Мазмұнға өту
Home

Маңғыстау ақын-жазушыларының кітапханасы 17 том

Гүлжауhар Сейітжан

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Маңғыстау ақын-жазушыларының кітапханасы 17 том

Авторы: Гүлжауhар Сейітжан

Маңғыстау ақын-жазушыларының кітапханасы

ГҮЛЖАУҺАР

СЕЙІТЖАН

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Айдарбаев Алик Серікұлы – алқа төрағасы, Маңғыстау облысының әкімі. Әріп Ғалым Бисембіұлы – алқа төрағасының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағы Маңғыстау облыстық филиалының директоры

АЛҚА МҮШЕЛЕРІ:

Тұрғараев Бекет Тұрғараұлы– облыс әкімінің кеңесшісі, заң ғылымдарының докторы, профессор. Өтегенов Айтуар Оспанұлыақын, (кітапты құрастырушы, жауапты шығарушы-редактор), Қосбармақ Рахат Құсайынұлыақын, (жауапты редактор), Мыңжас Темір Мыңжасұлыақын Өлке қаламгерлерінің шығармаларынан мағұлымат беретін «Маңғыстау ақынжазушыларының кітапханасы» сериясының 50 томдығы Маңғыстау облысының құрылғанына - 40, Ақтау қаласына 50 жыл толуына арналып шығарылып отыр. Бұл томға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Г.Сейітжанның әр кезеңде жазылған әңгіме, өлеңдері және соңғы кезде жазылған шығармалары енгізілді.

Белгілі ақын-журналист Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Сейітжан Гүлжауһар Нұрсапақызы 1947 жылы дүниеге келген. ҚазМУ-дың журналистика факультетінің 1971 жылғы түлегі. Арнайы жолдамамен Қазыналы түбекке табан тіреген Гүлжауһар Нұрсапақызы 1971-1990 жылдары Ақтау қалалық теледидарында редактор, облыстық газетте бөлім меңгерушісі, 1990-1999 жылдары «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы, облыстық әкімшілікте кеңсе меңгерушісі, ақпарат басқармасында бөлім бастығы болып жұмыс жасады. Жауапты қызметтерді атқара жүріп, қасиетті қазақ жерінің, қазыналы түбектегі жасампаз замандастары, абзал адамдары жайлы өлең және әңгімелерден тұратын оннан астам кітап жазды. Гүлжауһар Нұрсапақызының «Тұңғыш» деп аталған алғашқы өлеңдер жинағы (1978ж.), «Ақерке» (1981ж.), «Үміт жағалауы» (1985ж.), «Жолайырық» (1986ж.), «Гүлайым» (1987ж.), «Маңғыстауым ғұмырымның арнасы» (1997ж.), «Жаңаөзен оттары» (2000ж.), «Маңғыстау мұнайшылары» (2002ж.), «Жер ана перзенттері»

(2008ж.), «Жүректегі жазулар» (2009ж.), «Ана жырлары»(2012ж.) атты кітаптары жарық көрді. Гүлжауһар Сейітжан аймақ адамдарына кең тараған ондаған әндерге сөз жазған ақын.

ГҮЛ АПА

Әдетте халық ақын-жазушыны шығармалары арқылы таниды. Оны жақсы бiлмесе де, бетпе бет көрмесе де оқырман өзiне ұнаған шығармасы арқылы жақын сырласына, етене танысына балайды. Соған қарап қалам иесi текке тер төкпегендей бiр жасап қалатыны бар... Мен ақын Гүлжауһар Сейiтжанды өзiн көрiп, танысқаннан да он жыл бұрын бiлетiнмiн десем артық айтқандық емес. 1974 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетiнде оқып жүргенiмде Семейдiң Аягөзiнен келген, аласа бойлы, қағiлез, өзi тас қайнататындай алғыр да пысық жiгiт, қазiрде он шақты кiтабы шыққан сатирик жазушы Қазыхан Әшенов бiздiң старостамыз болды. Сол бiрде төбеден түскендей: -Сен адай екенсiң ғой, бiздiң бiр әпкемiз сiздiң жаққа тұрмысқа шығып кеткен-дi, -деп қойып қалды. Мен ол кезде Түрiкменстанның Красноводск ауданында тұратынмын, соны айтқалы ыңғайлана берiп ем, ол сөз тыңдайтындай болмады. Дегенмен, сол есiм жадымда қалды да, Гүлжауһар Сейiтжанның қолға түскен өлеңдерiн, әңгiмелерi мен мақалаларын жiбермей оқитын болдым. Ал, Қазыхан екеумiздiң арамыз курстас жолдастықтан достыққа айналды. Бiрер жылдан кейiн оның отбасы Аягөзден Алматыға көшiп келдi. Қала шетiнде тұратын он балалы, қашанда базарлы бұл шаңырақта жиi болып, дастарқанынан сан рет дәм татқан едiм. Қазыханның ата-анасы қарапайым, өте жайлы кiсiлер едi. Ол кезде Алматыға көшiп бару, орналасып кету қиынның қиыны болатын. Бiрақ олар қандайда қиындықтан да қайыспай өз балаларының болашағын ойлап, оқыту үшiн сондай қадамға барды. Ата-ананың арман-мақсаттары орындалып балаларының барлығы да бүгiнде жоғары бiлiмдi, бiлiктi де тәрбиелi азаматтар, сан алуан мамандық иелерi. Айтайын дегенiм, Қазыханның үйiнде де жақын туыстары сонау қияндағы Маңғыстаудың адайына келiн болып кеткен сүйiктi қызы Гүлжауһар жайында сағынышпен айтып отыратын-ды... 1971 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетiн бiтiрген Гүлжауһар арнайы жолдамамен Маңғыстауға келiп, сол жылы өңiрдегi алғашқы тележурналист ретiнде Ақтау телестудиясында еңбек жолын бастайды. 1973 жылы осындағы облыстық газетке ауысып, аға әдеби қызметкер, әдебиет және мәдениет бөлiмiнiң меңгерушiсi болады. Ақын ретiнде көпке танылып, өлең-жырлары республикалық басылымдарда жиi көрiнiп жүрген Гүлжауһардың 1978 жылы “Жалын” баспасынан “Тұңғыш” атты өлеңдер жинағы жарыққа шықты. Оның туындылары сыршыл көңiлдiң тұп-тұнық, мөлдiр сырларындай әсерлi. Мәселен, “Адамдар” деген өлеңiнде мынадай жолдар бар: ...Қасиеттер қаншама сыйладыңдар, Бәрiн алдым сендерден иланыңдар! Сендер салған соқпақтан жоқты таптым,– Болмаса егер дем берер дарқан әнiң, Борыш жүгiн мен қалай тарта аламын?!

Жақсылықтан бiр нышан болса менде, О да, адамдар, сендердiң арқаларың. Ағынан жарылып айтылған осынау өлең жолдарын ақынның азаматтық ұстанымы дерсiз! “Өлең деген өсекшi жұртқа жаяр”, деп ұлы Абай айтқандай, ол кей бiреулерше, өзiм болдым, өзiм толдымнан аулақ, бар сырын шынайы қалпында жайып салып отыр. “Тұңғыштағы” нәзiк те, қайрат пен қайсарлыққа толы жырлардың қай-қайсысы да оқырманын бейжай қалдырмайды. Гүлжауһардың 1981 жылы Алматыдағы “Жалын” баспасынан “Ақерке” деп аталатын жыр жинағы жарық көрдi. Бұл жинақтан да кiтаптың алғы сөзiнде орынды айтылғандай, сыршыл ақыннның әр өлеңiнен нәзiктiк, биязылықтың лебi есiп тұрғандай әсер қалдырады... Гүлекеңмен жүзбе-жүз кездесудiң сәтi 1985 жылы түстi. Маңғыстау облыстық “Коммунистiк жол” газетiне тiлшi болып қызметке тұрғанымда ол редакцияның мәденииет және әдебиет бөлiмiн басқарады екен. Сол жылы “Жалын” баспасынан Қазақстан жас ақындарының “Қарлығаш” деп аталатын жыр жинағы жарыққа шығып, оған маңғыстаулық журналист - ақын Ғалым Әрiп екеумiздiң топтама өлеңдерiмiз енген болатын. Мұны көрген ақын апамыз қуанып қалды. Газеттiң бас редакторы Киiкбай Мырзағұловқа айтып, өзi алғысөз жазып, екеумiздiң бiрнеше өлеңдерiмiздi жариялағаны есiмде. Бұл да оның өзiнен кейiнгi, жасы кiшi iнiлерiне деген қамқор көзқарасын көрсетсе керек. Кейiннен Гүлекең хаттар бөлiмiне ауысып, мәдениет бөлiмiн басқару менiң еншiме тигенде де ол өз көмегiн аяған емес. 1988 жылы облысымыз таратылып, “Коммунистiк жол” газетi жабылды да, “балапан басына, орынбасары, облыстық әкiмшiлiкте кеңсе меңгерушiсi қызметтерiн атқарады. 1998 жылғы тамыз айында мен отбасылық жағдайыммен Жаңаөзеннен Ақтауға қайта көшiп келдiм. Қызмет iздеп, сол жылдың басында ашылған облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасына бардым. Алдымнан Гүлекең апамыз шыға келдi. Жағдайымды бiлгеннен кейiн басқарма бастығы Асқар Киiкбайұлы Рзахановқа ертiп апарып, өз бөлiмiне алатынын айтты. Содан апамызбен бiр жылдай бiрге қызмет iстедiк. Көлiк жоқ, облыс орталығының мекеме-кәсiпорындары мен ұйымдарын, оқу орындарын жаяу аралап, iс қағаздарының мемлекеттiк тiлде жүргiзiлу барысын тексердiк. Осындай әрбiр тексру рейдiнен кейiн екеумiз де көзге түскен кемшiлiктер жөнiнде газеттерге мақалалар жазып, радио, теледидардан айтып отыратынбыз. Сонымен қатар Ақтаудағы мемлекеттiк тiлдiң жағдайын, ҚР “Тiл туралы” Заңының орындалысын 1999 жылы облыс әкiмдiгiнiң алқа мәжiлiсiне шығардық. Мұның облыс орталығында ерекше бiр серпiлiс туғызғанын айта кеткен жөн. Көп ұзамай Гүлекең өзiнiң шығармашылық жұмысқа кететiнiн айтып, бөлiм бастығы мiндетiн маған табыстады. 1997 жылы Гүлжауһардың “Маңғыстауым - ғұмырымның арнасы” деп аталатын өлеңдер мен балладалар жинағы жарық көрдi. Жалпы адам өмiрiнде, сонымен қатар бiздiң өңiрiмiздегi оқиғалараға негiзделiп жазылған

бұл жинақты оқырман қауым жылы қабылдады. Осындағы бiр ғана “Емшi екен бiр-бiрiне адам деген...” деген өлеңдi оқып қараңыз, көңiлдегi айтылмай жүрген ойыңызды дөп басады. Қандай күш бар, бiлдiң бе, ғаламда ерен, Дүние, бар тұсыңа хабар берем - Емдейдi екен бiздi iзгi тiлек, Емшi екен бiр-бiрiне адам деген. Тәттi сөз, көзқарасың, жақсы әңгiмең Дәрi екен таптырмайтын, бақсам кiлең. Iшқұса келiншектер баяғыда Емделген шығар бәлкiм бастаңғымен. Бiлдiң бе, қандай күш бар өмiрде бұл, iзгi қасиеттерге үндейтiн тақырыптарға құрылған. Мәселен, “Ана, нәресте және хрусталь” деген балладада дүниеқоңыздық, қанағатсыздықтың соңы трагедияға айналып, қос ғұмыр - қызы мен анасының өмiрден көшкен аянышты халi суреттеледi. ...Ең бастысы көзiңдi шел баспасын, көтере алмай бақыт пенен барлықты...-деп түйiндейдi автор. Тот баспайтын алтын кездiк сияқты жақсы шығарма да жерде қалмайды. Оқырманын ойландыратын бұл мазмұнды өлеңдi ұзақтығына қарамастан бiрде жаңаөзендiк айтыскер ақын, марқұм Жексен Қоңқаш қалалық көркемсөз оқушылар сайысында жатқа, мәнерлеп оқып, жүлденi жеңiп алған-ды. Жырсүйер қауым жақсы бағалаған бұл кiтаптағы тағы бiр жетiстiк -“Ана жырлары” топтамасы. Бiр леппен оқылып, әр жолынан сәбиге деген махаббат, жүрек лүпiлi есiп тұрған шумақтарда ана бейнесi жақсы сомдалған. Әттең, кезiнде Ақтаудағы облыстық баспаханадан 1000 дана таралыммен ғана шыққан бұл кiтап көпшiлiкке жетпей қалды-ау... Гүлжауһар Нұрсапақызы Сейiтжан поэзиялық ғана емес, прозалық шығармалар да жазған. Жоғарыда аталған кiтаптарынан басқа оның 1985 жылы “Үмiт жағалауы”, 1986 жылы “Жол айырық”, 1987 жылы “Гүлайым” атты өлеңдер және әңгiмелер кiтаптары шықты. Қазыналы түбекте 35 жыл еңбек еткен жазушы - журналист ретiнде аймақтың әйгiлi адамдары, елдегi елеулi оқиғалар туралы да қалам тартты. “Маңғыстау мұнайшылары” (1999 жыл), “Жаңаөзен оттары” (2000 жыл) кiтаптары соның айғағы. Ол ел мен жер, Отан жайлы ондаған әндерге сөз жазды. Кезiнде облыстың қоғамдық өмiрiне белсене қатысып, жас қаламгерлерге ақылшы бола бiлдi. Бүгiнде өлкемiзге белгiлi ақын - журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесi. Темір Мыңжас Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

САҒЫНЫШ САЗДАРЫ

(ӘҢГІМЕЛЕР, ӨЛЕҢДЕР, ПОЭМАЛАР, ТОЛҒАУЛАР, БАЛЛАДАЛАР, ӘНДЕР)

ӘҢГІМЕЛЕР ӘЖЕ МЕН АҚ БОТА

Барақбайдың түйесі жоғалды. Кәдімгі жарбай інген. Арғы тегі буданнан жаратылған бұл жарықтық түйенің ішіндегі ең бір көріксізі болатын. Жарбиған ұсқынсыз денесін көтеріп тұрған аяқтары да адам көргісіз қисық-қисық. Нар түйенікіндей керілген кербез бітімнен ада осы малын Барақбайдың өзі де түк ұнатпайтын. Көрген сайын көңілі толмай, «ой, түрің құрысын» деп, ішінен бір сыбап алатын. Енді, міне, қырдағы ағасының малына қосып қойып отырған сол түйесі аяқ астынан үшті-күйлі жоғалды да кетті. Қанша айтқанмен, өз санатындағы меншігі емес пе, жарбай дегенмен де әйтеуір бала-шағаның ырзығы ғой. «Қап, мына жаманды-ай», - дейді енді Барақбай. Мұндайды білгенде баяғыда-ақ көзін құртып, пұлдап алмаймын ба деп те өкініп қояды. Оның үстіне әйелі Шәргүлдің: - Ол жамандатқырдың боталайдын кезі де алыс емес, үш-төрт айда шұбат ішіп отыратын едік, - деген сөздерін естіген сайын тағы күйінеді. Айналадан қарамаған жері жоқ. Мотоциклін дарылдатып, жүруі мүмкін-ау деген жердің бәрін де сүзіп шықты. Сол маңдағы малды ауылдарды да аралап қайтты. Көрдік деген адам жоқ. Сөйтіп Барақбай мен Шәргүл жаман жарбайларынан күдер үзе бастаған... Автодүкеннің меңгерушісі болып істейтін Барақбай Октябрь мейрамының қарсаңында орталықтан шалғай отырған отарларға сапарға шығуы керек болды. Оны жөнелтіп тұрып келіншегі тағы да: - Әй, ана жоғалған жарбайыңды жүрген жеріңнен іздестіре келуді ұмытпа! – деп, өктем есткертіп қалған. - Бұйырған мал болса қайда кетер дейсің?! Шығар бір жерден! Қойшы, ей, енді соныңды! – деген бұл да, мұның басы қатып жүргенін білмейтіндей, зіркілдеп тұрған Шәргүлге реніш білдіріп. Сөйтіп жүріп кеткен. Бірақ бұл жолы да жарбайының хабарына қана алмады. Тек қана қайтар жолында малдағы ағасының үйіне соққан Барақбайдың сол үйде өзі де отарынан бөлініп қалған бір топ қойын іздеп жүрген ақсақалға кездесіп, соның сөзіне құлағы елең етті. - Анау Смағұл дегеннің қорасында бір түйе тұр. Шөбіне түскен жерінен ұстап алып байлаған екен. Екі апта болыпты, іздеуші келген жоқ дейді. Сол болмасын, қарағым. Оныңның порымы қандай еді өзі? - Жарбай, - деген бұл ойында ештеңе жоқ. - О, онда ол болмайды. Анау бір көрерге көз керек әсем мал. Кәдімгі нар тұйенің тұқымы. Әуреленбей-ақ қой онда, балам, - деп, жеңгесі құйған ыстық шайдан жылтырай бастаған маңдайын бір сүртіп өткен. - Әуреленбей-ақ қой, қарағым. – Осы сөзді айтып, аттанып бара жатып та артына бір бұрылған. – Ол жарбай түйе емес. Өркеші қандай!? Нағыз кез өркеш, ұзын тірсектің өзі. Өзі аппақ-ау, аппақ. – ақсақал тағы да әлденелерді шұбырта айтып жүріп кеткен. - Сен ол шалдың сөзін тыңдама! – Күләй есікті жауып, мұның жанына шал кетеркетпесте жетіп келген. – Жұрттың қандай шаруасы бар? Түйе ме? Түйе. Жарбай деп маңдайына жазып қойған емес еді ғой сенің малың да. Бар да, алып кел. Кімдікі екенін кім біліп жатыр. Қораңа бір кіргізіп алған соң көрерміз. Бір кіргізіп алыш өзі. Барақбай үндеген жоқ. Машинасына от алдырды да, жүріп кетті. *** - Әже, менің ақ ботам мар ма? – Бибі әженің қаладан келген немересі Марат жүгіріп келіп мойнына асыла кеткен күйі көкейіндегі сұрағын қойып та үлгірді. Немересін сағынып қалған әжесі оны айналып-толғанып жүріп, сұрағанын да айтып жатыр.

- Оу, қарағым-ау! Соқталдай жігіт қой мынау!Азамат болды деген осы емес пе?! Ақ ботаң әлі жоқ, күнім. Әлгі ақ маясы құрғырды таба алмай қалдық емес пе? Ал, кәне, шеше ғой. - Ол қайда, әже? – дейді Марат өзін аймалап енді болып, түймелерін ағыта алмай әуреленіп жатқан әжесінің еркіне беріле түсіп. - Қайдан білейін, жаным. Атаң болса, баяғыда-ақ іздеп тауып әкелер еді, енді бір құдайдың өзі біледі де қайда қаңғып жүргенін. - Әжесі шешіп алған пальтосын бір қарына ілді де немересінің суық сорып, албырап тұрған бетінен тағы да бір сүйді. – Кәникөлге келеді-ақ деп едім өзім де түсіме кірген соң. Айтқаным келді-ау, құлыным. Өзің кіммен келдің? Шешең бар ма? – дей бергені сол болаты. Бұлар тұрған бөлменің есігін ашып қызы да кіре берді. Екі езуі екі құлағында. Ол да анасымен қашанғы әдетінше құшақтасып амандасты. - Ақ бота жоғалып кетті дейді әжем, – Марат өзіне бұрылған шешесіне аузын бұртитты. Ботакөз оның ренішінің мәнісін түсінбей қалған. - Қайдағы бота айтып тұғаның? - Ақ мая аппақ бота туады. Соны саған беремін демеп пе еді әжесі. Соны айтып тұрған шығар. – Бұлардың киімдерін шешуге көмектесіп жүрген осы үйдің келіні Айгүл түсіндіріп жатыр. - А, сол ма? – Ботакөз күлді. – Балам-ау, ол түйе деген майда боталайды. Көктемгі каникулға келгеніңде ойнайсың деп айтып ем ғой? Мен қайдағы бота деп тұрсам, тумаған ботасын іздеп тұр екен ғой. - Ол ақ маясы құрғыр жоғалып кетті. Тіпті таптыратын емес. – Бибі Мараттың ақ ботаны неге іздеп тұрғанын қайтадан түсіндірді. – Анау Барақбайлардың да түйесі жоқ боп кетіпті деп жүр ғой... – дей берген. Айгүл сөзін іліп әкетті. - Апа-ау, айтпақшы, олардың түйесі табылыпты. Бір шопан шөбіне түскен жерінен байлап қойған екен. Барақбай жұмыспен барып жүргенінде үстінен шығып, алып келіпті. Енді қорасынан шығармай ұстап отырған көрінеді. - Е... е... – Бибі таңданғаннан аузының ашыла түскенін байқар емес. – Бұйырған мал десеңші. Әнеки, бұйырған мал сөйтеді. Анау да бір құдайға қараған адам екен де. Әйтпесе далада жүрген малды қуып жібермей, иесі келгенше байдап қойып, күтіп отырар ма... - Біздің ақ мая да бір жерде тұрған шығар. Иесі біз екенімізді ешкім білмей жүрген шығар... – Манадан бері әңгімені үнсіз тыңдап қалған Маратқа да жоғалған түйенің табылғаны туралы әңгіме ұнаған сияқты. Екі көзін кең ашып, жапақ-жапақ етеді. Үлкендер күліп жатыр. - О, жарығым сол! - Әжесі оны құшағына тартты. – Неменеге күлесіңдер? Бұл бір дүние іздеп тұр дейсіңдер ме? Атасынан қалған ақ ботасын іздеп тұр да... - Әже, ақ бота табыла ма? – деді ол енді әжесінің құшағына тығыла түсіп, Бейне жоғалтқаны түйе емес, бота секілді. - Табылады, күнім. Әлі-ақ ақ ботаңмен ойнайтын боласың, - деді әжесі өзінің сенімі онша болмаса да, немересінің көңілі үшін алдарқатып жатыр. – Ел ішінен жоғалушы ма еді мал? Бір жерінен шығады да бір күні... *** Барақбайдың түйелі болғаны рас еді. Бірақ бұл өзінің жаны сүймейтін жаман үй секілді жапырайған жаман жарбайы емес, қаз омырау, кез өркеш, ұзын тірсек, сымбатты ақ мая. Бұл баяғыда жоқ іздеген жолаушы қарт әңгімелеген Смағұлдың қыстауында тұрған түйе еді. Сол жылы оның өзінікі еместігі жөніндегі қарияның сөздерін естіп отырса да, жеңгесінің қайрауы дем беріп, әрі оның көруге көз керек көріктілігін аңғарып, нем кетіп барады, жолай соға кетейін деп, арнайы бұрылған. «Айтса, айтқандай-ақ екен», - деген, көрген соң қарияның соншама тамсана сөйлегенін есіне түсіріп. Асыға келіп көргенімен, әлденеге қипақтай берген соң оған шопанның: - Немене?! Саған түйеңнің сәлемі түзу болмай тұр ма?! – дегені бар. Бұл болса неге екенін өзі де түсінбей:

- Жыға тани алмай тұрғаным, - деп жалтарған. Шопан: «Ендеше жыға танығанда келерсің» - дегендей, қолды бір сілтеп, қорадан шыға берген. Бірақ сол түйенің ерекше келісті кескіні Барақбайдың мазасын алды. Араға он күн салып, Смағұл қыстауына тағы жеткен. Бұл жолы жанында жеңгесі Күләй да бар. Орталыққа ол-пұл алуға барған ол қайнысының машинасымен үйіне жетіп алғысы келген. Әрі өздерінің қолынан жоғалған Барақбайдың інгенінің орнын толтыру мүмкіндігі көрінгеннен бері қарай жар құлағы жастыққа тимей кеткен. Бұл жолы да оның жолға шығуына бір жағынан түрткі болған сол еді. Ендігі иесі табылып қалған да шығар. Тіпті алып кетті ме деп, іштей сөйткенін тілеп келе жатқан Барақбай баяғы өзі көрген орнында жай жусап тұрған жаудыр көзді жануарды көргенде екі ұдай сезімге бой алдырды. Иә, немене, бұл жолы жыға танитын түрің бар ма? – Оның келген шаруасының жайын айтпай жобалаған Смағұл секем ала, жаратыңқырамай қарады. «Өзіңдікі болмаса неменеге үйіріліп жүрсің?!» дегендей сес бар үнінде. Өзінен өзі қуыстанып, күмілжи берген қайнысының Күләй алдын орап кетті. - Жыға танымайтын несі бар дейсіз? Бұл танымаса, мен танып тұрмын бағып отырған малымды, - деп салған. Оның сөзіне сенбесе де шопан әйел адаммен шапылдасып жатуға өзінше арланып, «мейлің» дегендей қолды бір сілтеді. Әлден соң өз шаруасының күйін күйттеп: - Оу, Барақбай шырағым, мына дүкеніңде не бар? Біздің кемпір шайым бітіп қалды, басым ауырып отыр деп еді. Ондай ештеңең жоқ па? – деп, жайбарақат сөзге көшті. - А? Шай деймісіз? - Барақбайдың іші қылп ете түсті. Тұйықтан шығар жолдың ұшығы көрінгендей елеңдеді. - Иә, жақсы шайды көрмегенімізге көп болды. Ондайың болса, айтсаңшы. - Ата, керегіңіз шай болса, табылады. – «Тырнаққа іліну деген осы» дегендей, қайнысына қарап Күләй да иегін бір қақты. Сонан соң қайтадан сайрай жөнелген. – Енді бір бес-алты күнде мына балаңыз керегіңіздің бәрін алып, қайтадан оралады. Ал оған дейін мына түйені еш жаққа жібермеңіз. Мұның иесі – осы жігіт. Ұмытып қалмаңыз. – Шопан «ие жігітке» бұрылды. Көзіне көзі түсіп кетіп еді, қарасында өзгеше бір жат ызғар бар екен. Тіксініп қалды. «Мына ит қалай қарайды-ей!?» - деп ойлаған. Бірақ ештеңе дей алмады. Өзінен жауап күтіп, үнсіз сызданып тұрған әйелге қайта бұрылып, « болды, болды» деп, басын изей берді. Сөйтіп, Барақбай жоғының орнын толтырды. Боталайтын неме ме екен өзі деп, алғашында күдік білдірген Шәргүл де көңілін демдеген. Тек анда-санда ғана кейбіреулердің аңдаусыз айтып қойған көлденең сөздерінің көңілдерін күпті ғып кететінің бар. Түйе алғаш әкелген күні қораларына кіргісі келмей, көп бұлтарған. Тіпті әлдеқайда қашып құтылғысы келгендей, тапырақтағанда өздері де қатты састы. Көрші әйел осыны көріп тұрған. Аузын сылп еткізіп: - Мынау өз малдарың ба? Бөтен қораға кіргендей болып тұрғаны несі? – деген, «Сендердікі жаман жарбай емес пе еді» деуге шайпау Шәргүлден бата алмай. Барақбай: - Өз малымыз емей, кімдікі дейсің? Әншейін жатырқап қалған ғой, дегенде, Шәргүл: - Осы жұрттың несі бар?! Аузына келгенді сөйлемей, жөніне неге жүрмейді бұл!?» - деп сілкінген. Мұны естіген көрші әйел: - Көргенімізді айтқанға да жазықтымыз ба енді?! Өздерің білесіңдер не істесеңдер де! О несі, ей?! Қарап тұрып соқтыққаны несі?! – деп, бұдан әрі кідірсе ұрсысып қалатынын сезіп, жөнеле берді. Содан арада бірталай күн өтіп, көршісімен болған әлгі бір әңгіме, кішкентай қақтығыс ұмытыла бастағанда үйлеріне барып отырып тағы да: - Үйбай-ау, әлгі біздің қайнағаның түйесі боталапты. Сонысын осы сендердің жарбайларыңмен қатар февральда боталайды деп отырушы еді. Сендердікі қашан боталайды өзі? – деген.

- Ит біле ме, бұл құрғырдың қашан туатынын! Екі жыл көтерейін деп жүрген шығар. – Шәргүл шайы біткен кесесін дастарқанға нығарлай қоя салды. Ендігі сөзге әңгіме төркінін әуелден ұнатпай отырған Барақбай араласқан. - Оу, көрші ақысы деген бар емес пе, осы артық әңгіменің не керегі бар? Біздің түйенің жарбай еместігін білмейтіндей сөйлейтінің-ай, - деп әйелдің қарсы тіл қатуға шамасын келтірмей, бастырмалатып кеткен. - Әнеу күні осы аққұман керек деп жүр емес пе едің? Тығып жүрген біреуім бар еді, жүрші, ұмытпай тұрғанда соны беріп қояйын. Үй иесі кесесін асығыс төңкеріп, орнынан тұрған. Аузын ашқан күйі отырып қалған көрші әйел енді «Е... е... сөйтші, айналайын», - деп, соңынан елпектей жөнеле берді. *** Көктемнің жанды жадырататын шуақты күндерінің бірінде Бибі әженің Мараты тағы да қыдырып келді. Бұл Жеңіс күнінің қарсаңы болатын. Әжесі қуанып-ақ қалды. Оның үстіне немересі Жеңіс күнінің қарсаңында мектептерінде болған үлкен жиында атасына арнап тақпақ оқығанын айтқан. Қандай тақпақ оқыдың? «Жеңіс» деген. Өзің айттың ба оқимын деп, әлде мұғалімің тапсырда ма? Вожатыйымыз аталары соғыста болған балалардың бәріне де аталарыңа арнап өлең айтып бересіңдер, немесе тақпақ жаттайсыңдар деген. Сосын не болды? «Аталарың сендерге не үйретті?» - деп сұрады. Мен атам домбыра үйретті. Егер ол өліп қалмағанда ботам жоғалмайтын еді, сосын ол маған ботамды қалай бағу керек екенін де үйрететін еді дедім. Ой, айналайын, сол! Сен болмасаң атаңды сол жерде кім еске алады дейсің. Өзі де біліп жатқан шығар-ау, бір аунап түскен шығар-ау, жарықтық, - деп, жасаураған көздерін сүртіп, немересін бетінен сүйді. ...Ертеңіне Марат әжесімен бірге көшеге шықты. Омырауларына орден, медаль таққан көп аталарды көрді. - Бұлар да сенің атаң сияқты соғысқа барып, елімізді фашистерден қорғаған адамдар. Сен олардың бәрін де атаң сияқты сыйлауың керек, - деді әжесі. Кейбіреулерімен сырттай таныстырып та қояды. Біраздан кейін Марат бұлардың мінбеге шығып қалай сөйлегендерін де көрді... Түске қарай әжесі мен екеуі үйлеріне қайтып келе жатқан. Әжесінің жеңіне жармасып жүрген Мараттың көзіне кенет ауыл шетінде жайылып жүрген бір топ түйе түсті. Солардың шетін ала жүрген бір ақшыл түйе оның көзіне жылы ұшырап кетті. Қасында ботасы да бар секілді. Сирақтарының арасынан бірдеңе ағараңдайды. Бала әлденеге әжесіне жалт қарады. Сөйтсе, әжесінің де екі көзі сол жақта екен. Күн сала шұқшиып қарап келеді. Әже, анау кімнің түйесі? – Марат бірдеңені сезгендей дегбірсіздене сұрады. Тұра тұр! – деді әжесі, бөгет жасама дегендей, оны иығынан баса өзіне тартып. Сонан соң қолынан мықтап ұстап алды да, түйелер жаққа қарай дедектей жөнелді. *** Сол күні Барақбай ақ маяны тұңғыш рет далаға шығарған болатын. Түскі шайға енді отыра бергендерінде далада ойнап жүрген баласы ентіге жүгіріп үйге кірді. Папа! Біздің түйені Бибі апа үйіне алып кетті! Не дейді!? – Барақбай орнынан ұшып тұра берді де, қайтадан сылқ етіп отыра кетті. Басы лезде салбырап кеудесіне барды. «Түйе Бибінікі болды ғой!» деген жалғыз ой есеңгіретіп жіберген. Бибі – ағайын болып жүрген сыйлас кісілерінің бірі. Оның үстіне бұл бір бұрын-соңды ауылдастар арасында жаман аты шықпаған, қайта еңбекқорлығымен, адалдығымен белгілі семьяның адамы. Шешеңді щақыршы, - деді сәлден соң.

Буы бұрқыраған самауырды көтеріп оның өзі де кіріп келе жатқан. Мұның әлемтапырық түрін көріп, шошып кетті. Не болды, байғұс?! Барақбай аузын аша беріп, баласына қараған. Неменеге аңырайып тұрсың?! – деп зірк етті оған шешесі. – Бар, даладан Заиданы тауып әкел! Бала ықылассыз қозғалып үйден шықты. - Түйеден айрылдық, - болды Барақбайдың бар айтқаны. Қара бұжыр бетінде ақ, қарасы тұманданып әрең көрінген көздері қызара қалған екен. Бұл – оның ашуланып, қыстығып отырғандығының белгісі. Әншейінде күйеуінің мұндай түрінен ығысып, ыңғайына жығыла беретін Шәргүл, бұл жолы назар аудармады. - Не боп қалды, жазған?! – Бір ғана сәтте маңдайы мен екі бетінің бүкіл қыртыстары жиырылып-жиырылып тұра қалды. - Бибі үйіне алып кетіпті. Олардың түйелері де жоғалғанын бұрын естіп жүріп, неғып ойыма келмеді десеңші!? Бір жағынан Күләй да қақылдап қалды. - Немене?! Сен сонда аты-жөні жоқ, сол кемпірге беріп қойғалы отырғаннан саусың ба?! Бір жыл бойы бағып-қағып, енді біреудің қолына оп-оңай ұстата салмақсың ба?! - Әйелінің көздері шатынап, ұясынан шығып бара жатқандай екен. Барақбай еріксіз орнынан қозғала бастады. -Ол малын танымаса, көре сала жабыспайды. Бірақ барып қайтайын. Бағып отырғанымыз рас қой, нем кетіп барады... – Селқос тартқанымен, алған бетінен қайта алмай үйден шықты. Екі білегін сыбанып алған әйелі ере жүрді. Бұлар осылай аттанғанда Бибі көшеден ертіп алған екі-үш тілеулес кемпірлеріне шай беріп, әңгімені судай сапырып отырған. - Мен саған құмалақ ашқанымды айттым емес пе. Түйең алыста емес, жақын жерде тұр, сені ол көріп тұр, сен өзің көрмей тұрсың демеп пе едім?! – деп, бірі өзінің сәуегейлігіне сендіріп жатса, енді бірі: - Апыр-ай, ә! Бұйырған малға дауа жоқ, - деп таңданады, - із-түзсіз жоғалып кеткен түйе бір күні ботасын ертіп келіп тұрады деп кім ойлаған!? Осы мезет қорадан дабыр-дұбыр шу естілді. Келіні Айгүлдің әлдекімге: - Мұныңыз не? Не істеп жатырсыз? – деген наразы үнін ести сала Бибі де сүрінеқабына есіктен шыққанында ботасын құшақтап жылап жүрген Мараты мен шөгіп жатщан түйені тұрғыза алмай, ырсылдап жүрген Шәргүлді көрді. Бір жақта сөлбірейіп Барақбай тұр. - Өй, шырақ! Не болды, мұнда неге жүрсіңдер? – болды Бибінің аузына түскені. - Шеше, мына біздің малымызды байлап алғаның не? Соны қуа келіп тұрмыз, - Барақбай нығыздана сөйлеген. - Ойбай, не ғыл дейсің?! Мен өзімнің жоғалтып жүрген ақ маямды әкеліп байладым деп отырмын. Мені не қара басты?! Ойба, Айгүлжан-ау, мыналар не дейді?! – деп, Бибі шын сасуға айналды. – Малға мал мұншама ұқсас болады екен-ау! Әй, қарағым, өзің шын айтып тұрсың ба?! Оның мына апалақтаған қалпын көрген Шәргүл күшейіп кетті. - Қолымыздан туғызып, қолымыздан өргізіп отырған түйемізді қораңа әкеліп байлап қойғаныңмен қоймай, шын айтып тұрмысың дегенің не сөзің? Қалжыңдап тұр деймісің, ойынымыз тасып бара жатқан ештеңеміз жоқ! Ей, сен ғып тұрсың қалшиып?! Алып жүр малыңды! Мәймөңкелеп қашанғы тұрайын деп едің?! Бол! - Ей, қарағым, ағайын адамбыз, босқа шатыспайық. Менің арам оймен әкелген ештеңем жоқ. Жықпай танып тұрсаң, алып кете бер. Әркімнің де бір құдайы бар, осынша жасқа келгенде біреудің малына жармасыпмаған не көрініпті?! Сенсең, құдай куә, өз малым деп жетелеп кеткенмін. – Ойында түк арамдығы жоқ Бибі малдан бұрын ағайын арасының кикілжіңінен қорықты. Оның осы халін түсініп, ықтырып алғандарына сенген Барақбай мен Шәргүл енді кідірмеуге тырысқан. Бірақ құрғыр түйе қорадан шықпай, әлек

қылмасы бар ма. Өз малы емес екеніне енді-енді күмәндана бастаған Бибінің көкірегін бір өкініш дыз еткізгендей болып, іші удай ашып қоя берді. Әйтсе де сол бойда айтып қалған сөзінен тана алмай, өзін өзі баспақшы болып, үйге кіріп кетті де, балаларын да шақырып алды. Сәлден кейін қорадан шығып бара жатқан түйенің бақ еткен дыбысы естілді. *** Арада екі-үш күн өткен. Бибі келінінің жұмыстан қатты ренжіп келгенін байқады. Не болды, балам? Жүзің неге сынық? – деген енесі. Танымаған болсаңыз, біреудің малына бас-көз жоқ жабысып неңіз бар еді?! Енді «алжыған қақпас» атанып отырсыз. Соны естіп келдім, - деді, Айгүл жыларман болып. Соны айтқан адамның өзі алжыған. Ағайынның арасына кірбің түспесін дедім, әйтпесе түйенің менікі екенінде дау жоқ. – Бибінің де іші толып тұр екен, орынсыз жала күйдіріп кетті білем. – Ерегестірмесін. Ерегестіре берсе, сотқа берсем де қайтарып аламын түйемді! – деп салды. - Япыр-ау, түйе өзіңдікі екеніне көзің жетіп тұрса, кеше неге беріп жібердің? Барақбайдікі інген еді, әуелде қорасына әрең кіргізіпті, Бибі Шәргүлдің айқайынан қорқып өз түйесін беріп жіберіпті деп жұрт гу-гу етеді. Өз малымызды біреуге беріп қойып, онымен қоймай, жазықсыз сөз естіп, біз неге қарап отыруға тиіспіз?! Алты ай қыстай жұрт көзіне бір көрсетуге батылдары бармай, жабу жауып, қораларына тығып ұстап отырып, енді беттерін ашып алған соң «Алжыған қақпас, өз малын танымай, жұрттың малына жармасып, шатылып жүргенін қарашы!» - деп жүрген көрінеді Күләй. - Алжыған кім екенін анықтайық онда, балам. – Бибі етегін қағып тастап орнынан тұрған. ...Сөйтіп екі ауылдастың арасындағы түйе дауы басталып жүре берді. Сөзбен мәмілеге келтіре алмаған Бибі енді, шынында да, қарсыластарын сотқа беруге мәжбүр болған. Сот процесі төрт күнге созылды. Екі жақ та мұқият тыңдалды. Оннан аса куәлардан жауап алынды. Әділ шешімге келу үшін бұлтартпайтын дәлел керек еді. Барақбайдың түйесінің жарбай екендігін немесе нар түйенің тұқымы екендігін анықтаудың өзі қиындап кеткен. Көңіл жықпас ағайын, өздері де байқамай, істі одан әрі шиеленістіре түскен. Ақыры мәселенің барлығы төрт күндік процеске нүкте қоятын жалғыз сұраққа келіп тірелді. Барақбайдың түйесі жеті жасар екен де, Бибінің түйесі он жаста болып шықты. Ал таласқа түскен түйе ше? Жергілікті зоотехник пен орталықтан шақырылған мал маманының анықтамалары жазылған конверт те ашылды. Таласқа түскен ақ мая да он жаста болып шықты! Сөйтіп, Барақбай мүлт кетті. «Қолыңда бір жыл ұстаған малдың жасын біліп алмадың ба!» - деп, Шәргүл де ширығып баққан. Бірақ ендігінің бәрі де кеш еді. Ботасын еткен аппақ мая басқа қораға көшті. ...Марат осылайша ақ ботасымен қайтадан табысты. Сол сол жылғы жазғы каникулдың да күндерін әжесі мен ақ ботасының жаныда өткізді. Күзде мектебіне оралғаннан кейін каникул күндері тақырыбына жазған шығармасына «Әжем мен ақ ботам» деп, ат қойып, онда өзі тумай жатып жоғалтып алған ақ ботасын әжесінің қалай тауып бергенін тілі жеткенше баяндап еді. Мараттың шығармасын класс жетекшісі ең жақсы шығарма деп тауып, кластағы балалардың барлығына дауыстап оқып берді... Ұлдың орны

- Сен мені түсінбейсің бе деп қорқамын. – Талжібек әлдеқандай бір тың сөз бастар алдындағы әдетімен ұзын кірпіктерін бір қағып жіберді. Сонан соң өзінен жауап күте үнсіз тұрған Мейрамбектің көзіне тура қарағысы келмегендей қырындап кеткен.

- Нені түсінбеймін. Не айтайын деп тұрсың?! – Жігіт үні назалана, таусыла шықты. Қыз сәл таңданғандай раймен қою кірпіктерін және бір қағып қойып, сұлу қоңыр көздерін бұған қарай төңкере жалт еткізді. - Менің ата-анамды өкпелеткен кезім жоқ. Олардың да бетіме жел болып тимегенін айтып едім ғой. - Өзімен-өзі сөйлескен адам секілді, әлгіндегі қырындаған қалпын өзгертер емес өзі. - Ал солай-ақ делік. – Жігіт қасақана оның қарсы алдына барып тұрды. – Мұнымен не айтпақсың?! Талжібек енді жігітінің ашық келген, ақ мәрмәрдай кең маңдайына, сонан соң бүкіл сымбатына нұқсан келтіріп тұрған қысық көздеріне қарады. Осы бір көздер үшін ғана өзінің қаншама уақыт бойы бір шешімге келе алмай жүргені ойына түсті. «Көзде тұрған не бар? Көзі ғана демесең, өзге сымбатында бір мін жоқ. Жаны қандай нәзік?! Қандай дарқан?! Осыдан өзге кімге шығамын?» Бірақ бұл ойы ғана еді. Ол орындалғанға дейін әлі талай түйіндер шешілуге тиіс. Солар есіне түсуі мұң, жібіп келе жатқан көңілі қайтадан қатая берді. - Айтайын дегенім, оларды сендер де ренжітпеңдер. Егер солардың көңілін таба алмасаңдар, мен де жоқпын, - деді нықтап. Деді де манадан бері аэропорт шарбағына сүйеулі тұрған жол қапшығын лып еткізіп қолына алды. Сонан соң бұл ең ақырғы сөзім дегендей жүруге ыңғайланған күйінде жігіттің көздеріне тағы да тура қарады. - Ата-анамның алдынан өту жайына келсек, туыстарыңды жібере беруіңе рұқсат. Олар сен туралы біледі. – Осыны айтып, жол қапшығын келесі қолына ауыстырды да, сағатына бір үңіліп, самолетке отырғызу алаңына қарай жүре берді. Дәл осы сәтті күтіп тұрғандай-ақ репродуктордан «Маңғышлақ – Алматы» рейсімен ұшатындарды самолетке отырғызу басталғаны хабарланды. Талжібектің әлгі біз сөздерін саралап, байыбына әлі барып үлгірмеген жігіт манағы орнында қалшиып әлі тұр. Ол өз тізгінін ата-анасының қолына тастап бара жатқанын ұқты. Бірақ неге өйтті? Атаанаға деген құрмет белгісі ғана ма бұл? Онда неге солардың алдынан өтсеңдер болды демейді?.. «Сен мені түсінбейсің бе деп қорқамын» деуінің сыры неде?! - Мейрам! – Жігіт селк ете түскен. Дауысқа жалт қарады. Ұшу алаңының ортасына қарай беттеген ашық арбадан өзіне қол бұлғаған Талжібекті көрді. Үстіндегі көгілдір сулығының бір етегі сәл көтеріле бұған күле қарайды. «Жоқ! Бөтен ойы жоқ!» Жігіт жүрегінің қуана бұлқынып қалғанын сезді. *** Қыздың жұмбақ сөзінің түйінін Мейрамбек көп ұзамай-ақ түсінген. Болашақ қайын жұртына құда түсе барған мұның туыстары ол жақтан үлкен өкпе арқалап келді. «Біз баланы білмейміз. Қызымыздың өзі жаратса болды, жастардың шешіміне қарсы келмейміз. Қолымыздағы барымыз да, нарымыз да осы баламыз. Соны қолымыздан ырғап-жырғап ұзатсақ – біздің арман сол ғана. Ал бұл үшін қаржы керек. Күйеу жігіт жалғыз дегенмен, жанашырсыз емес көрінеді. Көп емес, үш мың сом әкеліп берсін де, дайындықтарына кірісе берсін. Талжібекжан енді екі-үш айда оқуын бітіріп келеді. Сол кезде тойын да жасап беремін», - депті қыз әкесі. Қызды сатып беретін баяғының заманы жоқ. Бұл не қылған сауда?! Жетім бала мен жесір әйел осыншама ақшаны қайдан ала қояды дейді екен?! Өмір бойы жинақтаған тиынына мына бір үйін салдырып, енді ғана сол үйге келін түсіріп, қызық көрем деп отырған Айша бейшараның төбесінен жай жай түскендей қылды-ау! Осы барып алдынан өткен дегеннің өзі бір әуре. Әйтеуір, уәдесі бар қыз болса, алып қашқаннан қызығы жоқ. Азар болса, артынан туыстары келіп, ойран салып кетер. Одан ештеңе де қирап қалмайды. Құдалардың бір еркелігін көтеріп аламыз. Осы тектес туыстарының гу-гу сөздерінен басы қатқан Мейрамбек өз үйінен қашып шыққандай болды. Вокзалға жақын тұратын. Осы маңдағы ең алдымен баратын жері де сол. Іші-сыртын бір сүзіп шықпаса, көңілі көншімейтіндей. Бұл жолы да сөйтті. Сонан соң

ғана бір бүйірдегі кішкентай киоскіге соқты. Бір-екі жаңа газет сатып алды. Енді не істесем екен дегендей, жан-жағына қараған. Сонадай жерге келіп тоқтаған үлкен «Икарусқа» көзі түсті. Осы арадан облыс орталығына қатынайтын маршруттық автобус. Көп ойланбай-ақ соған беттеген. «Жұмысқа ертең кешке шығамын. Аслан жұмыстан келсе, ертіп, теңізге барайын». Аслан Мейрамбектің мектепте бірге оқыған жолдасы. Оның үстіне Асланның келіншегі Гүлнәзия Талжібектің сырлас достарының бірі. Басындағы жағдай туралы олармен де ақылдасқысы келді. Досы ұйқтап жатыр екен. Оятпай-ақ қойшы. Өзі де таң ата келді. Жұмыстан әбден шаршап жүр. Бүгін үйде ғой, қайтып келерсің, - деп, Гүлнәзия безек қақты. Мейрамбек оның ендігі сөзін жүре тыңдап далаға беттеген. Қайда кеттің? – деп дауыстады соңынан бұл жүгіре басып астындағы қабатқа жетіп қалғанда. Теңізге. Мамаңдар келді ме? – Келіншектің де үйде сұрап үлгермеген жайды. Білгісі келіп бара жатқан секілді. - Иә, - деді де Мейрамбек бұдан әрі бөгелместен жөнеле берді. – Қайтарда соғамын, ешқайда кетпеңдер. ...Сол күні кешке қонақтарын шығарып салғаннан кейін Аслан Гүлнәзиямен екеуі үш мың сомның жайын талқылап ұзақ отырды.

- Мен білетін Талжібектің сөзінен қайтуы қиын шығар, оның осы айтқаны айтқан. Енді ақшаны тауып береді немесе Мейрамбек онымен қош айтысады. – Гүлнәзияның келген қорытындысы осы. - Сен де қайдағыны соғады екенсің, - Аслан келіншегіне алара қараған. – Немене, ол сонда Мейрамбекті ақшаға айырбастай ма?! Сүйгені рас болса, жағдайды түсініп, атаанасын өзі көндіруі керек. Және мектепте бірге оқыған досың, бұл арада сенің де ықпалың керек қой деп ойлаймын. Гүлнәзия бірақ ештеңе естімегендей, өз сөзін қайталады: - Көрерсің, ол сөзінен қайтпайды. Бекерден-бекер ештеңе сөйлей салатын қыз ол емес. - Иә... ол жағын мен де білемін. Екеумізді таныстырып тұрып: «Сендер бірбірлеріңе сондай үйлесесіңдер, түбінде үйленіп тынатын шығарсыңдар», - деп еді, айтқаны келді емес пе, - Асланның үнінен күлкі нышаны сезілген. Гүлнәзияның құлағына құрбысының «Екеуіңде бір ұқсастық бар» деп, таңдана шыққан үні естіліп кеткен секілденеді. Талжібектің осы бір сөзін үйленгендерінше аузынан шығармағанымен, кейіннен айтып қойған. Ол: «Е, өзің тіпті менен алғашқы күннен-ақ дәмелене бастаған екенсің ғой», - деп әзілдеп күлген. Қазір де сол әңгімені бұра тартып, өңін айналдырып отырғанын біле қойды да, әңгіме барысын өзгерту үшін әрі көңілінде жүрген бір күдігінің бетін ашып, күйеуімен ақылдаспақ ниетпен, құрбысына қатысты бір сырдың ұшығын шығарған. - Кейбіреулер Талжібектің мұнысын ескіліктің шырмауынан шыға алмағандық деп те жазғыруы мүмкін. Ал оның ата-анасына берген серті бар... – Аслан елең етті. ...Оныншы класты бітіргеннен кейін үлкені Талжібекті алыстағы қалаға оқуға аттандырған Мақсым қартты ағайындары құптамай: - Оқуды сырттай да оқи бермей ме осы күнде. Бәлен жыл бойы далада жүрген қыз сол жақтан біреуді табады да, тайып тұрады. Оны несіне оқуға жіберіп отырсың? – дескен. Бірақ баласын бетінен қайырғысы келмеген Мәкең: - Менің қызымның есі бар. Бізді тастап алысқа кете қоймас. Оқуын бітірген соң ең құрығанда қолымда екі жыл жұмыс істеп, асыраймын деп отыр. Сөйтіп қызығын көрсетсе жетпей ме? – деп, кінәмшіл ағайынды тыйып тастаған.

Бірақ Балжібек айтқанында тұрмады. Оқуын бітірмей-ақ тұрмысқа шықты. Семьялы адамның жайы белгілі, ата-анасына демалысының өзінде бірде келсе, бірде келе алмады. Осыны көрген ағайынның: - Иә, есі бар екен, оқуын бітірген соң күйеуін ерте келіп бірге бағатын шығар сендерді, - деген кекесінін естіген сайын әкесінің үнсіз құнжыңдап, теріс айналып кететінін көрген Талжібектің зығырданы қайнайтын. - Япыр-ау, осы кісілер неге соншалықты күйінеді!? Өздерінің қызы тұрмысқа шықпай, өздерін асырап отыр ма? Сіздер қой десеңіздерші?! – деп, шешесінен қинала өтінетін. - Е, айналайын, жұрт не демейді. Өздерің аман болыңдар. – Көзіне жас алып, әрі қарай үндемей қалатын анасын қызы енді қалай сергітуді білмей сасатын. Сөйтіп жүргенде Талжібек те мектеп бітірді. Жап-жақсы аяқтаған оқуын енді мұның да одан әрі жалғастырғысы келген. Бұл жолы ағайындарының наразылығы тіпті күшейіп кетті. Әсіресе әкесінің інісі Әріпжанның әйелі Қатшаға бұл жай бәрінен де қатты батқан сияқты: - Бір қызыңды оқытып, мұратына жеткіздің. Саған енді оның бес тиындық та пайдасы жоқ. Мынау да ертең сөйтеді. «Алдыңғы арба қалай жүрсе, соңғы арба да солай жүретінін» білмеуші ме едің?! Сонда мына қу бас болып қалатын екеуіңді мен бағыпқағуым керек екен ғой. Әй! – Енді ол күйеуіне тап берген. – Айтсаңшы мыналарыңа! Қызды оқытам дегенді қойыңдар деп неге айтпайсың, ойбай?! Сол кезде көптен бері іштен тынып, әрең жүрген Талжібек шыдай алмай кетті. Орнынан ұшып тұрып: - Бізге неге қайта-қайта ақыл айтып, «жанашыр» бола береді десем, менің әкешешем бағусыз қалады деп қорқады екенсіз ғой. Қателесесіз! Олар еш уақытта да ешкімнің қолына қарамайды. Олар үшін мазаңызды кетірмеңіз! – деген сөздерді дірілдеген даусымен әрең айтып үлгірді де, әкесінің алдына құлай кетті... - Әке! Әкетай! Кет деңізші мына кісілерге! Мен еш уақытта да сендерді тастап кетпеймін! Еш уақытта да сендерді ренжітпеймін! Оқуға да бармай-ақ қояйын! – деп, солқ-солқ етті. - Құдай маған сені неге ұл ғып бермеді екен?! – деп, әкесі де күңіреніп кетіп еді. Қатша мен Әріпжан енді бір-біріне аңыраса қарап, есік жаққа қарай жылыстап бара жатты... Көп ұзамай Талжібек оқуға аттанған. Жолы болып, апасы оқыған дәрігерлік институттың емдеу факультетіне түсті. Бірақ оның көкірегіне сонау бір күннің мұңды күйі сол қалпында сақталып қалыпты. Әсіресе ағайындарының бұларға не себепті бұлданатынын түсінгені-ақ жанына аяздай бататын үлкен бір дертке айналды. Қараған көз тойғандай екі қызы бар екеніне қарамастан, ата-анасының неліктен ұлды жоқтайтынын да ол енді түсінді. Кейде көңіліне: «Әке-шешем мені қанша әлпештегенімен, мен олар үшін тек қана уақытша алданыш екенмін-ау. Ұлдың орны бөлек екен-ау. Мен ол олқылықты толтыра алармын ба?!» - деген ой орала қалса, жаны қысылып кеткендей қиналады. Сөйтіп жүрген Талжібек қалай да туыстары алдында Мақсым мен Биғанның мәртебесін көтеруді арман етті. Ол осы бір ойын жүзеге асыруды жылдар бойы жоспарлады десек те артық айтпас едік. Каникул мен мереке күндерін үйінде өткізу ол үшін бұлжымайтын тәртіпке айналған. Келген сайын Маңғыстаудың көп қазақ ауылдарының бірінде тұратын ата-анасын шексіз қуанышқа бөлейтін. Әкесі салған кішкентай ғана жатаған үйлерінің іші-сыртын жөнге келтіріп, үй іші мен ауланы жұтындырып, кемпір мен шалдың киімін ретке келтіріп тыным таппайтын. Онысы айналасындағылардың назарын көп аударады-ақ. Мақсым мен Биған да, осыны көрген көпшілік те жап-жас қыздың ата-анасына деген қалтқысыз пейілін танып, ризалық білдіретін. Бірақ Талжібектің өзі бұған қанағаттанбайтын секілді. «Былайғы жұрт не ойласа да осы Әріпжан мен Қатшаның ішін күйдіретіндей бір нәрсе істесем-ау деп қиялдайды. Ал ондай іс сол аға-жеңгесінің ұғымы дәрежесіне сәйкесуі керек қой.

- Мен білсем, - деді Гүлнәзия, - ол мұны соларға деген ерегеспен істеп жүр. Сондықтан егер Мейрамбектің ақшадан қысылғандай жағдайы болса, жігіттерді ұйымдастырып, көмектескен дұрыс. - Ақылыңнан айналайын, сол! - Әншейінде біреуге қарыз беру жайында сөз шыға қалса да зыр қағатын келіншегінің мына пейілін Аслан қуана құпдаты. Бірақ дерін десе де, лезде әлденеге басылып қалған. – Бірақ... - Не бірағы бар? Егер Мейрамбектің өзі қалай шешер екен, алдымен соны біліп алайық десең, бұл да жөн емес демеймін. Жаңа ашылып ештеңе айтпады. .. Дегенмен, Талжібектей қыздан айрылу бәрінен де қиын шығар. - Енді бәрібір Талжібектің өзі айтпаған сырды оған білдіру мүмкін емес. Егер де жағдай тіпті қиынға айналып бара жатса, тағы да көрерміз. Бұл өзі бір есептен махаббаттың беріктігіне де сын болып тұр ғой. Гүлнәзия да күйеуінің бұл сөзіне келісетіндігін білдірді. *** Мейрамбектің қаттаулы жатқан қазынасы, шынында да, жоқ еді. Бар тапқантаянғанына станция басынан жақсылап тұрып үй тұрғызып алған. Бар байлығы да сол. Әкесінен ертерек қалған мұны өсіріп, сақтаған шешесіне де жасаған жақсылығының бірі осы деп есептейтін өзі. Теміржолшы мамандығын алып, армия қатарындағы борышын өтеп келіп, үй салып, аулының белді бір азаматтары қатарына қосылдым деген оның ендігі үлкен шаруасы үйлену десек, оның да төбесі алыс көрінбейтін. Өзі баяғыдан ұнатып, сөйлесіп жүретін Талжібегіне шексіз сенетін. Енді келіп оның мынадай шарт қоюына түсінбей дал. «Менің жай-күйімді білмейтін адам емес. Сонша ақшаны қайдан алады деп ойлайды екен?!» Оңды-солды айтылған көлденең жұрттың көп әңгімесі көкейіне қонбай, өзгедей ештеңе ойлап таба алмай, әбден сергелдеңге түсіп жүргенінде, жұмыстан жаңа оралған анасы бірде қасына шақырып алды. - Ал, құлыным, не ойың бар? Жасың отызға жақындады. Жаман шешең қартайып келеді. Отырамыз ба енді екеуміз өстіп? – Анасының әңгімесі не жөнінде екенін түсінді, әрине. Түсінсе де: - Маған салсаң, сенің амандығыңнан артық ештеңе керегі жоқ, мама. Жүре берем. Саған да менің көз алдыңда жүргенім жетпей ме? – деді. - Жоқ, құлыным. Жер ортадан асқан кісіге жалғыз ұлға қарап отырған жетпейді екен. – Айша баласын өзіне тартып, басынан құшақтады. Сен тым үлкейіп кеттің. Әр нәрсенің өз орны бар. Сенің әке атанатын, менің әже болатын кезім келді. Үйленуің керек. Ұлы үндемеген күйі көзін жұмып, алдына жата кетті. Айша оның басынан сипап сәл отырды да, тұрғызып алды. - Бері қарашы өзің! – Баласы малдасын құрып қарсы алдына отыра қалды. Еркелеген түрі. - Сен ғой менің баламсың. Ана сөзін қайтаратын күйге жеттің бе, соны айтшы. - Өзіңіз бір балаға әке болғанға дейін сенің билігің бұл үйге жүрмейді деуші едіңіз ғой. - Соған әлі де бас ие ме екен менің ұлым? - Енді жөні бар жерде... - Жоқ, сен тура жауап бер! - Ал, жарайды. Сіздің сөзіңізге әлі де бас иемін. - Міне, солай. Енді менің бұйрығымды тыңда. Мынау үйге сенің қанша еңбек сіңіргеніңді менен артық ешкім білмейді. Бірақ адамға үй жолдас емес. Адам жолдас. Дендерің сау болса, әлі талай үй салып аларсыңдар. Ал әзірше мұны сату керек. Өзі тура үш мың тұрады екен. Алушы да бар. Ақшасы да әзір. Кешіктірмей құданың сұрағанын апарып береміз. – Баласының бақшия қалған көздерін аңғармағандай, етегін бір сілкіп, ана орнынан тұрды. Ұлы аузын ашып үлгергенше, есік алдынан көк көйлектің етегі көлбең етіп көрінбей кетті... ***

Аслан мен Гүлнәзия он сегіз шақырым жердегі қаладан Мейрамбектің аулына жеткенде кеш түсіп, көз байланып қалған. «Жигулиді» үй сыртына қаңтарып қойып, ішке енсе, іздеген жігіттері шешесімен екеуі дастарқан басында шай-суларын ішіп отыр екен. Олар қонақтарға мәз-мәйрам болыса орындарынан тұра-тұра келді. Сәлден соң бәрі үстел басына қайта жайғасқан. - Келін түсіретін ауылсыздар, бірақ тым-тырыс жатып алдыңыздар. Еш хабар ала алмаған соң, бүгін жұмыстан келе осылай тартып кеттік. – Аслан түнделетіп келген шаруаларының шетін шығарды. - Иә, айналайын. Сондай бір ниетіміз бар, бірақ... – үлкен кісі «айтайын ба, әлде өзің айтасың ба?» дегендей баласына қарап сәл кідірді. Ол әлгіндегі жап-жарқын қалыптан тез өзгеріп, төмен қарап кеткен. - Құдалар сөзін Мейрамбектен естігенбіз. Тегі, Сіздерге олардың сұрағының тауып беру қиын соғып отырған шығар... - «Қиын болғанмен – көнейік. Бәрінен адам қымбат» деп отырмын мына балама. Неше жыл әуреленіп жүріп қалқитқан мынау баспанасын сатып жібердім сол үшін. Енді соның тиын-тебенін апарып, болашақ ата-енеңнің алақанына сал десем, барғысы жоқ. - Дұрыс, Мейрамбек. Апа, Сіз үйдің ақшасын қайырып беріңіз. – Келгеннен бері әңгімеге көп араласпай тымпиып қана отырған Гүлнәзияның мына сөзі үй иелерін жалт қаратты. – Апа, рас айтамын. Үйді алатын кісі алыс тұра ма? Онда Аслан машинасымен апарып келсін. - Түкке түсінсем, бұйырмасын. Сен онымен не айтқың келіп отыр? – Аслан келіншегіне алая қараған. Бірақ ол мұның сөзіне еш мән бермеген сияқты. Қайтадан сөз бастады. - Апа, Сіздің біле бермеуіңіз мүмкін. Бірақ Талжібек өте намысқой қыз. Айтшы, Мейрамбек. Солай ғой? - Солай екенін балаңыз жақсы біледі. Оның қазіргідей заманда ешкімге сатылып та кеткісі келмейді. Бірақ ата-анасын ренжіткісі жоқ. – Гүлнәзия енді үнсіз отырған жігітке көзінің астымен қарап қойып және сұрақ берді. - Мейрамбек, сен Армиядан келген жылы ол қай курста еді? - Сол жылы түскен. – Басын көтеріп келіншекке қабақ шыта қарады. «Оны неге сұрадың?» деп тұр көздері. - Алты жылға аяқ басыпты ғой. Сол уақыттың ішінде қарайласып тұрған боларсың? Студентке көмек көптік етпейді ғой. – Сынай қадалған жанардың уытына шыдай алмағандай, жігіт қайтадан төмен бұғып, кесесін қолына ала берді. - Онда кімнің қандай жұмысы бар? – деп күңк етті сонан соң. - Әрине, біздің жұмысымыз жоқ. Тіпті ол турасында ешқашан ойланып та көрмеппіз. Бірақ қазір сұрауымның мәнісі бар. Ол сенен бір де бір сом алған емеспін дейді, сол рас па? Мейрамбек таңдана басын көтерді. - Мүмкін емес. Алғашында бас тартқаны рас, маған ақша салуыңды қой деп, қайтақайта өтініш жасап жүрген. Бірақ... кейіннен ол туралы әңгіме доғарылған. - Сен де өз дегеніңнен қайтпай, ай сайын айлығыңнан жіберіп тұрдың ғой, иә, солай ма? - Барлығы қанша болды деп ойлайсың? - Білмеймін. Санаған емеспін. - Ендеше өзіңнің үйлену тойыңа жететіндей жиналыптау - Өйткені сенің әрбір сәлемдемеңді ол өзі алмай, кассаға аудара беріпті, түсіндің бе?! - Сонда?! - Сонда оның намысқойлығы арқасында саған қажетті қаржы дайын болып тұр. - Керегі жоқ. Мен ешкімнен алмаймын да, ешкімге бермеймін де! - Алмайсың да, бермейсің де. Бәрі орнына сенсіз-ақ келіп тұр...

- Сен араласпа деймін! - Неге? ... Олар сол түні ұзақ дауласты. Бірақ сол даудың бір сөзінен де зіл сезілген жоқ. ақыры Алматыдан өз атына аударылған ақшаны Талжібектің үйіне апарып беру Гүлнәзияға тапсырылды. Бұл ұлдың орнын жоқтаған әке көңілін жұбатам деп жаны ышқынған перзент үшін берілген «қалыңмалдың» түрі еді. Олар сол күні «Баламынң қызығын көрудің жолы осы ғана деп біліппін, бірақ оным ағаттық екенін түсіндім», - деп, Максым қарттың одан бас тартатынын білген жоқ. *** Сол жылы шілде аптабы қайтып, тамыздың теңіз желі желпіген тамаша күндерінің бірінде Талжібек пен Мейрамбектің үйлену тойы өтті. Жастардың тілегі бойынша той далада жасалған. Теңіз жағасында қаз-қатар тігілген аппақ шатырлардың, ең ортаңғысында екеуінің ата-анасы бастаған сыйлы қонақтар жайғасқан. Әншейінде өзіндей көп шалдардан айырмашылығы жоқ Мақсым ақсақалдың жүзі бұл сәтте ерекше нұрлы. Кемпірі Биған мен құдағиы Айша ортасында судай тасып отырған оған тойға жиналғандай қызыға да, қызғана да қарайтындай. Талжібектің екінші әкесі ретінде өздеріне жапсарлас орналасқан Әріпжанға енді оның жалтақтайтын түрі көрінбейді. - Талжібек қайда орналасты? – деген қонақтардың бірінің сұрағына шоқша сақалды сипап қойып, маңғаздана тіл қатты. - Дәм тартса, бәріміз де енді сол балалардың ыңғайымен облыс орталығына көшсек деп отырмыз. Талжібегім - жолдамамен келген жас маман. Мейрамбегім – маңдай алды теміржолшы. Мен өзім Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатысқан адаммын. Мынау жұлдызым және бар. Ол кеудесіндегі Еңбек Қызыл Ту орденін қастерлей бір сипап өтті. – Төрт-бес бөлмелі бір пәтердің кілтін ұстауға қақыларың бар деді ғой кеше басшылар. Қаланы да көрелік бір. Солай ма, құдағи? Өзің айтшы мына кісілерге. - Талжібекжанның тілегі ғой. Бәріміз де соған ризамыз, қарағым. – Айша әлгіндегі сұрақ иесіне қарап құдасының сөзін құптай басын изеді. Мұны естіген Әріпжан мен Қатша төмен қарасты. Мейрамбек пен Талжібектің де, олардың ата-аналарының да бір шаңырақтың астында тұруға келіскендерінен бұрын да хабарланған. Бірақ сеніңкіремей жүрген-ді. Енді олардың иіні түскен мына түрлерін көріп, қонақтардың босаған ыдыстарына тамақ салып жүрген Гүлнәзия «Солай ма екен, бәлемдер?! Талжібек аман жүрсе, әлі талай тұқырарсыңдар», - дегендей, төр жаққа мерейлене көз тастаған. Осы мезет көрші столдан біреу ән бастады. Ол бақыт туралы ән еді. Қонақтар сілтідей тынған күйі енді соған құлақ түрді. Теңіз үстінде қалықтай түсіп, енді ол біртіндеп көтеріле берді... көтеріле берді...

ВАДИМ

Таңертеңгі сағат тоғызды соқты. Дәл осы кезде ол күндегі әдетінше бесінші қабатқа көтерілген. Маңдайшасында «Бас дәрігер» деген жазуы бар есіктің алдында лифт жаққа тағатсыздана қараған үшеуді көрген. Олардың ересек екеуі түрегеліп тұр да, үшіншісі, он жеті жастар шамасындағы уыздай қыз екеуінің ортасындағы көтеріп жүруге ыңғайластырып жасалған орындықта отыр. «Тым жас екен», - деп ойлады бұл. Сол мезет ұзын еркектің серіктеріне «келді» деп, сыбыр ете түскенін құлағы шалды. Кеше өзіне жолығып кеткен қазақстандық механизаторды таныған. - Қызық ауыр науқас. Жүруден қалғанына үш жыл болды, - деген ол. - Маған рентген суреттері керек және өзім қарамасам болмайды, - деген Вадим Петрович...

Профессор олардың жанына келіп сәлемдесті де, қыздың иығынан ақырын ғана қағып, жымиып қойды. - Суреттерді әкелдіңіздер ме? Суреттер салынған қара конвертті қыздың әкесі сол бойда ұстата берді. - Мінеки... Осы арада біраз күте тұруларыңызға тура келеді. Мен қазір... – Ол кабинетінің биік есігін жайлап ашты да, лезде ғайып болды. Самалға профессор соншама бір мейірімді, соншама бір қарапайым жан сияқты көрінген. Жанына әлдеқандай бір шапағатты нұр құйылып кеткендей, жадырап сала берді. Ол туралы бүгінге дейін естіген көп жақсы сөздерінің де растығына көзі жете бастағандай. «Айтатыны жоқ, ғажайып адам. Қолынан бәрі келеді», - деген ол жайында бір адам аузының суы құрып. Өзі де сол кісінің қолынан емделіп шыққан екен. «Қайда тап болғаныңды, қандай адамға бара жатқаныңды әлі өзің де білмейсің». Сол кезде-ақ қыздың көңілінде үміт оты жылт еткен. Енді оның өзін көргеннен кейін көңілінің орныға бастағанына тағы қуанды. Арада жарты сағат өткенде Самал екінші палатадағы биік ақ төсекке орналастырылды. Бір таң қалғаны, мұндағы төсектердің әрбіреуінің үстінде екі жағынан да мықтап бекітілген жұмыр темірлер бар. Кәдімгі оқтау тектес келген никельденген ақ темір. Биіктігі сонша, жақтан күйінде созыла қалсаң аяқ-қолың да жете қоймас. Бұл не үшін қажет екен деп таңданып жатқаныңда ең түкпірдегі бір әйелдің аяғын ақ жамылғыдан жасалған аспаға салып, сол темірге іліп қойғанын көрді. Сонан соң барып, өз төсегіне де, өзгелердікіне де жаппай орнатылған жұмыр темірлер сырына түсіне бастаған. - Қай жақтансың, қызым? – Сол жағында жатқан егде әйелдің сұрағына орай Самал жөнін айтты. Біраздан кейін өзі де әр нәрсені сұрастыруға көшкен. - Сен мазасызданба, - десті оған жаңа таныстары, - Вадим Петровичтің қолына түстім дегенше, жазылдым дей бер. Бәрі де орнына келеді. Бұл кісінің қолы алтын... - Самал, - деген бірде өзін Галя деп таныстырған жас әйел. – Екеуміздің арамызда қандай айырмашылық бар? Қарашы... – Ол төсектен түсіп, әрлі-берлі жүре бастады. Жаңа ғана басына қолын жастанып, жайбарақат жатқан адамның лып етіп түрегеліп, енді ойнақтап жүріп кеткеніне қызыға қараған Самал: «Мұның қай жерінде ауру бар? Мұнда ылғи мүгедектер түседі демейтін бе еді?» деп ойлаған.

- Жер мен көктей, - деді сонан соң Галяның сұрағына жауап беріп. – Сен – жүре аласың, мен – мүгедекпін, мешелмін. – Осы сөздерді айтқанда көзіне мөлдіреп жас келді. - Жер мен көктей? Міне, ендеше қара! – Ол қызыл жапырақ гүлді шыт халатының тізелерін жауып тұрған етегін түріп жіберіп, мұның жанына жетіп келді. Самал жіңішке қиғаш қасты қабағын сәл түйген күйі оның көрсеткен жеріне үңіліп еді, екі тізенің үстін орай қапталына қарата шығып кеткен қос тыртықты көрді. - Пышақ ізі ғой... – лыпып жүгіріп жүрген мынау адамның екі бірдей операцияны бастан кешкенін шамалаған ол аузы ашыла таңданып қалған. - Қашан жасаттың? - Жеті жыл болды.

- Қазір неге жатырсың?

- Жай емделіп. Дәрігерлер бақылар отырады. Операциядан кейінгі жағдайды олар білуі керек қой. Әрі кеңес беріп, ұмыт қалдырмайды. ... Арада бірнеше апта өтті. Осы мерзім ішінде Самалдың да бірнеше жылдар бойы өзінен алшақтай түскен тәтті ойлары қайтадан қайырыла бастаған. Оның ең үлкен себебі - өз еркімен жүріп-тұруға деген үміттің тұтануы. Айналасындағылардың әңгімелері де, профессор мен емдеуші дәрігердің ықыласы, бұл үмітті күн санап нығайта берді. Самал енді қолынан тастамайтын кішкентай айнасынан өзінің адамға үркектей қарайтын солғын көздерінің үмітпен жандана түскенін көретін. Езуіне де жиі-жиі күлкі үйірілетінін байқады. Ал түнге қарай палатадағылардың бәрі ұйқыға кетіп, тынышталған кезде өз үйін, таныстары мен достарын ойына алатын.

Самалдың үй ішінің Алматыға көшіп барғанына онша көп бола қоймаған. Алғашында тұңғыштарының буын-буыны ауыра бастағанын жай салқын тидіге жорып, көп мән бере қоймаған ата-анасы ауру салмағы көбейе бастаған соң шын қорқайын деді. Емдетпеген санаторийлері де жоқ. Сирек кездесетін, қолға оңай түсе бермейтін талай дәрідәрмекті де ішкізіп көрді. Қаратпаған дәрігері де қалмаған. Бірақ Самалдың дертіне дауа табылмады. Міне, сол кезде барып басқа амалы қалмаған әкесі қолдағы мар малын, үйжайын сатып, мұны Алматыға әкелген. Қызының жайы жанына қатты батқан әке оның денсаулығын түзету үшін бәріне де әзір болатын. Клиникалардың табалдырығын тоздырды. Талай профессорлармен де кездесті. Өкінішке орай, осы бір аурудың алдында бәрі де дәрменсіз болып шыға берді. Бәрінен де әбден күдер үзген ол бірде Москваға СССР Денсаулық сақтау министрлігіне хат жазды. «Қаратпаған дәрігер қалмады. Енді қайда барамын? Шынымен мүгедек болып қалмақ па?!» деген сөздер бар еді хатта. Көп ұзамай оған жауап келді. Бұларды Москваға шақырып еді. Сол хаттан олар тұңғыш рет Вадим Петрович пен оның атақты бөлімшесі жайында білді... Екінші палата есігін ашқанына жиырма бір күн болды дегенде ұзын, жіңішке қол арбаға салып, Самалды операция бөлмесіне алып кетті. Сол бір үміт шырағының мықтап жарқыраған күні еді ол. Алғашында бүгіліп қалған аяқтың түп-түзу болып жатқанына жаны сүйінген Самалға бір күндері орнынан тұруға рұқсат етілді. Табанының жерге тигенін алғаш сезінген күні қыз жанары жасқа шыланды. Бұл – жан дүниесін кернеген қуаныштың ғана емес, алғыстың да жасы болатын. Өзіне қайта-қайта жаудырап қарай берген мөп-мөлдір қос қарашықтың не айтқысы келгенін Вадим Петрович сол сәтінде-ақ жазбай таныған. «Нағыз өмір қайта оралды деген осы, қызым», - деген ол бұған мейірлене қарап тұрып. Алғашқы қуаныш екіншісіне жалғасты. Тағы бір күндері кезек екінші аяққа келді. Самал сөйтіп бір күндері жүре бастады. Алдымен балдаққа сүйеніп, қана бір-екі қадам жасайтын ол арада бір жыл өткенде өмірге қайта келгендей, ерекше күй кешкен. Біртіндеп бәрі де артта қалды. Өмірде есесі кеткен жас еді бұл. Көкірегінде тұншыққан арманы мен үміті, тілегі мен талабы қайтадан балапандай талпына бастаған бойжеткеннің бар қызығы алдында болатын. Көкірегінде өмірге қайта келген жанның ой-сезімі лапылдаған Самал келешегіне қарай құлшына қадам басты. ***

- Вадим Петрович! Вадим Петрович! – Аурухана үйінен шыға бергенінде ол өзін шақырған таныс дауысты естіді. – Сізді бір кісі күтіп отыр. Шығып кеткеніңізді байқамай қалыппыз. - Кім? - Баяғыда әке-шешесі көтеріп әкелетін қыз есіңізде ме? Жүре алмайтын... - Ондайлар көп қой, - профессор екі ойлы күймен кідіре берген. Оның қатты шаршаған түріне қарап, медсестра енді жолынан кідірткеніне өкіне бастаған. Осы мезет баспалдақпен бірдеңеден құр қалғандай асыға түсіп келе жатқан үштер шамасындағы бала көрінді.

- Вадим! Вадим деймін! Ал қазір құлайсың. Кімге айтып тұрмын?! Вадим! – Соңынан естілген әйел даусы соншама асыққан бала соңынан оның да қатты жүріп келе жатқанын аңғартты. Іле өзі де көрінген. Жиырма төрт-жиырма бестердегі жап-жас келіншек баланы қуып жетті де, қолынан мықтап ұстай берді... Сол мезет ... Вадим Петровичті көрді. Келіншек енді суылдай бетіне төгілген мойыл шашатарын бір қолымен кейін ысырған күйі қалт тұрып қалған. Суылдай төгілген қара шашатар профессордың есіне Қазақстаннан келген баяғы балауса қызды түсірген. Әлдене айтуға оқтала бергенінде аурухана үйін басына көтере айқайлаған бала даусы шықты:

- Мама! Мама! Дедушкам қайда менің? Мама! – Ол қолындағы ақ халатты жылы жүзді адам бейнеленген газет қиындысына бір, алдында тұрған бейтаныс адамға бір жалтақтай берді. Оларға жақындай түскен Вадим Петрович газет қиындысындағы өзінің бейнесін танып, істің мән-жайын енді қаныға бастаған күйі алдында тұрған сәбиге қарай елжірей ұмтылған. Бала да оның құшағына қойып кетті. - Атам! Менің атам сенсің бе?! – дейді тұншыға сыбырлап.

- Вадим! Менің кішкентай Вадимім! – Профессор жасаурай қалған көздерінен мейірім шуағын төге сәбиді құшағына қыса түсті. Олардың жанында жасаураған көздерінде бақыт нұры ойнап сұлу жүзін көмкерген қара шашы иығына суылдай төгіліп Самал тұрды...

САҚЫПТЫҢ СЫРЫ «Осы сен көрген сайын неге сырт айналасың?!» - Ол қабағы салбырап бұрыла берген мұның шынтағынан ұстай алды. – Менің түк кінәм жоқ. Сенбейсің бе?!» Бұл оның жүзіне амалсыз қараған. Шамдай жанған қос жанар бұған айрықша жарқырай қадалып тұо екен. Оларды ап-анық көргендігі соншалық, оянғаннан кейін де біразға дейін көз алдынан кетпей жүрді. Иә, бұл түсі болатын. Мәлік одан кейін де біраз елеңдеп, мазасы кеткен. Бірақ мұның күткеніндей ештеңе де болған жоқ. Күндер бұрынғысынша ақырын сырғанап өте берді. Бұл таңертең сөлбірейіп жұмысына кетіп бара жатады. Кештетіп сөлбірейіп қайтып келе жатады. Сөлбірейіп келіп дастарқан басына отырады. Шуылдай бастаған балаларын бір айқаймен жым қылады да, сүт қатқан күрең шайды терлеп-тепшіп ұзақ сораптайды. Баяғы сөлбірейген күйі бәрібір өзгермейді. Келіншегінің тиіп-қашты әңгімелерін тыңдағансиды. Кейбіреуін естімейді де, бірақ басын изеп қоюдан танбайды. Бір кезде сөзге шешесі араласады. - Меңіреу адамша не ғып отырсың?! – Үнінен ұрысқаны да, жақсы көріп отырғаны да білінбейді. - Не істедім?! – дейді бұл отырған бойы. - Не істеуің керек еді?! Айтқан сөзге жауап қатып шүйіркелесіп отырмайсыңдар ма?! Сөзін сөйлейтін кісі табылғанына марқайып, келіншегі осы арада бір сөйлеп қалады. Бұл болса кекесінмен бір мырс ете түседі. Сөйтеді де, алдындағы кесені төңкере салып, дастарқаннан кейін ысырылады. Содан соң орындығын итеріп тастап, есікке бет алады. - Шаршайды ғой. Күні бойы үй бетін көрмейді. Совхоздың бар жұмысын өзі бітіретіндей, түскі асты да даладан ішіп жүре береді. – Шешесінің өзін ақтай сөйлеген сөздері соңынан жетіп жатады. «Сен осы көрген сайын неге сырт айналасың?!» - сонау бір қоңыржай үн тағы да құлағына келгендей. Темекі шегіп, қораның шарбағына сүйенген күйі, бір аяғын демалдырып қойып ұзат тұрды. «Менің түк кінәм жоқ!» Тағы да сол бір үнге құлақ түреді. «Түсіме неге кірді екен?! Бұл сөзді неге айтты екен?! Шынымен-ақ кездейсоқ жайдың құрбаны болдық па?!» Шегіп болған темекі тұқылын лақтырып жіберіп тағы тұрды... Ылғи осы. *** - Мамам қалай? – Мәлік жұмыстан келген бойда далада кірдің суын төгіп жүрген келіншегінен шешесінің халін сұрады. Біраздан бері сырқаттанып жатқан. - Бұрынғысынша секілді. Дәрігер келіп еді, қайтарып жіберді. Сені сұраған. Соңғы кездері үйдің бүкіл тауқыметі басына түскен келіншегінің мұрны сорайып жүдеп бара жатқанын байқады. Бес бала тапса да ет ала алмай қалған ашаң денесі бұрынғысынан да азып, семіп кеткен сияқты.

Мәлік бір ғана сәттің ішінде, басынан жүгіріп өткен ойларының ізін шалдырғысы келмегендей, тез бұрылып, үйге кірді. Ана өңі бүгін күндегісінен солғын көрінбеген. Қабаттай тасталған құс жастықтарға басын сәл қисайта қойып, жеңіл тыныстайды. Неге екені белгісіз, Мәлікке кенет ол осы жатқанына енді тұрмайтындай көрініп кетті. «Шынымен-ақ...» Көзіне тығылған жасты көрсеткісі келмеген күйі тез барып шешесін құшақтады да, жанына қисая кетті. - Балапаным... Балапаным... – Ананың арбиған саусақтары ұлын ұзақ аймалады. Бір кезде олар жігіттің маңдай тұсына келіп тірелді де, басыңды көтерші дегендей ишара жасады. Сонан соң оның әлгінде ғана көз жасымен шайылып өткен жанарына зер сала қарады. - Сен осы неге томаға-тұйық ьолып кеттің, балам? - Жай, - деді Мәлік сәлден соң ғана. - Семьяңа да бейілің шамалы. Мына бес бала тұрғанда сенің оған қарайтын тіпті жөнің жоқ. Олар болмаса қайтер едің?! Манадан бергі кеудесінде лықсыған ыстық сезімі тартыла қалғандай ұлының сәтте ширап кеткенін сезді. Сөзінің ұнамай қалғаны кәміл. Қоя қойған. - Менің айтып отырғаным теріс пе? – Ана енді қос қолымен тізесін құшақтай қарсы алдына тесірейе қалған мұның өздігінен жауап қатпасын сезіп, сөзін жалғастыра берді. – Балалығың енді бітті. Өстіп жатып мен өліп кетсем, осы шаңырақтың бар билігі саған көшеді. Сонда да осылай, балаларың мен келіншегіңді телміртіп қойып, тұнжырап жүре бересің бе?.. Баласы райын сәл жұмсартқандай көрінде анаға. Соны пайдаланып, ақылын айта бастаған. - Сөйт, қарашығым. Үй ішіңе мейірімді бол. Әкең байғұстың сен екеуміз дегенде шығарда жаны басқа емес пе еді. Сондай бол. Семьяға одан қымбат ештеңе жоқ. - Мама, мен енді кішкентай емеспін ғой... - Жарығым сол, соны білсең жетеді. Әлгі Ғайни қайда жүр? Бізге шайды жасап беріңдер де, өздерің ана шақырған жерге жүре беріңдер, - деп, басын жастықтан көтерді. Жаулығын түзей бастады. - Кім шақырыпты? - Мұрат ағанікі. – Есіктен Ғайни көрінді. – Кішкене ұлдарының туған күні ғой. Қанат бүгін онға толды. Қарлығаштар да келіп жатыр. - Үйдің ішін бір сәт үнсіздік басты. Мұрат деген – бұлардың араларында үй жоқ жақын көршісі. Қарлығаш – солардың үлкен қызы. Осы кішкентай інісі беске толды деп той жасап жатқанда Алматыдан оның тұрмысқа шығатыны жайлы хабар жеткен. «Олардың да юбилейі екен ғой биыл», - деп ойлады Мәлік көңілінде жатталып қалған осы бір жайды ойша шолып өтіп. Сонан соң жеңіл күрсініп орнынан тұрды да, далаға бет алды. Ғайни қорадан мотоциклін алып шығып, бір жаққа жүруге дайындала бастағанын көрді де, өзінен жауап ала алмасын біліп, енесіне жүгірді. - Апа, ана балаңыз кеткелі жатыр. Мұрат ағаның өзі де қайта-қайта айтып еді. Ұят болды-ау... - Шақыршы, мен шақырады де. - Бірақ Ғайни үйден қайтадан шыққанда, Мәлік мотоциклімен ағызып, бірталай жерге барып қалған. - Өзің бара бер. Келсе, жіберермін, - деді Сақып келініне қатқылдау. «Осы күнге дейін бір еркекті ауыздықтап ала алмай жүрген өзің де бір!..» - Келіні оны қабағынан-ақ түсінгендей, астыңғы ернін ауырта тістеген күйі кете берді... *** Өмір бойы жер төсекте жатып үйренген Сақып балаларымен бірге асты-үсті бірдей тақтайланған төрт бөлмелі үйге кіргенде де бұрынғы әдетінен ажырай алмаған. Кіреберістегі шағын бөлмеге текемет төсетіп, айналдыра көрпе жайғызған. Қазір осында өзінің қос қанатының астына келіп тығылдғандай, екі жағында томпиып – томпиып

ұйқтап жатқан немерелеріне қарап, өзінің осы ісіне тағы бір ризалық сезінді. «Әр ағашта біреуінің домаланып жатқанының несі жақсы», - деп бір қойды. Ерлі-зайыптының да екі төсекте екі жаққа қарап жатқанын ерсі көреді. Өз балаларының да екі төсекті екі босағаға апарып салғанын ұнатпайды. Бірақ оларға да не десін. Енді келіп, міне... Ол күрсініп алды. Екеуінің жарасып бірге қыдырып келетін немесе бір мәз-мейрам болып шүйіркелесіп отыратын кезі сирек-ау. Тіпті сондай бір сәттерін көргені есінде де жоқ. Ұлы сөйлесе дүнк ете түседі. Келінінде көбінесе үн жоқ. Күйеуінің салқындығынан біресе бір баламен, біресе үш баламен шұбырып, төркініне де кетіп жүрді. Бірақ қайтадан келе берді ғой, бейшара. Жүкті болып барып, өзі қыр соңынан қалмай жүріп тиген соң да шыдайтын шығар-ау. Әйтпесе төркінінде айлап жатып алғанында артынан бір бармаған күйеудің жібуін күтті дейсің бе?! Япыр-ау, ойлап көрсек, біраз азап тартқан екен-ау өзі де. Өй, пендешілік-ай десеңші. Кетіп қалып, сүйретіліп қайтадан келгенін табалағандай, қыр көрсете зіркілдеумен жүріппіз-ау өзіне. Сонда да бұл байғұсқа бір обал болды-ау демеген екенбіз. Әй, пендешілік-ай десеңші... Сақып төсегінде ұзақ дөңбекшіді. Тіпті мазасы кеткен соң дірілдеген тізелерін әрең игеріп, терезенің алдына келген. Көрші үйдің дабыр-дұбырына құлақ түрді. Аулаға кіргізіп қойған электр шамның жарығы талай жерге жетіп тұр. Бірақ шарбақтың боын қуалай егілген теректердің қалқасынан ештеңе көрінбеді. Сақып енді бір мезет осы теректердің қалай отырғызылғанын ойлады. Жерінде құм мен тастан өзге көп ештеңе байқалмайтын бұл өңірде ағаш өсіру тіпті ойға келмейтін іс еді ғой. Бәрін Қарлығаш бастаған... - Біздің мектептің төңірегін көгалдандырғалы жатыр. Құмды азайтып, орнына топырақ, көң әкеліп төксе, ағаш өсіруге болады екен. Ақтаудың ағаштарының бәрі де осылай егілген дейді, - деп келді бір күні. - Онда біз де егейік, - деді сол жылы онжылдықты бітіріп, совхозда жұмыс істеп жүрген Мәлік. Қарлығаш не айтса да құптай кетуге әзір тұратынын білетін бұл енді оның ағаш отырғызуға да кірісетініне күмәнданбаған. Бірақ мұндай құм жайлаған жерге соның өсиетіне сенбеген. - Топырақты қайдан аласың? Маңғыстаудың жерінің бәрі осы емес пе? – деген сол себепті балалар босқа әуреленіп жүр ме деп. - Бізді ертең топырақ әкелуге жібергелі жатыр. Басқа жақтан вагондармен әкелінген топырақ Ақтауда жеткілікті көрінеді. Мәліктің сөзіне Қарлығаш қуанып кеткен. Сөйтіп бұлардың үйінің алдында да үш шыбық отырғызылды. Ал Қарлығаштың бұл іске зейінін салғаны сонша, екі жылдың ішінде ауланы қоршаған шарбағын айналдыра ағаш егіп шығып еді. Мәлік те оған күн-түн демей көмектесетін... Иә, екеуінің достығы ерекше еді-ау. Бір-біріне құрақ ұшып тұратын. Сонда қандай еді осы Мәлік?! Қазіргідей тұнжырайтын шақтары болушы ма еді?! Уһ, өмір-ай десеңші?.. Сақып тұра-тұра өзінің шаршағанын сезді. Қабырғаға сүйене жүріп, ептеп немерелерінің жанынан өткен. Төсегіне әрең жетіңп, жөнделіп жатып қалды. Көршідегі шу көбейе түскен. Қонақтар отыра беруден жалығып, далаға шыққан-ау деп ойлап қойды. Іле музыка жіберілді. Сақып енді шалқасынан жатқан күйі құлақтарын жаба, қолдарын жоғары жіберді. Ойына жаңағы бір бұлдыр елестер қайтадан келе бастаған... Мәлігі мен Қарлығаштың қатар келе жатқанын көрсе жаны сүйінетін еді ол кезде. Екеуі де сұңғақ бойлы, көрікті болатын. Ұлының бас бітімі сопақша келген, Қарлығаш дөңгелек жүзді. Сонда да екеуінің өңдерінен бір үйлесімділік сезіліп тұратын. Ұлы – қараторы, Қарлығаш – аққұба. Екеуінің де шаштары қара. Мәліктің көздері қоңырқай, кішілеу еді де, Қарлығаштың жанары ашық, әдемі болатын. Әсіресе күле қарағанында ерекше нұрланып кететін. Екі жылдай совхозда жұмыс істеген Мәлік әскер қатарына аттанатын жылы Қарлығаш та он жылдықты бітірген. Оның алғаш ауыра бастаған жылы да сол. Буынға түскен сырқат әп-әдемі толысып келе жатқан жас қызды қатты жүдетіп, аяқ астынан жүре

алмай қалатындай күйге ұшыратты. Қорыққан ата-анасы көрші облыстағы сол кездегі атышулы бола бастаған жаңа санаторийге апарып емдетіп қайтқанмен, мұның бір ұзаққа кеткен сырқат екенін дәрігерлер бірден білген. Айтқандары дәл келді. Аяғын еркін басып кеткенімен, сәл салқын тисе, қабағы кіржие бастайтын. Осылайша арада бір жыл өткенде анда-санда ақсап, ара-тұра жатып қалып жүрген қыз оқуға аттанды. Мәлік екеуі бұрынна айтып жүретін мұнайшының оқуына түскен. «Егер сонда өзінен екі жыл кейін оқыған Қарлығашқа қарайламай, бірден оқуға кетсе, сол инстөтті менің Мәлігім де бітіріп шығатын еді-ау. Жазмыш деген осы ғой, сірә!» - Сақып күбірлеп сөйлеп жатқанын байқамай қалды. «Әже» - деп, дәл жанында жатқан бір немересі бері қарай аунап түсті. Сонда барып: «Ойбу, күнім-ау, сені оятып жібердім бе?!» - деген абыржып. Даладан мотоциклдің дарылдаған үні естілді. Әне, Мәлік қораны ашты. Енді үйге беттеп келеді. Есік тарс етіп ашылған. Ұлы ауызғы үйде кідіріп аяғын шешті. «Қайдан келді екен?» Күрсінді. Сонан соң: «Өй, жарығым-ай, бұзылып кетпесе жарар еді», - деді қамығып. Мәлік қарсы бөлмеге кіріп, тоңазытқыштан көже алып ішкендей болды. Ас үйден шығып, төрге қарай оза бергенінде анасы дыбыстады: Мәлік, Мәкен! Бірдеңе керек пе, мама? Жақындап келген ұлына шешесі ысырылып жанынан орын босатты. Отыршы. Ұлы басы салбыраған күйі жанына келіп отырды. Манағы бір қалпы. Шақырған жерге неге бармадың? Мәлікке шешесінің көршінің атын атамай, қайта-қайта «шақырған жер» дегені күлкілі көрініп кетті. Әлденені көңіліне алғанда осылай сөйлейтінін білетін Мәлік бұл жолы мұның мәні неде екен деп ойлағаны сол еді, шешесінің өзі айтып берді. - Қолымдағы екі кәмпитімнің саған біреуін берсем, екіншісін соған сақтап жүріп қолымнан өсірген ана ауру қыздары үйге кіріп шығуға да жарамады. Аурулығын құдайдан көрмесе, менен көре ме екен, сорлы бала. – Терезеден түскен ай жарығынан оның көзіне жас келіп қалғаны көрінді. «Сарылып күндіз-түні төсекте жатқан соң көрінген нәрсені көңіліне алады-ау. Әйтпесе Қарлығаш біздің үйге жүгіріп келе қоймайтын болғалы қашан!?» - деп ойлады Мәлік. Бірақ анасының жадау көңілін жұбатуға тырысып: - Оның несіне ренжисіз, мама? Той жасап жатқан үй, қолы тимеген шығар, - дей салған. Сонан соң көңілге алатындай дәнеңе жоғын дәлелдей түскісі келіп, - ол Сізне не деп ренжиді!? Аурусың, балама жолама депсіз бе?! Күйеу таңдаған өзі емес пе, - деп қосып қойды. Көзін жұмып, үнсіз қалған анасының бетінен бір сүйіп, орнынан тұрды. – Ал, мама, мен ұйқтауға кеттім. Сен де дем ал. Бірақ Сақыптың ұйқысы келмеді. Баласының әлгі бір бейғам айтыла салған «оған сен аурусың, балама жолама депсің бе» деген сөздері жүрегін түйреп кеткен сияқтанды. Сонда бұл мұның қандай күйде де одан бас тартпас едім дегені ме екен?! Солай-ау. Мұның басы әлі күнге дейін неге салбырайды десем... Ал егер сонау бір жайларды білсе ше? Онда не дер еді!? Сақыптың әлденеден жаны түршікті. Ішкі дүниесінен бір сұп-суық жел жүгіріп өткендей сезіліп, денесі тоңази бастаған. Сосын түйе жүнінен жасалған жеп-жеңіл шәйі көрпесін басына тарс бүркеніп алды. Көз алдына тағы да сонау өткен күндер елестері келе бастады... Шынына келгенде, айтарлықтай ештеңе жоқ. Бұл Қарлығашқа еш уақытта да аурусың, енді менің баламның теңі емессің демеген. Бұрынғысынша қолында барын аузына тосатын. Каникулға келгенінде жұрттан бұрын жүгіріп жететін де өзі. Мәліктің әскерде жүріп жазған хаттарын да сақтап қойып оқытатын. Тек қана... бір жолы сандық

түбіне салып тастаған бір топ қағаздарын көрсетті. Мәлікпен бір класта оқыған қыздың онымен бірге түскен суреті бар екен. Аудан орталығында оқыған соңғы екі жылының бірінде түссе керек. Қарлығаш қызды танымаған. Түк білмегенсіп, кім екенін сұраған бұған «кластасы ғой» деген де қоя салған. Бірақ сезімтал ана оның нәзік жүзінен жүгіріп өткен бір толқынды аңғарып та үлгірді. Солай боларын алдын-ала есептеп қойған. Қыз өңінде кірбің пайда бола бастаған екен, «темірді қызған кезде соқ» дегендей, екінші ретте бір бума ескі хаттарды әкеліп тастаған оның алдына. Бұлардың артында да сурет сыртындағы «Б» қол қойғандары көп-тұғын. Қарлығаш бұл жолы бір ойға бекініп алғандай сыр бермеді. «Кімдікі екен? Не жазыпты? « деген сұрақтарға өз ұққанын айтып жауап берді де, үйіне кетіп қалды. Ертеңіне оқуына аттанған... Бар болғаны сол. Бірақ, әйтеуір, өзінің ауру келінді қаламайтынын ұқтырған. Аңғарымпаз, әрі тәкаппар қыздың бәрін түсініп кеткеніне де, енді қайтып Мәлікке жоламасын білді. Солай болды да қойды. Баласы әскер қатарынан оралғаннан кейін бірталай қоналып жүрді. «Ұмытады. Бәрі де ұмтылады?» - деп түйді ол. Сөйтіп жүргенде құлағына бір сыбыс тиді. Баласы Қарлығаштың осында жұмыс істеп жүрген дос қызын ұстап: «Маған ти? Әлде саған да дипломды жігіт керек пе?!» - депті. Қыз үйіне жылап барыпты. Сақып енді Қарлығаштың айну себебін ұлының қалай ұққанын білді. Сөйтті де осы сөзді өзі де құлағына сіңіре түсті. - Оқыған қыз, оқыған жігіт іздейді де. Маған ондай келін керегі жоқ. Өзің оқимын десең бара бер, бірақ қолыма осындағы көп шөпжелкенің біреуін кіргізіп беріп кет. Енді қартайғанда соқайып жалғыз отыратын жайым жоқ, - дейтін қит етсе. Алайда ұлының да оқуға құлқы болмады. Атағы аймақты дүрілдеткен мұнайшы болсам деген арманы Қарлығашпен бірге кеткендей, үнсіз қалды. Сонан көп ұзамай үйленді. Анасы өзі қолайлап жүрген бір ауылдастарының монтиған қызын, осы Ғайниды алып берді. Кішкентайлары дүниеге келді. Бірақ Сақып баласының сонау бір шат күндері де сонымен бірге өзі де қапа болып жүретін. Келе-келе оның басы салбыраған осы бір қалпына өзі де, айналасындағылар да үйреніп бара жатты. Тіпті Мәлік ешқашан жарқылдап күліп, жадырап сөйлеп көрмегендей. Енді сөйте қалса, ерсі көрінетіндей елестейді. Ой, дүние-ай, десеңші... Қарлығаш тұрмысқа шыққалы екі жүз шақырымдай жердегі мұнайшылар қаласында тұрады. Күйеуі мен екеуі бір оқуды бітірген дейді. Екі ұлы бар. Өзі де көп емделеді. Ата-анасына жиі келіп тұрады. «Ауру болса да, ажарын бермейді өзі, - деп, Сақып ернін сылп еткізді. – Біздің сау келініміз ауру секілді қайта». Әже... – кішкентай немересі тағы да ұйқысырап, бауырына қарай тығыла түсті. Кішкентай саусақтарымен омырауын тырмалап жатыр. «Емшек іздеп жатыр-ау. Шешесі әлі жоқ», - тағы да күбір ете түскен. Соны күтіп тұрғандай-ақ сыртқы есіктің сықырлап ашылғанын сезді. Ғайни аяғының ұшынан басып бұларға жақындаған. Енесінің ояу жатқанын аңғарып қалыпты. Әлі ұйқтаған жоқсыз ба? Жоқ. Мына немені алып кетші, омырау іздеп жатыр. Тарқадыңдар ма? Иә. Қарлығаш Сізге кіріп шыға алмадым, ренжіп қалмады ма, - деп жатыр. Е, жарайды, - деді «қайтер дейсің» дегені сияқты. Өзі ішінен мана асығыстау айтылған сөзін ойлады. «Мәлікке соны жамандағандай сөйлеппін-ау!?» - деп, іші кәдімгідей жылып қалған. Көңілінің түбінде бір түйткіл бар секілді. Қарлығаш туралы сөз бола қалса, өзінің айыпты адамдай қыбыжықтап, төменшік тарта қалатындығын аңғарған. Бұрын мұндай күйді тезірек есінен шығаруға тырысатын-ды, бұл жолы өйтпеді. Қайта ойындағысының бәрін орын-орынына қойып, саралап алғысы келетіндей ме, қалай? Сөйтіп жатып қай мезгілде ұйқтап кеткенін аңғарған жоқ. *** Сақып барған сайын әлсірей түсті. Бұдан үш-төрт жыл бұрын дүниеден өткен шалын жиі еске алуды шығарды. Мәлік жұмыстан бос уақытында оның жанына шықпай

ұзақ отыратын. Қолынан сусын береді. Айтқан ақылын жалықпай тыңдайды. Көбінесе анасының арбиған арық қолдарына бетін төсеп, ұзақ үнсіз қалады. Бір күні: - Балам, шыныңды айтшы, сен осы уақытқа дейін сонау бір бала күннің тәтті елесін ұмыта алмай жүрсің-ау деймін. Ауылға Қарлығаш келсе болды, неге үйден безіп кетесің? – деді. Ұлы жауап күткен анасының алақанын бетіне бұрынғыдан да қаттырақ басып отыра берді. - Құлыным, - деді Сақып, бұл сұраққа жауап болмасын сезіп, - бекер өйтесің. Ол байғұстың түк кінәсі жоқ. Сенің алдыңда түк кінәсі жоқ. – Шешесі көзін сүртті. Мәлік ештеңеге түсінбей анасының бетіне аңыра қараған. - Онымен не демексің, мама? - Осы сенің сандығыңның түбінде баяғы бір хаттар мен суреттер әлі бар ма? - Қайсы? - Сенің қызбен түскен суретіңді айтамын. - Жатыр ғой. - Армияда жүргенде мен соны алайын деп жүрген қызың сияқтандырып Қарлығашқа көрсеткенмін. – Сақып күрсінді. – Ол сол суреттен гөрі менің ниетімді шет көрген болу керек. - Ниетімді?! - Ауру қыздан сені ажыратайын дегенмін, күнім. Бәрі өзің үшін еді ғой, неге маған бұлай қарайсың, ботам? Мәлік орнынан атып тұрып, үйден шығып кетті. Дәл іргедегі үш теректің жанына келген. Ойына интернаттағы күндері оралды. «Сен менімен суретке түсуге қорқасың?!» - деп ерегестіретін қаракөз Бағилаш келді көз алдына. Бұлар солай суретке түскен. «Сен мұны сақтауға қорқасың?!» - деген сонан соң. Онда тұрған не бар?! Бұл – қорықпаған. Көп уақытқа дейін хат та жазып жүрді. «Б.» деп қана қол қоятын. Ақыры мұның жүрегін жібіте алмаған. Оның жүрегінде Қарлығаштан өзгеге орын жоқ еді ғой! Ақыры не болды?! Мәлік ағаш түбінде ұзақ тұрды. Әрбіреуін бір ұстап, аялағысы келетіндей. «Оның түк кінәсі жоқ! Түк кінәсі жоқ!» дейтін секілді ағаш жапырақтары жарыса сыбырлап...

РҰҚСАТ ҚАҒАЗ Кәмшат завод директорының қабылдау бөлмесінде ұзақ отырды. Іште өтіп жатқан жиналыс оған ұшы-қиырсыз, тіпті бүгін бітпейтіндей көрінді. Жазу машинкасын тынымсыз тықылдатқан хатшы қыздың көзін ала беріп, ішіне жиналған ыстық демін бір шығарып қояды. Сөйтеді де қайтадан отырады сарғайып. Біраздан кейін бұған да аздап бойы үйренейін деді. Бірақ манағы бір өрекпіген қобалжуы бәрібір басылатын емес. Неге соншалықты дегбірсізденеді?! Жүрегі неге сонша өрекпиді?! Бұрын-соңды мұндай үлкен адамның алдына кіріп көрмегендіктен бе?! Солай шығар-ау? Шамасы. Әлі мектеп қабырғасынан да шығып үлгерген жоқ. Ана алақанының жылуынан өзге не көрді!? Әлде жасы он сегізге толып, оң-солын айыра бастаған шағында өзінің туған әкесімен алғаш рет жүздескелі отырғандықтан ба екен?! Ол әлі де ұзақ күтті. Көкірегін кернеген ауыр сезім сәл-сәл ыдырап, көңілі енді шын орнына түсе бастаған сияқтанды. Осы сапарға алғаш жиналардағы батылдықты да қайдатан түйсінген. Сонда ғана ол өз үстіндегі жұпыны шыт көйлек пен жайпақ өкшелі көнелеу туфлидің мынау кең де жарық, бай жабдықты бөлмедегі салтанатқа үйлеспейтінін сезінді. Тіпті әйнектері жарқ-жұрқ еткен биік терезелердің өзі мұның қораштығын әшкерелей түсейін дегендей еңселеніп кетіпті. Төргі бөлме есігінің астымен жорғалап, белгісіз жаққа сіңіп жоғалған өрнекті кілемше де мұның сирек көретін нәрсесі... Кәмшат кенет салтанатында бір міні жоқ үлкен бөлменің бұрышында шүйкедей болып қана отырған өзін көріп, селк ете түсті. Байқамай көзі түсіп кеткен қарсы беттегі шар айнадан бетін тез бұрып әкетті де, енді ол жаққа қарамауға бекінді...

Осы мезетте оған әкесімен арасы сәт сайын алшақтап бара жатқан секілденді. Бір қызығы, бұған өзі соншалықты қапалана да қойған жоқ. «Мен онымен тіл табысайын деп келіп отырған жоқпын ғой». Ол өзін осылай жұбатып қойды. Осы оймен ғана көңілін демдегендей. Сәлден кейін хатшы қыздың электр машинка үстінде ойнаған саусақтарын қызықтап кеткен... Бір кезде әлдеқайдан қоңырау без-без етті. Саусақтары машинка үстінде тынымсыз әсем билеп отырған хатшы қыз бәрін тастай салып, төрдегі үлкен есікке қарай асығыс бет алды. Сәлден соң қолына әлдебір қағаздарды ұстап, қайтадан шыға келді де, дереу қоңырау шалуға кірісті. Енді бір сәтте Кәмшат «машина» деген сөзді естіп қалған. Сол-ақ екен өзінің неше айдан бергі бүкіл толғанысы, өзі өз болғалы қабылдаған шешімі, басқа облыстан шаршап-шалдығып әрең жеткендігі – бәрі-бәрі бекер кететіндей көрініп, мазасызданып кетті. Мұның аяқ астынан Маңғыстаудан сонау қиыр шетке қандай себеппен сапар шеккеніне түсінбей, аң-таң болған анасының кейпі көз алдына елестеп өтті. Ал бірнеше күннен кейінгі соңғы емтихан ше?! Кәмшат өз шаруасының қазір бітпесе, ешқашан да бітпейтіндігін жақсы түсінді. Өйткені жұмыс күні аяқталуға жақын. Ал мұның еншісіндегі алда тұрған екі күн – демалыс. Алдымен қандай амал ойлап табарын білмей, шиыршық атқан ой толқыны әсерімен орнынан тұрып кетті. Мойнына асып алған ұзын баулы қызыл сөмкесін бұлғақтатып, әрліберлі жүріп алды. Хатшы қыз машинкасын қоя салып, бір-екі рет алайыңқырап қарап еді, өз ойымен әуре Кәмшат оны тіпті байқаған да жоқ. Міне, іштегі кісілер де біртіндеп шыға бастады. Біреу... екеу...үшеу...он бір...жиырма...жиырма үш...жиырма сегіз...Уһ! Бітті-ау, әйтеуір! Осы мезет мұның төргі кабинетке оқталғанын байқап қалған хатшы қыздың өткір даусы саңқ етті: Мен Сізге мана ескерттім ғой. Ол кісінің уақыты жоқ. Жұмысыңыз болса, дүйсенбі күні келіңіз... Кәмшат енді бөгелген жоқ. Хатшы қыз оған дүйсенбі күні емес, осы дәл қазір кіріп қалыңыз деп асықтырып тұрғандай-ақ жүгіре басып ішке қойды да кетті. -Саламатсыз ба? Үстелінің үстін жүре жинастырып, жұмыс бөлмесінен шығуға ыңғайланған ұзын бойлы көзілдірікті кісі мұның сәлемін ала берді де, қалт тұра қалды. Сонан соң көзілдірігін дұрыстап қойып, ат шаптырым кабинеттің арғы бетінен бері қарата асықпай жақындады. «Таныды ма екен?!» - деген ой жүгіріп өтті Кәмшаттың басынан. -Төрлет, қызым. Менде жұмысың бар ма еді?! «Қайдан танысын?! Өздерінің бір жұмысшысы деп тұрған шығар. Әлде жұмыс іздеп жүрген біреу деп қалды ма екен?!» Кәмшат оның сұрағына еш жауап қатпастан, босағадағы жұмсақ орындықтардың біреуіне дыбыссыз отыра кетті. «Енді неге тұр өзі?!» Көзін алмайды. Шынымен-ақ шырамытқаны ма?! Бірақ...мені еш уақытта да көрген жоқ қой! Мамама ұқсатуы мүмкін емес пе?!» Әне, ақыры ол да өзінің орнына барып отырды. -Мұнда келші, айнам. Міне, мына жерге... – Ол өзінің қарсысында тұрған орындықты нұсқады. -Жоқ, рахмет. Маған осы жер де жарайды. Сізде азғантай ғана шаруам болып келіп ем... -Айта ғой. -Мен – Ғалияның қызымын. Атым – Кәмшат. – Енді бұған не дер екенсің дегендей, бөгеле берген. Анау адамның тағы да орнынан тұрып өзіне қарай келе жатқанын көрді. Көрді де, төмен қарады. Өзінің «бәленшенің баласымын» деп, әкесінің емес, шешесінің атын атап отырғанына ол осы арада тұңғыш рет ыңғайсызданған. Уытын бұрын сезбеген осы бір сөзбен ғана өмір бойы жат болып келген, дүниедегі осынау бір ең қымбат адамының алдында өзінің қораштығын, әлдеқандай бір сырт көзден жасырып жүрген кемістігін ашып қойғандай, көмейіне әлдене тығыла қалды.

--Өзім де солай-ау деп ойлап едім. Шешеңнен аумай қалыпсың...

Дәл жанынан шыққан мына үн Кәмшатты тез ширатып жіберген. Әлсіздік мінез танытуға оның хақысы жоқ болатын. Олай ету өзін, ең бастысы, анасын қорлау деп түсінді ол. Көмейіне тығылған өксікті зорлана жұтып, туған әкесінің бетіне тұңғыш рет жақыннан тура қараған. -Биыл мектепті бітіремін. Екі-үш күннен кейін соңғы емтихан. Соған байланысты... – Тез-тез сөйлей бастаған Кәмшат кенет өзінің тағы да мазасы кете бастағанын сезді. Бойын бекітіп алу үшін бөгеле берген, назары тағы да төмен түсіп кетті. Кенет ... оның асыға басып орнына беттегенін көрді. Жүрісі шып-ширақ. Мамасының «жүрісің әкеңе тартқан» дейтінін есіне алды бұл да сергіп. -Биыл мектеп бітіремін дейсің, ә? Иә, мамаң әдейі маған жолық деген ғой. Дұрыс. Өте дұрыс істегенсің. Келгенің жақсы болды. Қазір... мен қазір... – Үстелінің суырмасынан әлдеқандай бір қойын кітапшаны алып шығып, әкесі әлденені асығыс іздестіре бастады. - Өзің қайсысын қалайсың? Кім болғың келеді? Ұялма, қайда барғың келсе де айт... Кәмшат түсінбеген, сұраулы жүзін жоғары көтерді. -Оқуды айтам. Қайсы оқуға барғың келеді? -Политқа деп жүрмін... -Ә... ә... Онда тіпті жақсы болды. Оның ректорын мен жақсы танимын. Қарашы, тіпті сәтінің келе қалуын. Түсетініңе сене бер. Мен тіпті қазір-ақ... қазір-ақ қоңырау шала қояйын. Е, көрдің бе, номері де жүр, міне. - Әкесі сол бойда телефон тұтқасына ұмтылған. Оның асып-сасқан қимылына таңырқай қараған Кәмшат мынау адамның өз келісін неменеге жорығанын енді ғана түсіне бастады. -Маған... Мен үшін ешкімге де қоңырау шалудың қажеті жоқ. Ешқандай да ректорға қоңырау шалмаңыз! – Кәмшат шыр-шыр етіп, орнынан қалай ұшып тұра келгенін өзі де аңдамай қалды. -Керегі жоқ?! Енді неге келдің? Әлде қаржы керек пе? Кәмшат әлдеқандай бір ащы нәрсенің өзегін оңдырмай тіліп бара жатқанын сезді. Көзіне келіп қалған жасты әрең іркіп: -Жоқ. Бізге ештеңе де керек емес. Кәмелеттік аттестат алатын күнім жақын. Әлі паспортым да жоқ. Оларға сіздің емес, мамамның фамилиясымен жазылғым келіп еді,- деді. Бір мезет кабинет ішін қапысыз тыныштық кернеді. Кәмшат өзін жаңа ғана көргендей тесіле қалған қос жанарға тағы да бір армансыз қарады. Бірақ бұл жолы көңілі әбден орныққандығы білініп, жайбарақат тұр. -Рұқсат қағазға келген екенсің ғой... -Иә, фамилиямды өзгерту үшін Сіздің келісіміңіз керек екен. -Келісемін... Әрине, келісемін... Сәлден соң қызының қолына рұқсат қағазын ұстатқан әке ауыр ой үстінде отырып қалды. Оның кенет салмақтана түскен мұңлы көздері әлдебір өкініш сазын шерткендей. Жүрегін белгісіз сезім оты шарпығанымен, Кәмшат бұдан әрі кабеинетте қалудың ретін таппады. Жұмбақ әке өзінің жұмбақ өмірімен, жұмбақ отырысымен үлкен сәнді бөлме ішінде қала берді. Қолындағы бір жапырақ қағаз оның туған әкесімен арадағы соңғы байланысын да үзіп кеткен. Көмейіне тығылған өксікті шығарып алмау үшін ұзын сәнді дәліздің бойымен жүгіре басып, кетіп бара жатқан өзіне манағы кербез замандасының таңдана қарап қалғанын да байқаған жоқ. Тек қана зәулім үйдің соңғы есігін серіпкенде барып, тұншықтырған көз жасының ағытыла жөнелгенін білді. Бұл көз жасы қыз көңілін талай рет жасытқанымен, кейде белгісіз, тәтті үміттерге де бой ұрғызатын әке бейнесінжоқтап, шын қиналудан туған еді. Өйткені өзі іздеп келген рұқсат қағаз, оны әке деу хақынан да біржолата айырған-ды...

ӨСЕК ҚҰРБАНЫ Өзімен танысып тұрып бір жігіттің: «Зүбәйра деген есіміңіз әдемі екен», - дегені бар. Есімінің ғана емес, өзінің де әдемі екенін ерте сезіп еді-ау бұл. Сол әдеміліктен не пайда көрді?! Қыз болып бой түзей бастаған шақтарында қанша сәнденсе де, үстібастарын көңіліндегідей ретке кедтіре алмай әуреге түсетін кейбір құрбылары мұның, қаршадай кезінен-ақ жұтынып тұрған бейнесіне қызығатындарын еш жасырмайтын. Дене бітімі қолмен құйғандай жып-жинақы. Шыбықтай бұралған дейтіндер осындай-ақ шығар. Сұңғақ бойлы, жасы отыздан асса да, аққұба ашық жүзі қап-қара көздеріне әсем үйлесіп, әлі де көрген жанды үйіріп тұратынын жақсы сезінеді. Бірақ амал не, одан тапқан олжасы шамалы-ақ... Бүгін демалысы. Ертерек тұрған ол таң атпай жатып қайдағы бір көңілсіз ойлардың меңдей бастағанын сезінсе де, дағдысынан жаңылғысы келмеді. Алдымен әкесінің ңірлеген киімдерін суға салып, қойды. Екі бөлменің ішін жарқырата жуып, төсеніштерді қағып-сілкіді. Содан соң шай қамдай бастаған. Шешең түсіме еніп жүр. Маған бірдеңені «қызыңа айтсаңшы, айт» деп болмайды. Қарағым-ау, мен саған нені айтуым керек еді?! - Әкесі буы бұрқырыған кесені алдына ала беріп, бұған сұраумен қинала қарады. Зүбәйра қызарып кеткен. - Қайдан білейін. Өзіңіз бір нәрсе айтқыңыз келіп жүрмесеңіз, - деді де, үнсіз отырып қалды. - Осы үйге менімен бірге фәшеспен соғысатын Күшіктайдың ұлымын деп келіп жүретін жігіт қайда? – деген әкесі кенет бұрынғы әңгімесін қоя қойып. Зүбәйра тағы қызарды. -Осында дейді ғой. -Жұмысым сенімен бір жерде демеп пе еді? -Иә, әке. Бір жерде еді бұрын. Кейіннен ауысып кетті. Қазір жаңа кен орны ашылған басқармада. -«Қаламқаста» ма? Зүбәйра басын изеді. -Е-е. Әкесі өліп қалды ғой, марқұм. Шешесі әлі тірі ме екен? Қызы бетіне үрке қараған. Мына тергеудің соңы жақсылыққа соқса жарар еді дейтіндей. -Шешесі тірі ме екен деймін?! -Бар шығар. -Әйелі, баласы бар дейді ғой өзінің?! ... -Күшіктай, марқұм, жақсы адам еді. Бірге жүріп от кешіп едік... - Әкесі мазасыздана түсіп, шынтағындағы жастығын көтере түрегеліп отырды. Әлденеге демалысы жиілеп, көмейіне тығылған ашу барын ұқтыра, тізелерін уқалады. - Әке! Сізге не болды?! Тынышталыңызшы! – Мұндай ашуланудың соңы неге апарып соғатынын жақсы білетін қызы шын қорқайын деді. – Не айтқалы отырсыз, әке, қойыңызшы! - Білемін, қызым. Мен бәрін де білемін. Ол ит сені алдап кетті ғой. Құлыным-ау, қалай алдандың?! Құлыным-ау... – Екі көзін жас жуа еңкілдеген әкенің сол бір мүсәпір халіне жаны ауыра, бұл да қолдарымен бетін баса берді... *** Өзі істейтін мұнай-газ өндіру басқармасына Сайран алғаш жұмысқа келгенде Зүбәйра іштей қатты қобалжыған. Бір кезде өзімен бір мектепте оқыған толқынды қара шашты, ұзын жігіт бұған бала кезден-ақ ұнайтын. Көз тартарлық болып ержетіп, айналасындағы қатар құрбылары арасынан ажарымен де, сүйектілігімен де ертерек ерекшеленген жас емес-тін. Түрлі мерекелерге орай өтетін мектептегі би кештерінде

жүрегі лүпілдей жүріп талай рет билегендері де есінде. Мүмкін оның соңы балауса махаббатқа да ұласар еді... Сол жылы Сайран бұларға дене тәрбиесінен беретін мұғалім болып келді. Алдында ғана пенсияға кеткен, өздеріне төрт жыл бойына класс жетекшісі болған апайларының орнын да сол басты. Спортпен де шұғылданатын, музыкадан да хабары мол, әр нәрсеге икемді жас жігіт класс балаларын бірден үйіріп әкетті. Келген күннен-ақ көп жұлдыздың ортасында жарқыраған Шолпандай көзге түсетін Зүбәйра көздерімен оның көздері де ұшырасып қала беретін. Алғашында қыз бетіне қызыл жүгіріп қана жанарын аударып әкетіп жүрсе де, сол бір қарастардың жанға жайлы шуағы бар екенін сезген. Бірақ содан қашып құтылуды ойламапты. Айтқаны – заң, лебізі – бұйрық, класс жетекшінің хақысы да қаймықтыра берді ме, кім білсін... Келе-келе алғашқы бейкүнә қарастардың екеуара құпия сырға айналып бара жатқанын бір-ақ аңғарған. Балалығы ма, әлсіздігі ме, әйтсе де төтеннен келген тегеурінді жұмбақ сезімге тойтарыс бере алмағандай көрінді. Оқу жылы аяқталмай-ақ мектепте шу шықты. Мұғалім мен оқушы арасындағы «махаббат» бүкіл аймаққа әйгіленді. Әншейінде қыздарға келген бүкіл хатты тексеріп, екі оқушы бір-біріне күле қараса да, әлденеге жорамалдап, содан бір астар іздеп тұратын, не пәленің бәрін де қыздардың басына үйіп-төгуге әзір, қазақ тілі пәнінің мұғалімі бұл жолы тіптен ерлеп кеткен. Зүбәйраны «ақпын» деп шырылдағанына қарамай, директордың алдынан бір-ақ шығарды. Тоғызыншы кластың жетекшісі педсоветке түсті. Одан мектептен қуылды. Сөйтіп бәрі де тынған сияқты көрінген. Бірақ Зүбәйраның басына байланған жаман атақ өмірлік серігіне айналып бара жатты. Енді Сайран өзіне аспандағы айдан да алыс екенін бірден-ақ түсінді. Түсінді де ұмытқысы келді. Өмір деген қызық қой, арада он жыл өткенде сонау бір «жаман атымен» сол күйі отырып қалған Зүбәйра онымен қайта жолықты. Жолықты да, қобалжыды. Мектепке барған ұлы, аршыған жұмыртқадай келіншегі бар екенін білсе де, соны ғана армандады. Бір рет сүріне жаздағаны үшін ғана өксуге айналған өмірінің бар олқысы сонымен ғана өзінің пәктігін дәлелдесе, бұған мысқылдай қарап, мазаққа айналдырғысы келген талайларда кеткен есесі қайтатындай құштарланды. Сөйтіп жүргенде бұлармен жұмыстас қатардағы бір мұнайшының елу жылдық тойы келіп қалды. Мұндай тойларды қаладан аулақтау салынған демалыс қалашығында, көк теңіздің жағасында өткізу дәстүрге еніп келе жатқан. Бұл жолы да солай етуге ұйғарылды. Әлденені сезгендей Зүбәйра да сол күнді асыға күтті. Қапысыз дайындалды. Кесуге қимай, желкесіне түйе салып жүрген, не әрі емес, не бері емес бір тұтам бұрымын ойланбастан жоқ қылды. Күлтелене түсіп, алма мойынды қытықтаған қысқа шаш сүйкімді жылтырап, нәзік өңіне үйлесе кеткен. Отыздағы емес, он тоғыздағы қыздай үлбіреген, мүсіні көз тартқан ол сол күні кімнің де болса көзін сүріндіргендей еді. Өздері «су трикотин» деп әзілдей атайтын матадан тігілген, солк ездегі ең сәнді көйлектің үшкілдей ойылған омырауынан жарқырай көрінген аршын төс, ақсары жұқа өңіндегі қиылған қара қас пен үлбіреген гүл-ерін, екі беттің ұшында ойнаған алқызыл бояу бұрын байқалмаған әсерлілікпен құлпыра көз тартады. Әп дегеннен-ақ мұны биге шақырушылар көбейіп кеткен. Бірнешеуін кері қайтарып барып, ортаға кербездене шықты. Қазір де бірқалыпты байсалды қалпы. Сол мінезінен қаймығып, ашық әзілдей алмайтындардың көбінің сыртынан тесілетін жымысқы көзқарастарын айтпай-ақ сезетін Зүбәйра, ешқайсысына да ілтипат жасап тұр-ау деп көңіл бөлген жоқ. Столдың алыс бұрышында үсті-үстіне темекі сорып, әлденеге ойлана түскен Сайранды көрді. Әне, бір кезде ол да орнынан тұрды-ау. Костюмін түймеленіп, езуіндегі темекісін алып сөндірді. Сөйтті де билеушілерге қарсы беттеді. Әлдеқандай бір ішкі сезім қуатымен Зүбәйра оның өзіне келе жатқанын бірден-ақ сезді. -Билейміз бе? Қыз осы сөзді ғана естіген... Одан кейінгінің бәрі де тұман ішіндегідей бұлдыр... Үйіне ертеңіне таң ата оралған ол тұяқ серіппестен ұйқтап әбден тынығып

алғаннан кейін ұзақ уақыт мең-зең күйде отырып, бәрін де егжей-тегжейлі есіне түсіруге тырысты. Сонан соң ғана иығынан бір ауыр жүк түскендей сезініп, жаны жадырай бастаған. Арада біраз күн өткен соң, Зүбәйра әкесін санаторийге шығарып салды. Үйде жалғыз қалған қыз өзін енді шындап иектей бастаған жігітті бір күні үйіне шақырды. - Сен мені кешір, Зүбәйра. – Сайранның бұл сөзінің мәнісін күңгірттеу ғана аңдаса да, сыр бергісі келмей, қарсы сұрақ қойды. - Не үшін? - Адам тағдырымен ойнағандардың қатарында жүргендігім үшін. Сенің соңыңнан ерген сөздің бүкіл өміріңе таңба саларын ойламағаным үшін... Зүбәйра жеңіл күрсінді. Бірақ көкірегі бұрынғысынан еркін тыныстайтын сияқты. - Ойлағанда не істейсің? Бәріне де өзім кінәлімін. Сөзге тиек берген өзім емес пе?! - Жоқ, Зүбәйра, соңына сөз ертпей жүріп-ақ абыройсыз қалатындар бар ғой. Сенің жағдайың керісінше болып шықса, менің жаным қалай ауырмайды. Ех! – Ол әлдекімге кектене сөйлеп, орнынан тұрып кетті. Кенте мұның жанына жетіп келген. - Сенен бірдеңе сұрауға бола ма? - Сұра. - Өткендегі той есіңде ме? Сен сонда менің көзіме түсуге соншалықты құштар болған секілді көрінесің маған. Рас па? - Иә. - Неге? - Неге екенін сен білесің. - Кінәсіз екеніңді дәлелдеу үшін ғой? - ... - Ал енді не күтесің? - Ештеңе де. Сені шақырғаным да сол, ештеңе күтпейтінімді түсіндіру ғана. Сол үшін ақымақ көруің де мүмкін. Кінәсіз екенін маған емес, басқа бір басы бос біреуге дәлелдеп, соған неге шығып алмайды дейтін де шығарсың. Жүрегімнің қалағаны әуелден бір сен екенсің. Сенсең осы уақытқа дейін өзге еш жанға ішім жылыған емес. Бәрі де мені іштей тәлкек етіп, мазақтауға дайын тұратындай көрінеді. Сол себепті де, міне, әлі жалғызбын. – Қыз көзіне мөлтілдеп жас келіп, теріс айналды. Сәлден кейін босаңсыған көңілін басып, салмақпен сөзін жалғастырды. - Сайран, мен өсектің құрбанымын ғой. Өмірден опық жеген бишара емес екенімді тым құрыса бір адамның, сенің білгеніңді қалап едім. Көздегеніме жеттім деп тұрмын. Ал бұдан былай мені мазаламассың. Енді семья бұзған жексұрын атанғым келмейді. Мені сыйласаң, сөйт. Енді іздеме. Бұдан әрі аялдауға хақысы жоқ екенін Сайран да түсінген. Кейіннен хал-жағдай білуге келдім деп бір-екі рет кіріп шыққаны бар, бірақ жай ғана достық қарым-қатынас жасаудың оңай еместігі білінген соң екеуі де мұндай кездесуден тартына бастады. Көп ұзамай Сайранның жұмысы да басқа жерге ауысып, аралары мүлде алшақтаған. Ол тіпті мұның екіқабат болып қалғанынан да, баласын балалар үйіне беріп келгенінен де бейхабар. Іші біліне бастасымен өкпе ауруына шалдығып, әлденеше айға емделуге кеттім деп, қаладан тайып тұрған мұның жағдайын алғашында біреу сезсе, біреу сезбеген. Бірақ жұрттан сыр жасыру мүмкін бе?! Некесіз туған баладан айналасындағылардың бәрі де хабардар еместігіне Зүбәйраның өзі де сенбейді. Онысынан соншалықты қысылып та жүрген жайы жоқ секілді. Тіпті соңғы кездері нәрестесі жатса-тұса есінен шықпай, өзін іздеп жылап жатқандай алаңдайтынды шығарды. Сағына ма-ау.. *** - Әке, мен ешкімге алданған жоқпын, - деген қызы, екеуі біраз жылап, қам көңілдерін сергітіп алған соң. – Алданатын жастан кеттім ғой... - Айналайын, осы мені ұлдың қолына жібер де, бағыңды байламай, біреуге тұрмысқа шығып кет дегелі қашан?! Шешең марқұм маған соны айт деп жүрген шығар.

Мен айтпай жүрмін бе оын?! - Әкесінің көңілі тағы босай бастағанын көріп оны жұбатуға асықты. - Мен сізді тастап еш жаққа да кетпеймін. Бағыңды байлама дейсіз, кім біліпті сол бақтың қай жақта екенін. Мен үшін мазаланбаңыз, әке. Мүмкін өзімнің сізге көмегім тигенін бақыт санайтын шығармын мен. Келіннің қолына барғанда күйіңіз қалай боларына көзіңіз жете ме? Одан да сізге бірдеңе айтайыншы, әке. Тыңдаңызшы... – Айтсам ба, айтпасам ба дегендей, кідіре түскен қызының жүзі тағы да қызарып бара жатқаны аңғарылды. - Иә? – Көзіне үйіріле берген жасты қолымен бір іліп тастап, сөзге құлақ түрді. - Әке, немере әкеліп берейін бе? Екеумізге де алданыш... - А?! Ол қайда?! - Бір жерде. Әке сөз астарын түсінген. Үнсіз отырып қалды. Кенет дастарқанның бір шетінен өзінің Зүбіші секілді сүп-сүйкімді аппақ бала бұған қарай талпынғандай көрініп кетті. Сол бір елеспен бірге мұның жұпыны бөлмесінің іші де сәулеленіп бара жатқандай жүрегі елжіреген сол қызына жыламсырай бұрылған. Жауап күткен күйі жаудырап қана отырып қалған Зүбәйра бір кезде әкесінің созыла түсіп, дәрменсіз қалтыраған қолдарын көрді. Олар бейне өзіне оң сапар тілегендей, жүрегі алып-ұшып орнынан көтеріле берді... ӨЗ ОШАҒЫҢНЫҢ ТҮТІНІ Оны тұңғыш рет облыстық ақындар айтысында көрді. Алғашында көзіне Халелінің нақ өзі секілденіп кеткен. Адамның адамға егіздің сыңарындай ұқсай беретіндігін ол осы жолы білді. Бірақ есін тез жиды. Өрекпіген көңілін басып, қызыққа жиналған қалың топтың арасына сіңіп кетті. Қаланың ең көрнекті жеріндегі қызыл тастан қаланған әсем сарайға да мұның тұңғыш рет келуі болатын. Рас, Маңқыстау өзінің кір жуып, кіндік кескен жері. Туған топырағы осы бір әсем қаладан көп алыс та емес. Оның алғашқы үйлері салынып біткенде – ақ мұның ата-анасы осында көшіп келіп, жергілікті тұрғындардан алғашқылардың бірі болып, иен тұрған пәтерлердің бірінің кілтін алған. Иә, сол кезде салынып біткен үйлерге қоныстандыратын адамды көп іздеп табу үшін сарсылатын еді ау жұрт. Қазір айтсаң, күлкілі секілді. Ал мынау сарай салына бастаған кезде... Ол кезде Хансұлу тұрмысқа шығып, мұнайлы ауданға кеткен. Ол өзімен -өзі болып ұзақ жүрді. Әйнек қабырғаларды жағалап, сырттағы үйлерге, ағаштарға, ерсілі-қарсылы жүрген адамдарға көз салды. Жоғарыда самсаған люстраларды тамашалады. Бір бүйірдегі жұрт кіріп-шығып жатқан есікке жақындап еді, үлкен залдың қабырғаларын жағалай қойылған көп аквариумды көрді. Сол арада титімдей балықтардың қимылын қызықтап, біраз аялдады. Осы аквариумдар бөлмесінің есігінен шыға берген. Кенет... оны тағы көрді. Ұзын бойлы. Иықты да келбетті. Енді аңғарды, шетелдік джинси киіпті. Этикеткасы сонадайдан көзге түседі. «Қазір тіпті көзәйнектердің де этикеткасын алмай киетін болғаны несі екен? Әлде басқа елден әкелінгенін көрсету үшін бе екен?! – деген ой басына оралды. сол-ақ екен, сәнқойлау құрбысының: «Кешегі кеште джинси киген жігіттер көп болды», - деген сөзі есіне түсіп кетті. Мынау да сондай «күштінің» бірі болар деп мырс етіп, теріс айнала берген. Көп кешікпей көпшілік ішке кіріп орналасты да, айтыс басталып кетті. Айтыс дегенің қызық болады екен. Екі жақтың бір-біріне айтқан шымшыма сөздері, өз ауданының намысын қорғап, еңбек адамдарын мақтан етуі Хансұлуға әбден ұнады. Ақындардың бірі мұның бұрынғы аулынан екен. Бұрынғы деп отырғаны - өзінің келін болып түсіп, кетіп қалған жері. Сондай ауылдас ақынның қарсыласы кенет мұның құлағы шалған бір жайды айтқанында алдымен көпшілікке қосыла мәз болды да, іле өзінен-өзі қуыстанып, қызарып кетті. Хансұлу өстіп өзінен-өзі қысылып отырып, айтысушылардың орындарынан тұрып, бір-бірімен қол алысып жатқандарын бір-ақ көрді. Ілң-шала айтысты жүргізуші:

- Келесі айтысушылар дайындалғанша облысымыздың белгілі өнерпазы, геолог Қайырболат Аманжоловтың орындауында бір күй тыңдаңыздар, - деп хабарлады. сол-ақ екен сахнаға... ол шыға келді. Үстіндегі манағы киімдері жоқ. Оюлап тігілген ұлттық киім киіпті. Басында – құндыз бөрік. Ол мүның көзіне тағы да оттай басылды. «Қазақша киім сондай жарасады екен. Оркестрге қатысып жүргенінде Халел де осылай киінуші еді... Оған да осылай әсем үйлесетін...» Бір мезет Хансұлу ойына әлдене түсіп кеткендей, жанжағына қарап абыржи көз салды. Сөйтті де өзінен төрт-бес орын әрірек, шет жақта отырған он екі-он үш жасар баланы көрді. Қолында бір шоқ қызғалдақ. Әлдекімге бергелі күтіп отырған болса керек. Хансұлу ойланбастан соған қарай жылжыды. Құлағына жігіт тартып отырған күйдің сазы келді. Бірақ көңілі онда емес. - Әй, бала, гүлді кімге әкелдің? – деп сыбырлады оның жанындағы бос орынға отыра қалып. - Ақмаралға. – Бала көзін сахнадан алмаған күйі жауап берді. Оның домбырашы өнерін беріле қызықтап отырғаны белгілі еді. - Сен былай істе, Хансұлу бір қолымен баланың қолындағы гүлді алуға ыңғайланып, екінші қолымен оған ақша тықпалады. – Ақмаралға басқа гүл алып кел. Ал мынауыңды маған бер, жарай ма? - Ағам ұрсады, гүлді Ақмаралға ғана бер деген... - Ұрыспайды! – Хансұлу оның ағасының ұрыспайтын адам екенін білетін жандай қайырып тастап, жалына түсті. – Сен жақсысың ғой. Мен ана ағаға беруім керек еді, үлгермей қаламын ғой гүл алып келуге! Бара ғой енді. – Бала босай қалды. - Менің өзім де осы аға гүл сыйлағым келіп отыр еді. Алыңыз! – Гүлін ұстата салды. Сол кезде күй де аяқталып, жұрт дуылдата қол соғып кетті. Хансұлу да жеделдете басып, сахнаға беттеген... Ертеңіне жергілікті теледидардан Қайырболатты Хансұлу үшінші рет көрді. Көркемөнерпаздар үйірмелері мүшелерінің концертінде өнер көрсеткен. - Мына жігіт кешегі айтыста күй тартыпты ғой, Хансұлу, сен көрдің бе! – деді оныншы класта оқитын інісі баласын тамақтандырып отырған бұған бұрылмаған күйі, өзге біреуден сұрап отырғандай. Онысынан – ақ өзінің бейтаныс жігітке гүл сыйлағанын оның естіп келіп отырғанын және жақтырмай қалғанын біле қойды. Әйтсе де түк білмегенсіп: - Мен қайсыбірін танимын? Көрсем көрген шығармын, - деген әдейі жайбарақат. Інісі мырс ете түсті. Бірақ үндеген жоқ. Тек сәлден соң тұрып бара жатып қана: - Бұрынғының әйелдері күйеулері қайтыс болған соң бір жылға дейін қара жамылады деуші еді, қазіргілер жарты жыл болмай жатып қызық іздейтін болыпты ғой, - деп қалды. Інісінің бұрынғының әйелдері ері өлгенде қалай аза тұтатынын біле бермейтінін, әйтсе де өзінің осы халін ұнатпайтындықтан тиісіп тұрғанын Хансұлу жақсы түсінді. Соңғы кездері реті келе қалса өз наразылығын білдіре қоюға әзір тұрған оған бұл жолы да дәйекті ештеңе айта алмай, отырып қалды. Көмейіне тығылған реніш жасын үнсіз жұтып, тамағын жаңа ішіп болған кішкентай ұлын кеудесіне қыса берген. -Ей, сен өз жөніңді біл деп қашанғы айтамын?! Жиырма үшке жаңа шыққан жұрттың қызы әлі үйінде жүр. Бұл сонда он жетіде бір гүлі ашылмай жатып басына қара жамылып отыруы керек пе еді? - Әдетінше шешесі ара түсе кетті. Шешесі сөйлей бастағаннан тұрып кетіп, есікке барып қалған Еркін тағы да бұрылмаған күйі кідіре түсті де: - Он сегіз жасында үйден қашып кетпей-ақ сол жұрттың қызынша жиырма үшіне дейін үйде жүрсе кім қумақ еді? Олай болғанда сіз де елде жоқ заңды шығарып, біреудің адамын үйге әкеліп отырмас едіңіз, - деп, шыға жөнелді. - Қап, мына ұлды-ай! Не істесем екен мұны, ә?! – Шешесі аһылады да қалды. - Мен сөйтуді де құдайдан сұраппын ба?! Мен сөйте гөр, жасаған, деп тілеппін бе?! Бесіктен белі шықпай жатып біреудің азғырғанына көнсе, оған да мен айыптымын ба?!

Уыздай күйінде біреудің босағасында қалай қалдырмақпын?! - Әкесі шай ішіп отырған кесесін төңкере салып, теріс айналды. Әйелі қояр болмаған соң: - Болды енді, істеріңді істеп алып сонша күңіренбей! Маза бер! – деп дүнк ете түскен. Хансұлу кішкентайын көтеріп, келесі бөлмеге кетті. Көзінен парлаған жас екі бетін жуып бара жатыр... ... Ол кезде Хансұлу, шынында да, он сегізге жаңа толған бүлдіршін қыз болатын. Жай ғана күлімсіреуден асатын тасыраң мінезі жоқ, адамға қашан көрсең де иба сақтай жылы қарайтын мойыл көзді, жас шыбықтай балғын денесі сүп-сүйкімді оның кімге болса да ұнауы мүмкін еді. Бірақ Халелден басқа оның ойында ешкім қалмапты. Сол күні ата-аналары мен мұғалімдерінен жасырып биге барып жүрген оныншы кластың үш-төрт қызы мұны да қояр-қоймай ертіп кеткен. Оның үстіне Октябрь мерекесі күндері болатын. Киноға бара-бара жалыққан, түрлі кешкі бас қосуларға баруға анасы рұқсат етпейтін Хансұлу онша көп қарсыласқан жоқ. Анасын тұңғыш рет қыздармен киноға барып қайтамын деп алдап, үйден шыққан. Сол күні Халелмен танысып қайтты. Екі жүз шақырымдай жердегі аудан орталығында тұрады екен. Армия қатарынан оралғанына көп болмапты. Мерекеге байланысты облыстық байқауға қатысатын бір топ көркемөнерпаздармен бірге келіпті. Өзі шофер көрінеді. Хансұлу оны бірден ұнатты. Сол жылы қыс бойы Халел түрлі жұмыстарын сылтауратып, кейде демалыс күндері де жиі келіп тұрды. Мектеп бітіру кешіне шақырған Хансұлудың ұсынысына да қуана келісті. - Сол күні таң атқанша қыдырамын, - деп уәде берген бірде бұл, әншейінде бірер сағаттан артық уақыт бөле алмағанына қынжылып. Сол бір күнді екеуі де асыға күтіп еді... Сол бір таңды қол ұстаса қарсы алған екеуі енді қайтадан ажырасуға дәттері шыдамай, сол күнгі автобуспен жігіттің аулына аттанып кеткен... Соншама асығулары да тегін емес екен. Бәрі аяқ астынан болды. Бір күні Халел жұмыстан келіп, есіктен кіре құлап түсті де, содан қайта тұрмады. «Жүрегі ауырады екен, өзі білмей жүріпті», - дейді дәрігерлер. Жасқа әлі тола қоймаған ұлын құшақтай Хансұлу сөйтіп қала берді. Хабар тиісімен мұның ата –анасы да жеткен. Келулері орынды-ақ еді. «Жалғыз күйеу балалары емес пе, екеуі де келіпті. Оларға да оңай дейсіңбе?! Қызымыз әлдекімге кетті деп әуелде ренжігенімен, мұндайда қайдан шыдасын?!» - деп, көпшілік риза болысып қалған. Әжептәуір беделді қызметтер атқаратын ата-анасының алғашында қызының мектеп бітірер-бітірместен үйден қашып кеткеніне қатты ренжігені де рас болатын. Осы күйлерін немерелі болғаннан кейін барып әрең мойындағандай жағдайлары бар еді. Халел қайтыс болардан екі ай бұрын ғана қыздарының төсек –орнын әкеліп беріп қайтқан. Осы келісте олар бұл үйдің есігін екінші рет ашқан. Әуелде бір көңілдері суып қалған құда-құдағиларының бұл келісіне сол себепті де ауыл адамдары ерекше назар аударған. Бірақ олардың ризашылығы ұзаққа бармады. - Көзімнің ағы мен қарасындай екі баламның бірі еді. Жат жұрттық бала ғой деп, басқа түскенге көніп жүруші едік. Енді оны бұл үйде қалдыра алмаймын жесір қатын атанып, жетім бала болып отырғанына төзе алмаймын. Бұларға қарап отырған жоқсыздар, басқа да балаларыңыз бар екен. Құда-құдағи, рұқсат беріңдер. Мен балаларымды алып қайтамын. – Сөйтіп анасы келген күннің ертесіне-ақ қаралы жандардың алдына үлкен мәселе қойған. Алғашында мұндайды көрмеген жұрт аңтарылып қалып еді, ауылдың сыйлы кемпірлерінің бірі сөздің байыбына тез барып: - Қарағым, бұл сөзіңе түсіне алмадық. Хансұлу сіздің балаңыз емес пе?! Ең болмаса кәделері өткеншеартын күтсін дегенге барып, бірінен соң бірі сөйлеп кеп берді. - «Естімеген елде көп» деген осы екен-ау, бұл қай сөзі?! - Үйбай-ау, ең болмаса қырқы өтсе бірсәрі-ау! - Ері өлген әйелдің өзі қалай кетеді?! Оның үйі осы емес пе? Бірақ анасының шешімі берік екен. Ендігі сөзді естігісі келмегендей, орнынан тез тұрды да, басы салбыраған күйі орамалымен бетін басып отырған мұның иығынан бір нұқыды:

-Тұр, бар да жинал! Тәжікелесіп отыратын уақыт жоқ!- деді зілмен. Ана сөзін жерге тастап, бөтен елдің алдында жігерін жасытуға Хансұлудың батылы қайдан жетсін?! Сүйретіліп орнынан тұрды. Сүйретіліп жүріп, киім-кешегін жинады. Сүйретіліп жүріп, баласын киіндірді. - Қарағым-ау! Шынымен бізді тастап кеткенің бе?! Шынымен, Халелімнің отын өшіргенің бе?! – деп, аңырап келе жатқан анасын көрді бір кезде. - Құдағи, енді жылатпаңыз қызымды! Осы жылағаны да жетеді қалған өміріне! – Анасы оны иығынан құшақтай қайтадан кері шығарып жібергеніне де бақырайып қарап тұра беріпті. - Неғып тұрсың мелшиіп!? Болсаң, баланы ал да машинаға бар. Қазір мебельдерді тиейміз! - Мама! – деді ол осы арада тұңғыш рет анасына тіке қарап. «Кейін де алмаймыз ба?!» деген сұсты сұрақ тұр еді көмейінде. - Бар! – Анасы оның не айтқысы келгенін сезді. Бұған алара қарады да, қайтадан бұйырды. – Қайта-қайта әуре болып жүретін жайым жоқ. Машина дайын тұр, біржола алып кетеміз. – Хансұлу кеудесінің терең түкпірінің тағы да бір үлкен наразылықтың ұшқынын аңғарып қалды. Осы кезде ананың қатқыл қолы оны итермелеп, далаға алып шығып еді. Жұлқысуға дәрмені жоқ келіншек еңіреген күйі алға түсті. Осылайша, қаралы үйді одан сайын қан қақсатып бұлар кете берді... Ең болмаса қырқын өткізіп келсемші! Жылын күтейін деп неге айтпадым?! Не деген ынжық болғанмын?! Анам – ақ болсын, бірақ неге бір рет менің пікірімді тыңдамады?! Мен де бала емеспін ғой! Мен де ана емеспін бе?! Енемді зар еңіреген күйі кеудеден итеріп жатқанда, дәтім қалай шыдады? Баласынан айрылып, қан жұтып отырған жандардың үйінен үңірейтіп, дүние-мүлкін ала қашқанымызға жол болсын! Хансұлу баласын бауырына басқан күйі ұзақ отырды. Ара – тұра көзінен ащы жас тамып-тамып кетеді. Бір кезде өзінен-өзі қатты қорланып, еңіреп жылар жіберді. Оның жылағынан қорқып баласы да шар ете қалып еді. - Қойдым! Қойдым, көкешім! – деп, оны әлдилей орнынан тұрды. Бетіне қарап еді, ұлы да әлі кемсеңдеген күйі өзіне қарап қалған екен. «Жылама, мама!» - дейтін секілді сәби көздері. *** Қолына кішірек қара чемодан ұстаған, енді ғана апыл-тапыл жүре бастаған сәбиін жетелеген Хансұлу қаланың орталық микроаудандарының біріндегі бес қабатты үйдің алдында таксиге мініп жатты. - Автостанцияға жеткізіп салсаңыз болды, - деді ол орныға беріп, жөн сұраған шоферге. Он шақты минуттан кейін таксиден түсіп қалды. Чемоданын жанына қойып, баласын қолына енді ала берген оны: - Мен көмектесіп жіберейін, - деген бейтаныс үн тоқтатты. Қараса, дәл жанында Қайырболат тұр. - Чемоданыңызды алып жүруге рұқсат етіңіз, - деді ол аңтарыла қараған мұны сөзіме түсінбей қалды ма дегендей. – Көмектесіп жіберейін. - Рақмет. – Хансұлу оған «чемоданым міне тұр» дегендей сәл шетке ығысты. - Қайда баратын едіңіз? - Геологтар поселкесіне. - А, онда жолымыз бір болды. Сәлден кейін бұлар автобусқа келіп отырды. Қайырболат Хансұлумен қатар орналасып, сөзге тартты. Геологтар поселкесінде кімнің үйіне бара жатырсыз? Қалай кімдікіне? Өз үйіме барамын... - Солай ма? Кешіріңіз, мен бұрын біздің ауылдан сізді көрмеген секілді едім. Сол себепті туыстарының үйіне бара жатқан жоқ па екен деп ойлап қалғаным. Сізді тіпті

баласы бар адам деген ойымда жоқ еді. – Хансұлу өзін жігіттің танып қалғанын сезіп, қызарып кетті. - Менің гүл сыйлағанымды айтасыз ғой. Өнеріңіз ұнаған соң ықылас білдіруді борышым деп есептеген едім. Оның үстіне менің күйеуіме қатты ұқсайды екенсіз. Ал менен қайда бара жатырсыз деп сұрауыңыз жөн. Менің мұнда үйім бар деп айтуға хақым да жоқ шығар, - осыны айтты да, мүдіріп қалды. Түсінбедім. Егер үйіңіз болса, бұлай деуіңізге не себеп? Мүмкін, сіз оны білмейтін шығарсыз. Мен Халел деген жігіттің келіншегімін. Сіз... Хансұлумысыз? – Қайырболаттың көздері үлкейіп бара жатыр еді. Иә, - деді Хансұлу күрсініп. Сосын: «Менің атағым жайылып болған екен», - деп күйіне ойлап қойды. Біржолата келе жатырсыз ба? Иә, қуып жібермесе, сол үйдің босағасында қаламын. – Бқл жолы Хансұлудың үні нық шықты. - Мүмкін қалмассыз. Арада бірер жыл өткен соң өз қызындай етіп біреуге ұзатуы да мүмкін ғой, а? Ондайлар аз ба? – Қайырболаттың өңіне қуақы күлкі жүгіре қалыпты. Бұған сынай да, күле қарайды. Хансұлудың өңі де сәл жылығандай. Бірақ үндеген жоқ. Олай болса қарсылығым жоқ дейтіндей. Автобус бірқалыпты дүрілмен әлі ағызып келеді. Хансұлу кеудесін кернеген әлдеқандай бір жайлы сезімді сезінген сайын, алдында қамсыз пысылдаған бөбегінің маңдайын құшырлана иіскеп қояды. Ал алдында қанша қарасаң да жалықтырмастай жарқыраған түп-түзу асфальт жатыр. Көзіне өз ошағының түтіні елестеген Хансұлу қайтақайта тесіліп, көкжиекке қарай береді. «Қашан жетер екем», - деп асығып келеді.

БІР НОЛЬДІҢ ТАРИХЫ Әділ сол күні үйге әдеттегісінен ертерек келген. Партия –шаруашылық активінің жиналысы аяқталысымен басқа еш жаққа бұрылған жоқ. Кәсіпорындар жанынан қосалқы шаруашылықтар ұйымдастыруға байланысты сөйлеген сөзінің көпшілікке ұнағанына көңілі толып, соны тезірек келіншегімен бөлісуге де асыққан. Алда –жалда осындай бір бір көңілі көтерілген кездерде әңгіме бастай қалса, оның: - Е, жарайды, не істесең де өзің біл. Маған әйтеуір осы үйге ай сайын жеткізіп тұратын тиын-тебеніңді азайтпасаң болғаны, - дейтіні де бар. Әдетте ондай сөзге қатты қапаланатын Әділ бүгін де сөйтер деп ойлаған жоқ. Қосалқы шаруашылық дегеннің өзі мұның көкейінде көптен бері жүрген кейбір ойларымен тым ұқсас келгеніне қайран қала сүйінген. - Осы біздің жеріміз құм. Жеміс өсіру қиын дейміз, бірақ көп күтімсіз-ақ біздің сол құмдақ даламызда өсірілген қауын-өарбыздың тәттілігі тіл үйіреді. Соны неге көптеп екпеске?! Анау Шымкент секілді облыстардағы кейбір конторлардың алды-арты жемісжидектен көз тұндырады дейді. Біздің өлкенің өзінде де бақ өсіріп отырғандар аз емес. Сондайларды неге көбейтпеске!? – деп айта жүретін. Әйткенмен соларының бәрі әншейін әңгіме болып қала беретін. Енді сол ойларын партияның өзі өзі мақұлдап, сол жолды нұсқап отыр. Рас, партиялық документте айтылған жайлар оның ойларынан аумақты да көрнекті. Бірақ Әділ өз ниетінің сонымен үндес болғанына қуанған. Сондықтан да болар, актив жыналысындағы оның сөздері де ерекше әсерлі, табиғи шығып еді. Неге екені белгісіз, үйіне кіре бере-ақ оның ізгі ойлармен лепірген көңілі әлдеқандай бір тосын сезіммен секем алып, бұзылып бара жатты. Әншейінде қаншама шашылып жатса да, көзіне оттай басылып, өз от басының ыстық лебі жанын баурайтын жігіт көңілі дәл қазір бір жайсыз күйді еміс-еміс сезетін секілді. Бірақ неге? Мүмкін дәл есік көзінде линолеум бетін айғыздаған іздер болар? Бұлай дейін десе, кісі келмей жүрген үй емес қой деп және ойлайды. Ауданнан келіп жататын ағайындар мұндай суреттің

талайын салып кетіп жүрген жоқ па? Оған неменеге елегізеді? Үйдің іші ретсіз шашылып, қайтадан ретсіздеу асығыс жинала салған секілді. Әйтеуір, Алтынның күндегі жинасынан өзгеше. Әлде соған қобалжыды ма? Үйіндегі өзгерісті неменеге жорырын білмей сәл тұрды да, сағатына қарады. Асхаттың балалар бақшасынан алынатын уақыты болып кетіпті. Айтпақшы, осы уақытқа дейін олар неге үйде жоқ? Алтын баланы алып, дүкенге кетті ме екен? Баласы мен келіншегі келе жатқан жоқ па екен, қарайыншы деген оймен кухня арқылы балконға өткен. Мұндағы көрініс оның көңілін тіптен күптендіре түсті. Картоп пен пияз салынған екі жәшіктің екеуі де төңкеріліп жатыр. Балкондағы столдың астында жинаулы тұрған ескі газет-журналдардың бәрі шашылып қалыпты. Біреулер әлдене іздегенге ұқсайды. Бірақ кім? Іздейтін нелері бар бұл үйде?! Әділ дереу кері жүгіріп, енді ұйқтайтын бөлмеге күрді. Шифоньерді қарап еді, аузы кілттенбей, жай ғана жабыла салыпты. Ашып қарап, ондағы заттардың да алынып, қайта салынғандығын аңғарды. Жоғары полкада әйелінің алтыннан соғылған әшекей бұйымдары салынған қорап тұратын. Ол орнында екен. Ұры түссе, соны неге алмаған?! Апырау бала қайда? Алтын неге кешікті? Шағын ғана бір мекемеде кассирлік қызмет атқаратын келіншегінің үйге жұмыстан кешігіп келген кезі есінде жоқ. Әсіресе мұның жетпіс шақырым жерде жұмыста емес, қала ішінде жүрген күндерінде мүмкіндігінше үйде болуға тырысатын. Бүгін не болды? Әділ енді байыз таппай, сыртқа ұмтылған. Сыртқы есіктің тұтқасынан ұстай бергені сол еді, телефон шар ете түсті. Бақшадан екен: - Асхатикті неге алмай жатырсыздар? – дейді тәрбиеші. Бір сағаттан бері сонымен отырмын. Сіздер келмеді деп өзі жылап қалды. - Қазір барамын, - деген жалғыз ауыз сөзбен Әділ енді ұлын алып келуге жөнеле берді. *** Бұл кезде Алтын есік-терезесі темір тормен мықтап бекітілген кішкентай бөлмеде отырған. Ойсыздау көздерін бір нүктеге қадап ойланғансиды. Бірақ бума-бума көкала қағаздардан басқа ештеңе ойына түсер емес. Күйінген адамның қалпын жасап, жылағысы да келеді, бірақ онысынан да ештеңе шықпады. Ақыры қолын қусырынып, мелшиіп отырды да, өзінің бүгінгі басынан кешкендерін көз алдынан өткізе бастады. Бәрі де ойда-жоқта басталды. Банкіден біраз ақша алуы керек болатын. Барса, кезек күтіп тұрған адам екеу-ақ екен, көп күттірген жоқ. Бүгін Әділдің қалада екенін, түскі асқа келіп қалуы мүмкін екенін ойлап тұрып, алдына бума-бума ақшалардың томпылдап түсе бастағанын бір байқады. Сумкасының артын ыңғайлап, санап ала бастаған. Бір кезде... өзі алуға тиісті бумасын алып болса да, әлі де томпылдай түсіп жатқан көкала қағаздарға қарап, мелшиді де қалды. Асып кетті ғой деп айтайын десе, әлденеге булығып, даусы шығатын емес. Тіпті көбейіп барады. Мұнда үн жоқ. Бітті -ау! Сумкасына бумаларды асығыс нығыздап салып алып, дегбірі кеткен Алтын сыртқа шығып, бір «Уһ!» деді. «Бір ноль! Бір нольден ғана қателесті!» Әрі қарай ойлауға жүрегі дауаламай, ол жеделдете басып, тура үйіне тартты. Банк қызметкерінің сол бойда-ақ мүлт кеткенін біліп қалып, із кесетінін ол сезген де, ойлаған да жоқ. Тіпті өзінің не істеп, не қойғаны да есінде онша қалмаған секілді. Әйтеуір үйге барып қуыс-қуыстың бәрін көкала қағаздармен толтырғаны, ентігіп, енді бола бергенінде есіктің қоңырауының шар ете түскені, сау етіп бірнеше адамның кіріп келгені, милиционердің қызыл ала иықтары ғана есінде. Өзінің екі көзі алақтап, тіл қатуға мұршасы келмей, отыра кеткенін біледі. Бәрі де қас пен көздің арасында ғана болғандай. «Апырау, маған сонша не көрінді?!» деген ой қылаң береді. «Неме жетпей жатыр еді?» Бірақ көңілінің түбінде мызғымайтын бір жалмауыз жатқан секілденеді. «Көлгірсіме!» дейтіндей ол бұған алар қарап. Алтын ернін тістеп, жым болды. Әлдекімнен қорғанғысы келгендей, жары мен баласын алады есіне. Бірақ күйеуінің ызғарлы кейпінен өзге ештеңе елестемейді. «Абыройымды айрандай төктің ғой!» - дейтіндей жартыаралдың маңдайалды мұнайшылардың бірі бұған жиіркене қарап. «Жоқ!

Ол енді маған жоқ» Осы бір ғана ой санасын осып түскендей болған Алтын тұңғыш рет өзегі өртене ащы жасын төгіп жіберді. *** Әділ оның бар жағдайына көп ұзамай-ақ қанды. Асхат екеуіне есік алдынан жолыққан екі-үш көрші әйелдің бұларға мүсіркей қарап, күбірлесуінен-ақ шошынған ол, жандарына жетіп барып, Алтынды көрметіңдер ме деп сұраған. Әйелдер, шынында да, шет жағасын білетін болып шықты. Араларында милиционері бар бір адамдардың оны машинаға отырғызып алып кеткенін айтты. - Өзің білетін шығар деп, үндемей тұр едік. Шүйінші сұрағандай, ыңғайсыз әңгімені қалай айтарсың? – деп күмілжиді. Әділ олардың барлық жағдайды да жақсы біліп тұрғандарын сезді, бірақ одан әрі ештеңе сұраған жоқ. Асхатты көрші пәтерде тұратын көршісіне тапсырды да, өзі дереу милицияға тартқан. Сұрастыра жүріп, бар жағдайға қанды. Бірақ Алтынға жолығуға рұқсатты ертеңіне ғана алған. - Кешір мені! Кешір! – деп, еңірей берген келіншегінің шашы қобырап, жылағаннан бұзыла түскен түрі Әділдің зығырданын қайнатқандай еді. Ол осы бір сәтке дейін әлденеге үміттеніп, қателескенге сайып тұрған. Есіктің темір торынан қос қолдай ұстап, дәрменсіз еңіреген әйел түрі оның сөзсіз кінәлі екендігін айқын ұқтырған сәтте есеңгіреп бара жатқандай әсерде қалды. - Не көрінді?! – болды оның алғашқы тіл қатуы. Жауап берерліктей Алтында хал көрінбеді. - Есіңде болсын, - деді бір кезде күйеуі, - бұдан былай сенің балаң да, күйеуің де жоқ! Асхатқа сені машина басып, өліп қалды деймін! Мазалаушы болма! - Әрбір сөзін шегелей айтып болып, кілт бұрылып жүріп кетті. Көктемнің соңғы күндерінің зілсіз салқынына қарап кие салған аппақ жұқа курткасының қиғаш қалталарына салынған қолдары әлденеге тастай түйіліп, қалтасының түбін тесердей кере түсіпті. Ұзын бойы иіліп, сәл еңкіш тартқандай. Оның осы кеткені кеткен екенін енді ғана анық пайымдаған Алтын: - Әділ! Жаным! –деп, ышқына айқайлап жіберді. Әділ бұрылған жоқ. Ол қазір Асхатының алдынан жүгіріп шығатынын, сосын шешесін сұрайтынын ойлап кеткен. Көшеге шыққан соң жаздың келіп қалғанын есіне алды. Асхатына берген уәдесі есіне түсті ойына. «Биыл жазда саған Москва мен Ленинградты көрсетемін. Сен мектепке барғанша машина да сатып аламыз. Сонан соң сол машинамен Қазақстаннның барлық көрікті жерлерін аралатамыз. Самарқан мен Ташкентті көрсетеміз,» - деуші еді-ау баласына. Енді не істейді? Анасының мынау ісі өмір бойы бетіне шіркеу болатын болдыау! Оны қазір алдағанмен, кейін бәрібір естімей ме? «Жоқ... жоқ...ең бастысы, қазір жанын жараламау. Және бес жасар балаға не деп түсіндірерсің?! Мамаң алыста жұмыста деу керек болар», - деп шешті де, біреудің үйінде оның өзін күтіп жаутаңдап отырғаны есіне түсіп, адымдай басты. Оның келешек өмірінің бар жауапкершілігі өзінің мойнында ғана қалғанын ол осы мезет жүрегі ауыра сезінген.

ӨЛЕҢДЕР КҮН МЕН БҰЛТ

Құба жонда жөнелді сағым ойнап, Жарысып, Еркіндікке көсіліп, Құмарлана алысып. Ұзақ уақыт қапаста қалып қойған торғайдай, Шексіздікпен – даламен, Емірене табысып... Шуағымен дүниені мейірлене аймалап, Іздегендей әлдене, Жүгіреді «қайдалап.» Осы кезде алыстан келе жатты бұлт төніп, Жарқылдата, Қолдағы айбалтасын, Қайрап ап... Күннің сол сәт қабағы шытынды да, Аз ғана, Соңғы рет қарады, Сағым жаққа, Наздана... Сосын оны ертті де, Ар жағына бұлттардың, Кете берді жайымен, Маң-маң басып жаз-қабақ...

Аспан қалды қап-қара болды-дағы, Түтігіп, Дала жатты шөліркеп, Бір сусынды күтініп. Сәлден кейін шелектеп, Бар қаһарын төкті де, Маңғаз тартты көк жүзі, Тұрғандай іс бітіріп... ...Тағат таппай бір кезде, Бұлттар көшті жөңкіліп, Моп-момақан боп қалды, Жаңбырдан соң көл тынып. Сусындаған кең дала кеуде кере күрсінді, Тек аспанда байқалды әлдеқандай олқылық... Осы кезде, Күн қайта шыға берді күлімдеп, Қуаныштан бар дүние кетті бір сәт дірілдеп. Күн мен бұлтқа кең дала қарады да кезекпен, Деді «маған ешқашан жат емессің бірің де...»

МАҢҒЫСТАУ СӨЗІ

Менің кеудем сыр сандық-тын, Қазына-тын, Болатұғын бірақ тірлік аз да тым. Жиырмасыншы ғасыр берген ұлы күн, Келіп ақыр, маған-дағы жазды атын... Қазақтың мен бұрышы емес қараңғы, Жарығымын, Жақын еткен жаранды. Сан ғасырлар іркіп келген үнімді, Шығардым да, Күмбірлеттім даламды... Білгің келсе, Шежіремді тыңдағын, Шет емеспін мен өмірге бір қадым. Ілестіріп келем қайта барлығын, Тарих даусын, Бүкіл әлем ырғағын... Тұяғы от, Қимылдары серпінді, Ерлер ылғи еншілеген еркімді. Солар менің көкірегіме шам жаққан, Солар мені сымбатыма келтірді...

Қарашы өзің бір сәтке, Ойландағы, Алтыным қанша мынау қоймамдағы... Бүгінде өркен жайсам облыс боп, Санай бер, Алда қанша тойлар барын... Қарашы өзің бір сәт жоғарыдан, Әлі де жасыл бауға толады маң. Қойным – қазына, Даламда - мыңғырған мал, Келешек құдіретін мен содан ұғам... Білгің келсе, Шежіре көп айтатұғын, Өмір үшін бал татып, Май татыдым. Оу, адамдар, Сендерге басымды ием, Алдырмаңдар ешқашан қайта тыным...

ҚАРА АЛТЫНЫ ХАЛҚЫМНЫҢ...

Мұнай, мұнай.... Сары май... Қапқара май. Келбетіне халқымның жаққан арай. Бейнеті мол қазақтың жерін кеулеп, Бақытына айналған баққа қарай... Мұнай, мұнай... Қара алтын қазынамыз... Қаталдау табиғаттың назы нағыз. Қан тамырдай таралған тамырлардан, Қарақошқыл жер қанын ағызамыз... Мән сыйлаған тірлікке, Сән сыйлаған, Мұнай көзін тереңнен аршиды адам. Жапан түзде ертегі қала салып, Естен кетпес жасады сан сый маған... Талайларды келтірген жарқын жүзге, Мұнай деген қап қара алтын бізге. Мұнай іздеп кеземіз қиырларды, Ыстық шілде, Қатал қыс, Алтын күзде...

Қап - қара қан жүгіртіп тамырына, Қара алтынның боялып сағымына, Қолын созған әлемдік биіктерге, Сүйінемін Маңғыстау алыбыма...

ЖАҢБЫРЛЫ КЕШ

Антенналар – бұрымдар төбесінде, Мойнында, Ұзын, қысқа түрі бар, Енінің де, бойдың да. Ағайынды жандардай, Үйіріліп жағада, Сұлу үйлер жылап тұр, Жаңбырлы кеш қойнында... Жаңбыр бүгін жауды да, Бір қызықты көрді алап – Жалтыр асфальт үстінде тым асыға жорғалап, Маңғыстауға бітпеген пайда болып бұлақтар, Аяқтарды ілгері бастырмайды, Жолды орап.. Жаңбырлы кеш қалғиды, Бей-жай күйге бөленген, Тербетіліп әуенмен, Бір емес өлеңнен. Жоғарыдан себелеп, Көлшік болған тамшылар Доңғалақтан ұшады, Қайта өзгеріп, Төменнен...

«Қандырсыншы шөлін бір, мынау алап» Деп тұр ма ең... Құйдың, жаңбыр, шелектеп, Кенезені кептірген... Шыт жаңа боп жуынған қарағанда қалама, Алып-ұшып жүрегім, Бала болып кеттім мен... *** Аптап қысқан қаланыңТарылғандай тамыры, Бет шарпиды бар тұстан, Күннің ыстық жалыны. Өткір сәуле, қарасаң, Жанарыңды қариды, Емін-еркін көрсетпей, Шақырымнан арыны... Көшелерде көбейіп, Әйнектердің жарқылы, Шапқылаған сәбидің Баяулады қарқыны. Шашымызға сіңіріп, Күннің құрғақ иісін... Дүниеге қараймыз Көзілдірік арқылы...

Уақыт мүжіп, айналған, Жағасында тас құмға, Майда толқып, Сусиды табанымның астында. Құшағына теңіздің қойып кеттім, Алаңсыз, Бетті қари шыжғырған, Күн көзінен қаштым да... Аптап қысқан далада тарылған-ды тынысым, Күн шыжғырып, Көз қарып, Мандымаған жүрісім – Теңіз енді аймалап, Салқын, Сұлу ернімен, Әлдиледі тербетіп, Сылдыр, Сұлу күміс үн... Айналайын, табиғат, Теңізіңнен, шөліңнен, Бірде апшыны қуырса, Бірде рахат көрінген. Ыстық, суық сезініп, Ысылып біз келеміз, Қызығың да сонда екен, Қымбатсың да сонымен...

МАҢҒЫСТАУ КӨКТЕМІ

Жел қамшыдай үйіріп жаңбырыңды, Су - су бұрым, жандәрмен, Талға ілінді. Ару көктем, асыға, жерге жетіп, Сағынышпен құшқандай, Әрбір ұлды... Жел айдаған жіп – бұлақ, жағалап қыр, Таутолқындар, шашына тағады ақ гүл. Жаңбырлы жел көктемнен хабар айтып, Тереземді қос қолдап сабалап тұр... Айналайын, көктемім, айналайын, Құшақ ашқан қашан да, майға дәйім. Шалшық судан шошаңдап қол көтерген, Қандай әсем ақ моншақ, майда қайың... Шырайменен маңызды бір іс қамдар, Жинап алып пысығын ұлыстан бар, Жерді зерлеп тұрғандай, Бойын созып, Табан тіреп аспанға күміс талдар... ***

Арасына жаз қыстың сына қағып, Балауса тал желпінді тұра қалып. Алғаш жауған ақ жаңбыр Маңғыстауда, Терезеден барады жылап ағып... Көңілдерде оятып қанатты арман, Майда шуақ шапағат таратты алдан. Көктем келді ерекше бұл маңайға Қара алтынның лебімен, қанаттанған. Көк желеңін көктемнің киіп кетіп Жас шыбықтар қойды өзін сүйікті етіп. Көсіледі кең дала, көз алдымда, Мұнаралар шоқтығын биіктетіп. Серуен құрса қыз жігіт жаға бойлап, Бүлкілдейді көк теңіз сағағы ойнап Жағаласып, Жарысып ерке толқын, Көрік қосып, Сән беріп, Салады ойнақ...

Дала шалқар, Күн сұлу, Көңіл биік, Тыңдайтындай бар әлем сөзіңді ұйып. Жер ананың жаңғырған жаңа кейпін, Алғандайсың бір сәтке өзің киіп... *** Көңілде көктемдей бір шуақ, Бар кірбің аулаққа қашыпты. Көбелек гүлдерді шымшылап, Алғашқы базарын ашыпты... Сәулесі көзіңді ұялтып, Дүниені жарыққа малыпты. Біртіндеп күн бойын ұзартып, Қуантты еңбекші халықты... Жарқыл бар көздерде ерек бір, Көктеммен бір келген биыл да. Бақтарда балауса терек тұр, Сабырмен бас изеп құйынға... Бұлақтар қосылып шулайды, Жатса да, табанын мұз қарып. Тек қана өр теңіз тулайды, Дидарын көктемнің қызғанып... ***

Күн сүйіп, Көкірегің жарқылдаған, Өр кеудең бұйраланған, Алтын далам. Болмайды сенің сиқыр әуеніңе, Ермеген, Елікпеген, Талпынбаған. Томсарады жартастар бұйық түсіп, Бұрқанып жатқаныңда күйіп-пісіп..... Мәз болар тек ақ шаңқан шағалалар, Төсіңді қайта – қайта, сүйіп - құшып... Жайлатып көкірекке көркем үміт, Сырлы саз дидарынан мол төгіліп, Сен менің тербелесің көз алдымда Мөлдір аспан үстіңнен төңкеріліп. Дүние әуеніңнен ән тыңдаған, Ғасырлар қасиетің сарқылмаған. Күн ару көтеріліп барады, әне, Орнатып төскейіне алтын баған... ***

Шалқар кейпің, Кең тынысың, Өр тұлғаң. Сенде ерек сұлулық бар мол тұнған. Оның сенің, Тазалығың тұп - тұнық, Бұйра - бұйра көкірегіңде толқыған. Жиегіңді ашық аспан көмкеріп, Ол да саған тұр әсемдік төңкеріп. Алаулайды күннің жарқын сәулесі, Кешкілікте баратқандай өртеніп. Ашылады мына аймақта мол сәнің, Тұңғиығың жұлдыздарға толса мың. От көңілім жарқылдайды менің де, Дәл өзімнен шашылғандай сол сағым...

КҮЗГІ ЖАПЫРАҚ

Жаз дәурені азайып қалғасын ба, Селдіреген жапырақ тал басында, Жер-ананың қойнына жөнеледі, Шайқалақтап ауаның арбасында... Алыс тартып, азайып жігер, қызық, Сар түсінен сарала жыр өргізіп,, Жапырақтар қоштаса қол бұлғайды, Жаз әлемнен біржола, күдерді үзіп... Жапырақтар... Сарыала жапырақтар... Әрбіріңде қаншама жатыр ақпар... Күнің өтіп барады-ау... Күнің өтіп, Шашу болып соңғы рет шашырап қал... Жапырақ тал басында селдіреген, Жаңа ғана бүр жарған өндір өлең... Жаз қызуы жасартып кетіп еді, Күз қазаны қуырып, Солды денең...

Топырақтан қайта орнап сән басыңа, Айналарсың тіршілік жалғасына,,, Жер-ананың қойнына жөнеле бер, Отырып ап, ауаның арбасына...

ҚЫСТА

Қара...қара... Дала неткен... Дала неткен көрікті... Аппақ әлем билеп алып бара жатыр ерікті... Түніменен терезенің отырып ап түбіне, Аяз ата, Әйнегіне сурет салып беріпті... Бейнелепті дала шөбін, Таудың биік шыңдарын, Сілемдердің көкке мойын соза өр қарап тұрғанын. Төрге ұстаған тұскиіздей, Әне бі р тұс бедері, Көрсетпектей табиғатта таңғажайып сыр барын... Қалың жауған қар соңынан ауа қандай тұп-тұнық, Салғырт күйді бара жатыр әлдеқайда ықтырып. Талдар басқа бүркеп алған, Ақ желекті сілкіген, Балаларға торғайлар мәз, Қуана шық-шық күліп...

Жуасып қап асау боран, Қол апартпас жалына, Күн шығыпты... Күн шығыпты, дүние күткен зарыға.. Тек қана үйлер төбесінен жел үрлеген ақ ұнтақ, Опалап тұр Жер ананың ақша жүзін тағы да...

БАБАЛАРҒА

Бабалардан қалған бәрі – Ауа, жер, су, тірлігім, Сыйлады олар сезім отын, Жан жүрек пен Күн нұрын. Тарту еткен жарық дүние, Он сегіз мың ғаламды, Маған бейне солар Жердің ұстап тұрған кіндігін... Бабалардан қалған бәрі – Әдет-ғұрпың, салтың да, Айырбасқа жүрмейтұғын ешбір асыл, Алтынға. Кісілікті, киелі мен әулиені пір тұтқан, Қайталанбас қасиеті қалып қойған халқымда... Бабалардан қалған бәрі – Ән менен күй, Жыр, терме, Кішісіне – ілтипаты, Сый-құрметі -үлкенге. Ықыласты меймандостық, Инабатты, ибалы Қасиеттер қалды олардан, Арман болған сырт елге...

Бабалардан қалған бәрі – Тілім, Дінім, Қонысым, Көркейткен де солар ту ғып туыстықтың өрісін. Бұл дүниенің сан қызығын тарту еткен өлшеусіз, Алдарыңда борыштымыз деп ұғамыз сол үшін. Бабалардан қалған бәрі – Соларменен бір қаным, Соның күйі - тартатыным, Соның әні – шырқарым. Есімдерің есімізде мәңгілікке жатталар, О, бабалар, Аруақтарың жебеп жүрсін ұрпағын...

ЖЕР ҚАНЫ

Адыраспан, ащы жусан, Бауырында – құм шағыл, Көшіп жүрген шақтарында, Төбеде ойнап нұр-сағым, Сан мың метр тереңдікте алтын дария бұрқанып, Сан мың ғасыр тепкілепті Жер ананың құрсағын... Боз жиденің тармақ талы, Жерге мәңгі бас ұрған, Бұйырғын мен боз бидайық, Ақ шөп ажар қашырған. Жүзген, жыңғыл, Түйесіңір, Сексеуіл мен құсқонбас, Сұғанақкөз көп дұшпаннан жұмақ кілтін жасырған... Сан мың метр тереңдіктен Жердің қанын емізген, Түсінікті, Дұшпандардың дала үмітін неге үзген. Перзентіне сақтаған ол ен байлығын өлшеусіз, Бір жүз отыз екі метр тереңде де теңізден...

Далам менің одан өткен тапқырлықты таппаған, Қазақ үшін қазынасын тереңдерде сақтаған. Алтын дария теңіздерін ақ тастармен көмкеріп, Ажарсыздау алып жерін алтын құммен қаптаған... Байлығымен айналдырар алынбайтын қамалға, Жарқыратып жағатұғын оттары бар сан алда. Қазақ сынды қарапайым, Бірақ іші сыр сандық, Таңғажайып даналық бар менің ұлы даламда...

ЗЕЙНЕПТІҢ КИІЗ ҮЙІ

Ән салдырған Тастемір мен Досатқа, Көрік қосып осы атқа, Маңғыстауда, Он саусағы өнер күйін төгіткен, Бір келіншек тұрады екен Қошақта... Сүйіндірген ажарымен маңды әрі, Еңбегіне зейнет құйған таңдары, Зейнеп атты сол әдемі кеіншек, Аты шулы жылқышының жан жары... Кеуде толы сырларыңды бірге ұғып, Қуанысып, Той болардай, Дүрлігіп, Ол тоқыған басқұрлар мен баулардан Қарап тұрар бұлбұл сайрап, Күн күліп... Артық бейнет көрер бәлкім, Кім ермек, Ал келіншек қиял құсым түлер деп, Дала кейпін алашаға түсірсеКөктем болып, Сыр шертеді гүл-өрнек... Бабамыздан қалған осы нақ мұра Зейнептің шын жанына тым жақты ма –

Киіз үйді тігіп қойды ұядай, Бау-бантиктің неше түрін тақты да. Өнер десе бата бере жайған қол, Бұл өңірде жақсы дәстүр, Сайран мол, Зейнептің сол махаббатын паш етіп, Маңғыстаудың көрмесіне айналды ол...

ӘБIШ АҒА

Ұрпақтарды тамсантқан сымбат, нәpi Ғұмырыңыз тiрлiктiң түрлi ақпары. Тәуелсiз ел төрiнде жарқыраған бұл ғасырдың Өзiңiз бiр мақтаны. Төккен шақта әуелi жыр нөпiр ғып, құдiреттi тәңiрiм күрт Өкiм ғып - ұлы жолдың басына айналыпты "Алтын шуақ" көмкерген "Бiр шөкiм бұлт". Тексiздiктi - адамға дұшпан аты теже, - дейтiн ұрпаққа нұсқа хаты. "Шыңыраудың" тұңғиық тереңдерi, елжiреткен жүректi "Құсқанаты". Қойнауына тарихтың алып кiрiп, Құпия сырларына қанықтырып. Кеткендей сәулесiмен жан сарайды, "Уркер" мен "Елең-алаң" жарық қалып.

Тiзгiндеген шақтарда ой - алыпты, Алуан түске сан сурет боялыпты. Замананың сырлары сұхбат болып, Аруымыз ұйқыдан ояныпты. Айналдырған ұлылық қорғанына Талант деген орман ба, ордалы ма - бiрге түлеп заманмен құйылыпты құнар қосып жылдардың қорларына. Бақыт кейде десек те азапты-нұр, Өмip Сiзге сыйлапты ғажап ғұмыр. Қаламменен, Бiлiммен, Парасатпен Көтердiңіз биiкке қазақты бiр. Сан елге тән қасиет, ғұрыпты ұғып, Кемеңгер кейпiңiздi шын ұқтырып Танытып талай тұста келесiз Сiз Биiктiк, кемелдiлiк, бiлiктiлiк. Жылытса жүректердi жан шуағы, бiлiммен көңiл кipi аршылады. Нұр шашсын деп Әлемге сыйға тартқан Сияқтысыз Маңғыстау шамшырағы.

Жағаңыз - жайлау, баста - құндыз бөрiк, Тамсанады ұрпақтар - ұл-қыз көрiп. Аспанымның шырайын келтiр мәңгi, Жүр аға мәңгiлiкке жұлдыз болып. ОРЫН АҒА (Маңғыстаудың өнер бағбаны Орын Құлсариевқа) Орын аға орнын тапқан өнерден, Өнерімен өсіп-өніп, Көгерген. Күймен бірге күмбірлесе ол егер, Көзін алмай, Қол соғады көрермен... Мәңгі орнығу әуезді, Әсем тұғырға, Өнерменен егіз деген ұғым ба.... Дирижер да, Күйші де өзі, Өнердің Еш түрінен жиренбеген ғұмырда... Орын аға, Жақсылыққа жаршысың, Үлгі болды өзгелерге қанша ісің... Қаншама жыл тер төктің сен татсын деп, Әр көкірек әсемдіктің тамшысын.

Танылатын көңілдерде жаз бары, Тіршіліктің сен оятқан аз ба әні Қаншама жыл тер төктің сен қалсын деп, Әр жүректе сұлулықтың саздары... Өнер десе өрге жүзер арманы, Шәкірттерің майысқан бал бармағы, Ойда-қырда домбырасын шалқытып, Қанша рет қобыз болып сарнады... Жылдар бойы өрген өрен ізіңнен, Маңғыстауға маржан болды тізілген. Салтанатың арта түсер әрқашан Өнер сүйген ауылдас, Ұл-қызыңмен. Сан дарынға елі танып, еркем дер, Жол аштың сен, мақтан тұтар ертеңдер. Сені көріп қайта оралған секілді, Асатаяқ, сыбызғы мен шертерлер...

Ашықтықтан ажырамасын көгі елдің, Таусылмасын сырлы сазға бөлер күн Аймағымда мәңгі көктеп тұрсын тек, Сен баптаған бәйтерегі өнердің... МАҢҒЫСТАУЛЫҚ АҒАЛАР (Тілеген Өрісбаевқа) Мамықтай ақ көбігі бетінде ұйып, Қалатын бал шұбаты келін құйып, Отырса - Маңғыстауда әз ағалар, Сезінеді өзін патша, Жерін – биік... Демейді ауыл – шалғай, атым – арық, Машина, самолеті жатыр ағып. Керексе жылқыларын үйірінен Арқардай отырады атып алып... Ағызып еңбегімен бұлақ қырдан, Зейнеттен несібені сұраттырған. Сүйдіріп көкіректі сал самалға, Даланың дархандығын мұрат қылған...

Келтірсе домбыраның құлақ күйін, Сұлу үн елестетіп бұлақ биін, Кеудені сұлу сазға толтырғанда, Оларға дүние құны бір-ақ тиын. Шұбатсыз жүрмейді, Емес шарапқұмар, Байлығын тауыспайды санап бұлар. Баптаған жүйрігінің бәйгесіне, «Волгаға» мініп келіп, Қарап тұрар...

ҚЫЗ НАМЫСЫ

Бір қылығы, бір сөзі, бір-ақ сәтте қас қағым, Хабар беріп үлгірер болмысынан қасқаның. Қалай-қалай әдемі әдіптеген қазағым, «Қыздың жолы жіңішке» деген сөздің астарын. Солар үшін жүректе уайым жиып зіл батпан, Барар жерің біреу деп, кіріп-шығар бір қақпаң. Иба сақтап алдында ықыласын жоғалтпай, Келінге айтып ақылын, қыздарына тыңдатқан. Қыз өсірген жылдарын деп есептеп қиын шақ, Жаны ауырар ата-ана күзетіпті үйін сақ. Әлі күнге отырар «арлы бол,-деп,- қарағым»,- Қыздарына қазағым қырық үйден тыйым сап.

Күлу менен жүруде қойып оған көп талап, Балапандай баулыпты әлі ұшпаған көкқанат. Аналардың ибасын зердесіне сіңіріп, Ұяңдыққа үйреткен, инабатпен ноқталап. Ақтарылып кетуге дайын ылғи бүкіл лек, Шелектегі айрандай, толып тұрған шүпілдеп, Қазақ қыздың ұятын маңдайдағы таңбадай, Ғұмыр бойы жер етер қабылдаған үкім деп. Бірақ оның жабысқан тағдырына талақтай, Айықпайды-ау бір қауіп, қызыл тілі жалақтай. Қанша қорлық көрсетті заты әйел болғаны, Тым құрыса, жауызды сәбилікке қаратпай. Қыз екенін анасы, қыз екенін баласы Жетесіне жеткізбей көргенсіздік санасы, Азғындардың тырнағы жарақаттап, Адамдық Қасиетке қанша рет дақ түсірді, Қарашы!

Аһ, Жүрегім! Жүрегім, қысыласың мұншалық, Қорлықпенен кетпеген арымызға кім сарып!? Тапталды екен аяққа қанша қыздың намысы, Аялаған арманын кетпей жатып Күн шалып. Қанша опасыз әйелдің жүрегіне салмақ сап, Зорлықпенен арының жағасына жармасты-ақ!? Қанша жүрек тоналып аяулы ыстық сезімнен, Қорлық мүжіп санасын қалды екен қан қақсап?! Тірі көміп, тұқыртып ата-ананың ақ басын, Көрсетпесін тағдырың қара ниет тақтасын. Айналайын, қыздар-ай, қыл көпірдей жолыңда Әйел сыйлап көрмеген азғындардан сақтасын...

ДӘМДЕСТІК

Үлкендіаға, кіші-іні, Құрдасым деп жастыны Сырласымын дос тұтып, Ұмытылып бас мұңы. Өз үйіндей көр келсең аунап-кунап, Жатсынба, Отауымда менің де қазағымның дәстүрі. Дастарханым жаюлы, Қашан келсең барым әзір, Суымайды қазаным, созылса да таңға жыр. Әңгіменің дүкенін қыздыра отыр, Қысылмай, Дастарханы қазақтың сұрап тұрар дәмді әзіл. Шәйі көрпе төсеймін, Жастық тастап шынтаққа, Күй тыңдай тұр, Қуырдақ әзір болар мұрсатта. Жаныңдамыз, Қазір ең маңыздысы біз үшін Қонақ қамы, Өзгедей іс болмайды бұл шақта.

Су құямын қолыңа, Жұмсақ сүлгі ұсынып, Жасым үлкен болса да, Қонақ үшін кішіріп. Еркелесең сыйымды дейін ерсі болса да, Көз жасырар елемей, Тұрсадағы іш ұғып. Қазақ әзір қашаннан қонақ келсе күтімге, Бәрі-бәрі алдыңда, Тойғаныңша ішіп-же. Дәмдес болдық екеуміз мың күн сәлем алысар, Асымды ішіп тек қана аяғына түкірме...

БӘРІ БІРДЕЙ АДАМНЫҢ

Бәрі бірдей, бәрі бірей адамның, Ей, шырағым, сөзге неге қадалдың... Біреуі тек өмір күйін шертеді, Біреуі тек құйыршығы заманның, Ал, әйтпесе, Бәрі бірдей адамның... Артықтығы жоқ ешкімнің ешкімнен, Артықпын деп, Келсін қанша сес қылғың. Адам болсаң, Уақыт салар таңбасын, Ескіртер-ақ, Келмесе де ескіргің... Иә, адамның бір-бірінен жоқ кемі, Қарсы келіп, Көбейтпейін өкпені. Тек біреуі көпке шашып сәулесін, Біреуінің у болады төккені, Ал, әйтпесе, бір-бірінен жоқ кемі... Жақсы, жаман әдет жаннан шықпай ма, Ұшып бүгін кетсең-дағы тіпті Айға. Қалған жоқ қой... Қалған жоқ бұл екі ұғым, Біреуінен таппасақ та түк пайда...

Бәрі бірдей, Кімнен осы артық кім... Бәрі бірдей, Бұл көпке ортақ шарт, Ұққын. Тек қана сен залымдау боп туыпсың, Мен аңқылдақ нағашыма тартыппын... Сол себепті бас қамын көп ойладың, Қуандың ғой, Кілтін берсе қойманың. Ал, мен қасқа, Күтем әлі зарығып, Жерде болар ізгіліктің тойларын... Бәрі бірдей... Иә, бәрі адамның, Шырағым-ау, Сөзге неге қадалдың... Жақсының тек тот баспайды жүрегін, Қара дейді жан дүниесі жаманның, Ал, әйтпесе, бәрі бірдей адамның. ҚАМШЫ (Әкем Нұрсапаға) Зіл жинаған бойына, сес сіміріп, Ессіз де келеді ол естіні ұрып. Сөз үйірсе қамшыдай ана аузымен Екпінінен соның-ақ өстім ығып.

Қамшы, дүре дегенді жойып халық, Дойыр, дырау қаруын қойыпты алып. Табы өшсе де арқадан кей кездері Кетеді әлі қамшы сөз сойып салып. Зіл жинаған бойына, сес сімірген, Қамшы айыбын қазағым кешті мүлдем. Қамшы үйіріп қатынды сабайтұғын, Қондырмайды қоңсы енді ескіні іргем. Жатады енді тып-тыныш сөре бойлап, Қызу қанды шақтарын, көнені ойлап. Сауырынан сәуріктің сыйпаса мәз, Жүретін шақ кетті алыс, төбеде ойнап. Үйіретін қасқырға аңшы-мерген, Қап-қара боп қақ тұрған тамшы термен, Қызыл күрең тобылғы қайда қазір, Қара қайыс қатырып қамшыны өрген.

Намыс буса кек алған зорлағаннан, Кеуделері толған күй, толған арман... Бабаларым қолынан тастамаған, Бес қарудың бірі енді ол қолда қалған. Қамшы... Қамшы өткеннен сыр ұқтырған, Кетті ойды кейінге бұрып тұлғаң. ...Сені көрсем әкешім түседі еске Тор жорғаның үстінде күліп тұрған...

ТЕКЕМЕТ

Жылдар қуып, кетседағы ескіріп, Әлі есте, қалған кезім ес кіріп – Текеметті жайып тастап, үстіне Төсек салып жүретінмін кешкілік... Аппақ киіз, қызыл өрнек әр жері – Ауыл үйге көрік берер сәнді еді. Қимылымды бағып менің сонда әкем, Отыратын әңгіме етіп әрнені. Содан кейін «Келші бермен, балам»- деп, Сүйер еді, өпкендей бір самал леп. Өн бойыма жылу тарар еді онда, Арналғандай бар ықылас маған тек... Аппақ киіз, қызыл өрнек көмкерген, Қызғалдақтай қыраттардан мен терген. Еске түссе, оралады ойға анам, Шаруа қамдар, тұрып алып ерте елден. Жинап тастап, түнде ұстаған ұршығын,

Тығып сиыр бауырына тұмсығын, Отыратын күрпілдете сүт сауып, Іліп тастап, түсіп кетсе қылшығын... Қайталанар қанша жыл бұл, Қанша апта, Қызыл сиыр, анашымды шаршатпа... Таң бозында ертіп шығып жүр ылғи, Текеметтей қызыл гүлді алқапқа...

ДОДА

Жылы жерде бой күтіп, тәттіні ішіп, Баптанбаған, болмаған әккі, пысық. Жапан түзде мал бағып біздің қазақ, Қасқырменен үйренген қақтығысып... Қойшы атанған, кейде ынжық һәм жуасың, «Бері тарт,-деп тағығақанды басың,» Қақпан құрған сойылмен, Жекпе-жекте, Қасқыр соғып, майлаған қанжығасын... Малды ауылды торласа менмен бөрі, Басталғандай қиянат сергелдеңі. Бас тіктірген ажалға сол тағыны, Дода жасап мәз болған жеңгендері... Жекпе-жектің бітіріп шартына рух, Құмарынан шығады әркімі анық. Қолға түскен бөріні бір-бірінен, Дода-дода болғанша, тартып алып...

Шежіре етіп, айтса егер мұны талмай, Бірі ерлік деп, қағады бірі таңдай. Көкпар жасап есіне алады әлі, Жекпе-жегін қазағым ұмыта алмай...

МЕЗГІЛ. АДАМ. ҒҰМЫР.

Кеше деген кеше емес былтыр енді, Жаңа белге шығарды бұл күн елді. Өмір жаңа ән бастады уақыт жайлы, Уақыт салды тың жерге жыл түренді. Кеше деген бір күні жылдың өткен, Көшкен сәуле өткенге нұрлы беттен. Жинайды оны тағы да мезгіл көші, Жинайды оны тағы да тірлік еткен. Әр сағаттың өткенде бар қазығы, Бүгінгінің кешеде қалды азығы. Бір біріне ғұмыр боп жалғасады, Тіршілікте күндердің салған ізі. Уақытқа мен қараймын, уақыт – маған, Қайғы жұтам кей күні бақыт табам. Кеше менен бүгінсіз қайғы-мұңсыз, Тіршіліктің у, балын татып па адам.

Бір күні ашық, бір күні күңгірт далам, Бақыт дәмін таттым да, мұң да ұрттағам. Шүкір етіп өтсін деп ғұмырыма, Екеуін де сыйлаған тірлік маған. Айта алмаймые қайғымен қаным бір деп, Үміт жүрер жанымда жалынды үрлеп. Біреуімен тек қана қалсаң егер, Қиын болар адамға әлін білмек. Қиын жүру – ылғи тек көріктеніп, Қайғы тұрса тек ылғи төніп келіп. Сондықтан да шығар-ау тағдыз бізге, Жүретіні екеуін бөліп беріп. *** Кім біліпті не сыйларын жаңа күн, Сезінем бе салтанатын, сәні, әрін. Қолдан келер не бар көңіл тоғайтар, Неше ойдың шырағданын жағамын.

Нешеу теріс, нешеу болды оң қадам, Санай алмай күндерімді сорлаған. Немен енді толтырамын көңілді, Қанағатсыз өмірде бір толмаған. Сыпырырып сол дегенде зілдей мұң, Құйғым келіп жүрегіне күн мейірін. Күндіз-түн сығып берген сөлімді, Сәбиімнен кім шығарын білмеймін. Жүректердің жойса-дағы құр дауын, Қоя ала ма бақытқа қол бұлғауын. Кім біліпті қиыр-шиыр жолдарда, Сыналмаған махаббаттың тұрлауын. Іздеймін деп қымбатымды ең керек, Ұмтылсам да ертеңіме ентелеп. Кім біліпті желаяқ бұл уақыттың Енді қанша қуаларын желкелеп. *** Тағы айналып жаз келді, Тағы айналып жаз келер. Көп пе енді, аз ба енді, Жаз бен қыстар түстенер.

Белгісіз-ау бірақ-та, Күн өткізу – ол мұң ба? Өмір қойған сұраққа, Жауап тауып болдың ба? Арман деген арман ақ, Шықпады ма тағы үзік. Үмітімді арқалап, Кеткен жоқ па қара үзіп. Шыйыр қылып қорамды із, Еге алдым ба тал шыбық? Жауапты ек деп соған біз, Қай құдықты аршыдық? Десек-тағы нәзікпіз, Бұздырды ма сан бірлік. Дос көңілін жазықсыз, Неше мәрте қалдырдық. Түкке алғысыз әр күнім, Дей алмаймын бірін нар. Ойлап кетсем барлығын, Төбе құйқам шымырлар. *** Шығарып салсам-дағы жарқын үнмен, Сезілмей құн жетпейтін нарқы бірден. Ешқашан қайтып енді оралмайтын, Қоштаспай қалай жүргем әр күніммен.

Шынымен болғаны ма салқын қаным, Оп-оңай ұмыттым ба жарқылдарын. Жаныңның сөлін сығып бермедің деп, Өкпелеп кеткен жоқ па алтындарым. Салақтық үшін бәлкім сөктің налып, Өтімен жанарыңның өттің қарып. Кезінде ұстап қала алмаған соң, Жоғымды іздеп жүрген кеттің бе алып. Бүгін де бір таң атты, кеш те келер, Ойда өшіп, қалар екен есте нелер. Қайтермін ұнамаса өңіріңе, Өрнектеп салып берген кестем егер. Әр күнім мен қонақтар оң босаға, Әйтеуір маған мекен болды осы ара. Өкпелей алмайды екем ешқашан мен, Көңілім толса мейлі, толмаса да...

Риза ма емес пе әлде жылдар маған, Толды ма шаттыққа әлде ызғарға маң. Әйтеуір тірлік құрғақ шақтарымда, Уақыттың құлы екенмін тырбаңдаған. *** Қайтемін бұл жүрегім теңдесе мұң, Адасқандай бойында кең кешенін. Теңселеді ойларым қаладындай, Шығара алмай өмірдің енді есебін. Теңселеді ойларым ауыр басып, Аспан сынды бұлт тұнған жауынға асық. Ыдыратам қалайша іргелерін, Жөңкілу үшін қыр мен тауыңды асып. Ойлар... Ойлар... Мұңменен қабаттасқан, Өмір өріп, санамен сабақтасқан. Елестейді көзіме боркемік боп, Ал кейде жаралғандай ғажап тастан.

Жарқылдап, сүйінеді жан жүрегім, Кейбірін көтере алмай талды белім. Қиыр-шиыр ойлардың іздерінен, Шимай болып көңілім қалды менің. *** өткен күндер жоғалған секілді үміт, шашақталған шақтардың шетін бүгіп. Жым-жылас боп сырт қарап жөнеледі, Қарамастан кейінге бетін бұрып. Өткен күндер секілді көшкен арман, Елес беріп жаңаның ескегі алдан. Ұмытасың сен де тез, ұмытасың, Кей сәттерді талмап тек есте қалған. өткен күндер мен келер күн – жалғас бәрі, жаңа келсе, ескіні дарға асқаны. Тіршілікке қарасам бір үмітпен, Мезгім менен ғұмырдың арбасқаны.

Талап жасап, армандап алға басқан, Қала алмайды ғұмырды жалғамастан. Сондықтан да келеді адамменен, Мәртебесін бөлісіп заңғар аспан. Кеудесіне бабалар құйып теңіз, Сол күндерден жасапты түйіп негіз. Өткен шаққа табанды тіреп тұрып, Құмартамыз қашан да биікке біз.

ТҮЛКІ ЗАМАН

Сыйлап заман жаңалықтың түр-түрін, Бір күніме ұқсамады бір күнім. Аңтарылам, айтар сөзді таба алмай, Ертеңдерім қадай қалса кірпігін... Бәрі жаңа – ойым, санам, ісім де, Қайшылықтар қайнап жатыр ішімде. Бар ұққаным –талай «жаман» «жақсы» боп, Түлкі заман қалып қойды күшінде. Шырқын бұзып, өмір-өзен сәнді аққан, Айырылды байып пенен салмақтан. Алаяқтар шаң жұқтырмай табанға, Алыпсатар самсап шықты жан-жақтан. Қатты тіпті қазағымның серпіні, Елеңдетпей немеренің ерке үні, Арқаланып, арақ сатты көшеде, Мұсылман боп, ораза ұстар кемпірі...

Жүрегіне ұяламай шырайлы ән, Қажыса да, қайтар емес райдан. Жұртты алдап, су сатса да бәрібір, Пенде болып, қорықпады құдайдан... Күні туып, азғындық пен ұрлықтың, Сатқын болды, табынатын бір «мықтым». Ұл мен қыздан, безіп шықты жарынан, Қызығы үшін азғантай күн тірлікт ің... Қара бастың қамын әркім күйттеді, Атақ керек, байлық керек үйткені... Шабаланып, шалғайыма жармасты, Ауылымның абалаған иттері... Адам біткен бәрі көсем, ақылды-ақ, Жас балалар сөз бермейді, тақылдап. Құдайларын ұмытпаған санаулы-ақ, Ақырзаман қалды ма, шын, жақындап...

АНА ТІЛІМ

Ана тілім – арман тілі, ар – тілі, Тиген қилы замандардың салқыны. Орыстардың орманында өртеніп, Озбырлықтың жалын оты шарпыды... Ана тілі – арман тілі қазақтың, Құрбаны боп заман туған мазақтың, Мәртебеңе қосып бәрін жоғалттың, Бойыңдағы не бір асыл ғажаптың... Шешен тілім, өткір тілім, өрт тілім, Арқалаған қазағымның көп мұңын. Жабы қылып, тапап, жермен жексен ғып, Жасыттық-ау биік еді шоқтығың... Айырмасы өткеніңмен Жер мен Көк, Жан жараңды береді кім енді емдеп... Сауығуға керек екен қанша жыл, Енді қанша жыл жүресің телмеңдеп...

Биікке ұш, сүңгі тағы тереңге, Табыстырдық бүгін қайта сені елге. Үркектеме, бойыңды жаз, қабақты аш, Ұмтылатын кезің келді кемелге... Ана тілім – назды, сұлу, ардақтым, Бағың тусын, басындай-ақ бармақтың. Сен болмасаң қазағымның ғұмырын Ертеңіне апарады жалғап кім... Сені ойлаймын, сені іздеймін ғаламнан, Сенен тәтті тілді әлемнен таба алман. Қайталанбас сенің ыстық жүрегің Қазағымның жүрегінен жаралған. Астам ойлар торламасын санаңды, Жарық күнде болып ниет қараңғы. Ей, Әкелер! Ей Аналар! Айырма Ана тілдің уызынан балаңды!

Түссін ғұмыр жолында бар сынаққа, Көрсін бәрін, шықсын тауға, қыратқа. Тіл біткеннің бәрін білсін қаласа, Ең алдымен қазақ болсын бірақ та! Қазақ болу ұлы мұрат қазаққа, Су біткен де сүйкімді ғой таза ақса. Өзіңді өзің сыйлата алмай өзгеге, Ей қазағым, қала көрме мазаққа! Мың қуаныш сыйлап келген әр мұңға, Бой алдырмай кері тартқан тағдырға, Ана тілдің мәртебесін үстейік Армандардың ұлы көші алдында... ЖҮРЕГІМ Тіршіліктің ақтарып сап сандығын, Ауыр саған сезіп, білу барлығын. Зұлымдықтың, сатқындықтың салмағы, Неге саған түседі екен, жалғызым...

Кетеді өмір сабақтары сұрыңды ап, Өте алмайсың деп қасынан бірін жат. Ата-анадан безіп шыққан сорлының, Темір қолы тұрды сені сығымдап... Шаттығыңның көзі болмай тыныш күн, Қуанта алмай ұлы күні ұлыстың, Сәби көріп, лақтырылған далаға, Тоңған күзгі жапырақтай бүрістім... Жорғалады жанарыңнан бар шуақ, Өзегіңе у тамады тамшылап – Өліп бара жатса ормандар өртеніп, Өліп бара жатса теңіз қансырап... Болып кенет үміт нәрсіз, арман сап, Үздігесің өр намыс пен арды аңсап – Ой-санасы бір-ақ тұтам жандардан, Ана тілім зәбір көріп қалған шақ...

Арай тұтып тұрса да аппақ арманың, Қауіптерге толы ылғи жан-жағың. Ойсыз біреу бас қатырып жатпастан, Ойнап тұрып, салып алды қармағын... ...Күндерімнің бірі кетіп, бірі кеп, Ауыртса да, түйреп олар мың ретСан майданнан алып шығып келесің, Қан жоса боп, жүрек деген құдірет ... *** Жүрек, жүрек, сен жайлы сөз тіпті көп, Бірін тас деп, енді бірін санап жатар түктіге. Бірақ мейлі, өз жүрегім сау болсын!- Не демейді жұрт, түге. Әй, сонда да қызық қой бұл тақырып, Біреу күліп, біреу одан зардап шегер аһ ұрып. О, мейлі, айтпайыншы сондайды, Жамандықты шақырып.

Жоқ, жоқ неге, жаман айтпай жақсы жоқ, Айтпасаң да ажал жетсе жарып кетер тасыр оқ. Бұл жүректер сезіп қойғыш әуелден, Кетер сөйтіп бақсы боп. Жүрек. Жүрек, өз қолыңда біз бүгін, Кейде еркінсіп, билеп кетіп жүрсек тағы тізгінін. Тек әйтеуір өз шегіңнен шықпашы, Сонда мен де ізгімін.

УАҚЫТ

Уақыт жайлы көп ойладым бас қатып – Қызықтым ба қайсар, жүйрік қалпына... Жүрмесе де табаныма тас батып, Қалып барам, қайырылмады ол артына... Білем, білем жеткізбейді ол тіпті де, Мұраты оның оза беру алқынып. Сен сияқты ол ізгіні көп күтті ме, Іздеді ме тірлікке мән шарқ ұрып... Сен сияқты бір қуанып, бір налып, Қайғырды ма жерге беріп жақынды. Жасып қалып, одан қайта шыңдалып, Көрді ме екен алты бөліп ақылды... Білем... білем жеткізбес ол жанға да, Өйткені ол мақрұм қалған жүректен. Сол себепті ойран болса сән қала, Қиналмайды ол, Адам қолы гүл еккен...

Қантөгістен болса да әлем сан ығыр, Селт етпейді, шіркін уақыт, бұған да. Аспан құлап, жер қозғалса – бәрібір, Салмайды да, алдап, түлкі бұлаңға... Түк білместей жылжиды тек ілгері, Түк сезбестей, аумайды бір қалыптан. «Жер ананың» жараланған күндері, Адамдардың қиын шағы тарыққан... Бәрібір ғой кір шалса да Айды аппақ, Опат болсын қандай арман самғамақ – Тарих қана атын беріп, Мәңгілікке сол тастайды таңбалап... ...Иығыңда қылшылдаған қырық бір, Әлде өмірдің шын болмысын қате ұқтым... Самайыңда аппақ бояу тұнып тұр, Шаңы ма екен зулап өткен уақыттың...

ЕМШІ ЕКЕН БІР – БІРІНЕ АДАМ ДЕГЕН...

Қандай күш бар, білдің бе, ғаламда ерен, Дүние, бар тұсыңа хабар берем – Емдейді екен бізді ізгі тілек, Емші екен бір-біріне адам деген... Тәтті сөз, көзқарасың, жақсы әңгімең, Дәрі екен таптырмайтын бақсам кілең. Ішқұса келіншектер баяғыда Емделген шығар, бәлкім, астаңғымен. Білдің бе, Қандай күш бар өмірде бұл... Себеді ол жаныңа – нұр, Көңілге – гүл. Сіңірсең жақсылардың шарапатын, Сергірсің, Ойың өсіп, терің кеңір. Күлме сен, Ойлама деп ойын бәрі, Хақ мұны әркімнің-ақ мойындары. ...Шынымен жүрген мүмкін сен шығарсың, Шипа боп бүкіл дертке бойымдағы...

АБАЙҒА

Талабы мен зердесі тамсандырған талайды, Тани алған ұлының ұлысына балайды. Санасына халқының саңылау болсам деп кеткен, Бір қазақтан туса да, Әлем білген Абайды. «Мыңмен жалғыз алысқан», қинар демей бұл ісім, Айыптапты жарамсақ күй кешкенді күні үшін. Күйкі тірлік, Мылжыңмен бос сандалған жастарға: «Өнер үйрен, - депті ол, - еңбек ет, Сол – ырысың». Надандыққа күйініп, Жалқаулықты мінепті, Талаптыға сүйініп, Арнапты ақ тілекті. Ұлы Абай ұлылық пірі екенін сезбестен, Қан жылаған жүрекпен қазақ мұңын жыр етті.

Ұлы Абай! О, Абай! Зармен өткен ғұмырсың, Надандықпен алысып, Түнге айналған күнің шын. Тұрсың бізге әлі сен бағыт беріп, Жөн сілтеп, Дейсің әлі бақшаңның арам шөбі жұлынсын. Перзентіміз біз бүгін жаңа, Озық ортаның, Беріп жатыр заманым талай білім, Мол тәлім. Сен іздеген қазына қайда бірақ, Білмеймін, Сен аңсаған биіктік алыс па деп қорқамын.

КҮНДЕР

Қымбат күндер ұясындай үміттің, Болар кейде ордасындай бүліктің. Өмір көшін өткергенде сендерден, Қалады екен, Тау суындай, тұнық кім... Кімдер жанын ұрындырмай ызғарға, Мұхиттағы кемелердей, Жүзді алға. Кім сапарын батады екен қаймықпай, Алдан күткен тұңғиықтар, Құз барда... Арман гүлін солдырмаған көп пе екен, Кімде жүрек әуелгідей отты екен. Қандай адам көңілінің құсасын Қайта әкеліп өздеріңе төкті екен... Өмір жолы әрқашан да бұралаң, Жығылған көп, жолда қалған, құлаған. Бірақ тұрып үлкен жолдың бойында Жеңілем деп ойламайды-ау, сірә, адам. Күндер, күндер... Бастан қанша өттіңдер, Қанша рет шаттығыма бөктіңдер.

Өтті кетті-ау өкініш, мұң арқалап Оралмайтын... Оралмайтын көп күндер... Құттысын да, сәтсізін де өңгерген Күндерімнің соңына ерген мен мерген. Келіңдерші... Келіңдерші, күндерім, Бақытымды бөлісейін сендермен... ҰРПАҚ ДӘСТҮРІ Күндер зулап жандардай жарыстағы, Мазалап тіршіліктің таныс қамыЖаз шығып, Жұрттың бәрі келіп жатты Жүздесіп ағайынмен алыстағы. Білгелі халін жақын-жұратының, Бермеген баласына бұ да тыным. «Әке, менің кетуім қалай болмақ Адам жоқта орныма тұратұғын?»- Деген сөзге бірақ тез тоқтады да, Сүйіне көз тастады «сотқарына», Қыдырыстың қызығы естен шығып, Алаңдап тұрған іске, көп қамына.

«Бәрібір ертсем маған жолға кімді, Жасаймын өзім-дағы сол қамымды. Балам-ау, білмей қалған екенмін-ау Сенің де елге керек болғаныңды. Жазың бітіп, жетсе де күз де келіп, Қала ғой, бармай-ақ қой бізге еріп. Жөнеле бер, құлыным, ертеңіне Еңбек пен ерлік салған ізбен еріп. Айналдым ақылынан, санасынан, Адам боп ортақ іске жаны ашыған. Әйтеуір бейбіт күннің қамы ғана Айырсын әкелерді баласынан!»

ОЙ ЖҮГІРТСЕМ АЙНАЛАМА

Ақыл-теңіз, зұлымдық та шексіз-ақ, Өмір жібін олар қатар есті ұзақ. Бір-біріне тізгін бермей келеді, Жүзіне ақыл салмаса да еш сызат. Ақыл теңіз, шапағатты дарытқан, Әуеніне қолдау тауып халықтан. Ал зұлымдық бейкүнә пәк тірліктің Қызығы мен қуанышын арытқан. Ой жүгіртсек айналаға тінткілеп, Шығар шақ аз жан семіріп, жұрт түлеп. Қайғырмайды екен шын-ақ жан семіріп, жұрт түлеп. Қайғырмайды екен шын-ақ ешкім де Зұлымдығым жазықсызды құртты деп... Әлде бітпей ақ, қараның сен, мені Бола ма адам сезімінің ермегіТаңдайында қалу үшін мәңгілік Ұмытылмастай ащы тағдыр кермегі.

*** Өмірге келмесем де сорлы болып, Мұң жолы жатыр артта мол күреліп. Отызға жетпей жатып, аяқ ақсап, Сүй-сүйрік саусақтарда солды көрік. Жүрекке шемен болып мұң қаттың да, Алмады шаттығым да шырқап тұра. Қымыздай сан қуаныш шалап болып, Еңсемді көтертпеді сырқат мына. Күн кештім ептеп-септеп, дәнекерлеп, Қатардан қалмайын деп және терлеп. Алдымда бақыт күтіп тұрған шығар, Бір күні көрген азап бәрі өтер деп. Бірақ та жеткізбеді-ау сол бір шырақ. Таңдайға басып тұрып тәттілігін Сезбеген бұл өмірдің болдым шын-ақ...

*** Жазығым бар алдында менің кімнің, Тым ерте үлесімнің кемін білдім. Өмірдің маған тартқан «сыйларынан» Есімді білмей жатып жеріп жүрдім. Өмірдің қымбаттығы бек мағлұм Десе де көп нөсерді өпті арыным. Саусағы қабырғама батқан сәттер Тудым ба азап үшін деп налыдым. Қойнында қалып қойып тұман, қардың, Туғанда жас басыма жыларман күн – Әкенің қамқорлығын қораш көріп, Ананың мейіріне күмәндандым. Өкпелеп жүрдім бірақ, таппадым түк, Ауру одан шошып, жатпады үркіп. Болымсыз қуаныштың қызығын да Қимастан жіберетін жатқа бүркіп.

Сұп-суық желі алдымнан ескен мұңның, Қызуын тостым ылғи от жанымның. Балалық бақытынан шала таттым, Аналық қуанышты көп сағындым. *** Кемшілік жетіп жатыр бір басымда, Міні көп істерімнің тұлғасында. Соңында өткен күннің қалдым талай Қол бұлғап өкінішпен қыр басында. Көңілде ақ сазандай туласа үміт Кіреуке, кірбіңдерді жуды асығып. Қалған күн өкінішті құр уыстап, Бәрі де ғайып болды буға сіңіп. Келгенмен қайнап, тасып, бұрқылдағым, Көмейде талай рет іркілді әнім. Созғылап тағдырым да көрді талай, Әйтеуір жұқарсам да жыртылмадым.

Деп айта алмасам да әр құтты күнім, Тек осы болды-ау менің мықтылығым. Маңдайда жарқыраған жұлдызым бар, Кейбірде біреу үшін тіпті «ұлымын». Жүрсе де ақылшылар қасымда кіл, Кемшілік жетеді, иә, басымда бұл. Жемтік қып жіберем деп үміттенем, Күн болған айналған да құзғын бастан. Үміттің алдап соғып талайлары, Тілектің желкілдемей сан айдары – Алты қыр асып кеткен сол бір шақтар, Ауырта жүрегімді қарайды әлі. Қалайда керек екен жанға тірлік, Десең де бойыңда жоқ, бар батырлы. Талай түн кірпік ілмей, сырқыраған Сүйектің зарын тыңдап таң атырдық.

Арманға жеткізер деп бір күндері Өмірдің мойытпады кірбіңдері. Ауру аяқ тұсап артқа тартса, Сананың сергектігі білдірмеді. Бір күлсем, он бес рет күрсіндіріп, Өмір-ау мені талай жүрсің бүріп. Сонда да көзді тартып ертеңімен Келеді үміт-шырақ ұмсындырып... *** Көп көрдім тіршіліктің азабын мен, Демедім бірақ, өмір, ғажабың кем. Қиыр жолда қыспаққа ап қинасаң да, Былғанбадым, арыммен тазамын мен. Мінезім бар алынбас тас қамалдай, Келемін, бұғып, қашып, жасқана алмай. Ренжимін, қуанамын, бірақ тағы Пенде де болып жүрем басқалардай.

Рас... Рас, қайтемін құр мақтанып, Жыл да аз-ақ күн бұлғақтадық Әттеген-ай дегізген сан өкініш Көкіректің түбінде жүр қатталып. Білмеймін таптырды ма бар керегі, Нешеуі болды жастың мәртебелі. Қараймыз өткенге емес, Ертеңге ылғи, Жайқалып тұрса үміттің нән терегі. Жылдарым аз ба екен бұл көп емес пе, Алдым ба айналдырып сені елеске. Әйтеуір ғұмыр кештім деп жүргенім, Уақыттың қуалаған желі емес пе?! Жылдарым жыртып алған жырық парақ, Әкеттің балғын күйді ұрып-талап. Қалдым мен соңдарыңда қиралаңдап, Сияқты сыры өшпеген сынық табақ.

Түк те емес самайдың да ағарғаны, Болмаса жүректерде қалар дағы. Басыма қанша жақсы күн туса да, Ажардың қиын енді жаңармағы. Тірліктің сүрінсем де бір тасына, Бірі демеп шығарды қырқасына. Ризамын туған жердің топырағына Бастырмай жүрсе де ылғи ұлпасына. Десем де емен биік шың, жай төбемін, Жылдарым тұрған биік бәйтерегім. Ризамын әр күніне тіршіліктің, Өмірге келмей қалсам қайтар едім?! *** Қинаймын кейде орынсыз жан «шыбынды»- Көпсініп көзге ілінбес тамшы мұңды. Ойлама алаңғасар емес пе деп, Аңқылдап айта салсам бар шынымды.

Қалқан ғып қара басқа өз жүрегін Танимын жүргендердің озбыр өңін. Аяман маймөңкеге басқан жаннан Көңілде тыпыршыған сөздің оғын. Тұрамын жалған күлсең жаратпай тым, Кезім аз артын ойлап алақтайтын. Мінезім жаман ба екен осы менің, Еш жанның бет-жүзіне қаратпайтын. Жерінде шындығына жетер күшің Қажет те болмас жасау бекер қысым. Дегенмен турашылдау, қайран мінез, Бір күні орға жығып кетермісің... *** Шырт ұйқыдан оятады бір ойларым кейбірде, Шыр айналып сосын оны шығара алмаймын ұзақ түн. Қанғанынша құмары бір шарласыншы деймін беАсықпаймын ағытуға кілтін сол ой-тұзақтың.

Деймін сосын өзіме ұрсып: «Дәл мұныңды құптаман»,- Бұдан былай ақыл-биге бағынуға бекінем. Сол ойларым, шындығында, қажет емес түк маған, Шаршап босқа күндерімнің берекесін кетірем. Ұрсып кейде сәбиімді жылатып та жүрмін мен, Жас төккенде бірақ ылғи ауырады жүрегім. «Түгің жоқ қой, түгің жоқ қой, жарығым-ау бүлдірген, Кім табады,-деймін сосын, қаталдықтың бұл емін?»» Сапар шегіп көп жүрдің де Алтай, Кавказ, Қырымда, Күдік артып сан томсардым, Назым жүрді қатталып, Кімнің кімге өкпесі үлкен болар еді, шынында, Жан сырымды егер менің қарай алсаң ақтарып.

Ізгілікті деймін қалай өзіме мен: «Аңсама!», Белгілі ғой, ойлап көрші, осылардан ұтпасым. Бәрін терең ұғып тұрып, қайталадым қаншама, Шығара алмай қолдан тіпті әлсіздіктің тұтқасын. Қайта орнына келтірдім деп Жүрер бәрін бұзып ап, Ойлап тұрсақ Басымызда қанша олқылық бар мына. Билей алмай жүріп өзін, Адам деген қызық-ақ, өзгеге ақыл айтқызса егер жан салмайды-ау алдына... Кейбір күйді түсіндіру тым қиын, Ақыл-ойдың айтқанына бағынбай. Іс қылдым даЕрегеске тұнды үйім, Сонда-дағы таба алмады жаным жай. Аласұрып торға түскен торғайдай, Кейде тіпті кең дүниеге сыймадым. Іздеймін бе бір керемет – Ол қандай? Нені аңсадым? Жанды неге қинадым?

Табиғаттай дархандықтан дәмем бе - Айналамнан таба алмай бір серікті, Шаттығымды шашу етіп әлемге Шашып – шашып жібергім де келіпті. Шіркін көңіл, Сырың сенің тым терең, Тәттің де бар, Бар ащың мен сортаңың. Бар күйіңе құлып салып іркер ем, Самарқаулық салқынынан қорқамын....

ӨЗЕН МҰНАЙШЫЛАРЫНЫҢ ЖЫРЫ

Саясынан тыныс тауып, тыншыған, Мұнаралар тал-қайыңдай сыңсыған. Аптап, ызғар кенішінде Өзеннің, Керек ылғи мұнайшыға шын шыдам. Мұнай мен газ – ұраным, Мұнай мен газ – жыр әнім. Сарқылмағай ешқашан, Алтын дария – бұлағым. Сан күресте дәмін татқан жеңістің, Өзен кені ұясындай тек істің. Құбырлары ақ тілектей айшықтап, Құшаққа алған асты менен Жер үстін. Өзеніммен егіз туып жарқын күн, Біреулерге жетіп, кейде артылдым. Үстем етіп, азат елдің мерейін, Ырыс, құты атана бер халқымның.

АБЫЛ АҚЫН

Хас жорғадай тайпалы, сылаңдаған, Жыр тізгіні қолынан шығармаған, Өлеңінің шуағын елге шашып, Бойға нәрді жинаған мың арнадан. Абыл ақын сөзге еш тосылмастан, Күйкі тірлік үніне қосылмастанДұшпанының майып қып бар үмітін, Мерей сыйлап, сыйпаған досын бастан. Болмаса да өзгенің еш кемдігі, Ажарланған сеспенен, күшпен күні Шонжарларың ақыннан қаймығыпты, Бәсең тартып міз бақпас үстемдігі. Қоңсысы боп әрқашан ақыл-нардың, Сойылын соққан ұлы батырлардың. Құртқан талай жүйкесін өрлігімен Баймағамбет сұлтандай пақырлардың.

Кезі болмай еш жерде мүдіретін, Тіліміздің тасытқан құдіретін, Өткірлігін жетеге жеткізіпті, Қалмасын деп қызыл сөз тірі жетім. Асып түсіп айтқаны бір-бірінен, Даралықтың лебі есіп тірлігінен Абыл ақын келеді от боп ұшып Рух таратып мәңгілік түндігінен. Ұя сала алмастан жанына түн, Тау суындай тасқындап, ағылатын. Неше ғасыр өтсе де Жер бетінде Адайдың бас ақыны – Абыл ақын!

ҚАШАҒАНҒА

Құдіретті, күшті Алла, шыныңда да, Бірін сорлы жасаған, бірін дана Пендесінің ішінен Қашағанға Аян берген түсінде Қыдыр баба. Аян берген халқыңның ұлысың деп, Қозы бағып жүргенде күні үшін тек, Жалшы болып жүргенде жаны жүдеп, Үмітіне тағыпты күміс ілгек. Жаныңдағы жайнаған жалынды ұғып, Қасиетін беріпті дарындылық. Ықыласын аямай төгіпті Алла Ізгілігін, пәктігін бәрін біліп. Жүрегіне күншуақ сіңіріпті, Дархан пейіл, зерделі ой бірігіпті. Даналығын халқының бойға жинап, Көркемдепті тамаша тіршілікті. Адамдықтың мерейін менсінбеген Бетбақтықты өзгедей жеңсін немен. Орақ ауыз, от тілді Қашағандар Сопылардың сазасын берсін деген.

Көрсетпей-ақ дөңайбат, жойыт қылық, Надандарды төбеден қойыпты ұрып. Әділетті суырып алған талай Іштарлықтың төбесін ойып тұрып. Құдіретті, күшті Алла келістіріп, Келтірген соң қисынын тегіс біліп, Иемденіп қалыпты Қашағандар Ең қымбатын бақыттың жерүстілік. МҰНАЙ – ГАЗДЫҢ СҰЛТАНЫ... (Жақсылық Смағұлұлына) Желтоқсанның сол күні, Ұмытылып, Өзге тірлік ол – пұлы, Тыныштықты құшақтаған бір ұлды, Әкеліпті, Тіршіліктің толқыны... Шөліркеген, Таңдайына ақ тамып, Жақсы сөзге жаны иіген, Шат халық, Карточканы жоя келген ұлына, Жақсылық деп, Ат қойыпты, Мақтанып...

Атын қойған, Қуаныштан, Толғанып, Келешекке сұлу үміт жолданып, Сол балаға Жақсылық деп, Ат берген, Әлі күнгі мақтанады сол халық... Куә бұған талайлардың ақ басы, Куә бұған бақытты өмір бақшасы. «Өзенмұнайгазды» алып қолына, Атанды ол Жаңаөзеннің патшасы... Жетібайдың кезген талай кенішін, «Өзенмұнай» көрген талай жеңісін. Мұнай, газдың игеріп бар сырларын, Туған елге тарту еткен жемісін... Жақсы күнмен егіз туған Жақсылық, Күтеді әлі жақсы хабар, Жақсы үміт. Нұрлы ақыл, Жақсы іс пен зерделі ой, Келеді оны талай көшке бас қылып...

Тұғыры бар алда әлі қонбаған, Жолдары бар, Ой – қиялын торлаған. Ол бүгінгі жаңа қазақ үлгісі, Жетілдіріп, Жаңа заман сомдаған... Көбейсін деп, Өркен жайып ұрпағы, Бата беріп, Тілекшілер тұр тағы. Өркен жайып, Жарқырай бер қашан да, Жарқырай бер, Мұнай мен Газ сұлтаны...

ӨМІР

Өмір деген таусылмайтын бір ағын, Көзіңді ашып көрген жарық, шырағың. Бақыт пенен махаббаттан дәм татар Тіршіліктік мекен-жайың, тұрағың. Өмір деген тағдырыңның есігі, Тұңғиық пен биіктердің кесімі. Алақанда аялайды адамды Елжіреген сағыныштың бесігі. Қойны толы жиренішке, үмітке, Жасампаздық ерлік пенен бүлікке. Басып қалсаң сарт еткізер маңдайға, Өмір деген мылтықтағы шүріппе. Өмір – бақыт, қуанышың, шаттығың, Бірде кірлеу, Бірде аппақ пәк күнің. Дүние есігін ашатұғын «іңгәмен» Бұл дүниеден үзілетін ақтық үн.

Өмір деген лүп-лүп соққан тамырлар, Жүректерде алаулаған жалындар. Белуардан малшынып бір жүретін Қаңтардағы күреп болмас қалың қар. Өмір деген аяғыңнан тұру нық, Жүректерге жолдар одан жылуды ұқ. Қанша ащы болса-дағы тірлігің, Ешқашан да солмайтұғын сұлулық!

СУЫРЫПСАЛМА

Суырып сап, шегелеп, Көңілі өсіп от құмар, Ақын деген керемет Сөзден семсер соқтырар. Шабыс хабар жеткізіп, Бәрібір деп қарт, балаң Көзі жанып, ет қызып Бәйгеден бас тартпаған. Жылт еткенде жан сыры Жақындатпай бір табан, Қарап тұрмын қарсыны Қиып түскен қылтадан. Жай отына шарпылып, Жалын болып бір шығар. Жұлқып қашып, шарт ұрып, Тістесуге құлшынар. Іліп түссе қармағы Ойнап шығып күш кенен, Сөздің сырлы салмағы Мәртебесін үстеген. Отырғанда көк құшып, Жанарында сан ұшқын Шапқа кетсе от түсіп, Қозар шоғы намыстың. Қолпаштауға үйреткен, Етсе-дағы көпке елең, Ондай шақта түйдекпен Шашырайды отты өлең.

Дайын тұрса қалтада Ұтқыр жауап, тапқыр ой – Кеуіп тұрған аңқаңа Тамып кеткен тәтті ғой. Бір-ақ шауып тастайтын Сөзден балта саптайды ол. Бейғам күйің қашты айқын, Тамашаға батпай гөр...

КІЛТ ПЕН ҚИЯЛ

Тербетіп түн мамықтай бесігінде, Теңізіне тыныштық батырады. Кілт салынған үйімнің есігінде Тіршіліктің бар күйі тоқырады. Бүкіл дүие тып-тыныш, Дала түнек, Әрбір есік күзетіп тұр аймағын. Әрбірінде бардай бір дара тілек, Құпиялар қымтаған шырайларын. Тып-тыныш әлемдегі шекаралар – Кілт салынған үйлердің есіктері. Әрбіреуі күтеді жеке хабар, Әрбірінің өзінше несіптері. Күн менен кілт шекара салды-дағы, Әр бұрышта жан біткен қалды бұғып. Бой жазып тек қиялдың арғымағы, Шекараның бәрінен қарғиды нық. Көтеріліп барады қанатында, Ізгі ойлар, пәк сезім, жігерлі, ашық. Белгісіз жүрген күйдің санатында Сенімдердің қақпасын жіберді ашып...

Тыныштықты кентеттен бұзып түнгі Тарс етті есік... Қозғалып жүрек кенет. Жалғыз-ақ нұр жүректен сызып нұрды, Қалды тек жанды жалғыз тілек демеп. Адам үшін шаттық мол, тыныш күн, Бақыт күтіп тұр алда деп сене бер – Қияр ек-ау тамырын қорқыныштың Кілттенбестей сенімге жетсек егер...

ӨМІР ТУРАЛЫ

Өмір деген ойлағам Көл-дария деп бұрын мен Есептемей әуелгі шақтарымды сүрінген. Бәрін күтіп ертеңнен, Бүгінгі бос күндерді Жолбасы деп алдағы қиялыма жүгінгем. Мағынасыз сағаттар ғұмырдағы тамшы деп, Көкірегім ертеңге сақтап жүрген ән шіреп, Аңғал-саңғал өткенім, Жол ортадан асыппын, Мысым енді құрыды өкініштен қамшы жеп. Ойдан, қырдан там-тұмдап, Жинаған бар білімді Талғажау ғып, Дегенде бойым енді жылынды, Өтіп кеттік мәреден деген сөзді айта алмай Қашқақтайды ұстатпай уақыт деген жырынды... *** Жуғанда батпан кіріңді Жуыла алмай қырсығып Тонадың қанша күнімді Күлкісін күйбің тіршілік.

Сағыныш құшақ ашқанда Сәулесін іздеп жаныңның Алдымнан шығып басқа арна Сыйыңнан қанша қағылдым. Сән түзеп, сергіп, сызданбай, Қуаныштарды шаң басып. Денсаулықты ерттеп міне алмай, Жалына келем жармасып. Болады қалай орынды, Берсең де бойға кісілік. Арманға созған қолымды Берірек қойдың ысырып. Жағалау-теңіз тәрізді Жарысып, мәңгі қосылмай, Өтеймін деген парызды Пенденің күйі осындай... *** Ойымда жоқ менің де, сенің де өлім, Есептейміз қанша дән себілгенін, Сұлулықты қызықтап небір керім, Деп қойып жақсылыққа сенімді едім.

Ойымызда жоқ біздің жұмақ, тамұқ, Бірімізге біріміз сыр ақтарып, Талай боздақ жатқанда құлап қалып, Көңіл айтып кімдерді жұбатпадық. Ұштасқандай бұл ғұмыр мәңгілікпен, Мәзбіз шаққа көңілді ән жібіткен. Қалжыратып жүректі сан күдікпен, Өмір кештік пендеге тән ғұрыппен. Табынуды қоя алмай күші барға, Шектен шықтық бойда қан ысығанда. Боялғанда қара жер түсі қанғаДедік: шүкір, аманбыз, Шүкір, алла... Бәрібір тайыз, әлде білікті адам, Тұйық па әлде сырын құлыптағанҚұлы болып кетеді-ау бір басының, Адам, сірә бар ма екен мұны ұқпаған. ...Бас иерлік жан бар ғой десем егер, Жандар шығар құдайын ұмытпаған...

ҚАЗАҚТЫҢ КЕЛІНДЕРІ

«Ерке бала», «Кенжетай», «Мырза жігіт», Дейді жеңге қайнысын ырза қылып. Инабат пен ықылас астарынан, Жанға жайлы ерекше бір наз ұғып. Әзілдесе тыңдайды қайынды ұйып, Сыр айтады қыз, жігіт жайында үйіп. Жақын одан жаны жоқ, Өбектейді, Бар тәттісін ұсына шайын құйып. Тайсақтайтын болмайды айла, амалы, Кішік жанға бірінші айналады. Кірпігімен көздерін көлеңкелеп, Жолын кеспей өткізіп қайнағаны. «Көсе аға» деп, болса егер сақал қырған, Талайларды күлкіге шашалдырған. Күйеуінің есімін ауызға алмай, «Өзіміздің үйдегі» атандырған.

Түскен жерін шаттыққа қарық қылған, Оларға өмір сын күйін сан ұқтырған. Қабағынан атаның сыр ұқтырып, Емеурінін ененің таныттырған. Түйіп ішке жақын кім, алысың кім, Бола білген жоқшысы намысыңның. Келі түйіп, құрт жайып, күбі пісіп, Оң қолына айналған абысынның.

ТЕҢІЗ ӘУЕНДЕРІ

Күн сәулесі ойнайды бет жүзінде Сық-сық күліп, Жымыңдап кетті мүлде. Ғажайып келмес еді дәл осындай, Қолынан, Ең бір шебер, Ептінің де. Ойнайды толқын сұлу су бетінде, Міні жоқ жалт-жұлт еткен суретінде. Ол бейне мың құбылған келбетімен, Теңізді сұлулыққа үйретуде. Ойнайды мың сан толқын ырғатылып, Ажары көз тартатын сырға тұнып, Ұдайы жарқ-жұрқ еткен келбетімен, Иығын бір шығарып, Бір батырып. Барады әлдеқайда жағаласып, Күн күле қарайды оған қабақ ашып. ...Менің де от көңілім алып ұшып, Кеткендей соларменен араласып. ххх

Тып-тыныш-ақ, Толқын біткен сап бопты. Жаймашуақ, «Қойдық», - деп тұр ақ-көкті. Аппақ көбік, Ақ моншақтар төгілген, Көңілдердің түпкірінде қап кетті. Көз тартады теңіз қазір көкпеңкөк, Жарқырайды, Көңіліңнен төккенде от. Жарқ-жұрқ сол суреттің алдында, Тұрасың сен, Бастан күйің өткен деп. Қарай берем, Сұлу еді су қандай, Иір-иір әлденені жуғандай, ....Ұзақ уақыт қарап қалдым мен оған, Ойға шомып, Мен де сонда туғандай. ххх Желмен бірге долданыпты көк теңіз, Мұндай шақта одан пайда жоқ деңіз. Тек ашулы дидарына көз салып, Тұрайын мен өзге ойға боп негіз.

Көкке шапшып, Бет қаратпай толқыны. Өрекпиді өршелене солқылы, Еске түсіп сонда кейбір адамдар, Ұйқың қашар, Көпе-көрнеу ол түні. Буырқанған алып толқын жұлқынып, Жағалауға ұрып еді, Күлкі ғып. Шашыратты оны сонда әлдекім, Тұрған қарап, жымыңдады жұрт ұғып... ххх Толқын ұрып, Бірқалыпты ырғақпен, Ән салғанын, Жағалауда тыңдап па ең!\ Теңіз шуы дейді оны біреулер, Жай шу емес, Ол әсемдік, сымбатпен. Жүгіреді жағалауда жарысып, Жарастығы мол бір күймен табысып. Қайда жортып барасыңдар, Толқындар, Бір тыным жоқ теңізбенен алысып.

Жалт-жұлт етіп, Сағым түссе жарқырап, Зерлегендей, Судың бетін алтын ақ. Кетеді оның жүзі кенет нұрланып, Кереметін дүниенің бар тартып ап...

ХХХ

Ойнайды ол , Толқындары көкпеңкөк. Жарқырайды, Күн аспаннан төккенде от. Жалт-жұлт етсе, Көк теңізді әсемдей, Қараңызшы\ Мойын бұрмай өткен жоқ... Буырқанып, Бірде тасып, тулайды, Айналаға тыным бермей, Шулайды. Құлақ түре дыбысына, Мүлгисің, Ұмыт болып,жүректегі у қайғы.

Түйдектелген сезім қалып соңында, Шулайды тек теңіз оң мен солыңда. Бірте-бірте ұмыт болып өзгесі, Түсінесің тұрған күшті қолыңда. О, теңізім, Тула мейлің жарқырай. Қарсы тұрмас ешкім сенің қалпыңа. Айдыныңда мың сан толқын ойнайды, Жарқ-жұрқ етіп, Сыр жасыра артына. Сырға толы, жыырға толы өз тұлғаң, Үн-түнсіз-ақ қанша ғасыр оздырған. Талай сойқан болып сенің төсіңде, Талай адам құлап, Сенде көз жұмған. Сөз емес, ау, Қайғы-мұңнан туған жай, Қалатұғын жүректерде у бардай... Қарағанды жадырата беріңдер, Толқын,.. Толқын жаңа туғандай,.. Ақкетігім – арқауы ән-жырымның

Өзге емес ел атаған Ақкетігім, Соны айтқанда басқа ой жапты есігін. Ақкетік уақыт өзі ойып салған, Басқа емес өзіңе сай сәтті есігің. Сұлулық еккен сенің келбетіңе, Көк теңіз бір бүйірде тербетіле, Талай асыл өзіңде күн кешіпті Сәулесі түсер бүкіл жер бетіне. Айналайын Ақкетік келбетіңнен, Еңбегінен халқымның жерге сіңген. Бақ егіп көк майсалы айнаалға Сонымен өзгелерден дербес іргең. Ақкетік Адайымның мекені бұл, Ал кәне тарихты жете ұғын. Зерделі Есбол-аға тұрғын болған, Жерлестер ұмытпас-ау бекем ұлын. Кітап жазған тарихи қаласына, Арнаған соны баланың баласына. Өткен өмір ертеңгі сара жол-деп. Құйып өткен солардың санасына.

Білмедік кім келгенін сонда мұнда, Әміршілдер болған ғой соңдарында. Новопетровск атанса алғашында Есте ғой Форт-Александровск болғаны да. Білмедім қоса алам-деп өзге нені, Ол форттың рас көпке төзбегені. Тарасқа 125 жыл болған шақта Шевченко Форты болып өзгереді. Келеді басып бәрін Ақкетігім, Ақкетік деген сенің жақсы есімің. Тербелсін деймін сенің нақ төсіңде Аналар аялаған ақ бесігің. Дәл саған өкпелемес Тарас атам, Атты ғой жер бетінде жаңаша таң. Лүпіл қаққан жүректер шырқасыншы Күй келген көңіл менен парасатты ән.

Болмасын мәңгі есімдер солар ғайып, Мақтануға ісімен болар ылайық. Орден алса Мұхан аға, Несібелі Еңбек ері Із-аға Оразбаев. Тітіркене қозғалып ой-арманда, Дүние алтын нұрға боялғанда, Сәуле шашып тұрмайма айналаға, «Ұйқыдағы аруы» оянғанда. Барлығы-барлығы бар сұрағаның, Майлығы, сулығы да бұл араның. Айналды өр еңбектің ортасына Сөзіндей Әбіш-аға Ғұламаның. Не болмады өлкеде бұрын мынау, Болса да бірде мұздақ, бірде қырау. Қырымның 40 ерін үзбей жырлап, Тауыса алмаған жер Мұрын жырау. Шебер қолды Зейнепті білесің бе? Сан өрнекті әшекей үлесінде. Серігі оның Тілеген Өрісбаев, Сәйгүліктер орден мен тұр есімде.

Жарқырап жақындады қиядағы, Көп нәрсе құшағына сыя алады. Шат өмір, шалқар көңіл болған жерде, Көбеймей ме бақыттың ұялары. Айналаға қозғалыс жарсап ішкі, Шығармауға сыртқа түк жар салысты. Бүкіл әлем көз салып байлығына, Қызығын тамашалап тамсаныпты. Жыр еткен төскейіңде әнші бабам, Көрінеді қайың сапты қамшы маған. Уақыттың сабалаған ауыр сыны, Бақыттан бал ағызды тамшылаған. Ежелден әйгілі елге Ақкетігім, Келеді тербетумен Ақ бесігін. Төрің дайын, Төсегің салулы боп, Бұйырса деймін ылғи бақ несібің. Көк теңіз күндіз-түні иіскеген, Жағалау жазды өзіңе тиісті өлең. Ибаш-апа басшы боп бұл қалада Халқына тіршілікте сый істеген.

Жүретін еңбек десе дабыл қағып, Кететін мал соңынан «сан ұрланып», Мемлекетік сыйлықтың иегері Ел есінде Ер-аға Табылғанов. Туса егер топырағында арда құлын, Бағы бар-дейді ғой жұрт бармағының. Сенде бар Шахта атты орта мектеп Ұшырған Әбіш атты саңлақ ұлын. Аймағым айналайын кең мекенім, Сенемін еңбегімнің сенде екенін. Сенің күнің мәңгілік туып келеді, Жаңалық болмақ емес елде тегін. Ойласам көз алдымда тұрады олар, Жандай-ақ менен келіп сұрақ алар, Айқыш-ұйқыш кемелер жүзіп жүрген, Теңізде елестейді мұнаралар. Қаласы көз тартатын қарағанда, Өзгерген өзгеше пәк балаларда. Айнала жаңаша күй, жаңа орта Дейтіндей өлеңіңді маған арна.

Таңырқайды, қарайды бар адамдар, Қабылданып жатқандай жаңа заңдар. Танысыңдар дегендей жаңа күнде, Бәрін көріп қуана аралаңдар. Форт-Шевченко атаған қалаларын, Ұмытпасын-деп кейін балаларым. Әлі де бізбен бірге Ұлы Кобзарь Суретші, ақын ол дана дарын. Форт пенен Черкаск бауырластар Барғанмын кездескен-ді тәуір достар. Тілейміз бар жақсылық екі елге-де Замандастар, таныстар, қауымдастар. Он бес жыл біз барғалы орманды елге, Көз тастап тамсанғанбыз қорған белге. Қонаққа шақырғанбыз таныстарды Ұлы ақын ғұмыр кешіп болған жерге.

Кез келді десек егер басты нықтар, Сен оған шашуыңды шаштырып қал. Шахталық Зейнолла бар, Жұмат та бар, Хайролла, Ләззат пен Жақсылықтар. Тұрғандар риза боп кеңдігіне, Ғажап-ау ақыл-парасат кеңдігі де. Серік пен Айкүмістің жүзі жарқын, Жел еседі айдарынан енді міне. Күн туды, жаңа кезең, жаңа заман, Ұл менен қызда туды жан анадан. ХХІ ғасырдың бастауы бұл, Жаңылғандай есептен санамаған. Үйімде отыр мадым ұйып менде, Сыйлығым осы болды сүйікті елге. Арайлы Ақкетікке ақ тілегім Шырқай бер, биіктерден биіктерге Шырқай бер, биіктерден биіктерге! Маңғыстау деген киелі қазық ат байлар

Маңғыстау қара алтынды аймағымсың, Атына ерлік туын байладың шын. Алыстан қарағанның көзін тартқан Сен менің қолымдағы байрағымсың. Сұлудың ақ жүзіндей жарқылдаған, Қап-қара майғабөккен алтын далам. Теңізің мөлдіреген айнадайын, Әр тасың мәрмәр сұлу алтындаған. Мұнайы «Қара алтын» қазынамыз, Қаталдау табиғаттың назы нағыз. Халықтың игілігі-ен байлығы Қара қошқыл жер нәрін ағызамыз. Ей менің әнші далам, жыршы далам, Кімдер бар өздеріңнен сыр сұраған. Оларға жеткізіңдер не ғажапты, Алдында әсемдік кім шыдаған. Бұл өлке маңғаз жатқан баяғыдан, Болмаса да сұлулық саялы маң. Сызылтып жататұғын ән сап желі Күн сүйетін әйтеуір аяғынан.

Жағасын оның қанша араладық, Қаншама күн өткенін санамады. Лықсиды бір ілгері, бірде кейін, Көк теңіз жағалауға қарап алып. Аймақ бұл мәңгі өшпес босағам бар, Өнердің өлмес жолын жасаған бар. Мәңгілік нұрын шашқан күндей жарық, Өскінбай, Абыл, Есір, Қашағандар. Тағдырды, тарихты тыңдаықшы, Кім батыр, кімдер басшы кім байыпты. Әлиев атты әскердің қолбасшысы Кім білмейді ел басқарған Мыңбаевты. Төсіңде талай сенің тұр емендер, Маңғыстау талай ерлер түлеген жер. Өсірді мәртебең мен мерейіңді Тайшықтар, Ержігіттер, Тілегендер.

Күріш, Сержан, Ізбасар ағаларым, Онердің биік шыңы бағалары. Ағасы осы топтың Орын-көкем Түрлендіріп жіберген сана бағын. Роза, Рухия мен Тамаралар, Шаңырақтың шаттығы жан аналар. Домбыра, ән мен күйдің құдіреті Жандардай көрінеді маған олар. Әділбек Наталия, Ердос мықты, Әлемдік сайыстарда үздік шықты. Атағын аймағымның асқақтатқан, Ұстатпас енді ешкімге ауыздықты. Таралып мың сан тарау жолдарыңда, Көп ұлтты қойның толы қызбен-ұлға. Көтердің сенде еңсе Маңғыстауым, Қазақ елі тәуелсіз болғанында. Алданып құшып қалған көп сағымды, Ұрпағың қызу қанды, от жалынды. Намыстың туын ұстап ЖаңаӨзеннен Түгендеп шықты сенің жоқтарыңды.

Біз елдің шекарасы теңіздегі, Маңғыстау ұлылықпен егізбе едің? Әйтеуір бұл арада қалып жатыр, Ешқашан қайталанбас соны іздері. Теміржол Шалқар-Ақтау таңдағаны, Қосады ауыл-ел мен бар қаланы. Құла дүз, құтты қоныс болып енді Қос құрлық біз арқылы жалғанады. Құйыл күш. Асыл сезім қайрат талма, Бойға қуат құяды байрақтарда. Құрықта, Ақтау менен Баутинде Жарқыраса теңіздің айлақтары. Ақтауым әуеледің асқақтадың Келесін ізгіліктің бастап бәрін. Каспийдің жағасында сұлу қала, Тамсанттың қарағанда қас қақпадым. Жып-жылы жымиғандай дала мына, Шашып тұр алтын арай алабына. Жол бойы қаптап кетті қайың-талдар, Үлбіреп гүл өскендей сабағына.

Қашаннан жерің жұмақ сырың тұнық, Алғандай тереңіне шырын құйып. Жар болып Бекет Ата қай кезде де Енді әлем тыңдап жатыр жырыңды ұйып. Қояйын мен сөзіме сәнді нүкте, Тұрсыншы жұлдыз жайнап, таң күліп те. Маңғыстауым, мақтаным, алтын ордам Жайнай бер, жасара бер мәңгілікке,

ТАБИҒАТ МЕНІҢ СЫРЛАСЫМ

Мұнда жер бусанбайды жазғытұрым, Сайлардан жүгірмейді бұлақтар да. Бірақ та табиғаттың назды түрін Көріп қал, Көктемгі үнге құлақ сал да. Бозарған шөп шықпаған қырға да әлі, Лайсаң бола алмайды тым құрыса маң. Тек қана балғын терек бүр жарады, Бұрымын дауыл жұлып, Құм құрсаған. Келгендей желектерін бүркенгісі, Тарқатып үйеңкі тал бұрымдарын. Киінген қызыл-жасыл үлкен-кіші Көресің теңіз жаққа шұбырғанын. Сияқты маңғаз жүзді Ардақты ана, Көк теңіз қозғалады байыпты, нық. Қарайды биік үйлер салмақтана, Бет-жүзін жауын-суға шайып тұрып.

Даланың шаң-тозаңын мол уыстап, Сал самал құм үстінде жүгіреді. Көктемгі шырақтарын қолына ұстап, Тұңғиық түн теңізге үңіледі... *** Жаңбыр нәзік саусағымен шертеді: Тырс, тырс... Тырс-тырс... Қайтерсің бұл еркені... Жер-ананың бетін жуа келді ме Табиғаттың тазалықшы көркемі...? Әлдиі мен әлде айтқан оның бұл, Көтерілер дей ме содан көңіл дүр... Сәлемі немесе бұл жеткізген Күн жайлаған ұлы әлемнің көгілдір?... Ел қуантар жақсылықтың өзі меҚұлақ түрем тырс-тырс жаңбыр сөзіне. Қарағандай қарап тұрмын мен оған Дархан пейіл молшылықтың көзіне...

Толастамай нәзік саусақ тырсылы, Төгілуде табиғаттың бір сыры. Үй ішінен жауап қатып тұр оған, Сағат пенен жүрегімнің дүрсілі... *** Бет қарып, суық тілін жалаңдатқан, Билейсің, қарлы құйын омыраулап. Бейне қыс ойынындай табандатқан, Сәні кіріп шаттанған, қоңыраулап. Жүздесуге өзіңмен жан шыдамас, Ығысамыз қызулы қалпыңды ұғып. Қарлы құйын өршелен, қамшыға бас, Эстрадаң тұрғанда алқындырып. Міне, тағы бір құйын кетті алақтай, Дей тұрғандай. «Үйге қайт! Барды киін!» ... мен бүгін тұрғаным бет қаратпай, Жан дүниемде менің де қарлы құйын...

*** Жаз дәурені азайып қалғасын ба, Селдіреген жапырақ тал басында. Жер-ананың қойнына жөнелді, әне, Отырып ап ауаның арбасына. Алыс тартып, азайып жігер, қызық, Сар түсінен сарала жыр өргізіп. Жапырақтар қоштаса қол бұлғайды, Жаз-әлемнен бір жола күдерді үзіп. Жапырақтар... Сарыала жапырақтар... Әрбірінде қаншама жатыр ақпар!? Күнің өтіп барады-ау... Күнің өтіп... Шашу болып соңғы рет шашырап қал... Жапырақ тал басында селдіреген, Жаңа ғана бүр жарған өндір өлең. Жаз қызуы жасартып кетіп еді, Күз қазаны қуырып, Солды денең...

Топырақтан қайта орнап сән басыңа, Айналарсың тіршілік жалғасына. Жер-ананың қойнына жөнеле бер, Отырып ап ауаның арбасына... *** Аптап қысқан қаланың тарылғандай тамыры, Бет шарпиды бар тұстан күннің ыстық жалыны. Өткір сәуле қарасаң жанарыңды қариды, Емін-еркін көрсетпеу шақырымның арыны. Көшелерде көбейіп әйнектердің жарқылы, Шапқылаған сәбидің баяулайды қарқыны. Шашымызға сіңіріп күннің құрғақ иісін, Дүниеге қараймыз көзілдірік арқылы... Күннің сол сәт қабағы шытынды да аз ғана, Соңғы рет қарады сағым жаққа наздана. Сосын оны ертті де, Ар жағына бұлттардың Кете берді жайына маң-маң басып жаз -қабақ...

Аспан қалды қап-қара болды-дағы түтігіп, Дала жатты шөліркеп, Бір сусынды күтініп. Сәлден кейін шелектеп бар қаһарын төкті де, Маңғаз тартты көк жүзі тұрғандай іс бітіріп. ...Тағат таппай бір кезде, Бұлттар көшті жөңкіліп, Моп-момақан боп қалды жаңбырдан соң көл тынып. Сусындаған кең дала кеуде кере күрсінді, Көк жүзінде байқалды әлдеқандай олқылық... Сол мезетте күн қайта шыға берді күлімдеп, Қуанғаннан бар маңай кетті бір сәт дірілдеп. Күн мен бұлтқа кең дала қарады да кезекпен: Деді: «Маған ешқашан жат емессің бірің де!»

О, ұлы күн қарайсың күнде осылай кешкілік, Содан бері талай күн кетсе-дағы ескіріпНе сыйқырың бар сенің, Кездесу сол сәттерде Оянады көңілде ежелгі бір ескі үміт... Арайланып, толғанып қалам содан әрқашан, Содан қуат тарайды есім кетіп шаршасам. Көңілім бір тояттап, нұрланады жанарымСол үмітте тұрғандай бүкіл мұрат, барша сән. Тереземнен кешкілік қарап тұрсың тағы да, Қуаныштың шамы ма, үмітіңнің таңы ма? Жоқ әлде ол арман ба, нұр құйсын деп жаныма, Іліп қойған суарып қиялымның қанына... *** Өршігендей қар менен құйын әні Маңғыстауға қара жон қысы келіп. Үн-түнсіз жағалаулар бұйығады Көгілдір көктем шуы түсіне еніп.

Тегістері бір жола қақырап күз, Алып кетті аймақтан бар шырайды. Желпіне алмай балғын тал жапырақсыз, Жел өтінде дәрменсіз қалтырайды. Қытымыр сырын алғаш қыс ұқтырып, Алыпты суық лебі орап бақты. Қарсыз жер, қара суық құшаққа алып, Төбеге сұрғыл аспан қонақтапты. Тапжыла алмай, бұзаудай арқандағы, Қара жондар іздейді қарлы ішігін. Қара жерді жаратпай қаңтардағы, Қабағы кіржиеді шаңғышының. Қырқаны күз керуені барады асып, Қағады терезені жаңбыр әлі. Күндермен күреңқабақ жағаласып, Шат өмірдің шуы тек жаңғырады...

*** Қара...қара... Дала неткен...дала неткен көрікті, Аппақ әлем билеп алып бара жатты ерікті. Түніменен терезенің отырып ап түбіне Аяз ата әйнегіне сурет салып беріпті. Бейнелепті дала шөбін, таудың биік шыңдарын, Сілемдердің мойнын соза көкке қарап тұрғанын... Төрге ұстаған тұскиіздей енді бір түс бедері, Көрсеткендей табиғатта таңғажайып сыр барын...

Қалың жауған қар соңынан ауа қандай тұп-тұнық!? Салғырт күйді барады ол әлдеқайда ықтырып. Талда басқа бүркеп алған ақ желекті сілкіген Балаларға торғайлар мәз, Қуана шық-шық күліп... Жуасып қап асау боран, қол апартпас жалына, Күн шығыпты... Күн шығыпты, дүние күткен зарыға. Тек қана үйлер төбесінен ұшырған ұнтағы Жер ананың ақша бетін опалап тұр тағы да... *** Ақ мамық көктемдеммен күмістеніп, Жатыр жер ақ күмістен ырысты еміп. Іштің шерін тарқатып будақ булар, Дүние жарқырады, тыныс кеміп. Ап –ашық қабағынан құйылып ән, Күн ару қарар күліп миығынан. Шапаны жер-ананың тоз-тоз болған Барады сыпырылып иығынан.

Жай кеткен көз салмайтын көп ешкімге, Көзінің алды қыстың көгіс мүлде. Тәкаппар, сықыр-сықыр күй жоғалып, Жасық қар жылап жатыр жол үстінде... *** Жарқын жүзді,жайдары, шапағатты, Көзді тартып, бойдағы қуат, көрікЖер – ананың келді ізгі махаббаты, Жапырақ пен гүл болып, Шуақ болып... Мол дайындап өрнектік гүл, жібегін, Табиғатқа жазыпты көңілді үнін. Жер тербейді жылыта Күн жүрегін, Алма ағаштың ақ қанат нәзік гүлін. Келе жатыр Маңғыстау аңызағы, Қыс сүйегі қалыпты қаусап кәрі. Жаңбыр суын жерге үнсіз тамызады Үйеңкінің сүп-сүйір саусақтары...

*** Көктем келді, Көктемнің бүгін таңы, Билейді ғажайып бір сын ынтаны. Табиғат шапағатын құйып жанға Алаурап ұсынады гүлін тағы. Құдырет кеп көктем деп аталатын, Жаңғыртыпты қайтадан жаһан атын. Гүл шоқтары жүр тағы тасымалдап Жүректердің жылуын, махаббатын. Таң ... Көктемнің ғажайып бүгін таңы, Ұсынады ол нәзік гүлін тағы. Жас жүректің лүпілін, қуанышын, Тереңірек хақ оның ұғынары... *** Нәзіктігін, пәктігін, ізгілігін ұқтырып, Мөлдірейді күн көктем жанарындай тұп-тұнық. Ынтымақтың, Бірліктің, Махаббаттың бұлағы, Қарсы аламын мен сені аяғымнан тік тұрып...

Төріме шық, сүйіктім, мәртебем боп, үміт боп, Жүрегіме өзіңнің жалыныңдай тұныпты от. Жанарымды, жанымды шаттығыңмен суар да, Пәк күйлерді өзіңдей көңіліме күліп төк! Лепіремін содан мен, қуаныш боп тасам да, Кел, көктемім керілген, Шаттық шашып бас алға! Жібек жел мен ұлпа ауа жадыратқан дүниені Жұмсақ болғым келеді мен өзіңдей қашан да... Ізгілік пен мейірім, жасампаздық-қаруың, Іздейсің сен тіршілік мұратының дәруін. Ізгі болғым келеді мен өзіңдей әрқашан, Ынтымағын әлемнің арқалаған, аруым...

*** Құба жонда жөнелді сағым ойнап, жарысып, Еркіндікке көсіліп, құмарлана алысып. Ұзақ уақыт қапаста қалып қойған торғайдай, Шексіздікпен, даламен емірене табысып... Шуағымен дүниені емірене аймалап, Іздегендей әлдене, жүгіреді «қайдалап». Осы мезет алыстан келе жатты бұлт төніп, Жарқылдата қолдағы айбалтасын қайрап ап... Уақыт мүжіп айналған жағасында тас құмға Майда толқын сусыған аяғымның астында. Құшағына теңіздің қойып кеттім алаңсыз, Бетті қари шыжғырған Күн көзінен қаштым да...

Аптап қысқан далада тарылған-ды тынысым, Күн шыжғырып, көз қарып мандымаған жүрісімТеңіз енді аймалап, салқын сұлу ернімен, Әлдилейді тербетіп сылдыр сұлу күміс үн... Айналайын, табиғат, теңізіңнен, шөліңнен, Бірде апшыны қуырса, бірде рахат көрінген. Ыстық, суық сезініп, Ысылып біз келеміз, Қызығың да сонда екен, Қымбатың да сонымен... *** Басқан сайын аяғымды, Ізіме су іркілді. Өзен де өз күшіне еніп Мұзды сырып жұлынды. Жан біткендей ұйқыдағы табиғатқа кенеттен, Қыс көрпесі бірте-бірте жұқарды да, жыртылды. Айырылды қаһарынан ызғарлы қыс кешегі.

Майда ғана өбіп беттен көктем лебі еседі. Дүр сілкініп сыйда ағаштар, қуаныса сыбырлап. «Кез де келді көріктенер, күтіне бер»,-деседі. Жадыраңқы жасаң, жұмсақ табиғат бір түрге енді, Соныменен көңілім де бірге түлеп түрленді. Сүйем, көктем, сол үшін де әкелесің сен маған Арманшыл жас жүрегіме серік болар гүлдерді.

ҚЫЗ СЫНЫ

1990 жылы Ақтау қаласында өткен алғашқы «Қыз сынында» оқылған сынаққа түскен қыздардың Кіріспе сөзі Қандаймыз біз: мықты әлде нашармыз, Өмір жалғап, іздеріңді басармыз. Той тойлатып, думандатып бір күні, Ата-ананың жоралғысын жасармыз. Қандаймыз біз: көріңіздер ал бүгін, Ақылды да, ажарды да – барлығын. Сұлулықты қыз атынан құшақтап, Алып шықтық алдарыңа бар мінін. Болса-дағы ниет түзу, арман ақ, Ой-қиялға бітірсе де ән қанат. Замананың сан бұралаң жолдары, Бізді-дағы кетті анық таңбалап. Десек-тағы заманымыз жаңғырды, Табылмастан дұрыстыққа мәңгі үлгі. Өз халқының әдебінен қол үзіп, Ана тілден айырылды сан құрбы.

Ата-ана, сендерден жоқ жан ыстық, Құшағыңда қуанышпен табыстық. Бірақ қайдан шықты қыздар тұратын, Қазақпын деп айтуды да намыс қып!? Сана қандай, мініміз бар қаншалық, Салмақтайық алуан ойға жан салып. Ата-ана, бірге толқы бізбенен, Ренжіме, қала алмасаң тамсанып. Ойла! Ойла тек бізде ме бар кінә!? Тыңда! Қара! Мүкіс кетіп, қалғыма! Бойжеткен боп, есейдік деп қыз болып, Тұңғыш рет шығып тұрмыз алдыңа. Талшыбық қыз, Шынар қыз бен қайың қыз, Өздеріңнің Күндеріңбіз, Айыңбыз! Қандаймыз біз?! Ал салыңдар сарапқа, Қарсы алыңдар, Сындарыңа дайынбыз...

СЕЗІМДІ ТОТ БАСАДЫ

Сезімді тот басады, тот басады, Болады оның да жас, қатпа шағы. Оның да жұлдыздары жанып кейде, Басынан күні өтіп, бақ қашады. Сен мұны ойладың ба, ойламадың, Егеді ол шабыт болып бойға дарын. Шырқатар кейде үздіксіз арқасы бар, әншідей басылмаған тойдағы арын. Шақтарын таусып алып шат, тамаша, Тозады-ау бұл да күтіп, баптамаса. Кейбірде аспанға ұша шарықтаса, Кейбірде жусаннан да жатты аласа. Айтпағымды сағыздай соза бердім мүмкін мен, Болса-дағы мәнісі аз, ал өңімде күлкім кем. У сезімді әлде сол шая түссін дедім бе, Көңілімнің түбінде лай судай іркілген.

Тұрды да сосын түйіліп, Құйыла берді жас болып. Кенеттен бейғам күй ығып, Елжіреп кетті тас көңіл. Сенімнен сезім нәр алып, Сұлулық біткен тең келмей. Жан дүнием шықты жаңарып, Жайраңдап көктем келгендей.

ЖҮРЕК СЫРЫ

Жүрек неге ауырады қимаса, Қыстай ма екен сезім ішке сыймаса,.! Сағынышын, Ықыласын көп күндер, Төкпей-шашапай, Шашыратпай жинаса..? Күткен бейне көзге түспей қамықсаң, Жаның неге тыпыршиды зарықсаң..? Секілденіп сол тірліктің кіндігі, Әлемдегі баға жетпес жарық шам... Безек қағып, Ада болып сабырдан, Қасірет ішіп, Сөгіледі қабырғаң. Асықтырып, Өзегіңді өртейді, Ыстық жалын лап-лап ұрып тамырдан. Көңіл неге қобалжиды күпті боп, Кей шақтарда азабы оның тіпті көп Жалғыз күйдің құрбаны боп кетеді-ау, Бұл өмірде жоқтай өзге құт-тілек.

Айнымайтын алуан күйлі тайгадан, Жүрек сыры көрінбейді айнадан. Кейбірде ол қатпар-қатпар жер сынды, Өртке бастар жанартаулар жайлаған...

НАУРЫЗ

Көтеріп қыс түсірген ұнжырғасын, Ұзартқан бой жаздырып күн мырзасын,, Оятқан Жер-ананы ұйқысынан Наурыз депті қазақ жылдың басын. Талаппен елге құтты, Ізгі, Ардақты Қадайтын жерге түрен біз бармақты Наурыз келеді екен жылда бізге Із тастай қадамына қызғалдақты. Ажыратып қыспен ірге жұраттықтан, Батырдай қатал, үлкен сынақта ұтқан, Айнымас табиғаттың анасындай Мәңгілік тіршілікті мұрат тұтқан. Бұл күні сәлем беріп, төс қағысып, Бір бірін еске алар, дос табысып. Наурыз көже құйып қазанынан, Отырар жарастықпен қостап ішіп. Адамның мерекелі, шат күлкісі, Жайдары үй арасы, Бақтың іші. Сандықта жатып қалған, Әжелердің,

Алмасты көк пүліші, Ақ пүліші... Қолқалап, Жердің жүзін мұң баспауын, Болсын деп сырлас халық, Сыйлас - қауым, Құратын жасампаздық салтанатын, Қазағым осы депті жыл бастауын...

АРУ

Табынбаған атына оның ер тегін, Басталады содан ғажап ертегің. Бабам қазақ қастерлеген қызды ерек, Ару деген Ай мүсінді көркемін. Кездессе де тағдырынан сан қысым, Қайратымен сүйіндірсе тал мүсін. Бабам қазақ көрсе көзі тоятын, Ару деген ажарлы әрі арлысын. Ойлылықпен тартымды ғой бет пішін, Ақыл жоқта көз қуантпас еш мүсін. Бабам қазақ ең алдымен қызының, Ару деген көркіне сай естісін. Ат қойыпты саған, құрбым, Ару деп, Тұратындай содан әсем ән улеп. Солай ғана тербе ылғи көңілді, Ессін алдан ән-самалдай ару леп.

Дүниеден сан ару қыздар өтті, өтер, Мынау халық: ондай қайда деп кетер. Көрсет бізге болмысыңның қырларын, Ару есім телінбейді тек бекер. Тіршілікте өткен күннен қалуда із, Біз де соған қосулармыз, алумыз. Арамызда жүргеніне сендірші. Бабам қазақ сыйлап кеткен ару қыз... ЖЕҢГЕТАЙ (Майлыбай мен Бибіажарға) Қондырғалы қайнымның аспанына Ай, Жеңгетай боламын деп, Сасқаным-ай. Жауаптылық сездірген, Қысталаңда, Не салды – деп, қорқыппын, - басқа құдай. Шықса егер, Туыс, жат бәрі ысқырып, Білмейсің жақын ба әлде алыс па үміт. Жеңгелік жасаған сол бір күндерім, Кетті әйтеуір екеуін табыстырып.

Таныстықтың ширатып жібін бұлар, Той жасатты қазаққ, Шығын құмар. Той дегенде, Қу басты домалатып, Әлмисақтан жол салған бұрынғылар. Екіншісі көбейтіп бір баланы, Үйлерінде сан сәби іңгалады. Отырып ап енді мен марқаямын, Игерген бір жандай-ақ тың даланы. Сияқты бірі құлын, Бірі ақ елік, Шаңыраққа сый етіп бұла көрік. Бара қалсам, Шуласып бір топ бала, Дәумамалап алдымнан шығады өріп. Келінім мен қайным да жүгірісіп, Құр шайын да тарқаймыз күліп ішіп. Қыз салмақты, Түрі де өзімдей ғой, Саған тартқан жылпос деп ұлы пысық.

Жұпты таппай, Қандай сор, семсең жүрек, Кім талпынбас, Көтерем еңсемді деп. Қорқамын мен... Қорқамын бұл сәттілік, Болған шығар деп мүмкін ең соңғы рет. Өз отауын қаншама жан сағынып, Жеңгетайын күтіп жүр қанша жігіт. Келді қанша үміттің қақпасына, Тілек қуып арман мен сан сабылып. Жүрмеу үшін жүректер жетімсіреп, Бол дейді жұрт жеңгетай екінші рет. Жәудір көздер бірақ та тұратындай, «Өзім іздеп көрейік, Кешірші», - деп...

ЕКІ ҚАНЖАР

...Жүрегіме екі қанжар қадалды, жүрегімді екі қанжар тілді кеп... Жойылды ма маған деген адалдық, Мойыныңда әлде басқа бір білек... Екі қанжар... Жамандық бұл деймін бе?! Неге мөлдір көңілімді кір етті?! Бейкүнә, пәк қызғаныш та кейбірде Қанжар болып түйрей ме екен жүректі... Не сыры бар біле алмадым түстің бұл, Көңілімнен бірақ ұзақ кетпеді. Жан дүниеге түсті де жат ұшқын бір, Киілді лез белгісіз мұң шекпені. Ұйқы қашты... Сырласйық кел, жүрек, Жасырайын сенен оның мен несінТүсте көрген екі қанжар енді кеп, Жыртар ма екен мұңның мұнар пердесін...

ШІЛДЕХАНА

Сәби келді, дүниеге сәби келді, Бір-бір хабар тарайды әр үйге енді. Бір-бір шаттық құшақтап туыс жандар, Күй табақтар ойнайды «Наригенді». Той болады, қуаныш тасып бүгін, Абыр-сабыр күшейер, қашып тыным. Ұзақ ғұмыр тілесер тойшы қауым, Аспанының тілейді ашықтығын. Ақ тілектер көлкөсір ақтарылып, Жат тілектер үлгірер шаққа бұғып. Ата-ананың жүрегі лүпілдейді, Көзге елестеп нәресте жаққан үміт. Ән-күймен, шат күлкімен таңды атырып, Қызады шілдехана ардақ ғұрып. Ұлы дырду үстінде қояды жұрт Бір сүйкімді есімді таңдап тұрып.

Шай қайнатып, қой сойып, күбі пісіп, Абысындар қалар бір жүгірісіп. Ыдыс-аяқ оң-солды сабылады, Қоярдай жұрт бәрін жеп, бүгін ішіп. Иіп ылғи алдында тау-шың басын, Ете алмайтын өзгенің даусын басымШілдехана бітпесін жер бетінде Шілдехана қызығы таусылмасын...

БАЛАМА ТІЛЕК

Тіршіліктің азабын аз тартқам жоқ мен, Күнім, Денсаулықтан төмен тұр өмірдегі теңдігім. Бүйірімнен түртеді сол ақауым кейбірде, Жарытымсыз бір сәтті іске келе қалса кергігім... Тіршіліктің азабын аз тартқам жоқ мен, күнім, Мұқалғам жоқ, әйтсе де, Болар ма солп ерлпігім... Әйтседағы есем бар содан кеткен өмірге, Сен болмасаң, Толтырар ол есемді енді кім... Сұрайтыным сондықтан – Күнім менің, ауырма! Тоңдырмайтын боранда, әл бермейтін дауылда Серік болсын өзіңе денсаулық пен өр талап Белдерінде өмірдің, арман-тілек тауында.

Көрсеңдағы өмірдің қанша, суық, ыстығын Көлеңкем боп қалма сен, Менен биік ұш, күнім. Қадамыңды нық бассаң алаңдамай, сеніммен Қуат алам мен содан, Сонда мен де күштімін. Тіршіліктің азабын аз тартқам жоқ мен, күнім, Анаң жайлы жадағай болмас бірақ сенде ұғым. Сене күтер үмітім ортайтпайды еш менің Бір өзіңмен толтырам істерімнің кемдігін. Сен жылтасың жанымды, жылытса егер Жерді-Күн, Сен – бақытым, қызығым, Сен – аналық теңдегін. Өмірім де ертеңгі, үмітім де өзіңсіңӘрқашан да ұш биік, денің сау боп, сен, күнім!

АНАМА НАЗ

Күндер зырлап, Көктем келіп, Күз келіп, Ауылда өстік, Ұяң болып, қыз болып. Кештерге де барушы едік ұяла, Шешелер көп бермейтұғын бізге ерік. Сұрайтынбыз ұзақ-ұзақ жалынып, Ашуланып, Басылғанша арыны. Жұмбақ тұнып әр кеш шыққан шуына, Телміртетін тойлы үйдің жарығы. Тыйымы көп қысастыққа біз көніп, Өстік солай... Өстік солай қыз болып... Балауса шақ қызықтарын біз онда, Көбнесе қиялдан тек іздедік. Ұштық сосын, Он сегізге жас толып, Жүрдік сосын, Жастық буға мас болып. Кеттік сосын алыс-алыс тұстарға, Бір-бір үйлік шаңыраққа бас болып.

Бірде ұрсып, Енді бірде наз қылып, Дейді анам енді мені жазғырып, «Отауыңды неге жақын тікпедің, Қандай сайтан кетті сені азғырып... Ауылдық бір жанға неге шықпадың, Алыс кеттің , Бар ма сонда ұтқаның?!»... -дейді...дейді... дейді мені жазғырып, ал мені оны былай ғана құптадым: Рас, Иә, Алыс кеттім дәм айдап, Маған қарсы шығып тұр ғой бар айғақ. Әйтседағы ұмытпаймын сендерді, Келем ылғи... Жүрем ылғи қарайлап... Қарайлаймын ауылдасқа, бауырға, Сағынудың өзі кейде ауыр да. Сәл жиірек жібергенде кештерге, Мүмкін мен де жүрер ме едім ауылда...

Мен бәрін де өз сөзіңнен түймеп пе ем Сөйтіп жүріп сан сезімді күйреткем. Ауылдастың көңілде атын өшіріп, Сен емес пе ең қаталдыққа үйреткен..?! Келеді ғой... Келеді ғой бізге әлің, Сездірмеші сонда-да ашу-ызғарын... Мен сияқты көп қыспаққа алма енді, Жақын жерже жүрсін десең қыздарың...

АЗАТТЫҚ ЖЫРЫ

Табыстырған әділет, теңдігіме, Қол жеткіздік қазақтың елдігіне. Құтты болсын күттірген жаңа заман, Азаттығым аңсаған келді, міне. Аспан зеңгір қарасам, Қызығың көп санасам. Жаны жайсаң халқым-ау, Таусылмасын тамашаң. Боп жүргенде күлкің аз, уайым басым, Жаңа күнің жақсылық дайындасын. Көсіп қалған қолыңды көп дүниені, Тоқшылықтың жалынан айырмасын. Болсақ-тағы сан ығыр, Көктемдердің жаны гүл. Айналайын, халқым-ау, өмір қымбат бәрібір. Сұры қашып қанша рет тірлігіңнің, Қанша рет бір тұрып, бір бүгілдің. Енді қанша келсе де күңгірт заман, Берекесі қашпасын бірлігіңнің.

Артып елдік айбынын, Жарқырасын Ай-күнің. Ырыс құйып, халқым-ау, Үстей берсін байлығың. Тереміз деп сенейік ырыс гүлін, Төзімділік дегенің ұлы іс бүгін. Аман болсын еліміз алдыменен, Тілейікші заманның тыныштығын.

ҚЫСТАЛАҢДА ТАНЫРСЫҢ ҚАСИЕТІН ІЗГІНІҢ

Еш армансыз өткен адам жоқ па шын-ақ өмірден, Дегеніне жете алмай қанша көз жас төгілген. Қаламасын қаншалық – құтылған жоқ өлімнен, Қанша қимас болса да қазып алмас көріңнен. Өлім деген өртейді өзегіңді от болып, Арашалап қалмайды ешкімді ешкім көп болып. Қанша жайсаң, даналар өкінішпен кетті өліп, Қанша қима – ғұмырын беретіндер жоқ бөліп. Амалың жоқ, шара жоқ қайғырсаң да қаншалық, Бере алмайды өліге ешбір тірі жан салып. Тәтті дәмді сезе алмас ешкім де құр тамсанып, Басқа түссе, зұлматты қуа алмассың қамшы алып.

Жармассаң да жастық шақ ұстатпайды тізгінін, Оралмайды қаншалық іздесең де қыз күнің. Бір күніңе татымас ойсыз өткен мың күнің, Қысталаңда танырсың қасиетін ізгінің. Аңсап жүрсең ылғи да жақсылықтың жарқылын, Бейімдейсің сен оған ғұмырыңның тәртібін. Тигізбесең, жаныңа жат дүниенің салқынын, Текшеленер көз тартып, қоштасатын әр күнің, Қуанарсың тірліктің үйренгендей бар тілін, Әрқашан да есіңде сақта соны, алтыным... Буын-буын тәтті ұйқыға елжіреп, Көк пердені бірі көріп, бірі ұстап, Алақанға салып бейне кең, жібек, Тербегендей, Бейғам еркін тыныстап, Рахат-теніз тұңғиығын шарлауда, Шырылдап тек уақыт – жұлдыз ұрысқақ.

Рахат-теңіз тереңіне шым батып, Тәтті ұйқыға еш алаңсыз тіл қатып. Ұмытарсың бұл дүниенің шаттығын, Қайғысын да, көздің жасын құрғатып. Буынды алса тәтті ұйқыдай бал сезім, Күй төксе де қайтара алмас әр сөзін. Бал сезім мен бал ұйқыға себепсіз, Қоя алар қандай адам қарсы өзін. Өлең жаздым мен тәттілер жайында, Бой алдырмай мұң мен сары уайымға. Тәтті сезім, ұмыттырма басқаны, Тәтті ұйқы, тәтті өмірден айырма... СӨЗ Ақтарғысы келсе де айтпас адам көп шынын, Талай сөзді іркем деп менің де сол өшті үнім. Әр адаммен әрқалай сөйлессем де ашылмай, Құлыптаулы жататын көңірсіген жоқ сырым.

Сұхбат серті бірімен жетеді көп күттіре, Екіншісі кездейсоқ құрылады түп-түге. Ең қызығы, қарашы, ажарындай әркімнің, Бір біріне айтарым ұқсамайды тіпті де. Бір әңгіме өрілсе, бұрымындай сұлудың, Біреуінің арнасын ортақ бетке бұру мұң. Шірік жіптей біреуі үзіледі бырт етіп, Бұзып жолын жанына құйылатын жылудың. Шыға келіп бұрыштан қол жұмсардай жоқ қасым, Сескенбеймін мылтығын оқтамасын, оқтасын. Кей әңгіме бірақ та атып шығар кенеттен, Бұзып жарып бүркеулі сырларыңның топсасын.

Күндіз-түні мазалап қоймай жүрсе беймаза үн, Қалдырады-ау қардағы қояндайын ойға ізін. Соншама сөз бұрқақтап, жауып берсе кенеттен, Қайда бұғып тұрғанын ұқпай қалам кейде өзім. Сөз дегенің бабамның қалдырған мол дастаны, Шешендіктің шарықтап шығатұғын аспаны. Құралы да, мүлік те, бесқару да емес пе, Толып тұрса оқ-дәрі оқшантайда бастағы. Айып тағып жатсаң да жасықсың деп, ерсің деп, Тұратұғын кезі көп адасқанға жөн сілтеп. Оң, терісін дөп басып ойната алар қолында, Нысанасын жібермес әккі мерген болсын деп.

НАМЫС

Мақсат мүлдем, ойларым мен арманым, Қанша гүлдеп, қанша бағы жанғанын. өлшейді екен мені әкелген ортаның, безбенімен тірлігімнің салмағын. Мәртебесін адам деген ардақты ат, Ұстадым ба, былғадым ба арды аппақ. Алуан сынға салып өзі оңды-сол, Өмір мені көреді екен салмақтап. Мұны ұқпай-ақ жүріп соған алаңдап, Намыс туы болмағандай маған жат. Мәнін терең түсінбейтін кезде де, Қатарымнан қалдырмапты ол табандап. Өз ісіне жауапсыздау жау санап, Тексеруші ем басталарда әр сабақ. Бірге жүрген, бір класта оқитын, Көрші қыздың «екі» алғанын ар санап.

Қыз болған соң бір ұят деп бір мұңым, Бірге қуып қабақтағы кірбіңін. Себеп іздеп, түсіндіріп, ақтаушы ем, Қолайсыздау мінездерін құрбының. Бөліп жүрген қуанышын таңдардың, Сенген досым соққы көріп, қалған күн. Хал білем деп табылмаса жанымнан, Сырт айналса – мойындауға арландым. Намыс қуып, суайтпенен алыстық, Сөзге келдік пысықпенен қаны ыстық. Талай рет килігіппіз дау-шарға, Жағымпазбен тілдесуді намыс қып. Намысымды сатқан жоқпын сыйға еріп, Жүрек сөзі біреу – сүйдік, сүймедік. Илікпедім көңіліме жақпаса, Біреулердің мансабынан именіп.

Иілмедім, кез болса да жылаған, Намысқа ие болар мендей бір адам. Керек болса, құдайдың да көзіне, Сол себепті тура қарап тұра алам.

ҚЫЗЫҚТАУ

Тыныштықтың көрпесін жамбасы илеп, Манаураған сал түнді таңға сүйреп. Сағат тілі тағатсыз қуалайды, Бұлттан шық деп кербез ай сарбас үйрек. Ай да жүзіп барады таңға қарай, Қимылында асқақтық бар ма қалай?! Жұлдыздармен безенген алып аспан, Жамыраған шамдары сән қаладай. Деп ойласам, - қала да, халық та бар, Жұлдыздары – жаққан от, жарық фонарь. Арасында жүргендей жұлдыздардың, Әрбірінен Ай жүр ме алып хабар. Бір біріне болмас деп менен жақсы, Мен – сұлумын, сенде ажар деген тапшы. Дегендей тартыс туса, іштерінде, Апырай, не болмақшы, не болмақшы?!

Жымың-жымың жоғалса наз айтқаны, Менсінбесе жоқ қой деп мәз айтпағы. Аңдысуға көшсе егер бір бірімен, Анау есем жарығын азайтқалы. Көрген жанды толқыьып, бұл сәнді алап, Мауыспайды қызығын мың сан таң ат. Дәл осындай жердегі қалалар да, Қандай әсем сыртынан тұрсаң қарап.

СЫРЛАСУ

Түн сырласым келді тағы шам көтеріп жай басып, Қалдырыпты сыртта жазғы көк аспанды айлы, ашық. Енді отырмыз оңашада үнсіз ғана ұғысып, Ғашықтардай кездесетін күнде уәде байласып. Шам түбіне мен үңілсем, ол да төніп желкеден, Батырады қиял деген тұңғиыққа ең терең. Отырамын тағы да сол орнынмда ойға алып Сол тереңнен қандай асыл шығардым деп ертемен. Алғаннан соң тапқанымды іріктеп я жіліктеп, Деймін тағы сырласыма: «Кел, жайымды біліп кет.» Ылғи маған оралады ол, «Отырайық тағы да,- Дейді сосын,-үнсіз ғана», Үнсіз ғана кіріп кеп...

ӘРБІРЕУДІ АЛҒА СҮЙРЕП ӘР КЕМЕ...

Мен адаммын... Сен адамсың... Біз неге – Саған, маған дейміз шаттық іздеме... Хақылы оған... Хақылы оған бәрі де, Үлкен –кіші, жігіт деме, қыз деме... Мен – адаммын, Сен – адамсың, Біз неге, Саған, маған дейміз шаттық іздеме. Қуаныштар сусыны ғой жүректің, Қажетсінер адам оны жүзде де. Сен – пысықсың, Мен – ақылды, ол – білгір, Ал мынау ше, Байлығымен көл бұл бір. Бірақ та біз ортаға сап бәрінен, Жинай алмай келеміз – ау, мөлдір нұр... Әрбіреуді алға сүйреп әр кеме, Өз шаттығын байлап әркім дәртеге. Өзі шыққан төбешігін айналып, Соны өзінше көреді екен мәртебе...

Жеке мұрат, Жеке мүдде, Жеке дау, Болмас кейде ізгілікке екі орау. Шылауына шырматылып жүргенде, Өмір шіркін мазақ етіп кетеді – ау...

ҚАЗАҚ ПЕН ТӨРТ ТҮЛІК

Төрт түлік мал, Қазақтың төрт құбыласын жайлаған, Бірін сойып, Біреуін белдеуіне байлаған. Есен-саулық сұрасса, Аман ба деп мал-жаның, Адам түгіл, Шаруаның жайын білген, Әй бабам. Қамымен сол малының ойға түсіп, Қыр асқан, Тіршілігі жылдан жыл, Ғасырларға ұласқан. Төрт түлік мал соңында салпақтаған халқымның, Талай-талай халіне куәгер ғой бұл аспан. Біреулердің алдынан жағып малы сан шырақ, Таңдайына өтіпті тірлік балы тамшылап. Байлығына құл болған барын аяп өзінен, Жолда қалып біреулер өліпті ғой қансырап.

Достығына белгі деп астындағы атты алмасып, Жаңа туған сәбиге бір-бір тұяқ арнасып. Баба жолын ұрпағы әлі ұстанып келеді, Сый жасаса алдымен түлігіне жармасып. Барымта деп бір-бірін жаудай шапқан, Түн торып, Күн өтсе де жүр әлі мал соңында бірге еріп. Ақ шағылдар ішінде аптап қысып, Жел айдап, Әлі таумен тілдесіп, Төрт түлікпен күн көріп. Үйренсе де өмірден шат тұрмыстың әр жолын, Босатпайды матап мал өз қамымен бар қолын. Қайырылар өзгеден қайыр жоқ бұл түлікке.. Қанға сіңген кәсіптен қалғысы жоқ әлде оның... НҰРЛЫ АҚЫЛ, ЫСТЫҚ ЖҮРЕК, МӨЛДІР СЕЗІМ... (Абайды оқыған соң)

Нұрлы ақыл, ыстық жүрек, мөлдір сезімБастаушы солар дейді жөн білсе кім. Ал бұларсыз іс қылған құр айқаймен Созар тек үзілгенше өндіршегін. Бұл күнде болып жүрген баршаға жыр, Нұрлы ақыл Абай айтқан қайда қазір! Сөз қадірі жоғалып, қазақ десе Көбейді үстірт ұғым, жаңсақ әзіл. Өзгермейді-ау тіршілік үкімменен, Құр сөзбен жоқ жыртығын бүтіндеген. Тойдырады иінін жыртылса да, Ыстық жүрек, мейір, нұр шүпілдеген. Көндіріп өз ырқына тоңмойынды, Жан сергітіп, сергітер сол бойыңды. Ақыл, сезімді ұқпаса, депті Абай, Түк те өнбес қанша қу жорға ойынды.

...Ей досым, Есіңде ме сол бір кезің... Селт етпес басқа қауіп төндірсе мың... Ендеше сонда үстемдік құрып тұрған Нұрлы ақыл, Ыстық жүрек, мөлдір сезім...

ӘСЕМ ҚОҢЫР

«Әсем қоңыр» күй менің жаным сүйген, Құдіретіне барынша басымды игем. Тыңдағанда желбіреп жібек жалы Бір сұлу ат шығады қалың шиден... Жайдары жаз шуағы бүркеп мезет Шиден қашқан қоянды үркек тежеп, Боз жорға ат шығады қалықтап тек, Ауада төрт аяқты сілтеп кезек... Жолын қарай тек соның бұйықты да ел, Дір етпестен көкпеңкөк ұйыпты көл. Ал жануар келеді жортып ұшып, Жанарына аймақты құйып түгел. Тұлпар қалып таулармен иықтасып, Алдынан бар көлденең тұйықты ашып. Әлдеқайда өр кеуде ұмтылады, Тұяқтары шалғынға тиіп, қашып...

...Тыңдасам осы күйді тарқап мұңым, Кейдегі күйін кешем салт аттының. Сар дала, саумал ауа беттен өбіп, Алғандай мен ғана емес, алқап тыным. Жаныма соның ыстық тамып қаны, Елестеп даламның ши, жарықтары, Сар желіп сар далада бара жатам, Соңымда күйбең тірлік қалып бәрі. Сезімнің сол мөлдірін шөлдеп ішіп, Отырмын күйсандықпен төрде ысып. Шықты, әне, боз жорға ат тағы андыздай, Керімсал кең далада көлбеп ұшып...

МАХАББАТ

Десек те асыл ұлмыз, ару қызбыз – Алдында махаббаттың қарусызбыз. Әрқашан – жас болсақ та, кәріміз де, Жүректің сусынына зәруміз біз... Заманның қыздарымыз, ұлдарымыз, Биікпіз, Алатаудай тұлғалымыз. Бірақ та махаббаттан аласамыз, Сүйіскен жүректердің құрбанымыз... Болмайды махаббатта жарыс, бәйге, Бірақ та ешкім одан қалыспайды. Махаббатсыз жүректер шөліркейді, Махаббатсыз тілектер қабыспайды... Жүреміз жыр ғып егіп, гүл ғып тағып, Кірпіктен махаббат боп тұрдық тамып. Махаббаттың сәулесін сағынады Жер бетінің тоқымдай құрлықтары.

Махаббат керек саған, маған да, оған, Ешқашан толастамас ғаламда ол ән. Қорқамын соның нәзік сабағы үшін, Ғұмыры үшін мен соның алаң болам. Ұлым десін, ай жүзді қызым десін, Махаббатсыз сәуле жоқ жүзінде шын. Жүректерде, санада, Жер бетінде сабағы үзілмесін...

КӨҢІЛДЕГІ КӨЛЕҢКЕЛЕР

Бұлт торласа көк аспанды, көлеңкелер басса егер Ашу отын жарқылдата, долылана ол жас төгер. Көкіректерді бар қоқыстан беретұғын тазалап Болса ғой бір дәл осындай сесті, сұсты хас шебер. Ақыл-ойдың сәуле шашар қасиетін тұмшалап, Қаншама жан пенделікті мықтылыққа жүр санап. Күш болсашы әлемде бір жарқыратып сананы Бәрін бірге тоғыстырар тым болмаса бір сағат. Сонда дүние өзгереді, өзгереді шын, білем, Оянады талай ізгі ой орманы мүлгіген. Бір-бірінің жан жарасын тырнамай-ақ, мәпелеп, Бірін бірі жүретұғын көрер ме ем сол күнді мен.

Туысым-ау, досым менің, ей адамдар – бәріміз Көп ойларды көлеңкелеп туармыз-ау әлі біз. Содан бәлкім ағарады шашымыз де ертерек, Содан бәлкім емес біздің ойдағыдай халіміз. Жүрсек-тағы еш алаңсыз, көрмегендей бұрын түк, Содан кейде қайғы жұттық, қатерге де ұрындық. Белгісіз-ау көлеңкеден шыға келер қай күні Лас көңілдің тереңінде бұғып жатқан зұлымдық. «Жақсылыққа жақынсың ба, жамандықтың кімісің?!»- Деп сұраса жерге қарар жанның күні құрысын. Алдарыңда жиі-жиі ақтарылғым келеді, Көңілдегі көлеңкелер тарылтсын деп тынысын...

ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН СОҢҒЫ ОЙ

Асау тайдай тулайды екен жер кейде, Білмен бірақ ол да аптығып, терлей ме. Сауырынан ұстатпайтын тұлпардың Тізгініне жармасқандай ел бейне. Жыртылғанда тігісінен қақырап, Балағына қан тамшылар шашырап Азан-қазан зар илеген жандарды Жұтады екен жүздеп, мыңдап атырап. О, құдірет! Болады екен мұндай да, Жасалмайды екен оған бір де айла. Жазыла ма оның салған жарасы, Ол ағызған көздің жасы құрғай ма?! Жердің өзі сыртқа тепкен тастанды Жетімдердің зарын әлем жастанды. Кіндік қаны тамған жерді құшақтап Жоқ болды адам тітірентіп аспанды.

Сілкінді Жер! Тулады ол тым қатты, Қалыптасқан бұзып әсем ырғақты. Ерен апат адамдарды уыстап, Құшағына алды қала, гүл бақты. Айбат шегіп, сескендіріп, сазармай, Бар аймаққа айтып келген ажалдай Жер сілкінді қопарылып тереңнен, Топырақты қайнатқан бір қазандай. Келсе-дағы, келмесе де ұғынған, Еске салып қысқалығын ғұмырдың: «Не қалдырды, - деп, Жер-ана тұрғандай,- Ертеңнің еншісіне бүгінгінің?!» Жазиралы, дархан, әсем жай құтты Болған мына Жерден адам қаймықты. «Ысырап еттің, - деп, Жер-ана тұрғандай,- Қолдарыңа берген қазына, байлықты!»

Өтей алмай қарыз бенен парызды Жүргендерге қатты ауырып жан ізгі. Ыза-кектен қалшылдаған Жер-ана Ұстай алмай қалған өзін тәрізді...

ӘСЕРЛІ СӨЗ

Көрсете алған көңілдерден күліп бой, Айналайын әсерлі сөз, білікті ой. Таза болса, мөлдір болса екеуі Жан сусынды қандыратын тұнық қой. Айналайын, әсерлі сөз, ақылды ой, Жалтақтамай көрсететін батыл бой. Жібіткендей кебірсіген таңдайды, Жүрегіме зәмзәм құйып жатыр ғой. Келіп кенет құдіретімен сергіткен, Құтқарушым секілденіп мен күткен. Жадыратты жанымды олар қайтадан Табыстырып дархан пейіл, кеңдікпен. Айналайын қызыл сөзі қазақтың, Сені естіп мейірлендім, мәз-ақпын. Болмаса егер әсерлі сөз, ақылды ой, Туар ма еді сезімге бай ғажап күн?

Аяқталмай басталған сыр іңірден, Жан дүнием бал шәрбатын сімірген. Жандай достың ғажап терең сөздерін Қанат етіп ұшып жүрмін бүгін мен. Алуан әзіл, арман ойлар бүкіл кеп Жан дүнием толып еді шүпілдеп. Азып-тозған, алба-жұлба көңілім, Көк көйлегін алды содан бүтіндеп...

МАХАББАТ КҮЙІ

Махаббатпен неге ылғи бірге мұң, Тоғысыады жолдар неге, білмедім. Өмір бойы көлеңкедей көлбеңдеп, Кетуге мазамды тек жүр ме едің!? Қандай күйден жарқыраған жанарың, Неге соған келеді ылғи қарағым? Неге сонда кірпігімнен қорған сап, Қиғым келджі балғын сезім сабағын? Бір жұмбақ сыр көкіректерде көктеді, Шарпығандай жастық шақтың от лебі. Неге бірақ сырт айналдық екеуміз, Жүректердің қуанышы көп пе еді... *** Үмітімнің аяғын тұсадым баАйналдырып шаттықты құса-мұңға. Көңіліме орнатып шөл аптабын, Тек сағыныш қалдырып құшағымда.

Тынышымды кетірдім тек отырып, әр сыбдырға құлағым неге түрік. Неге итерем кеудеңнен, түсінбеймін, Жоқтарыма соңынан сене тұрып. Өткінші деп қараймын бәріне де, Мәңгіліктің сезбестен мәні неде. Менің күткен бақытым кетті ме өтіп, Ертеңде әлде одан әріде ме. Сенбісің ол, Білмеймін алыс па әлі, Бәрі бөтен сияқты, таныс бәрі. Көп көлеңке ербеңдеп мазамды алды, Арманмын деп мен күткен ғарыштағы... *** Үзбе, жаным, Үзбе еш менен күдер, Сен ғанасың іздерім, Шақырарым. Шаттықпенен суар да демеп жібер Солғын тартқан жанымның жапырағын.

Күдеріңді үзсең сен, қиын халім, Үйлеспейді ешқандай сән басыма. Қуаныш боп келдағы, Құйыл, жаным, Көңілімнің ортайған арнасына. Айыбы бола ма екен мұның тегі, Сезінемін ып-ыстық тілек табын. Қурап қалған үмітті тірілтеді Білгенім сенде өзімдік жүрек барын. *** Сүйікті жүзің елестеп, Елеңдеп қалсам әркімгеБәрі де өзің емес боп, Сағына түстім бәлкім мен. Ұмытқым тағы келіп мен, Өршіді ойда таласым. Күн өткен сайын неліктен Ыстық боп тіпті барасың!? Қиял да, ой да, арман даӨзің боп елес тізбегім, Өзіммен өзім қалғанда Өзімнен сені іздедім. Отырып ылғи бал ашам, Мақсатсыз түзхге құр лағып. Өңімде теріс қарасам, Түсіме ендің ұрланып... ***

Жүрегімде гүл жапырақ дірілдейді демменен, Ырғағына қалып мен де бірге тербелем. Жақұт құшқан жанарыңның жарқылдаған сәттерін Елестетіп: «Жаным!» - деймін Жеткізер деп желге мен. Жан дүниеге Күннің аппақ сәулесіндей құйып нұр, Тіл үйірер тәтті шырын көкірегімде ұйып тұр. Кетіп тұрған сияқтанып мені алдымда асыға Табысам деп өзім күткен көптен аңсап биік бір. Кездесер ау бір қуаныш... Кездесер ау бүгін анқ, Шығармын мен қарсы алдынан... Шығармын мен гүлді ап. Елегізген көңілімнің әуеніне елжіреп: «Келші, күткен бақыттарым, келші,» - деймін сыбырлап... ***

Күндей күліп шықтың сен... Таң боп атып тұрдың сен... Кешір меніКүттірсем, Қуана алмай, құр күлсем. Дүр сілкініп түлепсіңШексіздей ғой шаттығың. Мен де сенің тілекшіңБасылмасын аптығың. Сүю деген адамға Сондай ғажап бұйым ба ең!? Қанат бітті маған да Сенің дархан күйіңнен. Шын-ақ қазір таптың ба Сезіміңнің оттығын!? Мұң қақпағын жаптың да, Нұр сәулесін төкті Күн. Ә!? Не дейсің!? Үндеме! Ұқтым бәрін көзіңнен. Жүрек деген түрмеде Оянды сыр көз ілген. Менің де шат кезім-Күн, Қуанышпыз, әзілміз. Құдіретті сезімнің Тұтқынымыз қазір біз... ***

Ақ төсекке күндіз-түні арқандалып, Дәрігердің жүзіне жаутаң қағыпСағат тілін шығарып салдық біраз, Келе алмадың, сен, бүгін қалқам неғып?! Ақ төсектен күндіз-түні ұзай алмай, Кейде шыдай, кей кейде шыдай алмайАзабымен аурудың алыстым мен, Жөніңді де еш жақтан сұрай алмай. Қар жауды жапақ-жапақ далада аппақ, Ал менің көңілімде қара батпақ. Ой қиял жүре алмады аяқ алып, Кім маған жан сарайды аралатпақ!? Сен келсең ерер едім жетегіне, Аяндап арман таудың етегіне. Осылай қайран күндер қайырылмастан Күттіре... Өкіндіре кетеді де... *** Сағынып жүрек сыздатса Қуалап өзге бар күйдіКездескен шақта жүзді отша Самала сезім шарпиды.

Шапқылап жетсе бір хабар Оятып алау жалынды Жүгірер ыстық жылғалар Қуалап тамыр-тамырды. Қуаныш жуған жүректің Демінен өрген жақұтты ой Сағыныш деген ұлы екпін Жаныңды өпсе бақыт қой... Сағыныш, шаттық алмасып, Жаныңның шөлі қанбаса, Көңілді жатса қар басып, Қызықтың бәрі далбаса... *** Жүзіңді бір кіреуке мұң шалыпты Іштегі көлеңкеден хабар беріп. Көктемнің ерке желі тұрса мықты Бәрі де кетер еді-ау жанарда еріп. Қуылмай қалды ма екен көңіл кірі, Жүр әлде белгісіз бір күдік мүжіп. Кір болса жуып әкет, өмір нұры, Қуаныш жет есікті бұзып кіріп.

Тұр мүмкін алда бізді бір бақ күтіп, Кейбірде пәс көңіл боп жасығанмен. Мұңайған сәттеріңді қымбат тұтып, Шаттанған сәттеріңе асығам мен... *** Жүрегімді ауырттың неге менің, Жарқылдай келгенде әлде елемедім. Қалағаным бір ғана сен едің ғой, Не дейін мен, Не десем сенер едің!? Жанарымнан салқындық таныдың ба, Таба еттің өкпе атты тар ұғымға. Жүрегімді ауырттың неге менің, Жалған ұшқын болды ма жалынымда!? Салмағымен жаныша салғырт ығып Өткен сәттер соңында қалдым тынып. Кеттің бе әлде ып-ыстық жүрегіңмен Жүрмін бе деп самарқау жанға ынтығып.

Біле алмадым, Не кеттің көңіліңде, Белгілі қапамның бұд жөні кімге? Сыздайды әйтеуір бір ауыр сезім Жүрегімнің кішкентай бөлігінде. *** Дала күңгірт, Үй іші одан да өткен, Мен де сондай көңілсіз болам деп пе ем!? Қашан менің жанымда жаз шығады, Қашан келіп жаныма қонар көктем!? Дала күңгірт, Көңіл де күңгірт бүгін, Әлі біткен жоқтай-ау жым-жырт түнім. Қашан маған шаттық нұр әкеледі, Қашан маған келеді бір құтты күн... *** Күтемін бір күнді Күтемін үмітпен, Көңілге шұғылалы қуаныш іріккен. Ол мүмкін келеді сәулелі таңдармен, Ол мүмкін келеді жаңбырлы бұлтпен.

Гүліндей құлпырған райхан бағымның, Күтемін сол күнді, Сол күнді сағындым. Бар мұңнан жандағы арылғым келеді, Жылдармен тотыққан бар мұңнан арылғым... *** ...Самал соқты. Жан сарайды желпіді. Қызыл шапақ нұрға малды пердесін. Бақыт қысқан жүрегімнің ентігі Қағып қалды сал сезімнің делбесін. Сол бір мезет шыландық та шаттыққа, Тәтті тұман ой-сананы торлады. Сен екеуміз жанға сусын таптық та, Қоршап алды ұлы ләззат орманы. Кенелгендей ыстық шалқар пейілге, Салқындықтың сөгілген-ді көбесі. Әлем бізден қалып еді кейінде, Уақыт бізге емес еді төреші.

Ғайып болды бәрі... Бәрі кенеттен. Сылып алған шаттығымды не менің?! Қуаныштың түйнектері сен еккен Қайда кетті?! Қайда кетті, білмедім. Ыстық күйлер орынына мұз қатып, Көкіректе толас тапты бар дүбір. Жүрегімді әлсін-әлсін сыздатып, Жан дүнием қуыс болып қалды бір... *** «Қайырлы күн!» -дедің сен күліп тұрып, Дедің де кеттің бәрін ұмыттырып. Кеудеңде тдірілдеген ыстық күйді Демің де жанарың да тұр ұқтырып. Ұшқалақ күйін жүрек кешір деді, Түйіннің бұл мендегі шешілгені. Қырандай қиядағы, асыл құсым, Қинадың үнсіздікпен несін мені... ***

Жымисаң жанарыңда Күн күледі, Қабаққа таң шапағы іркіледі. Бүгін түн, жасырмастан айтшы, жаным, Жаныңның түкпірінде кім түнеді!? Күлсең сен шашыратып тап шапағын, Таң болып мен де саған қарсы атамын. Ұзақ түн, Жасырмастан айтшы, жаным, Кім сенің қиялыңды шаршатарың!? *** Көңілімде дүдәмал бар, Күмән бар, Күңгірт тартты кеудемдегі нұр аңғар. Не өзгерді бұл әлемде мен үшінЖүрегімнен сұраңдар. Көңілімде шаттығым бар, Бір ән бар, МойымаймынҰрысыңдар, сынаңдар. Не өзгерді бұл әлемде мен үшінЖүрегімнен сұраңдар. Бір татқызып ащы менен тәттіні, Алабұртып, Басталмастан аптығы Менің мүлде ойыншық қып алды-ау Жүрегімнің мұңы менен шаттығы... ***

Бір өкініш сыздатып жан жүректі, Ыстық бір сезімімді жаңбыр етті. Осы рет ұмыт қылар бәрін-бәрін Аңсадым тап-таза бір таңғы лепті. Бір өкініш жайлап ап тыншытпады, Ой салады, қинайды шымшып тағы. Білемін... Білемін мен бұлЖүректе Аяулы бір сезімнің тұншыққаны. Дір еткенде жүректің құрыш қылы Жойылған-ды сонымен тыныштығы. Тұтады да қайтса лез сөніп кетті Жалт еткен сал сезімнің бір ұшқыны. Сол еді ойға қамап, мазалаған, Артық па жалғыздықтың азабы одан!? Қасиетті сезімді тәрік етіп, Қол көтерсе, шынымен, таза ма адам!?

Ендеше жүрек қайда талпынады, Нені аңсап, Неге бола шарқ ұрады!? Тарқамайды неліктен бір-ақ жолда Тірліктің бұл көңілдің бар құмары!? *** Қай жақта жоғалттым сөзіңнің сыйқырлы тұманын, Қай тұста қалдырдым көзімнің сәулелі шырағын. Құйылып кетті екен қандай жат арнаға Сен келсең бойымды билейтін бір ағын. Сен емес бұл күнде, соларды іздеймін, сағынам, Күндерім қайда деп кенелген шаттыққа, жарыған. Сен келдің тағы да, Айттың сол баяғы сыр толы сөздерді, Мен тұрдым жүрегім салар ма екен деп тағы да ән.

Қымбатсың, Ыстық әлі сол бұрынғы қалпында, Деймін мен өзіме: «Қуаншы! Шаттаншы! Жарқылда!» Бірақ та селт етпей сабырмен қарадым мен саған, Тұрғандай: «Жетер!» деп сеспенен біреу дәл артымда. *** Діріл қаққан сезімнің жапырағы Тереңінде жүректің жатыр, әні. Мүмкін емес сияқты көрінеді-ау Бір күні оның тозып, қақырары. Көк жүзінен көз тартса толысқан Ай, Айдын көлмен қуана тоғысты арай. Көңіл шіркін сүйіне өрекпіген Басылмайтын сияқты-ау соны ұстамай. Таяса да кей шақта өтіне тым, Шарпымайды-ау сезімнің оты бетін. Суынарын көңілдің сезбеп едік Сұлулықтан сабынша көпіретін. ***

Сенімен шат, Тек сенімен бірге едім, Қайдасың сен, не ойлайсың, білмедім. Жүректі де жылытатын бүгінде Тек сен ғана шырай берген күндерім... Тек сен ғана шырай берген түндерім... Қуансам да асып-тасып арнамнан, Мендегі күй адатұғын жалғаннан. Өмір бойы жоқ іздеген көңілдің Қалағаны сен бе екен деп қарманғам. Шынымен-ақ самал болсаң ығар мұң Деген едім, Қуантпады құмар күн. Кім біледі көзді жұмып бәріне Өзімді өзім алдаған да шығармын. Иә, өмір, шаттығыңмен бірге әурең, Түнің тыныш болса, өткен күн даумен. Еш алаңсыз... Еш алаңсыз күй кешіп, Алданған да шығар мүмкін бір дәурен... ***

Бірінің жайын біреуі мүлде кеш ұғып Қалады екен жүректер кейде кешігіп. «бір күндер қымбат болған бір осы бейнені Мүлде ұмыт енді! Көңіліңнен жой! Кес үміт!» Ішімнен атой салады біреу өңшетеп, Жалынып тұрмын басқа ғой, ол емес деп. Ашу мен ақыл белдескен осы сәттерде Кетеді өткен аяулы сәттер елестеп. Міне, біз тұрмызӨзеннің бойы, жарқабақ. Сүйкімді назбен әзілді бүтін жаңқалап. Сүт көңілдерге бақыттан құйып бал шырын, Қуаныш, ләззат біткенді бүкіл арқалап. Міне, біз жүрміз өзенді үнсіз жағалап, Гүл тұнып тұрар, құлпырып тұрар бар алап. Келеміз бізді опасыз деген көктайғақ Талдырмасын деп сезімдерімізді тағалап.

Біз күлген шақта бұлақтар сылдыр қағатын, Қырда таң атып, Бүршігін гүлдер жаратын. Шаттықтың жасы жанарды сулап кетсе егер Дүниеден бүкіл нұр болып тамшы таматын. Ол кезде солай боп біздің жанымыз Гүл күреп жүрдік, Күлкімен жүрдік бәріміз. Ұялар деген ойда да болдай бір сәтке Көңілге келіп қара бұлт пенен кәрі күз. Ендігім, міне, қалдырмай соның бірін де, Отырмын тастап жүректі мүлде тілімдеп. Кешегі шаттық өкініш болып жаралап, Гүл атқан көңіл айналып кетті іріңге. Мен үшін барлық қалғандай қызық таусылып, Тек қана сыртқа шығатын көңіл даусы нық. Сондағы мынау құлпырып тұрар дүние Бүгін ол емесӨзен де баяу, тау сұлық.

Дүниеден мынау өзгеше сырлы тарап үн, Биіктен тұңғыш махаббат жаққа қарадым. Ол болса сонау ағыста қалт-құлт сырғанап, Сәт сайын менен алыстай ағып барады...

УАҚЫТ ЖҮЙРІК...

Бәрі өткінші, Қайтемін қуып, күнім, Ертең алыс – бүгінгі жуықтығың. Үміт қызық бәрінен, Жүр одан да, Әлі алда деп ләззатты, Уытты күн. Бәрі өткінші, Тұрақ жоқ қызықта түк, Қиял суда жүрер тек жүзіп – батып. Өткен күндер оқ болып ұшыпты да, Көп мейрамды, Тарихқа тізіпті атып. Қуанышқа болсаң да, Қалқам, асық, Бәрі өткінші қайтесің жанталасып. Уақыт – жүйрік, Одан да сол шіркіннің, Бос жібермей тізгінін, Қал таласып.

СҮЙГЕНДЕРДІ ҚАДІРЛЕ…

Махаббатты қорлама, Сүйгендерді қадірле. Сүймегенді зорлама, Жол берме еш жебірге. «Сүйем» деген жігітті, «Сүйгішін» деп, күлдің сен. Үлпілдеген үмітті, Қуаныш па – бүлдірсең?! Сезімдерден гүл еккен, Сергектікті білмепті. Сүйе алмаған жүрекпен, Пәк көңілді кірлі етті. Қаламаса жүрегің, Ұнатпасаң өзің де. Іштегінің түгелін, Көрсетпей ме көзің де. Көңілден бер қонысты, Адамдық бір ғұрыпқа. Сүйгендерге борышты, Екеніңді ұмытпа! ӨЗІМ ТУРАЛЫ

Қолымда – қаламым, Алдымда – жол даңғыл. Құйылып тұратын оңнан нұр, солдан – нұр. Аспаным арайлы, Көңіл де зәңгір-ақ, Кеудемде тағулы мақсатты арман гүл. Талаптың қашан да сүйрейді өрге аты, Жүректе сондай өр талаптың қолхаты. Қолымда – қаламым, Алдымда – жол даңғыл. Келемін мен де бір Отанның солдаты. Ісім – оң, біледі, сенеді шартарап, Жетелеп келеді ілгері әр талап. Кеудемде жүрегім соғады бұлқынып, Келемін өзімше ел жүгін арқалап. Жылтырап алыстан үміттің шырағы, Қуантып, күш беріп, щақырып тұрады. Ұмтылам мен де оған мақсатты ту етіп, Ашылып көкейде бақыттың бұлағы. Алдымда тек қана жақсылық – сенемін, Сенесін, алдымда тек қана керегім. Заманым сыйлайды мен үшін бәрін де, Бойымда барымды мен де оған беремін. Талаптың қашан да сүйрейді өрге аты, Жүректе сондай өр талаптың қолхаты.

Қолымда – қаламым, Алдымда – жол даңғыл, Келемін мен де бір Отанның солдаты. *** Ала алмайды тағдыр еш бәрін менен, Биікпін мен рухыммен, арыммен. Сондақтан да қадамым нықтау менің, Сондықтан да жүзім шат, әнім де ерен. Көтерермін тағдырдың батпан жүгін, Солдырсам да арманның таққан гүлін. Бірақ маған бәрібір қымбат өмір, Жүрегімде адалдық жатталды ұғым. Кездесермін қиындық, шырғалаңға, Таусылмайтын ешқашан бұл ғаламда. Ізгілікті бірақ мен жоғалтпаспын, Ұзамаспын шындықтан бір қадам да. Ала алмайды тағдыр еш бәрін менен, Алса-дағы қымбатын дарын деген. Тік ұстаймын еңсемді сондықтан да, өйткені мен биікпін арымменен!

ТІЛЕК

Таса болсаң көзімнен қорқамын-ау, Қорқамын Қайғы-жегі өзімнен табардай бір ортағын. Жүрегімді жылытқан Күнім менің сен бе едің, Күндіз-түні соңымда томпаң қаққан торпағым. Болмағандай еш сәби сен сияқты бн шат, Тауыспасын қызығын, Тауыспасын шырын шақ. Жанарыңның жарқылын сөндірмесін ештеңе, Құлдыраңдап соңымда шауып жүрген құлыншақ. Жүрегіңе нұр құйды жаралғаннан шатты от ән, Бақытыңның шырағын қарсы алдыңнан жақты Отан. Көңіліңе ештеңе түсірмесін көлеңке, Ақтаудың құмында серең қаққан ақ ботам.

ӨЗІММЕН ӨЗІМ ҚАЛҒАНДА…

Сырғанайды сездірмей сағаттарым, Байқамаймын кеш батып, таң атқанын. Көріп, білген санада жатталып тек, Қалдыруда ойда сыз, қабақта мұң. Қауырсынын ұшырып қанаттарым, Шығара алмай сыртына жан аптабын. Пенделіктің шаңына ілесем деп, Қанша уақыт құр босқа далақтадым. Талабымның жазықсыз сағы сынып, Сынды қанша сытырлап қамыс үміт. Аласапыран заманда алпарысып, Жақсылықтар іздедім жан ұшырып. Жау тигендей ойрандап гүл бағыма, Айналдым ба әлде бір құрбанына. Түсіне алмай дал болдым қанша рет, Замананың құйтырқы сырларына.

Қанша рет бойымның бұзып қанын, Сағым болып жоғалды қызыққаным. Тақ-тұқ болды таңдайға меймілдемей, Көрсем деген пенде боп қызықтарым. Жоғалмасын, жоғалсын тамаша үміт, Озбас еш жан заманнан дара шығып. Аласапыран уақыттың құшағында, Өтем бәлкім осылай аласұрып. *** Күн өтеді, түн өтеді – алуан ізі артында, Алпарыста қанша пенде ілесе алмай қарқынға, Тіршіліктің сол жолында айналады марқұмға, Қанша пенде, Қанша пенде ес жимаған қалпында. Ойхой, дүние, жеткізбейсің, Шек те, шет те жоқ сенде. Ұрындырдың қанша жылды ес жидырмай от, селге. Жеткізбен деп еш түбіме қанша жолды өтсең де, Ұмтылдырдың сан берікті еш жақсы деп кештен де.

Ұғына алмай құштарлығы соры әлде бағы ма, Байлық шіркін күле түссе, байимын деп тағы да. Қанша пенде ғайып болды қанағатсыз барына, Енді ғана қол жеткенде тұлпарының жалына. Шіркін дүние мың құбылып, қызыл-жасыл малынған, Қорып сені қанша пенде қызғаныштан тарынған. Дегізбестен: дүние – боқ, артық емес арымнан, Дегізбестен: басым қымбат, садақа деп жанымнан... Қанша пенде сені қуған тәпік етті бәрін де, Уа, адамдар, білсең егер... Білсең егер мәлімде...

КЕЙДЕ…

Бір күндері тірлік біткен сарқылып, Қалар тыныш жүрген күндер шақ ұрып. Көзі біткен жылғалардай кебеді-ау Лүп-лүп соққан тамыр біткен тартылып. Жатса-дағы жер сілкініп, тау құлап, Түк сезбестен, сарсытпастан дау құлақ. Бір күн жерде жатамын-ау қаңқа боп, Иттен қалған сүйектердей саудырап. Жеңіп шығып, жетпей қалып бірде әлім Алысқаным, ұрылғаным, ұрғаным Болмағандай, сезбегендей ешқашан Бұл өмірдің ең құйтырқы сырларын. Өшпегендей жан ұйытқан жақсы леп, Еш мойынға оратылмай ақ білек. Тіршіліктің қазанында шыжғырған Болмағандай ыстық жүрек, пәк тілек.

Жылдар мені өз отына шарпылған Келеді айдап тура жолмен тартылған. Сол бір шаққа жеткізем деп тездетіп Алдап-сулап, Алып кейде алқымнан... *** Өлең жазу-өрмек тоқу гүл құрап, Алтын іздеу жерді терең бұрғылап. Көкжиектен көлбең еткен ойлардан Бұлақ жасау ағып жатқан сылдырап... Өлең жазу – Жүрек жарды сырменен Жиһаз жонып, отау тігу іргеден. Жыр боп ағып керегіңе жараса Кем демесің үлде менен бүлдеден. Өлең жаздым жүрегімді жайып сап, Оқы оның әрбір сөзін байыптап, Кешір бірақ сала алмасам суретін Көңілдегі көп сезімге лайықтап.

Кеуде соғып пенделікке бас ұрып, Дауға барып, көрсете алман асылық. Көз алдымда көлбеп-көлбеп ойларым Гүл сияқты жаста болды шашылып. Өлең деген күншуақ қой тілдегі, Самал жел ғой желпитұғын іргені! Болды маған көлбең етіп сұлулық Ізгі ойдың есіп өтсе бір лебі...

КЕЛІН КЕЛГЕНДЕ

Жанары алдағы көк белді сүзіп, Денесі талшыбықтай бұратылып, Ақ көйлек етегімен жерді сызып, Ақ желек жерге дейін шұбатылып. Жас келін келеді әне ұяң басып, Жанардың жалын атқан жақұт түсіБіреудің бауырдағы қия алмасы, Біреудің қолға қонған бақыт құсы. Көтеріп бір отаудың шаңырағын, Жалғамақ жастық бақыт, ғашық күнін. Жас жүрек күйін шертіп, салып әнін, Өмірдің бір асуын асып бүгін. Келеді ол қол ұсынып ұлы өмірге, Күткені көп жақсылық ертеңінен. Бақыттың бал шырыны – жүрегінде, Үміттің тәтті күйін шертеді рең.

Дей алсаң жас келінді егер «міне!» Естесің «Қосағыңмен қоса ағар». Естиді ол «қадірлей біл»,-дегенді де,- Аттаған қасиетті босағадан!» Айтатын оған өзге тілек те көп, Жас жанға жаңа келген лайық па сын! Өйтпесін тек әйтеуір жүректегі от, Әйтеуір бақыт нұры айықпасын. Деп тілеп тұрмын қарап жас келінгеОйда жоқ пенделік бар онда қандай, Сұлулық жоқ секілді басқа ерінде, Өзгелер сұлу болмағандай... Бар әсемдік тек сонда секілденіп, Қараймыз көздеріне, тұлғасына. Ол болса бақыт нұры бетінде еріп, Келеді сәуле шашып қырды асыра.

Жанары алдағы көк белді сүзіп, Денесі талшыбықтай бұратылып. Ақ көйлек етігімен жерді сызып, Денесі талшыбықтай бұратылып. Ақ көйлек етегімен жерді сызып, Ақ желек жерге дейін шұбатылып...

ЫҚЫЛАСТЫ ЖОЯТЫН НЕ ЖАҢҚАЛАП...

Жат болады неге адам бір-бірінен жерініп, Суынады жүрегі нені сезіп, нені ұғып. Құрта ма әлде көңілге қонбайтын кей істері Бір-біріне там-тұмдап ықыласын кеміріп. Жоғалтса егер сезімі куә болған шартарап, Жұқартты оны орынсыз қойған бәлкім сан талап. Қатты жаңбыр секілді жас өскінді аямас, Оқыс сөздер әлде оны ұшырды ма жаңқалап? Шын ұғысқан жандардың басатын не аптығын, Сағынса да бірге өткен сұлу шағын шат күнін. Түсінбейміз әлде біз шөлдегі су сияқты, Жүректерге қашанда ықыластың қаттығын.

Құйыла алмай көңілге жан жылытар сан арай, Еске түссе тарылтып тынысымды қаралай, Ықыласым қозғалтқан аяулы кей достарым Жылайды әлі жүректе жетім қалған баладай... *** Жан дүнием мазасыз бір атырап, Алуан күйді жинап қойған сатылап. Әрбіреуі жүрегімді жұлмалап, Әрбіреуі әр ісімді бақылап. Қашырады берекемді, шаршатып, Тыныштықты алғым келіп бал сатып. Құтыла алмай, қашып тағы кете алмай, Сан отырдым жан-жағымнан самсатып. Әрбір ойдың иығынан бір қағып, Сес көрсетіп, мерейленіп, бұлданып. Қажет алуан жайды екшесем, кіріп кеп, Мазамды алды қажетсізі ұрланып.

Ең құндысын қанжығама байлар ем, Деп отыр ем, туар-ақ деп сайлы өлең. Қажетсізі тағы шықты ойнақтап Жылпос сынды ат оздырған айламен... *** Салмақ көп жүрегіме түскен бүгін, Жұбатпа адалдығым, іскерлігім. Қуантса күтпеген күй кенет жайлап, Мүжиді жанға шақпас іштен мұңым. Алаң ғып және бір жай тыншытпады, Күдіктің сап түзеді ыршып бәрі. Ал көңіл өрекпиді жайлауына Тұрғандай көктем келіп, гүл шыққалы. Тірілді неге кенет сұлық демім, Әлі де ыстық па едің, тұнық па едің Уақыттың кеудесінде өлді деген Жеткізбей жүрген сұлу үміттерім.

Көп салмақ жүрегіме түсті бүгін, Тірліктің қуанышын, құшты мұңын. Сезімдер түрлі-түрлі тайталасып, Сынауда төзімімнің күштілігін. Тез, жүрек, тез бәріне қалжырама, Қуан да қайғыға да қан жылама. Сонда мен бір күн бәлкім байлап берем, Шаттықтың ең серкесін қанжығаға. *** Сағым безіп барады жарқылдаған, Қызғаныштан шығар-ау әркім де оған. Сағым сынды көп сәттер өмірімде Кеткен шығар білінбей бәлкім маған. Бәрі сұлу Ай, Жұлдыз, қайнаған Күн, Сұлулыққа құшағын жаймаған кім. Тілегімнің Ай, Күнін таба алам ба, Жұлдыздарым шашылып қайда қалдың...

Айдындар көп келбеті тамсандырар, Сезімталды тамсантып, ән салдырарЖоғалтып алдым ба әлде дәл солардай Қайталанбас күндерді бар сән құрар. Сезілмейді бір ұшқын жүрегімде, Жыларым да белгісіз күлерім де. Ешнәрсе толтырмайды көңілімді, Несіне келдім онда бұл өмірге...

ТІРШІЛІК

Тамаша ма өмір сүру, қиын ба, Зуылдаған жел ме, әлде құйын ба? Үлгермеген секілдімін соны аңдап, Сапырылыс тек әйтеуір миымда. Көп күн өтті бастан әлде аз-ақ па, Кезікпесін жек көру мен мазаққа, Өзгесі өзі-ақ орнына кеп жатпай ма Басы аман, малы түгел қазаққа. Ұнатпаса жаныменен сүйіп кім, Біреуге ашық, біреуге тым тұйықпын. Жүргенімде бір жығылып, бір тұрып Сан ондықтың басына су құйыппын. Қуанышты ұстамаппын уыстап, Күндерім аз озып шыққан ту ұстап. Кеудемді тек қарайтқан жоқ ешқашан Менмендіктің өркөкірек буы ыстап.

Елемей-ақ бұл дүниенің тар-кеңін, Жүрсем-дағы өкінішім бар менің. Алуан-алуан тіршіліктің қызығы Шым-шымдап тек татырыпты дәмдерін. Бір күн қызық деп сенсем де бір күннен, Адымдамай баяу, бақа тырбыңмен. Әркімге өз басы қайғы бұл күнде Аяғымды нық баса алмай жүрмін мен. Өмір деген үлкен жолда сан тармақ Жүрегіме арман-пырақ арқандап. Көздеген өз биігіме жетем деп, Жолсыз жерде келем әлі қалтаңдап...

КЕҢДІК

Жомарт жүрек, кең пейіл, дархан жаны, Адам талай құрсауды талқандады. Ұға білсе қасіретін қандасының, Өзгесінің түк емес, қалқам бәрі... Ашу-ызаң қазандай қайнағанда, Әлсіздігін өзгенің пайдаланба. Түсінесің бәрін де сонда өзіңдей, Қанша пенде жүрсе де айналаңда. Жеңе білген пейіл мен жан тарлығын, Көңіліне қондырмас қаңтар күнін. Шешер бәрін ақылмен, мейіріммен Бәрі қымбат адамға, қалқам, мұның. «Адам күні адаммен», білесің бе, Сақтағайсың қастерлеп мұны есіңде. Өрлігінің кеудесін басыңқырап, Кеңдігіңді лақтырма күресінге. Бұл өмірдің қашан да дайын сыны, Содан ата-анаңның уәйімшілі.

Кездестірді тағдырың бүгін саған Бабаларың көрмеген қайыршыны. Алтын балық ілігер қармағыңа Басыңды иіп қайырым заңдарына, «Тигізе гөр, тәңір»,-деп шапағатын!, Жеті теңге тастай жүр алдарына...

ӨЛШЕМ

Өлшемі бар дейді ғой бәрінің де өмірде – Сүю менен сыйлаудың, Ашудың да, наздың да. Шартты бәріАдалдық, қуаныш та, сенім де, Бола алмаса егер сай санаң түйген мазмұнға. Ашу, ыза адамға жарай алмас қорғанға, Айла, ақыл торласа иілер зор күшің де. Сыйластықтың екі ұшы екі жақта болғанда, Сезім керек тозбайтын шексіз сүю үшін де. Қырағылық керек-ақ селт етпейтін сәтке де, Қапылыста жоғалтып алмау үшін сенімді. Кей көңілдер өзгерсеБілесің бе гәп недеНеге біреу аңдиды сүрінетін жеріңді?

Біле алмайсың барлығын, Сезсеңдағы жобасынҮндемейсің ер көңіл мәртебесін зор тұтып, Кейбіреудің ойынан қарап тұрып тоңасың, Кейбіреуді тұрсаң да ерлігіңмен қорқытып. Өлшемі бар дейді ғой бәрінің де тірлікте, Сергек қарау керек-ау қараға да, аққа да. Әйтеуір тек нысана болсын ізгі бір нүкте, Әйтеуір тек ар менен намыс туын таптама. Иә, адам көреді ізгіліктен жолдасын, Тек әйтеуір арамдық аулақ салсын іргесін. Адалдығың аяққа тапталатын болмасын, Сеніміңнен сергелдең туып кетіп жүрмесін...

ШЫНДЫҚ

Кейде тәтті, кейде ащы бұл шындық, Дәлелдеуге ылғи оны құлшындық. Жармасқанда етегіне шөңге боп Пендешілік, арамзалық, күншілдік. Тұсау салып ақ қанатты арманға Үстемдік кеп алқымынан алғанда Шеңгелінде жанұшыра шырқырап, Ізгілікке қол созғаны жалған ба?! Іздедік біз оны ауыр жолдардан, Соны ойлаудан көкірекке толды арман. Қан майданда қырғын салып сол үшін, Мұраты мен намысы елдің қорғалған. Жауыздыққа нысана боп арнайы Күндер де өткен нашарлаған хал-жайы. Қиын-қыстау талай тұстан келеді ол Жарып шығып жарқыраған маңдайы.

Кейде тәтті, кейде ащы шындығым, Солмасыншы есте сенің бір гүлің. Жүректерге жігер құйып, қуат боп Сайрашы ылғи, қызыл тілді бұлбұлым!

ДОМБЫРА

Жан досым, тартшы тағы домбыраңды, Күйлерің тамаша ғой... сол бір әлгі... Кеудемде қуыс жатқан жерлер болса, Дейін мен соларыңмен толды мәңгі. Жан досым, тартшы тағы күйлеріңді, Бір әуен еніп кетті үйге мұңлы. Сол маған өткен күннен ғазал айтқан, Сол менің бұра тартқан бүйрегімді. Күмбір күй бара жатыр балбыратып, Мына үйде келе атқандай таң нұры атып. Осы сәт бұл кеудеде жалғыз тілек, Жалғыз-ақ осы күйде бар мұраты. Ғажабын төкті өзі жүрек енді, Сан сезім көкіректен түргеледі. Әлгінде қарадүрсін тұрған дүние Айналып тылсым сырға жүре берді.

Шер қалмай енді мүлде тарқамаған, Күй кетті Жер бетінде анталаған, Бар әлем осы сәтте үйіп-төгіп Бергендей қасиетін сарқа маған. Қос шектің қасиеті жүгіндіріп, Көңілдің әкеткендей түгін қырып. ...О досым, сенің-дағы бір қырыңды Бұл менің отырғаным бүгін біліп... *** Екі ішек, тоғыз перне сыналаған, Сарқырап сыр төгесің құламадан. Сен бейне көп жүректің бар асылын, Жинаған бір кеудеге бір-ақ адам! Уақыттың жебеуімен ауыр сыны, Бойыңа тұнып қапты дәуір сыры. Заманың ақ құс болса, о домбыра. Сен бопсың оның алтын қауырсыны.

ЖАЗ

Бермейтұғын жаны ызғарлы жатқа қол, Жас келіншек алтын-күміс таққан ол. Жащдың жанын көрем десең сыртқа шық, Ай жамылып дала ла жүр, бақта бол. Мінезге бай сол келіншек ақ тамақ, Қонақжай-ақ танытпайтын жат қабақ. Қалы кілем төсеп тастап алдыңнан, Күтіп тұрар дархан күліп, шат қарап. Қойып алға теңіз, өзен, көл – леген, Жуар бетті жылы-жұмсақ қолменен. Дүниені кемеліне келтіріп, Тіршілікке сусын берер шөлдеген. Келбетінен көңіліме күй енген, Ерке көзбен иығыма сүйенген Күнде ертемен күліп шығар алдыңнан Жайдары сол келіншекті сүйем мен...

ӘЙЕЛ

Әйел, Атың марапатқа кенде емес, Бола аласың еріңе де, елге де ес. Өзің жаққан шаңырақтың шаттығы Дауыл тұрып, Қан жауса да сөнбеді еш. Әйел деген атың сенің жылылық, өмір өзі сенен көп сыр жүр ұғып. Бәрі саған қарайтындай Күн жаққа Күнбағыстар қарағандай бұрылып. Күлкің сенің Күн нұрындай шуақты, Жасампаздық тек өзіңнен ту апты. Қажет болса биіксің сен бәрінен, Қажет болса өзіңнен жоқ қуатты. Әйел, атың марапатқа кенде емес, Бере алмайсың өз жолыңды пендеге еш. Сен өсірген бәйтерегін ешкім де Дүниеде еш бәйтерекке тең демес.

Шаңыраққа сен арқылы құт кіріп Көркейерін келеді өмір ұқтырып. Сені ылғи пір тұтады сондықтан, Саған бәрі бас иеді тік тұрып.

СЕНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІҢ

Қосбасым деп бетке ұстап, Ауытқымай шешімнен, Кішірейіп алдында – кешірместі кешірген. Әйел сенің әрқашан намысыңды ту етіп, Сұлулық пен ізетті шығартпайтын есіңнен. Мәртебеңді сездіртіп, Көтертер сол еңсені, Сол арқылы табылған сезімнің де сеңсеңі. Бақыт күліп алдыңнан шыққан сұлу сәттерде, Қанат болып байланып, Көкке ұшырар сол сені. Шапағат пен теңейсің мейір аққан бұлаққа, Әйел ие әрқашан ана деген ұлы атқа. Өркеніңді өсіріп, Ғұмырыңды жалғаумен, Дырду жасар үйіңді айналдырып жұмаққа.

Алыс жүрсең – тілекшің, Сақтайтұғын сені есте, Сөзіңе ден қоярсың, Қабырғаң боп кеңессе. Жайнап шығар алдыңнан қысылтаяң сәттерде, Демеушің де, Пірің де, Қамқорың да емес пе!? Мойындарсың осыны тапсаң-дағы бір кемін, Отбасының ажары, Қызығың мен дүрмегің. Әйел деген ешқашан үздірмейтін шідерді, Тірлігіңе жан берер сенің алтын діңгегің...

ПОЭМАЛАР

МҰНАЙШЫ

1964 жылы Өзен мұнай-газ өндіру басқармасын құрып, оның тұңғыш бастығы болған атақты мұнайшы, белгілі қаламгер Рахмет Өтесіновке арналады. Аңыз өмір Ғұмыры оның аңыз ба, Ертегі ме, Шықты, әйтеуір, Өмірдің ең төріне. Жаңаөзенде жайқалған тіршіліктің, Ұқсайды енді желбіреп, Желкеніне. Өрге қарай домалап алғаш тасы, Атанды деп, (болса да бар басқасы)- Атыраудың алмастай ақ кездігі, Маңғыстаудың маңдайлы, Марқасқасы... Рухы оның жаралған күрестерден, Ғұмырына содан мол үлес берген. Көрінбесе егер ол сәуле шашып, Ұлылығын ұлының кім ескерген...

Болады ғой десең де жас та мықты, Қиын шақта қаймықпай қасқарыпты. Жиырмада үйіріп басқарманы, Ауданыңды отызда басқарыпты. Өмір оны сынақтан мың өткізген, Жүрек қылын сан рет дір еткізген. Иығына зіл батпан жүгін артып, Қары талар салмақтан білекті езген. Сыр бермеген, Бірақ еш сыр бермеген, Жағаласып бойды езген күндерменен. Шыдаған ол бәріне сынақтардың, Сау болсын деп, әйтеуір, Мінген кемем... Сол бір жап-жас мұнайшы, Жұмыскерді, Жаратқандай бастауға ұлы істерді. Басқарма ашып Өзенде мұнай, Газға, Жаңа өзендей қалаға тыныс берді.

Тарихында қалды енді таңбаланып, Көкірегінде оянған арман алып. Жанын салған соларға жан берем деп, Рахмет аты жүр енді самғап ағып. Өтеймін деп адамдық парыздарды, Әкелді ол өмірге сан ізгі әнді. Жүріп өткен іздері сайрап қалған Аңыз оның өмірі... Аңыз мәңгі... Үиітті күндер Сол күндерін үмітке бай, арман көп Қалай айтар тарих болып қалған деп. Сондағысы күрестің ең тәттісі, Дәрменсіздеу күндерінен алған кек. Сол бір жап-жас мұнайшы жұмыскерді Сонда атқан армандардың ақ таңы. Сол күндерде шаттық жүрек жадырап, Жеңістері дүрсілдеткен қақпаны.

Сол күндерде бойда қуат бұлқынып, Ойран болған көңілдегі мың күдік. Жаңа күндер жүгірген-ді алдынан, Қуаныштан бір сүрініп, бір тұрып. Бірақ тозақ... Тура тозақ бұл маңай, Іс бітпестей тәуекел деп, шыңдамай. Аппақ шаңның арасынан күндіз-түн Үміт, тілек жылтырар тек жылғадай. Сонда да ой жоқ сәтке қабақ шытынбақ: Қорқытса да шаңды боран құтыңды ап, Аппақ шаңға аузы мұрның бітеліп, Құрастырған үй тұрса да сықырлап. Іске деген құлшыныстан қомданды: Елестетіп ұзын асфальт жолдарды, Сап түзеген биік үйлер тізбегін, Көгалдар мен жапырақты орманды...

Қуат құйып бойға арман, жастығы, Тірлігінің елең болмай басқа үні, Елестейді қара алтынның дариясы, Теңіз болып аққан мұнай тасқыны. Елестейді адамдар шат, жайдары, Маңғыстаудың қайта туған аймағы. Елестердің төбесінен желбіреп. Көрінгендей ұлы жеңіс байрағы... *** Өзендік кеннің бар жеріне Жатады сол жанға жол түсіп. Жел жалап жол үстін еріне, Тұрады дала алау-өрт ішіп. Айнала құм-боран жүгіріп, өзге бар тіршілік мүлгиді. Сұлбасы әреңдеп білініп, «КамАЗ»-дар, «КрАЗ»-дар ілбиді. Басынан сан кешкен бұл күйді. Секілді даланың нарлары. Машина көштері ілбиді, Талтүсте жарқырап фарлары.

Табиғат-ананың ермегіҮйреніп құм-боран, құм-желге, Түбектің қаһарман ерлері Қасқайып барады рульдерде. Жүзінен қайсар от шашырап, Айнала дүлейден сақтана, Мұнайдың өзенін бақылап Жүрді ол сан рет вахтада. Сүйетін ісінің азабын, Қуаныш, қызығын – бәрін де Ерекше осы бір қазағың, Не болар ертең тек, Мәлім бе... Қиын, иә... Қиын мұнда бұл жұмыс, Төзімділік керек ылғи, Қашан да. Тұрған шақта іске ынта, Құлшыныс, Рахметің одан, сірә, сасар ма... Міне тағы суы тапшы, Азық та, (ондай шақта бастық қана жазықты, ә!?) Машиналар келіп болмас мұндайда, Ал іс бітпес байлап қойса қазыққа...

Асығады ойдағысы бола алмай, Бір іс оңса, Екіншісі оңалмай. Көз аштырмас ақ боранда адасып, Ұшақ жүрер орын тауып қона алмай. Ойлар да көп өткізетін електен, (шешілсе егер ғалымдарға теңелткен). Ал бұл болса астың қамын да ойлайды, Суларын да бөліп беріп шелекпен. Бітер жұмыс ... өткізер бар жарлығын, Бәрі қиын, шындығында, дәл бүгін. Ал бір жақтан көшіп келмек әкесі, Бала-шаға бір көрем деп барлығын. Ғажап та ғой жақындарың жаныңда Болып жатса-сәбилерің, жарың да. Жабырқайды-ау күйін көріп бірақ та, Алданып жүр екен ғой деп сағымға...

Ал оларсыз жүре алар бұл қалай, Ұйықтар қалай тыныштығын ұрламай. Бас қатырып жүргенінде солайша, Үй іштері көшіп келді тыңдамай. Болмаса да «көш!», «көшпе!»-деп ерегес, Айыпты оған мен де емес, Сен емес. Ақсақалға Өтесіндей тек қана Мұнайы жоқ жер дегенің жер емес. Мұнайшы ол еңбегімен, Терімен, Сөздерінен ет жүрегің еріген. Қойнауы құт аймақ көрсе қуанып, Кеніші жоқ «жұмақтардан» жеріген. Түсінетін өндірістің ырғағын, Сол жақтардан шығар дейтін шын ғалым. Үнсіз қалып «партия» деп жүрсе егер, «қарамайға» шақыратын ұлдарын.

Бастамасын бастады ұлы көп істің, Соңынан ерген сан мың адам құлшынар. Ашылар деп әлі талай өріс тың, Деп әлі сан шыбыққа да бүр шығар. Санасына өр сезімді екті ана, Атанған жоқ алғыр ұл деп ол тегін. Леп белгілі сөйлемдермен тек қана Толтырмақ-ты өмірбаян беттерін. Әрине, ол жүрген жоқ-ты даңқ үшін, Мақтан алса істеріне, бірақ-таЖауабы дер ғұмырының жартысын Келер ұрпақ құятұғын сұраққа. Олар содан үйренеді, көреді, Олар содан сыр сұрайды қолқалап. Ұрпақтардың алдарында, өрелі, Тұру керек деп біледі ер қарап.

Дейді: «Сол деп тер төгемін мен бүгін, Көркейтемін жылдарымды өзімнің. Тік көтерген заманының ерлігін Қайсарлықпын! Махаббатпын! Төзіммін! Өмір деген ұлы ағын бұл мәңгі, Ұлы көші баланың да, жардың жа. Өткермек-ті еншідегі жылдарды Ұялмастай ұлы тарих алдында. Борыш жүгі қашан да ауыр кісіге Көтерерлік күш болса егер білекте. Сондықтан да қуанған ол ісіне, Сол үшін де келген осы түбекке... *** Өзен кені шын дариясы мұнайдың, Қазағына өзі берген құдайдың Жүрек жұтқан мұнайшының арманы, Кең құлаштап, Еркін сілтер тың айдын.

Жері де тың, Мұнай да тың мұндағы, Сақтап келген ғасырлардан құм-бағы. Бірақ оның түйіні көп шешетін, Жетіп жатыр іске түйген жұмбағы. Қарақошқыл, қап-қара май, Сол бір май Ойдандырды мұны күн-түн оңдырмай. «Өжеттеніп, тым пысықсып кетіпсің, қалай шыдар екенсің сен болдырмай!?» Деп, бейнебір түскен сынды егеске, Құрып көрді талай жиын, кеңес те. Жүрегіне салмақ салған сол бір күй Шығарар деп білмеген бір белеске... Ерекше май балауызға малшынған Тұсау салған талабына талпынған. Көлденеңдеп кетпей ме шын жолынан, өткізбей ме өмір тосқан бар сыннан...

Тоңазып тұр жаздың ыстық күнінде, Қабарады қырсық бардай түрінде. Ал қара май ағу керек тоқтамай, Он жылдан соң, Ертең, әрі бүгін де. Ағу керек... Ағу керек лақылдап, Апатқа жол –қабырларға қатырмақ. Жазда мынау, Ал қыс бойы қайтпекші, Тұрған шақта сары аяз сақылдап!? Қорықты ол ... Май түрінен қорықты, Қыстық күнде, апырай, май тоңыпты. Іс болмайды бос сөз бенен қорқыныш, Ойлай-ойлай Рахмет те соны ұқты. Ойлай білу ізденіспен-шарайна, Жарық сәуле сыйлаған ол талайға. Ойлай-ойлай келген жалғыз шешімін, өйткені бұл бұған керек алдымен. Алыс жүрген адамдардың әні бір,

Мұнай-мұнай, Гүл біткенің – бәрі гүл. Жобалаушы жоспарын да бұзбайды, Қатқан мұнай, Қатпайтыны – бәрі-бір... Мазалады оны осы жай мүлде, Сол дер еді, Деп сұраса: «Қайғың не?» Құбырлардан ағу керек лақылдап, Қатпау керек... Қатпау керек май мүлде... Сол ойменен келген тағы жұмыстан, өзге тірлік бәрі енді ығысқан. Жайып салды алдына көп кітапты, Шығарардай солар Күнін Шығыстан... Әке мен бала Екеуінің бір қуаныш, Бір мұңы, Бірі үшін бірі бейне Күн нұры. Жадыратар көздерінің ұшқыны, Жабырқатар жүзге түскен кірбіңі.

Таниды ылғи бірін-бірі қабақтан, Жанын егіз жасағандай жаратқан. Жүректері бір-бірінің жүрегі, Тамырларда бір-бірінің қаны аққан. Әке, бала бір-бірінің жалғасы, Қатар аққан бір өзеннің арнасы. Біреуінде біреуінің жүрегі, Біреуінде біреуінің таңбасы. Әке, бала тілегі бір, үміт бір, Ниетінде еш күмәнсіз тұнық нұр. Бірін-бірі жан , жүрекпен түсініп, Бір-бірінің сырын айтпай біліп тұр. Тек биікке шақыратын оны алдан Бала әке мақтанышы бола алған. Тек биіктен көрсем дейтін баласын, әке ойынан шығу – ұлға сол арман... Көрген емес сезімдерін құм басып, Келе жатқан сан белесті бірге асып. Ұзақ кештер отбасында отырар Қос мұнайшы жиі-жиі сырласып.

Көрген адам сүйінеді бұларды, өздері де, сөздері де құнарлы. Баласымен сан сағаттар әкесі Істің жайын сөз етуге құмар-ды... Ұлында еш ой болмайды пенделік. Сыр айтады қатарына теңгеріп. Жылу бөліп жылуынан бойының, Көңіліне әкесінің дем беріп. Ұрсар кейде, тауып жатса есебін: «Бір-біріңе тимесін»,- деп,-келесің. Ұңғыларың тұр ғой іске қосылмай, Бұрғылаудан шыққанына неше күн!? Қалай жүрем кешегімді аңсамай, Іс бітер ме жаныңда сап, шаршамай!? Әй, балам-ай, істеп тұрса сол ұңғы Содан бері берер еді қанша май!? Жүрмесе де қарап Ай мен жұлдызға, Жұмысшыңа айт, Бірақ та тым қызба! Ең алдымен істің қамын ойласын,

Ұңғыларды текке бұлай тұрғызба! Ойыншы қой деп жүрмісің, жарқыным, Табар деуші ем адамдардың бар тілін. Көріп жүрмін, Сенделеді күнде олар Кеңсе алдында қол қусырып жарты күн! Бармайды-ау жұмысына бір дұрыс, Айдалаға кетіп жатыр күнде ырыс. Бастығының түрі мынау, үйде отыр, Күн-түн қатпай бітетін бе ед бұл жұмыс!? Дейді: «Біздің кездің ерек белгісі, Мұнайшының жоқ жексенбі, сенбісі. Уақытымен бәрі жұмыс басында, Келсін мейлі, Келмесе де келгісі.

Арақ ішіп, Тұрмас тілі күрмеліп, Жер-ананың несібесін бірге еміп, Күндіз-түні жүрсек те бел шешпестен, Автобусты, Асхананы білмедік. Иә, балам, Шаруам емес ол менің, Мазалайды бірақ соны көргенім. Асфальт жолмен зулап барып, Бар ісі – Тығын бұрау, өзге жұмыс көрмедік...» Осылайша жүргенінде, Бір күні, Тірлігінің өзгергендей кілт үні, Май ішкендей әкесінің жүрегі, Беймәлім бір күдіктерден кілкіді... Әлгі ұрыстың бірі де жоқ бұрынғы, Аяқасты болып кетті тынымды. Ұрыс та жоқ, күлкі де жоқ, Сөз де жоқ – әке көңілі әлденеден бүлінді.

Екеуінің жазылмаған жұптары Не айтса да әке сөзін құптады. Бірақ кенет... Жынын алған бақсыдай Ұлы оған не болғанын ұқпады. Өзгерісті бала бірден сезген-ді, өз сұрағын қоятұғын кез келді. Әке бірақ жарылмады ағынан, Ұл жүрегін осынысы езгенді. «Көңіліңді ауыр күйден аршығын, таста,-деген,-жүрегіңнің балшығын!» Бірақ әке жарылмады сонда да, Шаршады ұлы айтқыза алмай бар шынын. Сыр бермеді үлкенге де, Кішіге, Келіспейтін секілді бар ісі де. Ауыра ма екен әлде бір жері, Кемпірі әлде кіріп жүр ме түсіне?! Қарап жүріп кетті әкенің шын түрі, Күшейгендей көкіректің күркілі «Балам-ау,-деп,- әкелші бір қой тауып»,- түсініксіз қолқа салып бір күні.

«Қой не керек? Жетіп жатыр ет деген»,- Деген сөзге тіпті елең етпеген. Бар сияқты ар жағында бір түйткіл, Тынысына тежеу салып, Кетпеген. «Біліп жүрсің, тыныштығым ұрланды, шалғымкелген жолыңа бір құрбандық. Түс көрдім мен... Кетсінші тек өзімен, Садақа деп соймақ едім бір малды...» Білінбейді тегіндіктің жұрнағы, Сөз төркінін ұққан енді бұлдағыДіншіл деген ат тағылып, Дақ түспек Коммунистік бейнесіне тұлғалы. Құрбан шалмақ, әке әлде сынай ма?! Коммунистік ождан оған шыдай ма?! Партияның шын адамы болса егер Сыйынады соған, Емес құдайға! «Әке алдында қарызымды өтемен»,- дей алмаймын, бірақ қыспа төтеден. Азаматпын елдің жүгін көтерген,

Діндәр емес, Коммунистпін, көке, мен!- Деп, баласы қарап тұрды қасқайып,- Мұндай сөзді осы жерге тастайық. Кешір, көке, Тыңдамаймын мұныңды, Бірақ маған таға алмассың басқа айып...» Деп, баласы жүріп кеткен ілгері, Дедектетіп тірлігінің дүрмегі. Бірақ әке ұмытпапты ниетін, өмір тіпті болып шықты күрделі... *** Арада уақыт өткен бір ай ғана, Тыншыған бұл әңгіме лайлана. Тіршілік өтіп жатты ретімен, Қатыссыз партияға, Құдайға да. Тірліктің болар шаттық, Болар мұңы. Бір күні жайнап, Бірде солар гүлі. Пендеге тыныштық жоқ бұл дүниеде, Сапарға шығып алыс, Оралды ұлы.

Бар әлем қозғалыста мәңгі... Мәңгі... Әрбір жан өзінше айтар әрбір әнді. Тоймайды адам мәңгі тәттілерге, Тірлікте қандырса да сан құмарды. Мұнайдың алуан сырын танып, көріп, Жүрді ұлы жақсы істермен жарық болып. Ойында жаңа жоба, Тың бастама, Тұрғандай жеңіс шыңын анық көріп. Сүйікті ісөмірінің көрікті әні, жүрді ойға, істеріне еріп тағы. Кетпеді тек көңілден бір көрініс, әкенің өз түсінен қорыққаны. Үш ойлайды ең кемінде, Жүріп-ақ түрлі істің шеңберінде. «Неге ол сонша қатты қуанды?!»-деп, ай жүріп бұл сапардан келгенінде. Жек көрер жылылықты қандай адам, Тәттісі кетпейтіндей таңдайынан:

Әдеті жоқ болатын мұндай тіпті, Сүйді кеп еміреніп маңдайынан. «Қатал-тын, ешуақытта кішірмеген, шіреп жүр осы әкем ішін немен? Жұмсартқан қандай жағдай?»- Деп, себебін Сан рет іздегенмен, Түсінбеген... Бар-ау деп жақсы күннің таңғы лебі, Мұнайы, Соның қамы бар білері Жүр еді, Еске салды тағы әкесі Сонау бір қолайсыздау әңгімені. Жай сөйлеп, Үстемдік қып ұрыспаған, Кітапты қолына алып ұлы ұстаған, Деп еді: «ата-баба жолы емес пе, садақа бергеніміз дұрыс, балам»...

Тастасын кім қай жаққа қай баласын, Сексенге әке сөзден таймағасын. Рас, қазақ қой сояды қорыққанда, Жинайды садақаға айналасын. Бірақ та бар үлкен бір талас мұнда, Байқамай құран оқып, Бал аштың баОқ қылып соны бірде өзіңе атар, Дұшпандар жоқ демейді жар астында. Сондықтан уәжін айтты, Тыңдамады... Қалайда көндірем деп бұл баланы: «Мен емес, Әкем деп айт жасап жүрген!»- Дегенде түсіп кеткен ұл қабағы. «Білесің, сауаттысың, саналысың, сонда да билігіңнің қара күшін жұмсағың келіп тұр ғой, ұмыттың ба, намазды неге қойдың балаң үшін?!» Бұйым да, әңгіме де басқа бітіп, кітапты қолындағы тастады тік. Сілейіп тұрып қалған осыдан соң,

Қалғандай біреу кенет басқа нұқып... «Шықпас-ау, шықпас, балам, бұл есімнен, болды ма деп қалып ем күресім кем. «Құлыным, Алла өзі жар болсын»,-деп, әкенің сонда амалы түгесілген... Жай еді бұл бір тілін күрмеп келген, Жүрсе де көріп сый мен құрметті елден. Алынды партиядан бір жас жігіт, Ұлы үшін құртақандай, Сүндеттелген... Сол кездің ойға сыймас тірлігі шын, Шайқалып тұрғандай-ау күнде ырысың. Әйел-ердің жағдайын бюро шешіп, әке мен бала күйген бір-бірі үшін.

Көрмеген ханзада да, Хан қызы да, Болады-ау бұл өмірде сан қызық, ә! Намазды қойған сонда Өтесін қарт, Қырсығы тие ме деп жалғызына. Жоқ бірақ одан ұлын қарық қылған, Тек өзі болған сынды анық құрбан. Садақа жайы қайта қозғалғанда, Баласы соны есіне салып тұрған. Кетірген ниетінің сәнді реңін, Білді әке өнбесін бұл әңгіменің Жүрегі қан жылады, Берер еді-ау Ұлы үшін қажет болса жан, жүрегін. Деді әке: «неге менің шамам келсін, Келетін пәле болса маған келсін! Баламның оң істері өркен жайып, Тасыған абыройын аман көрсін...»

Тіледі осыны енді, Басқа амал жоқ, Баласын өзге сөзбен жасқаған жоқ. «Қайтейін, сен әйтеуір аман бол!»-деп, аузынан ақ тілегін тастаған жоқ. Жылаған... Қарт жүрегі қан жылған, Арманы тапталғандай албыраған. Түсінер оны ата-ана бала сүйген, Түсінер зейіні бар әрбір адам... Апат пен Жеңіс Гүрлеп тұрған кезі ғой, Жаңа ашылған, Өзен қымбат бұл кезде сан асылдан. Игеруге жол іздеп талай ғылым, Мұнайшылар көз ілмей, Таң асырған. Жоғарыда білгіш те, Талапты әркім, Есептейді жан-жақтан қарап нарқын. Бірі олай тартады, Бірі бұлай, Бас мәселеқысымы қабаттардың.

Алынатын мұнай жоқ оңай ғана, Болса да қанша қоры мол айнала. Газ жіберіп, Су айдап, қысым жасап, Өндіреді әлемде, солай ғана. Жоба тауып ерекше, бірі кенет Шығарады өрекпіп үнін ерек. Бірақ оған көнбейді, Құрамы өзге, Мұнайының Өзеннің түрі бөлек. Тапқандай, Сол «сырқаттың» бір-бір емін, Жеңістің отауына кім кірерін. Біле алмай жүрген көптің ортасында, Рахаң да ойлап жүрген түрлі жолын. Қабатқа қысым керек, Қысым керек.. Қуат бар сол қысымның күшінде ерек. Жоқ па екен соның бізге қажеттісі, Әлемдік тәжірибе ішінде көп...

Иә, иә... Біреу бар көңіл демдер, Ақталар мүмкін содан, Төгілген тер. Айдағанда, Су-мұнай арасына, Сұйық газ балауызды өнімді ерітер. Алайда сынақ керек бұғандағы, (Сөз емес өзгермейтін Құрандағы). Дәлелдеу керек бәрін... Керек бәрін, Жарамас әншейін сөз, Ұрандары... Сыналған осынау әдіс әлемде деп, Бүгін-ақ өз ойларын дәлелдемек. Бірақ ол білген жоқ-ты... Дәл сол күні, Қаларын тірлік туын әрең демеп... Кім үшін түйсе-дағы түйінді кім, Айтпақ-ты жауапты да, Қиындығын. Талқыға салмақ сонда өз жобасын, Одақтық маңызы бар, Жиын бүгін...

Бірақ та жеткізбеген тағдыр мұны, Сеп болмай іскерлігі, Алғырлығы, Құлатты орта жолда, Ал ішінде: «Айттым ғой?»-деп, Әкенің жаңғырды үні... Асығып келе жатқан жиынға олар, (Асықпау мұндай шақта қиын болар). Салмақшы сонда ортаға талай мықты, Жобаның түрі болса, миында оңар... Ақ «Волга» зымырайды жол үстінде, Жол қалай, Елемеген оны ешкім де. Асфальтта төрт доңғалақ жарысады, «Дес бермен,-дегендей –ақ-, мен ешкімге.» Мүлгиді жолаушылар, Күбір тынып, Таңғы ауа әлдилеген шымыр, Тұнық. Кенеттен, Мін түсіріп жүрісіне, Қалғандай болды көлік, Бір іркіліп.

Қарайтын жер емес қой, Тұрып келіп, Деп өзіне сәл жайға үрікпелік, Рахаң үнсіз отырды, Салмақтанып, Көңілі дүрліксе де, Күдіктеніп. Түйсігің кейде бәрін ұқтырады, Көрсетіп, Демесе де: «Күт мынаны !» Көңілі секем алған жаңылмапты, Тағы бір іркілгенде... Бітті бәрі... Тірліктің осындайдан жалғаны да, Жете алмай үміт, Тілек маңдарына, Қалғанда жаны жылап, Жүрек қысып, Жиыны, Басқасы да қалды адыра... Қырық екі жас... Жер басып келген жері, Болып қалды, Жоқ оған теңгермегі. Осы шақтан... Осы бір күз күнінен, Ғұмырының басталған сергелдеңі.

Қандай күйде жүрсең де қалмас арман, Ажал деген мықтыңыз сан бас алған, Өкшелеп кеп бұларды, Тұра қалып, Сол тағдыр мен тарихқа таңба салған. Сынағы ма, Әлде бір ойыны ма, Жоқау өзі, Түкке де, Тойымы да. Әуелден - ақ міндеті ауыр жанның, Артты енді батпан жүк мойынына. Өтеріне бұл сыннан мол күмәні, Қиындықтың ылғи бір қоңдылары, Жиналып кеп алдына деп тұрғандай. «Күрескіш болсаң егер, көр мынаны.» Сенбеген алғашында... Сенбеген бұл. Үміттің алуан түрін теңдеген бір, Тілектің аппақ жібін быртбырт үзген, Далбаса болып шықты ем деген құр... Шын сеніп ізгілікке құмар жаны,

Бұл мансұқ өтіп еді-ау бір Алланы. Қайтадан қос қанатын жаза алмады, Қайтадан екі аяққа міне алмады... Жұлмалап жас жүрегі мың арнаны, Неге бұл... Неліктен деп ұрандады. Бірақ та тағдыр одан қаймықпады, Қайтадан табан басып тұра алмады. Шүкір деп сөнбегені жарығының, Өзгерте партия еккен сан ұғымын, Садақа берсе қалай болар ед деп, Есіне Алла түсті тағы мұның. Іс пе бұл халқына жат, Елге бөтен, Демепті – ау, Өз суымды кермек етем. Неліктен әке бетін қайтарды екен?! Неліктен сол тілегін бермеді екен... Не пайда өкініш ой торлағаннан, Не пайда болғаннан ел қолдаған жан... Өмірін өзі арнаған сүйікті ісі, Өзеннің даласында, Ол да қалған...

Іс таңдамас, қалмас деп қолда кірі, Басшы еді ізденгіш, мол-ды ақылы. Жанұшырып жүргенде, мұнай қуып, Байтал түгіл, бас қайғы болды ақыры. Бір қайырым болған - ау тегі Алладан, Тағдыр оны бәрібір жеңе алмаған. Ерлік пенен қайсарлық, төзім менен, Қасқайып, қарсы шығып, кек алды адам. Елестеп, көз алдына батыс дала, Лайықсыз көріп, текке жатысты аға, Ойлаған ғұмырының алғы ағысын, Деп енді, Бір Алла мен Сақыш пана... Бағыштап соған тілек, құлдығын да, Сыйынып сол екеуге шындығында, Шылбырын тағдырының ширатты енді, Ерлік жасап, жетерлік бір ғұмырға.

Бас бұрып талап атты мәңгі жолға, (Ежіктесе таусылмас әңгіме ол да). Қара майдың қайтадан жырын бастап, Зерттеулерін, қайтадан алды қолға. Қайта тауып күндерді нұр айдарлы, Серігіне айналды мұнай мәңгі. Таңдайына еңбектің тәттісі кеп, Тіршілігі қайтадан шырайланды. Еңбегінің көрініп алтын дәні, Жеңісінің жалауы жалтылдады. Жасампаздық туынан берік ұстап, Сол үшін тартыстан да тартынбады. Мәңгілікке орнығып көңілі шын, Қайраткерге айналды өлі мүсін. Ей,адамдар, сүйе біл тіршілікті, Күресе біл осылай өмір үшін... Әке жүрегі

Сезген - ді ол бәрін де, сезді бұрын Жалаңдаған тағдырдың кездігінің Кезелгенін өзге емес осы бетке, Көздегенін өзге емес, өз құлынын... Кәрі жүрек сол сөзден діріл қағып Кетіп еді қалтырап, тынымды алып, Қалай білген, апырай, бір пәлені, Жүріпті ғой тағдыры шын ұйғарып, Жалғыз ұлы, мақтаны, шамшырағы, (Бетін жуып ащы жас тамшылары). Апат болды дегенде, естен танып, « Тірі ме өзі» болыпты бар сұрағы... Апатқа ұшырап жалғыз ұл, Нар тірегі, Қарт жүрегі аяусыз қамшы жеді. «Садақамын, Жолыңа құрбандықпын, - Деп, енді солай ауды бар тілегі.

«Көпсіндің бе оң басқан талаптарын, Арманының тастадың қамап бәрін... Жанын сақта, Енді тек сұрайтыным, Садақаға мені ал, Жаратқаным...» Тілек тілеп, үмітке тағы барып, Жазылар деп, баламның бағы жанып, Бір жақсы хабар күткен Алматыдан, Шүкір ғой деп жатқаны жаны қалып... Болған шығар құдайдың сенген құлы, Деп шешті жұрт тілегін бергендігі. Үзіліп кетті өмірі, басқа бастық Орнына баласының келген күні... Ұлы қалды артында... Ұлы қалды... Алдында оның әлі көп күні бар - ды. Жалғап қалған ғұмырын баласына, Әке жүрек осылай тыным алды... ***

Жылдар өтті... Көп жыл өтті арада, Жаңа ғұмыр орын алды санада. Партияның қызыл туы жығылып, Көк т у қонды қала менен далаға. Өзгерді де ел мен жердің айдары, Ызаланып, үстемдік тіс қайрады. Қолға беріп тізгінін бар биліктің, Желбіреді тәуелсіздік байрағы. Тәуелсізбіз, өкпеміз жоқ құдайға, Еркіндіктің күлкісі енді шырайға. Неше ғасыр бодан болған қазақтың, Қолында енді, діні, тілі, мұнай да. Табын танып тәуелсіздік таңбаның, Елестетіп қырандардың самғауын, Рахаң енді заман жайлы толғанды, Жастайынан өзі көрген зардабын.

Алып жүріп алғысын да, қарғысын, Құра алмапты салтанат пен сәнді шын. Жүрген сынды айдаудағы адамдай, Таңып тастап қол - аяғын, жан құсын... Жолын тауып кетсе-дағы таңдаған, Бостандыққа мейірі бір қанбаған. Партия үшін тыңдамапты, пенде боп, Дегенде әке «тыңдашы бір, жан балам ...» Ол заманның бар өз билік, өз демі, « Мұнай» деген бір - ақ мақсат көздеді. Ал адамдар шүберекке жан түйді, Өз байлығын жұмсай алмай өздері. Ойлап көрсе көрген қызық там тұм - ақ, Көше кезіп кетпесе де, нан сұрап, Ағаш үйде шыжғырылып аптапқа, Ызғар ұрды, жеркепеде қалтырап...

Ен байлықтан жарқыраған маңдайы, Шаң мен шөлден кеберсіді таңдайы. Көзіне нұр, жанға рахат бола алмай, Дария болып жатқан көлдің бар майы. Тарих болды енді бәрі, ол күндер. Еске алсаң көңіл ғана төркіндер. Шат кезің де, өкініш пен мұңың да, Шығып, батып, тек ойыңда көлкілдер... Күндер өтті бір жабырқап, бір күліп, Жүректерге алуан сезім тұндырып. Хикаясын сол күндердің сыйпаттап, Рахаң енді кітапқа екті сыр қылып. Әлпештеген қыздары мен ұлдарын, Рахаң - енді бірі биік тұлғаның. Ғалым болды, шешемін деп қалайда, Балауызды қарамайдың жұмбағын.

Алыс қалды, Мұң сыйлаған қатал күн, Құрметтісі өзі салған шахардың. Жарының бар жеңістерін тойлаған, Еңбегі шын жанды Сақыш апамның. Сөнбеді үміт, Жүректегі жалын да, Жарқырады тіршіліктің тағында. Тілейміз біз орнасын деп мәңгі жаз Қиындықтар еккен жеңіс бағында...

ӨМІР СЫНАҚТАРЫ

Орын Құлсариев көке бастан кешкен кей бір жайлар «Таушықтан» Ойласа Аяқ әрең бастырғандай, Болған-ды, Онда қатты састырған жай. Зулаған, Машинадан түсті ұшып, Тайман аға екеуі, Лақтырғандай. Топ етіп түсті қарға, Түк болмады. Тайман аға шалқадан Түсті олдағы Тәуба қылып Құдайға шүкір айтып. Жайылған-ды екеуінің қолдары. «Құрық-Жетібай жолында» Түс көріп Құндыз шошып оянған-ды, Жинап қойып өзгедей Ой-арманды Күтті жолын, Қай кезде келеді деп, Жүрегінің дүрсілін жоя алмады. Күндіз болса, Барар еді асып қырдан, Түсі еді соншама асықтырған. Кенет бұл көрді оның кеп жетккенін, Тек үсті... Шаң-тозаңға батып тұрған...

Ол, шынымен, шошынған, Ұйқы қалды. Басынан көшті әйтеуір күй тұманы. Орекеңнің есінде Құндызының, «Не болды?!» деп, қорыққан сыйқы қалды. «Ұйқы, шіркін, кімдерді саналы еткен?! Айырмасы бар ма екен, Арам еттен?!» Машина қираң етіп, Жолдан жығып, Шет тұрған биік тасты жанап өткен. Ол енді ертеңіне күтінеді, Шамалы болса мейлі бітіреді, Апыр-ай, қандай ғажап өмір деген Тасқа соқса... Бәрі де бітіп еді... ХХХ Сырқат Бір күні көтере алмай қолын тіпті, Жатса да, Маза бермей мол ынтықтық, Ойлады

Домбырасын, Балаларды, Дей алам ба: «Мен жүрген жолым мықты?! Қанша рет бұл тірлікте қалдым аман, Қанша рет қанша жанға болдым алаң. Әйтеуір ылғи есен келіп ем».-деп, Қарады бір қолына салбыраған. Келіні Бағлан келді, Емшілікке, Ем жасау атасына ерсілік пе?! Жазылып кетті Орекең құлан таза, Жоқ енді еш жерінде кемшілік те! Гүл жарған иісі аңқып, Бақтағыдай, Көктемдегі көз тартар шақтағыдай, әсем күйі солардың бұзылмасын, Әрқашан құдіретіңмен Сақта Құдай!

БӘЙТЕРЕК

Ол өзі бір кез еді, Аласапыран, Ада ойлы тілектен, Парасаттан, Айқай мен шу заманы атқа қонып, Шаш ал десе, Бас алып, Дара шапқан. Ол кез қандай шақ еді, Білесің бе\ Еске түссе, Жылайсың, Күлесің де, Қандай қатты сол уақыт, Ойлап көрсең, Қалдырмастан бүгесін, Шүгесін де. Бұл бір ауыр кез еді, Тарихтағы. Атпағандай ешқашан Жарық таңы. Атағанда ертеңгі күннің жайын, Қара бұлт аспаннан қалықтады. Құлсарының неде екен басты арманы, Кім білсін, Қиялы ма аспандағы. Мен жол жүрем ,- деді ол Болғанына,- Ұзақ жолға тұрмын мен, Аттанғалы. Кім көнбейді Алланың салғанына,

Мен де көндім, Тіл қатпа талғамыма, Өскен жерге бір барып қайтайын мен, Кінә қойма осындай арманыма. Түс көрдім бір, Мен , бәлкім , Кідірермін, Сәті түссе, қорланып, Ірілермін. Күн туса ошағыма оралатын, Қуана өздеріңе бірігермін. Сондай-ақ, күнің таяу босанатын, Жайың жоқ мен келгенше тоса алатын, Бұл жолы ұл туасың Түсіме енді, Ұмытпай, Есте сақта осы арасын. Орнымды басар менің, Орын болсын. Өзіңнің таусылмайтын қорың болсын. Көрген түсім келеді, Қара да тұр, Ұлыңменен үй кеңіп, Төрің толсын. Бата беріп, Құлсары жүріп кетті, Қалдырғандай артына тұнық лепті. Көңіліне соңғы сөз демеу болып, Болғанды сол сәтінде биіктетті.

Айтты оған, «Болған , сен уәйімдама, Өлтірмейді сендерді сайын дала. Мен көрермін тірліктің не жазғанын, Ал өздерің бастай бер дайындала.» «Ұл туасың» ,-деді ғой, -Орын болсын, Әрқашан ізгілікке жаны толсын! Қадамы құтты болып, Бұл өмірде, Басына ұлы бақыт құсы қонсын.» Деді де, Болған ана ойға қалды, Қандай жан жек көреді тойлағанды?! Бірақ та не айтты ол әрі қарай, Ананың көкірегінде ой қамалды. «Түс көрдім дедім ғой, мен Кідірермін, Сәті түссе қорланып Ірілермін, Күн туса ошағыма оралатын, Өздеріңе қуана бірігермін.»

Құлсары бірақ қайта оралмады, Қайтадан тұғырына қона алмады. Қалған ізі тек артында оның, Қалды сонда мәңгілік, Жоғалмады. Болғанның өтті өмірден жары солай, Болмады әрі қарай да бар ісі оңай. Қиын кезең, Жоқшылық, Ауыр тұрмыс, Қажытса да, Болғанның табысы бай. Орын келді дүниеге, Орын келді, Өзгергендей бар әлем, Көріктенді. Жалаң аяқ жүрсе де, Дені сау боп, Айналаға қуаныш, Көрік берді. Кішіпейіл жас жігіт, Көпке ұнады, Айтқанынан қайтпайтын, Өткір әрі. Орын болды орнында әкесінің, Солай ғана ұмытты жоқты, бәрі. Ол әкесін бірақ та ұмытпады, Қастер тұту қашан да, Бір ұққаны, Заманның ауырлығын көріп небір, Есінде тек шыңдалып, Шыныққаны.

Есейді, Ер жетті ол, Жігіт болды, Ойлайтын жасқа жетті оң мен солды. Орын болып, Әкенің орнын басты, Бата берді анасы жайып қолды. ххх Екі апасы болған-ды, Маңдайында, Үлкенінің біле алмай хал-жайын да, Қалған екен күйеуге бергеннен соң, Соныменен анасы сары уайымда. Болған ана жылайды сағынғаннан, Болады ғой ананың бәрінде арман. Тым болмаса білейін, Тірі ме өзі, Деп жылайтын тәңірге жалынғаннан. Қуғын –сүргін заманда, Қашқан халық, Түркменстан, Ашхабад жаққа барып, Ойылға келген екен қайтып олар, Болыпты талай жерде маңып-маңып.

Ақзер менен Ғалымда ерік бар ма\ Десе бітті, біреу кеп сеніп қалма. Қайта оралды еліне, Қазағым,-деп. Тілектерін, әйтеуір беріпті Алла, Бітпепті ғой мұнымен бірақ бәрі, Күтіп тұр екен алда сынақ тағы. Фашистер соғыс ашып қырық бірде, Советтік өкіметті құлатқалы. Соғыстан келген Ғалым жеңіспенен, Жойдық деп, Фашистерді неміс деген. «Тұтқын болдың?» - деп оған, Жала жауып, Жауып қойған, Білместен неге істелген. Қарағанды жері екен жабылғаны, Ғалымның қайғысы шын қалыңдады. Іздеп келер соңынан жан болса ғой, Деген оймен тынышын тағы ұрлады. Бұл мезгілде жаңа асқан жиырмадан, Орын жас жігіт тұғын. «Қиын маған»-деместен,

Іздеп шығып туысқанын. Жат жердің суын ішті, Бұйырмаған. Естіді Орын Ойылда тұрады деп, Айта берсе , Бұл жайлы сұрағы көп. Тапты әйтеуір Ақзердің үйін іздеп, «Құрман» атты кеңшардағы көл. Шилі бұлақ Құрманның жайылымы, Елу төрттің белгілі айы, күні. Жаяужалпы жетеді іздегенге, Бірақ мұның көп болды қайырымы. ххх «Емін таппай жазатын қотырының, Жездең сенің түрмеде отыр, Інім. Тұтқын болып, Соғыстан келіп еді, Қағылғаны осы да тоқымының…» Көз жасын Ақзер сонда төккен еді, Білінген тіршілікке өкпе лебі. Жан дүниесін Орынның шарпыса да, Сөйледі ол , Жетердей көкке демі.

«Апажан», Уәйімдама, Асықпағын, Ойлай берсең кетеді тасып қаның, Қазір саған керегі тынышталу, Жарамайды өзіңді жасытқаның...» ххх Келесі жыл келді ол , Дайындалып, Ақзері күтіп отыр, Уәйім қалып. Қарағанды қаласы қайдасың деп, Тартты олар Артып ап мойынға жүк. Ақзер үйден кіші ұлын ала шықты, Бекарыстан атты бір қарашықты. Туыстықтың өшпейтін ізін салған, Сырын оның қазақтың даласы ұқты. Апта бойы бірге боп , Мауқын басып, Ғалым қалды қуанып,

Қауқылдасып. «Жезде ,-деді оған Орын кетерінде, Кездесерміз біз әлі жарқылдасып, Ұмытпағын, Біз үшін алтын басың, Келешекке сенімің сарқылмасын. Жылдан аспай, Ордаңа ораларсың, Сол қуаныш оты тез жарқылдасын.» Орынның келді айтқаны, Орындалды. Ол бейне сәт суына қолын малды. Ғалым босап , Оралды ордасына. Қуанды Орын, Деп бұған жолым болды. Түлеткен Ғалымды сол, Асылы не Еділбай қойын баққан кәсібі ме? Өз үйінде, Өз өлең төсегінде, Жеткен бақыт жолының басы, міне.

Ғалымның өз ішінде мол-ды ақылы, Білді ол екендігін қолда жүгі. Баласы Бекіш алып кейінірек, Депутат та, Еңбекте ер болды ақыры. ххх .....Осылардың барлығын сыр ғып айтып, Өткізген күндерін де, Түнді қайтіп,- Отырды олар Маңғыстау даласында Білмейтіндей, Жылжиды аспанда Ай түк. Ақзер мен Ғалым көптің ортасында, Айтса егер ойдағысын, Ол тосын ба Ақтарылды сан жылдар жиналған шер, Кейде күліп, Кей жерде қорқасың да. Сәнім мен Мұсағали шақты мұңын, Бәріне бірақ уақыт шашты гүлін. Орын мен Құндыз тұрып сөйлеген соң, Бәрі білді біткенін аптығының. ......Тартып еді неше күн оң қабағы, Жанында отыр баллары,

Сол ма бағы? Болған ана қарап ап айналасын, «Шүкір Алла», Шүкір деп толғанады. «Жаңа күн туып келеді , Елге, міне, Соған куә балларым келгені де. Арманым жоқ өмірде, Барсың бәрің, Ризамын сендерді бергеніне»,- Деп, Болған ана айтты ақ тілегін. Білдірді ұрпағына жақсы лебін, «Сендерсің менің үлкен болашағым, Таусылмайтын ешқашан Тәттілерім...» ххх Содан бері көп жыл өтті, Көп жылдар, Әрбірінде қаншама сыр, Тағдыр бар. Жаңа ғасыр ашты есігін тағы бір, Талай жанды арт жағына қалдырған. Озды өмірден қыз-күйеулер, Болған да, Ұрпақтарын калдырып тек сол маңға. Орекең ұлы әулеттің басы болған Жетті ме екен қол созған сол арманға?!

Көз салыңыз істеген бар ісіне, Тік келмейді істес болған кісіге, Жас шағынан ешбір адам бетке кеп Демеген еш, Алмадық деп түсіне, Домбырасы, Ең сүйікті құралы, Өмір бойы қару еткен құраны. Жан серігі жанынан бір қалмайтын, Ұйықтаса да, Көз алдында тұрады. Қаруы сол Мейлі барсын қай жаққа, Домбырамен таныс бүкіл аймаққа Таныс өзі Москваға, сырт елге, Өнер десе жүре береді айлап та. Домбыраны үйретті ол талайға, Оқушысын, сірә, ол кісі санай ма?! Қолға алған ісі болса бұл өзі, Үйретеді, Үйретеді ол қалайда.

Аталары қалдырыпты мол мұра Айтшы өзің, Байлық деген қонды ма?! Қолында ылғи , Қашан көрсең Күмбірлеп, Ойнап тұрар алуан күймен домбыра. Серік еткен оны құрттай шағында, Деген емес, Сорым ба бұл, Бағым ба?! Оны өмірдің өзі салған бұл жолға, Отырады бір күні деп тағында Ұзақ жылдар домбырасын қолға алып, Талай күйді өзі тартты толғанып, Сөйтіп жүріп жармасқанда баласы, Басына бір ой сап етті, Ол да анық. Сөйтіп Орын көке бір іс бастады, Болар мүмкін заманының дастаны. Құлсариев ансамблі боп енді, Шырқай түсті жанұяның аспаны.

Қолғанаты,Рухан, Ғалия,Гүлнәр, Қатар қаздай тізіліп ап, Тұр бәрі Жүргізуші ансамбльді Орекең, Шықтыдағы, Тыныштықты ұрлады... Қол соғуда жұрттың бәрі, Бір мезет, Ысқырады, Сөйлеушілер тіл безеп, Осы сәтте ойладым мен еріксіз Қастерлеудің ұлы күші бізде деп. Кенжеш, Сәтбай, Айжаны мен Гүлжаны, Светасы, Жүректегі нұрлы әні, Сәкені бар, Рахиласы, Раушаны, Ауыздарын ашқан күйі тұр бәрі.

Қолын соқты, Басын иіп, Жүгінді ел, Танып бәрін, Қуаныңдар! Күліңдер! Деп тұрғандай, Құлақтарға сыбырлап: Әкелерің қандай адам, Біліңдер! xxx Орын ата, Құндыз әже талайға, Жаста талай, Бірақ олар санай ма, Алғашқысы әлі сабақ береді, Жұмысынан қалғысы жоқ қалайда, Кезіп жүріп Маңғыстаудың даласын, Оқытты ол мұнда он бір баласын. Білдей-білдей маман шықты олардан, Көркейтуде бүкіл,аймақ,қаласын. Соғыстан соң алған білім орталау, Болмайды ғой, Орынсызды қолқалау, Балалары оқып жатты шетінен, Тудырмайын деді оларға жорта дау.

Қазір енді мүмкіндік бар, Уақыт бар, Қол созуда күтпеген кей бақыттар. Диплом алды, Жетпіс сегіз жасында. Жалтылдаған .көзінде.ылғи жақұттар. Құр кетпейді келген шәкірт алдына. Үміті бар, Одан сірә қалды ма?! Шаршау деген ойында жоқ, Байқасаң, Күй тыңдасан, Тартады естен тандыра,. Алған атақ жетіп жатыр бір басқа, Күні бойы айтып бітпес, Сырласса. Орын көке кіммен дәмдес болмаған, Жерлестерін айтпай-ақ қой, құр босқа. Таңданба өзің десе өмірге қалаулы, Үйрен одан жақынына балауды. Дәл осындай, Дәл осындай,Орекең, Ондай адам жер бетінде санаулы.

ххх «Осынау жылдар, Орындалды ойдағым, Қанша рет қиналдым да, Тойладым. Қаншама рет күтуменен жүргенде, Қарсы алдымнан шықты күліп ойдағы үн.,»- Орын көке дейді бүгін толғанып, Тұрғандай-ақ жылылыққа қол малып, Дидарынан төгіліп тұр ақ мейір, Аппақ жүрек ар жағында , Ол да анық. Жаңа мектеп, Жаңа үйі өнердің Өзімдағы сол өнермен көгердім. Үрім-бұтақ, көрші—көлем, Ағайын, Балаларын мұнда оқытса сөгер кім?!»- Деп ойлаған Орын көке, шынында, Жасырмаған ақыл-ойын, Сырын да. Жетібайда бой көтерді өнердің Бір мектебі. Салынғандай Қырымда,

Айтар мұны ұрпақтары ән қылып, Қайталанар талай рет жаңғырып Жетпіс тоғыз жасқа жеткен көкеміз Сый жасады ұрпақтарға мәңгілік. Қызметіңіз тапсын ылғи жалғасын, Арманыңыз алға итеріп арнасын. Биіктесін ұрпағыңыз қашанда, Мәпелеуден, Еркелеуден танбасын. Балаймыз сіздей жанды алтынға шын, Атағыңыз аймақта жарқылдасын, Ұлы көш екеуіңізден кейін ерген, Ешқашан! Ешуақытта сарқылмасын!

ТАМАРА!

Тамара Асар дейді оны халқы, Өзі әсем, халқына қымбат нарқы. Дүниеге келген аңғал көңіл менен, Шарықтап, Көк жүзіне ұшқан қалпы. Қызымыз ол, талайды алаңдатқан, Леп ескендей бейне бір самал жақтан. Ойламаған өмірдің көктемінде Ұрынар деп бір пәле жалаң қаққан. Бәріде дос, Туысқан барлығы да, Солар үшін салды бұл әнді бұла. Не керектің бәрін де, Талмай жинап, Сала бере әспептеп, Сандығына. Жас еді, Жалынды еді, Қайсар тұғын, Өзінде бар болатын байсалды ұғым. Жадырап, Жаны күліп, Тұрар ұғып, Ештеңе жоя алмайтын қайсарлығын.

Үні қандай, Шығатын діріл қағып, Соны айтып, Сан рет сыбырладық. Ән салсаң сал осылай жарасымды, Жан дүниеңді алғандай, Шын ұрлатып. *** Кенеттен, Басқа күйді тапты өмірі, Үстіне күтпегенін жапты өңірі. Аяқ асты бүлініп барлығы да, Аяқ асты кір болды ақ көңілі. Сол күні ойында жоқ ештеңе де, Ұқпайды, Сақталды екен есте неге? Ойға түссе кетеді дір-дір етіп, Тіксінеді, Әлде өзі сескене ме. Келе жатқан машина жол үстінде, Дүр етті бір, Назарсыз көп ешкімге Тамара өз ойымен отырған-ды, Селк етті, Дегендей-ақ, Соғыстың не...

Кенеттен, сәтсіз сәттер таяды да, Әл бермей бақытының баянына, Ойынан шығып бәрі, Бір-ақ сәтте, Қараған, қатты ауырған, Аяғына.... Сол сәтте ұмыт болып арманы да, Ойда жоқ қабілеті, Талғамы да... Жұлынып кеткен аяқ қан сорғалап, Жатқанын көрді кенет... Дәл жанында... Көрдің бе дәл осындай маңдайы ақты, Кімдерді ол өзінше алдай апты... Көзіне түспесін деп өзге жанның, Қойнына тыға салды әлгі аяқты... Осы ма... Осы ма еді бұйырғаны, Көзінің жасы енді тыйылмады... Білмейді, Қанша осы күйде жатты, Есінде тек, Құдайға сыйынғаны... ***

...Бір аяқты берді ол, Бір аяқты... Қайтаршы деп кімнен ол сұрай апты... Дей ме мұны, шынымен, Тағдыр ісі, Дей ме әлде, шынымен, Құдай атты... Адамдар біле ме екен салған жолды, Түсініп тұру қиын алған қолды. Қалай екен бұл өзі, деп ойлайды, Бір кезде отыру да арман болды... Артық көрмес ешкім де марапатты, Бірақ одан артық қой парасатты. Тек қана аяқ емес зақымданған, Бел омыртқа, Жамбас пен жарақатты... Өмірді енді бастаған, Шат ару ма, Тіршілігі қор болып, Маталуда. Жаңа ұшқан ұядан жап-жас қыздың, Қаупі үлкен, Ана деп аталуға... ***

Екі жыл өтті арада, Алпарыспен, Тамара сол бір сәтті аңсап іштен, Күресе берді басқа түскен күймен, Бітерін білмесе де, Мол табыспен... Артта қап, Сол күндерін қыспақтағы, Қолына ешбір таяқ ұстатпады. Жүрді ол қатар басып екі аяқты, Тағдыры қол көтерді, Тіс батпады... ...Аурухана, Төсекте жатты сұлық, Кірпіктері қалғандай жапсырылып... ...Бір мезгілде.... Тіршілік лебі ескендей, Иілгендей алдында тақсыр үміт... Түсіргендей жүрекке бір ізгі дақ, Әуені өзгелерден нығыз бірақ, Төсекте жатқан жанның ауызынан, Естілді сол ән кенет, Сыбызғылап...

Әуені әсем екен , Тыңдағанға, Ой салар алуан қилы, Мұңлы адамға. Жанымен сезген соны жаралы қыз, Жаңғыра қарағандай, Бұл ғаламға... Дүниеде болады екен барлығы да, Атқыза алмас ешкім де таңды бұла. Өмірдің өз қолымен басылады, Аласапыран тірліктің әр қырына... Ұқты соны жанымен, Жүрегімен, Басқа ойды бұқтырып, Сүреңінен. Қараған жан сол сәтте сезер еді, Үміт отын, Сабырлы реңінен... Сезеді мұны ойы ұшқыр адам, Сөз емес оған басқа ішкі бағаң. Осы сәтте бойына Тамараның, Шәкәрім сөзі еді күш құраған. Мұңлы екен, Бірақ ойлы, Анық сөзі, Жайымен ашылды да, Жанып көзі, Өзіне өзі келген Тамара қыз, Баяулап, Сұлу әнді ағытты өзі... ***

Жинаған ойын түзеп, Есін енді, Тамара алды осы сәт есіне елді. «Бір аяқпен жүрген жан бұл ғана ма, Аламын тіршіліктен несібемді... Шашамын алдарына жырларымды, Бар шығар арасында сыр да мұңлы. Тыңдарсыңдар бәрің де ықыласпен, Жүрегімнің түбінде тұнған үнді.» Сөзің қандай ақылды, Ырысты еді, Жұрт қуанды, Ағайын «дұрыс» деді. Белді бекем буынған Тамара қыз, Дайындалды, Бір іске кіріскелі... *** Өтті уақыт... Өтті уақыт тағы да, Кездескен сәт соры әлде бағы ма... Бір күні ол сүйіскен жас жігітті, Қондырды оң жағына...

Уақыт сырғып өтіп жатты тағы да, Өмірінің ескерткіші, Бағы ма... Жарық көрді дүниеге кеп жас ұлан, Қамбар атты, Отырды өмір тағына... Өмірдің бір қызығы – бала, Деген, Шындық қой, Тасқа басып, Шегелеген. Өмірлері толысты , күткендей-ақ, Өздері – ұлмен, Ата-ана немеремен... Жас бала көрік қосып шаңыраққа, Боялған бұл жас отау тағы да аққа. Бір күні ойда жоқта болып бәрі, Кетті ол, Жас жүректі аңыратты... *** Үйсіз қалды, Күйеуі кетті бөлек, Үйсіз қалды, Үй болса деп тілеп ед... Баласы бар, Жалғыз-ақ бауырында, Осы ой оның жүрегін тепті мезет...

Сол-ақ екен бекініп, Бір тың іске, Жол бермей бұдан әрі іркіліске, Жәмекұлы Серіктің барды алдына, Бастаған не еді оны, Сілкініс пе... Құдайдың өзі бастап әкелген-ді, Өзіне өзі келді Тәкең де енді. Оспановты ешқашан ұмытпайды ол, Үш күнде, бір бөлмелік, Пәтер берді... Осылай, Бәрі келіп орынына, Ашыла бастағандай, Жолы бұла. Өзіне өзі келген жас Тамара, Аттанған, Өнер атты жорығына... Сезіп жаны, Тұрғанын, Елдің қалап, Кеткендей, Болып мезет шердің бәрі-ақ, Тамара қуанышпен алға басты, Жақсылық шақырғандай, Мен мұндалап...

Жұлдыз ол, Жұлдыз болды аспандағы. Мәртебе арнасынан тасқан бағы. Тамара жүрді биік асулармен, Ол енді ештеңеден жасқанады. Түрлентіп, Әсем үнмен салды әнді, Адамның жанында от жандыра алды. Қырымбек Елеуұлы арқасында, Маңғыстау әншісі боп қалды мәңгі... Өмірдің терең сыры ойлағанға, Түбіне терең түсіп, Бойлағанға. Оның да айтары бар тыңдаушыға, Ол да тыңдап, Сөйлейді ойлы адамға. Кім еді, Кім еді ол жол басында? Бақыты бар сияқты еді, Қол басындай. Келеді енді тартып жүкті ауыр, Байсалды, өзі алтын ба, Қорғасын ба?

Деп, Алла, Не сұрайсың, Алақайлап, Өмірді жатырмын ба жаңа тойлап. Ойында тұтанғандай ізгі сезім, Бойында, ажарланып, Салады ойнақ. Осылай жазылғандай жарасы да, Таусылғандай өкпе наз, Наласы да. Жаны оның сауықты бірте-бірте, Бар қызығы ауысты баласына. «Ботам менің есімнен шықпайтұғын, Әлі ештеңе дұрыстап ұқпайтұғын. Сен қымбатсың тірлікте, Жалғыз ұлым, Жалғыз ғана серігім, Құрттай күнім. Сен аман бол боташым, Сен аман бол, Маған жақын жүретін садағам сол. Азаматы сен енді анашыңның, Көзіндейсің, Дүниеде бар асылдың... ***

Өтті уақыт... Өтті уақыт тағы да... Қонды тағы бақыт құсы бағына... Жүрегінде қайнап қайсар отты әуен, Ойнап шықты көкіректен ағыла... Қалды кейін, Қалды бәрі наланың, Үйреткендей, Өткен күндер сабағын. Кетті бәрі, Қалды кейін тарих боп, Өзгертті өз әуенін жаңа күн... *** ...Тамараның айтары: «Жырлап өтем,» Артық-ауыз сөзі жоқ, Сырға бекем... Ағайынды Мейрамбек Молдабекпен, Теледидар маңында тұрған екен. Айтқанына сөгіліп, Жан-жүйесі, Ұрды ма әлде әдемі ән киесі... Жүрегіне сол бойда жетті мезет, Жап-жас қыздың, Сонда айтқан әңгімесі... Солар-тұғын Семейге шақырған да, Солар-тын, Талантына бас ұрған да. Бәрінің себебі бар бұл дүниеде,

Дегенді неге ұмытсын, Ақылды Алла... Осылай, Қуанышпен басталған-ды, Игеріп алатындай, Асқарларды. Оқырманы Абай мен Шәкәрімнің, Кездесуге көп адам, Жастар барды. Риза, Жиналған жұрт барлығы да, Тамара шомылғандай, Таң нұрына. Көзінде қуаныштың жасы тұрды, Ағытты көкірегінен әнді бұла... Шарықтап, Шықты оның үні әсем, Келмейтін деуге тіпті екен бәсең... Шырқады жан-жүректі елжіретіп, Демейсің үлкенсің бе, Әлде жас ем... Шырқады ол танығандай өзін сол сәт, Шырқады тұрғандай-ақ жұрты қоршап... Сенбеген ешкімге де, Ештеңеге, Аламын дейтін бәрін өзім жол сап...

Шығармай өкінішке көздің жасын, Күш алып, Қыса түсен қолдың басын. Сол сәтте тебіреністен кеудесінде, Бір шешек гүл атыпты, Өзі асыл... *** Ойында қордаланған азабы ма, Әлде бұл алдан күтер ғажабы ма... Ыстық жас тыйылмады, Барғанында, Абай мен Шәкәрімнің мазарына... Бәлкім бұл, Қандастары шашқан дәні, Әлде бір жойқын күш пе, Аспандағы... Ойына сөзі түсті Шәкәрімның, Ұйқыдан көзін алғаш ашқандағы... «Қайран, Қайғысыз, Қамсыз күндерім... Сайран-сауықты, Рахат түндерім... Сендерден не пайда...» Сол мұның ажар қосып, Ажарына, Бастаған ғажайыптың базарына. Семейден шыққан бойы, Дәл жанынан, Ілінді ақ ит мұның назарына.

Әдемі ақ ит оған жолығыпты, Жақсылық – бұл келесі, Соны ұғыпты. Оятыпты көңілін, Ертеңіне, Арнаған, Қуаныш пен мол үмітті. Кеткенінше, Қасында жүрген еріп, Жоқ болды, Кетерінде, Бірге келіп. Тамара енді ойласа, сол бір кезді, Кетеді сол сәтінде, Іргеленіп. Білмейміз ұлылықты, Шын ғұрыпты, Жазықсыз кімдер белін сындырыпты. Ілтипатын білдіріп, Келген оған, Шәкәрім ата болар, Кім біліпті... *** Аты екен Тамара патша қыздың, Дәмі келер ауызға ақ сағыздың. Қуанар еді оның туыстары, Атағын арамыздан тапса біздің... Көргенінің бәрін де тұрады ұғып, Бойынан көрінгендей қырағылық. Зергерлікті әкесі Жанқұл менен Асардан алған екен мұра қылып...

Асар өзі жан екен ойлы, мықты, Айтпағанда байлық пен ойлылықты. Мың тоғыз жүз қырқыншы жылға жақын, Келешегін репрессия жойдырыпты. Сотталыпты, Бай ұлын емдеді деп, Қарсы болып онымен, Жеңбеді деп. Солайша, Қарап жүріп, пәле тауып, Жойылып кеткен екен еңбегі көп... Депті ол, Домбырамен ән салмадым, Болса да сырқат жанға жол салғаным... Деп жылап кеткен екен сол әке де, Қиындықтың көтерген бар салмағын... ...Білмейді, Қанша тамшы жауын ағып, Жуғанын бет ажарын, Алуа ғып. Басында атасының жылады ол, Жерінен Өзбекстан тауып алып...

Уәйімдеген көңілін баса алатынын, Ойлай қалса, Көзіне жас алатын... Сонда туған есімі еншідегі, Сонда алған Тамара Асар атын... Жаңа туған Ай сынды, Аспандағы, Көкірегінде қайтадан басталды әні. Тамара Асар оны шырқап тұрып, Шын сырын айтудан түк жасқанбады. Келеді содан бері жол басында, Құдай өзі жолыңды оңдасын да, Теңейме оны әлде жеп-жеңілге, Әлде одан ап-ауыр-ақ қорғасын ба? Есейеміз, Өсеміз, Жаңарамыз, Биіктерге, шалғайға бара аламыз. Созған қолың аршынды асуларға, Жеңіс болсын қашан да, Тамара қыз...

ТОЛҒАУЛАР

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ Табаныңнан өтіп сан азап сызы, Жүрегіңді қарыған мазақ мұзы. Сонау түнек заманда малға сатқан Не өтпеді басыңнан қазақ қызы?! Пана тұтып тек қана ар қамалынБойын соза алмады сан талабың. Аяздай боп арқаға батқан жүкті Өмір бойы мыңқ етпей арқаладың. Көріп бәрін қайғының, құсаның да, Бал денені лақтырдың кұс ағынға. Қайталанбас сәттерін өміріңнің Жат адамның өткізіп құшағында. Мойныңа сап мұң менен зардан құрық Жалған ойнап, қуандың, жалған күліп. Қарапайым адамдық тіршілікті Бұл дүниеден еттің-ау арман қылып.

Ақылдысың әлде іске ептісің беБәрібір жүрдің тірлік тепкісінде. Ашылмаған қазынаң, талант күшің Қаншалықты кім білсін кетті ішіңде?! Қанша рет заманның жасытты үні Таптырмастан дертіңе басытқыны. Маңғыстауда әлі де елес боп жүр Ақбөбек пен Қайыптың ғашық мұңы. Көлеңкелі ертеңнің жалаң қамы Осып-осып кеткенде әр арқаныСара сыңды саңлақтың бетіне де Шіркеу болып түсіпті заман табы. Тұман торлап, бұлт бүркеп айналаңды, Жан түршігер өмір сан жайға барды. Кісен салған еркіңе сол күштіңіз, Өткізіпті өксумен Майраларды.

Зымиян сол күндерің сырдаң күліп, Қоймапты ғой сендерді бұлдандырып. Қарсы шықсаң еркіне шалған дейді Надандықтың жолына құрбан қылып. Сендер үшін сол күнге кектіміз де... Өмірлерің тарихтық кетті ізге. Әділетсіз дүниеден тағдырларың, Тарих болып, аңыз боп жетті бізге. Табаныңнан өткенде азап сызы, Жүрегіңді қарыған мазақ мұзы. Не көрмедің сол бір тар заманыңда, Не өтпеді басыңнан, Қазақ қызы... *** Айтады әжем сендер жайлы аңызды, Қиналады сонда оның, жаны ізгі... Кәрі жүрек талғанады, жылайды, Еске алып, алыс қалған әр ізді...

Жанарынан моншақ-моншақ жас тамып, Кетер талай көне тарих басталып. ...Сонда сонау түкпірінен көңілдің, Қарап тұрар қатал заман қасқарып... Қайғы, мұңға бөккендей боп тіршілік, Сонда бойым қоя берсе түршігіп, Ойға аламын заманымның шуағын, Сонда қайта келе жатыр Күн шығып! Сонда менің сәулеленіп жүзім де, Ғажап,-деймін,- көктемім де,күзім де. Жаңа күнмен бірге туған бақытым, Ешқашан да! Ешқашан да! Үзілме! Жаңа дәуір өз құшағын жайды да Дәру болды заман берген қайғыға. Жаңа күнмен бірге келген бақытым, Ешқашан да! Ешқашан да айныма! ӘДІЛЕТ ЖОЛЫНДА

Өңіріңе арман-гүл қадап алып, Түсіріп жан дүниеге жаңа жарық, Келеді Әділет жолы сәулеленіп, Жаңғырып, жасаңғырып, сараланып. Әйтсе де не көрмедіКөрді бәрін, Білді өзіне зұлымдық тор құрарын. Ежелден-ақ ол жолды салу үшін Ұлы күрес қажеті болды мәлім. Бұл жол нені көрмеді, Көрді бәрін, Деместен бірақнашар, сорлы халім, Әділеттің өмірден ойып алар Анықтады өзіндік орны барын. Кешірген бұл жол бастан барлығын да, Саудаға салғандар бар арды мұнда. Жылан болып шаққандар болған тағы, Ойнап жүріп шашбау мен тал бұрымда.

Еркі мықты өр жандар салған күшпен әділетін теңгеріп арманды іспен. Қайыспаған қиындық салмағынан, Беріспеген дұшпаны шалғанда іштен. Дейді олар өзіне: «Жоғал, тыным! Орал , күнім, еңбекпен Орал түнім, Себу үшін ізгілік дақылдарын, Табу үшін шындықтың сом алтынын.» Десек те сырына оның әркім қанық, Сәулеленіп жолымыз, Жаңғырды анық. Тұрса да оған бастар жол бойында Ізгілік, Шаттық гүлі мәңгі ырғалып. Соқса да тау самалы шыңдар жақтан, Көлегейлеп көкейде тұнған мақтанТазармады-ау. Әлі де тазармады-ау Адам жаны ғасырлар тұрған қақтан.

Көп көкірек жүрсе де сырға тұнып, Ақ пен қара таңдарды бірге атырып, Күткен биік жеткізбей, Кейбіреулер Жол ортада сүрінді-ау шырматылып. Пенделікті жанына серік еткен Күндер қалды деуші едік, Телімек пе ең!? Бақыт жолын бастаушы деп сеніммен Соңына ерген «жақсылар» кері кеткен. Өз басының аспаған пайдасынан,- Деген сәтте,- Ойы арам, айласы нән, Жай түскендей қиналып тас төбеден, Қайда барам деп қалдық, Қайда асығам!? Найзағай ойнап, Аспан жалттанған күн «Мойынға бақыт жүгін артқан нармын», Деп шығып, Сатқындарға құрбан болған, Жазықсыз жан азабын тартқандар кім!?

Аппақ арман, Үмітті айла ластап, Тапталғандай сан ойлар қайран асқақ, Апарады дейді ел боп күңіреніп, Әділет жолы дегені қайда бастап?! Қой! Жоқ! Неге?! Қателер болған білем, Ізгі ниет оң, солым толған кілең. Халықпыз қиындықтан қаймықпаған, Айықпайды сәулелі жолдан рең. Қате бар деп біз неге іркілмекпіз, Ұға алады өмірді жұртым кексіз. Арылармыз жанға жат пиғылдардан, Аластармыз арамды біртіндеп біз. Уақыт-күрес қашан да жеңе білген, Өткіз ұлы уақыт елегінен. Қарсы алады армандар күліп алдан, Жеткізеді мұраттар сенемін мен! ӘДІЛДІК

Ғажайып бір сезімі бар жүректің Кадірлейтін, Келер ылғи түлеткің. Жақсылыққа сусап жүрген жандардың Кеуделерін, «сол бір сезім», гүл еттің. Сол бір сезім - жалғандыққа төзбеген, Сол бір сезім – игі жолды көздеген. Сол бір сезім – жәбірлеген жандарға Тұра ұмтылған, көмек күтпей өзгеден. Сол бір сезім – бойға намыс жинапты, Теңсіздікке себеп не деп қинапты. Ауылының абыройы қорғаған Азаматты хан көтертіп, сыйлатты. Сол бір сезім, көпшілікке сүйікті, Ойға – сана, бойға қуат құйыпты. Адамдықтың арғымағын қамшылап, Болған екен ізгілікке ұйытқы.

Ғажайып бір сол сезімін жүректің Қадірлейтін, Келер ылғи түлеткің. Жақсылылққа сусап жүрген жандардың Кеудесіне, сол бір сезім, гүл ектің, Сол бір сезім – шындықтың да семсері, Сол бір сезім – көтеретін еңсені. Сол сезіммен ажыратылып келеді Даналық пен надандықтың «мен», «сені». Сол сезіммен тарих көші қозғалды, Сол сезіммен туған дейді сөз де арлы. Сол бір сезім мақсатқа үлкен тұтқа боп, Оятыпты намыс пен ожданды. Бұзылмайтын қамалдарға тең сесі, Сезімнің ең қуаттысы, серкесі, Жылынды да әділеттің отымен, Көтерілді Ынтымақтың еңсесі!

Жер бетінде күліп, міне, таң атты, Қазақ жері дүниені қаратты. Әділеттің иығына сүйеніп, Теңдік жайды тегеурінді қанатты. Туды ақыры... Туды ақыры Жарық күн, Жер бетіне сұлу сезім дарып тың. Ғасырларды... Ғасырларды күттірген Бақыт келіп қақты есігін Халықтың! Туды ақыры... Туды ақыры Жарық күн, Сезімдердің ұлылығын таныттың. Бостандықтың көк туы боп желбіреп, Қарайды енді ол төбесіне халықтың! Адал, Шыншыл, Ынтымақты, Ізетті заман туып, Ел мүддесін күзетті. Асыл мұрат жетегімен қазағым, Келешекке – Күнге бетті түзетті!

ӨТКЕН КҮНДЕР

Тереңнен өмір өзі қозғап бәрін, Дегенде өтірікке: тозды ақпарыңҚұрметпен халқы қайта алды есіне Жазықсыз құрбан болған боздақтарын. Ақтарып өмір өзі қайта бәрін, Қойғанда әділетке сай талабын. Жаңғырдық естігендей шежіреге бай, Уақыттың жүрек жарды байтақ әнін. Тастаған шындық сонда тұншықтырып, Тістеді жанды жерден қыршып тұрып. Демімен удай ащы өзекті өртеп, Сыйқымен жанымызды түршіктіріп. Шындығым көтергенде қасқа басын Мөлтілдеп бірақ көзден жас тамасың. Оны ұзақ айналсоқтап шыға алмадық Анадай еңбектеген жас баласын.

Күтіп ек әділеттің жарқын лебін Бейне бір іздегендей алтын кенінЫсырып шымылдықты шыға келді Қорлықтан қан жалаған халқым менің. Ойымен алыстырып жаны барды, Жүрегін қанды суға малып алды. Шындықтың сыр сандығын ақтарғанда Өшпейтін өкініштің табы қалды... *** Бұлдырап жетсем деген асқар белі, Аштықтан да қасірет жастанды еліҰрпағын шығарсам деп бұл белеске Бабалар өткермеген бастан нені?! Көкейге қонсын онда несіне арман, Демепті күтпесе де несібе алдан. Сол шақта жалғыз тілек жайлап бәрін Жастың да, кәрінің де есін алған.

Жайлатып бір тілекке құлшын адам, Бір содан сай сүйегі сырқыраған. Қариялар содан екі бүктетіліп, Сәбилер бесігінде шырқыраған. Тар кезең суып қолын малды ырысқа Дегенде жай күн ұқсап қанды ұрысқа, Аштықтан ажал тауып үлкен-кіші Қалыпты домаланып әр бұрышта. Зар болып сыбызғының сырды үні де, Ұқсатып хайуандардың тірлігіне. Аштықтың қысымымен күн де өтіпті Жегізген адамдардың бір-біріне. Ісі тек болып жеке бас қамында Биліктен мейманасы тасқан ұлға Қарсы тіл қата алмастан, қайран халқым, Сөнді екен қанша жұлдыз аспаныңда!?

О уақыт! Қаталдығың болды ұққаным, Көрсеткен елге қанша қорлық көрін! Аштықты, қиянатты, Сатқындықты Халқыма сыйлапсың ғой сор қып бәрін. Бұлдыра шықсам деген асқар белі, Тұйықтан жол таба алмай, Сасқанды еліҰрпағын жеткізгем деп ертеңіне Бабалар өткермеген бастан нені!? *** Бабаларға ту болған әрбір үміт Мәңгі жылап немесе мәңгі күліп. Тарих болып ғасырлар түкпірінен Жүрегіме жетеді жаңғырығып. Сөзі болып, Ескерткіш көзі болып, Іздеп, тауып үмітін, Озып, өліп Жылжытыпты бабалар тарих көшін, Бермесе де бұл күнге сөзі көрік. Жаңғырады әрекет, Болжамдары, Көп ойлары қатталған томдардағы. Жетіле түседі қозғалысқа Ертеңіне тағы да жолданғалы.

Мәңгі ғұмыр биігі көріншілеп, Күшейеді әуелгі болымшы леп. Ойға толы ұрпақтар көкейінен Нәр жинайды өмірден орын тілеп. Қуат, күшін, Мақсатын анықтап ап, Өмірден мынау жылы танып қабақ. Туады екен жақсылық жаңалық боп, Ұшады екен бір күні қағып қанат. Бабалардан өсиет, Мұра қалар, Білесің бе деп заман сынақ алар. Жүрер жолды ұрпаққа сызып берген Келер әлі оянса ғұламалар. Сыйқын бұзған ойларын сан құбылып, Десек, егер бабалар қалды біліпҚан жылаған жүрекпен басты шайқап, Айтқан сөзі жетер ме жаңғырығып.

Қоя қойып өзге ой, өзге арманын, Көргендей-ақ ойран боп тозған бағын. «Әттең!Әттең!»-деп алып, күйзеліспен өзі шайнап тастар ма ед өз бармағын!? *** «Даласын-ай, кең-байтақ қазағымның!» дегенге де жол тауып, жаза, қырғын, Шырқын бұзған, шырайын көкке ұшырып, Елімнің, жез таңдайлы ғажабымның. Біреуді-біреу қорлап, Аңдып бағып, Қасиет-қадыр тұтар барлық халық, Қорқақ пен қу, Зымиян сілетуімен Бір күні жетеді екен жарлықты алып. Сұсты жүз, Суық сөздер, Суыт жүріс, «Жауларды» ел ішінен қуыпты-мыс. Жаламен, Шолақ оймен, Щорт кесумен, Халықты сақтайтұғын туыпты «күш».

О, ғажап, Болыпты ғой мұндайдағы Сол заман үйретті екен кімге айланы!? Себебін сол нәубеттің талдашы деп, Ұйқысын талайлардың ұрлайды әлі. Жай сөзді әрекетке бұзық теліп, Қанша адам азғындаған күдік теріп. Қор болған ағалар-ай, Ағалар-ай, Түп-түзу сара жолмен жүріп келіп. *** Құлақ түрсем өткенді білгім келіп, Атылғандай тығыны сырдың берік, Лақылдаған бір тасқын алып кетті, У ішкізіп, Қабаққа кірбің беріп. Аш-жалаңаш айналам, Азан-қазан, Қасірет толы кеседей маған заман. Әлдекімдер барады айдап малды, Адамды да, Шығарып табанда заң.

Қайдан?! Қайдан, зұлымдық, алдың тізгін, Ауызыңды қай жақтан салдың құзғын!? Әне тағы, Бір жынды шықты шауып, Етін жеген алдында балғын қыздың. Бірі келіп, Жоғалса бірі асығып, Талай мінсіз мойынға кінә асылып, Қанын жұтқан тобымен боздақтардың Қалып жатыр сайлардың сыры ашылып. Жүрек қозғар, Көз көріп мол ертегі, Күңгірт тартып үрейлі ел ертеңіҚорқытқанда сыпырды шындық келіп, Қилы заман түсірген көлеңкені.

Зұлымдықтың қашан да жат қой демі, Тандырса да есімнен сәуле берді Әділеттің көлбеңдеп ақ көйлегі. Қорықпан не сыйлар деп таң келесі, Секілді асыл, Биік ән төресі, Болса да қанша ащы бұл шындықтың, Қашанда биік екен мәртебесі. МАҢҒЫСТАУҒА АРНАУ Талпынған саламын деп жыр шаһарын, Қызымын Абай керей Нұрсапаның. Дем беріп қасиетті Маңғыстауым, Басталды сенде өмірге шын сапарым. Жинақтап тіршіліктің сан ақпарын, Алыппын сенен өмір сабақтарын. Ұмтылып, бірде жылжып, бір сүрініп, өзінше жүзді ілгері талаптарым. Жақсыны, жаманды да тыңдап бәрін, Қойныңда өмір ырғақтарын. Адайға келін болып келсем-дағы, Абайдың қызы болып бұлғақтадым.

Бұрып болашаққа алып кемем, Жаңа заман нарық деген – Алдым бірге сенің құшағыңда, Үміт пен күдік толы халықпенен. Қойныңда құлаш ұрып көк теңізге, Ес біліп, ой жүгірттім өткен ізге. Жолықтым тілі менен дінін іздеп, Ойды өртеп, жан шыжғырған от лебізге. Десем де қайтем тағып қоғамға мін, Келгенде жағасына соны арнаның. Өзіңмен бірге менің көзім көрді, Алыптың партиядай жоғалғанын. Октябрь салушы еді жылда дүбір, Сол еді көздегі от, жырлағы – нұр. Елеске айналса да сенім талай, Ұлы той көппен көрген бұл-дағы бір.

Тарихың мың сан тарау, жолдарың да, Көп ұлтты қойның қыз бен толған ұлға. Көтердің сен де еңсе, Маңғыстауым, Тәуелсіз қазақ елің болғанында. Алданып, құшып қалған көк сағымды, Ұрпағың қызу қанды, от жалынды, Намыстың туын ұстап Жаңаөзеннен, Түгендеп шықты сенің жоқтарыңды. Әкелді жаңа заман әркімге үміт, Ұлт біткен қуанысты жарқын күліп, Өзінің кім екенін таныды олар, Ананың тілін, дінін, салтын біліп. Көрген көп мазағын да, азабын да, Пісіріп өмір әбден қазанында. Жаңа күн сәуле құйып санасына, Оянып келе жатыр қазағың да. Толғанар азамат көп сен дегенде, Болымсыз болса да еңбек берген елге.

Риза бол, Маңғыстауым, топырағыңа, Тамшыдай тамса егер тер менен де. Төсіңде талай есім тұр – емендер, Мекенім – талай заман түлеген жер. өсірді мәртебең мен мерейіңді, тайшықтар, Ержігіттер, Тілегендер. Кеудеңде жаңа заман ашты гүлін, Жадырап қайта оралды жастық үнің. Шығарды сені әлемдік аренаға, Мұнайдан теңіз жасап Жақсылығың. Секілді түбектегі дара қайың, Аялап, әлпештеген бар ағайын. Мұнайдың банкін ашып тұңғыш рет, Әкелді бір жаңалық Жаңабайың. Халқына істерінің бәрі ұнаған, Сақтаған пенделіктен жанын аман – «Маңғыстаумұнайгаздың» зор тұтқасын, Ұстады елі сенген Сағын ағам.

Халқына десе егер жанашыр кім, Бейнесі көрінгендей дара шыңның, Таратқан құбырлардан қазынаңды, Есімі аталады Тарасыңның. Маңғыстау, алда әнің көп басталатын, Ақтауда иемденген астана атын. «Ертеңдер – ұрпақтардың қолында!» - деп, Серіктей жарқырайды жас қанатың. Биіктеп жылдан жылға шығар белің, Толтырды олқылықты, сыңар, кемін, Біріккен кәсіпорын «Арманымен» Тың іске құлаш ұрып Құралбегің. Өр талап бар ұрпақтың түрлерінде, Үмітің көп келешек күндерінде. Өз атыңнан сөз алып астанада, Қайроллаң тұр Мәжіліс мінберінде.

Үнімен жібіткендей ғасыр мұзын, Жүрекке ән, күй болып басылды ізің. Арқасында Күрішің, Ізбасарың, Сержан, Роза, Рухия – асыл қызың. Тұрғанда мұнайыңның ағысы аман, Қол созар талай биік әлі саған. Жалғасып абыройың шыңдарына, Шырқаған Кекілбаев Әбіш ағам. Іздеумен есеюдің тың арнасын, Ұсынар әлі талай шығармасын. әйтеуір ізгі ниет жолындағы армандардың шалмасын мұнар басын. Жазылар әлі талай дастаның да, өтеді заманалар қас-қағымда. Үстейтін мәртебеңді мәңгілікке Жұлдыздар азаймасын аспаныңда...

БАЛЛАДАЛАР ТАҒДЫР ТӘЛКЕГІ

(Жетібайдағы І – ші ұңғы тарихынан бір үзік сыр) Ленинград блокадасынан аман қалып, Маңғыстаудың ақ боранында үсіп өлген Николай Лопатин рухына бағыштаймын. Николай... Николаша... Коля жігіт, Көп сырын тіршіліктің болған ұғып, Келген-ді сол жылдары Маңғыстауға, Көңілге арман егіп орман-үміт... Адамдар дала кезген – Кен іздеген, Үмітті табиғаттан тегі үзбеген. Жүреді қиялында алып айдын, Телегей теңейтұғын теңізбенен... Көп сырын тіршіліктің қалған ұғып, Болар деп ойламаған жалған үміт. Әр күнін қуанышпен батыратын, Үмітпен қарайтын әр таңға күліп.

Сенімді таңның жарқын атарына, Ілініп алдыңғылар қатарына, Жүргенде бүкіл бейнет қалып кейін, Жемісін бейбіт еңбек татарына. Қопарса жерді бұрғы – Құрыш болат, Зерттейтін, Жан емес-ті бұл іске олақ. Қуантса тас-топырақ, Тау жынысы, Арманын қоятұғын үмітке орап... Ұңғысы – көмекшісі, Қолғанаты, Ұшырар сол қанаты, Оң қанаты... Сырласып өзіменен осылайша, Жүретін триастар, Бор қабаты... Зерттеліп жатқан тұңғыш алаң мына, Шамшырақ сынды бейне қараңғыда. Көтеріп шымылдығын сан құпия, Қайсарға, Жігерлі мен табандыға.

Табылды Деген күткен жуан хабар, Әрине, ойда күдік, Күмән да бар. Кездесе қалған достар. «Оу, Николай, Нендей бар жаңалық» -деп, бұған қарар... Бұл болса, Көргендей-ақ бірінші рет, Үмітке толы арман жүзін шіреп. «Жеткізем, Жақсы хабар жеткізем,»- деп, Жайымен тұрар еді күлімсіреп... Сүріндіре алмаған сан жыралар, Түнді үрлеп, Еңбегімен таңды қажар. Сол жігіттің ойында болмаған еш, Жүр деген әлі өзін аңдып ажал... Жетібайға ең алғаш бет түзілген, Сол бір шақта кім қайғы екті ізіңнен... Санаулының бірі едің, Тұңғыш рет, Бұл өңірге асығыс жеткізілген...

Күткен оны Жетібай, Маңғыстауым, Үйерміз деп соңынан алғыс тауын. Мүмкін емес кездер ол арман айдап, Үміт үйіп жүрекке, Алға ұшпауың... Тілге тиек талай қызық жәйттары, Жеркепеде олар нені айтпады... Коля кенет көтерілген орнынан, Көршілермен шахмат ойнап қайтқалы... Дала-боран, Пана – жалғыз тұрақта, Айғайың да жетпес еді құлаққа. Сескенді ол, Дір еткенде жүрегі – Баратыны қол созым жер бірақ та... Төрт бағыттан қатар соғып тұрғандай, Қақ маңдайдан қос қолдап кеп ұрғандай... Алай-дүлей ақ боран бет қаратпай, Жаны ышқынды жапан түзде бір маңдай...

Ермек іздеп, Қызыл сөзден жалыққан Жан екенін серіктері бәрі ұққан. Бірақ та сол пәк тілегі жеткізбей, Шыққан бойы айырылған бағыттан... Амалы жоқ... Даланың амалы жоқ, Алай-дүлей оқ боран барады үдеп. Ұңғылы мен шұңылын тінткілейді, Қолымен жер тіреген, Табаныкөк... Күрсінеді... Кең дала күрсінеді... Өзгермеді-ау деп мына күн сүреңі... Алқымынан алғанда азулы жел, Өрекпіген кейпінен түршігеді... Дүние басқа – Айбарлы үрей жоқта, Келе қалса үмітті күрейді отқа. Ызы – қиқы, ұлар шу, Тозақ әлде, Жер айланып кеткендей жын-ойнаққа...

Табиғаттың көрген аң ақпан, қарын, Еш күдіксіз жинайтын ақпарларын. Ойламаған сол жігіт мұнда өзіне Тағдырынан құрылған қақпан барын... Жылдар бейне ажалдың нақ торабы, Қайда барса алдынан тап болады. Қыспағына алыпты енді, міне, Маңғыстаудың азулы ақ бораны. Отша қарып бет-жүзін, Тұла-бойын, Мазақ етіп алдында құрады ойын. Жігер беріп өзіне, Жұлқынғанмен, Билеп алған қорқыныш бірақ ойын... Елес беріп жып-жылы сарайлар ақ, Нева бойы... Бөленген арайға алап, Әлдеқайда жұлқына асығады, Сезбеген тек асықты қалай қарап.

Бірінші ұңғы.. Қай тұста бірінші ұңғы... Ұқпады күн ұмтылды... Түн ұмтылды... Әйтеуір қан жылаған жүрек тұсын «Біттім-ау... Біттім...»-деген ұғым тілді... Жанары енді ажыраған жарқылынан, Үңілгендей анталап халқы бұған. «Ә, қолға түстің бе».-деп, әлдебіреу, Алатындай асыға алқымынан... Үміт, Тілек біткеннің сағы сынып, Тағдырының жүзінен қарғыс ұғып, Ақ боранның қойнында, Алай-дүлей, Аласұрды, Дәрменсіз, Жанұшырып... Бір кезде қорқу, Үрей былай қалып, Сезімі күңгірт тартып, Лайланып, Бар үмітін үздіре бұл дүниеден, Дүние бара жатты шыр айланып...

Бәрібір... Оған енді бәрі бір-ді... Кеудесін тек өкініш жалыны ұрды. Бір кезде... Бір сүрініп кеткен кезде, Ақ боран жерге бір-ақ алып ұрды... Таусылғандай күресер жанында ұшқын, Ақ түлейге бергендей бәрін күштің. Тек сол сәт аяғандай боран оны «Байғұс-ай, Болмады-ау,-деп,-жаныңда ешкім...» Баяулап, Бәсеңдетіп дүлей күшін, Демімен іркіп қалған шірейді ішін. Әзірлеп, Енді жұртқа жеткізуге, Хабардың ең қайғылы, Үрейлісін... «Шалғайыма жабысқан ошағандай, Алмадым сені-дағы қоса қорғай»,- Деп, дала жатты жылап, Жалбарынып, Боранның құшағынан босана алмай...

Көпсінді ме шалғанын жүзін жарық, Келе алмай жанына жүз ұрланып, Ұстай алмай қалды ма кеткенде әлде, Ленинград қоршауын бұзып-жарып... Қайта туып, Өшті деп саналған ән, Тыншып еді көңілі алаңдаған. Тағы шалды ажалы аяғынан, Аштық болып, Дұшпан боп ала алмаған... *** Жылдар өтті... Жылдар өтті... Сан жылдар... Әр жылында жүз-жүздеген тағдыр бар... Көтеруге бар күндердің салмағын, Тағат жетпей, Таусылады тағдырлар... Көтеруге бар қуаныш, Қайғыны, Талайларда төзім жоғы әйгілі. Қомағай жан қарбытқанда, Асыға, Қақалтты әлде, Маңғыстаудың байлығы...

Бастады ма әлде әдейі жол мұнда, Жас жігітті дүлей боран қор қылды, ә... Арман қуып келгенінде – Кетікте Мола қалды, Лопатиннің орнында... Үміт, сенім көңілінің үнінде, Белгісіз тек сыйлар арғы күнің не. Белгісіз тек жоқ боласың қай сәт деп, Ұлы дала күрсінеді бүгінде... Көп әуені ұмытылды бұл әннің, Шағы өтті уралаған ұранның. Бірақ кейде көрінеді екен ол, Арасынан теңіздегі тұманның... Мұнаралар құттықтасып бір-бірін, Тұман тарап, Шыққан сәтте нұрлы Күн, Жүреді екен аппақ түсті бір бейне, Маңайында сол бірінші ұңғының...

СӘБИ МЕН КҮШІК

Бір сәби ойнап жүрді күшігімен, Екеуі де риясыз көңілді еді. Алаңсыз ойын қуған пішінімен, Жуғандай бар кірбіңді өңіндегі. Жүгіріп, асыр салып, доп қуалап, Жүрді олар үй алдында құмар қанбай. Талай жан қызығумен өтті қарап, Дегендей: «Сүйкімді еді бұлар қандай?!» Ойыннан сәби жүзі бал-бұл жанып, Құйрығы күшігінің бұлғақтайды. Бір тұрып, бір жүгіріп, дәлдұң қағып, Бір сәтте жата қалып тырбақтайды. Заманы өзге болса бүгінгіден, Дәл бұлай ойнап олар жүрмес еді. Қызықтап соларды аспан түрілді кең, Бақытты айналадан нұр көшеді.

Алдыңа кеп өмірге ғашық күнің, Бақыттан кірпігіңе шық тұрғандай. Аспаныңның көрсетіп ашықтығын, Бейбіт өмір тынысын ұқтырғандай. Бірақ та тағдыр деген бір мықты бар, Тұратын ылғи өзін еске салып. Күш жоқ оған адамдық тілді ұқтырар, Өзіне ғана ылғи кестесі анық. Кім қарсы тұрады оның аранына, Жаман ой келер дейсің демде кімге?! Күшік түсті машина табанына, Бұлт етіп жолға шыға келгенінде. Сәбидің даусы шықты құлындағы, Боялып қалды күшік қызыл қанға. Өмірдің сәтте өзгеріп бұрынғы әні, Дүние толы кетті ызыңдарға. Нәресте пәк жүректі жасқа құрсап Айырып айналадан қызық лепті! Кездейсоқтық бір ғана қас-қағым сәт Сәбидің қуанышын үзіп кетті!

Күн өтті, сәби жалғыз, үнсіз бүгін. Томпиып тұрды ұзақ үй алдында. Тауып маң сиректеу ың-шыңсыз күнін Өрісін тарылтқандай қиялдың да. Томпиып тұрды сәби қоңырайып, Үн-түнсіз әлдеқандай ойға қалып. Болған соң күшігі мен добы ғайып, Ойын да үйде қалып қойғаны анық. Өмір сан тосар әлі сұрақтарды, Тағдырын да көркейтер сәнмен пішіп Ұмытылар бәрі де, бірақ мәңгі, Көкейінен кетер ме қан мен күшік?! Сол сурет көкейінде тұр сезгенді, Сол сурет одан берік тапты мекен. Ойына салайын деп бір кездері, Әлде оны тағдыр жазып жатты ме екен!?

Осылай бұл өмірде барлығы даАлдыңнан кезігетін тосын жай көп. Тағдырың жазған сөздер жарлығына, Айта алмас ешкім: «Міне, осындай!»-деп. Бірақ та күрес керек адамдарға, Жанға қаяу салмайтын жағдай үшін. Әрқашан жетелейтін санаңды алға, Мақсаттың қолға алсаң да қандай ісін. Ізгіліктің әрқашан атып таңы, Еңкейтпесін ешқашан бұла басын. Адамдардың бүлдіршін бақыттары Жанына қаяу түсіп жыламасын. Жер бетінде оңдырар әлі ызғар бар, Қарсы тұрып оларға тіл қатыңдар! Сәбилердің көз жасын ағызбаңдар, Сәбилердің көз жасын құрғатыңдар! Тып-тыныш кетпесінші таңдар көшіп, Ұйқтарда да бесігін жай ырғаңдар.

Оларды қан көрсетіп, шошытпаңдар, Ойнайтын күшігінен айырмаңдар!

АНА МЕН БАЛА

Сен онда, білесің бе, Кішкенесің, Белгілі, сондықтан да күшті емесің. Жүгіретін болғансың, тек әйтеуір, Қорқыта алмайтұғын ештеңе шын... Жылы ма, суық па деп, күнді барлап, Серуенге алып шығып, жүрдім арнап. Көшеде келе жаттық бірде солай, Жүгіріп кеттің кенет, құлдыраңдап... Жібермей қалуға еш жоқ-ты амалым, Бөгеуге, құлай ма деп, оқталамын... Қуып ем – жеткізбедің және тағы, Дауыстап шақырғанға тоқтамадың... Еш жанға шалдырмаған талай сында, Өзіңді желаяққа балайсың ба - Шықылықтап, ілгері жүгіресің, Жалтақ—жалтақ артыңа қарайсың да...

Жүгір деп сенен осы сұраған кім, Соңыңда жете алмай мен сірә қалдым. Ал енді қайтер екен дедім-дағы, Біреуді тасаланып, тұра қалдым... Қойдың да бәрін күлкі, жүгірістің, Кейінге сол сәтте-ақ бұрыла ұштың. Күнім-ау, дәл осылай сасқаныңды, Көрмеген болар, сірә, бұрын ешкім.. Сықылық атқан күлкі, ұят қалып, Кеудеңнен өзгеше бір күй ақтарып, Көшенің ортасында «мамаладың», Жапанда жалғыз қалған сияқтанып... Көзіңе түспестен-ақ бірі адамның, Көкесін көрсеттің бір жылағанның. «Құлыным, ойнап едім, мен әшейін, - Деп қоям, – жүгірші деп сұраған кім...»

Болсақ та ақылмен тау құлатардай, Ойынды алмаймыз-ау, сірә, таңдай. Көшеде, көп ішінде орындықта... Отырдым сені ұзақ жұбата алмай. Жүрміз ғой десек-дағы бұрын біліп, Бойлатпай кетті-ау, күнім, сырың құрық. Ананың кім екенін маған тағы Кеткендей болдың сол сәт ұғындырып... *** Түн іші. Қала шеті. Аялдама. Сол жерге бала ерткен таянды ана. «Мама, біз енді қайда барамыз?»-деп, Анасын мазалайды Аян бала. «Қой, жаным, Аз қыдырған жоқпыз бүгін, Үйде де бірер сағат өткіз, күнім.» Ананың басу айтқан сол үнінен Қамқор да, Аяулы да жоқ-ты ізгі үн.

Өзге бір көңілінен гүл ашылып, Қиялы кетті қайта құлаш ұрып. Әлгінде қыдырғысы келген бала, Енді үйге алып-ұша тұр асығып. Болмайды-ау асығыстық, атүстілік, Қарасақ іске тегіс қатысты ұғып. Автобус күткен ана қараңғыда, «Бір» менен «жетіні» алды шатыстырып. Сонан соң ашып бірін көп «қойманың», Отырып «қазынасына» жекті ойларын. Сәлден соң байқады тек терезеден Автобус ен далаға бет қойғанын.» «Апырау, қайда кетті?! Мұнысы не?! Деген ой келді қарап түн ішіне. Тым баяу әншейінде автобустың Кеткендей жылдам болып жүрісі де.

Таңдана қарағанын тұрған халық Еске алып, Қалды жайды бұл да аңғарып. Өзінің қателігін ұққан сәтте Сигналға қолын созды жылдам барып.. Бір кезде жалт қараған баласына, Қорқыныш кірді ме деп санасына. Бірақ та жайбарақат келе жатты ол, Көрінбей үрейлену қарасы да. Кенеттен... Сол бір мезет кетті елжіреп, Ананы кім бекерге депті ержүрек!? «Қорықсын өзім барда балам неге?!» Деп тұрған-ды мақтана тепкен жүрек...

СӘЛЕМДЕМЕ

«Анаң саған сәлемдеме салыпты»,- Деген еді жолдасы, Әйел оған қатқыл сыңай танытты: «Адам өзі істемейтін сол басы! Өмір заңын түсінбеген жан әліОйламайды деп: мен қандай күйдемін?! Алты сомға сатып алып салады Үш-ақ сомның үйрегін. Дейміз ылғи: Біз үшін сен шашылма, Бізде бар ғой бәрі де! Жанашыры болмаса да қасында Қарамайды ешқашан өз әліне. Біздікі ғой өзімізге жетеді, Бәрі де бар, мол бүгін. Сәлемдеме салған деген не теңі, Өз пайдасын түсінбейтін сорлының!?» -деп, анаға әйел сонда кіжінді, Кеткендей-ақ сонда өші. «Тыңдашы өзің, жөн бе осы?! Сәлемдеме үшін ана айыпты Бола алмайды тіпті де. Деп білсе де ол: Қызым әбден байыпты, Санама оның махаббатын біттіге! Іренжімей, Сәлеміне жүрші ұйып, Сонда бәлкім кірлі көңіл аршылар. Өз қолынан тамақ беріп, Бір сүйіп, Бір көруге, қайдан білдің, зар шығар. Қайдан білдің?! Қайдан білдің сен мұны, Білмей тұрып неге түстің егеске?! Аналардың мұқалмайтын ерлігі Махаббаты емес пе?!»

ЕКІ КЕЗДЕСУ

Тұрды қыз ойға батып жол үстінде, Назарын аудармады ол ешкімге. Басыңа түсті әлде бір қиындық, Өмірдің ызғарымен көрістің бе?! Жазықсыз әлде жапа көрдің бе екен, Айналды ма тозаққа торғын мекен?! Әлде бір сенген досың жер соқтырып, Тірліктен түңілгендей болдың ба екен?! Әлде бір сын үстінде сүріндің бе, Әлде бір ұрындың ба қырын күнге? Үміттің нәзік жібін үзіп алып, Қараңға айналды ма күнің мүлде?... Тұрдың сен әйтеуір ой құшағында Әлде бір шерлі жанға ұқсадың да. Кенет мен дегім келді тұра қалып: «Ей, құрбым, Бой алдырма құса-мұңға».

«Жүнжіме,- дегім келді, -түңіліп құр, Қарашы айналаңа үңіліп бір. Бақыттың кемпірқосақ бояулары, Өмірдің қабағында құбылып тұр. Қалсын да бір мезетке талас-қайғы, Оныңмен мұндағылар санаспайды. Тұйықтық, оңашалық, ой қуғандық Демалып жатқан жұртқа жараспайды.» Өзімді білмесем де мақұлдарын, Дегім кеп жанына оның жақындадым. Жеткізіп бұл өмірдің ғажаптарын, Айтпақ ем тіршіліктің татымды әнін. Жоқ жерден және бір тауып құрбы Алуға көңілім де ауып тұрды. Көзінен оқимын ғой деп ем ойын, Қап-қара көзілдірік жауып тұрды. Қастары түйіліңкі құс қанатты, Қолына қара таяқ ұстап апты. Аңдаусыз түсіп кеткен шаштарағы Өзінен сәл қиыстау тұста жатты.

Күтпеген сезіп қалып сыр аңғарын, Енді мен не дерімді біле алмадым. Айтпақшы сөздер қашты быт-шыт болып, Жеткізбей ортадағы сыңар қадым. Кеудемді аянышты сезім керіп, Аялай қолын алдым оның келіп. Ол оқыс селк етті де... Тыжырынды... Тұрғандай адамның бір езін көріп. Сөйтті де, артына кілт бұрып бетті, Түрткіленіп ілгері жүріп кетті. Ғаріпті өр қимылы осынау бір Лезде биіктетті... Қылықты етті... Орынсыз аянышты ұятты ұғып, Мен тұрдым көкейімнен күй аттырып. Тәкаппар, Өжет жүріс көрсетті оны Менсінбей бара жатқан сияқты ғып... ***

Үңіліп тірлігінің әр қырына, Курорттың жүрдік көз сап бар дуына, Көпшілік би алаңға жиналамыз Демалып жатқан жұрттың барлығы да. Көпшілік бұл орынға әр күн асық, Өйткені жастық көріп, жаңғырасың. Би аяғы кейбірде жатады екен Қосыла жастар салған әнге ұласып. Тағы да осындай бір сәт кезінде Отырдық бөленіп нұр, пәк сезімге. Ортаға шыға берді кенет бір қыз, Тамаша бір жарастық жатты өзінде. Қарадық тамсанып, таңдай қағыпКелбеті кім-кімді де арбайды анық. Тұрды ол күлімсіреп қақ ортада Топ-толық алтын арқаға алып. Адамның қарай қалды барлығы да, Көрмекке ән еркесін сәнді, бұла. Ол болса ешкімге де назар салмай Қарайды тек алдынаПаңдығы ма!?

Халыққа оның осы күйі ұнапты, Қазір-ақ сұлу сазға ұйымақ-ты. Әсем қыз түн болса да, Неге екен, Қап қара көзілдірік киіп апты. Кеткендей таныс бейне елес беріп, Білмеймін, сезім кейде неге өстеді. Дал болдым, Бұрын соңды дәл осылай Ештеңе шатыстырған емес мені ... Қасына домбыралы жігіт келіп: «Қайсы әнді айтпақшысың?»-күліп деді. Жараса қыз сөйледі оған сонда, Мүжіді бір белгісіз күдік мені. Сәлден соң түсті есіме менің бәрі, Қуандым білмесем де тегін де әлі. Сәлден соң Алатаудың аясында Қазақтың асқақ сұлу керілді әні.

Дауысы сол сазбенен мың құбылып, Жүректің нәзік сөзін тұрдым ұғып. Осынау сүмбі талдай балғын жанды Бар әлем қойғандай өз бұлбұлы ғып. Жасты да кәріні де еліктіріп, Шырқады ол көкіректі керіп тұрып. Айбарлы Алатаудың өзі-дағы Кеткендей сиқырланып, желік кіріп. Күміс көл мөлтілдеді айдыны кең, Асқар тау сүйіндірді айбынымен. Шашытүн, өзі сәуле сұлу қыздың Ақ жүзі жарқылдады Ай нұрымен. Кеудеге асыл сезім құйып демі Ән салған әсем қыз шын сүйікті еді. Өнерлі өрімталдай нәзік жанның Аспандай мәртебесі биіктеді. Өр сезім ән таратқан алып бойды Ұмытқан бір мезетке ғаріпті ойлы. Сүттей түн, Алтын айдың астындағы Сұлу қыз көкейімде қалып қойды.

Қайғыртар ауыр тағдыр, Налытар да, Бірақ сол тұсау жүрек, жаны тарға. Болса да қанша кіді өмір жолы Шынайы дархандықты арытар ма?! Сезім де асқақ онда, талғам биікТүсіндім осыны жұрт қалғанда ұйып. Соқыр қыз әлі күнгі елестейді Тұрғандай жүректерге арман құйып...

ПЕНДЕШІЛІК ДЕРТІ

«Іштен шыққан шұбар жылан жылан,

Бұл, балам, Айырылған адамдық нар тұлғадан... «Ит басына іркіт төккен» бұл күнде, оңа ма адам, өзгенікін ұрлаған... Іштен шыққан шұбар жылан, бұл балам...» - Деп, Қария, дір-дір етіп, Кемсеңдеп, «Жағдайым жоқ, қорғайын деп, Белсенбек... Бала сұрап, құдайымнан бұ жаста, Ойламап ем, Түседі екен еңсем деп... Қан майданда , Жүрегімді оқ қарып, Оралғанда, Оқ пен оттан соққы алып, Апатынан сол кез салған жараның, Ойламап ем, Түседі екен еңсем деп... Қан майданда жүрегімді оқ қарып, Оралғанда, От пен оқтан соққы алып, Апатынан сол кез салған жараның, Осылардың тіршілігі өтті алып... Он сегізде от кешкізген жоқпыз деп, Соларға, өмір, Бар қызықты өпкіз деп, Қуанғанда, Тілегенде бұл мұндар, Үш сотталды, Ұрлық жасап, жоқты іздеп... Қорғайын деп отырғам жоқ мен мұны, Бұйырмаса қайтем елдің кең күні... Жатса өзінен көрсін деп ем қамауда, Гәп басқада болып тұр ғой ендігі...»

Күмілжіді осы тұста ол, Күрсініп, Мойындауға әлденені, Қымсынып... Деді сосын. «Намысыма тиетін, Бір солақай мәселесі тұр шығып...» Емес екен күмілжіткен жақсы әуен, Бекер емес екен сонда қашқан өң. Баласының сыбайласын, Анасы, Мақтаныпты, Шығарып ап, Ақшамен... «Төрт – ақ мың сом, Бостандықтың бұл құны, Балаңа оны қия алмауың – күлклі...»- Деп, Арбапты, Қарияны сол әйел, Жесірлігін алға тарта, бір күні... Бала деген бауыр етің, Ардағың, Көтересің оның талай салмағын. Кетсе еңбегің игілікке егерде, Бұл дүниеде болар ма еді арманың...

Депті қария. «Ей, шырағым, Жүрші әрі, Он бір сәби сыйлады ана құрсағы. Бірақ бәрі жеткілікті еді ғой, Бір жағына жетпей жатса, бір сәрі... Магнитофон, Машина ма, Киім бе, Керегінің бәрі де бар, Үйінде. Балалардың несібесін жырып мен, Қалай берем, Дейсің қалай, «Күйінбе...» Дей алман да, Ақшасы көп, епті едім, Жатқан дүние көре алмадым теп-тегін... Табан ақы, Маңдай терім, ПарағаТөрт мың сом ба... Төрт тиыным жоқ менің...» «Дұрыс жауап, Дұрыс сөз ғой, дұрыс бұл, Болса мейлі, Надандықтың тілі үшкір. Бірақ неге... Қапа еткен сізді, Жемқорлыққа болмаса да ырыс құл...» «Қарағым-ай, Сөз естідім әркімнен, Көлденең көз салған өрттен жанды іргем...

Ит болса да, Іштен шыққан балам ғой, Жесір әйел құрлы болмай қалдым мен...» ...Тәрбенің еске алғызбай еш кемін, Бәсекенің құрты тескен іштерін, Тоқшылықта шіркеу болған бетіне, Пенделіктің дерті неткен күшті едің... Түрме, Апат. Адалдық. Апат айдап сілкіністің толқыны, Өзгергенде тіршіліктің көркі, үні. Бір шетінде қирап қалған қаланың Түрме үйі бүлінбепті сол күйі. Адамдардың қасіретін арқалай, Қабырғалар ұшқан сәтте жаңқадай, Жұрттың бәрі жүгіргенде бытырап, Бір топ тұтқын отырыпты тарқамай. Отырыпты жат болса да ғұрыпқа... Отырыпты абақтыда... Құлыпта. Ұғыпты олар... Ұғыпты олар осы сәт Лай тамшы боп тамғандарын тұныққа.

Қалай енді? Қалай енді таласпақ. Қалай жылап, нені айтып жақ ашпақ?! Тастағандай бейне оларды адамдар Ең ақыры қасіретінен де аластап. Байлық па деп ұғатындар бар жұмақ, Өкініпті иендері салбырап. Өкініпті тағдырлары толғантып, Өкініштен жүректері қан жылап. Төтен апат басып бойдан желікті, Саналарда қалған шоқты теріпті. Сол күндері үйге барып қайтуға Тұтқындарға он күн уақыт беріпті. Көшелерде сұлу сазды ән бітіп, Алмайтындай енді қайта таң күтіп. Әсем қала, әдемі жай сұлу бақ Бәрін-дағы кеткен екен қаңғытып. Міне бірі еркіндікке шықты атып, Сілкіністі әсерлі әнге ұқсатып. Көрмеген ол ештеңеге қиналып, Көрмегенді жанына оның түк батып.

Көрінді оған жақыны да, жат та енді Бір бояумен-қасіретпен-нақ белгі. Басы айнала қаңғалақтап жеткенде, Үй орнында үйіндіге тап келді. Әке де жоқ, ана да жоқ, бауыр да, Үй кемедей ұрынған бір дауылға. Жігіт кенет тұра ұмтылған көмекке, Өз қайғысы елдікінен ауыр ма. Аршыды ол талай үйдің орынын, Күшін жұмсап намысының, қолының. Күрек сабы қолдан сусып түскенше Баса алмаған өкініштің солығын. Кенет қолға ілікті бір ауыр қап, Сырты сайлы, Не де болса тәуір зат. Бір әзәзіл бүйірінен түртеді, Жарық тұсты көрсетеді сауы ымдап.

Байлық екен, Ақша екен мол қоры. Тимепті оған әлі суық жат қолы. Оған әлі назар салған бір жан жоқ Екі түрлі ой кезек арбап жатты оны. Жан болса да сана оты маздаған. Пенделікке бой ұратын аз адам!? Екі ойлы боп тұрғанында Құлаған Тас қабырға езіп кете жаздаған. Жуылғандай көңілдегі қаспағы, Тазарғандай бар кірбіңнің аспаны. Өлім елес берген осы бір-ақ сәт Әзәзілді қуып шыққан бастағы. Мойнын орап ұят деген аппағы Адалдыңығ бір ажалдан сақтады. Қаптың аузын қайта байлап, Арқалап, Зай орнына алып барып тастады.

Жер сілкініп, күн туса да ең құтсыз, Ащы тірлік салған екен ерлікке із. Жігіт арын ластап алған абайсыз Ел қасіреті жуғаны деп сендік біз.

СЕНІМ ЖӘНЕ АДАМ

Ит жеп қойды сәбиді, Сенесіз бе?! Ит жеп қойды адамның бір баласын. Итке сенген ана ойсыз, өресіз бе?! Әлде тағдыр мазақтап тұр ма басын?! Хайуанатты сүю де еңселі ұғым Екенін ол өзінше түйіндеді. Сүтін берді апарып емшегінің, Арыстандай итіне үйіндегі. Адам сүті татыған таңдайына, Ит құнықты көрмекке ішіп тағы. Жармасып иесінің шалғайына, Ниетін қайта-қайта пысықтады. Қыңсылап жатты сосын бұрыш жақта, Дәл бұдан пайда жоғын пайымдап ап. Ит иесі оқталған ұрыспаққа, Тынышталды оның бұл жайын қарап. Кім берсін жанға жайды тез ұққанды Ойлатпаған ештеңе пәк күй ішкі. Исшіл ит бір күні сезіп қалды Нәрестеден аңқыған тәтті иісті.

Тәтті иісті сезіп қап, Құлқы кетті. Тәтті иіске құмартты аңсары ауып. Ал иесі үйінде бір түнетті. Қайтем деген ойда жоқ Алса қауып. Бір күні қалды үйде бәрі де иен, Иесіз ит демесең тұрмақ қорып Көшеден келсе ана Сәбиінен Қос алақан қалыпты жұрнақ болып. Ит жеп қойды сәбиді, Сенесіз бе?! Ит жеп қойды адамның бір баласын. Итке сенген ана ойсыз, Өресіз бе, Әлде тағдыр мазақтап тұр ма басын?! Ойланбай қап өз ісі жайында адам, Жүрер керек еді енді деп түземек. Болған жайды сәтінде-ақ пайымдаған Ана содан жынданып кетті мезет.

Ит жеп қойды адамды, Кім кінәлі?! Кім кінәлі шектен тыс сенімге енді? Тұрған жоқ қой осындай бір күн әлі Аңдуменен сергіткен жерінгенді. Аласапыран бір сезім тұр жанардаОның сыры бірақ та мәлім маған. Қиын-ау сергек болмау бұл заманда Жер бетінен зұлымдық арылмаған...

ӨМІР САХНАСЫНДА

Жас келіншек Жас қабірдің басында, Екі сәби-екі Күні қасында Егіледі іздеп жарын мерт болған Жиырма тоғ-отыз ғана жасында. Жас келіншек жұмысы жоқ басқада, Зар илейді жас қабірді жастана. «Неге кеттің тастап,-дейді жарына,- жаныңа ал, мені мұнда тастама!» Қос сәбиі сонда бүркіп көз жасын Анасына қарай қолын соғасын: «Не деп тұрмын?!-деген ой кеп селк етті,- ойлағаным болыпты-ау өз басым!» Жоқтағаным өз қызығым болыпты-ау, Қос боташым қарап маған торықты-ау. Мүмкін бе екен жас қабірдің басында, Мүмкін де екен сәби үшін қорықпау!?

«Жыламаңдар, құлындарым болды енді, Көз жасымен тірілтпеспіз өлгенді»,- Деп, ол енді қос сәбиін құшаққа ап, Көз жасын да сол араға көмген-ді... Жылдар өтті... Қайғы ылғалын кептірді, Келіншектің жастық оты бетке ұрды. Сау денеде аласұрған бұла кұш Жан жарасы жазылыпты деп тұрды. Ыстық жүрек көзге үйіріп күлкіні, Көңілінің жамалғандай жыртығы Болып жүрген кездестірді сол сұлу Ең алғашқы «махаббатын» бір күні. Үйлі-күйлі, Қарны шыққан біршама, Тоқмейілсіп тіктеу қарап тұрса даҚиялшылдау келіншекке көрінді Қоймағандай сезімді әлі кір шала...

Еске түсіп балғын шақтың бал күні, «ғашығының» құшағында қалғыды. Пәк сезімге өзін өзі сендіріп, Ойлатпаған бүгінгіден арғыны. Айлар өтті тағы зырлап, Білінбей, Жуғанымен көңілінің кірін кейКеткен екен қайта тапқан «жұлдызы» Болып бірақ көп таныстың біріндей. Болғанымен талабы өр, арманы ақ, өзін өзі адам қанша алдамақ?! Келіншекті жайлады енді өкініш, Болған баста тәтті өмірді жалғамақ. Жалғыз күйді, Жалғыз өзі өртенді, Оралмады бірақ ыстық көрпе енді. ...Іздеп жүр ол енді қалған қызықты қос сәбидің өмірінен ертеңгі... Апам және біз

Төзіп тірлік қысымның ауырына, Нөсеріне бой бермей, дауылына. Орнына айырылған қос ұлыңның, Басыпсың немерені бауырыңа. Соным деп бар қайғыдан жуады ішті, Сыйлар деп жан сусынын, қуанышты. Таптым деп бойға қуат, дертке дауа, Жылаған жүрегіңе жұбанышты. Өсірдің, еркелеттің бетке қақпай, Көндің де қалай жүрсе жеккен аттай. Жерлерде сен отырған немереңмен, Ығыстық біз ылғи да шетке, батпай. Көңілде қалдырыпты ісің кесте, Сөзсіз-ақ қаймықтырар түсің де есте. Ант еткендей едік біз ешқашан да, Көлеңке көңіліңе түсірмеске. Саясында қиналмай күн көрсе кім,

Білмейді-ау хақ бақыттың мүлде өлшемін. Жаныңда жүрген біздің бәрімізге, Нұрлыазатың секілді бір бөлшегің. Жалпағынан басқандай жалғанды біз, Көрік беріп көңілге арман – қымыз. Қызықтадық риза боп барымызға, Екеуіңнің алдыңда бар дәмдіміз. Екеуіңдей – Күніміз шуақтаған, Екеуіңсіз арнадай су ақпаған. Немере мен әжені құрметтеп көп Махаббатын қызықтап, қуаттаған. Жоқтатса да өмірдегі орны күнде, Екі дүние тізгіні көнді кімге. Жүріп кеттің бір күні мәңгілікке, Немереңді қалдырып он бірінде. Бейғам едім, кенеттен маған мұң кеп, Кеудемдегі жіберді наламды үрлеп. Жүрегімді ауыртты тұрғаны алғаш, Сені ұмытып, анама «балаңмын» деп.

Ұғып тұрмын, иә, мен бәрін де ұғып, Бала болу әжеге мәлім қылық. Көріп бірақ тез болған «сатқындықты» Ызам келіп, іздеді жаным бүлік. Үлкеннің бәріне ортақ арадағы ұл, Ауырлау мүмкін айып балаға бұл. Алайда осы бір күн тұңғыш рет, Жарықшақ түсіргендей санама бір. Жүргенде барлап алдан арман шыңын, Бекерге болардай-ақ таңдар шығын. Опасыздық дегенді ойға салып, Қылаң беріп өткендей алдамшы күн. Жан дүниемде жарықшақ жар салдырған, Хабар беріп айнала самсар мұңнан. Араға жылдар салып, ержеткенде, Сол сезім тағы шықты қарсы алдымнан.

Дегенмен бұл өмірдің заңы қатты, Інімнің әлсіз тұсын танып апты. Бір күні тастатты оған бала-шаға, әкеміз мұра еткен шаңырақты. Тастады ол баяғыша оңай бәрін, Көтертіп жарға қайғы, талайға мұң. Иіріп от басына жетімдерді, Зар етіп топты жанның арайлы әнін. Әжетай, алдым сонда еске сені, Өзіңді ұмытқанын кеп-кешегі. «Өкпелеуі бек мүмкін ұмытты деп, - - дедім, бірақ мұны әжем кешпес еді.» Әр әдеттің жастықта жолдасы бар, Бастамай ма бәрін де болмашылар. Тайқып шыққан әжеден сонау бір күн – Осалдықтың бір ұшы сонда шығар. ***

Алдыңды, иә, біз сенің кесе өтпедік, Бәрімізге бас сен деп есептедік. Көңіліңе дық салып бірақ қанша, Пендешілік жасадық неше өкпелік. Әміршідей сыйлауды ғұрып қылып, Емесін бірақ олай кіл ұқтырып. Санаспадық, келмесе мүддемізге, Жүрегіңнің қалауын ұғып тұрып. Бірге өскен, туғандай жақын маған, әлі есте Аққу апа хақындағы ән. Бауырыңа басқан сол балапанды, Кім сонда қайтаруды мақұлдаған. Немерең еді ол сенің тұңғыш көрген, Салған оны бауырыңа білгіштер кең. Бауыр басқан ортадан бойжеткенде, Жұлып алу қысас бұл кімге істелген!?

Бола алмаса біреуге біреу алаң, Асықпайды-ау бір бірін сүйеуге адам. Сүйей алмай бір бірін шаршатты ма Екі қызың әлде екі күйеу балаң. Ауыртатын жаныңды таңба бұл да, Қандай сызат жүректе, қалды арыңда!? Өз үйіңе бара ғой, қарағым, деп, Аққуыңды апарып салғаныңда. Өкпесіне екі үйдің құрбан болып, Балалығын екіге тынған бөліп. Қоштасарда айтқаның кетпейді естен, Соңғы рет шашын өзің тұрғанда өріп: «Ата-анаң сені тапқан солар, балам, жайымды кешір менің көп алдаған. Сендердің көз жасыңды көрсетпесе, Алламның рақымы сол болар маған.»

Салар-ақ бұл жай жанға әлі бұрау, Айтқанмен үлкендіктің сабыры дау. Көзімнің тірісінде үйіңді тап, Мен қанша жүрер дейсің, жарығым-ау.» Дедің сен мөлдір жасты тамшылатып, Тұратын кез емес-ті жан шыдатып. Қыстыға өксіп-өксіп жібердік біз, Кеткендей тұщы етке қамшы батып. Дем бергенмен сен бізге көңіл бірлей, Томсарамыз не деудің жөнін білмей. Апарып сап үйіне Аққуыңды, Жүрдің кейін неше күн өңің кірмей. Әміршідей сыйлауды ғұрып қылып, Бағынғансып, алдыңда сынық күліп. Жүріп ек қанша рет жаныңды біз, Ауыртқанбыз бәрін де біліп тұрып.

АНА, НӘРЕСТЕ ЖӘНЕ ХРУСТАЛЬ

Үйленді де, жайлағандай үйін нұр Болған жігіт бастапты бір қиын жыр. Жас келіншек сүйіп келген жарына Дейді екен «келдім, енді киіндір»! Бәрі керек жас адамға, ойласаң, Жастық бақыт, қызығымды жоймасам. Неге қажет барлық деген егер де Бере алмаса жанға-ләззат, бойға-сән. Етік керек, көйлек керек, тон керек... Бір киім ал теңіз бенен көлге деп...» Жар көңілін қимаған жас жігіттің Бар табысы кетіп жатты дөңгелеп. Сияқты еді барлығы да жетерлік, Бұл ойымыз болып шықты бекерлік. Өз алдына киім біткен бір төбе, Гарнитурлар келіп қалды шетелдік

Қалай шыдар тұрса егер жар сұрап, Айтса бітті жігіт жетеді артып ап. Кіре қалсаң көз тартады хрусталь Люстралар самаладай жарқырап. Сарып қылып тек жиһазға тапқанды: «Өмір сүру керек қой!» - деп, ақталды Жас жігіттің төрт бөлмелі үйінде Кілемдердің неше түрі қатталды. Бұл жағынан болмады әсте қаталық, Тұрды дүние кеңірдекке тақалып. Айналасы бірер жылдың ішінде Шықты олар «пысық жандар» аталып... Қайтейік біз бар шындықты бұрмалап, әділеттің ауласынан сырғанап. Бәрі жақсы болатұғын олардаКелді өмірге бір қыз бала іңгәлап.

Ұмытылғандай ұлы бақыт шамына, Жақсылықтар болып жатты тағы да. Байлық та бар, бала да бар, бәрі – бар Өмір сәні келе түсті бабына. Қуаныш боп әр көктемі, әр күзі Әлденеше жылдың тағы қалды ізі. Сөйтіп жүріп... Сөйтіп жүріп бір күні Беске толды әлгілердің жалғызы. Қалса-дағы басқа әдет, басқа ырым, Тойламайды бұл күндері жасты кім!? Бұлар соны атап өтпек болды енді, Қалт жібермей бүгінгінің дәстүрін. Қонақ үшін барын жасау – бас ғұрып. Сервантының кілтін қойды аштырып. Бір мақтанып қалу керек мұндайда Байлығыңды, Байлығыңды паш қылып.

Хрустальдың сыңғыры бір тамаша ән, Хрустальдан өзге қоймау – жаңа сән. Мөлдіреген аяқ-табақ бірөңкей Көздің жауын алатұғын қарасаң. Қызы жүрді томпаң қаға жүгіріп, Анда-санда әр нәрсеге үңіліп. Хрустальдың шынайысы, шынында Тұрады екен көзді арбай құбылып. Тұрды бәрі столында тізіліп, Тиіспейтін айтқан сөзді қызы ұғып. Алды кенет бір табақты қолына, Балалықпен кеткен еді қызығып. Аяқталып кенет солай бар таңы... Түсіп кетті, шықты ыдыстың талқаны. Әйел жетті сол мезетте жүгіріп Қолына ұстай ет шабатын балтаны.

Мұндай кезде ашуға күш артасың, Соңынан тек сазайынды тартасың... «Неге ұстадың ұстамайтын нәрсені?!»- деп, анасы сілтеп қалды балтасын... Дүниеқорлық ашуменен бірігіп, Ақыл, сабыр қалып еді сырылып. Шырқыраған сәби үні сол күні Тұрып қалды ауада ұзақ ілініп... Ана жүрек кетті енді езіліп, Қандай күйге тап болғанын сезініп. Аз ақылды ашу буған сәтінде Құрғыр балта қалды қайдан кезігіп?! Өт сөндірген адамдай боп тұрды өңі, Тағдыры кеп өз қолымен ұрды оны. Аялаған, ардақтаған, жан жеген Талқан болды сәбиінің бір қолы.

Жан азабы түсіп мүлде тереңге Айналғандай еді ана кереңге. Біржола естен танды: «Түк амал жоқ, кесу керек сәби қолын»,- дегенде. «Жақсы,- деді ол есін жиып бір кезде,- оздырмайық уақытты онда құр сөзге. Сәбиімнің жаны қалсын әйтеуір, Не десе де көтерем ғой жұрт өзге»... Тұра алмады бірақ та ол сөзінде, Қаншалықты бой ұрса да төзімге. Шыдатпады тұнатын мұң, күйініш Ғұмыр бойы сәбиінің көзінде. Алыса алмай тағдыр атты күштімен, Тістесе алмай тағдыр атты тістіменТаңып алып тас қып қызын өзіне құлап түсті биік үйдің үстінен...

Осылайша қос өмірден көшті нұр, Дүниеқорлық алды адамнан өшті бір. Осылайша қаламызда бір күні Кетті үзіліп... Кетті үзіліп қос ғұмыр. Дүние жақсы, Дүние керек адамға, Керек бірақ қанағат та, Балаң да, Кім біліпті сүрінерін қай тұста өмір деген үлкен сынақ алаңда. Жиналса да айтпас мұны бар мықты, Мықтаса дер: «Сана бір сәт қалғыпты». Ең бастысы көзіңді шел баспасын, Көтере алмай, Бақыт пенен барлықты... ТАҒДЫР (Естен кетпес естелік) Есетін Қарақолда жүздерінен мерей лебі, Аякөз ауданының керейлеріБіз онда тұратынбыз фермасында, Қарақол совхозының, Семейдегі.

Қазыкей әжем, Шағат атам менің, Қыздары сыйға тартқан жаһан демін. Содан бері мен бармын тіршілікте, Қазақпын, Қазақстан атанды елім. Ата өлген, Әжеме еш жоқ талабым, Айтуға тек жағдайын оқталамын. Төлеухан мен АуданханЕкі қызы, Қалған екен ішінен көп баланың. Күрсінісі көп, Бірақ берік адам. Кішкентайдан өскенбіз сеніп оған. Бауырында қалған қос қыздың біріАуданханы болыпты менің анам. Азайса да күші оның білектегі, Жоғалсын деп дүниеден тілеп пе еді?! Ұлдарынан айырылу оңай боп па, Сол азаптың уы ғой жүректегі. Күрсінгенде, Шыққандай бүкіл демі, Шашалтқандай адамды түтіндері. Біліп тұрып оның сол ауыр халін Жүрегім талай рет лүпілдеді.

Кейбір де жан сияқты нұр сіңірген, Ада болар қайғыру, түршігуден Бірақ та көбінесе, «Уһ!» деп алып, Жүрек жара танбайды-ақ күрсінуден. Қазыкей әжемнің бар, Құрдастары, Бар оның өз қатары, Сырлас бәрі. Отыратын бір үйге жиналып ап, Басталар еді сонда жыр бастауы, Көңілді тым, Езулер жиылмайды, Өлеңнің неше түрі құйындайды. Секіріп біз жүреміз ортасында, Кеш батқанша әлгі күй тыйылмайды... ...Бір күні хабар келді көрші ауданнан, «Жетіңдер!»- Деген суық белгіменен. Өзге ой, Басқадай іс, Шаршау қалған. Шама жоқ болсам дейтін енді немен.

Әжемді алып, Ата-анам жүріп кетті, Аллаға тапсырды да бізді кенет, Көз жасына малынтып тұнық бетті, Үйлі жанның үмітін үзді дер ек. ...Тәңірберген ағамыз, Жұмыстағы, Жақын жерге барамыз үйге депті. Қош айтқысы келді ме, Ырыс бағы, Төлеухан омырауын түймелепті, «Жаңа ғана еміздім, Енді ұйықтайды, Сыртқа шығып ойнаңдар, басқаларың, Оятып жібермеңдер бұл құйттайды, Шақырғанша келмеңдер асқа бәрің»,- Деді де,өзі кетті жолдасына, Тамағын беріп келмек өз қолынан Білмейді ғой апаттың ол басы ма?! Хабары жоқ оған қол созғанынан. Арада өзен оны жатыр бөліп, Өтті дағы Қарады, Қайта айналып

Қарады ұзақ, Биледі ақырғы ерік, Көрді оны Әдәлі, Жай таңданып. Бір кезде бұрылды да, Жылдам басып, Жөнелді. Барар жері таяп қалған. Сезді кенет, Көңілі тұрған тасып, Білмей қалды, Қай жерде аяқталған. Жаны сезді болатын тосын жайды Лүп-лүп соғып жүрегі дірілдеді Алғаш рет сезгені осындайды, «Алла, өзің сақта!»-деп, күбірледі. Ол келіп кірді есіктен алдындағы, Иен үй, Қаңыраған бөлмелері. «Қолда тұрса, білінбес бардың мәні, Айтпақшы, тітіренткен ол не мені?!» ...Төлеухан келген үйдің пешін бұзып, Тас кірпішін алмақшы, Жолдасы оның. Бірақ та осы арада кесілді жіп, Тұр екен ар жағында аңдаса өлім.

Ешкімнің ойында жоқ бірақ, ондай, Жаман ой, Жанға қаяу түсірердей. Дегенмен көңілдегі, сірә, болмай, Бұл тағдыр аһ ұрғызар ісімен кей. Іс бітіп, Отырды олар астарына, Үш адам, Болды бәрі дастарханда. Қандай ой болды олардың бастарында Жетпеді-ау тым болмаса ас тарқарға! Кенеттен Тәңірберген бар даусымен, Айғайлап, Тұра зытты: «Қашыңдар!»-деп Асықпай, Ас ішкенде аңдаушы ма ең?! Атқандай болды екеудің басын дәлдеп

Жүгірген Тәңірберген үлгермеді. Бір аяғын қабырға қалды басып. Аналар үлгермеді-ау Үлгермеді-ау!!! Жатты ол ес танғанша салғыласып... ХХХ Жоқ болды ана сол сәтте-ақ, Тілге келмей, Ол бейне жас босанып жүрмегендей, Ол бейне жеті-сегіз бала туып, Солар үшін тәтті өмір Сүрмегендей. Ананың әлдеқайда аттанды ойы, Шынымен бітті ме есте сақтар тойы?! Сәбиі жылай-жылай жан тапсырды, Шырқырап, Сол орнында жатқан бойы. Үш адам өтті өмірден, Бір-ақ күнде, Амалың жоқ, Барасың сұрап кімге?! Қандай күш үйден оны сүйреп шыққан, Жас босанған ананы сұлаттың не?!

Бітпепті ғой сол бір жыл мұнымен де, Әжемді алып ұрған шынымен не?! Жатты ол кісі, нәр салмай, ай бойына, Сырқат келген таныс-ақ бұрын елге, Қымыз еді, әжемнің аңсағаны. Соны айтса ескендей таң самалы. Соны ішсе кетердей тамақ жүріп, «Шіркін-ай, Бір жұтсам,»-деп тамсанады. Қыс кезі, Ауыл жақтан таптырмады, Кеткен шығар шалғайға бақтың бәрі, Әкем менің Нұрсапа кетті іздеп шықты, Тапты, Бірақ болды әжем нақ құрбаны. Әжесі, Қызы, Сосын немересі, Бір жылы қайтты үшеуі, Неге деші?! Үшеуі үш буынның өкілі еді, Келіспей қалды екен неменесі?! ХХХ

(Үржарда) Осылай басталады өмір Үржардағы, Жылаумен өткен күнді күн жалғады. Бір кезде алға қарай тартты жайлап, Жүректің жарық беріп ізгі арманы. Ояндық, Келдік қайта қалпымызға, Бүтінделді алдымыз. Артымыз да Бір күні орталыққа мамам келіп, Қарады біздің шама-шарқымызға Оқу жылы басталған, Ай боп қалды. Киінетін күй қайда, ойлап барды?! Қараған бізге үнсіз келбетінен, Анамның ақ жүрегі айғақталды. Азат пен Гакку, Жәзен төртеуміз де, Ештеңе аңғармайтын, Селкеуміз бе?! Жоқ әлде ана жанын сездік пе екен. Қиын соқты әлде оны өртеу бізге.

Әйтеуір жалғыз соның соңындамыз, Соның ғана оңында, Солындамыз. Не киеміз, Не жейміз, не ішеміз Тілек көп, Әйтеуір сіз орындаңыз. Дегенмен бір ой көңіл дүрліктірген. Менің өз айтарым бар сыр ғып мінген Бірақ та ауызымды аша алмадым. Көп сырын білмеймін ғой тіршіліктің мен. Әлі де кішкентаймын, Баламын мен, Ата-ана айтуымен аламын дем. Солардың дегендерін істеп ылғи Сөздерін қайтармайтын бола білгем. Сол ма екен бір себебі, Түсінбедім, Айтпадым білгенімді, Ішімде мұң. Бірақ ешкім сезбеді жан сырымды. Ақтаруға жетпеді күшім менің. Түсінем

Жай күй емес, Күлкі кеміп, Келмейді ешкімді де сілкілегім. Мамамның өзі жақсы біледі ғой, Болғаны орындалса бір тілегім. Гакку мен Жәзен жүр ғой дәл жанымда, Солар не ойлайды деп болжадым ба?! Шығармай дыбысымды жүре бердім. Қазірге дейін жатты сол жанымда. Дүкенге кірдік тағы шұбатылып, Білмейміз біз күтуді, Тұра тұрып, Қатар-қатар тізіліп, Пальтолар тұр, Әсіресе көгі бар. Сірә, тұнық.. Сия түстес, Көк пальто алдымдағы, Көз ала алмай мен содан қалдымдағы, Мамамның жанына мен тез-ақ жеттім, Сол бойда кері қайттым, Бардымдағы

Бір-ақ нәрсе, Бір-ақ күй мәлім маған, Қарсылық жоқ оларға қабылдаған, Өлшеп жатты Гакку қыз бір пальтоны, Қалай айтам, «Алшы,-деп бәрін маған!» Айтпадым... Айта алмадым анама мен. Айтсам ше?! Айтсам – жанын жаралар ем. Анасы қайтыс болған жанға тисіп, Тас жүрек, Безбүйрекке саналар ем Бірақ та сол сәт менің мәңгі есімде, Өшпейтін ескерткіш боп қалды есімде. Қыс күні, Сары аязда киіп барып, Шешініп жатқандаймын бал кешінде. Сия көк түсті сол пальто жарқыраған, Қарайтындай көз сүзіп әркім оған, Жетпейді ғой ақшасы анашымның, Болмаса да кез оны талқылаған... ...Жаз шыға ауырдым мен салқын тиіп,

Интернатта жатамын жанып-күйіп. Сап-сау едім, Жаныма қаяу түсіп, Аласарды арманым алып, биік Ғайып болып ой-қиял жараса аққан, Алыс кеттім зиялы парасаттан. Атпайтұғын сияқты енді ешқашан, Күліп шығып алдымнан тамаша ақ таң, Он екі жыл құлынша шапқылатты, Содан кейін тағдырым атқылапты. Арманға қол созатын тұсқа жетпей, Ауырғаным жаныма қатты батты. Жетпейтін жоқ дейді шын талаптанса, Обалы өзіне кім қарап қалса Жататынмын төсекте ұйқы көрмей, Аңқам кеуіп, Ағарып таң атқанша Талай күндер өтті ғой мына бастан, Дей алмаймын көтердім, Жыламастан, Бірақ келдім мен міне алпыс беске Бір жығылып, бір тұрып, Құламастан.

Осындай күй тағдырым еншілепті. Өзгеше болуды ол ерсі депті. Ей, Алла, Бұйырғаның осы болса, Жастарыңды бере бер, Бер тілекті. Сол жылдар өшпестей боп қалды есімде, Мүмкін мен жолықпас ем сан кесірге Мүмкін мен өлең оқып жүрер едім, Бақытты, шат күндердің әр кешінде Болмады... Қалды кейін шат күндерім, Жетпедім ернеуіне бақ, жүлденің. Аяусыз аяқасты болды ақыры. Армандап, аялаған ақ гүлдерім. Таскескенде Жан әжешім жетпей-ақ келер күзге. (Бұл сөзін көп көргенге теңер мізде?!) «Жаз шығып, Ел аяғы кеңіген соң, Таскескенге көшіңдер!»-деген бізге.

Таскескенге жаз шыға келдік көшіп, Бұйырған шығар бізге сондай ннесіп. Үйіме мәңгі тұрақ болды ақыры ол, Баллары құйылатын желдей есіп. Өскемен, Ақтауы бар, Алматысы, Семей мен Аякөздің бар қатысы. Талдықорған жеріне қонғаны бар, Таскескен бәрінің де ардақтысы. Қалды сонда ата-анам, Қалды мәңгі, Мәңгі мекен етуге жарлық алды. Таскескен сол себепті қымбат маған, Кешіріңдер дейтұғын бар кінәмді. Көрмеппін мен ешқашан ұзақ тоңып, Шошығам жоқ еш жерден тұзақ көріп, Бірақ менің Есіме түседі ылғи Сия көк түсті Сол пальто сызат болып.

Ешкімнің жазығы жоқ бұл арада Бірақ та көңіл айтпай тұра ала ма?! Анамның жанына бұл батқан болса, Ол үшін мені ешқандай кінәлама. Әдемі сұлу шақтың әр кешінде, Кисем оны Ұрынбай сан кесірге, Жүрер ме едім, Кім білсін, Сара жолмен, Сия көк түсті сол пальто мәңгі есімде

ӘНДЕР

ТҰСАУ КЕСЕРДЕГІ ТІЛЕК (әні Данияр Аралбаевтікі) Тұсау кесер... тұсау кесер той бүгін, Еңбектеуге ниет етпе, қой, күнім... Тәй-тәйіңды алмастырсын жүгіріс, Былдырыңды алмастырсын ойлы үнің... Тәй-тәй басқан,бал бөбегім, балдырған, Күліп шыққан күнімсің сен алдымнан. Аймалаған саусақтарың, нәп-нәзік, Жүрегіме өшпес ізін қалдырған... Бал тіліңнен көкірегіме жаз қонып, Лебізіңнен жатыр жанға саз толып. Қызықтасақ, көрген сайын қуансақ, Қалтаң-қалтан жүрісіңе мәз болып. Сен бар жерде күнім де бар, Айым бар, Орманым бар, Қаптаған тал, қайыңдар. Қаз-қаз тұрған, құлыншағым, Бас енді, Тәй-тәй болып, Үлкен жолға дайындал...

Думан етіп ата-ананың ордасын, Бүгініңнен көріп тұрмын жол басын. Қолтығыңнан ақ ниеттер демесін, Ұзақ жолда Қызыр баба қолдасын... Тәй-тәй, қозым, Аппақ ботам, Құлыным, Тәттім менің, бал-шәрбәтім, Шырыным... Өз өмірін тәй-тәйменен бастаған, Бәрі-дағы дүниедегі ұлының. Мүмкін сен де қазақтың бір мақтаны, Мүмкін сен де ғылымның бір ақ таңы... Кім болсаң да сүрінтпесін, боташым, Балалық пен есеюдің шақтары... Жасағанның құлағына жет, тілек, Қуанайық құлынымыз епті деп. Тұсауыңды кестік бүгін, балдырған, Құлдыраңдап шауып кетсін деп тілеп...

Тұсау кесер... Тұсау кесер... Той бүгін... Еңбектеуге ниет етпе, Қой, күнім... Тәй-тәйіңді алмастырсын жүгіріс, Былдырыңды алмастырсын ойлы үнің... Қайталанбас балғын дәурен шақ мына, Бабалардан қалған мәңгі бақ-мұра... Шаттығыңмен жұпты жазбай, құлыным, Жүгір, ойна, құлын-тайдай шапқыла... ЖАЗИРА (әні Сая Оразалинованікі) Алдыңда өмірдің жолдары, Сан қызық өзіне тартады. Тағдырдың тізгінін қолдағы Жебесін тілектің дарханы. Жазира... Жазира... Жазира... Жазира - даламның кеңдігі. Жүзіңнен сөнбесін наз, иба, Жазира, жанымның ем гүлі... Орайтын жүректі жалынға, Тамсантар таңдайды шырыныСолмасын армандар жаныңда, Сөнбесін махаббат дірілі.

Жазира... Жазира... Жазира... Жазира – даламның кеңдігі. Жүзіңнен сөнбесін наз, иба, Жазира, жанымның ем гүлі... Қараймыз қуанып, үмітпен, Жаралған өзің деп бар нұрдан. Теңейміз биікпен, тұнықпен, Асылым Азатым қалдырған. Жазира... Жазира... Жазира... Жазира – даламның кеңдігі. Жүзіңнен сөнбесін наз, иба, Жазира, жанымның ем гүлі. ЖАСАЙ БЕР, ЖАН АҒА Әні Айтқали Жайымов Ұқсаған шежіренің бұлағына, Сөзіңнің сүйінемін құнарына. Естілсе есіміңіз әр шалғайдан Сырлы саз құйылғандай құлағыма. Қайырмасы: Өсірген Арыс ана, Жолыңның бәрі сара. Мәңгілік Маңғыстаудай Жасай бер Әбіш аға.

Білімің жігерінде күшіңде ерен, Үлгісін жаңа елдің мүсіндеген. Салса да қай қиынға алып шығар Қуат бар сізде көп жан түсінбеген. Қайырмасы. Туған ел, туған жерің шын құштарың Мақтаным ағажаным, үлгі ұстарым. Көре бер мерейі өскен қазағыңның Шаттықтан шалқып жаны құшқанын. Қайырмасы. АЛТЫНАЙ (Құралбекке) Әні Жиде Жеткізгенованікі Айдың нұры арқалаған сан арман, Ай нұрында сұлулық бар сан алуан. Саған деген көңілімнің іңкәрі Айдың аппақ сәулесінен жаралған... Аспанымның алтын Айым ғажабы, Отбасымның Алтынайым ажары. Тарқамайды өзің барда ешқашан, Тарқамайды бақытымның базары...

Бағынатын жүректердің еркіне Айдың нұры махаббаттың серті ме!? Ғұмыр берген әр пендеңді, жаратқан, Ұшырата гөр махаббаттың дертіне... ӘКЕ (әні Г.Құлсариеванікі) Өзіңсіз бар ма сән, Көркісің орданың. Керексің әрқашан, Қамқорым, қорғаным. Қайырмасы: Әкем деп білемін, Өмірде тірегім. Алдымен арнаған, Жылуын жүрегім. Өсірген гүліңмін, Ұл-қызың орманым. Өнер мен білімнің, Бағына жолдадым. Жасай бер жаңғырып, Үзілмей күлкі-әнің. Қастерлер мәңгілік Өрімдей ұрпағың. АЛТЫН ТОЙ (әні Г.Құлсариеванікі) Аяулы әкежаным, анажаным, Айдыны сияқтанған шағаланың. Көгіңде емін-еркін шарықтайды, Масайрап жаны – көктем балаларың.

Қайырмасы: Алтын той, Алтын той – мерекем, Алтын той құшағың кең екен, Ата-анам аман бол әрқашан, Сендерде сәнім мен берекем. Үлкен үй бір кездегі қыз бен жігіт, Дайын жүр кездесуге жүзбен күліп. Жайнаған ұл-қыздары жанынджағы, Алтын той күт дейтіндей, бізден үміт. Алтын той бұл жеткізген мұраттарың, Артқа сап ызғарын, күн аптабын. Ардақты, мәртебелі ата, ана, Мәңгілік сарқылмайды бұлақтарың. АНА ТУРАЛЫ ӘН (әні Г.Құлсариеванікі) Ақ тілек, үмітті оң жақтан Әкеліп жол басына. Өзің ғой бәйтерек орнатқан, Әкемнің ордасына Қайырмасы: Өзің ғой өсіріп, баптаған, Өзің ғой аялап сақтаған. Мейірмен жанымды суарып Аман жүр, ақ мамам...

Аға мен ініге қарықпын, Апа мен сіңлі де бар. Ұмтылар сен бейне жарық күн, Өзіңе әр күні олар. Қайырмасы Бір өзің сыйлаған жарасым, Тоймаспыз мейірімге. Жүрейік әрқашан анашым, Шомылып пейіліңе. Қайырмасы АПАЛАРЫМА (әні Г.Құлсариеванікі) Балауса қыз, балғын едік, Жастықпене жандық еріп. Бір-бір үйлік шаңыраққа, Бас болыпты барлық елік. Қайырмасы: Қатар көрген тіршіліктің Қызығы мен азабын да. Аман жүрші, апаларым, Жезделердің қатарында. Сылқым, сұлу апаларым, Бір мұңлы, бір шат ажарың. Бақыт тілеп қариялар, Берген талай баталарын. Қайырмасы

Жеңешелер, келіндерсің, Мені де сен теңім дерсің. Ана болған бәріңізге Қуат пенен сенім берсін. ҚҰДАҒИЛАР ЖЫРЫ (Мәрзияға) (әні Г.Құлсариеванікі) Құдағижан атандым құрмет көріп, Көңіл шіркін шалқыды дүрмекке еніп. Ағытайық өлеңнің тамашасын, Көкейімнен ұшар деп тұр кептеліп. Қайырмасы: Бақыт жырын құйды үнім, Думан толы үй бүгін. Айналайын құдағи, Қымбат маған сыйлығың. Жалғыз қаздай баламның жұбын бердің, Келер соның ұлы мен қызын көргім. Отау тіккен әдемі шаңыраққа Сүйсіну бар қараса жүзінде елдің... Алтын құсым, ақ гүлім, Арманым жоқ тап бүгін. Қосағыңмен қоса ағар, Таусылмасын шаттығың...

Тағдыр, бізді бұл күйден мәңгі айырма, Көтергізіп сыныңның қандайын да. Ұл мен қыздың қызығы сөнбейтұғын, Жарқырасын жұлдыздай маңдайымда. Өмір қандай тамаша, Жадырадық балаша. Тіршіліктің қызығы, Таусылмашы санаса... АЗИЯ ДАУЫСЫ (әні Г.Құлсариеванікі) Ғасырлардың көш керуені тынбаған Құмға толы, сырға толы бұл ғалам. Жібек жолын ұзатып сап қиырға Келешекке мәңгі қолды бұлғаған. Қайырмасы: Сан ғасырдың сырын бүккен бір тасы Азияның таулары мен қырқасы, Күн нұрына малып тұрып жанымды Шырқа бүгін... Шырқа бүгін, шырқашы... Уақыт сені алақанда тербеген Заманаға ешбір тыным бермеген. Азия дауысы естіледі әлемге Жалғастыра аспан астын Жерменен

Қайырмасы Күңіреніп жетеді үнің шалғайдан, Елес беріп сан құпия, сан майдан. Аласапыран таңғажайып тарихтың Сезінемін кермек дәмін таңдайдан. Қайырмасы. АСТАНАМ (Әні Гүлнар Құлсариеванікі) Тербесе сал самалы Сарыарқаның, әпкендей туған жердің бар алқабын. Астанам әуеніне үн қосады, Атқызып сағыныштың жанартауын. Қайырмасы: Сарыарқа лебін Жеткізген демің, Тарихы – теңіз, Астанам менің... Жұлдызың жанды, Сәулетті, сәнді Астанам болыпЖасай бер мәңгі... Астанамжаратылған тұлғаң нұрдан, Сан ғасыр Есіл бойын нұрландырған. Аққайрақ тас-күмбездер өрнектері Бойыңа сұлулығын шын қалдырған...

Көрсеткен қазағымның өр намысын, Сен енді тәуелсіздік қорғанысың. Ту болып тербелесің төбемізде Халқымның Қазақ атты ожданы үшін... МАҢҒЫСТАУЫМ-МАҚТАНЫМ (Әні: Айтқали Жайымовтікі) Ғасырлар теңізбен сырласқан Аймағым сусыған құм басқан. Күй толған кеудеңе күмбірлеп, Жаныңды жайлаған жыр-дастан. Тамсандырған баршаны Сәнің – Самал, Тамшалы. Маңғыстауым қашанда Жүрегімнің аңсары. Мұнайың даңқыңды жасаған, Сәулетті, киелі босағам. Кеудеңде шамшырақ сөнбейтінАбылың, Есір мен Қашаған. Әулиелі мекенім, Кең жайылған етегің. Жетібай, Өзен, Қаламқас Мәңгі мақтан етерің.

Самғай бер биікке, дарып бақ, Ұрпағың әлемге танытпақ. Мерейін үстесін халқымның Шағалаатағың шарықтап. Әбіш тапқан жол басын, Сан халыққа ордасың. Иілмес өр басың, Бекет ата қолдасын... ШІРКІН ӘН (әні Марат Ордабаевтікі) Шықпайтұғын ешқашан сұлулықтың ырқынан, Жүрегіңді сәнімен сырлайтұғын, шіркін ән. Бар ұрпақтың табынтар тәңірісі бола алған, Әйгерімге Абайды ғашық қылған сыртынан. Асыл болса шынымен көрмеген ол бір де оңып, Шашасына шаң тұрып, тырнағына кір қонып. Келе жатыр ежелден жүректермен сырласып, Келе жатыр ежелден махаббатқа пір болып.

Сұлу сазы тербесе жан тебіренген, шіркін ән. Жалғыз ауыз сөзіне астар болмас қырық ұран. «Ән көңілге ажар» деп, қастерлеген өнерді Айналайын данышпан қазағымның ғұрпынан... ҚҰСТАР ҚАЙТҚАНДА (Әні: Сағын Нұрқожаевтікі) Гүл қадап мөлдір аспанөңіріне, Сусылы қанаттардың ән шұбатып. Қиқулай ұшқан құстар көңіліме Барады сағыныш саз тамшылатып... Жүрген шақ қайдасыңдарБақтарда ойнап, Ойыннан басқа жоқтай ғұмырда түк. Бақытты, Бал баллық шақтарды ойлап, Бір сезім бара жатыр шымырлатып... Неге екен, Неліктен бұл толқығанымАлаңсыз шақтарымды іздедім бе... Ысырып өзге күйдің мол тұманын, Мөлдір саз мөлтектейді іздерінде...

Маусымның ұқтырады кезі нені, Көп сурет елестейді таныс беттен. Балалық шақ құстардай сезіледі, Күз салқынын қалдыра алыс кеткен... ӨЗЕН КЕНІ (әні Рахат Мадреевтікі) Өзенім – құт мекен, аймағым, Жинаған қазынаның қаймағын. Маңғыстау атынан әлемге, Көтердің қазақтың байрағын. Қайырмасы: Өзенім, жарқыра, Нұр шашып халқыма. Жайнай бер мәңгіге, Даңқ қосып мұнай даңқына. Құйылып бойына сан арман, Үміт боп, тілек боп жаралған. Кеніші Өзеннің гүл бағы, Тамыры қан тартқан ғаламнан. Өзіңде асыл да, алтын да, Күндерің малынған жарқылға. Мерейін асырған қазақтың, Мұнай, газ, бұлағым, сарқылма. Мазмұны

ӘҢГІМЕЛЕР .................................................................................................................................. 9 ӘЖЕ МЕН АҚ БОТА ................................................................................................................ 9 Ұлдың орны .............................................................................................................................. 14 ВАДИМ .................................................................................................................................... 20 САҚЫПТЫҢ СЫРЫ ............................................................................................................... 23 РҰҚСАТ ҚАҒАЗ ...................................................................................................................... 28 ӨСЕК ҚҰРБАНЫ .................................................................................................................... 31 ӨЗ ОШАҒЫҢНЫҢ ТҮТІНІ ................................................................................................... 34 БІР НОЛЬДІҢ ТАРИХЫ ......................................................................................................... 38 ӨЛЕҢДЕР ..................................................................................................................................... 40 КҮН МЕН БҰЛТ ..................................................................................................................... 40 МАҢҒЫСТАУ СӨЗІ ............................................................................................................... 41 ҚАРА АЛТЫНЫ ХАЛҚЫМНЫҢ... ..................................................................................... 42 ЖАҢБЫРЛЫ КЕШ ................................................................................................................ 43 МАҢҒЫСТАУ КӨКТЕМІ ...................................................................................................... 45 КҮЗГІ ЖАПЫРАҚ .................................................................................................................. 47 ҚЫСТА ..................................................................................................................................... 48 БАБАЛАРҒА ............................................................................................................................ 48 ЖЕР ҚАНЫ .............................................................................................................................. 49 ЗЕЙНЕПТІҢ КИІЗ ҮЙІ ........................................................................................................... 50 ӘБIШ АҒА................................................................................................................................ 51 ОРЫН АҒА ............................................................................................................................... 52 МАҢҒЫСТАУЛЫҚ АҒАЛАР ............................................................................................... 53 ҚЫЗ НАМЫСЫ ....................................................................................................................... 53 ДӘМДЕСТІК ............................................................................................................................ 54 БӘРІ БІРДЕЙ АДАМНЫҢ ..................................................................................................... 55 ҚАМШЫ................................................................................................................................... 56 ТЕКЕМЕТ ................................................................................................................................. 57 ДОДА ........................................................................................................................................ 58 МЕЗГІЛ. АДАМ. ҒҰМЫР. ..................................................................................................... 58 ТҮЛКІ ЗАМАН ........................................................................................................................ 62 АНА ТІЛІМ .............................................................................................................................. 63 ЖҮРЕГІМ ................................................................................................................................. 64 УАҚЫТ ..................................................................................................................................... 65 ЕМШІ ЕКЕН БІР – БІРІНЕ АДАМ ДЕГЕН... ...................................................................... 66 АБАЙҒА ................................................................................................................................... 66 КҮНДЕР ................................................................................................................................... 67 ҰРПАҚ ДӘСТҮРІ ................................................................................................................... 68 ОЙ ЖҮГІРТСЕМ АЙНАЛАМА ............................................................................................ 68 ӨЗЕН МҰНАЙШЫЛАРЫНЫҢ ЖЫРЫ ............................................................................... 73 АБЫЛ АҚЫН ........................................................................................................................... 74 ҚАШАҒАНҒА ......................................................................................................................... 74 МҰНАЙ – ГАЗДЫҢ СҰЛТАНЫ... ........................................................................................ 75 ӨМІР ......................................................................................................................................... 76 СУЫРЫПСАЛМА ................................................................................................................... 77 КІЛТ ПЕН ҚИЯЛ ..................................................................................................................... 78 ӨМІР ТУРАЛЫ ........................................................................................................................ 79 ҚАЗАҚТЫҢ КЕЛІНДЕРІ ....................................................................................................... 80 ТЕҢІЗ ӘУЕНДЕРІ ................................................................................................................... 81 Ақкетігім – арқауы ән-жырымның ........................................................................................ 83

Маңғыстау деген киелі қазық ат байлар ................................................................................ 87 ТАБИҒАТ МЕНІҢ СЫРЛАСЫМ .......................................................................................... 89 ҚЫЗ СЫНЫ ............................................................................................................................. 95 СЕЗІМДІ ТОТ БАСАДЫ ........................................................................................................ 96 ЖҮРЕК СЫРЫ ........................................................................................................................ 96 НАУРЫЗ ................................................................................................................................... 97 АРУ ........................................................................................................................................... 98 ЖЕҢГЕТАЙ ............................................................................................................................. 98 ЕКІ ҚАНЖАР ......................................................................................................................... 100 ШІЛДЕХАНА ........................................................................................................................ 100 БАЛАМА ТІЛЕК ................................................................................................................... 101 АНАМА НАЗ ......................................................................................................................... 101 АЗАТТЫҚ ЖЫРЫ ................................................................................................................. 103 ҚЫСТАЛАҢДА ТАНЫРСЫҢ ҚАСИЕТІН ІЗГІНІҢ ......................................................... 103 СӨЗ .......................................................................................................................................... 104 НАМЫС .................................................................................................................................. 105 ҚЫЗЫҚТАУ ........................................................................................................................... 106 СЫРЛАСУ .............................................................................................................................. 107 ӘРБІРЕУДІ АЛҒА СҮЙРЕП ӘР КЕМЕ... ........................................................................... 107 ҚАЗАҚ ПЕН ТӨРТ ТҮЛІК ................................................................................................... 108 НҰРЛЫ АҚЫЛ, ЫСТЫҚ ЖҮРЕК, МӨЛДІР СЕЗІМ... ..................................................... 109 ӘСЕМ ҚОҢЫР ...................................................................................................................... 109 МАХАББАТ ........................................................................................................................... 110 КӨҢІЛДЕГІ КӨЛЕҢКЕЛЕР ................................................................................................. 111 ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН СОҢҒЫ ОЙ ....................................................................................... 111 ӘСЕРЛІ СӨЗ .......................................................................................................................... 112 МАХАББАТ КҮЙІ ................................................................................................................ 113 УАҚЫТ ЖҮЙРІК... ............................................................................................................... 122 СҮЙГЕНДЕРДІ ҚАДІРЛЕ… ................................................................................................ 122 ӨЗІМ ТУРАЛЫ ...................................................................................................................... 123 ТІЛЕК ...................................................................................................................................... 124 ӨЗІММЕН ӨЗІМ ҚАЛҒАНДА… ......................................................................................... 124 КЕЙДЕ… ................................................................................................................................ 126 КЕЛІН КЕЛГЕНДЕ ............................................................................................................... 127 ЫҚЫЛАСТЫ ЖОЯТЫН НЕ ЖАҢҚАЛАП... ..................................................................... 128 ТІРШІЛІК ............................................................................................................................... 129 КЕҢДІК .................................................................................................................................. 130 ӨЛШЕМ.................................................................................................................................. 131 ШЫНДЫҚ .............................................................................................................................. 131 ДОМБЫРА ............................................................................................................................. 132 ЖАЗ ......................................................................................................................................... 133 ӘЙЕЛ ...................................................................................................................................... 133 СЕНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІҢ .................................................................................................. 134 ПОЭМАЛАР .............................................................................................................................. 135 МҰНАЙШЫ........................................................................................................................... 135 ӨМІР СЫНАҚТАРЫ............................................................................................................. 153 БӘЙТЕРЕК ............................................................................................................................. 155 ТАМАРА! ............................................................................................................................... 165 ТОЛҒАУЛАР ............................................................................................................................. 175 ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ ....................................................................................................................... 175 ӘДІЛЕТ ЖОЛЫНДА ............................................................................................................ 176 ӘДІЛДІК ................................................................................................................................. 178

ӨТКЕН КҮНДЕР ................................................................................................................... 180 МАҢҒЫСТАУҒА АРНАУ ................................................................................................... 183 БАЛЛАДАЛАР .......................................................................................................................... 186 ТАҒДЫР ТӘЛКЕГІ ............................................................................................................... 186 СӘБИ МЕН КҮШІК .............................................................................................................. 191 АНА МЕН БАЛА ................................................................................................................... 193 СӘЛЕМДЕМЕ ........................................................................................................................ 195 ЕКІ КЕЗДЕСУ ........................................................................................................................ 195 ПЕНДЕШІЛІК ДЕРТІ............................................................................................................ 198 СЕНІМ ЖӘНЕ АДАМ .......................................................................................................... 203 ӨМІР САХНАСЫНДА ......................................................................................................... 204 АНА, НӘРЕСТЕ ЖӘНЕ ХРУСТАЛЬ .................................................................................. 208 ТАҒДЫР ................................................................................................................................. 211 ӘНДЕР ........................................................................................................................................ 218 ТҰСАУ КЕСЕРДЕГІ ТІЛЕК ................................................................................................. 218 ЖАЗИРА ................................................................................................................................. 220 ЖАСАЙ БЕР, ЖАН АҒА ...................................................................................................... 220 АЛТЫНАЙ ............................................................................................................................. 221 ӘКЕ ......................................................................................................................................... 221 АЛТЫН ТОЙ.......................................................................................................................... 222 АНА ТУРАЛЫ ӘН ................................................................................................................ 222 АПАЛАРЫМА ....................................................................................................................... 223 ҚҰДАҒИЛАР ЖЫРЫ ........................................................................................................... 223 АЗИЯ ДАУЫСЫ .................................................................................................................... 224 АСТАНАМ ............................................................................................................................. 225 МАҢҒЫСТАУЫМ-МАҚТАНЫМ ...................................................................................... 225 ШІРКІН ӘН ............................................................................................................................ 226 ҚҰСТАР ҚАЙТҚАНДА ....................................................................................................... 226 ӨЗЕН КЕНІ ............................................................................................................................. 227

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙