Металдарды кесу негіздері
Т.А. Багдасарова
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Металдарды кесу негіздері, кесу процесімен қабат жүретін құбылыстар және олардың өңдеуге теріс әсерін азайту тәсілдері туралы мәліметтер келтірілген. Инструменттерді дайындауға қолданылатын материалдар қарастырылған және қолданылатын инструменттердің ерекшеліктері, олардың геометриялық параметрл...
УРЕ Б
ІМ
ІЛ
Т. А. БАГДАСАРОВА
БИІБСӘ
МЕТАЛДАРДЫ
КІЗС
КЕСУ НЕГІЗДЕРІ
ІКДЗҮ
Кәсіби білім беру жөніндегі сараптамалық
кеңес кәсіби даярлау бағдарламасын іске
асыратын білім беру мекемелеріне оқу
құралы ретінде рұқсат еткен
4- басылым, стереотиптік
Мәскеу
«Академия» баспа орталығы
2016
ОӘЖ 621.91(075.9) КБЖ 34.642 Б142
«Үздіксіз кәсіби білім беру» топтамасы
Р е ц е н з и я ш ы л а р :
«Мәскеу координаталық-жону станоктары зауыты» ААҚ бас директорының орынбасары, станок өнімдерін өндіру цехының бастығы А.В. Курицын; Мытищи қ. № 2 КЛ ГОУ ҒӨБ оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары, Ресей Федерациясының Еңбегі сіңген мұғалімі М.
П.Юкляев
Багдасарова Т. А.
Б142 Металдарды кесу негіздері: оқу құралы/ Т.А. Багдасарова. — 4- бас., стер. — М. : «Академия» баспа
орталығы, 2016. — 80 б.
ІSBN 978-5-4468-3032-9
Металдарды кесу негіздері, кесу процесімен қабат жүретін құбылыстар және олардың өңдеуге теріс әсерін азайту тәсілдері туралы мәліметтер келтірілген. Инструменттерді дайындауға қолданылатын материалдар қарастырылған және қолданылатын инструменттердің ерекшеліктері, олардың геометриялық параметрлері келтіріледі, өңдеу жағдайларының кесу геометриясына әсері көрсетілген. Инструменттердің тозу себептері атап көрсетіледі және олардың төзімділігін арттыру туралы ұсынымдар беріледі. Технологиялық процесті құрайтын ұғымдар мен элементтері ашып көрсетіледі, технологиялық құжаттама туралы
деректер келтіріледі.
Машина жасау және металл өңдеу кәсіптері бойынша жұмысшыларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға
арналған. Орта кәсіптік білім беру мекемелерінде қолдануға болады.
ОӘЖ 621.91(075.9) КБЖ 34.642
Аталған басылымның түпнұсқа макеті «Академия» баспасөз орталығының меншігі болып табылады, құқық иесінің рұқсатынсыз шығаруға тыйым
салынады.
© Багдасарова Т.А., 2007
© «Академия» білім беру-баспа орталығы, 2007
© Безендіру. «Академия» баспа орталығы, 2007
ІSBN 978-5-4468-3032-9
Оқырманға Кесіп өңдеу жоғары өнімділігімен, әмбебаптығымен және икемділігімен ерекшеленетін машиналар мен мехаизмдерді дайындаудың негізгі тәсілі болып табылады. Металдарды кесу негіздерін білу бөлшектерді
сапалырақ әрі үнемді дайындауға септігін тигізеді.
Оқу құралының арқасында сіз:
кесу тоериясының негіздерін; ■
металдарды кесіп өңдеу процесімен қабат жүретін құбылыстарды; ■
кесетін инструменттер геометриясын; ■
кесу режимдерінің есебін; ■
кесу күшінің құрамдастарын; ■
бөлшектерді өңдеудің технологиялық процесін құру қағидаттарын; ■
қажетті жұмысты атқаруға қажетті жабдықтың қуатын анықтау негіздерін; ■ бұйым сапасы мен еңбек өнімділігін арттыру үшін еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастыру негіздерін
білетін боласыз.
Оқу құралының арқасында сіз мыналарды жасай аласыз:
кесіп өңдеу процесімен қабат жүретін келеңсіз құбылыстарды жою; ■
инструменттің беттерін қайраудың қажетті бұрыштарын таңдау; ■ жұмыстардың белгілі бір түрлерін ескере отырып, инструментті дайындау материалын таңдау; ■
кесу режимдерін есептеу; ■
станоктың қажетті қуатын анықтау; ■
технологиялық процесті әзірлеу; ■
қажетті технологиялық құжаттаманы әзірлеу.
1
Металдарды кесу
теориясы туралы
мәліметтер
Кесу — материалдарды өңдеудің байырғы тәселдерінің бірі.
Металдарды кесу — дайындаманы немесе алдын ала өңделген бөлшекті
бұйымға берілген пішінді, өлшемдер, бұдырлық беру және беттің белгіленген
сапасын қамтамасыз ету үшін әдіпті кетіру мақсатында жоңқасын алып
тастап өңдеу.
Кесіп өңдеуге қайрау, бұрғылау, фрезерлеу, тегістеу, жаймалау, қашау, тарту
және т.б. тәсілдер жатады. Кесу процесін зерделеу үшін физикалық әдістер
қолданылады, қатты денелер физикасы ғылыми ұғымы пайдаланылады, ал
оны ғылыми сипаттауға кесу теориясы қызмет етеді. Металдарды кесу
теориясының қалыптасуында және оның дамуында ресейлік ғалымдарға зор
рөл атқарады. Олар ғылыми нәтижелердің сабақтастығын сақтай отырып,
бірнеше ғасырлар бойына зерттеулер әдістемесін жасап шығарды. Оны
біртіндеп дамыта келе, олар орасан теориялық, бастысы, практикалық мәні
бар бірқатар заңдылықтарды анықтады.
Кесу теориясында жоңқаның түзілу процесінің ортақ заңдылықтары мен кесу
процесімен қабат жүретін бірқатар құбылыстар (жоңқаның шөгуі, қақ түзілу,
өңделген бөлшектің беткі қабатын тойтару, жылу бөлу, діріл) қарастырылады;
инструментке әсер ететін күштердің схемалары, олардың кесу процесіне
ықпалы зерделенеді; инструменттердің тозу проблемалары, олардың
төзімділігін арттыру жолдары, инструменттер геометриясының кесу
процесіне, сондай-ақ кесу режимдерінің кесу күштеріне және инструменттің
беріктігіне әсері зерттеледі; майлау-салқындату технологиялық орталарын
(МСТО) таңдау қағидалары, МСТО кесу аймағына жеткізу тәсілдері және т.б.
көрсетіледі.
Металдарды кесу теориясын дамыту үшін маңыздысы ғылымның өндіріспен
тығыз байланысы, ғылым және өндіріс жұмыскерлерінің шығармашылық
өзара әрекеттестігі болып табылады.
Металдарды кесу процестерін зерттеп жүрген ғалымдардың жетістіктері
өндіріске ендіріледі — бұл, мәселен, қиын өңделетін металдар мен жеңіл
қорытпаларды өңдеу, синтетикалық алмастар мен дайындамаларды өңдеу
және инструменттерді қайрау үшін бордың үшінші дәрежелі натридін
қолдану, МСТО жаңа түрлерін пайдалану тәсілдерін, сондай-ақ
инструменттердің беріктігін арттыру тәсілдерін қолдану жөніндегі
ұсынымдар.
Металдарды кесу ғылымының негізін салушылар ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ
ғасырдың басындағы көрнекті ресейлік ғалымдары И.А.Тиме, К.А.Зворыкин,
Я.Г.Усачев болып табылады. Осы ғалымдардың еңбектері әлемдік
танымалдылыққа ие болды және әлі күнге дейін өзінің ғылыми және
практикалық құндылығын жойған жоқ.
1868 жылы Петербор тау-кен институтының профессоры И.А.Тиме түрлі
металдарды кесу процесін егжей-тегжейлі зерттеді. Ол жоңқаның түзілу
процесіне, оның шөгуі құбылысына тұңғыш ғылыми түсініктеме берді,
сондай-ақ металдарды түрлі жағдайларда кескен кезде алынатын жоңқаның
үлгілерін жіктеп берді. Осы саладағы өз жұмыстарымен профессор И.А.Тиме
ғалымдардың металдарды кесу туралы ілімінің әрі қарай даму жолын
белгіледі, кесу күшін анықтау формуласын теориялық тұрғыда шығарды.
Металдарды кесу ғылымының дамуына ірі үлес қосқан Петербор
политехникалық институтының профессоры К.А.Зворыкин болды. Ол
кескішке әсер ететін күштердің схемасы қарастырып, кесу күшін анықтаудың
дәл формуласын теориялық тұрғыда шығарды. 1893 жылы ол кесу күшін
анықтайтын аспап жасап шығарды.
Петербор политехникалық институтының аға шебері Я. Г. Усачевтың
жұмыстары да әлемге кеңінен танылды. Ол 1912 жылы жоңқаның түзілу
процесін зерттеу үшін микроскопты қолданды, осылайша металдарды кесу
ғылымында жаңа бағытты — кесу процесінің физикалық құбылыстарын
зерттеу бағытын белгіледі. Я. Г. Усачевтің еңбектерінде қақталма құбылысы
(салқын пластикалық деформация туғызған металдың қасиеттерінің өзгеруі)
алғаш рет сипатталады, шордың түзілу процесі (жоңқаның металын
инструменттің алдыңғы бетіне жабыстырылуы) түсіндірілді, кескіштің
температурасын анықтау әдісі әзірленді.
ХХ ғасырдағы ғалымдардың, соның ішінде И. М. Беспрозванныйдың, В. А.
Кривоуховтың, Н. И. Резниковтың, Г. И. Грановскийдің және көптеген т.б.
металдарды кесу теориясын дамытуға үлесі елеулі болып табылады.
2
Кесу процесімен қабат
жүретін құбылыстар
Металды кесу процесінің мәні қажетті пішіндегі, өлшемдегі бөлшекті және
беттің бұдырлығын алу мақсатында дайындамадан жоңқа түріндегі әдіптің
қабатын алып тастауда. Кесу процесі физикалық-химиялық табиғаты бар
бірқатар құбылыстармен қабат жүретін серпінді пластикалық
деформацияларға негізделген. Осы құбылыстарды қарастырайық.
Жоңқаның түзілу процесі. Кесу процесінде кесетін инструменттің алдыңғы
бетінің дайындама металына көрсететін күшінің әсерімен кесілуі тиіс
металдың қабаты деформацияланады. Серпінді пластикалық деформациялар
өзінің шекті мәндеріне жеткен сәтте жоңқаның бірінші, сонсоң екінші,
үшінші және т.б. элементтері ығысады (сынады).
Кескіштің алдындағы аймақты кернелген-деформацияланған күйдегі дене
түрінде қарастыруға болады (2.1-сурет).
Алынатын жоңқаның түрі өңделетін металдың механикалық қасиеттеріне
(қаттылығы, тұтқырлығы, сынғыштығы және т.б.), сондай-ақ кесу
жағдайларына (кесу жылдамдығы мен тереңдігі, кескішті беру, геометриясы
және т.б.) қарай саналуан болуы мүмкін (сатылы, элементті, иірмелі және
жарықшалы).
2.1 сурет. Металды инструментпен кескенде дайындамада
пайда болатын кернелген-деформацияланған күйдің
аймағы:
1 — дайындама; 2 — дайындама металының пластикалық
деформациялау аймағы; 3 — инструмент
7
2.2. сурет. Жоңқа түрлері
Элементті және сатылы жоңқалар қаттылығы орташа болатты,
алюминийлі және оның қорытпаларын орта жылдамдықпен кесіп өңдегенде
түзіледі және кескіштің жағынан тегіс және ішкі жағынан кетілген таспаны
білдіреді (2.2, а, б сурет).
Иірмелі жоңқа жұмсақ болатты, мысты, қорғасында, қалайыны жоғары
жалдамдықпен кескенде кесіп өңдеуге тән. Түзілген жоңқа шиыршық (2.2., в
сурет) немесе ұзын (көбіне шатасқан) таспа (2.2. г сурет) түріне ие болады.
Жарықшалы жоңқа аз пластикалық материалдарды (шойын, қола) кескенде
түзіледі және жекелеген кесіктерден (2.2. д сурет) құралады.
Жоңқаның шөгуі. Жоңқаның түзілу процесін ертеректе сипаттағанда
жоңқаның әр элементі кесетін инструменттің алдыңғы беті түсіретін күштің
әсерінен деформацияланатыны, атап айтқанда жаншылатыны атап
көрсетілген болады, соның салдарынан жоңқаның ұзындығы әркез оның өзі
кесіп алынған беттің бөлігінің ұзындығынан аз болады. Бұл жоңқаның шөгуі
деп аталатын құбылыс шөгу коэффициентімен сипатталады.
8
2
тарау . Кесу процесінмен қабат жүретін құбылыстар
L
K= 0
L
мұнда L0 — өңделген беттің ұзындығы, мм; L — жоңқаның ұзындығы, мм.
K шамасы әркез бірліктен (K = 1,1... 10,0) көп болады. K мәні көп болған
сайын, жоңқаның деформациялану дәрежесі көп, яғни металдың сынуға
кедергісі азайған сайын оның өңделгіштігі де жақсарады.
Шөгу коэффициентінің шамасы кесу параметрлерінің қатарына байланысты
болады. Мәселен, кескіштің алдыңғы бұрышы ұлғайғанда шөгу
коэффициенті азаяды, ал кесілетін жиектің дөңгелену радиусы ұлғайғанда
ұлғаяды. Кесіндінің қалыңдығы ұлғайғанда шөгу коэффициенті азаяды және
т.т.
Шор түзілу. Түзілгеннен кейін жоңқа кесетін инструменттің алдыңғы
бетімен төмен түседі және жоңқаның және инструменттің түйіскен
алаңшасында үйкеліс пайда болады және материалдардың температурасы
көтеріледі. Үйкеліс күші мен көтеріңкі температураның нәтижесінде
инструменттің алдыңғы бетіне жабысқан металл дөңесі түрінде пластикалық
деформациясының қосымша аймағы пайда болады. Мұндай дөңес шор (2.3
сурет), ал құбылыс шор түзілу деп аталады. Шордағы металл қатты
деформацияланған, нығыздалған, жоғары қаттылыққа ие, өйткене қыздыру
және әрі қарай салқындыту барысында ол термиялық өңдеуге –
шынықтыруға ұшырайды. Шыңдалған металл тек қатты ғана емес, сонымен
бірге сынғыш келеді. Сондықтан шор кескіште ұзақ уақыт ұсталмайды, ол
ауық-ауық сынады. Сынғыш шордың ұшып кеткен кесіктері бөлшектің
өңделіп қойған бетін сызаттайды.
2.3 сурет. Алдыңғы беттегі шорлы кескіш:
1 — өңделетін дайындама; 2 — шор; 3 — кескіш; 4 — дайындаманың
бетіне жабысқан шордың бөлшегі; Dr — негізгі жүрістің бағыты
9
Шор түзілудің кесіп өңдеу процесіне әсері екі жақты болады. Шор кесетін
инструменттің геометриясын өзгертеді: шорлы бөлікте кескіште болған оң
бұрыштың орнына теріс алдыңғы бұрыш түзіледі. Шордың есебінен кесетін
жиек сақталады, өйткені шор кесудің бүкіл жүктемесін өзіне алады. Бұл ретте
кескіштің алдыңғы және артқы беттерінің тозуы азаяды, яғни шор оларды
қажалудан қорғайды. Сонымен бір мезгілде өңдеудің дәлдігі нашарлайды,
өйткені шордың салдарынан кесілетін қабаттың қалыңдығы ұдайы өзгереді.
Одан бөлек, бөлшектің өңделген бетіндегі ұсақ тегіссіздіктің биіктігі
ұлғаяды, өйткені шордың ұшып кететін кесіктері бетке әсер ете отырып, онда
жаншылма түзеді немесе бөлшекке жабысады.
Осылайша, қаралтым өңдегенде шор түзілудің жағымды құбылыс, ал таза
өңдегенде зиянды құбылыс деп тұжырым жасауға болады. Бұл жағдайда
технологтар бұл құбылыстың алдын алуға тырысады. Шор түзілу себептерін
жою үшін өңделген беттің жоғары сапасын алу мақсатында мынадай
шараларды ұсынамыз:
■ белгіленген кесу жылдамдығы кезіндегі жұмыс, өйткені шор кесудің
минутына 7... 18 м/мин жылдамдығында (2.4- сурет) қарқынды түзіледі.
Кесудің аз жылдамдығында (7 м/мин дейін) кесу аймағындағы
температура жоңқа металын инструментке жабыстыру және шор
металын шынықтыру үшін жеткіліксіз, ал кесудің үлкен жылдамдығында
(минутына 80 м) шор кескішке жабысып үлгермейді, өйткені жоңқа
түйісу аймағынан жылдам кетіріледі.
Назар аударыңыз! Жылдам кесетін болаттан жасалған көпжүзді
инструментпен: жаймалағышпен, таңбалағышпен және үлгілік кескіштермен,
яғни аз бұдырлықты қамтамасыз ететін инструменттермен өңдеуді кесудің аз
жылдамдығымен, ал қатты қорытпалы кескіштермен және зенкерлермен
өңдеуді аса жоғары кесу жылдамдығымен жүргізу қажет;
2.4 сурет. Н шордың
биіктігінің өзгеру сипаты v
кесу жылдамдығына қарай
10
2
тарау . Кесу процесінмен қабат жүретін құбылыстар ■
кескіштің алдыңғы бетін бабына жеткізу немесе жалтырату,
өйткені бұл кезде жоңқаның инструментке үйкелісі кілт азаяды және
шор мүлдем түзілмейді ;
майлау-салқындату технологиялық орталарды қолдану, өйткені егер
кескіштің беті жақсы майланса, онда шордың түзілуі қиындайды
және кесу аймағындағы температура төмендейді. МСТО ретінде таза
өңдеу кезінде сульфофрезол, арнайы көпқұрамдасты құрамдар,
құрамында молибден қос сульфиті бар сұйықтық және т.б.
қолданылады.
Қақтама. Бөлшектің өңделген бетіндегі металдың қаттылығы қақтама
құбылысы нәтижесінде дайындаманың ішіндегіге қарағанда әркез жоғары
болады. Қақтама өңделетін металдың жоңқаны жарып кетіру процесінде
салқын деформацияның әсерімен өңделетін металдың беткі қабатын
өзгертумен сипатталады. Қақталған қабаттың тереңдігі 1... 2 мм жетеді.
Қақтама дәрежесі (қаттылықтың арту дәрежесі) және қақталған қабаттың
тереңдігі өңделетін материалдың механикалық қасиеттеріне (сынғыш
металдар тұтқыр металдарға қарағанда азырақ қақталады), кескіштің
геометриясы (кескіштің алдыңғы кіші бұрышы үлкен қақтама туғызады), кесу
режиміне, МСТО түріне және басқа да факторларға байланысты болады.
Қақтама термиялық өңдеумен – суарумен алынады.
Кескен кезде жылу бөліну. Кесу барысында металл бөлшектің, кесетін
инструменттің және жоңқаның түйіскен аймағындағы температура артады.
Кесу аймағындағы температураның артуы — бұл кесу жұмысына
жұмсалатын механикалық энергияның айналуының жанама және болмай
қоймайтын нәтижесі. Кесу аймағында бөлінетін Qpeз жылуы өзара түйісетін
жоңқамен (Qстp), дайындамамен (Qзar), инструментпен (Qинстр) және қоршаған
ортамен (атмосферамен) (Qатм) арасында бөлінеді:
Жоңқа аса қатты қыздыруға түседі, өйткені оның қалыңдығы шағын болады
Q → Q + Q + Q
+ Q
рез стр заг
инстр атм
және деформацияға ұшырайды: кесу аймағындағы бүкіл жылудың 75 % дейін
жоңқамен жинақталады. Инструмент едәуір қыздыруға түседі, оның қызуы
үйкелістің, сондай-ақ оның алдыңғы бетінен түсетін жоңқадан берілген
жылудың есебінен болады. Инструмент сіңіретін жылудың көлемі кесу
аймағында пайда болатын бүкіл жылудың 40 % жетуі мүмкін.
Қыздырылған инструменттің кесетін жиегі көк реңкке ие болады және ериді.
Балқыту кесу жиектері — кесу режимін дұрыс таңдамау салдарынан пайда
болады.
1
1
Тіптен егер инструмент апатты бүлінуге келмесе де, қызып кету
инструменттің кесетін жиегінің материалын жұмсартуға және оның тозуын
жеделдетуге әкеледі.
Жылудың 10 % дейін дайындама сіңіруі мүмкін және жылудың 1 % жуығы
қоршаған ортаның қызуына келеді.
Кескен кездегі дірілдер. Кесу барысында инструменттің, дайындаманың
және станоктің дірілдеуі пайда болады. Көптеген жағдайларда дірілдердің
пайда болуы кесу режимдерін және еңбек өнімділігін арттыру мүмкіндігін
шектейтін негізгі себеп болып табылады, өйткені олар инструменттің
төзімділігін азайтады. Тіптен әлсіз дірілдер өңдеудің сапасына теріс әсер
етеді, станоктың бөлшектерінің тозуын жылдамдатады.
Дірілдер жұмысшының организміне де зиянды әсер етеді, артериялық
қысымының жоғарылауына ықпалын тигізуі мүмкін. Бөлшектерді өңдеу
барысында дірілдерді азайтуға, олардың пайда болу себептерін жоюға
бағытталған шаралар қолданылады.
Дірілдердің пайда болуының себептері әртүрлі — бұл басқа станоктардан
іргетас арқылы берілетін тербелістер, жоңқа элементтерін жару және шор
түзілу, өңдеуге алынған әдіпті алып тастау сәттерінде металдың кедергілеу
күштері есебінен тербелістер, дайындаманың беткі қабатының тегіссіз
қаттылығы, инструменттің тозғандығы немесе оның берік бекітілмеуі,
сондай-ақ дайындаманың, айлатетіктің теңгерілмей немесе нашар бекітілуі,
станок бөлшектерінің, мәселен шпиндельдің мойнының және
мойынтіректердің және т.б. тозғандығы себептерінен тербелістер.
Дірілдермен күрестің тәсілдері мыналар болуы мүмкін. Станок
амортизациялық шайбалары бар іргетас блоктарына тартқыш сомындармен
мықтап бекітіледі немесе станок діріл тіреуіштеріне (амортизациялық
төсемдеріне) орнатылады.
Үш жұдырықшалы патрондар планшайбалармен бірге теңгеріледі,
жетектегіш планшайбаға салмақты теңгерімдейтін қарсысалмақтар бекітіледі.
Симметриялық емес дайындаманы өңдеген кезде де қарсысалмақтар соғу
шамасын азайту мақсатында қарсысалмақтар орнатылады.
Біліктерді өңдеген кезде артқы басшаның күпшесі барынша аз шығуы, артқы
басша мықтап бекітілуі, күпшек бекітілуі қажет. Кескіштің 1 шығымы 1,5H
аспауы тиіс (мұнда Н — ұстағыштың биіктігі)
12
2
тарау . Кесу процесінмен қабат жүретін құбылыстар
2.5-сурет. Дірілді азайтуға септігін тигізетін
кескіштердің құрылымы: а — дірілді басатын
жүзімен: f — жүзі; а — артқы бұрыш; у —
алдыңғы бұрыш; б — дірілді басатын
кертікпен
Шығымды ұзарту қажет болған жағдайда кескішке жүктеме азайтылады.
Бойлай берілмейтін тілу және кесу жұмыстары кезінде суппорттың
күймешесін қысу қажет. Бапталған станокпен жұмыс істегенде тіреудің
бойымен көлденең бермей суппорттың көлденең жылжымаларының
сыналары тартылады.
Дірілдерді болдырмау үшін кескіштердің құрылымы өзгертіледі. Қаралтым
өңдеу кезінде кескіштің артқы бетінде діріл басқыш жүз жетілдіріп
орындалады (2.5, а сурет). Өңделген беттің бойымен осы жүз үйкелген кезде
дірілдер біршама азаяды.
Қатқыл емес біліктерді қарылтым өңдегенде діріл басқыш кертігі бар кескіш
қолданылады (2.5, б сурет).
Қатқыл емес дайындамаларды өңдегенде люнеттердің көмегімен қосымша
бекіту тәсілі қолданылады. Шпиндельдің мойынтіректерінің тозуын
қадағалап, оларды уақтылы ретке келтіріп отыру қажет.
Дірілдерді азайту үшін пісіру деректерін пайдаланып, кесудің ұтымды
режимдерін таңдау қажет.
Дірілдерді артқы бұрышы кіші және алдыңғы бұрышы үлкен инструментті
қолданып, жоюға немесе азайтуға болады.
Дірілдерді жою үшін діріл басқыш деп аталатын құрылғылар қолданылады.
Жоғарыда тізбеленген тәсілдерді қолдану дірілдердің шамасын азайтуға және
дайындаманы қажетті дәлдікпен және бетінің бұдырымен өңдеуге мүмкіндік
береді.
1
3
Инструментті
3
дайындауға
пайдаланылатын
материалдар
Инструментті дайындауға пайдаланылатын материалдар
инструменталдық деп аталады. Негізгі инструменталдық
материалдардың қатарына көміртекті инструменталдық болат,
қоспалы инструменталдық болат, тез кесетін
инструменталдық болат, қақталған қатты қорытпалар,
минералды керамикалық қорытпалар, аса тығыз материалдар,
алмастар жатады.
Инструменталдық материалдарға қойылатын
талаптар олардың жұмыс сипаттамаларымен
байланысты:
өңделетін материалдың қаттылығын арттыратын
жоғары қаттылық, бұл инструменттің металл
дайындамаға кірігіп, әдіптің қабатын алып шығуы
үшін қажет;
өңделетін
материалдың беріктігін
2-2,5
есе
арттыратын
жоғары беріктік,
инструменттің
алдыңғы бетіне өңделетін материалдың тұсынан
қарсы қысымға төтеп беру үшін;
тұтқырлық, инструменттің кесетін бөлігі соққылы
жүктемелердің әсерімен үгітіліп кетпеуі үшін; ■
тозуға жоғары төзімділік, кескіштің беті өңделетін
дайындамамен және жоңқамен үйкелуінен жылдам
тозбауы үшін;
14
2
тарау . Кесу процесінмен қабат жүретін құбылыстар ■
жылу төзгіштік, инструменттің кесетін бөлігі кесу
аймағындағы жоғары температурада кескіш
қасиеттерін сақтауы үшін.
Кесу инструментін дайындауға арналған
инструменталдық материалдардың қатарына ең
алдымен инструменталдық болаттар жатады.
У7, У8, У9, У10, У11, У12, У13 маркілі
инструменталдық көміртекті болаттар. «У» әрпі
болаттың көміртекті екенін көрсетеді, ал сандар —
бұл көміртектің пайыздың оннан бір үлесімен
орташа құрамы. Зиянды қоспалардың шекті құрамы
аз жоғары сапалы инструменталдық болаттардың
маркілерінде (ең алдымен күкірт пен фосфор),
соңында «А» әрпі көрсетіледі, мәселен, У10А, У8А
және т.т.
Инструменталдық көміртекті болат төмен кесу
қасиеттеріне ие. Мұндай болаттан жасалған кесу
инструменттерімен өңдеуді кесу аймағындағы 200...
250 °С ең көп температураларда және минутына
10 ...... 15 м шегіндегі кесу жылдамдығымен
жүргізуге болады.
Инструменталдық қоспалы болат химиялық
құрамына қарай көміртекті болаттан бір немесе
бірнеше қоспалы элементінің: хромның,
вольфрамның, молибденнің, ванадийдің болуымен,
мәселен, 4ХС маркілі 0,4 % С болатта Cr 1,5 % дейін
және Sі 1,5 % дейін болуымен ерекшеленеді.
Көбінесе
инструменттерді дайындау үшін
применяют ХГ, ХГ5, 9ХС және ХВГ маркілі
инструменталдық қоспалы болат қолданылады.
Инструменталдық қоспалы болат көміртекті болатқа
қарағанда аса жоғары кескіш қасиеттерге ие,
маркілері әртүрлі болаттар өңдеуді кесу
аймағындағы температура 300....350°С дейін және
минутына 20 ..... 25 м шегінде ең көп кесу
жылдамдығымен жүргізуге мүмкіндік береді.
1
5
Елімізде болаттың химиялық құрамының бірыңғай
шартты таңбаланымдары (әріптер мен сандардан)
белгіленген. Маркідегі алдыңғы екі әріп көміртекті
орташа құрамын пайыздың жүзден бір үлесімен
көрсетіледі, одан әрі орыс алфавитінің әріптерімен
болаттың құрамындағы қоспалы элементтер
(мәселен, В — вольфрам, Ф — ванадий, С —
кремний, К — кобальт, М — молибден және т. т.)
таңбаланған, ал әріптің оң жағындағы сандар
олардың пайызбан орташа құрамын көрсетеді. Егер
сан жоқ болса, онда қоспалы элементтің құрамы 1,5
% дейін.
Инструменталдық
жылдам кесетін болат
көміртекті және қоспалы инструменталдық болатқа
қарағанда вольфраммен қоспаланған, сондықтан
оның тозуға төзімділігі артық әрі қызутөзімділік деп
аталатын жылу төзімділігі артық, яғни болат қызыл
болып қыздыру температурасында (550 .... 600 °С)
өзінің қасиеттерін жоғалтпайды. Жылдам кесетін
болаттардың екі тобы болады: қалыпты жылу төзімді
және асқан жылу төзімді, ол вольфрамға қосымша
кобальтпен және ванадиймен қоспаланады.
Жылдам кесетін болаттардың таңбаланымы «Р»
әрпінен басталады, сонсоң вольфрамның пайызбен
құрамы, одан әрі «Ф» әрпімен ванадийдің,
16
2
тарау . Кесу процесінмен қабат жүретін құбылыстар
«К» әрпімен кобальттің, «М» әрпімен молибденнің
құрамы көрсетіледі. Мәселен, жылдам кесетін
болаттың маркілері Р9, Р12Ф2К8М3.
Қазіргі кезде әдеттегі конструкциялық
материалдарды өңдегенде кесетін инструменттің
барлық түрлерін дайындау үшін ең көп
қолданылатыны Р6М5, Р6М3 болаттар.
Беріктігі жоғары таттануға төзімді болаттарды және
қорытпаларды кесетін жиектері артық
қыздырылатын жағдайда өңдеу үшін, сондай-ақ
қаттылығы және тұтқырлығы жоғары болаттар мен
қорытпаларды өңдеу үшін соққылармен жұмыс
істегенде жылдам кесетін Р18КФ2, Р10К5Ф3, Р9К5,
Р6М5К5, Р12Ф2К8М3, Р9М4К8 және т.б. болаттар
қолданылады.
Инструменталдық
болаттармен
қатар
инструменттердің кесетін бөлігін дайындау үшін
қақталған қатты қорытпалар пайдаланылады,
оларды қолдану инструменталдық жылдам кесетін
болаттарды өңдеу кезіндегіге қарағанда кесу
жылдамдығын 5-10 есе артық жұмыс істеу
мүмкіндігін қамтамасыз етеді, олардың жылу
төзімділігі 800 °С дейін және одан жоғары, яғни осы
температураларда олар кесу қасиеттерін жоғалтайды.
Қақтамалы қатты қорытпалар вольфрам карбидінен
(қорытпаның негізі), титаннан немесе танталдан
және біріктірме – кобальттан құралады. Қақтамалы
қатты қорытпалар вольфрамды кобальтты (бір
карбидті), титанды вольфрамды кобальтті (екі
карбидті) және титанды танталды вольфрамды
кобальтты (үш карбидті) болып бөлінеді.
Вольфрамды кобальтты қатты қорытпалар —
ВК8, ВК6, ВК3М және т.б. (маркідегі «К» әрпінен
кейінгі сан кобальттың пайызбен құрамын, қалғаны
вольфрам карбидін көрсетеді). Олар морт сынғыш
материалдар: шойынды, қоланы, қақталған болатты
өңдеу үшін қолданылады.
1
7
Титанды вольфрамды кобальтты қатты
қорытпалар — Т5К10, Т14К8, Т15К6, Т30К4 және
т.б. (маркідегі әріптерден кейінгі сандар – пайызбен
титан және кобальт карбидінің, қалғаны – вольфрам
карбидінің құрамы). Олар негізінен, болаттарды
өңдеуге қолданылады. Мәселен, екі карбидті Т14К8
қатты қорытпа титан карбидінің 14 %, кобальттің 8
% және вольфрам карбидінің 78 % құралады.
Титанды танталды вольфрамды кобальтты
қорытпалар — бұл вольфрам, кобальт және
вольфрамның, титанның, танталдың күрделі
карбидінен құралған үш карбидті қақтамалы қатты
қорытпалар. Бұл қорытпалар жоғары төзімділігімен
сипатталады, олар қиын өңделетін материалдарды
немесе ауыр жұмыс жағдайларында өңдеуге
қолданылады. Мәселен, ТТ7К12 қорытпасы соққылы
жүктемесі жоғары дайындамаларды өңдеуге
қолданылады. Қатты қорытпаның құрамындағы
кобальттың пайыздық құрамының артуына қарай
оның беріктігі артады, бірақ қаттылығы азаяды,
сондықтан кобальттің құрамы жоғары топтағы қатты
қорытпалар қаралтым өңдеуге, кобальт біріктірмесі
құрамы аз қатты қорытпалап таза өңдеуге
қолданылады.
Түрлі маркілі қатты қорытпаларды токарлық өңдеу кезінде
қолдану
өңдеу және өңделетін материалдың түріне байланысты болады
(3.1-кесте).
18
2
тарау . Кесу процесінмен қабат жүретін құбылыстар
3.1-кесте. Токарлық өңдеу кезінде кесетін инструментті дайындауға ұсынылатын
қатты қорытпалардың маркілері
Өңделетін материал
Таттануға төзімді
Өңдеу түрі
Көміртекті және
Шойын
және қызуға берік
қоспалы болаттар
және қола
болаттар, титанды
қорытпалар
Кесіктің тегіссіз қимасы
Т5K10, n7K12
ВО
BK8B,
және үзілмелі кесу
ВО-ОМ,
кезінде (соққылап)
ТТ100Б
шыңдалғыларды,
қалыптамаларды және
құйманы қабыршықты
және қақты бойлап
қаралтым қайрау
Үздіксіз кесу кезінде
mo, то
ВО, ВО
ВО-М, ВО-М
жартылай таза және
тазалап қайрау
Жұқалап ұштау
T30K4
ВО
ВО-М
Қатты қорытпалардың құрамындағы вольфрам
карбидтерінің түйірлері өлшемдерінің азаюымен
олардың тозуға төзімділігі мен қаттылығы ұлғаяды.
Бұл
заңдылық
қажетті қасиеттерімен түрлі
мақсаттағы ұсақ түйіршікті қатты қорытпаларды
жасағанда пайдаланылады. Алғашқы ұсақ түйіршікті
қорытпалар ВК3-М және ВК6-М маркілі қатты
қорытпалар болды. Соңғы кезде құрылымы айрықша
ұсақ түйіршікті ВК6-ОМ, ВК10-ОМ және ВК15-ОМ
қатты қорытпалары ойлап табылды.
Түрлі маркілі қатты қорытпаларды фрезерлеу
кезінде қолдану
өңдеуге және өңделетін
материалдың түріне байланысты. Фрезерлеуді
орындау үшін қатты қорытпаның маркісін таңдаған
кезде 3.2 кестенің деректерін басшылыққа алуға
болады.
3.2 кесте. Фрезерлеу кезінде кесетін инструментті дайындауға
ұсынылатын қатты қорытпалардың маркілері
Инструментке
Өңдеу түрі
Өңделетін материал
арналған қорытпа
маркісі
Т30К4
Таза
фрезерлеу
Көміртекті, қоспаланған және
таттануға тұрақты болаттар
Т15К6
сол
Таза және жартылай таза
фрезерлеу
Т14К8
Жартылай таза және »
қаралтым фрезерлеу
Т5К10, ТТ10К8Б
Қаралтым фрезерлеу
ТТ7К12, Т5К12Б
Сол
Көміртекті болаттар және болат
құйма (кесудің үлкен тереңдігі
және тіске беру)
ВК10-ОМ
Қаралтым және таза
Аустениттелген таттануға
фрезерлеу
төзімді болаттың құймалары
ВК3, ВК3М
Таза фрезерлеу
Шойын, түсті металдар мен
қорытпалар, бейметалл
материалдар
ВК6М
Сол
Жоғары және төмен қоспаланған
шойындар, қақталған болат,
қызуға берік қорытпалар
ВК6-ОМ
Фрезерлеу
Вольфрам, молибден, қақталған
болаттар, алюминий қорытпалар
ВК6, ВК8
Қаралтым фрезерлеу
Шойын, қызуға берік
қорытпалар, мыс, қола, басқа
түсті қорытпалар
ВК15-ОМ
Сол
Таттануға төзімді болаттың
кейбір маркілері, титанды және
никельді қорытпалар, әсіресе
вольфрам мен молибден
қорытпалары
Инструменттердің кесетін бөлігі Al2O3 алюминий тотығы (корунд) негізінде
оны ұсақ майдалау, сығымдау және қақтау жолымен дайындалатын
минералды керамикалық қорытпалардан жасалған ауыстырылатын
тілімшелермен жарақталуы мүмкін. Олар тілімшелер секілді пішімі мен
өлшемдері бойынша стандартты қақтамалы қатты қорытпалардан
шығарылады. Қазіргі кезде ЦМ-322 және В-3, ВО-13 қорытпалары
өнеркәсіпте қолданыс тапқан, бұл ретте В-3 қорытпаның беріктігі ЦМ-322
қорытпасының беріктігінен 1,5-2 есе көп. В-3 қорытпасының құрамына
алюминий тотығынан бөлек қиын балқитын металдардың күрделі карбидтері
енеді.
Кремний карбидінің жіңішке кристалдарымен арматураланған қақтамалы
қатты қорытпалар, мәселен ВОК-200 пайда болды, олар беріктігі жағынан
Т30К4 секілді қатты қорытпаға дес бермейді.
Минералды керамикалық тілімшелер, кейбір қатты қорытпаларға қарағанда
жылуға төзімділікке және тозуға төзімділікке ие бола отырып, беріктігі аз әрі
асқан морт сынғыш болады.
Қақтамалы қатты қорытпалармен салыстырғанда минералды керамика
тазалап және жұқалап қайрағанда, тілімшелері қайта ұшталмайтын бүйірлік
фрезалармен фрезерлеу кезінде қолданыс табады.
Бор нитридінің негізіндегі аса қатты материалдар құрамына эльбор-Р (01
композит), композит (05 композит) және гексанит-Р (10 композит),
поликристалды қатты бор нитриді (ПҚБН) композициялық материалдар
және т.б. енетін материалдар тобын түзеді.
Аталған аса қатты материалдар беріктіктің термоқажуы жөнінен минерало-
керамикалық және қақтамалы қатты қорытпалардан әлдеқайда басым түседі.
Эльбор-Р, гексанит-Р, ПҚБП және басқа аса қатты материалдардан жасалған
тілімшелер болаттарды, шойындарды, қиын өңделетін қорытпаларды
өңдеуге арналған кескіштерді жарақтандыруға қолданылады.
Бор нитриді негізіндегі аса қатты материалдар химиялық тұрғыда қара
металдарға инертті болып келеді. Үш дәрежеленген бор нитридінің
кристалдарымен жарақталған инструменттер кесу аймағындағы 1 300 °С
дейінгі жоғары температураға төтеп береді. Олардың қаттылығы (9,9) іс
жүзінде алмастың қаттылығына (Моос шәкілі бойынша 10) тең.
Ұнтақтар мен поликристалдар түрінде шығарылатын синтетикалық
алмастар (карбонадо және баллас) инструменталдық материалдардың
ішіндегі аса қаттылары болып табылады.
Синтетикалық алмастар түсті металдарды, титанды қорытпаларды және т.т.
өңдеуге қолданылады, сондай-ақ аса қатты материалдарды өңдеу үшін
олардан тек қаттылығымен басым түсетін алмастарды ғана қолдануға
болады.
4 Кесетін инструменттердің
геометриялық параметрлері
4.1.
Кескіштердің геометриясы, оларды
дайындау және қайрау
Инструмент геометриясы деп кесетін бөліктің беттері мен олар қайралатын бұрыштардың жиынтығы ұғынылады. Инструменттің жұмыс қабілеттілігі оның геометриясымен анықталады. Жұмсалған күштің әсер ету қағидаты бойынша кесу процесі бұрыштан түсетін екі бетті сынамен ажырату (сынаның 1 әрекеті (4.1.-сурет) процесіне ұқсас, күшке елеулі пайда береді: қабысудың кіші бұрышында (β үшкірлену бұрышы) көленең күш Р жұмсалған күшті 5 есе арттыра алады). Кесу барысында кесетін инструменттің жұмыс бөлігі (кескіш 2) сынаның рөлін атқарады. Кескіш — дайындамаларды өңдеу кезінде (мәселен, токарлық өңдеуде) кесу жұмыстарын атқаруға пайдаланылатын инструмент. Кескіштің құрамдас элементтері (4.2 -сурет) кесетін бөлік —
кескіштің жүзі болып табылады, ол кесу процесін іске асырады және ұстатқыш кескішті кескіш
ұстатқышқа бекіту үшін қызмет етеді. Кескіштің жүзінде, өз
кезегінде, мына элементтер бөлінеді: алдыңғы бет 2, оның
бойымен жоңқа түседі; өңделетін дайындамаға қаратылған
артқы бет (басты 3 және қосалқы 4);
4.1 сурет. Сынамен (а) және кескішпен (б) атқарылатын жұмыстың
схемасы:
1 — сына; 2 — кескіш; 3 — дайындама; 4 —материалдың алынатын
қабаты; 5 — жоңқа; Р — жұмыс кезінде кескішке және сынаға
3
жұмсалатын күш; в – сына мен кескішті үшкірлеу бұрышы
а
6
4.2 сурет. Кескіштің элементтері:
1 — негізгі кесу жиегі; 2 —
алдыңғы беті; 3 — негізгі артқы
беті; 4 — қосалқы артқы беті; 5 —
ұшы; 6 — қосалқы кесетін жиегі
4
кесілетін жиектер (алдыңғы және негізгі артқы беттердің қиылысуымен түзілген негізгі 1, және
алдыңғы және артқы қосалқы беттердің қиылысуымен түзілген қосалқы 6); жүздің ұшы 5 — негізгі
және қосалқы кесетін жиектердің түйіндескен жері.
Кескіштің беттерін инструменттің кесу қабілетін қамтамасыз ету үшін белгілі бір бұрыштармен
қайрау қажет .
Кескіштің бұрыштарын анықтау үшін кесудің жазықтығы және негізгі жазықтық ұғымдары енгізіледі
(МемСТ 25762-83). Кесудің жазықтығы — қарастырылатын нүктедегі кесетін жиекке қатысты
жазықтығы және негізгі жазықтықтың перпендикулярлығы. Негізгі жазықтық — кесетін жиектің
қарастырылатын нүктесі арқылы осы күктедегі кесудің негізгі және қорытқы қимылдарының
жылдамдығы бағытына перпендикулярлы жүргізілген жазықтық.
Кескіштің жүзінің бұрыштары (4.3-сурет) негізгі және қосалқы болып бөлінеді. Кескіштің жүзінің
негізгі бұрыштары негізгі қима жазықтықта, яғни негізгі кесетін жиектің проекциясының негізгі
жазықтыққа перпендикулярлы жазықтығында өлшенеді. Бұл бұрыштардың барлығының белгіленген
атаулары болады:
■ α негізгі артқы бұрышы — жүздің негізгі артқы беті 3 (4.2- суретті қара) мен кесу жазықтығы
арасындағы бұрыш;
■ β үшкірлеу бұрышы — кескіштің жүзінің алдыңғы 2 және негізгі артқы 3 беттері арасындағы
қима жазықтықтағы бұрыш;
■ γ алдыңғы бұрышы — жүздің алдыңғы беті 2 мен негізгі жазықтық арасындағы қима
жазықтықта орналасқан бұрыш. Жиынтығында α, β, γ бұрыштар тік бұрышты құрайды: α + β + γ
= 90°;
Кесу беті
4.3 сурет. Кескіш жүзінің бұрыштары:
α — негізгі артқы бұрыш; β — үшкірлеу бұрышы; γ — алдыңғы бұрыш; δ —
кесу бұрышы; φ — жоспардағы негізгі бұрыш; φ' — жоспардағы қосалқы
бұрыш; ԑ — кескіштің ұшындағы бұрыш; λ — негізгі кесу жиегінің
көлбеулену бұрышы; α' — жоспардағы қосалқы артқы бұрыш; Dr — негізгі
әрекет; Ds поп — көлденеңінен беру әрекеті; Ds прод — бойлай беру әрекеті
■ δ кесу бұрышы — жүздің алдыңғы беті 2 мен кесу жазықтығы арасындағы қима жазықтықтағы
бұрыш;
■ жоспардағы φ негізгі бұрыш— кесу жасзықтығы мен негізгі кесу әрекетінің және беру
әрекетінің жылдамдықтары бағыты орналасқан жұмыс жазықтығы арасындағы негізгі
жазықтықтағы бұрыш;
■ жоспардағы φ' қосалқы бұрыш — кескіштің қосалқы кесу жиегінің проекциясы 6 мен жұмыс
кесу жазықтығы арасындағы бұрыш;
■ кескіштің ұшындағы ԑ бұрышы — кесетін жиектердің негізгі және қосалқы 6 бұрыштарының
негізгі жазықтыққа проекциялары арасындағы бұрыш;
■ негізгі кесетін жиектің λ көлбеулену бұрышы — негізгі кесетін жиектің 1 және негізгі
жазықтық арасындағы кесу жазықтығындағы бұрыш;
■ қосалқы α’ артқы бұрыш — қосалқы артқы жазықтық пен кесу жазықтығы арасындағы бұрыш.
Кескіш геометриясының өңдеу шарттарына тәуелділігі. Токарлық кескіштердің алдыңғы беттің түрлі
пішіндері (қырлары) болады. Өңделетін материалдың
4.4 сурет. Жылдам кесетін болаттан жасалған кескіштердің
алдыңғы бетінің пішіндері: а — жүзі бар радиустық; б — жүзі бар
жалпақ; в — жүзсіз жалпақ; f — жүздің ені; R — жырашық радиусы; у
— алдыңғы бұрыш
түріне және кескіштің материалына қарай жылдам кесетін болаттан жасалған кескіштердің алдыңғы бетінің үш түрі ұсынылады: жүзі бар радиустық, жүзі бар жалпақ және жүзсіз жалпақ (4.4 -сурет). Жүзі бар радиустық бет (4.4, а сурет) әсіресе жоңқаны бұйралауды қамтамасыз ету қажет болған жағдайда болатты өңдеуге арналған барлық түрдегі кескіштерде орындалады (кесетін жиектің күрделі кескіні бар үлгілік кескіштерді қоспағанда). Жүзді мынадай енмен жасайды, мм:
f = (0,8 ... 1)s,
мұнда s — беру, мм/айн.
Жүзі бар жалпақ бет 0,2 мм/айн. берілген кезде болатты өңдеу мақсатында кескіштердің барлық түрлеріне қолданылады. Кесетін жиектерді доғалдауды, бұл ретте жүздің ені 0,2 мм аспауына жол
бере отырып түзілуін ұсынамыз.
Жүзсіз жалпақ бет болатты (0,2 мм/айн. тең немесе одан көп берумен) және шойынды өңдеуге, сондай-ақ кесетін жиегінің кескіні күрделі үлгілік кескіштерге арналған кескіштердің барлық
түрлеріне қолданылады.
Қатты қоыртпалы кескіштердің алдыңғы бетінің төрт пішінін орындауға ұсынамыз (4.5 сурет): теріс жүзі бар жалпақ (4.5, а сурет), теріс жүзі бар радиустық (4.5, 6 сурет), жалпақ қосарлы бет (4.5, б
сурет) және жалаң қабатты теріс жалпақ бет (4.5, г сурет).
Теріс жүзі бар жалпақ алдыңғы бет бөлшектің қаттылы немесе дірілге орнықтылығы жеткіліксіз
кезде с σв < 800 МПа1 болатты, сондай-ақ
1 МПа = 1 И/мм2.
4.5 сурет. Қатты қорытпадан жасалған жалатпа тілімшелермен жарақталған кескіштің алдыңғы бетінің ұсынылатын
пішіндері: а — теріс жүзі бар жалпақ; б — теріс жүзі бар радиустық; в — қосарлы жалпақ бет; г — жалаң қабат жалпақ теріс бет; R — жырашық радиусы; а, а', у — кескішті қайрау бұрыштары σв > 800 Мпа болатты өңдеуге пайдаланылатын кескіштерге қолданылады. Екі жағдайда жоңқа сындырғыштарды қолдану қажет болады. Сұр және қақталған шойынды өңдеуге арналған кескіштер
де осы пішінге ие болуы тиіс.
Теріс жүзі бар радиустық алдыңғы бет σв < 800 МПа при кесу тереңдігі 1...5 мм және берілуі 0,3
мм/айн. дейін болатты жартылай таза өңдеуге арналған кескіштерге қолдынады. Алдыңғы қырдың
радиустық пішінін тек электр ұшқындау тәсілімен ғана құрайды.
Жоңқаны бұрудың қандай да бір қосымша тәсілдерін қолдану қажет емес.
Жалпақ қосарлы алдыңғы болатты св > 800 Мпа өңдеу кезінде, бөлшектің қаттылығы мен дірілге
орнықтылығы жеткілікті кезде қолданылатын қуысы бар кескіштердің алдыңғы қырына
пайдаланылады. Тегіссіз болатты өңдеу кезінде осы пішін қолданылады. Жоңқаны бұру үшін жоңқаны сындырғыштар қолданылады не болмаса жоспардағы тиісті негізгі
бұрышты және кесетін жиектің еңкею бұрышын таңдауға жүгінеді.
Жалаң қабат жалпақ теріс алдыңғы бет св > 800 МПа Мпа өңдеу кезінде, бөлшектің қаттылығы
мен дірілге орнықтылығы жеткілікті кезде алдыңғы қырдағы қуыс түзілмейтін кескіштерде қолданылады. Кескіш артқы қырының бойымен қайралады. Жоңқаны бұру тәсілдері 4.5, б суретте
кескінделген кескіштің алдыңғы бетінің пішіндегідей.
у алдыңғы бұрыштың әсері былайша кесу барысында байқалады. Оның аз мәндерінде жоңқа күрт
бүгіледі, бұл кесуге, дірілге кедергінің ұлғаюын, соның салдарына өңдеу сапасының нашарлауын туғызады. Алдыңғы бұрыштың ұлғаюына қарай жоңқаның түсуі жеңілдейді, кесу процесі қалыпты өтеді, бірақ кескіштің беріктігі азаяды. Сондықтан алдыңғы үлкен бұрышқа тек жұмсақ металдарды
өңдегенде ғана рұқсат етіледі.
Егер кескіштің жүзінің алдыңғы беті кесу жазықтығына перпендикулярлы жазықтыққа қатысты төмен бағытталса, онда алыңғы бұрыш оң (+у) болып есептеледі; ал егер ол кесу жазықтығына перпендикулярлы жазықтыққа қатысты жоғары бағытталса, онда алдыңғы бұрыш теріс (-у) болып
есептеледі.
Қатты қорытпадан жасалған тілімшелермен жарақталған теріс алдыңғы бұрышы бар кескіштер (әдетте Т5К10 қорытпасы) соққылы жүктемемен болатты бойлап сыдыру жұмыстарына немесе қуатты токарлық және айналдырғы станоктарда әдіптері тегіссіз дайындамаларды өңдеуге қолданылады. Дайындаманың дөңектерінің кескішке соғылуын кесетін жиек емес, бүкіл алдыңғы
беті қабылдайды, бұл жүзді бұзылудан сақтайды.
а негізгі артқы бұрыштың әсері бұйымның өңделген бетінің сапасында байқалады. а бұрыштың аз
мәндерінде жүздің негізгі артқы беті мен кесу жазықтығы арасында жиі үйкеліс пайда болады. а бұрыштың үлкен мәндері кесетін жиектің босауына әкеледі. Жылдам кесетін болаттан жасалған кескіштерде (4.1-сурет) және қатты қоыртпаның жалатпа тілімшелерімен жарақталған кескіштерде (4.2-сурет) алдыңғы және артқы бұрыштардың ұсынылатын мәндері өңделетін металға байланысты.
4.1 кесте. Жылдам кесетін болаттан жасалған кескіштердегі алдыңғы және
негізгі артқы бұрыштардың ұсынылатын мәндері
Алдыңғы бұрыш γ ...°,
Негізгі артқы бұрыш
алдыңғы беттің пішінінде α, .°, бергенде s,
Өңделетін материал*
(4.4 суретті қара)
мм/об
а
б
В
0,2 дейін
0,2 астам
Конструкциялық болаттар
(көміртекті, қоспаланған):
σв < 500 МПа,
30
30
25
12
8
< 140 НВ
25
25
σ B = 500... 800 МПа, 140...
18
12
8
230 НВ
25
25
σв = 800.1 200 МПа, 230.240
12
12
8
НВ
Шойындар (сұр, қақталған):
< 160 НВ
25
25
18
12
8
160.220 НВ
25
25
12
12
8
> 220 НВ
5
12
8
Жез:
Тұтқыр
30
30
25
12
8
Морт
25
25
12
12
8
Қола
25
25
12
12
8
Алюминийлі және
30
30
25
25
10
магнийлі қорытпалар,
қызыл мыс
* Уақыт кедергісіне σв және НВ қаттылығына қарай болатқа арналған, шойынға —
тек НВ қаттылығына қарай.
4.2 кесте. Қатты қорытпадан жасалған жалатпа тілімшелермен
жарақталған кескіштердегі алдыңғыжәне негізгі артқы бұрыштардың
ұсынылатын мәндері
Негізгі артқы бұрыш ϭ α,
Алдыңғы бұрыш γ, ...°, алдыңғы
...°, берілу кезінде s,
Өңделетін
беттің пішінінде (4.5 суретті қара)
материал*
мм/айн
а
б
в
г
0,2 дейін
0,2 астам
Конструкциялық
болаттар (көміртекті,
қоспалы):
σв < 1 100 МПа
15
15
-5 -5
12
8
σв > 1 100 МПа
-10 -10
12
8
Сұр шойын:
< 220 НВ
12
10
6
> 220 НВ
8
10
6
Қақтамалы шойын,
140... 150 НВ
15
12
8
* Уақыт кедергісіне σв және НВ қаттылығына қарай болатқа арналған,
шойынға — тек НВ қаттылығына қарай.
β үшкірлеу бұрышы кескіштің беріктігіне әсер етеді және негізгі артқы және
алдыңғы бұрыштардың шамаларына қарай мына формуламен ... °
анықталады,
β = 90 - (α + γ).
δ кесу бұрышы алдыңғы бұрыштың шамасына байланысты және мына
формуламен анықталады, ...°:
δ = 90 - γ.
Жоспардағы бұрыштар (негізгі φ және қосалқы φ') кескіштің төзімділігіне
әсер етеді. φ аз бұрышында кескіштің жұмысына оның кесетін жиегінің көп
бөлігі қатысады, бұл ретте жұмыс аймағынан жылу бұру жақсарады және
кескіштің төзімділігі артады. Осы жағдаймен салыстырғанда φ үлкен
бұрышта жұмысқа кесетін жиектің аз бөлігі қатысады.
Өйткені кескіштің төзімділігі азаяды. Ұзын және жұқа, яғни қатты емес дайындамамен өңдегенде оның бүгілу қаупі пайда болады. Бұл жағдайда φ үлкен бұрышты кескіштерді пайдалануды ұсынамыз, өйткені бұл кезде сығу күші азаяды. Кескіштің жоғары төзімділігін қамтамасыз ету және сығу күшін азайту үшін жоспардағы негізгі бұрышты ұсынамыз: қатты дайындама үшін φ = 30... 45°, қатты емес дайындама үшін φ = 60... 90°. Қаралтым өңдеуге бұрышы φ' = 10 ... 15° кескіш, ал таза өңдеуге бұрышы φ' = 5.10° кескіш қолданылады. Үңгімелі бүгілген кескіште φ' = 45°.
ԑ бұрышы, ...°, кескіштің ұшында φ және φ' қайрау бұрыштарына байланысты және мына
формуламен анықталады:
ԑ = 180 - (φ + φ').
Ойма тілуге арналған кескіштер үшін бұл бұрыш аса маңызды болып табылады, өйткені жүздің ұшындағы бұрыш кесілетін ойманың профиліне тең болуы тиіс. Кескіштің ұшын уатылудан сақтау үшін оны дөңгелектеуді ұсынамыз. Ұшты дөңгелектеу радиусы кескіштің өлшеміне және өзі
арналған өңдеу түріне байланысты болады.
λ негізгі кесетін жиектің еңкею бұрышы нөлге тең болуы мүмкін, егер негізгі кесетін жиек
көлденең орналасса, оң, егер ол көлденеңнен жоғары орналасса, теріс болуы, егер негізгі кесетін жиек жүздің ұшы арқылы өтетін көлденең сызықтан төмен орналасса теріс болуы мүмкін. Жоңқаның
түсу бағыты кесетін жиетің бағытына және численной величины угла λ бұрыштың сандық шамасына
байланысты болады: бұрыш оң болғанда (+ λ) ұшы дайындамамен (бөлшекпен) кесетін жиектің
барлық қалған нүктелерінен кейіндеу ұштасады, сондықтан ол соққылардан қорғалған. Ауыр
соққылы жүктемемен жұмыс істеу үшін + λ және – γ бұрышы бар кескіштерді ұсынамыз.
Кесу бұрыштарының өзгеруі кескіштің орнатылуына байланысты. Қайралғаннан кейін алынған кескіштің жүзінің бұрыштары өзінің мәнін тек егер жүздің ұшы станоктың орталықтарының сызығы биіктігінде орналасқан жағдайда ғана сақтайды. Оны орталықтан жоғары немесе төмен белгілегенде
бұрыштардың мәні өзгереді, өйткені кесу жазықтығы μ бұрышымен h
бұрылады (4.6 сурет). Өз кезегінде, sіn μ=
, мұнда һ – кескіштің
D/2
жүзінің ұшы орталықтың осінен жоғары (+һ) немесе төмен (-һ) болып белгіленетін шама; D —
дайындаманың диаметрі.
Егер кескішті орталық осінен жоғары орнатса, онда сыртын өңдегенде кесу жазықтығының бұрылысы αф нақты негізгі артқы бұрышы μ бұрышқа азаюына әкеледі, ал γф нақты алдыңғы бұрыш
керісінше, α
қайрау бұрыштарымен салыстырғанда сондай μ бұрышқа ұлғаяды (4.6, а сурет):
зат және γзат
4.6-сурет. Кескіштің жүзінің ұшын станоктың орталығы осінің бойымен
емес белгілегенде α және γ бұрыштардың өзгеруі:
α — орталық осінен жоғары белгілеу (+h); б — орталық осінен төмен
белгілеу (-h);
ПР — кесу жазықтығы; h — кескіштің ұшының орталыққа қатысты ығысу
шамасы; Dr — негізгі жүріс (дайындаманың айналуы бағыты); γф — нақты
алдыңғы бұрыш; αф — нақты негізгі артқы бұрыш; μ — кесу жазықтығы
бұрылысының бұрышы
αф = αзат – μ;
γф = γзат + μ.
Егер кескішті орталық осінен төмен қойса, онда тиісінше нақты негізгі артқы бұрыш ұлғаяды, ал
нақты алдыңғы бұрыш азаяды (4.6, б сурет):
αф = αзат + μ
γф = γзат – μ.
Іс жүзінде сыртқы токарлық өңдеу кезінде кескішті орталық осінен h = 0,01D шамаға жоғары орнатуға рұқсат етіледі, өйткені кесу күші кескішті біршама төмен итереді және кесетін жиек
станоктың орталығы осінің деңгейіне белгіленеді.
Ішкі өңдеу кезінде (кеулей жоғанда) αф және γф бұрыштар да кескіштің жүзінің ұшын орталық осінің
сызығына қатысты белгіленуіне қарай, бірақ қарама-қарсы бағытта өзгереді. Кескіштің жүзінің ұшын үлгілік беттерді өңдегенде, ойманы тазалай тілгенде, конусты беттерді
өңдегенде, кескенде орталық сызықтың бойымен міндетті түрде орнату қажет. Кескіштің жүзінің ұшын сыртқы қаралтым қайрағанда, таза кеулей жонғанда және ойманы қаралтым тілгенде өңделетін дайындаманың диаметрінің 1/100 орталық сызықтан жоғары орнатуға рұқсат етіледі. Кескіштің жүзінің ұшын сыртқы таза кеулей жонғанда және ойық тілгенде өңделетін дайындаманың диаметрінің 1/100 орталық сызықтан төмен орнатуға рұқсат етіледі. Жоспардағы φ және φ' бұрыштардың өзгеруі кескіштің ұстағышын өңделетін бетке қатысты
орнатылуына қарай ықтимал болады.
Кескіштің ұстағышын беру бағытына перпендикулярлы орнатқанда қайрау кезінде алынған φ және φ'
бұрыштардың шамасы сақталады.
Кескіштің күйі бойлай беру бағытына қатысты өзгергенде, мәселен, конустық бетті өңдегенде,
жоспардағы бұрыштардың шамасы өзгереді.
Қатты қорытпалы жалатпа тілімшелері бар кескіштерді дайындау. Токарьлық кескіштер
мамандандырылған инструменталдық зауыттарда немесе машина жасау кәсіпорындарының инструменталдық цехтарында дайындалады. Кескіштердің ұстағыштары еркін сомдаумен, ыстықтай қалыптаумен немесе дәл қабықты қалыптармен құйып дайындалады. Бастиегі тік кескіштердің
ұстағыштары тік бұрышты қиылған илемнен кесіледі.
Қатты қорытпалы кескіштерді дайындаудың технологиялық процесі бірқатар сабақтас
операциялардан құралады: ■
кескіштің тірек беті фрезерленеді; ■
кескіштің жүзінің негізгі және қосалқы артқы беттері фрезерленеді; ■
қатты қорытпа тілімшесінің ұяшығы фрезерленеді; ■ қатты қоыртпа тілімшесіне жалатпа орындалады. Дәнекер ретінде қызыл мыс немесе жез Л62 (62 % Cu, қалғаны Zn) қолданылады. Ұяшық флюс қызметін атқаратын қыздырылған бұрғымен
себіледі, және
оған тілімше мен дәнекер төселеді. Кескіштің жүзі 900... 950 °С дейін қыздырылады (дәнекерді балқыту температурасы), бұл үшін жиілігі жоғары токтарьдың ілмек индукторы (ЖЖТ индукторы) қолданылады. Дәнекер балқытылғаннан кейін кескіш индуктордан алынып, тілімше металл өзекшемен ұяшыққа қысылады. Кескіштің дәнекерленген тілімшесі бар ұшы құрғақ құмға немесе ағаш күліне салқындатылады (осымен тілімше сызаттардың пайда болуынан
сақталады);
■ кескіштің кесетін бөлігін қайрау және бабына жеткізу орындалады.
Қатты қорытпалы жалатпа тілімшелері бар кескіштің кесетін бөлігін қайрау және бабына
жеткізу. Әуелі кескіштің ұстағышының негізгі артқы және қосымша артқы беттері қайралады (4.7-
сурет). в д
4.7 сурет. Қатты қорытпадан жасалған тілімшесі бар кескіштің кесетін бөлігін қайрау мен бабына жеткізудің кезектілігі: а — ұстағыштың негізгі артқы бетін қайрау; б — дәнекерленген тілімшенің негізгі артқы бетін қайрау; в — кескіштің
алдыңғы бетіндегі жоңқаны сындыратын жырашықты қайрау; г — негізгі артқы бетін бойлап таспашаны бабына жеткізу; д — алдыңғы бетті бойлап таспашаны бабына жеткізу; е — кескіштің ұшын бабына жеткізу; В — жырашықтың ені; R — жырашықтың радиусы; b — негізгі артқы беттің бойымен таспашаның ұзындығы; f — алдыңғы беттің бойымен таспашаның ұзындығы; r — кескіштің ұшының дөңгелектену радиусы; α — қатты қорытпалы тілімшенің артқы бұрышы; αд — ұстағыштың артқы бұрышы; αф — нақты алынған артқы кесу бұрышы. Ұстағыштың артқы бұрышы тілімшені қайраудың артқы бұрышына қарағанда 2... 3° үлкен болуы тиіс (әйтпесе бабына жеткізілгенде алмас шеңбер ұстағыштың артқы бетіне тиіп, жылдам майланатын болады). Сонсоң кескіштің негізгі және қосалқы артқы беттері қайралады. Осыдан кейін кескіштің алдыңғы бетіндегі В енді жоңқа сындыратын жырашық қайралып, алмас шеңбермен бабына жеткізіледі: негізгі артқы бет пен алдыңғы беттің бойымен таспашалар бабына жеткізіледі. Алмас ұштағыш кескіштің қызмет мерзімін 1,5-2 есе арттыруға мүмкіндік береді, кесетін жиектердің
өткірлігін қамтамасыз етеді және беттің бұдырлығын Ra параметрі бойынша 0,16 мкм дейін
азайтады .
Кескіштің кесетін бөлігі қайралып, бабына жеткізілгеннен кейін оның бұрыштарына шаблондармен
немесе әмбебап бұрыш өлшеуіштермен бақылау жүргізіледі.
Қатты қорытпалы қайта ұшталмайтын тілімшелері механикалық бекітілген кескіштер. Қазіргі
кезде мұндай кескіштер кеңінен таралған, өйткені олар жалатпа тілімшелері бар кескіштерге қарағанда көптеген артықшылықтарға ие. Оларды дайындау технологиясы кескіштерді орнатуға, бекітуге және қайрауға жұмсалатын уақыттың есебінен аса үнемді. Қатты қорытпалардан жасалған тілімшелер ұнтақты металлургия әдісімен алынады, соның арқасында олардың пішіні әртүрлі болуы мүмкін (үш, төрт, бес, алты қырлы және т.б.). Тілімшелер кескішке механикалық тәсілмен бекітіледі, және тозған кезде, мәселен, тілімшенің қырларының бірімен кескіш қайрау үшін кескішті ұстағыштан шығарылмайды, тек кесетін жиегі айырбасталады, бұл үшін тілімше басқа тұсымен бұралып, бекітіледі. Кескіштердің мұндай конструкциясында ұстағышты көп мәрте пайдалануға
болады.
Тілімшені механикалық бекіткен кезде ұстағыш пен тілімше материалдарының сызықтық кеңеюінің
түрлі температуралық коэффициенті себебінен сызаттар пайда болмайды. Қақталған қатты қорытпалы көп жиекті қайта ұшталмайтын тілімшелер кескіштің ұстағышына түрлі тәсілдермен: сынамен, иінтірекпен, қысқыш шегемен бекітілуі мүмкін (4.8- сурет). Тілімше сынамен 4 бекітілгенде (4.8, а сурет) кесетін тілімше 3 сұққышқа 6 отырғызылады және винтті 5 ұстағышқа бұрағанда оған сынамен қысылады. Тілімшені иінтіректі тәсілмен бекіткенде тілімше 3 (4.8, б сурет) иінтіректің 7 бір ұшына киіледі, оның екінші ұшы винттің 6 жырашығына кіреді. Винт ұстағышқа бұралғанда иінтірек бұралып, тілімшені ұяшықтың бетіне қысады. Тілімшені қысу күші кесу процесінде пайда болатын радиалдық күштің бағытына сәйкес келеді. Бұл тілімшенің
сенімді бекітілуіне, дірілдерді жоюға
және кескіштің төзімділігін арттыруға септігін тигізеді.
4.8 сурет. Қатты қорытпалы қайта ұшталмайтын тілімшелері
механикалық бекітілген кескіштер:
а — сынамен; б — иінтірекпен; в — қысқыш шегемен; 1 — ұстағыш; 2 —
тірек тілімшесі; 3 — кесетін тілімше; 4 — сына; 5, 9, 11 — винттер; 6 —
сұққыш; 7 — иінтірек; 8 — шеге; 10 — төсем
Орталық саңылаусыз көп жиекті тілімшелер қысқыш шегенің (4.8, б сурет) көмегімен бекітіледі. Бұл конструкция жоғары механикалық беріктікті және тілімшелердің төзімділігін, сондай-ақ
дайындалатын бөлшектің өлемдерінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Жұмыс жүзі ауыспалы кескіштерді пайдалану экономикалық тұрғыдан пайдалырақ, ол
«қарлығаштың құйрығы» түрінде ұстағыштың қуысына бекітіледі (4.9- сурет). Жүз өңдеген кезде кесу күшінің әсерімен ұстағышқа қысылып қалады, астынан балғамен баяу
тықылдатып шығарылады. Ауыспалы жүзді мұндай
4.9-сурет. Ұстағыштың қуысына «қарлығыштың құйрығы» түрінде бекітілетін ауыспалы жұмыс жүзі бар
кескіш:
1 — жүз; 2 — ұстағыш
бекітілуі қолайлы, призмалық үлгілік кескіштерге қолданылады. Түрлі ауыспалы жүздерді қондырудың арқасында мұндай кескішпен ерекшеленетін үлгілік беттерді өңдеуге болады.
Алмас кристалдармен жарақталған кескіштер. Алмас ендірмелері бар кескіштер өңдеудің жоғары
дәлдігін – 5-7- квалитеттерді және беттің аздаған бұдырлығын Ra параметрі бойымен 0,16 мкм дейін қамтамасыз ете отырып, дайындамадан металдың өте жұқа қабатын кесіп алуға мүмкіндік береді. Алмас кескіштермен түсті металдар: мыс, алюминий, жеңіл қоспалар мен пластмассалар өңделелі. Алмастың шойыннан жасалған құймалармен ұшталуы мүмкін. Болатты жұқалап ұштау үшін алмас кескіштер пайдаланылмайды, өйткені алмас ауаның ортасында кесу аймағында пайда болатын жоғары температураға төтеп бере алмайды. Енді 700 °С жоғары температураларда олар өзінің кесетін
қасиеттерін жоғалтады.
Алмас кескіштердің көмегімен 0,1... 0,2 мм жұқа қайралатын әдіп. Салмағы шамамен 0,2 г алмас
кристалдары ұстағышқа дәнекерленеді немесе механикалық тәсілмен бекітіледі. Алдын ала алмастың кристалдарына алмас ұнтақпен өңдеу арқылы қажетті геометрия беріледі. Кескіштерді жарақтау үшін қолданылатын алмастың кристалдары табиғи жаралған және
синтетикалық болуы мүмкін.
Бордың үш дәрежелі нитриді кристалдарымен жарақталған кескіштер. Аталған композициялық
материалды пайдаланудың арқасында кескіштер кесу аймағында жоғары температураға төтеп береді,
сондықтан оларды болатты кесіп өңдеуге пайдалануға болады.
Бұл өнімділігі жоғары кескіштер беттерді өңдеудің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
4.2. Фрезалардың құрылымы
Фреза — фрезерлеу кезінде айналмалы жүріс жасайтын кескіш көп жүзді
инструмент. Өңделетін дайындама ілгерілемелі жылжиды. Фрезаның әр тісі
қарапайым инструмент – кескішті білдіреді, яғни фреза — бұл ортақ дискідегі
кескіштердің жиынтығы. Фрезалардың кесетін тістері цилиндрлік бетте және
бүйірлік бетте орналасуы мүмкін, фрезаның атауы осыған байланысты
болады. Фрезалардың беті мен кесетін жиектерінің тиісті атаулары болады.
Алдыңғы беті 1 (4.10-сурет) — жоңқа түсетін бет. Артқы беті 4 — кесу
барысында кесу бетіне қаратылған бет. Тістің арқалығы 5 — бір тістің артқы
бетімен және көрші тістің артқы бетімен шектесетін бет. Арқабет жалпақ,
сынық немесе қисық сызықты болуы мүмкін. Бүйірлік бет — фрезаның өз
осіне перпендикулярлы жазықтығы. Осьтік жазықтық — фрезаның осі
және оның кесетін жиегіндегі қарастырылып отырған нүкте арқылы өтетін
жазықтық. Негізгі кесетін жиек 2 — тістің алдыңғы және артқы беттерінің
қиылысуынан пайда болған сызық. Негізгі кесетін жиек негізгі кесу
жұмыстарын атқарады. Цилиндрлік фрезаларда ол тік сызықты (цилиндрді
құрайтын), цилиндрді құраушыға көлбеу және винттік болуы мүмкін.
Цилиндрлік фрезаларда қосалқы кесетін жиек болмайды.
Бүйір тістермен жұмыс істейтін фрезалардың жиектері үш түрлі болады:
негізгі кесетін жиек фрезаның осіне қарай бұрышпен орналасады;
4.10-сурет. Фрезаның элементтері және оның
геометриялық параметрлері:
1 — алдыңғы бет; 2 — негізгі кесетін жиек; 3 — жүз; 4 — артқы бет; 5 —арқалық; 6 — жырашық; D — фрезаның сыртқы диаметрі; d — фрезаның ішкі диаметрі; h — тістің биіктігі; r — жырашық түбінің дөңгелену радиусы; f — артқы беттің ені; Dr — негізгі жүріс; у — алдыңғы бұрыш; а — артқы бұрыш; в — үшкірлеу бұрышы; 8 — кесу
бұрышыҚосалқы кесу жиегі фрезаның бүйір бөлігінде болады және өтпелі
кесетін жиек негізгі және қосалқы кесетін жиектерді жалғайды.
Тістің элементтері — бұл h биіктігі — тістің кесетін жиегінің нүктесі мен
фрезаның өз осіне перпендикулярлы радиалдық қимамен өлшенетін
жырашықтың түбі арасындағы аралық; артқы беттің ені f — кесетін жиектен
кесетін жиекке перпендикулярлы бағытта өлшенетін арқалығы бар тістің
артқы бетінің қиылысу сызығына дейінгі аралық.
Тістердің айналма қадамы — фрезаның осіне орталықпен шеңбердің
доғасының бойымен, шектес тістердің бір атаулы нүктелері арасындағы осы
оське перпендикулярлы жазықтықта өлшенген аралық. Айналма қадам
біркелкі және әркелкі болуы мүмкін.
Жырашық — бір тістің бетімен және артқы бетпен, сондай-ақ көрші
арқабетімен шектелген жоңқаны бұруға арналған ойық. Жырашықтың тік
және винттік түрлері болады. Тік жырашық фрезаның осіне параллель, ал
винттік жырашық винт сызығымен орналасады. Винттік жырашықтар
бағытына қарай сол (4.11, а сурет) және оң (4.11, б сурет) болады.
Сол винттік жырашықта винттік сызық солдан оңға, ал оң жырашықта солдан
оңға көтеріледі. ω бұрышы — винттік жырашықтың еңкею бұрышы және
шаг винттік жарышықтың p қадамы — фразаның кесетін жиегінде құраушы
цилиндрлік беттің бірінде жатқан кезектес екі нүкте арасындағы
арақашықтық өлшенеді.
а
б
4.11 сурет. Винттік жырашықтардың бағыты:
а — сол винттік жырашық; б — оң винттік жырашық; p —винттік
жырашықтың қадамы; ω —винттік жырашықтың еңкею бұрышы
4.12 сурет. Үшкір (а) және шүйделенген (б)
тісшелер: к — шүйделену шамасы
Жырашықтың радиусы — бұл жырашық түбінің жұмырлану радиусы.
Конструкциясы бойынша тістің артқы бетінің пішіміне қарай үшкір (4.12, а
сурет) және шүйделенген (4.12, б сурет) фрезалар болып бөлінеді. Тісі
шүйделенген фрезалар алдыңғы бетін бойлап, ал тісі үшкір фрезалар артқы
бетін бойлап ұшталады.
Технологиялық белгісі бойынша фрезалар цилиндрлік, бүйірлік, ұштық,
бұрыштық және т. т. болып бөлінеді. Фрезаның конструкциясы оның жұмыс
қабілетіне және тиімді қолдануға үлкен әсер етеді. Қатты қорытпалы
фрезалардың жаңа конструкцияларының әзірленіміндегі негізгі бағыт.
4.13 сурет. Қатты қорытпалы тілімшелері механикалық бекітілген
бүйірлік фреза:
1 — тұрқы; 2 — сақина; 3 — винт; 4 — шайба; 5 — серіппен; 6 —
ендірмелі ұстағыштар; 7 — ауыспалы тілімшелер; 8 — сұққыш; f —
жүздің ені; f — алдыңғы бұрыш; α — артқы бұрыш
Қатты қорытпалы қайта ұшталмайтын тілімшелері бар құрама
конструкцияларды қолдану болып табылады. Тілімшелердің механикалық
бекітпесі оларды кері жағынан қолдану мүмкіндігін береді, яғни кесетін
жиегін жаңарту мақсатында фрезаларды қайта ұштамай пайдалануға боалды.
Тек толықтай тозғаннан кейін екі жағындағы тілімшелер жаңасымен
айырбасталады. 4.13 суретте қайта ұшталмайтын көп қырлы тілімшелері
механикалық бекітілген бүйірлік фреза кескінделген.
4.3.
Бұрғылардың, зенкерлердің,
ұңғылардың кесетін элементтерінің
геометриялық параметрлері
Бұрғылар. Бұрғының кесетін жиекке перпендикулярлы жазықтықтағы
геометриялық параметрлерін қарастырамыз (4.14 -сурет).
Бұрғының алдыңғы бұрышы айнымалы шама болып табылады және мына
формуламен анықталады
r tg ω
tg γ= ∙
R sіn φ
мұнда r — бұрғының кесетін жиегінің қарастырылып отырған нүктесі
орналасқан шеңбер радиусы, мм; R — бұрғының радиусы, мм; ω — винттік
жырашықтың еңкею бұрышы, ...°; φ — бұрғының ұшындағы бұрыштың
жартысы, ...°.
Бұрғының γ алдыңғы бұрышының аса үлкен мәні оның шетінде, ең кіші мәні
бұрғының ұшында болады. Бұрғының көлденең жиегіндегі γ бұрыштың мәні
теріс болады. Бұрғының α артқы бұрышы кесетін жиектің таңдап алынған
нүктесі жатқан цилиндрлік бетке қатысты бетте болады. α бұрышы да
айнымалы болып табылады, бұрғының ұшында ең көп мәні, шетінде ең аз
мәні болады. Бұрғының ұшындағы бұрышы 2φ = 60 ... 140°; винттік
жырашықтың көлбеулену бұрышы ω = 18....30°; көлденең кесетін жиектің
көлбеулену бұрышы Ψ= 45....55° болады.
Зенкерлер мен ұңғылар. Зенкерлер мен ұңғылардың жұмыс бөлігі кесетін
және калибрлейтін аймақтардан құралады.
Инструменттің осіне φ бұрышпен көлбеу кесетін аймақ (4.15- сурет), кесу
кезінде негізгі жұмысты атқарады. Калибрлеу аймағының әсерімен
4.14 сурет. Бұрғының геометриясы:
D — бұрғының диаметрі; 2φ — бұрғының ұшындағы бұрыш; γ — алдыңғы бұрыш; α —
артқы бұрыш; Ψ —көлденең жиектің көлбеулену бұрышы; φ' — кері конустылықтың
еңістік бұрышы; ω — винттің жырашықтың көлбеулену бұрышы
өңделетін
қуыстың
бетінің
4.15-сурет. Ұңғының жұмыс бөлігінің негізгі элементтері:
f — жүздің ені; 2φ — кесетін аймақтың ұшындағы бұрыш; 2φ1 — бағыттаушы конустың
ұшындағы бұрыш; α — артқы бұрыш; β — ұшталу бұрышы;
δ — кесу бұрышы
бұдырлығы азаяды. Ұңғыда (4.15-суретті қара) зенкерге қарағанда калибрлеу
аймағы цилиндрлік және конустық бөліктерден құралады. Конустық бөліктің
жайма қуыстан шығарылғанда зақымдалмауы үшін кері конустылығы болады.
Зенкерлер мен ұңғылардың кесетін аймағында α = 6... 15°, калибрлеу
аймағында α = 0. Инструменталдық болаттан жасалған зенкерлер үшін γ =
10....20°, инструменталдық болаттан жасалған ұңғылар үшін γ = 0....10°.
Зенкер үшін φ = 30 .... 60°, жаймалар үшін φ = 15 .... 60°.
5
Кесілетін
қабаттың
элементтері
5.1.
Ұштаған кезде кесілетін
қабаттың көлденең қимасы
ауданы және оның элементтері
Кесу барысында әдіп металының қабаттары кесіп алынады. Өңдеудің
саналуан түрлерінде тілінетін қабаттардың пішіні біркелкі болмайды.
Ұштаған кезде металдың АБВГ параллелограмма түріндегі қабаты тілініп
алынады (5.1- сурет). Есептеу үшін тіліктің а қалыңдығы және b ені секілді
тілінетін қабатының элементтері пайдаланылады.
5.1 сурет. Ұштағанда тілінетін қабаттың элементтері:
D — дайындама диаметрі; 0о — бұйымның өңделетін бөлігінің диаметрі; t — кесу тереңдігі; s — беру; а — тіліктің қалыңдығы; b — тіліктің ені; АБВГ — тілінетін металдың қабаты; БД
— жүздің кесетін жиегіне перпендикуляр; ОА — өңделген бетке перпендикуляр; Dr —
негізгі жүріс (дайындаманың айналмалы жүрісінің бағыты); Ds прод — бойлай беру бағыты; φ
— жоспардағы негізгі бұрыш; φ' — жоспардағы қосалқы бұрыш
Олар тілінетін жоңқаның қалыңдығы мен енін емес, жоңқа пайда болғанға
дейін оның номиналдық өлшемдерін білдіреді.
Нақты жоңқа бөлінгеннен кейін деформацияланатын болады және көлденең
шөгуі салдарынан өлшемі тіліктің қалыңдығынан үлкен болады. Осылайша,
тіліктің қалыңдығы — кескіштің негізгі кесетін жиегінің кезектескен екі
күйінің (дайынламаның бір айналымы ішінде) арасындағы а арақашықтығы,
ал тіліктің ені — инструменттің кесетін жиектерінің өңделетін
дайындамамен жанасуының b ұзындығы.
Тіліктің қалыңдығы мен енінің аталған шамаларын s беру шамасы және t кесу
тереңдігі арқылы білдіруге болады. БДВ тік бұрышты үш бұрышынан а = s sіn
t
φ, ал БОА үш бұрышынан b= sіnφ
Тіліктің көлденең қимасының ауданы F = ab формуласымен, немесе
көбейткіштерді айырбастағаннан кейін өрнектеледі:
F = st.
5.2. Фрезерлеген кезде тілінетін көлденең
қиманың ауданы және оның элементтері
Тік тісті цилиндрлік фрезамен фрезерлегенде тілінетін қабаттың элементтерін
қарастырайық (5.2- сурет).
Фрезерлегенде а тіліктің қалыңдығы нөлден бастап ЕД ең көп amax мәніне
дейін өзгереді. а тіліктің қалыңдығы — бұл өңделетін дайындамасымен бірге
фрезаның көршілес екі тісінің кесетін жиектерінің тиісті нүктелерінің
жанасуы сызығының екі кезекті күйлері арасындағы аралық. Өңделетін
дайындамасымен бірге фрезаның бөлігінің жанасу доғасының ұзындығына
сәйкес келетін φ орталық бұрышы жанасу бұрышы деп аталады. Бұл бұрыш
ОКГ тік бұрышты үш бұрыштан анықталады:
R
t
cos φ − t = =1−
R
R
5.2 сурет. Тік тісті цилиндрлік фрезамен фрездегенде тілінетін
қабаттың элементтері:
1 — дайындама; 2 — тілінетін қабат; 3 — фреза; R —фрезаның радиусы;
sz — тіске беру; t — кесу тереңдігі; а — кесу қалыңдығы; А, Б, В, Г, Д, Е, К
— фрезерлеу кезінде тіліктің қалыңдығын есептеуге арналған есептеу
Еге
нү р
к тВеБ
л едроіға
; φс ын
— тік
жан сыз
асу ыбқұтрыың
ш ке
ы сіндісіне шартты түрде алсақ, онда АВБ үш
φ
бұрышын аламыз, одан
бұрышқа сәйкес нүктенің тілу қалыңдығын
2
анықтауға болады, яғни φ φ
АВ= АБ sіn немесе a= s sіn
2
z
2
мұнда sz — фрезаның бір тісіне беру, мм/тіс; φ
sіn =
2 √ 1−cos φ
2
Соңғы теңдеуге cos φ өрнегі мен түрлендіруді алмастырып қойғаннан кейін φ
мынаны аламыз
sіn =
2 √ t
2 R
φ
онда тіліктің орташа қалыңдығы a = sz sіn = s
тең болады.
2
z √ t 2 R
Тіліктің ең көп amax қалыңдығын ЕДГтік бұрышты үш бұрыштан анықтаймыз,
мұнда ЕГД бұрышы = φ. Үш бұрыштан ЕД = EГsіn φ шығады. Өйткені ЕД =
φ a sіn
max және ЕГ = sz, онда amax = sz .
2
φ
Өйткені sіn =
және фрезаның диаметрі D = 2R, осы
2 √ 1−cos φ
2
өрнектерді алмастырып қойғаннан және тіліктің ең көп қалыңдығын анықтау
үшін теңдеуде айырбастағаннан кейін мынаны аламыз
Фрезерлеу кезінде b тілік ені — өңделетін дайындамасымен бірге кесетін
жиектерінің жанасуының жиынтық ұзындығы. Оны есептеу үшін фрезаның
ВГ бір тісінің өңделетін дайындамамен жанасу ұзындығын фрезаның
өңделетін дайындамамен жанасатын z' тістерінің санына көбейту қажет. Егер
ВГ = В деп алсақ, онда b = Bz' .
z' есептеу үшін мына арақатынас қолданылады φ
z' = z 2 π
мұнда φ — радианмен көрсетілген фрезаның жанасу бұрышы; π — щеңбердің
ұзындығының оның диаметрінің ұзындығына қатынасы болып табылатын
тұрақты сан (π ≈ 3,14).
φ кіші мәндерінде мына формуланы пайдалануға болады φ 2
cos φ=1− 2
осыдан φ=2 √ t . онда алмастырып қойғаннан кейін мынаны аламыз
D
Bz
b= B z' = .
π √ tD
Фрезерлеу кезінде, ұштау кезіндегідей тіліктің көлденең қимасының
ауданы тіліктің қалыңдығын енінің көбейтіндісіне тең, яғни F = aBz' , немесе
нәтижесінде
6
Bz
Bzt s
F= s
z
z √ t ∙ ∙ = .
D π √ tD πD
Кесу күші және
оның құрамдастары.
Кесу қуаты
6.1. Кесу күші және оның құрамдастары
Материалды кесіп өңдеу барысында кескіш инструмент кесуге кедергілеу
күшіне ұшырайды. Бұл күш металдың үгілуі кезінде жарылу кедергісінің
күшінен, жоңқаның бұралу кедергісінің күшінен және инструменттің жұмыс
беттеріндегі үйкеліс күшінен құралады.
Ұштау кезіндегі кесу күші. Ұштау кезіндегі кесудің тең әсерлі күші кескіштің
алдыңғы бетіне перпендикулярлы бағытталған, бірақ оның кеңістіктегі күйі
анықталмаған, өйткені кескіш түрлі факторлардың әсеріне ұшырайды.
Кесу процесін зерделеуді жеңілдету үшін кесу күшінің өзін емес, оның таңдап
алынған үш оське - x, у және z проекциялануын қарастыру қажет,
6.1 сурет. Ұштау кезінде кескішке әсер ететін
күштер:
1 — дайындама; 2 — кескіш; R — кесудің
жиынтық күші; Pz — тік құрамдас, немесе
кесудің шеңберлік күші; Py — көлбеу құрамдас,
немесе радиалды күш; Рх — көлбеу құрамдас,
немесе осьтік күш; Dr — негізгі жүріс
(дайындаманың айналу бағыты); Ds прод —
бойлау беру жүрісі
олардың ішіндегі х осі дайындаманың осімен сәйкес келеді, у осі х осіне
перпендикулярлы, ал z осі кесу жазықтығына жанамалай бағытталған. Онда R
кесу күші паралеллипедтің диагоналі, ал оның құрамдастары Px, Py және Pz —
оның қырлары болып табылады (6.1-сурет).
Күштің R вертикалдық құрамдасы болып табылады кесудің Pz шеңберлік
күші тігінен төмен бағытталған, яғни кесу жазықтығында жатады. Кесудің Pz
шеңберлік күші кескіштің бүгуге, сындыруға тырысады, сондықтан осы күш
бойынша кескіштің беріктікке есебі жүргізіледі.
Күштің R көлбеу құрамдасы — Px осьтік күші осьтің бойымен беру бағытына
қарама-қарсы бағытталған. Px осьтік күші кескіштің жүрісіне кедергі
келтіреді, сондықтан осы күш бойынша станоктың беру механизмінің есебі
жүргізіледі.
Күштің R екінші көлбеу құрамдасы — Py радиалдық күші кескіштің осіне
перпендикулярлы бағытталғана, оны дайындамадан қысады және кескішті
ұстатқыштың бұрандаларымен қабылданады.
Py
күші бойынша
дайындаманың қаттылығы мен дайындаманы қысу нәтижесінде алынған
дайын бөлшек өлшемінің кінәраты есептеледі.
Pz, Px және Py күштері өзара-перпендикулярлы. Кесуді жиынтық күші олардың
геометриялық сомасы болып табылады:
R=√ R 2+ R 2+ R 2 .
x y z
Кесудің Pz шеңберлік күшінің шамасы үлкен болады. Өткір ұшталған
кескіште және φ = 45° бұрышта күштердің шамамен алғандағы күштердің
арақатынасы Pz : Py : : Px = 1 : 0,4 : 0,25. Px және Py күштердің арақатынасы φ
жоспардағы негізгі бұрыштың шамасына байланысты. 6.2 суретте Px осьтік, Py
радиалдық және Pz шеңберлік күштердің шамасының жоспардағы φ негізгі
бұрыштан өзгеруі көрсетілген.
φ бұрыштың ұлғаюымен Py күші азаяды және Px күш ұлғаяды. Өтпелі тіректік
кескіштер φ = 90° бұрышымен қысатын күш түсірмей, үңгімелі тірек
кескіштері жұмыс істейді, олар қатты емес дайындамаларды ұштауға
қолданылады.
Кесу күші өңделетін материалдың механикалық қасиеттеріне, ең алдымен
тіліктің беріктігіне, қаттылығына, көлденең қиманың ауданына, ұштау
бұрыштарына байланысты.
Түрлі металдардың кесу кедергісін сипаттау үшін кесудің үлес қысымы мен
кесу коэффициенті ұғымдары қолданылады.
6.2 сурет. Осьтік және радиалдық күштердің жоспардағы негізгі бұрыштың шамасына
тәуелділігі: а — φ = 60°; б — φ = 10°; в — φ = 90° (тірек кескіш); г — φ = 90° (кертпелі кескіш); R — кесу күші; Px, Py, Pz — кесу күшінің құрамдастары; Ds прод — бойлай беру жүрісі; Ds поп —
көлденеңінен беру жүрісі; Dr — негізгі жүріс; φ — жоспардағы негізгі бұрыш
Кесудің үлес қысымы — тіліктің көлденең қимасы алаңы бірлігіне келетін
кесудің шеңберлік күші, Н/мм2
P
p= z
F
мұнда Pz — кесудің шеңберлік күші, Н; F — тіліктің көлденең қимасы ауданы,
мм2.
K кесу коэффициенті — тұрақты жағдайларда өлшенетін кесудің үлес
қысымы: t = 5 мм; s = 1 мм/об; γ = 15°; φ = 45°.
Кескіштің кесу жиегі тік сызықты, горизонталды. Кескіштің ұшының радиусы
1 мм тең, жұмыс салқындатылмай жүргізіледі. Онда кесудің шеңберлік күші
Pz = KF.
Pz кесудің шеңберлік күшінің түрлі параметрлерге тәуелділігі болады, бұл оны
анықтау үшін қолданылатын эмпирикалық формуламен көрсетіледі:
Pz= CP t s 0,75 K M Kγ KCOTC ,
z
мұнда CPz — өңделетін материалға және φ жоспардағы негізгі бұрышқа
тәуелді коэффициент; t — кесу тереңдігі, мм; s — беру, мм/айн; KM —
өңделетін материалдың механикалық қасиеттеріне тәуелді коэффициент
(σв немесе НВ тұрақтылығы мәні жоғарылаған сайын, өңделетін материал
соғұрлым көп кесу кедергісін көрсетеді); Kγ — γ алдыңғы бұрышқа тәуелді
коэффициент (алдыңғы бұрыш көп болған сайын, жоңқаның түсу жағдайы
соғұрлым оңай, оның деформациялануы аз, сондықтан алдыңғы бұрыштың
ұлғаюымен Kγ коэффициенті азаяды. Алдыңғы теріс бұрышпен жұмыс
істегенде жоңқа қатты бүгіледі, оның деформациялануы қосымша кедергі
туғызады және Pz күші ұлғаяды, бұл Kγ коэффициенті мәнінің сандық мәнінің
ұлғаюынан байқалады); KМСТО — майлау-салқындату технологиялық
ортасының қасиеттеріне тәуелді коэффициент (майлау жақсарған сайын,
кескіштің жұмыс беттеріндегі үйкеліс соғұрлым аз, кесу күші соғұрлым аз).
CPz, KM, K, KCOTC коэффициенттерінің мәндері анықтама кестелері бойынша
анықталады. t кесу тереңдігі мен s беру шамалары кесудің шеңберлік күшіне
біркелкі әсер етпейді: берудің әсері кесу тереңдігінің әсерінен біршама аз.
Берудің физикалық тұрғыда аздау әсері берудің ұлғаюымен жоңқаның
қалыңдығы ұлғаюымен түсіндіріледі, ал бұл оны аса қатты және бұралуға аз
ұшырайтын етеді.
Кесу күшінің шамаларын өлшеу үшін динамометрлер деп аталатын аспаптар
қолданылады .
Қолданылу қағидатына қарай олар механикалық,
гидравликалық, электрлі болуы мүмкін.
Фрезерлеу кезіндегі кесу күші. Фрезерлеу кезіндегі тең әсерлі кесу үшін
ұштау кезіндегіге қарағанда өзгеше құрамдастарға бөлінеді. Мәселен, тік тісті
цилиндрлік фрезаның бір мезгілде кесетін фреза тістерінің R тең әсерлі кесу
күшін мынадай құрамдастарға бөлуге болады: фреза жүзіндегі нүктенің
жүрісі траекториясына жанама бағытталған Pz, кесудің шеңберлік күшіне
(радиусқа перпендикулярлы), және радустың бойымен бағытталған Py
радиалды күшке (6.3-сурет).
R тең әсерлі күшті сондай-ақ паралеллограмма қағидасы бойынша екі өзара-
перпендикулярлы құрамдасқа бөлуге болады: Ph горизонталды және Pv
вертикалды . Кесу күшінің Pz шеңберлік құрамдасы, ұштау кезіндегідей
кесудің нәтижелі қуатына әсер етеді. Осы күшті есепке ала отырып, негізгі
жүріс механизмінің буындарын беріктікке есептеу жүргізіледі. Цилиндрлік
фрезерлеу кезінде кесу күшінің радиалдық құрамдасы фрезаны өңделетін
дайындамадан қысады, қыспағын бүгеді және станоктың шпинделінің
мойынтіректеріне қысым көрсетеді.
6.3 сурет. Фрезерлеу барысында фрезаға әсер ететін кесу күштері: а — қарсы; б —
ілеспе; Dr — негізгі жүріс; Ds — беру жүрісі; R — кесу күші; Pz, Py,Pv, Ph — кесу
күшінің құрамдастары
Кесу күшінің Ph горизонталды құрамдастары фрезерлік станоктың үстелінің
беру механизміне әсер етеді. Осы күштің ең көп шамасын ескере отырып,
беру механизмінің буындары мен айлатетіктегі дайындаманы бекіту
элементтері есептеледі.
Фрезерлеу кезінде кесу күшінің Pv вертикалдық құрамдасы беруге қарсы
бағытталған, фрезерлік станоктың үстелін оның бағытының үстімен көтеруге,
ал беру бойынша фрезерлеу кезінде үстелді бағыттаушыға қысуға тырысады.
Винтті тістері бар цилиндрлік фрезамен фрезерлегенде кесу күшінің Px осьтік
құрамдасы да әсер етеді, ол фрезаны қыспағының бойымен ығыстыруға
тырысады.
Оң жақтан кесетін фрезалармен кескен абзалырақ, өйткені бұл жағдайда кесу
күшінің осьтік құрамдасы шпиндельдің артқы ұшының жағына, яғни қатты
тіреудің жағына бағытталған.
Фрезерлеу кезіндегі кесудің шеңберлік күші мына формуламен анықталады:
мұнда
C
C=
P z .
(sіn φ)2
Осылайша, кесу процесінің (тіліктің ені мен қалыңдығы) физикалық
параметрлері арқылы кесу күшінің Pz шеңберлік күшін өрнектеуден
процестің технологиялық параметрлері (t кесу тереңдігі және s беру) арқылы
Pz өрнектеуге оңай өтуге болады. Тіліктің ені мен қалыңдығы арқы
өрнектелген фрезерлеу кезінде кесу күшінің Pz шеңберлік құрамдас күшінің
формуласы мына түрге ие болады:
P
z = C P B z' ) a 0,75 . z
6.2. Кесу қуаты және кесу моменті
Кесу процесін сипаттау үшін кесу қуаты мен кесу моменті секілді
көрсеткіштер қолданылады.
Кесу қуаты. Кесу процесіне жұмсалатын қуат кесу қуатын білдіреді, ол Pz
шеңберлік кесу күшін ескеріп, есептеледі. Кесудің негізгі жүрісіне –
шпиндельдің айналуына жұмсалатын қуатқа тең нәтижелі қуат Nэф, кВт2
анықталады:
P υ
N =
z эф
60 ∙ 102
мұнда Pz — кесудің шеңберлік күші, кгс; v — кесу жылдамдығы, м/мин; 60
және 102 — уақыт бірліктерін секундқа (с) ауыстыру сандары және
ньютонмен күштер (Н).
Электр қозғалтқыш өндіретін бүкіл қуат кесу процесіне жұмсалмайды, яғни
нәтижелі болып табылады; белдікті берілістегі қуаттың шығындары,
мойынтіректердің біліктермен жалғанымдарында, тісті берілістерде қуатты
шығындары болады. Сондықтан электр қозғалтқыштың қажетті Nm, кВт
қуатын анықтаған кезде станоктың бүкіл кинематикалық тізбегінің η пайдалы
әсер коэффициенті (ПӘК) (әдетте ол 0,7-0,85 құрайды) есепке алынбайды.
Онда
N
N = эф дв η
2 Вт = 1 Н • м/с = 0,102 кгс • м/с.
Кесу моменті. Дайындаманың айналуына кедергі келтіретін кесудің Pz
реактивтік шеңберлік күші туғызатын Мрез, Н-м моменті туралы айтылады:
P ' D
M =
z рез
2 ∙ 1000
мұнда D — дайындаманың диаметрі, мм; 1 000 — ұзындықтың өлшем
бірлігін ауыстыру саны (1 м = 1 000 мм).
Кесу процесін қалыпты жүргізу үшін электр қозғалтқыш туғызатын
шпиндельдегі айналу моменті Мшп кесу моментінен Мрез басым түсуі тиіс,
яғни Мшп > Мрез шарты орындалуы тиіс.
Механикадан біліктегі айналу моментінің Мшп, Н - , білікке (бұл жағдайда
шпиндельге) берілетін N№, кВт қуатына және біліктің айналу жиілігіне n, мин-
1 тәуелді болатыны белгілі:
10000 N
M =
дв шп n
мұнда 10 000 — өлшем бірлігін ауыстыру саны.
Сайып келгенде, станоктың қалыпты жұмыс істеуі үшін мына шарт сақталуы
тиіс
10000 N
P ' D
дв ≥ z n
2000
Өңдеуді кесу режимінде жүргізу қажет, онда станоктың қуаты мен
инструменттің төзімділігі аса толығымен пайдаланылуы қажет, өңдеудың
жоғары сапасы оның ең аз өзіндік құнымен қамтамасыз етіледі және
жұмыстың қауіпсіз жағдайлары туғызылады, яғни кесудің ұтымды
режимінде. Кесудің ұтымды режимі анықтама кестесі бойынша анықталады,
олардың деректері кесу теориясы формулалары бойынша алынады және озық
кәсіпорындардың қорытылған тәжірибелерін ескеріп, түзетіледі.
7
Инструменттің
тозуы және оның
төзімділігі
7.1. Инструменттің тозуы
Кесу жұмысын жүргізу барысында инструменттің беттерін тозуға ұшырайды.
Мұның себептері әртүрлі, тозу өңделетін металдың қатты бөлшектерінің
инструменттің бетін тікелей тырналаумен (нәтижесі — түрпілі тозу)
туғызылуы мүмкін . Тозудың мұндай сипаты жоғары түрпілі қасиетке ие
шойынды өңдегенде орын алады, және соның салдарынан инструменттің
беттері бұзылады.
Ертеректе кесу процесі кезінде өңделетін металдың кесетін инструментпен
жанасу аймағындағы қызу құбылысы қарастырылған болатын. Инструмент
дайындалған металл жұмсарады, оның бөлшектері түсетін жоңқаға және
кесу бетіне жабысады (нәтижесі — жылудан тозу). Тозудың мұндай сипаты
болатты және басқа да тұтқыр металдарды өңдеу кезінде орын алады.
Дайындамалар беттерін қатты қорытпамен жарақталған инструментпен кесіп
өңдеу кезінде кесетін жиектер морт омырылылады, бұл да инструменттің
тозуына әкеп соқтырады.
Инструменттің өндірістік жағдайларда тозуын бағалау үшін түрлі тәсілдер
қолдынылады. Бұл ретте негізгі критерийлер мыналар: өңделетін бетте
жарқыраған жолақтардың пайда болуы, ток күшінің өзгеруі, оны электр
қозғалтқыштың статорының тізбегіне қосылған амперметр тіркейді
(инструмент аса тозған кезде жұмсалатын қуат күрт артады).
Бөлшектің көп көлемін өңдегенде технологиялық критерий қолданылады, ол
өңделетін беттің күйімен сипатталады. Бөлшектің сызбасында көрсетілген
7.1 - сурет Жылдам кесетін
болаттан
дайындалған
инструменттің тозу сипаты:
а — кескіштің алдыңғы
бетінде; б — кескіштің негізгі
артқы бетінде; f — ойыққа
дейінгі жүздің ұшының аралығы; h„ —
алдыңғы бетіндегі тозу; һ з — негізгі артқы бетіндегі тозу
талаптарға сәйкес келетін беттің бұдырлығын алғанға дейін инструментпен
өңделуі мүмкін дайындамалардың саны белгіленеді, бұл ретте, инструменттің
тозуы шекті шамадан артпайды. Дайындамалардың белгіленген саны
өңделгеннен кейін инструмент қайта ұшталады. Алдыңғы бетіндегі тозу осы
бетте түсетін жоңқаның әсерімен тереңдігі һn тозу орнының пайда болуы
салдарынан болады (7.1, а сурет). Қандай да бір сәтте тозудың мұндай сипаты
болымды есептелуі мүмкін, өйткені кескіштің алдыңғы бұрышы ұлғайып,
кесу процесі жеңілдейді.
Инструмент пен дайындаманың кесу бетінің арасындағы үйкеліс
инструменттің негізгі артқы бетінің тозуына әкеп соқтырады: һ3 биіктікпен
сипатталатын алаңша пайда болады . һ3 алаңшасының биіктігі үлкейген
сайын , үйкеліс те және сонымен күшті қызу да көп, сайып келгенде, тозу
процесі жылдам өтеді (7.1, б сурет).
Алдыңғы беттің айтарлықтай тозуы қауіпті болып табылады, өйткені кесетін
жиектің бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін. Алайда іс жүзінде жиектің
мұндай бұзылуы ықтималдығы аз, өйткені инструмент негізгі артқы бетінің
тозуы салдарынан бұрын қайта ұшталады.
Түрлі металдардан дайындалған инструменттердің тозуы түрліше өтеді.
Мәселен, жылдам кесетін болаттан жасалған инструменттің тозуы негізгі
кесетін жиегінен біршама аралықта алдыңғы бетінде болады.
Негізгі артқы бетіндегі тозу әркелкі дамиды. Кескіштің негізгі артқы бетінің
жылдам кесетін болаттан жасалған кескіштің мысалымен жұмыс істеу
ұзықтығына тәуелділік кестесін қарастырамыз (7.2-сурет). Көлбеу осінде
Стойкость режущего инструмента и скорость резания
59
7.2-сурет. Жылдам кесетін болаттан жасалған кескіштің негізгі артқы
бетінің h3 тозуының жұмыс істеу ұзақтығына тәуелділігі кестесі (төзімділігі
Т):
1 — іске кірістіру аймағы; 2 — қалыпты тозу аймағы; 3 — бұзылу аймағы; Т —
төзімділік; а, b, с — 1 — 3 аймақтардың шектерін көрсететін қисықтың тән
нүктелері
инструменттің қайта ұштағанға дейінгі жұмыс уақыты (Т төзімділігі), верти-
кальдық осінде кескіштің негізгі артқы бетіндегі һ3 тозу шамасы бөлініп
қалдырылған.
Инструмент алғаш жұмыс істеген минуттарда кесетін жиектегі шынытыру
барысында көміртексіздендірілген жұқа қабаттағы ұсақ тегіссіздіктер
(бұдырлар) жылдам қажалады. Мұндай тозудың салдары қосымша тозу
болып табылады , кестеде ол ab сызығымен көрсетілген (1 аймақ).
Одан әрі қалыпты тозу кезеңі басталады : кесу жұмысының уақыты өте келе
келе һ3 алаңшасының биіктігі біркелкі өседі (2 аймақ, be сызығы).
Алаңшаның биіктігі белгілі бір ең көп шамаға жеткенде һ3 max кескіштің әрі
қарай қызуы алаңшаның биіктігінің күрт ұлғаюы мен кесетін жиектің
бұзылуын туғызады. Кестеде тозу сызығы тік жоғары кетеді (3 аймақ).
Кескіштің жиегінің апатты бұзылуына жол бермеу үшін ол тозудың шамасы
білгілі бір шекті оңтайлы шаманы һ3Д0П құраған кезден бұрын қайта
ұшталады. Шекті тозудың нормативтік шамалары анықтамалықта келтіріледі.
Мәселен, қимасы 1 6 х 2 5 мм қаралтым үңгігіш қатты қорытпалы кескіштің
шекті тозуы һ3Д0П болатты өңдегенде 2 мм, шойынды өңдегенде 4 мм тең. Таза
үңгіглеу, кесу және оймалау кескіштерінің һ3Д0П
= 0,5 мм және т. т.
7.3-сурет. Қатты қорытпамен жарақталған кесетін
инструменттің тозу схемасы: h„ — алдыңғы бетінің
тозуы; hз – негізгі артқы бетінің тозуы
Қатты қортпамен жарақталған инструменттің тозу сипаты басқаша болады:
ол алдыңғы және негізгі артқы беттерінде кесетін жиектен бірден тозады,
яғни әр кескен сәтте жаңа кесетін жиек пайда болады (7.3-сурет).
7.2.
Кесу инструментінің
төзімділігі және кесу
жылдамдығы
Инструменттің төзімділігі — бұл кесетін инструменттің қайта ұштағанға
дейінгі негізгі жұмыс уақыты, ол минуттармен өлшенеді. Кесетін инструмент
тозған кезде берілген шамаға һдоп қайта ұштау мәжбүрлеп қайта ұштау деп
аталады . Мұндай операция кесетін инструменттің дұрыс пайдаланылуын
қамтамасыз етеді.
Инструменттің тозғанға дейін һдоп шамасына дейін жұмыс істеу уақыты
төзімділік кезеңі — Т деп аталады (минуттармен өлшенеді).
Кесетін инструменттің төзімділігі көптеген факторларға: инструменттің
материалына, өңделетін материалға, инструменттің геометриясына, кесу
режиміне, МСТО сапасына және т.б. байланысты.
Кесетін инструменттің төзімділігіне кесу жылдамдығы ең көп әсер етеді. Ол
артқан сайын, кесу процесіне соғұрлым көп қуат жұмсалады, жылу көбірек
бөлінеді, үйкелетін беттер қарқынды тозады (жылу және түрпілі тозулар)
және төзімділік кезеңі де соғұрлым аз. Тіптен кесу жылдамдығының біршама
өсуі кескіштің төзімділігінің едәуір азаюын туғызады.
Мәселен, егер қатты қорытпадан жасалған кескішпен жұмыс істегенде кесу
жылдамдығы 2 есе ұлғайса, онда кескіштің төзімділік кезеңі 32 есе кемиді.
Кескіштің төзімділік кезеңін мына формуланы пайдаланып, шашамен
бағалауға болады
C
T =
T
υm axb y
мұнда Сτ — өңделетін материалдың қасиеттеріне тәуелді коэффициент; υ—
кесу жылдамдығы, м/мин; а — тілінетін қабаттың қалыңдығы, мм,
Стойкость режущего инструмента и скорость резания
61
b — тілінетін қабаттың ені, мм; m, x, y — көрсетілген параметрлердің
төзімділікке әсері дәрежесінің көрсеткіштері.
Дайындалатын бұйымдардың өзіндік құны ең аз болатын, экономикалық
тұрғыда қолайлы жылдамдыққа сәйкес келетін кесетін инструменттің
төзімділігі кезеңі экономикалық төзімділік деп аталады .
Кесетін инструментті ұтымды пайдалану инструмент экономикалық
төзімділіктің берілген нормасына төтеп беретін кесу режимдерін белгілеуде.
Эксперименталды тұрғыда түрлі өңдеу жағдайларында кесу жылдамдығын
есептеудің формуласы шығарылды:
C
υ= υ
K K K
T m tx s y m q COTC
мұнда Cv — өңдеу түріне, өңделетін материалға және кескіштің φ бұрышына
қарай алынатын коэффициент (анықтамалық бойынша анықталады) (φ
бұрышы аз болған сайын, кесетін жиектің ұзындығы жұмысқа соғұрлым
артық қатысады, жүзден жылудың ұстағышқа берілуі соғұрлым жақсы; бұл
ретте кескіштің төзімділік кезеңі артады, ал бұл кесу жылдамдығын арттыру
мүмкіндігін береді); m, x, y — тиісті параметрлер өзгертілген кезде
төзімділіктің қарқындылығын сипаттайтын дәрежелердің көрсеткіштері; Км
— өңделетін материалдың механикалық қасиеттерін есепке алатын
коэффициент (σв ұлғаюымен Км коэффициенті азаяды); Kq — кескіштің
ұстағышы қимасын есепке алатын коэффициент (тек жылдам кесетін
кескіштер үшін) (ұстағыштың қимасы ұлғайғанда Kq коэффициенті ұлғаяды);
Кмсто — майлау-салқындату технологиялықт ортасынң сапасына тәуелді
коэффициент (тек жылдам кесетін кескіштер үшін, оған қоса, кескіш жақсы
салқындаған сайын, Кмсто коэффициенті жоғары болады).
t кесу тереңдігі формуланың бөлгішінде болады, а бұл жоңқаның қимасы
ауданы ұлғайған сайын кескішке әсер ететін күштің және жұмсалатын кесу
қуатының артатынын білдіреді. Тиісінше кесу аймағында бөлінетін және
кескіштің жұмсаруын да, тозуын да туғызатын жылудың көлемі артады.
Кескіштің берілген төзімділік кезеңін сақтау үшін кесу жылдамдығы
азайтылады.
s беру шамасы кесу тереңдігі секілді формуланың бөлгішінде болады, ал бұл
берудің артуымен тіліктің қимасы ауданы артатынын және тиісінше кескіштің
төзімділігі кезеңі кемитінін білдіреді. Түрлі элементтердің кесу
жылдамдығына әсері тәжірибе жолымен анықталаған:
C
υ= υ
T 0,2 t 0,15 s 0,35
t кесу тереңдігіндегі дәреженің көрсеткіші s беру кезіндегі дәреженің
көрсеткішіне қарағанда әркез аз, яғни x < у. Осыдан ұштау кезіндегі кесудің
маңызды заңдылығы келіп шығады: төзімділік кезеңі өзгеріссіз болғанда кесу
жылдамдығын арттыру үшін немесе кесу жылдамдығы өзгеріссіз болған
кезде төзімділік кезеңін ұлғайту үшін тиісінше s беруді азайтып, t кесу
тереңдігін ұлғайтқан жөн.
8
Майлау-салқындату
технологиялық орталары
Майлау-салқындату технологиялық орталары (МСТО) — бұл күрделі көп
құрамды жүйелер, олардың көмегімен инструменттің жоғары төзімділігін
қамтамасыз етуге және өңделетін беттің жоғары сапасын алуға болады.
МСТО пайдаланудың арқасында кесу аймағындағы температура едәуір
төмендейді және инструменттің бетінің, жоңқаның және дайындаманың
арасындағы үйкеліс азаяды.
МСТО таңдау өңдеу түріне (қарылтым немесе таза), өңделетін материалдың
қасиеттеріне, кесу жылдамдығына және тереңдігіне, жоңқаның түріне,
өңделетін беттің сапасына қойылатын талаптарға және т.б. байланысты
болады.
Болат дайындамаларды өңдеген кезде әсер ету сипатына қарай екі топтқа
бөлінетін МСТО қолданылады. Бірінші топқа негізінен салқындатқыш
әрекетті орындайтын МСТО жатады. МСТО бірінші тобын соданың немесе
сабынның сулы ерітінділері, сулы эмульсиялар және үлкен жылу
өткізгіштігімен сипатталатын басқа құрамдар құрайды. Екінші топқа
негізінен майлау әрекетін орындайтын МСТО, яғни үлкен майлау қабілетіне
ие құралдар жатады. МСТО екінші тобын минералды майлар мен олардың
қоспалары, сульфофрезол (күкірттелген минералды май), Аквол-2 сұйықтығы,
молибден қос сульфиді қосылған майлар және т.б. құрайды.
Шойын дайындамаларды өңдегенде скипидар немесе содалы эмульсия
қосылған керосин қоспасымен салқындату қолданылады. Жекелеген
жағдайларда шойын мен басқа морт материалдар салқындатылмай өңделеді.
МСТО кесу аймағына ағынмен жеткізу екі тәсілмен іске асырылады:
64
■ еркін ағ 8
ы т
с ар
пе ау
н (. 8М
. а
1, й
алау
су -
р сеатл
) қынд
— сұат
й у
ы қт ех
М но
С ло
ТО гситяолны
о қ к о т р ы т ң а л
реар
зе ы
рвуарынан
сорғысымен айдалады және шлангалар жүйесі және бағыттау шүмегі арқылы
8.1-сурет.
Майлау
салқындату
технологиялық ортасын ағынмен
жеткізу тәсілдері:
а — еркін ағыс; б — арыны қатты ағыс; Dr
— негізгі жүріс
кесу аймағына беріледі (жоңқаның бүгілген жеріне);
■ арыны қатты ағыспен (8.1, б сурет) — сұйық МСТО жоғары қысыммен
шүмек қуысы (диаметрі 0,2...0,4 мм) арқылы кескіштің негізгі артқы беті
жағынан беріледі. Мұндай жағдайларда МСТО жоңқа түзілуі аймағына
қарқынды түрде өтіп, жылдам буланып, еркін ағыспен берілетін
сұйықтыққа қарағанда жылудың көп көлемін бөледі.
МСТО шашыратылған күйінде кесу аймағына жеткізу арнайы
қондырғының көмегімен іске асырылады. Тозаңдатылған эмульсиямен
салқындату жағдайында қолданылатын МСТО салқындату және майлау
қасиеттері аса тиімді пайдаланылады. Эмульсия кесу аймағына жоғары
жылдамдықпен беріледі (секундына 300 м), бұл кескіштен, дайындамадан
және жоңқадан жылудың қарқынды бұруды қамтамасыз етеді. МСТО
шашыратылған күйде бергенде жылдам кесетін болаттан жасалған
инструменттің төзімділігі еркін ағатын МСТО салқындатуымен
салыстырғанда 1,5-2 есе артады.
Пайдаланылғаннан кейін МСТО станоктың астауына ағады және әрі қарай
сүзгі арқылы тазартылғаннан кейін резервуарға қайта бағытталады.
Осылайша, пайдаланылған МСТО тазартудың (қайта жаңартудың)
арқасында оны көп мәрте пайдалануға болады.
9
Кесу процесіне
дайындалу
9.1.
Кесу технологиялық
процесінің элементтері
Кесу процесін жүргізу үшін дайындаманы механикалық өңдеудің
технологиялық процесін әзірлеу қажет, яғни бұйымның күйін өзгерту және
анықтау (мәселен, беттердің өлшемдерін, пішінін, бұдырлығын өзгерту,
оларды өзара орналасуы) бойынша мақсатты іс-қимылдар тізбегін анықтау
қажет.
Нақты жағдайлар мен міндеттерге аса сәйкес келетін оңтайлы технологиялық
процеске ұмтылу қажет.
Дайындаманы механикалық өңдеудің технологиялық процесі жекелеген
элементтерге – технологиялық операцияларға (орнатылымдар, өтпелер)
бөлінеді.
Технологияллық операция — бір жұмыс орнында атқарылатын және
жұмысшының дайындаманы өңдеуден келесі дайындаманы өңдеуге көшуге
дейінге барлық іс-қимылдарын қамтитын технологиялық процестің аяқталған
элементі.
Жұмыс орнына қарай операциялар токарлық, фрезерлік, тегістеу және т.б.
болып бөлінеді. Бұйымдардың азғантай көлемін дайындағанда бүкіл
бөлшекті, мәселен токарлық станокта өңдеу бір операция ішінде атқарылады.
Бұйымдар легін өңдеу кезінде әр бөлшекті өңдеу бірнеше операция ішінде
атқарылады.
Бөлшекті бір операция ішінде атқарған кезде өңдеу әуелі бөлшектің бір
жағынан басталады, сонсоң оны қайта қойып, басқа жағын өңдейді, яғни
бөлшек екі орнатылым ішінде өңделеді.
9.1 сурет. Бөлшекті екі орнатылым ішінде өңдеу:
а —ø40 цилиндрлік бетпен өңдеу; б — ø30 цилиндрлік бетпен өңдеу
Орнатылым — өңделетін дайындама өзгеріссіз бекітіліп орындалатын
технологиялық операцияның бір бөлігі (9.1-сурет).
Орындалатын өңдеу түрлері (бүйірін кесу, сырттай ұштау, бұрғылау,
зенкерлеу, ұңғылау, беттерді, қуыстарды, кертпештерді және т.т. фрезерлеу)
технологиялық ауысулар болып табылады.
Технологиялық ауысу — өзгертілмейтін технологиялық режимде және
орнатылымда технологиялық жарақтандырудың тұрақты құралдарымен
атқарылатын технологиялық операцияның аяқталған бөлігі. Егер өңдеу
кезінде инструмент өзгеретін болса, онда дайындаманың сол бетін жаңа
инструментпен өңдеу жаңа технологиялық ауысу болып табылады. Мәселен,
саңылауды бұрғымен, зенкермен және ұңғымен өңдеу үш ауысумен
атқарылады (9.2-сурет). Инструменттің өзін ауыстыру қосалқы ауысу деп
аталады.
Қосалқы ауысу — бұл еңбек құралының қасиеттерін өзгертумен қабат
жүрмейтін адамның немесе жабдықтың әрекеттерінен құралған, бірақ
9.2 сурет. Саңылауды үш ауысуда өңдеу: а — бұрғылау; б — жону; в —
ұңғу
Технологиялық процесті әзірлеу логикасы
69
технологиялық ауысуды орындау үшін қажет технологиялық операцияның
аяқталған бөлігі.
Жұмыс жүрісі — бұл инструментті дайындамаға қатысты, оның пішінін,
өлшемдерін, бетінің сапасы мен қасиеттерін өзгертумен қабат жүретін бір
мәрте жылжытудан құралатын технологиялық ауысудың аяқталған бөлігі.
Жұмыс жүрісі әдетте дайындаманың жалаң қабатын үздіксіз өңдеуді, білікті
токарлық станокта бір үңгу ішінде өңдеуді немесе жазықтықты фрезерлік
станокта өңдеуді білдіреді.
Қосымша жүріс — бұл жұмыс жүрісіне дайындау мақсатында
инструменттің дайындамаға қатысты бір мәрте жылжыту түріндегі
технологиялық ауысудың аяқталған бөлігі. Мәселен, кескіш бастапқы күйіне
қайтатын білікті қарылтым жонғанда, ол қосалқы жүріс жасайды.
Дайындаманы өңдегенде жұмысшы мақсатты сипаттағы белгіленген іс-
қимылдарды орындауы қажет, мәселен, шпиндельдің айналу жиілігін қайта
қосу, станокты іске қосу немесе өшіру және т.б. Мұндай әрбір мақсатты
жұмыстар қабылдауды білдіреді.
Қабылдау — бұл жұмысшының технологиялық ауысуды немесе бір
нысаналы мақсатпен біріктірілген оның бір бөлігін орындау кезіндегі іс-
қимылдарының аяқталған жиынтығы.
Кейбір токарлық станоктарда, мәселен, айналдырғы станоктарда орнатылған
және бекітілген, бұрғыланатын, бұрғылап кеңейтілетін және зенкерленетін
дайындама бір орналымы болады, бірақ үстелді бұрғанда дайындама жаңа
жайғасымды алатын болады.
Жайғасым — бұл операцияның белгілі бір бөлігін орындағанда
инструментке немесе жабдықтың жылжымайтын бөлігіне қатысты
айлатектікпен бірге өзгеріссіз бекітілген өңделетін дайындаманың алатын
бекітілген күйі.
Өндірістік процесс элементтерінің негізгі белгілері туралы жалпы деректер
9.1-кестеде келтірілген.
Кесіп өңдеуді іске асыру үшін технологиялық құжаттама қолданылады .
Өндірісті технологиялық дайындау үшін әзірленген Технологиялық
құжаттаманың бірыңғай жүйесі (ТҚБЖ) қызмет етеді.
9.1кесте. Өндіріс процесі элементтерінің негізгі белгілері
Белгілері
Өндірістік процесс
Беттердің өлшемдерін, пішінін, ↓
бұдырлығын, олардың өзара
← Технологиялық процесс
орналасуы мен физикалық-
химиялық қасиеттерін өзгерту
Бір дайындаманы өңдеудің үздіксіздігі
← Операция
және жұмыс орнының
Тұрақтылығы
Дайындаманы өзгертпей
← Орнатылым
Бекіту ↓
Дайындаманың кесетін
← Жайғасым
инструменттерге қатысты
өзгеріссіз күйі
← Ауысу
Өңделетін беттің, кесетін
инструменттердің, кесу режимдерінің
тұрақтылығы
Тілінетін металдың қабаты өзгеріссіз
← Жұмыс жүрісі
ұдайы кесетін инструмент
ұдайы кесу режимдері
Ол өндірісті технологиялық дайындаудың бірыңғай жүйесінің (ӨТДБЖ)
құрамдас бөлігі болып табылады.
Технологиялық құжаттама өзіне жалпы мақсаттағы құжаттарды (барлық түрлі
жұмыстарға арналған) және арнайы мақсаттағы құжаттарды (жұмыстардың
жекелеген түрлері бойынша мамандандырылған технологиялық
процестердің) қамтиды.
Жалпы мақсаттағы технологиялық құжаттар. Түрлі жұмыстардың барлық
түрлерін жүргізудің сипаттамасы жалпы мақсаттағы технологиялық
құжаттарда келтіріледі, оларға мыналар жатады: маршруттық карта; нобайлар
картасы; технологиялық нұсқаулық; жиынтықтау картасы; цехты кеңейту
ведомосы; жарақтандыру ведомосы және материалдар ведомосы.
Бағыттық картада барлық операциялар бойынша (технологиялық
тізбекпен) мен жабдықтар, материалдық, еңбек және басқа да нормативтер
бойынша бұйымды дайындаудың технологиялық процесінің сипаттамасы
қамтылған.
Технологиялық процесті әзірлеу логикасы
71
Маршруттық карта негізгі технологиялық құжат болып табылады; ол жұмыс
құжаттамасын әзірлеу кезеңінде әзірленеді.
Нобайлар картасында бұйымды және оның жекелеген элементтерін
дайындаудың технологиялық процесінің графикалық иллюстрациясын
камтиды. Карта бұйымды өндіру сипатына немесе шарттарына қарай
әзірлеушінің еркімен әзірленеді.
Технологиялық нұсқаулықта жұмыстың айрықша тәсілдерінің немесе
технологиялық процесті бақылаудың әдістері, жабдықты немесе аспаптарды
пайдалану қағидаларын, қауіпсіздік шаралары тізбесін және қосымша
түсініктемелерді қажет ететін басқа материалдар қамтылады.
Жиынтықтама картасында бөлшектер, құрастыру бірліктері мен
құрастырылатын бұйымның жиынтығына енетін материалдар туралы
деректер қамтылады.
Цехты кеңейту ведомосында кәсіпорынның қызметтері бойынша
дайындалатын немесе құрастырылатын, сондай-ақ жөнделетін бұйымның
өндірілу маршруты туралы деректер қамтылады.
Жарақтандыру ведомосында технологиялық процесті жарақтандыруға
қажетті арнайы және стандартты айлатетіктер мен инструменттерді қамтиды.
Ведомость маршруттық карталар (технологиялық тізбекпен) негізінде
әзірленеді.
Материалдар ведомосы материалдың шығыстары нормаларының міндетті
түрде әзірленетін егжей-тегжейлі жиынтық ведомосы болып табылады,
ондағы жазба жеткізілім құрамына енетін бөлшектердің бөлімдері бойынша
жүргізіледі.
Мамандандырылған
технологиялық
құжаттар.
Технологиялық
құжаттардың бұл тобына операциялық карталар мен белгіленген жұмыс
түрлерінің технологиялық процестерінің карталары кіреді.
Операциялық картада операцияларды ауысуларға бөле және кесіп өңдеу
режимдерін, әр операцияның есеп нормалары мен еңбек нормативтерін
көрсете отырып, бұйымды дайындаудың технологиялық процесі
операцияларының сипаттамасы қамтылады.
Технологиялық процесс картасында бір цехта технологиялық
жарақтандыру, материалдық және еңбек нормативтері туралы деректерді
келтіре отырып, атқарылатын жұмыстардың бір түрінің барлық операциялары
бойынша бұйымды дайындау немесе жөндеу процесінің сипаттамасы
қамтылады.
Маршруттық карта мен технологиялық процесс картасы негізгі
технологиялық құжаттардың жиынтығын білдіреді. Құжаттардың тиісті
жиынтығын таңдау өндіріс түріне және осы кәсіпорындағы технологиялық
процеске байланысты болады.
Технологиялық
процесті әзірлеу.
Технологиялық
процестің
операциялық сипаттамасы деп барлық технологиялық операцияларды
олардың орындалуын технологиялық ауысулар мен өңдеу режимдерінің
тізбегімен көрсетіп, сипаттауды айтамыз.
Операциялар мен ауысулардың құрамын технологиялық карталарға жазған
кезде белгіленген қағидалар орыдалуы тиіс:
операцияның нөмірін І, ІІ, ІІІ және т. б. рим сандарымен көрсету қажет; ■
әр операцияның атауы атау септігінде көрсету қажет, мәселен,
«токарлық», «фрезерлік», «тегістеу» және т. б.;
орнатылымды — орыс алфавитінің бас әріптерімен: А, Б, В және т. т.; ■
ауысу нөмірін — өңдеу әдісін білдіретін негізгі сөз қабат жүретін араб
сандарымен 1, 2, 3, ..., (тұйық етістікте, мәселен: «ұштау», «бұрғылау»,
«фрезерлеу», «тегістеу» және т.т.);
өңделетін беттің атауын — атау септігімен, мәселен, «цилиндрлі бет»,
«саңылау», «жырашық», «жүз» және т.т.;
Технологиялық процесті әзірлеу логикасы
73
өлшемдер мен олардың шартты таңбалары туралы ақпаратты — өлшемін
көрсетпей, мәселен, ø30+0,021, 1 х 45° және т. т.
Одан бөлек, бір мезгілде өңделетін беттердің саны туралы ақпарат
келтіріледі.
Технологиялық процесті әзірлеу қағидалары. Технологиялық процесс
металл өңдеу өндірісін ұйымдастырудың негізі болып табылады, өйткені
оның құрамына қарай қажеті жабдықтардың бірліктері және бөлшектерді
шығару жөніндегі бағдарламаны орындауға қажетті жұмыс ккүшінің саны
белгіленеді.
Технологиялық процесс өндірістің барлық буындарын байланыстырады,
сондықтан оны дәл сақтау өндірісті дұрыс ұйымдастырудың қажетті шарты
болып табылады. Басқа сөзбен, технологиялық процесс дәл орындау қажетті
өндірістің заңы болып табылады, өйткені осы ретте өнімнің қажетті сапасын
алуға кепілдік беріледі .
Технологиялық процесс, өз кезегінде, бөлшектерді сызбада көрсетілген
техникалық талаптарға сәйкес аса үнемді дайындауды қамтамасыз ететіндей
әзірленуі тиіс.
Технологиялық процесті әзірлеудің бастапқы деректері:
бөлшектің сызбасы және оны дайындауға техникалық талаптар.
Бөлшектің сызбасында оны дайындауға қажетті барлық мәліметтер
көрсетілуі тиіс: беттердің пішіні мен өлшемдері, дайындама материалы,
дайындауға техникалық талаптар, үлгінің дәлдігі, өлшемдердің дәлдігі,
беттердің өзара орналасуының дәлдігі (шақтамалы осьтік сәйкессіздік,
перпендикулярлық еместік және т.б.), беттердің бұдырылығына
қойылатын талаптар;
бұйым дайындалуы тиіс дайындаманың түрі мен өлшемдері; ■
дайындау қажетті бөлшектердің саны.
Одан бөлек, қолда дайындаманы өңдеу көзделген станоктың технологиялық
мүмкіндіктері, яғни процесті аса өнімдірек құруға мүмкіндік беретін
станоктың мүмкіндіктері туралы деректер болуы қажет. Мәселен, егер
станоктың шпинделінде диаметрі шыбықшаның диаметріне қарағанда үлкен
өтпелі саңылау болса, онда бұл ретте шыбықшадан бөлшек дайындау көп
жағдайларда, оны бөлек дайындамадан жасағаннан гөрі тиімдірек болуы
мүмкін.
9.2.
Технологиялық процесті әзірлеудің
логикасы
Кез келген технологиялық процесті әзірлеу аса үнемдірек нәтижеге әкелетін
іс-қимылдардың ортақ логикалық тізбегіне негізделеді.
Мәселен,
технологиялық процесті әзірлеу барысында токардың орындауы тиіс іс-
Технологиялық процесті әзірлеу логикасы
75
қимылдарының тізбегі көрнекі болуы үшін 9.3.-суретте келтірілген схема
түрінде ұсынуға болады. Айталық, оған жеке-дара өндіріс жағдайында
«саусақ» бөлшегінің технологиялық процесін әзірлеу қажет болды делік.
Онда ол 9.3.-суретте келтірілген схемаға сәйкес әрекет етуі тиіс.
9.3 сурет. Технологиялық процесті әзірлеу кезінде токарьдің іс-
қимылдарының кезектестігі схемасы
Осы схеманың әр тармағы бойынша токарь ақпарат жинақтап, оны тиісті
түрде ресімдеуі тиіс.
Әрі қарай 9.3.-суретте көрсетілген технологиялық процестің әр кезеңінде өз
міндеттері шешілетіні көрсетілген.
1. Бөлшектің сызбасын (9.4-сурет) және техникалық талаптарды зерттеу:
■ бөлшектің пішіні — цилиндрлі;
■ пішінге қойылатын талаптар — сызбада пішінге айрықша талаптар жоқ;
■ өлшемдердің дәлдігі — 025-О14 өлшемды қоспағанда барлық өлшемдер
еркін (ол 0,14 мм шақтамамен орындалады);
Технологиялық процесті әзірлеу логикасы
77
■ беттердің өзара орналасуының дәлдігі — беттердің орналасуына айрықша
талаптар жоқ;
■ беттің бұдырлығы — барлық беттердің бұдырлығы Ra параметрі
бойынша 6,3 мкм болуы тиіс.
9.4 сурет. Жеке-дара өндіріс
жағдайында токарьлық өңдеу
кезінде
пайдаланылатын
«саусақ» бөлшектің сызбасы (а)
және оның дайындамасы (б)
2.
Дайындаманы зерделеу:
■ дайындама — цилиндрлік пішіні 035 мм шыбықша;
Технологиялық процесті әзірлеу логикасы
79
9.5-
сурет. Жеке-дара өндіріс жағдайында «саусақ» бөлшекті өңдеудің технологиялық процесі:
Dr — негізгі жүріс; Ds поп — көлденеңінен беру жүрісі; Ds прод — бойлай беру жүрісі
■ дайындама түрі — илем;
■ беттің бұдырлығы — өңделмеген бет.
3. Дайындаманы сызбамен салыстыру:
■ өңдеудің әдібі бар;
■ барлық беттер өңделеді.
4. Қалған бастапқы деректерді зерделеу:
■ өңделетін бөлшектер саны — 1 дана;
■ кескішті ұстатқышқа орнатылатын кескіштер саны — 4;
■ бар айлатектіктер — үш жұрықшалы өздігінен орталықтанатын патрон,
тіреу;
■ өңделетін дайындаманың ең көп өлшемі — диаметрі 400 мм дейін. 5. Беттерді өңдеу тәсілдерін таңдау:
■ бүйірлік беттер мен жүздер — ұңғымалы иілген кескіштермен өңдеу;
■ цилиндрлік беттер — ұңғымалы тірек кескіштермен;
Технологиялық процесті әзірлеу логикасы
81
■ жырашықтар — жырашық кескіштермен;
■ кесу — кесетін кескішпен.
6. Орнатылым базаларын таңдау:
■ қаралтым базасы ретінде 035 цилиндрлі бет алынады; ■
таза
база
ретінде
— 025
цилиндрлі бет алынады (бірінші операция кезінде өңдегенде алынған).
9.7-сурет. Сериялық өндіріс жағдайында «саусақ» бөлшегін өңдеудің технологиялық
процесі:
9.6 сурет. «Саусақ» бөлшегінің сызбасы (а) және оның дайындамасы (б),
сериялық өндіріс жағдайында токарьлық өңдеуге қолданылады
Dr — негізгі жүріс; Ds поп — көлденеңінен беру жүрісі; Ds прод — бойлай беру жүрісі 7.
Дайындаманы бекіту тәсілдерін таңдау — дайындама үш
жұдырықшалы өздігінен орталықтанатын патронға бекітілетін
болады (өйткені аталған жағдайда бөлшектің ұзындығы екі-үш
диаметрден аз болатын шарт орындалады, дайындаманы қысу үшін
орталық қажет етілмейді).
Технологиялық процесті әзірлеу логикасы
83
8. Операциялар мен орнатылымдарды әзірлеу — өңдеу бір операцияның (І
операция), бірақ 2 орнатылым (А және Б) ішінде жүргізілетін болады (9.5-
сурет).
Бір ғана емес, мәселен,100 бөлшек өңделіп қоймайтын сериялық өндірісте
технологиялық процесс басқаша әзірленеді. «Саусақ» түріндегі мұндай
бөлшек үгшін басқа түрдегі дайындама таңдалатын болады (9.6-сурет). Бұл
жағдайда барлық бөлшектерді әуелі бір жағынан, сонсоң басқан жағынан
өңдеген қолайлырақ әрі үнемді болатыны жөн.
Осылайша, сериялық өндірісте «саусақ» түріндегі бөлшекті өңдеудің
технологиялық процесі І және ІІ екі операциядан құралатын болады (9.7-
сурет), олардың әрқайсысы тиісінше үш және төрт ауысуда орындалады.
9.3.
Кесудің ұтымды
режимдерін таңдау
Кесу процесін іске асыру үшін алдын ала кесу режимдерінің есебін жүргізу
қажет.
Есепті жүргізген кезде кесу режимдерінің мақсатының тізбегін анық ұстау
маңызды.
Білікті жонған кезде ең алдымен t кесу тереңдігін бөлшектің сызбасы мен
дайындаманың миллиметрмен өлшемдерін пайдаланып, мына формуламен
анықтайды:
D
t − d = 2
мұнда D — дайындаманың диаметрі; d — алынатын бөлшектің диаметрі.
Кесу тереңдігін есептеп шығарғаннан кейін өңделетін материалдың түріне
(мәселен, болат, шойын), өңдеу түріне (қаралтым, таза) , кескіш дайындалған
материалға қарай, кейде жоспардағы негізгі бұрыштың шамасына қарай
анықтамалық бойынша s беру шамасы мм/айн анықталады.
Сонсоң анықтамалық бойынша өңделетін материалды, өңдеу түрін, кескіштің
материалын, кесу тереңдігі мен беруді ескеріп, кесу жылдамдығының шамасы
анықталады.
Анықтамалық кесте бойынша таңдалған vT кесу жылдамдығы шамасын өңдеу
шарттарына: кескіштің төзімділігі, өңделетін материалдың механикалық
қасиеттеріне (болаттың беріктігі немесе шойынның қаттылығы шегіне),
өңделетін беттің күйіне (қабықсыз, қабықпен, беті ластанған), кескіштің ма-
териалына (мәселен, қатты қорытпаның түріне Т30К4, Т15К6, ВК6, ВК8 және
т.б.) және жоспардағы негізгі бұрышы шамасына (мәселен, 30, 45, 60, 90°)
қарай нақтылау қажет.
Нақтылау кесу жылдамдығы кестелері бойынша К1 — K5 түзету
коэффициенттерінің көмегімен жүргізіледі: υуг = ѵTK1K2K3K4K5.
Кесудің нақтыланған жылдамдығы анықталғаннан кейін шпиндельдің айналу
жиілігі n, мин-1, мына формуламен анықталады:
1000 υ
n= ут π D
Станокта шпиндельдің кез келген айналу жылдамдығы белгіленбейді, өйткені
шпиндельдің айналу жылдамдығы станоктың негізгі жүрісінің
кинематикалық тізбегіне байланысты, сондықтан нақты станоктың
шпинделінің айналу жиіліктері кестелері бойынша таңдалады. Егер кестеде
есептік шамасы жоқ болса, онда ең аз жуық шама қолданылады.
Сонсоң кесудің нақты жылдамдығы, м/мин, мына формуламен анықталады:
πDn
υ=1000
мұнда π = 3,14; D — дайындама диаметрі; n — шпиндельдің нақтыланған
айналу жиілігі.
Әрі қарай кесудің нақты жылдамдығы шамасы станок қозғалтқышының
қажетті қуатын анықтауға қолданылады, бұл өңдеу кезінде қолданылатын
станоктың маркісін таңдауға әсер етеді.
Қосымша
Түрлі кесетін инструменттерге арналған жылдам кесетін
болаттың маркілерін таңдау
Болаттың маркісі
Қолдану аясы
Р18
Барлық түрдегі кесетін инструмент
Р9
Жай конструкциялық материалдарды өңдеуге арналған
Р6М5
Р18 болатты алмастырады
Р14Ф4, Р9Ф5
Түрпілі қасиеттерге ие материалдарды өңдеуге арналған
Р18К5Ф2,
Р9М4К8, Беріктігі жоғары, таттануға төзімді және ыстыққа төзімді
Р6М5К5
болаттар мен қорытпаларды өңдеуге арналған
Р10К5Ф5
Беріктігі жоғары, таттануға төзімді және ыстыққа төзімді
болаттар мен қорытпаларды, түрпілі қасиеттерге ие
материалдарды өңдеуге арналған
Р9К5
Қаттылығы мен тұтқырлығы жоғары болаттар мен
қорытпаларға арналған; соққылармен жұмыс істеуге
жарамды
Р9К10
Қатты және тұтқыр болаттар мен қорытпаларды өңдеуге
арналған
Кесіп өңдеудің саналуан түрлерінде қатты қорытпаның маркілерін таңдау
Қа тт
Өңдеген кезде
қатты қорытпаның маркілері
ы қо
шойын
түсті
Өңдеу түрлері мен сипаты
көміртекті
және
ры
шыңдалған
металдар
қоспалаған
болат
және
тп
болаттар
240 НВ
400... 700 НВ
қоспалары
ан ың
Тіліктің тегіссіз қимасында
Т5К10
ВК8
ВК8
ВК4
ма
және соққылармен үзілмелі кескенде
Т5К12
ВК8
ВК8В
ВК6
ркі
қабықтың және қақтың бойымен қаралтым
ВК8
ВК4
ВК8
сін
ұштау
ВК8В
та ңд
Тіліктің тегіссіз қимасында
Т14К8
ВК4
ВК4
ВК4
ау
және үздіксіз кескенде қабықтың
Т5К10
ВК6
ВК6
ВК6
бойымен қаралтым ұштау
ВК8
ВК8
ВК4
Тіліктің қатысты тегіс қимасында
Т15К6
ВК4
ВК6М
ВКЗ
және үздіксіз кескенде қабықтың
Т14К8
ВК8
ВКЗ
ВКЗМ
бойымен қаралтым ұштау
ВК4
Үзілмелі кесу кезінде
Т15К6
Т5К10
ВК4
ВК6М
ВКЗ
жартылай таза және таза ұштау
Т14К8
ВК4
ВК6
ВКЗМ
Т5К10
ВК8
ВК8
ВК4
Үзілмелі кесу кезінде
Т30К4
Т14К8
ВКЗ
ВК6М
ВКЗ
жұқалап ұштау
Т15К6
Т5К10
ВКЗМ
ВКЗ
ВКЗМ
ВК4
ВК4
ВК4
Өңдеген кезде
қорытпаның маркілері
Өңдеу түрі мен сипаты
көміртекті
және
Түсті
қоспаланған болат шойын
металдар мен
Қо
240 НВ
400...700 НВ
қорытпалары
сы
Үздіксіз кескенде жұқалап ұштау
Т30К4
Т30К4
вкз
ВК6М
вкз м ш
Т15К6
вкзм
вкзм
вкзм
ВК6М
вкз а
вкзм
Жырашық тілу және кесу
Т15К6
ВК6М
ВК4
ВК6М
Т14К8
ВК4
ВК6
вкз
Т5К10
вкзм
ВК8
Ойманы алдын ала тілу
Т15К6
вкз
ВК6М
ВК4
Т14К8
вкзм
вкзм
ВК6
ВК4
ВК6М
Ойманы түпкілікті тілу
Т30К4
вкз вкз
Т15К6
вкзм
Қарылтым жону және қашау
Т15К12В
ВК8
ВК8
ВК8В
ВК8В
ВК8В
ВК15
Жартылай таза және таза
Т5К10
ВК4
ВК4
жону және қашау
Т15К12В
ВК6
ВК6
ВК8
ВК8
ВК8В
Қаралтым фрезерлеу
Т15К6
ВК4
Қа
Т14К8
ВК6
тт
Т5К10
ВК8
ы қо
Жартылай таза және тазалап фрезерлеу
Т30К4
ВК6
ВК6М
ВКЗ
ры
Т15К6
ВК4
ВКЗМ
тп
Т14К8
ВК4
а ма
Терең емес (қалыпты)
Т5К10
ВК4
ВК8
ВК4
ркі
қуыстарды бұрғылау
Т5К12В
ВК6
ВК8В
ВК6
ле
ВК8
ВК8
ВК8
рі
ВК8В
Терең қуыстарды бұрғылау
Т15К6
Т14К8
Т5К10
Т5К12В
ВК8
Терең қуыстарды шығыршықтап
Т15К6
бұрғылау
Т14К8
Т5К10
Алдын ала бұрғыланған терең емес
Т14К8
Т14К8
ВК4
вкз
ВК6М
қуыстарды (қалыпты) бұрғылау
Т5К10
Т5К10
ВК8
вкзм
ВКЗ
Т15К6
ВК8
ВК4
ВК4
ВКЗМ
Құйылған, қақталған және қалыпталған
Т5К10
ВК4
ВК4
алдын ала бұрғыланған терең емес
Т5К12
ВК6
ВК6
Өңдеген кезде
қатты қорытпалар маркілері
Өңдеу түрі мен сипаты
шыңдалған
шойын
түсті
көміртекті және
металлдар
болат
қоспаланған болат
240 НВ
400...700 НВ
және
Қо
қоспалары
сы
(қалыпты) қуыстарды бұрғылау
ВК8
ВК8
ВК8
ВК8В
м ш
Алдын ала бұрғыланған терең
Т15К6
Т14К8
вкз
ВК6М
ВКЗ
а
қуыстарды бұрғылау
Т14К8
Т5К10
ВКЗМ
ВК4
ВКЗМ
ВК8
ВК4
ВК4
Құйылған, қақталған және қалыпталған
Т5К10
ВК8М
ВК4
бөлшектердегі терең қуыстарды
Т5К12
ВК8
ВК8
бұрғылау, сондай-ақ қуыстарды
ВК8
ВК4
ВК8М
тегіссіз әдіппен
ВК8В
және үзілмелі кесіп өңдеу
Қаралтым зенкерлеу
Т15К6
ВК4
ВК6М
ВК4
Т14К8
ВК6
ВК6
Т5К10
ВК8
ВК8
Т5К12
ВК8
Жартылай таза және тазалап зенкерлеу
Т30К4
ВКЗ
ВК4
ВКЗ
Т15К6
ВКЗМ
ВКЗМ
Т14К8
ВК4
ВК4
Бастапқы және ақырғы
Т30К4
Т30К4
ВКЗ
ВК6М
жаймалау
Т15К6
ВКЗМ
ВКЗМ
ВКЗМ
ВК6М
ВК6М
Мазмұны Оқырманға.............................................................................................................3 1-тарау. Металдарды кесу теориясы туралы мәліметтер...............................4 2-тарау. Кесу процесімен қабат жүретін құбылыстар.......................................6
3-тарау. Инструментті дайындау үшін пайдаланылатын материалдар ........ 13 4-тарау. Кескіш элементтердің геометриялық параметрлері......................... 20 4.1. Кескіштер геометриясы, оларды дайындау және ұштау.............................20 4.2. Фрезалар құрылымы.........................................................................................35
4.3. Бұрғылардың, зенкерлердің, жаймалардың кескіш элементтерінің
геометриялық параметрлері
.............................................................................................................................38 5-тарау. Тілінетін қабаттың элементтері......................................................... 41
5.1. Ұшталған кезде тілінетін қабаттың көлденең қимасының ауданы және оның элементтері ........................................................................
41
5.2. Фрезерлеген кезде тілінетін қабаттың көлденең қимасының ауданы және оның элементтері ................................................................................... 42 6-тарау. Кесу күші және оның құрамдастары. Кесу қуаты............................ 46 6.1. Кесу күші және оның құрамдастары...............................................................46 6.2. Кесу қуаты және кесу моменті.........................................................................51 7-тарау. Инструменттің тозуы және оның төзімділігі.................................... 53 7.1. Инструменттің тозуы........................................................................................53 7.2. Кескіш инструменттің төзімділігі және кесу жылдамдығы.......................56 8-тарау. Майлау-салқындату технологиялық орталары................................. 59 9-тарау. Кесу процесіне дайындалу................................................................. 61 9.1. Кесу технологиялық процесінің элементтері.................................................61 9.2. Технологиялық процестің зерттемесінің логикасы.......................................67 9.3. Кесудің ұтымды режимдерін таңдау ..............................................................72 Қосымша............................................................................................................ 74
Оқу басылымы
Багдасарова Татьяна Ануфриевна
Оқу құралы
4- басылым, стереотиптік
Редакторы Л.А.Левченкова
Топтаманың дизайны: К.А.Крюков
Компьютерде беттеген: Е.Ю.Матвеева
Корректорлары С. Ю. Свиридова, Т. Н. Морозова
Бас. № 104110094. Басуға қол қойылды 15.02.2016. Пішімі 60 х 90/16.
Гарнитурасы «Миньон». Офсеттік басылым. Осеттік қағаз № 1. Шартты. б.т. 5,0.
Таралымы 500 дана. Тапсырыс №
«Академия» баспа орталығы» ЖШҚ, w
ww . acad
emіa - m
oscow . ru 129085, Мәскеу, Мир даңғылы,
101В, 1 стр.
Тел./факс: (495) 648-0507, 616-00-29.
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы № РОСС RU. AE51. H 16679, 25.05.2015.
Басылды: «Т8 Издательские Технологии» жария акционерлік қоғамы.
109316, Мәскеу Волгоград даңғылы, 42 үй, 5 корпус.
Тел.: (495) 221-89-80.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру