Аударма өлеңдер (Баубек Бұлқышев)
Баубек Бұлқышев
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Жазу үшін көп білім керегін түсінген қаламгер қаһарман халықты, жастық дәуренді жыр етті. Ақынның жауға қарсы қарумен бірге жұмсаған қаламы да еш кетпеді. Саналы, азат өмірді аңсаған әр азаматқа рух берді. Өлеңдерімен өмірді жырға қосты. Отанға деген кіршіксіз махаббатын қаламына арқау ете отырып...
И. А. КРЫЛОВ
ҚАРА ШЫБЫН МЕН АРА
(1825 ж.)
Бақшада, көктемгі ескен самал желде
Отырып, қара шыбын бір көдеде,
Масайрап жайғасты да кезін салды,
Жабысқан бір араға қызыл гүлде.
Деді оған «Шаршамайсың қалайша сен,
Таң атып кеш батқанша күніменен
Ызылдап әуре боп жүрмес едім,
Егерде шынайында сен болсам мен.
Мінеки, жағдайымды алшы менің
Бір ұжмақ барған жердің бәрі тегін.
Жалғыз-ақ аралайтын аз шаруам бар.
Қоналқа, қыз ойнақтың бар жерлерін.
Көпіріп етпесем де мен мақтаныш
Бай, кедей қаладағы маған таныс.
Той тойлап жүргенімді көрер ме едің,
Еркіммен сол үйлерде салып жарыс.
Құдалық тойларында ауқатты үйдің
Онда мен, ең әуелі, тақуамын.
Сонан соң жайнап тұрған дәмдерді жеп,
Вино ішіп қонақтардан барып бұрын.
Ойлаған тәтті астарды аламын да,
Сыпайы сыңсып әнге саламын да.
Айналып жас сұлуды ұшып жүріп,
Дем алуға қонамын барамын да.
Қонамын қаны тамған ақша бетке,
Ақ қардай мойны мен тамағына».
«Бәрін білем, — деп ара жауап берді.
Былай деген естіп ем мен сөздерді
Жүрегі айнып бәрі де тыжырынып,
Тойларда тек жек көрген шыбын сені
Ұялтып ылғи сені үйден қуған», —
Дегенде шыбын тұрып сөйлеп жылдам:
«Терезенің бірінен қуса егер,
Кірем барып, — деді ол, — басқасынан».
В. В. МАЯКОВСКИЙ
ЖОЛДАС ҚҰCTAP, КҮТТІК СІЗДІ, СІЗДЕР ҮШІН ҰШПАСҚА НЕ?
Туғанына 45 жыл толуына
Үн келеді
Барлық жақтан:
Үн тарайды
Барлық жаққа:
- Келді көктем!
Қара торғай!
Қош келдіңіз,
Қара торғай!
Нағыз тәуір, жақсы жерден,
Тоғайлардан көркем деген,
Мәуесінен салбыраған,
Бұтақтардан кең тараған
Даяр сізге алаң жай.
Тым кішкентай, сәнді құстар
Шабытпен үлкен кел бері!
Жеміңе сенің, даяр!
Дәндері,
Тағы шіркейі.
Теңіздерден,
Ормандардан
Оралып торғай жеткенше
Пионерлер өздері-ақ.
Қайынға беттед бірлесе
Трубаны
Тақап бірі —
Тұмсығына жеткізе,
Орналасып отырыпты
Бұтақтың нағыз өзіне.
- Тақ-тақ етсе
Кездесерде
Қарсы аларлық сөздермен —
Тұтығып бір —
Тоқтап қалып
Қанатсыз бос топшымен.
Трубасынан
Балалардың,
Гүрілдейді гүр-гүр, гүр,
Барабаннан,
Дауыс шығад,
Келісімсіз тентек бір.
Қиқулаған,
Айқайлаған,
Ызыңдаған,
Дүрілдеп.
- Қара торғай!
Қош келдің, — деп.
Барабан соқты гүрілдеп.
- Қара торғай!
Әуе қандай? Ну орманда
Жақсы жағдай.
Балалардың
Жайлады өзі.
Күтіп - күтіп шыдай алмай,
Бұтақтарда жүр өздері
Құсап нағыз қара торғай.
Тоғайлардың ығыменен
Қара торғай ұшады өктеп.
Тік айтуға тура келед,
- Сендерге енді орын жоқ, — деп.
Соғад көңілім,
Мына бір үн:
Дабыл қақсын
Басқа үндерден
Ұмытпа, жолдас!
Құс сыйлауды,
Пионерлер,
Шығарма естен!
«Октябрь балалары»
1939 ж. 20 июль № 53 (1133)
А. БАРТО
ЛАГЕРЬДЕ
Еске аламыз осы жаз
Осы кеш, осы күндерді
Сәулетті костер басында
Айтылған шаттық өлеңді.
Қайнатып сорпа өзіміз,
Шатыр тігіп далада,
Расписаниені ұмытқан
Жас вожатый бала да.
Бақшада сарай сыртында
Әткеншекті тептік біз.
Орманды тоғай, өзенге
Қыдырып, сіңіп кеттік біз.
Бұрқыраған тәтті сүт,
Ауылдардан іштік біз.
Жорыққа талай болғанда,
Шикі су талай ішіп ек.
Тек докторға көрінбей
Сазды талай кешіп ек.
Біз, балалар, үйрендік
Бұлбұл құстай жырлауды,
Біздерді құс деп келгенін
Күзетуші орманды.
Еске аламыз осы жаз —
Осы кеш, осы күндерді.
Сәулетті костер басында
Айтылған шаттық өлеңді.
«Октябрь балалары»
№ 56 (1136) 1939 ж. 29 июль.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру