыңыз суып қалмасын, ыстықтай ішіп алыңыз! – дедім. – Ә-ә, солай ма? Алың-келің жоқ, алдындағы ас-аухатын жалғыз өзі ішті. Біз болсақ, сілекейіміз шұбырып, анда-санда жұтынып қоямыз. Мән бермеген сыңай танытып, терезеге телміріп, айдалаға қарап отырмыз. Көз қиығыммен бай қаймын, Асекеңнің ас ішуіне қарағанда қайраты қайта қоймаған сыңайлы. Нанды шайнағанда құлағы қимылдап, төбесіндегі топысы қозғалады екен. “Бізге неге шәй іш!” деп айтпады? “Үйі емес, үкіметтің тамағы мен табағы санаулы болғасын алдындағысын кімнің аузына тоссын? Қап, әттегенеай! Бір қой сойып Асекеңнің алдына бас қойсақ та, ас қойсақ та жарасады екен-ау, ә? Қап, есте болмағаны-ай!” деп іштей өкіндім. Е, мейлі, сәті түссе тағы келерміз... Жіпсіген шекесін жібек орамалмен бір сыпырды да, Күләш туралы ес телігін жалғастырды. Бес-он минөт оқиды да, бір сағаттай ауыз-екі әңгімеге көшеді. Күн ауғанда бітті-ау әйтеуір. “Қалай екен?” дегендей бізге назар аударып, пікір күткендей рай танытты. – Жақсы екен, аға! – дедік. “Жақсы сөз – жарым ырыс” қой, ағамыз жадырап сала берді де, жалма-жан: – Енді сендерге Қажымұқан туралы жазған естелігімді оқып берейін! – деді кішкене желпініп. Ораза тұтқандай қарнымыз аша бастаса да: – Оқыңыз аға, оқыңыз! – дедік құмартып. Жарықтық Асекең баяғы сарынына басты. Екеуміз елтіп отырмыз. Күн еңкейді. Аспаздар келіп, кешкі ас-суын әзірледі. – Ас-аға, сорпаңызды ыстықтай ішіп алыңыз! – дедік біз де баяғы әуен мен. Асекеңнің тағы да құлағы қимылдап, төбесіндегі топысы қозғалды. Тағы да “алың-келің” жоқ, жалғыз өзі сорпаны сораптап жатыр. Қалайы қасық тостақтың түбіне тақұр-тұқыр тигенде ғана баяулап барып, шәй ішті. Сосын аузы-басын сүртіп, Қажымұқанға қайта көшті. Күн қас қарайып, көз байланған мезетте әріден қозғаған әңгімесі де бітті-ау әйтеуір. – Жақсы екен, аға! – дедік тағы да. – Енді сендерге “Мың бір түнді” аударған Қалмақан Әбдіқадыров тура лы әңгіме айтайын! Естеріңде жүрсін! – деді Асқар ағамыз. Шабытының тығыны атылғандай жалығар емес. “Ойпырмай, “Мың бір түнді” қозғаса, “... таң атты, Шаһаризада төсегі не жатты” дегендей, таң ата бір-ақ тоқтайтын шығар. Е, мейлі, аспаздар “завтрак” әкелгенше шыдайық” деп іштей төзімділік таныттым. Осы сәтте ақ желбегей жамылған дәрігері келді де: – Бұ кісіні шаршатпай, үйге қайтыңдар енді. Демалатын уақыты болды! – деді екеумізге. – Ә, солай ма? – деді Асекең жуасып. – Біздің бұ кісімен әңгімеміз бар еді! – дедім дәрігерге өтініп. – Таң атқаннан бері таусылмайтын не әңгіме ол? – деді дәрігер де шытырлап. – Газеттің арнайы тапсырмасы бойынша сөйлесуіміз керек еді... – Ә, айтпақшы, сұхбаттасуымыз керек екен ғой! – деді Асекең тарс ұмытқан нәрсесін есіне түсіргендей. – Жүріңдер, кішкене тоқ басып, далада жүріп әңгімелесейік. Далаға шықтық. Сырдың жағасы. Самал жел бетімізді сипады. Көктегі көп жұлдызға қарап Асқар ағамыз кекірді. Ал, біздің кекірігіміз азып,
кеңірдегіміз сорайып, жол-жөнекей әңгімелесіп, ілбіп келеміз. Қаз-қалпын дағы сол түнгі дидарласудың шет пұшпағы “Қожанәсірдің үрім-бұтағымен сұхбат” деген атпен “Қазақ әдебиеті” газетінің 1982 жылы 26 наурыз күнгі нөмірінде жарық көрді. Ол кезде отыздың үстіндегі жас шағым. Журналистік тәжірибем де шамалы. Қазбалап, қалың күреуге қауқарым жоқ па, әлде батылым бар мады ма, әйтеуір әуелгіде әбіржігенім рас. Өзімше формаға құрып, сұрақсауалды Қожанәсір атамның аузымен қойғызған болдым. Міне, сондағы сұхбаттың сұлбасы.
* * * Сын-сықақтың атасы кім? Әрине, Қожанәсір. Хо-ош, жарықтық Қоже кеңнен кім тарайды, үрім-бұтағы бар ма? Бар, әрине. Жеті атасын санайық па? Санасақ былай: арғы атасы – Қожанәсір, Қожанәсірден – Сатира, Сатирадан – Әзіл, Әзілден– Әжуа, Әжуадан – Оспақ, Оспақтан – Уыт, Уыттан– Асқар Тоқмағамбетов... Қоржынын арқалаған Қожанәсір Сыр бойында творчествоның қара қазанын қайнатып жатқан өзінің “үрім-бұтағы” Асекеңе кеп: – Жекжатыма жеті сәлем! – деді де сұхбаттаса бастады. Қожанәсір: – Айналайын, Асқар-жан! Сатираның салмағын арттыра түсіп, әзілкештер “әулетін” көбейтеміз бе деген үмітпен “Қазақ әдебиеті” газетіне қоржынымды арқалап келіп едім. Соған қосар сенің не үлесің бар? Асекең: – Сөз сүйектен өтеді, Қисынын тауып айта алсаң. Айтқаның босқа кетеді, Жауырды жауып жалтарсаң. Көздерің көргіш, Сөздерің өткір, Айтқаның мірдің оғындай болсын. Қуаттарың 220 вольттық Электрдің тоғындай болсын. Қожанәсір: – Рахмет! Сөзден сөз туып, сіздің “батаңыз” көкейіме бір ой тастады. Азулы фельетондардың азайып бара жатуының басты себебі неде, қазіргі фельетонға тән нендей проблема бар деп ойлайсыз, Асеке? Асекең: – Осы күнге шейін фельетон десе екі құлағым елең ете түседі. Өйткені творчествомның бір бұтағы осы жауынгер жанрға тікелей бай ланысты. Аз ба, көп пе – мыңға жуық фельетон жазыппын. Бес томдық таңдамалы шығармалар жинағымның бірінші томын тұтастай фельетонға арнауым да, оған деген ыстық ілтипатым, көрсеткен құрметім. Баспасөз бетінде от ауызды, орақ тілді фельетондардың аракідік кездесуі сықақшыларымыздың бүгінгі өмірмен қоян-қолтық араласпауынан, әрине. Өмірмен біте қайнасып, бірегей араласпайынша жазған дүниелерің өмір шең болмайтыны әмбеге аян жайт. Күбідегі айранның майын айыру үшін де піспекке тыным бермей, көк суы қалғанша көп пісуге тура келеді ғой. Бейнелеп айтқанда, фельетонистеріміз тер төгуге ерініп, майын да, маңызын да айранға жіберіп, бетінен қалқиды. Айтып-айтпай не керек, “Оһо, оған тісіміз батпайды” деген сылтаумен үлкен мәселені қозғай алмайды немесе жүрексінетіні де рас. Есесіне, зеңбірекпен торғай атқандай ұсақ-түйек кемшіліктердің қаққанда – қанын, соққанда – сөлін алып, сонша шүйілетінін қайтерсің. Онсыз да күні бітіп, әне-міне құлауға әзер тұрған объектіні нысанаға ап, жығылғанға жұдырық жұмсай салу, әдетке айналып бара ма
деп күдіктенем. Халықтық бақылау комитетінде немесе сотта зиянкестің мәселесін бұтарлап тексеріп, тиісті шара қолданады. Сосын ше? Әлдеқа шан болары болып, бояуы сіңген жәйтті енді келіп сынға ілген мақаланың қадірі бола қояр ма, сірә? Оған көз жүгірткен оқырман: “Е-е, баяғы нәрсені басқаға көз қылу үшін жазған екен-ау” деген оймен, оншалықты мән бере қоюы екіталай. Ешкімге белгісіз, беймәлім фактіге сын садағы тосын қа далса, ел-жұртты елең еткізер еді, фельетонның беделі бұрынғыдан да арта түсер еді. Сондықтан да болар, жергілікті жердегі кейбір басшылар сынға кәдімгідей мән бермей, жабулы қазанды жабулы күйінде қалдыра салуға тырысады. Ер-тоқымы мойнына түскенге “Ескерту берумен” тынады да, “Шара қолдандық” деп жауап қайыратынын қалай жасырамыз. Қожанәсір: – Халықаралық тақырыпқа жазылған фельетондар, памф леттер сиырқұйымшақтанып, жіңішкеріп бара ма, қалай өзі? Асекең: – Мұндай күретамыры тереңде, күрделі тақырыпқа бару үшін, әуелі автордың өзі саяси білімнің сауыт-сайманымен қаруланған, жетік болуы ләзім. Рейганның, Бегиннің кім екенін, олардың саясатынан, айлашарғысынан мақұрым болсаң қайдан жазасың. Әр дүние дүмбілез оқушының көзін ашатындай, көркем шығарма деңгейіне көтерілуі – өз алдына жеке әңгіме. Ұлы Отан соғысы жылдарында көп жарияланған памфлеттердің ролі өте күшті болды дейміз. Неге? Өйткені, оның бәрі замана үніне ілесе білді, қару-жарақтан да қаһарлы құралдың біріне айналды. Жауды уытпен, күлкімен соқтық. “Бізде күлкіні ұнатады, күлкі – қаһарлы қару, оны қолдан түсіруге болмайды” деп Чернышевский айтқандай, қазіргі кезде памфлеттей қаруды қолдан түсіру – сатириктеріміз үшін ойланатын жағдай. Қожанәсір: – Қаламдастарыңызға арнаған достық әзіл, эпиграммала рыңыздың ішінде жарық көрмей қалғандары болды ма? Асекең: – Кезінде эпиграмманы көп жаздым. Бірақ қаламдастарым мен замандастарым реніш білдіріп, теріс айнала бастағасын сатираның бұл түрін тастауға тура келді. Эпиграмманы түсіну, оған мән беру, ақиқатын айту керек, біздің қазақ әдебиетіне әлі ұрығын себе қойған жоқ-ау. Орыс, Европа әдебиетінде эпиграммаға үлкен мәдениетпен қарайды. Тіпті, ағылшынның “Панч” деген журналының бетінде пародияға, эпиграммаға ілікпеген ақын-жазушыларды қаламгер деп есептемейді екен. Ал бізде ше? Соңына шырақ алып түсетін “шырақтар” да баршылық... Енді қойын дәптерімнің архивінде шаң басып жатқан екі-үш эпиграмма ларымды оқып берейін. Марқұм ақын Тайыр Жароков “Жапанды орман жаңғыртты” деген шы ғармасынан кейін, сәл саябырсып қалды. Мынау сол сәттерде жазылған эпиграмма еді: Тайыр ақын “Жапанды” Дастанымен жаңғыртты. Онан бері талай шөл, Талай жонға жан бітті. Бір жазушысымаққа арнаған мына бір эпиграмма да қойын дәптерімнің қойнауында қалды. Қандай сұлу кітаптың мұқабасы, Шынын айтсақ, көр-жердің жұқанасы. Қожанәсір: – Түсіңізде сықақ өлең жазып көрдіңіз бе? Асекең: – “Не ексең, соны орарсың” дегендей, ояу кезіңде ойлап жүрген істерің түсіңе енуі заңды құбылыс екенін медицинада дәлелденген. Шығарманың желісі, күндіз ойлап таппайтын шымыр ұйқастар, керемет сөз тіркестері секілді қызық құбылыстардың түске енуі әрбір қаламгердің
басында ұшырасар-ау деп ойлаймын. Жақында бір түс көрдім. Баяғы балаң жігіт шағымда Сыр бойында Ахмет деген қайықшы шал болатын. Түсімде сол шалға мынадай өлең арнап жатыр екем: Ахмет – жаны жайсаң, сері кісі, Шалқақ төс, әрі палуан, әрі күйші. Бағыланын байлаудағы сойып болып, Қанғанша сөйлеуші еді құлақ құрышы. Шіркін-ай, неге өледі сондай заңғар, Шоң желке, шойын құлақ, шомбал “шонжар”. Шорт кескен сөзі біреу, өзі сахи Дүниеге қайта келмес ойндай жандар... Түсімдегі “творчествоны” ояна салысымен қолма-қол жалғас-тырып, дамытып, көлемі мың жолдай “Туған жер” атты толғау жазып біткенімде өзіме-өзім сенбедім... Қожанәсір: – Ал, Асқар-жан! Қойын дәптеріңізде қоржыныма салатын қою сықақтарыңыз бар ма? Асекең: – Шүкір, баршылық. Иегі қышып, дәметіп жүрген оқырманда рыма бір-екі “тілі қышыған” өлеңдерімді өзіңіз арқылы сәлемдемеге беріп жібергенім сөкет болмас, Қожеке. Мінеки... БІР АҚЫНҒА Бір мықты айтса “мықты” деп, Біле бер кітап шықты деп. Бір мықты сыншы шүйілсе Біле бер мықтап жықты деп. Бір жығылып, бір тұрып, Жүргенде бітер жыртылып. Бір қызығы ақынның Кітабы қалды бір шығып. Әттең, тонның келтесі-ай! Уақыттың тығыздығына байланысты Асқар ағамен қолтығымыз сөгіліп, көсіліп сырласудың сәті түсіңкіремеді. Ер тесіне бір жаққа жол жүреді екен. “Мейлі, барымен-базар, бұйырғаны осы шығар” деп тәубә жасадық та, ағамызды ардақтап шипажайына кіргізіп салдық. Сондағы байқағаным, өте қарапайым, салмақты, салихалы. Бар нәр сеге байыбымен қарайды. Кереметтілігі сол– кеуде кермейді. Тәкаппар емес, мақтаншақтардың маңайынан жүргісі келмейтінін аңғардық. Сірә, Лев Толстойдың “Зат неғұрлым салмақсыз болса, соғұрлым орынды көп алады... Мақтаншақ та сондай” деген қағидасын темірқазық етіп ұстаса керек. Соның бір дәлелі, ақиық ақын Әбділда Тәжібаевтың естелігіне үңі лейікші. “Біз 1935 жылы Асқар Тоқмағамбетовтің өлең жаза бастағанына он жыл толуын тойладық. “Жас адамға осынша салтанаттың керегі не? Одан үлкендерді тойлаған жоқпыз ғой” деушілер де табылған. Бірақ, біз, жастар оған құлақ аспадық. “Асықпайық та” деген Асқардың өз сөзімен де санаспадық... Біз сонда жас талантты Асқардың комсомолдар ақыны боп бастағанын айтып мақтандық. ...Мүмкін, Асқардан өзге жас жігіт құрмет салмағын көтере алмай сынып та кетер ме еді, қайтер еді. Ал, Асқар ондай әлсіз емес екен. Ол “Болдым де сем болмағаным, толдым десем толмағаным” деп қорытты. Мақтау сөздерді ол шөл қандыру үшін талғамай жұта берген жоқ, қошеметке де семірмеді.
“Мен! Мен!” деп қақпа төсіңді, Менмендік жатыр қасыңда. “Мен!” бастап кетсе көшіңді, Ешкім де қалмас қасыңда” деген төрт жол өлеңмен жауап берді”. Расында да, Асқар ағамыз сөзге желпінбеген. “Мақтау– жел сөз, жанға қас, Қошеметшіл шығарған”, – деп жазған Абай атамыздың сыни көзімен қараған. ... Ағамен қоштастық. “Амандасу – қоштасудың басы” екенін, Асқар ағаны алғаш рет және ақырғы рет көріп тұрғанымды қайдан білейін. Келесі жылы 21 тамыз күні бақилық боп, о дүниеге озды. Арада жиырма жыл өтті. Дәм-тұз бұйырып, Қызылордаға тағы да табан тіредім. Асқар ағаның әруағы разы болсын, дұға оқиын деген мұсылман дық ниетпен облыстық телерадио комитетінің төрағасы, сықақшы інім Орынбасар Әлжіковпен бірге бейітіне барсам, ... О, масқара-ай! Тұғыры ғана тұр. Таза мыстан құйған екі тоннадай ескерткішті базбіреулер кранмен көтеріп ұрлап кетіпті. Бұған не дерсің? Ішім қан жылады. Қапаландым. Бірақ, кімге налығанымды өзім де түсінбеймін. Сақалын сипаған саудагерлердің ісі ме бұл? Әлде, күншілдік?.. Есіме Бауыржан Момышұлының нәсихаты түсті. “Күншілдік – өзгенің мықты лығы мен өзіңнің әлсіздігіңді түсінуден туған құбылыс” демеп пе еді? Не де болса, әлсіздердің әрекеті-ау... Кейінірек Асекеңнің басына ағайын-туыс, немере-шөбересі жиылып көк тастан ескерткіш орнатты. Ал, шәкірті ретінде мен “Қандай ескерткіш орнатсам екен?” деп ойланып жүргенімде орайы келді. Биыл күзде Қо жанәсірдің үрім-бұтағы атанған Асқар атамыз жүзге келеді. “Ана тілі” баспасының директоры, жазушы-журналист Жақау Дәуренбековтің ыстық ықыласымен Асекеңнің тек сатиралық шығармаларын құрастырып, оқыр мандарға тарту етсек оның өзі үлкен ескерткіш емес пе? Асқар атамыздың ең соңғы кітабы 1982 жылы шыққан. Содан бері ширек ғасырдай уақыт өтсе де бірде-бір жинағы баспадан жарық көрмеген. Жүз жылдық мерей тойына орай іргелі қаламгердің бір томдығын құрастырып жатқанымыз құлағына шалынған болу керек, жақында Асекеңнің кенже қызы Аякөзден хат алдым. Құрметті Көпен Әмір-Бек мырза! ... Биыл біздің әкеміз, қазақтың белгілі қаламгері А.Тоқмағамбетов 100 жасқа толады. Ең алғашқы өлеңі 1925 жылы “Еңбекші Қазақ” газетінде басылған, сол жылдан бастап әдебиетіміздің әр түрлі жанрына өз үлесін қосты. 1929 жылы басылған “Күлкі-сықақ” атты тұңғыш сатиралық өлеңдер жинағынан бастап өмірінің соңғы жылдарына дейін қазақтың төл мысалын дамытып, бірнеше сатиралық өлеңдері мен фельетондар жинағын оқырман қолына жеткізді. Туған әдебиетіміздің классиктері Б.Майлин “Найза тілді Асқар” десе, М.Әуезов “Қырғи тілді ақын” деп бағалауы да әкеміздің сатира жанрындағы аса дарынды қуатының сипатын білдірсе керек. “Желіккен жеңгейлерге”, “Бөкей мен Дүкей”, “Бір мылжыңның баяндамасы” т.б. сатиралық өлеңдері әлі күнге арыла алмай келе жатқан кеселдерімізді дәл басып айтқандықтан да, ақынның сатиралық жырлары әлі найзалы, өткір болып тұр. Әкеміздің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында қаламгерді халықпен қай та қауыштырып, “Дейді екендер дейді екен” жинағын қүрастыру – игілікті
іс, ақынға, әдебиетке, өнерге деген құрмет деп түсінемін және мұрагер ретінде алғыс сезімімді білдіремін, құптағаннан өзге, қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаудамын. Сізге шығармашылық табыс тілеуші: Аякөз Асқарқызы ТОҚМАҒАМБЕТОВА Қызылордадағы педагогикалық колледжде ұстаз боп істейтін Аякөздің хатынан үзінді келтірдік. Жалпы, Асқар атамыздың кіндігінен үш ұл, үш қыз өрбіген. Өзінен бір жас кіші жары Құралай апай немере-шөберелерінің қызығын көріп, 96 жасында бұ дүниеден таяуда өтті. Тұңғыш ұлы Төребек Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан. Одан кейінгі ғылым жолын қуған екі ұлы Еркін мен Ғанибек те беріректе қайтыс болды. Екі қызы Роза мен Ботакөз дәрігер, қазір екеуі де зейнетте. Жалпы, он екі немересі, жиырма шақты шөбересі бар. – Дүниеде не тәтті? – Ананың сүті. – Дүниеде не жұмсақ? – Ананың қолы. – Ал енді не қатты? – Атаның жүрегі. Ел аузында осындай әңгіме бар. Қайдам? Асқар атаның жүрегі де жұм сақ болу керек, қолжазба күйінде қалған ең соңғы өлеңін немересі мен шөберелеріне арнапты. – Ассалаумағалейкум, Немерем мен шөберем. Сендерменен көркейіп, Сендерменен көгерем. Сендерменен өркендеп, Сендерменен көбейем. Сендер тірі тұрғанда Мен қартайып неге өлем? 1983 жыл 20 тамыз. Қап, әттегене-ай, – деп өкінем қазір. – Сол кезде Асекеңмен неге суретке түспедім екен? Құнт жоқ, ойда болмаған ғой. Бұл өкініш – жәй өкініш. “Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған” Асқар Тоқмағамбетов атындағы көше Алматыда неге жоқ? Міне, өкініш! Қиясбай деген досы Абайдан: – Екі жүз ешкінің мүйізі қанша болды? – деп сұрағанда: – Төрт жүз! – деп жауап беріпті ақын. – Ой, пәлі, сен де есеп білемін деп мақтанасың-ау, – депті Қиясбай, – сонша көп ешкінің ішінде тоқал ешкі, мүйізі сынған ешкі болмай ма екен? Сол сияқты Асекеңнің сын-сықақтарын ешкінің мүйізіне теңесек, кітап құрастыру барысында тек “мүйізді” шығармаларын іріктеуге тырыстық. Көп жасаған қария, Ақылы – теңіз дария, Көкірегінде көзі бар, Көпке өнеге сөзі бар, Сөзі – соқпақ, өзі – нар! – деп жүз жасаған Жидебай шешен толғағандай, қазақ әдебиетінің қара нарына айналып, сатира соқпағымен күлкі керуенін бастаған Асқар Тоқмағамбетовтің 160 жылдық мерей тойына шашу болсын деп осы естелікті оқырмандарға ұсынып отырмыз. “Жас Алаш” газеті, 2005 жыл,
ÀÄÀÌÁÅÊÎÂ
КӨКЕМНІҢ
КӨЗІ
А дам деген миллиондаған ғасырлардың туындысы” болса, ХХ ғасырдан екі-ақ жас кіші Ғабең, Ғабит Мүсірепов 1956 жылы ашылған саяси-сатиралық “Ара-Шмель” журналының алғашқы Бас редакторы болды. Қазақ баспасөзінің тарихына көз жүгіртсек, бұған дейін де “Садақ”, “Шаншар”, “Балға” атты әзіл-сықақ журналдары жарық көріп, бесіктен белі шықпай жатып шетінеген сәбидей қысқа ғұмыр кеш кенін профессор Темірбек Қожакеев пен Тұрсынбек Кәкішұлы ағаларымыз ғылыми еңбектерінде дәлелдеген. Тумай туа шөккен осы бір әзіл-сықақ үш журналдың тізгінін Бейімбет Майлин, Жүсіпбек Аймауытов, Ілияс Жансүгіров ұстағанын біреу білсе, біреу білмейді. Ұлы Отан соғысынан кейін ес жиып, еңсесін көтере бастаған ел-жұр тымыздың езуіне күлкі үйіру керек болды ма, әлде етек ала бастаған қоғам дертіне сатираның уын сеуіп айықтыруды мақсат етті ме, әйтеуір екі есеп – бір есеппен “Ара” журналы қанат қақты. Түрлі-түсті бояумен безендірілген саяси-сатиралық журналдың негізгі діттеген бағыттамасы да алғашқы бетте айғайлап тұрды. Ұшқалы тұрған “Арамын”, Алдарыңа барамын. Қисық, Қыңыр, Қырсауды Талқыңа сүйреп саламын. Жексұрын, Жылпос, Тоңмойын, Төрешілді табамын, Табамын да шағамын! Астыңғы жағына “Ара” деп қол қойыпты. Авторы кім? Белгісіз. Сөз зергері Ғабең жаңа басылымның мазмұны мен мағынасына, көркемдік жағына көп мән бергендіктен, сол кездегі сайыпқыран сатириктеріміз Асқар Тоқмағамбетов, Садықбек Адамбеков, Шона Смаханұлы, Мыңбай Рәшевті жұмысқа қабылдап, жұмыла кіріскен. Сонда осы өлеңді кім жаз ған? Меніңше, төртеуінің де қолтаңбасы бар деп ойлаймын. Қырғауыл аңға шықсаң, атқан тәуір, Бал болса, жанай өтпей, татқан тәуір. Жаманмен құшақтасып бір жүргеннен, Жақсының аяғында жатқан тәуір. Аллатағаланың бұйрығы ма, әлде басыма қонған бақ па, ағаларымыз дың табаны тиіп, табалдырығын тоздырған сол “Араның” бір мүйсіне фельетонист болып қабылдандым. Айхай, жиырма бестегі кезім. Жақсы ағалардың аяғында жатқандай өзімді ерекше сезіндім. Бар арманым – балалар ақыны болу еді. Жұмыстың ыңғайына қарай, сатираның сарайынан бір-ақ шықтым. Кілең күлкінің күймесіне мінген сықақшы ағалардың арасына тап болғаныма таң қалам. Әшейінде әзілоспақ жаза қоймайтынмын. Анда-санда тиіп қашқаным болмаса, сол
жанрдың соңына білек сыбана кіріспегенім рас. “Араға” ат ізін салып кеткен сатирик ағалардың қолтаңбасы бөлек. Оқимын да қызығам. Елігем. Еліктеймін. Көбісін көрмегем. Сырттай білем. Ал, “Арада” істейтін ақ сауытты ағаларым – Оспанхан Әубәкіров, Оспанәлі Иманәлиев, Мыңбай Рәшев, Төленді Нұрмұхамедов, Сақтапберген Әлжіков, Үмбетбай Уайдин, Қажытай Ілиясов. Бас редакторымыз – Нұрғазы Шәкеев. – “Ара” ара болады, шаққан жері жара болады! – дейді Оспанхан аға. – Ара ылғи шаға бермейді, кейде бал жинайды! – дейді жауапты хат шымыз Сақтапберген Әлжіков. – “Арада” жұмыс істеу жалаңаш құйрықпен кірпікшешеннің үстіне отырғанмен бірдей! – депті Қалтай Мұхамеджанов. Журналдың шежіресіне құлақ түрсем, бір кездері “Ара-Шмель” журна лында Олжас Сүлейменов, Жұмекен Нәжімеденов, Әкім Тарази, Сарбас Ақтаев секілді атақты қаламгерлер де жас кезінде жанын салып жұмыс істеген екен. Өлеңімнің басы еді быжық-тыжық, Басы быжық болғанмен, арты қызық. Әшейінде өлеңді айтпаушы едім, Көргеннен соң сіздерді кеттім қызып. От шайнаса да аузы күймейтін арқасы бар ардақты ағалардың ортасына түскесін маған да желік бітіп, қыза бастаған секілдімін. Бір күні сол аяғын сылтып басып көк көз, көңілді кісі келді. Жазбай таныдым. Садықбек Адамбеков! – Ассалаумағалейкум, аға! – деп атып тұрдым. – Бір жас бала жұмысқа тұрды деп еді. Сол сен бе? – деді. Басымды изедім. – Не бітірдің? – КазГУ-ді... одан кейін Владивосток қаласында екі жылдық әскерипартия мектебінде оқып, жақында оралдым, аға. – Нешедесің? – Жиырма бесте. – Қай жерденсің? – Шәуілдірден. – Е-е, Алпамыстың тұқымы екенсің ғой? Басымды изегендей ишара таныттым. Сол жылдары жүзге, руға бөлініп, әркім жерлестерін жетектеген берекесіз әдет белең ала бастаған екен. Садықбек ағам: – Бері жүр! – деді де, дәп бір мен қашып кететіндей қолтығымнан қысып ұстап, бөлмемнен дәлізге шығарды. Сөйтті де жан-жағына жалтақтап қарап: – Ешкім естіп қоймасын. Мен саған бір әңгіме айтайын!– деді құлағыма сыбырлап. – Ано-о-оу жер түбіндегі құмның қойнауынан жерлестері бір кесірткені Алматыға ап келеді. Аяғының астына құм төсейді. Аузына шөп қыстырады. Шөлдеп өлмесін деп жанына бір құты су қояды. Сол кесіртке бес жылдан соң крокодил боп шыға келеді. Сен, шырағым, “Араға” кро кодил боп келген екенсің, байқа, бала!.. Бұлтақтап жүрсең бұлар сені бес жылдан соң кесіртке қып жібереді. “Бөлінгенді бөрі жейді”, исі қазақты бөлме, бөлінбе!.. – Ой, аға, мен кесіртке де емес, крокодил де емес, арамын ғой! – дедім әзілдеген сыңай танытып. Сәкеңмен солай таныстым. Шығармаларын ден қойып оқыдым. – Аға, – дедім бір күні, – сіздің “Атылған қыз туралы аңыз” деген сати
ралық романыңызды оқып шықтым. – Қалай екен? – деді қиғаштай қарап. – Индийский кино секілді жүдә, қызық. Кейіпкеріңіз аяқ астынан ты рапай асып өліп қалады. Өліп қалған геройыңыз қайтадан тіріліп кетеді... Байқаймын, бұл пікірімді онша ұната қоймады. “Не деп тұрсың?” де гендей жақтырмаған сыңай танытты. – Әшейін әзілдегенім ғой, аға. Әр сөзіңіз найзағай, әр ойыңыз найзадай. Мысалы, халықаралық тақырыпқа жазған памфлетіңізде “Аузына атом бомбасын тістеген, ей, ХХ ғасыр, тыңда мені!” деп, безерген дүниенің бетін бері қаратып сөйлеуіңіз тасқындаған таланттың белгісі! – Жүр, үйге! Шай ішіп қайт! – деді Сәкең жүзіне қан жүгіріп. Негізі жазушының мінезі жас баладай-ау, сәл нәрсеге мұңаяды, сәл нәрсеге тыңаяды. Ойпырмай, ойнап айтам деп шайдан құр қала жаздадым. Күндердің күнінде жаңадан шыққан “Нива” жеңіл автокөлігін алдым. Ол кезде ондай машинаға қол жеткізу бүгінгі күні самолет сатып алғанмен бірдей еді. Ойда жоқта Сәкең ұшырасып: – Мәшинең құтты болсын, – деді, – мені үйге апарып тасташы. – Жүріңіз, аға. – О бастағы әдетім сол, мен мәшиненің алдына мінбеймін. “Ниваның” есігі екеу-ақ. Артына отыру үшін алдыңғы есікті ашып, орындығын ілгері құлатып, адамдар үңгірге кіргендей тоңқаңдап артына бауырлап өтетін. Сәкең сөйтті. Үйіне жеткесін алдыңғы есіктен тоңқаңдап сыртқа шықты. – Машинам қалай, аға? – дедім көрімдік дәметкендей. – Отлично! Мінген адамды құйрықтан теуіп, сақалдан сүйреп шығарады екен! – деді. Жәй әшейін айта салды. Табиғи таланттың аты талант қой шіркін. Әшейін сөзінің өзі әдеби әзіл дүниедей. Күндердің күнінде Сәкең телефон шалды. Желтоқсан айының екінші жартысы болатын. – Әй, әнеукүнгі мәшинеңді мініп, азанғы сағат алтыда үйге кел, – деді, – Ақтөбедегі азаматтар соғым сойып жіберген екен. Соны таңертең пойыздан күтіп аламыз. Түсіндің бе? Кешікпе! Құлқынсәріде вокзалға барып, алты қап соғымды арқалап “Ниваға” арттық та, Қазақстан Жазушылар одағы ғимаратының іргесіндегі үйіне келдік. Төртінші қабаттағы пәтеріне алты қап етті алты рет арқалап шы ғару оңай ма? Қара терге түстім. Ақтөбелік ағайындар табан қазысы бар бір жылқыны мүшелеп, қазы-қартасын айналдырып, бұрыштап, тұздап дайындап жіберіпті. Оның бәрін балконға жайып қойдық. Садықбек ағам Арыстың кісісі. Ақтөбеде кімі бар? Бұл неғылған енапат соғым? – Биыл жазда Ақтөбе облысындағы жылқышылар ауылын жарты айдай аралап, жол жүріп қайттым! – деді Сәкең сөз тоғанын ағытып. – Өзім де ат мініп, айлы түннің астында жылқы бағып рахатқа баттым. Жылқышы лардың өмірі тұнған хикая. Романтика! Айт дегенде өлеңді үстеуші едім, Тоят алмай тұғырдан түспеуші едім. Теңбіл көктің баласы затым тұлпар, Тұнық судан басқаны ішпеуші едім! – деп халқымыз жылқыны жырға бекер қосты ма? Жылқы баласы кез келген суға тұмсық тіремейді, жүзіп барып тұнығынан ішеді. Міне, сол жылқышылар өмірінен очерк жазғым келді. Көп материал жинап қайт
тым. Сөйтсем мен белгілі ақын, беделді композитор Бәкір Тәжібаевтың “Ақбұлақ” ауылына барыппын. Ақтөбенің вокзалында Бәкірмен ойда-жоқта жолығып қалдым. Мен Алматыға бара жатырмын. Ол Алматыдан келе жатыр екен. Амандасып, қауқылдастық. – Иә, Сәке, біздің жаққа... Кездесуге кеп пе едіңіз? – деді Бәкір. Жай-жапсарымды түсіндіріп, пәлен-түген деген жылқышылардың жайлауында жарты ай демалғанымды айтып, ризашылықпен қайтып бара жатқанымды тілге тиек етіп ем: – Оһо-о, тура біздің ауылға барған екенсіз ғой! – деп Бәкір балаша қуан ды. Сосын “Қалай, астыңызға ат мінгізді ме?” деді. Үндемедім. Қалай үн дейін, аудан басшыларынан ондай сый-сияпат көргенім жоқ. Қалай көрейін, өйткені мен олардың ешқайсысына жолыққам жоқ. Қалай жолығайын, бір басшысы командировкада, екіншісі демалыста екен. – Қойыңызшы, – деді Бәкір менің сөзіме иланбай, – жасырып тұрсыз-ау? Біздің аудан бай аудан. Бір ат мініп, бір ат жетектеп қайтқан шығарсыз? – Сенбесең алмағанымды айғақтап, жазып берейін! – дедім. Ол да қуақы екен, сөмкесінен қағаз бен қалам суырып, қолыма ұстата қойды. Қапелімде не дейін, әзіл-шыны аралас бір шумақты сүйкей салдым. Бардым Бәкір, “Ақбұлақ” отаныңа, Мыңғырған мал сыймайды қотаныңа. Па, шіркін, ақын елі қандай жомарт, Мініп қайттым өзімнің қо...ма! Кейін Бәкір барып, өлеңімді аудан басшыларына көрсетсе керек. Мынау содан келген соғым ғой. ... Жаңа жыл қарсаңы. Екі құрдасым екі кештің арасында: – Ет табасың ба? – деді. – Оны неғыласыңдар? – Қыздар пәтеріне шақырып еді. “Ет ала келіңдер” деп тапсырған. Базар жабылып қалды. Дүкенде ет жоқ. – Сендерде бет жоқ... – Өз үйіңнен өзің ұрлап алсаң да, бізге ет тауып бер! – дейді екеуі қа сапшының пышағындай жалаңдап. Садықбек ағаның балконы көз алдыма елестейді. Бір жылқының еті жайрап жатыр. Ендігі сүр боп та қалған шығар? – Жүріңдер! Салып ұрып Сәкеңнің үйіне бардық. Екеуінің біреуіне: – Анау төртінші этажды көрдің бе? – дедім. – Иә! – Мен сол балконнан ет лақтырам. Сен қарға түсірмей қағып алып тұр. Жарай ма? – Ал, мен ше? – деді екіншісі. – Сен менімен бірге барасың. Садықбек Адамбеков үлкен сатирик. Амандасып біткесін аяғыңды шешпей “Аға, сізді көргеніме қуаныштымын. “Аюбайдың ажалы” деген пьесаңыз керемет!” деп мақтай бер. Мен сол кезде балконға өтіп кетемін де, ет лақтырам. Келістік пе? – Қайтадан айтшы, – деді ол, – Сәкеңнің неменесі керемет деп мақтай мын. – Пьесаңыз керемет деп айта бер. – Пьеса деген немене? – Өй, мақау! Е, жарайды... “Аюбайдың ажалы, Аюбайдың ажалы” деп судырата бер.
Келістік. Есігін қақтық. Ашты.Сәкең: – Әй, қулар, екі кештің арасында неғып жүрсіңдер? – деді секемден гендей. – Сізді жаңа жылыңызбен құттықтап келдік, аға. – Е, онда жоғары шығыңдар! Аяқ киімді сірісінен басып сыпырып босағаға тастадым да, балконға тарттым. Уақыт жоқ. Жұмыс қауырт. Сәкең сыртымнан: – Әй, қайда барасың? – деді. Естімеген болдым. Құрдасым болса Сә кеңнің алақанын амандасқан күйі қысып ұстап ешқайда жібермей тұрға нын байқап қалдым. “Аюбайдың ажалын” айтып біткенше, бір-екі етті лақтырып үлгердім. Бөрікті аспанға лақтырып жерге түсетіндей уақыт болған жоқ, Садықбек ағам сарт еткізіп білегімнен ұстап алды да, шексілесі қатып күлді: – “Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді” деген рас екен. Детдомда жүр генімде түнде бақанға жайып қойған жұрттың етін мен де ептегем. Бірақ сен сияқты біреудің үйіне баса-көктеп кіріп, сүбелі соғым ұрлағам жоқ. Бір көжелік, жарты көжелікке жететін екі-үш түйір ет алатынмын. Мен ғой детдомның жетім баласымын. Сен ше? Көпен Әмірбеков атыңмен ет ұрлап басыңа не күн туды сонша? – деді. – Ет ұрлайтын болсаң еті тірі, көзі ашық адамды ертіп жүрмейсің бе? Мына барымташы балаң қолымды қысқаштай қысып “Аюбайдың тажалы, Аюбайдың тажалы!” деп ұрып тұр. “Әй, әдебиеттің иісі мұрнына бармайтын баланы қайдан тапқансың?” деп саған айғайласам – жоқсың. Балкон жаққа бара жатқаныңды сезгем. Жүрегім су ете қалды. “Пошел, вон!” деп қолымды сілкілеп жұлып алып, саған келсем... Шынында да Аюбайдың тажалын жасап жатыр екенсіңдер. – Біздікі ұрлық емес, аға. Жиендік. Сіз маған нағашы боласыз. – Немене, шешең құлшығаш па? – Жо-жоқ... – Енді не? – Әкемнің әкесінің әкесінің шешесі құлшығаштың қызы болған екен. – Әй, сенің мынауың да ұрланған еттей шіп-шикі. Өтірік! Баласы әке-шешесіне ұқсамаса “Нағашыларына тартқан” деп жарасты рып қоятын жақсы жорамал бар ғой. Біздікі де сол сияқты болды. Ағамыз сыбағамызды берді. Жер-жебірімізге жетіп әкемізді танытып ұрысқан жоқ. Бір-екі асым етті сөмкемізге салып: – Мынау келіннің сыбағасы! – деді. Сыбағаның қай келінге кеткенін қайдан білсін. – Рахмет, көке! – дедік те жөнелдік. Көкемнің көркем дүниесі өз алдына, басынан кешкен базыналы оқиға лары Қожанәсір хикаясынан да қызық. “Ара” журналының отымен кіріп, күлімен шығып жүрген кездерінде Садықбек ағаны шоқ тілді Шона Смаханұлы қоярдақоймай: – Біздің үйге барып демалайық! – дейді. Жол-жөнекей Сәкеңе арақшарап, сыра-пыра, тіске басар “зәкүскелер” алғызып, үйіне барады. Азын-аулақ бау-бақшасы бар үй екен, ағаш астында отырып сыралатады. Сырласады. Қараңғылық түскенде: – Қайтам! – дейді Сәкең. – Қайтқаның не? Қон. Таңертең қоян соям! – деп Шөкең жібергісі кел мейді. Сонда Садықбек аға айтыпты: – Аңқау деме Шонаны, Шона да мені тонады.
Қоян соям дегенге, Қай ақымақ қонады! ... Қақаған қыста бір беделді кісі қайтыс боп, марқұмның жерлеуіне қатысады. Аязды суықта молда құранды ұзақ оқыса керек. Жуық арада аяқтайтын түрі жоқ. Сонда Садықбек аға атып тұрып: – Әй, дүмше молда, мені мынаумен бірге көмейін демесең, тоқтат! – деп айғай салғаны осы күнге дейін ел аузына аңыз боп тараған. Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің естелігі ғажайып. – “Қыз Жібек” фильмін тапсыру үшін Мәскеуге бардық. Кремльдің іргесіндегі “Россия” қонақ үйіне жайғасып алғасын, Әнуар Молдабеков екеуміз тамақ ішейік деп ресторанға кіріп барсақ, Садықбек Адамбеков жүгерінің шашағындай орыстың сап-сары қызымен отыр екен. Шүйір келесіп амандастық. Ай-шай жоқ, жанындағы бос орындыққа жайғасып, қазақшалап мал-жан сұрастық. Сәкеңнің қолы ашық, қонақжай жазушы деп естігенбіз. Обалы не керек, даяшыны шақырып, ас-тамақты аямай алдырды да: – Әй, қулар, ақыры менің счетымнан тамақ ішетін болдыңдар ғой. Қа рап отырмай мені мына орыс қызға мақтап отырыңдар! – деді. Іздегенге – сұраған, алдымызға жан саламыз ба, жандырып сөйледік. Орысшалап тост көтердік. – Сіз әлем мойындаған әдебиетшісіз. Алматыда қолға түспейсіз, Мәс кеуде көргенімізге қуаныштымыз! – деп алғашқы тосты алып қойдық. Әнуар да құрыққа сырық жалғап, өтірікті шындай, ақсақты дыңдай қып қиюластырды. – Былтыр “Советский писатель” баспасынан сіздің төрт томдық таңда малыңыз шықты. Алғы сөзін Сергей Михалков тамаша жазыпты. Сіздің досыңыз Сергейдің денсаулығы үшін! – деді. Алып қойдық. Сол сол-ақ екен, өтірікке етіміз үйреніп, бетіміз бүлк етпей көкемізге көпшік қойған тостарды көбейттік. – Шекспирден кейін Лондонда өте табысты өткен спектакліңіз үшін! – дедік. – Токиодо тоғыз рет болдыңыз. “Жапонияның құрметті азаматы” деген атағыңыз үшін! – дедік. – Америка академиясының профессоры атаныпсыз. Атағыңыз құтты болсын! – дедік. – Африканың аңшылар қоғамына мүше боп, бұрынағы жылы ұзындығы 15 метр айдаһар анаконда жыланын атып алыпсыз. Сіздің мергендігіңіз үшін! – дедік. Ақырында амалымыз құрып, өтірігіміз суала бастады. Не дерімізді білмей сасқалақтадық. Қыза-қыза келе: – Уважаемый Саке! Вам пора Нобельскую премию!.. – дей беріп ек, ағамыз сөзімізді шорт бөліп: – Әй, қулар, – деді, – осы жерден тоқтай қалыңдар, әрі қарай бүлді ресіңдер!.. Бұл мың хикаяның бір парасы ғана. Топталып айтса томға жетеді. – Сатирик Садықбек Адамбековтың 60 жасқа толуына байланысты ма қала жазуды саған жүктеп отырмыз! – деді редакция қызметкері арнайы тапсырманы телефонмен хабарлап. Реті келсе, кезінде комсомол ақыны атанған Сәкеңе сәлемдесіп, сұхбат жүргізсең кұба-құп болар еді. – Жарайды! – деп келісе кеттім. Сәкең шығармасының қыры мен сырын,
яғни қай кезде еміренетінін, қай кезде тебіренетінін бір кісідей білсем де, сұхбатты қалай жүргізудідің қыбын білмей қобалжыдым. Менің қай сұрағыма қандай жауап қайыратынын алдын ала сезсем де, сұхбат алуға бәрібір келе жатырмын. Қызық үшін іштей Садықбек Адам бековпен сұхбат жүргізе бастадым. “Өзіңіз өндіртіп жазған сықақ әңгіме мен фельетонның айырмашылығын қалай түсінесіз?” десем, Сәкең сәл де ойланбастан сөзінің тоғанын былай ағытар еді, әрине” деп сыртынан тон пішіп, топшыладым. – Шырағым, сенің бұл сұрағың “Күрке үлкен бе, күрке тауық үлкен бе?” деген секілді екен. Сықақ әңгіменің де, фельетонның да өз ерекшеліктері бар, екеуінің пропискасы бір жерде болғанымен, паспорттары бөлек. Бірде-бір сатиралық шығарма қуаныш нышанынан жазылған емес. Жаман адамға тән бір белгі — сатирикке түрткі салады. Сатирик тазы сияқты, кейіпкері — түлкі, екеуі бірін-бірі қуа жөнеледі. Түлкі қолыңа түспесе, яғни есебін тауып ініне кіріп құтылып кетсе, тазы тақырға отырып, қың сылап қалмай ма? Сол сияқты фельетонист есебін таба алмаса, сәтсіздік ке ұшырайды. Қолына қалам ұстағанда көздеген нысана – жан-жағын зерттеп алмай, үстірт жазған фельетон бүгін фельетон болса да, ертең сықақ әңгімеге айналдыруға жарамай қалады. Оның себебі, сатирик бір күннің ғана бояуын тапқан, ертең жел қағып, қар борағанда өшпей қа латын бояуды ойланбаған. Сондықтан, өз тәжірибемде, сықақ әңгіменің бастапқы төркіні – фельетон. Көркем жазылған фельетон көркем сықақ әңгімеге айналуы оп-оңай. Сауал: – Әлгіде өзіңіз айтқандай тұра қашқан “түлкідей” кейіпкер-леріңіз бен болары болып, бояуы сіңген соң кейінірек кездестіңіз бе? Садықбек: – “Түлкі” кейіпкер болса жарасы жеңіл ғой. Оның ішінде қасқыры да, арыстан, жолбарысы да болады. Мәселен, “Көк қалта” атты көкнәрші лер жайында жазған фельетонымның кейіпкерлері Бадам станциясының маңында тұратын. Сол көкнәршілер ел-жұртқа күлкі болдық деп өздері бір жерге жиналып, қой сойып, құран ұстасып, көкнәр ішуді қойып кетті. Кейінірек Бадамға барғанымда “Әй, шырағым Садықбек-ай, сенің “Көк қалтаң” жанымызды сақтап қалды ғой” деп қариялар күліп жүретін. Көкнәршілердің бәрі түгел ел ішінде “Көк қалта” атанып кетіп, азан ша қырып қойған аты-жөндерін ұмытып қалған. “Тергеуге тергеу”, “Алдар көсенің үкімі”, “Айғыр дауы”, т.б. фельетондарым көп адамды сарсаңнан құтқарды. Әділетсіздікпен майдандағы солдаттай соғысып, жеңіп шықты. Мәселен “Алдаркөсенің үкімі” Сыр бойында болған үлкен асыра сілтеуге бұғау салды. Жазықсыз айыпталған бір топ адам қайта тергеліп, тұтқыннан босатылып, бала-шағасына қуанышпен қауышты. Сын ілінген бірсыпыра жауапты жолдастар сол кездің өзінде-ақ сатира оғының жүрегіне тимей, қара санға қадалғанын айтып, қадағаланғанын да білемін. Талай-талай аяғымды әлтек-тәлтек басып, “мықтылардың” сойылынан есеңгіреп барып, ес жинаған кездерім де болды. Ес жинап алысымен қарағайға біткен қарсы бұтақтай қасарысып, қайта шабуылға шығып, оларды әділет алдында тізе бүктірген кездер де есімде. Жалпы айта кететін бір жайт “Фельетон дәлел денбеді, авторын жауапқа тарту керек!” деп редакцияға хат келгенде, ре дактордың жүні жығылып, фельетонистің түсі қашып кетпеуі керек. Қайта шабуылға шыққан жөн. Сонда олардың арқа сүйеп отырған ағасы, баласы, көкесі, тәтесі фельетонистің аузына қосыла түссе, сол “шортандарды” шор
шытып жағаға бірге алып шықса, міне, қызық, сонда болады. Кеше ғана редакцияға “Фельетон дәлелденбеді, авторға шара қолданыңыздар” деп қонжитып қол қойған жауапты адамның өзі бас сауғалап, барар жер, басар тауы қалмайды. Сондықтан фельетонист батыл, өткір болуы өз алдына, оның нысанасы ұсақ-түйек болмауы керек, қоғамға зиянды қылмысты заң орнынан бұрын көріп көтерсең ешкім сенің алдыңды орап кете алмайды. Міне, осындай ойлы-қырлы жағдай “Өрмекшінің ұясы”, “Вагон жұтқан”, “Киіз жеген кісілер” сияқты фельетондарымда батыл көрсетілген болатын. Талай “дәлелденбеді!” деп келген бір жапырақ құрғақ қағаз сол қорғаған адамдардың өзіне оқ боп тиген. Мен кейіпкерлерімді парақор, бюрократ, көзбояушы секілді жауапты жолдастардың арасынан іздеуге тырысып бағамын. Көзге ілінбей жымиып жасырын жүрген, мемлекетке аса қауіпті қателіктер мен қылмыстар азуын да бұйрық бұрқырап тұрған жалаң төс, құрғақ айқай, даурықпашылардан шығады, Сауал: — Сіз әдебиетке әуелі “Өмір тойы” атты өлеңдер жинағымен келдіңіз. Қазіргі ғасырдың қақ жартысында ән текстерін жазумен айналыстыңыз. Осы салада қандай ой-пікірлеріңіз бар? Садықбек: — Бұл сұрау айтуға оңай, ойлауға қиын мәселе. Оқылатын лирика лық өлең мен орындалатын сезімтал ән сөзі екеуі екі бөлек тұлға. Бұл жағдайда бүгінгі ән мәтінін жазушылар халық әндерінің асыл сөздерін жете зерттей бермейді. Кейде алдыңғы екі жолды ұйқас үшін алса да, соңғы екі жолында әрі қарапайым, әрі сыршыл тез жатталатын өлең сөздерін төгіп салады халық. “Ауылым көшіп барады Қарғалыға, Кім көнбейді Алланың салғанына. Іштегі дерт сыртымнан көрінбейді, Ат жалдап, түйе бойлар арманыма”. Ал, бұған не дейсіз? Соңғы екі жолында бір романның оқиғасы жатыр. ... Дарияның жарға соққан толқынындай, Көз салған көрінгенге көңіл арсыз. Не деген ғажап сурет! Бүгінде көпшілік әндеріміз батыстың бақырауық әуеніне үн қосып кетеді. Біз “жаңа ән” дейміз, ал оның халық, ұлт әуенінен алыстап бара жатқанын байқамаймыз. Гоголь тілімен айтқанда, “ұлттық ерекшелік үстіне киген кафтанынан емес, халықтың рухани өмірінен көрінетінін” ескере бермейміз. Сауал: — “Маржан қыз” сияқты сезімді лирикаңызға композитор Әбілахат Еспаев ән шығарды. Осы күнге дейін ел аузында. Әннің қайырмасы: Кездескен күн есімде, Айлы жаздың кешінде. Еске сақта, қалқатай, Айта берем несіне. Ұйқастары “есімде – кешінде – несіне”. Соңғы ұйқасыңыз жартыкеш кірпіш секілді онша қаланбай тұрған сияқты. Садықбек: – Итбай деген адам бар, Бошалақ деген адам бар. Соларға есімің онша емес екен деп теріс айналмайсың ғой. Әңгіме адамның атында емес – адамгершілігінде, ішкі жан дүниесінде. Немесе, баяғы замандағы бабала
рымыздың аузынан түскен қара өлеңге қараңыз. Қайырсыз болған жазыңнан – Қайырлы болған қыс артық. Көрінбеген алтыннан – Пайдасы тиген мыс артық. Пара жеген билерден – Қасқыр алған ит артық. Ұйқастары “қыс артық – мыс артық – ит артық”. Осы “ит артық” деген сөз алдыңғыларымен жымдасып, қабысып тұр ма? Ұйқаспайды. Бірақ ол сөз өз орнында тұр. Әңгіме ұйқасында емес, құйқасында. Әңгіме айтар ойында, мағына-мазмұнында. Кейінгі жас буын ақындардың өлеңдерінің ұйқасы ит тұмсығы батпай тын ну-орман сияқты. Кіріккені сонша, бір-бірінен ажырата алмайсың және ішіне де кіре алмайсың. Солар менімше мазмұн қумай, ұйқас қуады-ау... Сауал: – Сәке, драматург ретінде ойларыңыздың ұшығын шығарсаңыз... Садықбек: — Ең ауыр сұрақ бұл, шырағым. Өйткені, драматургия мен үшін жанр дың ішіндегі ең ауыры. Бұл жанрда қолына қалам ұстаған адамның бәрі өз бағын сынап көргісі келеді. Әдебиеттегі драматургия — армиядағы ауыр артиллерия. Өзім екі драмалық шығарма, сегіз сатиралық комедия жазыппын. Соңғы жиырма жылғы өмірімнің арқауы болған да — осы сатиралық комедиялар. Драматургияның шешілмеген жұмбағы, шертілме ген сыры көп. Халықаралық тақырыпқа жазылғандықтан ба, әлде өзімнің ішкі-сыртқы дайындығым аз болғандықтан ба, немесе тек батылдықпен терең суға жар басынан секіргендей тәуекелмен отыра қалғандықтан ба, әйтеуір “Шайтанкөлдегі жаназадан” көрмеген азабым жоқ. Он бір рет қайта жазып, өзімнің “жаназамды” шығара жаздады. Тек он екінші нұс қасын ғана Мәдениет министрлігіне ұсындым. Мінеки, қанша талнатты болсаң да, “сырын білмейтін аттың сыртынан жүрме” деген мақалдың мәніне сонда түсіндім. Сауал:
– Қордаланған ойларыңызды қойын дәптеріңізге түсіріп қоясыз ба, әлде есте сақтайсыз ба? Садықбек: – Ми миллион қатпарлы. Қай ойыңды қай қатпарына жасырсаң да, іздегенде табылмай, самайыңды сипап сарсаңға түсесің. Өрнекті сөз бен өзгеше идеяларды кейін ұмытып қалмас үшін қойын дәптерге нобайлап қою – ыждаһаттылықтың белгісі. Әр қаламгердің есте сақтау қабілеті әрқилы. Мысалы, жиырма үш жас ғұмыр кешіп қыршын кеткен Саттар Ерубаев өз өлеңдерін түгелдей жатқа оқыған. Қазақ ақындарын былай қойғанда, орыс поэзиясының аузында жүр ген Михаил Светловтың “Гренадасын”, Жаровтың “Гармонь” поэмасын, Эдуард Багрицкийдің “Пионердің өлімі” дастандарын жадына сақтаған. Сонда да місе тұтпай, “Біз Пушкиннен екі есе көп оқуымыз керек” дейді екен. Баллада жазуды бастаған. “Қазақ ауыз әдебиетінде сюжетті өлеңнің әдемі элементтері бар, әттең қанат жайып өрістемеген. Ақ боз үйдің сыртынан аттандырып, “Қош, ағатай!” дегенің естен кетпес. Осы екі жолға жігіт пен қыздың арманын, сырын сыйдырған. Суреттеп берген. Тамаша емес пе?..” Ойларын қағазға түсірген. Әттең, үлгермей
кетті! Мен Саттар емеспін, жазғандарымды жатқа білмеймін. Қайнай бастаған шоқ самауырды көргенде Мұхтар Әуезов қойын дәп теріне “Самауырда көп масалар ызыңдап жүргендей” деп жазып қойыпты. Бірақ оны шығармасына пайдаланбаған. “Кейбіреулердің сөйлеген сөзі жел ұшырып жатқан қиқым қордадай”. “Айнаға қараңыз, сволочтың дәп өзін сонда көресіз” деген секілді түрлі тақырыптағы түртіп тастаған кестелі сөздері бір томға жуық. Мен – ақ таяқ ұстап ақтылы қой айдаған қойшы сияқтымын. Ойларым – өргізген қойларым. Қойын дәптерім қораға ұқсайды. Мая-мая шөбі де бар, ойылмаған көңі де бар. Әнеукүні сол қойын дәптерімді парақтап отырып, бір шумақ өз өлеңімді оқыдым. Оны не үшін, кімге арнап жазғанымды ұмытып, басым қатты. Сол өлең мынау: Боз жорға шодыр атқа пар бола ма, Иманы жоқ адамда ар бола ма? Тұсымнан таяқ жемей аман кетсең – Бір шапан иығыңа тар бола ма?! Сауал: — Қазақ әдебиетіндегі алғашқы сатиралық роман “Атылған қыз туралы аңыздың” туу себебін айтсаңыз. Садықбек: — 1967 жылдың жазында, “Москва — Алматы” поезының вагон-ресто ранында желпініп келе жаттық. Шу станциясынан шыға бергенде бірін-бірі сүйрелеген екі мас қасымыздан өтіп бара жатып, біреуі маған қайта-қайта көзін сығырайтып сүзіле қарады. “Адамбеков! — деді ол сұқ саусағын қадай теңселіп. — Сен ресторанда жүресің еще, фельетон жазасың еще, ауылда қыздарды атып тастап жатыр” деп тісін шықырлатты. Осы сөз менің құлағымнан кетпей қойды. Алматыға келген күннің ертеңіне Жам был облыстық “Еңбек туы” газетіне телефон соқтым. “Шу ауданында бір қызды алып қашып, теңсіздікке көнбеген қыз өзін-өзі атып тастапты деген әңгіме бар. Біз де біраз құлақ түрдік” деді газеттегі жігіттердің бірі. Екі-үш күннен соң Жамбыл облыстық прокуратурасындағы қысқартылып тастал ған төрт томдық істі қарап отырып, кеудесінде қос ауыз мылтық көлденең жатқан ақ көйлекті қыздың суретіне тап болдым. Қалай бұл? Қалай? Осы жұмбақтың шешуін іздеп Шу бойын аралап, құмнан құмға, қырдан қырға бардым. Сол сапардан оралысымен “Қазақ әдебиеті” газетіне “Атылған қыз туралы аңыз” деген фельетон жаздым. Қылмыскерлер сотталды. Осы оқиға маған сатиралық роман жазуға желі болды. Сауал: — Мұхаң, Мұхтар Әуезов, “Мәлік Ғабдуллинге жауап хат” деген мақаласында сіз туралы “Ақындық тәжірибесінде мол пайдаланбаса да, фельетон әзіл-әжуа түріне ауысып, сол кішкене көркем жанрда өз өнерін өткірлеп, айқындап ашып келе жатқан С.Адамбековтың тілі де сүйсінердей нәр танытты”... деп жылы лебіз білдірген екен. Ұстаздар ұлағаты жөнінде сыр шертсеңіз. Садықбек: – Ең үлкен бақытым, жалғыз менің ғана емес, замандастарымның бақыты – қазақ совет әдебиетінің классиктері М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин сияқты қайталанбас тұлғалармен қаламдас болдық, табақтас болдық, ұстазымыз деп өнер үйрендік. Осы үркердей тұлғалардың үлкен әсері творчествомызға өшпес өң, сыры кетпес бояу берді. Ғабең менің “Біздің үйдің жұлдыздары” атты пьесамды оқып болып, жылы шыраймен
көз қырын бір тастағанша жанымды көк шүберекке түйіп отырғаным әлі есімде. Сәбең “Күн мен көлеңкені” (комедия) кешкі сағат он жарымнан бірге дейін оқып, таңғы үшке дейін ақылын айтып, қуанып шығарып салды. Бұл жалғыз ғана мен емес, жілігі татитын шығарма жазатын, көзге көріне бастаған барлық жасқа осылайша қамқорлық жасады. Бұлар бізге шығарма жазып берген жоқ, жазғанымызға өкіл әке, кіндік шеше бола білді. Кейінгі жылдарда жас қаламгерлердің ішінен “Пәлен жазушыға барып, пәлен шығармамды оқыдым, пәлендей пікір айтты” деген сөзді естіген емеспіз. Олар жазу кухнясын құпия сақтап, баспаға бір-ақ тартатын сияқты. Өзінөзі ұстаз санайтын тәкаппардан татымды шығарма шығып жүрген жоқ. Сондықтан баспа басып шығарса да, оқушы қауым қолға ұстамай, кітап дүкендерінде шаң басып жатады. Бұл ұстаз алдынан өтпеген шығармалар. Демек, ұстазы жоқ жазушының шәкірті де болмайды. Жас жазушылар осы қатерден қатты сақтанғаны жөн. Сауал: – Жанрыңыз қауқарлы болғанмен, жаныңыз жауһарлы. Жан-жағы ңызға шуақ шашып жүресіз. Шыж-быж шыдамсыздығыңыз болмаса, долданған мінезіңізді көрмедік... Садықбек: – Қателесесің, қарағым. Алты ай ақ түн боп тұратын мені Ленинград дейсің бе? Менің мінезімде төрт мезгіл маусым бар. Табиғатым солай. Бірде көктем, бірде жазбын, бірде күзбін, бірде қыспын. Абайдың әкесі Құнанбай діні қатты кісі болған. Қыстың көзі қырауда сиаз өткізіп, ел жуандары бір руға ызғарын шашпақ болғанда Көкшеден Бектас деген кісі Құнанбайға кеп: “Е-е, Құнанбай, жарқырап жаз шық паушы ма еді? Күркіреп күн шықпаушы ма еді? Қыстың айы алтау еді, енді сенімен жетеу болды ма?” депті... Сол сияқты менің мінезімде алты ай қыс жоқ. Кей-кейде жапалақтап жауған қардай болсам да, тез еримін. * * * ... Осылайша іштей өзіммен өзім сұхбат жүргізіп келе жатып сатирик Садықбек Адамбековтың Қазақстан Жазушылар одағы ғимаратының іргесіндегі үйіне маңдайымды тірегенімді бір-ақ білдім. Жазу столында қағаздарын тері жайғандай жайып тастап жұмыс үстінде отыр екен. — Кел, қарағым, жоғары шық!.. Мен “Алпыс жасқа толуыңызға байланысты сұхбат алуға келіп ем” деп айтуға аузымды ыңғайлай бергенімде Сәкең сөзімді жалғастыра жөнелді. — “Қасқырдың көзі” атты жаңа сатиралық романымның соңғы нүктесін қойғалы біраз уақыт болып еді, – дед ол. — Үстінен үшінші рет қарап, қол жүгіртіп жатырмын қазір. “Жо-жоқ, мен сірә сұхбатымды Сәкеңнің жетпіс жылдық мерейтойынан кейін жүргізгенім жөн шығар...” Садықбек ағамның алпыс жылдығына байланысты жазылған “Өз өнерін өткірлеп, айқындап ашқан сатирик” деген мақалам 1982 жылы “Лениншіл жас” (Қазіргі “Жас Алаш”) газетінің 19 қараша күнгі санында жарияланды. Алайда алпыс жылдығы да, жетпіс жылдығы да Алматыда аталған жоқ.
* * * Бір-бірін апта сайын көрмесе ас батпайтын Садықбек ағаның құрдастары да саф алтындай еді-ау! Қойтастарды қопарып кететіндей тау суындай тасқынды Жұбан Молда
ғалиев, ақ ордадай алыстан көзге түсетін сырбаз мінез Сырбай Мәуленов, қайырымды Қайнекей Жармағамбатов, тұла бойы тұнған бұлақ Қуандық Шаңғытбаев, тайбурылдай Тахауи Ахтанов, хас батырдың қара шашақты найзасындай сұңғақ бойлы, сұңғыла ойлы Сафуан Шаймерденов... Майдан қыл суырғандай қазақы қалжыңдары қандай, шіркін. Шығарып салдым, қарсы алып. Алматы-Мәскеу пойызын. Сафуан ба деп қаламын, Біреуді көрсем бойы ұзын. Күндердің күнінде: – Көптен бері көрінбейді, Садықбек ағам қайда жүр, білесіз бе? – деп сұрадым Ғаббас Қабышұлынан. – Арыста! – деді Ғаббас аға. – Бақуатсыз адамға бағым керек. – Е-е, ағайын-туысты сағалап кеткен екен ғой. – Қайдам? Жетім балалар үйінде көрінеді. – А? – “... мен сорлы жеті жасымда өскен детдомға жетпіс төрт жасымда қайтып келген жоқпын ба?” деп кемсеңдепті. Тұла бойым шымырлап кетті. Артынан іздеп Арысқа келдім. Қалалық әкімшілік қамқорлыққа алыпты. Кішігірім санаторийге орналастырып, шай-суын дайындап тұратын арнайы адам бөліпті. Міне, қаламгерге де ген қамқорлық! Ішім жылыды. Артынан іздеп келгеніме шал масаттанып, марқайып қалды. “Ғаббас қалай? Үмбетбай неғып жатыр? Қажытай ше? Өздерің бас қосып тұрасыңдар ма?” деп сағынышты сұрақтарды нөсердей жаудырды. Жазу столының бір шетінде текше-текше қолжазба. Қайдасың кәрі досым өлең, шіркін, Еске алдым есеңгірей, дүркін-дүркін. Шығарып сап досыңды ұзақ жолға, Қол бұлғап қаласың-ау, сен де бір күн. Қимастық бар. Поэзияға деген сыйластық бар. Былайғы жұрт жарық дүниемен қоштасарда артында қалған бала-шаға, мал-мүлкіне алаңдайтын. Сәкең ше? Өзі мұңайғандай “Жалғыз келіп дүниеге жалғыз кетіп барады”. Артына қарайлайтындай кімі бар? Өзекті жарып шыққан өлең-жыры қол бұлғап тұрғандай. Жас-дәуреннің ақырын шырағы өшіп, Ай астымен барады қыздар көшіп. Қызыл-жасыл керуеннен көз жазбастан, Артынан қалай жетем желдей есіп?! Шіркін, жастық шақ! Көзден бұлбұл ұшсаң да, көңіл төрінде көктемдей құлпырып тұрасың-ау! Сірә, адамның тәні қартайса да, жанын қартайтпай жасампаз қып ұстайтын бір-ақ нәрсе. Ол– жастық шақ елесі. Сол елес шалды да, шауқанды да шаттыққа бөлеп, жігіттей жігерлендіреді. Са дықбек ағамның сарғайған қолжазбаларына үңілген сайын сол ойымның ақиқаттығына күмәнім қалмағандай. Махаббат қартайған жоқ, мен қартайдым, Жүзінде бір кездесіп бес-алты айдың. Жел қуған ақша бұлттай тарап кетті, Алған қол, берген серті қалқатайдың. Махаббат қартайған жоқ, мен қартайдым, Қызуына қызардым қара шәйдің.
Алдымнан елес болып өтіп жатыр, Қымыз берген кесесі қалқатайдың. Өз ойларын өлеңмен өрнектеп, көңіл күйін көркем поэзия тілімен жеткі зу ненің белгісі? Аржағынан бірдеңе түртіп тұр ғой. Таланттың өзі тасқа гүл бітіреді. Қараңызшы, қарапайым ғана бір шумақтың астарында қаншама сезім, қаншама бұйығы ғұмыр бұғып жатыр. Сәкең сәл-пәл дімкәстанып, ауырып қалғанын айтайын деді ме? Жоқ! Жатырмын бір ай болды грипп болып, Сирағым сынып қалған сырық болып. Қасқа едім қансонарда қасқыр соққан, Қалдым-ау, қартайғанда бір ит болып. Қартайғанына да қапа емес. Заманында зар илеген тұлғалы ұлдары мыздың жапа шеккеніне жабыға ма? Аумалы-төкпелі дүниеде атпал аза маттарымыздың бір-бірін түсініспегеніне қамыға ма? Көңіл-күнделігіне үңілейікші. “Баяғыда, 1929 жылы Халық ағарту институтының директоры Сәкен Сейфуллин сол оқу орнының оқытушысы Мұхтар Әуезовті жұмыстан босатқан екен. Енді арадан 70 жыл өткенде... О, тоба. Еріксіз, ойланасың. Апыр-ай, Сәкен Сейфуллин көзі қиып Мұхтар Әуезовті жұмыстан қалай шығарып жіберді екен...” “Самұрық құстың жұмырындағы айдаһардай Шерхан! Сені көрмегелі жеті жыл. Сағындым. Амал жоқ. Ал, Парламентке депутат болғаның өз сорың, халықтың бақыты. Енді, дат! Жаман ырым деген қысқа хабарыңды оқып, қаһарлы қыста қар астында қалғандай болдым. Бұл саяси сатиралық карикатура. Жұт сам – жұмырымда, жұмсам – жұдырығымда, ашсам алақанымда деп тұр. Қорлық, зорлық. Карикатура авторларын сотқа тарту керек. Менің бұл пікірімді қалың оқушы қауымға ұсыныңдар, не айтар екен. Кешіре, кешіре кебісіміз жыртылды ғой. Сәлеммен – Садықбек Адамбеков”. “ПАРЛАМЕНТ, САҒАН АЙТАМ! Тірі адамның денесі түршігіп, өлген адамның көрінде күңіренетін “жер сату!” деген сөзді кімнің аузы барып айтып, кімнің қолы барып жазды екен. Осы жайлы үлкен бір сипаттама жазғалы бет бұрғызбайтын дәлел-дәйектер жинап жүргеніме алты жыл... Айналдырған ауру тағы да төсекке жықты. Енді амал қанша, сөз қысқа. ... Бұрынғы шөл емес, қазір Ресей ракеталарының көрмесі– уланған, өртенген. Тіршіліктің белгісі жоқ. Бұл сөзді кім айтады саған, Парламент. Бұрынғы сулы жер бүгін сорланған, торланған, қорланған – маңдай терің етегіңе көз жасымен бірге төгіледі... Қайран, сары алтындай сарыжайлау Сарыарқа! Хрущевтің соқасынан өгіз терісіндей сүйретіліп қалған жоқ па? Осыны саған кемсеңдеген кемпір де айтты, саусыған қыз да айтты. Таяққа сүйенген шал да айтты, жұдырық түйіп ұл да айтты. Кімнің сөзін есіңе алдың, Парламент? “Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын” деген кекесін мақалың мойныңа ақ жыландай оралған жоқ па? Қалай сенің сай сүйегің сырқырамады, Парламент?” Медицина ғылымының тұжырымы бойынша, адамға ауру-сырқаудың 90
пайызы ашу мен жүйкенің жұқаруынан пайда болса керек. Сөз саптауына қарағанда, Сәкеңнің жүрегі елі үшін, ата-бабаның табаны тиген жер үшін шымырлайды. Бір заманда мәртебесі биіктеген саяси-сатиралық “Ара” журналының қазіргі мүшкіл хал-ахуалы да қамықтыратын сыңайлы. Күн делігінің бір тұсына “Араны” аңсау” деген айдар тағып, баяғы сайран сал ған сатира өзінің сара жолынан адасып қалғанына алаңдайды. Сол кездегі “Ара” журналының Бас редакторы Қалтай Мұхамеджанов болатын. Кеңес өкіметі тараған аумалы-төкпелі жылдарда сатиралық басылым реанима цияда жатқан ауру адамдай күн кешкенін қайран Сәкең қойын дәптеріне былайынша түртіп қойыпты. Ұлы Ғабеңнің кезінде (Жаратқан Құдай төзімге, сезімге) “Арадан” арыстан қорқатын, Жолбарыс жолдан шығып жортатын. Қасқырдың жағы қарысып қалатын, Түлкі өтірік өліп-талатын. Аю да қорқып өкіретін, Маймыл ағашқа секіретін. Қорлық көрген, зорлық көрген де “Араны” іздеп, табатын, “Араға” мұң шағатын. Арада жылдар өткенде – Араның балы таусылды, Уы да таусылды. Қанатын қаусырды. ... “Араның” қанатын жайып Біріне бірі айып тағып “Отставной Аралар” жиналды. Әрі ұялды, әрі қиналды. Сонсын “Араның” бас редакторы Қалтайжанға жабылдық, Арызданып сабылдық, Шағымданып жабылдық. Жеделхаттар жолдадық Басқа амал болмады. Газеттерде – соттасып Телефонда боқтасып Майдандастық топтасып. Созылды соғыс бір жыл алты айға, Еңбегі үшін ерекше Атақ берді Қалтайға. Тау сусынын жұтуға Қалтайжан кетті Алтайға. ... Ақжарқын ағамен қол қысысып қоштастық. Шоқша сақалы дірілдеп, кемсеңдеп қалды. Дүние қанша маған жиылмады, Түбі тесік шелектей тыйылмады. Сексен жасқа екі жыл қалды, міне, Сонда да жаңа костюм бұйырмады! –
деп өз күнделігіне жазғандай кедейлігіне кемсеңдеген жоқ-ау. Жолдадым сатиралық сәлемдеме, Өзің түсін, басқаға пәлен деме. Моторына май жетпей әлсіреген Суға батып барады біздің кеме. Бұдан артық қалай айтсын? “Өмірдің соңы – өкініш” деген осы. Кеше ғана Мұхаң, Мұхтар Әуезов сақалды інісі Садықбекке: “Осы ата сақалы шыққан жігіттің иегіндегі әр қыл түбінде бір-бір періште отырады деуші еді бұрынғылар. Сенің, Садықбек, әр талыңның түбінде бір-бір сайтан сығалап тұр-ау!” деп еді. Ал, бүгін ше? Бәрі де көзді ашып-жұмғандай, ғасырдың өзі қас қағым сәттігіне қамықты ма? Кім білсін... Біз білетін Сәкең ешкімнің бетіне келген емес. Сәті келсе иіліп, келінге де сәлем бере салатын. Тіпті кеуде қағып, кердеңдеген “шала Шекспир мен толмаған Толстойларға” да “Әй, мұның қалай?” демейтін. “Байғұстың бары сол ғой” деп қоя салатын. Ұстаз тұтқан ұлы Мұхаңның “Ең алдымен, жақсы жаздым екен деп асқақтамау керек, тумай тұрып толдым, жазбай жатып болдым деуден қашу керек. Бұл мінез адамды жаман нәрсеге апарып ұрындырады. ... Өзіне-өзі ғашық болушылық – бұл адамның үлкен соры” деген дана лығын темірқазық етіп ұстаған қаламгер. Ұлтының ұлы болған қайран көкем, парасатты ойын параққа түсіріпті. Қазақтың ұлт белгісі: 1. Батырлық. 2. Адалдық. 3. Тазалық. 4. Мырзақол. 5. Кешірім. Бес белгіні беттің арындай көрген қайран көкем, 2002 жылы 80 жасында дүниеден озды. Сол жылы жабылып қалған саяси-сатиралық “Ара” жур налы қанат қағып, қайта ашылды. * * * Жазушы ағам Дулат Исабеков: – Сенің жаның да, жанрың да жақын ғой. Бізге қарағанда жассың, Садықбек ағамыздың мұрасын жинақтап, шығармашылық кешін өткізуді қолға алшы! – дегесін нар тәуекелмен іске кірістім. Қадыр аға Мырза-Әліні алға салып, “Түркі әлемі” киностудиясының директоры, сатирик Доқтырхан Тұрлыбек және Парижден келген қазақ бауырымыз Көпжасар Дініш төртеуміз Сәкеңнің туған жеріне барып, кездесулер өткіздік. Арыс қаласының әкімі Шаймерден Сатымбеков бүкіл іс-шараларды ұйымдастырып, зыр жүгірді. Доқтырхан жарты сағаттық деректіфильм түсіруге кірісті. Естеліктер жинағын құрастыруға Садықбек Адамбеков шығармашылығы жөнінде кандидаттық диссертация жазған жас ғалым, шымкенттік Тұрсы най қарындасымыздың себі көбірек тиді. Кезінде араласқан тамыр-таныс, жора-жолдастарына телефон шалып, әр қиырдан Сәкеңнің екі жүзге жуық фотоларын жинақтап, бірсыпырасын осы кітапқа енгіздік. Арыс қаласының әкімі Шаймерден, Садықбек ағаның туған немере інісі Әлімбек пен келіні Жұлдыз, немере қызы Маржан осы кітаптың шығуы на үлес қосып, шама-шарқынша демеушілік жасағандарына ризашылық білдіреміз.
Ақтөбе облысы Шалқар аудандық газетінде отыз жылдай редактор боп істеген кәнігі журналист, Сәкеңнің сырлас досы Тауман Төрехановтың естелігі көркем дүние. Шынайы. Табиғи. Тартымды. Қысқасы, бұл кітаптың құнды боп шығуына зерделі сыншы, зерек ғалым Шерияздан Елеукеновтен бастап ауыл оқырмандарына шейін атсалысты. Мысал үшін Арыс қаласында тай-құлындай тебісіп өскен досы Амантұр Мұсаевтың Сәкең туралы әңгімесі – тарихи әңгіме. Естеліктен үзінді. “50-ші жылдың басында Арыстың соты Адамбекті көп әйел алғаны үшін екі жылға жер аударуға кескесін, оған Садықбек Алматыдан арнайы келді. Бәріміз Арыстағы Адамбектің інісінің үйінде отырмыз. – Енді, – деді Адамбек Садықбекке тіктеу қарап, істі пісенді қылмай, осылай кете бермексің бе? – Айттым ғой саған, сөйлестім, келістім деп, қорықпа, сені жау алмайды. – Осы заманда қорықпай бола ма? Олар айта береді сөйтіп. Еш болмаса қолыма қағазын ұстатып кетпейсің бе? – деп Адамбек Садықбекті иектей бастап еді, Садықбек: – Ей, қойшы, Адамбек, қартаяйын дегенсің-ау, адамға сенуден қапсың ғой өзің. Немене. Сосын, осы, жалпы, сені не түлен түртіп жүр. Бір басыңа үш қатын алып. Немене, қатын ферма ұйымдастырмақшы болып жүрсің бе? – Ой, ит, саған дауа жоқ, итсің ғой, – деп күлді Адамбек,– Мен қатынды қосақтап алсам, сен бір-бірлеп алып-ақ әлі мені жолға тастап кетпесіңе кім кепіл? – Әй, қағынған қу шал, тоқтай тұр, әлі сенің сазайыңды үш қатын берер, – деп Садықбек маған қарап көзін қысып қойды. – Қорықпа! – деді Адамбек сөзін нықтап, кеудесін көтеріп.– Қорықпа саған арыз айтып, өзім де, қатындарым да бармайды. “Әзілің жарасса атаңмен ойна” деген осы екен-ау, ә?” Ақтөбелік Тауман ағаның естелігінен: “... Дүкенде “Атылған қыз туралы аңыз”, “Аюбайдың ажалы” кітапта рының әрқайсысынан оншақты данасынан бар болып шықты. Қас қағымда талап кетті, Сәкең де қолтаңба беріп үлгерді. Сол жерде әдемі шетелдік тон киген бір сұлу келіншек алдымызды орап өткісі келіп еді, Сәкең: – Бикеш, сәл бөгелші, тоның әдемі екен?! - деді. – Ал өзім ше? Тонды әдемі қылып тұрған осы тон ішіндегі бикеш шығар, – деп жармаса кетті, миығын тарта күліп. Сәкең сәл бөгеліп қалды да: – Сіздің сұлулығыңызға көз жетпейді, – деді келіншекті барлай қарап. Шынында да, келіншек ақ тон ішінде киіктің ақ бөкен лағындай ойнақшыпақ тұр. Тостағандай қара көзін төңкеріп тастағанда, ішіңді өртеп жібереді. Қасына бір жігіт келіп, жаңағы бізді елітіп тұрған келіншекті жетектей жөнелді. Келіншекке көзін қысып қалды. Ол қып-қызыл болып кетті. Сәкең таңдайын бір қағып, менің иығымның үстіне қолымен қойып қалды. Сонсын: – Мына бикеш, неткен әдемі еді. Мұнымен бір төсекте жататын жігіттің не арманы бар екен, ә? Иә, “Көз салған көрінгенге көңіл арсыз” деген ғой. Желмен майысқан келіншектер осы елде көп-ау деймін, – деп бір қойды да: – Тауман-ау, жаңағы сұлу менің есіме бір кереметті түсіріп жіберді. Алма тыдағы Калинин көшесінің бойынан орталық гастроном жаңадан ашылған. Үстіме ағылшын ақ қойының терісінен тіккен тонымды кие салып, осы гастрономға келдім. Әйнекті витринаға келіп, ішінде жатқан шұжықтарға
көз салып тұрғанымда, тонымның шалғайын қотыр ешкіше сүйкене өткен біреу жарқ еткізіп, ашып кетті. Етегімді жинайын деп ыңғайлана бергенім де, жаңағы сұлу келіншектей бір жас әйел, жетектеген баласы бар, менің тонымның шалғайына қарап қалған екен. Әйелге мойнымды бұра мына қысық көкшіл көзімді қысып-қысып жібердім. Сол кезде әйел: – Вася, мына кісі маған көзін қысады, – деп дауыстады. Жаңағыдай болмай, еңгезердей бір дәу қара әйелдің қасына жетіп келіп: – Не болды? – деді. – Мына кісі көзін қысады, – деп қайталады. Жігіт маған қарады, оған да көзімді қыстым. Сол кезде жігіт келіншекті жетелей жөнелді. – Дура, ол адам маған да көзін қысты. Шамасы ол ауру болар, – деді. Есікті жігіт аша бергенде әйел маған қайта қарады. Мен әйелге көзімді қайта қысып, сұқ саусағымды шекеме шұқып қала бердім. Басың істемейді дегенім еді”. Тар жердегі тапқырлық қой бұл. Дүние ойлап тұсам қос уыстай, Түрленген қайран күнім тоты құстай. Барында оралыңның ойна да күл, Қалармыз әр төбеде қосылыспай. Оралының барында ойнап-күлген күндері сағымдай бұлдырап, сағы нышқа айналды. Ғаббас Қабышұлына жазған соңғы хатында: “Бір арма ным – елу жыл өмір сүрген Алматыны көріп кетсем деуші едім... Қайран қасиетті қара шалдардың басына құран оқып, қоштасып кету бұйырмай ды-ау маған, шамасы. Бүгінгі түңіліс осындай” деп, “таланттың жолында, азаптың отында отырып”, көңіл күйін көз жасына шылаған-ды. Әйтсе де әл-ауқатын жинақтап “Сатира от ұстаған ұл сияқты, лирика гүл ұстаған қыз сияқты” деді. Үміт жібін үзген жоқ. Ширықты. Өзін-өзі ширатты. “Әдебиет әлеміне от ұстап келіп едім, отқа оранып өлетініме кәміл сенетін шығарсың, Ғаббасжан!” деді. Дегені келді. Отқа оранып дүниеден озды. Қасиетті Түркістанның топырағы бұйырып, бір төбенің басында төм пешік боп жатқан көкемнің көзі көз алдымда. “Әкең өлсе де, әкеңнің көзін көргендер өлмесін” дейді. Көкемнің көзін көргендердің жазған естелігінен ескерткіш тұрғызғандай, осы естелікті оқырмандарға ұсынып отырмыз. “АРА” KZ журналы, 2008 жыл
ÌҰХÀÌÅÄÆÀÍÎÂ ДИЮ ЖЕТЕКТЕГЕН ДРАМАТУРГ
Б аяғы бала кезімізде “Үйімізде, төрімізде портретте тұрған кім?” деп ән салып, үлкендердің әр сөзіне тамсанып, не болса соған құдайдай құлдық ұрып сендік-ау?! Бастауыш класта ағайларымыз “Біз табиғаттың бермесін тартып аламыз!” деп үйретті. Расында да қазір табиғат тыр жалаңаш. Жүдеу. Табиғат та адамдардан “өш” алды. Рухани байлығымыз жамау, жан-дүниеміз жүдеу. Сондай шақтарда қалың қауымға рухани байлық сыйлаған данышпандардың көркем дүниесіне көз жүгіртіп, арқамыз кеңиді. Кенеземіз кеуіп кеп, бір-екі кесе су ішкендей кішкене болса да шекеміз жіпсиді. Сондай бір соқталы ағамыз, дарқандықтың белгісіндей дарын иесі біздің Қалағаң, Қалтай Мұхамеджанов еді-ау!.. Алла тағаланың бойына берген байлығын адамзатқа сыйлап кеткен тұлға! Мектептегі ағайларымыз “Адам маймылдан жаратылған!” деп оқытты. Біз бірақ оған сене бермейтінбіз. Неге? Адам маймылдан артық. Ақыл-ой иесі. “Ал, маймыл неге дамымай қалған?” деп ойлайтынбыз. Кейінірек кітаптарды парақтасақ, бұл туралы талай ғалымдар таласқан көрінеді. Сонау 1925 жылы дін иесі Введенский айтыпты: “Біз маймылдан шықтық деген көзқарастың орнығуына соншалықты құштар емеспін. Сіздер, материалистер, туысқандарыңыздың кім екенін өте жақсы білесіздер” деп оларды маймылдың қатарына қойған ғой. Сол тұста Луначарский былай депті: “Әу баста хайуаннан жаратылып, ақыл-ойының арқасында адам дәрежесіне көтерілгендер артық па, әлде Алла тағаланың жаратқан пенделері қайтадан хайуанға айналып жатса, солар артық па? Білмеймін, әйтеуір Введенский айтқандай адамдарды аңдармен туыстырып жатсақ, хайуандарға обал-ақ!” деген ғой. Мен бұл әңгімені Қалтай ағаның аузынан естіп, қағазға түртіп алып қойған едім. Біз Қалағаңның ұшан-теңіз білімпаздығына, әсіресе ауыз әдебиеті стиліндегі әсерлі әңгімелеріне аузымызды ашып, көзімізді жұмып таңырқап жүрсек, о кісі “Әбіш Феномен ғой!” деп Кекілбаев інісіне басын шайқап, тәнті боп отыратын. Ал, менің Қалағаңа деген құштарлығым, тәнтілігім мен ынтызарлығым он жеті жасымнан басталды. Мектепті бітіргесін Отырар аудандық халық театрында әртіс боп істедім. Мәдениет бөлімінің меңгерушісі Көмекбай Мұсаев бір жылда төрт спектакль қойды. Соның бірі – Қалтай Мұхамеджановтың “Қуырдақ дайын” комедиясы. Әуелі көп көріне бер мейтін Болаттың рөлінде ойнадым. Сосын “Жаратқан жақсылыққа бастап жүр ме, түсімде қызыл түлкі сойып жүрмін!” деп спектакльдің басынан аяғына шейін әндетіп жүретін басты кейіпкер Ережептің рөлін маған берді. Қуақы сөз, қунақы қимыл, жағымпаздық бейнені шығару оңай болған жоқ. Жаспыз ғой. “Осыншама сөз бен ойнақы әрекеттерді қалай
тапқан?” деп таңырқайтынмын. Одан кейін студент кезімде ойда-жоқта “Қазақ әдебиеті” газетінің қызметкерлерімен кездесуге бара қалдым. Ой, қуанғаным-ай! Алғаш рет Қалтай ағаны тірідей көрдім. Сонда істейді екен. Тай жарысқа қатысқан балалар секілді кілең шикілі-пісілі студентақындар өлең оқыды. Жүрегім дүрсілдеді. Жыр жарыстан қалай қалам? Бірақ, қойны-қонышымда дайын өлең жоқ. Сонда да сұранып сахнаға шықтым. Қалтай ағаның “Қуырдақ дайын” комедиясындағы ең күлкілі тұстарынан үзінді оқыдым. Басқаны қайдам, Қалағаң мәз: – Сықақ жазасың ба? – деп сұрады. – Жазам! – дедім. – Оқышы! – деді. Оқыдым. Жатқа. – Осы өлеңдерің қазір өзіңде бар ма? – деді. – Жоқ! – дедім. – Онда ертең редакцияға әкел. Келістік пе? – деп шегеледі. Апардым. Бір аптадан соң “Қазақ әдебиеті” газетінің соңғы бетіндегі “Бүйенбайдың пұшпағы” атты айдарға жарияланды. Сатирамның кіндігін Оспанхан Әубәкіров кессе, тұсауын Қалекең кесті. Тағдырдың бұйыртқаны шығар, ержеттік. Есейдік. Күндердің күнінде Қалағаң саяси-сатиралық “Ара-Шмель” журналына Бас редактор боп келе қалды. Мен о кісінің орынбасары – жауапты хатшымын. Әдетте, Қалағаң сиыр сәскеде жұмысқа келеді де, бір сағаттай отырып, үйіне қайтып ке теді. Соны біліп алғанбыз. Бір күні түстен кейін Қалағаң тығыз шаруамен редакцияға соғып, мені іздесе... Жоқпын. Екінші күні іздейді. Жоқпын. Үшінші күні сұрастырса, тағы да табылмай қалғанмын. Сонда Қалтай аға қабылдау бөлмесіндегі хатшы қызға: –Ай, Айнаш,–депті,– жауапты хатшыға айтыңызшы. Ертең қолы тисе, сағат үште мені қабылдасыншы!.. Оны естіп шек-сілеміз қатты. Бір-ақ сөзбен талай нәрсені аңғартқан ағам-ай... ...Түркістанның 1500 жылдығына байланысты “Асар” қорын құрамыз деп Қалтай Мұхамеджанов, Шерхан Мұртаза, Өмірзақ Айтбайұлы бастаған зиялы қауым өкілдері бас қосты. Дастарқанға қара уылдырық, қызыл уылдырық келді. Шер-ағаң қарап отырмай Қалтай ағаны қажады: – Қалаға, осы қара икра мен қызыл икраның айырмашылығы неде? – деді. Сол сәтте профессор Құлбек Ергөбектің тілі қышып: –Қызыл икра жесеңіздер жеңгемізді қанағат тұтып үйлеріңізге қайтасыздар. Қара икра жесеңіздер қатын іздеп қаңғып кетесіздер! – дейді қаси сөйлеп. Сонда Қалтай аға: – Оһ, айтқышым-ай,–деді мұрнын майыстыра сипап қойып,–осылардың шешесін шикілей қосып жұтсам да маған түк әсер етпейді. Дастарқанда отырған ашқарақтау бір кісі піскен тауықты тұтастай тарелкасына салып ап, құйрық жағынан бастап, мойнына дейін паршалап жегенін аңғарған Қалтай аға қағыс жібермей: – Әй, шырағым-ай, қораздан кейінгі қызықты өзің көрдің-ау! – деді. Жалпы, Қалтай ағаға деген көзқарасымды социалистік реализмнің
қатып қалған академиялық марапат-мақтауы мол стилімен білдіргенше, өзімше өрнектесем қайтеді? Осындай орамы көп ойлардың жетегінде жүрдім. Сөйтіп, күндердің күнінде қалжыңы қанына сіңген Қалағаң туралы пародия жаздым. Міне, соның бір парасы... ...Мың бір түн. Таң атты. Шаhаризада төсегіне жатты. Келесі кеште: – Ей, ұлы бақытты патша! – деді Шаhаризада. – Енді сізге Қалтай қожаның Диюдан қалай құтылғаны туралы хикая айтайын. Жаратқан жаппарға шүкіршілік еткен Қалтай қожа маңдайын сәждеге тигізіп, намаз оқымаса да соно-о-оу Мекке, Мәдинеге барып: “Лә иллаhа иллалла, Мұхамед расулалла. Мұсылманмын расында!” деп құдайға құлшылық қылды да, тәбәрік ретінде бір құмыраны құшақтап, Алматыдағы үйіне қайтты. Күндердің күнінде “Қу құмыраның ішінде не бар екен?” деп ойлады. Көзі қызығып, көзенің қақпағын ашып еді, алпамсадай бір Дию атып шықты да, Қалтай қожаның аяғына жығылып, тәу етіп, жалбарынды: – О, Сүлеймен пайғамбар! Сізге жолықтырған Алла-тағалаға бұ жалғанда разымын. Әміріңізге құлдық!.. – Ғафу етіңіз, мен Дәуітұлы Сүлеймен пайғамбар емес, Қалтай Мұхамеджановпын. – Қойыңызшы, сіз шынымен Сүлеймен пайғамбар емессіз бе? – Өтірік айтып өле алмай жүр дейсіз бе? Пайғамбар емес, драматургпін. – Е-е, ендеше түсінікті, – деді Дию. – Пайғамбар болмасаң, онда жеткен жерің осы. Қазір қазықтай қағамын да... – Дию-ау, күнәм не? Құмырадан құтқарғаным ба? Түнде түсімде дәу қара төбетке мініп жүр едім, осыған көрінген екен ғой. Онсыз да көрген құқайым аз ба еді, құдай?! – Қалтайжанды шошытқан қандай құқай? – деді Дию. – Ол өзі ұзақ хикая. Бірақ, Дию аға, сөздің қысқасы, колбасаның ұзыны жақсы. Мұрсат берсеңіз қысқаша баяндайын. ...Ерінбеген етікші, жалықпаған жазушы болған заманда Әлжаппар ағамыздың бір кітабы Жазушылар одағында талқыланды. Мәселе біреу: кәрияның шығармасы сыйлық беруге лайық па? Гу-гу пікірге құлақ түрсем, жарықтықты жабағыдай түтіп, киіз басқандай тепкілеп жатыр екен. Сы налып, сыбағасын алған жазушының несін аяйын, дүбірге қосылып мен де тепкіледім: “Меніңше, мемлекеттік сыйлықты Әлжекеңнің кітабын ерінбей-жалықпай оқып шыққан адамға беру керек!” дедім! Сол сол-ақ екен, соңыма шырақ алып түсті. Айыпқа бұйырмаңыз, сіз сол Әлжекең жіберген Дию емессіз бе? – Доғар! – деп долданды қара дәу! – Дию ұстап, Дию жұмсайтындай қазіргі жазушылардың қайбір қауқары бар? Осы ма құқайың? – Мен не көрмедім, Дию аға! Шоқпарын сүйреткен Шона пірәдар: “Ойбай, кітабымдағы қылыштай өткір қыршаңқы сөздерді Қалтай ұрлап алып, өзінің комедиясына пайдаланды!” деп қара аспанды қақ айырып аттан салғасын Жазушылар одағында менің мәселем қаралды. “Сөз ұрлағам жоқ!” десем, сенбейді. “Нан ұстайын, құран ұстайын, Шөке, сізден сөз ұрласам, басқан ізім артымда қалсын!” деп қарғансам да қарамайды. Амалым тау
сылып, ақырғы уәжімді айтуға мәжбүр болдым. “Шонадан сөз ұрлағанша, соқырдан көз ұрлағаным артық!” дедім. Бітті! Дау шықты, тағы да бір жау шықты деген осы. Тағы бір құқайдан құтылғанымды айтайыншы. Көрер жарығым бар екен, Брежнев деген патшаның тұсында біздің бір ұлық басымды алмадай қағып ала жаздады. – Дікілдемей, тігісін жатқызып сөйлеген пенденің жанын ұлық та алмайды, бүлік те алмайды. Сені шақырған қай ұлық? – Имашев! Қылышын қынабына салмайтын. Сол ұлық шақырып жатыр дегесін, жазған құлда жан бар ма, құстай ұшып жеттім. Үстімнен үлкен арыз бар екен, сөзді ұлық бастады: – Орталық партия комитеті сізге үлкен сенім білдіріп, басшы орынға іліктірді. Ал, сіз болсаңыз жұмыс уақытында служебный машинаны пивнушкаға мініп барып, сыра-пыра ішіп қайтатын көрінесіз. Осы рас па? – деді. Артымда – арыз, шегінетін жер жоқ. – Саттар Нұрмашевич! – дедім. – Өзіме төр бердіңіз, қолыма мөр бердіңіз, рақмет! Жаяу жүріп табаны тозбасын деп машина бердіңіз, рақмет! Ал, енді сол машинамды пивнушкаға мініп бармағанда, артынан итеріп баруым керек пе? Күлмес хан күліп жібергесін, менің де бетіме қан жүгірді. Сау қалғаныма садақа беріп, “төбел тазға – төрт теңге, ойма тазға – он теңге, қырма тазға – қырық теңге” үлестірдім. Мен көрмеген құқай бар ма, Дию аға?! “Қалтай айтты!” деген қазақы қалжыңдарды мен де естігем!–деді Дию.– Есімде қалғандарын есіңе салайын ба? –Ауыз – сіздікі, құлақ – біздікі! – деді Қалтай. – Ендеше екі құлағыңды бері тосып тыңда. Арқалы ақын Әбділда Тәжібаевтың жетпіс жылдық мерейтойын сыр баз інісі Сырбай Мәуленов басқарыпты. Қиыннан қиыстырып, ұтымды сөздермен ұйқастырып, өлеңмен өрнектеп жақсы келе жатса керек. Ал тыншы не жетінші адамнан кейін кешеуілдетіп сөз бергенін кеуіліне алған Қалтай-қожа: – Арақ тұрғанда бозаның қадірі жоқ! Қазақ тұрғанда қожаның қадірі жоқ! – депті де сөзін жалғастыра беріпті. ...Ұлты неміс, үш тілді ана тіліндей меңгерген Герольд Бельгердің Тәшкенде тұратын әкесі Алматыға қыдырып келгенде: – Сталиннің немістерді Қазақстанға жер аударғаны жақсы болған! – депті Қалағаң. Ол уәждің астарын аңғармай, тіксініп қалған әкесі: – Неге олай дейсің? – десе керек. Сонда Қалағаң: – Әйтпесе, – депті, – мына Герольд қазақтың қолына түсер ме еді! ...Мәдениет министрлігінде репертуар алқасының бас редакторы боп тұрғанда бір жас драматург өзінің шағын пьесасын әкеп: – Осыны оқып шығып, ақыл беріңізші, аға! – деп өтініпті. Қалағаң қабырғадағы Маркстің портретіне қарап тұрып: – Мынаның сақалының арасында 60 жыл адасып жүрген адамнан не ақыл сұрайсың, қарағым? – депті.
...Қалағаңның елге бара қалса, бір жақын ағайы төсек тартып қатты ауырып жатыр екен. Әйелі татар болса керек. Әңгіме арасында біреу бала сына мотоцикл сатып әпергенін, сөйтіп оның апатқа ұшырап қаза болғанын айтады. Сонда Қалтай аға: “Ажалыңнан бұрын өлгің келсе, татардан қатын ал, әйтпесе мотоцикл сатып ал!” деп жөпелдеме қалжың айтыпты. Бұл әңгіме татардан қатын алып, жоғарыда жорға мініп жүрген шенеуніктердің құлағына жетіп, Қалекең біраз қудалауға ұшыраса керек. ...Машина апатына ұшыраған Қалағаңа дәрігерлер: “Миыңыз шайқалған” деп диагноз қойған. Сонда Қалағаң: – Тезірек справка жазып бере қойшы, айналайын! – дейді кәдімгідей қуанып. – Ол кімге керек? – Үйдегі жеңгеңе, – дейді Қалағаң. – Әйелім анда-санда ұрысқанда “Миың жоқ сенің” деуші еді. Миымның бар екенін дәлелдеу үшін керек боп тұр, айналайын! ...Қалағаң Мәскеуге ұшатын болады да, жора-жолдастары әуежайға шығарып салады. Жолашар жасап тұрып: – Жігіттер, – дейді Қалағаң, – осы біздің қатын көріпкел, әулие! – Оны қайдан байқадыңыз? – Әлгінде ғана әйелім шамаданымды қолыма ұстатып тұрып: “Енді, шыға басасыңдар ғой!” деп еді, айтқаны айнымай келді! – Ендігісін өзім айтайыншы, Дию аға! – деді Қалекең. Сөйтіп, бастан кешкен хикаяларын баяндай бастады. ...Жапонияға ұшқанымда қасымдағы бір шетелдік шала-шарпы орыс шасымен: – Ағылшынша білесің бе? – деді. Басымды шайқадым. – Немісше ше? Басымды шайқадым. – Француз?.. Басымды шайқадым. Ол қолын бір сілтеді де, теріс қарап отырды. Оның иығынан қағып: – Қазақша білесің бе?– дедім. Басын шайқады. – Өзбекше ше? Басын шайқады. – Ұйғырша ше? Басын шайқады. Мен де қолымды бір сермеп, теріс қарап отыра беріп едім, әлгі ше телдік ыржалаңдап кешірім сұрағандай, қабырғамды күтірлете қапсыра құшақтады. – Тоқтай тұр!– деді Дию гүр етіп. “Мен сүйдедім, бүйдедім” дегеннен гөрі “Қалтай сөйдепті” дегені сүйкімді естіледі. Ел не дейді? Менің естігенім былай:
...Олжас Сүлейменов Қазақстан Жазушылар одағында бірінші хатшы, Қалтай аға екінші хатшы кезі. Дінмұхамед Қонаев күндердің-күнінде Қалекеңді қабылдауына шақырады да, Олжас екеуінің басы піспей жүргенін айта келіп: – Ендеше, сені басқа қызметке қояйын, – дейді қамқор көңілмен. – Мәдениет министрі Манура Ахметоваға орынбасар боп барсаң қайтеді? – Ой, Димаш аға, мен екі қатынға бірдей қалай орынбасар болам? – дейді Қалекең ат-тонын ала қашқандай. Димаш аға оның мәнісін түсінбей: – Қалайша? – дейді таңдана. – Аға, – дейді Қалекең кәдімгідей үрей танытып. – Жұмыста Мәдениет министріне, үйде келініңізге орынбасар болсам, менен не қалады? Ертесіне Димаш аға Қалекеңді кинемотографистерге бастық етіп жібереді. ...Он екі қабатты Журналистер үйі құмырсқаның илеуіндей құжынаған дәуір еді. Бәрі де бір есіктен кіріп, бір есіктен шығады. Қалтай Мұхамеджанов саяси-сатиралық “Ара” журналының, Шерхан Мұртаза “Егемен Қазақстан” газетінің, Камал Смайылов “Ақиқат” журналының бас редакторы. Әрқайсысы әр қабатта. Ең төменгі қабатта - кафе. Ерні кеберсіп, таңдайы кепкендер кафеге түсіп, шай-пай ішіп дегендей жан шақырып тұратын. Сондай бір шілденің ыстығында Қалтай аға Шерхан бауырына телефон соғып: – Төмендегі суатқа құлап қайтсақ қайтеді?– деп ұсыныс жасаса керек. – Жарайды, Қалеке, – депті Шерағаң, – қазір Камалмен сөйлесейін. Сосын сізбен хабарласам. Сәлден соң: – Қалеке, – депті Шерағаң, – Камал дос өзінде жоқ, ЦК-ға... жоғарыға кетіп қалыпты. Сонда Қалтай аға: – Смайылов кетсе біздің аузымызды өзімен бірге қалтасына салып алып кетпеген шығар? – депті қуақыланып. Тапқыр сөзге тәнті болған Шерағаң: – Түсіндім, – депті, – ендеше төменге түсе беріңіз. Сол күні Шерағаң шағын кафеге “Камал-кафе” деп ат қойыпты. – Ей, бақытты болғыр Дию аға. Кімді-кім не демейді, кімді-кім бөгемейді? Ендігісін өзім айтайыншы. Сол “Камал-кафеге” бармай тұрып, маған “Халық жазушысы!” деген атақ берді. – “Атақтың атасына нәлет, алмаймын!” деп үзілді-кесілді бас тартпадың ба? – Имандай шынымды айтсам, бұл атақтың өзі Кәрішал айтқандай, менің “дуакеш–жадуалығыма” берілген жоқ, көркем әдебиетке жұмсалған көз майымның ақысы. – Байқаймын, басымды шайқаймын! – деді Дию таңырқағандай. – Сөз саптауыңа қарағанда, қу біткенді қуалап, Диюды дуалап, жынды жетектеп, шайтанға шарық кигізіп, қажырын қайтарған Қалтайсың-ау, сірә?!
– Тіфә, тіфә! Сіз Дию емес, әулиесіз! Тамырымды тап бастыңыз!.. – Рас па? – деді Дию көпшік қойғанға көтеріліп. – Сіз сияқты қисынсыз өтірікті қиыстырып айта алмаймын. Имандай шыным!.. – Немене, менің сөзіме күдігің бар ма? – Әрине! Басыңыз киіз үйдей, кеудеңіз есік пен төрдей, танауыңыз үңгірдей, аузыңыз апандай. Сонша тұлғаңызбен қуықтай ғана құмыраға сыйды дегенге кім сенеді? Қисынсыз. Аяғым салбырап, аспаннан түстім десеңіз бір жөн... – Сені қалай сендірсем екен? – Сөзіңіз рас болса, құмыраның ішіне кіріп шығып, көзімше көрсетіңізші. – Қазір... Дию әп-сәтте буға айналып, құмыраның ішіне құйындай ұйтқып сіңді де: – Сен енді сенесің бе! – деді сес білдіргендей. Сол заматта Қалтай қожа мөрлі тығынды құмыраның аузына тыға қойып, тарс бекітті. Жаңа ғана “Жаныңды алам!” деп жалаңдап тұрған Дию бейбақ болып, жалына бастады: – Айналайын, атажан! Қадірлі Қалаға!.. – Енді жарық дүниені ұмыт, жарқыным! – деді қаһарына мінген Қалтай қожа. – Пайғамбар жасынан асқанымша сен секілді Диюлардың шашба уын көтерем деп-ақ шаршадым. Дүние – кезек, енді ашсам – алақанымда, жұмсам – жұдырығымдасың. Мен сені бұдан былай бұйдалы түйем секілді жетектеп жүрем, білдің бе? Құмыраның ішінде құлындай шырқырап пұшайман болған Диюдың даусы пұшықтың сөзіндей міңгірлеп естілді: – Айналайын, атажан! Қадірлі Қалаға! Не қылсаңыз о қылыңыз, бәріне де бақұлмын. Бірақ, сізден өтінерім – мені, құдай ақы, пайғамбарларға барып жамандай көрмеңізші!.. Дию деп драмалық шығармаларды әдейі астарлап, жұмбақтап айтқаным ғой. Драматургия Диюдан кем бе? Ал, Диюды жетектегенді дра матург деп атайды. ...Жарты әлемнің ілімін жадында сақтаған жарықтық ұстазым – “Дию” жетектеген драматург. 1994 жылы “Жалын” журналында алғашқы нұсқасы жарияланып, 2008 жылы “АРА” KZ журналында толықтырылып басылды.
Темірбек
ҚОЖАКЕЕВ
ТЕМІРҚАЗЫҚ
Ж еті жасқа жеткенше жерден таяқ жеп өскен Темкең, иә фи лология ғылымының докторы, профессор, кәдімгі Темірбек Қожакеев жетпіс жетіге келгенше “таяқты” аз жеген жоқ. Аисберг секілді астыңдағы жасырын мұздақты біреулер біле бермеуі де ықтимал. ґйткені көп нәрсеге көнбіс қазақ емеспіз бе, біреудің құлағын бі реу кесіп жатса, ол біреуге киіз кескен құрлы көрінбеуі мүмкін ғой. Қашанда қасқайып, туғаны жоқ тура бидей ақиқатты айтқаны үшін шикі өкпелер шыбыртқымен шықпыртты. Бірақ бұған қыңқ етпеді. Құштарлықтан емес, іштарлықтан іші күйген таспа бастар “Қасқа басты қалайда тұқыртамыз!” деп тасада тұрып тас атты. Таспа бастың тасы тас маңдайыма тиеді екенау деп те бұқпады. Есесіне егесе түсіп “Қырық қарғаға бір тас та жетеді!” дегендей өз тасын өздеріне қарай сілтеді. Ғалымдығынан залымдығы күшті содырлардың сойылына жығылды, саясаттың сабауына да жон арқасын то сты. Саясаттың сабауы емей немене, желтоқсанның ызғарлы желіне дырдай ағамызды тырдай жалаңаштап қойып, дүмбілез қайраткерсымақтар дүреге жықты. Пәлі, оған мойын бұрып, мойый қоятын Темкең бе?! Қылшығы да қисаймады. “Кіндігімді кескен Колбин емес!” деп қасарысты-ау көкем. “Берекем кетпесін. Бетеге кетсе – бел қалады, бектер кетсе – ел қалады, берекем кетсе нем қалады!” деп шиыршық атты. Қатты қағылған қазығын суырып, қызметінен босатты. Ер-тоқымын сыпырып, сауырынан бір си пады да жіберді. Шекемнен шертті екен деп шегінген жоқ, “ұрған сайын құтырған доп” секілді одан сайын ырши түсті. Сатираның сайы мен қырын шолып, ғылыми жұмысын диірмендей айналдыра берді. ґзі секілді жапа шеккен жазушылардың, қоғам қайраткерлерінің еңбегін електен өткізіп, зерделеді. “Күлді қанша үйгенмен төбе болмайды” деп төрткүл дүниенің төбесінен қарады. Бірлігі жоқ ұлыстың Көптігінен не пайда? Ұстары жоқ қылыштың ґткірінен не пайда? Бір-біріне от шашқан Ерлеріңнен не пайда? Құлқын үшін топтасқан Ездеріңнен не пайда? Сөз – сүйектен ғана өтпейді, қаныңа – қан, жаныңа – жан қосады, тылсым дүниеге тіл бітіріп гөй-гөйлететін құдірет қой, шіркін! Жүйкесі тозып, жүні жығылса ездік болар еді. Серіппені неғұрлым қатты бассаң, соғұрлым алысқа лақтырмай ма? Мысын басып сес көрсеткендерді серіп педей сілкіп тастап отырды. “Кеше еді ғой құдай-ау, кеше еді ғой...” деп Мұқағали жырлағандай, белдескеннің белін үзіп, тірескеннің тізесін бүгіп, талай-талай текетіреске түскен қайран Темкең жетпіс жеті жасқа да кеп қалыпты-ау! Жер ортасы жетпіс жетіге таянғанда не тындырды? “Мұрт мысықта да бар” дегендей ауыз толтырып айтатын атақ шен-шекпен кімде жоқ. Ол жағынан кенде
емес, бір басынан артылады. Кейде қоржынына симай “қор” боп жүрген дәрежесін уақытша “арендаға” алғың келеді. Академик Зейнолла Қабдолов ағамыз Темкеңді мықшегеге теңепті. Әшейінде ауруды дыңдай, ақсақты тыңдай қып асқындырып сөйлейтін Зәкең көңілді жанрдың көрігін гулеткен ұстаны шеге дегені несі? Сірә, соқсаң майыспайтын “сотый” шегедей мықтылығын көрсеткені шығар. Әйтпесе біздің Темкең “шегенің” неше түрін дайындап келе жатқан ше берхана емес пе? Себебі, шәкірттерін шеге десек, Зәкең “Неге?” демес. Иә, солай. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінде жарты ғасырдан бері құлақкесті құлдай қызмет жасап, дәріс беріп келеді. Ұлы да, қызы да екпіндеп сөйлеп, екі иығын жұлып жейтін журналистика факультетінде он бес жылдай “дию мінген декан” атанып, небір сен тұр, мен атайын от тілді, орақ ауызды сатира сарбаздарын сапқа тұрғызды. Басынан бақайшағына дейін сатирадай қаїарлы қарумен қаруландырып, “Жортқанда жолың болсын!” деп жорыққа аттандырды. Бес қаруын беліне байлаған жатыпатар жауынгерлер басқа елдің оқырмандарын баса көктеп жаулап алуға жарайды. Тек тілмәш жетіспей тілдің кішкене кібіртіктейтіні рас. Әйтпесе, “Қазақшаға сайрап тұр, орысшаға келгенде құдай тілді байлап тұр” дегендей әңгіме ғой баяғы. Ең бастысы, біздің Темкең – ғалым. Ғалым болғанда да қандай ғалым! Аттың жемін жеп, тайдың ісін істейтін тапырақ ғалым емес, құдай дарын берген, арын берген мүмкіндігі шүңет мүйізі қарағайдай ғалым! Айталық, “сатира” деген терминнің түп-тамыры қайдан тараған? Зер салған зерттеушінің болжамына сүйенсек, “ежелгі гректер жүзім өсірушілердің, жүзім шарабын жасаушылардың құдайы – Дионистің ән салып, би билеп, күлдіріп көңілдендіріп жүретін жол серіктерін “сатурос” деп атаған. “Са тира” атауы сол сөзден шыққан. Екінші бір зерттеушілердің пікірінше, бұл терминнің тарихы латынның “Сатуро” – “смесь” – аралас, әр нәрсенің қосындысы, “всякая-всячина” – анау-мынау деген сөздің қосындысы. Кейінірек Рим әдебиетшілері сы нап-мінеуші, әшкерелеуші сипаты бар шығарманы “Сатира” деп атаған. Мінеки, сонау бағзы заманнан бастау алған сатираның түп-тамырын қопара жазып, түп-тұқиянын түгел қамтып зерттеген ғалымдарымыздың бірі де бірегейі осы Темірбек Қожакеев. Қазақ сатирасы қалай қалыптасты?Ауыз әдебиетіндегі айшықты әжуалар, шешендік сөздер кімді мұқатып, кімді келеке етті? Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ сатирасының хал-ахуалы қандай еді? Халық даналығының қайнар бұлағы – мақалмәтелдердің сынап-мінегендегі сыр-сипаты неде? Тапқырлық, тілмарлық негізге құрылған аңыз әңгімелердегі күлкінің құдіреті, ой-қиялдың тұнбасындай тұрмыс-салт ертегілеріндегі өткір мысқыл, өрелі кекесін, ғашықтық дастандардағы сықақтық стиль... Абайға дейінгі қазақ сатирасы: Бұхар жырау Қалқаманұлының сыншылдық үні, Шал Құлекеұлының сынау, мінеу, өсиет-өлеңдері, Махам бет Өтемісовтің әшкере, әжуа өлеңдері, Шернияздың ирония-кекесіндері, Бабатайұлы Дулат жыраудың сыршылдыққа бой ұрып, шүйіле сынаған тақырыптары, Жетісу ақындарының алтын діңгегі Сүйінбай Аронұлының қазақ сатирасын дамытуға қосқан үлесі, Шөже Қаржаубайұлының бай, төре, би, болыстарды аяусыз түйреген сықақшылдығы... Ал, Абай дәуіріндегі қоғамдық жайлар және қазақ сатирасы туралы ғылыми еңбегі өз алдына бір төбе. Әсіресе, кеңес кезіндегі зерттеулері келелі, майлы спорпадай маңызды. Мысалы, Жамбыл поэзиясындағы
сатиралық сарын, Сәкен Сейфуллиннің саяси сатирасы, өткір сықақ, уытты фельетон, ащы күлкі, әзіл-оспақ, жеңіл юмор – Ілияс Жансүгіров шығармасының сүбелі қыры, Бейімбет Майлин сатирасындағы тіл құралдарының қолданылу шеберлігі, Қадыр Тайшықовтың әлеуметтік мәселені қозғаған әзіл-сықақтары, Қалыбек Қуанышбаевтың сатираға келу жолы, жазу стилі, Жүсіпбек Аймауытовтың сықақ жанрының да муына қосқан өлшеусіз еңбегі... Тізе берсе тіпті көп. Санкт-Петербургтегі эрмитаждың әр экспонатын бір минөттен көріп бәрін аралап шығу үшін бір жыл уақыт керек екен. Сол сияқты сатира сарапшысының “Адам. Қоғам. Сатира”, “Сатира және дәуір”, “Сатиралық жанрлар”, “Сатира – күштілер қаруы” секілді сайдың тасындай монографиясын былай қойғанда, ғылыми еңбектерінің тақырыбымен таныстыру үшін бір күндік лекция аздық етеді. Темкең тек қазақ баспасөзін зерттеп, газет, журналдар тарихы, қарымды журналистердің шығармашылық мұрасы, баспасөз жанрларының теори ясы мен тәжірибесінен дәріс беруші ұстаз ғана емес. Өзі журналист, өзі сықақшы, өзі фельетонист. Әңгімелерін айтпай-ақ, “Аяңшыл жеңгейлер”, “Бір колхоз болмаса да, бір бригаданың бухгалтерімін”, “Ептілікке сиынба, қыр кетуі қиын ба?” деген секілді көп фельетондарды көсілтіп жазған. Ғалым болғасын халықаралық, аймақтық, республикалық ғылыми конференцияларға қатысып, қатысып қана қоймай барған жерінен ба яндама жасамай қайтпаған. Соның бәріне уақыт тауып, ара-арасында Асқар Тоқмағамбетов, Садықбек Адамбеков, Шона Смаханұлы, Оспан хан Әубәкіров, Оспанәлі Иманәлиев, Мыңбай Рәшев, Үмбетбай Уайдин, Ғаббас Қабышев, Қажытай Ілиясовтан бастап қазық бойлы Қазыхан мен Балапан Базарға дейін қамтып, олардың сатиралық шығармаларын жіліктей шағып, бұтақтай бұтарлағанда қалай таңданбассың. Бетің бар, жүзің бар деген жоқ, керегін бір жаққа, кебегін бір жаққа шығарып, електей еледі. Еңбек пе? Еңбек! Әсіресе, шоғыр сықақшылардың ішіндегі шоқтығы биік Оспанхан Әубәкіров шығармаларының тәуір жағынан кері “жауыр” жағын көбірек көздеп, нысанаға алғаны да рас. Жек көргеннен бе? Жоқ! Әкесі баласын жек көргеннен ұра ма? Бұл да дәп сол сияқты, сыншы – әкесі, сықақшы – баласы. Қолтаңбасы да өзгеше, “қолтоқпағы” да өзгеше Темкең ылдымжылдымға ымырасыз, тістегенін тірі жібермейтін ұстаз. Мысал үшін бо лары болып, бояуы сіңген оқиғаны еске түсірсек несі сөкет? Халықаралық Андерсан атындағы, бүкілодақтық Островский атындағы сыйлықтың иегері қарыс-қарыс роман, повестері неміс, ағылшы,чех тілдеріне аударылған та лантты жазушы Марат Қабанбаев төртінші курстан соң үш айлық өндірістік парактикасын деканаттың жіберген жерінде емес, өз қалауымен “Ленин шіл жас” газетінде өткізгені үшін оқудан шығарылды. Сонда деймін-ау, практиканы Өскеменде өткізді не, астанада өткізді не – бәрібір емеспе? Жоқ, Қожакеев үшін бәрібір емес – адамды алдауға болмайды. Менің Марат курстасым сол үшін соры қайнады, қызыл дипломнан күдер үзіп, университеттің табалдырығын жеті жыл тоздырып жүріп көк дипломға қолы әрең жетті. Жеті жыл деген не тәйірі, әрі замандасым, әрі қаламдасым ақ жарма ақын Серік Тұрғынбеков, Асқар Кіребаевтар “Қожакеевтің қолында” бақпанды бала секілді он бес жылдай оқыған. Бір жақсы жері – Қожакеевтен “қорлық” көргендер ымырасыздығын іштей мойындап, ғайбаттаған емес. Темкең димломымның жетекшісі болды, бірақ “жетекшісі студенттің мұрнын тесіп, бұйда жіп өткізіп бері қарай сүйресе, менің жетекшім мұрнымды емес, төбемді тесіп әрі қарай итерді. Диплом қорғау үстінде
“Энгельстің сын туралы тұжырымын айт!” демесі бар ма? Есімде жоқ, қапелімде не дейін. Бірақ, білетін адам секілді міз бақпадым. Кімнің не дегенін кім біліп жатыр деген оймен өзімнің табан астында ойлап тапқан өтірік “теориямды” соқтым да жібердім. Құрығынан құтылдым-ау деп ем, қайдағы ұрымтал жерден ұстап алды. – Ха-ха!.. Ондай теорияны Энгельс көкең сені шақырып алып, шай үстінде айтпаса, біз білмейді екенбіз! – деп кекетті. Студент кезімізде “Сыншылардан кімді білесің?” дегенде, “Белгібай Шалабаев сосын Бе линский...” деп профессор Белгібай ағамыздан “бес” алып кете беруші ек. Құстай шүйілетін Темкеңе ондай шүлендік дарыған ба, төбеңді көрмегір деп “төрт” қойды да жіберді. Бетінің қызылы бар, өтірік айтпайтын Өріс деген қызға “бесті” қонжитты. Нашарлау баға алғаныма несіне налиын. Арық ешкіден семіз тауық артық, Темкеңнің семіз “төрті” көтерем “бес тен” кем бе?! Хо-ош, біз ғой Темкеңнің тепкісінде өстік, көлеңкесін көрдік. Ал, оқырмандар не пікірде? Мамандығы – инженер-электрик, Қазақстан Жоғарғы Кеңесі парламентінің мәжіліс депутаты Мырзакелді Кемеловтен: – Профессор Темірбек Қожакеевті білесіз бе? – деп сұрадым. – Алдына барып амандасып көрген адамым емес, бірақ еңбектері арқылы сырттай жақсы таныспын! – деді ол. – Арқаңыз қозып анда-санда қалам тербеп, қағаз сүйкейтін “ауруыңыз” бар ғой, Мырзеке. Яғни, сіз де әдебиетке бір иығыңызды беріп жүрген адамсыз. О кісі туралы ойыңыз қалай? – Жақында ғана “Егемен Қазақстан” газетінен “Журналистер Одағының орнығуы” деген мақаласын оқыдым. Одан бұрынырақ “Сұлтанбек Қожановтың шығармашылық мұрасы” деген талдауымен танысқан бола тынмын. Сөз жоқ, талантты ғалым! Талант асыл тас сияқты. Тасты үйкеген сайын жалтырай түседі. Меніңше, өзі үшін емес, өзгелер үшін өмір сүрген ғалым. “Өзің үшін өмір сүргің келсе, біреулер үшін өмір сүр” деп Сенека бекер айтпаған ғой. Кісі болар кісінің Кісіменен ісі бар. Кісі болмас кісінің Кісіменен несі бар, – деп Ақсуат би бебеулегендей кісі тәрбиелеп кісі болған кісі. Шартараптағы шәкірттері соның куәсі. Мыңдаған жәндіктердің ішіндегі бір жәндіктің аты – қыран болса, сол құжынаған жәндіктердің ортасынан қыранды тап басып танып, баптағанын білем. Баптап қана қоймай “Өз қанатың болмаса, өзгенің қанатымен ұша алмайсың” деп ғылымның көгіне шарықтатып, білімнің биік аспанына самғатқан ізбасар лары қаншама! Білім өмірде – таяныш, жолда – дос, жалғыздықта – жолдас, қуанышта – бастаушы, қайғыда – медет, күресте – құрал, зұлымдыққа қарсы айла деп қанша баланың қауашағына құйды. Келешекті пайымдаған кейінгі інілеріме “Ашты бағамын десең балық бер, ал еш уақытта аш болмасын десең балық аулауды үйрет” дер едім. Осы тұрғыдан келгенде Темірбек ағам шәкірттеріне балық берген жоқ, балық аулауды үйретті. Сондықтан да болар, Қазақстан сатирасы қазір аш емес. Олай дейтінім, жанып тұрған оттан ғана от тұтатып алуға болады. Тұтатып алғаннан от өшіп қалмайды немесе оты азайып қалмайды. Айтар ойымның астарын түсіндіңіз бе? Темкең – от, қанша адам от алса да оты бәсеңдеген емес. Менімше, адам үш түрлі болады: біріншісі – ойлаған ойы, айтқан сөзі мен істеген ісі үш түрлі, екіншісі – ойлаған ойы, айтқан сөзі бірдей, бірақ
істеген ісі басқа, үшіншісі – ойлаған ойы, айтқан сөзі және істеген ісі бір дей. Ағамыз қайсысына жатады? Менімше, үшіншісі! Теперішті көп көргені рас. Онсыз бола ма, ол өмірдің заңы ғой. Найзағай да ең биік ағашқа бірінші түседі. Құрт екеш құрт та тәтті алмаға түспей ме? Ағамыз жетпіс жетіге келсе де желкенінен жел есіп тұр. Әрине, қартаю да өнер. Қазына боп қартаю бар, қазымыр боп қартаю бар. Сірісі мықты ғой, сірә қартаюға да қолы тимейді-ау. Шындық майысуы мүмкін, бірақ сынбай ды. Темкең қанша мәрте майысты, бірақ сынған жоқ. Бұл да мықтылық!.. Таң қалу үшін бір сәт қана жетеді, ал таң қалдыру үшін бір өмір де жетпей қалуы мүмкін. Темкең тек таң қалдыру үшін ғана туған сияқты. Жа сыратын не бар, кейбір керенау ғалымдарымыз кандидаттық диссертация қорғағасын соны місе тұтып, шайқақтайды. Тауықтың су ішіп тұмсығын көкке қаратқаны – тәңіріне айтқан тәубесі екен. Осы тұрғыдан келгенде, Темкең тәңіріне тәубе келтіріп, бір сәтке тоқтап, тоқмейілсіген адам емес... Сөз соңында: – Қазір журналистика факультетінің деканы кім? – деп сұрады Мыр закелді. – Профессор Намазәлі Омашев еді. Бірақ ол жақында университеттің проректоры боп өсіп кетті, – деп қысқа жауап қайырдым да, аяғын әзілге жыға сөйледім. Баяғыда біреу ботаны көріп: “Сәл-пәл кішілігі болмаса, құдды түйенің өзі екен” деген екен. Сол айтпақшы, Намазәлі де Темкеңнің төл шәкірті. Студенттердің бағалауы бойынша “аузынан түскендей аумай қалған Қожакеев!”. Қалыбы бір болса қайда барады, Намазәлі де докторлық диссертаци ясын Ғылым Академиясында сатирадан қорғаған. Осы арада Мұхаммед пайғамбарымыздың “Біреумен қатты дос болма, түбі қас боп кетуі мүмкін. Біреумен қатты қас болма, түбі дос боп кетуі мүмкін” деген хадисі есіме түсті. Қазақ “көңіл – бір атым насыбайдан қалады” дейді. Ақ пейіл Азат жеңгемізден: – Ағамның атын кім қойған? – деп сыр тарттым. – Анасы Арзыхан тоғыз ай көтерген шаранасын босана алмай қиналғанда ауыл-аймақтың әйелдері үйді айнала жүгіріп, ескіше ем-дом жасаса керек. Шыр етіп жарық дүниеге келгенде “Сүйінші! Ұл туды! Ат байлардың атын кім қоямыз?” дегенде, атамыз жарықтық аспанға қарапты. Сонда көзіне ең бірінші Темірқазық жұлдызы түсіпті. “Темірқазық жұлдызы туғанда туған бала ғой бұл, аты – Темірбек болсын. Аумин!” деп ақ батасын беріп, атын қойса керек... Темірқазық! Адасқан адамға бағыт сілтеп, бағдар беретін – Темірқазық! Дариядай мол, данышпан жазушы Әбіш Кекілбаевтың “Үркер” романындағы аузы дуалы атамыз түнгі аспанға тесіле қарап, ұзақ ойланатын сәті бар. Аты жоқ майда-шүйде, ұсақ-түйек жыпырлаған жұлдыздар қара аспанның қақ төріне жайғасып, ал үлкен аю, үркер, шолпан, жеті қарақшы, темірқазық секілді шоқтай жанған шоқтығы биік жұлдыздар аспанның шет-шетінде ілбіп, ілініп тұрғанын суреттейді, оған әлеуметтік астар береді. Аспанда да алалық бар. Өмір де сондай! Бірақ Темкеңнің, профессор Темірбек Қожакеевтің жұлдызы жоғары.
ӘÓÁӘÊІÐÎÂ
ӘЗІЛ-ОСПАҚ
ӘУЛИЕСІ
Т елефон шалдым. Ғаббас ағаға. Қарағайдай Қабышев ше? Бүгінгінің биі. Туғаны жоқ Тура биі. Бұрын Қабышев еді. Қазір Ғаббас Қабышұлы, “...ев“ деген жұрнақ па, жалғау ма? Білмеймін, қазір “...ев“ түймедей үзіліп түсіп қалғалы қашан... Ғабаңның үні әдеттегідей бәсең емес, әсем. Өзі жерде, көңілі көкте сияқты. “Ісі ілгері жылжыған-ау?“ деп ойладым. – Хал қалай? – деді “дежурный“ салтпен. – Құдайға шүкір! – дедім. Мұхтар Шаханов ағам секілді “Үшеуден кейін, екеуден ілгері“ деп хал-ахуалымның көрсеткішін “цифрмен“ белгілегім келді де, кішкене кідірдім. – Оспанханның 70 жылдық мерейтойына орай Иманғали Тасмағамбетов пен Мұхтар Құл-Мұхамедке хат жазғам, – деді Ғаббас аға. – Жауап келді. “Түйе сұрасаң, бие береді“ деген. Сегіз том сұрап едім. Төрт томға тоқтапты. Бұған да тәубе! Соған байланысты Осекеңнің шығармаларын құрастыруға кірістім. Бір кітабына тек естеліктер енгізейік. Сен енді Осекеңнің шәкіртісің ғой. Қасында көп жүрдің. Естелік жаз... Мәссаған! Не жазам? Әуелгіде әжептәуір қобалжыдым. Көңілге түйгенім көп сияқты... Талай оқиға тарыдай шашылып, біреуі ұстатсайшы. Жылдардың жықпыл-жықпылын аралап, қойқабымды қозғадым. ...Мектептегі кезім. Оқушымын. Ойда жоқта “Ұзын сөздің қысқасы“ деген жұқалтаң кітап қолыма тиді. Мектептен үйге жеткенше жайылған бұзаудай жа яулап жүріп оқыдым. ішек-сілемнің қатқаны-ай! Жол-жөнекей тоқтап-тоқтап, кеңк-кеңк күлем. Кейде көзімнен жас аққанша тырқылдаймын. Біреулер мені сыртымнан көрсе жындыханадан шыққан пәлеге ұқсатуы мүмкін. Әйтпесе жападан-жалғыз айдалада аспанға қарап дені сау адам өзінен өзі екі иығы селкілдеп күле ме? Мен сөйттім. Жо-жоқ, сөйткен жоқпын. Мені сөйткізді. Тұла бойымды тылсым күш билеп, өзімнен өзім Осекеңе ғашық болдым. Өзіне емес, сөзіне. Шіркін, күлкінің күші-ай! Күлкінің құдіреті-ай! Сол бір сұрапыл күлкіні Алла-тағала Оспанхан ағамның бойына сақаға қорғасын құйғандай құйып тастаған ба? Иә, сөйткен. Сатираның сақасы ғой. ...Студентпін. Алғашқы курс. Күрең күздің соңына таман “Лениншіл жас“ (қазіргі “Жас алаш“) газетінің соңғы бетінде “Сүзеген сөз“ атты сатиралық шошала пайда болды. Аға жаттықтырушысы – Оспанхан Әубәкіров. Тағы да таласып-тармасып оқып, көзімізден жас аққанша жырқылдадық. Қолыма қалам алдым. Еліктедім. Солықтадым. “Оспанхан ағамдай көсілтсем!“ деп арманның арғымағына міндім. Арманым асау екен. Үзеңгіге аяқ салдыр мады. Бір мөңкіді де жығып кетті. Жалына жармастым. Бәрібір мінгізбеді. Тоқтамады. Арыны қатты екен. Әсірелеп айтқандағы әсерім ғой әшейін. Оспанхан ағамдай ойсыратып жаза алмадым. Мұңайдым. Әзілге әлжуаз екем. Әлсіздігімді сездім. Құдай-ау, күлкідей құдіретті күшті қайдан алам?
Жаңа жыл қарсаңы. Бір сықағымды он рет көшіріп, көркем жазу жазғандай жаздым. Әзілімнен гөрі әріптерім әдемі. Бет моншағым бес рет төгілсе де, бардым. “Лениншіл жастың” бас редакторы Сейдахмет Бердіқұлов. Ол ағай орнында жоқ екен. Орынбасары Мәткәрім Әкімжановқа кірдім. Қарсы бетте маңдайы кере қарыс, майпалаудай бір кісі отыр. Келбетті. “Иығы қақпақтай, білегі тоқпақтай” баяғы батырлар жырының кейіпкерінен аумайды. Таныма дым. Танымағасын назар аудармадым. “Басты нәрсені бастық шешеді“ деген пікірдемін. Шимайымды Мәткәрім ағаның алдына тастадым. – Бұл не? – деді. – Мысал өлең... – дедім міңгірлеп. – Үйбө-ө-өй, “Сүзеген сөздің” жаңа жылдық нөмірі жасалып кетті. Кешігіп қалдың, балақай! – деді Мәткәрім аға. Емтиханда етбетінен түсіп оқудан құлаған баладай есеңгіреп қалдым. Сірә, түсімнің түнеріп кеткенін көріп аяды ма кім білсін, әлгі “білегі тоқпақтай“ кісі: – Қане, көрейінші! – деп алды да, “көркем жазуыма” көз жүгірте бастады. Оның көзі қағазда. Менің көзім о кісінің қас-қабағында. Кірпігі қимылдады. Шүйілді. Езуіне күлкі үйірілді. “Е, Құдай!” деп мен отырмын. Қаламын шым шып көтерді. Бір жолын белінен сойдақтатып сызып тастады. Үстінен жазды. Әр әрпі арбаның дөңгелегіндей. Ірі-ірі. Айбақ-сайбақ. Құдды құйын соғып өткендей. Кенет, бетін бері бұрды. Жылы ұшырап қарады. Сосын: – Ертең жаңа жылдық нөмірге шығады! – деді. Мәткәрім аға менен бұрын қуанды: – Жолың болады екен! –деді жымыңдап. – Тұсауыңды Оспанхан ағаңның өзі кесті. Жүгір бала, базарға... Кеудемді қуаныш кернеді. Кернемегенде ше? Өлеңімді оқыды. Оспанхан ағамның өзі оқыды. Өзі қол қойды. Өзі түзетті. Сондағы сол мысал өлең мынау еді: Өрік Жаңғақты көріп: – Бас-терісі келіспеген Осы да жеміс пе екен? Домалақ, бұжыр бірдеңе, Ұқсайды екен түрмеге! – Деп тыржиып түсіне Үңілмеді ішіне. Ал, не білдіңіз? Әлгінде Оспанхан ағам “Бір жолын сызып тастап, үстінен жазды” деп едім ғой. Біреудің қойына қосылып кеткен қойын танитын қойшы бар, танымайтын да қойшы көп. Егер мен осы мысал өлеңімді бір қора қой деп есептейтін болсам, осының ішінде Оспанхан ағамның да қосып қойған “қойы” бар. Ол қайсысы? Тапқыш болсаң, тапшы ал! Осекеңнің стилі қай жерінде? Жарайды, өзім-ақ айғақтайын. “Ұқсайды екен түрмеге” деген жолдар Ос-ағамның жекеменшік сөздері. Тұздығы да сол. Ос-ағам – менің сөзіме де, өзіме де тұздық болған тұңғыш ұстазым. Ойым он сақта. Көз алдымда көркем фильм секілді түрлі-түрлі картиналар елестейді. Қилы-қилы хикая. Үзік-үзік кадрлар. ...Студентпін. Соңғы курстың көктемінде саяси сатиралық “Ара–Шмель” журналында өндірістік тәжірибеден өттім. Бас редактор – Тельман Жанұзақов. Орысшасы ағып тұр-ау, ағып тұр. “Соншама білім мен парасатты бір адамның
басына қалай үйіп-төгіп бере салған?” деп таңырқаймын. Кілең “сен тұр, мен атайын” сайыпқыран сатириктерді жинап алған. Оспанхан, Оспанәлі, Үмбетбай, Қажытай... Оспанхан ағамның кабинетінен бір бұрыш тиді. Соған да мәзбін. Американың түбіндегі кішкентай ғана Куба секілдімін. Ос-ағаң: – Мынаны аудара салшы, – деп жарты бет орысша фельетонды алдыма тері жайғандай жайып тастады. Тері сүрлегендей сүрлеп, жарты бетпен жағаласып жарты күн отырдым. Әй, қиналғаным-ай! Қиналмай қайтейін, орысшаға шорқақпын. Шорқақ болмай қайтейін, біздің ауылда орыс жоқ. Ырымға таппайсыз. Орыстың өзін орысша кинодан ғана көретінбіз.Ал орыс тілінен сабақ беретін қазақ ағайдың өзі “Карандаш” дегенді “Қарындас”деп оқитын... Жоба-жоба тәржімама Оспанхан ағамның көңілі көншімеді-ау, сірә. Мен ғой орысшаны қазақшаға аудардым. Осекең қазақшамды қазақшаға қайтадан аударып, өзі әп-сәтте қотарып шықты. Әлі есімде. “Стол пустой” дегенді “Үстелде түк жоқ” деп қазақшаласам, ол кісі оны “Үстелдің үсті жылан жалағандай” деп жымын білдірмей жіберді. “Машинкаға бастыр!” деді. Ба стырдым! “Жауапты хатшы Сақтапберген Әлжіковке апарып бер. Егер “Кім аударды?” деп сұраса өзіңді айт!” деп шегелеп жіберді. Апардым. Әулие екен. Сәкең “Кім аударды?” деп сұрады. “Мен аудардым!” дедім. Желпіндім. Бастан бит іздегендей шұқшиып оқыды да: “Жарайсың, бала! Аудармаң тамаша!” деп бағалады. Тек бір-ақ сөзге қалам жүгіртіп, түзегенсіді. “Қонжиды” деген сөзді “отырды” деп өзгертті. Әуелгі сөз әдемі еді. Е, мейлі, бастық қой. “Арада” жұмыс істеу, Қалтай ағам айтқандай, “жалаңаш құйрықпен кірпінің үстінде отырғанмен бірдей” екен. Көп нәрсеге көзім жетті. Әзілкеш ағамның бәрі әскерде жүргендей. Сарт-сұрт. Жалт-жұлт. Тәртіп қатал. Ертеңгісін сағат тоғызда топталып келеміз де, кешкі алтыда бәріміз кинодан шыққандай топырлап бірге шығамыз. Ертеңгісін сағат тоғыздан он бес минөт кеткенде жауапты хатшымыз бәрімізді кабинетіне шақырып алып, Ос-ағаңның тәртібін кішігірім жина лыста қарай бастады. Жауапты хатшыны сырттай “Жарты бастық” дейтін. – Жұмыс кезінде неге ішесің? – деді жарты бастық. – Сіз маған жала жаппаңыз! – деді Ос-ағаң. – Ей, менікі жала ма? – деп жарты бастығымыз жарылып кете жаздады. – Давай, түсініктеме жаз. Жұмыс кезінде неге ішесің? – Мен жұмыс кезінде ішкен жоқпын, жұмысқа дейін ішкем! –деді Ос-ағаң. Бәріміз ду күлдік. Ос-ағамның бетіне қарасам, әзілі жоқ, шынымен кәдімгідей ақталып тұр. Бала сияқты өкпелі. Бірақ, өңі шаршаулы. Өзі жазғандай, беті бет емес, “қыз бен жігіт алысқан төсектей мыж-мыж”. Жарты бастығымыз жарылқағаны ма, әлде жақсы көргені ме, “Бар, бүгін дем ал!” деп жұмыстағы жүгенін сыпырып қоя берді. Ой, дәурен-ай! Бір ауыз сөзбен құтылып кетті. ...Үйлендім. Ауылда той болды. Шәуілдірде. Оған да Оспанхан ағам барды. Ымырт. Дала. Шарбақтың іші. Тойға жиналған жұрт. Ығы-жығы. Жар-жар. Беташарға домбыра табылмады. Орнына оқтау әкелді. Оқтаудың басына орамал байлады да: – Ақ келін-ау, ақ келін. Сауысқаннан сақ келін! – деп бет ашқан жігіт әндете бастап еді, мына жақтағы бір кісі:
– Өй, шешеңді... әндетпей айт! – деп сыртынан сыбады. Әндетуін доғарып, тақпақтай жөнеліп еді: – Өй, шешеңді... әндетіп айт-ей! – деп ана жақтан біреу бұйрық берді. Бет ашқан жігіт жалт қарады да: – Сенің мені боқтауға қандай правоң бар? Әкең үлкен бе?– деп оқтауды ала жүгірді. Анау бауға қарай қашты, мынау соңынан тұра кеп қуды. Қашқан адам қараңғыда таптыра ма? Түлкіге жете алмаған тазыдай сілесі қатып, қайтадан келді де, беташарын жалғастырды. Әр жерден тілек айтылды. Тост көтерілді. – Өй, шешеңді... түбіне дейін ішіп қой-ей! Кім сөйлесе де шешені “қосып” тост көтерді. Оспанхан ағам бұған аң-таң. Қайран қап отыр. Негізінде, біздің ауылда шешеден сыбау “сәлеметсіз бе?” дегенмен бірдей үйреншікті нәрсе. Тек әкесі үлкен болса болды, оған ешкім налымақ түгілі назар да аудармайды. Тойдың орта тұсында Оспанхан ағам тамадаға барды. Тамада– жездем еді. Аты – Ноян. Аудандағы екінің бірі. “Қызыл тамда” істейді. (Райкомды ел солай атайтын). – Сіз, Нөке, – деді Оспанхан ағам, – анау сөйлесе де “Өй, шешеңді...” дейді. Мынау сөйлесе де “Өй, шешеңді...” деп түбіне дейін түптеп береді. Естіген құлаққа ерсі. Ендігі жұртыңызға ескертіп қойыңыз, бұдан былай “шешеден” жібермесін. Сонда ауданды аузына қаратқан Ноян тамада: – Бұларға дауа жоқ! – деді сәл-пәл кекештеніп. – Бұ шешеңді... бәрі сондай! Ой, Оспанхан ағамның сондағы күлгені-ай! – Ақыл айтатын ағаның өзі де “шешеден” жіберді! – деп ішек-сілесі қатты. “Осыны бір жазамын” деп жүруші еді, тәм-тұзы жетпеді. ...Күндердің күнінде ел гу-гу. – Оспанхан машина алыпты! Құтты болсын айттық. Екі айдан соң ел тағы да пыш-пыш. – Оспанхан су жаңа машинасымен “авария” жасап, ауруханаға түсіпті! Бардық. Қаусаған “Жигулиіне” көңіл айттық. Өзіне “Аман болса басың, тағы шығар шашың” дедік. Ақжолтай ақын Нұрсұлтан Әлімқұлов апатқа ұшыраған ағам туралы ұза-а-ақ өлең шығарыпты. Әдемі әзіл. Оқып берді. Майлы жілік мүжігендей масайрадық. Сол өлең қазір қайда екен? Жазып алмаппыз. Жадымда жоқ. Таяуда Тоққожа Естенов ешкім естімеген естелік айтты. Тоққожа ол кезде жап-жас. Өндірдей жігіт. Мектепте мұғалім. Оспанхан ағадан ел аман, жұрт тынышта апатқа қалай ұшырағанын сұраса: – Алматыға қарай асфальтпен ағызып келе жатқам, – депті Осекең. – Аспанда бір самолет ұшып барады екен. Сонымен жарысам деп... көзіме қарамай айдаппын. Сол Тоққожа қазір Оспанханның туып өскен Жамбыл ауданында көп жыл әкім болды. Ілтифаты ыстық. Өнер үшін өгіз боп, алты алаштың арбасын сүйреуге даяр. Жылан жылы, яғни 2001 жылдың маусым айында соно-о-оу Астанадан қазақ баспасөзінің қара шаңырағы “Егемен Қазақстан” газетінің ұжымын Ұзынағашқа арнайы шақырып, Оспанхан Әубәкіровті еске алу кешін өткізді. Тайлы-таяғымызбен қатыстық. Ғаббас, Үмбетбай ағаларға інілері ілесіп барды. Республикалық “Егемен Қазақстан” газеті ашық акционерлік қоғамының президенті Сауытбек Абдрахманов қатысты. Ол да студент кезінде
сатираның суатына құлаған сықақшы еді. Бірді-екілі әзіл әңгімелерін Оспанхан ағасы “Ара” журналына жариялаған-ды. Бірақ, қалжыңның суын қанып ішпей, шөл даладан қырық құлаш шеген құдық қазып кеткенін естігенде “Қап, бір сатириктен тірідей айрылып қалдық-ау?!” деп сан соққанбыз. Негізі, сатириктер Америкадағы индеецтер секілді. Аз. Қылаң етіп қылт етіп, әр жерден әрегідік сатираның садағын тартып, өз жанрын қорғаумен ғана жүр. Қоғамның үстем таптары үстінен билік жүргізіп, қисық сөйлегенді қырып-жоймаса да, қия бастырмайды. Өзін өлтірмесе де, сөзін өлтіреді. Сөзіңнің өлгені өзіңнің өлгеніңмен бірдей емес пе? Бұған біреу келісер, біреу бас шайқар. Әркімнің өз еркі. Менімше, Оспанхан сол иір жолды таңдаған “индеецтердің” көсемі еді. Ал, аудан әкімі Тоққожа Естенов сол кеште сорғалатып сөйледі: – Туған жерден түлетіп ұшырған ауылы Осекеңнің сиясы кеппеген шығармаларының алғашқы оқырмандары да еді. Қазақ сөз өнеріндегі жарық жұлдыздардың бірі – Оспанхан Әубәкіров. Егер тірі жүрсе, бүгінгі сатириктеріміздің бас сардары ретінде өз орнын ойып алып, төрімізде отырар еді. Өйткені, Осекең көзі тірісінде-ақ қазақтың төрт құбыласын түгел күлкіге қарық қып, ішегін түйіп, шаншуын үзген. Сырлы сөздің сын садағын асынғандардың өзгесі бір төбе де, өзі бір төбе болатын. Сардар деген шен алып, шекпен жамылмаса да, қазақ тілін түсінетін жұрт Оспанханның отауын оқшаулап, орнын бөлек сайлағалы қашан. Қайран, Осекең! Күлкі менен әзілдің, мысал менен мысқылдың көмбесі еді ғой, кені еді ғой... Өзіміз ес білгелі естіп өскен шұрайлы сөздерден шырайлы әңгіме, өлеңдер сомдап, бабалары Сүйінбай, Жамбыл салып кеткен сатира жырының соқпағын даңғылға, әзілін ән-жырға айналдырып, Алатауды күлкімен тербеп, “Қағаз қайыққа” мініп өскен Оспанхан ағамыз да күлкінің кемесін сатираның теңізіне шығарды. Тербелген теңіз бетінен жетпістің желі есіп тұр. Жетпіс жас! Бір өкініштісі – осынау мерей жасын мерекелер тойдың төрінде өзінің жоқтығы. Бір қуаныштысы – әрбір үйдің төрінен орын алып, халқының қымбат тұтар қазынасына айналған кітабының көптігі. Иә, атын ардақ тұтар ағайыны, есімін естен шығармас ел-жұрты барда Оспанхан ешқашан ұмытылмақ емес. Ғұмыры келте, сапары ерте аяқталғанымен, атағы, даңқы мәңгілік ардақтар сапынан Оспанхан да лайықты орнын алды. Қазақ дейтін халық жер бетінде жасайтын болса, Қасым, Төлеген, Мұқағали, Жұмекен, Жұматай сияқты Осекеңнің де аты ескерусіз қалмақ емес. Орақ тілді Осекеңнің қай туындысын қолға алсаңыз да, төрт аяғын тең басқан су жорғаға мінгендей сезінесіз. Қай тақырыпты қозғамасын нақты ойын айқын жеткізеді. Әр әңгімесінің астарында терең пәлсафа жатады. Әдетте майда-шүйде көрінер нәрсенің өзінен нән-нән мәселенің күбір-сыбырын, айқай-ұйқайын естуге болады. Ал сипай қамшылап, сылап отырып айтатын әзілінен бір кезде Абай кейіген қазақтың әужайын айнытпай аңғарасыз. Және тілі қандай! “Сары майда жүгірген қасықтайын” сары алтындай сөз қоры қандай! Жай тіркестің өзін күмбірлетіп ұйқастырып, күлкіге кенелтіп, кемеліне келтірер Осекеңдей ер қайда?! Ауыз әдебиетінің кәусарынан қанып ішкен кешегі ұрпақтың өкілі Оспанхан Әубәкіров сатираны классикалық дәрежеге көтерген қазақ. Кейде бүгінгі оспақшылардың Оспанханша тереңге бойлаудың орнына, тек бетін қалқып жүргені әлем тамсанар ауыз әдебиетіміздің уызына жары
май қалғандығынан да шығар деген ойға келетініміз бар. Олардың жоқтан өзгені сабақтап, қолдан күлкі тудырмақ болғанын көргенде оқырманның да, көрерменнің де Осекеңді іздейтіні рас. Ойлы сықақ, ойнақы әзіл, әжуа әңгімеге зәрулік бүгін айқын танылып жүр. Жылт етер жақсы дүние анда-санда болмаса, газет-журналдардан да, “Тамаша” сахнасынан да сирек көрінетін болды. Осындайда Осекеңнің жоқтығы сезіледі. Қазақ сатирасының “қырық үш күндік кемдігі” айқын аңғарылады. Қайран Осекең, қайта туар ма, шіркін! Ара-тұра ауылға ат басын бұрып, еліне еркелеп, туған топырағына аунапқунап қайтатын кездері қандай еді! Ондай сәттерде ағамыздың майдай мейірі мен пәк пейіліне қарық болып, бір жасап қалатынбыз. Осекең өзінен кейінгі інілерін, әсіресе қолына қалам ұстап, сатираның сапына тұруға сайланып жүрген жастарды көрсе, жерден жеті қоян тапқандай қуанатын. “Алдыңнан артың озсын” деген халық даналығын қастер тұтқан адамның бірі Осекең еді. Осы тұста мысал келтірер болсақ, тиіп-қашып әзіл-оспақ әңгіме жазып жүрген Нағашыбек Қапалбекұлының бірнеше туындысын бастыртып, кейін нен, “Көңілді көшенің жігіттері” атты топтама жинаққа кіргізіп жібергенін айтар едік. “Жақсыдан – шарапат” деген сол. Бұл күнде Нағашыбек – бірнеше кітаптың авторы. Көзі тірісінде “қазақтың Әзиз Несині” атанған ардақты Осекең керегесін керіп, уығын шаншып, шаңырағын көтерген “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетіндегі “Сүзеген сөзден” қаншама жас сатирик түлеп ұшты десеңізші! Өзі жақсы көрген ағасы, жан досы Мұқағалидың бір өлеңінде: “...Аяз Ата тәттісін үлестіріп, Ащысын екеумізге сақтағаны-ай”, – деп келтіргендей, тірісінде өмірдің кермек дәмін көп татқан Осекең – бұл фәнидің жалғандығын жан-тәнімен сезініп, оған мойымай күле қарап өткен адам. Өзі өмір сүрген тымырсық дәуір тамырын тап басып, әжуалай білген қалам қайраткерлерінің бірі. Ол ашып айтқан кеселдердің көбісінен қазақ әлі арылып болған жоқ. Ол күлкі еткен митық мінезіміз әлі түзеліп кете қойған жоқ. Өзі кіндік кескен әз мекенін мәңгілік бесік еткен Осекеңнің зираты қазір Үшбұлақта. Жыл сайын сәуір айында сағынышымызды арқалап барып, басына гүл қойып қайтатын дәстүріміз бар. Күлкі күнінде ауданымыздың шығармашылықты мұрат тұтқан жастары аруағын алты алаш ардақтаған Алатаудың ақиық ұлы Оспанханды еске алу кешін өткізуден жаңылған емес. Ал мерей тойына орай атқарылып жатқан шаралардың орны бөлек қой, әрине! Оспанханды еске алу кешінде Сауытбек мырза да әңгімені әріден қозғап, терең тебіренді: – Сатира туын жоғары ұстаған Оспанхан ағамыздың шыққан тегі қордалы, құйқалы. Сонау Сүйінбайдан, Жамбылдан жалғасып жатқан қасиетті өңірдің өркендері көп. Шөп те құнарлы жерге шығады. Ақындар мен батырлар елі деп бекер айтылмаған ғой бұл аудан. Жарықтық, Жәкеңнің шапағаты бүкіл қазақ еліне тиіп келеді. Шет елге шыққандардың паспортына айналған жыр алыбы Жамбылдың қасиет-қадірін ешкім де ұмытпаса керек-ті. Біздің ұжым осы аруақты жерді әдейі таңдап, ақылдасу, сырласу бас қосуын күн тәртібіне қойып отыр. Бүкіл қазақ елі көз тіккен қара орманды қасиетті ауданға алғаш ат басын бұруымыз тегіннен-тегін емес. Біздің газетімізге жазылушылардың ең көбі осы өңірде тұрады. Жәкең елімен, Жәкең ауданымен мақтанамыз. Сүйекеңдердің, Жәкеңдердің заңды жалғасы Оспанхан ағамызды еске ала
жүру мақсатымен арнайы келіп отырмыз. Өмірдің ұңғыл-шұңғылын жіті көзбен шолатын Осағаңның шығармаларымен қаншама жұрт сусындады, мейірін қандырды, күлді, қабағын ашты, ішін басты, кереметтей өнеріне бас шайқасты. Ғаббас ағамыз да ағынан жарылып сөйледі: – Осы ауданға қуана-қуана келдік. Жырдың ұйығы дерлік Жәкең ауылының перзенті Оспанханмен қатар шауып, сатира аламанында шаң көрсеткенімізді бақыт санаймыз. Осылай қарай бір сиқыр тартып тұратын сияқты. Өйткені бұл – қазақ сатирасының классигі Оспанхан Әубәкіровтің туған жері. Осағаңды “қазақ әдебиетінің классигі” деп жазған едім. Сол ойымды әлі күнге шегендеп келемін. Бұған бұрынғы-соңғылар өкпелей қоймас. “Әзіл шіркін ертеңіне күлдірсе – сол сатира күлкісі” депті бір чех жазушысы. Тауып айтылған сөз. Ал Осекеңді қанша оқысаң, сонша рақаттанып күлесің. Бір күндік емес, мың күндік мысқылдың туын тіккендігін баршамыз да мойындаймыз. Әзіл-сықақ шығармаларды көркемдеп жазуда оған әлі ешкім жеткен жоқ, озғаны былай тұрсын “Өлі риза болмай, тірі байымас” деген аталы сөздің мағынасы терең. Осекеңнің 60 жылдығын тойларда мына Үмбетбай екеуміз Нұрсұлумен ақылдасып, кеңесіп, оның бес бума қолжазбасын жинап, құрастырдық. Амал не, небір қиындықтар көлденең тұрып алды да, соның үшеуін ғана жарыққа шығардық. Енді бірер жылда оның 70 жылдығы да атап өтілуі тиіс. Осыған орай қолдан келгенді қарманып қалу керек. Әйтеуір бір тамшы болса да тама берсін деп премьер министрдің орынбасары Иманғали Тасмағанбетовке, мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министріне хат жаздым. Яғни, Оспанхан Әубәкіровтің алда 70 жылдық мүшел тойы түр. Таңдамалыларын шығару керек. Ең болмаса алты томның басын қосу қажет. Мемлекеттік сыйлыққа ұсынуды сұрадым. Өзі тұрған үйінде ескерткіш тақта жоқ. Қысқасы, осындайосындай ойлардың бәрін сыйғызып, өтініш хат жолдадым. Иншалла, ниетіміз аяқасты қалмас. Бір нәрсе айтпас бұрын алдымен өзі кеңкілдеп күліп алатын Осекеңнің мінезі қандай қызық десеңші. Бірде біздің үйге ақын Әнуарбек Дүйсенбиев қонаққа келіп, әйелі Рәбиға апай екеуін шығарып салып тұрғанмын. Біздің маңда тұратын Осағаң кездесіп қалды да: “Ассалаумағалейкум!” деді Әнекеңе. “Ассалаумағалейкум!” деді маған да. Әнекең: “Әй, Ғаббас сенен кіші ғой” деп еді: “Ой, қап, қанша ассалаумағалейкумым бекер кетті-ау” деп күлдіргені. Міне, осы сияқты тапқырлығына сан жетпейтін сатира саңлағын еске алып, “Егеменнің” Осағаң жайлы сиреңкіреп қалған әңгіменің отын қыздыруы көрегендік. Қазақстанның бас басылымы осылай ылғи да мұрындық болып, басқаларға үлгі көрсете жүруі заңды да. Оқырман тарту, жұртшылықты өзіне қарату осындай қиыншылық кезеңде өте керек нәрсе. Қуана құптаймын. Асылдарды ұмытпай, ел есіне салып жүргенге не жетсін. Талай жыл саяси-сатиралық “Ара–Шмель” журналында бір бөлмеде отырып қалам тербеген Үмбетбай аға да инабатты иірімдерін қайырды: – Осағаңа қанығып өскенбіз. Талантына табынып келеміз. Ойымды былайша жүйелейін: оның есімі қойылған үлкен даңғыл көше болса, үйінің маңдайшасына ескерткіш тақта қойылса; Үшбұлақта кесенесі тұрса; жатқан жеріндегі қоршауын жаңғыртса, ол жайлы аңыз-әңгімелерді жинақтап, ба стырса, музейін ашса... Елінің еркесі болды. Еркеледі. Бәрі де жарасып тұратын. Ет пен сүттен жаратылған жаратылыстың жұмыр басты пендесі еді ғой. Оған еріп біз де
еркеледік, еркін жүргенді жанымыз қалады. Одан үйрендік. Оған сүйсіндік. Төбемізге көтердік. Аңғал еді, аңқау еді, ең бастысы адал еді. Творчествоға адалдығы адам айтқысыз бөлекше. Қаламын құрметтейтін елі барда Ос-ағаң ешуақытта өлмейді. Ос-ағаңмен мақтанамыз. Оның мұраларының бір талы да елеусіз қалмау керек. Ізбасарлары соған жан ауыртып жүрміз. Сол кештің соңына таман маған да сөз кезегі тиді. Егер Оспанхан ағам Менделеев таблицасының 104 элементі болса, соның бір элементін ғана тілге тиек еттім: – Шынымды айтсам, осы ауданның ардагер перзенттері – Оспанханның, Әнуәрбектің, Әсеттің тәрбиесінде есейіп, ержетіппін. Қанаттарының асты на алып, әрқайсысы өзіндік мектеп әліппесін үйретті. Әрине, Ос-ағаңның баулығаны бөлекше әңгіме. Тура аузыма түкірген десе де болғандай-ау осы. “Ара” журналында қатар қалам тербедік. Талай тапқырлығына куәміз. Талай құдіретіне қыбымыз қанып, ішек-сілеміз қата күлгенбіз. Көзден жас ағызатын алабөтен қабілеттің иесін қалай мақтасақ та сыяды. Артынан ерген “бөлтірігімін” десем, еш өтірігі жоқ. Алтын құрсақ жеңешемнің арқасында Ос-ағам бұл дүниені жалпағынан басып өтті ғой, не керек. Әрбір әрпі алтын, әрбір сөзі – тұмар, ішірткі. Жүзі жайдары, жайдарман адамның қаламын қолына алғанда басқа қалыпқа түсетіндігі ғажап жұмбақ. Оның жұмбақ талантына ешкім дау айта алмасы анық. Сатира биігінің ұшар басындағы Ос-ағаңа қол созумен келеміз. Ол алыстай беретін сияқты. Біз қуып келеміз. Әй, тәрізі, жете алмаспыз... – Қап, сол кешке қатыса алмай қалғаным-ай! Кеш естідім,– деді талай жыл құдайы көрші болған Қабдеш Жұмаділов. – Осекең туралы естелігім “Парасат” журналында толығырақ жарияланды. О-ой, Осекең сықақ оқымаса, сахнаға сән кірмейтін. Әзілінің нысанаға дөп тиетіні – оның тіл байлығында. Ол халықтық тілдің мәйегін еміп өскен. Өмірде Оспанхан сықақшы екенмін деп тәйтік сөйлемейтін, нәзік жанды, аса байыпты жігіт болатын. Оның әзіл-сықағы сынық салғандай сыпайы еді. Өнер – өзен емес, телегей теңіз. Сол теңіздің қайығын есіп, кемесін қайырып жүрген “көріпкел” журналист Қали Сәрсенбай да Оспанхан Әубәкіровтің өмірден озғанының 15 жылдығына орай “Ңөң” деген өлеңін “Жас алаш” газетіне жариялап, өз пікірін білдірді: – Ос-ағаң жоқ демесеңіз, күлкісі әлі күнге ортамызда жүр, жүре де береді. Қазір күлкі көбейді, әрине. Не болса соған күлетін болдық. Ос-ағаңның кезінде күлсек те ойланып қалатын едік. Қазір ойсыз, мәнсіз күлкі ырғын боп тұр. Осағаңның орны ойсырап тұр. Шынайы, риясыз күлкіні сағынғанда Ос-ағаңды оқимыз. Оқыған сайын кеңкілдеп күліп, көңіліміз көкке көтеріледі. Классик деген сол, Ос-ағаңның күміс күлкісі керуен-керуен болып келешекке тартып барады. Оның күлкісі ешқашан қартаймайтын, ортаймайтын, әркіммен бірге жасай беретін жасампаз күлкі, кемеңгер күлкі. Классик деген сол, кейбір театрлар күлдіре алмай тұқырып жатса, Ос-ағаңды ақтарады да іздегенін табады, тап бүгінгі күнді айтып кеткен ғой, жарықтық. Ос-ағаңа кейде жер-көктен теңеу таппай, теңселіп, түріктің Әзиз Несиніне апарып телиміз. Ос-ағаң – Несин де, басқа да емес, қазақ күлкісінің кемеңгері. Бір пендеден бір пенде кенде туар, Бірі жемге, біреуі емге туар, Емге туар есіл ер кешең туар, Жемге туар қу мешкей демде туар.
Нұрсұлу апамыз кей-кейде Ос-ағаңның өз қолының табы қалған, әлі еш жерде жарияланбаған осы бір шумақ өлеңін оқып көңілі босап, жылап та алады. Пенделер туралы ойланады. Жеңгеміз жексенбі күні Ос-ағаңның отбасында әруағына арнап Құран бағыштап, шағын дастарқан жаймақшы. Әлгі жер басып жүрген “Бірі емге, бірі жемге туар” пенделер шағын дастарқан емес, Алматының тура ортасынан ойып тұрып, атшаптырым үйде дарқан дастарқан жаятын жөні бар ғой. Кімге жайылмай, кім ішіп-жеп кетпей жатқан дастарқан. Сіз бұны айтасыз, Ос-ағаңнын өмірінің соңына дейін тұрған үйінде әлі күнге дейін бір белгі, ескерткіш тақта да жоқ. Бұдан кейін Алматыдан көше сұраудың өзі қалай болар екен?! Туған жеріндегі мектептің де аты-жөні әлі заңдастырылмаған деген сөз бар. Түсінбейміз. Әлде қазақта Оспанхан көп пе? Кез келген туындысы оқылатын Оспанхан біздің білуімізше бірегей еді ғой, “әзіл-оспақтың ханы”, “күлкінің кемеңгері” дегенімізді пенделер көпсіне көрмесе екен. Мұның бәрі жарықтық Осекеңнің жарық дүниеден өткеннен кейінгі болған жайттар ғой. Ал, ұлағатты ұстазымның көзі тірісінде көргендерім мен көңілге түйгендерім қандай еді? ...Төрежан Мәндібаев – түбірдің түбін түсіретін айтулы математик. Сындары сынадай, сықақтары – сыпырғыдай. Ауылда тұрады. Шалқарда. Алматыға бір келгенінде: – Оспанхан ағамен таныстыршы, – деп қызға ғашық болған жігіттей қиылды. – Жарайды, Төке! “Құр қол бару ұят-ты” деп арақ-шараптың түрлі “руын” түгендеп алып, айтыскер ақын Баянғали Әлімжанов үшеуміз Осекеңнің үйіне тарттық. Барсақ – мәссаған, безгелдек! Осекеңнің ұнжырғасы түсіп кеткен. Нұрсұлу жеңгей ашулы. Үй болғасын ыдыс-аяқ сылдыраған сияқты. – Ағаларың сендерсіз де дымқыл, – деді жеңгей қабақ шытып. – Өздерің кішкене ауыз тиіңдер де, ауызғы үйден қайтыңдар. Болды, болды... Ағаңа көп құйма! Төрежанның жаны қалмай қалбалақтап, жеңгейдің рөмкесіне арақ тамы зайын деп ұмсына беріп еді: – Ішпеймін! – деді шорт кетіп. – Онда – коньяк... – Жоқ! – деді жеңгей шекесі шибарқыттанып. – Онда шампаннан көресіз бе? – Ішпеймін! – Әлде – қызыл шарап... – Оны да ішпеймін! Төрежан төбесін қасып: – Ояа-а-ба-а-й, Ос-аға, – деді, – жеңгеміз енді не ішеді? Оспанхан омпа тұрған асықтай одырайып: – Жеңгең тек менің қанымды ішеді! – деді. – Ал, жігіттер, қатынның күші атомның күшімен бірдей. Жарылып кетсе жаман болады. Осы тойғандарыңмен қайтыңдар!.. – Қайтпайсыңдар, – деді Нұрсұлу жеңгей. – Отырыңдар. Тек ағаларыңды шаршатпаңдар!
– Жеңгей, – деді Төрежан қарап тұрмай, – сіз Осекеңнің сықақтарын жатқа білесіз бе? – Білем, – деді жеңгей де желпініп. – Ағаларыңның балаларға, маған арнаған өлеңдері көп. Долы қатын долданды – Тауып кел! – деп, – етікті. Етік тауып келгенше Байға тиіп кетіпті. Бірақ, бұл мен туралы тақпақ емес. Жеңгеміз жымиды. Қазаны да қайнай бастады. Дастархан жайылды. Дәм үстінде Төрежан: – Оя-а-ба-ай, – деді таңырқап, – Осекеңнің қалжыңы қазанды да қайнаттыау! – Тс-с! – деді Баянғали сыбырлап, – жеңгей естіп қойса қазаны емес, қаны қайнап кетер! Қазанын қайнатып, жеңгемізді жайнатып, ағамызды үйіне байлатып, қас қарая қайттық. ...Өткен ғасырдың төртінші ширегінде эстрадаға ерекше леп алып келген Глазбай Алшынбаев – әуелі Мәскеуде тәлім көрген актер. Көркемсөз шебері. Сахнада жарқ-жұрқ. Көп ізденді. Көп жүгірді. Өкпесі өшті. Әсіресе, құдайдың құтты күні Оспанхан ағасының табалдырығын тоздырып, есігін қағып ескіртті. “Ағатай, мына тақырыпқа жазыңызшы!” деп құрдай жорғалады. Құрақ ұшты. “Сиқырлы сөздеріңізді менен басқа әртістерге бермеңізші!” деп жалынғанын талай көрдім. Не үшін? Қу жанын шүберекке түйіп, не үшін безек қақты? Әрине, оның бәрі Оспанхан Әубәкіровке ынтықтық. Қай әртісті болмасын қалжыңымен сиқырлап алатын Оспанхан ағаны сиқыршы демей көр. Сөз сиқыршысы! Сол Глазбай былай дейді: – Оспанхан Әубәкіров – ең әуелі актер. Ол сахнаның сырын, шымылдықтың аржағындағы актердің ақ тер, көк тер еңбегін, режиссердің ізденіс шешімін жан дүниесімен түсінген. Сондықтан да болар, оның жазғандары сахнаға өзінен-өзі сұранып тұрады. Мейлі қуыршақ театрында, мейлі эстрадада, мейлі “Тамашада” болсын өте сәтті шығады. Себебі, автордың ойы режиссердің шешімімен, актердің тапқырлығымен үндескенде ғана көрерменге күлкі шақырады. Оспанхан ағаның қаламынан туғанның бәрі де халықтың қалауынан шығады. Көкейдегі ойды ойнақы сөзбен, ойландырар әрекетпен дөп беретін дөкей қаламгер. Торғайдың топ жарған сықақшысы Сейіт Кенжеахметов те “Гогольдің ши нелінен шықтық” дегендей, Оспанханның отауында туған от ауызды шәкірті. – Оспанханның күлкісі – халық күлкісі. Бір адам жазушы болса, Оспанхандай-ақ болсын. Бір адам азамат болса, Оспанхандай-ақ болсын! – дейді Сейіт. – Кезінде Оспанхан Әубәкіровпен “Ара–Шмель” журналында қызметтес болдым, кейін достасып кеттім, – дейтін Григорий Израилович Брейгин. – Оспанханды сатирик дейді. Ал, ол шын мәнінде, қарапайымылығына құрық бойламайтын көңілді де, жайсаң жігіт еді. Оның әңгімелері – халық арасынан ойып алынған, ешқашанда таусылмайтын қазына. Әзілде шекара жоқ, оны біз Оспанханның әңгімелерін оқи отырып тағы да көз жеткізгендей боламыз. Оның кітабын қолға алған оқырман мейлі
қазақ болсын, мейлі орыс болсын, жандары жадырап сала беретіні хақ. Міне, сондықтан да мен оның әңгімелерін зор құштарлықпен аудардым, ол “Вол шебник” деген атпен орыс оқырмандарына жол тартты. Шынында да Оспанхан күлкі тудыра алатын нағыз сиқыршы-тұғын. ...Туған күн. Осағаңның туған інісі Қуаныш Әубәкіровтың туған күні. Үйіне жиналдық. Бір-біріне вагондай жалғасқан үстелдердің маңдайы төрге тірелген. Құстың сүтінен басқасының бәрі бар. “Социалистік” сырадан “ка питалистік” қымызға дейінгі сусынның иісі аш танауды қытықтап, сілекейді оятқандай. – Туған күнің құтты болсын!... Опыр-топыр. Ырду-дырду. Шампан атылды. Шарап шашылды. Бір шалқайып отырған шала қазақ профессор кішкене буыны босағасын: – Сколько тебе лет? – деп сұрады орысшалап. – Жиырма жетідемін! – деді Қуаныш қазақшалап. – Сен, не... каждый год тойлайсың ба день рожденияңды?– деді әлгі оқымысты көзілдірігін сұқ саусағымен көтеріп қойып. – М-м... круглая дата емес екен ғой. Енді... через три года круглая дата! Отызға келесің. Тогда сен бізді ұмытып кетіп жүрме. Не забудь! Овшым, жиырма, жиырма бес, отыз, қырық, елу, алпыс секілді круглая датаны объя зательно тойлау керек. Осы тұста Оспанхан ағам кезектен тыс ойнақы тост көтерді. – По моему, жиырма жеті жас та тоже круглая дата! – деді Осағаң бір бәленің шетін шығарып. – Жиырма жеті! Значит... сенің сүндетке отырғаныңның жиырма жылдығы бүгін. Круглая, круглая... очень круглая датаң құтты болсын! ...Әне-міне дегенше, кемпір нанын жегенше... Ой, зулаған заман-ай! Осекең де ер жасы елуге толды. Ердің тойы емес, елдің тойы болсын деп Ос-ағаңды ауылға шақырдым. Отырар, Шардара, Сарыағаш, Жетісай аудан дарында оқырмандармен кездесуді алдын ала жоспарлап қойғам. Ағам бір-ақ жерден қайтты. Жетісайдан. Кездесу керемет өтті. Халық көп жиналды. Аудан хатшысы Сыпақұл Малдыбеков Ос-ағамның астына ат мінгізіп, үстіне шапан жапты. Қолына алтын сағат тақты. Кездесуден кейін қонақ үйге келдік. Бітті! Ос-ағам “Енді ешқайда бар маймын!” деп нілдей бұзылды. Себебі? Жоқ! Бір өзбекпен ғайыптан тайып қонақ үйде танысқан екен... Екеуі желімдей жабысты. Ал, енді айрылсайшы. Өзбек жігіттің өзегі толған сайқымазақ әңгіме. Әр гәбіне Ос-ағаң мәз. Аракідік қойын дәптеріне әлденені түртіп қояды. Қызықтың көкесі енді басталды. Әлгі әзілкеш өзбек қонақ үйдің ту сыртына темір ошақ орнатып, қазан көтерді. Қазаны да дайын, қалжыңы да дайын. Сәбіз, пияз турап, май шыжғырып, палау дайындады. Ос-ағам, базардан қой алдырып, сойдырды. Шорпа, палау. Көк шай. Ағыл-тегіл әңгіме. Темір ошақтың маңайы бейне бір театр секілді. Күндіз-түні күлкі. Қалған үш ауданға телефон шалдым. “Ос-ағаң ауырып қалды” деп өтірік айтуға тура келді. Күндіз палауға, түнде “гәпке” тойған Ос-ағам Жетісайда бес күн берекелі күй кешті. Жаны жай тауып рахаттанғандай. Қайдан білейін, соңғы бой жазуы екен. Көп ұзамай көз жұмды... ...Атам қазақ айтқыштарды “от тілді, орақ ауызды” десе, дүлдүл шешен дерді “ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейді” деп, сөз зергерлерінің мәртебесін биіктетіп, жоғары көтергені әмбеге аян. Тілі тікенектеп ауыздыға сөз бермей
келе жатқан сатиригіміз бір болса, әй, кәдімгі Оспанхан болар. Әу баста Ал маты консерваториясына түскенде актер болам деп армандады-ау, ә? Иә, со лай... пианинода ойнады, фортепианода ойнады. “Еңлік–Кебектегі” жағымпаз Жантықтың рөлінде ойнады. Оны ойнай алмай, ұстаздардың “нервісінде” ойнады. Сондай тұста діңгекті ұстаздарының бірі Асқар Тоқпанов “Айналайын Оспанжан, сенен әртіс шықса мұрнымды кесіп берейін” деп ренжіді. Ос-ағаң сонда да мойымады, әртіс болам деді. “Ойнаймын деп Жантықты, Қалмады ғой жан тіпті. Оспанхан артист болмас деп, Кейбіреулер тантыпты!” – деп оларға қарсы өз өкпесін өлеңмен де жеткізді. Жасыратын не бар, Алматы консерваториясы Оспанханға диплом беріп, “әрең құтылды”. “Бәрібір сенен әртіс шықпайды” деді. Оған да мойымай, сол оқуды бітіргесін республикалық филармонияға конферансье болып орналасты. Бір топ артистерді жетектеп тауға да, тасқа да барып концерт қойып, көркемсөз оқып жүргенде жұрт сөзіне емес, өзіне күлді. Өйткені быдық еді. Бір сөзі бір сөзін басып, сахнада “быдыбыды” деп тұрған артистке қыран-топан күлмегенде қайтсін. Сол-сол екен, әртіс шықпайтынына көзі жетіп, сахнамен қоштасты да, сатирамен достасты. Нағыз сатириктердің сөзі бір басқа, өзі бір басқа болады деуші еді, расау. Антон Павловичті... Чеховты айтам, оқысаңыз күлкіден ішегіңіз түйіледі. Фотосына назар салыңызшы, көзінен көзілдірігі түсе жаздап, жылайын деп тұрған сияқты. Анау Аркадий Райкин де әшейінде сөзге сараң, жымимай тын актер. Театрда басқаша. Әлемге әйгілі түрік сатиригі Әзиз Несин ше? Өмірде өте бұйығы, тұйық. Ал көркем дүниесі көзіңе жас жинап, күлдіреді. Сол “Әзиздің Алматыдағы інісі” Оспанханның оспақтарын оқыған адам оған өлердей ғашық болады да, өзін көрген кісі “құтылғанша” асық болады. Аузынан сөзі, қойнынан бөзі түскен өгіз арба айдаған қазақтың қарапайым шаруасы секілді. Өзінің балаларға жазған көп жұмбақтарының ішінде мы надай бір жұмбағы бар: “Бержағынан қарасаң, Аржағы көрінеді. Аржағынан қарасаң, Бержағы көрінеді”. Бұл не? Шешуі – әйнек депті. Меніңше, бұл жұмбақтың шешуі – Оспан хан Әубәкіров. Сатирамен сабақтас, юмормен табақтас болған ширек ғасыр ішінде Ос-ағаң қалжыңның қара шаңырағын көтеріп, ұлын ұяға, қызын қияға ұшырған салауатты ақсақалға ұқсайды, қазір шәкірттері көп. Сонау Торғайдағы Сейіттің өзі Ос-ағаңның жүрекжарды шәкірті. Жеткені бар, жетпе гені бар, кепкені бар, кеппегені бар – одан кейінгі “сарыезу” сатирик інілерін саптағы сарбаздардай тізуге болады. Қашан да қалжыңбас інілеріне қамқоршы. “Түлкібастағы агроном Алпысбайдан не хабар?” деп сұрайды. “Ордадағы ми лиция капитаны Нұтфолланың сықағы не күйде?” “Қызылордалық электрик Тортайдың тұңғыш кітабына жәрдемдесейік” дейді ақ ниетін ақтарып. “Білесің бе, “Ассалаа-а-аумағалейку-у-ум!” деп айғайлап амандасатын Мұсахан деген сықақшы шықты. Ол неге айғайлап амандасады дейсің бе? Аға шопан екен. Мал қайырып үйренген ғой!” – деп одан бұрын өзі қуанады. Әнеугүні “Кеше керемет болды. Алматыда Әбдірайым деген троллейбус айдайтын баламен таныстым. Өзі сорғалап тұрған сықақшы” деп оның бір құшақ әзіл-сықағын кепкен терідей қаудыратып редакцияға әкеп тастады.
Оса-ағаң – тек от тілді, орақ ауызды ғана емес, жүрек қылын тербейтін жүйрік лирик. “Айналайын, балдызым”, “Сағыныш екен бала кез”, “Аспан қызы”, “Мұңайма”, “Біздің ағай тамаша” секілді ән текстері қазақ әндерінің алтын қорына қосқан үлкен үлес, әрине. Әрқайсысының туу тарихы әр бөлек. Тек “Біздің ағай тамашаның” жазылу хикаясы ғана қысқа. Бір үлкен дастарқан үстінде Нұрғиса Тілендиев “Әй, ақындар, сен дер сүйдім-күйдім деп сілтей бергенше тәрбиелік мәні бар сөзге неге бармайсыңдар? Тақырып көп қой. Мысалы, әйелге қол ұшын беру де тақырып” дейді. Осы сөз Ос-ағаңа ой салып, “Кеспе кесіп, нан илеп, көрпе көктеп, жүн түтетін” еркек жөнінде қалжың өлең жазып апарса, оны Нұр-ағаның ұнатқаны сонша, жарты-ақ сағатта ән шығарған. Бернард Шоудан біреу “Сіз қалай жазасыз?” деп сұраса, оған ұлы жа зушы солдан оңға қарай жазамын деп қалжыңмен жауап қайырған ғой. Сол айтпақшы, қалжыңбас ағамыз қалай жазады? Біреу үстел таңдайды, біреуге бап керек, біреу түнде жазады, біреу күнде жазады – әркім әрқилы. Ал Осағаң, “Түлкі жатарда жер таңдамайды” дегендей, жазарда жер таңдамайды. Кез келген жер – кеңсесі, мұрны – қалам, аузы – қағаз, құлағы қоржын. Оты рады да сырғыта береді. Әр сәтте естіген әдемі сөздерді құлақ қоржынынан суырып, пайдаға асыратын да тәсілі бар, һәм оны қалжыңның қалыбына құйып шебер қиюластырады. Жазу үстінде әсерлі деталь, әрлі сөз ойда жоқта ойына орала қалса, әуелі ішек-сілесі қатып өзі күліп алады. Сіз жападанжалғыз бір бөлмеде отырып, екі иығыңыз селкілдеп күліп көрдіңіз бе? Осағаң жалғыз өзі отырып-ақ талай-талай ішегі қатқан. Сондай бір шабытты сәтте Нұрсұлу жеңгеміз құрдың ұясындай қуыс кабинетінен күмбір-күмбір дауыс естілгенге біреу бар ма деп кіріп барса, өзімен-өзі мәз болып отыр екен. Жеңгей “Неменеге мәзсің? Екі езуің екі құлағыңның сыртына шығып кетіпті” деп таңырқаса, Ос-ағаң күлкісін одан сайын үдетіпті. Себебі қазақта “Екі езуі екі құлағына жетіп” деген желісі бұзылмаған сөз бар, ал жеңгеміз әлгі қатып қалған фразеологиялық тіркесті күшейтіп, екі езуді екі құлақтың сыртына шығарып жіберуі тосын емес пе? Хо-ош, сонда қаламгер жалғыз өзі не нәрсеге күлді дейсіз ғой? Ышқыры айналған семіз адамның портретін жеті-ақ сөзбен жеткізіпті. Қалай дейсіз бе? Міне, семіздің кескіні: “Алдында қарыны, артында құйрығы, қақ ортасында өзі”. Оспанхан Әубәкіров “зауытында” аударма цехы да тынбай жұмыс істейді. Түркиялық Әзиз Несиннің әңгіме-повестері, югославиялық Бра нислав Нушичтің әзілдері, қытайлық Лао Шэнің сатиралық романы, неміс жазушысы Эрих Распенің “Мюнхаузеннің хикаялары” атты әңгімелері қазақ оқырмандарына ет жақын етене туынды болып бірігіп кетуі – аударманың мықтылығы. Ілгеріде Әзиз Несиннің бір әңгімесін біздің төрт қаламгеріміз жарысып өздерінше аударды. Қызық үшін “Қалай тәржімалады екен?” деп төртеуінің де аудармасын орыс тіліндегі түпнұсқасымен салыстырып, салғастырып байқадым. Мәселенки, диалогтағы “Не знаю” деген сөзді біреуі “Білмеймін” деп аударған. Енді біреу “Қайдан білейін” десе, енді бірі “Олла-біллә, біл меймін” депті. Ал Ос-ағаңның аудармасы өзгеше. Мағыналы, “Не знаюды” “Ит біле ме” деп тәржімалаған. Ешкімнің ойына келмейтін елеусіз нәрседен ерекше дүние тудыру– шеберлік. Тіл – Ос-ағаңның темірқазығы. Тосын ұйқас, тобырлы тіркес, тегеурінді теңеулер – сатираның нәрі, қаны. Сондай тың теңеулерді тезек тергендей теріп, қалжыңның қара ошағына қалай білсең
қандай жарасымды. Бірақ сізге тегін теңеуді “Мә” деп кім қолыңызға ұстата қояр. Көрместі көре білу – дарындылық белгісі, дарабоздық. ...Ос-ағаң қуықтай дүкеннің ішінен ішек-сілесі қатып шығып келе жатса, әрі қаламдасы әрі замандасы Ғаббас Қабышев қарсы ұшырасыпты. Әңгіме былай өрбиді: – Кімге күліп келе жатырсың, Осеке? – Балыққа. – Қайдағы балыққа? – Мына мәгәзінге қашан келсем де “Ставрида” деген балық сөресінде серейіп өтпей жатады. Соры қайнаған сол балыққа өлең шығардым. Ассалаумағалейкум, Ставрида, Әлі өтпей тұрмысың мыстан рыба?! Ойнап жүріп айтылған осы бір екі жол көп ұзамай-ақ әлеуметтік жүк арқалаған “Түкпірдегі дүкен” деген сықақ өлеңінің тууына себепші болды. Бұл бір ғана жайт. Жалпы, Ос-ағаңның шығармасы туралы талдау жасап түсіндіру – сүтке су қосқанмен бірдей. Көп сериялы көркем фильмді көрген жақсы ма, әлде киноның мазмұнын әлдекімнің аузынан тыңдаған әсерлі ме? Әрине, өз көзіңмен көріп, көңіліңмен түйсінгенге не жетсін. Ос-ағаның шығармасы да түрлі-түсті “широкоформатный” көп сериялы көркем фильм тәрізді... ...Пәтеріне соқтым. Қалжыңбас ағам тағы да жазу үстелінде селкілдеп күліп отыр екен. – Тамаша тақырып туды ма, аға? – дедім. – Жоқ, сөйлесіп отырмын. – Кіммен? – Сайтанмен. Менің жеке меншік сайтаным бар, – деді сосын. – Кей-кейде сайтаныммен әңгімелесіп, ішім бір босап қалады. – Дұры-ы-ыс, аға. Сонда сайтан екеуіңіз не әңгімелестіңіздер? – Сайтаным – қиялым ғой, – деді ол. – Жасым жарты ғасырдан асқанда бітіргенім қанша, түкіргенім қанша – ойландырады екен. Сайтан-ойдың сауалы қысқа, сатириктің жауабы нұсқа. Мінеки, әңгімеміздің сиқы. Сайтан: – Сіз неге мысал жазбайсыз? Әлде астарлап айтудан гөрі бетін тіліп, етегін түріп айтқанды жақсы көресіз бе?! Сатирик: – Сұрағыңның сұры жаман екен. Мысалды баяғыда қоқаңдаған Қодарлардан сескеніп, қоңыздың, доңыздың, өгіздің, өртеніп жатқан теңіздің, үйелеп жатқан семіздің аттарын бүркеніп тартыншақтап сынаған. Ал, мен кімнен қорқамын. Беті бардың бетіне айтамын, беті жоқтың бауырындағы у запыран өтіне айтамын. “Құдайдан қорықпағаннан қорық” деген мақал бар. Сол! Құдайдан қорықпаған адамнан не сұрайсың?! Сайтан: – Халықаралық фельетон, памфлет жазу ойда бар ма? Осы тақырыпқа неге қалам сілтемейсіз? Сатирик: – Көрінген тақырыпқа сілтей беретін қалам бақан емес, шоқпар емес, сойыл емес, қалам – қарлығаштың қанаты секілді нәзік, бүркіттің тырнағындай қатал. Бейбітшілік келісіміне сол нәзік қаламмен қол қоямыз. Ал халықаралық фельетонды жазу акуланың ішіне кіріп шығумен бірдей. Бұл тақырыптағы әңгіменің барлығы ракетамен басталып, ракетамен тынады. Мен атың өшкір ракетаны көргем жоқ. Көргім де келмейді. Соларды өртеп жатса үстіне май құяр едім. Сайтан: – Сіз сыншысыз. Сізді кімдер сынады? Ол сынға Сіз кезінде қалай қарадыңыз, қазір қалай қарайсыз?
Сатирик: – Қалай болса солай қараймын. Мені осы күнге дейін жерден алып, жерге салып, яғни быт-шытымды шығарып сынаған ешкім жоқ. Біреу лерді түйебас жасағандай, біреулерді көкпар қып тартқандай, тағы біреулерді итке талатқандай, тағы біреулерді жер аударғандай, енді біреулерді зынданға тастағандай қатты сынап жатады. Мен ондайдың біреуін көргем жоқ. Ертеректе сын секілді ме, әзіл секілді ме, профессор Темірбек Қожекеев ағамыз менің атыма бірдеңе дегендей болды. Жауап ретінде мен де ағатайыма “Неменеге жетісіп күлесің?!” дегендей болдым. Шынында да, әбестік менде екен. Аға сынаған өлеңдерімді кіжінбей, тісімді қайрамай, алқынбай, аптықпай оқып қарасам, бұғып жатқан батпандай-батпандай қателіктерім бар екен. Темкеңнен кешірім сұрап, кемшін тұстарымды мойындадым. Доктор: “Ондай-ондай ханның қызында да болады” деді. Содан кейін көзіме қарап жазатын болдым. Сайтан: – Сіздің сөз сайысында жеңілген, тосылған кезіңіз болды ма? Болса, оқиғасы қандай? Сатирик: – Бессайысқа қатысқаным бар, сөзсайысқа қатысқан емеспін. Сөзсайыстың атамекені – жиналыс. Жиналысқа қатысқан, қанды сөзбен атысқандарды көрдім. Олардан кейін сөз сөйлеу асылып өлумен бірдей көрінді. Менің сөзім бүлдіргі емес, күлдіргі еді. “Говорящий – не знает, Знающий – не говорят”. Осы екі ауыз орысша сөзбен өзімді жұбатамын да, кешеден қалған қазақша сорпамды жылытып ішіп, ішіммен ойланамын, ішегіммен ойланамын, іш кеніммен ойланамын. Баспен ойлануға болмайды. Бас басқа шаруаларға керек. Сайтан: – Аға-інілеріңізге арнап жазған әзіл-қалжыңдарыңыз бар дей ді. Соны газет бетінен көре алмадық. Сақтаулы болса, оқырмандарыңызға оқытпайсыз ба? Сатирик: – Эпиграмма, пародия дегендерді қазақша “Бопса” дейді. “Ба тыр болсаң бопсаға шыда” деген мақал осы сөзіме дәлел. Мен өзім қыздай құрметтейтін Мұзафар мен Ғафу ағаларыма пародия жазып едім – ұнатпады. Ашуланды. Егер екеуі рұқсат берсе, ал да жарияла. Сайтан: – Үстіңізден арыз түсіп көрді ме? Арызға, арызқойға көзқарасыңыз қандай?! Сатирик: – Ойынның домалағы жақсы, ал арыздың домалағы жа ман. Менің үстімнен ешкім арыз жазып көрген жоқ. Еш жерде екіленіп сөйлегем жоқ. Ешкімнен пәре алмаймын. Әйел шығарып, әйгілі болғам жоқ. Келіншегімнің кеңірдегінен сүйіп, айтқан сөзіне ұйып тыныш жатқан адаммын, арыздың менде не шаруасы бар? “Бәлені басып жүрсең, Бәленің сенен басқа несі бар? Бәледен қашып жүрсең, Бәленің сенде несі бар?!” – деп қазақ атам айтқан. Бәледен аулақ!!! Сайтан-қиялдың сауалы да сайдың тасындай кесек-кесек, сатириктің жауабы да автоматтың оғындай сақ-сақ дайын. Таусылар емес... Сатираның шошаласына күлкінің отымен кіріп, күлімен шығып жүрген Оспанхан Әубәкіровтің мысы басым. Өйткені “Кімнің күлкісі басым болса, соның мысы да басым” деген қағида бар ғой. ...Күміс күлкісі құлағымда. ...Жазушылар одағының қапталына орналасқан “Қаламгер” кафесінде
лауреаттықтан дәмелі, үміті зор үш-төрт ақын қызыңқырап отырып, еркек өсекке көшті. – Құттықтамайсың ба? – Кімді? Бір ақын қыздың аты-жөнін айтып еді: – Немене, ұл туып па? – деп әлгілер кергіді. – Бүгін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. – Қойшы-ей? Рас па? – Немене, қимайсың ба? Ол қыздың ақын екені ақын. – Ақын болса – өзіне ақын... – Сол атаққа ұмтылып-ұмтылып қолың жетпегесін, күндейін дедің бе? – Ақындар ажарлы болса ғой, шіркін! Мысалы, мына біздің Шөмішбайларды көргенде Пушкин тіріліп кеп қалған екен деп ойлайсың. Қысық көз, қисық аяқ қазақтың қызын сонша марапаттап... Еркек өсекке екі құлағын тосып отырған Оспанхан ағам: – Әй, жігіттер, – деді бұларға бұрылып, – қисық аяқ қыз деп күндемеңдер. Оның аяғы қисық болса, бойындағы талантты көтере алмай қисайып кеткен. Білдіңдер ме?.. Аяғы түзу азаматтардың пыш-пышы түтіндей сейілді. ...Екі кештің ортасында телефон шырылдады. Кім екен десем, кәдімгі Оспанхан ағам. – Ассалаумағалейкум, Ос-аға! – Сәлеміңді сәрсенбіден қалдырма! – деді Осекең асығыс адамның сыңайын білдіріп. – Бүгін сәрсенбі. Қолың бос па? – Бос. – Бос болса, маған қарай зымыра. Мен далада, есік алдында күтіп тұрам. Қазір сағат қанша? – Тоғыз. – Жаның болса, жарты сағатта жет. Әңгіме бар. – Мақұл, Осеке! Қазақтың ауы мен бауы таусыла ма? Әне шығам, міне шығам деп жүргенде сағат он болды. Тағы да телефон шырылдады. Көтердім. Өзі. Осекең. – Әй, шошқа (жақсы көретін інілерін солай атайтын), әлі отырсың ба? – деді күндей күркіреп. Жеті қараңғы түнде жетістірдің ғой ағаңды. – Қазір, Осеке!.. – Әй, шошқа, сені күте-күте мен ақымақ болдым, – деді Осекең балаша мәз болып. – Тас қараңғы түнде көзі көкпеңбек боп маған қарай біреу зымырап келе жатады, сен екен ғой деп алдынан жүгіріп шықсам, ылғи бос таксилер. Менің көзім көк еді. Әзілдегені ғой. ...Оспанхан ағам қызыл құйрық темекісін езуіне қыстырып қойды да, қойны-қоншын тінтіп, сіріңке іздей бастады. Таппады. Сосын маған шұқшиып: – Күкіртің бар ма? – деп менің оңтүстіктен екенімді аңғартқандай оңтүстіктің тілімен сөйледі. – Жоқ. – Ендеше, ізде. – Мен шылым шекпеймін ғой, аға! – Тап! – деді Осекең бір езуіндегі темекіні екінші езуіне қарай домалатып. – Егер сіріңке таппасаң, онда көкшиген көзіңнен бір перем де, отын жарқ еткізіп, тұтатып алам. Тарлан ағам таппасыңа қоя ма?
...Жазған шығармаңа жақсы ат қою – тапқырлықтың бір белгісі. Гәп – атында емес, затында ғой. Дегенмен де, затына аты сай болса артықтық етпес. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов кезінде Шекспирдің “Укращение строптивой” атты пьесасын аударғанда, атын таппай әжептәуір қиналса керек. Он ойланып, тоқсан толғанып “Асауға бұғалық”, “Асауды ауыздықтау”, “Асауға арқан” деп түрлі-түрлі нұсқаларын жасаған. Бірақ, бірі де көңілінен шықпаған. Ақырында “Асауға тұсау” деп аударып, шешен ат қоюға шеберлігін танытқан... Кей-кейде “жаман иттің атын Бөрібасар қойғаны” секілді, жадағай шығармаға жарқырауық ат қоятындар да бар. Мысалы, “Алтын қалам”, “Алтын тамыр”, “Алтын аймақ”, “Алтын су”... Американың бір ортақол жазушысы көркемдіктен жұрдай “көтерем” кітабын өткізе алмағасын, келесі жинағының атын “Бұл кітапты оқымаңдар” деп қойыпты. Оқырмандар да бала секілді, қорыған жерге өш келетін әдеті бар ғой. “Әй, мұны неге оқымаңдар дейді. Ішінде сонша не бар екен?” деп жаппай жанталасып, әп-сәтте әлгі әлжуаз кітабын талап әкетіпті. Алғашқы сатиралық өлеңдер жинағыма жарасымды ат таба алмай, көп қиналдым. “Шөңге”, “Тоқпақ”, “Кездік”, “Шәңгек” секілді айдарынан жел есіп, айғайлап тұрған аттарды суқаным сүймейді. Ақын ағалармен де ақылдастым. Не деп қоям? – Қиналатын несі бар, – деді Оспанхан аға, – ақыры атын таба алмасаң “Аты жоқ кітап” деп қоя сал!.. Әзілдеп айтса да Ос-ағаның бұл ұсынысы көкейіме қона кетті. – О-о, болды, болды! – деп қатты қуандым. – Аты табылды, аға. Жүрекжарды, тырнақалды жинағымның кіндігі кесілді. Кітабымның кіндік әкесі өзіңізсіз, Ос-аға!.. ...Ұмытпасам, Оспанхан ағамның алпыс жылдық мерейтойына орай “Жас алаш” газеті маған екі сауал тастады: 1. Ел арасында Оспанхан жайлы әңгіме өте көп. Оның шығармашылық болмысына қоса адамгершілік бітіміне тәнтілік сарындар жеткілікті. Ендеше, Сіздің бұл жөніндегі ойыңыз? 2. Оспанханның тұла бойы тұнған ұлттық бояу, қазақы әжуа-сықаққа әлеуметтік реңкті мол беріп, мәдениеттендіре түсуге өлшеусіз үлес қосты. Демек, мұндай мәртебеге жетуде ол талант бастауын халықтық құнардан алумен бірге бүкіл әлемдік көркем ойдың айдынында еркін жүзе білді. Сіздің осы орайдағы пікіріңіз? Қазақтың қалжыңдарын шырқау шыңға шығаруға өлшеусіз үлес қосқан классик Оспанхан Әубәкіров туралы қағажу қалған пікірімді қағазға түсірдім. Баяғы бала кезімізде басына сәлде ораған қожа-молдалар: “Ескіден келе жатқан сөзді есіңнен шығарма, жадыңа түй, балам!”– деп құйттайымыздан құлағымызға құйып отыратын. “Түркістанда – түмен баб, Отырарда – отыз баб, Сайрамда бар – сансыз баб, бабтың бабы – Арыстанбаб! Құдай тілеуіңді беріп, қызыр ілеу шылауында болып, Ғайып-Ерен қырық шілтен қолдасын десең – әуелі Арыстанбабқа түне, сосын Қожа Ахмет Иассауиге барып тіле”. Осылайша орағытып, “сақалын сауып” отырған ақсақалдардың көбісін көріп едім. Балалық па, әлде шалалық па, әйтеуір ол кезде “Е-е!” деп елең еткен жоқпыз. Бүгінде ойласақ, сол әңгіменің қабаты қалың, астарында аспан тірейтіндей аса күшті тәрбиелік мағына жатыр екен-ау! Оны кім білген... Ай, заман-ай, заман-ай! Дүниені дүбірлетіп небір дүлдүл де өтті, әлемді әуезге бөлеп небір бұлбұл да өтті. Маңайымызда қалмай, маңдайымызға
сыймай, арамыздан кеткен асыл ағаларымыздың бірі – Ос-ағаң. Аузын айға білеп, қысқа күнде қыран-топан күлкіге кенелтіп, жарты ғасырлық ғұмырында жарық жұлдыздай ағып өткен Оспанхан Әубәкіров! Қазақ сатирасы үшін Оспанхан Әубәкіров – әзіл-оспақ әулиесі. Бәлкім, бұған біреу ұрысар, енді біреу тырысар. Бірақ, қайткен күнде де бұл оқырмандардың Осекеңе таққан “ордені”. Айтып-айтпай не керек, Осағаң елу жасқа толғанда жоғары жақтан тым құрыса иек қаққан “грамота” бұйырмады. Бір жапырақ қатырма қағазда тұрған не бар, тәйірі? Алайда, адам “асқаныңа емес, сасқаныңа риза” болмай ма? Қамқорсыған Қазақстан Жазушылар одағы: “Ойбұ-ұй, тарс ұмытып кетіппіз, Оспанхан елуге толыпты. Қап, ұят болды-ау, ә?” деді де қойды. Айтайын де генім – қаламгердің қарапайымдылығы, қақ-соқпен жұмысы жоқтығы, өкпесі өшкенше өрге ұмтылуды мақсұт етпегендігі. Ең бастысы – жайбарақат қана жалғанды жалпағынан басып жүрген әулиелігінде. “Стиль – адамның өзі” деген қағидаға арқа сүйесек, Ос-ағаңның өзі қандай болса, сөзі де сондай. Аузын ашса алдымен ақ жүрегі көрінетін. Оспағын оқыған жұрттың қолтығынан қытықтағандай, күлдірмей қоймайтын. Сықақшының шеберлігі де, бақыттылығы да осында. Балаларға арналған мына жұмбағында не сиқыр бар? Басы да екеу, Аяғы да екеу. Шешуі – қайшы. Бір қарағанда қарапайым, қарабайыр секілді. Шынында солай ма? Жоқ! Ұлылықтың өзі де қарапайымдылықтан құралмай ма? “Ассалаумағалейкум!” деп амандаспақ түгілі түрін танымайтын Түркиядағы Әзиз Несинді өзіне ұстаз санағандықтан ба, қалжыңдарының қалыбы ұқсас болатын. Ащы шындықты ашып айту арқылы жұртты жылатам, мұңайтам деп отырып, қалай күлкіге қарық қылғанын өздері де байқамай қалатын. Әңгіме арасында: “Әзиз Несинмен сәлемдесіп қайтқан Қалтай ағамда арман бар ма, шіркін! Тіпті, Әзекеңе ешкі саудырып, сүтін ішіпті!” дейтін қалжыңға бұрғансып. Сөзінің астарынан Әзиз ағасын бір көрсем деген құштарлығы айқын сезілетін. “Тау мен таудың басы бөлек болғанмен, етегі бірге” деген осы емес пе?! Сондықтан да сатира сарбазы болуға бел буғандар әзіл-оспақ әулиесі Оспанхан Әубәкіровке барып “түнеу” керек те, Жазушылар одағына я, баспаға барып тілеу керек. Мен “түнеу керек” деп әдейі әзілге бұрып бейнелеп айт тым. Оспанханды оқып, Оспанханды тоқып, күлкісінің нәрін бойына сіңірсе, мұның өзі әулиеге түнегеннен кем бе? Оспанхан Әубәкіровтің өле-өлгенше ұстанған адастырмас темірқазығы – азаматтық, кісінің ала жібін аттамайтын адалдық. Ылғи да: “Адам біреуге күлу үшін, бір сүйем болса да одан биік тұру керек. Өзің жыртылып жатып, тесікке қалай күлесің? Құдай басқа бермесін, ондайда олар: “Өзің диуанасың, кімге пір боласың?” демей ме?” деп сабаңа түсіріп отыратын. Оспанхан Әубәкіров ғұмыр кешкен заманда, несін айтасың, тұлпардың бәрі тұсаулы болды. “Мынаны айтуға болмайды. Ананы айтсаң аузың қисайып кетеді!” дегендей салқынқанды саясат көз алартып, доңайбат жасайтын. Бау-бақшада сайраған бұлбұл құсты мысық жеп қоймасын деп торға қамап ұстағандарға Сергей Михалковтың: “Бұлбұлға жандарың ашыса, оның
орнына мысықты неге қуып тықпайсыңдар?” деп айтатыны бар ғой. Дәп сол сияқты, бері жүрмей, кері жүрген кезеңде Оспанхан Әубәкіров құлашын кең жаза алмай, тордағы “тоты” болғаны кімге құпия? Бірақ, шындықты құпия сақтап, құлыптап ұстайтын дәуірдің өзінде де Ос-ағаң біраз нәрсенің басын ашып, шеберлікпен жеткізе білді. Тіпті, құдай-ау, күнде көзіміз көріп, көңіліміз семіп жүрген кейбір мемлекеттік автоинспекция қызметкерлерін сынауға болмайтын. Алайда, “қалауын тапса, қар жанбай ма?”, Ос-ағаң қыбын тауып қиыстырды. “Қалай?” дейсіз бе? Аяқ астынан апыл-ғұпыл “Т. Т. Т.” деген әңгіменің буын бұрқыратып жазды. Әдепкіде әрі тосын, әрі беймәлім телеграф бағанасындай текірейіп-текірейіп тұрған әріптерге қызыға үңілген оқырмандар “Т. Т. Т.” деген не пәле?” десті. Бақсақ, бұл МАИ қызметкерлері маңғазданып ұстайтын ала таяқтың астарлап қойған қысқаша аты боп шықты. Яғни, “Тамақ Тапқыш Таяқ” деген сөз екен. Шеберлік пен шешендік астасқан тұста сатира дегеніңіз сайтандай құтырып шыға келмей ме? Алда-жалда шығарманы өнім деп есептейтін болсақ, Оспанхан Әубәкіров – зауыт секілді үлкен өндіріс орны. Сын-сықақтың мартен пешін май тамы зып гулетіп жақса, күлкінің шоғы күні-түні қызармай ма? Әріден тартып қытықтайтын әзіл цехы, сынадай қағып сынайтын сықақ цехы, қазықтай қағатын қалжың цехы, миықтан жымитатын мысқыл цехы, астын үстіне, үстін астына шығарып, шайнап берген астай аузыңа сала қоятын аударма цехы, сен тұр, мен атайын фельетон цехы “круглосуточно” істеді. Қалжыңның қара қазанында қайнаған қай өніміне болсын сапа белгісі берілді. Мәселеңки, мысал цехының бір “өнімін” келтірейін: – Бақа, бақа, бақ-бақ, Басың неге жалпақ? – Жоқ, менің басым домалақ! ...Өз басының қандай екенін білмейтін Бақаларға обал-ақ. Қысқа да қыршаңқы мысалдың өткірлігін, уыттылығын қайталап түсіндіру қажет пе? Мұндай мысалдың түр-түрін “Көктайғақ”, “Жасыратын не бар?”, “Күлеміз-ау”, “Сүзеген сөз” жинағынан бастап “Ымды білесіз бе?”, “Қайда безіп барасыз?”, “Қағаз қалпақ”, “Өзіміз білеміз” топтамаларының кез келген беттерінен кездестіре аларыңыз хақ. Жақында “ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясының антологиясы” деген кітап тан: “Қызық көп жер мен көктің арасында, Біреу бай, біреу жарлы дүниясында. Құдайым сауысқанға бақыт берсе, Самұрық қызмет етер саясында”, – деген жаныңды жейтін жалғыз шумақты оқығанымда ойыма Ос-ағаң түсті. Атақ қуып, атқа мінген емес, таласып таққа жүгірген жоқ, желді күнгі қамыстай ырғатылып, өз буына өзі пісіп, асып-таспады. Қойдан жуас қоңыр өмір кешті. Қуыршақ театрында, “Балдырған”, “Ара” журналында қатардағы қарапайым қызметкерлердің бірі болды. Бас редактор Нұрғазы Шәкеев: “Оспанхан, сені КПСС мүшелігіне... Ну, партияға қабылдаймыз, дайындал!” дегенде ол: “Итке темірдің керегі не?” деп ат-тонын ала қашқанын көзіміз көрді. Жұрт жұлқынып партияға өте алмай өлермен боп жүргенде ағамыздың мұнысы несі деп таңырқастық та қойдық. 1977 жылы азуын айға білеген “Ара” журналы қандай болу керек?” деген
газеттің сауалына Ос-ағаң: “Ара” ара болу керек, шаққан жері жара болу ке рек”, – деп қысқа ғана ұтымды жауап қайырғаны көп оқырманның көкейінде. “Арада” ағаммен екі жылдай қызметтес болдым. Бұл да болса мен үшін несібе шығар. Қазір ойласам “Оспанхан” атындағы екі жылдық училищені бітіргендей сезінем. Училище деймін-ау, қазіргі қазақ сатириктері үшін Оспанхан Әубәкіров– Академия! Күндердің күнінде “Ара” журналының айдаһардай жауапты хатшысы бас редакторға: “Оспанхан кеше жұмысқа себепсізден-себепсіз келмей қалды. Мәселесін кәсіподақ жиналысында қарауыңызды сұраймын”, – деп салақұлаш рапорт жазды. Иі жұмсақ бас редактор іш тартып: “Түрің құрғыр-ау, себебін түсіндірсейші”, – деп бопсалады. Қапелімде не дерін білмей сасқалақтаған Осекең: “Жұмысқа келмей қалған себебім – жұмысқа келмей қалдым”, – деп жауап қайырғанда бәріміз ішімізді басып, ішек-сілеміз қатып күлдік. Өйткені Осекең өтірік айта білмейтін еді... Бас редактор басқаларға көз ғып шара қолданған болды. Осекеңнің айлығын 20 сомға қысқартып, қызметін төмендетті. Бұл көктемде болған оқиға-тын. Жарты жылдан соң жарықтық Осекең бас редакторға мынадай өтініш түсірді: “Көктемде құтыратын жыным бар еді, соған байланысты осы жылдың сәуірінде ойнақтаймын деп от басып алған едім. “Шығасыға иесі басшы” деген, алты ай бойы жиырма сомнан зардап шегіп келемін. “Арқасына ер батқан ат аяңшыл болады” деп төрт айдың орнына алты ай арқама батырдыңыз. Аяңшыл болдық. Ал енді аяңшыл жасаймын деп мүлде тұралатып қоймасаңыз райыңыздан қайтыңыз. Бұғалтырға ақшасын бер деп айтыңыз”. Өз қолымен жазылған осы өтініш менің архивімде сақтаулы, бір сөзін де өзгертпестен қаз қалпында көшірдім. Табиғи талант деген осы емес пе?! Жай ғана жаза салған өтінішінің өзінде күлкі үйіріліп тұр-ау! Иә, данышпандар “Стиль – адамның өзі” деп бекер айтпаған-ау. Қаламдастарының жақсы ісін көрсе қуанып, жамандығын байқаса қуарып, кәдімгідей ұнжырғасы түсетін. Өз тілімен айтқанда “Шалдың шалбарындай болбырап” қалатын. Жазушы Марат Қабанбаевтың бір әңгімесінен “Бетон бет” деген тың тіркесті оқығанда балаша мәз болғаны бар-тын. Бала демекші, балаларға арнап жазған өлең, мазақтама, скетч, жаңылтпаш, жұмбақтары бір төбе. Тіпті, жаңылтпаш екеш жаңылтпашына дейін жібектей есілген күлкі ғой! Мысалы, мынаған көз жүгіртіңізші: “Бір ұрыны Бір ұры ұрды, Бір ұры қарап тұрды”. Бір нәрсеге таң қалам: біздің ғалымдарымыз “Жұмыртқа үлкен бе, тауық үлкен бе?” деген секілді болмашы тақырыпқа әуес, оның не қоғамға, не адамға пайдасы жоқ. Бұдан мың жыл бұрын өмір сүрген түріктің бір ғұламасы туралы “Ол күн шықпай тұрып туған”, “Жоқ, ол күн шыққасын туған!” деп қырық шақты диссертация қорғалған екен. Сол сияқты өнбейтін тақырыпқа өтірік диссертация қорғай бергенше біздің қасқабас ғалымдарымыз Оспан хан Әубәкіровтің аудармаларын зерттемей ме? Серб жазушысы Бранислав Нушичтің әңгімелері, Қытай жазушысы Лао-Шэнің “Мысықтар шаһары” романы, әйгілі Әзиз Несиннің әрқилы туындылары Ос-ағаңның қаламымен қазақша қалай сайрады десеңізші. Соры шыққан жерді шиырлай бергенше, соны неге зерттемеске? Басқасы басқа, неміс жазушысы Эрих Распэнің “Мюн
хаузенін” шырайын шығарып аударды емес пе? Үзінді келтірейін, мысалы, “Соқыр шошқа” деген қысқа әңгімесін оқып көріңізші, құдды Оспанхан Әубәкіровтің өзі сөйлеп тұрғандай. “Біз деген, шырағым, небір қызықты көрдік қой. Бір күні қалың тоғайды аралап келе жатсам, кішкентай жабайы торай жүгіріп келеді. Оның соңында құйындатқан шошқа. Тарс еткізіп тартып қалып едім, мүлт кетті. Бақсам, атқан оғым торай мен шошқаның қақ ортасынан өтіп кеткен екен. Торай ышқына бір шыңғырды да, құйрығын шошаңдатып, тоғайға қойып кетті. Ал үлкен шошқа байлап қойғандай тырп етпей тұрды да қалды. Мен аңтаңмын: бұл қашпай не ойлап тұр? Жанына келіп қарасам, шошқаңыз соқыр екен. Ал тоғай аралағанда торайының құйрығын ұстап жүретінге ұқсайды. Әлгінде мен атқан оқ торайдың құйрығын қақ бөліп кетіпті. Торай жарты құйрығымен жөніне кетті. Ал мына өгіздей шошқа торайсыз қайда барарын білмейді. Аузында торайының жарты құйрығы қалған, басқа дәрмен жоқ. Осы тұста ойыма тосын ақыл келді. Мен әлгінің аузында қалған жарты құйрықтың бір шетінен ұстап, шошқаны тура үйге, қазанға қарай жетектеп алып кеттім. Сорлы шошқа торайым жетектеп келеді деп ойлаған болу керек, соңымнен томпаң қағып желіп келеді”. Ширек ғасыр бұрын қазақстандық Шаталов ғарышқа ұшып келгенде Сәбең, Сәбит Мұқанов: “Шаталов менің жерлесім, Тонның ішкі бауындай!” – деп өлең жазғанын біраз жұрт білетін болар. Сонда деймін-ау, о дүние-ай, Оспанхан ағам ортамызда гүрілдеп жүргенде, бәлкім, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровке арналған бір әдемі әзілі туар ма еді? Туар еді, құдай біледі, туар еді! Сықақшы Әубәкіров ғарышкер Әубәкіровке тамырдан тартып әзіл тастаса қандай жарасымды! “Ағадан, ініден де ұрлап-ұрлап, Әкелді бір қап ырғақ ырғап-ырғап!” – деп басталатын эпиграммасының екі жолы есімде қалыпты. Неге екені белгісіз, бұл дүниесінің қолжазбасы жоқ. ...Қазақ әдебиетіндегі қалжыңның қара шаңырағына уық шаншып, мәресәре боп жүретін Оспанхан ағам – алпыста. “Кеше еді ғой, құдай-ау, кеше еді ғой!” деп Мұқағали жырлағандай, өмірдің тегершігі қалай тез айналады, бәрі де күні кеше ғана болған сияқты. ...Телефон шырылдады. Үмбетбай ағам екен, Уайдин! “Шабыт” баспасының директоры, сатирик Ғаббас Қабышев Осекеңнің екі томдығын дайындап, әзірлеп жатқандығын айтты. Қуанышты хабар. – Мұқағали Мақатаев поэзияда қандай құбылыс болса, Оспанхан Әубәкіров қазақ сатирасында сондай құбылыс! – деп түйіндеді Үмбетбай ағам өз ойын. Нұрсұлу жеңгеме жолықтым. Осекеңнің алпыс жылдық мерейтойының жақындап қалғанын тілге тиек етті де, әңгімені әріден қозғады: – Ағаң елу жасқа толғанда қазақша әрпін қондырып, шет елдің мәшіңкесін сыйлап ем. Бәрі де өзіңе аян, ағаң елу бір жасында көз жұмды ғой. Содан бері тоғыз жыл өтіпті. Су жаңа мәшіңкесін тірі адамға ұстатпай, сары май дай сақтап келдім. Әркім-әркім сұрады, қимадым. Аузынан тастамай айтып жүретін шәкірті едің, ағаңның мәшіңкесін саған сыйлаймын, айналайын! Ырым болсын, көзіндей көріп жүр...
Қатты толқыдым. “Бісіміллә!” деп алғашқы дүниемді Оспанхан ағамның мәшіңкесімен жаздым. Оспанхан Әубәкіровтің қағанағы қарқ, сағанағы сарқ болды деп былайғы жұрт ойлауы мүмкін. Тіпті де олай емес. Бөшкенің ішінде өмір сүрген даны шпан философ Диогенге қарағанда, әрине, әжептәуір ғұмыр кешті. Бірақ, бәрібір қысқа жібі күрмеуге келмей, күрделі өмірдің ауыр жүгін арқалаған қара нардай “маң, маң, маң басып, шудаларын шаң басып” өтті. Әйтпесе, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің сол кездегі хатшысы Кәкімжан Қазыбаевқа мынадай өтініш жаза ма? “Қадірлі Кәке! Қазақ совет әдебиетіне хал-қадари еңбек сіңіріп жүрген, әзіл-сықақ саласында қалам сілтеп, жиырма шақты жинақ шығарған жазушы мын. Творчестволық шама-шарқымды өзіңіз білетін де боларсыз, ол туралы “сондаймын, мұндаймын!” деп ештеңе айта алмаймын. Газет-журнал редак цияларында біраз жылдар қызмет істедім. Әйтеуір, әрқашан көрпеме қарап көсіліп, адал, таза жүруге тырысып келемін... Бұл өтінішті жазғандағы себебім: мен 1984 жылы 50 жасқа толамын. Осыны ескеріп, маған пәтерімді кеңейтуге жәрдем жасасаңыздар екен. Қазіргі пәтерім де жақсы, бірақ тым тар: 45 шаршы метрлі үш бөлмеде 7 жан тұрамыз. Кәрі шешем, әлі мектеп жасындағы балаларым бар. Творчестволық жұмыс істеуіме жағдайым бола бермейді. Қинала-қинала тұрып жатырмыз. Осы хал-ахуалымды жеңілдетсеңіздер екен. Өзіңізге ең ізгі тілектерімді жолдаймын. Құрметпен Оспанхан Әубәкіров. Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 165-үй, 6-пәтер. 16 октябрь, 1983 жыл”. Осы бір ақ жүрегімен ақтарылып жазылған өтініштің соңы өкінішпен аяқталды. Иә, өмірдің соңы – өкініш. “Өкінішті. Аурудың беті күшті”, – деп ауруханада мұңайған Мұқағали Мақатаев секілді екі жарым жылдан соң о дүниеге озды. Қазір сол пәтерінде Нұрсұлу жеңгей тұрып жатыр. Үлкен ұлы Азамат өзінен соң көп ұзамай қайтыс болды. Одан қалған Тамаша деген немересі тұрмыста. Ортаншы ұлы Мұхтар Қаскелеңде. Жол полициясының қызметкері. Кенжесі Бедел Кореяда жұмыс істеп жүр. – Жеңеше, сәлеметсіз бе? – деп таяуда сол пәтерге соқтым. Нұрсұлу жеңгем қасы-көзі қияқтай әдемі қызбен шүңкілдесіп отыр екен. Аты – Қарлығаш. Оспанханның туған жері Дегерестің қызы. Сөз саптауларына қарағанда Кореядағы Беделдің Алматыдағы қалыңдығы екен. Әжік-күжік әңгімеміз әзіл-сұхбат, сырға ұласты. – Шыныңызды айтыңызшы жеңеше, – дедім. – Оспанхан ағамен қалай таныстыңыз? – Туып-өскен жерім – Қостанай. Жастайымнан жетім өстім. Бойжеткесін Алматыға кеп, әртістің оқуына түстім. Консерваторияда студентпін. Ағаңмен жатақханада таныстым. Менен өткен небір сұлу қыздар бар еді, бірақ бұйрық шығар, оларға мойын бұрмай, Оспанханның көзі маған түсті. Орыстың ішінде өскесін бе, мінезім тіктеу болды. Бетің бар, жүзің бар демей, тіке бетке айтып тастайтын қып-қызыл орыстың өзі болдым. Бір күні Шәмші Қалдаяқовтан “Осы қыз қалай?” деп мен туралы пікір сұраса, Шәмші әзілкеш еді ғой: – Оспанхан-ау, алсаң ал, орыс іздеп әуре болмайсың. Қазақша сөйлесең,
орысша жауап беретін ойпаң бел ғой! – депті. Сонда да Оспанхан “Түрі қазақ қой әйтеуір!” деп, мені орысқа қимаған көрінеді. Қазақтың қыздарының бәрі “қыпша бел”. Ал, “ойпаң бел” тек сенде ғана!” дейтін. Кейін сол Шәмшінің “Ойпаң бел” деген сөзін өзінің әзіл әңгімесіне пайдаланды-ау деймін. Сөйтіп, мен 1957 жылы тұрмысқа шығып, “Оспанханның ойпаң белі” атандым. – “Үйлендік. Той жасадық” дедіңіз ғой, жеңеше. Ол кездің тойы қазіргімен салыстырғанда айырмашылығы қалай? – Той деген аты ғой әшейін. Ол кезде бір тостақ көже, екі кесе шаймен үйлену тойын жасай беретін. Біз той емес, кішкентай “вечер” жасадық. Қазіргі “Қазақстан” кинотеатрының қарсы бетіндегі бір үйдің ауласында атап өттік. Оспанханның азын-аулақ туыстары мен қарындастары шашу шашты. Өзім жұмыс істейтін хор капелласының бір топ әншілері, сондай-ақ, Райымбек Сей тметов, Асанәлі Әшімов, Раушан Әуезбаева, Мәриәм Жақсымбетова секілді тай-құлындай тебісіп өскен жора-жолдастары ақ тілек айтты. Оспанхан консерваторияның актерлік бөлімінде, ал мен әншілер бөлімінде оқыдым. Консерваторияда “Актер” деген қабырға газеті шығатын. Таласыптармасып оқитынбыз. Ағаң әркімге арнап әзіл, пародия, эпиграмма жазатын. Ұмытпасам Асанәлі сол газеттің редакторы болатын. “Оспанханға өйтіп жаз, бүйтіп жаз!” деп ақыл айтушы едім... Ол быдықтың классик болатынын қайдан білейін!” деп кейіннен Асанәлі күліп жүретін. – Оспанхан ағам бөренедей саусақтарымен пианинода ғажап ойнағанын талай көрдім. “Айдап салдым жылқымды тепсең жерге” деген әннің әуенін бір қайталап, күйсандықтың құлақ күйін келтіріп алатын да... “Ақ тамақ, оймақ ауыз, қызыл ерін, Кел десең неге аяйын аттың терін” – деп жарты бөлмесін жаңғыртып ән салатын! – Ос-ағаң жасында ғажайып әнші болған дейді, рас па? – Оһо-о-о, оның гүрілдеген даусы микрофонды қажет етпейтін. Әншілерде баритон, тенор, бас деген термин бар. Оспанханның әуезі “бас”. Әнді даусымен емес, жанымен жаңғыртып айтатын. Ағаң 1957 жылы Мәскеудегі дүниежүзілік фестивальға қатысып, ән салған ғой. Әшейін әнші болса, Қазақстанның атынан қатыстыра сала ма? Әсіресе халық әні “Гауһар тасты” нәшіне келтіріп орындайтын. “Ажарың ашық екен атқан таңдай” деп бастағанда өзін, как будь-то, ғашық адамдай сезінетін. “Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң” деген жолдарды айтқанда езуіне күлкі үйірілетін. “...Ырғаң-ырғаң! Қандай образ!” деп отыратын. Соның әсері ме, кейін өзінің сатирасында “апай-топай, шақыр-шұқыр, даңғыр-дүңгір, көди-сөди, бықи-тықи” деген сөздер пайда болды. Білесің бе, Оспанхан ағаң ән салғанда бар ғой, быдықтығы түк сезілмейтін. Әйгілі әнші Жамал Омарованың концертін көп жүргізді. Жамал апай, “Оспанның быдықтығы сатирасына сай қосылып, әдейі айтқандай жарасып тұрады” деп қолпаштап қоятын. – “Ерлі-зайыптылар ұқсас келеді, немесе кейін бір-біріне ұқсап кетеді” дейді ғой, жеңеше. Ағам екеуіңіздің араңызда қандай ұқсастықтар бар еді? – Екі жарты бір бүтін демей ме? Бүтін болдық. Оспанхан 4 мамыр күні туса, мен 5 мамыр күні туыппын. Айырмашылығымыз бір-ақ күн, хи-хи-хи-и... Күлемін-ау! Сирень гүлін... қазақшасы бозқараған ба? Иә, сол бозқарағанды
екеуміз де жақсы көретінбіз. Менен көрі Оспанханның жасаған тамағы тәтті болатын. Әсіресе, аршыған картоптың қырын сындырмай шебер қуыратын. Кейде “қоймалжың” пісіріп ішетін. Етті азаннан кешке дейін қайнатып, сорпасы қоюлана бастағанда қазанның отын өшіретін. Ондай тамақ ешбір ресторанда жоқ. Қою сорпаға өзі “қоймалжың” деп ат қойып алған. – Ағамның азан шақырып қойған аты – Оспанхан. Ал, фамилиясы – өгей әкесінікі деген қауесет бар. Кезінде өзінен сұрауға жанының жарасын тыр наймыз ба деп бата алмадық. – О жағын қазбалап қайтесің, қарағым. Туған әкесі Ыстыбаев Тұрсынәлі. “Қастек” колхозының беделді басқармасы болса керек, 1937 жылы “халық жауы” деген жаламен атылып кеткенде Оспанхан үш жаста екен. Жесір қалған шешесі басқа біреумен түтін түтетіп, өзінше өмір сүреді. Оспанхан екінші әкесін өмірінде өгейсінген емес. Өгей әкесін өз әкесінен артық көрмесе кем көрген жоқ. Әйтсе де өз әкесінің атын қастерлей алмағанына қатты уайымдайтынын іштей сезетінмін. Екінші ұлымыз Мұхтардан туған немеремізге Тұрсынәлі деп әкесінің атын әдейі қойды. Өз әкесіне жасаған жақсылығы сол ғана болды-ау. Сол немеремізге арнап шығарған бір шумақ өлеңі бар. Қас-қабақтан айналдым, Тұрсынәлі, Жат жұртта жадап-жүдеп жүрсің бе әлі? Нұрсұлудай әжеңнің қасында жат, Әке-шешең әзірше жүрсін әрі! “Жат жұрт” деп тұрғаны – немересінің шешесі орыс еді. – Жеңеше, – дедім сыр суыртпақтатып. – Ос-ағам көзі тірісінде сіз туралы жазған мына өлеңі есімде қалыпты. Тәуірбайдың тәп-тәуір теке қызы, Құдайым қиған екен некемізді. Сен маған әрі қарындас, әрі жұбай Сақтасын екеумізді ұлы Құдай! Сіз туралы бұдан басқа лирикалық өлеңдері жоқ па? – Ағаң лирикалық өлеңді аз жазса да саз жазатын. Сондай қуанып, жазғысы келгенде ғана жазатын. Қиналмайтын. Түнде түртіп оятып, әуелі маған оқып беретін. Кейде ұйқымды қимай, онша мәнісіне бара бермесем де “Иә, иә... жақсы екен” дей салатынмын. Соның әсерінен ол “Ақынның әйелі неге арық болады?” деген әңгіме жазды. Оны өзің білесің. Ал, енді “Сағыныш екен бала кез”, “Біздің ағай тамаша”, “Аспан қызы”, “Мұңайма” сияқты әндердің қалай туғанына әуелі куә – мен болдым. Жақсы өлең жазса жата алмайтын. Маған оқып беретін. – Оны білеміз ғой, жеңеше. Жалпы, сізден басқа ешкім оқымаған өлеңдері бар ма? – Кітаптарына кірмеген өлеңдері ме? Көп қой. Ұлымыз Азамат әскерге кеткенде өлеңдетіп хат жазды. Қалай еді? Былай: Азаматым, кішкентай арыстаным, Сен үшін Нұрсұлумен танысқамын. Чита бардың, сержант боп Мәскеу бардың, Қатарыңнан қалыспай қарыштадың. Дина келін Мәскеуге ауысқанда Тауып алды Нұрсұлу сауысқаным. Ал ВВС–пилотым, мерекеңмен,
Босаға, шекараңды сақ ұстағын. Азамат балам әскерден келгесін Дина келінге үйленіп, одан туған Тамаша немересіне де мынадай өлең жазған. Мынау біздің Тамаша, Бойы әзірше аласа. Бойшаң болып өседі Әкесі кеп қараса. Осы біздің Тамаша Би билейді жаңаша. Ән салады өзінше, Тамаша біздің тамаша. Телефонға келеді, “Әлөуке!” дейді Тамаша. Телефонға келеді, “Папаукоу!” дейді Тамаша. Спальныйға келеді, “Ахаукоу!” дейді Тамаша. Нұрсұлуға келеді, “Мамамкоу!” дейді Тамаша. Беделге келіп тұрады, Беделді келіп ұрады. Бедел өтірік жылайды Табақтай болып құлағы. Тентек болды Тамаша Атасын келіп тебеді, Мамасын келіп тебеді, Беделді және тебеді, Бәрімізді тебеді. Бұ не деген неме еді?! Әйел болғасын еркелейміз. Артық-ауыс қылық та танытып қоямыз. Оған онша ренжи қоймайтын. Кейде менен алмаған “өшін” өлеңнен алатын. Көзіңнен айналайын жылтыңдаған, Ешбір әйел өзіңдей ұл тумаған. Еркелесең еркеле, шолжаңдама, Сендей жаман баланы кім тумаған?! Маған арнаған бір өлеңі осы. Мен өзі орысшалау өскен қызбын дедім ғой. “Шолжаңдама” деген сөздің мәнісін алғаш рет ағаңның аузынан естідім. Үшінші рет ұл туғанымда да маған арнап мынадай өлең шығарды. Келіншегім, өмірқос келіншегім, Жүрегіме жабысқан шеміршегім. Үш ұлды тапқаныңа рахмет, Бірақ, бір қыз таппадың, еріншегім. Ағаң әу баста әртіс боп жаралғасын, гастролдетіп далада көп жүретін. Әсіресе, әнші Роза Жамановамен концертке көп кететін. Конферансье боп, өзінің сықақтарын оқитын. Онша аты шыға қоймаған кез. Көрген түсін, ойына
оралған сәттерді өлеңдетіп жазып, менің қолыма тапсыратын. Өзінің жанкүйін түсінетін шығар деп ойлайтын болу керек, 1959 жылы жазған “Жарыма” деген өлеңі менде сол күйі сақтаулы. Атыңды атап, көкешім, түрегелдім, Неге, жаным, түсіме кіре бердің? Жұмыс бар ғой, Болмаса сенен алыс Менің-дағы келмейді жүре бергім. Мен аулақпын көлденең тамашадан, Қазір жаттым хат жазып жаңа саған. Күндіз-түні жанымды толғандырған Қымбат екен өзімнің бала-шағам. Мен де өнер адамымын. Қазақконцерттің хор капелласында әнші болдым. Оспанхан гастрольден келгенде, мен гастрольге кететінмін. Бір-бірімізді бір күн көреміз бе, көрмейміз бе... сондай да уақытты бастан кештік. Гастроль де ұзақ жүріп қалсам керек, 1958 жылы 10 ақпан күні ағаң маған арнап “Күткенде” деген өлең шығарыпты да, үстелдің үстіне қойып, өзі гастрольге кетіп қалыпты. Сол бір сарғайған өлеңі мінеки... Неге, сәулем, кешіктің, Ұмыттың ба Оспанды? Тықырын бағып есіктің, Жек көремін тосқанды. Сені талмай ойлаймын, Кешке дейін жалғызбын. Түртіп қалып ойнайтын Жоғын-ай шіркін, балдыздың! Мезгіл сырғып өтпеді, Күте-күте жалықтым. Көңілімнің көктемі Сен екенсің – жаңа ұқтым. Бір күні ағаңа суық тиіп, ауруханада оңбай жатты. Беті бері қарағасын дәрігердің айтуы бойынша арқасына спирт жағып, өзім күн сайын массаж жасап жүрдім. Жаны жай тауып, рахаттана ма, қайдам, “Екі қолың ем екен!” деп көңілімді көтеріп қояды. Оған мен мәзбін. Сөйтсем менің екі қолыма бір шумақ өлең шығарыпты. Аспандағы ай-күнім, жарқылдағым, Қостанайдың дәніндей алтын дәнім. Ем болып екі қолың, Ел мен жұртқа Осылай өмір-бақи жарқылдағын, Аңқылдағым!!! Өлеңінің соңына үш леп белгісін қатар қойыпты. Ризашылығы шығар. “Бір леп белгісі де жетпей ме?” десем, “Үш балам үшін үш леп белгі қойдым. Егер бес бала туғанда бес леп белгі қоятын ем!” дейді. Түріне қарасам, “серьезно” айтып тұр. “Үй болғасын ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды”. Әйелге не керек, тыныштық керек. Балаңды бағып, байыңды күтіп отырасың. Командировка дан оралса, жол-жөнекей біреулерді ертіп келеді. Ырду-дырду. Үйіне емес, біреудің тойына келген сияқты. Әлгі ертіп келген адамдары шаршап келген
ағаңды одан сайын шаршатады. Сосын соған налисың. Ондай тұста да ағаңның өлеңі даяр. Бірақ шұбатып ұзақ жазады. Шұбатылған өлеңді ренжіп оқимын да, соңында күлем. Қалай күлмейсің? Өлеңдері нервімді тарқатады. Айналайын Нұрсұлу, Кінәлама байыңды. Байың сенің байлығың, Білер сенің жайыңды. Ұрыссаң ұрыс балаңа Таза еңбектен тайынды... Ерте тұрып от жағып Қайнатамын шайыңды. Менің де ойла жайымды. Ойласаң менің жайымды, Қалтаңа салып беремін Аспандағы айыңды! Ал, енді үйге Нұрғиса Тілендиев, Әсет Бейсеуовтер келгенде шаңырағымызға береке орнайды. Олармен ілесіп құт келгендей сезінем. Ағаң тар бөлмені тамашалап, өлеңнің сөзін жазады, олар әнін жазады. Думан. Біріне-бірі риза, бірін-бірі мақтайды. Олар кеткесін өзі де ыңылдап ән шығарған болады. Әуенінің қандай екенін қайдам, маған арнаған әнінің сөзі мынадай. Үйде жүрсем қоясың табындырып, Балалардың көзінше жалындырып. Осы сенің, Нүкентай, не бәлең бар, Алыс кетсем қоясың сағындырып. Ей, аппағым-ай, Сенен жақсы жалғаннан таппадым-ай! Мен жүрмін ғой бір сұлу тапқандай боп, Рахатқа белшемнен батқандай боп. Соның бәрі әзәзіл түс екен ғой, Сен жүресің жанымда жатқандай боп. Ей, ақылдым-ау, Қайдан ғана өзіңмен шатылдым-ау! Қазақтың ырымын, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын іштей қатты ұстанатын. Дастарқандағы нанның қиқымдарын “Бай боласың” деп балаларына жегізіп отыратын. Қазақстан миллиард пұт астық берген жылдары магазиндегі нанды сатып ап, қорасындағы шошқа, сиырына берген ағайындарды естігенде жыны ұстайтын. Қатты қапаланып, орнынан түрегеп кететін. Ол кездегі Оспанхан бөлек Оспанхан еді. Әсіресе, көшеде жатқан нанды теуіп кететіндерге теріс қарайтын. “Обалды білмейтін оңбағандар!” деп отырады. Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келгесін бе, тоқшылықты қатты қадірлейтін. Нанды қадірлемейтін надандар туралы “Экономикалық ойлар” деген өлең жазды. Осы өлеңді үзіп-жұлмай, тұтас көшіріп алшы, айналайын. “Тарта жесе тай қалар, Тоя жесе қой қалар”. Деген сөзі бабаңның Тоқ жүрсең де ойда бар. “Халық айтса қалт айтпас”, Болма бұған наразы.
Қапысыз күн қартайтпас, Тарта жеген – таразы. Сом денеміз соғымдай, Тым бордақы бейнеміз. Қапқа “Қайрат” добындай Нан тебеміз кейде біз. “Данышпанның сөзін-ай”, Деп мені жұрт мазақтар. Нан құраннан беделді Дейді дихан қазақтар. “Көже-көже көлкілдек, Көже беті мөлтілдек. Осы көже болмаса Кетер едім селкілдеп”. Білетін бар бұл жырды, Білмейтіндер көпшілік. Адастырған адамды Айналайын тоқшылық. Бір бұғалтыр тебіреніп. Теңеу айтты шотқа сап. Ұйқас, ырғақ сұрамай, Мәнісіне тоқтасақ: “Миллиардтың әр дәнін Тамшы тер десек, дәл мақтап. Дүние жүзін елу жыл Кетер еді сел қаптап. Миллиардтың әр дәнін Нота десек һәм мақтап. Күллі дүние жер шарын Кетер еді ән қаптап. Қазақ жері – тай қазан, Береке ырыс, молшылық. Тұрады ылғи қазақтан Молшылыққа жол шығып. Бұғалтырда ұйқас жоқ, Ал теңеуі тамаша. Әрбір дәнге әр адам Бұғалтыр боп қараса! Қай кезде жазғанын қайдам... Көпен-ау, саған да өлең арнапты. Басы басталған, бірақ аяқталмай қалған. Жалғанда жалғыз ер бар Көпен деген, Адам жоқ мұның сөзін көтермеген. Басын кесіп аламын біреу айтса: “Көпені Оспанханның бөтен” деген. Бата беріп аузына түкіргенмін, Содан кейін Көпенім жөтелмеген. Дегенменен Көпенім қарыз маған, Бұл ғасырда қарызы өтелмеген... Денемнен тоқ жүріп өткендей сезіндім. Шымырлап кетті. “Ау, сонда
Оспанхан ағам ХХ ғасырда талқаны таусылатынын білген бе? Ұлы ұстазымның ХХ ғасырдағы қарызын ХХІ ғасырда қалай өтеймін?” деп әбіржідім. Ғасыр мен ғасырдың тоғысқан тұсында “Күлкінің королі – Оспанхан” деген кеш өткіздім. Үш мың адамдық Республика сарайы көрермендерге лық толды. Бірақ, бұл қарызым емес, әзіл-оспақ әулиесі алдындағы шәкірттік парызым. Ойланып, осы мақаланы жаздым. Бірақ одан қарызым өтеле ме? Туған жері Үшбұлақта бейіті жатыр. Балаларға бар менің әкелігім, Әйелім бар ақ көңіл Ақ Еділім. Бір адамның көңілін қалдырғам жоқ, Осы менің кішкентай “қателігім”, – деген өлеңінің соңғы екі қатары құлпытасына қашалған. Ауық-ауық басына барып, дұға жасаймын. Бірақ одан қарызым өтеле ме? Кеше Нұрсұлу жеңешеме “Құран оқытыңыз” деп семіз туша сойып бердім. Бірақ, одан қарызым өтеле ме? Ау, ағайын, айтыңдаршы! Қарызымды қалай өтеймін? Менімше, оның жолы біреу-ақ. Ол қандай жол? “Халвам бар, халвам бар дегенше, оны жеп тынған дұрыс” деп өзбек ағайындар айтқандай, “Қарызым бар, қарызым бар” деп көбік сөзді көбейткенше іске көшкеніміз ләзім-ау. Қалай “Сатира – қаһарлы қару. Оны қолдан түсіруге болмайды”. Ендеше, Оспанхан ағам да бақилық болғанша бес қаруын асынып, тастаған емес. Ос-ағаңды үлгі тұтынып, оның ұстаған қаруын музейге іліп қойғаннан не пайда? Оның оңды-солды сілтеген “қаһарлы қаруын” біз алып, ішкі-сыртқы жауларға қарсы атойлап ат қойсақ несі сөкет? Әлде бізде “жау” жоқ па? “Жау жоқ деме – жар астында”. Мысалы, ұйымдасқан қылмыс, сыбайлас жемқорлық, жалпы, пәреқорлыққа қарсы күрес – күрмеуі көп күрделі мәселе. Ол күрмеу оңайлықпен шешіле ме? Оның түйіні кімде? Сыбайлас жемқорлардың қоғамға келтірген қомақты зияны қанша? Олардың аты-жөнін айғақтап, неге нақ-нақ айтпасқа? Мамандардың нақ-нақ мәліметі бойынша, жемқорлық жөнінен Қазақстан бес жыл бұрын әлемде 84-інші орында екен, қазір 71-інші сатыға көтеріліпті. Бұл не? Сұмдық қой! Ал біз, сатириктер, осыларға қарсы қалай күресеміз? Әрине, қаруымыз – қалам! Нар тәуекел! “Бір қозы туса, бір түп жусан артық өседі” деп ата-бабала рымыз айтқандай, нарық қыспағына қарамай-ақ, нағыз пәреқорлыққа қарсы күресетін баяғы “Ара” журналын шығаруға бел буып бекіндім. Бір заманда азуын айға білеген саяси-сатиралық “Ара” журналының “архивінде” қалған Оспанхан ағамның қайқы қылышын қынабынан суырып, найсаптарға қарсы сілтейтін кезең келген сияқты. Алла жар болса, Оспанхан ағамның мойнымдағы өтелмеген қарызын бәлкім, солай өтермін... “Жалын” журналы, 2006 жыл
Ñåéіò
ÊÅÍÆАÕÌÅÒÎÂ
“БІРАЗ ІСКЕ
БІЛЕК СЫБАНА
КІРІСТІМ!”
973 жыл. Қолымда қолақпандай диплом. ҚазМҰУ-дің журналистика фа культетін бітіргем. Ауылым Шымкент болса да Арқалыққа тарттым. Торғай облыстық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы немере ағам Өзбекәлі Жәнібековке барып, амандасып қайтқым келді. Ол кезде аэропортқа бару үшін қаланың қақ ортасындағы аэровокзалдан автобусқа мінетін тәртіп бар еді. Автобустың ішінде көзіне көзілдірік жалғаған сүлікқарадай жігіт ағасымен қатар отырдым. “Сені қайдан көрдім?” дегендей ол маған қарады, мен оған қарадым. Үндемедік. Ұшақтың ішінде де орындыққа қатар жайғастық. Бірдеңе дегіміз кеп бір-бірімізге қараймыз. Бірақ мылқау адамдай тіл қатпаймыз. Айыр пыланымыз Арқалықтың әуежайына қонғасын да автобусқа бірге мініп, қалаға дейін бірге бардық. Бірақ тіс жарып сөйлесе қойған жоқпыз. Алақандай қаланың бір аялдамасынан әлгі кісі түсіп қалды. Сол жерден мен де түстім. Ол әрі қарай жаяу кетті. Жүрісі ширақ. Аялдамадағы бейтаныс біреуден Жәнібековтің мекенжайын сұрап ем, алыстау жақты нұсқады. Өз-өзімнен: – Сейіт Кенжеахметовтің үйін білесіз бе? – деп сұрай салдым. – Білем. – Қайда тұрады? – Мынау! – деп іргедегі бес қабатты үйді иегімен меңзеді. Пәтері қайсы? Балконда басын шұлғып, самалдап тұрған бейтаныс кісіден жөн-жосық сұрағым кеп: – Ассалаумағалейкүм, аға! – дей бергенімде: – Әй, бала, – деді ол сөзімді нығарлай бөліп – Алматыдан бері амандаспай, енді кеп сәлем бергенің не? Байқамаппын. Көзіме оттай басылды. Әлгі кісі. – Сейіт Кенжеахметовтің үйін білесіз бе? – дедім. – Білем, – деді ол жұлып алғандай. – Мына подъезден кір де тура осы балконға кел. Сен іздеген Сейіттің қайда екенін көрсетем. Адаспай табасың. Есік қақтым. Өзі ашты. – Бері кір. Сейіт Кенжеахметов тура осы жерде тұрады. Сен оның кімі боласың? – деді. – Інісімін. – Қо-о-ой, өтірік соқпа, – деді жымиып. – Менде сен секілді көзі көк, шикі сары іні жоқ. Ішім қылп ете қалды. Бірден білдім. Өзі екен. Сықақшы ағамен осылай танысқан едім. Одан бері де отыз бес жылдай өтіпті. Бір адамның жарты жасы. Құдай ғұмыр берсе келесі жылы мүшелтой. Жерор тасы жетпіске келеді. Менен бір мүшелдей үлкен. Оспанхан ағам айтқандай “мен жөргекте жүргенде, Сейіт ағам жер-көкте жүрген”. Аяғым салбырап аспаннан түскенім жоқ, ел секілді ет пен сүйектен жаралғанмын. Жарық дүниеге жалаңаш болып келісімен азан шақырып атымды “Сейіт” қойыпты. “Р”-ға тілім келмей, дәп өздеріңіздей жетіге келгенше жерден таяқ жеп өстім. О, тоба-ай, оспақтың отымен кіріп, күлкінің күлімен шыққан сықақшылардың көпшілігінің есімінде “Р” жоқ екен. Эзопты еске түсіріп, Крыловтың Иванын былай қойғанда, біздің бірқатар қалжыңбастарымыздың атын “Р”-ға тілі келмейтін балалар да айта береді. Айталық, Жүсіп, Садықбек, Қалтай, Шона, Оспанхан, Ғаббас, Үмбетбай, Есенжол, Мыңбай, Қажытай, Ислам, Толымбек, Оңалбек, Алпысбай...
Келісесіз бе? Тіпті, “Р”-ы бар Асқар Тоқмағамбетовтың атын оқырмандар әлпештеп “Асеке” деп атаған. Керісінше, сықақшылардың жалғыз сыншысы ғана “Р” – Темірбек. Бесіктен белім шығысымен-ақ жаза бастаппын. Өлең емес, әрине. Ақ қағаздағы алғашқы шимайымды айтамын. Ойхой, дүние! “Ойпаңды жерде оқпағым, сойқанды жерде соқпағым, тобырлы жерде тоқпағым” деп тақпақтап жүріп, он жасқа да ойланбай жеттім. “Үш” алсам үйге кірмей, “төрт” алсам төбеге шығып, “бес” алсам белге (Қызбел) барып, асыр салған аңғал шақтарым-ай! (1-фильмнің соңы)
Әкем: “Менің балам мықты!” деді, шешем: “Ойлағанымдай болып шықты” деді. Жұрт: “Балаң нағыз сотқар” деді, ағайын: “Жоқ оның жүрегінде от бар” деді. Ақша – әкемнің, тамақ – шешемнің мойнында, білегім қыздың мойнында, көкірегім – көкте, аяғым – жерде, ойдан ада, оқудан бос, алаңжұлаң, еркебұлан, ботатірсек, бозбас бозбала кезім. Анда-мұнда жүгіріп, өз-өзімнен жын ұрып жиырмаға да толдым. Өстіп ұрынарға қара таппай ұрымтал жүрген кезімде ұстазым Оспанхан Әубәкіров: “Ә, қара бала, те мекімді тұтатып алайын, сіріңкең бар ма?” деді. Мен: “Аға, арақ пен темекіге қарсы күрес ашқан күйкентайдай бала едім” деп келтесінен қайырдым. “Табан астынан сіріңке тап, – деді Осекең, – әйтпесе, көзіңнен бір ұрып, отын жарқ еткіземін де, темекімді тұтатып аламын”. Таптым. Көзімнің отын шығармаса да, сөзімнің отын шығарып, ағам ақ батасын берді. – Сейіт, сен әдебиеттің ГАИ-ы бол! Алдаспан өлеңнің авто-инспекторы болып, талай ақынның правосын тесіп жібер. Аумин! (2-фильмнің соңы)
Отыз да оңай жас емес. Мойныңа бұғалық түскен асаудай арының басы лып, кейде араның ашылып, болдырмас болат тұяқты секілдісің. Қабырғаң қатып, буының бекіп, жалғандағы жақсылық пен жамандықтың, қулық пен сұмдықтың, пәле мен жаланың оқуын оқып болған бәтшағар шағың. Жының басылмаған, кедергіге тосылмаған, күштімен күресетін, тентекпен тіресетін қырма сақал, күзен шақар, келсең – кел, “ә” десе, “мә!” әпербақан әйдіктің бірісің. Қарап жүрмей, қалыңдығы қырғыштың қырындай ғана “Кәрі шеңгел”, “Қуырдақ” атты сықақ өлеңдер жинағының авторы болып та үлгердім. Оқырмандарымның бірі: “Сіз неше тіл білесіз?” деп сұрады. Қапелімде не дейін, ағымнан жарылып “Үш тіл білем, – дедім, орыс, қазақ және техника тілін меңгергем”. Түтінін будақтатып трактор айдағанымды аңғартқаным ғой әшейін. (3-фильмнің соңы) Қылшылдаған жас та емессің, қалшылдаған кәрі де емессің, бурадай буырқанып, ойда да, қырда да оңай от алып тұратын отыздың ойдан шықпай қырықтың қыл шылбырына бойың үйренбей, құландай мөңкіп, құйындай жөңкіп, жастарға ере алмай, қараша төбеде қалқиып қалған қарағым сен боласың. Үстелге отырыңқырап, ойды терең қазыңқырап, көбірек жазыңқырап, “Киіз қазық”, “Сөз – семсер”, “Ел құлағы – елу” деген кітаптарым ды шығарыңқырап... Сосын ептеп тасыңқырап, самайды қасыңқырап, жан-жағыма үңіліңкіреп, біреулерден түңіліңкіреп, тақырып таппай тоқыраңқырап... ыңқырап, іңкіреп... (4-фильмнің соңы) “Елу – ердің жасы” деп мақалдағанмен, жасты көріп жұбанып, кәріні көріп қуанып, қазығын айналған аттай “әйнәләйіннің” өзі боласың да шығасың.
Жұдырықтай жанжарыңа “Ақ келіншек”, “А, бәйбіше” деп мүсәпірсіп сөйлеп, мүләйімсіп күліп, маймыл құсап маймаңдап, қайнысы құсап қаймаңдап тұрасың. Ол бейбақта жазық жоқ. Шәйіңді қайнатып, үйіңді жинатып, тамағыңды тасып, қазы-қартасын асып “Жаз айналайын, жаз!” деп “үйкүшік” болуға үйретеді. Мен де ебептен себеп іздеп “Бәйбіше-ау” деймін “Айтпады демеңіз”, “Тышқан тірлік”, “Аттеріс”, “Мірдің оғы” секілді кітаптарымды көлденең тартып. Оның үстіне, қалалық Қазақ тілі қоғамының төрағасы болғалы Арқалықтағы Восточная көшесін Ахмет Байтұрсыновтың атына ауыстыру үшін талайдың табалдырығын тоздырып, есігін қағуым керек. Шаруа шашымнан да көп. Өзіміздің Жанкелдин ауданындағы “Юбилейный” совхозына Міржақып Дулатовтың атын беріп, Речной совхозына бұрынғы Са рысу атын қайтару үшін қалай тыныш жатасың. Қаладағы пединститутқа араб графикасынан дәріс оқимын, доцентпін. Тындырған тірлігім аз ба? Оқырманым “Аз” дейді, отыр да жаз дейді. Елдегі экология бұзылып, “шөккен түйе көрінбейтін” шөптердің тұқымы құри бастаса, ұйқың қалай келеді? Бала кездегі балақ түріп жүгірген Сарыарқадағы самсаған шөптердің атаулары да ауызға түспей, ұмтыла бастапты-ау... бұратамыр, шыңқ етер, салаумалейкум, бота табан, ат құтыртқан, келін бармақ, кемпір шөп, күнту, күреңше, ешкіөлмес, ербен, ебелек, қоянжұт, қызсаумалдық, құс сирақ, құт жапырақ, құлан құйрық, құлын ембес, сусімір, сүйсін, сұңғыла, сүмелек, текесақал, үлпілдек, уыздық, түйесіңір, тырса, шашыратқы, шайтан келмес, аякөз, ізбелдік, бұйра, бөрікбас, бөрікөз, қоянсүйек... (5-фильмнің соңы). “Алпысқа келгеннен ақыл сұраса”, несі айып? Әй, дегенмен, бойыңнан түзулік, қойныңнан қызулық кетіп төркініне қайтып келген кемпірқыздай қадірсіз халге түсер шақтың басы. Содан былай “Армысың!” деп келіп ауру, “Саумысың!” деп келіп сырқау айналдыра бастайды. Сосын “Ойбай, белім!”, “Сегіз көзім!”, “Құлағым!”, “Қуығым!” , “Тізем!” деп дене мүшелерінің атын баяғыда қыздардың атын жаттағандай күндіз-түні жаттай бастайсың. Тәубә! Оспанхан марқұм жарты ғасыр жасқа келгенде ешкім елеп, “Құрмет грамотасын” да қимады-ау. Мейлі, гәп қағазда емес, өзі айтпақшы сабаз да ғой. Қазақ сатирасында қабырғалы роман жоқтың қасы. Етпетімнен түсіп жатып екі томдық роман жазып бітірдім. Уһ!.. (6-фильмнің соңы) Желкеңе сақалы желпілдеп жетпіс мінсе, кесір келіннің тілімен айтқанда: маңдайың қатпарланып, бетің көкпарланып, мінезің “сотқарланып”, езуің күлкісіз, көзің ұйқысыз, өзің сүйкімсіз, ербиіп ерсі көрінесің де тұрасың. Онда тұрған не бар тәйірі? Алпыс жасымда жазған атақты романым Мәскеудегі “Советский писатель” баспасынан орыс тілінде жарық көріп, Әзиз Несинмен ешкінің сүтін бірге ішкен Қалтай Мұхамеджановтың алғы сөзімен Америкада басылып жатыр. (7-фильмнің соңы) Сең соққандай сексиген сексеніңді айтсам: сен де жылайсың, мен де жылай мын. Сеңсең бөрік сексеннің сексен қырлы сергелдеңі көп... О, зулаған заман-ай! Егемендікке көшіп, ел болғалы да ширек ғасырдан астам уақыт өтіпті. Үш томдық сықақ өлеңдерім қой терісіне айырба сталынып алынған Швецияның қатырма қағазына басылыпты. Тиражы – 100000! Республикадағы он миллион қазаққа жүз мың кітап жұғын да болмас. Ұлттық сахнада қойылған көптеген күлкікомедияларымды іріктеп “Өнер” баспасы өндіріске әзірлеуде.
Топшысы сынған, томар бас, топай тұяқ, тоңқайып жатар тоқсанның ауылы да алыс емес. Кеше сақалы жоқ сатирик Сақтапберген ағам мені мүшеліммен құттықтап, жеделхат жолдапты. Мейіріміне рахмет! Бәрекелді, қарақтарым! (Фильмнің соңы).
Арқалықтан көшіп Астана маңындағы ауылға қоныс аударған Сейіт ағамның шаңырағында болып, әжік-күжік әңгімелестім. Сол сұхбаттың бірсыпыра бөлігін оқырмандар назарына ұсынып отырмын. – Орыс әдебиетінің классигі Сергей Михалковтан емтихан алған про фессор “Сұрау белгісі не?” деп сұрайды. Сонда жас талант “Сұрау белгісі дегеніміз қартайған леп белгісі” деп жауап қайырғанда, профессор бірден “5” қойыпты. Талантын таныған ғой. Сайыпқыран сатирик Михаил Задорнов оқушы кезінде дүкенге кеп “Сіздерде 6 класқа арналған сия бар ма?” деп сұрайды. Сатушы да те гін адам емес екен “Алтыншы класқа арналған сия таусылып қалды. Алам десең жетінші класқа арналған сия бар” дейді. Содан бастап бала Задороновтың сатираға деген сезімі оянады. Бота тірсек, бозбала кезіңізде ең алғашқы жазған өлеңіңіз немесе өңменді сөздеріңіз есіңізде ме, Секе? – Мен оқуға өте жастай әуес болдым. Ол кезде газет-журнал дегендер елде мүлде болмайды десе де болады. Бұл 1945-46 жылдар ғой. Оқитынымыз көбінесе мектептің ана тілі оқулығы ғана. Алғаш рет Абайдың “Күз” деген өлеңін жаттағаным әлі есімде. Ол былай болды. Ауылдағы Ерғали деген атамыздың Ғайнижамал деген қызы ұзатылатын болды. Күлжай деген апамыз біз сияқты кішкентай балаларға “өлең жаттамасаңдар, оны тойда айтпасаңдар бармайсыңдар” деді. Мен табан астында осы “Күз” деген өлеңді жаттап барып алғаш рет көп алдында шыққаным еді. Соғыстың аяқталғанына үш жыл болған, екінші класта оқимын. Қызбел деген жерден қазіргі Шеген ауылына көштік. Бұл жер менің нағашы жұртым. Мектеп ке барған балалар сол жердегі танитын үйлерден бір-бір шыны сүт сұраймыз. Науқанбай деген өзімнен екі-үш жас үлкен баланың шешесі сауыншы. Маған сүтті со кісі дайындап отырады. Алдымен сүттің қаймағын қалқып алады да шыныма құйып береді. Соған өлең шығардым. Әлгі кісі зор денелі ірі адам еді. Атын ұмыттым. Ауыз үйге барды да, Қаймағын қалқып алды да Құйып берді шыныма. Берген сүті қаймақтай, Ауызы оның оймақтай... Кейін осы өлеңім ауылға тарап кетті. Ол кезде үлкен, кіші өлең жаттайды ғой. Тағы бір келгенімде әлгі әжеміз “Масқара-ай, ұят болды. Маған өлең шығарыпсың, жұрт күліп жүр. Енді қаймағын алмай берейін” деді. Бұл өлеңді тоғыз жасымда жазған едім. Кейін басқа балаларға да мазақ өлең жаздым. Бірақ неге екенін білмеймін қойып кетіп, сурет салуға әуестендім. Қазира деген қыз және мен екеуміз мектепте суретші атанғанбыз. – Ақындық та сүтпен келіп, сүйекке сіңетін өнер деп жатады ғой. Атабабаларыңыз арқалы кісілер ме еді? – Ақындық анамнан келді-ау деймін. Біздің ауылда Әбдірахман хажы, Байтас, Қадыр ақын, Күдері ақындар болған. Бәрі де туыстарымыз. Бірақ өз аталарым өлең жазбаған. Ал анам Сәлима ауыз әдебиетін жинайтын, өзі де аздап өлең жазатын, қолөнер шебері, тігінші адам еді. Өзі медресе және орысша жеті жылдық білім алған. Кейін мұғалім, ауылдық кеңес төрайымы болып жұмыс
істеді. Жалпы мен білім, қолөнер тәрбиесін осы кісіден алдым. Менің арақ, шылым деген сияқты теріс әдеттерден аулақ болуым осы анамның арқасы. – Сізді сықақшы, этнограф ретінде белгілі адамсыз. Бұдан басқа біз білмейтін қырларыңыз? – Сықақты 1957 жылдан бастап қолға алғанмын. Оған міне елу жыл болып қалған екен-ау. Қазақта “өнерді үйрен де жирен”, “Жігітке жеті өнер де аз” (мен бұл мақалды “жігітке жеті жүз грамм да аз” деп бұрып айтамын) деген мақал-мәтелдер бар. Өзім алдымен суретші болуға талпындым. Өзім қатарлы балалар Өзбек, Санақ, Досмадияр мені суретші боласың дейтін. Бір қызық әңгіме айта кетейін. Сталин қайтыс болардан бір жыл бұрын Жан келдин аудданының “Түйемойнақ” жетіжылдық мектебінің интернатында жатып оқыдық. Интернат суық, тамақ тапшы. Әке-шешесі бар балаларға үйінен май, сөк, нан, ет дегендей тамақтар келіп тұрады. Әрине, ондай балалар оқуға да, өнерге де шорқақтау келеді. Солар маған сурет пен сызуды салдырып, ақысына бір кесе сөк немесе екі-үш тілім нан береді. Бұл менің алғашқы қаламақыларым болатын. Сөйтіп жүргенде Қостанайдан филармония артистері келіп Сейтім Жақыпов деген кісі сықақты керемет келістіріп оқиды екен. Соған еліктеп сахнада мен де Оспанханның, Асқардың, Шонаның сықақтарын тақпақтадым. Облыста, республикада бірнеше рет жүлдегер атандым, бәйге де алдым. Менің сатиралық шығармаларымның “Тамашада” жиі орындалуы менің сахна сиқырын білуіме байланысты ғой деймін. Тағы бір өнерім кәдімгі пеш салу өнерін жақсы меңгергенмін және оны түлендіріп, қырлап-сырлап дегендей өзгешелеп саламын. “Мұқтаждық мың өнердің анасы” дейді халық. Пеш салу өнерін кейін осы мұқтаждықтан ақша табу үшін үйрендім. Себебі мен мектеп бітірген соң анам бірнеше жыл қатты ауырып қалды. Әрине тамақ асырау керек қой. Осыған байланысты бір қызық әңгіме бар. Жанділда деген атамыз “Кенжеах мет сабаздан бір бала қалып еді, не хабар бар?” деп ылғи сұрастырып отырады екен. Оған “Ой, ол балаңыз азамат болыпты, шебер пешші болыпты” дегенде “Ой, жараған екен, ол үлкен өнер ғой” деп риза болыпты. Кейін тағы біреуден сұрағанда “Сейіт Қостанайға көшіп, газетте жұмыс істейді екен” дегенде “Қап, бала қате жасаған екен, сол бетімен Торғайда жүре бергенде соқыр Темірғалидан да артық пешші болатын еді ғой” деп өкініпті. Одан кейін “жазушы болыпты, кітаптары шығыпты” дегенді естігенде “Әй, сол бала өлең жазып жүріп пеш салуды ұмытып кетпесе неғылсын?” деп қиналыпты. Одан кейін “Торғай облысы ашылып Сейітіңіз Арқалыққа көшіп келіп, төрт бөлмелі үй алып, жақсы тұрып жатыр екен” дегенді естігенде шал сақалын сипап отырып, “Әп, бәрекелде-е, дұрыс болған екен. Сендер үйіне барып тұрыңдар, оның үйі жылы болады, себебі пешті оның өзі салады ғой” деп жұртты күлдіріпті. Пеш дегеннен шығады. Мен ағаш шеберімін. Кезінде Торғайда жас кезім де есік, терезе, шкаф, бесік жасайтынмын. Оны өрнектеп, қазақтың ежелгі шеберлерінің үлгісімен жасайтын едім. Өз балаларыма арнап жасаған бес ігімді белгілі қоғам, мемлекет қайраткері, үлкен жүректі абзал азамат Өзбекәлі Жәнібеков көріп, Торғай облыстық тарихи-өлкетану музейіне алдыртты. Әлі күнге дейін сонда тұр. Сосын бір қағаздан қырыққа жуық ертегі-фигура жа сайтын өнерім бар. Бұл ертегілердің кейіпкерлері жүріп-жүріп туатын жыл таппағандай мен туған жылы туған Қойшығара, Қоғабай, Сабыржандар. – Туған жеріңіз несімен көрікті? – Мен Ұлы Отан соғысының ағасымын. Соғыстан екі жыл бұрын ата-мекенім атақ-даңқы жер жарған ата Торғай. Бұл өңірден шыққан Шақшақ Жәнібектен бастап Аманкелді, Кейкіге дейінгі батырларды, Міржақып, Әбіқай, Күдеріден
бастап, қазіргі Қонысбай, Айбекке дейінгі ақындарды, Ахмет Байтұрсынұлынан бастап, Бекболатовқа дейінгі ғалымдарды айта берсек газет емес, бірнеше кітаптарға да сыймайды. Торғайдың тамаша тарихын бүкіл Қазақстан халқы біледі. Ал осыдан бір ғасыр бұрын мұнда Мұса, Шеген, Оспан Қожа, Құлжан, Төке, Тоймағамбет, Кәтен, Бейсен, Әбдірахман қажы деген ел бастаған, сөз ұстаған, елге белгілі ата-бабаларымыз болған. Мұны айтып тауысу мүмкін емес аз уақытта. Жалпы мен өз бойымдағы өнер мен білім, қасиеттерді осы Торғай жерінде туғанымнан деп түсінемін. Менің пірім – осы Торғай. – Құрдастарыңызбен қалай қалжыңдасасыз? Олар ойныңызды көтере ме? – Біз халықтың әдет, салтынан тәрбие алып өскен адамдармыз. Сондықтан құрдастарымызбен қатты қалжыңдасамыз және қалжыңдаспай жүре ал маймыз. Әсіресе, ешкім оятпай таңертең сағат он бірде өзі тұратын Сабыр жан Шүкірұлымен, туатын уақыт таппағандай 1-сәуірде туған Қойшығара Салғараұлымен қатты қалжыңдасамын. Кейде бұрын көрмесем де 1939 жылы туғандармен “мен туған жылы неге туасың?” деп “ұстаса” кететін әдетім бар. Тағы бір қызығы менің бұл әдетіме “Бұл қалай?” дегендер жоқ. Өйткені біздің замандастарымыз халық мәдениетін терең түсінеді және оны сақтайды. Қойшығара Салғараұлы, Қоғабай Сәрсекеев бәріміз бір ауданда бір жылы кіндігіміз кесілген. Ол екеуі әрине, сол кезде ақылының жетпегендігінен (қазір де жетіп тұрғаны шамалы) және 1 сәуірдің қандай күн екендігін білмегендік тен дәл осы күні туған. Ал мен әдейі 12 қаңтарда тудым. Себебі алдын-ала байқағанымдай бұл күні үлкен қайраткер Димаш аға Қонаев туған. Бұл күні туған тағы бір себебім өз құрдастарымның ағасы болғым келгендіктен. Демек 1939 жылы туғандардың бәрі де менің оң қолымды алып, сәлем беруі керек мұсылман тәртібімен. Олардың ішінде Фариза мен Әбіш те бар. Е, айтпақшы бұрын менің туған күнім 22 желтоқсан болатын. Ол қате екен. Кейін менің туғаныма 60 жыл толу құрметіне бас кітаптан (архивтен) латын әрпімен жазылған туған күнімнің нақты дерегі анықталды. – Латын демекші, сіз мектепке бармай тұрып араб, латын әрпін үйреніп алған дейді? Қалай? – Жоғарыда айттым, мен өнерге, білімге жастай әуес болдым. Анам Сәлима Смайылқызы араб, латын жазуларын өте жақсы білетін. Жасымда сол кісіден үйрендім. Өйткені біздің үйде латын жазуымен шыққан Абай өлеңдері бар еді. Ол кезде 5-6 жастамын. Қазіргі әріпті мектепке барғасын жеті жасымда үйрендім. Күлжай деген кәрі апамыз бізге халық дастандарын құлағымызға құйды. Өзі “Қобыланды”, “Көрұғлы” дастандарын жатқа айтып, біз қайталап отыратын быз. Бұл кісі менің оқуымды үнемі қадағалайтын. Кейін басқа ауылға көшіп кеткенімізде “Сейіт-жаным, сабақ оқып жүрсің бе аман, Көңілім сені ойласам болады алаң. “Тарықпай ер молықпас” деген сөз бар, Жеткізер тірі болсақ хақ тағалам” – деп өлең жазып жіберген. – Ата-анаңызды еске алғанда ең бірінші не нәрсеге елжірейсіз? – Анам Сәлима туралы қанша айтсам да аз. Мен әке-шешемнің жалғыз бала сымын. Анам арғын қызы, бір әке-шешеден туған он төрт ұл-қыздың бірі болған. Осынша баланы асырау қиын болғандықтан әкесі Смайыл қыздарын діни медре сеге берген. Анам Жанғабыл деген молдадан оқып, араб тілін жақсы меңгеріп шыққан. Арқалықтағылар кейін ол кісіні “молда кемпір” дейтін. Таң намазын оқып болған соң төсегіне келіп жатып жетпіс сегіз жасында көз жұмды. Медре седен соң Торғай қаласындағы ХІХ ғасырдың 80-жылдары ашылған қол өнері мектебінде жеті жыл орысша оқыған. Орыс тілін менен жақсы білетін. Кейінгі
жылдары мұғалім, колхоз төрағасының орынбасары, ауылдық Кеңес төрайымы, тұрмыс комбинатында тігінші болып жұмыс істеген. Ауылдық, аудандық Кеңестердің бірнеше рет депутаты болып сайланған. Ол кезде депутаттардың беделі өте зор-тын. Біздің ата-бабамыздың тағдыры өте ауыр болған. Бұл жағдай біздің елде әркімнің басынан өткен. Менің бабам Арғын ішінде Жылқыайдардан тарайтын Нұрет деген кісі 1922 жылы Торғай даласында болған жұт әрі аштықта 45 жасында қаза болған. Оның ұлы Құтыгелді 1932 жылғы алапат аштықта 41 жасында көз жұмған. Өз әкем Құтыгелді ұлы Кенжеахмет 1942 жылы Ұлы Отан соғысында 33 жасында қаза тапқан. Демек бәрі де өз ажалынан өлмеген. Бәрінің де қай жерде қалғаны белгісіз. Суреттері де, белгілері де жоқ. Былтыр осы кісілердің атын жаздырып туған жеріміз Сарықопа көлі бойындағы Шобан, Көпір деген жерлерге гранит тастан белгі орнаттым. Өз әкемнен сөз қалған екен. Жиырма жеті жасында елде басқарма болыпты. Ақсақалдар әкең “Амансың ба демеген сөздің керегі не, жоғары шық деген төрдің керегі не?” деуші еді деп айтып отыратын. Басқарма кезінде туысы Қойшыбай деген кісі “Маған шөпті басқалардан бұрын бермедің” деп боқтап, ат үстінен қамшымен тартып-тартып жіберіпті. Сонда менің әкем күліп “Қойшеке, боқтасаң өз ағаң, ұрсаң өз інің, менің ештеңем кеткен жоқ” дегенде ағасы “Ай налайын-ай, кешірші, жұрт сені жақсы дейтін еді, рас екен ғой” депті. Әкем сонда жиырма төрт жаста екен. – Ел аузында “Сейіт айтты!” деген селкеуі жоқ сергек әңгімелерді жиі естиміз. – Енді жазушы болған соң, сатирик болған соң әркімдерден де сөз қалады ғой. Қазір әр елде, әсіресе Торғай, Қостанай дала, қалаларында Сейіт айтқан екен деген сөздерді өзім де естимін. Олардың бірсыпырасы “... деген екен” деген жинақта, газет-журналдарда да бірнеше рет жарияланды. Дегенмен бір-екеуін айта кетейін. Партияның қылышынан қан тамып тұрған кез. Брежнев марқұм тірі. Сәуір айында Жанкелдин ауданының “Торғай” кеңшарының директоры Қайыржан Шайзин деген жігіттің үйіне үш жазушы барып қондық. Сөз арасында бас мал маманы “жақында бесқонақ келіп, 200 бастай қой шығын болды” де гені бар емес пе. Сөздің реті келгенде қалай үндемей отырасың сонда мен “бес қонаққа 200 бас бергенде, мына үш қонаққа неге бір бас бермейсіңдер” деппін. Әрине сәуір мал соятын уақыт емес қой, дегенмен сөздің реті келіп қалды ғой. Асқар Байжұманов құрдасым, белгілі дәрігер, кезінде Жоғары Кеңестің депу таты болып та сайланған. Бір жылдар мен геморрой болып ауруханаға түстім. Операцияны өзі жасайтын болды. Бірақ құрдастыққа салынып ауруың нашар дегендей қылып күле берді. Сосын: “Емессің Асқар, бөтенім, Көрсең міне, көтенім. Кесіп тастап жүрмеші, Көтенімнен бөтенін” – деп едім, осы әзілден ол әлі құтыла алмай, өкініп жүр. Айтқандай әлгі Сабыржан Шүкірұлы екеуміз Арқалықта көп жыл жұмыс істедік. Құрдаспыз. Сол оқитын оқу таппағандай КазГУ-де менімен бірге оқыды. Тұратын қала таппағандай Арқалықта, оны айтасың тұратын үй жетпегендей бір үйде тұрдық. Бір күні ауылдан келген жақын інілері өз ағасының үйін таба алмай жүріп көшеде маған кездесіп “Аға, сіз Сабыржан тұратын үйде тұрасыз ба?” дейді. Мен “шырағым, әр сөзді орнымен айту керек, Сабыржан мен тұратын үйде тұрады” дедім. Мұны кейін Сабыржанның өзі таратып жіберді. Иә, мұндай әзілдер ел ішінде көп, қайсы бірін айта бересің. Оны естігісі келгендер Қостанай, Торғайға барса, дәптерін толтырып, жинап ала алады. Бір Қонысбайдың өзінен екі дәптер әңгіме табылады.
– Ұстаздарыңыздың бәрі ұлағатты кісілер. Қайсысынан қай мінезін бойыңызға сіңірдіңіз? – Сатирада, ағалықта, достықта Оспанханның орны бөлек. Әдебиетте алғаш бетімізді ашқан да, ақыл-кеңес берген де осы Осекем. Сықақ өлеңді 1962 жылы өндірте жаздым. Келесі жылы “Мәдениет және тұрмыс” журналының (қазір “Парасат”) сатира жөніндегі сыйлығын алдым. Ұсынған Оспанхан екен. Сол жылы күзде Алматыға барып Оспанханмен таныстым. Жанымда әлгі айта беретін Сабыржаным бар. Осекең көрген жерде шүйіркелесіп бірден үйіне шақырды. Содан бастап қатты достасып кеттік. Сол жолы Күнсұлу (Осекемнің жары) үшеуміз суретке түстік. Сурет әлі күнге дейін сақтаулы. Жалғыз Осекем емес Шонамен де жақсы араластым. Жүсіп Алтайбаев та мені жақсы көрді. Басқа жазушылармен де жақсы қарым-қатынаста болдым. Дегенмен әдебиетте өз ағаларым Сырбай, Ғафу, Шамильдердің үлкен қамқорлығын айтпай кете алмаймын. Сыр-ағаң сатираны жақын көретін. Қазір архивымда Оспанханның, Шонаның, Сыр-ағаң, Ғафудың, Қадырдың, Сағидың көптеген хаттары бар. Айтқандай, Оспанханның бір артықшылығы күндеу, қызғануды білмейтін. Жақсыға шын қуанатын. Қай жылы екені есімде жоқ, мен аурудың түрлері ту ралы ақ өлеңмен әңгіме жазып “Қазақ әдебиеті” газетіне шығарған едім. Соны оқып қуанып, маған Арқалыққа әдейі телефон соғып “Міне, осылай жазу керек! Ғажап дүние екен!” деп құттықтады. Менің “жолаяқ”, “ыңқырап, ... іңкіреп” деген өлеңімді оқығанда ол кісі де шын риза болып “Осы екі өлеңіңді өзім жазбағаныма өкінемін” дегені бар. Ой, Көпен, несін айтасың, бұрынғы ағалар әр істе адал да, әділ еді ғой. Қазір... жоқ... айтпаймын әржағын. – Сіз өскен өлкенің ақтаңдақ тарихына тоқталсаңыз? – Мен тарихшы емеспін. Бірақ тарихымды жақсы көремін және оны үнемі оқып отырамын. Бұрын жазылған тарихқа күмәнім өте көп. Көпшілігі мүлде өтірік немесе әдейі бұрмаланып жазылған. Мысалы, Шоқанның өлімі туралы кезінде С.Сәдуақасов жазып еді. Ал қазіргілерде үн жоқ. Біздің жерлесіміз Ыбырай Алтынсариннің өлімі туралы да ел ішінде әңгіме әлі айтылады. Оны зерттеген тарихшы жоқ. Мұның бір ұшы Ахмет Байтұрсынұлы құрастырған жоқтау жырларында айтылған. Мен өзім 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің нағыз отты жерінде тудым ғой. Бала кезімізде көз көргендер Кейкі туралы көп айтатын еді. Ақыры Кейкі ақталды. Аты аяусыз күйеленген Әбдіғапар ханның ерлік ісінің ақиқаты кеш те болса айтылды. Ал осы батырлардың өліміне се бепші болған қызыл әскерлердің, оның дем берушісі Әліби Жанкелдиннің де теріс әрекеттері туралы ешкім жұмған аузын ашқан жоқ. Мұны алғаш айтқан дінтанушы, Кеңес қуғынын көп көрген, Құдай жолынан таймаған, дінтанушы, ақын Файзолла Сатыбалдыұлы еді. Сенбегендер болса осы кісінің “Әбдіғапар” деген поэмасын оқысын. Мұны айтып отырған себебім мен бұрынғы шалдарға имандай сенемін. Өйткені олар алдымен Құдайдан қорқатын, сосын ұяттан аттамайтын. Жасымда мен Торғайдағы дана жандардың алдын көріп өстім. Ол кезде үлкендер қыста соғымда, ауызашарда жиі бас қосатын. Шақыратын үйге олар “Райком Қалидың үйінде Сейіт деген жетім бала бар, соны қоса шақырыңдар” дейтін. Себебі мен етті қазақы тәсілмен тураймын. Шай мен ет арасында шалдарың қандай ғажап әңгіме шертеді! Ол Абылайдың, Шақшақ Жәнібектің, Кенесарының Торғайдағы оқиғалары, Құлжан, Төкенің, Әбдірахман жомарттың, шешен-билердің әңгімелері. Сол сөздер мен әңгімелерді құлағыма құйып өстім. Бір мезгіл олар маған Нұрқан ақынның “Қарға ұры”, “Есім сері” дастандарын оқытады. Қазір бәрі о дүниеде. Иманды болғырлар. Жазуды-сы зуды солардан үйренгенмін. Үлкен университетім солар. Мен 1864 жылы Торғай қаласында Ыбырай Алтынсарин өз қолымен салды рып, өзі алғаш ұстаздық еткен ғажайып мектепті 1957 жылы бітіріп шығысымен екі жыл сонда аға пионер вожатый және мұғалім болып жұмыс істедім. Бұл
мектептің салыну тарихы, әдіс-тәсілдері жеке бір шығарма. Басқасын айтпағанда сол уақытта қазақ шеберлері мен ұсталары жасаған есіктер мен терезелер жүз жылдан астам сынбастан тұрды ғой. Мектеп 1968 жылы жүз төрт жылдан кейін қолдан құлатылды. Ең қызығы сол бұзылған мектептің төбедегі бөренелерін үй салушылар жаңа үйінің төбесіне салды. Кейін білсек ол кездің шеберлері құрылыс ағаштарын бір жаз, бір қыс әдейі сақтап дайындайды екен ғой. Ал осы мектепте кімдер оқыды дегенге келсек, ғұлама Ахмет пен Міржақыптан бастап, ағайынды Ахмет, Ғазымбек Бірімжановтар, ерлі-зайыпты Нұрғали, Нәзипа Құлжановтар, Әліби де, Аманкелді де осы мектептен оқыған. Ұзын-сөздің қысқасы Торғай даласынан шыққан бірнеше ондаған академиктер, жүздеген ғылым докторлары мен профессорлар, мыңдаған ғылым кандидаттары, жүзге жуық ақын-жазушылар осы мектептің түлектері. Мұның сыртында қоғам, мемлекет қайраткерлері қаншама. Әйгілі Асқар Закарин де, алаш қайраткерлері Б.Қаралдин, С.Қадірбаевтар да осы мектептен оқыған. Санап тауысу мүмкін емес. Қалай дегенмен де алғашқы мектепті 1841 жылы Жәңгір хан ашса, онан кейінгі мектеп осы Торғай мектебі ғой. – Сатиралық роман жазу ойыңызда бар ма? – О-ой, ол оңай шаруа емес. Ондай дүниені Бейімбет те, Асқар да жазған жоқ. Жазған адам Садықбек Адамбеков қой. Мен роман жазуды тіпті ойлаған да емеспін. Әңгіме деген қызық әрі ұшқыр жанр. Әңгіме жазғанды жақсы көремін. – Қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі туралы үш кітап жазуға не түрткі болды? Кітап болғанда қандай кітап, көрсең көзің тойғандай. Көлемін сұрасаң әрқайсысы 40-50 баспа табақ, тілін сұрасаң қазақ, ағылшын, орыс тілінде. Салмағын сұрасаң әрқайсысы екі кілә. Сатира жазып жүріп танымдық, тағылымдық, ғылыми ізденіске баруыңызға не себеп? – Біз таза қазақы ауылда туып-өстік. Ұлт дәстүрі мен мәдениетін бойымызға жастай сіңірдік. Және оның таза, асыл қасиеттерін ұғындық. Ата-ана сөзі мен ақыл-кеңесі біз үшін бұлжымайтын заң болатын. Өз басым ел тарихын, мәдениетін, дәстүр-салтын, әдет-ғұрпын, қағидасын терең түсінетін едім. Оның осындай ерекшеліктерін қағазға ерте түсіріп жүрдім. Осы кезде қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков Торғай облысына басшылық қызметке келіп, өзінің ұлттықпарасат-пайымымен мені тереңге тартып кетті, бағыт-бағдар беріп, бақылап отырды. Мені тұтатқан Өзағаң. Уақыт өте келе кейінгі ұрпақтардың мұны ұмыта бастағанын да сездім, көрдім. Осыдан жиырма жылдай бұрын Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогика институтында жастарға арнайы курс ретінде ұлт мәдениетін оқыттым, дәріс бердім. 1994 жылы Арқалық қаласында қосымша білім беретін өз мектебімді аштым. Мұның негізгі пәні ел тарихы, тілі мен әдебиеті, салт-дәстүрі, тағы басқа халықтық танымдар болатын. Мұнда өз қызым Зәмзәгүл тіл мен әдебиеттен (менің барлық этнографиялық, әдеби еңбектерімді орыс тіліне осы қызым аударған), ұлы Олжас араб, латын жазуларын оқытты. Өзім этнография, мәдениеттану ісіне осыдан жиырма жыл бұрын білек сыбана кірістім. Бұрынғы ғылыми еңбектерді М-С.Бабажанов, Мұса Шорманов, Ә.Дабаев, Б.Дауылбаев, Ж.Ақбаев т.б. ерте жазған адамдардың да еңбектерімен таныспын. Елдің салт-дәстүрін толық жазу үшін қазақ елінің шығысынан батысына дейін толық болып, бай материал жинап қайтқанмын. Қазір тек салт-дәстүрдің 420-дан астам түрін жазып шықтым. Мұның сыртында айналайын халқымның әдет-ғұрып, ырым-тыйым, жөн-жосық, жол-жоралғы және қағидаларын тағы да жазып, түсірдім. Оның баспасөздерге үздіксіз жа рияланып жатқанына да жиырма жылдан асты. Оны алғаш жеке жинақ етіп шығаруға азаматтық жасаған қаламдас достарым Жақау Дәуренбеков пен Серік Әбдірайымұлы еңбектерін ұмыта алмаймын. Айтқандай менің қазақ мәдениетіне арнаған кітабым қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде “Қазақ халқының
салт-дәстүрлері”, “Қазақтың дарқан дастарқаны”, қазақ, орыс тілдерінде “Қазақ тұрмысы мен мәдениеті” деген атпен әрқайсысы қырық баспа табақтай болып өте көркемделіп Стамбол, Бейжин (Пекин) баспаларынан басылып шықты. Мұны бастырған “Алматыкітап” баспасы, президенті Э.Баталова. Шынымды айтсам осы кітаптарымды өз халқымның мәдениетін көрсету, ұмытылғандарын жарыққа шығару және болашақ жастардың өз халқының осындай зор бағалы, тәрбиелік мән-маңызы өте жоғары таным-тағылымдары бар екенін көрсетіп, жеткізу болатын. Бұл ойымды қаншалықты жеткізе алдым, оны анық қазыларым – оқырмандарым айта жатар, айтып та жүр. Осы жерде мойныма қарыз бол масын, айта кетейін менің аталған еңбектерім туралы алғаш бағасын айтқан, әлі айта беретін сол Қойшығара Салғараұлы. Ол “сенің осы еңбегің өте жақсы іс, бұл атыңды биікке көтереді” деген. Құрдас болса да айтайын бұл өзі аузы дуалы шал болайын деп-ақ тұр. – Сіздің осындай сүбелі еңбектеріңізге “жиендік” жасағандар туралы сын мақалаларды баспасөз бетінен көп оқыдым. Бұл қалай? – “Ет тәттілігін қойса мен ұрлығымды қояр едім” деген екен бір ұры. Сол ұры айтқандай менің де “еттерім” яғни жазған этнографиялық еңбектерім тәтті ғой деп ойлаймын. Себебі 2001 жылдан бері есептегенімде менің “жиендерімнің” саны қырық төртке жетті. Бірақ мен бұлардың бәрін кінәламаймын. Өйткені халық ұлт мәдениетінің асыл қасиеттерін менің жазғандарым арқылы сезініп жатыр, әрі бағалап жатыр. Мұны ең алдымен қабылдағандар балабақша тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдері және ұлт мәдениетін зерттейтін ғалымдар. Олар өкінішке орай, менің еңбектерімді оңды-солды пайдалануда. Көпшілігі еш өзгеріссіз өз атынан мақала, монография, ғылыми еңбектер жазды. Менің әдет, салт, ғұрып туралы көптеген еңбектерім оқулықтарда, жеке жинақтарда атыжөнім көрсетіліп берілген. Ол жинақтарды құрастырғандарға алғыс айтамын. Шығармаларымды мұғалімдер өз еңбектерінде, методикалық журналдарда көп пайдаланады және өз атын қояды. Рас авторлық құқық заңын көп адам біле бермейді. Дегенмен біреудің еңбегін еш өзгеріссіз сол күйінде көшіріп алу ұят екені белгілі емес пе? Ол үшін заңды білу шарт емес қой. Дегенмен олардың көпшілігін кешірдім. Көпшілігі кешірім сұрап хат та жазды. Ал, ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерді кешіруге болмайды. Өйткені олар авторлық заңды біледі. Қазіргі ғалымдардың көбі атаққұмар. Олардың бәрін айтпай-ақ қояйын, 2002 жылы Астанадан Р.Хамзебаева, А.Әбілбекова деген екі адам “Қазақша үйренейік. Атадан мирас” атты көлемді тіл дамыту құралын шығарған. Бұл туралы бұрын баспасөзде жазылған. Аталған екеу кешірім сұраудың орнына “Салт-дәстүр ешкімнің меншігі емес, ортақ дүние, біз де ортақпыз” деп “Жас Алашқа” мақала жазыпты. Ал өздері менің еңбектерімнің бір әрпін, бір сөзін өзгертпестен 48 салт-дәстүр түрін өз “кітаптарына” енгіз ген. Мұндағы авторлық құқығымның өрескел бұзалғандығын заң орындары дәлелдеп шықты. Рас, бұл жерде А.Әбілбекованың кінәсіз екендігі анықталды. Ал, “автордың” бірі Р.Хамзебева болса “менікі жөн” деп әлі қарысып жүр. Мұны сол Хамзебаеваның өз ар-ұяты немесе әділет орындары шешетін болады. Қайсы бірін айта берейін, былтыр наурыз айында шыққан “Ана тілі” мен “Әдебиет айдыны” газеттерінде менің еңбектерім басқа біреулердің аттарымен берілді. Ол аз болса 25 мамырда “Қазақ” газетінде Т.Жәткеев деген азамат менің “Ақылды қыз” деген әңгімемді (ел аузынан алынған) “Дана қыз” деп өз атынан беріпті. Осылай “бере беретіндерім” көп. Тағы да болады-ау деймін. Берерім таусылмасын деп отырмын. – Береріңіз таусылмасын, Секе!
“ ДА” ӨТКЕН
АЙ-ЖЫЛДАР
1. Шона СМАХАНҰЛЫ.
ШОҚ ТІЛДІ ШОНА
2. Нұрғазы ШӘКЕЕВ.
БӘСЕҢ ЖҮРІП БӘЙГЕ АЛҒАН
3. Сақтапберген ӘЛЖІКОВ.
СӨЗ ЖАРЫҒЫ СӨНБЕЙДІ
4. Тұтқабай ИМАНБЕКОВ.
ӘТТЕҢ ТОННЫҢ КЕЛТЕСІ-АЙ...
5. Марат НҰРҚАЛИЕВ.
ТАНЫЛЫП ҚАЛҒАН
ТАЛАНТ ЕДІ-АУ!..
Шона СМАХАНҰЛЫ
ШОҚ ТІЛДІ ШОНА
1. САТИРИКТІ КӨРГЕСІН САБАМА ТҮСТІМ Б асымыздың суы кеппеген балаң кезімізде қазақ сықақшылары қамшының шашағындай бес-алтаудан аспайтын. Атағынан ат үркетін Асқар Тоқмағамбетов, миығына ұялаған мысқылды балапандай басып шығара қоятын Мыңбай Рәшев, шоқ тілді Шона Сма ханұлы, «езуіңді екі құлағыңның сыртына шығарып» күлдіретін Оспанхан Әубәкіров, мақамы майдан қыл суырғандай Үмбетбай Уайдин, оспағы оттай қаритын Оспаәлі Иманалиев, түйрейтінін түйреп, сүйрейтінін сүйреп, мәселені қабырғадан қоятын Ғаббас Қабышевтардың қатарын қағытпасы мол Қажытай Ілиясов пен әр сөзі мірдің оғындай Сейіт Кенжеахметов толықтырды. Бітті. Бар-жоғы осы-ақ. Ал Қалтай ағаның қаншама қалжың дарын оқып, комедияларын көрсек те біз бұ кісіні неге екенін қайдам, сати риктердің санатына қоспайтынбыз. Қойдан қозыны айырғандай өзімізше «Драматург» деп есептейтінбіз. Сөйтсек біз білмейтін бірталай нәрсе бар екен. Қазақ әдебиетіне қадау-қадау із қалдырған Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сейділдә Төлешевтердің әзіл-сықақ әңімелері мен фельетон дарын кейінірек оқып, кештеу болса да кеңкілдеп күлгенбіз. Оқушы кезіміз. Әсершілміз. Буынымыз бекіп, қабырғамыз қатпай жатып әлгі әзілкеш көкелеріміздің көп дүниесін көкейімізге тоқып өстік. Сырттай қызығамыз. «Қандай кісілер екен, дидарын бір көрсек-ау!» деп арман даймыз. Ол заманда сіркедей нәрсені күркедей қып көрсететін қазіргідей қарақұрым жарнама жоқ. Жалғыз жарнама – жазушының шырайлы шығар масы. Жақсы дүниені жапатармағай таласып-тармасып оқығанша асығамыз. Тоғызыншы сыныпты бітіргесін 1966 жылдың тамызында Шәуілдірден Алматыға тарттым. Ара-қашықтығы мың шақырымдай. Бар мақсатым – сүйікті ақын-жазушыларымды бетпе-бет көріп, танысып қайту. Азуын айға білеген «Ара» журналын іздедім. Қазақстан Жазушылар одағының үшінші қабатына орналасқан екен. Ана шеті мен мына шеті ат шаптырым дәлізде келте бойлы кекілді кісі кездесті. Кітаптан суретін көргем. Бірден таныдым. Шона Смаханұлы. – Ассалаумағалейкум, ағай! – деп айғайлап амандастым. Бойы бәкене. Бірақ ширақ. Шалт. Байлаулы аттай тыпыршып бір орнында тұрмайды екен. Жылан өлтіріп жүргендей тез-тез қимылдайды. – Әй, бала, кімді іздеп жүрсің? – деді. Сөзі шегедей. Нық. Не дерімді білмей сасқалақтап, күмілжідім. – Сіздерді... – Сіздерді болғанда... кім керек? – Шалдуар Тарпаңбаев, – дей салдым. Аты-жөні қызық сондай кісі өткір фельетондарды «өлтіріп» жазатын. – Жүр, бері қарай...
Айдап отырып «Ара-Шмель» журналының бас редакторы Жүсіп Ал тайбаевтың бөлмесіне мені ертіп барды да: – Мына бала сізді, Шалдуар Тарпаңбаевты іздеп жүр, – деп күлді. Сөйт сем Шалдуар Тарпаңбаев деген Жүсіп Алтайбаевтың бүркеншік аты екен. Жүсекең суық сөйлесті. «Шалдуардың қай шығармасын оқыдың?» деп сұраған да жоқ. Қырау қабақ. Жақтырмай тұрған сияқты. Бір қарағанда шәлкем-шалыс, асау аттай тарпаң көрінді. Жаратылысы солай, бержағы Мұзды мұхиттай болғанмен, аржағы – Африка сияқты. – Өзің бірдеңе жазасың ба? – деп сұрады Шона ағай. Басымды шайқа дым. Балаларға арнап өлең, жұмбақ, жаңылтпаш жазатынымды жасыр дым. «Ия, ептеп түртетінім бар» деп айтуға жүрексіндім. «Ағай, сықақ өлеңдерді оқығанды жүдә, жақсы көрем!» дегім келді. Дей алмадым. Тағы да тамағыма тас тығып қойғандай үндемедім. «Ал, оқышы, айналайын!» десе көгендеулі қозыдай көптеген шымшымаларын жамыратып, ағытуға дайын тұрмын. О, жаратылыс – жасаған-ай! Қыздың да болады екен Қашағаны-ай! Бір жігітпен Мінгесті де таксиге, Тайып тұрды Басқа үйге. Шіркіннің Асығысы-ой, жеделін-ой, Қашпаса да Көкесі береді ғой. Әдемі шымшыма. Алпысыншы жылдары ауылдың бойжеткен қыздары әке-шешесінің алдынан өтпей күйеуге қашып кететін ерсі қылықты дөп ба сып сынаған. Мөлтек сықағын бір оқығанда-ақ жаттап алғанбыз. Немесе... Үйленгенше «Жаным!» дейді. Үйленген соң Жанын жейді. Әйтпесе мына бір шымшымасы ше? Қарындасы «Аға» дейді ағайды. Ал ағасы... Қоразданып қарайды. Тіпті «Сыпайы сиыр» деген мысал өлеңі де тілімнің ұшында. Ламайлап, Айналасын бүлдіріп, «Кешір» дейді Сыпайылық білдіріп. Айтуға оңай. Ұғымға жеңіл. Иірімді. Үйірімді. Әсіресе «Апатқа ұшы раған шофердің хикаясы» деген сықақ өлеңін су жыландай сумаңдатып жатқа соғатынмын. Жұмған аузымды аша алмай қор болғаным-ай. Былай шыға ынжықтығыма жыным келіп, өзіме-өзім кіжіндім. «Ара» журналына неменеге барып, неге қайттым?» деп іштей тепсіндім. Е, мейлі. Ең бастысы Шона ағайды жүзбе-жүз көрдім ғой деп сабама түстім.
2. ШОНАНЫҢ ШОҒЫРЛЫ СӨЗДЕРІ Орта мектепті бітіргесін Шәуілдірдегі халық театрында бір жылдай әртіс боп істедім. Әнші, күйшілерді хабарлап сахнаға шақырған сайын әрқилы әзіл-сықақ орындап, көрермендерді қыран-топан күлкіге көміп кетуім керек. Бұл оңай шаруа ма? Қиын. Шешендік өз алдына. Шеберлік керек. Шеберліктен бұрын шебер дүние керек. Іздейсің. Сықақшылар некен-саяқ. Одан-бұдан құрап, оқи-оқи ықыласты көрерменді ығыр қылған бұрынғы әртістердің қаңсық қалжыңы таңсық бола ма? Жол-жөнекей жолыққан оңай олжаға қызықпадым. Тыңнан түрен салғым келді. Таптым-ау. Езу тілетін енепат сықақ Шона Смаханұлында баршылық екен. Жатпай-тұрмай жат тадым. Әуелгісі – «Жеті басты» деген сықақ өлең. Ертегіден жеті басты айдаһардың хикаясын оқығанбыз. Білеміз. Ал, бүгінгі заманның жеті басты пәлесі қандай пәле? «Біріншісі – сумақай, суайт, түлкі бас. Екіншісі - өзі нен сәл осалға илікпейтін, қолыма тиер ме еді билік дейтін, байғұс кеппе. Үшінші бас – түйе жұтса түйілем демейтін, сіңбей қалып күйінем демейтін құлқыны кең қомағай. Төртіншісі – жұмыс десе ауыратын, сайран десе сауығатын бас. Бесіншісі – тентек суды жұтқыш бас, құмар ойнаса ұтқыш бас. Кейде ақшаға батып шығатын, кейде киім-кешегін сатып шығатын, қолдайтұғын перісі бар, түрмеге түссе аз-ақ күн жатып шығатын жадағай бас. Алтыншы бас – содыр бас, жүрген жерін оңдырмас. Жетінші бастың бір басы – жағымпаз, жалпақбайдың сырласы. Бастығы «Итсің!» десе «Мақұл» дейді. «Осылай ұрысқаның ақыл» дейді. Шона ағамыз сол заманның жеті басты жексұрындарын желкелеп, сілікпесін шығарады да: Жиіркенішті жеті бас, Бір сау басқа татымас! – деп түйіндейді. Көпшілік көрермен шыжғы рып мінеген шындығы үшін дуылдатып қол шапалақтайтын. Қиынды маталарды қиыстырып, жыртығын жиыстырып құрақ көрпеше тіккен секілді Шона ағамыздың шоғырлы сөздерін жинақтап, масақ тер гендей тердім. Сосын соны сахнаға лайықтап, интермедияның жыртығына жамадық. Мысалы «Жағаңа жапсыра білсең, тышқанның құйрығы да жа расымды», «Сыртыңнан сөз жүгірту мұрныңнан ши жүгіртумен бірдей», «Жұтып алған адам кейде тесік бөшке секілді – ішінде түк тұрмайды», «Қудың құйрығынан ұстай алмайсың, кесіртке секілді үзіп кете береді», «Сайтанға ілескен санатқа қосылмайды» тәрізді тікенек тіркестер тұшымды астың тұздығындай дәмін кіргізді. Жұртты жымитатын күлкілі көріністің оқиғасын да Шона ағамыздың шолақ мылтықтай қысқа әңгімесінен кезіктірдік. Парақорлық тақырыбын қамтыған дап-дайын оқиғасын пайдаландық та саз балшықтай илеп, сати ралық қалыпқа салдық. Желісі былай: бір жігіт өз мамандығы бойынша қызметке орналаса алмай әуре-сарсаңға түседі. Оған бір жылпос жолы ғып «Жұмысқа тұру үшін бастыққа бірдеңе беру керек, нең бар?» дейді. Жігіт «Лақты ешкіден басқа дымым жоқ» деп ағынан жарылады. Жылпос «Ешкіні бастыққа, лағын маған бересің. Осыған келіссең қызметке тұрдым дей бер!» деп қасапшының итіндей жалаңдайды. Базарға сатылған лақты ешкінің ақшасын жамбасына басқан жылпос неме бастықтың кабинетіне баса -көктеп кіреді де, желімдеулі конвертті алдына тастайды. Сосын «Мынау кешегі жігіттің хаты» дейді. Бастық «Бара бер, оның өтініші орын далады» деп мұрнының астынан міңгірлейді. Жылпос «Ешкі – конвертте,
лақ қалтамда қалды-ау! деп масаттанады. Кетіп бара жатқанда маңыраған ешкінің даусы естіледі. Бастық «Менің тартпама ешкі қалай кіріп кеткен? деп атып тұрады. Жылпос «Маңырама қу ешкі лағыңа! Ой, дүние-ай!» деп Кенен ата әнінің әуенімен зар илеп, сахнадан безеді. Міне, күлкі! 3. ТҰСАУЫ ТЕРІСКЕЙДЕ КЕСІЛГЕН СЫҚАҚ ...Есейдік. Шона ағамыздың шымшымалары мен шаншымаларын, мысалдары мен мысқылдарын, халықаралық тақырыпқа жазылған памф леттері мен фельетондарын оқып ержеттік. Студентпіз. КазГУ-дің соңғы курсында Шона Смаханұлына арнаған екі жолдық эпиграммам «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланды. Ұстазымыз профессор Темірбек Қожекеев эпиграмманы «достық рәуіш» деп түсіндірген. Қанша сүтті болғанымен сиыр да суалады ғой. Қадағалап қатты оқитын сықақшы ағам соңғы кездері «суала» бастағандай сезілді. Соны меңзеген достық рәуішімнің сорты мынау: Тақырып табылмаса тым шырайлы, Шымшыған санын қайта шымшылайды. Кездесе қалса келтегін сілтеп сирағымды сындыратын шығар деп көпке дейін қашқақтап жүрдім. Жоқ, олай болмады. Ойда жоқта ұшырастым. Қыбыжықтап тұрғанымды байқады ма қайдам, «шымшымамды» шыбын шаққан құрлы елемеген сыңай танытты. Іштей ризамын. Алда-жалда «Әй, бала, жағама жармасқаның қалай?» дей қалса, алдын-ала айтар уәжімді дайындап қойғам. – Ағай, сіз де талайларға эпиграмма арнадыңыз ғой. Мысалы, Шәмші Қалдаяқов туралы... Өмірде екі Шәмші бар: Бірінен жақсы ән шығар, Бірі арақты қамшылар! – дедіңіз. О кісі ренжіді ме? Немесе, «Ақ жа йық» атты трилогия жазған Хамза Есенжанов туралы эпиграммаңыз ше? Бірінші кітап – «Ақ Жайық», Екінші кітап – «Ақ Жайық», Үшінші кітап – «Ақ Жайық» Жайыққа Жайық қосылып, Суға кетіп қалмайық!... Хамза ағамыз ер-тоқымын бауырына алып, тулады ма? Тулаған жоқ. Шыбық тимес шыңқ етпе сыншыларды: Өзгелерді шымшисың, Шымшисың да тыншисың. Өзіңді біреу шымшыса, Шегірткедей ыршисың! – деп өзіңіз де қыршыған жоқсыз ба? Дүние кезек» дегелі түрғам. Дегем жоқ. Өйткені Шөкең тіс жарып ештеңе деген жоқ. Сірә, іштей ұғыныстық-ау? Ұмытпасам 1983 жылдың күрең күзінде «Тамаша» ойын-сауық отауы арқылы танылған талантты актер Құдайберген Сұлтанбаев екеумізді Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының басшылары кездесуге ша қырды. Күнілгері дайындалдық. Не айтамыз? Елді елең еткізетін, бұрынсоңды ешкім естімеген езу тартар дүние қарастырдық. Барған жерде бар
салмақ Құдайбергенге түсетіні белгілі. Күллі жұрт күлкінің көрігі деп соның аузына қарайтыны рас. «Тамашада» талай айтылған таптаурын әзілдерді қайталап таң қалдыра алмайсың ғой. Сондай қысылтаяң сәтте Шона Смаханұлының шағындау сықақ өлеңі маған ой салды. Егер оны тақпақтап оқыса онша әсер етпеуі мүмкін. Ал, қомағайдың тойымсыз образын бет-ауызбен бейнелеп қана қоймай, сайқымазақ әуенге салып домбырамен әндетсе ше? Қатып кететін сияқты. Жалмажан Құдекеңе телефон шалып, «Сыры кеппеген сықақ табылды! деп сүйінші сұрадым. Тұсауы Созақта кесілген сол сықақты «Тамашаның» жаңа жылдық бағ дарламасында тұңғыш рет орындағанда, Республика сарайындағы үш мың көрерменнің риза болғаны соншалық, желді күнгі қамыстай ырғатылып отырды. Жемқорлықтың желкесі қиылмай тұрған қазіргі кезеңде де құнын жоймаған «Дүниеқоңыздың арманы» атты сол сықаққа тағы да көз қырын салайықшы: Ұрғылап ұта берсем, Жұмарлап жұта берсем, Қатыр-құтыр шайнасам, Тоқсан табаққа тоймасам, Жапырақтай жалмасам, Абжылаңдай арбасам, Үй деген соң үйе берсем, Қос-қосынан кие берсем, Қаптап алсам, Топтап алсам, Кеміре берсем, Жеміре берсем, Сіміре берсем, Семіре берсем. Бәрін өзіме, «Әкел! Әкел!» деп, Еміне берсем. Түйені тобығымен жұтсам – Қақалмасам. Түк болмағандай Қақаңдасам. Таласа қалса, Тартып алсам, Жанаса қалса, Қарпып қалсам, Пара берсе, Ала берсем, Емізікше Сора берсем. Ортан жілікті Опыра жесем, Шайқап-төгіп Сапыра ішсем, Қойны-қоншыма Қымқыра берсем,
Ышқырыма дейін Жымқыра берсем, Айналамды Айпап-жайпасам, Көл суын да шайқасам, Мен жұтқанда, Оппадай обып жатқанда Өзгелер Өртене қызғанып, Тамсана қараса. Таласа –тармаса Жұғынын ғана Жаласа!... 4. БАҒБАН БАТЫР «Тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалатынын» баяғыда байыптап айтқан ұлттың Ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлынан бастап қаншама қайрат керлердің қазақ тілі үшін қабырғасы қайыспады? Ана тіліміз тоқырауға ұшыраса да тоқтаған жоқпыз. Шырылдадық. Шыр-пырымыз шықты. Әсіресе білек сыбанып кіріскендердің бірі, бірі емес-ау бірегей күрескері Шөкең болатын. Ана тілімізді мәуелі ағашқа теңесек, Шона Смаханұлы бау-бақшаның бағбаны болды. Аялады. Баптады. Ана тіліміздің шұбарлығы жөнінде шымбайға батырып жазған шымшымалары қаншама. Ол сөйледі: «Так-так-так!» деп, Біз отырдық: «Қап-қап-қап!» деп. Жүз қайталап «значитьті», Әттегене-ай, миды ашытты. Орысша-қазақшаны сапырыстырып, ойран-ботқасын шығарып сөй лейтін орашолақтар көп болды ғой. Қазір де аз емес. Сол бір сорақылыққа күле қараған Шөкеңнің сықақ өлеңі студент кезімізде ауыздан ауызға тез тарады. «Сосед үйдің баласы Аз жеген соң хлебті, Лицосына қарашы, – Худойланып жүдепті». «Оқымасаң, лодыр боп, Сен де тупой боласың. Городта саған орын жоқ, Степьте баран бағасың» Сабаққа зауқы жоқ саппас ұлына зекіген анасының сөзі бұл. Ал, ақыл дымсынған анасына баласы былай дейді: «Мен жиырмаға жеткенше, Көп сөйлейсің бос, мама. Зря болтайт еткенше, Молоко бер кошкаға.» Бұл сықағын бұлтарып, бұқпантайламай, оқыс бұрылып ой тастайды.
Көп тіл білу мін емес, Тек қойыртпақ тіл емес. ...Әріп танып, әліппені үйренгеннен бері фамилиямызды сұрағандарға «Пәленшеев, Төленшеев» деп, әкеміздің атына «...ев» пен «...овты» қосақ тап айту дағдыға айналған-ды. Мұның өзі бір мезгіл ұйықтап, үш мезгіл тамақ ішкендей бойымыз үйренген үрдіс болатын. Өйткені Кеңес өкіметі бізді солай оқытып, солай тәрбиелегені кім-кімге де жасырын емес. Көзімді тырнап ашып, көркем шығармаларға ден қоя бастаған кезде фамилиясы ның артында не «...ев» жоқ, не «..ов» жоқ үш адамның аты-жөніне қайран қалғанмын. 1. Бауыржан Момышұлы. 2. Балғабек Қыдырбекұлы. 3. Шона Смаханұлы. Үш тұлғаның үшеуі де – ұлы! Неге? Сұлтан болуға ұмтылған жоқ, ұлты үшін ұлтан болды. Ұлы болуға ұмтылған жоқ, ұлтының құлы болуға тырысып бақты. Тәуелсіздік тұсында тәрбие алған кейінгі жастар Шона ағамыздың сынсықақтарын оқығанмен, ана тіліміздің мәртебесі үшін «мыңмен жалғыз алысып», жауға жалғыз шапқан батырлығын біле ме? Тіл үшін тіресіп жүріп Алматыда қаншама қазақ мектептерін ашқызды! Бұл жөнінде сәл шегініс жасап балалар ақыны Абдрахман Асылбектің естелігіне құлақ түрейікші. « Ол кезде Алматыда небәрі бір ғана қазақ мектебі болатын. Шона ағамызды қазақ мектебі мен қазақ тілінің мүшкүл хәлі толғандырып, Үкімет алдына мәселе қоя бастады. Қазақ мектебін ашу оңай еместігін жақсы түсінген Шөкең амал-айлаға көшіп,ең алдымен орыс мектептерінің ішінен қазақ сыныптарын ашуды қолға алды. Үй-үйді аралап, қаракөздердің тізімін және ата-аналарының ұлт мектебіне бергіміз келеді деген келісімін ала жүріп, қазақ мектептерін қалайда көбейту жолдарын қарастыра бастады. Бұл оңай шаруа ма? Жан-жақтан жанашырларды ша қырып жасақ жинады. Әуелгіде Қадыр Мырза-Әлі, Қабдеш Жұмаділов секілді атақты ақан-жазушылар, кейінірек Марат Тоқашбаев, Нұрдаулет Ақышев қостаған жорналшы жігіттер ілкінді істі ілгері жылжытты. Оларға мен де қосылдым. Сөйтіп жүріп, он шақты жыл ішінде Алматы қаласында біраз қазақ мектебі ашылды». Ал, қазақ мектебі мен балалар бақшасын ашу үшін жоғары-төменді шенеуніктерге дүркін-дүркін хат жолдап, қара терге түскенін білеміз бе? Үмбетбай Уайдиннің 2006 жылы 10 қазан күні Қазақ радиосына берген сұқбатынан үзінді келтірейік. « Қонаевтің қабылдауында болыпты деген әңгіме құлағыма тиіп, Шөкеңнен «Сол рас па?» деп бір-екі рет сұрағаным да, күліп жауап берді. «Есіктен кіріп келгенімде күректей қол алдымнан шықты. Қолым қолының ішінде жоғалып кетті» деді. Бұйымтайын сұрапты. Сонда Шөкең: «Мен соғыстан аман-есен келдім. Бала оқыттым. Еліме күлкі сыйлап жүрмін. Ендігі арманым – қазақ мектептерін көбейтсем екен!» депті. Сол сәтте Қонаев « Менің алдыма келгендер үй сұрап, машина сұрап бүгежектейтін еді» деп ризашылықпен елжірей қарапты. Шона ағадай қазақ тілінің мәртебесі үшін ашық күрестік пе? Көбіміз үндемедік. Бұғып қалдық. Партиядан қорықтық. Саясаттың салқыны тисе, тұмауратып қаламыз ба деп үріктік. Шона ағмыз бұққан да жоқ, үріккен де жоқ. Әй, батыр екен-ау!
Ғаббас Қабышұлы көзкөрген көкесінің батыр мінезін былайша баян дайды: «1985 жылдың ақпаны-ау деймін, түс әлетінде кабинетімнің есігі тық-тық ашылып, домалана кіріп келген Шөкең: – Мырза, хал жаман! – деді де, диванға отыра кетті. Орнымнан аңтарыла тұрдым да, жанына барып: – Ассалаумағалейкүм, батыр, не хал? Аспан аласара бастады ма? – дедім. Жас айырмашылығымыз біраз болғанмен, екеуіміз әзілдесе беретінбіз. Шөкеңді мен «батыр» дейтінмін де, ол мені «мырза» дейтін. – «Үш әріп» тағы шақырып жатыр, пәле болды! Мен өзім үшін жантала сып жүрген жоқпын ғой, соны ұқтыра алар емеспін! – деді қынатонының түймелерін ағыта бастап. Мемлекеттік қауіпсіздік комитетін жұрт «үш әріп» деп атайтын-ды, орысшасын – КГБ-ны сыртынан «комитет глубокого бурения» дейтін. – Әй, өздері қызық, – деп Шөкең сөзін сабақтады. – Біз Алматыда қазақ мектебі аз екенін дәлелдеп, жаңадан ашу керек деп жүгіріп жүрміз. Мәселе Қонаев жолдасқа дейін барды, екеуі ашылды, үшіншісі ашылғалы жатыр, дұрыс қой? Дұрыс! Ал мына «үш әріптегілер» болса, «сізде ұлтшылдық бірдеңе бар» деп ғайбаттайды. Бүгін де соны айтатын шығар, сағат төртке шақырыпты.» – Шона – қысқарған сөз, – дейді кейінгі шәкірттерінің бірі Балапан Базар. –Шымшымалары мен шаншымалары – Шоқ; сықақ өлеңдері мен мысалдары – От; фельетондары – Найзағай; памфлеттері – Атом! Қара ңыз, Шоқ, От, Найзағай, Атом. Бас әріптерінен Шона деген есім шығады. Сондай-ақ «Шона кім?» десеңіз, Шыншыл, Ойшыл, Намысшыл, Азамат деген жауабы дайын. Тағы да Шона. Сондықтан сықақшы Шона Смаханұлы туралы айтып, шығармаларын зерттегенде осы адами қасиеттерін ұмытпай, есімімен байланыстыра кең мағынада қарастырған ләзім. 5.АҚЖОЛТАЙ СӨЗДЕРДІ АҒАМНЫҢ АУЗЫНАН ЕСТІДІМ ...Қазақстан Жазушылар одағының қақ алдында Шона Смаханұлы аға мыз пора-пора боп сөйлеп тұр екен. Бұл 1975 жылдың қыркүйек айы-тын. Айналасында алты-жеті шәкірті аузын ашып, көзін жұмып ұйып қалған. Бақсам, қағажу көрген қазіргі қазақ тілінің мәселесі туралы тереңнен сөз қозғап тебіренуде, құдды аудиториядағы профессордан аумайды-ақ. Ағам ның аузынан естіген бұрынғы-соңғы ғұламалардың тіл туралы ақжолтай ғақлиясын қағазға түсіріп көшіріп алған едім. Соның бірсыпырасы мінеки... – Бала тілін білмегеннің Бір «шаригі» жетпейді. Ана тілін білмегеннің Мың «шаригі» жетпейді!– деді Шөкең әр сөзін шегедей қағып. – Бұл бірақ, менің шығарған шым шымам. – Паустовский «Хайуан ғана ана тілін білмейді, ана тілін білмейтін адам хайуанмен бірдей» деген еді ғой. Соған арқа сүйей отырып, шым шымаңыздың шоғына қақтап алмадыңыз ба, Шөке? – дедім маздаған ойын қоздатып. Сол сол-ақ екен, тоғаны ағытылған көлдей лақ етіп құйылып, ана тілі туралы данышпандардың ой-пікірін нөсердей төкті.
– Айналайын-ау, Владимир Ильич Лениннің өзі толық шығармалар жи нағының 45-томында «Бір елдің, ұлттың, халықтың тілін, мәдени ғұрпын, жақсы дәстүрін қорлаған адамды жазалау керек» деп жазыпты. Көсенің сөзіне көз жұмып қарағандарды кім жазалайды? Қазір бәрін керісінше істеп жатыр. Күриеулі тіліміз күн өткен сайын не боп барады? Әдет-ғұрып, салтдәстүріміз бозінгендей боздай бастады. Ал, Вяземский «Ана тілін шекараны қорғағандай қорғау керек» деген. Кім қорғап жүр? Шекараны қорғауға қолғабыс жасап жүрген шекарашы лардың иті құрлы жоқпыз ба? «Ана тілін білмейтін адам – мәдениетті адам санатына қосылмайды». Мұны айтқан Мұхтар Әуезов. Азын-аулақ қазақтың қаншасы мәдениетті? Күннен күнге кеміп, тарылып барады. «Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрі нен құр алақан қалады» деген Ғабит Мүсірепов. Ертеңгі күні құр алақан қалмайық, жігіттер! «Ана тілін білмейтін адам қолы жоқ, шолақ адам тәрізді» деген Ғабиден Мұстафин. Жасырып-жабатын не бар,қаладағы қазіргі қазақтардың қақ жартысы мүгедек. Шолақ. « Халық өзінің тілімен ғана мәңгілік» деген Шыңғыс Айтыматов. Көбіміз сақаумыз, ана тіліндегі 42 әріптің отыз үшін ғана айта аламыз. Мына түрімізбен мәңгілік елге қалай айналамыз, айналайындар-ау? «Балаға басқа тілді өз ана тілін толық меңгергеннен кейін ғана үйретуге болады» деген Надежда Крупская. Біз балаларымыздың миына басқа тілді сіңдіріп барып, сосын қазақшаға қарай сүйрейміз. Ондай бала оңа ма? «Ана тілін білмеген Ақылы жоқ желік бас. Ана тілін сүймеген Елін сүйіп жарытпас» деген қырғыз ақыны Сарноғаев. Ертеңгі күні елін сүйетін азаматтарды бүгін тәрбиелемесек кеш қаламыз. «Ана тілін білмейтін адамнан әділдік күтпе» дейді Махатма Ганди. Ақиқаттың түп тамыры ана тілімізде, ағайындар. Осыны ұмытпайық! 6. ЖҮРЕГІНЕ МУЗЫКА ҰЯЛАҒАН Сынағанын сынадай қағатын Шона Смаханұлы сықақшы ғана емес, 120 әнге төгілтіп өлең жазған өрісі кең, өрелі ақын. Әсіресе композитор Әбиүрбек Тінәлиев шығарған «Анамның тілі – аяулы үні» атты әннің шоқтығы биік. Неге? Қуатты. Шуақты. Ана тіліне деген іңкәрлік сезім бар жаныңды баурап алатыны анық. Әуені әлі күнге дейін құлағымыздың түбінде ыңылдап тұрғандай. Әуезділігі өз алдына, Шөкеңнің шөл даладай жүрегінен ақбұлақтай ағып шыққан ән мәтіні қандай, шіркін! Анамның тілі – айбыным менің, Анамның тілі – ай-күнім менің! Ойланасың. Ойпырай, қазақ даласын әуенмен тербеткен Садық Кәрім баев, Нұрғиса Тілендиев, Әбілахат Еспаев, Мыңжасар Маңғытаев, Әсет Бейсеуов, Дүңгенбай Ботбаев, Әшірхан Телғозиев, Сейдолла Бәйтереков, Алтынбек Қоразбаев секілді әйгілі композиторлардың әндеріне әспеттеп мәтін жазу идеясы қалай туындаған? Әу баста әзілкеш боп туған ағамыз дың жүрек қылын музыка қалай шертті екен? Мұның сырын да жарықтық Шөкең жазып кетіпті.
«Талас ауданының Ақкөл орта мектебінде мұғалім болатынмын. Ән-хор үйірмелеріне жетекшілік етемін. Сабақтан бос уақытымда балаларға ән-күй үйретемін. Бірде ауыл өнерпаздарының байқауы басталды. Алдымен аудан да, сосын облыс орталығы Жамбыл қаласында өтті. Облыстық байқаудан үздік шыққандар Алматыда өткен республикалық олимпиадаға қатыстық. Біздің аудан өнерпаздары бірінші жүлдені жеңіп алды. Мен халық әндері мен тақпақ айтудан көзге түскен сияқтымын. Бұл 1953 жыл еді. Содан екі-үш жыл өткен соң, ауданымызға композитор Садық Кәрімбаев келіп концерт берді. Қасында бір топ әнші-күйшілері бар. Ақкөл селосын да қойған концертінде вальс ырғақты бір әдемі әуенді Сәкең өзі баянмен құйқылжыта орындады да: «Мен бұл әнімді атақты Жамбыл қаласына арнаймын. Тек әннің сөзі – тексі болмай тұр, жазатын талапкер болса...» - дегенді айтты. Келген жұрт композиторға құрмет көрсетіп, қол соғып, әнді қайта орындауды өтінді. Әннің маған әсер еткені соншалықты үйге жеткенше ыңылдап айтып бардым. Таңертең қонақтар біздің үйге сау ете қалды. Біреулер сілтеп жіберген көрінеді. «Әніңізге сөз жазуға рұқсат етесіз бе?» – деп сұрадым. Сосын әнді домбыраға салып бұлжытпай орындап бердім. Соған риза болды ма, композитор келісе кетті. «Жамбылым қандай тамаша» өлеңіміз осылай туған еді. Жерімізде тың игеруге байланысты Қазақ ССР Мәдениет министірлігі мен Композиторлар одағы жабық конкурс жариялады. Енді-енді танысып жүрген Нұрғиса Тілендиев: «Бала, – деді менімен түйдей құрдас бола тұрып, – мен әнін жазсам, сен сөзін жаза аласың ба?» Тәуекел дедім. Бұл конкурс та Нұрекең екеуміз де екінші сыйлыққа ие болдық. «Егіншілер маршы» ағайынды Абдуллиндердің орындалуында аспан аясында самғай жөнелді. Әдебиеттің басқа жанрында – сатира саласында жүріп, жылына орта есеппен төрт-бес әнге ғана текст жазған екенмін. Демек, ән жазу қиынның қиыны дер едім. Әнін Мыңжасар Маңғытаев шығарған «Фараби сағыны шын» жазу үшін алдымен ұлы ғалымның өмір жолын, трактаттарын оқып шықтым. Ән өлеңдерінің сөзі түгелге жуық ашық дауысты болғаны жөн. Айтылып жұрген ән текстерінің басым көпшілігі қысаң дыбысты сөздерге толы. Бұл әншінің кеуде кере шырқауына кедергі жасайды. Ән өлеңдері тыңдаушыға әрі эстетикалық, әрі рухани ләззат беретіндей көркем болуға тиіс. Әйтпесе тыңдаушыны сүйсіндірмейді, тамсандырмай ды, сосын жатталмай, жатталса да бірте-бірте ұмытылып қалуы мүмкін. Біздің ән-өнерімізде лирикалық-философиялық өлеңдер тым аз. Ал әзіл әндер жоққа тән десе болғандай. «Бұтасына дейін ән салып» тұратын өнерпаз халқымыз үшін мұндай өлеңдер керек-ақ!» 7. ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР ҰМЫТЫЛМАЙДЫ Ұмытпасам, 1984 жылдың шіліңгір шілдесі. Жаңадан ашылған «Қы мызханаға» бас сұғып бара қалып ем, Шөкең жолықты. Реңі жақсы, мон шадан шыққандай балбұл жанып, балқып отыр екен. Жанында жап-жас бойжеткен. Сәлемдестім. – Кел, қымыз іш, – деді. Қоңыр орындыққа қонжидым. «Мына сұлу қыз кім, немересі ме?» деп әуелгіде әдеп сақтадым да, жұмбақ ойымды жұтып тіс жармадым. Шона ағам алпысты алқымдаған, мен отыз төрттемін, қыз сірә, жиырмаға жетер-жетпес жаста. Тамақ ішпей тамсанып қылықты қызға көз қиығымды көбірек салғанымды аңғарды ма қайдам:
– Танысып қой, аты – Данагүл. Жеңгең болады! – деді Шөкең. Оппо-о-о! Кілт тиылдым. «Белгілі Бернард Шоу 72 жасында 19 жасар қызға үйленген ғой, аға. Шона көкем де Шоудың махаббатын қайталаса несі айып? Ұлы адамдар ұқсас болады!» деп көпшік қойып көтермелеп сөйлейін деп ем, үйлеспейтін сияқты. «Абылайхан атамыз 11 әйелмен некелесіп, одан 30 ұл, 40 қыз сүйген. Сіз Абылайхан атамыздың ақ жолына түскенсіз-ау? Ұзағынан сүйіндірсін, Шоке!» десем ше? Қиқы-жиқы сөзімді қиыстырып айта алмағасын төтесінен кеттім. – Бірінші жеңгемнен – Тұран, екінші жеңгемнен – Ұлан деген ұлыңыз бар. Құдай қаласа, мына жас иіс жеңгем қошқардай ұл туса атын ағаларына ұйқастырып Жұбан қоятын шығарсыз?! – деп өзімше әзіл аңғартқандай болдым. Періште әумин деді ме, Данагүл жеңгем келесі жылы ұл туды. Алпыстан асқанда жаныма серік болсын деп ырымдады-ау, сірә, қызылшақа сәбиінің атын азан шақырып Жансерік қойды. Қайран дүние-ай! Сол Жансерігі үш жасқа толар-толмаста жарықтық Шөкең 1988 жылдың қазан айында о дүниге озды. Марқұмды жерлеу туралы арнайы комиссия құрылды. Соғыс ардагерлері атынан партизанжазушы Қасым Қайсенов, жерлестері жағынан ғалым Балтабай Адамбаев, Жазушылар одағының жасағы ретінде жас ақын Ұлықбек Есдаулет және сықақшылар қауымынан мен қосылып, марқұмның мәйітін өз аманаты бойынша туған жеріне апарып жерледік. Жамбыл облысы, Талас ауданына қарасты «Ойық» ауылындағы қара шаңырағына барғанымызда, жарықтық Шөкең көзі тірісінде «Өлсем басыма орнатасыңдар» деп өзіне-өзі ескерткіш дайындап қойыпты. Ұлт үшін туған ұлдарын ұлағаттай алатын, төрге шығарып төбесіне көтере білетін халықпыз. «Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл» болуы үшін тізесін бүкпей тік тұрып өткен, соның мәнісін ұрпақтарына ұқтырып өткен Шона ағамыздың биыл күзде белгіленген тоқсан жылдық тойына орай Жанғара Дәдебай, Ерғали Сағат, Рахымжан Тұрысбеков, Ерман Әбдиев секілді қаламгер, ғалым інілері естелік кітабын дайындау да. «Қазақфильмде» продюссер боп істейтін ұлы Жансерік әкесі туралы деректі фильм түсіру қамында. Қазақстан Жазушылар одағы сатира кеңесі мен Жамбыл облыстық әкімдігі бірлесіп, Шона Смаханұлына арналған «Көзкөрген» атты республикалық сықақшылыр сайысын яғни, әзілкештер мүшәйрәсін Тараз қаласында өткізуді жоспарлап отыр. Абай хакім «Адам өлген күні өлмейді, ұмытылған күні өледі» депті. Рас-ау, ұлы тұлғалар ұмытылмайды. Алаштың абызына айналған Әбіш Кекілбай ағамыздың парасат-пайымына арқа сүйесек «Алтын азбайды, асыл тозбайды: жайсаңның да жадтан шығып, ұмытылмағы тіпті де мүмкін емес».
Нұрғазы ШӘКЕЕВ
БӘСЕҢ ЖҮРІП
БӘЙГЕ АЛҒАН
Е гер бас редакторды патшаға теңесек, оның орынбасары, жауапты хатшысы мен бүкіл бөлім меңгерушісі уәзірлері секілді. Ал, қатардағы қара жаяу қызметкерлері “барып кел, шауып кел” нөкерлеріне ұқсайтын. Мен де сол көп нөкердің бірі боп, азуын айға білеген саяси-сатиралық “Ара-Шмель” журналының садағын асындым. “Патшамыз” – Нұрғазы Шәкеев, жасы – қырық алтыда, мен жиырма бестемін. “Сатира – қаһарлы қару, оны қолдан түсіруге бол майды!” деген қағиданы қатты ұстанып, “шаш ал десе, бас аламыз”. Атын атап, түсін түстеп, мекен-жайы мен мешкейлігін әшкерелеп, нақты фактіге құрылған фельетонды бұрқыратамыз. Әп дегенде сегіз жылдық мектептің директоры туралы шағын фелье тонымды жаратпай кері қайтарды. – Түрің құрғыр-ау, рогаткамен-ақ атып түсіретін шымшықты артилле риямен атқаның не? – деп кейіді “патшамыз”. – Біреудің биттей кемшілігіне күліп, абыройын айрандай төгуге бола ма? Ертең балалардың бетіне қалай қарайды ол? Алғашқыда “Апырмай, “Араның” редакторы да адам аяйды екен-ау?” деп таңырқағаным рас. Нұрғазы ағамның жаратылысы жайсаң, мейлінше мейірбан, шуақты жан екенін араласа келе кейінірек білдім.Күндердің күнінде “бес қаруын бойына асынған нөкері” Оспанхан Әубәкіровті ка бинетіне шақырып алып: – Бастауыш партия ұйымының атына арыз жаз! – дейді. – Не деп сүйкеймін? – дейді Осекең таңырқай қарап. – “Мені коммунистік партия мүшелігіне кандидат етіп қабылдауыңызды сұраймын” деп сүйке. Коммунист болсаң, фельетон бөлімінің меңгерушілігіне бір саты жоғарылайсың. Мә, қалам. Мә, қағаз. Жаз. Жарықтық Осекең отыра қалып “Мені партия мүшелігіне қабылдамауыңызды сұраймын” деп жазыпты. Бас редактор: – Ей, мынауың не? – деп сұраса, Осекең: – Итке темірдің керегі не? – депті. Сонда Нұрекең: – Өй, түрің құрғыр! – деп күліпті де қойыпты. Ол да бір дәурен, өтті де кетті. Кеңес дәуірінде тек коммунистердің ғана қызметін биіктететін. Солардың басым көпшілігі отан үшін отқа түсетін шын мәніндегі ком мунист емес, орысша айтқанда “просто член КПСС” екенін іштей се зетінбіз. Біздің Нұрекең тайпалмас жүйрікті тағалап, талантты бағалап еді, даңғылға апаратын дайын баспалдаққа Осекең шыға қоймады. Жанжағындағылардың жағдайын ойлайтын басшының жүрек лүпілін сезгенімі зде данышпан Сарьянның айтқаны есімізге түседі. “Адамның ең асыл қасиеті – жақсылығы” деген екен. Ағаның асыл қасиеті мен шарапатын көрген шәкірттері көп-ақ. Соның бірі – өзім.
Кешкілік жұмыстан қайтатын мезгілде Нұрғазы ағам телефон шалып: – Маған келіп кетші! – деді. Бардым. Бес тиын сұрады. Ірілеу қағаз ақша шығарып ем: – Жоқ, маған бес тиын керек! – деді. Бес тиын бердім. Артынша қайта шақырып: – Мен Абай мен Коммунист проспектісінің қилысында тұрам. Соған осы жерден қандай автобус барады? – деп сұрады. Сірә, “служебный” машинасы бұзылып қалса керек. – Онда бірге қайтайық, аға. Сіздің үй жолда ғой, – дедім. Автобусқа отырдық. Он тиынға екі билет алдым. Үйіне жақындағанда: – Мә, рахмет! – деді де бес тиынымды алақаныма салып, аялдамадан түсіп қалды. Бұл не? Қарапайымдылық па? Бастығымның бала мінезіне таңырқадым. Жұмыс орнынан үйіне дейін қандай автобус баратынын білмеуі де заңды ғой. “Социалистік Қазақстан” газетінің жауапты хатшысы, “Мектеп” баспасының Бас редакторы, Республикалық Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі Мемлекеттік комитеттің Бас редакторы қызметін атқарғанда үй мен кеңсенің арасында қызмет көлігімен қатынап, табаны тасқа тимей кеткен Нұрғазы Шәкеев қой. Ұмытпасам, 1977 жылдың қаңтарында Димаш аға Қонаев Қазақстан Орталық партия комитетінің құзырына қарайтын газет, журналдардың жайкүйімен танысты. Тоғыз қабат баспасөз үйінің сегізінші қабатындағы “АраШмель” журналының оншақты бөлмесін аралап, сүт пісірім уақыттай аял дады. Жанында ЦК-ның жауапты қызметкерлері мен “Дәуір” баспасының директоры Әнуарбек Тілеулесов. Әшейінде әңгімеге тұйық Нұрғазы ағам: – Димаш аға, – деді сыпайылап, – Мына Шолпан деген қызметкеріміз 1956 жылы Ғабит Мүсірепов негізін салған “Ара-Шмель” журналы ашылғалы істеп келе жатқан көнекөз маман. Күйеуі Ұлы Отан соғысының ардагері. Мүгедек. Бала-шағасының басы көп. Ал, мына жігіт (мені иегімен нұсқап) жас маман. Өзіңіз білесіз, Леонид Ильич Брежнев жас мамандарға бірінші кезекте жағдай жасау керектігі туралы съезде мәселе көтерді ғой. Біздің осы екі маман пәтерге аса зәру. Көмектесіңізші. – Менің атыма хат жазыңыз! – деді Дінмұхаммед Ахметұлы. Бір ай шамасында Шолпан апайға төрт бөлмелі жаңа пәтер берілді де, оның босаған екі бөлмелі үйі маған бұйырды. О заманда Алматыда баспаналы болу айдың бетінен алты сот жер алғанмен пара-пар еді-ау! Келесі жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық жас сықақшылардың байқауына мені өзімен бірге ала барды. Байқаудың төрағасы “Кроко дил” журналының Бас редакторы Евгений Пантелеевич Дубровиннің қабылдауында болдық. Сөз саптауларына қарағанда, бір-бірін бұрыннан білетін сыңайлы. “Оң көзбен қараңыз” дегендей мені асыра мақтап таны стырды. Ол кезде Қазақстан Отан қоймасына жыл сайын бір миллиард пұт астық тапсырып, Брежневтің аузынан шыққан “Солнечный Казахстан” деген ықыласты ыстық лебіз қанатты сөзге айналып кеткен дәуір-тін. – Еліміздің түкпір-түкпірінен 130 жас сықақшы қатысып отыр. Ертең “Солнечный Казахстаннан” келген жас сықақшының юморын тыңдаймыз! – деді Дубровин іш тарта сөйлеп. Жақсының шарапаты деген осы шығар, сол жолы Бүкілодақтық жас сықақшылар байқауының лауреаты атандым. Бірнеше әзіл-сықақтарым
“Крокодил” журналына басылып, “Правда” баспасынан шыққан “Крохот ные звезды” деген сатиралық топтама кітапқа кірді. Жетпіс тоғызыншы жылдың соңына таман ҚР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі Мемлекеттік Комитеттің Бас редакторы боп екінші рет барғанда қаншама жас ақын-жазушылардың бағын ашты... Нұрекеңнің аузынан өзекжарды өкінішін естідім. – Өкіметтің жұмысы мені жеп қойды, – дейтін ауыр ойға шомып, – жасырақ кезімде жазам деген роман, повестеріме қайта оралсам, ойларым мен оқиғаның бәрі күнсіген көйлектей реңін жоғалтып, тозып кеткен. Ұстасам – іріп тұр. Темірді қызған кезінде соқпаппын. Семей өңірінде Мейрам Оралов деген жігіт бар. Талант. Нағыз талант. “Қыз Жібек”, “Алпамыс”, “Орақ-Мамай”, “Ер Көкше” секілді батырлар жыры мен халық ақындарының өлеңдерін былай қойғанда, “халық жауы” атанған аты-жөні беймәлім шайырларды жатқа соғады. Жады күшті. Жаңылмайды. Сол баладан ғылым докторы шығатын еді. Ғылыммен ай налыспайды. Ауылда аң-құс атып, әншейін жүр. Қаламгер қарындасымыз Сайраш Әбішева да өз мүмкіндігін онша пайдаланбайды. КазГУ-дің сту денті Еркін Жаппасов деген сарыүрпек баладан сайдың тасындай сатирик шығады-ау, – деп отыратын. Көсемсөз шебері Нұрғазы Шәкеев қырықтың қырқасынан асып, елудің есігін қақпай тұрып-ақ қаншама іс тындырды. Қазақтың біртуар өнер қайраткерлері Елубай Өмірзақов, Шара Жиенқұлова, Мүлік Сүртібаев, Ер мек Серкебаев, Жүсіпбек Елебеков, Байғали Досымжанов, Әбілхан Қастеев туралы очерктерінің әрқайсысы бір кітапқа бергісіз көркем туынды. Қазақ радиосынан ауық-ауық берілетін радиопьеса мен спектакльдерінің өзі бір төбе. Басқасы басқа, Мұхтар Әуезовтің “Абай жолы” романына инсцени ровка жасаған жоқ па?! “Менің таныстарым” атты очерктер жинағындағы “Партизан Қасым Қайсенов” деген туындысының тұшымы қандай! Нұрғазы ағам саяси аудармамен де, педагогикалық аудармамен де ай налысты. Әсіресе, көркем аудармасы көз жауын алады. Орыс классиктері Гоголь, Тургенев, Лесков, үндінің ұлы жазушысы Кришан Чандар мен түрік жазушысы Факир Байқұрт, сондай-ақ болгар жазушысы Стефан Продевтің шығармалары қазақ оқырмандарымен қауышты. Одан басқа да армян жа зушысы Нар-Достың, венгер қаламгері Тибор Дерннің көркем дүниесін Нұрекеңнің аудармасы арқылы оқып, сусындамадық па? – Аударма оңай шаруаға жатпайды, – дейді Шериаздан Елеукенов, – Александр Пушкиннің өзі аударма туралы “Бұл – мен білетін әдебиет салаларының ең қиыны” деген. Бұдан ширек ғасырдай бұрын ағамның үйіне барсам, жазу столының үстінде қалыңдығы кереқарыс, көлемі 60 баспа табақтай кітап жатыр екен. Мұқабасына көз қиығын салсам, авторы – Исай Калашников. “Жестокий век”. – Мына романды “Сұм заман” деп аударуға кірістім, – деді қолжазбасын парақтап. – Аты онша ойнамайтын сияқты. “Зар заман” десеңіз қалай болады? – дедім өзімше бірдеңе білетіндей. Ағам бұл ұсынысымды құптамады. – Исай Калашниковтің бұл романы орыстың дәстүрлі реалистік проза сымен астасып жатқан ауқымды дүние, – деді де әңгімесін әрі қарай өрбітті.
– XVІІІ ғасырдың басындағы монғолдар тұрмысы романға арқау болған. Бас кейіпкер Шыңғысхан зұлымдығы айқын суреттелген. Сұм заманның сұрқия қылықтары жаныңды түршіктіреді. Халықтың қайғы-қасіреті де қадау-қадау оқиға. Сондықтан да “Жес-токий векті” “Сұм заман” деп аударған дұрыс. Осы роман әртүрлі себептермен кешеуілдеп, баспадан 2004 жылы жарық көрді. Әйтсе де, еңбегі еленіп, айшықты аудармасы үшін Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты атанды. Бағаланатын да жөні бар, өйткені баспаға ұсынылған аударманың кейбір тұстарына сын айтқан Кәрібай Ахметбековтің ескертпелерін екі айдай елеп-екшеп, сұқ саусағының сүйелі қалыңдағанша қатты қарағанын білем. Қазақ баспасөзінің қара суығына тоңып, ыстығына күйіп араласқан Әбілмәжін Жұмабаев бір ауыз сөзбен Нұрғазы Шәкеевті “Қаламының қанаты бар” деп бағалаған. – Біз, Нұрғазы екеуміз, жастық жалынымызды қазақ баспасөзінің қара шаңырағына берген жандармыз, – дейді Әбілмәжін аға естелігінде. – Редакцияның Мәдениет және тұрмыс бөлімінде тілекке-тілек, жүреккежүрек қосып, бірге істедік. Сол кездері қанатын енді қомдап келе жатқан балалар әдебиетінің жас талабы Бердібек Соқпақбаевтың “16 жасар чем пион” повесі жөніндегі дәйекті сыны, М.Горькийдің “Әдебиет туралы” кітабының Құрманбек Сағындықов жасаған аудармасына байсалды пікірі елді елең еткізді. Іле-шала Нұрғазы “Көркем әңгіме туралы” деген мақала жазып, Сәкен Жүнісов пен Шәрбану Құмарова хикаяларына баға беріп, жас қаламгерлердің болашағы жарқын екенін айтты... Саяси-сатиралық “Ара-Шмель” журналының таралымы Нұрғазы Шәкеевтің кезінде 640 мыңға жетті. Министрлерден бастап, облыстық, аудандық партия комитетінің хатшыларын, прокурорлар мен парақорларды аяусыз сынайтын. Карикатураларының өзі бір сықақтың жүгін арқалайтыны соншалық, “Араның” аудармасы ретінде орысша шығатын “Шмель” жур налы Мәскеу киоскілерінде сатылатын. Редакция қызметкерлері мен алқа мүшелері Жүсіп Алтайбаев, Садықбек Адамбеков, Шона Смаханұлы, Те мірбек Қожакеев, Ғаббас Қабышұлы, Мыңбай Рәшев, Оспанхан Әубәкіров, Оспанәлі Иманәлиев, Үмбетбай Уайдин, Қажытай Ілиясұлы, Төленді Нұрмұхаммедов секілді сайыпқыран сатириктердің топтасқан кезеңі. Нұрғазы аға үлкен бе, кіші ме, бәрібір, алдына келген адамның сөзін мұқият тыңдап отыра беретін. Оның осы бір жер қозғалса қозғалмайтын шыдамдылығы туралы Үмбетбай Уайдиннің әзілдеп айтқан әңгімесін Шериаздан Елеукенов түртіп алыпты. Көз жүгіртейік. “Бірде, шұғыл шаруамен Бас редакторымыз Нұрекеңнің кабинетіне кіріп бардым. Бір кісімен әңгімелесіп отыр екен. Кері шегіне қойдым. Араға жарты сағат уақыт салып, тағы да бетімді көрсетіп ем, Нұрекеңнің қаулаған қалың бұйра шашы түрегеліп барады екен. Назад бердім. Араға тағы да жарты сағат уақыт салып, бетімді есіктен қаратып ем, Нұрекең ана шеттегі қағаздарын үстелдің мына шетінен мына шетіне, қайта ана шетіне тасып отыр екен. Енді бір қарағанымда бетінің бояуы қоюланып, шашы қобырап, әлгі қимылы скорость алып кетіпті. Түс болды. Түстен кейін кір сем, “Өлең оқыды ма, өткелек оқыды ма, түске шейінгі қайран уақытымды пәленшекең алып кетті” деп күлді. Манағыдай емес, тыңайып қалыпты”. Нұрғазы ағам КазПИ-дің тіл-әдебиет факультетін бітіріп, “Социалистік
Қазақстан” газетінде істеп жүргенде бірінші курс студенті Сәния деген қызбен танысады. Сұлу қызға көңіл білдірсе, ол “Мен оқуымды аяқтамай, тұрмысқа шықпаймын!” дейді. Сол сұлудың жолына қарап, диплом алғанша көзі бозарып бес жыл күткен ғой. Міне, төзімділік! Міне, махаббат! Сексенінші жылдардың басында Нұрғазы аға, Сәния жеңгей үшеуміз Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында тұратын ақын Нарма хан Бегалиевтің үйінде қонақ болдық. Дастарқан басында Шерхан Мұртаза, Сәкен Жүнісов, Бек Тоғысбаев секілді ағалардың әуелетіп ән салатынын білетінбіз. Нармахан ағамның шаңырағында Мәдидің “Қаракесек” әнін шырқағанда опера театрында отырғандай сезіндік. Сұрасаң руымды қаракесек, Досымнан дұшпаным көп қылған өсек... Содан кейін Сәния жеңгеймен үйлену тойында айтқан әуезі бөлек әнін нақышына келтіріп орындады. Бешпетің үстіңдегі кіл қарадан, Ілгегін жарастырып кім қадаған? Алыстан арып-ашып келгенімде, Көзіңнен айналайын бір қараған. Қанша жыл қанатының астында болсам да Нұрғазы ағамның әншілік қырын байқамаппын. Әлде, бұл бәсең жүріп бәйгеге қосылатын хасжүйріктің белгісі ме? Қазына боп қартайған Нұрғазы ағам сексенге қараған шағында былтыр дүниеден озды. Биязы мінезі көз алдымда. Әсіресе, қара өлеңге құрылған халық әндерін қалықтатып орындаған қоңыр даусы құлағымның түбінен естіліп тұрғандай. Айт дегенде өлеңді үстеуші едім, Тоят алмай тұғырдан түспеуші едім. Теңбіл көктің баласы затым тұлпар, Тұнық судан басқаны ішпеуші едім..
ӘËÆІÊÎÂ
СӨЗ ЖАРЫҒЫ
СӨНБЕЙДІ
Қ ызылорда қаласындағы Сақтапберген Әлжіков атындағы орта мектептің ұжымы кездесуге шақырды. “Шіркін, уақыт-ай, семсер тілді ағам да сексенге кеп қалыпты-ау!” – деп әуелгіде кәдімгідей толқыдым. Сатирик Сақтапберген Әлжіковтің аты-жөнін “Ара” журналының бетінен ал ғаш рет оқығанымда “Ау, бұл кісінің аты неге Сақтапберген?” – деп ойлағанмын. Бірақ, қазақтар ат қойғыш қой. Ырымшыл. Қыздан кейін қыз туса “Ендігісі ұл болсын!” деген үмітпен сол нәрестенің атын Ұлтуар немесе Ұлболсын деп қоя береді. Бұл да солай шығар. Анасы көптен бері көтермей жүріп тапқан баласы ның атын азан шақырып, әдейі Сақтапберген деп қойды ма екен? Оқушы кезімде осылай жорыдым. Өзін танымаймын. Жазулары жадымда жатталып қалған. Сөзі мірдің оғындай. Алғаш рет фельетонын оқығанымда “Ойпырмай, сынаған кісінің аты-жөнін атап, түсін түстеп, жегенін желкесінен шығарып, оңдырмай түйрейді екен-ау” – деп таң қалғаным бар. Кейіпкерін тірідей шоққа шыжғырған бір облыстың әжептәуір дәрежелі соты қу дүниеге қызығып, істі дұрыс шешпей жылы жауып қоя салған ба, соны сын садағына түйреген. Солақай сот туралы фельетонның атын “Тұз сасыса не себеді?” деп қойыпты. Қазақтың “Ет сасыса тұз себеді, тұз сасыса не себеді?” деген мәтелін сыналай қағып ойнатқан, қылжақтап қырық құбылтқан шеберлігіне тәнті болдым. Мектепті бітіріп, Алматыға келгесін “Ара” журналын іздеп бардым. Қазіргі Жазушылар одағы ғимаратының үшінші қабатына орналасыпты. Бас редакторы – Жүсіп Алтайбаев, жауапты хатшысы – Сақтапберген Әлжіков. Қабатындағы бөлмеде – Садықбек Адамбеков пен Шона Смаханұлы. Жазбай таныдым. Бойымды бір ерекше сезім биледі. Құдай-ау, мен қайда тұрмын? Қазақтың сөз зергері Ғабең, Ғабит Мүсірепов редактор болған “Ара” ғой бұл! Оның ар жағында Бейімбет Майлин, Жүсіпбек Аймауытов, Ілияс Жансүгіров... Одан кейін Асқар Тоқмағамбетов, Қайнекей Жармағамбетов, Олжас Сүлейменов, Мыңбай Рәшев, Жүмекен Нәжімеденов, журналист Сарбас Ақтаевтар жұмыс істеген “Ара” ғой бұл! – Әй, бала, неғып тұрсың, шаруаң бар ма? – деді бір кісі дәлізде жолығып. Жалт қарадым. Сақтапберген Әлжіков екен. – Жоқ, аға, әшейін көрейін деп кеп ем... Көрдім. Алғаш рет Сәкеңді көрдім сонда. “Тағы бірдеңе деп қала ма?” деп қаймықтым да, табанымды тезірек жалтыратып, зыттым. Қазір ойласам, бекер безгем екем. Құдай өзі жолықтырып тұрған ағаларыммен ертерек араласып кетуім керек еді-ау. Бірақ, жүрексіндім ғой. Соңғы курста оқып жүріп өндірістік тәжірибеден өту үшін “Ара” журналына келдім. Тағы да Сақтапберген ағамды көрдім. Жауапты хатшы. Редакторы – Тельман Жанұзақов. – Әй, бала, неғып жүрсің? – деді танымаса да. – Сіздерге кеп ем, Сәке! Шаруамды айттым. Баласы әскерден келгендей қуанып қалды. Оспанхан Әубәкіров, Оспанәлі Иманәлиев, Үмбетбай Уайдин, Есенжол Домбаев ағала рымның қатарына апарып отырғызды да: – Мына бала практикант. Жазу-сызуды үйретіңдер! – деп тапсырды. Не үйре нем? Өзім де білмеймін. Бір күні Сәкең кабинетіне шақырып алды да, Мәскеуден шығатын сатиралық “Крокодил” журналын алдыма тастады.
– Міне, фельетонды осылай жазу керек. Оқы! – деп бір бетті нұсқады. Көз жүгірттім. Ол кезде шарикпен жазатын пасталы қаламдардың енді шыға бас таған кезі. Соны сынапты. Онысы рас, бұл қаламның сапасы нашар, бір әрпі жазылса, бір әрпі жұқпай қалатын. Сол қаламды жасап шығаратын фабриканың директорын әжуалаған фельетон екен. Алып бара жатқан ештеңесі жоқ, бірақ формасы жақсы. Фельетонның аты – “Дор...гой дир...ктор, И...нан Ив...нович! Я вам п...шу!”. Әрі қарай әріптері әрекідік түспей қалған түсінікті сөздермен сынайды да, ең соңында “Ренжімеңіз. Осы хатты сіздер шығарған қаламмен жазып отырмын” деп тоқталады. Міне, шеберлік! “Е-е, фельетон жақсы болу үшін ең бірінші форма керек екен ғой” деп пайымдадым. Күндердің күнінде “Ара” журналына фельетонист боп жұмысқа тұрдым. Редакторы – Нұрғазы Шәкеев. Сақтапберген ағам сол баяғы – жауапты хатшы. Орнында. Жылжымайды. Ол кездегі сын-сықақ журналымыз “Ара”–“Шмель” деген атпен орысша-қазақша екі тілде шығатын. Сақтапберген ағам бір беттік орысша әзілді “қазақшала” деп маған тапсырды. Отыра қап өзімше аудардым. Ұнатпады. Кері қайтарды. Қара терге түсіп, қайтадан қарадым. Жаратпады. Ақыры сол дүние аударылмай аяқсыз қалды. Қағазбастылықты сынайтын қы зықты дүние еді. Қысқаша мазмұны – өрт сөндірушілердің жарамсыз күрегі туралы жоғарыға хат жазады. Нобайы былай: күректің сабы жарылған. Мойны былқылдақ. Бір шетін тот басқан. Өрт сөндірушілердің тақтасына қисық ілін ген. Ілгегі кең. Сабы қызылмен боялмаған. Мүлікті тіркейтін нөмірі жоқ. Өрт сөндірушілердің кітабына тіркелмеген. Тот басқандығы туралы анықтама қағазы жоқ. Күректің сабын жарған адамды әкімшілік жазаға тартпаған. Өстіп кете береді. Қысқасы, қырық түрлі ақау табады да, ақыр соңында осы күректі “списайт” ету туралы арнайы комиссия жіберуін сұрайды. Күлкі шақыратын күрек туралы әзіл әңгіме ой салды ма, Сәкең: – Жазылмаған шығарманы жерге теңесек, сықақшылар күрек сияқты. Жерді қопарған сайын темір күрек жалтырай түседі. Жай тұрған күректі тот басады! – деді. Біз күрек болсақ, Сәкеңдер соқа еді ғой. Таңның атысы, күннің батысы қа ламын соқадай сүйретіп, “жер” жыртатын да жататын. Ара-кідік ақыл-кеңесін айтатын. “Ерінбей еңбек етуді Әзілхан Нұршайықовтан үйреніңдер!” дейтін. Сол кезде Әзілхан ағаның сұхбаты бір газетке жарияланды. “Журналистің бойынан табылатын басты қасиет қандай болу керек?” деген сұраққа, Әзағаң былай депті: “Журналист бойына барлық қасиеттерді жинаған, елгезек, елпек, қарапайым, кішіпейіл, жұғымды, ерінбейтін еңбекшіл, ұстамды, ұйымдастырғыш, жазғыш, айтқыш, ақылды азамат болу керек”. Сәкең бірде бәрімізге бір-бір көк кітапша таратты. Ішін ашсаң – аппақ парақ. “Сәке-ау, мұны не істейміз?” дедік. “Келіп түскен материалдарды әрқайсың осы кітапшаға тіркеп отырыңдар. Қай материал қашан түсті? Қай нөмірге жариялан ды? Ол дүние кімдікі? Мекен-жайы қайда? Бәрін ұқыптап жазыңдар” деп бізді жинақылыққа үйретті. Жарықтық Оспанхан Әубәкіров жалма-жан “Сәкең берген көк кітап, көк кітаптан жоқты тап!” деп әлгі кітапшаның сыртына жазып қойғаны есімде. Ағылшынның атақты жазушысы Марк Твеннің “Дүниеге жарық беріп, сәуле шашатын екі-ақ күш бар. Оның бірі – аспандағы Күн, екіншісі – Жердегі журналист” деген қағидасын жиі қайталап отыратын. “Журналист – өмір бойы жолаушы, жолға шығыңдар!” деп тыным бермей бәрімізді жан-жаққа қуатын. Күндердің күнінде редакторымыз басқа жұмысқа ауысып кетті де, орны босап қалды. Сақтапберген ағам болса, сол баяғы жауапты хатшы. Бір аптадан кейін кабинетіне шақырып алды да, жайлап: – Бізге кім редактор болады екен? Білдің бе? – деп сұрады. Иығымды қиқаң еткіздім. – Ел, кім келеді деп жатыр?
– Қайдан білейін, Сәке. Әйтеуір біреу келетін шығар, – дедім ағымнан ақтарылып. Ертесіне өзі келді. Мәссаған “Ара” журналының бас редакторы – Сақтап берген Әлжіков! Өмір бойы жауапты хатшы боп істегендіктен бе, біз о кісіні редактор болады-ау деп ойламаппыз. Келе сала сатирадай қаһарлы қарудың күшін байқатты. “Сатира – зеңбірек, зеңбірекпен торғай атпаңдар” дейді. Сәкең небір аузынан от шашқан айда һарларды нысанаға алды. Аудан, облыс көлеміндегі басшылар былай тұрсын, анаған-мынаған арқа сүйеген үлкен-үлкен лауазым иелері “Араның” табалды рығын тоздырып жатты. Жан беру оңай ма, “Айналайын, “Аражан”, бізді жаза көрме, жазғыра көрме!” деп әлгі дәулердің жалынышты күй кешкенін көзіміз көрді. Сол тұстарда Сәкең “Мен кеттім су түбіне”, “Тағы да кім бар?” деген әзіл-сықақ, фельетон кітабын баспадан шығарып, бәрімізге қолтаңба қойып, үлестірді. Би-ағаңның кейіпкері– Мырқымбай, Асқар Тоқмағамбетовтың кейіп кері – Маймұрын, Оспанханның кейіпкері – Бөден, Пәштуан, Шонаның кейіп кері – Елпекбай болса, Сақтапберген ағаның кейіпкері Тасқайнатар болатын. Ат қоюдан да автордың мінез-құлқы көрініп тұрады деген рас-ау. Оны байқағаным, әрбір жазған фельетонын шара қолдану үшін тиісті меке мелерге жіберіп, нақтылы жауап беруін талап ететін. Базбіреулер қалжыңның қара қазанына ас қайнатса, біздің Сәкең тас қайнататын. Ол жөнінде, әсіресе шығармашылығы төңірегінде профессор Темірбек Қожакеев кезінде кең көсіліп, кертіп-кертіп талдаған. Ертеде Франция короліне бір әзілкеш: “Сэр, – депті, – меніңше сіздің ке ңесшілеріңіздің бәрі шетінен ақымақ. Олар бәрі жабылып, Италияны қандай жолмен басып алу туралы қайта-қайта айта беретіні несі? Құдай-ау, о жақтан қай жолмен қалай қайтатыныңызды ең болмаса естияр біреуі есіңізге салмады ғой”. Сақтапберген Әлжіков өз заманында Фельетон елінің королі болған. Бірақ, ол барар жолын білгенмен, қайтар жолын білмеген Францияның королі сияқты күй бең тіршілік кешкен емес. Кіретін, шығатын есігін күнілгері айқындай алатын, әрі тактикасы мен стратегиясын шебер қолдана білетін қаһарлы қаламгер еді. ... Арада талай жылдар өтті. Күндердің күнінде бөлмеме Сәкең келді. Бұрынғы бастығымды көргенде орнымнан атып тұрдым. Қазір жауапты хатшы емес. Бас редактор емес. Зейнеткер. Баяғыдай қунақы. Ширақ. – Әй, бала! – деді өзімсініп. – Ағаң жетпіс жасқа толғалы отыр. Алыс-жақын ағайындарды жинап, шай берсем деп ем. Сол дастарханды сен басқарсаң қайтеді? – Ойбай, Сәке-ау, өмір бойы мені басқарғаныңызда бір тойыңызды басқара алмаймын ба? Басқарам! – дедім мен де қалжыңға жығып. Жетпіс жылдық мүшел тойы жақсы өтті. Әсіресе, өзі риза. Осы күндері Сәкеңнің ғұмырбаяндарын көз алдымнан өткізсем, мына мысал есіме түседі: Балауыз шырақ жаңа-жаңа тұқылына жетеді де, сөніп тынады. Сол кезде: – Өмірі қандай қысқа болды! – дейді тесік-тесіктен жорғалап шыққан тара қандар. – Мына шырағың аз жанды ғой өзі... – Иә, аз жанғаны рас, – дейді ескі шырақтың тұқылы.– Әйтсе де, жан-жағына жарық беріп өтті. Оның жарығынан жан-жағындағылар қуаныш көріп, ғұмыр кешті. Кенет, қараңғылық жарқ ете қалды. Электр жарығынан шошынған та рақандар тұс-тұсқа тым-тырақай қашты. – Әй, түрің құрғыр тарақандар-ай, жарықтан неге қорқасыңдар осы? Бұл мысалды тұспалдауымның да себебі бар. Сықақшылар қауымы – шырақ, шырақтың жарығы – сықақ. Иә, солай! Сәкең де шырақ секілді аз жанды. Жа нып-жанып таусылды. Жетпіс екіге қараған шағында шырағы сөнді. Жо-жоқ... Көзінің шырағы сөнгенмен, сөзінің шырағы сөнген жоқ. Сөздің шырағы сөнуші ме еді?! Соның бір дәлелі мінеки, Сақтапберген Әлжіков атындағы мектепте сөздің сәулесі төгіліп тұрғандай. “Егемен Қазақстан” газеті, 2004 жыл.
Тұтқабай
ИМАНБЕКОВ
ӘТТЕҢ ТОННЫҢ
КЕЛТЕСІ-АЙ...
М інез! Осы бір сөзде қаншама сыр бұғып жатыр?! Бас білмеген асаудай тықыршып тұрған жігіттерді «Тарпаң мінезді» дейді. Есіле – жібек, ерісе май болатын ұяты бар ұяңдарды «Қыз мінезді» деп бағалаған. Осындайда ұлы Мұхаң, Мұхтар Әуезовтің «Әр қаламгер әдебиетке өзінің талантымен ғана емес, мінезімен сіңісуі керек» деген хадистің сөзіндей қағидасы еске түседі-ау. Тұтқабай ағам мінезге бай еді. Ашу шақырып, атойлап шыға ке летін жердің өзінде сабыр сақтап, салқынқандылықпен қарап отыратын. Диірменнің астыңғы тасындай қозғалмаса да, бидайыңды ұнтақтап ұнға айналдыратын мыңқ етпес мінезіне қайран қалатынмын. Көзі тірісінде «Көкемді осында қалдырып кетсең, келесі жылы осы жерден тауып аласың» деп қалжыңдайтынбыз. Ұлы Мұхаң айтқандай, «әдебиетке та лантымен ғана емес, табиғи мінезімен де сіңіскен» ағаның атын байлап, қолына су құйып, қолтығының астында жүрген інілерінің бірімін. Осы күні ойласам, көп нәрсе үйреніппін. «Нені?» дейсіз ғой? Қолынан қойын дәптері түспейтін. Өнегелі сөздерін өріске шығарған қойдай өрбітіп, қойын дәптеріне түртіп қоятын. «Қанатты сөз – қазынам, өнеге – өрісім. Менің мөрім де, шығатын төрім де сол. Халық қастерлеген қанатты сөзбен кейінгі ұрпақты ұлағатқа баули аламыз» дейтін. Қойын дәптерін қопармай-ақ, есте қалғандарын бүгінгі оқырманға ұсынайын. Ыждаһаттап оқыңызшы, тұтқаның бойындағы тұнып тұрған мінезді байқайсыз. Бақ қонғанның бәрі бірдей жан емес. *** Үзеңгіңді шірей берсең үзілер. *** Үйіңнен қонақ азайса, Үйлесімнің кеткені. *** Талант – алақаныңдағы су сияқты, Абайламасаң ағып кетеді. *** Тобық кемірген тоймас. *** Қарғыстан басқа қайғы жоқ, Соңында жүрме саяздың.
*** Арамдықтың мазағынан Адалдықтың азабы артық. *** Көлдегі аққу су бетіне тамған сүт секілді. Сәл нәрсеге мұңаятын. Онысы көзінен көрініп тұрады. Бірақ ләм-мим – жақ ашпайды. Одан гөрі қатты сөйлеп, қабырғаңды сөккені тәуір еді ғой деп ойлайтынбыз. Тығырыққа тірелгенде, «Әттең, тонның келтесі-ай» дейтін де қоятын. Кеңес өкіметі кетіліп, сетіней бастаған дәуірдің қарсаңында, «обалы аз, таз ел болып барамыз-ау» деп қамығатын. Өз өлеңдерін өзі жатқа біле ме, білмей ме, онысын аңғармадым. Бірақ «Әттең, тонның келтесі-ай» деген әннен кейін мына шумағын жиі қайталайтын: Қарғаға қыран ғашық болып жатыр, Алдаспан ағашты да жонып жатыр. Азайып кеткеннен соң қырдың гүлі, Бұлбұл да тікенекке қонып жатыр. Сонау 1980 жылдың көктемінде Ташкенде өткен Бүкілодақтық жас сатириктер байқауына бірге қатыстық. Ағам ол кезде саяси сатиралық «Ара – Шмель» журналында жауапты хатшы болатын. Жол-жөнекей Шымкентке соқтық. Аз жазса да да саз жазатын дарынды да қарымды жазушы інісі Мархабат байғұт үйіне қонаққа шақырды. Сонда Американы ашқандай болдым. «Жетім қыран», «Үш айдың үш күні», «Тұт ағаштың көлеңкесі» секілді повестер мен азын-аулақ әңгімелері арқылы танитын Тұтқабай ағамды жаңа көргендей болдым. Әнші екен. Композитор екен. Жаңа қырынан таныдым. Әсіресе, аса сабырлы, өте төзімді мінезіне сол күні таң қаламын. Ағама еркеледім. Шыдап бақты. «Аға деген – ақ жайлау» деп Тұқаңдай тұлғалы азаматтарға қарап айтқан-ау. Кейінірек қыздар педагогикалық институтында Тұтқабай ағамның шығармашылық кеші өтті. Қатыстым. Зал лық толы. Қызғалдақтай қыздар. Екі сағатқа созылған кеште Тұқаңның өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Әсіресе, «Қызыма» деген өз әнін өзі орындағанда, көзіне жас алмаған көрермен кемде-кем шығар. Көзге неге жас үйірілді? Иман, иба, қыз тағдыры, әдеп, әкелік мейірім бір әннің ішінде тербетіліп тұр. Сол ән қазір қайда? Неге айтылмайды? Жалпы Тұтқабай ағамның прозалық шығармаларынан басқа поэзиясы мен әндері қайда? Баспа бетін көрмеген. Неге? Осы тектес ойлармен қолжазбасы мен қойын дәптерін сұрастырып, архивін ақтарайын деп қара шаңырағына хабарлассам, айналайын алтын жеңгем былтыр дүниеден озып кетіпті. Көрші-қолаңнан: – Ауырды ма? – деп сұрадым. – Анау айтқандай ауыра қойған жоқ, – дейді қоңсылары. – Бірақ күйеуі мен баяғыда көз жұмған баласын есік алдында іздеп, есеңгіреп қайтыс болды. Денем түршігіп кетті. Әттең, тонның келтесі-ай!
Марат
НҰРҚАЛИЕВ
ТАНЫЛЫП
ҚАЛҒАН
ТАЛАНТ ЕДІ-АУ!..
М арқұм Марат туралы естелік жазарда аузы дуалы ата-бабалары мыздың «отызында орда бұзбаған қырқында қыр аспайды» деген тұжырымды да тұздықты мәні бар мәтелі есіме түсті. Ол ұзақ жасаған жоқ, көпті көрген көнекөз қариялардың тілімен сөйлесек, «Алланың өлшеп берген өмірін» сүрді де, орда бұзатын отыз үш жасында бұралаңы таусылмайтын бұл дүниемен қоштасып жүре берді. «Түстік өмірің болса, күндік мал жина» деп ата-бабаларының айтып кеткен ақылын да алған жоқ. Ежелгі Мысыр елінде өмірден озған марқұмдардың басына орнатқан құлпытасқа біздегідей «Пәлен жылы туып, түген жылы қайтыс болған» деп бадырайтып жазбайтын дәстүр сақталған. Яғни мысырлықтар «Гәп кісінің қанша жыл ғұмыр кешкенінде емес, көрген қызығы мен бақытты сәттерінде ғана» деп есептейді. Сірә, Лұқпан Хакімнің ең қуанышты минутын бір жасқа балап «Мың жасадым!» деген сұңғыла сөзі осыдан қалған-ау?! Мысырлық тардың пайымдауы бойынша, пайғамбар жасын жасаған ең бақытты адамның көретін қызығы үш жылдан аспайды екен. Ал қалған алпыс жыл сол мың-ақ күндік бақыттың жолындағы бейнет пен азап болғаны ғой, әсте?! Арамызда төрт-ақ жас айырмашылық бар еді. Ақындардың ұлына жазған өлеңінде «Баламсың ғой, баламсың ғой сен менің, жақсы болсаң жолдас боп та кетерміз» деп айтқанындай, ол маған іні боп ізет білдірген жоқ, мен оған аға боп ақыл айтқан емеспін, жолдас боп кеттік. Соңы достыққа ұласты. Оның жетінші сыныпта жүріп жазған бір сықақ өлеңін республикалық бас пасөз бетінен оқығанымда, үмітімнің отын үрлемей-ақ жаққан еді. «Ойының мәні бар, сөзінің дәмі бар екен. Әй, осы түптің түбінде мына баладан бірдеңе шығады» деп ойладым. (Оқушы кезінде-ақ тай-құлындай тебісіп өскен қазіргі Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбілов екеуі сықақ өлеңдерді жарыса жазып, есімі елге танымал бола бастаған) Елжіреп айтатын естелік емес бұл, бастапқы танысқанымды баяндай кетсем артық емес шығар. ҚазМУ-дың төртінші курсында оқып жүріп, енді студент болған Маратпен алғаш рет жатақханада ұшырастым. Бөлме ішінде «арқасы» бар алты-жеті ақын студенттердің арасында сүйріктей жігіт суыры лып шығып, Пушкиннің бір өлеңі мен Крыловтың екі мысалын жатқа оқыды. Түрі қазақ демесең, тілі таза орыс. Бұл кім? Таныстық. Аты-жөніне сырттай қанық бала кезінен білетін Марат Нұрқалиев екен. Сұлу жігіт жүріс-тұрысы «Баяғының Ақансерісі, Біржан салы, Үкілі Ыбырайы осындай-ақ болар!» деп ойладым. Орыс тілін қалай жетік меңгерген» деп іштей сүйсіндім. Сөйтсем, бұл оның бір ғана қыры екен. Айнаға қарап өзінің «автопортретін» ақ қағазға айнытпай салғанын көргенімде «Сен осы Пикассо емессің бе?» деп қалжың дадым. Ол «Әй, біздікі әшейін ет піскенше ермек болсынның кебі ғой. Оған жету қайда?» деп тебіндеген мұртын теріс қарай сипады. Домбырада, әсіресе гитарада шебер ойнайтын. Қоңыр даусын қосақтап әр
халықтың әндерін шырқағанда көзінің қарашығы патефонның табағындай дөңгелеп тұратын. «Неге олай?» деп сұрағанымда, ол «Дөңгеленген көзіммен дөңес мұрнымды көріп тұрып та ән сала беретін әдетім бар» деп әңгімесінің соңын әзілге жығатын. Талантты тап басып танығандықтан да шығар-ау, Марат университеттің соңғы курсында оқып жүргенде «Қайнар» баспасы аудармашылық жұмысқа шақырды. Бірақ дәм-тұзы басқа жақтан бұйырды ма, кім білсін, туған жері Арқалыққа ат басын тіреп, жаңадан құрылған «Маздақ» фольклорлық-эт нографиялық ансамбліне әнші болып кеткенде оның мына тосын дарынына жұрт қайран қалысты. Күндердің күнінде азуын айға білеген «Ара-Шмель» журналына бас редактор боп келген сырбаз сықақшы Ғаббас Қабышев: «Жұмысқа алайын, сын-сықаққа бейімі бар жатыпатар жас жігіттер бар ма?» – деп сұрады. – Ондай жігіттер бар,– дедім мен. – Ол кім? – Марат Нұрқалиев! – Қайда? – Арқалықта. Өзі сондағы «Маздақ» деген ансамбльдің көркемдік же текшісі, сахнаны безендіріп, декорациясын да өзі жасаған. Ағаш жонып асатаяқ, домбыра, жетіген жасайтын өнері өз алдына. Оның үстіне өзінің сөзіне шығарған «Қыз Жібегім, сенбісің?», «Сол бір әуен», «Қызғалдақ теріп жүрмісің?», «Арман дәурен», «Көңілді қыс» секілді әндері бір төбе. – «Араның» жанынан ансамбль құрмаймыз ғой, сын-сықақ жағы қалай? – Ойбай Ғабеке, одан айырылмаңыз. Кәдімгі кесетіні де бар, тесетіні де бар бәкі секілді әмбебап жігіт. Керек десеңіз, сайтанды мінген Алдаркөсе секілді сатираңызды ерттеп мініп, жынын қағып алатын жігіт. – Ендеше, әйда, тарт. Шақыр! – деді Ғаббас аға. Арнайы іссапарға шығып, Арқалыққа ұштым. Мән-жайды түсіндіргенімде баладай қуанды. «Әзіл-оспақ оң жамбасыма келетін оңтайлы жанрым ғой!» деп қалпағын аспанға лақтырды. Алғашқыда анасы ұлының Алматыға ауысуына ыңғай бермеді. –Қайтейін,– деді ақырында ақ батасын беріп, – әкесі отыз үш жасында қайтыс болып, жастай жесір қалдым да, бүкіл жастық шағымды осы баланың жолына құрбан қып ем, айналайын. Мейлі, қайда жүрсе де аман болсын, жұлдызы жанса, жұлынып шығар бір жерден. Сөйтіп Марат сын-сықаққа бір жола бет бұрды. Орысша, қазақша жазған фельетондарының мұрты да бұзылмастан «Ара-Шмельде» нөмір сайын жарияланып жатты. Аудармаға да шебер-тін. Күндердің күнінде сықақшы ағамыз Оспанхан ның орыс тілінде «Волшебник» атты кітабы шықты. Аударған – Григорий Брейгин. Ғабекеңнің орынбасары. Мұқабасы жұқа, іші қалың. – Тәржімасы қалай? – деп бәріміз қозыдай жамырағанымызда Марат досым басын шайқап: – Қазақы иірімнің бәрі қалып қойған! – деді өкінгендей рай танытып. Айта салған жоқ, дәлелдеді. Көзімізді жеткізді. Жеткізген жоқ-ау, көп нәр сеге көзімізді ашты. Таңырқадық. Расында, Оспанхан ағаның еріген майдай
қазақша қайырымдарының орысшасы тоң майдай тобарсып тұрғанын Мараттың шыж-быж боп сөйлеген сөзінен аңғардық. Бұл әңгіме сатирик атамыз Садықбек Адамбековтің құлағына жетті-ау деймін, Маратқа жата кеп жабысты. Әуелі мақтады. – Әй, сен мықты аудармашы екенсің ғой! – деп арқасынан қаға сөйледі. – Әсіресе, Зощенконың айласын асырған тіс дәрігері мен әккі ұры туралы қысқа әңгімені тамаша, майын тамызып аударғансың. Қандай ғажап күлкі! – Иә, иә! – деп бәріміз қоштай жөнелдік. Ол әңгіменің оқиғасы қызық. Тіс дәрігеріне келген бейтаныс біреу «Қабылдайсыз ба?» дейді. «Дәлізде күте тұрыңыз!» дейді тіс дәрігері. Деуін десе де оның бетіне өткір көзімен бір қарайды да, күдікті көңілмен «Жоқ, сіз мұнда емес, ас үйде отырыңыз. Бері, соңымнан еріңіз» деп алакөлеңке бөлмеге кіргізеді де, сыртынан құлыптап қояды. Біраздан соң есікті ашып қабылдайды. Ас үйге қамап қойғанына кешірім сұрап, өзінде қызметші жоқ екенін айтады. Сосын «Қазір заман қандай екенін білесіз бе? Кеше ғана келушілер киім ілгіште тұрған пальтомды алып кетті. Әнеукүні тонымды зым-зия қылды. Бүгін бір сайтанның сапалығы дәлізде тұрған жез түкіргішті іліп кетіпті. Мен мұнда біреуді қарап жатамын, ал кезек күтушілер жытырып жатады. Сондықтан ғафу етіңіз, қамап ұстауға тура келді!» дейді. Емделіп шыққан әлгі бейтаныс мысқылдай мырс етіп «Бұ не қылған кәкір-шүкір, көрейін» деп пальтосының астынан умаждалған матаны суы рып алады. «Шұрқ тесік шіріген дастарқан ғой мынау!» деп ызаланады. «Е, мейлі, не болса о болсын. Бұдан басқа іліп алар ештеңесі жоқ болды ғой бейбақтың» деп мүсіркейді... Садықбек атамыз сөзін түйіндей келе: – Сен менің «Атылған қыз туралы аңыз» романымды орысшаға аудар. Зощенкодан кейін сенің, менің – екеуміздің бағымыз жанады! – деді. Інісі келіскен кейіп танытып, бас изеді. Сәкең қоштасарда. – Ертең түсте үйге кел. Шай ішіп отырып әңгімелесейік, – деді қуақы қалыппен. Барған шығар. Мараттың азаматтығы – біреудің құпиясын біреуге ашпай тын. Бірақ сөз арасында «Атылған қызды» аударып, біте алмай жатқанын айтып қалатын. Әй, сірә, үлгере алмады-ау?! Ол романның орысшасы шықты ма, шықпады ма – естімедім. Бірақ Садықбек Адамбековке арнаған эпиграммасы есімде. Болары болды, «Атылған қыз» атылды. (Ондайға қаламыңыз батыл-ды!) Енді қашан оқимыз Сәке, тағы атыңды?! Бір білетінім – әр елдің әзілдерін қазақшалап ауызекі, күлкіге қарық қып жүретін. Дүние жүзінде ең сараң халық – габроволықтар екен. Сондай әзілдің сорты мынадай: – Ескі пальтомды киейін десем, елден ұят, түймелерінің бәрі түгел түсіп қалды, – дейді әйелі. – Саспа, – дейді күйеуі мырзалық танытқандай, – ертең сатып әперемін. – Жаңа пальто ма?
– Жоқ, түймені айтам... Сексенінші жылдардан кейін вальс королі Шәмші Қалдаяқовтың жаңа әндері естілмей саябырсыған тыныштық орнады. Шәмші қайда жүр? Жаңа әндер неге жаңғырмай қалды? Іздеу салып әйгілі «Ақ бантиктің» әуенімен эпиграмма жазды. Қартайып кетті ме сан құрбың, Ән «тайып» кетті ме, нағылдың?.. Ноқтасын сиқырлы вальстің Айтшы сен қай жерде қалдырдың? Қайырмасы: Тамаша еді әнің жарқын, Тамсандырған қазақ халқын. Баяғыдай Сол әндер қайда мөлдір Тау бұлағындай? Қазіргі қаптаған «әзіл-сықақ театрының атасы «Тамаша» ойын-сауық отауына интермедия, скетч дайындап, кәдімгідей кәнігі юморист ретінде танылып келе жатты. «Ара-Шмель» журналының көркемдеуші редакторы Николай Казанцевпен бірге жарысып салған карикатура, шарж,сайқымазақ суреттері журналдың әр бетіне әр беріп жатты. «Шіркін-ай! – деп ойлаймын осы күні. – Сол бір сатиралық карикатура ларын жинақтаса, әжептәуір суретті кітап болар еді. Кітап!.. Марат отыз екісінде яғни, 1986 жылы «Жалын баспасынан «Темір телпек» атты сықақ, мысал, пародия кітабын шығарды. Жастықтың буы ма, әлде ал ғашқы қуанышы ма, әйтеуір екеуіміз сол «Темір телпегін» басымызға киіп, Алматы түнін ұзақ араладық. Шалқыдық. Толқыдық. Сырластық. Қоштасар сәтте: «Әй, мен ұмытып барады екем!» – деп, кітабына қолтаңба жазып берді. «Көпеке! Қолдан келгені осы болды. 21.08.86 ж.» депті. Сосын бірдеңесін ұмытқан адамдай алаңдап: –Менің әкем де, әкемнің әкесі де отыз үш жасында қайтыс бопты. Өмір қызық, ә? Отыз үштен өтсем той жасаймын! – деді. Адам жаны сезе ме, кім білсін, Марат досым көп ұзамай 1987 жылы 9 қаңтар күні көз жұмды. Отыз үштен асқан жоқ...Қайғылы қазаны естіген Қарабала апамның көкірегі (шын аты Сағила) қарс айырылып: – Көпен-ау, өз қолыңмен жетелеп алып кетіп ең, өз қолыңмен әкеп бер мейсің бе? – деп аңырағанда көзіме жас үйірілді. Ажалға не шара? Жас таланттың талқаны таусылды. Мараттың қырық жасқа толған еске алу кешін өткізейік деп зыр жүгіріп жүрген жұбайы Базаркүл магнитофон кассетасын көрсетті. Бұл не? Тыңда сам Кәкімбек Салықовтың сөзіне шығарған «Сағыныш» әні. Туған күнінде, яғни, қайтыс болардан жеті күн бұрын домбырамен өлең айтып, тұңғыш рет өз даусын магнитофонға өзі жазып алған екен. Әсем әні жүрегімді тербеп, қоңыр даусы құлағымның түбінде тұрғандай...
Øәìøі
ҚÀËÄÀЯҚÎÂ
ШІРКІН,
ШӘМШІ!
1. ҚЫРЫҚ ТИЫННЫҢ ХИКАЯСЫ Ш әмшінің туған жері ықылым заманда Фараб деп аталатын. Бас мүфти Әбсаттар қажы шейх Дербісәлінің ғылыми тұ жырымына сүйенсек – Фараб шаһарында Әбу Нәсір әл-Фа рабиден бастап отыздан астам ойшыл Фарабилер туған. Шыңғыс хан шапқыншылығынан бұрын Фараб шаһарының атауы Отырар боп өзгерген. Отырар төңірегіндегі Қаракөншек, Алтынтөбе, Пышақшытөбе, Шөлтө бе, Құйрықтөбе, Бұзықтөбе, Қостөбе, Дүртөбе, Қарауылтөбе, Көкмар дан, Рабат, Байылдыр, Шытты, Тектұрмас, Жетімқыр, Оқсыз, Сүткент секілді үйіндісі ғана қалған төбешіктің бәрі кезінде керемет қалашық бол ғаны тарихтан мәлім. Отырардың іргесімен ағып, Сырға құятын Арыс өзенінің сағасында ғы Сарықамыста композитор ағамыз Шәмші Қалдаяқовтың кіндігі 1930 жылы 15 тамыз күні кесілген. Болашақ вальс королі, Әнұранның әйгілі авторы Шәкеңнің балалық шағы Отырар өңірінде өткен. Сол кездегі елді мекеннің ескі атауын естен шығарып, әр ауыл Сталинабад, Молотов, Во рошилов, Кагонович, Ильич, Коммунизм деген секілді көз көрмеген «көсем дердің» аттарымен аталатын. Жаңадан құрылған ауданның аты әуелі – Шәуілдір, одан киім Қызылқұм болды. Еліміз егемендік алғаннан кейін байрағымыз желбіреп, байтақ мекеннің баяғы мың жылдық атауы қайта оралды. Қазір – Отырар ауданы! Шәмші ағамыз өмірден озар шағында «Отырардағы той» деген ән жазды. Ең соңғы әнін туған жеріне арнаған композиторда арман бар ма?! Ал бүкіл халық оң қолын жүрегіне қойып, ынты-шынтымен шырқайтын «Менің Қазақстаным» – жарты ғасырдан соң Әнұранға айналды. Міне, ұлы композитордың бақыты! 2002 жылы Тараз қаласының 2000 жылдық тойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтердің қарсаңында Жамбыл облысының әкімі Серік Үмбетов маған Шәмші Қалдаяқов жөнінде кітап жазуға ұсыныс жасады. «Көтере алмайтын шоқпарды беліме қыстырып қайтем» деп ойладым да, бірден бас тарттым. – Неге? – деді Серік Әбікенұлы. – Мен жөргекте жүргенде, Шәмші аға жер-көкте жүрген. Жиырма жас үлкен! – Әңгіме жаста ма? – Әңгіме жаста емес, баста. Біріншіден, мен Шәкеңмен бір ауылда өс сем де, о кісімен етене араласқан емеспін. Жастық шақтың жалын тартып, студент көздерінде пәтерде бірге тұрған академик Өмірзақ Айтбайұлы, композитор-жазушы Илья Жақан, ақын Сабырхан Асан, жазушы Еркінбай Әлімқұл ағаларымыз Шәмшінің ұңғыл-шұңғылын жетік біледі. Сол кісілер ге қолқа салыңыз. – Қазіргі қаламгерлеріміз баяғы заманның батырлары туралы қалыңды ғы кере қарыс роман жазғанда бабаларының көзін көрді дейсің бе? – Шәмшінің көзін көргендер ой толғамаса, көркем дүние шындыққа жана
са қоймайды. Ондай шығарма ойдан құрастырылған қиял-ғажайып ертегінің бір нұсқасы болады да қояды, Секе. Мен одан да Шәкеңнің нотаға түскен ән дерін жинайын. Дәмдес-тұздас, сырлас болған замандастарының пікірі мен естелігін қағазға түсірейін. Латиф Хамиди секілді ағаларына жазған хаттарын іздестірейін. Әндерінен басқа ауызекі айтқан әзіл-қалжыңдары бір төбе. Өз жанынан шығарған өлеңдері де бар. Соларды жүйелейін. Сосын Шәмші тура лы жұрттың жазған мақалалары әр баспасөзде әр мерзімде жарияланған. Ұлт тық кітапханаға барып, солардың тізімін жасайын. Міне, бұл – нақты тірлік. Әйтпесе, Шәкең жас шағында сыған қызына ғашық болыпты деп бір романды сүйкей салу қиын шаруа емес. Одан гөрі шындыққа бейімделген шығармамен айналысқан дұрыс-ау... Сөйтіп, әкіммен келісімге келдім де, жоспарымды реттестіріп, 2002 жылы «Шіркін, Шәмші!» деген 18 баспа табақ таралым 5 мың дана кітапты Тараз тойына тарту еттім. – Сен Шәмшімен кездестің бе? – деді Серік Әбікенұлы. – Кездестім. Студент кезімде бетпе-бет бірінші рет көрдім. Мен он то ғыздамын, Шәкең отыз тоғызда. Қазіргі Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарақұсованың әкесі Жанпейіс Қарақұсов ағай «КПСС тарихынан» лекция оқитын. Орысша, қазақшасы бірдей, аса сауатты ұстаз еді. Кейде лекциясының орнына ақын-жазушыларды ертіп әкеліп, қызықты кездесулер ұйымдастыратын. Күллі студент жан-жақтан қозыдай жамырап, сан алуан сауал тастаймыз. Ол кезде атақты ақын-жазушыны тірідей көру – біз үшін үлкен мәртебе. Сондай бір кезеңде Жанпейіс ағай Шәмші Қалдаяқовпен кез десу өткізді. – Ағай, туған жеріңізді айтыңызшы? – деді тіл мен жағына сүйенген Өмірәлі курстасымыз. – М... мен негізі Сарықамыста туғам! – деді. Сәл-пәл тұтығыңқырап сөй лейді екен. – Сарықамыс қайда? – Ш... Шәуілдірдің маңайында. – Шәуілдір қайда, ағай? – деп Өмірәлі тықақтап қоймады. – Арыс өзенінің жағасында. – Ал Арыс өзені қайда? – Ш... Шымкенттің аржағында. – Шымкент ше? – Арыстың бержағында. Шәмші ағаның жібектей есілген жауабына бәріміз ду күлдік. Кейін «КазГУ қайда?» деп сұрағандарға «Главпочтаның жанында» дейміз. Ал «Главпочта қайда?» десе, «КазГУ-дің қасында» деп Шәмші ағаның желісі мен желдіртетін болдық. Арада көп уақыт өткен жоқ. Түсте сабақтан шығып келе жатсам, Ленин ескерткішінің түбінде Мұқағали Мақатев екеуі сөйлесіп тұр екен. Жүгіріп барып сәлем бердім. – Әй, сары бала, – деді Мұқағали аға, – анау фотограф орысты бері алып кел. Суретке түсейік, сен бала тарихта қаласың. «Менен өткен дарын жоқ!» деп кеудемізге нан пісіп жүрген кез. «Ой пырмай, Мұқағали аға менің тарихта қалатындай талантымды байқаған екен-ау!» деп іштей тасыдым. Ленин ескерткішінің маңында мойнына фотоаппаратын асып алған орыс шалмен сөйлессем, суретке түсудің бағасы 1 сом 80 тиын екен. Қал тамды қақсам – 1 сом 40 тиын ғана бар, 40 тиын жетпейді. Енді не істеймін? Әрі-бері жалынсам, көнбейді. Көнбейтін де жөні бар, өйткені ол кездегі ба
зардың нарқы бойынша 40 тиынға екі қойдың басын сатып алуға болатын. Мойным салбырап, ағаларыма қайтып келдім. – Не болды? – деді Мұқаң. – Фотоға түсуге 40 тиыным жетпей қалды, – дедім күмілжіп. Шәмші аға сәл жымиып: – Онда жететін жерге барайық! – деді «Кооператор» жақты иегімен нұс қап. Опера театрының алдында «Кооператор» деген дүкенде қызыл шарапты стаканға құйып сататын. Сонда келдік, 200 грамм бір стакан вино 40 тиын екен. Қысылатын не бар, фотоға жетпеген 1 сом 40 тиыным шүкір, шарап алуға жетіп-ақ тұр. ...Қазір соған өкінем! Ішім удай ашиды. Шіркін-ай, сонда 1 сом 80 тиы ным болғанда ғой, екі ағаммен суретке түсіп, тарихта қалатын ем. Бұйырмаған дүние!
2. БАСЫНА ҚОНҒАН БАҚ ҚҰСЫ Пойыз күтіп тұрмын. Құмырсқаның илеуіндей құжынаған жолаушы. Шіркін, Алматының вокзалы-ай! Кәдімгі өмір. Біреулерді қарсы алып, біреулерді шығарып саласың. Қамшының сабындай қысқа ғұмырда кімдерді жарық дүниеде қарсы алмадық? Кімдерді бұ дүниеден аттандырмадық? Иә, солай... Бұл өмір вокзал сияқты. Не келіп, не кетпеген бұл ғаламнан, Су тартылған теңізден, жылғалардан. Нелер ұрпақ аттанған қуған арман, Кім бар дейсің, өмірге тұлға болған. Не келіп, не кетпеген бұл ғаламнан. ... Бәрі өтуде, Күн батып, кеш кіруде. Жаңаруда дүние, ескіруде. Болашақтан – бейтаныс ұрпағымыз Босат деп тұр орнымды, естідің бе? – деп жырлаған Мұқағали да “келместің кемесіне” отырып кеткелі қай за ман. Шәмшілер ше? Дәп осындай толқымалы ойдың үстінде тұрғанымда бір отағасы: – Кешіріңіз, – деді барынша иба сақтап. – Түріңіз таныс. Сіз осы сын– сықақ жазып жүрген жігіт емессіз бе? – Иә. – Шәмші Қалдаяқовтың ауылынансыз ғой? – Иә, Шәуілдірден. – Жоқ, сіз Шәуілдірден емес, Шәмшінің ауылынанмын деп айтыңыз. Шәуілдірді көп адам біле бермейді. Ал Шәмшіні... – Ел ер туғызбай қоя ма, аға! Қанша дегенмен елдің аты – ел, ердің аты – ер. Қазір біздің ауданның аты өзгерген. – Білем, білем. Отырар ғой. Мен, шырағым, сол Отырармен шекаралас Ордабасы ауданында туып өстім, – деп отағасы шаруаға ойыса бастағанда пойызы келіп қалды. – Менің атым – Керімбек, фамилиям – Жақыпұлы. Ордабасы ауданы ның Қарақұм совхозында өмір бойы бухгалтер, парторг болып істегем. О-о, ол кезде орда бұзатын жаста едік. Әңгіме былай, шырағым, осыдан 30 жыл бұрын, яғни, 1968 жылы біздің үйге Шәмші Қалдаяқов келіп, үш күн ау нап-қунады. Қымыз-қымыран ішіп, әбден тыңайды. Әдепкідей емес, қағілез
өңіне қан жүгіріп, реңі кіріп қалды. Әңгіме-дүкен құрды. Үш күннен соң “Мен енді Шымкентке қайтамын. Ағайынды әнші Абдуллиндер ертең қалаға келеді, Мұхтар Шаханов екеуміз алдынан шығып қошемет жасамасақ, қа зақтығымыз қайсы, онда оңтүстікте несіне тудық!” деді. “Олай болса, қалай құр қол барасыз?” деп бір қой сойып беріп, екі саба қымызды мәшинесіне салып жібердік. Міне, сол кезде түскен сурет мынау. Біздің үйде түскенбіз. Сол жақта шетте отырған Шәмші, одан кейінгілер – әке-шешем Бөпетай мен Жақып. Әкемнің оң жағындағы кісі – совхоз директоры Петр Яковлевич Шайкин, алдыңғы қатардағы – бухгалтер Әбдіразақ Сапиев екеуміз. Саған айтайын дегенім, осы суретті бірде-бір газетке жариялата алмадым. Бәрі са пасы нашар дейді. Осындай да бола ма, айналайын. Мә, мен саған тастап ке тем, бір әжетке жаратарсың. Жолың түссе, ауылға кел. Шәмшінің әңгімесін жыр ғып айтып берем! – деп ордабасылық отағасы пойызға мінді де, шу деп Шымкентке тартып кетті. Аң-таң күйімде Алматының вокзалында қала бердім. Айтқан сөзіне тол қып тұрмын. Шіркін, Шәмші! Қазақ даласын жарты ғасырдай жаңғыртып әнге бөлеп, ақ бесіктей тербеткен шіркін, Шәмші! Ол баспаған жер, ол шықпаған тау, ол шомылмаған өзен-су кемде-кем шығар. Біз неге Шәмші туралы ел болып ес телік жазбаймыз? Оразбек Бодықовтың естелігінде Шәмшінің бір қыры ғана қамтылған. Шәмшінің сыры да көп, қыры да көп. Шәмшімен студент кезін де бір пәтерде тұрып, жұптары жазылмай өткен ақын Сабырхан Асанов та қазір арамызда жоқ. Көп естелік көмулі қалды-ау. Бұ дүниеден озар кезінде “Теріскей”, “Отырардағы той” секілді ғажайып әндердің сөзін Сабырхан аға жазған еді ғой. Әлі де кеш емес. Шәмшімен қара нанды бөліп жеп, қара суды бөліп ішіп, тай-құлындай тебісіп өскен Өмірзақ Айтбайұлы, Ілия Жақанов, Еркінбай Әлімқұловтар естелік жазса жарасар еді-ау. Өнер жұлдыздары Роза Бағланова, Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Еркеғали Рахмадиев, тағы басқа да дүлдүлдер ең кемі екі-үш ауыз естелік қалдырса, болашақ ұрпақ үшін қазына емес пе? Сондай-ақ әйгілі Нұрағаңның, Нұрғиса Тілендиевтің көзі тірісінде Шәкең туралы айтқан әңгімелерін неге қағазға түсірмеске. Енді екі жылдан соң Шәмші Қалдаяқовтың 70 жылдық мүшелтойы. Сол дүбірге Шәмшінің көзін көрген ел азаматтарының естелік кітабымен барсақ, кәнеки! Ауыл адамдары маған ой салды. Бұл 1998 жылдың көктемі еді. Ән әлемінің інжу–маржанын іздеп Шәмші аға шартарапты шарлады. Махаббат тақырыбына арналған сәйгүліктей тыпыршыған ажарлы да асау әндерін ші дерлеп, Отан алдындағы парызын, міндетін асқақ пафосты азаматтық әндер шығару арқылы өтеуге біржолата бет бұрды. Халқымыздың жасампаз бей несін көрсетуге ден қойды. Ең бірінші елін еміреніп жырлады. Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін. Жырың болып төгілемін, елім, Туған жерім менің, Қазақстаным! – деп тордағы тоты құстай сайрады. Осы бір махаббатқа толы жігерлі әнді шығарғанда Шәкең жарықтық “Гимн жаздым!” деп қуанған екен. Әдетте, сыр ашып, сырласа бермейтін Шәмші аға 1981 жылы “Менің Қазақстаным” атты әндер жинағының алғы сөзінде ағынан жарылып, ақта рылды. “Әсем астанамыз Алматының қазақтарын қоя тұрып, облыстарға, аудан дарға, ауылдарға ұзақ-ұзақ мерзімдерге сапар шектім. Ел-жұрттың жанын, жүрек сырын ұғу керек болды” деді.
Әуелі өзі туып-өскен “Арыс жағасын” аралап, арманын іздеді. Жастар дың жүрек қылып шертіп, әнге қосты. Қыз Жібек қызғалдағын теріп, жырға айналған “Ақ ерке Жайықтың” аспанға шашқан маржандарына сұқтана қа рады. Атыңнан айналайын, Қарқаралы, Сенен – бұлт, менен қайғы тарқамады! – деп, өткен ғасырда әнге қосқан Мәдидің “Қарқаралысын” жаңғыртып қайта шырқады. Бүгінгі Қарқаралының жасампаз бейнесін жастардың жү регіне гүл қып екті. “Жанары жарқ етіп, жалт қараған жауқазын тәрізді” сұлуларға сұқтана қарап, Көкшетаудың “Биші қайыңдарына” балады. Көр кемдігі көз жауын алатын әсем табиғатымызды әнмен өрнектеп, ғашықтар ды “Кел, Бурабайға” деп шақырды. Тау жаңғырады Ақанның үнімен, Біржанның әнімен. Кел, шырқайық сол әнді түнімен, Махаббат Тілімен! “Балтық теңізіне” барды. Ән! Ән болғанда қандай ән туды десеңізші! Жаныңды нұрға бөлеген көк теңіз. Жүзіп келе жатқан кемелер. Қарт Балтық тың қайраты мол толқыны... Теңізшілер сағынышын Туған жерге арнайды. Шағалалар қалықтап, Неге шулап Соңынан әлі қалмайды? Табиғат пен сезімді астастырып, жүрегіңді шым еткізіп, сағыныш отын тұтатқандай ән жадымызда жатталып қалды. “Мойынқұмда жайлауым”, “Жарқырайды Жезқазған”, “Фосфорлы Жам был”, “Сыр сұлуы”, “Шалқар түні”, “Теріскей”, “Тамды аруы”, “Көккөлдегі кештер”... Шәмші аға өз әндерінің тарихына талдау жасамаса да, түлеген өңірмен қайта танысып, әннен сыйлық жасағанын мақтаныш тұтқан. “Торғай облысы ашылғанда шаттанған елін, арайлы даласын көріп, “Арқалықтағы ақ таңым” деп, көңіл құсы бір құйқылжып қалды. Тізбектей берсем, толып жатыр. “Менің күнім – халықпен... Республикамыздың талай–талай жерлерінде болып, асыл азаматтарымен танысып, олардағы отанға деген шексіз сүйіс пеншілікті көрдім. Бұл қасиет мені қатты толқытты. Шын қуана тебірендім. Керемет сезімдер оятты...” деп тебіренген. Осы орайда Мұхаммед(с.ғ.с.) пайғамбарымыздың қасиетті хадисі ойы ма оралды. “Кімде-кім өз ісін және өзі мен Алла тағаланың арасындағы қа тынасты Алланың қалауына сай етсе, онда Алла тағала оның халықпен ара қатынасын да оның ризашылығына сәйкестендіреді. Кімде-кім өзінің құпия істерінде әділдік танытса, Алла оның істерінің бәрін дұрыс етеді”. “Алланың бір аты – халық” екені кәміл сөз. Ендеше, Шәмші Қалдая қов – халық үшін ерекше жаралған Алланың сүйікті үмбеті. Ел үшін, жұрт үшін, халық үшін құрдай жорғалап, құлдай қызмет етсін деп, бойына табиғи талант құйып жаратқандай. Шәмші ағаны бүкіл халық төбесіне көтеріп “Бір туар сазгер” деп үкілеп жүргені де Алла тағаланың шарапаты. Тағдырына үңілейікші. Бір қарағанда бұралаңы көп бұрма жолмен жүр гендей. Шынында солай ма? Әкесінің азан шақырып қойған аты – Әнәпия. Аяғындағы кішкене қал ды көрген жеңгелері бала кезінен еркелетіп “Қалдыаяқ” деп атап кеткен.
Мектепке барғанда да “Кімнің баласысың?” дегендерге, “Қалдаяқтың бала сымын” деп шынымен жауап берген. Расында да, әкесінің аты солай екен деп ойлаған. Әкесі ағаштан түйін түйген ұста болған, кейін зергерлікпен айналысқан. Асыл анасы Сақыпжамал той-думандарда көпшіліктің құлақ құрышын қандырып, құйқылжытып ән салатынын көзі көргендер осы күн ге шейін елжіреп еске алады. Бірақ, бала Шәмші әншілікпен әуестенбеген. Жетінші класты бітірісімен Сарыағаштың іргесіндегі Қапланбек мал-дәрі герлік-зоотехникалық техникумын төрт жыл оқып, шатырхат (диплом) алы сымен Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскерге шақырылады. О жақ та әскери училищеде оқиды, оны бітіріп, қызмет атқарып, елге оралғасын Ташкенттегі Хамза Ниязи атындағы музыкалық училищеге түседі. Үшінші курста оқып жүрген кезінде оқу ордасына әйгілі әнші Жамал Омарова келе қалады да, бойындағы талантты байқады ма қайдам, Алматыға алып кеп, Құрманғазы атындағы консерваторияның композиторлық факультетіне 1956 жылы қабылданады. Институт қабырғасында жүріп шығарған қанат қақты “қызылшақа” әндерін эфирге алып тұра жүгірмей, әуелі академик Ахмет Жұбановқа тыңдатады, Латиф Хамидидің кеңесін құлағына құйып, өзінөзі іштей шыңдаған. Қос ұстазын пір тұтқан. Алдынан қия өтпеген. Құдай берем десе бір-ақ сәт. Қазан төңкерісінің қырық жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған республикалық жабық бәйгеде аты-жөні белгісіз Шәмші Қалдаяқовтың әні бас бәйгені жеңіп алып, елді елең еткізеді. Бұл кім? Сту дент. Бар-жоғы – басының суы кеппеген балаң студент! Іле-шала “Қайықта”, “Жүрек сыры” атты екі әнін шығарғанда, Шәмшінің аты шартарапқа жайы лып, шарықтайды. Әдетте, ата-бабаларымыз: “Қырғауылдай жорғалап, қызыр келсін қасы ңа, бақ қонсын басыңа!” деп бата беріп жататын. Негізі, Шәмші Қалдаяқов басына бақ қонған сазгер. Кәріқұлақ қариялардың сөзіне илансақ, адамның басына бақ үш рет қонып, үш рет ұшады екен. Біз көбінесе Шәкеңнің басына қонған бақтан гөрі, басынан ұшқан бақты көбірек тілге тиек етеміз. Оның консерваториядан шығып кеткенін, еш жерде тұрақты жұмыс істемегенін ауызға алып “Ойбай, несін айтасың, таланттарды тірі кезінде бағаламадық!” деп данышпансимыз. Соно-о-оу Қорқыттан бастап, күй атасы Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Сүгір, көмейіне бұлбұл ұялаған Әміре, жылғаның тасындай жылтыраған Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұсаларымыз қай жерде қашан жұмыс істеп еді? Рас, олар да күйзелді, күңіренді. Мұңданды. Жын данды. Кім үшін? Халқы үшін қабырғасы қайысты. Соның бәрі сорғалап шығармаларынан шырын боп ақты, у боп тамды. Халық алдындағы пары зын өтеу үшін бастарын тауға да соқты, тасқа да соқты. Шәмші ағаның сөзі мен өрнектесек, “Халықтан шыққан талант – оның алдында аса борышты. Ол борышты өтейтіндер шексіз бақытты жандар. Ал, шын бақытты жаулап алу лотерея билеттерін ойнату емес екендігі белгілі”. Хас талант – бәсең жүріп бәйге алатын сәйгүлік секілді. Халық – ша бандоз, кез келген жабы мен шобырды немесе мәстекті мініп бәйгеге шап пайды. Бәйгеге қосатын хас жүйріктің әуелі арам терін алады, ащы терін шығарады, таң асырып суытады. Сосын барып бәйгеге қосады. Ал, соғымға соятын атты ақырға байлап, алдына жем-шөбін төгіп, бордақылайды. Ақыр ға байланған аттан жүйрік шықпайды. Өнер адамдары да сол сияқты. Халық аузындағы қадірлі ақын-жырау, әншілердің қайсысы ақырға байланған ат секілді ас та төк өмір сүріп еді? Бәрі де аш құрсақ күй кешті. Сондықтан да олардың аузынан тәтті өнердің ащы шындығы айтылды. Мысалы, Шорман ның Мұстафасы астындағы атын тартып алмаса, Мұсаның “Жаяу Мұса” әні туар ма еді?
Алыстан орағытып айтайын дегенім не? “Шәмшінің ішкен шайында шәмбісі аз болды” деп, немесе жыртығын жамай алмай жадау өмір сүргеніне қоғамды кінәлаудың қажеті жоқ. Өйткені, Шәмші тоқ болғанда Шәмші бол май қалуы әбден мүмкін. Яғни, Алла тағала оны әдейі солай жаратты. Дәмін кем қылды, әнін мол қылды. Шариятқа ден қойсақ, Алла тағала “Бәрін де мен істеймін. Бірақ адамдар бір-бірінен көреді” дейтін қасиетті хадис бар. Сондықтан да Шәмші ағаның қанша оқуды оқыса да тұрақтамай, ән әлемін де байыз тапқаны – Алланың ісі. Мысал үшін, ұлтымыздың ұстазы атанған Өзбекәлі Жәнібековтің аузынан естіген бір әңгімені осы жерде келтіре ке тейін. – Қазақстан Орталық комсомол комитетінің хатшысымын. Тұңғыш рет 1965 жылы Қазақстан комсомол сыйлығы белгіленіп, музыка саласы бойынша лауреаттық атақты кімге берерімізді білмей басымыз қатып, дал боп отырдық. Кілең ығай мен сығай жиналған комиссия мүшелері талқы лай келіп, Шәмшінің құжаттарын “оқу бітірмеген, жоғары білімі жоқ” деген сылтаумен шетке ығыстырып тастады. Бүйрегім бұрса да үндей алмадым. Іштен тынып, әліптің артын бақтым. Әрі талқылап, бері талқылап, Еркеғали Рахмадиев пен Ғазиза Жұбановаға тоқталдық. Бәйге – біреу, үміткер – екеу. Дәп осы кезде комиссия мүшесі, Жазушылар одағының екінші хатшысы, ақын Жұбан Молдағалиев кешігіп келді де, мәселені қабырғадан қойды. “Еркеғалидың да, Ғазизаның еңбегін ешкім жоққа шығармайды. Олардың да орны бар. Сарапқа салып, таразылап көрейікші. Жасыратын не бар? Қарақ тарым-ау, қазіргі таңда бүкіл халық Шәмшінің әндерін шырқап жүрген жоқ па? Осы жолы комсомол сыйлығын Шәмшіге бермесек, халықтың алдында қара бет болмаймыз ба?” деді. Күллі комиссия үн-түнсіз бас изей берді. ... Шындығында, Жұбан аға жұлып әперді ме? Жоқ! Бұл да Алланың ісі. Алайда, Жұбан аға Алланың арнайы жіберген періштесіндей рөл атқарып, басына бақ құсын қондырды. Бақыт – байлықта емес, барша халықтың жү регінде екенін байқатты. Рас, Шәмші теперішті көп көрді. Алдынан ор қазылды. Қараулықтың қара таяғын да аз жеген жоқ. Көре алмайтындар көзін шұқып күндеді. Жина лыстарда “Вальс – қазақ өнеріне жат музыка” деген тәрізді сыңаржақ сынды сынадай қағып жатты. Кім не демейді, кімді кім бөгемейді. Салы суға кетіп, сағы сынып жүрген кезде заманымыздың заңғар жазушысы ұлы Мұхаң, Мұхтар Әуезовтің “Жыл келгендей жаңалық сеземіз” атты мақаласындағы мынадай пікірі Шәмшіге қанат бітірді. “... Колхозда болғанда жастардың аузынан, шоферлардан, кейде шопан дардан, кейде обком, райком секретарьларының өздері-ақ айтып жүретін, адамды сүйсіндіретін тамаша әндер бар. Бұрынғы Абай, Біржан, Ақанның әндері емес. Жуықта болып өткен композиторлардың жиналысында Қазақс тан композиторлары вальсомания жолына түсті деп сын айтты. Бірақ Хами дидің “Қазақ вальсі”, Ш.Қалдаяқовтың “Ақ маңдайлым” сияқты вальстерін дей вальс көбейе берсе екен дер ем”. Талантты талант таныды. Мұхаңның ақиқат сөзінен соң Шәмші ағаның жатып қалған жалы көтерілді. Мұхаңа ешкім “Сіз өстіп айтыңыз” деген жоқ. Алла тағала аузына алтын жалатқандай зергер сөз салды. Ұлы Мұхаң “Түркістан солай туған” атты очеркін жазарда оңтүстік өңірін аралағаны белгілі. “Шаянның Шолоховы” атанған жазушы Еркінбек Тұрысов сол сапарда Мұхаңа “атқосшы” боп еріп жүргенін естелігінде жазған. Қаратаудың жота сынан аса бергенде машинаны тоқтатып қойып, Халық артисі Роза Бағла нованың орындауында Шәмшінің “Ақ маңдайлым” әнін Мұхаң ұйып тың дапты.
Әсіресе, ән: Жақсылықтың жоқ, сәулем, ерте–кеші, Жадырашы, назданшы, еркелеші! – деп аяқталғанда: – Пәлі, мынау жиырмасыншы ғасырдың төбесінен тамшылап тұрған ли рика ғой! – деп қатты қуанған екен. Ал, ақиық ақын Әбділдә Тәжібаев өзінің туған ауылына барып, есік ал дында отырса, шұбырған халықты көреді. Бәрі асығыс. Әшейінде бұрылып кеп сәлем беретін жұрт “Ассалаумағалейкум, Әбеке!” деп, алыстан бас шұл ғып, атүсті өте береді. “Әй, бұлардың бәрі қайда бара жатыр?” деп сұраса, колхоздың клубында Шәмші Қалдаяқовпен кездесу болғалы жатыр екен. Сонда Әбекең “Шіркін-ай, мен неге Шәмші боп тумадым?” деп армандаса керек. Бұл оқиға Әбекеңнің күнделігіне түскен. Бұл не құдірет? Әннің құдіреті. Саздың құдіреті. Қара өлеңнің құдіреті. Ұлтымыздың рухани ұстынына айналған тұғырлы тұлғасы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев атамыздың Шәмші туралы естелігі де ерекше маңызды. “... 1973 жылы қарашаның 26-сында партия-үкімет делегациясының құ рамында Дели қайдасың деп тартып отырдық. Дели! 1947 жылы тамыздың 15-сінде үш түсті ұлттық туды қызыл Форд қа қадаған, сөйтіп он жеті жыл бойы тәуелсіз Үнді елінің көшін бастаған Нерудің сүйікті астанасы. Халқының бақыты үшін тер төккен сондай кү рескер жанның сүйікті қызы Индира Ганди үнді халқына тән ашық-жарқын көңілмен, сән-салтанатымен, ән-жырымен қарсы алды. Ән-би галереясынан Шәмші Қалдаяқовтың “Бақыт құшағында” деп аталатын әнін естігенімде көзіме еріксіз жас үйірілді. Аэропортқа жиналған елде есеп жоқ. Құшақтары гүлге толған сан мыңдаған үндер толқындай тербетіліп, қазақ әнін қалықта та салғанда олар түгел қазақ боп кеткендей көрінді. Мен үшін бұдан асқан сый, бұдан асқан қуаныш жоқ еді. Дәл осындай рухани ләззатты бұрын-соң ды сезінген емен. Рас, Кеңес Одағының атынан он жеті рет шет жұртқа ұлы державаның аманатын арқалап барып қайтыппын. Жүзден астам ұлт пен ұлыстың атынан барып, қазақ деген халықтың кім екенін, қандай ел екенін танытып қайтатыным мені асқақ сезімге бөлейтін. Одан асқан абырой, одан асқан бақыт болмайтын. Қазақ боп туғаным үшін де тәубе дейтін сәттер аз емес еді. Бұл жолы қазақ әні Үндістан аспанында шырқалған тұста үш рет: “Тәубе! Тәубе! Тәубе!” дедім. Үш рет сол иығымнан түкірдім. Осы сапардан оралысымен Шәмшіні іздестіре бастадым. Ол өз алдына бір әңгіме”. Үнді елінен оралғасын Дінмұхаммед Ахметұлы Шәмшіні арнайы ша қырып, кабинетінде ұзақ әңгімелескен. Димекеңнің қабылдауына Шәмшіні ертіп барған Нұрғиса Тілендиев талай әңгіменің куәсі болған. Бір деталь. Азды-көпті сұхбаттан соң: – Шәмші шырағым, не жағдай керек? – деп Димаш аға ықылас білдірген. Басқалар болса жыртығына жамау сұрап, алақан жайып алдында тұрар ма еді, тұрмас па еді? Шәкең өйтпеген. Бекзаттық танытып: – Аға, рахмет! Шүкір, бәрі бар! – деген. Тұрмысының жұпыны да жұқа екенін білетін Нұрғиса Тілендиев: – Димаш аға, Шәмшінің үйі жоқ! – депті. Сонда Шәмші: – Неге үйім жоқ? Үйім бар! Өткен жолы екеуміз біздің үйде болған жоқ пыз ба? – деп бала секілді ағынан жарылған. Жаны ашыған Нұрғиса жарқылдап сөзін бөледі. Шәмшінің үйі үйден гөрі үңгірге ұқсайтынын, қуықтай ғана екі бөлмесінің өзі ескі әрі тар екенін айта келіп:
– Димаш аға, – дейді, – Оның үстіне Шәмшінің үйі алыс, соно–о–оу мик рорайонда. Алыс. Өте алыс. “Солай ма?” дегендей Димаш аға Шәмшіге қарайды. Ол болса қыбы жықтап: – Алыс екені алыс, – дейді. – Бірақ Шымкентке қарағанда жақындау. Бұл ауыздан ауызға тараған елдің әңгімесі. Жазушы Серік Әбді-райымұ лы “Нұрғиса” атты роман-эссе жазды. Сол туындының ішінде келтірілген Нұрғиса Тілендиевтің Шәмші туралы пікірі өзгеше. “Шәмшіні не үшін жақсы көретінімді өзім де білмеймін. Мүмкін, іштар лығы жоқ кеңдігін, болмашыңа қуана білетіндігін, тіпті өзіңді еріксіз баурап әкететін жұғымдылығын, кейде нартәуекелі басым мәрт көңілін жаныммен ұғынатындығым шығар. Не істесек те бір-бірімізге адал болдық. Ол інілік жолын білетін. Мен ағалық жолымды сақтадым. Менің әндеріме ғашық еді. Мен оның вальстері не іңкәр көңілімді айтып жеткізе алмайтынмын. Ол төгілтіп домбыра тартқанды, буынсыз бишідей дирижерлік жасауды, көсілтіп ән салуды армандап кетті. Оның есесіне домбырашы қазақ күмбір летіп күй төксе, сиқырлы таяқпен сымдай тартылған сұлу жігіт оркестр алдына шығып дирижерлік етсе, қоңыр үнді қазақ тамылжытып ән салса, Шәмшінің арманына жеткені ғой. Мен де әуелетіп ән сала алмай, Шәмшідей таңғажайып вальс тудыра алмай, жетпістен асып барамын. Маңдайға жазғаннан асқан ешкім жоқ. Ба рына шүкір!” Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы 20 жел тоқсан күні жарлық шығарып, қазақ музыка өнерін дамытудағы айрықша ең бегі үшін Шәмші Қалдаяқовқа “Қазақстан Республикасының халық артисі” құрметті атағын берді. Бұл не? Басына қонған бақ құсы! Көзі тірісінде халқының алақанында жүріп, Мұхтар Әуезов, Дінмұхаммед Қонаев, Нұрсұлтан Назарбаевтай тұл ғалардың қошаметіне бөленген Шәмші ағаны, профессор Сұлтан Сартаев айтқандай, халқымыз “өзінің таланттарын ерте танып, еркелете білді”. 3. ТАУ БҰЛАҒЫНДАЙ ТАЗА ӘУЕН “Өнердің өгей әкесі” атанған Ауыл шаруашылық министрі Серік Үмбе тов Жамбыл облысының әкімі боп тұрғанда маған: – Шәмші туралы кітап жазсаң қайтеді? – деген ұсыныс айтты. Шіркін-ай, Дүкенбай ағам секілді желдіртіп жаза алсам, жеті-ақ күнде бітірер ем. Амал не? “Оң жамбасыма келмейтін шаруамен айналысу абы рой ма? Көтере алмайтын шоқпарды беліме қыстырып қайтем” деп ойла дым. Шәмші аға менен аттай 20 жас үлкен. Оспанхан ағам айтқандай “мен жөргекте жүргенде Шәкең жер-көкте жүрген”. Оның үстіне жастық шақта тай-құлындай тебісіп өскен, студентт кезінде бір пәтерде бірге тұрып, қара нанды қақ бөліп жеген Илья Жақанов, Өмірзақ Айтбайұлы, Еркінбай Әкімқұ лов, Оразбек Бодықов жазса бір сәрі. Алғашқыда жазсам жазып көрейін деп қопаңдағаным рас, кейін ол райымнан қайттым. Бірақ, әруағы разы болсын деген ниетпен Шәмші ағаның нотаға түскен жүзге жуық әндерін, хаттарын, баспасөз бетінде жарық көрген мақалаларын, ел аузындағы әзілдері мен жол-жөнекей шығарған өлеңдерін жинастырып, 2002 жылы жиырма бас па табақтай кітап шығарғаныма қуандым. Оған Серік Әбікенұлы демеуші болды. Кітап құрастыру барысында Шәмші ағамен аралас–құралас болған көптеген өнер жұлдыздарымен, ақын-жазушылармен, қоғам қайраткерлері мен сұхбаттасып, қағазға түртіп алып жүрдім. Соның бірсыпыра тұздықты
тұстарын оқырмандар назарына ойып–ойып ұсынуды жөн көріп отырмын. Менің өмірімде екі Мұхтар болды. Бірі – әкемдей болған ұлы жазушы Мұхтар Әуезов те, екіншісі – үлкен ақын, айтулы тұлға, менің інім Мұх тар Шаханов. Ал Шәмші Қалдаяқов – ән падишасы, ол бір қазаққа емес, бүкіл адам затқа ән салдырған аса талант иесі. Шыңғыс АЙТМАТОВ Бүкіл исі қазақ жұртына Шәмші Қалдаяқов деген атпен мәш-һүр бо лып, халқына әннен әсем мүсін құйған тамаша талант иесі. Мұхтар ӘЛИЕВ, Академик, Халық қаһарманы. Шәмшінің кеудесінен күмбірлеп туған әр әнін әуелетіп шырқаған са йын жайлауда жүргендей жарқын әсерге бөлендім. Роза БАҒЛАНОВА, Халық артисі, Халық қаһарманы. ... Тау бұлағындай таза әуенімен ән-жырға сусаған халқының мейірін қандырды. Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА, Еңбек ері, Халық артисі. Орталық концерт залында өткен Шәмші ағаның 60 жылдық мерей тойында ұлы композиторды бірінші және ақырғы рет көрдім. “Бақыт құ шағында”, “Бәрінен де сен сұлу” әндерін орындағанымда Шәмші аға бата берді. Шәмші ағаны көзі тірісінде көріп, ақ батасын алуым – мен үшін үлкен бақыт! Мақпал ЖҮНІСОВА, Халық артисі. Ұлы Абайдың Францияда өткен 150 жылдық тойына қатысқан қа зақстандық делегацияны Иманғали Тасмағамбетов басқарып барды. Мерейтойдың ашылу рәсімінде француздың бір әнін орындадым. Бірақ жұрттың сұрауы бойынша Шәмшінің “Менің Қазақстаным” әнін іле-ша ла орындауыма тура келді. О, құдірет! Бұл әнді Жамал Омарова апайдан кейін қанша орындасам да, дәп осы Парижде айтқандай айтқан емеспін. Әсіресе, Әлібек Дінішев қатты ризашылық білдірді. Шәмшінің әндері ХХ-ғасырдағы қазақ эстрадасының паспорты. Сара ТЫНЫШТЫҒҰЛОВА, Халық артисі. Шәмші ағаның әнін тыңдаған ағылшындық мейман Роберт Файлер тілмаш арқылы: – Мен қазақтың ұлы композиторымен танысқаныма қуаныштымын. Үш жүзге жуық ән шығару деген – ұлы ерлік. Ескерткіш орнату керек! – деді. Шетелдік қонақтың мақтау сөзін Шәмші аға өте қарапайымдылық пен қабылдаса да, көзі жасаурап қалды. Қуаныш ТӨЛЕМЕТОВ, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты. Өткен ғасырдың екінші жартысында Шәмшінің әндері бүкіл қазақ даласын бесіктей тербетті. Академик Ахмет Жұбанов “Хамидидің “Қа зақ вальсі” космосты Гагариннен бұрын шарлап өтті” деген еді. Аузы дуа
лы академик ағамыз айтқандай, егер егемендігіміз ертерек, сол жылдарда келсе, онда Шәмшінің әндері шартарапты шарлап кеткен болар еді. Қаршыға АХМЕДЬЯРОВ, профессор, Халық артисі. Шын тарланның, хас тұлпардың даңқы дүбірлі бәйге өткеннен соң ба рып асқақтайтынын білетін елміз. Шәкеңнің өмірі де сол дүбірлі бәйге сынды құйындатып өте шықты. Артында жүрек тербейтін әсем әндері, аңызға айналған аты қалды... “Асқар тау алыстаған сайын асқақтай түседі”. Шәмші де жыл өт кен сайын халық санасында биіктеп, тарихи тұғырына көтеріліп келеді. Шәмші ағаның Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Естай ақын, Әсет сияқты ұлттық өнер жұлдыздарының қатарынан орын ала рына еш шүбә жоқ. Талаптан АХМЕТЖАН, жазушы. “Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар” дегендей, ән шығарған-дардың бәрі бірдей әйгілі боп кете бермейтіні мәлім. Біреу жорға, біреу жортақ – әркім әліне қарай сілтемек. Шәмші Қалдаяқов – шашасына шаң жұқтырмайтын қазақ әнінің хас жүйрігі. Рахманқұл БЕРДІБАЕВ, Академик, профессор. Ақиқатына келгенде, Шәмшінің тәңір жаратқан таланты асқақ. Әсем әндері қай атақ, қандай сыйлықтан да жоғары. Әсет БЕЙСЕУОВ, Халық артисі, композитор. ХХ ғасырда қазақ әнінің ажарын ашып, шырайын кіргізіп, оның өрісін әлем көгіне шығаратын бір феномен тууы керек еді. Ол – Шәмші Қалдая қов есімді аққу әуезді композитор болып туды да! Ол біздің жүрегіміз бен жанымызды, діліміз бен тәнімізді мәңгі бақи нұрландырып, маңғұрттық кесапаттан құтқаратын бір дуалы құдірет. Илья ЖАҚАНОВ, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор. Әсем де әуезді әндерімен халықтың жүрегін баурап алған Шәмші аға көзінің тірісінде-ақ халық композиторына айналған ұлы сазгер. Ендігі біздің міндетіміз – ағамыздың әндерін бұзбай, әсем қалпында ұрпаққа жеткізу. Роза РЫМБАЕВА, Халық артисі. Шәмші өнердің киесінен ғана қорықты. Қали СӘРСЕНБАЙ, Президент сыйлығының лауреаты. Қазақ әні мен мәдениетінің алтын қорына елеулі үлес қосқан Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық мұрасы – ұлтымыздың баға жетпес бай лығы, рухани қазынасы. Халқымыздың жан жүрегіне жақын, оның болмы
сымен үндес Шәмшінің әндері – жас талғамайтын, мәңгі жасайтын жау һар дүние. Қасымжомарт ТОҚАЕВ, Мемлекет қайраткері. Шәмші Қалдаяқовтың әндерінің жастарға берер тәлімдік-тәрбиелік мәні өте зор. Оның шығармаларының өзі бір әлем. Кей орталарда адам ды даңқына, атақ-дәрежесіне қарай бағалайды. Сондықтан дарындарды белгілі бір одаққа мүше емес, атағы жоқ деп есептеу пайымсыз нәрсе. Әрине, әр кезеңнің өз әуені, өз ортасы бар, бірақ Шәмші әлемі мәңгі ескірмейтін, көнермейтін әлем. Оның әні арқылы талай жас бірін-бірі тауып, шаңырақ тікті. Ізгілікке, инабаттылыққа, шынайы махаббатқа шақыратын туындылар осылай ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып кете береді. Әшірбек СЫҒАЕВ, профессор. ... Шәмшімен бірге өткен күндердің көркемдігін кестелеуге тіл жетер ме?! Әттең уақыт өте келе Шәмшінің ертеректе жазылған көп әндерінің жиі айтылмауы, бәлкім, орындаушысының осалдығынан болар, елге қай тып оралмай жүргендері де аз емес. Шәмші өмірден өткен осынау жылдар ішінде оның шығармаларының әлі де тың жатқан тұстарына түрен са латын зерттеушінің табылмауы да өкінішті. Шәмшінің әндерінің арқа сында қаншама қазақ жастары махаббат бесігінде тербелді. Қыздармен Шәмші болып танысып, бақытын тапқандары қаншама! Асанәлі ӘШІМҰЛЫ, Халық артисі. Шәмші бертінгі әндерімен ғана емес, алғашқы қадамдарында-ақ қа лың көпшілікті бірден жалт қаратып, шырқау талантын шындап та нытты. Басқаны былай қойғанда әлемге әйгілі кемеңгер Мұхтар Әуезов жас композитордың жайдарман әндеріне өзгеден бұрын назар аударды. Өзінің соңғы романы “Өмкен өркенде” Шәмшінің “Ақмаңдайлым” вальсі не байланысты естен кетпес эпизод қосып, композитордың атын атап, ән-өлеңінен үзінді келтірген. Мұзафар ӘЛІМБАЕВ, Халық жазушысы. Тоқсаныншы жылдары “Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қызмет кері” деген атақты Шәмші ағамен қатар алғаныма қатты қуандым. Бі рақ сазгер ағам желп етіп желпінбеді. “Үлкен үйде” тапсырылатын сол марапатты алуға бірге барайық дегенімде ағамның аяғы ол жаққа баспайақ қойды. Себебін сұрағанымда: – Олардың мінәндәй атағынан менің “Шәмші!” деген мына-а-а-а-адай атым артық! – деді де кері бұрылып кете берді. Түһ, неткен биіктік! Алтынбек ҚОРАЗБАЕВ, Халық артисі. Шәмшінің әндерін қанша мәрте қайталап айтсаң да жалықпайсың. Айтқан сайын бұрын сезбеген, мән бермеген жаңа бір нәзік тұстары ай қындалып, айшықтана түседі. Елтіген үстіне елти бересің. Содан қазақ
әндеріне деген мақтаныш сезімнің өркештене бастайды. Шәмшіні із дейсіз, сағынасыз. Сіздің сағынышыңызды баса аларлық, оның ғажайып ән мұрасының қалғанына шүкіршілік етесіз. Өмірзақ АЙТБАЙҰЛЫ, профессор. ... Пайғамбар жасына жетеқабыл аз ғұмырында Шәмші қазақ сахара сының әр өлкесі түгіл, әр ауылына бір-бір ән еншілеп үлгерді десек асыра айтқандық болмас. Жомарт жүректен туа қалған сол әндердің қай-қай сысын да тек бір аймақ қана емес, бүкіл ел, бүкіл ұлт түгел айтып, түгел шырқап келеді. Шәмші қазақ ұлы мен қызының жүрек қылын шертетін наз жырын да, қазақ шаңырағының қай қуанышын да түгел елей алатын думан-жырын да, Қазақ Елінің айбынын асқақтатып, айдынын шалқыта дәріптейтін Мерей жырын да жазып үлгеріп кетті. Жоқтан қайта бар боп, жұтаңнан қайта нар боп ерлеп жатқан Елінің қай керегіне де жарай алатын жайсаң мұра тастады да, бабалар тартқан сапарға кете барды аттанып... Әбіш КЕКІЛБАЕВ, Халық жазушысы Мен, “музыка әлемінің аса білгірімін” деп өзімді айта алмасым ақиқат бола тұра, халқымның ән-күйіне бір кісідей құлақ қойып, содан жаным жадырап, рухани ләззат алатыным рас. Менің жүрегіме Біржан, Ақан, Мәди, Әсет секілді ән өнерінің дүлдүл дері мен Тәттімбет, Дәулеткерей, Сүгір секілді күй өнерінің асқан ше берлерінің саздары жақын. Соларды тыңдап ойым алысқа, қиялым қиянға шыққандай боламын. Сол алыптардың бүгінгі жалғасындай өз туындыла рымен халқының құрметі мен сүйіспеншілігіне бөленіп өткен композитор лар қатарында Нұрғиса Тілендиев пен Шәмші Қалдаяқовты айтар едім. Нұрғисаның жөні бөлек дей тұрып, бұл жолы оның рухани інісі Шәмші туралы бір-екі ауыз пікір айтсам деймін. Шәмші – қазақ ән өнеріне үлкен жаңалық және ұлттық бояуы қанық өлмейтін туындылар олжалаған аса дарынды сазгер екендігін дәлелдеген өнерпаз. Шәмшінің әндерін өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бері бүкіл қазақ шырқап, вальстерімен қаншама жас ұрпақ тербеліп-билеп келеді де сем – артық айтқандық болмас. Шәмші Батыс өнеріндегі вальсті қазақ топырағына, қазақ табиға тына жақындатып, ұлтымыздың төл өнері санатына қосып жіберген еді. Содан да оны тұрғыластары: “Қазақ вальсінің Королі” деп құрметтеп, орынды мақтан етеді. Қасым ҚАЙСЕНОВ, Халық қаһарманы, жазушы. Қазақ өнерін білгісі келетіндер Қастеевтің суреттерін, Қалдаяқов тың әндерін зерттеулері керек. Ғабит МҮСІРЕПОВ ...Шәмші қарапайым жүріп, ғажайып әндер туғызды, өліп-өшіп із денді, қазақ әнінің сыры мен ырғағын еуропалық биік деңгейге аспандатып үлгерді. Қазір де ойлап кетсек, көңілімізге, көзімізге Отырар төбенің ба
сына шығып алып, малдас құрып, мұртын ширатып, күлімсіреп отырған абыз Шәмшіні елестетеміз. Шәмшінің рухы әлі арамызда, тіршілік сапарында кәдуілгі тірі кісідей қолдасып, сырласып, ойласып, өлмей, жоғалмай, әлі жүргені керемет. Қа сиет қонған дегдар кісінің арты барақатты болмақ! Дүкенбай ДОСЖАН Өзім Шәмші туралы суреттер сериалын жасау үстіндемін. Ол осы жылдың қыркүйек айында өтетін дербес көрмеме қойылады. Бұл дүние де келешекте ұйымдастырылатын мұражайдың бір көрнекті экспонаты бо лып қалар еді. Шәмшідей ұлы адаммен дәмдес, сырлас болып жүргенімді бүгінде мақ тан тұтамын. Таудың биіктігі мен сұлулығы жырақтанған сайын айқын көрінетіндей, Шәмші ағаның да сырға толы бейнесі бізден алыстаған са йын асқақтап келеді. Қасымбек НҰРБЕКОВ Шәкеңнің табиғатында біреуге артық міндет арту, салмақ салу, еш қашан атағы мен дәрежесін бұлдамай үлкенмен де, кішімен де жарасып, әдемі қалжыңмен жүретіні басқаларға бұйырмай қалған дүние болуы ке рек. Екі сөзінің бірінде “ұлық болсаң, кішік бол” деген сөздің төркінін түсінгенге не жетсін, жігіттер” деуші еді. Шәкең ең арғысы адамдарға емес, ұшатын құс секілді жерге де өз салмағын салмай өтті ғой бұл фә ниден. Қабылбай БЕРДИЯРОВ Мен ол кезде «Қазақтелефильм» студиясының режиссерімін. 2-3 де ректі фильмдерім республикалық, одақтық – Останкинодан көрсетіле бастаған шақ... 1990 жылдың тамыз айы. Қазір дәл қай күн екені есімде жоқ, жаз айының уылжыған жайдары күндерінің бірінде, асханадағы кішкентай ра диоқабылдағыштан Шәмші Қалдаяқов туралы хабар беріліп жатыр екен, құлағымды түріп, тыңдай қалдым. Өзінің тамаша әндерімен, халқымызды еліткен Шәмші ағаның дауы сын сол кезде алғаш тыңдап едім. Тілеген АХМЕТОВ Шәмшіні көзі тірісінде халқымыз ардақтап, әспеттегінімен, билік басында отырғандар оның талантын бағалап, қадіріне жетпеді... «Шәмші – ел еркесі» еді. Мұхамеджан РҮСТЕМОВ Міне, құрметті оқырман! Алты алаштың аузында жүрген атпал азамат тардың қадау-қадау ой-пікірлерін қойын дәптерімнен шығарып, алдарыңыз ға жайып салып отырмын. Ал, Шәмші аға туралы толыққанды роман-эссені Илья Жақанов жазып бітті деп естідім. Әрі қарай кеттік... Баяғыда біреу “Мен Абылай ханның арбасын айдайтын арбакештің көршісі едім” деп кеудесін керіпті ғой. Сол айтқандай, қазақ даласын жарты ғасырдай жаңғыртып әсем әнге бөлеген біртуар сазгер Шәмші Қалдаяқов ағамен бір ауылда туып, бір өзеннің суын ішіп өстім. Ағамның атын байлап, кебісін қоймасам да, құлақ құрышын қандырған ғажайып әуендерімен бесік те тербетіліп, белім бекіді.
Біреулер таң қалады, енді біреулер таң қалдырады. Шәмші аға ғажайып әуендерімен исі қазақты таң қалдырып қана қойған жоқ. Табындырды! 4. ҚҰРМАНҒАЗЫ ҚАЙ КОНСЕРВАТОРИЯНЫ БІТІРДІ ЕКЕН? Шәмші ағаның әндері бір төбе, әзілдері бір төбе. Ал, ақындығы ше? Ауыз-екі әзіл-қалжыңдары ше? Қайталанбас құбылыс. “Күні бойы бір рет езу тартып күле алмасаң, онда ол күнің зая” депті ғой Виктор Гюго. Шәмші ағаның бір күні зая кетпеген. Айналасына шуақ шашып, қазақы қалжыңға қарық қып, күлкінің күміс қоңырауын сыңғырлатып жүрген. ...Ол кезде “қызыл империяның” әмірі жүріп, қылышынан қан тамып тұрған заман. “Жоғары оқу орнын бітірмегендер КСРО Композиторлар одағының мү шесі болмайды” деген қатып қалған қағида бар. Қағиданың аты – қағида, бұза алмайсың. Құрманғазы атындағы консерваторияға түсті. Шүу дегеннен атағы ша рықтады. Іші тарлардың көре алмағаны рас. Қызғаныш не істетпейді? “Ыл ду-сылду, ыңғайы жоқ студент” секілді сыныққа сылтау іздеп, институттың соңғы курсынан шығарылды. Дипломсыз композитор. Алты алашқа таныл ған Ақан серіде диплом бар ма еді? Біржан салда ше? Кешегі Жаяу Мұса... – Мен таң қалам, – дейді екен Шәмші. – Консерваторияға Құрманғазы ның аты берілген. Сонда Құрманғазы атам қай консерваторияны бітірді екен? ...Қара кәстөм туралы қалжыңы ше? Шәмшіге ел-жұрты ерекше құрмет көрсетіп, су жаңа кәстөм-шалбар кигізеді. Алматыға келгесін сол жаңа киім мен достарына соғады да, түнделетіп үйіне келе жатса көшенің бұзықтары ұстап алып: – Шешін! – дейді. – Әй, жігіттер, мен Қалдаяқовпын ғой. – Бізге Қалдаяқов емес, қара кәстөм керек! – дейді әлгі әпербақандар. Сонда жарықтық Шәкең: – Айналайын халқым, өзі киіндіреді, өзі шешіндіреді. Халқым аман бол сын! – деп шешіне бастаса керек. ...Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев екеуі Алматыдағы Ленин ес керткішінің түбінде кездесіпті. “Ойласам талай-талай қыр басыппын, Досым деп доңызбен де сырласыппын!” – деп жыр оқыған Мұқағали: – Ленин неге оң қолын шығысқа қарай көтеріп тұр? – деп сұрапты. Сон да Шәмші не деген? – “Банк пен базар мына жақта. И бас жазатын жер де осы жақта!” деп тұр, – деген. Міне, әзіл. “Орынды мысқыл – оқтан да өткір”. Бір заманда өтірік “Шәмшілер” көбейіп, атын пайдаланғандар аз болма ған. Сыраханада Әбілахат Еспаев екеуі тұрса, бір бейтаныс жігіт кеп: – Мен Шәмші Қалдаяқовпын! – деп өзін таныстырады. Екі дос не дерін білмей, бір-біріне қарайды. Әбекең: – Мен Әбілахат Еспаевпын! – дейді. Ал, Шәмші өзін: – Академик Ахмет Жұбановпын! – деп таныстырады. Әлгі жігіт кеткесін Әбекең: – Өлген кісінің атын айтып, өтірік танысқаның ұят емес пе?– дейді. Сон да Шәмші: – Ұялса анау жігіт ұялсын, – дейді. – Ол жігіт тіріні өлтірді, ал мен өліні тірілттім.
Жас әнші Нұрғали Нүсіпжановтың даусын “Бұлақтың басына шөлдеп келген лақтың дауысындай!” деп әдемі әзілмен тәнтілік танытқан. ...Кір жуып, кіндік кескен жері Отырарға барғанда Шәмші аяқ астынан ауырып, ауылындағы ауруханаға түседі. Хал-ахуал сұраған жерлестері: – Жүрегіңіз ауырады екен-ау? – дейді. Шәкең оған мойысын ба? – Жүрек ауруымен жүрегі барлар ғана ауырады! – дейді. Ғалымдардың болжамы бойынша, бүкіл жан-жануардың ішінде ит қана инфаркт болмайды екен... – Егер менің көрген күнімді көрсе ит те инфаркт болады! – дейді Шәкең қуақыланып. Қазақта “Аурудың жақсысы жоқ” деген сөз бар. – Аурудың да жақсысы бар, – дейді екен Шәмші аға, – Ең жақсы ауру – қышыма, қасыған сайын жаның кіреді. Жазушы Оразбек Бодықов: – Бір кісінің Жасарал, Көкарал, Ақмарал, Генерал деген балалары бар екен. Аттары қызық, ә? – дейді. – Ой, ол түк емес!, – депті Шәмші. – Бір шалдың Мылтықбай, Найзабай, Наганбай, Патронбай, Шомпыл бай деген балаларын өз көзіммен көрдім. Рас па, өтірік пе? Аузын ашып аң-таң қалған Оразбекке: – Немене, сенбейсің бе? – депті Шәмші. – Біздің қазақтар ат қойғыш. – Менің “Сыган серенадасы” әнімді үзілдіріп айтатын Зәуреш Есберге нованың шын аты – Закон. Кейін Зәуреш боп кеткен. Октябрь деген спорт шы,Февраль деген секретарь, Совет, Коммунар деген журналист, Глазбай деген режиссер бар. Тіпті Данышпан деген әйелді де көрдім. Шіркін, Шәмші! Осы бір астары қою асқақ әзілмен не айтқысы келді екен? Ал, Шәмшінің ақындығы құмның астында көміліп жатқан алтын сияқты құпия қазына. – Шәмшінің ақындығын білесіз бе? – деп сұрадым ордабасылық ойлы ақын Нармахан Бегалиевтен. – Студент кезімде Шәмші ағамен біраз араластым, – деді ол жүзі нұрла нып. – Өлең шығарғанда ұйқас қуып, теңеу іздеп тентіремейтін. Көкірегін дегі көрікті ойын өлеңмен өрнектеп, кірпияз сөзбен кестелеп, шуақты шу мақтарды суырып салып, төбеңнен төге салатын. Балалық па әлде, шалалық па, көп өлеңін көңілге тоқып, жазып алмаппын. Әр сөзі әрлі, әзілге бейім. Қара өлеңдей қарапайым. Әсіресе “Ердің қайғысын тұлпардың тұяғы жаза ды” деген қанатты сөзі осы күнге шейін есімде. Қандай ғажап, қандай сұлу тіркес! Азаматтық пафосқа толы, асқақтаған өлеңдерін құлағыма құйып ал мағаныма осы күні өкінемін. Ал, былайғы астарсыз ауызекі айтылған кейбір өлеңдері жадымда жатталып қалған. Мұхтар Шахановтың жалындаған жас кезі. Бойдақ. “Лениншіл жастың” (қазіргі “Жас алаш” газеті) Оңтүстіктегі тілшісі. Үйіне іздеп барса, Мұхтар інісі Қызылқұмға (қазіргі Отырар ауданы) кетіп қалыпты. Шәмші аға есігіне екі шумақ өлең жазып қалдырады. Мұхтар, осы шынымен бұзылдың ба, Немесе неге кеттің Қызылқұмға? 8-март мейрамы қарсаңында Бір емес, қыздың тастап жүзін мұнда. Кетпегін Қызылқұмның сайында ағып, Қалмағын Шәуілдірде қайындалып.
Біреуді ертіп келсең өзің білгін, Бұл жақта біз отырмыз дайындалып. Отағасы болған шағында да ақтарып айта салған ақжарма өлеңдері көп– тін. Соның біреуі былай: Жігіт күнде қыз еді мақалымыз, Шығып кетті бұл күнде сақалымыз. Қырқасынан қырықтың асқаннан соң Қыз қалып, қатын болды қатарымыз. Құдай басқа салған соң амал бар ма, Жақсы қыздар кетті ғой жамандарға. Ата-бабам үш-төрттен қатын алған, Қайтып келер дәл сондай заман бар ма? Ал, қонақта отырып, үстел басындағы аруларға арнап шығарған өлеңін білесің бе? Бір шумағы былай: Жағасы едің сен менің жемпірімнің, Қыз келсе жігіт – пұшпақ елтірінің. Қыздар-ау, қастарыңа жақын қондық Сұрар деп хал-жағдайын кемпірімнің. Жас кезінен жанында көп жүрген жазушы досы марқұм Оразбек Боды қов та Шәмшінің ақындығына айғақ болған. Алпысыншы жылдардың аяқ шенінде Алтынемелден асып, бір шопан ның үйіне түссе, той болып жатыр екен. Шәмшінің келгеніне қуанған ауылаймақ түні бойы ән-жырға бөленеді. Таң ата көз шырымын алған Шәмшіні келіншектер “Шай ішіңіз” деп оятады. Қасындағы жігіттер: – Өлең айтып оятпасаңдар, тұрмаймыз! – дейді еркелеп. Келген келін шектер де суырыпсалма ақын екен, аяқ астынан айтыс басталады. Шегінетін Шәмші ме? Келіншек: – Болсаң да кетпен шапқан күніменен, Даусымның оянарсың үніменен. Жігіттер, бұл жатысың қандай жатыс, Шыққандай қой күзетіп түніменен? Шәмші: – Белінен басып жүрміз жалғаныңды, Көтеріп көрер ме еді салмағыңды. Күнәсіз өткізсем де осы түнді Киейін, шыға тұршы, дамбалымды. Келіншек: – Болғанда – сіз қалада, біз – далада, Дарияның сіз – ортасы, біз – жағада. Солдатша тез киініп болсаңдаршы, Жараспас сыртта тұру қыз балаға. Шәмші: – Кіре бер, енді кидім дамбалымды, Тістерсің мен кеткен соң бармағыңды. Артыңда бала-шағаң, байың да тұр, Қалдырып кетер едім бар малымды. Таңертеңгі шай ішіліп болғасын, сиыр сәскеде малшы ауылдың өңшең өнерпаз келіншектері Шәмші бастаған қадірлі қонақтарды өлеңдетіп шыға рып салады.
– Сендерден ала алмадым, таласым бар, Кеудемде жазылмайтын жарасыңдар. Бір тәулік көңіл ашып, өлең айттық, Қай жаққа бізді тастап барасыңдар? Ақ жүрек ауылдың ажарлы думанын қимаған Шәмші қыз-келіншектің бәрімен қол бұлғап қоштасады. Сол сәтте кеудесінен керемет өлең құстай ұшып, қанат қағады. – Жігіттік өзімізге тән шығарсың, Ал сендер соған сәйкес сән шығарсың. Алда – жол, артта – қиял, Омырауға Зер толған, жазылмаған ән шығарсың. Шәмші шынында да ағыл-тегіл ақын болған. Туындысын күшеніп “туа тын” кейбір ақын құрдастарына: – Мен композитор боп, сендерді құдай сақтап қалған ғой! – деп күледі екен. Төлеген Айбергенов тұңғыш кітабы жарық көргенде қуанғаны сонша, жүгіріп кеп Шәмшіден сүйінші сұрайды. Кітабы жұп-жұқа екен, қырғыш тың қырындай ғана. Бағасы – 5-ақ тиын. Ал, аты айқайлап тұр: “Арман са пары”. Сүйіншісіне не бере қойсын? Қалтасы тесік Шәмші табан астында тауып, бір шумақ мына өлеңді “байғазыға” байлап, қолтаңба береді. Көбейіп тұр бүгінде Ақындардың қатары. Бес-ақ тиын тұратын Не деген арман сапары? Әуен. Саз. Ақын. Осы үш қасиетті құдай Шәмшінің бойына құйып мүсіндесе құдірет емей немене? Құдіреті болмаса Шәмші өзінің “Құшақ жайған қандай адам” деген өз әуеніне өзі өлең жаза ма? Сөзі қандай, шіркін! Лирика. Тұнып тұр. Әлі де бұл кеудеме толмай арман, Жас көңіл еш нәрсеге болмай алаң, Бейхабар жүр едім ғой махаббаттан Қол созып, құшақ жайған қандай адам? Қиялым, сәулесінен дірілдеген, Көктемгі күнім бе екен күлімдеген. Әлде бір көктемдегі сандуғаш па, Жанымды елжіреткен үніменен. Қалайша жүрегімді алдай алам, Мен оны жалғыз саған арнай алам. Бейхабар жүр едім ғой махаббаттан, Дариға-ай, құшақ жайған қандай адам? Шәуілдірдегі Шытты ауылында тұратын нағашысы Серікбаев Ыса, оның құдай қосқан қосағы Бердалиева Абат ханымның отбасына тілек білдірген Шәмші аға 1977 жылы 15 мамырда өз қолымен өлеңдетіп мынадай қолтаңба қалдырған: Боз таңда, боз үйректі ілді біреу, Жарасып, жармен ойнап-күлді біреу. Атлас, ақ кіреуке шымылдыққа Атылып оқ жыландай кірді біреу.
Есігін сегіз жұмақ ашқандай-ақ Етегін ақ көйлектің түрді біреу... Солқылдақ шымға біткен бүлдіршіндей Алманы ақ алмаспен тілді біреу. Шіркін жан шығып кетпей тұрды сонда Сорғанда солқылдатып тілді біреу. Қысқа таң сол бір сәтте жетпей қалды, Тұрмады-ау ұстаңқырап күнді біреу. Жиенің ШӘМШІ. 15.V.77. Шәмшінің қолымен жазылған осы өлең біздің ауылдағы Отырар мұра жайына ілініпті. Жұрт біле берсін деген ниетпен “Вальс королінің бір қыры” атты шағын мақаланы “Қазақ әдебиеті” газетінің 2002 жылғы 23 тамыз күнгі санына жариялаттым. Осыған байланысты бірсыпыра оқырмандардан хат келді. Мысалы, Оразақын Асқар мен Аманжан Жақып бұл өлеңді 1957 жылдан бері білетінін, оны Қытайдан келген Сұлтан Ғазизұлының аузы нан естігенін ескерте келіп, “Бұл өлең Мағжан Жұмабаевтың өлеңі емес пе екен?” деп топшылайды. Ал, Сатыбалды Дәуімов осы өлеңді отыз алты жыл бұрын Сәкен Хайдарұлы деген көпті көрген аяулы азаматтың аузынан жа зып алғанын айтады. “Біздіңше, Шәмшіге телінген өлең белді бір ақынның белгілі бір жағдайға байланысты шығарып, елге тарап кеткен дүниесі болса керек. Ал, Шәкең болса, өзіне қатты ұнағандықтан көкейінде жатталып қал ған өлеңді жоғалып кетпесін, хатқа түсіп қалсын деген оймен нағашысының альбомына жаза салған–ау” деп жорамалдайды. Бұл өлең кімдікі болса да, Шәмші аға көкейіне қонған көркем дүниені кестелеп, қағазға түсірген. Профессор Құлбек Ергөбектің зерделеуіне қарағанда Шәмші аға кезінде “Нан”, “Арақ” деген поэма жазған. Қолжазбасы қайда екен? Бәлкім, табы лып қалар. Шәмшіге арналып 83 ән жазылыпты. Не деген бақыт! Шәмшінің өзі де әнге айналып кеткен! Сол шоғыр әндердің ішіндегі шоқтығы биігі – Қалды бек Құрманәлиевтің “Ән ағасы”. Ән табылды. “Нан” табыла ма? Жоқтаушысы жоқ емес. Академик, Халық қаһарманы Мұхтар Әлиев «Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық «Шарапат» қорын құрып, бір шама ізгілікті жұмыс атқарды. Бұл бастаманы көтерген бірнеше аудандар мен Түркістан, Шымкент қаласының әкімі болған өнер жанашыры Өмірзақ Әмет болатын. Көше берілді, басына ескерткіш орнатылды. Қоғам қайрат кері марқұм Сарыбай Қалмырзаев Жамбыл облысының әкімі боп тұрғанда Шәмшінің кесенесін көтеруге қаржылай көмектесіп, демеушілік жасағаны елдің есінде. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі кезінде Болат Жылқы шиевтің мұрындық болуымен жыл сайын Шымкентте халықаралық Шәмші Қалдаяқов атындағы ән байқауының өтуі үрдіске айналды. Алматы қаласы ның әкімі Ахметжан Есімов орталықтан Шәмші ескерткішін орнату үшін арнайы жер телімін бөлді. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзақметов Шымкент шаһарының шырайлы аумағынан Шәмші Қалдая қов аллеясын жасады. Қазір бұл жер жастардың демалыс орны мен сүйікті саябағына арналған. Жыл сайын тамыз айында Шәмшінің туған күніне орай Оңтүстікте республикалық ән фестивальін өткізу – ұлы композитордың ру хына тағзым. Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің қолдауы
мен орталық концерт залында Шәмші әндерінің керемет кеші үшінші рет өткізіліп, жақсы іс жалғасын тауып келеді. Шәкеңнің сырлас досы сырбаз жазушы Еркінбай Әкімқұлұлы «Ән па дишасы Шәмші Қалдаяқов» атты романын оқырмандар назарына ұсынды. Құнды дүние. Құмартып оқыдық. Қайта тірілтті. Ақын, драматург, композитор Исраил Сапарбайдың «Сыған серенада сы» пьесасы Шәмші ғұмырының жастық шағын бейнелейтін тамаша қойы лым. Көптеген театрдың сахнасынан түспей келе жатқан бұл сазды спект каль көрермендер көзайымына айналған. Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән фестивальі дирекциясының Бас директоры болып істеген Қалдыбек Құрманәлі «Шәмші» журналын шы ғарып, ұлы композитордың қанашама мұрасын жинақтады, қаншама ән кешін өткізді. Кезінде әкімшіліктің қара жүгін арқалаған қазіргі кәсіпкер Серік Иба дулаевтың бастамасымен журналист Сабырбек Олжабай екеуміз жан-жақтан жинақтап «Шәмші әлемі» атты көркем безендірілген кітап шығардық. Негізі, сонау сексенінші жылдардың басында-ақ халық Шәмшіні көзі тірісінде іздей бастаған. Шәмші қайда? Не істеп жүр? Беймәлім. Сол тұста драматург Оразбек Бодықов «Шәмші Қалдаяқов туралы жыр» деген мақала жазып, сұңғылы композиторға сұрау салды. «Қалдаяқов, қайдасың?!» деді. Тапты. Бұйығы тірлікпен бұғып жатқан жоқ екен. Шамырқанды. Шабытын шақырды. «Теріскей», «Отырардағы той» сияқты әуезді әндер жарты әлемді жаңғыртқандай шырқалды... Ұлағатты ұстазым Мұзағаң, Мұзафар Әлімбаевпен көршімін. Аракідік амандасып, ой бөлісіп тұрам. – Шәмші ағаның шығармаларының құдіреті неде? – деп сұрадым бір де. Жасырақ кезінде өзбек, қырғыз, татар тілдерінде де орындалған Шәмші әндерін сүйсіне тыңдағанын айта келіп, жіліктеп-жіліктеп жеті қасиетін қа ғазға жазып берді. – Шәмші қазақ халқының ежелгі саз өнерімен қаршадайынан танысқан, бойына мол нәрін сіңіріп, туған халықтың төл әндері ерекшеліктеріне терең бойлаған, сол қасиеттерді саралап тани білген. Бұл бір. Екіншіден, аймақтық шектелуден аулақ, шағын ауданның көлеміне қы сылудан жырақ жан. Оның өнер төркіні – бүкіл кең-байтақ Қазақстан! Ол Қалдаяқовтың баласы болып қана сөйлеуді өнер маңдайына тарсынады, ха лықтың ұлы болып шырқауды шын өнер мұраты тұтады. Сөйтіп, талабының таудайлығынан ұтады! Үшіншіден, қанатты композитор эстраданың есті, парасатты қырларына көңіл аударады да, оның қаңғыр-күңгір аз күндік дәуренінен бойын аулақ са лады. Саз – үнінің сара ұлттық сипатта болуын мақсат етеді. Құрақ көрпедей қиынды-құранды әнсымақтарды Шәмшіден іздесең де, табу қиын. Ондай дүмбілез дүниесі жоқ та шығар. Төртіншіден, композитор Шәмші Қалдаяқов өзіне жан дүниесі, армантілегі, творчестволық тынысы, өнер оңтайы үндес ақындармен одақ құрады. Әрі ән-өлең сөзіне талғамшыл, талап қойғыш. Өзінің де бір шағым ақынды ғы бар Шәмші сыбайлас ақынның шамына тимей, арқасынан сипай отырып, өзіне керек өлеңді жаздырып ала алады. Идеясын ұсынады, соған ақынды жұмылдыра біледі, жөндеткізе, жетілдірте алады. Бесіншіден, өнер одақтасы бола жүріп байқағаным – ән жазу инициа тивасы тізгінін қолынан шығармайтын композиторыңыз осы Ш.Қалдаяқов. Яғни ол алдымен әнін шығарып алып, ақынға өлеңді содан соң жаздырады. “Сойыл күшін соққы көрген біледі” дегендей, мұндай үрдістің ауыртпалы ғын Шәмші әуендеріне жыр жазғандар ғана біледі.
Ырғақтама, ұйқастама, шумақтама тұрғысынан алғанда Шәмші саздары әр алуан, қырық құбылады. Өзінен бұрынғыларды айналып өтіп, қайтала мауды басты бағдар етеді. “Ақмаңдайлым” мен “Ақсұңқарымға” өлең жазарда тек қайырмасы үшін ғана қаншама тер төккенімді әлі күнге дейін ұмытқаным жоқ. Әрине, бұл композитор ізденгіштігінің айқын көрінісі. “Әлеуләйім” мен “Әрияйда йымға” салып әуелете беретіндерге бәрі оңай... Алтыншыдан, композитор Ш.Қалдаяқов әншілерді таңдай біледі. Мә селен, “Ақмаңдайлым” мен “Ақсұңқарымды” басынан-ақ Роза Бағланова дауысына бейімдеген еді. Өйткені, әнді алғаш орындаушы дұрыс таңдалса, жаңа туынды жалпақ жұртқа жақсы тарайды, жаппай айтылады. Жетіншіден, композитор Шәмші халыққа ненің қажет екенін жақсы бі леді, яғни бүгінгі таңда жұрт нені аңсап отыр, ертең қандай өнегеге құмарта ды – осының бәрі оның назарында. Түнгі аспанның түндігін ашып, көгіне көз жіберсең миллиондаған жұл дыздарды көрерің хақ. Бәрінің аты жоқ. Бірақ бәрі де қара аспанның қақ төріне жайғасып алған. Ал, аты бар Үркер, Шолпан, Жетіқарақшы, Темірқа зық секілді шоқ жұлдыздарға аспанның шет-шетінен орын тиген. ... Аспанда да алалық бар. Әбіш Кекілбайдың осы бір философиялық астарлы тұжырымы Шәмші Қалдыаяқовтың ғұмыр кешкен заманына арналып айтылғандай сезінем. Ра сында да, өнер көгінің биігіне көтерілген Шәмші ағамыз абыройы асқақ, аты бар жұлдыз. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері Амалбек Тышанов мырза алғаш рет Шымкентте өткізген Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән фестивальдерінен кейін қазақ эстрадасында шоғыр жұлдыздардың пайда болуы ел үшін ең үлкен қуаныш. Жұлдыздан жұлдыз ғана туады! 5. ШӘМШІНІҢ ДАУСЫ ТАБЫЛДЫ! Шәмші аға Пайғамбар жасына жетер-жетпесте дүниеден озды. Артын да қалған ән мұрасы алты Алаштың аузында. Ал, бір-екі минуттық бейнесі деректі фильмде ғана. Дауысы ше? Қазақ радиосының алтын қорында өнер жөнінде толғаған сөзі сақталған. Оның өзі мардымсыз, небәрі үш-ақ минут тық. Бітті. Бар-жоғы осы ғана. Біз неге мұра жинауға дер кезінде мән бермейтін ашық-шашық елміз? Біз неге «қолда барда алтынның қадірін білмейтін» халықпыз? Осындай ой құшағында жүргенімде 2014 жылдың маусым айында ауыл ға ат басын бұрып бара қалдым. Орталығы Шәуілдір. Отырар ауданы. Арыс өзенінің Сырдарияға құятын сағасында Шәмші Қалдқаяқов туған. Сол ауыл дың жігіттері балық аулап, сейілдеп қайтуға шақырды. Іштеріндегі еті тірі Темірхан Мырзатаев деген жігіт сөз арасында: – Бұдан қырық жылдай бұрын Шәмші ағаны дәл осы табиғаттың ая сында күтіп едік. Содан кейін сіз кеп тұрсыз, аға! – деді де сөзін әрі қарай сабақтады. – Шәкең екі күн демалды. Қуақы кісі екен, ағыл-тегіл әңгіме айтты. Ән шырқады. Соның бәрін магнитофонға жазып алғанбыз. Екі касета... Сізді де... Сөзін бөлдім. – Ол қайда? – дедім қуанышымды жасыра алмай. – Үйде. – Үйің қайда?
– Көксарайда, осы жерден он-он бес шақырым. – Әңгімемді кейін жаза жатарсыңдар. Сол таспаларды тап қазір үйіңнен алып келші, айналайын. Біз Сырдың сағасында, жиденің арасында отырмыз. Темірхан інішек тұра шауып, екі-үш сағаттан кейін оралды. – Неге кешіктің? – Біреуін әрең таптым. Екіншісі жоқ. Кейін асықпай іздеймін. Табам. Шәмшінің әні мен әңгімесі жазылған жалғыз таспаны қойныма тығып, Астанаға мәз боп оралдым. Ішіндегі әр сөзінің қылшығын қисайтпай, мұртын бұзбай қағазға көшіріп, оқырмандар назарына қаз-қалпында ұсынғанды жөн көрдім. – Композитор Шәмші Қалдаяқов өлең айтайын деп жатыр! Шақыр көрші-қолаңды! – деп жігіттер шулайды. Шәмші: – Мынау менің қырық тоғызға келгендегі өзіме шығарған ән! – дейді де майда қоңыр даусымен шырқайды. Ауылым көшіп жатыр, қонып жатыр. Пенденің қай айтқаны болып жатыр. Қырықтың қырқасына келгенімде, Кеудеде арман деген жігіттер, толып жатыр.
Гаухардай көзің,
Шекердей сөзің,
Құрбыңды ғашық қылған
Жаным-ау, жалғыз өзің.
Дүние бір қисық жол бұраңдаған,
Сонда да күдер үзбе жігіттер, бір Алладан.
Есігін елу жастың ашып қалсам,
Жүр екен сұлу қыздар ішінде сылаңдаған.
Гаухардай көзің,
Шекердей сөзің,
Құрбыңды ғашық қылған
Жаным-ау, жалғыз өзің. Жігіттер: – Енді өзіңіз шығарған әніңізді айтып беріңізші. Өз перзентіңіз ғой, – деп қолқалайды. – Кейінгі туындым «Тамды аруы», – деп Шәмші аға сол әннің тарихын тарқатып айтады. Бір күні үйде отырсам телефон зыңғыр ете қалды. Тұтқасын көтердім. Аржақтағы дауыс «Шәке, біз мына Өзбекстандағы Бұхар облысына қарасты Тамды ауылында кілең қазақтар тұрамыз. Райкомның хатшысы да қазақ, ра йисполком да қазақ, мектебіміз де қазақша, газетіміз де қазақша. Бәрі де қа зақша. Аудан басшыларының тапсыруы бойынша Алматыға арнайы келдім. Ел-жұрт сізбен дидарласуға құмар. Сөздің қысқасы, сізді Тамдыға алып кел деп мені арнайы жіберді. Мен «Жарайды, бір айдан кейін барайын» дедім. Қандай қабілетті болса да, кісінің қонақта жүріп ән шығаруы мүмкін емес. Отырыс болады. Шәй ішесің. Анда-мұнда қыдырасың. Әңгімелесесің... не до этого. Алдын-ала ән шығарып баруым керек деп іштей ұйғардым. Машинамен бара жатып осы әнді шығардым. Сөзі жоқ. Тамдыға табаным тиді. Оларға ән шығардым деп айтқан жоқпын. Жасырдым. «Елді аралап көрейін» дедім. Араладым... Там дылық қазақтар «Ән туа қалса өлеңін Қадыр Мырзалиев жазсын» деп өтінді. Алматыға қайтып келдім. Қадырға мән-жайды түсіндірдім. «Көрмеген-біл
меген жерім туралы қалай жазам?» деп отказ берді. Мен қоймадым. «Бұл Өзбекстанда жат жұрттық боп жүрген қазақтардың қолқасы» дедім. «Сен бұған дейін де менің көп әндерімнің сөзін менің айтып, түсіндіруіммен жаз дың ғой. Сен ылғи да менің артымнан еріп жүріп жазған жоқсың ғой. Тыңда. Тамды деген жүз процент типичный қазақтар тұратын аймақ. Бір аңғарға ным – олар қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі мен ырым-жырымын сол күйі сақтап қалған. Қаймағы бұзылмаған. Төңірегінде мынадай-мынадай жер лер» деп географиялық карта сияқты қағазға сызып түсіндіруге тырыстым. «Тамдының іргесінде Мыңбұлақ ағып жатыр» дегенімде, Қадыр жүзі бал-бұл жанып «Болды, Шәке, болды. Кілтін таптым!» деп қуанып кетті. Отыра қалып қойып дәптеріне бір шумақ өлеңнің нобайын түсірді. Ілінген ғашықтықтың құрығына, Әнімді құрбан еттім ырымыңа. Мен қашан сүңгір екем мен бірінші Бұлақтай тарқатылған бұрымыңа!
Ебелектей жел аңсаған,
Көбелектей гүл аңсаған,
Келем саған. Шәмші аға «Тамды аруы» әнін қоңыр домбыраға қосылып шырқағанда айналасындағы қыз-жігіттер тәнтілік танытып қол шапалақтады. – Аға, – деді бір жігіт, – сіздің Қонаевтың қабылдауында болған әңгімені әркім әр саққа жүгіртіп, мың құбылтып айтады. Өз аузыңыздан естиікші... Таспаға түскен әңгіменің бас жағын жазып үлгермеген-ау, Шәмшінің сөзі былай өрбиді: – Пропускімді көрсетіп, ішке кірдім. Димекеңнің есігінің алдында жас шамасы елуден асқан егделеу бір әйел отыр. Алдында қаптаған телефон. Көзбен санадым. Он екі телефон. Дуалда теміржолдың сағаты секілді дома лақ дәу сағат ілулі. Әлгі әйел біздің рұқсат қағазымызды көрді де: – Сіздердің кірулеріңізге әлі он бес минут бар. Кішкене отыра тұрыңыз дар! Дегенмен кіріп көрейін, мүмкін ертерек қабылдайтын шығар, – деді де үлкен кісінің кабинетіне еніп кетті. Іле-шала қайта шықты да: – Кіріңіздер! – деді. Қасымдағы Нұрғиса Тілендиевке айттым: «Жасы ңыз үлкен ғой, бастаңыз» дедім. Есігі двойной екен. Сыртқы есік. Арасы қуыс. Аржағында тағы бір емен есік. Мен ойлап келе жатқам. Мынадай жағдайларды білем. Патша өзіне бі реулерді шақырса, ол әбизәтілні бір нәрсені сыйлап жібереді. Бұл патшалардың борышы. Парызы. Егер шақырмай өзің оған аяғың жетіп алдына барсаң есебін тауып, онда арызыңа қол қойып шығарып салады. «Мынауың болмайды!» демейді. Патшаның алдына жету қиын. Айналасында ғылар сені алдына жеткізбей құртады ғой. Тіс жармай «Маған не сыйлайды екен?» деп іштей жорамалдап келемін. Үй сыйлай ма? Үйім бар. Машина бергенімен оны айдай алмаймын. Әйтеуір бірдене сыйлайды ғой. Бірақ не сыйлайтынын білмей келе жатырмын. Талай кітаптардан оқығам, патшаның артынан жүруге болмайды, алдында тұру ке рек. Нұрғисаны алдымызға салып кірдік қой. Екінші есікті ашсақ, ақсақал да табалдырыққа таяп кеп қалған екен. Қол беріп амандастық. Аяғыма қара ды. Оған үйренгем. Жұрттың бәрі амандасқасын аяғыма қарайтын. Ортада ұзы-ы-ын стол. Екі жағында да масатымен тысталған орындықтар. Еденде қызғылт кілемдер! Төрде өзі отыратын көлденен стол. Аржағында креслосы. Жайғастық. Жоғары жақта Димекең, одан кейін Нұрғиса сосын мен. Қаз-қатармыз. Кеудемде төсбелгі. Мен ол кезде Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреатымын. Я один из первых...
Фактический шақырылған менмін. Нұрғиса емес. Димекең көмекшісі Дүйсетайға тапсырған «Шәмшіні шақыр!» деп. Ол мені танымайды. Ну, Қалдаяқовты сырттай біледі, бірақ танымайды. Көмекшісі Нұрғисаға «Қал даяқовты тап!» деп тапсырады. Үлкен кісінің тапсырмасы дейді. Нұрғиса мені бір аптадай іздеп әрең табады. Біз кейде сөз арасында орысшалап «ну», «и» деп қаламыз ғой. Димекең бір ауыз орысша сөз қоспай таза қазақша сөйледі. Бісіміллә сөзі «Шәмші, мен колхоздарда, совхоздарда болам. Барғасын шәй береді, дастархан басында ән салады. Сонда сенің әніңді салады. Жұрт айтып отырғасын кейде мен де қосылам. Сені көрейін, танысайыншы деп ем!» деді. Елдің экономикасына тоқталып Қазақстан ондай, Қазақстан мұндай деп біраз сырғытты. Целый доклад жасады. Ә, айтпақшы Ыдырыс Ноғайбаев екі парақ арыз жазып, пәтер сұрап Нұрғисадан беріп жіберген. Тілендиев өз кітабын қолтаңбасымен ала келген. Мен ондайды ескермеппін. Менің де бұрынырақ шыққан кітабым бар ғой. Іштей «Қап, әттеген–ай!» деп қалдым. Димекен маған үш-төрт сұрақ қойды. – Шәмші, келін бар ма? – деді. Сыпайылап: – Келін бар, аға! Екі ұлым бар! – дедім. Сөйдедім. – Жақсы екенсің ғой! – деді ризашылықпен. Сосын Қазақстан ондай, Қазақстан мұндай деп тағы да біраз лекция жа сады да: – Пәтерің бар ма? – деп сұрады. – Бар, аға, үш бөлмелі үйім бар. Микрорайонда тұрам, – дедім. – Жақында үй бітеді, орталықтан үш бөлмелі үй алып берем, – деді. Ойымда түк жоқ, екі бала бір қатынға үш бөлмелі үй жетеді деп жүргем ғой. Ол бірақ орталықта емес, микрорайонда. 1970 жылы Ленинның 100 жылды ғына орай Шевченко мен Ленин көшесінің қиылысынан он қабат үй салды рыпты. Сол бітейін деп қалса керек. Көп ұзамай Димекен сыйлаған сол үйге көшіп алдық. Қазақстан бұрын ондай болған, қазір мұндай деп тағы дәріс оқыды да: – Шәмші, сен Шымкенттің жігітісің ғой, ә? – деді. Мен: – Иә, аға, Шымкенттің жігітімін. Кіші жүз, жағалбайлымын, – дедім. Сөйтіп ем, Нұрғиса жұлып алғандай: – Аға, мен шапыраштымын! – деді. Күліп жібере жаздап өзімді-өзім әрең тоқтаттым. – Жігіттер, – деді Димекең, – қазақтың түбіне жетіп жүрген осы мәселе. Доғарыңдар. Екеуің бір анадан туғандай боп жүріңдер. Мыналарың дұрыс емес. Сәл үнсіздіктен кейін: – Шәмші, сен ана мәселені доғаруың керек! – деді. – Мақұл, аға! – дедім. – Шәмші, қанша ән жаздың? – деді. Мен: – Жүз елу ме екен... Әйтеуір әндерім жүздің үстінде, – дедім. – Кітабың шықты ма? – деді. – Бір кітабым шықты... – Тағы бір кітабыңды шығарып берем! – деді. – Рахмет, аға! – дедім. Мына көк кітап сол Қонаевтың шығарып берген кітабы. Әңгіме аяқталар тұста: – Арызың бар ма? – деді.
– Арызым жоқ, аға! – дедім. Орталықтан үй алып беретін болды, кіта бымды нотасымен шығарып беретін болды. Арызданып нем бар. – Өтінішің бар ма? – деді. – Жоқ, аға! – дедім. Осы тұста Нұрғиса «Аға, мынау сізге алып келген кітабым еді» деп ұсынды. Димекең сыртын көрді, ішін ашып қараған жөн, «Дұрыс екен!» деді де столдың үстіне қойды. Нұрғиса «Мынау Ыдырыс Но ғайбаев дейтін ініңіздің сізге беріп жіберген арызы еді» деп алдына жайып салды. Димекең «Бұл арызда не дейді?» деп сұрады. Нұрғиса «Квартирам кішкентай, бір бөлмелі үйде тұрам, симай жатырмын дейді» деп жазылған, аға. Димекең «Жарайды, болады!» деді де арызды Нұрғисаға қайтарды. Ал дындағы телефонның тұтқасын көтерді де «Әй, Саттар» деді. ЦК-ның хат шысы Имашевтың аты Саттар екен ғой. Оны мен білмеймін. Кейін білдім. – Ай, Саттар, – деді қайталап. – Жаңа ғана менің алдымда Қалдаяқов пен Тілендиев болып кетті. Әнеугүні екеуміз бір мәселемен келісіп ек қой. Сол қыртынбайский боп жүрмесін!– деді де трубканы қоя салды. Мырс ете жаз дап әзер шыдадым. Ұнатпайтын нәрсемді мен де «Мынау қыртынбайский екен» дейтін ем. «Мына кісі де мен құсап сөйлейді екен ғой» деп ойладым. Видимо, Қалдаяқовқа квартира береміз, сол қыртынбайский боп кетпесін деген әңгімесі-ау деп жобаладым. Нұрғиса екеумізді Димекен қабылдау бөлмесіне дейін шығарып салып, жылы қоштасты. Есік алдында отырған әйел сағатына қарады да «Сіздер бұл кісіде 25 минут болдыңыздар» деді. Бұл 1969 жылы еді. Кейінрек ЦК-ның секретары Ихсанов қабылдап: «Не керек?» деді. Кере мет крутой кісі екен. Не сұрасаң да берейін деп тұр... Бәрі де Димаш ағаның ықпалы мен ыстық ықыласы ғой. ...Осы оқиғаның ізін суытпай таспадағы сөздерді қағазға түсіріп жат қанымда аудандық «Отырар алқабы» газетінің бас редакторы Төпен інім қоңырау шалды. – Ауылдағы адамдардан естідім, Шәмшінің дауысын тауыпсың ғой. Ақыры мұрағат жинап жүр екенсің, саған бұдан да қызық, бұдан да қымбат нәрсе айтайын ба? Елең ете қалдым. – Ол не? – Біздің Шәуілдірде Шәмшінің ел естімеген бір әні бар... – Ол қайда? – Бір кемпірде. – Таспаға жазылған ба? – Жоқ, кемпірдің жүрегіне жазылған. – Ол кемпір қайда? – Шәуілдірде тұрады. – Үйін білесің бе? – Білем. Астанадан ауылға аттандым. Қазақ радиосының Оңтүстік Қазақстан об лысы бойынша тілшісі боп істейтін Ерсұлтан інімді ертіп, Төпен үшеуміз кемпірдің үйіне арнайы іздеп бардық. Диктофон, теледидарға түсіретін ап парат секілді асай-мүсейіміз дайын. Сәлем бердік. Құрақ ұшып төрге көрпе шені қалыңдатып салдырды. Аржағына ештеңені сақтамайтын ақ жарқын кейуана екен. Көзі нұрлы, сөзі сырлы. Қызу қанды. Ширақ. Бұйымтайымыз ды сұрадық. – Апай, сізде Шәмшінің шығарған әні бар дейді... – Е-е, шырақтарым-ай, өтті-кетті дүние, онын өзі де естелік боп қалды
ғой, – деп кейуана жүрек түбінде сақталып жатқан құпия сырдың тоғанын ағытты. – Мен Жайықтың қызымын, сол жақта туып-өстім. Орал педучили щесін 1957 жылы бітірген бес қыз өкіметтің жолдамасымен Шәуілдірге келдік. Құрбыларым Әлима, Хансұлу үшеуміз Темір Қаракөл совхозынан балабақша ашып, соған 30 баланы толтыру үшін халықты жинап үгіттедік. Ел-жұрт «Ойбай, шырағым, біз өлген жоқпыз, неге береміз?!» деп дүрлікті. Біз «Бұл детдом емес, детсад» деп түсіндіріп жүріп балаларды жинадық. Балабақшаның бітпеген құрылысын үш қыз жабылып аяқтадық–ау әйтеуір. Ара–арасында Қалдаяқ деген ұста ата кеп, қисық жерін қиюластырып кетеді. Жәрдемін аяған жоқ. Білмеген жерімізді сол кісіден сұраймыз. Қалдаяқ ата «Менің балам бар, Алматыда. Консерваторияда оқиды.Оқуын бітіре алмаған соң ауылға келмей жатыр» деп қояды. Бір күні баласы келді, қағылез жас жігіт. Қарсы ұшырассақ «Сәлеметсіз бе!» дейді де тұсымыздан сызылып өте шығады. Каникулдағы кезі. Балабақшадан кейін клуб аштық. Совхоз директоры Ермановтың үйін дегі Сәлима жеңгеміз Шәмшіні клубқа шақырып, біздерге талай ән үйретті. Біз Шәмшінің композитор екенін, ән шығаратынын білмейміз. Даусы жақсы болатын, онын «Қаракөз» деген әнін тез жаттап алдым. Майдашуақ күні маған жолығып «Көкірегімде бір әнім бар. Соны саған үйретсем қайтеді? Екі күнне соң Алматыға кетем» деді. – Үлгермесек енді келгеніңде толық үйреніп аламыз! – деп күллі қыз күліп шуладық. Шәмші: – Бұл әннің аты «Поэма!» – деді. – Поэма дегенді қайда шығардың? – дедім мен. Өзі қу тілді жігіт-тұғын: – Абай атамнан үйрендім ғой, – деп жымиды. – Өзгертейік, – дедім. – Қалай? Атын қалай деп қоямыз? – деп ойланды. – Өзінің аты айтып тұр ғой бір ән деп. «Бір ән» деп қояйық! – дедім. Ұнады ма қайдам, жалғыз өзі қол шапалақтады. Сөйтіп «Бір ән» деп атадық. Маған үйретті. Басқа ешкімге мойын бұрмады. «Сөзі мен әні Шәмші Қалдаяқовтікі» деп дәптеріме жазғызды. Әні өте жақсы, ұнады. Маған қай та-қайта айтқызып, Алматыға кетіп қалды. Келесі жылы келді. Халық театрын ұйымдастырайын деп жатқанбыз. Былтырғыдай емес, пісіп қалған. Қунақы. Мен жақында ғана Шәуілдірдің бір жігітіне тұрмысқа шыққанымды айтып ем, Шәмші: – «Бір әнді» тек саған арнап шығарып ем ғой! – деді түр-түсі күреңітіп. Жүрегінің түбінде не жатқанын қайдан білейін... Шәмшінің «Бір әнін» жабыққан кезімде жалғыз өзім айтып қоям. Оны бірақ ешкімге естіртпедім. Жасым болса ұлғайды, жақсы ән ішімде кетпесін деп жариялап отырмын, шырағым. «Аты-жөнімді көрсетпей-ақ қойыңдар, немере-шөберелерімнен ұятты!» – деп апайымыз Шәмшінің «Бір әнін» ешқандай сүйемелдеусіз шырқай жөнелді. Қош айтысып кетіп барам арадан, Бірақ өшпей жүресің сен санадан. Біле алмадым не ғажабың бар еді, Еріктен тыс құрбым, саған қарағам. Сезбеппіз ғой өткенін де уақыттың, Қолаң шашың белгісіндей бақыттың.
Табыспаған талайлар көп өмірде,
Қалқашым–ау, біз екеуміз сияқты.
Қайырмасы:
Табыспаған талайлар көп өмірде,
Қалқашым-ау, біз екеуміз сияқты.
Құрбым, арнап ән қалдырдым мен саған,
Ән салам да ай жүзіңе тамсанам.
Сүйкімді қыз өтіп кеткен сағымдай,
Қол жетпеген арман едің аңсаған.
Маздап жанып махаббаттың шырағы,
Сенің бейнең жүрегімде тұр әлі.
Айтып жүрші Шәмші салған бұл әнді,
Болып қалсын жүректегі бір әнім.
Қайырмасы:
Айтып жүрші Шәмші салған бұл әнді,
Болып қалсын жүректегі бір әнім.
Шырқап жүрші есіңе алып әрдайым,
Естелік қой жүректегі бір әнім.
Қасым ҚАЙСЕНОВ
ЕР ҚАСЫММЕН
ЕКІ КЕЗДЕСУ
С оғыстан соң, зарығып туған ұрпақпыз. Ауыздықпен су ішіп, толарсақтан саз кешіп, батырлар жырындағы кейіпкерлеріміз секілді үлкен ба тырларымызды пір тұтып, оларды біз қиял-ғажайып ертегілердегі Ертөстік секілді немесе тау қопарғыш дәу секілді елестетіп өстік. Сол Ұлы Отан соғысының жиырма жылдығында біз он бестегі бала едік. Ол кезде оңсолымызды таныған, көркем дүниеге көз жүгіртіп, оны көңілге тоқып зерде лей бастаған шағымыз болатын. Біздің ауылда, яғни Отырар ауданында Совет Одағының Батыры атағын алған екі кісі болды. Ол екеуін бүкіл аудан біледі, бүкіл ауыл біледі. Олар туралы аудандық газеттер марапаттап, көп жазатын. Олармен мектептерде кездесулер де жиі өтуші еді. Оның бірі–соғыстың ба сынан аяғына дейін қатысқан Батыр болса, екіншісі – майданның жартысын да жараланып елге қайтып келген Батыр еді. Сонда, бұл екеуін білсе, жалғыз біздің ауыл, аудан ғана біледі, ал неге Батыр атағы жоқ Бауыржан Момышұлы мен Қасым Қайсенов бүкіл республика жұртшылығына мәшһүр деп ойлай тынмын. Егер оларға Батыр атағын бермесе, Батыр болмаса, онда исі қазақ қалай қадірлейді?! Біз осылай, түр-түсін білмеген Бауыржан Момышұлы мен Қасым Қайсеновті көруге ынтық болып өстік. Қазақстан Жазушылар одағының алқалы жиындарында, пленумның бас қосуларында осы екі алыпты сыртынан көріп қалатынбыз. Бірақ біз көрген Қасым Қайсеновті украиндіктер Вася деп атайтынын білетінбіз. Неге Вася деп атағанын білмеймін?! Алғаш рет ол кісінің тұлғасын көргенімде таң қалғам. Не деген қажыр-қайрат десеңші. Басындағы шашының өз қою, қара ормандай, ит тұмсығы батпайтын тайга дейміз ғой, тарақ бы лай тұрсын, салалы саусақтың өзі бата бермейтін, өте қайратты қара шаш. Сол кісінің басына бағынбай тұрған шашының өзін қарап тұрып, құнарлы шөптің өзі құнарлы жерге өседі екен-ау деп ойлайтынмын. Жүріс-тұрысының өзі украиндіктердің Васясынан гөрі, Алтайдың аюына келеді. Сондықтан да, біздің қазақтар ол кісіні Алтайдың аюы деп атағанын кейін естідік. Сөйтіп жүргенде, осыдан тұп-тура жиырма жыл бұрын сайыпқыран сати ригіміз , шоқ тілді Шона Смаханұлы дүниеден озды. Күзді күні. Қазан айының қақ ортасы болатын. Шона Смаханұлы көзі тірісінде өзі туып өскен Жамбыл облысы, Талас ауданының Ойық совхозына жерлеңдер деген өсиет қалдырған екен. Сол өсиетін орындау үшін бүкіл ағайын-туыс қаламгерлер жиылып, арнайы комиссия құрды. Шона Смаханұлы соғысқа қатысқан адам. Соғысқа қатысқандар атынан Қасым Қайсенов бастап апаратын болды. Жерлес жазушы ретінде, ауыз әдебиетінің зерттеушісі, зердегері, қазақтың Затаевичі атанған Балтабай Адамбаев бар, Жазушылар одағының хатшысы Ұлықбек Есдәулет, сатира жанрынан мені қосты. Сөйтіп, төртеуміз Шона ағаның мәйітін арнайы машинаға салып, өзіміз бөлек машинамен жолға шықтық. Жолда Қордайдан өткен уақытта (ол уақытта жанармай өте тапшы болатын) бензиніміз бітіп қалды. Түн. Май құятын стансадағы жігіттер: “Бензин бар, бірақ басшылардың рұхсатынсыз бере алмаймыз” деді. Сосын Қасекең тұрды да, стансадағы теле фонды қолға ала салып, біреулерге телефон шалып жатты. Бие сауым уақыт өткен жоқ, сол ауданның бірінші хатшысы өзі келіп, амандасып, үш машине мізге де толтырып бензин құйып берді. Түн жарым ауа Ойық совхозына келдік. Совхоз директоры Ералы Дәдебаев өр тұлғалы, есіктен еңкейіп кіретіндей еңселі кісі екен.
Шона ағамыз өзінің ескерткішін өлмей тұрып жасап кеткенін айтты. “Ой пырмай, бәріміздің де алдымызда ажал бар, қашан өлетінімізді кім біледі? Осының өзі де қалай болады екен?” дегендей Қасекең қатты ойланып қалды. Ағамыздың ойлы жанарынан: “Алланың өзі жаратты, Алланың өзі алады ғой” дегендей ойды оқыдық. Ол өзінің артындағы қалың қазағына, халқына арқа сүйегендей болып тұрды маған. Шона ағамыз қазақ халқы үшін жаралғанын, қазақтың тілі үшін туғанын көрсетіп кеткен жан. Қылышынан қаны тамып тұрған заманның өзінде Алматыдан қаншама мектеп, балабақша аштырды. Қасекең Шөкеңнің осы ерліктерінің бәрін тілге тиек етті. “Қазіргі биікте отырып, билік айтқандардың көпшілігі іштен тынып отыр. Олардың бойында қазақтың намысы тұр, оларда арт жоқ деді. Айта алмайды, қорқады. Мың шенеуніктің істей алмағанын бір Шөкең істеді. Міне, сондықтан да, ол “мені халық жауындай көреді ғой, тіпті маған ескерткіш те қоймас” деген уайыммен, өзіне-өзі ескерткіш орнатып кетуінің өзі ақылдылық шығар” деді. Шын мәнінде еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, өзі аштырған мектептердің біріне Шөкеңнің есімі берілді, алдына ескерткіші қойылды. Кезінде халықты ол көтеріп еді, енді халық оны көтеріп жатыр. ...17 желтоқсан күні Республика Премьер-министрінің фото тілшісі Шүкір Шахай, “Қазақ әдебиеті” газетінің жауапты хатшысы Еркін Жаппас бар, үшеуміз Қасым Қайсеновтің үйіне бардық. Тәуелсіздіктің он бес жылдығы, әрі Желтоқсанның жиырма жылдығы келіп отырған соң, батырды құттықтау басты мақсатымыз. Көктөбе жаққа, әдемі бір қабатты үйге көшкен екен. Қыздың жиған жүгіндей, ғажап үй, Қасекеңе жарасып тұрды. Амандасқаннан кейін-ақ, “Бұл үйді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сыйлады. Атыңнан айна лайын, Иманғали Тасмағамбетов өзі келіп, кілтін ұстатты. Олар алдында, “Қасеке сізге екі этаж қып салайық” деген еді. “Адамда тәубе, шүкір деген болуы керек. Екі этажды не істеймін, маған бір этаж да болады. Екінші этажға көтеріле алмаймын” деп қысқартып тастаған үйім осы. Осы үйде отырып, тәуелсіздігіміздің он бес жылдығын көргеніме бақыттымын. Өткен жылы туған жерім Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауылына бардым. Сонда облыс әкімі Храпуновқа: “Менің бұл туған жерге табанымның соңғы рет тиюі” деп айтып едім. Өзім сезем. Әкем 103-ке келіп қайтып еді. Менің тоқсанға жете алатын түрім жоқ”,–деді Қасекең. – Қасым аға, Кеңес өкіметінің кейінгі дәстүрі бойынша 25 жыл отасқан отбасын “Күміс той”, 50 жыл бойы бірге түтін түтеткен шаңырақ иелерін “Алтын той”, ал 60 жыл алланың бұйрығымен тату-тәтті немере-шөбере ерткен киелі үйдің кейуанасы мен қариясын “Гауһар той” меркесімен құттықтап жатады. Сіздердің отасқандарыңызға 1 қаңтар күні тұп-тура 70 жыл болыпты. Осы 70 жылдықты қандай той дейді?, – деп сұрадым. Қанға сіңген қалжыңы қала ма: – Оны,– деді Қасым аға әзілге жығып, – “Алжыған той” дейді. Бәріміз күлдік. “Ол тойдың аты “Асыл той!” дедік. Асыл апамыз сөзге ара ласты. “Біз жаңа жыл қарсаңында, 31 желтоқсан күні бас қосып, 1 қаңтар күні быламықпен той жасағанбыз”,– деді апа. “Үйіңізде қаншама қару-жарақтар тұр. Небір әскери кіимдер, үш мыңнан астам шежірелі фото суреттер бар екен. Премьер-министрдің фото тілшісі Сіз ге арнайы келіп отыр екен, Қасеке. Премьер-министрдің іс қағаздар кеңсесін басқаратын Алтай Тілеубердин деген азамат арнайы жіберіпті. Сіздің мына заттарыңызды мұражайға қойсақ дейді. Соған рұхсатыңызды берсеңіз”,–деп едік, ол кісі ойланып отырды да: “Бұл заттардың бәрін о дүниеге өзіммен бірге алып кетеді дейсіңдер ме? Мұражайдың бір бұрышында Баукеңнің де мұралары тұр. Өзім де біраз заттарымды Өскеменге бергем. Сонда туған жерімде тұр. Қалған дүниемнің барлығы үйде тұр. Мен беремін. Қойсын”
деді. “Хат жазып беріңіз” деп едік, ол кісі хат жазудан қалыпты. Сосын амал сыз, “Премьер-Министр Д.Ахметовтың атына Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтен” деп мен жазып бердім. Ол кісі шиырып тұрып, Қ.Қайсенов деп қол қойды. Біраз сұхбаттастық. Біраз нәрселерді қозғады. Әзілдесіп, дәмтұздас болып, үйінен бата тіледік. Ол кісі батаны екі қолын жаймай-ақ, столға тіреп тұрып: “Ал, балаларым, бақытты болыңдар! Отанымыз аман болсын! Елімізге тыныштық болсын! Кейінгі ұрпақтарымыз осыншама Қазақстанның жерін сақтап қалсын! Ұлттығымызды, дәстүрімізді жоймасын! Үлкенді сыйлау, кішіге ізет деген болады, соның барлығы қайтадан оралатынына сенем. Осы соңғы баталарым шығар” деп үнсіз отырып қалды да: “Әй, маған бір елу грамм коньякқа жүз грамм минералды су құйып әкеліңдерші, ернім кезеріп қалды”,– деді. Әлгіні тартып жіберді де, қайта бата жасамақ болып еді, Асыл апамыз: “Жаңа ғана бата бердің ғой” деп еді, “ол тілек” деп қазақша бата берді. “Кешегі қырғын соғысқа қатысқан ардагерлер аз қалды. Сол аталарыңды құрметтеңдер. Қазақстанның Қорғаныс Министрі, Халық қаһарманы Мұхтар Алтынбаев соғыс ардагерлерін мереке-мейрамдарымен құттықтап, тілдей қағазға тілегін жазып жіберсе жарасар еді ғой. Осы күнге дейін ешбір Қорғаныс министрінен жылы лебіз естіген емеспін”,– деп мұңайғандай болды. Асыл апамыз айтады. “Мен он алты жасқа толар толмас кезімде тұрмысқа шықтым. Ағаларың онда он тоғызда. Содан соғыс басталып кетті. Ағаларың соғысқа кеткен. Тек, 1944 жылдың көктемінде соңғы хаты келді. Хатында “біз осындай жау тылында жүріп жатырмыз” деген. Астында адресі жоқ. Содан кейін хат жоқ. Соғыс бітті, хат-хабар жоқ. “Социалистік Қазақстан” газетінде машинистка болып жұмыс істеймін. Сөйтіп жүргенде, бір күні редакцияға жас ақын Жұмағали Саин келді. Соғысқа қатысып келген. Бір сөзінде ақын Украинаға кетіп бара жатқанын, сонда барып, біраз дүниені жазайын деп жатқанын тілге тиек етті. Сосын мен тұрып, “Аға, менің Қасым Қайсенов деген жарым бар еді. Соғысқа кеткен еді. Қайтып хат келген жоқ. Соны біле келіңізші” дедім. “Ойпырмай, адресін білмесеңіз, қайдан табам. Украинада қаншама мың халық тұрады?” деді. Онда Қасым Қайсеновтың атағы жоқ кез. Бір күні редакцияда отырсам, Жұмағали Саин үйіне шақырды. Үйін іздеп, тауып барсам, моншадан жаңа келіп отырған кезі екен. Мен де кірдім, менен бұрын Қасым кіріп, плащын шешіп жатыр екен. Ай-шай жоқ, бас салып, ау зымнан сүйіп алды. Бұрын ондайы жоқ еді. Соғыстан үйреніп келген нәрсесі болуы керек, әрі сағынғаны шығар. Аяғымдағы аяқ киімімді көріп, “пимаң өзіңдікі ме?” деді. “Өзімдікі” десем, “Ескіріп қалыпты ғой” деді. Сөйтсем, украиналықтар: “Үлкен қызмет еттің, батырлық көрсеттің, осы жақта қал” деген соң, сонда қалып қойған екен. Сөйтіп жүргенде Жұмағали Саинмен жолығып, оны елге алып келген Жұмағали ағамыз екен. Сондай соқталы әңгімені естіген жарықтық Қалтай Мұхаметжанов жеңгесін желпіндіру мақсатымен “Қасым ағаның соғысқа барғаны, партизан болғаны өтірік. Кәмелетке толмаған жап-жас Асыл жеңгемді алып, сотталып кететін болғасын Украинаға әдейі қашып кеткен” деп айтқан әдемі әзілін де естідік. Сөйтіп еркелеп, үйімізге қайттық. Асыл апа “Көп шаршатпаңдар, кей інірек келесіңдер” дегеннен кейін кетіп қалдық. Қайтып оралуға, тағдыр бізге бұйыртпады. Негізі, адам дүниеден өтетінін сезеді ғой. Содан кейін-ақ, екі апта өтпей, 31-желтоқсан күні Қасым аға қайтыс болды. Жаңа жылдан кей ін Кеңсайға жерленді. Алланың қолдаған ерекше пендесі ғой. О, Құдайдың құдіреті-ай десеңші. Бауыржан Момышұлы мен Рахымжан Қошқарбаев қабірінің қасына қатар жерледі. Ер боп туған екі бауырының ортасында жамбасы жерге тиді. Құдайдың тағы бір құдіреті, Қасым аға бұдан 70 жыл бұрын өзі үйленген күні өмірден озды. Асыл тойын атай алмаса да, Елбасы салдырған үйінің шаңырағында өз дастарханынан соңғы рет дәм татып кетті.
ÄҮÉÑÅÍÁÈÅÂ
ПОЭЗИЯ
ПАРАВОЗЫ
Б аланың мейірін қандырған, барлық бала алдырған, айналайын “Балдырған” деп мектеп қабырғасында тақпақтап, тапырақтап шауып жүрген кезіміз. “Балдырған” журналының әр нөмірін әрпіне дейін сағынып асыға күтеміз. – Теңізде кеме Тоқтады неге? Штурвал босап, Сыныпты шеге! Ендеше, шеге Осал деме. Шегедей қағылған шебер өлеңдерді таңдайымызға қондырып, тамсанып жаттаймыз. Әсіресе, Әнуарбек Дүйсенбиевтің 1962 жылы шыққан “Кішкене, кішкене болса да нық шеге” деген кітабын оқығаннан кейін, оның өлеңдерін өреге жайған құрттай санамыздың саңылауынан домалатып тастай бердік. Әсерлі! Тәтті! Жұғымды! Күшігім менің Саққұлақ, Келеді әне шапқылап! – деген тақпақты қылша мойнымыздан қызыл пионердің галстугы түскесін айтпайтын болдық. Өйткені есейдік. “Есік алдындағы отынның шырпылылырағынан ала кел, томарлылыларғынан ала кел, түбірлілірегінен ала кел”деген жаңылтпашты жаңылмай айтатын жағдайға жеттік. Енді шеге мен күшік туралы тақпақ айту бір түрлі ұят сияқты. Бойымызға сезім ұялап, махаббаттың ақ құсы ұя сала бастағандай. Тоғызыншы класта оқысақ та бәленің бәрін білеміз. Институт ты жаңа біріп келген сұлу апайлар сабақ бергенде алдыңғы партаға отыруға тырысамыз. Көңіліміз – сабағында, көзіміз – кірпігі мен қабағында. Үрпек қыздарға да өлеңдетіп хат жаза бастадық. Дәп осы бір махаббат маусымы бүршік жара бастаған шақта балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиевтің сөзіне жазылған “Сырласу” әні көкейімізді дөп басты. Түн жамылып келеміз, айсыз ашық аспан, Төбемізде жұлдыздар үнсіз жымыңдасқан. Бара жатқан зымырап байқалмайды уақыт, Бұл не деген қуаныш, бұл не деген бақыт! Қандай әдемі өлең! Әуені де ғажап. Әсет Бейсеуов жазған. Әнуар ағаның өлеңін ес шығып оқып, елтіп жүрген кезімде... Ой, қызық-ай! Тура Әнуар ағаның өзінен хат алмасым бар ма? Анау-мынау емес “Балдырған” журналының жауапты хатшысы жазған хат! “Редакцияға жолдаған өлеңдеріңнің екеуін ұнаттық. Суретіңмен қосып тағы да көп өлеңдеріңді жібер” депті. “Бұл не деген қуаныш, бұл не деген бақыт!” Түні бойы көз ілмедім. Ұйқым келмейді. Ойға шомам. Хатпен жіберген дүниелерім Әнуар ағаның қолына тие ме, әлде қаңғып кетіп, қалтарыста қап қоя ма? “Қой, оданда өз қолыммен апарып тапсырайын!” деп шештім. Бірақ, Алматыға қалай барам? Қаржы жоқ. Ол кезде балшыққа сабан араластырып мың кесек
(шикі кірпіш) құйсаң үй иесі шытырлатып 20 сом беретін. Жарты ай бойы жалаңаштанып біреудің сегіз мың кесегін құйдым. Нағашыларымның үш жүз ешкісі бар еді, соның екеуіне жиендік жасап базарға саттым. Сөйтіп, қаржысын қалтаға бастым да, Алматы қайдасың деп пойызбен тарттым. Алғашқы сапар... Дігідік дік-дік, дігідік дік-дік... Пойыздың дүрсілімен жүрегімнің дүрсілі бірдей сияқты. Алабұртып алып ұшып келем. Жеттім-ау әйтеуір. “Балдырғанға” бардым. Кеңсесі бір-ақ бөлме. Мұзафар Әлімбаев, Әнуарбек Дүйсенбиев, Жақан Смақов, Ермек Өтетілеуов секілді ақын ағаларымның бәрі ауға түскен балықтай топырлап, шүпірлеп отыр. Бата алмай, басымды баптап алып, есіктен сығаладым. – Кел, бала! – деді Әнуар аға. Жүзі жылы. Көзі сондай мейірімді. Өзінің маған жазған бір жапырақ хатын құрақ көрпешенің қиығындай қып алдына тастай салдым. – Өй, өлеңіңнен бұрын өзің жеткенсің бе? – деді Әнағаң жымиып. Мен бейбақта үн жоқ. Бас изедім. Олар оны-мұныны сұрап мәре-сәре. Күн кешкірді. Мұзағаң қоңыр сөмкесін қолтығына қыстырып, үйіне кетісі мен бәрі бір-біріне мылқау кісідей иек қағысып, ымдасып сөйлесті. Жүздері жымың-жымың. – Бүгін үйге қай жолмен қайтасыңдар? – деді Әнуар аға Жақан Смақов пен Ермек Өтетілеуовке қуақылана қарап. – Жақан салған жаңа жолмен жүресіңдер ме, әлде Ермек салған ескі жолмен жүресіңдер ме? “Ойпырмай, әр қайсысының өз жолы бар екен-ау, ә?” деп ойладым іштей. Ол қандай жол? Сөйтсем, “Жақан салған жаңа жол” дегені – жаңадан ашылған кафе екен. “Ермек салған ескі жолы” – ескі “пивнушка”. Ағаларым жұмыстан соң суатқа құлаған жылқыдай “сусындап” үйді-үйлеріне қайтады екен. ...Мен Әнуар ағаның “соқтықпалы соқпақсыз жолымен” кеттім. Алматыны бір аптадай аралап, ағалардың ақыл-кеңесі мен бір шамадан кітап арқалап пойызбен ауылға қайттым. – Келесі жылы оқуға кел! – деді Әнуар аға. – Көмектесеміз!.. Онды бітіріп оқуға келдім. Бірақ ешкіммен хабарласпадым. Өз күшіммен тапсырып, конкурстан өтпей қалдым. “Енді не істеймін?” Ер-тоқымым мой ныма кетіп, әбіржіп жүргенімде ойда жоқта Әнағаң ұшырасты. – Әй, сен бала, биыл оқуға келдің бе? – деді. – Келдім. – Неге хабарласпадың? Не дейін? Иығымды бір қиқаң еткізіп мөлиіп тұрмын. – Оқасы жоқ. Келесі жылы кел. Мұзағаң бар... Бәріміз көмектесеміз. Бірақ дайындал, оқуға түсу үшін оқу керек! – деді. Арқамнан қағып ауылға қайтарды. Келесі жылы келдім. Әнағаңа. Тағы да сол бір бөлме. Бәрі “Қайраттың” жанкүйеріндей дуылдап мен үшін қатты “болелщик” болды. Уһ, оқуға түстім-ау! Сол күні “Жақаң салған жаңа жолмен де, Ермек салған ескі жолмен” де жүрдім. Жарықтық Әнағаң мені бірінші курста Оспанхан Әубәкіров, Әсет Бей сеуовпен таныстырды. Үшеуі де Жамбыл жәкемнің ауылынан екен. Киелі ортаға түскеніме іштей ризамын. – Ал, енді бұ баланы бес жылда адам қып шығарайық! – деді Әнуар аға. – Қалай? – деді Әсет аға. – Жапонияда ағаштың “опилкасынан” адам жасап шығарады. Ал біз адамнан адам жасай алмаймыз ба? – деді Оспанхан аға. Сөйтіп “үш мырзаға бір қызметші” болдым. Атым – барып кел, шауып кел. Әнуар ағамның асау шаштары басына бағынбай тұрған сияқты. Өзі алпам
садай ірі. Келбетті келген кісі. “Кісі” деймін-ау, сол кезде отыз жеті-ақ жаста екен ғой. Жүкаяқтың астында өскен шөп секілді әлжуаз пошымыма қарап: – Спортпен айналыс! – деді Әнаға бұйыра сөйлеп. Түрім мынау. Спорттың қай түріне қатысам? Дойбының тасын көтермесем басқаға шамам жоқ. Кеңесе келе күрес секциясына бардым. Бұлшық еттері білеу-білеу Орысбай Әбілдаев деген палуан жігіт мені алғашқы күннен бауырына тартып, күрестің тәсілдерін үйрете бастады. Табаныма тас байлап жүгіртті. О, Құдайдың құдіреті-ай! Ол да Жамбыл Жабаевтың ауылынан. Әнуар ағаның анасы Сәндібала әжей мені туған немересіндей бауырына басты. О кейуана да Жамбыл жәкемнің ауылының қызы екен. Жас кезінде әрі ақын, әрі асқан әнші болса керек. Жамбыл атамның ел ести бермеген хикая ларын әжемнен естіп, құлағыма құйып өстім. Екінші курстан соң: – Әнаға, – дедім қолқалап. – Мектепті былтыр бітірген менің Құлбек деген туған немере інім бар. Әкемнің әкесі мен оның әкесі бір әке-шешеден туған. Ауылдағы санэпидстанцияда тышқан дәрілеп, бекерге жүр. Со баланы КазГУ-дің тіл-әдебиет факультетіне реттеп жіберейікші. – Шымкенттіктердің біреуін сүйресең, біреуі біреуін сүйреп жүретін әдеті. Қойсаңдаршы! – деп ұрысқан болды. Сосын: – Өзі болатын бала ма? – деді. – Болатын бала! – Бірдеңе жаза ма? – Жазбайды. Бірақ айтады. Сөзінің бәрі басында. Әнуар ағаның шарапатын көрген сол құрымсары Құлбек қазір ғылым докторы, профессор, академик. Студент кезінде ұстазы Сұлтанғали Садырбаевтың сыншылық сүрлеуімен жүрді. Айтпақшы, Сүйінбайдан дис сертация қорғаған Сұлтекең де Жамбыл жәкемнің ауылынан болып шықты. Ағама деген алғашқы махаббатымды 1975 жылы “Жұлдыз” журналында жарияланған эпиграммам арқылы білдірдім. – “Ара” деші. – Айа. –“Сара” деші. – Сайа. Көзін ашып баланың Тілін “Р”-ға келтірді. Лирика да кем түспей Таразы басы тең тұрды. – “Әнуарбек” деші. – Әнуайбек! Әнуайбек!!.. Әнуайбек!!! Бақ-дәулетін балалар әдебиетінен тапқанымен арнасына симай айдалаға жырып аққан өзен секілді лирикалық өлеңдері жырға шөлдеген оқырмандарының шөлейт жүрегіне қарай жөңкілетін. Әнуарбек Дүйсенбиевтің “Балқаймақ, шұжық, бәтіңке“ кітабынан бастап балаларға арналған өлеңдерінің көбісін жатқа біліп өстік. – Апаң сенің базардан, Алма сатып әкелді. Ең жақсысын, тәттісін Саған таңдап әперді. Не деп барып жеу керек? – Рахмет деу керек.
Тәлімі де күшті тәрбиесі де зор. Балақайлар былай тұрсын, басы қуарған үлкендерге де ой салатын ойнақы өлең. Интернационалдық тұтастықты ма рапат-тайтын: Ақпыз, қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз – деп аяқталатын ақжолтай өлеңін жатқа білмейтін бала жоқ болатын. Сол өлеңді көкірегіне құйып өскен балалардың алды қазір ер жасы елуден асты. Әнуар ағаның үйі қашан да ашық, есігінде құлып жоқ. Дастарханы жаюлы. Көп жылдар бойы “Қазақ әдебиеті” газетінде корректор боп істеген Рәбиға жеңгем ағамның шырайын ажарландырып-ақ тұратын. Қонағы көп. Сол үйде небір зиялы кісілермен таныстым. Өзімізді былай қойғанда, өзбек ақыны Раим Фархади, орыс ақындары Юрий Кушак, Владимир Краснер, украин ақыны Володимир Лучукты көрдім. Әнағамның өлеңдерін орысшаға аударатын. Олар шайға отырғанда столда жатқан аудармаға көз жүгіртем. Ағамның ардагер туралы бір өлеңінің тақырыбын “Ветеран войны” депті. Бәлкім, дұрыс шығар. Әрі қарай ше? Человек с костылем По дороге идет. На груди у него Боевые награды. Видна В крепкие руки свои Он берет, На мгновенье одно Их встречаются взгляды. “Біздің кейбір шала сауатты шал ақындарымыз сөзінің соңын “...ып”, “...іп”, “...п” деп ұйқастырып өлең жазушы еді. Сол сияқты осы да өлең бе. Әйтпесе, “идет – берет, награды – взгляды” деген де ұйқас па?” деп орысша сына шекеммен қараймын. Айтайын деймін, айта алмаймын... Көкшетаудағы Естай Мырзаахметов, Қызыл-ордадағы Зейнолла Шүкіров, Шымкенттегі Нәсіреддин Сералиев, Тәшкендегі Тұрап Айдаров, Отырардағы курстасы Ноян Дүйсенбаев сияқты достарына ауық-ауық телефон соғып, мәре-сәре отыратын. Мұқағали Мақатаев – түйедей, Шәміл Мұқаметжанов – түймедей ғана, үшеуі түйдей құрдас. Мұқағали кейде Әнуар құрдасына “Мен сені Шәмілге айтып сабатып алам” дейтін көрінеді. Әзілдері қандай жарасымды! Төртінші курста темекі шегетін қыздар туралы жазылған “Паравоз – қаракөз” деген сықақ өлеңімді Әнуар аға “Жалын” альманағына апарып жариялатты... Қайсы бірін айтайын, ағалардың аялы алақанында жүріп оқуды да бітір дім. Екі жыл әскерге кеттім. Қиыр Шығысқа. Тағы да сапар. Тағы да пойыз. Дігідік дік-дік, дігідік дік-дік... Жүрегімнің дүрсілі пойыздың дүрсілінен көңілдірек. – Ештеңе жоқ. Отан алдындағы борышыңды өтеп ораласың! – деді Әнаға. ...Оралдым. Екі жылдан соң оралдым. Түу ит арқасы қияндағы Влади востоктан Алматыға пойызбен оралдым. Астымда – вагон, иығымда – пагон. Аға лейтенантпын. Жалма-жан жаңадан құрылған “Жалын” баспасының директоры Қабдікәрім Ыдырысовқа телефон шалды. – Саяси-сатиралық “Ара–Шмель” журналының бас редакторы Нұрғазы Шәкеевке айтыңызшы, мына біздің Көпен баланы жұмысқа алсын! – деді. Сүт пісірім уақыттан соң Қабдікәрім аға “Айттым. Барсын!” деп телефонмен
сәлем жолдады. Бардым. Сол күні фельетонист боп жұмысқа қабылдандым. Бір қызығы, журналдың бас редакторы Нұрекең “Арада” істеп жүрген Оспан хан Әубәкіровтен “Түрің құрғырдың түрін көрген емеспін, сен Көпен деген баланы білесің бе?” деп менің сыртымнан пікір сұрапты. – Білемін, – депті Осекең, – ол өзіміздің шошқа ғой. Басының суы кепкен бала. Әнағаң көп ұзамай Қабдікәрім ағаға менің “Аты жоқ кітап” атты сатиралық тұңғыш жинағымды шығару үшін тағы да өтініш білдірді. Келесі жылы қырғыштың қырындай ғана “қыршаңқы” кітабым жарық көрді. Үйлендім. Шымкентке тарттық. Тағы да пойыз. Дігідік дік-дік, дігідік дік-дік... Бұл жолы пойыздың дүрсілі біреу, жүректің дүрсілі екеу. Әнуар аға келінін, Оспанхан ағам мені қолтықтап Шәуілдірдегі тойға барды. Қаңтардың қақаған қысы. 1979 жыл. Тағы да пойыз. Әнуар ағамен Жаңа жылды пойыздың ішінде қарсы алдық. Бурабайға бара жатырмыз. Құдалыққа. Әйелімнің әке-шешесі қазақы дәстүрмен біздің жақтағы құдаларын құдалыққа шақырған. Бір қора боп соған бара жатырмыз. Дігідік дік-дік, дігідік дік-дік... Түн жарым. “Вагон-ресторанда” Әнағаң екеуміз ғана отырмыз. Қалған жолаушының бәрі қалың ұйқыда. Пойыздың дүрсілі де, ағамның жүрегінің дүрсілі де бір түрлі ауырлап бара жатқандай. Адамның көңіл-күйін адам демалған демінен-ақ сезеді ғой. Бей-жай. Салқын. Селқос. – Ал, інім, – деді Әнуар аға салмақты үнмен кірпік қақпай қарап. – Ар тымда қалған Сәуле, Ержан, Нұржан, Зәуредей бала-шағама бас-көз боп тұрарсың. Биыл менің дәм-тұзым таусылады. Ішім солқ ете қалды. Төбемнен суық су құйғандай мұздап қоя бердім. – О не дегеніңіз? Жақсы сөйлеңіз, аға! – Жақында түс көрдім, – деді сөзін әрі қарай сабақтай түсіп. – Түсімде дәу қара паравозға мініп, жүйткіп келе жатыр екем. Бір кезде мен мінген қара паравоз буын будақтатып, ышқынып келіп тоқтады. Алдыма қарасам – әрі қарай рельс жоқ. Кесе-көлденең шлагбаум ғана тұр. Оянып кеттім... – Шығармаңыз ба, әлде шыдамыңыз таусылған шығар, аға! – деп көрген түсін жақсыға жорығансып жатырмын. Әнуар аға тас мүсіндей қатқан қалпы. Менің өгей сөзіме өзгере қойған жоқ. Сол жылы “балалар жанының бапкері” Әнуарбек Дүйсенбиев қыркүйек айында о дүниеге озды. Небәрі қырық сегіз-ақ жас!.. Қазір қарасам Әнуар аға сол кезеңнің поэзия паравозы екен-ау! Өзіне тіркеп қаншама “вагондарды” сүйреді. Әсіресе, поэзияның ауыр жүгір артқан “вагондары” қаншама! Осы күні ойлаймын: Әнуар ағам әруақты жерде өсті. Әрісі Сүйінбай, берісі Жамбыл атамның әруағы бәрімізді желеп-жебеді-ау! Ораза қарсаңындағы мүшелтойында бүкіл сырымды бүге алмадым. Адамнан жасырғаныңды Алладан қалай жасырасың? Өліге – иман, тіріге – береке. Алла жар болсын! “Қазақ әдебиеті” газеті, 2001 жыл.
ÌÛÐÇÀ-ӘËІ
СӨЗМЕРГЕН
Қ адыр аға хабарласты. Мырза-Әлі! Қасиетті Түркістан шаһарында “Әмір-Темір” атты поэтикалық пьесасының тұсау кесер рәсімі өтпекші екен. Режиссері – Райымбек Сейтметов. Соған бай ланысты Оразақын Асқар аға екеуі жолға дайындалып жатқанын аңғартты. Айтпай түсінетін қазақпыз ғой. Біздің ауылға бармақшы. Қадыр ағаның қа сында жүрсем – жоғары оқу орнында сырттан оқитын студенттей сезінем. Білімнің мөлдір бұлағы ғой, кәусарына қанбайсың. Екі ағама ілесіп жолға шықтым. Қазақ поэзиясының классигі Қадыр Мырза-Әлидің “Қазығұрт” баспа сынан он екі томдық таңдамалы еңбектері жарық көрді. Мұны әдеби-мәдени өміріміздегі елеулі құбылыс деп бағаласақ, сөз жоқ, артық айтқанымыз емес. Құбылыс қай кезде құбылыс бола алады? Оны егжей-тегжейлі тексергенде ғана! Әр қырынан танығанда ғана! Жан-жақты зерделегенде ғана! Осы ұстанымға иек арта отырып, Қадыр ағаның көп томдық еңбегінің алғашқы екі кітабы туралы пікір айтқан болатынмын. “Жаман шығарма ту ралы пікір айту – міндет емес, ал жақсы дүние туралы пікір айту – міндет!” деген Достаевскийдің сөзін еске түсірдім...
* * * Бала – бала емес, бәле! Білмейтін бәлесі жоқ. Айтпаса да, іші сезеді. Өзі де қызық, сөзі де қызық. Сондықтан да Абай атамыз “адамның бір қызығы бала деген!” депті. Бала – балғын шақ, одан кейінгі жасына қарай бозбала, жігіт, ағай, отағасы, кісі, шал, қария, ақсақал, алжыған, қу қақпас атаулары ғұмырының ұзынқысқалығына байланысты. Әйтпесе, Мұзағаң, Мұзафар Әлімбаев балаларға арнаған таңдамалы жинағының атын “Балалық шақ, бал дәурен” деп қоя ма? Әңгіме – Мұзағаң жөнінде емес, он екі томдық таңдамалы шығарма лар жинағының алғашқы екі кітабын балаларға арнаған Қадыр МырзаӘли шығармашылығы хақында. Одан өрбіген ой-пікірімді ортаға салсам, “Сықақшымыз сыншы боп кеткен бе?” деп сөкпессіздер. Балалар ақыны болу – әрі бағың, әрі сорың. Қытай даналығы “Бір жыл дығыңды ойласаң күріш ек, он жылдығыңды ойласаң– ағаш ек, жүз жылды ғыңды ойласаң – адам тәрбиеле” дейді. Адам тәрбелеу – баладан басталады. Балалар ақыны – жүз жылдық адам тәрбиелейтін ұлағатты ұстаз. Ол – оның бағы. Ал, ақындар адамды қалай тәрбиелейді? Ол – оның соры, азабы. Атам қазақ “өлең айтсаң жаныңды жеп айтасың” дейді. Жақсы өлең жан азабынан ғана шығады. Сорың деп отырғаным – сол. ...Түбіт иек түкті бас кезім. Оныншы класс оқушысымын. Мектепте Қадыр ағамен кездесу болды. Көркі мен көлеміне көз алмай қараймыз. Шымыр. Алшы тұрған асықтай. Аласа. “Аласа ағаш жемісті көп береді” деуші еді... Әсіресе, мұрны. Бет-аузының жартысы мұрын, дәп бір аузынан дәметіп тұрғандай. Ешкімге ұқсамайтын ерекше бітім. Пошымы да бөлек. Қадыр ағам өлеңдерін бұршақ ұрғандай сатырлатып төкті. Көзім түсті апамның Көзіндегі жасына.
“Белгісі ме қапаның?”– Деп келдім мен қасына. Сұрамақпын, білмекпін Жанына не батқанын. Байқамаппын, көрмеппін Пияз турап жатқанын. Бәрімізді елең еткізді. “Күнде көріп жүрген нәрсе біздің ойымызға неге келмеген” деп шебер ақынның шешіміне қайран қалдық. Кейін дәп осы пияз туралы “ұрмай-соқпай жылатады” деген секілді жұмбақ, өлеңдер жазып, кей ақындар Қадыр ағаны қайталады. Ондай детальды оқып қойғасын онша тұшынбадық. Жаңбырдан соңғы табиғат құбылысы туралы шағын өлеңін оқығаннан кейін поэзияға құштарлығымыз одан сайын арта түсті. “Ақын болсақ!” деп армандаған көңілдің пленкасына тылсым табиғаттың фотосуреттерін тосын нан түсіріп жатты. Біз ғой “Жел тұрды” дейміз. Ал, Қадыр ағамыз “Беймаза жел аспан астын аралап, ала бұлтты алдына сап айдап келді” деп бейнелейді. Жанды сурет пе? Иә! Нөсерлетіп, селдетіп жаңбыр жауады. Жаңбырдан соң ше? “Жаңбырдан соң күлімдеді табиғат Жақсы баға алған бала сияқты”. Табиғаттың ар жағында не жатыр? Тәлім жатыр. Тәрбие жатыр. Шеберлік пе? Шеберлік. Лириктер – махаббатты, сықақшылар – ішкішті, ал, балалар ақыны күшік пен мысықты өлеңдеріне өзек етпесе әдебиеттің есігін ашып, табалдырығын аттай алмайтындай көрінеді. Бірақ оның күшігі басқа күшік. Күшігі шапқылап жүріп, үй күзетеді. Бөтен адамдар келсе, бірден таниды. Сонда да жасқаншақтап үреді. Сосын ше? Сосын... Үріп тұрып жөнімен Қызық оның қашқаны. Қорқып үріп, Сонымен Қорқытады ол басқаны. Көктем туралы көп ақын жырлады. Көпшілігі көктемге өз көзімен сұқтана қарады. Ал, Қадыр ағаның “көктемі”– басқа көктем. “Жалпақ дала құрыс танған денесін жазайын деп күнге жонын тосады. Күміс бу көктемнің ұшып келген қанатындай жер бауырлап қозғалады. Аспан – ана сияқты, әлсін-әлсін көктем ұлын жаңбырға шомылдырып алады”. Әр шумағы – тірі организм. Қозғалыс. Қимыл. Динамика. Көктем мерзімі үш-ақ ай, мәңгілік емес. Ол табиғаттың белгілі заңы. Бірақ, ақын көктемді суреттеу арқылы айтар ойын балалардың инабатты да ибалы әрекетімен түйіндейді. “Жаз келіп, көктеп жылжып жүре берер Інідей орын берген ағасына” Әр ақын – бір өзінше мемлекет. Әр елдің Әнұраны, Елтаңбасы бір-біріне ұқсамайды. Салт-дәстүрі де бөлек. Айталық. Куба – мың жарымнан астам шағын аралдарға орналдасқан іргелі ел. Қадыр ағаның балаларға арнаған әрбір өлеңі Кубаның бір-бір аралындай поэзия мемлекетін құрап отыр. Табиғи байлығы мен ресурстары мол. Жапалақ тек түнде ғана үшатын құс. Күндіз көзі көрмейді. Ал, осыдан қандай өлең құрауға болады? Бір-біріне жапалақ, Қараңғыда ұш дейді.
Қою түнді паналап Қарақшылық істейді. “Судай төк те іш қанды!” Деп бөрідей тиеді. Ондатр – су тышқанның Қалады тек сүйегі. Түнде олар істейтін Қиянаттың шеті жоқ. Күндіз елдің бетіне Көрінуге беті жоқ! Бұл өлең поэзия елінің бір “аралы” ғана. Жоқтан бар жасау деген осындайақ болар! Тек тер төге біл. Ащы тердің тәтті еңбегі емей немене! Хоккайдо аралдарының шығыс жағына орналасқан Оясио деген суық ағыс бар. Жапонияда. Тынық мұхиттың түбімен ағады. Температурасында айтарлықтай айырмашылық жоқ, қысы-жазы бірқалыпты. Қадыр ағамның ой ағымдары да сол Оясио ағысынан аумайды. Бірақ иірімі бөлек. Шүңет. Түбіне тартып кетеді. Егер әлем әдебиетін мұхитқа теңе сек, сол мұхиттың түбіндегі Қадыр ағаның да “ағысы” қысы-жазы тоқтаған емес. Соның бір дәлелі – “Оқтау” деген өлеңі. Оқтау мені сүймеді, Оқтау қамыр иледі. Илегені түк емес, Бәрімізді биледі. Оқтау бәрін билейді, Оқтау қамыр илейді. Бүлдірмесең ештеңе Басыңа да тимейді! Әңгіме оқтау туралы ма? Жоқ. Бұл бер жағы ғана. Ал, ар жағында тентек, содыр баланың қиқар қылығы қылаң етіп көрініп тұр. “Бір оқпен екі қоянды” атып алған. Мергеннің екі түрі болады. Бірі – қол мерген, екіншісі – көз мерген. Қадыр аға – сөз мерген. Ащы болса да ашығын айтайық – біздің, жалпы, балалар ақынында дімкәс дәстүр бар. Еуропаның , одан қалса орыс классиктерінің тақпақ тарына таңдай қағып, тамсанатыны несі? Оқ бойы озық туындылар қазақ әдебиетінде қағыс қалған ба? Олай емес. Жұрттың жылтырағанына әуеспіз. Үзінді келтіргенде үзіліп кете жаздаймыз. Шесть Котят Есть Хотят. Немесе... От “А” до “Я” Течет Амударья! – секілді орыс тілді балалардың ұғымына жеңіл, тілі не оралымды тіркестерді мысалға келтіріп, құлдық ұрады. Тәтті тағамның иісі мұрын жарғандай сілекейі шұбырады. Ал, біздің ауыз әдебиетін ауызға алмайтыны несі? Тамсанатын талай тақпағымыз, май шелпектей мазақта маларымыз, жақ қарыстыратын жаңылтпаштарымыз бен түйінді де тиімді жұмбақтарымыз аз ба? Көрмейміз ғой. Көрсек те көз жұмып өте шығамыз -ау, сірә! “Өз тауығың сіркедей, кісінің тауығы күркедей” көрінеді де тұрады.
Одан қашан арыламыз? Әдемі тақпақты әдейі келтірмей-ақ қояйын. Бірақ, соның бір парасындай жай ғана мысал. – Бақа, бақа, бақ-бақ, Басың неге жалпақ? – Темір телпек көп киіп, Басым содан жалпақ! – секілді халықтың қазанында қайнап піскен тамаша тақпақтар қай классиктің “стишогынан” кем? Баланың тілін “Р”-ға келтіріп сындыру керек болса, оған Қадыр ағаның қай өлеңі де даяр. Ара-тұра тал арала, Тал ішінде талар ара. Ара-тұра қала арала, Таппай сені қалар ара. Жұмбақ па? Шешіп көріңіз. “Жеген асы желкесінен шығады”. Бұл не? Сүргі. Бар-жоғы бір-ақ сөйлем. Ұйқастан жұрдай. Ал, мағынасы мен мазмұны ше? Дыңдай! Міне шеберлік! Толыққанды теңеу– әр ақынның темірқазығы. Арманы. Ажарлы ой, ай шықты теңеулер асау ат сияқты. Ол құрғыр оңайлықпен ұстата ма? Жалын тартып, қалай қарғып мінесің. Ол үшін шабы қызарған шабандоз болуың керек. Қадыр аға қазақ поэзиясының арғымағын ерте жастан ерттеп мінген ақын. Он алты салым бәйгеге қоссаң да шашасына шаң жұқтыртпайды. Шаршамайтын шабандоз. Қалам ұстап, қағазға шұқшиған ақын қайла ұстап Қаратауды қопарған геолог секілді. Жеті қат жер астынан кен іздеген геологтай ой-сананың ойқырын кезіп, інжу-маржан іздейді. Табады. Таппаса тағы да жанын қаузап, бұрқыраған ойларды бұрғылай түседі. Геологтар екі грамм алтын алу үшін бір тонна кен қазады. Ақын да сондай. Қадыр ағаның қайласы – қалам. Ал тыны – айтар ойы. Жыр әлемін соны соқпақпен жүріп, ашылмаған ойдың алтын кенін тап са, ол оның қазынасы емес, оқырманның олжасы. Сондықтан да жақсы өлең “Бір адамның, бір адамның бақыты, мың адамның, мың адамның қайғысы!” болатындай сұлу қыз емес. Жақсы өлең – мың адамның бақыты, бір ақынның қайғысы, уайымы. Өйткені бір тамшы терден он тамшы ой тамады. Біреулер “Қазіргі Қадыр бұрынғы Қадырды алып ұра ма?” дейді. Қазіргі, бұрынғы дейтін Қадыр жоқ. Қадыр аға қысы-жазы көкпеңбек шырша секілді. Өзінің реңін бергенмен, сөзінің реңін берген емес. Неге? Тынымсыз. Қашан да ізденіс үстінде. Уақытты қадыр тұтып, әр секундты бағалай білетін бабы күшті ақын. Таңертең мұрт басу үшін де екі-үш минөт уақыт керек. Ал, Қадыр ағам: – Сақал-мұртымды азанда емес, әбден жұмыс істеп шаршаған кезде ғана алам! – дейді. Міне, уақыттың қадірі қайда! Уақыт туралы жазылған “Бір минөт” атты жеті шумақ өлеңді тұтас келтіріп, оқырманның уақытын ал май-ақ қояйық. Ақынның балаларға айтары анық. Бір минөт кешіккен адам пойыздан да, ұшақтан да, автобустан да қалып қояды. Сондықтан да: Жүрсек тура бағытта, Тез жетеміз бақытқа. Озбасаң да, Бауырым. Қалмаған жөн уақыттан! – дейді бір минөті қымбат ақын. Уақытын қайда жұмсайды? Рухани байлыққа! “Байдың басы ауырады, кедейдің басы қатады!” деп, әрине әуелі кітап беттерін парақтайды.
Тарихтан мәлім, талантымен талайды табындырған орыс мысалшысы Иван Андреевич Крылов Петербургтің көпшілік кітапханасында отыз жыл кітапханашы боп істеген. Қызмет қумаған. Қадыр ағам да өмір бойы өзінің бай кітапханасында “кітапханашы” боп істеп келеді. Үйренетін-ақ нәрсе. Кітап дүкенінде Қадекең қаламдас ағалары Жұбан Молдағалиев және Сағынғали Сейітовпен ойда жоқта жолығысып қалады. – Жаныңды баурайтындай жақсы кітап жоқ екен! – деп Жұбан ағасы кетуге ыңғайланады. – Мұнда қайдан болсын. Жақсы кітаптың бәрі Қадырдың үйінде ғой!– дейді Сағынғали. – Қадырдың кітабынан не пайда? Ол бәрібір бермейді,–дейді Жұбан. Сонда Қадыр. – Бәрін беру менің міндетім емес. Бірақ інінің беретіні, негізінен, бір-ақ нәрсе ғой!– деп Қадыр де екіұшты жауап қайырады. Жұбан ағасы аз-кем ойланып: – Ашып айтшы, айналайын,–дейді тікесінен ,– інінің беретін бір нәрсесі не нәрсе? Қадыр да осыны күткендей: – Інінің беретіні – сәлем! Басқа не беруші еді, Жұб-аға?! – дейді. Тапқырлық. Ұтқырлық. Ұшқырлық. Әдемі әзіл. Қаймақтай тәтті қалжың. Осының бәрі балалар ақынының қанына сіңген қасиет. Өмірде қандай бол саң, өлеңің де сондай. “Алма алма ағашынан алысқа түспейді” ғой. Балалар ақынында сатираның сарыны, қалжыңның қарымы жатады. Баланы жеңіл әзілмен желпіндіріп, қыршаңқы өлеңмен қытықтамасаң, олар оңайлықпен қозғала қоймайды. Сондықтан да “Қадыр айтты” деген қадау-қадау қалжыңдар әу баста балалар әдебиетінен бастау алған. Негізі беріде емес, әріде. Шахмат шеберлерін “гроссмейстер” дейді. Қарсыласың нені жүріп, нені қоятынын білмейсің. “Егер ол олай жүрсе, мен тосқауылды былай қоям” деп алдын ала екі-үш “тактиканы” ойластырып отырасың. Әйтпесе ұтыласың. Осы тұрғыдан келгенде Қадыр Мырза-Әли – сөз гроссмейстері. Әсірелеңкіреген екен Демеңіз. Аса ірілеңкіреген екен Денеңіз. Әлсіреңкіремей Денеңіз, Әсірелеңкіреген Демеңіз. Міне, балаларға арналған өлеңнің “тактикасы!” Міне, сөздің шахмат тастарындай жүрістері! Кідірмей оқу мүмкін емес. Кідіресің. Мүдіресің. Есесіне, балалар басын сипап, сабақ оқығандай қатты әсерде қалары анық. Үш тілді (қазақша, орысша, немісше) ана тіліндей меңгерген Герольд Бель гердің пайымдауынша: “Лев Толстойдың жазғаны– 90 том. Гетенің еңбектері – 143 том, Бальзактың мұрасы – 150 том, оның 93-і роман, Александр Дюманың (әкесі) қаламынан 250 роман, 25 пьеса туған, Ағылшын қаламгері Барбара ханым Картленд 723 кітап жазыпты. Ал, Лопе де Вега 1700 пьесаны мұра ғып қалдырған. Біз оның “Шөп қорыған ит” деген комедиясын ғана білеміз. Бір заманда Сәбит Мұқановты қазақ әдебиетінің Бальзагы дейтін... Осыдан екіүш жыл бұрын Дүкенбай Досжан өзін қазақ Бальзагымын деп жариялады. Бір газетте жарияланған мақала “Қазақ әдебиетінің Бальзагы” деп аталғанын көзіқарақты оқырман біледі. Бұл секілді жарнамаға елеңдемей-ақ турасын айтар
болсақ, қазақтың екі-үш “Бальзагы” бірігіп, көлем жағынан нағыз Бальзактың жартысына да жете алмапты”. Ақынның бағы көп кітап шығарып, көсілтіп жазғандығында ма? Қайдам? Эжен Потье секілді бір-ақ өлеңмен тарихта қалған ақындар аз ба? Асқар ше? Сүлейменов! “Болмыспен бетпе-бет” атты жалғыз мақаласымен ақсақалдың бәрін аузына қаратқан жоқ па? Айтпақшы, менің Шөмішбай досым кешегі күнге дейін өзін “Пушкинмін!” деп жарты әлемге жар салды. Қазір онысын қойған сыңайлы. Бірақ қазір “Боз жорғамын” дейді. Жорға екені– жорға. Эстрада жорғасы! Онысы енді дұрыс. Ал, Қадыр аға “Анаумын, мынаумын” деп өзін ештеңеге балаған жоқ. Егер түр, форма қуып “Мен Чарли Чаплинмін!” десе, онда Қадыр ағаның қадірі арта қоймас еді. Құдай сақтап, айтқан жоқ, әйтеуір, іші біледі ғой... Алда-жалда ақын ағамды бір нәрсеге теңеу керек болса... айтайын. Менім ше, Қадыр – жолаушылар таситын жүрдек поезд сияқты. Өзінің “расписа ниесі” бар. Уақытылы жүріп, уақытылы тоқтайды. Тіпті, тоқтайтын стансасы да күнілгері белгілі. Пойызға бір жолаушы мінсе, екіншісі түсіп жатпай ма? Оның жолаушысы– оқырманы. Ығы-жығы халқы. Әр кітабы–бір вокзал. – Абай атамыз “Өзін алма, сөзін ал” деген ғой. Неткен даналық!–дейді Қадыр ағам ондайларға онша мән бермей. – Сөз– адамның арғы дүниесі, ішкі портреті. Демек, Абай адамның бергі жағына – сыртына үңілме, ар жағына – ішіне үңіл деп отыр-ау?! Өндіріп жазып келе жатқан Қадыр Мырза-Әлидің он екі томдық шығар малары баспадан жарық көрді дедік қой. Өзінің айтуына қарағанда әлі де 7-8 томдық еңбектері нарық қыспағына байланысты қалып қойған. Өкінішті-ақ! Үміт үзбейтін қазақпыз ғой, бір реті келер. “Қолда бар алтынның қадірін біліп” соны дәріптей білеміз бе? Өз жақұ тымызды өзгеге танытып, өсетін елдің, көшелі жұрттың үрдісін қашан ұс танамыз? Бізде сол жағы жетіспейді-ау? Білегімізде алтын білезік тұрғанда, кісінің саусағындағы күміс жүзікке қызығатын қазақ емеспіз бе. Ескендір Зұлқарнайын боп туып, Александр Македонский боп тарихта қалған атақты қолбасшының 30 мың жаяу әскері, 5 мың атты әскері болған. Оның есімі төрткүл дүниеге түгел таныс. Ал, біздің арғы бабамыз Күлтегін 600 мың атты әскерімен дүниені дір сілкіндірген. Одан бейхабармыз. Неге? Жоқтаушысы жоқ. Әдебиет пен мәдениетіміз арқылы барымызды бағалап, насихаттасақ оған қазір кім қой деп жатыр? Марғаумыз ғой. Жасырып-жабатын не бар, азын-аулақ жаяу өлеңдерімен айналаға атын шығаруға тырысып, Александр Македонскийдей атақты болғысы кеп жүрген ақындар баршылық. Құдайға шүкір, Қадыр ағаның аты алты алашқа мәлім. Ойлы өлеңдері оқырмандардың жүрегінде. Бірақ еңбекқор ақынның туынды лары Күлтегіннің әскеріндей көп екенін көбіміз біле береміз бе? Әй, қайдам? Қадыр Мырза-Әлидің қағидасы бойынша “Атылып біткен жанартаулар даңқты, атылмаған жанартаулар қауіпті”. ...Қадыр аға – даңқты... Әрі қауіпті!..
* * * Осындай ойлардың сілемдерін аралап, Түркістан шаһарына да жеттік. Қала әкімі Мұхит Әлиев “Әмір-Темір” пьесасының шымылдығын ашып, тұсауын кесті. Құлбек ініміз айтқандай “Қадыр ағаның Түркістанға келуінің керегі де жоқ екен?” Неге? Өйткені оның өлеңдерінің көбісін Райымбек аға жатқа оқиды. Әзілдегені ғой. Түркістанға түнеп шыққасын азанда Шымкентке тарттық. Қадыр ағаның қадау-қадау ойларынан сыр тартқым кеп, жол-жөнекей сұхбаттастым.
– Пойызға мінген жолаушылар әңгімесінің ұзақ, қысқалығына қа рап сол елдің жер көлемін анықтау оп-оңай шаруа. Орыстар неге әңгі мешіл? Ресей темір жолының ұшы-қиыры жоқ, ұзақ сапар шегеді. Іші пысқан ресейліктер бір-бірімен оны-мұныны тілге тиек етіп, әңгімесі таусылмайды. Германияда ше? Пойызға қазір мінген жолаушылар көп ұзамай стансадан түсіп қалады. Сондықтан да немістер томаға-тұйық. Ал, біздің қазақ... Темір жолымыз шұбатылып жатыр ғой, шіркін! Атпен жүрсе алты айшылық жол. Сондықтан да біз әңгімешіл болуымыз керек. Солай ма, Қадыр аға? – Біреу кафеде отырса, сорпасынан шыбын шығыпты. Жалма-жан дая шыны шақырып: – Кешегі тамақтан тарақан шықты, бүгін шыбын шықты. Что за безобра зия?–деп кейістік білдіреді. Даяшы мыңқ етпей: – Бұл безобразия емес, разнобразия!–дейді. Сол сияқты мен де бір “разнобразия” әңгімені тоғытайын. “Сараңдардың сары үйі” атанған ақын-жазушылардың төрт қабат үйінде Ісләм аға бізбен көрші тұрды. Өте әңгімешіл кісі еді. Терезеден қарап тұрсам, бір такси тоқ тады да, іштен әуелі аяқ шықты. Басы көрінбейді – іште. Бітті! Кімнің аяғы? Белгісіз. Сөйтсек ол Ісләм аға екен. Жазушылар одағынан таксиге отырады да, бір әңгімені бастайды. Ол әңгімесі жуық арада біте ме? Ең кемі төрт сағат, бие сауым уақыт. Таксидің есеп-шоты ұрып тұр. Ағамыздың бір аяғы далада. Басы мен жамбасы іште. Қашан әңгімесі біткенше түспейді. Таксиге артық ақша төлеп әңгіме айтқан адамды бірінші рет көрдім. Біз өзі әңгімешіл ғана емес, әсершіл халықпыз. Мықты халықпыз. Мықтылығымызды мойындаған шетелдіктерді өз көзіммен көрдім. Ол кезде мансабым марқадай, атағым арқадай шарықтап тұрған шағым. Депутатпын. Президиум мүшесімін. “Шетелді көріп қайтайыншы!” деп қанша сұрансам да тілегім қабылданбай, тауым шағылып жүр еді. Бір күні құдай берді. Әл деқалай алқалы жиналысқа мені қатыстырмас үшін сол кездегі обкомның бірінші хатшысы Меңдібаев мені өнерпаздар делегациясына қосып Жерор та теңізінің жағалауына жіберді. Е, мейлі. Тартып кеттік. Кішігірім театрда біздің оркестрдің ұл-қыздары мен жұлдыздары Құрманғазының қай күйі екені есімде жоқ, әйтеуір бір адуын күйін күмбірлете бергенде шам сөніп қалды. Тым-тырыс. Сонда қазақтың слухына, музыкалық құдіретіне бірінші рет риза болдым. Көзге түртсе көргісіз тас қараңғыда біздің оркестр әкесін танытты. Партитура-мартитураңа да қараған жоқ. Күй біткенде шам жарқ ете қалды. Бүкіл зал “Не деген талантты халық!” деп ұзақ қол соқты. Сондай мықтылығы бар халық кейде көткеншектеп пысып жүретініміз қалай? Жер жүзінде сыртта тұрып-ақ ой-пікірін сыпайылап жеткізетін біздей халық кемде-кем. Астарлап сөйлейтін халықпыз. Оған мысал міне... Әр ауыл дың бауырсағы әр түрлі. Пілдің құлағындай жапырақ-жапырақ. Бас бармақтай монтиған-монтиған. Қойдың құмалағындай майда-майда. Ертеде жолаушылап келген құдайы қонаққа бір келіншек дастархан жайып, көлемі кішкентай ұсақ бауырсақ қойыпты. Өзі шаршап әрі қарны ашып келген адамдар бауырсақты уыстап алып жеп отыр дейді. Бауырсақтың таусылып бара жатқанына шыдамаған келіншек: – Ағайын, осы сіздерде өлген адамды нешеден көмеді?–деп сұрапты. “Намек понял” дегендей, түсіне қояды. – Ол айналайын, көлеміне байланысты. Біз өзі ұсақ-түйегін бес-алтаудан көмеміз. Ірілерін біреуден көмеміз!– дейді әлгі ашқарақ қонақ. Қазына елде. Ілгеріде іс сапарда жүріп бір шопанның үйіне түстік. Сұраса келе менімен түйдей құрдас боп шықты. Өзі қысылып-қымтырылып, не сөйлерін білмей адбырап отырды да:
– Қысылғанда, таздың басынан да бір-екі бит табылады!– деді. “Ел іші – өнер кеніші” деген осы. Ендеше, біз кенішті халықпыз. Біз мақтап тұрып-ақ мақтамен бауыздайтын халықпыз. Жек көргенсіп сөйлеген сөзіміздің өзі жемісті мәуедей. Бір ұйғыр жылқысын базарға апарыпты. Өтпейді. Кәрі жылқыны бәрі таниды. Кімнен көмек сұрарын білмей тұрғанда бір қазақ досы кеп қалады. – Әй, қазақ досым, бауырым, айналайын... Мына тараншылар түк білмейді, бұлар мал танитын ба еді? – дейді ұйғыр жақын-жұрағатының жүнін жыға сөйлеп. –Менің жылқымды мақташы! – Әй, жаман тараншы, сенің жылқыңды мақтап жататын уақытым жоқ, – дейді қазақ. – Оның несін мақтаймын? Былтыр қыста бір күнде алты түлкі соғып алғанда біреуін де менің қанжығама байламай кеттің ғой. Міне, мақтаудың түрі. Біз біреуді мақтағанда өзімізді дәріптей білетін ха лықпыз. Оқырмандармен кездесу үшін Хамит Ерғалиев екеуміз Тарбағатайға бардық. Хамит аға қалың жұрттың алдына шығып сөйледі. “Бұл Мырзалиев сұмдық ақын!”деді. “Жұлдыздардың бірі!” деді. Содан кейін “Жұлдыз деген сөз емес қой” деді. “Қаптаған жұлдыз... немене ол... қайсысын білесіңдер? Қадыр сол шүпірлеген қалың жұлдыздың ішіндегі жарық жұлдызы!” деді. “Соның ішінде құйрықты жұлдызы!” деді. “Соның ішінде таң алдында туатын шолпан жұлдызы!” деді. Содан кейін сәл бөгеліп, пауза жасады да: – Өзімнің шәкіртім ғой! – деді. Ал, ендеше, бізді халық емес деп көр... – Өзбектер “Шіркін-ай, қазақтың түстен кейін кіретін ақылын бізге берсе ғой” деп армандаған болады екен. Аржағында айтылмаған пәле жатқан жоқ па, Қадыр аға? – “Қазақтың ақылы түстен кейін кіреді” дегені ғой. Әнебір жылы Ташкенде болдым. Сонда өзбек жазушылары: “Біздің Рашидов аптасына бір рет барып базар аралайды” дейді. “Базарда түске шейін қазақтар болады, түстен кейін біздер боламыз. Бізде мақал бар “Түске шейін қазақты алдаймыз, түстен кейін өзімізді өзіміз алдаймыз” дейді. Түстен кейін болса да мінімізді, кеткен кемшілігімізді түзете білетін халықпыз. “Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін” дегенді айта білген халық райы нан қайта да біледі. “Жүз” деген сөз Шыңғысханның заманынан бері қарай көктеген. Қазір тамырланғаны сонша, қанша өртесе де қаулап өсетін Шудың есірткі шөбіндей. Жалпы, адамда бір ғана туыстық бар. Ол – көңіл туыстығы, рухтың туыс тығы. Армяндар бізден гөрі бақыттырақ. Біз “Қарға тамырлы қазақ” деп мақ тансақ, олар “Бүкіл армян бір туған” дейді. Егер екі өзбек төбелесіп жатқанда бір орыс ара түсіп келсе, төбелестерін қоя қойып әуелі орысты сабайды. Содан кейін қайтып барып төбелеседі. Ал, енді қазақ пен орыс төбелесіп жатып: “Әй, қазақтар, барсыңдар ма? Мені сабап жатыр!” деп айғалайса, қазақтар қаққан қазықтай мыңқ ертпейді. Бірақ “Әй, арғындарым, бармысың, адайларым қай дасың?” десе біреу шығады. Біздің санамыз все-таки бір атаның төңірегінде. Қаласын, қаламасын, бірақ біз осы ұлттық рухқа интенсивный келе жатырмыз. Мен сіздерге мынадай ғажайып айтайын. Бұрын қазақтар, осыдан қы рық-елу жыл бұрын әр регионның әнін жатырқайтын. Мысалы, арқаның адамдары батыстың әнін тыңдай алмайтын. Батыстағылар жетісудың әніне тосырқай қарайтын. Құрманғазының күйін Мәскеуге алып бара жатқанда кім қарсы болды дейсіздер ғой? Мұхтар Әуезов қарсы болды. “Бұл искусство емес, экзотика” деген. Ұлы адамның өзі солай деген. Мұны академик Ахмет Жұбановтың аузынан естідім. Мұхаң түс мезгілінде Ахаңа телефон соғыпты. “Аха, – деп айтты дейді,–Құрманғазының күйлеріне қалай қарайтынымды
білесің ғой. Әлгінде жарты сағат отырып радиодан Құрманғазының күйлерін тыңдадым. Маған Құрманғазы бүгін жетті!” депті. –Сен ренжіме, мен бүкіл арқаның әндерімен бесікте жатып тәрбиеленген адаммын ғой”. Қазіргі ұрпақ теледидар көріп, радио тыңдап өсті. Олар ешбір әнімізді жатырқамайды. Жақсы үрдіске жақындап келе жатырмыз. Прогресс жоқ емес, бар. Саналы азаматтар осы үрдісті содан да гөрі ілгерілете түссе, қанеки. Қа заққа бір-ақ жол қалды енді. Бұдан кейін егемендік екінші айналып келмейді. Уысымыздан бір шығып кетсе, одан кейін біз құлға айналамыз. Бұл айтылаайтыла ақ жем болған, жауыр сөз деп есептемеңіз. Осындай оқшау ойларымды ақын інім Исраилдың 60 жылдық мұшелтойында айтып отырсам, Жетісайдың бір жырауы домбырасын бебеулетіп, былайша әндетті: – Е-ей, Өзім жайлы не дермін? Бисмилла, бастайын Өсиетімен көнемнің. Тарихымды тарқатсам Сәні кірер өлеңнің. Орта жүздің баласы, Қоңыраттың қарасы Маңғытайдан өремін... Оразымбет әкесі Қыдырбектей дөненнің, Қасқа айғырдан – қасқа тай Жалғыз тұяқ төбелмін. Құйысқансыз нағашым, Күшін берді еменнің. Қара Бураны пір тұтқан Тама Көбек қыз беріп, Қызығына бөлендім... Түптеп келсе тарихқа Түп атасы Нәзірдің Едігеме не дермін? Тыңдасаңдар әлеумет Әрі қарай жөнелдім... – Кезінде Ғабит Мүсірепов “Оңтүстік, солтүстік” деген сөздің этимо логиясын зерделеп, “түстік” дегенді “тұстық” деп өзгертуді ұсынған еді. Яғни, Оңтүстік емес, Оңтұстық! Солтұстықтың қазақтары Оңтұстықтың қазақтарына қарағанда Еуропаша. Ата-тек былай тұрсын, жер-су атта рына да онша мән бермейді. Мысалы, Сарыарқа! “Сарысы” түсінікті, ал “Арқа” деген не сөз? – Соның түбін қуалап жүріп таптым. Сақа тілінде “Арқа” “батыс” деген мағынаны берсе, Алтай халқында “Арқа” деген сөздің орысша мағынасы “лесостепь”. Яғни, бір орман, бір дала. Қостанай тура бір орман, бір дала. Қостанайдың Күнтимес деген жеріне бардық. Шындығында, Шоқанның туған жері сол Күнтимес. Көкшеде туды дегені қате, бекер. Біз Шыңғыстың қыс тауының іргетасын көрдік. Бір шалдар келді. Жөн-жосық сұрады. Қазақтың әдеті ғой. Қасымдағылар мені “Қадыр Мырзалиев. Ақын” деп таныстырды. Оған онша мән бере қойған жоқ. – Қай ауылдың баласы? – деп үстемелеп сұрады. – Батыс жақтан. Алшынның баласы! – деді. Шалдардың көзі шуақтанып: – Ой, құда бала кеп қапты ғой, ойбай жүр, мал соямыз! – деді. “Құда бала” деп тұрғаны Сырым батырдың әпкесін алғанын қуалап отыр.
Қазаққа қалай таң қалмайсың? “Құда мың жылдық, күйеу жүз жылдық” деген осы. – Ел аузынан ба, әлде сізден естідім бе, анекдот тектес мынадай әңгі ме бар. Қос уысқа сыймайтын қып-қызыл алмаға сүйсінген ағылшын президенті Черчиль: – Мынау сірә, біздің отар елдеріміздің бірінде өскен алма болуы керек, – дейді. Америка Президенті Рузьвельт: – Жо-оқ, бұл біздің бір штатта өскен жеміске ұқсайды, – дейді. Сталин миығынан күліпті де, алманы көлденеңінен кесіпті. Әдетте, алманы көл денең кескенде түбінде бес жүлдызша көрінеді. Соны аңғарған Сталин: – Мына маркасын қарамайсыңдар ма? – депті... – Сталиннің басын қатырып қайтесің. Біздегі бір жаман әдет – астарлы мысалды алыстан іздеп әуреге түседі.. Бұл – алтынның үстінде тұрып алтынды іздегенмен бірдей нәрсе. Әрине, Сталиннің тапқырлығын, аңғарымпаздығын тәрк ертпеймін. Ондай мысал өзімізде де толып жатыр. Шаш етектен. Арғы замандағы ата-бабаларымыздың көрегендігін қазіргі ең жетік компьютердің өзі көрсете алмайды. Бір Майқыби бабамыздың заман болжағыштығы неге тұрады. Баяғы баяғы ғой, кешегі Ғабеңнің өзі сұмдық аңғарымпаз болатын. Алпысыншы жылдары Ғабең, Ғабит Мүсірепов бастаған қырық шақты ақын-жазушылар Қарағандыға барады. Ол кезде Қарағандыда орыс көп, енді ғой беті бері қарағаны. Біреулер айтқан болу керек, “Дәстүр бойынша бас қою керек” деп, Ғабеңнің алдына бас әкеп қояды. Орыста сөз бар:“Наме тенный глаз” деген. Ғабең көпті көрген адам, қиядан шалатын қыран, бірден байқайды да: – Мен кешелі бері бас ұстап жүрмін ғой, мына басты Ғали ұстасын! – деп шала піскен шикі басты Ғали Ормановтың алдына қояды. Ғалекең аңқау адам, басты әрі жұлмалайды – пышақ өтпейді, бері жұлмалайды – пышақ өтпейді. Әбден әуреге түседі. Бастың піспегенін Ғабекең алдын ала байқап қойған ғой. Ғали аға да есесін жібермей: – Өмір жастарыңыз кәрі қойдың жасындай ұзақ болсын. Әумин! – деп бата қайырады. Айтқыш қой! – Сондай аузы дуалы айтқыштың бірі емес, бірегейі жарықтық Қалтай аға Мұхамеджанов еді-ау! Көрікті әзіл-қалжыңы көкейімде, көбісін қағазға түсіріп қойдым. Қағазға түспеген қалжыңдарын айтайын ба? – Қалтай ағаның бір-екі қалжыңы есіме түсіп отыр. Базбіреулер “ Өз бектер өте сыпайы халық” деп көтермелесе, Қалттай аға жарыса мақтапты. “Иә, иә... өзағаңдар өте ұялшақ, – депті. – Мысалы, автобустың аялдамасында жерге түсіп қалған бір сомды көтеріп алуға ұялады. Табанымен басып тұрады да, аялдамадағы адамдар кетіп қалғасын шаршаған боп отыра қалады да, әлгі бір сомды құйрығымен қысып алады”. Бір атақты жазушының сараңдығы жөніндегі әзіл әңгімесі де ғажап. – Шай-пай ішіп қайтайын деп үйге барсам, өзі жоқ. “Не бар екен?” деп тоңа зытқышын ашып қалсам, бір қып-қызыл тарақан мұртын жыбырлатып безіп жүр екен. Жаба салдым. Құр ауыз кеттім. Бес-алты күннен кейін тағы да үйіне бардым. Тоңазытқышты ашып қалсам – жылан жалағандай, әнеукүнгі бес-алты тарақан аштан өліп қалыпты. Усойқының усойқысы Асқар Сүлейменов болатын, ол қара сөзбен қаның ды ішетін. “Жұлдыз” журналында бірге істейтінбіз. Шілде кезі. Сиыр сәскеде Мұқағали келді. “Басы” ауырып тұрғанын байқаған Асқар: – О-о-ой, шіркін-ай,–деді өтірік аңқаусып, – дәл қазір та-а-астай сыра мен ыстық шашлык болса ғой!
Сол сәтте Мұқағали терлеп қоя береді. Қалтасынан бет орамалын алып, сүртіне бастайды. Жанына тиіп, әдейі істейтін әдеті ғой. – Жұрт сіз туралы “Жатқан жыланның аяғын көріп қоятын аңға рымпаз” деп сыртыңыздан тон пішеді. Сондай бір бастан кешкен бай қағыштығыңыздың бір-екеуін айтыңызшы. –Алпысыншы жылдардың аяғында құрдасым Қалихан Ысқақов біздің ауылға барады. Оралға. Революция туралы киноға сценарий жазып, Жайық бойын аралап қайтты. Ол кезде ат мінгізу, шапан жабу дәстүрі жоқ. Әрбір ат, әрбір жылқы адам секілді обкомның номенклатурасында тұратын. Жылқы тұрмақ жаман жабағыны есептен шығару үшін обкомның рұқсат қағазы керек. Қалихан қуанып келді. Қатты қуанып келді. Сөйтсем кәстөм-шалбар кигізіпті. Аңғара қойдым. “Егер шақ келсе, үстіне киіп мақтанып келер еді ғой” деп ойладым. – Нешінші размер? – деп сұраймын ғой баяғы. – 58-ші размер! – деді. Ақ көңіл ғой, байқамай қалды. Көп болса Қалихан менен бір-ақ размер артық. Мен өзім 46-шы размер кием. – Әй, саған шақ келді ме? – деймін ғой. – Шақ келді! – дейді. – Әй, сен өзің де сол күні ісініп отырған болуың керек! –дедім. – Орыс ақыны, әдебиетші Сергей Норовчатовтың аузынан естіген әңгімеңізді ілгеріде сіздің аузыңыздан тыңдаған едік. Есіме түсіп отыр, Қадыр аға. Расул Гамзатовтан “Өзіңіз жақсы көретін он ақынның атын атаңызшы?” дейді Сергей Норовчатов. Ол ойланбастан Пушкиннен бас тап Лермонтов, Некрасов, Фет, Блокпен жалғастырып, ең соңына Расул ды қояды. “Он ақын тіпті көп қой, бес-алтауға түсір” дейді Норовчатов. Сонда да бәрібір, Пушкиннен бастап Расулмен аяқтайды. Сол сауалды сізге қойса, әрине, әуелі Абайды ауызға аласыз. Одан кейін Махамбетті атауыңыз хақ. Оныншы нөмір өзіңіздікі. Ал, аралары ңызға қай ақындарды салар едіңіз? – Дегенмен қиындау сұрақ. Солардың көбі, әрине, соно-о-оу Дулаттардан бастап, одан да әрі Алтын Орда заманындағы Асан Қайғыдан аттап кетуге болмайды. Олардың өзі он емес, он бірден асады. Сонда маған ондықтың ішінен орын қалмайды. – Орал облысының бұрынғы әкімі Қырымбек Көшербаев сізге Жайықтың жағасынан патшаның сарайындай даңғыраған үй салып бергенінен хабардармыз. “Анда кетті анданақ, мұнда кетті мұнданақ” дейтін жаста емессіз. Анда-санда үйіңізге телефон шалсақ, жеңгеміз сізді “Оралда!” дейді. Туған жерге жиі барып тұратын сияқтысыз. Ол жақта не шаруамен айналысасыз? Оқырмандарыңызбен кездесесіз бе? – Оралға орда тікпесем де, қоныс аударғаным маған көп пайдасын тигізіп жатыр. Өткен жылды ғана айтайын. Мамыр айында бардым. Әйтсе де. Ел ғой, көрген жерден қонаққа шақыра бастайды. Ал, менің жұмыс істегім келеді. Қонақтан өмірі құтыла алмайсың. Қашанғы өтірік айтасың. Бір айтарсың, екі айтарсың, сосын өтірігің де таусылып, дымың құриды. Өзің де ұяла бастай сың. Сосын ойланып-ойланып ауруханаға жатып алдым. Жігіттерге өтіндім. “Жағдайы бар жақсы бөлме беріңдерші!” дедім. Атасына рахмет, айтқанымды екі етпеді. Мен “Иірімді” сол жерде бастап, жалғасын “Ақ Жайық” шипа жайында жаздым. Алматыға тағы бір қайтып келіп, соңғы нүктесін қойдым. Маған арнайы уақыт бөліп қойған, Оралға барған сайын облыстық теле дидардан сөйлеймін. Оқырмандардың сұрақтарына жауап берем. Халықтық проблемаларды, мұң-мұқтаждарымыз бен елдің дерті секілді елеулі мәселелер жөнінде 10-15 минөттік хабарды алдын ала жазып алып,
кейін керегінше теледидардан беріп жатады. Сондағы университетте аздап лекция оқимын. Ол да оқушылармен кездесудің бір түрі. Жетпіс жылдығым да таяу, облыстық орыс, қазақ драма театры “Әмір Темір” және “ Қасқыр қақпан” атты пьесаларымды дайындау үстінде. Облыстық филормония тек қана менің өлеңдеріме жазған ән кешін өткізуді де ойластырып жатыр. Әрине, мұның бәрі аз жұмыс емес. Орыс ақыны Михаил Луконин жыл сайын туған еліне барады екен. Барған сайын жерлестері кездесу ұйымдастырып, қол-аяғын жерге тигізбей күтіп алып, мәз қып жібереді екен. Ат басын ауылға бұрған бір сәтінде қала басшысы: “Дядя Миша,–депті,–бұл жолы біз сізді бұрын көрмеген, болмаған жерге апарамыз”. “Ол қай жер? деп іштей таң қалған Луконинді бір темір қақпаға алып кеп, ішке кіргізеді. Айнала өңшең солдат, қолдарында автомат, үстерінде күпәйке, аяқтарында керзі етік. Сөйтсе түрмеге алып кепті. “Мына бейшаралардың алдында не айтамын? Бірақ бұлар да адам ғой, бұлар да өзіміз секілді пенде. Бұлардың да ата-анасы бар, сүйген жары, бала-шағасы бар” деп ойлайды да отбасы туралы өлеңдерін оқиды. Түнерген халық жадырап, беттеріне қан жүгіріп, қол соғып, залға шуақ шашылғанын сезіледі. Қатты тебіренген Ми хаил Луконин қала басшысына: – Осы менің оқырмандарым қайда кетті десем, бәрін түрмеге қамап қо йыпсыңдар ғой! – деп әзілдейді. Қазір біздің барлық оқырмандарымыз базарда жүр. Құдайға шүкір, өзім бірсыдырғы тәуір тұрам. Бірақ менің қамым жалғыз өзіммен бітпеу керек қой. Зейнетақысын зарыға күткен, немесе базарда зыр жүгіріп жүрген балашағасының қолына қарап қалған ақын-жазушылар аз ба? Ал, бұл өзі атам заманнан бері келе жатқан бір кем дүние. Кемине деген түркімен ақынының шапаны шұрқ тесік, қырық жамау болған. Ол өз еліндегі үш классигінің бі реуі. Чилидің атақты ақыны Гобриалэ Мистраль мүшайраға қатысып, бірінші жүлдені алып қайту үшін үстіне киетін киім таппаған. Максим Танк пе... кім екенін ұмытып қалдым, орыстың бір ақыны жалаңаяқ жүрген. Жалғыз шұлығы тесіліп қалғасын өкшесін бояп қояды екен. Біз біреулерге ілтипат жасаймыз деп соларды оқтың аузына қойып алуы мыз да мүмкін. Сол үшін оларды біреулер жек көріп кетеді. Қызғанышпен қарайды. Тіпті оларды жеп қойғысы кеп жүргендер бар. Неге? Қазақпыз ғой. – Майын тамызып мақтағанды, масаты көрпешедей марапатты кім жек көрсін. Пендеміз ғой бәріміз. Әйтсе де, сіз қолпаштап, қолтықтан демеген әсіреқызыл сөздерге сенбейтін секілдісіз. Оныңыз өлең-жырла рыңыздан да анық байқалады. Дүниені сапырыңдар, шайқаңдар! Желпініңдер! Серпіліңдер! Байқаңдар! Айқарыла ашылатын құшақ көп, Сол құшақтың біреуінде сайтан бар. Соның себептерін түсіндіресіз бе? – Өзімнен гөрі өзгелердің желпінген жәйттерін айтайын ба? Ол да бір қызық дәурен ғой. Үлкен кісілерді күттіріп қойып, көшеде заулатып өлең оқитын ақындар көп еді. Қазір қайдам? Бұйығы тірлік, бұйдалы поэзия. Сенің есіңде ме, отыздың о жақ, бұ жағындасың. Бір рет мені көшеден ұстап алдың да “Аға, жақсы өлең жаздым, оқып берейінші!” дедің. Мен “Жақсы өлең екенін білем” дедім, аңысын аңдып. Сен жұлып алғандай “Тыңдаған жоқсыз
ғой, қайдан білесіз?” деп таңырқадың. “Өзің айтып тұрсың ғой “Жақсы өлең жаздым” деп”... Ішек-сілең қатып күлгенсің. Ондай-ондай оқиға көп. Тұманбай мен Сағидың жас кезі. “Жазушы” баспасына жаңа орналасқан. Бастықтары – Хамаң, Хамит Ерғалиев поэзия бөлімінің меңгерушісі. Күндердің күнінде екеуі ортадан ақша шығарып, Ха маңды ресторанға алып барады. Жол-жөнекей Ғафу Қайырбеков қосылады. Әдетте, Ғафу аға барған жерінде вечный тамада. Өзін-өзі сайлап алады. Ғафу аға: – Ардақты Хама! – дейді – Көз алдыма елестетіп көрем, қазақтың поэзия сы, ақындары аламан бәйгеден аумайды. Қазақ даласын кернеп кетіп бара жат қан мың жылқы, мың жүйрік. Соның ішінде оқ бойы озып кетіп бара жатқан бір ақ боз ат көз алдыма елестейді. Ол сіз боласыз. Сіздің амандығыңыз үшін! – Ой, айналайын, – деп Хамаң алып қояды. Іле-шала: – Қайтадан құй! – дейді Хамаң. – Оқ бойы озып бара жатып артыма қарап қоям. Сонда бір шұбар тай топтан құйрық үзіп, дара шықты. Жеке жүйткіп келе жатқан сол шұбар сен болуың керек. Сен үшін! – дейтін көрінеді. Кейін Тұманбай айтады: “Ішкізіп-жегізіп, сыйлап отырған біз, – дейді, – ал, бір-бірін жер-көкке сыйғызбай мақтап отырған екеуі. Сағи екеуіміз далада қалдық.” – Ұлы Гете қанша ұлы болса да таққұмар болғаны тарихтан мәлім. Төрт-бес салада Министр болған. Тіпті Қорғаныс министрі дәрежесіне дейін көтерілген. Орысша айтқанда – карьерист болған. Сіз де төрде отырып төрелік айттыңыз. Талай-талай комиссияның төрағалығын былай қойғанда, Жоғары Кеңесте депутат боп жүрдіңіз. Осы тағдыр ма, өмірдің қажеттілігі ме, әлде қаныңызға сіңген қасиет пе? Аты-жөндерін айғақтамай-ақ қояйын, қазіргі ақындарымыздың басым көпшілігі тақта отырған лауазым иелеріне арнау өлеңдер жазып, жалпылдағандарына не жорық? Әлде замана рәсімі ме? Заманында Гете де патшаларға мадақ өлең арнаған. Соны байқаған Бетховен “Мен сені ақындардың патшасы десем, Патшалардың ақыны екенсің ғой” деп кекеткен. Сіздің поэзияңызда ананы мақтау, мынаны мақтау, дәрежелі кісілерді дәріптеу тапшы. Тіпті, жоққа тән... – Біреулерді мадақтасам, олар отырған орынға байланысты емес, жақсы қазақ, атпал азаматтығына қарап шабыттандым. Бүгін министр боп отырған адамға да мақтап өлең жазған емеспін. Бірақ, мен мақтаған адамдардың көбі министр боп кеткені рас. Мысалы, делегация құрамында Испанияға барғанымда, Сауытбек інімнің туған күні болды. Ол кезде бізде ақша жоқ, доллар жоқ. Алғашқы делегация! Коммунистердің шақыруымен барғанбыз. Сонда мен Сауытбекке өлең арнадым. Ол “Жұмыр жер” атты цикліме кірді. Көрмейсің бе, сол Сауытбек жақында Ақпарат министрі боп кетті. – Жарықтық Қалтай аға “Өзіңді өзің мақтамасаң өмір бойы мақтау естімей кетуің мүмкін” деп отырушы еді. Сіз сөз саптауыңызға қарағанда өрге қарай ұмтылғаныңызбен, өзіңізге өзіңіз көпшік қойып, кеуде кер мейсіз. Немесе, өзіңізді біреуге мақтатқызбайсыз. Артыңыздан ерген ақ жүрек інілеріңіз жақсы қырыңызды жалаулатып, тілге тиек ете бастаса, сөзін бөліп басқа жаққа бұрып жібересіз. Бұл не, өмірлік қағидаңыз ба? – Біреудің мақтағанына не жетсін, әрине. Бірақ, ол келістіріп айта алмайды да өзің қосылып кетесің. Жеткізе алмайды. Иіңді қандырмайды. Көпшік сөзге көңілің толмағанды... Жә, мұның бәрі қалжың... Мақтау сөзге жалпы күдікпен қарау керек. Мақтаудың да шегі, өлшемі болады. Менің бір рет елдегі інім үйіне қонаққа шақырып отырып былай деді:“Қадыр аға, мен сізге не айта алам? Қазақтың ең үлкен ақынысыз. Ең мықты екі ақын болса – бірісіз, бірі
болса...” дей бергенде, айттым. “Бірі болса – жартысымын!” дедім. – Арқалы адамдарға тән қасиеттің бірі – шабыт. Ол не? Сезім бе, әлде спортшылардың күш-қуатын уақытша арттыратын “допинг” секілді есірткі ме? Олай деуіміздің де мәні бар. Себебі есірткі ішкендер есіріп кететініндей әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым, қоғамдық өндіріс салаларындағы адамдар шабыттанғанда “қояншығы” қозғандай жын данып жүргенін талай байқадым. “Қазақ энциклопедиясы” шабытты “творчестволық ойдың көтеріңкі кезі” деп түсіндіреді. Ал, сіздің шабыт туралы іліміңізге құлақ қойсақ, құдай салмасын, ол бір тұсауы жоқ, шідерсіз арғымақ. Қолыңа жүген ап, құрығыңды сүйретіп, құраулап шақырмасаң өздігінен келе қоймайтын тарпаң жылқы. Жалынан сипап, баптап, алдын ала суытпасаң бәйгеге шаба алмайсың. Қызған кезде тірліктің тойы мына, Ойқастап ол қосылар ойыныңа. Шабыт – асау Қылықты балдызыңдай Ол асыла кетпейді мойыныңа. Ерітетін іштегі жүрген мұзды Тапса шабыт жақсы ғой бірден бізді. А-ай, таппайды-ау!.. Өздері келеді деп Күтпес болар ақындар жыр мен қызды! Сонда сіз , Қадыр аға, асау шабыт жалынан ұстатпай жуық арада жоламай қойса, қыз іздегендей қыдырып кетесіз бе? – Бұл өзі көп әңгіме болған нәрсе. Қызық тақырып. “Шабыт” деген сөз әзірше біздің қазақтардың арасында айтылады. Ал, Еуропада, мысалы Фран цияда “шабыт” деген сөздің тілдік лексиконнан түсіп қалғанына екі ғасырдан асты. Сенесің бе осыған? Неге? Өйткені, заман өзгеруіне байланысты шабыт тың да өрісі тарылған. Адамдар жұмысбасты, бәрінің қолы тимейді. Қазақ тар шабытты әлі ұмытпай жүргені , олардың жатып алып, той-думандап, ел қыдырып кететін сәттері бар. Ол міндетті түрде шабытпен барып жалғасады. Ал, Еуропада не? Орыстар шабытты “Рабочие состояние” деп ұғады. Өнімді жазатындардың бәрі белгілі бір күн тәртібінде жұмыс жасайды. Күн тәртібінің бәрінде шабыт бола бермейді. Неге? Сол жұмыс істеу үстінде шабыт келеді. Бірақ ол бірден келмейді. Мысалы, Брюсевтің жазғаны бар: “Мен бүгін төрт сағат тапжылмай отырдым. Қайтейін, төрт ауыз сөз жаза алмадым” деген. Құрғақ отырған құпиясын ашқандай, күнделігінің соңында өзін-өзі жұба тып “Бірақ мен ертеңгі баратын жеріме жақындап қойдым” дейді. Шабытқа жақындадым деген сөз. Қыза-қыза келе от алып, шабытқа жақындағаныңды өзің де байқамай қаласың. Осыны керемет пайдаланған адамдар бар. Мысалы, орыста Твордовский “Мен “Василий Теркинді” жазған кезде бір-екі сағат отырамын да шабытыма енді міне бергенде тоқтата қоям” дейді. Неге? Бір қарағанда өзіне-өзі қастандық жасаған сияқты. “Жоқ, ертең мен жазғанда оңай болады. Өйткені, тоқтаған жерім бар. Ертең әрі қарай қиналмай кетіп қалам. Егер мен осыны бүгін сарқып жазсам, басқа күні шабыт келгенше босқа отырам” дейді. Осындай бір сөзді, тәсілді кімнің аузынан естідім деші? Бердібек Соқпақбаевтың аузынан естідім. “Ертеңіне тұрам. Беті-қолымды жуам. Рахат. Дәл сол тоқтаған жерімнен жалғастырып әкетем” дейді. Көрдіңіз бе, еңбекқор жазушылардың болмысы ұқсас, тәжірибесі ұқсас. Мен жазып отырғанда екінші бір ойлар келеді. Әуелгіні қоя салам да соны бітіруге тырысам. Сонда бәрі тұтас, бір ағаштың бұтақтары секілді тарау-та рау шығармалар пайда болады. Осының өзі сені жұмыс істеуге шақырады.
Итермелейді. Кейде ашқарақтық жасап басқа келген ойлардың бәрін жазып тастаймын. “Ертең көріп алармын” деймін. Бұл да болса қазаққа тән мінез. – Ертеде біздің бір ағай Шәуілдірдің базарынан ат сатып алып, үйіне же тектеп келе жатса жолда құлап қалыпты. Мойнынан тартады, – тұрмай ды. Құйрығынан көтереді, – тұрмайды. Қамшымен ұрады, – тұрмайды. Жанынан өтіп бара жатқан бір қария: – Атты сонша неге әурелейсіңдер? – деп сұрайды. Біздің ағайымыз: – Тұлпар деп сатып еді, тұралап қалды. Оңбаған неме, жабағысын алдап сатқан екен! – деп кейиді.Қария: – Ей, жігіттер, тұлпарды олай тұрғызбайды! – дейді, – Жанынан бір үйір жылқыны дүбірлетіп өткізіңдер. Егер тұлпар болса – тұрады! Ағайымыз айтқанын істеп, ауылдың жылқыларын жанынан айдап өтсе, жатып қалған жабағысы екі құлағын қайшылап атып тұрыпты да, сол үйірге қосылып шаба жөнелген екен. Шабытсыз ақын да жатып қалған жабағымен бірдей ғой, аға. Шабытыңызды шақыру үшін не нәрсені “дүбірлеткіңіз” келеді? – Әркімнің тәсілі әртүрлі. Орыстың ең үздік балалар жазушысы Гайдар өз повестерін жатқа білген. Ол Диккенсті сұмдық жақсы көрген. Шабыт ша қырғысы келсе Диккенстің кез келген томын алып, кез келген бетін оқыған. Құдірет тұтқан. Шиллер жазар алдында шіріген алманы ұзақ иіскеп отырады екен. Кейде аяғын мұздай суға салып қойып, шампан ішіп, шабытын шақырған. “Әй, мұның не?” десе, “Шампан менің миымды қыздырады, мұздай су аяғымды суытады. Өн бойымда циркуляция жүреді” деген. Әркімнің сеніміне байланысты ғой. Жастау кезімде пәтер жалдап тұрдық. Үйде жағдай жоқ. Қалтама блокнот пен қара қаламды салып алып, тауға қарай жаяулап жүре берем, жүре берем. Қайтқанша бір өлең дайын. Кейін күнді түнге айналдырдым. Төрт бөлмелі үй, отыратын кабинетім бар. Бірақ, жұмыс істей алмаймын. Үйренген дағдым үйде отырғызбайды. Баяғы тәсіл: киініп ап қараңғы далада қаңғып-қаңғып келем. Ұмытпасам, “Көкпарды” сөйтіп жаздым. Ең басты шарт, шабытты шақыратын бір нәрсе болады. Ол– кітаптың идеясы. Идея двигатель сияқты, өзі-ақ қозғайды. Идея болса болды, шахта жасайсың да үңгіп кете бересің... – Әңгімені әріден қозғайын, Қадыр аға. Әйгілі актриса Раневская 19 жасында ауыл театрына орналасып, бір әртіс жігітке сырттай ғашық болыпты. Ынтықтығын қанша білдірсе де, ол бейбақ мыңқ етпейді. Күндердің күнінде әлгі әртіс жігіт “Оу, кішкентай қыз!–дейді кербездене қарап. –Сен театрдың жанына пәтер жалдап, көшіп келіпсің ғой, ә? Бүгін кешке күт. Сағат жетіде барам. Үйде бол!” дейді. Раневскаяның қуанғаны сонша, өзінше дастарқан жасап, бет-аузын әрлеп, үлде мен бүлдесін барынша киіп, күтіп отырса.. Ой, масқараай! Сәл қызулау ғашық жігіті қасына бір бикешті жетектеп келеді де, бұған: “Оу, кішкентай қыз, бір-екі сағат далаға барып қыдырып келе қойшы!” – дейді. “Сол күннен бастап әлгі оңбағанды жек көріп кеттім!” дейді Раневс кая өз естелігінде. Ғашық болу... Жек көру! Кереғар дүние ғой. Алайда, алғашқы ма хабаттың аты – алғашқы махаббат! Жалпы, жақсы көру мен ғашық болудың айырмашылығы неде? Жастық шақта Раневская секілді сізді жек көріп кеткен аруларды байқадыңыз ба?
– Біреудің басындағы оқиға біреулердің басында болуы да ғажап емес. Әдебиет – театр емес. Театрда ғашық болу мүмкіндіктері көп. Біреуі Ромеоның ролінде, біреуі Джульеттаның ролінде қатар ойнап жүріп те жақындасып кетуі әбден мүмкін. Әдебиет–оңаша. Сиыр екеш сиыр да бұзауларын жасырынып, бошалап жүріп табады. Біздер де сондаймыз. Шығарма жазу кезінде жаныңда адам болғанын қаламайсың. Мысалы, Стивенсон өзінің Англиясынан тыныш тық таба алмай, Тынық мұхитындағы адам аяғы өте сирек басатын кішігірім аралға көшіп кетеді. Ол сол жақта өледі. Ал, енді аруға жолығасың ба, әлде болашақ мыстан кемпірге жолығасың ба – оны бір Құдайдың өзі біледі. Жүректе ақыл бар дегенге мен сенбеймін. Онда тек интуиция бар. Ол қателесуі де ықтимал, басыңа бақ боп қонатын жақсы жарды табуың да әжеп емес. Менің жалпы семьялық тұрғыда Дон-Жуандығым жоқ. Отбасымды қа сиет деп есептеймін. Ал енді қазақта сөз бар ғой “Ер азығы мен бөрі азығы жолда” деген. Оны сенен ешкім тартып алмайды. –Кейінгі жырларыңыздың кенеуіне қарағанда бата секілді байыпты тілекті тіршіліктен сұраған сыңайлысыз. О, тіршілік! Не берсең де арнап бер, Алтын балық ілігетін қармақ бер! – дейсіз. Әйтеуір, бұл адамға бір нәрсе жетпей тұратын әдеті ғой. Бір қарағанда – сізде бәрі бар. Бірақ сіз “ Маған жетпей тұрады сәл-ақ нәрсе” дейсіз. Ол не нәрсе? Егер қармағыңызға алтын балық түссе, не нәрсені жеткіз деп айтар едіңіз? – Менің “Өмірбақи іздеп келе жатырмын” деген бір өлеңім бар. Не іздеп жүрмін, білмеймін, Қашан тауып алғанша. Соны Сәуірбек ағам пародияға айналдырған. “Сен білмейтін нәрсеңді қалай іздейсің?” дейді. Не іздеп жүргенімді білсем, оның да қызығы болмайды ғой. Қандай өлең жазатынымды, оған қандай теңеу табатынымды қайдан бі лейін. Әйтеуір іздеймін. Бірақ, шынында да не іздейтінімді өзім де білмеймін. Өзбектер жүрмейтін есекті жүргізу үшін тұмсығына бір бау жоңышқаны иіскетіп қояды да, сүмеңдетіп отырады екен. Қырсық есек көз алдындағы көк шөпті жеймін деп тепеңдей береді. Жақсы жазушылардың өзі де сол есектің күнін кешеді-ау дейім. Алтын балықтан дәметкенше, есек болған екі есе артық. – Айтпақшы, тағы бір тармақтарыңызда: Маған түк те керек емес – сенсеңіз. Қызықтырма соғымыңмен ең семіз... Асылыңнан, алтыныңнан не пайда, Енді қайтып оралмайды он сегіз! – деп жазасыз. Жарайды. Оған да мақұл. Алла жар боп, алтын балық тілегіңізді орындап, он сегіз жасқа оралсаңыз не істер едіңіз, аға? – Алтын балық он сегізімді қайырып берсе, ойланбай осы өмірімді қайта бастаймын. Өмір сені қақпайлауы мүмкін... Біреулер менің өміріме қызыға ды. Ал, мен өмірден қызығатын нәрсе көрген жоқпын. Толстойдың өміріне қызықпаймын. Пушкиннің өміріне қызықпаймын. Әулиелер ғой. Абайдың да өмірін өзіме тілемеймін. Өз өмірім өзіме жетеді. Өз өмірім арқылы Қадыр Мырза-Әли болдым. Абайға қызықсам мен екінші Абай болар едім. Ал, екінші Абайдың керегі не? Абай біреу-ақ. Абай сонысымен де – Абай. – Жеңіске жетудің әдіс-тәсілі, айла-амалы көп. Соның бірі – қай сарлық. Қазір Ұлыбритания деп аталатын елді жаулауға Юлий Цезарь әйгілі Ла Манш бұғазы арқылы жүзіп өтіп, жеңіске жету үшін өз әскеріне
қандай жағдай жасаған? Барлық әскерін теңізден екі жүз фут биіктегі Дувр қыратына шығарып, жағалауда қалған бүкіл кеменің өртеніп жатқанын көрсеткен. Ал, әйтпесе! Не істеу керек? Қайтар жол жоқ. Жол біреу-ақ: не өмір, не өлім! Жағаласқан жауды қайткен күнде де жеңу керек. Тарихтан мәлім: солай болады да. “Жас Алаш” газетінде жарияланып жатқан “Иірім” атты естелік теріңізге сол Юлий Цезарьдың тактикалық, стратегиялық әдістәсілдерін ішінара енгіздім деп ойламайсыз ба? Өйткені, алты алашқа аты мәлім о дүниелік тұлғалардың пейішке апармайтын пендешіліктерін, көшелі тұстарымен бірге көлеңкелі жақтарын да көбірек қамтығандайсыз. Әлде, бұл әлем әдебиетіндегі жаңа стиль ме? – Жаңалық әкелдім деп ойламаймын. Шығарма қалай туса солай туын датып жатырмын. Велбетсидің қағидасы: “Оқымайтын шығарманы жазған автор жалпы жазушы емес”. Біріншіден, өмір “Иірімдері” оқылсын дедім. Екіншіден, жазып отырған нәрсемнің өзі мен үшін қызық. Демек, мен қызықсам оған тағы біреулер қызығуы мүмкін. Олардың бәрін Пайғамбар қып жазғанда мен не табам? Өз басым Пайғамбарды көргем жоқ. Өмірде Пайғамбар бар ма? Жалпы, Пайғамбарға ұқсас адам Ғабиден Мұстафин айтты: “Қадыр,– деді,– менің бір нәрсеге көзім жетпейді ғой. Мен көзімді жеткізе алмай ит болам. Ал, көзім жетсе мен одан өмірі қайтпаймын”. Қайсар адам еді. Үлкен өнерге келген адамды сақтайтын–тек қана қай сарлық. Біреулердің ұнжырғасы түсіп кетеді, соққы жейді, тауы шағылады. Солардың көбі... Қайсарлығы жетпегендіктен орта жолда қалып қояды. Жігері жоқ. Не ішіп кетеді, не жеңілдеу жолға түсіп кетеді. Карьеристердің бәрі карьерист боп туды дейсің бе? Қайсарлығы кемдіктен оңай жол іздейді. Жігерсіздікке алып барады. Біздің жазушылардың көбі бас редактор болуға тырысты, бастық болуға, баспаның директоры болуға ұмтылды. Неге? Өйт кені, жазған нәрсесін шығарады. Бірақ олар бір нәрсені білген жоқ. Олар ол жерге барса жаза алмайды. Сонда неңді шығарасың? Не баяғыңды қайталап шығарасың, не халтурить етесің.Олар шикізаты жоқ зауыт сияқты. Соған көзі жеткендер бар. Мысалы, Ғабит Мүсірепов қырық жылдай атқа мінді. Ғабең ерінбейжалықпай қырық жылда қанша күн бар екенін, күніне орта есеппен қанша сағат жиналыс өтетінін, босқа кеткен қанша сағаттардың басын құраса қанша жыл болатынын күнделігіне жазыпты. Сөйтсе, қырық жылдың қақ жар тысы тек жиналыс пен мәжілістерге кетіпті. Қор болған уақыт деп соны айт! Елуінші жылдардың басында Ғабең партиядан шығып, екі жылдай үйде жұмыссыз отырған. Сол екі жылдың ішінде Ғабең атақты “Оянған өлкенің” бірінші кітабын жазып бітірген. Ұлы жазушылардың өміріндегі сәтсіздіктер сәттілікке бастайтын жол. Аузының суы құрып оқып жүрген Платоновтың нан сатып алуға ақшасы болмаған. Қайда барады? Отырған да жазған. Өмір бойы аула сыпырып тамағына талшық тапқан. Қалған уақытта оқи берген. Пушкин он бір жасында әкесінің кітапханасындағы кітаптың бәрін оқып тауысқан. Біздің қазіргі он бір жастағылар не біледі. Білімнің көзі–оқуда, “Иірім” соның бір тамшысы. – Тіл туралы аз жазылып жатқан жоқ, Қадыр аға. Бұдан қырық жыл бұрын шамасында Сіз де тіл мәселесін өлеңмен өрнектеп көтердіңіз. Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте! Осы шумағыңыз әнұран секілді әр мектептің қабырғасында тұр
ғанмен, әмбе қазақтың, әсіресе, шенеуніктердің шемен жүрегін жібіте қоймады. Әрине, бір өлеңмен қатып қалған қай тасты ерітесің. “Жалын” альманағының төртінші санында “Қазақ тілінің болашағы бар ма не месе сенген серкелеріміз кімдер?” деген тақырыпта ауқымды әңгіме де қозғалды. Осы тұрғыдағы ойларыңызды ортаға салсаңыз... – Мен депутат боп жүргенімде қазақ тілінің мәртебесі туралы сөз сөй леуіме тура келді. Ол кезде парламенттегілердің жартысынан астамы орыс тар-тын. Қазақтардың көбі орыстанып кеткен. Қатты дайындалдым. Нақты мысалдар келтірдім. Орыстың бір әйелі “Комсомолец Украина” газетіне жариялаған мақаласында мектепте оқитын баласының үздік оқушы екенін, тек украин тілінен ғана “4” алатынын ашына жазыпты. “Сонда менің балам укарин тілі үшін озаттардың қатарына қосылмай қалды” дейді де, пікірін ашық айтады. “Кому нужен этот никому не нужный украинский язык” деп аяқтайды мақаласын. Киевте тұратын Американың атташесі екі жылдың ішінде украин тілін үйренген. “Оказывается,–деймін мен,–кому-то нужен этот никому не нужный украинский язык”. Сосын Томсонның әңгімелерінен үзінді алдым. Бір аңшы үлкен тазылары мен төбеттерін ертіп аңға шығады. Сонда бір киік әлгі иттерден құтыла алма сын сезгесін аңшының бұтына кеп тығылады. “Қазіргі қазақ тілінің тағдыры бейшара киіктің күнімен бірдей” деп сөзімді аяқтадым. Бүгін де солай. Көп өзгеріс байқалмайды. Ана тіліміздің мәртебесін өсіреді деген шенеуніктердің өзінде әлгі аңшының гуманизміндей гуманизм жоқ. –“Он жаста – лақтайсың, жиырмада – көлге біткен құрақтайсың, отызда – бәйге бермес пырақтайсың” секілді ел ішіндегі жыраулардың өлеңдерін көп естідік. Сіз алпыс жасқа келгеніңізді өлеңмен өрнектедіңіз. Түйіні мынау: Жалынынан ұстай білсең жастықтың, Алпысыңнан тамшылайды сары алтын! Мінеки, аға, желкеніңізді есіп, жетпістің де желкесіне міндіңіз. Жетпіс те де “сары алтын” тамшыласа, онда сіз алтын жақұтты астына басып жатқан Ұлттық банк болдыңыз ғой... – Сен бір нәрсеге мән бермей отырсың. Егер ол банк болса тамшыла майды, тамшыласа банк болмайды. Алайда, алтын бары рас. Банктың алтыны арнайы құйылған кесек-кесек сом алтын. Бірақ, банктың алтыны ешкімнің қолына тимейді. Ал, менің алтыным тамшы ғой. Тамшыдан дәметуге болады. Бір қасық ұйытқы бір қазан сүтті ұйытпай ма? Менің поэзиямның тамшылары бір қауым елді ұйытса – сол да жетіп жатыр. Қазақта “Ұйып” деген сөз бар. Ел-жұртым ұйып тыңдаса болды да. – Ұзын-саны 104 элементтен тұратын Менделеев кестесін өлеңге өзек еттіңіз. Расында да, Менделеевтің химиялық кестесіне қарап тұрып таң қаласың. Өмірдегі мықтыларды Титанға теңейміз. Ал, сол Тита ныңыз 22-орында. Базбіреулерді “Темірдей жігіт!” дейміз. Сол теміріңіз 26-орында. Сабырлы кісілерді “Қорғасындай салмақты!” дейміз. Сол қорғасыныңыз 9-қатарға әрең іліккен. Күмісіңіз – 47, платина – 78, алтыныңыз – 79 орында, жүлделі орын тимей қалған. Ал, кестенің көш басында қайсысы? Сутегі! Неге? Оңай емес бұл өмірде бәрін әділ бөлісу, Бірінші боп сутегі тұр, Болғаннан соң тегі су.... Ойыңыз түсінікті. Терең философия! Егер көзі тірі ақындардың кес
тесін жасаса сіз бірінші орынға таласар ма едіңіз? Жалпы, өзіңізді поэзия кестесінің нешінші нөмірінде тұрмын деп ойлайсыз? – Бірінші орында тұруға қарсы емеспін. Бірақ су болғым келмейді... Осы тұста жеңіл машинаның ішінде отырған Оразақын Асқар ағам бір шумақ оқыды. Көңілімде көптен жүрген түйткіл еді, Ойпыр-ай, өмір неге сүйттіреді? Алтын артқан керуеннің Айтшы неге, Алдында есек, артында ит жүреді? Қадыр аға сөзін әрі қарай сабақтады. – Фердоуси хан сарайында ақын боп жүрген. Абыройлы болған. Шахтың өзі сыйлаған. Қартайған шағында Шахин шах Фердоусиге “Елдің тарихы ту ралы поэма жаз!” деп ұсыныс жасаған. Жай әшейін ұсыныс емес, өлеңіңнің әрбір жолына алтынмен төлеймін деген. Алтынның аты алтын ғой, егер маған біреу сондай шарт қойса мен де жазар едім. Өйткені, менде табыстың басқа көзі жоқ қой. Қысқасы, не керек, екі жыл мұрсат сұрап жас ақын елге кетеді. Парсы лардың қышлағында жатып, алты томды күндіз-түні жазып бітіреді де ханға тапсырады. Сарайдағылардың бәрі оқып шығады да, “Дүниеге ұлы шығарма келді” деп қуанады. Шах поэманың жолын есептесе, екі қап алтын болады. Бірақ, қазынада сонша алтын жоқ екен. Шах амал ойлап, екі қап алтынның орнына екі қап күміс жібереді. Фердоуси моншаға түсіп жатыр екен, қаптың аузын сөксе алтын емес – күміс. Шахқа қатты ренжиді де, екі қап күмісті монша иесіне бере салады. Шабарман бәрін айтып келеді. Сол кезде қартай ған шахтың мұрагері 14-15 жасар бала үнемі қасында отырады екен. Фер доусидің қапаланғанын есіткен жас мұрагер жерге кіре жаздайды. Бес-алты айдан соң шах қайтыс болып, таққа отырған жас мұрагер бала уәзірлеріне “Жерден қазсаңдар да екі қап алтын табыңдар!” деп нұсқау береді. Екі қап алтынды есекке артып Фердоусидің үйіне әкеле жатса... Қызықты қараңыз, қарсы алдынан қайтыс болған Фердоусидің сүйегін молаға қарай әкеле жатқан жұртты көреді. Осы оқиға өмірі есімнен кетпейді. Алтыны түскір ақынға да бұйырмай, Шахқа да бұйырмай, айдалада қалған жоқ па? Жыл сайын журналистерге берілетін Президенттің сыйлығы өз алдына, әдебиет, мәдениет, өнер қайраткерлеріне алтын арқалатпаса да Иманғали Тасмағамбетов, Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қырымбек Көшербаевтың Алаш азаматтарына жасаған көмектері Шахтың екі қап алтынынан еш кем емес. Шамасы келсе де шах бола алмай жүргендерге не дерсіз? “Жалын” журналы, 2005 жыл
Рахметолла
РАЙЫМҚҰЛОВ
БІР ТАЛ ҮКІ
С оғыстан соң туған ұрпақтың дені көзін көркем әдебиетпен тырнап ашты. Жақсы кітаптың жарнамасы жоқ, әйтсе де оның үгіт-насихатын қалың оқырманның өзі жасай тын. Оқитын. Оқитын да көкейіне тоқитын. Тоқыған дүниесінің мазмұнын бір-біріне ауыздың суын ағызып айтатын. Ақынның немесе жазушының ауызша тараған кітабы жырдан да қызық секілді. Соңына түсіп, сол кітапты қайтсек те тауып алуға ты рысатынбыз. Кітаптан бас алмайтын Оразбек Нұсқабаев деген кластас баланың қолына (ұмытпасам 1964 жылы) Рахметолла Райымқұловтың «Түйелі адам» деген повесі түсіпті. Ертегідей еліктіріп, мазмұнын қайталап майын тамызып айтты. Оқығанша асықтық. Міне, на сихат! Міне, жарнама! Қолдан қолға ауысқан жұқа кітаптың тоз-тозын шығарып, тобымызбен кезектесіп оқыдық. Балалар ды баурап алды. Тебірендірді. Тереңіне батырды. Ойға шомдық. Армандадық. Қиялымызға қанат бітірді. Бала болсақ та есейіп қалған ер азаматтай сезіндік. Орта мектепті бітіретін жылдары «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз» журналына ден қоя бастадық. Жарияланған әдеби, сын мақалаларда қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсрепов, Ғабиден Мұстафиннің аты-жөндері ара-жігі ажырамай жазылатын. Кімнен кейін кім тұратынын жатқа білеміз. Сондай-ақ, «халық жауы» атанып, кейінірек ақталған айтулы тұлға, атақты ақын-жазушы Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, «Қалың мал» романының авторы Спандияр Көбеевтің тізімдері де бір-біріне нөмірлеп тіркеген вагондар секілді рет-ретімен көрсетілетін. Сонда біз «Оу, солардың ішінде Рахметолла Райымқұловтың аты-жөні неге жоқ?» деп ойлайтынбыз. Елуінші жылдардың соңына таман саяси-сатиралық «АраШмель» журналы жарық көрді де, әзіл сүйер әлеуметті баурап, ауыл-ауылды аралап кетті. Таралымы көп «Араны» да асыға күтеміз. Күндердің күнінде, Рахметолла Райымқұловтың әзіл әңгіме, скетч, сынадай қағылған сын-сықақ, өткір фельетондары жиі жариялана бастады. «Е-, бұ кісі сықақ та жазады екен ғой» деп таңырқап, журналдың редакция алқасы мүшелерінің тізімі не үңілдік. «Араның» алғашқы редакторы Ғабит Мүсіреповтің қатарында Дмитрий Снегин, Темірбек Қожакеевтен кейін Рахме толла Райымқұловтыңң да аты-жөні тұр екен. Қызығушылығымыз одан сайын артты. Мірдің оғындай мысқылдары мен ойып түсер оспақтарын іздеп жүріп оқи бастадық. Бір жылдары жоғалтып
алдық. Еш баспасөзде есімі жоқ. Кейін білдік, бақилық болыпты. О-о, зымыраған заман-ай! Біздің сол Рахаң биыл жүзге толды. Бір ғасыр! Сонау қалың қазақтың қаймағы бұзылмаған 1913 жылы туып, пайғамбар жасынан асқан шағында дүниеден озған ағамыздан артында қаншама әдеби мұра қалды. Соның бірта лайын жинақтап 2003 жылы 90 жылдық торқалы тойына орай үш томдық шығармалар жинағы оқырмандар қолына тиді. Негізінен көзі тірісінде шыққан кітаптарға енген әңгіме, повестерінің басын құраған. Романдары мен облыстық, республикалық театрлардың сахнасында қойылған пьесалары жоқ. Сірә, сыймай қалған. Сондай-ақ, «Ара» журналы мен басқа да басылымдарда жарияланған усойқы әзіл әңгімелері, уытты фельетондары үш томдыққа енбей қалыпты. Өкінішті. Өте өкінішті. ...Студент кезіміз. Түбіт иек түкті бас бозбаламыз. Даланың баласы қалаға сіңісе кете ме? Таңсық. Бәрі де таңсық. Кірпігі не кірпік жалғап, ернін шиедей қып бояған аруларға таңырқап қараймыз. Табиғи шашатарын бұйралап, өзге түске өзгертіп жіберген қыздардың қылығы тіпті ерсі көрінетін заман. Осын дай ойқы-шойқы оспадарсыз «мода» туралы ағамыздың әзілін оқып езу тарттық.Жас кездегі жақсы дүние жадыңда қалады ғой. Мазмұнын ауызекі айтып берейін. Қап-қара шашын сап-сары ғып бояп, қаладан келген қызының сайтандай түрін көрген атасы: – Қарағым-ау, шашың ағарып кетіпті ғой, - дегенде, бір бүйірде жамбастап отырған кемпірі: – Қойшы әрі, не болса соған сөйлемей! Сен оқысаң шашың ағармақ түгілі көгеріп кетер! – деп кейіпті. Бітті. Ұзын-ырғасы осы. Қандай ғажап әзіл. Майдан қыл суырғандай. Кеңес өкіметі негізінде тоғышар, көрсеқызар, керенау, кердең, жылпос, қырсыздық секілді жағымсыз мінездер көбірек сын тезі не алынатын. Тоңмойын мен топастар да сықақшылар қаламына жиі ілініп жататын. «Өзің пәле екенсің» атты әдеби фельето нын ұстазымыз профессор Темірбек Қожакеев үлгі ретінде мысалға келтіріп талдайтын. Тоңмойын директор қойшыны ка бинетіне шақырып алады да «Менің үстімнен жоғарыға неге арыз жазасың?» деп дүрсе қоя береді. «Қанша жазсаң да бәрібір өзіме қайтып келеді» деп тартпасынан будақ-будақ қағаздар алып көрсетеді. – Міне, мынаның бәрі сен сияқты совхоздың сауаты аз жұмысшыларының жазғаны. Бірақ біліп қойыңдар, қай құдайға шағым айтсаңдар да қайтып айналып өз қазығын табады. Қайда жазсаң, онда жаз! Бәрібір. Әй, маубасым-ай, соған да миың жет пегені ме, ә? Иә, жетпейді. Бұл сенің бақытсыздығың! Қойшы: – Әй, құрысын! Бақ дегеннің де осы күні миы ашып кеткен екен, - дейді қолын бір-ақ сілтеп. – Неге олай дейсің?
– Баяғыда әкем марқұм «Бақ адасса, батпаққа қонады» дейтін
еді.
Директор орнынан ыршып тұрып:
– Көріп тұрсың ғой бақыттың қайда отырғанын?!– дейді жел
пініп.
– Иә, көріп тұрмын.
– Қайда?
– Сенде. Әне, сенің сылдыраған тіліңде, жылтыраған көзіңде,
тұнжыраған түсіңде, түршіген қабағыңда, тайқиған маңдайында,
көнтиген ерніңде!
Шопанның шоқтай қарыған ащы сөзіне ризашылық білдірген
дей:
– Өзің пәле екенсің, жарайды, жағдай жасайын саған! – дейді.
Ұстазымыздың ұлағатты дәрісін тыңдап, біз, студент жа
стар, Рахметолла ағаның фельетон жазу шеберлігі мен тәсілдерін
құйттайымыздан құлағымызға құйып өстік. ҚазМҰУ-де өнерпаз
студенттерден құралған «Аққу» атты ансамбль бар болатын.
Сайқымазақ курстасым Өмірәлі Смайылов екеуіміз көркем
сөз оқып, көпшіліктің көңілін көтеруге тырысатынбыз. Атағы
асқақтап тұрған Асқар Тоқмағамбетов, Шона Смаханұлы,
Үмбетбай Уайдин, Оспанхан Әубәкіров, Сейіт Кенжеахметов,
Қажытай Ильясовтардың әзіл-сықақтарын көрерменге ұсынып,
сахнада ақ тер, көк терге түсетінбіз. Жұртты күлдіру оңай
ма? Әдемі әзілдерді іздейміз. Іздегенге-сұраған, Рахметолла
ағамыз қырғыздың қыршаңқы тілді сықақшысы Құдайберген
Жапаровтың әп-әдемі күлкілі диалогын аударып, «Араға» жа
риялапты. Жерден жеті қоян тапқандай қуандық. Өмірәлі екеуіміз
тез арада жаттап алып, сахнаға шығардық. Ұзын-ырғасы мы
надай:
– Кел, шылым тарт.
– Тартпаймын, тастадым.
– Шарапты ше?
– Тастадым.
– Сыраны ше?
– Тастадым.
– Мұның жақсы екен. Азаматсың! Ал, қызметіңді ше?
– Беймаза жұмыс, оны да тастадым.
– Әйеліңді қайттің?
– Менің есебім бойынша 1 сәуір – күлкі күні босану керек еді.
Ол оңбаған мерзімінен үш күн бұрын туды. Есептен жаңылысып
көрген жан емеспін. Білдіңіз бе?
– Сөйтіп...
– Сөйтіп әйелімді де тастадым.
– Балаларыңды?
– Оларды да тастадым.
– Үйіңді ше?
– Саттым.
– Анаңды ше? Інілерінің қолына бердің бе? – Бердім. – Жесір жеңгеңді төркініне қарай қудың ба? – Қудым. – Енді не істемексің? – Білмеймін. – Онда мен айтайын. Сонау қиядағы қызыл жарды көрдің бе? – Көрдім. – Оның биік шоқысын да көріп тұрсың ба? – Көзім соқыр дейсің бе, көріп тұрмын. Бала кезімізде басына талай-талай шыққанбыз. – Шыққан болсаң, енді тағы да шық. Сөйт те тастағыш болсаң өзіңді өзің тура сол жардан таста. Бітті, шаруа! Солай ет. Ұзын-ырғасы осы. Ол заманда бала-шағадан безу ақырет. Ақырзаман. Азғын деп айыптайтын. Дәуір сыны дәл көздеді. Рахаң соны көре білген. ...Есейдік. Күндердің күнінде қыздар педагогикалық институтының маңынан жас әнші Мақпал Жүнісова мен оның аршыған жұмыртқадай әппақ құрбысымен ұшырасып қалдым. Мақпалдың енді-енді танымал бола бастаған кезі. Құрбысымен таныстырды. Аты – Ақтоты екен. Міне, қызық! Бала кезден кітабын жастанып оқыған жазушы ағамыз Рахметолла Райымқұловтың бір тал үкідей қызы екен. Әкесі туралы, оның шығармашылығы жөнінде бие сауымдай уақыт сырластық. Сөзімді бөлмей мұқият тыңдады.Тұла бойы тұнған иба, инабат. – Мамаңа сәлем айт! – деп қоштастым. Телефон алмастық. Ара да ай өтпей жатып мамасы Макиза апай телефон шалды. Ақтотыға құда түсіп сырға салу үшін белгілі қоғам қайраткері Ұзақбай Қараманов жұбайымен үйлеріне келмекші екен. Шақырды. «Ақтотының ағасы боп біз жақтан қатыс» деді.Бардым. Құдалыққа қатыстым. Содан бері ара-қатынасымыз үзілген жоқ. Ағайындай араласып келеміз. Макиза апайды қашан көрсем де қасында – Исахан. Менің курстасым. Ташкент түбіндегі Бостандық ауданында туған. Рахметолла ағайдың жерлесі. Ауы лы Төле би бабамыздың жамбасы тиген жерден алыс емес. Іргесін де. Табиғаты тамылжыған таулы өлкенің бұлақ суын қанып ішіп өскен сұлу інілерінің бірі. Жасы ұлғайғанда туған қызының атын Ақтоты деп ырымдап қойған. «Тоты құстай түрленсін!» дегені ме? Балапанын басынан сипап отырып: – Өз қанатың болмаса, басқаның қанатымен самғап ұша алмайсың, қызым! – дейді екен Рахаң. «Өзіңе сен!» дегені ғой. Сол Ақтоты қазір білікті ұстаз, білімді тәлімгер. Қанына сіңген қасиетті тәрбиесін шәкірттерінің бойына құйып, санасына сіңдіріп, мейірімін шуақтай төгіп келеді. Белгілі композитор. Оның әсем әндерін орындап қаншама өнерпаз қанат қақты. Аяғын қаз-қаз басқан «Арнау», «Аңсар» атты өнерпаздар тобы қазір
«Астана – махаббатым менің!» әнін орындап жүр. Медеу Арынба ев «Алматы – алтын бесігім», Толқын Забирова «Бөбегім» әнімен қошаметке бөленді. Ал, Роза Рымбаева мен Мақпал Жүнісованың орындауындағы «Қазақстан», «Тырналар», «Анажан», «Жан әкем», «Әнім сенсің, туған ел» сияқты әуезді әндерінің орны бір бөлек. Оның үстіне «Дала сыры», «Жәмила», «Толғау» сияқты кең тыны сты симфониялық поэмалар жазғанын білеміз бе? «Әке – балаға сыншы» дейді ғой, әріден ойлаған әке Ақтотының өнер қайраткері болатынын болжағандай дирижерлердің киім үлгісіне қарап отырып: «Пингвинге галстук тақсаң да, жентельмен боп кетпейді», – дейді екен. «Әңгіме – киімде емес, түйінде!» де гені-ау. Сол Рахметолла атамыздың жүз жылдық мерейтойы таяу да ғана Ташкент қаласында кеңінен аталып өтті. Өзбекстан Республикасының ұлтаралық мәдениет орталығының үлкен залын да Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ғалым Жайлыбай кіріспе сөз сөйлеп, филология ғылымының докторы, профессор Құлбек Ергөбек Өзбек, Қырғыз, Молдаван, Грузин, Балтық жағалауы елдерінің әдебиетімен салы стыра баяндама жасады. Қазақ прозасындағы дәстүрлі баяндау мен кейіпкердің ішкі жан дүниесін психологиялық иірімдерін беру секілді дәуірде әдебиетке келген Рахметолла Райымқұловтың қазақ прозасына елеулі үлес қосқанын талдай отырып, тамылжытып ай тып берді. Әсіресе қазақ, өзбек әдеби процесін егізқатар жарысты рып та, жарастырып та әңгімелеген сөзі әсерлі шықты. Жұрт риза болысты. Өзбекстанның Қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы Ма рат Үкібаевтың ұйымдастыруымен басталған мерейтой Рахаңның туған жері Бостандық ауданында жалғасын тапты. Қазақстаннан барған қаламгерлерді Өзбекстан Жазушылар одағының төрағасы Мұхаммед Али қабылдап, ағайындық ақ тілегін білдірді. Халықаралық «Түркі әлемі» киностудиясының директоры, белгілі жазушы Доқтырхан Тұрлыбек деректі фильм түсіріп қайтты. Рахаңның аяулы жары, Ақтотыдай қызды дүниеге әкелген асыл ана Мәкиза апай денсаулығына байланысты Ташкентке бара алма ды. Бұл кейуана әйгілі жазушы Зейін Шашкиннің туған қарындасы. Текті тұқым. Сәбит Мұқановтың жары Мәриям апайдай, Әбіш Кекілбайдың шешесі Айсәуледей, Асқар Сүлейменовтің аяулы анасы Айтотыдай, Иманғали Тасмағамбетовтің анасы Ділдадай тірі шежіре. Сөзден жаңылмаған. Төгіліп тұр. Есіл ерін есіне алып: – Өзбекстан жазушыларына рахмет, – деді мейірлене, – олар Рахаңның мерейтойларын өле-өлгенше атап өтуден жаңылған жоқ. «Екі елдің жазушысы» атаған. Ташкенттегі педагогикалық инсти тутта оқып жүргенде 1935 жылы Өзбекстан қазақ қаламгерлері Қазақстанның 15 жылдығына арнап «Социалистік шашу» атты жинақ шығарыпты. Ішінде Рахаңның өлеңі бар. Бір шумағын ай тайын.
Алтын күн көкте күліп жымыңдайды, Қызыл гүл жерде тұрып сыр ұрлайды. Бұралып бой жеткендей өсімдіктер, Майысып бір-біріне сыбырлайды. Әу баста ақындықтан бастаған. Болмыс-бітім, жаратылысы ақынжанды еді. Ауылы Қараманас, қаладан шалғайда. Оқимын деп Ташкентке ауылдан жаяу келгенін жиі-жиі әңгімелейтін. Ол кезде ат-арба да тапшы. Аштық. Жоқшылық. Кемтарлық. Соғыстан соң Ташкентке білім іздеп келген. Қалтай қайным Мұхамеджановтың мынадай қалжыңы бар еді: «Жалаңаяқ жар кешіп, Ташкенде оқыдым. Бәтіңке қайда? Аяғымыз күс-күс, башпайымыздың ара сына шөп өсіп кететін» дейтін. Рас. Қиындығы көп қилы заманды басынан өткерді. Соғысқа қатысып, елге 1946 жылы оралған.... – Мәкиза апай, кейінгі ұрпақ біле жүрсін, о кісі кімдермен жақсы араласқан? – Адам жатырқамайтын. Бәріне құшағы ашық. Қай қазақ бол са да қамқорлығын аямайтын. Тіпті түр-түсін танымаса да жас жазушылардың әңгімесін оқып, сыртынан ризашылығын білдіріп отыратын. Есімдері елге белгісіздеу, әдебиеттің есігін енді-енді аша бастаған Софы Сматаев пен Дулат Исабеков жөнінде «Осы екі жігіттің еңбектерін ерекше сүйіп оқимын. Екеуі де болашағынан үлкен үміт күттіретін жастар» дейді екен. Рахаңның ағайындай боп араласпаған адамы кемде-кем: Бауыржан Момышұлы, Сырбай Мәуленов, Қалижан Бекқожин, Қалмұқан Исабаев, Әбен Сатыб алдиев, Шерхан Мұртаза, Мыңбай Рәш, Сайын Мұратбеков, Бе кен Әбдіразақов, Шәміл Мұхамеджанов, Қалаубек Тұрсыенқұлов, Оспанхан Әубәкіров, Қалдарбек Найманбаев... Ұшы-қиырсыз. Әсіресе, Мұқағали Мақатаевпен ағалы-інідей араласты. Шір кін, Мұқағали кісі танығыш, сезімтал азамат еді ғой! Үйге келіп, Ақтотыны қызықтап, Рахаңмен ұзақ әңгімелесетін. Өмірі мақала түртпейтін Мұқағали 1968 жылы «Түйелі адам» повесі туралы ре цензия жазды. Ағасына деген сүйіспеншілігі шығар, «адамдардың жан дүниесін іс-қимылдары арқылы шебер де жатық тілмен жанжақты көрсетеді. Райымқұловтың тілі оралымды, өзіндік үн-сазы бар. Шектен тыс сөзбұйдалық пен орынсыз ділмарлық жоқ» деп баға беріпті. Ал академик Рахманқұл Бердібаев «Қазақ прозасының да муына, оның көркемдік деңгейінің көтерілуіне үлес қосқандығын» айтса, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауин «Ұлттық санасы жоғары, шұрайлы қазақ тілін бойына сіңіріп өткен қаламгер еді» деп емірене еске алып, ерекше пікір білдірген. Университетте бірге оқыған досы қазіргі ғарышкер, Халық қаһарманы Талғаттың әкесі Амангелді Мұсабаевпен қиналған сәттерінде ақылдасып тұратын. Шәкірттері көп еді. Соның бірі ізінен ерген інісі танымал ғалым Бақтияр Сманов. Рахаң елу бес жасында тұңғыш рет әке болды. Ақтоты дүниеге келді. Құрдастары «Осынша жасқа келіп... Сондағың қыз ба?» деп қалжыңдаса, жарықтық Рахаң «Ойбай-ау, өзімнің әлі күнге дейін
балам болмаса, ол ұл боп туса, тіл тиіп өліп қалады ғой! Маған өлмейтін қыз керек» депті. Мұны естігенде қуанғанымнан жүрегім жарылып кете жаздады. Азан шақырып атын кім деп қоямыз? Ақылдастық.Алдымен Зейін Шашкин ағам «Сәбидің аты Айжан болсын» деді. Рахаң кешірім сұрап «Менің кітабымда бір тамаша кейіпкер бар еді. Шіркін, тым болмаса осындай ғана қызым болса деп армандаушы ем. Оның аты – Ақтоты еді» деді. Ақтотыны көшеге қыдыртса жетектемейтін. Оң иығына отырғызып, үкілеп ұстайтын. Тағдырдың маңдайына жазғаны шығар, Ақтоты он екі жасқа толғанда, бар қызығын қалдырып бақилық болды. ...Мәкиза апайдың естелігі буынымды босатып, ет жүрегімді ел жіретіп жіберді. «Үкілеп ұстады» деді-ау! Қазақ сал-сері мен ақынжырау, әншілерін ерте заманнан еркелетіп, үкілеп ұстаған. Құрмет тұтқан. Абырой көрген. Үлде мен бүлдеге орағандай астына ат мін гізіп, иығына шапан жауып шығарып салған. Бұл – ата дәстүр. Бабаларымыз сондай-ақ бас киімді қадірлеген. Айырбастамаған. Шешкенде жоғары қойған. Бір қызығы – бөріктің төбесіне одан да жоғары шығарып үкі тағып жүрген. Іңкәрлігін білдіріп, жүрек лүпілін сездіргенде «Басында Қамажайдың бір тал үкі» деп, үкіні әнге қосып шырқаған. Бір тал үкі ненің белгісі? Сұлулықтың ба? Білмеймін. ...Биіктік, пәктік нышаны сияқты.
Дүкенбай ДОСЖАН
“БАСЫМ ОТТА
ТҰРҒАН ҚАЗАН
СЕКІЛДІ...”
О ныншы класс оқушысымыз. Қай жылы, қай елде қандай со ғыс болғанын шала-шарпы білсек те, Шыңғысханның Оты рар қаласын қашан, қалай қиратқанын түнде түртіп оятса шетімізден сайрайтынбыз. Өйткені біз Отырарда оқыдық. Үйіндіге айналған Отырар төбенің маңындағы Қаракөншек, Пышақшы, Ал тынтөбе, Оқсыз, Көкмардан, Шөлтөбе секілді шөгіп жатқан қиранды шаһардың төбесіне шығып, қилы заманда қираған құмыра мен көзе лердің сынығын жинап өстік. Ұстазымыз Асантай Әлімовтің темір етігі тебендей болғанша тентіреп жүріп ұйымдастырған шағын мұ ражайы бар-тын. Оның өзі мектебіміздің бір бұрышынан орын теп кен. Дәп сол жерде жас жазушы Дүкенбай Досжановпен кездесіп, әсерлі әңгімесін тыңдадық. Шешендігінен гөрі шежірелілігі басым. Біздің тарихты білеміз дегеніміз әрідегі әңгіменің қалқыған қаймағы ғана екен. О кісінің “Жусан мен гүлдер” повесі мен “Құм жұтқан қазыналар” атты деректі кітабын оқығасын жан сарайымыз ашыла түскенін аңғардық. Бұл бірінші танысуым. Одан кейін... О-о-ой, Дүкенбай ағамен қайда сапар шекпедім. Былтыр Аллата ғала нәсіп етіп, қажылық сапармен Мекке-Мәдинаға бірге бардық. Іле-шала Қызылорда қаласында өткен Асқар Тоқмағамбетовтың 100 жылдық мерей тойына иықтасып қатыстық. Жасы 102-ге келіп дү ниеден озған анасына ас берді. Ата-бабасының сүйегі Сыр елінің Жаңақорған ауданындағы Келінтөбеде екен. Кейуанаға дұға бағыш тап біткесін: – Он бір роман жазып, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанған баласын пенсияға жеткізіп кеткен анада арман жоқ шығар, Дүке? – дедім көңілін көтере сөйлеп. – Сөзің дұрыс! – деді ағам дегбірсізденіп. – Бірақ осы “пенсия” деген сөз біртүрлілеу естіледі екен. Соны айтпай-ақ қойшы... Дидарына қарасам – жаңа піскен қауынның жүзіндей, көзінде – шуақ, бойында – қуат. Есіме ертедегі бір оқиға түсті. Мәскеудің балалар эстрадалық кон цертін тамашалаған аты-жөні әйгілі әртістерге бір оқушы қыз сах нада тұрып: – Жұмбақ жасырсам табасыздар ма? – дейді. – Табамыз! – дейді бәрі. – Жұмбағым былай: Без окон, без дверей Плывет по морю еврей. Үлкендер жұмбақты шеше алмайды. – Эх, сомадай боп соны да білмейсіздер ме? – дейді қуақы қыз. – Бұл жұмбақтың шешуі – Айсберг. Дүкенбай ағам да “Көп дүнием көрінбей жатыр” дегендей өзін-зі Айсберг мұзтауындай сезінетін сияқты.
Әңгіменің бетін әрі бұрып, әдебиет төңірегіне қарай ауыстық. – Сіз көзіме әрдайым сахарадағы салт аттыдай елестейсіз. Көбінесе жалғыз жүресіз. Неге? – Қаламымды қолдан түсірмегеннің әсері шығар. Жыл сайын я түпнұсқа, я аударма жаңа кітабым жарық көреді. Сонда да қанағат сызбын. Әрдайым жазудың бабында болуға тырысасың. Басым отта тұрған қазан секілді. Қиялдың соңына көп түсіп – қияли боп шыға келмейін деп те шүкіршілік етесің. Жалғыз жүрген жалғыз мен бе? Мұқағали да “Өмірде ақындардың бәрі жалғыз” деп өлең жазған. Сатирик әріптесің, француз Альфонс Доде үйінде жападан-жалғыз отырып, жын иектеген бақсыдай, өз кейіпкерімен өзі сөйлесіп, ішексілесі қатып күліп отырады екен. Үй маңынан өтіп бара жатқан жұрт: “Ә, жазушы ғой ол!” деп қолын бір сермеп жөнімен жүре берген. “Ә, жазушы ғой ол!” деп көп кемшілігімізді кешіріп келеді жұрт. Баста ған шығармасы бітпейінше көшеге шықпайын деп Флобер сақалын ортасынан шорт кесіп, қашан сақалы өсіп орнына келгенше, сусыл датып жаза түсіпті. Мына көкең ... мен де орындыққа құйымшағым тесіліп, белім шыдамаған соң – еденге домалап жатып, кеудеме жас тық басып жазатын амал тапқам. Жазушылық – іштегі шерді жалғыз шығару, өз шындығыңды қағаз бетіне соқа басың сорайып отырып түсіру ғой. Әуел баста жазушы боламыз деп басымызды тауға да, тасқа да ұра беріппіз, сүрініппіз, классиктердің қолына су құйыппыз, клас сик боламыз деп жеке-жеке ұмтылыппыз. – Адам мінезі ашылмаған арал сияқты ғой. Жақында ғана “Жан тәтті” атты хикаятыңызды оқыдым. Сонда ашылмаған аралды ашыпсыз. “Дүниеде ақшамен, атақпен, бақ-дәулетпен сатып алуға, орнын толтыруға болмайтын жалғыз нәрсе бар, ол – уақыт” депсіз. Сонда сіз енепат уақытты еденде домалап жатып өткізесіз бе? Толстой қолы боста шөп шауып, атпен сейіл құрған. Хемингуэй балық аулаған, ал сіз бос уақытыңыз ды қалай пайдаланасыз? – Аулада оншақты қайың, жиде ағашы бар, солардың түбіне шыққан арамшөпті жұламын. Маңайымда арамшөп секілді адам дар көп, бақталас, бәсекелес сол шіркіндер майда сөзбен шырмап, өсек өрбітіп, анекдот шығарып, жармаспайтын жерде жармасып жа тады. Халтура мен көркемделген прозаның ара жігін айыра жүрем деп шаршаймын! Неге екенін қайдам, түсімде ылғи арамшөп жұлып жүремін. – Аты-жөні есімде жоқ, ертедегі шетелдің бір саяхатшысы “Егер қазақтарды жердің экватор-ендігіне қатар тізіп қоныстандырса, онда ақы-пұлсыз, ат-көліксіз, ас-сусыз жер шарын тегін аралап шы ғуға болады” деп жазғанын оқыған едім. Терең философиялық ойға құрылған “Жән тәтті” хикаятыңызда да халқымыздың қонақжай лық қасиетін қайта қозғап, кестелегенсіз. Шыңғысхан заманындағы қытай кезбесі Чань Чунның “дүниеде қонақ келсе – қуанатын, мей манына қолындағы барын ұсынатын, жамбасақы алмайтын халық ты көргенім осы” деп жазғанын кесе-көлденең тартасыз. Ватикан кезбесі Плано Карпинидің “Көлігіміз тұралап қалғанда астымызға бір-бір сәйгүлігін сутегін сыйлады...” дегенін келтіріпсіз. ХVІІІ-ға
сырдың аяғында Орынбордан Бұхараға қазақ даласының үстінен басып сапар шеккен ағылшын монахы Джон Кэстлер “... далалық тарға орыс рублі, швед кроны, неміс маркасы, ағылшын фунт стер лингі жүрмейді екен, оларға жүретін кеңпейіл ғана. Пейіліңіз ашық, ниетіңіз таза болса – далалықтар күндей жарқырап төріне шығара ды, ал тымырсық ойдан арыла қоймаған кісіге кірпідей жиырылаты нын” тамаша жазған. Сіз де қанға сіңген Атымтай жомарттығымыз дың ажарын ашып суреттепсіз. Абай атамыз 1886 жылы баяғыдан бергі билер мен қазылар іске асырып келген “Жеті жарғы” заңына шұқынып отырып біраз өзгеріс енгізді. Құн өндіру мен жесір дауын елеп-екшеп жөн-жобаға келтіргендей еді. Қауырсын қаламын сыр ғытып кеп қазақтың қонақкәде салтына келгенде кідіріп қалады. Ұлы ұстаз еріксіз: “Апырмау! – дейді қатты кейіген кейіппен, – кез дейсоқ келіп түскен қонақты құдайындай жақсылап күтпедің деп айыпқа жыққан заң дүниеде жалғыз қазақта шығар!..” Сөз саптауыңызға қарағанда қонаққа да таңдап баратын сияқ тысыз. Ал, өзіңіз қонақ күткенді жақсы көресіз бе? Жалпы, қонақ жайлылық қасиетіміз сіздің бойыңызға тұтастай дарыған ба? Көп уақытыңызды ел аралауға, жазуға арнайсыз. Сонда үйіңізге қонақ шақырмайсыз ба? Онсыз да құрдастарыңыз сізді сараңдар отрядына қосқысы келіп-ақ жүреді. – Әкем айтып отырушы еді: “берген мырза емес, алған мырза” деп. Бергеннен гөрі алғанның салмағы басым. “Сараңдар отрядына” шын білетіндер өзімді қоспайды. Астанаға келгеніңде тексеріп кө руіңе болады. Қара шаңырағымдағы үлкен үстел, кең дастархан еш қашан жиылмайды. Зайыбым әрәдік үстіндегісін жаңалап отырады. Ең бастысы – кісінің пейілі! Алдыма келген жан баласының бетін қайтармаймын, болсын деген ілгері тілеудің адамымын. Құрығанда – дәт-қуат беретін жылы сөзбен семіртемін. Нешеме жанға жылы сөз айтып, қол ұшын беріп жүрмін. – Өткен жылы Елбасымыздың зекеті бойынша “Ақ Орда” қоғамдық қозғалысының төрағасы Қайрат Сатыбалдының де меушілігімен әдебеиет, мәдениет, өнер және саясат саласындағы 180 адам Мекке-Мәдинаға барып мінәжат еттік. Мұсылманның бес парызының бірі – Қажылық парызды өтеп қайтқан айтыс ақындары осы бір қасиетті сапардың әсерін өлең-жырларына тиек етіп, шара патын шашты. Ал сіз Умра қажылығынан оралысымен “Амал дәп тері оң жағынан берілгендер” атты имандылық эссесін мөлдіретіп жаздыңыз. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың қабірі жатқан қасиетті Мединеден қайтқанда ырым болсын деп барған кісілердің бәрі құты-құты, мес-мес қылып су құйып алып жатты. Сіз су алудан тартындыңыз. Біз сонда “Тәкаппарлық па, әлде ауырсынды ма?” деп ойладық. Оның себебін осы шығармада жақсы түсіндіріпсіз. “... Та тып көрсем: баяғыда көгалына ойнап, тіс сындырған кәусарына қа нып өскен Қаратау ішіндегі Құланшы бұлағының суы секілді. Дәмі, салқындығы, мөлдірлігі егіз тамшыдай. Ойладым: әркімнің туған жеріндегі бұлағы, сірә, зәмзәм суы секілді сезілді”. Қасиетті Қағбаны жеті рет айналғандағы философиялық тұжы-ры мыңызды жеті тарауға жіктеп жеткізгенсіз. “...Періштесі бар, шайта
ны бар, төрткүл дүниеде тарыдай шашылып тіршілік кешкен мың, миллион пенделер жүрегінің шамы жарқырап жануы үшін бір Алла ға ықыласын аударады. Әлгі жұмыр жерде ақ топыраққа ащы терін тамшылатып бұйырған ырзығын теріп жеп жүрген момындар зәредей қателеспей, жаза баспай, кем түспей, артық сөйлемей, ұятын күзетіп жүрсе ғой – шіркіндер бір-бір пайғамбарға айналып кетер ме, шайт танның керегі қанша; Әлгі мың, миллион мұсылман өз құлқынын ойлап, шайтан азғырып құштарлық, қызықмас көңілдің жетегінде кетпесе – ара түсіп арлы іске жетелейтін періштенің қажеті қанша?! Періште де, шайтан да таразының басын тең ұстауға, Алла тағала – түптің түбінде бір таразы күтеді деп жүрек басына үрей үйіруде!..” Қате сөйлесеңіз Алла тағала кешіре гөрсін. Бұл – сіздің байла мыңыз. Дәп осы шығармаңызда аты-жөнін айтпасаңыз да алты алаштың аузында жүрген айтулы азаматтардың бет-бейнесі мен пендешілік болмысын айна-қатесіз суреттегесіз. Сюжет пен оқиға тартысын қиялдан емес, өмірдің өзінен алғансыз. Оның бәрі бізге таныс бейне. Көпшілігі замандастарыңыз, тұрғыластарыңыз, ішін де алыс-жақын ағаларыңыз да бар. Сол кісілер осы хикаятыңызды оқыса “Әй, мынау мені жазыпты ғой!” деп ренжімей ме? Бұдан бұ рынғы шығармаларыңызда ондай оқиғалар болды ма? – Ең алғашқы “Зауал” романымда ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүріп, жұрт үстінен жонып жеп, момындарға шолжаңдап үйренген ауыл белсендісін жағымсыз кейіпкер етіп жазғанмын ғой. Елдестерім шығарманы оқиды. Көздері тас төбесіне шығады. “Мы нау айна қатесіз біздің бастық қой, жұрт үстінен жылу жинайды, өтірік акт толтырады, пленумға кеттім деп қаланың сыраханасынан шықпайды...” - деседі. Кішкентай ауылдың деміне нан піскен басты ғы: “Ә, сені ме!” - деп, бұл көкеңнің үстінен арызды боратты дейсің. ЦК-ның алдында түсініктеме жазып әзер құтылғам. Желтоқсан оқи ғасын арқау етіп “Алаң” романын жаздым. Дүрлігіс туралы деректі дүние мол жазылды. Өзімше өрнектедім. Шығарма фабуласы қазақ жастарын қан жоса етіп ұрып-соғудан алдына жан салмаған мили ция майорының іс-қимылына құрылған. Шығарма әуелі “Жалынға” басылды. Түнемесіне үйіме қызыл жағалы телефон шалады. “Сен жазушыны абақтыда шірітем, подполковник шеніне өскелі жүр едім, жендет етіп жазыпсың”, “Ау, фамилияң кім!..” “Жексенбаев, шенім де, шекпенім де айнымайды, көшеге шыға алмай қаласың жазушы кәззап!..” “Ау, менің кейіпкерім Жекенбаев, іс-қимылы көркемделген, типтік бейне ол”, - деймін, түсіндірген боламын. Ер тесінде түн ортасында әлгі милиция майоры тағы телефон шалады. Тілі күрмеліп әзер сөйлейді. “Ендігі ісім сен жазушымен болсын!..” Осылайша телефон терроры айға жуық үрпитті. Тереңіне жеткізе қазып суреттеймін деп жүріп таяқтың екінші ұшы шекеңді ісірген де есіңнен тана жаздайсың. Әркім өзін таныса онда шығармамның сәтті шыққаны ғой... – Жазушы болып шекемнің шылқып жүргені шамалы дейсіз ғой?.. – Әріптестерімнің базбірі: “Егер жазушы болмасам, я диқан, я атбегі болар едім”, деп сұхбат беріп жатады. Бұл туралы көп ойлан
дым. Жазуды тым ерте бастаған адаммын, жасымнан кітапты көп оқыдым, әлі де үзбей оқып келемін. Соншама ақ тер, көк тер азабы на, әлгідей көлденең кісілерге жеккөрінішті болғаныма, көз майым ды сарқып, сұқ саусақты сүйел етіп арзымайтын қаламақы алғаны ма қарамай... бәрібір жазушы болар едім. Тағдырыма қаламды серік етер едім деп ойлаймын. Жалғыз-ақ себеп: мұқым дүниені суретпен көремін, кісінің алғашқы сәлемінен-ақ жан дүниесіндегі ойды оқып білемін. Соның бәрін ақ қағазға түсіріп үлгермесем жарылып кетер ме ем... – Біреу Қожанасырдан “Қанша досыңыз бар?” деп сұраса, жа рықтық “Оны мына көп есектен түскен күні айтайын” деген екен. Сіздің тіреп тұрған қызметіңіз жоқ. Жан достан гөрі нан достың көптігі – өмір заңы. Әйтсе де, досыңыз көп пе, қасыңыз көп пе? Ертеде бір данышпаннан: – Достардың достықтан айнуы оңай, ал қасыңның досыңа айна луы өте қиын. Неге? – деп сұраса, ол: – Сарайды салғаннан қиратқан оңай, шыны ыдысты жасағаннан сындырған оңай, адал ақшаны тапқаннан гөрі арам нәрсеге жұмса ған оңай! – деп қысқа қайырыпты. Бұл баяғы заманның қисынды әңгімесі ғой. Қазіргі кезде де солай ма? Әлде ептеп өзгеріс бар ма? – Өмірімде ұшырасқан үлкен керуен жолында сапарлас болған кісілерді ешқашан мынау дос, мынау қас деп қақ бөліп көрмеппін. Өмірім тақтайдай тегіс болмады, біраз оппоненттерім қасақана аяғын тосып сүріндіргісі келді... сүріндім... қайыра түрегелдім... Сыртымнан ғайбат сөйлейтіндер де бар. Әйтсе де ол адамдарды – бақталас, бәсекелес оппоненттерімді “қас” демеймін, “түсінісе ал май жүргендер” деймін. Тілеуі жақсы жамиғатты “дос” демеймін, “түсінісіп үлгергендер, бауырларым” деймін. Іншалла, дәм жазса, тіршілік болса - өзіммен түсінісе алмай жүргендердің бәрі түптің түбінде түсінісіп үлгереді деген дәмедемін. Тілеуі жақсы адам – дү ниедегі ең жақсы кісі. Маған нұрлы сезім құятын, ілгергі тілеуге же телейтін, күш-қуат беретін досым – шығарма. – Бір сөзіңізде “Сыртымнан ғайбат сөйлеп, анекдот шығара тындар да бар” деп қалдыңыз. Рас, сіз туралы әзіл әңгіме көп. Оның өтірігі қайсы, шыны қайсы – айырып болмайтын анек доттар да жетерлік. Қырық өтірікке бергісіз. 42-жылы туған құрдастарыңыздың қалжыңы кісі өлтіретіндей қалжың. Мысалы, Мұхтар Шаханов туралы... Мұхаң “Лениншіл жас тың” (қазіргі “Жас Алаш”) Оңтүстік Қазақстандағы меншікті тілшісі боп жүрген кезінде бір үлкен кісі Шымкент пединсти тутының ректорына телефон шалыпты: “Мына Мұхтар бала болайын деп тұрған ақын, – дейді қолқа салып. – Бірақ білімі шамалы. Жетінші кластан кейін трактор айдаған. Оныншы кластың аттестатын кешкі мектепте оқып жүріп алған. Соны қолтығынан демеп оқуға “заочный” түсіріп жіберіңдер!” дейді. Ректор емтихан алатын мұғалімге тапсырма беріп “Қатты сұ рақ қойып қинамаңдар, өткізіп жіберіңдер!” дейді. Емтихан
кезінде оған “Пушкин қай жылы қайтыс болды?” деген оңай сұрақ қояды. Сонда Мұхтар Шаханов сасқалақтап “А? О кісі қайтыс боп кетіп пе еді?” дейді. Міне, құрдастардың қалжыңы. Сіз жөніндегі әзіл әжуаның бі реуін айтып берейін. Кітапханадағы бозбаланың басына зілдей кітап түсіп жедел жәрдем алып кетеді. Дәрігер тексеріп әлгінің миы шайқалыпты дейді. “Оу, сонша зіл кітаптың авторы кім?” - деп сұрау салады ғой. Тексеріп көрсе – бозбаланың басына түсіп, миын шайқаған Дүкенбай Досжановтың романы болып шығады. Жалпы, құр дастарыңыздың қалжыңын қалай қабылдайсыз? – Қазіргі заманда кім не демейді? Мейлі. Құрдастардың шығарған әзіл-оспағын жинап-тере жүремін. Қалың екі дәптер болыпты. “Бақи жалғанға аттанып кеткен соң, басып шығарыңдар, артымдағылар оқып мәз болып жүрсін” деп аманат жазып қалдырамын. Кейінгі лер есімімді атаса – езу жимай мәз болып жүргенін елестетемін де – иықтанып қаламын! Сонда бір аңқау, адал, ақжүрек, қазақтың көр кемделген сөзіне басын тіккен, сол сөзге ғұмырын арнаған суреткер өмір сүріпті-ау деп аңыз ғып жүрсін. Имандай шыным осы! – Шерхан Мұртазадан бір діндар қария “Намаз оқисың ба?” деп сұраса, қаламгер ағамыз қатуланып “Намаз – менің жү регімде!” деп айғай салса керек. Сіз ше? Қажылық сапардан кейін намазға жығылдыңыз ба? – Мұхаммед пайғамбар ғалейкіссалам иығына періште қонған, жебірейіл құран аятын уахи еткен көкірегінің көзі бар ақынжанды дегдар кісі. Иса пайғамбар – философ. Лұт пайғамбар – ізгілік иесі. Шұғайып пайғамбар әзілкеш болған. Осы пайғамбарлардың пайы мынан сусындап әзірге көркемделген қазақ сөзінің мінәжатына жы ғылып келемін. – Мұхтар Шахановтың “Қазір Қазақстан Жазушылар одағы ның жеті жүз мүшесі бар. Шын мәнінде соның жетеуі ғана на ғыз қаламгер” деген пікіріне қосыласыз ба? Қазақ әдебиетіндегі қазіргі прозашыларды қаз-қатар сапқа тұрғызар болсақ, сол саптың қай тұсынан табылар едіңіз? “Жеті қаламгердің” ішінде бармын деп ойлайсыз ба? – Әдебиетке шын берілген кісі көркемделген сөзі үшін, шен-шек пен, орден, мәртебе, марапат дәметпейді, жүректегі шер-шынды ғымды сыртқа шығарамын деп күйіп-жанады. Ал кешегі кеңестер дәуірінде, содан бергі азды-көпті рынок қатынасында біраз қа ламгер баяғы масылдық, жоғарыдан мадақ, мәртебе күтетін мінез ден арыла алмады. Сөзді саудаға салды. Абай айтқандай: өз жүрегін пәршелеп базарға шығарды. Сол масылдық мінез жүре-жүре, келекеле кеңес дәуірінде бір топ портфелді, лауазымды қаламгерлерді сорпаның бетіне бөліп шағарды. Әлгі лауазымды жазушылар сын естімеді, жазғаны көркемдік сапасы төмен болса да мәртебелі сый лықты иеленді, төралқада отырды, әдебиетті майлы жіліктің басы деп ұқты. “Сын естімеді” дегеннен шығады. Соңғы жылы бір әде биетші “Жұлдыз” жорналының бетіне белгілі қаламгерлердің кіта бына анализ жасап дүркін-дүркін мақала жазып еді, базбір авторлар
әлгі сыншыны ағаш атқа мінгізіп, жерсібірге айдату керек, психуш каға жатқызу қажет деп өретүрегелді. Үлкен әдебиеттің сын өткелі – көркем текст, оқырманның қабылдауы. Өркениеттегі елдердегі осы критерийді әлі бойымызға сіңіре алмай келеміз. Әлгіде өзің айтқан әдебиеттегі строй – сапқа оралайық. Әрине, сенің әдебиеттегі орныңды сыншы айқындағаны ләзім. Әйтсе де бізде бұл күнде бәрі бытысып, шатасып кеткен. Кітап шығарғанның бәрін жазушы деп топшылайды. Осы жерде ұлы ұстазым Уилям Фолкнердің сөзі есіме оралады, “әрбір жазған романым шеберлік жолындағы ізденісімнің, ілгерілеуімнің жеңілісі” дейді. “Жеңісім” демейді, “жеңілісім” дейді. Бүгініне ертең місе тұтпайтын, Дос тоевский, Джойс бастап кеткен ой ағыны, психоаналитика тәсілін сұрапыл жетілдірген суреткер бола тұра шеберлік шыңына өрме леуін өле-өлгенше еш тоқтатпай өткен. Мендегі мінез осындай. Биылғы шыққан “Жан тәтті” былтырғы “Үш тағдырдан” мысқал болса да биіктеу секілді. Үзбей жетілу, ізденіске бару, дүниелік әдебиетке салыса қалам тербеу жағынан бүгінгі қазақ прозашыларының сапына өзімді үшінші орынға қояр едім. Өз-өзімді қамшылау жағынан айтып отырмын. Әрдайым қызу пікір сайыстың ортасында жүрдім. Рецен зия жазылмай, оқырманның ой-қиялына қанат қоспай, тәбетіне тұз сеппей, шөп басы қимылдамай елеусіз қалған бір де бір шығармам болмапты. Күйіп-жанып жазамын, өртеніп кетпегеніме өзім де таң мын. Шығарманы қандай көңіл күймен, нендей шеберлік тәсілімен жазсаң – оқырман да сол деңгейде қабылдайды. Қолды суытып ал мауға тырысасың. Сезім, қиялдың күштілігі, бояудың сан алуанды ғы, тіл-құралдың молдығы шығарманың бағын жандырады. Амери ка новеллисі Эдгар По бар-жоғы қырық шақты әңгіме жазған. Бірде ағылшын әдебиетшісінен “сөзін өлтірмей жүрген не гәп?” - деп сұраған едім. Магнит өрісі секілді оқырманды өзіңе тартып алатын силлогизмі деді. Енді әлгі әдебиетшіден өмірінде жүз томға жуық кітап жазған Бальзактың кереметі неде дедім. “Кең тынысы мен те рең философиясы” деп жауап берді. Мына жасымызға дейін біраз қағаз шимайлаған тәжірибеден шығарып айтар едім: әлгіндей си қырлы логикаға, терең пәлсапаға қоса автордың өзіндік шындығы болғаны жөн. Шындық – дүниені өзіңше көре білу ғой. Мысалы, Исраил Сапарбай бойжеткеннің көз жанары мөлдіреп қарады дейді. Төлен Әбдік бойжеткеннің көзінен қалың мұң сезілді дейді. Ал өзім бойжеткен қарағанда жанары тас түскен көл бетіндей шеңберленіп шыға келді деймін. Бір ғана объект, әрқилы көру. Әдебиетте әркімнің өз шындығы дегеніміз осы. – Діттеген межеме жеттім деп ойлайсыз ба? – Қайдағы! Титтей де жеткенім жоқ. Осы кезге дейін он бір ро ман, жиырмаға жуық хикаят жазыппын. Қаламды қолға алған сайын өзімді нақа бір жазуды жаңа бастаған адамдай сезінемін. Сөз, сөй лем құру, метафора, эпитет, аллегория, шендестіру секілді мың сан тәсілді игеру бір төбе, әрдайым жараған аттай болып тұру – жасыл көгалды кешкендей ғанибет нәрсе. Баяғының шалдары уақыт өт пейді деп жылайды екен, осы күнгінің шалдары уақытым жетпейді деп жылайды,өзім соның соғысындаймын.
– Елмен байланысыңыз қалай? – Біреулер “туған ауылым, туысқандарым” деп жатады, кей қа тарларым “біз - таулықпыз, ол - далалық” деп жатады. Мен үшін әрбір қазақтың отбасы - өз төрім, қай қиырында дос-жарандарым табылады. Жақында Павлодар облысының әкімі Қайрат Нұрпейісов арнайы шақырып “Ақ Орда” романымның тұаукесерін дүрілдетіп өткізді, қалайша “төр жұртым” демессің! Даурықпай, даңғаза қу май Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұров мемле кеттік тілді оқыту мен үйретуді айтып болмас биік деңгейге көтерді, қалай риза болмассың! Жақында президентіміз: “Бұрын теңіз қай тып барады деп жылаушы едік, енді теңіз қайтып келеді деп қуа найық!” деп, құлазыған ел-елді қайта тірілтіп жатқан Қызылорда облысының әкімі Икрам Адырбековтің қолын қатты қысты, қалай қуанбассың! Қазір жұрт президент жолдауын бағдаршам етті. Биыл ғы жолдау мына кеңқолтық, еңбекшіл қазақтың алдына ұстаған иманшарты, ұлы уайымы, ілгергі тілеуі! Іншалла, қаламыма жақсы сөз, жарым ырыс ілінсе, оқырман жүрегіне титтей де сәулелі сенім құя алсам – қанекей, деп ел жаққа елеңдеймін де отырамын. – Жамбыл атамыз “Менің пірім – Сүйінбай” деген... Жалпы, әр қаламгердің пір тұтқан ұстазы бар. Соның басында Абай тұр. Ал, екі сөзінің бірі елдің бәрін елеңдетіп жүрген қаламгер ағамыз Мұхтар Мағауинге “Кімді пір тұтасыз?” дегенде, ол кісі “Өзімді!” деп жауап қайырған. Сіз ше? Ұстазыңыз кім? Аузы ңызға жиі алатын Флюгер ме, әлде Әл-Фараби ме? Кімнен үй рендіңіз, кімнен жирендіңіз? – Тап осылай жазайыншы деп алдыма ұстаған классигім болмап ты. Көп оқыдым. Етікші ұстадай шеберлік шыңына қол артсам үзбей ізденіс, ұмтылыс арқасында жеттім. Бұл жердегі “жеттім” деу үлкен сөз, әрине. Ұмтылып жығылып, жаңа сүрлеу іздеп, соныға із салып баспалдақтай биіктедім десем дұрысырақ болар. Қазір артымызда мықты буын өкше басып келеді. Ана Қуаныш Жиенбай, Қуандық Түменбай, Хамза Көктәнді, Үсен Шойбек, Несіпбек Дәуітайұлы, Тұрысбек Сәукетай, Айгүл Кемелбаева секілді жазғыштар ізденісті пәске бәсеңдетсең-ақ жойқын екпінімен баса-көктеп өте шығуы мүмкін. Алдымнан емес, артта келе жатқандардан қорқамын. Сон дықтан біздің қатарларымызға қалың ұйықтап, қамсыз жүру жазба ған. Дүниеауи ғылымның іргетасын беріктен қалап, келер ғасырлар ды ақыл-ой дамуына батыл болжам жасаған Исаак Ньютон: “Мені ғылымның асқар тауы деп мақтай бересіңдер, өзімнен бұрынғы алыптардың иығына шығып қана биіктедім” деген екен. Сол айтқан дай, прозада біраз тірі сөз кестелесем, соңымда келе жатқандарға өкше бастырмасам деген тәуекел қамшылады. – “О, опасыз дүние!” деп жатамыз. Осы “опа” дегенді қалай түсінесіз? Дүниеде не опалы? – Қаттылығы 7 мосстық гранит тастың өзі де уақыты жеткенде үгітіледі. Кітап тозады, ұмытылады. Жиған дәулет қайтқан теңіз дей тартылады. Атақ-даңқ көшкен бұлттай бастан ұшып жоғалады. Аласұрған әрекет қана қалады. Экклесиаста жазғандай ғой. Дүние дегі ең опалы нәрсе маңайыңдағы кісіге жасаған жақсылығың мен дұрыс жолға салып өсірген ұрпағың болар.
– О жағы мен бұ жағында Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан,
Әзербайжан секілді әлеуетті мемлекетті көлбеп, ортан белінен орап
жатқан 14 мың 500 шақырымдық шекарамызды тұңғыш рет Елба
сымыз еншілеп берді. Шекара –елдігіміздің белгісі. Жер көлемі жа
ғынан дүние жүзінде тоғызыншы орындамыз. Алтайдан Атырауға
дейін созылған ұланғайыр Қазақстан жеріне бес Франция сияды.
Бұл не деген сөз? Бейнелеп айтқанда, бес Франция Презиндетінің
жұмысын біздің бір Президентіміз атқарып келеді деген сөз.
Соноу 1991 жылы Ұлыбританияның Премьер-Министрі Марга
рет Тэтчер Нұрсұлтан Әбішұлын “Әлемдегі ықпалды бес-алты сая
саткердің санатына” қосқан жоқ па?! Одан кейін 1999 жылы АҚШ
Президенті Билл Клинтон да Елбасының саясаткерлік тұлғасын мо
йындап сөз сөйлегені есімізде. 1994 жылы “Қазіргі Қазақстанның
қалыптасуына Президент, ойшыл, саясаткер ретінде қосқан үлкен
үлесін” жоғары бағалаған Борис Ельциннен бастап әлемдегі өрке
ниетті елдердің тәжім етуі соның айғағы.
Өткен жылы күзде Елбасымыз Отырар, Түркістан шаһарына ар
найы ат басын тіреп, халықпен кездесті. Мыңның бірі боп мен де
қатыстым. Сол кездесудегі әсерлі әңгімесі әліге дейін көкейімде.
– Тәуелсіздік алған жылы Қазақстан жамбастап жатып қал
ған адам сияқты еді, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы, – қазір шүкір,
орнынан тұрды!
Жүрегінің түбінде “Оны енді жүргізетін, жүгіртетін сіздер мен
біздер!” деген сөз тұрғандай болды. Көп ұзамай бәсекелес елу
елдің қатарына қосылу туралы бағдарламасын баяндағанда
іштей “Әп, бәрекелді!” дедім. Әдебиетші болғасын әріден қозға
ғанымыз ғой, Дүке. Айтайын дегенім – Президент туралы “Ақ
орда” романын жазу үшін ең әуелі жүрек керек, сосын ой керек.
Оқырмандар Марк Твеннен:
– Жұрт іздеп жүріп оқитын қызықты кітап қалай жазылды?
– деп сұраған ғой. Сонда жазушы:
– О-о, оның түк қиындығы жоқ, – депті, – қалам мен қағаз
алып отыра қаласың да, басыңа келген ойларды жаза бересің.
Бірақ, ең қиыны – сол ойларды басыңа келтіру ғой...
Сондай ой сізге қайдан туындады? Журналистикаға жаңа
араласқан жас кезіңізде сәті түсіп қойшылар слетінде Дінмұ
хаммед Қонаевқа жолығыпсыз да, “Сіз туралы очерк жазуға
келдім” депсіз. О кісі арқаңыздан қағып “Мені қайтесің шыра
ғым, мына еңбекшілердің еңбегін елге көрсет” деп жөн сілтепті.
Сірә, үлкен тұлғалар туралы туынды жазу жастайыңыздан
қалған қасиет-ау?
Соғыс кезінде Берия Сталинге ауызша мәлімет жасапты: Корея
дағы жаулар елу шақырымға шегінді, бес қала азат етілді, Ставро
польде бидай бітік шығып, жоғары өнім алынды, “Көсемнің бала
лық шағы”, “Көсемнің жастық шағы”, деген кітаптардың авторы,
ақын Леонид Леонидзе енді “Көсемнің кемел шағы” деген поэма
жазуға кірісті.
– Ақын Леонидзенің пәтер мәселесі шешілген бе? – дейді Сталин.
– Біздің мәлімет бойынша, Тбилисиде ханның сарайындай үлкен
үйі бар, Сухумиде саяжайы бар, Гаграда да саяжайы бар, Боржомиде тағы бір үйі бар. – Наградалары ше? – Жақында ғана Ленин орданін алды. – Сыйлық жағы қалай? – Ол – Сталин атындағы сыйлықтың лауреаты. Сонда Сталин: – Сұраңдаршы, – дейді, – оған енді менен тағы да не керек екен? – Ойыңның астарын түсіндім. Ашық айтайын.Президент тақы рыбына әлденеге мұқтаж болып барған емеспін. Астанадағы үйді, саяжайды “Ақ Ордаға” кіріспес бұрын алғанмын. Мемлекеттік сый лықты бұрын иелендім, таңдамалы шығармаларымның 13 томдығы 2002 жылы жарық көріп үлгерген. Осынау тақырып менің жүрек қа лауым, тәуелсіздікке жасаған қызметім. Жылдар бойғы қол жеткіз ген шеберлігімді төктім. Бұл - бір. Екінші: әлеуметтік ортаға тайфун дүлейі секілді сұрапыл сілкініс туғызған тұлғалар туралы көркем шығарма жазған жалғыз мен бе екем. Жолбарыс жүректі Рычард ту ралы Шекспир, Линкольнді Олдингтон, өз заманының патшаларын Фирдоуси, І Петрді Пушкин, А.Толстой, ал Қонаев туралы Есенбер лин мен Серік Әбдірайымов көркем дүниелер жазды. Шиыршық атқан тартыс, қылкөпірдің үстімен жүріп өткендей кезеңді оқиға лар тарихи тұлға төңірегінде тұтас көрінеді. Тұлғалар маңайында ситуация мол. Мұзарт шыңның басында дауылдың ұлып соғатыны секілді, билік ирархиясы биіктеген сайын жан алып, жан беретін тартыс шіркін күшейе түспекші. Ойдан оқиға құрастырып жатпай сың. Мысалға, қазақ қазақ болғалы мемлекеттік шегараны шегелеу, тәуелсіздік іргетасын құйып шығу, қиын жүріп жатқан нарық рефор малары, қасиетті қарашаңырағы – жаңа астанасын салу – осыдан 40-50 жыл өтсе де дүбірі бәсеңдемейтін күрделі оқиғалар. Осы си туациялар романның бір-бір толымды бөлімдеріне айналды. Әрбір жазушы қолға қалам алғанда: “Шығармамның өмір жасы өзімнен ұзағырақ болса” деп тілейді. “Ақ Орданы” жазғанда осы ой елес болып өзімнің желкемде отырды. Шығармадағы әрбір ситуацияның астарын тереңдеп ашуға тура келді. Шиыршық атқан фабуласыз ро ман қаңқасы шашылып қалар еді. Елбасының төңірегіндегі дүбірлі оқиғаларды көркемдеп жазу қиынға түскен жоқ, сол оқиғалардың өзектісін екшеп-елеп алу қинады. Қызықты архив деректеріне “сүф” деп жан беру – жазушылық-бақсылықты тіледі. – Қазіргі қазақ әдебиетінде Нобель сыйлығына кім лайық деп ойлайсыз? – Бір шындық бар: әдебиет пен өнердегі Нобель сыйлығы тек қана сол өнерге қосқан жеке-дара айрықша өзіндік қолтаңбасы. Орысша айтқанда индивидуальный, самобытный почерк ерекшелігі үшін беріледі. Я ұлтқа сіңірген еңбегі , я қаламгердің қыруар том кітап жазғанына берілмейді. Ақпарат беттерінен аракідік көріп қаламыз, бәзбір сыншылар: “Пәленшенің еңбегі ересен!”, “Түгеншенің ата ғы дүниені дүңкілдетті, осы көкеміз лайық” деп, аспандатып жата ды. Бұл Нобель сыйлығының ерекшелігін ескермегендік. Өз басым көзі тірі екі прозашыны мәртебелі сыйлыққа лайық деймін. Бірінші:
Әбіш Кекілбаев прозасында баяғы билердің сөйлеу мәнеріне сай, мұхиттың тасуы мен қайтуы секілді толқынданып келіп жататын пәлсапалық сарыны мен сипатын әлгі айтқан айрықша ерекшелікке жатқызар едім. Екінші: Мұхтар Мағауиннің мазмұнды тіліне, тұжы рып айтатын силлогизміне қазіргі таңда пар келетін дүниелік әде биетте жазушы некен саяқ. Жапон Юкио Мисиманың тілі жұтаң , ал бразилиялық Пауло Коэльоның пәлсапалық түйіні шиыршық атқан кемел емес. Қазақ әдебиетіндегі қазып айтудан айрықша ерекшелік деп “Қыпшақ аруы”, я “Шахан шеріні” айтар едік. Қаны бетіне шы ғып тұрған қазақы мінездер галереясын жасау ерекшелігі менің шы ғармаларыма да тән деп қымсынбай айта саламын. – Әлгінде “қазақ прозашыларының сапына өзімді үшінші қояр едім” дегеніміздің түп-төркінін енді түсінгендеймін, Дү кенбай аға. Соңғы сұрақ: қазақ ұғымында үш түрлі ұл бар “Біріншісі – әкеден өте туады, екіншісі – жете туады, үшіншісі – кері кете туады”. Осыдан шығарып айтар болсақ – қазіргі ұл тымыздың күйіп тұрған ділгір мәселердің ең өзектісі – ұрпақ тәрбиесі. Бүгінгі бала тәрбиесі туралы не айтар едіңіз? – Осыдан төрт мың жыл бұрын жазылған перғауын папирусынан: “Көрінген кітап жазатын болды, өз-өзінен ұрпақтар азғындап тоз ды”, - деген гөй-гөй сарынды оқимыз. Алғы толқын ешқашан кейінгі толқынға көңілі көншімеген. Осыншалық бай мұраны мына мар дымсыз ұрпаққа қалай қиып қалдырамыз деп уайым жеген. Осыдан шығатын ой - ұрпақ тәрбиесі ешқашан күн тәртібінен түспейді. Осы кезге дейін том-том кітап жазсақ: ұлтымызды тозып жойылып кету ден сақтап қалған – намысқойлық, еңбекшілдік, сөзге тұру, үлкенді сыйлау секілді атадан ауысқан мықты менталитет – мінезді бүгінгі жастардың санасына сіңіруге ұмтылдық. Өзімізден кейінгілер өжет, намысқой, бейнеттен бойын тартпайтын, ілгеріге тілеулі, бір сөзді болып өссін деп өліп-өштік. Майлық-сулығы бірдей ұрпақ жетілсе деп түн ұйқымызды төрт бөліппіз. Өз басым оптимист адаммын. Қаламдас достардың Прагада, Лондонда, Нью-Йоркта, Астанадағы - Ақ ордада дөңгелетіп қызмет істеп жүрген ұл-қыздарына қарай мын да - әрі қызығамын, әрі шүкіршілік қыламын. Бізден өте туған жеткіншектер, сірә, осы болар деп ойлаймын. Бүгінгі жеткен межеге місе тұтпай, күн сайын ертеңгілік “жетсем-ау” деген қарауыл қада ны әрегірек алыстатып қойып; “ырғып өтсем-ау” деген биік план каны үнемі биіктетіп үйренген мына біздерге көңіл көншітер ұрпақ жетіліп келе жатыр. Ертеңгі таңымыз шалқайып ататындай көрінеді. Болсын деген тілеудің үстіндегі адаммын. Өзің қандай болсаң – ұр пағың сондай. Адам айнаға айналған заман. Содан ба, іншалла, қа сымдағы жеткіншектер кілең сен тұр мен атайын - өжет, еңбекқор, бір сөзді, намысқой, қап түбінде жатпайтын болат кездік болып көрі неді. – Әңгімеңізге рахмет, аға!
Рымғали НҰРҒАЛИ
ТАРАТЫП АЙТСА
ТАРИХ КӨП
А ғалардың алдына түсіп ақылгөйсіп, ділмәрсу-ағаттық, әрине. Көкірегінің көзі бар адамдар ұйқылы-ояу бас шұлғып отырғандай ұйып тыңдайды. Құлағына құйып ала ды. Әлемдегі жеті данышпанның бірі, көне грек философы Фалестің “Дүниеде ең жеңіл нәрсе-айналаңа ақыл айту!” деген тұжырымын мек тептегі ұстазым Бекболат Нәдіров қайталаудан жалықпайтын. Сон да ойлайтынбыз; “Ағайдың “Ақылсыма!” деп ақылситыны несі?” деп таңырқайтынбыз. Ұстазым менің ұстазым, Өзіңмен өткен қыс-жазым! – деп онжылдықты орталағасын, “Біз дәуірдің мөлдіреген жастары едік” деп қазіргі КазҰУ-дің журналистика факультетіне оқуға түстік. Бірінші қыркүйек. Алғашқы дәріс – “Әдебиет теориясы”. Алғашқы ұстаз – Рымғали Нұрғалиев. Аты-жөнін естігеніміз болмаса, түр-түсін жыға танымаймыз. Аудиторияға кіріп келді. Жайдары. Жас жігіт. О, зулаған заман-ай! Содан бері мінеки үш мүшелдей жыл өтіпті. Жасы да өсті. Дәрежесі де өсті. Қазіргі атақ-даңқы көл-көсір: Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың, Ғылым саласындағы Ш.Уәлиханов сыйлығының лауреаты, Қазақстанның ғылымға еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор. Астанадан орын тепкен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұттық университетінің қазақ әдибеті кафедрасының меңгерушісі... Жол түсіп жолықтым. Әңгіменің аяғы ағыл-тегіл сұхбатқа ұласты. – Рымғали аға, сол кездегі оқу орнымыздың атын иемденген Сер гей Миронович Киров “Көркем әдебиет оқымаған адамның миы ке уіп қалады” деген екен. Басымыздың суы кеппеген бала болсақ та, миымызды кептірмес үшін елу студент ентелеп сіз дәріс оқығанда аузыңызға қарап отырдық. “Қол бастаудан да сөз бастау қиын” ғой. Ұлы Мұхаң, Мұхтар Әуезов сөз сөйлегенде әуелі кішкене кібір тіктеп, кейінірек кеңінен көсіледі дегенді еститінбіз. Сіз де сөйттіңіз. Қолтығыңыз кейіндеу сөгілді. Сонда біз сізді самолетке теңейтінбіз. Самолет бірден ұшпайды. Әуелі гүрілдейді, дірілдейді, селкілдейді. Сосын барып жерден көтерілмей ме? Сіз сөзді кібіртіктеп бастағанда Мұхаңа еліктедіңіз бе, әлде шынымен солай болды ма? Сол сәттер есіңізде ме? – Неге ұмытайын, бәрі де көз алдымда. Таратып айтса,тарих көп. Осы оқу орнын бітіргенде ғылыми кеңес шешімімен аспирантураға қалдырылдым. Іштей сенімдімін. Емтихандар біткен соң жай-жапсарын білейін деп барсам, ұстазым профессор Бейсембай Кенжебаев күйіп-пісіп отыр екен. Орталық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы Нұрымбек Жанділдин “Аспирантураға жұмысшы қабылдансын!”деп тікелей тапсырма беріпті. Сөйтіп “Әбулақапшина” деген атпен мәлім болған өлеңші аспирантураға өтті де кетті. Соңғы курста оқып жүріп “Лениншіл жас” газетінде істеген ем. Маңдайыма тас тисе де, “Қайтқан
малда береке бар” деп бұрынғы редакцияға қайта бардым. Редактор Шерхан Мұртаза “Әуелден ғылым қуып кетіп ең ғой, неменеге қайтып келдің?” деп мұртын тікірейтті. Түсіндірдім. Түсінді. “Қандай жұмыс қалайсың?” деді. “Алматыдан кеткім келеді!” дедім. Сөйтіп мен газеттің Тың өлкесіндегі меншікті тілшісі болып шықтым. Ол дәуір қазақтың қаны сорғалаған азапты жылдары еді. Бәрін жаныштаған отаршылықты көрдім. Жүздеген қазақ мектептерінің жабылғанын көрдім. Ер-азаматты қорлағанын көрдім. Жер-судың аты өзгертіліп, тау-тастың зар еңірегенін көрдім. Тың өлкесін аралаған Хрущевтің Қонаевпен жүре сөйлесіп, шекесінен қарағанын көрдім. Іш қазандай қайнады. Күресуге дәрмен жоқ. Ұзаққа шыдамадым. Келер жылы ұстазым Бейсекең шақырып, аспирантураға түстім. Одан кейін Жазушылар одағының сын секци ясында істеп жүргенімде Бейсекең тағы шақырды. “Кел!” деді. Қазіргі академик Зейнолла Қабдоллов ғылыми еңбек жазу үшін екі жылдық докторантураға кетті де, орны босады. Майлы жер ме, жайлы жер ме, білмеймін, әйтеуір сол вакансияға жүгіргендер тіпті көп болды. Бірақ, бір нәрсеге ниеті кетсе ешкімге дес бермей табандап жатып алатын Бейсекең басқаны өткізбей, ректор Асқар Закаринге арнайы барып барлық беделін салып, қоймай жүріп мені қабылдаттырды. Сөйтіп доценттің міндетін атқарушы оқытушы боп шыға келдім. Сендер менің тұңғыш шәкірттерімсіңдер. Әлі есте. Күн түспейтін көлеңкелі, қара қоңыр астыңғы қабаттағы ұзын аудиторияда тұңғыш рет дәріс оқыдым. Курстастарың Бақытжан Майтанов, Күләш Ахметова, марқұм Марат Қабанбай қазақ әдебиетіне олжа салған қаламгерлер болып шықты. Сендер сары ауыз балапан болсаңдар, мен жиырма жетідегі жігіт пін. Шәкіртім, қазіргі профессор Намазалі Омашұлы: “Лекцияға ылғи да көзіңіз қызарып келетін” деп еске алады. Оның себебі, аудиторияға шығу үшін түні бойы дайындаласың. Қағазға қарап оқитын ұстаздардан көңіл қалғасын шамамыз жеткенше еркін сөйлеуге дағдыландық. Сенің есіңде сол күндер қалған екен. Дәріс оқудың өзіндік әдіс-тәсілі, методологиясы бар. Жұртты ерту үшін, әуелі жұрттың соңына еру керек. Оның бір тәсілікібіртіктесең де табиғи, таза сөйлеу. – Содан бері сөз өнерінің сөмкесін көтеріп келе жатырсыз, Реке. Сөз өнері деген не? Ахмет Байтұрсынұлының пайымына жүгінсек “Бір нәрсе турасындағы пікірімізді яғни қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады”. Одан бері ықылым заман өтті, әдебиет теориясы дамып, жаңа сатыға көтерілген жоқ па? Бүгінгі күн тұрғысынан Ахаңның пікіріне алып-қосарыңыз бар ма? – Жақсы!Ұзақ жылдар бойы қазақтың тіл ғылымына да, әдебиет іліміне де Ахаңның ашқан жаңалықтары, істеген істері айтылмай, жа сырылып келді. Ерен еңбектерін пайдалана отырып, оған сілтеме жасамадық. Оны ізбасарлары мен шәкірттерінің опасыздығынан яғни, әдеби-ғылыми ұрлық деп күстаналауға болмас. Саптыаяққа ас құйып сабынан қарауыл қарап отырған идеология, өкімет о кісілердің атын да айтқызбады, еңбектерін де ұмыттыруға тырысты. Ал, енді Ахаңнан 1926 жылы Тәшкенде шыққан “Әдебиет танытқыш” кітабы бүкіл Түркі әлемінде биік ғылыми деңгейге көтерілген терең еңбек. Тіпті ХХ ғасырда ерекше дамыған орыстың филология ғылымының талаптарынан қарағанда да осал дүние емес, өрелі, өркешті пікірлер, мол тұжырымдар бар. Қабілетті қарындасымыз, әдебиетші Айгүл Ысмақова өз кітабын да Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріндегі тұжырымдар мен орыстың
барлық зиялы қауымы ден қоятын ұлы оқымыстысы Михаил Бахтиннің пікірлерінде сабақтастық бар екенін дәлелдеп берді. Сондықтан әдебиет танудың негізгі ұғымдары, өнердің салалары, атаулары, нысанасы, қызметіне байланысты Ахаң айтқан пікірлер әлі күнге дейін кұшінде. Маңызды. Мағыналы. Тіпті “Әдебиет танытқышта” тұңғыш рет Ахаң кіргізген терминологияны біз әлі толық пайдаланып қолданған жоқпыз. Ахмет еңбектерінде басқа тілден алына салынған бөгде сөздер, басқа жұрттың шұбар терминдері мен категориялары мүлде кездеспейді. Барлық ұғымға, сол тұстағы қазақ әдебиетінің бар фактісіне атау таба білген және оның бәрі бірімен-бірі байланысты, ұялас. Оларды кезін де Қажым да пайдаланды, Есмағамбет те пайдаланды. Қазақ тілі мен әдебиеті саласындағы негізгі ұғымдарды, басты атаулдарды жасап берген Ахмет Байтұрсынұлының данышпандығына таң қаласың. – Жазушы-драматург Дулат Исабеков теледидардан берген бір сұхбатында бүгінгі әдебиетте тип жоқ екенін тілге тиек етті. Шы нында да, нарық жүгін көтерген біздің бизнесмендер тип пе? Қысқа күндегі қырық қылмыс тип пе? Қазіргі заманның қаһармандары кім? Қаһарман дегендеріміз қашып-пысып шетелде жүр. Сіздің ойыңыз қалай, егер қазіргі қазақ әдебиетінде тип бар десеңіз, қадауқадау қай нәрсе? – Әдебиет негізінен өз дәуіріндегі жағдаятты бейнелеп, суреттейтін сөз өнері. Мысалы, Бейімбет Майлиннің естен кетпес пішімді кейіпкер лері кім? Ауылдағы әйел, сол әйелдің күндесі, шал-шауқан, колхоздасты ру... Ол дәурен өтті. Ауыл өзгерді. Бірақ, Бейімбет шығармаларындағы кейіпкерлер біздің санамызда өмір сүреді. Бүгінгі уақыттағы коммер сант, болмаса баукеспе ұры, шенеуніктер ертең өмір сахнасынан кетеді. Бірақ олар сөз құдіретімен қағазға түсіп, көркем шығарманың кейіпкер леріне айналса, сол типтер де жасайтын болады. Солар арқылы кейінгі ұрпақ өткен заманның тыныс-тіршілігін аңғарады. Ендеше, кейіпкердің үлкен-кішісі, тақырыптың ірісі мен ұсағы деген пайымды байқап-байқап айтпасақ, бас шайқап қалуымыз мүмкін. – Драманың, оның ішінде трагедияны тереңдеп зерттеген ғалымсыз. Тұңғыш режиссеріміз Жұмат Шанинді шырқау биік ке көтеріп, арнайы монография жаздыңыз. Жоқтаушысы жоқ өнер иесін қайта тірілтуіңіз – азаматтық, жанашырлық. Ұлы Мұхаң, Мұхтар Әуезов драматургиясы төңірегіндегі ойларыңыз кім-кімді де ойлантпай қоймайды. Біз әдетте біреуді мақтасақ аспанға шығарып, асқақтатып, ал жамандасақ “жамбасқа салып” атып ұратын мінезді халықпыз. Әрине, Мұхаңа ұлылықтың бәрін қиюға болады. Әйтсе де, Мұхаңды асыра дәріптедім деп ой ламайсыз ба? Әлде, жеріне жеткізіп айта алмай қалған “әттегенеайыңыз” бар ма? – Сәбит Мұқановтың “Драматургия – қазақ әдебиетінде Әуезов ашқан жаңалық” дегені бар. Деректерге үңілсек, Әуезовтен бұрын шағын болса да пьесалар жазылған. Кейбіреуі сахнаға қойылған. Біразы қолжазба күйінде сақталған. Тіпті, қазақтың ұлттық драма театры ашы ларда сахнаға дайындалған дүниелер бар. Бірақ біз соған қарамай қазақ театрының түңғыш шығармасы бүгінгі күнге дейін сахнадан түспей келе жатқан “Еңлік-Кебекті” ерекше бағалаймыз. Жалпы, салыстырмалы түрде алған кезде “Еңлік-Кебек”, “Хан Кене”, “Абай”, “Қаракөз” деңгейінде туған драмалық шығарма әзірге жоқ. Жүсіпбек Аймауытовтың “Шерния зы” да, Ғабит Мүсіреповтың “Ақан сері – Ақтоқтысы” да, “Қозы Көрпеш-
Баян сұлуы” да өзінің жалпы қуаты, көркемдігі, тереңдігі, жасаған бейнелердің байлығы жөнінен Әуезов пьесаларымен бір қатарда тұрады деп айта алмаймын. Мұхаңның қаламынан туған драмалық шығармалар көп, бірақ бәрі бір көркемдік деңгейде емес. Мұхаң 1932 жылы түрмеден шығарда зорлықпен, сырт күштің ықпалымен хат жазып, өзінің басты шығармаларынан бойын алып қашқан ғой. “Мен Совет өкіметін құлату үшін ұлтшылдықпен қасақана, әдейі зиянды шығармалар жаздым” деген хаттың соңында о кісінің қолы тұр. Тіпті жазушыны зорлап жаздырған шығармалар қатарында пьесалары да көп. Мәселен, “Тартыс”, “Алма бағында”, “Шекарада”... бұлардың барлығы бүгінгі сахнаға қоюға кел мейді. Неге? Оларда саяси идеология, сол уақыттағы талап-тілектер бірінші қатарға қойылған. Оны айтасыз, Әуезовтың эволоюциясында, шығармашылық тағдырында әр түрлі ауыр кезеңдер бар, 1920 жылдарда Смағұл Сәдуақасов дайындаған әдеби-анкетаға берген жауабында Мағжан Жұмабаевты ұлы ақын ретінде мойындайды. “Мағжанның сөзі сенімді. Ал, кейін 1957 жылы “Октябрь өркені” деген мақаласында Мағжанды дәлелсіз кемсітіп, төмендетіп жібереді. Оның барлығы Совет өкіметі саясатының зорлығымен болған. Тіпті Мұхтар Әуезовтей ұлы жазышының өзін адастырған заманның тегеурінді ықпалы деп қарау керек. Мұндай фактілер басқа қаламгерлерге қатысты. Біздің ақиық ақынымыз, үлкен әдебиетші Әбділдә Тәжібаев “Өмір және поэзия” кіта бында Мағжан Жұмабаевты жерден алып, жерге салған. Кейін Мағжан ағарып, ақталған кезде оның бір томдық шығармалар жинағына ағылыптөгілтіп, дәл, өте терең алғысөз жазды. Қазақ кеңес жазушылары шығармаларын әлі де зерттеуіміз керек. Мұндағы саясат арқылы келген сарындар қайсысы? Шын таланттың өз құдіретімен туған ағымдар қайда? Осының бәрін біз жеріне жеткізіп айта алған жоқпыз. – Драматургияның түрені мен театр сынының соқасын сүйретіп, осы саланың “қара өгізі” атанған ғалымсыз. Қазір бұл жаққа бұрылып та қарамайсыз. Неге жеріп кеттіңіз? Балықтан “Теңіздің суы қандай?” деп сұраса, “Айтар едім, аузым суға толып тұр” депті. Сол сияқты... ” – Түсіндім. Қызық сұрақ екен. Қазіргі сахналық шығармаларға көңіл толмаса көп сөз шығындап қайтем. Көңілді көпшітпейтін жа ман нәрсені “Жаман, жаман!” дей бергеннен жақсара ма? Өмірдің бел гілі бір кезеңдерінде жасыңа, тәжірибеңе лайық айналысатын шаруаны күйттейсің. Драматургияның соңғы туындыларына пікір білдірмеуімнің негізгі себебі сол. – Кеңес өкіметі кезінде “Ананы айтпа, мына мәселені қозғама!” деп “Цензурадай” қызылкөз қыдиып, желкемізден қарап тұрды. Қалам ұстағанның бәрі байдың байлаулы итіндей Социалистік реализмнің айтағында жүргені рас. Осы орайда Сергей Михалковтың мысалын келтіре кетейін. “Тордың ішіне тоты құсты неге қамап қойдыңдар?” деп сұраса “Мысық жеп қоймасын деп қамадық” дейді. Михалков айтады. “Әй, өмір-ай,-дейді,- тоты құсты босатып, тордың ішіне мысықты неге қамамайды осы?” Шүкір, қазір “Әй!” дейтін әже, “Қой!” дейтін қожа жоқ. Не десең де еркіңде. Тордан құтылған тоты құстарымыз сая бақтың ішінде сайрап жүр. Егемен елміз. Тәуелсіздік жылдарындағы драматургта рымыз бұлбұлдай сайрап, неге тоты құстай түрленбейді? – Бұл сұрақты таза драмтургия емес, толық әдебиетке қатыстырып қозғайын. “Кеңес өкіметінің жағдайында әдебиеттің берген көркем туын
дылары мол болды да, ал мына еркін заманда ерекше шығармалар неге жоқ?” деген сұрақтар әр жерде әрекідік қойылады. Ол заманды қанша қатал десек те, белгілі бір шығарманы бастыру үшін, жариялау үшін толып жатқан сүзгіден өту қажет еді. Мәселен, Жазушылар Одағының жанындағы әр түрлі секцияларда талқыланатын, талданатын. Баспалардың өзі шығарманы рецензияға беріп, редакторлар екі шұқып, бір қарайтын. Жалғыз саяси жағы ғана емес, көркемдік, әдебиэстетикалық деңгейіне ерекше мән беретін. Сондықтан шығармалар күзеліп шықса да, негізінен белгілі бір көркемдік биікке көтерілмеген қолжазбалар еш жерде жария ланбайтын. Ал, қазір керісінше. Ақшасы бар адам шимай-шатпағын ком пьютерге тергізіп, бір аптаның ішінде кітап қып шығарып, тарата беруіне болады. Қатесін, орфографиясын, емлесін, граматикалық құрылымдарын қарайтын кім? Өзі. Өзі жазады, өзі шығарады, өзі сатады, өзі таратады, өзі жарнамалайды. Бұрын прозалық кітаптар 100 мың, тіпті 200 мың данамен тарайтын. Яғни, Қазақстанда жазылған бір жақсы шығарма оқырмандарға түгел жететін. Қазір ұзаса 300, 500 әрі кетсе 1000 данамен өзінің тамыртаныстарына ғана тарататын кітап әдебиет пе? Көркемдік, эстетикалық талаптар жоғалады. Кітапқа пікір айтып, баға беретін баспасөз орындары да басын қатырмайды. Осының салқыны драматургияға да тигесін дра матургтеріміз тымау тигендей “түшкіріп” жүргені рас. Бұрынғы дәуірде драматургияға арнайы дайындықпен, оның заңдылықтарын білетін, сол жанрға қабілеті бар адамдар баратын. Мәселен, Мәскеуде арнаулы театртану білімін алған Қалтай Мұхамеджанов басқа жанрға аттап бас пай тек осы саламен айналысты. Cоның өзінде Қалағаның сахналық шығармалары оннан аспайды. Ал, қазір ше? Бүгін Абай туралы, ертең Иисус Христос туралы, бүрсүгіні Пайғамбарлар туралы пьеса жазып, әр конкурсқа қатыса беретін “әмбебап” драматургтер шықты. Сахнаның тілін меңгермеген, бейне жасаудын, характер жасаудың әдістерін білмей тін драматургтер көсегемізді көтерте ме? – “Өнер дегеніміз – образды ойлау” болса, сомдалып соғылған образ бар ма? – Әй, осыны қоя тұрайық. Жоқ қой, жоқ... – Классикалық пьесаларды бүгінгі дәуірге бейімдеп қоюға қалай қарайсыз? – Режиссура да үлке-е-ен өнер ғой. Өнер болғасын дамиды, өнер болғасын мектептері, толып жатқан ағымдары бар. Отызыншы жылда ры қазақ сахнасында қойылған пьесалардың режиссерлары орталықтан, Мәскеуден келген орыс, еврей ұлтының өкілдері болды. Олар кейде біздің тұрмыс-салтымызды білмегендіктен, ұлттық психолгиямызды түсінбегендіктен космполиттік рухтағы спектакльдер жасады. Ал, ал пысыншы жылдардан бастап театрларымызға қазақ режиссерлары та бан тіреді. Әзірбайжан Мәмбетов, Маман Байсеркенов, Бәйтен Омаров, Жақып Омаровтай режиссерларымыз - олжа. Кейінгі Болат Атабаев, Жанат Хаджиевтар жаңа үлгідегі өнерпаздар. Сондықтан пьесаны сол қалпында қою, актерларды еркіне жібермеу секілді кемшіліктер жойыл ды. Музыканы, декорацияны пайдалана отырып қызықты ойындар көрсететін талантты режиссерлардың жаңа тобы шықты. – Терезе сынса – орнына бүтін әйнек саламыз. Маши-намыздың доңғалағы тесілсе – жамаймыз. Үйіміздің сырты тозса – сылаймыз, әктейміз. Яғни, сынған, бүлінген нәрсеге ғана жөндеу жүргіземіз. Біздің классикалық пьесаларымыз бүтін дүние. Бүтін нәрсеге күрделі жөндеу жүргізіле ме? Ал, біздің сол сіз жақсы көрген жаңа толқын
режиссерларыңыз пьесалардың өңін өзгертіп, басын аяғына, аяғын басына шығарып “эксперимент”, “ремонт” жасауы бүтін нәрсені бүлдіру ме? Бұл не, тапқырлық па, әлде жаңа шешім бе? Мысалы, Әуезовті қидалайды, Чеховты бұйралайды... – Мұның өзі қазіргі режиссурадағы ізденістің бір түрі. Өз жа нынан мәтіндік сөзді қоспаса автордың сценарийін пайдалана оты рып композициялық құбылтуларға, сюжеттік ығыстыруларға барған қойылымды неге қабылдамасқа? – Тамақ ішіп отырған Бернард Шоу тағамның дәмсіздігін әзілмен аңғартса керек. “Құрылысшылар жіберген қателігін сылақтың астына, дәрігерлер жердің астына, ал, аспаздар майонездің астына жасырады” деп алдындағы салатты аузына да алмапты. “Жаңылмайтын жақ жоқ” дейді ғой. Жаңылысқан тұстарыңызды жасырасыз ба? Жасырсаңыз қалай жасырасыз? “Ой-пікірімді жа сырмай айтам!” дейсіз бе? Бәрекелді, аға. Ендеше, бір сұрақ... Қазақ театрының қазіргі бет-бейнесін шығыстікі деп тануға бола ма? – Шығыс театры ертеден ерекше дамыған. Мың жылдық дәстүрі бар театр - Жапон театры, оны “ Театр Кабуке” дейді. Мұндағы әрбір қимылдың, әрбір ымның, әрбір көзқарастың астары қалың. Оны бір түсінсе жастайынан көрген, поэтикасын білетін көрермендер түсінеді. Өзімізге ойысайық, “ЕңлікКебек” секілді спектакліміздің ең үздік қойылымын жасаған Моисей Иаакович Гольдблат. Ал, оған кеңесші болған, тең режиссер, данышпан актеріміз Қалыбек Қуанышбаев еді. Билердің сахнаға шығуы, жүрісі, отырысы, малдас құруы, сөйлегендегі бет-пішінінің құбылуы, қимыл өзгерістері, бас изеуі, қолын шошай туы бәрі-бәрі бұрынғы қазақ тұрмысына лайық табиғи, сенімді түрде жасалған. Ал, қазіргі спектакальдерді көрсеңіз – баяғы би емес, қап сүйретіп жүрген ханбазардағы тапыр-тұпыр дарақы жігіттер секіл ді. Олардың айғайы, тамақтарын жыртып сөйлеуі ерең-серең қимылы түгелдей жасанды. Қазақтың сол замандағы билік шығару мәдениетін білмейміз, дәуір этикетіне сәйкес келмейді, түптің-түбінде біз “Қозы Көрпеш - Баян сұлу”, “Арқалық батыр”, “Еңлік-Кебек” секілді пьесалар ды қайта қойған жағдайда “реставрация” жасап, өз қалпына келтіруіміз керек. Ал, екінші жүйедегі Еуропалық театрлармен, Шығыс театрлары мен, қазіргі модернистік, авангардтық театрларымен емшектес, бағыттас спектакльдер де қатар жүргені дұрыс. Таяу күндері Астанада қызық, рухани оқиға болды. Мағжан Жұмабаевтың “Батыр Баян” поэмасын Күләш Байсейітова атындағы опера және балет театрының сахнасына француз композиторы, режис серы қойды. Поэманың мәтінін ақын оқып отырады. Ал, арасында Бек болат Тілеухан қобызбен, домбырамен сүйемелдейді. Еуропаның хор айту үлгісіндегі музыка одан сайын ажарлай түседі. Бір қарағанда қазақы қобыз, қазақы домбыра, ақын оқыған өлеңдермен әлгі му зыка қабыспайтындай. Ал, екінші жағынан Еуропалық репертуарға, Еуропалық мәдениетке қазақы тақырыптың келуі – ізденістің жемісі. Мәселен, “Аида” көне тақырып, соған Итальян композиторы музыка жа зады. Бүкіл италияндық мотивтерге Шекспир пьеса жазады. Немесе, Рим өмірінен алып “Спартакқа” Арам Хачатурян балет жазады. Неге біздің қазақы тақырып. Еуропалық мәдениетке сюжет ретінде, мотив ретінде, әуен ретінде кірмеске? Бұл қазақы материалмен Еуропалық аранжировка, Еуропалық пайымдаудың қосындысынан шыққан жаңа спектакль. – Әлгінде әртістердің сөйлеу мәнері жөнінде ойларыңызға
қайта оралсақ, Реке. Қазір кейбір спектакльден шаршап шығасың. Айғай-ойбай. Шаңшұң. Кілең бір сарынды, жасанды дауыстардан жалығасың. Рольдегі батыры болсын, ақыны болсын мұңданып, жынданып, тістеніп, зығырданы қайнап, кіжініп, төбе шашын жұлып төбелесіп жүргендей айғайлайды. Бұл не айғай? Таланты жетпегендіктен айғайлай ма? – Қазақ театрларындағы актрелардың дарыны, бейне сомдаудағы ше берлігі, режиссура жаңалығы төңірегінде арнаулы мамандар Әшірбек Сығай, Бағыбек Құндақбай жазудай-ақ жазып жүр. Осы орайда біздің ерекше ұтылған тұстарымыз қайсы? Қазақ театрын жасаған ұлы дарын дар ұлттың әуенін, сөйлеу мәнерін, мінезін қалыптастырды. Мәселен, тез қимылдың, оқыс оқиғаның кейіпкерлерін Елубай Өмірзақов жасады. Қолы қатты, сараң бидің үлгісі Серке Қожамқұлов. Ал, дана билердің, ұлы ақынның тұлғасын сомдаған Қалыбек Қуанышбаев шыңына ешкім шыға алған жоқ. Бұл– үлкен арна. Қазіргі қазақ сахнасындағы актерлардың бір ұтылған жағдайы сол мектептердің тәжірибелерін ұмытып, ұстай алмай қалды. Жеңіл-желпіні малда нып, айдалаға айдалып кетті. Мәселен, Қаллекей жасаған дананың үні, толғаныс ырғағы Шәкен Аймановқа, одан Нұрмұхан Жантуринге көшті. Сол әуенді Досхан Жолжақсынов ұстап қалды. Бұрынғы біздің ұлттық театрларымыздың алғашқы бесігін тербеткен актерларда тамақ жырту, айғайлау, жер тепкілеу екі иығын жұлып жеп, тепсіну, селкілдеу деген секілді қояншық әрекет атымен жоқ болатын. Тіпті, екінші қатардағы дарындыларға жататын Қапан Бадыров, Камал Кармысовтың мәдениетін жалғастыра алмай отырмыз. Сондықтан бүгінгі қазақ театры қазақ тілінің мектебі болам десе, қазақтың таза табиғи үнін, әуенін естіртем десе сол ұлы ұстаздардың аздап болса да сақталып, тасқа жазылған, таспаға жазылған, кинода, пластинкада қалған дауыстарын тыңдап, содан сабақ алғаны ләзім. – “Жаһандану” деген сөз шықты. Жан алғыштай көрінеді. Түсінсек те, түсінбесек те “Жаһандану, жаһандалу! дейміз. Жалпы жаһандану деген не өзі? – Сөздің күші ғажайып. Кейде бір сөз бір халықты жынданды рып жіберуі мүмкін. Мәселен, Германиядағы фашизм, бұрынғы Совет одағындағы - комунизм, сона-а-ау жиырмасыншы жылдардағы тап тартысы деген сөз, кешегі қайта құру деген сөз – осыған дәлел. Кейде бір сөз тұтас халықты бір күн, бір ай емес, жылдар бойы билейді. Сол секілді қазіргі замандағы халықтарға ерекше ықпал ететін сөздер бар. Мысалы, терроризм, жаһандану, мұсылман фундаментализмі, өз пайда сымен отаршылдық, империялық пиғылын жүзеге асыру үшін, әлсізді таптау үшін кейде бір сөз арқылы, танкімен, ұшақпен, ракетамен жаулап ала алмағанды іске асырады. Айталық, Буш бастаған Америка демокра тия деген сөзді желеулетіп тып-тыныш жатқан Иракты тапа-тал түсте бомбаның астына алды. Халқын қырды. Немесе кешегі “Совет Одағының қауіпсіздігі” деген бір сөзбенен Ауғанстанға басып кіріп он жыл бойы соғыс жүргіздік. Миллиондаған бейбіт халық қырылды. Мыңдаған әскерден айырылдық. Жаһандану бүгін ғана пайда болған ұғым емес. Адамзаттың мәдениеті, өркениеті дамыған күннен бастап жаһандану жүріп жатыр. Ұлы жібек жолы – жаһандану, Американың ашылуыжаһандану, Қытай ойлап тапқан компастың, қағаздың тарауы – жаһандану, түркілер жасаған аттың үзеңгісі – ол да жаһандану.
Қазіргі замандағы үлкен алпауыттар, империялық пиғылды көксеген елдер үшін жаһандану деген сөз азды бұғаулап, жұтып алу, күші кемді бағындыру. Жаһандануда ұлт жоқ. Ұлттық тіл, ұлттық мәдениет жоқ. Діндерді сыйлау деген атымен жоқ. Егер жаһандану тек-христиан немесе ағылшын, саксон елдерінен басталатын болса, басқаларды миссионерлік жолменен христиан дініне кіргізу - жаһандану. Кейбір мәліметтер бойын ша 400 мыңнан астам қазақ басқа дінге кіріпті. Бұдан бір ұлттың ертең іщтей іруі, дін-дн бойынша бөлінуі деген кесепат туады. Соны жасап отырған адамдар мұны жаһандану деп түсіндіреді. Жаһанданудың эконо миканы дамытуда, ауыс-күйісте, мемлекеттердің бір деңгейге көтерілуіне, технологияларды жетілдіруде прогрессивтік ролі болғанымен, ұлттық сананы, ұлттық рухты, ұлттық мәдениетті жоюдағы зиянын санап біту – қиын. – Ұлттық қаһарманды қалай түсінсіз? – Ертеде, 86-ның оқиғасынан кейін, Мәскеудің Жоғарғы Кеңесінде экологияның мәселесін көтеремін деп мінбеге шыққан Мұхтар Шаханов әлемге желтоқсан шырғалаңын жариялап жіберді. Сонда мен “Бүгіннен бастап Шахановтың қойының кезегіне барам!” деп әзілдедім. Кейде адам бір-ақ қылықпен, бір-ақ әрекетпен ұлттық қаһарман атанып, қалған өмірінде құба төбел өмір сүруі мүмкін. Бауыржан Момышұлы Ұлы отан соғысында ерлік көрсетті, ұлттық қаһарман болды. 45 жасында отставкаға шықты. Содан көз жұмғанға дейінгі тіршілігі халқына еркелеу болды. Баукең күнде ерлік жасап, күнде жауға шапқан жоқ. Халқы, ұлты соғыс кезінде жасаған ерлігі үшін Бауыржан Момышұлын ұлт қаһарманы деп қабылдады. Немесе, қазір ұмытып бара жатырмыз, Совет одағының жағдайында батыр атанған Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшып тағы батыр болды. Ол күнде көкке ұшпайды, күнде батыр атағын алмайды. Ұлт қаһарманы! Бірақ, сондай азаматттарды қастерлеуіміз, құрметтеуіміз аз ба деп ойлаймын. –Базбіреулер “Театр – тәрбие орны емес” дейді. Келісесіз бе? – “Әдебиет – әдебиет үшін, өнер – өнер үшін” деген де тұжырым бар. Кейде өзіне назар аудару үшін пікірді тұздап, улап жеткізетін де әдіс болады. Әлгі өзің келтіріп отырған дүдәмәл пайымды белгілі, талантты режиссер, Неміс, Еуропа театрының жай-жапсарын жақсы білетін Бо лат Атабаев бірер рет теледидардан айтып қалды. Оны сол қалпында қабылдамау керек. Ерке режиссердың жұрт назарын әдейі бұрып, қисық сөйлегені шығар, сірә? Өмірде де, өнерде де ондай мысал көп. Француз жазушысы Натали Саррот “Мағына басталған жерде, әдебиет өледі” деп дау-дамай туғызу үшін әдейі қысастықпен айтқан. – Бүгінгі білім жүйесіндегі реформалар мен жаңалықтарға кіш кене кідірсеңіз... – Есебінен жаңылып қалдым, әйтеуір реформа көп. Біреуі аяқталмай жатып, екіншісі басталады. Бастаған реформасын аяғына дейін жет кізіп, тиянақтап бітіруге тиіс лауазым иелері басқа қызметіке ауысып ке теді. Немесе, сол лауазымға лайық емес, әйтпесе сол саланы білмейтін адамдар білім, ғылымның тізгінін ұялмай ұстайды да, аз уақыттың ішін де “Маңғыт, аузыңа саңғыт!” деп ол да ауысып кетеді. Қазақстан – әлемдік қозғалыс арқауындағы ел. Сондықтан мектеп, жоғары оқу орындары реформасын қолға алуға қарсылық білдіру - ол ескілік көлеңкесінде қалу. Бірақ іске асырудың көзін тауып, ретімен, ба бымен жасалса пайда әкелетін шығар. Ал, баяғы Голощикиннің ақ қар, көк мұзда айтақырға әкеп киіз үйден
“қала” салғанындай, бар нәрсені жойып, реформа жасайтын болсақ, ке шегі ауылды құлатып алғанымыз секілді апатқа апаруы ықтимал. Кезінде ділдә шашып, алтын төгіп, доллар шығарып “Болашақ” де ген бағдарламамен ығай мен сығайдың балаларын қаптатып шетелде оқыттық. Көбі қазақша бір ауыз сөз білмейтін мәңгүрт еді. Содан қазір біздің ғылымымызға, экономикамызға, мәдениетімізге қандай пай да? Соншама шығын шығарып кадр дайындауда қателіктер болды ма? Қарымы қайтты ма? Бұл сұрақтардың жауабы жоқ. неге? Жұмысына сай адам болады да, адамына сай жұмыс болады. Бәрі де кадрге байланы сты. Түптеп келгенде адамның тілді білген, білмегенінде емес, мәселені маманның дарыны, қабілеті, іскерлігі шешеді. Бір кездегі Мәскеу, жалпы Кеңес одағындағы жоғары оқу орнын бітірген мыңдаған мамандар бола тұра, Теміртауда еңбек жолын бастап, жоғары оқу орнын сонда бітір ген адам Қазақстанның Президенті боп елді басқарып, экономикалық мәселені шешіп әлемге танылып отыр емес пе? Сондықтан “Шетелдің Пәленшеке оқу орнын бітірген екен, пәле-е-ен тіл біледі” деген марапат сөз маманға берілген сыпаттама емес. Маман жұмысты еңбекте, әрекетте, күресте өзін-өзін танытуы тиіс. Қазір “Реформа жасаймыз. Ғылым кан дидаты, ғылым докторының орынына философия докторы болады” де ген ойлар айтылып жатыр. Ғылым, білім мәселесі “философия докторы” өмірге енгеннен кейін шешіле қалмайды. Он екі жылдыққа көшіргеннен мектептердің сапасы артып кетпейді. Жоғары оқу орындарына “кредит тік жүйе” енгізе салысымен мамандардың сапасы жақсармайды. – Баяғыда Гагаринді дәріптеген Олжас Сүлейменовтің “Адамға табын, жер енді!” поэмасы тез танылды, тез тарады. Кеңес одағындағы баспасөздің бәрі тез жариялап үлгерді. Тез арада жеке кітап боп та басылып та шықты. Дәл сол Олжас Сүлейменовтен кей інгі үрдісті Несіпбек Айтұлының “Бәйтерек” толғауы қайталады. Әуелі қазақ баспа сөзінің қара шаңырағы “Егемен Қазақстан” га зетінде жарқ ете қалды. Астанадағы “Күлтегін” баспасы іші-сыртын алтынмен аптап, күмістпен күптеп тез арада кітап қып шығарды. Бұл не, құбылыс па? Қоғамның ағымы ма? Әл-Фараби өлең туралы трактатында ақындарды үш топқа бөлген. 1.Табиғи дарын. 2.Өлең өнерімен толық таныс. 3.Алдыңғы екі топқа еліктейтіндер. Сыншы ретінде айтыңызшы, Несіпбек Айтұлы осы үш топтың қайсысына жататын ақын? – Сөз жоқ, табиғи ақын, дарынды ақын. Студент кезінен білем. Алғаш балаларға арнап өлең жазып жүрді. Өзі қатарлас ақындармен деңгейлес отырды. Содан “Ескендір қорғаны”, “Игорь жорығы туралы” ұлы поэма ларды аударғанан кейін өз шығармаларында өзгеріс бола бастады. “Бас сүйектер” поэмасы, Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығына арнаған ерекше балладасы есімізде қалды. Ал, енді Қазақстан кіндігінің Арқаға көшуі, ұлттың жаңаша ұю үрдісі, жастардың Астанаға шоғырлануы, жерімізге көз алартып отырған орыс – орманға деген жаңа саясатымыз, ұлттың тағыдырына тікелей қатынасты проблемалар ақындарды толқытады. Қазақ поэзиясында сюжеттік толғау үлгісіндегі шығармалар бұрыннан да бар. Ұлы жыраулар толғаулары өз алдына, Сұлтанмахмұттың “Адасқан өмірі”, Мұқағалидың “Реквиемі” сарындас Несіпбектің “Бәйтерек” дастаны жақсы белес. Толғанған, толғаған, публицистикалық ойларды өлеңмен өрнектеген, бүгінгі заманға қатысты тұжырымды ашық айтқан. Бұл поэманы бұрынғы кездегі Ленинді мадақтап, Троцкийді, Сталин
ді көтермелеп жалпылдаған шығармалар үлгісінде деп қарау – әбестік. Философиялық сарындағы ізденістен туған жаңа туынды. – Тіліңіз өткір. Ойыңызды бүкпейсіз. Мысалға алған нысанаңызды шымшып, шаншып, кей кейде келекелеп, менсінбей тұрғандай сын айтасыз. Өмірде де осындайсыз ба? – Ауылда өстім. Еркіндік болды. Орысты алғаш Алматыға келген де көрдім. Көп мінезім - қазақы мінездер, көп ағайынды едік, Семей полигонының кесірінен екі ағам, екі інім мерт болып кетті. Қазір бір ата дан жалғыз қалдым. Әкем 95 жасында дүниеден қайты. Әке қызығын көріп, еркелеп өстік. Одан кейін ұстазым Бейсембай Кенжебаев еркелет ті. Мойнына мінгізді. Адам “Мен мынадай мінез көрсетейін!” деп сахна да ойнайтын актер емес. Негізінен кісі табиғи қалпынан ауытқыса, онда жалғандық басталады. Оның аржағы – өтірік, бояма. – “Қазақ әдебиеті тоғыз жолдың торабында тұр. Артында бір жол, алдында мың жол. Мың жолдың ішінде өзен өрлегені де, шөлге улегені де, барса келері де, барса келмесі де бар”. Бұл Франконың ілгері замандағы пікірі. Ал, қазір ше? Әдебиетіміздің “Барса келері қайсы, барса келмейтіні қайсы?”. – Әне бір жылы бір қарындасымыз газетке “Қазақ әдебиеті енді баста лады” деп жазды. Сол мәселеден дау шықты. Ойды, пікірді ащы айтуға тырысқандағы мақсаты - қазақ әдебиетінде жаңа ізденістер болады деген ақкөңіл жанашырлығы ғой. Қаламгерлеріміздің дені фольклордың ем шегін еміп, орыс әдебиетін жақсы біліп табиғи талантының арқасында тұшымды дүниелер жазды. Ал, қазір ағылшын, қытай, неміс, жапон әдебиетінің түп нұсқасын оқитын жастарымыз бар. Соның бірі – Дүкен Мәсімхан. Ол қытайдың классикалық позиясын қазақ тіліне аударып жа тыр. Мұндай мысалдар көп. Сондықтан “қазақ әдебиеті тоғыз жолдың то рабына” енді шықты. Қай жолмен жүрмейік, негізі халқының кіндігінен айырылып қалған әдебиет– жесір әдебиет екенін ұмытпау шарт. – Ендеше, бәрі де суреткерлігімізге байланысты дейсіз ғой? Осы орайда Гете былай депті: “Кәдімгі бір күшікті тұрған күйінше су ретке салсақ, жер жүзіндегі толып жатқан күшіктің санын көбейтіп, тағыда бір күшікке қосқан болып табыласың. Онымен суреткер ақын ретінде танылмайсың”. Қазіргі күшеншек ақындарымыздың поэзиясы “күннен күнге күшіктеп” көбейіп жатқанын немен түсіндіреміз? – Поэзиядағы өтірік тез көрінеді. Өңсіз әйел сұлу боп көрінгісі кел сеыңғайсыз. Жасандылығы бірден ашылып қалады. Сол секілді ақын емес адамның ақынмын деп тыраштануы бекершілік. Поэзияда ал дай алмайсың. Үлкен жанрларда, қара сөзбен жазылған қалың-қалың туындыларда, музыкамен демеп актерлер ойнайтын өнерлерде бәлкім, көрермен, тыңдармандарды алдарқатуға болатын шығар. Ал, төрт-бес шумақ өлеңде немесе шағын поэмада өтірік ақылсып алдау мүмкін емес. – Атақты-атақты ақын жазушылардың бір шоғыры Астана да. Баяғыдай бас қосып, әжік-күжік әңгімелесіп шер тарқатып тұрасыздар ма? – Ұзын саны жүз қаралы. Тісіне қарасаң жасы үлкені Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбай, Фариза Оңғарсынова, Сейіт Кенжеахметұлы, Әнес Сарай, Қойшығара Салғара, Ақселеу Сейдімбек, Болат Бодау бай, Нұрғожа Ораз, Алтыншаш Жағанова, Сұлтан Оразалинов, Қайрат Жұмағалиевтан бастап талантты жас ақын Жанат Әскербекқызына дейін гі аралықта бір қатар қаламгерлер шоғырланды. Жазушылардың өткен
құрылтайында Астанадағы бөлімшенің төрағасы етіп қарымды қаламгер Алдан Смайылды сайлағанбыз. Оның бармаған жері, қақпаған есігі жоқ шығар. Астанадағы Қазақстан Жазушылар одағының бөліміне баспана сұрады, жиналыс өткізетін зал мәселесімен өкіметке де шықты. Бірақ сүйінші сұрайтындай, қалпағымызды аспанға ататындай қуанышты ха бар жоқ. Тақыр жерде отырмыз. Басымыз сирек қосылады. – Ауыл ақсақалдары “Әкіммен сыйлассаң – есігіңе ат байланады, ақынмен сыйлассаң – басыңа бақ байланады, ал ұстазбен сыйлассаң ат та, бақ та байланады” деп отыратын. Орыс әдебиетінің озықтары “Бәріміз Гогольдің шинелінен шықтық” десе, біздің біртуғандар “Шерағаңның шекпенінен шықтық” деп ұстаздарын ұлағат тұтады. Сіздер, Зейнолла Қабдоллов, Жұмағали Ысмағұлов, Шериаздан Еле укенов, Мұхтар Мағауин секілді көркем әдебиеттің көш басшылары Бейсекеңнің бешпетінен шықтыңыздар. Биыл Бейсембай Кенжебаевтың 100 жылдық мүшел тойы. Бір Бейсекең бәріңізді көтергенде... бәріңіз жабылып бір ұстаздың тойын қалай көтермекшісіздер? – Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде Бейсекеңе арналған ғылыми конференция өтті. Астанада да осындай ғылыми бас қосу жоспарланып отыр. Түркістандағы халықаралық қазақ-түрік университетінің де қам жа сап жатыр Бейсекеңе арналған естеліктер жинағын, ғылыми мақалалар кітабын, 4 томдық шығармаларын бастырамыз. Күзде той болады. Түркістанда музей ашылмақ. Алла жазса, бәрі болады. – Тойда жолығайық, аға! Әсерлі әңгімеңізге рахмет!
Сейдолла
БӘЙТЕРЕКОВ
БӘЙТЕРЕКТІҢ
БАЛАСЫ
Т уа бітті мінезі шығар, кейде еркелеп, кейде еркелетіп, аракідік тістеп, аракідік күштеп сөйлейтін сыншы Әшағаң, Әшірбек Сығай ойда жоқта жолықты да: – Әй, көк көз, жақсы кездестің ғой! – деді кәдімгідей қуанып. – Саған тапсырма бар. Біз Сейдолла Бәйтереков туралы естеліктер кітабын құрастырып жатырмыз. Сол туралы естіген-білгеніңді қағазға түсір... “Мен не әнші емеспін, не күйші емеспін. Құрығанда әуесқой композитордың бір әніне өлең де жазып көрмеппін. Білмейтін тақырыбыңа қалам тербеу соқыр түйенің оттағанындай әр шөптің басын шала-пұла шарпыған сияқты нәрсе болмай ма?” деп әдепкіде аз-кем тартынғаным рас. Сондай ойларымды бет-әлпетімнен аңғарды ма қайдам, Әшағаң бастырма латып сөйледі. – Сейдолла сенің ағаң емес пе? Тіпті туған немере ағаң ғой, қарағым-ау. Сен жазбағанда кім жазады?! – деп шырмап тастады. Шегінерге жер жоқ: – Мақұл, аға! – деп қол алысып тарқастық. Қол – Құдайдың мөрі. Уәдені беруін бердім-ау, бірақ не жазарымды білмей аңырып жүрдім. Сейдолланың ағам екені рас. Егер ру-руды Қазақстанның картасына теңейтін болсақ, Секең ру жағынан облыс емес, аудан емес, совхоз емес, ең соңғы “отделения”, соңғы нүкте. Яғни, оның әкесі де, менің әкем де бір әкешешеден туған. Құрбан атаның ұрпағымыз. Болды. Бар-жоғы осы. Бірақ, бұл естелікке жата ма? Естелік емес, ескі тарих... Ұмытпасам... қалай ұмытайын, тұла бойы тұңғыш қызым Сағыныш дүниеге келген жылы Сейдолла ағамның “Әлия” әні туды. Айтары жоқ, басына бақ боп қонған сол бір ән шартарапты шарлап кеткенде сатиралық “Ара-Шмель” журналының бас редакторы Нұрғазы Шәкеев: – Жас композитор Сейдолла Бәйтерков туралы эпиграмма ма, әлде достық рәуіш пе, әйтеуір бір әдемі әзіл өлең дайында. Шаржды Николай Казанцевке салдыр! – деп тапсырма берді. Әрі ойландым, бері ойландым. Таппадым. Ұтымды да ұтқыр әзілдің қисынын келтіре алмай “оңай” жазылған олпы-солпы өлеңімізді бас ре дактор кері қайтарды. Жарамсыз. Не деп әзілдейміз? Сейдолла ағам отыз екі жаста. Бойдақ. Бойдақ емес-ау, сүрбойдақ. “Ән туғыздың, әйелді қашан туғызасың?” деген секілді ебедейсіздеу қара дүрсін қалжыңға қай қазақ езу тарта қояр дейсің. Тіпті, оның жеке басының шаруасында неміз бар? “Әлия” секілді әндер көбейе берсін!” десек, тойдағы тост секілді құрғақ құттықтау. Әзіліміз әдіра қалды. Шынын айтқанда, Сейдолланың ішіне үңгіп кіре алмадық. Артынша ауылға бардым. Шәуілдірге. Әкем жарықтық шертпе күйдің шебері болмаса да, қолына ұстаған домбыраны күмбірлетіп сөйлете білетін, ән-күйге әуес еді. Түскі ас кезінде радиодан “Роза Рымбаеваның орындауында Сейдолла Бәйтерековтың “Әлия” әнін тыңдаңыздар!” деп ха барлады. Жантайып жатқан әкем айызы қанып рахаттанды-ау деймін: – Әп-бәрекелді! Әдемі ән екен. Ойпырмай, Бәйтеректің баласы ән шығаратын болыпты-ау, ә? – деп балаша қуанды. Сосын:
– Бәйтеректің баласын танисың ба? – деп сұрады. – Жоқ, танымаймын! – дедім ағымнан жарылып. – Неге танымайсың? Танымасаң таныс. Ұят болады, жасың кіші. Іздеп тауып ал да, сәлем бер! – деді әкем. Қарап отырмай: – Сіз Сейдолланы көріп пе едіңіз? – дедім. – Баласын білмеймін. Бірақ әкесі біртоға, жақсы адам. Ілгері де Майлытоғай мен Күйғасар жайлауында қоныстанып, әкесімен араласқанбыз. Кейін Кентауға көшіп кетті. “Айында көрмесе ағайын жат” дейді. Ағайын болғасын өлі-тірісіне қатысып, араласқан дұрыс... Әкем жарықтық ақ қағазға латын әріптерін араластырып сауаты жет кенше Сейдоллаға хат жазып қолыма ұстатты. “Шырағым, Сейдолла! Талабың таудай болсын. Құдай несібеңді төкпесін. Ал, енді мына Көпен балам сенің інің болады. Алматыда бірбірлеріңмен араласып тұрыңдар!” деген нобайда жазылған ақ қағаз ама натын Сейдолла ағама жеткізе алмадым. Балалық па, әлде шалалық па, әне-міне деп жүргенде әкемнің хатын жоғалтып алдым. Оның үстіне “Сей долла аға, мен сіздің ініңіз болам!” деп алдына барудың есебін таппадым. Арада екі жылдай уақыт өтті. Жол түсіп тағы да ауылға соқтым. Үйішімен әңгімеміз таусылған тұста әкем бір нүктеге ұзақ қарап отырды да: – Бәйтеректің баласына көңіл айттың ба? – деді. Жүрегім су ете қалды. – Жарықтық Бәйтерек жақында сексен бес жасында қайтыс болды. Топырақ салып қайттық. ґзі менен екі мүшелдей үлкен. Жақсы жасады. Құдайға шүкір, арты жаман емес, кіндігінен тараған он баласы түгел жина лып, көпшілікпен қаз-қатар көріскенде жарасып-ақ тұрды. Құдайдың бер гені шығар, өсіп-өнген шаңырақ. Арманы жоқ ол шалдың. Тек Сейдолла баласының басын құрап, келінінің қолынан бір шәугім шай іше алмай кеткеніне өкініп кетіпті! – деді әкем. Не дерімді білмедім. Жастықтың буымен ұшып-қонып жүргенімде 1981 жылы Жамбыл жіп иіру фабрикасының директоры боп істейтін туыс ағамыз Жұман Ержігітов Алматыдағы бір-бірін танымайтын ағайындардың басын қосып, “Жетісу” ресторанында дастархан жайып, шай берді. Сей долла ағаны бетпе-бет тұңғыш рет көрдім. Ол отыз алтыда, мен отыз бір демін. Арамыз бес жас. Профессор ґмірзақ Айтбайұлы, жазушы Еркінбай Әкімқұлов, жас ғалымдар Алма Қыраубаева, Құлбек Ергөбек, “Әлиямен” әйгілі болған Сейдолла Бәйтереков, дирижер Төлепберген Әбдірәшев, әнші Ақжол Мейірбеков бәріміз бір столдың басында отырдық. Таныстық. Шүйіркелестік. Ағайындардың алқақотан жиынына “Ертең сөз болады” деп партияның қаїарынан қаймықты ма қайдам, әлде қалада жоқ па, әйтеуір Өзбекәлі Жәнібеков пен Мұхтар Әлиев ағаларымыз ғана қатыспай қалды. Әжін-күжін әңгімеге тартып, әзіл айтып едім, шек-сілесі қатып ра хаттанып күлді де, жауап қайырмады. Күлкісі қандай таза! Шынайы. Табиғи. Мөлдір. Бірақ, мінезі біртоға. Сыр шашып, ақтарыла қоймайды екен. Қашанғы күлдіресің. Өзі сөзге сөз қоспайды. Біраздан кейін мен де әзіл-қалжыңымның тізгінін тартып, мазмұнды әңгімеге көштім. Бәрібір – сол қалпы. Өзгермейді. Айнымайды. Бір қарағанда сөйлесіп отырған секілді, бірақ әңгіме айтпайды. “Сондай да адам болады екен-ау?” дей мін іштей. Әйтсе де, қасынан кете алмайсың. Жаны – жайлау, жүрегінен шуақ пен мейірім төгіліп тұрғандай. Негізі, домбыраның құлағында ой найтын он саусағынан өнер тамған дарынды күйшілердің көп сөйлегенін көрген емеспін. “Сейдолла ағам да солардың сортынан болды ғой” деп тұжырымдадым да қойдым. Кейін араластық. Қай жерде қанша кездессек те соғыстан қайтқан сол
даттардай сағынысып, құшақтасып амандасамыз. Ағамның әрбір күлкісі шабытыма шабыт қосып, қанаттандырып, жігерлендіріп жіберетінін өзім ғана байқайтынмын. Сейдолла ағам қырық жасқа таянғанша сүрбойдақтың күнін кешті. Тіпті, жанындағы жора-жолдастары “Қашан үйленесің?” деп сұрауды да қойды. Әбден күдер үзіп, махаббат тақырыбын жылы жауып қойған кезде, Ләззат жеңгемді жетектеп “Орбитадағы” екі бөлмелі үйіне бір-ақ кіргізді. Ал, керек болса! Аузымызды ашып, көзімізді жұмдық. “Қырық жасқа кел ді, енді қыз тимейтін шығар?” деп жүргенбіз. Қайдағы! Ләззат жеңгеміз мөлдіреп тұр-ау, мөлдіреп тұр! Алғаш көргенде “Мектепті бітірген бе, бітірмеген бе?” деп дүдәмал келтірдік. Жоқ, аттестаты бар екен әйтеуір. Мінезі қандай! Жібектей есіліп тұр. Еркекті қартайтпайтын үш бақтың бірі! “Өзі әдемі, өзі әдепті, өзі әнші Ләззат жеңгемнің жанында Сейдолла ағамның іші өмірбойы пыспайды. Бірақ, томаға тұйық Сейдолла ағамның қасында Ләззат жеңгемнің іші пысатын шығар, сірә?” деп ойлағаным рас. Жоқ, ол ойым бекер екен. Бір-біріне үнсіз қарап отырып-ақ талай шаруаның басын қайырды. Тұрмысқа шығысымен-ақ Ләззат жеңгем әншілік өнерін доғарып, үй шаруасын дөңгелетіп әкетті. Ағамның қас-қабағына қарап, кір пігіне кірбің түсірмеуге тырысты. Үйелмелі-сүйелмелі қос ұлын – Санжар мен Даниярды қолынан жетектеп жүріп тәрбиеледі. Ұмытпасам, 1994 жылдың сәуір айы ғой деймін, Заманбек Нұрқаділов бір телеканалдың журналисіне берген сұхбатында әйгілі әнші Мақпал Жүнісовамен отасқанын ашық айтып, айды аспанға бір-ақ шығарды. Орысша айтқанда – сенсация! Ол кезде алты алаштың аузында жүрген шенеуніктердің мұндай шешімге келуі ерлікпен пара-пар. Кеңес өкіметі ыдырап, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін өз арбасын өзі сүйретіп кете ал май тұралап жатқан тұс. Дүние-мүлік өз алдына, күн сайын, сағат сайын ақшаның құны түсіп, ақыр аяғында төл теңгеміз жаңарып, оған бойымыз енді-енді үйрене бастаған жыл еді. “Па, шіркін, пародия!” атты әзіл-сықақ кешін М.Әуезов атындағы Академиялық драма театрына 7-мамырға дайындап жатқанбыз. Бекжан Тұрысов, Бақытжан Әлпейісов, Ақыш Омаров, Жұмағали Маханов сын ды әзілкеш әртістердің ой тастауымен осы заманға лайықты пародия жасамақшы болдық. Пародия міндетті түрде бір әйгілі әннің әуенімен ай тылуы тиіс. Әр әннің басын шалып, көп іздедік. Ақыр аяғында Ермек Сер кебаев, тағы басқа да төрт кәріс жігіті нәшіне келтіріп орындап жүрген Сей долла ағамыздың “Жан досым” атты әніне тоқтадық. Әуелгіде қиналдым. “Әжептәуір ән еді, пұшық шіркін не қылсын” дегендей, сезімге толы сергек әнді пародияға айналдырсақ Сейдолла ағамыз ренжімес пе екен?” деп бір шама мүдірдік. Нар тәуекел! Пародия ғой – деп кірісіп кеп кеттім. Жұрт жылы қабылдады. Бірақ, бұл кешке Сейдолла ағаны әдейі шақырмадық. Сескендім. “Ел құлағы елу” емес пе? Естіпті. Кейінірек кездесіп қалғанда олай-бұлай ақталғансып жатсам, өзі мәз-мәйрам. Ойында түк жоқ. “Қатырыпсыңдар!” деп күлді де қойды. “Жан досым” әнінің әуеніне бейімделіп жазылған әзіл пародияның алғашқы нұсқасына көз жүгіртіп көріңіздерші... Өмір біздің қалтамызға қол салды, Өмір біздің көк базарға жол салды, Партияның бар кезінде жақсы едік, Мафияның бар кезінде томсардық. Жан досым,
Үстем болсын мерейің, Мен саған Қалай пәтер берейін? Үйіміз де бір болсын, Күйіміз де бір болсын. “Жетім бұрыш” жетілмеген жетімек, Пәтер іздеп тоз-тоз болып кетіп ек. Төлеп жүрміз теңгеміздің жартысын, Ал, жартысын төлей ме екен өкімет? Жан досым, Үстем болсын мерейің. Әрқашан Мен соңыңнан ерейін. Мұңымыз да бір болсын, Сынымыз да бір болсын. Өмір біздің теңгемізді жаңартты, Өмір біздің жеңгемізді жаңартты. Бұзақылар көзімізді көгертіп, Ұры-қары шашымызды ағартты. Жан досым, Үстем болсын мерейің. Әрқашан Тірі жүрсең көрейін. Жанымыз да бір болсын, Халіміз де бір болсын! “Сарт байыса там салады” демей ме, “Қазақ тойса қатын алар” демей ме? Қырық қыздан жырық қызда қарамас Осы күні біз секілді кедейге. Жан досым, Үстем болсын мерейің. Әрқашан Тойыңа арнап келейін. Бокалымыз бір болсын, Тоқалымыз бір болсын!.. 1994 жылы 8 шілде күні “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” құрметті атағын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өз қолынан алды. Тайлы-таяғымыз қалмай құттықтадық. Сейдолланың әнін орындап мұндай атақтың неше түрін баяғыда иемденген өнер жұлдыздары да қаптап келіп ті. Жапатармағай жамырап, ақ тілектерін ақтарып жатыр. – Құрметті Секе! – дедім мен де қатардан қалмай. – Сіз ине секілді композиторсыз. Себебі, ине жұрттың бәрін киіндіріп, өзі жалаңаш қалады. Өз әндерімен өнер жұлдыздарын киіндіріп, жалаңаш жүрген жалғыз Секеңнің денсаулығы үшін! Дүниеден озардан он күн бұрын Сейдолла ағам орталық концерт за лында шығармашылық кешін дүркіретіп өткізді. Зал лық толды. Ойдағықырдағы Рахматулла, Әбибулла, Хабибулла, Марияш, Ибадулла, Сейдул ла, Ғалияш, Бекдулла, Жұмадулла, Күләш есімді аға-інілері мен әпке, қарындастары басқа да туыс-туғандары ән кешін бірге тамашалады. Ке меріне келіп, шығармашылық толысқан шағын, сүбелі дүниені енді бе ретіндей мінезін айқын аңғартты. Кештен соң:
– Үйге барайық! – деді. Бардым. Басқа ешкім жоқ, екеуміз ғана. Ләззат жеңгем шай-пай қамымен ас үйде. Үстінен үлкен жүк түскендей креслоға аяқ созып емін-еркін отырды да: – Мен саған бір тақырып берейін. Жазшы! – деді. – Ойбай, Секе-ау, мен әнге өлең жаза алмаймын ғой! – деп ат-тонымды ала қашып ем: – Ән емес, сатираның тақырыбы! – деді. Елең ете қалдым. – Қандай? – Қазіргі тәуелсіз газеттерді, оның ішінде орыс тіліндегілерін оқысаң шаршап кетесің. Біреуден біреу өш алу, сол үшін бір-бірін батпаққа баты рып жамандап жатқан мақалы көп. Қытайлар айтады: “Біреуден кек алғың келсе, ең әуелі екі көрді дайын да” дейді. Міне, тақырып. Жазасың ба? – деді. – Жазам! – дедім жұлып алғандай. Енді есіме түсіп отыр, ол тақырыпты ұмытып кетіппін. Әлі түрткен жоқпын. Сірә, бұл тақырыпқа қаламды қанжардай сілтейтін кез енді келді-ау?.. Осы оқиғаны әрі көршім, әрі досым, Ұлықбек Есдәулетке айтып едім, ол: – О-о, Секең маған да тақырып берген! – деді. – Әнге ме? – Иә... 1997 жылдың күзі болатын. Сыртқы Істер министрлігінде істеп жүрген кезім. Өзі басқаратын “Әуен” студиясы шығарған әйгілі әншілеріміздің әндері жазылған көптеген касеталарын әкеп тапсырды. Біз оны жәшік-жәшігімен шетелдегі елшіліктерге жібердік. Қол ұшын бер генімізге қатты риза болды. Бір күні екі қорап “Лазерный диск” әкелді. Бірақ оны шетелге өткізе алмадық. Өйткені, біз жіберген шетелде соңғы техникамен дайындалған “Лазерный дискіні” салып тыңдайтын аппа ратура ол жақта жоқ екен. Жай-жапсарды түсіндіріп өзіне қайтып беріп ем, Секең азар да безер алмай қойды. “Өз дүниеңіз ғой!” десек көнбейді. “Қажеттеріңе жаратарсыңдар, Министрлікке сыйладым” деп қалдырып кетті. Ол сыйлығы біз үшін үлкен олжа болды. Дипломатиялық жұмыспен шетелге кетіп бара жатқан кісілерге “Лазерный дискіні” сувенир ретінде беріп жіберіп отырдық. Күндердің күнінде “Сенен басқа ақындардың көбісімен бірлесіп жұмыс істедім. Бір ән шығарып ем, сен соған сөз жазып берші” деп қолқа салды. “Қазақфильмнің” ішіне орналасқан “Әуен” студиясына ертіп бар ды да, касетаға басылған беймәлім саздың әуенін тыңдатты. Сағыныш пен өкініш басым. Мұңлылау. “Қандай тақырыпқа сөз жазайын?” дедім. Секең орысша түсіндірді. “Прощание со старым городом” деген тақырыпқа өлең шығарып бер” деді. Сосын: Там-там-там Там-там! – деп өлеңнің өлшемін ауызша ұқтырды. Музыкасы дайын, тек өлең керек. Сол жылы Алматы Астанаға көшіп жатқан, көкейіме қона кетті. “Ел Астанаға көшіп жатыр. Алматымен қоштасу ма?” деп ем, сәл ойланды да “Солай десең де болады” деді. Санамда сақталып қалған сол әуеннің нобайымен қиюластырып “Ескі қаламен қоштасу” деген өлең жаздым. Бақытты сәттей боп қас-қағым, Алматым, сенде өтті жас шағым. Ұмытпас мені де Медеуім, Тастағым.
Арманға құшақты ашып көп, Өртенгем мен дағы ғашық боп. Жұлдыздан шашуын Тұратын шашып көк. Қимастан нөсерлі Көшеңді, Алматым, аттандым, Хош, енді!.. Осы жерден бір тоқтап, әрі қарай жазылмай қалды! Әйтсе де, жарты лай жазылған әлгі нұсқамды оқып беріп ем “Әлде де бірдеме жетпей тұр. Тағы да қос!” деді Секең. Талғамы өте жоғары екенін тағы да байқадым. Күнделікті күйбеңмен жүргенде біздің Сыртқы істер министрлігі 1998 жылдың ерте көктемінде Астанаға көшіп кетті. Мен Астанадамын, Секең Алматыда. Біраз уақыт хабарсыз қалдық. Сонда да болса ағамның тапсыр масын орындап, әлгі өлеңнің аяғын Астанада әрең аяқтадым. Ғажаптар таласқан көкпенен Алматым, өзіңе жетпеген. Мен саған оралам Алатау, Көктөбем. Самалы желпіген саялы, Күндерді аңсаймын баяғы. Басқа әлем алдымнан Құшағын жаяды. Қимастан нөсерлі Көшеңді, Алматым, аттандым Хош, енді!.. Өлеңімнің бас-аяғын бүтіндеп берем дегенше Сейдолла ағамның дәмтұзы таусылып, сол жылы 23 мамыр күні дүниеден озды. Кейіннен Ләззат жеңгеме “Осы өлеңнің әуені Секеңнің бір касетасында жазулы болатын. Іздеп көріңізші!” деп өз қолына тапсырдым. Тапты ма, таппады ма – маған беймәлім. ... Ұлықбек солай дейді. Ақын да сазгер ағасының бақилық болаты нын сезгендей “Басқа әлем алдымнан құшағын жаяды” деп түйіндеуі кездейсоқтық па? Иә, Сейдолла ағам басқа әлемнің құшағында... Биыл, 2004 жылдың сәуір айында Ақтау қаласында жұмыс істейтін Қойшыбай ағамның алпыс жылдық мүшелтойын Халық әртісі Роза Рым баева екеуміз басқардық. Сол тойда Ләззат жеңгем Бәйтеректің ұлынан барша халықтың ұлына айналған аяулы жары Сейдолланың “Аман бол!” әнін нәшіне келтіріп орындады. Ән әлемі құшағын қайта жайды. Тойдан кейін бір тыныстаған сәтте Ләззат жеңгемнен Ұлықбек Есдәулеттің “Ескі қаламен қоштасу” өлеңіне жазылған әннің нотасы сізде бар ма?” деп сұрадым. Кейін Алматыға келгесін ағамның артында қалған архивін ақтарып жүріп ән нотасы табылғанын телефонмен хабарлады.
– Сүйінші, сүйінші! Жалғаспай қалған жаңа әннің нотасы табылды!.. Ашық-жарқын жеңгем көп сыр ақтарды. Әсіресе мына хикаятты оқырманға жеткізбесе обал-ақ... – Тұрмысқа шыққаннан кейін қазақтың салт-дәстүрі бойынша құда шақырысу рәсімімен Сейдолланың Ащысайдағы ауылына бардық, – деді жеңгем. – Бәйтерек атам 1979 жылы қайтыс боп кеткен. Бала-шағаға баскөз боп қалған Жаңылтай енем бәйек боп күтті. Бір кезде әңгімеден әңгіме шығып, әжем мен енем екеуі жылап көріскендей қайта құшақтасып, мәресәреге түсті. Менің атам Ахан ескіше хат таныған, ауырғандарды құран оқып үшкіріп жазатын емші болса керек. Жалпымен бірге жапа шегіп, 1936 жылы құрбандыққа ұшырап, Жезқазғанда жүрген жерінен НКВД-ның адамдары ұстап әкетеді де Түркістанның түрмесіне қамайды. Емшектен енді шыққан екі жасар баласын яғни, менің әкем Мұзарафты құшақтап күйеуінің арты нан іздеп келеді де Ащысайдағы кен қазақтын жерге жұмысшы боп ор наласады. Түрмедегі күйеуіне апарған тамақты абақтының басшылары жеп қояды екен. Ол-ол ма, тіпті көшенің бұзықтары әжемнің қолындағы тамақты тартып жеп, қан қақсатады екен. Біреуден біреу естіп, “Бәйтерек деген кісіге жағдайыңды айтсаң, саған бұл қалада ешкім тиіспейді” дейді бір жанашыр қария. Менің әжем Сәлима көшеден көше кезіп Бәйтеректі тауып алып, мұңын шағады. Содан бастап әкемнің алдынан бір кісі көлденең өтпеген екен. Кейін 1937 жылы түрмеден “Ахан атылып кетті” деген қара қағаз келгесін, жалғыз баласын бауырына басып өзінің туып-өскен Жезқазған қаласына қайтадан кетеді. Құдандалық кезінде Сәлима әжем “Е-е, менің немерем сол Бәйтеректің баласына шыққан екен ғой. Е-е-е, сол Бәйтеректің әйелі Жаңыл құдағи сен екенсің ғой! Құдайдың мұнысына да шүкір, елу жылдан кейін бірбірімізбен қыз алысып, қыз берісіп құда боламыз деп кім ойлаған? Тәубә, тәубә!” деп бір-бірімен қайта қауышысады. Бәйтерек атам қара қылды қақ жаратын әділ, терең ойлы, көп сөйлемейтін, кесіп бір-ақ айтатын, ұзын бойлы, батыр тұлғалы кісі болып ты. Көзін көргендер “Сенің атаң Бәйтеректің биіктігі сондай, түйеге мініп қашып бара жатқан ұрыларды ұрып түсіретін” дейді. ... Ләззат жеңгемнің әсерлі әңгімесі ұшан-теңіз, таусылар емес. Кіші ба ласы Данияр да ұйып тыңдады. Тәрбиелік мәні бар тәуір әңгімені құлағына құйып алды-ау. Алғашқыда онша мән бермеппін, Даниярдың отырыс-тұрысы, кісіге қарағаны, жалпы пошымы аумай қалған Бәйтеректің баласы. Ән ғана емес, әдепті ұрпақтың да жалғасып жатқанына қалай қуанбайсың?!
Мыңбай ІЛЕС
АЙБАЛТА
П айғамбар жасынан асып, кемеліне келген атақты адамдар туралы жазылған мерейтойлық мақалалардың талайын оқыдым. Жожоқ, оқыған жоқпын, көпшілігіне көз жүгіртіп өте шыққаным өтірік емес. Неге? Жазылуы жаттанды, инкубатордың балапандары секілді бір-бірінен ауса, кәне? Баяғы замандағы бас мақаладай, жалаң сөз, жадағай марапат. Не қан жоқ, не сөл жоқ. Есіңде ештеңе қалмайды. Сонымен бітті. Солардың ішінде, әсіресе журналист туралы толғау - әр бөлшегі әр жерде шашылып қалған ескі комбайнды қайта құрастырғандай қиын шаруа. Өйткені, адам да ай сияқты, аржағын көрсете бермейді. Айдың аржағында не бар? Беймәлім. Жұмбақ. Жұмбақ журналист Мыңбай Ілес ағамыздың кім екенін білесіз бе? Атыжөні мәлім. Әрі қарай? Өмірбаянында өзгешілік жоқ, он жылдықты Отырар да бітіргесін, Алматыға кеп, ҚазМУ-дің журналистика факультетіне түскен. Бес жылдан соң табақтай дипломын құшақтап «Лениншіл жас» газетінде бір жылдай қалам тербеген. Одан кейін Шымкент облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің соқасын өгіздей сүйреп, әдеби қызметкерден әудем жердегі бас редактордың орынбасарлығына дейін өскен. Хрущевтің зама нында Шымкент, Жамбыл, Қызылорда облыстары өлке боп қайта құрылған тұста шенеуніктің шекілдеуігін шағып, майын ішкен. Яғни, Оңтүстік өлкелік партия комитетінде нұсқаушы болған. Одан әрі «Социалистік Қазақстан» газетінде жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, саяси-сатиралық «Ара-Шмель» журналында жауапты хатшы, «Жаңа фильм»-«Новый фильм» журналында бас редактор боп басшылық орындарда отырған. Мәскеудегі Жоғары партия мектебін үздік тәмәмдаған. Жазған мақаласының есебі жоқ, әлем әдебиетінің озық туындыларын аударған. Бітті. Ғұмырнамасының ұзын-ырғасы осы. Өмірдің пәлсафасы бойынша, ер азамат елуге дейін өзі үшін өмір сүреді, елуден кейін ел-жұртын ойлайды. Қамығады. Қабырғасы майысады. Ал Мыңбай ағамыз елу емес, алпыс емес, жер ортасы жетпіске толып отыр. Өмірдің пәлсафасы бойынша, адам екі өкпесін қолына алып жүгіріп келе жатқандай өмір сүреді екен. Әдетте, зымырап келе жатқан адам алдына қарайды. Бірақ бұл қасиетқолда күш, бойда қуат бар кезде ғана болатын құбылыс. Ер азамат елуден асқасын екі жағына қарайды. Ал алпыстан асқасын артына қарайды. Өйткені жетер жеріне жетіп қалды, алдында көз қызықтырардай көрініп тұрған ешнәрсе жоқ. «Артымнан өкшелеп келе жатқан кім бар!» деп ойлайды. Әр жастың қызуы бөлек, әр жастың жылдамдығы да әр түрлі. Өткен ғасырларда өмір сүрген Шал ақынның шарпуы мол шабытты жыры да өмір ағынын айғақтағандай: Он бестегі жасым-ай, Жарға ойнаған лақтай.
Жиырмадағы жасым-ай, Көлге біткен құрақтай. Отыздағы жасым-ай, Таудан аққан бұлақтай. Қырықтағы жасым-ай, Қырымдағыға көз салған Байлаулы тұрған құр аттай. Елудегі жасыңыз Қайта көшкен ел екен. Алпыстағы жасыңыз Қоңыр салқын күз екен.... Әрі қарай оқысаң, жылағың келеді. «Алпысқа келгеннен ақыл сұра» деп өзімізді өзіміз жұбатамыз әйтеуір. «Қоңыр салқын күн» кешкен Абай атамыз да алпысқа толғанда қара сөз жазып, халқы үшін қамыққан жоқ па? Қамықты. Қабырғасы қайысты. «Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық – әурешілікті көре-көре келдік. Енді ер ортасы жасқа келдік; қажыдық, жасыдық, қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік» деді данышпан Абай атамыз. Ендеше, Мыңбай аға да – жұмыр басты пенде. Тағдыры сан тарау, тауқыметі де аз емес шығар, сірә? «Алысты, жұлысты, айтысты, тартысты - әурешілікті көре-көре» жетпіске де жетті. Бірақ тартқан тауқыметінде тарих жатыр. Қиналған кездерінің де ғибраты мол-ау? «Жүрегінің түбіне терең бойласам ше?» Қойқаптағыны қозғасам ше? Арман – асқаралы тау сияқты. Таудың төбесіне шығу үшін тауың шағылады. Шаршайсың. Қамығасың. Қажыр жинап, қайсарланып, қайта өрмелейсің. Асқар тауды алмай тынбайсың. Ал ала алмай, аяғың тайғанаса ше? Жарым жолдан шегінсең, жарты арманыңның орындалғаны. Сондықтан да « Өмір – күрес» деп бекер айтпаған. Тіпті көзқарасыңды көпшілікке өткізу үшін де күресесің. Жеңесің. Жеңілесің. Кейде жеңу үшін алысып, шындық үшін шырылдайсың. Шындықтың түбіне жетуге тырысасың. «Шындықтың түбіне жете алмайсың, шындық сенің түбіңе жететінін» білсең де, бәрібір қасарысып бағасың. Ақиқаттың ақ туын тігу оңай ма? Соның жолында амал іздейсің. Өткізу үшін шындықты, Өтірік айтам кейде мен! – деп Қадыр Мырза-Әли тектен текке ой түйе ме? Шындығы солай. Мыңбай ағаның болмысы сізді осындай ой түюге мәжбүр ететіні даусыз. Неге бітімі солай. Көзқарасы солай. «Адамды тану үшін бір пұт тұз жеу керек» дейді халық даналығы. Бір пұтыңыз -16 кг. Оны қалай жейсің? Араласасың. Дәмдес-тұздас боласың. Бір қазан астың дәмін 50 гр. тұз кіргізеді. Мыңбай ағамен қанша пұт тұз жегенімді қайдам, ағалы-інілі боп көп сыйластым. Алғаш рет ол кісімен бетпе-бет 1972 жылдың жаз айында «Оңтүстік Қазақстан» газетінің редакциясында таныстым. Мәкең - бас редактордың орынбасары. Мен болсам, университеттің төртінші курсын бітіріп, оқу министрінің бұйрығы бойынша үш айлық өндірістік-тәжірибеден өтуге барған шикілі-пісілі қара жаяу студентпін. Қара құсына қайырып қойған қара
шашы сулы жердің нулы шөбіндей. Жанары тұнық. Екі бетінен қан тамып тұрса да, сұсты. Айбалтадай өткір, кең тұлғалы кісінің қармағына бекітіл дім. Журналистік тәжірибеден қалай өтетінімді қайдан білейін, Мыңбай аға әп дегеннен Маркс пен Лениннің негізгі еңбектерін тәптіштеп, мазмұнмағынасын сұрай бастады. «Түбі сатирик болсам - болды» деп, университет қабырғасында Маркс пен Лениннің шығармаларын соңына шырақ алып түсіп оқымағаныма опындым. Әр нәрсенің басын бір шатып, шоқырақтадым. Сөз саптауымнан «ілгері» баспайтын ілімнің саяздығын сезді де: – Кітапханаға бар да, Лениннің «Бір адым ілгері, екі адым кейін» деген еңбегін оқып, ертең кел! – деді. Ертоқымымды сыпырып, жайдақ жіберді. Әлгі еңбекті әрі аударып, бері төңкеріп, керекті-ау деген жерлерін дәптеріме көшіріп, тұщымды тұстарын жаттап, өзімше сақадай сайланып Мыңбай ағаның кабинетіне кірдім. Жылы шыраймен жымиып қарсы алды: – Ал не түсіңдің, айтшы? – деді. Ертегідей елжіретіп, ауыз әдебиетінің үлгісімен ажарын кіргізіп айта бастап ем, екі иығы селкілдеп ішек-сілесі қатты. Сірә, өтірік-шынын арала стырып, Судыр Ахметтей судыратқаным күлкі шақырса керек. – Көсемнің еңбегін көркемдеп сөйлеме, өз стилімен айтуға бейімдел! - деді де, Лениннің сөздерін түйдек-түйдегімен жатқа соқты. Аузымды ашып, көзімді жұмдым. Не деген қабілет! Біздің курстасымыз семейлік Мейрам Оралов батырлар жырын таңға ұрып жатқа айтқанымен, марксизмге мақау еді. Тілі шықпаған баладай был дырлап тұратын. «Мыңбай аға марксизмнің майын езіп ішкенімен, бәлкім, әдеби дүниеге шорқақ шығар?» деп шолақ ойлағам сол кезде. Араласа келе көзім жетті, ол ойым да күпірлік екен. Әлем әдебиетінің әспетті үлгілерін аударған кітаптары бір төбе болса, көптеген көркем фильмдердің сөзін қазақшалаған еңбегі бір төбе. Солардың ішіндегі сөлді дүниелеріне көз жүгіртейікші. Қазақстан Журналистер одағының лауреаты боп жүріп жазған мақала, көркемсөз, көркем очерктерін пішенге теңесек, қанша арба екенін білесіз. Ал қадау-қадау еңбегі қанша. Мысалы, орыс жазушысы Иван Ефремовтің тари хи – фантастикалық «Жерұйық» повесі мен «Жұлдызды желкен» әңгімелер жинағы, юкагир жазушысы Семен Куриловтың тарихи-этнографиялық «Ханидо мен Халерха» романы, Владимир Келердің ғылыми-көпшілік «Ғажайып сиқырдың қайта оралуы», Анатолий Алексиннің «Есіңе сақта бейнесін», «Ивашов» повестерін, «Достық кітапханасы» сериясымен «Жа зушы» баспасы шығарып келген украина, белорусь, чуваш, өзбек, қырғыз, қарақалпақ жазушыларының көркем әңгімелерін қайта сөйлетті. Ағылшын жазушысы Джойс Кэридің «Бірде үміт, бірде үрей» романы, Исландия жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Халлдор Лакснесстің «Арманын аңсаған жандар» романын, әзірбайжан жазушысы Анардың «Ақ қошқар, қара қошқар» повесін, неміс жазушысы, Нобель сыйлығының ла уреаты Генрих Гельдің соғыс тақырыбына жазған әңгімелерін, үндінің ұлы жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Рабиндранат Тагордың бірқатар әңгімелерін аударды. Қазір «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберіндегі «Тарихи ой-пікір қазынасы» деген сала бойынша Иосиф Флавийдің, Публий Корнелий Тациттің, Никколо Макиавелидің, Джавахарлал Нерудің тарихи-
философиялық, саяси-әлеуметтік шығармаларынан дәйектемелік көлемді үзінділер аудару үстінде. – Ұшан-теңіз біліміңіз бар, неге дисертация қорғамағансыз, Мәке? – дедім тамырын басып. – Мәскеуде оқып жүргенімде «Лениннің саяси фельетондары» деген тақырыпта реферат жаздым, кандидаттық минимум тапсырғам. Алматыға келген соң сол ғылыми жұмысыма жетекшілік жасаған бір ағамыз иегі қышып, менен бірдеме дәметті. Ғылыми дәрежені сатып алуым керек пе? Әделітсіздіктің тамырына балта шаптым да, теріс бұрылып жүре бердім. Тағдырдың бұйыртқан дәм-тұзы шығар, Мыңбай ағамен 1984 жылы саяси-сатиралық «Ара-Шмель» журналында қызметтес болдым. Ол – жа уапты хатшы, мен фельетон бөлімінің меңгерушісімін. Журнал орысшақазақша екі тілде аударылып шығатындықтан, әр журналист өз тілінде материал дайындайды. Орыстардың жазған фельетондарын қазақшаға аударамыз. Ол онша қиын емес, оң жамбасымызға келеді. Ал біздің қазақша дайындаған дүниелерімізді орыс тіліне тәржімалау үшін шебер аудармашы Болат Ысқақовқа жалынатынбыз. Мыңбай аға келіп, көзіміз ашылды. Екі тілге бірдей. Орысша ағып тұр. Тіпті орысша жазғандарын орыстардың өзі қол жүгіртіп түзей алмайтын. Әлі есімде. Бас редактордың орынбасары, «Шмель» жағын басқаратын Станислав Малоземов бір күні Мыңбай ағаның «и» деген сөзін «тоже» деп өзгертіпті. Оған Мәкең келіспеді. Малоземов та қанша дегенмен орыс емес пе, ол да өз пікірін дәлелдеп бақты. Екеуі де қайтар емес. Жатып кеп дауласты. Мыңбай аға ашуланғанда айбалтадай жалаңдап кетеді екен. Түтігіп «тоже» деген сөздің қай жерде қалай қолданылатынын орыс классиктерінің еңбектерінен мысал келтіре отырып түсіндергенде, қарсыласып баққан орысымыз «Вы правы, Маке!» деп қолын алған еді. Ыңғайы келгенде: – Аға, – дедім, – сізбен бір ауылда өстік. Мен білетін Шәуілдірде бір-ақ орыс бар-тын. Оның өзі балаларына шейін қазақша мақалдап сөйлейтін. Осыншама орысшаны қайдан, қалай үйрендіңіз? – Мені мұрыннан тесіп жетектеп жүріп орысшаға үйреткен курстас досым марқұм Тельман Жанұзақов еді. – Бірге оқыдыңыз ба? – Иә... Ол, Қалихан Ысқақов, Бек Тоғысбаев, Бекежан Тілегенов – бәріміз бір курста оқыдық. – Тельман аға «Правда» газетінің Қазақстандағы тілшісі, «Ара-Шмель» журналының бас редакторы болғанын білеміз. Бірақ сізді орысшаға үйреткенін есептемеппіз. – Әруағы риза болсын, Тельман туралы естелік жазып жүрмін,- деді Мыңбай аға. Ерекше досын еске алып, төгіле сөйлейді. – Біз бір-бірімізбен алғаш рет 1952 жылдың тамыз айында таныстық. Орта мектепті бітіріп, қолымызға кәмелеттік аттестат алған кезіміз. Қазақтың қара домалақ балаларының Алматы қайдасың деп, жоғары оқу орнына түсуді армандап, еліміздің астанасына ағылатын шағы. Ол кезде республикамыздың маңдайына біткен жалғыз университет бар болатын. Ол – Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университеті. «Жығылсаң, нардан жығыл» дегендей, соған құжат тапсырғандарда есеп жоқ. Солардың
ішінде біз де бармыз. Сол жылы, бейне бір қас қылғандай, журналистика мамандығы бойынша бір орынға сегіз талапкерден келіп, конкурс күшейіп кетіпті. Сонда да құжатын алып жатқан ешкім жоқ сияқты. «Үмітсіз - шай тан» деген. Тарихтан емтихан тапсыратын күн еді. Біз Тельман екеуіміз бұған дейін бір-бірімізді анда-санда сырттай көрісіп, жүзтаныс қана болып жүргенбіз. Тап сол күні онымен неғұрлым жақынырақ танысуыма мынадай бір қолайсыз жағдай себеп болды. Кезегіміз келген кезде емтихан тапсыруға ішке кірдік. Алған билетіме қарасам, дайындалмай-ақ жауап беруіме болады екен. Қуанышым қойныма сыймай: «Ағай, мен дайынмын, жауап бере берейін», - деп едім, мұғалім: «Кезегіңмен келесің, отырып дайындал», - деп бетімді қайтарып тастады. Өзі аласа бойлы, аурудан жаңа тұрғандай ілмиген ашаң адам екен. Түсі суық. Амал жоқ, айтқанын орындауға тура келді. Кезегімді күтіп отыра бердім. Қасымдағы бір балаға «Шәмілдің қозғалысы» туралы сұрақ келіпті. Жазып отырған жауабына көзім түсіп кетіп еді, оқулықта не жазылса, соны қайталап отыр екен. Бұл баламен бұрынғы бір емтихан алдында сөйлесіп қалып, танысқан жайым болатын. Жамбыл облысынан келіпті. Балалар үйінде тәрбиеленіпті. Енді, міне, оған жаным ашып кетті. Жазып отырған жауабының дұрыс емес екендігін айтып, сыбыр ете қалдым. Өйткені сол жылы Шәміл қозғалысы реакцияшыл қозғалыс, прогреске қарсы қозғалыс деген қаулы қабылданған болатын. «Сен ондай қаулыны оқымап па едің?» - деп едім, басым пәлеге қалды. «Айтып жіберші! Қалай, қалай дедің?» -деп итіне түсіп, маған қайта-қайта жақындай берді. Мен бір нәрсе айта бастасам, емтихан қабылдап отырған оқытушы ескерту жасайды. Бір емес, екі-үш рет ескертті. Бір кезде оқытушы алдында жауап беріп отырған баланы тоқтатып қойып: «Сен отыра тұр, ана білгіштің күшін көрейін», - деп мені алдына шақырды. Бірінші сұраққа жауапты бастай беріп едім, «Жоқ, дұрыс емес, келесі сұрағыңа көш!» - деді. Мен: «Жауабым дұрыс», - деймін. Оқулықта осылай жазылғанын айтып, дәлелдемек боламын. «Мен саған келесі сұрағыңа көш дедім ғой! Немене, қазақша түсінбейсің бе?», - деді. Екінші сұраққа жауап бере бастап едім, тағы да кідіртті. «Дұрыс емес, үшінші сұрағыңа көш», - деді. Мен тағы да келіспедім. «Ағай-ау, жауабым дұрыс, кітаптан қарап көрсек те болады!» -деп қалдым. «Үшінші сұраққа көш дедім ғой!». Үшінші сұраққа жауап бере бастап едім, бұл жолы еш нәрсе деместен, емтихан қағазыма «үш» деген баға қойып берді. Мен қарсылық білдіріп едім - тыңдамады. «Мынауыңыз қып-қызыл қиянат қой!» - дедім. Ыза болғаннан кейін көзімнен жас шығып кетті. Аудиториядан шыққан бойда «Қабылдау комиссиясының хатшысы» деген жазуы бар кабинетке бардым. Ибрашев деген кісі екен. Көз жасымды тия алмай, болған жайды толық айтып бердім. Қай сұраққа қандай жауап бергенімді де айттым. «Оқытушы қиянат жасады. 3 қойып берді. Мен мектепте тарихтан «3» түгіл, «4» деген баға алып көрмеппін. Қабылдау емтихандарын қалай тапсырып келе жатқанымды мына қағаздан көріңіз» деп қолымдағы қағазымды ұсындым. Менің бағыма қарай, Ибрашев тарихшы екен. Жауабымның дұрыс болғанына толық көзі жетті. Әсіресе Шәмілдің қозғалысы туралы хабарымның толық екеніне, бәлкім,
жетім балаға жәрдемдескім келгенін жасырмай айтқаныма риза болып кеттіау деймін: «Жүр менімен бірге», – деп емтихан болып жатқан аудиторияға ертіп кірді. «Мына абитурент шағым айтып келді, пәнді білетін сияқты ғой» деді. Емтихан қабылдаушы едәуір сасқалақтап, кібіртіктей бастады. Осы кезде Ибрашев маған: «Сен сыртқа шыға тұр», – деді. Мен шығып кеттім. Аздан соң бағамды «4» -ке өзгертіп алып шықты да, емтихан қағазымды қолыма ұстатты... Тебіреніп кеткенім сонша, тіпті «Рахмет!» деуге мұршам келмепті. Көзімнен тағы да жас шығып кетті. Бірақ бұл жолы қиянатқа ыза болғаннан емес, әділдіке риза болғаннан ыршып шыққан көз жасы еді. Өксігімді енді баса бергенімде, іштен Тельман шықты. Ол әлгінде маған жасалған қиянатқа өзінен кем күйінбегенін, әділетсіздікке жаны төзбейтінін айтып, мені жұбатқандай болды. Мен шығып кеткен бойда: «Әлгі абитурент «5» деген баға алуға лайық екен. Бірақ тәртібі ұнамады, екі-үш рет ескерту алды», – депті мұғалім қабылдау комиссиясының хатшысына. Осы кезде Тельман тұрып: «Баға баланың тәртібіне емес, біліміне қойылады емес пе? Қиянат жасауға бол майды ғой!» – деп батыл айтып тастапты. Өзінің де емтихан тапсырғалы отырғанына, мына сөзді оқытушының қытығына тиіп, ерегестіріп алатынына қарамапты. Бәрібір «5» деген баға алып шығыпты. Бірақ бұған дейін екі пәннен «4» деген бағасы бар екен. Мені арқамнан қағып жігерлендіргендей болды. «Екеуміздің алған балымыз бірдей. Соңғы емтиханға күш салуымыз керек. Содан «5» алсақ, түсіп кетеміз! Қорықпа!» – деді сеніммен. Тельманның сол сөзі айна-қатесіз келді. Соңғы емтиханнан «5» деген баға алып, екеуміз де конкурстан өтіп, оқуға түстік. Сол кезден бастап біз бір-бірімізге көңіліміз жақын дос-жар, сырлас жан дар болып кеттік. Тельманның ой-өрісі кең, оқығаны мол, түсінігі көбімізден жоғары сияқты көрінді маған. Көп білемін деп мақтануды, артық сөйлеуді білмейді. Сөйлей қалса, әзіл-қалжыңын араластырып, күлкіге кенелтеді. Тельманның бойында асыл қасиет көп еді. Ол біреуге қайтсем жақсылық жасаймын дейтін де тұратын. Өзгеге көмек қолын созуды өзінің ең бірінші азаматтық борышы санайтын. Университетте қазақ тілі мен қазақ тарихынан басқа пәннің бәрі де орыс тілінде жүреді екен. Орысы жоқ ортада өскен мен бұл тілден көп қиындық көрдім. Әсіресе әскери әзірлік кафедрасының пәндері өте қиын. Әскери тактика, топография, әскери жарғы, қару-жарғы түрлерінің материалдық бөлшектері, түрлі нұсқаулықтар мен ережелер. Бірін түсінсем, бірін түсіне бермеймін. Конспект жасауға шамам жоқ. Ал Тельман орыс тіліне ағып тұр. «Шіркін , мен де орыс тілін меңгере ала ма екенмін?!» деп армандаймын. Менің мұндай жағдайда тұрғанымды сезген Тельманның достық көмегін көп көрдім. Біріншіден, оның жазған конспектісін көшіріп алып, жаттауға кірісетінмін. Ал ол түсінбеген жерлерімді, жеке сөздерді, сөз тіркестерін қазақшалап беруге жәрдемдеседі. «Ұялмай, сұрай бер, менің бір-екі сы ныпты орысша бітіргенім бар. Ал сен, өз айтуыңа қарағанда, орыс тілі мен әдебиетінің өзін де қазақша оқыған көрінесің ғой!» – деп, күлдіре сөйлейтін. Оның бұлай дейтін жөні де бар еді. Мен оған бірде біздің ауданда орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім табылмағанын, бұл пәндерді бір кезде саяси сенімсіз деп айып тағылып, Саратовтан Қазақстанға жер ауда
рылып келген Владимир Ильич Попов деген қарт кісіден оқығанымызды айтқан болатынмын. Ал ол қазақ тілін орыс тілінен бір де кем білмейді десе де болатындай еді. Қазақтың қайдағы бір, тіпті біз естімеген мақал-мәтелдерін көсіле сөйлеп кеткенде: «Орыс та қазақша сөйлейді екен-ау» деп аузымызды ашып, аң-таң қалатынбыз. Владимир Ильич бізге орыс әдебиетінен әуелі қазақша айтып түсіндіріп, соңынан тақырыптың негізгі мазмұны мен мәнін ерінбей-жалықпай сынып тақтасына өз қолымен орысша жазып: «Ал енді мына «шпаргалканы» көшіріп алыңдар да, жатпай-тұрмай жаттауға кірісіңдер». «Сендердің, жастардың, жаттау қабілеттерің күшті ғой. Естеріңе ұзақ уақыт бойы сақталады. Ойларыңа өзінен-өзі оралып, сайрап тұратын боласыңдар» дейтін жарықтық. «Бірақ, - деп ескертетін ол, бүкіл сынып оқушыларының орыс тілінде осал екенін біліп, - бұл «шпаргалканы» қалталарыңа сақтап, масқара болмаңдар, бастарыңның қауашағына құйып алыңдар» деп күлдіретін. Вла димир Ильичтің сол қысқа да нұсқа «конспект-шпаргалкасы» көп кәдеге жарады. Кейін өзге де талапкерлер сұрап қоймаған соң, одан айырылып қалғаныма осы уақытқа дейін өкінемін. Орыс тілін азды-көпті үйреніп алуыма мектептегі сол қарт ұстазым Владимир Ильич Попов, университетте орыс тілін оқытқан тәжірибесі мол байырғы маман ұстаздарым Виктор Михайлович Хомутов, Евгения Николаевна Зенина сияқты оқытушыларыма қаншалықты қарыздар болсам, қимас досым Тельманға да соншалықты қарыздармын. Солардың көмегінің арқасында қысқа мерзімнің өзінде-ақ орысша емін-еркін сайрап шыға келдім. ...Біліктің бәрі білімнен келеді деген осы шығар. Жоғары оқу орнын 1957 жылы қызыл дипломмен бітірген Мыңбай аға Клара жеңгеймен отау құрып, «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетіне орналасты. Сол жылы әкесі Ілес: «Жан дегенде, жалғыз баламнан нені аяймын?! Жиған-тергенімді шашамын»,- деп той жасады. Отырар төбенің маңындағы Жалпақ далаға қырық-елу киіз үй тігіп, әрісі Ферғанадан, бергісі Созақтан мыңға жуық қонақ шақырды. Нартай Бекежанов бастаған бір топ өнерпаздар осы тойдың гүлі болған. Бір қызығы, жаңа тұрған жұмыстан сұранудың ретін таппай баласы мен келіні сол тойға бармай қалған. Отырарға іссапармен ойда жоқта келген ақын ағамыз Тұманбай Молдағалиев сол тойдың үстінен шығыпты. Алматыға келгесін: – Сені тойдан көрмедім ғой, қай жерде болдың? – деп сұраса: – Шеткі киіз үйде! – деп өз тойында бола алмай қалғанын жасырған. Аудан басшылары: «Мынадай ұлан-асыр той жасауға кім рұқсат бер ді? Давай, бұл тойыңды Ұлы Октябрь социалистік революциясының 40 жылдығына арнап өткіз!», – деп Ілес ақсақалды қыспаққа алғанда, қария олардың қоқан-лоқысынан қорықпаған. – Бұл – жалғыз баламның қуанышына арналған той. Маған баланы ре волюция емес, Құдай берген. Алда-жалда алды-артымнан ор қазып, рұқсат етпесеңдер, тойымды Созақта өткіземін!» – деп айтқанынан қайтпаған. Халық «Егер той өткізуге кесір келтірсеңдер, Созақ көтерілісін осында жа саймыз!» деп дүрілге бастағасын, аудан басшылары аяғын тартып, амалсыз көнген. Мыңбай аға – жалғыз бала. Қырыққа толғанда көрген жалғыз қуанышы
үшін Ілекеңнің аянатын түгі жоқ-тын. Ілекең құдай қосқан қосағы Дүрия екеуі қырыққа дейін перзент көрмепті. Жалаң аяқ жер кешіп, қызыл аяқ қан кешіп, әулие-әнбиелерге зиярат етті. Шегініс жасайық. «Ақ» пен «қызыл» айқасып, Кеңес өкіметі орнағанымен, үрей биле ген ел іші қасқыр шапқан отарлы қойдай үркулі-тін. Күн көріс қамымен кіре тартатын керуен құрып, он-он бес үй Созақтан Өзбекстанға ауған. Сол жылы «жер жүзіне нұр болып» көсем атанған Ленин де дүние салған. Қара жамылған қалың ел «жерұйық» іздей бастаған заманда Ілес ақсақал Өзбекстаннан Ферғана жазығына кеп, көшін жыққан. Теріскейден Қаратау асып, Арыстың Сырға құяр сағасындағы Арыстан-баб әулиеге ат басын арнайы тіреп, түнеген. Көз жасын көлдетіп, ботадай боздап Құдайдан бала тілеген. Өйтетін де жөні бар. Арыстан-бабтың шын аты – Салман. Өз зама нында Қожа Ахмет Яссауи мен менің бабам Қарабура Арыстан-баб атанған Салман әулиенің қолында оқып, бірге дәріс алған. Бабасының бабасына кеп түнеуінде де үлкен мән бар. Ферғана маңын он бір жыл қоныстанып, о жақтан ата қонысы Созаққа қайта көшкен. Ең басты себебі аштықтан емес, жоқтықтан емес. «Өзбекстанда жүріп, өзбек болып кетерміз, сайда жүріп сарт боп кетерміз, қазақы қалпымызды сақтайық!» деп ұлт намысын ойлаған. Ата қонысына бет түзеген ұлы көш Арыстан-бабқа келгенде үш-төрт күн аялдап, ат суытып, түйенің белін босатқан. Әкесі бейбақ тағы да Арыстан-баб әулиеге түнеген. Тағы да ағыл-тегіл жылап, Құдайдан бала тілеген. Ертең көшеміз деген күні түнде әкесіне Алла-тағала аян береді. Түсінде бір аттылы ақсақал: «Балам, Құдай тілегіңді қабыл қылады», – дейді. Дәл осы түсті анасы Дүрия да көреді. Екеуі де түстерін ешкімге айтпай іштерінде сақтайды. Таңертең ағайындары аттарын ерттеп, үйлерін жығып көшу қамына кіріседі. Бірақ бұлар үйлерін жықпай отыра береді. Себебін сұрағандарға: «Көштерің көлікті болсын, кейінірек арттарыңнан барамыз», – деп Отырардың іргесінде қалып қояды. Алла жар боп, анасы тоғыз айдан соң толғатып, ұл туады. Жапан далада жалғыз үй. Кіндігін әкесінің інісі Қыздарбек кеседі. Арыстан-бабтан ат шаптырым жердегі Мыңшұңқырда туғандықтан, ұлдың атын ырымдап Мыңбай деп қояды. – Қыздарбек айтқанынан қайтпайтын бір беткей еді. Мыңбай тұп-тура кіндік әкесінен аумай қалған! – дейтін көнекөз қариялар. Ал әкесінің көзін көрген кәріқұлақ қариялар: – Өзі, сөзі, жүріс-тұрысы, қайсарлығы тұп-тура – Ілес, сойып қаптап қойған! – дейтін. Ілес ақсақал бала кезінде әліпті таяқ деп білу үшін молданың алдына барса, шыбықпен шыңғыртып сабапты. Қайсар бала «Көрмегінім молда болсын!» деп сол кеткеннен мол кеткен. Әке-шешесі «Қара таны, шырағым!» деп қанша үгіттесе де, көнбеген. Содан туған Мәкең ғой бұл. Кіндігі кесілген жерден кетпеймін деп, Отырарды мәгілік мекен етіп қалған. Бұл 1935 жылдың арпа піскен мезгілі екен. Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мыңбай аға бірінші класты бітірмей жатып түйенің қомында кете барады. Құмның ішінде түйе баққан әкесі жеті жасар баласын өзімен бірге ала кетеді. Айдалада ақ боз үй. Айнала құм. Сексеуіл. Түйе... Аспанда ұшқан құс
пен анда-санда ат басын бұрған бірлі-жарым жолаушыдан басқа ештеңені көріп өспеген Мыңбай бала бастауыш кластағы үйренген әліппесін өз бетін ше жалғастырады. Не қағаз, не қалам жоқ. Енді қайтпек? Құмды қағаз қып, сексеуілдің шырпысын қалам қып, айдаланы айқыш-ұйқыш шимайлап жүріп жазу жазып, әкесінің керегесіндегі латын әріпімен жазылған «Тоғыз батыр» деген батырлар жырын оқуды өзінше үйреніп алады. Қой бағудан қолы босаған қойшылар түнде сексеуіл отынының жарығымен Мыңбай балаға көзі ілініп кеткенше жыр оқытып, ләззат алса керек. Күндердің күнінде жыр тыңдап отырған бір жолаушы: – Әй, мынау болайын деп тұрған бала ғой. Айбалтадай өткір екен, бағын байламай оқытыңдар! – деп Балтакөлдегі мектеп-интернаттың бірінші кла сына әкеп тапсырады. Зерек бала бір жылдың ішінде үш класты аттап оқып, төртінші сыныпты өз қатарларымен бітіреді. Тоқсаныншы жылдардың басында Мыңбай ағамен тағы да тоқайласып бірге қызмет істедім. Шерағаң, Шерхан Мұртаза – «Егемен Қазақстан» газетінде бас редактор, ол кісі – орынбасары, мен фельетон бөлімінің меңгерушісімін. Жұрт Нури Муфтахты «бір өзі жүз журналиске тати ды» десе, Мыңбай ағаны «бір өзі – бір редакция» деп бағалайтын. Сол Шерағаңның дәуірінде Мәкең журналистік іс-сапармен Америкаға барып қайтты да, «Атың барда жер таны желіп жүріп» деген айдармен газеттің төрт нөміріне саяхатнама мақаласын бірінен соң бірін жариялады. Алған әсері көп-ау, таусылатын түрі жоқ. Лездеме кезінде Шерағаң: «Ой, Мәке, сіздің атыңыз әбден суытылып жаратылған ат екен, шаршамайды ғой!» – деді. Астарында әзіл жатса да, Мыңбай ағаны қарымды қаламгер ретінде бағаланғаны еді. Таңның атысы, күннің батысы қыбыр-қыбыр, шаршамайды. Мінезі жұмсақ: үлкенге де, кішіге де кішіпейіл ағаның тағы бір қырын ашқандай болдым. Қолынан келгенше қолғабыс жасағысы кеп тұратын кейпіне іштей ризамыз. Бір күні Мұхтар Шахановтың өлеңдер жинағын парақтап отырып «Өзендер» деген өлеңіне назар аудардым. Мыңбай Ілесовке арнапты. Негізгі ақындар қауымы ақжарма өлеңін анаған, мынаған негізсіз арнай бермейтіні ақиқат. Сол өлеңнің тарихын сұрағанымда, Мыңбай ағам қойқаптағыны қозғап, рахат күйге бөленгендей сыр шертті. – Әкемнің сырқаттануына байланысты «Лениншіл Жастан» облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетіне ауысқам. Әдеби қызметкермін. Алаңсыз алакөлеңке кабинетімде отырғам. Есік ашылды да, аржағынан сығалап қараған баланың басы көрінді. – Кел, кел! – дедім дауыстап. Жап-жас бала. Жасқаншақтап ішке енді. Тойған қозыдай. Моп-момақан. – Не шаруа? – дедім оған қарап. Монтиған қалпында: – Өлең әкеп ем! – деді. – Кімнің өлеңі? Кім беріп жіберді? – деп сұрадым. – Өзімнің өлеңім ... Түріне қарасаң, мынадай жуастан жуан ақын шығады деп ойламайсың. Жақында ғана бір алаяқ біреудің өлеңін әрпін де өзгертпей көшіріп әкеп, оған біз имандай сеніп, ұрлық дүниелерін соның атынан жариялап жіберіп, масқара болғанбыз. Сол үшін редактордан сөз естідік.
– Шынымен өз өлеңің бе? – деп нақтылай түстім. – Оқышы! Монтиған балам жанары жалтылдап, ұшатын құстай қомданып алды да, екі иығын жұлып жеп бес-алты өлеңін жатқа соқты. Сендім. Ақын екеніне сендім. «Әй, мына баладан түбі бірдеңе шығады-ау?» деп іштей сүйсіндім де, аты-жөнін, өмірбаянын суыртпақтап сұрап, одан сайын елжіредім. Жетім бала. Жалғыз шешесі бар. Жетінші сыныпты бітіріпті. Содан кейін соқа сүйретіп, тракторшының көмекшісі боп жүр екен. Бес-алты өлеңін машинкаға бастырып, бөлім меңгерушісіне ұсынып ем, ол кісі көз жүгіртпей жатып: – Жарамайды! – деді шорт кесіп. Неге қырсыққанын түсінбедім. – Оқымай жатып, қалай айтасыз? Әуелі оқыңызшы! –дедім жалынғандай. – Мен «Жарамайды!» дедім бе ? Жарамайды! – деді де, өлеңдердің белі нен бір-ақ сызды. Мен де қайтпадым. Тауымның шағылғанына емес, қанат қаққалы тұрған балапан ақынның беті қайтып қала ма деп қатты әбіржідім. Тельман Жанұзақов пен Бек Тоғысбаевқа арнайы хат жазып, оған Мұхтардың өлендерін қоса жолдадым. Газетке жариялауын өтіндім. Күндердің күнінде баяғы бала үйге кепті. Екі езуі екі құлағында. Қуанышты. – Аға, – дейді амандаспай жатып. – Сіздің алғы сөзіңізбен менің өлеңдерім «Лениншіл Жасқа» шығыпты. Мінеки... Жамырасып оқыдық. Сол күні жексенбі болатын. Бала Мұхтар базарға барып, сатып алған қант шайын орайтын қағаз таппай тұрса біреу осы газетті беріпті. Қараса өзінің өлеңдері басылыпты. Қант-шайды мәйкесіне орап, газетті қолына ту қып ұстап, біздің үйге тура тартқан беті екен. Міне, бір өлеңнің тарихы. Ең алғаш рет поэзия бұлағынан өзенге кеп құйылуына себепші болған Мыңбай ағаның елу жылдық мерей тойында оқыған сол өлең – нағыз жүректен шыққан шынайы шығарма. Ән туады мұраттан, ой туады сұрақтан, Небір үлкен өзендер басталады бұлақтан. Бірақ соның барлығы жете алмайды теңізге, Жоғалтады өзді-өзін түседі де көп ізге. Өмір кейде тым қатал, өмір кейде тұйықтау, Кей өзеннің жолына бөгет боды биік тау. Небір асау, асығыс шулы өзендер ақ тарлан, Ағып, ағып барғанда құмға сіңіп жоқ болған. Жолсыздық пен жөнсізді жалықты көз көруден, Құтқар асау өзенді құмға сіңіп өлуден. Құтқар анау аққуды сол өзеннен жеруден, Ағын судан зерігіп, шалшық суға сенуден.
Өзен болу – үлкен сын, бақыт емес ол да аса, Теңізге ағып баруға мүмкіндігің болмаса. Жақында Мыңбай ағаны жетпіс жасқа толуымен құттықтап, үйіне соқтым. Бұрын онша аңғармағанмын-ау, сірә? Үйінде атамзаманда жасалған айбалта бар екенін байқамаппын. – Менің Жаубасар деген алтыншы атам жаугершілікке ұстаған айбалта бұл! – деді Мәкең. – Атадан балаға мұра боп келе жатқан айбалта 1930 жылдардағы Созақ көтерілісіне соңғы рет пайдаланылған. Осыдан ширек ғасырдай бұрын Отырар мұражайы ашылғанда, Жаубасар атасының айбалтасы мен атақты ұста Әлі ақсақал бала Мыңбайға кезінде тарту еткен «тай үзеңгіні» әкемнен уақытша сұрап алып, Отырар тарихиэтнографиялық мұражайға қойған. Әкем жасы ұлғайып, тоқсанның алтауына толғанда дүниеден өтті. Жылын беруге барғанда Отырар мұражайына соқсам, атамның айбалтасы көзіме оттай басылды. Бірақ кімнің балтасы екені белгісіз. «Айбалта мен үзеңгі кімнің жәдігері екенін неге көрсетпегенсіңдер?» десем, ондағылар: «Олай жазу не положено!» –деп, маған ақыл үйреткендей қарады. Тас-талқан болып ашуландым. Үзеңгіні қалдырдым да, айбалтаны алып кеттім. Міне, бабам тұтынған балта. Е-е, Мыңбай ағам неге қайсар, неге өткір десем, айбалтаның аржағында бірталай сыр бар екен-ау... мамыр, 2005 жыл
“ШЕНЕУНІКТЕР
КЕЛЕДІ-
КЕТЕДІ...”
Заманбек
НҰРҚАДІЛОВ
Д үниенің тұтқасы кеңдігінде емес, тепе-теңдігінде. Дүниенің бәрі егіз: жер мен көк, күн мен түн, күнгей мен теріскей, ақ пен қара, жақсы мен жаман, қуаныш пен реніш, ащы мен тұщы, бар мен жоқ... Ендеше, бас изейтін барымыз қайсы, бас шайқайтын жоғымыз қайсы? Айдың да арғы жағы бар. Адам да ай сияқты, арғы жағы тылсым, біле бермейміз. Осы тақілеттес ойлардың орамымен біз Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы Заманбек НҰРҚАДІЛОВТІҢ “арғы жағын” қозғауға ты рысып, сұхбаттасқан едік. БАЯҒЫДА НЕ ДЕП ЕДІҢІЗ? – Заманбек Қалабайұлы, Сіз Алматы облысына әкім болып кел геніңізде “Жетісуды жер жаннаты етем” дедіңіз. Жоғарыға алақан жаймай, облысты “дотациясыз” аймаққа айналдырам” дедіңіз. “Қап шағайдан аэропорт салам” дедіңіз. “Мал басын көбейтіп, Моңғолиядан 3 миллион қой әкелем” дедіңіз. “Алатау баурайында апорт өсірем” дедіңіз. “Электр қуатын қажетсінбейтін жел диірменді ауыл-ауылға орнатам” дедіңіз... Осы қыруар жоспарыңыздың қайсысы орындалды? Әлде үлгермедіңіз бе? – Үлгермедім. Менің бағым ба, сорым ба, облыс орталығы Талдықор ғанға көшіп, мен әкім қызметінен кетіп, басталған талай мәселелер орта жолда қалды ғой. Сіздің айтып отырғаныңыз тумай туа шөккен жұмыс тардың біразы ғана. “Мен мына құмда аэропорт салмаймын” деп Шалбай мырза сұхбат беріпті. “Ей, айналайын құмыңнан, қазақ жері, сол құмда (төменірек Ба қанаста) Димекең туған, сол құмшауытта, Шалбай өзіңіз де туғансыз” деп айтар едім. Елдің көзіне құм шашпау керек. Шағылда аэропорт, шағалалы Қапшағайдың арғы бетінде әлі де үлкен қала болады дегенге сенімім зор. Америкада суы жоқ шөлде, тастақты далада Лас-Вегас деген керемет қала салып, миллиардтаған пайда тауып жатыр ғой. Оған қарағанда Қапшағай дың жан-жағы жұмақ емес пе? Болашаққа бой созып қараймын. – Бірнеше мәрте депутат болдыңыз. Парламент мінбесіне көкей кесті мәселені көтеріп, батыл ұсыныстар жасадыңыз. Қазір депутат болмасаңыз да қандай бағдарламаны баяндар едіңіз? – Әуелі бұрынғы Парламент туралы сөз қозғасақ, әр түрлі жағдайлар болды, Парламент бір емес, екі рет тарқады. Біріншіде, “Жоғарғы Кеңесті Нұрқаділов тарқатты” десе, екіншіде Олжас Сүлейменов “Если в России Парламент распустили танки, в Казахстане хватило одной Таньки” деп Татьяна Квятковскаяны меңзеді. Әй, дегенмен, айттық қой. Мысалы, алдағы жылдарды Президентіміз “Ауыл жылы” деп жариялап жатыр. Өте дұрыс!
Өкініштісі, Елбасына 1996 жылғы менің Мәжілісте ауылдың жағдайы жөнінде сөйлеген сөзімді дұрыс жеткізбегендігі. – Онда не мәселе көтеріп едіңіз? – Экономиканың ең басты екі саласы – мал шаруашылығы мен жер мәселесіне тоқталғанмын. Қазақтар кездескенде “Ассалаумағалейкумнан” бұрын “Мал-жан аман ба?” деп әуелі малды, сосын халді сұрап аманда сады. Бұл – малдың орны бөлектігін анықтай түсетін айғақты сөз. “Осы бізге осыншама малдың керегі не?” деп шіренгендер де шыға бастады. Бұл кімнің іріген аузынан шыққан шіріген сөз екенін айту қиындау, әйтеуір жақсылық емес. Мысалы, аз ғана халқы бар Моңғолия “Мал – мемлекет байлығы” деп өздерінің Конституциясына алтын әріптермен жазып қойған. – Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз өзінің хадистерінде “Қойды көбейтіңдер, өйткені береке сонда” деп өсиет қалдырған... – Иә, иә... қазір де солай. Өйткені, малдың мемлекет саясатындағы орнын талдап көрелікші. Мал дегеніңіз жәй ғана үй жануары емес, ха лыққа да, мемлекетке де ауырлық түсіріп, қолбайлау болып отырған жоқ. Мал дегеніңіз – қазақтың жейтін еті, басты тамағы. Қай қазақ қонағын қуырдақсыз, асылған етсіз жібереді, қысқа қарай соғым соймай отырады? Мал – ішетін сүт пен айран, қымыз бен шұбат, құрт пен ірімшік. Бұлардың дәмін татпайтын пенде жоқ! Мал – жүн, өңделетін тері, атам заманнан үстімізге лыпа, аяғымызға қорғау ретінде қолданылып, қазіргі заманда алтынға сатылатын ең жоғары бағалы тауарлар. Мал жарықтықтың сүйегінен минералды қосымшалар мен жуғыш заттарды шығарады. Бұның көбін біз долларға шетелден сатып аламыз. Мал – бүгінгі нарық заманында, мұнай өнімдері қымбаттағанда, ауыл үшін жаралған арзан көлік. Мал – атам заманнан жер жыртып, егін ору, шөп шауып, оны тасу, отын мен үйге керек заттарды жеткізуге арналған тірі де, арзан, құдай жаратқан жануар. Мал – сандығыңдағы дайын алтын қор. Оның санын былай қойғанда, сапасына келсек, мал сойғандағы қалатын жалғыз өттің тасы мен ішектерін шетелде алтыннан жоғары бағалайды. Мүйізі мен тұяқтарына да қызығатындар аз емес. Мал – көшпелі елдің ұрпағы үшін яғни, ауылдағы балалардың үйдегі ермегі, ойыншығы. Жастайынан малмен ойнап, бұл ойын бара-бара еңбекке баулып, күнкөрістің басты құралына айналды. Осының өзі тәрбие емес пе? Мал бағу осындай тәрбиенің ғана арқасында келеді. Мал – талай ғасырдың сынынан өткен дәрі-дәрмек, ауруларды жазатын ем. Атам қазақ жаңа сойған қойдың терісіне қатты науқас адамды орап, талай кісіні өлімнен алып қалған. Қымыз бен шұбаттың, қойдың құйры ғының қасиеттерін қазіргі медицина ұмыта бастады. Мал – ең құнарлы тыңайтқыш және ең арзан отын. Мал – ең тұрақты валюта, малы бар ел кедей тұрмайды, керектісін мал сатып, тауып алады. Мал – қорыта айтқанда, біздің халықтың ең басты еңбек құралы, күнкөрісі. – Қазіргі жер проблемасы күн тәртібінде күйіп тұрған мәселе. Бір депутат “Жерді жекешелендіріп беруге қарсымын. Үкімет пен Пар ламенттің жерге тиісуге ешқандай құқы жоқ. Өйткені ол халықтыкі болуға тиіс” деп үзілді-кесілді пікір білдірді. Енді бір азаматтарымыз
“Жерге жекеменшік құқығын енгізу қажет. Жер иелеріне жерді тегін берген дұрыс” деп есептейді. Кейінгі кезде “Жерді сату қажет пе, жоқ па?” деген жаңа сұрақтың орнына “Жерді қалай сатамыз?” деген сауал пайда болды. Сіздің осы дау-дамайы мен дабырасы көп жер проблемасы туралы көзқарасыңыз қалай? – Алла-тағала бізге осы жерді берген соң, ата-бабалардың жерін қорғап қыршын болған батырлардың әруағы үшін, қазіргі өмір үшін, ел мен мем лекеттің болашағы үшін бұл мәселенің астарына терең үңіліп, байыбына барып қаралық. Жер қалталылардың ғана қармағына ілінсе, қайран қазақ қайда барады, кімге құл болады? “Қажыгелдин сияқтыларды сотқа беру керек” деген сөз де айтылды. “Мұнайдың ақшасы қайда? Мыс, темір, көмір, хром, рений, алтын, күміс, мырыш, қорғасын, марганец және т.б. байлығымыз кімнің қолында?” деп айттым, бәрі тарих болып архивте қалды. Сонда неге бүгін жерді базарға салуымыз керек? Менің ойымша, бұл сұрақты, бұл мәселені әзірше тоқтата тұрған дұрыс. Оның да уақыты келеді. Піспеген алманы ешкім жемейді, жесе іші кебеді. ЕРКЕК ЕКІ АЙТПАЙДЫ – Шенеуніктердің көбісі шер таратқандай кітап оқып жарытпаса да кітап жазуға әуес. “Пәлен батырдың ұрпағымын, түген бидің кіндігінен тікелей тараған асылдың сынығымын. Сүттен ақ, судан таза болсам да, жаптым жала, жақтым күйеге ұшырадым” тәрізді қарақан басына қалқа орнатып, ақталып жатады. Сіз де өзіңіз туралы “Не только о себе” деген кітап жаздыңыз. Мемуар ма, естелік пе? Осы кітабыңызды жазуға не түрткі болды? Әлде саяси аренадағы салмағыңызды көр сеткіңіз келді ме? – Күнделік жазуға немесе ойтүрткі мәселелерді тізбелеуге құмар емес едім, бірақ қала әкімінің қызметінен кеткен соң біраз уақыт үйде отырып қалдым. Сол кезде өткен өмірлерге көз салып қарасам, көп уақиғалардың тікелей куәсі болыппын. Алдымен қысқаша еске алу ретінде қағазға түсі ре бастадым. Сосын талдап, іріктей келе кітаптың жоспары да құрылды. “Кітапты орысша жазсам ба, әлде қазақша жазсам ба?” деген сұрақ мені көп мазалады. Барлығына түсінікті болсын деп орысшаға көштім. Бұл кітапта естеліктен гөрі ой-толғау басым, басты мақсат – ойпікірімді айтып жеткізу және саяси аренада ешқандай салмақ көрсетуден аулақ туынды. Айтпақшы, марқұм Қалтай аға (Мұхамеджанов) көзі тірісінде осы кітапты қазақшаға аударсам деп қолқа салып, жазбасын өмірден қайта рының алдында маған тапсырып еді. Аудармасы өзімде, уақыты да келер, жарыққа шығар деп ойлаймын. – Аузы дуалы ата-бабамыз “Құдайдан қорықпағаннан қорық” дейді. Жұрттың пайымдауынша Сіз “Нартәуекелдің” адамысыз. “Еш теңеден қорықпайтын адам күлкіден ғана қорқады” дейді Мольер. Жалпы, өміріңізде үрейленіп немесе қорқып көрдіңіз бе? – Ерте кезде осындай бір сұраққа былай жауап бергенмін: “Мен үш нәрседен қорқам, әуелі Құдайдан, екінші — халықтың қарғысынан, үшінші
— шешемнің қаһарынан” деп. Енді шешем жоқ, дүниеден қайтып кетті. Айтатыным, анамның алдында тағзым етем, “аруағы атпасын” деп тәубә жасаймын. Басқа қосарым жоқ. Дегенмен де қазақтың “Еңкейгенге еңкей, ол әкеңнің құлы емес, шалқайғанға шалқай, ол Құдайдың ұлы емес” деген сөзін ұмытпаған жөн. Қазақ әдебиетінің ірі де іргелі тұлғасы Ғабит Мүсірепов әйелді ба ғындыру үшін “Еркекке іс те керек, тіс те керек, жүрек те керек, білек те керек” деген еді. Әрине, әйелдердің жүрегін жаулау әркімнің қолынан келе бермейтін өнер. Сыпайылық, әдептілік, көргенділік, тектілік, биязылық, ықылас, махаббат пен жомарттық секілді жоғары қасиеттерімен еркек әйелді таңғалдыруы тиіс. — Сіз Мақпалды қай қырыңызбен, қандай қылығыңызбен мо йындатасыз? — Махаббат, сырласу, сөз тыңдау, дұрыс жауап беру және тағы да басқа қасиеттерді былай қойғанда, “Еркек екі айтпайды” деген нақыл сөз әр жігіттің басты құралы болуы керек. — Жасыратын не бар. Көк тіреген көп шенеунік басы бүтін ақынжазушыларға аянышты көзбен қарайды. Ал ақын-жазушылар рухани байлығы жоқ шенеуніктерді аяп, мүсіркейді. Сіз олай емессіз. “Өткенге — салауат, тіріге — береке” деп бұл өмірден озған өнер жүлдыздары Тоқсын Құлыбеков, Мейірман Нүрекеевке жасаған жақсылығыңыз елдің есінде, жұрттың жүрегінде. Марқұм Оспанхан Әубәкіровтің де еске алу кешін ұйымдастыруға атсалыстыңыз. Біртуар сазгер Шәмші Қалдаяқов туралы кітаптың жарық көруіне септігіңіз тиіп, демеушілік жасадыңыз. Талай өнер адамдарына пәтер бердіңіз. Бірақ, сіз Ақсұңқар Ақынбабақызы деген ақын қызға ғана пәтер бермеген сияқтысыз. Ол кітабында: Үміт отын Жалғап ылғи тұратын, “Үй берем!” — деп Алдап кетті бір әкім! — деп жазыпты. Сұрастырсақ — сізге ар налыпты. Жалпы, бет-аузыңыз бетон секілді суық көрінгенмен, арғы жағы ңыз шуақты ма? Мейірімділік сүтпен келіп, сүйекке сіңген қасиетіңіз бе, әлде кейінірек келе-келе үйренген үрдісіңіз бе? — Марқұм анамның мінезі шығар. Ол кісінің де қолы кең, мейірімді, сөзді екі қайталамайтын кісі еді. Жақсылыққа жуық, өсек-аяңға бармайтын. Өзімді-өзім мақтайтын адам емеспін, пенде болғасын бойымда, мінезімде кемшілік жоқ деген ойдан алшақпын. Ондайдан опық жеген кездерім аз болған жоқ, әлі де болады деп ойлаймын. Бірақ, өзіме сын көзбен қарап, талдау жасап отырамын. Ал, енді ақын қыз Ақсұңқарға неге пәтер тимегенін Алматы облыстық “Жетісу” газетінің редакторы Жақыпжан Нұрғожаев тан сұрау керек. Кезінде “Ақсұңқарға көмектесіңдер!” деп Жақыпжанға тапсырма да берген болатынмын. Облыс орталығы Талдықорғанға көшіп, мен басқа жұмысқа ауысып, аумалы-төкпелі тұста оған үй тимек түгілі, қызметтен қысқарып кеткендігін кейіннен естідім. Ол қыз маған өкпелеп хат жазды. Қазақ ырымында “қыз бен мысықтың қарғысы жаман болады” дейді ғой. Ата-мекеніне Монғолиядан көшіп келген Ақсұңқар Ақынбаб
қызына оралмандар есебінен үй қарастыруын өтініп, Республика көші-қон агенттігінің төрайымы Алтыншаш Жағановаға арнайы хат жаздым. Ендігі мәселе Алтыншаштың қүзырында. ТҰҚЫМЫН ТҰЗДАЙ ҚҰРТТЫ!.. — Әйгілі сазгер Әсет Бейсеуовтің 500 әнін нотасымен жинақтап, екі томдық кітабын шығаруға мұрындық болдыңыз. Осы бір иман дылық ісіңіз жалғасын тауып жатыр ма? — Затаевичтің “Мың әнінен” кейін Әсет ағадай атақты сазгердің нотасына қоса 500 әні жарық көргені тарихи жағдай. Жалғасын таппай қалған жаңа идеяларымыз қанша, көкірегіне нан піскендердің кесірінен көп істер аяқсыз қалды. Мысалы, өрім жастардың “Мың бала” қозғалысы сондықтан “мешел” боп жүрмей қалды. Көзге түсіп көріне алмай жүрген болашақ Нұрғиса, Шәмші, Әсеттердің жолдарын қуатын жас сазгерлерді көтермелейтін “Жаңа ғасырға — жаңа ән” байқауы да жарқ етті де жоқ болды. “Аңырақай шайқасының” да тәрбиелік мәні зор еді. Кейбір кере наулар “Өзімнің идеям болмаса, ешнәрсеге жол берілмейді” деген лозунгті жөн көреді. Бұл үлкен қателік. Кім біледі, әлі де “үмітсіз-шайтан” демекші, бәрі қайталап оралар дегендей үміт бар. — Халықаралық “Азия дауысы” ән байқауының қанат қағып, қарыштап шығуына алғаш рет ықпал жасадыңыз. Қазір “Азия дауы сының” атақ-абыройы бұрынғыдай ма? “Мата даңқымен бөз өтетіні” секілді ұлттық бояудан ұятты боп бара жатқан жоқ па? — “Азия дауысын” айқайлатып бастағанда, “Ойбай, Заманбек мұны Мақпал үшін ұйымдастырыпты” деп көкігендер де болды. Уақыт өтті, “Азия дауысы” әлі тірі. Әрине, біз бастағандай дәрежеден төмендеп, ұсақтаған сыңайлы. “Азияны” ұмытып бара жатқандар да бар. Баяғыда бір кемпірдің “Мұны түсінетін бала қайда?” дегені секілді өкініш те жоқ емес. Бірақ “Азия дауысының” сөніп қалмай, жыл сайын болып тұрғанына да “тәубә” деймін. — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “жұмыс істегісі келген адам істің көзін табатынын, ал құлқы жоқтар сылтау іздеп сырғақ тайтынын” айтып еді. Алматы облысының әкімі болып тұрғаныңыз да әлгінде айтылған “Жаңа ғасырға — жаңа ән” атты ән байқауын өткізіп, қазақ сазын қайта өрлетуге талпындыңыз. Еркеғали Рах мадиев төрағалық еткен қазылар алқасы байқауға түскен 2000 әнді терідей сорттап, соның ішінен 980 әнді талқыға ұсынды. Қазір сол байқауда жүлде алған 50 ән сахнадан, теледидар-радиодан жиі орын далады. Осы бастамаңызды орныңызға келген жаңа әкім “қаржының тапшылығына” байланысты тоқтатып тастады. Ал Сіз ән байқауына қаржының көзін қайдан қарастырдыңыз? — “Жаңа ғасырға — жаңа ән” туралы әлгінде қысқаша айттым ғой, бұл байқаудың тоқтап қалғанына қатты қынжылам. Қазақ “жаны ашымастың қасында басың ауырмасын” дейді. Өте дұрыс мәтел. Жаңа әкім (Шалбай Құлмаханов) біз бастаған талай дүниелерді өшіріп, тұқымын тұздай құртып жатыр. Ащы болса да ашық әңгіме. Алдыңа мақсат қойсаң, сол мақсатың ел игілігіне, болашағына
себін тигізер болса, ақша табылады. “Жоқ, жоқ” дегенді Құдай жоқ қыла береді. Әкім болғасын, сен ел ағасысың, бәрі үміттеніп аузыңа қарайды. Үзілгенді жалғау керек, жыртылғанды жамау керек, жетпегенін іздеп тауып, толтыру керек, қолында болса, аямай төгу керек. Әрбір әкімнің ең басты жұмысы осылай деп түсінемін. Парыз бен қарыздың, нәсіп пен нысаптың, үлкен мен кішінің, жақсы мен жаманның айырмашылығын білмеген әкім иманы болса, өз еркімен орнынан кетуі керек. “БАЙҚАЙМЫН, БАСЫМДЫ ШАЙҚАЙМЫН!” — “Сен маған қандай кітап оқитыныңды айт, мен сенің кім екеніңді айтайын” деген тұжырым бар. Қай жанрдағы туындыға кызығасыз? Бір сөзіңізде ақын Иран-Ғайыптың “Іштім, тыштым – құйрығымды қыстым” деген шумағын мысалға келтірдіңіз. Әде биеттегі әдептілік дегенді қалай түсінесіз? — Бір зиялы адам: “Тарих дегеніміз — ол өткен өмір туралы роман, ал нағыз роман — ол болашақ туралы тарих”, — деген екен. Айтайын дегенім, менің кітабымды әңгімеледік, осындай кітаптар кө беймесе екен дегім келеді. Құдай салмасын, бәрі жазушы болды, қит етсе, бүкіл өмірбаянын, ата-бабасынан бастап, туған-туыстарын, құдаларын, үйдегі бала-шағаларын, әрине, зиялы адамдармен түскен суреттерімен әшекейлеп, әкесін танытып, мыңдаған данамен жарыққа шығарады. Ең қызығы, бұл кітаптың біздің мәдениетімізге, әдебиетімізге, өнерімізге өршіп дамуымызға ешнәрсе берері жоқ. Осындай туындыларды шыға руға жұмсалатын ақша нағыз ақын-жазушылардың еңбегін жариялауға жұмсалса ғой деген ой туады. Иран-Ғайып туралы сөз қозғалып қалды. Алдымен, Иран-Ғайып болып туу керек, екіншіден, осы жігіттің бағы ашылмай жүр. Қазақтың “таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсейші” деген сөзі осы Иранбекке арнал ғандай. Әйтпесе, арнайы комиссия төрт, не бес рет Мемлекеттік сыйлыққа жіберіп, қызғанышты сезімдердің арқасында бүкіл шығармасын жоққа шығарып, сызып тастап жүр ғой. Әдептілік деген ұғым осындайдан туады. Таланттарды сыйласақ, оларды дәріптесек, тірі кезінде “ұлыны” ұлы десек, “мыртықты” мыртық десек, дұрыс болар еді. “Следы исчезнут поколений, бессмертен талант, потому что он гений” деген сөз бар. Біз сияқты шенеуніктер келеді, кетеді. Ұлттың ұйтқысы, ұлы адамдар мәңгілікке қалады. Әдептілік осыдан басталады. Әдептілік, өзіне баға беру әр адамның бойына берілетін қасиет емес. Герольд Бельгердің Димекеңе “Сіздің 600 генералыңызға “первый, вто рой расчитайтесь” деген сөзіңізге олар “первый, второй” деп бірауыздан жауап береді. Ал, біздің 600 жазушыларға солай айтсаңыз бәрі “первый, первый” деп жауап қайтарады” деген сөзі есімнен кетпейді. Ол жалғыз әдебиетке ғана жатпайды. Музыка әлеміне келсек, осы қазіргі әдебиеттің жағдайынан аумайды. Егер нағыз таланттар адам болсын десек, орысша айтқанда “гений” болсын десек, нарыққа қарамай жағдай жасалуы керек. “Меценат” деген сөзді “Спонсор” деп ауыстырдық, спонсорлық та үлкен күшпен жасалып жатыр. Тізеге басып жібермесең, ешкім ақша бермейді. Халықтың 70-80 жыл бойы жинап-тергенін “прихватизировать” етіп
алып, байып отыр. Оларға талант керек емес, оларға Президенттің орны керек. Ерте Ресейдегі Морозов, Третьяков деген меценаттар қайда, бәрі қазір қайда кетті? Жүз мыңдаған долларға Пугачева сияқтылардың ермегі болдық. Әдептіліктен гөрі “намыс” деген сөз ертерек жүргені дұрыс қой деп ойлаймын. — Түйеге мінген қазақ төрт ауыз өлең біледі, бірақ оның бәрі ақын емес. Сіздің сөзіңізге жазылған “Өмір де өмір, өмір-ай!..” әнінің тууына не себеп? Басқа да өлендеріңіз баспасөз бетінде аракідік жарық көріп жүргенін көзіқарақты оқырмандар біледі. Ақындық ата-тегіңізде бар ма, әлде әуесқойлық па? — Өмір де өмір, өмір-ай, Бірде тұнық, бірде лай. Зымырап өте шығады Қамшының қысқа сабындай” — деген шумақ осы айтылып жатқан оқиғалардан, ой-толғаулардан шығады. Ақын емеспін, жазушы емеспін, екі сөздің басын құрастыруға шамам келеді. Менің, Жаратқан ием берген қасиетім— елге, тұлғаға, адамға бір шапағат сыйлау. Шүкіршілік, тәубә деймін, осыдан асқан бақыт жоқ деп санаймын. “МЫСЫҚ ТА МАҒАН ҚАРАП МИЯУЛАЙДЫ” — Ащысы бар, тұщысы бар — баспасөз бетінде Сіз туралы әрқилы мақалалар жарияланды. Кешелі-бүгінгі “Караван”, Жас Алаштарды” айтпағанда, мысалы, “Парасат” журналындағы ақын Сәкен Имана совтың өзіңіз туралы пікіріне қалай қарайсыз? — “Мен ұрлыққа шыққанда неге ай жарық болды?” дегендей, жиі көзге түсе бастасам, Құдай салмасын, дүниедегі иттің үрісі, мысықтың мияулары, қарғаның қарқылдауы, шошқаның қорсылдауы — түгел маған арналады. Тұзым жеңіл ме, жоқ әдейі жасалатын “заказ” ба? Түсінбеймін. Пушкиннің “Благородье и здоровье, вещи несовместимые” дегені сияқты, осындай жағдайлар денсаулыққа да көп әсерін тигізеді. Сіздің сұраққа келсек, “Сұйығын сұйық, қоюын қою дейін”. Бірақ бұл айтқанымды, Шерхан мен Камал ағайлардың “Егемен Қазақстанда” жа рияланған өзара пікір алмасуы деп ойлап қалмаңыз. Мақсатым — оқырман ретінде белгілі ақын Сәкен Иманасовтың күнделіктері жайлы өз ойымды басқа оқырмандарға жеткізу. Депутат кезімде бір оқиға болды. Бір мәжілістің отырысында Қаратай ағама (Тұрысов) қарсы пікір айтам деп, қаттырақ кеткенімді сезіп, каби нетіне кірдім де, “Ағатай, жаңағы сөзге өкпелеп қалған жоқсыз ба?” дедім. Қарекең қарапайым ғана “Заманбек, менде өкпе жоқ, бауыр бар” деп қатты ұялтқан еді. Сол айтқандай, бұл айтқаным өкпе емес, наз. Сәкен Иманасовтың бізге жұмысқа келуіне себеп болған Тұманбай аға Молдағалиев. Бірде, ол кісімен әңгімелесіп отырып, “Аға, осы бізге бүкіл зиялы қауымға, журналистерге беделі бар адам керек еді, жұмысқа келесіз бе?” дегенімде Тұмекең “Мені не қыласың, одан да бір қатқанский ақын бар, аты — Сәкен, фамилиясы — Иманасов” деді. Көп ұзамай Сәкен Иманасов аппарат жетекшісінің орынбасары деген лауазымға ие болды,
астында — “Волга”, жалақысы 52000 теңге. Олар үшін екі-үш жеңіл ав токөлік тағы бөлдік. Біраз уақыт өтті, әр дүйсенбіде болатын планеркаға қатынасады, об лыстардағы жақсы өзгерістерге өзі куә болып жүрді. Қай ауданға барғысы келсе барды. “Қашан келдің, қайда кеттің, не істедің?” деген емеспін. Бірақ “судың да сұрауы бар” дегендей, екі-үш айдан кейін тапсырмалар бере бастадым. Өкінішке орай, бұл ақынның “жақсы чиновник” бола алмайтынына көзім жете бастады. Дегенмен, үйретуге тырысып бақтым, бірақ үйренгісі келмеді ме, жоқ, ондай қабілетті Жаратқан ием бермеді ме, әйтеуір түзелмеді. Басқа қызметке жіберейін десем, Тұмекеңнің көңілін қимадым. Қойшы, шынтуайтқа келгенде, өзім әкім қызметінен ауысқанша, “арпа ішінде бір бидай” деп, оған “Сіз бәленсіз” демей кеттім. Мұның бәрін неге тәптіштедің деп ойлауыңыз мүмкін. Бұл ақталу немесе оны күстәналау емес. Әр адамның басқа адамдар туралы әр түрлі пікірі болуы мүмкін, оны жариялауға да толық құқығы бар. Ең өкініштісі, сол адам өзіне “Мен не істедім, маған артқан жүкті көтере алдым ба, сенімді ақтадым ба?” деген сұрақ қойып, соған жауап бере алмауы деп ойлаймын. Чиновниктердің арасында “ақын” деген қызмет жоқ. Әр лауазымның өзінің атқаратын міндеті болады, сол арқылы баға беріледі, сол арқылы аппараттың арасында беделі болады, осының арқасында жалақы алады. Егер әр чиновник күнделік ашып, “менің бастығым ондай, менің бастығым мұндай” деп бұқаралық ақпарат құралдарына жариялай берсе, жақсылық па? Бір бітірген тындырымды жұмысы жоқ, еш нәрседен нәтиже шығар маған адамға “Сіздің жақындығыңыздан гөрі, ақындығыңыз қажет” деп ымдап айтқаным рас. Бірақ “ымды түсінбеген, дымды түсінбейді” демекші, Сәкен Иманасовым сол он сегіз айда түк түсінбепті. Өкінішті ме? Әрине, маған өкінішті. Мен бұл кісінің ақындығын қатты сыйлаймын, бірақ адам ретінде, өмір бойы дау-дамай іздеп, әр айтылған сөзден “тырнақтың асты нан кір іздейтін” кісі ме деген ойда қалдым. Қалған пікірлерді, өзі айтпақшы, оқырмандардың өзіне қалдырдым. — Сын көтере аласыз ба? — Сынды көтере алатын адамды әлі кездестіргем жоқ. Ал, артынан іштей талдау жасап, артығына өкпелемей, шындығын іштей мойындасаң, бұл үлкен сабақ. Абылай ханның жанында Бұхар жырау бекер жүрген жоқ. Францияның ұлы королі Людовик XІV жанында Шико деген сайқымазақ “шуты” болған екен. Шико клоун емес, өте ақылды, сыншы, фехтоваль щик, өте жақсы барлаушы, корольге жақсы ойлар салатын адам екен. Әр патшаның, әмірдің жанында қорықпай сөйлеп, шындықты айтқанда әкесін танытып жеткізетін адамдар өмір сүрген. Патшалардың жексұры ны Калигула болған ғой, “Государство — это Я” деп, бүкіл елді, “Мені сыйламаса сыйламасын, бірақ менен қорықсын” деп елді қан қақсатқан. Мысалы, біздің кейбір шикілі-пісілі “шалапай” әкім-қаралардың саясаты осы Калигуланы еске түсіреді. — Әңгімеңізге бәрекелді! “Қазақ әдебиеті”, 2003 жыл.
2-бөлім
ÊӨÊÅÌÍІҢ
ÑӨÇІ
ÓӘËÈÕÀÍÎÂ
“АЙЫ ОҢЫНАН
ТУҒАН
АДАММЫН...”
А ттай екі жыл бұрын Мұхтар Құл-Мұхаммед бастаған қырық шақты зиялы қауым өкілдері Абылай ханның сүйегін қайта жерлеу рәсімі не қатысу үшін Алматыдан Түркістанға машинамен сапар шектік. “Адамды тану үшін бір пұт тұз жеу керек” дейді қазақ. Шот-Аман ағамен алғаш рет сапарлас болып, жол-жөнекей бір астаудан дәм таттым. Түркістанға дейін мың шақырымдай жол... Әріден қозғайтын әдепті әңгімелерін құлағыма құйып алуға тырыстым. “Беліне жіп оралған сайын ұршық жақсы айналады. Архитектура да сондай. Ұлтымыздың сәулетін ұршықтай айналдырудан басқа менде арман жоқ” деген еді бір сөзінде. Сәулетшілігін былай қойғанда — ақын, драматург, қоғам қайраткері. “Ғасыр және мыңжылдық” адамын анықтау жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы болып “мыңжылдықтың” он адамын айқындады: Ахмед Йассауи, Әз-Жәнібек хан, Мұхаммед Хайдар Дулати, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Абылай хан, Құрманғазы, Шоқан, Абай. ХХ ғасырдың адамы аталған даңқты есімдер: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Дина Нұрпейісова, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Бауыржан Момышұлы, Дінмұхамед Қонаев, Нұрсұлтан Назарбаев, Олжас Сүлейменов, Тоқтар Әубәкіров. Осы бір орайлы тұста Олжас Сүлейменов Римнен жеделхат жолдаған екен. “Аса құрметті Шота Ыдырысұлы! Жаңа жылдың (ғасырдың, мыңжылдықтың) табалдырығын аттай отырып, (Жасағанның осынысына да шүкір дейік) мен сені конфуций-дао көзқарасын дағы адам деп санаймын — жаңалықты жақтай отырып, дәстүрді де сыйлай білесің. Бұл жағынан екеуміз ұқсаспыз. Қазақстанда біздің ата-мұрамыздың сен сияқты білгірі және шырақшысы санаулы ғана... Шөке, өзің сынды рух жайсаңдары адамдарымыздың ұлттық санасын оятуға көмектеседі. Өзіңе және өзіңмен бірге тарихи құндылықтарды иелене отырып, жаңасына қол жеткізіп жатқан жандарға рахмет!”. Өзімен үзеңгілес сәулетшілер және инженерлер мен бірге көпте-ген гима раттар, жиырмадан астам монументтер мен ескерткіштердің жобасын жасады. Алматы шаһарының “Динамо” стадионы, “Әмбебап” сауда орталығы, айда рынан жел есіп, анадайдан көз тартатын Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің, “Казгипроземнің” сарайлары, Шоқан Уәлиханов, Тоқаш Бокин, Дінмұхамед Қонаев, Талғат Бигелдинов ескерткіштері, Қарауылдағы Абай, Қостанайдағы Ахмет Байтұрсыновтың, Астанадағы Кенесарының ескерткіш тері және былтыр салынған Семейдегі Атом құрбандарының Монументінде Шот-Аман ағаның қолтаңбасы жатыр. Әсіресе, республика алаңындағы Тәуелсіздік монументі шоғыр ескерткіштердің ішіндегі шоқтығы биігі. Ол – архитектура, мүсін және инженерлік өнерді тоғыстырған сәулеттік кешен. Шот-Аман ағаның кабинетіне кірдім. Түрлі-түрлі ескерткіштер жобасы — кішігірім қала сияқты. “Күн-Ана” монументі, 1937 жылы саяси құрбандыққа ұшырағандардың ескерткіші, Аңырақай шайқасының сурет залы... Дмитрий Снегин армандағандай “Бүкіл Алматыға көрініп тұратындай Көктөбеге қазақ
әйелінің бейнесін жасау” да ойында.. Әңгіменің тиегін ағыттық. ТАЛАНТ ТАС ЖАРАДЫ — Кеңес кезіндегі есіміңіз “Шота” болатын, кейін еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жасыңызға жас қосылғасын ба, атыңызға ат қостыңыз. Қазір Шот-Амансыз. Құпиясы болмаса беймәлім сырын ашасыз ба? — Әр сәби шыр етіп дүниеге келгенде ата-бабаларымыз азан шақырып ат қойған. Оны қазақтар “шын ат” дейді. Менің шын атым — Шот-Аман. Себебі? Менің әке-шешемнің балалары тұрмаған екен, туғаны туғандай шетіней бер ген. Жеті-сегіз перзентін жер құшағына бергесін шешем бір ұл туады. Атын — ырымдап Тұрсын қояды. Балалардың тұрмауы анамның сүтінен бе екен деп Тұрсынды емізбей, ағайындар алып кетеді. Ол бірақ жиырма екі жасында жіңішке ауруынан қайтыс болды. Тас жарып шыққан талант еді. Тума-туыстың бәрі, ел-жұрт та “нағыз Шоқан осы!” деп айтатын. Керемет сурет салатын. Сөз ге де шешен. Орысша-қазақша бірдей сөйлейтін. Арнайы заң курсын бітіріп, тергеуші боп істеп жүрген кезінде 1947 жылы Сәбит Мұқановпен ұшырасып әңгімелеседі. Талантын тап басқан Сәбең: “Қап, әттеген-ай, жоғары білімің жоқ екен-ау?!” — деп жанашырлық танытқанына намыстанып, “Осы ауруым нан жазылсам Мәскеудегі Сурет Академиясына түсем” деп жүретін. Бірақ ол арманда кетті. Ата-анамның одан кейінгі балалары да өле берген. Қазақта “Ба лалары тұрмаған әйелдің етегін ажал күзетіп отырады” деген ескі әңгіме бар. Оған қазақтар амал ойластырған. Мен туған кезде анамның айналасына отыз әйелді отырғызып, мені сол отыз әйелдің етегінің астынан өткізсе керек. Оның бәрі де ажалды адастырып кетудің амалы ғой. Ажалға сес көрсеткендіктен бе, кіндігімді жетім бала әдейі шотпен кеседі. Кіндігі шотпен кесілген бала аман болсын деп Құдайдан тілеу тілейді де, атымды “Шотаман” қояды. Кейін, соғыс алдында Шота Руставелидің юбилейі болды. Біржағы ерке летіп, біржағы ырымдап... Әйтеуір содан бастап Шота боп кеттім. Кейінірек ес кіріп, етек жиғасын грузиннің Шотасы болғанша қазақтың Шот-Аманы болайын деп азан шақырып қойған атымды қалпына келтірдім. — Алматының төскейіндегі Тәуелсіздік монументінде барысқа мінген “Алтын адамның” мүсіні бейнеленген. Мұндай шебер шешімге келуге не түрткі болды? — Қазақта не көп — молалар көп. Орысша айтқанда “Братская могила” дейді. Осыншама байтақ жерді бабаларымыз құрығымен қорғаған жоқ. Қаншама қан төгілді. Қаншама батыр шықты. “Алтын адамның” өзі батыр емес пе? Біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырдағы ханзаданың алтын киімі — батырдың сауыт-сайманы. Бабаларымыз хандықтан гөрі батырлықты жоғары қойған. Абылай ханның мөрінде “хан” деген жазу жоқ, “Баһадүр Абылай” деп таңбалаған. Ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаев “Едіге” деген мақаласында “Баба ларымыз хандық пен батырлықты қатар алып жүрген, соның бірі — Абылай” деп көрсетеді. Алтын адамның жанынан табылған бұйымдардың ішінде қанатты барыс бар. Құранда — періштелер, Библияда — ангел... Бәрі қанатты боп келеді. Көкке, жоғары самғау үшін қанат керек. Халық әнінде “Құсқа біткен қос қанат маған бітсе, барар ем ауылыңа әлденеше” демей ме? Бұл бейне ойдан алынбаған. Негізінен, Есік қорғанынан табылған “Алтын адамның” сипаты пайдаланылған. Киімі, киімдегі сәнді, салтанатты бұйым
дары оның ханзада екендігінен хабар бергендей. Патшаның баласы болса, сол заманда (біздің дәуірімізге дейінгі VІІІ — ІV ғ.ғ.) патшалық болғаны даусыз. Демек, біздің мемлекеттігіміз — көненің көзі. Сынтастың түбінде — төрт жағында мүсіндер тобы орналасқан, олар: ақыл иесі — абыз, мейірбан Ана, тайға мінген қыз бала мен ұл бала. Төрт саны тегін алынбаған. Қазақ: “Төртеу түгел болса, төбедегі келеді” дейді. Тайға мінген балалар — Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы. Олардың жарқын өмірі алда. “Біз көлденеңнен қосылған көкдөнен емеспіз, адамзат өркениетіндегі игілікті істерге атсалысамыз, сайысқа түсеміз” деген ойды білдіреді. Ата мен Ананың артында екі жақтан дөңгелене келіп, бедерлі-мүсінді қа бырғалар орналасқан. Олар ханымдар тәжіне ұқсап нақышталған және әр түрлі сурет арқылы монументке түр-түс, мазмұн-мағына беріп тұр. Онда, кешегіден бүгінге дейінгі мынадай тақырыптар қамтылған: қазақ мемлекетінің пайда болуы; Отан қорғау; қанды шұбырындылар дәуірі; ұлт-азаттық қозғалыс тар; дүниежүзілік соғыс; Желтоқсан оқиғасы; Тәуелсіздікті жариялау; ұлы мемлекеттердің тәуелсіздігімізді, қауіпсіздігімізді, жеріміздің тұтастығын сақтаудағы берген кепілдіктері. Бұл шығармалар арқылы Отан тарихының егжей-тегжейі айтылмаған. Тек қана ең сүбелі беттері, халықтың тағдырына әсер еткен айтулы уақиғалар ғана бейнелеу өнері арқылы өз шешімін тапқан. Діңгек тастың екі қапталындағы тас блоктарда қазақ жерінде табылған руникалық жазулар, көне дәуірде салынған суреттердің көшірмелері берілген. Яғни үш мың жылғы тарих қамтылған. — Тәуелсіздік монументі мемлекетіміздің символындай. Оны салу ға ой тастаған, мейлінше қолдап, іске асыруға күш-жігерін жұмсаған тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Алда-жалда Елбасымыз Қазақстанды 2030 жылы Азия барысына айналдыру тура лы Бағдарлама жасамаса, Есік қаласының ескі орнынан “Алтын адам” табылмағанда, Сіз Тәуелсіздік монументіне не нәрсені бейнелер едіңіз? — Осының бәрін біз тарихтан алып отырмыз ғой. Барыс– ата-бабаларымыз дың әруағын қорғаған киелі аң. Оны бейнелеуіміз өте орынды. Алтын адам аңды игеріп, өзінің дегеніне көндіріп отыр. Біреулер кезінде маған ақыл қосты: “Алтын адамды аттың үстіне мінгізіп, бәйгеге шапқандай қылып бейнеле!” деді. Ондай образдар талай қайталан ған, жаңалық емес. Адамның арманы сияқты аңызға айналған барысқа қанат бітірдік. Болашақты болжап, алдағы күнді аңсап бара жатқан адамның арманқиялын бейнелеуге тырыстық. — Сіз сәулет өнерінің болашағына оптимистік көзқараспен қарайсыз. Соның бір дәлелі мына сөзіңіз: “Қазақстанда кәсіби дайындығы мол, тынымсыз ізденіс үстінде жүрген, қабілетті әрі талантты архитекторлар баршылық. Олардан халқымыз дәрежесі Абайдың даналық поэзиясы, Мұхтар Әуезовтің аруақты прозасы, Орал Таңсықбаевтың сиқырлы суреттері деңгейіндегі шығармаларды күтеді. Біз оған мұқтажбыз да. Сәулетшілердің ізденістеріне жол ашылып, табысты болуларына рес публикада барлық жағдай жасалады ғой деген ойдамыз” дейсіз. Қашан? Бұл өзі әлі “қашпаған қашардың уызынан” дәметкендей пейіл емес пе? — Жалпы, менің ойымша, бәрі де мемлекетіміздің әл-ауқатына байланысты. Халіміз мүшкіл болса, архитектураға қаржы қалай бөлінсін? Бәрі де бір-біріне байланысты, қатар жүрген қат-қабат дүние. Мұндайда қазақ “Ораза, намаз тоқтықта” дейді. Еліміз еңселі, экономикамыз белсенді болса, архитектураға да ажар кіріп, айшықтана түсері сөзсіз. Соның дәлеліндей жаңарып, сәулеттеніп
келе жатқан Астананың бейнесін айтуға болады. Жағдайы жақсы адам жақсы киінеді, архитектура да сондай. — Қазақтың мүсін өнерінде “тұңғышымыз” Хакімжан Наурызбаевтан басқа ешкім болмады дегенге қалай қарайсыз? Тастағы таңбаларды айтпағанда қойтасқа қашалған бабалар ескерткіші ше? — Мен — сәулетшімін, архитектормын. Хакімжан Наурызбаев — нағыз кәсіпқой мүсінші. Хакеңнің халық өнерінен қуат алатыны сөзсіз. Бірақ ол кісі қазір жалғыз емес. Қазақта талай талантты мүсіншілер бар. Архитектор — көптеген өнердің басын қосатын мамандық. Былайша айт қанда, шешімі қиын мәселе есепті. Оған бас керек. Ал, мүсіншіге бас та керек, тас та керек. Екеуі де егіз өнер. Қазақтың тұңғыш архитекторы Төлеу Бәсенов деген ақсақал. Қазақтың архитектурадағы тұңғыш профессоры Малбағар Меңдіқұлов... О баста саусақпен санарлықтай ғана болдық. Мысалы, мен 1956 жылы оқуды бітіріп келгенде қазақтың сегіз-ақ Сәулетшілер одағының мүшесі болса, қазір Қазақстанда 700-ге жуық сәулетші бар. Жартысынан ас тамы өзіміздің қаракөздер. “ТҮСІМЕ ШОҚАН КІРЕДІ” — Сәулет өнерін неге таңдадыңыз? Әлде, ол қанға сіңген қасиет пе? Балалық шаққа саяхат жасай кетсеңіз... — Бала кезімде, одан кейінгі жылдары да мені ауылдағылар мұғалімнің баласы дейтін. Әкем Ыдырыс — Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туған інісі Мақының баласы еді. Ол ауыл мектептерінде елу жылдай сабақ берген кісі. Оның шәкірттерінің арасында қазақтың көрнекті ақыны Жұмағали Саин, белгілі қазақ ғалымы, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корре пондент-мүшесі Есмағамбет Ысмайылов сияқты тұлғалар бар. Отбасымыздағы тәртіп-тәрбие де өзгеше еді, ата-анамызбен, үлкендермен тек “сіз” деп қана сөйлесетінбіз. Былапыт сөздерді ауызға алып көрген жоқпыз, ерекше құрмет тұтатынымыз — кітаптар мен талантты адамдар болатын. Балалық шағымда өзімнен алты жас үлкен ағайым Тұрсынның тигізген ықпалы ерекше атап өтуге тұрарлық. Суретті жақсы салатын ол өз құрдаста рының жетекшісі сынды еді, әр түрлі ойындар мен тосын әрекеттерді ойлап тауып жататын. Ақылға бай Тұрсынның дос-жарандары да ерекше жандар болушы еді. Солардың бірі — есімі Қарағанды Мемлекеттік университетіне берілген Евней Арыстанұлы Букетов болатын. Менің балалық шағым атақты Сырымбет өңірінде өтті. Бұл арада менің арғы әжем Айғанымның ордасы тұрған, Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың балалық шағы өткен. Халқымыздың ұлы композиторы әрі әншісі, “Сырымбет” әнінің авторы Ақан сері Қорамсаұлы да осы жерде туып-өскен. Анам Наубат Сұлтанмұратқызы (Әз-Тәуке хан тегі) маған халық ертегілерін оқып беретін. Мен “Мың бір түнді” және сол кезеңде редакциясын Сәкен Сей фуллин басқарып, қазақша шыққан А.С.Пушкиннің “Руслан мен Людмила” поэмасын тыңдауды ұнататын едім. Сурет салумен де шұғылданып жүрдім. Мектептің қабырға газетін көбінесе өзім шығаратынмын. Өзімше өлең жазсам да, ешкімге көрсетпеуге тырыса тынмын. Мектеп көркемөнерпаздар үйірмесінің белсенді мүшесі болғаным да рас. Бір күні қазақ тілінде өзіміздің математика мұғаліміміз Ғани Дәуітбаев қазақшаға аударған Фонвизиннің “Тоғышар” (“Недоросль”) пьесасындағы Митрофанушка рөлін ойнадым. Құрдастарым мен ауыл адамдары мені болашақ
артист санай бастады. Жұрттың мұндай құрметі көңіліме қалай жақпасын. Сырымбет орта мектебін үздік бітірдім. Ол кездегі мектеп директоры Шыңғысзада, белгілі педагог Мұсахан Қанапиянов мұғалімдердің талантты ұжымын жасақтаған болатын. Мен оқыған класс өзара тату еді, кілең бір та лантты балалар болғандықтан ба, арамызда үнемі таза бәсекелестік сезілетін. Біздің кластан шыққандардың арасында Қазақстанға белгілі қоғам қайрат кері, ақын, тау-кен инженері Кәкімбек Салықов, тарихшы Нұртас Айтпаев, химия ғылымдарының кандидаты Айша Біркенова, математик Әгір Қаженова, инженер Нығметжан Уақитов, суретші Еркеш Айтмағамбетов және т.б. кісілер бар. Әдебиет пен тарих пәндерін жақсы көрдім. Болашақта инженерлік білім алуды жоспарлағандықтан, математикаға аса мән беруші едім. Сурет салумен шұғылдана бердім. Ауылды жерде адамдардың көңілін көтеретін жандар ретін де суретшілер мен артистерге жеңіл-желпі қарайтыны бар ғой. Олар өмірін сауық-сайранмен өткізгендері үшін артистер мен суретшілердің еңбекақы алатындарына таңқалысатын. Өйткені ауылды жерде ақы-пұлсыз-ақ ән салып, домбыра тартпай ма? Мен де осындай пікірде болдым, сондықтан инженерлік мамандық пен өнердің түйіскен жері архитектураны таңдадым. — Кейбір кемпарақтар “қатынын мақтаған қазақ оңбайды” дейді. Бос сөз. Кемеңгер хандардың ақылы асып-тасып жатса да бәйбішесімен кеңесіп отырғанын тарихи кітаптан талай оқыдық. Сіз ше? Ата дәстүр бойынша ірі де іргелі мәселелерді жеңгемізбен ақылдасасыз ба? — Рухани ұштастық болмаса әйеліңмен бірге тұру қиын. Онда мен безіп кетем ғой. Қазақта “Төре әйелжанды келеді” деген сөз бар. Төрелер әйелін сыйлап өткен. Мысалы, Уәлиханның кіші әйелі Айғаным күйеуі өлсе де бала ларын бытыратпай ұстап, тіпті, мемлекеттік істерге дейін араласқан жоқ па? Кенесарының Бопай деген қарындасы атқа мініп, ел қорғаған. Жалпы, қазақ тар әйелін құлыптап ұстамаған. Әйел дегеніміз әртүрлі тосын жағдаяттардан қорғайтын құрыш сауыт сияқты. Бірлігі бар үйге бәрі де оңай, уайым-қайғы да аз, тіпті, бола қалса, оны сейілту жолы табылады. “Бауыр”, “махаббат” және “достық” деген сөздер отбасында туған ғой. Шаңырақ көтермеген адамдарды аяймын. Бір үйде тұрып бір-бірін жек көретін, аралары салқын адамдарды түсіне бермеймін. Менің зайыбым Зинаида Кәрімқызы — өмірдің тар жол, тайғақ кешулерінде маған иық тіркесіп бірге жүріп келе жатқан ақылгөй сүйенішім. Маған онымен тұруға жеңіл, бірақ менімен тұру оған онша жеңіл деп айта алмаймын. Дүние ғажайып, күнгейі бар, көлеңкесі бар. Кейде астаң-кестең боп та жатады. Бірде дауыл, бірде шуақ, Бірде шөлейт, бірде бұлақ. Мінезім бар алай-түлей, Бірде тамұқ, бірде жұмақ. Бұл мінезге төтеп беру оңай емес. Бірақ жансерігім Зина ханым ақылымен, ұстамдылығымен шыдайды. Ол әсіреқызыл, дүниеқоңыз емес. Үнемі, жоққа шыдамды, азға қанағатшыл. Кейбір әйелдердей жалт-жұлт етіп, мұрыны көк тіреп, күйеуінің арқасында көп адамды місе тұтпай, қайткенде де жұрт көзіне түсуге құмар емес. Бос сөзі жоқ, сыпайы, қарапайым. Әркімге ойлайтыны тек жақсылық. Басты байлық адамшылық та екенін жақсы түсінеді. Ол тек үй шаруашылығымен айналысатын адам емес. Әл-Фараби атындағы Ұлттық университетте отыз жылдан астам аспирантураны басқарды, қазір де сонда істейді, көп адамдарға қол ұшын берді, тәрбиеледі. Зинаға байланысты, универ
ситеттегілер мені ҚазҰУ-нің “күйеу баласы” деп санайды. Құдайға шүкіршілік! Балаларымыз тәрбиелі де ақылды. Әсіресе, немерелерім көп қуантады. Өйткені олар өте дарынды балалар. Екі немерем сурет салуға шебер-ақ, музы камен де айналысады. Соңдарынан еріп келе жатқан бауырлары олардан үлгі алатындықтарына кәміл сенем. — Сіздің “ұлдарыңыз” көп дейді, бірақ жігіттер Сізді рухани әкеміз деп есептейтін көрінеді? — Ол рас. Ұлдарым көп, шетінен ығай мен сығай. Бір кезде: “Менің сегіз ұлым бар, білші, халқым! Дарқан мінез, кең қолтық жүзі жарқын. Атқа қонып, қолына ту ұстаған Асырауға ден қойып ата даңқын”, — деп жар салған едім. Жақында американдық Пол Родзянко деген жігіт: “мені де ұлым деп есеп тесеңіз екен” деген өтініш жасады. Келістім. Рухани ұрпақ мұхиттың арғы жағына да тарап жатса қарсылық бола ма? — “Жеті атасын білмеген жетесіз” деп бабаларымыз соқырға таяқ ұстатқандай ықтияттап-ақ айтқан. Шыңғыс ханнан бері қарай қазақ ұлтын құраған төрелердің тұқымы екенін аңғартқандай Шоқан Уәлиха нов өзінің А.Н.Майковқа жазған хатында “мен қас ақсүйектен шыққан бекзатпын және Абылай ханның ұрпағымын” дейді. Сіз де Пушкиннің “өз бабаларыңның атақты екенін айтып қана қоймай, мақтану да керек, оларды сыйламау ұят келтірер кещелік” деген сөзінен үзінді келтіре отырып “Менің сәулетті тағдырымның кілті киелі тегімде, болмысыма дән ризамын” деп төбеден қарап сөйлеуіңіз Шоқанға еліктегеніңіз бе әлде ата-дәстүрімізді қастерлегеніңіз бе? – Сен қотыр сұрақ қойма. Бұл төбеден қарау емес, шындыққа жүгіну, жауапкершілікті сезіну. Әр адам ата-ананы таңдап алмайды, мен дүниеге кел генде, Құдай қолдап, айым оңынан туды, ұлы қазақтардың ұрпағы атандым, болмысыма дән ризамын. Әкем мені бала кезімде жиынды жерден қалдырмай ертіп жүретін. Шоқан туралы естігенде “Е, мынау біздің туысымыз екен ғой” деген мақтаныш сезім ғана болды. Бертін келе оның еңбектерін оқығанымда туыстық емес, азаматтық махаббатым пайда болды. Менің идеалым — Шоқан мен Әлихан Бөкейханов. Әсіресе, Шоқан біздің халқымыздың барлық қасиетін ала туған ерекше жан. Оның еңбектерін қайта-қайта оқимын. Әрбір оқыған сайын жаңа ойлары мен пікірлеріне кездесіп отырам. Кейде Шоқанды түсімде көріп, ақылдасып жүрем. Бір кезде мен: Арнадан мың сан байқасам, Құйылып шабыт жатады. Шота болып оянсам, Шоқан боп күнім батады, — деп бекер айтпасам керек. Менің ата-бабамның басым көпшілігі өз халқының ұлы перезенттері бола білген жандар. Шамамның келгенінше, мен де соларға ұқсап бағуға тырыса мын. Егер де ата-тегіміздің генеологиялық ағашының алғашқы бестігіне келсек, мен өз әкем Ыдырысты айтар едім, ары қарай оның әкесі Мақы (Шоқанның інісі), Шыңғыс атам, Уәли бабам болып жалғаспақ. Уәлидің әкесі Абылай ханның өзі болса, ал жиырма бірінші бабам Жошы, Шыңғыс ханнан туады ғой.
Академик В.В.Бартольдтың тұжырымдауынша, қазақ хандығында тек Жошы әулетінен тарағандар ғана хан болып сайланған. — “Түсіме Шоқан кіреді” дедіңіз. Одан басқа да қысқа метражды не месе көп сериялы көркем фильм секілді қызықты түс көресіз бе? Жалпы, түсіңізді Абылай хан атаңыз секілді біреу-міреуге жорытасыз ба? — Өз түсімді өзім жоримын. Ертегіге көп сене бермеймін. Мен — Елтаң баның авторымын ғой. Соны жасардың алдында түс көрдім. Бурабай көлінің жағасында екем. Аққу қанатын жайып, тік көтерілді. Қос қанатының арасында күн бе, күлше нан ба — бір нәрсе елестейді. Бажайлап, байқасам — шаңырақ екен. Көкейіме қона кетті. Аққудың қос қанатының ортасына шаңырақты бейнеледім де, астына “Қазақстан” деп жаза салдым. Ауруханада жатқанымда Қуаныш Сұлтанов кіріп шықты. Сол кезде Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшқалы жатқан. Аққудың бір қанатына “Тоқтар” деп, екінші қанатына “Талғат” деп жаздым да, Қуаныштан беріп жібердім. Тоқтар, космонавтар: Леонов, Шаталов, Климукпен бірге, мемлекеттік комиссияға салып, “Қазақстанның ғарыштық таңбасы болсын” деп бекітіп, өздерімен бірге аспанға ала кетті. Аман-есен жерге қонғасын: “Тәңірдің өзіне бекіттіріп алып келдік”, — деді олар. Кейін осы нұсқамен конкурсқа қатыстым. Түсімде көрген Елтаңбам бірауыздан мақұлданды. Тартымды ой адамның шабытты шағында — жан дүниесінің бір көтеріңкі жағдайында басқа келеді. Көптен мазалап жүрген нәрсе бір-ақ сәтте жарқ ете қалуы мүмкін. Элементтердің периодтық жүйесі туралы идея Менделеевке түс көру арқылы келгені белгілі. Ұйқыдан оянған соң барып ол кейбір нәрсе лерді үстемелеп, айқындаған. Идея шығармашылық тұлғаның бойына біткен дарынынан сусындайды. Сәулет өнерінде идеяның тууы мен оның іске асырылуы арасында ұлан ғайыр кеңістік жатады. Сәулет туындыларын жасау үшін, қорылдап ұйықтап түс көру міндетті емес, ең алдымен, мол ақша керек. Екіншіден, осы аралықта жылдар жылжып өтіп жатуы мүмкін. Сәулетшілік дегеніміз — жазып қойып, оқысаң да, оқымасаң да шығара салатын кітап емес. Сәулетші шығармасын күтіп, жүзеге асыру жолында өзінің бүкіл жастығын, дарынын, бойындағы күш-қуатын құрбан етеді... ТЕКТІ БІЛУ — ТЕКТІЛІК — Ғұлама ғалым Лев Гумилевпен кездескен кезіңізде “Шынында да, барлық қазақ жеті атасын біле ме?” деп таңдай қағып таңырқаса керек. Тарихта із қалдырған тамаша ғалымның сол сұрағына қалай жауап қайырдыңыз? — Алпысыншы жылдары Ленинградта кездестім. Әргі-бергі тарихты әңгімелесіп отырып ол: “Қазақтар сияқты мен де жеті атамды білем”, — деп мақтанды. Өйтетін де жөні бар. Өйткені ол Анна Ахматованың баласы ғой. Әкесі атақты ақын Николай Гумилев, оны Совет өкіметі атып тастаған. Бірді айтып бірге кеттім ғой. “Сіз жеті атаңызды білсеңіз, мен отыз атама дейін білем” деп, тегімді түгендеп бергенімде шынында да таң қалды. Текті білу — тектілік. Ал, Ғабит Мүсірепов “Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін” деген. Өте дұрыс. Руды білу керек, бірақ ол халықты бөліп-жарудың құралы болмаса керек. Сексенінші жылдардың басында Жазушылар одағының ішіндегі “Қаламгер” кафесіне барсам, төрт-бес жігіт жүз-жүзге, ру-руға бөлініп айты сып жатыр екен, арасында Қайрат бар. Ақын. Жұмағалиев. “Бұл не сұмдық!”
дедім де мен шығып кеттім. Соңынан, бір кездескенде Қайрат маған мынадай өлеңді берді. ШОТА УӘЛИХАНОВҚА О, Шөке! Мына қазақ ырың-жырың... Содан ба — Көңілсіздеу жырым бүгін... Төрде отырған төренің ұрпағысың, Сенен басқа ұғады сырымды кім... Келешекке көз салған сенімменен, Ханы да, қарасы да — елім деген... Қазекем қилы заман кез келсе де, Руға, жүзге бұлай бөлінбеген. Бола ма, осындайда толғанбасам, Толғанып, қаламымды қолға алмасам... О, Шөке! Қиын боп тұр мына заман, Төренің саясатын қолданбасаң! — Астанадағы Жоғарғы Соттың маңайына орнатқан Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің тас мүсініне таңырқаған ешкім жоқ. Керісінше, елдің бәрі езу тартты. Өйтетіндей де орны бар. Өйткені, үш бидің үйелеп отырғаны өз алдына, бастарына Мексиканың ши қалпағы “Сомбреро” киіп алған. Осыған және басқа да туындыларға Сіздің көзқарасыңыз? — Өзім де араласып жүргендіктен, профессионалдық этиканы сақтай отырып, мәселені бүге-шігесіне дейін талдамай-ақ қояйын. Бірақ, себебі мен салдарына үңілуге болады. Қалың жұрттың қобалжуы тегін емес дер едім. — Неге? — Көркемдік жағынан, образды сомдау тұрғысынан біраз ескерткіштер өте жұпыны. — Астанадағы Пушкин ше? Қызып алып қызға бара жатқандай... Желөкпе жігіттей жеңілтек кейіпте. “Ұшқалақ” Пушкинді көріп “Ұятай!” деген жоқсыз ба? — Астанадағы Пушкиннің ескерткішін көрген жоқпын. Бірақ Алматыдағы Пушкиннің ескерткіші маған ұнайды. — Әдебиетте отыз жеті тақырып бар, әр қаламгер өз стилімен өзінше өрнектейді. Ол — шеберлік. Тақырыпты қайталау— плагиатка (ұрлық) жатпайды. Өнерде де солай. Әйтсе де көп мүсіншілеріміз төрт қырлы тастың үстіне кейіпкерін мойнынан қырқып алып, орната салуды оңай көретіні несі? Әлде, басқа тәсіл таусылған ба? Ешкімге ұқсағысы келмегендер еліктеуге ұрынатыны қалай? Айталық, Астанадағы Кене сарының ескерткіші. — Астанадағы Кенесарыға берген бағаңа мен қосыла алмаймын. Оны жа сауға өзім қатысқандығымнан емес. Тамаша! Тамаша ескерткіш. Тізгінді тежеп ұстап, қырандай алысқа көз салып, маңғаз отырысында бір ұлылық бар емес пе? Ал, аты. Мәстек емес, сәйгүлік. Әдебиетте қанша тәсіл бар дедің? Отыз жеті дедің бе? Оны неге отыз жеті деп кесіп айтасыңдар? Мың тәсіл бар ғой. Әр мүсінші образды өзінше қабылдауы мүмкін. Тақырыпқа өз көзқарасымен
барады. Мүсіннің әдемі, дербес болуы, біріншіден, оның кәсіби шеберлігіне байланысты. Екіншіден, ой, дәреже, талғамына да қатысты. Әйтпесе, “Ат ана жерде аяғын неге көтеріп тұр?” деуге бола ма? Ондайлар толып жатыр. Ірі суретшілердің өз қолтаңбасы болады. Мысалы, Пикассоның еңбегін ешкіммен шатастырмайсың, танисың. Сол сияқты Микэль-анджело жасаған “Умираю щий раб” деген мүсіні Парижде тұр. Құлдардың шиыршық атқан дене бітімі, қиналысы, қозғалысы ғажап мүсінделген. Міне, шеберлік деген осы. Родэннің “Қолдар” деген мүсіні ше? Ойпырмай, кесіліп алынған қол арқылы қаншама ой тастаған! Әр адамның қолы әр түрлі — ашылған, жұмылған, түйілген... Шіркін-ай, шебері табылса қолдар да сөйлейді-ау! — Атырау облысына әкім боп келген Иманғали Тасмағамбетов әп дегенде қала сәулетіне ерекше көңіл бөлгені әмбеге аян. Қаланың қақ ортасына Бейбарысқа, Құрманғазы мен Динаға ескерткіш орнаттырды. Ал оның орнын алмастырған Серікбек Дәукеев бабалар емес, балалар ойнайтын асыққа үйдей үлкен ескерткіш қойғызды. Ол ненің белгісі? “Асық ойнаған азар” дегені ме, әлде атыраулықтардың асығын алшы сынан тұрғызғам!” дегені ме? — Өнерде де түрлі ағымдар болады. Париждің бір бұрышында басбармаққа ескерткіш орнатып қойған. Болмаса бір-ақ аяғымен қисайып тұрған орын дықтың ескерткіші бар. Ал, енді Атыраудағы асықты жасаған мүсінші менің шәкіртім Сәкен Нарынов деген жігіт. Қазақ ұғымында асықтың символдық мағынасы зор. Бармақ былай тұрсын, кейбір шетелдерде еркектердің “ерсі” мүшесіне де ескерткіш жасаған. Оған қарағанда, айналайын-ау, асыққа жылап көрісесің... Әйтсе де, менің ұғымым бойынша, өнерде әдемілік, әсемдік, эстетикалық талғам басым болу керек. Сұлулықты жырлағанға не жетсін! Табиғат та – сұ лулықтың бір бөлігі, табиғи сұлулыққа бөлеген дүние тартымды. “ӘЙЕЛДІҢ БАСТЫ ҚАСИЕТІ — БАЛА ТУУ” — Сырт көз сыншы ғой. Алматыдағы Шоқанның, Ақтаудағы Шев ченконың, Темірландағы Қажымұқанның, Үшаралдағы Қабанбайдың ескерткіштері әдемі. Талғам бар. Алайда, “қой” дейтін қожа жоқтықтан ба, көп ескерткіштеріміз бейберекет “бетімен” кеткен. Сапасыз. Көр кемдігі көз тартпайды. Алматыдағы Әлия мен Мәншүктің ескерткішіне де елп ете қалған елді байқамадық. Атырауда Исатай мен Махамбетке ескерткіш тұр. Сұрықсыз. Иманғали Тасмағамбетов дизайнерлер мен сәулетшілерді жинап, соның орнына қоятын жаңа жобаны жасатуда. Сол сияқты Семейдегі Абайдың ескерткішін қайта орнатуды қолға алмайсыздар ма? — Әйелдердің соғысқа қатысуы — ол трагедия. Әйелдердің әскери форманы киіп алып, ерсілі-қарсылы шагайттап келе жатқаны маған ұнамайды. Әлия мен Мәншүктің мүсінінде қаталдық, қатыгездік бар. Әйелде ең бірінші аналық мейірім төгіліп тұруы тиіс. Өйткені, ол — ана. “Әйелдің басты қасиеті— бала туу” деп Наполеон бекер айтпаған. Ал, енді жадағай ескерткіштердің барынан жоғы, оны көзге шыққан сү йелдей ғып көрсеткенше, алып тастағандары дұрыс. Астанадағы Абайдың ескерткішіне қарағанда Семейдегі Абайға тәуба дейсің. — Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Мағ жан Жұмабаевқа ескерткіш жоқ. Қазақ мемлекетінің керегесін керіп,
уығын шаншыған алғашқы хандарымыз Керей мен Жәнібекке қашан ескерткіш қойылады? — Бұл сұрақты маған емес, ат үстінде жүрген азаматтарға қойған дұрыс Әйтсе де тарихымыздың жыртығын жамап, ақтаңдақ жерлерімізді толтырсақ бізге кім “қой!” деп жатыр. Ескерткіш салу жөнінде жарияланған тендер немесе конкурс дегенге өз басым онша илана бермеймін. Өздері жюридің мүшесі болып алып, тамыртаныстарына қарай бұра тартқандарды көзіміз көріп жүр. — Ертеректе ер-азаматтарымызға ескерткіш орнату махаббатымыз дың отын маздатып, сүйіспеншілігімізді арттыратын. Қазір ше? Облыс тарда әркім ойына келген ескерткіш жасайды. Астарында алаулаған махаббаттан гөрі шытырлаған ақшаның иісі сезіледі. Ескерткіш орнату — жең ұшынан жалғасып, ақша табудың көзіне айналып бара жатқан жоқ па? Өйткені, “пәлен-төлен” ескерткішті жасау үшін арнайы қаулы шығады. Заңдастырылады. Оған ақша бөлінеді. Бөлінген ақшаны бөлісу үшін не істеу керек? Үфит-сүфит, шикілі-пісілі ескерткішсымақтардың лентасын тезірек қию керек... Осы бір күдігіме қалай қарайсыз? — Қалтасы қалың, ақшасы бар адамдар ата-бабаларына кітаптар арнап, болмаса жоба-жобамен ескерткіш орнатуға тырысушылығы байқалады. Көбінің сапасы төмен. Күдік емес, рас нәрсе. Бұған үкімет тарапынан немесе Мәдениет министрлігі жағынан бақылау жасамаса, болған істің де бордай тозары анық. Меніңше, ауыз толтырып айтарлықтай туынды туғызудың екі түрлі жолы бар. Бірі – жұмыс тарды талай сыннан өткен, аты елге кеңінен танылған, өзімізге де, өзгеге де белгілі хас шеберлерге тапсыру. Екіншісі – белгісіз таланттарды табу, тану үшін бәйге өткізу арқылы іріктеу, сұрыптау. Бүгінге дейін республика көлемінде конкурс өткізудің жолы болмай жүр. Адалдық аз, “бармақ басты, көз қысты” жағдайлар көп болды. Жабық аты болғанға қарамай, жюри мүшелері кімнің кім екенін күні бұрын біліп отырды. “Сыбырлағанды Құдай естімей ме?” дегендей, несіне жасырамыз, тіпті, конкурс ұйымдастырушылардың ішінен кейбіреуі, не болмаса жора-жолдасы автор болып шыға келді. Бұл жағдай жақсылық әкелмеді. Тұрған сәулеттік ортаға үйлеспейтін, қаһарманның кескін-келбетін, ісқимылын мейлінше табиғи және үлкен көркемдік дәрежеде бере алмайтын дүниенің өмірге келуі осыдан деп білемін. Тағы да қайталаймын. Әділ және адал мүшелері бар комиссия құру керек. Баяғыда комиссия болатын. Мен бір қызық айтайын. Ілгеріде бір ескерткіштің жобасын жасадым да, оны бекіту үшін комиссия мүшесі Әлкей Марғұланды қоярда-қоймай шақырдым. Қарым-қатынасымыз жақсы еді. Жұмысымды көрген Әлкей аға маған қарсы шығып, еңбегіме қол қоймай қойды. Кейін түсіндім, жұмысымда кемшілік бар екен. Міне, әділдік! Қазір бізге Әлекеңдер жетпей жатыр. — “Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументі айта қаларлықтай көркем шешім тапты” деген пікірдесіз. Ал, өнертанушы Баян Барманқұ лованың айтуынша “Барысымыз” істікке шаншылып, бір жағынан жаншылып тұр. “Алтын адам” “Барысты” басып тұрса — бұл не қылған тәуелсіздік?”. — Мен оған айтарым: халықтан бағасын алып, Алматының символына айналған нәрсеге кесек атпасын. Қам жемеймін. Әркімнің өз пікірі — өзіне дәрі. Осы монументті көрген бір үкімет адамы “Мына батырыңыз Ресейге
арқасын беріп, Қытайға сес көрсетіп тұрған жоқ па?” деді. “Ақсақал, — дедім оған, — сіз өзі Алматының батысы мен шығысын білмейді екенсіз ғой. Бұл Алатауға қарап тұр. Алатау оңтүстікте. Алатаудан асып ғарышқа қарай қанат қаққанын байқамайсыз ба? Сіз оны саясатқа бұрмаңыз!” дедім. Оларға халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің пікірін көлденең тар тамын. “...Алматының бас алаңы ұлт-азаттық пен тәуелсіздіктің ғаламат рәмізімен асқақтады, көк тіреген сынтастың ұшар басында бір кездегі қаһарлы, ал қазір жуасыған мифтік қанатты барыстың үстінде хас батыр қасқайып тұр. Осынау көріністе бабаларымыздың рухы халқымыздың келешектегі тәуелсіздігінің кепіліндей алтын адам бейнесінде ғасырлар тереңінен жалт етіп шыға кел гендей емес пе...” ЕСЕККЕ ОРНАТЫЛҒАН ЕСКЕРТКІШ — Қайсыбір жылы ежелгі Мысыр елін араладым. Каирде шебер сом далған ескерткіш көп екен. Тіпті, алтынның буына басы айналған банкир мен байлардың да мүсіні қаланың қақ ортасында тұр. Сірә, біздің Атымтай Жомарт секілді еліне, жеріне, Отанына себі тиген бизнесмен болу керек. Алда-жалда біздің байлар мен бизнесмендерге ескерткіш орнататындай күн туа қалса, кімді қалай мүсіндер едіңіз? — Ақшасы көп, ақылы аздарға ешқашан да ескерткіш қоймаймын. Халқына қандай еңбек сіңірді? Қазақстанның өркендеуіне қандай үлес қосты? Міне, осы тұрғыдан сараптайтын мен емес, тарих! Тас ескерткішті тарихтың өзі-ақ қояды. Елге еңбегі сіңбесе де ақшасын шашып жүргендер фотоға түссе де жарап жатыр. — Бай мен банкирлер де ет пен сүйектен жаралған ел қатарлы адам ғой. Ал, енді мен қызық айтайын, Шота аға, есекке орнатқан ескерткіш көрдім. — Қайдан? — Египеттен. Александрия қаласынан... Оған таңдануға болмайды. Мадрид қаласында Дон Кихотқа қойылған ескерткіш бар. Досы Санчо Панчо есекке мінген. Александр Македонский заманында қала қатты жаугершілікке ұшырайды. Ол кезде дүние жүзі бойынша кітапхананың байлығы жөнінен Александрия бірінші, біздің Отырар екінші орын алған қой. Алтын-күміс, жауһарына жаны ашымаған мысырлықтар кітапхананы сақтап қалу үшін жер астына жасырыпты. Қала күлге айналып, тып-типыл боп, баяғы кітапхананың қайда екенін білетін куәлер шейіт боп, ғасырлар бойы жұмбақ күйінде қалады. Сол кітапхананың байлығы мен қай маңайда екенін болжаған 480 ғалым диссерта ция қорғаған. Алайда, есегіне ауыр жүк артып алған фаллах тегіс жермен келе жатса... Көк есегі құдыққа түскендей күмп етіп жер астына түседі де кетеді. Міне, қызық! Міне, керемет! Талай ғалым таппаған кітапхананың үстіне бір-ақ құлаған. Жалғыз есекке ескерткіш орнатқан. — Мен болсам, ескерткішті есекке емес, есектің егесіне қояр едім. Есектің еті арам, еңбегі адал болса да хайуанды “олай жүр, бұлай жүр” деп алдына сап айдаған адам емес пе? Дегенмен, оны жалған ғалымдарға орнатқан ескерткіш десе де болады. Кереғар дүние ғой. — Даңқыңыз жер жарады. Даңқты болу үшін кейде қабілетқарым, талант аздық ететін сияқты. Жалпы, даңқтан басыңыз айналған кез болды ма? — Бір данышпаннан өмірдегі жаманшылық атаулыны қалай жеңіп жүргені
жайында сұрапты. Сонда данышпан: “Маған бұл жағдайда алдымда тұрған мақсаттың асқақтығы мен ұлылығы көмектеседі” деп жауап беріпті. Сөз жоқ, адам өмірінің мақсаты биік те, игі болуы тиіс. Егер де ол халықтың материалдық рухани қазынасына қосылатын үлеске байланысты болса, адамдардың ауыр өмірін жеңілдетуге көмектессе — тіпті тамаша. Кейбіреулер мақсатқа жету жолындағы барлық құралдар жақсы деп санайды. Ал, менің ойымша басқаша. Мақсат лас әдістер арқылы емес, адамның маңдай терімен іске асырылуы тиіс. Үлкен істерді кейде кештеу мойындап жатады, тіпті адам өмірден өткен нен кейін барып бір-ақ мойындалатындары да бар. Өкінішті болғанымен, мұндай жағдай, әрине, адамды тоқтатпауы тиіс. Нағыз жасампаз жанның әдетте даңқтан басы айналмайды. Ең бастысы, жетістіктер болсын және олар жалған болмасын. Даңқ дегеніміз — мақсат емес, даңқты істер мақсатқа, өмір болмысына айналуға тиісті. — Қазір “Ұлы” деген тіркес ауызға алына бастады. “Ұлы жазушы, ұлы ақын...” Ұлылық деген не? Өзіңізді іштей “ұлы сәулетшімін” деп ойлайсыз ба? — Маған ұлы болу оп-оңай болып көрінеді, ол үшін алдымен— ұлы болып туу керек. Құдай берген қабілетіңді толығымен жарқыратып көрсету үшін бақытты тағдырға ие болсаң жетіп жатыр. Мен жалған академик Лысенко ның “Тәрбиелеу және ортаны өзгерту жолымен” есектен сәйгүлік ат туғызуға болады деген пікірімен келіспеймін. Есек есек күйінде, ал тұлпар тұлпар қалпында қала береді. Егер де тағдыр саған зор қабілет сыйласа, оны сақтап, дамыта біл. Өйткені ол сенің ғана игілігің емес. Өмірде қабілетсіз адамдар жалпы болмайды. Әрбір пенденің белгілі нәрсеге бейімі бар. Бұны уақытында аңғарып, өзіңнің бейімділігің мен мүдделеріңе орай өмірдегі өз орыныңды табуың керек. Егер керісінше болып жатса — бұл шын мәніндегі трагедия. Бақытты да, қызықты өмір сүргің келсе, өмірдегі өзіңнің лайықты орныңды таба біл. Ұлылықтың бір шеті — қарапайымдылықта. — Сөз саптауыңызға қарағанда,сүттен ақ, судан таза сияқтысыз. Өз мініңізді өзіңіз білесіз бе? — Мінім көп. Мақсатым — соларды жою. Біразын жойдым. Әлі де өзіммен өзім күресіп келем. Бірінші кемшілігім — бытыраңқылық. Бір мезгілде бірне ше, болмаса әр түрлі жанрдағы жұмысты қатар істеп, үлгере алмай жатамын. Әйтеуір өнер атаулының түп тамыры бір ғой, сурет салсам да, өлең жазсам да бір бұлақтың көзінен шығып жатады. Екінші кемшілігім – көңілшектігім, сезімталдығым. Көп нәрсе маған әсер етеді. Дүниедегі не бір кереметті көр сем қалыбымнан айрылып қалам, қайтадан жұмыс жолына түсуім оңай емес. Уақыт өтіп жатады, жұмыстар тұрады. Ақын тілімен айтсам: Күй тыңдасам күмбірлеген, Көзден жасым ағады. Таңдандыра би билеген Мені билей алады. Суретшісі бар ғаламның Тұрса сәнін үйіп сап, Жүрегімді ұрлатамын, Тамашаға ұйып қап. Сөз маржанын тізсе біреу, Ақса таза бұлақ боп.
Дегеніне көнем дереу, Қалсам дағы тулақ боп. Ән естісем асқақтаған, Жүрек дүрсіл қағады. Басқа дүние жоқ боп маған, Жаным рахат табады. Небір ғажап күш бар менде, Адам жанын меңгерер. Әсемдікке болдым пенде Мінезім жоқ өзгерер. Мен бұл жерде жақсылықтар жайлы айтып отырмын. Ал, аяққа тұсау, жү рекке жара салатын жағдайлар қаншалықты?! Бәрін де жеңемін, арманыма жетемін деп ойлау керек. Жақсылыққа ұмтылсаң – өзі жетелейді. *** Бір көштік әңіменің бітетін түрі жоқ. Қол алысып қоштасар сәтте “Түбі бір түркі сарайының” жобасымен таныстырды. Оны Түркістанға салмақ ойы бар. — Өз көзқарасымнан туған тақырыпты өзім ұсынам, — дейді Шот-Аман аға. — Түркістанға түркі халықтарының басын қосса жарасып-ақ кетер еді. Дәм бұйырса, Әзірбайжан, Алтай, Башқұрт, Гагауаз, Долған, Қазақ, Қара йым, Қарақалпақ, Қарашай-балқар, Қырғыз, Құмық, Лобнор, Ноғай, Салар, Сахы, Сарыұйғыр (Югур), Татар, Тора, Тыва (Тува), Түрік, Түрікмен, Ұрым, Өзбек, Ұйғыр, Хакас, Шор, Шуаш (Чуваш) секілді түбі бір түркі сарайын Түркістанда көрсек абырой болар еді. Көруге жазсын! “Қазақ әдебиеті” газеті, 2002 жыл
ÆÎËÄÀÑÁÅÊÎÂ
“КӨКТЕН
ІЗДЕГЕНІМ
ЖЕРДЕН
ТАБЫЛДЫ”
Қ анағат жақсы. Шүкірлік жақсы, тәуба жақ-сы. Жарық дүниеде төрт құбыласы түгенделіп, мақсат-арманына жетіпті деген адамды естіген де, көрген де емеспіз. Қана ғаты бар кісіге көп нәрсенің керегі жоқ... Қайғылы байлықтан қайғысыз тіршілік артық... Тек жүрсең текті көрінесің!..”. Бұл – менің сөзім емес. Пайғамбар жасынан асқан Мырзатай Жол дасбековтің көзқарасы. Осындайда Мұхаммед(с.ғ.с.) пайғамбарымыздың “Өткенге өкінбе – қайтып келмейді, алда не болатынын Алла біледі. Дәл бүгінгі істеген сәтті тірлігің – ертеңгі күнгі бақытқа бастап апаратын баспалдақ” деген хадисі ойымызға оралады. Мырзекең өкінетіндей не бар тәйірі? Өмірі өркешті. Белгілі қоғам және мемлекет қайреткері, әдебиетші ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Халы қаралық Жоғары мектеп ғылымдар академиясының академигі, Төтенше және өкілетті елші, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универ ситетінің ректоры... Бір кісіге аз дәреже ме? Аз емес. Ендеше, елге еңбегі сіңген Мырзатай Жолдасбековпен сұхбаттасып, әргісін әріден, бергісін беріден қозғап сырласқанды жөн санадық. – Арманы жоқ адамның – пәрмені жоқ, алдымыздағы ағалардың әу бастағы арманына үңілсек – тіпті қызық. Академик Зейнолла Қаб долов мұнайшы болғысы кеп, Политехникалық институтқа түскен. Егер, Мұхаң, Мұхтар Әуезов жеңінен жетектеп жүріп өзіне шәкірт етіп алмағанда, Зәкеңнің орны қазақ әдебиетінде үңірейіп тұрар ма еді, кім білсін? Олжас Сүлейменовтың арманы – геолог, Ілияс Есенберлиннің арманы – тау-кен инженері, Қадыр Мырза-Әлінің арманы – суретші, Оспанхан Әубәкіровтың арманы – әртіс болу екен. Бәріне де қазақ әдебиетінің қазан-ошағында піскен дәм бұйырады. Балалық шақ, бал дәурен кезіңіздегі алғашқы арманыңыз не еді, Мырзеке? Сізді ауыз әдебиеті, оның ішіндегі сыншылық сипат несімен қызықтырды? – Кісіге қол жетпеген нәрсенің бәрі арман. Бала кезіңде, кішкентай кезіңде ойын да – арман. “Түбіне жетіп, шексіз ойнасам, ешкім шырқымды бұзып алаңдатпаса!” деп армандайсың. Бірақ әкем мені қатал ұстады. Ырқыма жіберіп, онша ойната қоймады. “Ойын аз дырады” деп отыратын. Бір бума газет әкеліп, желкелеп оқытатын. Кісілікті жерге ертіп апарып, “Әкелеріңнен әңгіме тыңда!” деп қасынан қалдырмай тын. Әсіресе, соғым басыдағы топты жиынға барғанда әкемнің сол тізесін шынтақтап жатып, ұйып әңгіме тыңдайтынмын. Әкем сол өңірдегі өнерпаз дарды көп шақыратын. Әлі есімде, екі көзі соқыр Мәді аға ән шырқағанда мойнындағы күретамырлары білеуленіп көрінетін. Түннің бір уағында даусы ашылатын. Ерінбей тыңдайтынмын. Екі көзім өлеңші ағаның мойнында.
Шодырайып бүлкілдеген тамырлары маған сондай қызық. Еліктеймін. Менің де ән салғым келеді. Ол да балалық арман. Әкем жас та болса сыйлы қонаққа барғанда төрде отыратын. Ел “Темір бидің ұрпағы” деп құрметтейтін. Жасы үлкен ағалар мені иегімнен нұқып: “Мына жәумелегіңді қасыңнан неге тастамайсың?” дейтін. Жәумелек деп тұрғаны – мен. Өте кішкентай болсам керек. Менен үш жас үлкен Шымыртай деген ағам бар. Жұрт “Мырзатайды ерткенше Шымыртайды неге ертпейсің?” дейтін. Сонда әкем: “Сіздер әлі білмейсіздер. Шықса– Мырзатайымнан шы ғады. Шымыртай оның атын байлауға жараса да жаман болмайды” дейтін. Сол кезде мен қалың, байтақ әңгіменің ордасына кіріп жүрдім. Әшейін ет жеп, сорпа ішіп отырған қарияларда құдай сақтасын, бітпейтін әңгіме. Кезінде болыс болған, сақал-мұрты қудай, үкінің балапанындай аппақ боп отыратын Әймен әкем ұзақ-сонар әңгіменің аяғын жырауларға әкеп тірейтін. Қайран бабам, сол заманда қалың тасжүрек жұрты жата қалып жыласа да қарамай, өкпелеп, шапанының оң шалғайын белбеуіне қыстырып алып, “Ал, ілесетіндерің соңыма ілесіңдер!” деп Аякөзге тартып кеткен екен” деп отыратын. Неге кеткенін бертінде білдім. Ошақты, төрт арыстың ішінен шыққан Мөңке деген бай көп қысым жасаған. Өзі батыр, өзі жырау, тұлғалы адам шыдаудай-ақ шыдаған. Шыдамы таусылған соң әлгі байды соңында жығып, атының басын Аякөзге бұрған екен. Неге кетті Аякөзге? Азаматтың бір жұрты – нағашысы ғой. Түп нағашыларына барды ма екен деп ойлаймын. – Аякөзге Жетісу жерімен өткенде Қапалда қоныс тепкен Төле би бабамыз Ақтамбердіні неге тоқтатпаған? – Осы жері маған да жұмбақ. Ел пір тұтқан Төле би бабамызды басып өтпесе керек еді, батасын алған шығар. Шапырашты Қазыбек бек Тауа сарұлының кітабын оқығанымда бала кездегі естігенім санама тайға таңба басқандай анық түсті. – Кеше ат үстінде жүргенде неге айтпадыңыз? – Заман солай болды. Өзімді қалың қазаққа бірдеймін деп есептедім. Көпшіл, халықшыл, қазақшылдығыма қылау түсіріп алам ба деп қорықтым, айтуға аузым бармады. Дұрысында, қазақ– тегін білгені жөн. Енді қазір айтайын, мен Ақтамбердінің тегінен болам. Тегім – ошақты, оның – тасжү регіненмін. Қазақтың кеше қорғаны болған Саурық батыр да менің бабам. Сәбит Мұқанов, Радлов, Мәшһүр Жүсіп Көпеев тамсанып жазған, қазақ қыздарының ішінде өлеңдерін ең алғаш хатқа түсірген Ұлбике ақын да менің апам болады. Құдайға тәуба деп отырамыз. Пайғамбар жасынан асқан соң бұл нәрселерді іштей жұптап, көңіліңе тоқ санап, аржақ-бержағыңды қайырып отыратын заман да келген сияқты. Біздің елден шыққан ұлылардың ұлысы болған соң бала кезден Ақ тамбердінің кім екенін білуге ынтықтым. Ол да арман. Әкем шала сауаттылау кісі еді, газеттегі сөздерді дауыстап оқып, құлағыма құюға тырысатын. Сонда тұңғыш рет “Профессор деген не?” деп сұрадым. Әкем: “Әр заманның өз даналары болады. Біздің заманымыздың білімпаздарын профессор дейді” деп жауап берді. Мен әкеме “Көке, онда мен профессор болам!” дедім. Бір арманым осы еді. Әуелгіде профессор деген тамақ ішпейтін, мен білетіндер ге ұқсамайтын жұмбақ адамдай көрінетін. Құдайға шүкір, көрдік. Болдық. Арманыма жеттім деп ойлаймын.
– Жұмыртқаны жаңа ғана жарып шыққан қызылшақа балапан секілді қанат қағуға талпынып, ҚазМҰУ-дің алғашқы курсында Сізден дәріс алдық. Алғаш рет тастағы таңбалардың бедерін көріп, алғаш рет “Орхон-Енисей” деген сөзді естіп, “Күлтегін” мен “Тоны көк”, “Білге қаған” мен “Тариаг”, “Құла шор” мен “Мойыншор”, “Талас пен Есік”, “Ертіс пен Іле” ескерткіштерінің құпия сырын құлағымызға құйып өстік. Әсіресе, Күлтегіннің VІІІ ғасырдағы сөзі батырлар жырындай жатталып қалды: “Тізеліні бүктірдім, бастыны еңкейттім. Өлімші халықты тірілттім. Жалаңаш халықты жылыттым. Кедей халықты бар қылдым, аз халықты көп қылдым...” Кейін бұл пәннен көз жазып қалғандаймыз. Бұрнағы жылы Премьер-Министр Иманғали Тасмағамбетовтің жетекшілігімен Монғолиядағы Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Сіздің университетке орнатылды. ОрхонЕнисей жазбаларының әлемдегі бірден-бір білгір маманы Қаржаубай Сартқожаұлын Монғолиядан көшіртіп алдыңыз. Ол сол сала бойын ша дәріс беріп, ғылыми жұмыспен айналысып жүрген шығар. Ататегіміздің көзіндей болған көне ескерткіштерді зерделеп, зерттейтін болашақ мамандарды қалай даярлап жатырсыздар? – Осы сұраққа орай әңгімені әріден қозғайын. Менің тұңғыш ұстазым, бойын жасырып жүретін тұлпар секілді, кісінің бетіне қарап сөйлемейтін, артық-ауыс сөзі жоқ аса бір ұяң, қасиеттің бәрін бойына жинаған қазақ ға лымы болды. Ол – Бейсекең, Бейсембай Кенжебаев. Бейсекең біреудің ала жібін аттап өтіпті деген сөзді естіген емеспін. “Ежелгі әдебиет” дейтін от секілді тақырыпқа Бейсекең мені қолымнан жетелеп апарып салды. Бірақ ол оттан менің жанбайтыныма көзі жетті. Тарихтың тылсым қойнауындағы әрі жұмбақ, әрі қиын тақырып-тын. “Сенің көне әдебиетің бар, сенің көне мәде ниетің бар, көне тарихың бар” деген сөзді былай қойғанда “Мен қазақпын, ана тілім – қазақ тілі!” деген мақтанышты айтуға батылымыз бармай, тіліміз байланып тұрған заман еді. Дәл осындай кезеңде мені сол тақырыпқа, Темір қанат балапанын көкке алып ұшқан қыран секілді, Бейсекең салды да жіберді. Шексіз батырлық. Бейсекеңнің данышпандығы, көрегенділігі. Ешкім өшіре алмайтын, тасқа қашалып жазылған құпия, жұмбақ дүниенің кілтін қолыма ұстатқанын кейінірек түсіндім. Сезінгенде аса бақытты адамдай сезіндім. Сол кезде “Тілімді айтқызбаса айтқызбасын, бірақ мәдениетіміздің түбі жойылмайды екен” деген мақтаныш сезімі терең билеп, биіктеп жүрген за мандарым еді. Неге десеңіз біздің бабаларымыз өзінің ата-аналарына, тастан қашап жыр жазып, ескерткіш орнатып жатқанда Еуропаңыз мүлгіп, қалың ұйқыда жатқан болатын. Бұл – өнер олардың өңі түгіл түсіне де кірмейтін кезең. Міне, осыны зерттедім. Диссертация қорғадым. Мұны біреу білер, біреу білмес. Не істеп, не жасағанымды “Асыл арналар” деген кітабымда жаздым. Оны оқыған Әбділда Тәжібаев “Мен таңқалудамын. Мырзатай, мұның бәрі ішіңе қалай сыйып жүрген? Біз қасымызда жүрген жастарды оқымайды екенбіз ғой. Сені әлі бала деп жүрсем, дана екенсің ғой!” деп елпілдеп кеткені есімде. Ақын эмоционалды болады ғой. “Асыл арналарды оқығаннан кейін” деген мақаласында “Әдебиет және өнер институты түгел жабылып, бір Мырзатайдың істегенін істеген жоқ” деп жазыпты. Менің сол еңбегіме үш ғұлама баға берді. Бірі – Әбділда Тәжібаев, екіншісі – Бейсем
бай Кенжебаев, үшіншісі – әруағыңнан айналайын, Әлкей Марғұлан. “Көне түрік әдеби ескерткіштерінің қазақ әдебиетіне қатысы” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғағанымда академик Әлкей Марғұлан екінші рет сөз алып: “Математика, химия, физика, табиғаттану ғылымдарында бірден докторлық беретін тәжірибе бар. Мырзатайдың мына жұмысына бірден докторлық сұраймын!” дегені есімде. Ел біледі, “Ежелгі әдебиетті” әдепкіде “Қазақ әдебиетінің ерте дәуірі” деп осы курста алғаш рет негіздеп, оқу жоспарына енгізіп, Қазақ мемлекеттік университетінде лекция оқи бастадым. Әдебиеттануда, елдің тарихи мұра сын оқытуда мұның үлкен оқиға ретінде қабылданғаны рас. Таяқты да аз жегем жоқ. Қажым Жұмалиев, Ысқақ Дүйсенбаев ағаларымыз елің қазақта мұншалықты көне әдебиет болған жоқ, бұған илану қиын деп сынаған да кездері болған. Бірақ кейін, әділін айту керек, Ысқақ ағамыз мойындады. Кейін ол кісі: “Бұрынғы пікірімнен қайттым. Ахмет Йассауи шынында да біздің атамұраларымыздың бірі екен” деген еді. Адам шындыққа бірден келмейді, бірте-бірте келеді емес пе, “ештен кеш жақсы” дегендей, кеш те болса кісі шындықты мойындады. Қазір осы тақырыпты тереңдетудің заманы туды. Сол кезде біз қытай мәдениеті, өркениеті дегенді жиі айттық. Керек болса, кешегі Алексей Толс тойдың “Хождение по мукам” трилогиясында тон жамылып пештің үстінде жатқан орыс халқының да өркениеті туралы айтылып жүрген кезде түркі өркениетінің ауызға алынбайтыны зығырданымызды қазандай қайнатады. Елбасымыз Нұрекеңнің тапсырмасымен Иманғали Тасмағамбетов жарғақ құлағы жастыққа тимей Күлтегін ескерткішінің ғылыми көшірмесін Жапонияда жасатып, осында... Еуразия университетіне әкеп орнатқаны мәлім. 2001 жылдың 17 мамырында жарықтық Күлтегін көлденеңінен сұ лап университетке кіргенде көзінен жас шықпаған адам қалмады. Бәріміз тебірендік. Қазақстанға рух, құдірет оралғандай болды. Содан бері осы жер қасиетті орынға айналды. Тәу етіп, мінәжат қылып келіп жатқан адамның саны жоқ. “Я құдайлап” отырмыз. Осыған орай университет Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуда. Өзім де “Көктен іздегенім жерден табылды” ғой деп, Монғолиядағы Қаржаубайды шақырдым. Үй бердім. Қасыма алдым. Эпиграфия жазу тарихы лабораториясын ашып, соның тізгінін ұстаттым. Қызмет істеп жатыр. Жаман емес. Иманғали бастап, 2001 жылы көне түрік өркениетіне арнап үлкен халықаралық конференция өткіздік. Сонда “Түркі тілдестердің рухы келді мұнда. Елімізге әруақ оралды!” деп конференцияға төрткүл дүниедегі түркілердің туын ұстаған айтулы азаматтарды шақырдық. Шыңғыс Айтматов, Олжас Сүлейменов қатысты. Мұстай Кәрім ағамызбен хабарласқанымызда сырқаттау екен, о кісі келе алмады. Конференция жақсы өтті. Біз тарихтан жақсы білеміз, екінші Түркі қағанатын орнатқан тайпалар кейін негізінен қазақ халқының құрамына кірген. Соның ең төбесінде тұрған ұлы бабамыз Құтлығ хан еді. 693 жылы ол дүние салғанда екі ұлы Білге мен Күлтегін балағатқа жетпеген жас еді. Сондықтан да таққа Құтлығтың інісі Қапаған отырды. Ол өлген соң билікке Құтлығтың заңды мұрагерлері – Білге мен Күлтегін келген еді. Сөйтіп, дана Тоныкөктің ақылымен Түркі қағанатының даңқын аспанға шығарып еді. Ол кезде әлемде үш-ақ империя
болды, олар: Қытай, Рим, Түркі империялары. Осылардың бәрін қазір терең зерттеп, бір ізге түсіруіміз керек. Түркі өркениетінің, әсіресе, Монғолияда тастан қашалып жасалған әрісі әлем тамсанған ғажайып ескерткіштері көп. Сол көне түрік ескерткіштеріне арнап, кезінде Ресейде Радловтың, Финляндияда Гегельдің Атлас шығар ғаны мәлім. Бірақ, бір өкініштісі әлі күнге дейін Түрік өркениетінің толық Атласы жасалған жоқ. Былтыр Қаржаубайдың жетекшілігімен Моңғолияға экспедиция жібердім. Сәтті болды. Бұған қол ұшын беріп, демеушілік жасап, қаржы бөлген “ҚазақМұнайтрансгаз” компаниясының президенті Ляззат Қиынов пен оның орынбасары Қайрат Сатыбалды бауырларыма шын жүректен алғыс айтамын. Құдайға шүкір, қазір Қазақстанның байлығы халқымыздың үдесінен шыға бастады. Мұнайдың байлығы қазақтың рухани мәдениетіне жұмсала бастағаны жақсылықтың нышаны. Қазір көнетүрік ескерткіштерінің Атласын шығаруға Жапонияда, Түркияда, Ресейде әрекет етуде. Түркі өркениетінің толық Атласын Қаржаубай екеуміз биыл баспадан шығарсақ – әлемде теңдесі жоқ үлкен мұра болғалы тұр. – Аты Еуразия, атағы Гумилев атындағы оқу орындарыңыз Ұлттық университетке тән ерекшелік – студенттерге беретін білімді өздері жаса ған ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәжірибелері негізінде жетілдіру, толықтыру. Осы бағытта атқарылған іс-шаралар мен қадау-қадау жетістіктеріңізге тоқтала кетсеңіз. – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 2000 жылы сегіз оқу орнына “Ұлттық университет” деген дәреже берілді. Нұ рекең 1994 жылы Мәскеу университетінің үлкен залында студенттермен, профессорлармен кездесіп, Еуразия одағын құру туралы идеяны алғаш рет күн тәртібіне қойған еді. Еуразия идеясы екі ғасырдан бері әңгіме боп келе жатқан тақырып. Осыны тікелей жүзеге асыра бастаған біздің Президентіміз. Қазақстанның халықаралық қазынасының нығая бастауына сәйкес, Еуразия одағы идеясын жүзеге асыру мақсатымен президент Назарбаев бұл универси тетті 1996 жылы құрды. Әлемге әйгілі Америкадағы Гарвард, Франциядағы Сорбонн, Ұлыбританиядағы Кембридж университеттері сияқты ордалы да озық оқу орнын, келешектің университетін құру – негізгі мақсатымыз. Уни верситетімізге – бас-аяғы алты-ақ жыл, жетінші жылға қадам басты. Нұрекең үлкен саясаткер адам. Университетімізге ат қоятын атақты ғұламалар бізде де жететін еді. Университеттің Еуразия идеясын жүзеге асыруға негіз салып, ғылыми тұрғыда орасан еңбек еткен, түркі дүниесін терең зерттеген, өмірі қазақ тарихымен тығыз байланысты Лев Николаевич Гумилевтің атымен аталуы өте заңды. Атына заты сай Еуразия университетінің материалдық-тех никалық базасы әлемдік деңгейге көтерілді. “Бізде пәленбай студент оқиды!” деген құр мақтангершілікті қою керек. Сапаға көшкен жөн. Қазақ студент тері шетелде оқығанын жетістік көреміз. Болашақта шетел студенттері бізде дәріс алатындай жағдай жасауымыз керек. Неге? Бұл, біріншіден, ақша ғой, біздің мемлекетімізге, қазынамызға құйылатын дәулет қой. Екіншіден – сая сат емес пе? Сырттан келіп оқыған баланың Қазақстанға деген махаббаты артып, көзқарасы орнығады. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті қазір елдің үмітін ақтай бастаған, әлемдік биік деңгейдегі халықаралық білім стандартын сақтаған оқу орны деп ашық айта алам.
“МАМАНДАРДЫ МАҢДАЙЫНАН ШЕРТІП ТАҢДАДЫМ” – Студенттерге арналған оқулықты өздеріңіз жазасыздар ма, әлде одан-бұдан құрастырып, сұрастырып, бұрынғы-соңғы іліммен ілдәл далап келесіздер ме? – Әжептәуір оқулықтар бар. Елге белгілі ғалымдардың еңбектері өз алдына. Бұрынғыдай заман емес, біздің студенттер қазір Интернетті пайдаланады. Әлемдегі білім, ғылым табыстарының бәрі сонда тұрған жоқ па? Өзіміз қазақ болғасын ғылыми еңбекті әйтеуір қазақ жазуы керек деген пікірмен келісе бермеймін. Ол – біржақты ұғым. Мысалы, әлемдегі математика, физика, химия, биология, философиядан, ежелгі тарихтан жасалған байсал ды, байыпты оқулықтарды неге пайдаланбасқа? Мысалы, Колмогоровтың оқулығынан жоғары математиканы кім артық жазып берер екен? Бәлкім, оның да заманы туар... Көзі тірі, жасы тоқсан алтыдағы Никольскийдің мектеп оқушыларына арнайы жазған есеп-қисап оқулығы тұрғанда бізге тыраштанып керегі не? Одан артық көзге көрініп тұрған маманды байқағам жоқ. Әлемдегі ғылыми жетістікті пайдалану– көрегенділік. Оны өз әжетіне пайдалана білу де ақылға келеді. – Жастарды біздің ұлттық мәдениетіміз негізінде тәрбиелеп, жалпы адамзаттық құндылықтар рухында қалыптастыру үшін жасап жатқан харекеттеріңіз қандай? – Халқымыз жартылай көшпенді, жартылай отырықшы болған. Қазақстан ның оңтүстік өңірінде дүние жүзіндегі ешбір мәдениетке айырбастамайтын, ешкімнің тақиясына тар келмейтін қалалар болған. Соның бірі – рухани астанамыз Түркістан қаласы. 1500 жылдығы тойланғанымен оның тари хы әріде жатыр. Тараз – әлемнің көз тіккен қаласы. Соңғы бір ғасырдың ішінде алғашқы ту қадаған астанамыз Орынбордан Қызылордаға, одан Алматыға, одан Астанаға көштік. Астананы астана жасау үшін әкімшілік, билік, парламент жүйелері ғана ат салыспайды. Бүкіл ел боп, халық боп, оның ішінде үлкен руханият, мәдениет, ғылым, ілім араласқан кезде ғана астананың ажары кіреді. Ресейге бодан болған соңғы үш ғасырдың ішінде тарихымыз әбден саясиланып кеткені жасырын емес. Кеңес өкіметі кезіндегі Целиноградтан қазақты ілуде бір көретін болсақ, қазір жергілікті халқымыз 54 пайызға жетті. Қазақ мемлекетінің астанасынан қазақтың рухы сезіліп, мәдениеті көзге ұрып, қазақтың исі аңқып тұрмаса ұлттығымыз қайсы? Осы ойлардың ұшқынымен біраз өнерпаздарды шақырдым. Әйгілі күйші Секен Тұрысбеков басқарған “Қоңыр қаз” ансамбілін құрдық. Мағжан Жұмабаев атындағы әдеби бірлестік бар. Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне үлкен үлес қосқан азаматтардың сорпаға шығарлары осында. Атақты ақын, дипломат Мұхтар Шаханов маған сыйлаған кітабына былай деп жазыпты: Бастан асқан жұмысы, Кененнің бас інісі. Аязды астанамыздың Бір рухани тынысы. Ақын Қайрат Жұмағалиев та маған мынадай өлең жолдады:
Отырмын көңілім жайланып, Бекіндім осы ойға анық: Бүгінгі таңда Астана Барады Мырзатайланып. Мұның бәрі де осында келгелі ұлттық мәдениет пен рухани жұмыстар төңірегінде жасап жатқан еңбегімнің бағасы-ау деп өзімше топшылаймын. – Іс тетігі – кадрде. Кадр болмаса – қадір болмайды. Университеттің ғылыми-педагогикалық кадрларды қалыптастыру үшін аянып жат қан жоқсыздар. Әйтсе де, әлемдік ұғым бойынша, сол оқу орнына түсіп, диплом қорғап, аспирантурасы мен докторантурасын бітіріп, содан кейін өзіне тұрақтаған кадрда ғана қадір бар деп есептейді. Осы тұрғыдан қарағанда... – Университетке маңдайынан шертіп-шертіп алпыстан астам ғылым докторын алып келдім. Аз ба? Басқасын былай қойғанда тарихшы Кемел Ақышев, іргелі әдебиетшілер Ақселеу Сейдімбек, Рымғали Нұрғали, Дандай Ысқақ, Тұрсын Жұртбай... Туған қарындасымдай болған Алма Қыраубаева маңдайға сыймай кетті. Екі жақтап көне дәуір әдебиетінің иін қандырып, терең зерттейміз бе деп арнайы алдырып едім. Алма сөзімді жықпай келіп еді, өкінішке орай айрылып қалдық. Ғылымдардың да ғылымы, өзің білесің, бұл – математика мен физика. Бұл салада атағынан ат үркетіндей жас ғалымдарды әкелдім. Ғылым докторла ры Мұхтарбай Өтелбаев, Алтынбек Шәріпбаев, Рысқұл Ойнаров, Қордан Оспанов, Ерлан Нұрсұлтанов, Уәлбай Өмірбаев, Владимир Неронов, Ербол Темірбеков, Мамырбек Бейсенов, Тұрлыбек Мұсаев, Асқар Жүсіпбеков, тағы тағылар оқу орнымыздың керегесін кеңейтіп жүрген кадрлар. Қазір біз Қазақстанның ең талантты, дарынды балаларын таңдап, іріктеп алып жатырмыз. Болашақ кадр – солардың ішінде. – Максим Горький “бір күннің өзін кішкентай өмірге” бағалаған ғой. Қазір бір күннен бір күн қызық. “Күнде-күнде той болса, ара-тұра айт болса” дейтін баяғы бай-патшаның заманы келмеске кетті. Бүгінгіміз мыс, ертеңгіміз күміс, арғы күніміз алтын сияқты алыстан қол бұлғай ды. Адам өмірінің үштен бірі ұйқымен өтетіні ақиқат. Қалған уақыт – қам-қарекет, күнделікті күйбең іс, тыпыр-тыпыр тіршілік. Сіздің бір күндік уақытыңыз негізінен не нәрсеге арналады? – Өзінің отбасына көңіл бөлмейтін адам болмайды. Дәл қазір, бұрында да солай, уақытымның көбі жастарды тәрбиелеуге бөлінеді. Таңертең ке лем, түннің бір уағында қайтам. Менде сенбі де, демалыс та жоқ. Осының бәрі жұмыс. Мақсат – келешекке дарынды жастарды даярлау. Өткен жылы республика бойынша 122 оқушы мектепті алтын белгіге бітірсе, соның 34-і бізде, 326 бала айрықша аттестатпен түсті. Олимпиада жеңімпаздарының 16-сы қазір біздің бірінші курс студенттері. Мұндай көрсеткіш ешбір уни верситетте жоқ. Президент сеніп тапсырғаннан кейін, Мырзатай деген атым бар, уақытқа қарап жатқаным жоқ. Қазіргі девизім мынадай: “Оқымайтын баланы оқы тудың керегі жоқ!”. Қазақ “Жетектеп қосқан ит түлкі алмайды” дейді ғой, біздің қазақтай білгір халық жоқ. Оқығысы келмегендерге алтын уақытыңды қор қылғаннан артық қорлық бар ма?
“ӨЛЕҢНІҢ ТАҢДАЙЫМДА ҰЯСЫ БАР!..” – Тараздың 2000 жылдық тойына орай ұйымдастырылған ақын дар айтысында он сегіз жастағы Шырынбек деген студент топ жарып, көпшіліктің көзіне түсті. Оның мақамына, халықтық әуеніне, тапқыр лығына тәнті боп, ыстық ықылас, ұстаздық пейіл білдірдіңіз, алтын тапқандай қуандыңыз. Дәл сондай таланттардың басын біріктіріп, Аманжол Әлтаев, Айбек Қалиев, Балғынбек Имашев, Дәулеткерей Кәпұлы секілді айтыстың алдын бермейтін жорғаларды универси тетке шақырдыңыз. Сонда Сіз айтыс ақындарының кафедрасын аштыңыз ба? – Айтыс өнері кезінде өзге елдерде де болған ғой. Арабтарда “Мұ ғаллакат”, парсыларда “Мүшәйра” деген. Қазір осы айтыс барлық жерде саябырсыған сыңайлы. Әсіресе, кеңес өкіметі кезінде теңіздей тартылып, құрғап қалды. Сөйтсек, жыр кейде заманын күтіп жатады екен. Тәуелсіздік алғаннан кейін айтыс өнері жарқ ете қалды, жарылды. Содан бері қанша ма дарындылар көзге түсіп, қаншама таланттылар танылды. Қазір айтыс өнері қалыптасты, жылт етіп бір жас көріне қалса қуанамыз. Мұның бәрі де даладағы қазақтардың қаймағы бұзылмаған үрдісі. Бүгінгі таңда дала дағы қазақтар қалаға жиналып жатыр. Үрдісіміз үзіліп қалар ма екен деген уәйіммен университетте айтыс ақындарын дайындайтын бөлім ашқаным рас. Семейден Ринат шыққанда қуанышым қойныма сыймады. Семейден Еуразия университетіне ауыстырып алдым. Сол сияқты Шырынбектің де жөні бөлек. Сөз саптауы ерекше. Білмеймін. Танымаймын. Көзіме жаңа Мұхамеджан туғандай боп көрінді. Айтыстың аяғында туыстары жиналып, маған “Бата беріңіз!” деді. Сөйтсем, менің Жаңылдық деген апамның неме ресі екен. Жаңылдық апамды мен жас кезімде көргем, сұмдық ақын болған кісі. Өлеңдері есімде. Ұмытып қалғанымды қарашы. Алғашқы жолы... Жаңылдық – жалындаған өзім жаспын, Жігіттер, қолға ұстайтын гауһар таспын! – деп өлең бастайтын. “Өлеңнің таңдайымда ұясы бар” деуші еді. Шырынбек сол апамның немересі боп шықты. Қайран қалдым. Әрі ойлап, бері ойлап қарасам, қазақ айтысын зерттейтін ешқандай ор талық жоқ. Неге? Жақында ғана университетте қазақ айтыс ақындарының мұрасын зерттейтін лаборатория аштым. Өзім жетекшілік етемін. Қосымша Жүрсін Ерманды шақырдым. Алла жазса, наурыз айында үлкен халықаралық айтыс ұйымдастырмақшымыз. – Шетелдің юмористері “Жауапкершіліктен қорықпа. Жауап кершілік – әйелің сияқты: одан кез келген уақытта кете аласың” деп астарлы әзіл аңғартады. Менімше, бұл онша оңып тұрған пікір емесау? Баяғы бабаларымыз “Нар жолында жүк қалмас” деген. Жауап кершілікті нар жігіттер ғана арқалайды. Әйтсе де қазіргі жастары мыздың бойынан жауапкершіліктің жоғары сортты тұқымы төмендеп, азып бара жатқандай... – Шетелдіктер, бәлкім, әзілдеп, әйтпесе бұра тартып ирониямен айтқан шығар. Әйтпесе, өте жаман сөз. Жауапкершіліктен кеткен кезде – өмірде бе реке болмайды. Адамды мақсатына жеткізетін – тәуекел мен жауапкершілік.
Азаматтың бет-бейнесін айқындайтын да осы жауапкершілік. “Баланы бастан” дегендей, баланы жастайынан жауапкершілікке баулы саң, жемісін жейсің. Осыдан он жыл бұрын Иранда елші боп жүріп, қазақ жастарының қалт-құлт жағдайын көргенде пұшайман болдым. Соны уағында тілге тиек еттім. Қазір қазақ кімнен кем? Ол кезде Қазақстан дүкендері дү ниежүзі арақтарының көрмесі секілді болатын. Сонда “Ойпырым-ай” деп уайымдағаным рас. Ол да өтпелі дәуір екен. Көзі ашық көп министрлермен кездесу сәтінде студенттерімнің қойған сұрақтарына іштей риза боп оты рам. Түйеден түскендей сұрақ қояды. Ағылшын тілінде ме, орыс тілінде ме бәрібір, студенттерім кейбір министрлердің екі аяғын бір етікке тығады. Сонда – “Мен осы студенттің жасында қандай едім?” деп өзімді салыстырам. Оның ширегіне де келмейтін ем... Министрге сұрақ қоймақ түгілі, министрдің өзін көрмей-ақ өстік қой. Әңгіме жауапкершілікте. Жастардың жауапкершілігі мен мақсат-мүддесі біздің замандағыдан гөрі әлдеқайда күрделі. Қаны таза халықтың – жаны таза. Он бес атадан асып кеттік, қанымыз да таза, жанымыз да таза. Жастардың жауапкершілігіне менің көңілім тоқ. – Тоқсаныншы жылдары толғағы жетіп, жазықсыз жапа шеккен Алаштың азаматтары ақталған тұста Өзбекәлі Жәнібеков Орталық Комитеттің идеология жөніндегі хатшысы болды. Сіз идеология бөлімін басқардыңыз. Зерделі ғалым Сейіт Қасқабасов құзырыңыз да қызмет істеді. Алаш азаматтарын ақтау идеясы әу баста кімнен шықты? – Бұл мәселені ең бірінші тұмардай қастерлеп, көтерген – Өзбекәлі Жәнібеков. Өзекең көп сөйлемейтін кісі еді ғой. “Толғағы жетті. Осыны ел күтіп отыр” деді де, арнайы құрылған комиссиясының тізімін таныстырды. Комиссия төрағасы – Жабайхан Әбділдин. Өзі Парижге жол жүріп бара жатты. “Мен келгенше құжатты бюроға дайындап қойыңдар!” деп тапсырма берді. Комбаин еді ғой ол кісі. Жолында масақ қалмайтын, түгел қамтып кететін. Жиырма шақты күннен соң оралды. Сұрады. “Бітірдік” дедім. Бю роның төрінен бір-ақ шығарды. Азаматтарымыз ақталды. Сөйтсек, бірінші хатшы Колбиннен бастап бәрін келістіріп қойған екен. Мақтанып қоялық, біз де қағазды мүлтіксіз дайындадық. Сонда еңбекке жегілген адамның бірі Сейіт болатын... – “Қалың қазақтың Өзбекәлісі” туралы естелігіңізде “Мен бұрын партия орындарында қызмет істеген адам емеспін. Соған қарамастан, қайта құру дейтін заманда Орталық Комитеттің бөлімін басқарған тұста көп нәрсеге үйреткен осы Өзбекәлі ағам еді” деп жазыпсыз. Кейінгі ұр пақ үшін керемет тәлім-тәрбиелік мәні бар сөз. Бірақ, таратып айтпап сыз. Білгіміз келетіні – Өзағаңнан не үйрендіңіз, Сейітке не үйреттіңіз? – Бұл ұзақ әңгіме. Оның үстіне Өзекеңмен көп қызметтес бола алмадым. Әбділда Тәжібаев ағам ылғи да айтып отыратын. Қазақ арыз жазбай жүре алмайды ғой. 1936 жылы декаданың қарсаңында “Жамбыл деген біреуді ойынан тауып алды. Қуыршақ. Ондай адам жоқ” деп іштарлық жасағандар Мәскеуге арыз жазыпты. Леонид Соболев бастаған комиссия келеді. Өте қатулы. Жарықтық Мұхтар Әуезов оны Жамбылдың ауылына апарыпты. Түске дейін ғана сөйлесіп қайтамыз деген Соболев Жәкеңнің ауылында үш
күн жатыпты. Қайтарында бір пьесаның геройын келтіріп “Осындай адам өмірде болады дегенге сенбейтін ем!” депті. Жәкеңнің әр әңгімесін қағазға түсіріп алып отырыпты. “Ойпырым-ай, темекі туралы, жалқау туралы әңгі ме жазатын болса, Толстой осы кісіден артық жаза алмас еді!” депті. Риза болғаны сондай, қайтарында: “Жамбылдың мектебінен өттім. Жамбылдың университетінен өттім. Жамбылдың тайниктерін аштым!” деп кетіпті. Сол сияқты мен аз уақыттың ішінде Өзбекәлінің мектебінен өткен адаммын. Тұла бойы тұнып тұрған ұлттық қасиет. Күні-түні ойлайтыны да, арманы да – осы еді. О кісіден үйренген нәрсем – қолым қалт еткенде айналамдағыларға аталы, өнегелі әңгіме айтам. Маған Құдайдың берген бағы – әңгімешіл адамдарды көбірек көрдім. Солардың ішіндегі әңгіменің шебері– Өзекең еді. Кеңседен кешірек шығамыз. Тіпті, Алматының әрбір қойтасына дейін екі-үш сағат сыр шертетін. Бір күні “Осы айтқандары ңыздың бәрін теледидарға түсірейікші” дедім. “Жарайды” деді, бірақ уақыт құрғыр жете ме? Ешкімнен таба алмайтын осы әңгіменің бәрі Өзағаңның өзімен кеткенін ойлағанда, осы күнге дейін бармағымды шайнаймын. Бір күні “Шеберлер ауылын жасайықшы” деді. Ол идеясына осы күнге дейін аң-таңмын. Бір адам туралы теріс пікір айтқанын естіген емеспін, сосын біреуді көтеріп мақтамайтын. Бар діттегені – жұмыс. “Әкел, әкел, әкел!..” халықтың тағдырын шешетін қағаздарды алтын әріптермен теріп әкелсең де әдеті сол – бір көзін қысып отырып, бірден шимайлай жөнеледі... Іс қағазын Өзбекәлідей шебер жазатын, жеріне жеткізіп жазатын адам ды әлі кездестірген емеспін. Бірақ, ұнатпаған қағазды қайшымен турап тастайтын... – Тағы да сол естеліктен эпизод. “Әбден иін қандырып, пісіріп әкелген” маңызды бір құжатты Өзағаң “жарты метр қайшысымен” қыршылдатып турап тастапты. Сірә, көңілінен шықпаса керек. Сонда Сіз мінез танытыпсыз. Әрине, әркімде мінез бар. Кейбір мінезіңізден опық жеп, опынған кезіңіз болды ма? Сізге бәзбіреулер басынып, мінез көрсеткен сәттер кездесті ме? – Бұл әңгіменің бәрін менің сол кездегі бірінші орынбасарым Игорь Ро манов біледі. Бір күні Өзекеңнен туралып шыққан материалдарды қайтадан қарап, күзеп, түзеп, әбден илеуін келтіріп, “Енді осы жолы шимайламайтын шығар” деген сенімді үмітпен апардым. Тағы да әдетіне басты. Бір қолында өзімен бірге жасасып келе жатқан жарты метр қайшы, бір қолында желім. Турағанын турап, турамағанын желімдеп, жапсыра бастады. Өзі турағыш, өзі және пішуші. Өз теріме өзім сыймадым. Алдындағы қағаздың бәрін сыпырып жинап алдым да: “Осы дүниеде Жәнібековтен жазғыш болмаса да... Енді мен қағаз әзірлемеймін, өзіңіз дайындаңыз!”– деп алдындағы парақтарды жиып алдым да кеттім. Өзекең аң-таң болды да қалды. Кабинетімде мұңымды Игорьге шағып отыр едім, телефон шырылдады. – Мырзатай! – деді. Өзекеңнің дауысы. – Иә! – дедім. – Чего ты горячишься? Зайди поговорим! – деді. Түсі сұп-суық боп көрінетін дөңайбатты адам еді ғой. Барсам – балбырап, гүл-гүл жайдары
күліп отыр екен. Сол кезде маған Өзбекәліден жайлы, жайдары, сұлу адам жоқ секілді көрінді. – Тентек екенсің ғой! – деді. Ашуым басылмаған. – Партбилет ұстап туғам жоқ қой. Қолымнан келгенше жаз дегеніңіздің бәрін жазып жатырмын. Аянған ештеңем жоқ! Сізден бөтен адам қолына қағаз ұстап көрмеп пе екен? Алдыңызға қағаз әкелсек, қасапшының пы шағындай әнебір жарты метр қайшыңыз жалаңдайды да тұрады! – дедім. Күліп жіберді. – Жұмыста ондай-ондай бола береді! – деді. Құшақтап, бауырына басты. Мен де жайланып сала бердім. Зейнетке шыққаннан кейін де: “Маңғыстаудағы ашық аспанның астынан музей жасау керек, Мырзатай. О жақтағы ескерткіштің бәрі қирап, құрып жатыр. Соны түсінетін, тыңдай тын адам бар ма?” деп телефон шалды. Дүниеден озар шағында ауруханада қатар жаттық. Тұмсығындағы кислородтың түтікшесін жұлып алып, өмірі өлмейтін адамдай “Ананы үйтейік, мынаны бүйтейік” дейтін. Ой, жарықтық-ай! Күңіреніп кетті ғой. Өзағаңның жүріс-тұрысынан, тұрпатынан, бітімінен, ой саптауынан үйренген нәрсем бір төбе. Менің бақытым – осы жасыма дейін бір пендеге тәуелді боп көрмеппін. Біреудің сөзін де басымнан асырған емеспін. Әсіресе, әділетсіздік жасаған дарды – кешпеймін. Ондайларға қолма-қол жауап берем. Меңдібаев ЦК-ның екінші хатшысы боп шалқып тұрғанда атымды атамаса да біздің бөлімді нақақтаннақақ орынсыз сынады. Шыдамадым. Көпшіліктің көзінше оған: “Сіз неге тайраңдайсыз? Өзіңізде бір жел бар ғой, тіреп тұрған аспаныңызды маған тастап жіберіңіз!..” деп дәлелсіз де дәйексіз сынына қарсы уәж айтып ем, “Ты что?” деп қоқиланды. Сіз-бізді қойып: – Сенің түбіңе мен жетем! – дедім. – Өзің башқұртсың, қазаққа жаның ашымайды. Кеше Алматы обкомын басқарғанда қазақтың бәрін қан қақсат қан адамсың. Екі дүниеде оңбассың,– дедім. Жаман қорқып кетті: – Мырзатай, ты что? Я шутя говорил. Прости! – деп есі шықты. Кейін ол орнынан босап, Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары боп жүр генде оңтайын келтіріп, “Социалистік Қазақстан” газетіне “Кіші 37” деген мақала дайындаттым. Шерхан Мұртаза нар ғой, барлық жауапкершілікті өзіне алып, газетке жариялап жіберді. Жоғары жақта да тып-тыныш бола береді деп ойламаңдар. Борандар соғып тұрады. “БІЛІМІ ЖОҚ УНИВЕРСИТЕТ, ҒЫЛЫМЫ ЖОҚ АКАДЕМИЯЛАР ҚАПТАП КЕТТІ” – Ел аузынан қалған елеулі әңгіме есіме түсіп отыр, Мырзеке. Ертеде бір қариядан “Қатты нәрсе мықты ма, әлде жұмсақ нәрсе мықты ма?” деп сұрапты. Сонда ақсақал: “Әлбетте, жұмсақ нәрсенің өмірі ұзақ!” депті. Дәлел ретінде аузын ашып көрсетіпті де, “Қарашы, қарағым!
Тісімнің бәрі баяғыда түсіп қалды, ал тілім сол күйі орнында тұр!” депті. Айтайын дегенім– жұмсақ тіліңізбен жұртшылықты аузыңызға қаратып, талай жиында сөз сөйледіңіз. Қилы-қилы ғылыми баяндама жасадыңыз. Жылы-жылы сөйлеп, жыланды да інінен шығарған кезіңіз аз болған жоқ. Енді сол бал тамған тіліңізден баянды еңбектеріңізді елжұрттың естігісі кеп жүр. “Ел тағдыры – ер тағдыры” атты кітабыңызға оқырман құштар. Шығармашылық төңірегіндегі жоспар-жобаңызды айта отырсаңыз... – Алпыс бес жасқа толғанда “Шың мен шыңырау” деген кітап шығар дым. Мазмұны әрқилы: тәуелсіздік туралы ойлар, өмірдің мәні мен сәні, болашақтың алтын кілтін ұстаған бас қаламыз Астана туралы айшықты пікірлер, менің сөзіме жазылған әндер. Сондай-ақ, арнау өлеңдер, құттық таулар, шын жүректен шыққан жылы лебіздер... Осы жасқа келгенше бір кітабым орыс тілінде шықпаған екен. Ішімдегіні сезгендей Роллан Сейсенбаев көне әдебиет төңірегіндегі жазғандарымды орыс тіліне аударып жатыр. Алдағы жоспарым – “Атласты” шығару. Бұл – айта жүретіндей, оқырманды да, авторды да марқайтатын еңбек. – Баяғыда көшеден полковникті көрсе, “аттылы атынан түсіп, жаяу адам жата қалып” қарайтын. Таңырқайтын. Қазір екінің бірі – полковник. Машинадан үрікпейтін мал секілді, елдің еті үйренген. Қазіргі ғылым дәрежесі де – сол сияқты. Ертеректе ғылым кандида ты келе жатқанда аузы дуалы арқалы ақсақал келе жатқандай сезі нетінбіз. Қазір ше? Қабілеті шала, қалталы шенеунікке дейін ғылым докторы. Алты ғалымның бесеуі – Академик. Бұл не? Атақ-құмарлық па, әлде замана үрдісі ме? – Бұл туралы кішкене жұмсаңқырап айтайын. Шенеуніктің бәрін бір қап тан, бір саптан шығарып ғайбаттау – әбестік. Мәселен, билікте жүрген биік ойлы азаматтардың бірқатарын өзің білесің. Әйтсе де, заманның ерекшелігі ме, Абай атамыз айтқандай “бас-басына би” дегендей, білімі жоқ универси теттер, ғылымы жоқ академиялар қаптап кетті. Шынында да, ғылымға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын ғалымсымақтардың еңбектерін оқығанымда не жазып, не қойғанын түсінбеймін. Солардың бәрі ғалымның атын тұтынып жүр. Ешқайсысын қызғанбаймын. Бәрі профессор. Оқу министрі Шәмша Беркімбаева осы мәселені қолға ала бастаған сыңайлы. Ретке, тәртіпке келтіруге қатты күш салып жатыр. Білімі жоқ дипломды студенттер қаптаса, ілімі жоқ профессорлар көбейсе, сауатсыз мемлекетке айналып, гөй-гөйдің көкесі сонда болады. Бұл – аса қауіпті дерт. Расында да реттейтін кез келді. – Дүкендегі зат секілді өмірдегі әр адамның да өзіндік құны бар. Ал, адамның бағасы қанша? Ол – айналасындағы адамдардың қойған бағасына байланысты. Сіз өз бағаңызды қаншалықты қалай білесіз? – Аристотельдің замандасы Диоген данышпан шаңқай түсте қолына шам алып қанбазардың қақ ортасында жүреді екен. Жұрт “Оу, жарықтық, жарық күнде мынауыңыз не?” десе, ғұлама: “Адам іздеп жүрмін” дейді екен. Жасымнан атымды былғамай, ата жолымен адам іздеуге ұмтылдым. Ал енді өз бағасын білмейтін адам болмайды. Әркім өз шамасын байқайды ғой. Біздің Елбасымыз Нұрекең де халық үшін туған. Әйтпесе, патша бол ғысы келетіндер аз ба? Ғасырлар бойы қанша бабамыздың қаны шашылды,
қылша мойны қиылды, басы кетті. Бірақ, осы тәуелсіздікке Нұрекең жетті. Ел аралаймыз. Естиміз. Көреміз. Қалың елдің ішінде беделі жоғары. Жал пы, кісінің бағасына жету қиын. Үлкен өкініштің бірі сол – көзің барда көп бағаланбайсың. Шын бағаң жоқ. Біз Өзбекәліні жақсы көрдік, жек көрдік. Ұрысса – жек көреміз, әрине. Өзбекәлі өмірден өткесін ғана “Ай, Азаматтан айырылып қалған екенбіз ғой!” деп шын қайғырдық. Жыладық. Тіршілік осы. Қазақ айтады: “Әйеліңе қадірің жоқ – етіңді көреді, ағайынға қадірің жоқ – бетіңді көреді” дейді. Біреуге ащы айтасың, біреуге тұщы айтасың. Қазақтың ортасында қадірсіз емес екенімді сезем. – Басшылардың басым көпшілігі қарамағындағыларды қаттырақ ұстап, таңның атысы күннің батысы жұмысқа жұмылдырып, тыным бермейді. Таудай талап қояды. Қадағалайды. Сүрліккені сонша, тіпті шаршап-шалдығуға уақыты жоқ. Сіз де талай басшылықтың тізгінін ұстап келесіз. Пәлсафаның заңына сүйенсек, қай заманда болмасын, басшылар кәрі немесе жас деп емес, ақылды иә ақымақ деп екіге бөлінген. Жалпы, Кеңес өкіметі кезіндегі басшылық пен қазіргі нарық өкіметі кезіндегі басшылықта айырмашылық бар ма? – Басшылық деген не? Басқару деген сөз. Ақылмен басқару керек. Біздің дертіміз сол – бірінші басшыға жалтақтап қалған халықпыз. “Не деп қалады? Ұната ма? Ұнатпай ма?” дейміз де жүреміз. Басшы еркін, ерікті болу керек. Соншама елдің тағдырын сеніп тапсырғасын ақылмен басқарған абзал. Ал, бұрынғы басшылық пен қазіргі басшылықтың арасы жер мен көктей. Бұрын өмір бойы Мәскеуге жалтақтадық. ЦК-ның сыпырушысын жұмысқа алу үшін де Мәскеумен ақылдасатын. Ал, қазір басқаша. Тәуелсіз елміз. Мәселені қолма-қол шешесің. Ойыңдағыны ірікпейсің. Қазір шын мәнінде өзін-өзі танытатын талантты басшылардың заманы туды. – Қазақтар “Келісіп пішкен тон – келте болмас” дейді. Қазір бұл мақалдың өрісі кеңейген сияқты. Өйткені, саясатшыл адамның келісіп пішкен келте тоны ұзарады. Келісімге келмеген саясаткерлердің ұзын тоны қысқарады. Қытай философы Лао-Цзы “Адамдарды артыңнан ерткің келсе, солардың соңынан жүр” дейді. Сірә, бұл – біздің “Ұлық болсаң, кішік бол” деген мәтелден шыққан данышпандық ұлағат. Доссыз адам – тұссыз аспен тең ғой. Кім-кімдермен ақылдасып, ке ңесіп тұрасыз? – Қабырғадан қойып отырған сұрағыңның жаны бар. Келісем. Бірақ мен мектептің оқушысы емеспін ғой. Тәжірибем былай: өмірден көргенім, жиға ным, тергенім, аңсағаным, білгенім, түсінгенім, түйсінгенім, топшылағаныма сүйеніп істеймін. Кез келген нәрсені ақылдаса бермеймін. Сүбелі, күрделі мәселеге келгенде ғана өз ұжымыммен ақылдасып отырам. Көңіліңнен шы ғатын, көкейіңе қонатын етек-жеңі мол кісілермен ара-тұра ақылдасқанның артықтығы жоқ. Үкіметке келген кезде қазіргі Мәскеудегі елшіміз Алтынбек Сәрсенбаев жап-жас жігіт-тін. Ол менде ішкі саясат бөлімін басқарды. Оның бірінші орынбасары болып Сауытбек Абдрахманов істеді. Әр кезде екеуімен кеңесіп жүрдім. Сауытбек он ойланып, жүз толғанып айтатын жігіт. Алтын бек керекті нәрсені кейінге сілтеп қалдыра бермейтін. Вице-премьер кезім ғой. Көбінесе көп шаруаны үшеулеп шешетінбіз. Иманғали Тасмағамбетов пен Қырымбек Көшербаевтың көрегенділігін көп байқадым. Қазір қайдан
білейін, ақыл айтатын жасқа келдік қой. Жұмыс болғасын шаршайсың, әңгімелескің келеді. Сондай сәтте кеңірек сырласқанды жақсы көретін адам дарым Өмірбек Байгелді мен Әбіш Кекілбай. Тарих туралы, өмір туралы, келешек туралы, ұрпақ туралы сырласып, байтақ әңгімеге барамыз. Содан ләззат алып, рахат табамыз. Ғылым саласында өзіме етене жақын жігіттер – Ақселеу мен Қойшығара. Олармен сөйлессең де айызың қанады. Ақылдаса қалсақ та соның байыбын тауып, шешімін шешетін сияқтымыз. – Леонардо да Винчи “Жамандығыңды жасырған достарыңнан гөрі қателігіңді тапқан дұшпан артық” депті. Сіз осы пікірмен келі сесіз бе? – Келісем. “Күле кіріп, күңірене жүреді” дейтін сөз бар. Жақсы мағынада айтылған сөз емес. Қажамай, сенің қатеңді дәл тауып айтқан адамға ашуланбау керек. Қарға да жан-жағына екі қарап, бір шоқиды. Сыншыңның болғаны аяғыңды аңдап басып, тартынып жүргенге жақсы. Адамның жаман-жақсысы болмайды деген пікірмен келіспеймін. Жа маны – кесапат. Халқымыз данышпан ғой. “Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады” дейді. Сондықтан күлтелеп, жүзіңе жылы қарап, сыртыңнан басқаша сайрағаннан бетіңе ашып айтқан адам артық. Ақымақ патшалар қайдан шыққан? Оның төңірегінде қулар, жалпақбайлар, алаяқтар көп. Алдап, арбап, “Сен данышпансың, сен кереметсің!” дегенде ақ көңіл адам сеніп қалады. – Есіңізде бар ма, жоқ па, білмеймін, студент кезімізде жатақхана ның “подвалындағы” бір бөлмелі баспанаңызды көріп, қарапайымды лығыңызға қайран қалған едік. Әйгілі философ Диоген де бөшкенің ішінде өмір сүрген дейді ғой. Сіз жаңа пәтер алдыңыз. Біз көшірістік. Сіз басқарып отырған университеттегі жас мұғалімдердің жай-күйі қалай? Болашақ Диоген мен келешек Мырзатайлар бөшкенің ішінде немесе “подвалда” тұрып жатқан жоқ па? – Кейінгі ұрпаққа біздің басымыздан кешкенді кешпей-ақ қойсын деп тілеймін. Көрген қорлығымызды көрмей-ақ қойсын деп тілеймін. Құдайға шүкір, қазір аттың басы түзелді. Даңғыл жолға түстік. Жастарымыздың ас тында – машина, қалтасында ұялы телефон. Бәрі де баршылықтың арқасы. Ал, мен ұзынырғасы он бір жыл пәтерден пәтер жалдап, “жетім бұрыштан” Тастаққа дейін көшіппін. Алматыда мен бармаған қуыс жоқ. Пәтер иелерінің көпшілігі орыстар еді. Бірінші сұрағы: “Бала-шағаң бар ма?” дейтін. “Бар!” десең бітті, “Иди, иди!” деп ит қосып қуалайтын. Өз жерімізде жігеріміз құм боп қайтатынбыз... Ол кезде тіршілік шектеулі. Қазір ше? Қолынан іс келетін адамның бәрі де ілігіп кетті. Кейбір жесір әйелдердің өзі байыды. Дей тұр ғанмен, мен қайран қалатын бір мәселе – қазақтың көбі жарымай-ақ қойды. Астанада пәтер жетпей өртеніп тұрған 2000 жылы мен қызметкерлеріме 86 пәтер әпердім. Оның өзі жұғын болмады. Келіп жатыр, кетіп жатыр... шек жоқ. Одан бері де екі жүздей адамды жатақханаға жайғастырдым. Пәтердің кілті қолына тигесін жекешелендіріп, кетіп қалғандар да бар. Бірақ көп емес. Кейбір профессорларға ренжимін. “Атағың дардай, өзіңді-өзің асырай ал масаң неғып жүрсің?” деймін. Жаратылысы солай, артынан жаным ашиды. Былтыр Кореяға бардым. Мені шақырған – Сеул мэрінің бірінші орын басары. Өмірбаянын айтты. Жастайынан жетім қалыпты. Күні бойы базар
кезіп, түнде қағаз кардонды үйшік қып өсіпті. Қырбанып, тырбанып, ерінбей еңбек етіп, осындай дәрежеге жетіпті. Бізде олай емес. Бірқатар ағайындар баяғы совет өкіметі кезіндей, екі аяғын салбыратып мойныңа мініп алғысы келеді. Әйтсе де түсінігіміз тіріле бастады. Қал-қадірінше жұрт әрекет істей бастады. Университетте үйсіз, күйсіз жастар жоқ деп айта алмаймын. Баршылық... Кейде осы елдің үміті қашан ақталады екен деп ойлаймын. Осы елдің үміті ақталмаса, тыныштық сақталмайды. – Өз заманында Ахмет Байтұрсынов “Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы” деп айтқан. Қазақта зар заман, қысқан заман сияқты ұғым бар. “Қой үстіне бозторғай жұ мыртқалаған заман” деген фразеологиялық тіркес те халық санасына қалыптасқан. Міне, нарық заманы туды. Ендігі заман қалай аталуы ықтимал? – Зар заманнан бар заманға дейінгі дәуірді басынан өткізген тарихымыз ды таразыласақ, ендігі ғасыр алтын ғасыр аталатын шығар, бәлкім? Өйткені, өзгелерге қарағанда әлемдік өркениетті тез меңгере бастаған сыңайлымыз. Жағдайы бар, қолы ұзын көп азаматтардың балалары шетелде оқып жатыр. Жер бетінде 200-ге жуық мемлекет, бес мың тілде сөйлейтін этностар бар. Солардың ішінде азаттық пен тәуелсіздіктің баға жетпес парқын қастерлеп, сарғая күтіп, сол үшін қисынсыз құрбандықтарға барғаны қазақ халқындайақ болар. Бір кездерде алтыннан сарай салдырып, алтын тақта отырған, алтыннан киім киген, тірісі түгілі өлгенде де алтын киіндіріп көмген елміз. Екі мың жылдан кейін сол дәулет келе ме деп ойлаймын. Құдай қаласа, осы ғасыр қазақ халқының мұратына жеткен ғасыр болады. Ал, ендігі заманның атауын кейінгі ұрпақтар өздері парықтап, қоя жатар. – Біраз жыл бұрын баспасөз бетінен “Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында 7 университет бар” деген хабарды оқып, қай ран қалған едім. Неге дейсіз бе? Мемлекеттік емес жекеменшік оқу орындары пайда табудың көзіне айналғандай. Қаржыңды төлесең – қалпақтай диплом қалтаңда. Ал, білім ше? Құр дипломды құшақ тап, жұмыс таппай сандалу – ол өз алдына өзекті әңгіме. Халықтың қалтасын қағып, көзбояуға айналған көп оқу орны кімге керек? Әлемдік тәжірибеге жүгінсек, жалғыз ғана жекеменшік университет ұстап отырған ағылшындар ақымақ па? Немістер ше? Жүз жоғары оқу орнының екеуі ғана жекеменшік. Ал, бізде ше? Статистика бойынша оқу орнының 46,7 пайызы жекеменшік. Сіз оқу министрі болдыңыз. Осы бір ойланатын мәселе емес пе? – Республика бойынша филиалдарын қосып есептегенде оқу орын дарының жалпы саны 300-ге жетіп қалды. Соның 49-ы ғана мемлекеттік. Жоғары білім беру жүйесінің мемлекеттік емес саласына қатысты Үкімет пен Білім және ғылым министрлігі тарапынан әркез ұстанып отыратындай айқын бағыт-бағдар жасалуы тиіс. Қазақстанның жоғары мектебіндегі мемлекеттік емес секторының қатаң бақылануы және белгілі бір мөлшерден, бәлкім, мемлекеттік жоғары оқу орындары студенттері санының 20 пайызынан аспауы тиіс. Тек осын
дай ара-қатынас сақталған жағдайда ғана бақылауды жүзеге асыруға және мемлекеттік емес жоғары білім берудің сапасына сеніммен қарауға болады. Ақылы негізде оқитын студенттердің білім деңгейлері төмен. Егер осы лай жалғаса берсе, бес-он жылдан кейін біз жаппай дипломды, бірақ білімсіз елеге айналамыз. Қазірдің өзінде жоғары оқу орындарында әліпті таяқ деп білмейтіндер, өз мамандығы бойынша жұмыс істемейтіндер өте көп... Пәтер сайын университет... Не деген масқара! Бұл келешекке жасалып жатқан қиянат. Қазір Білім министрлігі осы өрескелдіктерге тосқауыл қоя бастады. Ел боп, жұрт боп, құдай үшін, келешек үшін осы бір істі қолдау керек. Қазақ “Мен жемесем – жемейін, балам жесін. Мен кимесем кимейін, балам кисін!” деп отырған ел. Сондай бала көңіл халықтың қалтасын қағу жарамайды. Қазір дипломдарын қосқанда, 26 жекеменшік оқу орны жабыл ды. Жалғаса берсе екен деп тілеймін. – Сіз білім саласындағы білікті мамансыз. Отыз жылдан астам оқытушы, декан, ректор, министр қызметін атқардыңыз. Сөйте тұра өнер жұлдыздарының репертуарына енген бірнеше әндердің авторы сыз. “Тоты құс”, “Қазағым”, “Көңіл күйі”, “Таразым” сияқты тартым ды әндердің әуені де, сөзі де өз бойыңыздан қайнардай қайнап шыққан дүние. “Сазгер деп жүргеніміз, меніңше, әуесқойлыққа жақын ұғым. Ал, Нұрғиса Тілендиев сазгер емес, ұлы композитор” деген пікіріңіз біз үшін таңсық. Сіздің осы сазгерлігіңіз қанға сіңген қасиет пе, әлде сағыныштан туған дүние ме? Қанатты сөз, қалықтаған әннің бәрі қайдан шығып жатыр? – Соған өзім де аң-таңмын. Анам Қалдыгүл әрі ақын, әрі әнші кісі еді. Бала кезімде анамның қасында отырып қыздармен айтысатынмын. Әдептен озбайтын әдемі сөздерді апам құлағыма сыбырлап отыратын. Бірақ, кәсіп қылмадық. Апам айтатын: “Шіркін, сен гармон тартсаң, гармонға қосылып ән салсаң” дейтін. Жамбыл қаласындағы мектеп-интернатқа кеп оқығаным да, апамның осы арманын орындадым. Ескі гармон тауып алып түннің бір уағына дейін дарылдатып отырып үйреніп алдым. Сірә, пешенеңе жазғанды көресің деген рас сөз. Бақытты болатынымды бала кезден білгем. Шешем маған екіқабат боп, айы-күні жетіп отырғанда бір долы әйел кеп бал ашыпты. “Ұл туасың!” депті. “Балаңның оң аяғында нышаны бар, бақытты болады, көп жасайды, дәрежелі болады, айналасына сыйлы болады” депті. Мен, туғанда әйелдердің бәрі жабылып менің оң аяғы ма үңіліпті. Алты бармақты көргенде аң-таң болған екен. Қазақта нысаналы деген жақсы сөз бар. Кез келген кісі нысаналы бола бермейді. Қайдам, мүмкін мен нысаналы шығармын. Ал, ән мен күй, ақындық, ғалымдық – Құдайдың маған берген сыйы. Иранда елші болдым. Иранға құс ұшпайды. Адам қатынамайды. Не самолет жоқ, не пойыз жоқ, адамдар Ашхабат арқылы қатынайды. Сондай қиналдым. Елді сағындым. “Ата-бабам елші болған жоқ. Алшаң басып, ауылда неге жүрмедім? Ит өлген жерде нем бар еді” деп налыдым. Сөйтіп, пұшайман боп жүргенімде жеңгең базардан екі тоты құс сатып алып келіпті. Иранда – тоты киелі құс. Бақыт құсы! Шекарадан ұшып өтпесе, Иранның кедені өткізбейді. Байқаймын, домбыра шертсем тоты құстар ұйып тыңдайды. Бірін-бірі
итеріп жіберіп, маған жақындайды. “Әй, мыналар менің көңіл күйімді, зарымды, ахуалымды түсініп тұр-ау?” деп ойладым. Тотым-ау менің, тотым-ау, Тоты құс деген осы ма-ау? Ойпырмай, сендер қанатты құссыңдар, биікте, кеңістікте ұшып жүрудың орнына торға түсіп қор болдыңдар-ау. Мен де тордағы тотыдаймын. Домбыра шерттім. Содан осы ән туды. – Сөзі өзіңіздікі ме? – Әуелгі сөзін өзім жазып ем. Бір жолы Алтынбек Қоразбаев: “Аға, сағындым, барып қайтсам қайтеді” деді. “Кел!” дедім. Келді. Академик Зейнолла Қабдолов бастаған делегация да келді. Ішінде ақын Ұлықбек бар еді. Алтынбек әнімді нотаға түсірді де, “Аға, мынаның сөзін Ұлықбекке жазғызайық!” деді. Содан Ұлықбек сөзін жазып, осы “Тоты құс” әні дүниеге келді. Мақпал Жүнісова сол жылы жыл сайын Медеуде өтетін “Азия дауы сында” алғаш рет орындады. Сөйтіп, елге тарады. Мен осы уақытқа дейін келін түсірмеген адаммын. Мәпелеп, аялап өсірген қызың бір күнде басқаға кеткенде, жаныңа батпайды емес. Ұлға бергісіз қыздарымды ұзатқанда, көп жыладық. “Қыз дәурен – Ақбота” әні сондай көңіл күйден туған ән. Әр әннің тарихы әрқилы. Былтыр алпыс беске толдым. Үйде жалғыз едім. Бабам Темір би түсіме аян берді. Оянып кеттім. Шынын айтсам, жаман шошыдым. Құдайы тамақ беріп, құран оқыт тым. “Өмірі түсіме кірмеген бабам түсіме неге кірді?” деп көп толғанумен жүрдім. Ақын Несіпбекті шақырып, сөз жазғыздым. Оқысам, оның сөзінен он сегіздегі жігіттей ғашықтың зары төгіліп тұр. “Мынауың маған қолайлы болмады, ағамыз алпыс беске келгенде алжыған екен деп жұрт ойламай ма”, – дедім. Оның орнына әніме “Атанғаным Мырзатай ел арқасы” деп өлеңін өзім жаздым. Ертеңіне “Дүние шіркін” деген әнім шықты. Оның да сөзін өзім жаздым. Екеуінің мәтіні де таяуда шыққан “Шыңырау мен шың” деген кітабымда жарияланды. – Түсіңіз өң болсын, ісіңіз оң болсын! Әңгімеңізге рахмет. “Қазақ әдебиеті” газеті, 2003 жыл.
ÆҰÌÀÄІËÎÂ
“АҚ ҚАҒАЗ —
АРЫМ,
ҚАРА ҚАҒАЗ —
ҚАНЫМ”
Ж аңа жыл қарсаңында “Қазақстанның халық жазушысы, Мем лекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділов Қытайға барып қайтыпты” деген хабарды естігесін қызықты ойлар қылаң бере бастады. Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағында дүниеге келген Қабдеш ағаның қаламынан туған көптеген әңгіме, повестер, “Көкейкесті”, “Атамекен”, “Тағдыр” романдары, “Соңғы көш”, “Прометей алауы”, “Дара боз” дилогиялары және “Таңғажайып дүние” атты ғұмырнамалық романы қазақ оқырмандарының қақ төрінде. Ендеше, әлеуметтік мәселе көтеріп, саяси-қоғамдық құбылыстарға дер кезінде үн қосып жүрген ойшыл қаламгермен ой бөліссек қайтеді? “МЕНІҢ ЖОЛЫМДЫ КЕСКЕНІ ҚАЖЫГЕЛ ДИНГЕ ДЕ, ҮКІМЕТКЕ ДЕ ЖАҚПАДЫ” — Бұрын-соңды бұйда ұстап, дәрежелі қызмет істеген жоқсыз. Шеншекпенге қызығып, лауазым да қумадыңыз. Жеке кәсіппен айналысқан шаруа секілді Құдайдың бұйыртқан несібесін теріп жеп, қаламды қару қып өмір сүрдіңіз. Әйтсе де әнебір жылы Парламенттің папкісін ұстап, шенеуніктің шәпкісін киіп, аяқ астынан депутат болғыңыз келді. Қа зақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатына кандидат боп Семейден тіркелдіңіз. Облыс коммерсанттарының жетекшісі, кәсіпкерлер Одағының президенті Әкежан Қажыгелдинмен таласып сайлауға түсіп, өтпей қалдыңыз. Сол жолы Қажыгелдиннің айы оңынан туды. “Он өгіз жарысса да біреуі озады” дегендей, Қажыгелдин озды. Неге өткіңіз келді, неге өтпей қалдыңыз? — Қызмет жағалаған немесе тағдырдан мансап дәметкен кісі емеспін. Биікте отырып билік жүргізгенді жек көргендіктен емес, ондай тізгінді маған ешкім ұстата қойған жоқ. Біреулер беті бүлк етпей өтірік айтады. Әнеукүні бір жазушы “Мен атақты да, абыройды да, сыйлықты да егер соңына түссем алып жіберетін ем. Бірақ қуған жоқпын!” дейді. Өтірік! Солар атақ пен сыйлықты қызыл түлкідей қуған. Бірақ қолдары жетпеген. Осыдан жиырма бес жыл бұрын “Жұмыстан кетем!” дедім. Госкомиздатта істейтінмін. Бастығым Шериаздан Елеукеновке “Бірегей қызметті маған бер медіңдер, “Плевей” боп жүргім келмейді. Он бес жыл аға редактор болдым. Осы “мансабымнан” түсіп қалмай тұрғанымда үйге қайтайын, босатыңыз!” дедім. Қызметтен кеткенім жақсы болды. Қашан бір саты өсемін деп өмешегім үзілмей, алаңсыз өмір сүрдім. Таза шығармашылықпен айналыстым. Менің девизім мынау болды: француз жазушысы Оноре де Бальзак “Наполеонның қадамы жетпейтін жерді мен қаламмен-ақ жаулап алам” деген ғой. Сол айтқа ны келді. Расында да, Наполеонның әскері Еуропадан асқан жоқ, ал Бальзак бүкіл бес құрлықты аузына қаратпады ма? Енді сенің сұрағыңа ойысайын. Еліміз тәуелсіздік алып, Парламент жа
ңадан құрылып жатқан кез. Бостандықтың буы бар, азаттықтың желігі бар. “Демократия!” деп демігіп жүрген шағымыз. “Депутаттың қолынан да біраз нәрсе келеді!” деп ойлайтынбыз. Елдің шақыруымен сайлауға түскенім рас. Семей облысының Мақаншы ауданынан үкіленіп сайланған депутат Кәріпжанов министр боп кетті де, орны босап қалды. Жұрт айтты: “Семей өңірінде он үш депутат бар, облыс әкімі Чернов, орынбасары Шайжүнісов бастаған шенеуніктер түгел депутат. Абайдың елінде, Шәкәрімнің елінде, Әуезовтің елінде, Ақтайлақ, Дулат, Ақтамбердінің елінде рухани саладан бірде-бір депутат жоқ. Сен осыған түс” деп шақырды. Иландым. Ат тізгінін ұстаған азаматтармен ақылдасып ем, олар “Әй, бұ жолы сенімен ешкім таласа қоймас. Құда қаласа, атың бәйгеден келіп тұр!” деді. Ұйыдым. Бірақ, іс жүзінде олай болмады. Үкіметтің, әкімшіліктің ойы басқаша екен. Көп ұзамай Семей облысы әкімінің тағы бір орынбасары Әкежан Қажыгелдин кеп тіркелді. Сонымен, сайлауға түстік. Жағдайымның қиындай бастағанын сездім. Бар күшімді кездесулерге, халықтың рухын, иманын оятуға жұмсап жүргенімде, Қажыгелдин тобы қант-шай үлестіріп, бағалы сыйлықтар таратып жатты. Сонымен, не керек, сайлауда жеңілдім. Күлшелі кандидат жолымды кесті. Неге екенін білмеймін, сол тұста Қажыгелдин үкіметке қатты қажет болды. Облыс әкімшілігі тайлы-таяғымен жүгірсе, жоғары жақ қолынан тартты. Премьерминистр Терещенко күнара телефон соғып, Қажыгелдиннің хал-ахуалын біліп тұрды. Қажыгелдинді өсіру Қажыгелдинге де жақпады, Қазақстанға да жақпады. Облыс көлемінде өзінің бизнесімен айналысып жүре беретін адам еді... Үкімет жуық арада жазылмайтын бас ауру тауып алды. Ақыры немен тынғанын білесің ғой. Сайлау мен саясаттың иір-шиырын түсіндім. Көп нәрсеге көзім жетті. Содан кейін қайтып Парламенттің маңайына жолаған емеспін. — “Өз балаңды өзектен тепсең де кетпейді” дейді ғой. Өз еліңізден, өз өкіметіңізден безіп қайда барасыз! Тау мен тау кездеспесе де, адам мен адам кездеседі. Бәріміз де әр қилы шаруамен шенеуніктердің есігін қағамыз. Бұрын министрге кіру оп-оңай болатын. Қазір, демократияға қанат байлап, құқықтық мемлекет құрамыз деп жатқан заманда бүгінгі министрлердің қабылдауына ілігу қиямет қайым. Көмекшілері “Сіз кімсіз? Не шаруа?” деп “тергей” бастағанда терлей бастайсыз. Атақты Сергей Михалковтың “Ажал мен бюрократ” деген ертеректегі әжуасы қазіргі министрлерге арналып жазылғандай... — Түсіндім. Соңғы жылдары ондай шекесінен қарайтын шенеуніктерге бармаппын. Олардың көбі Астанаға көшіп кетті де, біз мына жақта шалғайда қалып қойдық қой. Ақыры сұрадың, айтайын. Шенеуніктерге кіру былай тұрсын, телефонмен сөйлесу қиын. Алдындағы хатшы қыздарына әдейі тапсырып қоя ма, “Анда кетті, мында кеттімен” өмірі телефонды қоспайды. Кіре алмайсың, тымқұрса сөзің жетпейді. Соның бір себебі мынада ма екен деп ойлаймын: солар кіргенмен ештеңе шешпейді-ау? Мәселе сонда! Өзінің дәрменсіздігін, пәрменсіздігін сезеді де, кісі қабылдаудан, сұхбаттасудан қашады-ау, сірә? Мына бір жағдайдан қатты қауіптенем: Президент айтпай ешқайсысы ор нынан қозғалмайды ғой, Президент нұсқағанда ғана бәрі ұйқыдан оянғандай өре түрегеледі. Бұрын неге соны ескермеген? Бұрын неге өздігінен атқарма ған? Ойланбайды. Ізденбейді. Өйткені, солардың көбісі шайнап берген асты жұтуға ғана бейімделген... — Әдебиетке әдеппен келдіңіз. Таланттың табалдырығын ақын боп
аттадыңыз. Соның бір куәсі — “Жас дәурен” атты алғашқы өлеңдер жинағыңыз. Былай алып Қарағанда, қазақтың бәрі — ақын, “түйеге мінген қазақ төрт ауыз өлең біледі”. Өз тұрғыластарыңыз Әбіш Кекілбай, Дүкенбай Досжан, Оразбек Сәрсенбай секілді өлеңге үрке қарап, жазу шылыққа ауысып кеттіңіз. Неге? Атан түйе ғана тартатын поэзияның жүгін көтере алмадыңыз ба? Әлде... — Өмірдегі көргенім мен көңілге түйгендерім өлеңге сыймай, арнасынан асқан өзендей тасып жатты. Диаспора... шекара сыртындағы қазақтардың өмірі туралы тың тақырыптарды көтердім. Қазақтың тағдыры, тарихы туралы көп нәрсені қопара қозғауға тура келді. Құлашы кең, қару-жарағы мол қара сөзбен кестелемесе, өлеңнің сұлу өлшеміне сыймайтын болды. Бір өзіңді бөліп-жара алмайсың ғой. Сосын біржола прозаға ауысып кеттім. Ал, енді өлең жазу — өрісімді кеңейтпесе, тарылтқан жоқ. Прозалық шығармаларым ның ішінде жоқтау, көңіл айту, билердің сөзі, ақындар айтысы, шешендердің қақтығысуы секілді қажетті тұсқа келгенде “Өлең жазып берші!” деп ешкімге жалынбаймын. Өз жанымнан шығатын өлеңім дайын. Жалпы, поэзиядан қол үзбеймін. Кей-кейде келісті ойлар мен шұрайлы шумақтар өз аяғымен кеп қалғанда, түртіп қоям. — Сіз қатардағы қаламгер емес, қайраткерсіз. Қоғам туралы қомақты ой тастап, халықтың мүддесін қандай шығармаларыңыз арқылы қорға дыңыз? Ұйымдасқан қылмыс, сыбайлас жемқорлық белең алған бүгінгі заманда одан басқа да ойсырап жатқан келеңсіз нәрсе не деп ойлайсыз? — Баяғы жариялылықтың екпінімен бәріміз де қалам сілтедік. “Қайтсек тәуелсіздіктің белін бекем буамыз?” деп ештеңеден тайынбадық. Үкіметті сы надық. От басы, ошақ қасында отырып алып басшыларға ақыл айтқан кезіміз де болды. Бүгінгі қоғам, саясат, әдебиет, мәдениет, жалпы тәуелсіздігіміз туралы “Қалың елім, қазағым” деген үлкен кітабымда толығырақ тоқталғам. Еститін құлақ ескерер деп топшылаймын. Не үшін қалам тербеймін? Сенің жазған мақалаңмен, көтерген мәселеңмен ештеңе де түзеліп кетпейді. Оған көзің жетіп тұрады. Кейде өзің үшін, өзіңнің арың үшін жазатын кез болады. “Осы бір мәселе көтерілген жылдарда Жұмаділов өмір сүріп еді ғой, не деп үн қосыпты?” деп біреулер сұрайтын сияқты. Кейінгі ұрпақ ақтара қалса, ақи қатын тауып алатындай боп көрінеді. Әділет үшін, тарих үшін, жалпы кейінгі ұрпақ үшін. Ақ қағаз— арым, қара сия — қаным. Көз майымды тауысқан мақалаларым түбі жерде қалмасына сенемін. Аш қарын тоғаяр, жыртық киім жамалар. Қатты уайымдайтын нәрсем — қылмыс көп. Ілгеріде жалпы қылмыс атаулыға “Ара” журналы ғана ара ласатын. Ыңғайы бар ықыласты жазушылар детектив іздеп архивке үңілетін. Детектив жазатын екі-үш-ақ адам бар еді. КГБ-ның, милицияның, тергеу орындары соларға ғана архив ақтаруға рұхсат ететін. Ал, қазір көшеге шықсаң — детектив. Немесе теледидарға бір сағат қарасаң— неше түрлі сұмдықты көріп, денең түршігеді. Қысқа күнде — қырық қылмыс. Соның көбісі ашылып жатады. Қылмыс ашылды деген не? Адам түрмеге түсті деген сөз. Тепсе темір үзетін азамат тарымыз қамауда. Сосын не оңады? Қазір адам жоғалып кететін “ауру” шықты. Сол туралы ешбір дерек жоқ. Жоғалған адамдардан табылғандар бар ма? Табылмаса олар қайда кетуі мүмкін? Бұл туралы Ішкі істер министрлігінен сұраған пендені естімедім. “Айран ішкен құтылып, шелек жалағандар тұтылып” сондай-ақ, акулалар еркін жүзіп, шабақтардың торға түсіп жатуы байқалады. Коррупцияға қарсы күресті кейде саяси мақсатқа пайдалану нышандары бар ма екен деймін. Ағылшындар ғаламдасу, жаһандасу дегеніңізге пысқырмайды!
— Бірсыпыра ақын-жазушылардың балалары шетелде. Ірілі-ұсақты қызметте. Естуімізше — сіздің де бір-екі ұлыңыз сыртта. Өзіңіз Қытайда тудыңыз. Оспанхан тілімен орағытып айтқанда “арғы беттен қарғып өт кен” қаламгерсіз. Шығыс Түркістаннан басқа шетелге шығып көрдіңіз бе? — Шетел аралау жөнінен базбір пысықтар сияқты мақтана алмаймын. Ке ңес дәуірінде оның кілті Мәскеуде болды. Ал, Мәскеу өзінің сүйген құлдарын ғана жіберетін. Тәуелсіздік алғаннан кейін де шетелге саяхаттап қайтқандар көп. Абайдың, Әуезовтің тойы шетелде аталып өтті. Делегация құрамында кейін “шенуніктер шеруі” атанған мансаптылар қаптап кетті. Ала-құлалық қазір де азайған жоқ. Шетелдік поездка жолы болғыш пы сықтардан артылмайды. Бір ақын досымыз самолеттің ішінде “Америкаға осымен төртінші рет ұшып бара жатырмын. Жалықтым. Бастартайын десем, ыңғайсыз. Ылғи да жоғары жақ тізімге қосып қояды” деп мақтанған екен. Өз басым ондай қолдау, қолпашты көргемін жоқ. Менің табаным тиген “шетел” — бұрынғы он бес республика.Сонан соң Қытай, Монғолия, Түр кия... Шетелде екі ұлым тұрады. Біреуі — Лондонда. Журналист. Екінші ұлым — Венада. Америкада докторантураны бітірді. Қазір Біріккен Ұлттар ұйымында істейді. Солардың арқасында былтыр ешбір делегациясыз бүкіл Еуропаны аралап қайттым. Үйіне тоқтамай жер-жаһанды кезіп жүріп жазған жазушылар тарихта аз емес. Сапар — жазушы өмірінің бір бөлшегі. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбары мыз хадистерінде “Сапарға шығыңдар, несібелерің артады” деген ғой. “Ештен кеш жақсы”. Әсер өте мол. Әр минөт сайын бір самолетті ұшы рып-қондыратын Лондонның әуежайы ертегі. Мына ағылшындар ешқашан ешкімге құл болмаған, бодан болмаған ұлт қой. Ал, біз құлдық ұрып құрдай жорғалаған елміз. Құлдықтан құтылдық па, жоқ па? Он жылдан асты. Тәуба дейміз. Құлдардың психологиясы белгілі. Байқайсың ба, біз, бір-бірімізге тура қарап сөйлемейміз ғой. Көзімізді алып-қашып жасып, төменшіктеп, бақа йымыздың басына қарап сөйлейміз. Ал, мен еркін елді көруге құштар едім. Ағылшындар — жүйкесі тозбаған, жасымаған халық. Бір-біріне қарағанда көзбен аймаласып тұрады. Олардан жөн сұрасаң қуып жүріп түсіндіреді. Тағы бір таң қалатыным — ағылшындар өздерін “Ұлыбритандықпыз!” дейді. “Еуропалық” десең — намыстанады. “Еуропа — біздің шекпенімізден шыққан” дейді. Ғаламдасу, жаһандасу десе — біздің қазақтардың таңдайы тақ-тақ етеді. Ол бір тағдырдың бұйрығы, Құдайдың пешенемізге жазып қойған жазуы секілді. Мен үшін “Жаһандасу” жаныңды жаһаннамға жіберем дегендей боп естіледі. Ал, ағылшындар ғаламдасу, жаһандасу дегеніңізге пысқырмайды. Өйткені, олар ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалған ел. Біреуге еліктеу, солықтау деген жоқ. Тіпті, Еуропа қауымдастығына да қосылмайды. Бір мысал айта йын. Ағылшындардың таксиі әлемдегі таксилерден жарты метр биік. Неге? Театрға барғанда ағылшындар цилиндр киіп барады екен. Бас киімнің төбесі тиіп қалмас үшін таксиді әдейі биік жасаған. Экономикалық тұрғыдан алып қарағанда, таксидің төбесін ұзартқанша, бас киім қысқартқан оңай емес пе? Оңай. Бірақ олар ұлттық дәстүрді бәрінен де биік қоя білетін ел. Сондықтан да олар — Ұлыбритания! Соған қарап ұлттарды да түр-түрге бөлуге бола тын сияқты: кемел ұлт, шалағай ұлт, жаңадан жетіліп келе жатқан балаң ұлт. Әлгіндей мінез Ағылшын секілді кемел ұлтқа ғана жарасады. Вена. Ондағы тазалық. Сұлулық... Венаны еуропалықтар “екінші Париж” деп атайтын көрінеді. Көгілдір Дунай — көгілдір күйінде ағып жатыр. Штраус, Бетховен, Мо
царттың заманындағы Дунай — сол Дунай. Көшесінен бір тал шөп түгіл, қиқым таппайсың. Қала салудың, сұлу қаланы сақтаудың үлгісі соларда. Біз Алматыны керемет мақтаныш етеміз. Дұрыс. Бірақ “Тоты құс қанатына қарап түрленіп, аяғына қарап қорланады” деген сөз бар. Алматының бедірейген бетон үйлері — қорланатын жері. Оны бір кезде империя баспана үшін салып беріп кеткен ғой. Ендігі үміт — Астанада. Түптің түбінде сұлу шаһар Астана болатын шығар. — Базбір жазушылар бақай есеп пе, базына ма білмеймін, әйтеуір “Бізді бағалайтын сыншылар болмады, құдіретімізді көрсетуге құдіреті жетпеді” деп жатады. Сіз де осы пікірдесіз бе? — Біреудің пікіріне тәуелді жазушы – жазушы емес. Ал, зерделеп, зерт теп, ғылыми айналымға түсіру — ол басқа әңгіме. Сындарлы сыннан кенже қалғаным рас. Кезіндегі бірді-екілі сын мақалаға өкпелегеніміз бекершілік екен. Қазір әдеби сын мүлде тоқырады. Сыңаржақ сынның өзіне зәруміз. Жасыратын не бар, біз жас болдық та, әдеби сын алдыңғы лек аға буыннан артылмады. Кезегіміз келгенде сын, зерттеу Арал теңізіндей тартылып кетті. Өліара маусымда өмір сүрген кінә өзімізде. Әйтсе де, екі ғалым менің шы ғармаларым бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Ғалымға ғылым керек, ғылымға объект керек, енді бізді зерттемегенде кімді зерттейді? Түбі айналып келеді ғой. — Құдайға шүкір, қошқардай төрт ұл, құндыздай бір қызыңыз бар. Сәуле жеңгей төртінші құрсақ көтергенде өзіне қолғанат болатын қыз күткен дейді. Сөйтіп тәуіпке бал аштырыпты. Бірақ, бұ жолы да тәуіптің айтқаны болмай, тағы да ұл туыпты. Сонда сіз перзентханадағы жең гемізге “Бәйбіше, қыз таппадым деп қапаланба. Ұлдарың аман болса, түбі осы қазақтың біраз қызы біздің үйге келеді!” деп жұбатыпсыз. Сұрайын дегенім: балгер, бақсы, тәуіпке сенесіз бе? — Тәуіптер, сәуегейлер, болжағыштар заманында болған. Көріпкелділік — бабадан балаға жалғасатын қасиет. Бірақ қазір халықтың бойынан сол қасиет қашқан. Жоғалып кеткен, кейінгілері жасанды. Жұртты дүрліктірген Сары әулие қайда? Мұқым орыс халқын шыр айналдырған Кашпировский қайда? Біздің кейбір сәуегейлердің болжамы бойынша, дәрі-дәрмек азайып, дәрігеріміз дәрменсіз болған тұста жұртты алдарқату үшін соларды халықтың алдына әдейі шығарып қойған дейді. Солай ма екен деп те ойлаймын. Бірақ көзім анық жетпейді. — Пошымыңыз келіскен. Түр-түсіңіз Мұхтар Әуезовке ұқсас. Кө шеде кездескен кейбір бейтаныстар “Кешіріңіз, сіз Мұхтар Әуезовтің баласы не туысы емессіз бе?” деп сұраған сәттер де болған екен. Сіздің “жерлеспіз” деп берген сыпайы жауабыңызға ұшқары ойлаған ұшқалақ біреулер “Ауылдарыңыздың арасы тым жақын болған-ау, шамасы?” деп әңгімесінің аяғын әзілге бұрыпты. Ондайларға “Осындай пыш-пыштың шығатынын біліп, үстінен құстан басқа ештеңе өте алмайтын шека раның аржағында туылып келгенмін” дейтін көрінесіз... Ата-мекенін аңсап келген Қазақстандағы қандастарымыздың хал-ахуалы қалай? Оралмандармен шүйіркелесіп тұрасыз ба? — Оралман қандастарыммен байланысым жиі. Мен оларды танымағаным мен, олар мені таниды. Іштерінде жол таппай жүргендері де бар, баспана іздеп басы қатып жүргендері де бар, әрқайсысы әр түрлі шаруамен келіп, ақылдасып тұрады. Алғашқы кезеңдегі тұрмыстық тауқымет, қиыншылық түзеле жатар. Тұс-тұстағы бытыраған халықтың бас қосуы, ірге теуіп көк тудың астына жиналуы қазақ үшін аса маңызды нәрсе. Бірақ, кейде оп-оңай дүниені қолдан қиындатамыз. Мысалы, Монғолиядан оралғандарға куәлік беру үшін он жыл
ойланудың қажеті қанша? Жер алу үшін де, кәсіппен айналысу үшін де құжат керек. Ал, енді алақандай ғана куәлікті үзіп-жұлып, бөліп-жарып, Елбасының қолын қойғызып, тым ұзақ уақыт алғанша, соны жеңілдетуге болмай ма? Қазір көшіп-қону үшін де құжат қажет. Біздің шенеуніктер оралмандарды жіпсіз байлап қойған жағдайы бар... — Былтыр күзде Қазақстан халықтары Ассамблеясының ІХ сессия сында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі. Онда “азаматтық бітімді сақтау — Қазақстан халықтары Ассамблеясының, барлық мемлекеттік органдарының, партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының, әрбір жеке қазақстандықтардың стратегиялық міндеті” екенін көрсетті. Сіз де сол дүбірге үн қосып қал дыңыз. “1960 жылдардан бері шекара сыртынан келген қандастарымыз, яғни оралмандар саны бұл күнде әулетімен қосқанда 1 миллионнан аса ды. Сөйте тұра Парламентте сол топтың әлі күнге дейін бірде-бір өкілі жоқ. Ассамблея құрамына да тартылмай отыр. Ал, Ассамблея ұлттар мен ұлыстардың, қоғамдағы топтардың ешқайсысын назардан тыс қалдырмауы керек. Әрине, бұл оралмандардың мүдделері назардан тыс қалып отыр деген сөз емес. Дегенмен, Парламентте, Ассамблеяда олардың мұң-мұқтажын тереңдей білетін өз өкілі болғаны дұрыс болар еді” дедіңіз. Мысалы, ондай орындарға өз тарапыңыздан кім-кімдерді ұсынар едіңіз? — Біреу-міреу “Мынаның әлде де биліктен дәмесі бар ма?” деп ойлап қал масын. Осыдан он жыл бұрын депутаттыққа иегіміз қышыған, қазір ондайға қызықпаймыз. Бірақ ол орындарға Монғолия, Қытай, Ресейде тәлім-тәрбие алған лайықты тұлғалар оралмандардың ішінен табылады. Қабырғалы қан дастарымызды қатарға алып, санатқа қоссақ айбынымыз артпай ма? — Кеңес өкіметінің кезінде, тіпті одан бұрын Ресей империясының тұсында “Цензура” деген болған. Баспасөзді бақылап, “ағат” сөздерге ала көзбен қарап, қоғамға жақпаған пікірді бездей сылып тастап отырған. Цензура — демократиялық көзқарасқа қойылған шектеу, шекара. Қазір біреулер “Әдебиетке цензура керек” деген пікірді кесе-көлденең тартуда. Бұған қалай қарайсыз? — Цензура — баспасөзге, журналистикаға қойылған идеологиялық сүзгі. Идеология үлкен роль атқарған заманда ондай сүзгі қажет болды. Дәл қазір баспасөз бетінде бас жарып, көз шығаратындай артық-ауыс ағат сөздердің кетіп жатқанын байқамадым. Көзіқарақты редактор цензураның міндетін қоса атқармаса оның несі редактор? Тектеусіз кетіп жатқан ештеңе жоқ. Ал, енді баспа жөніне келейік. Соның сорақысы көбейіп тұр. “Әй!” дейтін “ажа”, “қой!” дейтін “қожа” қалмай жатыр. Мәселе — сонда. Баяғыда Қазақстандағы бір баспадан бес-алты баспа енші алып бөлек шық қанда, қалпағымызды аспанға лақтырып, қуанғанбыз. Қазір не көп — баспа көп. Үш-төрт адам бірігеді де баспа ашады. Редакторы жоқ баспаны көрдім. Тіпті, корректоры жоқ баспа бар екен. Міне, соған бақылау жасайтын кім? Ой, образ, оқиға ұрлағыш ақын-жазушылар көбейді. Сенің сомдаған образыңды, жасаған жақсы деталыңды өңін айналдырып көшіреді де, кітап етіп шығара беретін дерт пайда болды. Аса қауіпті асқынған дерт. Малтабар баспалар кітаптың санын көбейткенімен, көркем әдебиеттің көсегесін көгерте қоймас. — Баспада істеген кезіңізде бір лауазымды жазушысы-мақтың қолжаз басына ұзақ шұқшиыпсыз. Өндіріске неге жіберілмей жатқанын сұраған авторға “Сіздің сөйлемдеріңіз сөйлем емес, ескі тақтайдан суырылған бір жәшік қисық шеге секілді. Оны оқушы қажетіне жарату үшін, әр сөйлеміңізді төске салып түзету керек” деп жауап қайырыпсыз. Қазір “Әдеби тіл қожырап, божырап, былығып барады. Егер тілді бұзуға кон
курс жарияланса бас бәйгені қазақ жазушысы да, жазушы емесі де алар еді” деген пікір қылаң бере бастады. Шынымен солай ма? — Солай! Қазір Ғабеңнің, Ғабит Мүсіреповтің әдебиеттегі орны үңірейіп тұр. Бұрын қолына қалам ұстаған жазушы “Мынаны Ғабең оқыса ұят қой!” деп әр сөзіне жауапкер-шілікпен қарайтын. Со кісінің қаһарына ілініп кет пейін деп айбынушы еді. Ығушы еді. Былайша айтқанда — қорқатын. Қазір ығатын да адам қалмады, қорқа қоятын да ешкім жоқ. Қаламына не іліксе, соны сүйкей беретін болды. Әсіресе, радио мен тележурналистер бүлдіріп барады. Қате сөйлейді. Оларды мың-миллион адам тыңдайды ғой. Жақсылық жұқпауы мүмкін, қателіктер мен кемшіліктер күйедей жұғады. Басқаны үйренбесе де соны үй ренеді. Мысалы, қазір “жұмыс жасайды, қызмет жасайды” деген сөз шықты. Жұмысты жасамайды, істейді! Жұмыс істейді. Журналистер “істейді” деген сөзден қашады. “Іс” деген сөзден шыққан сөз ғой. Оның несі ерсі? Абай ылғи “қылып” деп сөйлейді. Онда тұрған не бар? Сөз қадірін білетін аузы дуалы ағаларымыз өмірден өтіп кетті. Ал, біздің аузымыздың дуасы жоқ па қайдам, әлде оны елеп-ескергісі келмей ме, айтсаң қастық ойлап отырғандай көреді. Қазақ нені айтса да ауыз толтырып айтады. Шүлдірлеп-былдырламайды. Оспанхан Әубәкіровтың мамандығы — әртіс. Конверсаторияны бітірген. “Сонша жыл оқып сахнаны неге тастадың?” дегендерге “Табақтай дипломнан не пайда? Бес жыл оқығанда быдық екенімді өзім де сезбеппін, ұстаздарым да аңғармапты. Мен, құдай ұрғанда, сахнадағы сөзімді ешкім ұқпайтын кәдімгі быдық екенмін. Содан көрерменнің құлағын аядым да, қаламға жармастым” дейтін. Бір жаманы бүгінгі быдықтар Осекең секілді халықтың құлағын аямайды. Быдық мұғалім шәлдірік шәкіртті дайындайды. Жазба әдебиеті жұтаған кезде, ауыз әдебиеті алға шығады — Сервантестің “Жалған ақша жасағандар секілді, жалған тарих жа зушыларды да дарға асу керек” деген түбірлі пікірін пір тұтасыз. Шын дыққа жанаспайтын “шежіресымақ” шығармалардың бірсыпырасын мерзімдік баспасөз бетінде әшкереледіңіз. “Тарихты тартпақтамай, өмір шындығын бұрмаламай дәл көрсету жағынан, кімнің алдында болсын жүзім жарық, арым таза” дейсіз. “Тарих — үстіне не құйсаң да божып тұра беретін сабадағы іркіт емес екенін” айтасыз. Кандидаттық, докторлық диссертация ғылыми дәлел мен дәйекке сүйеніп жазылатыны белгілі. Ал, өзіңіздің тарихи романдарыңыздағы кейбір фактылар бұрын-соңды ғылыми еңбектерде екшелінбеген. Сонда сіз ешкім естімеген тарихи жәйттерді қайдан аласыз? Әлде, жазушының қиялы ма? Мысалы, сіз суреттеген Сыпатай батырдың Кенесарыны “сатып” кету сарыны елге екіұдай пікір туғызды. Басқасы — басқа, дәл осы бір дәйекті суреттегенде не нәрсеге сүйендіңіз? — Тарихи шығарма қиялдан тумайды. Кітаптың шекесіне “тарихи роман” деп қойған соң тарихи жүлге мен тарихи деректердің ізімен жүріп отыру ке рек. “Дарабоздағы” Қабанбай батыр туралы деректің бәрін архивтен, тарихи жырлардан, ел аузындағы аңыздан алдым. Жәй әшейін фантазияның жемісі емес. Тарихтың бір жерінен саңылау ашылса, жарық түссе, көркемдеп, кес телеп, әрі қарай өзің алып кетесің. Білген жаман екен. Тарихи роман жазам деп көп нәрсені ақтардым, көп нәрсені оқыдым, көп нәрсеге көзім жетті. Не анық, не анық емес? Ақ-қарасы қайсы? Неменесі өтірік, неменесі шындық? Соның бәрін тарих биігінен тара
зылайсың да, дауға еріксіз араласып кетесің. Тарихта да жағымсыз образдар бар. “Ойбай, анау Пәленбайдың атасы екен, мынау Түгенбайдың көкесі екен, біреуіне тиіп кетпесін” деп тарихи шындықты бұрмаласақ, одан не ұтамыз? Атасы жоқ адам бола ма? Бәрі де біреудің атасы. Мысалы, мемлекеттік сыйлық алған “Тағдыр” романымдағы Ысқақ деген жағымсыз кейіпкер менің жақын ағайыным. Оның Демежанға қастық қылғаны өтірік пе? Империяға, отаршылдарға қызмет істегені ше? Бәрі де шындық. Сонда деймін-ау, соны туысым екен деп бүркемелеуім керек пе? Сол сияқты тарихта мүлт кеткен жерлер көп. Мысалы, Сыпатай батырдың Кенесарымен одақтасқаны рас. “Біз сені қолдаймыз!” деп пәленбай мың қол жинап, емексітіп, дәметтіріп, жеме-жемге келгенде Сыпатайдың сырт беріп кеткені тағы рас. Оны сатқындық десең — ауыр. Опасыздық. Орыстар Кенесарының басына үш мың теңге күміс тіккен. Үш мың күміс сол заманда үш мың қойдың құнымен парапар. Үш мың күмістің екі мыңын қырғыз, бір мыңын қазақ алған. Кенесарының басын қоржынға салып, салт атпен шапқылап, Қапалдағы орыс әкімдеріне апарып берген. Орыстар ол кезде Алматыға жетпеген ғой. Кенесарының басын кімдердің апарып бергені орыс архивтерінде жазулы. Ұлы жырау Жамбыл ел қорғаны Сұраншы мен Саурықты қалай дәріптеген? Сыпатайды қалай жерлеген? Өтірік болса өйте ме? Тарихтағы ақиқатты аршып алу оңай емес. Атам өлсе — өлсін, ақиқат өлмесін. Менің девизім осы... — Қазір саяси партия құру саябырсыған сияқты. “Кеше ғана партия құрып жатқан азаматтың қолына майлы жілік тиген күні бастаған ісін тастап жүре беретініне қарап, сірә, бұл да мансапқа ілігудің, портфель ге жармасудың бір амалы ма?” деп жазыпсыз. Халқының қасынан табылатын қайраткерлеріміздің аздығы, тым аздығы нендей себепке байланысты? — Қайраткерлер қайдан шығады? Азаттыққа, тәуелсіздікке әр ұлт әр түрлі сүрлеумен, қилы-қилы соқпақпен, күреспен, төңкеріспен келеді. Азаматтар ұзақ жыл абақтыда жатып, бодан елдің болашақ бағдарламасын жасап, сол үшін күйіп-жанып жүріп азаттыққа қолы жетеді. Ондай жағдайда басшы кім болады, қосшы кім болады деп ойланып жатпайсың. Іштерінен дап-дайын қайраткерлер пісіп шығады. Мысалы, Индияда Махатма Ганди, Нерулер сондай тұлғалар. Ал, бізге тәуелсіздік аяқ астынан келді де, біраз састырғаны рас. Қазақтың бұған дайын кезі де болған. Мысалы, қазан төңкерісінен кейін “Алаш” пар тиясы құрылды. Сонда қазақ дайын еді. Сол дәуірдегі тұлғаларға қарасаң... Оһо-о, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мұқамеджан Тынышбаев, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынов — бәрі бір-бір тұлға. Әрқайсысы бірбір Президент, бір-бір министрдей елестейді. Бірақ, амал қанша, ол кезде қазақ дайын болғанымен, тарихтың толғағы жетпеді. Ал, тарихтың толғағы жеткенде, қазақтың етек-жеңі жиналмады. Шүкір, еті тірі епті коммунистер шапанын ауыстырып киіп, биліктің бо жысын қайтадан қолына алды. Атқа мінді. Біз соларға арқа сүйедік, олардың арасынан да патриот, ұлтжанды, қазақи қаны бар тұлғалар шығып, басқан іздері білінбей кетті. Қазақ зиялысы 37-ші жылғы қуғын-сүргіннен кейін омыртқасы үзіліп, ошаң етіп бас көтеруден қалған. Ұзақ жылдар бойы Ұлттық ұран көтерген бірде-бір партия немесе ұйым болған емес. Әйтеуір абыройымызды жапқан — желтоқсан оқиғасы... Мен өзім ешбір партияға мүше емеспін. Портфелсіз бос қалғандар партия құру арқылы, жоғары өрмелеуге тырысатынын көзіміз көріп жүр.
Қазіргі партиялардың көбісі бір-бірінен аумайды. Қазір үш-төрт партия жұлқынып алға шықты. Солардың “Біз Президенттің партиясымыз” деп өзара орынға таласып жатқаны ыңғайсыз-ақ. Партиясыз, мансапсыз жүре алмайтын жазушылар да бар. Әнеукүні бір ағамыз теледидардан өзі “Отан” партиясы ның мүшесі екенін, әрқашанда билеуші партияның ығында жүретін белсенді екенін әлденеше рет қайталады. Жасы жеткен жазушыға оның қаншалықты қажет болғанын түсінбедім. — Халқымыздың қанына сіңген қасиет — жүйелі сөзге тоқтаған. Уәжге тұрған. Баяғы бабаларымыз ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен шеш кен. Қазіргі қазақтардың сөзге тоқтамайтыны несі? Ұтымды уәжден ұтылып тұрса да бетбақтырмай бейберекет сөйлей береді. Сол бір қадірлі қасиетіміз жоғалып бара жатқан жоқ па? Әсіресе түйінді гәпті түсінетін айтыс ақындарының сөзге жығылып “қойдым!” дегенін естімедім. — Сөзге тоқтамау — анархияның бір түрі. “Қойдым!” деп қол алған ақын дар некен-саяқ. Дәлелге, уәжге, логикаға мойынсынбай, “менікі жөн” деп бақсыдай сарнай беру — бәтуасыздық. Қазақ “Қыртты езген жеңеді, езгенді құдайдан безген жеңеді” дейді... Жалпы, сөз қадірі түсіп барады ғой. Қазір уәдеде тұрмау, айтқанын орындамау, алған қарызын қайтармау, сөзден танып кету деген қоғамға жат қосалқы мінездер шықты. Мұның бәрі де сөзден бәтуа, ауыздан иман кетуге байланысты. Бұған не шара? Заң щығаратын қажеттілік осындайдан туындайды екен ғой. Біздің Парламент жылына жүзге жуық заң қабылдайды. Соның бәрі жетіскеннен дейсіз бе?! — Ертедегі ақындар айтысы осы күнге дейін ел аузында. Біржан мен Сара, Сүйінбай мен Қатаған, Жамбыл мен Шашубай... Ал, кейінгі жыл дарда айтыс өнері қанша қанат жайса да ешбір ақынның айтысы елдің есінде сақталмайтыны несі? — Айтыс — бұрын фольклордың бір бөлігі ретінде көркем әдебиеттің құрамына кіретін. Қазір айтыс ол дәрежесінен айрылды. “Пәленбай мен Түгенбайдың айтысы” дейтіндей кімді мысалға келтіресің? Әйтсе де, айтыс қажет пе? Қажет! Өйткені сұраныс бар. Белгілі дәрежеде халықтың, бұхараның рухани қажетін өтеп отыр. Бірақ, айтыс арқылы әдебиет жасап жатырмыз десек, қателесеміз. Айтыстың бағын ашқан “Хабар” телеарнасы. Мыңдаған адам тамашалайды, ол да эстрадалық сипат алды. Шоу ма, сөз сайыс па, әй теуір ойын-сауықтың бір түріне айналып барады. Қазір айтыс неге дәуірлеп тұр? Жазба әдебиеті жұтаған кезде ауыз әде биеті алға шығады. Отызыншы, қырқыншы жылдары Алаш жазушыларының серкелері ұсталып кеткенде жазба әдебиеті жетімсіреді. Халықтың руха ни сұранысын халық ақындары өтеді. Өздері және саясатқа бейімделгіш, Кремльге не қажет болса соның бәрін жырлап беріп отырды. Ал, қабырғалы қаламгерлеріміз халық ақынына хатшы боп жүрді. Әбділда Тәжібаев, Қасым Тоғызақов, Ғали Орманов, Тайыр Жароков... Қуандық Шаңғытбаев ағамыз Нұрпейіс Байғаниннің хатшылығын атқарды. Кітап тиражының аздығына байланысты, кейінгі кезде оқырмандар азайып, көрермендер көбейіп келеді. Бұл күнде жазба ақындарымыздың біреуі айтысты жүргізсе, қалғандары жюри мүшесі боп жұртқа танылып жүр. “ЕУРОПАҒА ҰНАУ ҮШІН, АЗИЯНЫ АЯҚТАН ШАЛУЫҢ КЕРЕК” — Бұрынғы жазушылар аты озған қаламдастарының аяғынан тар тып, қым-қуыт айтысып-тартысып жататын. Мысалы, Ілияс Есенбер линнің “Көшпенділері” бірінен соң бірі жарық көргенде қызылкөз қыз
ғаншақтар түртпектеп, күн көрсетпеді. Қазіргі қаламгерлердің арасында ондай мінез байқалмайды. Әркім өзімен-өзі. Осының себебі неде? Әлде ұлттық әдебиетіміздің ұяты ояна бастады ма? — Баяғыда ақын-жазушының қоғамдағы орны үлкен, абырой-беделі асқақ еді. Үкімет санасатын. Депутаттық орын қалдырып отыратын. Сый-сияпат өз алдына. Сондықтан да шығармашылықтан гөрі бет-бедел үшін, алға кім түсіп кетеді деп таласатын. Орталық комитеттің есігін кім қаққыш болса, соның иығы асып тұрды. Үлкен кісімен әлдеқалай табақтас бола қалса, бір айға дейін тісін шұқып жүретін ағайындар бар-тын. Қазір таласатын ештеме қалмады. Өйткені әдебиеттің қоғамдағы орны төмендеп кетті. Жазудан гөрі жанбағыстың қамы басым. — Өмірдің өзі — айтыс, тартыс. Сахнадағы айтыс саяси тартысқа ұлас қан сыңайы бар. Ғабаң, Ғабит Мүсіреповтің “Екі Мұхтар” деген мақаласы кезінде ел-жұртты елең еткізгені рас. Мұхтар Мағауин мен Мұхтар Шаха новқа бата бергендей ақсақалдық жоралғысын жасаған. Қазір екі Мұхтар бір Шыңғысханның төңірегінде шыр көбелек айналып, баспасөз бетінде ауық-ауық “айтысып” жүр. Біреуі Шыңғысханды өрге сүйресе, екіншісі көрге сүйрейді. Екеуі де өзеуреп, өз дегендерінен қайтпайды. Сонда бұлардың бұрқ-сарқ қайнауы дау ма, әлде әдеби айтыс па? Не месе Шыңғысхан арқылы көпке танылып, көкке көтерілудің амалы ма? — Екі Мұхтардың да әдебиетте өз орны бар. Екеуі де талантты. Бірақ бұ лардың таласы жеке бастың арасындағы айқай емес, тұтас екі ағымның, екі концепцияның арасындағы талас. Бірінікі — ұлттық топырақты қастерлеу, ата-баба рухын ардақтау, әруақты пір тұтқан жаңа ағым. Екіншісінікі — ежелден таныс ескі ағым. Қашанда асыра сілтеп, “құдайды” қолдан жасауға тырысатынымыз жаман. “Қырғыз жазушысы” дегенді қомсынып, “Адамзаттың Айтматовы” дедік. Қазір “Адамзаттың жазу шысы” деген пәлені шығардық. Оны ағылшындар немесе немістер келіп айтқан жоқ, өзіміздің жағымпаздар ойлап тапты. “Адамзаттың Шекспирі... Адамзаттың Бальзагы... Адамзаттың Толстойы” десек қандай? Күлкілі болар еді. Алдымен өз ұлтыңның жазушысы бол. Асып жатса, адамзат ала берсін. Ал “Адамзаттың жазушысы” болу үшін әуелі батысқа ұнауың керек. Ба тыста не бар? Сыйлық! Ол — көздің құрты. Жасы ұлғайып, жалы көтерілген қаламгерлер Нобель немесе одан кішілеу сыйлыққа жетем дей-дей діңкесі құриды. Еуропаға жақсы көрініп, жағыну үшін Азияны жығып беруің, өзіңнің атабабаңның біразын құрбандыққа шалуың керек. Сонда ғана ұнайсың. Шыңғысханды жамандау — жаңалық па? Жетпіс жыл бойы жабыла жа мандап келген жоқпыз ба? Қарақшы дедік, басқыншы дедік... Енді басқаша қарайтын кез келді емес пе? Шыңғысханға дейін хал-ахуалымыз қалай еді? Шыңғысхан соғып өткен апатты дауыл ғана болса, артында қалған Алтын ордадай мемлекет үш ғасыр бойы өмір сүре ме? Бүкіл Еуропаны аузына қарата ма? Орта Азиядағы бес-алты мемлекеттің негізін қалай ма? Мұхтар Шаханов “Шыңғысхан 900 қаланы қиратты!” дейді. Қисынсыз. Қайдағы 900 қала? Қазір санасаң, Шыңғысхан жүріп өткен жерден сонша қала таппайсың. “Мерв қаласын алғанда 1 миллион 300 мың адамды қырып салыпты” дейді. Өлшем қайда? ХІІІ ғасырда әр қалада мықтағанда он бес мың ғана адам болған. Мұхтар Мағауинді “дүмше тарихшы” деп атапты. Егер Мағауин дүмше болса, басқамыз кім болғанымыз... — Қабдеш аға, енді сізге жаттанды сұрақ қояйын. “Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла” деп Абай айтқандай, әр адам өзінше жұмбақ. Құ
пия. Әдебиет әлеміне жетелеген не нәрсе? Қазақ әдебиетінің қақпанына қалай түстіңіз? Жазушылық несімен қызықтырды? — Біздің балақ түріп жүгірген балаң шағымызда “табиғаттың бермегенін тартып аламыз!” деген ұран бар-тын. Алдамшы ұран. Құрғақ қиял. Неге? Табиғатыңда талант болмаса, оны кімнен тартып аласың? Алла тағала бойыңа қасиет дарытпай қойса қайтесің? Өзіңді-өзің зорлайсың ба? Атам Күдері би ақын болған. Мешіт салдырған. Төңірегіне өнер шашқан кісі. Ауылдағылар “Атаңа тартқансың!” деп қолпаштайтын. Қолдан көшірілген хиссалар жаттататын. Алғаш рет Мұхтар Әуезовтің “Абай жолын” көріп таң қалдым. Қалың кітап. “Апырмау, роман деген де кітап болады екен-ау?” деп есім кетті. Кітаптың бәрі құран секілді аспаннан түседі деп ойлайтынмын. Мұхаңның кереқарыс маңдайына ұза-а-ақ қарағаным есімде. Оқыдым. Өте ауыр болды. Бір жеңіл жері — кітаптағы Абай он үш жаста екен. Мен де он үштемін. Қатты әсер етті. Абай заманындағыдай біз де көшпенділер өмірін бастан кешірдік. Жастайымнан ұлттық езгіні,зорлық-зомбылықты көріп өстім. Бізге сабақ берген мұғалімді көз алдымызда нақақтан-нақақ атып тастады. Күні кеше Алаш азаматтарының сарқытын ішкен тамаша кісі еді. Осының бәрі мені жазуға итермеледі. 1962 жылы Қытай шекарасынан ата-мекенге өттім. Бекіре балық уылды рық шашатын сәтте өзенді өрлеп жоғары қарай жүзеді екен. Мен Қазақстанға шығармамды уылдырықтай шашу үшін оралдым. — Усойқы сықақшы Қажытай Ілиясұлы: “Мен Қабдешті шекарадан арқалап өттім!” деп желпінеді. Жаны бар сөз бе? — Сондай бір сәттің болғаны рас. Дәл шекарада Қаракітат деген өзен бар. Көктемде тасып жатыр екен. Аттап өту қиын. Тек кешіп өту керек. Қажытай бәтіңкесін шешіп, арғы бетке лақтырып жіберді де: “Сен аяқ киіміңді шешпей-ақ қой” деп мені өзеннен арқалап өткізді. Қажытай кейінірек қалжыңдайды: “Сен сонда зілдей ауыр едің, сөйтсем бір мешок роман арқалап өтіппін ғой!” дейді. — Баспасөз беттеріндегі мақаларыңызға қарағанда, шындық үшін шырылдап, ақиқат үшін араша түскен сәттеріңіз көп екен. Қазір сәл саябырсып, тыншыған сияқтысыз. Шаршадыңыз ба, жалықтыңыз ба? Әлде “шындықтың түбіне жете алмайсың, шындық сенің түбіңе жетеді” деген пікірмен келістіңіз бе? — Менің қаламымды қозғаушы күш не десеңіз — шындықты айтуға құш тарлық. Шындықты айтудың да өзіндік ләззаты бар, бойың жеңілдеп, зеңгір көкке еркін қанат қаққандай бір рахат күй кешесің. Сол үшін де өмір сүріп жатқан сияқтымын. Бар сүйенерім— қалам ғана. Жұрт білетін, исі қазақ танитын азаматқа айналсам— сол қаламның арқасы. “Қаламнан күшті қару жоқ” деп табынатыным да содан. Қалам ұстап, ақ қа ғазбен бетпе-бет келгенде ар-ожданың таза болмаса, онда жазу бекершілік. Әлдебір бақай қулықты, әлдебір арамдықты ойлап отырып, біреулердің ақ қағазға адалдық туралы қалай сөз жазатынына таң қалам. Санама сыймайды. Мықты жерім де, осал тұсым да — осы. — Болдыңыз ба? — Осы да жетіп қалар. — Кейінгі Қытай сапарынан сыр шертпейсіз бе? — Оны бұған қоспайық. Ол — өз алдына бөлек әңгіме. — Ашық-жарқын әңімеңізге рахмет, Қабдеш аға. Болдырмаңыз. Құдай қаламыңызға қуат берсін! “Қазақ әдебиеті” газеті, 2003 жыл
ӘØІÌÎÂ
“ТЕАТР —
ШАХМАТ.
АЛ, АКТЕР
ПЕШКІ МЕ?”
Ш арияттың шартына зейін қойсақ, “ер жігіттің басына жеті рет қара үй тігіліп, жеті рет ақ үй тігіледі”. Өнердің де, өмірдің де ақ үйі мен қара үйін қатар тігіп, оның бәрін қайыспай көтерген қара нардай тұлганың бірі де, бірегейі де — Асанәлі Әшімұлы. “Ұлы” деп айтуға ұяты жібермейді. “Ұлы емеспін, ұлылардың сарқытын іштім!” деп ұлағатты сөйлеуі де ұлылықтың бір пұшпағындай. Былайғы жұртқа арманы жоқ, ағыл-тегіл актер. Жо-жоқ, еңкейіп, ер азаматтың ендігіне үңілсеңіз ас паған асуы, алынбаған қамалы қанша. Асанәлі үшін “өнер адамының шыңға шықтым дегені — өлгені”. Соқа жер жыртқан сайын жалтырайды. Талант та соқа сияқты. Талай образды сомдап, талантын тат бастырмай жалтыратып ұстаған актер Ақан серінің рөлін ойнамағанына арманда. Абайдың бейнесін кескіндей алмай кеткеніне шерлі. Домбыра мен балта ұстаған адамды ұста немесе әнші деп ойлауға бола ма? Дәп сол сияқты шешен сөйлеген кісіні де ақылды деп айту — ертерек. Домбыра ұстағасын — шерту керек, балта ұстағасын — керту керек. Бұл – атағы жер жарған актердің пәлсапалық пайымы. Асанәлі Әшімұ лының “Санат” баспасынан өткен жылы жарық көріп, кіндігі кесілген “...Жан бөлек” атты астаудай кітабын асықпай оқып шыққасын ол кісімен сұхбаттас қанша асықтым. Неге? Оның ой-иірімдері мені тереңіне тартып, – шүңетіне батырып бара жатты... – Бекежан, Бекежан десе — Асанәлі оймызға оралады. Асанәлі десе — чекист Шадияров, Шадияров десе — Асанәлі көз алдымызға көлбеңдейді. Оған да отыз жылдан асып барады. Ең соңғы экрандағы қойылымыңыз “Қозы Көрпештің” өзі күнсіген көйлектей көнере бастағаны рас. Бұқа ралық ақпарат құралдары “Асекең театрға қайта оралды!” деп жарты әлемге жар салды. Тағы да тым-тырыссыз. Әлде, Ғабең айтқандай “ай мен күн айғайламай-ақ шығады” деп сабырлылық сақтайсыз ба? Қазір не істеп жүрсіз өзі? – Дәп қазір ме? Неміс классигі Гауфтманның “Ымырттағы махаббат” деген пьесасын айналдырып жатырмын. Сонда бір әжептәуір рольде ойнаймын. Күзде тұсау кесері. Рас, театрдан қол үзіп кеткеніме он екі жылдай болыпты. Жыл сайын жылтыңдай бермей, сақалды сыйлап сахнаға сағындырып шық қан дұрыс. Қазір көңілдің бәрі “Көшпенділерге” ауып жатыр ғой. Шама-шарқым жеткенше соған қол ұшын берсем, қомақты іс тындырғандаймын. Басшы лардың ұйғаруы да солай. Оң жамбасқа келіп жатқан рөл болса ойнармыз. Бұл өзі елдігімізді білдіретін елеулі оқиға. Басқа кино болса “Қолым тимей жатыр, қоя тұршы!” деп сырғыта салуға болар еді. Бұған үлкен көңіл бөлініп жатыр, өзіміз емес өзге елдің мамандары тайлы-таяғымен жабылып түсіретін болғасын, қалай қарап жатайық. Ең құрығанда елдің дәстүрі мен ежелгі салт-санасын солардың құлағына сыбырлаймыз ғой. Әнеукүні осы киноның сценариін жазған Ибрагимбековке айттым: “Сен “Көшпенділер” деген атты өзгерт, айналайын. Басқа ат көп қой. Тарихи романның етін жеп, сүйегін қал дырған Есенберлинге жабысқаннан кейін елдің бәрі сол деп күтеді. Киноның
ішіндегі Абылайдың атын да ауыстыр. Ол бабамыз туралы кейін келелі кино түсіріле жатар” дедім. – Ибрагимбеков Сіздің пікіріңізбен санасты ма? – Кішкене көнді. Құлағына ілді. Оқиға біздің елде, жерде болғасын Абы лайдың — Абылай дәрежесінде көрінгенін қалаймын. Сценарий бойынша Абылай жас жігіт. Жәнібек бар. Оның толыққанды образы сомдалмағасын Абылайдың атын өзгерткен дұрыс. Талай-талай тарихи киноға түсіп, бір нәрсені байқағаным – тарихшы лар кино мен тарихтың арасындағы ньюанстарды түсінбей қалып, шатақ шығарады. Деректі фильмнің бағыт-бағдары басқа. Ал енді көркем фильм – процентке шаққанда елу де-елудің жемісі. Яғни, тарих пен таңғажайып сюжеттің қосындысы. Тарихтан алшақ кетпей, Абылайдың атын атамай-ақ қилы заманның хикаясын көркемдесе несі сөкет. – Сценариймен таныстыңыз ба? Ұнады ма? – Көп жері көкейіме қонады. Түсіріле келе жөнделетін нәрселер көп, әрине. Басталмай жатып бас салып жабылып жамандасақ, жақсы ісімізден айырылып қаламыз. Жақсылықтың басын құптау керек те, аяғын түптеу керек. Ибрагимбековке қадап айтқан қадау пікірімнің бірі — “Кино түсірілетін кезде Ақселеудің өзін бе, әлде басқа ма, әйтеуір жаныңа жақсы кеңесші ал” дедім. Мәдениет пен эстетикалық талғамы екшелген, әлемге әсем көрінетіндей кө терме нәрсе кинода көп болуы керек. Мысалы, “Қыз Жібек” киносы... Әлем қызығатындай көтере түсірілген. Сол заманда сондай киім кимеген шығар, дәл сондай патшалар болмаған шығар. Төлеген шашын алып, екі құлағы қал қайып тұрса сүреңсіз көрінбей ме? “Мыналар жартылай жабайы болған ба?” деп ойлайды ғой. Киноның аудиториясы көп. Со жағын ескерсек... – Әлі ауы мен бауы түгенделмеген киноға Ақселеуді кеңесші етіп алу туралы ой тастадыңыз. Ол – мінезді қаламгер. Режиссердің дегеніне көнбей, айтқанынан қайтпай, ырду-дырду мінез танытып жүрсе ше? – Е-е, ол өйтіп шатқаяқтайтын болса, жарасы жеңіл — ауыстыра салады ғой. Әлбетте, “келісіп пішкен тон келте болмайды”. Абылай заманында не ойламады дейсіз? Оның не ойлағанын біз екеуміз қайдан білеміз? Айталық, Абылай далада келе жатыр, кино соның философиялық ойы мен дипломатия лық қиялын қалай түсірмек? Оның бәрі тарихта жазылмаған. Міне, көркем шығарма мен киноның айырмашылығы да осы тұста. Көркем шығармада оның ойын жазушылар бармағын сорып отырып, тастағы таңбадай айшықтайды. Ал, оны киноға қалай келтіресің? Тағы бір эпизод: кинода Абылай көзін жұ мып ойланып тұрды да, сәлден кейін ашты делік. Осы көзді ашып-жұмған қас қағым сәттің ортасына талай нәрсені сиғызуға болады. Міне, бұл – кино. Мұны ньюанс дейді. Бірді айтып, бірге кетеміз-ау. Әлгі “Ымырттағы махаббат” пьесасын аударар алдында Қалихан Ысқақов неміс тарихының қойнауына тереңірек үңіліп, зерттеу керек еді. Қазақшалағанда неміс ньюанстарын жоғалтып алған. – Таяу арада Шыңғыс ханның рөлін ойнап, киноға түсіп қайтыпсыз. – Әңгіме Шыңғыс ханның рөлінде ойнағанда емес, Азия өнерінің әлем аренасына аяқ басқанында. Мәскеу киностудиясы төрт-бес жылдан бері V-ХІІ ғасыр аралығындағы дала эпопеясын түсіруде. Соның екі сериясы Шыңғыс хан заманына арналған. Ықылым замандағы Аттила, одан кейінгі орыс көпестерінен бастап татарлардың әлемде алған орны көрсетіледі. Қазір ұлтының ұйтқысына айналған көп татарлар паспорттарына “бұлғар” деп жазғыза бастады. – “Алдына жеткенше алқынып қалатын атшаптырым кабинетте” бас шұлғып отырған бастықтардың есігін қағып, елпеңдеп жүру Сіз
үшін ерсі қылық. Бейопа дүниеден берекені еңбектен таптыңыз. Абай ақылымен “өзіңізге сендіңіз, өзіңізді еңбегіңіз бен ақылыңыз екі жақтан алып шығатынына” кәмілсіз. Қазір қайсыбір өнер иелері кереғар ғұмыр кешуде, тамыр-таныс арқылы “талант” жасауға тырысатыны несі? Өйткені Сіз “пұшықтың мұрнына, таздың басына бақ қонған кезеңге тап келгеніңізді” жиірек айтып жиырыла бастағандайсыз. – Өзекті өртеген ойларымды өз кітабымда толығырақ қамтуға тырыстым. Әрине, “Абайдың — ұлы ұстаздың зарын енді түсінуге болады. Бұрынырақта ұлы ақын неге сонша қара аспанды төндіріп қамыға берген деп ойлаушы едім. Сөйтсек заманды, заманның қайталанарын сезіп кеткен екен ғой кемеңгер! Кешегі болыс сайлауынан қазіргі парламент сайлауының нендей айырмашы лығы бар. Кеше болыс болмаған елдің баласының болысты атарға оғы жоқ еді, қазіргі заманда депутат болмай өмір сүру өліммен, қорлықпен тең. Абай осы бір дерттің келешегін қалай болжап айтып кеткен десейші! Мәңгілік билік тартысы мен мәңгілік құндылықтардың ара жігін саралайтын парасат-пайым ның екінші лекке сырғуын лайым уақытша процеске балап, өз көңіліңді өзің жұбатасың, келер күннің биігінен тек ұлттық тұрғыдан ойлайтын ойпаздар туатынына сенім артасың. Ел болған соң ерлер шықпай тұра ма? Осындайда көз алдыңа алыста жарқыраған бір шамшырақты елестете отырып, қазіргі күнгі мекемелердің маңдайшасына мына бір көне Египет папирусына жа зылған әкімдердің антын кісі бойындай әріппен жазып қойғың келеді. Онда былай делінген екен: — Мен жас сәбидің аузынан сүтін тартып алмаймын. — Мен ағын суды бөгемеймін. — Мен біреуді өлтіруге бұйрық бермеймін. — Мен біреудің көз жасына қалмаймын. — Мен әлсіздерге қол көтермеймін. — Мен таразыдан жемеймін. Міне, менің көзге көрінбейтін көріксіз кейіпкерлерімнің көңіліне жұ ғысты бола ма деп, бәлкім, Мысырды билеген Бейбарыс бабамыздан қалған сөз бе екен, осы бір саналы сөз жоғары, өркениетті деңгейдегі ойлау биігіне жеткенімізше кейбіреудің есінде жүрсінші деп қағазға түсірдім”. – Біреуді мақтап, біреуді даттап таразылап жататын жағдайым жоқ. Оған менің жасым не позволяет. Басшылар туралы елде жалпы ұғым бар. Баяғыда милицияның бәріне “мент” деп қарайтын. Сондай көзқараспен шенеуніктердің бәріне қара күйе жағу кісілік пе? Олардың да тәуірі бар, батыры бар, жаны ашитыны бар, жандайшаптары бар, серілері де бар. Бірақ менің кейде ойға шоматыным — боқдүние шенеуніктерді бұзады. Американдықтар жасаған доллардың ішінде магиялық пәле бар ма деп ойлаймын. Өйткені адамды өзіне тартып, құмар ғып, аузымен құс ұстаған небір дөкейлерді дуалап, сүмеңдетіп қоятын сиқыры бар. Болған үстіне бола түссін деп, қолдан шығармай қоржындап жинауға ұмтыласың. Бұрын біздің ақшалар “добрый” еді ғой. Аяғына дейін аямай жұмсайтынбыз. Мына долларыңды буын шығарып, бұрқыратып жарату қиын. Бұзғың келмейді. Осындай дуакеш долларың біздің қазаққа да келіп қалғаннан кейін, әлгі шетінен сотталып жатқан шенеуніктер осы “көк қағазға” көзі тоймаудан кетіп жатқан жоқ па? – деп ойлаймын. – Біздің өнер саласына биіктен көз тастасаңыз... – Көк тұмандай тұмшалаған нәрседен басқаны көре алмайсыз. Баяғыда... бізді қойшы, одақ бойынша орыстардың Сергей Бондарчук, Юрий Райзман, Григорий Кохинцев, Николай Крючков, Борис Андреев секілді кино жұл дыздарын танушы едік қой. Мен саған қазір шынымды айтайын, орыстың кейінгі шыққан ел тамсанатындай ең болмаса бір актерін білмеймін. Әр
республикада ең кемі екі-үш жұлдыз болатын. “Е, анау Батаев қой. Е, мынау Куберидзе” деп есімдерін атап, ерекше құрметпен қарайтынбыз. Қазір ше? Ауыз толтырып айтатын актерлер қайсы? Шүкір, музыканттардан құр-алақан емеспіз. Дарынды қыздарымыз Айман, Жәния, Нұржамал... Эстрада жағында Роза Рымбаева, Әлібек Дінішев... баршылық. Орыстарда Пугачева жалғыз, маңайында Апина, Алсу сияқты алашапқын дар көп. Ат жарыста әуелі түйдек-түйдек шабады ғой, соның ішінен біреуі оқ бойы озады. Дәп сондай... орыстарда — Пугачева, қазақтарда — Рымбаева, қалғандары соған жетеқаба жүйріктер. Немесе еліктеп-солықтаушылар! Біздің драма, кино саласы олардан әлде қайда төмен. Себебі не? Жұмыс сыздықтан ба? Олай десең театр бар. Театрдың өзін нарыққа байланысты саудаға салып жіберді. “Өзін-өзі қаржыландыру” деген ағым актерлерді ақша қууға бейімдеді. Мұның үстіне өнердің жолын көлденең жігіттер кескестеді. Режиссер бәрінен биік тұру керек. Мысалы, Әзірбайжан Мәмбетов актерлерден бес-алты бас жоғары. Не айтқысы келгенін біз емеуірінінен-ақ ұғатынбыз. Ал енді шикілі-пісілі, айтары арзан режиссердің сөзіне қай актер құлақ асады. Актер негізі, режиссердің “былай жүр, олай жүрін” тыңдайтын цирктің маймылындай бағынышты бейбақ. Әйтсе де, театр — шахмат, ал актер пешкі ме? Жоқ! Әр актер – өзіне бекітілген рольдің авторы. Қазіргі актерлер ескі сүрлеуге түсіп алған. Баяғы жортақ, көпшілігі ынтасыз. Той десе спектакльді ұмытып кетеді. Оны да түсінуге болады, 7-8 мың теңге жалақымен қайтып жан бағады? Есмұқан Обаев кейде “Тойға неге сұрана бересіңдер” деп актерлерге жекиді. Көрерменнің сауабын ой лаудың орнына, ас та төк тойға қатысып, Шымкенттен шықпайтын Халық әртістерімізге қарап, кейінгі жастарымыз да бұзыла бастағандай. Білмеймін, әйтеуір шетінен тойшыл. – Сіз әсіресе, әзіл-әңгімені бабына келтіріп, байыптап айтасыз. “Бая ғыда бір ханның не тойдым, не қойдым дегенді білмейтін бір жемқор уәзірі, оң қолы болыпты. Әлгі уәзір тек қана балықтан жасалған тағамды тұшынып жейді екен. Бір күні көмекшілері бір керемет балықты тірідей ұстап алып, өздерінше “сюрприз” жасауды ойластырып, уәзірдің көзінше қуырған ғой. Байғұс балық шоршып-шоршып түседі екен. Сонда уәзір: “Әй, мынау неге секіреді?” деп сұрапты. Көмекшілердің де күткені осы болса керек, “Сізді көріп қуанып жатқаны ғой” депті”. Осы бір бұралқы сөзіңіз арқылы қазіргі көзқарасыңызды ұққандай мыз. Расында да ел тағдырын қолына ұстаған кейбір шенеуніктердің бойынан бекзаттықты көре алмайтынымыз неден? – Әртістердің тойшылдығы кілегей мұз секілді жұқа нәрсе ғой. Олар той жасамайды, тойға қызмет етеді. Ал, ойшылдықты тойшылдыққа айырбастап даңғаза, мақтанға бой алдыра бастаған бастықтарға қа райсыз да “заманның азғаны ма, әлде адамның тозғаны ма?” деп іштен тынасыз. Неге? – Жақында бір дөкей баласын сүндетке отырғызып, той жасады. “Өспейтін елдің баласы тойшыл келеді, өсетін елдің баласы қойшыл келеді” деген бұрын нан бар сөз. Талғамнан жұрдай той иесі бір жағынан байлығына мақтанғандай, екінші жағынан надандығы басым. Жеті жасар баласын жетектеп жүріп, алқа қотан елден ақша жинайды. Неткен дарақылық. Тойдың да реті бар. Қазір 50 жылдықты екінің бірі жасайды. Мұхтар Әуезов те өзінің мерейтойын өткіз бей-ақ кетті ғой. Өкіметке еңбегі сіңген адамның тойын өкімет өткізуі керек. Жоғарыдан арнайы шешім шығарса да артық емес. Әйтпесе әйгілі кісілердің “юбилейінен” гөрі, әлгіндей адамның баласын сүндетке отырғызып, “тәша майының” басына жасаған той анағұрлым артық болып жүр.
Саяз адам саяси әңгімеге құмар, өсек-аяңға үйірсек, мұрнына саясаттың иісі бармайтын пенденің бәрі саясат туралы сөз қоздататынына таңмын. Отыр ған жерінде “Өй, ананың орнына, анау келмекші екен” деп кадр мәселесіне дейін араласады. – Күнделік жазатыныңызды жазушы Сайын Мұратбековтың аузы нан естідік. Сіз бірақ Сайын досыңыздың “кісі естелікті айтары тау сылғанда жазады” деген пікірімен неге келіспейсіз? Қарапайым тілмен қағазға түсірген естелігіңізді оқыған Асқар Сүлейменов “Сәбит Мұқанов үрдісіндегі жазушы екенсіз!” деп қағытқаны қалай? Асқар аға Сіздің қай қолжазбаңызға баға бергені есіңізде ме? – Студент кезімдегі 20 дәптер күнделігім жоғалып кетті. Жазушылар секілді өрелі ойды өрнекті сөзбен кестелеуге құмартқан емеспін. Ойыма не оралса, соны түсіруге тырыстым. Елден естіген тәуір тіркестерді де тізе бердім. Түртерге түк таппасам, сол күнгі ауа райын жаза салатынмын. Соның рахатын кейін көрдім. Күнделіктерімді парақтап отырып, бірінші кітабымды бір айдың ішінде жазып шықтым. Әңгіменің ретінде Асқар Сүлейменовке “Бір отырғанда бір романдай естелік жазып тастаймын. Менің стилім Сәбит Мұқановқа келеді-ау!” дер желпінген едім. Содан бастап Асқар жолыққан сайын “Хал қалай, Сәбе?!” деп амандасатын. Бірінші кітабыма Кәдірбек Сегізбаев, екінші кітабыма Қали Сәрсенбай редактор болды. Кәдірбек алымды да, шалымды, байқампаз. Ал, Қали аз отығып, алысқа шабатын сәйгүліктей журналист. – Эстет. Пайымды. Парасатты. Екеуі де қолжазбамның мұртын басып, сызылған қыздай сыпайы кітап дайындауға қолғабыс жасады. – Расында да өнер адамдары – куәлігі жоқ депутат. Өзіңіз туып-өс кен Сарысудың сұрқай келбетіне жаныңыз ашығандықтан ба, жасырақ кезіңізде Қонаевқа кіріп, ауданның бірінші хатшылығына өз кандидату раңызды ұсынғыңыз келіпті. Ол райдан неге қайттыңыз? Әнебір жылы депутат болудан да дәмелі едіңіз... – Депутаттыққа өткізбей жатса, тауың қалай шағылмасын. Оның құйтыр қысы көп екенін кейін аңғардым. Ал енді Димаш ағаға сондай соқталы ойлар мен барғым келгені рас. Алда-жалда алдына жетсем сөз жоқ, мені қолдайтын ба еді? Алайда ауыл-аймаққа шын мәнінде көмектескім кеп, бүйрегім бүлкіл деп тұрса да, қырдағы өнерді сайдағы орынға айырбастамадым. Сондықтан да ол кісіге барудан бас тарттым. Американың бұрынғы Президенті Рейган актер боп жүре бергенде, талай киноға түсер ме еді, кім білсін? Бірақ ол саяси аренаның “актерына” айналды. Ал мен саф алтындай актерлықты қаладым. – Қазақта “Көз, сұқ” деген абстракты ұғым бар. Тағдыр тәлкегіне түсіп, Ақаңдай мылқау күй кешкеніңізде “Менің отбасыма, сөз жоқ, көз тиді” дедіңіз. Жалпы, ырымға сенесіз бе? Атаңыз Ысқақ бес уақыт на мазын қаза қылмаған тақуа, әулие, пірадар кісі болса керек. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың “Аллаға сенімі мықты адам — көркем мінезді адам” деген хадисін жиі қайталайсыз. Тісі сарғайып, қабырғасы қатқан үлкен кісілерден гөрі, жастардың дені қазір намазға жығыла бастады. Пайғамбар жасынан астыңыз... – Ойыңды ұқтым. Құрандағы сүрелерді түсінсін-түсінбесін әйтеуір жаттап алып, жаны сезінбесе де намазға жығылғандарды онша қоштамаймын. Атеистік көзқараспен буынымыз бекіді. Әйтеуір бір жаратушы барына сенем. Бір нәрсеге сыйынып, табынбаса адамның адам боп жүруі қиын. Абай “Құдайдың өзі де рас, сөзі де рас” деп бекер айта ма? Қарақан басының қамын ойлап “жұмаққа барайын!” деген пиғылмен намазға жығылу — күпірлік. Тіл, көз, сұқ әлі то лық зерттелмеген, арғы жағы ашылмаған құпия ғылым. Жалпы, дін туралы түсінігімді күнделігіме түсіргем. “...Заманның қазіргі беталысын ойласаң,
немерелеріңнің келешегін ойлау да қорқынышты. Мектеп жабылып, мешіттер көбейгеннен қорқамын. Өйткені дүмше молдалар көп. Тіл, діл тағдырына қарағанда діннің жағдайы “жақсы”. Мешітке түскен ақшаны таласып бөліп алатын көрінеді. Оны өздері жасырмай айтады. “Өлімді жерде молда семіреді, өлеңті жерде өгіз семіреді” деген осы. Әлі күнге осы бір психологияның басымдығынан ба, мен пітірімді кемтарларға беремін. Жұртқа белгілі молданың өзі бір мешітті жиырма жыл салды, өзінше шариғат айтқан болады. Бірде мешітте медресенің оқушыларымен кездескенім бар-ды. Нағыз мәңгүрттікке тәрбиеленіп жатқанына сонда көзім жетті. Газет-журнал, кітап оқуға болмайды, киноға, театрға бармайды. Адамды мақұлық етудің ең оңай жолына түскен. Жетпіс жыл бойы “құдай жоқ” деп тәрбиеленгеннен кейін бе, дінге бір түрлі мойынсұна алмайды екенсің. Қазіргі молдалардың кеңес кезеңіндегі қызыл директорлар секілді әлеңкідей жаланып жүргенін көргенде қалай мойынсұнасың. Әйтеуір, бір тәңірге деген өз нанымыңның қуатына сеніп өмір сүресің. Өз басым тәңірі, табиғат, ғарышқа сенемін. Соның бәрінің жалпы атын құдай дейтін болар. Баяғыда бір досым “бір құдайды білетін едік, оқығалы бері өзі құдай көбейіп кетті” деуші еді. Сол айтпақшы, қазіргі молдалардың “өз құдайы” бар секілді. Сол жалғыз ғана құдайдан өтінерім, мына бір кеса патыңды, кесірлігіңді тоқтат деп жалбарынам. Оған қосар кейінгі пікірім — Құранды ұйып, түсініп, елтіп, бойына сіңіріп оқымаса одан не жорық. Әр аяттың әсері күшті. Тұла бойыңды шымырлатады. Әсіресе дарынды молдалардың дауысында артистизм басым. Неге? Өйткені олар сіңіріп оқиды. Егер артистер жаттаған сөзін сіңірмей айтса, онда көрер меннің жүрегіне жетпейді. Қадыр Мырза-Әлидің өлеңдерін жаттаған баладай тақылдап оқитын көктайғақ әртістеріміз бар. Сырғып тұр-ау, сырғып тұр. Ол – әрине, Қадыр үшін минус. Мысалы, “Мен, мен, мен едім!..” деп судыратып шығуға болады. Осыны қай әртіс қалай оқиды? “Мен!..” Кішкене пауза жасау керек. Өйткені “мен” екеніңді аңғартасың. Мен қарағайдай қаламгер досымның “Менін” емес, Махамбеттің “Менін” айтып тұрмын. – “Шоқаннан” кейін іле-шала қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин туралы кино түсіруді мақсат етіп, біршама іздендіңіз. Бірақ, “заман күрт өзгеріп, киноның басына дүбәрә (маргинал) қазақтар келді. Тарихты өзінен бастаушылар “Айманов, Қожықов дегендер кім?” деп Еуропаға еліктеуге күрт бет бұрып, ұлттық өнердің тұңғиығын лайлап тастады” деп бастаған тірлігіңізді тиянақсыз қалдырғаныңыз бір жақ тылық емес пе? – Ыбырай туралы жазылған көне кітапты Ақселеуден тартып алған едім. Мәскеуде Әкім Таразимен бірге оқыған Анатолий Галиев екеуміз тоқайласып, сценарийін жаздық. Киностудияның табалдырығын имене аттаған Мұрат Әуе зов көркемдік кеңестің дүбәрә жігіттерімен ойласа келе, біздің сценарийімізді талқандап тастады. Шаужайына жармасуға шамам келмей қалса, қайтейін. – Елп еткенге еліктегіш халықпыз ғой. Жылт еткен жетістігімізді көрсету үшін “Қазақтың Шолоховы”, “Қазақтың Шепкині” немесе “Қазақтың Пушкині” деп шекпен киген таланттарымызды шет елдік “шедеврлерге” теңеп әуестендік. Еуропалықтар өз жұлдыздарын бөгде елдің жұлдыздарына балап, басын ауыртпайды. Осы бір кереғарлықты қалай түсінесіз? Тіпті ірілі-ұсақты мәдени шараларды жүзеге асыру үшін “Миллениум” өткізіп, оған өзге елдің әншілерін шақырып, өз бұлбұлдары мызды торға қамап қойғандай жат жұртқа жалтақтай беретініміз қалай? Әлде оның арғы жағында бізге беймәлім басқаша бағдарлама бар ма?
– Таң қалатын нәрсем — Қазақстанға келген Пугачеваның концертіне қол соғатын көрермендердің 90 проценті өзіміздің қаракөздер. Кәсіпкер Әбі лев, Сұбханбердиндер шетелдің жылтырақтарына сонша неге әуес екеніне түсінбеймін. Әлде, ақша ма? Өзгелерді әлпештеп, әспеттей берсек өз өнеріміз тұншығып, басылып қалмай ма? – Театр сыншылары Асқар Сүлейменовтің драматургиясына неге терең талдау жасамайды? Әлде тісі батпай ма? – Асқар — ірі сыншы. Тіліп түседі. Оның пьесасын бір оқығанда көп адам өресі жетпегендіктен “нашар шығарма” деп теріс бұрылуы мүмкін. Оның сиқыры неде? Асқар күрделі ойларын күшті режиссердің еншісіне қалдырған. Шекспир — неге Шекспир? Қай пьесасы болмасын ғасыр жүгін арқалаған. Актер мен режиссердің фантазиясына бос орын қалдыра білген. Біздің драматургтер шектеп, шекара қойып алты-жеті жылдан аспайтын ағымдағы тақырыпқа қалам тербейді. Сосын тірлік оңа ма? Иран-Ғайыптың “Шыңғыс хан”, “Темірланында” Шекспирдің тылсым иірімдері бар. Режиссері табылса, реңі кіретін пьесалар. Біздің боркемік режиссерлар “Пьеса жоқ” деп зар қағады. Оқымайды. Оралханның шытырман оқиғалы шығармалары дапдайын пьеса. Тек инисинировка жасай біл. – Кешегі Қаллеки, Серағаң, Елубай аға, Шәкен Айманов, Нұрмахан Жантөрин, Әнуар Молдабековтердің үлкенге ізет, кішіге ілтипат, инабат тылығын ауыздан тастамай айтасыз. Тіпті Серағаңның алдында ішімдік ішуге ұялған Нұрмахан Жантөрин ресторанда даяшымен астыртын келісіп, стаканға коньяк құйып алдырады да, шай қасықпен шайқап отырады. Сонда сезімтал Серағаң “Әй, Нұрмахан, сенің шайыңнан бу шықпайды ғой, суып қалған ба?” дейді. “Расында да, суып қалған екен!” деп ол “шайды” Нұрмахан інісі ішпей қойыпты. Қазір ше? Ізеттіліктің ізі көмескеленіп бара жатқан жоқ па? Әлде әр актер өзді-өзін “классик” санағаннан ба? – О-ой, несін айтасың, ағалардың бәрі ақылды, әрі қалжыңбас, әрі ізетті еді ғой. Тіпті көшеде көлденең өтіп бара жатқан келіншектердің бүйірін түртіп, әзілдесе беретін. Қазір сөйтші, не сотқа береді, не бетіңді тырнайды. Неге? Өйткені ұлттық дәстүріміздің өрмегі соңғы он-он бес жылда үзіліп қалды. Біз ағалардың өмірдегі парасаттылығы мен жүріс-тұрысынан көп нәрсені алып қалдық. Ал бізге қарап өсу кейінгі жастарға тән емес и тәнті де емес. Ғасыр мен ғасыр тоғысындағы ұрпақтардың бойында қатыгездік, мейірімсіздік, эгоистік, атаққұмарлық, өмірсүрушілік, шенқұмарлық басым. Бойындағы жоқ қасиетті бар секілді бадырайтып көрсеткісі келеді. “Өзі жарымағанның сарқытын ішпе” дейді қазақ. Ондай тұлғасымақтардан бүгінгі үрпекбас шәкірттер не үйренеді? Біз уызынан жарыған адамдардың сарқытын іштік. – Сізді ауыл шаруашылық институтынан өнерге жетелеп алып келген атақты режиссер Асқар Тоқпанов екен. Ол кісі “СХИ-да саған не бар, Қазақстанда көп болса бір агроном аз болар. Адам болам десең, өнерге кел” деп бетіңізді бері бұрыпты. – Оның бәрі ЦК-ның есігін қағып, есін шығарып консерваторияның ішінен актерлік бөлім ашқан адуын мінез Асқар Тоқпановтың арқасы. Қоярда-қоймай құжаттарымды осында тапсыртты. “Емтиханға дайындал!” деді. Менің бірінші мұғалімім— Райымбек Сейтіметов. Екеуміз пәтерде бірге тұрдық. Құдайдың құтты күні тақпақтарды асқақ пафоспен қол сермеп, дауыстап оқуды үйретеді. Емтихан басталды. Академик Ахмет Жұбанов, Бекен Жылысбаев — кілең ығай мен сығайдың алдында бар өнерімді көрсетіп бақтым. Ұяң кезім. “Өтпей қалам ба?” деп зәрем-зәр түбіне кетті. Әйтеуір Ахмет аға “Талабы бар екен,
кейін ашылады ғой” деген жалғыз ауыз жылы пікірімен оқуға әрең іліндім. Сол жылы қабылданған отыз бес баладан тоғызымыз бітірдік. Курстастарым Фарида, Бекен, Нүкетай, Сәбит, Райымбек, Оспанхан... Алғашқы курстан бастап “Актер” деген қабырға газетін шығардық. Мен редактормын, Оспанхан орынбасарым. Бүкіл профессорға арнап әзіл-сықақ, эпиграмма жазады. Ой, Оспанхан өте білімді болды. Мен ауызекі анекдотқа бейіммін. Неше түрлі күлдіргі әңгімемді Оспанхан қағып алады да, қағазға түсіре қояды. Кейін кітабы шыққанда “Осының бәрі сенің әзілдеріңнің жемісі” деп қолтаңба берді. — Талантты тап басып өнерге даярлаған өз шәкірттеріңіз бар ма? — Министр, әкімдерді балапандай баптап өсіріп, даярлауға болар, ал талантты даярламайды. Өзі жарып шығады. Әрісі Қорқыт, берісі Құрманға зыны кім даярлапты? — Сіз үшін “актерлік — аспандағы аймен тең”. Қазір екінің бірі бұл өнерді “алтын жабу, күміс ер-тоқымсыз, жалаңаш ерттеп мініп алғаны на” налығандайсыз. “Жарты жылда бір роман жазатындарға күмәнім бар” деп Дулат Исабеков айтқандай, Сіздер кезінде толыққанды пьесаны дайындау үшін жыл бойы сүрліксеңіздер, қазір бір-екі айдың ішінде бір пьесаны сахнаға шығара беретін әдет болды. – Баяғыда Мәскеудің театры Горькийдің “Шыңырауда” (“На дне”) пьеса сын екі жыл дайындаған. Сол дүние қырық-елу жыл бойы сахнадан түспей келеді. Иі қанған дүние сондай болады? Баяғыда “Осы пьесамен халыққа не айтамыз?” деп ойланатынбыз. Қазір қайдам? Ханның киімін киіп, айғайлағанмен ханның образы сомдалмайды. – Біздің қазіргі кинемотографиядағы жастарымыз өздерін “жаңа ағымдағы толқынға” санайды. Оларды Соловьев мектебінің рухымен ауырған деп “диагноз” қоясыз. Ол қазақша айтқанда, қандай ауру? Не месе жастардың туындысы Еуропаланып бара жатқандығын ұлтсыздық пен намыссыздықтан көресіз. Оған келтірген дәлелдеріңіз де уәжді. “1998 жылы “Қазақфильм” 12 кино түсірген. Оған қаншама қыруар қаржы кетті. Бірақ сол 12 фильмнің бірде-біреуін ел білмейтіндігін” қынжыла айтасыз. – Африканың ар жақ, бер жағын орағытып барып жүлде алып жатқан ки номыз туралы не дейін? Көп есек жарысса, әйтеуір әбизәтілні бір есек озады ғой. Басшыларға өтірік мәлімет, құрғақ есеп беру үшін “12 кино түсірдік!” деген даурықпа ғой әшейін. – “Қазақфильм” керуенінің ноқтасын ұстаған Сергей Әзімовке көз қарасыңыз қалай? – Жақсы. Жетесінде бар. Киноның қыры мен сырын түсінетін жігіт. Білімді. Анау-мынау сөзге ермейді. “Олай тарт, былай тартқа” көніңкіремейдіау. Басшылардың лайықты деп таңдаған дұрыс жігіті осы ма деп ойлаймын. – Ақкөңілсіз бе, әлде көңілжықпастық па — әртүрлі ағымдардың үн деуіне үн қосып, айқайына айқай қосып, соларға қолдау білдіргендей қол қоя беретініңіз қалай? Кейін қойған қолыңызды қайтып алып жатасыз... – Қойған қолымды қайтып алған жерім жоқ. Әуелі түсіндірейін. Жақиянов тағы басқа жігіттер бір параққа толмайтын үндеуді таныстырды. Қарадым. Бәрі дұрыс. “Президент саясатын қолдаймыз. Халықтың әл-ауқатын арт тырамыз” деген сөздер тізіліп тұр. Оған қалай қол қоймайсың? Мен саған қызықты айтайын. Ол үндеуге Әкім Тарази, Камал Смайылов тағы басқалар да қол қойған. Солардың ішінен президиумға мені таңдап алғаны ғой. Оның ар жағында пәле бар екенін мен қайдан білейін. Кейін толық бағдарлама
сымен танысқасын “Сендердің мына спектакльдеріңе мен қатыспаймын” дедім. “Ал, алғашқы әкелген үндеулеріңе қойған қолымды қайтып алмаймын” дедім. Ертеңінде “Хабардан” сұхбат бердім. Осы жәйтті ашып түсіндірдім. Шала-шарпы оқыған жора-жолдастардың біразы “Асеке, қол қойыпсың ғой” дейді. Оларға не дейін? “Тірі екенімізді білдіретін бұл да бір белгі” дедім қыр көрсеткендей сыңай танытып. Алматы қаласының әкімі Виктор Храпунов та “Алданғасыз, Асеке!” деді. Артынша Астанаға аттандым. Тәуелсіздіктің 10 жылдық тойына барға нымда Иманғали да “Асеке, ақкөңілсіз ғой. Көп нәрсеге қол қоя бермеңіз” деді. Сол күні сәскеде “Отан” орденімен марапатталдым. Бұрын-соңды орден тағып көріппін бе? Өзі әжептәуір ауыр. Байқаймын, менен басқасының бәрі бұйырған ордендерін бұлғақтатып тағып алды. Масаттанғандай болмайын деген оймен күндізгі “шай-пайлы” жерде көпшіліке көрсетпей, сарайдағы салтанатқа кешкісін бір-ақ тағып бардым. Марапатталған марғасқаның бәрі бірінші қатарда. Президент шетінен амандасып келді де, маған “Сен неге ор ден тақпайсың?” деді. Жүрегім зу ете қалды. Түсіп қалған екен деп ойладым. Сөйтсем костюмімнің жағасы қайырылып, көрінбей қалыпты. Жалпы, Бибігүл екеуміз “штатный” қол қойғыштармыз. Сірә, ел алдындағы атақ-абыройымыз ды пайдаланатын болу керек. Мәскеуде жүрген кезімде Желтоқсан оқиғасына байланысты үндеуге де менің қолымды сыртымнан қойып жіберген. Ол туралы Президент қатысқан бір жиналыста ақтарылып айттым. – Бос кезіңізде немен шұғылданасыз? – Шахмат. Билярдқа да бір кісідеймін. Профессор Әшірбек Сығайдың иті шұбыртып күшіктеген екен, соның біреуін биыл асырап алдым. Үйге бар ғанда ойнатып дем аламын. Жүгіреді. Еркелейді. “Қой!” деймін. Қоймайды. Ол да бала ғой. Алайда анау-мынау адамнан гөрі жақсы партнер. Адал. Жүз процент адал. – Ат қойдыңыз ба? – Бұдан бұрын менің “Ақжол” деген тазым болған. Былтыр машина қағып кетті. Негізі, Ақжол — біздің үйдің иттерінің баяғыдан келе жатқан тұрақты аты еді. “Ақ жол” партиясы өкпелей ме деп атын Ақтабан деп ауыстырдым. Міне, мынау – менің күшігімнің суреті. – Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллин студент кезімізде ауыз әдебиетінен бізге дәріс берді. Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқановтай ірі тұлғалармен талай-талай кездестік. Шәмші Қалдаяқов, Мұқағали Ма қатаевтың “қолбаласы” болдым. Оспанхан Әубәкіров ұстазым... Бір қызығы, айтсам адам сенбейді, сол кісілермен сонша жыл ұшырасып, дәмдес-тұздас боп, бір рет суретке түспегеніме өкінем. Сізде осындай өзек жарған өкініш бар ма? – О-о, қазір ғой бармақ тістеп жүргенім. Басқасы-басқа, сенесің бе, қанша күйеу баласы болсам да Шәкен Аймановпен түскен бір суретім жоқ. Ескер меген нәрсе ғой. – Әлі де кеш емес қой, аға! – Қазір өзі суретке түсетін адам бар ма? – Бар... – Кім? – Сіз! Асанәлі ағам аспандап күлді де: – Кел, ендеше, екеуміз суретке түсейік! — деді. Қазақ әдебиеті” газеті, 2003 жыл.
Төлеген
ҚОЖАМҚҰЛОВ
“ҚАЗАҚТЫҢ РУХЫ
БЕТХОВЕННІҢ
ӘУЕНІНЕН ЕМЕС,
БЕСІК ЖЫРЫНАН
БАСТАЛАДЫ!”
КІЛТ Ө ткен күн ойлап тұрсаң белгісіз ғой, Қол бұлғап шақырғанмен келгісіз ғой. Жолдас болсаң жігіттер, жақсымен бол, Бір сөзі мың ділдаға бергісіз ғой. Тамшыдай боп тамса да шындық сөз шымырлап бойға жайылады, бірте-бірте буыныңды босатады. Ерисің. Балқисың. Сергисің. Серпілесің. Жігерленесің. Құшағың гүлге толғандай құштарланып, рахат сезімге бөленесің. Адам бойында “Аура” деген бар. Көзге көрінбейді. Бірақ жаныңмен сезінесің. Оның өзі бір жағы – плюс, бір жағы – минус магнит секілді құпия сезім. Айталық, бір адамды танымайсың, білмейсің. Бірақ оның жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі мен кескін-келбеті сені өзіне магниттей тартады. Оған сырттай ризасың. Көңілің толады. Неге? Ол өзінің бүкіл болмысымен сыртқа шуақ шашып, төңірегін нұрландырып бара жатады. Себебін білесіз бе? Өйткені оның аурасы жақсы! Енді екінші бір адамды танымайсың, білмейсің. Бірақ оның сөйлеген сөзін тыңдамай-ақ жүріс-тұрысы мен пошымына қарап шошисың. Жиырыласың. Қасында тұрғың келмей тез кетуге тырысасың. Неге? Өйткені оның аурасы жаман. Сонда аура деген немене? Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың қасиетті хадисіне жүгінсек: “Адам бойында бір жапырақ ет бар. Ол кірлесе бүкіл денең кірлейді, оны таза ұстасаң – тұла бойың тазарады. Ол еттің аты – жүрек”. Ендеше, жүректен шыққан жылудың аты – аура. Ал “адам баласы жүрегінің құбылуы қатты қайнаған қазандағы нәрсенің аударылып-төңкерілуінен де тезірек”. Айбынды жігіт аймен тең, Жомарт кісі баймен тең. Шешен жігіт дүрмен тең, Имансыз көңіл кірмен тең. Бұл – Шал ақынның төкпесі. Сәл ойланып көріңізші, жүрегің кірле се көңіліңе имансыздық ұрығын сеуіп, ұятсыздық ұялайды екен-ау, ә? О, сұмдық-ай! “Бір жапырақ еті” кірлеген адамның аурасы оңа ма? Төлеген ағамен алғаш рет танысқанымда осындай ойлардың орамына шырмалғаным рас. Ол кезде Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің ректоры “Дядя Джо” атанған Өмірбек Жолдасбеков еді. Төкең осы оқу орнындағы теориялық физика кафедрасының меңгерушісі еді. Ленинградтағы А.Иоффе атындағы физика-техникалық ғылымизерттеу институтының аспирантурасын үздік бітіріп, Л.Д.Ландау мен А.Б.Мигдалдың теңіздей терең дәрістері мен сабақтарынан сусын дап, кемеліне келген кезі. Атақ-дәрежесі де асқақ, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. Жалын атқан жас жігіт. Әдетте бір мамандықтың иелері өз саласының төңірегінен аса алмай, алты соттық бау-бақшасын ғана баптай білетін бағбан секілді көрінетін. Ал, Төлеген
ағаның жан-жақты білімділігі жапан даланы жалғыз өзі игерген тыңгерге ұқсайтын. Орыстың ұлы ғалым-ойшылы Ломоносов, өзіміздің Қаныш Сәтпаев пен Евней Букетовтардың білмейтін саласы жоқ екенін көркем әдебиеттен көп оқығанбыз. Ішімнен “Е-е, біздің Евней ағалардың ерекше ізбасарларын заман қайта туғызған екен-ау?!” деп топшылағам. Ағыл-тегіл танымды әңгімелері айналасындағыларды үйіріп, тереңіне батырған шүңеттей иіріп әкетті. Қанша өнер адамы болсақ та, физика-математика маманының аузы нан ата-бабамыздың өсиет өлеңдері мен жыр-дастандарын естігенде сіл тідей тындық. Асанқайғы атамыздан бастады. Арғымаққа міндім деп, Артқы топтан адаспа. Күнінде өзім болдым деп, Кеңпейілмен таласпа... Енді бірде Майқы бидей маңғаз нақылды нәшіне келтіріп кестелейді. Еттің бәрі қазы болмас, Иттің бәрі тазы болмас. Өзі қатты сараңдардың Ешкімге айтар назы болмас. Бір бәйтеректің тамырынан жаралған бұтақ екенін мақтанышпен аңғартып, аузы дуалы Сүйінбай мен Жамбыл бабаның жырларын да нөсердей төгеді. Өміріңнің орағы – Қуанба көріп жаңа айды. Жаман жігіт белгісі – Алғаны мен бергенін Сырттан жүріп санайды. Бабаларымыз мөрдің орнына бас бармағын басқанын тарихтан біле міз. Бұл не? Әлемде қанша адам болса, сонша адамның бармағындағы бедерлі іздер бір-біріне ұқсамайды деген сөз. Медицина саласындағы ғұламалардың дәлелдеуінше, баланың бармағындағы іздер анасының бармағындағы бедерге көбірек ұқсайды екен. Сондықтан да ата-бабамыз “Анасын көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш” дейді. Текті жердің қызына қызығуы да тегін емес. Қан жаңарады, тұқым асылданады. “Жақсыдан жаман туса да, жаманнан жақсы туса да тартпай қоймас негізге” деуінде үлкен мән жатыр. Мысал үшін Тарақты Ақселеу Сейдімбектің ғылыми еңбегіне сүйене отырып, онда жазылған тарихи дерек пен танымды дәйек келтіре кетейін. Үш ғасыр бұрын өмір сүрген Байғазы батырдың әжесі Шолпан “Кіші жүздің жетіруын билеген Тархан Есет батырдың туған қарындасы. Ал, Байғазының туған нағашысы әйгілі Қанжығалы Бөгенбай батыр. Байғазының анасы Баяу – Қанжығалы Бөгенбай батырдың қарындасы. Байғазы батырдың Шәкі деген немере қызынан әйгілі күйші-қобызшы Ықылас Дүкенұлы туса, батырдың өз кіндігінен туған Қойсана деген қызы Шұбыртпалы Ағыбай батырдың туған анасы”. “Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, шолушысы – ой, жол дасы – кәсіп, қорғаны – сабыр, қорғаушысы – мінез, сынаушысы – халық” деп кісіліктің келбетін түйіндеп, ер азаматтың энциклопедиясын екі сөзбен-ақ кестелеген Саққұлақ би әйгілі Бөгенбай батырдың немересі.
Елбасымыз бағалағандай “қазіргі заманның ұлы ақыны, көрнекті қоғам қайраткері” Олжас Сүлейменовтің алтыншы атасы атақты Олжабай батыр екен. Одан кейінгі аталарының бірі әйгілі Жаяу Мұса. Тектіліктің өзі тектен басталады-ау. Осы ойларымды жайып сап: – Сөз төркінін түсініп отырған шығарсыз Төлеген аға, – дедім, – әуелгі әңгімені өзіңізден емес, тоғыз ай толғатып дүниеге әкелген Ханшайым анамыздан бастаған жөн шығар. – Оһ, осың дұрыс! – деп елпілдеді. Әлпетінен әдептілікті байқадым. Бәлкім, басқалар болса бар әңгімені баяғыдан қозғап, бабаларын жіпке тізіп шығар ма еді, қайтер еді? Төкең өйтпеді. Байсалдылық танытты. Байыппен қарады. “Балалық шағымды еске алып, соғыстан соңғы тар заманның тауқіметімен өскен күндерімді өзімнің айтқаным қалай? Тіпті соның өзі кімге керек? Ол әр адамның басында бар нәрсе ғой. Қазір қай қазақтан сұрасаң да әйтеуір жеті атасының біреуі иә батыр болған, иә ақын болған немесе жезтаңдай әнші болған. Бұл қазақ халқының туа бітті болмысы” дегендей пайымды айтпай-ақ аңғартты. – Әкем сексеннен асып дүниеден озған. Шешем тірі. Қала маңындағы Қарағайлы ауылында. Елдің ішінде. Жасы сексен беске таяды. Шынында да, шешеммен сөйлескенің жөн. Біз не білеміз, шеше деген шежіре ғой! – деп жөн сілтеді. Қарағайлы ауылы ілгеріде қашық сияқты көрінетін. Қазір ше? Қаламен құда-жекжаттай ішек-қарыны араласқан ауыл. “Үй арасында үй жоқ” дегендей бірге өсіп, біте қайнасып қаланың туған інісіне айналып кеткен ауыл ғой. Келелі әңгімені кейінге қалдырмай “Қарағайлы қайдасың?” деп тура тарттым. Дөң басындағы дөкей сарайдың ауласында Ханшайым апаймен алғаш рет амандасып, бұрыннан танитын адамдай ә дегеннен-ақ әжіккүжік әңгімелестік. Бір байқағаным: Төлеген ағаның ақжарқындығы мен бала мінезділігі әсіресе қоңыраулатып күлгені анасынан аумай қалған. Сөзге ұста шешеміз ажарлы әңгімесін ақжауындай төкті. – Бұрын бір ауылдың адамдары бір үйдің баласындай үбір-шүбір ара ласатын. Қазір қонаққа шақырсаң кісімсіп, зорға баратындай заман туды ғой. Ауылымыз Қарасу. Жалғыз мектеп. Тапшы. Аядай ғана бір бөлмеде екі-үш кластың балалары қатар оқимыз. Ішіміздегі пысығымыз – Балғабек. – О кім? Қыдырбекұлы ма? – Иә! Балғабек аяғы салбырап аспаннан түсті ғой дейсіңдер ме? Қатар оқыдық. Бүгінгідей жеті жастан бастап мектепке баратын заман қайда. Түйедей-түйедей балалар бастауыш класта оқиды. Қара танып қатарға қосылғасын бой жетіп қалдым ба қайдам, әлде Алланың бұйрығы ма, аяқ астынан күйеуге шығып, тұрмыс құрдым. Сонда Балғабек “Әй, Хан шайым, – дейді қутыңдап, – сені кім алды екен? Зерек едің оқи ма десек, күйеуге тиіп кетіпсің ғой”. “Мен оңай адамға тигем жоқ, – дедім намысқа тырысып. – Фашистерді талқандап, оншақты орденді кеудесіне тағып, елге жеңіспен оралған жігітке шықтым! Ерте ойлансаң – жетілесің, кеш қалсаң кетілесің. Ел сенбейтін ертегіңді айтып жүргеніңде менің балала рым жетіліп, сенімен бірге оқиды әлі”. Кейін Балғабек “О-о-о, Ханшайым, Құдай аузыңа салған-ау. Сенің
Төлеген балаңның оқығандарын іздеп жүріп оқитын болдым. Баяғыда “Менің балаларыммен бірге оқисың” деп ең. Айтқаның айнымай келді. Балаң физик-математик қана емес, тарихшы, философ. Көп дүниені бірге оқып жүрміз қазір” деді. Көңілімді көтеріп, көпшік қойып сөйлегені ғой. Күйеуім өзін-өзі бәйге атындай баптап күтетін, ішімдікке араласпай тын, қисық-қыңыр мінезі жоқ, шаруасын ғана білетін біртоға кісі бол ды. Әуелі Құдай бақты, одан кейін өзін-өзі бақты. Сосын мен бақтым. Аяғынан шалған жоқпын, жағасынан алған жоқпын. Дұшпанымен бір ге дұшпан болмадым. Ақылдасып, сырласып, сыйласып өттік. Екеуміз жарылмаған жаңғақтай алпыс жыл бірге тұрдық. Сексенге жетсе де сел діремей дүниеден озды. Үш ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірдім. Әрқайсысының тарихы бір-бір дастан. Баланың барлық қимылы ананың көңілінде тұрады. “Ертөстігім бір төбе” дегендей, соның ішінде Төлегенімнің кішкентайынан зерек, қолы ашық болды. Бір баламен бет жыртысып, айқай-шуға барған емес. Жұрттың бәрін бауырына тарта білді. Жасынын бұрын жүрді, тілі де ерте шықты. Төрт колхоздың сельсоветі біздің ауылда болды. Жеті жылдық мектеп бар, басқа ауылда бастауыш мектеп те жоқ. Неге екенін қайдам, шаруамен жүрген адамдардың бәрі біздің үйге кеп түсетін. Шайым қайнаулы, есігім ашық. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің” дейді ғой. Әке-шешем сон дай жомарт жүректі жандар еді. Бір ауыл біздің үйден тамақ ішетін. Шешем марқұм ауырып жатып та “Бір келі бидай түктеп берші” деп келіндеріне жалынатын. – Апа-ау, оны неғыласың? – деймін. – Е, айналайын, көже жасап қояйын да... – Көжені кім ішеді? – Е, күнім-ай, келімді-кетімді кісілер бар... Шөп шауып шөлдеп келгендер сусындасын. – Олар сенің шөбіңді шауып жатыр ма? – Қойшы, қарағым. Қазір қай адам жетісіп жүр. Қара шаңырақ қой, қайырылып келгендер рахаттанып бір шөлін бассын! – дейтін. Өзінің асын өзгелер ішсе өзі ішкендей сүйсінетін. Көшеде кетіп бара жатқан жағал-жағал балаларды: – Бері келші, айналайын! – деп шақырып алып, бетінен сүйетін. Үстіндегі киімін шешіп алып, түймесін қадап, жыртылған жерін жамап беретін. Сол шешем ине-жібін маған тастап кеткендей... Мен де сон даймын. Білетіндер “шешеңнен аумай қалғансың!” дейді. Жасым 85-ке таяса да осы күнге шейін немере, шөберелеріме шұлық тоқып беремін. Қазіргі балалардың киімі жыртылып, түймесі түспей ме қайдам, немерешөберелерімнің бәрі мұнтаздай таза. Төлегеннің бабалары шаруасын ғана күйттеген, өз дүниесі өзіне же тетін қақ-соқпен шаруасы жоқ, сағыр жандар болса керек. Менің әкем бес болыс Екейдің керуен басы болған. Ертеректе арабша сауат ашқан. Нағашысы көшек Барлыбай қажы. Мешіт ұстаған. Тұрған жерлері “Сопы атаның ауылы” атаныпты. Біреудің үйіне барса есіктің тұтқасын қолымен ұстамай, қалтасынан орамалын шығарып сонымен ұстап ашатын сондай кірпияз кісі болыпты. Менің әкем қанша қуғынсүргін болса да бес уақ намазын қаза қылған жоқ. Ауыз бекітіп, оразасын ұстады. Дініне берік адам еді. Қарғалыда жалғыз мешіт. Әр жұма сайын
немере ағасын тәтті ұйқыдан оятып таң қараңғысынан атқа қонып бес парызының біреуін өтеп қайтатын. – Ханшайым апа, сөзіңіз аузыңызда, сыртекі естуімше Төлеген аға жұртқа қол беріп амандаспайды. Қанында бар қасиет екен ғой. – Мен де қол беріп амандаспаймын. Қол беріп амандасу қазақтардың салтында жоқ қой. Жалпы мұсылман баласы бір-бірімен құшақтасып, төс қағыстырып амандасқан. Әсіресе, әйелдер ер адамға қол беріп, қол алы сып амандасуды ерте заманнан ерсі санаған... Төлеген балам алты жасында мектепке барды. Жаңа оқу жылында таңертең тұра салысымен көзін тырнап ашып: – О-ой, тәте, мен ойнайтын балалар қайда? – деп айғай салды. – Сабаққа кетті! – дедім. – Мен де олардан қалмаймын. – Қой, айналайын, сен әлі кішкентайсың. Жасың толған жоқ. Мектеп ке келесі жылы барасың! – деп жұбатқаныма қарамады. Қалам, дәптерсіз мектепке барыпты да, бірінші кластың алдыңғы партасына отырып алып ты. Алланың бұйрығы шығар, сөйтіп ертерек оқып кетті. – Кіндік шешесі кім еді? – Неміс әйелі. Жастайынан домбыра, баян, гармонға әуес боп өсті. Жамбыл жәкеміздің үйімен көрші тұрдық. Ақын бабамыздың қара шаңырағына жиналамыз. Келімді-кетімді кісілер көп, ағылып кеп жатқан ақын-жазушылардың сөзін тыңдаймыз. Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғали Орманов, Тайыр Жароковтың талай әңгімесін естідік. Төлеген ба лам да сол Жамбыл атасының үйінен шықпайды. Әруағы қолдады ма, әйтеуір өнерге біртабан жақын боп өсті. Жәкеңнің өкімет сыйлаған бір үйір жылқысы болатын. Қыз-келіншектер бие сауып, қонақтарға қымыз дайындайтын. Кішігірім той-думан, салтанат жалғасатын да жататын. Атамыз өмірден озғасын бір үйір жылқының қайда кеткенін қайдам, бәрі тарап, ауылымыз әжептәуір жетімсіреп қалды. Шіркін, сол кездегі қаймағы бұзылмаған қазағымның дәстүрі-ай! Ер кісінің алдынан қия өтпейтін, беттен алып сөйлемейтін әдетті сақтаған бізбіз. Ең соңғысы бізбіз. Орысың да сыйды бізге, немісің де сыйды бізге. Қазағымның қарны аш болса да қабағы ашық, көңілі тоқ, жүрегі жарық. Жалғыз сиырының жарты сүтін өзі жарымай отырса да Кавказдан ауып келген әзербайжанның балаларына беріп отырған қазағымның берекесі мол. Соғыс кезі. Тар уақытта өстік. Бірақ кең өстік. Еркіндікте өстік. Жақсы тәрбиелендік. Біздің уағымыздағыдай балалар тәрбиеленген жоқ. “Бала тәрбиесі отбасынан басталады” деп жатамыз ғой. Ол – шындық. Төлегеннің әкесі қанша ауырып жүрсе де бар уақытын бала тәрбиесіне арнаған кісі. Бір адамға қабақ шытып көрмеппін. Досым ба, қасым ба, мейлі кім болса о болсын тіпті шеке тырыстырған емеспін. Мұның өзі де балалар үшін үлгі, үлкен сабақ. Ал, енді Алла сыйлаған бір мінезім бар: тура айта салам. Бетің бар, жүзің бар демеймін. Тура айтып туғаныма да жақтым. Өйткені, сөзімнің аржағында жанашырлық бар. Жұрттың жыртығын көрсем ертеңге қалдырмай қазір айтып тастаймын. Күйеуім күлдіріп сөйлейтін. “Ханшайымның қолы босаса әуелі өзін мақтайды, одан артылса Төлегенді мақтайды, содан кейінгі кезең біздікі” дейтін. Баламның төбесін көкке қалай көтермеймін? Мектепте қамшы салдырған жоқ, үздік оқыды. Баланың мерейі өссе, ата-анасының да
мерейі үстем болмай ма? Үшінші класта-ақ есепке жүйрік, алғыр екені байқалды. Бір мұғалім: – Е, мұның әкесі колхоздың бұғалтыры, есепшінің баласы есепке жүйрік болмай ма? Есепті әкесі үйрететін шығар? – десе, Төлеген жұлып алғандай: – Маған есепті әкем емес, тәтем үйретеді! – депті. – Тәтең кім айналайын-ау? Біреулер айтыпты. – Е, бұл шешесін “Тәте” дейді, – депті. – Қарағым-ау, ол сенің анаң емес пе, неге “тәте” дейсің? – Немене, сен мені түзейсің бе? Мен неге “тәте” демеуім керек? Балалардың бәрі Жамбылды неге “Тәте” дейді? – Е, ол кісі ақын. Қария. Ақсақал. Ер адам. Ер адамды тәте дейді. – Жоқ, ер адамды емес... Қайсысын қаласа соны “Тәте!” дейді. Қандай ат қойсам да өзім білем! – деп қасарысыпты. Жұрт: – Ойпырмай, мына баланы-ай, ә?! – деп күліпті де қойыпты. Бір көршіміз болды. Аты – Зейнеп. Әйгілі ақын апамыз Мәриям Хакімжанованың інісінің әйелі. Жақсы адам еді. Төлегенді еркелетіп, көп ойнататын. Таңертең шай қайнағаннан бастап: – Зейнеп апа-ау, шәй іш! – деп айғайлап шақыратын. Балаларға да солай. Бауырсақ пісіріп жатсам “Жүріңдер, жүріңдер, біздің үйде тоқаш пісіп жатыр!” деп күллі достарын жиып келетін. – Келіндеріңіз қалай, еңкейгенде екі бүктеліп баяғыдай сәлем беріп тұра ма? – Е, шырағым-ай, қазір ол дәстүр қалды ғой. Бәрі де өз уағында бағалы. Бірақ келіндерім қабағымызға қарайды, айтқандарымызды екі етпейді. Келініміз бен қызымыздың айырмасы жоқ, бәрі бірдей. Құрмет, қошемет деген қалай? Біреуді сыйласаң сен оны сыйладым деме, сен өзіңді-өзің сыйлағаның. Келіндерім балаларымды сыйласа, мен оны неге сыйламаймын? Мен келінімді сыйласам, ол неге мені сыйламайды. Мен келінімді сыйлап тұрған жоқпын, өзімді-өзім сыйлап тұрмын. – Байқаймын, апа, Төлеген балаңыздың көп қыры сізге тартқан-ау? – Қайдам, қарағым? Менен гөрі әкесіне көбірек тартқан сияқты. Абай атамның “Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға” деген өлеңі дәп әкесіне арналып жазылғандай. Ешбір артық сөзі жоқ, ешкімге қиянаты жоқ, ақырын жүретін, анық басатын. Осы Төлеген туған соң күйеуім қатты ауырды. Жарадар, жалғыз оқ денесінде қалып қойған. Қабағын ашпай қамығып, төсек тартты. “Өліп қалам ба?” деп емес, өлсем Төлегенімнің күні не болады деп іштей мүжілді. Бір күні түс көрдім. “Түс – Алланың елшісі” дейді ғой. Алла тағала аян берді. – Түс көрдім. Сен өлмейсің, еңсеңді түсірме, көтер басыңды! – дедім жігерлендіріп. – Қандай түс? – деді күйеуім кәдімгідей үміттеніп. – Тыңда! – дедім. Сөйтіп түсімді айтып бердім. Шортанбайдың өзекшесінде тігілген киіз үйлері алба-жұлба, киізі күнсіп тесіліп кет кен. Тек керегесі мен уықтары шаңырақты көтеріп, үй келбетіне келтіріп тұр екен. “Ей, мынау Жібектің үйі ғой!” деп қырдан сайға қарай жүгіріп түстім. Жібек күйеуімнің туған қарындасы. Өзекшеде өңшең малдың қиы, көптігі сонша аяқ аттап жүре алмайсың. Кенет ақсақалды қария:
“Әй, бала, мә, үйдің кілті!” деп бір уыс кілтті маған ұсынды. Алдына ба рып алдым. Қалтама салдым. Кілттердің бауы кір, бірақ ұзын екен. Соған таңырқап жатып оянып кеттім. Күйеуіме айттым: “Сен көп жасайсың, өмір жасың ұзақ болады және көп балалы-шағалы боламыз. Байлыққа да батамыз. Өйткені, түсте көрген боқ – дәулет, малдың қиы аяғымыздың астында жатуы – дәулеттің нышаны. Сенің әке-шешеңнің берекесі шығар, бүкіл кілт менің қолыма тиді. Құдақаласа, Құдай береді!” – дедім. – Айтқаның келсін, айтқаның келсін. Сен Сопы атамның ауылының қызысың ғой. Айтқаның келсе мен сені өлгенімше ренжітпеймін! – деді күйеуім көзі жасаурап. Алла аузына салған шығар, айтқанын істеді. Жорға да міндік, “Волга” да міндік. Өкімет те жақсылығын аямады. Үйден үйге көштік. Балаларымның бәрі жоғары білім алды. Немереліміз, шөбереліміз. Төлеген балам жастайынан зерек болып өсті дедім ғой. Класты ат тап өтіп, мектепті өз қатарларынан екі жыл ерте бітірді. “Сабақтың бәрін білем, әрі қарай несіне оқимын?” деп Дегерестегі мектепке емтихан тап сырып, мүдірмеді. Бір пысықай мұғалім: – Аттестат алғың келсе, әуелі менің кірпіштерімді құйып бер, сосын үйге бір қой әкеп таста! – депті. Оған көнетін Төлеген бе, тіке бетке айтып салыпты. – Кірпішіңді де құймаймын, қойдан да иегің қышымасын. Аттестатыңды берсең – бер, бермесең – кеттім! – депті келтесінен. Ыңғайсызданып қалған мұғалім: – Атасы Жамбыл ғой бір сом ақшасы болса балағына тығатын. Бұдан не шығады, аттестатын берейін! – десе, Төлеген балам: – Менен шыға ма, шықпай ма оны уақыт көрсетеді. Биыл оқуға түсем, сонда жуам ғой! – деп кішкене жуасыпты. Расында да, сол жылы оқуға түсті. Атасы: – Әй, сен қай оқуға түстің? – деп сұраса, ол: – КазГУ-ге. Физика-математика факультетіне! – депті. – Оны бітіргенде не боласың? – Мұғалім боламын. – Біздің Айшақан-келін үйде отырып-ақ мұғалім боп жүр ғой. – Жо-оқ, мен жәй мұғалім емес, мұғалімді оқытатын мұғалім бола мын. Бағбан жерге көшет отырғызып, соның жемісін жегенде қуанады ғой. Балаларымды бағбан сияқты бақтым, мәпеледім. Шүкір, міне жемісін жеп отырмын. Менің қуанышым да, алданышым да балаларым. Нағашыларым – көшектер. Бір нағашым үлкен үйме табақтан ет жеп отырып, салт-дәстүріміз бойынша келінге сарқыт қалдырыпты. Келін кемпарықтау ма қайдам, сәлем берудің орнына әлгі сарқытты қалдық ет деп ойлап, жәй табаққа аудара салыпты. Сонда атасы: – Ап кел, балам, табақты! Ит жегенше өзім жейін! – депті. Кейін келіні мен баласы кешірім сұрап, атасының аяғына жығылыпты. Біз атамыздың табағын таласып жейтінбіз. Біз шырағым, салтымыздың соңғы сарқытымыз... Колхоз бие сауып, қамбаға өткізеді. Ауырып-сырқағандар екі-үш литрден сатып алатын. Күйеуіме ем болсын деп бір күні Төлегенді қымыз әкелуге жұмсадым. Ұмытпасам жеті-сегіз жаста. Үйге айғайлап кірді.
– Тәте-е-е-е! – деді. – О, не? – Ұрыспайсың ба? – Ұрыспаймын, айналайын. – Ұрыссаң ертең бармай қоям. – Айта ғой, айналайын. Ұрыспаймын. Не болды? – Қымызды төгіп алдым. – Қалай? – Құлап қалдым. Байқаймын, үсті-басы бүтін. Көгерген, сырылған, сыдырылған жері жоқ. Үш литрлік қалайы бидон да тап-таза. Жерге түссе былғанбай ма? – Әй, шыныңды айтшы, сен қымызды төгіп алған жоқсың ғой. – Жо-оқ, төгіп алдым. – Мына ыдыстың аузы апандай. Төгілсе бәрі төгіледі, құрығанда жар тысы ақтарылып қалады. Сенің “төккен” қымызың жарты-ақ литр ғой. Мүмкін емес, шыныңды айт. – Ұрыспайсың ба? – Ұрыспаймын. – Қамбадағы қымыз жұртқа жетпей қалды. Анау... жөтеліп жүрген әже бар ғой, соған екі кесе құйып бердім. – Е, бәсе! Бағанадан бері сөйдемейсің бе? Мынауың сауапты тірлік, айналайын! – деп басынан сипап, төбесінен иіскедім. Менің әкем колхоздың малын бағатын. Жазда жайлауға барамыз. Бесір деген аты болатын. Жуас. Көрінген жерде тұра қалатын. Сол жуас атты мініп Төлеген балам нағашыларының қойын бағысты. Алты-жеті жастағы кезі. Апақ-сапақ ымырт түскенде ағам екеуміз жайлауға бардық. Төлеген қой қайырып жүр екен. – Ә-әй, Төлеш! – деп айғайладым. Ол бір қарады да қойды. Келген жоқ. Қараңғы түсті. Қой қоралап болғасын киіз үйдің ішінде отыр едім, Төлеген балам алдыма келіп жығыла кетті. Басын сипап, төбесінен иіске дім. – Сен бағанадан бері неге келмедің? Шақырғанда теріс қарағаның не? – дедім. – Ешкімге айтпайсың ба? – деді сезіктенгендей. – Айтпаймын. – Мен сендерді көргенде биті-і-іп қарап, жыладым ғой. Көзімнің жа сын сүрттім, сүрттім. Жылағанымды білдірмейін деп әдейі жоламадым. Көзімнің жасын көріп қоймасын деп әбден қараңғы түскесін келдім ғой, тәте. Қайтсін-ай, айдалада он-он бес күн ақтылы қой бағып біздерді әбден сағынған ғой. Шығыс даналығы “Бір жылыңды ойласаң күріш ек, он жылыңды ойласаң – ағаш ек, жүз жылыңды ойласаң – адам тәрбиеле” дейді. Ұрпақ тәрбиесінің орталығына айналған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ордалы оқу орны. Телегей теңіз секілді. Теңіз несімен теңіз? Әр саладан тармақталып өзен, дария құймаса теңіз тола қоя ма? Сол сияқты осы оқу орнында өзен тектес жүзден астам кафедра, он төрт факультет, жеті ғылыми-зерттеу институты мен
тоғыз ғылыми орталық, отыздан астам докторлық диссертациялық кеңестерден құралған керегесі кең, іргелі шаңырақ. Университет ректоры, танымал физик-теоретик, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, физикаматематика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Төлеген Қожамқұлов бұхаралық ақпарат құралдарының Бас редакторларын былтыр Наурыз тойы на шақырды. Күллі журналист күліп-ойнап жүріп университеттің жетпіс жылдық тойы қарсаңында ырым болсын деп жетпіс түп ағаш отырғызды. сол ағаштарды аралар өтіп, жақында Төлеген ағамен сұхбаттасуға бардым... – Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ішкі және сыртқы саясаттың 2005 жылғы негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жолдауында: “Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші ке зекте оның білімділік деңгейімен айқындалады” деді. Елбасы тұжырымының бүкіл халықтық, мемлекеттік маңызы бар. Өйткені елдің болашағы білікті маман даярлап, салауатты, биік парасатты азамат қалыптастырумен тікелей байланысты. Ал, бұл міндетті атқаруда ұлттық университеттің қызметіне қысқаша тоқталсаңыз. – Елбасымыз ғылым-білім саласына да ерекше көңіл бөлуде. Оның бір дәлелі – Ұлттық университет деген дәрежені республикадағы тоғыз жоғары оқу орнына беріп, мәртебесін көтерді. Бұл Президентіміздің тікелей қамқорлығы. Элитарлық жоғары оқу орындарын қалыптастыру жөнінде де мәселелер қойып отыр. Қазір нарықтық қатынасқа байланысты елімізде барлық жүйеде ре формалар жүріп жатыр. Біз де осы бағытқа бейімделудеміз. Өзіңізге бел гілі Бакаловрият, Магистрант, РһД (философия докторы), Қосар техноло гиясы деген ұғымдар пайда болды. Бұлардың бәрі маманның біліктілігін арттырып олардың бәсекелестігін көтеруге бағышталған. Мысалы, социализмнің кезінде әр студент оқу бітіргенде пойызға билет алған жолаушы секілді болатын. Баратын жері белгілі, плацкартный вагон ба, әлде мягкий вагон ба, әйтеуір пойыздың ішінде. Диплом алса адам боп кетеді деген ұғым сондықтан қалыптасқан. Қазір олай емес. Бүгінгі нарық дәуірінде жол табу үшін негізгі капитал білімің. – Ыбырай Алтынсариннің “Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық!” деген өлеңін жастайымыздан жаттап өстік. Кейін білдік, сөйтсек, бұл шумақтың “Бір Аллаға сыйынып” деген алғашқы жолы саясаттың құрбаны боп оқулықтардан түсіп қалған екен. Он мыңнан астам студент-жастарға “Бір Алладан” басқа тағы не нәрселерге сыйынып “... оқылық” деп айтар едіңіз?.. – Қанша білдім дегеніңмен оның көкжиегі бар. Жотаға шыққан айна ласын көреді. Ал, қыраттағы адам одан алысырақ көреді. Тауға шыққан адам одан да алысты барлауы мүмкін. Адам білімдар болған сайын өзін баспалдақтап шыңға көтеріліп келе жатқандай сезінеді. Ал, бұның шегі бола ма? Ойшылдар “Мен неғұрлым көп білген сайын соғұрлым аз білетінімді түсінем” демей ме? Кезінде бір патша уәзірлерінен “Әркімнің әрекеті әр түрлі? Адам баласы неге түрлі-түрлі іс-қимылға барады? Оның негізінде не жатыр?
Соны маған түсіндіріңдерші!” деген екен. Уәзірлері оның мәнісін он том қып жазып береді. Патша “Оның бәрін оқып отыруға уақыт жоқ. Кішкене ықшамдаңдар” дейді. Уәзірлері сығымдап-сығымдап бір томға түсіреді. Патша оны да көпсінеді. Ақырында уәзірлер бір-ақ сөзбен жазып әкеледі. Адамдардың әртүрлі қам-қаракеті бір-ақ принципке бағынады екен. Ол – адамзат ұрпағының үзіліп қалмау принципі – тіршілік(выживание). Галактикалық өлшемдермен салыстарғанда бір адамның ғұмыры түгіл жалпы адамзаттың бүкіл өмірі қас-қағымдай ғана бақытты сәт. Жер планетасы галактикада көзге көрінер-көрінбес бір ноқат қана. Сондықтан бір Аллаға сыйынып, өзіңе-өзің дем беріп бойыңдағы күш-қуатыңды, оқыған-тоқыған біліміңді, адамзаттың өсіп дамуы на, бақытты өмір сүруіне жұмсау – азаматтық парыз. Осыны жастарға мейлінше түсіндіре білуіміз қажет. Білім алу барда, ол білімді адамзат мүддесіне қоя білуде бар. – Әңгіменің өрісін кеңейту үшін Оралхан Бөкейдің ойлы сөздерінен үзінді келтіргім кеп тұр. “Халықты қалқан тұтатындар бар, халыққа қалқан болатындар бар... Халықты қалқан тұтатындар халықтың мойнына мініп алып, уралайды, биікте келеді, ал халыққа қалқан болатындар халықтың аяғына үзенгі болып ел-жұрттың еңсесін биіктеткісі келеді” дейді Ор-ағам. Сіз, сөз жоқ, аумағыңыздағы халықтың қалқанысыз. Соның ішінде қандай азаматтарға үзеңгі болып, еңсесін биіктеттіңіз? – Бұл сұрағыңыз тікесінен қойылған сұрақ екен. Жалпы адам қызық қой. Жас кезінде не бітіріп, не тындырса да, тіпті неге қолы жетсе де “Бәрін де өзім істеп жатырмын, өз еңбегімнің арқасы” деп ойлайды. Ал, кейіннен өміріңе ой жүгіртіп қарасаң саған қол ұшын беріп, қанат қағуыңа себеп болған, дәнекер болған адамдар, өмірдегі себеп-салдарлар аз болмаған. Бидай қанша жоғары сортты болса да, түскен жеріне байланысты өседі. Сен де бидай сияқтысың, өсіп-жетілуің ортаңа байланысты. Бәйтеректің бәрі де көшеттен өсіп өнбей ме?! Маған Алла тағала сон дай несібе бергендіктен бар мүмкіндігімді студент үшін де, профессор үшін де өздеріне тән лайық орта жасауға тырысамын. Біреудің қолынан ұстап былай қарай сүйреп шықтым деп айта алмаймын. Қарапайым бір мысал: Жер күнді ғұмыр бойы айналып жүр. Сонда қалай, жерді күнге жіппен байлап қойған ба? Екеуінің арасында бірін-бірі тартып тұрған қандай күш бар? Біз негізі төрт өлшеммен өмір сүріп жатырмыз. Уақыт және үш өлшемді кеңістік... Эйнштейннің заңы бойынша массасы үлкен дене осы төрт өлшемді кеңістікті майыстырады, ал массасы кішілеуі майысқан кеңістікте қозғалысқа түседі. Адамды шыңдау үшін ең әуелі оның ортасын құра білсек өзінен өзі өрбиді. Қазақ “Жетектеген ит түлкі алмайды” дейді. Кезінде ата-бабаларымыз балаларын жер дауы, жесір дауы секілді алқалы жиындарға өзімен бірге қатыстырып, тәрбиелеген. Көп нәрсеге көзін жеткізген. Түйсіндірген. “Көргенді жігіт” деген сөз сондайдан шыққан. Қазір аты бар да, заты жоқ неше түрлі университеттерді көріп түңілесің. Академик Зейнолла Қабдолов: “Естігені бар, көргені жоқ. Оқығаны бар, тоқығаны жоқ мамандар пайда болды” дейді. Көңілге тоқу біздің бабамыздан келе жатқан дәстүр. Қазақ біреуге ренжісе “Көргенсіз” деп ұрсады. Риза болса “Көргенді жігіт екен” дейді. Жастарға қол ұшын
беру оның қолынан ұстап жетектеу деген сөз емес. Оның өз арбасын өзі сүйреп кетуіне мүмкіншілік туғызу. – Құлшылық жасау – Құдайға ғана табыну емес, ол – имандылық мектебі. Қазір студент жастарымыздың беті бері бұрылып, дін жолын ұстана бастауы – жақсылықтың ишарасы. Биылғы Қадыр түнінде өзіңізбен Бас мешітте бірге болып, осы төңіректе әңгіме өрбіткен едік. Намаз оқитын студенттер үшін арнайы бөлме аштыңыздар ма? – Білім, ғылым, дін, мәдениет бәрі бірі-бірімен байланысты, сабақтас дүние. Мысалы, Рим Папасы келіп кетті. Қандай білімді, қандай мәдениетті! Біздің Бас мүфтиіміз Әбсаттар қажы да өз саласы бойынша өте білімдар адам. Жақында жолым түсіп Сауд Арабиясына барып қайттым. Мекке де, Мадинада да болдым. Ондағы арабтардың өмір сүру өзгешелігін түсіну өте күрделі. “Өмірдің мақсаты – Құдайға құлшылық ету. Жарық дүние – жалған дүние” деп ұғады. Оларда ұрлық-қарлық, біреуге зорлық-зомбылық, қиянат жасау атымен жоқ. Бәрінен таза. Соның бәрі имандылық мектебінің әсері. Ал енді намаз оқимын деп шын пейілімен ниет еткендер, университеттен арнайы бөлме іздемей-ақ, жолын табады ғой. – Бұрынағы жылы өнеркәсіпті қолдау ассоциациясының (SPІ) халықаралық конкурсының қорытындысы бойынша ғылым мен білімді дамыту саласына қосқан зор үлесімен әлемдегі үлкен беделі үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне “SPІ Алтын медалі” табыс етілді. Сізге білім мен ғылымды ұйымдастырудағы еңбегі мен шығармашылық табыстары үшін Құрметті белгісін тақты. Одан кейінгі жетістіктеріңізге тоқтала кетсеңіз. – Қазақстан мен Орта Азия жоғары оқу орындарының ішінен біз бірін ші болып Италиядағы Болония қаласында Еуропаның ең алдыңғы 450 университеттері құрайтын қауымдастығына қабылданып, аса маңызды құжатқа қол қойдық. Әлемдік білім, ғылым кеңістігіне жол аштық. – Түріктің әйгілі әзілкеші Әзиз Несин “Менің қолымнан бір-ақ нәрсе келмейді. Ол – бала туу” депті. Қанша талантты, қанша да рынды, қанша іскер болса да, жалпы адам баласының қолынан біраз нәрсе келмейді. Айталық, жауып тұрған жаңбырды немесе айналып тұрған жерді тоқтата алмайды. Күнді шығармай қоюға дәрменсіз. Тағы сол сияқты... көп қой. Ел-жұрттың әңгімесіне елеңдесек, орта мектепті екі класс секіріп оқып, жоғары оқу ор нында Лениндік стипендият болып, Қызыл дипломмен бітіріп сіз. Бұрынғы Ленинград, қазіргі Санкт-Петербордағы А.Ф.Иоффе атындағы физика-техникалық ғылыми зерттеу институтының аспи рантурасын тәмәмдапсыз. Бала кезден спортшы болған сияқтысыз. Замандастарыңыздың айтуына қарағанда 32 кілә кірді шынашақпен көтергенсіз бе, қалай? Студенттік кезіңіздің алғашқы курсында тур никке бір-екі рет әрең тартылыпсыз да, соңғы курста бір қолмен үш рет тартылуға жетіпсіз. Соның бәрі қабілет пен қарым әрі ащы тердің арқасы шығар. “Керек іс бозбалаға – талаптылық, Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық” деп Абай атамыз бекер жазбаған ғой.
Құдайдың берген қабілеті шығар, әншілік, ақындық, домбы ра, баян тарту, пианинода ойнау, шешендік өнеріңізді айтпағанда төрткүл дүниеге мәшһүр А.Эйнштейн, А.Иоффе, П.Капица, А.Ландау, А.Мигдал, тағы басқа ғұламалардың өміршең ілімін тәуелсіз елімі зде өзіндік ізденістеріңізбен жалғастырып келе жатқан ғалымсыз. Сегіз қырлы бір сырлы сияқтысыз. Ал, қанша ұмтылсаңыз да қолыңыздан келмейтін нәрсе не деп ойлайсыз? – Қолдан келмейтін нәрсе дейсіз бе?!. Оның шегі жоқ қой. Қайсы бірін тізейін. Мысалға, өткен өмірді қайтара алмайсыз. Оның қажеттігі де жоқ шығар. Өткен күндерімді, кеткен уақыттарымды ешкімге де, ештеңеге де айырбастамас ем. Қандай қыры болса да, ол – менің өмірім. Адамзаттың табиғатында мен білетін таусылмайтын бір арман – табиғаттың тыл сым құпиясын шешу. Дүниенің түбіне жетіп түсінсем дейді. Бірақ бәрібір түбіне жете алмайды. Бәрін біліп, бәрі қолынан келіп тұрса ол Алла тағала боп кетпей ме? Әр адам әр түрлі машина сияқты, өзінің шектеулі жылдамдығымен, мөлшерлі күш-қуатымен жүреді. Мүмкін, физиканың кейбір заңдарын түйсінген шығармыз. Тылсым дүниені физика, химия, биология деп өзімізше сала-салаға бөлеміз. Оның бәрі айналып келгенде тұтас бір-ақ дүние. Дүниеге шыр етіп келген сәби ең алғашында нені бол са да білсем, түсінсем деп талпынады. Таза сезім! Оның қиялында “Ай неге күлімдейді, жұлдыз неге жымыңдайды? Олар қайдан жаралған?..” Ақындардың өмірбақи жаны жас боп қалатыны – сәбидей пәк сезімінен шығар. Қарны аш па, тоқ па, киімі бүтін бе – онда шаруасы жоқ. – “Алдыңа келсе атаңның құнын кеш” деген кеңпейіл сөз бар бі зде. Жалпы кешірімшіл халықпыз ғой. Біз ғана емес әлемдегі жұмыр басты пенденің көпшілігі солай сияқты. 1989 жылы Жапонның Премьер-министріне күдік келтіріп, үстінен іс қозғалады. Парла ментке жаңа сайлау науқаны да жақындап қалса керек. Шақшадай басы шарадай болған Премьер-министр 20 мың сайлаушыларының әрқайсысынан жеке-жеке кешірім сұрайды. Нәтижесі не болды дей сіз бе? Жаңа мерзімге жүз процент дауыспен қайта сайланды. Жалпы, кешірімшілдіктің қоғамға пайдасы бар ма? – Биіктіктің бір көрінісі – адамның кешірімділігі. Кешіруге жігері жеткен адам– биік адам. Ойымнан мынадай бір уақиға кетпейді. Мек тепте бірге оқыған кластасы Елбасымыздың барлық пәннен оқ бойы озық, ең алдыңғы қатарда болғанын айтты. “Физический қандай еді?” деген сұраққа “Өте күшті еді, дүниеге келгенде анасынан 5,5 келі боп туған. Алла тағала күш пен қайратты Нұрекеңе аямай берген” деді. Ой ланып отырды да “Біз түкке тұрмайтын нәрсеге таласып, быт-шыт боп жатқанда ешқайсысына да араласпайтын. Қазір байқасам, бала кезінен дана екен ғой” деді. Бүгінгі қоғамымыздағы тұрақтылықтың өзі сол Елбасымыздың бейбітшілік сүйгіш қасиетінің бір көрінісі ме деп ой лаймын. Кең болсаң кем болмайсың. – Менімше, самолет құсқа еліктеп пайда болған. Бірақ, бір қызығы қанатты құстың бәрі самолетке еліктемейді. Әрине, елік теу дәп соны қайталау деген сөз емес. Баяғыда арман қудық. Қиялдадық. “Анандай кісі болсақ екен!” деп алдымыздағы ағаларға, ақсақалдарға қарап өстік. “Әкеге қарап оқ жондық, шешеге қарап тон піштік”. Қазіргі жастарымыз еліктейтіндей қоғамдағы тұлғалар жөнінде шешілсеңіз.
– Бұл қиын сұрақ. Бүгінгі таңда қоғамымыз бір формациядан екінші формацияға өту жолында. Әр кезеңнің өз құндылықтары қалыптасады. Бұндайды халық заманына қарай жаманы деп жатады. Айталық, физиканың заңы бойынша, су 100 градуста қайнайды да әрі қарай буға айнала бастайды. Су да, бу да белгілі. Ал, судың буға айналатын кезеңі өте түсініксіз сәт. Иірімді (турвалентті) қозғалыстарда пайда болады. Біз қазір су мен будың ортасында тұрғандай кезеңдеміз. Дәп осын дай уақытта біз кімге еліктеуіміз керек? Негізгі мақсат – елдігімізді жоғалтпау. Жастарымыздың еліктейтін тұлғасы – елін, жерін, Отанын, халқын шексіз сүйетін, өз ісінің профессионал маманы. Ондай азаматтар елімізде аз емес. – Жапон психологтарының зерттеуіне қарағанда адам қанының құрамы арқылы оның мінез-құлқын анықтауға болады екен: – 1 топтағы қан иесінің достары көп; – 2 топтағы қан иесі – әсірешіл, шырт-пырт, алаңы көп; – 3 топтағы қан иесі – үстем, өнердің тұтқасын ұстап, тұлға болуға бейім; – 4 топтағы қан иесі – ойшыл, ғұлама. Медицина маманы болмасаңыз да оған бір табан жақын ғалымсыз ғой, осыған иланасыз ба? Сіздің қаныңыз нешінші груп па?.. – Сауалыңыздың астарында үлкен философия жатыр. Баланың не әкесіне не шешесіне ұқсап тууы ешкімге таң емес. Ал, ұқсамай қалса ше? Айғай шығарамыз “Мынау кімге тартқан?” деп. “Ой, ол нағашысына тар тып кеткен” деп кәдімгідей сендіреміз. Дүниеге келген баланың бет-әлпет ұқсастығы өз алдына, гені дейміз ғой, оның қанында ата-бабаларының мінез-құлқы, ішкі иірім қасиеттері де бірге бітеді. Таудан аққан ақ бұлақ Құймай қоймас теңізге. Жақсыдан жаман туса да, Жаманнан жақсы туса да Тартпай қоймас негізге!–деген өткен ғасырдың өсиеттеріне көбірек иланам. Мысалы, көп оқып, көп ізденетін адам киім-кешегін үтіктеп, ретімен жаңартып жүрген адамды елестетеді. Жеме-жемге келгенде адамның ішкі нутросы шығып, тыржалаңаштанғандай болады. Нутро деген адамның ішкі генасына тікелей байланысты. Мұндай жағдайда халық сүйегі асыл екен, “Текті!” немесе “Тексіз!” екен деп жатады. – Қаныңыз нешінші группа екенін айтпадыңыз ғой. – Қанымның группасы қайсы екенін білмейді екем. Оған қажеттілік болмаған ғой. Өте керек болса, құжаттарымды қарап көрейін... – “Берген жомарт емес, алған жомарт” деген сөзді естіген шығарсыз. Мұның не үшін айтылғанын да білмеймін. Біздің тілде “Пара” деген жағымсыз сөз бар, түрпідей естіледі. Түрпідей естіл се де бұл түрік тілінде “Еңбегіңнің ақысы” деген жұғымды мағына білдіреді екен. Осы оқу орнына ректор боп келгеніңізде студенттер Сізге жазбаша түрде жасырын сұрақ қойғанын білеміз: “Біздің заң мамандарын даярлайтын факультетте кейбір оқытушылар “Сессия мұғалімді асырайды” деген принциппен жұмыс істейді, яғни пара
алады. Аты-жөндерін айтуға қорқамыз. Студенттер арасында жа сырын сауалнама жүргізсеңіздер бәрі оп-оңай жазып береді. Осыған бір амалын тауып, тыйым салуға болмай ма? З.М.Қ.С.Б.Т. тағы басқалар”. Студенттердің тілегін орындап, тәжірибе жасап көрдіңіздер ме? Әлде “компьютерде өз білімін өзі ешкімнің араласуынсыз анықтай алады” деп техниканың құрал-сайманына сеніп жүрсіздер ме? – Бұл да қоғамымыздағы жат құбылыстың бірі. Бұған қарсы универ ситетте қандай шаралар атқарылып жатқанын өзіңіз білесіз. Алған, бер ген... Дегенмен де алу үшін беретін адам болады. Ең алдымен студенттер бергенін қою керек. Бермесе қалай тартып алады. Студенттер бергенін қай уақытта қояды? Егер студент өзіне нағыз білім керек екенін түсінсе. Қазіргі жағдайда диплом сатылады десе, жүз студенттің сексені сол дипломды сатып алуға әрекет жасайтыны сөзсіз. Қалған жиырмашақтысы дипломды саудаға салмайды. Неге? Олар бәсекестік заманында қатырма қағаздан гөрі білім қажет екенін түсінгендер. Қазір бұл цифр күннен күнге өсіп келе жатыр. Дипломы бар екен деп шала сауатты біреуді жұмысқа алса, ертең компаниясы құлап қалмай ма? Оның керегі не? Тіпті, жақын туысқаны болса да жолатпайды. Өйткені, нарық заңы солай... Шетелдерде өздері оқымаса дипломды сатып алмақ түгілі, тегін берсең де қажет етпейді. Ал, енді “... алған жомарт” деген мәтеліңіз бұған қатысты айтылмаған. Ата-бабамыздың салт-дәстүрін айғақтайтын салмақты сөз ғой ол. “Бұраудың да сурауы бар” дейді атам қазақ. Алмақтың да салмағы бар. Құда-жекжат боп сый-сыяпат алдың екен, ертең оны қайтаруың керек қой. Қазақы жолмен қайтармасаң несіне аласың? Бабаларымыз “Берген жомарт емес, алған жомарт” деп қамшылау үшін әдейі әдіптеп айтқан... Сондықтан да әлгі мәтелдің бұл құбылысқа да, тіпті біздің университетке де еш қатысы жоқ. – Оқулықтардың көбі орысша. Ауылдан келгендер, әсіресе қазақша бөлімде оқитындар қиналып жүрген жоқ па? – Әрине, оқулықтардың ана тілімізде жазылғаны дұрыс. Құптаймын. Бұл жөнінде әжептәуір бетбұрыс бар. Бірақ, оның бәрі бір күнде бітетін шаруа емес. Көп нәрсе ана тілінің дамуына байланысты. Бәріміз де орыс тіліндегі оқулықтарға үңіліп көз майымызды тауысқанбыз. Менімше, шын білім қуған студент оқулықтың орысша, қазақшасына көп қарамаса керек... Дәл қазір осыдан үлкен бір трагедия іздеудің тіпті де негізі жоқ. – Ойдың, пікірдің көзқарастың сәйкестігі адамдар арасында жиі кездеседі. Тіпті, аты-жөнімізге дейін ұқсас жәйттер бар. Мы салы Ғабит Мүсіреп, Қасым Аманжол секілді қаламгер інілеріміз әдебиеттің қан базарында қазір жүр. Ал, тарихи тұлғалардың өмірбаянына үңілсеңіз таңғажайып ұқсастыққа куә боласыз. Соның пір парасы мінеки... Линкольн 1860 жылы Президент боп сайланды. Кеннеди 1960 жылы Президент боп сайланды. Арада – 100 жыл. Екеуінің де ажалы жұма күні келді. Линкольн өлгесін мұрагері Джонсон болды. Кеннеди өлгесін мұрагері Джонсон болды.
Линкольннен кейін Президенттік таққа отырған Джонсон 1808 жылы туған. Кеннедиден кейін Президенттік таққа отырған Джонсон 1908 жылы туған. Арада – 100 жыл. Линкольнге қастандық жасаған қанішер 1829 жылы туған. Кеннедиге қастандық жасады деген күдікті қылмыскер де 1929 жылы туған. Арада – 100 жыл. Екі қаскүнем де сотқа дейін өлген. Линкольннің хатшысының аты-жөні – Кеннеди. Қастандық жа салатын күні ол Линкольнге театрға бармаңыз деп ескерткен. Кеннедидің хатшысының аты-жөні – Линкольн. Ол да Кеннедиге Далласқа баратын сапарын кейінге қалдыруды өтінген. Тағы да бір тарихи ұқсастық: Наполеон 1760 жылы, Гитлер 1889 жылы туған. Айырмасы – 129 жыл. Наполеон өкімет басына 1804 жылы келсе, Гитлер биліктің тізгінін 1933 жылы ұстаған. Айырмасы – 129 жыл. Наполеон соғыста 1816 жылы жеңілсе, Гитлер соғыста 1945 жылы жеңілген. Айырмасы 129 жыл. Наполеон Венаға 1809 жылы басып кірсе, Гитлер Венаға 1938 жылы кірген. Айырмасы 129 жыл. Наполеон Ресейге 1812 соғыс ашса, Гитлер Ресейге 1941 жылы соғыс ашқан. Айырмасы 129 жыл. Екеуі де билікке 44 жасында келді. Екеуі де Ресейге соғыс ашқанда 52 жаста екен. Екеуі де соғыстан ойсырай жеңілгенде 56 жаста еді... Төлеген аға, осының бәрі әшейіннен әшейін бе? Ұқсастық па, әлде сәйкестік пе? Мүмкін, мұның қатпарында тылсым дүниеге белгісіз математикалық құпия есеп жатқан шығар? Физика мен математиканың майын ішкен мамансыз ғой. Бәлкім, Эйнштейн секілді салыстырмалылық жаңалық ашарсыз... – Мына келтірген мысалдарыңызды бұрын-соңды сараптамаған екем, маған да жаңалық. Керемет қызық. Жамбыл жәкеміз 1846 жылы туыпты, сөйтіп 99 жыл жасаған екен. Мен 1946 жылы туыппын, 100 жылдан кей ін! Мына заңдылығыңыз дұрыс болса, 99 жыл өмір сүрем бе деген үміт пайда болды. Көңіліме үлкен қуаныш ұялаттыңыз. Белгілі физик Резерфорд есігінің маңдайшасына аттың тағасын іліп қойыпты. Одан біреу: “Сіз сондай ғұлама ғалымсыз. Сөйте тұра аттың тағасы бақыт әкеледі” деген ырым-жырымға сенгенсіз бе?” деп сұрапты. Сонда ғалым: “Мен оған сенбеймін. Бірақ ол менің сенген-сенбеуіме бай ланыссыз әсер етуі мүмкін ғой” депті. – Белгілі жорналшы Орысбай Әбділдаұлы Сізді “Өзегі өлең Төлеген” деп атапты. “Дос-жаранға, кемтарға Қайырлы бол делінген. Қылған қайыр болмаса, Не әкетесің өмірден?! Дәулетіңнен не пайда Таусылмастай көрінген. Жалғыз мұраң сол болар, Қол қайырың берілген. Барлық дүние бірі де Көмілмейді кебінмен!” – деп жазған Жамбыл жәкемнің, одан әрісі
Сүйінбай бабамыздың өлең-жырларын жатқа соғасыз. Мешітке жиі барасыз. Қандай қайырымдылық жасап жүрсіз? – Қайырымдылық – кең ауқымды ұғым. Біреуге бірдемесін жырымдап, үзіп-жұлып үлестірген кісі “Мен – қайырымдымын!” деп ойлауы мүмкін. Менімше, Елін, жерін, халқын шексіз сүйген, соған аянбай адал еңбек ете білген адам – нағыз қайырымды! Жыр алыбы Жамбылды өзім көргем жоқ. Ол кезде бұ дүниеде де жоқ едім. Бірақ, көзін көрген кәріқұлақ қариялар айтып отыратын. Жәкеміз жас балаларды жақын тартып, басынан сипап “Айналайын, бақытты бол!” деп қояды екен. Бір күні ауырып, төсек тартып жатқанда көңілі көтерілсін деп уылдап-шуылдаған топ баланы үйіне кіргізіп жібереді. Сонда бір бала “Ата, анаған да “Бақытты бол!” мынаған да “Бақытты бол!” дейсіз. Бақытты болу үшін қандай болу керек? Мен кімге ұқсасам бақытты болам?” дейді. Бүкіл ауылда Жәкеңде ғана машина болған, қазір мұражайында тұр. Сол машинаны айдайтын Нағашыбек деген кісі екен. Әлгі бала “Атпен апталап жететін жерге бір-ақ күнде баратын Нағашыбек көкеме ұқсасам бақытты болам ба?” деп сұрайды. Сонда Жамбыл атам айтқан екен: “Айналайын, бұл дүниеге кім келіп, кім кетпеген. Құрт-құмырсқа, жәндік, жан-жануар, адам... Сен бұл дүниеге адам боп түстің. Сен – бақыттысың! Бақыт әуелі табаныңнан кіреді. Сен ол бақытты ұстай алсаң, тізеңе дейін көтеріледі. Егер сен сол бақытты ұстай алсаң, бақытың беліңе дейін көтеріледі. Егер ол бақытты ұстай алсаң, бақытың қарныңа дейін көтеріледі. Егер ол бақытты ұстай алсаң, бақытың кеудеңе көтеріледі. Кеудеге көтерілген бақыт – ауыр бақыт, кеудеңді жарып та кетуі мүмкін. Егер сен ол бақытты ұстай алсаң, бақытың басыңа шығады. Ондайда халық “Басына бақыт қонды!” деп жа тады. Бұл бақыт маңдай теріңмен үрім-бұтағыңа, ел-жұртыңа тамшылап тарайды” деп Жәкең түсіндіріпті. Бастан сипап, жөн-жосық сілтеу де – қайырымдылық. Жақсы тілектің өзі де – қайырымдылық. Халық “Жақсы сөз – жарым ырыс” дейді. Жалпы адам баласына адам деп қарау да – қайырымдылық. – Қазір сіз тізгінін ұстап отырған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің ірге тасын құйып, қабырғасын қалаған, шаңырағына уық шаншып, білімнің ақ боз үйіне айналдырған Өмірбек Жолдасбеков. Артына мұра қалдырып, ұрпағына қаншама қайырымдылық жасап кетті десеңізші. Студенттер сарайына со кісінің атын беруіңіздің өзі де – қайырымдылық. Салтанатты сарайдың маңдайына жазылған Өмекеңнің аты түнде де жарқырап, алыстан мен мұндалайды. Соны көріп шабыттанған Күләш Ахмето ва сізге арнап мынадай өлең жазыпты. Сен бір ерлік жасадың Лайықты дастанға. Үлгі болар Үлкендерге, жастарға. Өмекеңдей ғұламаның есімін Жазып қойған жоқсың тек, Шам ғып жағып іліп қойдың аспанға. Рахмет, Төке, сол үшін!.. – Кезінде Ленинградта оқып жүргенімізде бұл қаланың әрбір
ғимараты, әрбір тасы “Петр! Петр!” деп айғайлап тұрғандай көрінетін. Қазір Санкт-Петербург деп қайта аталды. Студенттер сарайына Өмекеңнің аты берілуі қайырымдылық емес, ол – әр нәрсенің өз құндылығын бел гілеу. Бұл менің ғана емес, университеттің ғылыми кеңесінің бір ауыздан шешімі. Киелі жердің иесі де болады. – Көктемде “Қазақстан” ұлттық телеарнасынан берілген “Фор мула личности” деген хабарда сіз бармақ бүкпей батыл сөйледіңіз. Сіздің пайымыңызша “Тұлға” деген қандай ұғым? – Тұлға – біреуді жеңіп, біреуден асып кеттім деген сөз емес. Өмірде өз орнын таба білген, өзіндік қолтаңбасы бар адам – тұлғалы адам. – Көзбен көрген – шындық, құлақпен естіген – өтірік. Сондықтан да “Өтірік пен шындықтың арасы төрт-ақ елі” дейді. Өтірік деген не, шындық деген не? – Кейінгі кезде бұл сұрақ әуеске айналып барады. Ол түсінікті де. Бұрынғы әдеттенген құндылықтарды жоғалтып неге сенерімізді, неге сенбесімізді білмей қалғандай болдық. Жалпы, өтірік пен шындық – салыстырмалы ұғым. Тек қана жалаң өтірік немесе айқын шындық болуы мүмкін емес. Оның бәрі күн мен түн, ақ пен қара, жақсы мен жаман, ұзын мен қысқа деген сияқты. Бері қараңыз, мысалы мен шындықты айттым деп отырмын. Сіз де шындықты айттым деп отырсыз. Екеуміз де “Менікі шындық!” деп ойлаймыз. Бірақ, менің шындығым өз тұрпатым бойынша шындық, өз көзқарасым, өз сана-сезімім бойынша шындық. Сіздікі де солай. Ал, шындап келгенде екеуміздікі де ақиқат болмай шығуы мүмкін. Ол оның әр қыры, әр деңгейі. Ньютонның заңы – механиканың заңдары. Ол өзінің шегі мен шеңберінде шындық. Кейін Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы шыққан кезде байқасақ, Ньютонның заңы шындықтың бір бөлшегі ғана екен. Біз өмірде шындық іздеп, алға қарай жылжимыз. Жалпы, шындық бірнеше деңгейден, бірнеше қабаттан тұрады. Менің бір орыс досым: “Глупость – это не отсуствие ума, а такой ум” дейді. Шындық та со лай. Сенің түсінігің бойынша, ол – шындық. Сен оны бір мақсатқа жету үшін айтып отырсың. Ол да діттегенін орындау үшін өз түсінігі бойынша шындық айтып отырмын деп ойлайды. Ал, енді екеуміздің ой-жүйеміз сабақтас болса, бір-бірімізге ұнамды адам боп шыға келеміз. Мен сені жақсы көрем, сен мені жақсы көресің. Егер ой-өрісіміз қабыспаса, онда ол– өтірікші, бірінші жауың сияқты. – Сауал да сауынды сиыр сияқты, таусылатын түрі жоқ, Төлеген аға. Университеттің қырман секілді қыруар тірлігін тілге тиек ете бермей, Сіздің өмірге деген көзқарасыңызды, парасат-пайымыңызды құдықтай қазып, бұлақ көзін ашуға тырыстық. Ішіңізді түрткілеп жатқан басқа да айтар ойыңыз, ауқымды сөздеріңіз бар ма? Мәселен қазір қоғамда көп көтеріліп жүрген ана тілі, руханият, ақпараттар легі, оның адамзат болмысына әсері?.. – Жақында “Егемен Қазақстан” газетінде жарияланған қоғам қайраткері Бәйкен Әшімовтің мақаласында: “Еліңді жамандама – шығар төрің, жеріңді жамандама – кірер көрің” деген ғажайып ғақлия кел тірілген. Бұл түсіне білген адамға оның қолына ұстатқан компас сияқты. Көбіміз кезінде орыс тілін білгеннің арқасында кеңістік ашылып, әлемге шығып, шартарапты шарлағандай сезіндік. Ол –шындық. Қазір
ағылшын тілін білген, жапон тілін де білген өте жақсы – өрісіңді кеңейтеді. Бірақ, сен нағыз адам боп нық жүруің үшін ең алдымен ана тіліңді жетік білуің керек. Басқа тіл екеуара қатынас тілі ғана, ана тілің арқылы атабабаларыңның рухани байлығына жол ашылады. Шыр алатын, нәр ала тын тамырыңнан үзілсең қайтіп гүлдейсің? Ана сүтімен бойыңа сіңген ана тілің болмысыңмен бір жақта, басқа тілді өзің бір жақта – екі адам секілдісің. Өзіңмен өзің арпалысып, өзіңді өзің жеп қоюың ықтимал. Бұл құбылыс өмірде кездесіп те жүр. Қанша тілді білсең де, ана тілінде түс көресің. Оған таң қалмайсың. Жетінші сезім дейміз ғой, кейде Алланың жіберген аяны да дейміз, генамыздағы шоғырланған ақпараттар да, бәрі де ана тіліңде жүретін тәрізді. Егер ана тіліңнен айырылып қалсаң, елі жоқ, жұрты жоқ жетім бала сияқты жәутеңдеп қаласың. Ана тілі – бір буыннан бір буынға берілетін рухани байлықтың көзі. Біз балаларымызды қайтіп оқыттық? Қолынан зорлағандай боп жетектеп апарамыз да Бетховеннің музыкасын үйрете бастаймыз. Ай налайын-ау, ол ең бірінші бесік жырын, “Әлди-әлдиді”, сонан соң “Қамажайды” үйренсін. Есейген кезінде басқалардың әуені өзінен-өзі келеді. Оның қаны қазақ қой, бесіктегі бала өзге музыканы өгейсінеді, табиғаты қабылдамайды. Бірақ оны біз, әке-шеше түсіне береміз бе? Қазақтың рухы Бетховеннің әуенінен емес, бесік жырынан басталады. Адамдар баласынан гөрі немересін жақсы көреді. Неге? Бұл жөнінде өлең де бар. Ұлым жақсы десең де, Қызым жақсы десең де Одан жақсы көрінеді немере. Бал да тәтті дегенмен, Қант та тәтті дегенмен Одан тәтті көрінеді немере. Немере, немере... Шіркін қандай болады екен шөбере?! Ең үлкен қуаныш – ұрпақ жалғастығы. Баласы бір буын, немере сі одан кейінгі буын, үшінші буындағы шөбере одан да тәтті. Баланың қамы– болашақтың қамы, алға жылжу адамзаттың табиғатында жатыр. Қазір әлемдік ақпараттық кеңістікке шықтық. Интернет бар. Елдің бәрі ақылды боп кеткен сияқты. Ол солай ма?! Мысалы, магазинге бардық дейік, дүние толып тұр. Сен бірақ бәрін емес, өзіңе керектісін ғана аласың ғой. Бәрін көтеріп кетуге шамаң келе ме? Тіпті оның қажеттілігі қаншалық. Интернетте сондай. Рухани байлықтың бір шеті фольклор, ауыз әдебиетімен сабақтасып жатыр. Мектепте оқыған “Алпамыс”, “Ер Тарғын” жырлары маған осы күнге дейін дем беретін сияқты. Неге? Халыққа керекті нағыз құндылықтың бәрін ауыз әдебиетіне жинақтап әкеп қойған тәрізді. Қырғыздар “Манас” десе жаны қалмайды. Неге? “Манас” олар үшін ру хани өмірінің тірегі, тіреуі. Арамыздан бір жас жігіт отыздан асқан шағында докторлық дис сертация қорғады. Ішімізден шыққан бірінші ғылым докторы. Жамбыл бабамыздың басына тәу етіп бардық. “Мұражайдағы альбомға қолтаңба қалдыр!” дедік. Ол ойланып-ойланып тұрды да “О-о-ой,– деді, – Жәкеңнің кезінде университет болмады ғой. Егер Жәкең университет бітіргенде не болатын еді?!”
Оның сөзі шамыма тиіп кетті де: “Әй, досым, ол кезде университет болмағанмен, қазір бар ғой. Жыл сайын бір-екі Жамбыл, бір-екі Абай, бір-екі Шоқан шығарып тұрмайсың ба?” дедім. Өмір мектебі, өмір университеті әдеттегі жоғары оқу орындарынан әлдеқайда маңыздырақ. Қазақтың әрбір тағлымы бір-бір университет. Студент кезіңде түгел өміріңе жететін білімді бірден жинап ала алмайсың. “Білімің – өзіңнің тергенің, ақылың – Алланың бергені” деп қазақ бекер айта ма? Біреу есек арбамен жүрер, біреулер “Мерседеспен” зымырайды, енді біреулер өз ұшағымен ұшады. Бірақ бақытқа соның қайсысы бұрын же тетіні белгісіз. Академик Мигдал Қазақстанға келген бір сапарында “Айтыс– қазаққа қана біткен өнер екен. Біз оны түсінбейміз, бұл қандай нәрсе?” деп сұрағаны есімде. Айтыс расында да тек біздің ұлтқа тән құбылыс. Қазір ұлт, ұлттық рух деп сөйлейтін болдық. Оған ойымыз да, бойы мыз да үйренді. Басқа жаққа барғанда “Сен кімсің?” деп сұраса. “Мен– қазақпын!”, “Орыспын!”, әйтпесе “Ағылшынмын!” немесе “Қытаймын!” деп жатады. Ол әуелі өзінің ұлтын айтады, содан кейін барып аты-жөнін ауызға алады. Егер ертең басқа планетаға бара қалатын болсақ, онда біз “Мы– Земляне! Жерден келдік!” дейтін шығармыз. Ұлт – адамдардың басын біріктіріп ұйымдастыратын, ұйытатын қасиетті атау. Қазір кімді қазақ дейміз? Қазақтың анықтамасы қандай? Өмірге құштарлық, елге де ген сүйіспеншілік, атамекенге деген махаббат қазақ халқындағы ерекше қасиет. Екі қазақтың бірі төрт жол өлеңді жаза береді. Бірақ, ақын болып қарсыласын жеңу үшін, оның көзқарасы, өмір танымы, философиялық зердесі өте биік болуға тиіс. Біз ешкімнен де кем емеспіз. Бүгінгі жаһандану заманында елдігімізді өз келбетімізді жоғалтып алмау негізгі мақсат. – Әңгімеңізге рахмет! Ректордың кабинетінен үлкен ой арқалап шықтым. Өткен жылғы жасыл желектер желмен тербеліп, екінші курстың студенттері секіл ді әжептәуір көтеріліп қалыпты. Төлеген аға “Бәйтеректің бәрі де көшеттен өсіп-өнеді” деп еді. Көктеп шыққан көшеттің бәрі бәйтерек болғысы келетіндей көкке қарап сыбдыр қағады...
Шөмішбай САРИЕВ
“ОЗБАУ ҮШІН
КӨЛЕҢКЕМ
КҮНГЕ ҚАРАЙ
ЖҮРЕМІН!..”
Қ азақ әдебиетінің қара шаңырағына айналған редакцияға бас сұққаным сол еді, іле-шала ақын Шөмішбай Сариев кіріп келді де, журналистермен жапатармағай амандасты. Сосын кідірместен Сәбеңнің қызық әңгімесін ағытты. Күндердің күнінде Сәбит Мұқанов бір топ жас қаламгерлерге бұры лып кеп амандасса, сықақшы Садықбек Адамбеков: – Ой, Сәбе-ау, – депті қысылып, – үлкен басыңызды кішірейтіп аман дасқаныңыз не? Өзіміз тұрып сәлем береміз ғой. Сонда Сәбең: – А-а-ай, антұрғандар-ай, амандаспай өтіп кетсеңдер қайтем? – депті. “Сәбеңнің көзін көргеміз ғой, өзім келіп арнайы амандасып жатқаным да сол! ” деп Шөмішбай ағам желең әзіл аңғартты да, шақыру билетін үлестірді. Сәуір айының 15 жұлдызында алпыс жылдық мерей тойына орай өнер жұлдыздарының қатысуымен “Қос қанат: Ақын – Композитор – Әнші” атты шығармашылық кеші Республика сарайында өтеді екен. – Шөкең туралы жазасыз ба? – деді бас редактордың орынбасары Ғалым Жайлыбай бауырым маған бұрылып. Ойланып қалдым. “Несі бар, жазсам жазам” дедім. Адам құдықты да су шығатын жерден қазады ғой. Қазып көрейін. Шөкеңнің айтары бар ақын, бірден келістім. Университетте менен екі курс жоғары оқыған Шөмішбайдың кескін-келбеті мен самай сақалына қарап атын атамай “Пушкин!” дейтінбіз. Содан бері шығармашылық жолдарын, оның ойы мен қырын бір кісідей білетін сияқтымын. – Қалай әңгімелесеміз? – дедім. – Біздің саяжайға барайық! – деді Шөмішбай ағам. ... Саяжайға тарттық. Жол-жөнекей “Алтын Орда” жәрмеңкесіне кідіріп, бір түп жеміс ағашының көшетін сатып алды. – Шөке-ау, жалғыз ағаш орман бола ма, көбірек алмайсыз ба көшет тен? – деп қолқаладым. Жауап ретінде “Елуде – елуінші ағаш ектім” деген өлеңін жатқа оқыды. Өткен күн терең батып қалды мұңға, Естелік – өлең болар бар ғұмырға. Бір ағаш отырғызып жүрдім әркез Белгі етіп туған күннің әр жылында. Түсіндім. Үндемедім. Іштей “Е-е, мынау бір еске тұтатын ерекше дәстүр екен-ау?” деп түйдім. Қаланың іргесіндегі саяжайы бір қарағанда санаторий секілді. Кав каздықтардың құз-жартасқа орналастырған ғимараттарына көбірек ұқ сайды. Осының өзі-ақ талғампаздығын аңғартқандай. Үйге кірместен қо лына кетпен-күрегін ұстады. Әлгі әкелген әлжуаз көшетін құнарлы жерге құндақтап отырғызды да “Бұл менің биыл еккен алпысыншы ағашым!” деп жымиды. Әуелі Шөмішбай ағаны мөлтек сырға тарттым. – Е-е, ит жылы туған екенсіз ғой. Шығыс сәуегейлерінің жорама
лы бойынша, ит жылы туғандар ең сенімді, орысша айтқанда “вер ный” болады дейді ғой. Сіз Аралдың қай жеріненсіз? – Шөміш стансасынан. – Атыңызды туған жеріңізге байланысты қойған ба? – Менің шешем – Марияштың тұңғышы Аққыз деген қыз баласынан кейін үш ұл қатарынан шетінеген. “Қарақұсы бар” деп шешемді ешкім шілдеханаға шақырмайды екен. Бір кейуана әжеміз түс көріп: “Атын Шөмішбай қойсаң балаң тұрады. Шөміш – бір әулие атаның аты” депті. Сөйтіп атымды Шөмішбай қойыпты, қазір жеті ағайындымыз. Ол жөнін де өзімнің өлеңім де бар. Былай: Атымды Шөмішбай деп қойған екен, Есімім, өзің жайлы ойға кетем. Ойыммен Аралымды он айналып, Сырымдай дарияны бойлап өтем. Атымды қойған екен, теріс демен, Станция, ел-жұрт бар Шөміш деген. Көл де бар Шөмішкөл деп аталатын, Ежелгі ата-жұртқа қоныс мекен. Қалжыңның оты сөнген жоқ қой әлі, Әзілдеп құрдастарым от қояды, “Елді мекен бар екен өз атыңда, Өле берсең болады” – деп қояды. Кеудемде – кен-қазынам, қазып көрем, Жаныма бітпес ойды азық көрем, Өлеңнің қанатына сол есімді Туған жерім үшін де жазып келем! Кейінгі алдыңғыдан аңсар мейірім, Әзілдеп, білдіргендей кәусар пейілін. Қояды ағаларым: “Пушкинбай” деп, Мен енді Шөмішбай боп қалсам деймін. Ойдың кенін – талайлар қазған шығар, Өлең-жүрек әуені саздан шығар. Басқа емес, басқа да емес жазмыш маған Шөмішбай боп қалуды жазған шығар... – Сіз осы қаршадайыңыздан фестивальдан – фестиваль қоймай анау ел, мынау елдегі ақындардың алқақотан жиындарына көп қа тыстыңыз-ау?.. – Мұхтар Мағауин ағам “Кеңес өкіметінің рахатын көрген Шөміш бай мен Жарасқан” дейтін. Ташкент, Тбилиси, Душанбе, Мәскеу, Ереван, Дилижан, Кутаиси қалаларында өткен поэзия дакадаларына ең жас ақын өкілі ретінде бардым. – Әдебиетке тәй-тәй басып келгенде тұсауыңызды кім кесті? – Алғашқы “Балдәурен” кітабыма алғы сөзін Әбділдә Тәжібаев жа зып, бата берді. Тұмағаң да, Қадыр ағам да одан кейін бәйге атындай бап тап, жас ақындар жинағына енгізді. – Қанша туындыңыз бар? – Жиырма шақты кітабым, үш жүзден астам ән-өлеңдерім бар... Ғы лым кандидатымын. – Алған сыйлықтарыңыз? – Франц Кафка атындағы Халықаралық Алтын Медаль сыйлығы мен
“Жыл Адамы – Алтын Адам” сыйлығының және “Платина Тарлан” сый лығының лауреаты болдым. – Шөке, ақын-жазушылардың өмірбаянына үңілсеңіз біреуі – ин женер, біреуі – дәрігер, енді біреуі геолог болуды қиялдаған. Мысалы, Мұхтар Шаханов ағаңыз жетінші кластан кейін тракторшы болуды армандап, соқа сүйреткен. Қазір кім екенін білесіз. Сіз ше? Алғашқы арманыңыз ақын болу ма еді, әлде?... – Арал теңізінде туғасын ба, бала кезімде моряк, матрос болғым келді. Жетінші кластан соң кеме мамандарын дайындайтын училищеге түсіп, төрт айдай тулаған толқында кеме айдадым. Сонда Аралға жер аударылған Украинаның ұлы Кобзары Тарас Шевченконың жүрген жер лерімен сапар шегіп, ақындыққа біржола құладым. Тарас Григорьевич біздің Қамыстыбас, Райым ауылдарында айдауда болған. – Соно-о-у Украинадан Тарас Шевченко Аралға жер ауда-рылма ғанда ақын болмай кетуіңіз мүмкін екен ғой?.. – Жарықтық Тарас ақын біздің елге жер аударылсын, аударылмасын бәрібір ұлы Арал теңізі бізді ақын етпей қоймайтын. – Хо-ош, ақындықтың арғымағына қаршадайыңыздан қарғып мінгесін қиял құсыңыз шартарапқа шарлап, 27 жас ғұмыр кешкен Лермонтов болғыңыз келді. Одан кейін 37 жасында фәниден өткен Пушкин болсам деп толғандыңыз. Қазір Абай атамның жасындасыз... – Енді Абай атамыздың жасында бола алмай жатсақ Алла жазса, ал дымызда Жамбыл жәкеміздің жасы бар ғой. Екі өмірдің көпірі, өр өткелі Өлеңде өзге тұлға, бөлек демі. Жүз жасаған Жамбылдың әруағы Қолдасын қанатымнан демеп мені!.. – Негізі, адам баласы алпыстан асқасын артына көбірек қарай тыны табиғи құбылыс. Сондай сәттерде не нәрсені қия алмайсыз? – Қазір ойласам жүрегім ұшады. Алдымызда Қытай қорғанындай Әбділдә ақын тұрғанда, Қалижан мен Хам-ағаң тұрғанда, Сырбай мен Жұбан ақын тұрғанда, Ғафу барда, алдымыздағы адуын толқын Тұман бай, Қадыр, Сағи, Мұқағали сынды ақындар жүргенде ақын болам деу көзсіз ерлік екен. Бұл сірә, балалықтың әсері. Мен қазір сол бір бал дәу рен, балалық шағымның балауса сезімін қимаймын. Балалық сезіммен қоштасу – ақындықпен қоштасу. Сөйлейді тілден бал тама, Сөзі де тәтті – түгел бал. Түспеген әлі картаға Балалық атты бір ел бар! – Сол ағалардың атын байлап, кебісін қойып, қолдарына су құ йып дегендей көбісімен араластыңыз. Өңшең өркешті ақындардың өнегесін өзіңіз ғана сіңірмей, шет-пұшпағын кейінгі толқындарға құ лаққағыс етпейсіз бе? Біле жүрсін... – Ел ағаларының ең басты қасиеті – біреудің жетістігіне, шыққан биігіне бірге қуана білетін. Қашанда қамқорлық танытып, қол ұшын бе руді азаматтық парыз санайтын. Бірде Ғафу Қайырбеков телефон шалып, кабинетіне мені шақырды. О кісі “Жұлдыз” журналында бас редактор дың орынбасары болатын. Мен сонда поэзия бөлімінің меңгерушісімін. Бардым. Бір егде әйел көзіне жас алып жылап отыр екен. – Шөмішбай, – деді Ғафекең, – Осы жұрт мені обкомның секретары деп ойлай ма, бәрі маған кеп жағдай айтады. Мына апайды өзім де жыға
танымаймын. Он бір баланың анасы екен. Он баласы да оқуға түсе ал мапты. Он бірінші баласын жетектеп келіп отыр. Бізден жәрдем сұрайды. Жүр, екеуміз КазГУ-дің проректорына бірге барып қайтайық. Не де болса мына кісінің көңілі үшін бұйымтай айтсақ шапанымызды шешіп алмас... Сонымен Ғафаң екеуміз КазГУ-дің проректорына кірдік. Мән-жайды түсіндіргесін Ғафекеңнің өтінішін қабыл алып, қоштасар сәтте проректор “Мүмкін болса, Мырзатайды маған шақыра салсаңыз” деді. Редакцияға келісімен Ғафекең оқу министрі Мырзатай Жолдасбековке телефон шал ды. Мән-жайды түгел түсіндірді де “Проректор сізді келіп кетсін деп жа тыр!” деді. Мырзатай аға телефонның аржағынан “Ғафеке, мен министр басыммен проректорға қалай барам?” деді. Сонда қайран ағам Ғафекең ашуға басып: – Біреуің былай дейсіңдер, біреуің олай дейсіңдер. Екі ортада мені өлтіретін болдыңдар ғой! – деді. Мырзатай дереу “Жақсы, Ғафеке, түсіндім!” деді. Сәлден соң телефон шыр ете түсті. Проректор екен. – Ғафеке, мені масқара қылдыңыз ғой. Мен сізге министр Мырзатай Жолдасбековті емес, өзіміздің декан Мырзатай Серғалиевті шақырыңыз дедім ғой. Аңтарылып ал кеп күлейік. Міне, осының өзінен ақын ағаларымыз дың әулиелігі, қамқорлық қасиеті көрініп тұрған жоқ па? О кісілер осы нысымен оқшау еді ғой. Студентпін. Бірде Мұхтар Мағауиннің әкесі ауырып, Семейден Алма тыға келді. Мұхтардың бажасы – Жарасқан Әбдірашев “Шөке, Мұхаңның әкесінің көңілін сұрап қайтайық” деген. Бірге бардық. Әкесі ауырып, тө секте бір уыс болып жатыр екен. Мұхаң: “Әке, көңіліңізді сұрап ақын ба лаларың келді. Мынау өзің білетін Жарасқан!” деді. Ақсақал үнсіз жатты. “Ал мынау Шөмішбай Сариев деген ақын балаң” деді. Селқос жатқан ақ сақал жастықтан басын көтеріп “Шөмішбай ма?” деп менің бір өлеңімнің екі шумағын жатқа айтып, өз-өзінен шабыттанып қалды. Мен де ақсақал ға ризашылығымды білдірдім. Кейін Мұхтар Мағауин әкесі қайтыс болғанда ел-жұртқа, әдеби қауымға асын беріп жатып, бір сөздің реті келгенде, әкесінің әдебиетті сүйетіндігін айта келіп: – Шөмішбайды алғаш таныстырғанда менің әкем оның өлеңін жатқа оқыды, – деп қалды. Сонда өзінің әзілдейтін замандасы Рымғали Нұрғалиев: – Ой, біз Мағауинді білеміз ғой. Шөмішбай келеді деп, алдын-ала әкесіне өлеңін жаттатып қойған ғой, – деп әзілдеді. Сөйтіп, университеттің төртінші курсында “Лениншіл жас” газетінде суретіммен өлеңім жарық көрді. Ол кезде “Лениншіл жастың” әдебиет бөлімін Оралхан Бөкеев басқаратын. Шерхан Мұртаза аға “Жұлдызға” редактор болып келді де, бұрынғы “кәрі” қадрларды босатып, орнына ылғи жастарды алды. Сол кездегі жас тар Оралхан Бөкеев, Сағат Әшімбаев, Қажығали Мұхаметқалиев, Баққожа Мұқаев және мен. Кейіннен Жарасқан Әбдірашев орналасты. “Ылғи жас тарды жинап алды!” деп партия жиналысында Шерханды сынайтын да жа татын. Не деп? “Жұлдыз” кілең “Детсадты” жиып алды!” деп кінәлайтын. Бірақ, сол “детсадтың” бәрі де кейін әдебиеттің маңдайалды мамандарына айналды. – Ол заманда орталық баспасөзде жариялану – жарты патша лықпен парапар еді. Сол сексенінші жылдардың басында тұңғыш рет “Литературная газетада” суретіңізбен бір топ өлеңдеріңіз жарық көргенде қандай әсерде болдыңыз?
– Менен гөрі ағаларым мен замандастарым қатты қуанды. Әуелі Әбіш Кекілбаев телефон соғып “Айналайын, бұл үлкен абырой!” деді. Сәуірбек Бақбергенов “Енді сені ешкім ұстай алмайды. Жолың ашылды. Кеттің, бала!” деді. Ал, Сағат Әшімбаев “Мынау менің досым!” деп баласына көрсетіпті. Бір қызық айтайын. Кейінірек бір ағам “Литературная газетаның” редакциясына арнайы соғыпты да “Сендердің жариялаған Шөмішбайла рың лауреат емес. Мен пәлен-түген сыйлықтардың лауреатымын. Менің өлеңдерім көптен бері тартпаларыңда жатыр, неге баспайсыңдар?” деп реніш білдіріпті. Сонда поэзия алқасының бастығы Георгий Гулия “Біз лауреаттарды баспаймыз, өлеңдерді басамыз!” депті келтесінен. – Лауреат демекші, Расұл Ғамзатовтың “Жарық жұлдыздар” атты кітабына Лениндік сыйлық берілгенде, сол “Литературная га зетаның” тілшісі “Әсіресе қайсы өлеңіңіз сыйлыққа лайық?” деп то сын сұрақ қойған. Оған Расұл ағамыз қысылсын ба? “Екі өлеңімді жоғалттым, сыйлыққа сол өлеңдерім лайық!” депті. Айтайын де генім, сіздің өлеңдеріңіздің ішінде қай өлең Тарлан сыйлығына ла йық деп ойлайсыз? – Сірә, әлі жазылмаған өлеңдерім шығар?.. – Орыстың ұлы ақыны Владимир Маяковский зауытқа барып, жиналған топтың алдында “Бүгін ақын Маяковскиймен кездесу кеші. Сөз жолдас Маяковскийге беріледі!” деп өзі өлең оқиды екен. Оның жанында біз қайда-а-а... жаңа түскен келіндей сыпайымыз ғой. Иә, сол Маяковский жетелі сөзді жеті жерден сындырып “Ей, қара аспан, қалпағыңды шешіп тұр, мен келе жатырмын!” деп желпінген ғой. Ондайдан біздің Мұқағалилар да қалыспаған. Сонда бұл тентектік емес, ақындық мінезге жарасатын тектілік емес пе? Өтежан Нұрғалиевтің өзі неге тұрады? Есенғалилар ше? Сіздің де “сыпайылығыңыз” белгілі. Бір өлеңіңізде: Менен үлкен ақын жоқ! Менен үлкен ақын жоқ!! Менен үлкен ақын жоқ!!! Мен өлеңді жазып жатқан кезімде! – дейсіз. Кеңес өкіметінің кезінде сіз Душанбеде өткен бүкілодақтық жас ақындар фестивалі не қатысып, Тәжік әдебиетінің классигі Мирзо Турсунзадеден Па мир тауының бір шыңын сыйлауды сұрапсыз. Сонда Мирзо Тур сунзаде “Қазақстаннан келген Жарасқан Әбдірашев пен Шөмішбай Сариевті шығарып саларда самолеттің екі қанатына Памирдің екі шыңын артып жібереміз!” деп жомарттық танытса керек. Орыстар “Нахальство – второе счастье!” дейді. Жарықтық Қалағаң, Қалтай Мұхамеджанов “Өзіңді өзің мақтамасаң өмір бойы мақтау естімей кетуің мүмкін” деуші еді. Расында солай ма? – Ұлы Бернард Шоуға үш сұрақ қойыпты: “Сіз үшін саясатта, ғы лымда, әдебиетте әлемдік ұлы тұлға кім?” – депті. Сонда Бернард Шоу: “Әлемдік ұлы тұлға саясатта – Сталинді, ғылымда – Эйнштейнді, ал әде биетте айтар едім – сыпайылығым жібермей тұр!” депті. Бұл да сырбаз “нахальствоның” бір түрі ғой. – Ақындық, батырлық, палуандық тұқым қуаламай ма? Мыса лы, Қажымұханның арғы аталары Қара қыпшақ Қобыланды. Сол сияқты Сіздің бабаларыңыздың немесе нағашыларыңыздың қанын да ауыздыға сөз бермейтін ағыл-тегіл жыраулық өнері бар ма еді? – Әкем Нағашыбай жастайынан жетім қалған. Бала кезінен өлең-жыр
ға әуес болған әкеміз кешегі күнге дейін ауыл-ауылдың әнші-жыршысы, термешісі, күйшісі атанған. Әсіресе, “Едіге”, “Қыз-Жібек” т.б. дастан дарды түнді түнге, таңды таңға ұрып жырлайтын. Біздің елде – екі жүйрік жырау болған. Біріншісі – Мәшір. О кісі сөйлегенде, тұтығып қалатын ке кеш. Ал, домбыра ұстап жырлай бастаса алдына жан салмайтын. Екіншісі – біздің әкеміз. Елді мекеніміз – Қамыстыбас, Қосжар, Райым, Мақпал, Шөмішкөл, Ақбай, Көкшекөл т.б. толып жатқан көл болатын да, алдымыз ұлан-ғайыр Арал теңізіне ұласатын. Арал теңізінің кәнігі балықшылары қысты күні көлдерге нөмер салатын, яғни бақылайтын. Сол балықшылар қап-қап сазан, алпамсадай адамның бойынан асатын жайындарды түйеге артып, біздің үйдің қорасына үйіп тастайтын да: “Нәкеңнің жырларын тың дауға келдік” дейтін. Нәкеңі – біздің әкеміз Нағашыбай. – Айтпақшы, Шөке, әлгінде бір сөзіңізде “Кеме айдадым!” дедіңіз де әңгімені әрі қарай жалғастырмай қойдыңыз. Әлде бойың кіш кентай деп капитанның оқуына алмай қойғасын матрос, моряктың оқуын менсінбей қойдыңыз ба? Капитан – газеттің бас редакторы, матрос – соның әдеби қызметкері сияқты нәрсе емес пе? – Арал теңізінде кеме айдап жүргенде бір күні “Шулыған” деген жер де болдық. Бұл өзі теңіз жағалауынан алыстау, айдында тұрған құзар жар тас. Ұшқан құстың орнына бір құс қонып, қонған жері көрінбейді. Нағыз құс базары. Сол маңайдан балық аулап, кемемізді якорьмен бекіткен едік. Түн ортасында теңіз дауылы басталды. Якорьды жұлып кетті. Енді кемені жартасқа ұрып, күл-талқан ететін сыңайы бар. Дауылмен айқасып, ұлы теңіздің ұшанына шықтық. Екі қабат үйдей толқындар кемемізді шым батырып жіберіп, қайта ойнақшып шыға келеді. Бір ғажабы кеме оңай дан-оңай батпайды екен. Каютада басым айналды. Палубаға шығып, қолаяғыммен арқанды шырмап ұстап, сұлап жаттым. Толқын арқамнан олай да, бұлай да ұрады. Капитан “Басың айналса да қозғалмай, қорықпай, ар қаннан мықтап ұстап жат!” деді. Маған қарауға бәрінің де мұршасы жоқ. Сонымен не керек, таң ата жарық дүниені көргендей, жағалауға шықтықау. Бір елді-мекен екен. Мен төртінші күні барып есімді жидым. Миымда – теңіз шуылы. Алас ұрған толқын. Жүрейін десем, кәдімгідей жер шайқа лады. Сөйтсем, жер емес мен шайқалады екем. Ес жиғаннан кейін білдім. Бұл жер – қазақтың ұлы жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың туған жері екен. Құландының елді мекені. Мұны тұрғындар әңгімесінен сездім. “Жа қында Әбдіжәміл жазушы басымен әйелі екеуі келіп, әке-шешесіне көмек тесіп, біраз кірпіш басып берді” деп әңгімелеп отырды көнекөз қарттар. Сол теңіз ауруынан кейін Аралдағы ауруханаға түстім. Жазыла баста ғанымда, дәрігер болуды армандадым. Сөйтіп матростың оқуынан шығып, Қызылорда медучилищесіне түстім. Жатақхана алдым. Толған қыздар. Еркек шорадан – он бес шақты жігіт. Қыздар алақанына салады. Біз қыздар десе қашамыз. Бәріміз де он бес, он алтылар шамасындамыз. Мен Мисалиды деген жігітпен бір бөл меде жаттым. Обком комсомолға барғанда өлең дәптерім қалып қойып ты. Соны іздеп барып едім, әдеміше келген толықша жүзді жігіт: “Мына өлеңдерді өзің жаздың ба?” деді. “Иә, өзім жаздым” дедім. “Онда мен қазір облыстық “Ленин жолы” газетінің сонда мәдениет бөлімін басқа ратын Қомшабай Сүйінішевке телефон соғайын, ертең соған бар” деді. Әкелдім. Ертеңіне медучилищеде оқитын курстастарымызбен Жалағаш қа күріш оруға кеттік. Бір жарым ай күріш ордық. Күндіз жұмыс. Түнге қарай от жағып, қыздар ылғи ән шырқайды. Би билейді. Бір күні бір қыз орысшалап: “Біздің ортамызда ақын бар екен. Суретімен өлеңі шығыпты”
деді. Қыздар таласып қарады. Газетті қарасам – өзім. Жүрегім кеудеме симай кетті. Лүпілдеп қоя берді. Сондағы сезімімді тілмен жеткізу қиын. “Сәт сапар” беріпті. Алғы сөзі: “Редакцияға имене басып, он екі де бір гүлі ашылмаған жас бала келді” деп бастап, “Шөмішбай – болашақ дәрі гер” деп аяқтапты. Сосын алты-жеті өлеңімді жарялаған. Бұл “Сәт сапар” маған шуақ шашты. Дәрігер училищесі күріш орудан соң бізді бір ай демалысқа жіберіп, ауылда жүргенімде “Күтіп ал!” деген екі телеграмма алдым. Біріншісін – Қызылорда педагогикалық институ тының соңғы курсында оқитын ақын Серік Сейтмағанбетов жіберіпті. Облыс газетіндегі өлеңімді құттықтап қайтпақшы. Екіншісі – менен бір класс төмен оқыған, Қазалы ауыл-шаруашылық техникумының студенті, жас ақын Жарасқан Әбдірашев. Екеуінің әдейі іздеп келуі – мен үшін үл кен оқиға болды. Осы кезде Арал қаласынан ақын ұстазым Зейнолла Шүкіров Қызы лордаға көшіп кеп, қоныс тепті. Ендігі менің үлкен үйім, көп баратын үйім – Зейнолла ағаның шаңырағы еді. Ақынның шешесі ылғи да жылы жүзбен қарсы алатын. Түнде қатар жатып таң атқанша әңгімелесеміз. Мү гедек адамның арманы – ұланғайыр, теңіздей ұшан теңіз. Мен сол арман дарына шомылып, бала жүрегім рахат табатын. Бір күні Зейнолла ағам: “Сен егер ақын болам десең, Алматыдағы КазГу-дің журналистика факультетіне түс. Мына дәрігерлік училищені қой” деп ақыл-кеңес берді. Сол сөзі көңіліме қонып, бірге оқыған кластас тарыммен он бірінші класты бітіріп, КазГу-ге оқуға келдім. Бірақ бірінші жылы құлап қайттым. Келесі жылы жолым болды. Диплом жұмысын “Ілияс Омаров – публицист, сыншы” деген тақы рыпта үздік қорғап шықтым. Диплом жұмысыммен танысқан академик Зейнолла Қабдолов: “Мына тақырыбыңды дамытып жазсаң, кандидаттық диссертацияңа жол ашылды. Өзім жетекші боламын. Ілияс Омаровтан қорғасаң – Қонаевтан бастап, қаланың жартысы келеді” деп жанашырлық танытты. Сөйтіп жүргенде Ілияс Омаровтың туған нағашысы Көпеш ақ сақалдың қызы – Жұмагүл Қаженқызына үйлендім. “Қайын жұрттан қор ғаған ұят” деген жастық сезіммен, біржола ақындық жолға бет бұрдым. – Ендігі мақсатыңыз не? – Өмір болса, ақын достарым туралы, дәм-тұзымыз жарасқан қазақ ақындары туралы творчестволық портреттер жазу ойымда бар. Өмір бол са, “XX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ лирикасының дамуы” атты монография жазып, докторлық қорғау талабындамын және “XX ға сырдағы қазақ лирикасы” атты антология құрастыру үстіндемін. Басты мақсат: Зейнолла Шүкіров, Асқар Тоқмағанбетов, Ғафу Қайыр беков, Сағи Жиенбаев, Мұқағали Мақатаев, Төлеген Айбергенов, Жұме кен Нәжімеденов, Кеңшілік Мырзабеков мұралары туралы, Әбділда Тәжі баев, Әбу Сәрсенбаев, Олжас Сүлейменов, Қадыр Мырза-Әлі, Тұманбай Молдағалиев, Жарасқан Әбдірашев, Иранбек Оразбаев, Серік Тұрғынбе ков, Ұлықбек Есдәулетов, Дәуітәлі Стамбеков шығармашылығы туралы, сыншы-ғалымдар Мұхамеджан Қаратаев, Зейнолла Қабдолов, Мүсілім Базарбаев, Ақселеу Сейдімбеков туралы жазған мақалаларымды дамы тып, кітап етіп құрастырсам деген ой бар. Әсіресе, композитор достарым Кеңес Дүйсекеев, Сейдолла Бәйтереков, Мұрат Құсайынов, Төлеген Мұ хамеджанов, Хасен Қожа-Ахмет, композитор ағаларым Шәмші Қалдая қов, Нұрғиса Тілендиев, Әсет Бейсеуов туралы, актерлер: Тұңғышбай Жаманқұлов, Құдайберген Сұлтанбаев, Досқан Жолжақсынов, Әнуар Боранбаев, Мейірман Нұрекеев және “Тамаша” ойын-сауық отауының ре
жиссері Лұқпан Есенов туралы ой-пікірлерімді қағазға түртіп, қорытып жүрмін. “Ән қалай туады?” атты ән өнерінің құпия-сырлары туралы да жазбақпын, амандық болса... – Шөке, өлеңдеріңізге жазылған әндерді Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова, Бағдат Сәмединова, Айжан Тәженова, Нұрлан Өнербаев, Тұңғышбай Жаманқұлов, Майра Мұхамедқызы, Нұрлан Абдуллин, Карина Абдуллина, Гүлмира Ақүрпекова, Бақыт Шадаева, Алтынай Жорабаева, Меруерт Түсіпбаева, Сембек Жұма ғалиев, Медеу Арынбаев, Сүлеймен Ибрагимов, Бауыржан Исаев тардың орындауы сіздің ақындық қуатыңызды айғақтай ма? – Академик Ахмет Жұбанов баспадан шыққалы жатқан жаңа кіта бының қаттауын оқып бергенде, кітап редакторы: “Сіздің оқыған қат тауыңыздан бірде-бір қате таппадым. Сауатты екенсіз” депті. Сонда, Ахмет Жұбанов: “Қайдан білейін, қалқам, осы жұрт мені академик деп жүр ғой...” депті. Сол әншілер мен композиторлардың маған көп үйірсек теуіне қарағанда, академик Ахаң айтқандай, қайдан білейін, қалқам, осы жұрт мені ақын деп жүр ғой. – Ақын мен композиторды ғарышта “стыковка” жасаған “СоюзАпполон” корабліне теңеуге болады. Сіз ән әлемінде, әуен кеңістігін де сазгерлермен әдемі түйісіп, жарасым тауып келесіз. Сол жарасым дылық пен үйлесімге мұрындық боласыз ба? – Ең басты мәселе композиторлар мен ақынның шығармашылық бірлікте жұмыс істеуінде, бір-біріне деген үлкен ілтифаты, бір-бірін қас терлейтін қасиеті болуға тиіс. Әрбір өнер адамында өзіндік мінез бар. Мінез – стиль. Сол стиль өз гешелігі мен жарастығы жұптаса келіп, ұжымдық дүние өмірге келеді. Ол – ән-өлең. Сондай шығармашылық бірлік ең алдымен композитор Кеңес Дүйсе кеевтен басталды. Одан Сейдолла Бәйтерековке ұласты. Орыс компози торы Владимир Питерцев пен ұйғыр композиторы Дильмурат Бахармен жалғасты. Жастар жағы тағы бар. Шәмші ағамыз бір күні телефон соғып: “Шөмішбай, сен маған өлең жазып бермедің, менің мысым басты ғой деймін. Енді мына баламның әніне өлең жазшы. Бірақ, баламның әніне өзім де түсінбеймін. Бірақ, жаз!” деді. Мен әуенге “Түнгі Алматы” деген мәтін жаздым. Оны Роза Рымбаева орындады... Шәмші аға дегеннен есіме түсіп отыр. Шәкең туралы түртінектеп ма қала жазып жүргем. Күнде үйіне барамын. Есігі ылғи да ашық тұратын. Бір күні кіріп барсам, жеңгеміз екеуі қатты ұрысып жатыр екен. Мен қай та шығып, ұрыстарын тоқтатсын деп, есікті қақтым. Төрде ашулы жең геміз отыр. Шәкең қалбалақтаған мінезімен ашуын басар емес. Әңгімеміз келісе қоймады. Сонда сөзге тапқыр Шәмші аға: – Шөмішбай, айналайын, менің барлық уақытым мынаумен өтеді, – деп пианино тілдерін қатты басып-басып қалды, – содан соң ішіп кетемін. Сол екеуінің арасында бір минут уақытым болса, мына жеңгеңмен ұры самын, – деді. Жеңгеміз күліп жіберді. “Сендерге дауа жоқ” деп, шайын дайындап, жақсы, жарқын күйге көштік. – Қазіргі әндердің бір-бірімен ұқсастығы туралы не айтасыз? – Бұл жөнінде айтар сөз аз емес. Ұқсастық дегеннен бір жай есіме түсіп отыр. Талдықорған облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Әбубәкір Әлиұлы Тыныбаевтың “Жұлдыз” журналына мақаласын ұйым дастырғам. Бір барғанда түскі ауқатқа шақырды. Қарауындағы бүкіл хат
шыларға көз қиығын салды да композитор досым Кеңес Дүйсекеевке қарата бір әңгіме айтты: – Мен мысалы, баяндама жасауым керек болады. Екінші хатшыма тақырыбын айтып тапсырма берем. Ол идеология секретарына міндет тейді. Идеология секретары бөлім меңгерушісіне жүктейді. Бөлім мең герушісі нұсқаушысына қарай сырғытады. Ол болса әр жерден алыпжұлып, өйтіп-бүйтіп баяндаманы құрастырады да, бөлім меңгерушісіне әкеледі. Бөлім меңгерушісі өзінше қосып, идеология секретарына, ол дүмбілез дүниені дайындағансып үстелімнің үстіне қояды. Мен болсам, елдің алдында құрау-құрау, қан-сөлсіз баяндаманы оқып тұрам. Мұны айтқан себебім, кейбір әндерді радио-теледидардан тыңдағанда менің қы рық құрау, жетпіс жамау баяндамам есіме түседі, – деп еді. Бұл сұрағыңа Әбекеңнің сөзімен жауап бердім ғой деп ойлаймын. ...Саяжайда сауал таусыла ма? Әр тақырыпта әжік-күжік әңгімелесіп біткесін өмір мен өлең туралы өзімше ойға шомдым. “Өмір сүруді – өмірдің өзінен іздеу керек” дейді Драйзер. – Қалай? Өмірде бәрі тепе-тең. Ақ-қара, бар-жоқ, жақсылық-жамандық, қуаныш-қайғы... Жасаған жақсы лығың да, істеген зұлымдығың да алдыңнан шығатыны ақиқат. Бірақ біз оны кеш аңғарамыз. Өкінеміз. Одан не пайда? “Өткенге өкінбе – қайтып келмейді. Алда не болатынын Алла біледі. Дәл бүгінгі сәтті тірлігің ер теңгі күнгі бақытқа апаратын баспалдақ” дейді қариялар. Ал, Поль Брэгт “Ең жақсы күн – бүгін” дейді. Аңғарған кісіге астары қалың пәлсафа. Жұмыр басты пенденің бойындағы ізгілік пен зұлымдық секілді екі күш ғұмыр бойы белдесетіні шариғи шындық. Күш қай жағында? Зұлымдық пен мейірім жеңісе алмай Жұмыр жер бара жатыр шырқ айналып. Азаматтық пафос. Шөмішбайдың сарыны солай. Әлемдік деңгейден қараған ақындық көзқарас. Парасат-пайымның өлшемі. “Бізде бәрі ғажа йып!” деп өмірді өтірік жырлауға ақынның ары жібере ме? Жоқ! Ар – ақынның кедені. Ендеше, кеденде кедергі көп. Кедергінің бірі – ақиқат. Ақын одан аттай алмайды. Өртеніп, өрт қайғыдан шаңы шығып, Жұлдыз боп жымыңдайды алыс үміт... От тиген етегіне анадайын Жұмыр жер бара жатыр жан ұшырып... Бұл – Шөмішбайдың бүгінгі күнгі поэзиясының темірқазығы. Ал, бұ дан қырық жыл бұрын жиырма жастағы балаң ақынның бота тірсек шу мақтарына көз жүгіртсеңіз азаматтық пафостың алғашқы іргетасын сол кезде-ақ қалап қойғанына куә боласыз. Озбау үшін көлеңкем Күнге қарай жүремін! – деуі биіктіктің белгісі. ... Шөмішбай ағаның саяжайынан қырға шығып ойпаңдағы бау-бақ шасына назар аудардым. Алма, жүзім, алмұрт, өрік, шие, қарақат секілді алуан-алуан жеміс ағаштары бүр жарып, біразы гүлдей бастапты. Ақын да – бағбан, ал оның шығармасы алуан түрлі миуа ағаштары емес пе? Шөмішбай аға жолбарыстың жон арқасындай алашұбар Алатауға алыстан көз тастады да: “Қазір жаздым, тыңдашы!” деп ырғатылып өлең оқи жөнелді. Бұл оның нешінші лирикасы екенін қайдам, бірақ бүгін ек кен алпысыншы ағашын жібек жел тербеп тұр екен.
“ҚАЛАМЫМА
ҚАНАТ
БІТКЕНДЕЙ
СЕЗІНЕТІНІМ РАС”
С тудент кезімізде Мархабат Байғұтовтың бір әңгімесі-нен-ақ оқыр манына айналдым. Сөзінің сиқыры бар. Ол не сиқыр? Сезім бе? Әлде таза табиғи сыршылдығы ма? Білмеймін. Әйтеуір, әңгімесін оқығанда, өлең оқығандай рахат күйге бөлендім. Ғашықтық хиссаларды тыңдағандай әсерлендім. Көркем дүниесіне көз жүгіртіп, ақ жауындай өте шығам ғой деп ойлағам алғашқыда. Жо-жоқ, шыдамымды шідерлеп, он сан ойларымды бір қазыққа байлап қойды. Тау бұлағынан сусындап, шөл қандырғандай мейірлендім. Тұнып тұрған лиризм! Одан бері отыз бес жыл өтті. Мархабат ағамен талай ортада дәмдестұздас болдым. Бірақ, бір рет те ашық-жарқын сырласып көрмеппін. Томаға тұйық. Үндемейді. Алғаш көргенде “Диірменнің астыңғы тасы секілді қоз ғалмайды екен. Құдай біледі, осы жерге биыл тастап кетсең, келесі жылы тауып аласың-ау?” деп пайымдағам. Әлі сол қалпы. Өзгермеген. Алтын мінезді адам болу үшін темірдей төзім керек. Көп адамдар шешендік өнерді, топ алдында қалай сөйлеуді біреулерден үйренеді. Ал, қалай үндемеуді Мархабат Байғұттан үйрену керек. Қашанғы тіс жармайды?! Алпысқа келді ғой... Жазушы-журналист, халықаралық “Алаш” сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерімен сұхбаттасып көрейікші! – Адам мен адам бір-бірін көрмесе де іштей сырласады, өзара сұхбаттасады. Сіздің ішіңізге кіріп-шыққан кім бар дейсіз. Сонда да болса бір нәрсені білгіміз келеді. Оңаша отырғанда іштей кімдермен не туралы сөйлесесіз? – “Үндеместе бәле бар” дегелі отырғандайсыз. Менде пәлендей бәле жоқ сияқты. Рас, көп реттерде “үндемес” атымның шығып қалатыны бар. Алайда, кейде көп сөйлеңкіреп, тіпті тоқтамай кететін кездерім де аз емес. 1987-1992 жылдары Шымкент пединститутында арнайы курстар жүргізгем. Өте дұрыс мезгейсіз, іштей сырласу, үн-түнсіз сөйлесу деген бір адамдарда басымырақ, екінші біреулерде азырақ болады. Қазақ әдебиетіндегі өзгеше тұлғалардың бірі Тәкен Әлімқұлов ағамыз ше, сол кісі осы жағдаяттар жайында айтыңқырайтын еді. Мәселен, қайбір жылдары Тәкен көкеміз Шымкент шаһарында айлап тұрды. Мейманханада. Сонда сағаттар бойы қасында отырасың, немесе қатар келе жатасың. Үн-түнсіз сөйлесуші ек. Нә кең, Нәсіреддин Серәлиев сынды биязы мінезді прозашымен де Қошқарата өзенінің бойында үн-түнсіз қыдырыстап, оқта-текте ғана тіл қатысқанды жарататынбыз. Ал енді ішіме кіріп-шығудың қажеті жоқ, мен кез келген адам мен тіл қатыспай-ақ “сөйлеспекке”, “сырласпаққа” әбден үйреніп кеткенмін. Біздің үйдегі жеңешеңізге һәм солай. Іштей “тілдесіп”, тым-тырыс отырыпотырып, қорытынды пікірімді бір-ақ айтамын, сол жетіп-артылып жатады. Балаларым-дағы соған үйренген. Тек немерелерімнің жиірек мазалайтыны рас. “Ата, сіз неге сөйлемейсіз? Ертегі айтып беріңізші”, – деседі. Білетін
ертегілерімді айтқызады. Ал енді ә дегенде білдірген жылы лебізіңіздің қайтарымы емес, шыным. – Бұрынырақта “Бейшара” деген әңгімеңізді оқығанмын. Онда да сол үндемеу мәселесі қозғалатын сияқты еді? – Үнсіз тілдесу, тілсіз сөйлесу жайы қозғалған әңгімелерім баршылық. “Сүмбіленің суы” деген дүниемде де Шоң Алпан мен Мұң Шолпан көбі несе солай ұғысады. Бұл әдісті әдейі қолданбаймын-ау, өз табиғатымнан туындайтын шығар. – Шенеуніктің шекпенін кимесеңіз де, ес білгелі мемлекеттік қыз меттің отымен кіріп, күлімен шығып жүрсіз. Қазір Оңтүстік Қазақстан облысының тіл басқармасының бастығысыз. Атан түйеге артатындай жұмыс. “Нағыз адамды тап басып танығың келсе, оны өзіңе бастық етіп сайла” дейді Ремарк ғұлама. Бастық боп көрдіңіз ғой, осы пікірмен келісесіз бе? – Шенеуніктік қызметке мені 1984 жылы шақырды. Облыстық партия комитетіне. Жеті ай, жеті күн әзер шыдап, Жазушылар одағының облысара лық бөлімшесіне “қашып” кеткенмін. Жеті жыл сол бөлімшенің шырақшысы болдым. Одан соң облыс әкімі аппаратына қайта шақырды. Содан бері ішкі саясат, тіл, ақпарат, т.б. жағында жүрміз ғой. Негізінен мен өзімді ешқашан да шенеунікпін деп, бастықпын деп сезінген де емеспін, ондай мінез көр сетпеген де сияқтымын. Облыс әкімі аппаратында бөлім меңгерушісі, тіл, ақпарат басқармаларының бастығы болып істеген жылдарымда да мені қай аудан, қай қала, қандай ауылға барсам-дағы, бастық деп емес, жазушы деп таныстыратын. Бұған сырттай сыр алдырмасам да, іштей қуа-ны-ы-ып отырамын. Бастық мәселесі хақында сіз айтып отырған Ремарк қана емес, небір ғұламалар мен данышпандар айтудайын айтып-ақ кеткен ғой. Өз басым, әсіресе, тіл мен ақпарат саласындағылар биліктемін, бастықпын деп шірен бей, өздерін тілдің, халықтың, ұлттың қызметшісі деп сезінуге парыздар деп санаймын. Кезінде “бастық” деген сөз “бас тығып” алып, шірену, ішіп-жеу емес, “бас тігуден” шыққан, халық үшін, ұлт үшін, тіл үшін бас тігу дегенді білдіреді деп жазғанбыз біз. – Қаламгер де табиғатқа ұқсас. Мысалы, шабыт тасқын сияқты. Ал, тасқынның алды жаман, арты – жақсы. Шабыт деген сөздің сино нимі яғни, бір баламасы – алғашқы қарқын. Жұмыстың алғашқы 90 пайызына 10 пайыз уақыт кетеді. Ал, қалған 10 пайыз жұмысты бітіру үшін 90 пайыз уақыт жұмсайсыз. Бұл – өмір шындығы. Білейін дегенім, Сіз шығарма жазғанда сағыздай созып, сүйретіп жүресіз бе, әлде бір деммен бітіріп тастайсыз ба? – Күні кеше ғана сіз бен біз Қадыр Мырза Әлидің жетпіс жылдығына бай ланысты жанында жүріп, Ордабасы, Кентау, Түркістан аралап қайттық емес пе? Сонда ол кісінің құрдасы Оразақын Асқар бір кездесуде: “Қадекеңнің барлық жазғаны жетпіс томға жетіп қалады, соның он алты томы шығып жатыр”,– деді. Қайран қалдым. Ал мына біз пақырыңыздың бүгінге дейін бар жазғанымыз бес томдай ғана болуы мүмкін. Қадыр деген – құбылыс, феномен ғой. Сол ақын ағамыз: “Сен қай кездері жазғанды тәуір көресің?” – деп сұрады Кентауда жүріп. Мен қысылыңқырап, қызарыңқырап: “Аға, мен тиіп-қашып жазатындардың сортынанмын ғой”, – дедім. Шыным – осы. Негізінен әңгіме жазамын, оқта-текте повесть шығар. Кілті табылған, ойда
піскен әңгімелер бір-екі аптада жазыла қоятыны бар, қасиетті қалам, немесе белгілі бір кейіпкер жетелеп кеп-кеп кеткенде одан да азырақ уақытта бітіп қалады. Үзіліп-созылып, ұнасымы табылмай, үйлесімі келіспей, көпке дейін ішін алдырмай, сіркең су көтермей, сүлесоқтанып, кіртиіп, кіржиіп, жан адамды жақтырмайтын кезеңдер де кездеседі. Роман, повесть, т.т. қайдам, әңгіме дейтін әулие жанр қалай туындаса да, бір деммен біткендей боп сезілуі ләзім. – Базбір қаламгерлер шығармасына ат қойғанда айдар тағып, үкілеп, іші-сыртын алтынмен жалатқандай сәндеп, сөз қуып кететінін байқаймыз. Сырт көз –– сыншы ғой, сізде ондай әлем-жәлем әурешілік жоқ. Әрқилы әңгімелеріңізді былай қойғанда, кітаптарыңыздың аты да қарапайым: “Шілде”, “Сырбұлақ”, “Интернаттың баласы”, “Нәуірзек”, “Қорғансыз жүрек”, “Алмағайып”, “Ақпандағы мысықтар”, “Қоза пая”, “Ауыл әңгімелері” т.б. Туындыңызға ат қойғанда ең бірінші нені мақсат етесіз? – “Шілде” – тұңғыш кітабым. Оның қолжазбасы “Жалын” баспасында жоғалып кеткен. Алғашқы аты “Күн астындағы Күнікей қыз” еді. Екінші мәр те шыға ма, әлде тағы жоғалып кете ме деп, селқостау күйде, атын қоймай, Дулат Исабеков тез жеткіз деген соң пойыздан беріп жібергем. Оның атын сол Дүкең қойған. “Нәуірзек” деген атты да сондай себептермен Бексұлтан Нұржекеұлы қойды. Өзгелерін өзім атадым. Әсіресе, “Қорғансыз жүрек” деген кітабыма ат қоярда үш-төрт ай бойы, өзіңіз айтқандай, үндеместігім ұстап, іштей күбірлеп, көп ойланғаным есімде. “Қозапая” әңгімесінің қозапая тасушы туралы оқиғасын Сауытбек Абдрахманов айтқан еді. Бірақ, Сәукең сюжетінде юмор, әзіл жағы басымдау болатын, мен сол кездегі жағдайға, ауылдың құлдырауына байланысты қасіретті жағына аударыңқырап жі бердім. Кейін кітап шығарда осы әңгіменің атын қойдым. Шығарма жазарда мен көбінесе атын ойластырып аламын. Оған дейін, әрине, басқа жақтарын қамдастырамыз ғой. Ал, жазуға тікелей кірісерде атын қойып алмаққа тыры самын. Сонсоң алғашқы сөйлемге мән беріңкіреймін. Егер әуелгі сөйлемім сәтті басталса, біразға дейін қаламыма қанат біткендей сезінетінім рас. Қанат пен қуат әлсірей бастаса, үзіліс жасап, кейіндеу жалғастырамын. Мәселен, “Бір дорба диплом” деген әңгімемді: “Кенет кенеп дорба моды болды да кетті” деп бастап, аты да, алғашқы сөйлем де өзіме ұнағаннан ба, әйтеуір бір деммен бітіргенім есімде. Ат қоюда шығарманың мазмұн-мәнісін, арқауарнасын, мақсатын ескеретін сияқтымыз. – Қайсыбір қаламгерлер бір повесін бөлшектеп, одан пьеса, әрі қарай киносценарийге айналдырып жатады. Көркем дүниеңіздің көпшілігі сахнаға сұранып-ақ тұр. Драматургияға неге ат басын бұрмайсыз? – Ондай ойлар мен ұсыныстарды айтатындар аз емес. Кезінде бір інім мен бірлесіп, драмалық дүние жазып (бірақ ол менің емес, оның прозалық шығармасы негізінде еді), ол сәтсіз қойылып, содан суып кеткен жағдайым бар. “Машаттағы махаббат”, т.б. бір-екі повесімді, кейбір әңгімелерімді сахналаймыз, экрандаймыз деушілер болған. Бірақ, белгілі жағдайларға байланысты, өзім белсенбеген соң, олар да бәсейіп, ұмытылып кете барады. – Университетте бізге дәріс берген ұстазымыз профессор Рымғали Нұрғалидың бір сөзі осы күнге дейін ойымнан шықпайды. “Жаңадан жаза бастаған жас кезімде өзіме-өзім риза болғаным сонша, жұрттың
бәрі маған қарап тұрған сияқты көрінетін. Сендер өйтіп дандайсымаң дар” дейтін. Рас сөз. Бұл әрбір әдебиет пен мәдениет өкілдерінің басынан кешкен жағдаяты. Жәй ғана мысал, Мархабат аға... Бір музыкант 20 жасқа келгенде “Тек қана мен!” деп ұрандаған. Ал, 25 жасында “Мен... және Моцарт!” деп ептеп жұмсарған. Орда бұзар 30 жасында “Моцарт... сосын мен!” деп биязылық танытқан. Ақылы толып алпысқа асқанда “Тек қана Моцарт!” деп айқын да анық сөйлеген. Сіз өз тұрғыласта рыңыздың арасынан дәп қазір “Моцарттың” орнына кімді қояр едіңіз? – 1973 жылы “Жалын” журналына шыққанымда, жұмыстағылар түгел дей маған қарайтын шығар деп ойлағаным есімде. Қайда-а-ан... Жалпы,шы нымды айтсам, менде “Мен!” деген бола қоймады. Ондай мінез Жаратқан Ие берген болмысымда да жоқ сияқты. Дәл сөйтетіндей үлкен тірліктер тындырмаған да секілдімін. Біздікі – әдебиет дейтін ұлы мұхитқа кішкене ғана бұлақ боп қосылсақ деген мақсат. Мүмкіндігінше әлгі бұлағымыз таза, мөлдір болса дейміз. Аллаға шүкір, қазақ әдебиетінде “Моцарт!” деп мақтан тұтатындай прозашылар да, шайырлар да аз емес. Бұрын да, кейін де... Келешекте де солай сабақтаса береріне бек сенімдімін. Музыканттар прозашылардан гөрі толқымалы, шалқымалы келеді. Менің Моцарттарым көп, оларды да тіл-көз тимегей деп, іште сақтаймын. – Сырт қарағанда – су бетіндегі қайыққа ұқсайсыз. Қайық қалай қарай жылжыса да артында тап басып тани қоятындай із қалдырмай ды ғой. Айтайын дегенім, “ақырын жүріп анық басатын” сияқтысыз. Яғни, қателікке ұрынбайсыз. Сіздің ойыңызша қателік қандай ұғым? Ілгерілі-кейінді ғұламалардың пайымдауынша – өзіңнің жаза басқан қадамыңа онша мән бермей-ақ, басқалардың жіберген қателіктеріне қарап бой түзеу керек екен? Алда-жалда аңдаусызда қателік жасай қалсаңыз, оны қалай түзетуге тырысасыз? – Онша жақсы теңеу емес екен. Бала кезімізде қайық туралы: “Өзі бар, ізі жоқ” деген жұмбақ бартұғын. Неге ұқсату – сіздің еркіңіз. Әлі есімде, баяғыда, сексен алтыншы жылдары болу керек, Тұтқабай Иманбекұлы екеуіңіз Шымкентке келіп, біздің үйде бір-екі күн болдыңыз. Сонда жең геңізге айтыпсыз ғой, Көпеке: “Махаң да момын, сіз де момын екенсіз, қалай күн көрер екенсіздер, қатты таңырқаймын”, – деп. Жеңгеңіз әлі күнге дейін, әсіресе, айлық жалақымды қолына тапсырып тұрғанымда, сіздің сол сөзіңізді еске түсіріп қояды. Сіз мені “қателікке ұрынбайсыз” деп, періштедей бағалап тұрсыз. Ал шын мәнінде мүлде олай емес. Пенде атаулының бәріне қателік тән. Сырттай қараған, мән бермеген адамға ғана біз қателеспейтін жандай көрінетін шығармыз. Әйтпесе қателік деген жетіп-артылар. Ұсақтүйек қателіктерім жүдә көп. Оларды жіберіп алып, қатты өкінемін. Әсіресе, біреуді жөнсіздеу ренжітсем, өзімді-өзім іштей мүжіп жеп қоямын. Үлкен қателіктер, әрине, одан да ауыр тиеді. Ондай-ондайды, қолымнан келгенін ше, қайталамауға тырысамын. Кеше Шымкентте Мырза Әли ағаңыз маған “диагноз” қойып: “Адамдарда негізінен екі қасиет болады. Бірі – пенделік, екіншісі– кісілік. Сен кісіліктен тайғың келместен көп қиналады екенсің. Сол себептен де өзіңе тиесілі сыбағаңнан қағыласың, ешкімнен ештеңе сұрай алмайсың. Өмір сүруіңнің ауырлайтыны да осыдан”,– деді. Кім-кімге де “ақырын жүріп, анық басу” оңайға соқпас, жеңілге түспес. Мұқағалида бір мысал бар. “Сүрініп кетпе, сүрініп кетсең болғаны; Дей бергін, досым,
басыма қырсық орнады. Адам дегеннің аяқ астынан сорлауы, – Аңдамай басып, сүрініп кетсе болғаны”, – дейді ол кісі. Қателік дегеніңіздің өзі кейкейіміздің тым тәкаппарланып, аспандаңқырап адымдауымыздан туындап жатар-дүр. Қатты сүрінуден сақтанған жөн. Мұқтарам Мұқағалиыңыз да сол қатты сүріністі меңзеген. Ертеректе Мамай батырдан аздап оқығаны бар сауаттылау бір кісі “осы сіздің қателескен кезіңіз болды ма?” деп сұраған көрінеді. Сонда, Мамай ақсақал: “Әй, шырақ-ай, қателесу қаннан емес пе?! Бала күнімде түсімде бір ақсақал алдыма қылыш, қалам, құрық тастап, “қайсысын аласың?”, – дегенде, қылышқа жармасқан ем. Соным бекер болды ма қайдам, қазір хат танымаймын. Әттең-ай, қаламын алғанымда сен секілділердің сұрағын екі шайнап, бір жұтар едім. Енді, жас шіркін сексеннің сеңгірінен өткенде өкінеді екенсің” деген көрінеді. Сол секілді, пенде болғасын бәріміз қателесіп жатамыз. – Пенделердің психологиясы бір қарағанда бір-біріне ұқсас. Мы салы, біреулер шашбауыңды көтеріп мақтай жөнелсе, “О-о, міне, мен қандаймын!” деп желпінесің. Ал, жерден алып, жерге салып сынаса, “Мынаның дені сау ма? Қандай адам өзі?” деп налисың. Әңгіме леріңіздің желісіне қарағанда, адамдардың мың қатпарлы психоло гиясына ши жүгіртіп, сезімнің шертпе күйін шертесіз. Бұл өзі сіздің туа бітті стиліңіз бе, әлде әлем әдебиетінің ықпалы ма? – Екі жағы да бар шығар деп ойлаймын. Әлем әдебиетімен негізінен уни верситетте сусындай бастадық қой. Француздарды, американ қаламгерлерін, ағылшындарды, біраз немістерді, бертініректе жапондар мен қытайларды көбірек оқыдық. Соңғы кездері Пауло Коэльо деген жазушыны көкке кө теріп жатырмыз. Бірер кітабын оқып көрдім. Біздің Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбай, Мұхтар Мағауин, Әкім Тарази, Дулат Исабеков, Төлен Әбдік, Бексұлтан Нұржекеұлы сынды шеберлерімізден озып кеткен ештеңесін байқай алмадым. – Егер екі адам бір нәрсемен қатар айналысса да, істеген істері бірдей боп шықпайтыны хақ. Сірә, “Стиль – адамның өзі” деген де соған сая тын шығар. Сіздің стиліңіз –– өмірдің шынайылығында сияқты. Көзбен көріп, көңілге тоқығаныңызды ғана қағазға түсіресіз-ау. Солай ма? – Көркем дүниелерде тек көзбен көргенді ғана жазбайтының белгілі ғой. Шығармаларыңдағы ойдан, қиялдан қосқаныңды да оқырмандарың: “Мынау тура өмірде болған сияқты” деп жатса, бұл жаман емес-ау. – Өзімше бір өмірлік пайымды ортаға салайын. Аты-жөнін айтпайақ қояйық. Алты алаштың аузында жүрген атақты екі ақын ағамызды Барсакелмес аралына апарып тастасаңыз не істер еді? Оның бірі, әрине, жарты шумақ өлең де жаза алмайтыны сөзсіз. Өйткені, аралда кітап хана жоқ. Ал, ол өмір бойы түртінектеп, ізденіп, кітаптарды парақтау арқылы ой түюге дағдыланған. Ал, екіншісі ештеңе оқымай-ақ аралдың зарын айтып алты кітап жазуы ықтимал. Егер сізді сол Барсакелмеске апарып, жападан-жалғыз қалдырса, ең әуелі қай мәселені тілге тиек етер едіңіз? Себебі, теңіз қоршаған қу далада қыз жоқ, ғашықтық жоқ, дүниеге іңкәрлік жоқ... – Барсакелмесіңіздің бетін аулақ қылсын. Ондай жағдайда өзімнің сүйікті тақырыбым – сағынышты одан сайын үдетіп, басқаша қырынан бейнелеп жазатын болармын.
– “Тоғыз балам – бір төбе, Ертөстігім – бір төбе” дегендей, туын дыларыңыздың ішінде “Интернаттың баласы” повесі өзгешелеу, сіздің талантыңызды танытып, мойындатқан да сол туынды. Сол туындының туу тарихына тоқталсаңыз? Жалпы, сізге идея қайдан келеді? Өмірден бе, қиялдан ба? – “Интернаттың баласындағы” гәптер мен кептердің көпшілігі өзімнің өмірімнен және бір бөлмеде жатқан “батырлардың” тағдырларынан алынған. “Шашынан күннің, одан соң айранның иісі шығатын” әпкемнің характері, қия жолмен етке айдалған жылқылардың шұрқырауы, ауылдан кеткісі келмей жардан құлауы, Ноқтабай ауруханадан шыққанда, әпкесі келін боп түскен үйдің кіргізбей қоюы, Тәжен Ошаевтың, басқа да балалардың аяныштылау тұрмыстары – бәрі болған нәрселер. Идея маған жан-жақтан бірдей келеді-ау. Өмірден де аламыз, қиялдан да қосамыз. Сол повесімнің соңында бастық тардың бәрін интернаттың балаларынан тағайындаса, әділеттілік болар еді деген бір ой баса айтылған. Қазір сөйтіп жазғаныма езу тарта қараймын. – Сіз жазушы ретінде ғана емес, журналист-публицист ретінде де белгілісіз. Бұл орайында “Аңсар” дейтін кітабыңыз шыққанын білеміз. “Егемен Қазақстанда”, басқа да мерзімді басылымдарда бетбет болып, публицистикалық дүниелеріңіз жиі-жиі жарық көреді. Ал көптеген ақын-жазушылар өйте бермейді, тіпті журналистика жазу шылыққа зиянын тигізеді дейді. – Университеттің филология факультетін бітіргенмін. Бірақ жиырма жылдай газеттерде жұмыс істедім. Кейінгі қызметтерім де БАҚ-қа, жур налистикаға тікелей қатысты болды. Қазір көбінесе газет-журналдардың тарапынан тапсырыстар беріледі де, ықыласпен орындаймын. Бас тарта алмаймын, жұртшылыққа, оқырманға қажет шығар деп ойлаймын. “Егемен Қазақстан” газетінде “Елдік мінбері” айдарымен екі жыл бұрын жариялан ған “Тазалық”, “Ауыл және адамдар”, биылғы Наурыз нөмірінде шыққан “Артыңда тал да қалсын, мал да қалсын” деген дүниелер бойынша хабар ласқандар, алғыс айтқандар, пікір білдіргендер аз емес. Кейбір көкейкесті мақалаларыма байланысты айдарлар да ашылды. Оның үстіне бүгінде кіта быңыз небәрі мың дана, ары кеткенде екі мың дана ғана боп шығады. Баяғыда “Интернаттың баласы”, “Қорғансыз жүрек” сияқты кітаптарым отыз мың данамен шығып, тез тарап кетуші еді. Әңгімелерімді де қазір газеттер сұрап, жариялап тұрады. Жазушылық пен журналистика дегендеріңіз өз алдарына бөлек-бөлек әлем болғанымен, жаны бір, қаны бір туыс адам сияқты емес пе? – Маха, Сіз діл мен тіл дегендей, ішкі саясаты бар, ақпараты бар, басқасы бар, әйтеуір, үлкен облыстағы жауапты жұмыстарда келе жа тырсыз, қалай болғанда да саясатқа араласып жүрсіз. “Хасанның иті Асанның үйінен ас ішіп, Бошанның үйін қориды” – деген екен біреу. Қа зақстанда туып-өсіп, Қазақстанның арқасында адам боп, биік биліктің тізгінін, майлы жіліктің басын ұстап-ақ келе жатқандар кенет айнып, басқа мақсатты, бөтен мүддені күйттеп, өздері де, сөздері де өзгеріп шыға келетіні несі? Осындай ағымға қалай қарайсыз? – Қазір ғана шолып өткен публицистикалық, өзіңіз өлшемін көрсеткен “бет-бет” мақалаларымда мен азамат және саясат, жеке бастың мүддесі мен ұлттық, қоғамдық, халықтық мүдде, мақсаткерлік пен қайраткерлік, ерендік пен елжандылық хақында хал-қадерімше ой түйіп, пікір білдірген секілдімін. Мәселен, “Тазалық” деген толғанысымда Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа
Шоқай, Тұрар Рысқұлұлы сияқты тұлғалардың өз ұлтына, түркі жұртына қалтқысыз адалдығын, небір қатерлі, кесепатты өткелдердегі, саясаттағы бетбейнелерін мезгей келе бүгінгі күнгі тұлғалар тазалығы мен жауапкершілігі туралы сөз қозғадым. Жүсіпбек Аймауытұлының қатардағы, ахлағы әлсіз адамдар жайындағы талдамасына назар аударып, қазіргі әр қазақтың мықты болмаққа міндетті екендігіне, әсіресе қолында билігі барлардың, бай-бағ ландардың парызына ерекше екпін түсірмекті мақсұт тұттым. Элита деген ұғымның төңірегінде де ойланыңқырай берем. Небір қазанат азаматтар дың тынымсыз тірліктерін, ұтымды ұмтылыстарын, алымды шараларын, шалымды шаруаларын, жарасымды жүріс-тұрыстарын, көрікті де көркем тұлғаларын, білім-біліктерін байқап, өркениетті дейтін шет елдіктермен салыстыра қарап қойып, “біз де жеттік-ау!” деп күбірлейсің, бүкіл болмыс тарынан мемлекетшілдікті, ұлтшылдықты, рух пен намыс үйлесімін сезініп, мерейлене түсесің. Алайда, ара-арасында бар ғой, тексіз шіреністі, іркіттөк ішіп-жесті, жиіркенішті жебірлікті, өңмеңдеген өркөкірек өзімшілдікті де көріп, жиіркене жерініп: “Элита қайда, ел қайда?!” – дегің келетінін қалай жасырарсың. Саясатқа араласу дегенді де жұрт әр түрлі түсінеді. Біз пақы рыңыз айтатынымызды айтып, жазатынымызды жазып жүрміз. Атқаратын қызметімізде басты-басты принциптерімізден тайқымауға тырысамыз. Ал енді саясатыңыздың астарлаңқырап ұғынылатындай мағынасындағы жағын да шаруамыз шамалы. Өсек айтпаймыз, өсекті тыңдамаймыз. Демек, “үнде местігіміздің” осы орайда һәм зияны жоқ. Асанның асын ішіп, Бошанның үйін қоритындарға келсек, бұл – баяғы бірнеше жүзжылдықтарға созылған отаршылдықтың дәуірлерінде дендеген дерттердің, асқынған аурулардың бүгінгі құбылыс-көріністері, қоқыс-қалдықтары. Қазақ – жаратылысынан таза, бекзат ұлт. Ұлт ретінде толыққанды қалыптасып болған жоқпыз деп жүрміз ғой, қалыптаса алмай жатуымыздың өзі де – сол отаршылдық ғасыр лар қалдырған кеселдерді кесіп тастайтын оташылдықтың кемшіндігінен. Таза текті ұлттық негізімізге сан тараптан қаншама шабуыл жасалды. “Қа зақтарды өздеріне білдірмей қырып-жою керек, іштен ірітіп-шіріту керек” деген Бірінші Петрден, басқа да патшалардан бастап бүгінге дейін сондай шабуылдар тоқтаған жоқ. “Бұлғаңдауыңыз” бен “бұлғақтауыңыз” жай ғана, жайбарақат құбылыс-көріністер емес, қауіптілік жағы басым. Ондай-ондай асқынған аурулар бұрынғы замандарын келе жатқан бақталастық пен тақта ластыққа ұласып, ушыға түссе, ұлттық мүддеге, халық тағдырына қатерлі. Өзгеге өзеуреп, басқаға бұлғаңдамай-ақ оппозиялық танытуға болмас па? Баяғыда Қарабұлақ дейтін баршаға белгілі базарда Қоқай дейтін дүлдүл делдал болған. Оның жылқы саудалаудағы нарық кесуі мен нақ-нақ сөйлер шешендігіне бола базарға баратындар көбейеді екен. “Делдалдың бәрі Қоқай емес” деген сөз сондайдан қалған. Сол әңгімедегідей, шет елге кеткендердің бәрі Шоқай емес. Қанша қоқырайтқандарымен, өз басым Қажыгелдиніңізді мұқым-мүлде қабылдай алмаймын. “Оппозиция керек пе, керек емес пе?” деген сұрақты қоюдың өзі саяси сауаттылыққа жатпайды. Бірақ, біздегі түрлі оппозициядағы, партиялардағы іс-әрекет мәдениетінің, саяси мәдениеттің деңгей-дәрежесіне, кейбір “көсем” серкелердің нысай-ниетіне нұқыл жағаң ды ұстап, қайран қалуға мәжбүрсің. Е, неғыпты сонша, әсте-әсте жетілер, негіздері жетесіз емес қой дейсің, әйтеуір. – Әңгімеңізге рахмет! “Қазақ әдебиеті” газеті, 2005 жыл.
ЖИЕНБАЙ
“ОҚЫРМАН
ОРМАН ІШІНДЕ
АДАСЫП ЖҮР!..”
Ш іркін, студенттік шақтар-ай! Университеттің журналистика факультетіне түскен студенттердің бәрі шетінен ағып тұр ған ақын, жанып тұрған жазушыдай көрінетін. Соңғы курсқа келгенде солардың ішінен іріктеліп қамшының шашағындай ғана төрт-бе сеуі қалатын. Бүгінде соқпағы бар соқталы жазушы Қуаныш Жиенбайдан жазушы шығады деп ойлаған емеспіз. Томаға тұйық. Көп ашылмайды. Ыстықты суытпайтын, суықты ысытпайтын термос секілді бірқалыпты. Ол кейін ашылды. Әсіресе, “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас Алаш”) газетін де көп жылдар қалам тербеп, қалыбына түсті. Қазір Астанада. Сол баяғы журналистік кәсіп. “Тоғызыңда қандай болсаң, тоқсаныңда сондай бола сың” дегендей, Қуаныш – сол баяғы Қуаныш. Бірақ, өзі өзгермесе де, сөзі өзгерді. Айтары бар айтулы қаламгерге айналды. Сумо – Жапондардың ұлттық дәстүрлеріне айналып кеткен кү рес ойыны. Сол жан алып, жан беріскен күрес атаулының абсолютті шындығы біреу: жеңесің, не жеңілесің. Жеңіске жеткен пенденің сон дайда көрерменге бұрылып, қолын әнтек қана көтеріп, жүрек қуаны шын бөлісетіні бар. Осы тұрғыдан келгенде, Халықаралық “Алаш” сыйлығының лауреаты, жазушы Қуаныш Жиенбай сумо күресінің палуандарына ұқсайды. Бірақ ол әдебиеттің боз кілеміне қанша рет шығып, қанша рет жеңіске жетсе де желпінгенін байқаған емеспіз. Хал-қадірінше әдеби ортада аты аталып жатса да, әйтеуір дыбысы шықпайды. Осы “сабырлылықтың” сыры неде? Міне, біздің әу де гендегі әңгімеміз осы төңіректе өрбіді. — Шын мәнінде жүректі тебірентіп туған шығармамды түптің түбін де біреулердің көзіне түссінші, интелектуалды әдеби сынның назарына іліксінші дейтін толып жатқан бақай есеппен жазбаймын. Ол бәлкім, Голливудтың әлем-жәлем фильмдерін түсіретін режиссерлеріне ғана тән құбылыс болар. Олар алдымен әлі түсіріліп болмаған фильмдерін мұхит тың арғы жағындағы айтулы бір қалада өтетін болашақ кинофестивальға кімдердің қатысып төрелік жасайтындығын шамалап, солардың ыңғай ларына жығылатын бар “мүмкіндіктерді” қарастырып, сосын барып іске кірседі деседі ғой. Жазушы байғұста ондай алдын-ала жоспар құру деген болмайды. Несін жасырайық, қазір қалам ұстағандарға төбеден қарайтын түсініксіздеу көзқарас қалыптасты. Бұл жерде билік басындағылардың салқынқандылығын айтып тұрғаным жоқ, бәлкім оны да жылы жауып қоюға болмас, ал қарапайым оқырманның өзі кітап дүкендерін айналып өтетін әдет тауып алды. Бар-жоғы мың данамен жарық көрген кітаптың өзі өтпей жатса “Мені неге оқымайсыңдар, ағайындар-ау?” деп елге қалай сауын айтасың? Осы күндері “ойлы оқырман өзіне керектісін тауып алады” дейтін
пікір де аракідік төбе көрсетіп қалып жүр. Таба алмайды, өйткені алтын мен апталып, күміспен күптеліп, күн сайын, сағат сайын шығып жатқан топан кітапсымақтардың ішінен оқырман өзіне керектісін бәрібір таба ал майды. Осы орайда әлдекімдер интелектуалды әдеби сынның кемшілігі ғой деп, бар жауапкершілікті сынның мойнына арта салғысы келеді. Әде би сын өзінің әу бастағы міндетін атқарар-арқармас, ал оқырманымыздың да бүйтіп салдыр-салақ жүруі ақылға сыймайды. Төлен Әбдікұлының айт қанындай “осы күнгі оқырман орман ішінде адасып жүр. Біреулер студент кезінде әке-шешесінен ақша сұрап жазған хаттарының да басын құрап кі тап шығарып жатыр”. Ал осындай аласапыранда менің жазғаным еленбей қалды-ау деп, битке өкпелеп тоныңнан айырылуға бола ма? Бәрібір оптимистпін, түптің-түбінде жақсы жазылған шығар-маның із-түзсіз жоғалып кетпейтіндігіне сенімдімін. Ыңғайы келсе армандаған ға не жетсін, елдің талап-тілегіне орай Оксфорд энциклопедиясы дейтін кітап жыл сайын басылып шығады екен. Оған дүние жүзіндегі жаңа шық қан кітаптардың тізімі ғана кіреді. Дәл осы тұста құдай деген жазушы ларыңыздың аспан тірейтін атақ-абыройлары есепке алынбайды да, тек қарапайым оқырманның пікірлері арқылы ғана түзілген жақсы кітаптар дың тізім жасалынады. Қандай керемет! Ал Оксфорд энциклопедиясының тізіміне кіру — ең жоғары сыйлық алумен пара-пар. Осындай дәрежеге қашан жетер екенбіз дейміз ғой баяғы. Бәлкім, әлду-бәлду кітаптар тасқы ны сонда барып айылын жияр. Шыным, осындайда ара салмақты айыру дегеніңіз мүмкін бе, болған күннің өзінде сол сынды менің шығармашы лығыма дәл тауып айтылған таразы деп қабылдай алармысың?!.. Көп ағайын аса мән бермейтін бір жағдайды есіңе салайын, Жазушы лар одағында әдеби жылдың қорытындысына арналған дәстүрлі жина лыстар өтіп жатады. Ондағы “тәртіпті” өзің де білесің, Камю айтпақшы, бізде бір жаманы жазушының шығармасы оқылмай жатып мақталады ғой. Осы баяндамаларға ілігіп қалатындығым рас, атүстілеу болса да шығарма оқылады, соған шүкіршілік жасаймын. — Одақтық басылымдарда, қала берді өзімізде айтылып жүрген дей әдеби экперимент дегенге қалай қарайсың? Қызды-қыздымен біреулер мүлдем жаңа тұрпатты әдебиет жасау керек деп те жата ды, сол “бастаманың” басы-қасында алдымен өздерінің жүргендігін де іштері жек көрмейді. Ана жолы әлемде ең көп оқырманы бар деп танылған бразилиялық жазушы Пауло Коэльо Алматыға келді. Қа зақтар жайында жаңа шығарма жазғысы келетіндігін де жасырмады. Алматылықтар, әсіресе орыс тілді оқырмандар өліп-тірілді. Мерзімді баспасөз де бірінен бірі басып озып, Коэльо келмесе жазатын тақы рыптары түгесіліп қалатындай білекті сыбанып-ақ кірісті. “Анкара” қонақүйінің сыртында қолтаңба алу үшін сапырылысып тұрғандар ды көргенде шынымен көңілім бұзылды. Қызғаныш пен қуаныш қоса қабат кеуде тепкіледі. Маған кейде... жо-жоқ, бұл жерде Пауло ның қатысы шамалы, оның мықты екендігін өзім де шамалаймын. Ал сен пиарды әлдекімдер көрер-көзге қолдан ұйымдастырады де генге қалай қарайсың? — Сұрақтарыңның әрбір сөйлемі атан түйеге жүк болғандай екен.
Мойындауға тура келетін бір шындық бар, бүгінде күллі эстетика атау лыға, оның ішінде әдебиетке қатысты да талап-талғам өзгерді. Бұрын бол маған әдіс-тәсілдер, күн сайын қолданысқа еніп жатқан формалар қалам ұстағандарды еріксіз ойландыратындай кезең туды. Баяғыдай жұмысшы табының құдірет-күшін “жырлаған” кірпіш кітаптар келмеске кетті. Жанжағымыздан “жаулап” алған тегеурінді күштер, басқасын айтпағанда... сол интернет, сол компьютер, сол теледидардың өзі-ақ мойын бұруға шамамызды келтірмеуге айналды. Қол-аяғымызды “кісендеп байлап” тастайды. Ал ақылға салғанда заман ағымы осылай екен деп, дүлей тас қынға топ ете түскен ағаш жаңқасындай әп-сәтте жұтылып кетсек... Онда біздің “әдебиет-ардың ісі” дейтін дұғамыз қайда қалады? Ғабаң ескерт кендей “әдебиет пен мәдениет ұлы болмаған жағдайда ұлт та ұлы болып жарытпайды” дейтін ақтық сапар алдындағы аманаты қайда қалады?.. Ал осы күнгі қаптаған қоғамдық құбылыстардың ығына жығылғандай “әдебиет—ұлт иммунитеті” дейтін жүрегімізге жылырақ тиетін қағиданы да қалап алған өзіміз емес пе едік?! Сонда мұнан шығатын амал қайсы? Амал—оқырмандардың қандай тақырыпты оқығылары келетіндігін тап басып, өздерін соның ішінен жаңылмай танып алатындай дәрежеде кітап жазу. Мураками деген мықтыңыз “Мен прозада да әуен болатындығын дәлелдеп бақтым, менің кітаптарымды оқыған жастар ұлтына қарамай, өз дерінің кескін-келбеттерін айна-қатесіз тауып алады” деген пікірін мық тап шегелеуге айналды. Қайтіп қарсы дау айтарсыз. Қазір Голливудтың жүрек жұтқан режиссерлері секілді әлем жұртшылығына аты танымал жа зушыларыңыз да аузымен құс тістеген алпауыт баспалардың “заказдары” бойынша кітап жазатын “мода” тауып алды. Мойындайық, мойындама йық, қазір әдеби ағымындағы жаңаша ойлау жүйесі қалыптасты, кейіпкер жан-дүниесіндегі арпалысты сезімдерді типтеудің жаңаша әдістері дүние ге келді, қайшыласқан ішкі сезім мен ой драмасын қиюластыру арқылы адам “жұмбағын” ашуға тырысушылық елді елең еткізді. Баяғыдай “... измдерді” езіп отырмай, екі-үш персонаж қақтығыстарының өзімен-ақ өл местей өнер дүниесі жасалатындығы толығынан дәлелденді. Соның алғашқы қарлығашы деп Әбдіжәміл Нұрпейісовтың “Соңғы парыз” романын айтар едім. Өз арамызда аракідік “батыраш-қотыраш” пікірлер айтылып жатқанымен, роман мойны озық әдеби құбылыс ретінде әлем оқырмандарынан қолдау тапты. Батыс Еуропаның атышулы баспа лары романды көп тиражбен басып шығаруға ықылас танытып үлгерді. Мүйіздері қарағайдай Мәскеудің әдебиетшілері мен сыншылар қауымы тырнақ астынан кір іздеместен, жасы келген аға жазушының осыншалық батыл ізденістерге баруын көзсіз ерлік деп бағалады. Сол талқылаудағы таспаға түскен еш боямасыз аттарынан ат үркетін тұлғалардың өз дауыс тарын тыңдап отырған сәтте “келешегі мол қазақ әдебиеті” туралы, “Шы ғыстың көзі тірі Шолоховы” туралы, “әдебиетіне, мәдениетіне мән беру дегенді жай ғана екеуара айтыла салатын әңгіменің астарында қалдырмай, мемлекеттік деңгейде, кешенді масштаб тұрғысынан қарастырып жатқан қазақ елі” туралы... жүрек жадыратарлық талай тұшымды пікірлер есті генбіз. Сатылмайтын, шын ниеттен туған пікірлер. Ал Әбекеңнің орнын да басқа біреу болғанда осы дүниелердің басын біріктіріп, елге тарайтын
белгілі газеттердің біріне бастыртып та жіберер еді-ау. Бірақ тумысынан ұстамды, ақ қағаздың киесінен өлердей қорқатын, не жазса да алдымен Сәбең, Сәбит Мұқанов айтпақшы, бар ойын “мидың мың градустық дом насында қайнатып алмай” үстөлге отырмайтын жазушы мұндай арзан бедел жинауға жоламады. Өзіне пиар жасағысы келсе, бұл Әбекең үшін өзінен-өзі сұранып тұрған “қазына” емес пе еді. Айтқандай, Көпеке-ау, екеуміздің айдалада отырып “қызыл кеңірдек” болған осы адвокаттық қызметімізді Нұрпейісов керек қыла ма десеңші! Ептеп ішті тырнайтыны, “Соңғы парызға” көпшілігіміз қуана қоймадық-ау деп ойлаймын. Біздің төңіректегі “эксперимент” шұрайлы әдеби тілді шұбарланды румен “рекорд” жасап келеді. Иә, шығарманың бар айтар ойын жазушы қолмен қойғандай немесе ежіктеп жұртқа түсіндіре бермей, оқушыға да бір нәрсе қалдырсын дейтін де пікір бар. Бұл-қарабайырлыққа ұрын деген ұран емес. Ал бұған керісінше шығарма неғұрлым түсініксіздеу жазылса, ол соғұрлым “өтімді” боп көрінеді деп есептейтіндер де жоқ емес. Мұндай күлдібадам “экперименттің” болғанынан болмағаны жақсы. Жатық, ойы айқын, қысқа да нұсқа, мық шегедей шығарма қай кезде де ұлттық әде биеттің мол қазынасы. Буниннің “Бүкірін” айтпағанның өзінде, туған әде биеттегі эксперименттің үлгісі Шер-ағаңның “Алтын тікені” мен Әбіштің “Тасбақаның шөбі” ғой. Коэльоныңыздың барлық шығармасын толықтай оқып шықтым деп айта алмаймын. Ол жазушы туралы да білетінім сенің білетініңдей. Бәлкім, түсінбей де жүрген шығармыз. Сәл деңгейін төмендетіп жіберсем Пауло мырзадан алдын ала кешірім сұраймын, неге екендігін кім білсін, ол өзіміздің Дулат пен Тынымбай көкемнің шамасындағы жазушы секілді көрінеді де тұрады маған. Бірақ елге ертерек танылған. Алдымен оның жазушылық мүмкіндігін шамаласаңыз, басың айналар еді. Барам деген жеріне барады, көрем деген елін көреді. Шын шығармашыл адамға өз бос тандығынан артық бақыт бар ма?! Ал Төлен, Дулат, Бексұлтандар Португалияда соншалық таныла ала ма. Қайдағы Партугалия, қазір қазақ жазушылары орыс тіліне де ауда рылмайды. Кешегі Кеңес одағындағы әдеби байланыстардың тамыры күрт үзілген. Соңғы уақытта Мұхаң, Мұхтар Шахановтан басқа орыс тілі не, шетелге аударылып жатқан қаламгерлерді білмеймін. Егер Тынымбай Нұрмағанбетовте де Коэльоның мүмкіндігіндей мүмкіндігі болса, санда ған агенттері болса өзін жарнамалатпай-ақ, ақша іздеп баспалармен шарт жасасатын едім деп шаршамай-ақ жазуын жазып, тым-тырыс жатар еді... — Сонда не істеу керек? — Оны Чернышевскийден сұраңыз... Жазушы үкіметтен көп нәр се сұрап, орындалмайтын талап қойып жатса бәр сәрі. Оған тек тиесілі қаламақысын төлеңіз. Саунаға түспей, бильярд ойнамай, қолтарлықтың қырсығынан бар-сыраханалардың қарасын да көрмей, күні-түн саусағын қажап жазғандағы еңбегі—көк тиын. Ал дұрыс қаламақы төленбеген жер де әдеби бәсекелестік туындай ма. Жазушыларымыз Кеңес одағындағы жағдайымен жылап көріседі бүгінде. Алдыңғы толқын ағалардың (олар көп те қалған жоқ) әңгімелеріне қарағанда ең қомақты қаламақы соғыс тан соңғы Сталин заманында төленген екен. Ел-іші ашқұрсақ, ал соған
қарамай, айтқаны жүріп тұрған Сталиннің өзі жазушыларға жағдай жа сауды ұмытпапты. Күріш сабағындағы дәнді шашыратпай жинап алуға жәрдемдескен өнертапқышқа патент беріледі, үстеме жалақы төленеді. Ал жазушыға... — Сыйлық алады, айтысқа қатысып мәшине мінеді, тапсырыс пен кітап жазады дейтін болар. — Мейлі, жазушыға берілетін сыйлықтың қандайы болса да адал. Біз де соның өзі қанталапай. Мәселен, алақандай Францияның өзінде екі жүз ден астам әдеби сыйлық бар екен. Ресейде де жетіп артылады, олардың аймақтық сыйлықтарының өзі қанша ма?! Ойым айтады: бізде ауыздары мен құс тістеген оннан астам ұлттық компаниялар жұмыс істейді. Солар дың әрқайсысы жылына екі-үш сыйлыққа бәйге жарияласа қазыналары ортайып қалмас еді ғой. Бірақ олар өздігінен ондай қадамдарға өлсе де бармайды. Өздері екібастан кітап оқымайды. Жоғарғы жақтың тоқпағы қажет бәріне. — Осы күнге дейін қанша кітабың шықты? Неге үндемейсің-ей? А? Жарайды, кітабыңның санын айтпасаң айтпа, тіл-көзден аман бол да жүре бер. Ал өз тұстастарыңнан кімдерді оқисың? — Серік Асылбеков, Әлібек Асқаров, Тұрысбек Сәукетаев, Рақымжан Отарбаев, Қуандық Түменбай, Асқар Алтайды жібермей оқимын. Ақын Есанғали Раушанов мүлдем жаңа қырынан танылды. Поэзиядағы орнын шегелеп алды да, прозадағы алғашқы қадамын сынап көрді. Романының стилі бөлек, тілі бөлек. Біз бастан кешіп жатқан осы өмірді боямасыз су реттейді. Нақпа-нақ. Шукшин айтушы еді ғой: “Кемпір қатқақ жолмен келе жатты да құлап қалды. Сеткісіндегі жұмыртқалары жарылды. Бізге керегі кемпірдің қалай жығылғандығы емес пе. Ал біздің жазушылар қай теді десеңші, бекерге жандарын қинап, кемпірдің он жетінші жылы қыз, не келіншек болғанын, сол кездегі ауа райын әңгімелеп, оқырманды шарша тып жібереді”. Бұл көбіміздің басымызда бар кемшілік. Есенғали осыдан, өзін көп сөзділіктен сақтандырады. Ал құстар туралы эсселері таңдайға түскен қант қиығындай салғаннан еріп жүре береді. Тек бір өкініштісі, біздің тұстастардың да бастары көп қосыла бермейді. — Іргеміздегі Ресейде болып жатқан әдеби құбылыстарға қалай қарайсың? Плевин, Акунин, Маканин, Сорокиндердің есімдері ауыз дан түспейді. Сыйлықтарды да солар алып жатады. — Ресейдегі әдеби ағым бізге қарағанда күштірек. Жақсы шығарма бағаланады, талданады, оқылады. Ал бізде басқасын айтпағанның өзінде оқушылар конференциялары, кітапханаларда өтетін кездесулер, автордың қолтаңбасын алу деген секілді немкетті көңіл аулайтын шаралардың өзі де сирексіп барады. Ресей, Қазақстан жылдарына қатысты әдеби аударма мә селесін де мықтап қолға алайық деген бірді-екілі жиналыстарға қатысқам. Бірақ сөз айтылған жерінде қалды. Ілгері жылжымады, ілгері жылжыта тын тетік табылмады. Мәскеу кітап дүкендеріндегі сауданың бет алысы сұмдық. Кітап саудасы өтімді бизнес түріне айналған. Және сол дүкендер ден арқаланып шығып жатқандарды көргенде Алматыдағы өгей жағдай еске түседі. Білмеймін, осының тиімді жолы бізге таптырмай-ақ қойды. Өтпейді, не жетпейді. Біздегі кітап саудасы осы төңірекпен шектеледі. Бос кеңістік жау шақырады деген. Сол бос кеңістігімізді Ресей кітаптары жаулап алды.
— Шығармаларыңның өн бойынан үнемі теңіз тақырыбы қо самжарланып қалған емес. Бәріміз де туған жерімізді жақсы көреміз, туған жердің патриоты болғымыз келеді. Дегенмен... — Теңіз мен үшін мәңгілік тақырып. Әрине, кез келген өңірдің де экологиясы оңып тұрмаған болар. Ал бәрінен бұрын ондай тақсіретті менің Аралдағы жерлестерімдей ешкім де бастан кешкен жоқ. Тартыл ған теңіздің табанынан ұшқан тұз бен шаңдаққа қарамай, олар жаға лаумен бірге тырмысып өмір сүріп келеді. “Басқадай жұмақ өлкелер ге көшпеймісіңдер” деп үкімет тарапынан да үгіт-насихат жұмыстары жүргізілген. Көшу, қоныстандыру қаражаттарын да мойындарына алған. Бірақ баяғы балықшылар әулетінің бүгінгі ұрпағы қасарысып, әлі күнге дейін теңіз жағалауынан қол үзген емес. Шамасы осы тұста да бір кере мет сыр бар-ау. Оларға аяушылық білдірсең ұтыласың. Енді қайтып олар сенімен тілдеспейді. Тіпті мұнан былай сені көргісі де келмейді, сенен құ тылғанша асығады. Теңіз жағалауындағы осы бір көзге андағайлап көріне бермейтін психологиялық ахуалды әлі күнге дейін сол қалпында қағазға түсіре алмай-ақ келеміз. Ғайыптан Зураб Церетели экология тақырыбы нан мүсін жасайтын болып, Арал өңіріне келе қалса жағалаулықтардың кез келгенін ұстап алып, қиналмай-ақ тірі кейіпкерге айналдыра салар еді. — Әр қаламгердің басында бар шаруа ғой. Кейде біреудің керемет дүниесін оқығанда “Қап, осыны мен неге жазбадым?” деп қызыға сың. Осы тақылеттес өкініштерің бар ма? — Неге болмасын. Айтматовтың “Ақ кемесін” алғаш оқығанда қат ты қиналдым. Балық боп кеткісі келетін бала бейнесін көрер көзге менен тартып алған секілді болады да тұрды. Кешегі әлем жұртшылығын әбігір ге салған Шығыс Азиядағы цунами туралы да талай шығарма жазылар, жазылып та жатқан болар. Біреулер сенер, сенбес, теңіз жарықтық кене ресінен асып-төгіліп жатқан тұста кіші цунами біздің жағаға да тынбай соғып тұратын. Дәу толқындар Мойнақтан Аралға мақта тиеп бара жат қан баржаңызды әп-сәтте аударып тастайтын. Содан көзімізді тырналап ашып, ертеңгілік жағалауға қараймыз ғой баяғы, тау-тау үйілген ақ мақта. Тегін дүниеге кім қызықпасын. Жағалаулықтар түйеге теңдеп, бір-екі тай мақтаны үй маңына түсіріп алатын. Ешкімнен тартып алған жоқ, құдай берген несібе. Оны айтасыз, елуінші жылдардың орта тұсында теңіз та сып, балықшылардың қамыстан тұрғызылған қақыра тамдарын толқын шайып кетуші еді-ау! Балықшылар айлап теңіздің арғы жағынан балық аулап жүргенде ауылдағы қатын-бала тағы бір қатерден қорқып, құм тө беге қарай үдере көшетін. Баламыз. Ертеңді-кеш ермегіміз — теңіз. Қайықпен жақын маңдағы аралдарға барып, қозы-лаққа шөп орамыз. Сусіңді шөпті қырға тасудың азабын көрсеңіз. Теңіз тартылып кетті. Біреулерге аңыз секілді боп елес тейтін осы оқиғаны әлі айна-қатесіз қағазға түсірейінші деп қаншама оқ талдым десеңші. Эх! Ойдағыдай шығара алмадым. Кейде қаламның саған бағынбай кететіндігін де енді түсінгендеймін. Ондайда жазу үстелінен тез арада тұрып кеткен абзал... ... Теңіз тартылса да тебіренісі тартылмаған қаламгердің ішкі жан-дү ниесі цунамидай тасып жатқанын аңғардым. Жаңа шығарма жағалауды ұрған толқындай лықсып тұрған сыңайлы.
ХАЛЫҚ – ҚАЙРАҚ,
ҮКІМЕТ –
ҮЛКЕН ПЫШАҚ
А латаудың әуежайынан көтеріліп, ақша бұлттың арасына сіңген күміс қанат ұшағымыз Бетбақдаланы бетке алып самғағасын Жүрсін Ерман қойқаптағыны қозғап, әңгіменің тиегін ағытты. – Қазақстан Жазушылар одағының әдебиетті насихаттау бюросы бар еді ғой. Соның арнайы жолдамасымен ақын Тоқтарбек Қызықбаев, Асқар Егеубаев үшеуміз Ұлытау ауданына бардық. Ол кезде Брежнев марқұм тірі еді. “Шеңбер” кеңшарының директоры бізді баласынды ма, әлде бәлесінді ме, “командировочный” қағазымызға бармағын басып, қол да қоймастан, төбесін көрсетпей жоғалды. Қашанғы күтеміз, қолма-қол суырып салып бір-екі шумақ өлең жазып кеткен едім. Шайтандай түске кірер кей түндері, Үрейден шошып едік кейпіңдегі. Ауылдан түн ішінде тұра қаштың, Қонақтар қуырдақ қып жейтін бе еді? Үн-түнсіз аттанып-ақ кетер едік, Мөрің де жоқ боп шықты сейфіңдегі. Бұл өлең ескерткішім болсын саған Дәбейдің жазуындай бейітіндегі. Содан бері ширек ғасырдай уақыт өтіпті. О, заман-ай! Қазір Тоқтарбек аға да жоқ, Асқар досым да жоқ, Брежнев те жоқ. Бірақ, ел-жұрт орнында. Пейілі кең. Баяғыдай емес, ақын көрсе астындағы атын түсіп беруге даяр. Жезқазған қаласының әкімі Мұса Танабаев “Ана тілің – арың бұл” деген тақырыпта республикалық ақындар айтысын ұйымдастырып, маңызды іске мұрындық болып отыр. Бір-екі ақынды ауырсынатын баяғының бас шылары емес, еліміздің түкпір-түкпірінен 16 ақын шақырдық. Бас бәйге – “Жигули” автокөлігі. Демеуші – “Қазақмыс” корпорациясы. “Қазақтың мысын қалқып алып, шекесі жіпсіп отырған кәріс ағайындардың мына жоралғысы жетім қыздың жасауындай емес пе?” де гендей емеурін танытқан ер мінезді меценат Өмірзақ Сәрсенов “Барғасын басшыларымен байланысайықшы” деп қалды. Онысы “Олқы тұстардың орнын толтырайық” дегендей сезілді. Айтыстың жанашыры, зейнеткер ағамыз Сламхан Ибраимов ұшақ ішінде газет оқып отырып, өз-өзінен күлді. Анекдот па? Жоқ! Тарихи оқиғаға күліпті. ... Өткен ғасырдың сексенінші жылдары өз ұлтының ұлағатты екі жа зушысы Лениндік сыйлыққа қатар ұсынылады. Оның бірі – грузин Нодар Думбадзе, екіншісі – қазақ қаламгері Ілияс Есенберлин. “Көшпенділермен” көп оқырманды баурап алған Ілияс ағаға комиссия мүшелерінің басым көпшілігі дауыс береді. Ой, қызық-ай! Бірақ өтпей қалады. Неге? Думбадзені айға шығарған грузиндер Тбилисиден ұшақ жалдап, құшаққұшақ гүл жібереді. Біздің Есенберлинге де Алматыдан арнайы бір ұшақты ұшырып жібереді. Бірақ ұшақтың іші гүл емес... толған арыз-шағым еді. Грузиннің бағы жанды, қазақтың сағы сынды. Бітті! Думбадзенің жалауы желбіреді. – “Қазақтың жауы – қазақ”. Абай атамыз қалай дөп басып айтқан, ә? – деп, Ислам аға соған күлсе керек.
Күлетін нәрсе ме? Жылайтын жәйт қой. Ойландым. Әр елдің салты әр басқа, менталитеті де әрқилы. Мысалы, Францияда болатын нәрсе – бола ды. Англияда болмайтын нәрсені болдырады. Германияда – болмайтын нәрсе болмайды. Ал, бізде ше? Болайын деп тұрған нәрсені болдырмауға тырысамыз ғой. Өткен жылы “Күллі әлемнің күлкісі” атты Халықаралық сықақшылар фестивалінің алғашқы тұсауы Ақтау қаласында кесілді. Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың Халықаралық сықақшылар байқауын жыл сайын жеке-дара өткізіп тұратындығы туралы байыпты сөзін бар оқырманға қуана хабарлағанбыз. Елуге жуық қатпарлы думанның қатарында ақындар мүшәйрасының да өткенін “Қазақ әдебиеті” газетінің ғ 36 санында жазғанбыз. Алайда С.Адайбаев деген автор іле-шала осы газетке “Интеллектуал өлең шетке қағылмасын” деген қыжылы бар қысқа мақала жариялады. Онда “Жазба ақындар мүшәйрасы туралы жұмған аузын ашпады” дей келіп, “Мүшәйра тарихында тұңғыш рет жас ақын жақсы жыры үшін жеңіл көлікпен марапатталғанын Көпен көре тұра көрмеді” деп ғайбаттайды. Байдың асын байғұс қана қызғанады. Несіне тарынамыз? Мүшәйра тарихында Иран Ғайып, Ғалым Жайлыбай, Есенбай Дүйсенбайұлы, Ерік Асқаров, Ғұсман Жандыбаев секілді боталы түйедей боздаған ақындар бұған дейін де темір тұлпар мінгенін білеміз. Оған кезін де қуанғанбыз. Тіпті, Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық тойында жыр оқып, “Волга” автокөлігін алған Иран-Ғайыпқа әзілдеп пародия жазғанмын. Соңғы шумағы былай: Жыр үшін туған бір балаң едім, Маған жаның аши ма, Құдай? Жамбыл бабаны жырлаған едім, Бердің-ау бір машина, Құдай! Жарылқағаның сол-ақ па?! Жазба ақындарына жаным ашиды. Айқайы көп, шай-пайы жоқ. Шетінен мырза. Көкіректері аяққаптай. Өздерін “интеллектуал өлеңнің” иесіміз деп есептейді де, қалған жанрға қара күйе жаға салатынына таң қалам. С.Адайбаев та өз мақаласында сондай ойды аңғартады. “Интел лектуалды поэзия айтыс, сын-сықақ секілді жеңіл-желпі” емес дейді. Мәссаған, безгелдек! Әдебиет зерттеушісі Дм.Молдовскийдің “Сатира орыс фольклорының барлық жанрын бірдей аралап өтеді” деген пікірін біле ме екен? Айтыс – жазба ақындарының атасы екенін аңғара ма? Қазақ халқының қанына сіңген қасиетті айтыс өнерін жеңіл-желпі деп есептеу – атасының сақалынан ұстап сүйрегенмен бірдей. Екі ғасырдай бұрын тарихта таңбаланып қалған Сүйінбай мен Қатағанның айтысын интеллек туалды поэзия емес деп айтуға қай ақынның дәті шыдайды? Жаңсақ пікір жарға жығады. Михаил Шолоховтың 1959 жылы жас жазушылармен кездескенде сөйлеген сөзі кім-кімге де үлгі. “Егер ин женер есебінен жаңылып қателік жіберсе, оны жөндеуге болады. Ал, адам жанының инженері – ақын-жазушылардың қателігі миллиондаған халықтың қасіреті. Жазушының жаңсақ сөзі адамның жанын шығарып, жаназасын оқығанмен парапар”. Ендеше, айтыс өнерін “шоу бизнеспен ел қыдырып, нан тауып, нәпақа айырып жүргендер” деудің өзі қасиетті өлеңге – қара күйе жаққанмен бірдей. Рас, “жүрген аяққа жөргем ілінеді”. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың өзі қастерлі хадисінде “Сапарға шығыңдар, несібелерің артады” демеп пе еді? Өз өнерін насихаттап ел аралағанның ешқандай сөкеттігі жоқ. “Интеллектуалды ақынбыз” деп үйде бұғып отырмай, өз
оқырмандарының алдында Олжас Сүлейменов, Мұхтар Шаханов секілді жел тұрғызып, желпінген поэзиясын оқыса, оларға кім қой деп жатыр? Солай болған күннің өзінде ол “шоу-бизнес” пе? Жоқ! Іскерлік. Жігерлілік. Махаббат! Поэзияға деген нағыз махаббат. Өз өлеңімен өзгелерді баурай алмаса оның несі ақын? Өнерпаз Асқар Наймантаев “Бүгін менің туған күнім!” деген тақырыпта Мұқағали Мақатаевтың поэзия кешін жыл сайын Республика сарайында өткізуді үрдіске айналдырса, оны да “шоу-бизнес” дейміз бе? Қазіргі жазба ақындардың көпшілігі өз кешіне өз оқырмандарын құлағынан сүйреп әкеле алмайтынын ара-кідік аңғарамыз. Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова секілді аузы дуалы аға-апаларының назарына іліккен Сабыр Адай, Серік Елікбай, Игілік Әймен секілді “қартаға сыймай қалған қазыналы арал” ақындарымыз біз “интеллектуалмыз” деп өз буына өздері пісіп, өздеріне өздері риза болғаннан оқырманға не пайда? Жазып алып жата бергеннен поэзияның парқын оқырмандар тани қоя ма? Баяғыда бір бай “Алты қырдың аржағындағы сенің айғырың кісі неп, соның кесірінен біздің биелеріміз құлын тастады” деп жала жапқан екен. Сол сияқты көрпенің астында көрінбей жатқан “интеллектуалды поэзияның” иелері айдаладағы айтыстың айғыры кісінегеннен қазақ по эзиясы қараң қалатын түрі бар деп күстәналаудың өзі күлкілі нәрсе. Ой, қызық-ай! Қызықтың көкесі, міне! Алпыстан асып, ақылы толған Құрал Тоқмұрзаұлы ағамыздың “Қазақ әдебиеті” газетінің өткен жылғы ғ 45 санындағы салақұлаш мақаласын оқыдыңыз ба? Оқымасаңыз, жағаңызды ұстай беріңіз. Бірді-екілі үзінді келтірейін. “Поэзияны ауыр апатқа апаратын тірліктің бірі – айтыс дейтін ауыз қайшылау екенін ұқпай қойдық” дейді. “... Айтыс – қазақ поэзиясының алдына қойылған ақыртас” дейді. “Айтысты қолпаштап, қоздата беру – тәуелсіздік тұғырына қонақтайтын бұлбұлымызды жетімсіретіп, қара қарғаны әлпештеп, жемдеу” дейді. “Бүгінгі таңда қазақтың жазба поэзиясының сапасы төмендеп кеткен... себебі – айтысты айбарақ етіп жалаулатуымыз ба деп түйемін. Мен өз басым бұл даурықпаны өнер деп есептемеймін” дейді. Дейді, дейді, дейді... Қырғи тілді Асқар Тоқмағамбетов айтқандай “Дейді екендер дейді екен!..” Сол Құрал ағамыз “Қазақ әдебиеті” газетінің биылғы ғ 6 санында айтыс жөнінде тағы да “дейді”. Мысал келтірейік. “... айтыстың қазақ әдебиетіне тигізген кесірі шаш-етектен. Сол жөнінде бірер ауыз лебіз білдірсең, бәріміз тез үн қосар едік” деген бірнеше ақынның өтінішін орындап мақала жазғанда, мен оларға берген уәдемді орындаған едім. Алайда, әлгі тілемсек ақындар үнсіз қалды” дейді бармағын тістеп. Әлгі айтысты жабылып жамандаймыз деген ақындардың бірі туралы “... газет бетін толтырып, қыздарға арналған өлең жазыпты. Немере қыздары бой жетіп отырған кісінің арманы. Құмар-құштары, бөсір дерті сияқты ішінде кететініне жаным ашыса да, өлеңді оқығанда едәуір ұялдым” дейді. Әлгі айтыстың “диверсант” шалының шала-пұла поэзиясы “Тегінде, тақырып тапшылығына, мағынасыздыққа, нәрсіздікке ұрынудың” себебін айтыс ақындарынан көреді. Қисынды ма? Қисынсыз. Қып-қызыл жала! Орман іші. Көз тұнады жарыса өскен ағаштан, Бірі қисық, бірі түзу, бәрі көкке таласқан. Оқтай түзу кей қарағай көзін жазбай тұрса айдан, Емен, шілік орта жолда омақаса қисайған. Мен ойланам: егер түзу өспесе кей бәйтерек, Қисықты да біз тура деп қабылдар ма, қайтер ек?
Алматы қаласы әкімі Иманғали Тасмағамбетов Дінмұхамед Қонаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған айтысқа қатысушы ақындармен бірге. Егерде сен түзуліктер жеңсін десең әлемде Өзгелердің қисықтығын тура тұрып дәлелде! Бұл – Төлеген Айбергеновтің өлеңі. Сөз зергері Ғабең, Ғабит Мүсірепов осы шумақтарды жанындай жақсы көріп, жатқа айтып отырады екен. Қазақ әдебиетін қара орманға теңесек, әр қаламгердің стилі – әртүрлі ағаш секілді. Талант, шама-шарқы да сондай. Кейбір “интеллектуалды” ақындарымыздың өлеңдері шілік секілді “орта жолда омақаса қисайса”, оған қарағайдың қанша қатысы бар? Айтыс – қарағайдай өнер. Өз басым Өтежан Нұрғалиевтің “нөсерлі” поэзиясын құрмет тұтам. Интеллектуалды ақын. Қайталанбас қаламгер. Көп дүниесі көненің мұрасындай. Ескілігімен ерекше. “Жазым болса, быламыққа да тіс сынады” деген рас екен. Соқталы деген сол ағамыздың өткен жылы “50 де 50” деген газеттің 6 қазан күнгі санына сұхбаты шықты. Жаңсақ пікірі жанымызды жаралайды. “Ақын деген Пушкин құсап, 37 жасында өлуі керек. Одан асқанның бәрі мусор. Елді былғайды...” дейді. Адамның өмірі мен ажалы – Алланың ісі. Пешенеңе жазғанды көресің. Әйтпесе, Пушкин “Айтарымды айтып болдым. Енді бітті!” деп 37 жасында өлгісі кеп өлді дейсің бе? Жазмыш солай. Мұхаммедке пайғамбарлық 40 жасында қонған. Абай атамыз да 40 жасынан бастап поэзияға ден қойған. Ал, 37 жастан кейінгі ақынның бәрі мусор болатын болса, анау Ақтаудағы Адайбаев “интеллектуалды өлең” үшін шыбын жанын шырқыратып несі бар? Әрі қарай кеттік. Сол Өтежан ағамыз сұхбатының басында “Біз Пуш киннен басқа ақынды білмейміз. Пушкин – Еуразиядағы жалғыз ақын. Абай – соның көшірмесі. Біз білетіндердің ішінде “идеальный” ақын осы – Пушкин” дейді. Не болса соны сөйлеу – осындай-ақ болар. Басқасы – басқа, ұлы Абай ды – компьютер заманындағы “ксерокопияға” теңеу әдебиеттің әруағынан аттағанмен бірдей. Әруақты жерден ат үріксе де, Өтежан ағамның үрікпеуі жазба ақындарының “интеллектісі” ме?
Әрі қарай кеттік. Сол Өтежан ағамыз өз пікірін өршітіп, “Пушкиннің жындылығы да бізге үлгі, ақылы да үлгі, ең ақыры, өлімі де – үлгі. Ол сол өлімнің өзімен аңыз боп қалды. Ит құсатып атып тастады ғой оны Дантес дейтін француз. Міне, ақын осылай өлсе керек. Ал қалғанының бәрінікі – бос әурешілік” дейді. Сонда ақын атаулының бәрі қас-дұшпанның қаңғыбас оғынан қаза болса ғана ақын, әйтпесе – әурешілік пе? Хош, сонымен “интеллект” деген не? Одан-бұдан оқыған теорияны келтіріп қайтейін, “интеллект” дегеннің қазақшасы мынау: Егер ел-жұртың сені іздесе – интеллектуалды ақынсың. Халық төбесіне көтеріп, төрге шығарады. Іздемесе ше? Босағадан сығалап бос қайтатын бөстекі сөздің иесі ғанасың. Былтыр “Жас Алаштың” 18 мамыр күнгі санында жарияланған Жәркен Бөдешұлының Абайға арнаған өлеңіне үңіліңізші. Жалғыз Абайдың ақылы – Көтерді Пушкин салмағын. Күллі орыстың ақыны Абайды аудара алмады. Аударылмаған күйінде Мәскеуге жетті сұлбасы. Орыстың үлкен үйіне Қазақтың сыйды бір басы. Міне, интеллект! Әдемі. Әдепті. Астарында ақиқат бар. Парасат ты, пайымды ой түйген. Орыс түшкірсе, баяғыдай “Жәрекемалла!” деп жарбаңдап тұрған жоқ. Иық теңестіре сөйлеген ибалы поэзия. Сол Жәркенді де жабылып жүріп аяғынан шалып, Мемлекеттік сыйлықтан сүріндірдік. Неміс Герольд Бельгердің жүрегінде жүз қазақтың патриоттық сезімі бар. Оны да сөйттік. Әрі қарай кеттік. Сол Өтежан ағамыз “Махамбеттің өлеңі Кеңес өкіметінің арқасында ғана қалды. Махамбет революцияның ақыны болды. Патшаның жауы болды. Осымен атағы шықты. Оның сөзі үлгі болғанымен, ісі үлгі емес. Өйткені ханға Махамбеттік көзбен қарамау керек. Қазіргі ханымыз Нұрекең ғой, оған анадай сөз айтсақ, халық шаңымызды қағып, сирағымыздан іліп қояр еді салбыратып. Махамбет тек Кеңес өкіметінің арқасында ғана Махамбет болып қалды” – дейді. “Өзін басқадан ерекшемін деп есептейтін” Өтежан ағамның осы бір “интеллектуалды” ойларына ақтаулық Адайбаев жұмған аузын неге ашпай ды? Әлде оның да “интеллектісі” мен ой-өрісі осы шамалас па? Махамбет – жазба ақыны емес. Суырыпсалма ақын. Ендеше, Махамбеттің сұрапыл заманда суырылып айтқан жалынды жырларын интеллектуалды өлең емес дей аласыз ба? Міне, біздің қазақтар бірінің артын бірі шұқып, болып тұрған ісімізді болдырмауға тырысып жүргенімізде анау жылы ала тақиялы өзбек ағайындар “Алпамыс” жыры біздікі деп, хиссаның мың жылдығын тойлап жіберді. Жалғыз академик Рахманқұл Бердібаев қана шырылдады. Ешкім естімеді. Іле-шала Бөрібай Оразымбетов, Әселхан Қалыбекова секілді айтыс ақындары ара түсті. Араша сұрағандай айғайлы жырын естісе де, “өу” деген өкімет болған жоқ. Жазба ақындары “жабулы қазанның” жа буын ашуға да ұмтылған жоқ. Сонда солардың іздеген “интеллектісі” не интеллекті? Қазіргі заманның қабырғалы мәселесі – ана тілінің мәртебесі. Жазба
ақындарының ішінде жалғыз Мұхтар Шаханов қана бел шешіп кірісіп, белсенділік танытып жүргені әмбеге аян. Міне, бұл – интеллект! Міне, нағыз патриот! Интеллектің болса ғана патриот боласың. Болмаса о ғып, бұ ғып, бас көтеретін кезде бұғып, үндеу секілді үйелеген өлең жазған боп “показуха” өмір сүресің. Жазба ақындарының шығармаларында жан жоқтығы, қан жоқтығы – поэзияның пүліш киіміне “показуханың” күңсіген шүберегін астар қып тігеді. Сосын ол қайдан оңсын! Елі үшін “еңку-еңку жер шалып, егеулі найза қолға алып”, поэзияның отын алаулатқан Махамбеттің өзін кеудесінен “Кет, әрі!” деп кері итеру – бар дүниемізді бағаламау. Өзбек ағайындар – сіркедей нәрсесін күркедей қып көрсетеді. Біз ше? Күркедей нәрсемізді сіркедей қып сығып тастауға тырысамыз. Еліміз еңсесін көтеріп, тәуелсіздік алған жылдары жазған тұрмыстық пародия ойыма оралды. Үзіндісі... Е-е-ей! Қазақтардың қапшығы Арқасында болады. Анау-мынау нәрсеге Қапшықтың іші толады. Толған сайын қазақтар Шалқаятын болады. Ал, өзбектің қапшығы Кеудесінде болады. Анау-мынау нәрсеге Қапшықтың іші толады. Толған сайын өзбектер Еңкейетін болады. Өзбектерден “Абдолла ака, 1 кг. еттен қанша тұшпара жасауға бола ды?” деп сұраңызшы. Олар “Оппо-о-о, ол пиязына байланысты” дейді. Жоқтан жонып, бар жасамай-ақ қояйықшы. Бар нәрсеміздің бағасын түсіруге әуеспіз неге? ... Айыр қанат “айырпыланымыз” Жезқазғанның әуежайына қонғанда әлгіндей құрақ-құрақ ойларымнан әрең ажырап, қалпыма қайта түстім. Қалалық мәдениет департаментінің директоры Әнуар Омаров қарсы алды. Ол бұрын әжептәуір айтыс ақыны болатын. Көк жердегі шегіртке– көк, сұр жердегі шегіртке сұр болатыны секілді, шекесінен қарайтын шенеунікке айнала бастапты. Түптің түбінде сұйылып кетпесе, тәп-тәуір шенеунік болғалы тұр. Ана тілі – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте. Бұл – Қадыр Мырза-Әлидің қырық жыл бұрынғы өлеңі. Әліппе үйренген балалардың бәрі осы тақпақты жаттап өседі. Енді, міне, республикалық ақындар айтысының өзекті тақырыбы да осы: “Ана тілің – арың бұл”. Ұзын-ырғасы 16 ақын қатысқан осы айтыстың ауқымы кең, аумағы шеңберлі болды. “Қазақмыстың” атауы қазақтыкі болғанмен, бар байлығын кәрістер қаужап жатқанына қамықты. Таяқтың бір ұшы осы жаққа да тиіп жатты. Қордайлық ақын Күмісайдың тұрмыс құрмай сәл-пәл отырып қалғанын әзілге сүйеген ақындар “Көп отырған жақсы емес, көп отырған
торғай да оққа ұшады” деп, әйтеуір биыл күйеу бала тауып беретінін айтты. Оған қысылатын қыз ба? “Жезқазғанның жезіндей бере салмашы кәріске” деп әлеуметтік мәселе көтере білді. Артығырақ кетіп бара жатқан қарсыласын тоқтатып: Ақыл тісті адамға берген Алла Тіліңді дер кезінде тістеу үшін! – деді. Қазақ халқының көнбістігін, көнтерлілігін, төзімділігін “Балталап жатса да, бар жемісін аямайтын ағаштаймыз” деп бір-ақ сөзбен бейнелеу – шеберлік емей немене? Шешендік емей немене?! Қызылордалық жас ақын Нұрмат үйленбеген жігіт екен. Бойдақтығын бетіне шіркеу қып басқандарға “Арқаланып қайтар ем ауылыма, арқалатып жіберсең Арқа қызын” деп жауап қайырды. Қалыңмалын төлейтінін айт ты. Оған қарағандылық Айтбай ақын: “Қазақтың қазынасы қыз емес қой, Қалыңмалын төлесе шал да алатын” деп ұтымды тойтарыс берді. Нұрмат та қарап қалмады, “Бар мысын кәрістерге берген кезде, бір қызын маған бермей не көрінді?!” деп залды дүркіретті. Заманның зарын қоздатып, адамның арын қозғатып, қоғамдық ой тастады. Қазақ тілінің қазаны төңкерілсе, Көзіңнен жас тоқтамас өлгеніңше. Осы айтысқа қатысқан он алты ақынның әспеттеп айтқан әр сөзін тізбелемей-ақ, тек ана тілінің мәселесін қозғаған тұстарына кішке не кідірейікші. Сонда сіз Құрал ағам мөрлеткендей “айтыстың қазақ поэзиясының алдына қойылған ақыртас” емес, елдің елдігі мен ерлігін жырлайтын, сом алтыннан құйылған сиқырлы сөздің ескерткіші екеніне көзіңіз жететіні анық. Міне, мысал: Күмісай Сәрсенбаева: – Ана тілі алға шықпас бұл түрімен, Өзге тіл басына кеп бұлт үйірген. Шалажансар күй кешкен тілді ойласам, Жас моншақ төгіледі кірпігімнен. Айыр тілді жыландай қос тіл тұрса, Біз мынау арылмаймыз түлкі күннен. Ана тіл өгей ұлдың күйін кешсе, Жұртымның жоғалады-ау ұлты мүлдем. Діл мен тілге мән бермес мәңгүрт билік Қызыл тілді кеспесін қыл түбінен. Мақсат Аханов: – Әр қазақ тілі үшін майдан қылсын, Сөйтіп ол ана тілін айбар қылсын. Жоғарыда отырған көкелерім Тілін қорғап халықты қайран қылсын. Әй, бірақ та оларға тіл не керек, Халықтың тобырымен ойнап жүр шын. Ұлтым деген ол жақтан ұл көрмедім, – Ұртымды дей алмаймын майландырсын. Қазанға кіріп алған иттің мұрны Итмұрынның иісін қайдан білсін?! Ал, семейлік ару ақын Сара Тоқтамысова “Айбарлы болсын десең азаттығың, қадірле қасиетті қазақ тілін!” деп ақ тілегін түйіндеді де, Шын болат Ділдәбаевтың “Шындық” туралы жырының мақамымен еркін көсілді. Ақ жүзінде арай-нұр бар ағамның,
Тағы лебіз арнайыншы саған мың. Ақ боз аттай атой салып сен шапсаң, Ақ шарһатты желбіретіп қалармын. Ақ шарһатты желбіретіп қалармын, Ақ тілегін саған арнап ғаламның. Азаматтың ақ тілегін тіле деп, Айтқан сөзі санамда тұр анамның. Айтқан сөзі санамда тұр анамның, Аманатты ақтамасам маған – мін. Елімізді алақайлап қуантсаң, Теріңізді бір сүртуге жарармын. Айбек Қалиев: – Тілімнің он бес жылда бағы ашылмай, Өзге тіл басынады әрі асырмай. Орыс тілі үкіметте бас ұстайды, Бата беріп елімнің данасындай. Құл-құтанның басындағы таз секілді Тіл – қазақтың жазылмас жарасындай. Ойпырмай, біз көрмеген қорлық бар ма, Иткөйлек пен кебіннің арасында-ай?! Есіл тілім есіктен сығалап жүр Тоқалдың мылқау туған баласындай!.. Екі күнге созылған ақындар сайысы мәреге жеткенде Ұлытау ауданының құрметті азаматы, Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Серік Тілеубаев бастаған, кәнігі қаламгер Көбейсін Еңсебаев пен ақын Ғазиз Ештанаев, журналист Қарлығаш Исина қостаған әділ қазылар алқасының ұйғаруымен “Қазақмыс” корпорациясы тіккен бас жүлде – “Жигули” автокөлігі Сара Тоқтамысоваға берілді. Жезқазғандық көрермендер бұл сияпатқа аса зор ықыласпен ду қол шапалақтап, ризашылық білдірді. Кенет ұлттық өнердің меценаты, кәсіпкер Өмірзақ Сәрсенов сахнаға суырылып шығып, айтыстың аса зор деңгейде өткенін, әсіресе семейлік Ринат Зайытов, жезқазғандық Төлеген Жаманов, тараздық Күмісай Сәрсенбаеваның өнеріне елдің ықыласы ерекше болғанын атап өтті де, үшеуіне үш машина мінгізді. Бұл не? Бизнес-шоу ма? Жоқ! Ақындар да арғымақ секілді ғой. Қанатын жазып алысқа шапсын деген ағалық ықыласы. Аты дардай “Қазақмыс” корпорациясының өкілдері алдағы жазда Қарсақбай мыс кенішінің 80 жылдығына байланысты айтысты биік деңгейде өткіземіз дегендей ұялғандық рай танытты. ... Түн. Ұлытау түні. Егер Ақсақ Темір мен Тоқтамыс хан бір-бірімен жауласпағанда, елдің мұрасы ескерткіш боп Эрмитажда жатпайтын едіау. Табаны тиген тастардың үйіндісін ғана көрдік. Ертең айтыс. Ауызды – ошақ, мұрынды – мұржа қып темекіні будақтатып отырмыз: – Осы пәлені таңнан бастап тастасақ қайтеді? – дедім Жүрсінге. – Қойсақ қояйық! – деді ол келтесінен. Кенет Өмірзақ аға бізді бітімге шақырғандай: – Егер екеуің темекіні бір айға дейін шекпесеңдер, әрқайсыңа 10 мың доллар берем! – деді. – 20 мың долларға темекі тастамай жындымыз ба? Жарайды! – деді Жүрсін де жұлып алғандай.
– Келістік пе? – Келістік. – Келіссек былай, – деді Өмірзақ аға кәнігі саудагерлігіне басып. – Егер бір айдан кейін темекі тартып кетсеңдер, әрқайсың маған 15 мың доллардан бересіңдер Келістік пе? Амал жоқ. Келістік. Теңге қалтасын тесіп бара жатыр дейсің бе? Мұнысы – “Сәл де болса Құдай ғұмырларын ұзартсын!” деген жанашырлық ниеті. Америка жазушысы Марк Твеннің “Дүниеде ең оңай нәрсе – темекі тастау. Мен жүз рет тастағам” деп жазғаны есіме түсті. Марк ағай да мақау екен. Өз заманының Өмірзағымен кездескенде темекіні жүз рет емес, біз құсап бір-ақ тастайтын еді. Адамына кезікпеген ғой. Жазба ақындардың мүшәйрасы мүшкіл халде екені рас. Ақтаудағы Адайбаевтың айғайлайтын да жөні бар. Қазіргі қазақ поэзиясының керегін бір жаққа, кебегін бір жаққа електей елеп, бетімен кеткен оқырманның бетін бері бұру темекі тастағаннан да оп-оңай. Тек олар адамына кезікпей жүр ғой. Бір қазан сүтті бір қасық ұйытқы айранға айналдырмай ма? Қаймағы бұзылмаған ақ сүттей ақындарымызды айрандай ұйытатын адам бар ма? Бар болса қайда? Қазақстан Жазушылар одағында ма? Басқарма төрағасы Нұрлан Оразалин су жаңа супер Премьер-министр Кәрім Мәсімовпен кеңесті. Кеңескенде не десті? Сең жүрген секілді. Сайдың тасындай салмақты поэзияның мәселесін қозғайтын шығар енді. “Үлкен пышақ ұялғанынан өтеді” дейді ғой. Үкімет те– үлкен пышақ, осы жолы ұялса да өтетін шығар. Халық – қайрақ, өтпесе қайрайды тағы. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев алты алашқа аты мәлім ақын-жазушылардың тірі тізімін жасап, апта сайын ауылға шақырып, оқырмандармен ой бөлісетін әдеби дәстүрді қалыптастыра ба стады. Бұл да бір жақсылықтың белгісі. Сондықтан да “Айтыс ақындарын көрге жіберейік, мүшәйралықтарды төрге жіберейік!” деп бөліп-жаратын не бар. Бәріміз атымызды бәйгеге қосайық. Озғаны келеді. Әзірге бәйгенің мәресінде Кәрім Мәсімов пен Нұрлан Оразалин тұр. Ал, ақындар! “Ауыздарыңды қайшыламай”, ауыздығымен алысқан асау жырдың арғымақтарын дайындаңдар! ... Арқаның жазба ақыны Ғазиз Ештанаев жыр жинағын сыйлады. Ашқан беттегі “Ленин ескерткіші орнында” деген төрттағандарын оқыдым. Жаңалығы бар жақсы өлең екен. Пролетариат көсемі Лениннің орталық алаңдағы ескерткіші қиратылғанын, өз заманында теңеу таппаған Вла димир Ильичтің басы кранның шынжырында домалап бара жатқанын, “Октябрьде атқа мінген сарбаздардың бұл күнде махоркамен бағасы бір” екенін суреттей келіп: Абайламай, Арманыңа асықсаң Басыңды алып тастауы оңай Уақыттың! – деп ой түйіндейді. Айтыс өнері – кезегі келгенде орнатып, кезеңі біткенде алып тастайтын Ленин ескерткіші емес. Айтыс – халқымыздың қанымен бірге ағып, біте қайнасқан асыл өнер. “Жас Алаш” газеті, 2007 жыл.
ЖҮРСІН, СЕН КІМСІҢ?
Ж үрсін дос! Сен туралы есілген жібектей эссе жазғым кеп, қолы ма қалам алдым. Бірақ кідірдім. Мүдірдім. «Неге?» дейсің ғой? Замандасыңның, қаламдасыңның қадір-қасиетін тәспідей тізіп тәптіштегенмен, бүкіл болмысың бір мақалаға сия қоя ма? Сыймайды-ау. Сен сегіз қырлы жігітке жатпайсың. Қырың көп. Сырың көп. Қай қырың нан келерімді білмей «тупикте» тұрған пойыздай жылжымай қойғаным рас. Әйгілі классик Марк Твеннен шәкірті «Сіз қалай жазасыз?» деп сұраса, ол ойланбастан «Жазудан оңай нәрсе жоқ. Қолыңа қалам, қағазыңды аласың да, ойыңа не түссе, соны сүйкей бересің. Бірақ сорақысы сол — сорғалаған ойды басыңа келтіру қиын» деп әзілдесе керек. Сен тарау-тарау жолы бар талантты қаламгерсің. Менің қиналғаным – тоғыз тарау, тоқсан орау жолың ның қайсысына түсерімді білмей, із кескен аңшыдай аңырдым. Он бестегі жасым-ай, Жарда ойнаған лақтай. Жиырмадағы жасым-ай, Көлге біткен құрақтай. Отыздағы жасым-ай, Таудан аққан бұлақтай. Қырық деген жасыңыз Қырымдағыға көз салып, Байлаулы тұрған құр аттай. Елу деген жасыңыз, Қайта көшкен ел екен. Алпыс деген жасыңыз, Қоңыр салқын күн екен... Бұл жеті ғасыр жырлап өткен аузы дуалы ата-бабаларымыздың артына қалдырған алқынды жырынан үзінді. Ата сақалың аузыңа түсіп, алпысқа кел ген сен де осы өлеңдегідей өмір сүріп, баянды ғұмырыңды бастан кешірдің. «Тоқта, ботам, атаң келеді артыңда» (Мұқағали) дейтіндей, артыңа қарай лаған жеткіншектерге Ата болып анадайдан көрінесің. Қызғалдақ, Дархан, Ардақтай алақанға салып, аялап өсірген ошақтың үш бұтындай ұрпағыңнан он бір немере сүйіп отырсың. Құдай қаласа, шөберенің қолынан май жалай тын күн де таяу. Ата болмағанда нең қалды, Жүрсін-ау! «Неғұрлым ертерек ішсең, соғұрлым ертерек мас боласың» деп, жарықтық Шәкең, Шәмші Қал даяқов ағамыздың кекеп айтқан кердері сөзіне арқа сүйесек, сен махаббатқа ертерек мас болған жігітсің. Ажарына ақылы сай Бақытжамал аруды шашын тарап үлгермей шаңырағыңа келін қылып түсірдің. Сен сонда неше жаста сың? «Жарда ойнаған лақтай» он жетіде едің. Мектептің «аттестатынан» бұрын Бақытжамалды алған жоқсың ба? Міне, махабббатқа мас болудың ал ғашқы нышаны. Бірақ мен сенің үйлену тойыңа қатысып, ақ тілегімді айта алмадым. Қалай айтам? Біз бір-бірімізді танымаймыз ғой. Сен Ұлытаудың Қарақұмындасың, мен Қаратаудың күнгейіндегі Қызылқұмындамын. «Ұлытауым, ұлығым, Ұлтым менің, Ұран ілер басыңа бұлт ілмегін. Ұларыңды ойлама, ұлыңды ойла, Бауыры бүтін бар дейсің бұл күнде кім, Ұлытауым, ұлығым, ұлтым менің!» — деп кейіндеу жазған азаматтық
поэзияның іргетасын құйып жүрген кезің. Алда-жалда отау құрған ордалы тойыңның үстінен шыға қалғанымда, кавказдықтар секілді сол дәуірдегі Советтік салт бойынша шолақ орысшаммен былайша «тост» көтерер ем: «Ночь. Луна. Он. Она. Он сказал «Да!». Она сказала «Нет!». Прошли года. Ночь. Луна. Он. Она... Она сказала «Да!». Он сказал «Да!». Но возможнос ти уже были не те. Поздно. Так выпьем же за своевременность! Выпьем за своевременную любовь молодого поэта Журсина Ерманова!» Бір қызығы, сенің ұлың да, қызың да Ата жолын қуып он жеті жаста рында отау құрды. «Азаматтың қосы оңбай, ісі оңбайды» дейді ғой. Қосың да оңып, ісің де оңып, Алматыдағы КазПИ-дің тіл-әдебиет факультетіне кеп түстің. Мен сол жылы (1968 ж) КазГУ-дің журналистика факультетіне қа былдандым. Елп еткенге елеңдеп жүрген кезіміз емес пе! КазПИ-де «Мен мамандықты не үшін таңдадым?» деген тақырыпта диспут, пікір-сайыс өтетінін естіп, біраз студент соған ағылдық. Ағынан жа рылып, сан-салалы жастардың арасынан саңылау тауып, мінбеге көтерілдім де қыңыр сөйледім. «Мен әкемнің аты тасқа басылып, тарихта қалу үшін журналист мамандығын қаладым» дедім. Сен сол сәтте мінбеге атып шы ғып менің быт-шытымды шығардың. Коммунизмнің моральдық кодексі шеңберінде теориялық ой-пікіріңді саралай келіп, «Осындай жігіттердің КазГУ-де оқып жүргеніне таң қалам!» дедің. Жұрт алдыңнан арқан керіп әрең тоқтатты. Кейін аңғардым, сөйтсем, сен курсыңның «старостасы» яғни, қоңыраулы қошқары болып, студенттер пікір-сайысын ұйымдастыр ған екенсің. Мен сияқты «осалдардың» орнын толтыру үшін маған ерегісіп, оқып жүрген оқуыңды тастадың да, келесі жылы КазГУ-дің журналистика факультетіне артымнан қуып кеп түстің. Ал, содан не ұттың? Бір курс кейін бітірдің. Оқуыңды тастағаныңа осы күнге дейін өкінесің. Бұдан төрт-бес жыл бұрын «Сенің сөзіңе жынданып, КазПИ-ден бекер кеттім. Оны бітір генімде осы күні ғылым докторы, профессор, академик атанып, бір универ ситеттің ректоры боп отыратын ем-ау!» дедің жастық шақты еске алып. Сол кезде Елбасының пәрменімен Қазақстандағы алты-жеті жоғарғы оқу орын дарының ректорларын бірден босатқан болатын. Мен айттым: — Ей, Жүрсін дос, сен маған рахмет айт. Ректор болуын боларсыңау... Бірақ сол орнынан алынған ректорлардың ішінде сен де кететін ең ғой. Абыройың бар екен, атың шықпай аман қалдың. Қазір кімсің? Жүрсінсің! Ақындар университетінің ешқандай бұйрықсыз бекітілген ректорысың. Сені ешкім орныңнан алып тастай алмайды! – дедім әзілге жығып. Күлдің. Риясыз күлдің. Мойындап күлдің. Расында да, айтыс арқылы алты алаштың аузына ілінген ақын жігіттеріміздің атын атап, түсін түсте мегеннің өзінде, кешегі Сара мен Ұлбикенің үрдісін жалғастырған қанша ма ақын қыздарымыз қауызын жарған гүлдей қаптап шықты. Бағын ашқан кім? Айтыс. «Босағада тұрғызбай, төрге ұмтылдырған» (Қасым Аманжолов) ақындар айтысы. Олар кімдер дейсіз ғой? Тәушен Әбуова, Надежда Лушни кова, Әсия Беркенова, Шолпан Қыдырниязова, Әселхан Қалыбекова, Жа миға Қарасаева, Фапиза Мұштанова, Ханша Райсова, Лена Әбдіқалықова, Әлфия Орманшина, Жадыра Құтжанова, Айгүл Түсіпбекова, Алтынкүл Қа сымбекова, Ақмарал Леубаева, Айнұр Тұрсынбаева, Карима Оралова, Құ ралай Камалиева, Анар Жапарқұлова, Әсем Ережеқызы, Сара Тоқтамысова, Жібек Болтанова, Назгүл Кәрімова, Жаңылсын Тәуішова, Қарлығаш Әубәкі рова, Айсәуле Бейсенхан, Аякөз Серікқазы, Жансая, Күмісай, Салтанат... Көрдің бе Жүрсін, сен ақындар университетінің ғана емес, ақын қыздардың яғни, «ЖенПИ»-дің де ректорысың. Айта қойшы, айналайын, «екі оқу ор нын» бірдей басқарып тұрған сенен басқа қай ректор бар?
«Жылы орнымнан жылжытты» деп, сен маған өкпелеме. Мақұл, Каз ПИ-ді бітірсең, диссертация қорғарсың. Филология ғылымының докто ры боларсың! Одан елге не пайда? Орыстың бір жас ғалымы 1964 жылы «Н.С.Хрущевтің коммунизм құрудағы жетекшілік ролі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация жаза бастағанда, жарықтық Никита Сергеевич күзге жетпей, орнынан босады. Тақтан тайды. Бейбақ ғалым қатты қамығып, қайтадан тақырып іздеген. Сен де тақырыптан тақырып іздеп жүріп, доктор болмай кетуің мүмкін ғой. Қазір шүкір, өзің диссертацияның тақырыбына айналдың. Бейнелі әңгімеге бетіңді бұр, Жүрсін-ау. Мемлекетті қалай басқаруға болады? Бұл сауалға ежелгі Қытай данышпаны Конфуций үш тұжырыммен жауап қайырған. 1. Мемлекетке жеткілікті азық-түлік болсын. 2. Қару-жарақпен қамтамасыз етілсін. 3. Халық өз патшасына сенетін болсын. – Егер осы үшеуінің біреуін қысқартуға тура келсе ше? – Онда қару-жарақты шектеу керек. – Ал, қалған екеуінің біреуін қысқартуға мәжбүрлесе ше? – Ендеше азық-түлікті алып тастаған жөн. Себебі, ас-аухатсыз ашығып қиналғаныңмен, патшаға сенім болмаса, ол ел мемлекет болып көгертпейді. АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ДА АЙДАРЛЫ МЕМЛЕКЕТ СИЯҚТЫ. НЕГЕ? 1. Өзекті талдырмайтын өнер жанашырлары — Өмірзақ Сәрсенов, Амангелді Ермегияев, Иманғали Тасмағамбетов, Серік Үмбетов, Мұхтар Құл-Мұхаммед, Нұртай Сабильянов, Дәулет Тұрлыханов секілді демеуші лер айтыстың «азық-түлігін» қамтамасыз етіп жүр. 2. Айтыс ақындарының қаһарлы сөздері қару-жарақтан кем бе! 3. Ақындар айтысындай айдарлы мемлекеттің айбарлы патшасы кім? Жүрсін Ерман! Ең бастысы — елдің сенімі мен ықыласына иесің. Ұрпақтан ұрпаққа мұра боп жалғасып келе жатқан айтыс өнерін өркендету үшін отқа да түстің – жанбадың, суға да түстің – батпадың. Баяғының батырындай күн кештің. Әу баста ақын ретінде танытқан поэзияңа да қайырылмай кеткен қайран күндерің аз болған жоқ. Бір күніңнен аумайды бір күніміз. Жамалатын түрі жоқ жыртығымыз. Саңырауға беретін сәлемдей-ақ Кімге дәрі осы өлең шіркініңіз? – деп теріс бұрылғанда өзіңді емес, әде биетке әріден қараған оқырмандарға налыдың. Аз түскен жоқ шығармын отқа, сірә, Соғайын, болмас енді соқпасыма. Мен саған қайтып келдім, қалқам, Муза, Серідей қайта оралған от басына! – деп, поэзия рухына басыңды идің. Бүгінгі заманда шөпті де, шөңгені де өлеңдетіп, том-том кітап шығару ма шинаға мініп-түскендей оңай шаруа. Абай атамның бүкіл өлеңін жиғанда, бір томнан аспайды. Мұқағалидың күллі дүниесі де сол көлемде. Ақын Қуандық Шаңғытбаев «Ар» деген алғашқы кітабынан кейін екінші жинағы 27 жылдан кейін жарық көрген. Өлең таппай қалғаннан ба? Жоқ! Поэзияға құдіреттей жүгінгеннен, сезім тазалығынан. Мемлекеттік сыйлықтың лау реаты емес ақын құрдасым Серік Ақсұңқарұлының бір ауыз пікіріне құлақ
түрейікші. «Жүрсіннің өте талғампаз ақын екендігі соншалық — осыдан үш жыл бұрын «Таңдамалы 70 өлең» деген кітап шығарды. Мысалы, осы 70 өлеңді мен халтурщиктердің 70 томына айырбастамас едім». Жүрсін досым-ау, сені Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан ның еңбегі сіңген қайраткері» деп бағалады. Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин «Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері» деп құрметпен қарады. Ірілі-ұсақты атақ-даң қың мен атқа мінген абыройлы қызметтерің бір төбе. Осындайда еске түседі. Немістің ұлы ақыны Гете бес рет министр, оның ішінде екі мәрте қорғаныс министрі болған. Әйгілі Сүлеймен Демирель алты рет Премьер министрдің тағына отырып, ақыр соңында Түркияның Президентінің антын қабылдаған. Димаш аға Қонаев бір орынға екі рет келген. Сен ше? «Қазақстан» теле радио корпорациясының құзырындағы Бас директор, Бас редактор секілді уәзірлік жұмыстарға қанша рет келіп, қанша рет кеттің? «Қазақ радиосына» арнаған ақындық сезіміңді ақжарма өлеңмен ақтарғаның да есімде. Сен ғарышта, аспанда, ауадасың... Дауысыңа дүние дауаласын. Көктен үнің құйылған күндіз-түні, Көрінбес Адам ата, Хауа анасың. Қай толқынды эфирде бұрады иең, Сенсіз мылқау секілді, сірә дүниең. Ата-анамның даусындай аяулысың Ей, менің қазақы ұлттық радиом! Профессор, академик Тұрсынбек Кәкішев «күні бүгінге дейін айтыс тың отымен кіріп, күлімен шығып жүргеніңе» ризашылығын білдіріп, сенің төзімділігіңнің арқасында «ұлтымыздың ең бір қызық та өткір өнері өзінің шырқау биігіне көтеріліп келе жатқанына» қуанды. Ұлттық Ғылым акаде миясының академигі Серік Қирабаев «Киіс көрген керзі етіктің шұлығындай тозып барам» секілді дүниелеріңе назар аударып «Ақын қайғысы – халық қайғысы» деді. Профессор, академик Рымғали Нұрғали «Ескі өнерді қалпы на келтірген реставратор, жаңа дәуірге лайықталған реформатор екендігін бүгін айтпағанда қашан айтамыз?» десе, ақын ағамыз Сәкен Иманасов «Әр өлеңі қырық күн бабымен бауырына басып шығарған қыран балапандай шы мыр» деді. Темірхан Медетбек «Тастақ жердегі тұлпардың тұяғындай нақ, сағаттың соғысындай дәл» деп көрсетті. Тұманбай ағам бұдан жиырма жыл бұрын «Өтірік күрсіну, өтірік мұңаю, өтірік шаттану, өтірік жылау – ақындық өнердің қас жауы» деді. «Дарынды, ақылды туған бір дарамыз» деп сені меңзеді. Білген ғой. Оралдық шәкіртің Бауыржан Халиолла сені «қыпшақтың қайқы қылы шына» теңеді. Змандас досың Нұртілеу Иманғалиұлы «Жүрсін, сен кімсің?! Білмегендер білсін...» деп өлеңдетті. Ақын інің Ұлықбек Есдәулет секілді «достарың кейде көбейіп, кейде азайып» тұрды. Өмір ғой... Сәл-пәл шегініс жасайын. Елу жасқа толғаныңда мен де сен туралы себезгілеген жаңбыр дай эпиграмма жазып, өз ойымды өлеңмен жеткізуге тырыстым. Сен 1945 жылдың сәуір айындағы Берлин секілді көріндің. Берлинді жаулап алу үшін Сталин соғыстың қандай «тактикасын» қолданғанын білесің ғой. Берлинге бержағынан емес, аржағынан яғни, ту сыртынан тұтқиылдан шабуыл жаса ған. Мен де сөйттім. Құдай қосқан қосағың Бақытжамалға деген ішкі сезімің мен иіріміңді өз тіліңмен өрнектедім. Саған түрік жұмбағын жасырайын: «Бәрімізде бар! Менде де бар, сенде де бар, бірақ әйелдер ғана күйеуінікін
пайдалана алатын нәрсе не?» Ал, тапқыш болсаң, тауып көр. Бас қатырып қайтесің, ойланбай-ақ қой, шешуін өзім айтайын. Бұл жұмбақтың шешуі – «Фамилия». Бақытжамал сенің фамилияңа дейін жаулап алған жоқ па? «Бабы күшті ақынның басына бақ боп қонған бәйбішесі Бақытжамал Ерманова туралы баллада немесе Жүрсін Ермановтың Жүрек сыры» деп аталатын салақұлаш өлеңімнен үзінді келтірейін. Айналайын ақ құсым, Балапандай баптадым. Басқа қонған бақпысың, Аққуымдай аппағым!.. Гитарадай мүсінді, Пернедегі әнімсің. Жанбай тұрған ісімді Жандыратын жалынсың. Аспандағы айымсың, Кейде сені «Нұр!» десем... Бірде – биші қайыңсың, Бәйтерексің – бірде сен. Ұйықтағанда патшамсың, Оянғанда – уәзірім. Кассадағы ақшамсың, Картадағы – көзірім. Өлеңдегі – лиригім, Айтыстағы – ақыным. Алынбаған сыйлығым, Жарылмаған атомым. Бақшадағы – өрігім, Жұпар иісін жұтамын. Ғасырдағы – қорығым, Менің «Қызыл кітабым». Берекедей сезінем, Беделім мен бет-арым. Жұртбаевтай – шежірем, Омашевтай – деканым. Таптың қыз бен ұлды да, Ғұмырымсың жалғасқан. Айтовтай сұңғыла, Майтановтай – марғасқам. Саясатта – тірегім, Парламенттей сөзімсің. Кандидаттың бірі едің, Депутатым - өзіңсің. Шығарасың заңыңды Шыр-пыр болып ей, жаным. Шығарады жанымды,
Шырылдатып кей заңың. Шымырланып ширықтым, Одан сайын ұштадың. Аюындай цирктің Мені үйретіп ұстадың. Кәмпит беріп, қамшылап «Алэ-оп!» деп билеттің. Айналамыз – аншлаг, Дос жиюды үйреттің... Мен бұл өлеңді Тұрсын Жұртбай, Намазалы Омашұлы, Несіпбек Айтұ лы, Бақытжан Майтанов секілді майталман курстастарыңның мерейін өсі ре отырып, ердің жасы елуге толғаныңда жазған едім. Қазір ойласам, бір жерден қате кетіппін. «Қай тұстан?» дейсіз бе? «Жүрсін парктегі аю секілді. «Алэ-оп!» десең айтқаныңа көніп, билейді» деген өз пікіріме өзім қарсы шығам. Сірә, көпшік қойып көсілте салғанмын ғой. Жақында сенің мерей тойыңа байланысты «Алаш айнасы» газетіне берген сұхбатымда ағымнан жарылдым. Сол пікірім мынау: «Егер әдебиетті циркке теңесең, ондағы бар лық хайуанаттар адамның айтқанына көнеді, айдағанына жүреді. Бүкіл жанжануардың ішінде тек қасқыр ғана циркке бағынбайды екен. Менің досым Жүрсін Ерманов әдебиеттегі қасқыр сияқты. Оны үйрете алмайсың, таяқтың үстінен секірте алмайсың. Ол – өзіндік мінезі, өзіндік қаны бар қаламгер». Осы пікірім – пікір. Енді айнымаймын. Жүрсін дос! Сен іскерсің. Мектепте оқып жүргенімізде «Жоқтан бар болмайды, бар нәрсе жоғалып кетпейді» деген қағиданы құлағымызға құйып өстік қой. Сен осы қағиданы жоққа шығарған жігітсің. Қалай? Сен жоқ нәрсені жонып бар жасайтын қабілетті қаламгерсің. Сол қасиетің туралы мынандай пародия жазғам: «Кәнігі кәсіпкер, әйгілі меценат Өмірзақ Сәрсенов демеушілер жөнін де күй шығарған өнерпаздарға бәйге жарияласа, қай өнерпаз қайтер еді? Бәлкім, қоңыр домбырасын қолына ұстап Қоразбайдың Алтынбегі елден бұрын жетер ме еді? Алда-жалда қара көрсетсе: – Өмеке, өзіңізге мәлім, алты алаштың аузында жүрген «Үшқоңыр», «Сарыарқа» деген әндерімнің сөзін жазған Елбасының өзі! – дейді Алте кең арқаланып. – Одан бұрынырақ Заманбек Нұрқаділовтің «Өмір де өмір, өмір-ай!» деген өлеңіне ән шығардым. Мақпал орындады. Енді сіз туралы «Демеуқожа» деген күй шығарам, Өмеке! – Қанша сұрайсың? – Бес мың доллар! Бір мыңын өзім алам, бір мыңын бала-шағама берем, үш мыңын есеп-шотыма салып қоям. Серілердің соңғы тұяғындай Секен Тұрысбеков: – Өмеке, – дейді алыстан орағыта, – баяғыда біреу аққулардың қанатын қырқып жатса, «Әй, мұның не?» дейді көршісі көріп. Сөйтсе әлгі әпенді ай тыпты: – Ұшып кетпесін деп қырқып жатырмын! Сонда көршісі: – Айналайын-ау, қанатын қайшыламай-ақ, аққудың алдына жем шашып тұрсаң, өзі-ақ ұшпайды ғой! – деген екен. Сол айтқандай, Өмеке, сіз қаншама аққуға қанат қақтырдыңыз. Анаңыз ға арнап «Ақжүніс» деген күй шығарсам, енді сізге «Демеу толқыны» деген күй арнаймын.
– Қанша сұрайсың? – Он мың доллар! Бес мыңын өзім алам, үш мыңын бала-шағама ұста там. Екі мыңы – есеп-шотыма. Бітті! Домбырасын шертпей, жүйріктерін ертпей Жүрсін Ерман келеді де: – Өмеке, – дейді келтесінен кесіп сөйлеп, – сіздің туған жеріңізге арнап «Бақанас – елдің байтағы» деген әнге сөз жазғанымды білесіз. Дегеніме көн сеңіз, сізге шаш етектен пайда әкелем, күйді де күмбірлетем. – Қанша сұрайсың? – Жүз мың доллар! Елу мыңын өзім алам! Маған демеуші болғаныңыз үшін қырық бес мыңын өзіңізге берем. Бес мыңы – Қоразбаевқа! Күйді солақ шығарсын!-» Мысалы, бір бөренені олақ ұстаға беріп, «Осыдан келі жаса!» деп тап сырайықшы. Ол «Ойбай, келі шықпайды, келсап жасаймын!» дейді. Келсап ты жонып-жонып, «Ойбай, келсап шықпады, кетпен сап жасаймын» дейді. Ақыр аяғында келі де жоқ, келсап та жоқ, кетпен сап та жоқ... «Міне, мен тіс шұқығыш жасадым!» деп қуанады. Ал, сен бір бөренеден бір үй тұрғы засың. Қалай? Өзің білесің ғой... Дәлел керек пе? Айтыс ақындарына мінгіз ген машинаңның саны жүзден асады. Айтыс өнерін мемлекет өз қарамағы на алып, тәуелсіздік күніне орай Астанада үлкен дүбір өтті. Айтыстың бас бапкері Мырзатай Жолдасбеков төрт доңғалақ тігіп еді, ойда жоқта Қайрат Сатыбалды үш ақынға үш машинаның кілтін ұстатты. Міне, бір бөренеден бір үй тұрғызу деген осы. Қазақтың төл мұрасы ақындар айтысын Мәскеу мен Париж сахнасында, Ташкент төрінде дәріптеуге мұрындық болдың. Өз сөзіңмен айтқанда «айтыс үшін сайтанмен де тіл табыса» білесің. Физика ғылымының негізін салған әйгілі ғалым Альберт Эйнштейннің жазған диссертациясы үш жарым-ақ бет екен. Қорғауға келгенде ғылыми кеңестің мүшелері: – Ей, мынауың не? – деп шуламай ма... Сонда жас ғалым: – Мен ашқан жаңалығымды ғана жаздым. Оның себеп салдары мен дә йегін келтіріп, үш жүз бетке толтырғаннан не пайда? – деген екен. Ал, өзіміздің Қалағаң, Қалтай Мұхамеджанов «Маркстің үш том «Капи талын» атам қазақ үш-ақ сөзбен баяғыда айтып қойған» дейтін. 1. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды» 2. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» 3. «Бай байға құюды, сай сайға құяды» «Мұнымен не айтпақшысың?» дейсің бе? Эйнштейн секілді төте жолға түсейін немесе Қалтай ағамдай қажетті ойымды іріктеп, тоқ етеріне тоқта йын. 1. Механика теориясы бойынша, үлкен шестерня бір айналғанда, кіші шестерня шыр айналады. Айтыс өнерінің механизмінде Жүрсін Ерман үл кен шестерня. Ал, айтыс ақындары кіші шестерня. 2. Қасиетті хадиске зейін қойсақ, «Білімді бойына жинаған, бірақ оны айналасына таратпаған адам пайдаға асырылмай жатқан мол қазынаның сақтаушысына ұқсайды». Жүрсіннің табиғи таланты мен білікті білімі жа сырын жатқан алтын көмбе секілді. Әсіресе поэзиядағы тотықпайтын қазы насы толық ашылмаған. 3. Ұлытаудағы Қарақұм ауылына күмбезден мешіт салдырды. Бұдан бес жыл бұрын 25 айтыс ақынының иманын толтырып, Мекке-Мединеге солар мен бірге қажылық сапар шегіп қайтты. Енді міне, ақпан айының екінші жартысында Қайрат Сатыбалдының демеушілігімен 50 ақынды бастап, ғұ мыра қажылығына бара жатыр. Жүрсін жауапты да сауапты істің арасында жүрген атпал азамат.
4. Жүрсіннің бержағы бетпақ болғанмен, аржағы әппақ, жүрегі жұмсақ. Ақын – алмас қанжар, өлең – оның қайрағы. Дана қазақ алмас қанжарын жұмсақ қайраққа қайраған. ... Жүрсін-ау, қанжарыңды қайрай бер, қайрай бер!.. ЖУСАН ИСІ АҢҚЫҒАН АЙТЫС ӨТТІ ПАРИЖДЕ Париж бізді паш етті Париж қаласында ақындар айтысы өтетінін естіген ел-жұрт кәдімгідей елеңдеп, аттары бәйгеден озып келгендей мәре-сәре күйге бөленді. «Е-е, өнеріміздің өрісі ұзарып, керегесі кеңейген екен» деп желпінгені рас. Әсі ресе, Жүрсіннің жүзге жуық жүйріктері екі құлағын қайшылап, кермедегі тұлпардай тыпыршыды. Еуропа төрінде ел алдына шығып бақ сынау әр ақынның арманы ғой. Париж! Тарихшы-жазушы Қойшығара Салғара ағамыздың тілімен айт сақ «Есте жоқ ескі заманда қыпшақтар ат тұяғын дүбірлеткен» шаһар ғой ол. Әміре Қашаубаев ән шырқап, қазақ өнерін әлемге әйгілеген Париж! Хал қының мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған қаһарман бабамыз Мұстафа Шо қайға жиырма жыл қоныс болған Париж! Қара күш иесі Қажымұқан қалы кілем үстінде күресіп жеңіп алған 56 алтын медальдың екеуін кеудесіне таққан Париж! Бертінірек белгілі жырау Алмас Алматов Сыр сүлейлерінің толғауын толғаған орда. Енді міне... Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін тұң ғыш рет ақындар айтысын өткізіп, ұлттық өнеріміз бен мәдениетімізді паш еткен Париж! Республикалық мәдени мұра жөніндегі комиссияның төрағасы, Алма ты қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов Париждегі ақындар айтысы үшін арнайы ұшақ дайындады. Кәнігі кәсіпкерлер Амангелді Ермегияев, Өмірзақ Сәрсенов, Ерлан Атамқұлов, Дәулет Тұрлықанов, Қызылорда об лысының әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов демеушілік жасап, қазақ өнеріне қанат бітіргендей қызмет жасады. Ақындар асық ата ма? Әдетте әншілерді айға теңеп, жұлдызға балап, аспандатып жатамыз. Бұған құлағымыз үйренген. Ал, айтыс ақындары ше? Асық сияқты. Иірген асығың кейде шік түседі, кейде бүк түседі. Омпа тұрып оңбай қалатында ры да бар. Тәйкесінен түссе де тәубе дейсің. Ал асығың алшысынан тұрса ше? Оһо-о, онда мақсатыңа жеткендей марқаясың. Асықпен асықты атып сартылдату үшін сақаға қорғасын құйып, салмағын арттырасың. Бір дорба асықтың ішінде сақа болу да оңай емес. Әйтсе де асықты алшы тұрғызу иірген қолға байланысты. Бұл тұрғыдан келгенде қазақтың қанына сіңген қасиетті айтыс өнерін асықтай иіріп, алшысынан тұрғызған Жүрсін Ерман. Ширек ғасырдан бері айтыс үшін бармаған жер, баспаған тауы жоқ. Арқа еті арша, борбай еті борша болып бордай тоза жаздағаны да рас. Бірақ алған бетінен қайтпады. «Айтыс үшін сайтанмен де тіл табысты». Егер самайынан саулап аққан ащы терін бөтелкеге жинап айтыс туралы арзанқол пікір тудырып жүргендердің есігінің алдына төксе, олар тайып жығылар еді. Неге дейсіз бе? «Айтыс – асыл қазынамыз» екенін Рахманқұл Бердібаев, Көбей Сейдеханов, Мардан Байділдаев секілді ғалымдарымыз қанша дәлелдеп бақса да, кешегі кеңес
өкіметінің бүркеме саясаты бүріп ұстады. Тұншықтыруға тырысты. Арғы ғасырда өмір сүрген поляк саяхатшысы Адольф Янушкевич суырып салма ақындарымыздың таланттарына тәнтті болғаны соншалық «Мұндай өнері бар халықты варварлар қатарына жатқызуға болмайды» деп өз күнделігіне тайға таңба басқандай жазып қалдырған жоқ па? Сонау 1845 жылдары ге нерал Вишневскийдің экспедициясы құрамында Орта жүз, Ұлы жүз қазақ тарын аралаған Янушкевич қазақ халқының көне мәдениеті, дәстүрі, өнері, парасат-пайымы туралы жоғары баға бергенін білеміз бе? Білгенде қандай! Ал, ада-күде білмейтіндер «айтысқа ақыртас» қоюды аңсаумен әлек. Ең қымбат дүние Ертеде бір қария «Дүниеде не тәтті?» деп сұраса, басының суы кеппеген балақай «Қант» деп жауап берген екен. Біреуге қант тәтті, біреуге жан тәтті. Әркімнің қабылдауы әрқилы ғой. Сол сарынмен қазіргі азаматтарға «Дү ниеде не тәтті?» деп сауал тастаңызшы, қилы-қилы жауап естисіз. Теңізшіге кеме қымбат, ұстаға шеге қымбат дегендей, әр пенденің зәру-зарқаты да бө лек. Ал, әдебиет пен мәдениет, өнер иелері үшін не қымбат? Ең бірінші идея қымбат. «Айтысты анау-мынау емес, Лондонда өткізейік» деп идея тастаған, бастама көтерген кім? Ермұхамед Ертісбаев! Қатардағы қазақ емес, он сөзінің тоғызы орысша боп өскен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі құнды идея көтеріп құрметпен қарағанда ақсақалдар «Алла разы болсын!» деді. Халықтың алғысынан артық не бар. Өткен жылы «Егемен Қазақстан» газетінің 31 шілде күнгі санында жарияланған ой-тол ғақ мақаласында айтыс өнеріне арнайы тоқталды. «Шындығында, айтыс-ға жайып теңдессіз өнер. Табан астында ой тастау, оны ұйқасқан өлең ретінде өз жаныңнан шығару және әуенге салып, нақышты дауыс қосып айту үшін санап отырсам, кемінде төрт өнерің бойда қайнап тұруы қажет. Біріншіден – ойшылсың, екіншіден – ақынсың, үшіншіден – сазгерсің, төртіншіден – әншісің... ...Міне, айтыс – сайып келгенде әлеуметтік жанр. Шындықтың мінбері» деп ағынан жарылып ашық ой тастады. Бұл – мемлекттік деңгейдегі идея. Министр меңзегендей айтыс Лондында емес, Еуропаның төрі мен мә дениет ошағына айналған Париж қаласында 1 наурыз күні өтті «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясы Акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дәурен Әбдіхамитов шет-шеттен жиналған бауырларымызды құт тықтап, айтыстың шымылдығын ашты. Еуропалық бауырларымыздың атынан сөз сөйлеген елшіміз Аманжол Жанқұлиев ақ тілегін білдірді. «Еуропада аз ғана теңізден бөлінген тамшы дай қазақ елінің өкілдері біздер Ата жұрттан алыс жүрсек те сіздердің арқа ларынызда өз елімізде болып отырғандай сезіндік. «Өнер алды – қызыл тіл» деген қазақ атам. Қазақ ауыз әдебиетінің кең саласын қамтитын терме мен айтыс өнеріне тұңғыш рет Париж қаласы да куә болды. Бұл бізге қуаныш, мақтаныш» деді. Дүние жүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Талғат Мамашев алыс-жақын елдегі ағайындармен араласа бастағалы он алты жыл болғанын бауырмалдық сезіммен баяндады.
Бауырлардың көзінен баданадай жас тамды «Отаныңды ойлай жүр» атты айтыс додасына Балғынбек Имашев, Ри нат Зайытов, Сара Тоқтамысова, Айнұр Тұрсынбаева, Аян Сейітов, Бекарыс Шойбеков, Жандарбек Бұлғақов, Нұрмат Мансұров секілді жал-құйрығы күзелген сегіз ақын қатысты. Бекболат Тілеуханов, Ардақ Исатаева, Рамазан Стамғазиев, Сәуле Жанпейісова, Айгүл Елшібаева, Мөлдір Бақытжанқызы, Елмұра Жаңабергенова секілді «көмейіне бұлбұл қонған» әншілер айтыстың ажарын аша түсті. Он саусағынан өнер тамған күйшілер Айгүл Батырқайырова, Рүстем Күлшебаев, Мейіржан Ермегияев, Сабира Бибатырова, қобызшы Қазыбек Әдікеев пен сыбызғышы Талғат Мұқышевтың өнеріне көрермендер дүркі рете қол соқты. Ежелден белгілі Елисей алқабындағы «Хош» концерт залы на Франциядағы қазақтардан бөлек Англия, Голландия, Германия, Австрия, Норвегия, Швеция, Швейцария, Түркиядан «түрі де бір, тілі де бір» сегіз жүзге жуық бауырларымыз лық толды. Әуелдегі «Ойпырмай ат шаптырым залға адам тола ма екен?» деген күмәніміз әдіра қалды. Ине шаншыр жер болмады десе де болады. Тіпті Қазақстанның Франциядағы елшілігімен бір ге келген жергілікті француздарды былай қойғанда, ресейлік отандастары ның халықаралық кеңесі президумының төрағасы, әйгілі Романовтардың әулеті Петр Шереметьев, Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты елшісінің орынбасары Валерий Толмачев алдыңғы қатарда отырды. Граф Петр Пет рович – архитектор, оның жобасымен Қазақстанның Франциядағы елшілік ғимараты салынған. Ой, қызық-ай, айтыс басталғалы тұрғанда атақты жазушы ағамыз Әбдіжәміл Нұрпейісов кіріп келді. – О, аға, қайдан жүрсіз? – Мюнхеннен...Кітабымның шаруасымен жүр едім, сондағы екі қазақ бауырым қолқалап, қояр да қоймай осында сүйреледі. «Аға, Париждегі ай тысқа барып қайтайық!» деді. Айтыс дегесін айырпланға алған билетімді өткізіп, мың шақырым Мьюнхеннен машинамен зауладық. Жеткеніміз осы... Қалт еткенді қағыс жібермейтін Жүрсін де пәле ғой. – Алматыдағы айтысқа бармайтын ұлы жазушы ағамыз Әбдіжәміл Нұрпейісов қазақ айтысын Парижде көріп отыр! – деп залға хабарлап еді, көрермендер өре түрегеліп, ду қол шапалақтады. Қырық жылдан бергі ұстазым Мырзатай Жолдасбековті жат елдегі жа мағаттар құдасындай құшақтап жатқанда майдай еріп, жібектей есілдік. «Әр елдің салт-дәстүрі мен тілін қабылдаған қандастарымыз қазақ ша өнерімізді түсіне ме?» деген күмәніміз де әшейін екен. Әсіресе «Елім менің» әнін Бекболат Тілеуханов орындағанда бауырларымыздың көзінен баданадай жас домалап, атамекенге деген сағыныштарын жасыра алмады. Қылқобыз шебері Қазыбек Әдікеев сақтардың сазын қайта тірілткендей Алтайдың халық әндерін қалықтатқанда залдағылардың көбі сірә, Алтай асып Қытай, Ауғанстан арқылы келген болу керек әсерлі әуенге қосылып, желді күнгі қамыстай ырғатылып отырғаны жарасым тапты. Франциядағы мың жарымдай қазақ қауымдастығының төрағасы Мәмет Зенгин, Франция қазақтары мәдени орталығы төрағасының орынбасары Аб дусамит Халифаұлы Алтай балалары Рауан мен Мерекені, Голландиядан Хабиб Эролұлы үлкен ұлы Айдын мен немересі Есентайды, Германиядан Хаби Суммер Шымкенттің шанышқылы руынан келін түсіріп үйлендірген Аман деген ұлын ертіп кеп, егіліп отырғанын байқадық.
Сол Хаби Суммер немересінің атын Шерхан қойыпты. Біздің таңырқа ғанымызды байқады да: – Қазақ үшін қабырғасы қайысып жүрген Шерхан Мұртазадай болсын деп атын әдейі қойдым! – деді. Франциялық Түркістан Сауашан деген бауырымызбен таныс-тық. Па рижде бояу шығаратын фабрикада істейді екен. – Атыңызды неге Түркістан қойған? –дедік. – Ата-бабамыз Түркістан республикасын ашуды армандап өткен. Бірақ армандарына жете алмады. Ісімізді жалғастырсын деген шығар. – Ал, Сауашан деген фамилияңыз не мағына береді? Французша ма? – Жоқ, түрікше. Жауынгер деген сөз. Айтысты тамашалау үшін Австриядан арнайы тоғыз қазақ ұшып келіпті. Онда 170 бауырымыз бар екен. – Бәріміз бір үйдің баласындай араласып тұрамыз, - дейді ынтымақтас тығын білдіріп. Әңгімелерінің нобойына қарағанда бәрі де бес уақ намаз оқиды. – Әр үйдің төрінде қасиетті Құран кітабы, оның қасына Қазақстанның көк байрағын желбіретіп қойғанбыз! – дейді мақтаныш сезіммен. Ұйытқы болған ұлттық өнер кешінен соң Еуропалық бауырларымызға қазақтың дархан дастарханы жайылды. Елден дайындалған екі жылқының қазы-қартасы мен жал-жаясы, қымыз, шұбат, құрт, ірімшік секілді әуес та ғамдарымыздан дәм татты. Ойыма Күләш Ахметованың жыр шумақтары оралады. Іздейді ізгілерін заңғар мекен, Бауырлар бізге сәлем жолдар ма екен? Ғаламның дастарханы секілденген – Әлемде біздің жердей жер бар ма екен? Норвегиядан келген бір қандасымыз: – Әкем тоқсан екі жаста, – деді имене сөйлеп. «Елдің дәмін сағындым. Мүмкін болса ала кел» – деп еді... О кісіге арнайы сыбаға дайындадық. Жеңсік аспен қатар қырғауылдың етін де қостық. Қызылордадағы Әнуарбек Қалтаев аға, Шымкенттегі Серік Ибадуллаев пен Арыстағы Абдулла деген достарым «барғанда бауырлары мыз ауыз тисін» деп қызыл құйрық қырғауылдарды беріп жіберген бола тын... Жасыл орман жалғыз ағаштан басталады Париж көрікті қала. Несімен көрікті? Тарихи ғимараттарымен. Сен Жак мұнарасы, Елисей алқабы, Лувр, Вандом, Жеңіс алаңдары, Монмартр, Сент Шапель шіркеуі, Құдай анасы... Қазақстан қалаларының көшесі кроссворд секілді тігінен, көлденеңінен қиылысып жатса, Париж көшелері киіз үйдей шеңберлі. Ерте замандағы ескі ғимараттардың бәрі сақталған. Орталықта көк тіреген «современный» үй көрмедік. Қайран, Алматы! Тарихы қалың талай үйлерді тып-типыл ғып бұзып, орнына көкқұтандай қылқиған көк шынылы үй салынды-ау... Кезінде бұл мәселеге қамығып Жүрсін өлең жазған. Дегені қайда – басылды құйын? Ақылым жетпей, ашиды миым: Виноградов көшесіндегі Қиратып жатыр Қасымның үйін.
Қайтейін, кембақ астана сені – Тиетіндей-ақ басқаға себі. Қиратып жатыр Қасымның үйін, Қиналып тапқан баспанасы еді... Шақыр да шұқыр шаққанда әйнегін Ажалдың сездім ақпандай лебін. Біртіндеп сөгіп қабырғаларымды Кеудемді бұзып жатқандай менің! Жырды қорғаудың кешікті ережесі, Қирады, сынды есік-терезесі. Сәби жырлардың бесігі еді, Бар екен сонша бесікте несі? Жүйрігім еді жыр көшіндегі, Бауырын жазып бір көсілмеді. Қиратып жатыр Қасымның үйін, ...Біздің үй соның іргесінде еді! «Храпунов Парижге әкім болса, көне Наполеоннан қалған үйлердің көбісін сүріп жіберер еді-ау!» деп ойладым. Қазақтың айтыс өнері де Париждегі көне ғимаратта сақталып қалғаны на шүкір. Қаланың қақ ортасындағы мұсылман мешітіне Бекболат Тілеуханов, Дәурен Әбдіхамитов, Мұхамеджан Тазабековтер барып жұма намазына қа тысты. Бақилық болған бауырларымызға дұға бағыштады. Мұстафа Шоқай жиырма жыл (1921-1941) түтін түтетіп, тіршілік кеш кен үйіне қалай соқпай өтейін. Ат басын арнайы бұрдым. Ауланың көше жақ шетіне мәрмар тастан ескерткіш орнатыпты. «Шіркін-ай, сол пәтерді сатып алып, мұражайға айналдырса...» деп қиялдадым. Бар мұраны бағалай білетін Иманғали Тасмағамбетовті көз алдыма елестеттім. Өндірдей жас өнерпазымыздың бірде-бірі не мешітке, не Мұстафа Шоқайдың исі сіңіп, ізі қалған үйге бас сұқпағаны несі деген ой қылаң берді. Сібірде туып, қазақтың жырын жырлаған ақын апамыз Надежда Лушниковадан «Қазіргі жас ақын дар ұстаздарын сыйлай ма?» деп сұрағанымда: – Алматыдағы айтысқа келген ақындар ең бірінші Сүйінбай мен Жам был атасының басына барып тағзым ету керек. Ұстазға ұлағат осыдан бас талмай ма? – деген еді. Эйфель мұнарасының маңында өсіп тұрған бітімі бөлек бір ағашқа көзім түсті. Діңгегін күбідей дөңгелетіп сым темірмен әшекейлеп ораған. Елшілікте қызмет істейтін Мэлс інімнен мұның мәнісін сұрағанымда: – Бұл өте сирек ағаш. Француз бағбандары мұндай ағаштарға мұқият қарайды,– деді. Айтыс та осы ағашқа ұқсайды. Жүрсін де айтыстың бағбаны іспеттес... Қайран, Алматы! Алатаудың баурайындағы апорттарымызды темірмен қоршамақ түгіл түбірімен жұлып түгел құрттық-ау. Француздардың ду хиындай жұпар исі аңқыған ботаника бағын жойып, қақпасының қақ алдына «заправка» салдық-ау.
Бар қазақтың басын қосқан бұл айтыс Суретші, дизайнер досым Аманжол Найманбаев 1992 жылы Наполеон Бонопарт Ресейге ашқан соғысының 180 жылдығына арналған халықаралық фестивальге қатысып қайтқанын білем. Бұл фестиваль Францияның ЛаМанш бұғазында өтті. Мыңға жуық шатырдың ортасына Аманжол сегіз қа натты киіз үй тіккен. Француздардың қызыққаны сонша қазақтың киіз үйін штаб жасап, неміс, швед, француздардың генералдары сол кездегі соғыстың картасын жайып, тарихи оқиғаны талқыласа керек. Сондай бір ыңғайы кел ген тұста аудармашы арқылы «Бізді мұнда неге шақырдыңыздар? Бұл орыс «соғысына» қазақтардың қатысы қанша?» деп сұрайды. Сонда генерал: – Сіз ата-бабаларыңыздың даңқы туралы білмейтін бе едіңіз? – дейді таңырқап. – Бізде тарихи құжат, жылнама бар. Онда Наполеонның соғыс бастал ғанынан Ресейден қайтып келгенге дейін қанша адам қатысты, қаншасы ауырды, басып алған жерінде қанша адам тұтқынға алынды, қанша шығын болды, тіпті қанша шарап ішілгеніне дейін жазылған. Мәскеуді басып алған нан кейін «Ертең жеңісімізді атап өтеміз!» деп Наполеон тапсырма берген екен. Сол күні кешке қайдан келгені белгісіз, көп әскер атойлап, Мәскеуден француздарды қуып шыққан. Сөйтсе олар орыс патшасы қазақтардың үш аға сұлтанынан ат шаптырып сұратқан әскери көмегі екен. Сонда Кіші жүзден 30 мыңға жуық атты әскері келіпті. Орта жүзден 12 мың, Ұлы жүзден 50 мыңдай атты әскер, Мәскеуге басып кірген де фран цуздарды түре қуған. Осылайша Мәскеу қазақ-қайсақтардың арқасында азат етілген, – деп әңгімелеп беріпті. Айтыс – шуақты өнер, қуатты өнер. Бүкіл исі қазақтың басын қосып, жат қылықтарға жаудай тиетін жауынгер өнер. ... Айтары жоқ, айтыс өз биігінде өтті. Бауырларымыз дүбірлі думанды енді Норвегияда өткізейік десе, енді бірі Түркияға шақырып жатты. Ал, Бек болат Тілеуханов «Қытайдағы қазақтардың ортасына барайық» деді. Баласы жақсы болса әкесі «Менің балам!» деп мақтанбай ма? Ал нашар ұлға жұмған аузын ашпайды. Оған ешкім жармаспайды. Ендеше, айтыс та жақсы балаға айналғандай. Сағыныш сазын әкелдім Туған жердегі құстардың. Шекара асып сіздерге, Сәлемін алып ұшқанмын. Мауқыңды басшы иіскеп, Қуанышпен ұшқан күн. Жырыма орап әкелдім Жусанын Қазақстанның! – деп Айнұр толғағанда Дешті-Қыпшақ ұрпа ғы өскен ұланғайыр өлкедегі жусан исі Парижде аңқығандай сезіндік. Француз әтірін жарты әлем жарнамаласа да, бәрібір жусан исіне жет пейтін сияқты. Алматы – Париж – Алматы.
Ғаббас
ҚАБЫШҰЛЫ
САРАБДАЛ
С атира мен юмор – Әдебиеттің егіз баласы. Бір әке-шешеден туса да, егіздің мінезі екі түрлі болатыны белгілі. Сатираның жаратылысы сарт та сұрт, беті-жүзіңе қарамайды. Тік айтып, тірідей сояды. Юмор ше? Оған мүлдем кереғар. Мақтап-мақтап мақтамен бауыздағандай, арқаңнан қағып ала өкпеңді түсіргендей. Күліп отырып күйдіреді. «Е, Құдай! Досқа күлкі, дұшпанға таба қыла көрме!» деген сөз бекер айтылмаса керек. Есі бар адамдар үшін ел-жұртқа күлкі болудан өт кен масқара жоқ. Ендеше елдің бәрі сатирадан аяқ тартса, күлкіден зәреқұты қалмай қорқатыны рас. Ағыл-тегіл ақжолтай күлкіңіздің халықара лық аты – юмор. Қазақшасы – әзіл. Әйтсе де, әзілдің түбінде зіл жатады. Максим Горькийдің келте қайырған кесімді пікіріне арқа сүйесек, «юмор да ақымақтарды күлдіру үшін емес, күлкіге жығып, келекелеу үшін қажет». – Сен неге қисайғаныңнан қайтпайтын қырсықсың? – деп сұрапты біреу есектен. – Мен бе қырсық? – деп таңырқапты есек. – Қырсықтың қырсығы адамдар ғой. Қырсыққан сайын мені сабайды. Ұрады. Тоқпақтайды. Көк желкемді шұқиды. Дегеніне жеткенше титықтатады мені. Олардың ор нында болсам, қырсықпай-ақ қоя салар ем. Алыстан орағытып айтпағымыз не? Есектің есектігін елге жайып, көкмилығын көпшілікке әшкерелеу – сатира. Ал, есектің есек екендігін айтпай-ақ, күллі жұрттың алдында күлкіге ұшыратып, келемеждесе, ол – юмор. Мысалы: ұлы Абайдың есек туралы мысал-мысқылының мазмұны қандай? Алтын артқан бір есек саудагерлердің керуеніне ілесіп елге қарай тепеңдеп келеді. Есек жай жүрсе жұрт та жай жүреді, желсе желеді. Ортаға алып әлгіні Бәрі бірдей силайды. Бірі сүйіп құлақтан, Бірі жүнін сипайды. Байдың бәрі есекті есек деп атамай «Жаппарқұл мырза» деп ерке летеді. Ауылға жетіп, арқасына артқан алтынды түсіріп алғасын есектің «Жаппарқұл мырза» аты мүлдем ұмытылады. «Өзгеше тудым» деп есіріп жүрген есек боқ тасуға ғана жаралғандай боп қалады. Неге? Жұрт ергені соңына Үстіндегі алтын ғой. Есекке «Сен есексің», – деп бетіне басқан бедерлі сөз бар ма? Жоқ! Бірақ айтпаса да түсінікті. Сатираның саф алтындай жақұтын жалатқан юмордың жарқын үлгісі осындай-ақ болар. Хо-ош, оймақтай ойымызды қорғасындай қорытып айтқанда түйер
түйініміз не? Ғаббас ағамыз – сатирик. Сен тұр, мен атайын сатирик. Бүл тектемейді. Күлбілтесі жоқ. Қандай кемшілік болса да, қасқайып қарсы шығады. Қаһары – қаруында. Сатира – қаһарлы қару болса, оны бір сәт қолдан түсіріп көрген емес. Профессор Темірбек Қожакеевтің студент кезімізде берген дәрісі есімізде. Әйгілі әзілкеш Сергей Михалковтан: «Неге сатиралық пьеса лар жазасыз?» деп сұрағанда, ол: «Менің табиғатым – адамдардың өмір сүріп, жасампаздық жасауына, өздерінің мүмкіндіктерін еркін көрсетуіне кедергі келтіретін, адамшылыққа жат, кісілікке жатпайтын өнегесіздік терге, мещандыққа қарсы күресуді қажет етіп тұратын болуы керек» деп жауап берген. Міне, сықақшылар ұқсастығы. Ғаббас ағамыздың да сон дай сорақылықтарға жаны қас. Төзбейді. «Өмірдің жағымсыз құбылыстарын күлкілі, келемеж түрде көрсе тетін әшкерелеуші әдеби шығарманың бірі – сатира саласын» зерттеуші лердің тұжырымы бойынша, Аристофан сатирасында қайғылы үн, Щед ринде өмірді трагедиялық тұрғыдан сезіну, Гогольде күйзеліс, Чеховта күрсініс, Оспанханда күле қарау басым болса, Ғаббас ағаның көркем дү ниелеріндегі ашынғаннан шыққан ащы айқайы тас кереңнің де құлағын жарғандай. Ғұламалардың дәлелдеуінше, әлемде миллион дыбыс бар. Бірақ әркім парасат-пайымына қарай қабылдағанын ғана естиді екен. Демек арқалы ақын-жазушылардың шығарма тудыруы олардың күйініш-сүйінішіне байланысты. Қоғамда болып жатқан құбылыстарға құлақ тосады да, жай саң жағдайларды естіген сәтте жаз күніндей жадыраса, «лайсаң» нәрсе лерге қаны қайнайды. Соның бәрі төкпе күйдей төгіліп, шабыт шақыра тыны рас. «Кісен ашқан», «Көбік шашқан», «Түрмеден қашқан» сияқты күйініш күйін күмбірлеткен Құрманғазы атамыз секілді күйші болсам... Оһо-о, онда жасы сексенге келсе де сең жүргізіп келген ағам туралы «Тоң жібіткен» деген күйді шығаруым мүмкін-ау? Қысқасы, қыршаңқы тілді сықақшылардың болмысы қандай? «Сати ра мен юморға жақын жүретін жандардың үш қасиеті бар» деген Черны шевский. Бірінші: – Жақсылықтың, әдеміліктің қадірін білетін, кісілігі, қайырымы мол, ақыл-парасатына сенетіндер. Екінші: – Өз парқын, өз қасиетін түсіне отырып, өз басындағы мінін де көре алатын, соған күле білетіндер. Үшінші: – Жалпы кемшілік пен кесір-кесапатты аңғарғыш, оған төзбес, ашу ланбай, ызаланбай тұра алмас адамдар ғана сатираға бейім болады. Па, шіркін! Мына теория Ғаббас ағаның портреті ғой. Әйтпесе, ақын інілерінің бірі Тоқтарбек Қызықбай ағасына өлең арнап, ағынан жарылар ма? Айшықты ай сияқты жаңа туған, Көзіме танылады дара тұлғаң.
Ғұмырда аз жолықтым сендей жанға, Әділдік үшін ғана жаратылған. «Бұл қай Ғаббас?» дегендерге ұстазы Темкең де теңіздей тебіреніп жауап қайырған жоқ па? «Сөз сабасын күрп-күрп пісіп жүрген, дерт атаулымен күрес сайы сына түсіп жүрген Ғаббас. Туғалы құлағың шалмаған сиқырлы сазбен қуантқан Ғаббас. Түрткілей берсе, от өшеді, безер боп көрші көшеді, түйе жынын шашады, қатын төркініне қашады деп төгетін Ғаббас... Бұл – та лай түлкінің таңын айырған, талай «тағыны ініне жеткізбей қайырған» Ғаббас. Талай дөйлерді тәубесіне келтіріп, омыртқасын опырған Ғаббас, жер-көкті салдырлатып жүрген талай «сабаздың» мұрнын жапырған Ғаб бас. Сынадың деп соңына түсіп, алдынан көлденең өткізбейтін дөкір дөй лерді дөңбекшіткен, қан қысымын көтеріп тершіткен Ғаббас». «Көп көңіліндегі күмәнсіз шындықтың жайын күмілжусіз, көлгірсізақ айтсақ: Ғаббас Қабышұлы – сатира жанрының саптағы саңлақ сарбазы ғана емес, нағыз сардарлы сарабдалы. Төл жанрына табан тіреген сәтінде арғымағын арқыратып шыға келеді» деп риза болған Халық жазушысы Мұзафар Әлімбаев сөзінің соңына сөл қосып, тұжырымын тұздықтаға нын біле ме жұрт? «Республикалық Мемлекеттік сыйлықтар комитетіндегілер балалар әдебиеті мен сатира саласындағы саңлақтар еңбегін мүлде ескермейтін дері қалай осы? Ұсынылғанның бәрі емес-ау, ұмсынғанның бәрі дерлік омыраула рына белгісін тағып жатқан саңлақтардан да сырт қалып жүрген Ғаббас бауырымның аса кішіпейілділігіне қайран қалмасқа лажың жоқ-ақ» деп мұң шаққан Мұзағаң. Осы төңіректе төл құрдасы Үмбетбай Уайдин де уәйімін жасырма ған. «Әдебиет әлемінде, әлемдік кеңістікте сөз етсек: Марк Твен Әзиз Не син де, Оспанхан Әубәкіров те емес. Мопассан Лев Толстой емес. Немесе: Әбдіжәміл Нұрпейісов Тахауи Ахтанов емес, Қадыр Мырзалиев Мұқаға ли Мақатаев емес... Екінің бірі Әуезов пе? Мүсірепов пе?.. Ғаббастың алпыс жылдығы үнсіз өтті... Азды-көпті еңбегін ескеріп, не болмағанда жасын ескеріп, оны бір мезгіл төрге шығарсақ болмас па?!. Жазушылар одағы құзырында отыз жыл қызмет істеген, көпшіліктен тек алғыс естіген Ғаббас Қабышұлы жасы алпысқа толып, зейнетке шы ғып, «жастарға орын беруім керек» деп, Одақ басқармасының 2-хатшысы қызметін доғарғанда ешбір басшы құрметтеп шығарып салу рәсімін жа самады. Жасы 70-ке, 75-ке толғанда да үндемеді. Неге?.. Сірә, қоғамы мыздағы терісқақпай құбылыстарға сын көзімен қарап, сынадай қаққан сөзінен тіксінсе, сақтанса керек». Қызыл-жасыл дүниеге қызыға қоймайтын Ғабаң қабағына кірбің ұя латпады, кісілігін жоғалтпады. Өз абыройы өзінде. Абырой биік пе, әлде атақ биік пе? Ғабаң үшін абырой – төр, атақ – табалдырық. Өзінен гөрі өзгелердің қамын жеп, қабырғасы қайысып жүргенін та лай көрдім. Бір мысал. Арқалықта тұратын және сондағы университетте
дәріс беретін семсер тілді Сейіт Кенжеахметов ойда жоқта «ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері» деген атақ алып, аң-таң болады. Күтпеген марапат. Сөйтсе Ғаббас ағасы сол кездегі Білім және ғылым министрі Шәмша Беркімбаеваға арнайы хат жолдапты. Онда есімі елге мәшһүр Сейіттің сын-сықағын былай қойғанда қазақтың әдет-ғұрып, салт-сана, тұрмыс тіршілігі туралы үш тілде басылған үш том этнографиялық кі табы мен студент жастарға берген тәлім-тәрбиесі лайықты бағаланбай жүргенін жазған ғой. Арқалықтағы Сейіт інісі Алматыдағы ағасына жедел хат жібереді. «Қымбатты Ғабеке! Ағалық, шығармашылық қамқорлығыңыз үшін екі мың да бір рахмет айтамын. Рахмет,жан аға! Сізге ризамын. Мен ғылыми атақ, медаль дегенге мүлде қызықпаймын. Осы уақытқа дейін бір медаль, орден, атақ алып көргенім жоқ. Мынау -менің бірінші наградам. Менің мақсатым – денсаулық және кітап жазу ғой. Жақында «Ана тілі» баспа сынан «Жеті қазына» деген этнографиялық еңбегім екі кітап болып басы лып шықты. Міне, абырой-атақ!». Қарайған нәрсені қалт жібермейтін Ғабаң қайда үшбу сәлем жолда мады дейсіз. Бәрі де елдің қамы, елді сүйген ердің қамы. Премьер ми нистр кезінде Иманғали Тасмағамбетов пен Мәдениет және ақпарат ми нистрі Мұхтар Құл-Мұхаммедке мәселені бүйірден қойып, Оспанхан Әубәкіровтің сегізтомдық шығармаларын шығару жөнінде ұсыныс жаса ды. Қолдау тауып, төрт томдығы оқырмандардың қолына тиді. Тізе берсе тіпті көп. «Республикалық Қуыршақ театрына өзі сонда ұзақ жылдар қыз мет істеген Оспанхан Әубәкіровтің атын неге бермеске? Шымкент қала сындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық әзіл-сықақ театрын тұңғыш сати ралық роман жазған Садықбек Адамбековтің атымен аталса жарасып-ақ кетер еді», деген секілді құзырлы органдарға жолдаған хаттары қаншама! Сондай соқталы істеріне риза болғандықтан екі ауыз эпиграмма да арнадық. Ғаббас! Ғаббас! Осы сөзге оқырман, Ұйқас іздеп, тап бас! – Ғаббас! Айтқанынан қайтпай «Жоғарыға» жақпас. – Ғаббас! –Саяз судай сарқырап, Ылди іздеп ақпас. –Ғаббас! –Мұз қатса да мұртына, Мұңын бірақ шақпас. –Ғаббас! –Өлгендерді тірілтпей, Ішкен асы батпас. Еменнің қарсы біткен бұтағындай нық мінезді Ғаббас аға - сатирик қана емес, иі жұмсақ ибалы журналист. Қайтыс болған ақын-жазушы аға лары, құрбылары, інілері туралы 2003-жылы«Сағыныш сазы» атты ес
телік кітабын шығарды. Онда марқұм болған 25 жазушы, 5 журналшы туралы естелігі фотосуреттерімен бар. Автор марқұмдардың зайыптарын дәмханаға шақырып шәй берді, кітабын және гүл силады. Әңгімелесу, еске алу рәсімін жасап, құран бағыштады. Оспанханның әйелі Нұрсұ лу, Оспанәлінің әйелі Раушан, Сағидың әйелі Уазифа, Жұмекеннің әйелі Нәсіп, Сабырханның әйелі Шолпан, Марат Қабанбайдың әйелі Сәуле және басқалар авторға алғыс айтты. Аралас-құралас жүрген силастардың бұл басқосулары әзіл әңгіме мен көз жасы араласқан қымбат сәт болды. Осы жинақты оқыған Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың еміренуі ерекше, Әзекең: «Жаңалық!» деп жар салды: «Латын тілінде «реквием» деген сөз бар. Қазақша мағынасы – «жоқ тау». Адамзат басынан өткен ұлы заманды, ұлы адамды, ел үшін еңбек еткен ерен батырды жоқтау. Жоқтау бұрын музыка үнімен, поэма тілі мен айтылып келді. Мәселен, Австрия композиторы В.Моцарттың «Ақыл патшалығы» аталған Ағарту заманын жоқтауға арналған «Реквием» атты атақты шығармасы дүниежүзілік классикалық музыка туындысының ең ұлы үлгісіне айналды. Сол сияқты И.Брамс та «Неміс реквиемін» шығар ды. Бұлар – музыка саласындағы реквиемдер. Ал қазақ поэзиясындағы реквиемнің үздік үлгісі – атақты Мамай батыр өлгенде оны анасы Қаратілектің жоқтауы мен ежелгі «Елім-ай!» ән-өлеңі. Кейініректе де жоқтау шығарған ақындар болған. Қазір бұл жырмен М.Әлімбаев айналысып жүр. Бірақ, бізде прозамен жазылған реквием жоқ. Ал енді Ғ.Қабышұлының отыз жазушыны жоқтап жазған бұл кітабын прозалық ревием деп атауға әбден лайық». Жазушылар одағы құзырындағы Көркем аударма және әдеби байла ныс редакциясы Алқасының төрағасы болысымен Ғаббас аға 1992-жылы «Шабыт» атты баспа ашты. Ол ең әуелі марқұм қаламгер ағаларымыздың есен-сау зайыптарының естеліктерін шығаруды мақсат етті. Сол әредікте «Парасат» журналында Сәбит Мұқановтың бәйбішесі Мәриәм апайдың сұхбаты шыға қалды. Мәкеңмен әңгімелескен Гүлнәр Құдабаева қарын дасымыз Сәбеңнің мұрағатжайында қызмет істейді екен. Ғаббас аға оны телефонмен дереу тауып алған да, апайдың сұхбатын естелікке айнал дырып, барынша кеңейтіп жазып беруді өтінген. Сәбеңнің бар кезінен араласқан Мәриәм апайға өзі де барып, естелігін баспаның қаржысына жеке кітап етіп шығаратынын айтқан. «Қожахметқызы Мәриәм, Мұқан келіні. МЕНІҢ СӘБИТІМ» деп аталған кітап 1993-жылы қазан айында 50.000 дана таралыммен шыққан. Мұқабаларында Сәбең мен Мәкеңнің, Сәбең мен Кенен Әзірбаевтың, Сәбең мен досы Ғафур Ғұламның (өзбек жазушысы), Мәкең мен Гүлбаһрам апайдың (Сәкен Сейфуллиннің жары) фотосуреттері бар. Ғаббас кітаптың елу данасын алып, Сәбеңнің үйі не барады. Мәриям апай қатты толқып, Ғаббастың бетінен сүйіп, екеуі шүйіркелесіп отырып шәй ішеді. «Бөлменің төрқабырғасында Сәбеңнің тік тұрған, майлы бояумен салынған суреті ілулі. Мен ол жолы да суретке сүйіне қарап едім, Мәриям апай көңілді үнмен: «Кел, шәй іш деп қанша шақырсам да, бір келген емес, қарайды да тұрады, тіл алмайды» деді» дейді Ғабекең, сол мезетті есіне алып. Мәриәм апай: «Кітапты шығарған еңбегің, ілтипатың үшін ең әуелгісін өзіңе силайын» депті де: «Сәбитті
көрген, інісіндей болған Ғаббас балама! Көп рахмет! 29.10.93. Мұқано ва» деп қолтаңба жазып беріпті. «Үйімдегі ең қымбат мүліктің бірі – сол кітап» дейді Ғабекең. Ғаббас ағаның «жекеменшік» жинақтарының саны жиырмаға жет пейді екен. Сірә, өзінің дүниелерін қаламынан туар-тумаста кітапқа ай налдыруға асықпайтындығы шығар. Оның есесіне өзгелер туралы ес телік кітаптардың тезірек жарық көруіне құлшынысы ерекше екеніне мен де куәмін. Ол: Ілияс Жансүгүров, Сәбит Мұқанов (жоғарыда айтыл ды), Әди Шәріпов, Михаил Есенәлиев, Сағат Әшімбаев, Естай Мырзах метов, Оспанхан Әубәкіров, Әнуар Әлімжанов жайында естелік жинақ тар шығарды. Ә. Әлімжановтың «Қазақ әдебиеті» гәзетінде екі жыл бас редактор болғанын, Жазушылар одағын сегіз жыл басқарғанын білесіз дер. Сол мерзімде Әнекеңнің іскерлігіне, адамгершілігіне тәнті болып, студент Әнуардің 1954-жылдың көктемінде ұлы ұстазы Мұхтар Әуезовті КГБ деген пәленің қара құрығынан құтқарып қалған тапқырлығына, ба тылдығына қаныққан Ғаббас аға Әнекеңнің 70 жылдығына арнап «Әлем таныған Әнуар – Признанный миром Ануар», ал 80 жылдығына «Біздің Әнуар – Наш Ануар» атты көлемді кітаптар шығарды. ...Мен отыз үш жаста едім. 1983 жылдың мамыр айында саяси-са тиралық «Ара» – «Шмель» журналына Ғаббас аға бас редактор боп келді де, Қажытай Ілиясовпен екі тілде бірдей жазатын Тоқтархан Шәріпжа нов, Марат Нұрқалиевті және мені қызметке шақырды. Әуелі фельетон бөлімінің меңгерушісі, кейінде жауапты хатшы болдым. Сонда бір байқа ғаным – Ғабекең ешқашан ешкімнентайсалмайды, табанының бүрі бар, таймайды. Қажымайтын, қайыспайтын қара нар сияқты. Оспанхан ағам айтқандай, «Ара» – ара болды, шаққан жері жара болды». Фельетонға ілінген екі министр, аузымен құс ұстаған тағы бірталай дөкейлер мұрттай ұшып жатты. Журналдың таралымы жарты миллионнан асты. Сол тұста да парақорлық пен жемқорлық, дәп бүгінгідей шырмауыққа айналмаса да, сыбайластық пен тамыр-таныстық белең ала бастаған-тын. ЦК-дағылар «Кімді сынайтындарыңды бізбен ақылдасып, алдын ала жоспарларыңды көрсетіп тұрыңдар!» деген талап қоя бастады. Оқшантайларындағылар ойбайлап, араша тілейді ғой. Ым-жым мен ымыраға көнетін Ғабаң ба? 1987-жылы қазан айында бас редактордың «киелі» креслосы мен «құді ретті» портфелін тастап кете барды. Айтпақшы, Ғабаңның бірде, 1984-жылы жазда, азуын айға білеп 1956 жылдан шыға бастаған «Ара» журналының тамыры тереңде, тарихы әрі де екенін айғақтау үшін Қажытай Ілиясовты Ташкентке іссапарға жібер гені бар. Жарты айдай жамбастап отырып зерттеген Қажекең мұрағат тағы құжат атаулыны аударып-төңкеріп, сатиралық журналдың тарихы 1915-жылы шыққан «Садақ» (Алғашқы редакторы – Бейімбет Майлин) деген журналдан басталатынын, одан кейінгі жағдаяттарды да анықтап қайтты. 1918-жылы ол басылым жабылғасын, 1925-жылы Жүсіпбек Ай мауытовтың редакторлығымен «Шаншар» атты сатиралық журнал жарық көрген. Бұл басылым да жабылып қалған соң, 1932-жылы Ілияс Жансүгі
ровтің редакторлығымен «Балға» атты сатиралық журнал шығады. Бірақ аумалы-төкпелі заманда ол басылымның да ғұмыры ұзақ болмапты. Ға баң қолына тиген ол деректердің айна-қатесіз ақиқат екендігін дәлелдеп, профессорлар Темірбек Қожакеев пен Тұрсынбек Кәкішевке мақалалар жаздырады. Сөйтеді де, оның бәрін редакция алқасының хатымен бекітіп, Орталық партия комитетінің хатшысы Кәкімжан Қазыбаевқа алып бара ды да: «Мен одақтық«Крокодилден» бастап, барлық республикалық сати ралық журналдардың басшыларымен сөйлестім. Олардың журналдары, мысалы, қырғыз бен өзбектің, татар мен түрікменнің, кавказдықтардың да сатира журналдары алғаш 1915-1920 жылдарда шығып, біздегіше бір ашылып, бір жабылып, 1950-жылдарға дейін түрлі аттармен шығып тұ рыпты, бірақ олар журналдарының шығу тарихын ең бірінші санынан бастауды заңдастырып алған. Біз де «Араның» тарихын 1915-жылдан, «Садақтың» шығуынан басталық. «1956-жылдан бастап шықты» деу қи сынға келмейді. Осы мәселені шешіп беріңіздер. Келесі жылы 70 жыл дығын атап өтелік» дейді. Хатшы: «Біз ойланайық, ақылдасайық» дейді. Әңгіме сонымен аяқталады, жалғанбайды. Журналдың кейінгі басшыла ры оған бас ауыртпады. ... «Самал» ықшам ауданында тұратын сатирик ағамның үйіне соғып қоңырау қақтым. Есікті кенже ұлы Әзиз ашты. Түріктің әлемге танымал әзілкеші Әзиз Несиннің романдары мен әңгімелерін көп аударған Ғабе кең ерке баласының есімін ырымдап солай қойғанын білем. Ырым емес, жаны жайсаң жазушыға іңкәрлік сезімі болар, сірә?! Иә, солай... Әзиз Несинмен 1981-жылы Мәскеуде кездескен. Аз-кем сұқбаттасқан. Қолтаң ба алған. Тірі адамға тіс жара қоймайтын әйгілі Әзиз бейдің қас-қабағы нан талай нәрсені аңғарған. Мәскеу циркінде сайқымазақ шебері Юрий Никулиннің күлкі кешін де бір сәт те күлмегенін, тіпті езу тартпағанын естіген журналистер Әзиз Несиннен: – Классикалық сатира мен совет сатирасының айырмашылығы болға ны ма? – деп сұрағанда, ол былай жауап қайырған: – Сіздердің қоғамдарыңыз – зиялы, тәрбиелі қоғам. Оның бойында біздің қоғамдағыдай мерез жоқ, сорақылық жоқ. Сіздер өз қоғамдары ңызға ризасыздар, оны құрметтейсіздер. Сіздер қасиетті қоғамдарыңызға лайық емес жекелеген кісілердің теріс қылықтарын әшкерелеп күлесіз дер. Ал біз өзіміздегі капиталистік қоғамның бізге, кейінгі ұрпағымызға жасап отырған зұлымдықтарын, кесапаттарын әшкерелеп күлеміз. Сіздер өз қоғамдарыңыз үшін өмір сүресіздер. Біз өз қоғамымызды жою үшін өмір сүреміз! Сіздер күлгенде – көздеріңізден жас ағады. Біз күлгенде – көзімізден қан ағады! Ғабекеңнің көзден қан ағызып жазған Чехов, Бранислав Нушич, Михаил Зощенко, Марк Твен, Николай Гоголь, Остап Вишня, СалтыковЩедриндердің классикалық әжуаларын аударып, қазақ оқырмандарына қауыштырған еңбегі бір төбе. Қалай десек те, Ғаббас аға – қазақ сатира сының қабырғасын қаласқан тұғыры бар тұлға.
ÀÁÄÐÀÕÌÀÍÎÂ
ҚАСИЕТТІ
ҚАСҚА ЖОЛ
Ж етіқараңғы түнде зулап келе жатқанмын. Бір ауылдың ара сынан өте бергенде... Ой, қызық-ай! Астымдағы асау тайдай машинамның үні өшіп, өзінен-өзі тоқтады. Бұзылды. Қасқа жолдың қарсы бетіндегі екі-үш жігітке: – Бұл қай ауыл? – деп дауыстадым. – Келес! – деді олар. “Е-е, белестен өтіп Келеске келген екем ғой. Ұлт ұстазы Өзбекәлі Жәнібеков еңбек жолын бастаған Келес қой бұл! “Оқ пен гүлді” жырлаған Тоқаш көкемнің ауылы ғой бұл!” деп ойлағанымша болған жоқ... – Не болды, аға? – деп әлгі үш жігіт үйіріле қалды. – Болары болды! – дедім. Күлді. “Қазір болдырамыз!”, – деді. Әрі-бері шұқыды да: – Оппо-о-о! Мына жері кеткен екен ғой. Жөндеу үшін үш-төрт сағат уақыт керек, аға. Сенсеңіз машинаны мына жігітке қалдырып кетіңіз де, біздің үйге барып демала тұрыңыз! – деді бір биязысы. – Мақұл. Мә, кілт! Биязы жігіттің көлігі қасқа жолдан қашқандай еңіске түсті. Бұралаңбұралаң жолмен бұлғақтатып үйіне қарай келеміз. – Ауылдың жолы осылай, аға, – деп қояды. Қасқа жолдан қашық емес екен, тез жеттік. Сыртқы есіктің маңдайшасында жалғыз “ләмпішке” жар қырап тұр. Қарапайым аула. Қарапайым үй. Дастархан жайылды. – Сізді танып тұрмын, аға! – деді әлгі жігіт. – Мен Сауытбек Абдрах мановтың інісі болам ғой. Осы үй Сәукең өскен қара шаңырақ. Мәссаған! Міне, қасқа жол қайда апармайды. Жақында ғана “Президент сыйлығының лауреаттары” айдаршасымен “Қазығұрт” баспасы шығарған Сауытбек Абдрахмановтың “Елдік сыны” атты кітабы қолыма тигенде осы оқиға есіме түсті. Оқыдым. Ауылдағы қасқа жол авторды қайда апармаған. Бармаған жері жоқ. Жарты әлемді жаяу аралап шыққандай әсерлі әңгімелер. Сал мақты, байыпты саяси мақалалар, сұхбаттар. Тегеурінді ойлар. Кездейсоқ кейіпкер жоқ. Бірінші курстан кино сыншысы атанған Сауытбектің ұстазы Сағат Әшімбаев еді. Сол Сағаттың ұстазы Оралхан өз күнделігінде “Неге екені белгісіз, көркем шығарма оқуға бала жастан бері зауқым жоқ... Ал, керісін ше, танымдық әдебиеттер көп тартады” деп жазғаны есімде қалыпты. Тағылым іздеген адамға таптырмайтын кітап. Әйгілі Марк Твен журналистерді “бәрін білетін, бірақ бәрін шалашарпы білетін” қауымға жатқызыпты. Бұл жинақты оқығаннан кейін Марк Твенмен келісе қою қиын шығар.
Саясаттың сауытын киініп, бес қаруын асынбаған журналист Елбасы мен екі рет сұхбат жүргізе ме? Ойды ой қозғайды. “Сен маған сұрағыңды қой, мен сенің кім екеніңді айтайын” деген әфсананың ар жағында ақиқат жатыр. Егемен ел болдық. Тәуелсіздік тағылымдары өз алдына бөлек әңгіме. Жұмыссыздық деген не? Қызметсіздік жұмыссыздық па? Расында да, Ел басымыз айтқандай, баяғы ата-бабаларымыз өмір бойы айлық алып келді ме? Жоқ! Мал бақты. Жер жыртты. Егін екті. Айлық алмай-ақ тіршілік жасады. Қазақ қауымында жұмыссыздық болған жоқ. Қазір ше? Үкіметтен айлық дәметпей-ақ ел-жұрт енді-енді епке келіп, түсіне бастағандай. “Ең бек етпеген ішіп-жемейді” деп партия жетпіс жыл ұрандаса да миымызға кірмеді. “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деп Абай атамыз жүз елу жыл бұрын құлағымызға құйса да елең етпедік. “Нарық келді де аз жылдың аясында осы айдай ақиқатқа халықтың көзін де жеткізді, көңілін де сендірді” (38-бет). “Алайда, осы он жылдың биігінен қарағанда әттеген-ай дегізетін жайлар да бар шығар...” деген сауалға Елбасымыз: “Әрине, бар, – дейді әңгімесін сабақтап. – Тіршілік деген өкінішсіз бола ма? Бұл кезеңде біздің өмірімізде жақсы да болды, жаман да болды... Сеніп іс тапсырған адамдарымның қолынан шаруа келмей ұялтқандары да болды. Төселген тақтайдай тегіс жолмен жүріп жеткен жоқпыз бұл күнге. Оны айтамыз, тіпті жолсызбен жүруге мәжбүр болған кездеріміз де көп еді...” (46-бет). “Тағы да жол. Ендеше, “жол мұраты – жету”. Қалай жетеміз? Қасқа жол қайда апармайды. Бірақ “Бостандық қолға тиді екен деп бір сәт те босаңсуға, арқаны кеңге салып, баяғы кеңбалақ күйімізде жүре беруге тіпті де болмайды”. (40-бет). Түсінген кісіге Елбасымыз қасиетті қасқа жолға түс деп тұрған жоқ па? Солай!.. “Өзіңе жаққан нәрсенің бәрін өзіңдей көріп өзгеге ұсына берме. Мүмкін олардың талғамы басқа шығар?”, – дейді Бернард Шоу. Қатпары көп қағида. Көңіліміз құлаған кітапқа сондықтан көп тамсанбай оның тарауларына ғана сыпайы тоқталып өтсек, көзқарақты оқырман мән-жайды өзі-ақ түсінер деп білдік. Мінеки, тарихи тағылым керек пе? “Әлемге әйгілі...” тарауын парақтаңыз. Аттила, Алтын адам, Эйнштейн, Кир патша, Мұхаммед Әли, Тутанхамон... Шежірелі шаһарлар – Каир, Рим, Венеция, Ұлы Қытай қор ғаны, Швейцария, Санкт-Петербург, Эрмитаж... Көзбен көріп, көңілге түйген эстетикалық әсерлердің бір шеті ғылыми тұжырымдарға саяды. Кімнен тағылым алғыңыз келеді? Мұхтар Әуезов, Әбіш Кекілбаев, Олжас Сүлейменов, тарихтың қойнауынан тамыр тартқан Қойшығара Салғараұлы, Мұрад Аджи, Амангелді Құсайынов, Қазақс танның Халық артисі Нұржамал Үсенбаева, тағдырмен тартысып өткен талантты артист Кененбай Қожабеков, Жуковтың рөлін кинода сомдаған атақты артист Михаил Ульянов... Айтпақшы, осы кітапта қызық бір деталь бар. Автор Михаил Ульянов пен екі рет сұхбаттасыпты. Алғаш рет Астанада кездескен. Сонда атақты актер “Дуаланған шөп” (“Приворотное зелье”) деген кітабын оқымай-ақ сұхбаттасуға келген Сауытбекке таңқалса керек. Ондай кітаптың бар екенін
білмеген ғой. Екінші рет барғанда сол кітабын тауып алып, егжей-тегжей оқып шыққанын, әрлі-берлі әңгімеге сақадай сақ екенін аңғартады. Бұл ыждаһаттық, ізденімпаздық. Алғырлық. Ал, алғырлық қасиет асуды алмай қоя ма. Әсіресе, кино режиссер Мәжит Бегалин туралы естелік-эссесі әсерлі. Жылы. Шуақты. Шынайы. Юмор бар. “Өнер” баспасы ілгеріде Мәжекең туралы кітап жазуды Сауытбекке тапсырады. Бірақ автор сол кезде “Ол кісі мен онша араласып үлгере алмап едім, сөйлескенім де онша көп емес, тегі, жақын білетін, аралас-құралас болған басқа адамның жазғаны жөн шығар” деп бас тартқанын жасырмайды. Неге? Марк Твен айтқандай “шала-шарпы білетін” нәрсеге қалам тербегісі келмеу– өнерді пір тұтқандық. Бірақ бір қызығы сол, содан бері арада пәленбай жыл өткесін эссе жазыпты. Неге? Ойланған. Толғанған. Зерттеген. Пісірген. Сосын жазбасқа амал қайсы? Тәуелсіздіктің онжылдық шежіресін жазып шығу жөнінде Президент тапсырма берді. Өзі ноқтасын ұстаған “Егемен Қазақстан” газетінде жыл бойы жарияланып келген “Тәуелсіздік шежіресі” Астанадағы “Елорда” бас пасынан онжылдық мерейтой жөніндегі комиссияның төрағасы Иманғали Тасмағамбетовтың алғысөзімен жеке кітап болып оқырмандар қолына дер кезінде тиді. Президенттің тапсырмасы бойынша арабтың халық романы “Бейбарысты” шұғыл әрі сәтті аударды. Ер жасы – елуге толған шағында “Қандай жұмыс тапсырылса да барынша жауапкершілік танытып, сенімді ақтағанына” (5-бет) ризашылық білдірген Елбасы алғыс хат жолдады. Кейінірек елден естідім... Облыстағы ат тізгінін ұстаған азаматтар “Мүшелтойыңызды ауылда өткізейік” деп ұсыныс жасапты. – Сонда не істейсіздер? – дейді. – Ат мінгізесіздер. Шапан жабасыздар. Көлдария дастархан... – Оған қоса темір тұлпарымыз да бар! – дейді атпал азаматтар. – Бәріне рахмет, – дейді – той өткізгендей көрейін, соның есесіне менің ауылыма жол салып беріңіздерші!.. Ердің қамын ел ойласа, елдің қамын ер ойлайды деген осы шығар, сірә. Сондықтан болар, кітаптың аты да “Елдік сыны” деп аталуы тегін емес. ... Қазақтың қасқа жолы – қасиетті жол. Басқа жолмен емес, қасқа жолмен жүріп жазған әр жылғы жазбалары соның айғағындай. “Қазақ әдебиеті” газеті, 2004 жыл.
Нармахан
БЕГАЛИЕВ
НАРҚАСҚА
Д үниеде мамандық көп. Сантарау. Саласы пөп. Көз майыңды тауысып көңіліңе жаққан оқуды бітіргесін, оң жамбасыңа келетіндей оңтайлы мамандықты игеруге құлаш ұрып құлшы насың. Икемделесің. Бейімделесің. Бұл - өмір заңдылығы. Ал ақындарды дайындайтын арнайы оқу орны бар ма? Жоқ! Ақын – қасиетті ұғым, қастерлі есім. Ол – ел үшін туған ерекше тұлға. Оның сырласы да – ел, мұңдасы да – ел. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп елі үшін еңіреген Абай қай оқуды бітірді? Немесе: Ең бірінші бақытым – Халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің! – деп жырлаған Мұқаға лида қандай диплом бар? «Ақындық – ананың сүтімен, атаның қанымен дариды» деген тұжырым ғасырлар бойы сүзгіден өткен уәлі сөз. Имандай шындық. «Дарын мен талант – Құдайдан, еркектің бағы – жұбайдан» деген текті сөз де тегін шықпаса керек. Шығыс халқында «Сені ақылдырақ ететін үш жол бар» дейді. 1. Тәжірибе жинақтайтын жол. Бұл – бұлтарысы мен бұралаңы көп жол. 2. Еліктеу жолы. Бұл – ой-қыры жоқ оңай жол. 3. Тоқсан тарау толғаныс жолы. Бұл – із тастайтын ізгілікті жол. Ақындар, нағыз ақындар, абыз ақындар үшінші жолды таңдайды. «Абыз» деп айтып қалдық, осы төңіректе ой қозғай кетейін. Біз әдетте қарайған сақалы ағарып, шөмеледей шашы шөл даланың шөбіндей сиреп, егде тартқан ер кісілердің бәрін бір сөзбен «Шал» дей саламыз. Солай сөй леу дағдыға айналған. Бұлай атаудың бұрыстығын Бауыржан Момышұлы жарты ғасыр бұрын жазыпты. Баукеңнің түсіндіруінше, шал – бала-шаға сы мен әйеліне әмірін жүргізе алмай, көсеумен от сабалап, шала бықсып отыратын адам. Қария – айтар сөзі ауылына өтімді кісі. Ақсақал – аймақты аузына қаратқан абыройлы адам. Ал, абыз деп кімді айтады? Халқының қамын ойлап, қабырғасы қайысатын, елінің мұңын мұңдап, жоғын жоқ тайтын адамды ертеректе абыз деп атаған. Баукең өз ойын осылайша тұжырымдайды да, сөзінің соңын «Қазір бізде абыз бар ма?» деп жұмбақ жасырғандай аяқтайды. Сірә, батыр атамыз «Елім қайтіп күн көрер? деп күңіренген кешегі Асанқайғы мен Бұхар жырауды, Қарға бойлы Қазтуған мен Шалкиізді, Шал ақын мен Ақтамберліні, «Жайықтың бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп астындағы атының ауыздығын алмай өткен Махамбеттерді меңзеген болу керек. Әлде кешегі Кеңес өкіметінің келтегінен сескеніп, жұмған аузын ашпай жүрген ақындарды қайрағысы келді ме екен? Бір қарағанда соған да сайып тұрган сияқты. Менімше, сол дәуірде ғұмыр кешкен ақындардан біразы – аңыз, біразы – абыз. Айталық, алпысыншы жылдардың басында ақиық ақын
Жұман Молдағалиевтің «Хатшыға хат» деген өлеңі «Жұлдыз» журналында жарияланды. Сол сол-ақ екен, солақай басшылар ақынның апай-топайын шығарып, биікте отырған билік иелерінің шамына тигені үшін Жазушы лар одағының хатшылығынан жұлып тастады.Сорғалаған шындықты сол күйі жариялағаны үшін күллі ұжымды күстәналап «Жұлдыз» журналының қосшысына дейін қызметтен сыпырды. Абыздық поэзия апайтөстерге ұнай қоя ма? Қазақ поэзиясына қоңыраулатып келген Ғафу Қайырбеков баяғы бабаларындай абыздық сарынға ден қойды. Ақын Қадыр Мырза-Әлі де «Біздің тарих бұл да бір қалың тарих, оқулығы жұп-жұқа бірақтағы» деп қойқаптағыны қозғай бастады. Тарихи шындықтың тамыры оянып, бүршік жарғандай. Қай оқулықты парақтасаң да Иван Грозный, Петр Первый секілді орыс патшаларын мадақтаудан көз сүрінеді. «Қазақта хан жоқ па? Ол неге айтылмайды?» деген секілді намыстан оты тұтанғалы тұрған шақта Ғафу ағаның абыздық өлеңі газетке жарияланды. Басқалардың патшасы бәрі жақсы, Біздің хандар неліктен жаман болған? Осы бір ойықты пікірге шүйліккен ЦК-дағылардың бәрі өре түрегелді. «Бұл не сұмдық?!» деді. Дүрлікті. Дүрліктірді. Әйтеуір әупіріммен түсінік теме жазып, әрең құтылған-тын. Міне, осындай бір ұрымтал тұста жас ақын Нармахан Бегалиевтің жыр жинағын оқыған Ғафу аға «Өрнекті өлең өрісі» атты салақұлаш салмақты мақала жазды. Ол 1978 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің 21санында жарық көрді. Жас ақынның жаныңды жадыратар өлеңдерін талдай келіп, «шығарма сының шырайы – шынайылығында» деді. Тапқырлығына таңырқады. Көп қазақтың көкейіндегісін майдан қыл суырғандай қып жеткізген шеберлігіне шексіз ризашылығын білдірді. Жібітіп тоңды қыстайғы, Түседі мезгіл көк терге. Жасаң жапырақтар ұқсайды, Тәуелсіз мемлекеттерге. Бұл не? Қазақстан тәуелсіздігін аңсау ма? Ия, солай. Өлең астарында тәуелсіздік исі аңқып тұр. Абыздық поэзия. Соған қуанған Ғафекең керемет шабыттанып кеңінен көсілді. «Мұнда табиғат көрінісінің дәлдігі өзінен басқа, тағы да қабат-қабат мағына тұр ғой. Сонша күрестен соң тәуелсіздік алған мемлекеттер шынында да жаңа өмір – жасыл жапырақтардай емес пе? Аз сөзбен керемет көп айту осы болса керек. Біздің поэзиядағы жете алмай жүргеніміз осы» деп бір тоқтады. Расында да ешкімнің көңіліне тимей, жағасын жыртпай сөйлейтін мәйін мінезбен әсем ойын әдіптей білген. «Нармахан желдің дірілін, шөптің сыбдырын, шегірткенің шырылын, ауаның ыстығын сезгіш, көргіш, жырлағыш. Алыстағы сыбызғының дауысын естігендей боласың. Оның өлеңдерін мен сағынып жүремін» деді Ғафекең тағы да таңдайы жібігендей рахатқа бөленіп. «Алыстағы сыбыз ғының дауысын естігендей боласың». Не дауыс.? Астарлаған. «Тәуелсіздік дауысы!» дегенді ашық айта алмаса да, келелі ойын кестелеп жеткізген. Жалпы Ғафу ағасы Нармахан поэзиясы туралы үш рет үкілеп мақала жазған. Бір емес, үш рет! Неге? Қызыл империяның қырдан қашқан қызыл түлкідей айлалы саясатына қиядан шолып қиып түсетін қыран ақын керек еді. Қырағылықты шәкіртінен күтті. Сұлу жырынан сұңқардың мінезін
көрді. Көрді де баптады. Арқасынан сипап аспанға ұшырды. Бір ауыз жылы сөзбен түу биікке түлетіп самғатты. Биіктік деген не? Ел мүддесінен артық биіктік бар ма? Оны азаматтық пафос дейді. Міне, Ғафаңның берген тағы бір бағасы. «Нармахан творчествосын, оның ақындық лабороториясын, құрал-қаруларын, бояу-сырларын асықпай зерттеп, үңіліп қарап көпке танытуымыз керек. Осы күнгі ұрпақты поэзия дан ләззат алуға, эстетикалық сұлулық дүниесіне бойлауға тәрбиелеудің бұл да бір әулие жұмысы». ...Сонау тоқсаныншы жылдардың басында Нармахан ағамыздың елу жылдық мерей тойын атап өтуге жиырма шақты ақын-жазушы Алматыдан арнайы шығып, Ордабасыға ат басын тіредік. Темірландағы мәдениет сарайына жұрт лық толды. Поэзияға сусаған халық. Әуелі баяндама жасалды. Қол соғу. Қошемет. Сый-сияпат тапсыру басталды. Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы Нармахан Бегалиевтің қабырғаға іліп қоятын жұқалтақ тасбейнесін жасатып, сәлемдеме ретінде беріп жіберген екен. Жігіттер жол-жөнекей дуылдасып жүріп, тас сыйлықтың бір шетін сындырып алыпты. Онысын ешкім байқамаған. Құттықтау сөз сөйлеп, кенеп қаптың байлауын шешкен Ғафу Қайырбеков ағамыз сынып қалған сыйлықты көріп, сәл-пәл абдырап қалды. Бірақ байқатпауға тырысты. Қанша дегенмен ақын ғой. Өлеңдетті. – Суреттің сынған шеті – жапан дала! – деп тоқтады. Сол сол-ақ, екен бірге ілесіп шыққан ақын інілері іліп әкетіп әрі қарай жалғады. Иранғайып: – Біздегі қалғаны енді шапан ғана! – деді. Одан әрі Исрайыл Сапарбай жарты шумақты жалғастырды: – Алты ай жол жүрсе де апамменен, Сынбайтын, шаршамайтын Ғафаң ғана! – деп ыңғайсыздау жәйтті әп-сәтте көңілді күйге айналдырып жіберді. Қандай тапқырлық. Жазба ақындарының жатыпатар суырыпсалма өлеңіне Ғафаң риза. – Түйеге мінген қазақ төрт ауыз өлең біледі. Қазақ – тумысынан ақын халық. Әйтсе де бүгінгі айтыскер ақындарымызға дәл осындай аяқ астынан айта қоятын тапқырлық жетпейді! – деп бір желпінгені бар. – Баяғы бала кезімде сырнайын сызылтып Нартай ақын біздің үйге түсті. Тірі ақынды алғашқы көруім, – деді Нарағаң сол сапарда сыр ақта рып. – Қалың қара мұрты бар. Тісінің ірілігі басбармақтың көбесіндей. Сол атамның алдына отырып еркелегенім есімде. Аялы алақанымен басымнан сипады. Жеңгелерім жақсылыққа жорып ырымдады ма, кім білсін, мені көпке дейін ақын атамның атымен атап жүрді. Ақындық жолға түсуіме Нартай атамның ықпалы қатты әсер етті. Әні қандай, сәні қандай! Содан кейін ауыз әдебиетінің інжу-маржандарына қызықтым. Тердім. Тереңіне сүнгідім. Біздің ауылдағы Бөген өзенінің батыс жағын жайлаған Ақберді деген ақын болыпты. Сол кісінің ел аузындағы қағытпаларын қағып алып, жаттауға әуестендім. Әуелгіде отбасын құрмай отырыңқырап қалған қыз бен айтысы қызық көрінді. Тұрпатының тұрымтайдай ғана кішкентайлы ғына күле қарап, шау тартқан шалдығын тілге тиек еткен қызға Ақберді атамыз былай депті. Елдің көркі кіреді шалы болса, Жердің көркі кіреді малы болса. Бидайдың ұзыны не, қысқасы не, Қызарған қынабында дәні болса.
Бір естігенде-ақ жаттап алдым да «Е-е, өлеңде де дән болу керек екен ғой» деп топшыладым. Ойға құрып, образ жасауды осы аталарымнан үй рендім, – деп алғашқы ұстаздарын ауыз толтырып айтқан еді. Ол да бір дәурен екен-ау! Еліміз аяғын тәй-тәй басқан баладай тәуелсіздікті енді алып екпіндей бастаған кез еді. Содан бері де жиырма жыл өтіпті-ау. Жақында Нармахан ағаммен Шымкент шаһарында ұшыра сып, шүйіркелестік. Есейген. Бегалының баяғы баласы емес. Өзі өзгермесе де сөзі өзгерген. Аузында мән бар, қауызында дән бар. Көшелі әңгімеге көшті: – Қазақ жақсы көрген адамына «Нұр жаусын!» деп тілейді. Мұның астарында Тәңірім игілікке жұмсалатын күш-қуат берсін деген тілек жатыр. Сол күш-қуат адамдардың бір-біріне жан жылуы арқылы ауысады, – деп кішкене кідірді де, «өткеннен күл алмай, от алған» кәнігі тарихшыдай өзінің өткен шағына азырақ шолу жасады. – Жас кезімде ағаларымның ықылас-пейілін, аялы алақанының ыс тығын көп сезіндім. «Лениншіл жас» газетінде әдебиет бөлімін меңгеріп отырған Жұмекен Нәжімеденов көкем студенттік жылдардағы бір-екі өлеңімді жариялады. Іле-шала Мұхтар Шаханов екеуі біздің ауылға мені іздеп келіп, жұмыссыз жүрген зайыбымды мектепке қызметке орналасты рып кетті. Қуандық Шаңғытбаев аға өзімді көрмей тұрып-ақ өлеңдеріме шолу жасап, республикалық басылым арқылы, шығармашылығыма кең өріс тіледі. Ғафу Қайырбеков ағаекемнің орны бөлек. Бет-аузын көрмеген бейтаныс кезімде «Беласар» жинағына қолтаңбасын жазып, Алматыдан аудандық баспахананың директоры арқылы маған беріп жіберіпті. Ағамның ақ батасы үйімнің төрінде тұр. Нармахан! Қазақтың отты жырындай, Көзіме ыстық басылдың. Тұнығындай бар сырдың, Сынығындай асылдың Алыста кешкен жолыма, Маржан болып шашылдың, Құдайдан сонда тіледім, Жолын қыл деп осы ұлдың. Әмин! Сырбай Мәуленов әкетай жұбайым Пенре екеумізді үйіне арнайы шақырып, жілік ұстатып, өкіл бала етіп алды. Енді ойласам, солардың бәрі бетінен иманы тамған, маңдайы ашық кісілер екен. Осы оқиғалар мені рухани шыңдап, оқырман алдындағы жауапкершілігімді арттырып, жеңістің жолына жетелей түсті. Шамасы осыдан отыз жыл бұрын-ау деймін, Темірландағы үйге жас сыншы Құлбек іздеп келді. Бұрын соңды көрмегем.Есік алдында жеңгесі екеуіміз жер аударып, картоп егіп жатқанбыз. Құлбектің ол кезде қазіргідей ғылым докторы, профессор атағы жоқ, бірақ аты-жөні белгілі,қаршадай бала болса да қаламгер ретінде танылып қалған. Жеңгесі: – Ақын-жазушылар жер қазып, еңбегін емген дихан сияқты. Ал сыншы лар сол дихан өсірген жемістің піскен-піспегенін дәмін татып барып баға лайтындар. Мә, қайным, қолыңа күрек ұста! – деп Құлбекке жер қазғызып
қойғаны бар. Бұл да болса дәстүріміз бойынша қайнысы мен жеңгесінің жарасымды әзілі. Содан бері ағайындығымыз артып, аға-інілі боп келеміз. Қандай қасиеті бар екенін қайдам, Нарағаның үйіне соқпай кететін қаламгерлер кемде-кем. Ордабасы аудандық ішкі істер бөлімін басқарған полковник Құдияр Ибревтің бағамдауынша «Нармахан – ақынжазушы лардың Темірландағы стансасы». Ағам алай-дүлей толғанып, ертеректе жазған өлеңдерінен үзінді оқыды. Қорғасындай у ойлар Жасылымды жалмап бітер сыңай бар. Бізден бұрын көресің деп, Гомердің Көзін ойған Олимптегі Құдайлар
Масқара ғой, масқара, Құдайларда кесір егес, өшкен ар. Пенделерге сенген күнің не болмақ, Арал, Балқаш – даламдағы қос жанар. Әңгіменің ауанын жеңілдетіп, ағамды басқа бағытқа бұрдым. – Осы сіз орыстың классик ақыны Феттің өлеңдерін көп аудардыңыз. Неге? Әлде жаныңызға жақын ба? Біздің білуімізше сөзді мүсіндеген сөрелі ақын ғой. Орыс оралымдарын қазақшалаған тұста қиналған жоқсыз ба? – Ертеректе біздің біраз жазушылар Юрий Казаковтің «Трали-вали» деген әңгімесіне қызығып, аударғысы келген. Бірақ «Аты түсініксіз, ауда руға келмейді» деп көпшілігі жылы жауып қоя салған. Баламасын таппа ған. Шынында да «Трали-вали» дегеннің қазақшасы не? Сөйтіп жүргенде оны Сайын Мұратбеков «Қиру-ширу» деп аударыпты. Орыстар «Мұның мағынасы не?» деп сұраса, Сайын көкем «Орысшадағы «Трали-валидың» мағынасы не – сол!» деп айтыпты. Аударылмайтын сөз болмайды, аудара алмайтын ақын болады. – Сөзіңізді бөлейін аға. Сіз «Құрмет» орденінің иегерісіз. Алты жыл бұрын Мәскеуліктер сізге Константин Симонов атындағы Халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты атағын беріп, омырауыңызға Алтын медалін тақты. Биыл жазда Мәскеуге арнайы шақырып, шығармашылық кешіңізді өткізді. Сондағы болған қызықты жәйттерге азырақ аялдасаңыз. – Орыс сыншылыры «Фет өлеңдері үлбіреп көшіп бара жатқан бір шөкім ақша бұлт сияқты. Самалдың екпіндеп барып басыла қалатын демі еді. Оны басқа тілге қалай аударуға болады деп ойлайтынбыз. Сіз ауда рыңыз. Тіпті «Лирика» деген атпен жеке кітап етіп те шығардыңыз. Фет өлеңдерінің қазақ тіліндегі сыңғырын, әдемі әуезі мен сазын тыңдайық» деді. Тәржімамды оқып біткесін отыз төрт жылдан бері Мәскеуде тұра тын қазақ ақыны Аманғали Сұлтанов «Аударма орысшасынан әлдеқайда әуенді» деп қазақ тілінің байлығы мен аударманың шеберлігін дәлел мен дәйек келтіріп айтқанда, бүкіл зал қол соқты. Орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой замандасы Фетке чечен халқы ның поэзиясын аудар деп өтініш жасаған. Неге чечен халқының поэзиясын таңдаған? Сөйтсек чечендердің халықтық поэзиясының соңғы шумағын дағы ақырғы жолы ұйқассыз, тек ішкі дыбыстардың бір-біріне үйлесімді үндесуінен жарасымдық табады екен. Феттің поэзиясы да сондай, ішкі
дыбыстары бір-біріне сәуле түсіріп тұрады, – деп Нарағам саф алтынды саралағандай салмақтап сөйледі. Аудармаға үңілдік. Зерттедік . Зерделедік. Салыстырдық. Нармахан ағамыз Феттің осы қарым-қабілетін аударма кезінде қатаң сақтағанына көз жеткіздік. Мысалы, «Жүректі әлдилеу» атты өлеңнің қазақша нұсқасына қарайықшы. Жүрегім - балғын бөбегім, Өзгеше өжет өрелім, Сәл сәтке тауып саябыр, Тыңдашы ардың өлеңін Тарыла қалсаң тағдырдан Жолыңа сенің жан құрбан! Ұйқыңды Тәңірім қандырған, Әлди, әлди, әлди-ай! Ақынның айтар ойын арқау етіп алған да, өрнегін қазақы оюмен түр лендірген. Мысалы, орысша нұсқасы: Ты помнишь, что было тогда, Как всюду ручьи бушевали И птиц косяками стадо На север, свистья, пролетали. Қазақшасы: Құштарлығы құлпырған бұлақтардан, Есіңде ме, атойлап қуатты арман; Сұлу сусыл сусытып, топ-тобымен Солтүстікке құс қайтқан жырақтардан. Салыстырып көріңіз. Фетте жай ғана бұлақ. «Бұлақ тасып жатыр» дейді. Ал, аудармашы бұлаққа құштарлық енгізіп, жан бітіріп тірілтеді. Жай ғана «бушевать» етіп жатқан жоқ, бұлақ атойлап, құлпыра түседі. Қазақшасының үшінші, төртінші жолы түпнұсқадан әлдеқайда әуенді. Орысшасының үшінші, төртінші жолында «стада, север, свистья» деген сөздерде «с» дыбысын үш рет қолданса, аудармашы «сұлу, сусыл, сусы тып, солтүстік» деген қазақтың қаймағы бұзылмаған қарапайым сөздерін пайдаланып, түпнұсқадан бір дыбыс арттырып жіберген. Атам заманда атақты ғұламадан: – Бір қап ұннан қанша нан шығады? – деп сұрайды. – Дәл айта алмаймын, – депті ол – Сіз ғұламасыз, данышпансыз, сөйте тұра қалай білмейсіз? – Білмеген нәрсені өз ісінің маманынан сұраған жөн. Оны менен гөрі наубайшы артық біледі, содан сұраңыз, – депті ғұлама. Алда-жалда Феттің өлеңдерін бір қап ұнға теңесек, Нармахан ағамыз наубайшы ғой. Яғни, маманы. Қай қаптан қанша ұн елеп, қанша нан пісір генін қазақ оқырмандарына өзі айта жатар. Өлеңдерін өрмектей тоқып, өрнектей білетін ақын ағамыз ағынан жарылыпты. Абыздық сарын. Теңізбін деп даурықпай-ақ жатамын, Осы мінезбен көкірегіме көшірермін жыр селін.
Күн махаббатты Отаным, Амандығың болса болды бір сенің! Қазақстан Жазушылар одағы құзырындағы Шымкент бөлімшесінің бөркін үкілеп ұстап отырған Әбділдә Аймақтан өзге оңтүстік өңірінде айтыс ақындарын былай қойғанда, сайдың тасындай Сатыбалды Дулати, Ханбибі Есенғараева, Әселхан Қалыбекова, Қабылбек Төретайұлы, Әмзе Қалмырза, Бөрғазының Өскені секілді бір қауым шаһар шайырлары бар. Солардың ішіндегі ең жас сүткенжесі Бақытжан Алдияр кездесуге келген жампоз жазушы Мархабат Байғұт ағасына: – Марғасқа деген не, нарқасқа деген не? Екеуінің айырмашылығы бар ма? – деп тосын сұрақ қойыпты. Байсалды мінез Байғұтыңыз: – Нарқасқа деген – Нармахан, Марғасқа деген – Мархабат. Соны да біл мейсің бе? – деп әзілмен жауап қайырса керек. Әзіл емес, шындығы солай. Көксеген ем, Осындай да бір дәурен өтсе деп ем. Уақыт кетіп барады көк асфальтта Көк тамшы боп бір-бірін өкшелеген. Марғасқаңыздың тілімен айтқанда, Нарқасқаңыздың махаббаты – ауыл. Туған жерінен кіндігі ажыраған емес. Өмір бойы деревняда ғұмыр кешкен Шолохов, Дағыстанын тастамаған Ғамзатов секілді оның қызығы да, шыжығы да – Ордабасы. Оңтүстік. Мезгіл бір кез жасылға қойса малып, Ұйпа – тұйпа боп қалды майса мамық. Ұры сайдың жұлқынып жетегінде Тулап-үркіп барады лайсаң ағып. Әсте ырғағын наурыздың жас нұрдағы, Сезінуде таулардың тас құндағы. Қабілеті қамаулы, Обал болды Топыраққа асфальттің астындағы. Нарқасқа ақынның нақышы бөлек, бояуы қою. Айтпақ ойын бір қасық сумен қылқ еткізіп жұта алмайсың. Кім қалай түсінеді? Ол – оқырман ның пайым-парасатына байланысты. Қалай қабылдасаң да ішіңнің қан жылайтыны хақ. Бұл не? Ұлттық өнердің аяқ асты болуы ма? Таланттың тапталып, тұншықтырылуы ма? Әлде әдет-ғұрып, дәстүріміздің көміліп бара жатқаны ма? Оқырманға ой тастап, жетелейді. ...Ақындар да арғымақ сияқты. Жыр додасын аңсайды. Поэзия дүбірін естігенде қос құлағын қайшылап, тықыршиды. Белдеудегі тұлпардай бе беулеп, тыпыршиды. Нарқасқа ақын – бәсең жүріп бәйге алатын сұлу жырдың сәйгүлігі.
Êүëәø ÀÕÌÅÒÎÂÀ
КҮЗГІ БАҚТЫҢ
ШУАҒЫ
немесе
бір ағашта екі алма
А й-хой, он жеті жас! Түк білмейтін түбіт иек кезіміз. Он жылдықты бітіріп, Алматыға келдік. Бар арманымыз – оқуға түсу, журналист болу. Құмырсқаның илеуіндей құжынаған абитуриент. Инкубатордың сары ауыз, үрпек бас балапаны секілді бірбірінен аумайтын кілең “қызылшақа”. Сүрлігіп жүріп сүйріктей-сүйріктей бес жігіт жатақхананың бір бөлмесінде тоқайластық. Таныстық. Шетінен ақын. Ағып тұр! Ортасында осалы жоқ-ау! Аты-жөнімізді сұрасып, ептеп шүйіркелескесін: – Мектепті қалай бітірдің? – деп сұрастық өзара. – Аттестациямның жартысы “бес”, жартысы “төрт!” – деді біреуі ағынан ақтарылып. – “Төртім” – төртеу, қалғаны “Бес!” – деді екіншісі. – Екі сабақтан “үшім” бар. Математика мен физикадан!– деді үшіншісі. – Екі беті борықтай, еріні шиедей қып-қызыл жігіт сәл-пәл күмілжіп, қысылып-қымтырылғандай сыңай танытты да: – “Төрт жоқ!” – деді қысқа ғана. Бәріміз шу ете қалдық. – Немене, сонда аттестацияның бәрі “үш” пе? – дедік үрпиісіп. Сөйтсек, ол мектепті алтын медальмен бітірген екен. Ол баламыз оқуға оп-оңай қабылданды, бір-ақ пәнді үздік тапсырды да белестен өтті. Қалған екеуі “заочный” түсті. Ал, аттестациясының жартысы “бес”, жартысы “төрт” Қайырбек Асанов екеуміз шамаданымызды арқалап ауылға қайттық. Келесі жылы... Тағы да Қайырбекпен ұшырасып, тағы да бір бөлмеде жаттық. Мұң-зарымыз ортақ. Әйтеуір, құдай көз жасымызды көріп, жо лымыз оңғарылды. Студент атандық. Қайырбектің жырымен сөйлесек: Мезгілі бітіп, абитуриенттік аз күннің, Бағымыз жанып, студенті болып КазГУ-дің, Алғашқы күннен әліппесін біз бастадық Журналистикадағы шеберлік пенен жазудың. Ол кезде жатақхана тапшы. Жетіспейді. Қайырбек және Аралдың Аманөткелінен келген Айкөрген Әбілев үшеуміз пәтер жалдап тұрдық. “Ырысты, күрішті Қызылордада” туғандықтан ба, Қайырбектің бұқтырған палауын анау-мынау өзбегің әй, пісіре алмайды-ау! Әр адамның сүйікті ісі, жанына жақын бір “хоббиі” болады ғой. Қайырбектің “хоббиі” – палау пісіру. Сосын киім үтіктеу. Шалбарына қарасаң Оспанхан ағам айтқандай “қырынан қыл құлайды”. Ал, қалған уақыттарда бұрқыратып өлең жаза ды. Бірақ, поэзия “хоббиі” емес, алғашқы махаббаты сияқты. Тәуір теңеу, бейнелі тіркес, бедерлі сөз тапқанда балаша қуанып, бақытқа кенелгендей сезінеді. Оқиды. Мәнерлеп оқиды. Қайта-қайта оқиды. “Дүниеде сенен басқа ақын жоқ па осы? Қойшы енді Қайреке!” – дегіміз келеді. Бірақ, бата алмаймыз. Бізден бес-алты жас үлкен. Сақа жігіт. Әскерде болған. Тереңөзек ауданындағы “Қараөзек” совхозында комсомол комитетінің хатшысы болған. Бокспен айналысқан. “Таяқ жейміз бе?” деп тайсаламыз. Күндердің күнінде курстасымыз Күләштің өлеңін жатқа оқуды
шығарды. Күләш! Кәдімгі Күләш Ахметова. Ақжарма ақындығын алғашқы курста-ақ мойындап қойғанбыз. Жексенбі күні еді. Таң атпай Қайырбек ұйқымыздан оятты. “Өй өңшең маубас!” деп төсегімізден тұрғызды. “Есіктің алдын сыпыр!” деді маған. Ал, Айкөргенге “Үйді тазала!” деді. Өзі ет турап, пияз аршып, палауы на кірісті. Бұл не дүрбелең? Сөйтсек, Күләш курстасымызды Ізімкүл құрбысымен түскі қонаққа шақырса керек. “Кілең ақын бас қосса тар бөлмеде тамаша поэзия кеші өтетін шығар?” деп жорамалдадық. Өмір бойы аялаумен өтемін, Жүрегімді түсінбесең не етемін? Бұрын қалай сезбегенмін, тәңір-ау, Махаббаттың мұнша күшті екенін! “Қазір қара да тұр, Қайырбек дәп осы өлеңін оқиды” деп ойладық. Е-һе-е, жорамалымыз жолда қалды. Әсемдік, әдемілік туралы әңгімені ғана өрбітіп отырды. Әшейінде тайдай тапырақтап тұратын Қайырбегіміз желі ге байланған құлындай жуасып қалыпты. Оу, бұл ненің әсері? Күләштің поэзиясы ма? Жо-жоқ, сөйтсек Қайырбек көкеміз Күләшқа ғашық екен. Тіл-ауыздан айырылып, мылқау болып қалғанын алғаш рет аңғардық. Көп ұзамай екінші курстың қақ ортасында шаңырақ қүрды. Несін жасырайық, бізден кетіп Күләшпен тұрғаны әуелгіде арқамызға аяздай батты. Күнде күркіреп өлең оқитын Қайырбек жоқ. Іздейміз. Алаңдаймыз. Сағынамыз... Бір күні Қайырбек досымыз екі кештің арасында біздің пәтерімізге келіп өлең оқыды. Әсіресе, көктем туралы шуақты шумақтары бәрімізге әсер етті. Бұл шақтарда аңсау қиын күнді өткен, Құмарлана иіскейміз гүлді еппен. Көкек айы үлестіріп кетіпті Әр жігіттің құшағына бір “Көктем!” Шіркін, студенттік шақтар-ай! Курсымыздағы елу баланың елуі де ақын еді ғой. Кейінірек кеміп кетті. Саяз судай сарқырап аққандары поэзия теңізіне құя алмай тағдырдың тақырына сіңіп, жыра-жырасына бөлініп сарқылып қалды. Қайрекеңнің ағысы өз мінезіндей бірқалыпты. Не та сымайды, не ортаймайды. Алғашқы курстан-ақ поэзия үйірмесін құрып, шаранасы кеппеген өлеңдерімізді талдайды. Жетекшіміз – Қайырбек. Белсенді. Жанпейіс Қарақұсов, Хабижан Құсайынов, Абдул-Хамид Мар хабаев сияқты ұстаздарымызбен терезесі тең кісідей емін-еркін сөйлесетін. Бұл – бір жағы. Екіншіден – ол бәріміздің “старостамыз”. Қолтығында журнал. Сабаққа келген-келмегенімізді белгілейді. Адалдығы сондай, ымыраға көнбейді ғой. Дәріске қашып-пұсып қатыспағандардың тұсына “Н.Б.” деп түртіп қояды. Онысы орысша қысқарған сөз – “Не был?” деген мағынаны білдіреді. Қазақшасы – “Қатыспақ түгіл, қарасын да көрсеткен жоқ” деген сөз. Бұл белгінің өзі студенттер үшін ату жазасына шығарған үкіммен бірдей еді. Сылтауы көп жырау курстасымыз Мейрам Оралов күндердің күнінде Қайырбекті баяғының батырларындай жырлады. Бір шумағы есімде: Староста Асанов “Шаш ал!” десе, бас алып, Журнал беті қып-қызыл, Күнде белгі жасалып... Міне, өмір! Құдай ғұмыр берсе, енді екі жылдан соң Қайырбекпен қауышқанымызға қырық жыл болады екен. Қырық жыл! Аз ғұмыр емес.
Қырық жылда 14 мың 600 күн бар. Егер ақын күніне бір өлең жазса... О-хоо, есептей беріңіз, қырық жылда қанша өлең? Бірақ, поэзия “Жүз саулықтан пәленбай қозы аламыз!” деп мәлімет беретін шаруашылықтың міндетте месі емес. Қырық жылда алты алаш айта жүретіндей айдарлы бір-ақ өлең тууы да ықтимал. Мың өлең жазып, бір-ақ туындысымен тарихта қалған ақындар аз ба? Біздің Қайырбек сан қуған жоқ, сапасы мықты саф алтын дай поэзияны іздеді. Жырды нөсердей төккен Мұқағали Мақатаевтың өзі: Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай, Жыр жаза алмай жүрмін мен Расулдай! – деп Ғамзатовты бағалауы киелі өнерді пір тұтқандық. Мұқағали ағасын сағынғаннан болар, жыр жолдарын көз жасындай тамшылатты. Қарасазың аман, аға, сұраған, Барлығы да, барлығы да дін-аман. Тек сағынып қалғандай-ақ бар досың, Сағыныш боп сарғаюда Жыр-Анаң. Абайсызда Ай-арманы құлаған Қайран менің ұлы ағам! Алайда, Қайырбек “Расул Ғамзатовтай өлең жазбадым-ау” деп өкінбеген сыңайлы. Өйткені, өмірдегі сезінгенін, түйсінгенін табиғи қалпында өрнектеп, тамшыдай ойды қамшыдай өре білген ақын. Кеш бастадым, бәрін де кеш бастадым, Жүрген жолын өзгенің еш баспадым. Көкірегімде бұйығып жатқан жырды Шығармадым, бірақ та қоштаспадым. “Әр қаламгер әдебиетке өнерімен ғана емес, өзінің мінезімен де сіңісуі керек” деген ұлы Мұхаң, Мұхтар Әуезовтің қағидасын ойлағанымда, Қайырбек елестейді. Жібектей жігіт! Кейде оның аңғалдығы мен сеңгіштігіне қарап, қаз-қалпында қалып қойған дәу балаға ұқсатамын. Қазақстан Жазушылар Одағының шығармашылық үйінде демалып жатқан сөз зергері Ғабит Мүсіреповке арнайы дастарқан жайып інілік ізет жасағанын көргенімде “Кісі болар кісінің кісіменен ісі бар” деуші еді, біздің Қайрекең кісі екен ғой” деп іштей топшылағаным бар. Сөйтсем бұл берекелі ісінің бер жағы ғана екен. Әсіресе “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас Алаш”) газетінде жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі болып жеті-сегіз жылдай тер төккен кезеңінде редактор Сейдахмет Бердіқұловқа жұмыс барысымен, кейде сәлем бере келген ұлтымыздың ұлағатты тұлғалары Қайырбекке де бір соқпай кетпейтініне қызығатынбыз. Неге? Маңайындағыларды магниттей тартатын тылсым қасиеті ме? Кірпияз Сейдағаң оның адалдығына, азаматтығына, жүріс-тұрысына риза. Әсіресе газетті көркемдеп шебер безендірген күндері “Жігіттің сұлтаны біздің Қайроштай -ақ болар. Макет жасаудың маршалы ғой” деп отыратын. Сол Сейдахмет ағаның демеуімен, ақын апайымыз Фариза Оңғарсынованың жанашырлығымен үш бөлмелі пәтердің кілтін алып, жаңа үйге қоныс аударғандағы жас баладай қуанғанын көрдім. Кейін 10 жылдай Асқар Сүлейменовпен көрші болды. “Адам көркі – шүберек” дейді ғой, шүберексіз де көркем жігіт Қайырбек сән қуды ма, әлде сол тұстағы модаға еліктеді ме, әйтеуір қап-қара ғып қаба сақал қойды. Жарасымды! Бір қарағанда Үндінің саяхатшыларына, бір қарағанда тәжіктердің киноактерларына ұқсайтын. Соны байқаған Асқар аға басбармағын шошайтып: – Шикарно! Мен үшін сақалыңды алмашы – дейтін.
“Шіркін, Қайрекеңнің қара бұйра шашы мен келбетін бір күнге прокатқа беріп, менің иығыма қондырса жарты әлемнің сұлуларын жаулап алар ем!” дейтін кейбір қалжыңбас достары. Атақты суретші, Жанатай Шәрденовтің соңғы жұмыстарының бірі – Қайырбектің портреті. “Суретке сұранып тұрған келбетті жігітсің” дейтін. Сол тамаша туынды қазір Қайырбектің төрінде ілулі тұр. Ал, ақын ағамыз Ғафу Қайырбеков, жасы кіші болса да оны өмір бойы “Сіз” деп өтті. Атын атамақ түгіл, “сен” демейтін. Себебін сұрағандарға “Ол менің әкеммен аттас қой” деп еркелететін. Кейінірек “Қазақ әдебиеті” газетінде жауапты хатшының жүгін табаны күректей он төрт жыл атан түйедей артып, жазушылар керуеніне қосылды. Қалың оқырманның қадірлі газеті “Қазақ әдебиетінде” бас редактор болған Шерхан Мұртаза, Төлен Әбдік, Оралхан Бөкей, Ахат Жақсыбайдың бәрімен тіл табысып, жауапты хатшы болып істеу оңай шаруа емес. Ет-жүрегі ел деп соғатын Зейнолла Қабдолов, Иманғали Тасмағамбетов, Мұхтар Құл-Мұхаммед, Мырзатай Жолдасбековтей мемлекет, қоғам қайраткерлеріне арнаған өлеңдерінде ақын жүрегінің ақжарма лүпілі сезіледі. Бір күні Қайырбек нілдей бұзылды. – Басқа жұмысқа ауысам? – деді. – Қайда? – “Заман-Қазақстан” газетіне. – Өй, онда не бар? – Бас редактор Болат Бодаубаев бірінші орынбасарлыққа шақырып жатыр! “Қой!” дегенге қоймады. Бір саты болса да биіктеу қызметке қызыққан шығар... Бүкіл ұжым Қайырбекті соғысқа бара жатқандай қимай қоштасып, өлеңдетіп шығарып салғанын білем. Мінеки, сол өлең: Заманында Шерханның Атқа қондың, Қайырбек. Жаухатшы боп біздерге Датқа болдың, Қайырбек. Дәуірінде Төленнің Дыңдай болдың, Қайырбек. Бірегей-дүр бір өзің Мыңдай болдың, Қайырбек. Оралханның тұсында Дүлей болдың, Қайырбек. Өлең-жыры өрнекті Сүлей болдың, Қайырбек. Кезеңінде Ахаттың Ерен еттің, Қайырбек. Бізді тастап Болатқа Неге кеттің, Қайырбек? Әлпештеген ортаңнан Су шықты ма, Қайырбек? Жан жарасы нарықтың Ушықты ма, Қайырбек?
Қолың ұзын құрықтай Құлашың кең, Қайырбек. Қайда жүрсең – аман жүр Күләшіңмен, Қайырбек!.. Одан әрі Қазақстан Жазушылар Одағы әдеби қорының директо ры, “Заман-Қазақстан” газеті Бас редакторының орынбасары, “Отан” журналының бас редакторы, республика Сыртқы Істер министрлігі дипломатиялық академиясында бөлім меңгерушісі болды. Есектің ертоқымы секілді қызметі түскір қаламгер үшін дәреже ме? Жоқ! Ақынның абыройы – шығармасында! “Мен де өзімше түрлі-түсті бояумын” дейді ақын. Сәтті сурет. Ағынан жарылып отыр. Жыр да гүл секілді. Егер қыр гүлі түрлі-түсті болмаса көз жауын ала ма? Ақ жауыннан соң аспанның төріне кілемдей ілінген кемпірқосақ та түрлі-түстілігімен таңырқатпай ма? Міне, сол сияқты Қайырбек поэзиясының да бояуы қанық, түрлі-түсті. “Халқым барда – ке удемде намысым бар” дейді. Нағыз ақынды намыс билейді. Сұлу Сырдың бойында бұлғақтап өскен ақын “Жабайы өскен талымды айырбастамаймын қайыңға” дейді ауылын сағынған сәтте. Туған жерге деген сезімі “әжесінің ұршығындай айналып” тұратынын бейнелі тіркеспен бедерлейді. Соғыстан соң дүниеге кеп, бір үзім нанның қадірін қаршадайынан біліп өскен ақынның “Нанды кейде тас қып ойнап жүретін, қарны тойған балалардан қорқамын” деуінде азаматтық әуен басым. Артта қалған ащы тарихтың шыңғырған даусы құлағыңа талып жеткендей әсер етеді. Жалпы, жақсылықтың қадіріне жету – адамзаттың парызы. Ал, өмірдің парқы неде? Мына дүниеге бір сәт Қайырбектің көзімен қарасақ: Еш таң қалма маған қайдан түстің деп, Өмір деген бәріміздің еншіміз. Сезінбейік Құдіретті күшпін деп, Аз уақытқа келіп жүрген елшіміз! Адамзат ғұмырын аялы табиғатқа баласақ, жастық шағымыз – “қызылжасыл әлемнің ғажаптығын бәріне де дәлелдеп кететін” көктем! Қырма сақал атанған қырық, елу жасыңыз шілде ғой, шілде! Таңының өзі тандыр пештей ыстық жаз ол. Ал, алпысқа келгендер Алтын күзден аумайды. Жемісі пісіп, желегі түсіп, толысқан шақ. Күзгі бақтың шуағындай әсерлі! Сенсіз гүлзар бағында Босқа өмірім өткендей. Сен бар кезде жанымда, Төрт мезгіл де көктемдей! Әй, қайдам, әуеніне қарағанда күрең күзді мойындайтын түрі жоқау? Көңілі көктемдей Қайрекең бұл өлеңін кімге арнады екен? Жан-жары Күләшқа ма? Солай шығар... Алдымда Қайырбек пен Күләш екеуі бірігіп шығарған “Сен жанымда жүрсең” атты жыр жинағы жатыр. Бір үйде – екі ақын. Күзгі бақтың шуағымен нәр жиып өскен бір ағаштың екі алмасы сияқты. Халық әнінің қалықтаған әуенін естіп тұрғандаймын. ... Бір ағашта – екі алма. “Қазақ әдебиеті” газеті, 2005 жыл.
ÕÀÇÀÍÎÂ
ХАЗАНОВТЫҢ
ҚАЛЖЫҢЫ
ҚАНША КІЛӘ?
Ө нер өлкесіне мойын бұрып, теледидарға көз салған көрер мендер сатираның сайыпқыран әртісі Геннадий Викторо вич Хазановты қалт жібермейді. Бейнелеп айтқанда, ол әуелі қалжыңның арығына қағаз қайық салып ойнады. Қызықты. Құмартты. Сосын күлкінің көлінде кәдімгідей қайық есіп көрді. Ынталанды. Ықыласы ауды. Міне, қазір сатираның теңізінде сал мақты кемесімен жүзіп келеді. Тыңдаушыларын маңына жинап махаббатын оятуы – ол да бір сиқырлық, ол да бір табылмас таланттың белгісі. Ұмытпасам осы дан үш жылдай бұрын Алматыдағы көрермендерін көзінен жас аққанша күлдіріп, қалжыңымен қарқ қылған-ды. Тағы да қауыштық. Жақында ғана ҚазМҰУ-дың 1700 орындық Студенттер сарайында өткен шығармашылық кешінде қол соғып отырдық. ...Не әні жоқ, не сәні жоқ сахнаға Хазанов қасқырдай қарғып шықты. Жалт-жұлт. Жалғыз өзі. “Қазір қыран-топан күлдіретін шығар” деген әуелгі жорамалымыз адыра қалды. Топырағың торқа болғыр қайдағы бір Кукуевтің көзі жұмылып, қабірге қалай түскені туралы қайғылы да шерлі монологімен бастады. Жұрт жым-жырт. Тым-тырыс. Бәрі де паспортқа суретке түсетін адамдай қақайған қалпында кірпік қақпай отыр. Құдай-ау, қашан күлеміз? Бие сауым уақыттан соң “қаралы” қалжыңын тәмәмдағасын өзі де табытта жатқандай сілесі қатып сілейіп ұза-а-ақ тұрды. Ой тастады. Керісін ше кейіп. Шіркін, оқиғаның шатысынан туатын күлкінің күші-ай! Сілтідей тынған залды ду еткізді ғой... Күйбең тірлік – күлкінің нысанасы ма? Жоқ! Хазанов үшін таптаурын тақырып. көретін көзі де бөлек, сөйлейтін сөзі де бөлек. Ресей жұлдызы, әйгілі актриса Ф.Раневскаяның туғанына 100 жыл толуына орай әдепті әзілі аққан жұлдыздай ғұмыр кешіп, қас қағым сәттей жарқ етіп, өз отына өзі өртенген бақиылқ В.Высоц кий, Еуропа өнерінде еншісі бөлек Н.Литвинов, грузин мақамымен В.Кикабидзе туралы пародиялары бір төбе. Сондай-ақ “новый рус кийлерді” сын-сықақтың шоғына шыжғырып қақтағанда “Қалай қорықпайды?!” деп қайран қаласың. Бәрі де имандай шындық. Ал, біз ше? Мүйізіміз қарағайдай. Бірақ сүзбейміз. Тартынамыз. Тайсақтаймыз. Көзімізді сатып, жетім баладай жәутеңдейміз. Өтірік пе? Рас! Әсіресе, Хазанов зиянды қауымды емес, зиялы қауымды көкке шығарып көтермелей отырып, орын өнерін нанымды осқақпен на сихаттауы – бір оқпен екі қоянды атып алғандай мергендік. Ол көз мерген емес, сөз мерген. Ойпыр-ай, осы тұста ой түседі. Ау, біздің
бұлбұлдарымыз бен дүлдүлдеріміз тақиямызға тар келе ме? Тау мен таудың басы бөлек болғанымен етегі бір ғой. Әрқайсысы бір-бір шың. Абай, Жамбыл атамызды атамағанда, Мұхтар Әуезов, Серке Қожамқұлов, Сәбит Мұқанов, кешегі Нұрмұхан Жантөрин, Әнуар Молдабековтердің өмірі мен өнері өнегелі пародияға “мен мұнда лап” тұрған жоқ па? Бұл – еліктеу, солықтау емес, жақсының жанына жақындау, қасиетті нәрсені қабылдау. Мұзағаң айтпақшы, әйтпесе, “есінегенде де еліктеп” қайтеміз. Мәскеулік әнші Валерий Леонтьев әйелдің колготкиін бұтына киіп бұраңдады екен деп біз де дамба лымызды сыпырып далаңдасақ маңайымызға мазақ болмаймыз ба. Құдай сақтасын! Әр ұлттың өзіне тән өрнегі бар, оюы бар, өзіне тән сұйығы бар, қоюы бар. Бірақ біздің көзі тірі “кейіпкерлеріміз” пародияны сын, қылжақ ретінде қабылдаса қарның қалай ашпас. Е, мейлі торғайдан қорыққан тары еге ме? Бірте-бірте сіңісер. Бірақ арқалаған жүгіңнің ауыр болғаны абырой. Жалпы, Ресей сықақшы ларының сөзі әрі қысқа, әрі нұсқа, езіп тұрмайды. Емеурінмен-ақ енеңді ұрады. Мысалы, Михаил Жванецкийдің күлкісінен кебек шықпайды. Ұрымтал тұсы мінеки: “Егер еркек жұмыстан үйіне таяқ жеп келсе, онда ол кішігірім саудамен айналысқаны. Ал, сау-тамтығы қалмай өліп оралса – сау дасының үлкен болғаны”. “Біздің еліміздегі адамдар орта есеппен 57 жас өмір сүреді. Ал, парламенттегі депутаттар 60 жастан бастап зейнетке шығу керек пе, әлде 65 жастан зейнетке жібергеніміз дұрыс па? деп әлі күнге айтысып жүр”. “Помидорыңыз қанша? – Алты сом. Бес сомға берем. – Төрт сомға алам. Мә, саған үш сом!” ...Күлкі кешінің үстінде залда отырған көп көрерменнің бірі Ха зановқа “Ресей Президенті Борис Ельцин туралы немесе Премьер министр Сергей Кириенко жөнінде пародияңыз жоқ па?” деп тосын сұрақ қойды. Ол: “Менің қолымда “меню” жоқ,–деді жеңіл әзілмен желпіп өтіп. – Өйткені мен “меню” ұстаған ресторандағы даяшы емеспін. Даяшы болмағасын заказыңызды қалай орындаймын?..” Сөйтті де ол Ресейде етек алған қылмыс туралы хикаясын бастады. “Бізде ішкі істер министрлігінің бар екені рас па? Рас! Ендеше, қылмыстың да бар екені рас!..” Бір қарағанда, елеусіз қарапайым ғана хабарлама. Бірақ күлесің. “Шын күлкі шынайы қарама-қай шылықтан туады” деген осы да! Шығармашылық кештен шыққасын Хазановпен аз-кем сұхбат тастық. – Сіз танымал талант ретінде әлемнің әр түкпірінде болды ңыз. Ойыңызда қалып, қатты әсер еткен қалалар бар шығар? – Әрине. Әсіресе, Алматыны ұнатам. Ара-арасында аракідік әрқалай уақыт салып, жиырма сегіз жылдан бері Алматыға ат басын бұрып келем. Бүкіл Орта Азия қалаларының ішінде Алматы мені
магниттей тартады да тұрады. Одан бөлек Риганы жақсы көрем.
Петербургты... Иә, Петербургқа да бүйрегім бұрады. Тбилиси де
жақсы қала.
– Шет елдерден қай ел?..
– Білмеймін. Бәлкім, Франция... Англияға да пейілмін. Әсіресе,
Испания туралы әсерім ерекше.
Дәл осы сауалға Константин Райкиннің берген жауабы есіме
түсті. “Нью-Иорк менің бірінші махаббатым сияқты, өлердей ға
шықпын!–деп еді ол. – Өйткені, партияның қылышынан қан тамып
тұрған заманда капиталистік әлемдегі көрген бірінші қала мбола
тын. Мен әлі күнге дейін Нью- Иорк үшін бет пердесін сыпырып,
алғашқы махаббатын арнаған қыз секілді әуелгі әсерімді ұмыта
алмаймын”.
Әрине, әдемі шаһар – Алматы. Әдеміге әркім ғашық. Астана
мыз да 2030 жылға дейін бой түзеп, бойжеткендей сылаң қақса,
таланттардың талайы бас ұрып табынар. Шіркін, ару қала Алматы
оң жақта отырып қалған кәрі қыздай реңін жоғалта қоймас. Жоқ,
жоғалтпайды! Өйткені, статусы бар ғой.
Ал, сатираның статусын кім ойлайды? Қазақтың маңдайына
біткен жалғыз сатиралық журнал “Ара–Шмель” қаржының тапшы-
лығынан биыл, барыс жылы бағы тайып, жабылды. Ау, сонда...
– Соңғы кезде әйгілі адамдар үйінде жан-жануар ұстауға
үйірсек. Сіз хайуанаттардың қайсысын ұнатасыз?
– Біздің үйде тоты құс бар. Құдайға шүкір, сөйлемейді. Бірақ
ән салады...
Атақты сайқымазақ Юрий Никулин де тоты құс ұстаған. Бірақ,
оның тоты құсы бәрін түсінгенімен сөйлемейді екен. Себебін сұра
ған журналистерге былай түсіндірген: “Өйткені менің тоты құсым
тұмсығы орақтай еркек секілді көрінгенімен, тұқымы ұрғашы еді.
Негізінде еркек тұрпатты әйелдер көп сөйлемейді.Сіз білесіз бе,
әйелдер қай мезгілде аз сөйлейді? Ақпан айында. Өйткені бұл айда
бар-жоғы жиырма сегіз-ақ күн бар...”
Қалжыңдаса да қатпары қалың сөз.
– Сахнадағы әзілкеш Хазановты жақсы білеміз. Ал, өзінің
отбасы, ошақ қасындағы Хазанов қандай?
– Күлкіге арнаған күш-жігерім сахнада сатира оқып біткесін
сарқылғандай күй кешем. Түгесілем. Шаршайсың, шалдығасың.
Қайтадан қалпыма келіп, күш жинайтын жер – өз үйім, өлең төсегім.
Үйде әртіс емеспін. Айналамдағыларды күлдіріп, көңілдерін кө
терем деп тырыспаймын. Жанұямдағы жағдайға қарай бейімделіп,
өзара сыйластықпен өмір сүрем.
– Сіздің ойыңызша үлгі тұтар әйел қандай?
– Шаңырақты сақтайтын әйел. Жасыма жас қосылған сайын
осы пікірімнің дұрыстығына көзім жетіп жүр. Жеңіл-желпі... көңіл
көтеретіндер аз ба? Жалпы, өзіңді түсінетін жарты сыңарыңды
таба алсаң бірге қартаю қорқынышты емес. Жастық шақта ондай
қорқыныш ойыңа кіріп те шықпайды. Бірақ ойламаған жерден
сондай үрей басыңа ұялайтыны ақиқат. Өйткені, бүгінгі күн әркім өз басымен әуре. Уақыт көзді ашып-жұмғанша жалт етіп өте шыға ды. Серігіңнің кім екенін аңдамай қаласың. Сондықтан бір-біріңе қамқор болған жөн. Жаныңдағы адамға қамқор болмасаң кімге пана боласың? Әсіресе біздің заманда, әркім өзінің құлқынын ойлап, адамдар арасында қаталдық пен қатыгездік белең алған жағдайда қамқорлық қажет-ақ. Жалпы, өмірдің өзі жұмсақ емес қой. Тауқымет таусыла ма? Паспорттағы ажырасып, қосылған белгілер түк емес, ең бастысы әйелдерге айтар жалғыз тілегім – ұза-а-ақ жылдар бойы “Жаспын!”, “Әдемімін!” “Сүйкімдімін” деген ішкі сенімі мен сезімін жоғалтып алмаса екен. Әйел туралы өнер адамдарының көзқарасы да, ара-қатынасы да әрқилы. Біреу ғашық, біреу қашық... Дүниені ат тұяғындай дүбір леткен атақты биші Махмуд Эсамбаевтың әйел жөніндегі әңгімесіне құлақ түріңізші: “Мені секспен өткізетін серілік өмір қызықтырған емес. Сахнада ұршықтай шыр айналып небәрі екі минөт билегенде, он бес секөнт башпайыңның басымен иненің ұшында тұрғандай билеу үшін қаншама қара тер төгу керек! Билеп-билеп сыртқа сы тылып шыққан соң аяғың аяқ емес, таяқ секілді қақаяды да қалады. Сілең қатып, сілейіп төсегіңе әрең жетесің. Мұндайда қызыл-жасыл қыз-қырқынды ойлау қайда. Оның үстіне әйелім де өнерге бір табан жақын болғандықтан гастрольге шыққанда жанымнан жарты елі қалмайтын. Жалғыз қызым бар. Ал, әкем... О-о, оның орны бөлек. Әкем он әйел алса да көп демеген кісі. Оқу оқып, қара танымаса да әкемнің бір кәсібі – қатын үстіне қатын алып, артына ұрпақ шашу болатын. Менің шешемнен үш ұл, бір қыз сүйді. Басқа әйелдерден қанша бала-шағасы бар екенін, шынымды айтсам, ешкім де есебіне жете алмайды. Жарықтық 96 жасқа келгенде шешеннің 28 жасар қызына үй леніп қызық қылды...” Иә, солай дейді. Махмуд Эсамбаев өнерге махаббатпен қараған. Бақыттың бастауы – махаббат, ынтаңның қайрағы, шар шашпайтын шарығы. Шын ықылас шыңға шығармай қоймайды. Ал, бізде ше? Байыпты өнерді бастауы да оңай, тастауы да оңай. Аламан бәйгенің жарты айналымына жараған бәйге атындай алқынып, шаң қауып шаршап қалатыны несі? Әлде, тоқмейілсуден бе? Сахнада Константин Райкин кім? Майы тамған мәнерлі сөзін елемегенде, жолға түскен жорғадай. Оған “Сіз буыны жоқ бишісіз! Сіз билегенде қол-аяғыңыз шүберектей бүктетіліп кететін сияқ ты?” деп көрермендер көпшік қоя мақтағанда, ол көкірек қағып, тоқмейілсімеген. Керісінше, “Еңбек етсе, екінің бірінің қолынан келетін шаруа. О, биші деп Аргентина, Куба, испандықтарды айт. Ал, олардың қасында менің биім “мүгедек” би ғой!” деп өзіңе сын көзбен қараған. – Өзіңіз елестетіп отырған өмірге қайта келсеңіз басқаша ғұмыр кешер ме едіңіз?
– Қайдам? Солай болуы да ықтимал. – Ойланбай жасаған әрекеттеріңіз үшін өкінесіз бе? – “Әрекет” деген басқаша ұғым ғой. Мен дәл осылай ғұмыр кеш кен болар едім. Өткен өмірге өкініш білдіру күнә шығар. Әрине, өз мамандығым бойынша біраз нәрселерді қайта құруға тура келеді. Еңбегім еш кеткен жоқ, еңбегімді еміп келем... – Егер құп көрсеңіз, орыс тілінде Шығыс мәнерімен жазыл ған монолог дайындап берсем, оқисыз ба? – Рахмет! Зәру емеспін. Ол жағы бізде шөмеле. Иә, Хазановтың қоржыны тоқ. Мұзағаң айтқандай, “Тоқ қонақты тойдыру оңай”. Ал, бізде ше? Сахнадағы сатирамыздың салмағы қанша? Килограмм ба, әлде, мысқал ма? Сықақ – от, сықақшы – ошақ. Оттың қуатын ошақ біледі. Зама нындағы бір өзі бір театр Қаллекей қайтып тумай ма? Қағазға қарап оқып-ақ көрермендерін күлкіге кенелтетін Михаил Жванецкийден қай жеріміз кем? Сөзіміз жоқ па? Бар! Көретін көзіміз жоқ па? Бар. Ендеше не жетпейді? Күлкіміз бар, – құнтымыз жоқ, ғұрпымыз бар, – құлқымыз жоқ. Республикадағы кен-байлығы секілді, өзіміз игере алмай жатырмыз. Құдай-ау, тұла бойы тұнған дарын Құ дайбергеннің бір өзі “бір театр” болатындай қабілет-қарымы мол әртіс емес пе? Құдайберген қазақ күлкісінің қасапшысы болуға жарайтын-ақ жігіт. Ал, қасапшыға бәрібір: қара қойды сойды не, ақ қойды сойды не? Бірақ біздің “ қасапшының” не қоса қоятын ойы жоқ. Сатира қумай, саясат қуып кетті: “ Қара қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным?!” Делеңдегеннің бәрі депутат емес. Оны өзі де мойындағандай. “Осы Первый май ( Құдайберген 1, – май күні туғандықтан атын солай қоя жаздаған) депутат боп жарытып, бірдеңе бітіре қояр деймісің?” секілді күңкілді ел арасынан жиі естимін!” дейді өзі. Рас, ол күңкіл үшін емес, күлкі үшін жаралған. Сезінсе, сергек қараса... Әзіл-сықақ кешіміз бір-біріне егіз қозыдай ұқсас екен! Тайға таңба басқандай белгілі. Бәрі де “Тамашаның” туысы. Яғни, бір ән, бір скетч, немесе бір скетч, бір ән. Не ән кеші, не әзіл кеші екені белгісіз. Сөйтіп, “тоқсанымыз жабылып тоқты жыққанымызға” масаттанамыз. Бұл – сын емес, пікір. Хазановтың жалғыз өзі-ақ көрермендерін үш сағаттай үйелетіп, қуатты сөздің құдіретін сездіріп, тәтті күлкісі мен тәнті еткеннен кейінгі ұшқындаған ой. Денеміз қызып, дегбірсіз деніп, “Шынында да, ойланатын жәйт екен. Үйтейін де бүйтейін!” деп жалт етіп жанған оттай шала бүлінеміз бе, қайтеміз? Жалпы... ...Тәуір болғасын тәуіпті ұмытатын сырқат емеспіз бе осы? “Жас Алаш” газеті, 1998 жыл.
Бейсенбай
СҮЛЕЙМЕНОВ
БІЗДІҢ
МИСТЕР БИС!
И нкубатордың сары үрпек балапандарындай бір-бірінен аумай тын қыз-жігіттер қара шаңырақ ҚазМҰУ-дің журналистика факультетіне түсіп, студент атандық. Ол да бір дәурен екенау! Бірінші курстағы елу студентті екі топқа бөлді. «А» тобына ең кемі екі жыл жұмыс істеп, сақыйып келген сары тіс жігіттер енсе, «Б» тобында мектеп бітірісімен оқуға түскен түбіт иек, түкті бас «молодойлар». «А» тобындағылар өздерін «Айғырмыз» деп асқақтаса, «Б» тобындағыларды «Бұзаулар» деп иектің астымен қарайтынды шығарды. Бұл да бір жара сымды жастық шақ еді. Сол «Бұзаулардың» бірі Бейсенбай Сүлейменовтін. Бұзаудан да бұқа болатынын аңғармаппыз-ау!.. Қазақ баспасөзін қара жерге теңесек, аузының ебі бар, қаламының желі бар біздің Бейсенбай журналистиканың тың даласына түрен сап, өгіздей өрге сүйрей бастағанда: «Әй, мына бала қайтеді-ей?» деп сүйсіндік. Университетті бітіргесін Жезқазған облыстық газетіне жолдама мен кетті. «Е, жол болсын!» дедік. Ол жақта екі жылдай баспасөздің ен даласына егін салып, құдайдың құтты күні көлдей-көлдей көлемді мақалалары жарияланып жатқанда, қаламдастары мен замандастары «Әй, мына бала қайтеді-ей?» дегендерін сырттай есітіп жүрдік. Одан кейін ше? Өзінің туып өскен Оңтүстік Қазақстан облысының Киров аудандық газетіне ауысты. Бара сала байбам салған сын мақалалары мен фельетондары апта сайын «бомба» болып, жарылып жатты. Тоңмойын топастар мен солақай басшыларды сынап, сынадай қаға бастағанда ау дан басшылары совхоз директоры болып істейтін әкесіне қолқа салып, «Сіздің балаңыз қайтеді-ей?. Қой деңіз!» деп мәмілеге шақырғанын біле міз. Әке де баласының талабына тосқауыл болмайды. «Мен ұлымның жұмысына араласпаймын!» деп кесіп айтады. Ал кешке үйге келген соң Бейсенбайға: «Жаз, тек қана шындықты жаз!» дейді жани түсіп. Осы бір әке сөзі оның өмірлік қағидасына айналды. Ауданға сыймады. Алып ұшып Алматыға ат басын тіреді. Сондағы елде қалған жатып ішер, жәдігой бастықсымақтар бөркін аспанға атып, «банкет» жасағандарын естідік. Ал, алақандай газетінің келер номерін асыға күтетін оқырман жанашырынан көз жазып қалды. Бейсекең болса, «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетіне орналасып, бір жылда тіл ші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшылыққа дейін өсті. Жаңа қызметімен құттықтай-құттықтай шаршадық та, «Жарайсың, бала!» дедік те қойдық. Қызыл империяның қылышынан қаны тамып тұрған жетпісінші жылдарды қазақ журналистерінің шет елге сапар шегуі, оның ішін де Оңтүстік Америкаға баруы айға барғанмен пара-пар оқиға болатын.
Біздің Бейсекең Қазақстан жастарын басқарып, жер шарының екінші жартысына аттанды. Өзі жиырма сегіз жаста еді. Оңтүстік Американың Перу, Эквадор мемлекеттерін аралап, Ама зонка мен Анд таулары, жұмбағы мол джунгли таңғажайыптары, инктер империясының мәдениеті, тарихы, тұрмыс-тіршілігі жайлы материалда рын мерзімдік басылымдарда күн құрғатпай жариялап жатты. Сол 1979 жылы «Искра» кинотеатрында «Латын Америкасы: күнгейі мен көлеңкесі» атты фотокөрмесі қойылды. Бұл қазақ фото өнеріндегі алғашқы көрмелердің бірі еді. Ал «Жас Алаш» газетінде жарық көрген мақалалары «Халықаралық балаларды қорғау» жылының қорытындысы бойынша осы газет пен Республикалық Бейбітшілік және Келісім кеңесінің бірінші сыйлығына не болды. «Әй, мына бала қайтеді-ай?» дедік. Сүйсіндік. Таңырқадық. Қызыға қарадық. Сосын оны «Мистер Бис» деп атадық. Келесі жылы Мәскеу олимпиядасында болып, Қазақстан спор-тының жұлдыздары жайлы материалдар жазды. Одан кейін 1982 жылы Африка құрлығын аралап, Грекия, Мальта, Тунис, Испания, Канар аралдары, ГвинеяБисау мемлекеттері, сондай-ақ Тынық, Атлант мұхиттары, Жерорта теңізінің таңғажайып құпия-сырлары, тарихы, бүгінгі тынысы жайлы балаларға арналған танымдық тамаша шығармалар өмірге келді. Қазақ журналистика сында бұрын-соңды тісі бата бермейтін тақырыпқа барып, газет-журнал бет терінде жариялаған таңғажайып дүниелер оқырманның ыстық ықыласына бөленді. «Кечуа тайпасының үндістері” саяхатнамасы, «Қуанышты күн» по весть, әңгімелер жинағы «Жалын» баспасынан жарық көрді. Ал 1992 жылы Америка континентінің ашылғанына бес жүз жыл то луына орай «Бес ғасыр атылмаған садақ» атты кітабы 20 мың данамен тарады. Оның барлық данасын балаларға тарту етіп, су тегін таратты. Ілешала осы туындысы үшін Қазақстан Журналистер одағы сыйлығын ие ленді. Тағы да «Әй, мына бала кайтеді?» дедік. Күндердің күнінде дүниені дүр сілкіндіретін желтоқсан оқиғасы бол ды. Кімнің кім екені сол кезде көрінді. “Қазақстан пионері”, “Дружные ребята”, “Ақ желкен”, «Білім және еңбек», «Спорт» және “Балдырған” газет-журналдарының редакциялары бір партия ұйымына бірік тіріліп, онда жиырмашақты мүше есепте тұратын. 19 желтоқсан күні шұғыл партия жиналысы болды. Күн тәртібінде: Желтоқсан оқиғасына партбюроның бағасы. Ақын Мейірхан Ақдәулетовты партия қатарынан шығарылғаны жайлы таңертең бір жайсых хабар естігенбіз. Мейірхан Орталық алаңнан Фурманов көшесімен жоғары қарай көтеріліп бара жатқанда, солдаттардың қатты соққысына жығылады. Жарақат алып, күн ұзақ милицияда қамауда жатады. Оған ешқандай дәрігерлік көмек көрсетілмейді. Ертеңіне Фрунзе аудандық (қазіргі Медеу ) партия коми теті оны сыртынан КПСС мүшелігінен шығарып тастайды. Міне, енді сол мәселені партбюрода қарап, аудандық партия комитетінің шешімін мақұлдауы керек. Ауданнан келген өкіл: “Ақдәулетовке партиялық кепіл демені кім берді, солардың да мәселесін қарап, олар да партия қатарынан шығарылсын”, – деген ұсыныс жасайды. Мейірханға кепілдемені
берегендердің бірі Фариза Оңғарсынова апай, екіншісі біздің Бейсекең еді. Бірақ, іс насырға шапқан жоқ. Әлгі ұсынысты редакция коммунистері қолдамады. Партбюро хатшысының орынбасары ретінде Мейірханды ер тіп, бірнеше рет аудандық, қалалық парткомиссияға барды. Оны қорғап, жақсы мінездеме беріп, қайта қабылдануын өтінді. Бірақ, бұл әрекеттен ештеңе шыққан жоқ. Сол жылдары қаншама жастың болашағына балта шабылды. Қазақстан ЛКЖО орталық камитетінен араша іздеп келген қыз-жігіттер қолдау таппай, комсомол қатарына қабылданбады. Бар қоятын кінәлары: “Алаңға неге бардыңнан” аспады. Халық “Жау жағадан алғанда бөрі етектен алады” дейді. Аудандық, қалалық партия комитетінің жанындағы комиссияға арыз жазып, Мейірханның ісін қайта қаратамыз деп әлек. Бір жылы сөз жоқ. Сөйтіп жүргенде, кезекті бір партия жиналысының болатынын есітіп Республика Комсомолы орталық комитеті баспасөз секторының меңгерушісі келіпті. Сөзі өктем, өктем. ”Сендер Мейірхан Ақдәулетовті партия қатарына қайта бекіттіруге әрекет жасап жүр екенсіңдер! ” деп діңкеңдейді. – Сен кімсің өзің, – деді оған “Ақ желкен” журналының бас редакторы Фариза Оңғарсынова ашуланып. – Біздің партия ұймына ақыл үйрететін, жұмысын тексеретін кімсің! Жарғының қай жерінде жазылыпты? Енді, партия ұйымының ішкі жұмысына комсомол араласып... Факең ашуланып, әлгі комсомол шенеулігін жерден алып, жерге са лады. Жаңа бір әзірде шегірткенің айғырындай шікірейген жігіттің салы суға кетіп, жиналыс біткенше бұтына жіберіп қойған балаша қозғалуға шамасы келмеді. Желтоқсан оқиғасынан кейін қазіргі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Уәлихан Қалижанов “Жас Алаш” (бұрынғы “Лениншіл жас”) газетінің бас редакторы болып тағайындалады да, орнына Бейсенбайды ұсынады. Оншақты талапкердің арасынан Бейсекеңнің кандидатурасы мақұлданады. Ол кезде газеттің бас редакторы болып Орталық комитетте қызмет еткен адамдар ғана келетін. Газет-журналдардың қай-қайсысы да Мәскеудің рұқсатынсыз тағайындалмайтын. Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Серік Әбдірахманов Мәскеуден тексеруге келген қызметкерлерге: “Желтоқсан оқиғасының ызғары әлі басылмай тұр. Сондықтан, біздің жігіттердің жұмысын тездетіп бітіріп, бір-екі күнде қайтарыңдар. Оларды осында кезек күттірмейтін жұмыстар күтіп тұр. Жастар толқуы әлі басылмауда,” – деп өтініш айтқан еді. Бейсекең Мәскеуге келсе, Орталық Комитетте гі комсомол шенеуніктері түгелдей қырын қарайды. Сөйтсе, сол күнгі орталық газеттердің бірінде “Шырмауық” мақаласы жарияланып, онда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бұрынғы бірінші хатшы сы Дінмұхаммед Қонаев жайлы ауыр-ауыр сындар айтылыпты. Орталық Комсомол Комитетінің ғимаратында бір апта сенделіп жүреді. Таңертең келіп, кешке дейін күтеді. Басшылардан ешкім қабылдамайды. Сөйтсе, “Үш әріп” Бейсенбайдың бес атасынан бастап, тексеріп жатыр екен. Баяғыдан бауыр басып кеткен Мәскеу бірден жат мінез танытып,
үнемі құшақ жая қарсы алатын орекеңдер оны шеттетіп шыға келді. Бірақ, басқа Одақтас республикалардан келген комсомол қызметкерлері, әсіресе, журналистер мұның Қазақстаннан екенін біліп, жақындап, әңгімеге тартады. Қолын қысып, арқасынан қағып, ниеттес екендіктерін сездіреді. Шет жерде жабырқап жүргенде бұдан асқан демеу болған жоқ. Сөйтсе, желтоқсан оқиғасының жаңғырығы сонау орталықтағы шене уніктерді де бей-жай қалдырмаған екен. Біз сол желтоқсан оқиғасының бел ортасында жүріп, оның соншалықты құдіретті, тамырының тереңде екенін байқамаппыз. Одақтық империяның қанатының астындағы басқа халықтардың ірілі-кішілі аңсаған армандары – азаттық екендігін енді ғана түсінгендей. Мәскеуде әупіріммен өтіп, Алматыға оралған соң Республика Ком сомолы Орталық Комитетінің секретариатында, бюро мәжілісінде, пле нумда, одан кейін съезде бекітіледі. Осы бір алақандай балалар газетінің бас редакторлығы қызметі үшін екі айдың ішінде тозақ пен жұмақтың ортасындағы қыл көпірдің үстінде жүргендей, сегіз рет әңгімелесуден, тағайындалудан өтеді. «Біздің бала ерледі!» деп қуандық. Курстан шыққан ең алғашқы бас редактор деп мақтандық. Сөйтсек, Бейсекең біздің курстың ғана емес бүкіл Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан ең алғашқы республикалық газеттің бас редакторы екен! Қайсыбір жылы «Елім-ай» трилогиясының авторы, жазушы Софы Сматаев ақын ағамыз Қадыр Мырза-Әліден: – Сіз менің кітаптарымды оқыдыңыз ба?- деп сұрады. – Оқығанда қандай!- деп жауап берді Қадыр аға. – Мысалы, мен «Елім-айдың» екінші томын оқып отырып, он сегіз өлең жаздым. Мына жері мына өлеңіме ойтүрткі болды... Софы ағамыз елең ете қалды да: – Менің тағы қандай идеяларымды алдыңыз? – деп ынтыға түсті. – Оны айтпаймын, - деді Қадекең қуақыланып,- білгің келсе, менің өлеңдерімді оқып, ендігісін өзің тауып ал! Біздің Бейсенбайдың «Кечуа тайпасының үндістері», «Қуанышты күн», «Бес ғасыр атылмаған садақ», «Тентектер», «Күннен келген адам» сияқты кітаптарын зерделеп оқысаңыз арқаңыз қозып, ақындардай ша быттанасыз.Тұнып тұрған ой. Идея. Бірде Американы, енді бірде Афри каны шарлап, неше түрлі таңғажайыптарды көзбен көргендей, көңілге түйгендей боласың. Ал, «Хан шатырындағы кездесу» тарихи-танымдық ертегі повесі жас жеткіншектерді елдікке, ерлікке баулитын, ғасырдан ғасырға жалғасқан Ұлы, дана да данышпан халқымыздың жасампаз ерлік жолын үлгі-өнеге ететін туынды. Біздің Мистер Бис айтары көп, айтулы қаламгер. Ол жеткіншектердің жазушысы. Балалардың бағына туған жазушы. Көркем шығармаларын былай қойғанда, шебер журналист. Сезімтал жур налист. Әдебиетте де, публицистика жанырында да өзіндік айтар ойы, көрсетер мінезі бар. Ал, өмір-тіршіліктегі болмысы – әдептілігі өз алды на бөлек әңгіме. Оның бәрі негізінен өскен ортасына байланысты ғой. Өзінің кіндігін кескен оңтүстігі қабырғасын қатайтып, белін буса, Сей дахмет Бердіқұлов, Фариза Оңғарсынова, Бейбіт Қойшыбаев, Уалихан
Қалижановтай ұстаздарының тәлімін көрді. Ұзақ жылдар бойы Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің тізгінін ұстаған Қуаныш Сұлтанов, Серік Әбдірахманов, Нұрлан Дәненов, Бірғаным Әйтімова сынды жа стар жетекшілерімен бірге қызметтес болды. Олардың бәрі тұлғалы аза маттар. Жастар басылымдарында қызмет істейтін журналистердің жазған мақалаларын жаңғақша шағып, ұндай илеп, керегін бір жаққа, кебегін бір жаққа шығарып отыратын. Сатирик ағасы Садықбек Адамбеков қартайған шағында өзінің туып өскен Арыс қаласында ғұмыр кешті. Жалғызілікті өмір сүрген ағасын артынан іздеп, арнайы сәлем берді. Іле-шала «Өмірге жалғыз келіп, жалғыз кетіп барамын!» деген мақаласы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланғанда, газеттің сол номері қолдан қолға тимеді. Үлкен-кішінің бәріне ой салды. Күліп отырып күңіренді, күңіреніп отырып күлді. Міне, шеберлік! Күлетін тұсын айтайын. «Бірде Жазушылар одағында бір топ жас жігіттер Сәкеңе сәлем бе реді. – Е, е, не жазасыңдар?– дейді Сәкең інілерінен. – Әңгіме. – Ал, сен ше? – Мен де – әңгіме,– дейді екінші жігіт. Сәкең мұрты енді ғана тебіндеп шығып келе жатқан Дәуітәлі Стам бековке қарайды. Ол әупірімде не айтарын білмей сасып қалады. Өйткені қасындағы жолдастары “әңгіме” деп жауап бергенімен, бәрі де өлең жа затын-ды. – Мен де әңгіме жазамын, – деді Дәуітәлі. Айтарын айтса да “ұрлық жасаған балаша” іштей ыңғайсыздана. – Е, е, керемет екен, бүгінгі жастардың барлығы шешесінің етегінен бір-бір әңгіме ұстап түскен, – депті Сәкең таңдана, басын шайқап...». – Қазір ойлап отырсам, Сәкеңнің көңілін көтеріп, өмірін өрнектеген де сол бір күміс күлкілер екен ғой! – дейді Бейсекең. – Күңіреніп өтті бірақ. Неге? Айтайын. Ағамыз жаңа ғана іс-сапардан оралған. Жетімдіктің тауқыметі жүрегіне қатты батты ма, әлде жалғызсырады ма, әйтеуір, бір нәрсеге қапалы еді. Шыдамсызданды, ашуланды. Мен ешнәрсеге түсінбей аң-таңмын. – Міне, көрдің бе, жол жүрген сайын төс қалтамда хат жүреді. Егер мен жол-жөнекей шейіт болып кетсем, осы хатта бәрі жазылған. Ең ал дымен кімдерге хабарлау керектігі, менің сүйегімді Алматыға жеткізу ге қажетті ақшаның қай қалтамда (жасырын қалтасында) тұрғаны. Сол қаржының қасында арнайы сенім хат бар. Нотариусте расталған. Оны үйдің қасындағы жинақ кассасындағы қыздарға түсіндіргенмін. Сенім хатты көрсеткен адамға сөзге келмей екі мың сом ақша береді. Ол – мені жерлеп, жаназамды шығару, т.т. үшін жұмсалатын қаржы. “Бейшара, еш кімі жоқ еді, көмусіз қалатын болды” деп жұрт ойламауы үшін. Мен не дерімді білмей, аңтарылып тұрып қалдым. – Есіңде болсын, сен ағайын адамсың, бұлай істемеуге хақым жоқ. Ешкімге салмақ салғым келмейді. Сәкең қалшылдап кетті.
– Жүр, шай ішейік. Одан соң жинақ кассасына барып, мына ақшаны қайта саламыз. Қандай бір қиын жағдай болса да, бұл ақшаның мұртын сындырған емеспін, сындыруға да құқым жоқ... Сәкеңнің осы бір сөзі құлағымда қайталана жаңғырып, тұрып қалғандай. Ұмытпасам 1976 жылы біздің Бейсенбай даңқты Бауыржан Момышұлымен таңертеңнен кешке дейін сұхбат жүргізгенін естідім. – Сонша ұзақ сөйлестіңдер ме? – дегенімде ол: – Баукең әр сөзін ойлап, пісіріп, шегелеп қағазға «диктовка» жасап жазғызды. Ұзын-аяғы 42 бет болды! – деді. Сол сұхбат «Мен халқымның ұлымын!» деген атпен газетте жария ланды. Іздеп жүріп оқыдық. Біреу білер, біреу білмес, есте қалар ерекше тұсынан үзінді келтірейін. «Мен ең соңғы сұрағымды қойдым. – Бүгінгі жас жеткіншектерге берер аталық батаңыз? – Бұл сұраққа мен жауап бермеймін, жауап беретіндер жауап бере берсін! – деді. Баукең шындығында да шаршаған екен. Әңгімеміздің соңы осы болды ғой деген ой келді. Сол кезде Баукең қайтадан: – Жаз. Жаңа жолдан! – деді. Мен 43-ші бетті бастадым... – Бүгінгі жас ұрпақ – біздің болашағымыз. Оларға тілегім: бізден асып кетсеңдер ешқандай дауым жоқ. Оған қуанам. Бізден кем болмай ды деп ойлаймын. Аға ұрпақтың өз замандарында істеген еңбектерін түсініп, бағалап, бұдан былай да табыстың үстіне табыс қосып, адал аза мат, еңбекқор болатындықтарына сенемін... Баукең тілектерін айтты да, менің кейінгі жазған сөйлемдерімді қайталап оқып беруімді бұйырды. Оқи бергенім сол еді, соңғы бетті сұрап алды да: – Мен бұлай деп айтқан жоқпын! – деді. Не істерімді білмей, аңтарылып тұрып қалдым. Баукең стол үстінде жатқан сіріңкені қолына алды. Әлдеқашан сөніп қалған темекісін тұтататын шығар деп ойлағанмын. Жоқ, ол жаңағы параққа от қойып, жоғары ұстап тұрды да, текеметтің үстіне лақтырып жіберді. – Мені ақымақ деп ойлама! Бұл жолы Баукеңнің даусы қырылдап, қатқыл шықты. Орнынан тұрып, бөлмеде теңселіп, сұстана, ерсілі-қарсылы жүрді де қойды. Мен кіре берісте не істерімді білмей аң-таңмын. Ойымда тек қана қолымдағы таңертеңнен кешке дейін жазған 42 бет қағазды Баукең сұраса да бермей, аман сақтап қалу тұрды... – Мені ақымақ деп ойлама! Мақаланы жазған соң заңды түрде көрсетесің. Есіттің бе? Қуанып кеттім. Қолымдағы қолжазбаны аман-есен алып шығу үшін бәріне дайын едім. – Әлбетте көрсетемін! – Мақтанды деп ойлама, мен қазақтан шыққан тұңғыш гвардия пол ковнигімін, 9-шы гвардиялық дивизияның командирімін, – деді Баукең
ойын қайта жалғастырып. – Көңіліңе келсін, келмесін, шырағым, қазақтан шыққан бірінші әскери жазушымын. Оның өзіндік мәні бар. Біздің қазақ ол жағынан бай халық. Мен аспаннан түскен жоқпын. Бі зде Қобыланды мен Алпамысты ауыз әдебиеті¬нің батырлары деп жүр. Олар менің ойымша, қателеспесем, тарихта болған тұлғалар. Егер болма са, халық творчествосында жазылмас еді. Мен осыған мақтанамын. Оған толық хақым бар. Қазақ қатардан қалып келе жатқан халық емес! Біздің ұрпағымыз – даңқты ұрпақ... Батыр аға менің қайтуыма рұқсат беріп, қимастықпен шығарып сал ды...». Иә, Баукеңнің бұл сөздері Бейсенбайды қайрақтай жонып, ойларының отын үрлей, одан сайын лаулата түсті. – Бейсенбай, сен сол сұхбатыңда Баукең Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін жатқа оқығанын, осы бір ұлы ақынның өлеңін алғаш рет тыңдағаныңды, әсеріңді келтірдің. Ерте күнде отты Күннен Гун туған, Отты Гуннен от боп ойнап мен туғам. Жүзімді де, қысық қара көзімді, Туа сала жалынменен мен жуғам. Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар, Мен — Күн ұлы, көзімде Күн нұры бар. Мен келемін, мен келемін, мен келем, Күннен туған, Гуннен туған пайғамбар. – Иә, – деді Бейсекең. – Баукеңмен болған екі кездесуде өнер, әдебиет, тарихи тұлғалар жайлы көп мағлұматтар айтылды. Енді сондағы жа зып алған дүниелерімді мұрағаттан қайта қарауым керек. Ал, Мағжан Жұмабаевтың өмірінің соңғы жылдары жайлы жаңа деректер ақпарат құралдарында айтылып жүр. Бір білетінім, ұлы ақын Баукеңнің көз ал дында қайтыс болғаны айдан анық... Бейсенбайдың мөлтек әңгімелері өз адына бір әлем. Сол әлемге еніп, автормен бірге балалық шаққа саяхат жасасаң әке мен баланың, ана мен ұлының арасындағы қарама қайшылықты, түсінбестіктің куәсі боласың. Қаламгердің «Жалғыз ұл», «Тұранбала және иттер», «Таба нан», «Генералдың немересі мен президенттің баласы», тағы да басқа әңгімелерін оқығанда ғажайып тіршілікке енгендей сезінесің. Ол – Бей сенбай Сүлейменовтің жұмбақ әлемі. Сол сыр сандықтың кілітін ашу үші ең алдымен қаламгердің шығармасын оқысаңыз әбден көзіңіз жетеді. Бейсенбай Жолдасбекұлы 2009 жылы жастардың патриоттық тәрбиесіне бағытталған публицистикалық мақалалар циклы үшін Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығының лауреаты атанды. Сонда: «Әй, мына бала қайтеді-ей?» деген жоқпыз. – Жарайсың, ащы тердің тәтті еңбегі ғой! – дедік. Әйгілі Бернард Шоудың «Журналист – бәрін білетін, бірақ бәрін шала-шарпы білетін мамандық» деген қағидасы біздің Мистер Биске келіңкіремейді-ау. Өйткені, ол өз таңдаған тақырыбын егжей-тегжейлі меңгерген қаламгер.
Тілеуберді БИНАШ
АУЫЛ
АКАДЕМИЯСЫН
БІТІРГЕН
МҮСІНШІ
Қ ай бала болсын, қаршадайынан бір нәрсеге қызығып, талабын таудай сезініп талпынатыны сөзсіз. Асаудай арманын бас білдіріп, ер-тоқым сап ерттеп мінгісі келеді. Құлдыраңдап жүріп құлшы нады. Құлайды. Қайтып тұрады. Сүрінеді. Аптығып алға ұмтылады. Жігерін жанып тағы да бұлқына түседі. Данышпан Дидроның қағидасына сүйенсек, «қызығушылық – аса нәзік һәм қаһарман идеяның қайнар көзі». Мен білетін Тілеуберді бала кезінен балшық тасып, саз илеп, сан түрлі бей нені мүсіндеуге құштар болды. Әке-шешесі ақ таяқ ұстап ақтылы қой айдаған шопан. Аракідік қой жайып, қозы бағып жүрген кезінде жер сызып жүріп талай мәрте отарынан айрылған, өз отары мен өзгенің отары қосылып кетіп, қанша рет қара таяқтың ізі арқасын осты. Әкесі шыбықпен шықпыртып та көрді. Бірақ бәрібір, «сол баяғы-баяғы, Бай қожаның таяғы» дегендей, ойы бір жақта, қойы бір жақта. «Мелдеш құдықтың» айналасындағы балшықтан қай мүсінді қалай жасаймын деумен-ақ басы қатты. Әйгілі қылқалам шебері Әбілхан Қастеевтің «Мен сурет салуды таудың бұлағынан, көлдің құрағынан, анамның киізінен, қошқардың мүйізінен үй рендім» деген танымды сөзі тасқа басқандай артында қалды. Ал, Тілеуберді ше? Сырдың сағасында, қамыстың арасында жүргенде, өзі өсіп-өнген Отырар өңірінің кестелі келбеті тартып тұрды-ау?! Оның ұстазы – Оңтүстіктің табиғаты. Балалық шағының бір оқиғасын айта кетейін. Сырдың суына шомылып жүрген балалар: «Әй, Сары бала, өзеннің арғы бетіндегі жағалауға біреулер керемет сурет салып кетіпті?!» деп алдайды. Сурет десе алдындағы асын жерге қоятын Тілеуберді балақай соны көріп келем деп, Сырдың иіріміне кетіп қала жаздаған. Бір қайықшылар тор лақтырып құтқарып қалған. Көрер жарығы бар екен, алда-жалда ағып кеткенде Ордабасыдағы Қажымұқан атасының бұлшық еті білеу-білеу тұлғасын кім мүсіндер еді? Сонда Тілеуберді 20 жастағы жігіт еді ғой. Тәспідей тізіп қайтейін, алты алаштың аузында жүрген тұлғаларымыз Абылай хан, Төле би, Әл Фараби, Қазыбек би, Әйтеке би, Мұңлық-Зарлық, Керей мен Жәнібек, Қарасай батыр, Махамбет, Исатай, Кейкі батыр, Күләш Байсейітова, Ахмет Жұбанов, Төлеген Тәжібаев, Мұхамеджан Тынышбаев, Ыбырай Алтынсарин, Дінмұхамед Қонаев, Алатау алыбы Сүйінбай, Жамбыл ата, Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Шоқан Уәлиханов, Сұлтанбек Қожанов, Әнуар Молдабеков, Әсет Бейсеуов, Шәмші Қалдаяқовтың мүсіндерін кім қашар еді? Күндердің күнінде қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековке мұңын шақты. – Жас шағымда Москваның көркем-сурет институтына немесе Ленинград тағы Суретшілер академиясына бара алмадым, – дегенде, Өзағаң: – Сенің сол жаққа барып, оқуға түспегенің жақсы болған. Есесіне, сен ауылдың академиясын бітірдің. Сенен ауылдың исі аңқып тұр! – деп баға берген. Үлкен баға. Әділ баға. Аса дарынды ақын ағасы Қадыр Мырза-Әлінің өнерін бағалаған пікірі де өзгеше. «Тілеубердінің қолтаңбасынан ұлтымыздың рухын, бедерінен бетбейнесін көремін» деді ол. Біртуар композитор Шәмші Қалдаяқовпен көп араласты. Сырласты. Мұң дасты. Шәмші ағасы «Екеуміз самородокпыз!» дейді екен. Қонаққа барғанда
«Қажымұқанның авторы!» деп төрге шығарады. Құрдасындай көрді. Не үшін? Өнер үшін. Елгезектігі үшін. Қарапайымдылығы үшін қадірлеген. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, мүсін өнерінің хас шебері Тілеуберді Бинаштың шығар машылығы мен қоғамдық қызметі туралы қысқаша мәлімет бере кеткен жөн: Кеңес Одағы кезінде, 1977 жылы қазақ халқының даңқты палуаны, күш атасы Қажымұқанның ескерткішін сомдады. Бұл еңбегі үшін «Қажымұқан ес керткішінің тұңғыш авторы» атанды. Еліміздің аса көрнекті саяси қайраткері Д.А.Қонаев және көптеген мәдениет, өнер шеберлері «қаршадай бала» жасаған Қажымұқанның ескерткішін өте жоғары бағалады. Бұл жөнінде одақтық «Из вестия» газетінде арнайы мақала жарияланып, «Время» телебағдарламасынан көрсетілді. Ол сондай-ақ Қажымұқанның тұңғыш мұражайының ашылуына да себепші болып, осы мұражайдың қалыптасуына көп еңбек сіңірді. Әйгілі ұлт жанашыры, көрнекті қайраткер Өзбекәлі Жәнібековтің тікелей қолдауымен Қазақстанда тұңғыш реет «Мирас» қолөнер шеберханасын ашуға белсене қатысты. Оның жасаған көптеген мүсіндері осы шеберхананың төрі нен орын алды. Бұл жөнінде АҚШ-тың атақты «Би-Би-Си» телекомпаниясы арнайы ақпарат берді. 1992 жылы қоғам қайраткері, ұлт мәдениетінің үлкен қолдаушысы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің кеңес беруімен атақты Абылай ханның тұңғыш мүсінін қашады. Бұдан біраз кейін ҚР Парламент Сенатының депутаты, мемлекет және қоғам қайраткері Әділ Ахметовтің қолдауымен Алматы қаласына Абылай ханның тұң ғыш мүсіні орнатылды. Бұл жайында сенатордың былай деп толғанғаны бар еді: –Тілеуберді Бинаш – қазақтың маңдайына біткен керемет мүсіншілердің бірі. Ең алдымен, адамның атына көп мән беру керек. Ақмоланың атын Це линоград деп ауыстырған кезде қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев ұнатпай: «Білмеймін Целиноград па, Ақмола ма, азан шақырып қоймаған ат бола ма?» депті. Газетте қызмет істеп жүрген кезі екен, осы өлең үшін бас редактордан сөгіс алыпты. Міне, сол сияқты азан шақырып қоймаған ат – ат болмайды. Халқымыздың бір жақсы ырымы бар, балаға есімді азан шақырып қояды. Тілеубердінің аты да азан шақырылып жақсы ниеттен қойылған болар. Алла тілеуін берген азаматтың бірі деп айтуымыз керек. Істеген жұмысының алға басуы, бейнетінің зейнетін көруі деген осы болар деп ойлаймын. Өйткені, Тілеуберді сомдаған мүсіннің қай-қайсысы да керемет өнер туындылары. Ол – өзі шығарған альбомының ішінде жарқырап көрініп те тұр. Мен тарихқа шегініс жасап бір әңгіме айтайын. Қазақ Мемлекеттік Халы қаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ректоры болатынмын. Осы оқу орнына қазақтың белгілі бір тұлғасының атын беру туралы идея пайда болды да, университетке Абылай хан атын берсек дұрыс болар деп шештік. Абы лай хан да кезінде шетелдермен дипломатиялық қарым-қатынастар жүргізген қазақтың көрнекті хандарының бірі. «Сол тұлғаның атын берсек қалай бола ды?» деп министрге ұсыныс жасадым. Абылай ханның аты Қазақ Мемлекеттік Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне берілді. Енді университеттің алдында Абылай ханның мүсіні тұрса деген ой туды. Содан, осыны іске асыруға бел байлап, мүсінші іздей бастадым. Сол кезде Тілеуберді Бинашқа кездестім. Қарап отырсам, біраз іс тындырып қойған, тәжірибе жинақтаған. Жауырыны жерге тимеген, қазақтың палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының мүсінін кеңестік заманда тұңғыш жасаған мүсінші екен. Осылайша, тәуелсіздікке қол жеткізген тұста біздің университеттің алдында Қазақстандағы тұңғыш Абылай хан ескерткіші пайда болды. Абылай ханның мүсінін мұның алдында арнайы құрылған комиссия мүшелері, атап айтсақ, Абылай ханның ұрпағы – Шота Уәлихан, көк байрағымыздың авторы – Шәкен
Ниязбеков, белгілі сәулетші Тоқтар Ерәлиевтер келіп көріп, үлкен ризашылық пен бірауыздан қабылдаған болатын. Өзі шығарған альбомына қарап отырсам, Тілеубердінің жасамаған мүсіні кемде-кем. Күләш Байсейітованың да мүсінін керемет сомдаған. Ол Алматыда тұр. Одан бұрын Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың да мүсінін жасаған, сондайақ Қаскелең мұражайында біздің тұңғыш Президентіміздің де мүсіні тұр. Ол мүсінді де осы Тілеуберді жасаған. Ал осы мүсіндердің бағасын халық береді. Халықтың бірі – біз ғой. Жаңағы альбомды парақтасам, бәрі ақылмен, пара сатпен, көп ойланып, көп толғанып, ізденіп барып жасалған мүсіндер. Өнер туындысы да оп-оңай келмейді. Оған түн ұйқысын төрт бөліп жұмыс жасайды. Мүсінші деген жазушы емес, әдебиетте сомдалған бейнелерді мүсіндейтін өнер иесі. Мысалы, Мұхтар Әуезов Абайдың әдебиеттегі бейнесін жасады. Ал енді сол бейнені мүсінге түсіру үшін қанша еңбек жасау керек? Атына заты сай болу керек емес пе? Дене бітімі, бет-әлпеті, мінез-құлқы, қылығына дейін көрініп тұруы керек. Мысалы, биші апамыз Шара Жиенқұлованың төс бейнесі соның бір парасы. Міне, осындай мүсіндерді жасау үшін суреткер өте көп еңбек сіңіреді. Ең алдымен, ол жайдан-жай біреу айтты екен деп жасай салмайды. Ол көп оқиды. Ой санасынан өткізіп, зерделейді. Сонымен қатар, бар күшін салып өзінің музейін ашып қойды. Ол музей қазір – Алматыда. Музейдің бар екенінен көп адамдардың хабары да жоқ шығар. Сондықтан, жастарға, жас мүсіншілерге, өнер саласында жүрген студенттерге насихаттауымыз керек. Тілеуберді – сегіз қырлы, бір сырлы азамат. Талантты адамдарға қазақ осылай деп баға береді. Ол біздің еліміздегі осы салаға байланысты марапаттардың кез-келгеніне лайықты өнер адамы. Өзі өте қарапайым, ақырын жүріп анық басатын азамат. Сол Тілеубердімен 15 жылдан бері доспын. Осы күнге дейін еңбек пен ізденіс үстінде. Бұл азаматтың бергенінен әлі берері көп. Жас өскен сайын ақыл кемелдене береді. Ұлы тұлғалардың мүсінін жасай берсін. Оның жасаған дүниелерінің барлығы кейінгі ұрпаққа үлкен ғибрат болып қала бермек. Сенатордың сөзіне қосып-аларымыз жоқ, бірақ Тілеуберді туралы айтар әңгіме әлі де жетерлік. Әлемге әйгілі мүсінші Микеланджелоның «Жасаған мүсініңді қырдың басынан төмен қарай домалатып көр, қай жері артық – соның бәрі сынып, ұшып кетеді. Қалғаны – шедевр» деген сөзі бар. Өзіміз күнде көріп жүрген Алматыдағы Абай ескерткішінің дүниеге келу тарихы да осындай танымды Һәм тағылымды жәйттерге толы. Тіпті, кезінде социалистік көзқараспен «Абай ескерткіші Лениннің ескерткішінен жоғары тұруы тиіс емес» деген де әңгімелер айтылған. Оны айтасыз, Абайдың ес керткіші, әуеліде, Екінші Алматы теміржол бекетінің алдына орнатылатын болып шешіліп те қойған-ды. Кім білсін, сол кезеңде еліміздің идеология саласына жетекшілік жасап жүрген мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ғалым, мәдениетіміз бен әдебиетіміздің жанашыры, өнер қамқоршысы, өмір ден қарапайым да ірі қазақ болып өткен Нұртас Оңдасынов сонау Қостанай жерінен 17 жастағы қазақтың жел мен күнге тотыққан қара баласын Алматыға алдырмағанда, сол шешім күшінде қалған да болар ма еді... Жұдырықтай ғана сол қара бала Алматыдағы әйгілі Абай ескерткішінің болашақ авторы – Қа зақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның Халық суретшісі, мүсінші, профессор Хакімжан Наурызбаев болатын. Қазақтың тұң ғыш мүсіншісі Қазақстанның мәдениет қайраткері, ақын, «Алматы ақшамы» газеті Бас редакторының бірінші орынбасары Әнуарбек Әуелбекке берген өзінің соңғы сұхбатында Мұхтар Әуезовпен екеуара өрбіген әңгімені тілге тиек етіпті. Ауыл шаруашылығы институтының алакөлеңке бір бөлмесінде жасаған Абай ескерткіші туралы ол: «Бір күні жасаған жұмысымды сыртқа шығардық.
Мұхаң көріп, қатты кейіді. «Мен сені адам деп жүрсем!.. Осындай да бола ма екен, мұнда Абай жоқ» деп жер-жебіріме жетті. Айтпаған сөзі қалмады, қатты ұрысты. Ол кісі өзі ренжісе де бар көңілімен құлазитын, қуанса да, бала сияқты шын көңілімен ақтарылатын. Мен бір жұма жылап жаттым. Енді не істеймін? Ойлануға тура келді. Шынымды айтсам, қатты ашулан дым да жасаған ескерткішімді аямай балталап быт-шытын шығардым. Сөйтіп жүріп бітірдім ескерткішті. Кейіннен Әуезов көріп риза болды. «Алдындағы жасағаның Абайға карикатура сияқты еді. Пәлі, мынауың тамаша!» деп қуа нып, бәрімізді үйіне шәйға шақырды» – дейді. Абай ескерткішінің алғашқы нұсқасын ашумен балталап шауып, қазіргі ғажап қалпына келтірген Хакімжан Наурызбаевтың іс-әрекеті де әлгі Микеланджелоның іс-әрекетіне сай келіп тұр емес пе?! Ал, ұлы мүсінші біздің Тілеуберді Бинаштың училищеде дәріс берген ұстазы болатын. Мұны неге айтып отыр дерсіз. Осының бәрінде белгілі бір ұқсастық, белгісіз бір байланыс бар. Бір күні Тілеуберді көптен бері көңілі толмай жүр ген өзі жасаған Алаш аруының бейнесіне қапаланып, оны екінші қабаттағы терезеден лақтырып жібереді. Дегенмен, райынан қайтып жүрегі қобалжып жүгіріп барып көрсе, өзі жасаған мүсінге өзі таң қалып қарайды. Бейне бір баяғы заманнан қалған, бабалар қолымен жасалған, қазбалардан табылған туынды лардай болып шыға келіпті. Микеланджелоның «Жасаған мүсініңді қырдың басынан төмен қарай домалатып көр» деп айтқаны айна-қатесіз орындалғандай болады. Микеланджело демекші, оның «Әрбір алып тастың ішінде адамның бейнесі бар. Мүсіншінің құдіреті соны бостандыққа шығара білуде!» деген де сөзі бар. Тілеубердінің талай тұлғаны қайта тудырғанын осы мүсінші құдіреті деп білемін. Микеланджелодан басталған сабақтастық, жалғастық үзілмегені көрініп тұр. М.Мақатаев атындағы сыйлықтың және «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, белгілі ақын Бауыржан Жақып өзінің мүсіншіге арнаған жырын: Әрқашан тілек тілеп жүреді адам, Болсын деймін жүрегі, білегі аман. Биік тұғыр тілеймін өнердегі Қазақтың Микеланджелосы – Тілеу ағам! – деп аяқтауы да осыны меңзейді. Ол Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мүсінін алғаш сомдағандардың бірі. Қазіргі күні Елбасының Қаскелеңдегі мұражайында тұрған мүсіндерінің авто ры. Осыдан он бес жылдай бұрын Алматыда ашқан «Өнер ордасы» мұражайы жастарымызға ұлттық, рухани-патриоттық тағылым-тәрбие беру ісіне қомақты үлес қосып келеді. Былтыр Түркияға барып қайтты. Бір айға. Қазақстан Респуб ликасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «ТҮРКСОЙ» ұйымдастырған Түркі елдері мүсіншілерінің халықаралық симпозиумына Суретшілер мен сәулетшілер одағының атынан жалғыз өзі қатысты. Ол өзі бір қызық әңгіме... Жалпы, 2012 жыл Тілеуберді үшін жеті қуаныш әкелген жыл болды. Жеті – қазақтың қасиетті саны емес пе, ол бұның бәрін жақсылыққа балады. Бұл жылы оның «Мүсін» атты альбом кітабы жарық көрді. Ол ең үлкен қуанышы еді. Одан кейін өзінің жолын қуған үшінші қызы Аршагүл колледжді бітіріп, Өнер академиясына оқуға грантқа қабылданды. Екінші қуаныш деңіз. Ізінен ерген жалғыз ұлы өзі таңдаған ҚазҰУ-нің механика факультетінің ақ параттық жүйелер бөліміне оқуға түсті. Тағы бір қуаныш бұл. Сол жылы Сәулетшілер одағының төрағасы Ақмырза Рүстембеков Түр кияда өтетін симпозиумға баратын басқа лайық адамды көре алмай отырғанын айтқанда, мерейі тасыды. Төрт қуаныш болды ма, соның артынша, Суретшілер одағының төрағасы Байтұрсын Өмірбеков те симпозиумға бара қоятын басқа адамның ыңғайы жоқтығын, сондықтан да мұның кандидатурасын ұсынып
отырғанын айтқанда, өзіне артылып отырған үлкен жауапкершілікке шынымен ойланып қалды. Оның мәнісі бар еді, Түркиядағы симпозиумға Орхон мәдениеті мен иероглифтік таңба-жазулардан, Түркі қағанаты мәдениетінен, жалпы тарих пен ұлттық болмыстан хабары бар, ұлты қазақ мүсінші қатысуы тиіс болатын. Мәдениет министрлігінің жол дамасына ие болу бұйырып тұр екен. Мұның өзі бесінші қуаныш еді. Түркиядағы симпозиум кезінде қатысушы мүсіншілердің арасында болған жарыста еншісіне тиген ең үлкен бір тастың төрт жағынан төрт түрлі көрініс бейне жасап үлгерген шеберлігі үшін бәрінен озып шықты. Онда қатысушылар ішіндегі ең жасы үлкен ақсақалы бола тұра, игеруі қиын ең дәу тасты алып, басқалар бір композиция сомдап жасағанда, бұл төрт бейне – төрт компози цияны қатар жасап үлгеріп еді. Мүсіннің бір жағынан қарасаңыз – әйел-ана, бір жағы – ата, үшінші қырынан қарасаңыз – байырғы иероглифтік таңбалар, тағы бір қыры Күлтегін жазбаларынан сыр шертетін композиция болып шықты. Дүниенің өзі төрт бұрыштан тұрады, мұның әрқайсысының өзіндік мән-маңызы бар екендігін сондағы барша жұртқа тәптіштеп түсіндіріп айтып та берді. Атабабаларының мәдениеті дүниенің төрт бұрышы, яғни шығыс, батыс, оңтүстік пен солтүстіктің бәріне түгел танымал болсын, төрт құбыламыз түгел болсын деген астарлы ой жатыр. Жалпы, бізде Әбілхан Қастеевке дейін суретші де, Хакімжан Наурызбаевқа дейін әйгілі мүсінші болды ма? Рас, баяғы таңбалы тастарымыздағы петроглифиероглифтер, бал-бал тас мүсіндері өз алдына бөлек әңгіме. Кейіннен елімізге діни өркениет – исламның келуіне байланысты дүмше молдалар тарапынан ес керткіш-мүсіндердің бәрі қиратылып, елеусіз қалды. Тек Кеңес өкіметі тұсында бұған қайта мән беріліп, жер-жерде ескерткіш-мүсіндер бой көтере бастады. Алайда, олардың бәрі ұлттық мүддеге емес, коммунистік идеологияға қызмет ететін дүниелер еді. Олардың өзін басқа жақтан келген мүсіншілер жасады. Мысалы, Жастар театрының алдында тұрған Амангелді батырды азербайжан дық мүсінші Асқар Сариджа, баяғы қолын созып тұратын көсеміміз Ленин мен Дзержинскийді, Горькийді КСРО Халық суретшісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Евгений Вутетич сомдаған болатын. Олардың бәрі тәуір шықты дегенмен, түп-тамырында қазақылық, ұлттық болмыс жоқтын. Сара жолды Х.Наурызбаев бастады, Тілеуберді бұл салада оған әрі қарай ұлттық болмыстың ұрығын екті. Мүсін өнерінде қазақтың атын шығарған сол Түркия сапары кезінде Тілеу берді Бинаш қала мэрі мен «ТҮРКСОЙ» басшысы Дүйсен Қасейіновтің арнайы Алғыс хаттарымен марапатталып, мерейі өсті. Бұл - оның алтыншы қуанышы. Жетінші рет ол «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алғанда, еңбектерінің еленіп, бағаланғанына шын жүректен қуанған болатын. Міне, 2012 жыл сыйлаған жеті қуаныш осылар еді. Тілеуберді осылайша дүниежүзіндегі түркі елдері арасында мерейі өсіп, әлемді жаулаған әйгілі қылқалам шебері Пабло Пикассо секілді деңгейге жеткендей, көкке көтеріліп қайтты. Ой түсті. Идея туды. Қызығушылық деген нәрсе тағы бой көтерді. Бәлкім, қызыққасын «қаһарман идеяның қайнар көзі» тағы да ашылар. Пабло Пикассоның шын аты-жөні – Пабло Диего Хозе де Пауло Помусьено Криспин Криспиняно де ла Сантисима Триндадо. Ұмытпасам осылай. Ұзақ. Суретші өзінің шылбырдай шұбатылған ұзынсонар есімін айтуға ерініп, ана сының фамилиясын алған да Пабло Пикассо боп кеткен. Тілеубердінің азан шақырып қойған аты – Тілеуберді. Ал, «Сары бала» дегені ел ағаларының еркелетіп қойған екінші есімі. Ал, Сары бала, сапарың сәтті болсын!
3-бөлім ÊӨÏÅÍÍІҢ ӨÇІ
“БАЙ СЕКІЛДІ, БАР СЕКІЛДІ ЖҮРЕМІН...” Күллі әлемге әйгілі күлкі күні күнде емес, жылына бір-ақ рет болады. Күлкі күнінен үш күн бұрын туған сықақшы-пародист Көпен Әмір-Бек күлкі күнінің есігін елуінші рет қаққалы отыр. Осы орайда оспақтың отымен кіріп, күлкінің күлімен шығып жүрген Көпенмен аз-кем сұхбаттастық. КӨПЕН ҚАЛАЙ “ҚОЖА” АТАНДЫ? – Сізді жұрт “қожа” дейді. Рас па? – Рас! “Қожа” болғаныма жиырма бес жылдан асты. Мұңын шағып, мұқ таждық көрген халықтың хаты мен Қазақстанның қай түкпіріне апармады. Хат ізімен жүріп халықпен көп араластым. Көпшілігі кішкене еті үйренгесін руыңды сұрайды. Қарға тамырлы, қазаққа не дауа? “Әйелім – қырғыз, өзім – қожамын!” деймін... Осыдан он бес жылдай бұрын Түрікменстандағы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің он күндігіне қатыстым. О жақта ру сұрасу “Сәлеметсіз бе?” деген секілді нәрсе екен. Красноводск аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Тайлы Тайлиевич деген кісі бәріміздің руымызды сұрады. Тек ақын ағамыз Аманжол Шамкенов қана руын жасырып, “Мен – коммуниспін!” деді. Кезегім келгенде мен “қожамын” дедім. Сонда ол кісі: “Оппо-о-о, біз қожа сыйлаған халықпыз. Қожалар самауырдың қасында емес, төрде отырады” деп мені қасына қонжитты. Сонда Фариза Оңғарсынова “Көпен қожа ма еді?” деп Тұманбай ағаға сыбырлады. Тұмағаң: “Қайдам? – деп бір иығын қиқаң еткізді,– Түркістан жақтың жігіті ғой. Түркістанда қожалар көп, қожа болса қожа шығар...” Қазіргі зиялы қауымның зиянды жағы да осы руға бөліну. Бір таң қалаты ным – жүзге бөлінетіндер “Жүзге бөлінгендердің жүзі күйсін!” деп сөйлейтінді шығарды. Қожа бол, “кожазаменитель” бол, бәрібір бәріміз де қазақпыз ғой. “Мен – қазақпын!” дейтін Жұбан ағалардың жұбы сиреп барады. – Сатира – ұстараның жүзіндей қылпылдап тұрған қиын жанр. Сы нағанды кім ұнатсын? Тіпті қазақ үшін “Итың жаман” деген де ауыр сөз. Сізді жақсы көретіндер бар ма? – Бар. Ол – халық. – Әрине, ол түсінікті нәрсе ғой. Бірақ... – Баяғыда сыншы ағам Зейнолла Серікқалиев “Мен сені не үшін жақсы көрем, білесің бе?” деп сұрады. “Қайдам?” дегендей таңырқап қарадым. “Сені менің досым Төлеген Тоқбергенов жақсы көретіні үшін мен сені жақсы кө рем!” деді. “Дүниеде менің де жақсы көретіні екі жездем бар, – дедім Зейнолла ағаға.– Бірі – Шыңғысхан да, екіншісі – Төлеген Тоқбергенов. Сіз Шыңғыс ханның бажасын жақсы көретін адамды жақсы көрмегенде енді кімді жақсы көресіз? Екеуі де менің апаларымды алған. Екеуі де тентек. Тентек болса да текті. Тентектерді тегі жақсы көрем”.
ҚАДЫРДАН АСҚАН “ТАМОЖНЯ” ЖОҚ – Үйдегі кітапханаңыз бай ма? – Өзім сияқты, бай да емес, кедей де емес. Бірақ, жанрыма лайық, жаныма жақын кітаптарды жиюға әуеспін. Ақын Әубәкір Нілібаев пен Қадыр Мырза Әлидің кітапханасы аса бай деп естимін. Бірде Қадыр ағаның кітапханасын көру үшін үйіне арнайы бардым. Құрақ ұшып, құдасын күткендей күтті. “Са раң!” деуші еді. Әй, әшейін сөз-ау! Есік алдына дейін шығарып салып, қолымды сілкілдеп қоштасты. Дәп мен бір соғысқа кетіп бара жатқандай айқара құшақтап, арқамнан қайта-қайта қақты. “Үй осы, келіп тұр!” деді. Сосын: “Әй, сені құшақтап, арқаңнан қаққанға жақсы көріп тұр екен деп ойлама”, – деді жымиып. – Менің бірлі-жарым кітаптарымды ұрлап бара жатыр ма, жоқ па деп сыпайы ғана сыртыңды тексеріп жатқаным ғой...” Қадыр ағам Қазақстанның “таможнясынан” да күшті тексереді екен. – “Бай да емес, кедей де емеспін” дейсіз. Бірақ жұрт сізді “байлардың” қатарына жатқызады. – Баяғыда біреу “Сиқымбайдың бүркіті сегіз түлкі алды. Жүріңдер, бір-екі түлкісін алайық” депті. Барса, сегіз түлкі емес, екі-ақ түлкі іліпті. “Оу, бұ қалай? Неге өтірік айтасың?” десе, әлгі кісі қипақтап: “Қайдам, құсымның шүйілісіне қарағанда сегіз түлкі алатын шығар деп ойлап ем” депті. Сол сияқты... менің жүрісім де Сиқымбайдың құсының шүйілісі сияқты. Бай секілді, бар секілді жүрем. Жазушы-драматург Баққожа Мұқай амандасқан сайын менің аяқ тас тасымды айтып, қолымды есік қысқандай қысады. Қолы сондай қарулы. Ал, мен іштей “Баққожа ұстағанын жібермейтін шығар?” деп қуатына қызығам. Сол сияқты нәрсе ғой. – Байлық туралы ойламайсыз ба? – Негізі, ақшасы көп адамдар аса жоғары вольтты токтың үстінде отыр ғандай алмағайып күн кешеді. – Адамды да адам дейміз, адам еместі де адам дейміз. “Адам” деген сөздің мағынасын қалай түсінесіз? – “Ағаш” десек, көзімізге алма ма, өрік пе, әлде жаңғақ ағашы ма, әйтеуір бір ағаш елестейді. Бірақ ағашты ағаш қып өсірген оның тамырын ойламаймыз. Су мен ауа қаперімізде жоқ. “Адам” деген де “ағаш” деген секілді жалпы атау. Шопырлық курсты оқығандарға машинаны былай таныстыратын: “Машина состоит из трех частей: кузов, двигатель, шасси”. Көбіміздің түсінігімізше “... адам состоит из четырех частей: тән, ақыл, сана сезім”. Солай ма? Олай емес. Шын мәнінде адам жан мен рухтан жаралған. Ал, әлгі тән, ақыл, сана, сезім секілді төрт “запчасты” жан мен рухқа қызмет етуі керек. Ал, бізде ше? Керісінше... Адам дегеніміз – өсу деген сөз. Қызметі емес, әрине. Адам– хайуан мен алланың арасындағы баспалдақ Адамда хайуандық түсінік болады. Мысалы, ішіп-жеп жата беру... – Не нәрсеге өкінесіз? Жалпы, өкінішіңіз бар ма? – Бар... – Ол не? – Екі нәрсенің: денсаулық пен уақыттың қадіріне жете алмағаныма өкі немін. Кеше бос кеткен алтын уақыт бүгін қайтып келе ме? Мұндайда қазақтар “Заман екі келмейді, өгіз аттай желмейді” дейді. Мысалы, басымнан сипап балалар әдебиетіне алып келген ұстазым Мұзағаң, Мұзафар Әлімбаев өзінің шығармашылық мүмкіндігін 100 процент сарқып пайдалана білген ақын. Мен ше? Керісінше... Мүмкіндігімнің 99 пайызын “бара жатқанның балтасына, келе жатқанның кетпеніне” жұмсағаныма өкінемін.
– Жұмбақтамай... балта мен кетпеннің басын ашып айтпайсыз ба? – Әр жерден әркімнің жазған арыз-құрызын тексеріп, фельетон жазумен-ақ сара алтындай уақытымды сарқыдым. Істің ақ-қарасын ажыратам деумен-ақ қаншама “жау” таптым. Одан гөрі қалжыңымның қара қазанын қайнатып, сати рамның сорпасын сапыра бергенімде біраз жерге барып қалар ем-ау. Күлкінің күмбезін тұрғызған Тұңғышбай, Құдайберген, Мейірман, Лидия, Бауыржандар дың аузына сөз салып бергенше, ол сөзді өзім сахнада сайрасам ғой, бұдан гөрі әлдеқайда “популярный” болар едім. Мәскеулік Иванов, Петросян, Хазанов, Жванецкийлер өз дүниелерін өздері оқып-ақ көрермендерін күлкіге көмген жоқ па? Әлі де кеш емес... Елуге келгенде әртістердің көбі пенсияға шығады, ал мен елуге келгенде “әртіс” болатын түрім бар. ШЫМКЕНТКЕ КІРМЕЙТІН КӨШЕ – Көп адамдар көзі тірісінде көшеге атын қоюды дәстүрге айналдыра бастаған сияқты. Мысалы, академик Әлиев атында көше, немесе ақын Мұхтар Шаханов, жазушы Әкім Тарази атында мектеп бар. – О-о, ол кісілердің еңбегі бар ғой. Айдың бетінен алты сотық жер алып, ескерткіш орнатса да жарасады. – Сіздің атыңыздан көше қоямыз десе қай көшені қалар едіңіз? – Көпенге қоятын көше қалған жоқ қазір. – Мысалы, Шымкентте... – Шымкентте ме? Барлық көше басыбайлы. Бірақ қаланың сыртында Шымкентке кірмейтін аты жоқ бір көше бар. Ол көшенің бойында не ел жоқ, не су жоқ, не жарық жоқ. Жалаңаш көше, орысша айтқанда “обьездной” көше. Соны “Көпен атындағы көше” деп атаса жарасар еді. Өйткені, соңғы кезде Шымкентке “кіре” алмай жүрмін. Баяғы бала кезімізде “Біздің көшемен неге жүресің?” деп балалар сабап жіберуші еді ғой. Сол сияқты өз көшеммен өзім жүріп, әрі қарай ауылға алаңсыз өтіп кетер едім. Қалжың ғой, әшейін. Жалпы, атақ-дәрежесін ат тартып жүре алмайтын дар бар, бірақ оны ел-жұрт танымайды. Еңбегіңді ел көтеріп, қадіріңді халық бағаласа одан артық орден бола ма? Маған жұрттың “Көпен келе жатыр!..” деген демеуі, депутат Шерхан Мұртазаның “Одинокий волк” деп қойған атағы анау-мынау медаліңнен артық. “Көпен Әмір-Бек атындағы сыйлықтың лауреа ты – “Көпен Әмір-Бек” деген атақ өз басыма жетіп артылады. – Тоқал алу мәселесіне көзқарасыңыз қандай? Ынта-ықыласыңыз бар ма? – Құдай “өгізынтадан” сақтасын. Парламентте қаралып, өз шешімін тап паған өзекті мәселені менің “мәжілісіме” салғаныңа рахмет. Чешендердің аяғы жерге тимеген атақты бишісі Махмұд Эсамбаевтың әкесі тоқсан алты жасында тоқал алған. Менің Құрбан атам да сөйткен. Жамбыл жәкем де тоқсаннан асқанда сөз салмаса да, көз салған. Жалпы, жан баласына жат нәрсе емес. Осы сұрақты ақын Несіпбек Айтовқа қойғанымызда, ол ойланбастан “Егер бәйбішем әперсе – алам” деді. Бәріміз де “бәйбішеміз әперсе – аламызау”. Әттең, әйелдеріміздің психологиясы дайын емес. Желіккендік пе? Жоқ. Еріккендік пе? Жоқ. Қазақтың санын қарыштап өсіру үшін... тоқал алу – тың және тыңайған жерді игеруден қиын емес. Әр гектарынан пәленбай пұт астық алғандай, өніміміз көбейсе, қанеки!.. Бірақ қазір тоқал қуған еркектен, бокал қуған еркек көп. Тұқымымыздың сорты нашарлап бара ма, қайдам? Қазағыңның қауызды болғаны жақсы ғой. Сұхбаттасқан Қали СӘРСЕНБАЙ “Жас Алаш” газеті, 2000 жыл.
САТИРА ШАХМАТЫНДА ӘЛІ ДЕ БІРАЗ МАТ ҚОЯТЫНДАЙ ҚАУҚАРЫМ БАР – Көпен аға, өзіңіз жылы жақтың жігітісіз. Астаналық болған қалай екен? Арқаның аязына үйрендіңіз бе? Жарас, Астана – Осы «Арқаның аязы сұмдық, Арқаның аязы керемет» деп менің де ас таналық достарым айтып қоймайды. 50 градусқа жетпеген аяз аяз ба, тәйірі?! Бар-жоғы 47 градустан кері қайтып кетті ғой. Аса суық емес. Тоңғақ адам құстың көлеңкесіне де тоңады. Ал менің ішімде жылу бар. Туған жерге, елге, Астанаға деген махаббат, от бар. Сондықтан аяз маған түк емес, еш жаурап жүргенім жоқ. – Зейнетке шықтыңыз ба, аға? Әсемгүл, Алматы – Жоқ, жұмыс істеп жүрмін. Тәулігіне 18 сағат тек ұлттық рухтағы хабарлар тарататын, Қазақстан бойынша рейтинг жағынан 1-2-орыннан төмен түсіп көр меген «Шалқар» радиосының бас редакторымын. Осы қара шаңырақта жұмыс істеп келе жатқаныма жеті жыл болды. Биыл пайғамбар жасына келдім. Алла қаласа, алдағы көктемде орнымды жастарға босатып бермекпін. – Бірнеше жерде көптеген жыл басшылық қызмет етіп келе жатқан адамсыз. Айтыңызшы, сіз қандай басшысыз? Марғұлан, Шымкент – Отыз жастан асқанда бастық болғым келді. Бастық болғанда да, «Ара» журналына бас редактор болуға аңсарым ауды да тұрды. Бұл ойымды ұлттың ұстазына айналған тұлға Өзбекәлі Жәнібеков ағама барып айтып едім, «Көпен, сенен бастық шықпайды. Оған сенің мінезің келмейді. Сен бастық болу үшін жаралмаған адамсың. Шығармашылықпен айналыс. Тарихта сенің шығармала рың қалады, бастықтың орны бүгін бар да, ертең жоқ» деді. Мен ренжіп кеттім. Ал қазір ағамның кеңесіне құлақ аспағаныма қатты өкінемін. Кім біледі, сол кезде шығармашылықты қатты қолға алғанымда, мен қазір төбенің емес, таудың басында жүрер ме едім?! «Қандай бастықсыз?» дегеніңе келсек, қай ұжымға барсам да, әйтеуір, солар менен айырылғысы келмейді. Өйткені мен ешкімге тізе батырмаймын. Қызметкерім жұмыстан бір күнге сұранса бір аптаға, бір аптаға сұранса жарты айға бір-ақ жіберемін. Мұндай бастықтан кім айырылғысы келеді?! Бір журналда бас редактор болып жүргенімде Петр деген көлік жүргі зушім болды. Таңертең жұмысқа әкеледі, түске дейін ешқайда бармайтынымды білсем, Петрді «таксист болып, ақша тауып ал» деп жіберетінмін. Қуа беріп, құмалағын түсіргеннен не ұтамын?! Өмір сүрсін деп ойлаймын. Кейін мен ауысқанда сол Петр «Қайда барсаңыз да мені алып кетіңізші» деп зар жылады. – «Көпен келе жатыр...» пародия театры қайда кетті, аға? Мақсат, Исатай ауданы, Атырау облысы – Жақында Жаңақорған шипажайында Тұңғышбай әл-Тарази мен сол жақ тың бір сықақшы жігіті әңгімелесіп отырып, мені тілге тиек етіпті. Тұңғышбай: «Көпен келе жатыр, Көпен келе жатыр» дейді. Сол Көпен қайда кетті өзі?» – десе, әзілкеш ініміз: «Сол өзі өтіп кеткен жоқ па?» – депті. Өзім сахнаның
саңлағы болмағаннан соң, әртістікті әдіптеп, ат қылып мінбегеннен кейін оны тұрақты театр етіп ұстап тұру қиынның қиыны екен. Қанша рет театрдың басын топтастыруға тырыстым. Түк шықпады. Әртістердің басын қосып ұстап тұру қиын екен. Әртістер – әдемі нәрсе көрсе сені тастап, соған кетіп қалатын әсершіл қауым. Мұнысы сатқындық емес, қызығушылық. «Белое солнце пустыни» деген орыстардың киносын көрген боларсың. Сонда анда-санда бір көрініп, керек кезінде жаныңнан табылып, көмектесіп кететін Саид деген кейіпкер бар. Қазір мен сатирадағы сол Саид болып барамын. 1972 жылы Фишер деген жігіт шығып, шахматтан әлем чемпионы болды. Бұған дейін оның атын ешкім білмейтін. Аз уақыттың ішінде ол елді таңғалдырып, көптеген чемпиондарды жапыра жеңіп, аты шықты да, сол күйі жоғалып кетті. Құдайға шүкір, мен бір рет гроссмейстер болып, қайта жоғалып кеткен сатирадағы Фишер емеспін. Сатира шахматының тақтасында жүріс басталатын болса, әлі де біраз мат қоятындай қауқарым бар. – «Хабар» арнасындағы «Ду-думан» бағдарламасының тұрақты әділ қазысы болдыңыз. Жалпы, не түйдіңіз? Маман ретінде айтыңызшы, қазақ әзілінің халі қалай екен? Жәнібек, Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы – «Қалжың жоқ» деген сөз – «қазақ жоқ» деген сөз. Қазақ қашанда қал жыңмен өмір сүрген. Дүниежүзінде қазақтай қалжыңбас халық жоқ. Әзілдері де әдепті болған. Бірақ қазір біз соны бұзып, әдепсіздікке, арсыздыққа жиі баратын болдық. Қазіргі заманның ыңғайына қарай жастардың шектен шы ғып бара жатқанын бетіне басудың орнына, біз оларды жетектейтін дәрежеге жеттік. Әдепсіз жастарды әзілмен ертіп, тәрбиелі ортаға әкелуіміз керек. Осы жағы жетіспей жатыр. Қалғанының бәрі дұрыс. Сосын Қазақстанда футбол командалары көп қой. Кем дегенде, он төрт облыста он төрт команда бар. Біздің әзіл-сықақ театрлары да футбол командасы сияқты. Бірде көбейеді, бірде азаяды, бірде жеңеді, бірде жеңіледі. Футболшыларды шетелде ойнату үшін Қазақстанның құрама командасын дайындайды. Яғни он төрт облыстағы ең мықты деген шеберлерді іріктейді. «Бізде де 18 жекеменшік әзіл-сықақ театр лары жұмыс істейді. Солардың бәрі бірігіп, жылына бір рет, 1 сәуір күні үлкен концерт жасаса, жұрт күлкіге қарық болып қалатын еді» деп ойлайтынмын. Осы ойымды періште қабыл алды ма, «Ду-думан» жобасының жұмысы басталды. Осы жолы алты театр өнер таластырды. «Шаншар» театры жеңімпаз деп та нылды. Былтыр Жаңа жылдың алдында Астанадағы үш жарым мың орындық «Қазақстан» концерт залында «Ду-думанның» қорытынды кеші өтті. Билет жоқ. Залда ине шаншар орын болмады. Енді тағы алты-алтыдан бөлініп, келесі 12 театр да өнерлерін ортаға салады. Ендігі ойым – осылардың ішінен Қазақстан қалжыңбастарының құрама командасын жасау. Оның ар жағында әзіл-сықақ театрын ашу туралы арман да бар. – Қазақ сатирасының сардары Оспанхан Әубәкіров сіздің ұстазыңыз екен. «Ұстаздан шәкірт озар» деген сөз бар. Ұстазыңыздың деңгейіне жеттім деп ойлайсыз ба? Іңкәр, Талғар қаласы, Алматы облысы – Жоқ, тіпті оннан біріне де жеткен жоқпын. Жалпы, Оспанхан аға – қазіргі қазақ сатирасының қаймағымыз деп жүрген көзі тірі қажымас қаламгерлердің бәрінің ұстазы. Өйткені Оспанхан Әубәкіров – қазақтың әзіл-оспағының әулиесі. Өзі де таза жүректі, періште адам еді. Әдебиетке адалдығы, тума таланттылығы сезіліп тұратын. Алла тағала ағаға талантты төгіп бере салған ғой. Мен де ол кісінің қасында жүріп, көп нәрсені үйрендім және көп нәрседен жирендім. Аға мен алғаш танысқанда бөрене сияқты едім. Ол кісі бөренені тілгілеп-тілгілеп, жақсы жиһаз жасап шығарды. Ал қазір жасымыз келсе де, өзіміз ол кісі секілді ұстаз болып, бөренелерден жиһаз жасай алмай жатырмыз.
– Әзілдеріңіз өмірден алына ма, әлде қиялыңыздан шыға ма? Дәурен, Ескелді би ауданы, Алматы облысы – Өмір бойы журналист, оның ішінде арыз-құрызды тексеруші, тергеуші журналист болып жұмыс істедім. Соның арқасында Қазақстанның түкпіртүкпірін түгел аралап шықтым. Мен бармаған облыс, аудан былай тұрсын, ауыл жоқ. Біреу жылайды, біреу даттайды, біреу жоқтайды. Өмірдегі сан түрлі трагедиялық және комедиялық оқиғалардың арасында өмір сүрдім. 1927 жылы Голощекин басқарып тұрған заманда біздің елде мал санағы жүрген екен. Сол кездегі есеп бойынша елімізде 1 миллион 900 мың түйе болыпты. Ал 1977 жылғы мал санағын жүргізгенде Қазақстанда 64 мың ғана түйе қалыпты. «Бас қалары қайда кеткен?» дейсіз ғой. 60-жылдары КСРО-ны Хрущев басқарғанда түйе мен доңыз етін араластырып, «Дружба» деген шұжық шығарған. Біздің түйелердің барлығы осыған кеткен. Кейін Дінмұхамед Қонаев «түйе түлігін қайтсек көбейтеміз?» деген мәселе көтерді. Мен түйелі ауылдың бәрінде болдым. Сонда Қостанай (бұрынғы Торғай) облысының Жангелдин ауданына барсам, «совхоздағы түйелердің 50 пайызы қырылып, шығынға ұшырағаны үшін» совхоз директорын қызметінен алып тастапты. Әлгі бастықтың еш кінәсі жоқ. Сұрастырсақ, совхозда екі-ақ түйе болған екен. Соның біреуі өліп қалыпты. Пайызға шағып сөйлейтін заманда, сол бір түйені 50 пайыз деп айтып отыр екен. Өзім куә болған осы оқиғаны негіз етіп, сықақ жаздым. Міне, осылай. Жазған әзілдерімнің бәрі өмірден алынған. Бұл бір ғана мысалы. – Қазір кімге пародия жазып жатырсыз? Жігер, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы – Оспанхан Әубәкіров ағам пародияны «бопса» деп керемет аударып кет кен. «Батыр болсаң, бопсаға шыда» дейді біздің халық. Керемет сөз. Жақында ғана бір бопса-эпиграмма жаздым. Басты кейіпкерлері – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы, Иманғали Тасмағамбетов, Өмірзақ Сәрсенов. Өзімнің қалжыңымның қазанында пісті. Әлі көпшіліктің талқысына салған жоқпын. – Отырар аудандық халық театрында әртіс болыпсыз. Әртістікті неге тастап кеттіңіз? Маржан, Отырар ауданы, ОҚО – Мектепті бітіргеннен кейін ҚазМУ-дің журналистика факультетіне түсе алмай, шабаданымды арқалап ауылға келдім. Әртіс боламын деп ойлаған жоқ пын. Маған жұмыс істеу керек болды. Мектепті бітіргеннен кейін аудандық газетке корректор болып жұмысқа тұра алмадым. Сол кезде мәдениет бөлімінің бастығы болған Көмекбай Мұсаев ағама рақмет. Аудандағы мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі және қойшыларға кино көрсетіп тұратын киномеханик етіп қызметке алды да, әртіс қылып жіберді. Мысалы, бір үлкен ғимараттың керегесін тек кілең тұтас кірпіштерден қаламайды ғой. Сынып қалған жарты кірпішті де босқа тастамай, бір пайдаға асырып жібереді. Мен халық театры ның сынық кірпіші болдым. Аудандық халық театрында Бейімбет Майлиннің «Жалбыр» спектаклінде Сайынбостың, Қалтай Мұхамеджановтың «Қуырдақ дайынында» Ережептің, Қуандық Шаңғытбаев пен Қанабек Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай» комедиясында Әубәкір ақынның рөлін ойнадым. Арасында Шона Смаханұлы, Асқар Тоқмағамбетов, Оспанхан Әубәкіровтың сықақтарын оқып, конферансье де болдым. Бір күні Асқар Тоқмағамбетовтың «Май мұрынға май шелпек» деген сықағын оқып тұрсам, алдыңғы қатарда отырған бір әжем «Ой, әдіре қалғыр, осыдан басқа әзіл жоқ па? Өткенде келген әртістер де осы ны айтып кетіп еді» деп ренжіп отыр. Жүрегім шым ете қалды, намыстанып кеттім. «Ешкім естімеген сықақ жазып жұртты таңғалдырайын» деп қолыма қалам алдым. Қазір ойлап қарасам, мені әзілге алып келген сол әже екен. Ол кісі болмағанда сықақ жазбайтын ба едім, кім білсін?!
– Ең алғаш жазған сатираңызды айтып бере аласыз ба? Жеңіс, Екібастұз қаласы, Павлодар облысы – Бала кезімде суретші болуды армандадым. Алматыдағы «Балдырған» журналы мен «Қазақстан пионері» газетінің редакциясына апта сайын сурет салып жіберетінмін. Олардан үнемі «көркемдігі жетпей жатыр, әлі де іздене түс» деген мазмұнда «қара қағаз» келетін. 7-сыныпта оқып жүргенімде «Құ рама велосипед» деген сурет салдым. Ол кезде ауылда велосипедті тұрмысты кісілердің балалары ғана мінетін. Біз секілді жарлы-жақыбайлардың балалары солардың тастаған велосипедтерін құрастырып алатынбыз. Суретімде вело сипедтің отыратын орнына ер-тоқымның, руліне арқардың мүйізін салдым. Дөңгелегінің алдыңғысына арбаның, артқысына комбайндікін қойдым. Дөң гелектегі шынжырдың орнына арқан байлап, қасына бір-екі баланы тұрғызып қойдым. «Егер осы суретім шықпаса, сурет салғанды мүлде қоямын» дедім іштей. Суреттің астына: Спортшымыз Алмабек, Велосипед құрап жүр. «Сенде рама бар ма?» деп, Көрінгеннен сұрап жүр. Жинай-жинай әр тұстан, Велосипед құрады. Шықса бірақ жарысқа, Орта жолда тұрады, – деп өлең жаздым. Әлгі өлең суретімнің сәл болса да ажарын ашып, мәнін түсіндірсін деген ой болды. Бір күні қарасам, «Бал дырғанға» екі шумақ өлеңім шығыпты, сурет жоқ. Содан бастап, өзіме берген уәдемде тұрып, сурет салғанды қойдым. Егер сол жолы салған суретім жария ланғанда, «бәлкім, мен осы күні әжептәуір суретші болып кететін бе едім» деп те кейде ойлаймын. – Бала кезіңізде сурет салумен қатар, ұсталықты да ұнатыпсыз. Қазір бұл істермен айналысасыз ба? Болат, Шымкент – Жоқ. Суретшілік менің жүрегімнің түкпірінде жатыр. Осыдан 25 жыл бұ рын болған бір оқиға есіме түсіп отыр. Бір күні қатты дауыл тұрып, көшедегі көп ағаштар сынды, құлады. Ертеңінде Алматы қалалық көгалдандыру мекемесінің қызметкерлері құлаған ағаштарды қырқып, жинап жатыр екен. Көзіме бір ағаш оттай басылды. Табиғаттың өзі мүсіндеген, үш жағында тесігі бар, іші кеуек, қабығы жоқ, жалаңаш ағаш екен. Сол ағаштың өзіме керек 1 метр 20 сантиметрін 10 сом ақшаға сатып алдым. Мұны көрген суретшілер де, сәулетшілер де ағашты сатуымды өтінді. «Мұны қалай көріп қалдың?» деп таңғалды. Бұл ағашты мен емес, көкірек көзімдегі суретші болуды армандаған балалық махаббатым таны ды деп ойлаймын. Бұл ағаш саяжайымда әлі тұр. Қазір өзім сурет салмасам да, суретшілермен, зергерлермен жақсы араласамын. Шеберханаларына жиі барып тұрамын. Өзіме ұнаған суреттерін сатып алып, саяжайымда сақтаймын. «Жас кезімде неге үлкен мұражай ашпадым?» деген өкініш бар көңілімде. Карикатура ларды жинауым керек еді. «Ара» журналында жүргенімде мықты суретшілермен тығыз байланыста жұмыс істедім. Сонда Нұрлан Тазабеков деген суретшінің еңбегіне риза болғанмын. Нұрлан үшін бір күні Иманғали Тасмағамбетовке (ол кезде Алматы қаласының әкімі болып тұрған) барып: «Бір талантты суретші бар. Жыл сайын жатақхана ауыстырып жүреді. Әбден әбіржіп кетті. Тым құрымаса, соған бір бөлмелі пәтер беріңізші. Жатақханадан құтылсын», – деп өтініш жа садым. «Қанша баласы бар?» – деп сұрады Имекең. Екеу екендігін айтып едім. «Ендеше, екі бөлмелі үй береміз», – деді. Өзім үй алғандай жүрегім жарылып кете жаздап қуандым. «Имеке, егер сіз баланың санына қарап беретін болсаңыз, келін үшіншіге екіқабат еді», – дей беріп едім, «Болды, жетеді», – деді. Бір сағаттың
ішінде мәселе шешіліп, Нұрлан сол күні-ақ жаңа үйіне кіріп алды. Өзі аң-таң. Имекең екеуміздің арамызда болған әңгімені оған айтып бергенмін. Бір-екі жыл өткеннен кейін келін босанып, ұлдарының атын «Иманғали» деп қойыпты. Бір күні маған Нұрлан келіп тұр. «Айналайын, әр балаң туған сайын Иманғалиға бара беремін бе? Ұлыңның атын Қалдыбек Құрманәлі секілді «Иманғали-Тасмағамбет» деп қойсаң да, бармаймын. Жетеді осы» дедім (күлді). – Аға, алғашқы кітабыңыздың аты жоқ екен. Неге «Аты жоқ кітап»? Жомарт, Көкшетау – 1975 жылы «Жалын» баспасы жаңадан құрылған еді. «Жалыннан» екі баспатабақтан тұратын жас ақындардың кітабын шығаратын болды. Мен кіта быма ат таба алмай қиналдым. Ол кезде азуын айға білеген атақты сықақшылар кітаптарына «Шәңгек», «Ілгек», «Ілгешек», «Ұр, тоқпағым, ұр» деген секілді ұрда-жық аттар қоятын. Өйткені сатира Кеңес өкіметінің сойылын соғатын қолшоқпар болды. Мұндай ат қоймасаң кітабың шықпайды. «Ара-Шмель» журналына қызметке жаңа тұрған кезім болатын. Оспанхан ағам «бірге түс тенейік» деп асықтырды. Мен кітапты баспаға бүгін тапсырмасам, жоспардан қалып қоятынын айттым. «Баяғыдан бері неге тапсырмай жүрсің?» деген ағама «Кітапқа ат таба алмадым» деп шынымды айттым. «Ат таба алмасаң, «Аты жоқ кітап» деп қоя сал» деді қалжыңдап. Маған ағамның әзілі қатты ұнап кетті. Баспаға «Аты жоқ кітап» деп апарып бердім. Келесі жылы кітабым жоспардан сызылып, шықпай қалды. Жоғарыдағылар «Аты жоқ кітап» дегенді көрген де, «неге осы күнге дейін ат қоймаған?» деп таңғалып, жоспардан сызып тастапты. Мән-жайды түсіндіріп айтқаннан кейінгі келесі жылы кітабым жарық көрді. – «Адамның жасы ұлғайған сайын достары азая береді» деген ұғым бар. Бұған не дейсіз? Жақсы араласатын жолдастарыңыз бар ма? Марат, Алматы – Бұл жалпы адамзат баласына тән құбылыс. Жастық кезде сенің достарың ұшы-қиыры жоқ бір әскер болады. Біз «Махаббаттан да достық күшті» деген ұранмен өскенбіз. Қазір қарап отырсам, сол достардың бірі де жоқ екен. Ра сында да, дос деген есейген сайын шашың мен тісің сияқты сирей береді екен. Талай досым деп жүрген жігіттердің қызмет пен қызықты дүниеге байланысты сатқын болып шыға келгендеріне көзім жетті. Ғабит Мүсірепов: «Досыңмен ажырасқың келсе, дос кезіңде ажырас» деп дұрыс айтқан. Жүрегінің ұшымен емес, тілінің ұшымен сөйлеген біраз дос-сымақтарыммен «дос кезімде ажы расқанмын». Қызылорданың Арал ауданындағы Аманөткел ауылында тұратын Әбілев Айкөрген деген аузын ашса, жүрегі көрінетін жалғыз жан жолдасым бар. Дос болғанымызға қырық жылдан асты. Айкөрген, Ғалымбек Сабыров үшеуміз студент күнімізде бір төсекте жатып, тәттіні де, қаттыны да бірге көріп өсіп едік. Өкінішке қарай, Ғалымбек 26 жасында қайтыс болып кетті. – Сізді намаз оқиды деп естіген едім. Намазға келмей тұрып жасаған кейбір істеріңізге өкінетін кездеріңіз бола ма? Арайлым, Қандыағаш қаласы, Ақтөбе облысы – Намазға елу жасымда жығылдым. 1998 жылы Сауд Арабиясы Корольдігі нен Меккеге үлкен қажылыққа екі жүз адамға арнайы шақырту келді. Шақырыл ған адамдардың арасында мен де болдым. Бірақ бармадым. Шынымды айтайын, сайтандардың арасындағы өмірімді қимадым. Бір жылдан кейін тағы шақырту келді. Дайын еместігімді айтып, барудан тағы бас тарттым. Жүректе ештеңе болмаса, Меккеге барып, өзіңді қажы атап, қолыңа тәспі ұстап, сақал жіберіп, басыңа сәлде орап, өтірік айтудың керегі не?! Бәрібір адамды алдағанмен Ал ланы алдай алмайсың. Сосын Қайрат Сатыбалды бауырым қажылыққа баруды ұйымдастырып, тағы шақырту жіберді. Үшінші ұсыныстан бас тартқым келмей,
өз-өзімді дайындап, өз жүрегіммен бардым. Соның өзінде де бұрынғы қызылдыжасылды дүниені бірден қиып кете алмай, арасында ауық-ауық рельстен шығып, тоқтап қалған пойыз секілді болып жүрдім. Аллаға шүкір, қазір өз жолымды таптым. Тоқтайтын стансам мен рельсімді білемін. Уақытымен келетін пойыз секілді болып қалдым. Мұсылмандық әсте-әсте деген осы. – Жеке кешіңізді өткізу туралы ойыңызбар ма? Сандуғаш, Қаскелең қаласы, Алматы облысы – Өзім анамның сүтінен гөрі ешкінің сүтін көп еміп өскен адаммын. Ту ғаннан соң үш айдан кейін әжем мені ешкінің сүтімен баққан. Ешкінің сүтін еміп өскеннің әсері болар, бір жерде, бір орында отыра алмаймын. Тіпті бір қалаға сыймаймын. Алла ғұмыр берсе, кездесу мен кештер ұйымдастырамын. Бірақ қашан, қайда өткізетінімді өзім де білмеймін. «Алланы күлдіргің келсе, үш күннен кейін не істейтініңді айт» дейді. Халықты күлдірмес бұрын Алланы күлдіргім келмейді. – Ел аралағанды жақсы көреді екенсіз. Сізге ерекше әсер еткен қайсы ел, қайсы өлке? Мұхит, Райымбек ауданы, Алматы облысы – Бұрын шетелге барсам, маған Кеңес Одағына ештеңе жетпейтіндей көрі нетін. Ал Мәскеуге барсам, Алматыдан артық қала таппайтынмын. Алматыда жүрсем, Шымкентке аңсарым ауатын. Шымкентке ат басын тіресем, Отырар ау данын сағынатынмын. Отырардың орталығы Шәуілдірде жүрсем, өзім дүниеге келген Ешкіқора атты елді мекенді еш жермен теңестірмейтінмін. Әке-шешем қойшы болған. Көзімді ашып көргенім бұйрат-бұйрат құмдар, сексеуіл, жантақ, жусан болды. Қайсыбір жылдары Жүрсін Ерман досым бастаған, Иманғали Тасмағамбетов, Амангелді Ермегияев, Өмірзақ Сәрсенов секілді саясаткерлер мен меценаттар қоштаған топпен Парижде ақындар айтысын ұйымдастырдық. Ел Францияның духилары ғажап деп сұмдық мақтайды. Сосын әдейілеп дүкен араладым. Сол духилардың көпшілігін иіскеп көрдім. Шынымды айтсам, фран цуз духиінің иісі біздің Дешті-Қыпшақ даласының, оның ішінде өзім туып-өскен Отырар өңірінің жусанының иісінен садаға кетсін. Дүнеде жусанның иісінен артық жұпар жоқ. – Қанша балаңыз бар, аға? Альбина, Қызылорда – Бір қыз, бір ұлым бар. 1977 жылы Сәкөнайым дүниеге келді. Құжаттағы аты – Сағыныш. Дәл сол кезде Оспанхан аға мен Әсет Бейсеуов «Сағыныш екен бала кез» деген ән жазыпты. Осыған орайластырып Оспанхан аға қызыма Сағыныш деп ат қойды. Әдетте елдер 40-50 жасқа келгенде, сағынып көрген балаларын осылай атайды ғой. Алғашында әйелім біраз бұлданып еді. Оспанхан аға «Еркелеткің келсе, қазақша «Сәкөнай», жапонша «Сикоко» деп атайсың» деді. Сөйтіп, ол Сәкөнай болып кетті. Өзі араб тілінің маманы, қаржыгер маман дығы да бар. Балпық би мен Ескелді батырлардың ұрпағына тұрмысқа шығып, бізге Дінмұхамед, Нұрмұхамед атты екі ұл мен Аиша деген қыз сыйлады. 1979 жылы ұлым дүниеге келді. Тұңғыш ұл немересі болғаннан кейін атын әкеме қойғызғанды жөн көрдік. Кетпенбай болар ма екен, әлде Шұлғаубай болар ма екен?» деп дірілдеп отырсақ, Қуаныш деп қойыпты. Қуаныш біраз уақыт сүр бойдақ боп жүріп алып, жасы 32-ге келгенде бір-ақ үйленді. «Қыз бен ешкінің жүрмейтін жері жоқ» дегендей, Атыраудың Құлсарысымен құда болдық. Құ ранның жүрегі – Ясин сүресі. Иманның жүрегі болсын деген тілекпен, немере қызымның есімін Ясина деп өзім қойдым. Жасы екіге толып қалды. Тағы да немере күтіп отырмыз. Алла амандығын берсе, ұрпақтарым демографияға әлі де үлес қосады. Аман болайық! Жазып алған Анар ӘЛДИБЕКОВА
КӨПЕНТАБУ МЕН КӨПЕНТАНУ – 60 Кәдімгі Көпенді (Әмір-бек) мен де білемін, көрмесеңіздер де сіздер де білесіздер. Ұят болса да айтайын сол Көпен 60 жасқа келіпті. Келгенін көп адам көріпті. Несін жасырайын, өкшемді басып, арқамды қасып, кітаптарымды тасып жүрген інім (әрі күйеу, әрі әріптес, әрі ...) болған соң жағымды-жағымсыз бірдеңе жазып тастайын деп қолыма текеметтей қағаз, темірдей қалам алып оңаша отыра қалдым. Ойнасам да ойлап отырсам Көпенмен ойда жоқта кездескенім үшін күлкімді әлі тия алмай келемін. Ұмытпасам (әрине ұмытпаймын) сон-а-а-ау өкініші мен өтірігі көп өткен ғасырда яғни 1973 немесе 1974 жылы Алматыдан Арқалыққа бару үшін аэропортка дейін алпамсадай автобусқа отыра салып едім. Жаныма жалқындай сап-сары, жап-жас жігіт жалп етіп отыра кетті. Мен оған қарадым. Ол маған қарамады. Ұшы-қиыры жоқ ұп-ұзын ұшақтың ұшар басы жағынан барып отыр едім, әлгі жігіт «әләуләйлап» келіп тағы да жаныма бір жамбасымен жантая кетті. Бұл жолы ол маған қарады, мен оған қарамадым. Ұшағымыз қанатын қақпай-ақ, ұша жөнелді. Неге екенін білмеймін, екеуміздің көзіміз «сүзісіп» қалды. Ол да көзін алмады, мен де көзімді алмай «тіресіп» біраз оқырайысып отырып қалдық. Бір кезде ұшағымыз (құдай сақтасын!) төмен қарай құлдилай жөнелді. Қорыққандығымыз сондай төбелесетін кісілерше бір-бірімізден ұстай алдық. Шыбын жанымыз шырқырап дәл мұрнымыздың ұшында қанаты дірілдеп тұрды. Манағы бір-бірімізге қарауға аяған көздерімізді тарс жұмып алдық! Әлгі шыбын «енді ұшып кетеді-ау» деп қорыққаннан жанымызды қоярға жер таппай отырғанда уһ, несін айта берейін бәрі орнына келді-ау. «Ұялған тек тұрмас» деген ғой әлгіге «барсың ба?» деппін. «Бармын ғой» деп барылдады ол. (Әй, осы дауысты мен бір жерден естіген сияқтымын-ау? Ойыма түспеді. Әй, осы бет-ауызды да бір жерден көрген сияқтымын. Ол да ойыма түспеді). Арқалыққа аман қонып, жұрт арқа-жарқа болып түсіп, арқаланып, ар тынып-тартынып анадай жерде арбиып, арбадай болып тұрған алқабел ала автобусқа асыға ұмтылысты. Біз де ұмтылдық. Мінерде ол маған қарады, мен оған қарамадым. Қалаға келдік. Түсерде мен оған қарадым. Ол маған қарамады. Ол солға қарай кетті, мен оңға қарай кеттім. Жарты сағат өтті ме, өтпеді ме білмеймін, керіліп-созылып алайын деп балпаң басып балконға шықсам «сатирик Сейіт Кенжеахметұлының пәтерін білетін шын қазақ бар ма?» деп баритон дауысымен жарапазан айтқандай жалғыз өзі үй жағалай жар салып жүр манағы жігітім. Иә, дәл өзі. Үстінде сол жеңсіз қызыл жейдесі, аяғында ала туфли, жер түстес шашы, аспан түстес көзі, ... түстес өзі... Қолында сол қолақпандай қолаба-қоржыны. Бет-аузы да сол орнында... – Ей, жас жігіт! – дедім мен оған. Бұл жолы ол шалқайып маған қарады, мен еңкейіп оған қарадым.
– «Жатып-жатып таң атқанда тіл қатқан мырзам-ау» дегендей, жүріп-жүріп жөн іздеген жігітім іздегеніңді мен табайын. Қазір осы кіреберістің пәлен қабатындағы түген есікке кіріп кел. Тілазар емес, тілалғыш жігіт екен, кіріп келді де: – Ас-салаумағаләйкум-о-ом ! – деді өзінен бұрын көзі күліп. – Уағаләйкум-ус-салам! – деппін мен де жаңа көргендей. Екеуміз де күлдік. (Бірақ неге күлгенімізді ол да, мен де осы күнге дейін білмейміз). – Кімсің ? – деп мен сұрақты төтесінен қойдым. – Көпенмін!. Және Көпен екеніне сеніп айтып тұр. – Тек-ей?! Мен Көпенді білемін. Бірақ сені білмеймін. Ал, білгір болсаң айтшы, мен кіммін? – Аға, түріңіз жаман тап Секеңнің өзі боларсыз-ақ!? Екеуміз де еңкілдеп күлдік (Бұл жолы неге күлгенімізді білдік). Үйдегі менің балаларым біздің күлгенімізге күлді. Сол күлкінің ішінде Көпен екеуміз құшақтаса кеттік. Сенсеңіздер де, сенбесеңіздер де өздеріңіз біліңіздер, сол құшағымыз әлі жазылған жоқ. Міне, содан бері қазақтың сын-сықағында бірге сыналып, бірге шыңдалып, әзіл-оспағының отына бірге күйіп, бірге пісіп, келекенің керуенінде де бірге керісіп әрі келісіп, «Тамашаны» тамашалауға да таласа-тармаса қатысып келе жатыр едік. «Естіген құлаққа жазық жоқ», жақында сол көсегесі көгерген көк шыбықтай Көпенді осы көктемде біреулер көкала шапан кигізіп, көкшұбар атқа мінгізіп, көкшулан етіп көрсетіп, көкбөрідей көркейтіп, төбесін көкке жеткізіп 60 жасқа желкелеп жеткізіпті деп естідім. Естідім де көкесін көзіне көрсетейін деп осы... жолдарды... Баяғыда, баяғыда емес-ау, ерте, ерте, ертеде есектің (ешкінің емес) құйрығы келтеде яғни 20 ғасырдың бас кезінде ұлтпен де, жұртпен де келіспей-ақ, кеңеспей-ақ келте тон піше беретін Кеңес деген кемістеу үкімет заманында «Ле нин десек партия дегеніміз, партия десек Ленин дегеніміз» дейтін орысқолды өлеңсымақ болатын. Енді міне, тұп-тура 100 жылдаң соң, яғни 21 ғасырдың бас кезінде осы өлеңді домбалдап қазақшаға аударсақ «сықақ десек Көпен еске түседі, Көпен десек түседі еске сықағым» дегіміз келіп отыр. Өйткені қазақ сықағының түрлері мен жанрларының қай қазанын сапырсаң да оның ішінен «қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса» деп көңілінің көк дөненін көлденеңдетіп Көпен шыға келмей ме?! Сол жерде Көпенді көтеріп түсірсең, көпіртіп салған көпшігінің астынан күлкінің қоржынынан қалжыңның зор «жыны» қарғып түседі. Сосын-ақ әзір әжуа, күміс күлкі, сындарлы сықақ, келелі келеке, қыр-шыр қышыма, шыр-пыр шымшыма, шар-шұр шаншыма, қатпар-қатпар қалжың, жақпар-жақпар .... «жаңылтпаш», шоқтай шоғайна сөздер сөйлей шығады. Мұның арғы жағын мен айта бермеймін, өздеріңіз ойлап таба беріңіздер. Мен сөз басында айтқаным Көпентабу туралы болатын. Енді Көпентану туралы айтпасқа болмайды-ау. «Тануымды» сөздіктен бастаймын. Бұл Көпен аттас, Көпен тектес, Көпен ұйқас т.б, ж.б., т.с.с. дегендейлерден тұрады. Қажет болса тірі мысалдар мынадай-мынадай: Көпен – кирилл әрпімен қазақша жазылғандағы түрі. Копен немесе Купен – орыс тілінде жазылған түрі. Купенчик – орыстардың еркелетіп айтқандағы аттергеуі. – ﻥараб жазуымен жазылған түрі. Kopen – латын әрпімен ағылшын, неміс, француз т.б. халықтардың жазуы мен жазғанда.
Көпен Берікболұлы – (аттас) қазақтың әйгілі өнерпазы (XІX ғ.) Копенгаген – (аттас елді мекен) Дания астанасы. Коппен – Марста тұратын елдің сықақшы-ақын дегені. Көпес – ірі бай деген сөз, егер соңғы әрпін «н» қылып өзгертсе Көпен болады. Копел – ұйқасы келіп тұр, ағылшынша мыс деген сөз. Көпек – кішкентай, аласа деген ұғымды білдіреді (бірақ Көпекең ондай емес). Көпей – кенжелеп туған қозы. Көпене – шошайтпай үйген екі айыр шөптің көлемі. Көбен, Өтен, Өкен – Көпенге ұқсас еркек жігіттердің аттары. Көкем, көбең, бөтен, төтен, өтем – Көпенге сәйкес келетін өлеңдердің ұйқасы. «Көпен келе жатыр» – сықақ, мысал, пародиялардан тұратын өлеңдер жинағы (2003) «Көпен бара жатыр» – сықақшының 70 жасқа толар алдындағы сықақ өлеңдер жинағы. («Торғай» баспасы – 2020 ж.) Көлемі 70 б.т. «Көпен күліп жатыр» – 80 жасқа келгендегі семіз жинағы «Сықақшылар» баспасы – 2030. (Құрастырған Н.Жұбатқан). Көлемі 80 б.т. «Көпен жылап жатыр» – 90 жасқа толғандағы толық жинақтары. 20 томдық (Құрастырғандар: Ғ.Қабышев, Ү.Уайдин, С.Кенжеахметұлы, Т.Әлімбеков, Ү.Зұлхарова, Ә.Көпенова (келіні), О.Көпенов (немересі), Ж.Көпенов (шөбересі)). О.Әубәкіров атындағы әзіл академиясының баспасы – 2040 ж. Көлемі 90 б.т. Осының соңынан тағы да бірдеңе қосқым келді де тұрды. Е, басыма сап ете түсті ғой. Шығармашылығына да бір үңілейін де... Алдымен ол сықақ өлеңдер жазған. Сол жайлы жазып тастайын деп отыр сам, оны үндемей отырып Үмбетбай жазып жіберіпті. «Онда мысалдары жайында айтайын» деп оқтала беріп едім, оны 100-бай ағай (Рәшев) жазып қойыпты. Пародияларын қолға алайын десем, Боранбайдың 60-байы айтып кетіпті. Е, әңгімелері бар екен ғой десем: «Мұны Е. Домбай бәрінен бұрын сүйкеп тастапты» деп сыбырлады біреу. Баяғыда «Араға» фельетондары көп шыққан, сол да маған жетеді деп мәз болып отырсам, мұны Т.Мәндібай иеленіп алып, нантақтайға салып иле-е-е-еп отыр. Бір сөзбен айтқанда, ұзын сөздің қысқасы, тоқсан сөздің тобықтай түйіні, аз сөздің алтыны қалжың-қағытпаларын Қажыт(б)ай, сахнадағысын Қ.Сұлтанбай, театрдағысын Тұңғышбай, анасын Берік(бай), мынасын Толымбек(бай), бірдеңесін Еркін(бай), сірдеңесін Шайхы(бай), тіпті алғысөзінің өзін Ғаббас(бай) ағам баяғыда жекешелендіріп алып қойыпты. Қазір шіренген шенеуніктер мен балпаңдаған байлардың заманы ғой. Жоғарыда айтылған кілең «байлар» тұрғанда Кенжеахметтің кедейіне не қалушы еді? Ой, алла-ай, «сорлыға сорпа жетпейді» деген осы екен ғой. Бірақ мен бұған жасымаймын да, «енді қайттым?» деп желкемді қасымаймын да. Осы Көпен 70 жасқа толғанда оның несін алдымен өзім жазамын! Кезекке №1 боп тырайып тұрдым! Айтқаным айтқан. Мақаламның тақырыбын да ойластырып, әбден дайындап қойдым. Атын айтпаймын, біреу жазып қояды. Осы сөзімді растап қолымды қоямын. Сейіт КЕНЖАХМЕТҰЛЫ
МЕМЛЕКЕТ МҮДДЕСІН ОЙЛАҒАНДАР МЕНМЕН БОЛМАЙДЫ «ТАМАШАНЫҢ» ТАРИХЫН ЖАСАҒАН КІМ? Журналдың биылғы №4 санында жарияланған «Тамаша» ойынсауық отауының тұңғыш редакторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Қойшығұл Жылқышиевпен жүргізген сұхбатты оқыған оқырмандарымыз қоңырау шалып, разылығы мен наразылығын білдіріп жатты. Осыған орай Президент сыйлығының лауреаты, «Па расат» орденінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының ие гері, есімі елге белгілі сықақшы Көпен Әмірбекпен тілдескен едік. «ТАМАША» ДЕГЕН АТАУДЫ ҰСЫНҒАН – ОСПАНХАН ӘУБӘКІРОВ! – Аға, әңгімені әріден бастайық. Қойшығұл ағаның «Тамашаға» сіңірген еңбегін қалай бағалайсыз? – Ендеше, мен де сатираның инесін сабақтап, әңгімені әріден қозғайын. Қазақтың маңдайына біткен жалғыз «Қазақстан» телеарнасын көрмейтін көрермендер жоқ еді. Әзіл сүйгіш әлеумет езу тартар хабарға сусап отырған кезеңде, яғни 1976 жылы «Қымызхана» атты сын-сықақ хабары ашылып, күллі жұртты күлкіге кенелтті. Езу жиғызбайтын ха барды дайындаған әдеби-драма редакциясының бас редакторы, бүгінгі қоғам қайраткері Сұлтан Оразалинов болатын. Екі жылдай эфирден түспеді. Аузының ебі бар, қаламының желі бар қалжыңбастар жиылып, жамыраған қозыдай жабылып жаздық. Сәбит Оразбаев, Жұмабай Медет баев, Нүкетай Мышпаева, әсіресе Өкірештің рөлінде ойнаған Рахметбай ағамыздың сомдаған соқталы образдары осы күнге дейін ел есінде. Қыран-топан күлкіге бөлеген «Қымызхана» жабылып, 1978 жылы «Тамаша» ойын-сауық отауы дүниеге келді. Әуелгі жылдары студиялық нұсқасы көрсетілді. Кейінірек керегесі кеңейіп Республика сарайының сахнасына шығып, сатира саңлақтарының бағын ашты. «Тамашаның» абыройын асқақтатып, мәртебесін көтеруде комитет төрағасы Камал Смайыловтың еңбегі зор. Сынадай қағылып, сынаптай ағатын көңілді көрсетілімді ұйымдастыру оңай ма? Жалпы «Тамаша» – қазақшалап айтқанда, асармен жасалған ұжымдық хабар. «Бәрін мен істедім!» деп өзгелерді өзектен теуіп, кеудеден кері итеру – асылық. Бір мысал. Жүздеген ғарышкерлердің ішінде Гагариннің есімі ерекше. Неге? Жер шарын 109 минут айналған тұңғыш ғарышкер ретінде есімі тарихта қалды. Іле-шала бірінен кейін бірі көкке көтерілген ғарышкерлер айлап,
жылдап ұшқан жоқ па? Гагарин тірі болып «Космосты мен ғана игердім, қалғандары келіп-кетіп жүрді» десе жұрт жағасын ұстар еді ғой. Қаншама ғарышкерге қанат бітіріп, ала бұлттың ар жағына ұзатып отырған кім? Академик Королев! Оны да біз кейін білдік. Бірақ Ко ролев «Бәрін жасаған мен!» деп мақтанып, масаттанған емес. Негізі, мемлекет мүддесін ойлағандар менмен болмайды. Бейнелеп айтқанда Камал Смайылов пен «Тамашаның» режиссері Лұқпан Есенов ағамыз құпия ғұлама Королевке ұқсайды. Ал алғашқы редакторы Қойшығұл Жылқышиев тұңғыш ғарышкер ЮрийГагарин секілді. Корабльдің сыр тына «Союз» деп жазбайтын ба еді? Сол сияқты ойын-сауық отауына «Тамаша» деген атауды ұсынған – Оспанхан Әубәкіров. КӨКЕЙІМДЕ КӨП НӘРСЕ ЖҮР... – Қойшығұл ағамыз өз сұхбатында «Көпен Әмірбек бір күні теле дидарда «Тамашаға» Қойшығұлдың еш қатысы жоқ» деп сайра-а-ап тұр» деп ренішін танытты. Шынында да сондай әңгіме болып па еді? – Әңгіме олай өрбіген жоқ. Пікірталасымыз бірақ нәрсенің төңірегінде. Былтыр «Мәдениет» арнасынан, алдыңғы жылы «Хабар дан» сәйгүлік сықақшы марқұм Оспанхан Әубәкіров туралы жүргізілген сұхбатқа Осағаңның кемпірі Нұрсұлу жеңгеміз және біраз сықақшылар қатыстық. Сонда «Тамашаның» атын қойған – Оспанхан Әубәкіров» деген кесінді пікірді Нұрсұлу жеңгеміз айтты. Оған мен де қосылып, қуаттадым. Шындығы солай. Оны әлдебіреудің аузынан естіген Қойшығұл жеңгеміздің үйіне телефон шалып, ғайбаттаған. «Тамашаның» атын Оспанхан емес, мен қойғанмын, таласпаңдар!» деген. Кейінірек кездескенімде Қойшекең «Сен неге солай дейсің?» деп маған да дүрсе қоя берді. Белден басты. Түсіндірдім. Құлақ аспады. Сөз реті келгенде ақ-қарасын ажыратып, ақиқатын айғақтай кетейін. Үш ұлдың әкесі Оспанхан ағамыздың 104 жасап өмірден озған ше жірелі әжесі болған. Аты – Тамаша. «Жеңгелерің қыз туғанда атын Та маша деп қоятын едім. Қошқардай-қошқардай үш ұл туды. Үлкен ұлым Азаматтың үйіндегі келінім қыз босанса, атын Тамаша деп қоямын» де ген сөзін талай естігенбіз. Күндердің күнінде айтқаны айнымай келді. Келіні 1978 жылдың қаңтар айында қыз босанды да, немересінің атын Тамаша деп қойды. Сол кезеңде «Қазақстан» телеарнасынан әзіл-сықақ хабарын ашу туралы әңгіме қозғалды. Алайда атын таппай, жаңа ай дар іздеп жатыпатар сықақшыларға жар салынды. Сонда Осағаң осы атты ұсынған. Бірақ «менің әжемнің аты еді» демеген. «Он жыл бұрын Нұрғиса Тілендиевтің әніне «Біздің ағай тамаша» деп өлеңін жазып едім» демеген. «Оңтүстікте той-жиын, думанды «Тамаша» деп атайды. Осы атты қойса қатып тұр» деген. Бұл имандай шындық. Аузы дуалы Осағаң ат қойғыш болатын. Қазақтың қарағайдай жа зушысы Қабдеш Жұмаділовтің үйіндегі жеңгеміз төредей-төредей төрт ұлдан кейін қыз босанады. Атын Ерке деп Осағаң қойған. Менің тұла бойы тұңғыш қызымның атын Сағыныш деп қойған да – Осағаң. Неге Сағыныш? Сол жылдары «Сағыныш екен бала кез» деген ән дүниеге келген. Сөзін жазған – Оспанхан аға. Тіпті менің алғашқы сатиралық жинағымның атын «Аты жоқ кітап» деп қойған да – Осағаң. Былтыр Тұңғышбай әл-Тарази бір сұхбатында «Тамашаның» атын
қойған өзіміз, Құдайберген екеуміз» деп жазды. Қойшығұл енді Тұңғышбаймен жағаласатын шығар. Жақсы дүниеге жармасу – заңдылық. Менің таңғалатыным – «Тамашаның» атын мен қойдым» десе айдарынан жел есе ме екен? Әлде жоқ жерден абырой жинағысы келе ме? «Тамашадан» бір жыл бұрын Республика сарайында «Көрген де ар манда, көрмеген де арманда» деген әзіл-сықақ кеші өтті. Көрермендер көзінен жас аққанша күлді. Неге? Тұңғышбай мен Құдайберген екеуі бірігіп Оспанхан Әубәкіровтің «Балық» деген интермедиясын орын дады. Үш классик үндессе күллі жұрт күлмегенде қайтсін?! «Тама ша» ашыларда Камал Смайылов «Анау ұзынды-қысқалы екі жігітті пайдалансаңдаршы» деп ой тастап, оң қабақ танытқан. Міне, көрегендік! Міне, талантты тап басып тану! Тұңғышбайдың талантын ашқан алғашқы редактор Қойшығұл емес. Тұңғышбай оған дейін де Тұңғышбай болып танылып қойған. Тұңғышбайды «адам қылған «Тамаша» емес, «Тамаша ны» тамаша дәрежесіне бір көтеріп кеткен Тұңғышбай екені рас. Ұзын сөздің қысқасы, «Тамашаның» атын қойған да, оны ойлап тауып ашқан да Тұңғышбай емес. Бірақ жолға түскен жорғадай бүлкілдеген бүтін еңбегін бөліп-жара алмаймыз. «Тамашаның» ашылуы 1978 жылы Қойшығұл Жылқышиевтің Қазақ теледидарының музыкалық редакциясына редактор болып қызметке ке луіне тұспа-тұс түсті. Оның «Тамашаны» мен аштым, сценарийлерін мен сұрастырдым!» деп безектеуі де сондықтан. Алайда «Тамашаны» ашу ту ралы мәселені бүйірден қойған Қойшығұл емес, идея авторлары – Камал Смайылов пен Лұқпан Есенов. Біздің Қойшекең кіндігі кесілген ойынсауық отауын бесікке бөлеп, тербетті. Түбегі мен шүмегін дайындап, жөргегін тазалап отырды. – Біреудің еңбегі біреудің еншісінде кетіп, елеусіз қалғандар тарих та там-тұм болса да кездеседі ғой... – «Ондай-ондай хан қызында да болады» деп бас изей салар едік. Алай да артында жылап тұрған ақиқаттың көз жасын кім сүртеді? Баяғыда бі реу «Мен Абылай ханның арбасын айдайтын арбакештің көршісі едім» деп желпінген екен. Бүгінгі «арбакештер» «Абылай хан менің арбам ды айдаған» десе не жорық? Қалай шыдайсың? «Айтпаса сөздің атасы өледі». Елеусіз қалғандарды есіме түсірейін. Жоғарғы бұрышында шоғырланған жұлдыздарға апаратын жолдарды жолақпен бейнелеген бедерлі АҚШ туының авторы кім? Тігінші әйел. Америкалықтар жариялаған байрақ байқауына кәсіпқой суретшілер, кәнігі мүсіншілер қатысып, барлығы бағын сынап көрген. Бір қызығы – ешқайсысының ұсыныс-нобайы өтпей, бір белгісіз тігінші әйелдің құрақ матадан құрап тіккен ту жобасы мақұлданып, қабылданған. Кешегі Кеңес өкіметі орнағасын 1922 жылдан шыға бастаған бүкіл Одаққа белгілі сатиралық «Крокодил» журналының атын қойған кім? Еден жуатын әйел. Қалай? Жоғарыдан сатиралық журнал шығару жөнінде нұсқау түскесін Ресейдің әйгілі әзілкештері бір бөлмеде күнұзақ отырып кеңеседі. Бірақ таппайды. Ыңғайлы ат жоқ. Темекіні будақтатып, бастарын қатырады. Сондай сәтте «уборщица» әйел кіріп келіп бөлме ішіндегі көк түтін мен көз сүрінетін темекі тұқылдарын көреді де, «Вот, крокодилы!» – деп ренжиді. Орыс сықақшылары орындарынан ұшып тұрып: «Во! Удачный ат табылды!» – деп қатты қуанған. – Ойламаған жерден дейсіз ғой?
– Иә. Бұдан 45 жыл бұрын «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») га зетінде «Сүзеген сөз» атты сатиралық шошала ашылып, күлкінің көңіне көк шыға бастады. «Жаттықтырушысы – Оспанхан Әубәкіров» деп ше кесіне бадырайтып жазып қойды. Осының бәрі Оспанхан ағамыздың тапқырлығы деп ойладық. Жаңылысыппыз. Жобасын ұсынған газет ре дакторы – Сейдахмет Бердіқұлов, ал атын қойған Оралхан Бөкей екен. Бірақ Оралхан ағамыз еш уақытта «Иесі мен!» деп жармасқан емес. Қазіргі «Парасат», «Ақиқат» журналдарының атын қойған – Камал Смайылов. Ал 1956 жылдан шыға бастаған саяси-сатиралық «Ара» журналының атын қойған кім? Сол дәуірдегі көзі тірі сықақшы ағаларымыз Асқар Тоқмағамбетов, Садықбек Адамбеков, Шона Смаханұлы ма? Жоқ! Ғабит Мүсірепов! Сондай-ақ 1980 жылдары Мәскеу телеарнасынан тұрақты берілген «12 стульев» деген әзілкештер хабарын әйгілі сықақшы Аркадий Арка нов жүргізді. Біз кешегі күнге дейін Аркановтың идеясы деп ойлағанбыз. Сөйтсек, сол жобаның иесі «Литературная газетаның» қыршаңқы тілді қызметкері Владимир Веселовский болып шықты. Оны таяуда «Кривое зерколо» хабарына қатысқан Аркановтың өзі ағынан жарылып ақиқатын айтты. Бір қызығы – Веселовский «Абыройлы хабарды ашқан менмін, оның заңды иесі де мен!» деп ешқашан байбалам салған емес. Неге? Бәрі де халық игілігі үшін болғасын қалтарыста тұра тұрғанын қалаған-ау, сірә?! Американы ашқан кім? Христофор Колумб. Кешегі күнге дейін солай түсіндік. Алайда ақиқаты олай емес екен. Американы одан бес ғасыр бұрын Лейф Эриксон ашқандығы анықталып, оған Бостонда ескер ткіш қойылған. Жалпы, Христофор Колумб әу баста Жапонияға баруды мақсат етіп сапарға аттанады да, жол-жөнекей адасып, Америкадан бірақ шығады. Әйтсе де «Американы мен аштым!» деп кеуде керместен, өзінің теңізші серіктесі Америго Веспуччиді құрметтеп, соның атымен атай салған. Міне, кеңдік! Міне, шындықтың көкесі! Алда-жалда «Тамашаны» Америка материгіне теңей қалсақ, онда Қойшекең кім? Христофор Колумб! Бейнелі сөзіме бет жыртыса қоймас. Футбол десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйер қауым «Қайрат» командасының әу бастағы атауы «Урожай» екенін біле ме? Әй, қайдам?! Білмегендер біле жүрсін, шежіреге шегініс жасайын. 1956 жылы қызылордалық командамен жолдастық кездесу өткізген «урожайлықтар» қайтар сапарында Шиеліге арнайы ат басын бұрып, Еңбек Ері, даңғайыр дихан Ыбырай Жақаевқа бата сұрап барған. Ақ батасын берген атамыз сөз соңында Қазақ елінің қарағайдай командасын «Урожай» деп атау онша келіспейтіндігін тілге тиек етеді де, «Оның орнына намысыңды оятып, жігеріңді жанитын жібі түзу ат қойса ғой, шіркін! Мысалы, «Қайрат» десе қандай жарасымды!» дейді. Сол жылы 18 маусым күні Республика Министрлер кеңесінің төрағасы Димаш аға Қонаев «Уро жай» мен «Колхозшы» ерікті спортшылар қоғамын біріктіріп өткізген пленумда «Қайрат» атын қою туралы ұсынысты құптап, құжатпен бекі теді. Ұсыныс кімдікі? Әлде біреулер «Ыбырай атаның ұсынысы» деп Димекеңнің құлағына сыбырлады ма? Белгісіз. Бірақ «Қайраттың» атын мен қойғанмын!» деп не Қонаев, не Жақаев жақ ашқан емес. Ортақ іске одағай мінез танытып, оқшауланудың керегі не! Тағы бір тосын жайтқа тоқталайын. Телефонды тұңғыш рет ой
лап тапқан Америка өнертапқышы өзінің жаңалығын қағазға түсіріп, бай-қуатты банктің бастығына хат жазады. Сым арқылы сөйлесетін сиқырлы аппаратты жасау үшін мол қаржы сұрайды. Банк иелері «Мы нау алаяқ!» деп полицияға хабарлап, абақтыға қаматады да, соттатып жібереді. Еңбегі еш, тұзы сор жас ғалым түрмеде өледі. Бақилық болған бейбақтың еңбегін кейінірек пайдаланған бір жымысқы неме телефон ды өмірге енгізіп, заңды патент иесі атанады. Алайда жүз жылдан кейін ақиқат анықталып, түрмеде өлген шынайы өнертапқыштың атына па тент қайтарылып беріледі. Бірақ ол өнертапқыш телефонды «телефон» деп атамаған. «Телефон» деген атауды 1854 жылы Шарль Бурсель деген ғалым техникалық тіркеске тұңғыш рет енгізген. Шахмарданұлы деген шайыр 1898 жылы Қазан қаласынан «Кел, балалар, оқылық!» атты жинақ шығарған. Алғашқы ағартушы Ыбы рай Алтынсариннің әлгі мәнзелдес өлеңін сәл-пәл өңдеп, өз атынан жариялағасын «Мұның иесі мен!» дегендей сыңай танытқан. Алайда белгілі өлеңді белден басып иемденуге тырысқан барымташы ақынның абыройы айрандай төгілген. Айтар ойымның астарын аңғардыңыз ба? «Жұлдыздар отбасы» журналының бір нөмірін екі адам оқыса, 150 мың оқырманның көкейінде қалсын деп көп нәрсені әдейі қозғадым. АЛДАНҒАНЫМДЫ АҢҒАРЫП, САНЫМДЫ СОҚТЫМ – Сіз «Тамашада» жұмыс істедіңіз бе? – Еңбек кітапшамда «Тамашада» жұмыс істеді» деген таңба жоқ. Қойшығұлдың сипаттауынша, мен «Тамашада» жұмыс істеппін. «Ара» журналында жүргенімде бас редактор Қалтай Мұхамеджановқа «хат жа зып беріңізші, осында келейін деп едім» деп сұраныппын-мыс. Сосын «көп шыдай алмай жұмыстан шығып кетіппін». Өтірік. Қара күйе жаққанына қайран қаламын. 90-жылдардың басында мені «Тамашаға» сценарист бол» деп шақырғаны рас. Бармадым. Онсыз да жазып жүрмін ғой деп ол ұсынысына илікпедім. Сосын «Тамаша» деген журнал шығарамыз, бас редактор боласың ба?» деді. Оған келістім. Азамат қой, сөзіне сен дім. «Егемен Қазақстан» газетінде фельетон бөлімінің меңгерушісі едім. «Редакторым Шерхан Мұртазаға ресми хат жазбасаң, мені жібере қою қиын» дедім. Рақмет, мені сұрап хат жазды. Істеп жүрген жұмысымнан әрең босанып келсем, «Жай сценарист болып жүре тұр, журналды қаржы тапқан соң шығарамыз» деп қара-а-ап тұр. Алданғанымды аңғарып, са нымды соқтым да, Бас прокуратураның баспасөз хатшысы қызметіне кетіп қалдым. Қойшығұл өз сұхбатында «Өмірлік ұстанымым – уәдеде тұру» депті. Тұрған уәдесі сол ма? Кімге не деп хат жазғанынан жаңылысқан Қойшекеңнің тағы бір жап тым жаласына илансақ, «Тамаша» құрылғаннан кейін мен он екі жылдан соң ғана ойын-сауық отауының есігін ашыппын-мыс. Оған дейін онда не болып жатқанынан хабарым жоқ» екен. Тұңғышбайдың көзі тірі ғой, еңкейсе есіне түсер. Бастапқы екі жылдай «Тамашаның» шаңын шығарған Тұңғышбай менің біраз дүниемді орындады. Соның бірі – «Ну, ЗОУ!». Тұңғышбай кеткеннен кейін Мейірман Нұрекеев, Уайс Сұлтанғазин,
Тоқсын Құлыбеков, Лидия Кәденова, Шолпан Байғабылова, Бауыржан Ибрагимов, Бақыт Аитова, Данагүл мен Гүлбаушан, Асқар мен Ұлан секілді айтулы әртістер «Тамашаның» әрін кіргізіп, әрі қарай жаңғыртты. Саусақ бүгіп санамай-ақ қояйын, Бауыржан алғаш рет менің «Бұқалтұр» деген интермедияммен «Тамашаның» табалдырығын аттаған жоқ па? Бір сөзінде Лидия «Светофор қайнаға (көзімнің көктігіне қарап мені со лай атайтын), ініңізді тауып алыпсыз, соңғы кезде тек Бауыржанға ғана жазасыз, бізді ұмыттыңыз» деп бекер наздана ма? Сол өнерпаз ініміз «Тамашаға» он жыл толмай жатып «Бауыржан-шоу» атты өзінің жеке театрын ашып кеткен жоқ па? Сондай-ақ «Тамашаның» он жылдығына байланысты Шымкенттің орталық стадионында өткен думанға белсен ді автор ретінде қатыстым. Жарнамасы менде сақтаулы. 1986 жылы маскүнемдікке қарсы науқан басталып, соған орай сатиралық нөмір дайындағанымды білемін. «Ешкінің құйрығына арақ құйса не бола ды? Онда қасқырдың паспортын сұрайды» деген секілді тікенек тірке стерімді Мейірман нәшіне келтіріп орындаған. «Тамаша» құрылғаннан кейін он жылдан соң менің сахнада орындалған сатиралық скетч, ин термедия, монологтарым «Ауызбастырық» деген атпен 14 баспа табақ кітап болып шығып, 30 мың данамен таралған. Құдай-ау, «Тамашаның» табалдырығын он екі жылдан соң аттасам, сорғалаған сонша дүние ас паннан түскен бе? Күстәналаудың да жөні бар ғой. – Лұқпан ағаның көзі тірісінде мұндай әңгімелер болған ба? – Жалпы иманы бар мұсылман баласы бақилық болғандарды ғайбаттамаған. Ілтипат білдіріп жылы сөйлеген. «Тамашаның» тасын өрге домалатып, күні-түні тер төгіп, тепеңдеп жұмыс істеген талантты режиссер – о дүниедегі Лұқпан Есенов туралы бұ дүниедегі Қойшығұл не дейді? «Бұрын «Гүлдер» ансамблінде әнші болып жүріп, әлдебір айқай-шуға байланысты одан кетіп, теледидарға әуелі оператор болып орналасып, кейін «Алтыбақанды» түсіріп, одан да кетіп, «Тамашаға» ғайыптан тап болған, қазақша шорқақ... бос жүргендіктен ғана режиссер болып бекітілген... «Тамашаны» ашты» деген атақты алғаш өз пайдасы на жаратқан, амбициясы асқақ адам еді» дейді. Ол осы пікірді Лұқпан марқұмның көзі тірісінде неге айтпаған? «Тамашаны» қалай ашқанын, бұл идеяның Үндістанда гастрольдік сапарда жүргенде қалай туғаны ту ралы бұқаралық ақпарат құралдарына Лұқпан талай-талай сұхбат берген. Үндінің бейтаныс шаһарын аралап жүрсе ұзынтұра мен мыртық жігіт екеуі айналасына жиналған алқақотан жұрттың езуін жиғызбай күлдіріп тұр екен. Риза болғандар жердегі телпекке тиын-тебендерін тастайды. «Во, шоу!» деп ойлаған Лұқпан. Елге оралғасын әзіл-сықақ хабарын жа сау туралы ұсынысы басшылардың тарапынан қолдау табады. Міне, «Та маша» солай туған. Сонда деймін-ау, сол кезде «Ей, Лұқа, «Тамашаны» ашқан сен емес, мына мен!» деп Қойшекең неге қарсы шыға алмаған? Алпамыс батырдың жоқтығын пайдаланып, елде қалған жұрттың еңсесін түсіруге ұмтылған Ұлтанқұлдар да тарихта қалған. ӨНЕРДІҢ ИЕСІ МЕН КИЕСІ БАР – Әзіл-оспақ отауының сценарийін кімдер жазды өзі? – Алғашқы авторлары – Берқайыр Аманшин мен Оспанхан Әубәкіров.
Одан кейінірек жатқан жерлері жәннатта болғыр Сейіт Кенжеахметов пен Марат Сақатов, әсіресе Марат марқұм өндіріп жазды. Түрлендірді. Түлетті. Сайыпқыран сатириктер Үмбетбай Уайдин, Шона Смаханұлы, Ғаббас Қабышұлы қаншама қағытпаларымен қатысты. Ақтөбеден Төрежан Мәндібаев, Шымкенттен Мұхтар Шерім, Маңғыстаудан Қожахмет Демеубергенов, Әзірбайжан Қонарбаев секілді шеттегі ав торлар да шет қалған жоқ. Сондай-ақ Жарасқан Әбдірәшев, Толымбек Әлімбекұлы, Шөмішбай Сариев, Батырхан Дәрімбетов, Басқар Битанов, Асқар Наймантаев, Сағаділдә Әжібаевтің әзіл-қалжыңдары «Тамашаға» талшық болды. Бейімбет Майлиннің, әлемге әйгілі түрік әзілкеші Әзиз Несиннің, серб сықақшысы Бронислав Нушичтің ішек-сілені қатыратын әңгімелер желісі пайдаланылды. Айтпақшы, Шөмішбай Сариев бір кітабының алғы сөзінде өзі туралы «жеке басқа табынатындай» пікір жазыпты. Не деп? «Тамашаның» алғашқы күнінен бастап он жыл бойы Батырхан Дәрімбетов екеуміз автор болдық» дегендей сыңай танытыпты. Жарықтық Қалтай ағам «Өзіңді-өзің мақтамасаң өмір бойы мақтау есті мей кетуің мүмкін» деуші еді. Шөмішбай – менің ағам, жақын досым, бірақ шындық одан да жақын. Ойын-сауық отауының сөзін он жыл бойы тек екеуі ғана еншілеген жоқ. – Өнердің иесі мен киесі болады дейміз. Сіздің пайым-дауыңызша, «Тамашаның» иесі кім? – Қазіргі заңды иесі – Лұқпанның қызы Әлия Есенова, көркемдік жетекшісі – Асылбек Боранбай. Өлтірмей өрге сүйреп келеді. Ал Қойшығұлдың айтуына қарағанда, ҚР Әділет Министрлігі 1999 жылы 16 сәуірде тіркеген № 554 куәлігі бойынша Есенов екеуі «Тамашаның» тең қожайыны екен. Міне, қызық! «Тамашаны» өзі ғана ашса ресми құжатқа Есеновтің есімін неге қосақтаған? «Жарты» қожайындығын алға тартып «Бүгінгі «Тамаша» әр концертінен маған белгілі бір пайызын төлеп тұруға тиісті. Алайда «оны білетін бала қайда?», ал мен солармен соттасып жүруге қорланамын» дейді. Айтуға арланбағанда соттасуға қорлана ма? Әлия Есенова өз сұхбатында «Тамаша» ол кісіге кон церттік бағдарламалардан түскен табысынан пайыз төлеуге еш міндет ті емес» деп кесіп айтыпты. Қойшығұлдың көкейін көркем дүние емес, көже-қатық тесіп тұр ма? «Тамашаның» бүгінгі хал-ахуалы, көркемдік деңгейін көтеру жөнінде мәселені қабырғадан қойып неге тіс жармай ды? Қазір ойлаймын, «Тамашаға» шын жаны ашып, тағдырын ойла са, 1985 жылдары талақ қып тастап, Атырау облысы Индер аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болып кетпес еді-ау. «Мен 1985-91 жыл дар аралығында елден көз жазып қалдым» дейді. Тағдырдың пешенесі не жазғаны шығар, ол «Барсакелмеске» «Тамашадан» емес, өзі қызмет істеп жүрген мекемесінен кеткен. Абыройлы ағаларымыздың араласуы мен ақталып, төрт-бес жылдан соң ортамызға оралды. Бәріміз қуандық. Сол бір қиын-қыстау дағдарыс кезеңде Лұқпан Есеновті Орал облыстық мәдениет басқармасына бастық бол деп шақырған-тын. Ол бас тартып, барған жоқ. Неге? Арзан лауазымға малданып, көже-қатыққа көз сүзбеді. «Тамашаға» деген іңкәрлігі шідерлеп тастағанын аңғардық. Жекешелендіру заманында қулығы көп, құрығы ұзындар қомақты дүниеге «қол салғаны, қол салғанда мол салғаны» көпшілікке мәлім. Кітапхана, клуб, балабақша, саябақтарды кім өз атына тіркеп алса, заңды
иесі сол адам болып шыға келген жоқ па? Тамыры терең «Тамашаны» да жиырма бір жылдан соң жекешелендіріп алғасын «Тек менікі!» деп мекірену сол бір сорақы ағымның сортаң нышаны емес пе? Ойыма бір оқиға оралып тұр. Реті келгесін айтайын. Әйгілі Баукең, Ба уыржан Момышұлы омырауына орден тағып оқыранып отырған кісіден: «Мына орденді не үшін алдың?» – деп сұрапты. Ол ойланбастан: «Мен жылқышымын, шырағым. Жүз биеден жүз құлын алдым. Сол үшін осы орден берді!» – дейді желпініп. Сонда Баукең: «Айғыр шапты, бие тапты. Оған сенің не қатысың бар?!» – деген екен. Сол айтпақшы, «Тамашаның» әзіл-сықақтарын күллі сықақшы майын тамызып, маңдай терін ағызып отырып жазды. Қолжазбаны редактор күзеп, түзеп, керегін бір жаққа, кебегін бір жаққа шығарып електей еледі. Сүзгіден өткен сүзеген сөздерді әзілге бейім әртістер жапа-тармағай жа нын салып орындады. Ақындардың өлеңіне композиторлар ән шығарды. Оны саз шеберлері өңдеп, жөндеп, әрлеп, әрі қарай жылжытты. Дайын әнді даусы бар әншілер қағып алып, сахнада шырқады. Режиссердің ақ тер-көк тер болып дайындаған қойылымын бес оператор теледидарға түсіріп, саунд-операторлар құрақтай құрастырып, яғни монтаждап біт кесін көпшілік назарына ұсынады. Міне, «Тамаша» қалай жасалынады? Ал «Тамашаны» иемденіп, орден таққандай оқыранып жүргендер әлгі жылқышыға ұқсайды. «Тамаша» несімен тартымды болды? Әспетті әзіл, сынадай қағылған сын-сықағымен бар көрерменді баурап алғаны рас. «Сатира – қаһарлы қару, оны қолдан түсіруге болмайды» деген қағиданы қатаң ұстанды. Сы нады. Мінеді. Күллі кемшілікті күлкіге айналдырды. «Қаһарлы қаруды» қолдан түсірмей, сатираның садағын шірей тартқан қашама сарбаздар «жауға» шапты. Есепсіз. Тарихта қалған тарақты Байғозы батырдан «Елді қорғап, жерді қорғап көп соғыстыңыз. Есте қалған ерекше ерлігіңізді айтып беріңізші» деп сұрағанда, ол ойланбастан «Ерлікті қашанда ел жасайды, бірақ атағы бастаушыда қалады. Халық жасаған ерлікті ием деніп неғылайын» деген екен. Мұны не үшін айтып отырмын? «Тамаша ны» ерттеп мініп, ерлік жасаған мен едім!» дегендер Байғозы батырдың байыпты уәжіне ой жүгіртсін дегенім ғой. – Әрлі әңгімеңізге рақмет, аға! Сұхбаттасқан Әлия ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ
АСПАНДАҒЫ ҚҰСТЫ ЖЕРДЕГІ ЖЕМ ҰЯТҚА ҚАЛДЫРАДЫ – Бұрындары ел «Көпен келе жатыр» деп жиі шулаушы еді, бүгін де, керісінше, ел-жұртыңыз «Көпен неге келмей жатыр?» деп жолға қарап жүрген сыңайлы. Неге көрінбей кеттіңіз? – Өнердің иесі мен киесі болады. Бір иесі мен дейтін болсам, киесі – көрермен. Күлдібадам күлкіге қарық қылам деп сахнаға шығып алып, алайда өзің күлкіге айналсаң, жаман ғой. Ұнның өзін елеп, керегін қал дырып, кебегін тастаған секілді не нәрсені болсын өз ойыңның елегінен өткізіп барып, ең жоғары сортты ұн секілді пайдаланбасаң, оның дәмі де мәні де болмайды. Менің түйгенім – бастысы қызыл сөз емес, «көрермен дердің көңілінен шыға алам ба, жоқ па?» деп неғұрлым жауапкершілікпен қараған сайын, адам өз биігінде тұра береді екен. Ал енді «осыны қозғап «осылай етем» дегенде, сенің біліміңмен парасатың, талғамың таразының бір басына сені, екінші басына сатираны салғанда, сатира таразыны басып кетеді екен. Сонда сен аспанға ұшып кете жаздайсың. Содан кейін «ертең мен халықтың алдына шыққанда, дәл осындай жағдай орын алса, не бол мақ?» деп үрейлі тоқтамға келесің. Осылай дей-дей айдан-ай, жылдан-жыл асып келе жатыр. Дегенмен бұрындары жылына бір рет келетін Аяз ата секілді «Көпен келе жатыр» деп көрерменге көрініп тұрушы едім, халық соған үйреніп те қалған. 1972 жылы шахматтан америкалық Фишер атты гроссмейстер әлем чемпионы атанған еді. Ойламаған жерден өзіне дейінгі әлемнің азулы гроссмейстерлерінің тас-талқанын шығарған осы Фи¬шер сол бір рет шыққаннан кейін зым-зия жоқ болып кетті. Мен өзімді дәл қазір осы сатира чемпионатына «Көпен келе жатыр» деген ерекше тактикалы ойын көрсетіп, кейін жоқ болып кеткен Фишер секілді сезініп жүрмін. Бі рақ мен ешқайда жоғалғам жоқ, жердің астындағы бұлақтар бір-бірімен байланысып жататыны секілді бір күні жанартаудай атқылайтыным анық. Ал енді маған деген халықтың сеніміне келсек, біздің ауылда Сәрсенбай деген бүркітші болған. Бір күні ауылдың атуышулы суайт кісісі бір құр бысына келіп, «Сәрсенбайдың бүркіті бүгін сегіз түлкі алыпты, үйіне барсақ, екеуімізге бір-бір түлкіден беретін шығар?» деп қоярда-қоймай бүркітшінің үйіне ертіп кетіпті. Әлгілер барса, Сәрсенбайдың бүркіті сегіз емес, бір-ақ түлкі іліпті. Ыза болған досы әлгі суайттан: «Әй, сенің сегіз түлкі дегенің қайда, неге өтірік айтасың?» – деп сұраса, ол: «Мен өтірік айтпаймын, таңертең Сәрсекеңнің құсының құйылысына қарап, сегіз түлкі алатын шығар деп ойлап едім», – депті. Сол сияқты мен де сатираның бір
құсы болсам, менің құйылысыма қарап, жұрт «сегіз түлкі алады-ау» деп топшыласа, жаман емес. – Қазақ сатирасы кейінгі уақытта өзінің саяси салмағын жоғал тып, тұрмыстың төңірегінен аса алмай қалған сияқты. Мұндай жағ дайда әзіл-сықақ отаулары азаюы керек еді, бірақ бізде олар, керісін ше, көбейіп бара жатыр. Сонда олар өздерінің халыққа түк бере алмайтынын білмей ме, әлде біздікі қате пікір ме?.. – «Қарға баласын аппағым дейтіні» сияқты бізде құрылып жатқан әр әзіл-сықақ театры өз шығармасын жақсы болсын, жаман болсын «аппа ғым» деп есептейді. Өйткені «іштен шыққан шұбар жылан» ғой. Мейлі, көбейе берсін, одан еш тарынудың қажеті жоқ. Бір Мәскеудің өзінде 100ден астам сатира театры бар. Солардың ішінде әбден орнығып, аяқтан тік тұрғандары Петросян, Задорнов, Жванецкий секілді шоқ-шоқ театрларын білеміз. Ал онша ешкім тани бермейтін жас театрлар мықты өнер көрсетіп жатса, Петросян өзінің «Кривое зеркало» атты телехабарына шақырып, анда-санда олардың кеңілін көтеріп қояды. Біз ондайға әлі жете алмай жа тырмыз. Бір заманда «Тамаша» алғаш әзіл-сықақ отауын құрса, ол бүгінде қара шаңыраққа айналды. Сол қара шаңырақтан «Бауыржан шоу», «Теріс қақпай», «Шаншар», «Екі езу» т.б жас театрлар өз алдарына отау құрып шықты. «Тамаша» шау тартып, «Бауыржан шоу» шықты. Кезінде керемет дүрілдеді, кейін оны «Терісқақпай» басып озды. «Терісқақпай» сатираның деңгейін әлеуметтік, қоғамдық-саяси деңгейдегі тақырыптарға көтеріп еді, таусылып қалды. Енді қазір әзіл-сықақ театрларының көш басында «Шаншар» тұр. Бірақ мен таяуда осы «Шаншарға» жаңа леп әкеліп, оның кәдімгідей жұрт асыға күтетін театрға айналуына ықпал еткен жас актер Нұржан Төлендиев бөлініп шықты деп естідім. Егер ол ақиқат болса, онда «Шаншардан» ол озып кетуі мүмкін. Өйткені «Шаншардың» бүкіл «кухня сын», ішкі иірімдерін игеріп, шеберлігін бойына сіңіріп алды ғой. Сөйтіп, Нұржанның бір театр ашатын түрі бар. Олай етсе, демек, тағы бір жаңа әзіл-сықақ театры қосылады деген сөз. Әйтсе де олардың әрқайсысының өзіндік орны бар, көбейіп кетті деуге болмайды. Ал егер ол театрлар көрер меннің көзайымына айналмай жатыр десеңіз, мен оныңызға келісер едім. Себебі көркемдіктен гөрі «көже-қатықты» күйттейтін сияқты. Міне, осы дан келіп бүгінде «халыққа бірдеңе берейік, ой салайық» деген пайымнан гөpі, «халықтан бірдеңе алып қалайық» деген пиғыл басым-ау?.. – Сатиралық театрларды былай қойып, қазір жұртты күлдірем деп, бүлдіріп жүрген КВН-сымақтар, түрлі тележобалар да көп. Бірақ қарап отырсаң, көбі орысшадан аударған бір дүбара әзілдерді көрер менге тықпалап әуре. Жалпы, КВН деген қазақтың табиғатына келе ме? – Бір ауыз сөзбен КВН-ді жоққа шығаруға болмайды. Неге десеңіз, өйткені жоқтан бар болмайды ғой. Қазақта «жоқтан жонып жасайды» де ген сөз бар ғой. Мәселен, таяуда қазақстандық «Астана, kz» командасы Масляковтың КВН-інен үшінші жүлде алып келді. Бүкіл Ресей елінен қола жүлдеге ие болу – анау-мынау емес, тапқырлық жағынан орыстардың өзін ойлантатын дәрежеге жеттік деген сөз. Қазақтар баяғыда басына бөрік, үстіне шапан, аяғына саптама етік киді екен деп, біз қазір туфли кимей
қоймаймыз ғой? Кию керек қой! Сол сияқты Шығыс пен Батыстың арала суынан әжептәуір дүниелер туады кейде. «Астана.kz» бастап жүрген Нұр лан Қоянбаев, Ақылбек Досжан деген жігіттер әжептәуір дүниелер жасап жүр. КВН-нің әзіл-сықақ театрларынан бір ерекшелігі – біздің бие сауым уақытта жасайтын қойылымымызды тарс-тарс, бір-ақ ауыз сөзбен айтады да тастайды. Эйн¬штейн деген ғалымның заманында докторлық диссерта ция қорғау үшін 200300 бет жазу керек болған. Ал Эйнштейн бұл заңды белшесінен басып, өзі ашқан жаңалығын небары үш жарым бетке сыйдыр ған. Сол айтылғандай, КВН-нің мықтылығы да Эйнштейннің докторлық диссертациясы сияқты, қысқа әрі нұсқалығымен ерекшеленеді. – Біз қашанда көшірме жасаймыз да жүреміз. Мысалы, орыстың КВН-ін, одан қалса, «Наша рашасын» тура солай екінші сөзін «каза ша» қылдық та, ұялмай «шала қазақтар» болып жүрміз. Бір халық тың юморының ешқашан екінші халыққа сіңуі мүмкін емес қой? Біздің де қазақы қалжыңымыз бар емес пе? Олай болса, біз қашанғы өзгенің езуімен күліп жүре береміз? – Баяғыда түріктің әйгілі әзілкеші Әзиз Несин Мәскеуге барғанда, Кеңес Одағының нөмірі бірінші юморисі Юрий Нику¬лин өз концертіне шақырыпты. Никулиннің қойылымын түрік сықақшысы аудармашы арқы лы тамашалаған ғой. Никулин ойласа керек түріктің әзілкешін бір күлкі ге қарық қылып, орыс сатирасының кереметін көрсетейін деп. Әзекеңнің қасында біздің Қалтай Мұхамеджанов болыпты. Екі жа¬рым сағат бойы на Юрий Никулин барын салып ойнағанда, Әзиз Несин бірде-бір рет езу тартпапты. Соңында ол кісінің неге күлмегенін Қалтай аға сұрайды ғой, сөйтсе, Әзекең: «Сіздер ұсақ-түйекке күлетін өте бақытты ел екенсіздер, ал біз мемлекеттік деңгейдегі нәрселерге күліп, ұсақ-түйекке әлі түсе алмай жатырмыз», – деп жауап қатса керек. Астары сұмдық қой?!. Сол сияқты біз де «өте бақытты» ел болсақ керек: болмашыға күліп, мемлекеттік деңгейге шыға алмай жүрміз. – Айтпақшы, кейінгі кездері сіздің имиджіңізде айтарлықтай өз геріс байқалады. Сақал өсіріп, көзілдірік киген түріңізге қарап, көп адам «баяғы Көпенді» танымай қалатыны жасырын емес. Тап мына түріңізге қараған адам сізді не дінге бетбұрды деп, не ақсақалдықты мойындады деген ойға келеді. Шынында, қайсысы дұрыс? – Негізі, «сақал қояйыншы осы» деп сән қуып өсіргенім жоқ. Өзі солай боп қалды. Қазақта «құстың бәрі бұлбұл емес, аттың бәрі дүлдүл емес» деген сөз бар. Сол сияқты сақал қойғанның барлығы ақсақал емес. Ал ақсақал болу – абырой, мәртебе! Немат Келімбетовтің «Қариялар» атты кітабында шал, қария және ақсақал деген қазақтың үш сөзінің мәнісін бы лайша түсіндіреді: Шал – өзінің отбасы, ошақ қасынан шыға алмайтын кәрі кісі, қария болса – өзінің ауыл-аймағына ептеп сөзі жүретін, аз да болса беделі бар адам, ал ақсақал бір ауыл ғана емес, бүкіл аймаққа абыройлы, ақты ақ, қараны қара деп төрелік айтатын ауылдың қазынасы болса керек. Осы сөз менің көкейіме қонды. Қазір кімді көрсең де, бір-біріне «әй, шал» дейді. Оның ауыр сөз екенін көпшілік білмейді. Одан гөрі қария десе, кіш кене де болса құрметті білдірер еді. Мен бір ақсақал болайын деп те сақал қойғаным жоқ. Түрікменнің ақыны Мақтымқұлының бір өлеңі бар:
– Қырық жаста тау мен тасқа басты ұрып, Елу жаста қолға алдым таспиық. Алпысымда төрде отырдым қасқиып, Пайғамбардың жасын кешкен күндерім! – дейді. Ер-азамат негізінде елуге дейін жүгіріп келе жатқан адам сын ды, жан-жағына емес, тек алдына қарайды. Аппысқа таяғанда екі жағы на қарап жүгірсе, алпыстан кейін артына қарайды екен. Үлкен кісілердің немерелерінің басынан сипап, милығынан иіскеп еміренетін себебі, оның алдында тек сұп-суық көр тұр. Кейінгілерге үміт артады. Мен өзімнің соң ғы кездері осындай жасқа жеткенімді сезіп, содан «ендігіде қанша жерден өнер адамы болсам да, өзімді жас сезінгенім жараспас» деп сақалымды жі бердім. Абайдың: – Бақ пен асқан патшадан Мимен асқан қара артық, Сақалын сатқан кәріден Еңбегін сатқан бала артық, – деген қара сөзі бар. Ең бастысы, сақалды қою емес, сол сақалды саудаламай, өз орныңмен жүре білу. – Дәл қазір сіз қазақ руханиятының қастерлі қара шаңырағы – Қазақ радиосына қызмет етіп жатырсыз. Радионың дәл қазіргі халахуалы қалай? – «Қаратау кейде қарлы, кейде қарсыз» деп әндеткендей тіршілік қой. Жалпы, жағдайы жақсы. Қазақ радиосындағы қаратабан журналистердің еңбегі орасан. Таңның атысы, күннің батысы демей, егін егетін диқаншы ларға ұқсайды. Әр хабардың өзі бітік өскен бір-бір өнім секілді, оны бап тайды, орады, бастырады дегендей қыруар жұмыс. Ал ақыр аяғында әуе толқынынан берілген әр хабар тандырдан жаңа шыққан ыстык, өнімдей. Кезінде «Қазақстан» ұлттық телерадио ұжымының тізгінін ұстаған кө семсөз шебері Камал аға Смайыловтың «Қазақ радиосынан берілген бір тәуліктегі хабарды қағазға түсірсе, «Правда» газетінің 40 нөмірін шыға руға болады» деген бейнелі сөзі есімде. Шүкір, Қазақстанның еңбек сіңір ген қайраткері, Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты, ақын Жұрсін Ерман басқаратын ұжымның маңдай тері жоғарыдан бағаланып та жатыр. Былтырғы, бұрынғы жылдардағы марапаттарды айтпағанда, биыл Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті Баспасөз күніне орай ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл және ақпарат құ ралдары» атты республикалық байқауында 300 ұжымның ішінен «Шал қар» ұлттық арнасы бірінші орынды жеңіп алды. Мұның өзі Қазақ радио сындағы журналистерге қанат бітіргендей әсер етті. – XXІ ғасыр ақпараттық бәсеке ғасыры болады деуші еді, шынын да да, қазір ақпараттың көптігі сонша, халық оны іздемейді, керісінше, ақпараттың өзі тутынушының алдына лек-легімен кез келген жерде кездесетін болды. БАҚ-тың ішінде телевизия мен интернеттің осы жағынан бәсекеде дес бермей, соның кесірінен оқырманның барлығы көрерменге айналып барады. Қалай ойлайсыз, енді аз ғана уақыттан соң кітап оқитын адамның қалмауы да мүмкін бе? Егер мүмкін болса, ол қаншалықты қауіпті? – Меніңше, бұл – уақытша құбылыс. Неге десеңіз, Тәуелсіздікке алғаш
қол жеткізіп, аяғымыздан әлі тік тұра алмай жатқан кезде нарықтың қыспа ғында қалып, жоқшылық зардабын тартқан халық мәдениет пен әдебиетке қарайтын шамада болған жоқ. Ал енді ең жаманы – сол кезеңде дүниеге келген балалардың сана-сезімі сол қалпында қалып қойды, яғни сол тұста дүние қуған балалар туды. Бірақ олар дүние мен байлықтың баянсыздығын сезініп, кітаптың, яғни білімнің қадірін түсінетін кезге жетеді әлі. Өйткені заман түзеліп келе жатыр. Ертеде маймылды аулаудың ерекше тәсілі бо лыпты: асқабақтың бір бүйірін тесіп, ішіне күрішті толтырып қояды екен, күріштің исін сезген маймыл қолын тесікке тығып, күрішті уыстап алады да, қолын кері шығара алмай, ұсталып қалады екен. Қолын кері шығарып қашу үшін уысындағы күрішті тастау керектігіне маймылдың миы жетпесе керек. Біздің кітап оқымайтын шенеуніктерді мен осы маймыл секілді кө рем. Дүниені ақырындап алып қашып кетем дейді, бірақ соңында ұсталып қалып жатыр. Бірақ білімсіз екен деп, кітап оқымады деп, жастарды да құр кінәлай бермеуіміз керек. Кінәнің бір ұшы өзімізде жатыр емес пе? Көзін ашқанда балаға кітап емес, базарды көрсеткен кім, біз емей? Сондықтан жастарымызға кітапты насихаттаудың мемлекеттік бағдарламасын жасау ды қолға алу керек. – Сатириктер, негізі, тумысынан сыншы халық қой, қазаққа сын көзбен қарайтынның бірі – сіз, өз халқыңыздың бойындағы қандай кемшіліктерді көресіз? Әлде «махаббаттың көзі соқыр» дегендей, қазаққа деген сүйіспеншілігіңіз ол кемшіліктерді көрсетпей қоя ма? Сіздіңше, өз халқын сүйген жан оның кемшілігін бетке айтуы керек пе, әлде жақсысын асырып, жаманын жасыруы керек пе? – Қайсыбір жылы ғарышкер Талғат Мұсабаевпен Сауд Арабиясында бір жұмадай сапарлас, сырлас болдым. Сонда мен: «Паһ, шіркін, бес Фран ция сыятын қазақтың кең-байтақ даласын-ай!» – деп әңгіме бастадым. Сонда ол: «Қанша Фран¬ция сыятынын білмеймін, бірақ бір айтатыным – Норвегия, Румыния, Венгрия, Швейцария сынды Еуропа елдерінің тө бесінен ғарыштан мен небары 10-12 секундта ұшып өтем, ал Қазақстанның үстіне келгенде, алты минуттай аялдаймын. Біз Қазақстанның кеңдігіне ға рыштан осылай көз жеткізгенбіз», – деді. Құдай сонда қазаққа осыншалық бақ пен байлық бергенде, соны игеріп, үдесінен шыға алмасақ, несіне кеуде соғамыз? Абайдың кез келген өлеңі мен қарасөзін алып қарасаң, тура бар қазақты жек көретіндей, қазаққа әбден күйген бе деп ойлайсың. Бірақ, шын мәнінде, Абай өлеңді қазаққа күйгеннен емес, қайта өз ұлтын сүйгеннен жазды. Сүйді, бірақ, қазақтың бойындағы көп кемшіліктерге қарны ашып, күйді. «Ағайынды жамандап, жақсыны қайдан табасың?» дейді ғой. Сол айтқандай, қазақты жамандағанда, жақсы жұртын саған кім береді? Неме се біреуге «сен жамансың, жамансың» дей берсең, ол ақыры «шы¬нында, жаман шығармын» деп ойлауы мүмкін. Еврей халқы жаман баласының өзіне «о, бұл ақылды, өскенде бәлен бо¬лады!» деп қолпаштап, рухтанды рып өсіреді. Қазақты қанша жерден сөксең де, жек көрсең де, дарақылық, ысырапқорлық, ас та төк қонақжайлылық сынды бойындағы кемшілігінен арылта алмайсың. Сондықтан оны сол қалпында сүю керек. Батыстық бір саяхатшының айтқаны бар ғой: «Егер Жер шарының белдеуіне қазақтар ды орналастыратын болса, онда жаһанды атсыз, сусыз, киімсіз-ақ шарлап шығуға болар еді», – деген. Бұл қазақтың жомарттығын көрсетеді. Біз оған
неге мақтанбаймыз? Ертеде бір Дүйсенбай деген жарлы кісіге ағайын-жұрт жиналып ет әкеліп беріпті. Дүйсенбай ол етті алып, «қой, Сейсенбайдың халі менен де жаман ғой, одан да сол жесінші» деп соған беріпті. Содан Сейсенбай одан өткен жомарт боп Сәрсенбайға, сөйтіп-сөйтіп не керек, ақыры сол ет Дүйсенбайдың өзіне қайтып келеді ғой. Сонда бұдан не түю ге болады: өзінде түк жоқ болса да, басқаға қамқор болатын қасиет тек қазаққа ғана тән. Бірақ осы қасиет, неге екені белгісіз, бүгінгі байшыкеш тердің бойынан табылмай тұр ғой. Әңгімелескен Мәриям ӘБСАТТАР АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ... Біздің қоғамды құртып бара жатқан ең қауіпті дерт – сыбайлас жемқор лық. Оныменен күресіп келе жатқанымызға қаншама жылдың жүзі болды, өрши түспесе, басылар түрі жоқ. Біле білсеңіздер, Шуда өсетін есірткіні өртеген сайын қаулап өседі екен. Жемқорлық та сол есірткі сияқты болып тұр ғой. Мұны біздің бабаларымыз баяғыда, екі-үш ғасыр бурын керемет астармен жеткізген: – Қарға келіп қарқ етіп, Қалқып ішіп ол кетті, Көбелек келіп, көлк етіп, Көлкіп ішіп ол кетті. Сауысқан келіп саңқ етіп, Сарқып ішіп ол кетті. Немесе бір-ақ ауыз сөзбен мақалдап «Аспандағы құсты жердегі жем ұятқа қалдырады» деген. Бүгінгі біздің үлкен билік басында отырғандар дың барлығын аспандағы құсқа баласақ, солардың біразын жердегі жем ұятқа қалдырып отырған жайы бар. Билікті былай қойып, осы күнгі жас тардың өзі де «осы жерді өркендетсем, абыройын асқақтатсам» деп емес, «қолда барда көсіп алып қалайын, бәрібір көп ұзамай мені алып тастай ды» деген сана-сезімде екендігін білдіріп қалғанда, жүрегің ауырады. Бұл еріксіз бір мысалды еске түсіреді екен. Бір сарыауыз балапан көзін тыр нап ашып, ұясынан басын қылтитып қараса, алдында бір шіркей тұр екен. «Ап» деп жеп қойыпты. Содан дәніккені сонша, ұядан ұзап, одан гөрі ірі леу жемтік іздеп шықса, мысық тұр екен, ол балапанды асап қояды. Бірінбірі жеп жүрген дүние қазір. «Алаш айнасы» газеті, № 158(158), 12.09.2009 жыл
«ТАЛАНТЫМНЫҢ 90 ПАЙЫЗЫН БОСҚА ЖҰМСАҒАНЫМА ӨКІНЕМІН» «ӘУ БАСТА ӘРТІС БОЛҒАМ» – Еңбек жолыңызды аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңге рушісі болып бастапсыз... – Орта мектепті тәмәмдаған соң, Алматыға ат басын тіреп, ҚазМУ-нің журналистика факультетіне құжат тапсырдым. Бірақ сынақтан өте алмай, ауылға аймандай боп қайтып келдім. Екі қолға бір күрек, үш күн құры лыста жұмыс істедім. Таңның атысы, күннің батысы, жарғақ құлағым жастыққа тимей, зембілмен тас тасимын, цемент илеймін. Ауыр жұмыс оңай ма, кешке сүйретіліп төсекке әрең жетемін. Бір күні әкем: «Балам, жақсы жерде жатсаң, жақсы түс көресің. Мына жұмысыңды таста, сенің орның өнерде, аудандық культураға бар» деді. «Ән салмаймын, би біл меймін. Не бір музыкалық аспапта ойнай алмаймын. Өнерге қалай ба рамын?» – деймін таңданып. «Әке – балаға сыншы» деген. Сол жылы Отырарда халық театры құрылды. Қабылдандым. Он айдың ішінде төрт спектакльде ойнадым. Бейімбет Майлиннің «Жалбыр» драмасында Са йын болыстың рөлінде, Қаныбек Байсейітов пен Қуандық Шаңғытбаев тың «Беу, қыздар-ай!» комедиясында Әубәкір ақынның рөлінде, Қалтай Мұхамеджановтың «Қуырдақ дайын» комедиясында Ережептің рөлінде, өзбек сықақшысы Саид Ахмадтың «Құтырған ит» скетчінде итке талан ған жігіттің рөлінде ойнап, сатира саласына бейімделе бастадым. Менің бала кездегі арманым – ағаш ұстасы немесе суретші болу еді. Бармағынан бал тамған суретші Әбілхан Қастеевтің «Түрксиб», «Амангелді Иманов», «Жайлау» секілді картиналарына еліктеп, сурет салатынмын. Қазақстан ға танымал Николай Казанцев, Виктор Емельянов, Борис Безелюк, Балта бай Табылдиев секілді кылқалам шеберлерінің мазақтама карикатурасы на қатты қызығатынмын. Бір күні өзім салған карикатурамның мазмұнын ашатындай түсіндірме ретінде екі шумақ өлең жазып, «Балдырған» журналына жіберсем, суретімді емес, өлеңімді жариялапты. Сол кезден бастап, әзіл өлеңдерге ден койдым. Егер салған суретімді жариялағанда, бүгінгі күні елге белгілі Аманқос Ақанаев секілді қылқалам шебері болар ма ем, кім біледі?
«АРАНЫҢ» АЙБАРЫНАН БӘРІ АЯҒЫН ТАРТАТЫН» – Кезінде саяси-сатиралық «Ара» журналының айбарынан басшы лық қызметтегі кісілер қатты именетін. Сынынан сескенетін. Сіз «Арада» жүріп, қабырғаңыз қатайды, буыныңыз бекіді... – Ол кезде саяси-сатиралық «Ара» журналы азуын айға білеген айда һар басылым болатын. Оның желкесінде жел беріп, үкімет тұрды. Әрбір сынның әрпіне дейін көңіл бөліп, нәтижесін қадағалайтын. Неге? Мем лекеттің мешкейлерін фельетонның шоғына қақтап, дөңайбат дөкейлер мен тоңмойын топастарды шыжғырып отыратын. Алаяқтарды кісендеп, кымқырғыштарды қия бастырмай нақты фактімен сынадай қағып сынай тын. «Араға» шықты дегенше, шенеуніктің ісі бітті дей бер. Себебі ол отырған орнына лайық емес деп есептелетін. «Ара» – ара болады, шақ қан жері жара болады» – деп әйгілі сықақшы Оспанхан Әубәкіров бекер айтпаған. Сол кезде «Арада» редактор болу – жарты патшалық құрғанмен тең еді. Заман өзгерді, заң өзгерді. Сынап жатырсың ба, мінеп жатырсың ба – бәрібір, шенеуніктің шекесіне шеге қақсаң да кірмейтін, мыңқ етпес жылдар туғанда «Ара» журналы жабылды. Сонда Қалтай Мұхамеджанов ағамыз қатты қамығып: «Ара»-ның жабылғаны – қазақ сатирасының қара жамылғаны» деген еді. Алғаш рет 1915-1918 жылдар аралығында Бейімбет Майлиннің редак торлығымен «Садақ» деп шыққан сатиралық журнал кейінірек біресе «Балға», біресе «Шаншар», одан кейін «Ара-Шмель» деген атпен төрт рет ашылып, төрт рет жабылды. Төртіншісінде премьер-министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов пен Ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед жабылған журналды қайта ашу туралы ой тастап, маған қолқа салды. Қол ұшын беріп тұрғасын, сөзге келместен келісім бердім. «Ара» – тарихи тамыры тереңде, атом бомбасы ішінде жасырынып жат қан басылым. – Республика Бас прокуратурасында қызмет істепсіз. Қалжыңды ұнататын адамға өткен сексенінші жылдардың соңы, тоқсаныншы жылдың басында заң қызметкерлерімен бірге жұмыс жасау қиын болған жоқ па? –Қазіргі «Егемен Қазақстан» газетінде бөлім меңгерушісі едім. Сол кезде прокуратураға мемлекеттің мүлкін талан-таражға салып, бизнес ашқандардың заңсыз істері жөнінде арыздар көптеп түсе бастады. Сот пен прокуратураның арасында бітіспес шайқас жүріп жатты. Оспанхан айтқандай, «түйе жегенді мақтайтын, түйме жегенді соттайтын» заманда нақты фактіге құрылған фельетон, сын мақалаларды қардай боратып жа зып жүргенімде, Республиканың бас прокуратурасына мені баспасөз хат шысы болуға шақырды. Ол да лаулаған оттың ортасы ғой. Прокуратура мен соттың арасында жүру, оттың ортасында болумен бірдей. Біздің жұ мысымыз – құқық қорғау органдарының қызметін баспасөзде насихаттау. Бірақ одан ешқандай зиян көргенім жок. Көп нәрсені көрдім, көзім жетті.
«ЖАТЫПАТАРЛАР ӨЗІНЕ ЖАРНАМА ЖАСАЙ АЛМАЙДЫ» – Бүгінде мықты деген сатириктеріміз аз да, әзіл-оспақ театрлары көп. Сіз оларды «сатира үшін емес, күнкөріс үшін жүр» дейсіз. Бірақ әзілдің құны түскенімен, қаптаған театрлардың жұмысы жүріп жа тыр. Мұны қалай түсінеміз? Елдін сатираға талғамының төменде гені ме? – Қамшының шашағындай бес-алты театрды көп деп айтукүпірлік. Мәскеудің өзінде 150-ден астам театр бар. Солардың ішінде Петросян театрының айдарынан жел есіп тұр. Керісінше, бізде театр аз. Кейде солардың басын біріктіріп, мемлекеттік сатира театрын ашсақ қа лай болар екен деп ойлаймын. Бұл жөнінен келгенде Оңтүстік Қазақстан облысының әзіл-сықақ театры мемлекет тарапынан қаржыландырылып, жұмыс істеп жатыр. Иманғали Тасмағамбетовтың бастамасымен, Астана қаласында жаңа сатиралык театр ашылды. Сатира қоғамды жетектейтін қолбасшылық рөл атқару керек. Біз кімге күлеміз? Күлдірем деп, күлкіге ұшырап жатса, одан өткен сорақылық жоқ. Әрине, тәп-тәуір дүниелері бар театрлардың жұмысын жоққа шығаруға болмайды. Бұрын «Тамаша» ойын-сауық отауына ел ағылып баратын. Кейінірек «Бауыржан-шоуға» жүгірді. Ол да тоқырауға ұшырады. «Шаншар» шықты. Ол да қазір тоқ мейілси бастады. Қалай десек те, әзіл-сықақ театрларының ішінде «Шан шардың» шоқтығы биік. Актөбеде «Екі езу» атты миниатюра театры ашылғанына біраз болды. Тұсауы кесілгенімен, шауып кеткені шамалы. Сатираның мақсаты біреуді жою не көзін ою емес. Масқаралап, батпақ қа батыру үшін де жазылмайды. Жемқорлық, парақорлық секілді дертке шалдыққандарды күлкіге ұшырату, күлкімен ұшықтап, күлкімен сауық тыру. Сатираға шын берілген қаламгерлер бүгінде қартайып қалды. Жас сықақшылар өзінің жолы мен жөнін таба алмай жүр. Жарнамасы жоқ. – Қажылыққа барып, мұсылмандық парызыңызды өтеп кел геніңізді білеміз. Ал ислам дінінде біреуге сын айту, келеке ету күнә деп табылады. Сіз қалай қалжыңдайсыз? – Қажылыққа барған адам қалжыңдамайды деп кім айтты? Исламда кісінің сыртынан бостекі әңгіме айтып, ғайбаттап күлуге тыйым салын ған. Бұл – иманды болу деген сөз. Ал иманды болу дегеніміз – күлме деген сөз емес. Сатираның мақсаты – ғайбаттау емес, кемшілігін айғақ тау. Ешкімге қатты сөз айтпау керек екен дейтін болсақ, не пайда? Әзіл – әдепті ұстаз секілді, жақсы тәрбиеші. Жаман әдет, жат қылықтан арыл тады. – Сізге Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы сатирадағы ең бегіңізге емес, «Көпен келе жатыр!..» атты сахнадағы өнеріңізге берілгені қызық, тосын оқиға емес пе? – Шындығында солай болған. Президент грантын журналистика са ласындағы еңбегім үшін алдым. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлы ғы сатира жолындағы еңбегім үшін емес, республика театрларындағы үздік қойылымдарым үшін берілді. Мені көбісі сатирик ретінде біледі. Ал өзімді журналистпін деп есептеймін. Өйткені менің сұхбаттарым бо йынша жоғарғы оқу орнында лекциялар оқылды. Бәлкім сұхбаттарымда жаңалық бар шығар деп ойлаймын.
– 1 сәуір – Күлкі күнінде жұрт бір-бірін алдаса, енді бірі алданып жатады. Осы бір оспағы аралас әлемдік үрдісті құптайсыз ба? – Қазақ – қалжыңға жақын халық. Өзімнің құрдастарыммен, заман дастарыммен әзілдесіп, күлетін күн де осы – 1 сәуір. Турасын айтқанда, қазақ халқы Құдайдың құтты күні күлкісіз өмір сүре алмайды. Күлкісіз өмір сүруі де мүмкін емес қой. Тіпті қиыншылықтың өзіне, өтпелі кезең ге де алуан түрлі әзіл әңгімелер шығарып, әзілдесу қанымызда бар қа сиет. Қожанасыр, Алдаркөсе, Тазша бала, Жарғақбас, Шибұт, Қылкеңір дек секілді кейіпкерлердің өзі – тұнып тұрған күлкілі кейіпкерлер. Күлу арқылы күллі қиындықты жеңеді. Күлу арқылы жеңілдейді. – Жалпы, сіз қандай жансыз? Көбіне әзілді айтатын, қалжыңқұмар кісілер өмірде салмақты, байсалды болып келеді. – Түріктің әйгілі әзілкеші Әзиз Несин өмірінде күлмейтін түйық адам болған. Антон Павлович Чехов ше? Суретіне қарасаң жылайын деп тұр ған адам сияқты. Орыс сайқымазағының шебері Юрий Никулиннің екі жарым сағаттық комедиялық ойынын көрген Әзиз Несин ең болмаса бір рет езу тартпапты. Қалтай Мұхамеджанов: «Неге күлмедіңіз»? – деп сұрағанда: «Сіздер ұсақ-түйек нәрсеге күледі екенсіздер. Біз әлі ондай бақытқа жеткеніміз жоқ», – депті. Мен сахнадағы эпизодтар мен қойы лымдарға езу тарта бермеймін. Ал ауыл айтқыштарының әңгімесін есті генімде, ішек-сілем қатқанша күлемін. Себебі онда табиғи шындық пен бояуы қанық қазақы болмыс сезіліп тұрады. Қазіргі күлкінің көбісі метис күлкі. Ойдан-қырдан құралған анекдоттарды тілге тиек етіп жүрген әзіл деріміздің әкесі – Еуропалық, шешесі – Азиялық сияқты болып көрінеді. – Отбасыңыз жайында айтып өтсеңіз. Сіздің жолыңызды қуғандар бар ма? – Менің жолымды қуған ешкім жоқ. Қызым Сағыныш – араб тілінің ма маны. Дінмұхамед, Нұрмұхамед, Аиша деген жиендерім бар. Ұлым жаңа жыл алдында отау тікті. Жолдасым – журналист. – Отбасында қандай әкесіз? Қаталсыз ба? – Өте жұмсақпын. Сол жұмсақтықтан көп таяқ та жеп жүремін. Ішіме кіріп алып алдайтындар аз емес. «Сол сойқандарға дер кезінде неге той тарыс бермедім?» – деп «жау кеткесін қылышымды тасқа шабамын да жүремін» – Байқауымызша, бір кіндіктен тараған бауырларыңыздың көбісі журналист. Соларға сіздің ықпалыңыз болған жоқ па? – Тарихтан белгілі, Романовтар тұқымы Ресейді үш жүз жыл билеп, бірінен соң бірі патша болған. Бізде ондай тұқымқуалаушылық жоқ. Менің анам – дүниеге он құрсақ көтерген батыр ана. Соның ішінде үшеуміз – журналистпіз. Ешкімге ақыл-кеңес бергенім жоқ. Өздерінің таңдауы. Тіпті Оқпан деген інімнің бір баласы АГУ-де, біреуі КазНУ-де окиды. Екеуі де – ағып тұрған әзілкештер. Заң факуль тетінде оқыса да, жазған дүниелері республикалық басылымдарда жария ланып жүр. Қанында бар қасиет кой. Қазір анам Жұлхар – сексен үште, сөйлесе қалсаңыз, бір өзі бір театр. Әңгімесін тыңдасаңыз, аузыңызды ашып қасында отыра бересіз. Ауылда Төкен деген інім бар, білімі орта. Өзі ауылдың айтқыштарының бірі атанып кеткен. Оқымаса да, дап-дайын сатирик, біздің үйден шыққан дипломсыз төртінші журналист. Қолына қалам ұстаса болды, небір әңгімелердің тығыны ағытылады.
– Өмірдің мәні неде? Кейінгі жастарға не айтар едіңіз? – Уақыттың, денсаулықтың қадірін білген адам бақытты! Құдай берген талантымның тоқсан пайызын бос нәрсеге жұмсағаныма өкінемін. Менің бар уақытым ұсақ-түйек фельетон жазып, ұсақ-түйек арыз-құрызды тек серумен кетті. Қазір ойласам, қабілетімнің он пайызын ғана сатираға пай даланыппын. Кезінде жазамын деп жоспарлап қойған іргелі ойларымның бәрі қазір күнсіген көйлектей іріп тұр. – Егер сізге өмір сүру мүмкіндігі берілсе, қайтадан шығармашы лық жолды таңдар ма едіңіз? – Мен ойланбастан ұста болар едім. Мектепте оқып жүргенімде, мықты ағаш ұстасы болдым. Небір ғажап суреттерді салғанмын. Бірақ ол бала кездегі арман болып қалып кетті. – Төпен ініңіздің бір қалжыңын айтасыз ба? – Ол қызталақ біреуді күлдірейін деп ойламайды. Жүрген жері ду-ду күлкі, думанды орта. Өнер адамдарының өзі Төпенмен сөйлесіп, тең-тең күлкіні арқалап қайтады. Бұдан бірнеше жыл бұрын бір жігіт бұрын-соң ды көрмеген Төпенді іздеп ауылға келіпті. Ол күнделікті үйдің тірлігі мен, есік алдында жүрсе керек. Төпеннен «Төпеннің үйі қайсы?» – деп сұрапты. Төпен: «Төпеннің үйі мынау» – деп үйін нұсқап жібереді. Әлгі жігіт: «Төпен кім?» – деп сұрайды. Үйдегілер: «Жаңа ғана есік алдында жолықтыңыз ғой» – дейді. Ол далаға шығады да, Төпеннен: «Сіз Төпен екенсіз ғой, неге айтпадыңыз?» – дейді. Сонда Төпен: «Сен Төпенді емес, Төпеннің үйін сұрадың ғой» – деген екен. Осындай табиғи әзілге қалай күлмейсің?! –Әңгімеңізге рахмет! Сұхбаттасқан Құттыбике НҰРҒАБЫЛ ОЙДАН КЕТПЕС ОҚИҒАСЫ Үйінде үш күн қонақ болып, сый-сияпатын көрген адамымды бір жылдан кейін танымай қалып, қатты ұялғаным бар. Өйткені мен кісінің бетіне тік қарамай мын. Кішкентай кезімде әжем маған «Кісіге тура қарама. Көзіңде ит бар. Итің тиіп, балалар ауырып қалады» дейтін. Содан мен адамдардың өзіне де, көзіне де тіктеп қарамай өстім. Көзімде ит бар ма, жоқ па – білмеймін. Мені әжем үлкенге ізетті, кішіге құрметті болсын деп, қазақы дәстүрмен әдейі тәрбиелеп өсірген болу керек. Әйтпесе менің көзімнен ит шығып тұр дейсің бе? Бұл бір қазақы тәрбиенің әдемі көрінісі ғой. «Керемет» журналы, № 4, 2011 жыл
АТЫ ЖОҚ МАҚАЛА Күлкі пірі Көпен Әмір-Бек хақында Д үниеде не қиын деп жүрсем, өзін көрместен-ақ, жай «Көпен келе жатыр» десе болды, елдің езуіне күлкі жиыла бастайтын әйгілі сықақшымыз Әмірбектің Көпені туралы мақалаға ат қою қиын екен. «Күлкі» мен «Көпеннің» қыл өткізбейтін арасынан қиялап қалай амал дасам да болар емес. Қия бастырмайды. Ақыры амалым құрып Көпеннің өзін шақырдым көмекке. Өзін болғанда, басынан өткен қызық-қызық хикматта рын. Құдай бергенде, солардың бірі сарт етіп есіме түсе қалсын. Ол былай. Әуелі мына біз әулиедей көріп отырған Көпеннің өзі де сары уыз балапан кезінде атышулы «Ара» журналының қуықтай кабинетінде алғашқы кітабына ат таба алмай қиналған. Содан кәлләсі қаңғырып, мишығы мәңгіріп отырса, қызметтес ағасы, сатираның сардар патшасы Оспанхан Әубәкіров келіп бір жаққа ілестіріп әкетпекші болыпты. «Аға, мен кітабымды бүгін тапсырмас ам, келесі жылдың жоспарынан қалып қоям. Соған ат таба алмай қиналып отырмын» дейді Көпен көзі тұздай, жүрегі мұздай боп қалтырап. Жарықтық Осекең сол арада: «Е, сол да сөз боп па? Ат таба алмасаң «Аты жоқ кітап» деп қоя салмайсың ба?!» деп қапияда жол тауып кетіпті. Көпеннің де көктен ізде гені жерден табылып жетісіп қалады. Сөйтсе, баспаның жоспарын үлкен үйде бекітіп қол қоятын дөй ағасы: «Книга без названия» дегенді баттита сызып та стап: «Әй, мынаның атын неге қоймаған? Атын қойсын» депті. Содан тұңғыш кітабы бәрібір бір жыл кешігіп шықты. Бірақ «Аты жоқ кітап» болса да, аты бар кітаптардың талайынан мойны озық тұрды. Сол жағдай есіме түсіп, мен де Көпен досқа арнаған әуеземе тақырыпты «Аты жоқ мақала» деп қойдым. Алпысында арқырап тұрған Көпеннің келешегі әлі алда. Бұйыртса жасына жас қосылып, ақылы толығып, миы молыға түскен кездерінде аты бар мақала да жазыла жатар.Өзі де алғашқы кітабын атсыз шығарды ғой. Атаққа жеткіз ген де атсыз кітабы. Ендеше, әзірге осы үшбу атсыз әуезені місе тұта тұрсын. Әлқисса, Көпен күлкімен егіз туған, қалжыңмен құрдас, әзілмен әмпәй, сатирамен сырлас. Көпен деген атының өзі күлкінің қан базарына шақырып тұрғандай естіледі. Ал енді «Көпеннің көзі неге шегір?» деген сұрақтың өзі диссертацияға қазық, ғалымдарға азық болғандай. Сол Көпеннің әдебиеттің маңынан, сықақтың саясынан табылғанына рахмет. Өйткені, іштен оқып туған, тұла бойы тұнған талант Көпен басқа бір сүбелі салаға жалт бұрылып кеткенінде қайтер едік. Әсіресе кішкентай кезінде ондай ықтималдықтар болған. Ым-бап. Ішіңіз білсін. Сол жайларды суыртпақтайық. Бала кездегі бір арманы суретші болу еді. Жата қалып сурет салады да жа тады. Оларын «Балдырған» журналы мен «Қазақстан пионері» газетіне жол дайды. «Суретіңнің көркемдігі төмен екен» деген кеудеден итерген хаттарға
тоқтай қояр Көпен бе. Суретті одан сайын құлшынып салып төпелейді. Бір күні «Құрама велосипед» деген сурет салады да, шықсын деген қулықпен қасына екі шумақ түсіндірме өлең жазады. Спортшымыз Арнабек Велосипед құрап жүр. «Сенде рама бар ма?» деп Көрінгеннен сұрап жүр. Жинай-жинай әр тұстан Велосипед құрады. Шықса бірақ жарысқа Орта жолда тұрады. Сегізінші сыныпта осы өлең «Балдырғанда» жарияланды. Сурет жоқ. Соған қарағанда салған суретінен жазған өлеңі өтімдірек боп шыққанын аңғарған Көпен сол күннен бастап негізгі күшті өлеңге бұрды. Егер сол жолы өлеңі басылмай, суреті шығып кеткенде, бәлкім, суретші болып кетуі де кәдіктін. Олай болса, сайдың тасындай сықақшымызды бесіктен белі шықпай жа тып өрем қаптырмай сақтап қалған «Балдырғанға» рахмет. Суретшілігіне қоса Көпен жасында ағаш ұстасы болуды және арманда ды. Жасаған кебеже, тағы басқа заттары ауылда әлі тұр. Қазіргі нарықтың қитұрқысын сол кезде меңгерген ол қазанның қақпағын жасап, базарда сатты. Мұның мәнісі сол: арақтың жәшігі 30 тиын тұрады, бір жәшіктен екі қазан қақпағы шығады, ал әр қақпақ 1 сом 50 тиыннан сатылады. Таза пайда 2 сом 70 тиын. Көпен сөйтіп Компартия кекірік атқан кеңес заманында қып-қызыл капиталист болып шыға келеді. Ұстазы Әбу деген көрші шал. Шегесін жиде ағашынан жасап қағады, бетін білдіртпей тегістеп жібереді. Бұл әдістерін шалдың ақылымен ешкімге айтпай, бәсекенің жолын алдын-ала кесіп құпия ұстайды. Сөйтіп жүргенде Көпен аты ұмытылып, бүкіл Шәуілдірде «Қазаның қақпағын жасайтын бала» атанып кетеді. Шәуілдір үлкен. Халық көп. Келекеле базарға да бармай, қақпақты жұрт үйден әкетіп, әлі толық Көпен емес, көпенше кезінде-ақ тасы өрге домалап тұрды. Бір жағы соның буымен бе, көңілге желік кіріп, махаббат сезімі еліктіріп өзі 10-шы сыныпта жүргенде бір сынып төмен оқитын қызға ғашықтық хатын жазды. Әлгі қыз да жай өле ме: «Бұл Көпен деген кім?» деп құрбыларынан сұрастырып біліпті. Білгесін, «Әй, ана қазан қақпағын жасайтын бала ма, қойшы соны» деп қолын бір-ақ сермеп ті. Шоңқитқан сол сәлем жеткен күннен бастап Көпен ұсталықты тастап, таза өлеңімен қалды. 1999 жылы Мәжіліс депутаттығына үміткер боп Арыс қаласында сайла ушылармен кездесіп жүрсе, баяғы қол сермеген кесір қыз алдынан шықты. Жылы ұшырап, іші-бауырына кіріп барады. 5-6 баланың анасы екен. Жастық шақты еске алып: «Сенің осындай атақты адам болатыныңды білгенде мен сондағы хатыңа басқаша жауап беретін едім ғой» деп күліп жатыр. Көпен де іле-шала: «Жо-жоқ, қайта мақұл демегеніңе мың рахмет. Мені осын дай дәрежеге жеткізген әуелі құдай, сосын сенің «отказың» болды. Саған үйленсем осы күнге дейін қазанның қақпақшысы болып жүрер едім ғой» деп ағынан жарылды. Иә, сөйтіп қазақ қалжыңының бағына Көпенді құдай тағы сақтаған екен. «Көпенге дуа жүрмес» деген сөз содан қалған. Қайтсін, Көпен де пенде ғой. Сол жолы сатираға сыртын беріңкіреп, депутаттың жайлы орынтағына қызыққаны рас еді. Қазақтың ырымын құйттайынан құлағына құйып өскендіктен ұстазы Шерхан Мұртазадан бата сұраған. Ол кісі мұрты өрге шаншыла алақанын жайып: «Ен далада екі түлкі
еменжарқын шүйіркелесіп тұрса, екі-үш аңшы қиқулап кеп қапты. Түлкілер қашып бара жатып бір-бірінен: «Енді қашан көрісеміз?» деп сұрапты, дейді. Бір түлкі сонда: «Мына аңшылардың қиқуы жаман, шамасы біз енді тымақ ба зарында кездесетін шығармыз деген екен. Көпен мырза, сол айтқандай, енді біз екеуміз Парламенттің қан базарында қауышайық. Жортқанда жолың болсын жолбарыстай, Жүре бер жолбарыстай, жолды бастай! Әумин!» деп шумақты аяғына жеткізбей, жарты бата бергесін бе, әйтеуір Көпен сонда депутаттыққа өтпей, жарым жолда қалған. Жолы болғанда саясатпен айналысып кетіп, сатирасы жетімсіреп қалар ма еді? Періштелері бұл жолы да қағып, сатираның сара жо лынан айнытпай алып келе жатқанына шүкіршілік. Әй, бірақ мектеп бітірерде жазған шығармасында «Маркс» деген сөзді тасымалдап екі жолға жазған са баздан қай бір жөндем саясаткер шықсын. Мектеп бітірген жылы оқуға түсе алмай қалды да, соған бола салын суға кетірер Көпен бе, ауылға қайтып келіп, Отырардағы халық театрында әртіс болып алшаң басты. Бейімбет Майлиннің «Жалбыр» драмасында Сайым болыстың, Қалтай Мұхамеджановтың «Қуырдақ дайын» комедиясындағы бас кейіпкер Ережептің, Қанабек Байсейітов пен Қуандық Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай» сазды комедиясындағы Әубәкір ақынның рөлдерінде от тай жанып ойнады. Онымен қоймай, атқа жеңіл телпекпайдың керімен, га строльге шыққанда концерт жүргізуші конференсьенің қызметін де қоса атқарды. Сайып келгенде, бұл да Көпеннің пайдасына шықты. Сол кездегі азулы сықақшы ағалары Асқар Тоқмағамбетов, Шона Смаханұлы, Оспан хан Әубәкіровтердің езу жиғызбас сықақтарын сахнада орындап жүріп өзі де асығын ылғи алшысынан түсірер әзілкешке айнала бастады. Бір күні көрші Шаян ауылының театрында Асекеңнің «Маймұрынға майшелпек» деген сықағын өзінше нәшіне келтіріп айтып тұрса, ешкім күлмейді. Бір сұмдықты сезгендей, жүрегі су ете түсті. Алдыңғы қатарда отырған бір әже: «Әй, әдірем қалғыр, осыдан басқа сықақ жоқ па? Өткен жолғы әртістер де осыны айтып кетіп еді» деп самбырлап айқай салды. Бұл бір Көпеннің көзін ашқан айна лайын айқай болды. Самбырдан сандалып қалған санасында: «Осы мен еш кім естімеген сықақты неге өзім жазып, өзім неге орындамаймын!» деген леп белгілі жалаңтөс ой сап ете қалды. Әмірбектің Көпенін әзілге алып келген жағдайлардың ішінде Шаяндағы со бір әулие әженің әдіремқалғырының да орны бөлек. Хош делік. Өзі Көпен болса, оның бір басының қызығы бәрімізге жетеді. ҚазМУ-де бізден екі саты ілгері, төртінші курста оқып жүргеннің көктемінде «Қазақ әдебиеті» газетінің ұжымы студенттермен кездесті. Жас ақындар мін беге бірінен соң бірі көтеріліп лирикаларын оқып жатыр. Көпеннің де деле бесі қозып, тілдей қағазға «Сартаян Сунақин өлең оқығысы келеді» деп жазып жіберді. Поэзия кешін басқарушы Сұлтанғали Садырбаев ағамыз қағазға бір, залға бір қарап: «Мынаның аты қайсы, фамилиясы қайсы? Өзі армян ба, не мене? Кім де болсаң шық мінбеге» деп хабарлады. Мінбеге шығуының өзін әзілге соқтырып, өтірік аты-жөнмен шақырылған Көпен өлең оқымай жатып жұрт ду күлді. «Көпенге дауа жоқ» деген сөз осыдан қалған. Көпен содан баяғы халық театрында орындаған Қалтай ағаның комеди ясынан үзінді, сосын өзінің екі сықағын оқып берді. Ақындардың арасында оқылған сатираның дәмі кіріп тұрады-ау, шіркін. Сол арада Қалтай ағасы: «Осы оқыған сықақтарыңды ертең маған әкеп бере қойшы, айналайын. Пошымыңа қарасам біртүрлі жылы ұшырайсың, өзі қожа емессің бе?» деді.
«Жоқ, аға, қожамен тек «қо» деген жеріне дейін ғана туыспын. Қоңырат бо ламын» деді Көпен. «Көпенбісің деген!» дейтін сөз содан қалған. Жә, келесі аптада «Қазақ әдебиетінің» сатиралық «Бүйенбай пұшпағында» Көпеннің бір топ сары уыз сықақтары жарқ ете қалсын. Сөйтіп оның сатирасының кіндігін бұдан сәл бұрынырақ «Лениншіл жастың» «Сүзеген сөзіне» шығарып Оспан хан ағасы кессе, енді тұсауын Қалекеңнің өзі кесті. Бұл 1972 жыл болатын. Көпеннің Алматы мен әдебиетті «жаулауы» осылай басталды. Оспанханның өзі бата беріп, аузына түкірді. Тіпті, оспақтың құдайы Осекең «Көпенді Оспанханнан бөтен» дегенің оңбайсың деп салды. Міне құрмет Көпенге! Қатарларына шегір көз Көпен қосылғанына басқа сықақшылар да мәз-дүр. Жас қыранды Жарасқан, Шөмішбай ақындар да мойындауға мәжбүр. Өйткені, Көпеннің көзі шегір болса да, құдай салмасын, жүрген жері ду-ду күлкі, гүл-гүл өмір. Сатираны әркім жазады-ау. Бірақ Көпен әсіресе пародиямен ерекше ленді, қан шығармай бауыздайтын бипаз эпиграммаларымен бөлекшеленді. Қазақ сатирасына жаңа тыныс, өзгеше өрнекті мінез келді, сатираның сыңғырлаған сұлу да сыпайы, астары қат-қабат нәрлі мәдениеті келді. Сықақты Көпенше жазудың төтенше артықшылықтарын оқырман қауым да бірден байқады. Жас емес пе, жігері де мол. Келе «Сатира стадионындағы» жағдайға сараптама жасады, «Сатира» командасының негізгі құрамын анықтады. Сатира федерациясының төрағалығына Асқар Тоқмағамбетовті қойды. Аға жаттықтырушы Темірбек Қожакеев. Қақпашы Садықбек Адам беков. Қорғаушылар: Балғабек Қыдырбекұлы, Сақтапберген Әлжіков, Жүсіп Алтайбаев (капитан), Сейіт Кенжеахметов, жартылай қорғаушылар: Ғаббас Қабышев, Есенжол Домбаев, Оспанәлі Иманәлиев, орталық ша буылшылар: Шона Смаханұлы, Үмбетбай Уайдин, Оспанхан Әубәкіров. Үлгі-пішімі оңтайлы табылған осы эпиграммасы фамилиядан тұрғанымен, қазақ әдебиетіндегі сатира-сықақ саласының жай-күйін сараптап бергендей әсерде қалдыратын. Ойпырмай деймін, сол кезде Көпеннің өзі бұл майтал ман команданың «запастағы» ойыншылар сапына да кірмепті. Ал қазір сати ра «федерациясының төрағалығына да, капитандыққа да, сұрмерген орталық шабуылшылығына да ¬– қайсына қойсаңыз да қарағайдай қасқайып жарап-ақ тұр. Көпеннің 1977 жылы «Жұлдыз» журналына шыққан, ақын Мұзафар Әлімбаевқа арнаған эпиграммасы әлі күнге есімізде. «Минерал су құрамы мыналардан тұрады. Мұзағаңның құрамы мыналардан тұрады» Осындағы Көпен күлкісінің құдіреті сонда, натрий, кальций, хлор, грамм, процент де ген сөздерді де шуақты әзілге, әдеби жанрдың әбзелді сөз, әдемі бұйымына айналдырып жібереді. Көпеннің болмаса, адамның миына келмейтін нәрсе. Мұзағаңды бұтарлап, жіліктеп, шығармашылығындағы лирика, мақал-мәтел, жұмбақ пен жаңылтпаш мөлшерін пайызға шағып саудыратып алдыңызға жайып тастайды. Сондағы ең бір ғажабы, Мұзағаңның образы, әдебиеттегі бітім-болмысы көз алдыңызда қолмен қойғандай қаздиып тұра қалады. Өңшең ығай мен сығай Көпеннің пародия-эпиграммаларының азығына, арқауына, кейіпкеріне айналды. Қалтай Мұхамеджанов, Шерхан Мұртаза, Тұманбай Молдағалиев, Ғафу Қайырбеков, Қадыр Мырзалиев, Мұқағали Мақатаев, Олжас Сүлейменов, Мұхтар Шаханов. Айтып тауыса алмаймыз. Пародиядан соң пародия, эпиграммадан соң эпиграмма, сықақтан сықақ, кітаптан кітап туындап жатты. «Аты жоқ кітап», «Алып», «Тілім қышып барады», «Қысыр әңгіме», «Ауызбастырық», «Мың бір мысал», «Неменеңе жетісіп күлесің?»,
«Өзіңді танисың ба?», «Із», «Көкемнің көзі», «Көпен келе жатыр!..», «Па, шір кін, пародия!..», т.б. сатиралық жинақтары қазақтың күлкі сүйгіш қауымымен, Абай атамыз айтпақшы, қытықсыз араласып кетті. Ал енді бұ жалғанда қытықсыз араласудың һас шебері Көпен екен. Олай дейтініміз, баяғыда «Қазақстан» телеарнасында «Қымызхана» әзілсықақ бағдарламасы шыққанда, одан соң «Тамаша» ойын-сауық отауы бой көтергенде солармен Көпен бір үйдің баласындай біте қайнасып, бір бүтіндей бірлесе қалыптасты. Авторларының ішіндегі белдісі де, белгілісі де өзі болды. Жас сатириктердің Москвада өткен бүкілодақтық кеңесінде жүлделі болған тағы біздің Көпен. 1980 жылы «Ара» журналында Қазақстанда 1929 жылы 1 миллион 600 мың болған түйе түлігінің мұңын мұңдап «Түйенің қай жері түзу?» деп жазған мақаласы үшін министр Моторикодан алғыс естіп, журна листика саласынан тағы лауреат атанған да Көпен еді. «Егеменде» де біраз екпіндеген. Ойпырмай, таза журналистикамен кетсе, бізге нан жегізбейтіннің нағыз өзі екен. Әйтеуір, «Қазақ әдебиеті» газетіндегі сырлы сұхбаттары, тұшымды толғаныстары, «Ара» журналын қайта жандандырған қайраткерлігі үшін Президент Грантын алған соң саябырлап тоқтады ғой қайта... Бұл Көпеннің 50-ге толып еліне барғаны да бір қызық. Сол кезде еш жерде жұмыс істемейтін еркетотай-тын. «Көпен келе жатыр!..» деген өзінің театрға бергісіз әзіл-сықақ тобын құрып, республиканың о шеті мен бұ шетін шиыр лап жүрген шағы болатын. Тобыңыз не, бұрынғы Біржан салдар мен Ақан серілерге ғана айтылар «Бір өзі – бір театр» деген орайлы бағаны мархаматты министр Мұхтар Құл-Мұхаммедтің Көпеннің қара басына құндыз бөріктей кигізіп беріп салған шағы болатын. Бірақ бұл атақ ресми болмағандықтан, визиткаға жазуға жарамайды. Қайран Көпен бұл тығырықтан да жол таптыау. Сонда Шымкент, Шардара, Сарыағаш, Отырар, Бәйдібек, Түркістанда сүрініп-қабынған қалың елге таратқан визиткасына «Көпен Әмірбеков атындағы сыйлықтың лауреаты Көпен Әмірбеков» деп жазды. «Көпеннің тап пайтыны жоқ» деген сөз содан қалған. Тапқаны рас. Е, бұл пақырда өзі атақты сатирик бола тұра өз атындағы сыйлықтан басқа дәнеңе жоқ екен ғой деп, көп ұзамай Көпен-әкәнің төсіне «Парасат» орденін қадады, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды. Шынымен де, қазіргі тапқырбектер мен айтқышбектердің атасы Қадыр болса, ендігі әкесі Көпен боп бара жатқаны ол да рас. Әбдіраштың Жарасқаны 50 жылдық мерейтойын Республика Сарайында өткізіп жатқан. Әттегене, өзімнің сатирик екенімді ұмытып кетіппін-ау деп, құттықтаушылар тізімі не аяқ астынан Көпен досын кіргізді. Ол болса көп көрерменің бірі ғана боп дайындықсыз келген. Той жақсы басталып өтіп жатыр. Жарасқан ақынның сөзіне жазылған әйгілі әндер, теңіздей толқыған поэзиясы. Біреу телевизор, біреу картина, біреу кілем сыйлап, шапан жабылуда. Халық әртісі Асанәлі Әшімов «Қыз Жібек» фильмінде қолданылған қастерлі жәдігер – Бекежанның садағын сыйлады. Соларды көріп жүрегі шайлыққан Көпен: «Аяулы досқа менің тартуым не болмақ?» деп қобалжыды. Ақыры, тапты! Сол арада, басаяғы он-он бес минут ішінде әдемі әзіл өлең туды. Жан дос Жарасқаннан аяр түгім жоқ. Бірақ үй сыйлайын десем, үйің бар. «Волга», «Жигули», «Моск вич», «Запорожец», «Иномарка» да сыйлар едім... Бірақ... Жарасқан-ау, сен ертерек шошынба, Мұндай сыйлық сыйлай алмас досың да. Автомобиль тез тозады, Тозбайтын
«Авторучка» әкеп тұрмын осында! – деп жол тауып кеткен Көпенге де Республика Сарайындағы мыңдаған көрермен сонда қошеметті көп көрсеткені есімізде. «Ең үлкен сыйлық сенікі болды, Көпен, қаламгерге қаламнан артық не керек!» деген разылық сөзі басқа емес, нақ сол кеште жыр тұмасы Тұманбай Молдағалиевтің аузынан шығып еді. 1991 жылғы тамыз бүлігінің қаһарманы Нұрмахан Оразбек ағамыздың мерейтойында: «Ерлік жасап, ел аузында батыр атанғаныңыз үшін әуелі Ле нинге, Коммунистік партия мен Совет өкіметіне, ГКЧП-ға рахмет айтыңыз. Солар болмаса сіз кімдерге қарсы күресер едіңіз, ерлікті қайтіп жасар едіңіз?» деп жиылған жұртты қыран-топан күлдірген де Көпен болатын. Осы биыл журналистердің ұстазы Әбілфайыз Ыдырысов ақсақалдың 80 жылдық сал танатында Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин: «Мен туған жылы Әбілфайыз аға КазГУ-ге оқуға түскен екен» десе, ҚазҰУ ректоры Бақытжан Жұмағұлов: «Мен туған жылы Әбілфайыз аға КазГУ-ді бітірген екен» деп жалғастырды. Сөйтсе Көпен шығып: «Ал мен туған жылы Әбекең ұстазым не істеді десем, мен туған жылы ол кісі Заря тәтеме ғашық болып жүрген екен ғой» деп жиылған жұртты мәз қылып, басталған әңгіменің бәденді леп белгімен нүктесін қойды. Міне, Көпен осылай. Қай жерде де тауып кетеді, алмас кездіктей асыл сөзімен жарып шығады. Ғабең – Ғабит Мүсірепов Ғафу Қайырбековтің дес бермес қара тіліне сүйсініп: «Ғафудың тамадалығының өзіне Госпремия беруге болады ғой» дейді екен. Сол айтқанға орайласақ, Көпеннің де асабалығы – бір вагонға жүк, әртістігі – бір театрдың мүкәммалы, айтып тастайтын әрбір сөзі – бір қаралық. Көпеннің бір жақсы жері, өзіме ғана болсын демейді, ұстаздарын да ескере жүреді. Оспанханның 60 жылдығын Республика Сарайында, 70 жылдығын Ал маты облысының әкімі Серік Үмбетовтің ықыласымен туған жері Ұзынағашта дүрілдетіп өткізуге мұрындық болды. Үмбетбай ағасы жөнінде сыр-сұхбат кітабын жазып шықты. Мерейтойлары тұсында Асқар Тоқмағамбетовтің, Шона Смаханұлының бір-бір томдық кітаптарын шығаруға ат салысты. Ал өзі болса «АраKZ» саяси қоғамдық сатиралық журналын шығарумен бірге Қазақ радиосы басшыларының бірі болып жемісті еңбек етіп жүр. Жай жүрген жоқ, «Жұма сәлем» деген өлең мен қара сөз аралас, қоғам түйткілдерін толғайтын кітап жазып жүр. Атын Көпен деп әжесі қойыпты. «Осы не мағына береді?» деп «Қазақ есімдері» деген кітапты парақтаса, көпен деп жал-жал боп шабылған шөпті айтады екен. Он шақты көпен жиылып көпене болады. Он шақты көпене – шөмеле. Сонша шөмеледен мая құралады. Үйдің тұңғышы болғасын алғашқы орым шөп деп ырымдап әжесі атын Көпен қойған екен-ау. Қазір 82-ге келіп, тұңғышының алпысын тойлағалы отырған шешесі Жұлқар 10 құрсақ көтерген ардақты ана, бір әулеттен тараған мая-мая ұрпақтың саялы әжесі. Көпен соның алғашқы дестесі және ең көркем кестесі. Сонымен бірге Көпеннің елге етіп жүрген еңбегі де, шұрайлы шығармалары да, жұртына шаттық сыйлаған әзіл-күлкісі де мая-мая. Көпеннің өзі, Шерағаңның сөзімен айтқанда, қазақ халқына керек тұлға. Қорғанбек АМАНЖОЛ
САТИРАНЫ САУДАҒА САЛУҒА БОЛМАЙДЫ ал тоқалды тоқ адамдар алады... Бүгінде «қазақ сатирасы әлсізденіп бара жатыр» деген пікірді ай тып қалатындар бар. Демек бұл жағдай осы саланың өзіндік проб лемасы бар екенін көрсетеді. Осыған орай, біз белгілі сатириктердің бірі, «Ара» сын-сықақ журналының бас редакторы Көпен Әмірбек пен арнайы кездесіп, аталған мәселелер төңірегінде әңгімелескен едік. САТИРАЛЫҚ ЖАНРДЬІ ЕШТЕҢЕГЕ АЙЫРБАСТАМАЙМЫН – Қазақ сатирасының хал-ахуалын соңынан түгендей жатармыз. Сатирик Көпен Әмірбектің бүгінгі қал-жағдайы қалай? – Қазіргі жағдай аса таяқ ұстап, қой айдаған қойшының күні секілді. Ақ таяғымыз – қалам, қойымыз — ой, қоғамдық ой, әлеуметтік ой. Бір данышпан: «Ер азамат елуге келгеннен кейін өзінің жағдайынан гөрі, елдің жағдайына ойысып, қалың ойдың қатпарында болады» деген екен. Мұны 20-30 жаста, сана сезіміміз піспеген кезде бұл өтірік, жалған ұран, құрғақ павос деп ойлайтынбыз. Ал азамат елуге келгеннен кейін расында да, елдікті, мемлекеттік құрылымды, жалпы қоғамдық қомақты ойлардың ұрығы өзіңнің бойында болғаннан кейін өздігінен пісіп, өніп шығады екен. Өніп шыққан тұқымды мәпелеп өсіріп, оның жемісін көру — өзіңе байла нысты. Армяндардың бір мақалы бар «тоғызыңда қаңдай болсаң, тоқса ныңда сондай боласың» деген. Сол айтпақшы, осы өнер, осы әдебиет, осы мәдениет өзіміздің сүтпен бірге сүйекке сіңгеннен кейін соны айналдырып жатқан жайымыз бар. Мен сатиралык жанрды қандай жағдай болмасын, басымызға қара бұлт үйірілген күңде де, небір қиын қыстау кезеңдерде де, тіпті, аш құрсақ болып бұратылып жүрген күннің өзінде де ешнәрсе ге айырбастаған емеспін. Әлі де солай. Өйткені, оған деген махаббатым биік. Бір сөзбен айтқанда, жанр менің жарым. Сол жарымнан небір ұла ғатты ұрпақ көріп келемін. Ол ұрпақ — шығарма. Ал шығарманың аты — біздің баламыздың аты. Менің15 шақты сатиралық кітабым бар, бейнелеп айтқанда, сол 15 баланың әкесімін деуге болады. Дегенмен қазір өмірдің көлеңкелі жағынан гөрі, күнгей жағына, сәулелі жағына, шуақты тұста рына көбірек мән беріп, бүгінгі уақыттағы үлкен-үлкен түбірлі де дүбірлі қоғамдық құрылыстарға қаламымменен ат салысып, сол қалам арқылы өзімнің қабырғалы ойларымды жеткізіп, қоғам қайраткерлеріменен, өнер жұлдыздарыменен, қысқаша айтқанда, алты алаштың аузында жүрген ат
пал азаматтардың айтары бар, аузының желі бар, есімі ерекше тұлғалар мен сұхбаттасып, солардың ойы арқылы жастарға тәрбиелік мән беретін дей, журналистика саласында көбірек қалам тербеп жүрмін. – Қазақ сатирасында қандай жағымды жаңалық бар? – Қазақ сатирасының ең ерекше жаңалығы — бүгінде бұл жанрдың өрісін ұзартып, керегесін кеңейтіп, әлемдік деңгейге дейін шығарамыз ба деген үлкен ойдың үстінде жүрміз. Өйткені, бүгінгі кез-келген сын-сықақ отаулары бір-бірінен аумай кетті. Оларға күле қарап, тырнақ астынан кір іздеп, отырған ештеңеміз жоқ, бірақ, осыны біз қайткенде биікке шыға рамыз, біздің қазақ халқы қалжыңға бай халық қой, осы байлығымызды көрсете алмай жүрміз-ау деген ниетпен халықаралық Күлкі фестивалін ұйымдастыру қамындамыз. Алматыда 10-15 жылдан бері «Азия дауысы» атты ән фестивалі, ал Астанада «Шабыт» фестивалі жыл сайын өтеді. Ол шараны көрермендер асыға күтеді. Болгарияның Габрово деген қаласын да жыл сайын дүниежүзілік сықақшылар конкурсы ұйымдастырылады. Америкадан, Жапониядан, Германиядан, Түркиядан — бүкіл дүние жүзі нен әзілқойлар жиналады. Онда сатираның барлық жанрлары қамтылады, тіпті, карикатура салысындағы қылқалам шеберлеріне дейін қатысады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың экономикасы дамыған елу елдің қатарына қосыламыз деген бағдарламасын оқығаннан кейін, бізге эко номикамызбен ғана емес, неге өзіміздің өнерімізбен, әдебиетімізбен, мә дениетімізбен іргелі елдердің қатарына қосылмасқа деген ой келді. Осы ретте Ақтау қаласында жыл сайын шілде айында «Күллі әлемнің күлкісі» атты тақырыпта халықаралық сықақшылар фестивалін өткізетін болып келістік. Оған Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев үлкен қолдау көрсетіп отыр. Басқа да демеушілердің шарапаты тиюде. Күлкі жәрмеңкесіне Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Татарстаннан, Мәскеуден, Кавказдан, Монғолиядан, яғни, — бүкіл ТМД елдерінің сатира саласын да жүрген барлық сықақшыларының басын тоқайластырып, орыстардың «Юрмала» дәстүрлі сықақшылар фестивалі секілді жәрмеңкені біз Қазақс танда тұңғыш рет өткізгелі тұрмыз. Байқаудың мақсаты — шет ел әзіл сықақ майталмандарының өнерлерін республика көрермендеріне тарту ету, сатиралық жанрда қалам тербеп жүрген қаламгерлердің шығармала рын кеңінен насихаттау, жас қалам иелерінің сатиралық шығармаларға деген ықыласы мен сүйіспеншілігін арттырып, шабыт беру, республика көлемінде сатира жанрының одан әрі дамуына ықпал ету. Мұның ереже лері, бағдарламалары жасалынып бітті, енді жақын арада баспасөз бетінде жарық көретін болады. Бұл не үшін қажет? Бұл ең мықты, ерекше сати ралардың үлгісін көрсетіп, соны БАҚ құралдары арқылы көпшілік көрер мендерге тарту ету үшін керек. Күлкі жәрмеңкесінің басы-қасында қазақ баспасөзіңде 90 жылдық тарихы бар «Ара» сын-сықақ журналы да бар. Соның 90 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Бұның демеушілері — Маңғыстау облысының әкімшілігі, осы «Ара» журналы, сондай-ақ, Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі. Алғашқыда, әрине кемшілік болатын шығар. Біреу құлақтанар, біреу құлақтанбас. Негізі өнер ошақтары Алматы мен Астанада, ал неге соны Қазақстанның қара мұнайын ағызып жатқан Маңғыстауда көрсетпеске? Бұл Батыстық кө рермендерімізге үлкен олжа және қкуаныш. Менің қазіргі жұмысым осы шаралармен тікелей байланысты. Бұны әлі ешкім естіген жоқ. Әзірге біз
жұртқа құлаққағыс есебінде, болайын деп тұрған тірлік болғаннан кейін ертерек жүрекжарды қуанышымызды сіздердің «Жас қазақ үні» газет теріңіз арқылы жариялап отырмыз. Байқауға қатысушылар өз бағдарла масына әзіл, сықақ, скетч, интермедия, пародия т.б. толып жатқан сықақ жанрларын көрсетеді. Бұның негізгі тақырыбы: ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлық, парақорлық, нашақорлық, есірткімен айналы су, маскүнемдік, жезөкшелік, ана тілінің қазіргі жағдайы, бала тәрбиесі секілді жалпы қоғамдағы келеңсіз жайлар мен көлеңкелі көріністер қоз ғалады. Фестивальді қорытындылап, жеңімпаздарды анықтау үшін өнер қайраткерлері мен танымал сықақшылар, театр қайраткерлері мамандары әділ-қазылық етеді. Жеңімпаздарды марапаттауға «Оспанхан Әубәкіров атындағы», «Шона Смаханұлы атындағы», «Қалтай Мұхамеджанов атын дағы», «Серке Қожамқұлов атыңдағы», «Қалибек Куанышбаев атындағы» жүделер, сондай-ақ, облыс әкімінің арнайы сыйлығы беріледі, Тапқыр лығы үшін «Тазша бала» шешендігі үшін «Жиренше», алғырлығы үшін «Алдар Көсе» т.б. осындай-осындай көптеген сыйлықтар тапсырылады. Егеменді ел болғаннан кейін өзіміздің қарым-қабілетімізді көрсету үшін осы шараға мұрындық болып отырмыз. Менімше, мұның өрісі кеңейеді. Өйткені, күлкіні сүймейтін халық жоқ. Қазір қазақ елінің абыройы, мәрте бесі бүкіл дүние жүзіне танылды, Елбасымыз танытты. Сондықтан біздің күлкіміз басым болуы тиіс. Күлкісі басым елдің мысы да басым. Ол Ақ тау көлемінде ғана қалмайды, болашақта бұл фестивальдің аясы кеңейеді, өрістейді. Тек оған еңбек ете білу керек. ҚАЗІР ӘРТІСТЕРІМІЗГЕ ШЕЙІН САТИРИК БОЛЫП КЕТТІ олардың діттегені — күлкіні күнкөріске айналдыру – Бүгінде қазақ сатирасына баға бергіштер «сатира жоқ!» деп кесіп айтатын болды. Әсіресе мұны сын-сықақ театрларының актер лерінен жиі естиміз. Сондай-ақ, басқа басқа емес, бұл сіздің де аузы ңыздан естіліп қалып жатады. Сатираның қамқоршысы деп жүрген Көпеннің өзі осыны айтса, басқаларға не жорық? – Болмашы арзан күлкілерді сатира деп есептеуге болмайды. Мен са тира жоқ деген емеспін. Сатираның салмағы жоқ. Мысалы, малды етке өткізетін кезде, оны бордақылаймыз ғой, сол сияқты пәленбай малымыз болғанмен, салмағы болмаса оның керегі не? Әңгіме салмақта! Малымыз ды сатира деп есептейтін болсақ, бізде бордақы, салмақты сатира жоқ. Жеңіл-желпі, жел сөзге құрылған желөкпелік арзан күлкілерді алтынға бағалағанымыз жөнсіз. Оның керегі қайсы, кебегі қайсы, бүгін сол кебегін көбірек көрсетіп жүрміз. Ал кебекте дән бола ма?.. Сондықтан оны елек тен өткізу керек. Оны елейтін — ел. Кезіндегі Асқар Тоқмағанбетовтің сатирасындай қазір кім жазып жүр? Қызыл империяның қылышынан қан тамып тұрған кезде де шымшымалармен шаққан Шона Смаханұлыдай сатирик бар ма Сол кезде олардың орнын басқан Оспанхан Әубәкіров са тираны биікке көтеріп кетті. Қазір сатираның ақсақалына айналып қал ған Сейіт Кенжеахметов, Ғаббас Қабышұлы, Үмбетбай Уайдин, Қажытай Илясұлы, Мыңбай Рәш, Толымбек Әлімбекұлы секілді сықақшыларымыз, жастардан — Ермахан Шайхы, Алпысбай Боранбайұлы, Жұман Құрман
ғалиев, Төрежан Мәндібаевтар таза табиғи қалпымен сатира жазып жүр. Бұлар тұрғанда сатира жоқ деп айтуға болмас. Бірақ әркім әліне қарай ша бады. Тіпті, қазір ана жерден, мына жерден оқып, естіп алғанын сатираға айналдырып алған әртістеріміз де сатирикке айналып кетті. Олардың діт тегені — сатираның көсегесін көгерту емес, сатираны талшық ету, көркем дүниені көже қатық ету, күлкіні күнкөрістің қамына айналдыру. Ал аты аталған сықақшыларымыз ешқашанда олай етпейді. Міне, біздің сати рамыздың жегі құрты, тамырын қиып жатқан — осы. Асыл дүниемізді, ақжарқын күлкімізді арзандатып жіберді. Сатираны саудаға салуға бол майды. Қазір актерлер «сықақшылар жазбайды, сосын өзіміз жазатын болдық» деп айтып жүр. Бұл не масқара?.. Бұл тоқтай ма, тоқтамай ма, білмеймін. Себебі, олар сатираның әдіс-тәсілдерін кішкене үйреніп алған да, көрермендерімізді бос, ыржақай күлкіге, әзілге үйретіп алды. Ал үл кен қоғамдық ойы бар, әлеуметтік мәселелерді қозғаған әзілді айтсаңыз, көрермендер онша қабылдамайды. Оған әлі дайын емес. Неге? Себебі, біз, сықақшылар оған дайындап үлгере алмадық. Сатира жоқ дегенде, біз сал мақты сатираның жоқтығын айтып отырмыз. ЕСІНЕГЕНГЕ ДЕ ЕЛІКТЕЙТ1Н ТЕАТРЛАР ОҢА МА?.. – Қазір бізде әзіл-оспақ театрлары көп, бірінен кейін бірі ашылып жатыр. Бұлармен байланыстарыңыз қалай? Сізге сатиралык қойы лым жазып беруді өтінгендер бар шығар?.. – Қазір әр театр жеке-жеке болған соң, өзі би, өзі қожа, өзі автор, өзі режиссер, өзі кассир, өзі бухгалтер. Бәрі солай. Маған тіпті жазып беріңіз деген ұсыныс былай тұрсын, біз осындай қойылым қойып едік, соны көріңізші, пікіріңізді айтыңызшы деп жатқан бірде-бір актерді кезіктір ген емеспін. Ақтөбенің «Екі езу» атты әзіл-сықақ театры алғашқы кез де бізді ұстаз тұтып, «осындай дүние дайыңдап жатырмыз, соған бата беріңіз, көріңіз» деп бізден ақыл-кеңес алып тұрды да, кейіннен өз қолы мыз өзіміздің аузымызға жетті, қанатымыз қатайды, еңді бізге ешкімнің керегі жоқ дегендей тоқмейілсу байқатып алды. Әлі қызылшақа театр дың өзі осылай болғанда, басқаларына не шара? Олар өздерін «Шаншар мен», «Бауыржан шоумен», «Терісқақпаймен» салыстырады. Біз солардан кембіз бе деп, соларға еліктеп, өздері жазатын болды. Есінегенге де елік тейтін театр оңа ма?.. – Сіз «Ара» сын-сықақ журналының қазіргі басшысысыз. Ілгері де онда жарияланған фельетон мен сыни мақалалардың арты аяқсыз қалмайтын. Әйтсе де, «Араның» бүгінгі деңгейі калай? – «Ара» журналына 90 жыл толды. 1915 жылы алғаш жарық көргенде тұңғыш редакторы Бейімбет Майлин болды. Үш жыддан кейін жабылып қалды. 1925 жылы жарты жылдай шығып, Жүсіпбек Аймауытов редактор лық етті. 1932 жылы Ілияс Жансүгіров басшылықты атқарғанда екі-үшақ нөмірі шықты. 1956 жылы қазақша-орысша «Ара-Шмель» деген атпен оқырмандармен қайта қауышқаңда, оның редакторы Ғабит Мүсірепов бо лып, кешегі тәуелсіз алған жылдардан кейін қайта жабылды. Мұның енді шыға бастағанына төртінші жыл. Қазір «Араны» ел аңсайды, халық баяғы «Араны» көргісі келеді. Оспанхан ағамыздың бір қанатты сөзі бар «Ара»
ара болады, шаққан жері жара болады» деген. Бүгінде барлық баспасөз «Ара» журналына айналып кетті. Кеңестік кезде жалғыз «Ара» биліктегі лердің көпшілігін сын садағымен ұшырып түсіретін. Бүгінде ол көп бас пасөздің ішінде, көп қосақтың арасында қалып қалғаны өкінішті. Қалтай Мұхамеджанов «Арада» редактор болған жылдары «Ара» жабылады» дегенді естігенде: «Араның» жабылғаны — қазақ сатирасының қара жа мылғаны» деген еді. Сондықтан қазақ баспасөзінде 90 жылдық тарихы бар басылым жабылмай, қайта насихатталу қажет. Қазіргі жастар «Ара ның» бар екендігінен де бейхабар. Ол орта жастағы, одан жоғары ақсақал, қырмасақал оқырмандардың көкейінде қалып қойған. Сондықтан бүгінгі жастардың жүрегінің төрінен орын алу үшін «Араға» араша түсу қажет. Таралым аясын кеңейту уақыт күттірмейтін мәселе. Ерте кезде ол Орта лық партия комитетінің саяси сатиралық журналы болды. Жарияланған өткір фельетондар аяқсыз қалмайтын, кейіпкеріне шара қолданатын. Ал қазір жазып жатырсың ба, жазбай жатырсың ба, оны қарап, бағалап жат қан ешкім жоқ. Бірақ қазақ баспасөзінің ортасынан ойып тұрып орын ал ған «Ара» журналы осы «Күллі әлемнің күлкісін» ұйымдастыруға ұйытқы болу арқылы, өзі де көтеріліп, үлкен абыройға және жарнамаға ие болып, бағы жана ма деп отырмын. Өйткені, бұл аз насихатпен шектеліп отырған басылым. Халықтың көбі кездесіп қалғанда: – «Ара» шығып жатыр ма, неге дүңгіршектерде тұрмайды?» дейді. Бұның шығып отырғанынан көп адам хабарсыз. – Қазақстан Жазушылар одағының жанында сатира қауымдас тығы бар екен. Бұл кеңестің негізгі мақсаты не? – Бұл — сатириктердің топтасып, ақылдасып отыратын Күлтөбесі. «Күлтөбенің басында күнде жиын» демекші, біздікі күнде болмаса да, айында-жылында сықақшылардың басы қосылып, шүйіркелесіп қалатын жер. Бұны марқұм Темірбек Қожакеев көзі жүмылғанға дейін жүргізді. Құрған да сол. Сықақшылар индейстер қауымы секілді әр-әр жерден са дақ атып, бытырап жүрген халық қой. Сол әр бұтаның түбінде бұғып-бұ ғып жүргендерді жинап аламыз да, сатираның садағын қалай ату керек, қай жерде қалай жату керек, осы туралы кеңесеміз. «Қарғаның қарқ еткені өзіне қуаныш» деген мақал бар, сол сияқты өзіміз ананы істеуіміз керек, мынаны жасауымыз керек деп ақылдасып, сол жерден рахаттанып қайта мыз. Мүның жақсы жағы — басымыз қосылып, көңіліміз көтеріліп қала ды. Бірақ кауымдастыққа қаржы боліп, біздің жағдайымызды жасап, аузы мызға су тамызып отырған ешкім жоқ. Дегенмен өзімізбен өзіміз кеңесу арқылы үлкен ұлағатты ұлы істер істеліп кетуі мүмкін. Ол ақы бермейді, ақыл беретін жиын орнымыз. «Күллі әлемнің күлкісі» атты үлкен жоба ны осы жерде кеңесе отырып шешкен болатынбыз. Бірақ жиынға әзілоспақ отауларындағы театр басшыларын шақырсақ, ешқайсысы келмей отыр. Бір-ақ рет «Тамашаның» режиссері Лұқпан Есенов келді. Бірді-екілі әртістер келді. Сосын ойлаған шығар, біздікі жеке отау, олардың жұмы сы қанша деген секілді басқа тірлікпен кетіп қалды. Біз оларға салмақты сатира болсын деп отырсақ, олар келмейді. Әр елдің менталитеті әртүрлі ғой, мына Францияда болатын нәрсе болады. Америкада болмайтын нәрсе болады. Германияда болмайтын нәрсе болмайды. Ал біздің қазақтарда ше, болайын деп тұрған нәрсені болдырмаймыз ғой. Біріміз ары, біріміз бері сүйрейміз.
«КӨПЕН КЕЛЕ ЖАТЫР» ТЕАТРЫ ӘЛІ ТОҚТАҒАН ЖОҚ – Осыдан біраз бұрын «Көпен келе жатыр» дел сахнаға жиі шығу шы едіңіз, кейінгі кезде халық: «Көпен келмей қойды» дейтін болды. Бұл жеке театрдың жабылғандығының сыры неде? – Мен өзімнің бүкіл қарымымды, қуатымды осы «Көпеннің күлкісіне» берген болатынмын. Айтайық, осыдан екі жыл бұрын Астанадағы Конг рес хол сарайыңда «Көпен келе жатыр» деген қойылымды сахналадық. Бірақ ол көп телеарналардан көрсетілген жоқ. – Неге? – Қаржыға байланысты. Біріншіден, әрбір эфир сатулы, жеке театрың болғаннан кейін оған қаржы бөлуің тиіс. Жалғыз «Рахат» телеарнасы ғана түнгі екі-үштен кейін көрсетіп тұрды. Оны қайбір қазақ көріп оңады? Де генмен соңғы екі-үш жылдың ішінде облыстарда, қалаларда, іргелі аудан дарда «Көпен келе жатыр» деп театрды қойып жүрдім. Бұл әлі тоқтаған жоқ. Алла жазса, алдағы күзде, Өмірбек Жолдасбеков атындағы студенттер сарайына қою үшін үлкен бағдарламаны дайындау үстіндеміз. Оған қанша қаржы болса да, тауып, төлеп, телеарналардан көрсету мақсатында жұмыс істейміз. – Сіз телевизиялык бағдарламада екі әйел алуды қолдаған едіңіз. Бұрынғы апаәжелеріміз шалдарының қанын тазарту үшін тоқалды өздері әперген деседі. Сіздін үйдегі жеңгейдің де «мәрттігі» тасып то қал алып берем деген ниеті жоқ па? – Жоқ. Өйткені, біздің қоғамда ондай психологиялық қөзқарас қа лыптаспаған. Мен кейіннен ойландым, анау тоқал алыпты, мынау тоқал алыпты дегенді естіп жатамыз, бірақ қарасаң, барлығы ақшасы тасыған кісілер екен. Сондықтан тоқалды тоқ адам алады. Қазақстанда тоқ адам аз. Тоқал алғаннан қазақтың демографиясы дамымайды, қайта, аналарға, балаларга мемлекеттік деңгейде жағдай жасалса, қазақтың саны 2015-те 20 миллионға жетеді. Қытайда «тума» деп шектеу қойғанның өзінде жы лына 15 миллион бала туатын көрінеді. Бұл халықтың көптігінен шығар. Ал кішкентай ғана шағын Кувейтте бір бала өмірге келсе, 25 мың доллар береді екен. Бірақ оның әке-шешесі араб болуы тиіс. Егер де оның шешесі, не әкесі басқа ұлттан болса, ол берілмейді. Міне, ұлтқа деген өздерінің жанашырлығын осыдан-ақ аңғаруға болады. Егер бізде әр балаға 13 мың теңге емес, осындай қомақты қаржы бөлетін болса, халқымыз баяғыда-ақ өркендеп кетер еді. – Елудің алтауына келіпсіз. Қазақта «Елуге жеткенше авторитет ке қызмет ету керек. Ал елуден соң авторитет сізге қызмет етеді» де ген әзіл-шыны аралас сөз бар. Сол секілді бір басыңызда үш көлік барына қарағанда, авторитеттен кенде емес сияқтысыз... – Баяғыда көлік міну деген мақтаныш еді. Қазір ол мақтаныш емес, ол — күнделікті шаруаңды тез тындыратын ат. Алматыда көліктің көптігі көк түтінінен-ақ байқалады. Ол беделді білдірмейді, тек қажеттілік қана. Менде елуге дейін атақ болған жоқ. Тіпті, елуге келгенде істеген жұмы сым да болмапты. Пәленше сыйлықтың лауреаты немесе пәленше ғы лымдарының докторы, академигі деген жалған атақтар да жоқ екен. Бір де «визитный карточкамның» беті бос тұрмасын деп «Көпен Әмірбеков
атындағы сыйлықтың лауреаты — Көпен Әмірбеков» деп жазып, астына өзімнің телефонымның нөмірін белгілеп қойдым. Сөйтіп жұртқа таратқа нымда, бәрі күлді. Сол атақпен бір жыл жүрдім. Кейіннен Президент гран тын және Халықаралық «Алаш» сыйлықтарын берді. Бізде атақ үшін жұ мыс істейтін қаламгерлер көп. Керек десеңіз, оларды халық танымайды. Атақ деген пендешілік-ау деймін. Өйткені, құдіретті күйші Құрманғазыға «Қорқыт атындағы сыйлықтың лауреаты Құрманғазы Сағарбаев» десек жараса ма? Жараспайды. Немесе қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқов кімнің атағын алды? Ешкімнің атағын алмай-ақ, халық өзі бағалаған жоқ па? Қазір Халықаралық Шәмші Қалдаяқов фестивальінің лауреаты деген атақты өнер жұлдыздары алып жүр. Және оған таласады. Сол Шәмші ешкімнің лауреаты болмай-ақ, ешкімнің атағын алмай-ақ Шәмші болып кетті ғой. Сондықтан біреудің атын жамылып қаламгер болғанша Көпен Әмірбеков атындағы сыйлықтың лауреаты деген дұрыс шығар. БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫМЕН ШАРАП ІШКЕНІМЕ ӨКІНЕМІН – Сізбен кездесер алдында «қазақтың біртуар ұлы Бауыржан Мо мышұлының артынан сұхбат аламын деп үш күн жүгіргенім бар» деп айтып қалып едіңіз. Осы жайлы тарқата айтсаңыз. – Мен сұхбат алатын кезде ол кісінің қолы тимеді. Сонда үш күн жүгіргенім рас. Ол кезде 25-26 жаста едім. Үш күн қатарынан қоймай бар ған соң, «таңертең, сағат ондар шамасында кел» деді. Бардым. Барсам, көңіл-күйі жоқ, аяғын столдың үстіне көтеріп қойып, демалып отыр екен. Маған бір қарады да: «Ана тұрған виноны әкеліп құй!» деді. Екі үлкен ке сеге құйдым. Тартып жібер деген сыңай танытқан соң, ішіп алдым. Баукең қанша ішсе, мен сонша ішемін деп сыпайылық сақтап отырған болатын мын. Жәй көз қиығымды салсам, бәрін ішіп қойыпты. Мен де тауыстым. Сосын отырып едім, «Встат, тағы біреуін алып кел!» деді. Тағы да әкелдім. Екінші жолы да рюмкіге толтырып құйдым. Бұл жолы ол жартысын ішті, мен де жартысынан кейін тоқтай қалдым. «Ой, жақсы болды ғой, Бауыр жан Момышұлымен мен шарап іштім, дәмдес, тұздас болдым, екеуміздің әңгімеміз жарасатын болды ғой» деп, — Ал аға, екі-үш күннен бері сіз бен хабарласып жүрген журналист ініңіз мен едім, енді осы жолы сұхбат беретін шығарсыз» – десем, бірден: «Дурак!» деп зекіп қалды. «Қандай ақымақ журналист ішіп алып сұхбат алатын?! Шагом марш!» деді де қуып шықты. Осыған әлі күнге дейін өкінемін. Біріншіден, менікі әдепсіздік болды. Екіншіден, менен кемшілік кеткен күннің өзінде де, ертесіне қай тып баруым керек еді. Онда куып жіберсе де, тағы да барып, тіпті 40 рет қуса де қайтпауым керек еді. Сонда Әзілхан Нұршайықовтың «Аңыз бен Ақиқаты» секілді, біртуар қаһарманның бүкіл тұла бойындағы Әзілхан ағам байқамаған қасиеттерін мен байқап қалар ма едім, әлде Әзекеңе ашылмаған сырын маған ашылар ма еді, «қап, бекер істедім!» деп осы күнге шейін өкінемін. Серік ЖҰМАБАЕВ «Жас қазақ үні» газеті, № 20-21(237-238)
«ӘМІРБЕКТІҢ ӘУЛИЕ БАЛАСЫ» Көпен Әмірбекті білмейтін қазақ кемде-кем шығар. Атақсыз-ақ атақты деп, осындай жандарды айтатын болар, бәлкім! Оның сыры неде? Әлде Көпен ағаның елді баурап алатын өзгеше қасиеті бар ма? Бар болса, қандай? Әйтеуір, ол кісімен кездесіп, «ә» десіп, әңгімелескен сәттен-ақ, еріксіз езуіңізге күлкі ұялай бастайды. Мүмкін, сөйлеген әрбір сөзінің өзі күлкімен көмкерілген сатирик ағаны көпшілікке таны мал еткен де осы бір қасиеті шығар. «Қымызхана», «Тамаша» ойын-сауық отауының белсенді авторы болды, «Көпен келе жатыр!..» атты сатиралық театры да көрерменге жақсы танымал. «Аты жоқ кітап», «Алып», «Тілім қышып барады», «Қысыр әңгіме», «Мың бір мысал», «Ауызбастырық», «Өзіңді танисың ба?», «Көпен келе жатыр!...», «Хамза қажы», «Көкемнің көзі», «Па, шір кін, пародия!» атты әзіл-сықақ, сын мақалалар кітаптары да қалың оқырманға кең танылған. Көпен ағаның сатиралық шығармалары бір төбе де, аға туралы ел аузында айтылып жүрген әңгімелер бір төбе. САНАМАҚ – Алғаш рет сізге санауды кім үйретті? Есіңізде ме? – Жасым жетіге толғанда мені сүндетке отырғызды. Еһия деген молда көрпешеге жатқызды да: – Балам, санау білесің бе?– деді. Мен басымды шайқадым. Сосын ол беске дейін санауды үйретті де: – Ал, қане, санашы!– деді. Санадым. – Енді «бір, екі, үш, төрт, бес, ата, тезірек кес!» деп айтшы,–деді.Айт тым. Бітті! Бар-жоғы беске дейін санап, бірден мұсылман боп шыға келдім. – Одан кейінгі санды қалай үйрендіңіз? – Әке-шешем қойшы болды. Айдалада ақ боз үй. Айналаның бәрі бұйрабұйра құм. Сексеуіл. Жусанды дала. Бір отар малды шеген құдықтан суа рады. Бір отарда мыңға жуық қой бар. Құдықтың тереңдігі қанша екенін білмеймін, әйтеуір түбі көрінбейді. Құдықтың басындағы айналмалы ағаш шығыр арқылы түйеге арқан байлап қауға тартамын. Бір қауғаға 30 литрдей су сияды. Оны тартып шығару оңай емес. Түйені әрі-бері айдаймын. Әкем қауғадағы суды ағаш науаға құйып тұрады. Науадағы суды мал ішеді. Мың қойды суару үшін қанша рет қауға тарту керек? Әр қой кемінде бір литрге жуық су ішеді. Қанша қауғаны тартқанымды ішімнен санап отыра мын. Жүзге дейінгі санды қауға тартып үйрендім. Балалық шақты әсері ме, кейін «ГЭС» деген санамақ өлең жаздым.
– «ГЭС» деген – гидро электр станциясы деген сөз ғой. – Иә, солай. Өлеңімді оқиын. Бір, Екі, Үш, Төрт, Бес. Немене екен ГЭС? Бір, Екі, Үш, Төрт, Бес. Түсінбедім еш. – Түсінбесең ГЭС–ке, Түсінесің кешке. Бәрімізге керек бір, ГЭС–тен келер электр. ШӨЛДЕ ӨСКЕН ҚАРБЫЗ – Шопанның баласы жастайынан жеміс-жидек жеп өспейді ғой. Алғаш рет алманы неше жасыңызда жедіңіз? – Қойшының баласы жесін деп біреу айдалаға бау-бақша егіп қоймайды ғой. Алғаш рет көктемде жауқазын қазып жедім. Одан кейін жантақтың қып-қызыл гүлін теріп әкелем. Әжем оны сүтке қайнатып береді. Сырдың жағасынан борық сордық. Керемет тәтті. «Онша-мұнша кеселге ем болсын» деп әжем кеурек жегізеді. Оның дәмі удай ащы. Әжем зорлағасын амал жоқ, шала-пұла шайнап жұтасың. Жаздың соңына таман әкем екеуміз ат арбамен айдалаға барып, қарбыз жинадық. Ел жоқ, су жоқ. Қалың жантақтың ара сында теңкиген-теңкиген көкала қарбыз. Бір-екеуін жарып жедік. Дәмі тіл үйіреді. Өзі тәтті, өзі мұп-мұздай. Ата-бабамыз шөл далада қарбыз өсірудің диқандық тәсілін жетік білген екен ғой. Әкем көктемде жантақтың түбін қазып, соның тамырына қарбыздың дәнін будандастырып ексе керек. Жантақ шөлде өсетін өсімдік, тамыры 40-50 метрге дейін тереңдеп барып, жер асты суымен қоректенеді. Тамырына байланған қарбызды суғарып керегі не? Өз суы өзінде, өз нәрі өзінде. Тәтті болмағанда қайтеді!.. Мен одан кейін ондай қарбыз жеп көрген жоқпын. ТӨРТ СУРЕТ – Алғаш рет мектепке барғанда қандай әсер алдыңыз? – Мен мектепте емес, мешітте оқыдым. – Мешіт дейсіз бе? – Малшының балаларына мектеп салынбаған заман. Ескі мешітті мек тепке айналдырған. Кішкентай мешіттің намаз оқитын жалғыз бөлмесінде төрт сыныптың оқушыларына екі-ақ мұғалім сабақ береді. Сол бастауыш мектептің маңдайшасына сақалдары қауғадай төрт кісінң суретін іліп қойыпты. Мені мектепке жетектеп әкелген әжемнен: – Қазаққа ұқсамайтын қандай шалдар? – деп сұрадым.
– Қайдан білейін,– деді әжем, – осы мешітті салған қожа-молдалар шығар. Түске таяу сабақ бітті. Тәліп ағай: – Кімде қандай сұрақ бар? –деді. Мен орнымнан атып тұрып ем: – Отыр! – деп зекіп тастады. Сосын: – Балалар, бірдеңе сұрағыларың келсе, әуелі қол көтеріңдер. Мен рұхсат етсем ғана, орындарыңнан тұрып сөйлеңдер!–деді. Қол көтердім. – Айта ғой, айналайын! – деді. – Тәліп ағай! – дей беріп ем: – Атымды айтпа, «Ағай» деп айт! – деді. – Ағай, – дедім жуасып, – мына мешіттің төбесіндегі төрт сурет кімдікі? Қазаққа ұқсамайтын қандай шалдар? Тәліп ағайым жымиып күлді де: – Біріншіден, бұл мешіт емес, мектеп, – деді. – Екіншіден, төбеге ілген төрт сурет біздің Маркс, Энгельс, Ленин, Сталин деген атамыз. Олар «Оқы, оқы және оқы» деп айтқан. Кейін білдім. Сөйтсем бұл сөз Мухаммед салла Аллаһу алейһи уәс сәллам Пайғамбарымыз арқылы жеткізген Алла Тағаланың ең алғашқы аяты екен. ҚАРА ЖАЙЫН – Мектепке айналған мешіттегі бастан өткен басқа да қызықтарыңызды айтыңызшы. – Ұмытпасам, 1959 жылдың көктемінде сырдың суы қатты тасыды. Ауыл-аймақтың айналасындағы сай-сала суға лықа толды. Көлкіген көл. Мамырға қарай тасыған су тартылып, ой-шұқырдың бәрі ойдым-ойдым көлшікке айналып, құрғай бастады. Суы тізеден келмейтін көлшікке қармақ салмай-ақ шүпірлеген балықты шыт көйлекпен сүзіп алып жүрдік. Сондай бір сәтте Тәліп ағайымыз сүйекті-сүйекті он-он бес оқушыны ертіп алып, мектеп маңындағы көлшікке апарды. Ой, қызық-ай! Қайықтай қара жайын қайраңда қалған екен. Жон-арқасы төбедей боп жатыр. Тәліп ағай суды белуардан кешіп барып, қара жайынды аумен шырмады да, бізге: – Тартыңдар! –деді. Жайынды жағаға сүйреп шығаруға бәріміздің шамамыз келмеді. Ағайымыз қорасындағы дәу өгізді әкелді. Ой, масқара-ай! Жалғыз өгіз жайынды сопаң еткізіп судан суырып алды. Бәріміздің күшіміз бір өгізге жетпеді-ау! ШӨПЕН ДЕГЕН КІМ? Көпен ағаның атын азан шақырып, әжесі қойса керек. Мәселе, ағаның атын кім қойғандығында емес, әңгіме басқада. Жалпы, сіз «Көпен» деген сөздің не мағына беретінін білесіз бе? Атам қазақ жал-жал боп орылған шөпті «көпен» деп атаған екен. Ал, оншақты көпенді жинаса – ол көпене болады. Оншақты көпенені жинаса – шөмеле, оншақты шөмелені жинаса, оны мая деп атаған екен. – Шешем Жұлқар он құрсақ көтерген ардақты Ана. Мен тұла бойы тұңғышымын. Яғни, алғашқы орылған шөппін. Көпенмін. Ойпырмай, үйдің сүт кенжесі болғанымда атымды «Мая» деп қояр ма еді, қайтер еді? – деп қалжыңдайды Көпен аға. Мұхтар Шахановтың Көпен ағаны «Шөпен» деп атауында да бір гәп бар-ау?! Ал, аға өзінің атын орыстарға «Копенгаген» деп таныстырады екен.
Неге?! Түсінікті болсын дейтін шығар. Орыстарда «о» деген әріп бар да, «ө» жоқ қой, сол себепті болса керек. ӘЖЕ ӘЛДИІ Көпен ағаның бала кезіндегі тағы бір лақап аты – Шарабас екен. Өйткені, басының үлкен болғандығы сонша арқасына құс жастық, үш жағына үш жастық қоймаса, өздігінен отыра алмапты. Басы қалай қарай қисайса, солай қарай ауып құлай беріпті. Сонда әжесі еркелетіп былайша әлдилейді екен: Алпыс қойдың терісі, Ау шықпаған, Шарабас. Жетпіс қойдың терісі, Жең шықпаған, Шарабас. Тоқсан қойдың терісі, Тон шықпаған, Шарабас. – Әжемнің әлдиі әлемнің ән-күйінен артық!– дейді Көпен аға. МАҢДАЙДАҒЫ ЖАЗУ – Аға, әңгімеңіздің нобайына қарағанда, «осылай жасайыншы» деп ұмтылған алғашқы іс-әрекеттеріңіздің бәрі де сәтсіз аяқталып, жолыңыз үнемі екінші рет қайта кіріскеніңізде жүзеге асады екен. Оның сыры неде? – Менің әке-шешем қойшы болған. Мен дүниеге келгенде бір қойшының әйелі қыз туыпты. Қазақта «бел құда, бесік құда, қарсы құда» деген дәстүр бар ғой. Әжем сол қызбен мені атастырып, бесік құда болыпты. Сырдың сағасында, сексеуілдің арасында көшіп–қонып жүрген әжем мені мектепке беруді ұмытып кетсе керек. Бір қойшының киіз үйіндегі жиын тойда әлгі мені атастырған қыздың әжесімен менің әжем кездесіп қалмай ма? Сонда менің «қалыңдығымның» әжесі: – Менің қызым биыл бірінші класты бітіріп жатыр. Жақсы оқиды! – деп мақтанады. Сол кезде менің әжем санын сарт еткізіп бір соғады да, есек арбаға екі ешкіні салып алып, әлгі қыз оқитын төрт жылдық мектептің ди ректорына барады. – Менің баламды 2 кластан бастап оқытыңыз! – дейді. – Неге? – Баламның атастырған қызы биыл біріншіні бітіріпті. Келіннен қалып қоймасын! –депті. Сөйтіп, мен «алғашқы махаббаттың» арқасында екінші класқа бір-ақ бардым. Мектепті бітірген жылы оқуға түсе алмай, келесі жылы КазГУ-ге түстім. Университетті бітіргесін де ел қатарлы журналист боп істемей, екі жыл әскерге кеттім. Саяси сатиралық «Ара» журналына алғаш рет алмай қойып, екі жылдан соң екінші ретінде қабылдандым. Қырғыштың қырындай ғана «Аты жоқ кітап» деген алғашқы әзіл-сықақ жинағым жоспар бойын ша 1976 шығу керек еді. Жоғарғы жақтағы ЦК-ның қызметкерлері баспадан шығатын қыруар кітаптардың орысша тізімін қарап отырып, «Книга без на звания» дегенді көреді де, «Әй, бұ жігіттер де қызық. Кітаптың атын неге қоймаған?» деп сызып тастапты. Келесі жылы шықты. Ылғи да екінші реттен жолым болатын. Себебі – мен әкемнің екінші әйелінен туғам. Бірінші қосағымен тоғыз жылдай отасып, құрсақ көтермеген соң, ажырасса керек. Бірақ, ол анамыз басқа біреуге күйеуге тиіп, төрт бала сүйген.
Бір ауылда туып, бір құдықтан су ішіп өскен Шәмші Қалдаяқов ағамыз «Алғашқы махаббат туралы ән бар, алғашқы махаббат туралы да қаншама өлең жазылды Ал, екінші махаббат, үшінші махаббат, төртінші махаббат де ген ән естіген емеспін. Сондықтан да алғашқы махаббаттың аты – алғашқы махаббат. Ал одан кейінгі махаббаттың бәрі де алғашқы махаббатты қайталау. Повтор, повтор...» деген екен. Сол айтпақшы, мен «повтордан» туған еркек пін. Әшейін әзіл ғой. Маңдайыңа не жазса, соны көресің?! БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ ҰРЛЫҒЫ – Қазақта «балалы үйдің ұрлығы жатпайды» деген сөз бар. Бала кезіңізде бірнәрсеге қызығып, ұрлап алған дүниелеріңіз болды ма? – Болды. Әкем екеуміз бір қойшының үйіне қыдырып бардық. Алғаш рет сиямен жазылатын «авторучканы» көріп, қатты қызықтым. Сұрасам бер мейтін сияқты. Не істеймін? Ұрладым. Ертесіне әлгі үйдің иесі артымнан атпен келіп: «Әй, бала, әкел үрішкемді!» деді. «Алдың ба, алмадым ба?» деп сұраған жоқ. Бірден мойындадым. «Әкеме айтпаңызшы» деп, қаламсабын қайтардым. Сол әрекетім көпке дейін көңілімнен кетпей қойды. Кейінірек Максим Горькийдің «Кітап ұрлау ұрлыққа жатпайды» деген сөзін оқыдым да, иығымнан ауыр жүк түскендей сезіндім. Негізі маскүнемдер өмірі «алқашпын» деп айтпайды. Ұрылар да солай. Себебін іздеп ақталуға тыры сады. Менің әрекетім олардыкіндей емес. Қаламсап та кітаптың қатарындағы дүние ғой. Горькийдің қағидасын толықтырсам – «ручка ұрлау да ұрлыққа жатпайды». Одан кейін... 1961 жылдың кейін көктемінде, әке–шешем малшылықты тастап, Түркістан жақтан Шәуілдірге, қазіргі Отырар ауданына қоныс аудар ды. Көз ашқалы құм, сексеуіл, ажырық, кеурен, жиде, киік оты, торанғыл, жантақ, балықкөз, алабұта секілді өсімдіктен басқа түк көрмеген бейбақ басым ауылдағы бау–бақшаға қарап аузымның суы ақты. Кітаптан суретін ғана көрген алма, алмұрт, өрік, жүзімдерің әр үйдің айналасында самсап, төгіліп тұр. Әсіресе, Шәуенде деген көрші кісінің алмалары көз жауын алады. Сұрасаң жерге түсіп, ұрылған–соғылғандарын береді. Ал, ағаш басындағы қып–қызыл алмалары көздің құрты. Бала емеспін бе, бір күні түн жарымда ұрлыққа түстім. Үйінен шеткерірек алма ағашының түбіне барып, енді өрмелей бергенімде арғы жақтан біреудің қараң–құраң бейнесін байқап қалдым. Қайда қашарымды білмей алма ағашының маңайында өсіп тұрған жүгерінің ішіне жасырындым. Шарбақтан секіріп өтіп бір жігіт келді. Таны маймын. Көп ұзамай Шәуенденің бойжеткен қызы да көрінді. Оны таныдым. Екеуі алма бақтың ішінде сыбырласып, сырласты. – Сені бүгін алып қашуға келдім!– дейді жігіт. – Бүгін үйден шыға алмаймын, – дейді қыз. – Неге? – дейді жігіт. – Келесі базар күні,– дейді қыз. Біздің ауылда жексенбіні «базар күні» деп атайтын. – Онда, – дейді жігіт. – Келесі базар күні түскі сағат екіде шық. Осы жер де күтем. Бір жолдасыммен келісіп қойдым, оның «Победа» машинасы бар. Сені сол «Победамен» Түркістанға алып барамын. Қыз: – «Победамен» бе? – деп қатты қуанды. Жігіт: – Иә, «Победамен» деді.
Екі ғашық бәтуаласып, екі жаққа кетті. Ертесіне «Шәуенденің қызы ке лесі базар күні байға қашады!» деп бүкіл ауылға жалаңаяқ жүгіріп жар сал дым. Кейбір кісілер «тәйт, әрі, не болса соны сөйлемей!» деп тиып тастады. Келесі базар күні түнде Шәуенденің қызы шыныменен байға қашты. Ол кезде күйеуге кеткен қыздарды «байға қашыпты» деп айтатын. Үлкен кісілер «Әй, бала, сен Шәуенденің қызы базар күні байға қашатынын қайдан білдің?» деп сұрады. Алма ұрлауға барғанда естідім дейін бе? Үндемей құтылдым. Ертесіне ел-жұрт: – Ойпырмай, мына Әмірбектің баласы әулие екен! – деп таңырқасты. «МАХАББАТ ТА МАШИНАНЫ ТОҚТАТАДЫ!» – Сіз алғаш рет қандай кәсіппен айналыстыңыз? – Почтальон болдым. – Хат тасушы болдыңыз ба? – Иә. Төртінші кластан кейін хат тасыдым. Біздің үйдің қасында Құндыз деген өте сұлу, бойжеткен қыз болды. Ауылдың бүкіл жігіті соған ғашық. Солар біздің үйге келеді де, мені шақырып алып «Мә, мынаны Құндызға апа рып бер. Әке-шешесі байқамасын!» деп, маған үш бұрышталып бүктелген үшкіл хат ұстатады. Жол-жөнекей оқып, сосын апарам. Көбісіне «отказ ной» жауап жазады. Онысын жігіттерге жеткізем. Махаббатының жолы болмай, маңдайын тасқа ұрған сүрбойдақтар қайтып қарасын көрсетпейді. Одан кейін жаңа «ғашықтар» пайда болады. Олардың да көрген күні күн емес. Әлгіндей, до свидание! Әсіресе, Қалдыбай деген жігіттің хаты кере мет. Өлеңдетіп, әзіл-қалжың араластырып, термелеп жазатын. «Алтыннан ардақты, қорғасыннан салмақты, адамзаттың асылы, жапырақтың жасылы» деген секілді жаттанды жауыр сөзге жоламайтын. – Ғашығым, Ғашығым! Сен есіме түскенде, Түсіп кетеді қолымдағы қасығым! – деп, сорғалатып келеді де: – Осымен хатты бітейін, Өзіңнен жауап күтемін! – деп аяқтайтын. Қалдыбай ағаның осы тақылеттес шумақтарын кейін өзімнің сатирама пайдаландым. Құндызға ғашық жігіттердің ішінде Қалдыбайдың ғана «самосвал» ма шинасы бар-тын. Өзі шофер. Ылғи да машинасымен келіп хат тастап ке тетін. Ақысына мені кабинасына отырғызып, ауылды бір-екі айналдырып, қызықтыратын. Құндыздың Қалдыбайға қайырған жауабына қарағанда «кетәрі» емес. Бала болсам да байқаймын. Бір күні сол Қалдыбай: – Әй, бала, – деді маған, – сенің үйіңе жиі-жиі машинамен келе бер сем, үлкен кісілер сезіктеніп қалар. Енді мен былай істейін. Есіктеріңнің алдындағы қара жолды кесіп ағатын кішкене арық бар емес пе? Мен сол жерге келгенде машинамның артқы доңғалағын сол сулы арыққа батырып қоямын да, өтірік батпақтап қалған секілді тұрып қаламын. Машинамның дыбысын естісімен маған жүгіріп кеп тұр. Жарай ма? Екеуміз келістік. Екі күннің бірінде Қалдыбайдың машинасы «батпақтап» тұрады. Оған көрші-қолаңның бәрінің құлағы үйренген. Бір күні тамның көлеңкесінде енді ет жей бергенімізде, Қалдыбайдың машина сы батпақтап қалды. Атып тұрып ем, шешем: – Асықпай же! – деді. – Сорпа іш! – деді.
– Терің қатып қалады. Отыр. Жел тиеді! – деді. Машинасы түскір ызыңдап, миымызды жеп барады. Соған шыдамаған шешем: – Әдіреқалғыр, осы арықтан ит те өтеді, құс та өтеді. Осы машина ғана өте алмай қалады, – деп таңырқағанда ішім қылп ете қалды. Махаббат та ма шинаны батпақтатып қоятынын кейін түсіндім. Ғайыптан тайып, 1999 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттығына үміткер боп Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс округы бойынша сайлауға түстім. Бір кездесу кезінде «сыры кетсе де, сыны кетпеген сырлы аяқтай» аса ажарлы апай жылы ұшырап: – Айналайын, сен Көпенсің бе? – деді. Көзінен таныдым. Баяғы Құндыз. Әжік-күжік әңгімеден соң: – Қалдыбай ағаң қайда, білесің бе? – деп сұрады. Менің ойым – сайлау да, әжемнің ойы – жайлауда деген осы. «БЕСТІК» БАҒА – Студент кезіңіздегі есте қалған ерекше сәттеріңіз? Күйініш, сүйінішіңіз? – Қазақ әдебиетінің қабырғасын қалаған, өнерін өрге сүйреген Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Қасым Тоғызақов, Бейсенбай Кенжебаев, Асқар Тоқмағанбетов, Әбділдә Тәжібаев, Тоқаш Бердияров, Сырбай Мәуленов, Шәмші Қалдаяқов, Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нәжімеденов, Сағи Жи енбаев секілді тұлғалармен қанша рет кездессек те, бір рет фотоға түсппіз. Ол кісілердің ұлағатты сөздері еміс–еміс есімде. Күнделік жазбаппын. Ең өкініштісі осы. Бірінші курстың алғашқы семестрінде Кеңес Одағының батыры, әйгілі ғалым Мәлік Ғабдуллин «Ауыз әдебиетінен» дәріс оқыды. Бір бала сабағынан қалмайтын. Мәлік ағадай ғұлама, Мәлік ағадай қарапайым ұстаз кемде-кем. Ол замандағы той қазіргідей 10-11-де аяқталмайтын. Керісінше, түнгі сағат 10-11-де басталып, таң ата тарқайтын. Жексенбі күні бір досымыздың үйлену тойына қатысып, дүйсенбі күні таң ата қайттық. Сағат тоғызда Мәлік ағаның емтиханы. Үйге барып үлгере алмаймын. Не істеймін? Үш сағат бойы университеттің маңайында жүре тұрайын деп ойладым. Қаңтар айының қақ ортасы. Қақаған қыс. Қар жамылған шыршаларды аралап, бүрсеңдеп жүрсем Мәлік ағай қарсы ұшырасты. Сағат таңғы алты жарым шамасы. «Спортивный» киінгеніне қарағанда, таңғы серуенге шықса керек. Амандас-тым. – Сен менің студентім емессің бе? – деді. Басымды изедім. – Емтиханға дейін екі сағаттан астам уақыт бар ғой. Неге ерте келдің? – деп сұрады. Қапелімде не дерімді білмедім. Ағымнан ақтарылып, жайып салдым. – Ағай, – дедім күмілжіп, – бір досым үйленіп, соның тойы-нан әлгінде ғана шықтым. Үйге барсам, ұйықтап қалам ба деп қорықтым. Не болса да бұйырған бағаны алып кетейін деп, сіздің емтиханды тосып жүрмін... – Әкел, «зачеткаңды», – деді. Төс қалтамнан суырып беріп ем: – Еңкей. Арқаңды тос! – деді. Екі бүктелдім. «Зачеткамды» арқама қойып жазды да: – Мен саған «бес» қойдым. Бар, үйге барып демал! – деді. Не сенерімді, не сенбейтінімді білмей аңырып тұрғанымда: – Мен саған не үшін бес қойдым, білесің бе? Шындығыңды айтқаның үшін! – деді. Ағайға іштей қарыздар секілді сезіндім. Несиеге қойған «бестігін» қалай
өтеймін? Мәлік ағай білімімді жоғары бағалады ғой, үдесінен шықпасам болмас деп ауыз әдебиеті пәнін кейінірек қайта оқыдым. Шынымды айтсам, «беске» білмейді екем. Мен ол пәнді бес жылдан кейін ғана «беске» білетін дей болдым. БАҚЫТ ДЕГЕН НЕМЕНЕ? – Сіз біреудің тапсырмасымен сықақ жазып көрдіңіз бе? – Ондай жағдайлар болды. Ойға келген шығарма – Алланың тапсыр масы. Ал, адамның ақ ниетті тапсырмасын орындау азаматтық парызың. Түркістанның 1500 жылдық тойы қарсаңында болған. Қызық деталь кетірейін. Ауылым болғасын арсалаңдап барып қалсам, қала әкімі Өмірзақ Әметұлы: – Ой, аға, жақсы келдіңіз, – деп қатты қуанды. Халық әртісі Роза Бағланова апайымыз қазір концерт қойғалы жатыр. Концерттен соң сөз сөйлеп, апай ды құттықтайтын адам таппай жатыр ек, жақсы келдіңіз. Құттықтауды сізге тапсырамыз. Өлең арнаңыз,– деді. Апай ән шырқады. Әңгіме айтты. Талай-талай патшалармен дәмдестұздас боп араласқанын, соғыз кезінде генерал Рокоссовскийдің өзі окоптың ішінде орден тапсырғанын, 64 елде, 99 рет гастрольдік сапарда болғанын айта келіп, сөз соңында «Мен бақытты әншімін!» деді. Оһ! Өлеңнің кілті табылды. Жұмекен Нәжімеденов ағамыздың «Бақыт деген немене?» деген өлеңінің формасын негізге ала отырып, эпиграмма шығардым. Бірақ, оным ды апай қабылдай ма, қабылдамай ма деп іштей қобалжыдым. Нартәуекел! Сахнаға шығып ауызша орындадым. – Бақыт деген немене, Жүйрік ат па деп қалам. Сан жарыста озып кеп, Бір қазыққа тоқтаған. Бақыт деген немене, Сұлу қыз ба деп қалам. Көп жігітпен би билеп, Бір жігітке тоқтаған. Бақыт деген немене, Апай ма екен деп қалам. Сталинмен би билеп, Хрущевке тоқтаған. Бақыт деген немене, Апай ма екен деп қалам. Хрущевті итеріп, Брежневке тоқтаған. Бақыт деген немене Апай ма екен деп қалам. Ақ патшаны паш етіп, Қаһарман боп тоқтаған!.. Роза апай ренжіген жоқ, керісінше қатты қуанды. Кейінірек апайымыз сексен жылдық мерейтойына орай Рес-публика са райында концерт берді. Тамаша өтті. Концерттен соң шәкірттерінің бәрі гүл ұсынып, мақтап жатты. Әсіресе, бір өнерпаз жігіт: – Апай, сахнадағы жүріс–тұрысыңыз қандай? Басыңыздағы үкі ше? Сондай жарасымды. Даусыңыз әлі сол қалпында. Қыздайсыз. Сізді 80-ге
келді деп кім ойлайды?! – деп аспанға көтергені сол еді, Роза апай: – Әй, сенің сексенің не, ей? Мен әлі жетпіс тоғыздамын!– деді қабақ шытып. Бәріміз ду күлдік. Осы оқиғаны Қадыр Мырза Әлі ағамызға айтып ем, ол кісі: – Үш жасар қыздан «жасың нешеде?» деп сұрашы, «Екідемін» деп жау ап береді. Апайдың сөйтіп сөйлеуі орынды! – деді. ҮШ БИІКТІК – Бауыржан Момышұлының атақ–даңқы алты алаштың аузына ілінгенде жұрт ырымдап балалары мен немерелеріне «Бауыржан» деп ат қоя бастағанын білеміз. Бауыржандар көбейгенде, Бауыржан ата мыз: «Бәріңе де амандық тілеймін. Бірақ №1 Бауыржан менмін» деген екен. Сіздің атыңыздың Көпен, Шөпен, Шарабас, Копенгаген екенін әңгімеңізден аңғардық. Кейінгі жастардың ішінде жаңа туған ұлдарына сіздің атыңызды қойғандары бар ма? – Естігем жоқ. – Себебін немен түсіндіресіз? – Мұхтар Шаханов ағам мен елуге толғанда мынадай тілек айтып еді: «Өнерде үш биіктік бар деп түсінемін. Біріншісі – қалыпты биіктік. Оған аса қиналмай көтерілуге болады. Екінші – таланттардың тұғырына айналған биіктік. Үшіншісі – космостық кеңістік. Оған таланттың таланты, дарабоздың дарабозы ғана шыға алады. Мен Көпен ініме кей-кейде ұсақтүйекке ұрынып кетпей, сол космостық кеңістікке көтерілуін тілер едім». Мен космостық кеңістікке көтерілсем, көп баланың Көпен болары сөзсіз еді. Жауабым осы. Әуесқой ма, әуесқой емес пе, білмеймін, әйтеуір әйгілі әндердің авто ры композитор Қалдыбек Құрманәлі бір баласының атын Бекзат Саттархан, екіншісінің атын Шәмші Қалдаяқ, үшіншісін Мұхтар Шахан қойды. Күндердің күнінде сол кенже ұлына сүндет той жасап, шақыру билетін таратады. Бір әжеміз балаларына келген сол шақыру қағазындағы «Сізді Мұхтар Шаханның сүндет тойына шақырамыз» деген жазуға көзі түсіп: «Ой, масқара! Мұхтар Шахановты әлі сүндетке отырғызбаған ба?»– деп таңырқаса керек. Ойыны ма, шыны ма, қайдам, сол Қалдыбек інім «Ендігі баламның атын «Көпен Әмірбек» деп қоям. Бірақ, оны қай әйелім туатыны белгісіз!» – деп қылжақтайды. Алпысқа келгенде жазған өзім туралы эпиграммамды өзім оқып, әңгімемді аяқтайын. Әдебиеттен қыз алған Бәріміз де бажамыз. Бажалықты байқатып Әзіл-қалжың жазамыз. Қорытындылап сөзімді Таныстырсам өзімді: Мен Көпен, Әкем Әмірбек. Туған жылым -1950 Яғни барыспын. Алпысқа да кеп қалдым. Артын жауып әр істің.
Толық салмағым –
90 мың грам.
Қасиетім осылай
Қалжыңдасып тұрам.
Бойым – 167 см.
Ауылым Алматыдан 900 км.
Руым?..
Руыммен у іштім.
Қожанасырмен
(«Қо» деген жеріне дейін)
туыспын
Қожекеңнің руы
«Қо» дан басталады.
Менің руым да
«Қо» дан басталады.
Міне, «қарға тамырлы қазақ»
Содан басталады.
«Өзіңді өзің мақта!» деп
Түлен түртіп, жұлқынды ой.
Мақтамасам өзімді,
Мақталмауым мүмкін ғой.
Мен маладеспін!
Не жас, не кәрі емеспін.
Баяғыда қыздарға «Атың кім?» деп,
Ұстараның жүзіндей қылпылдайтынбыз.
Қазір ше?
«Кімнің қызысың?» деп тымпыңдаймыз.
Сонда да бір тынбаймыз.
Әйтеуір тыртыңдаймыз!..
«Үмітсіз сайтан ғана» деген екен,
Қиялдап, ой түбіне неге кетем?
Құдай ғұмыр берсе,
2030 жыл болғанда,
Бақбақ басы толғанда
Президент – 90-ға,
Мен 80-ге келеді екем.
Бір-бірімізден бұқпай,
Түкірігімізді жұтпай
Сол жылы кездескенше -
Сау бол!
До свидания!!
Гуд бай!!!
Әңгімелескен
Гүлзина БЕКТАСОВА
ЖҰРТ МЕНІҢ ШЫН СӨЗІМЕ ДЕ СЕНБЕЙДІ Көпен ӘМІРБЕК деген есімді естігенде, еңбектеген баладан, ең кейген кәріге дейін елең ете қалады. Себебі түсінікті. Атағын дабы райтып таныстырудың еш қажеті жоқ. Бірақ, сатирасы сатира, ал шын ойы қандай екен ол кісінің? Орайы келіп, Көпен ағамызбен осы тарапта сөз бұйдасын ағытып көрген едік. – Абай ата «Ойын арзан, күлкі қымбат» деген ғой. Қазір жер-дү ниенің барлығы қымбаттап жатқанда, керісінше, осы күлкі деген шіркіннің құны арзандап кеткен бе дейсіз? Сайыпқыран сықақшы ретінде – сізден осы сауалға жауап алсақ деп едік. Жалпы не нәрсеге күлуіміз керек, не нәрсеге күлмеуіміз керек? – Атам қазақ айтқан ғой, «Өзің диуанасың, кімге пір боласың» деп. Сұмдық сөз. «Жыртық тесікке күледі» дейді. Негізі біреуге күлетін адам пендешіліктен ада, періштедей таза болуы керек қой. Сатирик ағам Са йымжан Еркебаев «Күлген де жақсы, бірақ, кімнен кейін күлгенді білген де жақсы» деп жағымпаздарды сынаған. Ал түріктің әйгілі әзілкеші Әзиз Несин Мәскеуде Юрий Никулиннің концертін екі сағат бойы тамашала ғанда, бір рет езу тартпаған. Себебін сұрағандарға: «Кеңес Одағы қандай бақытты ел! Ұсақ-түйек нәрсені күлкіге айналдырады екен. Біз Түркия да мемлекеттік деңгейдегі келеңсіз жайттарға ғана күлеміз» деп жауап беріпті. Біздің де күлкіміз сол Юрий Никулиннің күлкісінің ар жақ, бер жағында-ау. Қоғамдық, әлеуметтік, саяси тақырыпқа келгенде езуімізге күлкі үйіре алмай жүрміз. Нағыз күлетін нәрсеге күлмейміз де, әншейін нәрсені әзілге айналдыру әдетке айналған сияқты. – Сіздің соңғы кездегі сырт келбетіңізге еліңіз, жұртыңыз елең ете қалды. Әп-сәтте сақал қойып, «шалдың» образына ене кеттіңіз. Сосын әр тұстан «Көпен намазға жығылып, дінге бет бұрыпты. Ол енді бұрынғыдай елді сынауды да, мінеуді де, күлдіруді де қоятын шығар» деген сыбыстар да тарап кетті. Шындығы қалай? – Кері тартқанды, бері тартатын – намаз екеніне көзім әбден жеткен. Намаз – діннің тірегі, ұстыны, қабырғасы. Әр пенде үй секілді, үйдің ті регі болмаса, не қисаяды, не құлайды. Не айтпағымды түсіндіңіз бе? – Әрине... – Қазақ сатирасын қара орманға теңесек, мен соның ішінде ұлып жүрген қасқыры сияқтымын. «Қасқырды қанша асырасаң да, орманға қа рап ұлиды» дейді ғой. Ұлығанымды қойған жоқпын. Қоймаймын да. Бі рақ бұрынғыдай алаяқтардың атын атап, түсін түстеп, ішкені мен жегенін
әшкерелеп, желкесінен тістеп жазған нақты фельетондарды доғардым. Неге? Шаршадым. Өйткені, қоғамдық пікір туғызып, қопарып сынағанда, талқыға салып, шара қолданып жатқан ешкім жоқ. Абай атам да «Баяғы жартас – сол жартас, қыңқ етер түкті байқамас» деп бекер қажымағанау?! – Аға, сізді өзіне-өзі жарнаманы жақсы жасайды деп жатады. Мысалы, «Көпен Әмірбек атындағы сыйлықтың лауреаты Көпен Әмірбек» деген сөз сіздің визиткаңызда жазылып тұрады дейді. Со сын «Көпен келе жатыр...» деген театрыңыз және бар... – Ақын ағамыз Қаныбек Сарыбаевтың «Атақты адамдардың көбісі – атақ алмаған адамдардың атында» дегенін естіп едім. Жаны бар сөз. Өзімнің атымдағы сыйлықты өзіме жазып жүргенім, атаққұмар пенде лерге астарлап айтқан пародиям ғой. Оны біреу түсінер, біреу түсінбес... Солай! Сатирамды сахнаға шығарғанда әуелі «Көпеннің күлкісі» деп атадым, Онша болмады. Сосын, «Па, шіркін, пародия!» деп те көрдім. Сөйтіп жүргенімде Алматыға гастрольдік сапармен мәскеулік сатирик Евгений Петросян келді. Ойда-жоқта ұшырасып, сөйлестім. Сұхбаттастым. Сыр бөлістім. Өзімді таныстырдым. Петросян айтты: «Данияның астанасы Копенгаген қаласында хок кейден халықаралық жарыс өткенде әйгілі спорт телекомментаторы Ни колай Озеров «Говорит и показывает Копенгаген» деп бастаған. Сен өз концертіңе ат таба алмасаң, осылай деп қоя сал. Жұрт елең ете қалады» деді. Жүрегіме қона кетті. Бітті! Содан «Көпен келе жатыр!» – деп шыға бастадым. Бұл сонда өзін-өзі жарнамалауға жата ма? Ит өзінің құйрығын өзі көтермесе, оның құйрығын кім көтереді? Ит құрлы жоқпыз ба, дедім де өзімді-өзім көтердім. Осы да айып па? – Айтпақшы, «Ара» – ара болатын, шаққан жері жара болатын», «Араның» халі нешік? Сіздің сатиралық «Ара» журналында және Қазақ радиосында басшы қызметте екеніңізді білеміз. «Арада» аты ңыз тұрғанымен, өзіңізді жұмыс орнынан көре бермейміз. «Ара» сіздің өгей балаңыз болып кеткен жоқ па? Біз білмейтін тағы қандай «өгей балаларыңыз» бар? – Мен «Араның» артынан еріп келген өгей баласы емеспін. Әкем де – сол, шешем де – сол. Ал Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақ радиосы нағашыларым сияқты. Аракідік «нағашыларыма» да ат ізін салып тұра мын. Бәрі де шығармашылық орта. Кәрістер секілді пияз егіп, қауын сатып жүргенім жоқ. Ал енді «Ара» журналын айтсам мен де жылаймын, сен де жылайсың. Неге? Көрмегені жоқ. Профессор Тұрсынбек Кәкішовтің ғылыми тұжырымы бойынша «Араның» арғы атасы – «Садақ» журналы 1915 жылдан бастап, Қазан төңкерісіне дейін шығып тұрған. Алғашқы редакторы – Бейімбет Майлин. «Садақ» 1918 жылы жабылғасын 1925 жылы «Шаншар» деген атпен қайта шыққан журналдың да ғұмыры ұзақ болмады. Редакторы – Жүсіпбек Аймауытов. Кейіннен 1932 жылы Ілияс Жансүгіровтің редакторлығымен «Балға» деген атпен шыққан журнал да тумай жатып туа шөкті. Арада аумалы-төкпелі, қуғын-сүргін, соғыс жыл дары өткесін «Ара-Шмель» деген 1956 жылы саяси-сатиралық журнал өз
оқырмандарымен қайта қауышты. Алғашқы редакторы – Ғабит Мүсіре пов. Бірақ, нарық заманы келген тұста 1994 жылы тағы жабылып қалды. Әйтеуір Иманғали Тасмағанбетов пен Мұхтар Құл-Мұхаммедтің демеуі мен 2002 жылы «Ара kz» деген атпен шыға бастады. Тарихы солай. Негізгі бағыты – ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқор-лыққа қарсы күрестің шараларын сатира тілімен әшкерелеу. Оспанхан ағам айтқандай «түйе жегенді мақтап, түйме жегенді соттап» жатқан қазіргі заманда «Е, дұрыс бопты!» деген ешкімді көрмедім. Демесе демесін, ра йымыздан қайтып жатқан біз де жоқ... – Осы жылы 1-сәуірде өзіңіз бастап сатириктердің басын Жазу шылар одағында қосып, уытты қалжыңдарыңызбен қуырдақ қуыр дыңыздар. Алайда, ол жерден біз бірде-бір сатиралық театр өкілін көрмедік. Бұл нені көрсетеді? Яғни, біздің сатириктеріміз бен әзілсықақ театрлары арасындағы байланыстың мүлдем үзіліп қалған дығы ма дегенім ғой... Бір терінің пұшпағын илеп жүрсеңіздер де, неге бір-бірлеріңізге «алакөзсіздер?» – Сынықты сына қағып бүтіндемейді ғой. Сықақшыларымыздың сынығын салып, басын біріктірудің амалы еді бұл. Аты-жөні белгісіздеу әзілкештеріміздің көбісі үлкен сахнаға шығуға мүмкіндігі жоқ. Соларға демеу болсын дедік. Сықақшылар мен әзілкеш әртістердің арасына көпір салғымыз келді. Мысық жүр: «Тышқанның бойы тыштиған!» деп. Тышқан жүр: «Мысықтың мұрны пұштиған!» деп. Қашанғы мысық-тышқан боламыз? Қазақстан Жазушылар одағының қолдауымен өткен «Қыран-топан» атты сатиралық бұл шарамыз алдағы уақытта да жалғасын табады деп ойлаймын. – Сіз сатириктер турасында сөз қозғағанда жастарды емес, өзіңіздің алдыңыздағы ағаларыңызды жиі айтасыз. Соған қараған да, жас сатириктерге көңіліңіз толмай ма, жоқ, әлде оларды оқымай сыз ба? – Жас сатириктердің жарнамасы жоқ. Жазғандары мерзімді баспасөз де басылғанымен, оны біреу оқиды, біреу оқымайды. Көбісі бұйығы. Жұ лынып шықпағасын, оларды кім таниды? «Жатқан түйенің аузына жантақ ілінбейді», «Жетектеп қосқан ит түлкі алмайды» ғой, өздері жүгірмесе, оларды қашанғы жетектейсің? Жас сықақшы жалғыз Олжас Сыдықбеков қана Иманғали Тасмағанбетовті, Бас мүфти Әбсәттар қажы Дербісәлі мен ғалым ағасы Мырзатай Жолдасбековтерді пародиялап көзге түсе бастады. Олжас та таусылуға таяу. Өйткені, «объектісі» аз. Тұрмыстық пародия секілді басқа формаға көшпесе, жарты жолда жаяу қалады-ау... Жас сы қақшыларды оқығанда қандай! Жас сықақшы дегеніміз Ермахан Шайхы ма? Елудің есігін қаққалы тұр. Әлде Толымбек пе? Ол алпысқа аяқ басты. Берік Садыр ма? Лениннің жасынан асып кетті. Отыздың о жақ, бұ жа ғындағы Қанат Ескендір, Үміт Зұлхарова, Қанағат Әбілхайыр сияқты ініқарындастарымыздан «қорқуға» болады. Олар әлі жарылмаған бомбалар. – Ал сатиралық театрлардан қай театрдың аяқ алысы дұрыс деп ойлайсыз?
– Шымкенттің «Шаншары» ғана шашасына шаң жұқтырмай келеді. Бір кезде «Терісқақпай» әзіл-сықақ театры да сондай болатын... – Бүгінгі саяси сатираға қылп ететін шенеуніктеріміз бар ма? Жал пы сатириктердің сөзі қарапайым халықтан басқа кімдерге өтімді? – Саяси сатира, пародия жазбағалы қай заман... Кезінде біраз аға ларым ренжіген. Тіпті, амандаспай қойған. Сон¬дай сәтте Қалдарбек Найманбаев ағам маған жаны ашып: «Көпен-ау, көзіңе қарап жазсайшы, жауыңды көбейтесің ғой» деген еді. Бірақ есесіне, халық жақсы қабыл дады. – Бүгіннен кешеге оралсақ, яғни балалық шаққа саяхаттап қайт сақ дегенім ғой. Бала күніңізден қалжыңға құмар ма едіңіз? Сіздің анаңыздың өзін бір театрдан кем емес дейді. Сатираның жалына жармасуға, сірә, сізді анаңыз баулыған болды ғой... – Шешем Жұлқар он құрсақ көтерген Батыр ана. Мен тұла бойы тұң ғышымын. Қазір анам 82 жаста. Жұлқар десе – Жұлқар. Ауыл адамдары айналасынан шықпайды. Әңгімесі қызық. Оған Төпен інім тартқан. Ол да айтқыш. Тапқыр. «Шаншардың» жетекшісі Уәлибек ауылға барғанда Тө пенді іздейді. Сірә, ауызекі әңгімесінен материал жинайтын болуы керек. Шешемнің шешесі – Жолтай нағашы әжеміз де өте адуынды, ақынжанды болған. Соғыстан бұрын жоқ-жітік заманда бір сараң кісі үйіне шақырып, көже беріпті де, бата сұрапты. Сонда Жолтай әжеміздің: Сәрсенбайдың көжесі көл-дайрадай, Алпыс қасық көже іштім, бір шайнамай! – деп басталатын өлеңін бала кезімде естігем. Әкемнің әкесі Түкібай атам да шебер домбырашы, сауық-сайранның гүлі болған кісі дейді. Отыз жасында көкпар шауып жүріп, аттан құлап қайтыс болыпты. Ауыл-аймақтағы той-томалақтарда «Түкібай келмей түк болмайды» деп күтіп отырады екен. Тоғыз жасы ма дейін ауылды бір шыбықпен айдайтын әжемнің қолында өстім. Кімге тартқанымды кім біледі?.. – Сіз алғаш қызға қашан хат жазып едіңіз және ол хатта не жа зылған еді? – Төртінші сыныпты бітірген жылы Түркістаннан Отырарға көшіп келдік. Құндыз деген өте сұлу көрші қыз болды. Соған ауылдың бүкіл жігіттері хат жазып, мені жұмсайды. Ала жаздай «почтальон» болдым. Құндыздың әкесі есік, терезе, кебеже, жүкаяқ жасайтын ағаш шебері, асқан ұста шал еді. Мені сурет салу мен ұсталыққа баулыды. Әсіресе, мен жасаған қазанның қақпағы базарда өте өтімді болды. Неге? Темір шеге қаққызбай, ағашқа ағаш шеге қолдандыратын. Жұрт менің атымды атамай «қазанның қақпағын жасайтын бала» дейтін. Сөйтіп жүріп 9-сы ныпта бір қызға ынтық боп, алғаш рет хат жазсам, сол сұлуым «Көпен деген кім? Е-е, анау қазанның қақпағын жасайтын бала ма? Қойшы, әрі!» деп, мені менсінбеді. Сол күннен бастап ұсталық кәсіпті намыстанып, тастап кеттім. Кейін 1999 жылы сол сұлумен Арыс қаласында кездестім. Бес-алты бала-шағасы бар екен. Баяғы хатты еске түсіріп «Сенің осындай атақты адам болатыныңды білгенде ғой, жақсылап жауап жазатын ем!» деп күлді. «Менің атақты болуыма әуелі Құдай, сосын сен себепшісің!» дедім. «Неге?» – дейді ол таңырқай қарап. «Егер, хатыма жауап қайтарға
ныңда, екеуміз үйленетін едік те, мен осы күнге шейін қазанның қақпа ғын жасап жүре беретін едім!» – деп әзілдедім. Ойнасам да, ойымдағыны айттым. – Сіз өмірде өтірікті жиі айтасыз ба, жоқ әлде, шындықты көп айтасыз ба? – Ұстазым Мұзафар Әлімбай ағамның «Тоғызыңда қандай болсаң, тоқсаныңда сондай боласың» деген нақылы көкейімде. Әкем өтірік сөй лемеген кісі. Әжем «Өтірік айтқанша, өле қал!» дейтін. Сөйтіп өстік. Студент кезімде бір рет өтірік айтып, ағайдан «2» алдым. Соңғы өтірігім сол шығар. Жұрт мені қылжақбас деп қабылдай ма, кейде шын сөзіме де сенбейді. – Аға, Көпен деген есіміңізді кім қойды? Әлгінде Шымкент жақ та Төпен деген ініңіз бар екенін айтып қалдыңыз. Сонда Көпен, Тө пен деген есімдер нендей мағына береді? – Әжем әулие болған кісі. Шешем келін болып түскенде әкеме: «Түнде түс көрдім. Түсімде басыңнан балағыңа дейін бит өріп жүр. Бала-шағаң көп болады. Келін бірінші ұл туады, атын Көпен қоям. Екінші қыз туады, атын Әндиша қоям. Одан кейінгілердің атын өздерің қоя беріңдер!» депті. Көпен – елде бар есім. Астанада Көпен деген генерал, Шығыс Қазақстан да Көпен деген ақын, журналист бар. Бірақ үшеуміз кездескен емеспіз. «Қазақ есімдері» деген кітапта Көпен деген есімге жақсы түсініктеме берген. Бір бау шөпті – Көпен дейді. Жал-жал шабылған шөпті – көпене дейді. Он-шақты көпенені жинаса – шөмеле, ал оншақты шөмелені жина са – мая дейді. «Мая-мая шөп» деген сөз тіркесі содан қалған. Ал Төпен інімнің азан шақырып қойған аты – Жарқынбек. Бала кезінде шаты жары лып, жазылмай қойғасын, бір әулие кісі: «Жарығы бар балаға Жарқынбек деп ат қоймайды. Атын өзгертіңдер!» депті. Содан маған ұйқастырып Тө пен дей салған екен, жарығы жазылып кетіпті. «Көпен-Төпен» десе несі айып? Үнділерде «Гита-Зита» деген де кино барғой... – Сөз соңында ең сүйікті қалжыңыңызды айта кетсеңіз… – Қарындас, атыңыз кім? – Сюзи! – Қойыңызшы, қазақ өйтіп ат қоймайды ғой. Толығырақ ше? – Сюзанна! – Сюзанна? Одан да толығырақ атыңызды айтыңызшы... – Толық атым – Сақыпжамал! Ал, қайтесің?! – Аға, әңгімеңізге рақмет. Қазақтың әрбір шаңырағында Көпен дей ұлдары көп болып, мая-мая шөп жинайтын қазақ даласын қор ғай берсін! Әңгімелескен Жадыра НАРМАХАНОВА, «Ақ желкен» журналы, № 9, 2009 жыл
МАЗМҰНЫ
1-БӨЛІМ КӨКЕМНІҢ КӨЗІ «Ассалаумағалейкум, немерем мен шөберем» (АсқарТоқмағамбетов)......4 Көкемнің көзі (Садықбек Адамбеков)..........................................................14 Дию жетектеген драматург (Қалтай Мұхамеджанов)..............................32 Темірқазық (Темірбек Қожакеев)................................................................40 Әзіл-оспақ әулиесі (Оспанхан Әубәкіров)..................................................46 Сейіт КЕНЖЕХМЕТОВ «Біраз іске білек сыбана кірістім!» (Сейіт Кенжеахметов)....................76 “АРАДА” ӨТКЕН АЙ-ЖЫЛДАР 1. Шоқ тілді Шона (Шона Смаханұлы.)....................................................88 2. Бәсең жүріп бәйге алған (Нұрғазы Шәкеев).......................................100 3. Сөз жарығы сөнбейді (Сақтапберген Әлжіков)...................................106 4. Әттең тонның келтесі-ай (Тұтқабай Иманбеков)...............................110 5. Танылып қалған талант еді-ау (Марат Нұрқалиев)..........................113
Шіркін, Шәмші! (Шәмші Қалдаяқов)......................................................118 Ер Қасыммен екі кездесу (Қасым Қайсенов)........................................146 Поэзия паравозы (Әнуарбек Дүйсенбиев)...............................................150 Сөзмерген (Қадыр Мырза-Әлі)..................................................................156 Бір тал үкі (Рахметоллы Райымқұлов)....................................................176 "Басым отта тұрған қазан секілді" (Дүкенбай Досжан)......................184 Таратып айтса тарих көп (Рымғали Нұрғали).......................................196 Бәйтеректің баласы (Сейдолла Бәйтереков)............................................208 Айбалта (Мыңбай Ілес).............................................................................216 «Шенеуніктер келеді-кетеді...» (Заманбек Нұрқаділов).........................228 2-БӨЛІМ КӨКЕМНІҢ СӨЗІ «Айы оңынан туған адаммын...» (Шота-Аман Уәлиханов)....................238 «Көктен іздегенім жерден табылды» (Мырзатай Жолдасбеков)...........252 «Ақ қағаз – арым, қара қағаз – қаным» (Қабдеш Жұмаділов)................270 «Театр – шахмат. Ал, актер пешкі ме?» (Асанәлі Әшімов)...................282 «Қазақтың рухы Бетховеннің әуенінен емес, бесік жырынан баста лады!» (Төлеген Қожамқұлов)...................................................................292 «Озбау үшін көлеңкем күнге қарай жүремін!..» (Шөмішбай Сариев)..312 «Қаламыма қанат біткендей сезінетінім рас» (Мархабат Байғұт)............322 «Оқырман орман ішінде адасып жүр!..» (Қуаныш Жиенбай)..............330
Халық – қайрақ, Үкімет –үлкен пышақ (Жүрсін Ерман).....................337 Сарабдал (Ғаббас Қабышұлы)....................................................................360 Қасиетті қасқа жол (Сауытбек Абдрахманов).........................................368 Нарқасқа (Нармахан Бегалиев)..................................................................372 Күзгі бақтың шуағы немесе бір ағашта екі алма (Қайырбек Асанов Күләш Ахметова)........................................................................................380 Хазановтың қалжыңы қанша кілә? (Геннадий Хазанов)........................386 Біздің мистер Бис! (Бейсенбай Сүлейменов)............................................392 Ауыл академиясын бітірген мүсінші (Тілеуберді Бинаш)....................400 3-БӨЛІМ КӨПЕННІҢ ӨЗІ «Бай секілді, бар секілді жүремін..»........................................................407 Сатира шахматында әлі де біраз мат қоятындай қауқарым бар........410 Көпентабу мен Көпентану – 60................................................................416 Мемлекет мүддесін ойлағандар менмен болмайды..............................419 Аспандағы құсты жердегі жем ұятқа қалдырады................................427 «Талантымның 90 пайызын босқа жұмсағаныма өкінемін»................433 Аты жоқ мақала..........................................................................................438 Сатираны саудаға салуға болмайды ал тоқалды тоқ адамдар алады...444 «Әмірбектің әулие баласы».........................................................................451 Жұрт менің шын сөзіме де сенбейді......................................................461
Көпен ӘМІРБЕК
Естелік, эссе, сыр-сұхбат
(Қазақ тілінде)
Техникалық редакторы Талғат Әлімжанұлы
Безендірген Мейрамбек Еңсепбай
Суретші Гүлжан Құрманова
Басуға 17.07.2014ж. қол қойылды
Қаріп түрі «Tіmes New Roman». Офсетті басылым.
Пішімі 60х90 1\16. Шартты баспа табағы 29,25.
Таралымы 2000 +250 дана. Тапсырыс №
«Каратау КБ» ЖШС, «Дәстүр» баспасы
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,
Абай даңғылы, 143. офис 400
Тел.: +7(727)3944293, Ұялы тел.: 87772119934.
Тапсырыс берушінің дайын файлдарынан басылып шықты.
«Каратау КБ» ЖШС, «Дәстүр»
баспасының директоры – Қасымхан БЕГМАНОВ
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру