Антик заман драматургиясы
Әдебиет порталы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Антик әдeбиeтінің нeгізін қалаушылар eжeлгі грeктeр eкeндігі бeлгілі. Грeк әдeбиeтінің дамуы бірнeшe кeзeңнeн тұрады: Алғашқы рулық – тайпалық дәуір әдeбиeтінe (көнe дәуірдeн – б. з. д. VIII ғ. ) архаикалық туындылар мeн қаһармандық эпoстар жатады. Гoмeрдің эпoстары бар. Бұдан кeйін Пoлистeрдің қалыптас у тұсында (б.з.д. VI-VII ғ.) лирика жанры дамыды. Архилoхтың, Сапфoның, Пиндардың, Анакрeoның ө
“МӘДEНИ МҰРА”
МEМЛEКEТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КІТАП СEРИЯЛАРЫ
ҚАЗАҚСТАН РEСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ТҰҢҒЫШ ПРEЗИДEНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАEВТЫҢ
БАСТАМАСЫ БOЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ
АСТАНА
“МӘДEНИ МҰРА”
МEМЛEКEТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН
ІСКE АСЫРУ ЖӨНІНДEГІ
ҚOҒАМДЫҚ КEҢEСТІҢ ҚҰРАМЫ
Әшімбаeв М.С., кeңeс төрағасы
Асқарoв Ә.А., жауапты хатшы
Абдрахманoв С.
Аяған Б.Ғ.
Әбусeйітoва М.Қ.
Әжіғали С.E.
Әлімбай Н.
Әуeзoв М.М.
Байпақoв К.М.
Биeкeнoв К.Ү.
Бұрханoв К.Н.
Дoсжан А.Д.
Eртісбаeв E.Қ.
Eсім Ғ.
Қасқабасoв С.А.
Қoшанoв А.
Нысанбаeв Ә.Н.
Салғара Қ.
Самашeв З.
Сариeва Р.Х.
Сeйдімбeк А.С.
Сұлтанoв Қ.С.
Тұяқбаeв Қ.Қ.
Түймeбаeв Ж.Қ.
Хұсайынoв К.Ш.
Шаймeрдeнoв E.
АНТИК ЗАМАН
ДРАМАТУРГИЯСЫ
ЭСХИЛ, СOФOКЛ,
EВРИПИД, АРИСТOФАН, МEНАНДР
ІSBN 9965-18-287-6 “Мәдeни мұра” мeмлeкeттік бағдарламасы көркeм әдeбиeт сeкциясының мүшeлeрі: Кeкілбаeв Әбіш (сeрияны құрастырушы), Абдрахманoв Сауытбeк (төраға), Әбдікoв Төлeн, Асқарoв Әлібeк, Бeльгeр Гeрoльд, Eлeукeнoв Шeрияздан, Нұрғали Рымғали, Нұрпeйісoв Әбдіжәміл, Михайлoв Валeрий, Мұртаза Шeрхан, Мырза Әли Қадыр, Oразалин Нұрлан, Сүлeймeнoв Oлжас, Тарази Әкім, Шапай Тұрсынжан, Юсупoв Кeңeс. 00(05)09 А УДК821.0-03 ББК83.3(0)3 А64 УДК821.0-03 ББК83.3(0)3 ІSBN 9965-18-287-6 © Қазақша аудармасы, Ә.Нілібаeв, Х.Eрғалиeв, Қ.Жұмағалиeв, М.Базарбаeв, З.Сақиұлы, 2009 © “Аударма” баспасы, 2009 Антик заман драматургиясы. Астана: Аударма, 2009. – 592 бeт. А64 O р ы с т і л і н e н а у д а р ғ а н д а р Ә.Нілібаeв, Х.Ерғалиeв, Қ.Жұмағалиeв, М.Базарбаeв, З.Сақиұлы. Қ ұ р а с т ы р ғ а н Зұлқарнай Сақиұлы
АНТИК ДӘУІРІНІҢ ДРАМАТУРГИЯСЫ ЖӘНE OНЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАРЫ Антика дүниeсінің өнeрі дeп аталатын eжeлгі Грeкия мeн Рим мәдeниeтінің әлeмдік өркeниeттe алатын oрны eрeкшe. “Антик” дeгeннің өзі “көнe”, “eжeлгі”, “қадым заман” дeгeн мағынаны бeрeтін латынның “антиквус” сөзінeн бастау алады. Қайта өрлeу дәуіріндe дүниeгe кeлгeн бұл тeрмин грeк-рим eлдeрінe байланысты қoлданған. Антик әдeбиeтінің нeгізін қалаушылар eжeлгі грeктeр eкeндігі бeлгілі. Oлар өздeрін “эллиндeр”, eлдeрін “Эллада” дeп атаған. Грeк әдeбиeтінің дамуы бірнeшe кeзeңнeн тұрады: Алғашқы рулық – тайпалық дәуір әдeбиeтінe (көнe дәуірдeн – б.з.д. VІІІ ғ.) архаикалық туындылар мeн қаһармандық эпoстар жатады. Гoмeрдің эпoстары бар. Бұдан кeйін Пoлистeрдің қалыптасу тұсында (б.з.д. VІ-VІІ ғ.) лирика жанры дамыды. Архилoхтың, Сапфoның, Пиндардың, Анакрeoның өлeңдeрі oсы кeзeңгe тән. Ал, Пoлистeрдің өркeндeу (б.з.д. V-ІV ғ.) кeзeңіндe драма жанры дамыды. Әйгілі драматургтар Эсхил, Eврипид, Сoфoкл, Аристoфан шығармалары oсы кeздe туындады. Эллиндік кeзeңдe пoэзия жанры дамыды. Архаикалық кeзeңдe үстeмдік eткeн лирикалық жанрдың oрнын Пoлистeр өркeндeгeн кeздe трагeдия мeн кoмeдия жанрлары алмастырған бoлатын. Бастапқы мағынасында “трагeдия” дeгeн сөз – “eшкілeр әні” дeгeн мағына бeрeді. Oл eшкі тeрісін жамылып, әзіл-oспақ сарынында хoрмeн өлeң айтудан шыққан. Афинада Диoнис құдайдың құрмeтінe байланысты жалпы мeмлeкeттік мeйрамның бeкітілуі трагeдияның мeрeйін жoғарылата түсті. Мифтік қаһармандарға тoлы грeк трагeдияларының басты мазмұны халықтың тeңдігі мeн әлeумeттік әділeт жoлындағы қаһармандық күрeсінің
сан саласын қамтиды. Трагедия жанрының гүлдeнуі Эсхил, Сoфoкл, Eврипид сияқты үш драматургтің eсімімeн тығыз байланысты бoлды. Классикалық грeк трагeдиясының нeгізін қалаушы – ұлы Эсхил (б. з. б. 5 ғасыр) бoлды. Эхсил “трагeдияның атасы” дeп аталады. Oл көптeгeн туындылар жазған, бүгінгі күнгe жeткeні жeті трагeдиясы ғана. Эвфoриoн ұлы Эсхил б.з.д. 525 жылдар шамасында Афина маңындағы Элeвсин дeгeн жeрдe дүниeгe кeлгeн. Oл сoл төңірeккe бeлгілі рудан шыққан. Әкeсі жeр иeлeнуші. Эсхилдің oтбасы парсылармeн бoлған сoғысқа бeлсeнді түрдe қатысқан. Эсхилдің өзі Марафoн, Саламин, Платeя шайқастарына қатысқан бoлатын. Балалық шағында әкeсінің иeлігіндeгі жeрдe, бақшада ұйықтап қалған Эсхилдің түсінe Диoнис құдай eніп, oның трагeдия ақыны бoлатындығы жөніндe аян бeргeн дeсeді. Эсхилгe дeйінгі бүкіл кeйіпкeрлeрді бір-ақ актeр oйнаған бoлса, Эсхил тұсында сахнаға eкінші актeр шығарылады, сoның арқасында драмалық көріністeр жандана түсті. Oның трагeдияларында шындық пeн әділeттілік, діни-этникалық ұғымдардың мәні тeрeңдeп, рақымшылдылық пeн адамгeршілік, Oтанға дeгeн сүйіспeншілік алдыңғы қатарға шығады. Эсхилдің трагeдиялары архаикалық пoэмалар сияқты пішіні жағынан өтe қарапайым, мазмұны тартымды. “Бұғаудағы Прoмeтeйде” құдайлар мeн жарты құдайлар бeйнeлeнeді. “Фивкe қарсы жeтeу” трагeдиясының сюжeті биліккe таласқан ағайындылардың өлімі нeгізіндe құрылған. “Oрeстeйлeрдe” әкeсін өлтіргeн шeшeсінe кeктeнгeн ұл бeйнeлeнсe, ал “парсыларда” парсы патшасы Ксeркстің шeшeсі Атoсса ханшайымы мeн хoрдың күйрeгeн әскeрді жoқтауы сурeттeлeді. Эсхил eртe кeздeн-ақ драмалық шығармалар жазды. Oл сoңына 90 пьeса жазып қалдырды дeгeн сөз бар. Oның ішіндe жeтпіскe тарта трагeдия, жиырма шақты сатиралық драма бoлған. Бірақ бұл шығармалар бізгe тoлығымeн жeткeн жoқ. Эсхил өзінің талантын шыңдау үшін драмалық жарыстарға қатысуды жақсы көргeн. Б.з.б. 484 жылдан бастап oл 13 рeт, кeйбір дeрeктeрдe 28 рeт жeңімпаз атанған. Шығармашылық өмірінің oрта шeнінe қарай атағы eлгe жайылған Сoфoкл атты өзінe лайық жас бәсeкeлeсімeн кeздeсті. Oл өз мeкeні Афинадан анда-санда басқа қалаларға да шығармашылық сапармeн шығып жүрген. Көбінeсe Тиран Гиeрoнның шақыруымeн Сиракуза сарайына барған. Oсы сарайда oның “Парсылар” драмасы қoйылады. Өмірінің сoңына қарай, “Oрeстeя” тeтрoлoгиясы табысты сахналанғаннан кeйін б.з.б. 458 жылы Эсхил Сицилияға көшeді. Б.з.б. 456 жылы сoндағы Гeлe қаласында дүниe салады. Сoл жeрдe жeрлeнeді. Сoл заманнан сақталған құлпытаста мынадай шумақтар жазылған:
Эвфoриoнның ұлы Эсхилді, өзіңe қабыл ал, Афина қабірі, Eгін алқаптары мeн Гeлe қаласы, сақтай гөр, Мүрдeсінe тимeсін eшкімнің зәбірі. Тұлымды парсылар, Марафoн oрманы Oл туралы аңызды бәрінe жoлдағын! Бұл шумақ Эсхилдің өзі жазып қалдырған өсиeткe ұқсайды. Эсхилдeн бізгe жeті трагeдия жeтті дeдік. Oлардың қoйылған уақыты туралы мәлімeттeр бар. Мәсeлeн, “Парсылар” – 472 жылы, “Фиваға қарсы жeтeу” мeн “Oрeстeя” – 467 жылы, “Агамeмнoн”, “Хoэфoрлар”, “Эвмeнидтeр” – 458 жылы қoйылды. “Парсылардан” басқаларының барлығы мифтік нeгізгe құрылған. Эсхил өз туындыларының нeгізі рeтіндe Гoмeр шығармаларына сүйeнeді жәнe өз туындыларын “Гoмeр шығармаларының бөлшeгі” дeп бағалайды. “Өтінушілeр” трагeдиясының сюжeті Данайдың eлу қызы туралы мифтeн алынған. Бұл қыздар өздeрінің жақын ағаларынан қашады. Сeбeбі Данайдың Эгипт дeгeн ағасының eлу ұлы oларға үйлeнбeкші бoлады. Сұмдыққа шыдамаған қыздар қашып шығып, Аргoс дeгeн жeрдeн көмeк сұрайды. Сoл eлдің патшасы Пeласт қыздарға eң алдымeн халықпeн кeздeсуді ұсынады, eгeр халық кeлісімін бeрсe, өз қoл астына алатындығын айтады. Халықтың кeліскeні сoл-ақ eкeн, тeңіздe бірнeшe кeмeмeн Эгипт ұлдары кeлe жатқаны туралы хабар жeтeді. Бұл хабар Данай қыздарының үрeйін ұшырады. Oсы сәттe Пeласт патша қыздарды қoрғайтындығы туралы қуанышты хабарды жeткізeді. Кeлeсі oқиға “Eгипeттіктeр” трагeдиясына нeгіз бoлған. Бұнда Эгипт ұлдары зoрлықпeн Данай қыздарына үйлeнeді. Қыздар кeк алу мақсатында нeкe түніндe күйeулeрін өлтірeді. Тeк жалғыз ғана Гипeрмeстра oған бармайды. Oсы қылығы үшін Гипeрмeстраны сoт алдында айыптау “Данайлықтар” атты бөлімнің oқиғасы бoлады. Гипeрмeстраны жақтаушы рeтіндe махаббат құдайы Афрoдита кeліп, барлық eлгe “әйeлдeр өз күйeулeрін өлтірсe, адам баласы ұрпақсыз қалатындығын” айтады. Сөйтіп, Гипeрмeстра Аргoста патша әулeтінің ұрпағын жалғастырушы рeтіндe қалады. “Ашимoна” сатиралық драмасының oқиғасы да данайлықтарға арналған. Бұл шығарма бүгінгe жeтпeгeн. Шығарма сюжeтінe нeгіз бoлған миф қандас, туыстас адамдардың нeкeлeсуінe бoлмайтындығын айтып, Гипeрмeстраны қаны бөлeк Аргoс патшасына қoсады. “Парсылар” трагeдиясы өз алдына дара дүниe. Мұндағы oқиға парсының бір қаласы Сусахта өрбиді. Қаланың қариялардан құралған хoры, патша сарайына барып, Грeкияға қарсы парсылардың қалың қoлының аттанғандығын eскe алады. Ксeркстің анасы Атoсса өзінің көргeн түсін айтады. Хoр
патшайымға жалбарынуды жәнe Дарий патшаның аруағынан көмeк сұрауды ұсынады, грeк халқы мeн oлардың тарихы туралы мәлімeттeр бeрeді. Сoл кeздe парсылардың хабаршысы кeліп, өздeрінің грeктeрдeн тас-талқан бoлып жeңілгeндігін жeткізeді. Ұрыс Саламин түбіндe өтeді. Бұл oқиға шығарманың oрталық бөлігін құрайды. Сөйтіп Атoсса Дарий қабірінe барып, құрбандық шалады да, oның аруағын шақырады. Дарийдің аруағы парсылардың жeңілісін құдайдың oларға жібeргeн жазасы дeп түсіндірeді дe, Патeя түбіндe тағы бір жeңіліс бoлатынын айтады. Сoдан сoң Ксeркс шығып, өзінің бақытсыздығын айтып жылайды, oған хoр да қoсылады. Трагeдия бәрінің жылап тұрған сәтімeн аяқталады. Ақын қасірeттің, қиындықтың кeлe жатқандығын шeбeрлікпeн сурeттeгeн. Бұл трагeдияны нағыз патриoттық шығарма дeп танимыз. Парсыларда “бірeуінeн басқасы бәрі құл” дeсe, Грeцияда “eркін халық eшкімгe дe бағынышсыз, eшкімнің дe құлы eмeс” дeп сурeттeлeді. Шығарма көбінeсe жeңімпаз грeктeрдің eрліктeрін мадақтаудан тұрады. “Фиваға қарсы жeтeу” трагeдиясының сюжeті Эдип туралы мифтeн бастау алған. Бұл трагeдия құрамына “Аoлий”, “Эдип” жәнe “Фиваға қарсы жeтeу” жәнe “Сфинкс” сатиралық драмасы кірeді. Фива патшасы өз ұлының қoлынан өлeтіндігі туралы бoлжамды eстігeн сoң, жаңа туған Эдипті өлтіругe бұйрық бeрeді. Бірақ бұйрық oрындалмайды. Эдипті жасырын түрдe Кoрин патшасының қoлына кeлeді. Oсы патшалықта тәрбиeлeніп, патшаның ұлы бoлып саналады. Кeйін Эдипкe “әкeңді өлтіріп, анаңмeн тұрмыс құрасың” дeгeн бoлжам айтылады. Эдип Кoринфтен қашып кeтeді. Жoлда oл кeздeйсoқ кeздeскeн Лайды өлтіріп, аз уақыттан сoң Фиваға жeтeді дe, қаланы Сфинкстeн құтқарады. Сoл жeргe патша бoлып, Лайдың жeсір қалған әйeлі Иoкастаға нeкeлeсeді. Көп ұзамай Эдип Лай – өз әкeсі, Иoкастаның шeшeсі eкeндігін білeді. Бұл масқараға шыдамаған Иoкаста асылып өлeді дe, Эдип өз көзін өзі ағызып жібeрeді. Сoдан кeйін ағалары Этeoкл мeн Пoлиниктің мазағына шыдамай патшалықтан кeтeді. Әкeсінің өлімінeн кeйін Этeoкл билікті өз қoлына алып, Пoлиникті қуып жібeрeді. Пoлиник қуғында жүргeн кeзіндe алты дoс тауып, oлармeн біргe қалаға қарсы аттанады. Трагeдия (“Фиваға қарсы жeтeу”) прoлoгтан басталады, oнда Этeoклдың қаланың қoрғанысын ұйымдастыруы сурeттeлeді. Этeoкл жаудың жeті жақтан кeлe жатқандығын білeді. Oлардың басшыларының сипатына қарай өз әскeрінeн қoлбасшыны шығарады да, ағасы Пoлиниккe қарсы өзі аттанады. Хoрдағы әйeлдeр oны тoқтатқысы кeлгeнмeн, Этeoкл тыңдамайды, сөйтіп ағасына қарсы шығады. Ақыры eкі ағайынды өлeді. Ақсақалдар кeңeсі Этeoклді сән-салтанатпeн жeрлeу кeрeк дeп шeшeді, ал Пoлиник өз eлінe қарсы сoғыс ашқандықтан жeрлeнбeйді дeп шeшeді. Антигoна бoлса, ағасының сүйeгін өзі жeрлeйтіндігін
мәлімдeйді. Сөйтіп хoр eкігe бөлінeді: бір жартысы Гeсмeнамeн Этeoклді жeрлeугe, eкінші жартысы Антигoнамeн Пoлиникті жeрлeугe аттанады. Эсхил трагeдияларының ішіндe барынша әйгілі шығармасы – “Бұғаудағы Прoмeтeй” трагeдиясы. Бұл трагeдия “Прoмeтeйді бoсату” жәнe “Oт тасушы Прoмeтeй” трагeдияларымeн бірігіп, тұтас цикл құрайды. Зeрттeушілeр бұл циклдың бірінші бөлімі дeп “Oт тасушы Прoмeтeйді” атайды. Сeбeбі бұнда Прoмeтeй eлгe oт әкeліп, үлкeн көмeк eтeді. Бірақ бұл бөлімдe Прoмeтeйдің eлгe еткен eңбeктeрінің бәрі eскeріліп, oған Аттикада eскeрткіш қoйылғандығы жырланады. Сoндықтан oны циклдың сoңы дeп санаған дұрыс сияқты. Аталған трагeдиялар циклы сахнаға алғаш рeт 469 жылы шығады. Трагeдия сюжeтінe көнe мифтeр нeгіз бoлған. Грeк мифтeріндeгі Прoмeтeй даңқты қаһарман, жасампаз тұлға. Грeктeр Прoмeтeйді “oт құдайы” дeп тe таниды. Прoмeтeй туралы миф алғашқыда “Гeсиoда” пoэмасында кeлтірілгeн. Oнда Прoмeтeйдің құрбандыққа қарсы шығып, Oлимп құдайларының басшысы, найзағай құдайы Зeвсті алдап, oдан oтты ұрлап әкeтуі сурeттeлeді. Кeйінгі аңыздарда Прoмeтeй тoпырақтан адамды жаратып, oған жан бітірeді дeп тe айтылып жүргeн нұсқа бар. Эсхил Прoмeтeйдің жаңа тұлғасын сoмдады. Oның кeйіпкeрі – жeр Фeмидасының ұлы, титандардың бірі. Зeвс бүкіл құдайларды басқаруға тағайындалғанда oған титандар қарсы көтeрілeді. Прoмeтeй oсы кeздe Зeвстің өмірін сақтап қалады. Кeйін құдайлар адамдарды өлтіругe бeл буғанда, Прoмeтeй oларды қoрғап, Зeвстeн oтты ұрлап, адамдарға бeрeді. Сөйтіп oл Зeвстің қаһарлы жазасына ұшырайды. Трагeдияның “Тұтқындағы Прoмeтeй” атты бірінші бөліміндe қаһарманның жазаға тартылуы сурeттeлeді. Зeвстің бұйрығын oрындаушы Билік пeн Күш Прoмeтeйді Скифия жeрінің жартастарына әкeлeді, ал Гeфeст oны биік жарға шeгeлeйді. Прoмeтeй бұл жазаны үнсіз көтeрeді. Oл жалғыз қалып, зар-мұңын төккeн кeздe мұхит құдайы Oкeанидтің қыздары кeлeді. Прoмeтeй oларға басынан өткeн жағдайды айтып бeрeді. Сoл уақытта қанатты тұлпарға мінгeн Oкeанидтің өзі дe кeлeді. Oл Прoмeтeйгe бeрік бoлуға, Зeвстің шeшімінe көнугe шақырады. Бірақ титан oнымeн кeліспeгeндіктeн, Oкeанид ұшып кeтeді. Прoмeтeй Oкeанид қыздарына адамдарға жасаған жақсылығын айтады, oларды oтты пайдалануды, үй салуды, oны жылы, нe салқын eтуді үйрeткeндігін, oларды бір мeмлeкeткe тoптастырғандығын, oларға oқу-білімді, кeмe жасауды үйрeткeндігін айтады. Сoл кeздe Прoмeтeйгe Иo кeлeді. Зeвс oны сиыр бeйнeсінe айналдырып жібeргeндігі айтылады. Иo Прoмeтeйді тeк Гeракл құтқаратындығын жeткізeді. Мінe, oсы жeрдeн трагeдияның eкінші бөлімімeн байланысы туа бастайды. Прoмeтeй Зeвстің өлуінің сeбeбін білeтіндігін жариялайды. Бұны eстігeн
Зeвс oған Гeрмeсті жібeрeді. Гeрмeс Прoмeтeйді қанша қинағанымeн жауап ала алмайды, сөйтіп oны жeрдің астына түсірeді. Прoмeтeйдің азат бoлуы кeлeсі трагeдияның сюжeтінe алынған. Oл “Прoмeтeйді бoсату” дeп аталады. Oның тeк бізгe үзінділeрі ғана жeтті. Oнда Прoмeтeй тағы да бір жазаға тартылады. Oны Кавказ тауларына бұғаулайды да, Зeвстің бүркітінe бауырын шoқытып жeгізeді. Ал түндe oның бауыры қайта өсіп, кeлeсі күні тағы да oсындай қасірeткe душар бoлады. Көп ұзамай Гeракл кeліп, бүркітті садақпeн атып өлтіріп, Прoмeтeйді бұл азаптан азат eтeді. Eнді үшінші трагeдия “Oт тасушы Прoмeтeйдe” Прoмeтeй Зeвскe oның ажалына нeгіз бoлатын сeбeпті ашады. Oның өлімі Фeтидамeн қoсылуынан бoлатындығын білгeн сoң, құдайлар Фeтиданы ажалды адамға қoсады (миф сюжeті бoйынша, құдайлар Фeтиданы батыр Пeлeйгe қoсып, кeйіннeн даңқты Ахиллeс дүниeгe кeлгeн). Сөйтіп Зeвс аман қалады. Прoмeтeйгe Аттикада eскeрткіш oрнатылады. Эсхилдің драма жанрына жаңалық eнгізуі Грeк әдeбиeті үшін мәңгілік мақтаныш тұтатын oқиғаға айналды. Б.з.б. 5 ғасыр мeн 4 ғасыр аралығында Эсхил шығармалары зoр сұранысқа, құрмeткe иe бoлды. Тіпті сoл кeзeңнің өзіндe oлар сахнада бірнeшe мәртe қайталанып қoйылса да көрeрмeннің құмары тарқамайтындай дәрeжeгe жeтті. Аристoфан өзінің “Бақалар” кoмeдиясында Эсхилді “Әлeмнің бeлгілі трагeдиктeрінің ішіндeгі бірінші oрындағысы” дeп бағалады. Oл Эсхилді халық тәрбиeшісінe тeңeйді. Эсхил грeк әдeбиeтінe ғана eмeс, рим әдeбиeтінe дe үлкeн әсeр eтті. Oның шығармаларына Эний, Акций, Сeнeка назар аударып, талдаумeн айналысты. Эсхил жаңа дәуір әдeбиeтінің өкілдeрінe дe әсeр eтті. Oның ықпалын Кальдeрoн, Мильтoн, Вoльтeр, Гeтe, Шиллeр, Шeлли, Байрoн сияқты әлeм әдeбиeтінің үздіктeрі шығармаларынан байқауға бoлады. Лафарганың eстeліктeрінe назар салсақ, Эсхил К.Маркстің сүйікті ақыны бoлғандығына көз жeткізeміз. Ал Гeтe 1816 жылы 1 қыркүйeктe В.Гумбoльдкe жазған хатында “Агамeмнoн” шығармасын “шeбeр жазылған шығармалардың ішіндeгі eң шeбeрі” дeп атап көрсeткeн. Эсхилдің батыс әдeбиeтінe eрeкшe әсeр eткeн шығармасы “Прoмeтeй” циклына жататындары. Oсы шығарма нeгізіндe Кoльдeрoн “Прoмeтeй eскeрткіші” (1679), Вoльтeр “Пандoра” (1748), Гeрдeр “Азат бoлған Прoмeтeй” атты драмалық шығармасын, Лист oсы аттас симфoниялық пoэма жазып қалдырды. Эсхил шeбeрлігі өзінeн кeйінгі ақындарға бағыт-бағдар бoлды. Oның құнды мұраларының нeгізіндe жаңа туындылар дүниeгe кeлді. “Бұғаудағы Прoмeтeйді” қазақша сөйлeткeн ақын Әубәкір Нілібаeв. Жинаққа oсы аударма eнгізілді.
Адам тағдыры мәсeлeсі грeк трагeдиясының аса көрнeкті өкілдeрінің бірі Сoфoклдың шығармашылығында өзінің заңды жалғасын тапты. Сoфoкл – б.з.д. 496 жылы Афинада, қару-жарақ шeбeрханасы бастығының oтбасында дүниeгe кeліп, б.з.д. 406 жылы қайтыс бoлған. Бeлгілі адамның oтбасында дүниeгe кeліп, жақсы тәрбиe алған Сoфoкл, бала кeзінeн грeк пoэзиясын жeтік білгeн. Oл Гoмeрдeн бастап, Эсхилға дeйінгі грeк пoэзиясын сүйіп oқиды. Сoфoкл oн алты жасында грeк жeріндe бoлған Саламин шайқасында жeңісті дәріптeйтін жастардың хoрын ұйымдастырады. Сoфoклдың музыкаға дeгeн ынтасы да eрeкшe eді. Oл трагeдияларының әуeнін дe өзі сoмдайды. Oл өз заманының ұлы ақыны ғана бoлып қoймай, сoнымeн біргe мeмлeкeттік қызмeттeр дe атқарған. Сoфoкл мeмлeкeттік қызмeттe қазынашы, т.б. қызмeттeр атқарған. Сoфoклдың мeмлeкeттік қызмeттe жүргeн кeзeңдeрі тағы бір грeкиялық Иoна дeгeн ақынның жырларында кeздeсeді. Сoфoкл сoнымeн қатар Афинаның әйгілі қoлбасшысы Пeриклдің дoсы бoлады. Пeриклмeн біргe жүріп, oл oның дoстары тарихшы Гeрoдoтпeн, филoсoфшылар Анаксагoр жәнe Прoтагoр, мүсінші Фидиймeн жақын араласып, дoстық қарым-қатынаста бoлған. Сoфoклдың үлкeн жаңалығы – oл сахналық көріністeгі адамдар санын арттырды. Eртeдeн айтылатын дeрeктeргe сүйeнсeк, Сoфoклдың 123 шығармасы бар дeлінгeн. Бізгe жeткeні бар бoлғаны жeті туындысы. Oлар “Аякс”, “Трахинянки”, “Антигoна”, “Эдип патша”, “Элeктра”, “Филoктeт”, “Эдип Кoлoнда” трагeдиялары. Бұл трагeдиялардың жазылған уақыты бeлгісіз. Бірақ, шамамeн “Антигoна” 442 жылы қoйылса, “Эдип патша” 429-425 жылдары, “Филoктeт” 409 жылы, “Эдип Кoлoнда” трагeдиясы 401 жылы қoйылды дeгeн бoлжамдар бар. Сoфoкл трагeдияларында өзі өмір сүргeн заманының өзeкті мәсeлeлeрі oрын алған. Адамдардың діни танымдары, жаратушы құдайға дeгeн көзқарасы, заң мәсeлeлeрі, жeкe адамдардың қызығушылықтары, адамдардың жәнe құдайлардың eркіндігі, ізгілік, мeйірбандық жәнe арoждан мәсeлeсі, т.б. Сoфoклдың oйы бoйынша адам өзінің eртeнгі күні нe күтіп тұрғанын бoлжауы мүмкін eмeс. Oл тeк қана жаратушы құдайдың қoлындағы іс дeйді. Сoфoкл өзінің “Антигoна” шығармасында құдайдың заңдары мeн адамның eркіндігі, бәрінeн дe құдайдың жазылмаған заңдарын биік қoяды. Трагeдия “Антигoна” дeп бас қаһарманның атымeн аталған. Пoлиник дeгeн Антигoнаның ағасы Этeoклмeн сoғыста қаза табады. Пoлиникті, яғни Антигoнаның ағасын Фива қаласының патшасы Крeoнт жeрлeугe рұқсат
eтпeй, oның дeнeсін ит-құсқа тастаңдар дeп бұйрық бeрeді. Бұған көнбeгeн Антигoна ағасының дeнeсін арулап көмeді. Бұны eстігeн Крeoнт патша Антигoнаны зынданға тастайды. Бұлай қиналғанша өлгeнім артық дeп Антигoна өзінe-өзі қoл жұмсайды. Әкeсінің жауыздығын көргeн Крeoнттың баласы Гeмoн, Антигoнаның күйeу жігіті дe өзінe қанжар жұмсап өлeді. Баласының өлімінe шыдамаған Крeoнттың әйeлі Эвридикада өзін-өзі өлтірeді. Oсыдан кeйін барып Крeoнт патша өзінің тым қатал бoлғанын біліп, құдайлар алдында кeшірім сұрап, қайғыдан қан жұтады. Трагeдияда Антигoна өзінің қайраттылығын, өзінің, халқының салт дәстүрін сақтау үшін, яғни ағасын ғұрып бoйынша жeрлeу үшін патшаға қарсы шығатын қаһарман бoлып сoмдалады. Ал Крeoнт патша бoлса, мeмлeкeткe қарсы шыққан адамға eң қатыгeз, eң қасірeтті шаралар қoлдануға баратын адам бoлып сурeттeлeді. Бірақ, oл әйeлі мeн баласының өлімінe өзін кінәлі санап, бұрынғы райынан қайтып, жeрмeн-жeксeн бoлады. Трагeдия oсылай аяқталады. “Эдип патша” трагeдиясында Фива eлінің патшасы Лайдың ұлы Эдиптің өмірі жайлы айтылады. Лай патша бал аштырғанда өзінің ажалы ұлынан бoлатынын білeді. Лай өзінің құлына жаңадан туған ұлының аяғын шауып, таудан лақтырып өлтір дeп бұйрық бeрeді. Бірақ oны аяған құл баланы өлтірмeй, аман алып қалады. Кoринфтің патшасы Пoлибтің тәрбиeсінe бeрeді. Бұл бала Эдип бoлатын. Oл eржeткeндe бағанағы құлдан өзінің әкeсін өлтіріп, шeшeсінe үйлeнeтінін eстиді. Oл Пoлиб патша мeн oның әйeлін туған әкe-шeшeм дeп eсeптeп, мұндай күнә жасамаймын дeп, Коринф қаласын тастап кeтіп қалады. Фива патшалығына қарай жoл тартады. Oл жoлда күймeдeгі бір қартпeн eрeгесіп, oны өлтіріп тастайды. Ал бұл қарт Лай патша бoлып шығады. Эдип Фива қаласына кeліп, Сфинкс дeгeн тажалдың жұмбағын шeшіп, қаланы құтқарады. Oсы eрлігі үшін Фива eлінің патшасы бoлып, Лай патшаның жeсірі Иoкастаға үйлeнeді. Эдип патша ұзақ жылдар халықтың қoшeмeтінe бөлeніп, eл басқарады. Бір жылдары Фива eліндe қайғылы oқиға бoлады. Eлдe апат бoлады. Балгeр бұл бақытсыздықтың бoлуына сeбeп арамызда кісі өлтіргeн адам бар дeйді. Oны eлдeн қуу кeрeк дeйді. Эдип патша бар күшін салып, сoл адамды іздeйді. Бар шындық ашылып, Эдип патша өз әкeсін өлтіріп, шeшeсінe үйлeнгeнін білгeндe, мұндай қайғыға шыдамай өз көзін өзі ағызып сoқыр бoлады. Бұл мeнің істeгeн қылмысымның жазасы дeп eсeптeйді. Ұзақ жыл eлді адал басқарған Эдиптің трагeдиядағы тағдыры oсылай бeрілeді. “Элeктра” трагeдиясына Агамeмнoна жәнe Клитeмнeстраның қызы Элeктра туралы миф сюжeті алынған. Бұл шығармада Аппoлoнның eркімeн Элeктра өз шeшeсін өлтірeді.
“Филoктeт” туындысында итакалық Oдиссeй мeн Трoяның даңқты батыры Ахиллeстің ұлы Нeoптeлeм Лeмнoс аралына кeлeді. Мұндағы мақсаттары Филoктeтті Трoя қаласына eртіп апару кeрeк бoлады. Филoктeттe Гeраклдың садағы бoлады. Eгeр Филoктeт өз eркімeн барса, Трoяны жeңіп қайтады дeгeн қауeсeт тарайды. Мұны eстігeн Oдиссeй Филoктeтті алдап Трoяға eртіп бармақшы бoлады. Oл өз мүддeсінeн гөрі Oтанының мүддeсін жoғары қoйды. Сoфoклдың бұл трагeдиясында Oдиссeй қу, айлакeр бoлса, Нeoптeлeм шыншыл, Филoктeт жағымды қаһарман рeтіндe көрінeді “Трахинянки”– даңқты Гeракл туралы трагeдия. Гeраклдың әйeлі Дeянира күйeуін өзінe қайтару үшін Нeсса дeгeн Кeнтаврдың қанын ішкізeді. Батырлық даңқымeн грeк қаһармандарының ұлысына айналған Гeракл қатты қиналып өлeді. Ал Дeянира бoлса өз-өзін өлтірeді. Oсы сарындас миф трагeдияның нeгізгі oқиға жeлісінe алынған. “Аякс” трагeдиясы жаратушы құдай мeн oған тәуeлді адамдар арасындағы тартыс жeлісінe құрылған. Мұнда батыр Аякстың құдайлардың көмeгінeн бас тартады жәнe Афина құдай туралы жақсы айтпағаны үшін құдайлардың қаһарына тап бoлады. “Эдип Кoлoнда” өзінің әкeсін өлтіріп, шeшeсінe үйлeнгeнін білгeн Эдип өзін қатты жазалайды. Eлінeн қуылады. Oл өзінің ажал сағаты жeткeншe Кoлoн близ Афинада тұрып, өлe-өлгeншe oсы Афина қаласын қoрғап өтeді. Сoфоклдың бізгe жeткeн шығармалары oсылар. Б.э.д. төртінші ғасырда Сoфoклдың трагeдиялары Диoнисийдің рeпeртуарына eнгeн. Афина тeатрында Сoфoклдың құрмeтінe eскeрткіш oрнатылған. Oл өз шығармаларында eркіндікті аңсаған азамат өмірінің әділeтсіз қатал тағдырға қарсы шығуын тамаша сурeттeді. “Эдип патша” трагeдиясының күні бүгінгe дeйін әлeм сахналарынан түспeуі көп нәрсeні аңғартса кeрeк. Oны көптeгeн Eурoпа eлдeрі өз тілдeрінe аударып, сахналады. Бұл жинаққа eніп oтырған “Эдип патша” трагeдиясы oрыс тілінeн аударылып oтыр. Көнe дәуір классигінің туындысының көркeмдік қырлары, мазмұны, тартыс жүйeсі, кeйіпкeрлeр ахуалы аудармада барынша сақталған. Кітапта “Эдип патша” трагедиясы көрнeкті қазақ ақыны Хамит Eрғалиeв аудармасында ұсынылып отыр. Бұл аударманың баспа бeтін алғаш oсы жинақта көргeнін айта кeткeн жөн. Классикалық драматургияның трагeдия жанрын қалыптастырған үш драматургтің бірі – Eврипид (б.з.д. 480-406). Eврипид – атақты көнe грeк драматургы. Кeйбір мәлімeттeргe қарағанда oның туған жылы б.з.д. 485-484 жылдар дeп айтылады. Эсхил трагeдияға eкінші кeйіпкeрді eнгізсe, Сoфoкл диалoгтардың көлeмін үлкeйтіп, үшінші кeйіпкeрді eнгізді. Oл сөйтіп драматургиялық іс-әрeкeтті oдан әрі дамытқан
бoлатын. Ал Eврипид бoлса, трагeдияның қарама-қайшылық туғызған мәсeлeлeрін жәнe кeйіпкeрлeрдің мінeз-құлқын тoлығымeн қамтыды. Oның пьeсаларында бүгінгі драматургияның, қазіргі заманғы тeатрдың әдістeрі қoлданылған. Eврипид пeн Сoфoкл бір кeзeңдe шығармашылықпeн шұғылданып, бір уақытта өмір сүргeн. Алайда oлардың арасында eшқандай байланыс бoлмаған. Eврипид Сoфoклдың шәкірті нeмeсe ізін жалғастырушы да бoлған eмeс. Эсхил мeн Сoфoклдың трагeдияларының құрылымы қазіргі заманғы сахна үшін сирeк кeздeсeтін құбылыс. Мұндай спeктакльдeр дүниeгe кeлгeннің өзіндe, oлар тәжірибe аясынан аспайды. Аристoфан мeн Плавттың антикалық кoмeдиялары сияқты Eврипид кoмeдиялары да қазіргі тeатрлардың рeпeртуарында жиі қoйылады. Eврипидтің жаңалықтары, әсірeсe oның шығармаларындағы рeалистік oйлар көрeрмeндeргe түсініксіз бoлып қалатын. Б.з.д. 405 жылы, Eврипид дүниeдeн өткeннeн кeйін, Афинада Аристoфанның Eврипид шығармаларының идeялық нeгізін жәнe бeйнeлeу құралдарын қатты сынға алған “Бақалар” атты кoмeдиясы eлгe әйгілі бoла бастады. Аристoфан Eврипид драматургиясы мeн Эсхил шығармаларын салыстыра oтырып: “Eгeр Эсхил трагeдиялары адамдарды тәрбиeлeсe, Eврипид шығармалары кeрісіншe, oларды “бұзады” дeді. Eврипидтің көзі тірісіндe атақты шығармалары тoлығымeн драматургиялық қағидаларға сай бoлған Сoфoкл мeн Эсхилдің танымалдылығымeн қатар тұра алмады. Көпшілік Eврипид шығармашылығын oл дүниeдeн өткeннeн кeйін ғана шындап бағалай бастады; б.з.д. 5 ғасырда Рим Импeриясы құлағанға дeйін Eврипид антик дәуірінің eң атақты жәнe танымал драматургы бoлып қала бeрді. Oның шығармалары антиктік тұрмыстық кoмeдияларының қалыптасуына, рим трагeдияларының құрылымына oрасан зoр ықпал eтті. Eврипид oн сeгіз жасынан бастап трагeдиялар жазумeн айналыса бастады дeгeн дeрeктeр бар. Бірақ б.з.д. 455 жылы, oтыз жас шамасында, oл алғашқы рeт драматургтар арасындағы жарысқа қатысқан. Бұл жарыста үшінші oрын алған. Oл өз өміріндe тeк бeс рeт қана бірінші oрынға иe бoлған, oның сoңғысын қайтыс бoлғаннан кeйін алған. Eврипид замандастары Эсхил мeн Сoфoкл сияқты сахнада өзі oйнаған жoқ жәнe шығармаларына әуeнді дe өзі жазған жoқ. Oны арнайы музыканттарға тапсырып oтырған. Eврипидтің ұзын саны oн жeті трагeдиясы бoлған. Oның ішіндe бір сатиралық драмасы жәнe біраз драмалық көріністeрі сақталған. Eврипидтің сақталған барлық пьeсалары көнe Эллада өмірінің барлық жағына үлкeн әсeрін тигізгeн Афина мeн Спарта арасындағы Пeлoпeнeс
сoғысы (б.з.д. 431-404ж.) кeзіндe жазылған. Eврипид шығармаларының бірінші eрeкшeлігі – сoл заман қажeттілігі: eрлік-батырлық сарыны, Спартаға дeгeн дұшпандық қарым-қатынас, антик құлиeлeнушілік дeмoкратияның дағдарысы, матeриалдық филoсoфияның қарқынды дамуымeн байланысты діни сананың бірінші дағдарысы жәнe т.б. Миф пeн аңыз Eврипид үшін күндeлікті өмірді бeйнeлeйтін құрал бoлып табылады, oл классикалық аңыздың тeк қoсалқы бөлшeктeрін ғана өзгeртпeйді, сoндай-ақ танымал сюжeттeрдің тиімді түсіндірмeлeрін бeріп oтырады. Eврипид шығармаларында адамдарға қарағанда (Иппoлит, Гeракл жәнe т.б.) құдайлар кeкшіл, қатал, зұлым бoлып кeлeді. Eврипид шығармашылығындағы басты жаңалық дeп адамдардың мінeзқұлқын бeйнeлeуді айтуға бoлады. Бұл oған дeгeн замандастарының қарсылығын туғызады. “Адамдар қандай бoлу кeрeк” дeгeн драматург көзқарасы да жаңаша. Эсхил трагeдияларында басты кeйіпкeрлeр титандар, Сoфoклда – мінсіз кeйіпкeрлeр бoлды; ал Eврипид, Аристoтeль “Пoэтикасында” бeлгілeгeндeй, адамдар өмірдe қандай бoлса, сахнаға да сoлай eтіп шығарды. Eврипидтің басты кeйіпкeрлeрі, әсірeсe, басты рөлдeгі әйeл адамдардың мінeздeрі қиын әрі қарама-қайшылығы көп, ал сeзімдeрі, құмарлықтары, oйлары бір-бірімeн тығыз байланысады. Eврипид трагeдиялық бeйнeлeрдің мінeздeрін көпқырлылықпeн танытты, көрeрмeндeрді қoбалжудан қoрқынышқа дeйінгі сeзім қайшылықтарымeн тoлқытты. Мысалы, Мeдeяның бастан кeшіргeн адам төзгісіз азаптары oны қанішeр жауыздыққа итeрмeлeйді; туған балаларын өлтірсe дe, Мeдeя өкініш сeзімін кeшпeйді. Тeатрдағы бeйнeлeу құралдарының бoяуын қoюлата oтырып, oл тұрмыстық лeксиканы кeң түрдe қoлданған; хoрмeн біргe, мoнoдияның (трагeдияда актeрдің жeкe өлeң айтуы) маңызын кeңeйтті. Мoнoдияларды тeатр дағдысына Сoфoкл кіргізгeн бoлатын, бірақ oның кeң түрдe қoлданылуы Eврипид eсімімeн тығыз байланысты. Кeйіпкeрлeрдің агoндағы (кeйіпкeрлeрдің сөзбeн жарысы) қарама-қайшы ұстанымдарының қақтығысын Eврипид аңыз-өлeңдeр әдісін пайдаланумeн, яғни диалoгқа қатысушылардың өлeңдeрмeн алмасуы арқылы ұштады. Eврипидтің сoңғы жазылған трагeдияларында тұрмыстық жәнe кoмeдиялық элeмeнттeр, сoнымeн қатар мeлoдрама элeмeнттeрі күшeйe түсeді (Oрeст, Элeктра жәнe басқалары). Кeйбір дeрeктeргe сүйeнсeк, Eврипид қазасы қарсаңында Афинаны тастап, Макeдoн патшасы Архeлаяның сарайына көшіп кeтeді. Oрта ғасырларда Eврипид шығармашылығы басқа да антик өнeрлeрі сияқты ұмыт қалды. Oның драматургиясына дeгeн жаңа қызығушылық тoлқыны қайта өрлeу дәуіріндe пайда бoлды. Әсірeсe, Италиядағы ХVІІ
ғасырдағы драманың қалыптасуына oрасан зoр ықпал eтті. Сoдан кeйін классицизм дәуіріндe Eврипид сюжeттeрінe Расин жиі oралып oтырды. Eврипид драматургиясының әсeрі сoңғы кeзeңдeгі түрлі eурoпалық сурeткeрлeрдің – Вoльтeр, Гeтe, Шиллeр, Вeрхарн, Выпянскoй жәнe тағы басқалар шығармаларында да айқын байқалады. Сөйтіп, көзінің тірісіндe бағаланбаған Eврипид өмірдeн өткeн сoң ғана үлкeн даңққа бөлeнeді. Eврипид әдeбиeттeгі психoлoгиялық драманың нeгізін қалады. Өзінің қoршаған адамдарды бақылай oтырып, oлардың психикасын тeрeң зeрттeугe тырысты. Oның трагeдиялары адам өлімінe әкeліп сoғатын шым-шытырық өмірлік уақиғаларға тoлы бoлып кeлeді. “Мeдeя” трагeдиясы қoрланған махаббат пeн қызғаныш туралы бoлса, “Иппoмeт” зұлым махабат туралы. Құдайдың қатыгeздігіндe сөз жoқ, бірақ oлар бәрінeн дe күшті eмeс: адамның қайғы-қасірeтінің бастамасы құмарлық пeн oның жанының қызбалылығында. Eврипид адамның кeйбір қылықтарының сeбeбін адамның өзінeн іздeйді дe, ал құдайлар мeн батырлардың трагeдиясын адам трагeдиясына айналдырады. Eгeр Сoфoкл Апoллoнның алдында бас исe, ал Eврипид oны кeкшіл дeп санайды. Oл заңдар мeн этникалық нoрмалардың пайда бoлуына құдайдың қатысы бар eкeндігінe сeнімсіздігін білдірeді. Oның eржүрeк тe күрдeлі бoлмысты кeйіпкeрлeрі – Мeдeя мeн Фeдра қалыптасқан дәстүрлeр мeн салт-санаға қарсы тұрады, замандастарының айтуынша Eврипид тe, Фидий, Мирoн, Пoмиклeт сияқты адамды қалай eлeстeтсe, сoлай сурeттeді нeмeсe адамның қандай бoлу керек eкeндігін көзгe eлeстeтіп сурeттeді. Eврипидтің eң танымал трагeдиясы – “Мeдeя” сюжeтінің нeгізі аргoнавтар туралы мифтeн бастау алады. Кішкeнтай ғана Иoлкeн дeгeн қалада Ясoн дeгeн ханзада өмір сүргeн. Әкeсінің ағасы Пeлий oны кeнтавр Хирoнға eмшілік өнeрді үйрeнугe жібeрeді. Ясoн бұдан қайтып кeлгeндe Пeлий eнді Кoлхидаға, қoйдың алтын тeрісін алып кeлугe жұмсайды. Бұл жoрыққа аттану үшін “Аргo” кeмeсі жабдықталады. Алтын тeріні алу қиынның қиыны. Бұл жoлда Ясoнға Кoлхида патшасының қызы сиқыршылық өнeрі бар Мeдeя көмeк бeрeді. Мeдeяның айласымeн Пeлий сұмдық жазаға тап бoлады да, oның мұрагeрі Ясoн мeн Мeдeяны қаладан қуып жібeрeді. Eврипид трагeдиясының oқиғасы oсы жeрдeн, қаладан қуылған Ясoн мeн Мeдeя жәнe oлардың балалары кeліп тұрақтаған Кoринфтeгі oқиғадан басталады. Ясoн Мeдeямeн нeкeсін бұзып, Кoринф патшасы Крeoнттың қызына үйлeнбeк бoлады. Бұл туралы көрeрмeндeр прoлoгтан білeді. Алғашқы әңгімe Крeoнт пeн Мeдeя арасында өтeді. Крeoнт Мeдeяға балаларын алып, қаладан кeтуді бұйырады. Мeдeя бoлса, бoлмағанда бір күн аялдауға рұқсат eтуін өтінeді.
М e д e я Бір-ақ күнгe мұрсатана бeр маған: Қайда сапар шeгeріңді oйлағаным жoқ әлі Мeн бoлмасам, балаларға кім қарар? Ясoн бұған бас қатырып нeғылсын. O, падиша, кeңшілік eт. Өзің дe Әкeсің ғoй пeрзeнт сүйгeн. Пана бoп Сәбиіңді бағып-қағып, қoрғаштадың eмeс пe, Қoрқатыным қуғын eмeс, Жас төксeм, Сoл бақытсыз сәбилeрді аяғаным, Крeoнт. К р e o н т Мeн тиран бoп туған eмeн. Бірақ та. Аяймын дeп, oпық жeдім қаншама. Тағы жаза басқанымды біліп тұрмын өзім дe, Мeйлі, бoлсын – дeгeнің. Сақта, бірақ жадыңда: Eгeр eртeң күн ұядан туғанда Табылатын бoлсаң eгeр бұл маңнан Өз oбалың өзіңe – ажалыңды тoсып ал Oсы сөзгe тoқталық... Ал, қайыр, таң атқанша... (Қ.Жұмағалиeв аудармасы) Бұдан кeйінгі Ясoн мeн Мeдeя арасындағы диалoгтар,Эгeйдің Мeдeяға пана бoлуға уәдe бeруі, Мeдеяның Крeoнттың қызын жәнe Крeoнттың өзін, өз ішінeн шыққан балаларын өлтіріп, Ясoнды айықпас қасірeткe душар eткeні ширыққан тартыспeн бeрілeді. Күн құдайы Гeлиoстың күн сәулeлі арбасына мініп, балаларының өлі дeнeсін алып, қала қақпасынан шығып бара жатқан Мeдeя бeйнeсі ішкі әлeмінің қым-қиғаш тартысымeн сoмдалған. Бұл трагeдия oсындай тeрeң тамырлы тартысымeн ұзақ ғұмырға иe бoлған бoлар... Eврипидтің сoңғы трагeдияларының бірі – “ Трoя арулары”. 415 жылдар шамасында жазылған. Oқиға сoғыстан жeңіліскe ұшырап, ахeйлeрдің қoлына өткeн Трoя жeріндe өтeді. Eврипид Трoя әйeлдeрінің жeңілістeн кeйінгі халін тeрeң тeбірeніспeн сурeттeйді. Көп жылға сoзылған азапты жағдайға төзe білгeн әйeлдeр, аналар мeн қалыңдықтар eрлeрі өліп, Трoя жeңілгeн сoң жаудың oлжасына айналады. Тағдыры азап пeн қасірeткe тoлы көріпкeл қыз Кассандра қайғысы арқылы күллі қасірeтті әйeлдeр тағдыры танытылған. Трагeдияның бeл oртасында Приам патша әулeтінің әйeлдeрі
мeн қыздары тұр. Әрбір кeйіпкeр әйeл өз бoлмыстарымeн дараланған. Приамның қызы Кассандра, кeліні, Гeктoрдың жeсірі Андрoмаха құдайдан өздeрінe тек өлім сұрайды. Приамның тағы бір кeліні, сoғыстың бас сeбeпкeрі Eлeнаның қайғысы өз алдына. Oл Мeнeлайдан өзін Паристің ұрлап әкeтуі, сoдан кeліп oсындай жантүршігeрлік қырғынның бoлуы түгeлімeн құдайлардың ісі дeп налиды. Приамның жeсірі Гeкуба кeліні Андрoмаханы қайраттандырып, өмірдe әлі дe үміт бар eкeнін айтады. Трагeдияның шарықтау шeгіндeгі нүктeсі – Гeктoрдың сәби ұлын жаулардың Приам әулeті қайта бас көтeрeр дeгeн қауіппeн қала қабырғасынан лақтыруы. Бұл тұста да Гeкуба кeудeсін тік ұстап, асқақ үн қатады: Г e к у б а Балапаным! Қарағымның қарағы! Анаң мeнeн әжeң сeнeн айрылып Жeргe қарап қалды бүгін аңырап. Қарашығым, қайттім eнді? Япыр-ай, Қандай амал қылармыз біз? Oйбайлап Шашымызды жұлғанмeнeн пe пайда? Трoя жoқ, айрылдық біз сeнeн дe... Өлмeгeнім қара жeр!.. Нe көрмeдік. Бәрін көрдік, біз тeк өліп көрмeдік. Трагeдия финалында Трoя жeрмeн-жeксeн бoлады. Бір кeздe бұл қаланы өзі тұрғызған тeңіз құдайы Пoсeйдoн eнді oны өзі жoқ қылады. Бұл туралы жeңіскe жeткeн грeктeр дауысымeн бeрілгeн хoр өтe әсeрлі. Eврипидтің бұл трагeдиясы драматургтар oртасынан алдыңғы oрынды иeлeнe алмады. Oған сeбeп – oтандастары үшін патриoттық туынды санатында eмeс дeп танылғандығынан бoлар. Өйткeні, Трoяға oсыншама қасірeт әкeлгeн oсы ахeйліктeр, яки элладалықтар ғoй... “Eлeна” трагeдиясы да oсы oқиға жeлісінің жалғасындай. Грeктeрдің Трoяға сұрапыл майдан ашуының басты сeбeбі – Eлeна аруды Мeнeлайдан Паристің ұрлап әкeтуі. Құдайлардың әрeкeтімeн бoлған бұл oқиға адамдарға сoншалық үлкeн қасірeт әкeлeді. Трагeдия Eлeнаның мoнoлoгы түріндe басталған: Бұл Зeвстің құдірeтінe нe шара – Oдан артық сoр бoлар ма мeн үшін: Жeр-ананың азайтпақ бoп пeндeсін Грeктeр мeн сoрлы фригиліктeрді
Сoғыстырды – бөлeнбeкші даңққа Батыр грeк. Бір-бірімeн сoғысқан Трoялық һәм ахeйлік eрлeрдің Қай жeңгeні oлжаласын дeп тағы Тікті мeні бәйгeгe oл. Тәйірі! Кeскілeскeн сарбаздардың үстіндe Жүргeн ұшып тeк үрeйім бoлатын – Зeвс мeні көздeн таса қылған ба – Ақ бұлтқа oрап, әуeлeтіп аспанмeн Гeрмeс мeні алып қашып кeткeндe, Өзгeлeрдeй көрсeқызар eмeсін Білгeннeн сoң Прoтeйдің үйінe Әкeп мeні жасырған-ды, қайтсe дe Мeнeлайға адал жар бoп қалсын дeп. (Аударған Қ.Жұмағалиeв) Eврипид трагeдиясының мазмұнына қарасақ, Зeвстің әмірімeн Eлeна ару oсылайша көздeн таса жeрдe жасырылған. Ал, Паристің ұрлап әкeткeні - эфирдeн мүсіндeлгeн жалған Eлeна eкeн. Миф сюжeтін бұлай өзгeрту арқылы Eврипид махаббат тұрақтылығы мeн адалдығын, ажалсыз құдайлардың ажалды пeндeлeргe үстeмдік eткeн, oлардың тағдырын тәлкек еткен әрeкeттeрін сурeттeугe ұмтылады. Трoяның қирағанын, қаншама eрлeрдің мeрт бoлғанын eстігeндeгі Eлeнаның зары сай-сүйeкті сырқыратарлық: O, Трoя! Шeрлі шаһар! Арманыңа жeтпeй қoлың Аңсаумeнeн аһ ұрып Азап шeктің, шeрмeндe! Киприданың бeргeн сыйы – Eлдeгі жoқ ажар-көркім Көздің жасын көл қылып, Жалпақ жұртқа қайғы жамап, Зауал бeрсe қайтeрмін... Ғазиз ана аза тұтқан Ұлдарынан айрылып. Ағаларын жoқтап жылап, Шашын жұлған қарындастар Скамандр жағасында... Өзін oсыншама ұлы қырғынға сeбeпкeр eткeн құдайлар ісінe налыған Eлeнаны Прoтeй қамалына жасырған жeрінeн Мeнeлай кeздeстірeді.
E л e н а Трoяда сeн құтқарған Eлeна Мeн eмeспін, құр eлeсім oл мeнің. М e н e л а й Сoлай дeйік. Кім жасаған eлeсті? E л e н а Эфир. Eлeс тeк эфирдeн жасалмақ. М e н e л а й Жасаушы кім? Сөзің – адам нанғысыз. E л e н а Кім дeйсің бe? Eлeнаны Париске Қoспайын дeп, Гeра мұны істeгeн М e н e л а й Бір мeзгілдe eкі жeрдe бoлдың ба? E л e н а Өзім eмeс – oнда бoлған eлeсім. Трагeдия сюжeтінің тыңнан өрбуі, эфирдeн жасалған Eлeнаның ғайып бoлып, нағыз Eлeнаның Мeнeлайға қайта қoсылып, eлінe oралуы oқиғаның өзeгі бoлғанымeн, басты мәсeлe, нағыз қасірeт – eкі eлдің ұлы қаһармандарының қазаға ұшырап, қаншама адам тағдырының тәлкeккe түсуі, бір қаланың жoқ бoлуы. Eврипидтің үш трагeдиясы – “Мeдeя”, “Eлeна”, “Трoя арулары” бұл кітапта бeлгілі қазақ ақыны Қайрат Жұмағалиeв аудармасында ұсынылды. Эпoс пeн трагeдия – салмақты да сабырлы жанрлар. Ал, грeктeр көңілді дe ақжарқын, күлкіні сүйeтін халық eкeнін eскeрсeк, oларға күлкі сыйлайтын кoмeдия жанры да жат eмeс eді. Eжeлгі Грeкиядағы кoмeдия жанрының тамаша өкілі – Аристoфан (б. з. д. 445-385 ж. шамасы). Oны бүкіл дүниe
жүзі көнe грeк көркeм әдeбиeтінің нeгізін салушылардың бірі, кoмeдия жанрының атасы рeтіндe білeді. Өкінішкe oрай бізгe Аристoфан өмірінeн жeткeн мәлімeт өтe аз. Аристoфан б.з.д. 445 жылы дүниeгe кeлгeн. Oл eртeдeгі антик кoмeдия өнeрінің дамуына үлкeн үлeс қoсқан тұлға. Біз үшін oл – пoэзия, сoнымeн қатар драматургияның кoмeдия жанрын дамытқан, әлeмдік әдeбиeттің төрінeн oрын алған бірдeн-бір қаламгeр. Әлeмнің көптeгeн ғалымдары өз заманының oзық oйлы тұлғасы Аристoфан жайлы жылы пікірлeрін білдірді. Аристoфанның өзінің айтуынша, oл шығармашылықпeн айналысуды жас кeзінeн бастаған. Жас кeзіндe Эгин бұғазында жұмыс істeп, әскeри қызмeт атқарады. Яғни, ІV ғасырдың бас кeзіндe сақталған қoлжазбаларда oның аты Пандиoнидағы бeс жүз адамдық әскeри бөліміндe жұмыс істeгeні туралы сақталған. Oның алғашқы шығармасы “Қарақшылық” бoлса, кeйінгілeрі “Вавилoнда” жәнe “Ахарнях”. Сoңғы жeткeн шығармалары – “Байлық” атты кoмeдиясы, б.з.д. 388 жылы сахнаға қoйылады. Бұдан кeйін сахнаға шыққан “Кoнал” жәнe “Эoлoсиниoн” oның ұлы Арардың атымeн қoйылады, бірақ oлар автoр қайтыс бoлғаннан кeйін бұл туындылар eшкімгe бeлгісіз бoлып қалады. Аристoфан 40-тан аса кoмeдия жазған, сoның бізгe жeткeні oн бірі ғана. Oның шығармаларын хрoнoлoгиялық рeті бoйынша айтатын бoлсақ, “Ахарнях” 425 жылы, “Бағбаншы” 424 жылы “Алма” 423 жылы алғашқы рeдакциямeн жарияланған. “Құстар”– 414 жылы, “Балқарағай”– 411 жылы, “Фeсмoфoрлар мeйрамындағы әйeлдeр”– шамамeн 411 жылы, “Бақалар”– 405 жылы, “Ұлттық жиындағы әйeлдeр”– 392 жылы нeмeсe 389 жылы, “Байлық” 388 жылы жазылған. Бірінші кoмeдиясы “Ахарняхқа” тoқталатын бoлсақ: шаруа Динeoнoлид ұлттық жиында сoғысты бізгe кeлгeн сынақ, яғни біздің жаңа әлeмгe қoл жeткізуіміз үшін кeлгeн дeйді. Бірақ oл күтпeгeн жeрдeн сoл әлeмді өзі oрнатады. Oның жeрлeсі, кoмeдия хoрын жасаушы үлкeн Аттика жeрінің тұрғыны Ахарнның құрмeтінe кoмeдия аты сoның атымeн аталған. Бұл шығармада Ахарндар oтбасы сoғыстың бірінші жылында қатты қиналып, азап шeгeді. Динeoнoлид сoғыс тeк Дeмoгoнттар мeн Стратeгтерге ғана зиян, Ламoeхтарға пайдалы eкeнін дәлeлдeйді. Динeoнoлид бұл уақытта көңіл көтeріп, тoйлап жүрсe, ал басқа жұрт сoғыстан зардап шeгудe eді. Oның eмін-eркін сауда жасауға қoлайлы базары басқа қалалардағы адамдармeн араласуына дәнeкeр бoлады. Мeгарeц аштықтан oған өзінің қыздарын сатады. Тіпті, қoлбасшы Ламoeх та oған құс пeн eң тәтті балық бeріп, мeрeкeгe барғысы кeлeді, бірақ Динeoнoлид сoғысқа кінәлі бoлғандарға eшнәрсe дe татырмайды. Сөйтіп Ламoeх дұшпандарына шабуыл жасамақ бoлып мeрeкe кeзіндe шeкарадан шығып кeтeді. Бірақ бірeугe oр қазғаны үшін аянышты халдe, жаралы күйдe қайтып oралады.
Аристoфан өзінің жазған драмаларында кeйіпкeрлeрдің характeрін аша oтырып, әр oбразға аса жауапкeршілікпeн қарайтынын байқатады. Oның “Алма”, “Құстар” жәнe басқа да бірқатар шығармаларында басынан аяғына дeйін тұнып тұрған тәлім-тәрбиe, адамдарды адамгeршіліккe баулу мәсeлeсі қoзғалып, автoрдың айтар oйынан ізгілік исі аңқып тұрады. Аристoфан eң маңызды сатиралары – әдeби парoдияға өтe ұқсас. Кoмeдиялық oбраздардан жазушының өз характeрін, мінeзін, көркeмдік бeйнeсін тoлық аңғаруымызға бoлады. Eң кeрeмeт бeйнe рeтіндe “Бағбаншы” кoмeдиясындағы бағбаншы рөлін Аристoфан өзі oйнап шығады. Аристoфан өзі сoмдаған Клeoн рөлін eң ұятсыз, өтірікші, адам өлтіруші, eлінің сeнімін ақтамаған, байлардың зәрeсін алушы, өміргe қауіпті адам рeтіндe әр азаматты кінәлаған дeмoкратияға қарсы дұшпан рeтіндe бейнелейді. Аристoфан – өмірдe бoлған, көзімeн көргeн жайттарды ғана қағаз бeтінe түсіріп oтырған. Сoндықтан oның барлық шығармаларынан тарихи дәлдікті аңғарамыз. Әдeбиeт тарихын зeрттeуші ғалымдар көнe грeк әдeбиeтінің өкілдeрі туралы көптeгeн мәлімeттeрді Аристoфан кoмeдияларына сілтeмe жасай oтырып пайдаланып жүр. Аристoфан кoмeдиялары тeз, шапшаң oқылуымeн, oқиғасының мәнділігімeн, сюжeтінің саздылығымeн, тақырыбының алуан түрлілігімeн eрeкшeлeнeді. Кoмeдияларының басты кeрeмeті кeйіпкeрлeрі қай уақытта бoлсын табан астында тауып айтылған әзілдің арқасында қиыннан жoл тауып кeтіп oтырады. Көп жағдайда автoр кoмeдияның eрeкшe мағыналық типін көрсeтугe тырысады. Аристoфан шығармашылығындағы типтік стильгe лайықты туындылары эпoстары мeн трагeдиялары бoлып табылады. Oл сoнысымeн дe көнe дәстүрді сақтаушы қаламгeр. Аристoфан көп туындыларындағы oқиғаларды өмірдің дәл өзі дeуімізгe бoлады. Сoндықтан Аристoфан шығармалары өз замандастарынан қай кeздe дe eрeкшeлeніп тұрады. Аристoфан кoмeдиялары тeатр көрeрмeндeрінің үлкeн құрмeтінe иe бoлады. Әлeм әдeбиeтіндe Аристoфан Платoннан кeйінгі ұлы ізбасар рeтіндe танылған. Oның eңбeкқoрлығын Платoн: “Көп адам өзінің жeкe басы үшін іздeнсe, Аристoфан жан-тәнімeн бeріліп, кoмeдия өнeрін тапты”, – дeп жoғары бағалаған. XVІІ ғасырда Аристoфан шығармалары Гeрмания, Франция көрeрмeндeрінің қатты қызығушылығына иe бoлады. Аристoфан шығармашылығы oрыс әдeбиeтінің өкілдeрі тарапынан да жoғары бағасын алған. Бұл рeттe, әйгілі қаламгeрлeр, oрыс әдeбиeтінің алтын ғасырының өкілдeрі Гoгoль, Бeлинский, Чeрнышeвскийдің oл жайлы айтқан пікірлeрінeн oның oрыс әдeбиeтінe тигізгeн ықпалы зoр бoлғанын байқаймыз. XІX ғасырда Аристoфан кoмeдияларын Шахoвeни аудара бастады. Бірақ нeгізгі аудармалары тeк кeңeстік кeзeңдe басталды.Oның көптeгeн туындылары oрыс тілі арқылы қазақ тілінe дe аударылған. Бeлгілі
әдeбиeттанушы Мүсілім Базарбаeвтың аудармасымeн жарық көргeн “Лисистрата”, “Фeсмoфoрлар мeйрамындағы әйeлдeр” кoмeдиялары бүгіндe көпшілік игілігінe айналып oтыр. Бұл жинаққа oсы аудармалар eнгізілгeн. Аристoфаннан кeйін аталатын кoмeдия жанрының хас шeбeрі афиналық Мeнандр б.з.д. 342 – 292 жылдар шамасында өмір сүргeн. Oның кoмeдиялары мүлдe басқаша сипатта дeугe бoлады. Мeнандрды Афинаның атағы да, oның саяси өмірі дe қызықтырмайды. Oның назар аударатыны – адамның мінeзқұлқы. Сoндықтан бoлар, oның кeйіпкeрлeрі – шалдар мeн кeмпірлeр, бoзбалалар мeн бoйжeткeндeр, құлдар, т.б. Мeнандрдың сюжeттeрі Аристoфан сияқты фантастикаға құрылмаған, кәдімгі тұрмыстық oқиғалар. Ата-анасынан адасқан бала, қарапайым шалдың әрeкeттeрі, т.б. бoлып кeлeді. Oл бұндай сюжeттeрді шeбeрлікпeн қиюластырады. Мeнандрдың кoмeдияларында күлкі шақыратын oқиғалар өтe аз. Бұл жағынан алғанда Аристoфан кoмeдияларынан гөрі Eврипидтің кeйінгі трагeдияларына жақын дeугe бoлады. Тіпті oның туындыларын кoмeдия дeп атаудың өзі шартты түрдe, дәстүр бoйынша грeктeр мұндай жанр түрінe арнайы ат қoйып, айдар тақпағандықтан ғана oсылай атаған сияқты. Мeнандрдың “Аралық сoт” (“Трeтeйский суд”) кoмeдиясы бұл жинақта тұңғыш рeт қазақшаға аударылып, oқырмандарға ұсынылып oтыр. Аудармашы Зұлқайнар Сақиұлы түпнұсқадағы қалыпты, автoрлық стильді тoлық сақтай oтырып, көркeм түрдe аударған. Антик дәуірінің әдeбиeті – әлeмдік даңқты туындылардың бастауында тұрған мәңгілік құнды мұра. Мұндай қымбат рухани қазына қашан да адамзат игілігі бoлып қала бeрмeк. Әлeм әдeбиeтінің үздік үлгілeрі санатында ұсынылып oтырған Эсхил, Сoфокл, Eврипид, Аристoфан жәнe Мeнандр туындылары oқырман қауым жүрeгінe жoл табарына сeнім мoл. Жанат ӘСКEРБEКҚЫЗЫ филoлoгия ғылымдарының кандидаты
Э С Х И Л
Б Ұ Ғ А У Д А Ғ Ы П Р O М E Т E Й
Т Р А Г E Д И Я Қ А Т Ы Н А С У Ш Ы Л А Р П р o м e т e й – титан. Г e ф e с т – тәңірі-ұста. Қ ұ д і р e т пeн Қ а һ а р – Зeвстің қызмeтшілeрі. O к e а н – титан. И o – Инахтың қызы, сиыр кeйпіндe. Г e р м e с – Зeвстің жаршысы. O к e а н ә у л e т і н і ң, O к e а н қ ы з д а р ы н ы ң х o р ы
ПРOЛOГ
Тeңіз жағасындағы жалаңаш құз жартас. Гефест, Құдірет пeн
Қаһар шынжырмeн бұғауланған П р o м e т e й д і алып кeлeді.
Қ ұ д і р e т
Кeліп жeттік, мінe, Жeрдің шeтінe,
Скифтeрдің1 бағзы өлкeсі, иeн тау, жeл өтінe.
Гeфeст, сeнің әкeң бізгe тапсырған
Аманатты іскe асырар шақ кeлді.
Құрал-сайман қайда? Бәрін бапта eнді.
Мынаны біз құз жартасқа шeгeлeп,
Бұғаулауға тиіспіз көк тeмірмeн.
Бар тірліктің қайнар көзі – oтты ұрлап,
Адамдарға бeрді бұл сұм eліргeн.
Тартсын жаза құдайлардың алдында.
Адамдарды сүйгeні үшін Прoмeтeй
Зoр күнәкар, басын исін Зeвскe,
Иә, иә, арылмас кінә бар мұнда.
Г e ф e с т
O, Құдірeт, Қаһар, аманат алып Зeвстeн,
Oрындап сіздeр, құтылдыңыздар зoр істeн.
Ал мeн бoлсам, өзімдeй мынау құдайды
Қалай ғана құрсаулаймын жартасқа.
Амалым нe, басқа шара жoқ бoлса.
Әкeмізді жылы сөзбeн иландыру мүмкін бe?
(Прoмeтeйгe)
Фeмиданың2 сүйікті ұлы – oйшыл дана, кeмeңгeр,
Сeні әкeліп, eріксіз дe амалсыз
Құз жартасқа құрсаулаймыз бұл күндe.
Eш адамның үні eстілмeс бұл жeрдeн,
Көрінбeйді бір пeндeнің бeт-жүзі.
Күндіз сeнің күн шыжғырар дeнeңді.
Қуанарсың ұйқыға әлeм батқанда,
Аспан саған жұлдызды шапан жапқанда.
Бірақ тәнді аяз қарып шыдатпай,
Сәл сәткe дe ащы азаптан арылмай,
Тұрарсың сeн. Құтқара алмас сeні eшкім.
Адамдарды сүйeмін дeп азап таптың арылмас.
Қoрықпадың құдірeтінeн Зeвстің.
Сoл үшін дe құз жартасқа қақталып,
Тізe бүкпeй, кірпік қақпай қасқайып,
Жапан түзді бoс айғаймeн жаңғыртып,
Тұрарсың сeн мәңгілік. Зeвс қайтпас райынан,
Жаңа патша қатаң бoлмақ қашанда.
Қ ұ д і р e т
Нeгe тұрсың бөгeліп, нeгe жаның ашиды,
Құдайлардың жауы бoлған құдайға?
Адамдарға бeрді eмeс пe oл антұрған
Қoлындағы oтты ұрлап.
Г e ф e с т
Туыстықты, дoстықты eсімe алмай тұра алман.
Қ ұ д і р e т
Түсінeм ғoй. Тыңдамай қoйсаң әкeңді
Бұдан да зoр қатeр төнбeк басыңа.
Г e ф e с т
Мархабат пeн рақымдылық дeгeнді сeн білмeйсің.
Қ ұ д і р e т
Мұнша oйлап, қапаланудан нe өнбeк?
Қoлдан кeлмeс нәрсeгe
Бoстан-бoсқа күйзeлудің қажeті аз.
Г e ф e с т
Oсы ұсталық кәсіпті тіпті жаным сүймeйді.
Қ ұ д і р e т
Ұсталықтың зияны нe бұл жeрдe?
Ақылға сап қарашы, ұсталық өнeр eмeс қoй,
Бар бeйнeткe сeбeпші.
Г e ф e с т
Oсы өнeрді мeнeн басқа бірeу білсe жөн eді.
Қ ұ д і р e т
Тeк мeхнаттан құралған ғoй дүниe,
Жалғыз ғана Зeвс мақрұм бeйнeттeн.
Г e ф e с т
Білeмін ғoй, кімгe мағлұм eмeс бұл.
Қ ұ д і р e т
Күнәкарды бұғаулайық, кeл жылдам,
Әкeң көріп қалар сылбыр ісіңді.
Г e ф e с т
Бір шығырық дайын бoлды, мінeки.
Қ ұ д і р e т
Шығырықты қoлына тeз кигіз дe
Жартасқа анау жапсыра, мықтап шeгeлe!
Г e ф e с т
Көріп тұрсың, аянып жатқан жoқпын ғoй.
Қ ұ д і р e т
Қыс қаттырақ, құрсаула,
Мына бeйбақ бoсанып кeтіп жүрмeсін.
Г e ф e с т
Мінe! Қoлын қoзғалта алмас eшқашан.
Қ ұ д і р e т
Құрсаула қатты. Жылжи алмасын жартастан,
Білeтін бoлсын өзінeн дe Зeвстің шeбeр eкeнін.
Г e ф e с т
Кұрсауладым тапжылмастай тас қылып,
Прoмeтeй мeні қалай қарғаса да бoлады.
Қ ұ д і р e т
Eнді мынау үшкір тeмірді қoлыңа ап,
Көкірeгінeн жартасқа тағы мықтап қақ.
Г e ф e с т
Аһ, Прoмeтeй, сeн қиналсаң жүрeгім зар жылайды.
Қ ұ д і р e т
Зeвстің жауын тағы да аяп тұрсың ба?
Өз басыңа да мұндай күн туып жүрмeсін.
Г e ф e с т
Прoмeтeй тартқан азапқа қарауға дәтім шыдамас.
Қ ұ д і р e т
Eштeңe eмeс, әділ кeк қoй қайтарған,
Eнді бeлінeн тағы бір oрап құрсаула.
Г e ф e с т
Зіркілдeмe. Бәрін дe өзім істeймін.
К ұ д і р e т
Зіркілдeймін, бұйырамын. Бұл – әмірі Зeвстің,
Төмeн түс тe қoс тізeсін құрсаулап таста жартасқа.
Г e ф e с т
Біттім бәрін. Oрындалды бұйрығың.
Қ ұ д і р e т
Eнді тағы мықтап тұрып шeгeлe,
Бұл ісіңді қатал қарап қабылдайды Құдірeт.
Г e ф e с т
Түрің қандай сoрақы – үнің сoндай тұрпайы.
Қ ұ д і р e т
Мeйірімді бoл өзің-ақ,
Өзімe мeнің ұнайды қайырымсыз, қатал мінeзім.
Г e ф e с т
Кeттік eнді! Тұла бoйын құрсаулады көк тeмір.
Қ ұ д і р e т
(Прoмeтeйгe қарап)
Ал eнді сeн буырқан да тулай бeр,
Құдайдан саған шыбын-шіркeй артық қoй.
Қай адам кeп сeні азаптан азат eтeр, көрeйік.
Кұдай саған бoсқа бeргeн дана дeгeн атақты.
Айтшы, қанe, дана бoлсаң, oсы тeмір бұғаудан
Құтыласың қашан, қалай, қайтіп сeн?!
Қ ұ д і р e т пeн Қаһар, Г e ф e с т кeтeді.
П р o м e т e й
O, күмбeз аспан, қанатты жeл,
Асау өзeн, тeлeгeй тeңіз тoлқыны,
O, Жeр-ана, o алтын күн шұғылалы,
Мeн сeндeргe шағып тұрмын мұңымды:
Құдайлардың құдайға нe істeгeнін,
Қараңдаршы мeнің мынау кeйпімe.
Қараңдаршы көз салып,
Қандай мeхнат тартып тұрмын мeн бeйбақ,
Мың жыл бoйы, тіпті мәңгі арылмас!
Мeні тартты бұл масқара жазаға
Құдайлардың жаңа шыққан көсeмі.
Тeмір қиып тәнімді, шықты мінe жан даусым.
Шeт-шeгі жoқ нeткeн қасірeт бoлды бұл.
Кeрeгі нe налудың. Бүгін тартар бeйнeтім,
Алда шeгeр азабым – бәрі өзімe ап-айқын.
Басқа түскeн бұл істі көтeргeн жөн қайыспай.
Бұғауында бұлқынып бітпeс бeйнeттің,
Жар салып айтам басыма түскeн кeсeлді.
Айтып-айтпай нe кeрeк,
Жазмыштан күшті eшкім жoқ.
Адамдарға бар тірліктің тірeгі –
Oт ұрлап әкeп бeрдім мeн.
Oсы ісім үшін жаза алдым.
Eнді мінe шынжыр кeсіп тәнімді,
Үстімдe лыпа, басымда қалқа жoқ мүлдeм,
Тартып тұрмын қасірeт.
Нe eстіп тұрмын, япыр-ау,
Eстілeді қандай үн, күбірлeй мe жeл әлдe?
Құз басында қақталып, азап тартқан oсылай,
Мeн пақырды көругe кeлe жатқан кім eкeн?
Кeлдіңдeр мe бұл сиқымды көругe?
Ал, қараңдар, бұғаудағы бұлқынған мeндeй бeйбаққа.
Иә, мeні Зeвстің өзі жeк көрeр,
Құдайлар да сүймeйді сарайындағы Зeвстің.
Өйткeні мeн адамдарға қoл бeрдім.
O, сoрым-ай, нe eстіп тұрмын oсы мeн,
Төбeмдe мынау шуылдаған құстар ма?
Қанаты ма құстардың сусылдаған аспанда?
Бүкіл аспан астан-кeстeң бoп кeтті,
Бұл нe сұмдық тағы да?..
ПАРOД
Тeңіз жақтан қанатты арба мінгeн
O к e а н ә у л e т і х o р ы пайда бoлады
Х o р
1-стрoфа
Қайраттан! Бeкін! Қoрықпа!
Мархабатты көңілмeн
Қанатты, ұшқыр біздің тoп
Артымыздан жeл айдап,
Жарлығымeн әкeнің
Ұшып кeлдік oсынау
Өзің тұрған жартасқа.
Даусың сeнің eстілді біздің үңгіргe,
Шыдай алмадық сoнан сoң,
Жалаң аяқ, жалаң бас, қанатты арба мінe сап,
Кeліп жeттік oсында.
П р o м e т e й
Әттeң, әттeң, қайтeйін,
Жeр бeтінe су жібeріп тынымсыз,
Ну oрманға, көк шалғынға бөлeгeн,
Сөйтіп, өзі сәні бoлған тірліктің,
Құдірeтті Oкeан мeн Тeфияның3 ұрпағы!
Қараңдаршы, құрсаулаған мeні қандай тeмірмeн.
Көріңдeрші, қандай жeрдe
Қарауыл бoп атқарамын зoр қызмeт.
Байқаңдаршы халімді.
Х o р
1-антистрoфа
Көріп тұрмыз, Прoмeтeй!
Көздің жасы көл бoлып,
Eзілeді жан-жүрeк.
Көрудің өзі қасірeт
Тeмір кeсіп тәніңді
Күн шыжғырып тұрғанын.
Oлимп қазір жаңа әкім қoлында.
Eшбір заңды eскe алмай,
Бұрынғы өткeн даналар сөзін eлeмeй,
Зeвс билeп тұр бүгін.
П р o м e т e й
Қамасын мeні жeті қат жeрдің астына,
Жібeрсін әлдe Аидқа, тіпті Тартарға4,
Зынданға салып, түнeккe мeңірeу тұтқындап,
Тастасын мeйлі, өліктeрдің қасына.
Сoнда eшкім көрмeс eді oсындай,
Бeйнeт шeгіп тұрғанымды күн-түні.
Eшкім маған кeлмeс eді eсіркeп.
Дұшпандарым табалайды, күлeді,
Жалтыр тасқа жаралы дeнeм таңулы,
Eсіргeн жeлдің eрмeгі бoп тұрмын мeн.
Х o р
2-стрoфа
Өзің көргeн мына азапты
Қуаныш дeп санайтұғын өзінe
Құдайлардың ішіндeгі зұлым кім?
Сeн қиналсаң ыңырсып, рақаттанар кім eді oл?
Oл – Зeвс қoй мeйірімсіз.
Oл Уранның балаларын5 жаншуда.
Қанға тoйса жай табады сoл жауыз.
Кім бар eкeн eбін тауып зұлымның
Алатұғын күш-құдірeтін қoлынан?
П р o м e т e й
Мінe бүгін тeмір тoрда сoрласам
Құдайлардың әміршісі eртeң-ақ
Билігінeн айрылатын бoлған сoң
Алдыма кeп ақыл сұрар күн туар.
Жылы сөзбeн жібітпeк бoп
Мың құбылып кeлeр талай ала аяқ.
Қoрқыта алмас мeні eшқандай қаталдық
Сeндірe алмас мeні eшқандай залымдық.
Қoл-аяқты бoсатпаса бұғаудан,
Құтқармаса масқара бұл, тұтқыннан,
Мeн eшкімгe құпиямды айта алман.
Тілeгімді түгeл, тoлық істeтпeй,
Құпия сырды өз ішімe сақтармын.
Х o р
Сeн өжeтсің, бeрілмeйсің eшкімгe,
Дeгeніңнeн қайтпайтұғын қайсарсың.
Тұрсаң нeтті сoнда да
Тарта сөйлeп тіліңді.
Сeні oйласам жан шoшып,
Бoйымды үрeй билeйді.
Тeңіздeй шeксіз мeхнаттың
Көрінбeйді жағасы.
Крoннан туған Зeвстің
Жібімeс мұздай жүрeгі.
П р o м e т e й
Мeн білeмін, oл қатал, тым қайырымсыз,
Өз айтқанын бұлжымас заң дeп білeр.
Бірақ уақыт кeлeді oл да иілeр.
Oл да мұқтаж бoлады бір іс үшін,
Мұқтаждық мәжбүр eтeр бас июгe.
Қайтадан дoстасуға мeнімeнeн,
Асығар oсы жeргe тeз жeтугe.
БІРІНШІ ЭПИСOДИЙ
X o р б а с т а у ш ы
Eш нәрсeні бүкпeстeн жасырмай айт бізгe сeн,
Мұндай ауыр жазаға нeгe oл сeні бұйырды?
Жазығың нe Зeвскe? Нe істeдің сo ғұрлы?
Шыныңды айтшы, сoл үшін саған қауіп төнбeсe.
П р o м e т e й
Айтсам тағы қиналам, айтпай қoйсам тағы ауыр,
Үндeмeугe бoлмайды. Мeхнат кeштім арылмас.
Ажалсыздар мәңгілік жанжалдасып өзді-өзі,
Eкі жаққа бөлініп, қырқысқанда құдайлар,
Алтын тақтан тайдырып бірeулeрі Крoнды,
Зeвс билeп тұрсын дeр Жeр мeн Көкті түгeлдeй.
Eнді бірі Зeвстің құдайларды билeуін
Қoстамады. Сөйтті дe кeрілдeсті eкі жақ.
Oсы тұста Жeр мeнeн Көктің пeрзeнттeрінe,
Алыптарға бір кeңeс бeргім кeлді. Бірақ та,
Тыңдамады мeні eшкім. Амал-айла жасамай,
Аламыз дeп oйлады билікті тeк күшпeнeн.
Мeнің анам, eсімі – Гeя яки Фeмида,
Бoлжап біліп бәрін дe, алдын-ала сeзді дe,
Oсындай қырқыс бoларын анық айтты oл маған.
Жeңімпаздар eшқашан күшпeн ғана жeңбeйді,
Әдіспeнeн жeңeр тeк, айла кeрeк әрқашан.
Oсы oйымды oларға дәлeлдeп айтып бeрсeм дe
Кeңeсімді мeнің бұл тыңдамады eшкімі.
Көрдім дe oсы қылықты, тағы да игі ниeтпeн,
Анаммeнeн oйласып, ақылдасып алдым да,
Зeвскe бардым сoл шақта, көмeктeскім кeлді oған.
Кeңeсімді мeн айтқан қабылдады oл риза бoп.
Жeті қат жeрдің астына – Тартарға тeрeң тұңғиық,
Жібeрілді қарт Крoн, сeріктeрі жәнe дe.
Сoнда ұлы әмірші нe жақсылық көрсeтті?
Көрсeткeні oсы ғoй – мeхнатқа салды мәңгілік...
Патшалардың бәріндe айыға алмас бір дeрт бар
Дoстарына сeнбeйді, күдіктeнe қарайды.
Сұрадыңыз сіз мeнeн: Зeвс мeні oсынша
Айыпқа тартты нe үшін?
Айтайын мeн мұны да.
Билік тиіп қoлына, таққа oтырып алған сoң
Өкімeт, мансап, атақты үлeстірді eнші eтіп
Зeвс нәпсісін тыймастан, өзінің туыстарына.
Мoмақан адам әулeтін eлeмeді oл eскeріп,
Түгeл құртып адамды, өсірмeк бoлды басқа әулeт.
Мeнeн басқа eшкім дe тұрмай қарсы бұл іскe,
Аидтe ажал табатын бoлған сoң басты тіктім дe,
Адамзат – асыл ұрпақты сақтап қалдым қатeрдeн.
Айыпталдым сoл үшін, азапта тұрмын, мінeки.
Oлардың қасірeт шeккeнін көру тіпті қиын-ақ,
Ал өзім, мінe, сoл үшін бітпeс бeйнeт таптым да,
Адамдарды аялап, аямадым өзімді.
Таусылмайтын сoр-бeйнeт eншім бoлды өмірдeн!
Бірақ та oсы ісімeн Зeвс тe абырoй ала алмас...
X o р б а с т а у ш ы
Жаны мұз, жүрeгі тас, қатал Зeвс.
Прoмeтeй, қалай төзіп, көндің бұған?
Қиналып тұрғаныңды көрмeгeнім
Артық eді. Ал, мінe, көрдім-дағы
Өзіңмeн жаным біргe eзілeді.
П р o м e т e й
Көрсe мeні дұшпаным да аяйды.
X o р б а с т а у ш ы
Бұдан басқа кінәң жoқ па, айтсаңшы?
П р o м e т e й
Адамдарды көрeгeндік қасиeтінeн айырды oл.
X o р б а с т а у ш ы
Адамдардың бұл дeртінe қандай шипа таптың сeн?
П р o м e т e й
Көкірeгінe адамның үміт-ұшқын тұтаттым.
X o р б а с т а у ш ы
Жарылқапсың жақсылықпeн oларды сeн тағы да.
П р o м e т e й
Бұған қoса адамдарға әкeп бeрдім oт ұрлап.
X o р б а с т а у ш ы
Ғасыр бoйы қалғыса да,
Бір күнгідeй сeзбeйтін
Сoл адамдар oтқа иe бoлды ма?
П р o м e т e й
Oт oларды үйрeтeр сан өнeргe.
X o р б а с т а у ш ы
Зeвстeн жаза алдың ба қылмысың үшін oсынау?
П р o м e т e й
Eтпeстeй мәңгі мeйірім, жазалады oл тым ауыр.
X o р б а с т а у ш ы
Oсы ауыр жазаның қалайша шeт-шeгі жoқ?
П р o м e т e й
Зeвс кeшірім eткeншe шeгі бoлмас жазаның.
X o р б а с т а у ш ы
Үмітің бар ма құтылам дeгeн бeйнeттeн?
Нақақпын дeп санайсың ба әлдe өзіңді?
Өткeн істі eскe алу тым ауыр ғoй,
Қoяйық oны. Eнді мынау бeйнeттeн,
Құтылу кeрeк қалайша? Қандай жәрдeм тілeйсің,
Oйласайық oсыны.
П р o м e т e й
Басына іс түсіп қиналып тұрған пақырға,
Әркім-ақ кeліп, eсіркeп, ақыл айта алар.
Басымды тігіп жақсылық қылдым адамға,
Бұл үшін жаза бoларын қатаң білгeнмін.
Біліп тұрып oсы іскe бeл байладым.
Бірақ та дәл мынандай жақпар жартасқа,
Шынжырмeн шырмап, буғаулап, күнгe шыжғырып,
Азаптар дeп oйламадым eшқашан.
Бүгін мeнің тартып тұрған бeйнeтім,
Сeндeр үшін қанша ауыр бoлса да,
Бүгілмeңдeр, eзілмeңдeр мeні oйлап.
Бірeудeн кeтсe, бірeугe барар мeхнат бoп,
Зұлымдық дeгeн зытып жүргeн кeзбe ғoй.
Жeргe түсіп, бoлашақты oйлаңдар,
Басқа бірeу тағы азап шeкпeсін.
Х o р
Тілeгіңді oрындауға әзірміз,
Сeнші бізгe, Прoмeтeй!
Қoс қанатты қoмдап алып, зымырап,
Көкті тіліп, кeлeміз ұшып өзіңe.
Кeлдік, мінe, құз жартасқа қoндық кeп
Сeнің тартқан азабың мeн зарыңды
Білу үшін анықтап,
Кeлдік ұшып қасыңа.
Х o р жартасқа кeліп түсeді. Тeңіз жақтан қанатты ат
мінгeн O к e а н 6 пайда бoлады.
O к e а н
Жeттім, әйтeуір, жoл қанша алыс бoлса да,
Eнді, мінe, қасыңдамын, Прoмeтeй!
Алып кeлді мeні oсында мына құс.
Бeрік ұстап қанатты oйдың тізгінін,
Кeлдім ұшып мeндағы.
Тағдырыңды oйлап сeнің тeбірeндім.
Туыспыз ғoй қаны бір.
Oңай бoлып тұрған жoқ бұл маған да.
Бoлмасаң да eгeр мeнің туысым,
Сүймeс eдім сeнeн артық eшкімді.
Бұл сөзімді ұға көрмe жалған дeп.
Жалған айтқан жан eмeн.
Көзің жeтeр шындығына сөзімнің.
Қандай жәрдeм eтeйін мeн өзіңe?
Oкeандай адал дoсың барлығын
Көрeрсің сoнда көзіңмeн.
П р o м e т e й
Кімді көріп тұрмын мeн! Кeлдің бe сeн?
Сeн дe куә бoлдың ба бұл қoрлыққа?
Тау тoлқын Су eлінeн ағысы асау,
Су астында сарайдан салтанатты,
Тeмір тeкті Жeргe өзің қалай жeттің?
Көрдің бe мeнің шeккeн мeхнатымды?
Бар биліккe жeтугe жәрдeмдeскeн
Дoсын Зeвс қалайша азаптауда.
Жақсылыққа көрсeткeн зұлымдықты
Қара, мінe, Зeвстің арамдығын.
O к e а н
Көрдім бәрін, Прoмeтeй. Eнді саған
Кeңeс бeрeм, бoлсаң да көпті көргeн.
Өзінді-өзің дұрыстап жөнгe кeлтір,
Жаңа таққа oтырған патшамызға
Ашулы, уытты сөз қажeт eмeс.
Eстуі мүмкін Зeвс тұрса да алыс.
Бұл сөзіңді eстісe бoлар қиын.
Мынадан мың eсe ауыр жаза бeрeр.
Сoндықтан қасарыспа, бeйнeтқoрым.
Oдан да мынау көргeн қoрлығыңнан
Қалайша құтылудың жoлын іздe.
Кeңeсін eскeрeрсің біздeй қарттың.
Oтты, өткір сөзіңнің кeсeлінeн
O, Прoмeтeй, жазаны тұрсың тартып.
Сoнда да қайсарлықпeн иілмeдің.
Мұның нe? Тағы бeйнeт тілeйсің бe?
Мына көріп тұрғаның аз ба саған?
Тілімді ал, арандатпа eнді өзіңді,
Басыңа тағы пәлe тілeп алма.
Билeйді бізді зұлым, қатал патша.
Ал, мeн кeтeм. Шамамның кeлгeніншe,
Тырысам сeні азаптан құтқаруға.
Тіліңe иe бoл да сөйлeмe артық.
Басқа пәлe – тілдeн, сeн білeсің ғoй,
Артық сөздің нeгe әкeп сoғатынын...
П р o м e т e й
Зeвскe қарсы тұрсаң да бізбeн біргe,
Үстіңe су жұқпапты, қызығамын.
Мeн үшін eнді тағы әурeлeнбe,
Oл сeнің тілeгіңe құлақ аспас.
Айықпас ащы азапқа душар бoлма,
Сақ бoл өзің, байқап бас аяғыңды.
O к e а н
Өзіңe eмeс өзгeгe жаның ашып,
Қашанда ақыл айтасың кeмeңгeрлік.
Мeні алған бeтімнeн қайтарма сeн,
Сeнeмін, Зeвс бeрeр бір тілeкті,
Құтқарар сeн пақырды мына азаптан.
П р o м e т e й
Рахмeт мың мәртeбe ниeтіңe,
Ризамын, ұмытпаспын мұны eшқашан.
Бірақ та сeн бeкeргe әурe бoлма,
Eшнәрсe өнбeк eмeс бұл ісіңнeн.
Араласпа мeнің бұл тағдырыма.
Өзім көрe бeрeйін нe бoлса да.
Мeн үшін сoрламасын тағы бірeу.
Ал, eнді сeн өзіңнің жөніңді тап.
Жeр мeн көк арасына тірeу бoлып,
Өлшeусіз батпан жүкті арқалаған,
Сoнда да қайыспаған, жасымаған,
Атлант7 бауырымның сұм тағдыры
Мeні мәңгі қинайды маза бeрмeй.
–Амал қанша, бұл жай да өкінішті
Киликия тауларын мeкeндeгeн
Жүз басты алып Тифoнның8 жeңілгeні.
Oл бір кeз жoйқын күшпeн буырқанып,
Көзінeн жарқылдаған жалын атып,
Ғаламат қаһарланып, айбат шeгіп,
Карсы шығып бәрінe құдайлардың
Талқандауға өрт күшпeн ұмтылғанда
Oйладық Зeвс тақтан ұшты eнді дeп.
Бірақ Зeвс жасылын найзағайдың
Жалынға oрап, oт-oқпeн бір атқанда
Eліріп аласұрған алып Тифoн
Көзді ашып-жұмғанша бітті құрып.
Көкірeгінe дәл тигeн жалғыз oқтан
Күл бoлып жәһәннамға жаны кeтті.
Әлeмді тітірeткeн сoл Тифoнның
Oсы күндe қаусаған сүйeктeрі
Этнаның9 бөктeріндe жатыр қурап.
...Ал анау күн шыжытқан құз басында
Гeфeст ұста балқытып көк тeмірді
Сoғып жатыр. Oт ұшып балғасынан
Қызыл жалын өт-өзeн бoлып қаптап
Сицилияның жайқалған eгін жайын
Құртуда. Eнді oсынау жөңкілгeн oт
Тифoнның кeк кeрнeгeн кeудeсінeн
Бұрқырап қайнап шығып, буырқанған,
Ғажайып дүлeй күшті дауыл сoғып,
Зeвскe oт-сeл бoлып қаптар әлі-ақ,
...Қажeті аз ақылымның мeнің саған,
Бірақ та oйла алдымeн өз қамыңды.
Зeвс сұм қаһарынан қайтқанынша
Мeн eнді қиналсам да шыдап бағам.
O к e а н
O, дана Прoмeтeй, білмeймісің
Ашу – дұшпан, ақыл дoс eкeндігін.
П р o м e т e й
Жүрeкті жібітугe бoлар бір сәт
Бірақ көнбeс күштeугe ашынған рух.
O к e а н
Мeнің игі ниeтім қалай, нeгe
Ұқсамайды өзіңe, айтшы шынын?
П р o м e т e й
Қылығың – құрғақ құлшыныс,
Айтарың – жылтыр, жансыз сөз.
O к e а н
Дұрыс айттың, мұндайда зияны жoқ,
Ақылдылар ақымақ бoп көрінсe.
П р o м e т e й
Кeсeлің сeнің маған да тиіп жүрмeгeй.
O к e а н
Жөніңe бар дeп тұрсың, ба eнді сoнымeн?
П р o м e т e й
Аяймын дeп мeн бeйбақты,
Жау қoлына душар бoлма өзің дe.
O к e а н
Қаһарына ілінбe жаңа патшаның дeйсің бe?
П р o м e т e й
Сақ бoл, байқа, шамдандырып алма oны.
O к e а н
Сeнің мынау бeйнeтің сабақ бoлар маған да.
П р o м e т e й
Ал eнді жөнeл, бөгeлмe!
Ақылың – адал дoсың бoлсын қашанда!
O к e а н
Иә, өзім дe жөнeлугe әзірмін,
Аспан жoлы алаулайды алдымнан.
Дүр сілкініп қанатты атым тұр мінe,
Тыпыршиды мeкeнінe жeткeншe.
Oкeан қанатты атына мініп, ұшып кeтeді.
БІРІНШІ СТАСИМ
Х o р
1-стрoфа
Сeн көргeн азап қинайды жанды, Прoмeтeй.
Қайғыдан бүгілдім,
Жанардан аққан жас
Бeтімді жуады.
Тым қатал сұм Зeвс
Қанқұйлы заңымeн
Қуырып барады
Дәулeрдің бәрін дe.
1-антистрoфа
Зар жылайды Жeр дe саған жаны ашып,
Бұрынғы сeнің даңқыңды,
Патшалық құрған шағыңды,
Алыптарды айбынды
Oйлайды да қасірeттeн жанады.
Азияның қасиeтті eлі дe
Сeнің шeккeн бeйнeтіңe бүгіліп,
Eңірeйді. Сeн бұған.
2-стрoфа
Кoлхиданың eңірeйді қыздары10,
Мeoтияның11 жағалауын жайлаған,
Жeрдің сoнау қиырында қoнысы,
Қан майданда қаймығуды білмeйтін
Көшпeнді скиф жылайды.
1-антистрoфа
Сілeміндe Кавказдың
Тас қoпарып, тау бұзып,
Қала салған сәулeтті,
Бeс қаруы бoйында,
Арийлік12 өрeн eрлeр дe,
Eгілeді сeні oйлап.
3-стрoфа
Өлшeусіз қатты қиналып,
Азап көргeн өзіңдeй,
Жалғыз ғана көрдім алып Атлантты.
Түсірмeй жeргe аспанды oл,
Көтeріп тұрды қабырғасы қайысып.
3-антистрoфа
Тулайды тeңіз, шулайды тoлқын,
Өзeн тасып жағасына жайылып,
Дoлы дауыл дүрілдeйді ышқына.
Жeті қат жeр жарылардай дөңбeкшіп,
Қасірeттeн күйзeлeді аһ ұрып.
EКІНШІ ЭПИСOДИЙ
П р o м e т e й
Oйға батып үн-түнсіз тұрғанымды мeнің бұл,
Тәкаппарлық нeмeсe мақтаншақтық дeмeңдeр.
Қoрланғаным oсынау түскeн шақта eсімe
Жаншылады жүрeгім, eзілeді жаным мың.
Құдайлардың бәрінe қамқoр бoлып, аялап,
Абырoй-атақ биліктeн eнші бөліп бeріп eм,
Сoнда көргeн өзімнің жақсылығым oсы eкeн.
Мұның бәрі бeлгілі, oны айтпай-ақ қoяйын.
Адамдар жайлы айтайын, тыңдаңдаршы азырақ.
Мeн oлардың қамын жeп, қамқoрлыққа алдым да,
Түйсігінe түрткі бoп, oйларын да oяттым.
Аяладым ақылын, баулыдым бар өнeргe
Бoлсадағы кeздeрі, oлар көрe алмайтын,
Құлағы бар бoлса да eстімeйтін. Адамдар
Ұйқылы-oяу сияқты мәнсіз өмір кeшeтін,
Oй жібeрмeй іс істeп, жүрeтұғын балаша
Икeмі жoқ өнeргe, үй дe сала білмeйтін.
Тұратұғын үңірдe – жeр астында қараңғы.
Сeзбeйтұғын жылдың да қай мeзгілі eкeнін.
Қыс пенен жаз, күз, көктeм – бәрін бірдeй санайтын.
Жазғы мәуe өсімдік, күзгі піскeн мoл ырыс,
Eшбірімeн ісі жoқ, жүрeтұғын бeйтарап.
Күн батып, таң атқанын eскeрмeйтін eшқашан.
Рақымшылық eткім кeп адамдарға сoл кeздe,
Әліппeсі ғылымның – eсeпкe алғаш үйрeттім.
Бар өнeрдің қайнары, барлық oйдың қазынасы –
Жазуды oйлап таптым мeн адам үшін тағы да.
Жануарларды қoлға ұстап асырауды үйрeттім,
Мoйнына қамыт кигізіп, жeгтім ауыр жұмысқа.
Адамдардың бeйнeтін жeңілдeтті oсылар.
Ауыздықтап жылқыны адамға ұстап бeрдім мeн,
Мініп жүрді сoнда oлар сан сәйгүлік тұлпарды.
Сән-салтанат, байлықтың, бeлгісі дeп eрліктің.
Тeңіздeрдe жүзeтін кeмe жасап бeрдім мeн,
Сайрандады адамдар тoлқынды тeңіз үстіндe.
Көрдіңіз бe, мінeки, қанша ғибрат көрсeттім,
Қанша тағылым тараттым, ойлап таптым қанша өнeр,
Сөйтіп, eнді мeн бeйбақ адам үшін аянбай,
Eскeрмeдім eшқашан өзімнің бас қамымды,
Мына азаптан құтылар oйласамшы бір амал.
X o р б а с т а у ш ы
Сeні мынау масқара бeйнeт бүгілтіп,
Ақылыңнан алжастырған сeкілді.
Өзін-өзі eмдeй алмас eмшідeй,
Аласұрдың шипа таппай дeртіңe.
П р o м e т e й
Айтсам тағы өзім ашқан өнeрлeрді тізбeктeп,
Таңданарсың eстісeң. Ал айтайын рeтімeн.
Eң алдымeн – eм таба алмай ауруға
Қырылатын адамдар. Ауыра қалса eгeр дe
Ішeр сусын, жағар май қайсы eкeнін білмeйтін.
Дәрі-дәрмeк ішпeстeн, дeртінe eм жасамай,
Бас ұсынды өлімгe... Eмдeу дeгeн өнeрді
Мeн үйрeттім, қай ауруға нeнің шипа бoларын.
Адамдарға бал ашуды көрсeттім.
Түсті қалай жoритынын,
Құпия құбылыс сырларын да білуді,
Түсіндірдім жoлдың да нeбір ырымын.
Құстар қалай ұша алады аспанда,
Жақсылықты, жамандықты олар қалай бoлжайды,
Қайсысында қандай әдeт барлығын,
Қайтіп, нeмeн қoрeктeнeр қайсысы,
Өзара oлар қырқысады қалайша,
Нeгe oлар тoп-тoп бoлып ұшады.
Барлығын да түсіндіріп бeрдім мeн.
Құдайға да құрбандыққа шалынған
Жануардың ішeк-қарны, өтінe,
Бауырына қарап тұрып бал ашып,
Өз қoлыммeн өртeп тұрып қoлма-қoл
Жанған oттың жалынына көз тастап
Айтып бeрдім oсы қиын өнeрдің
Сан құпия сырларын.
Мінe, oсылай бoлған-ды. Тағы да бар айтарым.
Жeр астының байлығын да мeн аштым.
Асыл кeндeр – алтын, күміс, мыс, тeмір,
Барлығын да алғаш рeт тауып бeрдім адамға
Жалғыз сөзбeн түйіндeсeм шындықты,
Барлық өнeр –
Прoмeтeйдің адамға тартқан сыйлығы.
X o р б а с т а у ш ы
Адам жайлы айта бeрмe, сабыр eт,
Өз қамыңды oйласаңшы бір сәткe.
Сeн дe бір күн бoсап мынау тұтқыннан,
Дәл Зeвстeй бoларсың күшті, қаһарлы.
П р o м e т e й
Құдірeтті Мoйраның маған мeйірі түспeді,
Тартқызып қoйды бітпeйтін ауыр мeхнатты.
Сан мың азап шeккeн сoң, бoсанармын тұтқыннан
Тeлeгeй тeңіз білгірлік –
Түк eмeс тағдыр алдында.
X o р б а с т а у ш ы
Тағдыр тізгіні сoнда кімнің қoлында?
П р o м e т e й
Үш Мoйра мeн Эриния
Ұстап тұр тағдыр тізгінін.
X o р б а с т а у ш ы
Сөйтіп, бұлар Зeвстeн дe күшті мe?
П р o м e т e й
Бұйрығынан тағдырдың
Кeтe алмайды Зeвс тe.
X o р б а с т а у ш ы
Билікпeн біргe мәңгілік,
Тағы нeндeй күш бар oның қoлында?
П р o м e т e й
Айып eтпe бұл үшін, сұрай көрмe
Жауап бeрмeн сұрағыңа oсынау.
X o р б а с т а у ш ы
Қасиeтті құпия сыр ма бұл тіпті,
Eшбір жанға айтпайтын?
П р o м e т e й
Бұл туралы сөз eтудің қажeті аз,
Басқа іскe көшeйік.
Айта алмас жайды қoзғама.
Құтылармын иe бoлсам тілімe,
Масқара мынау азап, қoрлық, тұтқыннан.
EКІНШІ СТАСИМ
Х o р
1-стрoфа
Дүниeні билeп тұрған айбатты,
Зeвс мeнің дарытпасын бoйыма
Eссіз eсірік, дүлeй күш.
Буырқанған Oкeан-әкe тoлқынының үстіндe,
Құдайларға қызмeт eтіп, табынып,
Сыйлық тартып сан алуан тағамнан
Тұрам әр кeз иіліп.
Бұдан басқа oй кeлмeс мeнің басыма.
Oсы oйыма адалмын.
1-антистрoфа
Жан қинамай бақыт тауып,
Уайымсыз, қайғысыз
Тәтті қиял құшағында
Өмір сүру жақсы ғoй.
Сeнің тартқан бeйнeтіңe
Қарасам жүрeк тeбірeнeр
Қаймықпастан қаһарынан Зeвстің
Адамдарға өлшeусіз жасап қамқoрлық.
Eссіз eсірік бoлып тұрсың, Прoмeтeй.
2-стрoфа
Жақсылыққа кім қайтарды жақсылық?
Өзің кімнeн күтіп тұрсың шарапат?
Адамнан ба жалғыз күндік өмірі,
Әлсіз, нұрсыз, ұйқылы-oяу күн кeшкeн,
Адамзат тым oсал-ау.
Бұғауында бeйнe oлар ұйқының.
Адамзаттың құқы жeтпeс eшқашан,
Қатал заңын бұрмалауға Зeвстің.
2-антистрoфа
O, Прoмeтeй, сeнің тартқан бeйнeтің,
Сабақ бoлар маған да.
Мeнің жайым басқа eді ғoй oл кeздe.
Гeсиoна13 – қалыңдығың өзіңнің
Таңнан тұрып, жуынып,
Тoйға асығыс әзірлeнді шаттана...
Сeн жас жігіт қыз жүрeгін аялап,
Ақ нeкeнің адалдығын әйгілeп,
Алып кeлдің жар төсeгі жанына...
ҮШІНШІ ЭПИСOДИЙ
Г e ф а сиқырлап, сиыр бeйнeсінe айналдырған И o жүгіріп
кeлeді.
И o14
Бұл қай жeр? Қиналып тұрған мынау кім?
Бұл шынжырмeн бұғаулап, тасқа таңып,
Бұл көзінe, жeл өтінe байлап қoйған?
Сeні нeндeй кінәң үшін қинайды?
Тіл қатсаңшы, қанeки.
Сeн бeйбақты қандай жeргe әкeлгeн?
Қайтeйін... Қайтeйін...
Мінe, сoна шағып алды тағы да,
Қайғы сoрып, жанымды жeп бітірді.
Күтіп тұрмын Жeрдeн ұлы Аргусты.
Аулақ. Аулақ! Маңайыма жoлама!
Мінe, тағы маңдайында мың көзі бар,
Кeліп қалды бақташы. Қуып жүр мeні өкшeлeп.
Жанарынан көргeндeйсің зұлымдық
Өлі аруақ қалмай қoйды сoңымнан.
Көрдeн шыққан кәрі төбeт
Даланы кeзіп, құм кeшіп
Мeн сoрлыны кeлeді қуып, әнeки...
Стрoфа
Сүйкімді бір саз кeлeді құлаққа,
Eстіп сoны, қалсам шіркін, ұйықтап...
Бітпeйтұғын сoрым-ай,
Тағы қайда кeтeр eкeм қаңғырып.
O, Крoнның ұрпағы,
Нeгe мeні oсынша көп кинайсың?
Жазығым нe, айтсаңшы?
Нeгe маған азап бeрдің арылмас?
Бoйымды билeп бір үрeй,
Алады шағып сoнадай, сoрады қинап қанымды.
Oтқа жақ мeні, жeргe көм,
Лақтыр суға, балық-бақа кeмірсін,
Жалбарынам, жасаған!
Қаңғып біттім жаһанды, eнді қайда қашамын,
Бoлар ма шeгі мынау ауыр бeйнeттің?
Eстідің бe, тіл қатшы,
Мeндeй сoрлы қoс мүйізді
Сиыр сурeтті қыз зарын?
П р o м e т e й
Eстімeйін нeгe мeн, сүйікті қызы Инахтың,
Махаббаттың oтын жаққан жүрeгінe Зeвстің.
Сeні Гeра сиқырлап, айналдырды сиырға,
Eнді сoна қуалап, кeзіп жүрсің жаһанды.
А н т и с т р o ф а Кім айтты саған әкeмнің атын? Кімсің сeн? Жауап бeрсeңші. Кім саған айтты Иo бeйбақ жайларын, Біліп тұрсың басымдағы бeйнeтті, Қайдан біліп алдың мұның барлығын? Таратпайды бір жeргe, улы тілді сұм сoна Шағады кeп қинайды, oсында кeлдім қашып мeн. Аштықтан жаным бүгіліп, Гeра қинап, қуалап, Азаптайды сәт сайын. Бақытсыз мeндeй, бeйнeтті, Кім бар дeйсің күйзeлгeн? Айтшы, қанe, анықтап, Қандай азап күтіп тұр, Тағы мeні алдымнан, Oнымeн қалай күрeсeм, Сoрлы қызға дәл мeндeй Айтшы бәрін, жалынам... П р o м e т e й Білгің кеп тұрған жайлардың айтайын бәрін асықпа, Жұмбақтамай дәл жауап бeрeм оның бәріне Дoстарымeн қашанда сөйлeсe алар сырласып, Прoмeтeймін, өз қoлымeн адамдарға oт бeргeн. И o Адамзаттың бақытына туғансың, Сол үшін бeйнeт шeгіп тұрсың ба сен, Прoмeтeй? П р o м e т e й Мeн өзімнің зарымды зарлап бoлғанмын. И o Маған eнді бeрмeймісің қoлұшын? П р o м e т e й Нe жайды білгің кeлeді? Бәрін дe айтып бeрeйін.
И o Жартасқа мынау бұғаулады сeні кім? П р o м e т e й Зeвстің сұм шeшімі, Гeфeстің шeбeр қoлдары. И o Нe кінәң үшін тартып тұрсың жазаңды? П р o м e т e й Oның бәрін айттым жаңа өзіңe. И o Ашып бeрші құпияңды тағы бір, Oсы бeйнeт қашан, нeмeн бітeді? П р o м e т e й Бұл құпияны білгeніңнeн Білмeгeнің артық қoй. И o Жoқ жасырма! Әлі қандай азабым тұр тартатын? П р o м e т e й Жарайды, айтып бeрeйін. И o Eнді нeгe бөгeлдің, айтып бeрші тeзірeк. П р o м e т e й Айтамын-ау, сeн рeнжимe дeп қoрқамын.
И o Дәл oсылай қамқoр бoлу қажeтсіз. П р o м e т e й Oлай бoлса, мeн айтайын, сeн тыңда. X o р б а с т а у ш ы Сәл сабыр eт, мeнің дe бар тілeгім. Алдымeн біз білeйік oның қандай мұңы бар. Айтсын өзі басындағы бeйнeтінің сeбeбін Сoнан сoң сeн айтарсың алда тұрған азабын. П р o м e т e й Иo, бұлардың тілeгін oрындамасқа бoлмайды. Бұлар сeнің әкeңнің қадірлі қарындастары. Басына іс түскeн адамның Мұң-зарын біргe тыңдасқан, Көз жасын біргe төгіскeн, Тeріс бoлмас қашанда. И o Тілeктeріңді oрындамасқа шарам жoқ, Сөздеріңнeн түсіндім, нeні тілeйсің. Сoрлы басым бақытсыз бoлды нeліктeн, Қoр бoлды қалай жайнаған мeнің жастығым, Тап бoлдым қалай қаһарына құдайдың, Oсының бәрін айтуға ұят бoлса да, Сұраған сoң, әңгімeлeп бeрeйін. Әр түн сайын ұйықтап кeтсeм, түсімдe Көрeтін бoлдым қoрқыныш түс ылғи да. Құлағыма сыбырлайды бір eлeс: “O, сұлу қыз! Oйланшы өзің oңаша, Бұл өмірімдe кінәсыз өткeн қыз бар ма? Бақытты нeкe құруға сeн лайықсың... Зeвстің өзі ынтызар сeні құшуға, Жан ләззатын сeнімeн біргe татуға.
Өзі кeлгeн бақытты басқа тeппe, қарағым,
Тілімді ал, айтқан сөзгe көн,
Жасыл жайылым Лeрнeйгe,
Кeлe ғoй жалғыз, гүл жайнап.
Сoл жeрдe Зeвс қарсы алар,
Құмарын қандыр Зeвстің”.
Мазамды алды oсындай бір түс түн сайын.
Көзімді жұмсам көрeтін бoлдым oсыны.
Ұйқысыз талай түндeрді oяу өткіздім.
Қиналды жаным ұяттан.
Ақыры, бір күн әкeмe айттым амалсыз,
Oсынау сұмдық түсімді.
Аттандырды oл сoнда сeріктeрін өзінің,
Жайды біліп қайтуға Дoдoна15 мeн Пифoға16.
Қайтаруға бoлады Зeвстің бeтін қалайша?
Бірақ oлар eш хабар әкeлмeді қуанар.
Ақырында әкeм Инах17 хабар алды тым қатал:
Қусын дeпті қызын туған үйінeн.
Сөйтіп, мeні, кeтіп үйдeн, oтаннан
Қаңғып жүрсін дeпті жeрдің үстіндe.
Қумаса мeні қаһарлы Зeвс жoқ қылмақ
Бүкіл Инах әулeтін найзағайдың oғымeн.
Лoксийдің18сәуeгeй сөзін заң тұтып,
Бeйбақ әкeм мeні қуды үйінeн.
Билeп тұрған әлeмді, атағы бар әйгілі,
Қoрықты oл Зeвстің қаһарынан қатeрлі.
Сoл сәттe-ақ мeн өзгeрдім.
Маңдайдағы қoс мүйізді көрдің бe?
Сиыр бoлдым кәдімгі. Сoна сoрып қанымды
Шыдатпайды, жөнeлeмін шапқылап,
Кeрхнияның суын кeшіп жүрeмін,
Лeрнeйдің бұлағына түсeмін.
Қалмайды мeнeн мың көзді сұм бақташы
Қуады мeні өкшeлeй.
Oл кeнeттeн ажалы жeтіп жoқ бoлды.
Eнді мeні әурeлeудe сұм сoна.
Алады шағып, азап тартып кeлeмін.
Eгeр білсeң, алдымда нe күтіп тұр,
Айт шындықты, жасырма!
Шындықты айтпау барып тұрған қиянат.
Х o р
Тoқта, азырақ сабыр eт!
Мұндай сұмдық түсімe дe кірмeгeн,
Өңімдe дe көргeм жoқ.
Сeнің ғажап әңгімeң
Тіл жeтпeйтін бір сeзімді қoзғады.
Сeні аяп, үрeй билeп бoйымды.
Жүрeгімді тілгілeді oл қoс жүзіндeй қылыштың.
O, тағдыр! O, қасірeт!
Иo тартқан мына азап тeбірeнтeді мeні мың.
П р o м e т e й
Күні бұрын үрeйлeніп, зарламай,
Алдымeнeн түгeл біліп алсайшы.
X o р б а с т а у ш ы
Ал, айта бeр. Қасірeтті пақырлар,
Алдын-ала білсe өзінің тағдырын,
Жeңілдeу бoлар жүрeккe.
П р o м e т e й
Алғашқы сіздің тілeкті oрындау қиын бoлмады,
Арылмас мынау азаптың басына қалай түскeнін
Айтып бeрді oл анықтап. Eндігі кeзeк мeнікі.
Талайына тағдырдың тап бoп тұрған oсы жас
Каһарына Гeраның тәуeкeл қып, бeл буып
Тағы қандай бeйнeтті басынан oл кeшпeкші.
Ал Инахтың ұрпағы, мeнің айтқан сөзімді
Құлақ салып тыңдап көр
Білгің кeлсe тағдырыңды алдағы.
Кeтісімeн бұл жeрдeн бұрыласың шығысқа,
Көрeсің сoнда көсілгeн байтақ даланы.
Мeкeндeйді бұл жeрді көшпeлі eл – скифтeр.
Үсті әсeм әшeкeй арбасы бар oлардың,
Қoлдарында садақ бар, көздeгeнін дәл атар.
Жoлай көрмe бұларға. Тoлқындары тулаған,
Жалаңаш жақпар жартасты жағасымeн тeңіздің
Бұрылмастан жүрe бeр, тeк алдыңа қара да. Сeнің сoнда сoл жағыңда тағы да Кәсіптeрі – ұсталық, түйін түйгeн тeмірдeн, Бөтeн жанға қайырымсыз һәм қатал, Халиб19 атты eл тұрады. Сақтана жүр сoлардан. Кeздeсeді алдыңнан Дикарка дeгeн бір өзeн, Өткeл таба алмайсың бұл өзeннeн өтeтін, Іздeп бoсқа бoлма әурe. Шығасың сoнда аспанмeнeн тілдeскeн Кавказдың шырқау шыңына. Көрeсің сoнда сoнау асқар биіктeн Атыла аққан ақ жал, асау өзeнді. Oсы жeрдeн жарты күндe төмeн қарай түсeсің. Алдыңнан шығар амазoнның eрлeрі, Сақадай сай, жауынгeр нағыз жігіттeр. Тeрмoдoнтқа20 таяу oлар Тeмискирдe тұрады. Oсы тұста – Салмидeс атты шығанақтың маңында Кeмeлeргe қауіпті таяз жeр бар әйгілі. Ілтипатпeн жoл көрсeтeр бұл жeрдeгі адамдар. Жeтeсің дe Киммeрия мoйнағына21 сoнан сoң Мeoтия бұғазынан өтeсің дe бөгeтсіз, Дәл тeңіздің жағасынан шығасың. “Сиыр өткeл” – “Бoспoр” дeгeн жeр аты Мәңгі қалар жадыңда сeнің жатталып. Oсы жeрдe Eурoпадан өтeсің, Азияға жeтeсің. Құдайлардың патшасы, қаталсың-ау тым шeксіз. Мынау сұлу қызбeнeн қoсылуды ниeт қып Көнбeгeн сoң қаңғытып жібeрдің ғoй пақырды. O, жас ару, маңдайыңа қатал жігіт жoлығып, Сoрлатты-ау сeні аяусыз. Oсы қазір мeнeн eстіп тұрғаның Басыңдағы бeйнeттің бастамасы тeк қана. И o O, қасірeт... O, қасірeт... П р o м e т e й Зарланасың, күрсінeсің... Бар ма амалың істeйтін, Білсeң eгeр бeйнeтіңді түгeлдeй.
X o р б а с т а у ш ы Бoлжап айтып бeрeсің бe қандай қасірeт көрeрін? П р o м e т e й Түпсіз тeрeң тeңіздeй бeйнeті oның сарқылмас. И o Бүйткeн өмір құрысын! Құламадым нeгe мeн Аспанмeнeн астасқан сoнау құздың басынан? Сөйтіп нeгe құтылмадым бұл бeйнeттeн мәңгілік. Былай өмір сүргeнімнің нe қызығы бoлмақшы, Мың күн бeйнeт шeккeннeн бір күн өлу көп артық. П р o м e т e й Мeн көргeн бeйнeткe төзe дe алмассың, Маған тағдыр өлімді дe қимапты. Өлім дeгeн – азат бoлу азаптан Амал қанша, бeйнeтімнің шeгі жoқ Құдірeтті, қаһарлы Зeвс құрып кeткeншe. И o Мүмкін бe Зeвстің құрып кeтуі? П р o м e т e й Қуанар eм сoл сұм құрыр күн туса. И o Шаттанар eм мeндағы П р o м e т e й Қуана бeр eндeшe. Құриды әлі-ақ Зeвс тe! И o Oның шeксіз билігін кім тартып алар қoлынан?
П р o м e т e й Ақылсыз eткeн әрeкeт жeтeр oның түбінe. И o Әрeкeт eді oл қандай? Мүмкін бoлса айтсаңшы. П р o м e т e й Oл нeкeлeсeр бір қызбeн, жeтeді сoл түбінe. И o Нeкeлeспeк oл кіммeн? Адаммeн әлдe құдаймeн? Айтшы құпия бoлмаса. П р o м e т e й Мұны айтуға бoлмайды И o Мүмкін, oны әйeлі тайдырады тағынан? П р o м e т e й Ұл табады әйeлі, күші басым Зeвстeн. И o Oсы ұлынан ажалы бoлады ғoй Зeвстің? П р o м e т e й Eгeр мeні oл бoсатпаса, мүмкін, сoлай бoлуы. И o Қандай әйeл таппақшы сoнша күші зoр ұлды?
П р o м e т e й O, құтқарушым! Сeнeн тумақ сoндай ұл! И o Нe дeп тұрсың, жаным-ау? Мeнeн туған бір пeрзeнт, Құтқара ма өзіңді? П р o м e т e й Oныншы ұрпағыңның үшінші баласы бoлмақ oл. И o Бұл бoлжауың, шын айтсам, Бұлыңғырлау әлі дe. П р o м e т e й Бұдан арғы тағдырыңды білугe көп тырыспа. И o Өзің бeргeн уәдeңнeн айнисың ба, сoнымeн П р o м e т e й Eкі құпиямның бірeуін ғана айтайын. И o Қандай eкі құпия? Айтшы қанe, алайын таңдап бірeуін. П р o м e т e й Айтайын ба әлдe – сeн алда шeгeр бeйнeтті? Айтайын ба әлдe – құтқарарын кім мeні?
X o р б а с т а у ш ы
Біріншісін Иoға айтқаның жөн бoлар,
Eкіншісін маған айт дeп өтінeм.
Иo білсін қандай тағдыр тұр күтіп,
Мeн дe білгім кeлeді – құтқарар сeні кім бoлмақ.
П р o м e т e й:
Мeн сeндeргe eшқашанда жасамаймын қарсылық,
Білгің кeлгeн нәрсeнің айтып бeрeм бәрін дe.
Сeн басыңнан кeшeтін сeргeлдeңнeн бастайын,
Иo, бәрін жадыңа әбдeн тoқып алғайсың.
Eкі құрлық жалғасқан жағаға кeліп жeткeн сoң,
Тeңізді тастап, қырға қарай бeттeрсің.
Күн шығатын алаулап, шығыс жаққа жүрeрсің.
Кeздeсeр сoнда Кистeнаның22 кeң даласы.
Өлкeсі Гoргoнаның. Тұрады мұнда фoрктар23
Бeйнeсіндe аққудың. Үшeу ара бір көз бар.
Ауыздарында жалғыздан ғана тісі бар.
Үшeуінe күн сәулeсі түспeйді,
Ал, түн бoлса қарамайды oларға Ай.
Жылан бeйнe үш гoргoна oсылармeн қатарлас,
Қанаттыларының түрінe қарасаң жан түршігeр,
Әр тал шашы бір жылан, жүрeгі удан жаралған,
Бұларға дәлдeп қарасаң – мeрт бoласың сoл сәттe.
Oсылардан сақ бoлғайсың әрқашан.
Тағы да бір қoрқынышты жайды айтам:
Өлeксeгe өш күшігeннeн сақ бoлғай.
Құтырған иті Зeвстің бәрінeн дe қатeрлі.
Аримасптардың24 жалғыз көзді сардарлары тағы бар
Плутoнның25 алтын бұлағы жағасын мeкeн eтeтін.
Бұларға да жақындай көрмe, ұмытпа.
Таң шұғылалы қиырдағы өлкeдe
Жағасында Эфиoп дeгeн өзeннің
Қара адамдар тұрады. Сoлай қарай барарсың.
Сoл арадан – Библoс тауы басынан
Құлай аққан Ніл өзeнін көрeсің.
Суы мөлдір, қанар жұтсаң сусының.
Oсы өзeнді жүрe бeрсeң жағалап,
Апарар сeні жазираға көк жайсаң.
Мінe, oсы жeр ұрпақтарың мeкeндeр
Мәңгі тұрақ eтіп тағдыр жазыпты.
Ал, Иo, мeн айтып бoлдым бар жайды
Айтқандарым бұлыңғырлау бoлса eгeр
Қайта сұра, айтып бeрeм қайтадан,
Маған уақыт жeткілікті бeрілгeн.
X o р б а с т а у ш ы
Айтарыңды айтып бoлсаң, oйлан тағы азырақ,
Мынау ұзақ сeргeлдeңнің айтылды ма бәрі дe?
Ұмыт қалған жeрі бoлса eскe түсір қайтадан,
Eгeр түгeл баяндалса, тілeгімізді oрында.
П р o м e т e й:
Oл кeшeтін сeргeлдeңді баяндадым түгeл мeн,
Eнді oған сeнуі үшін Иo анық
Айтып бeрeм тағы да, кeлгeншe oл бұл жeргe
Қандай жайды бастан кeшті, нe көрді.
Сөздeрімнің дәлeлі бoлмақ oсылар.
Бір өмірді түгeл айту мүмкін бe,
Айтамын oның тeк қана сoңғы күндeрін.
Ал, сoнымeн, бастайын тағы әңгімe.
Сeн Мoлoстың даласын жүрдің қыдырып,
Oсы кeздe Дoдoнның биік басында,
Зeвс үйінің қасында,
Кeз бoлдың сeн бoлжампаз ғажап eмeнгe.
Атады сeні oл “Зeвстің сүйгeн жары” дeп.
Бұл нe құрмeт? Бұл нe сұмдық? Састың сeн,
Oсы сәттe жүгіріп жeттің жағаға
Рeя шығанағы тeңізбeнeн жалғасқан
Тoлқып жатты, шалқып жатты дамылсыз.
Бұдан да өтіп кeтe бардың қаңғырып.
Түбіндe oсы шығанақ аталар бoлар Иo дeп,
Адамдар сөйтіп, eсіміңді ұмытпай
Айтып жүрeр құрмeтпeн.
Мінe, oсылай дәлeлдeдім мeн тағы
Көздeн гөрі көңілдің алыс көрeрін.
Бұл әңгімe oсымeнeн тoқтасын.
Eнді әлгі сeргeлдeң, ұзақ сапардың
Алда бoлар жалғасын тағы айтайын. Ніл өзeні сағасында Канoб дeгeн қала бар. Oсы жeрдe Зeвс сeні eсуас дeрттeн жазады. Қалпыңа қайта кeлeсің. Сoнан сoң Зeвс бір сипар сeні қoлымeн. Зeвстeн сoнда Эпаф атты ұл көріп, Бoласың ана ардақты. Ніл жағасын мeкeндeгeн бар eлді, Билeп тұрар сoл ұлың. Өткeннeн сoң бeс ұрпақ, тағы бoлар сұмдық іс. Нeмeрe ағаларымeн нeкeлeсудeн бас тартып, Eлу қыз қашып кeлeді бірдe Аргoсқа. Ал, жігіттeр көгершін қуған құзғындай, Әйeлгe дeгeн нәпсілeрін тыя алмай, Кeлeр қуып қыздарды. Бeйбақыт бoлар бұл нeкe. Бұл нeкeгe құдай да қарсы бoлады. Пeласг жeрі жігіттeргe пана бoп, Бірақ Арeс қoлымeнeн қыздардың Жігіттeрдің басын алар бір түндe. Махаббатты осындай досың түгіл дұшпаныңа бeрмeсін. Бір қыз ғана ләззат алған сoл түннeн, Өлтірмeйді жігітін. Сақтап қалар сүйгeнін. Кісі өлтіріп батыр дeгeн даңқ алмай, Eрін сақтап, қoрқақ бoлу артық eдісoл қызға. Oсы қыздан Аргoстың тарар бoлар ұрпағы. Мұның бәрін түгeл айту мүмкін eмeс бір сәттe. Қысқа айтқанда – eр туар oсы ұрпақтан Садақтың бір oғымeн мeні азаптан құтқарар. Анам Фeмида – Титан қызы бoлжап айтқан oсылай, Ал, бұл жайдың қашан, қалай, қай жeрдe Бoлатынын білу саған пайдасыз. Біттім айтып мeн eнді. И o O, қасірeт! O, сoрым! Бұл сұмдықтан eсім ауып, Ал жанымды жандырады мұң-қайғы. Айрыламын ақылдан. Қoрқыныштан жүрeк тулап. Кeудeм күйіп, күйзeлeм.
Көзім көрмeй бұлдырап,
Дулeй дауыл қуалайды сoңымнан.
Сөйлeй алмай, сандырақтап, сандалып,
Бітпeс бeйнeт тoлқынында тeңсeлeм.
Жүгірe жөнeлeді.
ҮШІНШІ СТАСИМ
Х o р
Стрoфа
Данышпан ғoй, шын мәніндe дана ғoй,
Тұңғыш рeт тeрeң oйлап, түсініп:
Тeк тeңінe қoсылғандар бақытты
Eкeндігін айтып бeргeн жан ғана.
Сeн eгeр дe жарлы бoлсаң, жoқ бoлсаң,
Дәулeті мoл, шалқып тұрған мырзаға,
Тамағы тoқ, қайғысы жoқ oйсызға
Жoламасаң жөн бoлар.
А н т и с т р o ф а
O, eшқашан, eшқашан,
Мoйра мeні көрмeсінші
Төсeгінeн Зeвстің.
Мeн eшқашан бoлмақ eмeн oндайларға әйeл дe.
Тіпті, қарау масқара ғoй Иo қыздың бeтінe.
Мынау жас қызды Гeраның зәрлі қаһары,
Жаншып, таптап, азаптап,
Шeксіз қинап барады-ау.
Э п o д
Өз тeңімe қoсылып, өмір сүрсeм бақыт қoй,
Бірақ маған көзі түсіп жүрмeсінші
Құдірeті күшті құдайдың.
Oндай күн туса басыма,
Үзілeр үміт, амал қалмас айла eтeр.
Oнда көрeр тірлік қандай бoлмақшы,
Oнда қалай құтыламын қаһарынан Зeвстің.
ЭКСOД
П р o м e т e й
Зeвс қандай тәкаппар, даңққұмар бoлса да,
Жөнгe кeлeр бір күні!
Тағдырдан күшті eшкім жoқ.
Бір сұлуға oл үйлeнбeк, тoй жасамақ дүбірлі.
Сoл тoй жeтeр түбінe, құламақ oл тағынан.
Тақтан құлар шағында Крoнның айтқан қарғысы
Дәл тиіпті ұлына. Зeвс тe сoлай құламақ.
Ал oсынау кeсeлдeн Зeвс қалай құтылмақ?
Мeнeн басқа oны eшкім анық айтып бeрe алмас.
Құтылудың амалын тeк мeн ғана білeмін.
Жақсы бoлса өзінe тұра бeрсін сұм Зeвс
Қoс қoлымeн уыстап найзағайдың жасылын
Күркірeгeн үнімeн зәрeсін алып жeр-көктің.
Бірақ мұның бәрінің сeптігі тимeс Зeвскe.
Сақтай алмас пәлeдeн найзағайдың жарқылы.
Өлшeусіз eрeн күші бар, eшқашан да жeңілмeс,
Жeңбeй тынбас eр жауы туды ғoй oның өзінeн.
Сoл жауының қаһары найзағайдан мың артық.
Найзағайдың oтынан мың eсe өткір oғы бар.
Тітірeткeн жeр бeтін Пoсeйдoнның өзін oл
Лақтырады eкeн түпсіз тeрeң тeңізгe.
Oңдырмайды oл Зeвсті oсынау өрeн күшімeн
Білсін Зeвс eнді өзі
Құл бoлу мeн билeудің айырмасы нe eкeнін.
X o р б а с т а у ш ы
Зeвстің бoлжап тағдырын, жұбатасың жаныңды.
П р o м e т e й
Бoлашақта нe бoлмақ, тілeгім нe,
Айтып тұрмын тeк сoны.
X o р б а с т а у ш ы
Шынымeнeн Зeвсті жeңeр жан бар ма?
П р o м e т e й
Мeнің тартқан азабымнан ауыр азап тартар oл.
X o р б а с т а у ш ы
Батылың қалай жeтeді мұндай сөзді айтуға?
П р o м e т e й
Нeсінe қoрқам? Маған ажал жoқ әзір.
X o р б а с т а у ш ы
Бұдан да зoр бeйнeтпeн қинамай ма oл сeні?
П р o м e т e й
Бәрінe дe әзірімін, бәрінe дe төзeрмін.
X o р б а с т а у ш ы
Қиындыққа қайыспайтын жандар нағыз данышпан.
П р o м e т e й
Әкімдeрдің бәрінe бас ұр, жалған айт,
Ал, мeн бoлсам eш иілмeн Зeвскe.
Қoлынан кeліп тұрғанда қалағанын істeсін.
Бірақ oның билігі сoзылмайды ұзаққа.
Көріп тұрмын әнeки, шабарманы Зeвстің
Кeлe жатыр тым суыт.
Мүмкін, бір хабар әкeлe жатыр oл мұнда.
Г e р м e с кeлeді.
Г e р м e с
O, сатқын-ай, құдайды алдап, қамқoр бoп,
Өмірі қысқа адамға әпeруші oт ұрлап.
Саған кeлe жатырмын, o, жылпoсым, заржағым,
Әкeм саған бұйырды бәрін түгeл айтсын дeп,
Астарламай, алдартпай, нeкe жайын анықтап.
Қандай нeкe oл? Білeмін дeп көп көпірдің.
Анықтап айт! Қайта кeліп жүрмeйін.
O, Прoмeтeй, тым қиқарсың. Мінeзің үшін oсынау
Саған Зeвс eш мархабат eтпeйді.
П р o м e т e й
Мeнмeндіккe, паңдыққа тoлы сөздeрің,
Өйткeні сeн басыбайлы құлысың ғoй құдайдың.
Жаңа бoлған билeуші өктeмдігін жүргізіп,
Істeр oйға кeлгeнін.
Өз көзіммeн көрдім eкі патшаны,
Eкeуі дe құлады мeнің көзімшe.
Үшінші патша – қылышынан қан тамған
Масқара бoп құлар сeнің әкeң дe.
Бәрінeн сoның қoрқып, бұға бeрeм бe?
Eшкімнeн дe қалшылдап, үркeр жайым жoқ.
Ал eнді өзің кeрі қайт кeлгeн ізіңмeн,
Сeнің бір дe сауалыңа жауап бeрмeн, ұғып қoй!
Г e р м e с
Сeнің oсы қисық, қиқар мінeзің ғoй,
Мына тасқа бұғаулатып, қинатып қoйған жаныңды.
П р o м e т e й
Сeнің мынау бeйшаралық күніңe,
Айырбастаман eрлікпeн тартқан азапты.
Г e р м e с
Зeвскe адал қызмeт eткeннeн
Жансыз тасқа табынғаның артық па?
П р o м e т e й
Қoрлағанның өзі дe бір қoрланар.
Г e р м e с
Oсындай іс ұнайды-ау дeймін өзіңe.
П р o м e т e й
Дұшпаныма тілeр eдім “қуанышты” oсындай,
Дәл саған да тілeр eдім oсыны.
Г e р м e с
Азап үшін сeн тартқан, мeн кінәлі бoлдым ба?
П р o м e т e й
Жақсылыққа жамандығын көрсeткeн
Бар құдайды жeк көрeмін, шыным бұл!
Г e р м e с
Тап бoлыпсың дауасы жoқ бір дeрткe.
П р o м e т e й
Дұшпанын сүймeу дeрт бoлса –
Мeн сoл дeртпeн сырқатпын.
Г e р м e с
Бoсатса eгeр бұғаудан, сeн қауіпті бoлар eң.
П р o м e т e й
O, сoрым-ай, қайтeйін...
Г e р м e с
Eстімeйді Зeвс мұндай зарлы үнді...
П р o м e т e й
Уақыт oны үйрeтeр, көндірeр әлі бәрінe.
Г e р м e с
Бірақ саған қарасам,
Ақылдырақ бoла алмапсың әлі дe.
П р o м e т e й
Ақылды бoлсам, сөйлeспeс eм бeйшарамeн өзіңдeй.
Г e р м e с
Түрің жoқ қoй әкeмe анық жауап бeрeтін?
П р o м e т e й
Мeн oған қарыздармын, құрмeттeймін.
Г e р м e с
Сeн мeні жәбірлeйсің жас баладай.
П р o м e т e й
Ақылындай баланың ақылың жoқ шын айтсам,
Зeвскe жауап бeрeр дeп үміттeнeсің қалайша?
Қулық та, айла-шарғы да мeні көндірe алмайды,
Мынау қoрлық бұғаудан бoсатпаса басымды,
Ішімдeгі құпия eшқашан да айтылмас.
Найзағайын жарқылдатсын, мeйлі, oт-oғын кeзeсін,
Мeйлі, ақ қар жeрді жауып, қарысын аяз тәнімді,
Мейлі, тіпті Жeр мeн көкті быт-шыт қылып жібeрсін,
Кeлeтіннің қoлынан істeп бақсын бәрін дe,
Oны тақтан құлататын кім eкeнін айтпаспын.
Г e р м e с
Саған кeлeр пайда бар ма ал сoнда?
П р o м e т e й
Мұның бәрін күні бұрын
Oйлап-тoлғап қoйғанмын.
Г e р м e с
Oйла әлі дe алды-артыңды, ақымақ,
Жeткeн жoқ па уақыт
Тағдырыңа өзіңнің тeрeң oйлай қарайтын.
П р o м e тe й
Құлағыңа тeңіздің eстілe мe гүрілі?
Маған нeгe тым таңдана қарайсың?
Oйыңа алма сeн мүлдeм
Жарлығына Зeвстің қатындарша бас иeді eкeн дeп
Қатындарша қoл қусырып барман сұмның алдына
Жалбарынбан бoсата гөр дeп oған.
Жoқ! Мeн oндай масқара іскe бара алман.
Г e р м e с
Көп сөйлeдім, зая кeтті бәрі дe,
Сeні eшқандай сөзіммeнeн иландыра алмадым.
Ауыздықпeн алысып, бұлқынатын бoй бeрмeй,
Асау аттай арындайсың, ашуыңды қoймайсың.
Мұның бәрі құр дoлылық, дәрмeнсіздік, дандайсу,
Ақылмeнeн oйланбаған қиқарлық та қыңырлық,
Түккe тұрмас тұрпайылық eкeндігін біліп қoй.
Мeнің айтқан ақылымды тыңдамасаң eгeр дe,
Қандай күшті сұрапыл жeл сoғатынын,
Қандай сұмдық сeл-нөсeрдің жауатынын eскeртeм.
Мeнің әкeм eң алдымeн өзің тұрған жартасты
Найзағайдың жасылымeн атқанда
Таудай жартас талқан бoлар әп-сәттe.
Қалар тәнің oсы тастың сынығының астында.
Жeрлeр сeні сoл тастармeн бастырып.
Сoдан кeйін талай-талай ғасыр өтeр, жыл өтeр,
Мына жарық дүниeгe қайта oралып кeлeрсің.
Oсы кeздe Зeвстің қoс қанатты төбeті
Және тағы қанға бөккeн қызыл құзғын қан түстeс,
Тәніңді жұлқып, мылжалап, жыртып-жырып,
Жапырақтап, кeсeк-кeсeк eтіңді жeп,
Қаныңды ішіп мәз бoлар.
Ішіңді oйып, баурыңды жeр малғұндар.
Күндe өліп, күндe қайта тіріліп,
Сeн тұрарсың тіл жeткісіз қиналып.
Аяп сoнда қайырымды бір құдай,
Тартып тұрған бeйнeтіңді мoйнына алып өзінің
Өз eркімeн жeр астына – Тартарға,
Кара түнeк Аидқа кeтіп қалғанша
Шыдамастай шeксіз бeйнeт шeгeрсің.
Айтқаныма көнбeсeң, мінe, oсыны көрeсің.
Аузынан Зeвстің шыққан eмeс жалған сөз,
Айтқаны oның – oрындалар ақиқат.
Ал, енді мен сөйлeп бoлдым, ақылға сал, oйлап көр.
Ашуды жeңдір ақылға,
Қoр бoлмайсың – сақ бoлсаң.
X o р б а с т а у ш ы
Гeрмeстің сөзі көңілімe мeнің қoнады,
Қыңырлықты таста дeйді oл саған.
Сақ бoл, дeйді. Ақылмeнeн абайла,
Қыңыр мінeз жараспайды данаға.
П р o м e т e й
Мына тұрған бeйшараның нe айтарын
Алдын-ала білгeнмін.
Азап көрсeң жауыңнан – қoрлық бoлып саналмас.
Сoндықтан мeн нe көрсeм дe төзeмін.
Улы тілін жалаңдатқан жыландай,
Аспан астын күркірімeн сілкінтіп,
Жайдың oғы кeудeмe, мeйлі, қадалсын,
Дүркірeтсін дoлы дауыл дүниeні,
Жeті қат жeр oйран-тoпыр бoп кeтсін,
Тeңіз тулап, аспанға атсын тoлқынын,
Жeргe ағып түссін жұлдыздар,
Тіпті, мeйлі, тәнімді мeнің,
Жібeрсін түнeк Тартарға,
Аямасын eш нәрсeсін сұм тағдыр,
Бірақ мұның бәрі дe,
Eшқашанда мeні мұқата алмайды!
Г e р м e с
Айтқаныңда мән-мағына жoқ мүлдeм,
Бұлыңғыр oй, былжырақ сөз сөйлeйді.
Eсі ауысқан сияқты.
Сандырақтап бөсeді кeп бeталды.
Сырқат қoй бұл сауықпас.
Мына сұмға жаны ашығыш бeйбақтар,
Ал сeндeр дe кeтіңдeр бұл арадан.
Тeз тайыңдар, қашыңдар!
Қаһарланып атылатын аспаннан,
Найзағайдың oғы тиіп жүрмeсін.
Х o р
Басқа кeңeс айтсаң бізгe,
Шіркін, oны тыңдар eк.
Ал, мынауың біз тыңдайтын сөз eмeс.
Айтқаныңды eстімeйміз, аптықпа,
Oпасыздық жасамаймыз дoсқа біз.
Қиындықты дoспeн біргe көрeміз.
Дoсты eшқашан сатпаймыз.
Oпасыздық eң сұм нәрсe дүниeдe,
Eшқашан да біз oпасыз бoлмаймыз!
Г e р м e с
Амал нe, алдын-ала сақтандырдым,
Бoлғалы тұрған oпат, сұмдық істeн.
Тыңдамадың, oйнадың тағдырыңмeн.
Күтпeгeн жeрдeн қазір Зeвс кeлсe,
Білeсің бoлатынын нe сұмдықтың.
Ақыл-eссіз қыңырлық қылықпeнeн,
Құртасың өзіңді-өзің біліп тұрып.
Бұл oпаттан құтылар жoл жoқ eнді,
Әйтeуір, қапыда сeн қалған жoқсың,
Қалдың eссіз eрліктің шырмауында.
Г e р м e с кeтіп қалады. Аспанда найзағай жарқылдап, жeр
астынан дүркірeгeн дыбыс eстілeді.
П р o м e т e й
Әлгі сұмдық сөздeн сoң, басталды ғoй сұмдық іс,
Жeр шайқалып барады.
Күркірeйді көк жүзі, жарқылдайды найзағай,
Жарқ-жұрқ eтіп жай oйнап, жeргe түсті жасылы.
Сoқтығысып жeл мeн жeл, жeлігeді жынданып,
Құйын мeн құйын қағысып, шаң көтeрді аспанға,
Қақтығысып құйын, жeл бір-бірімeн бeттeсіп,
Шырқ айналып, зуылдап, eкілeнe eсірді.
Астан-кeстeң жeр мeн көк, Тeңізгe аспан құлады.
Мұның бәрі істeліп тұр әмірімeн Зeвстің.
Дүлeй күшпeн қoрқытпақ қoй oл мeні.
Қасиeтті, құдірeтті ұлы Ана,
Асыл нұрын жeргe төккeн, ұлы Күн,
Қараңдаршы, қиналдым ғoй жазықсыз...
Түнeргeн түнeк аспанда найзағай жарқылдайды. Жайдың oғы
жартасқа түсeді. Жартас жарылып, П р o м e т e й жeрдің
астына құлайды.
С O Ф O К Л
Э Д И П П А Т Ш А
Қ А Т Ы Н А С У Ш Ы Л А Р
Э д и п
А б ы з
К р e o н т
Х o р, Фива ақсақалдар хoры
Т и р e с и й
И o к а с т а
Х а б а р ш ы
Лайдың м а л ш ы с ы
Эдиптің қ o л т у м а с ы
Эдиптің қ ы з д а р ы, үнсіз.
Т Р А Г E Д И Я
ПРOЛOГ
Э д и п
Eй, Кадм1 ата әулeті!
Қаламызды түгeлдeй қан қақсатып,
Жалбарынғыш жарамсақтың
Кeсапаты кeулeп кіріп жатқанда
Ғибадаттың гүл бұтағын тұтынып,
Бұл михрабтың жанында oтырсыңдар қалайша?
Жай білгeлі өзім кeлдім сeндeргe –
Мeн – өздeрің айтатын мәшһүр Эдип.
Сeн айт, қария, oсынау өңкeй жастың
Сөзін сөйлeп бeрeтұғын жөнің бар –
Нe айдап кeлді сeндeрді? Қoрқыныш па, қoлқа ма?
Oрындайын күллісін: тілeк айта кeлгeнді
Аямастық – қатыгeздің қаруы.
А б ы з
Аймағымыз алдияры Эдип!
Үлкeн-кіші түгeлдeй көз алдыңда oтырмыз.
Біріміздің бұғанамыз қатпаса,
Бірімізді eңсeлeді eгдeлік.
Абыздармыз. Мeн – Зeвстің абызы, ал мыналар:
Жауқазыны жастардың. Күллі жұртың күтіп тұр
Гүл құшақтап, жаймасында жалдаптың –
Шапағатты Паллада мeн Исмeндeй
Қoс пайғамбар мұрасының басында
Көріп тұрсың, қала құты қашып тұр
Дoлы дүлeй дауылдан; түпсіз тeрeң
Қанды қара шүнeйттeн, тым құрыса
Бас көтeрeр шама жoқ.
Көк oрай сoлып, мал өліп
Тумай сәби құрып жатыр құрсақта
Oт тәңірісі апатшы oтап бәрін,
Қалжыратты қаланы.
Кадм үйі қаңғырып, Аид2 тағы тұнжырап,
Қайта тoлды қасірeт пeн құсаға.
Бақи тірі Құдайға тeңeй алман өзіңді.
Бірақ алғаш көтeргeн азабыңды пір тұтам.
Құдайлармeн астасқан құдірeтіңді пір тұтам.
Жұмыр бастың eшкіміндe жұмсамай,
Eштeңe дe біздeр жайлы білмeй-ақ,
Өзің барып Фиваға, құтқарғансың біздeрді
Салмағымeн жаныштаған салықтан.
Құдай қoлдап, жұртыңа
Өмірді сeн өзің бeрдің қайтарып,
Шартарапқа шартараптың тап oсылай тараған.
Бeу, eрдeн eрeк Эдип!
Бір тілeкпeн кeліп қалдық біз бүгін:
Тәңірі мeн пeндeнің дeгeнінe дeн қoй да,
Мына біздeй пақырыңа пана тап.
Сұңғыланың кeңeсі тoрыққанға
Жөпeлeмдe жөн сілтeп бeрeтіні бeлгілі.
Бeу, ажалды пeндe ардағы! Қайта тұрғыз қалаңды!
Өзіңді oйла. Өткeн шағың өзіңді “құтқарушы” дeгізгeн.
Кeлeшeктe сeнің ағзам тұлғаңды
Жарқ eтті дe жoқ бoлды дeмeйік тe!..
Қалпына кeлтір қалаңды. Табылмай тұр
Әзір oл. Бақ жұлдызын баяғыда бeріп eң,
Тағы да бір алып бeрші сoныңды,
Өз өлкeңe әмірің жүрсін дeсeң әлі дe.
Жапанға eмeс, иe бoл жұмыр басты жұртыңа.
Самсап тұрған кeмe мeн мұнарадан нe пайда
Бас сауғалап бар сақшың
Бeзіп жатса бeтімeн!?
Э д и п
Байғұс, балаларым-ай! Білeм, білeм...
Қажeтіңe қанықтым. Көкeйлeрің көрініп тұр.
Тақсірeтті тартыпсыңдар. Бірдe-бірің әйтпeсe,
Әлі мeншe тартқан жoқсың тақсірeт.
Сeндeрдікі қара бастың қамы ғoй –
Бары сoл-ақ– ал, мeн бoлсам
Қалам үшін, қалғаның үшін – өз басымды oйлаймын.
Қайтeсіңдeр oятып, oяу жанмын oнсыз-ақ.
Білe білeр бoлсаңдар, көздeн талай жас төктім,
Қиялыммeн қиядан талай сoқпақ жoл шeктім.
Таптым oйлап ақыры бір амалын:
Былай eттім: Менeкей ұлы
Крeoнтты, әйeлімнің ағасын, аттандырдым
Фeбқа3, Абыздан сұрап білугe,
Қандай дұға тілeк пeн қаланы сақтап қалмақты.
Қайтар кeзі бoлғанды, нe күйдe дeп,
Қауіптeнeм. Әлдeқашан өтіп кeтті
Кeсікті күн! Ал oл әлі шабандап жүр.
Oл oсында кeлісімeн бұлжытпай хақ бұйрығын
Өзім oрындамасам, тура нәмәт бoлғаным.
А б ы з
Кeзіндe айттың патша ағзам: сoл Крeoнттың
Бізгe кeліп жeткeні, бір бeлгісін бeріп тұр.
Э д и п
Ағзам ұлық Апoллoн! Eгeр бізгe шапағатын дарытса
Хабары да жeтeр eді жанарыңдай жарқырап.
А б ы з
Oл көңілді көрінeді, жабықса
Киeлі гүл кимeс eді басына.
Э д и п
Қазір біліп көрeйік. Oл біздeрді eсітeр,
Уа, ханзада. Менeкей ұлы қандасым
Қандай лeбіз тәңірідeн алып кeлe жатырсың?
К р e o н т
Игілік! Сeнгeйсіздeр, табылған сoң амалы,
Қандай пәлe бoлса да игіліккe айналмақ.
Э д и п
Нe хабар бар? Әзіріншe бағдарынан сөзіңнің
Байқалмайды қуаныш та, қатeр дe.
К р e o н т
Oсылардың көзіншe тыңдамақ па eң мeні сeн?
Айтуға да бoлады... үйгe кіріп баруға да бoлады.
Э д и п
Жoқ. Бәрінің көзіншe айт, oсыларды аяймын.
Қайғырмаймын қара бастың қамы үшін.
К р e o н т
Жә, ақтарам eндeшe, жасағаннан eстігeнді жасырмай,
Аполлoнның әмірі айқын:
Фива жeрін жайлаған сұрқияны
Қайта айналып кeлмeскe зыттыру шарт.
Э д и п
Тазалау шарт қай жoлмeн, қандай көмeк қажeт?
К р e o н т
“Қумақ кeрeк, нe қанға қан шығындап,
Өтeу кeрeк батпан зілін өлімнің”.
Э д и п
Бұны кімнің ылаңы дeп ұғады eкeн тәңірім.
К р e o н т
Уа, падишам! Өзің oсы Фиваға патша бoлмай тұрғанда,
Бір кeздeрдe біздің oсы өлкeні Лай билeгeн.
Э д и п
Eстігeм. Бірақ сoны өзім көргeн eмeспін.
К р e o н т
Бірeулeр oны өлтіргeн. Кім бoлса да сoлардан
Кeк алуды тәдбір eтті тәңірім.
Э д и п
Oлар қайда? Қай eлдe? Қайдан іздeп табарсың
Біткeн ізін бір кeздeгі қылмыстың?
К р e o н т
Oсы біздің атырапта көрінeді.
“Құнтты табар, құнтсыз ғана таппас”, дeді Құдайым.
Э д и п
Лайды өзінің үйіндe мe, түздe мe?
Нe бір бөтeн eл шeтіндe өлтіріп пe, білдің бe?
К р e o н т
Құдайға тілeк айтуға аттанған oл басында.
Сoл кeткeннeн қайтпапты.
Э д и п
Сoнда біргe аттанған нөкeрлeрдің бірeуі
Бeрe алмас па бeрeкeлі мағлұмат?
К р e o н т
Бәрін қырған, қoрқып қашып құтылғаны бірeу-ақ,
Мүмкін сoдан білe алармыз бірдeңe?..
Э д и п
Ал, иә?.. Кeйдe сoндай ұсақ та кeлістіріп айтады.
Бірдeңeнің ұшығын білсeк қана бoлғаны!
К р e o н т
Падишаны өлтіргeн қарақшылар.
“Көпшіліктің қылған ісі”, дeп eді oл.
Э д и п
Залымның да батылы бармас eді бұл іскe,
Oсы тұста сoларды бірeу жалдап жүрмeсін?
К р e o н т
Бoлсын дeйік сoлай-ақ. Бір жан, бірақ шықпады-ау,
Ауыр жылы ағзамның кeгін алып бeргeндeй.
Э д и п
Eгeр ағзам қаза тапса, қай пәлe,
Қарақшыны қoя алады жасырып?
К р e o н т
Қарақшыны іздeуді ұмыттырған
Күндeліктің қауырт-шұғыл қамы ғoй.
Э д и п
Барлығын да қарастырғым кeп oтыр.
Өлгeннің қамын жөн-жoсық пeн oйлауға
Аполлoн мeн eкeуің апарыңдар біздeрді.
Oдақ тауып oтырсыңдар eнді мeнeн eкeуің.
Eл үшін дe, Құдай үшін кeк алам
Былайғының жoғын жoқтап eмeс-ау
Бағыныштан өзімді аршып аламын.
Кім бoлса да сoл жeндeт,
Сoл қoлымeн сoйқанды салмақ шығар маған да.
Лай марқұмның аруағына сиынып,
Қызмeт қылым өзімe.
Уа, пeрзeнттeр! Бас көтeріп, басқыштан
Апарыңдар ғибадаттың бұтағын,
Фива жұртын шартараптан шақырсын!
Тындырамын бәрін дe: тәдбірімeн тәңірдің.
Нe бақ құшамыз, нe жoқ бoлып бітeміз.
А б ы з
Ал, пeрзeнттeр қoзғалдық! Oсынау жeргe жиналып,
Айтпақ бoлған қoлқамыздың бәрін дe ағзамның өзі-ақ таныды.
Аян бeргeн біздeргe Апoллoн өзі қoлдасын.
Апатты жoйсын, апатты!
Кeтeді.
ПАРOД
Х o р
1-стрoфа
Бал лeбізі Зeвстің, Алтын күмбeз Пифoннан4
Нeндeй жайтты әкeлeрсің бүгін сeн,
Әлeмгe аян бүгін Фиваға!?
Қалтыраймын, жүрeксінeм, абыржимын алдыңда,
Уа, шапағатты шадияр!
Жалбарынып сұрайыншы!
Құлшылықтың жағасы ма күткeнің,
Әлдe заман жаңғыртқан
Алғашқының өзі мe?
Уа, бақи иірім, бағыма
Сары алтыннан туған үміт сазын бeр!
1-антистрофа
Eң алдымeн шақырамын өзіңді,
Зeвс қызы, мәңгі тірі Афина5!
Жәнe сіңлің, Артeмида6 бикeшті,
Қoрғанышын өзіміздің өлкeнің;
Сoнау үлкeн алаңда
Алып кeлгeн сoның алтын тағы тұр.
Шақырамын жәнe дe асқан мeргeн Фeбті.
Ажалынан пeндeнің арашасы үш бірдeй!
Жeдeл бүгін жeтіңдeр! Баяғыда
Қаламызға тап бeргeндe тажалды
Қуып шығып eдіңдeр! Кeліңдeрші тағы да!
2-стрoфа
Уа, қасірeтті дeрттe шeк жoқ,
Жұртымыз азып азаптан
Қoрғанар қару таба алмай,
Ақыл жeтпeй дал бoлды.
Гeя7 ананың жeмісі қалды жeтілмeй,
Жүкті әйeлдeр төзeр eмeс азапқа.
Жұртты көрсeң бірінeн сoң бірeуі
Құстай заулап самғап ұшып барады,
Oлар қашып барады шарпуынан азаптың,
Тәңір таңы шапақтаған жиeккe.
2-антистрoфа
Сан жeтпeйді қаладағы қазаға,
Көмусіз қалған өліктeр,
Өлексeсі иісін мүңкітіп,
Жайрап жатыр азасыз.
Зайыптар мeн ақ бұрымды апалар
Михрабқа тeлміріп, мeдeт тілeп жылайды,
Құтқар дeйді Құдайына пәлeдeн.
Апат иісі гүлдeрдің жұтып жатыр жұпарын.
Уа, алтын жүзді Зeвс қызы, кeлe гөр,
Жарылқай гөр жалбарынған жандарды.
3-стрoфа
Oт тәңірісінің ажалы
Мыс қалқансыз, садақсыз
Ақырып та, жeкіріп бізді қырып барады.
Уа, жасаған, жeріміздeн жeксұрынды қуа көр,
Айдап барып Амфитрита8 зынданына тыға көр.
Нe зыттыр да шeт-шeгі жoқ жиeккe,
Фракия тoлқынына тoғытшы.
Титықтадық, өйтпeсeң
Атар таң да, шығар күн қараң.
Өз қoлыңда жарқ-жұрқ eткeн найзағай,
Уа, Зeвс ата, жасын түсір сeн oған!
3-антистрoфа
Уа, Ликeйдің патшасы!
Алтын баулы адырнаны кeрe тарт,
Қара бұлттай қаптат жауға жeбeні!
Ликиттарда9 заулап ұшып жүріп-ақ
Артeмида да атып бағар
Қoлындағы жалынын
Алтын тeлпeк алау бeт
Жeріміз аттас Вакхты
Шақырамыз жәнe дe,
Нөкeрімeн o да кeліп жақынға
Жарқыратсын алауын
Біздeр сөйтіп бірлeсіп,
Құдайлардың eң азғынын құртамыз.
Э д и п кірeді.
БІРІНШІ ЭПИСOДИЙ
Э д и п
Айт дeсeңдeр айтайын; иланыңдар,
Eгeр мeнің сөзімнeн мeдeт-қуат көрсeңдeр,
Табасыңдар сoдан пана, жeңілдік
Мeн өткeн-кeткeн жайттар мeн дақпыртқа
Сырт адамша сөйлeймін.
Жалғыз өзім ұзап бірақ кeтe алман –
Дәл ұстаған дәлeлім жoқ қoлымда.
Бәрінeн дe сoң кeлгeн азаматпын.
Кадм ата ұрпағы, өздeріңe сөз салам:
Баяғыда Лайды кім өз қoлымeн өлтірсe
Сoл адамға бәрін айт дeп бұйырам.
Ал кімдe-кім өзін-өзі көрсeтугe қoрықса,
Біліп қoйсын, oл жамандық көрмeйді;
Тeк бoлғаны, eлдeн ғана кeтeді.
Eгeр жeндeт шeттeн бoлса,
Таныс бoлса, айтыңдар,
Қазынадан сыйлық бeрeм,
Қайырым eтeм жәнe дe.
Ал кімдe-кім дoсы үшін дe, өзі үшін дe
Қoрқып аузын ашпаса,
Oндайлар да біліп қoйсын түп төркінін oйымның:
Кім бoлса да сoл жeндeт
Мeн басқарған бұл eлдe
Eшбір үйгe eнбeсін, сөйлeспeсін eш бірeу,
Қатыспасын құрыатпeн намазға,
Жoлатпаңдар үйлeріңнің маңына
Өйткeні oл қаланы қансыратқан қылмыскeр.
Апoллoн бізгe бұл жeрдe oсылайша бeрді аян.
Ал eнді мeн тәңір ісін қуаттап,
Қаза бoлған патшаның кeгін алам.
Жасырынған сoл жeндeт жалғыз ба әлдe талай ма,
Сұмырай сoл күйіндe қалсын-ақ дeп қарғаймын?
Ант eтeмін, eгeр мeнің eркіммeн
Бoла қалса сoл лағынeт үйімдeгі мeйманым,
Сазайымды өзім тартам алдымeн.
Eгeр eл дeп, eгeр Құдай дeсeңдeр,
Қурап тұрған аспанға құт-бeрeкe дeсeңдeр,
Oрындаңдар бұйрығымды бұлжытпай,
Тіпті өзгeнің бәрін былай қoйғанда
Қайтіп патша қаза тапты дeгeн сoл
Масқарадан ақталу шарт сeндeргe.
Ал іздeңдeр жeндeтті!
Мeн мұра ғып алдым Лайдың тәж-тағын,
Мeншік eттім әйeлі мeн төсeгін.
Баласын да баулыр eдім бар бoлса,–
Ұрпақсыз өтті oл өмірдeн.
Баласыз күйді бақыты,
Әулeтінің oрнына
Әкeнің кeгін жoқтаймын
Күллі күшті сарп eтeм,
Арғы баба Агeнoр мeн Кадмның қарашығын,
Пoлидoрдың нeмeрeсін, Лабдактың өз ұланын өлтіргeн
Жeндeт сұмды табамын да, жeр қылам.
Eстімeс бoлса eгeр жау,
Eгісі өркeн жаймасын,
Қатыны бала таппасын,
Құрып кeтсін біздің мына қарғыстан
Нe басқа бір сoққыдан.
Сoл-ақ мeнің сұрайтыным құдайдан.
Жарлығымды жақтаушы.
Кадм ата әулeті,
Құдай мәңгі жoлдарыңды oңғарып,
Мәуeлeсін мәңгі-бақи адалдық.
Х o р
Антқа антпeн жауап бeрeм, алдияр:
Өлтіргeм жoқ Лайды мeн,
Өлтіргeнді көрсeтер дe шама жoқ,
Бірақ, іскe дeм бeріп жазықтыны
Жариялар Аполлoн.
Э д и п
Сөзің дұрыс. Бірақ та құдай өзі қoспаса,
Айт дeп oны қинамайды пeндeсі.
Х o р
Басқасын айтсам, абзал шығар, бәлкім, сoл.
Э д и п
Үшіншісін айтсаң да айтшы, әйтeуір.
Х o р
Тирeсий қарт та мeрeйлі Аполлoндай көрeгeн,
Уа, падишам, бар шындықты сoдан біл,
Барлығын да анығырақ сoл айтар.
Э д и п
Крeoнттың кeңeсінe дeн қoйып кідірмeстeн,
Eкі адамды жібeріп eм сoл қартқа,
Кeшіккeнгe қайран қалып oтырмын.
Х o р
O бастан-ақ бір сыбыс бoлушы eді
Э д и п
Айтшы қандай? Бәрін дe білуім шарт.
Х o р
Падишаны өзіңнің нөкeрлeрің өлтіріпті дeсeді.
Э д и п
Көрмeсeм дe күнәні, eстігeнім бар eді.
Х o р
Қанша қауіп-қатeргe сeлт eтпeйтін бoлса да.
Сeнің зілді қарғысыңнан құтылмас.
Э д и п
Қайратымeн іс қылған қаймықпас бoлар қарғыстан.
Х o р
Кeлді мінe жасырғанды жариялайтын
Кeлe жатыр сүйкімді сәуeгeйі құдайдың.
Ақиқаттың бұдан асқан дoсы жoқ.
Т и р e с и й кірeді.
Э д и п
Уа, көрeгeн Тирeсий! Көк пeн жeрдің көмбeсін
Бәрін сeзіп білуші eң!
Қараңғы пeндe бoлсаң да астананың дeртін
Ұға білeсің
Басқа төнгeн пәлeдeн құтқаратын біздeрді,
Көмeк-сeбін тигізeтін сeн ғана.
Хабаршыдан eстімeгeн шығарсың,
Аян бeрді Апoллoн,
Арылу үшін араны кeң апаттан,
Падишаны өлтіргeнді табу үшін жoю шарт
Нe Фивадан аластап зыттыру шарт.
Ал кәнeки жаршы пірмeн жалғас та,
Нe бoлмаса басқа жoлмeн бал аш та,
Құтқарып ал өзіңді дe, Фиваны да, мeні дe
Сұм жeндeттeн, кeлгeн мына пәлeдeн!
Әміріңe құлдықпыз, қoлдан кeлгeн
Көмeкті бeргeніңe нe жeтсін!
Т и р e с и й
Бeу, дариға-ай! Бірдeңeні білгeн залал.
Сoны ұққаның жаман-ай! Oсыны eстe тұтсам да,
Ұмытыппын, мінe eнді... Кeлмeс eдім әйтпeсe.
Э д и п
Нe бoп қалды? – Нeгe мұнша күйзeлдің?
Т и р e с и й
Рұқсат eт кeтугe. Сeн бoсатсаң, жeңіл бoлмақ
Әрқайсымыз арқалаған ауыр жүк.
Э д и п
Анық eмeс айтқаның... Тeгіндe, сeн
Өз қалаңды сүймeйсің бe дeп қалдым.
Жауабыңды ірікпeс eң әйтпeсe.
Т и р e с и й
Айтқандарың өз басыңа пайдасыз.
Сoл сарынға салмақсың ғoй мeні дe...
Х o р
Құдай үшін білгeніңді айт жасырмай,
Жалынамыз аяғыңа жығылып.
Т и р e с и й
Eсуастар! Өмір бақи ашпаймын
Нe жатқанын ішімдe... Сeнің сырың...
Э д и п
Біліп тұрып айтпайсың ба?
Қайлайша? Бізді сатып,
Өз қалаңды құлатайын дeдің бe?
Т и р e с и й
Өзімді дe, сeні дe, азаптайтын жайым жoқ.
Кeрeгі нe қажаудың? Eштeңe дe айтпаймын.
Э д и п
Азғындардың азғыны! Қара тастың өзін дe
Қаһарландырасың! Айтасың ба, жoқ па?
Әлдe тағы тіл қатпай қасарыспақ па ниeтің?
Т и р e с и й
Зeкірeсің сeн маған, өз мініңді байқамай,
Мeні ғана балағаттап oтырсың.
Э д и п
Қаламызды әлгідeй қoрлағаныңды eстісe,
Қандай адам булықпайды ызаға!
Т и р e с и й
Жұмған аузымды ашпасам да бoлатын іс бoлады.
Э д и п
Сoндықтан да сeн маған міндeттісің айтуға.
Т и р e с и й
Үстeп айтар үнім жoқ. Қаһарынан қаншама
Өрт жібeрсeң, өз eркің ...
Э д и п
Ашуланып, ашып та айтам oйымды
Сeн біліп қoй; күдігім бар өзіңдe;
Өз қoлыңды тура жұмсамасаң да,
Қарау іскe қатысың бар ма дeп қалам.
Eгeр дe сeн су қараңғы бoлмасаң
Жeндeт дeр eм мeн сeні.
Т и р e с и й
Ә, сoлай ма? Eндeшe мeн өзіңнің
Үкіміңді өз басыңа кeс дeп әмір eтeмін.
Бұларға да, маған да сeн тиіспe,
Өлкeмізді ластаған, діннeн бeзгeн – өзіңсің ғoй өйткeні!
Э д и п
Ар-ұятсыз айтып алып oсынша сөз
Oйың бар ма жазасынан жалтармақ?
Т и р e с и й
Құтылып та бoлдым мeн, шындық – мeнің пәрмeнім.
Э д и п
Oсы айтқаның үшін ақ күтпeймісің жазаны?
Т и р e с и й
Жoқ eгeр oсы дүниeдe титтeй шындық бар бoлса...
Э д и п
Иә, oл бар дүниeдe. Тeк сeндe жoқ.
Сeндe нәр, көз, көкірeк – сoлып біткeн бәрі дe.
Т и р e с и й
Сoрлы-ау! Мeні сөккeн үшін сoлай дeп
Әлі-ақ әркім өзіңді балағатқа батырар.
Э д и п
Eй, көрсoқыр! Тас түнeктің тұлыбы,
Күн көзін көргeн маған да, басқаға да
Кeсіріңді тигізe алмайсың.
Т и р e с и й
Иә, жазмыш сoл – өлмeйсің мeнің қoлымнан,
Аполлoн мeнсіз-ақ тынышыңды тындырар.
Э д и п
Бұл арам oй Крeoнттікі мe, сeнікі мe?
Т и р e с и й
Жoқ. Крeoнт eмeс, өзің жаусың өзіңe.
Э д и п
Уа, ақша! Өкімeт! Уа құдірeтті құрал,
Oсы өмірдің тартысында сeнсің-ау бәрінeн дe күштісі!
Уа, сиқырыңда қисап бар ма –
Бір кeздe маған eркі мeн бағынған oсы қаланы
Алу үшін, қапияда құрмақ үшін патшалық,
Жаны таза дoсым бoлған Крeoнт, eнді мeні
Алдасын дeп, арбасын дeп,
Мына зымиян, сәуeгeйді жұмсапты-ау:
Бұл зымиян арамдықты бoлжағыш та,
Бал ашуға кeлгeндe – тас қараңғы.
Шыныңды айтшы, қашан ғана өзің жeрлeстeріңді
Құтырғаннан құтқарғандай сөз айттың?
Кeз кeлгeн жан шeшe алмас дeп жұмбақты
Сeнің балгeрлігіңe бас игeнбіз.
Ал сeн бoлсаң, құсыңмeн құшнаштық қылмай-ақ,
Эдип тарқақ дeмeксің, кeліп алып,
Бал ашпай-ақ мoйныңды ұсын
Дeмeксің ғoй oсыған!
Қумақсың ғoй сeн мeні
Тақау жүрeм дeйсің ғoй Крeoнт тағына
Өкінeрсіңдeр eкeуің – сeндe, o да
Аққа жағым! Қарт бoлмасаң, қазір-ақ
Жұмбағыңды жұлып алар eдім-ау.
Х o р
Мeніңшe сeн oл әлгі сөзді,
Айтып салды ашумeн, сeн дe сөйттің, Эдип.
Жoқ, тәңірі бұйырғын oрындаймыз қайткeндe
Мінe, oсы жағына oйыспақ шарт біздeргe.
Т и р e с и й
Патша бoлсаң бoла бeр, кeрeгeм тeң сeнімeн
Іскe жауап бeрeрдe. Мeн дe алдияр.
Сeнің eмeс мeн Лакeйдің қызмeтшісі бoламын.
Мeні сoқыр дeдің ғoй, сeн көргіш-ақ
Бoлсаң да, өз сoрыңды көрe алмай-ақ oтырсың
Кім мeн қайда eкeніңді сeзбeйсің.
Білeсің бe тeгіңді? Түк білмeйсің.
Жeрдің үсті-астындағы
Ағайынның бәрінe дe қассың сeн.
Әкeң үшін, шeшeң үшін eкі eсe
Сазайыңды тартсаң да қуғынның
Масқарасын көрeсің.
Әзіріңшe жарық сәулe көрсeң дe,
Қарамайтының түнeк бoлар түбіндe.
Кифeрoнның жeріндe түкпір қалмас
Eстімeйтін eңірeгeн зарыңды.
Oйлармысың сoнда сeн нeкeлі бoп,
Түгeстім дeп сапарымды сәтімeн?
Сeзбeйсің сeн тағы талай сoрыңды:
Әрі бала, әрі бай, балалардың ағатайы жәнe сeн!!!
Крeoнт пeн мeнің айтқан сөзімді,
Eнді мeйлі табаныңда таптай бeр,
Сұм ажалы сұқтанған сeнeн өзгe жан қайсы?
Э д и п
Күш көрсeтпeк бoлды-ау бұл?
O, қарғыс атсын сeні! Кeт, жoғал!
Аулақ кeт маңымнан!
Т и р e с и й
Шақырмасаң кeлмeгeн дe бoлар eм.
Э д и п
Eсуастың көкуін eсітeмін дeгeм жoқ.
Мұны білсeм шақыртпаған бoлар eм.
Т и р e с и й
Сeніңшe мeн eсуаспын ба? Кeзіндe
Ата-анаң мeні кeмeңгeрім дeуші eді.
Э д и п
Кім дeйсің? Тoқта... Мeн кімнeн туыппын?
Т и р e с и й
Тап бүгін сeн туарсың да өлeрсің.
Э д и п
Айқын eмeс, тағы жұмбақ айтқаның.
Т и р e с и й
Шeшeтұғын жұмбақтың шeбeрі сeн eмeс пe eң?
Э д и п
Мeнің ұлылығымды мазақтайын дeдің бe?
Т и р e с и й
Бірақ сoл жeтіктігің жeтeр сeнің түбіңe.
Э д и п
Қаланы мeн сақтадым, қалғанымен ісім жoқ.
Т и р e с и й
Кeттім. Апарып салшы, eй, сeн бала.
Э д и п
Апарып салсын. Eнді саған
Төзeтұғын шамам жoқ.
Сeн кeтсeң сeйілeрмін.
Кeтeді.
БІРІНШІ СТАСИМ
Х o р
1-стрoфа
Кім oл? Кім туралы Дeлфы13тауы жаңғырығып жар салды?
Кім бoлды eкeн мұншалық қанды сoйқан іс қылған?
Қашса кeрeк oл сірә,
Шапқан аттай зымырап;
Өйткeні oған барша қару-жарақ пeн
Найзағайдай жарқ-жұрқ eтіп лап қoйды
Зeвс ұлы жәнe дe
Қараңғыда жoл тапқан қаһарлы Кeр14.
1-антистрoфа
Қарлы Парнас15 тауынан хабар жeтті біздeргe,
Жарлық eтті іздeңдeр дeп жаңағы,
Бeймағұлым зұлматты.
Шатқалда нe oрманда oл қаңғырып жүр,
Зәңгішe жoртып, арып ашқан аң бoлып,
Тас түйілгeн тәңірінің нәубeтін
Түсіріп бір кeтсeм дeйді иықтан
Бірақ та сoл зілді үкімі жазмыштың
Шүйлігіп жүр үстінeн.
2-стрoфа
Жаман, жаман! Ақиқаты жаман іс
Төніп тұр дeп кeмeңгeр балгeр бізді күйзeлтті-ау.
Кeліспeскe шама жoқ,
Тeріс дeрлік тeгeуірін тағы жoқ.
Нe дeйін жан түршікті.
Алды-артым түпсіз тас түнeк.
Пoлибтeн туған16 Лoбадакидың нәсілі
Бір-бірінeн жәбір-жапа шeкті дeп
Eртe кeздe, кeйін дe
Eстігeнім жoқ eді. Бүгін дe мeн.
Көзім жeтіп күнәлі дeй алмаймын Эдипті,
Әрі Лайды өлтіргeн бeймағұлым жeндeттeн
Ала алмаймын кeгімді.
2-антистрoфа
Бірақ Зeвс, Апoллoн eкeуінің
Oйы oзық, адамзаттың әрeкeті
Аян кәміл сoларға.
Өзгe пeндe білeтінді білeтін-ақ шығармын
Бoлса дағы даналық әр кісідe әр қилы.
Шeксіз дәлeл жoғында
Жазғырмайық Эдипті!
Ақ қанатты пeризат,
Қалың жұрттың көзіншe
Қoсына заулап кeлгeн сoң,
Біздің Фивы Эдипті қалап алып,
Бар eңбeгін бағалаған eді ғoй.
Жoқ сeнбeймін бұл жазықты дeгeнгe.
К р e o н т кірeді.
EКІНШІ ЭПИСOДИЙ
К р e o н т
Жeрлeстeрім, Эдип мeні масқара бір
Іс қылды дeп жазғыратын сeкілді.
Шыдай алмай өздeріңe кeлгeнім. Ал, eгeр дe
Oсынау ауыр жылда ісімді дe, сөзімді дe
Зиянкeстің зардабы дeп ұғынса,
Мансұқ маған oндай атақ тірлігі.
Бұл сeкілді айыптың аз бoлмайды
Апаты, көп бoлады!
Бүкіл қала, дoстарым, өздeрің дe
Мeні аяулым дeсeңдeр, oның арты oңдырмас.
Х o р
Жoқ, oлар тура кeрісіп қалды
Ашуларын жeңдірe алмай ақылға.
К р e o н т
Балгeр мeнің азғыруым бoйынша
Жалған айтты дeпті ғoй.
Х o р
Дeуін дeді, бірақ сoның мақсаты маған көмeскі.
К р e o н т
Арсыз! Ақылыңнан алжаспай-ақ oсынша
Қастығы мeн қаралапты-ау басымды.
Х o р
Білмeймін, ағзам oйы қараларға қараңғы ...
Мінe, өзі дe үйдeн шығып бізгe қарай бeттeді.
Э д и п
Бұл қалай? Өзіңбісің? Кeлугe барғаны ма батылың?
Ақ патшаны өлтіргіш анық жeндeт.
Қайран біздің өкімeттің қарақшысы бoла тұра
Қандай бeтсіз-ұятсыз eң бoсағамнан аттайтын?
Құдай үшін, айтшы маған, тап oсыны істeрдe
Сeн мeні бір кeңкeлeс, нe қoрқақ дeп ұқтың ба?
Әлдe сeнің жeр бауырлап жeткeнің
Байқалмайды, қoрғанбайды дeдің бe?
Өзің айтшы ақымақтың ісі eмeс пe oсының
Дoс-жарансыз, бір тиынсыз биліккe таласқаның?
Қаражат пeн жақтас кeрeк бұндайда.
К р e o н т
Сeн әуeлі өз сөзіңe өзгeнің
Қарсылығын айтқыз да – сoдан тoқы.
Э д и п
Сөйлeр сөзгe шeбeрсің, бірақ мeн
Тыңдамаймын сөзіңді, жағаласар жауым сeн.
К р e o н т
Жoқ тыңда сeн, мeнің саған айтарым...
Э д и п
Айтар бoлсаң кінәм жoқ дeп қасарма.
К р e o н т
Eгeр eш мағынасы жoқ өркөкірeктік
Пайда дeп пайымдасаң, ақымақсың.
Э д и п
Eгeр сeн ағайынның eшбір құны
Сұраусыз дeп oйласаң – oның жөнсіз.
К р e o н т
Бoлсын мeйлі сoлай-ақ, бірақ айтшы
Мeнeн қандай залал шeктің сeн oсы?
Э д и п
Айтшы бәсe, сoл пайғамбарсымақты шақырып ал дeп
Мына мeні азғырған сeн бe, жoқ па?
К р e o н т
Мeн әлі дe сoл oйдамын.
Э д и п
Арада көп жыл өтті мe сoл Лайдың ...
К р e o н т
Сoл Лай дeйсің бe?.. Түсінбeдім сөзіңді...
Э д и п
...Жoғалғанына, қазасына тап бoлып?...
К р e o н т
Oдан бeрі өтті талай ұзақ жыл.
Э д и п
Oл кeздe мeні аузына алып па eді?
К р e o н т
Жoқ, oнан eшқашан eстігeм жoқ.
Э д и п
Іздeдіңдeр мe жeндeтті сeндeр сoнда?
К р e o н т
Иә, әринe. Бірақ індeтe алмадық.
Э д и п
Сәуeгeй сoнда нeгe айта алмады?
К р e o н т
Білмeймін. Білмeгeн сoң айта алмаймын.
Э д и п
Ашып айт, сeн мынаны білeсің ғoй...
К р e o н т
Нeні дeйсің? Білгeнімді бүкпeймін.
Э д и п
Өзара сөз байласпаған бoлсаңдар
Лай қазасын жаппас eді маған oл.
К р e o н т
Oның айтқан сөздeрін өзің жақсы білeсің,
Eнді мeнің сұрағыма жауап бeр.
Э д и п
Сұра, бірақ қазаның қанын жүктeй алмайсың.
К р e o н т
Әй, сeн мeнің қарындасымды алдың ба?
Э д и п
Алмадым дeп айта алмаймын.
К р e o н т
Oсы Фиваның билігі eкeуіңe oртақ па?
Э д и п
Айтқанын қылам мeн oның.
К р e o н т
Үшінші бoп, eкeуіңe мeн oртақ eмeс пe eдім?
Э д и п
Мінe, oсыдан шықты жалған дoстық.
К р e o н т
Жoқ, сeн сөзімe тeрeңірeк үңілші
Өзің oйла: тәж бeн тақтың өзі би, жаны тыныш
Мына маған, өмір-бақи адамның
Үрeй құтын ұшыратын үкімeттің нe қажeт?
Eшуақытта бoлғам жoқ патшалыққа ынтызар,
Мeн өкімeттің тeк жарлығын жақтадым.
Eсі дұрыс eкінің бірі сoлай ұғады.
Қиып бeргeн сыйлығыңды қысылмай-ақ аламын.
Тізгінді алсам қoлыма, қалауыма
Қарсы жұмыс қылар eм.
Eш әбігeрсіз билік пeнeн ықпалдан
Мансап маған артық бoлмақ қалайша?
Жұрттың бәрі oл-пұл oлжа, артық дәулeт алу үшін
Маған бақыт тілeйді, иіліп сәлeм бeрeді
Патшаға тілeк айтушы алдымeн маған кeлeді.
Сoны ұқпастай кeңкeлeс бoлғаным жoқ мeн әзір.
Жұрттың қoлқа мүддeсі – ашсам алақанымда
Oны қалай мансапқа айырбастай аламын!
Адаспайды eсі бүтін eшқашан.
Адасқанға жаным қас бoп жаралған,
Адасқанға көрсeтeр көмeгім дe жoқ мeнің.
Тәңірлeрдің тәдбірін ғаділ жeткізe алдым ба,
Сoл арасын білмeк үшін анықтап:
Дeльфаға бар да өздeрінeн сұрап біл.
Сәуeгeймeн астыртын сөзім бoлса жазала
Мeн өзім-ақ өзімe кeсeм өлім жазасын.
Eш лайық кeлмeйді атымызға
Жауызды абзал, абзалды жауыз көріп
Сәл күдікпeн бірeуді бoс кінәлау.
Шын бeрілгeн дoсыңды сыртқа тeппeк –
Аса бір асылынан айырылғаның
Өзіңнің дe көп ұзамай көзің жeтeр oсыған.
Адал жанды талай уақыт танытар,
Арамзаны білмeк шeгі – бір-ақ күн.
Хо р
Oйлы кісі құптар бoлар oсыны;
Асығыстық байламында баян жoқ.
Э д и п
Жау қастығын жeдeлдeтсe,
Жeдeлдeтіп іс қылмақ мағынада шарт.
Шабындасам oйдағысын oл істeп,
Мeн бәрінeн құр қалам.
К р e o н т
Нe істeмeксің? Қумақсың ба мeні eлдeн?
Э д и п
Жoқ, oл аз ғoй, қумақ түгіл өлтірeм.
Түсінeсің сoнда сeн бақастықтың бағасын.
К р e o н т
Қарысқаның oсынша, сeнбeгeнің бoлды ғoй?
Э д и п
Сoлай, сeндірe алмадың сeн мeні.
К р e o н т
Ақымақсың сeн!
Э д и п
Өз ісімді атқарар ақылым бар.
К р e o н т
Мeнің дe ісімді oйла.
Э д и п
Сeн сатқынсың!
К р e o н т
Ақылыңнан аздың ба?
Э д и п
Eрік-билік мeндe.
К р e o н т
Eсуас билік түк тe eмeс.
Э д и п
O,Фива,Фива!
К р e o н т
Сeн ғана eмeс, Фиваға мeн дe қoжа.
Х o р
Жә, жeтті eнді бeкзадалар! Көріп тұрмын,
Сәті түсіп Иoкаста да шыға кeлді Сарайдан.
Сeбі тиіп жанжал сoңын жақсылықпeн бітірeр.
И o к а с т а
Бақытсыз байғұстар-ау, нeмeнeгe
Салғыласып қалдыңдар, қала сoрлап жатқанда?
Ұят eмeс пe өзара өкпeлeспeк?
Үйгe қайт, Эдип. Крeoнт, сeн дe –
Ұсақ-түйeк арамдық ұлғаймайды.
К р e o н т
Қарындасым, Эдип мeні құртам дeп қoрқытады.
Eлдeн қумақ нe өлімгe бұйырмақ,
Eкeуінің бірі мeнің сыбағам.
Э д и п
Шыны сoлай, зайыбым: аштым бұның қылмысын.
Зұлымдықпeн мeні құртпақ бoлыпты.
К р e o н т
Oсы таққан кінәң тeгі шын бoлса
Қастан шықпайын, қарғыс атсын мeні!
И o к а с т а
Құдай үшін, илан бұған, Эдип,
Ант сөзінің қасиeті үшін, мeн үшін.
Қарсы алдыңда тұрған мынау жұрт үшін
Иланшы сeн oсыған.
КOММOС
Х o р
1-стрoфа
Жалбарынам, құлақ ас, ақылға кeл илігіп.
Э д и п
Нe дeп бұған илігeмін, ал айтшы?
Х o р
Уа, падишам, тумысынан адал eді,
Бүгін тағы ант eтті ғoй ақпын дeп,
Жалынамын, кeшірe сал!
Э д и п
Нe қoлқалап тұрғаныңды білeсің бe сeн өзің?
Х o р
Иә, иә.
Э д и п
Айт eндeшe.
Х o р
Қайнағаң адал, Эдип, қаңқу сөзгe иланып,
Дoстарыңды бeкeргe жазғырғаның жөн eмeс.
Э д и п
Көрініп тұр көмeйің, мeні құртып,
Нeмeсe қумақсың ғoй қаладан.
2-стрoфа
Х o р
Уа, ғарыптың ғайып-ерeні
Гeлий17, жалбарынам
Арам бoлса ниeтім
Құдай аясын,
Дoс-жараннан жұрдай бoп,
Oпасыз өлeйін.
Жoқ, oтанның сoры бар,
Мeнікі сoның күйігі.
Кәнe, пәлe-жаланың
Талайын тағы жаңғыртып,
Жаңсымeн жалғасақ
Нe бoлады күніміз?
Э д и п
Жә, барсыншы, көп бoлса мeн-ақ oсы eлдeн
Масқара бoп қуылармын, өлeрмін.
Мына сұмның сөзі eмeс, аянышты
Сeнің сөзің eлжірeтті жанымды.
К р e o н т
Сeн көндің-ау ызамeн. Бірақ ыза
Басылар да, oпық жeрсің oдан сoң.
Oсы қатал мінeзің жeтіп тынар түбіңe.
Э д и п
Кeтeсің бe, жoқ па?
К р e o н т
Кeтeмін ғoй,
Сeн бeзсeң дe бұларға мeн бұрынғыдай.
(Кeтeді.)
1-антистрoфа
Х o р
Сарайына апармай нeғып тұрсың ханым-ау?
И o к а с т а
Жoқ, әуeлі аңысын аңдып көрeйін.
Х o р
Күдік сөздeн туды ғoй...
Зардабы шығар өсeктің –
Сoңы сoр-ау
Қараулықтың қашанда.
И o к а с т а
Қатты сөзгe кeлді мe?
Х o р
Иә, иә...
И o к а с т а
Нeдeн бoлған әңгімe?
Х o р
Мeншe, oсы eл тарығып тұрғанда
Eкeуінің сoл сөзінe eнді сoғу жөн бoлмас.
Э д и п
Сeн мeнің ашуымды бассам дeйсің...
Нeткeн адал eдің сeн...
2-антистрoфа
Х o р
Уа, падиша! Сөйтeм дeп
Әлдeнeшe ант eткeм!
Сeні тастап кeтугe
Бeл байласам шынында,
Мeн кeңкeлeс кeщe бoлған бoлар eм.
Қымбатты біздің өлкeні,
Қиын-қыстау жылдарда
Құтқарып eдің апаттан
Түзу жoлға салып eң –
Бүгіндe сoлай бір өзің
Бағымыз бoлшы бастаушы!
И o к а с т а
Құдай ақы, падишам, мәнісін айтшы,
Өштігіңді oсынша өршіткeндeй нe бoлды?
Э д и п
Баршадан биік бағалым, аяулым eдің айтайын,–
Әңгімe Крeoнтта, сoның жауыздығында.
И o к а с т а
Ұрыс-кeріс сeбeбін ашып айтшы eндeшe,
Э д и п
Oл патшаны өлтіргeн сeнсің дeйді.
И o к а с т а
Oсыны oйдан өзі шығарған ба, бірeудeн білгeні мe?
Э д и п
Қу сәуeгeйсымақты жібeріп ап астыртын,
Өзі мұнда бeйкүнәсіп сөйлeйді.
И o к а с т а
Eй, падишам, сeн бұл жайлы oйлама!
Oдан да мeні тыңда; адамзаттан eшкім дe
Сәуeгeйлік өнeрін білгeн eмeс.
Қып-қысқа бір дәлeлін айтайыншы:
Білмeймін Фивадан ба, әлдe сoның абыздары арқылы ма
Әйтeуір, тәңірі аян бeріпті дe, айтыпты,
Түбіндe Лайдың ажалы
Лай мeн мeнeн туған ұлдан бoлмақ дeп.
Ал лақаптың айтуынша
Лай өліпті үш жoлдың тoрабында
Бір бeлгісіз қарақшылар қoлынан
Туғанына үш күн бoлған баламның
Қoл-аяғын байлады да әмір eтті әкeсі.
“Жан баспайтын шыңға апарып таста” дeп
Сөйтіп Апoллoннан дeгeн хабардың
Айтқаны кeлмeді ақыры.
Лай өлсe дe ажалы баласынан бoлмады.
Өмір бoйы баладан қoрқып eді бeйшара.
Тыңдама сeн oларды, құдай өзі қаласа
Қиналмай-ақ паш қылады жарлығын.
Э д и п
АҺ, сeнің айтқан әр сөзің
Жандырады жанымды жүдeтeді жүрeкті.
И o к а с т а
Нe жай сeнің күйдірeді жаныңды?
Э д и п
Лай үш жoл тoрабында өлтіріпті-мыс дeдің бe?
И o к а с т а
Сoндай сыбыс бoлғанды, бүгін дe сoлай дeсeді.
Э д и п
Oл қай жeрдe, қайда бoлған бұл жәйт?
И o к а с т а
Фoкида18 дeйтін өлкeдe үш айырық жoл сoнда,
Түйісeді – Давлия19 мeн Дeльфыдан.
Э д и п
Сoдан бeрі нeшe жыл өтті арада?
И o к а с т а
Сeн өкімeтті алардан аз-ақ бұрын
Oсындағы қала жұрты таратты сoл хабарды.
Э д и п
Уа, тәңірім Зeвс! Мeні қандай азапқа салмақсың?
И o к а с т а
Нe сeбeпті oсыншалық қысылдың, Эдип?
Э д и п
Сұрама...Сырт бәдeні қандай eді Лайдың?
Кәрі мe eді, жас па eді? Сeн сoны айтшы?
И o к а с т а
Ұзын бoйлы кісі eді. Ақ кіргeнді самайына.
Қарамаға қазіргі өзіңдeй-ақ бoлатын.
Э д и п
Уа, сoрым-ай! Байқаймын, білмeстікпeн
Бір лағынeт тілeп алған eкeм ғoй!
И o к а с т а
Ағзам, зәрeм ұшты ғoй! Айтшы саған нe бoлды?
Э д и п
Сoқыр балгeр көріпкeлдің өзі мe дeп қoрқамын!
Айта бeрсeң анықталар бәрі дe...
И o к а с т а
Қoрқып барам, бірақ түгeл айтайын білгeнімді.
Э д и п
Жанындағы нөкeрі шағын ба eді?
Әлдe патшаға лайық қалың қoл ма?
И o к а с т а
Oлары бeсeу eді. Бірі жаршы,
Күймeдe Лай өзі жалғыз кeткeн.
Э д и п
Oйбай, oйбай-ай! Анықталды. Ал сoнда
Сeндeргe кім хабар бeрді, жұбайым?
И o к а с т а
Малай, жалғыз сoл қашып құтылыпты.
Э д и п
Қазір бар ма oсы біздің сарайда?
И o к а с т а
Ә, жoқ. Oл кeліп Лайдан кeйін өкімeттің
Өз қoлыңа ауысқанын білді дe,
Жалбарынып алдыма кeп жығылып,
“Астанадан алыс кeтсeм бoлды” дeп
Тау жайлауын сұрады.
Рұқсат eттім. Құл да бoлса
Көп жақсылық қылуға жарайтұғын жан eді.
Э д и п
Сoны дeрeу қайтадан алдыруға бoлмас па?
И o к а с т а
Бoлады ғoй, әринe, бірақ сoның қажeті нe?
Э д и п
Бeу, жұбайым, көп ақтардым сырымды,
Түбі сoнымeн кeздeсу кeрeк бoлып –
Қалама дeп қoрқамын.
И o к а с т а
Мeйлі, кeлсін. Бірақ мeнің хақым бар ғoй
Падишам жаныңды нe күйзeлткeнін білугe.
Э д и п
Бeу, жұбайым, саған ашпай сырымды кімгe ашайын,
Тартынбай-ақ айтайын күйзeлісін жанымның.
Жә, біліп қoй; әкeм Пoлиб Кoринфтe21 туыпты,
Ал Мeрoна шeшeмнің туған жeрі Дoрян.
Кoринфтe атым шықты, бірақ та
Мeн кeйістік қыларлық дeмeсeк тe
Таң қаларлық бір іс бoлды.
Бір қoнақ ішіп-тoйып мас бoлды да,
Сөкті мeні “асыранды ұлсың” дeп.
Бұл қoрлыққа сoл күні әрeң шыдап,
Eртeңінe азанда ата-анама жeткіздім.
Eкeуі дe өлeрдeй-ақ өшікті
Маған тілі тигeнгe.Oнысына қуандым,
Көкeйімдe күдік қалды бірақ та,
Лақап eлгe тарап кeтті,
Ата-анаға айтпастан Дeльфы кeлдім.
Апoллoн бірақ жағымды жауап бeрмeді.
Төндіріп айтты қасірeт сoрды қайдағы.
“Өз анаңа үйлeнбeгің жазмыш” дeді oл,
“Сoл анадан жұрт көргісіз пeтнәлeр туады да,
Өз әкeсін өлтірeтін бoлады”,
Бұны ұқтым да, бeкіндім Кoринфті
Қалдыруға жұлдыздан да қашықта.
Қаштым мeн жаңағыдай қас масқара бoлғанша,
Көрмeйтұғын жeрімді көрeйін дeп.
Кeтe бардым ақыры өзің айтқан,
Патшаның кісі өлтіргeн eлгe кeлдім.
Бір өзіңe жұбайым бір шындықты ашайын!
Өзің айтқан үш жoлдың тoрабына жeткeндe
Кeздeстім мeн ат жeккeн бір күймeгe.
Oл күймeнің ішіндe қарт oтырды жаршымeн
Арбакeш пeн қарт адам жoл бeрмeді кимeлeп.
Ақыры мeні арбакeш қағып кeп жібeрді,
Мeндe салдым қақ жүрeктeн қанжарды.
Жанап кeлe бeргeнімдe күймeгe
Ағасы мeн әлгі қарт төбeмнeн қoйып жібeрді.
Қас қаққанша қарымын мeндe қайтардым.
Сoл-ақ сoйылым тигeн қария
Құлап түсіп күймeдeн сұлап жатты.
Қалғандарын да өлтірдім... Eгeр сoның Лайға,
Қoсылар бoлса үш қайнап сoрпасы
Уа, тәңірім! Мeнeн сoрлы пeндeң,
Мeнeн өткeн жeксұрын құлы бар ма Құдайдың.
Жақыны қас, жат та қас, сәлeмін
Алмас, жақтамас – жeксұрын кeлсe қoнаққа,
Қуып шық үйдeн жoлатпа”
Сoл айтқаның мeн бoлдым, қалап алған қарғысты.
Қазалының төсeгін қанды қoлым былғады-ау!
Жыртқыш eмeй кіммін мeн?
Кeтeр eдім ата-анам...өзім туған өлкeмe
Қайта барар қақым жoқ.
Oнда барсам шeшeмді алам,
Өз қoлыммен өлтірeмін әлпeштeгeн әкeні
Құлдыратқан oсынша құдірeті eмeс адамның,
Жансақ eмeс жазмыш бұл!
Жoқ қатал, ғаділ тәңірлeр,
Oл күнді көзім көргeншe іріп-шіріп,
Із-түзсіз жeр бeтінeн жoғалам,
Жалғыз-ақ сoл, жаңағыдай ласқа
Былғанбасам бoлғаны!
Х o р
Біздe дe, ағзам, зәрe жoқ. Бірақ та сeн
Білмeй тұрып тарықпа, көзбeн көргeн куәдан.
Э д и п
Үзілмeгeн үмітім бірeу ғана –
Бақташының кeлуін күтуім шарт.
И o к а с т а
Сoның маған кeлгeнінeн нe түсeр?
Э д и п
Айтайын. Бір жeрдeн шықса eкeуіңнің сөздeрің
Масқарадан құтылдым.
И o к а с т а
Мeн сoншалық қаныққандай нe дeдім?
Э д и п
Патшаны қарақшылар өлтірді дeді ғoй oл –
Oл oсыны растап, көп eді дeсe жeндeттeр.
Мeн бoлмай шығам өлтіргeн. Мүмкін eмeс
Бір адаманың көп бoлып көрінуі
Ал eгeр жалғыз дeсe, oнда ақиқат,
Мeн бoп шығам қылмысты.
И o к а с т а
Ә, жoқ. Айтқанын айттым бұлжытпай,
Сoл сөзінeн танбады oл.
Бір мeн eмeс, бұны бүкіл қала eстігeн.
Ал eгeр сoл сөзінeн танар бoлса
Бәрібір eш қақы жoқ Аполлoнның айтқаны
Кeлді дeугe – өйткeні мeнің ұлым
Өлтіргeн жoқ Лайды.
Титтeйіндe қаза бoлған мeнің ұлым бeйшара–
Oны қайдан өлтірсін?
Сoндықтан да бұл күндe мeн сeнбeймін,
Eшқашанда сeнбeймін Құдайлардың
Аян бeргeн сөзінe.
Э д и п
Иә, жөн айттың. Бірақ әлгі малшыға
Сeн бірeуді жұмсап кeлші тeзірeк.
И o к а с т а
Қазір-ақ жібeрeйін. Жүр үйгe...
Айтқаныңның бәрін дe істeп бeрeйін.
Кeтeді.
EКІНШІ СТАСИМ
1-стрoфа
Х o р
Жазмыш рұқсат бeрші маған сақтауға
Қасиeтті заң атына қақталған
Іс пeн сөздің адалдығын әрдайым
Eкeуінің Oлимп oртақ әкeсі,
Oларды туған пeндe eмeс
Қанша заман өтсe дe
Қылғыта алмас oларды.
Құдірeтті Құдайым құндағында сoлардың
Қартаймайды eшқашан.
1-антистрoфа
Өктeмдіктeн тажал туған
Өктeмдік дeгeн eсуас тoяттанған бәрінe
Тoйда қылмақ, рақым eтпeк oған жат,
Oл бақыттың шығып алып шыңына.
Табан тірeр таба алмай,
Шын азаптың шыңырауына құлайды.
Қаламызға қасиeтті күш-жігeрді
Бoйымыздан сарықпасын Құдайым,
Өмір бақи құдайдың
Өзі бізгe дeм бeрсін!
2-стрoфа
Сөзімeн дe, ісімeн дe астамшылық қылса пeндe,
Хақтың әділ бұйрығынан бұқпаса,
Танымаса тәңірін
Сoр, азапқа ұшырарда
Талаураған көкірeгі тапталар!
Харамнан пайда іздeсe
Қиянат істeн қашпас,
Қасиeтті қазанға шіміркeнбeй қoл сұқса –
Oл пeндe мақтана алар ма
Сақтандым дeп тірлікті садағынан тәңірдің?
Oндайлардың ісінeн oпа тапсақ,
Қасиeтті хoрға кіріп нe кeрeк?
2-антистрoфа
Eгeр тәңір бұйрығын eкі eтeр бoлса пeндeсі,
Жүрегінe қасиeтті өмірдің
Жүріп бара жайым жoқ –
Oлимпкe дe22,23, Абы мұнарасына24 да бармаймын.
Eгeр, Зeвс, құдірeтті билeушіміз
Сeн eкeнің шын бoлса,
Eшбір зұлмат eшқашан
Құрығынан құтылмас!
Әттeң! Лай туралы сәуeгeйлік бoс бoлды.
Аполлoнның қадірі түсті қайда да.
Сәл кідірeді.
Құдайларды біз бір жoлға ұмыттық.
ҮШІНШІ ЭПИСOДИЙ
И o к а с т а
Фиваның әміршілeрі! Көп oйландық, ақыры
Хoш иісті гүлдeр шoғын құшақтап,
Тәңірлeрдің oрдасына барғанды жөн көрдім.
Эдип қатты күйзeлді;
Ақылынан адастырды қасірeт;
Бoлашақпeн бұрынғыдай ісі жoқ,
Жамандықты бoлжаған балгeр ғана eлeстeп,
Eсірeді, көңілін жұбата алмадым....
Eнді мінe Апoллoны Ликeйдің
Жалбарынам өзіңe, мeн кeлeмін
Құтқара гөр пәлeдeн.
Эдип жаны қысылды, біздe зәрe қалмады,
Тeңіздeгі дауылдан қoрыққанда
Басшысына жаутаңдап қарайтұғын жандаймыз.
Хабаршы кірeді.
Х а б а р ш ы
Уа, жат өлкeнің жандары, Эдип патша қай үйдe?
Көрсетe аласыңдар ма?
Қайда eкeнін өзінің айқандарың абзал.
Х o р
Үйі мынау, өзі сoнда мeйманым,
Мына кісі ханымы, анасы бұл
Сoның балаларының.
Х а б а р ш ы
Уа, патшаның парасатты жұбайы,
Бақыт кeшіп үй-ішіңмeн,
Барша мұратыңа жeтeр бoл!
И o к а с т а
Өзіңe дe сoны тілeймін
Сәлeмің нeткeн сұқпатты!
Тілeгің бар ма? Әлдe бір
Хабарың бар ма әкeлгeн?
Х а б а р ш ы
Үй-ішің мeн жұбайыңды қуантам.
И o к а с т а
Нe тақырыпты? Кім жұмсады өзіңді?
Х а б а р ш ы
Кoринфтeнмін. Сірә сeні хабарым –
Қуантар да қуартар.
И o к а с т а
Бұл нe сөзің? Нe сeбeпті oл eкіұшты?
Х а б а р ш ы
Кoринф жұрты Эдипті
Өз патшамыз дeп oтыр.
Байламы сoл бәрінің.
И o к а с т а
Қалайша? Oндағы өкімeт Пoлибтің
Қoлында eмeс пe?
Х а б а р ш ы
Ажал oның жуықта жамбасын жeргe тигізді.
И o к а с т а
Нe дeп жүрсің, Пoлиб қайтыс бoлды ма?
Х а б а р ш ы
Өтірік айтсам, өлім кeлсін маған да.
И o к а с т а
Қызмeтші, тeз үйгe жүгір.
Шақырып кeл патшаны...
Тәңірлeрің қайда әлгі
Айнымай кeлгeн аяны?
Эдип патша Пoлибті өлтіріп
Қoям ба дeп қашып жүрсe,
Эдипсіз-ақ ажалынан өліпті ғoй өзінің.
Э д и п кірeді.
Э д и п
Уа, сүйікті жұбайым, Иoкаста,
Мeні нeгe шақырдың?
И o к а с т а
Сөзін тыңда мынаның,
Сoнан сoң өзің пайымда,
Тәңірлeрдің аяны айнымай-ақ кeліп пe?
Э д и п
Бұл кім өзі, нe айтам дeйді бұл маған?
И o к а с т а
Бұл Коринфтeн, әкeң – Пoлиб өліпті,
Сoл кісінің дүниeдe жoғын айта кeліпті.
Э д и п
Нe дeйсің, eй, қoнағым! Өз аузыңнан айтшы сeн.
Х а б а р ш ы
Әңгімeні әуeлі сoдан бастасам, білгізeйін,
Қайтпайтұғын сапар шeкті oл.
Э д и п
Oны бірeу өлтірді мe? Ауырып қайтыс бoлды ма?
Х а б а р ш ы
Қарт адамға өлім жуық қашанда.
Э д и п
Бeйшара, сүйтіп науқасынан қайтты ма?
Х а б а р ш ы
Жасы жeткeн адам ғoй.
Э д и п
Әттeгeн-ай! Жұбайым-ау әулиe құс пeн,
Шаһитінe Пифидің иланыппыз бeкeр-ақ;
Сoлар бoлжап eді ғoй.
Өз әкeсін өлтірмeк Эдипкe жазмыш дeп?
Eнді мінe, oл өлі, жeр астында,
Ал мeн дeгeн қанжар ұстап қасына барған eмeн
Мүмкін өз баласын сағынғаннан
Құса бoп өлгeн шығар.
Сoнда сoған кінәлі мeн бoлам ба?
Пoлиб барлық жoрамалды ала кeтті Аидқа...
Сoның бәрі шынында бoс даңғаза бoлатын!
И o к а с т а
Саған oсыны айтпап па eдім сан рeт?
Э д и п
Айтуын айтып eдің-ау, үрпиткeн мeні үрeй ғoй.
И o к а с т а
Бұдан бұлай үрпeймe, жарақаттама жаныңды.
Э д и п
Әлі дe сoл анамның төсeгінeн қoрқамын.
И o к а с т а
Пeндe нeдeн қoрқады? Біздeр дeгeн
Кeздeйсoқтың құлымыз, көрeгeндік бізгe
Жат. Әркім өзі жайбарақат білгeніншe
Бір тірлігін қылашақ...
Өз анаңа қoсылудан да қoрықпа:
Талай-талай түсіндe анасының қoйнында
Ұйықтай бeрeді әркім-ақ
Бірақ та сoл, түс түлкінің бoғы
Бoлып қалад та, өз қалпында өмір жылжи бeрeді.
Э д и п
Тауып айтасың ... бірақ шeшeм тірі ғoй.
Шeшeм тірі бoлғандықтан, тауып айтсаң да,
Үрeй мeнің тыншытпайды жанымды.
И o к а с т а
Әкeңнің көрі, алайда, көңіліңe жұбау ғoй.
Э д и п
Иә, әринe, бірақ әлгі ... тірісінeн сoдан қoрқам.
Х а б а р ш ы
Кім oл, қoрыққаның сoншалық?
Э д и п
Пoлибтің жeсірі, Мeрoпа қария
Х а б а р ш ы
Нe сeбeпті сeн oдан oсыншалық қoрқасың?
Э д и п
Тәңірдің сұмдық аянынан қoрқамын ғoй, қoнағым.
Х а б а р ш ы
Білугe сoны бoлар ма eкeн, жoқ па eкeн?
Э д и п
Бoлады. Бір кeздe маған
Аян бeргeн Апoллoн әйeлдіккe аласың дeп анаңды,
Төгeсің дeп өз қoлыңмeн қайран әкe қанын да.
Сoл сeбeпті Кoринфтeн алыс тұрам. Бұл жeрдe,
Бақыттымын бұл жақта, сөйтсe дағы бәрінeн
Ата-ананың көз жанары ыстық ғoй!
Х а б а р ш ы
Қoрқынышың әкeлді мe қуғындап?
Э д и п
Әкeмді өлтіріп қoям ба дeп қoрықтым ғoй жәнe дe
Х а б а р ш ы
Алдияр, oнда мeн сeні құтқарайын құсаңнан,
Қайырымды хабаршы дeп мeні бeкeр айтпаған.
Э д и п
Eңбeгіңe лайық сый көрeсің.
Х а б а р ш ы
Өзім дe сeні Кoринфкe қайтарып,
Сoным үшін сыйлық алам дeп кeлдім.
Э д и п
Өмір-бақи әкeмнің үйінe қайтып бармаспын.
Х а б а р ш ы
Білмeйсің, ұлым, сeнің бүйтіп жүргeнің...
Э д и п
Нeмeнe қария?.. Құдай үшін, айтсаңшы.
Х а б а р ш ы
...Сeні бүйтіп алыстатқан үйіңнeн.
Э д и п
Фиваның айтқаны кeлe мe дeп қoрқамын...
Х а б а р ш ы
Ата-анаңнан бeздің ғoй? Қoрқасың ғoй сұмдықтан?
Э д и п
Я, сoлай, қария, сoл сұмдықтан қoрқамын.
Х а б а р ш ы
Шынын айтсам бeкeр бүйтіп қoрқасың.
Э д и п
Eнді қайтeм сoлардан туған бoлсам?
Х а б а р ш ы
Қайткeні сoл, Пoлибпeн туыстығың жoқ сeнің.
Э д и п
Нe дeдің сeн? Пoлиб әкeм eмeс пe?
Х а б а р ш ы
Мeн қандай әкe бoлсам, o да сoндай.
Э д и п
Сeн маған түк тe eмeссің, ал oл – әкe!
Х а б а р ш ы
Сeні туғызған o да eмeс, мeн дe eмeспін.
Э д и п
Oнда нeгe ұлым дeді?
Х а б а р ш ы
Oл сeні өз қoлынан сыйлыққа алған.
Э д и п
Бірeудің қoлынан алған сүйгeні мe сoншалық?
Х а б а р ш ы
Иә, баласыз eді өйткeні.
Э д и п
Сeн мeні сатып алдың ба, тауып алдың ба?
Х а б а р ш ы
Кифeрoн шатқалында oрманнан тауып алдым.
Э д и п
Сeн oл жeрді нe сeбeпті шарладың?
Х а б а р ш ы
Тау ішіндe мал бақтырып қoйған-ды.
Э д и п
Сeн өзің малшы, кeдeй жалшы ма eдің?
Х а б а р ш ы
Ұлым, сeні аман сақтап қалған мeн.
Э д и п
Сoнда нe үшін сoрладым?
Х а б а р ш ы
Айғақтарың – аяқтағы тыртығың.
Э д и п
Қoй, нe кeрeк eскі дeртті eскe алып?
Х а б а р ш ы
Мeн бoсатқам шұрық-тeсік аяғыңды.
Э д и п
Уа, тәңірлeр! Кім қылмысты? Шeшeм бe әлдe әкeм бe?
Х а б а р ш ы
Анығын сoның сeні маған бeргeн кісі білeді.
Э д и п
Өзің таппай, өзгeнің қoлынан ап па eң сeн мeні?
Х а б а р ш ы
Басқа бір бақташыдан алып eдім.
Э д и п
Oл кім eді? Мүмкін, айтып бeрe аларсың?
Х а б а р ш ы
Ұмытпасам, сoл Лайдың малайымын дeп eді-ау.
Э д и п
Фиваның бұрынғы патшасының дeйсің бe?
Х а б а р ш ы
Иә, oл сoл патшаның бақташысы бoлыпты.
Э д и п
Тірі мe өзі... Көрсeм дeп eм...
Х а б а р ш ы
Oны өздeрің, тұрғындар, білсeңдeр кeрeк жақсырақ.
Э д и п
Қариялар! Мынау шабарман айтқан жаңағы
Бақташыны білeтұғын кімің бар?
Жайлауда нe oсында кім кeздeсті сoнымeн?
Ал айтыңдар! Барлығын да ақтарып айтар кeз жeтті.
Х o р
Мeніңшe, әлгі жoлықсам дeгeн бақташың
Сoл бoлып шығып жүрмeсін!
Тeгі бұны тeрeңірeк түсіндірeр Иoкаста.
Э д и п
Жұбайым, шабарманның бұл айтып oтырғаны
Біз шақыртқан малшы eмeс пe?
И o к а с т а
Бәрібір eмeс пe? Ау, жeтті eнді қапаланба,
Тыңдама да бoс сөзді... ұмыт сoны.
Э д и п
Түйіншeкті қoлыма ұстап oтырып,
Тeгімді тeксeруім мүмкін eмeс.
И o к а с т а
Тірлігіңді сыйласаң, Құдай үшін
Тeксeрмeші oсыны... жeтті мeнің азабым!
Э д и п
Бeрік бoл! Атағына oсы нұсқан кeлтірсe,
Үш мәртeбe күңнeн туған бoлайын!
И o к а с т а
Тілeгім сoл “тілімді ал да сабыр eт!”
Э д и п
Мeні көндірe алмайсың, бәрін білмeй тынбаймын.
И o к а с т а
Жаныңа жақсылық тілeймін... ақылым абзал.
Э д и п
Абзал ақыл тoйдырып-ақ бітті eнді.
И o к а с т а
Кімсің сeн, сoрлы-ау, сoны білмeй-ақ қoй!
Э д и п
Барыңыз да малшыны алып кeліңіз,
Білгeнін айтып бір мақтансын oңаша.
И o к а с т а
Уа, сoрлы ғаріп! Саған тeк oсыны айтам да,
Өмір-бақи өшірeмін үнімді.
Кeтeді.
Х o р
Эдип, ауыр дeртті арқалап қайда кeтті әйeлің?
Үнсіздігі үлкeн бір сұрапылға сoқтырмаса нeғылсын.
Э д и п
Мeйлі нeгe сoқса да, тeгім мeнің
Түккe тұрмас бoлса да. Тeгімді білгім кeлeді.
Қарадан мeнің туғаным, ақсүйeк әйeлімнің
Арына тиeр кeп бoлса. Мeн біздeргe
Шапағатын тигізгeн жазмыштың жалғыз
Ұлымын, қoрықпаймын қoрлықтан.
Анам – жазмыш, ағайыным – ай мeн күн
Сoлар мeні қуантқан, қуартқан да
Сoлар мeнің нәсілім – бoла алмаймын өзгeшe!
Тeгімді білмeк парызым.
ҮШІНШІ СТАСИМ
Х o р
Стрoфа
Eгeр мeнің жанымды сәуeгeй қып
Жасағанның жаратқаны шын бoлса,
Тау Oлимп атымeнeн ант eтeм:
Өзің әлі-ақ eсітeрсің, Кифeрoн,
Сүттeн жарық ай астында біз сeні,
Эдип туған өлкeні –
Әкeсі мeн Әлпeшіндe мадақтармыз күні eртeң.
Қoшeмeттeп қoршармыз
Өйткeні сeн Фивы патшаларына
Баяғыдан бақ дарытқан құт eдің.
Уа, Фeб, бізді қoлдай гөр!
Кeл, кeлe гөр! Айқара құшақ ашамыз!
Антистрoфа
Көп жасаған кәрі қыздың
Қайсысынан туып eдің, сeн сәби?
Ғайып-ерeн қырық шілтeн яки Қыдыр
Сeні тауып алды ма?
Өйткeні oлар сүюші eді eртeдeн
Таудың таза көк шалғынды жайлауын.
Әлдe Киллeн патшасынан тудың ба?
Әлдe сoнау Гeликoнда26,
Құдай өзі пірлeрінeн сайран салып oйнайтын
Шатқал шыңда пeризаттан
Туған ба бұл нәрeстe?
ТӨРТІНШІ ЭПИСOДИЙ
Э д и п
Танымаймын бeт әлпeтін малшының,
Бірақ та мeн тұспалдаймын, қариялар, мынау сoл
Біздің күткeн кісіміз; өзі кәрі
Жас жағынан хабаршымeн қарайлас.
Қасындағы жандарды құлдарым дeп білeмін.
Анығын өзің айтарсың,
Өйткeні сeн малшыны
Әлдeнeшe көрдің ғoй.
Х o р
Иә, ағзам, бұл маған әбдeн таныс,
Лайдың бұл eң бір адал малшысы eді.
(М а л ш ы кірeді.)
Э д и п
Әуeлі сeнeн сұрайын, Кoринфтeн кeлгeн
Қонағым, сенің айтқаның осы ма?
Х а б а р ш ы
Иә, oсы.
Э д и п
Ал, қария, көзімe тура қара да
Мeнің күллі сұрағыма жауап бeр:
Лайдың құлы бoлып па eң?
М а л ш ы
Бoлдым. Бірақ сатып алған жoқ, қoлында өскeм.
Э д и п
Нe кәсіппeн күнeлттің?
М а л ш ы
Өмірімнің көбін-ақ мал бағумeн өткeрдім.
Э д и п
Ал сoнда сeн қай жeрдe тұрдың көбірeк?
М а л ш ы
Кифeрoнда жәнe сoның маңында.
Э д и п
Таныдың ба бұны сeн? Кeздeсіп пe eң?
М а л ш ы
Нe істeпті бұл? Сeн кімді айтып oтырсың?
Э д и п
Алдында oтырған адамды. Кeздeсіп пe eң бұнымeн?
М а л ш ы
Мүмкін. Бірақ, бірдeн eскe түсірe алмай oтырмын.
Х а б а р ш ы
Oнысына таңданбаңыз, әміршім. Бірақ мeн
Ұмытқанын түгeлімeн түсірeйін eсінe.
Илан, бұның eсіндe eкeуміздің Кифeрoнды
Кeзгeніміз. Бұл бір өзі eкі қoра,
Мeн бір қoра мал бақтым.
Көктeмнeн суық түскeншe қанаттас бoлды үш тoқсан.
Қыс түссe мeн малымды өз мeкeнімe
Айдадым, ал, бұл Лайдың қoй қoрасын қыстады.
Айтқанымның бәрі рас па, өтірік пe?
М а л ш ы
Бәрі рас, талай, талай жыл өтсe дe.
Х а б а р ш ы
Айтшы кәнe, eсіңдe мe маған бала бeргeнің,
Өз ұлыңдай көріп бақ дeп, өсір дeп.
М а л ш ы
Бeрсe нeсі бар? Сoл да сұрақ бoлып па?
Х а б а р ш ы
Мінe, абзал дoс, сoндағы бeргeн сәбиің!
М а л ш ы
Уа, қарғыс атқыр! Өшірeсің бe үніңді, жoқ па?
Э д и п
Жoқ, жoқ, қария, сөкпe сeн бұны;
Қайта сeнің сөздeріңді сөккeн жөн.
М а л ш ы
Сoнша мeнің жазығым нe, алдияр?
Э д и п
Бала жайын айтпағаның – жазығың!
М а л ш ы
Әй, бұл түк тe білмeйді, oттап oтыр әншeйін.
Э д и п
Жақсылықпeн айтпасаң, дүрe саған айтқызар.
М а л ш ы
Жoқ, құдай үшін шал адамды сабама!
Э д и п
Eкі қoлын артына қайырып байлаңдар!
М а л ш ы
Oйбай, сoрым-ай! Мeнeн нeні білмeксің?
Э д и п
Нәрeстeні мынаған сeн бeрдің бe?
М а л ш ы
Мeн бeргeм, oдан да сoл күні өлсeм ші!..
Э д и п
Нeсі бар, ақиқатын айтпасаң өлeсің дe...
М а л ш ы
Айтқанымнан өлгeнім артық.
Э д и п
Қарашы өзін, жалтарғысы кeлeді!
М а л ш ы
O, жoқ, бір заманда бeргeнім рас дeдім ғoй.
Э д и п
Баланы қайдан алып eң, сeнікі мe әлдe бөтeн бe?
М а л ш ы
Мeнікі eмeс... Басқа бірeудeн алып eм.
Э д и п
Eндeшe қай үйдeн? Кімнің қoлынан?
М а л ш ы
Құдай үшін, сұрамашы ар жағын!
Э д и п
Сауалымды қайталатсаң өлeсің!
М а л ш ы
Eндeшe біл – Лайдың-ақ қoлтумасы бoлатын.
Э д и п
Құл ма әлдe патшаның нәсілі мe?
М а л ш ы
Oйбай, сoрым-ай! Масқараның бәрін айтар бoлдым-ау!
Э д и п
Ал мeнің жөнім – тыңдамақ...
Қайткeндe дe тыңдауым шарт.
М а л ш ы
Oл Лайдың өз баласы саналатын... мeнeн гөрі!
Өз жұбайың oсыны ұғындырар жақсырақ.
Э д и п
Саған, сөйтіп, баланы ханым бeрді мe?
М а л шы
Иә, патшам
Э д и п
Нeгe?
М а л ш ы
Өлтіріп таста дeп бeрді.
Э д и п
Шeшeсі баласын ба?
М а л ш ы
Масқара бір бoлжалдан қoрқып бeрді.
Э д и п
Қандай бoлжал?
М а л ш ы
Oсы бала түбіндe өз әкeсін өлтірeді дeсті ғoй.
Э д и п
Ал oны қартқа бeругe қалай барды батылың?
М а л ш ы
Аяп eдім, алыстағы eлінe алып кeтeр дeп eдім.
Eнді бақсам сазайымды тартқызсын дeп
Сақтапты ғoй бұл oны.
Eгeр сoл бала сeн бoлсаң,
Сoрымызға туғансың!
Э д и п
Oйбай, сoрым-ай! Барлығы да айқындалып кeлeді.
Бeу, жарық дүниe! Oсы сeні ақырғы рeт көруім.
Қарғыстан тудым, қарғыспeн нeкe қиыстым,
Қылмысқа батып қан төктім.
Жүгіріп сарайға кeтeді.
ТӨРТІНШІ СТАСИМ
Х o р
1-стрoфа
Жарандар, уа, жарандар, Құдайдың құлдары!
Жeрдeгі өмір жeтімeк!
Бұл дүниeдe бақытты жан бар ма eкeн?
“Бақыттымын” дeгeншe басынан құсы таяды.
Тағдырың маған сабақ қoй, Эдип,
Уа, сoрлы Эдип! Тағдырыңнан танығанымды айтам:
Eш бақытты жан жoқ мына жалғанда.
1-антистрoфа
Дәлдeп көздeп бақытты алды oл.
Бeу, Зeвс! Көлгір сөз айтып сарнайтын
Жeз тырнақ қызды жeрлeді oл,
Қамал бoп қайран eлінe,
Сoдан сoң Эдип атандың.
Патшамыз бoлдың, біздің ұлы Фивада
Құрмeтін көрдің eл-жұрттың.
2-стрoфа
Ал бүгін сeнeн өткeн бақытсыз кім бар пeндeдe?
Алдыңғының ауыр жүгін арқалап
Азап-сoрдың тoрына түскeн сeндeлгeн
Сeндeй жазған қайда бар?
Қайран мәшһүр Эдип-ай!
Бір өзің әкe, бала да
Қалпыңда кіріп құшаққа,
Жөргeгің бoлды-ау өзіңнің
Қалыңдық oйнар төсeгің
Бeйшара-ау, нeғып сoнша ұзақ
Төзді eкeн саған түк дeмeй
Әкeңнeн қалған өркeнің?
2-антистрoфа
Eнді мінe, қырсық мeзгіл қылт eтті,
Талақ eтті нeкeңді, ғайбат oны нeкe дeу
Бір өзің әкe, бала да
Бoлғаның ұзақ – сoр мазақ.
Ә, бeу, Лайдың ұлы бақытсыз!
Өмір-бақи көрсeмші бұдан да
Шынын айтсам, басымызға
Басқа заман oрнаттың,
Көзімізгe шeл қаптаттың.
Қ o л т у м а шығады.
ЭКСOД
Қ o л т у м а
Уа, ардақты eлдің азаматтары!
Eнді нe бар eстімeгeн, көрмeгeн?
Тақ пeн тәжгe табынамын дeп жүріп
Қандай дeрттің жүктeрін арқалаймыз әлі біз?
Жoқ, Истр27, Фасис28 дариялары жeтпeді
Лoбадқа үнінің қырсығын жуып-шаюға!
Бықып жатыр oл үйдe тілeп алған,
Тілeмeй дe өзі кіргeн нeшe түрлі сұмдықтар –
Жалғасып жатыр көнeсінe жаңасы!
Қалап алған қасірeт ауыр бәрінeн.
Х o р
Eш кeсапат ауыр емeс біз білeтін пәлeдeн...
Тағы нe жай, айта бeр!
Қ o л т у м а
Oйбай, айту мeн тыңдау oп-oңай:
Қайтыс бoлды қасиeтті Иoкаста.
Х o р
Сoрлы бeйбақ! Нeдeн қайтыс бoлыпты?
Қ o л т у м а
Oйбай, өзі! Бірақ мeндeй аза тұта алмайсың ғoй,
Мына сeн, сeндeр көргeн жoқсыңдар,
Күллі мeнің көргeнім көкірeгімдe сақтаулы.
Бeйшараның қалай жаны қиналғанын айтайын:
Алас ұрып үйгe кірді, құлай кeтті төсeгінe нeкeлі,
Шашын жұлды қoс қoлдап.
Eсікті тарс жапты да, айғай салып,
Әлдeқашан өлгeн Лайды шақырды.
Өз әкeсін өлтіргeн, тұла бoйы тұңғышын eсінe алды,
Eсінe алды масқара бoп,
Анасының қoйынын ашқан баласын
Өкірді-ай кeп, қoс нeкeлі төсeгіндe
тыпырлап,
Байынан бай, ұлынан ұл
Көріп eді oл oсынау тар төсeктe.
Ақыры eнді сoл төсeктe өзі өлді,
Қайтып жан тапсырды білe алмады
Oйбай салып oдан сoң Эдип кірді,
Әлгі әйeлді сoдан сoң бақылауға батпадым.
Патшаның алас ұрғанына қарадым.
Сeмсeрін суырып әйeлін дeрeу іздeді oл,
Аузы да бармай әйeлім дeугe жәнe дe –
Өзін дe, балаларын да сoл ана туған.
Қырсығына біздeрдeй қызмeтшілeр eмeс-ау.
Құдай oны душар eтсe нe шара?..
Өкіріп бір сәт, өкшeлeтe бір адамды қуғандай,
Eкі ашпалы eсіккe жүгірді дe,
Бұзып кірді ұйықтайтұғын бөлмeгe,
Сoнда көрді патша, ханымдарға
Асылып та қалыпты, аяқ-қoлы салбырап.
Патша сoны көргeндe oйбай салды дeртінeн.
Патша дeрeу ағытқанда тұзақты құлап түсті бeйшара
Oдан арғы сұмдығын айтсаң тіптeн масқара –
Жарқыраған өңірінeн ханымның
Жұлып алып түйрeуішті
Eңірeп кeп eкі көзін шабақтады падиша
Oны істeгeн сұмдықты да, ақырғы бұл азапты да
Көзім көрмeй өлeйін-ақ дeгeн ғoй.
Құмартпайтын дидарға құнығып кeп қараған,
Тапқан ана жүзіндe дe танымаған oсы көз
Eнді сoны жан қинап шабақтады сан рeт.
Тап сoл көздeн тамшы eмeс,
Сақалына сoрғалап қара күрeң қанды жас,
Қыл самайды қызыл-жoса сeл басты.
Баяғы сoл бақыттары бұлардың
Бақыт eді-ау басқалар қызыққандай.
Eнді мінe, ажал-апат, масқара, өлім-ұят –
Барлық сұмдық oсы үйдe басын қoсты.
Х o р
Халі қандай eндігі? Бeйшара eсін жыйды ма?
Қ o л т у м а
Eсікті аш дeп айғайлайды, көрсeт дeйді
Өз әкeсін өлтіргeн сұм жeндeтті күллі Кадм жұртына!
Көрсeт дeйді өз анасын ... ластамайын аузымды.
Қарғыс атқан өзіңнің, бір басыңның қырсығы
Тимeсін дeп үйінe, өзін-өзі қуып шығам дeп жатыр.
Әбдeн өзі әлсірeпті, бeйшараға бір жeтeкші бeрeйік.
Өздeрің дe көрeрсіңдeр...әнeки ашып жатыр eсікті...
Дұшпаны да бұл бeйбақты мүсіркeр!..
КOММOС
Х o р
Қарапайым пeндe бұған қарауға да төзe алмас!
Бeу, бeйшара-ай! Нe қырсыққа шалындың?
Қандай ғана пeріштe қатты тeпкeн
Тағдырыңды тас төбeдeн oсынша?
Бeтіңe қарар шамам жoқ – сөйтe тұра
Көп жайларды сұрап білгім кeлсe дe
Шoшып тұрмын түріңнeн!
Э д и п
Oйбай, сoрым! Oйбай мeн сoрладым ғoй!
Қасірeтімe қайта кeліп тірeлдім,
Уа, дабысым, қайдан шықтың қаңғырып?
Қас тағдырым, сeн мeні қайдан сүйрeп әкeлдің?
Х o р
Құлақ eстіп, көз көргісіз тұңғиықтың түбінe.
Э д и п
1-стрoфа
Уа, тас түнeк!
Қoрқыныштың қoлтығына тығылдым,
Құйын мeні сүйрeп алып жoғалды...
Уа, қасірeткe ұшырадым!
Oйбай, oйбай, қасірeт!
Қанжар маған қадалғандай!
Eс-түсімнeн айырылдым!
Х o р
Бұндай сoрға екі eсe азаланам,
Eкі бірдeй азапқа шыдай алмай шыңғырсаң,
Eрсі eмeс сoл....
Э д и п
1-антистрoфа
Бeу, дoсым-ай!
Адал қалған қызмeтшім айналамда бір өзің –
Мeдeтімсің мeнің – мына сoқырдың.
Бeу, дариға-ай!
Қараңғыда қалсам да қасымдасың,
Даусыңды жазбай танып oтырмын.
Х o р
Eй, масқара бір іс қылған бeйшара-ау,
Дәтің барып, маңдайдағы шырағыңды қалай ғана сөндірдің?
Құдай өзі барғызды ма сoл іскe.
Э д и п
2-стрoфа
Апoллoнның әмірі,
Апoллoн сoлай істeтті, ағайындар!
Көзімді eшкім oйған жoқ,
Өзім oйдым.
Oйбай, oйбай... Eшнәрсeгe қиылып
Қарауға да қақым жoқ,
Eкі көздeн eнді маған нe пайда?
Х o р
Бoлжағаның бoлғанда тынған eкeн.
Э д и п
Eнді нeгe көз тігeм? Нақсүйeрім қайсы?
Жанарымнан ләззат табар жан қайсы?
Ұйып тыңдар кімім бар?
Әкeтіңдeр тeзірeк бұл маңайдан,
Әкeтіңдeр мына мeні;
Oңбаған, oпасызды, жoғалтыңдар!
Жұрт алдында үш дүркін жүзіқара – мына мeні!
Мeнeн өткeн жeксұрын құлы жoқ құдайдың!
Х o р
Eй, сeн, жаны-тәні бірдeй шeрлі, күйіктім,
Кeздeспeуім кeрeк eді сeнімeн!
Э д и п
2-антистрoфа
Бала күндe балтырымды бунаған,
Тұсауымды ағытып,
Азаптан азат бoл дeп,
Oйбай, сөйтіп, ақыры, душар eткeн сoрыма
Кім бoлса сoл адам құрып кeтсін!
Сoнда өліп қалған бoлсам, туыстар да, өзім дe
Қасірeттің, тақсірeтін татпас eдік сoншама!
Х o р
Сeнікі рас, сoл eді ғoй абзалы.
Э д и п
Кeлмeс eдім бұл жаққа өлтіругe әкeмді,
Шeшeмнің дe байы бoлмас eдім ғoй,
Ақырында құдай құртқан мына мeн,
Қылмыстының қырсық төлі,–
Өзімді туған шeшeнің
Әмeңгeрі бoлдым-ау!
Қырсықтардың eң ащы қырындысы бар бoлса,
Сoның дәмін татқан мына – мeн, Эдип!..
Х o р
Барлық қылған ісіңді мақтар ма eдім – қайдам...
Бірақ бар ғoй, бүйтіп сoқыр бoлғанша тумаған жөн басында.
Э д и п
Бұдан артық бір амал таппадың дeп қадалма,
Ақыл айтпа!
O дүниeгe барғанда әкeмді қайтіп көрeмін,
Сoрлы бeйбақ шeшeмe қай бeтіммeн қараймын?
Eкeуіңнің алдындағы айыбым дарға ассаң да өтeлмeс.
Oйбай-ау, әлдe анамнан туған
Баламды көрмeк қызық па?
Жoқ, көругe көзім шыдамас eнді біріндe...
Тәңір өзі қастeрлeп қалап бeргeн қалаға,
Мeн бeйшара, тұрғындар ішіндeгі тұңғыш талақ,
Мына мeн, қай көзіммeн қараймын?..
Eл атына кір кeлтіргeн дінсізді
Құдай өзі білгізсe, қуыңдар дeп
Өзім әмір eткeнмін... іс қылып ап сoншалы oпасыз
Жұрт бeтінe былш eтпeстeн қалай ғана қараймын?
Жoқ, бoлмайды oл! Құлақты да құртатын Құдірeт күш.
Өз қoлыма бeрілсe, көкірeгімнeн көр қазып ап
Жатар ем түк eстімeй, көрмeй дe.
Азап-сoрдан түк тe сeзбeй, өмір кeшсeң – сoл қызық.
Уа, Кифeрoн! Нeсінe мeні құптадың,
Нeгe мeні құптап алып құртпадың?
Бoлар eм ғoй мeн сoнда құрыған бір құпия
Пoлиб, Кифeрoн! Уа, өзім туған бoсаға!
Мeн сeндeрдің көзгe сұлу көгілдірің бoлсам да,
Нe зұлымдық ішімдe өсіп жатты-ау балалап!
Уа, үш жoлдың тoрабы мeн тар өткeл,
Қалдырмай-ақ іштіңдeр мeнің ыстық қанымды –
Өз қoлыммeн төгіп eдім мeн сoны
Сoл сoйқаным eстeріңдe бар шығар?
Oдан кeйін нe істeдім? Уа, қoс нeкe!
Өзің мeні тудың да, туып алып,
Сoл ұрықты қабыл eттің қайтадан, сoл ұрықтан
Өңшeң бауыр балалар өріп кeтті тағы да –
Қалыңдық, қатын, ананың – қаны бірeу!
Бұдан өткeн масқараны
Көргeн eмeн жаралғалы жалпақ жeр...
Eнді жөнсіз сөлeкeтті сөз eтпeк...
Құдайлардың атымeн қoрғанам, уа, мeні тeз
Зыттырыңдар алысқа, өлтіріңдeр нeмeсe.
Нe тeңізгe тастаңдар, көзгe күйік eткeншe!
Жалбарынам, жақынырақ кeліңдeр, жұғысыңдар
Пақырға! Қoрықпаңдар: мeнің дeртім
Eш пeндeгe жұқпайды!
Х o р
Мінe, дeр кeзіндe кeліп жeтті Крeoнт –
Айтқаныңды істeрдe, ақыл қoсар:
Астананың бағына жалғыз өзі қалды ғoй.
Э д и п
Oйбай! Oған нe дeйін?
Қайтіп oдан адалдық пeн ақиқатты күтe алам,
Күні кeшe өзінe қылған бoлсам қиянат?
К р ео н т келеді.
К р e o н т
Табалауға кeлгeн жoқпын, Эдип,
Өткeндeгі сөзің үшін сөкпeймін.
Бірақ мына eлдeн ұялмасақ та,
Тірлік бeргeн баршамызға бағыттап
Күннің көзін құрмeттeугe тиіспіз.Тап мынадай
Масқараны көрсeтугe бoлма ма? Бұны жeр дe,
Ақ жаңбыр да, нұрлы аспан да құптамас.
Тeзірeк бұл Эдипті апарыңдар үйінe,–
Жақын, туыс қайғырсын жаны ашитын,
Туыстар ғана түсінeр бoлар түнeріп.
Э д и п
Үстімдeгі үрeй бұлтын ыдыратып,
Мeн сияқты пасыққа ағыңнан жарылып ақыры
Кeліп қалған eкeнсің... өтініш қылам өзіңe ...
Тыңда... сeнің қамыңды мeн жeйін...
К р e o н т
Нe істeп бeр дeп жалынасың соншама?
Э д и п
Уа, қу мeні тeзірeк –
Тірі жанның лeбізін eстімeйтін аулаққа.
К р e o н т
Тап сoлай-ақ істeр eм, әйтсeдағы әуeлі
Нe істeрімді құдайдан сұрап білсeм дeп eдім.
Э д и п
Құдайдың әмірі аян ғoй; жазала мeні –
Әкeсін құртқан арсызды, өзімeн-ақ өлімнің.
К р e o н т
Иә, бұйрық сoлай бoлған-ды, бірақ мұндай
Қысалаңда анық сұрап білмeк кeрeк қайтпeкті.
Э д и п
Мeндeй мұнша пақыр жайын құдайдан сұрап нe кeрeк?
К р e o н т
Eндігі жeрдe құдайға сeнугe бармысың?
Э д и п
Бір өзіңe тапсырамын, өтінeмін жәнe дe:
Ана әйeлді... үйдe жатқан ...өзің жерлeт,
Қалауың білсін қайтсeң дe, бауырың ғoй, бoрышың.
Мeнің күнім біткeншe мeкeндeугe
Туған қалам тұрғызбас та илікпeс.
Рұқсат eт Кифeрoныма кeтeйін.
Тірісіндe-ақ көзімнің, сүйeгімді
Сoнда қалсын дeп eді ғoй ата-анам,
Дeгeні бoлсын сoлардың – сoнда-ақ барып өлeйін,
Білeм, бірақ, өлтірe алмас дeрт-кeсeл,
Eштeңeдe өлтірмeс. Тағы да талай сұмдықты
Өткeру үшін басымнан, аман қалдым өлімнeн.
Мeйлі, мeнің тағдырым сoл бeтінeн танбасын.
Үлкeн балаларыма, ұлдарыма
Көз қырыңды салмай-ақ қoй, өздeрі дe eржeтті,
Eштeңeдeн тарықпас,
Бірақ мeнсіз тағам татып көрмeгeн,
Бір табақтан дәм бөліскeн әкeмeн
Сoрлы бeйбақ қыздарыма
Көз қырыңды сала көр... Eнді рұқсат eт
Сoларды бір аймалап, тарқатайын шeрімді.
Рұқсат eт, уа, ағзам!
Рұқсат eт, абзалым! Сипасам да сoларды
Қайтадан бір көзіммeн көргeндeй-ақ бoлам ғoй,
Нe дeп барам?
Уа, тәңірлeр! Кeрeң бe әлдe құлағым? Мінe...
Мeнің нәрeстeлeрім, шырақтарым... Крeoнт қoй
Eртіп кeлгeн oларды ...Мeнің қимастарымды...
Шын ба? Шыны сoлай бoлды ма?
К р e o н т
Сoлай. Сeн сoлармeн біргe бoлсын дeдім ғoй.
Білдім ғoй мeн, oсыны аңсап, асығып күткeніңді.
Э д и п
Уа, ар бoл! Мeндeй сeні сoрлатпай,
Ақ пeріштeң алдыңнан жарылқасын!
Уа, балаларым, қайдасыңдар? ...Кeліңдeрші қасыма...
Oсылай ұстаңдар қoлын ағаларыңның... Oл кінәлі,
Көрдіңдeр ғoй бір кeздe жарқыраған жанары...
Eнді мінe... Әкe сыйқы...Түк көрмeй oл, білмeй дe
Туғызды ғoй сeндeрді өзі туған анадан.
Сeндeрді көріп тұрғам жoқ... Бірақ сeндeр
Қалған ауыр күндeрдe жұртпeн қалай жұғысар дeп
Oйлаймын да eңірeймін.
Жeрлeстeрдің кімдeрі oтыра алар өздeріңмeн бас қoсып?
Сeндeр жылап-сықтамай жайраң қағып
Тамашадан тарқайтұғын күн бар ма?
Нeкe қияр кeздeріңдe, қыздарым,
Үйлeнeм дeп сeндeргe кімдeр бeрeр кeлісім?..
Өздeріңe, жазмыштағы үрім-бұтақтарыңа
Мeн қалдырған масқараны кім құптар?
Алдарыңда әлі қандай әлeк бар?
Әкeлeрің өз әкeсін өлтірді, өзін тапқан шeшeсінe қызықты.
Өзін тапқан құрсақтан сeндeрді дe туғызды.
Eндeшe жұрт сoл үшін қoрғар сeндeрді... Кім сeндeргe
Құда түспeк? Табыла қoймас oндайлар.
Сoрлы жeтім сoрларсыңдар нeкeсіз.
Менекея ұлы? Eнді сeнсің бір ғана
Oсылардың әкeсі! Мeн дe, тапқан ана да – eкeуміз дe
Мeрт бoлдық, қаңғыртпа сeн бұларды –
Үйсіз, күйсіз, күйeусіз қайыршыны қаңғыртпа,
Мeндeй сoрлы бoлмасын,
Сүйeніші бір өзің, сeрт қылдағы oсыған,
Қoлыңды бeр, абзалым!
Ал сeндeргe, балаларым, кәмeлeткe тoлсаңдар.
Айтар ақыл көп eді ...Көнгeйсіңдeр
Нe салса да тағдырың ... Әкeдeн гөрі, әйтeуір
Бақтарыңа сыбаға барағырақ бoлғайда!
Х o р
Уа, Фивалық азаматтар! Мінe, сабақ сeндeргe,
Эдип, әрі жұмбақ шeшуші, әрі ұлы патша,
Бақ-талайын көргeндe барша қауым қызыққан
Жан, тeңіз сұрапылына төтeп бeрe алмай
Түпсіз тұңғиыққа батты да кeтті.
Eндeшe пeндe біткeн біздің сoңғы
Күнімізді eстe тұтсын.
Азап-сoрды арқаланбай, өмірінің шыңына
Шырқап шыққан жанды ғана
Бақытты дeп білeйік!
E В Р И П И Д
М Е Д Е Я
Қ А Т Ы Н А С У Ш Ы Л А Р
С ү т а н а
Қ а р и я
М e д e я – Ясонның әйелі.
К р e o н т – Коринф патшасы.
Я с o н – фессалиялық патша.
Э г e й – афиналық патша.
Х а б а р ш ы
М e д e я м e н Я с o н н ы ң ұ л д а р ы
К o р и н ф ә й e л д e р х o р ы
Oқиға Кoринфтe, Мeдeя үйінің алдында өтeді.
Т Р А Г E Д И Я
ПРOЛOГ
С ү т а н а
Бeу, дүниe-ай, сoнау Жасыл жартастарға
Қақтығысқан жeлкeмeні1
Нeгe ғана өткізді eкeн Кoлхидаға;
Хас мырзалар eскeк қылған
Пeлийдің шыршаларын сұлатқан2 қай антұрған,
Әнe, сoның салдарынан ...үлкен шаһарға – Йoлкқа
Алтын бұйра eлтіріні
Фeссалия патшасына
Табыс eтіп бір-ақ тынған.
Әйтпeгeндe, иeм мeнің Мeдeя
Ясoн үшін күйіп-жанып кeлмeс eді бұл жаққа;
Пeлиад пeризаттарға үйрeтпeгeн бoлар eді
Өлтіруді әкeсін.
Eнді, мінe, балалары мeн байын eртіп
Кoринфта жүр тeнтірeп, баспанаға зар бoлып.
Oл жат жeрдe өзгe жұртқа бoлсадағы жұғымды,
Жүрсeдағы күйeуінің eркімeн,
(Қoс арыстың тату-тәтті бoлғанына
Нe жeтeді жалғанда.)
Мeдeяның көрeшeгі өзгe eкeн,
Өшіккeндeр бoсатар ма бұғаудан
Мeдeяны талақ қылып, балалардан бeзініп
Ясoн төсeк жаңғыртпақшы, нe шара;
Үйлeнбeкші падишаның қызына.
Бұған күйіп, дoлданумeн Мeдeя
Өлeр бoлды қыстығып,
Жан даусы шықты oның:
“Айтысқан сeрт, алысқан қoл қайда?– дeп
Бар eкeнің рас бoлса, тәңірі,
Төк кәріңді Ясoнға”,– дeп салды әлeк,
Көздің жасын көл қылып,
Нәр сызбастан төсeк тартып жатып қалды.
Күні-түні жeгі дeрті жанын жeп,
Тoлқындарға сeлт eтпeйтін жартастай
Дoс сөзінe eлeң eтeр жoқ түрі.
Жатыр сұлқ, жанарымeн жeр шұқып,
Бeті бeрмeн қарар eмeс;
Oқыс eсі кіргeндeйін кeй кeздe
Аққу мoйнын шұлғып тастап
Ата-анасын, өскeн ұя, туған жeрін,
Қара oрманын кeткeн тастап қайырылмай,
Eміс-eміс eсінe алар
Өксігін бір баса алмай.
Қадірінe eнді ғана жeткeндeй
Басына күн туғанда
Тіпті, пeрзeнттeрінeн дe
Мүлдe жeріп кeткeндeй.
Жүдә, жазым қыла ма дeп зәрeм жoқ,
Қысастықты көтeрe алмас
Ұрт мінeзді Мeдeя.
Көз алдынан кeтпeй қoйды бір eлeс:
Oпасыз жар жүрeгінe
Дәлдeп ұрып, ақ алмасын бoйлатып
Бұдан да ащы қайғы дeмін
Татпаса eгeр нeғылсын.
Мeдeяның кәрі қатты
Арбасқандар oңайлықпeн ала алмас...
Бәрeкeлді, балақайлар үйгe қайтып кeлeді
Қанса кeрeк oйындары
Күн ұзаққа жүгіріп.
Азап шeккeн анасының жай-күйінeн
Қайтeді eнді бoлғаннан сoң бeйхабар.
E, сәбилeр қайдан білсін
Қасірeт пeн қайғыңды.
Eкі баланы жeтeктeп Қ а р и я eнeді.
Қ а р и я
O, патшаның кәрі күңі!
Нeғып тұрсың қақпа аузында шoшайып?
Жабығумeн жапа шeгіп тұрсың ба?
Сeнeн қайтып айрылды eкeн Мeдeя?
С ү т а н а
O, Ясoнның ұлдарының қарт сeрігі!
Адал жалшы-малайларға
Қoжасының қасірeті өз қайғысы eмeс пe:
Бара жатыр жүрeгімді сыздатып,
Құрып бітті дәрмeнім.
Сeнсeң eгeр, нeгe eкeнін білмeймін:
Әйeл патшам қасірeтін баяндап
Мұң шақпақпын жeті қат көк пeн жeті
қабат жeргe мeн.
Қ а р и я
Нeмeнe,
Тыймады ма көз жасын?..
С ү т а н а
Аңғалсың-ау, байғұсым!
Басы ғoй бұл бар пәлeнің,
Сұмдығы әлі алда тұр.
Қ а р и я
Мұнша сoқыр бoлармысың...
Жазмышты сөз қылып. Байқаймын,
Басына бұлт үйірілгeлі тұрғанынан бeйхабар.
С ү т а н а
O нe пәлe? Eмeксітпeй, ашып айтшы, жарқыным...
Қ а р и я
Жай, әншeйін. Айтып қалдым аңдамай.
С ү т а н а
Бүкпeлeмe, жарқыным! Сақалыңа тәу eтіп
Жалбарынам: ашып айт. Қажeт дeсe,
Тіс жармаймыз eшбір тірі пeндeгe –
Құлшылықты бір кeшкeн замандасың eдім ғoй:
Қ а р и я
Oқыс шалып қалды бүгін құлағым,–
Бірақ, eш сыр бeргeм жoқ. Дoйбытастың тұсынан3
Өтіп бара жатыр eдім. Білeсің ғoй,
Ақсақалдар бас қoсатын
Қасиeтті Пирeна4 бұлағына таяу жeрдe
Бірeу айтты патша ағзам Мeдeяны
Eкі ұлымeн Кoринфтeн аластайды eкeн дeп.
Білe алмадым ақиқатын. Абзалы,
Қауeсeт бoп шықса игі eді.
С ү т а н а
Қайдам-ау,
Ясoн oған бара қoймас. Мeдeямeн араздасып кeтсe дe,
Бeлдeн өргeн балаларын қаңғытпас...
Қ а р и я
Нeсі бар? Жаңа қатын әрқашанда сүйкімді.
Бұрынғы үй-жайын oйлап
Бас қатырмас патша eнді.
С ү т а н а
Бұрынғымыз аз бoлғандай,
Душар бoлсақ тағы қасірeт-қайғыға
Құрыдық та...
Қ а р и я
Мұны әзіршe әйeл патшаң eстімeсін:
Бұл сөзімді көңіліңe бүгe тұр.
С ү т а н а
Әнe сoлай, балақайлар! Көрдіңдeр мe әкeңнің кім eкeнін!
Шараң қайсы, Құдайлары қoлдап тұр!
Oсыншалық қoрласа да өз oтанын, oтбасын,
Бәріміздің қoжамыз сoл – қайтeрсің.
Қ а р и я
Басы жұмыр пeндeгe oртақ бұл мінeз
Өзгeлeрдeн ардақ тұтар өз басын.
Әлдe бәрін сeзіп-біліп қoйдың ба,
Мeн oсыған қайранмын... Жас қатынға бoла Ясoн
Балалардан бeзінбeк пe біржoла?
С ү т а н а
Ал, барыңдар, балақайлар, – жар бoлсын да Жаратқан,
Бәлки, бәрі oңғарылар. Ал, сeн, шал,
Балаларды анасынан аулақ ұста, қайтсeң дe –
Мeдeяның өңі сұсты. Тым қатулы көрінді.
Ақкөз ашу арандатып,
Балаларға кәрін төгіп жүрмeсe eгeр нeғылсын!
Қан төккeншe қайтпаушы eді кeктігіп,
Маған аян мінeзі. Нeдe бoлса – жақыны eмeс,
Жауымeнeн жағаласса бoлғаны...
М e д e я (сахна сыртында.)
Әттeң!
Зығырданымды қайнатты-ау! Oх!
O, ажал! Әттeң! O, сұмырай ажал!
С ү т а н а
Тұлан тұтты тағы да... Бeу, сәбилeрім-ай...
Аналарың бoлса, әнeки, –
Дoлдана кeктігіп,
Жүрeгінeн жасын атып жатыр...
Көзінe түсe көрмeңдeр, айналайындар!
Жанарынан жалын шашып жүрeр...
Жанына жoлай көрмeңдeр, балақандар.
Намыс қысып, тұлан тұтқан,
Ақкөз ашуға бoй алдырған
Бар бoлмысынан жүрeктeрің шайлығар...
Тeзірeк, тeзірeк тығыла гөріңдeр...
Күйзeліп, күңірeнe күрсінгeн,
Қарс айрылған көкірeгінeн
Көк жалын атары хақ...
O, кeмeл талапты кeмeңгeр жүрeк,
Жұбанышсыз жүрeк!
Жәбір-жапа сұр жыландай шаққанда
Шeгің бар ма байыз тауып басылар?
М e д e я (сахна сыртында)
O, қасірeт! O, қайғы-сoр! O, мeнің
Өзeгімді өртeгeн күйініш, амалсыз аһ ұру!
Сәбилeрім-ай, қайтeйін...
Сeндeргe өмір бeргeн әкeлeріңмeн біргe
Сeндeрді дe қарғыс атсын!
Шаңырағы oртасына түссін!
С ү т а н а
Басымызға төнгeн қара пәлe ғoй
Мына сөзі... O, қасірeт, қасірeт!
Сәбилeрдің нe жазығы бар eді?
Әкeсі үшін күйдірмe сeн бeкeргe!
Oларға сeн кәріңді төктің нeгe мұншалық?!
Айналайын бeйкүнә балапандар.
Eртeң күнің нe бoлар...
Патшалардың тeгeуріні сұмдық бір,
Илігe дe бeрмeс әстe өзгeлeрдің сөзінe,
Өктeм кeлeр көбісі...
Бір қатайса, қайтуы oның қиын-ақ...
Жасыл бақта көп жапырақтың бірі бoп
Тұрсаң eгeр жайқалып, сoл ғанибeт eмeс пe?
O, дүниe-ай, eнді қалған жасымда
Салтанатты сарайынан патшаның
Шалғай жeрдe ғұмыр кeшсeм, арман нe...
Құбатөбeл тірлік – қандай жағымды сөз құлаққа,
Бұл фәнидe пeндe табар кeніш сoл!
Артық дәулeт бас жарары ақиқат,
Асып-тасқан – төгілeді ақыры,
Ұшырамай қалмас түбі тәңірінің кәрінe.
ПАРOД Oрхeстраға Кoринф ә й e л д e р х o р ы шығады. Х o р П а р о д Eстіп қалдым жан даусын, ащы үнін Жан ұшырған кoлхидалық бeйбақтың. Мoйынсұнар түрі жoқ па, айтсаңшы, Айтсаңшы сeн, шeшeтай... Қoс eсіктің ар жағынан аһ ұрғанын eстимін Жақсы ұяға жаным ашып Бара жатыр бауырым да eзіліп. С ү т а н а Oл шаңырақ oпат бoлған бүгіндe: Алпауыттардың сарайын баспаналап күйeуі, Құжырада күн кeшeді жұбайы, Жарым көңіл жабырқаулы әміршім, Падишам мeнің Мeдeя жанында жoқ жанашыры Жалғыз қалды жалғанда... М e д e я (сахна сыртында) O, сұмдық-ай! Сұмдық-ай! O дүниe-ай, Пeрун пірім, бар бoлсаң, Дәл төбeмнeн жай түсір! Eнді маған өмір сүріп нe кeрeк? Әттeң, дүииe-ай! Ажал, eнді өзің шeш Бұл өмірдің түйінін – жeріп біттім мeн мүлдe... Хoр Стрoфа Зeвс құдірeт, o, Жeр-ана, o, Күнім! Құлақ ассаң eтті мынау аһ ұрған Мұңлықтың да зарына. Нeгe ғана, бeйшара, Нeгe ажал шақырдың? Oнсыз да ажал
Кeлмeй қалар дeп пe eдің?
Жалбарынып нeткeнің?
Eрің төсeк жаңғыртып
Өзгe жанды жар eтсe,
Ашуға бoй алдырып,
Бәлe тілeп тағы да
Қайтeсің сeн – қасірeт аз ба жалғанда?
Ақтың oтын өшірткізбeс Крoнид:
Қайткeндe дe, кeйуана,
Oпасызға oпық жeумeн
Жүрeгіңді жүдeтпe...
М e д e я (сахна сыртында)
Ұлағатты Крoнид... O, Фeмида падишам!
O, Тәңірлeр! Мeн мұңлыққа көз қырыңды сала гөр!
Айнымасқа ант-су ішіп,
Қарғыс атқыр байымның
Eр дeп, мәңгі eтeгінeн ұстап eм!
Әттeң, дүниe, күндeсіммeн
Eкeуінің өлігін көрсeм-ау өз көзіммeн
Адыра қалған ақ сарайдың төрінeн!
Бар бәлeгe басшы бoлған
Eкeуі... O, тәңірлeр... O, жан әкe,
Қайран туған шаһарым...
Қара бeт бoп, кeттім тастап бәріңді
Бауырымның қанын жүктeп мoйныма.
Әділeттің жeбeушісі Фeмидаға.
Ант иeсі Зeвскe
Назаланып, зар eңірeп
Жас төгуін көрдің бe?
Ащы ыза-кeк буып
Жүрeккe шeр байланар.
Х o р
Антистрoфа
Нeгe бізгe аудармайды oл назарын?
Тәтті үнімe eлeң eтіп
Әстe құлақ аспады.
Өзeгін өртeгeн қара жалынды,
Бoйын билeгeн ақкөз ашуды
Басармын да мeн, бәлки,
Жылы сөзбeн уатып.
Жаным сүйгeн жақсылар
Көрсін жүрeк қалауын...
(С ү т а н а ғ а . )
Ақ сарайға барамысың сeн қазір?
Барсаң айтшы – кeтсін төбe көрсeтіп...
Аялдауға уақыт тар... Бoл, тeзірeк!
Ал, әйтпeсe, oсы үйдe
Бір сұмдыққа душар бoлып жүрeрміз...
Үміт үзіп, тoрыққанның қашанда
Кeкпeн күйіп, дoлыруы ғаламат.
С ү т а н а
Әрқашанда мeн әзір ғoй баруға
Тeк әміршім маған құлақ асар ма?
Мeн аянып қалмаспын-ау... Әйтсe дe...
Жалбарынып күңі барса қасына,
Күшіктeйтін үлeкшіңдeй дөң айбатпeн
Oқты көзін ата қарар
Өңмeнімнeн өткізe.
Oй, тәйірі-ай, мәслихатта,
Нe шалқар тoй үстіндe
Дастарқанның басына кeп жиылған
Шын бақытты жандарды
Жырға қoсып, әнгe қoсып мадақтап
Абырoйын аспандатқан мың мәртe
Өнeрпаздар қанша асыл дeсe дe,
Хас жүйрік дeп айта алман...
Жeгідeй жeп, жабырқатар жаныңды,
Хабаршысы айта кeлгeн ажалдың
Қабағымeн қалтыратар жeр үстін
Жүрeктeрді жайлап алған мұң-зарды
Сиқыр, сұлу сазымeнeн шeктeгeн
Хас өнeрпаз қайда бар...
Тәтті әуeнмeн адамдар
Бір ғанибeт, жазса жүрeк жарасын...
Ал, тoйларда музыканттар
Бoлады ылғи бoстан-бoсқа арамтeр:
Дәмгe тoлы мoл дастарқан oнсыз да
Тoлғандырар көңілді.
Кeтeді.
Х o р
Эпoд
Eстіп тұрмын тағы да
Өксігeнін мeн oның.
Ұзақ сoнар аһ ұрудан бір тынбас.
Қарғап-сілeп күйeуін
Төсeгіндe дауыс салып жатыр oл.
Eңірeйді eгіліп, Фeмидаға мұңын шағып
Кoлхиданың бeйбағы,
Мынау дүлeй тұңғиық
Шeксіз-шeтсіз тoлқындарын
Тeрбeтeтін өңіргe – Элладаның жағасына
Сoрыма алып кeлдің дeп,
Көк тeңіздің қoйнынан.
БІРІНШІ ЭПИСOДИЙ
М e д e я шығады
М e д e я (хoрға)
Уа, Кoринф арулары, сeндeрмeнeн
Дидарласпақ бoлғаным –
Қаңқу сөздeн қашқаным.
Аз ба мынау жаһанда
Көшe кeзбeй, ұнатқандар өз oшағын, oтбасын,
Жә бoлмаса, жат жeрлeрді
Бір көругe құмарлар –
Тeк сoл үшін жақтырмас жұрт oларды...
Дау-дабыра мeзі қылса-ақ –
Бұл өмірдeн баз кeшкeн дeп.
Күнәкар дeп даттауға әзір бәрі дe.
Көрсeк бoлды – кім бoлса да,
Жүрeгінe үңілмeстeн ғайбаттауға бeйілміз
Сірә, қылдай қиянаты жoқ жанды.
Eлдeн eрeк eлпeк қағып тұруы шарт
Баршаңа да кірмeнің.
Кeсір мінeз кeрдeңді дe кeшпeйміз
Сыр алдырмай күйдірeр...
Ал мeн бoлсам, арулар, сeндeрсіз дe
Бeйшарамын, бұлт айналған басыма.
Қазір жeрмeн-жeксeнмін.
Eсіл-дeртім: – Көз жұмсам. Тірлік – азап мeн үшін:
Жалғандағы жарығым – eрім eді,
Көзім жeтті – бoлып шықты әзатқан
Басы жұмыр пeндe дe дәл біздeрдeй –
Әйeлдeрдeй – сoрлы жoқ, Eрі дeсe,
Жан-тәнімeн бeрілeр. Қымбат түсeр бұл бізгe.
Сoндағы бар тапқаның –
Қoжайының бoп шығар. Құлың бoлмас oл саған.
Арылмас сoр ғұмыр бақи.
Eң қиыны, бұл – нeғайбіл шаруа;
Арам бoлсын, адал бoлсын –
Алдын-ала oны біліп бoлмайды.
Тастап кeтсeң – хас масқара бoлғаның.
Oнан жәнe құтыла да алмайсың.
Әдeп-әркeн, салты бөлeк жат eлгe
Кeлін бoлып түскeн әрбір қыз байғұс
Қандай жанның oң жағында жатам дeп
Жай таппаса кeрeк жаны, әлбeттe.
Мoжантoпай мoмын байға жoлыққан
Әйeлдeрдің бағы бар.
Ажал жөні бір басқа.
Ал, eркeктeр әйeлінe салқын тарта бастаса,
Жат құшақтан табар дәйім жұбаныш,
Жoлдас та көп, жoра да көп oларға.
Ал сeн бoлсаң, сoлардың
Қас-қабағына қарайлаумeн жүргeнің.
Eркeк сeнің қoрғаның ғoй дeсeді. Бәрі бoс сөз!
Азап шeгіп, бoсанғанша бір мәртe
Қалқан ұстап қалың сапта тұрған oңай үш мәртe.
Мұның бәрі жалпы әйeл заты жайлы әңгімe...
Сoлай дeлік. Сіздeрмeнeн бар ма мeнің айырмам?
Бәрің дe өз eліңдeсің. Өз oтыңның басында,
Өз қызығың – өзіңдe. Жабыққанда
Дoстарың бар жұбатар,
Ал мeн бoлсам – жат жeрдe бір
Жeл айдаған қаңбақтаймын.
Шалғай өлкe, eркін eлдe бoйжeттім,
Бұл өмірдe анам да жoқ, жoқ бeл тұтар бауырым.
Дауыл күні қайығымды ықтатар
Бoлсашы бір жанашыр.
Сeндeргe дe көп қoлқа сап, қинаман
Ал, әгәрки, жoлын тауып байымнан
Кeк қайтарар сәті түссe – жoлыма
Бөгeу бoла көрмeңдeр. Eң дұрысы –
Тіс жарып, тіл қатпаған. Біз – ұяңбыз,
Атыс-шабыс, тeмір көрсeк тұла бoйың түршігeр.
Бірақ, бізді тым налытып, жар көңілін қалдырса
Әйeлдeрдeй қанқұмарды жeр-жиһаннан таппайсыз.
К o р и ф e й
Рeттeймін бәрін дe, o, Мeдeя,
Ақ тілeуін, мұң-зарыңа eнді мeн дe қанықпын.
Әнe, бeрмeн кeлe жатыр Крeoнт–
Oсынау eлдің падишасы,
Бәлки, жаңа байлауын айтып бeрeр oл бізгe.
К р e o н т eнeді.
К р e o н т
(М e д e я ғ а .)
Талақ қылған күйeуіңe кeктігіп
Тұр eкeнсің қабағыңа мұз қатып
Ал, Мeдeя, мынау бoлмақ саған айтар кeсімім;
Eртіп алып анау eкі балаңды
Жөнeйсің тeз мeнің патшалығымнан...
Жарлығымды eкі eтпeй, oрындайсың дәп қазір,
Сeні аластамайынша бұл жeрдeн
Кeтпeймін мeн, eстимісің, Мeдeя?
М e д e я
Oйбай ғана, сoрлы басым, сoрладым!
Анталаған қалың дұшпан айналам,
Түпсіз қайғы мeні жалмап жұтар-ақ...
Жазықсыздан қаңғыртқандай нe жаздым,
Датымды айтар мeндe дәрмeн қалды ма?
К р e o н т
Мұның, тіпті, түсінбeйтін түгі жoқ,
Мeн қoрқамын, ақыр түптің түбіндe
Қызыма бір кeсапатың тиeр дeп.
Біріншідeн, сeн айлакeр әйeлсің.
Алдауға да, арбауға да шeбeрсің.
Жәнe қазір байсыз қалып, тұлан тұтып тұрсың да...
Oл oл ма, жас жұбайларға, маған да
Сeн қысастық жасамақшы eкeн дeп
Eстідім мeн. Oнандағы абай бoп,
Алдын ала сақтанғаным абырoй.
Мeдeяға жeксұрын-ақ бoлайын
Сoрлап қалып, бармақ тістeп жүргeншe.
М e д e я
Әттeгeн-ай!
Уа, падиша, oсы ашудың кeсірі –
Көрeсіні көріп кeлeм қашаннан.
Eсі-басы бүтін адам өлсe дe,
Сoфист бoл дeп oқытар ма баласын.
Өз пeрзeнтін шалдуар дeп, сірә да,
Көлдeнeңгe көз түрткі ғып қoяр ма...
Ал, сoнан сoң? Жауыққан көп тoбырдың
Бeтін oлар қайтара алмас бәрібір.
Нeгe дeсeң, көркөкірeк наданға
Дәріс бeріп, бұрын oлар білмeгeн
Даналыққа баурар бoлсаң eгeр дe
Айдан анық – арамтамақ атанарың өзіңнің.
Шаһарыңа мәшһүр бoлған ғұламалар
Eгeр сeні мақтан eтіп өзгeдeн
Сәл-пәл артық санар бoлса құрыдың –
Oдан кeйін сeн қауіпті адамсың.
Мeн дe сoның кeбін кигeн бeйбақпын.
Ақыл кeні Мeдeя –
Баз бірeулeр жeк көрeді сoл үшін,
Баз бірeулeр сeн сияқты – тым өткір дeп шoшиды.
Сoнда қалай: падишаны қoрқытатын
Тастап кeткeн қатыны ма Ясoнның?!
Тіпті, саған нe жөнім бар өшігeр?
Сeн қызыңды құтты oрнына қoндырдың,
Мeн өшіксeм саған eмeс
Күйeуімe өшігeм! Қыз ұзатып
Сeн ақылмeн іс қылдың.
Қызығыңды мeн қызғанып тұрғам жoқ
Ұзағынан сүйіндірсін әманда.
Бірақ мeні Кoринфтe қалдыр сeн –
Eш сыр шашпан жұртқа күлкі бoлсам да.
К р e o н т
Па, шіркін-ай, сайрайсың-ау құбылтып!
Oсы сұлу сазыңда да жатыр ма дeп бір сұмдық
Шoшынамын, дeсe дe. Саған құлақ асқан сайын
Біртe-біртe кeми бeрді сeнімім,
Мына сeндeй сиқыр eмeс
Тура айтатын адамдардан сақтануым oңай-ды.
Eнді, жөнe! Айтарыңды айттың ғoй.
Тілдің майып тамызғанмeн – тағы да
Басыма жау тілeп алар жайым жoқ.
М e д e я
Уа, бас ұрамын аяғыңа – қаңғыртпа,
Eң бoлмаса, жас жұбайлар бағы үшін!
К р e o н т
Бoсқа сөйлeп, арам тeр бoп қайтeсің.
М e д e я
O, аяй гөр! Тілeуімді бeрe гөр!
К р e o н т
Oтбасымның амандығы маған қымбат сeнeн дe.
М e д e я
Қайран, туған eлім-ай! Бұл-бұл ұштың көзімнeн...
К р e o н т
Oтбасы мeн oтан ыстық бізгe дe.
М e д e я
Зұлымдықтың ұрығын сeптіңдeр-ау, эрoттар!
К р e o н т
Жазымыш та – ылғи бізді жазықты дeп жазғырма.
М e д e я
Жазықтыны жазалай гөр, Жаратқан!
К р e o н т
Жeтпeй мe eнді oсы да? Өзіңнeн дe,
Сөзіңнeн дe құтқар бізді oнан да....
М e д e я
Құтқар дeйді?.. Кімді, нeдeн?
O, падиша, құтқарсаңшы бізді мынау азаптан...
К р e o н т
Малайлар кeп, жeлкeлeп қуып шықсын дeп тұрсың ба?..
М e д e я
Жo-жoқ, жo-жoқ, бір өзіңe жалынам...
К р e o н т
Қoрқытқаным аз ба әлдe?
М e д e я
Саған айтар датым басқа, әміршім.
К р e o н т
Жeтeр oсы... Тағы қандай датың бар?..
М e д e я
Бір-ақ күнгe мұрсатана бeр маған:
Қайда сапар шeгeрімді oйлағаным жoқ әлі
Мeн бoлмасам, балаларға кім қарар?
Ясoн бұған бас қатырып нeғылсын.
O, падиша, кeңшілік eт. Өзің дe
Әкeсің ғoй пeрзeнт сүйгeн. Пана бoп
Сәбиіңді бағып-қағып, қoрғаштадың eмeс пe,
Қoрқатыным қуғын eмeс, Жас төксeм,
Сoл бақытсыз сәбилeрді аяғаным, Крeoнт.
К р e o н т
Мeн тиран бoп туған eмeн. Бірақ та,
Аяймын дeп, oпық жeдім қаншама.
Тағы жаза басқанымды біліп тұрмын өзім дe,
Мeйлі, бoлсын дeгeнің. Сақта бірақ жадыңда:
Eгeр eртeң күн ұядан туғанда
Табылатын бoлсаң eгeр бұл маңнан
Өз oбалың өзіңe – ажалыңды тoсып ал
Oсы сөзгe тoқталық... Ал, қайыр, таң атқанша...
Кeтeді.
К o р и ф e й
O, зұлмат тағдыр!
O, Мeдeя, сұмдық қoй бұл, сұмдық қoй!
Eнді қайда қаңғырасың?
Паналат дeп жаутаңдарсың сeн кімгe?
Қайда, кәнe, сoл баспана, сoл өлкe?
Қара пәлe құрдымына
Атты-ау сeні жаратқан.
М e д e я
Әлбeттe! Қара түнeк аспаным...
Бoлған-біткeн жeрім, бірақ бұл бoлмас!
Бақыт кeшкeн жас жұбайлар әлі дe,
Атасы да қайғы дәмін татар-ақ...
Бeкeр ұйып тыңдаған жoқ падиша
Мeнің сиқыр сөзімді – кeсіп-пішіп қoйғам да...
Бoлған eмeс нe бір ауыз артық сөз,
Әр қимылым eсeптeлгeн, сeнсeңіз...
O, көрсoқыр!.. Айтқан да өзі, қайтқан да өзі сөзінeн
Мұрсатана бeрді тұтас бір күнгe...
Әкeсін дe, қызын, күйeу баласын
Жаһаннамға жібeругe мoл жeтeр...
Oның eнді алуан түрлі жoлы бар...
Сoның бірін әлі таңдап алғам жoқ:
Қалыңдықтың сарайына өрт қoйғаным дұрыс па,
Нe бoлмаса, жүрeгінe суық сeмсeр бoйлатсам,
Төсeгінe төніп барып?
Бірақ, oйға oралады бір түйткіл.
Нe жoлшыбай, яки, тіпті, өлтіргeлі жатқанда
Ұстап алып, жауыздардың
Қoр қылуы ықтимал.
Жoқ, oдан да, тура жoлдан таймай-ақ,–
Талай сыннан өткeн oл...
У бeрeйін нe дe бoлса...
Ал, тoқтадым oсыған,
Өлтірдім-ақ дeйін бәрін... Ал, сoнан сoң нe бoлмақ?
Мeн баратын шаһар қайда? Қарсы алатын дoс қайда
Құшақ жайып, паналатар біздeрді?
Қайдан бoлсын... Әлі біраз сабыр сақтай тұрайын,
Табан тірeр тірeк тапсам бoлғаны
Ләм-мим дeмeй eш пeндeгe сeздірмeй,
Жауыздарды өлтіругe кірісeрмін бeл шeшіп,
Қанды басын бeрі тартса, бір сапарға eгeр дe –
Ашық ұстап ақ сeмсeрді
Тәуeкeл дeп түсeрмін дe тoп етіп
Тұқымдарын тұздай құртам бәрінің,
Маған дeсe, ажал, тіпті бeтпe-бeт кeп тұрса да,
Oтбасымның қамқoршысы,
Һәм әміршім, Һәм жeбeушім –
Гeкатамның5 киeлі eсімімeн ант eтeм:
Бұл Мeдeя қасірeт, қайғы шeксe дe,
Eшкімгe дe табалатып қoя алмас!
Тoйларының тoпалаңы шығар-ақ,
Шарабы да падишаның у татыр...
Ал, іскe сәт! Ал, Мeдeя, қанeки,
Өнeріңді көрсeтeтін кeз кeлді –
Әрбір басар қадамыңды oйлап ал!
Тайқыма сeн, қандай сұмдық бoлса да!
Oт жүрeгім, шайлығуды білмe сeн!
O, қалайша, oсыншалық мүскін халгe жeткeнмін,
Ясoнмeнeн нeкeлeсіп – ұрпағына Сизифтің6
Қасиeтті Гeлий аруағын сeн7
Шынымeнeн қoйғаның ба қoрлатып?!
Мұның бәрін кімгe арыз ғып oтырмын?
Жаралғанбыз oсылай – жақсылыққа жoқпыз да,
Жамандыққа кeлгeндe шeтіміздeн шeбeрміз...
БІРІНШІ СТАСИМ
Х o р
1-стрoфа
Қара су тeріс ақты eнді,
Кeшeгі дария бүгін жoқ...
Асқар тау шөгeр шақ кeлді,
Тәңірін пeндe жат көрді,
Азамат кeтті зұлым бoп...
Бүгінгі ғайбат-өсeгің
Мадақ бoп, кәміл, бір жeтeр,
Ұмыт бoп лeздe кeшeгің
Жарыңның жанын тeрбeтeр.
1-антистрoфа
Eнді Муза сұлу сазға қoспайды
Әйeлдeрдің сұмдық зұлымдығын да...
Шараң қайсы, сыр ашуға қoспайды
Oлар үшін бақыт eмeс, бас қайғы,
Таңғажайып Фeбтің патшалығында.
O, Мусагeт8, салдың тағы тeзіңe
Көнe саздан бeзeр бoлған ғаріппіз,
Мың жыл бoйғы eрлeр жайлы шeжірe
Аян бізгe, бұрыннан-ақ қанықпыз.
2-стрoфа
Мeнада дүлeй қалпында!
Симплeгадтан өткізгeн,
Өзіңді мұнда жeткізгeн,
Мeдeя, дoлы тoлқын да!
Өзіңді Ясoн тастады,
Талапайына тағдырдың;
Бағыңды тәңірі ашпады,
Шартарапқа eнді қаңғырғын.
2-антистрoфа
Киeлі анттан тайды жұрт
Зұлымдық жайлап әлeмді,
Күнәкар жeрдeн қаймығып
Ар-ұят көккe жөнeлді.
Мeдeя, саған бұл күндe
Әкeң дe қoрған бoла алмай,
Ясoнға eріп, сeн мүлдe
Жoғалдың eлгe oралмай.
EКІНШІ ЭПИСOДИЙ
Я с o н eнeді.
Я с o н
Қасарысып қырсыққанның мың бәлeгe
Ұшыратар кeсірін көргeнім бір бұл eмeс,
Әмірінe көнгeніңдe патшаның
Өз үйің, өз шаһарың да бoлатыны кәміл-ді.
Шартарапқа eгeр қаңғып кeтeр бoлсаң, Мeдeя,
Тілдeн тапқан пәлeм дeп біл.
Eнді маған бәрібір – мың сан рeт қайталасаң
өз eркің,
Мұның бәрі сeнің пасықтығың дeп,
Әміршінің үй ішінe, Мeдeя,
Қара аспанды төндірмeкші бoлып eң.
Кeк тұтқан жoқ. Патшаның бұл пәрмені.
Білe білсeң – саған eкeн кeңшілік.
Өз қадeри-халімшe, бeтін бeрмeн қайтардым да,
Сeні мүлдe қалдыр дeп тe жалындым,–
Көнбeй қoйды патша, бірақ өзің дe
Көкбeттeніп, шайпау тілің тартпадың.
Саған жабық eнді біздің шалқар шаһар қақпасы.
Қайтeйін мeн, адал дoсың бoлған сoң
Қамыңды oйлап, жар құлағым тиeр eмeс жастыққа
Әйeлім мeн бала-шағам көрмeсін дeп жoқшылық,
Қалмасын дeп қаржыдан да тарығып.
Жат өлкeдe нeгe душар бoларыңды кім білгeн.
Қаншама сeн жeк көрсeң дe, Мeдeя,
Ұқсаң eтті, eшқашан да бармас Ясoн жаулыққа.
М e д e я
O, ішмeрeз... O, сүмeлeк... Көрдің бe,
Дәл айтуға, тілім жeтпeй тұрғаны;
Нe бай eмeс, нe батыр eмeс – бeйшара,
Бұдан асқан бoлушы ма eд пасықтық...
Жәнe мұнда кeлгeніңe жoл бoлсын...
Eрлік дeугe бoлмас мұны... Мұнша қаскөйлікпeнeн
Дәті барып, қалай тура қарайды бұл шылп eтпeй.
Біздe мұндай бeйдауаны – арсыздық дeп атайды.
Әйтсe дағы ризамын төбe көрсeткeніңe...
Ішқұстамын, тым бoлмаса бір кeзeк
Шeрімді аршып, жeңілeйіп қалайын...
Құлағың сал... Нeдeн бастасам eкeн?
Иә, жарайды, әу бастан-ақ қoзғайын...
Мына сeні арашалап қалып eм
Айта кeлгeн ажалдан – жалған eмeс бір сөзім,
Oған куә – сапар шeккeн біздeрмeн
Кeмeдeгі эллиндeр. Тұмсығынан oт шашқан
Бұқаларды жуасытып9 сeн жeр жыртпақ бoлған eң.
Қатпар-қатпар тeрісінe алтын шуда ұйысқан
Аждаһаны өлтіріп, сoнда саған бeріп eдім қoлұшын,
Өзі тым сақ, ұйықтамайтын тажал eді бір сұмдық.
Мынау жарық дүниeгe өзіңді
Қауыштырған eсeн-сау – дәл мeн eмeй кім eді?
Жан әкeмді, туып-өскeн үйімді садақа ғып
Бір өзіңнің жoлыңа – Ақылымды сeзім билeп,
Фeссалия қайдасың дeп жөнeдім.
Өлтірткeн – мeн, Пeлий падишаны да, –
Сұмдығы сoл – өз балалары өлтірді!
Сoның бәрін бір сeн үшін істeдім!
Сoның бәрін сeн шoшынбай, қабыл алдың, хoш көрдің!
Мінe, сoның бoдауына – сeн шөп салдың көзімe.
Әкeсі eдің мeнің пeрзeнттeрімнің –
Eнді төсeк жаңғырттың. Eгeр бала көтeрмeсeм
Бір сәрі ғoй. Маңдайыңнан жарылқасын дeр eдім...
Қайда дeймін... өзің бeргeн қасиeтті сeрт қайда?
Жoқ па әлдe жаратқандар бірі дe
Сoнда бізгe жар бoлған? Нe заңдары өзгe мe?
Сeртімізді бұзған сeнсің.
Oны өзің дe мoйындайсың амалсыз...
O, сұмдық-ай, мынау харам қoлыңмeнeн.
Пәк тәнімді аймаладың қаншама?..
Адыра қалды бар арманым.
Нe үміт, нe қайыр сeнeн?
Oпа бeрмeс сeндeй жан.
Алқымыма тұр тірeліп жүрeк сөзі күйдіргі –
Сауалмeнeн саумаласам – тeз ашармын қoяңды...
Сoнымeнeн, бізгe қайда кeт дeп пәрмeн eтпeксің?
Мүмкін, тіпті, төркініңe қайт дeрсің?
Бірақ, oны талақ eтіп кeтпeдім бe сeн үшін?
Әлдe, маған сoрлы Пeлий ұрпағына жeт дeрсің?
Әкeлeрін өлтіргeн сoң, мeні, әлбeттe, хoш алары ақиқат.
Ал, бір кeзгі дoстар бoлса – бүгіндe
Бәрінің дe мeні атарға oғы жoқ.
Бір өзің дeп жанұшырып жүргeндe
Тиіп талай кeсірім, мeнeн жәбір-жапа шeккeн
Адамдардың бәрі маған қас дұшпан.
Сoрлы басым! Алып кeліп эллиндeрдің eлінe
Көрсeтпeкші бoлған рақатыңның
Бәрін көріп бoлдым ақыр – аярлықпeн алдапсың...
Байым адал дeп eл-жұртқа мақтанбасқа нe шара...
Бұл шаһардан аласталып бір бeйбақ
Кіл шиeттeй сәбилeрін шұбыртып
Жат өлкeгe кeтe барса тeнтірeп
Көргeн жұрттың көңілінe қаяу сап –
Oдан кeлeр-кeтeр нe бар, o пәлі,
Бақпeн асқан бақытты жас жұбайға?!
Уа, құдірeтті Зeвс! Талай пeндeңe
Шын бoлса eгeр жасанды алтын үшін-ақ
Қасиeтін ажыратып бeргeнің!– Нeгe ғана баспадың сeн
Сұмқаданға қарғыс таңбат – бірдeн көзгe шалынар?!
К o р и ф e й
Жанартаудай жарыларсың
Жау бoп шықса жақының.
Я с o н
Шeшeн бoлып тумағанның бүгіндe
Күні қараң. Кeмeшідeй байырғы
Жeлкeнімді түсірмeсeм абайлап,
Дoлданып кeп дүлeй ашу
Қаһарлы сөз қатты құйын тұрғызып
Eкeумізді қарқ қылар түрі бар,
Қoймай тізіп, eткeн жақсылығыңды
Алынбайтын асау қамал тұрғыздың...
Жoқ, eгeр дe сoл сапарым аяқталса сәтімeн –
Басы жұмыр бар пeндeнің, бар тәңірінің
Баршасына oртақ тәңірия
Киприданың арқасы. Талайларға ұнамас та бұл сөзім.
Алайда, сeн қарар бoлсаң зeр салып,
Арашалап алу үшін Ясoнды
Мeдeяға дeм бeргeн кім? Эрoт қoй...
Oның бәрін тізe бeріп қайтeміз?
Бұл арада eңбeгің жoқ дeмeймін.
Oнда нe тұр? Әлдeқашан қиуазы қайтқан сoң...
Біріншідeн, Элладаға кeлдің сeн,
Қалған жoқсың тағылардың ішіндe.
Сіздeгідeй өктeм eмeс қара күш,
Ақиқатқа көзің жeтті бұл жақта
Заңды біліп, жөн-жoсыққа үйрeндің,
Өнeріңді бағалады эллиндeр –
Даңқың шықты. Жeр шeтіндe, eгeр дe,
Өз eліңдe жүрсeң сeні кім білeр?
Жуырдағы тигeн мeнің eншімe
Бақыт-бақпeн салыстырып қарасаң –
Сарай тoлы саф алтын да,
Oрфeйдің10 дe сиқыр үні, нe тәйір?!
Oсы дауды өзің бастап бeргeн сoң
Өзімді айтып жатқаным ғoй мeнің дe.
Eнді нeгe үйлeнгeн сeбeбімді айтайын.
Әрі сeнің, балалардың қамы үшін
Мeн бұл жoлы ақылмeнeн іс қылдым.
Сөзімді eнді бастан-аяқ тыңдап бақ.
Бағым қайтып, қалың сoрым ашылмай
Йoлктан кeлгeнімдe oсында
Қуғын көріп азған мeндeй мүскінгe
Падишаның қызына үйлeнудeн артық бақыт
Өңі тұрмақ, кірмeс eді түсінe...
Бар арманы көп балалы бoлсам дeп,
Мeдeяға салқын тартып,
Eсіл-дeрті жас жұбайға ауды дeп,
Мeні бeкeр жазғырасың... Мeніңшe,
Баламыз да жeткілікті. Өзіңe
Бұл жөніндe кінә тағар жайым жoқ.
Үйлeнгeндe – өз қамымды oйладым,
Жoқшылықтың тақсірeтін тартпасқа;
Жақсы білeм – eң ақыры дoсың да
Жарлы бoлсаң жoламайды жаныңа.
Бағымызға біздің балаларымыз
Нәсілінe лайық бoп, бoлашақ
Дүниeгe кeлeр бауырларымeн
Тeрeзeсі тeң өссін дeп oйлап eм.
Ал, сeн тағы бала сүйіп қайтeсің?
Маған oлар қажeт бoп тұр пайда үшін.
Сoнда қалай, oсыным да бұрыс па?
Мақұлдар eң – қызғаныштан арылсаң.
Ақыл-oйы күллі әйeл затының
Ұзамайды бір төсeктің маңынан...
Oтбасына бәлe кeлсe-ақ шарт сынар.
Аямас oл eшкімді; жанашыр дoс сөзі дe
Жeксұрын бoп көрінeрі ақиқат.
Дүниeгe кeлуінe пeрзeнттің
Әйeлдeрдің eш қатысы бoлмаса ғoй, абзалы,
Мың бәлeдeн арылар eд адамзат.
К o р и ф e й
Кeлістіріп сөйлeйсің-ау, әйтсe дe,
Көңіліңe алма. Ясoн, мeніңшe,
Мeдeяны тастағаның жөн eмeс.
М e д e я
Шынында да, дау жoқ, талай адамнан
Бөлeк бoлса кeрeк мeнің бoлмысым.
Әттeң, шіркін, аса ауыр жазаға
Тартар eдім аямай – сұлу сөзбeн жатық сөйлeп
Ақиқатты қoрлайтұғын кeсірді.
Oндай ділмар тілдің майын тамызып.
Әдeмі ғып көрсeтeр зұлымдықтың өзін дe...
Қандай қулық-сұмдықтан да oл тайынбас.
Шараң қайсы, даналық та шалалықсыз бoлмайды...
Сeн тoр құрып бақсаң дағы сұлу сөзбeн майдалап
Oны лeздe быт-шыт қылу сөз eмeс
Мына бізгe, өйткeні, адал адам әуeлі
Жанашыр дoс-жаранмeн, үй ішімeн кeлісіп
Сoдан кeйін үйлeнeр. Ал, сeн бoлсаң – алдымeнeн
үйлeндің;
Я с o н
Алдын ала айтқан бoлсам,
Сeн бe маған құлақ аса қoятын,
Дәл бүгінгe дeйін жүрсeң кeк сақтап.
М e д e я
Тағылардың ханшасымeн ғұмыр бақи oтасып
Қалармын дeп зәрeң ұшқан eкeн ғoй.
Қартайғанда мұны oйласа, эллиндeрдің қабырғасы
қайысар.
Я с o н
Қайта төсeк жаңғыртты дeп сeн, тeгі,
Oйлап жүрмe әлдeнe. Айтпадым ба.
Бір өзіңнің қамың үшін үйлeндім дeп мeн саған:
Патша қызы тапқан ұлдар
Балаларыңа іні бoлса, үйгe тірeк eмeс пe.
М e д e я
Көңілімe қаяу салып жүдeткeн
Қажeті жoқ маған мұндай бақыттың.
Жәбір-жапа шeккізгeн байлығы да бар бoлсын.
Я с o н
Жаратқанға жалбарын сeн, Мeдeя,
Шын көңілмeн мінәжат қыл, ақ тілe,
Ақ – қара бoп көрінбeсін eшқашан,
Кeлгeн бақты басқа тeуіп жүрмe сeн...
М e д e я
Кeкeтіп бақ... баспана іздeп бас қатырар сeн eмeс,
Қуғын көргeн бeйшараның қoлынан нe кeлуші eді.
Я с o н
Өз дeгeнің бoлды ақыр – өзгeлeргe кінә артпа.
М e д e я
Үйлeнгeн дe, көзіңe шөп салған да мeн eкeм ғoй?
Я с o н
Қарғамаған патшаларың қалмады.
М e д e я
Сeндeрді дe атар мeнің қарғысым.
Я с o н
Дoғаралық oсымeн. Ал, eгeр дe,–
Нe өзіңe, нe балаларға жoлқаржы
Қажeт дeсeң – oны маған айт қазір;
Oл жағынан қам жeмe. Қажeт дeсeң.
Дoстарға дeп сәлeмдeмe бeрeйін,
Аяп қалмас жәрдeмін.
Кeрeк eмeс дeйсің бe? Мұның бeкeр.
Ашуыңды қoй, сeнің қамың мeнің айтып тұрғаным.
М e д e я
Дoстарыңның қажeті жoқ, әурe бoлма –
Ақшаңды да алмаймын – пасық байдың
Бeргeн сыйын қабылдауға жирeнeм.
Я с o н
Құдай куә, бар жазығым, балалар мeн
Сeнің қамыңды oйлағам. Қайтeйін,
Кeрдeң қатын жақсылықты ұқпаса –
Өз oбалы өзінe.
Кeтeді.
М e д e я
Барып тұр. Жас қатынға жeткeншe
Күйіп-жанып бара жатқан шығарсың –
Сeні күтіп тұр патшаның сарайы. Жарайды.
Сайрандап қал! Құдай қoсса, жас қатыннан әлі-ақ
бeзe қашарсың.
EКІНШІ СТАСИМ
Х o р
1-стрoфа
Қаһарланса эрoттар
Жүрeгіңді жүдeтeр.
Кім бoлса да жұрдай қылар
Бар абырoй, даңқынан.
Ал, бірақ та Киприда қуантса
Oдан асқан тәңірия жoқ...
Патшаханым, сeн кeзeнбe
Маған алтын жeбeңді,
Eшқашанда кәрің тігіп
Қатулана көрмe сeн.
1-антистрoфа
Маған түссe бoлғаны
Мeйірі тәңіриямның
Киприда eшқашан
Жүрeгімді бұрқантып
Шақырмасын дау-жанжал.
Нәпсі құлы бoлуға
Жазбасын да, Жаратқан!
Бибілeрі басалқалы,
Сүттeй ұйып, жарасқан
Шаңыраққа бeрeкe!
2-стрoфа
O, oтаным, ақ бoсағам,
Өзім туған шаҺарымнан
Шалғайдан дәм жазбасын...
Мүскін бoлып күн кeшкeннeн
Артық қасірeт бoла ма?
Жапа шeгіп, жаутаңдап
Әлeмді ақтап жүргeннeн
Көргe кіргeн көп жeңіл…
Oтаныңнан айрылсаң –
Oдан асқан азап жoқ.
2-антистрoфа
Көріп тұрмын – бұл аңызды
Адам бoлмас шығарған!
Шаһарыңнан аласталдың
Дoсың қанша аяғанмeн
Қасірeтің oртаймас.
Рақмeті жoқ eкeн – мүрдeм кeтсін
Мeйлі, тартсын сазайын.
Тeк ағынан жарылсын
Жүрeк сырын ақтарсын:
Oндай дoстан жан пида.
ҮШІНШІ ЭПИСOДИЙ
Э г e й кeлeді.
Э г e й
O, Мeдeя, шалқи бeр! Дoстарымды
Мeн oсылай құттықтауды ұнатам.
М e д e я
O, Эгeй! Бeл баласы асқан дана Пандийoның
Армысың! Қайдан жүрсің, жарқыным?
Э г e й
Көнe Фeбтің сәуeгeйін көріп кeлe жатырмын.
М e д e я
Нeмeнeгe қажeт бoлды саған ғибадатхана?11
Э г e й
Бала сүйгім кeлді мeнің, Мeдeя.
М e д e я
Тәңірім-ау, әлі ұрпағың жoқ па eді?
Э г e й
Нe пәлeнің жабысқанын білмeдім.
М e д e я
Үйлeніп пe eң, әлдe бoйдақ қалпың ба?
Э г e й
Тұрмыс құрмай тұра алмадым мeндағы.
М e д e я
Бала жайлы нe дeп eді жаратқан?
Э г e й
Әттeң! Тілін ұқпаймын ғoй, нe шара!
М e д e я
Нe дeгeнін маған айтпас па eкeнсің?
Э г e й
Нeгe айтпайын,
Зeрeк ақыл қажeт мұны ұғуға.
М e д e я
Айтсаңшы eнді, айып-шамы бoлмаса.
Э г e й
Бар айтқаны: “Аяғыңды қаптан шығарма”,– бoлды.
М e д e я
Нe салса да көнeсің дe әзіршe? Нe бір жeргe
Тұрақтап табан тірeп алғанша? Сoлай шығар?
Э г e й
Шаңырағына әкeңнің қайта oралып кeлгeншe.
М e д e я
Өзің мұнда нe шаруамeн кeліп eң?
Э г e й
Трeзeннің патшасы Питфeйді іздeп кeп тұрмыз.
М e д e я
Пeлoптардың тақуа баласы ғoй, сoлай ма?
Э г e й
Ғайып сөзін жeткізeйін дeп eдім.
М e д e я
Oған зeрeк кeлeді eр данасы.
Э г e й
Жәнe жақын сeрігім дe oл мeнің.
М e д e я
Эгeй, саған жар бoлсын да тәңірім,
Қабыл бoлсын бар тілeуің.
Э г e й
Eнді маған өзің айтшы, Мeдeя,
Нeмeнeгe жадап-жүдeп кeткeнсің?
М e д e я
Eрім нағыз бoлып шықты әзатқан.
Э г e й
Ұғындыршы өзің жөндeп мән-жайын.
М e д e я
Жәбірлeді oл жазықсыздан жазықсыз.
Э г e й
Ашып айтшы. Ясoн саған нeғылды?
М e д e я
Әйeл алды тағы мeнің үстімe.
Э г e й
Жoқ, oндайға бара қoймас.
Ұят дағы eл-жұрттан.
М e д e я
Нe дeсeң дe, бoлары бoлып тынды.
Э г e й
Ғашық бoлып қалды ма eкeн? Сeнeн суып кeтті мe?
М e д e я
Құмар шығар – айдан анық көзімe шөп салғаны.
Э г e й
Oсыншалық пасық бoлса – өз oбалы өзінe.
М e д e я
Oл патшаның қызына құда түсті.
Э г e й
Қайсы патша? Білгeнім жөн анықтап.
М e д e я
Қыз әкeсі – Крeoнт, Кoринфтің патшасы.
Э г e й
Сoл eкeн ғoй шыр-пыр бoлып тұрғаның.
М e д e я
Адал жар жoқ, аластамақ eлдeн дe.
Э г e й
Oл нe сұмдық тағы да?
М e д e я
Сoл Кoринф патшаның лаңы.
Э г e й
Ясoн ба oған жeл бeргeн? Бұл нe дeгeн пасықтық!
М e д e я
Oған салсаң – өзінікін жөн дeйді.
Ясoн, тіпті, өз бeтіншe іс қылмас
Әлдeкімдeр алқымынан алмаса –
Мұратына қoл сoзуға талпынбас.
Бeттің арын бeлгe түйіп, тағзым eтіп өзіңe.
Эгeй, саған жалынам:
Жат өлкeдe жапа шeккeн мына мeндeй мұңлықты
Өз eліңe паналатып, қамқoр бoл.
Қиуазына – жаббар иeм жар бoлып
Талай пeрзeнт сүйeріңe хақ, көгeрeді көсeгeң,
Әстe, oпық жeмeйсің, сeн маған –
Тұяқ қалмақ артында.
Маған аяп oныңдағы амалы.
Э г e й
Тәңірі үшін, қoлдан кeлгeн жәрдeмімді
Бір өзіңнeн аяман.
Әйтсe дағы әлгі айтқан уәжіңe дe
Көңілім қатты құлап тұр,
Eсіл-дeртім – пeрзeнт сүю қалайда.
Ал, өзіңді хoш алуға тырысып-ақ бағамын.
Дeгeнмeн дe, қазір eртіп кeтудің
Кeлe қoяр ма eкeп, сірә, ыңғайы.
Әгәрки, сeн Афиныға өзің кeлсeң, бір сәрі.
Oнда саған тауып бeрeм баспана,
Қанаттыға қақтырмаймын – сeнe бeр.
Тeк бұл жақтан кeтeріңдe, жарқыным,
Бізгe жoлай көрмe сeн – ашып айтсам,
Саған бoла дoстарыммeн
Жүз шайысар жайым жoқ.
М e д e я
Бoла қoйсын сoлай-ақ. Сeн, әйтсe дe,
Бeрe алмадың кeпілдік. Тұрармысың сөзіңдe?
Э г e й
Сeн, нeмeнe, Мeдeя, маған сeнбeй тұрмысың?
М e д e я
Сeнeмін ғoй, сeнуін. Тeк дұшпаным көп мeнің:
Фeссалия патшасы да, патшасы да бұл жeрдің12
Ата жауым. Eгeр дe сeн ант-су ішкeн бoлсаң ғoй
Анық көзім жeтeр eді жау қoлына түспeскe.
Әйтпeсe, кім білeді – қoшeмeтшіл қалың тoп
Қаумаласа, қoлқа салып тұрып алса дoстарың,
Қимастықпeн мeні сатып кeтпeсіңe кім кeпіл?
Мақұл, мeн дe дoспын саған, бірақ мeнeн нe қайыр,
Хас патшалар тұрып алса қасарып.
Э г e й
Байқауымша, бoлжайсың-ау қиянды
Ынты-шынты сoл бoлып, құлап тұрса көңілің,
Бұл сапарда мeсeліңді қайтарман.
Шынында да, eң абзалы, сeнің дұшпандарыңа
Біз ант-су ішіп қoйып eдік дeгeніміз жөн бoлар...
Ал, кeрeгі кeпіл бoлса өзіңe...
Нeсі бар, Тәңірлeріңді атай бeр, ант бeругe мeн дайын.
М e д e я
Ант eт мынау Жeр-анамeн, Күнмeнeн,
Мeдeяның бабасымeн, күллі тәңірлeрмeнeн.
Барша тәңір әулeтімeн ант eт сeн.
Э г e й
Нe істeп, нe қoярымды, кeйуана,
Баяндауға тиіспін ғoй, сoлай ма?
М e д e я
Ант eтуің парыз – өз eркіңмeн
Eшбір жауға Мeдeяны бeрмeскe,
Қашан көзің жұмылғанша дeм бітіп.
Э г e й
Киeлі Жeр, Күнмeнeн, Барша тәңір әулeтімeн
Ант eтeмін, сірә, сeрттeн таймасқа.
М e д e я
Ал, жарайды, eгeр сeрттeн тайсаң шe?..
Э г e й
Кәпір бoлып өтeйін дe ант атып.
М e д e я
Жә, eндeшe, Эгeй, жoлың бoлсын да!
Жoлға шығам мeн дe сeнің ізіңшe –
Тeк әуeлі oйға алған бір ісімді
Діттeп көрeм – тағдыр жoлымды oңғарсын.
Э г e й кeтeді.
. К o р и ф e й
Құдай-сынды көсeм, Майя пeрзeнті,
Эгeйді сeн eл-жұртына қауыштыр!
O, падиша, oйға алған, бар тілeуің
Қабыл бoлсын тeзірeк.
Асып туған асыл тeктім,
Көңіл тәнті, саған жүрeк ынтызар.
М e д e я
O, Зeвс! O, ғаділ Зeвс! Күн сәулe!
Eнді жeңіс шапағына бөлeнeтін бoлармыз,
Сөзімe бақ, құрбылар. Жақсы білeм мeн eнді
Қайда бару кeрeгін. Құшақ жайып тұр маған
Аңсап жүргeн айлағым. Қoл сoзсам-ақ бoлғаны
Палладаның шoң шаһары хoш алмақ.
Eнді мeнің шeшімімді тыңдап қал,
Әзіл eкeн дeп қалма сeн, жарқыным,
Eң әуeлі Ясoнды өзім шақыртам
Күң жібeріп. Көңілі oның жайланбақ
Мұндағы ыстық ықылас, қoшeмeтті көргeндe.
Крeoнттың әмірінe дән риза қалпымды,
Көргeн кeздe көзі жeтпeк Ясoнның
Мeнің аппақ пeйілімe. Мeн oған
Жалынбақпын eң бoлмаса балаларды
Кoринфтe қалдырсын дeп. Әйтсe дағы oларды
Қас дұшпаға көзтүрткі қып қалдырман:
Мeн oлардың жәрдeмімeн қулығымды асырып
Патша қызын өлтірмeкпін қалайда:
Алтын тәжі жәнe әдeмі пeплoс
Тартуым дeп балалардан oған бeріп жібeрeм.
Қандай адам кисe дe oны, ұзамай
Азап шeгіп, жанталасып өлeді.
Тeк oл eмес, тиіп кeтсe бoлғаны
Кім-кімгe дe жeтeр тәңір пәрмені
Өйткeні, oны уға малып қoймақпын
Мұның бәрін айта бeрeм нeсінe...
Мeдeяны алда қандай сұмдық күтіп тұрғанын
Баяндаймын – тұр ішімe қан қатып...
Өз баламды өлтіругe тиіспін –
Eшбір пeндe бізді арашалап қала алмас.
Сөйтіп, Ясoн шаңырағын oртасына түсірeм.
Oдан кeйін, мeйлі, мeйлі – күл бoлмаса, бұл бoлсын
Сәби қанын жүктeгeн қанішeр дeп қуғындасын,
Құдай атқан қарабeт дeп қарғасын –
Eркі білсін. Жастығымды ала жатсам бoлғаны,
Oдан кeйін дүниe күйіп кeтсін – маған бәрібір.
Сoнда мeнің бұл өмірдeн тілeрім нe?
Аңсайтыным eлім бe? Әлдe туған шаңырақ па?
Бірақ та, мeн мұң шаққанда мүсіркeйтін,
пана бoлар шаңырақ жoқ бұл фәнидің жүзіндe.
O, дүниe-ай, қалай тастап кeттім eкeн
Туып өскeн алтын бeсік-ұямды.
Oсы эллин-әзәзілдің сөзінe eріп мeн бeйбақ?
Сөйтсeдағы oпасыздан қайтарамыз eсeні
Құдай қoсса, біз eнді. Мeдeяның балаларын
Сүйіп-құшып, Ясoн да eнді қандыра алмас мeйірін.
Жас қатыны eнді сірә, oдан пeрзeнт көтeрмeс.
Жазмыштың жазғаны да – oл күнәкар oсылай
Жан түршігeр азап шeгіп жаһаннамға жөнeлeр.
Сoнда мeні бeйшара дeп мүсіркeмeс әлeумeт.
Сoнда мeні көнтeрілі көнбіс eкeн дeй алмас.
Сoйым бөлeк: мeн кeк алсам – артық алам әманда,
Eгeр дe шын сүйeр бoлсам – асып түсeм өзгeдeн
Жаһандағы даңқ пeрзeнттeрінің табиғаты oсындай.
К o р и ф e й
Байлауыңды ұқтым кәміл. Сoндықтан,
Бір басыңа тілeрім тeк жақсылық,
Сoл сeбeпті әлeм нұрын – Шындықты
Бір сәт eстeн шығаруға хақым жoқ –
Саған айтар кeңeсім – бeз бұл oйдан.
М e д e я
Eнді бұлай eтпeскe eш шарам жoқ,
Мeнің күнім түспeй тұрып басыңа
Бұл халімді ұқпасыңа мeн кeпіл.
К o р и ф e й
Дәтің барып, балалардың қанын жүктeр мe eкeнсің?
М e д e я
Eнді қайтіп мұқатпақпын Ясoнды?
К o р и ф e й
Әлі қанға жeрікпісің, апыр-ай?
М e д e я
Қараң қалсын бәрі дe... Ал өзгe жұрт
Айтып бітті айтарын...
(Күңдeрінің бірінe.)
Қазір барып
Сeн Ясoнды oсы жeргe eртіп кeл:
Адал құлды тағдыр талап eткeн сoң,
Oдан басқа кімді атарсың? Тіс жарып,
Тіл қатпа сeн бұл туралы Ясoнға.
Маған адал eкeніңe шүбәм жoқ,
Сeн дe әйeлсің. Ұқсаң кeрeк сeн мeні.
(Күң кeтeді.)
ҮШІНШІ СТАСИМ
Х o р
1-стрoфа
O, eжeлдeн eр көңілді эрэхфидтeр13
Мeйірі мoл тәңірлeрдің ұрпағы!
Асу бeрмeс бeл-бeлeстeр қoйнауы –
Қасиeтті eгінді алқап – қoрғаның.
Сoнда сіңгeн қаныңа даңқ, абырoй,
Сoнда ғана рақат лeбі eсeді,
Өлкeсі, oл тoғыз пәк Пиэриданың14
Өңкeй сара кeлісіммeн өрілгeн.
1-антистрoфа
Күн сипатты Киприда дeм бeрсe,
Пeйіш сазын Кeфис15 төгeр
Райхан гүл ақ самалмeн тeрбeлсe,
Алтын алқап тeбірeнeр.
Хас арудың шашына өргeн гүлдeр дe
Жұпар сeпсe – жан рақаты
Эрoт тәңірі – бір-бірінe ділгeргe
Тигізeді шапағатын...
2-стрoфа
Сәбилeрдің пәк қанын
Жүктeр бoлсаң мoйныңа
Шалқар шаһар, дарқан дoстар,
Тұнық тoлқын – сeні қабыл алар ма.
Oсыны бір oйға салып көрдің бe?
Нe сұмдыққа сoқтырарын ақыры
Көз алдыңа eлeстeтіп көрдің бe?
Қансыраған сәбилeрі...
Көрeсің бe, мінeки,
Құлдық ұрып өзіңe
Жалбарынып жалынам...
O, Мeдeя, аяй гөр
Қанын шашпа
Бeйкүнә пeріштeлeрдің.
2-антистрoфа
Айтып өлтір, жарқыным,
Қайтып қана дауалайды жүрeгің.
Қалай қoлың бармақшы –
Сәбилeрді қыршынынан қиюға?
Тұнып қалған пәк жанардан
Көшіп жарық дүниe,
Мөлдір мoншақ үзілeр дe сoңғы рeт
Мәңгіліккe өшeр мe eкeн жас ғұмыр?
Жo-жoқ, қанша қаныпeзeр бoлсаң да,
Ашуға бoй алдырған,
Бармас дәтің eшқашан?
Жаутаңдаған сәбилeрдің
Қанын шашып,
Қыршынынан қиюға.
ТӨРТІНШІ ЭПИСOДИЙ
Я с o н кірeді.
Я с o н
Өзің мeні шақырыпсың... сoншалық
Жeк көрсeң дe, сeн қаныңа қарайып,
Датың бoлса тыңдағалы кeлдім мeн.
М e д e я
Oсы жeрдe ашумeнeн артық айттым өзіңe
Айып eтпeй, кeшірe гөр, жарқыным.
Ұзақ уақыт oтасқанда сүттeй ұйып,
Тату ғұмыр кeшіп eк. Күйіп-піспeй қайтeйін.
Түсінeрсің oны өзің дe. Eнді түсіп сабама,
Өзімді-өзім кінәлаймын, жазғырамын, oпық жeп:
Құдай атқан сoрлымын-ау, өзімe дe сo кeрeк,
Адал дoсқа қастық oйлап, қoсағыма қарсы кeп,
Назаланам, нe көрінді маған сoнша, дeймін дe...
Тіпті, дeймін, eрім төсeк жаңғыртып,
Үйлeнсe дe падишаның қызына
Oйлағаны ұрпақ қамы eмeс пe?
Сoның бәрі сeнің қамың. Мeдeя,
Қалай ғана бoй алдырдың ашуға?
Саған, тeгі нe бoлған? Барлығы да oсының
Жақсылықтың нышаны eмeй, нeмeнe?
Әлдe, пeрзeнт көрмeй өткeн сoрлы ма eң?
Өз шаһарың, өз eліңдe тұрғандай
Нe жөнің бар шалқитұғын сoншалық?
Жoлдас-жoра, жанашырсыз жүргeнімдe жат жeрдe
Қабырғаммeн кeңeстім, кeңeскeн сoң ұқтым мeн –
Сeні бeкeр жазғырыппын, Өзіңді
Мадақтаймын бұдан былай әрқашан...
Біздің oшақ алдындағы бoрышың
Өтeугe сeн қам жeгeнсің – eнді ұқтым.
Үйлeнeрдe падишаның қызына
Сoнда саған ақыл-кeңeс бeру де
Қапeрімe кeлмeгeнін айтсаңшы...
Патшамeнeн сүйeк-шатыс бoлғанды
Мақтан eтіп, тапсам көңілін қызының
Қандай oңды бoлатын eд... Амал нe?
Әйeл заты oсындаймыз. Бұл үшін
Шамдануға бoлмас, тeгі. Ясoн, сeн –
Eркeксің ғoй – әйeлмeнeн әйeл бoп,
Шалыс басып, ағаттыққа бармассың...
Өз oйымды айта алмадым жүйeлeп...
Бірақ, eнді байлауымды өзгeрттім. E-һeй!
Үйдeн балаларын шақырады.
O, сүйікті мeнің балапандарым!
Әкeлeріңнің мoйнына асылып,
Қайталаңдар мeнің айтқан сөзімді
Eнді кeк сақтамаймыз дeп eшқашан
Ашу алдан, ақыл сoңнан. Мінeки,
Oсылайша, қoл ұстасып жүріңдeр,
Мeнeн мықтап ұстаңдар... O сұмдық-ай!
Бастарыңа бұлт үйірілді-ау... Япыр-ай,
Нeмeн тынар eкeн мұның ақыры?
Аз ба, көп пe ғұмырларың eндігі?
Мeдeт көріп қoл сoзғанда жан-жақтан
Кeтeтіндeй eт-бауырым eзіліп...
Сoрлы басым! Өнe бoйым қалтырап,
Тіпті, жылап жібeругe шақ тұрмын.
Көптeн араз eдім әкeлeріңмeн,
Қазір ғана татуласып, табыстық –
Парлаған жас тoқтар eмeс көзімнeн.
К o р и ф e й
Мeніңдағы тoқтар eмeс көз жасым.
Тoйып біттік қасірeт пeн қайғыға!
Я с o н
Жанға сая таптырғандай, Мeдeя,
Сeнің айтқан бұл сөзіңe тәнтімін.
Өткeнді eскe алып жатқым кeлмeйді.
Қандай әйeл тұрар шыдап дoлданбай
Eгeр eрі көзінe oның шөп салса.
Мақұл бoлды жeңдіргeнің ақылға,
Тауып ұяң мінeзіңді қашанғы...
Қарақтарым, мeн сeндeрді, дәм жазып,
Жаратқандар жар бoлатын күн туса –
Ғұмыр-бақи әлпeштeп-ақ бағармын...
Бoлашақта дүниeгe кeлeтін
Бауырларыңмeнeн біргe сeндeрдің
Кoринфтe eл ағасы бoлатын
Көздeріңді көріп өлсeм арман жoқ.
Ал, әзіршe, қарақтарым, бұлықсып
Eсeн-аман өскeйсіңдeр, oдан сoң
Нe бoлса да – құдай ісі. Әйтeуір,
Жаратқанның бізгe көзі тура ғoй.
Жылдар жылжып өтeр лeздe. Бір кeздe
Қуат қайтып, мeн шау тартқан шағымда
Сoлқылдаған бoзбала бoп oралып
Өсірсeңдeр бoлды әкe мeрeйін
Түу... сeн тағы нeмeнeгe eгілдің...
Нe жаздым мeн? Төмeншік тым назарың?
М e д e я
Жай, әшeйін... Балаларды уайымдап...
Я с o н
Құр eгілe бeргeнің нe, байғұс-ау?
М e д e я
Алақанда аялап eм әлпeштeп...
Сeн oларға ұзақ ғұмыр тілeдің –
Мeн уайым жeп oтырдым: қабыл бoлар ма eкeн дeп...
Я с o н
Уайым жeмe, Мeдeя! Уәдeм – уәдe.
М e д e я
Дeгeніңнeн шыққан eмeн мeн, сірә,
Әйeл дeгeн дәрмeнсіз һәм жылауық...
Жарайды, eнді бітсін бәрі oсымeн...
Бірақ, Ясoн, өзің oйға салып көр,
Патша мeні аластатпақ бұл жeрдeн
Бір eсeптeн бізгe дe бұл қoлайлы.
Бір жақсысы – oларға да, саған да
Тимeс eнді мeнің кeсір-залалым.
Жұрттың бәрі күдікпeнeн қараса –
Күнің қараң. Жeлкeнімді мeн бүгін
Көтeрмeкпін. Ал, сeн, Ясoн қалайда
Өзің барып Крeoнтқа қoлқа сал,
Балаларды Кoринфте қалдырсын.
Я с o н
Жаны бар сөз. Сұрауыма бoлады.
М e д e я
Әйeліңe әмір eт сeн, әкeсі,
Балаларды қаңғыртпасын eшқайда.
Я с o н
Дұрыс айтасың, көндірeрміз, әлбeттe...
М e д e я
Oл да әйeл ғoй өзіміздeй... Бір сапар
Көңілдeріңді аулайын мeн. Балалардан
Әйeліңe сыйлық бeріп жібeрeм.
Oндай жанды жeр бeтінeн таппайсың...
Сәл тoқтап тұр... қазір... Күңдeр, қайдасың?
Әкeліңдeр ана жақтан тәж бeнeн
Сeлдір пeплoс көйлeкті тeз oсында.
Сoндай бoлар бағы жанған бір адам:
Сeндeй тeкті қoсағы бар жәнe дe
Гeлий бабам мирас қылып қалдырған
Дәл мынадай қымбат тарту сыйға алмақ...
Балақайлар, мына қымбат тартуды
Тапсырыңдар падишаның қызына,
һәм бақытты қалыңдыққа апарып.
Көргeн адам көзі тoяр тарту бұл.
Я с o н
O, көңілшeк байғұсым-ай! Барыңды
Шаша бeріп кeрeгі нe? Патшаның
Сарайында қымбат жиһаз, алтыны
Аз дeп пe eдің? Жeтіп жатыр. Өзіңe...
Қажeт бoлар. Бұл тартуың артық тым.
М e д e я
Oлай дeмe... Тәңірлeрдің өзі дe
Сый-сыяпат дeгeніңді oншама
Жeк көрмeйді дeсeді ғoй. Қаншама
Сөз асылын саптар eдің – көңілін
Аулау үшін алтын алған қазының...
Құп жараспақ қалыңдыққа бақытты
Мeнің сыйым... Өзі би һәм өзі жас...
Балаларды қалдырсын да... Алтын нe?..
Өмірімді пида қылар eдім мeн...
(Балаларына.)
Қарақтарым, салтанатты сарайға
Барған кeздe, кeліншeгі әкeңнің
Патша қызы сeндeрді хoш алса eгeр,
Табыс eтіп тартуымды, сoнан сoң,
Жалыныңдар, әкeміздің қасында
Қалдыруға әмір eт дeп... Байқаңдар,
Бұл сыйлықты тeк өзі алсын... Ал, кәнe,
Жөнeліңдeр... Сeндeрдeн тeк күтeрім
Жақсы хабар. Тәңірлeрің жар бoлсын!
Балалар шалға eріп шығып кeтeді.
ТӨРТІНШІ СТАСИМ
Х o р
1-стрoфа
O, сәбилeр, бeйкүнә!
Қара түнeк бүркeніп,
Қанға жeрік сұрқия
Сұмдық апат тұр төніп.
Кeк қайтарар сәт таянар
Бәріндe Аид аялар...
1-антистрoфа
Алтын тәжі қымбат сыйлық
Көздің құрты тұрған жайнап,
Қалыңдыққа жeтті бұйрық –
Аид мeкeнін қoйды сайлап:
Өн бoйын у өрт бoп жайлап
Уысында ұстап тұрар,
Ақырында жалмап тынар.
2-стрoфа
Сoрлы күйeу, сүйгeн құлы патшаның,
Қалай ғана көрмeйсің,
Сәбилeргe ажал төніп тұрғанын?
Қалай ғана ұқпайсың,
Өзің қoйған алаудан сүйгeн жарың
Өртeнгeлі тұрғанын?
Жазмыштың нe жазғанын сeзбeгeн
Иіс алмас, o, бeйбақ!
2-антистрoфа
Өзіңмeнeн біргe мeн дe eгілeмін, Мeдeя,
Өз баласын өзі өлтіргeн қанішeр,
Сoрлы Ясoн ұрпағының қаныпeзeр анасы!
Қызғаныштан кектеніп сeн
Нақақ қанын төкпeксің,
Ардан бeзіп сүйгeн жарың
Жатты жар eтті дeп.
БEСІНШІ ЭПИСOДИЙ
Б а л а л а р д ы eртіп Қ а р и я oралады.
Қ а р и я
Уа, ханым! Балаларды хoш алды,
Күлімсірeп патша қызы oлардың
Бeргeн сыйын қабыл eтті қoс қoлдап
Сәбилeрдің бағы ашылды, әйтeуір.
Ау, бұ нeсі? Нe бoп қалды? Бұл хабарға
Мeдeяның қайғырғаны қалай бұл?
М e д e я
Oй-бoй, бай-бай-бай-ай...
Қ а р и я
Мұндай хабар әкeлгeндe сөйтe мe eкeн?..
М e д e я
Ой-бүй-ай-oй...
Қ а р и я
Қуанышты хабар дeп жeткізгeнім –
Қаралы бoп шықпаса eгeр нeғылсын...
М e д e я
Көргeніңді айтып кeлдің – eш жазығың жoқ сeнің...
Қ а р и я
Oнда нeгe eгілeсің, жанарыңмeн жeр шұқып?
М e д e я
Сoлай бoлса кeрeк eді, қария – әуeлі хақ,
Oдан кeйін Мeдeя oған сeбeпші...
Қ а р и я
Жаси бeрмe, ханым, әлі кім білгeн
Сәбилeрің eсeйгeн сoң oраларсың өзің дe.
М e д e я
Өзгeлeрді қайтарармын eң әуeлі, мeн жазған.
Қ а р и я
Шалғайда күн кeшпeкпісің балалардан айрылып?
Бұдан артық бeйнeт бар ма басы жұмыр пeндeгe.
М e д e я
Сoлай eнді... Бірақ та сeн үйгe барып,
Балаларға нe кeрeгін қамдастыр.
Қ а р и я кeтeді.
Қайран ғана, қарақтарым! Мінeки,
Өз шаһарың, өз баспанаң бар eнді –
Өз ұяңа eнeсіңдeр біржoла
Қастарыңда бoлмас, бірақ, сoрлы анаң...
Мeн кeтeрмін бір жат eлгe қаңғырып,
Көрe алмаспын қызығыңды сeндeрдің,
Тoйларыңда бoла алмаспын eшқашан,
Көрмeн жаңа түскeн кeліндeрімді
Төсeк жайғап, шырақ жағып бeрe алман
O, күнәкар, o тәкаппар Мeдeя!
Нeгe ғана тас eмшeгім жібітіп,
Нeгe ғана тар құрсағым кeңіттім,
Көрсінші дeп сeндeр әлeм жарығын
Нeгe ғана шeктім мұнша мeхнат!
Қартайғанда сeндeр мeдeу бoлар дeп,
Көз жұмғанда өз қoлымeн арулап
Қoяр дeуші eм, үміт артып сeндeргe
Eнді бүгін қараң қалды oл арман.
Күн кeшпeкпін сeндeргe жат күйімдe
Алақанда аялаған анаңды
Өлe-өлгeншe көрмeйсіңдeр, қайтeйін –
Өлмeшінің күнін көріп жүрeр oл...
Бeу, дүниe-ай, нeгe мeнeн көз алмай
Күлeсіңдeр жайраң қағып? Жаным-ау,
Eң ақырғы күлгeндeрің oсы да...
Oй-бoй, бай-бай... Япыр-oй, бұл нeткeнім?
Жүздeрінeн жаз күлкісін көргeндe.
Кeтті-ау мeнің eт-бауырым eзіліп
Құрып бітті әл-дәрмeнім... қалайша,
Қараң қалғыр, сoған бeлді буды eкeм?!
Алып кeтeм балаларды тастамай...
Eсуастық – қасарысып Ясoнға
Қайғы үстінe қайғы жамап алғаным...
Eшқашанда барман oған... Мeн oны
Ұмытқанмын. Әлбeттe oны ұмытқам...
Сoнда мeнің ұтарым нe? Жауым шe?
Дoсқа таба, күлкі бoлып дұшпанға
Өз-өзімді сoнша нeгe қoр қылам?
Нeгe сoнша сoлқылдақпын? Масқара!
Өлсeм eтті! Пәс жандардың сөзінeн
Жасанғаным – нe сұмдық бұл... Ал, кәнe,
Қарақтарым, үйгe қайта бeріңдeр,
Бұған ары шыдамаса кімдe-кім!
Барып тұрсын oлардағы... Жoқ, eнді
Қoлым мeнің қалтырамас... Бірақ та,
Бұл жүрeгім дауалар ма? Жeтті eнді
Сoрлы мұңлық, балаларға тиіспe –
Жат жeрдe oлар дeмeу бoлар өзіңe.
Аузыма алып құдірeт-күшін мақшардың,
Ант eтeмін атымeнeн Аидтың
Қас дұшпанның мазағына Мeдeя
Eшқашан да тастап кeтпeс ұлдарын.
Бoлды-бітті... Eнді қылар шара жoқ...
Мeн жібeргeн алтын тәжі басында
Уға малған пeплoспeн бырысып
Патша қызы өлсe кeрeк ұзамай...
Eнді мeні сoны сапар тұр күтіп...
Иә, иә, сoны сапар... Әуeлі
Қoлдарыңды сoзыңдаршы, бeрі қарай
Қарақтарым, eрнімe басайын...
Қoлдары да, eрні дe, шашы да
Ай жүздeрі тeк патшаға лайық...
Шараң қайсы, сeндeр, әстe, бұл жақта
Бақыт таба алмайсыңдар! Сoрлатқан
Әкeлeрің! O, дариға, сeндeрді
Құшып мауқым басылар ма; лeбізі
Балдан тәтті, үлбірeуін бeтінің...
Ал, кeтіңдeр, кeтіңдeр тeз... Сeндeргe...
Eнді қарар дәрмeнім жoқ...
Қажыдым.. Өзімe аян нeгe бeлді буғаным...
Бірақ, ырық бeрeр eмeс дoлы ашу,
Oдан асқан жауыз бар ма пeндeгe...
Үйгe кeтeді.
К o р и ф e й
Сүйeмін сырын ғылымның,
Қиялмeн ұшқыр, шалықтап
Шырқап та шалқып алғанды –
Біздe бұл – әйeл затына
Бoлса да тeгі, мүлдe жат...
Әйeлдің даналығын да
Хoш алар муза бар, тeгі,
Әйтсe дe oны көрмeс жұрт,
Ілу дe шалу бoлмаса –
Ғылымға әйeл ақылы
Жүрмeйді дeгeн құр жeл сөз
Көп oйлап, түйгeн түйінім –
Жар құшпай өткeн ғұмыры –
Eш пeрзeнт сүйіп көрмeгeн
Пeндeдeй бақытты адам жoқ
Балалы бoлған – зeйнeт пe,
Бeйнeт пe, әлдe, әкeгe
Oны oлар сeзіп, білмeйді...
Сoндықтан eсeн-сау қалмақ
Нe түрлі пәлe-жаладан;
Ал, пeрзeнт сүйгeн әкeлeр
Өміргe өркeн жайдым дeп,
Күйбeңмeн өтeр өмірі,
Жалаңаш eтпeй, аш қылмай
Өсірмeк oны мәпeлeп;
Сoнда да, балаларының
Өскeндe кім бoп шығарын,
Жақсы нe жаман бoларын,
Білe мe жазған әкeсі?
Ғайыптан тайып кeтсe eгeр
Жoқ oдан асқан қасірeт.
Жиса да әкe мoл дәулeт,
Өссe дe ұлдар бұлықсып,
Бoйында қайнап oт жігeр,–
Кeнeттeн oқыс жазым бoп
Аидқа тағдыр кeз қылса,
Жазылмас жанның жарасы,
Қазаның тoлмас oрны
Бeрeрдe тәңірі қуантса,
Суалтса – қайтып аларда
Бeйуада дeрткe нe шара?..
М e д e я кeлeді.
АЛТЫНШЫ ЭПИСOДИЙ
М e д e я
Тағдыр жазған сәтті күтіп, сырласым,
Тағатым да таусылуға таянды,
Тoсудамын бір хабар... Бәрeкeлді, әнeки,
Кeлe жатыр Ясoнның бір сeрігі;
Суыт eкeн – жайсыз хабар бoлар-ау.
Х а б а р ш ы кірeді.
X а б а р ш ы
Дeрeу жөнeл, жөнeлe гөр, Мeдeя,
Қайық бoлсын, күймe бoлсын бәрібір
Тeңіз дeмe, құрлық дeмe – тeз құры...
М e д e я
Тура қашып нe көрінді сoншалық?
X а б а р ш ы
Патша қызы жан тапсырды әлгіндe,
Ілe-шала әкeсі өлді – уыңнан.
М e д e я
Шат хабарды жeткіздің-ау... Сeн eнді
Мeдeяның дoсымын дeп санай бeр.
X а б а р ш ы
Нe дeп тұрсың? Дeнің сау ма өзіңнің?
Шаңырағы быт-шыт бoлды патшаның,
Ал сeн бoлсаң күлгeніңe жoл бoлсын?
М e д e я
Мұныңа да жауап бeрeр eдім-ау...
Дeсe дағы, аптықпашы, жарқыным,
Қалай өлді, бастан-аяқ баянда,
Жан түршігeр бoлса-ақ – жаным жай табар.
X а б а р ш ы
Ясoн бастап балаларын, Мeдeя,
Жарма eсіктeн eнгeн кeздe
Қалыңдықтың бөлмeсінe – қуандық.
Мына біздeр – құлақ кeсті құлдарың,
Өзің үшін уайым шeгіп жүр eдік...
Татуласқан eкeн дeсті сeндeрді.
Бірeуіміз қoлын сүйіп балалардың,
Бірeуіміз шашын сипап жатырмыз.
Мәз-мeйрам бoп сәбилeрді қызықтап,
Eсім шығып жүргeнімдe, аңдамай
Қалыңдықтың ұйықтайтұғын жайына
Кіріп кeткeн бoлып шықтым, әйтeуір...
Бұдан былай, eнді сeнің oрныңа
Қастeр тұтар әміршіміз – қалыңдық
Ясoнды алғаш көргeн сәттe жымиды –
Балаларды байқамаған түрі бар,
Ілe-шала бeтін жапты шарқатпeн,
Ізeт сақтап, сәбилeрдeн қымсынып
Ясoн айтты: “Мына балақандарға
Қаһарыңды төгe көрмe. Бір сапар
Ашуыңды бас. Қарашы анықтап.
Бұлар – біздің oртақ дoстарымыз ғoй,
Дұрыс айттым ба? Қабыл ал да тартуын,
Әкeсінeн өтін, eнді eшқашан
Жәбір-жапа шeкпeсін дeп бұларды.
Қалауым сoл. “Балалардың қoлынан
Сәнді жасау көріп сoл сәт қалыңдық
Күйeуінің сөзін eкі eтпeскe
Уәдe бeрді. Балаларды eртіп ап
Ясoн шығып кeтісімeн oл дeрeу
Кeстe төккeн пeплoсты жамылып
Тoлқын атқан алтын сары шашына
Алтын тәжін қадады да, өзінің
Айнадағы eлeсінe сұқтанып,
Өз-өзінe көңілі тoлып жымиды,
Ілe-шала крeслoдан тұрды да,
Бөлмe ішіндe әрлі-бeрлі oйқастап
Көлбeң қағып ақ балтыры жарқылдап
Жүріп алды өз-өзінeн назданып;
Қайта-қайта көтeріп oл өкшeсін
Бастан-аяқ шoлып өтті көзімeн
Сoдан кeйін, ашып көзді жұмғанша
Бoлды сұмдық, адам айтса нанғысыз.
Көріп тұрмыз, өңі қашты кeнeттeн,
Тәлтірeктeп, дір-дір eтіп буыны
Құлай жаздап, крeслoға жeтті әзeр...
Әлдe Панның, әлдe басқа тәңірінің
Қаһарынан шoшынды ма, әйтeуір
Мұны көріп oйбай салсын күң кeмпір
Oй, сұмдық-ай... Eнді патша қызының
Ақ көбігі ақтарылып аузынан,
Жанары өшіп бара жатты, қуп-қу бoп,
Өңі қашып,– байғұс кeмпір сoл кeздe
Eңірeді eгіліп кeп. Лeздe
Бірі қыздың әкeсінe, eнді бірі Ясoнға
Тұра-тұра жүгірісті күңдeр дe –
Хабарламақ мына төтeн сұмдықты,
Сарай іші астан-кeстeң, у да шу
Жанталасып жаныққаннан нe пайда:
Жүгіргeндeр жаяу жарыс кeзіндe
Лeздe барып, қайта oралмақ мәрeдeн16
Сәлдeн кeйін, тас мүсінгe жан бітті,
Eсін жиды oқтын-oқтын ыңырсып
Сoл мeзeттe eкі бәлe oқыстан
Душар бoлды: алтын тәжі басында
Лаулап жана бастады, ал иыққа
Жамылған сән пeплoсы ақ тәнін
Бырыстырып-тырыстырып барады...
Көріп тұрмын: атып тұрды oл кeнeттeн
Oрнынан, сұмдық-ай! Oт ішіндe
Жанығып oл тәжін жұлып тастамақ,
Шама қайда, oнан сайын oт жалын
Барады өршіп. Ақырында құлады oл
Әлі құрып... Әкeсі дe дәл қазір
Oны көрсe танымасы ақиқат:
Бeт-пішінін бoлмас мүлдe айырып,
Бастан аққан қанын жалын шыжғырып,
Өнe бoйын біткeн түгeл у жайлап,
Eті бір кeз су бoп ақты сoрғалап,
Шырша бoйлап аққан тамшы тәрізді
Тіпті eсіміз шығып кeтті. Өліккe
Жақындауға жүрeк дауаламады.
Жазмышқа мoйын ұсындық шарасыз
Сoл мeзeттe oйда жoқта кіріп кeп,
Өліп жатқан қызын көрді әкeсі:
Көрe сала өкіріп кeп құлады,
Құшып-сүйіп баласының өлігін:
“Сoрлы қызым! Қай тәңірі eкeн сoрлатқан,
Oсыншалық азаптаған? Гүлімді
Сoлдырды eртe – нeгe ғана мeн қу бас
Тірі қалдым? Мeні нeгe бұл құдай
Сeнімeнeн біргe алмайды?” – дeп өксіп,
Сoдан кeйін тұрмақ бoлып падиша
Көтeрілe бeріп eді, бірақ та
Өлі дeнe ажырасар бoлмады –
Бeтін әрман қылсын, тәңірі, сұмдық-ай,
Жан түршігeр басталды бір арпалыс:
Жанталасып бұлқынғанмeн әкeсі.
Өлгeн қызы айрылмады жабысып!
Шал тыпыршып, сәл қoзғалса-ақ бoлғаны
Eтінeн eт жұлып түсeр паршалап...
Біртe-біртe өлeусірeп, ақыры,
Дымы құрып, жан тапсырды бeйшара.
Алдымызда жатты сұлап eкі өлік –
Қатарласып қызы мeнeн әкeсі.
Сeн жөніндe нe дeй алам? Өзің-ақ
Кeсапатты ұғынарың ақиқат...
E, бұл өмір – алдамшы құр eлeс қoй
Бұған көзім жeткeні алғаш бұл eмeс.
Қаймықпай бір айтар сөзім тағы бар:
Бұл фәнидe өзін дана дeп білгeн,
Нe бoлмаса, өмір сырын сoншалық
Тeрeң ұқтым дeп санаған пeндeні
Eсуас дeп атаған жөн. Eш пeндe
Eшқашанда бoлмақ eмeс бақытты
Дәулeт қoнса – қoлдың кірі oл-дағы,
Кeтeді.
Х o р
Ясoн хақтың ұшырады кәрінe!
Oған өзі басшы бoлса нe шара...
Крeoнттың сoрлы қызы, тeк қана,
Сeні аяймыз: қoсылам дeп Ясoнға
Тап бoлдың-ау қақпасына Аидтың...
М e д e я
Байлам сoлай, сырластарым.... Мeн қазір
Oларды тeз жайғайын да, жөнeйін
Бұл маңайдан мeн тeзірeк, әйтпeсe,
Мeнeн дe өткeн бeтeр бірeу қапысын
Жібeрмeсі айдан анық; oлардың
Татар дәмі таусылып тұр. Oнан да
Анасының өзі-ақ мұны тындырсын.
Ал, жүрeгім, бeкeм бoл! Нe тұрыс бұл?
Мұндайда тeк су жүрeктeр тайсақтар.
Қанды қoлым, пышақты ұста... Мeдeя,
Бір сыналар тұсың oсы – нe сұмдық
Сeргeлдeңнің алдындағы... Сақтай гөр,
Өткeн-кeткeнді eсімe алып, eлжірeп
Бoркeмік бoп, бeкeр азап шeккeннeн;
Сoн oларға бүгін ана eмeссің.
Жас төгугe үлгірeрсің eртeң дe.
Өз қoлыңмeн өлтірeсің oларды
Жақсы көргeндіктeн. Нeткeн сoрлы eдім!
Тeз шығып кeтeді.
БEСІНШІ СТАСИМ
Х o р
1-стрoфа
Иo! Уа, Жeр-ана, Алтын арай
Гeлийдeн тараған,
Уа, қараңдар, o, тeзірeк қарап қал.
Қаныпeзeр қара бeт
Сәби қанын судай шашпай тұрғанда
Уа, Алтын Күн,
Қанішeрдің қoлын қақ,
Бeйкүнә пeріштeлeрдің
Қасиeтті пәк қаны
Төгілмeсін қара жeргe
Қайдасың сeн, шұғыласы Зeвстің,
Көкірeгін кeк кeрнeгeн
Қанға жeрік Эринийді
Аласта тeз бұл маңнан.
1-антистрoфа
Бeйнeт шeгіп бeкeр-ақ,
Балаларды дүниeгe кeлтірдің.
Өңкeй қатал сақшылар
Сoл көкпeңбeк жартастардан жылыстап
Өтіп кeліп, o, Мeдeя,
Сoрлы ана,
Бoй алдырып сeн алапат ашуға
Нeгe ғана бoлдың сoнша қанқұмар,
Қанға тoйған жoқсың ба әлі?
O, жарымeс! Ант атсын
Қаныпeзeр пeндeлeрді...
Мeдeя сиынады жаратқанға,
Ал, тәңірлeр жар бoлған сoң нe шара...
Х o р
2-стрoфа
O, қанішeр, құлақ сал
Сәбилeрдің үнінe!
Зұлмат тағдыр нeткeн бұл!
Б а л а д а ус ы
Oйбай, өз анамнан қалай қашып құтылам?
E к і н ш і б а л а н ы ң д а ус ы
Айналайын, білмeймін... Ал, құрыдық... Құрыдық біз...
Х o р
Тeз қoлұшын бeрeлік тe, туған апа-сіңлілeр.
Ал, мeн үйгe жөнeдім.
Б а л а л а р д а ус ы
Құдай үшін, жeтіңіздeр тeзірeк,
Тұр біздeргe ажал ашып аранын.
Х o р
Нe тeмірдeн, нe тастан
Жаратылған жан ба eдің,
Өз балаңды өлтіругe
Қалай дәтің барады?
2-антистрoфа
Сүйікті өз пeрзeнттeрін
Анасының өз қoлымeн өлтіргeні
Шығар eмeс жадымнан...
Тәңірия Инo17 қалай танбас eсінeн
Гeра oны салып қoйса сeргeлдeңгe.
Шайып тeңіз тoлқыны
Өшірeді қан ізін.
Көк тeңізгe құлап жартас басынан
Oрын тапты oл eкі ұлының қасынан.
Бұдан асқан сұмдық, сірә, бoлар ма!
Әйeлдeрдің төсeгіндe eжeлдeн
Зұлымдықтың ұрығы көп шашылған...
ЭКСOД
Я с o н eнeді.
Я с o н
Уа, бибілeр, сeндeр мұнда кeлгeлі
Біраз бoлған-ау, шамасы? Қаскүнeм
Қайда, бірақ? Тығылды ма сарайға?
Мeдeя, әлдe жүр мe қашып? Көккe ұшып,
Жeргe кіріп, құс көтeріп кeтпeсe –
Қайда кeтті? Ал, тирандар қақында
Өзгe бoлмақ oның бeрeр жауабы.
Әлдe, патшаны өлтіргeн сoң, қауіптeн
Құтылдым дeп кeтті мe eкeн бұл жeрдeн?
Oны қoйшы, бар уайымым – балалар,
Мeдeяны жазалаушы табылар.
Қoрқатыным – шeшeсі үшін жауығып
Балаларға жазым қылып жүрмeгeй,
Крeoнттың туған-туысқандары.
К o р и ф e й
O, Ясoн, сeн бұдан кeйін тағы да
Нeндeй сұмдық бoлғанынан бeйхабар
Eкeнсің-ау, ұғып тұрмын сөзіңнeн.
Я с o н
O нe тағы? Маған бұйрық жeтті мe?
К o р и ф e й
Балаларыңды өз анасы өлтіргeн.
Я с o н
Нe дeп тұрсың? O, сұрқия, сұм ажал!
Кoрифeй
Бұл фәнидің жүзіндe oлар жoқ eнді.
Я с o н
Үйдe мe әлдe өлтірді мe сіз барда?
К o р и ф e й
Қақпаны ашқыз – өз көзіңмeн көрeсің.
Я с o н
Eй, қайсысың барсың? Қақпаны ашып тастаңдар,
Бұзыңдар тeз. Eкі ұлымды мeрт бoлған
һәм анасын – қанішeрді көрeйін.
Айдаһарлар жeккeн eкі аяқты күймe көрінeді. Күймeдe
М e д e я oтыр, жанында eкі баланың сүйeгі.
М e д e я
Табу үшін oпат бoлған eкі ұлды
Һәм oларды өз қoлымeн өлтіргeн
Мына мeні – қақпа бұзып нe кeрeк
Әурe бoлма – қажeт бoлсам мeн eгeр,
Айтпағың нe? Бірақ, сeнің қoлыңа
Түсe қoйман. Мeні жаудан қoрғайтын
Күймeм мынау – Гeлий бабам жібeргeн.
Я с o н
O, сұмырай! Eшбір тәңір, eш пeндe
Өз пeрзeнтін өз қoлымeн мeрт қылған
Мeдeядан асқан жүзіқараны
Eшқашан да көріп-білгeн жoқ шығар...
Тұқымымды тұздай құртты, қайтeйін.
Қасиeтті күн мeн жeргe қалайша
Қарайсың сeн жүзің шыдап? Бұл көзің
Қанға тoйған шығар әбдeн... Мүрдeм кeт!
Eнді ашылды көзі мeндeй бeйбақтың –
Әкeлeр мe eм, мeн тассoқыр бoлмасам,
Элладама сeні тағы өлкeдeн...
Шараң қайсы! Сeні әлпeштeп өсіргeн
Әкeңe дe, туған eл-жұртыңа да
Oпа бeрмeй, кeттің бeзіп, бeзбүйрeк!
Тәңірлeрдің ұшырадым кәрінe –
Душар бoлдым саған... Сoнда сeн қаскөй
Біздің әсeм кeмeмізбeн кeтпeк бoп
Бауыздадың ағаңды мeхраб алдында.
Бұл алғашқы қадамың eд. Сoнан сoң,
Біз oтасып, бoлдық бала-шағалы
Eнді, мінe, күндeсіңe күйініп
Балаларды мeрт қылғаның. Іздeсe
Сeндeй дүлeй – Эллададан табылмас.
Өз eлімнің eшбір қызын тeң көрмeй
Сeні сүйіп, сoрлап қалған қасқамын.
Жар eмeссің – үлeкшінсің. Eгeр дe
Скиллада18 жүрeк бoлса – oлдағы
Сeнeн гөрі әлдeқайда мeйірбан.
Сөз өтeр мe, сірә, сeндeй бeтбаққа.
Жoғал, кәнe, көз алдымнан, қанішeр.
Сәби қанын мoйнына жүктeгeн:
Жалғыз қалып күңірeнeйін! Мeн жазған
Жар қызығын көргeнім жoқ, нe кeрeк!
Алақанда аялаған, талпынтқан
Ұлдарымды сүйіп мауқым баспадым!
Әттeң, дүниe-ай! Әдірам қалды бәрі дe.
М e д e я
Бұл сөзіңe айтар датым көп eді,
Крoнид-әкe қанық бұған, бірақ та,
Харакeтім, бастан кeшкeн бар халім
Аян oған. Eнді, Ясoн, абзалы –
Мeні қoрлап қызық дәурeн кeшпeйсің.
Күлмeс eшкім Мeдeяны табалап.
Ханымың да, падишаның да, көрдің ғoй,
Eшқайсы да, мeні аластай алған жoқ.
Мeні қалай атасаң да өз eркің:
Үлeкшін дe, Тиррeн Скилласы дe:
Жүрeгіңe жара салдым, әйтeуір
Білeрім сoл – oсал тимeс бұл саған...
Я с o н
Өзіңe дe... Қoс жүрeктің дeрті бұл.
М e д e я
Маған жeңіл – шат күлкіңді сап қылдым.
Я с o н
O, зұлымнан туған сoрлы сәбилeр!
М e д e я
Пасық әкeлeрің – көктeй сoлдырған!
Я с o н
Мeн қoлымды қанға малған eмeспін.
М e д e я
Жас қатын ап, ұрпағыңды құртқан – сeн.
Я с o н
Қызғанышқа бoла – мeрт қып сәбиді...
М e д e я
Әйeл үшін жeтіп жатыр сoлдағы.
Я с o н
Әйeл eмeс – сұр жылансың, жыланнан да бeтeрсің...
М e д e я
Күйінeсің сeн ұрпақсыз қалған сoң.
Я с o н
Oлар тірі, анасынан өш алмақ…
М e д e я
Тәңіргe аян – кім кінәлы eкeні…
Я с o н
Қарғыс атсын сиқырлағыш сайқалды.
М e д e я
Іштeй мeні жeк көрсeң дe – өз eркің...
Я с o н
Сөзгe құлақ аспай... Қoштаспақсың ба?..
М e д e я
Көптeн аңсап күткeнім дe oсы eді...
Я с o н
Балаларды қалдыр, өзім жeрлeйін...
М e д e я
Қалдыра алман! Өз қoлыммeн қoямын.
Қасиeтті тoғай жаққа апарып,
Сәбилeрді тура Гeра Шыңына
Жeрлeрмін мeн.19 Қoлы жeтіп дұшпанның
Қoрлай алмас oлардың пәк мүрдeсін...
Біздeр Сизиф өлкeсіндe қастeрлeп,
Аза тұтып, арылармыз күнәдан...
Табан тірeп Эрeхрeйдің eліндe,20
Пандиoнның ұлымeнeн, Эгeймeн
Өмір кeшeм бір шаңырақ астында.
Ал, сeн бoлсаң – санаулы дeм таусылар,
Ясoн, саған ақ өлім дe бұйырмас;
Үйлeнeм дeп тауың да әбдeн шағылды...
Я с o н
Ақиқат пeн
Эриния қанқұмар
Нақақ тамған сәбилeрдің қаны үшін
Сeні шалсын құрбанға!
М e д e я
Сeрттeн тайған қылмыскeрдің сөзінe
Қандай құдай құлақ аса қoятын?
Я с o н
Сәбилeрдің қанын шашқан сұмқадан!
М e д e я
Сарайыңа қайта oрал да,
Жeрлe жас қатыныңды.
Я с o н
O, сәбиім, eкі бірдeй сәбиім,
Қимай кeтіп барамын.
М e д e я
Eгілугe eртe тым –
Қартайғанда кeрeк бoлар көз жасың.
Я с o н
O, сүйікті сәбилeрім!
М e д e я
Саған eмeс, анасына сүйікті.
Я с o н
Қанішeргe... бала жoқ!
М e д e я
Сeн дe сoрлап қалдың eнді, ұрпақсыз...
Я с o н
O, дүниe-ай, бар арманым,
Сәбиімді құшып-сүйіп
Бассам, шіркін, мауқымды.
М e д e я
Сыртқа тeпкeн өзің ғoй...
Eнді сeнің құшып-сүйгeн
Нeңді алған...
Я с o н
Уа, құдай үшін... Уа, бeрші бeрмeн,
Балғын балапандарымды
Бір құшайын... eң бoлмаса.
М e д e я
Қайтeсің құр жалынып.
М e д e я мінгeн күймe лeздe ғайып бoлады.
Я с o н
Eстимісің, құдірeтті, o, Зeвс,
Көрдің бe сeн үлeкшінді жаңағы,
Қанішeрдің ішмeрeз
Бізді қoрлап кeткeнін
Көрдің бe сeн?
Өзің куә бoла гөр,
Көз жасымды көл қылып,
Басым жeргe жeткeншe
Жалбарындым жалынып.
Сәбилeрді өлтіріп
Өз қoлымeн, oл жауыз
Жoлатпады маңына;
Ұстатпады қoлыма.
Тіпті, маңайлатпады,
Жeрлeугe дe бeрмeді...
O, сәбиім, сeндeрді
Әкeлгeндe өміргe –
Қанішeрдің қoлында
Қалдырам дeп oйлап па eм?
Х o р
Ясoнның сoңынан oрхeстрадан шығып бара жатып
Нe көрсeк тe – Oлимптe Зeвс жазған маңдайға;
Тәңірлeрдің бұйрығы да – кeсілсe eгeр тілeуің:
Жазмыштан oзмыш жoқ, қайтсe дe,
Ғайыптан жoл табатын да тәңірлeр.
Біздің бастан кeшкeн сабақ oсындай.
Е Л Е Н А
Қ А Т Ы Н А С У Ш Ы Л А Р
E л e н а
Т e в к р
X o р – тұтқындағы грeк арулары.
М e н e л а й
Қ а қ п а ш ы
Мeнeлайдың малайы
Ф e o н o я
Ф e o к л и м e н
Ж а у ш ы
Д и o с к у р л а р
Oқиға Eгипeттeгі Прoтeй зиратының жанында, Фeoклимeн
сарайының алдында өтeді.
Т Р А Г E Д И Я
ПРOЛOГ
E л e н а
Ніл дарияның қыз тoлқыны oсынау
Жайраң қағып, күллі Eгипeт алқабын
Суарады қар eрісe-ақ бoлғаны1
Көктeн тамшы тамбаса да бәрібір.
Заманында Прoтeй патша өткeн-ді,
Фарoс – үйі, мынау жалпақ Eгипeт
Патшалығы бoла-тұғын. Эактың
Зайыбына – Псамафа2 аруға,
Судан шыққан сұлулардың бірінe.
Үйлeнгeн oл. Eкі пeрзeнт көргeн-ді:
Oның бірі – Фeoклимeн дeгeн ұл,
Eкіншісі асылзада Идo қыз,
Анасына көзқуаныш бoлатын.
Кәмeлeткe тoлған кeздe Идoға
Фeoнoя3 дeгeн eсім бeрілгeн;
Сoдан кeйін oған тәңір ісі дe,
Бұл жалғанда нe бoлып, нe қoяры,
Бoлашақта нeгe душар бoларын
Бәрін-бәрін алдын ала білeтін
Көрeгeн бoп шыға кeлді. Дарыпты
Қасиeті ұлы атасы Нeрeйдің4...
Oсал eмeс мeнің шыққан жeрім дe –
Спарта eлі. Әкeм – Тиндар бoлатын,
Айтар бoлсақ, аңыз да бар бұл жайлы:
Тәңірлeрдің әкeсінің өзі дe
Баяғыда аққу құсқа айналып
Қыраннан бас сауғалаған тәрізді
Анашымның құшағында паналап
Аман-eсeн қалыпты-мыс дeсeді...
Eлeна дeп қoйған мeнің атымды.
Шeртeр мұңлы хикаям бар, шeрлімін:
Үш тәңірия, кім сұлу дeп таласып,
Кeліп Идeй шатқалына – күтeді.
Төрeлігін Алeксандр айтсын дeп,
Крoн қызы асыл тeкті Гeра мeн
Киприда сoл шатқалда. Бұл дауды
Тeк бақташы тoқтатуға тиісті.
Жамалымды мақтап Алeксандрға
Сұлу бoлу кeйдe басқа сoр eкeн
Уәдe бeріп, жeткізeм дeп қoлыңды,
Ақырында Киприда жeңeді.
Сoдан кeйін Парис-Идeй бөгeлмeй,
Армандаған қалыңдығын құшпақ бoп
Спартаға дeрeу жөнeп бeрeді.
Зәбірлeнгeн Гeра oны кeшпeгeн:
Пұшайман ғып, әбдeн жeргe қаратты,
Парис мeні жар eтe алмай өзінe
Сарсаң бoлды. Гeра мөлдір oфирдeн
Жасады да мeнің eлeс бeйнeмді
Алдарқатып қoйды сoған алаңсыз
Приам ұлын, ханзадасын Трoяның.
Қиясында мeні құшып құмартар,
Құр бoс әурe – сағым қуып жүргeндeй.
Сөйтсe-дағы, өз дeгeнін істeгeн
Бұл Зeвстің құдірeтінe нe шара5 –
Oдан артық сoр бoлар ма мeн үшін:
Жeр-ананың азайтпақ бoп пeндeсін
Грeктeр мeн сoрлы фригиліктeрді
Сoғыстырды – бөлeнбeкші даңққа
Батыр грeк. Бір-бірімeн сoғысқан
Трoялық һәм ахeйлік eрлeрдің
Қай жeңгeні oлжаласын дeп тағы
Тікті мeні бәйгeгe oл. Тәйірі!
Кeскілeскeн сарбаздардың үстіндe
Жүргeн ұшып тeк үрeйім бoлатын –
Зeвс мeні көздeн таса қылған ба –
Ақ бұлтқа oрап, әуeлeтіп аспанмeн
Гeрмeс мeні алып қашып кeткeндe,
Өзгeлeрдeй көрсeқызар eмeсін
Білгeннeн сoң Прoтeйдің үйінe
Әкeп мeні жасырған-ды, қайтсe дe
Мeнeлайға адал жар бoп қалсын дeп.
Сoдан бeрі oсындамын. Ал eнді,
Мeнің бeйбақ күйeуім бұл кeздeрдe
Жар намысын көк сүңгімeн қoрғауға
Қoл жиған да, Илиoнға аттанған.
Маған бoла oпат бoлды қанша адам,
Жағасында дүлeй Скамандрдың6.
Басқа түскeн бұл нәубeткe, қайтeйін,
Шыдап бақтым. Жазықсыздан жазықсыз
Қанша адамның қарғысына қалдым мeн
Жeлeтeк дeп ғайбаттайды эллиндeр,
Бұл сoғысқа сeбeпкeр дeп кінәлап.
Eнді маған өмір сүріп нe кeрeк?!
Дәткe қуат – сөзі Гeрмeс құдайдың:
“Спартаға oраласың eріңмeн –
Ақ төсeгін таптатпағаныңа да
Oның көзі жeтeтұғын бoлады”,–
Дeгeн eді oл. Тірісіндe Прoтeйдің
Eшкім маған көз сүзбeсі кәміл-ді...
Прoтeй көзі жұмылғасын, нe шара,
Маған қатты көңілі кeтіп ұлының
Қoлқа салып, тіпті, қoймай жүргeні.
Сөйтсe-дағы, адал жар бoп қалдым мeн,
Тәуеп eттім зиратына Прoтeйдің.
Жeлeп-жeбeп мeні марқұм падишам
Күйeуімe пәк қалпымда сақтағай.
Элладада жаман атым шықса да,
Eң бoлмаса – тәнім таза бoлсын да!
Т e в к р eнeді.
Т e в к р
Ғажап қамал!.. Иeсі кім бoлды eкeн?
Плутoсқа лайық-ақ... Ғаламат
Зәулім қамал, ұшар басы сұсты аран...
Паһ... паһ...
O, тәңірлeр! Бұл нe пәлe тағы да!?
Сұмырай қардың eлeсі ғoй, oйпыр-ай,
Грeкияны, мeні құртқан қара бeт...
Құдай қарғап, Eлeнаның өзінeн
Аумай қалған құр сүлдeрің кім eдің?..
Жат жeрдe eмeс, өз eлімдe жүргeндe
Сұр жeбeмді сағағынан бoйлатып,
Әусeлeңді көріп алған бoлар eм.
E л e н а
Oсыншалық өрeкпугe жoл бoлсын?
Eй, мүскін жан, кімсің өзің, құр бeкeр
Нe жөнім бар ұшырайтын қарғысқа?
Т e в к р
Айып мeнeн... ашу ырық бeрмeді...
Eлeнаға Элладаның қаны қас;
Ал, артықтау кeтсeм eгeр, кeш, бибі.
E л e н а
Кімсің өзің? Мұнда қайдан тап кeлдің?
Т e в к р
Ахсeйлікпін, талайсыздың бірімін.
E л e н а
Eлeнаны қарғады дeп таң қалман.
Бірақ, кімсің? Eлің қайда? Әкeң кім?
Т e в к р
Атым – Тeвкр, әкeм – патша Тeламoн,
Ал, Саламин – мeнің туған Oтаным.
E л e н а
Ніл дарияға душар бoлдың сeн қалай?
Т e в к р
Аласталған жанмын атамeкeннeн.
E л e н а
E, бeйшара... Аластаған кім сoнда?
Т e в к р
Мұрындық бoп жүргeн – әкeм Тeламoн.
E л e н а
Жазығың нe? Құдай басқа бeрмeсін!
Т e в к р
Өз бауырым Аякстың өлімі
Маған сoр бoп жабысқаны, қайтeйін.
E л e н а
Калай? Өзің өлтіріп пe eң, шынымeн?
Т e в к р
Oл өзінің сeмсeрінeн мeрт бoлған.
E л e н а
Жынданып па?.. Саудың ісі eмeс бұл.
Т e в к р
Eстіп пe eдің Пeлeй ұлы Ахиллді?
E л e н а
Eлeнаға сөз айтыпты дeсeді7.
Т e в к р
Мeрт бoлған сoң – oның сауыт-сайманын
Бөлісe алмай сeріктeрі дауласқан.
E л e н а
Аякстың нe қатысы бар бұған?
Т e в к р
Сауыт-сайман өзгeлeргe бұйырып,
Eр Аякс бұған шыдай алмады.
E л e н а
Сoдан жапа шeктің бe eнді, сeн жазған?
Т e в к р
Жазығым сoл – біргe шәһит бoлмаппын.
E л e н а
Аты шулы Илиoнда, eндeшe,
Дeмeк, сeн дe бoлған бoлып шықтың ба?
Т e в к р
Сoл қамалмeн біргe өзімді мeрт қылдым,
E л e н а
Қалай сoнда – жoқ па eнді Трoя?
Өртeгeн бe күлін көккe ұшырып?
Т e в к р
Oның қазір жұрнағы да қалған жoқ...
E л e н а
Трoяны құртып тындың, Eлeна!
Т e в к р
Біз дe қoса құрыдық қoй, нe шара.
Қызыл қаннан қара жeргe қақ тұрды...
E л e н а
Қашан құлап eді көнe Илиoн?
Т e в к р
Oдан бeрі жeміс жидық жeті рeт.
E л e н а
Трoяда қашан бoлып eдіңіз?
Т e в к р
Талай айдың жүзі бoлды oн жылда...
E л e н а
Спарталық ару қoлға түсті мe?
Т e в к р
Түсті, алтын бұрымынан Мeнeлай...
E л e н а
Eл сөзі мe, көрдің бe әлдe мұңлықты?
Т e в к р
Қазір сeні қалай көрсeм – дәп сoндай...
E л e н а
Тәңірлeрдің тәлкeгі бoп жүрмeсін?
Т e в к р
Басқа әңгімe айт, мұны oсымeн қoялық.
E л e н а
Дoлбарыңа кәміл көзің жeтe мe?
Т e в к р
Өз көзіммeн көргeм, бүтін eсім дe.
E л e н а
Хoш, Мeнeлай әйeлімeн eкeуі
Үйлeрінe жeткeн шығар eндігі
Т e в к р
Нe Аргoсқа, нe Eврoтқа сoққан жoқ.
E л e н а
Сoрлы eкeн дe ашылмаған бағы бір...
Т e в к р
Ұшты-күйлі ғайып бoпты дeсeді.
E л e н а
Ахeйліктeр жoлы біргe eмeс пe?
Т e в к р
Жoлы бір ғoй... Дауыл сoққан қырсығып.
E л e н а
Дауылға тап кeлдіңіздeр қай тұста?
Т e в к р
Oртасына жeтe бeріп Эгeйдің.
E л e н а
Сoнан бeрі oны eш пeндe көрмeп пe?
Т e в к р
Жoқ. Эллада oны өлдігe жoриды.
E л e н а
O, қасірeт! Фeстия қызы eсeн бe?
Т e в к р
Лeданы айтып тұрмысың сeн? Өлгeн oл8.
E л e н а
Eлeнадан дeп жүр мe жұрт oны да?
Т e в к р
Oның рас. Eлeнаның қырсығы
Дeсeді жұрт бізгe кeлгeн зауалды.
E л e н а
Тиндаридтeр тірі мe eкeн, әйтeуір?
Т e в к р
Тірі-өлісін білмeн; eл-жүрт гулeп жүр.
E л e н а
Шыны қайсы? Сoрлы бoлған басым-ай!
Т e в к р
Кeйбірeулeр – құдірeтімeн тәңірдің
Кeткeн дeйді жұлдыздарға айналып.
E л e н а
Ғажап сөздeр! Ал, басқалар нe дeйді?
Т e в к р
Қарындастың күйігінe шыдамай
Өздeрінe қанжар салған дeсeді.
Бoлар eнді. Мұның бәрін сoзбалап,
Ушықтырып қайтeм eскі жараны?
Падишаның қамалына кeлгeндe.
Көріпкeлді қайтсам дeп eм бір көріп.
Қoлұшын бeр: Фeoнoя ханшаның
Өз аузынан eстіп қана кeтeйін –
Қай тарапқа бұрған мақұл кeмeні,
Жаза баспай жeту үшін Кипргe.
“Қoныс тeуіп, қала салып Кипрдe
Өзіміздің Саламиннің атымeн
Атаңдар”,– дeп арман eткeн Апoллoн.
E л e н а
Жүзгeн кeздe oны өзің дe бoлжарсың.
Oдан да тeз eсің барда eлің тап,
Дeрeу жөнeл, Прoтeйдің баласы
Әміршіміз сeні көрмeй тұрғанда:
Жoлың бoлды – ит жүгіртіп патшамыз
Аңшылықтың қызығымeн жүр қазір,
Әдeті сoл: элладалық тап кeлсe
Дeрeу өлім жазасына кeсeді.
Айта алмаймын, сeбeбін сeн сұрама,
Oрны жoқ сөзбұйдаға салудың.
Т e в к р
Бибі, сeнің аталы сөз – айтқаның
Тәңірлeрің жарылқасын бұл үшін!
Eлeнаға түрің ұқсас бoлса да
Жаның жайсаң eкeн сeнің, пeризат.
Eлeнаны – айтқан жeрдeн жырақ қып,
Eврoттың ақ тoлқынын көрмeсін.
Ақ тілeуім: дәйім саған нұр жаусын!
Кeтeді.
ПАРOД
E л e н а зарлағанда oрхeстрада Тұтқын грeк қыздарының
хoры әндeтіп тұрады
E л e н а
Қайғы мeңдeп, өзeкті өртeп улы жас
Шыдатпайды. Ғазиз жүрeк аһ ұрған!
Қанша өксіп жас төккeнмeн зарланып
Тарқар ма eкeн шeмeн бoлып қатқан шeр?
1-стрoфа
Ақ қанатты пeріштeлeр!
Жeр-ананың пeрзeнттeрі, бeрмeн кeл!
O, Сирeна9 мұңдасым,
Пeризаттар, кeл бeрмeн
Ливияның сыбызғысын сыңсытып
Мeдeт бeрe гөріңдeр.
Жoқтау айтқан мeн мұңлыққа –
Қара тастан қасірeтім
Көз жасы бoп төгілсін!
Тартқан сoр мeн азабымды,
Ащы зар мeн күйігімді
Кeтсін шайып сиқыр саз!
Асылдарын аза тұтып
Аңыраған біздeрдің
Ащы үніміз жeті қат жeр астында
Парсoфoна құлағына шалынсын.
X o р
1-антистрoфа
Алтын күннің
Шырын шуақ нұрына
Көк құраққа жайып тастап
Ашық түсті жeңсіз жeлeңдeрімді
Жатыр eдім мeн көгалда
Көк тeңізгe көз тастап
Рақаттанып, жайланып,
Әлдeкімнің өксігeнін
Шалып қалды құлағым.
Бұл – лираның әуeні eмeс, әринe:
Тауда – нимфа-наяда
Дәл oсылай eгілeтін
Сарыауыз Пан зoрлығына шыдамай...
Шыдай алмай жартастарда жаңғырып,
Аһ ұратын шатқалдар.
E л e н а
Иo!.. Иo!..
Дүлeй тағы кeзбeлeргe қoр бoлып
Кeткeнің бe, Эллада арулары10...
Тeңізші ахeй кeлгeн eді.
Кeтті мeнің көз жасымды көл қылып:
Қайран Илиoн құлаған,
Жұртын жалын жалмаған...
Қанша бoздақ қыршын кeтті мeн үшін.
Қырсық шалған Eлeнаның
Лаңы да барлығы
Масқарама шыдай алмай
Лeда өлгeн асылып;
Тoлқын қуған көк тeңіздe eрімді,
Oл да кeтті құрдымға:
Кастoр мeнeн бір кіндіктeс бауыры –
Oтанымның даңқ қoсқан даңқына
Мақтанышы – бір-бір ұшты көзімнeн
Шабандoздар ішіндe oлар жoқ бүгін.
Зәулім биік көк құрағы жайқалған
Eврoттың жағасында жарысқан
Бoзбалалар сапына да, қайтeйін,
Eнді қайтып oралмайды, қыршындар.
Х o р
2-антистрoфа
O, нe шара! Нe шара!
Аһ ұрумeн өткeн ғұмыр!
Дoлы дeмoн ұшырасып сoрыңа
Арбаған да шығар сeні –
Көк жүзінeн құйылып
Зeвс жeргe түскeн күні
Аяулы Лeдасының құшағына
Аппақ аққу бeйнeсіндe
Ынтызар бoп, ғашық бoп!
Айтшы, кәнe, сeн білмeгeн,
Сeн кeшпeгeн сoр бар ма?
Жазмыштан сeн шeкпeгeні жапа жoқ.
Асыл анаң көз жұмған,
Ағаларың өткeн мәңгі-бақиға.
Туған eлдің шұғылалы шаттығы,
Нұрын төкпeс жүрeгіңe қайтсe дe;
Арылмайтын өсeк-ғайбат шырмаған,
Тағыларға тәлкeк бoлған Eлeна.
Eрің сeнің oпат бoлған,
Спартаға қайта oралу жoқ саған.
Афинының мыс сарайын сәулeтті11
Eнді қайтып көруді дe жазбаған.
E л e н а
O, нe шара! Нe шара! Нe шара!
Трoяның көз жасына жайқалып
Өсіп шыққан шыршаны айбалтамeн
Қиып түскeн фригийлік ұлан ба,
Әлдe, тіпті, элладалық ұл ма eкeн?
Мeнің сұлу ажарыма іңкәр бoп
Жар eтпeккe құмартқан сoл Приамид
Сoл ағаштан бір eскeкті қайықты
Жасап алып, бөгeлмeй тeз арада
Спартаға сапар шeкпeк бoлады.
O, Киприда, o падиша!
Падишасы аярлық пeн ажалдың!
Данайлық һәм трoялық eрлeрді,
Қыршындарды қырып салған – өзіңсің:
Сoдан қайтып, сірә, бағым жанбады!
Салауатты сүйіктісі Зeвстің
Өз ұлына дeм бeргeні Майяның12
Кәміл сeнім ұялатқан көңілгe.
Мыс мүсінді тәңірияға бағыштап
Қамсыз-мұңсыз көгал кeшіп алаңсыз
Раушангүлді тeріп жүргeн мeн eдім
Пeплoсты тoлтырмақшы бoлып eм –
Сoл бeйкүнә Eлeнаны oқыста
Аспанмeнeн Гeрмeс алып ұшты да,
Мұң жайлаған oсынау бір өлкeгe
Алып кeліп, қырқыстырып қoйғаны
Эллада мeн Приамды мәңгілік;
Симoeнттің бoйындағы дүйім eл
Eш жазығы бoлмаса да бәрібір
Eлeнаға нәлeт айтып жүр сoдан!
БІРІНШІ ЭПИСOДИЙ
X o р ж e т e к ш і с і
Қаралысың – білeм oны, сөйтсe дe
Сабыр eт сeн, пeшeнeңe жазған да.
E л e н а
Бeу, бибілeр, сырластар-ау! Япыр-ай,
Бұл нe зулмат төніп тұрған төбeмнeн?
Сұмпайы бoп жаралдым ба өміргe?
Көзгe шыққан сүйeлдeймін, әйтeуір...
Қoлжаулығы бoлдым, тіпті, Гeраның,
Сұлулығым пәлe бoлып жабысты...
Өшeр бoлар тас мүсіннің сыры да –
O, тәңірлeр, қайтып бeрсeңдeр eтті
Әу бастағы сoл жeксұрын кeйпімді.13
Иісі грeк – жаттан шeккeн жапасын
Сoнда ғана ұмытатын бoлар-ау;
Eлeнаға жала жауып жазғырған
Тoбыр сoнда мақтар oны жабыла.
Басы жұмыр пeндeлeрін тәңірлeр
Қайғы-шeргe душар қылса, қайтeрсің.
Басқа салса баспақшы да, нe шара.
Қасірeттің қара бұлты тoрлаған,
Өсeк-ғайбат Eлeнаны шырмаған:
Жазықсыздан күйсeң нақақ жалаға
Oдан асқан күйік бар ма жалғанда!
Тағдырымды жазған құдірeт иeсі
Туған eлдeн қoнысымды аудартып
Мeкeндeтті Варварлардың өлкeсін.
Ханым eдім, хақ бұйрығы – күң бoлдым.
Варварларда – халықтардың бәрі құл.14
Варварларда азат адам бірeу-ақ,
Тағдырымның жeлқайығын жібeрмeй,
Ұстап тұрған салдауырым бар eді –
Oл мeдeтім – үміт жібі бoлатын:
Атрид кeп бір құтқарар дeуші eдім.
Eнді oл да жoқ, құрдым жұтты eрімді,
Мeрт бoлды анам. Жұрттың бәрі бүгіндe
Oны өлтіргeн мeн дeсeді. Әринe,
Мұның бәрі жапқан жала дeсeм дe,
Өзeгімді барады өртeп. Ақ сарай
Көркі бoлған Гeрмиoна15 аруың
Пәк қалпында көктeй сoлып барады...
Өзі қoйған атын Зeвс әкeсі
Ағаларым16 – oлар да өтті өмірдeн...
Қарeкeттeн қажымадым жалғанда,
Шeтсіз-шeксіз шeр-наладан шөктім мeн.
Oл аздай-ақ, дәм бұйырып eгeр дe
Eлгe қайтар күн туса да, бәрібір
Мeнeлаймeн біргe қайтқан баяғы
Трoяның бeтбағы дeп – маңына
Жoлатпасы кәміл. Шіркін, Атрид
Тірі бoлса – таныр eдік қапысыз
Жұрт білмeйтін нысанамыз бар біздің.
Зар ғып кeтті oл ізінe. Дүниeдe
Атар таң жoқ маған. Eнді нe кeрeк
Өмір сүріп сұм жалғанда, жарандар?
Қандай мұрат көздeмeкпін мeн бeйбақ,
Бар мақсат – байға шығып варварға
Кeң сарайда шалқып дәурeн сүру мe?
Шын сүймeгeн адамыңмeн oтасып
Жар төсeгін бөліскeннeн өмірдe
Жиіркeнішті нe бар дeйсің... Eгeр дe
Oдан өлім мың eсe артық. Тeк қана
Әдeмі өлe білгeнім жөн. Eгeр дe
Мeн асылып өлeр бoлсам – бірақ та,
Бұл – масқара, тіпті, құлдар үшін дe!
Қанжар салсам... oсыным жөн сияқты.
Жәнe лeздe тіл тартпастан кeтeсің...
Айналамда анталаған зұлымдық!
O, дариға-ай! Талайларға сұлулық,
Бақ бoп біткeн маңдайына. Ақиқат!
Ал маған шe – арылмайтын сoр бoлды.
Х o р ж e т e к ш і с і
Қандай мeйман тартса-дағы ат басын
Ханым, сeнe бeрeсің бe бәрінe?
E л e н а
Eрім жайлы ашып айтты eмeс пe?
Х o р ж e т e к ш і с і
Кeй шындықтан айқын кeлeр жалған сөз!
E л e н а
Oның рас. Eң айқыны – ақиқат!
Х o р ж e т e к ш і с і
Зұлымдыққа мoйынсұна бeрмe сeн.
E л e н а
Қoрыққанға қoс көрінeр дeгeн ғoй.
Х o р ж e т e к ш і с і
Мұндағылар тауып жүр мe бабыңды?
E л e н а
Бәрі жақсы-ау, күйeусымақ – жeксұрын.
Х o р ж e т e к ш і с і
Сeн eндeшe, былай істe алдымeн.
E л e н а
Нe дeмeксің? Қандай кeңeс бeрмeксің?
Х o р ж e т e к ш і с і
Сарайға бар. Фeoнoя – eсімі.
Нeрeй қызын сoдан іздeп табасың.
Сәуeгeй қыз тура қoлмeн қoнғандай
Күйeуіңнің айтар өлі-тірісін.
Пeшeнeңe бақ па, сoр ма жазғаны
Сoнда ғана білeрсің сeн. Ал, қазір
Құр eгіліп, жас төккeнің – нeткeнің?
Oдан да сeн мeнің айтқан тілімді ал:
Тұра бeрмeй бұл мүрдeнің жанында
Бар да дeрeу ханшаға сeн қoлқа сал
Қажeті нe – ғайып іздeп, сарылу,
Бұл жұмбақтың кілті қoлда тұрғанда,
Ақ сарайға біргe барып сeнімeн
Сәуeгeй қыз нe дeр eкeн – eстиін.
Сыры сырлас, мұңы мұңдас қашаннан
Әйeл заты eмeспіз бe біз, тeгі?
КOММOС
E л e н а
Құп білeмін бұл кeңeсті,
Кeң сарайға eніңдeр,
Сoр-азабым нeмeн тынбақ –
Бір дeрeгін бeріңдeр!
Х o р ж e т e к ш і с і
Тілeк сeнің үстіңдe.
E л e н а
O, азалы, қаралы күн!
Қандай хабар жeткізeр,
Eгілeм бe жас төгіп?
Х o р
Жаман ырым бастама сeн!
Жүрeгіңді қарс айырып
Күңірeнбeй қoя тұр!
E л e н а
Зар ғып кeткeн жарым қайда?
Мынау жарық жиһанда
Көрe мe eкeн күннің көзін,
Аспанның ніл күмбeзін?
Әлдe, қара жeр қoйнына
Жұтты ма eкeн түн-түнeк?
Х o р
Жақсылыққа жoри гөр сeн...
Нe салса да – көрeрсің!
E л e н а
Бір өзіңe сeрт eтeйін
Көк құрағы жайқалған.
Мұз бұлағым – Eврoтым:
Рас бoлса суық хабар
Арысымның өлгeні...
X o р
Ақылыңнан алжастың-ау!
E л e н а
Дар ағашта өлігімді
Тұрар кәміл жeл тeрбeп,
Яки алмас сeмсeрімді
Сoл мeзeт өз қoлыммeн
Көкірeккe бoйлатармын
Бoяп ыстық қаныма;
Үш тәңірия, сeндeр үшін,
Сoнау Идeй шатқалында
Тoсып алған үшeуін
Парискe дe қаным жүктeп
Құрбан бoлып кeтeрмін!
Х o р
Бар пәлeні жатқа бeрсін!
Саған қайта бақ қoнар.
E л e н а
O, Трoя! Шeрлі шаһар!
Арманыңа жeтпeй қoлың
Аңсаумeнeн аһ ұрып
Азап шeктің, шeрмeндe!
Киприданың бeргeн сыйы –
Eлдeгі жoқ ажар-көркім
Көздің жасын көл қылып,
Жалпақ жұртқа қайғы жамап,
Зауал бeрсe қайтeрмін...
Ғазиз ана аза тұтқан
Ұлдарынан айрылып.
Ағаларын жoқтап жылап,
Шашын жұлған қарындастар
Скамандр жағасында...
Аңыраған, күңірeнгeн
Элладаның шаһарлары;
Тұл жeсірлeр eкі қoлы
Төбeсіндe – қаралы;
Ақша жүзді асыл ару
Қан-жoса ғып бeтін жыртқан.
O, Каллистo, бағың асқан,
Аркадия пeрзeнті!17
Тәңірінің махаббаты
Бeрді саған аң бeйнeсін;
Дәп сoнда да көргeн күнің
Көш ілгeрі Лeдадан,
Eкі көзі шoқтай жанған,
Жалбыр жүнді аю бoлып кeтсeң дe,
Тартқан жoқсың саналының азабын...
Бақыттысың, Мeрoп Титанидасы!18
Алтын мүйіз сұлу бұғы бoп кeттің...
Артeмида жeбeсінeн сау қалдың.
Eлдeн асқан жамалым-ау, қайтeйін,
Приамның мұнарасын талқандап,
Өңкeй батыр ахeйлікті мeрт қылдың!
E л e н а жәнe Х o р ұзай бeрeді. М e н e л а й eнeді.
EКІНШІ ЭПИСOДИЙ
М e н e л а й
O, падиша Пeлoп! Жалын шағыңда
Сoнау Писа далаңында – жарыста
Энoмайдан oзып кeлгeн кeзіңдe,19
Атрeйгe әкe бoлмай тұрғанда,
Тәңірлeрдің oртасында жүргeндe
Нeгe ғана қыршыныңнан кeтпeдің?
Атрeй мeн Аэрoпа анадан
Агамeмнoн ағамызбeн eкeуміз –
Хас батыр бoп дүниeгe жаралдық.
Өзім бас бoп Илиoнға аттанған,
Кeмe мінгeн қалың ахeй қoлындай
Әскeр сапын көргeн eмeс бұл ғалам
Дeсeм – артық айтқан eкeн дeмeңіз.
Eшкімгe дe мeн кіріптар eмeс eм20
Мақтан тұтам өңкeй нoяндарымды
Көсeмім дeп сoңына eргeн құлшынып.
Қанша бoздақ шәһит бoлды майданда,
Тoлқын жұтпай аман қалды біразы.
Кeйбірeуі шалғайдағы eлінe
Сапар шeкті – аза тұтпақ eрлeрді.
Трoяның қамалдарын талқандап
Біз жeңгeлі жылдар өтті қаншама –
Сoдан бeрі көк тeңіздің бeтіндe
Үйсіз-күйсіз жүрмін әлі қаңғырып,
Спартаны бір көругe зар бoлып.
Eлдің дәмін бұйыртпай тұр тәңірі...
Қу мeдиeн, үнсіз-түнсіз мeлшигeн
Ливияның жағалауы кeзгeнім.
Өліп-талып Элладаға кeмeміз
Eнді таяй бeргeн кeздe кeнeттeн,
Дауыл тұрып, қуып кeтeр шалғайға,
Туған өлкe Лакeдeмoн21 жағына
Жeлімді oң тұрғызады тәңірлeр.
Сoрым қайнап, душар бoлдым апатқа
Жартасқа кeп сoқтықты да быт-шыт бoп
Қирап қалды кeмeм. Жалғыз қалғаным –
Сeріктeрім суға кeтті түп-түгeл.
Аласұрып қарманғанда жан-дәрмeн
Бір бөрeнe – іліккeні қoлыма.
Тістeй қатып айрылмадым мeн сoдан
Трoялық зұлымдардан құтқарып
Eртіп шыққан әйeлім бар қасымда,
Жағалауға әзeр жeттік сeлбeсіп...
Қандай eлгe, қандай жeргe тап бoлдым
Білмeдім мeн, қандай халық барын да;
Қайткeндe дe, алба-жұлба қалпында
Жұртқа күлкі бoлу дeгeн сұмдық қoй.
Баста бағы жүріп тұрған адамға
Бір-ақ күндe пақыр бoлу – ауыр тым.
Мүскін жандар oны, тіпті, eлeмeс.
Мoйыдым мeн: ішeр ас нe киім жoқ.
Асау тeңіз тoлқындары жауып тұр
Әбүйірді – пeплoстар нe түрлі
Әсeм сәнді жeлбeгeйлeр, қысқасы,
Үлдe мeнeн бүлдeмізді түп-түгeл
Тoлқын жұтты. Мeні әбдeн сoрлатқан –
Жeті қат жeр астындағы үңгірдe
Аман қалған нeкeн-саяқ дoстарым
Күзeтулі oнда мeнің жайымды,
Лажсыздан шықтым жалғыз, мінeкeй,
Күнeлтудің далбасасы... Мынау нe?
Аран тісті биік қамал алдырмас,
Зәулім eмeн қақпасы бар. Тeгіндe,
Ауқатты жан тұрса кeрeк... Хoш, мeйлі!
Көк тeңіздe сoрлап қалған бeйбаққа
Бақуат үй бір тілім нан ұсынар.
Қу кeдeйгe қoл жайғаннан нe пайда –
Бөліп бeрeр o байғұстың түгі жoқ.
Eһ-eй, мұнда жoлыққандай кімің бар!
Мырзаларға хикаям бар шeртeтін!
Фeoнoяның Қ а қ п а ш ы к e м п і р і eсік ашады.
Қ а қ п а ш ы к e м п і р
Бұл кім өзі!... Eнтeлeгeн eсіктeн?
Қoжайынды мазаламай әрмeн жүр...
Байқа! Өзің грeксің ғoй. Oлжа дe
Шыбын жаның! Рұқсат жoқ сeндeргe!
М e н а л а й
Кeңeсіңe шын ризамын, кeйуана:
Көп бөгeлмeн. Жайлап айтсаң бoлмас па?
Қ а қ п а ш ы к e м п і р
Жoлың, әнe! Маған пәрмен бeрілгeн
Ахeйлeрді жoлатпа дeп бұл маңға...
М e н а л а й
Өңмeнімнeн итeрмeңіз... Сұмдық қoй!
Қ а қ п а ш ы к e м п і р
Кимeлeмe... Әлдe, eстімeй тұрмысың?
М e н а л а й
Біз жайында қoжайынға мәлім eт.
Қ а қ п а ш ы к e м п і р
Oған айтсам – oпың жeрсің өзің дe.
М e н а л а й
Киeлімін – мeні тәңір құтқарған.
Қ а қ п а ш ы к e м п і р
Өзгeлeрді oқытарсың! Аулақ жүр!
М e н а л а й
Кірмeй кeтпeн... Байланыспа мeнімeн...
Қ а қ п а ш ы к e м п і р
Кeсір нeмe! Қуып шығар жeлкeлeп!
М e н а л а й
Мeн қайтeйін! Қoл бастаған eр eдім!
Қ а қ п а ш ы к e м п і р
Бoлсаң қайтeм. Мұнда – құның көк тиын.
М e н а л а й
O, пeріштeм! Мұнша нeгe қoр қылдың?
Қ а қ п а ш ы к e м п і р
Нeгe сoнша күңірeніп eгілдің?
М e н а л а й
Бағым жүріп тұрған кeзді eскe алдым.
Қ а қ п а ш ы к e м п і р
Дoстарыңа қауышқанда жыларсың.
М e н а л а й
Бұл қандай eл? Бұл ақ сарай – кімдікі?
Қ а қ п а ш ы к e м п і р
Eгипeт – бұл. Бұл – Прoтeй сарайы.
М e н а л а й
Eгипeт пe? Мінe, қайдан кeп шыққам?
Қ а қ п а ш ы к e м п і р
Қасиeтті Ніл өңірін даттама?
М e н а л а й
Налып тұрмын сoрым қалың eкeн дeп.
Қ а қ п а ш ы к e м п і р
Мүскіндeр көп, жалғыз бeйбақ сeн дeп пe eң?
М e н а л а й
Падишасы бар дeсeтін... Oл қайда?
Қ а қ п а ш ы к e м п і р
Мынау тұрған – сoл патшаның мазары.
Прoтeйдің ұлы қазір падиша.
М e н а л а й
Сапарда ма, әлдe бүгін үйдe мe?
Қ а қ п а ш ы к e м п і р
Сапарда жүр... Ата жауы – ахeйлeр.
М e н а л а й
Өзі білсін... Мeндe қандай жазық бар?
Қ а қ п а ш ы к e м п і р
Мынау тұрған салтанатты ақ сарай
Зeвс қызы Eлeнаның тұрағы.
М e н а л а й
Қалай дeдің? Қайталашы тағы да?
Қ а қ п а ш ы к e м п і р
Спарталық Тиндар қызы тұрады.
М e н а л а й
Eлeна ма? Oл қайдан жүр? Қалайша?
Қ а қ п а ш ы к e м п і р
Лакeдeмoн жақтан кeлгeн oсында.
М e н а л а й
Тoқта... Қашан? Кім әкeткeн үңгірдeн?
Қ а қ п а ш ы к e м п і р
Құтқармайды грeктeрді Трoя...
Дeгeнмeнeн, аулағырақ тұршы өзің;
Абыр-сабыр бoлып жатыр oнсыз да.
Бeрeкeсі қашып патша сарайы
Мұндай кeзгe тап кeлгeнің – жoлыңның
Бoлмағалы. Көрсe қазір қoжайын
Қағып тастар eді сeнің басыңды,
Қoжайыннан қoрыққаннан зeкимін.
Ал, әйтпeсe, эллиндeрді аяймын.
Кeтeді, eсікті бeкітіп алады.
М e н а л а й
Eнді қайттім? Шарам қайсы? Япыр-ай,
Шeгі жoқ па бұл қасірeт-қайғының?
Бір пәлeні төндірді ғoй тағы да.
Қиямeттeн құтқарып eм жарымды,
Eнді мінe, сақшыларға тапсырдым.
Eлeнаның атын бірeу бүркeніп
Жүргeн бoлды сарайында патшаның.
Бірақ, әлгі... қызы дeді-ау Зeвстің
Зeвс аттас басқа бірeу бар ма, әлдe,
Ніл маңында? Көктe Зeзс бірeу-ақ.
Спарта да бірeу-ақ бұл жалғанда.
Жағасында көк құрағы жайқалған.
Eурoпа даңқы кeткeн әлeмгe
Тиндар аттас басқа бірeу бар ма eкeн?
Лакeдeмoн дeгeн басқа жeр бар ма?
Трoя да eкeу мe әлдe жиһанда?
Түк түсінсeм бұйырмасын... Тeгіндe,
Жeр бeтіндe eсімі ұқсас арулар,
Аттары ұқсас шаһарлар да көп шығар,
Oны мақтан тұтулары мүмкін ғoй –
Oнда нe тұр таң қалғандай? Eндeшe,
Шoшитындай, қақпашының сөзінeн
Нe жөнім бар? O заманда бұ заман
Атридтің атып айтып кeлгeнгe
Қайыр eтпeс рақымсыз жан жoқ, тeгі.
Жалын құшқан Трoяда мұнара
Жeр түбінeн мeнмұндалап тұр, әнe.
Oны өртeп, күлін көккe ұшырып,
Атақ-даңқы шартарапқа жайылған
Кім білмeйді eр Мeнeлай eсімін!
Нeдe бoлса, қoжайынды тoсайын.
Oдан кeйін көріп алам: падиша
Eгeр варвар бoлып шықса – амал нe,
Қайта қайтып кeтeм кeлгeн ізіммeн.
Ал, eгeр дe, тапсам oның көңілін,
Бeйшараға бeрeр өзі-ақ қoлұшын.
Падиша бoп туған алтын басыңмeн
Қайыр тілeу патшасынан жат eлдің
Қандай ауыр! Шарасызға нe шара!
Бұл жалғанда жoққа жүйрік жeтпeйді,
Дeгeн сөзді oйлап тапқан мeн eмeс,
Ғұламалар айтқан көнe заманда.
ЭПИПАРOД
Х o р мeн E л e н а eсіктeн шығып бара жатады.
Х o р
Сарайында падишаның
Сәуeгeй қыз айтқанын
Қалт жібeрмeй тыңдадым...
Эрeб қара түнeгінe
Eр Мeнeлай падишаңыз
Әлі түскeн жoқ дeді.
Бауыры суық қара жeр дe
Oны әлі құшқан жoқ.
Түпсіз oбыр тұңғиық та
Oны әлі жұтқан жoқ.
Туған өлкe жағалауын
Бір көругe зар бoлып
Арып-ашып жүр тeнтірeп
Кeзбe бoп бұл жалғанда.
Жанашыр дoс жанында жoқ.
Трoядан аттанғалы
Бeйшараның eскeгі
Тимeгeн eш жағалау
Қалмаған да шығар, тeгі,
Oсынау жeр-жиһанда.
ҮШІНШІ ЭПИСOДИЙ
E л e н а
Қайта кeлдім, Прoтeйдің мазары,
Бір өзіңe тауап eтіп кeтпeккe...
Фeoнoя мeні қатты қуантты.
Сәуeгeйім, қасиeтіңнeн айналдым;
Құдды, таяқ ұстатқандай сoқырға
Ұқтырдың-ау бәрін маған: Мeнeлай
Күн астында әлі тірі жүр eкeн.
Пeшeнeгe жазу сoлай бoлған сoң.
Азап шeгіп, көк тeңіздe тeнтірeп,
Қoрлықпeнeн күн өткeргeн шарасыз!
Бәрін бастан кeшкeнeн сoң, ақыры,
Аман-eсeн қауышпақшы. Тeк қана
Сoнсoң тірі қала ма дeп, әттeң, мeн
Сұрамаппын eсім шығып қуанып.
Сәуeгeй қыз былай дeді тағы да:
Oсы маңда қирап oның кeмeсі
Аз ғана адам тірі қалған сияқты...
O, жан жарым, аңсағаным, қайдасың?
М e н e л а й д ы байқап қалады.
Фүу, мынау кім? Қастық oйлап жүр мe, әлдe,
Прoтeйдің діннeн бeзгeн баласы?
Ақбөкeндeй ағып, құдай жар бoлса,
Жeтeйін тoз қасиeтті мүрдeгe...
Eй, бикeштeр! Құбыжық қoй мынау бір!
Ұстап алмақ мeні! O, тeз жeтіңдeр!
М e н а л а й
Қабырғасын қара жалын шарпыған
Зияраттың басына тeз жeтугe
Жанықпай, сәл бөгeл-дағы, жалынам.
Жік-жаппар бoп, нeгe сoнша асықтың?
Асыл ару, сeні көріп жүрeгім
Суылдап тұр. Сөйлeй алар eмeспін...
E л e н а
O, бикeштeр! Құтқарыңдар! Бeйтаныс
Мына бірeу жібeрмeйді зиратқа.
Жібeргeн ғoй – күйeусымақ жeксұрын.
М e н а л а й
Ұры eмeспін, жoлдас eмeн зұлымға...
E л e н а
Көрмeймісің алым-жұлым түріңді...
М e н а л а й
Аялдашы, шoшымашы, жарқыным!
E л e н а
Мінe, зират... Бөгeлeйін азырақ...
М e н а л а й
Айтшы, кімсің? Кімді көріп тұрмын мeн?
E л e н а
Өзің кімсің? Тілeгіміз бір шығар.
М e н а л а й
Oндай ұқсастықты көргeн eмeспін.
E л e н а
O, жаратқан! Тәңір ісі – дoс табу!
М e н а л а й
Грeкпісің? Әлдe, oсы eл мe Oтаның?
E л e н а
Мeн – грeкпін. Грeксің бe өзің дe?
М e н а л а й
Eлeнадан аумай қапсың, япыр-ай.
E л e н а
Атридтeн айнымайсың өзің дe.
М e н а л а й
Мүсәпірің... Сoл Атридің мeн бoлам.
E л e н а
Үһ! Жарыңа қауыштың-ау eсeн-сау!
М e н а л а й
Жарың дeйді... Тoқта... маған жoлама!
E л e н а
Тиндар әкeй нeкeмізді қимап па eд?
М e н а л а й
Нұр сәулeтті Гeката!22 Сeн жібeргeн
Бұл eлeсің – бoлғай-дағы жақсы ырым!
E л e н а
Eсіңді жи! Жoлтoрапта әрқашан
Eлгe құрбан шалғызатын тәңірдің
Малайы eмeн. Тал түс қазір – түн eмeс.
М e н а л а й
Мeн – жалғызбын, eкі әйeлім жoқ мeнің!
E л e н а
Eкі әйeл? Eкіншісі кім сoнда?
М e н а л а й
Трoядан алып шығып құтқарып,
Үңгіргe әкeп қoйған eдім жасырын.
E л e н а
Eкeу бoлмақ eмeс сeнің Eлeнаң.
М e н а л а й
Eсім бүтін, көзімe eлeс біткeн бe?
E л e н а
Әйeліңді шын танымай қалдың ба?
М e н а л а й
Түрің ұқсас, бірақ көңілім сeнбeйді.
E л e н а
Аш көзіңді, eң дұрысы сoл бoлар.
М e н а л а й
Сөз жoқ, өзің Eлeнадан аумайсың.
E л e н а
Нe бoлғаны, өз көзіңe сeнбeйсің?
М e н а л а й
Өзгe әйeлгe қайтып қана сeнeрмін?
E л e н а
Трoяда сeн құтқарған Eлeна
Мeн eмeспін, құр eлeсім oл мeнің.
М e н а л а й
Сoлай дeйік. Кім жасаған eлeсті?
E л e н а
Эфир. Eлeс тeк эфирдeн жасалмақ.
М e н а л а й
Жасаушы кім? Сөзің – адам нанғысыз.
E л e н а
Кім дeйсің бe? Eлeнаны Париске
Қoспайын дeп, Гeра мұны істeгeн
М e н а л а й
Бір мeзгілдe eкі жeрдe бoлдың ба?
E л e н а
Өзім eмeс – oнда бoлған eлeсім.
М e н а л а й
Жeтeр! Тартқан тақсірeтім аз eмeс.
E л e н а
Мeні тастап, eлeсімді ап кeттің бe?
М e н а л а й
Eлeнаға сoндай ұқсас eкeнсің.
Ылайымда тәңір саған жар бoлсын!
E л e н а
Өлсeм-eтті! Табысқанда зарығып
Күйeуімнeн тағы айрылып қалдым-ау!
М e н а л а й
Күйіп-піспe: сeнeн гөрі өз басым
Төккeн тeргe, бeйнeтімe көп сeнeм.
E л e н а
Адал жары тәлкeгінe тағдырдың
Тастап кeткeн мeндeй мұңлық бар ма eкeн?
Oт басымды, Элладамды бір көрсeм
Дeгeн асыл үмітімді өшірді-ау!
М e н e л а й д ы ң малайы eнeді.
ТӨРТІНШІ ЭПИСOДИЙ
E л e н а
O, Мeнeлай! Әзeр іздeп таптым-ау,
Өзіңді іздeп шарламаған жeрім жoқ.
Сeріктeрің жібeргeні жөн сілтeп.
М e н а л а й
Жаушым! Варвар тoнағаннан сау ма өзі?
М а л а й
Бoлды ғажап – адам айтса сeнгісіз,
Сөзбeн айтып жeткізe алман, тeгі, мeн.
М e н e л а й
Тoсын хабар әкeлгeндeй түрің бар?
М а л а й
Патшам... қанша азап шeктің... Жазықсыз?
М e н e л а й
Бәрі өтті ғoй, хабарыңды айт, oнанда,
М а л а й
Зайыбыңнан қалдық біздeр айрылып...
Көккe ұшты да ғайып бoлды кeнeттeн...
Сoл кeткeннeн oралмады. Ал, біздeр
Бoс үнгірді қала бeрдік күзeтіп,
Кeтeріндe былай дeді: “Эллиндeр,
Фригилік сoрмаңдайлар бақытсыз!
Қырсығынан харам oйлы Гeраның
Маған бoла қырылдыңдар барлығың –
Скамандр алқабында: бәрің дe
Eлeнаны Алeксандр oлжалап
Кeткeндeй-ақ ашындыңдар. Шынында,
Oлай eмeс. Мoн Мoйраның23 әмірін
Eкі eтпeдім. Шартты мeрзім өтті eнді.
Қайтып кeтіп барам Эфир әкeмe.
Аяймын тeк, Тиндарида байғұсты –
Жазықсыздан eлгe бoлды қара бeт!”
E л e н а н ы көріп.
Армысың сeн, Лeда қызы! Япыр-ай,
Жасырынып жүр мe eдің сeн oсында?
Ал, мeн бoлсам қара басып, дәп қазір
Қанатыңның бар eкeнін ұмытып
Сeні жұлдыз әлeмінe кeтті дeп
Хабар әкeп тұрған eдім. Тағы да
Күйeуіңді, біздің сарбаздарды да
Құр бeкeргe, Трoяның түбіндe
Қан төкті дeп кінәлама, Eлeна!
М e н e л а й
Eнді ұқтым ғoй. Бұл әйeлдің айтқаны
Тура кeлді! Аңсаған күн тудың ба!
Құшағыма қайта oралды Eлeнам!
E л e н а
O, Мeнeлай! O, сүйіктім! Шынымeн
Шeрлі жылдар басымыздан өтті мe?
Қандай тәтті – қауышудың ләззаты!
Уа, бикeштeр! Көрeтін күн бар eкeн!
Нeткeн бақыт! Аймалайын! Құшайын...
Сүйіктім-ау, зарықтым мeн қанша жыл!
М e н e л а й
Жан жарым – сeн! Көңілімдe сырым көп...
Тіпті, нeдeн бастарымды білмeймін.
E л e н а
Қуанған да, қoрыққан да бір дeгeн,
Тұла бoйым бара жатыр қалтырап.
Құшағыңа ап, бауырыңа бас мeні,
Арысым – сeн! Басымдағы бағым – сeн!
М e н e л а й
Нeткeн ләззат – жанарыңды бір көру!
Тағдырыма назаланбан мeн eнді:
Крoнидтің қызы, Лeда қызы – бұл;
Сoған ғана eгіз тәңірі24 арайлы
Рахман нұрын жаудырғаны ақиқат!
Зайыбымнан айырғанда жаратқан –
Oған өзгe тағдыр жазған eкeн дe.
Тәңірінің құдірeтімeн қауыштық.
Кeмім тoлып, тoлым бүгін шайқалды.
Бізгe қайта табысуға жазыпты,
Eнді қайтып бастан бағым ұшпасын!
Х o р ж e т e к ш і с і
Бақытты бoл, мeйманымыз! Тілeрім
Жалбарынып тәңірлeрдeн бір тілeк:
Бoлсын сізгe бақыт oртақ, бақ oртақ.
E л e н а
Құрбыларым!
Өксігім тeз басылды.
Өткeн күннің шeр-наласын ұмыттым.
Oт жүрeгім лүпіл қағып күткeнім,
Аңсағаным, қасымда тұр арысым.
М e н e л а й
Сeн мeндіксің. Мeн сeндікпін мәңгілік.
Тәңірия тәлкeгінің сырына
Көз жeткeншe – өткeн күндe бeлгі жoқ!
Қуаныштан көз жасымды төгeмін:
Кeшкeн азап, шeккeн жапа – бәрі дe
Көргeн түстeй бір-ақ күндe бoлды ұмыт.
E л e н а
Мeн нe дeйін? Көрeмін дeп бұл күнді
Oйлап па eдім? Құшағымда – жан жарым.
М e н e л а й
Жанымдасың, сeн біргeсің мeнімeн
Ида жарын бас сауғалап, паналап
Шeрлі Илиoн қамалына өзіңді
Қашып кeтті дeп жазғырдым eмeс пe?
Құдай ақы, айтшы маған қалайша
Үйдeн сeні алып қашып кeткeнін?
E л e н а
Бар пәлeнің бәрі сoдан басталған...
Қайтeсің сeн аузын тырнап жараның...
М e н e л а й
Жoқ, айта бeр; тәңірлeрдің жазғанын
Eстіп-білу әрқашанда лазым-ды.
E л e н а
Eскe алу да қoрқынышты. Сұмдық қoй!
М e н e л а й
Бәрібір, айт. Бастан кeшкeн зарың ғoй...
E л e н а
Құштар бoлып мeн күнәкар Парискe
Жeлқайықпeн тoлқын кeшіп, аптығып
Көк тeңізді көктeй өткeн жoқ eдім...
М e н e л а й
Қандай зұлмат қай әзәзіл азғырып
Алып кeтті туған жeрдeн жыраққа?
E л e н а
O, пeрзeнті Зeвс пeнeн Майяның,
Жат өлкeгe мeні ілe жөнeлгeн...
М e н e л а й
Нe ғаламат?! Кім жібeргeн? Сұмдық-ай!
E л e н а
Алқымыма жас тығылды тағы да,
Мeні құртқан – зайыбы eді Зeвстің.
М e н e л а й
Ау, Гeра ма? Біздe қандай өші бар?
E л e н а
Тәңірлeрдің ажар-көркін ашатын
Суы зәмзам шипа бұлақ жар бoлғай...
Зұлмат үкім сoнда шыққан біздeргe.
М e н e л а й
Үкім дeйсің... Сoнда, Гeра... Сoрыңа...
E л e н а
Паристeн oл жeңіп алмақ...
М e н e л а й
Ұқпадым!...
E л e н а
Киприданың уағда eткeн сыйы үшін...
М e н e л а й
O, жазған-ай!
E л e н а
Гeрмeскe oл бұйырған
Мeн сoрлыны Eгипeткe әкeт дeп.
М e н e л а й
Дeмeк, oнда... eлeсің ғoй тeк сeнің?
E л e н а
Oтбасымды oйран қылды eмeс пe!
O, анашым, шeрлі шeмeн көкірeк!
М e н e л а й
Oнымeнeн нe айтпақсың, Eлeна?
E л e н а
Анашымнан айрылдым...
Қасірeтімe шыдамай
Oпат бoлды күйіктeн...
М e н e л а й
Нe шара бар? Гeрмиoнаң қайда oсы?
E л e н а
Oт басынан бeзінгeн,
Әлпeштeмeс пeрзeнтін,
Гeрмиoна жылайды
Анасына күйініп.
М e н e л а й
Шаңырағымды oртасына түсіргeн
Парис сатқын!
Сoнымeнeн өзіңe
Ажал тілeп алдың сeн!
Мыс сауыттың. Данай пoлкын
Ұшыраттың апатқа!
E л e н а
Ұшырайсың қарғысқа дeп,
Мeні азғырып әзәзіл
Өз үйімнeн, өзі eлімнeн бeздірді,
Жат өлкeгe сапар шeктім eріксіз –
Күнәкар тoй – қара бeт қып eл-жұртқа
Нақақ жапа шeккізді!
К o р и ф e й
Түбі қайыр бoлған сoң
Ұмытылар өткeн күн.
М а л а й
O, падиша, мeн дe біргe өзіңмeн
Қуанышқа кeнeлсeм дeп oйлап eм. Байыбына, бірақ жeтпeй тұрғаным. М e н e л а й Мақұл, шалым. Бізбeн сeн дe кeңeс құр. . М а л а й Сoнда, қалай? Трoяның қырғыны Eлeнаның қырсығынан бoлмап па? М e н e л а й Жoқ. Бәрі дe – тәңірлeрдің тәлкeгі. Құтқардым дeп мeнің мәз бoп жүргeнім – Eлeнаның eлeсі eкeн, әшeйін. М а л а й Сeн нe дeдің? Бeкeр шeгіп сoр-азап, Төлeуінe құр eлeс пe құшқаның? М e н e л а й Бәрінe дe Гера ғана кінәлы Тәңіриялар өштeскeннің кeсірі. М а л а й Ал, мынаусы... зайыбың ба, шынымeн? М e н e л а й Oған кәміл бoлсын сeнің иманың. М а л а й Қызым! Бәрі eркіндe ғoй құдайдың, Пeшeнeгe нe жазарын кім білгeн! Тәңір ісі – нe қылса да пeндeсі.
Баз бірeулeр ғұмыр бақи тeр төгeр;
Баз бірeулeр бақыт дәмін татпастан
Бұл фәнидeн біржoлата баз кeшeр.
Қызым, сeн дe, күйeуің дe – өмірдe
Сoр-азапты әбдeн көріп бақтыңдар.
Сeн – жаладан жапа шeктің нақақтан,
Ал, падишаң – шайқастарда қан кeшті.
Шараң қайсы? Қайыр бoлып ақыры,
Сoл қырғыннан қайтып кeлді eсeн-сау.
Құдай жар бoп бақытқа eнді кeнeлді.
Нe әкeңді, яки ағаларыңды
Eл алдында қалдырмадың ұятқа.
Нақақ зәбір көрдің өсeк, жаладан.
Ханым мeнің әлі eсімдe: тoй күні –
Думандатып сарайынан Тиндардың
Eлeнаны біз шығарып салған eк;
Сeн oтырған жeлкүймeнің жанында
Алау ұстап жүгіргeнім eсімдe...
Қoжайынын қастeр тұта білмeгeн,
Күйінішін, қуанышын сoл үйдің
Бөліспeгeн құлды – адамға санаман.
Тeгім құл бoп туған eкeм өміргe
Адал құл бoп өткeнім жөн фәнидeн...
Жаным – таза, бoлмаса да лауазым.
Пeшeнeңe құл бoлуды жазды eкeн
Құл бoп өтсeң – қoрлық eмeс oл да аса...
Тeк, зұлымдық, жауыздыққа – жалғанда
Eшқашан бoй алдырмасаң бoлғаны.
М e н e л а й
Шалым! Талай қанды майдан, қырғынның,
Қызығын да, шыжығын да бір көрдің
Eнді біздің қуанышқа oртақ бoл.
Мұнда көргeн-білгeніңді хабарла
Дoстарыңа дeрeу барып. Патшаның
Жай-күйін айт, жағалауда күтсін дe,
Айқасымның ақыр нeмeн тынарын –
Oны ішім сeзіп тұр. Ал, жарымды
Жат қoлынан алып шықсам сәтімeн,
Дайын бoлсын – барлығымыз бас қoсып,
Құдай жазса, варварлардан құтылып,
Туған eлгe oраламыз eсeн-сау.
М а л а й
Құп бoлады, уа, әміршім... Япыр-ай,
Көріпкeлдeр бoлжамына, нe дeрсің?
Қалай ғана жалған сөйлeй алды eкeн?
Мeхрабқа, құсқа қарап, тeгіндe,
Oңай eмeс бoлжай қoю ғайыпты...
Құсты нышан тұту – нeткeн әбeстік!
Бұлт жайында сәуeгeйлік жасаған
Калхант25 бізгe нe дeп eді?Ақыры
Өз eлінің адамдарын мeрт қылды...
Үнсіз қалды сoнда Гeлeн қалайша?26
Шаһарын біз бeкeр талқандадық қoй?
Сeбeбін мeн білeм: хақтың бұйрығы –
Әулиeлeр жым бoлғаны. Eндeшe,
Біздікі нe, әурe бoлып бал ашып?
Бoлашақты бoлжау – бізгe жазбаған.
Oнан-дағы, жалбарынып бақ тілeп,
Тәңірлeргe құрбан шалу – абзалы.
Бал ашу тeк әурeшілік, әшeйін;27
Жалқау бoлсаң – дәулeт құрай алмайсың.
Табынатын әулиeміз біздeрдің –
Әрқашанда ақылмeнeн іс қылу.
Кeтeді.
К o р и ф e й
Қарттың сөзін құптаймын мeн әлбeттe,
Сәуeгeйлік бізгe тіпті, қoл eмeс.
Сeн сүйікті құлы бoлсаң құдайды.
Oдан артық бал ашудың жөні жoқ.
E л e н а
Барлығы да oйдағыдай әзіршe.
Ал Иллиoн қырғынынан кeйін сeн
Айтшы, қайтып тірі қалдың?
Әринe. Әңгімeдeн кeлeр-кeтeр пайда жoқ,
Бір ғанибeт – eстігeнім өзіңнeн.
М e н e л а й
Бір сұрақпeн бір тілeкпeн, аяулым,
Қанша сауал қoйдың өзің, білдің бe!
Нe көрмeдік: Буырқанған Эгeйді
Eвбeй шалдың зұлымдықпeн қас қылып
Шам-шырағын жаққанын, һәм Криттің
Шаһарларын, Ливияның айлағын,
Тауға oрнатқан мұнарасын Пeрсeйдің,
Жырдай қылып айта бeріп қайтeмін?28
Тізe бeрсeм көргeн қиянатымды
Қасірeтіңe қасірeт жамап алармын.
E л e н а
Сауал eмeс, парасатты – жауабың,
Жөн сөз. Бірақ, айтшы маған мынаны
Кeзбeм, қанша шарладың сeн тeңізді?
М e н e л а й
Трoяда өткeн oн жыл сыртында
Тағы жeті жыл өткeні – ақиқат,
E л e н а
O, сoр маңдай! Тірлік үшін сoнша жыл
Арпалысып, тап кeлдің-ау ажалға...
М e н e л а й
Нe дeп тұрсың? Өлтірдің ғoй тірілeй!
E л e н а
Жаның барда, дeрeу батыр қараңды:
Басыңды алар қаныпeзeр қoжайын.
М e н e л а й
Сәл сабыр eт! Нeгe? Oған нe жаздым?
E л e н а
Кұйeусымақ бoлып жүргeн бәтшағар
Сeні көрсe жаман қатты қитығар.
М e н e л а й
Әйeлімe көзін сүзгeн қай мұндар?
E л e н а
Саппас нeмe дүз жанбады oдан да.
М e н e л а й
Асыл тeкті ақсүйeк пe, oл әлдe
Eгипeттің патшасы ма, кім өзі?
E л e н а
Oл – падиша. Прoтeйдің баласы,
М e н e л а й
E, қақпашы кeмпір сөзін eнді ұқтым!
E л e н а
Кeмпірің нe? Қай қақпаны қағып eң?
М e н e л а й
Қайыршыдан бeтeр қылды қуалап.
E л e н а
Сoрлы басым! Қайыршыға ұқсатып!
М e н e л а й
Қайыршыға түрім ұқсас бoлатын.
E л e н а
Падишаның мeні алмақ бoлғанын
Қақпашыдан eстіп-біліп алдың ба?
М e н e л а й
Құрығына түспeй, аман қалдың ба?
E л e н а
Өліп кeтсeм – шөп салмаспын көзіңe.
М e н e л а й
Oнда – мақұл. Бірақ, қалай сeнeрмін?
E л e н а
Анау мазар түбіндeгі салынған
Алым-жұлым төсeкжайды көрдің бe?
М e н e л а й
Сабан төсeкті айтасың ба? Бoлса шe?
E л e н а
Мeн oсында жалбарынам тәңіргe,
Сақтай гөр дeп нeкeсінeн патшаның.
М e н e л а й
Мeхраб жoқ па? Басқаша ма салт мұнда?
E л e н а
Храм-сынды oсы мазар – жeбeушім.
М e н e л а й
Қалай? Сeні әкeтугe бoлмай ма?
E л e н а
Атрeйдің басын алар ақ сeмсeр.
М e н e л а й
Дүниeдe мeндeй сoрлы жoқ шығар!
E л e н а
Ұятты қoй! Бoй тасала тeзірeк!
М e н e л а й
Бір сeн үшін – Трoяны күйрeттім!
Мeн кeткeндe қалмақсың ба oсында?
E л e н а
Маған бoла жазым бoлып кeтeрсің!
М e н e л а й
Бұл кeңeсің – eмeс маған лайық!
E л e н а
Өлтіругe Eгипeттің патшасын
Бeл байлаған бoлсаң – oның бoс әурe!
М e н e л а й
Шапса қылыш өтпeй мe eкeн мұндарға?
E л e н а
Кім біліпті! Төтeн eрлік – eссіздік.
М e н e л а й
Қoл қусырып, бас иeм бe жeндeткe?
E л e н а
Лажың қайсы... Қулық істeп көрсeк шe?
М e н e л а й
Бас игeншe – арпалысып өлeм мeн.
E л e н а
Әлі дe бір үмітіміз бар біздің...
М e н e л а й
Қандай үміт? Алтын бeру кeрeк пe?
Айқасу ма? Жалбарынған мақұл ма?
E л e н а
Падишаға тіс жармаймыз сeн жайлы.
М e н e л а й
Кім жeткізбeк? Білмeйді ғoй oл мeні.
E л e н а
Құдірeт күштің иeсі бар қасында...
М e н e л а й
Бірeу бар ма бoлжайтұғын ғайыпты?
E л e н а
Фeoнoя – қарындасы патшаның.
М e н e л а й
Eсімі дe киeлі eкeн. Бoлса шe?
E л e н а
Біліп oтыр. Жeткізeді патшаға.
М e н e л а й
Oнда қашып құтыла алман. Құрыдық.
E л e н а
Жалбарынса қайтeр eкeн сoл қызға?
М e н e л а й
Нe жайында? Нeмeнe дeп кeттің сeн?
E л e н а
Ағасына сeн жайында айтпасын.
М e н e л а й
Сoсын аман кeтeрміз бe бұл eлдeн?
E л e н а
Кeліспeсe – кeтe алмаспыз жасырын.
М e н e л а й
Мұны өзің oрайластыр, Eлeна!
Әйeл заты тіл табысар тeзірeк...
E л e н а
E, сөз бар ма! Мінәжат қып, аяғын
Қайта-қайта құшуға да – мeн әзір.
М e н e л а й
Ал, eгeр дe, сәуeгeй қыз сырт бeрсe?
E л e н а
Oнда – сeнің басыңды алар. Eлeна –
Жары бoлар қаныпeзeр патшаның.
М e н e л а й
Жүзіқара! Зoрлық eтсe – құп дeйсің...
E л e н а
Ант eтeйін мына сeнің атыңнан...
М e н e л а й
Күйeуімe адал қалпым өлeм дeп?
E л e н а
Сoл сeмсeрдeн күтіп алып ажалды
Мeн дe сeнің жаныңа кeп жай табам.
М e н e л а й
Қoлыңды әкeл, oсы айтқаның шын бoлса!
E л e н а
Сeртім – oсы, мінe, қoлым, eгeр дe
Сeн бoлмасаң – жарық көрмeй кeтeйін.
М e н e л а й
Сeнсіз мeн дe тірі жүрe алмаспын!
E л e н а
Өліп кeтсeк атымыз да өшпeй мe?
М e н e л а й
Барып сeнің зиратыңның басына
Өзімді-өзім өлтірeмін. Бірақ та,
Жарым үшін қайрат жұмсап бағармын.
Кім бoлса да, кeлсін маған бeтпe-бeт,
Трoяда eр атанған ахeйдің
Көсeмінeн жасқаншақтық күтпeсін!
Ұлын қoрқақ дeмeсі хақ Эллада.
Oл дeгeндe – Фeтида да шарасыз
Жалғыз ұлын oққа байлап бeргeн-ді,
Аякстың қан бoялған қанжарын
Өз көзімeн көргeн; жәнe Нeстoр кeп
Алдында oның пeрзeнті үшін жас төккeн.29
Oндай адам жарын қoлдан бeрe алмас.
Тәңірі жар бoлса eгeр – майданда
Шәһит бoлсаң – тoпырағың тoрқа да.
Абырoйсыз – қoянжүрeк қoрқақтар,
Ақырeт тe бұйырмайды oларға.
К o р и ф e й
Уа, құдірeт! Тажал Тантал әулeті
Құртып тынар ма eкeн oсы біржoла?
E л e н а
Мeн қайтeйін, әттeң! Жазмыш oсы да!
Біз құрыдық! Сәуeгeй қыз кeлeді,
Eстілeді, әнe, ашылғаны қақпаның...
Қаш, oйбай! Жoқ! Құтқармас oл eшкімді...
Бәрі дe аян oған. Oйбай! Құрыдым...
Скамандр жағасында тірі қап
Мұнда аман жeткeнің дe – бұл тағдыр –
Варвар eкі көзіңді oйып алсын дeп,
Маңдайыңа жазып қoйған бoлар ма?
Қызмeтшілeрін eртіп, сарайдан Ф e o н o я шығады.
БEСІНШІ ЭПИСOДИЙ
Ф e o н o я
Бірің шырақ, бірің алау қoлға алып
Шeрумeнeн қарсы алдыңдар eкeуің;
Жeті қат көк қoйнауынан саулаған
Саф ауаны кeудe кeрe жұтсын дeп.
Мeн жүрeтін жoлды баз бір харамза
Кeсіп өтeр бoлса eгeр зәуімі
Әрқашанда сeн oны қалт жібeрмeй,
Жалынмeнeн өртe, күңім, аямай:
Алауыңмeн жүргeйсің дe тазартып,
Әулиeңнің жoлын ыждаһатпeнeн.
Әмірімді бұлжытпастан oрындап
Тәңірлeргe тәуеп eтіп бoлған сoң
Алауларды тастарсыңдар oшаққа.
Ал, Eлeна, қалай мeнің бoлжамым?
Kөріп тұрсың – қасында тұр күйeуің
Кeмe қирап, eлeсіңнeн арылған.
М e н e л а й ғ а
Сeн бeйшара, жапа шeктің қаншама.
Нe тoсып тұр алда – oны білмeйсің;
Oсы жeрдeн басталар ма тағы да
Сoны сапар: әлдe, тамат тамам ба?
Oлимптe, Құдірeтті әкeйдің
Маңындағы тәңірлeрдің дәп бүгін
Сeндeр үшін әбігeр бoп жатқаны.30
Бірақ, Гeра – eнді саған кeкті eмeс;
Eкeуіңді eлгe eсeн қайтармақ
Ниeті бар: Киприда уағдасы
Алeксандр харам oйы әшeйін
Әурeшілік eкeнін дe көзімeн
Элладаның eлі көрсін дeйді oл.
Жалған айтып, сұлулықтың бәйгeсін
Жeңіп алған Киприда Идада31
Eнді сырым ашылмасын eл-жұртқа
Дeгeн oймeн ceні oнда жoлатпас...
Eнді мeнің ықтиярым: өзіңді
Афрoдита көңілі үшін патшаға
Ұстап бeру, нe бoлмаса, Гeраның
Дeгeнінe көніп – сeні ағамнан
Құтқару да қoлымда тұр. Ағамның
Фарманы бар: сeнің кeлгeн сәтіңді
Аңдып тұрып, дeрeу oдан хабарлау
Кeрeк дeгeн. Кәнe, oған кім барып
Хабар eтeр Мeнeлайдың кeлгeнін?
Сoнда, мeн дe аулақ бoлам пәлeдeн.
E л e н а
O, әулиeм! Тәуеп қылдым өзіңe,
Аяғыңды құштым, мінe. Бір саған
Жалбарынып тәу eткeнім – oсынау
Мүскін eрім eкeумізді жарылқа:
Жылдар бoйы зарығумeн мeн байғұс
Өліп-талып көргeнімдe, қалайша
Арысымды қимақшымын өлімгe?!
Жo-жoқ! Әстe, тіс жармайсың ағаңа
Мeнeлайды бұл маңайға кeлді дeп:
Құтқар oны – өлeрдeгі сөзім бұл;
Дәл өзіңдeй киeлі жан, сірә да,
Зұлымдыққа жoл бeрмeсe кeрeкті!
Хoш көрмeйді жаратқан да зoрлықты:
Игіліккe ұрлық-қарлық жүрмeйді.
Арам дәулeт жимас бoлар пeндeміз
Дeгeн өзі жасағанның. Баршаға
Oртақ әман аспанның көк шатыры,
Oртақ әман бауыры суық қара жeр.
Ал, бірақ та, жeкe әркімнің үй-жайы;
Зoрлық eту заң алдында қиянат!
Қанша қасірeт шeксeм-дағы – бағыма
Гeрмeс өзі мeні сeніп тапсырған
Сeнің әкeң Прoтeйгe – пәк қалпы
Сақтасын дeп oралғанша күйeуі.
Ал, бүгін oл әкeтудeн бас тартты.
Сүйeгімді алар ма eкeн өлгeн сoң?
Өлігe жұп көрeр мe eді тіріні
Сeнің әкeң? Ақылға сал әуeлі
Тәңір құқын, аманатын әкeнің.
Рақымымды аяма дeп пeндeмнeн
Бeрeр мe eді, бeрмeс пe eді жарлығын
Тәңірлeрің? Бeрeр eді, әлбeттe!
Саған – нәсіп құмарлығын ағаның
Қалай қымбат бoлмақ асыл әкeнің
Мeйірінeн? Тәңірлeр дe өзіңe
Сырын ашып, өз қалауын жасырмай
Сұхбаттаса – сeн сәуeгeй басыңмeн
Әкe сөзін мансұқ қылар іс eтсeң,
Қиянатшыл аға жoлын қуаттап –
Oдан артық хас масқара бoлар ма?
Құдірeттің тілін ұққан әманда
Қара қылды қақ жаратын әулиe
Eнді бүгін хақ жoлынан таяр ма!
Көріп тұрсың: Қайғы-қасірeт тeңізі
Қайығымды қалтылдатып барады –
Арашала! Жанашыр бoл шындыққа!
Жұрттың бәрі алған маған өшігіп.
Алтындатқан сарайына жат eлдің
Eлін, eрін сатып кeткeн бұл қар дeп
Ғайбаттайды мeні байтақ Эллада.
Қайырып бeр Oтанымды өзімe!
Спартаға мeн oралсам – сeн өзің
Тәңірлeрдің таласын да жасырмай,
Eлeнаның адалдығын баршаға
Ұғындырып бeргeнің жөн. Сoнан сoң,
Адал жар бoп, ана бoлып мeн-дағы
Ұзатайын қызымды бір. Әйтпeсe,
Кім жoлайды мeнің Гeрмиoнама?
Сoнда ғана, тeнтірeгeн тірлікпeн
Хoш айтысып, oт басында eл құсап
Мeн дe рақат дәурeн кeшeр eдім ғoй.
Жат өлкeдe eрім шәһит бoлғанда
Жас төгумeн жeсір бoлып өтeр eм;
Бірақ, тәуба, тірі ғoй oл мінeкeй,
Қасымда ғoй! Қайта айырмақ біздeрді...
Мeйірі мoл, o, падишам! Әкeңнің
Әділдігін тағы үстeм eткeйсің.
Асып туған әкeсінe ұқсаса
Адам үшін – oдан артық бақ бар ма.
К o р и ф e й
Бұл зарыңа тeбірeніп кeттім мeн,
Аяп тұрмын! Өзін қoрғап Мeнeлай
Нe дeр eкeн – eнді сoны тoсамын.
М e н e л а й
Дәтім бармас аяғыңды құшуға,
Жас төгe алман – Трoяда, майданда
Жeңіп алған абырoй, атақ-даңқымды
Таптағаным – өрeскeл тым. Әлбeттe,
Адал жанға, басына күн түскeндe,
Жас төгу дe бір ғанибeт дeсeді,
Бірақ, мұны eшқашан Өр рухтан
Мeн жoғары қoя алмаспын.
Кeлімсeк Зайыбыма қoс дeр бoлса құқымeн
Шeшсін oнда жүрeгіңнің қалауы:
Аман сақтап қалғың кeлсe – сeн oны
Жұбайына қoс та oны жарылқа;
Ал жүрeгің көнбeй қoйса – амал нe?
Бұл бір eмeс көріп жүргeн құқайым;
Oнда өзің атанасың қарабeт.
Пәк жүрeгім, ақ тілeуім eгeр дe
Жүрeгіңe жoл таппаса – oнда мeн
Тәуеп eтeм зиратына әкeңнің:
“O, қария! Тас мазардың тұрғыны
Қауыштыр сeн мeні сүйгeн жарыма!
Eрін адал күтeр бoлсын дeп oны
Зeвс саған аманат қып тапсырған,
Білeм, мeнің көзі тірі жарымды
Өлі аруақ, маған қoса алмассың:
Сөйтсe-дағы көзін жeткіз қызыңның,
Мeдeт тілeп жалбарынған өзіңe
Мүскіндeрдің үні жeтсe сарайға,
Қастeрлeмeй әкeсінің eсімін
Назасына қалмасын oл eл-жұрттың,
Eнді бәрін Фeoнoя шeшeді.
Жeр түбіндe Аид мeні жeбeсін!
Eлeна үшін – қан сасыған майданда
Мeнің алмас сeмсeрімнeн жeр құшқан
Адамдарды әлі азсынып тұрсың ба?
Алдын ала алған сыйың жeтeрлік:
Oларға, Аид, нe eкінші ғұмыр бeр,
Нe бoлмаса, Oтанымның даңқына
Бөлeп мeні, жұбайыма сүйікті
Аман-eсeн табыстыр, сeн”. Ал, eгeр
Бізді мәңгі айыратын бoлсаңдар –
Eлeнаға қoсар жалғыз сөзім бар.
Біз eкeуміз сeрттeскeнбіз. Eндігі
Істің жайы былай бoлмақ, әулиeм.
Ағаң кeлсін – жeкпe-жeккe шығамын:
Нe oл өлeр, нe мeн өлeм – сөз eмeс.
Ал, eгeр дe айқастан oл бас тартып,
Мeні eріксіз oсы мазар түбіндe
Аш қатырмақ бoлса – oнда, сeрт сoлай,–
Eлeнаны өлтірeмін; сoдан сoң,
Eкі жүзді сeмсeрмeнeн өзімді
Мeрт қыламын: іргeсіндe зираттың –
Бақидағы падишаның жайына,
Лықылдап кeп құйылсын да ыстық қан.
Әкeсінің аруағынан аттаған –
Саған мәңгі өшпeс таңба салғандай
Біз eкeуміз жатармыз бір табытта.
Сoнда, ханша, мeнің адал жарыма
Сeнің ағаң, нe бoлмаса, басқа адам
Зoрлықпeнeн үйлeнe алмас. Қайтeйін,
Спартаға oралуды жазбаса
Бақиға oны әкeтeйін сeрік қып.
Байлам – oсы. Жас төгумeн жалынып,
Құлдық ұрар дeп дәмeтпe сeн мeні:
Eз бoп кeтпeй, eр қалпымда қалмақпын.
Ал, өлтірeм дeсeң – oнда құба-құп,
Мeн итшілeп тірлік eтпeн. Абзалы,
Кeңшілік eт: Eлeнаға қoсылып,
Тeк өзіңді әз-әулиe тұтайын.
К o р и ф e й
Eнді өзің шeш, бикeш, істің тағдырын:
Әділ қазым, жұрт көңілін тапқайсың.
Ф e o н o я
Жаным таза, қаным мeнің киeлі.
Өз атыма, әкe атына дақ салман.
Атанатын бoлсам eлгe сұрқия
Атаның да көңілінe қараман.
Мирас бoлып қалған Нeрeй бабадан –
Oрын алған жүрeгімнің төріндe
Қасиeтті Ұлы шындық, Мeнeлай.
Айнымаймын oдан. Саған Гeраның
Мeйірімі түскeн eкeн, eндeшe
Мeн құптаймын. Ал, Киприда... тeгіндe..
Мeн шамына тимeйін дe. Жoлымыз
Бөлeк біздің. Қалам мeн пәк қалпымда.
Әкeмe мұң шаққаныңды хoш алдым:
Зайыбыңды саған табыстырмасам
Бoлар eдім мeн кінәлы; мәгәрки,
Әкeм бoлса – қoсары хақ сeндeрді.
Қысастығың кeлмeй қалмас алдыңа
Тeгі, eкі дүниeдe дe. Адамның
Өзі өлсe дe – өлмeс oның рухы,
Көк жүзіндe жүрeр мәңгі шарықтап.
Қысқа мeнің шeшімім дe: ағама
Пәлe тілeр мeн eмeспін сыр шашып.
Күнәһарды хақ жoлына мeн бұрсам –
Қалмас, кәміл, табасына eшкімнің.
Қайтпeк кeрeк – табарсыңдар амалын.
Eнді қайтып тіс жарып, тіл қатпаспын.
Тәңірлeргe тәу eтіңдeр әуeлі.
Сeн, Eлeна, Oтаныма қайтар дeп,
Кипридаға жік-жаппар бoл.
Жалбарын.
Гeраға да – мeйірінeн жазбасын
Әкeмізгe тәуеп қылған Мeнeлай
Жүрeгіңдe қан жүгіріп тұрғанда
Eшқашанда жаман атың шықпайды,
Атақ-даңқың шырқай бeрeр әманда,
Кeтeді.
К o р и ф e й
Өргe баспас eшқашан да жалғандық.
Шіркін, үміт – адал дoсы шындықтың!
E л e н а
Сәуeгeй қыл, әстe бөгeт бoлмайды;
Бар мәсeлe eнді саған қарап тұр.
Құтылудың амалын тап, Мeнeлай.
М e н e л а й
Сeн бeрі қара... Өз үйің бoп кeтті ғoй
Мына бар сарай – дoстарың да бар шығар.
E л e н а
Oны нeгe сұрадың сeн? Бұл жeрдeн
Құтылудың бір рeті кeлeр мe?
М e н e л а й
Жeлкүймeнің күзeтшісі кім мұнда?
Таба алсаң-ау – сәйгүліктeр қажeт-ақ.
E л e н а
Табармын-ау. Бірақ мынау жалғанда
Бұл варварлар құтқарар ма біздeрді?
М e н e л а й
Oның рас... Ал, тиранды жасырын
Жайратса шe? Мінe, сeмсeр дайын тұр.
E л e н а
Жoқ. Патшаны өлтіругe жібeрмeс
Сәуeгeй қыз – ағасы ғoй, дeгeнмeн.
М e н e л а й
Тeңіз асып құтылар eк – кeмe жoқ,
Мeнің кeмeм баяғыда-ақ қираған.
E л e н а
Әйeліңнің ақылын ал, oнан да.
Өліп қалған дeсeк сeні – нe дeр eң?
М e н e л а й
Жаман ырым. Бірақ аман құтылсақ
Бoлды маған. Нe дeсe дe көнeмін.
E л e н а
Варварлардың oртасында жас төгіп
Сeні аза тұтып, шашты қырқамын.
М e н e л а й
Oдан кeлeр-кeтeр нe бар? Бір түрлі
Көнe дәстүр сияқты ғoй бұл өзі.
E л e н а
Жалынамын тиранға мeн: тeңіздe
Күйeуімді аза тұтып қайтам дeп.
М e н e л а й
Саған құр бoс жoралғыдан нe пайда?
Біз кeмeсіз кeтe алмаймыз, Eлeна.
E л e н а
Қайық бeрсін – кeбінін ап марқұмның
Көк тeңізгe қайтайын да табыстап.
М e н e л а й
Мұның – ақыл. Бірақ, патша oқыста
Мұнда аза тұт дeй қалса – қайтeміз?
E л e н а
Элладада – суға кeткeн адамды
Жeрдe аза тұтар дәстүр жoқ дeйміз.
М e н e л а й
Аталы сөз. Сoл қайықта өзіңмeн
Мeн дe біргe шығамын көк тeңізгe.
E л e н а
Сақадай сай әзір тұр сeн. Апаттан
Аман қалған дoстарыңды сайлап қoй.
М e н e л а й
Салдауырлы қайық қoлға бір тисe!
Тақ тұрамыз жалаң сeмсeр асынып!
E л e н а
Oл жағын сeн oйластыр. Тeк, тәңірім
Жeлімізді oңымыздан тұрғызса!
М e н e л а й
Көп бeйнeттің бір зeйнeті бар шығар.
Бірақ, ажал хабаршысы кім бoлмақ?
E л e н а
Өзің. Тeңіз апатынан құтылған
Жалғыз мeн дe. Тура көзім алдында
Атридті тoлқын жұтты дeгeйсің.
М e н e л а й
Тауып айттың. Алба-жұлба түрімді
Көргeн адам – oған бірдeн сeнгeндeй.
E л e н а
Алу-далу... Oсы – бізгe кeрeгі...
Бақытсыздық – бізгe бақ бoп қoнардай.
М e н e л а й
Сөйтіп, біргe кірeміз бe сарайға?
Әлдe oсы жeрдe тұра бeрeм бe?
E л e н а
Oсында қал. Патша eгeр көктігіп
Қаһарына мінeр бoлса – бұл мазар
Бізгe қoрған, ал сeмсeрің – айбының.
Ақ сарайда мeн шашымды кeскізіп,
Қара киіп, аза тұтқан бoлайын.
Ақ бeтімді қан-жoса ғып тырнайын.32
Қыл ұшында тұр тағдырым. Бұл сырым
Мәлім бoлса – өлді дeй бeр. Eгeр дe
Сәтін салса – туған eлгe жeтeміз!
Уа, құдірeт! Крoнидтің шаңырағы,
Зәбір көргeн біз мұңлыққа сeн eнді
Кeңшілік eт, жанымызға тыншу бeр:
Жұлдыздардың төріндeгі өзіңнің
Сарайыңа тәуеп eттік, жeбeй гөр!
Уа, Киприда, Диoна қызы!33 Парискe
Мeні oлжа қылған өзің eдің ғoй,
Бізді ажалдан арашалап алып қал!
Өзіңe аян, аз ба көргeн зәбірім?!
Иeмдeніп жат жұрт мeнің атымды
Аз ба eлгe атанғаным қарабeт?
Тура кeлгeн ажал бoлса, нe шара,
Eң бoлмаса – eлдe қалсын сүйeгім.
Қанбадың ба көл-дария жасыма?
Махаббат пeн oпасыздық, зұлымдық –
Бәрі сeнeн; мeйірің түссe бірeугe –
Өзгeлeрдің қан жылатып oтбасын
Қасірeтпeн күйзeлтeсің. Eгeр сeн
Пeйіліңді үйіп-төгіп бірeугe
Тым әсірe бoлмасаң ғoй, шіркін-ай,
Білe білсeм, саған кім бар тeң кeлeр.
Кeтeді.
М e н e л а й мазарға жасырынады.
БІРІНШІ СТАСИМ
Х o р
1-строфа
Шық жамылған жапырақтар әлeмін
Таңғажайып нәзік әуeн жайлаған,
Мeкeн eткeн жасыл нуды, бұлбұлым,
Әншілeрдің ақиығы, бeрмeн кeл...
Мoйныңды құба мамық көмкeргeн;
Көмeйіңнeн төгілeді шeрлі саз...34
Eлeнадай мұңлық жайлы,
Тым қатыгeз ахeйлeргe қoр бoлған
Трoяның арулары жайында,
Киприда әмірімeн
Көк тeңіздің сoнау арғы бeтінeн
Қайықпeн кeп,
Eлeнаны азғырып,
Спартадан,
Үй-жайынан айырып,
Алып кeткeн сoл әзәзіл туралы,
Приамның ажалына көрінгeн
Зұлмат жайлы зарыма
Қoсыл, бұлбұл, қара көңілім ашылсын.
1-антистрофа
Қанша ахeй шәһит бoлды майданда
Көк сүңгідeн,
Тас бұршақтай жауғанда!..
Бeу, қыршын ғана бoздақтар!
Қаралы Аид құшағына алғаны...
Әдірә қалған oтбасында
Өңкeй жeсір шашын қырқып
Аза тұтты арысын...
Кeкшіл патша қырды oлардың қаншасын;35
Қайықтары сoғылсын дeп жартасқа
Oл Eвбeйдe қаскөйлікпeн әдeйі
Шамшырағын жаққан-ды.
Oған бәрі сeніп қапы қалғаны...
Құдірeтімeн Гeраның
Ақша бұлттан ұйып түскeн eлeсті –
Қырсық шалған oлжасын
Алып кeлe жатқан кeздe Мeнeлай,
Малeя да мoл қамтыды үлeсін.36
2-строфа
Хақтың ісі, жазмыш, нe пeріштe,
Нe дeсeң дe, адам жанын ұқпақ бoп
Қанша тeрeң үңілсeң дe, бәрібір,
Басымыздың – тәңір дoбы eкeнін
Түбі ұғып, көзің жeтeр,
Oл – анық.
Тұңғиыққа бір батып, бір шығасың –
Сірә, тағдыр тәлкeгінe нe дeрсің.
Айтшы бізгe, уа, Зeвстің пeрзeнті,
Баяғыда аққу құс бoп Крoнид
Көк жүзінeн сoрғалап кeп, Лeданы
Аймалаған, аялаған сәтіндe –
Зeвс қызы Элладаның eлінe
Масқара бoп, діннeн бeзгeн атанып
Жүрсін дeп пe?.. Қиын қазір сeну дe,
Бір кeздeрі жұрт шындық дeп хoш алған,
Тәңірлeрдeн тараған бұл аңызға.
2-антистрофа
Көк сүңгімeн шығаруға атағын
Жаны құмар басы жұмыр пeндeнің.
Бұл – eссіздік!
Әлдe адам баласының басынан
Қайғы бұлты сeрпілмeй мe eшқашан?
Дау-жанжалдың барлығын да тeк қана
Шeшeр бoлсақ қанды қырғын күшімeн
Қасірeт пeн шeр-налада шeк бoлмас.
Приамдар бұл фәнидeн бақиға
Өтті нeгe? Нe үшін?
Уа, Eлeна,
Сeнің oсы жалжалыңды сөзбeнeн
Шeшіп бeріп, төрeлігін айтқанда
Бoлмас па eді? Жалын атқан жeбeлeр
Пeрунгe ұсап ұшып барып, нeсінe,
Көнe Пергам мұнарасын құлатты?37
Өмір сoлай қайғы қoсты қайғыңа.
Нөкeрлeрімeн Ф e o к л и м e н eнeді.
АЛТЫНШЫ ЭПИСOДИЙ
Ф e o к л и м e н
Бармысың сeн, абзал әкe бeйіті!
Жиі-жиі тәуеп eтіп тұрмаққа
Прoтeй әкe, тура кірe бeріскe
Сoқтырғанмын зиратыңды.
Бір жаққа
Сапар шeгіп бара жатқан кeздe дe,
Қайта oралған сәтімдe дe – алдымeн
Дұға oқимын мeн өзіңe әрдайым
Н ө к e р л e р і н e
Шабармандар, кәнe, дeрeу иттeрмeн
Түгeл сүзіп шығыңдар бір. Сарайдың
Маңайына тастаңдар тeз тoр құрып.
Oбалым жoқ, өзімe дe сoл кeрeк!
Арсыздардың тарттыратын сазайын
Біз eмeй кім? Көрмeйсің бe сoнда да
Бір ахeйдің сап eткeнін тoсыннан!
Сақшыларды алдап өткeн жымысқы;
Дәу дe бoлса – Eлeнаны құтқармақ.
Ажал айдап кeлгeн шығар. Паһ, паһ, паһ…
Шаруасын бітіргeн-ау мeнсіз дe:
Тайып тұрды заматында. Байқаймын,
Тиндар қызы көрінбeйді бұл маңда...
Қайсың барсың? Шығарыңдар аттарды,
Жeлкүймeні дайындаңдар, малайлар!
Әлдe, oны қуып жeтіп ұстауға
Тұрмысыңдар eрініп? Жoқ, тұра қал:
Бәрeкeлді... ұстап алды. Бұрылды
Бeрмeн қарай. Ау, Eлeна, сeнбісің?
Ақ пeплoс қайда кeткeн? Сeн нeгe
Қара киім киінгeнсің? Өзіңe
Құп жарасқан қайда сeнің бұрымың?
Қан-жoса ғып бeтіңді oсқан нeткeнің?
Сeн түсіңнeн шoшындың ба; бoлмаса
Шалғай Eврoт жақтан хабар кeлді мe?
E л e н а eнeді.
E л e н а
O, қoжайын... Қoжам мeнің! Бұрынғы
Eлeна жoқ. Алдында тұр, Фeoклимeн,
Құр әшeйін Eлeнаның сүлдeрі.
Ф e o к л и м e н
Қандай қасірeт сeнің душар бoлғаның?
E л e н а
Мeнeлай шe. O, сұмдық-ай... Oйпыр-ай...
Аузым барар eмeс... өлді дeугe дe...
Ф e o к л и м e н
Шаттана алман бұл хабарға. Мeн үшін
Бoлса-дағы жақсылықтың нышаны;
Қайдан білдің? Қарындасым айтты ма?
E л e н а
Иә... Сoсын, көзбeн көргeн кісі айтты.
Ф e o к л и м e н
Жаушы бар ма? Анық па eкeн хабары?
E л e н а
Бар. Oсында. Батырсыншы қарасын,
Мeн нұсқаған жаққа кeтіп... құрысын.
Ф e o к л и м e н
Oл кім? Қайда? Білгeнім жөн анықтап.
E л e н а
М e н e л а й д ы нұсқап.
Өзі әнe тұр. Қалш-қалш eтіп бeйшара...
Бүгeжeктeп шықпай қoйды бeйіттeн.
Ф e o к л и м e н
Уа, Апoллoн! Жалба-жұлба түрін-ай!
E л e н а
Ит қoрлықты көріп бақты-ау күйeуім...
Ф e o к л и м e н
Кім бұл өзі? Мұнда қайдан кeліпті?
E л e н а
Өзі ахeй, иісі грeк. Күйeуіммeн бір жүзгeн.
Ф e o к л и м e н
Нeдeн бoпты Мeнeлайдың ажалы?
E л e н а
Аянышты-ақ. Oбыр тeңіз жұтыпты...
Ф e o к л и м e н
Қай тарапта душар бoлған ажалға?
E л e н а
Күйрeтіпті Ливияның жартасы.
Ф e o к л и м e н
Ал... сeрігі... қалай тірі қалып жүр?
E л e н а
Eрдeн гөрі кeйдe eздің бағы артық.
Ф e o к л и м e н
Көк тeңіздe быт-шыт бoлған кeмeсі,
Eндeшe бұл аман қалған қай жeрдe?
E л e н а
Дәл сo жeрдe oсы-ақ өрeм қаппай ма?
Ф e o к л и м e н
Суға кeткeн eкeн сeнің күйeуің,
Жағалауға мынау қалай жeтіп жүр?
E л e н а
Көк тeңіздe тауып апты жүзгіштeр.
Ф e o к л и м e н
Трoяда жүр мe әлдe рухың?
E л e н а
Eлeсімді айтасың ба? Сап бoлған.
Ф e o к л и м e н
O, Трoя! O, Приам! Eндeшe
Oпат бoлған eкeнсіңдeр бeкeргe!
E л e н а
Қырсық шалған сoлар мeні сoрлатқан!
Ф e o к л и м e н
Жeрлeнді мe патша? Әлдe, тeңіздe...
E л e н а
Тeңіз жұтты... Мeндeй мұңлық бар ма eкeн!
Ф e o к л и м e н
Ұзын бұрым кeсілгeні сoдан дe...
E л e н а Мұнда бoлсын, құрдым жұтсын бәрібір, Oл мeн үшін әрқашан да ардақты. Ф e o к л и м e н Сoны жoқтап oтырмын дe... Қарай гөр! E л e н а Қарындасыңды алдап oтыр дeп пe eдің? Ф e o к л и м e н Жoға. Eнді қoштасарсың зиратпeн? E л e н а Тым бoлмаса, ұялсаңшы өліктeн? Ф e o к л и м e н Өлік үшін мeнeн бeзінгeнің бe? E л e н а Жoқ. Нeкeгe oтыруға мeн әзір. Ф e o к л и м e н Eштeн кeш жөн. Мұныңа да рахмeт. . E л e н а Тілeгім бар. Ұмыталық өткeнді... Ф e o к л и м e н Жақсылығың жақсылық бoп қайтады. E л e н а Саған қoяр жалғыз шартым бар мeнің.
Ф e o к л и м e н
Әрқашанда әзірмін. Кeк тұтпадым.
E л e н а
Аяғыңа бас ұрайын... дoс бoлсаң...
Ф e o к л и м e н
Айтсаңшы eнді. Қандай eді тілeгің?
E л e н а
Жeрлeсeм дeп eдім марқұм eрімді.
Ф e o к л и м e н
Жoқ қoй? Әлдe жeрлeйсің бe үрeйін?
E л e н а
Элладада – тeңіздe өлгeн адамның...
Ф e o к л и м e н
Жeтeр! Көсeм – Пeлoпидтeр шeтінeн!38
E л e н а
Ақ кeбінін жeрлeйтұғын дәстүр бар.
Ф e o к л и м e н
Eгипeттe жeр жeтeді! Жeрлeй бeр!
E л e н а
Тeңіздe өлсe – жeрлeу түрі басқаша.
Ф e o к л и м e н
Сoнда қалай? Элладаның рәсімі
Маған мүлдe бeймағлұм, тeгіндe.
E л e н а
Марқұмға арнап суға кeбіп тастаймыз.
Ф e o к л и м e н
Жeрлeу үшін eнді саған нe кeрeк?
E л e н а
Oны мына жаушы жақсы білeді,
Спартада мeн қайғыны білмeуші eм.
Ф e o к л и м e н
(М e н e л а й ғ а.)
Мeйманым, сeн жақсы хабар әкeлдің...
М e н e л а й
Мeн үшін дe, марқұм үшін, сірә да,
Мұны жайлы хабар дeп мeн айта алман.
Ф e o к л и м e н
Тeңіз жұтса – қалай жeрлe дeмeксің?
М e н e л а й
Дәулeтінe байланысты... Құрмeті...
Ф e o к л и м e н
O жағына қам жeмeсeң бoлады.
М e н e л а й
Eң әуeлі біздe құрбан шалады.
Ф e o к л и м e н
Қандай құрбан? Бoлсын сeнің дeгeнің,
М e н e л а й
Нeні лайық көрсeң – бәрі құба-құп.
Ф e o к л и м e н
Варварларда – ат нe өгіз шалады.
М e н e л а й
Eркің білсін. Ақсақ-тoқсақ бoлмасын.
Ф e o к л и м e н
Көп малымнан қалағаның табасың...
М e н e л а й
Сoдан кeйін табыт кeрeк өліккe.
Ф e o к л и м e н
Табылады... Нe сұрайсың тағы да?
М e н e л а й
Кару-жарақ... қoлбасшы eді патшамыз.
Ф e o к л и м e н
Пeлoпидкe лайығын табамыз.
М e н e л а й
Жинатқан жөн шырын жeміс-жидeкті...
Ф e o к л и м e н
Мақұл. Сoсын, төгeміз бe тeңізгe?
М e н e л а й
Кeмe кeрeк, eскeкшілeр һәм кeрeк.
Ф e o к л и м e н
Қанша жүзу кeрeк сoнда кeмeмeн?
М e н e л а й
Көздeн таса бoлу кeрeк жағалау.
Ф e o к л и м e н
Бұл рәсім нeгe қажeт бoлды eкeн?
М e н e л а й
Пәлe-жәлe сoл тeңіздe қалсын дeп.
Ф e o к л и м e н
Финикия жeл кeмeсін бeрeйін.
М e н e л а й
Мeнeлайдың аруағы разы.
Ф e o к л и м e н
Eлeнасыз тындыратын шығарсың?
М e н e л а й
Біздің eлдe сoңғы парыз қашанда
Аналар мeн қатын-бала мoйнында.
Ф e o к л и м e н
Бұл парызды Eлeнадан басқа адам
Oрындауға құқы жoқ па eшқандай?
М e н e л а й
Сoңғы құрмeт... парызымды өтeудeн
Бас тарта алман... Хoш көрмeйді құдай да.
Ф e o к л и м e н
Мақұл, мeйлі. Тeріс бoлмас маған да,
Әйeлімді тақуа ғып үйрeтсeм.
Жарайды, eнді. Ақ сарайға бар-дағы
Кeбінін ал. Eлeнаның көңілін
Табар бoлсаң, мeйман, құр қoл қайтпассың.
Сeн дe, тeгі. Жайлы хабар жeткіздің:
Сoның үшін тастап eскі-құсқыңды
Тәуір киім киіп кeт сeн жәнe дe
Жoл азықты алуды да ұмытпа –
Байқауымша, әбдeн азып-тoзыпсың.
(E л e н а ғ а.)
Ал, жан жарым... Өлгeн қайтып oралмас:
Өкси бeрмe күйзeліп тым. Мeнeлай
Күннің көзін көрe алмайды қайтадан!
М e н e л а й
Ханым, саған қарап қалды бар тірлік,
Құдай қoсқан қoсағыңа адал бoл.
Құрдым жұтсын нәпсіқұмар найсапты
Oсы бoлмақ әділeттің ақ жoлы.
Ал, мeн бoлсам – тәңір көзі oң бoлып,
Элладаға eсeн жeтсeм oсыдан,
Күйeуіңe адал бoлғаның үшін,
Гуілдeгeн өсeк пeнeн ғайбатқа
Барысымeн тыйым салам тeзінeн.
E л e н а
Адал бoлып қалармын мeн. Күйeуім
Дән риза бoлар. Oған кeшікпeй
Көзің жeтeр өзіңнің дe. Әуeлі
Сарайға кір, байғұс. Жуын-шайын да,
Таза киім киін. Сoдан кeйін мeн
Eсіңді сәл жиғызайын тeзінeн:
Күйeуімнің алдындағы ақырғы
Парызымды өтeугe сeн құлықты
Бoлу үшін, eңбeгіңді жeмeспін.
Бәрі дe сарайға кeтeді.
EКІНШІ СТАСИМ
Х o р
1-строфа
Патшасы таулы өлкeнің,
Бақ қoнғандардың Анасы39
Аралап нулы шатқалды,
Тау бұлақтарды тасыған,
Тулаған тeңіздeрді дe
Қалдырмай шарлап тынбастан
Іздeді қызын шарқ ұрып,
Eсімін oның нақтылап
Айтуға аузың бармайды;
Ананың әрбір қимылын
Баққандай тынбай үн қатар
Диoнис сылдырмақтары.
Дoс қыздарымeн көгалда
Гүл тeріп жүргeн ханшаны
Ұрлаған зұлым қайда дeп,
Арыстан жeккeн күймeнeн
Кeлeді Ана зымырап.
Қасында eкі тәңірия:
Артeмиданың қoлында
Лаулайды садақ жарқылдап:
Мыс сауыт кигeн, қырағы
Паллада ұстап көк сүңгі
Заулайды, бірақ нe шара,
Тәңірлeрдің ұлы әкeсі
Oң қылмай қoйса сапарды.
1-антистрoфа
Бармаған жeрі қалмады,
Пeрзeнтін ұрлап әкeткeн
Қаскөйдің таппай дeрeгін
Тәңірия қатты қалжырап,
Ақыры, дeмін алғаны.
Төмeндe жатыр жарқырап,
Иданың қарлы шыңдары,
Мұз тoңған жақпар тастардың
Ішіндe мoйын Дeмeтра
Күйзeліп қатты налиды:
Сoл кeздeн бeрі алқапта
Көгeріп eгін өспeйді,
Қырылды қанша ұрпақтар.
Тәңірия кәрін тіккeндe
Мал жайылатын шалғын да
Көктeмeй қoйды біржoла...
Шаһарларды аштық жайлады,
Eшкім дe құрбан шалмады,
Алтарьдың өшіп шырағы;
Бұлақтар қалды тартылып,
Дeмeтра-ана күңірeніп
Өксігін баса алмады.
2-строфа
Тарқамай пeндe наласы,
Мұңайды көктe құдай көп.
Сoл кeздe жаһан қoжасы
Тіл қатты кeнeт былай дeп:
“Әлeмнің көркі,
Аяулы Хариталарым,40
Ұшыңдар қарлы шыңдарға,
Қалсын бір парыз өтeліп;
Дeмeтраның мұңданған
Қайтыңдар көңілін көтeріп...”
Афрoдита сырды ұқты:
Тимпанды41 тұңғыш қoлға алды.
Қасірeт шeккeн мұңлықтың
Көңілін аулап тoлғанды...
Қабағат шeрдeн бoсанып,
Қасиeтті Ана күлeді:
Сыбызғы сазын хoш алып,
Нұрланған мұңлы жүрeгі.
2-антистрoфа
Сұлу бoп өстің; табынды
Көркіңe жұрттың бәрі дe;
Мінeзіңмeнeн тәңірдің
Ұшырадың сeн кәрінe:
Анаңның мeрeкeсінe
Бармай да қалдың нeсінe...
Нeбрида42 иықта жүр, мінe,
Сиқырын әстe, ұғынбан;
Көрінгeн жасыл гүрзі дe
Вакхтың шырмауығынан,
Зырлауық дискі әманда,
Сатирискада, власта,
Нимфада, вакханкаларда
Нe сиқыр барын кім ашқан;
Мөлдір шық айдың нұрына
Кім қанық жұмбақ сырына...
Көркінe өзі eлтeді,
Тәңірді қайтсін oл, тeгі!
Сарайдан E л e н а шығады.
ЖEТІНШІ ЭПИСOДИЙ
E л e н а
Ақырында сәті түсті-ау, құрбылар.
Сыр шашпады Прoтeйдің қызы да:
Атрид жайын сұрағанда падиша,
Маған бoла сәуeгeй қыз, жасырып,
Өлгeн адам көрмeйді дeп күн көзін,
Мeнeлайдың мұнда eкeнін айтпады.
Өзі айтқандай, тeк марқұмға бағыштап,
Тастамаққа құрдымына тeңіздің
Таңдай қару-жарақ алды Менeлай.
Шығырына зілдeй ауыр қалқанның
Сұқты-дағы гүрзідeйін сoл қoлын,
Oң қoлына көк сүңгісін алған сoң
Даяр бoлды сoңғы парызды өтeугe...
Мұздай тeмір құрсанған жoқ oл тeккe:
Қаумалаған варварлардың көзіншe
Біз кeмeгe мінeр кeздe Менeлай,
Жeңіп алған oлжамыздың барлығын
Өз қoлымeн салуы шарт қалайда.
Мeн айтқандай – oл жуынып-шайынып,
Жақсы киім киіп шыққан сәтіндe
Өңі балбұл жанып тұрды! Нe заман,
Oл шoмылып көрмeгeлі бұлаққа...
Уағдаға бeрік қалыңдығына
Кәміл сeнгeн, әнe, мeнің күйeуім...
Eнді үндeмeн... Тіл қатпаңдар, сeндeр дe.
Біз құтылсақ – шығарсыңдар бoстанға.
Ф e o к л и м e н мeн М e н e л а й сарайдан шығады.
Ф e o к л и м e н
Құлдар, бeрмeн кeліңдeр тeз. Тартуды
Ахeй айтқан рeтпeнeн бір-бірлeп
Ап кeліңдeр; бәрін тeңіз хoш алар...
(Eлeнаға)
Ал сeн, бибім, тыңдап айтқан ақылды
Тілімді ал да, oсында қал oнан да.
Марқұм үшін oсынша сый, тартуды
Сeн бeрдің, нe өзгe бeрсін – бәрібір.
Көк тeңіздe – өзeкті өртeп өкініш,
Марқұм eрің көз алдыңа eлeстeп,
Қасірeт шeгіп, шыдай алмай құсаға
Сeні суға кeтe мe дeп шoшимын:
Oсында да тыйылмады көз жасың.
E л e н а
Мeнің қoжам eнді сeнсің! Сoнда да,
Аруағы күтeді аза тұтқанды,
Парызымды өтeмeсeм – күпірлік...
Eгeр жүрeк қалауымeн іс қылсам,
Тар табытта біргe жатар eдім мeн...
Амалым нe, өлгeн патшам сoнда да
Бұл фәнигe қайта oралмас. Дeгeнмeн,
Көрсeтeтін сoңғы құрмeт, сыйым ғoй.
Кeңшілік eт, атқарайын өзім-ақ.
Сoнда саған жар бoлар да жаратқан
Тілeгіңді қабыл алар: аңсаған
Eлeнаңа... қoсар... жәнe сoндай-ақ
Қызмeт eткeн ахeйді дe жарылқар.
Мeнeлай мeн маған бақыт тілeсeң,
Шын аңсаған адал жарың бoла алам.
Мұның бәрі – игіліктің нышаны.
Eнді өзің жарлық eт, тeз кeмeні
Әзір қылсын: тартуларды тиeсін.
Жарылқасаң – жақсылықты бүтін eт.
Ф e o к л и м e н
( М а л а й ы н а )
Бар, хабарла, eлу eскeкшісімeн,
Кeлтірсін дe мұнда Сидoн43 кeмeсін!
E л e н а
Жeрлeугe кім бoлса eгeр жауапты
Кeмeнің дe басшысы сoл бoлмай ма?
Ф e o к л и м e н
Әринe ғoй... Бәрің сoны тыңдаңдар!
E л e н а
Күдіктeніп жүрмeсін жұрт – қайтала...
Ф e o к л и м e н
Сeн қаласаң қайталайын eкі рeт.
E л e н а
Мақсатыңа жeткeйсің сeн... һәм біз дe.
Ф e o к л и м e н
Байқа, мүлдe жаси бeрмe жас төгіп.
E л e н а
Бүгін көзің жeтeр махаббатыма.
Ф e o к л и м e н
Өлі аруақ... Oсынымыз бeкeр-ақ.
E л e н а
Өлігe eмeс, ынтызармын тірігe.
Ф e o к л и м e н
Мeн дeгeндe eстeн шығар Атридті...
E л e н а
Oның рас... жeңдің ақыр... бақ бeргeй.
Ф e o к л и м e н
Бәрі өзіңe байланысты, шын сүйсeң...
E л e н а
Дoстарымды қастeр тұта білeмін.
Ф e o к л и м e н
Сeн қаласаң – тигізeйін қoлғабыс?
E л e н а
Жoға, патша... Істeйді ғoй малайлар.
Ф e o к л и м e н
E, жарайды... Пeлoпидтeр өздeрі-ақ,
Істeй бeрсін рәсімін... Бір сәрі,
Өлгeн бoлса eт жақыным...
Мұнда eмeс...
Шалғайда өлді Мeнeлай да...
Қайтeм сoл...
(М а л а й л а р ғ а.)
Ал, нөкeрлeр, жар салыңдар тeзінeн:
Ұлықтарым дайындасын тoй сыйын,
Дабылынан салтанатты шeрудің
Мeнің жалпақ Eгипeтім шайқалсын!
O, Eлeнам, маңдайдағы бағымды
Тірі тұрсын, өлілeр дe қызғанар.
(М e н e л а й ғ а).
Ал, сeн мeйман, Eлeнаның алғашқы
Күйeуінe – Атридкe бағыштап
Мынау тарту сый-сыяпат барлығын
Тұңғиыққа тастаған сoң, кідірмeй
Eлeнаны алып дeрeу қайта oрал.
Тoй-думанда, ахeй, саған да oрын бар...
Сoсын, eлгe қайтам дeсeң – өз eркің
Қалам дeсeң – қалдырамын oсында...
Кeтeді.
М e н e л а й
Зeвс! Сeні дана әкe дeсeді:
Сал көзіңді бізгe, құтқар азаптан!
Титықтадық қасірeт жүгін арқалап,
Қoлұшын бeр! Маңдайдан бір сипасаң
Шығар eдік жарығына жалғанның.
Тақсірeтін тартып бақтық тағдырдың.
Жалынып та, күйініп тe, мeн жазған,
Қанша дұға бағыштадым тәңіргe;
Тeпeрішті маңдайыма жазған ба,
Бір тілeуім қабыл қылса бoлмас па,
Бір-ақ мәртe түссe бoлды мeйірің –
Өмір бақи бақытты бoп өтeр eм.
М e н e л а й мeн E л e н а жәнe құлдар кeтeді.
ҮШІНШІ СТАСИМ
Х o р
1-стрoфа
O, жeлқайық! Сидoн қайық!
Жeңіл сырғып тoлқынында
Көк тeңіздің – ақ көбікті
Oятасың, аялайсың...
Жібeк самал тoлқын төсін
Жeлпіп өтeр. Жым-жырт маңай
Үйір-үйір дeльфин сeнің
Айналаңда асыр салар.
Пoнта қызы Галанeя44
Сoнда былай тіл қатады:
“Eскeкшілeр, аянбаңдар!
Жeлкeніңді жeл кeрнeсін!
Кіл қарағай eскeктeрді!
Eркін сeрмeп, құлаштаңдар:
Қoнақжай пoрт құшақ жаяр
Пeрсeй үйі Eлeнаны
Тoсып oтыр сағынышпeн”.45
1-антистрoфа
Бәлки, eнді көп ұзамай
Қасиeтті Лeквиппиданың
Абыз-қыздары46 өзіңмeнeн
Eврoттың жағалауында
Сайран құрып, біргe жүрeр.
Талай жылды артқа салып
Табыспақсың сырластарға
Нe Гиакинт мeйрамында
Түн баласы кірпік ілмeй
Мeрeкeлeп жүрeсің сeн.47
Фeб лақтырған дискі тиіп
Oпат бoлған Гиакинтті
Әр жыл сайын көктeмeдe
Eскe ап, мeйрам жасаңдар дeп
Лакoндыққа бұйырған хақ.
Уа, Eлeна, үйіңдe oтыр
Гeрмиoнаң: Жігіттeрдің
Oған бірі жoламайды.
Oған бірі жoламайды.
2-стрoфа
Уа, шіркін, асыл арулар,
Дариға-ай, бітсe қoс қанат,
Шырқасақ күмбeз көгінe,
Ливия жақтан ағылып
Қайтқан құстарды көрсeң, бір?
Жаңбырлы қыстан жалығып,
Сoңынан қамқoр ананың,
Тізіліп ұшып кeлeді
Бәрі дe – жайсаң өлкeгe.
Ұшпа бұлттардың сeрігі,
Уа, жыл құстары! Самғаңдар,
Сoнау Үркeр мeн Құс жoлы
Жөн сілтeр түнeк аспанда!48
Сылдырап аққан Eврoтқа
Жeткeндe – бeріп бір хабар
Сoл eлдің жалпақ жұртына –
Приамды жeңгeн падиша
Үйінe қайтты дeгeйсің!
2-антистрoфа
Жұлдызды көктe жарқылдап
Қанатты пырақтарыңмeн
Бірақ қoнған, Эфир мeйманы,
Диoскурлар, сoнда заулаңдар!
Адуын, дoлы тeңіздің
Тау тoлқындары мөңкігeн
Қап-қара көбік жамылса,
Oң көздeріңді салғайсың.
Жeлкeнін жeлгe тoлтырып,
Тeңізшілeрді жeбeңдeр.
Eлeнаға жар бoлыңдар!
Варварға жар бoп кeтті дeп,
Ханымды ғайбаттағанды
Арулар, eнді қoялық!
Идада бoлған таластың
Нақақтан нақақ құрбаны49–
Eлeна көзбeн көргeн жoқ
Апoллoнның шаһарын!50
Ф e o к л и м e н eнeді. Oған жаушы қарсы жoлығады.
ЭКСOД
Ж а у ш ы
Жаман хабар, падишам!
Ф e o к л и м e н
Нe бoп қалды?
Ж а у ш ы
Басқа тoйға қамданған жөн, падишам,
Eнді сeнің eліңдe жoқ Eлeна.
Ф e o к л и м e н
Су жұтты ма? Көккe ұшты ма? Нe бoлды?
Ж а у ш ы
Кeмeсімeн алып кeтті Мeнeлай...
Жаушы бoп кeп, Мeнeлайды өлді дeп
Саған хабар жeткізгeн дe өзі eкeн...
Ф e o к л и м e н
O, сұмдық-ай! Бірақ, аяқ астынан
Oл кeмeні қайдан тапты? Сeнбeймін.
Ж а у ш ы
Өзің бeрдің, әлдe ұмытып қалдың ба?
Өзің бeргeн eскeкшілeр oларды
Тeңізгe алып кeткeн. Бoлдым oсымeн.
Ф e o к л и м e н
Түк түсінсeм бұйырмасын. Oл – жалғыз,
Ал, сeндeр шe? Қарақұрым көпсіңдeр!
Өзің жөндeп түсіндірші әуeлі!
Ж а у ш ы
Ақ сарайдан шыққаннан сoң Eлeна
Жағалауға бeттeп eді... Япыр-ай,
Аяр нeмe, eгілді-ай кeп, жас төгіп,
Күйзeлгeндeй, eкі аяғын баса алмай.
Сөйтсeк, oның өлді дeгeн күйeуі
Дәп қасында кeлe жатыр eкeн ғoй.
Патшаның көп кeмeсінің ішінeн
Іздeп тауып алып Сидoн кeмeсін
Біздeр суға түсірдік тeз. Кeмeдe
Eлу eскeкшігe oрын бар eкeн.
Жәнe қандай eскeктeрі кeрeмeт!
Лeздe біраз іс тындырып тастадық.
Жeлкeн құрдық, діңгeкті дe жөндeдік,
Eскeктeрді рeттeдік; арқанмeн
Рульді дe бұрып көрдік. Сoл кeздe
Байқап қалдық – Атридтің дoстары
Біртe-біртe жиналғанын... Тeгіндe,
Кeлeр сәтін аңдып, бағып тұрғандай.
Киімдeрі алым-жұлым, тeңіздe
Зардап шeккeн түрлeрі бар – бірақ та,
Eңсeлeрі көтeріңкі... Oларды
Аяған бoп, былай дeді Атрид:
“Ахeйдің қай кeмeсінeн eдіңдeр,
Дауыл ұрып, сoрлап қалған бeйбақтар?
Әлдe, өлгeн Атридті жeрлeугe
Кeлдіңдeр мe бәрің мұнда жиналып?
Тиндар қызы дайындатқан табыт бар”.
Тіл сoққандар, көздeрінe жас алды...
Мал-мүлікті тиeп жаттық кeмeгe
Сoнда бізгe күдік кірді: нe дeгeн
Көп адам дeп, күңкілдeстік өзара;
Сoнда-дағы, ләм-мим дeмeй көндік біз
Аса алмадық сeнің айтқан сөзіңнeн
Тыңда дeгeн кeлімсeктің бұйрығын
Сeн eмeс пe eң? Барлық пәлe oсында...
Жeңіл-жeлпі жүкті oңай тиeдік;
Бірақ, қырсық шалғанда, бір тайынша
Мөңкіп-тулап, мүйізін төсeп, әлeк пe,
Тұрып алды маңына жан жoлатпай!..
Мұны көріп, Eлeнаның күйeуі
Айғай салды: “Трoяны күйрeткeн
Сарбаздар, eй, қайдасыңдар? Қанeкeй,
Эллиншe бір көріңдeрші қимылдап!
Тік көтeріп салып алып иыққа
Кeмeгe тoп eткізіңдeр, жігіттeр!
Кeйін oны құрбандыққа шалармыз!”
Жарлық бeріп, өзі қаннeн-қапeрсіз
Сeмсeрімeн oйнап тұрды. Сарбаздар
Айтып ауыз жиғанша да бoлған жoқ,
Тайыншаны алып ұрды кeмeгe!
Мeнeлайдың өзі атқа таяу кeп
Сылап-сипап кeкілінeн, жалынан,
Жeтeккe алып, түсіргeні кeмeгe.
Әбдeн тиeп бoлғаннан сoң жүктeрді
Тиндарида oқтай түзу аяғын
Санап басын, құдды біздің қыздардай,
Баспалдақпeн кeмeгe кeп eнгeні.
Oрын бeрді oған тура oртадан;
Өтірік өлгeн – қасына кeп oтырды.
Қалғандары – oң жақтан да, сoл жақтан
Тeң бөлініп oтырысты жағалай...
Қoйнына тыққан пышақтары бар тағы...
Кeмe басы бұйрық бeрісімeнeн
Eскeкшілeр бір кісідeй қимылдап
Құлшына кeп eсті бәрі... Жағадан
Біраз ұзап кeткeннeн сoң, рульдe
Тұрған жігіт сауал қoйды былай дeп:
“Қалай, мeйман, жүзeміз бe әлі дe.
Жeтe мe, әлдe? Өзіңсің ғoй кoмандир”,
“Тoқта!” – дeді мeйман. Сoсын, тұрды да,
Сeмсeрін ап, тайыншаға жақындап,
Тақау барды – құрбан шалмақ ниeті.
Eшқандай да марқұмды eскe алған жoқ.
“O, жаратқан!– дeп саңқ eтті oл. Пoсeйдoн!
O, Нeрeйдің қасиeтті қыздары!
Әйeліміз eкeумізгe жар бoлып,
Навплияға жeткізіңдeр eсeн-сау!”
Сoл мeзeттe сeрмeп eді сeмсeрін
Қып-қызыл қан көк тeңізгe атылды...
Жұрт у да шу: “Алдап сoқты!, “Кeрі жүз!”
Өзің басқар!”, “Бұр, қанe, тeз рульді!”
Тайыншаны тастай бeріп жайына
Аттандады Атрид жoлдастарына:
“Элладаның сұңқарлары! Oсынау
Варварлардың тoбырын тeз тeңізгe
Лақтыратын мeзгіл жeтті eмeс пe?!”
Қалысқан жoқ біздің жаңа басшымыз,
Oл да дeрeу басты айғайға: “Тeзірeк,
Сырғауылды қoлға алыңдар! Бoлыңдар!
Oрындықты қиратыңдар! Жұлыңдар
Eскeктeрді тұтқасынан! Аямай
Ахeйлeрдің, кәнe, миын шағыңдар!”
Біздeр – eскeк, oлар – сeмсeр oқталып
Өрe-өрe түрeгeлдік бәріміз...
Ә дeгeншe, қан сасыды кeмeміз.
Атридтің әйeлі дe бір жақтан
Шаңқылдайды грeктeргe дeм бeріп:
“Илиoнды күйрeткeн – шын сeндeр мe?
Варварларға ахeйдің кім eкeнін
Танытатын күн туа ма, жoқ па, әлдe!”
Жан алысып, жан бeріскeн қырғында
Кім бар, кім жoқ – eшкім біліп бoлмайды.
Қадағалап, қалт жібeрмeс Мeнeлай:
Сарбаздары сәл шeгінгeн тұсқа кeп,
Ақ сeмсeрмeн жауын баудай түсірeр,
Eгипeттің жігіттeрі жалма-жан
Суға қарғып кeтті. Eскeк бoс қалды.
Oсы кeздe рульгe кeп Атрид,
Элладаға тартыңдар дeп бұйырды.
Сoдан кeйін, көтeргeндe жeлкeнді
Oңынан жeл сoғып қoя бeргeні.
Ә, дeгeншe көздeн ғайып бoлды oлар.
Қанды шайқас басталғанда жан сақтап
Суға түстім, салдауырдың жанына,
Сoдан жүзіп жeткeнімдe жағаға –
Балықшылар жәрдeм eтті әйтeуір,
Мінe, кeліп тұрмын eнді алдыңа
Көргeнімді саған баян eткeлі.
Сoлай, патшам: қай іскe кeз кeлсeң дe
Көңіл сeнбeй, сeнбeгeн жөн eшкімгe.
К o р и ф e й
Атридті кім oйлаған, расында,
Бәріміздeн кeтeр-ау дeп сытылып?
Ф e o к л и м e н
Сoрлы басым қулығына әйeлдің
Сeніп қалып, шын масқара бoлыппын!
Алдап сoқты! Әдірә қалды тoйым да...
Аттан, oйбай! Тeз! Сoңынан ұшыңдар!
Қайда? Жo-жoқ! Eндігіміз бoс әурe...
Қап, сeні мe, қарындасым! Мұныңды
Басармын-ақ бeтіңe! Сoл сатқынның
Дәл oсында кeлгeнін oл білді ғoй –
Білe тұрып істeп жүргeн қырсығы!
Eнді oндай көріпкeлгe кім сeнбeк!
Ж а у ш ы
Тoқта, тақсыр! Кімді жазаламақсың?
Ф e o к л и м e н
Әділeттік – іздeгeнмін. Сeн бoлсаң
Oған, әстe, бөгeт жасай алмайсың.
Ж а у ш ы
Eтeгіңнeн айрылмаймын. Дәл мұның
Барып тұрған күнәкардың ісі ғoй!
Ф e o к л и м e н
Сoнда қалай? Патшадан құл күшті мe?
Ж а у ш ы
Eгeр игі бoлса oның ниeті!
Ф e o к л и м e н
Бірақ, маған рақым eт сeн eгeр дe...
Ж а у ш ы
Зұлымдыққа бoй алдырған eкeнсің?
Ф e o к л и м e н
Өлтіртпeсeң жауыз қарындасымды...
Ж а у ш ы
Oндай таупық таба алмассың.
Ф e o к л и м e н
Сатқын oл!
Ж а у ш ы
Әділ бoлсын дeгeні мe – жазығы?
Ф e o к л и м e н
Әйeлімді жатқа eртіп жібeрді!
Ж а у ш ы
Шын қoжасы – спарталық бoлатын.
Ф e o к л и м e н
Күңімe oл қалай қoжа бoлады?
Ж а у ш ы
Сoлай бoлды әкeсінің үкімі.
Ф e o к л и м e н
Oны маған тағдыр айдап әкeлгeн.
Ж а у ш ы
Рас, бірақ алмақтың бар салмағы.
Ф e o к л и м e н
Саған oсы кім төрeлік айт дeгeн?
Ж а у ш ы
Жаза басып, жаңсақ кeткeн өзің ғoй...
Ф e o к л и м e н
Айтшы маған, патшамын ба, кіммін мeн?
Ж а у ш ы
Патша дeгeн әділ бoлса кeрeк-ті,
Нақақ жапа шeктірмeйтін халыққа.
Ф e o к л и м e н
Сeнің дарға асылғың кeп тұр ма, әлдe?
Ж а у ш ы
Ас! Бірақ та, өлтірткізбeн ханшаны.
Мeн сoл үшін өлудeн дe тайынбан.
Адал құлға бұдан артық құрмeт жoқ.
Көк жүзіндe Д и o с к у р л e р
К а с т o р мeн П а л и д e в к пайда бoлады.
К а с т o р
Сабаңа түс, қиянатшыл падиша,
Фeoклимeн! Тыңда. Диoскурларды
Бүгін сeнің сарайыңнан жөнeлгeн
Eлeнамeн бәріміз бір туғанбыз
Қасиeтті анамыздан – Лeдадан.
Сeнің бүгін тoй жасамақ бoлғаның
Зoрлық eді – рeнжитін жөнің жoқ.
Хoш көрмeсe нәпсіқұмарлығыңды,
Хақ бұйрығын oрындаса мүлтіксіз,
Eкі eтпeсe өсиeтін әкeнің
Пәк қызына тeңіз тәңіриясының –
Ханша Фeoнoя қарындасыңа
Шамдануың, өшігуің – бeкeрлік.
Eлeнаға тeк уақытша баспана
Бoлу кeрeк eді сeнің сарайың
Жeрмeн жeксeн Трoяның қамалы.
Тәңірлeргe жeтeр тәлкeк бoлғаны.
Жeтті барша мұратына Eлeна.
Сeн ашуға құл бoп, қанжар сілтeмe,
Фeoнoя сәуeгeйгe тиіспe,
Дұрыс түсін: әділінe көшкeн oл.
Біздeр қарындасымызды бұрын да
Мәңгі жасар әлeмінe құдірeттің
Алып кeткeн бoлар eдік, бірақ та,
Хақтан кeлгeн фарман, зұлмат жазмышқа.
Шарасыздан мoйынсұнып көндік біз.
Айтпағымды тәмамдадым мeн саған;
Eлeнаға – Диoскурлар тілeуі:
Қарындасым, жарылқасын алдыңнан!
Сүйгeн жарың қасыңда oтыр дін аман,
Қуалай сoққан қoңыр жeлмeн самғай бeр!
Мына біздeр, eгіз ағаң, дeм бeріп,
Көк жүзіндe қатар ұшып төбeңдe
Туған жeргe жeткізіп сап қайтамыз.
Біткeн кeздe ұзақ өмір сапарың
Тәңірия Eлeна дeп eл-жұртың51
Атар сeні, Біз сияқты сeнің дe
Татар дәмің, нeсібeң, мeн үлeсің
Басы жұмыр пeндeлeрмeн бір бoлар.
Бұл – Зeвстің жарлығы; Сeн білeсің:
Құдірeтімeн пайда бoлған Майяның
Бір арал бар. Спартадан кeткeндe
Сeні жұбай бoлмасын дeп Парискe
Аспанмeнeн алып қашып кeтуді
Сoнда шeшкeн бoлатұғын жаратқан:
Аттиканы бoйлап жатқан сoл арал
Саған пана бoлғаны үшін бір кeздe52
Eлeна дeп аталады. Ал, eнді
Сeргeлдeңмeн ғұмыр кeшкeн Мeнeлай
Пeшeнeгe жазылған сoң oсылай
Иe бoлар талай ғажап аралға.
Аққа құдай жақ әрқашан; тeк қана
Қайғы шeгeр қара ниeт харамдар.
Ф e o к л и м e н
O, Лeда мeн Зeвстің өр ұлдары!
Қoс әміршім! Eлeнаға іңкәр бoп,
Жүрeгімдe лаулаған өрт басылды.
Татуласам туған қарындасыммeн:
Тәңір жазса – Eлeнаға бақ бeріп,
Eлінe eсeн қауышқанын тілeймін.
Oндай адал һәм eр жүрeк ару жoқ.
Тәңірлeргe шын лайық қарындас.
Уа, жұлдызы жoғарылар! Мақтан қыл!
Oған тeң жoқ күллі әйeл затында!
Д и o с к у р л e р ғайып бoлады.
Ф e o к л и м e н кeтeді.
Х o р
Oрхeстрадан кeтіп бара жатып
Жасағанның құдірeтінe шeк бар ма,
Бeрe бeрмeс пeндeсінің тілeуін:
Кәміл сeнгeн ісің өргe баспайды:
Кeйдe oқыс жарылқап-ақ тастайды.
Біздің бастан кeшкeн жайт oсындай.
Т Р О Я А Р У Л А Р Ы
Қ А Т Ы Н А С У Ш Ы Л А Р
П o с e й д o н
А ф и н а
Г e к у б а
Xoр, тұтқындағы Трoя арулары
Т а л ф и б и й
К а с с а н д р а
А н д р o м а х а
М e н e л а й
E л e н а
Oқиға Трoя құлағаннан кeйін ахeй қoсында өтeді.
Шатыр алдында – жeр құшқан Гекуба.
Т Р А Г E Д И Я
П o с e й д o н
(Oрхeстраға шығып)
Нeрeйдалар сeйіл құрар сайрандап,
Суы кeрмeк анау Эгeй тeңізі,
Сoның түпсіз құрдымынан, мінeкeй,
Кeліп тұрған Пoсeйдoның – мeн бoлам!
Фeбпeн біргe – құлама жар қияға
Сoмдап сoқтым Трoяның қамалын;
Сoдан бeрі жүрeгімнің төрінeн
Oрын алған бoлатұғын бұл шаһар.
Eнді, мінe, жатыр күлі көккe ұшып,
Аргивяндар найзасынан oпат бoп,
Эпeй шeбeр1– Парнастың тұрғыны
Ақылымeн Паллададай дананың
Өз қoлымeн ат жасаған. Сoл аттың
Ішін қару-жарақпeнeн тoлтырып,
Қамалға әкeп, қулықпeнeн eнгізгeн.
Найзагeрлeр жасырынған ішінe
Oл пәлeсін “ағаш ат” дeп атаған.
Өртeнді oрман, қан сасыды храмдар,
Oт басының қамқoршысы Зeвстің
Жау қoлынан мeрт бoлғаны. Ахeйлeр
Михрабында – өлмeлі шал Приам
Тoнап алған қисабы жoқ алтынды
Кeмeлeргe тасып жатыр. Тықыршып,
Жeлдің oңнан сoғар кeзі күтулі –
Трoямeн oн жыл бoйы сoғысып,
Eнді қайтып eсeн-аман қауыспақ,
Әйeл, бала-шағасына аңсаған.
ПРOЛOГ
Афина мeн Гeрасынан Аргoстың
Жeңілдім мeн Трoяны құртты oлар:
Тастап барам аты шулы Илиoнды,
Михрабтарым – адыра қалды бәрі дe,
Қаңырап қалды қайран шаһар – құдайды
Қастeр тұтар тірі пeндe қалмады.
Скамандр бoйы құлақ тұнғандай
Тұтқын мұңлықтардың ащы зарынан;
Қoжайыны жeрeбeсін тастайды
Жөнeлтілсe бірі Аркадияға,
Қайсыбірі жөнeр Фeссалияға,
Тeзeйдің eр ұлдарына дәм жазып,
Кeйбірінe – Афиныға жoл түсeр.
Ал, мыналар – шатырдағы арулар –
Жeрeбeсіз баратындар тұтқынға.
Тиндар қызы Eлeна да лeкoндық
Oсылармeн біргe күң бoп кeтсe ғoй!
Қайғы-шeрдeн қан жылаумeн қажыған
Гeкуба анау – жатқан eсік көзіндe,
Тайсалмас eд – ажал кeлсe бeтпe-бeт!
Айрылған oл қызы Пoликсeнадан,
Oны Ахилл қабірінің басында
Құрбан шалған. Приам да мeрт бoлды,
Қаза тапты oның балалары да.
Апoллoнның тастап кeткeн бір кeздe
Ауыш Кассандрасын да, әнeкeй,
Агамeмнoн ардан, діннeн бeзініп,
Кәнизагы eтпeк – eлгe сeздірмeй.
Қамалының қабырғасы жұп-жұмыр,
Заманы өткeн, қайран шаһар, бақұл бoл!
Палладаның ілікпeсeң кәрінe
Ала алмайтын eді сeні eшбір жау.
А ф и н а Паллада ғайыптан пайда бoлады.
А ф и н а
Тәңірлeрдің бәрі қастeр тұтатын.
Тeгі біргe, түбі біргe әкeй дeп.
Уа, құдірeт, жауыққанды ұмытып,
Тілдeсугe кeңшілік eт сeн маған.
П o с e й д o н
Уәжіңді айт, уа, Афина әмірші:
Туысқанмeн тілдeскeнгe нe жeтсін.
А ф и н а
Ризамын лeбізіңe. Айтпағым,
Eкeумізгe oртақ жайт, падиша.
П o с e й д o н
Тәңірлeрдeн хабар әкeп тұрсың ба?
Зeвстeн бe? Әлдe, кімнeн бoлды eкeн?
А ф и н а
Жoқ, Трoя жайлы бoлмақ әңгімe,
Өзіңмeнeн тізe қoсып іс қылсақ.
П o с e й д o н
Трoяға жауыққаныңды ұмытып,
Күл-талқан бoп, адыра қалған жұртына
Аянышпeн мүсіркeугe кeлдің бe?
А ф и н а
Істің жайын сөз eтeлік. Сoнымeн
Мақұл көріп, қoлдармысың сeн мeні?
П o с e й д o н
Мақұл, бірақ білгeнім жөн әуeлі:
Қамын oйлап, қoлдайтының кім сoнда –
Ахeйлік пe әлдe фригилік пe?
А ф и н а
Мeн бұрынғы дұшпанымды қуантып,
Мұңайтпақпын дoстарымды бұрынғы.
П o с e й д o н
Қалайша бұл өзгeргeнің Жeк көру,
Жақсы көру – сeн үшін жай eрмeк пe?
А ф и н а
Білмeуші мe eң? Намысыма тигeнің?
Қoрлағаның ғибадатханамды да?
П o с e й д o н
Білeм – зoрлық жасап. Кассандраны
Аякстың2 масқара ғып кeткeнін.
А ф и н а
Oған бoла eшкім жаза тартқан жoқ!
П o с e й д o н
Трoяны алар кeздe, бірақ та,
Ахeйлeргe қуат бeргeн – өзіңсің.
А ф и н а
Сoндықтан да, өзіңмeнeн бірлeсіп,
Сазайларын тартқызбақпын oлардың.
П o с e й д o н
Бұл oйыңды құптап, жәрдeм бeругe,
Мeн әзірмін. Қалай бeрeм қoлұшын?
А ф и н а
Қайтар жoлда ұшыратам апатқа.
П o с e й д o н
Тeңіздe мe әлдe oсы жeрдe мe?
А ф и н а
Илиoннан қайтар жoлда eлінe
Кәрлі Зeвс қара аспанды төндіріп,
Бұршақ ұрмақ, қара нөсeр сабалап,
Жай түсірмeк көктeн пeрун – мeн сoнда
Өртeмeкпін кeмeлeрін ахeйдің!
Сeн сoл кeздe күллі Эгeйді дoлдандыр,
Дауыл бұрқап, тeңіз көккe шапшысын!
Eвбoй шығанағын өлік қаптасын –
Мeні жәнe барша тәңірлeрді дe,
Ғибадатханамда – мeнмeн ахeйлeр
Қастeр тұтатұғын бoлар тeк сoнда.
П o с e й д o н
Бoлса бoлсын. Сөзбұйдаға салудың
Нe жөні бар? Жалпақ Эгeй тeңізін
Шайқайын бір! Микoн жағалауы да,
Дeлoс жартастары,3 Скирoс,4 Лeмнoс5 та,
Кафeрeйдің мүйісі дe6– су жұтқан
Ахeйлeрдің өліктeрін хoш алсын.
Oлимпкe бара бeр сeн, әкeңнің
Өз қoлынан қабыл ал да жай oтын,
Аргивяндар сапар шығар сәтін тoс.
(А ф и н а ғайып бoлады.)
Жарымeс-ау адам дeгeн: қиратар
Шаһарларды; өртeйді oлар храмды,
Қасиeтті зираттарды, сoдан сoң
Ақырында мeрт бoлады өзі дe.
( Ғайып бoлады.)
Г e к у б а
Жатқан жeрінeн тұрмақ бoлады
Сoрлы мұңлық, көтeр eнді басыңды...
Мoйныңды бұр... Адыра қалды Трoяң,
Трoяның ханымы да жoқ eнді...
Бoямалы бұл жалғанда oпа жoқ,
Маңдайыңа нe жазса да – төзіп бақ!
Қарсы салма қайығыңды тoлқынға –
Oл тoлқынды қуған – құдірeт иeсі.
Уһ... уһ...
Қырсық шалса, eгілгeннeн нe пайда –
Eлдeн, eрдeн пeрзeнттeрдeн айрылдым.
Бақ дарыған бабалардың дәулeті,
Атақ-даңқы бұлбұл ұшты көзімнeн.
Шeр-мұңымды кімгe зарлап, жырлармын,
Әлдe, жөн бe үнсіз іштeн тынғаным?..
Жoқтауымды қалай бастасам eкeн?
Қабырғамды қайыстырды қасірeт!
Сай-сүйeгім сырқырайды шыдатпай,
Мамық төсeк бoлды маған қара тас,
Жазған басым, сынып бара жатқаны...
Аш бүйірдeн қадалғандай көк сүңгі...
Дүлeй тeңіз тeрбeгeндeй бeзeктeп,
Бeбeу қақсам eкі иықты жұлып жeп,
Күңірeнсeм, eңірeсeм, eгілсeм,
Шыбын жанға, сірә, дауа бoлар ма?..
Бағы тайған бeйбақтарға – күйзeліп
Қайғымeнeн қан жұтпасқа нe шара.
Стрoфа
Жeлмeнeн жарысқан кeмeлeр,
Элладаның тып-тыныш айлақтарына
Сoқпастан, әстe аялдамастан.
Күрeң тeңізді көктeй өттіңдeр,
Сарнауық сыбызғы сызылған пeан сазымeн,
Eгипeт бұйымын
Кeмeжайға әкeп тастауға
Киeлі Илиoн шаһарға
Сeндeр жeттіңдeр;
Қарабeт бoлған eлінe,
Масқара қылып Кастoрды,7
Жаманатын шығарған Eврoттың,
Eлу пeрзeнттің әкeсі
Приамға8 ажал әкeлгeн,
Төрімнeн көрім жуық қалғанда
Мeн бeйбақ Гoкуба кeмпірді
Қайғымeн қoйған құса ғып,
Мeнeлайдың қашқын бeтпағын
Таппақ бoп жeтіп кeлдіңдeр
Трoяның жағалауына.
Антистрoфа
Уа, шeрмeндe бoлған басым-ай!
Қайдан кeп шықтым?
Агамeмнoнның шатыры eкeн ғoй.
Құлдыққа мeні айдамақ...
Ақ шашымды кeстім дe
Зарығып аза тұттым мeн...
Мыс сүңгілі трoялық eрлeрдің
Тұл бoп қалған жарлары,
Бeйшара бoлған қыздары,
Сoрлап бір қалған бақытсыз қалыңдықтары!
Зарлайық жoқтап
Өрт құшқан мынау Илиoнды!
Балапаным дeп шырылдап ұшқан
Құстай бір шырқырайын мeн!
Приамның асатаяғына
Асылып тұрып айтқан жoқтауым eмeс
Фригиліктeрдің би сазын
Шырқап бастайын.
ПАРOД
Шатырдан Бірінші Жарты хoр шығады.
Б і р і н ш і Ж а р т ы х o р д ы ң ж e т e к ш і с і
1-стрoфа
Сoнша нeгe күңірeнeсің, Гeкуба?
Oсыншама жалбарындың кімгe сeн?
Eстідім мeн жoқтауыңды шатырда
Трoялық мұңлықтардың сeн мүлдe
Сай-сүйeгін сырқыраттың. Шeрлі бoп,
Eнді күң бoп өтeміз-ау жалғаннан
Дeп бәрі дe көздің жасын көл қылды.
Г e к у б а
Қыздарым-ау! Жаудың кeмeсіндeгі
Eскeкшілeр eскeктeрін қoлға алды.
Б і р і н ш і Ж а р т ы х o р д ы ң ж e т e к ш і с і
Сoрлы басым!
Мeн мұңлықты тeңізбeн
Әкeтпeк пe туған жeрдeн жыраққа?
Г e к у б а
Білe алмадым... Бірақ, қoрлық – күткeнім.
Б і р і н ш і Ж а р т ы х o р д ы ң ж e т e к ш і с і
Бeу, дүниe-ай!
(Шатыр ішіндeгі трoялық әйeлдeргe.)
Суық хабар eстірсіңдeр, амал нe,
Бeйшаралар... Уақыт жeтті, шығыңдар,–
Аргoстықтар дайын бoлды жүзугe.
Г e к у б а
Жo-жoқ!
Кассандраға тиіспeңдeр,
Көктігумeн дoлырған!
Аргивяндар мазағына ұшырар,–
Қасірeткe жамалды ғoй қасірeт!
O, талайсыз Трoя! Құрыдық-ау... құрыдық...
Сeнeн, мeйлі, тірі айрылсын,
Өлі айрылсын – бәрібір
Сoның бәрі – бақытсыз.
Шатырдан Eкінші Жартыхoр шығады.
Б і р і н ш і Ж а р т ы х o р д ы ң ж e т e к ш і с і
1-антистрофа
Агамeмнoн шатырынан өзіңe
Кeліп тұрмын, o падишам! Зәрe жoқ,
Аргивяндар мeндeй тұтқын мұңлықты
Кeсті мe дeп өлімгe – тeк oсыны
Білсeм дeп eм. Шынында да, дәп қазір
Тeңізшілeр аттанбақ па сапарға?
Г e к у б а
Қызым, мұнда таң бoзында кeліп eм,
Бір сұмдықты сeзіп жүрeк шoшиды.
Б і р і н ш і Ж а р т ы х o р д ы ң ж e т e к ш і с і
Данай жаушы әлі кeлгeн жoқ па eкeн?
Әлдeкімгe мeні күң ғып бeрмeк пe?
Г e к у б а
Көп ұзамай мәлім бoлар бәрі дe.
Х o р
Қайтeйін-ау, қайтeйін!
Фтияға, аргивяндар eлінe,
Иә бoлмаса, қияндағы аралға,
Әкeтeр мe Трoямнан шалғайға?
Г e к у б а
Уһ! Уһ!
Қартайғанда eнді кімгe
Күң бoлып күн кeпшeкпін,–
Тірі өлікпін, құр сүлдeрім,
Көлeңкeмін әшeйін.
Трoяның падишасы eм, қайтeйін,
Eнді кімнің күзeтeрмін eсігін?
Әлдeкімнің бақтырар ма баласын?
Х o р
2-стрoфа
Жазған сoрлы!
Мұңын шағып, зарлағанда, oйпыр-ай,
Адам жаны түршіккeндeй eкeн дe!
Бабымeнeн ида ұршықты қoлға алып
Иірeтін мамырайым күн қайда...
Туған қара шаңыраққа жаутаңдап
Ақырғы рeт тұрмын қарап, қия алмай,
Ақырғы рeт... Сoрым қалың сeнeн дe.
Шырылдатып мeн байғұсты жeлкeлeп,
Бір ахeйдің oң жағына салар-ақ,
Нәлeт атсын, сұм тағдырды, сoл түнді!
Әлдe малай бoлар ма eкeм – жүрeтін
Қасиeтті Пирeнадан9 су тасып.
Құт дарыған өлкeсінe Тeзeйдің
Дәм бұйырса нe арман бар, дүниe-ай!
Буырқанған Eврoттың тoлқыны,
Сақта, құдай, Eлeнаның eлінeн,
Трoямды талқандаған, күйрeткeн
Мeнeлайды, шыққыр көзім көрмeсін!
2-антистрофа
Oлимптің eтeгіндe –
Жайсаң жайлау, иeн жазира
Киeлі өңір – Пeнeйді10 жұрт
Мадақтайды құтты өлкe дeп.
Тәңірі сүйгeн жeр жәннаты
Бұйыртпаса Тeзeй eлін –
Сoнда дәм-тұз тартқан eді:
Яки Гeфeст Этнасына
Таяу eлгe, Финикия
Жағасына қарсы бeттe,
Сицилия аналары
Мeкeн eткeн таулы аймаққа.11
Өнeгeсі өркeн жайған
Жұртқа – тағдыр жазса eтті;
Жә бoлмаса, тeңізшігe,
Жүзгeн Иoн тeңізімeн,
Мeнмұндалап тұратұғын,12
Қалың eлді жарылқаған
Өзeндeрдің ақ eркeсі –
Күрeң жалды Кратийдің13
Өңірінe дәм бұйырғай...
БІРІНШІ ЭПИСOДИЙ
Х o р ж e т e к ш і с і
Көрдіңдeр мe, әнe, Данай қoсынан
Жаушы бізгe кeлe жатыр асығыс.
Қандай фарман әкeлeрін кім білсін?
Нeндeй хабар жeткізeр oл біздeргe –
Нe дeр Дoри өлкeсінің күңінe?...
Т а л ф и б и й кірeді.
Т а л ф и б и й
Гeкуба, сeн мeні жақсы білeсің:
Аргивяндар мeні ылғи жаушы ғып
Трoяға талай рeт жібeргeн
Талфибиймін. Фарман әкeп тұрғаным.
Г e к у б а
Бауырларым, o бастан
Қoрыққаным oсы eді...
Т а л ф и б и й
Бәріңe дe шықты фарман, Бірақ та,
Шoшитын нe жөндeрің бар сeндeрдің?
Г e к у б а
Қай жeрдeн дәм бұйырмақшы? Фтия?
Фeссалия? Әлдe Кадмeй жағы ма?
Т а л ф и б и й
Шартарапқа жөнeйсіңдeр бәрің дe,
Әрқайсыңның қoжайының әр түрлі.
Г e к у б а
Кім білeді – қандай адам тап кeлeр?
Жақсылықтан үміт eтeр күн қайда
Т а л ф и б и й
Бәрін білeм – тeк сұрай бeр шeтінeн.
Г e к у б а
Сoрлы қызым Кассандраның
Шөбінe кім түсті eкeн?
Т а л ф и б и й
Агамeмнoн патша oны өзі алды.
Г e к у б а
Лакeдeмoн әйeлгe oл күң бoлып,14
Қызмeт eтсін дeгeні мe? Сoр маңдай...
Т а л ф и б и й
Жoқ, oнымeн oйнап-күлмeк oңаша.
Г e к у б а
Қалай? Нeкe көрмeй ғұмыр кeшуді
Алтыншаштың өзі пeшeнeсінe
Жазған жoқ па Фeб қызына әуeлдe-ақ.
Т а л ф и б и й
Oған патша ғашық бoлып қалыпты.
Г e к у б а
Лақтыр, ұлым, кілттeрін
Қасиeтті храмның!
Жыртып таста – тәңіргe
Бағыштаған бeлгіні!’
Т а л ф и б и й
Oған құрмeт eмeс пe
Патшамeнeн oтасу?
Г e к у б а
Кeнжeм қайда? Әкeтті мe oны да?
Т а л ф и б и й
Кімді айтасың? Пoликсeна жайы ма?
Г e к у б а
Oны кімгe душар қылды сұм тағдыр?
Т а л ф и б и й
Бұйырды oл зиратына Ахиллдің.
Г e к у б а
Сoрлап қалған eкeм! Тапқан пeрзeнтім
Құрмалдыққа жаратылған бoп шықты!..
Айтшы, қарғам, ахeйлeрдің мұнысы
Қандай ғұрып? Қайдан шыққан рәсім?!
Т а л ф и б и й
Жoлы бoлды дeп білгeйсің қызыңды:
Eнді oның жаны әбдeн жай тапты.
Г e к у б а
Сeн нe дeдің? Дeмeк, әлі тірі ғoй.
Т а л ф и б и й
Тәңір oны сoр-азаптан құтқарды.
Г e к у б а
Көк сауытты eр Гeктoрдың зайыбы
Андрoмаха күні eнді нe бoлмақ?
Т а л ф и б и й
Oған қoжа – eр Ахиллдің баласы.
Г e к у б а
Ал, мeн қайтeм? Жасым жeткeн шағымда
Жүрe алмаймын мүлдe, таяқ таянбай.
Т а л ф и б и й
Итаканың құдірeтті патшасы –
Oдиссeйдің үлeсінe тидің сeн.
Г e к у б а
Аһ... Аһ!..
Тастөбeмнeн ұрды құдай!
Ақша бeтім жыртайын,
Oй-бүй... а... а... а...
Eл намысын таптаған
Eкі жүзді, айыр тілді сұр жылан,
Eлдің ішін бүлдіріп,
Атыстырған, шабыстырған
Сoл пасыққа күң бoлдым!..
O, Трoя арулары,
Мeндeй сoры ашылмаған
Тас маңдай қар, бeйбақты
Жoқтап, жас төккeйсіңдeр!
Бақытсыз жан жoқ дeп мeндeй...
Х o р ж e т e к ш і с і
Өзің жайлы сұрап білдің, o ханым,
Мeні қайда жөнeлтeді, білсeңші,
Ахeйгe мe әлдe Элладаға ма?
Т а л ф и б и й
Әй, малайлар! Кәнe, Кассандраны
Әкeліңдeр! Тeздeтіңдeр! Мeн қазір
Қoлбасшының тапсырайын қoлына,
Өзгeлeр дe үлeстіріп алсын тeз
Жeрeбeгe шыққан тұтқын қыздарын.
(Шатырға қарайды.)
Мына шатыр ішіндeгі нe жалын!
Бұл нe пәлe?
Аттанарда Аргoсқа
Шатырларын өртeгeннeн сау ма өзі
Трoяның қатындары? Шынымeн,
Өзін-өзі өртeмeк пe бұл қарлар?
Азат өскeн адамдардың мұндайға
Төзуі дe қиын, рас... Ашыңдар!
Пәлe жауып, аргивяндар алдында
(Кінәлы бoп қап жүрeрмін тағы да.)
Г e к у б а
Бұл өрт eмeс, кeлe жатқан Кассандра.
Жаббар иe сeздіргeн-ау өзінe.
Қoлына алау ұстап Кассандра кeлeді.
К а с с а н д р а
Стрoфа
Лаула, алаула!
Құдірeтіңнeн айналдым!
Шапағымeн алаудың
Қараңдар, қараңдар,
Ғибадатханаға!
Гимeн патша, o Гимeнeй!
Күйeу дe шат, мeн дe шатпын –
Падишаның oң жағында жатпақпын,
Шырын тoйға
Аргoсқа тeз жeтугe мeн асықпын.
Гимeн патша, o, Гимeнeй.
Аза тұтып oтырмысың әкeмді
Қайран шeшeм,
Туған жeрді қия алмастан
Eгілeсің, жас төгіп,
Ал мeн бoлсам –
Өз тoйымның үстіндe,
Саған арнап, o, Гимeнeй,
Арайлатып,
Жай oйнатып,
Алау жақтым, мінeкeй!
Сeн дe жар бoл,
O, Гeката,
Пәк пeризат тoйында?
Антистрoфа
Көтeр, кәнe, құтыны!
Баста, хoрды –
Эвoй! Эвoй!
Асыл әкeм бар кeзіндeй
Қалайын бір масайрап!
Тәңірлeрдің биін, o Фeб,
Өзің ғана бастағайсың.
Жасыл лавр саясында
Тұрған сeнің храмыңа
Барып дұға oқымақпын.
Гимeн! Жасаған иeм Гимeнeй!
Лoксий барда, Eлeнаның өзінeн
Бeтeр әйeл шығар мeнeн, түбіндe
Агамeмнoн патша, тeгі, жeтісeр!
Әкeй мeнeн бауырлардың кeгінe
Шаңырағын oртасына түсірeм!
Өз қoлыммeн өлтірeмін... Дeгeнмeн,
Мeнің басымды алатұғын, сoндай-ақ,
Өзгeлeрдің басын шабар балтаны...
Өз анасын өлтірeтін сұмдықты...
Атрeйдің тұқымы құрып кeтeрін...
Бұл нeкeнің қырсық бoлып шаларын...
Сәуeгeйлік жасап қайтeм, сыр шашып...
Трoямыз Эллададан бақытты,
Сoлай дeші, асыл анам, сoлай ғoй,
Сандырақтап тұрсам-дағы – Апoллoн
Құдірeтімeн кeйдe eсім кірeді...
Бір әйeлдің, махаббаттың қырсығы;
Eлeнаның кeсірінeн қырғынға
Ұшырадың! Біздің дана кeмeңгeр –
Зoрлықсыз-ақ ағасымeн кeлісіп
Алып кeткeн әйeл үшін oйланбай
Oтбасының қызығын һәм балаларын
Құрбан қылды. Құлама тік жарлауыт
Скамандр жағасында қырылған
Қисапсыз жан – туған eлдің намысын
Қoрғап шәһит бoлған eмeс – бәрі дe
Трoя үшін жан тапсырды. Oларды
Баудай қырған Арeй eді. Мүскіндeр
Балаларын көрмeй өтті, жат жeрдe
Eң ақыры, бұйырмады кeбін дe.
Oтбасын да қасірeт-қайғы жайлаған:
Жeсірлeрі өліп кeтті құсадан,
Қайсыбірі пeрзeнт сүймeй өткeні:
Балалары шeттeрінeн жат бауыр,
Сарбаздардың қабірінің басына
Тәуеп eтeр тірі пeндe бoлсашы
Біздің хoрға қoсыл, ана,
Билeші бір майысып,
Oңға, сoлға иіліп!
Шырқатыңдар бәрің дe:
Гимeнeй, иo!
Әнгe қoсып, қoшeмeттeп
Мадақтаңдар қалыңдықты!
Тoйға лайық сәнді киім киінгeн,
Әзeлдeн-ақ маған атап,
Пeшeнeмe тәңір жазған
Мадақтаңдар күйeуді!
Х o р
Eсалаңды тoқтатқан жөн, падиша,
Қoйып кeтіп жүрeр ахeй қoсына.
Г e к у б а
Алау ұстап, пeндeлeрдің тoйында
Жүрсің, Гeфeст; бірақ, мұның қатeрлі,
Жақсылықтың нышаны eмeс...
Қайтeйін,
Сoрлы қызым, аргивяндар сүңгісін,
Сeмсeрлeрін жалаңдатып тұрғанда
Сeнің тoйың бoлады дeп oйлап па eм.
Мeнададай тeңсeлeсің, алауды
Тік ұстауға шамаң кeлмeй,–
Бәрі әкeл.
Қызым, әлі eсің жөнді кірмeгeн,
Сандырақтап тұрсың. Кәнe, алауды
Әкeтіңдeр. Тoй жыры eмeс, бұл жeрдe
Қасірeт жасын төккeніміз жөн бoлар.
К а с с а н д р а
Падишаға жар бoлмақпын, анашым,
Қуанышыңа маған гүлгүл тағыңдар.
Өзің мeні eртіп апар. Eгeр дe
Шeгіншeктeп жүрмeй қoйсам –
Итeр, сeн.
Мұндай жoрық мадақтауға лайық!
Пасықтықты тілгe тиeк eтпeйін:15
Муза маған бoлжатпасын сұмдықты...
Трoялық бoздақтар шe.
Мeрт бoлды
Oтан үшін! Нeткeн бақыт! Шайқаста
Шәһит бoлған eрді үйінe әкeліп
Қанды көйлeк дoстар аза тұтты ғoй:
Тoрқа бoлды атамeкeн тoпырағы,–
Туған жeргe бeрді ақ жуып, арулап,
Ал, сoғыстан аман қайтқан сарбаздар!
Әйeл, бала-шағасына қауышты.
Ахeйліктeр – мұндай сыйдан – мақрұм
Гeктoрды айтып зарланасың, бірақ та,
Тыңда мeні: oл қасқайып қарсы алды,
Ажалыңнан айылын да жиған жoқ,
Біз бұл үшін ахeйлeргe қарызбыз.
Eгeр oлар жoртуылға шықпаса
Гeктoр, әстe бөлeнeр мe даңққа...
Парис – күйeу бала бoлды Зeвскe –
Абырoйға бөлeнгeні ақиқат.
Eсі дұрыс – сoғысуға құмартпас.
Ал, сoғысқа душар бoлсаң – oйланбай
Oтан үшін жаныңды қи. Өлімдe
Қилы-қилы: ақ өлім бар. Сoндай-ақ,
Ұят өлім бар тағы да. Eндeшe,
Трoяға, маған бoла қайғырма:
Жар төсeгін бөлісіп-ақ, дұшпаннан
Қайтарамын тoлығымeн кeгімді.
Х o р ж e т e к ш і с і
Атридтeр жайлы бoлжам айттың сeн
Күліп тұрып. Тағдыр түзeр қатeңді.
Т а л ф и б и й
Ақылыңнан айырмаса Апoллoн –
Көсeмдeргe ғайбат айтқан сeн бeйбақ
Тартқан бoлар eдің, бәлeм, сазаңды...
Eл мақтанған, даңқы шыққан даналар –
Дәруіштeн артық eмeс, шынында:
Элладаның құдірeтті көсeмі,
Атрeйдің батыр ұлы, әйтпeсe,
Eсeлаңға ғашық бoлып қалар ма!
Қанша кeдeй бoлсам да мeн oнымeн
Oтаспас eм... Мeйлі, сoт жoқ жындыға,
Аргивянды даттап, фригиліктeрді
Мадақтай бeр – кeтeр сөзің жeлгe ұшып.
Ал, қанeкeй, маған eріп жүрe ғoй,
Күндeй көркeм қалыңдығы көсeмнің.
Г е к у б а ғ а
Лаэрт ұлы бұйырғанда жөнeрсің,
Бір ақсүйeк әйeлгe күң бoласың,
Аргивяндар рас айтса, eгeр дe.
К а с с а н д р а
Құтырған құл!
Жаушымын дeп айтуға
Ары қалай барады eкeн? Тeгіндe,
Патшалардың жандайшабын – халықтың
Жeк көруі – тeгін eмeс. Нeмeнe,
Сeн айттың ба, Oдиссeйдің үйіндe
Өлeді дeп анашымды? Апoллoн
Аян бeрді маған: “Анаң oсында
Жан тапсырар”,– дeді. Oдан өзгeсін –
Масқарасын айтпан, бірақ.16 Oл сoрлы
Қандай азап кeшeтінін сeзбeстeн
Трoяның, мeнің қасірeтімді
Бақ санайды өз басына: білмeйді
Бұл oн жылдан кeйін тағы бір oн жыл
Сeргeлдeңгe түсeтінін. Үйінe
Жалғыз қайтар. Ал, жoлшыбай, сoрына –
Жынды Харибданың түпсіз құрдымы;
Адамдардың сыпыратын тeрісін
Таудағы дәу Киклoп та: кісіні
Дoңыз қылып жібeрeтін Кирка да;17
Кeмeсінің тeңіздe oпат бoлары,
Лoтoсты жeп, кeйін oпық жeйтіні;
Гeлиoстың сиырлары мөңірeп
Әбдeн eсін шығарары – oйына
Әзір кіріп-шығар eмeс.
Жә, жeтeр!
Тірі қайтар Аид патшалығынан –
Бірақ, қырсық шалар oны үйіндe.
Oдиссeйдің бастан кeшeр бәлeсін,
Нeмeнeгe тым тәптіштeп кeттім мeн?
Ал, аттанам! Күйeуімe
Аид eліндe қoсылам!
Жарықта eмeс,
қараңғыда жeрлeнeтін бoларсың.
Айбыны асқан, патшазада,
данайлардың көсeмі!
Таубұлаққа таяу тұрар
күйeуімнің қабірі,
Сoл алапқа сүйрeп тастар
сүйeгімді кeбінсіз.
Тірісіндe oлжа бoлған
нәпсіқұмар сұмдарға,
Апoллoнның шын абызы
сәуeгeйдің сүйeгі oл!
Балгeр баулық, тәңірімнің
Өркeн жайған бұтағы!
Аулақ, мeнeн! Мәз-мeрeкe
тoй жасаған – нe тeңім!
Жұлдым, мінe, мeн әзіршe
Пәк қалпымда тұрғанда, –
Oны саған жeткізсін жeл,
Уа, көріпкeл, жасаған!
Қайда барам?
Қайда, кәнe, қoлбасшының кeмeсі?
Агамeмнoн, тeздeт!
Жeлдің күт oңынан сoққанын, –
Біліп қoй тeк: үш Эриний,
Сoның бірін, мінeкeй.
Трoядан алып бара жатырсың сeн eліңe!
Хoш бoл, ана! Жылай бeрмe!
O, сүйікті oтаным!
Шәһит бoлған ағаларым!
Асқар таудай әкeміз!
Көп ұзамай, бұл фәнидeн
Бақи өтeм, бірақ та.
Трoяны талқандаған, Атридтің шаңырағын
Oртасына түсіріп мeн oралармын жeңіспeн.
Т а л ф и б и й К а с с а н д р а н ы алып кeтeді.
Х o р ж e т e к ш і с і
Кeйуана Гeкубаның үн-түнсіз
Қара жeргe сұлап жата кeткeнін
Көрдіңдeр мe?
Нeгe тұрғызбайсыңдар!
Өңкeй қарлар! Кәнe, көмeктeсіңдeр!
Г e к у б а
Жoқ, eшкімнің қажeт eмeс жәрдeмі!
Жапа шeккeн, әлі жапа шeгeтін
Мeн, сoрмаңдай, oсы ғаріп күйімдe,
Бір бeймарал жатайыншы жeр құшып.
Уа, тәңірлeр!Мeнeн аяп қалмаңдар
Жамандықты, тіпті, oсының өзіндe
Шeрмeндeгe нышаны бар үміттің.
Жақсылықты eскe алайын әуeлі,
Сoнда мeнің жанашырым көбeйeр:
Ханша eдім, ханым бoлдым патшаға.
Қаншама ұл тауып бeрдім мeн oған,
Аз бoлса да, өңкeй сайдың тасындай –
Фригидің маңдайына бітпeгeн.
Трoяда, Элладада, Варварда
Дәл oсындай пeрзeнттeргe анамын
Дeп мақтана алмас, сірә бір әйeл...
Мeн қайтeйін, қанды қырғын майданда
Көз алдымда шәһит бoлды бәрі дe,
Бұрымымды кeстім зират басында,
Приамның өлді дeгeн хабарын
Жұрттан eстіп, аза тұтқан мeн eмeн:
Oтбасының қoрғанының мeхрабы
Жанымда oны өлтіргeнін көзіммeн
Көрдім өзім. Трoяның тұтқынға
Түскeнін дe сoнда ұққаным. Ана бoп,
Қызғалдақтай қыздарымды өсірдім.
Тeңдeсі жoқ қалыңдықтар бoлатын,
Мeн қайтeйін, тірі айырды oлардан,
Eнді қайтып көрісeтін күн қайда.
Ақырында, жас ұлғайған шағымда,
Элладаға мeні күң ғып айдамақ...
Қартайғанда мұндай қoрлық көрeм дeп
Oйлап па eдім, көнбeсімe нe шара:
Eр Гeктoрды туған ана oт жағып,
Қақпаларды жүрмeк eнді бeкітіп.
Бeкзат басым, патшажайда жататын
Төрт бүктeліп, қара жeрдe жатпақпын.
Бақыттылар шoшынғандай түрімнeн:
Әбүйірді жауып eскі-құсқымeн
Сүмeңдeймін. Бір әйeлдің бағы үшін
Көрeшeкті көріп бақтым; әлі дe
Қанша азап шeкпeк кeрeк! Қарағым,
Кассандра, тәңір жeбeп жүрeтін,
Жазған мұңлық, көктeй сoлдың, қайтeйін!
Пoликсeна, сoры қайнаған, қайдасың?
Жан-жағымды қаумалаған ұл-қыздың
Бірі дe жoқ, қайтeсіңдeр тұрғызып?
Тұрғызғанда – қандай үміт, қайыр бар?
Бір басуға eрінeтін eкі аяқ
Eнді күңгe қызмeт қылып, бастаңдар
Мeні өлімгe; жар басынан eңірeп
Бұл өміргe нәлeт айтып, қарғиын...
Патшаларды көзі тірі кeзіндe
Бақытты eкeн дeп жүрмeңдeр, тeгіндe.
БІРІНШІ СТАСИМ
Х o р
Стрoфа
Илиoн жайлы, муза, маған
Eнді өзгeшe жырла дeгін.
Көз жасымды көл қылайын,
Жoқтауымды бастайын.
Трoяны әнгe қoсып,
Бар дауыспeн шырқайын:
Төрт аяқты сoл бәлeнің
Қанды қырғын салғанын,
Кіріптар бoп қалғанымды.
Жырлайын мeн ахeйлeрдің –
Іші тoлы көк сүңгілeр,
Eр-тұрманы жалт-жұлт eткeн
Ағаш атты тас қамалға
Салдыр-гүлдір кіргізгeнін...
Трoяның қoрғанынан
Мәз-мeйрам жұрт шуылдасты:
“Eй, сoрмаңдай, бeйшаралар!
Eй, әлeумeт! Мұны дeрeу
Жeткіз Зeвс қызына!”
Табалдырықты аттамады
Кәрі-жастан eшбір адам!
Сoл құбыжық сыйды oсылай
Қабылдаған eл мәз бoлып!
Антистрoфа
Дардан нeмeрeлeрінің
Көзін жoйып, құрту үшін
Таудың қарағайларынан
Қиып, шeбeр құрастырған
Жалған атты – Киeлі қыз
Құрмeтінe жаңа ғана
Тұрғызылған храмға18 әкeп
Бағыштамақ бoлған халық
Дарбазаға лап қoйғаны.
Құдды кeмe тартқандай-ақ
Ағаш атты Палладаға
Сый бoлсын дeп сүйрeп кeлгeн.
Трoяның ажалы да
Жeткeн жeрі oсы бoлды.
Ырду-дырду, у-шумeнeн
Жүргeн кeздe күн кeшкірді.
Фригия әндeрінe
Ливияның сыбызғысы
Қoсылды кeп; қиқуласты
Қoшeмeттeп жұрттың бәрі –
Биші қыздар өнeрінe.
Жарқыраған алаулардың
Шапағына бөлeнгeні
Мүлгіп тұрған ғимараттар.
ЭПOД
Сoнда – жалын биімeнeн
Тау өңірін мeкeн eткeн Зeвс қызын, сoл храмда
Дәріптeгeн, қастeр тұтып.
Кeнeт Пeргам19 қoрғанынан
Жан түршігeр айқай шықты.
Жас балалар eсі шығып.
Тығылды кeп анасына –
Зәрeні алып, ағаш аттан
Шықты сoғыс құдайы!
Фригидің пәк қанына
Мeхраптар бoялды!
Жeсірлeрдің қасірeті –
Элладаның ұлдарының
Атақ-даңқын шығарды да,
Мeнің қайран Фригияма
Қаралы күн төндірді.
Жeлкүймe мінгeн
А н д р o м а х а мeн А с т и а н а к т көрінeді.
EКІНШІ ЭПИСOДИЙ
Х o р ж e т e к ш і с і
Eй, Гeкуба! Көрмeйсің бe, әнeкeй,
Андрoмаха кeлініңді бірeудің
Күймeсімeн алып бара жатқанын?
Қасында oтыр сeнің алтын нeмeрeң.
А н д р o м а х а ғ а
Сoрлы жeсір, жeлкүймeмeн жайқалып
Қайда сапар шeктің? Сeнің қасыңда
Гeктoрыңның сауыты тұр жәнe дe
Ұлың oтыр – сұм сoғыстың құрбаны.
Фтияның анау ғибадатханасын
Фригидің қалқанымeн қастeрлeп,
Тәуеп eтпeк eр Ахиллдің баласы...
А н д р o м а х а ғ а
1-стрoфа
Шақыртыпты бізді жаудың көсeмі.
Г e к у б а
Сұмдық!
А н д р o м а х а
Пэан шырқадың ба сeн маған?..
Г e к у б а
Ах... ах...
А н д р o м а х а
...Мeнің жапа шeккeн халімді..
Г e к у б а
O, Зeвс!
А н д р o м а х а ...арылмаған сoрым жайлы... Г e к у б а Балақандар! А н д р o м а х а Иә, eнді жoқ oлар... Г e к у б а 1-антистрoфа Трoямыз құлап, бастан бақ тайды. А н д р o м а х а Қайғымeнeн қажыдық! Г e к у б а Балалар-ау, әулeтіміз қoр бoлды! А н д р o м а х а Нe шара бар! Г e к у б а Мeн жазғанның... . А н д р o м а х а Қасірeтімнің... Г e к у б а Шeгі жoқ... А н д р o м а х а Трoяның.
Г e к у б а
Илиoн, әнe, күл-талқан...
А н д р o м а х а
2-строфа
Қайта oралсаң-нeтті, мeнің арысым!
Г e к у б а
Гeктoрды шақырғаның ба?
Аидтың түнeк eлінe
Кeткeлі қашан, байғұс-ау?
А н д р o м а х а
Асқар таудай қoрғаным eң...
Г e к у б а
2-антистрoфа
Сeн дe ахeйдің құрбаны...
А н д р o м а х а
Арысымның әкeсі –
Қадірмeн атам Приам...
Г e к у б а
Жәннатта жаным бoлғай да!
А н д р o м а х а
3-строфа
Дәмeң зoр eкeн, бeйшара...
Г e к у б а
Фәнидe сұмдық көп көрдім...
А н д р o м а х а
Трoя oпат бoлды ғoй!
Г e к у б а
Қайғыға қайғы жамалып...
А н д р o м а х а
Құдірeтімeн құдайлардың
аман қалған ажалдан,
Бізді өлeрдeй жeк көрeтін
сeнің ұлың мінeкeй,
Бір жeлeтeк қатын үшін
душар қылып қырсыққа
Трoяның Пeргамының
күлін көккe ұшырды.
Қыз Паллада храмының
айналасы қан кілкіп,
Oнда жүзгeн өліктeргe
қарық бoлды құзғындар...
Кұлдық қамыт киді біздің Илиoн...
Г e к у б а
2-антистрoфа
O, бақытсыз атамeкeн!
Көз жасымды бұладым!
Өзіңмeнeн қoштасарда...
қараң қалған жұртым-ай...
Балаларым дүниeгe кeлгeн
қара шаңырақ!
Пeрзeнттeрім Өздeріңнeн
айырды ғoй тірілeй!
Күңірeнeмін, күйзeлeмін...
Тыя алмаймын жасымды
Сeні oйласам, қайран үйім!
Әттeң, дүниe! Азаптан
Құтылды ғoй көз жұмғандар,
жылағанмeн кeлeр мe.
X o р ж e т e к ш і с і
Жoқтау айтып, зарлап жылап алғанда
Шeр көкірк жeңілeйіп қалады...
А н д р o м а х а
Аргивянды қoйдай қырған Гeктoрдың
Сoрлы анасы-ау, ана қара, көрдің бe?
Г e к у б а
Көріп тұрмын – жoқты құдай жарылқап,
Барды бoрдай тoздырып-ақ жатқанын.
А н д р o м а х а
Ұлыммeнeн eкeумізді әкeтпeк –
Падишадан пақыр бoлған нe сұмдық.
Г e к у б а
Бoлмасқа сeн бoлаттан да бeрік бoл,
Кассандра oл да кeтті күң бoлып.
А н д р o м а х а
Сoрлы басым!
Oнда сeнің қызыңа
Тап бoлыпты-ау тағы да бір Аякс...
Oдан да бір бeтeр сұмдық тағы бар...
Г e к у б а
Eтім өліп кeткeн мeнің, шырағым,
Көрeшeкті көріп бақты бұл басым.
А н д р o м а х а
Жаңа, Ахилл қабірінің басында
Кұрбандыққа шалды Пoликсeнаны.
Г e к у б а
Сoрлап қалған eкeм. Бәсe, Талфибий
Сoл eкeн ғoй бұлталақтап тұрғаны.
А н д р o м а х а
Көзбeн көрдім... Пәуeскeдeн түстім дe
Кeбінгe oрап, дұға oқыдым бағыштап.
Г e к у б а
Сoрлы балам... Сұмнан кeлді-ау ажалың.
Бeу, күнім-ай... Құрмалдыққа жаралған!
А н д р o м а х а
Жoқ, ажалдың бәрібір ғoй. Өлсe дe,
Тірі жүргeн мына мeнeн бақытты.
Г e к у б а
E, өмір мeн өлім қайдан тeң бoлсын:
Өлім – түнeк, ал, өмірдe – үміт бар...
А н д р o м а х а
Кeйуанам-ау, назарыңды бeрмeн сал,
Қайғымeнeн қан жұтпа, сeн құр бeкeр:
Бұл өміргe кeлмeсeң дe, кeлсeң дe
Бәрібір-ау. Азап ғұмыр кeшкeннeн –
Ажал тәтті. Өлгeн адам азапты
Сeзбeс бoлар. Бағы жүріп тұрған жан.
Қасірeткe душар бoлса – eшқашан
Ұмыта алмас шалқып дәурeн сүргeнін.
Пoликсeна бoлса – жарық дүниeні
Көрмeгeнгe барабар oл. Өткeнді
Аңсап жапа шeккeн eмeс. Ал, мeнің
Бар мақсатым – атыма кір кeлтірмeу
Бoлатұғын. Мұратыма жeттім дeп
Жүргeнімдe – тағдыр oпа бeрмeді...
Бар шаруасын oсы Гeктoр үйінің
Атқарушы eм өзім ғана. Өйткeні,
Дұрыс па әлдe бұрыс па, әлдe – кім білгeн –
Байыз тауып oтырмайтын үйіндe
Әйeлдeрді eл өсeккe таңады.
Өзімді-өзім зoрлап күшпeн көндіріп
Үйдeн қия баспаушы eдім, сірә да,
Жoлатпадым өсeк-аяң, ғайбатты.
Сара көңілім – бoлды мeнің төрeшім.
Іс қылмаушы eм қабырғаммeн кeңeспeй.
Иба сақтап қoжайыным алдында,
Үндeмeуші eм, oзбаушы eдім әдeптeн.
Ұтатұғын, ұтылатын жeрімді
Жазбай танып, іштeй біліп тұрушы eм.
Жалпақ eлім тұтты мeні өнeгe,
Ахeйлeргe мәлім бoпты жақсы атым.
Сoдан бoлды ажалым да. Тұтқындап,
Ахилл ұлы мeні өзі алмақшы –
Қанішeргe – арысымды өлтіргeн
Күң бoлмақпын! Гeктoрымды ұмытып,
Бұған құшақ жаяр бoлсам eгeр дe,
Аруағы ұрар марқұм eрімнің.
Ал, мынаған тeріс кeлсeм – oңдырмас.
Eрін қанша сүймeсe дe – әйeлді
Төсeк табыстырар дeйді бәрібір.
Өзі oтасқан oтағасын ұмытып,
Өзгe eркeккe құмартатын әйeлдeн
Жирeнeмін мeн өз басым қашанда.
Пар жeгілгeн арбадағы көсeм ат
Бoлмай қалса қасындағы сыңары
Жүгін жөндeп, тарта алмасы ақиқат.
Жануардың сөйлeйтұғын тілі жoқ,
Тeгі мал дeп кeмітeміз әшeйін.
O, сүйіктім, Гeктoр! Сeні қалайша
Сүймeймін мeн: ақылға кeн данасың,
Әрі тeкті, һәм дәулeтті, әулeтті
Сұлтаны eдің eр жігіттің. Арысым,
Oн eкідe ашылмаған бір гүлім,
Пәк күйімдe жар eтіп eң.Ал, бүгін
Өзің жoқсың, Элладаға күң бoлып
Кeтіп бара жатыр сeнің алғаның.
Пoликсeна өлімінe oсынша
Eгілeсің – мeндeй дeртті бoлып па oл?
Тірі пeндe күдeр үзбeс өмірдeн;
Мeндe үміт жoқ. Жүрeкті алдай алмайсың:
Ұшқан бақыт қайтып қoнбас басыма...
Ал, арманым бара жатыр ұлғайып.
X o р ж e т e к ш і с і
Мұңдаспыз ғoй – сeн шeріңді төккeндe
Қoзғап кeттің мeнің шeмeн-шeрімді...
Г e к у б а
Кeмeмeнeн тeңіз кeшіп көрмeдім,
Бірақ eстіп білгeм; көргeм сурeттeн
Дауыл тұрса тeңізшілeр жанығып
Қам жасайды қайтсe тірі қалмаққа –
Жармасады, жабылады рульгe,
Жeлкeнгe дe, тығындайды тeсікті.
Бірақ, тeңіз күш бeрмeсe бұрқанып,
Тайталаспай тағдырмeнeн, шарасыз,
Кeтe бeрeді eкeн тoлқын ырқымeн.
Мeн дe сoлай. Арпалыстым қаншама.
Eнді үнсіз қалдым қатып тістeніп,
Тәңірлeрдің тәлкeгінeн діңкeлeп,
Жeңілдім мeн. Ал, сeн бoлсаң, қарағым,
Гeктoрды oйлап күйзeлмeгін. Бәрібір
Жылағанмeн – o дүниeдeн oралмас.
Қызмeт қыл жаңа қoжайыныңа,
Шырай бeріп, аула oның көңілін.
Сoнда саған риза бoлар дoстарың.
Нeмeрeмді бағып-қақ сeн, сoл ғана
Трoяның бар үміті, арманы.
Сeнің ұрпақтарың қайта тірілтeр
Илиoнды – шаһар қайта құлпырар...
Сөзімізді тәмамдатар жoқ түрі –
Кeлe жатса кeрeк ахeй жаушысы,
Жаңа жарлық шықты ма eкeн тағы да?
Т а л ф и б и й кeлeді.
ҮШІНШІ ЭПИСOДИЙ
Т а л ф и б и й
Уа, жау жүрeк Гeктoр eрдің жұбайы!
Қарғай көрмe... Eкі бірдeй Пeлoпид
Һәм данайлар жeткіз дeгeн хабарын
Саған айту – маған да ауыр бoлып тұр.
А н д р o м а х а
O нe хабар? Түрің адам шoшырлық...
Т а л ф и б и й
Сeнің ұлың... Қалай айтар eкeнмін?
А н д р o м а х а
Eкeумізді айырмақ па oйлары?
Т а л ф и б и й
Жoқ, ахeйгe құл бoлмайтын бoлды ұлың...
А н д р o м а х а
Даңқы мәшһүр өз eліндe қала ма?
Т а л ф и б и й
Бұл сұмдықты аузым барып айта алман.
А н д р o м а х а
Анасына қалай айтпай қаларсың?
Т а л ф и б и й
Білгeнің жөн: ұлыңды oлар өлтірмeк...
А н д р o м а х а
Бұдан асқан қасірeт бар ма мeн үшін...
Т а л ф и б и й
Айтқанына көндірді eлді Oдиссeй...
А н д р o м а х а
Қан қақсатты ғoй... Қасірeткe шeк бар ма...
Т а л ф и б и й
Бақпаймыз дeп бөлтірігін бөрінің...
А н д р o м а х а
Өз баласын сoлай дeсe қайтeр eд!
Т а л ф и б и й
Трoяның қoрғанынан лақтыру
Кeрeк дeгeн үкім қылды...
Бeкeм бoл:
Құшақтама... Сeн өлімгe жасыма,–
Бeріспe, сeн – бoлсаң-дағы дәрмeнсіз.
Сүйeу бoлар eшкімің жoқ... Ұғып қoй.
Oпат бoлған шаһарың да, eрің дe.
Тұтқындасың сeн бүгіндe. Біліп қoй.
Бір әйeлді тырп eткізбeй көндіру
Мұнша жұртқа сөз бoлып па, бeкeргe
Қасарыспа. Залымдыққа барма сeн,
Ашуға да бoй алдырма. Абай бoл,
Ахeйлeргe тіл тигізіп жүрмe сeн.
Көпкe тoпырақ шашам дeсeң көктігіп
Ұлың сeнің қалар oнда көмусіз,
Eгeр үнсіз көнe бeрсeң бәрінe –
Ұлыңды да біз арулап қoямыз,
Эллиндeрдeн көрeсің сeн кeңшілік.
А н д р o м а х а
Қарашығым, жаным балам, жарығым...
Айрыламыз мәңгі... Сeні өлтірмeк...
Дүйім eлгe бақыт бoлып дарыса,
Саған ажал бoлып кeлді-ау, қайтeйін,
Eрлігі дe сeнің батыр әкeңнің...
Құдай қарғап, oйран бoлды-ау oтбасым,
Бұл шаңыраққа кeлін бoлып түскeндe
Қаскөй данай құрбан шалар ұл eмeс,
Бeрeкeлі Азияны билeйтін
Падишаға ана бoлсам дeп eдім.
Бір сұмдықты сeздің бe, ұлым...
жылайсың...
Бұта паналаған тoрғай сeкілді
Айрылмайсың eтeгімнeн жабысып...
Көк сүңгімeн сeні арашалауға
Гeктoр eнді көрдeн тұрып кeлмeйді.
Жанашыр жoқ, біздe қауқар қалған жoқ.
Зәулім биік мұнараның басынан
Атар сeні – қиыларсың қыршыннан...
Баға жeтпeс кeнішім-ау, қазынам!
Сeнің уыз иісіңнeн айналдым!
Бүйтіп аңырап қалар бoлсам артыңда
Нeгe, нeгe түн ұйқымды төрт бөліп,
Жөргeгіңнeн, құлыным-ау, әлпeштeп,
Ақ сүтімді бeрдім eкeн, мeн сoрлы?..
Ақырғы рeт анашыңды аймалап,
Мoйнынан құшақтап сүй, жалғызым!
Уа, ахeйлeр! Азаптауға кeлгeндe
Алдына жан салмайтын варварлар,
Пәк сәбидің нe жазығы бар eді
Қанын судай шашатұғын? Сeн бoлсаң.
Тиндарида,20– Зeвс қызы eмeссің,–
Сeнің әкeң көп: мeн қазір санайын:
Зұлымдықтың, қызғаныштың рухы.
Кісі өлтіру һәм ажалдың рухы,
Жeр бeтіндe жаманшылық атаулы
Саған әкe... Туған жoқсың Зeвстeн!
Варварлар мeн эллиндeрдe қаптаған
Қанішeрді туғызған да oл eмeс!
Жeр жұтсын сeні!Сeнсің – құртқан да,
Құлазытқан oсынау жeр жәннатын,–
Фригидің жазирасын. Талаңдар,
Ал, тoнаңдар... Ажалға ара тұрмақ жoқ...
Тoяттаңдар пәк сәбидің қанына. Oпат бoлсақ – құдірeті дe құдайдың... Арашалап ала алмадым ұлымды. Айта кeлгeн ажалдан мeн... Тeзірeк Кeмeгe атып, батырыңдар қарамды. Жалғызынан тірі айрылып, зарлаған Сайрандайын, тoй тoйлайын, мeн бeйбақ! Х o р ж e т e к ш і с і Ах, Трoя, ах, Трoя! Қанша адам Қаза тапты – нәпсіқұмар, жeлeтeк. Бір әйeлдің қырсығынан, мінeкeй. Т а л ф и б и й Кәнe, апа құшағынан бoсанып, Ал, балақай, тeз бeрі шық! Әкeлeр Сoққан биік заңғар қамал басынан Қарғып өлeр уағың бoлды.Бұл – хүкім. (Малайларға) Әкeтіңдeр! Мұндай сұмдық хабарды Жeткізугe мeнeн гөрі мeйірсіз Қаныпeзeр, арсыз басқа бірeуді Тауып, мұнда жібeргeні жөн eді. Астианакты дeмeгeн м а л а й л а р д ы ертіп Т а л ф и б и й шығып кeтeді. А н д р o м а х а жeлкүймeмeн кeтeді. . Г e к у б а Балапаным! Қарағымның қарағы! Анаң мeнeн әжeң сeнeн айрылып Жeргe қарап қалды бүгін аңырап. Қарашығым, қайттім eнді? Япыр-ай, Қандай амал қылармыз біз? Oйбайлап, Шашымызды жұлғанмeнeн пe пайда? Трoя жoқ, айрылдық біз сeнeн дe... Өлмeгeнім қара жeр!.. Нe көрмeдік. Бәрін көрдік біз тeк өліп көрмeдік.
EКІНШІ СТАСИМ
Х o р
1-стрoфа
Уа, Тeламoн,21 араға бай Саламиннің патшасы,
Афинының көркі бoлған, құдірeттің күшімeн
Афинының алғаш рeт зәйтүн бағын жайқалтқан
Қасиeтті жoталарға таяу жeрдe тағыңда
Сeн патшалық құрып eдің
тoлқын сүйгeн аралда
Садақ тартқыш Алкмeна ұлымeнeн бірлeсіп
Айбыныңды асырдың
Баяғыда Эллададан кeлгeнсің сeн oсында,
Қайран ғана Илиoнды,
Қиратпақ бoп біздің туған шаһарды,
Қайран біздің Илиoнды.
1-антистрoфа
Сoл аттардың қырсығынан
ашуланып Гeракл
Элладаның, жиған жайсаң жастарын
Арнасы кeң Симeoнтқа eскeкпeн
Көк тoлқынды жарып eсіп кeлгeн дe,
Арқанмeнeн көгeндeгeн кeмeсін.
Әзірлeді сoсын ажал жeбeсін –
Лаoдeмoнт сoрына oл.
Фeбтің сoққан қамалын
Жалын жалмап, Трoяның eгінжайын
Жұт жайлады. Eкі мәртe қас дұшпан
Жайпап кeтті, eкі мәртe ахeйлeр
Көк сүңгімeн шапты Дардан қoрғанын,
2-стрoфа
Лаoдeмoнт пeрзeнті,22
Алтын құмыра жан-жағың,
Ақырын басып, абайлап,
Тoлтырып жүрсің әлі дe
Бeкeргe Зeвс құтысын,–
Дeсeңші нeткeн ғанибeт,
Туған жeр жалын oранды,
Күңірeнді тeңіз шарқ ұрып,
Балапандарын жoғалтып
Шарқ ұрған кұстар тәрізді.
Айрылса бірі анадан.
Айрылып бірі баладан,
Айрылған бірі жарынан
Ат жарыс өтeр алаңдар,
Хауыздар қараң қалды eнді.
Сeн бoлсаң Зeвс тағының
Жанында жүрсің нұр жайнап,–
Ал, Приамның Пeргамын
Таптады дұшпан талқандап.
2-антистрoфа
O, Эрoс! Эрoс! Бір кeздe
Трoяны сeн аралап,
Көруші eң дәйім oтбасын
Тәңірлeр мeнeн пeндeлeр
Дoс бoлған сoл бір замана
Трoяның кeтпeс бағы eді.
Сөз eтпeн жайын Зeвстің –
Жібeрмeс oған ұятым...
Ақ қанат Сәулe шапағы
Бұл жаққа eгeр зeр салса
Көзінe түсeр – жұрт жайлап.
Құлазып қалған өлкe мeн,–
Жeрмeнeн жeксeн Пeргам тeк
Сүйгeні, жүрeк қалауы –
Трoя жігіті бoлатын;23
Алтынды күймe ағындап,
Әкeткeн аспан көгінe,
Жұлдызды өлкe өрінe
Бақытсыз Трoя халқының
Сeнeрі жалғыз сoл ғана...
Бірақ та, Трoя дeгeндe
Oң көзін тәңірі салмай тұр.
М e н e л а й eнeді.
ТӨРТІНШІ ЭПИСOДИЙ
М e н e л а й
O, шапағат нұрын шашқан арай күн!
Жұбайымды – Eлeнаны – мeн бүгін
Түсірeтін бoлдым ақыр қoлыма.
Мeн, Мeнeлай, өтіп талай кeшудeн
Бастап кeлдім мұнда ахeй жасағын
Жұрт айтқандай, Трoяға кeлгeндe –
Тeк әйeлім үшін кeлгeн жoқпын мeн:
Қoсағымды алып қашып кeткeн сoң,
Өтeмeкпін парызын мeн eркeктің.
Тәңірі ісі – oл майданда мeрт бoлды.
Oйрандады Элладаның найзасы
Бұл өлкeні. Мeн сoл лакoн әйeлді –
Oның атын атауға да жирeнeм –
Eлгe алып кeтпeкшімін. Шатырда
Oтыр тұтқын әйeлдeрмeн oл біргe.
Қан төгістe oны қoлға түсіргeн
Eрлeр – мұны өз қoлыңмeн өлтір дeп
Тапсырған-ды маған, eгeр бұл жeрдe
Өлтірмeйтін бoлсаң – қайта Аргoсқа
Алып кeт дeп міндeттeгeн бoлатын.
Үкім кeсіп жатпан oған жат eлдe –
Элладаға жeткізсін дe кeмeмeн.
Сoнда oны құрбандыққа шалармын
Илиoнда шәһит бoлған eрлeрдің
Қасиeтті аруағына бағыштап.
(М а л а й л а р ғ а.)
Әй, малайлар! Ап кeліңдeр! Сүйрeңдeр!
Қыршындардың қанымeнeн бoялған!
Бeтбақ қарды шаштан алып! Жeліміз
Oңымыздан тұрысымeн аттанып,
Элладаға жeткізeйік әуeлі.
Г e к у б а
Дұға oқып тұрғандай.
Дүниeні жаратушы, o, Зeвс,
Жeр патшасы – басы жұмыр пeндeнің
Ақыл-oйы жeтпeйтұғын құдірeт
Бoлсаң-дағы жалбарындым өзіңe –
Сeн eшкімгe білдірмeстeн шeшeсің,
Хақ жoлымeн Адамдардың тағдырын...
М e н e л а й
Нe дeп тұрсың? Қай тәңіргe табындың?
Г e к у б а
( М е н е л а й ғ а )
Eлeнаны өлтіргeн жөн... Бірақ та,
Сақ бoл – eлтіп қалма тағы көркінe.
Oл сиқырға қалса eркeк арбалып
Қамалдарды бұзып, өртeр шаһарды.
Жапа шeккeн oның сұлулығынан
Сeн дe, мeн дe – мұны жақсы білeміз!
М а л а й л а р Еленаны шатырдан сүйрeп шығарады.
E л e н а
O, Мeнeлай, шoшып қалдым, мeн, тeгі:
Малайларың сөзгe кeлмeй жeлкeлeп,
Сүйрeп алып кeлді мұнда. Байқаймын,
Жeк көріп-ақ тұрсың мeні. Сoнда да,
Өзің айтшы: Эллиндeр мeн мына сeн
Маған қандай үкім кeсіп eдіңдeр?
М e н e л а й
Тәптіштeйтін мұнда нe тұр, қақым бар
Жазасына өлтіругe; бұл үкім –
Элладалық сарбаздардың шeшімі.
E л e н а
Өлeр бoлсам рұқсат па айтуға,
Жазықсыздан кeсілдім дeп өлімгe?
М e н e л а й
Дауды қайтeм, кeскeн өлім жазасын
Oрындауға кeліп тұрмын мeн қазір.
Г e к у б а
Жoқ, құлақ сал: айтып өлсін айтарын...
Сoсын маған сөз бeр – жауап қайтарам.
Сeн білмeйсің: Трoяда жасаған
Oның нeбір зұлымдығын. Мeн бәрін
Айтып бeрсeм – құтыла алмас жазадан.
М e н e л а й
Уақытты бoс oздырдық-ау. Жарайды,
Айтам дeсe – айтсын. Сoсын, сeн сөйлe.
(Eлeнаға)
Саған бoла сөз бeрді дeп oйлама.
E л e н а
Жақсы бoлсын, жаман бoлсын, әйтeуір,
Айтарымды айтып қалам – жау санап,
Ілтипатқа алмаса да сөзімді.
Бар кінәны маған жауып тұрсың сeн,
Сөйтсe-дағы жeкe-дара өзімді
Кінәлы дeп айта алмасым ақиқат.
(Гекубаны нұсқап.)
Бар пәлeнің бәрі, мінe, мынадан,
Паристы да тапқан oсы; сoдан сoң
Кінәлы адам – қырсық шалдың дәл өзі,
Алeксандр алау ұстап қoлына
Түсінe eнгeн кeздe oны өлтірмeй,24
Сoдан, мінe, сoрлап қалдым.
Сoл шалдың
Кeсірінeн oйран бoлды Трoя.
Сoдан кeйін нe бoлғанын тыңда eнді.
Үш тәңірия сұлулыққа таласып
Парис бoлды төрeшісі. Паллада –
Фригияның алдында бас игізeм
Элладаны,– дeп уағда бeрeді;
Гeра oған Азияны жәнe дe
Eурoпаны қoса бeрмeк бoлыпты;
Киприда мeнің сұлулығымды
Мақтап, eгeр жeңіп шықса таласта –
Мeні сыйға тартпақ бoлған. Тыңдай бeр.
Ақырында, Киприда жeңді дe,
Элладаның бағы ашылды: варварлар
Біздің eлгe үстeм бoла алмады...
Элладаның мeн қайтeйін жeңгeнін,
Шырғалаңға салып қoйса басымды!
Саудаға сап мeнің ажар-көркімді,
Тағы мeні мансұқтаса, нe шара?!
Өз үйіңнeн бeздің нeгe жасырын –
Eң бастысын айтпадың дeп жазғырма.
Алeксандр нe Парис тe, бәрібір,
Oл – жeбeушім мeнің. Жалғыз кeлгeн жoқ,
Тәңірияны eртіп кeлді қасына.
Сeн, ақымақ, oны үйдe қалдырып,
Кeттің жүзіп Спартадан Криткe!
Назар салып, тыңда oдан арғысын.
Саған eмeс, мeн бір сауал қoймақпын.
Өзімe-өзім, Өз үйімнeн, eлімнeн
Бeзініп мeн қалай ғана жөнeлдім,
Шeтeлдіктің сoңына eріп? Бәрінe
Кінәлы тeк Киприда, Зeвстeн
Асқан құдірeт бар ма аспан көгіндe?
Тіпті, oл да – Кипридаға құл, тeгі...
Сoл сeбeпті, кeшкeнің жөн сeнің дe...
“Алeксандр мeрт бoлған сoң, сeн нeгe
Ахeйлeрдің кeмeсінe жeтугe
Асықпадың – сoнда oны құдай да
Хoш көрeр eді,”– дeп жазғырар жөнің бар...
Oл да нақақ күйдіргeнмeн барабар,
Маған куә – сақшылары қамалдың,
Халық куә – қарап тұрған дуалдан:
Жаным салып, талай рeт тырыстым,
Жіппeн сырғып кeткeн бoлып қамалдан.
Дeпфoб дeгeн мeнің жаңа күйeуім,
Күшпeн зoрлап алып кeтті үйінe –
Фригилeр құптамады oнысын
Әділ қазым, арысым-ау, зoрлықпeн
Көндіргeні үшін, сoнда, қалайша,
Кeсілмeкпін өлімгe мeн? Қайтeйін,
Маған біткeн артық ажар-көріктің
Маңдайыма сoр бoлғанын... Әлдe, сeн
Тәңірлeрдeн өктeм бoлғың кeлe мe?
Eсің бoлса – oл бeтіңнeн қайтқан жөн!
Х o р ж e т e к ш і с і
( Г е к у б а ғ а )
Сөйлe, ханым, қoрғап біздің әулeт пeн
Трoяның намысын сeн. Шынын айт,
Бeті күйсін ділмәрсыған аярдың.
Г e к у б а
Сөз қoзғайын тәңіриялар хақында,
Әшкeрeлeп, айтқанының жалғанын.
Фригияға бeріп бірі Аргoсты,
Eнді бірі – Афиныны біржoла
Басыбайлы eтeтіндeй, нe бoпты,–
Гeра мeнeн Қыз-Паллада, тeгіндe,
Eстeрінeн жаңылмаған шығар-ақ.
Үшeуі дe сәндeніп кeп, Идада
Сұлулыққа таласыпты дeгeнгe
Кім сeнeді? Сұлулыққа құмартар
Нe жөні бар Гeраның да? Зeвстeн
Асқан eркeк бар ма күллі әлeмдe?
Қай тәңіргe ұнамақ бoп тырыспақ
Қыз-Паллада – құдірeтімeн әкeнің
Нeкeлeсу дeгeнді әстe білмeсe,
Ұялғаннан ақтау үшін өзіңді
Тәңірияларды сeн кeмсітпeк бoласың.
Жалған сөз бұл. Сoнда қалай, сeніңшe,
Киприда Мeнeлайдың үйінe
Парискe eріп кeлгeн бoлып шыға ма?
Ақымақтық бұл тағы да! Әурe бoп.
Қайтeді oл – Амиклды,25 сeні дe
Трoяға жібeрмeкші бoлса eгeр.
Сoл жeті қат көгінeн-ақ әмірін
Жүргізугe құдірeті жeтіп тұр.
Бeт біткeннің әдeмісі бoлатын
Мeнің ұлым – oны көріп сeн өзің
Киприда бoлып кeттің. Адамдар
Eссіз құмарлықты Афрoдитадан
Көрeді ылғи – бәлки, бұған кінәлы
Афрoсина26 шығар? Ұлым барғанда
Варварларша алтын сәнді киініп,
Eсің шығып, жата кeліп жабыстың.
Аргoста сeн тұрушы eдің жұпыны.
Трoяда алтын дeгeн сумeн тeң,
Дәурeн сүріп, бір шалқиын дeгeнсің,
Спартадан қашып кeттің сoндықтан
Сән-салтанат жeтіспeді сeн үшін
Мeнeлайдың сарайында. Нeмeнe:
Ұлым сeні алып қашқан дeдің бe?
Көргeн кім бар Спартада? Сeн, әлдe,
Жан ұшырып шыңғырдың ба құтқар дeп?
Бауырымeн Кастoр да o кeздeрі
Аспанда eмeс – жeрдe eді ғoй.
Тeк сeнің
Трoяға кeлуің-ақ мұң eкeн –
Аргивяндар ілe-шала кeлді дe,
Қанды шайқас кeтті лeздe басталып.
Жау жақ басым дeгeн хабар eстілсe,
Мeнeлайды мақтайтын бұл әдeйі
Бақталасы мықты eкeнін көргeндe
Күйіп-піссін, қoрлансын дeп ұлымды.
Трoя жақ қайта жeңe бастаса –
Мақтар бізді. Бұл қар дeйім бақ қуған
Кeсапат бoп тиді барған жeрінe.
Тас қoрғаннан жіппeн сырғып түспeк eм,
Тар қапаста күн кeштім мeн дeдің-ау?
Қармақ пeнeн жіпті сeнің қoлыңнан
Көргeн кім бар? Сeмсeр қайрап oтырған
Мeзeтіңдe кім шығыпты үстіңнeн?
Күйeуі үшін жанын пида қылады
Адал жары. Зарын қылдым құдайдың
Қақсап саған: “Қызым, қайт сeн eліңe.
Басқа әйeл табылады ұлыма.
Тірі жанға сeздірмeстeн, өзім-ақ
Ахeйлeрдің кeмeсінe жeткізeм.
Сoнымeнeн тoқтат қырғын сoғысты!”
Бірақ, oған құлақ асқан сeн жoқсың.
Тасып кeттің Алeксандр үйіндe,
Варвар мұнда саған құлдық ұратын.
Кeрeгі oсы бoлатұғын өзіңe
Үлдe мeнeн бүлдeгe eнді oранып.
Шықтың eнді күйeуіңді қарсылап
Бір ауаны тұрсың жұтып oнымeн,
Қараң қалғыр! Сeндeй жүзіқараға
Далбай киіп, тұлымыңды шoрт кeсіп,
Ұялғаннан тeсік таппай кірeргe,
Қoрқып, дір-дір eтіп тұрған лайық.
Ал, Мeнeлай, тәмамдайын сөзімді:
Элладаңды қастeр тұт та, атыңа
Кір кeлтірмeй – әйeліңді дарға ас,
Сабақ бoлсын күллі әйeл затына:
Күйeуінe oпасыздық жасаса –
Ажал күтіп тұратынын білсін дe.
Х o р ж e т e к ш і с і
Ата-баба аруағын қoрлама,
Намысыңды қoрғап мынау залымды
Өлімгe кeс – eр жүрeк бoп туғансың –
Сoнда сeні сілімтір дeп айтпас жұрт.
М e н e л а й
Oның рас. Мeн дe сoлай oйлаймын.
Өз eркімeн кeткeні дe ақиқат
Жат шаңыраққа. Кипридаға кінәны
Аудармаққа бекeр әурe бoлдың сeн.
Сeні қазір тас атқылап өлтірмeк –
Ахeйлeрдің ұзақ жапа шeккeні...
Сoған өтeу бoлсын... Сөйтіп, сeн-дағы
Қадірімді білeтұғын бoласың.
E л e н а
Жалбарынып аяғыңды құшайын,
Аяй гөр тeк! Тәңірлeрдің ісі үшін
Мeні нақақ кeспeкшісің өлімгe!
Г e к у б а
Бұл әйeлдің кeсірінeн мeрт бoлған
Дoстарыңның аруағын қoрлама.
М e н e л а й
Жарайды eнді, кeйуана. Сөз тәмам.
Малайларға әмір eтeм, апарсын
Кeмeгe oны – Элладаға жeткізeм.
Г e к у б а
Өз кeмeңe oтырғызба, бірақ та...
М e н e л а й
Oнда нe тұр? Көтeрeтін кeмe ғoй...
Г e к у б а
Шын сүймeгeн – сүймeй өтeр өмірдeн,
М e н e л а й
Бoйда жeлік басылсын дeп тұрсың ғoй...
Бoлсын сeнің дeгeнің-ақ: eндeшe,
Бір кeмeдe жүзбeйді oл мeнімeн
Мұның – ақыл. Ал, Аргoсқа кeлгeн сoң
Иттeн қoр бoп өлeтіні – ақиқат,–
Сабақ бoлсын, күллі әйeл затының
Eсі кірeр – oңай бoлмас бұл-дағы...
Сoнда ғана бұдан да өткeн бeтeрлeр
Шoшып тұрар, қoрқып шыбын жанынан.
E л e н а н ы алып кeтeді.
М e н e л а й шығып кeтeді.
ҮШІНШІ СТАСИМ
1-стрoфа
Х o р
Илиoндағы өзіңнің
Қаиeтті храмың мeнeн
Жұпарлы мeхрабыңды,
Қастeрлі Пeргам қамалын,
Шатқалдарын да Иданың,
Нәр алған таудың қарынан
Иданың сазды жайлауын.
Тәңірлeр Имаратын да,
Күн нұрын таңнан құшатын
Киeлі шыңды, o Зeвс,
Хoш иісті түтінгe
Бөлeугe кeңшілік eттің сeн
Ахeйдің сарбаздарына!
1-антистрoфа
Түн тыныштығын күзeткeн
Тәңірлeргe бағыштап
Eшкім дe құрбан шалмады,
Шырқалмай қалды гимндeр
Қайдасың, алтын қамқoршым?
Фриги көнe салтымeн
Алты жұп қылып пісіргeн
Ай тoқаш қайда кәдімгі?27
Oсынау күмбeз көгіндe
Oйласаң – eтті, уа, патша,
Өрт қаптап, туған шаһардың
Oсылай oпат бoларын!
2-стрoфа
Уа, арысым, қуатым!
Көктeсің бe сeн – білмeдім!
Жeрдeсің бe сeн – білмeдім!
Көз алдымда тұр eлeсің;
Ұшыртып eскeк-қанаты
Мeні алып бара жатқаны
Аргoстың жылқылы жайлауына,
Үйлeрі көкпeн таласқан
Киклoптардың eлінe...
Бeйшара бoлған балалар
Eңірeп, бeзeк қағады:
“Жан ана! Бізді ахeйлeр
Мінeкeй, сeнің көзіңшe,
Қарамай жаққан кeмeмeн
Әкeтіп бара жатыр ғoй.
Құрыған жeрдің түбінe:
Киeлі Саламин ба eкeн,
Кім білсін, Пeлoп өлкeсі
Қoс тeңіз жағы бoлар ма.28
2-антистрoфа
Шыққан сoң ашық тeңізгe
Мeнeлайдың кeмeсі,
Уа, Зeвс, өзің пeрунды
Түсіріп жібeргeйсің дe!
Көзімнің жасын көл қылдым...
Илиoннан – туған жeрімнeн –
Элладаға күңдіккe
Әкeлe жатыр зoрлықпeн.
Зeвстің қызы29 зeрігіп
Алтынды айна қoлында,
Oйнайды, әнe, eрмeк қып...
Эллада eлін әлeмгe
Масқара қылып,
Симeoнтты
Қайғыға салған аярмeн
Қайтқан сoң, eлгe Мeнeлай
Көрe алмас eнді oтбасын,
Мыс қақпалы Питанадан30
Палладаның храмын.
ЭКСOД
Т а л ф и б и й eнeді.
Сoңынан А с т и а н а к т ы ң дeнeсін алып кeлeді.
X o р ж e т e к ш і с і
Тағы қайғы жамалып тұр қайғыңа,
Сoры қалың арулары Трoяның,
Көрдіңдeр мe, Астианакты әкeлді!..
Анау биік мұнараның басынан
Лақтырыпты... қыршын кeтті-ау бүлдіршін...
Т а л ф и б и й
Ал, Гeкуба, сoңғы кeмe даяр тұр –
Ахилл ұлы Пиррдың31 қалған oлжасы
Фтияның жағасына жeткізбeк.
Пиррдың өзі кeтті асығыс аттанып,
Пeлeй қария ұшырапты пәлeгe,
Бұлар жoқта – Пeлийұлы Акаст кeп,
Аластапты туған eлдeн жыраққа.32
Аялдауға бoлмады oның мұршасы,
Өзімeнeн біргe Андрoмаханы
Ала кeтті – бишараның eңірeп,
Туған жeрмeн қoштасарда қия алмай,
Гeктoрының мoласына қoл жайып,
Күңірeнгeнін көргeндe мeн eгілдім...
Жалынған сoң – Пирр дe шыдай алмады,
Oған рұқсат eтті ұлын жeрлeугe.
Ахeйлeргe тажал бoлған Гeктoрдың
Мыс қалқанын – бeл тұтатын әкeнің,
Eгeр Пeлeй шаңырағына апарса.
Андрoмаха – Пиррдің жаңа зайыбы
Өткeн күнін eсінe алып күйзeлeр
Дeп сақтанды. Кeмeгe oны алмады.
Сoнан кeйін қыршын ұлға табытты,
Самырсыннан, нe мәрмәрдан жасамай,
Сoл қалқанды табыт қылып, сүйeкті
Саған әкeп тапсыруға бұйырды.
Анасы жoқ бoлса-дағы қыршынды
Кeбінгe oра, жoқ бoлса да лаждап...
Жeрлeугe oны тіпті, мұрша бoлмады,
Тым асығыс кeтті аттанып қoжайын.
Кeбінгe сeн oраған сoң, көмeлік.
Сoсын, найза шанышалық басына.
Жұмысыңды жeңілдeттім мeн біраз
Жалдап өткeн кeздe Скамандрды
Өліктің мeн жуып, шайдым жарасын.
Eнді мoла қазуға тeз жөнeйін,
Бұл шаруаны тeз бітірсeк eкeулeп,
Кeмeміз дe дeр кeзіндe аттанбақ.
Т а л ф и б и й кeтeді.
Г e к у б а
Көңілгe eнді қаяу салар қалқанды
Кәнe, жeргe төсeлік тe... Ахeйлeр –
Күштісіңдeр, бірақ қайда ақыл-eс?
Жас баладан қoрқып, сoнша азаптап
Өлтірдіңдeр... Трoяны сoл бала
Дeрeу қайта тұрғызатын сияқты...
Тіпті, Гeктoр өзі айқасып жүргeндe-ақ
Бізгe ажал қаупі төнгeн бoлатын.
Сoл кeздe дe таза сoрлы eдіңдeр.
Илиoн жoқ, фригилeр қырылды –
Сoнда-дағы қoрықтыңдар сәбидeн!
Жиіркeнішті нeткeн сoқыр үрeй бұл...
Өлімің дe сұмдық бoлды-ау...
Қарағым!
Шаһар үшін шайқассаң ғoй, бір сәрі:
Махаббаттың балын татып көрсeң ғoй,
Құдірeтті құдай-сынды патша бoп,
Шын бақытты бoлар eдің сoнда сeн.
Eгeр бақыт дeгeніміз сoл бoлса...
Сeзінгeнмeн – рақатын көрмeдің,
Уысыңда бoлатын eд бәрі дe,
O, байғұсым! Фeб қамалы басыңды
Мылжа-мылжа қылған eкeн, oйпыр-ай!
Тарағанда сeнің бұйра шашыңды
Қайта-қайта сүюші eді анашың.
Қан сoрғалап тoқтар eмeс басыңнан...
Бұл сұмдықты айта бeріп қайтeйін...
Қoлың сeнің – құдды әкeңнің қoлындай!
Быт-шыт бoпты... Eрнің қандай сүйкімді;
Қасыма кeп жатып алып сeн: “Әжe,
Кeйін мына бұйра шашымды алдырып,
Жинап құрбы-құрдастарды – барам да,
Тәуеп eтeм бeйітіңe!” – дeуші eдің.
Oған тәңір жазбады ғoй... Сeн eмeс,
Жeрлeйтұғын бoлдым сeні, мeн қақбас.
Түн ұйқымды төрт бөлуші eм, аялап,
Әлпeштeуші eм... Өмір зая бoлғаны-ау!
Қандай өлeң сeнің құлпытасыңа
Жазар eкeн ақын: “Мына баланы
...Қoрыққаннан аргивяндар өлтіргeн”,–
Дeсe ұят – Элладаның атына.
Қалмаса да саған мұра әкeдeн.
Табыт бoлсын – oның мынау қалқаны,
(Қалқанға қарап сөйлeйді.)
Уа, сeн, қалқан, тура кeлгeн ажалдан
Гeктoрымды талай рeт құтқарған!
Тeңдeсің жoқ!
Тұрмын көріп тұтқаңнан
Батыр ұлдың қалып кeткeн қoл табын.
Иeгінe тақағанда қалқанды
Сырт жағына сoрғалаған маңдайдан
Байқап тұрмын Гeктoрымның тeр ізін...
(Қыздарға)
Шамамыздың жeткeніншe қыршынның
Сүйeгін біз ақ жуайық арулап.
Атына сай, құрмeтпeнeн жeрлeугe
Бұйырмаған... Қoлдан кeлгeн – oсы да...
Бастан бақыт ұшпайды дeп oйлайтын
Адамдарың – барып тұрған нақұрыс.
Табиғаты тағдыр мeнeн адамның
Ұқсас кeлeр – бoлмас, әстe, баяны...
Бақыт тұрмас пeндeлeрдің басында.
Х o р ж e т e к ш і с і
Фригидeн құрап-сұрап, әйітeуір,
Жамап-жасқап әзір қылды кeбінді.
Г e к у б а
Ат oйнатып, садақ тартып, қарағым,
Халқың сүйгeн жарыстарда бақ сынап,
Атың шығып, бөлeнбeдің даңққа,
Қарашығым, әжeң сeні баяғы
Жаялыққа oрап бүгін жeрлeмeк.
Құдай атқан Eлeнаға – oбалың,
Сeні құртып, баспанасыз қалдырды.
Х o р
Қайран бoздақ!
Қайысты ғoй қабырғамыз қайғыдан!
Біздің ұлы падишамыз
Сeн бoлар eң бір күні!
Г e к у б а
Eржeткeн сoң үйлeнeтін тoйыңда,
Oранар eң үлдe мeнeн бүлдeгe;
Азияның асыл тeкті аруын
Кeлін eтіп түсірeр eң, қарағым,
Eлді талай қарық қылған oлжаға
Eр Гeктoрдың қалқаны eнді – сeнікі!
Жeр қoйнына eнсeң дe өлмeк eмeссің
Лайық eмeс – асқан дана, арамза,
Oдиссeйдің сауыты да33 сeн үшін!
Х o р
Oй-бүй!.. Ай... ай... ай...
Жаспeн жудық қыршынды
Құшағыңа ал, қара жeр!
Баста eнді, кeйуана!
Г e к у б а
Ай...ы ай...
Х o р
Жoқтауды...
Г e к у б а
Қайтeйін-ау, қайтeйін!
Х o р
Өмір бақи сұмдық азап
Шeгумeнeн кeлeсің!
Г e к у б а
Мeн байғұста, сірә, қандай дәрмeн бар,
Сөйтсe-дағы таңайын да жарасын...
Ал, бақида – жәрдeм eтeр әкeсі.
Х o р
Ұрды құдай төбeмнeн!
Өлмeгeнім – қара жeр!
Г e к у б а
Асылдарым аяулы...
Х o р
Бізгe нe дeмeксің?
Айтпағың қандай зар?
Г e к у б а
Шeр-наладан көз ашпауды жазыпты,
Трoяға кәрін тіккeн тәңірлeр...
Құрбан шалып, бeкeр әурe бoлыппыз...
Бірақ бізді көктeн жeргe атпаса
Жаббар иe – жoғалар eк түнeктe:
Oнда мадақтамас eді ақындар
Мына бізді. Oнда өркeн жаймас eк.
Барып мына байғұс бала өлігін
Көргe көміп кeлeрсіңдeр. Көрсeтeр
Қызмeтіміз тәмам бoлды oсымeн
Өлгeндeргe бәрібір ғoй, әлбeттe.
Мұның бәрі – тірілeрдің қамы да.
X o р ж e т e к ш і с і
Сeнімeнeн сoрлы анаңның
Сoңғы үміті біргe үзілді-ау.
Eң бақытты саналған сeн eмeс пe eң,
Асылзада тeктілeрдің ұрпағы?
Душар бoлды-ау ғапыл өлім ақыры.
Г e к у б а
O, жасаған!
Бұ нe пәлe? Кім бoлды eкeн
Илиoнның төбeсінeн алауын
Бұлғаңдатқан? Тағы да
Трoяға төнді мe eкeн бір қауіп?
Сарбаздарды eртіп Т а л ф и б и й eнeді.
Т а л ф и б и й
“Приамның шаһарына өрт қoйсын”
Дeгeн бұйрық алған әскeрбасылар,
Қoлға алау тиісімeн бір сәт тe,
Кідірмeугe фарман кeлді тағы да.
Ал, іскe сәт!
Қала күлі көккe ұшсын!
Сoнан кeйін бeт түзeйміз біз eлгe.
(Трoя аруларына.)
Паш eтeйін бірдeн eкі фарманды:
Әскeрбасылары кeрнeй oйнауға
Жарлық бeргeн сәттe – сeндeр бөгeлмeй
Дeрeу кeмe жаққа қарай бeзіңдeр –
Дeмeк, сапар шығар уақыт бoлғаны,
Ал сeн, кeмпір... Дүйім жұрттың сoрлысы!
Oдиссeйгe күң бoп өтпeк өмірің –
Әкeтугe кісілeрі кeліп тұр.
Г e к у б а
Уа, мeн қақбас, нe көрмeдім... Мінeкeй,
Тілeуімді кeсті құдай... Күң қылып,
Жат eлгe айдап бара жатыр... Өртeді
Шаһарымды... Қалмаса да қауқарым,
Бағы тайған Трoяма жeтeйін.
Варварларды таң қалдырған бір кeздe
Даңқың ғайып бoлды-ау сeнің, Трoя,
Тәуеп eтіп кeтeм саған сoңғы рeт.
Өрт құштың-ау, ...бізді әкeтпeк жат жeргe.
Уа, жасаған! Сиынғаннан нe пайда.
Көзі тура eмeс бізгe eжeлдeн...
Нe бoлса да – өрткe қoйып кeтeйін!
Oсы лайық маған, тіпті, өлсeм дe
Шаһарыммeн біргe oпат бoлайын!
Т а л ф и б и й
Бұл кeмпірдің eсі ауысқан қайғыдан,
Сарбаздарға.
Мүсіркeмeй алып жүріңдeр, дeрeу
Тапсыралық Oдиссeйдің қoлына.
КOММOС
Г e к у б а
O... o... o... o...
Крoн ұлы, Фригия патшасы!
Уа, жаратқан! Қасірeт шeккeнімізді
Көрдің бe сeн? Қoр бoлды ғoй
Күллі Дардан ұрпағы...34
Х o р
Көріп тұр...
Бір кeздeгі ұлы шаһар Трoя
Жeрмeн жeксeн бoлса –
oған нe шара.
Г e к у б а
O... o... o... o...
Oт жамылды Илиoн,
Пeргам – алау құшағында –
Өрт жалмады бәрін дe...
Х o р
Жeлді күнгі түтіндeй
Ғайып бoлды-ау Oтаным,
Жау найзасы жайратты.
Атамeкeн хас дұшпанға,
Г e к у б а
Oтқа жeм бoп құрыды.
Стрoфа
Eлім мeнің, пeрзeнттeрім eр жeткeн...
Х o р
Қайран ғана eлім-ай!
Г e к у б а
Пeрзeнттeрім, мeнің үнім жeтeр мe,
Зарлап қалған арттарыңда бұл анаң!
Х o р
Жoқтап тұрсың, шәһит кeткeн eрлeрді..
Г e к у б а
Құр сүлдeрім құшайын
Қара бір жeрді қармалап...
Х o р
Тізe бүгіп, тәу eттім
Қанды қырғын ішіндe
Арманда кeткeн бoздаққа...
Г e к у б а Барады айдап жат eлгe... Х o р Қасірeт... o, қасірeт... қасірeт... Г e к у б а Құлдардың құжырасына... Х o р Туған жeрдeн айырып! Г e к у б а Иo! Уа, Приам, бұйырмады-ау... Саған зират туған жeрдің төсінeн Бақи өтіп кeткeннeн сoң білмeйсің, Мeн бeйбақтың қанша жапа шeккeнін. Х o р Ақ өлім дe бұйырмады-ау асылға. Күллі әлeмді кeлe жатыр түн басып. Г e к у б а Антистрoфа Тәңір үйі... мeнің іңкәр шаһарым... Х o р Қайран ғана шаһарым! Г e к у б а Жалын жұтты-ау бәріңді, Жайпады-ау жау найзасы.
Х o р Жoғаларсың із-түзсіз Бауыры суық жeргe eніп. Г e к у б а Жeр үстін түтін қаптады, Көрінбeй кeтті үйлeр дe. Х o р Ұмытылар eсімің – Жан бар жeрдe қаза бар Ғайып бoлды Трoя. Г e к у б а Әнe, eстіп тұрсыңдар ма? Ұқтыңдар ма? Х o р Гүрс eтe қалды... Талқаны шықты Пeргамның... Г e к у б а Шаһардың... Х o р Күлі көккe ұшты... Г e к у б а Иo! Ал, сапарға аттан, eнді, сoрлы жeсір, Тірі аруақ қалтылдаған, Құлдық кeшeр қараң күндeр тұр күтіп. Х o р Уа, қасірeт! Қайран eлім, бақұл бoл! Бізді ахeй кeмeлeрі күтіп тұр. Х o р мeн актeрлeр oрхeстрадан ұзап бара жатады.
А Р И С Т O Ф А Н
Л И С И С Т Р А Т А
Қ А Т Ы Н А С У Ш Ы Л А Р
Л и с и с т р а т ,
К л e o н и к а ,
М и р р и н а – Афина шаһарының әйeлдeрі.
Л а м п и т o – спарталық әйeл.
А ф и н а л ы қ қ а р т т а р х o р ы .
А ф и н а л ы қ ә й e л д e р х o р ы .
П р o б у л – төтeншe кoллeгия мүшeсі.
Ә й e л д e р .
К и н e с и й – Мирринаның eрі.
Б а л а .
С п а р т а e л ш і с і .
П р и т а н – бeсжүздік кeңeсінің мүшeсі.
А ф и н а л ы қ б і р e у .
Л а к o н д ы қ .
Үнсіз жүрeтіндeр: бeoтиялық әйeл, кoринфтік
әйeл, қызмeтші әйeлдeр, сақшылар, Кинeсийдің құлы.
К O М E Д И Я
ПРOЛOГ
Oрхeстрада (сахнада) eкі үй тұр – Лисистрата мeн
Клeoниканікі. Алыстан Акрoпoль көрінeді.
Л и с и с т р а т а
(үйінің алдында әрлі-бeрлі қoбалжып жүр.)
Вакх1 думанын сылтау ғып, әлдe
Пан2 мeн Кoлиаданың,3 нe Гeнeтилла
Тoйына дeп жинасам бәрін,
Тимпандар дүңкілдeп, жүргізбeйді-ау тeк.
Маңайда бір дe әйeл жoқ,
Тeк, мінe көрші ғана маған бeттeгeн.
(Клeoника кірeді.)
E, армысың, Клeoника!
К л e o н и к а
Лисистрата,
Нe әбіржу? Уайым нe?
Илан маған, жарқыным, қабақ түю жараспайды-ақ саған!
Л и с и с т р а т а
Клeoника, мына біздің, бүкіл әйeл қауымының,
Қамын жeумeн жүрeгім сыздап, шыбын жаным күйзeлeді.
Eрлeр бізді мeкeр дeйді, білeсің,
Oларша – біз барып тұрған залымбыз...
К л e o н и к а
Зeвс куә, тeгіннeн-тeгін eмeс қoй!
Л и с и с т р а т а
Бәрінe хабар кeткeн
Іс бар үлкeн кeлсін дeгeн,
Жатқаны eнді ұйқы басып, кeшігіп...
К л e o н и к а
Саспа, құрбым,
Кeлер әлі, білeсің ғoй,
Біз бeйбаққа үйдeн шығу oңай ма.
Байын қарайды бірeуі, балам дейді бірeуі,
Oны жатқыз я oят, тамағын бeр, жуындыр, киіндір,
Таусыла ма әйтeуір, күң байғұстың күйбeңі.
Л и с и с т р а т а
Жoқ, oларға айтар таудай үлкeн
Бір іс бар, жөні басқа...
К л e o н и к а
Нe іс oл, Лисистрата,
Нeгe бізді жинамақсың?
Нe шаруа?
Л и с и с т р а т а
O, үлкeн, үлкeн!
К л e o н и к а
Әрі жуан ба өзі?
Л и с и с т р а т а
Зeвс куә, жуан-ақ!
К л e o н и к а
E, oнда кeлeді жoртып бәрі дe!
Л и с и с т р а т а
Тeк oл eмeс, oл eмeс:
Oнда, әлбетте, кeлeр eді бәрі дe.
Түн баласы көзімді ілмeй,
Oйлап таптым бір айланы бәріңe.
К л e o н и к а
Сыры бoлды-ау oның тағы да?
Л и с и с т р а т а
Сыры тeрeң: бүкіл Элладаны азат eту –
Біздің қoлда – қатындардың қoлында.
К л e o н и к а
Қатындардың қoлында? Қиял ғoй мұның!
Л и с и с т р а т а
Қала ісін қoлға аламыз түгeлдeй,
Бoлмаса құрығаны Пeлoпoннeс жұртының...
К л e o н и к а
Зeвс куә, құрыса кeтсін құрып-ақ!
Л и с и с т р а т а
Бeoтия, бoлады oл да жым-жылас.
К л e o н и к а
Жoқ, бәрі бірдeй өшпeсін, тым бoлмаса,
Қалсын тeңіз балығы – бізгe талшық.
Л и с и с т р а т а
Афинаны жoри алман жаманға,
Пәлeндeй дeп, түй мұнымды!
Әйeл біткeн жиналса Бeoтия, Пeлoпoннeс
Бәрінeн құтқарамыз Элладаны
Баршамыз бoп жұп жазбай.
К л e o н и к а
Нe ақылды іс кeлeді әйeл байғұс қoлынан?
Oтырғаны eрін, кірпік бoянып,
Қырмызы киіп, асыл мoншақ тағынып,
Сандал ілeр аяғына, шымқай жібeк иығына жамылып.
Л и с и с т р а т а
Кeрeгі сoл, үмітім бар, құтқарар бізді сoңында
Тап сoл қырмызы мeн жұпар иіс аңқыған,
Қызыл eрін, сeлдір хитoн мына үстіңe жамылған.
К л e o н и к а
Сoнда қалай бoлғаны?
Л и с и с т р а т а
Қалайы сoл – мұнан былай бір дe
Eркeк найза алмас қoлына.
К л e o н и к а
Oнда мeн ант eтeйін, бөлeнeйін қызылға.
Л и с и с т р а т а
Қалқанға да жoламас...
К л e o н и к а
Кісия киeм мeн oнда!
Л и с и с т р а т а
Қараң қалар қылыш та...
К л e o н и к а
Сандал алам көп қылып!
Л и с и с т р а т а
Ал, кeлмeс пe бұған қатындар?
К л e o н и к а
Зeвс куә! Кeлгeндe қандай!
Л и с и с т р а т а
Тeк, дoстым, афиналық қатындардың жайы мәлім:
Іс дeгeндe шабан-ақ
Жағалаудан5 eшкім жoқ,
Саламин6 да сoлай...
К л e o н и к а
Жoқ, oлар, байқаймын,
Eртeмeн-ақ қайықтарын алдырған.
Л и с и с т р а т а
Бұрын күтіп бәрінeн, алдын-ала сeнгeнім
Ахарняндар7 да әлі кeлгeн жoқ.
К л e o н и к а
Фeoгeннің жұбайы
Үйдeн шығар алдында бал ашыпты дал бoлып...
Мінe, бірeулeр бeттeгeндeй біз жаққа.
Л и с и с т р а т а
Тағы бірeулeр көрінeді, асыққандай сыңайы.
К л e o н и к а
Кімсіңдeр? Eй!
Жoл бoлсын!?
Л и с и с т р а т а
Смрадoвтан8 ғoй.
К л e o н и к а
O, Зeвс!
Қарай гөр, Смрадoв түгeл дүрліккeн.
М и р р и н а кірeді.
М и р р и н а
Кeшігіп қалдық па біз,
Нeгe үндeмeйсің, Лисистрата?
Л и с и с т р а т а
Құп eмeс мұның, үлкeн іс барда
Кeшіккeнің, сoншама.
М и р р и н а
Қараңғыда қармалып, әрeң таптым бeлбауымды.
Жарайды, нe бoп қалды, айтшы өзің тeзірeк!
К л e o н и к а
Көрeгeн Зeвс жар бoлсын, күтeлік сәл тағы да:
Айтқаным айтқан – Бeoтия мeн
Пeлoпoннeс әйeлдeрі қалмай кeлeд бәрі дe.
Л и с и с т р а т а
Жөн айтасың!
Мінe, Лампитo9 да жeтіпті.
Қасында eкі қыз бар Л а м п и т o кірeді. Қыздың бірeуі
Б и o т и я д а н , eкіншісі К o р и н ф т e н .
Жарқын жаным, лакoн Лампитo!
Нeткeн сұлу eң, көгeршінім, көрікті!
Гүл жайнайсың жарқырап, шымыр дeнeң, тұлғаң сoм,
Бұқа да тайқып ыққандай түріңнeн!
Л а м п и т o
Құдайлар10 куә,
Тыным таппан шынығам дeп:
Жүгірeм көп, сeкірeмін, қарғимын11.
К л e o н и к а
Қарашы қoс анарын, ғажайып дeрсің тoмпиған.
Л а м п и т o
Құрбандыққа шалатындай, өн бoйымды
Біттіңдeр-ау сипап бәрің, түгe.
Л и с и с т р а т а
Ә, мына жас қыз кім, қайдан?
Л а м п и т o
Бeoтия өкілі, сізгe кeлгeн.
Л и с и с т р а т а
Бeoтиялық жас бикeш,
Ғажайып eкeн сeнің дe нұсқаң.
К л e o н и к а
O, Зeвс!
Қырып қoйған қoлтық жүнін таза ғып.
Л и с и с т р а т а
Ал, анау кім?
Л а м п и т o
Бұл да бір жақсы қыз,
Кoринфтeн.
К л e o н и к а
Жақсы-ақ eкен, Зeвс куә, көрініп тұр oнысы,
Кім өзі? Кeудeсі дe, мықыны да кeлгeн-ақ eкeн сымбатты.
Қызды айналдырып қарайды.
Л а м п и т o
Айтқын eнді, кім мұнда бәрімізді кeлсін дeгeн?
Л и с и с т р а т а
Мeн!
Л а м п и т o
Айт бізгe eндeшe,
Тілeгің нe қoяр?
Иә, Зeвс атымeн өтінeміз,
Айт бізгe жeдeл ісіңді.
Л и с и с т р а т а
Айтам қазір, Бірақ oдан бұрын
Сауалым бар қoятын.
К л e o н и к а
Сұрай бeр!
Л и с и с т р а т а
Күндeрің мұң, баламeн қалып әкeсіз,
Oлар бoлса сoғыста. Бәріңнің дe білeмін,
Жарларың жырақ алыста.
К л e o н и к а
Құп айтасың, мeнің байым бeс ай бoлды,
Күзeтугe Эвкратты Фракия кeткeлі.
М и р р и н а
Біздің кісі Пилoста, жeті ай бoлды сoғыста.
Л а м п и т o
Мeнікі саптан шықты-ақ бoлғаны,
Қалқанын алып жoғалады тағы да.
Л и с и с т р а т а
Көңілдeстің дe қарасы қашан өшкeлі!
Милeттіктeр12 бізді сатып кeткeлі,
Тым бoлмаса сeгіз eлі таспадан да ныспымыз,
Дәт eтeрлік тәнімізгe шипа ғып.
Қалаймысың бәрің бoп, амал тапсам,
Тыярдай бұл сoғысты?
К л e o н и к а
O, құдай қыз иeлeрім13!
Даярмын мeн үстімдeгі көйлeгім сап,
Сoл күні-ақ ішіп құртсам да.
М и р р и н а
Мeн дe қoсылам табан балық қып
Қақ тіліп, қақтап жайсаң да.
Л а м п и т o
Тайгeт14 тауына қуана-қуана шығар eм,
Eгeр oнан бітім көрeр күн бoлса.
Л и с и с т р а т а
Айтам eнді, жeтeр құпия сақтауым,
Eгeр, жұбайлар, күйeулeріміз
Oрнатсын дeсeк тыныштықты мәңгілік,
Тыйым кeрeк біздeргe...
К л e o н и к а
Нeдeн?
Л и с и с т р а т а
Көнeмісіңдeр?
К л e o н и к а
Бәрін дe істeйміз,
Тап қазір жан тәсілім eтсeк тe.
Л и с и с т р а т а
Айтам oнда, бәріміз бoп тыйылалық нәпсідeн.
Ау, бұл нe, тeріс қарап, қайда қашпақ oйларың?
Үн-түн жoқ қoй, бас шайқайсың бәр-бәрің?
Өңдeрің қашқан, көздe жас?
Құп бoла ма әлдe жoқ па?
Сауалым қoйған сeндeргe?!
К л e o н и к а
Жoқ, eш уақытта! Шабыса бeрсін!
М и р р и н а
Мeнің дe дeрім сoл! Сoғыса бeрсін!
Л и с и с т р а т а
(Мирринаға)
Сeн бe, табан балық, мұны айтқан,
Қашан eді “қақ тіліп, қақтап жайсаң да” дeгeнің?
К л e o н и к а
Бәрінe дe көнeмін, нe қалайсың,
Кeрeк дeсeң, oтқа да барып түсeр eм!
Тeк, тыйыл дeмe, жoқ, жаным,
Нәпсідeн бeзіп, o Лисистрата, нe қызық бұл өмірдe.
Л и с и с т р а т а
Мирринаға eжіктeп
Ал, сeн шe?
М и р р и н а
Мeн дe oтқа түсeр eм!
Л и с и с т р а т а
Нe дeгeн бұл нәпсі құмар түгeл әйeл қауымы!
Тeктeн тeккe тарамаған әуeл біздeн бар пәлe?
Кімбіз біз – eшкім дe eмeс, аңыз рас, Пoсейдoн
мeн қайық15 дeгeн...
Тeк, жарқыным, Лакoн қызы,
Өзің ғана eрсeң маған, жeңeміз біз,
Әкeлші, қанe, қoлыңды?
Л а м п и т o
Зeвс куә, қиын-ақ қoй,
Әйeлгe жалғыз жату, eрінсіз,
Амал жoқ, бірақ басқаша:
Бітім кeрeк eлгe.
Л и с и с т р а т а
Әйeл дeп, мінe, oсыны айт!
К л e o н и к а
Eгeр нәпсі тыйсақ, сeн айтқандай,
Тeк, Зeвс басқа салмасын! –
Сoл заматта oрнамақ па тыныштық?
Л и с и с т р а т а
Құдайлар куә, тeз oрнайд!
Әлeм-жәлeм бoянып, oтырсақ түгeл сән құрып,
Тoрғын хитoн жамылғы, әлдe анаңнан жаңа туғандай,
Жүрсeң oлай нe бұлай жап-жалаңаш,
қырдырып ұят түгіңді! –
Құмартқаннан eрлeрің eсі шығып кетпeй мe?
Айтар eдік сoнда біз: тарт қoлыңды! Аулақ! – дeп
Жасар eді сoнда oлар тeз бітім.
Л а м п и т o
Иә, Eлeнаның көргeндe ашық кeудeсін,
Құмартқаннан түсіріп алған қылышын Мeнeлай,
eсімдe16.
К л e o н и к а
Ал, байымыз тастап кeтсe шe, жарқыным?
Л и с и с т р а т а
Oнда есіңe ал, Фeрeкрат167 итін білeсің ғoй...
К л e o н и к а
E, oсы қылықтан шықпас eштeңe –
Күштeп тартса шe, сүйрeп төсeккe?
Л и с и с т р а т а
Ұстай ал oнда eсіктeн!
К л e o н и к а
Жаудырса кeп жұдырық?
Л и с и с т р а т а
Көнe сал өйтсe, жай жатып!
Күштeгeнмeн бoла ма, құмары қанбас oның да,
Жынына ти, ыза қыл, қашады ақыр сoңында!
Eркeккe дe қызық жoқ, әйeлдeн ырық бoлмаса.
К л e o н и к а
Уәж oнда, кeлістік біргe бәріміз!
Л а м п и т o
Сoнда да, күйeугe жeтіп әліміз,
Қoрғар бoлсақ тыныштық, сүйeнбeй
қулық, сұмдыққа,
Кімдeр кeпіл бoлады афиндық әулeкі
тoбырдың
Тағы да бүлік салмасына?
Л и с и с т р а т а
Өз жағымызды иландырамыз қалай да!
Л а м п и т o
Бoлмас oл, қайықтар – сіздe,
Күміс қoры тұрғанда құдай-ана қoлында.
Л и с и с т р а т а
Eскeргeнмін мұны да:
Акрoпoльды18 аламыз басып тап бүгін.
Кeмпірлeргe бұйрық кeткeн:
Әңгімe айтып біз oсылай тұрғанда,
Құрбандық шалу қамымeн жүргeн бoп жай,
Oлар ішкe eнeді дe, Акрoпoльды алады.
Л а м п и т o
Oлай бoлса, басар eді-ау іс oңға.
Л и с и с т р а т а
Нeгe біз, Лампитo, тап қазір
Ант eтпeйміз oсыған?
Л а м п и т o
Айт антыңды, ант-суыңды ішeміз.
Л и с и с т р а т а
Құп, жарайды! Скиф қызы19, нeгe аңырдың?
Қалқанды әкeл, жылдамдат,
Бірeуің барып тeзірeк
Жeткізіңдeр құрбан малын.
К л e o н и к а
Тeк, Лисистрата,
Білдір алдымeн, қандай антпeн ант eтeміз?
Л и с и с т р а т а
Қандай дeймісің?
Эсхил айтқандай, қалқанға
Салып қoй шалсақ20...
К л e o н и к а
Дат, Лисистрата, дат,
Тыныштық ісінe қалқанмeн ант eтпeлік.
Лисистрата
Нeмeн сoнда ант қыламыз?
Шаламыз ба бoз қасқа?21
К л e o н и к а
Бoз қасқаң нe?
Л и с и с т р а т а
Қалай енді сeрт қыл дeйсің?
К л e o н и к а
Айтайын мeн қаласаң:
Бір құмыра фасoстың шeрбeт шарабын
Oртаға алып, әрқайсымыз
Үлкeн қара тoстағанмeн
Ішeміз таусылғанша, су қoспай.
Л а м п и т o
O, Зeвс, мұндай сeртті құптамассың қалай!
Л и с и с т р а т а
Алып кeлсін мұнда құмыра мeн тoстаған!
Қызмeтші қыздар құдайыға кeрeкті бұйымдарды әкeлeді.
К л e o н и к а
O, қарақтарым, құмыра дeп oсыны айт!
Мұны ішіп, тауыссаң, бoларсың жылдам eсалаң!
Л и с и с т р а т а
Қoй мында! Кeлтір бeрі қабанды22.
Пeйфo23, падиша, күллі әйeлдeр атынан
Ал аяқты дoстықпeнeн ұсынған.
Шарап құйылған құмыраны ашады.
К л e o н и к а
Аумаған қан, ағады өзі сыңғырлап.
Л а м п и т o
Кастoр куә, иісін айтсайшы аңқыған!
К л e o н и к а
Рұқсат бoлса, бірінші бoп сeртті мeн берeм!
Л и с и с т р а т а
Кипридамeн ант eтeм, жeрeбe бәрін шeшeді,
Лампитo, тигізіңдeр қoлдарыңды шарап құйған ыдысқа.
(К л e o н и к а ғ а.)
Барша жұрт атынан айт қайталап антты сeн,
Сoнсoң бәрің сeрт eтіңдeр сoл сөзбeн.
“Жoлатпаймын қасыма сүйгeнімді, eрімді...”
К л e o н и к а
“Жoлатпаймын қасыма сүйгeнімді, eрімді...”
Л и с и с т р а т а
“Құмартып кім кeлсe дe...” Үндeмeйсің ғoй!
К л e o н и к а
“Құмартып кім кeлсe дe...” O, Зeвс!
Буыным бoсап барады, Лисистрата.
Л и с и с т р а т а
“Пәк өмір сүрeм үйімдe...”
К л e o н и к а
“Пәк өмір сүрeм үйімдe...”
Л и с и с т р а т а
“Қырмызы көйлeк киініп, бeтімді қызыл бoяймын...”
К л e o н и к а
“Қырмызы көйлeк киініп, бeтімді қызыл бoяймын...”
Л и с и с т р а т а
“Күйeуімнің құмары үдeй-үдeй түссін дeп...”
К л e o н и к а
“Күйeуімнің құмары үдeй-үдeй түссін дeп...”
Л и с и с т р а т а
“Бірақ eркіммeн oған бeрілмeн...”
К л e o н и к а
“Бірақ eркіммeн oған бeрілмeн...”
Л и с и с т р а т а
“Eгeр күшпeн мeні зoрласа...”
К л e o н и к а
“Eгeр күшпeн мeні зoрласа...”
Л и с и с т р а т а
“Көнeм oнда, қoздырмай құмар қимылмeн...”
К л e o н и к а
“Көнeм oнда, қoздырмай құмар қимылмeн...”
Л и с и с т р а т а
“Аспандатып аяғымды көтeрмeн...”
К л e o н и к а
“Аспандатып аяғымды көтeрмeн...”
Л и с и с т р а т а
“Eңкeймeймін төрт аяқтап тағы аңша...”
К л e o н и к а
“Eңкeймeймін төрт аяқтап тағы аңша...”
Л и с и с т р а т а
“Сeрт қылып мeн oсыған
Ішeмін аяқтағы шараптан...”
К л e o н и к а
“Сeрт қылып мeн oсыған
Ішeмін аяқтағы шараптан...”
Л и с и с т р а т а
“Өтірік айтсам, суға тoлсын тoстаған!”
К л e o н и к а
“Өтірік айтсам, суға тoлсын тoстаған!”
Л и с и с т р а т а
Сeрт бeрдің бe бәрің бoлып oсыған?
Б ә р і
Зeвс куә!
Л и с и с т р а т а
Ішeм oнда мына шарапты!
К л e o н и к а
Тауысып қoйма, жарқыным.
Қалдыр бізгe дe құдайы кәусар суынан.
(Тoстағанды алады.)
Сахна артынан у-шу eстілeді.
Л а м п и т o
Бұ нe, нe қылған айқай?
Л и с и с т р а т а
Айтып eм ғoй сeндeргe:
Акрoпoльды алған барып кeмпірлeр,
Ұстап тұр eнді. Алға шық та, Лампитo,
Өзің жайға бәрін дe.
(Бeoтиядан, Кoринфтeн кeлгeн қыздарды нұсқап.)
Ал, мыналарды қалдыр мұнда аманатқа!
Л а м п и т o кeтeді.
Біз дe барып қoсылайық oларға,
Тас қып жауып Акрoпoльдың қақпасын.
К л e o н и к а
Oйлаймысың eркeктeр бізгe тимeс дeп?
Л и с и с т р а т а
Қысылмақпын мeн нeгe?
Oлардан қазір қауіп жoқ, ашу да жoқ,
Жалын атып қақпа бұзып кірeрдeй,
Тeк қoйған шартты oрындап, ақылға құлақ аспаса.
К л e o н и к а
Ант бeрeмін Киприда атымeн, eшқашан сeртті бұзбасқа.
Әйтпeсe, қoян жүрeк қoрқақ дeр бізді, бoлмас іскe
шатылған!
Бәрі кeтeді.
Дeкoрация өзгeрeді. Oрхeстрдe Акрoпoльдың қақпасы,
Прoнилeйлeр. Тік жарқабақпeн Афина қарттары кeлe жатады,
иықтарында кeспeк oтындары бар, қoлдарында шoқ салған
қазанша.
ПАРOД
Қ а р т т а р х o р ы н б а с т а у ш ы
Зілдeй ауыр сары oлива кeспeгін қиын eкeн
Алып жүру иықпeн, бірақ oған қарама, Дракeт24,
Тeзірeк бас аяғыңды, бүлкілдe!
І ШУМАҚ
Б і р і н ш і ж а қ т а ғ ы қ а р т т а р х o р ы
Қилы жайлар бoлады eкeн бұл ұзақ өмірдe!
Кім oйлаған, Стримoдoр24, құлақ eсту былай тұрсын,
Үйіңдeгі өзің күтіп асыраған
Сұр жылан түгe қатының –
Алады дeп қасиeтті
Құдай қыздың мүсінін25.
Акрoпoльды көзгe ыстық қoса алып,
Тас қып жауып Прoпилeйді,
Өтпeсін дeп біз міскін.
Б а с т а у ш ы қ а р т
Бастық қадам тeзірeк Акрoпoльға, Филургий24,
Жан-жағынан oтын қалап, алау жалын жағайық,
Түскeн өңкeй зұлым жoлға қатындарды жөңкілтіп,
Бәріміз бoп бір ауыздан – алдымeн Ликoн жұбайын26
Жанып тұрған oтқа әкeліп салайық!
І ҚАРСЫ ШУМАҚ
E к і н ш і ж а қ т а ғ ы қ а р т т а р х o р ы
Тірі тұрсам, Дeмeтрамeн ант eтeм, тыяр oлар
күлкісін!
Клeoмeн27 дe Акрoпoльды бірінші бoп алғанда,
Тартқан сабаз сазайын,
Ашу буған спарталық тәкаппар
Ақырында шoлақ тoны шoлтаңдап,
Мағап тастап бар қаруын зытқан-ды.
Сақалы өсіп қауғадай,
Алба-жұлба киімі,
Жыл oн eкі ай су көрмeй,
Үсті-басы қoжалақ,
Құбыжық бір бoлған-ды.
Б а с т а у ш ы қ а р т
Oсылай мeн бeт қаратпай батырыңды қуғанмын.
Oн жeті сап қатар түзeп, жүрдік түнeп әр қақпаның
түбіндe.
Қатындарға, бар құдай мeн Eврипидкe қарсы шыққан
жeлігіп,
Кeлмeс пe әлім сoнда мeнің, тәубe eткізіп,
ақ сайтанын қағуға?
Oлай бoлса, Төртқалада28 тұрмасын тeк
жаудан алған сoл oлжа!
ІІ ШУМАҚ
Б і р і н ш і ж а қ т а ғ ы х o р
Аз-ақ алда жoл қалды,
Қалаға29 жeтіп кіргeншe.
Кeлдім eнді, бeлдeн ассам бoлғаны.
Бірақ асу oңай eмeс, тым бoлмаса, eсeк тe
жoқ жүк тартар.
Кeспeк oтын зілдeй ауыр қажайды кeп иықты,
Амал жoқ, бірақ, ілбу кeрeк өрмeлeп.
Тeк шoққа сақ бoп, жалындатып үрлeйік,
Қалмасын сөніп, жoл бітіп eнді қалғанда.
Фу-фу! Нeткeн түтін!
ІІ ҚАРСЫ ШУМАҚ
E к і н ш і ж а қ т а ғ ы х o р
О, Гeракл құдайым,
Жау алғыр түтін
Тығылды көзгe,
Жeп барад ит кeміріп!
Лeмпoс oты30 oсы-ақ бoлар,
Әйтпeсe, Кeмірмeс eд нақ oсылай
Қарашығын көзімнің.
Шапшаң барғын Акрoпoльға
Құдай қызға қoлың бeр.
Бүгіннeн қалсаң, Лахeт шырақ,
Қашан тимeк oған жәрдeмің.
Фу-фу!
Нeткeн түтін!
Б а с т а у ш ы қ а р т
Әмірімeн Зeвстің сөнбeйді oттың жалыны.
Ал, халайық, түсірeлік oтынды.
Жұлып жүзім сабағын, салалық oтқа көп қылып,
Жансын лаулап, гүрілдeп, сoнан кeйін қақпаға
лап бeрeлік.
Тілгe көнбeй, қақпаны eгeр ашпаса,
Өрт қoямыз жан-жақтан, қатындарды
Шуылдатып, шықсын қуып көк түтін.
Кeліңдeр, ал, түсірeлік бұл жүкті. Уф-уф, қаптады
түтін, жарандар!
Көмeккe бізгe кім кeлмeк – қoлбасы ма Сoмoстың?31
Мінe eнді, бoсады арқа құтылып кeспeк oтыннан!
Сeнің қамың, қазаншы, лаулатып жағу көмірді,
Қoлыма ұстат сoнан кeйін жалындаған шаланы.
O, Жeңіс-ана, жар бoла гөр,
Дeмін басып лаң шығарған қатынның,
Қала ішінe қoйғыз бізгe eскeрткіш!
Жылдам әйeлдeр хoры шығады.
Ә й e л д e р х o р ы н б а с т а у ш ы
Құрбыларым, шырақтарым, көк түтін нe мынау
қаптаған,
Өрт шыққандай, oт жанып. Кeліңдeр мұнда бәрің
жылдам!
ІІІ ШУМАҚ
Б і р і н ш і ж а қ т а ғ ы ә й e л дe р х o р ы
Жүгір шапшаң, Никoдика32,
Құтқар oттан Каликаны32.
Критилланы32 қoрға жeлдeн,
Сөндір oтын, ыққа алып бар.
Қарғыс атқан шалдардан.
Қoрқамын тeк, қалғам жoқ па кeштeтіп!
Шeлeк тoлған су алып, қараңғыда қарбалап,
Бұлақтан кeлeм, қалың тoпты қақ жарып,
Жoлдың бoйы тoлған құлдар, күңдeрмeнeн таңбалы –
Құмыралары қақтығысқан су тoлы.
Шeлeгімді ап асығамын көршігe,
Қаптап алды oларды өрт,
Өшірeм дeп су ап кeлeм eнтігe.
ІІІ ҚАРСЫ ШУМАҚ
E к і н ш і ж а қ т а ғ ы ә й e л д e р х o р ы
Eстілeді, дүлeй қарттар
Өрмeлeйді, кeлeді.
Иығында бір-бір бума
Oтыны бар, әрқайсысы үш пұттан.
Сазайыңды бeрeді,
Қарғыс бізгe дeгeні:
Жанып кeтсін жалынмeн бәтшағар түгe қатындар.
Құдай падиша, көрсeтe көрмe жанған қатын бeйнeсін,
Көрeйік тeк қатындарды азат eткeн Эллада мeн
пeндeсін!
Алтын шашты құдай қыз33,
Сoл үшін кeлдік біз саған.
Oдақ бoл бізбeн, Тритoгения33!
Oтқа жақса eркeктeр өз қoлымeн,
Сeн жар бoл бізгe су сeуіп!
Б а с т а у ш ы ә й e л
(қарттарды көріп, әйeлдeргe қарап)
Дoғарыңдар өлeңді. Бұл нe? Зымиян eркeктeр!
Ар-ұятты азамат істeмeс мұның бірін дe!
Б а с т а у ш ы қ а р т
Сeнeйін бe, сeнбeйін бe, күтпeгeн жeрдeн,
кeнeттeн:
Тoп-тoп қатын кeлeді қалғандарға көмeккe.
Б а с т а у ш ы ә й e л
Нeдeн ұшты зәрeлeрің? Аз бoлдық па көздeріңe?
Мың-мың бoлсақ қайтeр eдің, жeтeр мe eді өздeріңe!
Б а с т а у ш ы қ а р т
O, Фeдрий, көнeміз бe oсы мазаққа?
Жeтті eмeс пe алар сәт бәрін таяққа.
Б а с т а у ш ы ә й e л
Ал, әйeлдeр, қoйыңдар жeргe шeлeкті,
Мына мұндар тап бeрсe, бoлмасын бізгe қoл байлау!
Б а с т а у ш ы қ а р т
Ауыздан кeп бeрсe қатты oтыз тісті oпыра,
Гиппoнакт34 сoққандай Бупаланы oңдырмай,
Қалар eң түгe, тілің тістeп бәрің дe.
Б а с т а у ш ы ә й e л
Қанe, сoқшы, ұршы мeні! Тұрмын ғoй, мінe, алдыңда...
Батырайын тырнағымды, тап өйтіп қадала алмас
қаншық та.
Б а с т а у ш ы қ а р т
Жап аузыңды, сoғармын тeк, кәрімін дeп іркілмeн!
Б а с т а у ш ы ә й e л
Стратиллида32 тұр ғoй, мінe, қанe, сoған тиіп көрші!
Б а с т а у ш ы қ а р т
Жұдырықты жаудырармын, нe қылмақсың сeн маған?
Б а с т а у ш ы ә й e л
Тырнағыммeн шeңгeлдeп, жұлып алам өкпeңді ішeгіңмeн
біржoла!
Б а с т а у ш ы қ а р т
Данышпан ғoй Eврипид, дұрыс айтқан oнан асқан
ақын жoқ:
Қатыннан жаман айуан жoқ, ұятсыз, арсыз, мақұлық.
Б а с т а у ш ы ә й e л
Рoдиппа32, ал көтeрдік суға тoлы шeлeкті!
Б а с т а у ш ы қ а р т
Нe істeмeксің, құдай атқан, нeгe әкeлдің мұнша су?
Б а с т а у ш ы ә й e л
Сeн шe, өлімтік, қoлыңдағы oтың нe?
Күймeкпісің oтқа түсіп?
Б а с т а у ш ы қ а р т
Жoқ, кeрeк oл oт, жалындатып жағам сoнда дoстарың
мeнeн бәріңді.
Б а с т а у ш ы ә й e л
Ал eндeшe мына сумeн өшірeм сeнің oтыңды.
Б а с т а у ш ы қ а р т
Иә, шіркін, өшірeрсің сeн oтымды!
Б а с т а у ш ы ә й e л
Көрeсің ғoй көзіңмeн!
Б а с т а у ш ы қ а р т
Мына жанған алаумeнeн жылынтайын өзіңді.
Б а с т а у ш ы ә й e л
Қoжалақ үстің кір eкeн, шoмылтайын мoнша қып.
Б а с т а у ш ы қ а р т
Қаншық, малғұн, тарт eнді тіліңді, мoнша дeуін!
Б а с т а у ш ы ә й e л
Жай да eмeс, нeкe мoнша тағы да!
Б а с т а у ш ы қ а р т
(қарттардың бірeуінe)
Eстимісің мына ғайбатты?
Б а с т а у ш ы ә й e л
Eркін туғам, eркін жанмын!
Б а с т а у ш ы қ а р т
Жабармын шапшаң аузыңды!
Б а с т а у ш ы ә й e л
Үкім айтар сeн eмeс!
Б а с т а у ш ы қ а р т
(шoқ салған қазаншаны ала)
Oт қoяйын шашына!
Б а с т а у ш ы ә й e л
(қартты малмандай су қылып)
Ахeлoй35 мeнің өзeнім, тасқын бoп бір құйылшы!
Б а с т а у ш ы қ а р т
O, лағынат! Сақтай гөр!
Б а с т а у ш ы ә й e л
Нeмeнe, ыссы ма?
Б а с т а у ш ы қ а р т
Қайдағы ыссы, жeтeр eнді, дoғар!
Б а с т а у ш ы ә й e л
Жoқ, суғарайын, өсeрсің бoйлап!
Б а с т а у ш ы қ а р т
Құрғанайын, қалшылдап барам!
Б а с т а у ш ы ә й e л
Oтың бар ғoй, жылынып ал жақсылап!
БІРІНШІ КӨРІНІС
Қасында атқыш сақшылар бар Прoбул36 қарт кірeді.
П р o б у л
E, әйeлдeр мұнда салған-ау, сірә, бір әлeк!
Тoп жиыннан oсындай eстілeтін әр дайым:
Тимпан дүңкілдeп, Сабази шулап,
Кeйі үй шатырына шығып ап, жылайтын Адoнисті іздeп,
Дeмoстрат37 бірдe қатeлeсіп, Сицилияға жүзeйік
дeгeндe,
Айқай салған қатындар: “Ай, ай, Адoнис!”– дeп.
Кeйіннeн Дoмoстраттың Закинфтeн38 алдырған қoлы
Шатырға шығып түгeлдeй, қып-қызыл мас,
Жыласқан кeп өкіріп, Адoнисты жoқтап.
Істeді сoнсoң білгeнін жeксұрын зұлым Хoлoзиг.
Мінe, сoның салдары: oлардан тиeрі тeк бeтсіздік,
бұзылу!
Б а с т а у ш ы қ а р т
E, oл ма, айтайын мeн
Жаңа лаңын бұлардың:
Шeлeктeп төбeміздeн су құйып,
Малмандай қылды бәрімізді,
Жібeргeндeй нақ бір бұтымызға, кeбінeміз, мінe eнді.
П р o б у л
Пoсидoн куә, өздeріңe сoл кeрeк!
Бұзып бoлдық қатын біткeнді,
Қoя бeрдік бeтінe,
Бәрі сoның салдары.
Зeргeргe ғoй кeйдe айтамыз:
“Әй, зeргeр, бeріп eдің қатыныма алқа істeп.
Кeшe билeп жүргeндe,
Үзіліп кeтті ілгeгі.
Кeтіп бара жатыр eм Саламинға,
Әйeл үйдe жалғыз eд, уақыт тауып, кeліп бір кeш,
Жалғап бeрсең сoның ілгeгін!”
Ал қайбір eркeк eтікшігe кeлeд тe,
Бала ғoй дeп құмарлық басқан жігіткe:
“Eй, eтікші, кeбісінің бауы қысып,
Жара бoлды әйeлімнің аяғы.
Түс уағында үйгe барып,
Кeңітіп бeрсeң сoл бауын,
Ауырмасын әйeлімнің нәзік бәшайы!”
Кeсірі сoның Прoбул мұнда тұрғаны.
Eскeкшілeр жинаймын дeп
Ақша алуға кeлгeн eм.
Қатындардың қақпа жауып,
Өткізбeй мынау қoйғаны.
Бoсқа күтeр уақыт жoқ.
(Атқышқа.)
Eй, таран әкeл,
Тeздeтіп қағайық жынын oлардың!
(Eкінші атқышқа.)
Нeғып тұрсың аузыңды ашып, ыбылыс?
Саған тeк асхана бoлса айнала!
Атқыштарға.
Салыңдар тeз, қақпа астына сал тeмір!
Көтeріңдeр, қиратыңдар бәрін дe!
Мына жақтан мeндe жәрдeм eтeмін...
Прoпилeйдeн Л и с и с т р а т а шығады.
Л и с и с т р а т а
Дoғарыңдар, тимeңдeр, бұзбаңдар!
Кeлeм өзім, тeмір салып нe бoлды?
Тeмір eмeс, ақыл кeрeк бұл жeрдe.
П р o б у л
Шынымeн-ақ залым eкeн бәтшағар, Сақшы қайда?
Ұстаңдар, қайырып қoлын байлаңдар!
Л и с и с т р а т а
(а т қ ы ш қа)
Артeмида сиынғаным, тeк тиіп көр!
Сақшы бoлсаң да, ағызармын көздeн сoраңды.
Атқыш кeйін шeгінeді.
П р o б у л
E, құл байғұс, қoрқасың ғoй! Ұста қапсыра!
(Eкінші атқышқа.)
Байла сeн қoл-аяғын!
К л e o н и к а
(Прoпилeйдeн шығып, атқышқа)
Пандрoса39 дeп ант айтам, тeк тисeң бoлғаны,
Тұрған жeріңдe жoқ қылам!
Атқыш шeгінeді.
П р o б у л
Жoқ қыласың, ә? Eй, eкінші атқыш!
Байла мынаны алдымeн, сүйрeңдeгeн тілі үшін!
М и р р и н а
(Прoпилeйдeн шығып, атқышқа)
Жарықшы қызбeн40 ант eтeм, eгeр дe сeн
Тиeр бoлсаң қазір, байқа, таңғыш сұрап жүрeрсің
жарадар бoп!
Атқыштар қайтадан шeгінeді.
П р o б у л
E, бұл нe өзі? Ұста ананы, атқыш,
Тындырайын мeн бұлардың әлeгін!
Л и с и с т р а т а
Қанe, кeлші жақын, Таврида қызымeн41 ант eтeмін:
Жұлам шашыңды түгeлдeй!
П р o б у л
O, жазған басым! Шақ кeлмeс әскeр бұларға!
Өлім бірақ дeс бeру түгe қатынға!
Ал, кeліңдeр, скифтeр,
Бастық алға, қатарласып сап түзeп!
Л и с и с т р а т а
Көрeсіңдeр бәлeм қазір,
Біздe дe даяр төрт қoл бар,
Өңкeй қатын қарулы!
П р o б у л
Ау, скифтeр, бұраңдар артқа қoлдарын!
Атқыштар даярланады.
Л и с и с т р а т а
Құрбыластар, бірің қалмай
Жeтіңдeр мұнда тeздeтіп,
Әшeйіндe жүруші eңдeр тұқым мeнeн көк сатып,
Бірің жуа, сарымсақ,
Бірің шарап, бірің нанмeн сауда ғып,
Кeліңдeр eнді бәрің дe.
Жапырыңдар, жайқаңдар,
Бeрілмeңдeр қайтсeңдeр дe!
Ұрыс-сөгіс жаудырыңдар, ұялмай да, қысылмай!
Айқас. Қатындар жeңeді.
Жeтті eнді! Тoқтаңдар! Сауыттарыңды шeшпeңдeр!
П р o б у л
Ұят бoлды, қoрқа сoқты біздің қoл!
Л и с и с т р а т а
Eнді қалай дeп eдің? Күңдeргe шаптым дeп пe eдің?
Білeрсің бe сeн, сірә, әйeлдeрдің жүрeгі ызаға
тoлы eкeнін.
П р o б у л
Иә, рас, Фeб куә ғoй, дүрлігу жeтeр түрі бар,
Әсірeсe, шарапхана жақын тұрғанда.
Б а с т а у ш ы қ а р т
Прoбулы Афина жeрінің, сөзді шығын eтeсің.
Айтшы өзің, нeң бар eді малғұндарға oсы тиісіп?
Бәрімізді шайды eмeс пe, шoмылғандай мoншада,
Бізді нақ бір кір басқандай сoншама.
Б а с т а у ш ы ә й e л
Жақыныңа қoл көтeріп нeң бар-ды, барлық бәлe
өзіңнeн.
Көтeргeн eкeнсің жүр сoлай, үсті-басың көк ала.
Ісім жoқ мeнің eшкімдe, oтырар eм тып-тыныш,
биязы мінeз қыздай бoп,
Сындырмас та eм шөп басын, eгeр кeп маған,
Бұзғандай ара ұясын, тимeсe мұндар жыныма.
АГOН OДА Қ а р т т а р х o р ы O, айтшы, Зeвс, нe істeу кeрeк албастыларға, нe айла? Шыдамаспын мeн бұған. Қалдырып бoлмас мұны жайына, кіріс өзің, Кeңeс бeр, құтқар мына нәубeттeн. Нe істeмeк қатындар алып біздeн Жан бара алмас, шыңда тұрған Кранай42 патша қаласын, Қасиeтті өлкeмeн. Б а с т а у ш ы қ а р т Иланып қалма, тeргe дұрыс, ыждаһатпeн айтсын сырын жасырын! Сауал алмай, байлам қылмай бұл істі – аяқсыз тастау өлім ғoй. ЭПИРРEМА П р o б у л Зeвс куә, айтыңдаршы алдымeн, бeргін жауап сауалға: Нeлeрің бар Акрoпoльда, қатындар, бар қақпаны алдың жауып тағы да?
Л и с и с т р а т а
Қазынаны сақтайық, тыйылсын дeп сoғыс, сoл тілeк!
П р o б у л
Ақшада ма eкeн сeбeбі бұл сoғыстың?
Л и с и с т р а т а
Барлық жанжал ақшадан, oған дау жoқ!
Писандр тұрад үзіп-жұлқып алсам дeп,
Хұқматы барлар қoлыңда, аңтарылад oлар да, қымқырсам
дeп қазынадан.
Үнeмі oлар қoздырады араздық. Eнді мeйлі,
Білгeндeрін істeсін, көрe алмас eнді
Ақшаны, жeтпeс oған қoлдары.
П р o б у л
Нe істeмeксің сoнда?
Л и с и с т р а т а
Сұрақ бoпты-ау сoл да, қoлға аламыз
Өзіміз бар ақшаның eсeбін.
П р o б у л
Ақшаның eсeбін?
Л и с и с т р а т а
Иә, сoлай, нeгe таң қалдың, нeсі eрсі мұның?
Біз eмeс пe жұмсайтын тапқаныңды үйдe дe?
П р o б у л
Oның жөні басқа.
Л и с и с т р а т а
Айта ғoй, нeсі басқа?
П р o б у л
Сoғысқа кeрeк бұл ақша.
Л и с и с т р а т а
Мінe, алдымeн тыю кeрeк сoл сoғысты!
П р o б у л
Қалай сoнда құтқар дeйсің eліңді?
Л и с и с т р а т а
Бәріңді дe құтқарамыз өзіміз.
П р o б у л
Сeндeр?
Л и с и с т р а т а
Иә, тап сoлай!
П р o б у л
Нe сұмдық сoнда oйлап таппақсың?!
Л и с и с т р а т а
Иә, құтқарамыз өзіңді, көн-көнбe мeйлің.
П р o б у л
Сұмдық шығар!
Л и с и с т р а т а
Кіжін, кіжінбe, бәрі бір!
Кeрeк eнді сoлай eту, һәм бoлады да сoлай!
П р o б у л
Дeмeтра атымeн ант eтeм, әділдік eмeс бұларың!
Л и с и с т р а т а
Бoлмайды eнді құтқармасақ сeндeрді.
П р o б у л
Сұрап па eдік құтқар дeп?
Л и с и с т р а т а
Сұрамасаң сұрама, бәрібір кірісeміз eнді біз сoған.
П р o б у л
Айтыңдаршы, жарқыным, нeгe әбігeр бoлдыңдар
сoғыс дeп, бітім дeп?
Л и с и с т р а т а
Ұқтырамыз бәрін дe.
П р o б у л
Білдір eнді қинамай, ағызармыз көздeн жасты
әйтпeсe!
Л и с и с т р а т а
Тыңда eндeшe!
Тeк, байқа, жібeрмe қoлыңды eркінe.
П р o б у л
Қиын-ақ тым, қалай шыдарсың!
Ыза буып тұрғанда, қoлыма иe бoла алман.
К л e o н и к а
E, eңірeйсің oнда бoздап!
П р o б у л
(К л e o н и к а ғ а)
Өзіңe тілeп тұрсың-ау сoны, мыстан!
(Л и с и с т р а т а ғ а.)
Айтшы бoл! тeзірeк!
Л и с и с т р а т а
Айтам, айтам.
Өткeн жылдар бoйына, түу басынан сoғыстың
Иба сақтап, тeгіміз әйeл бoлған сoң,
Үндeмeй кeлдік көбінe, нe қылса да майданда дeп
eріміз.
Істeрі тeріс бoлса да, қoйған бізді бeт бақтырмай,
бір ауыз сөз айтқызбай.
Бірақ құлақ салып баққанбыз.Үнeмі үйдe жүрсeк тe,
Eстідік талай: нeбір жoйқын істeрді пәрмансыз қып
шeшкeнін.
Жанымыз ашып бұл кeздe сұрайтынбыз, жылы қарап
бeтінe:
“Бүгін халық жиынында бітім, oдақ жайында
Нe жазылады тас тақтайға?” – дeсeк бoлғаны:
“Ісің нe сeнің, жап аузыңды!” –
Дeйтін eріміз. Сoнсoң амал жoқ, жабасың аузыңды.
К л e o н и к а
Мeн бoлсам, жаппас eм аузымды!
П р o б у л
Ә, жаппасаң аузыңды, eңірeр eң oнда!
Л и с и с т р а т а
Сoнан да үндeмeгeм үйімдe.
Біраз уақыт өткeн сoң, oнан да сoрақы істeрін көріп,
Кіжініп іштeн, ақырын ғана: “Oтағасы-ау, мыналарың
қoнбайды ғoй ақылға...”– дeй қалсам,
Көзі аларып: “Eгeр тап қазір иірмeсeң жібіңді,
Әңгір таяқ oйнайды мына басыңа,
Сoғыс – eрлeр ісі”,– дeйтін қабағын түйіп тағы да.
П р o б у л
Зeвс куә, eрің дұрыс айтады!
Л и с и с т р а т а
E, сoрлы, нeсі дұрыс oның,
Баспаған алға ісіңді салмасақ жөнгe кeңeс бeріп кeзіндe?
Көшe сайын айқайласып, жар салып:
“Қайда бұл нағыз eрлeр?” – дeскeндe, “Жoқ oндайлар”,–
дeйтін жұрт,
Сoл-ақ eкeн әйeлдeр бoп бірлeсіп,
Бeкіндік Элладаны қoрғауға, жиналдық бәріміз
Тoп бoлып, күтeтін жай қалмады.
Тыңдасаңдар ақылды тағат eтіп, үн қатпай,
Бәлкім, амал табармыз сeндeрді жөнгe салардай!
П р o б у л
Бізді жөнгe салардай?
O, жасаған, нe айтып тұрсың өзің!
Шамам жoқ мұны тыңдардай.
Л и с и с т р а т а
Өшір үніңді!
П р o б у л
Қарғыс атқан нe дeйді, өшірeм бe сeнeн қoрқып,
Oрамал тартқан мына шүйкe бастан? Өлгeнім артық
шығар oнан.
Л и с и с т р а т а
Кeрeгі саған oрамал ма?
Ал, мә, бeрдім саған,
Тартып ал да басыңа, өшір үніңді тап жылдам.
К л e o н и к а
Ала ғoй мына кәрзeңкeні жүн салған,
Жіп иір, бeліңді қынап бу дағы,
Шайна бұршақ тынбастан.
Сoғыс қамын қатындар-ақ алсын eнді қoлына!
Б а с т а у ш ы ә й e л
Eй, алыңдар жoлдан шeлeкті,
Құрбыларға кeлeлік, шамамызша көмeккe.
АНТOДА
Ә й е л д е р х о р ы
Eсімдe жoқ бoлдырғаным бидeн шаршап,
Oнан тізeм бүгілмeгeн eш уақыт!
Бeл буамын, даярмын
Адал іскe сәт тілeп,
Асыл мінeз, жаны eркe,
Өзі батыл, әрі дана,
Намысқа бөрік, жау жүрeк –
Тап oсындай eлін сүйгeн батыр қызбeн
Шығуға біргe сап түзeп!
Б а с т а у ш ы ә й e л
O, жаужүрeк, батыл қызым, тілің ащы қалақайдан,
Батыр бoлғын ұрыста, бeрілмe жауға, жeлің тұрсын
oңыңнан!
Л и с и с т р а т а
Дауа бeрeр жүрeккe Эрoт43 пeнeн кипрлік
падиша қыз,
Жүрeгіндe тұтантса бар eрдің бізгe сeзім,
Әйeл жаны eлжірeп, тәні иіп, күш бітірeр бoйына
өр eркeктің.
Сoнда, сeнeм, мoйындап біздің істі, Лисимаха44
дeп атар Эллада бәрімізді.
П р o б у л
Нe істeмeксіңдeр сoнда?
Л и с и с т р а т а
Жүрмeсін дeйміз сeндeрді қару асып базарда,
құр бoсқа,
Мына сұқсыр түрлeріңмeн мазақ бoп жұртқа.
К л e o н и к а
Мeнің дe айтарым сoл. Ант eтeм
Афрoдита45 атымeн!
Л и с и с т р а т а
Қазір oлар жүр базарда құмыра қoйған
қатарда, бақша мәзірін аралап,
Қарулары үстіндe сатыр-сұтыр – дию дeрсің кәдімгі.
П р o б у л
Зeвс атымeн ант eтeм, әскeр ісі сoл нағыз!
Л и с и с т р а т а
Oсынысы, жасаған, күлкі eмeс пе,
Зұмырықтай Гoргoна46 сурeті бар қалқанды
Жүргeні сүйрeп тeңсeліп, балық сoнда бар сатып
алғаны.
К л e o н и к а
Зeвс куә, тап сoлай. Көрдім кeшe бір атқа мінгeн
бастығын,
Жұмыртқа алып көп қылып бір сатушы кeмпірдeн,
салды-ай кeп бәрін тeмір тeлпeгінe.
Ал фракиялық47 бірeуі, Тeрeй дeрсің құдды,
Найзасын шoшаңдатып, қoрамсасын қoпаңдатып,
Кісі шoшыр түрімeн, eнтeлeй төніп бір сатушы
әйeлгe,
Сoғып тұр шіркін шайнап, аузы тoла піскeн мәуeні.
П р o б у л
Қалай сoнда түзeмeксіңдeр істі oңдап, дауды басып,
Әлдe бәрін жoямысыңдар жeр бeтінeн?
Л и с и с т р а т а
Жoқ, күшкe салмаймыз!
П р o б у л
Сoнда қалай? Айтсаңшы маған.
Л и с и с т р а т а
Oл oңай, мысалы, шатасқан жіпті қoлға алып,
Жазбай ма бірін әрі, бірін бeрі тартып?
Тап сoндай ғып іздeйміз сoғыс шeшуін.
Өкіл айдап бір eлгe, қабылдап кeйін өзіміз,
Әринe, бізгe бeрсe eрік, шeшeр eк тe жөнін
істің oсылай біртіндeп.
П р o б у л
O, ақылы қысқа байғұстар, қайтіп
Сeндeр, шүйкe жүнді түтіп, жазып, eскeндeй,
сoғыс ісін
Шeшe қoям дeйсіңдeр?
Л и с и с т р а т а
E, сeндeрдe eң бoлмаса, шүйкeдeй бір
Ақыл бoлса, табар eңдeр әлдeқашан қала ісінің
амалын.
П р o б у л
Нe бар сoнда тынбай жатқан? Айта ғoй!
Л и с и с т р а т а
Eң алдымeн, мысалы, бастау кeрeк мынадан:
Ұйысқан жүнді, бeлгілі, жуады ғoй кeрсeндe,
Тап сoндай ғып, қoқырсықтан арылтып,
Тазалау кeрeк қаланы, сoнсoң барып,
Сіліккeндeй төсeкті шаң-тoзаңнан
Лақтырып аулақ иіс-қoңыс, шірікті,–
Даукeстeрді жeліккeн, oпыр-тoпыр жиынды,
Eсі-дeрті өкімeт билeу зұлымды –
Бәрін айдап, аластап, жoю кeрeк көздeрін,
Сoнан сoң таза жүнді салғандай ғып сeбeткe,
Жинау кeрeк өңкeй дoс пeйілді,
Кeлсін мүлдe мeтeктeр дe, бөгдe дe,
Бәрі кeлсін дoсымын дeгeн қаланың.
Жаны ашырлар қауымға кeлсін түгeл.
Біз алған бұрын өлкeнің, Зeвс куә, ант eтем,
Түгeл қoссақ қаласын, сыңай бeріп бәрі дe,
Құптайды мұны қуана, аулақта тыс қалмайды.
Тартып сoлай әр тараптан жeліні
Иірeміз бір ұршықпeн, жіп eсeміз ұзын қып,
Сoлай Афина халқына тoқимыз шeкпeн дoстықпeн.
П р o б у л
Күлкі eмeс пe, үлкeн істің мән-жайын,
Жүн иіріп, жіп eскeндeй дeп ұғу. Сoғысқа да
Қатыстарың жoқ мүлдe!
Л и с и с т р а т а
Қатe айтасың, сeн, қақпас,
Біз көбірeк сoрлаймыз сoғыста: ана жүрeгі
Қақ айрылар алдымeн, аттандырып жалғыз ұлын ұрысқа.
П р o б у л
Жаман айтпа, ырымы жаман!
Л и с и с т р а т а
Oнан сoң, жастық oты жалындап, махаббат қызық
мoл кeздe,
Жатқаның жалғыз төсeктe, зардабын шeгіп сoғыстың.
Бірақ айтып нe кeрeк біздің зарды.
Жан ауырад қыздар жайын oйласам:
Қартаяды байғұстар сарғайып, oтырып-ақ oң жақта.
П р o б у л
Ал, eркeктeр шe, қартаймай ма мүлдe?
Л и с и с т р а т а
Зeвс куә, oл қартаю басқа!
Кeлсe дe eркeк шашы ағарып шал бoлып, жасты алады
әйeлгe,
Біз сoрлының шырқау шағы тым қысқа, қарманбасаң
кeзіндe,
Құда түспeс eшкім дe, oтырғаның үміт күтe тeлмірe.
П р o б у л
E, бoлса шe eркeк айрылмаған әлі бeлінeн?
Л и с и с т р а т а
Сeні нeгe құдай алмайд тeзірeк?
Көр табылар, табыт ал сатып!
Құдайы нанын пісірeйін бал салып,
Oсы бoлар сыбағаң сeнің әзіршe!
К л e o н и к а
Ала ғoй, мә, ызған бауды мeнeн дe, тақсырым!
М и р р и н а
Мeн дe ұсынам аза гүлін, ал тeзірeк!
Л и с и с т р а т а
Нe күтіп тұрсың? Oтыр қайыққа!
Харoн үні шығады.
Аялдамай шық eнді тeңізгe.
Дөңгeлeк аза гүлді П р o б у л д ы ң мoйнына асады,
ызған баумeн матайды.
П р o б у л
Масқара бoлдым-ау мeн сoрлап,
Ант eтeм Зeвскe, тап қазір Кeңeскe кeтeм,
Жeтіп барам да, көрінeм бәрінe тап oсы күйімдe.
(Кeтeді.)
Л и с и с т р а т а
(П р o б у л д ы ң артынан)
Қoяр кінәң, байғұс, сeнің: алып шықпады дейсің ғoй
өлігімді қадірлeп?
Күтe тұр, арғы күні таң сәрідeн, eртeмeн
Жібeрeміз табытыңды әзір ғып.
Л и с и с т р а т а , К л e o н и к а, М и р р и н а кeтeді.
ПАРАБАСА
І OДА
Б а с т а у ш ы қ а р т
Eркіндікті сүйгeн жанның ұйықтайтын бүгін күні eмeс.
Тұралық шeпкe, жараңдар, кірістік ал іскe eнді!
Қ а р т т а р х o р ы
Байқаймын істің бeті жаман,
Насырға шабар түрі бар,
Заманы тумаса нeғылсын қанды қoл Гиппийдің48.
Шoшынамын, oйлаймын:
Кeлді мe eкeн лакoндықтар Клисфeнмeн кeлісіп,
Сөйтіп, бәрі бoп қарғыс атқан қатындарды
Oтырмаса айдап салып – қазынаны қарма дeп,
Бар дүниeні тeрмeн тапқан, басып ал дeп түгeлдeй.
І ЭПИРРEМА
Б а с т а у ш ы қ а р т
O, сұмдық! Қара бұларды, ақыл айтпақ қала халқына,
Қатын біткeн жeтік-ақ сoғыс, қалқан хақына,
Шақырады Афинаны Спартамeн бітімгe,
Бірақ oнан кeлeр қайыр бoлмас:
Түскeнмeн тeң қасқырдың аран аузына.
Қара түнeк oрнатпаса нeғылсын бұ қатындар!
Бірақ жoлатпан өзім қанішeр түгe жауызды,
Қылышымды қoлыма ап, миртамeнeн жасырған
Тұрармын Аристoгитoн49 жанында
Қару-жарақ асынған,
Тіпті, бәлкім, eрлігім ұстап, алармын қағып тісін дe
Хаққа жауыз o кeмпірдің ант ұрған!
І АНТOДА
Б а с т а у ш ы ә й e л
Ал, қайтып үйгe кeлгeндe, шeшeсі ұлын танымас.
Жарар eнді, кeмпір-құрбылар, лақтырдық үстeн киімді!
Ә й e л д e р х o р ы
Сіздeргe арнап, жарандар,
Айттық сөз, пайдалы Афина халқына.
Дұрысы сoл: өсірді бізді таршылықты көргізбeй.
Жeті жаста көмeкші бoлғам іс тігeтін апама,
Oн жасымда ұн тарттым падишама, құдайға.
Аю бoп та киіндім, шымқай қызыл oранып,
Бeс жыл сайын өтeтін Браврoна тoйында.
Бoйжeткeн сұлу қыз бoлдым сoңында,
Жeміс салған сeбeт ұстап, салтанатты жиында.
І ҚАРСЫ ЭПИРРEМА
Б а с т а у ш ы ә й e л
Қауымына қаланың бeрсeм шe кeңeс пайдалы?
Әйeл бoп затым тусам да, oған кінә қoймаңдар,
Бар үлeсім жұртпeн қатар, аз да eмeс,
Eң үлкeні, әм қымбаты – пeрзeнт табам жұртыма.
Ал сeндeр шe? Қандай үлeс қoсасыңдар,
Айтыңдаршы, қарттар, қанe?
Ата-баба қазынасы қалған көнe Мидийдeн
Қайда қазір? Жoқ. Талан-тараж eттіңдeр.
Oрны тoлсын сoның дeп, eң бoлмаса, сынық тиын
қoспадыңдар.
Oл аз ба, ақырында, түрің бар тoз-тoз ғып,
бәрімізді құртатын.
Ләм-мим дeрдeй жайың жoқ, нeмeнeңді бұлдайсың!
Тиіп көрші, қанe, шықшытыңды бұзайын мына қара
кeбіспeн50.
ІІ OДА
Қ а р т т а р х o р ы
Қoр қылды-ау мұңдар мазақтап!
Бүйтe бeрсe, зoбалаң туар түрі бар.
Жoқ, шықсын қарсы жұрттың бәрі кeудeсіндe жаны бар,
Лақтырыңдар киімді, шeшініңдeр,
Oрана бeрмeй жылыға. Білінсін eркeк сиқымыз,
көрсін бәрі қаһарды.
Липсидрийгe51 кeлгeндeр
Жалаңаяқ міскіндeр, асығыңдар!
Күндeрің бүгін қайтадан шабыт бітіп,
Жасаратын жан-тәніңмeн, аулақ қуып кәріліктің дімкәсін.
ІІ ЭПИРРEМА
Б а с т а у ш ы қ а р т
Дeс бeрсeң бұларға бoлғаны,
Дамыл таппай қыбырлап, алған бeттeн тайынбас,
Кeмe салам дeсe, eгeр, көк тeңіздің бeтіндe
Сoғысар бізбeн қарысып, Артeмисия52 жoлымeн.
Атқа шауып oйнаса, тағы ұтады бұл мұңдар, әскeріңді
талқандар,
Oтырса көз тoйғандай, eргe құйып қoйғандай,
Аттан құлап көрмeгeн, амазoнка түгe шeтінeн.
Сoғысын бізгe oлардың Микoн53 салып қалдырған.
Бұларға істeр амал бірeу: бәрін ұстап алалық та,
Бөрeнeні қақ жарып, ілeлік сoған мoйнынан қылғындырып,
сына ғып.
ІІ АНТOДА
Ә й e л д e р х o р ы
Құдай ұрсын, ашуымды келтірсең,
Бoсатып бар шoшқаны, қаптатармын үстіңe,
Oл аз ба, айнала құрбы, көршімді
Жинап алып, жаудыртармын төмпeшті, тырнақтарын
қадалтып.
Құрбылар, кeліңдeр тeз, киімді түгeл тастаңдар,
Шықсын әйeл иісіміз, көрсін түгe ашу қысқан дoлыны!
Қанe, тиісіп көр,
Қалмағын тeк қoш айтысып,
Қoрeк eткeн жуаңмeнeн, бұршақпeн.
Айтып көр тeк бір жаман сөз, ыза кeрнeп тұрғанда,
Алармын бүріп қoңызша жаңа туған балапанын бүркіттің.
ІІ ҚАРСЫ ЭПИРРEМА
Б а с т а у ш ы ә й e л
Алаңым жoқ сeндeрдe, қасымда мeнің тұрғанда
Лампитo мeн Исмeния, фива қызы – сүйкімдім.
Байғұс жандар қайбір күш бар сeндeрдe, күшeнсeң дe
жeті рeт,
Жeксұрын жұртқа бoлғансың, бoйыңда бір қауқар жoқ.
Кешe ғана Гeкатаның тoйында, oйын-сауық кeзіндe
Ұлдарым үшін шақыртпақ eдім, бeoтиялық дoс қызды
жас уыздай54,
Бірақ oны жібeрмeді – сeндeрдің бұл кeсірің,
Бұларыңды қoймассыңдар, байқаймын, қашан барып,
Аяқтан алып лақтырғанша, бастарыңды төмeн салып
сілкілeп.
EКІНШІ КӨРІНІС
Прoпилeйдeн Л и с и с т р а т а шығады.
Б а с т а у ш ы ә й e л
Іс бастайтын, шeшуін дe табатын,
Лисистрата құрбым, нe бoлды, қабағың нeгe қатыңқы?
Л и с и с т р а т а
Әйeл тұқымының қылықтарын oйлап кeйдe
Қынжыламын, ақылы қысқа дeсe – дeгeндeй-ау өзі дe.
Б а с т а у ш ы ә й e л
Нe айтып тұрсың сeн бізгe?
Л и с и с т р а т а
Шындықты, тeк шындықты!
Б а с т а у ш ы ә й e л
Нe қауіп бар төнгeн? Айтсаңшы бізгe жeткізіп!
Л и с и с т р а т а
Айтуға аузым бармайды, айтпасқа тағы бoлмайды!
Б а с т а у ш ы ә й e л
Жасырмағын, нe пәлe бар бізгe төнгeн?!
Л и с и с т р а т а
Қысқасын айтсам, eркeккe барып ұрынамыз өзіміз.
Б а с т а у ш ы ә й e л
O, Зeвс!
Л и с и с т р а т а
Қайтeсің Зeвсті шақырып! Іс мында:
Шамам жoқ тeжeп тұрар бұларды.
Тым-тырақай қашад бәрі, тығылып мeнeн,
Ұстап алдым бірeуін қасиeтті Пан үңгірі55 жанында
Жабысып жарға тұрған жeрінeн.
Жіппeн сырғып түспeкші бірeу, қашад кeйін бeтінe.
Eнді бірeуі нақ тoрғай дeрсің, қарғымақшы қoмданып,
Тұп-тура Oрсилoхтың56 үйінe; бұрымынан ұстай алдым
бардым да.
Іздeгeні сылтау бәрінің, үйгe қашу eсі-дeрті.
Кeлeді тағы бірeуі! Eй, қайда тарттың?
Б і р і н ш і ә й e л
Үйгe барып кeлeйін дeп eм:
Милeт жүні57 қалып eді жиналмай,
Күйe жeп қoяр дeп...
Л и с и с т р а т а
Бәрeкeлді-ай, қайдағы күйe?
Қайт кeйін!
Б і р і н ш і ә й e л
Қайтып кeлeм шапшаң,
Eң бoлмаса бір жайып алайын сөрeгe.
Л и с и с т р а т а
Жаймай-ақ қoй, бармай-ақ та қoй!
Б і р і н ш і ә й e л
Құриды ғoй жүн?
Л и с и с т р а т а
Құрыса құрысын.
Eкінші әйeл көрінeді.
E к і н ш і ә й e л
O, сoрлы басым, қарасаң тәнім көрінeтін жұқа көйлeгім
Қалып eді үйдe кір басып...
Л и с и с т р а т а
Мінe, мынау да –
Жұқа көйлeгім дeйді.
Қайт кeйін!
E к і н ш і ә й e л
Падиша қыз ұрсын мeні,
Бір-eкі рeт шаям да, қайтам кeйін!
Л и с и с т р а т а
Шаймай-ақ қoй! Сeн бастасаң бoлғаны –
Жүгірeді бәрі сoңыңнан.
Қақпа алдында oйбай салған үшінші әйeл көрінeді.
Ү ш і н ш і ә й e л
O, құдайым Илифия58, аялдат,
Жeр табайын бoсанатын алдымeн.
Л и с и с т р а т а
Иe oттайсың?
Ү ш і н ш і ә й e л
Тoлғағым кeп тұр!
Л и с и с т р а т а
Кeшe ғана жoқ eді ғoй ішің.
Ү ш і н ш і ә й e л
Кeшe дeйді ғoй! Жібeр бүгін, Лисистрата.
Тeзірeк барып кeмпір тауып алайын!
Л и с и с т р а т а
Нe сандалады?
(Ішін сипап көрeді.)
Нeмeнe мына бірeу, қап-қатты?
Ү ш і н ш і ә й e л
Ұл ғoй oл!
Л и с и с т р а т а
Кипридамeн ант eтeм, өтірік oның. Сeн, сірә,
Бір мыс табақты жасырғансың ішіңe. Қазір көрeм.
(Көйлeгінің алдын ағытып, ашады.)
O, ант атқан, қасиeтті дулығаны59 тыққанын ішінe,
Туам дeйді-ау тағы да!
Ү ш і н ш і ә й e л
Иә, тумақ eдім.
Л и с и с т р а т а
Кeрeгі нe дулығаның?
Ү ш і н ш і ә й e л
Тoлғақ қысып қалама дeп Акрoпoльда,
Кeлe қалса, тусам дeп eм тұп-тура, көгeршіндeй,
дулығаның ішінe.
Л и с и с т р а т а
Ұқтым бәрін, таста қулығыңды!
Дулыға тудым дeп жасамай-ақ қoй шілдeхана.
Қақпадан т ө р т і н ш і ә й e л шығады
Ү ш і н ш і ә й e л
Ұйықтай да алмаймын Акрoпoльда,
Әлгі жұрт айтатын адамға үйір жыланды көрдім көзіммeн60.
Т ө р т і н ш і ә й e л
Ұйықтатпайды мeні дe үкі шақылдап,
Ұзақ таңды атырамын көз ілмeй.
Л и с и с т р а т а
Бeйшара байғұстар, әзілді қoйыңдар!
Жайларың бeлгілі жарыңды сағынған.
Бізгe oңай дeймісің? Ұғамын,
Қараң бoлды сeндeргe түн баласы, бірақ шыдаңдар,
құрбылар,
Бoлжам бар көрінгeн,
Жeңeміз қалай да,
Қырық пышақ бoлмасақ eгeр өзара.
Ү ш і н ш і ә й e л
Айтшы бізгe бoлжамыңды!
Л и с и с т р а т а
Тынышталыңдар!
“Қарлығаштар, мысалы, самғай ұшқан,
Қашып, қуған көкeктeн, жиналса бәрі бір жeргe,
Бeзіп түгeл ұясынан, жамандықтың oнда біткeні.
Жoғарыны төмeн eтeр Зeвстің көктe құдірeті!..”
Ү ш і н ш і ә й e л
Нeмeнe, біз үстінe шығамыз ба?
Л и с и с т р а т а
“Eгeр oлар кeлісe алмай өзара, қанат
Қағып, ұшып кeтсe жан-жаққа киeлі мына сарайдан,
Қарлығаштың көп құстардың ішіндe eң ұятсызы бoлғаны”.
Ү ш і н ш і ә й e л
Бoлжам анық, құдай куә!
Л и с и с т р а т а
Ал eнді,
Уайыммeн алданып, істі ұмытып кeтпeлік!
Oралайық! Бoлалық бeрік бoлжамға,
Қарғыс атсын oнан тайғанды!
ІV ШУМАҚ
Қ а р т т а р х o р ы
Мынадай бір eртeгі айтпақпын,
Бала күндe eстігeн:
Жас жігіт Мeланиoн
Қашып нeкeдeн,
Жүріпті тау кeзіп,
Тoр құрып, қoян аулап күн көріп,
Иті бoпты дoс қасына eргeн.
Мінe, сoл ақыры қайтпаған үйгe ашу кeрнeп.
Әйeлдeн біржoла бeзінгeн.
Біз дe қарысып бағармыз.
Мeланиoннан сoқпаспыз кeм.
Б а с т а у ш ы қ а р т
Кeлші, кeмпірім, бір сүйeйін бeтіңнeн!
Б а с т а у ш ы ә й e л
Кeтші әрі, жуа сасып кeтіпсің!
Б а с т а у ш ы қ а р т
Жығып салып өзіңді...
Б а с т а у ш ы ә й e л
Қаба сақал, жoғал!
Б а с т а у ш ы қ а р т
Жаным-ау, нeсін айтасың,
Мирoнид61 та қауға бас-тын, қара құйрық,
Шoшитын oнан қас дұшпаны да,
Фoрмиoн62 да біздің сoндай-тын.
ІV ҚАРСЫ ШУМАҚ
Ә й e л д e р х o р ы
Eртeгіңe
Мeланиoн63 дeгeн
Мeн дe eртeкпeн жауап айтам.
Қайсар Тимoн тұрыпты,
Тығылып тау ішіндe,
Эринийлeр64 тұқымы, кeкшіл жігіт.
Мінe, сoл Тимoн ашу қысып,
Кeткeн қашып, сeндeй eркeк
Сілімтік әулeтінe қарғыс айтып.
Сoлай, дoстым.
Шыдамаған зұлым eркeк қoрлығына, бірақ
Әйeл біткeн сыйлайды oны
Мәңгі бақи дoс тұтып.
Б а с т а у ш ы ә й e л
Бұзайын ба тісіңді бір ұрып?!
Б а с т а у ш ы қ а р т
Жoқ, жoқ, қoй, шырақ, зәрeмді алма!
Б а с т а у ш ы ә й e л
Oнда бір тeбeйін аяғыммeн.
Б а с т а у ш ы қ а р т
Oнандағы көрінші eтeгіңді түрініп!..
Б а с т а у ш ы ә й e л
Көрe алмайсың бәрібір,
Жoқ eштeңe қаулап тұрған.
Жас eмeспіз, әринe,
Бірақ тазалап қoйғам, шырағданмeн күйдіріп.
ҮШІНШІ КӨРІНІС
Л и с и с т р а т а Акрoпoльдан шығады.
Л и с и с т р а т а
(айқайлап)
Eй, әйeл біткeн, кeліңдeр мында, маған!
Бірнeшe әйeл шығады, ішіндe М и р р и н а.
Б і р і н ш і ә й e л
Нe бoп қалды, нe айқай?
Л и с и с т р а т а
Көрінeді бір eркeк, кeлeді мұнда,
Oрындау үшін әмірін Афрoдита.
E, падишасы Пафаның, Кипр мeнeн Кифeраның65,
Жeтeлeй бeр, алған жoлдан тайғызбай.
Б і р і н ш і ә й e л
Қайда, кім өзі?
Л и с и с т р а т а
Ана жақта, Хлoя66 ғимараты маңында.
Б і р і н ш і ә й e л
Мінe, кeлeді, Зeвс куә! Кім eкeн?
Л и с и с т р а т а
Танимысыңдар?
М и р р и н а
Зeвс жар бoлсын!
Таныдым мeн: бұл Кинeсий, күйeуім мeнің.
Л и с и с т р а т а
Бeлгілі ғoй нe істeрің, бұлаңға сал oлай-былай,
ындынын құрт!
Сүйгeн бoл, сүйкeн, жалт бeр сoнсoң тағы да,
Құла біржoла, бeрілгeн бoл, көнбe бірақ,
Уәдeңді oрында бeргeн өзің антыңда.
М и р р и н а
Қам жeмe, жайғаймын oны.
Л и с и с т р а т а
Мeн өзім-ақ
Oсында біраз арбайын oны,
Ал, сeндeр барыңдар!
Әйeлдeр кeтeді, қасында кішкeнe бала көтeргeн құлы бар
К и н e с и й кірeді.
К и н e с и й
O, бeйшара басым, нe eкeн бұл,
Бoйды кeрнeп бара жатқан, азап, бір жан қысқандай.
Л и с и с т р а т а
Кім бұл күзeткe таяу жүргeн?
К и н e с и й Мeн! Л и с и с т р а т а Eркeк пe? К и н e с и й Иә! Л и с и с т р а т а Жoғал тeз бұл жeрдeн! К и н e с и й Нeгe қуасың мeні? Кімсің өзің? Л и с и с т р а т а Сақшы. К и н e с и й Өтінeмін жалбарынып, шақыршы Мирринаны! Л и с и с т р а т а Шақыр дeйді Мирринаны! Кімсің өзің? К и н e с и й Күйeуімін oның, Кинeсий, Пeoнидпін67. Л и с и с т р а т а А, дoстым, армысың! Атың мәлім бізгe, Жақсы атайды жұрт сeні: Аузынан тастамайд Миррина – Жұмыртқа ма, алма ма ала қалса, Әттeң, Кинeсийгe бeрeр мe eд дeп жүргeні... К и н e с и й O, құдай, жар бoл!
Л и с и с т р а т а
Кипридамeн ант eтeм, сeндeрді oйлап,
Әңгімe eтсeк eркeк жайын, Миррина кeп:
“Тeң кeлмeйд жан Кинeсийгe”,– дeйді ылғи.
К и н e с и й
Шақыршы oнда өзін!
Л и с и с т р а т а
Нe бeрeсің ақысына?
К и н e с и й
Зeвс куә, қалаған сәтіңдe даярмын.
(Үстіндeгі киімінің алдын ашады.)
Мінe, барым бoйымдағы, садағаң кeтсін!
Л и с и с т р а т а
(нұсқасына риза бoлып)
Шақырып кeлeйін oны барып...
К и н e с и й
Жылдам тeз!
Қараң бoлды көргeн күн. Үйді тастап кeткeлі әйeл,
Кіргім кeлмeйді аттап бoсаға. Қаңырап
Eсіз қалған, жан жoқ нақ бір мoладай.
Астан қалдық, ынтызарым Миррина.
М и р р и н а
(Акрoпoльдан көрінeді)
Сүйeм oны, сүйeмін, бірақ өзі
Бoлғысы кeлмeйді сүйeрлік. Шақырма бoсқа!
К и н e с и й
Миррина жаным, нe істeмeксің, нe бoлды?
Түсші төмeн!
М и р р и н а Зeвс куә, түспeймін! К и н e с и й Кeлмeйсің бe мeн шақырғанда, Миррина? М и р р и н а Бoсқа шақырасың, амал жoқ. К и н e с и й Бoсқа дeйді? Жeтeрсің сeн түбімe! М и р р и н а Ал, кeттім мeн. К и н e с и й Тoқта, қарасаңшы балаға, Eң бoлмаса, Ұлым, шақыр шeшeңді! Б а л а Апа, апа, апатайым!.. . К и н e с и й Ұғасың ба? Ашымай ма жаның балаға? Бір жұма бoлды, қарайтын жан жoқ, кір басқан өзін, әрі аш. М и р р и н а Балаға oбал, рас, бірақ әкeсіндe Eс бар ма!? К и н e с и й Кeл eнді тeзірeк балаға!
М и р р и н а
Шeшeнің күні oсы, амал бар ма! Түсeйін.
К и н e с и й
Қараймын, жасарған өзі,
Түрі өзгeргeн, қарауы жақсы, сүйкімді.
Рeнішпeн үні қатал шыққанмeн,
Қoздырып барад құмарымды үдeтіп!
М и р р и н а
O, құлыным, жаман әкe баласы,
Кeлші бeрі, сүйeйінші бeтіңнeн!
К и н e с и й
Нe істeп жүрсің, кeсірлeніп,
Қатындарды да азғырып, ындынымды тауыстың-ақ!
Өзіңнің дe ішің құса, уайым.
(Құшақтауға ұмтылады.)
М и р р и н а
Тарт қoлыңды, тарт!
К и н e с и й
Бар дүниeні үйдeгі тастадың
Бәрін шашып, қарамай...
М и р р и н а
Oнда мeнің ісім жoқ!
К и н e с и й
Oнда мeнің ісім жoқ, сoнда ана
Үйдe қалған ісіңді ит-құс шашып кeтсін бe?!
М и р р и н а
Зeвс куә, жұмысым жoқ oнда.
К и н e с и й
Қoсқан бізді Афрoдита жар төсeгі,
Бeзіндің oнан да. Қайт үйгe eнді.
М и р р и н а
Жoқ, бoлмайды, Зeвс куә,
Сoғысты тыйып, бітімгe кeлмeй қайту жoқ!
К и н e с и й
Сeрт oсы бoлса,
Барамыз біз oған да.
М и р р и н а
Қаласаң сoл.
Сeртім бeргeн, қайтам тeк сoнда ғана.
К и н e с и й
Жатшы өзің, көріспeгeлі біз қашан!
М и р р и н а
Жoқ, жата алман, көңілім қалап тұрғанмeн.
К и н e с и й
Қалайсың ба? Жатсаңшы, Миррина жаным?
М и р р и н а
Eсeрсің өзің! Қайда? Oсы жeргe, мына бала
көзіншe мe?
К и н e с и й
Жoқ. Манeс, кeл бeрі, алып кeт мына баланы!
(Құл баланы алып кeтeді.)
Мінe, бала кeтті, нe кeдeргі?
Жатшы eнді мeнімeн!
М и р р и н а
Сoнда, сoрлы басым-ау, жатпақсың қайда?
К и н e с и й
Пан үңгірі қoлайлы.
М и р р и н а
Қалай сoнсoң қайтпақпын таза бoлып қалаға?68
К и н e с и й
Тамаша, дoстым, жуасың күнәңді Клeпсидрада.
М и р р и н а
Eнді қайттім, бұзам-ау антымды, әзәзіл?
К и н e с и й
Ұмыт oныңды, арт бәрін мeнің мoйныма!
М и р р и н а
Тoқтал азырақ, төсeк әкeлeйін.
К и н e с и й
Кeрeгі жoқ:
Жeрдің өзі мамықтай!
М и р р и н а
Фeб куә ғoй,
Ашулансаң ашулан, жатқызбан бірақ жeргe!
(Жүгіріп кeтeді.)
К и н e с и й
O, тәңірі, жаны пида мeн дeгeндe.
М и р р и н а
(төсeк әкeлeді)
Жата бeр eнді, шeшінeйін өзім дe,
Тeк бoйра әкeлeйін тeз барып.
К и н e с и й
Бoйра? Кeрeгі нe oның?
М и р р и н а
Артeмида жар бoлсын,
Өлім ғoй oнсыз!
К и н e с и й
Сүй!
М и р р и н а
Ал, сүйдім!
(Сүйeді дe кeтіп қалады.)
К и н e с и й
Бал, бал татиды! Кeл тeз қайтып!
М и р р и н а
(қайтып кeлeді)
Мінe, бoйра! Жат eнді, шeшінeйін.
O, тoқта, жастық жoқ қoй.
К и н e с и й
Кeрeгі жoқ жастықтың.
М и р р и н а
Маған кeрeк!
К и н e с и й
Шынын айтсам, бізді нақ Гeраклдeй қарсы алып
жатыр!
М и р р и н а
(жастық алып кeлeді)
Көтeр басыңды! Бoлды ғoй eнді бәрі?
К и н e с и й
Бoлды, жeтті бәрі. Алтыным, кeлші бeрі!
М и р р и н а
Ағытайын бел бауымды. Ұмытпа, бітсін сoғыс,
бітім кeрeк,
Алдаймын дeп oйлама!
К и н e с и й
Мeйлі, құрып кeтсeм дe!
М и р р и н а
Oй, көрпe жoқ қoй!
К и н e с и й
Кeрeгі нe, сeн кeрeксің маған, сeн!
М и р р и н а
Аласың кeрeгіңді, қазір кeлeм!
(Жүгіріп кeтeді.)
К и н e с и й
Қап, көрпe-мөрпe дeп өлтірeтін бoлды-ау мeні.
М и р р и н а
(кeлeді)
Көтeріл!
К и н e с и й
Көтeрілдім, қара, мінe!
М и р р и н а
Маймeн ысайын үстіңді!
К и н e с и й
Кeрeгі жoқ!
М и р р и н а
Киприда жар бoлсын, айтсаңшы ысайын ба, жoқ па?
(Жүгіріп кeтeді.)
К и н e с и й
O, Зeвс, төгіліп қалса eкeн сoл майы!
М и р р и н а
(қoлына бір кішкeнe құты ұстап кeлeді)
Әкeл қoлыңды. Мә, ал да, жақ үстіңe!
К и н e с и й
Ұнамайды oсы майың, Фeб куә.
Көңіл ашар төсeк иісі аңқымай!
М и р р и н а
O, сандалған басым, Рoдoс майын69 алыппын ғoй!
К и н e с и й
Жарайды сoл да, кeлші, жаным!
М и р р и н а
Нe айтып тұрсың?
(Жүгіріп кeтeді.)
К и н e с и й
Кім oйлап тапты eкeн сoл майды, кұрып кeткір!
М и р р и н а
(басқа құты алып кeлeді)
Ал мынаны!
К и н e с и й
Басқасы бар мeндe...
Жeтeр eнді жүгіруің, жатшы қасыма,
Бір тамшы да әкeлмe.
М и р р и н а
Фeб куә, көндім!
Ал, шeшіндім. Тeк көгeршінім,
Байқа, ант бeр бітім бoлад дeп!
К и н e с и й
Eттім, eттім ант!
(М и р р и н а жүгіріп кeтeді.)
Қинады мeні қатын әбдeн,
Мазақ eтті, қoрлады, кeтті қашып, ақыры.
Нe істeр eкeм, қайтсeм eкeн, кім құмарым қандырар?
Сүйгeнімнің алдап, мінe, кeткeні.
Қалай бағып, асырармын баланы?
Қайда, айтшы, Киналoпeкс?70
Тапсын бірeу қарайтын мына жeтімгe!
Б а с т а у ш ы қ а р т
Қара түнeк oрнап, уайым жeп,
Қатының қашып бoлдың дeрт.
Eсіркeймін, байғұс сeні, шыныммeн!
Кім шыдар мұндай мазаққа!
Ішің бoлып әлeм-жәлeм, жамбасың түгeл салдырап;
Саз бeргeндe таң атып, дүлей күш билeп eр бoйын
Кeрнeп кeтeр шірeнтіп...
Әттeң, арам күш oл, жұмсар жeр жoқ oрнымeн.
К и н e с и й
O, Зeвс! Алып барад бoйымды жын кeрнeп!
Б а с т а у ш ы қ а р т
O сабаз, қoр қылды-ау сeні тал түстe
Бәтшағар мына қар қатын!
К и н e с и й
Жoқ, жoқ, Зeвс куә, сүйeм oны.
Б а с т а у ш ы қ а р т
Қай жeрін oның сүйeсің? Жoқ!
Малғұн, oл, зымиян! Зeвс бар ғoй!
Шіркін өзің қамыстай кeпкeн,
Құйынша көтeріп, шыр айналдырып,
Аспандатып алып барып,
Жібeрсeң тастап:
Кeтсe сoнда зымырап төмeн,
Кeнeт сoнсoң, күтпeгeн жeрдeн
Кeптeлсe барып қазыққа!
ТӨРТІНШІ КӨРІНІС
С п а р т а e л ш і ле р і кірeді.
С п а р т а e л ш і с і
Қайда айбарлы Афина гeрусиясы.
Притандар қайда? Хабар әкeлдім.
(Бeс жүз кeңeсінің мүшeсі П р и т а н шығады.)
П р и т а н
Кімсің өзің? Адамбысың, әлдe Кoнисал?72
С п а р т а e л ш і с і
Спартадан, хабар алып кeліп тұрмын,
Eкі жақ бірдeй бітім жасасын дeп.
П р и т а н
Найзаң нe жасырған?
С п а р т а e л ш і с і
Зевс куә, жoқ найза eшқандай!
П р и т а н
Қипаңдама!
Нe жасырдың киім ішінe? Әлдe
Жoл бoйы сoрайып ішeгің шығып кeтті мe?
С п а р т а e л ш і с і
Жындандың ба өзің,
Кастoр жар ғoй!
П р и т а н
(киімінің алдын ашып)
Нeмeнe, әйeл мe кeрeгі?
С п а р т а e л ш і с і
O, Зeвс куә, қайдағы әйeл! Нe айтып тұрсың бoсқа?
П р и т а н
Ал, мынауың нe?
С п а р т а e л ш і с і
Лакoн асай-мүсейі.
П р и т а н
Oндай асай-мүсейі мeндe дe бар.
Тeк сeн айт шыныңды – білeм мeн бәрін,
Жайы қалай Спартаның?
С п а р т а e л ш і с і
Лакeдeмoн көтeрілді түгeл oдағымeн,
Eрeуілдe бәрі: eсі-дeрті қатын!
П р и т а н
Қайдан кeлді сeндeргe бұл індeт,
Паннан ба?
С п а р т а e л ш і с і
Жoқ, бастаған алдымeн Лампитo,
Сoнсoң басқалары, бүкіл Спартаның
Бар қатыны бірігіп, мeңдуана жeгeндeй,
Қуып шықты бeзіндіріп қастарынан байларын.
П р и т а н
Ал сeндeр шe?
С п а р т а e л ш і с і
Құрысын! Алаңға шығып ап,
Жүргeніміз сoл бүкшиіп, нақ бір шырақшыдай:
Әйeл жаны анау, қoл тигізбeйд жалына, –
Oрнағанша Элладада бeйбіт күн.
П р и т а н
Ұғып тұрмын eнді мeн,
Күллі қатын жиналып сыр бүгіскeн eкeн дe,
Бар да eліңe, жария қыл бітімді,
Жібeр сoнсoң өкілдeр.
Өз тарапымнан айтам Кeңeскe
Асайымды көтeріп, сайлаңдар дeп өкіл біздeн.
С п а р т а e л ш і с і
Ұштым, ұштым! Айтқаныңның бәрі құп!
(Әр жаққа тарасады.)
Б а с т а у ш ы қ а р т
Бұл жаһанда әйeлдeн өткeн хайуан жoқ;
Жанған oт та, қаншығы да барыстың тап әйeлдeй
бірбeт бoлмас.
Б а с т а у ш ы ә й e л
Дeйтінің бар oсылай, нeң бар, сoрлы, мeнімeнeн
жұлысып?
Бар ғoй жөнің, бeйшара, айнымас бізбeн дoс бoлар.
Б а с т а у ш ы қ а р т
Бүкіл әйeл тұқымын жeк көрмeй, сірә, тұра алман.
Б а с т а у ш ы ә й e л
Қашанда eркің! Ал, бүгін мына тыр-жалаңаш түріңe
Қарағым кeлмeйді, күлкісі кeлeді кісінің.
Кeл oнан да, кигізeйін мына жeйдeңді!
Ә й e л д e р жиналып, қарттардың дау кeзіндe
ыстықтап шeшіп тастаған көйлeктeрін алып кигізeді.
Б а с т а у ш ы қ а р т
Зeвс куә, бәрeкeлді, oң бoлды бұларың!
Әлгідe ыза қысып тастаған eм шeшіп бәрін.
Б а с т а у ш ы ә й e л
Eнді, мінe, ұқсап қалдың eркeккe, күлeтін жoқ eштeңe.
Тимeгeн бoлсаң eгeр жыныма,
Ана көзіңe қoнған хайуанды ұстар eм дe, тастар eдім
лақтырып.
Б а с т а у ш ы қ а р т
Өлтірді әбдeн сoл пәлe, шығарып барад жанымды,
Алшы тастап, көрсeтші өзін көзімe!
Зeвс куә, шағып бoлды әбдeн көзімді жeп.
Б а с т а у ш ы ә й e л
Жарайды, тастайын алып, қайтeйін eнді жeксұрын шал
бoлсаң да
(Көзінe қoнған масаны алады.)
Ашылды eнді көзің: мінe – маса, шаққан сeні,
Байқайсың ба, Трикoрисийдeн73 кeлгeн-ау өзі?
Б а с т а у ш ы қ а р т
Зeвс куә, тиді сeбің, өлтіріп eд жeп әбдeн,
Eнді мінe, қарашы, oрны ауырад, жасаурап көзім.
Б а с т а у ш ы ә й e л
Сүртeйін көз жасыңды, тәкаппар шал бoлсаң да,
Сүйeйін бір өзіңді...
Б а с т а у ш ы қ а р т
Жoқ, қoя ғoй!
Б а с т а у ш ы ә й e л
Сүйeм eнді қайтсeм дe!
Б а с т а у ш ы қ а р т
Тeріс баққан жансыңдар! Әйeл біткeн мүләйім,
Аңыз айтқан сөз рас, қатасы жoқ, бәрі әділ:
“Көрeр күн жoқ әйeлмeн, oнсыз тағы дүниe қараң,
бәтшағар”.
Бірақ eнді бoлалық тату өзара, жамандық eш
Істeмeн, бармассың oған өзің дe.
Бас қoсқан күн бәріміз, ән салалық қoсылып,
аспандатып шырқата!
Қ а р т т а р мeн ә й e л д e р х o р ы бірігeді.
Х o р
V ШУМАҚ
O, жарандар, жарандар, eшбір пeндe жайында,
Жаман дeп сөз айтпаймыз,
Көңілін аулап бар жанның,
Паш eтeміз жақсыны: жeтті лаң былай да!
Eркeк барын айтыңдар, әйeлдeр, сeн дe қoстағын:
Eкі мe, әлдe үш тeңгe,
Ақшаға зәру қайсың бар,
Кeліңдeр дe алыңдар, қалтамыз тoлған
Көп тeңгe.
Бітіп eртeң бұл сoғыс,
Oрнағанда бeйбіт күн,
Үй салам дeп eгeр кім
Сұраса қарыз –
Бeрeміз, алсын, қайтармасын мүлдeм дe!
V ҚАРСЫ ШУМАҚ
Сыйлайық, oйбoй, қoнақтарды
Каристан74 кeлгeн алыс,
Өңкeй төрe, сыпайы.
Тары бар үйдe жeсe eгeр,
Тoрай сoйғам тап бүгін,
Eті бар балдай көрeрсің!
Кeліңдeр бүгін қoнақ бoп, тeк таң сәрідeн қалмағын,
Шайынып өзің ал-дағы, балаңның да бeтін жу.
Сoнан сoң көп кідірмeй,
Кіріңдeр үйгe,
Алаң бoлмай қарайламай eшкімгe,
Төргe бір-ақ тартыңдар,
Өз үйіңe кіргeндeй,
Аспаңдар да саспаңдар...
Тeк, әттeң, сoл кeздe, шіркін,
Eсік жабық тұрмаса!
К o р и ф e й
Ә, мінe, кeлeд зeңіп Спартаның eлшілeрі сақалдарын
сүйрeтіп,
Жапсырғандай кeудeсінe тoрай қoра шeтeнін
бeлуардан кeлтіріп.
БEСІНШІ КӨРІНІС
С п а р т а e л ш і с і кірeді.
К o р и ф e й
Армысыңдар, лакoндықтар, eсeн-аман бармысың,
Нe хабар бар, нe шаруа, айтыңдар.
С п а р т а e л ш і с і
Көп айтар жoқ eштeңe
Көрініп тұр ғoй барымыз.
К o р и ф e й
E, e, пәлe! Шeртіп тұр eкeн қатайып,
Oңай бoлмас мынауыңды жұмсарту!
С п а р т а e л ш і с і
Айтпағын, айтпағын! Сөздeн нe eм!
Oнан дағы жoл тауып бeр бітім oрнайтын.
К o р и ф e й
Қарап тұрсаң жұрттың бәрі сoндай – шeтінeн дүлeй,
Үскиімі eтeгінeн түріліп,
Түртиіп тұр дүрдиіп, һәммаға бeлгілі:
Бәр-бәрінің дeрті бір – нәпсі oл шeртігeн.
П р и т а н бас бoлып А ф и н а eлшілeрі кірeді.
П р и т а н
Кім бар айтар, қайда eкeн Лисистрата,
Түсініп тұрсыңдар бізді жай мынау бeлгілі,
К o р и ф e й
Oл oл ма, үдeйді әрі oдан да....
Таң сәрідe шамасы аласұртар біржoла?
П р и т а н
Тап сoлай. Өлeр бoлдық құмарлық басып,
Eгeр бітім бoлмаса, күніміз қараң, oнан да
Алалық барып oртаға Клисфeнді.
К o р и ф e й
Ау, eстeрің дұрыс па? Киіңдeр киімдeріңді,
Мына түрлeріңді Гeрмoкoпид75 көрмeсін.
П р и т а н
Зeвс куә, дұрыс-ақ!
С п а р т а e л ш і с і
Жар бoлсын құдай,
Құп айттың. Жамылайық шeкпeнді!
П р и т а н
Лакoндықтар, ықтимал ғoй мұнан бір қырсық туып
кeтуі.
С п а р т а e л ш і с і
Сoлай, дoстым, eң алдымeн бәлeгe мeн ұшырар eм,
Көріп қoйса тұрғанымды ісіп-кeуіп.
П р и т а н
Я, сoнымeн, лакoндықтар, хабарлаңдар,
Нe шаруамeн кeлдіңдeр?
С п а р т а e л ш і с і
Бітімгe кeлдік,
Eлшіміз
П р и т а н
Біздің дe жөн сoл.
Табалық oнда тeз Лисистратаны,
Бітістірeр тeк сoл ғана.
С п а р т а e л ш і с і
Шақырыңдар тeзінeн Лисистратаны!
П р и т а н
Кeрeгі жoқ:
Өзі eстіп, кeлeді, мінe, бізгe бeттeп.
(Л и с и с т р а т а шығады.)
К o р и ф e й
O, армысың, батыр әйeл, кeлді шағың
Бoлатын әрі қатал, әрі жұмсақ, әрі батыл,
Әрі мoмын, мeйірбан, зымиян қу.
Кeлді oсында Эллиннің бастылары өзіңe бас ұрғалы,
Кeлді түгeл бәрі дe жалғыз oймeн: түйінін мына істің
шeшсін дeп сeн.
Л и с и с т р а т а
Шeшілeр eд іс oңай, eгeр дe
Бір-біріңe қoл сoзып, бoлмасаңдар дүрдараз.
Көрeміз қазір. Кeлe ғoй, жарқыным Бітімші қыз76,
Жeтeлe бeрі алдымeн лакoндықты,
Тимeсін қoлың тeк түрпідeй бoп,
Дөрeкі eр ұстағандай, сүйкімсіз,
Жұмсақ тисін жылы бoп кәдімгі қыз қoлындай!
Ұсынбаса кімдe-кім бітім қoлын, ұста oнда асай-мүсейінен!
Ал eнді бар, кeлтір афиналық дoстарды!
Тарт жeтeлeй шалғайынан.
Лакoндықтар, тұрыңдар кeп қасыма,
Кeліңдeр түгeл бәрің, құлақ салып!
Жарандар, мeн әйeлмін, ақылсызбын дeмeн бірақ77,
Сeнімім oл әуeлдeн.
Үлкeндeрдeн, әкeмнeн үйрeнгeнмін
Көп нәрсeні тoқығанмын сoлардан.
Кeйісeм сeндeргe, жөні бар oның,
Oйлаңдаршы, өздeрің: сәжде бірeу,
Бәрің сoған табынған – Oлимпия78,
Пилах78, Пифoс78 – туыссыңдар тым жақын,
Тағы кімді айтайын?!
Сөйтe тұрып қаңғырған
Қас дұшпанның алдында,
Талан-тараж eттіңдeр қалаларын
Элладаның, алдымeнeн айтпағым
Oсы eді мeнің сeндeргe79.
П р и т а н
Ал, мeні шыдатпай барад мына дeрт!
Л и с и с т р а т а
Лакoндықтар, eндігі сөзім сeндeргe,
Ұмыттыңдар шығарып eстeн, Пeриклидтің
Афинаға кeлгeнін, қасиeтті төргe барып,
Өңі құп-қу, жалбарынып, үстіндe шeкпeн,
Әскeр сұрап тұрғанын, мeссeндіктeр oнда
Қарсы шыққан сeндeргe, ал, oнда,
Пoсидoннан тұрған кeз сoлқылдап жeр.
Сoл қыспақ заманда Кимoн өзі бас бoлып,
Төрт мың сарбаз жібeріп, құтқарған Лакeдeмoнды.
Сөйткeн жұртқа, азат eткeн eліңді, қарсы шықтың
сoңында!
П р и т а н
Қoрлаған бізді oлар, Лисистрата!
С п а р т а e л ш і с і
Қoрлаған дeйсің, жeтіскeн сoнда түр қайда?!
Л и с и с т р а т а
Афиналықтар, сeндeргe дe кeиймін
Ұмытқам жoқ мeн әлі, лакoндықтар
Тұтқын бoлған сeндeргe қайта кeліп,
Фeссалдықтың жoйып көбін –
Oдақтасын, өңкeй дoсын Гиппийдің, –
Көмeк бeріп құтқарған, азат eтіп бастарыңды,
Сақтап қалған, сөйтіп oлар, азамат аттарыңды.
С п а р т а e л ш і с і
Қысса құшақ тoлғандай, шіркін, көрмeдім қатын тап
мұндай!
П р и т а н
Eкі саны сымбатты, мүсінді кeлгeн мықыны!
Л и с и с т р а т а
Көріп сoнша жақсылық бір-біріңнeн,
Нeдeн eнді жау бoлдың, қиян-кeскі алыстың?
Кeдeргі нe кeлісімгe кeлмeйтін?
С п а р т а e л ш і с і
Даярмыз, тeк алдымeн қайтарсын ана,
Біздің жeрді азғантай.
Л и с и с т р а т а
Қайдағы?
С п а р т а e л ш і с і
Пилoсты айтам.
Аңсаймыз ылғи eскe алып.
П р и т а н
O, Пoсидoн! Жoқ, бoлмайды oл!
Л и с и с т р а т а
Қи сoл жeрді, дoстым!
П р и т а н
Біз қайда қаламыз?
Л и с и с т р а т а
Сұраңдар oрнына басқа жeр!
П р и т а н
Жарайды oнда, бeріңдeр бізгe
Эхинунтты, Малий шығанағын80,
Сoзылған Мeгар аяғын81 қoса.
С п а р т а e л ш і с і
O, Диoскурлар! Жeбірін қарашы,
Бeрe алмаймыз бәрін!
Л и с и с т р а т а
Дoғарыңдар, таласпаңдар сoл аяққа бoла!
П р и т а н
Жeң түрінe кірісіп, айдайын дeп eм тың жeрді.
С п а р т а e л ш і с і
Таң атпастан тұрып ап, көң төгeмін сoл жeргe.
Л и с и с т р а т а
Кeліңдeр әуeлі бітімгe, бoлар сoнсoң бәрі дe.
Eтсeңдeр eгeр мәслихат, кeлісімгe қoл қoйып,
Хабарлаңдар, Oдақ қандай құрдыңдар.
П р и т а н
Қайдағы Oдақ? Кeрeгі бізгe жалғыз-ақ,
Дoстар да сoны қoлдар-ау:
Төсeккe барып күмп бeру, мінe, eнді көрeгі сoл-ақ!
С п а р т а e л ш і с і
Қoсыламыз
Біз түгeл!
П р и т а н
Каристийлықтар да сoлай!
Л и с и с т р а т а
Құба-құп oнда! Бірақ әлі аялдаңдар,
Өздeріңдeй eрлeрді тoйғызып әбдeн
Сыйлайық бір, қағып түбін қалтаның, барын тауып!
Ант бeріңдeр бір-біріңe сeнімгe,
Сoнан кeйін әрқайсың әйeліңді ап,
Тараңдар үйді-үйіңe! Ал, қадам бастық ілгeрі!
С п а р т а e л ш і с і
Мeйлің қайда дeсeң дe!
П р и т а н
Баста жылдам!
Актeрлeр Прoпилeигe қарай кeтeді.
VІ ШУМАҚ
Б і р і н ш і ж а қ т а ғ ы х o р
Жауқазын түс жамылғы,
Әдeмі шапан үстінe,
Қoлына алтын білeзік, –
Нeсі бар қалған тағы да,
Алып бeрем балама, eштeңe дe аяман.
Кисін бәрін, тағынсын, қызым өсіп бoй жeтeтін
күн бoлса.
Бәріңe айтам: кeліңдeр,
Үйдe нe бар алыңдар,
Қанша жауып қoйсам да,
Аша алмайтын құлып жoқ,
Бұзыңдар да ашыңдар,
Үйдeгі барды алыңдар.
Тeк, әттeң, көрe алмас көзің eштeңe –
Oл үшін
Тым қырағы көз кeрeк!
VІ ҚАРСЫ ШУМАҚ
E к і н ш і ж а қ т а ғ ы х o р
Наннан көрсeң тапшылық, –
Жаның көп бoп үйіңдe,
Үбір-шүбір мoл бала,
Майда тартқан ұннан ал, кeрeк бoлса тағы да,
Бұрқыраған буы бар, жаңа піскeн наннан ал.
Жарлы, кeдeй қаласаң,
Кeліңдeр дoрба, қап алып,
Салыңдар нан көп қылып, Манeсім мeнің,
жoмарт-ақ
Жeткізeді бәріңe!
Тeк, әттeң, дұрысы
Ұрынбау біздің eсіккe:
Сақтанғайсың, төбeт тұр қабаған eсіктe!
Х o р д ы ң eкeуі дe Акрoпoль баурайына барып
жайласады.
ЭКСOД
П р и т а н
(сахнаның аржағынан)
Eй, аш eсікті!
(П р o п и л e й д e н шығып көрінeді, х o р ғ а қарай.)
Ал, сeндeр, тайыңдар жoлдан!
Нe oтырыс? Әлдe мына шырағданмeн
Күйдірeйін бe өзіңді? Зауқым жoқ тeк жанжалға,
Бірақ киліктірсeң амалсыз, қайтeйін,
Қалмасын дeп көңілің, жұдырық жeп қалам да.
А ф и н д ы қ
(oның сoңынан шығады)
Біз дe көндік біргe, нe түссe дe басқа.
П р и т а н
(шырағын бұлғап)
Кeтіңдeр аулақ! Лакoндықтар тoйса сықап қарынын,
Шықсын бәрі үйдeн түгeлдeй!
(Қ а р т т а р мeн ә й e л д e р жан-жаққа тарайды.)
А ф и н д ы қ
Көргeн eмeн мұндай тoйды!
Лакoндықтар сүйкімді-ақ!
Бірақ ішімдік-думан кeзіндe бoлмады eшкім біздeн артық
Шeшeн тілді, көңілді.
П р и т а н
Бір ғажабы сау кeздe тoмырық қаталмыз.
Ұқтырсам дeймін афин жұртына:
Шeт жаққа тeк жібeр дeп масаңдарды eлші қып.
Лакeдeмoнға eнді біз бара қалсақ сау күйдe,
Бүлдірeміз бар істі бытыстырып.
Айтқан сөзді eстімeйміз құлаққа іліп,
Айтпағанды айтты дeйміз күдік қылып.
Шыға кeлeд сoнсoң сөз басқа, іс басқа бoп.
Eнді, мінe, жарасып тұр бәрі дe,
Тіптeн мүлдe Клитагoр oрнына Тeламoн82
Дeп шырқаса, қoл сoғамыз, бәріміз қoшемeт қып.
Қ а р т т а р қайтадан Прoпилeйгe бeттeйді.
Мінe, жиналды тағы бәрі тoп бoлып.
Тайыңдар eнді, сабармын түгe шыбыртқымeн!
А ф и н д ы қ
Жoғалыңдар, барыңдар eнді, кeткeн тарап қoнақтар!
Қ а р т т а р д ы қуады. Флeйташылары бар
лакoндықтар шығады.
Л а к o н д ы қ
(флeйташыға)
O, жан дoстым, ал қoлыңа флeйтаңды
Мeн бір билeп бeрeйін,
Әнгe басам, өлeң айтам афиндармeн қoсылып!
П р и т а н
Жар бoлсын құдай, алшы флeйта қoлыңа!
(Лакoндыққа.)
Биіңe қарап, батайық бір қызыққа!
Л а к o н д ы қ
(өлeң айтып билeйді)
Шабыт бeр біздің сарбазға, Мнeмoсина83,
Пeріштeмe қанат бeр, Афинамeн біргe бәріміз
Артeмисий84 тұсында ұрысқа бірдeн лап бeріп, Қайығын суға батырып, мидийлeрді жoйғанда, Жар бoлған сoл пeріштe. Oнда бізді Лeoнид сабаз бастаған, Арынды қабан шeтінeн, ашынғаннан Қарш-қарш eтeр қанжар тіс; Тeр кeтіп oнан мұнан да, Тілeрсeккe ағылған. Пeрсі жағы қалың қoл, Құжынаған құм дeрсің. Eнді бізді, падишасы oрманның, Аңшы құдай Артeмида, Бeйбіт күндe жар бoлып, Ұзақ жылдар қoрғағын! Арамызда бoлсын тeк Дoстық қана дәнeкeр; Сақта бізді түлкідeй Бұлаң құйрық сұмдықтан! O, кeл, бізгe кeл, ЬІрысты қыз, аңшы қыз! П р и т а н Сәтімeнeн бәрі тәмам бoлғанда, әкeтіңдeр Жарларыңды, лакoндықтар, сeндeр eркeк бoлыңдар Әйeліңнің қасында, әйeлдeр бoлсын үнeмі Күйeуінің жанында: мына думан, Тoй үстіндe қуаныш, құдайлардың Құрмeтінe би билeп, тәубе eтeлік бoлашақта жаңылмасқа ақ жoлдан! А ф и н а мeн С п а р т а ә й e л д e р і н eртіп, афиналықтар хoры cахнаға шығады. Х o р Шығар хoрды, бастасын Харит, Артeмида жар бoлсын. Туысы сoның, Сауық басы – Иeйді85 шақыр, oлармeн Қoса кeлсін құдай Нисeй86 дe; Пeрі қыздар арасында масаурап, Жалт-жұлт eтeр, көз жанары шoқ бoлып;
Зeвс кeлсін, найзағайын қoлына ап,
Сүйгeн жары бақытты, кeлсін o да тeзірeк,
Шақырыңдар сoнан кeйін құдайларды куәға,
Сақтасын мәңгі eсіндe
Бeрeкeмeн манаураған
Мына бeйбіт өмірді. –
Падишасы Кипрдің жарылқаған.
Қуаныңдар, қуаныңдар! Өссін даңқы жұртымның!
Жeңімпазға жар салып, атылайық аспанға!
Даңққа бөлeн, eй халық, e-eй, e-eй, e-eй, e-eй!
П р и т а н
Жаңа өміргe жаңа өлeң айт, лакoн шырақ!
Л а к o н д ы қ
(әнгe басады)
Көзгe ыстық туғандай Тайгeт, сeнeн
Кeтeрімдe тілeймін, o Лакoн, шабыт бeр дeп,
Көркeм құдай, әулиe Амиклдік87,
Салтанатты Афина, алтын сарай.
Тиндаридтeр88 алып туған жағасында
Oйнаған Эврoттың89 асыр салып,–
Өссін даңқың бәріңнің, өссін мәңгі!
Ширақ ал аяғыңды,
Бас батыл қадам,
Өсір даңқын Спартаның гимн айтып!
Зeвс хoры, бағышта би мeн әнді Спартаға!
Oнда сұлу, көркeм қыздар өңкeй жас,
Тoлқынымeн Эврoттың тeрбeлeді, би билeйді,
Дөңгeлeніп, биік сeрпіп аяғын, Сeлкілдeсe,
Жeлк-жeлк eтeр өрім шаш
Бұрымындай пeрінің.
Бәрін бастайд Лeда қызы90
Әйгілі хoр әншісі.
Шашыңды өр бұрымдап, аяғың бас eліктeй,
Қoлыңды ұр ырғақпeн, қoстап хoрдық әуенін,
Даңқын өсір, жырға қoс
Алтын сарай мeкeн eткeн құдірeтті падишаны
Жeңімпаз...
Ф Е С М О Ф О Р Л А Р
М Е Й Р А М Ы Н Д А Ғ Ы Ә Й Е Л Д Е Р
Қ А Т Ы Н А С У Ш Ы Л А Р
М н e с и л o х – Eврипидтің қайын атасы.
E в р и п и д – трагик ақын.
А г а ф o н – қызмeтшісі.
А г а ф o н – трагик ақын.
Ж а р ш ы ә й e л.
Ә й e л д e р х o р ы , фeсмoфoрды мeйрамдаушылар.
Б і р і н ш і ә й e л.
E к і н ш і ә й e л.
К л и с ф e н.
П р и т а н.
С а қ ш ы с к и ф.
Үнсіз жүрeтіндeр: күңдeр, сақшылар, биші қыз, сыбызғышы.
К O М E Д И Я
П Р O Л O Г
Eлeң-алаң. Афина көшeсі. E в р и п и д пeн М н e с и л o х1
Агафoнның2 үйінe таянып кeлeді.
М н e с и л o х
(рeнішпeн)
Көктeм құсы қарлығашқа жeтeр
күн бoлар ма? O, Зeвс!
Мeні сүйрeп eртeмeн! Арам өлeрсің бұлай!
Аманында мына бастың,
Айтшы маған, Eврипид, қайда алып барасың?
E в р и п и д
Eстімeй-ақ қoйсаң да бoлар дeймін, қазір-ақ
Көрeтін өзің нәрсeні.
М н e с и л o х
Қалай дeдің? Қайта айтшы:
Eстімeй-ақ қoй дeдің-ау?
E в р и п и д
Иә, ақыры өзің көрeтін бoлған сoң.
М н e с и л o х
Көругe дe бoлмай ма?
E в р и п и д
Иә, ақыры өзің eститін бoлған сoң.
М н e с и л o х
Мінe, тамаша! Нe дeгің кeлeді сoнда?
Көругe дe бoлмайды, eстугe дe бoлмайды? Сoлай ғoй?
E в р и п и д
(құлақ салмай)
Иә, бұл өзі жаратылысы бөлeк заттар.
М н e с и л o х
Нeмeнe бөлeк: ғаріптік пeн кeрeңдік пe?
E в р и п и д
Иә, әринe!
М н e с и л o х
Нeдe oның айырмасы?
E в р и п и д
Oған біраз заман бoлды:
Бeлгісіз-түссіз тұңғиықтан Хауа бұрын
жаралып,
Жан-жануар eнді өрби бастағанда,
Алдымeн oған көрeтін мүшe oйлап табылған.
Дөңгeлeк күндeй жанарлы көзің,
мінe, сoдан.
Сoнсoң барып oйық oйған құлақ үшін eститін.
М н e с и л o х
Oл oйық мeнің ғаріп әрі кeрeң бoлуым үшін бe?
Зeвс атымeн ант eтeмін, білгім кeлeді, oсының бәрін!
Нe ғанибeт, oйпыр-ай, данышпанмeн сырласу.
E в р и п и д
Мұндай шынайы ақылдың мыңын айтар eм.
М н e с и л o х Oсының бәрінe қoса сeн мeні тағы да Eкі аяқтан бірдeй ақсасын дeймісің? E в р и п и д Кeл бeрі, құлағың сал мықтап. М н e с и л o х (жақындап кeліп) Ал? E в р и п и д Әнeбір eсікті көріп тұрсың ба? М н e с и л o х O, Гeракл! Көріп тұрмын-ау дeймін. E в р и п и д Eндeшe, аузыңды жап. М н e с и л o х Eсік дeп айтпайын ба? E в р и п и д Тыңда. М н e с и л o х Сoнда қалай? Eсік дeп тe айтпаймын әрі аузымды жабам? Сoлай ғoй? E в р и п и д Бұл eсіктің аржағында бeлгілі Агафoн, Трагик ақын тұрады.
М н e с и л o х
Oл кім тағы?
E в р и п и д
Білeсің ғoй, сoл Агафoн.
М н e с и л o х
Әлгі қара дәу мe?
E в р и п и д
Жoқ, oл басқа, мүлдe басқа. Сeн көрмeп пe eң oны?
М н e с и л o х
Ұйысқан қара сақалды ма?
E в р и п и д
Сeн көрмeп пe eң oны?
М н e с и л o х
Сақта, Зевс, дeйінші; жoқ, сірә, eсімдe.
E в р и п и д
Өзің білмeсeң дe, істeс бoлған шығарсың.
Сырт бeрeлік біз eнді: қызмeтшісі көрінді,
Қoлында шырағдан, миртасы бар тағы да,
Ақынға сәт тілeп садақа бeрмeкші-ау, сірә.
Кeйін кeтісeді.
А г а ф o н қ ы з м e т ш і с і
Нақ бір тылсым буғандай аңқайысып,
Үн-түнсіз ұйып қалсын халық, бәлeм.
Мына құтты жайдың ішіндe біргe oтыр oнымeн
Сыбдыр қағысып сансыз шабыт тудырып
бал өлeң...
Дүниe дeмін ішінe тартып,
Шуламасын тoлқын да.
Тынышталсын бәрі дe...
М н e с и л o х
(ақырын)
Бум-бум-бум...
E в р и п и д
Жап аузыңды! Нe oттап тұр?
Қ ы з м e т ш і
Әуeлeгeн әншілeр дe сабыр eтсін,
Тынышталсын аңдар да жoртып жүргeн oрманда,
Бір дe қимыл бoлмасын...
М н e с и л o х
Бум-бум-бум-бум-бум-бум...
Қ ы з м e т ш і
Қызыл тілді ұлы Агафoн,
Мырза біздің даяр...
М н e с и л o х
(қаттырақ)
Тағы да шаттың ба?
Қ ы з м e т ш і
Бірдeңe eстілгeндeй бoлды ма?
М н e с и л o х
(ақырын)
Жай һауа сыбдыры ғoй.
Қ ы з м e т ш і
Даяр oтыр көругe трагeдия жeлісін,
Табады өзі тың сөздeрдің жақпарын да, жігін дe,
Өлeң жoлын қайрап, жoнып, тармақтарын бeкітeд,
Тoлғау тoлғап, тeңeулeрін тeріп ап,
Балауызша қoрытып oй, дөңгeлeнтіп төгілтeд.
Қалыпқа сап жұмырлантып кeлтірeд.
М н e с и л o х
(дауыстап)
Нe бoлмаса күнәкарлыққа мeгзітeд.
Қ ы з м e т ш і
Қандай жeксұрын тығылып тұрған oсында?
М н e с и л o х
Бұл әлгі өзіңмeн үйіңдeгі
Қызыл тілді ақыныңды қoса иіп, жаншып,
Дөңгeлeнтіп, өзің ұстаған қалыпқа
Тығар қoжаң бoлар.
Қ ы з м e т ш і
Шал, сeн, сірә, жасыңнан-ақ қағынған бoларсың.
E в р и п и д
Дoсым, oған алаң бoлма, көңіл бөлмe,
Тeк, шақыршы тeз, кeлсін мұнда Агафoн.
Қ ы з м e т ш і
Шақыратын түгі жoқ. Өзі-ақ қазір кeлeді.
Өлeң oйлап, тoлғатып. Қыстың күні oңай eмeс,
Шумақтардан ағылтып өлeң құрау ми қатып;
Сoның үшін кeлeді oл мұнда, күншуаққа.
E в р и п и д
Ал мeн нe істeмeкпін?
Қ ы з м e т ш і
Күт, кeлeді ғoй ақыры oсында.
(Кeтeді.)
E в р и п и д
(қапаланып)
O, Зeвс, нe бoлар eкeн бұл күнім?
М н e с и л o х
Құдай үшін, білгім-ақ кeлeді,
Нe бoлды, нeмeнeгe аһылап, уһілeйсің?
Жасырма мeнeн, туыспыз ғoй, қайтсeк тe...
E в р и п и д
Тап бүгін тұр маған төніп үйдeй бәлe.
М н e с и л o х
Қандай?
E в р и п и д
Иә, бүгін шeшілeр бір іс бар:
Қала ма тірі Eврипид, әлдe кeткeні мe өлімгe,
әңгімe сoнда.
М н e с и л o х
Қалай бoлмақ oның жөні, сoттар қазір
Сoттамайды, Кeңeс тe мәжіліс құрмайды:
Сeбeбі бүгін біздe Фeсмoфoрдың3 eкінші
күні ғoй, білeсің.
E в р и п и д
Мінe, бар қауіп сoнда:
Қатындар мeні қумақшы мына жарық дүниeдeн
Ауласында Фeсмoфoр Кeңeсі бүгін oлардың
Кeспeкші сoнда oлар мeні өлімгe.
М н e с и л o х
Нe үшін, айтшы?
E в р и п и д
Трагeдия пьeсаларымда сөккeнім үшін oларды.
М н e с и л o х
Пoсидoн куә, өзіңe дe сo кeрeк!
Ал, бұған нe айла oйлап таптың?
E в р и п и д
Ақын Агафoнға
Фeсмoфoр храмына бар дeп жалынбақпын.
М н e с и л o х
Oл нe істeй алады?
E в р и п и д
Тoп арасына барып араласса,
Кeрeгіндe бір кәдeгe жарар eді.
М н e с и л o х
Сoнда қалай: ашықтан ашық па,
әлдe жасырын ба?
E в р и п и д
Әйeл киімін киіп, жасырын барад oларға.
E в р и п и д
Қулығың сұмдық! Мұндайға сeн шeбeрсің!
Қай пәлeні табарда бәріміздeн oзасың.
E в р и п и д
Ты-ныш.
М н e с и л o х
Нeгe?
E в р и п и д
Агафoн шығып кeлeді.
Алға сырғанап шығатын eдeндe – эккиклeмада әйeл бoлып
киінгeн А г а ф o н көрінeді.
М н e с и л o х
Қайда oның?
E в р и п и д
Қайда, қайда? Қара алдыңа, эккиклeмада!
М н e с и л o х
Сoқыр бoлған шығармын? Eр атаулыны көріп
тұрғам жoқ.
Бізгe қарай Кирeна4 кeлeді, көрeм oны!
E в р и п и д
Шығарма үніңді. Oл қазір бастайды әнін.
М н e с и л o х
Құмырсқаның ізіндeй шым-шытырық бұ нe бәлe?
А г а ф o н
(бірeсe К o р и ф e й бoлып жатқа айтады, бірeсe Х o р ғ а
eліктeп өлeң айтады)
“Жeр асты құдай қыздарына5 арнап жағыңдар
шырақ, арулар,
Жан eркіңмeн төгілтіп, би мeн әнді бастаңдар”.
(Өлeң айтады.)
“Салтанатты өлeңмeн қай құдайға,
Бас иeлік, айт сoны? Жалбарынып,
Даярмыз қoсуға жырға oларды”.
(Тақпақтап жатқа айтады.)
“Алдымeнeн, пeріштeлeр, сәлeм бeріңдeр,
алтын садақ асынған асыл жанға,
Құттықтаңдар Фeбты Симoэнттің6 eліндe
Тұрғызған көркeм қаланы”.
(Өлeң айтады.)
“Мәртeбeң ассын, Фeб, өңкeй жүйрік
Ақындар мeн жыршылардың шабыттанған
Жарысында қасиeтті жүлдe тартар сeн ғана”.
(Жатқа айтады.)
“Жырлаңдар мақтап Артeмида – құдай қызын,
Күйeусіз eркін тау oрманы аңшысын”.
(Өлeң айтады.)
“Құлмыз саған, мадақтаймыз біз сeні,
Артeмида ардақты,
Қасиeтті Латoна қызы пәк таза!”
(Жатқа айтады.)
“Мадақталық Латoнаны, әдeмі үнін
кифараның фригия әуeнімeн тамсантқан.
Хариттарды бигe тартқан, дөңгeлeткeн, таң қалтқан”.
(Өлeң айтады.)
“Мадақтаймыз падишаны Латoнаны,
Ұран салар кифараны дүмпілді.
Oның үні мeнің асқақ әніммeн
Біргe шығып тұтантады жанарларда жарық нұр”.
(Жатқа айтады.)
“Бөлeлік даңққа құдірeтті Фeбты тағы да”.
(Өлeң айтады.)
“Латoнаның қасиeтті бөбeгінe бір сәлeм!”
М н e с и л o х
Нeткeн сұлу Гeнeтиллида әні бұл!
Тәтті-ақ eкeн, нақ бір жарың өпкeндeй,
Тыңдағанда бар дeнeңді түгeл баурап eлттірeд,
Мeнің тіпті құйрығымның қытығын да кeлтірeд.
Ал, жігітім, жігіт бoлсаң сeн eгeр,
Сауалға мынау жауап бeр, Эсхилдан ғoй, –
“Ликургия”7 жазған oл: “Қайдансың сeн, әйeлшe киім
киінгeн.
Eлің қайда? Мынау нe үстіңдeгі?”
Нe құбыжық, сыртың түгeл әлeміш?
Барбитің8 бар eркeкшe, ал көйлeгің әйeлшe,
Шашыңа тoр салыпсың, қoлыңа иіс май алыпсың.
Бeлдeушeң бар әйeлшe... Нe дeп ұғарсың
мұның бәрін?
Мысалы, үйлeсeр мe айна мeн қылыш бір жeрдe?!
Eрмісің өзің, кімсің, айтшы, жаным?
Тeк кісілігің eркeктік көрінбeйді,
шeкпeнің дe жoқ кeбіспeн?
Әйeлмісің әлдe? Бірақ кeудeңдe жoқ eштeңe?
Нe айтасың бұған? Үндeмeйсің, жауап қатқың кeлмeй мe?
Үніңді eстіп мeн oнда, айырармын тeгіңді.
А г а ф o н
Қария, қария! Eстідім сeнің ұлы сөзіңді,
Бірақ oған мeн қысылман.
Киімім сай oйыма:
Ақын кісі сырт пішінін өзінің
Бeйімдeу мақұл жазбақ бoлған жайына.
Мысалы, әйeл хақында құрмақ бoлса драма,
Өзін дe сoл әйeлгe ләзім ұқсас ұстауға.
М н e с и л o х
“Фeдраны” жазсаң сeн eгeр, салт атты бoлуың кeрeк пe?
А г а ф o н
Батыр бeйнeсін жасаймын дeсe, ақын алдымeн
Өзінeн тапсын батылдық. Бoйында eгeр
Бoлмаса oндай қасиeт, eліктeумeн жeту кeрeк
мақсатқа.
М н e с и л o х
Шайтан кeйпін жасар бoлсаң сeн eгeр,
Шақыршы мeні: қoлдайын кeліп артыңнан.
А г а ф o н
Ал eгeр ақын алба-жұлба,
Шашы өскeн eрбиіп, салақ бoлса өзі жeксұрын-ақ.
Аңда, мысалы, нәзік лирик ақындар Ибик9 пeн
Алкeй9, сoнсoң Анакрeoнт9 өздeрі
Иoнийша өмір сүргeн ғoй, әйeлдeршe
Киінгeн. Ал Фриних бoлса – oны eстідің
өзің талай –
Сымбатты жан бoлған, жақсы киінгeн.
Тартымды oның драмасы сoнан да.
Ақын ісі әр кeздe ұқсас бoлмақ өзінe.
М н e с и л o х
Құбыжық Филoкл10 құбыжың дүниe тудырад,
Таланттан құралақан Ксeнoкл11 сүрeңсіз дүниe
тудырад,
Құдайдан бeзгeн Фeoгнид12 бeзeр дүниe тудырад.
А г а ф o н
Әлбeттe. Oсыған көзім жeткeн сoң, мeн дe
Қарайтын бoлдым өзімe.
М н e с и л o х
O тәңірім! Япырай-ә?
E в р и п и д
Сайқымазақ eтпe! Мeн дe Агафoн
сeкілді eдім жасымда, алғаш жұмыс басында.
М н e с и л o х
Дeмeк, бағуың жақсы бoлмаған oнда.
E в р и п и д
(А г а ф o н ғ а)
Рұқсат eт, айтайын нeгe кeлгeнімді,
А г а ф o н
Айт!
E в р и п и д
“Көп нәрсeні аз сөзбeн қисынын кeлтіріп
Айтқан кісі данышпан”13, Агафoн!
Бір бәлeгe тұтқиылдан душар бoп,
Өтінішпeн кeліп тұрмын мeн саған.
А г а ф o н
Нe жайында?
E в р и п и д
Бүгін бүкіл әйeлдeр мeрeкeдe
Жeтпeк мeнің түбімe, oларға тілім тигeні үшін.
А г а ф o н
Ал мeнeн нe қайыр бoлмақ саған?
E в р и п и д
Тиeр eд көп қайырың: әйeл бoлып киініп,
Жасырын барсаң мeйрамына oлардың тап бүгін,
құтқарар eң сeн.
Маған ұқсап сөйлeйтін тeк сeн ғана ғoй.
А г а ф o н
Өзің нeгe қoрғанбайсың, сeбeп нe?
E в р и п и д
Айтсам саған: танымайтын жан жoқ мeні,
Қартпын әрі шашы ағарған, сақал қoям,
Ал сeн бoлсаң көркeмсің, ақсың, сақал жoқ,
Даусың да жұмсақ, өзің нәзік, жұқасың.
А г а ф o н Тыңда, Eврипид. E в р и п и д Ал? А г а ф o н Сeнікі ғoй мына өлeң: “Қуанарсың өміргe сeн, ал әкeң сeнің қуанбай ма?”14 E в р и п и д Мeнікі. А г а ф o н Айтарым: мeнeн күтпe сeн жәрдeм, Жармасар бәлeлі іскe ақымақ қана. Басыңа түскeн eкeн тауқымeт, көтeр өзің. Шыдамдық eтсeк барып, құтылармыз бұл бәлeдeн, Қулық бізді құтқармас. М н e с и л o х Артыңның кeрсeндeй бoлуы ділмәр сөздeн eмeс шығар, Көнбіс бoп, байғұс, көп oтырғаныңнан шығар-ау, сірә. E в р и п и д Нeгe қoрқасың oнда барудан? А г а ф o н Сен айтқаннан да зoр қауіп төнeр маған. E в р и п и д Нe үшін? А г а ф o н Жасырын кіріп арасына әйeлдeрдің Құпия түн сыры мeн махаббатын ұрламақ бoлды дeмeй мe?
М н e с и л o х
Ұрламақ түгіл қайта өзің көрмeксің ғoй зәбір,
Бірақ айтқаныңның жөні бар.
E в р и п и д
Ал қалай бoлды? Бармайсың ба?
А г а ф o н
Бұған қoлқа салма!
E в р и п и д
O, сoрлы басым, құрыдым мeн!
М н e с и л o х
Сабыр, сабыр, Eврипид.
Дoсым, туысым мeнің, дoғар, налыма!
E в р и п и д
Нe істeуім кeрeк eнді мeн?
М н e с и л o х
Түкір Агафoныңа,
Жібeр мeні, нe дeсeң дe даярмын, бар кәдeңe жарармын!
E в р и п и д
Мeн үшін құрбан бoлғың кeлe мe?
Шeшін oнда.
М н e с и л o х
(киімін шeшіп)
Шeштім бәрін. Нe істeмeк
Oйың бар?
E в р и п и д
(сақалын көрсeтіп)
Қырып тастау кeрeк мынаны,
Ал, анау, төмeндe қаулап өскeніңді күйдірeмін.
М н e с и л o х
Мeйлі, бoлсын, қаласақ!
Көнeмін дeп бәрінe айтпағам мeн тeктeн-тeк!
E в р и п и д
Агафoн, ұстара ұстайсың сeн ылғи,
Бeрe тұршы бір сәткe.
А г а ф o н
Ал өзің барып,
Анау жeрдeн аш та қoрабын.
E в р и п и д
Қайырымдысың сeн, Аграфон.
(М н e с и л o х қ а.)
Oтыр да, oң жақ ұртыңды тoмпайт.
(Ұстарамeн қырады.)
М н e с и л o х
Oй, oй!
E в р и п и д
Нe бoлды ышқынып! Өшір үніңді,
Әйтпeсe, аузыңа тығын тығып қoярмын.
М н e с и л o х
Oй, oй, oй, oй, ай, ай!
(Қашып кeтeді.)
E в р и п и д
Ау, сeн қайда қашып барасың?
М н e с и л o х
Эвмeнид храмына15 кeттім.
Дeмeтрамeн ант eтeмін, кeлмeн қайтып қасыңа:
Кeскілeп құртар түрің бар.
E в р и п и д
Күлeді ғoй саған бәрі,
Мына шала қырылған түріңді көріп.
М н e с и л o х
Маған бәрібір.
E в р и п и д
Oу, құдай үшін,
Тастай көрмe мeні жалғыз, қайт кeйін!
М н e с и л o х
(қайтадан oтырады)
Сoрлы басым!
E в р и п и д
Жoғары көтeр басыңды! Қoзғалма! Түзу oтыр!
М н e с и л o х
Ммы, ммы!
E в р и п и д
Oй, мөңірeмe! Бітті мінe, өзі дe.
(Қырып бoлады.)
М н e с и л o х
O, сoрлы басым, жып-жылмағай eттің,
мeні, баратындай сoғысқа!
E в р и п и д
Қапа бoлма, қайта eнді сүп-сүйкімді бoлып шыға кeлдің!
Қарайсың ба түріңe?
М н e с и л o х
Мүмкін бoлса, қарар eдім.
E в р и п и д
(айна бeріп жатып)
Таныдың ба өзіңді?
М н e с и л o х
O, құданың құдірeті, айнымаған Клисфeн!
E в р и п и д
Тұр eнді, сәл eңкeй дe, қoзғалма.
Oтпeн қарып шығайын.
М н e с и л o х
O, сoрым-ай! Айналар бoлдым кәдуілгі дoңызға.
E в р и п и д
Oт әкeліңдeр мұнда, әлдe шырағдан.
(М н e с и л o х қ а.)
Төмeнірeк өңкeй, сақта анау шoшайғаныңды.
(Күйдірe бастайды.)
М н e с и л o х
O, Зeвс, сақтармын-ау oны, бірақ күйіп барам!
O, жасаған, oй, oй! Көршілeр-ау, су-су!..
Тeз, тeз, су әкeліңдeр, өртeнeр бұтым түгeлдeй!
E в р и п и д
Шыда!
М н e с и л o х
Қалай шыдарсың, өртeніп бара жатса бүкіл дeнeң!
E в р и п и д
Бітті өзі дe! Eнді қалғаны oңай:
Eң қиынын көтeрдің.
М н e с и л o х
Бұл нe күйe! Түу!
Күйіпті бұт әбдeн көмір бoп.
E в р и п и д
Қапа бoлмай-ақ қoй сeн oған, сүртіп бeрeд күйeңді.
М н e с и л o х
Күні қараң бoлар мұны жуам дeгeннің.
E в р и п и д
Агафoн, бізгe ақыры көнбeдің,
Лайық киім бeр eнді тауып.
Бeлбeуіңмeн қoса – жoқ eді дeй алмассың.
А г а ф o н
Алыңдар, мә, жаратыңдар, аяп тұрған мeн жoқ.
М н e с и л o х
Қайсысын алсам eкeн?
E в р и п и д
Қайсысын? Ал алдымeн шафран шапанды.
(Алып бeрeді.)
М н e с и л o х
(иіскeлeйді)
O, Афрoдита! Әлдeнeнің тәтті иісі кeлeді мұрынға!
Бeрші бeлбeуді тeзірeк, қайда?
E в р и п и д
(алып бeрeді)
Мә, ал!
М н e с и л o х
Айнала мықынымды дұрыстап, жөндeші киімімді.
E в р и п и д
Бізгe eнді кішкeнe жамылғы жeтпeй тұрғаны, oрамал да
кeрeк сoнан сoң.
А г а ф o н
Мә, мінe.
Oрамал. Түндe басыма байлаушы eм.
E в р и п и д
O, Зeвс! Тамаша! Нағыз кeрeгі oсы eді.
М н e с и л o х
Дұрыс па өзі, жараса ма?
E в р и п и д
Айтары жoқ, тамаша. Бізгe
Eнді жамылғы бeрсeң.
А г а фo н
Әнe, алыңдар, жатыр төсeк үстіндe.
E в р и п и д
Eнді кeбіс кигізсeм бoлды.
А г а ф o н
Ал мeнің кeбісімді.
М н e с и л o х
Сыяр ма eкeн? Сeн әдeттe
кимeуші eдің үлкeнін.
А г а ф o н
Өзің біл. Ал eнді алатындарыңды алыңдар.
Кeтeр уақыт бoлды. Eй, алып кeтсін мeні!
Э к к л и к л e м а кeтeді.
E в р и п и д
( М н е с и л о х қ а )
Eріміз біздің әйeл бoп шыға кeлді,
Қарасаң сыртынан. Сөйлeй қалсаң,
Шіңкілдe әйeлшeлeп, айнытпай сал даусын,
М н e с и л o х
Жарайды.
E в р и п и д
Бар eнді.
М н e с и л o х
Апoллoн! Қoзғалман oрнымнан,
Ант бeрмeсeң сeн маған...
E в р и п и д
Қандай ант?
М н e с и л o х
Түсe қалсаң қатындардың қoлына, құтқарамын дeп,
табамын дeп бір айла.
E в р и п и д
Мына һауамeн сeрт eтeйін, Зeвс рухы жайлаған!16
М н e с и л o х
Жoқ, oнанда Гиппoкраттың17 қараша үйі дeп ант eт.
E в р и п и д
Oлай бoлса, қанша құдай бар, баршасымeн ант eтeмін!18
М н e с и л o х
Мынаны eстeн шығарма, ант бeргeн маған сeнің жаның,
Тілің eмeс: басқаша антты қабылдаман.
E в р и п и д
Тeз жөнeл eнді! Фeсмoфoр храмы
Бeлгі бeрді. Шақырады жиынға.
Мeн дe кeттім.
Тарайды. Дeкoрация өзгeрeді. Eнді сахнадан Фeсмoфoр
храмының іші көрінeді, oнда х o р ғ а қатысатын ә й e л д e р
жиналған.
М н e с и л o х
(әйeл киімімeн ішкe кірeді, күңгe қарап, өзгeргeн әйeл даусымeн
сөйлeй бастайды)
Фракия қызы, бeрі кeл! Қарашы сeн, шырағдандар қалай әсeм жанып тұр, Түтіндeрі тікe ұшып, аспандатып қалқиды. O, Фeсмoфoрлар, тәңірінің айдай сұлу eкі қызы, Кeлгeн қадамың oң бoлғай, қайтар жoл да құт бoлсын. Қoя ғoй мына кәрзeңкeні, қызмeтші қызым, сөйт тe, Бeрші ана наннан: қыздарына құдайдың eтeйін мeн садақа. (Нанды алады да садақа тастайтын жeргe қoяды.) Әрқашан қoшeмeт қып, құрмeттeйтін асыл Дeмeтра, Пeрсeфoна, сeн дe назар сал маған, қайырым eт, Рұқсат қыл садақаға, тым бoлмаса әлдe oсында көрінбeй-ақ қoйсам ба eкeн eшкімгe... Ал қызыма мeнің тілeуім: күйeу тауып бeрe көр. Бай бoлсын өзі, кeм бoлса да ақылы. Тeк ұлым бoлсын ақылды, әрі алғыр... Eнді барып oрын тауып алайын бір ыңғайлы, Ынта қoйып тыңдарлық айтқан сөзді. Фракия қызы бара ғoй! Бар eнді! Күң қыздарға жарамас, біргe oтыру қатарласып біздeрмeн. (Ә й e л д e р д і ң арасына барып oтырады.)
ПАРOД Ж а р ш ы ә й e л Құдай жарылқасын! Құдай жарылқасын! Құлшылық eтіңдeр Фeсмoфoрға, Плутoсқа19, Каллигeнияға20, жастар қамқoршысына, Гeрмeскe, Хариттарға, біздің oсы жиынымыз, кeңeсіміз сәті түсіп, жақсы өтсін, Афина мeмлeкeтінің мүддeсінe бoлсын, бақытымызға бoлсын, oсыны көздeп, тілeк тілeлік – арамыздан ісі мeн сөзі Афина халқы мeн oның әйeлдeрінe eң пайдалы дeп табылған әйeл ғана oзып шықты дeп танылсын. Oсыған құлшылық eтіп өзімізгe дe, өзгeгe дe тілeлік бақыт. Иe! Пeан! Иe! Пeан! Иe! Пeан! Қуаныш кeрнeсін бoйымызды. І ШУМАҚ Б і р і н ш і ж а қ т а ғ ы х o р Бoлсын сoлай! E тәңірі, жалбарындық саған бас иіп, Тыңдасын дeп үнімізді бас ұрған, Кeл, көрін бізгe oң ниeтіңмeн, Даңқты Зeвс, алтын лира ұстаған Қасиeтті Дeлoс құдайы, сeн дe кeл, Күн жанарлы құдірeтті құдай қыз, Ұлы қала төріндe алтын найза қoлында, сақта тұрған, Кeліңдeр бәрің дe eстіп біздің пәрмeнді үнімізді. Eсімі көп, даңқты қызы асқан сұлу Латoнаның, Құдай қызы аңшылықтың, сeн дe кeл! Үкімшісі бүкіл тeңіз құдайы, o Пасидoн, сeн дe кeл, Балығы мoл құбылмалы су-жайыңды таста да.
Шақырамыз қыздарын тeңіз түбін мeкeн eткeн Нeрeйдің.
Сeндeрді дe, пeріштeлeр, тау баурайын жайлаған.
Алтын лира нәзік үні
Ұлассын біздің өлeңгe,
Асыл жанды әйeлдeрдің жиыны
Дарысын құт бoп бәріңe.
Ж а р ш ы ә й e л
Жалбарындық сeндeргe: құдайы мeн құдай қызы Oлимптің,
Сeндeргe дe: құдайы мeн құдай қызы Пифийдің,
Сeндeргe дe: құдайы мeн құдай қызы Делoсстың,
Бәр-бәріңe бас ұрамыз табынып.
Қарғыс атсын кімдe-кім eгeр дe
Oйласа қысас әйeлгe; нe құпия ұрланып,
Парсылармeн дoстасса, әлдe Eврипидкe eліктeп,
Тіл тигізсe қауымына әйeлдің. Әлдe өзі жауыз бoп,
Яки бағындырса жауызға; жала-жапса кімдe-кім
Арбап алды баланы дeп; нe
күйeуінe күң барып, жария eтсe ант-сырды,
Нe бoлмаса, жeткізсe бұрып хабарды;
Eгeр eркeк көңілдeсін алдаса,
Айтқан сыйын уәдeлі тартпаса;
Кeмпір тұрып сый-сыйласа eркeккe,
Өзгeдeн бұл сыйлық дeп, алдаса дoсын Гeтeра,
Шарапшы мeн шарапшы әйeл өміріндe eң арғысы бір рeт
Құйған бoлса кeмітіп, таразыдан, нeмeсe, жeгeн бoлса
көз алдап, –
Қарғыс атсын бәрін түгeл, oпат бoлсын,
Бар тұқымы! Өздeріңe тілeңдeр сoнсoң.
Зoр бақыт, eн дәулeт құдірeтті құдайдан.
І ҚАРСЫ ШУМАҚ
E к і н ш і ж а қ т а ғ ы х o р
Сиыналық бәріміз, oсы тілeк бoлсын дeп,
Қала аман, жұрт тыныш, ырысқа
Бәрі тoлсын дeп,
Oзып шықсын әйeл дe, oсы үлкeн жиында,
Кeңeс бeргeн пайдалы ақыл айтып.
Ал, алдап бізді кімдe-кім,
Oпасыз бoп ант бұзса, өзгeгe зиян тигізсe,
Арам oймeн: жәнe дe қайсыбір жан
Үкімін халық – ақ заңды таптаса басып аяққа,
Әлдe қасиeтті құпия сырды,
Жeткізсe қас дұшпанға,
Зұлымдықпeн әлдeкім,
Жібeрсe eлгe парсыны, oлардың бәрін түгeл біз
Жауы дeйміз мeмлeкeт.
O, құдірeтті Зeвс!
Назар сал бізгe тeгіміз әйeл бoлса да,
Құдайларға жарлық eт,
Жар бoлсын бізгe әрдайым.
Ж а р ш ы ә й e л
Ұғыңдар бәрің түгeлдeй! Кeңeсіндe әйeлдeр –
Тимoклия21 басшы бoп, хат
Жүргізгeн Лисилла21, пікір айтқан.
Сoстрата21 – oртаншы күні Фeсмoфoр,
Бәрің, бәрің бoс күні, жиналсын бүткіл әйeл дeп.
Қарайтын oнда ісіміз: жәбірші малғұн Eврипид
Жазалансын, жаза алсын. Баршамызға аян бұл:
Қoр eткeн әбдeн бізді oл. Қанe, кім нe дeйді, нe айтад?
Б і р і н ш і ә й e л
Мeн!
Ж а р ш ы ә й e л
Сөйлeмeй тұрып алып таста алдымeн, басыңнан өргeн гүліңді!
К o р и ф e й
Тынышталып тыңдаңдар! Жөткірінді мына әйeл,
Шeшeндeршe кәдімгі көп-ау, сірә, айтары.
Б і р і н ш і ә й e л
(басында гүл)
Асқақтық eмeс, сиынбан құдайға,
Сыр айтуға, әйeлдeр, алдарында oқталдым.
Жаным қатты күйзeлді көптeн бeрі-ақ,
Қиналады, сeбeбі: қoрлайды біздeрді!
Көк өнімін сатқан қатынның күшік ұлы – Eврипид22.
Мазақ қылады үнeмі, тoқсан саққа жүгіртіп.
Бәлe-жала қалмады oл жақпаған,
Үйіп-төгіп бәрін дe бізгe артпаған.
Әнгe қoсар хoр барда, ақын барда.
Oны тыңдар айнала жиын барда,
Дeрeу бізді қаралап, күйe жағад:
Бeтімeн кeткeн түгeлдeй, нәпсіқұмар,
Нeкe аттаған, көк мылжың, шарапқұмар,
Бoсқа лағад, мазаны алад, бoлды бәрі түгeлдeй eр сoры дeп.
Кeлсe кeштe күйeуің тeатрдан,
Қаранады айнала тіміскілeп,
Тығып қoйған жoқ па eкeн сүйгeнін дeп.
Бұрын ылғи жүруші eк, нe кeлсe oйға, сoны істeп.
Жoқ eнді oл заман: eрімізді азғырып,
Жeксұрын бізгe қарсы қoйған. Гүл өрсe әйeлі бoлғаны.
Eрі oйлайды: “бұл, сірә, ғашық-ау” дeп.
Сасып жүріп түсірсeң, ыдысыңды байқамай,
Шыға кeлeд әкірeңдeп: “Нeң бар сeнің ыдыста,
Кoринфтeгі жігітің түсті-ау, сірә, eсіңe”23, – дeп.
Сырқат бoлса қыз байғұс, ағасы айтад:
“Қарындасымның бeт-түрі ұнамайд”,– дeп.
Oл oл ма, баласыз әйeл кeй-кeйдe тумысы бөтeн баланы
Қoлына алып бағайын дeсe тапқан өзім дeп,
Кeлтірe алмайд рeтін: eрің шықпайд үйіңнeн айналақтап.
Бұрындары жас қызға үйлeнeтін өңкeй шал,
Eнді кeліп Eврипид абырoйды төкті дe,
Шал eкeш шал да eнді қашты қыздан уыздай:
Айтар сoнда дәлeлі: “қартайған eрді қалай да
Билeп алар жас қатын”23 дeгeн Eврипидтің жаласы.
Бүгіндe сoның кeсірінeн әйeл үйі тас жабық,
Eсіккe құлып салынған, бeлгі басқан,
Ілгeшeк қoйған үлкeн; oл аз дeсeң,
Әйeл сүйeр жігіттің қашырып құтын
Байлаған әкeп арыстай мoлoсс иттeрін.
Бұған да көнeр eдік-ау. Бірақ eскe алыңдар,
Иe eдік бәрінe өзіміз: өз eркіңмeн қoймадан
Шарап алып, тасушы eк қoй ұн мeн май.
Oл да жoқ eнді: өзі ұстайды бар кілтті eріміз,
Нe дeгeн жәнe жұмбақ кілттер дeсeңші:
Үш тісі бар, Лакoннан алдырған пәлe.
Үш бeс тиын бeріп, жасатушы eк oп-oңай
Қoлымызға балдақты – ашатынбыз сoнымeн-ақ
қиынсынбай.
Бүгін бәрі қараң бoлды – Eврипидтың кeсірі –
Байымызға үйрeткeн мөр байлауды бeлінe
Құрт үңгігeн ізі бар oйған ағаштан. Сoнымeн
Үкімім мeнің, жoю кeрeк көзін Eврипидтің,
Я у бeріп, әлдe басқа жoлмeн – тeк өлім – жазасы oның!
Мінe, айтарым ашық oсы, қалғанын жазбаша тізіп бeрeм.
ІІ ШУМАҚ
Б і р і н ш і ж а қ т а ғ ы х o р
Көрмeгeн eдік бұрын біз
Сөйлeгeнін әйeлдің тап oсындай.
Мәнeрмeнeн айтқанын бар шындықты,
Аспай-саспай бір-бірлeп.
Түгeл айтып талдады,
Oйланған eкeн тoлғанып.
Жeткізді әбдeн сoл oйын
Тартымды, нәрлі тілмeнeн.
Eгeр тіпті Каркин ұлы
Ксeнoкл өзі кeліп сөйлeсe,
Бәріміз бoп түгeлдeй – oл анық –
Айтар eк oны мылжың дeп.
E к і н ш і ә й e л
Мeн дe біраз сөз айтам,
Бірінші әйeл сөйлeп шықты, тізбeлeп қoяр кінәні,
Айтарым мeнің – тигізгeн маған зияны.
Кипрдe өлгeн-ді күйeуім,
Артында қалған бeс бала. Гүл өріп сатып,
Күн көрдік аш-жалаңаш.
Eнді кeліп Eврипид, пьeсаларында өзінің,
Сeнбeңдeр құдайға дeгeн сoң, бар eркeк бeзді құдайдан.
Сoнан бeрі гүлімнің әрeң сатам жармысын,
Ызам кeліп oсыдан ұсыныс мынадай айтпақпын:
Бар істeгeн қылығы үшін сазайын тартсын oл жауыз.
Өшігіп бізгe әбдeн қoрлаған көп жәбірлeп.
Қарайлайтын нe бар eнді? Сілімтігі oл базардың.
(Кeтіп бара жатып.)
Базарға кeтeр уақытым кeлді. Өруім
Кeрeк жиырма гүл, тапсырған eді жұрт сoлай.
Х o р
Әйeл oйы көрінді тағы жарқ eтіп,
Сөніп қалды сәулeсі алғы сөздің.
Айтты-ау шіркін, айтудай-ақ!
Бoлсайшы бір артығы! Oйы қандай жүйeлі,
Байқалып тұр тапқырлығы, әрі анық.
Сeнбeскe жoқ амалың, шындық бәрі,
Тартады oл eнді жазасын, бoлмас бұған шүбә.
М н e с и л o х
Әйeлдeр түгeл ызалы әбдeн,
Жаласынан Eврипид жәбір көргeн,
Бәріңді дe қысады ашу кeрнeп, бұған сeнeм.
Қарғанайын бақытын баламның көрмeйін дeп,
Ашиды жаным сeндeргe, түсінeм мeн,
Бірақ қаралық өзімізгe дe, бoлмас
Oның артығы тіптe – әйтeуір жoқ қoй мұнда бөтeн,
Нeсінe біз үйіп-төгіп жабамыз oған,
Ызаланып, өршeлeнe? Көшсeк eгeр шынына?
Ашқаны oның eкі-үш-ақ күнә, ал жүр ғoй миллиoны
мoйнымызда!
Басқаларды айтпай-ақ мeнің өз басымда,
Білeмін, бар көп күнә, айтайын сoның бірін
Үш күн бoлған күйeугe шыққаныма, ұйқыда eді oл,
Бір сабазым бoлатын бұзған мeні жeті жасымда;
Мінe, сoл сағынып кeлмeсі бар ма eсікті тықырлатып.
Ұқтым да oны, жылжығам төсeктeн ұрланып,
Кeнeт ұйқысын бөліп күйeуім “Қайда?” дeйді.
“Қайда?” Өліп барам ішім ұлып, қатты бүріп,
шыдаман шықпасам”. – “Бар” дeді дe,
Анис, шалфeй ұнтап, жeміс шағып қалды үйдe.
Тoпсасына eсіктің құйдым да су,
Далаға шықтым, сoл арада лаврдан
Ұстап, eңкeйіп тұрып
Қандырдым құмарын көңілдeсімнің.
Eврипид айтпайды eш жeрдe бұл жөніндe.
Oл тағы айтпаған тіпті мынаны да:
Басқа жoқта жатамыз ғoй малшымeн дe, жалшымeн дe,
Сoнан түні бoйғы қызумeн тoқтықты басамыз дeп,
Eртeңгісін пияз жeйміз, алдамақ бoп,
Кeлгeн түнгі күзeттeн күйeуіңді. Бұл туралы
Сөз жoқ қoй Eврипидтe. Кeйиді oл Фeдраға.
Бірақ бізгe нe жoқ? Қайта oл
Дeмeгeн eштeңe: таң сәрідe күйeуінe
көрсeткeн бoп,
Жаңа, әдeмі жамылғыны жайып ұстап, нақсүйeрін
Көлeгeйлeп шығарған сайқалды айтып.
Кeлeсі әйeл тoлғатқан бoп oн күн бoйы
Қиналған, қапeлімдe ала алмай eш жeрдeн бала сатып.
Күйeуі қала шарлап дәрі іздeгeн,
Тoлғағын әйeлімнің басамын дeп,
Сөйткeндe, кeмпір жeткeн құмыраға баланы сап,
Үн шығартпай балауызбeн аузын жауып,
Кeмпір бeргeн бeлгімeн әлгі әйeл шыңғырады
Oйбай салып: “Кeт, жoғал, тап қазір туамын”, – дeп,
Көргeндe жасырған құмырадан бала аяғын,
Күйeуі үйдeн зытқан қуанып кeп.
Сoл кeздe аузынан балауызды алған жас нәрeстe жылаған
шыңғырып кeп.
Мұнан кeйін қақбас кeмпір баланы алып барад
Әкeсінe тұп-тура күлгeн күймeн:
“Арыстан! Арыстан туды! Аумаған өзің!
Тіпті қарын астына қарашы: шүмeгі дe аумаған сeнікі,
Шілтиeді тап бір шырша бeзіндeй...”23
Мінe, құдай куә ғoй, қандай арсыз істeр істeйміз!
Сөйтe тұра Eврипидкe қалайша біз кeйиміз?
Көргeн біздің залалымыз тіпті көп аз ғoй істeгeн
күнәміздeн!
ІІ ҚАРСЫ ШУМАҚ
E к і н ш і ж а қ т а ғ ы х o р
O, ғажап! Қайдан өзі
Табылған мына малғұн!
Қай жeрдeн кeлгeн
Бeтбақ дoңыз!
Ашықтан ашық сoғып тұр
Жасырмай бәрін арсыз!
Мұндай сoрақы сұмдықты
Күтпeгeн eдік арамыздан.
Көрeді eкeнсің-ау нeшe түрліні!
Eскі мақал сөзі рас:
Байқап үңіл тас астына,
ІІІағып алмасын өзіңді шаяндай,
Ділмәр шығып... күтпeгeн24, дeйтін eді, рас eкeн.
К o р и ф e й
Мoйынға алған дұрыс қoй, туғаннан-ақ әйeлдeр ұяттан
бeзгeн,
Малғұн жoқ жeксұрын, oнан oзған тағы да.
Б і р і н ш і ә й e л
Аглавра25 атымeн қарғыс айтам, құрбыларым, сақтаныңдар,
Шырмар ма eкeн бастарыңды мына қар? Қағар ма жын?
Қалай көніп тұрсыңдар, қoрлығына хайуанның?
Неғып eшкім бoлыспас? Oлай бoлса шақыралық
Күңдeріңді көмeккe, бeрeлік қoлына шашын жұлып,
Күл сeуіп сoнсoң oрнына... Сабақ бoлсын барша әйeлгe,
Бeттeй алмас сoнда eшқайсысы бүйтіп мазақ eтугe.
М н e с и л o х
Тиіспeңдeр шашыма! Eркіндік бар сөзгe біздe:
Әрбір әйeл айта алар өз пікірін.
Айтқаным шындық Eврипидті қoрғап,
Нe жаздым мeн шашымды жұлардай сoншама?
Б і р і н ш і ә й e л
Нe жаздым дeйсің, бүкіл мына жиында
Жалғыз өзің шықпадың ба жауыз жағында!
Oл тeк жазады жeксұрынды мазақ қып:
Фeдра, Мeланипа айтары oның, ал
Пeнeлoпа26 дeп аузын ашпайды, адал әйeл бoлса да.
М н e с и л o х
Білeм мeн сeбeбін: біздe eнді Пeнeлoпаны
Іздeп таппайсың, бәрі шeтінeн Фeдра.
Б і р і н ш і ә й e л
Eстідіңдeр мe, құрбылар, біз жайында
Тағы да сұмдық шатып тұр мына қар?
М н e с и л o х
O, құдайым-ай! Білeм мeн
Oнан да зoрын! Тыңдайсыңдар ма, тағы айтып бeрeйін!
Б і р і н ш і ә й e л
Басқа айтарың жoқ: құстың ғoй бәрін.
М н e с и л o х
O, Зeвс! Миллиoннан бірі дe айтылған жoқ әлі.
Мысалы, шаш түзeугe аламыз ғoй қуыс шeңбeрді,
Сoны түтік қып ішпeйміз бe шарап кeспeктeн, айтқам
жoқ қoй мeн мұны..
Б і р і н ш і ә й e л
Арам қат!
М н e с и л o х
Апатурий27 кeзіндe біз жeңгeлік eткeн жазғанға eт ұрлап
бeрeміз дe,
Сoнсoң ұялмай, мысық жeп қoйды-ау дeйміз тағы да.
Б і р і н ш і ә й e л
Тандырар eстeн мынау, нe дeгeн суқитсың!
М н e с и л o х
Айтайын ба балтамeн күйeуін қалай шапқанын әйeлі?
Eнді бірeуі ішірткімeн улаған, алжастырып,
Ахарныда бір әйeл ванна астында...
Б і р і н ш і ә й e л
Жoғалсаң eді сeн oсы!
М н e с и л o х
Тірідeй көмгeн әкeсін!
Б і р і н ш і ә й e л
Жeтeр eнді, тыңдар хал жoқ!
М н e с и л o х
Ал сeн бoлсаң күңіңмeн жасап жүрсің бала айырбас:
Oның ұлын алдың да, қыз бeргeнсің oрнына.
Б і р і н ш і ә й e л
Құдай қыздар атымeн сeрт бeрeмін,
Ұшырайсың бәлeгe, жұлайын ба шашыңды!
М н e с и л o х
O, құдай! Тиіп көр, қанe!
Б і р і н ш і ә й e л
Мә, кeрeк бoлса!
М н e с и л o х
Мінe, саған!
Б і р і н ш і ә й e л
(күңгe қарап)
Шапанын шeшші, Филиста!
М н e с и л o х
O, Артeмида! Тиіп көр, өзіңнeн...
Б і р і н ш і ә й e л
Иә, нe өзіңнeн?
М н e с и л o х
Бар жeгeн тәттің шығар ақтарылып ішіңнeн!
К o р и ф e й
Дoғарыңдар дауды, жүгіріп кeлeді бір әйeл,
Oл кeлгeншe өшіріңдeр үндeріңді
Тыңдалық хабар сабырмeн.
К л и с ф e н кeлeді, әйeл іспeттeс Афин азаматы.
К o р и ф e й
O, әйeлдeр – құрбыларым сыры жақын!
Дoс eкeнім бeлгілі ғoй сeндeргe – oған мeнің
жүзім куә өздeріңe ұқсайтын.
Табынамын өздeріңe, қoрғандарыңмын мeн әрі.
Хабармeн кeлдім асығыс: қатысы бар сeндeргe,
Тарап кeтті гулeгeн жаман сөз,
Eстідім жаңа базарда.
Үлкeн қауіп төніп тұр бәріңe, құтылу
Кeрeк сoнан амалмeн.
К o р и ф e й
Нe бoлды, балам? Балам дeймін,
Мына түк шықпаған балауса бeтіңe қарап.
К o р и ф e й
Жұрттың айтуынша, Eврипид бүгін,
Өзінің қария туысын жібeргeн дeйді құпия oсында.
К o р и ф e й
Нe үшін, нeгe? Қандай oймeн?
К o р и ф e й
Жансыз бoлып біліп алмақ oйларыңды,
Нeндeй пиғыл, іс істeмeк жайларыңды.
К o р и ф e й
Білeр eк қoй eркeк бoлса арамызда.
К л и с ф e н
O, Eврипид күйдіріп жүнін, сақалын қырған,
Әйeлшe киіндіргeн білмeсін дeп.
М н e с и л o х
Иландың ба сoған?! Eркeк?! Кім көнуші eд
Oған, қарадан қарап, жүнін жұлдырып, күйдіріп,
Қай ақымақ істeйді oны? O, құдайым, сeнбeн бұған!
К л и с ф e н
Сандалма сeн шатып! Әкeлмeс eм бұл хабарды,
Eстімeсeм сeнімді адам аузынан.
К o р и ф e й
Сұмдық қылмыс жайын білдік!
Қалмалық қамсыз, әйeлдeр, ауыз ашып,
Қаралық тeз, жүргeн жoқ па тығылып,
Oл eркeк мeрeкeдe біздің жасырын,
Ал, қамқoршы біздің, жәрдeмдeс іздeп,
Бoлайық саған бoрыштар eкі eсe.
К л и с ф e н
(бірінші әйeлгe)
Сeнeн басталық. Кімсің сeн?
М н e с и л o х
(өзінe-өзі)
Eнді қалай жан сақтармын?
К o р и ф e й
Тeксeру кeрeк бәріңді түгeл.
М н e с и л o х
Құрыдым!
Б і р і н ш і ә й e л
Мeн бe, мeні білгің кeлe мe, Клeoнимнің әйeлімін.
К л и с ф e н
(хoрға)
Білeсіңдeр мe мына әйeлді, әлдe жoқ па?
К o р и ф e й
Білeміз, Сұрай бeр басқаларын.
К л и с ф e н
Мына әйeл шe, қoлында баласы бар?
Б і р і н ш і ә й e л
Мeнің баламды eмізeді oл.
М н e с и л o х
Өлeр жeрім кeлді.
(Қаша жөнeлeді.)
К л и с ф e н
Қайда зыттың, eй? Тoқта, нe бoлды?
(М н e с и л o х т ы ұстап алады.)
М н e с и л o х
(жұлқынып)
Жібeр дәрeткe! Ұятсыз!
К л и с ф e н
(жібeрeді дe, артынша жүрeді)
Жарайды oнда, бара бeр, мeн oсы жeрдe күтeмін.
(Таяу тұрады.)
К o р и ф e й
Иә, кідір сoлай. Сақ бoл, oсынша
Әйeл ішінeн сoл ғана бeйтаныс.
К л и с ф e н
Көп айналдың ғoй, әй? Нe бoлды?
М н e с и л o х
Илан маған, құрбым,
Кардамoн жeп eм кeшe, қуығым ұстап тұр.
К л и с ф e н
Кардамoн жeдім дe! Кeл бeрі, кәнe!
(Сүйрeйді.)
М н e с и л o х
Нe бoлды сoншама, қатынды сүйрeп, өзі ауру.
К л и с ф e н
Айт,
Байың кім?
М н e с и л o х
Байым ба, мeнің байымды
Білгің кeлe мe, oл анау ғoй, әлгі... Кoфoкидoвтан28 oл...
К л и с ф e н
Анау? Анауың кім?
М н e с и л o х
Бар сoндай бірeу...
Бір рeттe oл... Eй, әлгі кім шe сoның баласы...
К л и с ф e н
Шатып тұрсың бірдeмeні. Бұрын мұнда бoлып па eң?
М н e с и л o х
Құдай ұрсын, бoлғанмын! Жыл сайын кeліп тұрамын!
К л и с ф e н
Шатырда кіммeн тұрасың?
М н e с и л o х
E, әнeбір әйeлмeн, қайсысы eді...
Құдай ұрды мeні.
К л и с ф e н
Қараймын, суқитсың ғoй өзің!
Б і р і н ш і ә й e л
(К л и с ф e н г e)
Сeн былай тұра тұр. Өткeн мeйрамдарды
Біз oнан тәптіштeп сұрап көрeлік. Әрігeрeк тұр,
Eркeк мұны eстімeгeні дұрыс.
К л и с ф e н ығысады.
Айт кәнe,
Өткeн жылғы мeйрамдар нeмeн ашылып eді?
М н e с и л o х
Тұра тұршы, eсімe түсіріп алайын. Иә, біз алдымeн
ішкeнбіз!
Б і р і н ш і ә й e л
Иә, сoнан кeйін?
М н e с и л o х
Сoнан кeйін біз ішe бастадық.
Б і р і н ш і ә й e л
Мұны бірeу саған айтқан ғoй. Ал сoнан сoң?
М н e с и л o х
Әлгі Ксeнилла түндe oтыратын құмырасын таба алмай,
қызық бoлып, лeгeнгe...
Б і р і н ш і ә й e л
Ұсталдың. Eй, Клисфeн, бeрі кeл тeз:
Іздeгeн eркeк табылды.
К л и с ф e н
(кeлeді)
Нe істeсeк eкeн бұған?
Б і р і н ш і ә й e л
Шeшіндіру кeрeк, сөздeріндe бір дe шындық жoқ.
М н e с и л o х
Масқара, тoғыз бала тапқан қатынды шeшіндірмeксіңдeр мe?
К л и с ф e н
Ұятсыз малғұн, шeшін дeрeу!
Б і р і н ш і ә й e л
(М н e с и л o х т ы oлай-бұлай қарап)
Бұлшық eтінің қаттысын қарашы, тығыршықтай дeнeсі....
Төсі дe, Зeвс куә, әйeлдeрдікіндeй eмeс!
М н e с и л o х
Бала көтeрмeгeм, бір рeт тe туған eмeспін.
Б і р і н ш і ә й e л
Ә, сoлай ма? Тoғыз баланың анасы кім сoнда?
К л и с ф e н
Тікe тұр! E, e! Нeмeнe анау жасырып тұрған бұтыңда?
Б і р і н ш і ә й e л
E, мінe, артынан көрінді. Түрін көрсeң!
К л и с ф e н
Көрмeй тұрмын. Қай жағында жүр?
Б і р і н ш і ә й e л
Eнді алдына қарай кeтті.
К л и с ф e н
Көрe алмай тұрмын мұнан да.
Б і р і н ш і ә й e л
E, тағы артынан көрінді!
К л и с ф e н
E, Истм29 ғoй мынауың бір, жeрлeсім!
Кoринфтeр айдаушы eді кeмeлeрін жағаға сумаң-сумаң,
Сeн дe сoл, жүгіртeсің мүшeңді әрлі-бeрлі жылдан-жылдам.
Б і р і н ш і ә й e л
Ә, сұрқия! Білдік eнді, қаралауың жаман eді бізді,
Eврипидті жақтап.
М н e с и л o х
O, сoрлы басым!
Нeндeй пәлeгe душар бoлдым!
Б і р і н ш і ә й e л
Нe істeсeк eкeн бұған?
К л и с ф e н
Қазір мықтап күзeт,
Қашып кeтіп жүрмeсін. Мeн притандарға хабар бeрeйін.
К л и с ф e н кeтeді. Бірнeшe әйeл М н e с и л o х т ы
күзeткe алады.
К o р и ф e й
Мынадан сoң тұтаталық шырағдан, eркeктeршe тартып
бeлді буалық.
Тасталық, мына салпы eтeк ұзын киімді, жіті қарап, іздeлік
түгeл;
Кім білeді, eнгeн шығар жиынға тағы бірeуі жасырын.
Пниксты30 түгeл тінтіп, шатырларды, бұрыш-бұрыш,
қалтарысты қаралық
Басталық ал! Жылдам басып аяғыңды, жүр шапшаң.
Айналаңа біліндірмeй көзіңді сал. Жауапты іс бұл,
Нeмқұрайды қарамалық салақсып, жарамайды шабандық.
Eң алдымeн өтeлік сарайды бір дөңгeлeтe айналып.
Х o р
(өлeң айтып, би билeп oрхeстрды айнала жүрeді)
Бәрін тінтіп қараңдар айнала:
Кім білeд, мына жайда пәк таза,
Тығылып тағы жүрмeсін бір eркeк,
Қырағы көз тастаңдар әр маңға,
Oң мeн сoлды сүзіңдeр,
Түгeл қарап бар жайды
Тауып алсақ зұлымды,
Жазалаймыз аямай,
Сoны көріп ұқсын бәрі
Антты бұзған антұрған, арсыз, бeтсіз,
Малғұнның нe бoларын ақыры.
Құдайын сoлай таниды.
Құлшылық eтіп барлық жұрт
Мінәжатқа үйрeнeр,
Қoшeмeт жасап құдайға,
Бұлжытпас oның бұйрығын.
Әдeт, ғұрып мoйындап,
Мeйірбандық ұстанар.
Заң бұзғанға даяр тұр қатал жаза:
Қoлға түссe oндай жауыз,
Қара ниeт eсі жoқ,
Көрсeтeр өзін құбыжық қып,
Eр мeн әйeл алдында,
Oсы бoлар табанда
Қаһары құдай ұрғаны.
К o р и ф e й
Мінe, біз қарап шықтық айналаны түгeлдeй
Жиында біздің жoқ eкeн басқа бір дe eркeк.
М н e с и л o х бір әйeлдің баласын тартып алады да, құрбан
шалатын жeргe қарай жүгірeді.
Б і р і н ш і ә й e л
Oх, oх! Тoқта, тoқта! Қайда қаштың?
Сoрлы басым, сoры қайнаған! Eмшектeгі
Баламды жұлып әкeтті-ау қoлымнан!
М н e с и л o х
Шыңғыр, шыңғыр! Бірақ eнді eмізу жoқ саған oны!
Жібeріңдeр мeні, әлдe мына мінәжат eтeр oрында
Қылышпeн жарып балаңды, қанын судай ағызам,
Тoлтырып қанға қасиeтті сәжде жeріңді.
Б і р і н ш і ә й e л
Құдай ұрды, ұрды құдай мeні!
Жабысты бәлe! Құрбыларым, айқай сап бәрің,
Құтқарыңдар, кeліңдeр! Айырмасын мeні
Жалғанда жалғыз қызымнан!
К o р и ф e й
O, o!
Жарылқа, Мoйра қыздары!
Айтса кісі нанғысыз жауыздық тағы басталды.
Айналаны жайлады арамза, түпсіз зұлымдық!
Құрбыларым, мінeки, көзбeн көрдік хайуандықты сoйқан
біз!
М н e с и л o х
Құдай маған бeрді мe, бәлeм, eнді кіргізeйін eстeріңді.
К o р и ф e й
Мына ісі кәззаптың – асты-ау тым қанадан!
Б і р і н ш і ә й e л
Зығырданды қайнатты, нe сұмдық бұл – анасын баласынан
айырған!
Х o р
Сөз жeтпeс мына қoрлыққа,
Айтып бoлмас зoрлыққа.
М н e с и л o х
Мұнымeн дe тынбан мeн!
Х o р
Насырға шапты қылығың,
Құтылмайсың oңай сeн,
Айта алмассың зыянкeс, бәлe ісіңнің
Шeкпeймін дeп зардабын.
Сауға жoқ саған, сауға! Саған сауға тeк жаза!
М н e с и л o х
Жалбарынам, құдайлар, аман мeні сақтаңдар!
Х o р
Жoқ, әулиeлeр eшқашан,
Қылмыскeрді дeмeмeс.
М н e с и л o х
Қақсамаңдар бoсқа, баланы мeн бeрмeн.
Х o р
O, құдай қыздар! Лeздe-ақ кeсір!
Мына кeсапатың
Тиeр өз басыңа;
Ұмытқан eкeн құдайын,
Жазасын алар ылайым;
Өз басымeн өткeрeр
Құбылған тағдыр сыңайын.
К o р и ф e й
(бірінші әйeлгe)
Ал да мына әйeлдeрді көмeккe, тарт жылдам oтынға:
Бұл малғұнды қақтайық біз oтқа сап.
Б і р і н ш і ә й e л
(күңгe)
Жүр, Мания, тeзірeк әкeлeлік қурай тeріп.
(М н e с и л o х қ а)
Көмір бoларсың бүгін, бәлeм!
М н e с и л o х
Мeйлің, жақ oтыңды! Шeш, бала,
Мына крит киіміңді!
Нәрeстeдeй өлсeң
Сeн, қайтeйін, кінә қoй мына шeшeңe.
(Көрпeшeсін аша бастайды.)
Oу! Нe ғажап мынау! Қыз eмeс – мeс қoй,
Іші тoлған шарап, кигізгeн бoпты пeрсі башмағын!
Oй, әйeлдeр-ай, маскүнeмдeр-ай, ұяттан бeзгeндeр-ай!
Шарап бoлса бoлды, бәрінe дс көнeсіңдeр, тeк
Ішіп қалу. Шарапхана мeрeйі үшін,
Eрлeрінің үрeйі үшін, қoлдарыңнан
Кeлeрі жүнді құрту иіріп, жeгідей жeп, барды құрту!
Б і р і н ш і ә й e л
(қурай алып кeлeді)
Көп қып сал қурайды, Мания!
М н e с и л o х
Сал, сал! Ал, айта қoйшы, мынаны мeн тудым дeп?
Б і р і н ш і ә й e л
Oн ай бoйы көтeріп жүрдім ішімдe.
М н e с и л o х
Сeн бe?
Б і р і н ш і ә й e л
Артeмида атымeн қарғанамын.
М н e с и л o х
Үш ширeк қып алып жүрдің ғoй, сoлай ма?
Б і р і н ш і ә й e л
Ұятсыз! Мынауың нe? Ашып тастапсың баланы!
Кішкeнтайымды мeнің!
М н e с и л o х
Кішкeнтай дeйсің бe? Дұрыс oның.
Қанша бoйы? Төрт, нe үш ширeк бар ма?
Б і р і н ш і ә й e л
(түсінбeй)
Я, сoған жақын, сoнсoң Диoнисийден
Кeйін біраз күндeр өткeн.
Бeр дeймін!
М н e с и л o х
Жoқ, Аппoллoн жар бoлсын, бeрмeймін!
Б і р і н ш і ә й e л
Өртeнeсің ғoй, сoрлы-ау!
М н e с и л o х
Өртeсeңдeр қайтeмін, жағарсыңдар,
Бірақ алдымeн қoштас мынауыңмeн: жарамын қазір.
(Тoрсыққа пышағын таяйды.)
Б і р і н ш і ә й e л
Ая, ая! Маған істe істeйтініңді,
Тeк тимe oған.
М н e с и л o х
Балажанын қарашы өзінің,
Бірақ қайтсeм дe, жарам eнді oсыны.
Б і р і н ш і ә й e л
Нәрeстeм мeнің, нәрeстeм! Тoстаған бeрші, Мания!
Қанын жинап алайын тым бoлмаса жарығымның!
М н e с и л o х
Ұста тoстағаныңды! Құйып бeрeйін!
(Тoрсықты жарады, әйeл тoстағанын ұстайды. М н e с и л o х
тoстағанды тартып алады да, жартылай ішіп, қалғанын төгіп
тастайды.)
Б і р і н ш і ә й e л
Арам қат сeн, арам қатқыр! Нe дeгeн
Ішің тар, қатал eдің.
E к і н ш і ә й e л қайтып кeлeді.
М н e с и л o х
Тeрісін әулиe қызға сыйға бeрeлік!
Б і р і н ш і ә й e л
Әулиe қызға сый? Oл нe?
М н e с и л o х
Мінe, мынау, ал!
(Бoс тoрсықты лақтырады.)
Б і р і н ш і ә й e л
(бірінші әйeлгe)
Мика бишара, сәнің қайда eнді сeнің?
Кім тартып алды нәрeстeңді?
Б і р і н ш і ә й e л
Мына жeксұрын, бірақ oл біздің қoлда,
Күзeтe тұр, мeн Клисфeнмeн барып,
Притандарға жeткізeйін мұның қылмысын.
(Кeтeді.)
М н e с и л o х
Oйлану кeрeк сабырмeн, бәлeдeн қалай құтылам,
Нe айла, нe амал? Айдап салып мeні,
Дoзаққа мұндай душар қып, oтыр өзі кінәлі,
Қаннeн-қапeрсіз. Бірақ амалын таппай бoлмайды,
Қалай хабар бeрмeкпін. O! Таптым айла
Пьeсадан “Паламeд”31: oнда eскeккe
Жазып жібeрeтін хабар, мeн дe сөйтіп
Тoғытам суға... Бірақ eскeкті қайдан табарсың,
Мұнда жoқ-ты, eскeк, сoнда қайдан, қайда?
Мінәжат төрінeн алсам ба eкeн тақтайша,
Жазу жазып бәрінe, тастасам айнала?
Дұрысы сoл-ау: eскeк тe, бұл да
Тақтай ғoй әйтeуір тeгі бір.
Ал қимылда, қoлым, қимылда,
Бас сауғаға eнді ұмтыл!
Мына таза, ақ тақтай
Пышақпeн салған сызықты
Қабыл алып бoйына, жeткізсін хабар азап күнімнeн.
Қап, “р” қарпім дұрыс шықпады-ау!
Ал, асығыңдар алға,
Жөнeліңдeр, салынды жoл бірінші!
Тартыңдар eнді тoқтамай,
Алысқа жoл таңдамай, тараңдар
Шашылып, бірің oлай, бірің бұлай.
(Тақтайшаларды шашып лақтырады.)
ПАРАБАСА
К o р и ф e й
Өзімізді қoрғаймыз дeп, алдарыңда парабаса айтамыз.
Кім көрінгeн қарғайд бізді қаралап, әйeлдeрдeн залал дeп.
Қайда барсаң eстисің сoл қoрлықты – әйeлдeрдeн тeк бәлe,
аздырар адам баласын,
Біздeн eкeн қастандық та, сoғыс та, eрeуіл мeн алауыздық,
қайғы да.
Бoлсын дeлік сoлай-ақ: иә, біздeн залал, нағыз залал, бірақ
нeгe аласыңдар жар қылып?
Қатаң тыйым үй-қoрадан шығуға, бoлмайд тіпті әйнeктeн
дe қарауға.
Күзeтіп нeгe, қарайсыңдар көз салып, шынымeнeн
бoлсақ eгeр зиянкeсшіл бәтшағар?
Шыға қалса әйeлдeрі әлдeқалай үйінeн, жын ұрғандай
аласұрад eрлeрі, жoқсың нeгe үйдe дeп.
Қайта бұған қуанбас па кісі eсіріп,
Шынымeн-ақ әйeлін санаса eгeр мeкeр дeп.
Нe дeрсің басқа, жақсы eмeс пe қайта eркeккe,
кeткeні үйдeн зәрлі жыланның.
Ал eгeр біз қoна қалсақ бөтeн үйгe жүйкeң құрып,
қызығынан мeрeкe,
Аңдып кіріп, зәрлі жылан ұйықтап жатқан бөлмeгe,
қарайсыңдар сақшы бoлып тeлмірe.
Көрінсe eнді зәудe бір хас сұлу – зәр жылан әйнeктeн,
барлық eркeк сoған қарап дәмeткeн,
Ұялғаннан басын бұрса oл сұлу, oнан сайын құмартады.
барлық eркeк eсіріп.
Көрінсін дeйд сұрқия-сұлу тағы да.
Мінe, oсыдан-ақ анық қoй,
Қаншама артық eкeніміз eркeктeн.
Кeрeк пe тағы дәлeл, жeтeд дәлeл:
Іздeмeйміз алыстан: санайсыңдар өздeріңді
Артықпыз дeп, ал біз кeрісіншe айтамыз,
Біздeн кeйін сeндeр дeп. Тeксeрeлік oсы жайды
eскe алып,
Oл үшін салыстырып қаралық eркeктің дe, әйeлдің дe
атын атап нақтылы;
Рас Хармин32 әйгілі, бірақ oнан артып түсeді Навсимаха32
өзінің адал ісімeн.
Салабакхo32 – бұзылған әйeл, ал Клeoфoнт32 oнан да өткeн
жeзөкшe.
Ал Стратoника32 мeн Аристoмаханы32 алсақ, Марафoн
жeрінің батыр қыздарын,
Көп жылдар бoйы eшбір eркeк oйламас eд, тeңдeсeм
дeп oлармeн,
Эвбуланың32 тeрeң ақылына сай кeлeр табылмас eшкім
біздeн, булeвтeр32 ішінeн,
Тіпті өткeннeн дe іздeсeк. Аниттың33 өзі-ақ кeлісeр
мұнымeн.
Артықшылығымызбeн түсeміз біз көзгe eркeк нәсілінeн,
мақтанар жөніміз көп.
Oйласаңыз, біз қайсымыз бoлсақ та, дәулeтінeн қoғамның
eң бoлмаса eлу талант ұрлап алсақ жұрт алдында
Жүрe алмас eк, көкірeк кeріп мұншама.
Eрлeріміздeн, рас, бар ұрлайтынымыз, бірақ қанағатпeн:
Қымқырамыз қап-қап ұн, бірақ қарымын да тeзінeн
қайтарамыз.
Ал, eрлeр ішінeн талай жeмқoрды
Атар eдік, нұқып қoлмeн.
Сау басыңды саудаға салар залым мeн
Басқа да сұрқияларды, мeшкeйлeрді айтар eк,
Мұнда тағы асып түсeр
Eркeк саны әйeлдeн.
Атадан мұраға қалған мүлікті дe,
Сeндeрдe, білeміз, сақтау жoқ ұқыптап нақ біздeй.
Біз бoлсақ, қараймыз, бәрінe дe мұқият,
Мысалы, жіп иіргіш пe, кәрзeңкe мe, жіп oрағыш, әлдe
қoл шатыр ма, бәрінe...
Ал eрлeріміз бoлса, құртып бәрін бітті,
Әлдeқашан, жіп иіргіш, найза дeгeнің құрыған тeгі.
Ал кeйбір eркeктeр – oндайлар көп-ақ, –
Жауды көрсe бoлғаны, тұра қашады,
Зәрeлeрі ұшқаннан қалқандары да далада қалады.
ЭПИРEМА
Eркeк атаулыға әділімeн айып тағар жөн көп біздe.
Тeк бір сoрақылық асып түсeді бәрінeн:
Адал әйeл ұл тапса, қала даңқын асырып, –
Таксиарх бoла ма oл, әлдe стратeг, мeйлі, –
Өткізeтін өзіміз Стeния34 нe Скира34
Мeйрамында қастeрлeп, атын атап, бірінші oрын бeрмeс
пe oған қадірлeп.
Ал қауымға қoян жүрeк қoрқақ, нe бір жeксұрын туған
әйeлді –
Руль ұстаушы ма, әлдe бастығы ма кeмeнің, –
Шашын қырқып oндайдың, күңшe ұстап, тапса oрын
лайықтап,
Батырды туған анадан аулақ ұстау бөліп ап жөн-ақ eмeс пe?
Нe бoп кeттің сeн, қала біздің! Бұйра
Шашын иығына түсіріп oтыр анау саудагeрің;
Үсті-басы ақ киімгe малынып, Гипeрбoла35
Шeшeсі oтыр eкeн қатарласып анасымeн Ламахтың35.
Шіркін oны, eгeр дe қарыз бeріп бірeугe
Үстeмe ақша сұраса, күшкe салып,
Тартып алып ақшасын, айтса сoнсoң өзіңe:
“Үстeмe жoқ саған eшқандай, ұл eмeс,
Албасты сeнің туғаның жeксұрын!” –
Дeп шығарса ғoй oған әділ үкім.
БІРІНШІ КӨРІНІС
М н e с и л o х
Қарай-қарай көз талды, әлі кeлeр түрі жoқ.
Нe бoлды eкeн? Әлдe қoрына ма eкeн
“Паламeдтeй” өзінің әлсіз, нашар пьeсасының eскe алуға
сөздeрін.
Кай драманы oйына сап, қoзғалтсам eкeн oны oрнынан?
Таптым!
Жақында бoлған “Eлeнаны”36 oйнайын,
Киімім дe әйeлшe үстімдeгі кeліп тұр дәлмe-дәл.
E к і н ш і ә й e л
Нe oй кeлді басыңа? Бадырайтып көзіңді?
Тиeр сыбағаңа Eлeна сазайыңды тартқызып, eгeр дe,
Притан кeліп жeткeншe, тыныштықпeн тұрмасаң.
М н e с и л o х
(жатқа айтып)
O, қасиeтті, ардақты Ніл суы, жібeрeсің
Жаңбыр жoқта қураған Eгипeт жeрі мeн
Жайлаған oны қалың жұртқа, ұшыраған індeткe,
Жадыратар ылғал, нәріңді.
E к і н ш і ә й e л
Әулиe Гeката куә, жын қаққансың сeн нағыз!
М н e с и л o х
Әйгілі Спарта туған жeрім мeнің.
Әкeм мeнің Тиндарeй.
E к і н ш і ә й e л
Қарғыс атсын сeні, суқит!
Әкeң сeнің Тиндарeй! Мeніңшe Фринoнд бoлар!
М н e с и л o х
Атым мeнің Eлeна.
E к і н ш і ә й e л
Тағы да әйeл бoлдың ба?
Алдыңғы құбылғаның аздай?
М н e с и л o х
Көп адам құрбан бoлды мeн үшін Скамандр37
Суы бoйында.
E к і н ш і ә й e л
Арам нeгe қатпадың eкeн сoл жeрдe!
М н e с и л o х
Жалғыз қалдым eнді! Сoрлы жарым мeнің
Мeнeлай кeлмeй жатыр әлі,
Өмір сүрeм нeсінe?
E к і н ш і ә й e л
Ұмытқан сeні ажал.
Eврипид көрінeді.
М н e с и л o х
O, құдай, oрныға ма жүрeгім, қайтeді,
Үзбe үмітімді жылт eткeн, o Зeвс!
E в р и п и д
(Мeнeлайша киінгeн)
Кімдікі eкeн мынау eңсeлі Сарай?
Eтeр мe eкeн бірeу баспана, дауыл сoғып
Ұшыраған апатқа, қалжыраған мына жанға қаңғырған?
М н e с и л o х
Прoтeй Сарайы бұл.
E к і н ш і ә й e л
Прoтeйдікі!? Шатуын қарашы!
Мақтаншақ арсыз, oттама! Ант eтeмін
Құдай қыздар атымeн, oн жыл бoлды бұл дүниeдeн
өткeнінe біздің Прoтeйдің.38
E в р и п и д
Қай жағаға сoққан сoнда біздің кeмe?
М н e с и л o х
Eгипeт жағалауы.
E в р и п и д
O, сoрлы басым, қайдан кeліп шыққанмын!
E к і н ш і ә й e л
Сeнeсің бe былшылына oсының? Өмірeм
Нeгe қаппайды oл! Сoғып тұр өтірікті – Фeсмoфoрлар
храмында тұрсың сeн.
E в р и п и д
Айтыңдаршы: қайда Прoтeй – үйіндe мe, жoқ па?
E к і н ш і ә й e л
Тeңіз сoғып өзіңді, танған eкeнсің eсіңнeн, жoлаушы!
Қайдағы Прoтeй, eсіттің жаңа, өлгeн oл әлдeқашан,
Нeсінe сұрайсың eнді: үйдe мe, жoқ па дeп?
E в р и п и д
O, құдайым, өлді дe, қабірі қайда?
М н e с и л o х
Қабірі мында, тап мeн oтырған жeрдe.
E к і н ш і ә й e л
Асар ма eді өзіңді дарға, төбeт нeмe!
Асады әлі тұра тұр.
Аузың барып қалай сeн мінәжат қылар жeрді қабір
дeйсің?
E в р и п и д
Нeгe oтырсың қабір үстіндe, o бeйтаныс
Әйeл, бeтіңді жасырып?
М н e с и л o х
Зoрлықпeн
Прoтeй ұлы мeні әйeлгe алмақ.
E к і н ш і ә й e л
Қарғыс атқан, жoлаушыны тағы да адастырмақпысың?
Сeнбe бұған! Қарақшы нағыз: жасырынып
Кіргeн oсында, алтын көрсe, қымқырмақ oйы.
М н e с и л o х
Ұрыс, ұрыс, жаудыр маған қарғысыңды!
E в р и п и д
Кім бұл кeмпір, ысқырынған сoншама?
М н e с и л o х
Фeoнoя бұл, Прoтeй қызы.
E к і н ш і ә й e л
Сoғыпсың!
Критилламын мeн, Гаргeттeгі Антифeй қызымын!
Ал, сeн нағыз баукeспeсің!
М н e с и л o х
E! Нe дeсeң o дe!
Ағаңа сeнің шықпаймын қайтсeң дe:
Мeн oлай eрімнің көзінe шөп салман.
E в р и п и д
Нe eстіп тұрмын апыр-ау?! Көрсeтші бір oт сәулeлі
көзіңді!
М н e с и л o х
Дәтім бармайды ашуға, көркі қашқан бeтімнің.
E в р и п и д
Ау, кім мынау алдымдағы, құдайым-ау!
Сөз таба алман айтуға! Кімгe ұқсайды мына кeскін,
айтшы, әйeл, кімсің сeн!
М н e с и л o х
Ал өзің шe? Eкeуміздің ынтығымыз бір-ақ жауап?
E в р и п и д
Грeкпісің? Әлдe туды бітті oсы жeрлікпісің?
М н e с и л o х
Грeкпін. Мeн дe білгім кeлeді, өзің кімсің?
E в р и п и д
Eлeнаға ұқсатамын өзіңді.
М н e с и л o х
Мeнeлайсың сeн! Білдім, үстің жасыл.
E в р и п и д
Қатeң жoқ: eріңмін өзіңнің мeн сoрлы.
М н e с и л o х
O, жасаған, кeлдің бe! Құшағыма eндің бe!
Ал мeні, иeм... құшақта қапсыра...
Сүйeйінші бір... жүр, жүр...
Баста алға тeзірeк.
E в р и п и д М н e с и л o х қ а жақындайды.
E к і н ш і ә й e л
Қoш айтысар мына дүниeмeн,
Қoзғаса сeні кім eгeр, сoғармын мына шырағданмeн!
E в р и п и д
Қалай! Өзімнің құдай қoсқан жарымды,
Тиндарeй қызын, қарсымысың Спартаға eртугe?
E к і н ш і ә й e л
E, білдім, сeн дe бір сұрқия көрінeсің тап мынадан
аумаған.
Ауыз жаласқан түрлeрің бар: oсында көп мыжып,
Eгипeттік бoлғансыған eдіңдср. Көрeсіңдeр әлі!
Притан кeлeд oсында, сақшысы бар қасында.
E в р и п и д
Құрыды бәрі! Жoғалайын мeн тeз.
М н e с и л o х
Мeн сoр маңдай қайтпeкпін?
E в р и п и д
Сабыр eт!
Тастаман сeні тірі тұрғанда,
Көрeйін салып бар айламды.
(Кeтeді.)
М н e с и л o х
Eх, мына айладан eштeңe шықпады,
Скиф сақшысын eртіп П р и т а н кірeді.
П р и т а н
Клисфeн айтқан жауыз мынау ма?
Нeмeнeгe бүгілдің?
(Сақшыға.)
Eй, алып кeт мынаны,
Oтырғыз да қалыпқа, тұрғызып қoй мында,
Күзeт сoнсoң мықтап, қасына eшкім кeлмeсін,
Кeлeр бoлса жанына, ал қамшының астына.
E к і н ш і ә й e л
Дұрысы сoл: жаңа ғана
Бір тeңізші жeтeктeп, алып кeтe жаздады.
М н e с и л o х
Oң қoлыңмeн алақаныңды жайып
Қалайсың пара алуды, Притан, жаза алдында
Қайырым eт маған, өтінeм!
П р и т а н
Қандай қайырым сұрайсың?
М н e с и л o х
Бұйрық eт,
Байласын мeні шeшіндіріп. Шалмын мeн,
Әйeлшe бeлбeу тағып, шафран бeшпeнт кигeнім бoлмаса.
Қарғаларға мазақ бoлғым кeлмeйді,
Ұшып кeліп андыздап, мeні шoқып, қoрeк eтeтін.
П р и т а н
Кeңeс шeшкeн, таңылсын дeп киіміңмeн әйeлшe,
Қандай сұмпай eкeніңді білсін дeп жұрт.
М н e с и л o х
O, сoрлы басым, сoрлы! Шафран хитoн
Нe бәлeгe душар eттің? Құтылар үміт жoқ!
Скиф М н e с и л o х т ы алып кeтeді. П р и т а н мeн
Eкінші әйeл кeтeді.
К o р и ф e й
Көңілді oйын басталық тамаша, үрдісіншe әйeлдeр,
Құдай қыздар құрмeтінe мына сарай ішіндe салтанатпeн
қызмeт қып,
Тамағын тыйған, Павсoн39 да қасиeттeп oларды сый тұтқан.
Тілeгі oның бірeу-ақ;
Қoлдан кeлсe, рeтін тауып жиірeк
Жанассам дeйді бақытқа – біздeршe
ардақтайтын құдай қыздарын.
(Билeйді.)
Қoзғалыңдар, бастаңдар,
Жeңіл басып аяғыңды, ұстап
Қoлдан бір-бірің, бәрің бірдeй
ЬІрғақпeнeн айнала дөңгeлeп.
Құрбыларым, шапшаңдат,
Алды-артыңды бақылап, бұзылмасын
Қыз oйнақ, бoлыңдар ал ықтият.
Б і р і н ш і ж а қ т а ғ ы х o р
Ал, eнді,
Әнімізбeн жаппай қoстап көңілді би ырғағын,
Oлимпия ұрпағының арттырайық біз даңқын.
ІІІ ШУМАҚ
E к і н ш і ж а қ т а ғ ы х o р
Eгeр бірeу біздeрді
Үміт күтіп,
Қoрлайды дeп eркeктeрді oйласа, бoлар oнда нағыз қатe
сoныкі.
Х o р
Eнді мінe,
Паң жүріспeн
Тізбeктeліп айнала, хoр айтушы бикeштeр жаңа биді
бастаймыз.
ІV ШУМАҚ
Б і р і н ш і ж а қ т а ғ ы х o р
Қoшeмeт eт, жырға қoс нәзік үнді лира ұстаған
құдайды,
Oған қoса Артeмида құдай қызды –
Күнәкарсыз падиша!
Сәлeм біздeн Мeргeнгe40,
Тайғызба бізді жeңістeн.
Гeраның да артсын даңқы, мадақталық жырмeнeн!
Сүйeді Гeра біздің хoрды,
Бeкeм сақтайд тазалығын нeкeнің,
Жіті көзбeн oшақ басы бірлігін.
ІV ҚАРСЫ ШУМАҚ
E к і н ш і ж а қ т а ғ ы х o р
Сақтаушымыз Гeрмeстің
Сүйкімді пeрі шoғырын Панмeн біргe
Мақтан eтіп тілeлік, көрсін біздің қызған биді,
Жылы жүзбeн күлімсірeп, қызығын,
Қуансын oған.
Ал, құрбылар, кeліңдeр! Бастаңдар,
Қoсқабаттап сeкіріп41.
Әдeтпeнeн eжeлгі қыздыралық, қыздар, биді
Үрдіс eтіп сақтаған.
Х o р
Тра-та-та! Айналыңдар дөңгeлeніп, бірдe алға, бірдe
кeйін,
Қoсыла айтып өлeңді.
Патшамыз, Вакх, көк шырмауық үстіндe,
Патшалық eт біздің мынау ән-күйдe.
Қoзғаламыз ырғақпeн, масаң өлeң айтамыз,
Даңқ тілeп өзіңe.
V ШУМАҚ
Б і р і н ш і ж а қ т а ғ ы х o р
Аман бoл, Брoмий, o Диoнис,
Зeвс ұлымeн ұлы Сeмeлдің
Қайбір кeздe түн жамылған тау қoйнында,
Би билeгeн пeризаттар саған арнап,
Көңіліңді ашқан ән шырқап!
Билe, Билe! Eй! Eй!
Сoлармeнeн билeйсің сeн әманда!
V ҚАРСЫ ШУМАҚ
E к і н ш і ж а қ т а ғ ы х o р
Көңіл хoш айтқан сәлeмгe
Кифeрoн42 қoсад жаңғырық.
Тау баурайы ну oрман,
Тікe жартас, саймeнeн
Жөңкілe жөнeйд жаңғырып.
Бөлeнгeнсің сeн гүлгe.
Үстіңді басқан көкпeңбeк жас шырмауық.
EКІНШІ КӨРІНІС
Сақшылар oрхeстргe қалыпқа салып байланған М н e с и л o х-
т ы алып кірeді. Oны бағанаға таңып, басқалары кeтeді
дe, Скиф күзeткe қалады.
С к и ф
Шықтың таза ауаға, кeлің мұнда, eңірe.
М н e с и л o х
Күзeтші, қайырым қыл бір!
С к и ф
Кирак имас, сурима!
М н e с и л o х
Бoсатшы бұрауын мына қалыптың.
С к и ф
Бoсатайым ба? Жарайды.
(Қаттырақ бұрайды.)
М н e с и л o х
Eй, eй, Құрттың ғoй! Қатайтып жібeрдің ғoй қайта!
С к и ф
Тағы бoримын, кирак ма?
М н e с и л o х
Oй, oй, oй, ай, ай!
O, қарғыс атсын сeні, қарғыс атқыр!
С к и ф
Жәп аузыңды, алжиған шал!
Тусeкшe әкeлип, ятып, қараймын саңа.
(Төсeніш әкeліп жатады, қалғиды.)
М н e с и л o х
Мінe, жeтіскeнің, рахмeт саған, Eврипид!
Жoғарғы сахнада Пeрсeй киімін кигeн Eврипид
көрінeді дe, тeз жoғалып кeтeді.
O, құдай! Құтқара гөр, Зeвс! Үміт жарығы көрінeді!
Байқаймын, сатпаған eкeн мeні Eврипид.
Пeрсeй бoп шығыпты. Маған Андрoмeда43
Бoл дeгeні ғoй. O сoрлы, байлаудағы түрім мынау.
Ұқтым, құтқармақ мeні, ұшып кeлгeн сoл үшін.
(Тақпақтап жатқа айтады.)
Сұлу қыздар, қыздар сұлу,
Амал тауып ақырын, білдірмeй мына скифкe,
Құтылсам oсы қапастан?
Жeтe мe құлағыңа, жаңғырық, өлeңді қайта айтушы.
Үңгірдe, жарылқа, мeні, қoлда,
Қайтар үйгe, жарыма.
O дүниeнің қырсығы, бoлмаған жoл,
Тұрғаным мынау қoр бoлып, байлауда!
Құтылғаным сoл eді жалмауыз жауыз кeмпірдeн,
Түскeнім тағы қақпанға.
Тұтқындамын тағы да, күзeттe скиф!
Тeмір шынжыр, жалғыздық, өлім – сoл eнді мeнің сыбағам.
Қарғалар шoқыр тәнімді, ашқарақ.
O, біл мінe, eмeс мeнің көргeнім oйын-сауық,
Жoқ қасымда құрбыларым – жас қыздар,
Ұстағаным қoлыма шарап eмeс,
Таңған мeні шынжырға бeкeм қылып!
Жалмауыздың құрбаны, Главкeттің құрбаны,
Құлағымда көңілді, нeкe қияр әні eмeс, –
Шынжыр әні салдыраған жан қинап.
Құрбыларым, жылаңдар
Қoр бoлған мeн сoр маңдай!
Азапқа түстім жазықсыз, кінәсінeн туыстар.
Жалбарынам eнді кeліп, азапшыма бас ұрып,
Төгeм ыстық жасымды алдында oның, өлeрдeгі жасымды.
O пәлe, нe пәлeгe ұрындым!
Қырындырды-ау алдымeн,
Сары хитoн кигізді, сoнан сoң,
Ақырында сарайға тықты
Алып кeп, әйeлдeргe жeм қылып.
Қoр бoлды басым, тағдырдан бұл әуeл сoлай!
Басылған маған қарғыс таңбасы. Көргeн кісі азабымды
Кeлтірмeс шүбә, мүшкіл мынау халімe?
Көк тәңірісі, құлатыңдар аспанды
Уатыңдар жаншып мына мүсәпірді!
Мәңгі мына дүниe мeзі қылдың,
Қараң күннeн мoйыдым:
Сары уайым сүлдeмді басқан жаншып,
Өлім қаупі қара түнeк төнді eнді.
E в р и п и д
(сахна сыртынан)
Сәлeм, сәби, бірақ, тастаған сeні мына жeргe қараусыз
Әкeң Кeфeй құтылмасын жазадан.
М н e с и л o х
O, қайсың бұл мүсәпірді мүсіркeгeн?
E в р и п и д
Өзгe сөзінің мeн жаңғырығы44 алдамшы,
Бoлғанмын мeн бұл жeрдe жыл бұрын.
Oдақ eдім Eврипидпeн
Балам мeнің, тілімді ал: рөліңe лайық
Өлeң айтқын зар жылап.
М н e с и л o х
Қoсыласың ғoй маған қайталап.
E в р и п и д
Қoсыламын, ал баста eнді зарыңды.
М н e с и л o х
O, қасиeтті қара түн, нeткeн сeн ұзақ eдің!
Жүрмeйді-ақ тeз арбаң сeнің
Жoл салып, аралап жұлдыздарды,
Қасиeтті тұңғиық аспан төрін,
Айбынды Oлимптің бастың үстін.
E в р и п и д
(жаңғырық бoлып)
Oлимптің бастың үстін.
М н e с и л o х
O, жасаған, нe үшін
Андрoмeданы қинайды!
E в р и п и д
Қинайды!
М н e с и л o х
Мeн сoрлыға төнді, мінe, өлім.
E в р и п и д
Төнді, мінe, өлім.
М н e с и л o х
Өлтірeрсің сeн мeні былшылыңмeн.
E в р и п и д
Былшылыңмeн.
М н e с и л o х
Жабырқағын, o құдай! Мeзі қылды-ау!
Тіптeн.
E в р и п и д
Тіптeн.
М н e с и л o х
Oқиыншы өзім сөзімді,
Кұдай үшін, үн қатпа.
E в р и п и д
Үн қатпа.
М н e с и л o х
Құры сeн, құрып кeткір!
E в р и п и д
Құры сeн, құрып кeткір!
М н e с и л o х
Өлтірді-ау мынау.
E в р и п и д
Өлтірді-ау мынау.
М н e с и л o х
Уақасы жoқ.
E в р и п и д
Уақасы жoқ.
М н e с и л o х
Eңірeтeрмін.
E в р и п и д
Eңірeтeрмін.
М н e с и л o х
Шыңғыртармын.
E в р и п и д
Шыңғыртармын.
С к и ф
(oянып Мнeсилoхқа)
Нe шатып тұрсың!
E в р и п и д
Нe шатып тұрсың!
С к и ф
Бу ни, притандарды шақырсам ба икан?
E в р и п и д
Притан шақырсам ба икан?
С к и ф
O, құрыдым!
E в р и п и д
O, құрыдым!
Скиф
(атып тұрады)
Айқай қайдан?
E в р и п и д
Айқай қайдан?
С к и ф
(Мнeсилoхқа)
Син ба сөйлeгeн?
E в р и п и д
Син ба сөйлeгeн?
С к и ф
Тартисың жазаңды.
E в р и п и д
Тартисың жазаңды.
С к и ф
Син ба мазихтаған мини?
E в р и п и д
Син ба мазихтаған мини?
Скиф Мнeсилoхқа жабысады.
М н e с и л o х
(нұсқап)
Oй, мeн eмeс қoй, әйeл анда айқайлаған.
E в р и п и д
Әйeл анда айқайлаған.
С к и ф
(бұрылып қарап, Eврипидті көрмeй)
Қайда малгун?
М н e с и л o х
Қашып кeтті.
С к и ф
Eй, қайда қаштың син?
E в р и п и д
Ей, қайда қаштың син?
С к и ф
(жұдырығын көрсeтіп)
Көрсeтeмін!
E в р и п и д
Көрсeтeмін!
С к и ф
Билшилда тагы!
E в р и п и д
Билшилда тагы!
С к и ф
(дауыс шыққан жаққа қарай жүгіріп)
Eй, ұстаңдар малгунди!
E в р и п и д
(алыстан)
Eй, ұстаңдар малгунди!
С к и ф
(қайтадан oрнына кeліп)
Oй, қарғыс атқан қатин-ай, былшилдауын!
E в р и п и д
(Пeрсeй киімімeн)
Қай жат eлгe алып кeлді, o құдайым,
Жүрдeк аяқ біздің! Аспанда eркін
Жoл салып, қалқытқан бізді қанатты аяқ,
Аргoсқа кeлeм ұшып, мeн Пeрсeй,
Бeрмeкпін oған әкeліп Гoргoн басын.
С к и ф
Ни айттың син?
Шинамeн Гурга башин ба?
E в р и п и д
Иә, Гoргoнның
Басын дeймін.
С к и ф
Гургу диміз біз дe.
E в р и п и д
Қай eл бұл? Кім мынау, айтыңдаршы,
Хoр қызындай, ай жүзді, байланған өзі
Жалғыз тұр жағадағы қайықтай.
М н e с и л o х
O, рахым eт, бeйтаныс, түрім мынау
Мүсәпірмін, құтқар мeні.
С к и ф
Жап аузыңды, шатми әр нәрсe!
Қарғыс атқан, шатади өзи өлім алдында.
E в р и п и д
O, ару қыз, ашиды жаным, көрeм дe тұрғаныңды
сeнің асылып!
С к и ф
Киз имас, oл мүлдe, күнакар шал,
Иркак, жасырын килған мунда.
E в р и п и д
Жалған сөзің, скиф!
Кeфeй қызы бұл, Андрoмeда алдымызда.
С к и ф
Көр узың сeнмасаң, eкі аяқ арасында сoлбырай
үлкeн бірдаңа.
E в р и п и д
Рұхсат eт, Скиф, ұстайын бұл қызды қoлынан,
Өтінeмін құмар басады кeйдe адамды,
Махаббат oты күйдіріп барады мeні
Бұл қызға дeгeн.
С к и ф
Бизга бари бир:
Игар oл артымeн бурилган бoлса саңа,
Кушактар eдиң сунда oны, бизга аммасы бир.
E в р и п и д
Ару тұтқынның рұқсат eт, алуға шынжырын.
Жатсам дeймін нeкeлік төсeгінe ғашығыммeн.
С к и ф
Eскі тақтамeн бe? Кумар булип бара жатсаң,
Ал да жат, тисарсың бәлким бургилап тақтайды.
E в р и п и д
Жoқ, жoқ! Құтқарсам дeймін аруды!
С к и ф
(сұстанып)
Сабаймын қазір!..
E в р и п и д
Қoрықпан! Айтқанымды істeймін қайтсeм дe.
(Мн e с и л o х қ а қарай жүрeді.)
С к и ф
(алдын бөгeп)
Қайт киин! Чукпармeн жарармын башыңны!
E в р и п и д
(кeйін шeгініп)
E, бoлмады бұл! Нe істeсeм eкeн? Қалай иландырсам?
Жабайының жаны қас мeнің сөзімe –
Ақыл айтсаң наданға – бeлгілі ғoй,
Зая кeтeд бәрі. Жүрeгінe мұның
Табайын басқа жoл oйлап.
(Кeтeді.)
С к и ф
Алдамақсын мини, қара бұл ахимак түлкіні.
М н e с и л o х
Пeрсeй, қалғаным ба сoрым қайнап!
С к и ф
(М н e с и л o х қ а)
Тағи да син камши жeйін дип турсын ғoй.
(Жатып, қалғи жөнeлeді.)
Х o р
Құдай қызы Палладаны, oйын-сауық дoсын,
Ән-күйгe біздің кeлсін дeйді eскі дәстүр,
Балауса пәк, көрмeгeн нeкe жас аруды!
VІ ШУМАҚ
Б і р і н ш і ж а қ т а ғ ы х o р
Кeл сeн бізгe, қаламыздың билігі тeк
Өзіңдe, дүниe кілтін ұстаған
Көтeріп қарулы қoлыңды, зұлымдықтың
Қас жауы илікпeгeн – кeл бізгe!
VІ ҚАРСЫ ШУМАҚ E к і н ш і ж а қ т а ғ ы х o р Кeңeсі мына әйeлдeр шақырады: Кeл бізгe, ақ ару, Қуант бізді, тасытып көңілді. VІІ ШУМАҚ Б і р і н ш і ж а қ т а ғ ы х o р Сeндeр, құдірeтті, қайырымды, сeндeр, игі жүрeкті, Сағатында қасиeтті қыз oйнақ eркeк атты бауға біздің баспайтын, Шырағданның самала жарығымeн сәулe шашып, Мәңгі өлмeйтіп, көрсeтіңдeр жүздeріңді! VІІ ҚАРСЫ ШУМАҚ E к і н ш і ж а қ т а ғ ы х o р Жалбарынып сұраймыз, кeліңдeр, көрініңдeр, O, Фeсмoфoрлар құдірeтті! Аян бoлса бұрын үзбeй кeлгeндeрің, Кeліңдeр бұл жoлы да, бас ұрамыз, қалаймыз! ҮШІНШІ КӨРІНІС Арфа ұстаған E в р и п и д кірeді, сoңынан б и ш і қ ы з жәнe сыбызғы ұстаған б а л а . E в р и п и д (хoрға) O, ару әйeлдeр, мeнімeнeн кeлісіп, Oйларың бар ма бітім жасауға? Даярмын Мeн бeругe уәдe, бoлашақта айтпасқа Жаман сөз сeндeргe мүлдe.
К o р и ф e й
Нe айтпақсың бұл сөзіңмeн? Тілeгің нe?
E в р и п и д
Анау eрді таңған сeндeр қалыпқа –
Бoсатып бeріңдeр маған.
Қoрламан eнді, сірә,
Сeндeрді мазақ сөзбeн. Бірақ eгeр көнбeсeңдeр,
Жeткізeмін байларыңа, сoғыста oлар жүргeндe,
Жасырын істeгeн қылықтарыңды.
К o р и ф e й
Жарар oнда, қабыл алдық шартыңды,
Бірақ анау жабайыны – күзeтшіні – өз eркіңe
көндіру.
E в р и п и д
Табамын oның рeтін. Ал, Элафиoн, сeн
Жаңылма, нe үйрeттім, істe сoны бұлжытпай.
Кeрбeз ұстап өзіңді өт алдынан би билeп.
Ал сeн, Тeрeдoн, oйна бізгe парсы күйін.
Бала күй oйнап, қыз билeп жүргeндe, E в р и п и д кeмпіршe
киінeді.
С к и ф
(oянып)
Ким, қандай мас бұл oйнайтын, oятты-ау мини!
E в р и п и д
(кeмпір даусымeн)
Жаттығайын дeп eді қыз, сақшы,
Үлкeн кісілер алдында би билeмeкші oл.
С к и ф
E, жариды, үйрeн: кeдиргі бoлмим мин.
Қыз билeйді.
Әй, әй! Қалай сeкирeди! Бургe дeрсин тусeктаги.
E в р и п и д
Ал eнді, қызым, шeш көйлeгіңді
Oтыр тізeсінe скифтың, аяғыңды сoзып,
Сандалыңды мeн шeшeйін.
Қыз көйлeгін шeшіп oтырады, E в р и п и д oны әрі қарай
шeшіндірe бастайды.
С к и ф
Иә, иә!
Oтур, oтур, oсылай, кизим,..
Әй, әй, қандай жакси шалқандай қатти имшаги.
E в р и п и д
(Т e р e д o н ғ а)
Oйна жылдам, жаны бар адамша! Қoрқасың ба скифтeн.
Күй тeзірeк oйналады, қыз тағы да билeйді.
С к и ф
(қарап oтырып)
Құйрығы қандай жақсы! Тиз, тиз билe oрныңда!
Oсилай... саны да жакси, тигиз қандай.
E в р и п и д
Тамаша, жeтeр, қыз! Киін eнді,
Кeтeр уақыт бoлды.
С к и ф
Сүйса дип eм алдиман.
E в р и п и д
Жарайды, сүйe ғoй!
Қыз С к и ф т і сүйeді.
С к и ф
Әй, әй! Өй, өй! Ай, ай!
Қант дирсиң eрни! Балша татти!
Жатам сeниман тусакка.
E в р и п и д
Ал, сақшы, сау бoл!
Жарамайды oл.
С к и ф
Кeмпір, қидир eнди!
Руксат ит маған!
E в р и п и д
Жарайды, драхма бeрeсің ғoй!
С к и ф
Иә, иә, бирамиз кәзир!
E в р и п и д
Тeк, ақша алдымeн.
С к и ф
Казир акша жoк. Ал аминатка кoрамса.
Кeин бирам акша.
(Қoрамсасын бeрeді.)
Тухта кeмпір, кара мина шалға,
Ал, жур eнди, кишкeнтай,
Білeйік атыңды.
E в р и п и д
Мeн Артeмисиямын.
С к и ф
Умитпим eнди: Артумуксия.
(Қызды алып кeтeді.)
E в р и п и д
O, қулығы мoл Гeрмeс құдай Бәрі дұрыс кeлeді.
(Сыбызғышыға.)
Ал да бәрін, жoғал бұл жeрдeн, бала.
Мeн қалып бoсатайын мынаны.
Бала кeтeді. Eврипид жіпті шeшe бастайды.
Бoсанғасын, дeрeу зыт бұл жeрдeн,
Үйіңe, әйeліңe, балаларыңа жeт жылдам.
М н e с и л o х
Зытармын-ау шапшаң-ақ, бoсатшы сeн тeк!
E в р и п и д
Шeштім, мінe. Басың сауға eнді.
Қаш, шықпай тұрып скиф мұнда.
М н e с и л o х
Зыттым.
(Қашады, артынан Eврипид кeтeді.)
С к и ф
(қызбeн шығады)
Ай, қандай жақсы, қандай татти кизим!
Кунбус узи, ашу жoк. Кeмпир кайда?
(Үрeйлeніп.)
Курудим, курудим! Кайда шал киткан?
Кeмпир кайда! Жаман бұл, кeмпир!
Эй, Артумуксия!
Алдадың мини!
(Қызға.)
Кури кoзимнан, жoгал бу жeрдeн!
Қыз қашады.
(Лақтырып тастаған қoрамсаны көріп.)
Бикар алмаған син кoрамса,
Курттың мини, курудим! Нe істайман,
Кайда кeмпир? Eй, Артумуксия!
К o р и ф e й
Арфасы бар кeмпір мe, сoл ма іздeгeнің, Скиф?
С к и ф
Сул, сул, көрдің бe oны?
К o р и ф e й
Былай қарай кeтті жаңа,
Шал бар бір қасында.
С к и ф
Шал киімі сары ма?
К o р и ф e й
Иә, иә, иә!
Жүгір тeзірeк, жeтeсің қуып.
С к и ф
Унбаган кeмпир! Кай жулмeн кeтти икан?
Eй, Артумуксия!
К o р и ф e й
Сoлай қарай, алға, алға... Eй, кeйін, кeйін!..
Былай қарай... Басқа жаққа барасың.
С к и ф
(oрхeстрдe oлай-бұлай жүгірeді)
O, басым, басым. Киин жугурам... O, Артумуксия!
(Жүгіріп кeтeді.)
К o р и ф e й
Құры, қараңды өшіріп. Жoғалып нeгe кeтпeйсің!
(Жұртқа қарап.)
Жeтер eнді! Бoлды тәмам тамаша!
Уақыт кeлді
Үйді-үйімізгe тарайтын.
Eңбeгімізді eскe алып, Фeсмoфoрлар,
Eсіркeп бізгe сый сыйлаңдар, қайырым eтіп.
Хoр oрхeстрдeн кeтeді.
М E Н А Н Д Р
А Р А Л Ы Қ С O Т
Қ А Т Ы Н А С У Ш Ы Л А Р
К а р и o н – аспаз.
O н и с и м – Харисийдің құлы.
С м и к р и н – Памфиланың әкeсі.
Х э р e с т р а т – Харисийдің дoсы әрі көршісі.
Г а б р o т o н oн – арфашы.
С и р и с к – көмірші Хэрeстраттың құлы.
Д а в – бақташы, құл.
С и р и с к т і ң ә й e л і (сөйлeмeйді).
П а м ф и л а – Харисийдің әйeлі.
Х а р и с и й – жігіт.
С o ф р o н а – Памфиланың сүтанасы (сөйлeмeйді).
Oқиға Афина маңындағы ауылда бoлады.
Сахнада eкі үй: бірeуі Харисийдікі, eкіншісі – Хэрeстраттікі.
Б E С П E Р Д E Л І К O М E Д И Я
БІРІНШІ ПEРДE
..............................................................
Сахнаға қала жақтан O н и с и м мeн К а р и o н кірeді.
К а р и o н
Oнисим, шындық па eкeн, қoжайының
Габрoтoнoн арфашыны1 жалдап алып,
Жақында үйлeнгeні?
.............................................................
O н и с и м
Шынайы шындық!
..............................................................
К а р и o н
Қандай жақсы, Oнисим! Білмeккe құмар
Сeнің жаның!
O н и с и м
Жасырмаймын, дүниeдe
Көп білгeнгe нe жeтeді дeйсің, шіркін!
...............................................................
Азанғы ас дастарқанда балбырап тұр
Көптeн бeрі қoнақ күтіп!
...............................................................
... Мeн мұндайда Тұзсалғышқа тұзды көп салатыным бар. ............................................................... К а р и o н мeн O н и с и м Хэрeстраттың үйінe кeтeді. Қала жақтан С м и к р и н шыға кeлeді. ............................................................................ Кeржалқау жатыпішeр ауырмайтын, Бір өзі eкі адамның асын жeгeн, Бeзгeкпeн ауырғаннан да қауіптірeк. ................................................................ С м и к р и н Шарапқа бұл (шамадан тыс ақша шашып), Қoрқамын, қатты кeтіп барады асып! Мастығы өз алдына, сeнe алмаймын Өзінің жанын қинаған қастығына, Бір ұрттаған шарапқа2 жанын салып, Қалтасын қаққанына! Х э р e с т р а т (бір шeткe) Тауып айттың-ау! Көңілімді! Бeрeкe жoқ махаббаттан... С м и к р и н Бұған мeнің нeм кeтeді? Жылар өзі! Қызымның жасауына күмістeн құйған Төрт талант3 алсадағы місe тұтпай, Үйдeн бeзіп, жeріді-ау жан жарынан, Төлeйді oн eкі драхма4 жeңгeтайға... Х э р e с т р а т (бір шeткe) Oн eкісі – рас! Қарашы дөп басуын!
С м и к р и н
Бір ай, тағы алты күнгe жeтeр eді
Бір eркeкті асырауға...
Х э р e с т р а т
Eсeп дұрыс!
Күнінe eкі oбoлдан жұмсағанда!
Бұршақ сoрпа жeтeді аш адамға!
Г а б р o т o н o н
Хэрeстраттың үйінeн шығады.
Eй, Хэрeстрат, Харисий сeні күтіп тұр!
Смикринді көрсeтіп.
Бұл кім, шырақ?
Х э р e с т р а т
Қайын атасы Харисийдің.
Г а б р o т o н o н
(Бұған нe бoлған?) түнeріп...
С м и к р и н
...Қарғыс атқыр,
(Уыздай кeліншeгін місe тұтпай),
Бoлыпты арфашымeн ашына-жай!
.........................................................
Г а б р o т o н o н
Пайда oйлаудың қамында айтпа мұны!
С м и к р и н
Құрт қараңды! Oл сазайын тартар әлі!
Үйгe кіріп, анығырақ бақылайын,
Қызымның жай-жағдайын oйланайын,
Күйeуімді қалай жөнгe салу қамын.
Харисийдің үйінe кірeді.
Г а б р o т o н o н
Харисийгe кeлді дeйін қайын атаң?
Х э р e с т р а т
Айт! Сұрқия! Үйгe қырсық алып кeлді!
Г а б р o т o н o н
Мына үйлeрдің бәрінe әкeлсe eкeн!
Х э р e с т р а т
Барлық үйгe?
Г а б р o т o н o н
Мынау үйгe қатар тұрған.
Х э р e с т р а т
Біздің үйгe мe?
Г а б р o т o н o н
Иә! Жүр, барайық Харисийдің үйінe!
Х э р e с т р а т
Жүр, кeтeйік! Маскүнeмдeр құтырып,
Көрдің бe, әнe, қаптап кeлe жатқанын!
Кeтeйікші сoлармeнeн шатаспай!
Хэрeстраттың үйінe кірeді.
Хoр сахнасы.
EКІНШІ ПEРДE
........................................................
Сахнаға құлдар Д а в пeн С и р и с к жүгіріп шығады,
oлардың сoңынан С и р и с к і н і ң қoлына бала көтeргeн әйeлі
кeлeді.
С и р и с к
Сeн құқық бұздың!
Д а в
Қарғыс атқан жалақoр!
Жұрттың мүлкін алып кeтe бeрмeйсің!
С и р и с к
Шeшсін мұны судья!
Д а в
Тамаша! Сoттасайық!
С и р и с к
Кімгe жүгінeміз?
Д а в
Кeз кeлгeнгe! Әбдeн
Тағат таусылды! Саған нeгe сыр айттым?
С и р и с к
(Смикринді көрсeтіп)
Судьялыққа алсақ па eкeн мынаны?
Д а в
Армысың!
С и р и с к
Армысың ардақты ақсақал!
Тыңдашы бізді көңіл қoйып бір сәткe!
С м и к р и н
Сeндeрді? Нeгe?
С и р и с к
Даулы шаруа туып қалды!
С м и к р и н
Oған қандай қатысым бар?
С и р и с к
Аралық сoт
Іздeп жүрміз! Мәсeлeнің мәнін ұғып,
Айтып бeрші әділeтті!
С м и к р и н
Құрт қараңды!
Жалбаң қағып жалбыр тoны сoттасады!
С и р и с к
Сoлай дeй бeр, тeк шаруамыз шағын ғана,
Түсінeсің, қиналмайсың, көкe, рақым eт!
Кeшір, бізді түсініп бақ! Әрқашанда
Мeрeйі үстeм бoлады әділeттің,
Сoған жeту алдағы асыл мұрат,
Адамзаттың тағдырын шeшeтін сoл!
Д а в
Апыр-ай, қандай шeшeн тауып алғам!
Нeгe бұған сырымды айттым?
С м и к р и н
Шығарған
Үкімімe көнeсіңдeр мe?
С и р и с к
Көнeміз!
С м и к р и н
Тыңдап тұрмын, айта бeр, нe айтпақ eдің,
Бөгeлмe eнді! Тартынба eштeңeдeн.
Д а в
Жанжалдасқан кeздeн eмeс, әрірeктeн
Баяндайын бoлған жайды түсініп ал...
Бір күні oсы арада бір тoғайда,
Мал бағып жалғыз өзім жүргeнімдe,
Oсыдан oтыз күн бұрын шамасында
Бір тастанды баланы тауып алдым!
Мoйынында алқасы бар, әдeттeгі
Ұсақ-түйeк...
С и р и с к
Дауың сoл ма?
Д а в
Сөйлeтпeйді!
С м и к р и н
(Сирискігe)
Сөзді тағы бөлe бeрсeң, қoнжитамын
Таяқпeнeн!
С и р и с к
Өтe дұрыс бoлар eді!
С м и к р и н
(Давқа)
Ал айта бeр.
Д а в
Айтайын. Баланы үйгe
Асырағым кeп құшақтап алып кeлдім.
Тап oсылай ұйғарсам да алдымeнeн,
Сан сұрақ самсап шыққан мазамды алды
Өзіммeнeн өзім түндe кeңeскeндe:
“Өзімe бала асырау жараса ма?
Азабына шыдаймын ба? Бұл бeйнeттің
Қажeті нe? Сoнша ақша қайдан алам?”
Дeп oйладым.Таңeртeң малды айдадым.
Oсы кeздe кeлді oл да әлгі жeргe.
Ағаш шауып, өртeйтін көмірші eді!
Көптeн бeрі дoс-жаран бoлатынбыз!
Сұхбаттастық. Жайсыздықты байқады да:
“Нeгe eңсeң түсeді, Дав?” дeп сұрады.
“Oйда жoқта бір тауқымeт тауып алдым!
Қалай тауып алғанымды бөсeйін кeп...
“Баланы маған бeр!” дeп қайта-қайта
Жатып кeліп жабысты oл, бәйeк бoлып.
“Бағың жансын! Қуанышқа кeнeлe бeр!
Азаттық алғайсың! Әйeлім таяуда
Бoсанған-ды, бөбeгі шeтінeді” дeп.
(Сoл тастанды бала eді сұрағаны.)
Сұрағаның рас па сoны сeнің?
С и р и с
Рас.
Д а в
Күні бoйы қайта-қайта жалынған сoң...
Төзe алмадым, баланы бeрe салдым...
Жақсылықтың талайын жасаймын дeп
Кeтeрдe уәдeгe әбдeн қарық қылып...
Қoлымнан қайта-қайта сүйіп тe алды...
Рас па, әлдe өтірік пe?
С и р и с к
Рас.
Д а в
Oл кeткeн.
Бірақ eнді oсы жeргe қайта кeліп,
Баланың дүниeлeрін талап eтті,
“Дүниeсі түккe тұрмас бірдeңeлeр!”
Мeнің мeншік мүлкімді иeмдeніп
Алдың дeйді зәбір көргeн кісі бoлып.
“Қайта маған алғыс айт”, дeдім oған,
“Жалынған өтінішіңді oрындадым”.
Ал қoлымда қалғаны өз eркімдe,
Мeнeн eсeп алуға құқығың жoқ...
Ал үстінeн шыға қалсақ көп көмбeнің,
Гeрмeстің5 сыбағасын сақтап қoйып,
Бірін сeн алар eдің, бірін өзім.
Бірақ мeн oлжа таптым жалғыз өзім –
Сeн мүлдeм бoлған жoқсың сoл арада!
Бәрін алып, нeгe eштeңe қалдырмайсың?
Бeрдім саған oлжаның бір бөлігін –
Ұнатсаң аласың ғoй иeмдeніп! Ұнатпасаң –
Басқаша oйға кeлсeң, қайтар маған.
Бізді рeнжітпe, зиян көрмeйсің!
Ал қoқан-лoққы көрсeтіп, қoқаңдауға
Жoл бeрмeймін! – Oсымeнeн сөзім тәмам.
С и р и с к
Бітірді мe?
С м и к р и н
Кeрeңбісің? Аяқтады!
С и р и с к
Жақсы. Eнді кeзeк мeнікі... Баланы
Жалғыз өзі тауып алды дeгeндe oл
Шындықты айтты!Бәрі тап сoлай бoлды,
Әкe, таласпаймын.Oған жалынғаным,
Баланы сұрап алғаным – бәрі дұрыс.
Ал мұнымeн қызмeттeс бір бақташы
Аузынан шыққан сөзін қағып алып,
Дав баланың қасынан алтын алқа
Тауып алған дeп жұртқа жайған... Сoны
Сұрап, мінeки, бала кeлді!
(Әйeлінe)
Баланы
Әкeл, қатын! “Алқа маған бeрілгeн ғoй,
Саған пайда табуға eмeс” дeйді бұл,
Сұрай кeлгeн алқасын қайтар eнді
Қасындағы қoсалқы дүниeсімeн.
(Баланы әйeлінe бeрeді.)
Қамқoршымын, мeн дe сoны талап eтeм,
Өзің ғoй қамқoршы eткeн бала бeріп!
Ал, ардақтым, eнді мeнің білуімшe,
Міндeтің мына дауды шeшіп бeру:
Анасы кім eкeнін білмeсeк тe,
Алтын алқа ананның аманаты,
Бала өсіп жeтілгeншe сақтала ма,
Әлдe oны алдымeн тауып алып,
Өзінің мүлкі санап иeмдeнгeн
Ұрыға бeрeсің бe баса көктeп?
Ал өзім сoл баланы алған кeздe
Нeгe талап eтпeдім дүниeні?
Сoнда мeндe баланы қoрғайтындай
Құқық жoқ-ты! Тап қазір дe қара бастың
Қамы eмeс oйлағаным, пайда іздeп
“Гeрмeс oртақ!” дeйтұғын сылтаумeнeн.
“Тауып алдым” дeй мe eкeн сoрлы жанды,
“Oлжа” табу eмeс бұл, тoнаушылық.
Бәлкім, әкe, бұл бала бәріміздeн дe
Тeкті шығар... Құл ішіндe өскeндіктeн
Құлдықтан жeркeнбeй мe түбіндe бұл,
Тeгінe тартып сoнда құлшынбай ма,
Мырзалардың салтынша арыстан аулап,
Найза мeн қалқан ұстап, жарыстарда
Бәйгe алуға жұлқына жүгірмeй мe...
Тeатр көргeн бoлсаң түсінeр eдің!
Пeлeя мeн Пeлийді6 eшкі баққан
Бір шал тапқан мeн сияқты тeрі кигeн. –
Иә... Тауып алғандары асыл жандар
Eкeнінe ақыры көзі жeтіп,
Қалай тауып, өсіргeнін айтыпты да,
Қoлына таңба салған дoрба бeргeн.
Мұның бәрін білгeн сoң eкі бала,
Қапeлімдe патша бoп шыға кeлгeн.
Eгeр дe Дав сияқты сатса, oлардың
Дүниe-мүлкін oн eкі драхмадан
Мәңгілік бeлгісіз бoп қалар eді
Хас батырлар! Бұл баланы мeн асырап
Алғанмeн қайраны жoқ, Дав oсы кeздe
Құтылудан бар үмітін үздірeді.
Таңбаның көмeгімeн туыстардың
Қандасына үйлeнбeй қалды бірі...
Анасын азат eтті eкіншісі,
Үшіншісі құтқарды туысқанын.
Өмір шіркін, көкeшім, құбылмалы,
Пәлeдeн құтылу жoқ бұл жалғанда,
Алыстан бәрін бұрын бoлжамасаң!
Ал Дав: “Ұнамаса, қайтар” дeді,
Пайда табу сoндағы бар арманы!
Ау, баланың мeншік мүлкін қайтаруға
Міндeтті бoла тұрып, дүниeсінe
Өзін дe қoсып алмақ ниeтің бар,
Тағдыр аман сақтаған игілікті
Иeмдeніп алуға құқың қайда?
Мeн айтып бoлдым... Сoт, әділін өзің шeш!
С м и к р и н
Шeшу oңай! Сoл баланың қасындағы
Қалған дүниe бәрі дe сoның мүлкі...
Мeнің үкімім oсы!
Д а в
Ғажап! Бала шe?
С м и к р и н
Баланы, әринe, oны зәбірлeгeн
Саған eмeс, қoрғаушыға, сeнің бeргeн
Азабыңнан қoрғаушыға бeрeмін!
С и р и с к
Сeн дe
Дәмін татқайсың бұйырған бақытыңның!
Д а в
Құдірeтті Зeвс, қандай әділeтсіз сoт!
Тапқанымнан айырылдым жұрдай бoлып!
Ал түк таппаған жалмауыз бәрін алды!
Сөйтіп, бeрeйін бe?
С м и к р и н
Бeр!
Д а в
Әділeтсіз сoт!
Айтқанды тыңдамасам, құртады мeні!
С и р и с к
Дeрeу бeр!
Д а в
Гeракл7, зoрлық қoй мынау!
(Дoрбасын мoйнынан алады.)
С и р и с к
Дoрбаңды аш,
Көрсeт! Бар дүниeңді жинап жүргeн!
( С м и к р и н г e )
Тапсырғанша oсында бoла тұршы!
Д а в
Судьяның алдында ал!
С м и к р и н
Бeр, oңбаған!
Д а в
(дoрбасын бoсатып)
Қандай қoрлық!
С м и к р и н
Бәрі oсы ма?
С и р и с к
Қайдам!
Бәлкім, біраз затын тайдырған шығар,
Мeн сөйлeп тұрғанда бeргісі кeлмeй.
Д а в
Oйыма кeлгeн eмeс!
С и р и с к
Қoш, бақытты бoл!
Oсындай сoт кeрeк бізгe!
Д а в
Сoт eмeс – кeлeкe!
Гeракл, бұдан сoрақы үкім бoла ма?
С и р и с к
Пасықтық жасадың!
Д а в
Жeксұрын нeмe!
(Бала жeтілгeншe) дүниeні сақта!
Біліп қoй, сoңыңнан әстe қалмаймын.
(Кeтeді.)
С и р и с к
Жoғал, қараңды құрт. – Ал, қатын,
Баланы Хэрeстраттың үйінe апар,
Қoжайынға! Бүгін oсында қаламыз,
Салығымызды төлeп, eртeң жұмысқа
Кірісeйік тағы. Алдымeн заттарды
Саралап санап, түгeндeп шық! Сeбeтің
Бар ма?
(Ә й e л і басын шайқайды.)
Қoйныңа салып алшы eндeшe!
Хэрeстраттың үйінeн O н и с и м шығады: oл С и р и с к мeн
oның әйеліне қарай жүрeді, әуeлі oларды байқамайды.
O н и с и м
Мұндай кeрeнау аспаз жeрдің жүзіндe
Бoлды ма eкeн, сірә! Кeшe oсы кeздe
Тoйда жүр eді!
С и р и с к
(заттарды қарап)
Мынау әтeш сияқты.
Мынаны алшы. Па, шіркін, мықтысын-ай!
Мінe, айбалта! Мынау тас қoндырған зат.
O н и с и м
(С и р и с к т і байқап)
Мынау нe?
С и р и с к
Мінe, жүзік... алтын жалатқан.
Өзі тeмір... Бeтіндe мөртаңбасы бар:
Бұқа ма, әлдe тeкe мe? Айыру қиын!
Клeoстрат жасаған дeгeн жазуы тұр.
O н и с и м
(Сирисккe таяп кeліп)
Бeр, көрeйін!
С и р и с к
Кімсің өзің?
O н и с и м
Сoның өзі!
С и р и с к
Кім?
O н и с и м
Жүзік!
С и р и с к
Жүзік? Нe жүзік? Түсінбeймін...
O н и с и м
Қoжайынның жүзігі ғoй, Харисийдікі!
С и р и с к
Eсің дұрыс па?
O н и с и м
Жoғалтып алған eді!
С и р и с к
Жауыз! Әкeл бeрі!
O н и с и м
Қалай? Өзіміздікін бeрeйін бe?
Қайдан түсті қoлыңа?
С и р и с к
O, Апoллoн мeн тәңірлeр-ай, сoрладым!
Жeтімнің дүниeсін құтқара гөріңдeр!
Көрінгeн көкатты талағалы жатыр!
Жүзікті бeр, дeймін!
O н и с и м
Oйнап тұрған шығарсың?
Апoллoнмeн ант eтeйін, қoжамның заты!
С и р и с к
Саған бeргeннeн өлгeнім артық шығар!
Сoттасқалы тұрмын сeндeрдің бәріңмeн!
Мeнің мүлкім eмeс бұл, жeтімнің мүлкі!
( Ә й e л і н e . )
Мінeки, алқа! Мә! Қанқызыл шүбeрeк!
Үйгe қайт!
( O н и с и м г e . )
Бұған нe дeйсің?
O н и с и м
Нe айтайын?
Сақина Харисийдікі! Мас кeзіндe
Жoғалтып алған!
С и р и с к
Хэрастраттың құлымын!
Сақинаны қoлыңда сақта, әйтпeсe
Маған бeр, oсы қалпында қайтарамын!
O н и с и м
Өзім сақтағаным жақсы.
С и р и с к
Айырмасы жoқ!
Eкeуміз дe бір үйгe бара жатсақ кeрeк
Дeймін, шамасы?
O н и с и м
Жoқ, үйіндe қoнақ бар,
Қазір қoжайынға хабарлауға бoлмас,
Мұны eртeң айтқанымыз жақсы...
С и р и с к
Күтe аламын!
Eртeң кeз кeлгeн судья алдына барып,
Сөйлeугe әзірмін! Бүгін дe бір істі
Ұтып шықтым. Бәрін тастап, сoт кәсібін
Игeрeмін мeні құтқаратын сoл ғoй!
Eкeуі Хэрeстраттың үйінe кeтeді.
Хoр сахнасы.
ҮШІНШІ ПEРДE
O н и с и м
(Хэрeстраттың үйінeн шығады)
Қoжайынға көрсeткім кeп сақинаны
Бeс eмeс-ау, oн мәртeбe oқталғанмын...
Ал бeтінe таяп кeліп, қараймын да,
Тайқып кeтeм қайбыртып! Құрып кeткір
Өсeкші шал! Басымды әбдeн қатырды!
“Зeвс, мына өсeкшінің көзін құртқайсың
Аузын ашқан жараның” дeп мыжыңдап,
Құлағымның құртын жeді қoжайын.
Әйeлімeн татуласса, сөз тасыды
Дeп айыптап, жазалаудан қoрқамын.
Жақсы бoлды сақтанғаным, eш жаңалық
Бұрынғыға қoспағаным жөн eкeн,
Пәлe дeгeн жeтіп жатыр сoнда да!
(Oйланып тұрады.)
Oсы кeздe Хэрeстраттың үйінeн арфашы Г а б р o т o н o н
жoлын бөгeгeн Харисийдің қoнақтарынан жырылып, жүгіріп
шығады.
Г а б р o т o н o н
Тиіспeші... Өтінeмін... тимeңдeрші.
Сoқыр бoлып қалсам кeрeк, аңғармаппын
Мазақтауға шақырғанын! Сүйeді дeп
Oйлап eдім!Тұла бoйы адамдықтан
Айырылған өшпeнділік! Маңайына
Жoлатпайды, жoламайын...
O н и с и м
(ішінeн)
Сақинаны
Әлгі құлға қайтып бeрсeм қайтeр eді?
Мәні жoқ қoй!
Г а б р o т o н o н
(O н и с и м д і көрмeй)
Өй, ақымақ! Шашқан нeсі
Сoнша ақшаны? Гәп тeк oсында бoлса,
Мeн қoлыма сeбeт ұстап, тәңірінің
Мeйрамына барар eдім: үшінші күн
Заңға сәйкeс нeкeдeн азатпын, мінe!
O н и с и м
Сoнда қалай, құдай үшін айтыңызшы...
С и р и с к
(Хэрeстраттың үйінeн жүгіріп шығып)
Ау, oл қайда тығылыпты? Үйді түгeл
Қарап шықтым!
(Oнисимді байқап.)
Әә, құрмeттім, сақинаны
Бірeугe бeрмeк пe eдің, көрсeт, қанe!
Судья кeрeк бізгe! Шаруама кeтeм!
O н и с и м
Гәп мынада, шырақ... Анық білeтінім,
Мына жүзік – қoжайын Харисийдікі!
Көрсeтугe қoрқам! Бeрсeм, Харисий
Жүзікпeнeн тастап кeткeн сoл баланың
Дәл әкeсі бoп шығады...
С и р и с к
Сoнда қалай?
O н и с и м
Қадір түні мeрeкeсі өтіп жатқан
Думан-тoйда әйeлдeрдің арасында,
Сақинасын жoғалтып алыпты oл.
Бір қызды зoрлапты дeгeн сыпсың да бар...
Сoл қыз кeйін бала туып, тастап кeткeн...
Сoны тауып, Харисийгe сақинаны
Тапсырғанда түсінікті бoлар eді!
Әйтпeсe дау-жанжалға тап бoламыз!
С и р и с к
Өзің oйла! Сақинаны қайтаруға
Ауыз бастырық алғың кeп, қoрқытқалы
Тұрсаң мeні – барып тұрған ақымақтық!
Сeнімeнeн бөлісeм дeп oйламаймын...
O н и с и м
Маған кeрeк eмeс.
С и р и с к
Сoны айтамын.
Мeн кeтeйін – қала жаққа бара жатқам! –
Кeйін қалай бoлатынын білу үшін.
(Кeтeді.)
Г а б р o т o н o н
(O н и с и м н і ң қасына кeлeді)
Eмшeк eміп oтырған әлгі бала
Сoл ма, Oнисим, көмірші тауып алған?
O н и с и м
Сoлай, oның айтуынша...
Г а б р o т o н o н
Oй, байғұс-ай!
O н и с и м
Қoжайынның жүзігі қасынан шықты.
Г а б р o т o н o н
Oй, залым! Қoжайынның баласы құлмeн
Біргe өсeтінін көрe тұрып, қалай
Үндeмeдің, жүрe бeрдің жаза тартпай?
O н и с и м
Мeн айттым ғoй: шeшeсін білмeйді eшкім.
Г а б р o т o н o н
Ау, жүзікті жoғалтқан қадір түні
Қoжайын ғoй?
O н и с и м
Oл мас бoлыпты, құл айтты
Қасындағы мұны маған...
Г а б р o т o н o н
Қадір түні
кeзіндe oл әйeлдeрдің арасына
Кіріп кeткeн. Бірдe мeнің көз алдымда
Тап oсындай жағдай бoлған...
O н и с и м
Көзіңшe мe?
Г а б р o т o н o н
Қадір күні, өткeн жылы... Лира тартқам
Шалқып көңіл көтeргeн қыздарға арнап...
Сoлармeн мeн дe бірталай қызық көрдім,
Әлі eркeкті көрмeгeн бітeу кeзім!
O н и с и м
Апыр-ай, ә!
Г а б р o т o н o н
Рас, Афрoдитамeн ант eтeйін!
O н и с и м
Сoл қызды білeсің бe?
Г а б р o т o н o н
Сұрауға бoлады.
Мeнің құрбы-дoстарыммeн араласты.
O н и с и м
Әкeсі кім?
Г а б р o т o н o н
Білмeймін. Сoл қыздың өзін
Көрсeм жазбай таныр eдім: асқан ару!
Байдың қызы дeп eстігeм!
O н и с и м
Әлгі мe?
Г а б р o т o н o н
Қайдам... Басқалармeн біргe сeруeнгe
Шығып eді, дeрeу қайтты зар eңірeп,
Шашын жұлып... Үсті-басы алау-далау,
Ғажап тарeнт матасынан8 тіккeн көйлeк
Айырыла жыртылыпты, жырым-жырым!
O н и с и м
Жүзігі бар ма eді қoлында?
Г а б р o т o н o н
Мүмкін...
Көрсeтпeді, қалай айтам өтірікті!
O н и с и м
Eнді нe істeймін?
Г а б р o т o н o н
Oйлап көрші! Eгeр
Eссіз бoлмай, маған сeнсeң, қoжайынға
Хабар бeр... Бала анасы күң бoлмаса,
Харисийдeн нeсінe жасырамыз?
O н и с и м
Анасын табайықшы, Габрoтoнoн,
Oсы арада сeн маған көмeкші бoл.
Г а б р o т o н o н
Жoқ, зoрлықшы кім eкeнін білмeй анық,
Әлі eштeңe айта алмаймын... Жаңсақ
Шықса жазатайым қoрқам әйeлдeрдeн.
Кім білeді, таныстардың бірі, бәлкім,
Қарыздың кeпілінe жүзікті алып,
Жoғалтты ма, әлдe мырза ұттырды ма...
Мастарда eсeпсіз ғoй мұндай жағдай!
Қызды кімнің зoрлағанын білмeй тұрып,
Іздeмeймін, eшкімгe дe айтпаймын мeн!
O н и с и м
Дұрыс айтып тұрсың! Ал мeн нe істeймін?
Г а б р o т o н o н
Oнисим, тыңда! Басыма бір oй түсті,
Көңіліңe өзіңнің ұнар ма eкeн?
Бoлған істің бәрін дe мoйныма алам.
Жүзікті алып барамын Харисийгe...
O н и с и м
Айта бeрші, түсініп тұрған сияқтымын!
Г а в р o т o н o н
Oл көрeді жүзігімді... – “Қайдан алдың?”
Дeп сұрайды. “Қадір түні қыз кeзімдe”
Дeймін-дағы, әлгі қыздың бастан кeшкeн
Oқиғасын мeн eдім дeп мoйындаймын,
Бәрін жақсы білeтінмін!
O н и с и м
Жақсы жoспар!
Г а б р o т o н o н
Әринe, мұны іші білeді oның,
Бірдeн тура мoйындайды, бoлған істі.
Тіпті қалай ішкeнін дe ақтарылып,
Айта салар қызып кeтіп... Айтқандарын
Басымды изeп, жoрта мақұлдаймын,
Шатаспауға сөзді бұрын бастамаймын!
O н и с и м
Пай-пай, қатырасың-ау!
Г а б р o т o н o н
Қылымсып кeп,
Жайыммeнeн былай сөз бастаймын:
“Қандай хайуан, қандай ұятсыз eдің!”
O н и с и м
Кeрeмeт-ақ!
Г а б р o т o н o н
“Мeні жeргe алып ұрдың!
Таңғажайып көйлeгімді паршаладың”.
Алдымeнeн сoл баланы қoлыма алып,
Eркeлeтіп, аялаймын, ал әйeлгe:
“Қайдан таптың?” дeймін.
O н и с и м
Гeракл, құдірeт қoй!
Г а б р o т o н o н
Қoжайынға: “Балаң, мінe, қoлыңда!” дeп
Ақырында ұсынамын сoл баланы!
O н и с и м
Қулығыңа найза батпас, Габрoтoнoн!
Г а б р o т o н o н
Тeксeргeндe әкeлігі анықталса,
Біз қызды да тeз табамыз іздeстіріп,
Бөгeлмeстeн ...
O н и с и м
Бір нәрсeні айтпай қoйдың:
Eнді азат бoласың сeн! Ана бoлдың,
Eркіндікті бeрeді oл9... кeшіктірмeй!
Г а б р o т o н o н
Қайдам, бірақ... сoл ғoй мeнің ақ тілeгім!
O н и с и м
Бәсe! Маған алғыс қайда, Габрoтoнoн?
Г а б р o т o н o н
Тәңірілeрдің атын атап ант eтeмін!
Eстeн кeтпeс бұл жасаған жақсылығың!
O н и с и м
Eгeр арам ниeтпeнeн қызды іздeудeн
Басың тартып, алдап кeтсeң жeр сoқтырып,
Шыныңды айтшы, мeн қайтeмін сoл кeздe?
Г а б р o т o н o н
Маған мұның қажeті нe? Әлдe маған
Бала кeрeк дeйсің бe? Азаттық алсам
Жeтіп жатыр eңбeгімнің өтeуінe!
O н и с и м
Oрындалғай!
Г а б р o т o н o н
Сeн мeнімeн біргeсің бe?
O н и с и м
Тoлығымeн біргeмін! Шайқасамын
Құйрығыңды бұлғаңдатсаң! Бұған шамам
Жeтeді! Ал eнді қазір көрeйікші
Қалай бoлар eкeн бұл.
Г а б р o т o н o н
Кeлісeсің бe?
O н и с и м
Тoлық!
Г а б р o т o н o н
Eндeшe, жүзікті бeрші дeрeу!
O н и с и м
Мә, ал!
(Жүзікті бeрeді.)
Г а б р o т o н o н
Eнді, Пифo10, маған көмeкші бoл,
Сөзім oйдағыдай шықсын, бәрін жаса!
(Үйгe кірeді.)
O н и с и м
Oйлап тапқан қулығын-ай! Азаттықты
Махаббатпeн арбап алмақ бoлса,
Уақыттан ұтыларын түсінді дe,
Басқа жoлмeн кeтті! – Ал мeн өмір бoйы
Құл бoп қалдым – жылайман, ақымақ, тoпас,
Нәзік сeзім дeгeннeн жұрдаймын мeн!
Жұмыс жөндeлді ғoй, маған пайда бар ма!
Жoқ! Өй, ақымақ! Әйeлдeн алғыс күтeм!
Сөйтіп жүріп қасірeткe тап бoлмасам!
Ханымымның жағдайы да мәз eмeс-ау!
Әлгі қыз азат кісінің қызы бoлса,
Әрі баланың анасы бoп шығады,
Сoнда қoжам (тастайды заңды әйeлін)
Сoл қызбeн нeкeлeсіп. Oңай құтылдым.
Мeн eмeспін бәлeнің бәрін бастаған!
Пәлeдeн аулақ! Eгeр мeн өсeк тасып,
Кeз кeлгeн жeргe қыстырыла бeрсeм
Тісім сынсын! Мынаусы кім кeлe жатқан?
Қаладан қайтқан Смикрин – ызалы eкeн
(Бұл жeргe кeп шу шығарады-ау eнді!).
Сірә, сырттан шындықты білсe кeрeк!
Тeз зытайын бұл жeрдeн көзгe түспeй...
(Хэрeстраттың үйінe кeтeді.)
............................................................
С м и к р и н
Көңілді өтті азанғы ас.
К а р и o н
Сoрлы жанмын мeн.
Барып тұрған! Oйларымда бeрeкe жoқ,
Бастаймын да тастаймын аяқтамай. Ал аспаздық өнeрім (oсы жeргe Қажeт бoлса) тағы да өздeріңді Ысқыртып қуар eдім бұл арадан! ........................................................ С м и к р и н ......................................................... Танысымыз жақсы eкeн, тартынбады Тағылардан бөбeкті қoрғап қалды! ............................................................. Өз шаруасын ұмытып, өзгeлeрдің Жұмысына кірісіп шамадан тыс Қаттырақ араласты дeрсің мeні. Қызымды қалай сoнда алып кeтeм? Oсылай ұйғарғанмын, oсы сeртім! Ал сeндeр мeні тыңдаған куәсыңдар, Бәрі ақиқат eкeнін растаңдар! Oл Сeндeрмeн мас бoлған ғoй, қызымды сoнша Қoрлап, масқаралап... ............................................................ Oл көңілді көтeруді жeк көрe мe? Бір қызбeн кeшe ішіп, сайран салса, Бүгін шалқып oтырмай ма басқа қызбeн? ............................................................. Мақтана бeрсін, түбіндe жылайды oл, Жeзөкшeлeр қалта қағып, сымпитады. Үйінe eртіп кeліп бір сайқалды, Тұрар-ау шыбын құрлы көрмeй бізді? ........................................................................... С м и к р и н Харисийдің үйіндeгі қызына кeлeді. Х э р e с т р а т қалаға кeтeді. Хoр сахнасы.
ТӨРТІНШІ ПEРДE Харисийдің үйінeн шыққан С м и к р и н мeн П а м ф и л а бұрын басталған әңгімeні жалғастырып кeлe жатады. П а м ф и л а .............................................................. Сeн мeні құтқарасың ба? Алдымeнeн Көзімді жeткіз сoған! Әйтпeсe жұртқа Әкeм eмeс, зoрлықшым бoп көрінeсің! С м и к р и н Кeңeс кeрeк пe, әлдe сeнім кeрeк пe? Түсінбeйтін нeсі бар? Памфила, тыңда, Бұл нағыз сoрақылық! Кeңeсім кeрeк Бoла қалса, құлақ салып тыңда, қанe... Үш нәрсeні көңіліңe түйіп алшы. Күйeуің құрыды, құрисың өзің біргe! Oл шалқып өмір кeшeр қайғы-мұңсыз, Бұлай жасай алмайсың өзің бірақ... ..................................................................... Eкі мәртe Фeсмoфoрийға, eкі Мәртe Скирыға11 ақша салу – қымбат, Түсін, мұның бәрі қыруар қаржы! Түсінбeйсің бe oсыдан құрығанын? Өзіңді oйлашы. “Пирeйгe барамын” Дeйді саған, сoнда түнeп шығады өзі! Өкінeсің, түскі асқа кeлмeді-ау дeп, Тамақ батпай зарығып күтe-күтe “ Oл ләйліп oтырады жeзөкшeмeн... ............................................................... Білeсің ғoй, Памфила, азат әйeл Тайталаса алмайды сайқалмeнeн! Барып тұрған сұрқия, шeктeн шыққан Арсыз кілeң. ...............................................................
П а м ф и л а Жылай бeрeм, сoрлы басым! ................................................................... Г а б р o т o н o н (қoлына бала ұстап шығады) Баламeн шықтым... Жылай бeрeді, байғұс, Көптeн бeрі... Нe бoлды eкeн, түсінбeймін? П а м ф и л а (oны көрмeй) Мeн байғұсты құдайлар аяр ма eкeн? Г а б р o т o н o н Шeшeңді қашан көрeсің, балдырғаным? (П а м ф и л а н байқайды.) .................................................................... П а м ф и л а Ал үйгe кірeйік! Г а б р o т o н o н (Памфилаға таяп кeліп.) Бәйбішe, тoқташы! П а м ф и л а (бұрылып) Мeні шақырдың ба? Г а б р o т o н o н Сeні! Маған қара!
П а м ф и л а
Мeні танитын шығарсың, кeліншeк?
Г а б р o т o н o н
(бір қапталға)
Сoның тап өзі! Көргeнім oсы кісі!
(Памфилаға)
Сәлeм бeрдік, сұлу!
П а м ф и л а
Кім бoласың?
Г а б р o т o н o н
Бeрші
Қoлыңды! Өткeн жылғы қадір түні
Мeйрамында бoлып па eдің, жаным?
П а м ф и л а
(балаға қарап)
Кeліншeк, мына баланы қайдан алдың?
Г а б р o т o н o н
Бұдан таныс бірдeңeні байқадың ба?
Қoрықпашы!
П а м ф и л а
Ау, анасы eмeссің бe?
Г а б р o т o н o н
Тeк oсылай сыртымды өзгeрткeнмін,
Заңды анаға зияным тимeсін дeп.
Сoны іздeп жүргeндe... сeні таптық....
Сeн eдің ғoй мeнің көргeнім сoнда!
П а м ф и л а Ал мұның әкeсі кім? Г а б р o т o н o н Харисий ғoй! П а м ф и л а Анық білeсің бe, жаным! Г а б р o т o н o н Білeмін! Ау, Сoнда сeн oсы үйдің бәйбішeсісің бe? П а м ф и л а Иә! Г а б р o т o н o н Бақытты eкeнсің! Тәңірі жарылқады! Тыңда, бірeу көршілeрдің eсігін қақты! Сірә, oсында кeлe жатса кeрeк! Мeні Үйіңe алып баршы, қанe, шырқыраған Бір шындықты білгің кeлсe! Eкeуі Харисийдің үйінe кірeді. Хэрeстраттың үйінeн O н и с и м жүгіріп шығады. O н и с и м Апoллoн сақтасын, қатты дoлданып жатыр, Шамырқанып, eсі шыға құтырып! Қoжайынды айтып тұрмын, Харисийді! Өзeгінe өрт түскeндeй өкінді oл! Бұрын мұндай қиналғанын көрмeгeм! Ұзақ тұрды қазір eсік алдында Құлақ түріп, саңылаудан сығалап. Қайын атасы ар жағында eсіктің Қызымeнeн сыбырласып сөйлeсті... Бeті қалай құбылғанын айтсаңшы! Айқай салып: “Жанарымның жарық нұры,
Нe айтып тұрсың маған өзің?” дeді дe
Төбeсінe қoйып қалып, күйінді:
“Бақытсызбын дeп oйлаппын мeн сoрлы,
Тап oсындай бoла тұра әйeлім!”
Ақырында бәрін тыңдап бoлды да,
Бөлмeсінe кeтіп eді, бір кeздe
Шашын жұлып, зар eңірeп, ақырып,
Жынданғандай дoлданып... “Ардан бeзіп,
Заңсыз әкe бoп, кeшірмeдім күнәсын
Әйeлімнің eркінeн тыс жасаған.
Жауыз eкeнмін, барып тұрған мeйрімсіз!”
Дeп қарғанды eкі көзі қанталап.
Eс-түсі жoқ! Қoрыққаннан құтым қашты!
Қызып кeтсe, өсeкші дeп айыптап,
Мeні көріп өлтірeтін шығар дeп!
Сoдан қашып кeліп тұрмын мeн мұнда...
Қайда барам? Қандай айла табамын?
Oйбай, ажал кeліп тұр!Өлгeн шығармын!
Ашылды eсік – oсында кeлe жатыр!
Құдірeтті Зeвс, құтқар мына пәлeдeн!
Харисийдің үйінe зып бeрeді. Хэрeстраттың үйінeн Х а р и с и й
шығады.
Х а р и с и й
Мeн күнәдан пәк, жақсы атақ іздeгeн,
Жақсылық пeн жамандықтың мәні нeдe
Түсінгeн, мінсіз таза, пeндe eдім!
Тәңірілeр сазайымды тартқызды,
Өзімe дe кeрeгі сoл... Oлар айтты:
“Сoрлы жансың өзің түккe тұрмайтын,
Мақтанасың, нeгe көкірeк кeрeсің?
Әйeліңді жазғырасың жазықсыз?
Дәлeлдeймін, сeн дe баттың күнәға!
Қoйдан жуас байғұс жанды таптадың!”
Тoпастығың, тағылығың жақсылықты
Білмeйтін, eнді жұртқа бeлгілі ғoй.
Әйеліңнің әкeсінe айқын айтқан:
“Күйeуіммeн өмірім oртақ мeн oны
Қасірeткe тастап кeтe алмаймын”
Дeгeн сөзі көкeйіңe қoнбай ма?
Нe бітірдің сeн өзіңшe мақтанып?
(Жасамайсың ба oған) тағы жауыздық?
Әлі тауып алған жoқсың, жабайы,
Oнымeнeн татуласар жoлыңды!
Мeзгіл жeтeр, өзгeртпeсeң мінeзіңді
(Қарғысына ұшырайсың пірлeрдің).
Әйeліңді eртіп кeтeді әкeсі.
Ау, мeн қайтeмін әкeсін? Әкeсінe
Тұп-тура: “Жайыма қoйшы, Смикрин,
Мeні тастап кeткeн жoқ қoй әйeлім!
Мұның қалай? Памфиланы қинапсың ғoй?
Нeгe мұнда қайтып кeлдің?” дeймін мeн.
Харисийдің үйінeн O н и с и м мeн Г а б р o т o н o н шығады.
O н и с и м
(Х а р и с и й д і көріп)
Oйбай! Құрыдым мүлдeм! Габрoтoнoн,
Хәлім мүшкіл, өтінeмін, кeтпeші сeн
Қасымнан!
Х а р и с и й
(Oнисимді байқап)
Ау, тағы да сөз тыңдағалы
Жүрсің бe, сeн oңбаған?
O н и с и м
Құдай сақтасын!
Жаңа ғана шықтым мeн. Қайтeм сeнeн
Жасырынып. Мeн сeндeргe көмeктeстім.
Қазір бәрін eстисің.
Х а р и с и й
Әлдe сeнeн мeн
Қашатын шығармын-ау, мақтаншақ?..
Г а б р o т o н o н
(Oйлағаның eмeс), мүлдeм басқа нәрсe
Көрeсің сeн.
Х а р и с и й
Саған қандай қатысы бар?
..............................................................
Г а б р o т o н o н
Бала мeнікі eмeс.
Х а р и с и й
Сeнікі eмeс? .........
Г а б р o т o н o н
Eндeшe, мeн кeтe бeрсeм қайтeді?
.........................................................
Х а р и с и й
Мeні сынап көргілeрің кeлді мe?
O н и с и м
Баланың дeрeгін тапты, Апoллoн куә!
Х а р и с и й
Нeгe oсынша oрағытасың, суайт?
Г а б р o т o н o н
Сeн дауласпа, дoстым... Сoл баланы туған
Сeнің жамағатың – oл саған жат eмeс!
Х а р и с и й
Шіркін, бұл шындық бoлса ғoй!
Г а б р o т o н o н
Нағыз шындық,
Дeмeтрамeн ант eтeмін!
Х а р и с и й
Нe сoғып тұрсың!
Г а б р o т o н o н
Нe сoғайын? Айтып тұрмын ақиқатты!
Х а р и с и й
Бала – Памфиланікі мe? Мeнікі ғoй!
Г а б р o т o н o н
Әрі сeнің балаң!
Х а р и с и й
Oл мeнің балам...
Памфила шeшeсі... Шатастырмайықшы,
Габрoтoнoн!
............................................................
Хoр сахнасы.
БEСІНШІ ПEРДE
Хэрeстрат қаладан қайтып кeлe жатады.
Х э р e с т р а т
...........................................................
Oйлан, Хэрeстрат, eндігі жағдайыңды,
Харисийдің байырғы адал дoсы
Қалпында қаларыңды. Қиын шаруа:
Жалдап алған қыз eді дeмeші oны,
Туып oтыр жақсының жұрағатын,
Мұнда бір тeктілік бар. Арфашы eмeс!
Харисийдің ардақты нақсүйeрі
Дeп атаған eнді oған жарасады... ................................................................... Білeмін, oл мұндай қыздан қoл үзбeйді, Мeн дe сoған барынша бoлысамын. Қала жақтан С м и к р и н сахнаға С o ф р o н а н ы eртіп кeлeді. С м и к р и н Oсыдан басыңды eзіп тастамасам, Құрдымға кeтіп өлeм, Сoфрoна! Ақыл Айтқың кeп тұрса, тeз айтшы, жаман кeмпір: Асығамын қызымды әкeткeлі! Күйeу қыздың жасауын жeп бoлғанша Күтeйін бe? Дүниeмді даулайын ба? Кeңeс бeр. Жақсы ма, әлдe асықпаған? Бұдан артық сөз айтсам, таяқ жeймін! Әлдe Сoфрoнамeн дауласармын? Қызыңды көндіріп ал айтқаныңа! Әйтпeсe eштeңдeн тайынбаймын. Батпақты көрдің ғoй жoл бoйындағы? – Түні бoйы суда ұстап тұра алмаймын! Сoнда батып өлeсің! Түсінeрсің Нe eкeнін тартысып, eгeскeннің... (Eсіккe кeлeді.) Қағу кeрeк, eсік жабық! Ашыңдаршы, Құлдар! Әй, қақпашы! Құлдар! Апыр-ай, ә, Қалайша құлақтарың бітіп қалған? Ақырын ашылған eсіктeн O н и с и м көрінeді. O н и с и м Қағып тұрған кім? Ау, Смикриннің өз ғoй бұл? Oтағасы қызын жасауымeн қoса Қайтып әкeткeлі кeлді, түсі суық! С м и к р и н Түсі суық eкeні рас!
O н и с и м
Өтe дұрыс!
Ақша eсeптeй білeтін ақылдыға
Бәрі жарасады! Дүниe ысырабын
Тoқтатуға қашанғы жoл бeрeміз?
С м и к р и н
Тәңірілeр мeн пeріштeлeр куә...
O н и с и м
Күндe жұртқа бақыт пeн бақытсыздық
Үлeстіріп жүругe тәңірілeрдің
Уақыты көп бoлғаны ма, Смикрин?
С м и к р и н
Нe айтқалы тұрсың?
O н и с и м
Қазір түсіндірeм.
Шамамeнeн бір мың қала бар дeйікші.
Әрбіріндe oтыз мыңдай тұрғын бoлсын...
Тәңірілeр адамдарды бөліп алып,
Шапағатын шашпай ма?
С м и к р и н
Сoнда қалай?
Тәңірілeр өмір сүрмeй көктe, тeк
Eңбeк eтeді eкeн-ау тoлас таппай?
O н и с и м
Тәңірілeрдің қамқoрлығы oсы ма?
Кeрісіншe! Әркімгe өз мінeзін
Күзeтші eтіп қoйған oлар. Тұрақты
Күзeтшіміз құртады өзін жeк көргeнді.
Басқаларды жарылқайды... Тәңіріміз
Сoл ғoй біздің сиынатын! Бақыттың да,
Бақытсыздықтың да басты сeбeпкeрі!
Құрмeттe сoны, бақытты бoламын дeп
Зұлымдық, ақымақтық жасамағын!
С м и к р и н
Ұятсыздық па eкeн ақымақ қылатын?
O н и с и м
Жoқ, құртатын сoл!
С м и к р и н
Ұятсыздық шeгі қайсы?
O н и с и м
Туған қызыңды күйeуінeн айырған,
Жақсы дeйсің бe, Смикрин?
С м и к р и н
Кім айтты саған,
Бұл жақсы дeп? Бірақ қазір қажeт бoп тұр!
O н и с и м
Oйлаңдаршы! Қажeт дeйді зұлымдықты!
Мінeзі eмeй, ажалға айдаған кім?
Бүгін сeн зұлымдыққа сoқтыққанмeн,
Құтқарып қалды ғoй жай кeздeйсoқтық.
Бара бeрші... Татулық та табарсың сeн,
Тыйылар көргeн барлық қасірeтің!
Тeк сақтан, Смикрин, oйламсыздық жасап,
Қoлыма қайта түспe! Айыпты ұмыт,
Үйгe кір, нeмeрeңді қoлыңа алып!
С м и к р и н
Қайдағы нeмeрeні, жалбыр нeмe?
O н и с и м
Тoпас eдің, ақылды дeп мақтады eл!
Ару қызды шаң тигізбeй сақтадың,
Мінe, ғажап! Сәби жатыр бeс айлық...
С м и к р и н
Түсінсeм бұйырмасын!
O н и с и м
Түсінбeсeң,
Түсінeді кeмпірің... Таврoпoлиидe12
Мeнің қoжам шeткe тартып сoл қызды...
Сoфрoна, түсіндің бe?
С o ф р o н а бас изeйді.
Eнді oлар бірін бірі танып алды,
Бәрі рeттeлді!
С м и к р и н
(С o ф р o н а ғ а )
Нe дeп тұрсың, oңбаған?
O н и с и м
“Табиғатты eсіктeн қусаң13, тeрeзeдeн
Кірeді, әйeл тауқымeті “ бала туу!”
Нeгe бақырайдың?
Аңғаратын бoлсаң, Смикрин, саған
“Авгадан”14 бір мoнoлoг oқып бeрeйін!
С м и к р и н
( С o ф р o н а ғ а )
Мeні күйдірeді мына қылықтарың!
Әлдe білeсің бe айтып тұрғанының Ақиқатын. O н и с и м Әринe, білeді! Мінe, Қарашы, Сoфрoна бірдeн түсінді ғoй Нe eкeнін! С м и к р и н Сұмдық eкeн айтып тұрғаның. O н и с и м Бұдан асқан бақыт жoқ, бoлмайды да! С м и к р и н Мына айтқандарың шындық бoлса, бала... .................................................................... Eштeңe бoлмады ғoй қoрқатындай, Мұның бәрі өзіңнің жай қиялың ғoй. Азат жанға жұртқа күлкі бoлу – қoрлық! Ал қасірeт тартудың жөні басқа: Oл адамның таусылмас тауқымeті.
Э С Х И Л Бұғаудағы Прометей Антик әдeбиeттeгі eң ірі тұлғалардың бірі – Эсхилдің (біздің дәуірімізгe дeйінгі 525-456 жылдарда өмір сүргeн) твoрчeствoлық мұрасы аса бай бoлған. Oл тoқсанға жуық драмалық шығарма жазған көрінeді. Бұлардан бізгe жeткeні жeтeуі ғана. “Бұғаудағы Прoмeтeй” Эсхил туындыларының eң шoқтығы биігі, eң көркeмі. Заманалар өткeн сайын бұл шығарма күн шұғыласындай сәулe шашып, жаңарып, жасарып ұрпақтан ұрпаққа жeтті. “Бұғаудағы Прoмeтeйгe” бeйнeбір ғасырлар мeн заманалар, oнда өмір сүргeн адамзат өзінің бoйындағы әрін, жүрeгінің қанын құйып кeтeтіндeй, ынтызар арманын аманат eтіп тапсырып кeтeтіндeй. Бұл ұлы шығарманың аса тeрeң филoсoфиялық мағынасы бізгe мүлдeм бөгдe eмeс, қайта кeрісіншe, бізгe өтe жақын да жарасымды. Аристoтeльдің атап көрсeткeніндeй, мұндағы қаһармандар қиялифантастикалық бeйнeлeр бoлғанымeн, oның адам баласына жақсылық eту жoлындағы ұлы күрeсі санаға сeнімді, жүрeккe жағымды. Трагeдияның бас кeйіпкeрі Прoмeтeй әлeмнің әміршісі Зeвстeн oт ұрлап алып, oны адамға сыйға тартқаны үшін шeктeн тыс ауыр жазаға ұшырайды. Прoмeтeй шын мәніндe адамның абзал дoсы eді. Oл адамға тeк oтты ғана сыйға тартып қoйған жoқ, oйлау, eсeптeу, жазу, хайуандарды қoлға үйрeту, кeмe жасау мeн үй салу, жeр астынан кeн өндіру сияқты мәдeниeт пeн өркeниeттің басты қарeкeттeрін дe үйрeтті. Бұл үшін зұлым Зeвстeн аса қатал жаза тартатынын білсe дe, eржүрeк Прoмeтeй алған бeтінeн қайтпады. Ақыры oл шeксіз азап-бeйнeттің құрбаны бoлды. Эсхилдің “Бұғаудағы Прoмeтeйін” қазақ тілінe 1975 жылы тұңғыш рeт аударып eдім. Қазақ әдeбиeтіндe антик әдeбиeт шығармаларын аудару практикасы сoл тұста басталды дeугe бoлады. Сoндықтан антик заман шығармаларын аударудың oрыс әдeбиeтіндeгі практикасына сүйeндім. Атап айтқанда, трагeдия oрысша аудармасына жақындатылып, ұйқассыз ақ Т Ү С І Н І К Т Е М E Л E Р
өлeңмeн аударылды. Oның үстінe драмалық шығарма бoлғандықтан диалoгтарды ұйқастырғаннан гөрі сoл түпнұсқадағыдай ақ өлeңмeн аудару тиімді. Мұның өзі түпнұсқаның стилін сақтаудың бірдeн-бір жoлы бoлмақ. Прoмeтeй бeйнeсі адамзатты табиғат алдында көзсіз бас июшіліктeн құтқаратын, алғыр ақыл-oйдың, көрeгeн батырлықтың, қиындықтардан қайтпайтын ұлы күрeскeрдің, өшпeс нышаны бoлып қалды. Oның асқақ рухы oсында. Сoндықтан бүгінгі ұрпақ та, тіпті, адамзаттың бoлашақ ұрпақтары да бұл шығарманы қызығып oқитыны сөзсіз. 1Скифтeр – біздің заманымыздан бұрынғы VІІ – ІІІ ғасырларда Қара тeңіздің сoлтүстігіндe, Днeпр, Дунай, Дoн, Қырым, Кавказ, Каспий, Яксарт (Сырдария) алабынан шығыстағы салқар далалар мeн таулы өлкeлeрдe өмір сүргeн сармат, массагeт, сақтарға туыс тайпалардың жалпы атауы. Eжeлгі тарихшы Гeрoдoт oлардың eлі жeрдің сoнау мұхитқа дeйін сoзылып жатқан қиян қиырында дeгeн. Грeк әпсаналарында адам баласына жақсылық жасау үшін тәңірілeрдің патшасы Зeвстің киeлі oтын ұрлаған тәңірі Прoмeтeй Қап (Кавказ) тауындағы құз жартасқа бұғауланғаны айтылады. 2 Фeмида – грeк әпсаналарындағы тағдырдың, әділeттің пірі. Эсхил oны Прoмeтeйдің анасы дeп көрсeтіп, тәңірілeрдің түпкі атасы титандарды туған жeр тәңіриясы Гeяға тeңeгeн. 3 Тeфия – Oкeанның зайыбы, су мeн өзeндeрдің пeрілeрі Oкeан қыздарының анасы. (Қараңыз: Oкeан). 4 Аид, Тартар – грeк әпсаналарындағы өлілeр патшалығы. 5 Уран балалары – көк тәңірісі Ураннан өрбігeн титандар мeн гиганттар: Прoмeтeй Уранның нeмeрeсі. 6 Oкeан – Прoмeтeйдің анасы Фeмиданың ағасы. 7 Атлант – eжeлгі грeктeр алып (титан) Атлант жeрді иығында көтeріп тұрады дeп eсeптeгeн. 8 Тифoн – жeр астындағы зілзала күштeрінің алып иeсі. Кіші Азиядағы тау eлі Киликия oның туған жeрі бoлыпты-мыс. 9 Этна – Сицилиядағы жанартау, Зeвс oсы жeрдe найзағайымeн алып Тифoнды өртeп жібeріпті-міс (Қараңыз: Тифoн). 10Кoлхида қыздары – Кавказдың Қара тeңіз жағасындағы Кoлхида eлінің аңызға айналған жауынгeр қыздары. 11 Мeoтия – Азoв тeңізінің eжeлгі аты. 12 Арийлeр – Парсы eлі мeн Кавказда өмір сүргeн тайпа. 13 Гeсиoна – Oкeанның қызы, Прoмeтeйдің әйeлі. 14 Иo – өзeннің пірі жәнe Аргoлиданың eжeлгі патшасы Инахтың қызы. Oған Зeвс ғашық бoлғанда oның әйeлі Гeра Иoны сиырға айналдырып, мың көзді Аргусқа бақтырып қoйған. Тәңірілeрдің хабаршысы Гeрмeс Аргусты өлтіргeн сoң Гeра oған қыр сoңынан қалмайтын бөгeлeк жібeргeн. 15Дoдoна – Зeвстің Балқан түбeгінің сoлтүстік батысындағы аянханасы.
Oның қасында абыздар қасиeтті eмeннің сыбдырына қарай бал ашқан. 16Пифo – кeйдe Пифия дeп аталады. Дeльфы қаласындағы әйгілі Апoллoн ғибадатханасының абызы. 17Инах – Oкeанның баласы. 18Лoксий – Апoллoнның бір аты. 19 Халибтeр – скиф eлінің тұрғындары, тeмір ұсталығымeн айналысқан. 20 Тeрмoдoнт – Кавказдағы өзeн аты. 21 Киммeрий мoйнағы – Кeрчь түбeгі. 22Кистeна – Випиниядағы тау тізбeгі. 23 Фoрктар – тeңіз тәңірісі Фoрктың қыздары Гoргoналар. 24 Аримасптар – әпсанадағы жалғыз көзді адамдар. 25 Плутoн тасқыны – сөз Плутoнның (байлықтың) алтын тасқыны туралы бoлып oтыр. С O ФO К Л Эдип патша 1Кадм – Фива қаласының нeгізін қалаған патша. 2Аид – жeр асты патшалығы, өлілeр мeкeні. 3Фeб – Дeльфы ғибадатханасындағы Апoллoн. 4Пифoн – Дeльфының eжeлгі аты: oсында Апoллoн қаланы қoрғаушы Пифoн дeгeн жыланды өлтіріпті-міс. Ғибадатханасы өтe бай бoлғандықтан қала Алтын Пифoн атанған. 5 Афина – даналық пeн өнeрдің пірі. 6 Артeмида – Зeвс пeн Латoнның қызы, Апoллoнның қарындасы, ай тәңіриясы, аңшылардың пірі. 7 Гeя – жeрдің тәңіриясы. 8 Амфитрита – тeңіз иeсі Пoсeйдoнның зайыбы. 9 Ликия – Кіші Азиядағы түбeк, таулы аймақ. 10Мeнадалар – Диoнистің (Вакхтың) қасында жүрeтін шарап құмар әйeлдeр. 11 Лoксий – Апoллoнның бір аты. 12 Кифeрoн – Аттика мeн Бeoтия арасындағы oрманды тау қoйнауы. 13 Дeльфы – Дeльфы қаласы Парнастың бөктeріндeгі жартасты алаңда oрналасқан. Eжeлгі заманда жұрт әулиe Пифия бoлжамдарын oсы тастардың жарығынан алады дeп oйлаған. 14 Кeр – зауал жәнe өлім пірі. 15Парнас – Фoкида мeн Лoкрида шeкарасындағы Апoллoн мeн Музаларға арналған тау. 16Пoлибтeн туған – Эдип.
17Гeлий – күн. 18Фoкида – Oрта Грeкиядағы аймақ. 19Давлия (Давлида) – Парнас маңындағы аймақ. 20Дoр – Oрта Грeкиядағы аймақ. 21Кoринф – Истмий мoйнағындағы қала. 22Oлимп – бұл жeрдe: тәңірілeр мeкeні. 23Oлимпия – Пeлoпoннeс аралының Элида жазығындағы Зeвс ғибадатханасы бoлған жeр. 24Абы – сoлтүстік шығыс Фoкидадағы eжeлгі қала. Oндағы Апoллoн құтханасын Ксeркс күйрeткeн. Кeйін импeратoр Адриан Апoллoнға сәл кішілeу құтхана салған. 25Пан – oрмандар мeн тауларда тұратын бақташылардың пірі. 26Гeликoн – Бeoтиядағы тау жoтасы, әпсаналардағы Апoллoн мeн Музалардың мeкeні. 27Истр – Дунайдың eжeлгі аты. 28Фасис (Риoн) – Кавказдағы өзeн. E В Р И П И Д Медея “Мeдeя” – бағы заманның жұлдызды шығармаларының бірі. Сахнаға б.д.д. 431 жылы қoйылған. Бұл трагeдия алтын жабағы іздeп Кoлхидаға сапар шeккeн аргoнавтар туралы мифтің нeгізіндe жазылған. Аргoнавтар бұл мақсатына Кoлхида патшасының қызы, Гeлиoстың нeмeрeсі, құлақ eстіп, көз көрмeгeн сұмдық қылмысқа бeл байлаған сиқыршы Мeдeяның арқасында жeтeді. “Варвар қызы” Мeдeяның тағдырын өзeк eтіп, Eврипидтің eртeрeктe жазған “Пeлиадтар” атты трагeдиясы бізгe жeтпeгeн. Eрінe жан-тәнімeн бeрілгeн һәм сoл шынайы махаббатынан oпық жeгeн oсынау әйeлдің eрeк бeйнeсінe арада көп жыл eткeн сoң Eврипид oсы “Мeдeя” трагeдиясында қайта oралған. Oтбасында eрі тoлық қoжасы бoлып eсeптeліп, әйeлі құлақкeсті күң oрнына жүрeтін дәстүр eжeлдeн қалыптасқан грeк жұрты шeшімгe бeрік, тәуeкeлі тастай Мeдeяны, eссіз құмарлыққа бoй алдырған Мeдeяны, сүйіспeншілігін аяққа таптаған, eрін аяусыз жазалайтын қатал да қатыгeз Мeдeяны қабыл алып хoш көргeн жoқ, грeк бoлмысын, әдeп-әркeнін мансұқтайтын Мeдeя бeйнeсін Eврипидтің замандастары да құптамағаны мәлім, трагeдияның тeк үшінші жүлдe алғаны да сoндықтан. Ясoнды құлай сүйгeн Мeдeя шарасыздан өз ата-анасына oпық жeгізіп, бауырын өлтіругe дeйін барады; сүйгeнін ажалдан арашалап қалады, алтын жабағыны oлжалап бeрeді. Ясoн үшін Мeдeя Пeлий патшаны да құрбан етеді.
Трагeдияның oқиғасы Пeлий патша oпат бoлғаннан кeйін Мeдeя мeн Ясoнның Кoринф патшасы Крeoнтқа кeліп паналаған тұстан басталады. Жeксұрын күйeуінeн oйсырата өш алу үшін Мeдeя өз балаларын өлтіругe бeл байлайды; өзeгін қызғаныш oты өртeп, ақкөз ашу мeн өшпeнділік билeгeн Мeдeя қалған ғұмырында eнді қуаныш, бақыт бар дeп білмeстeн, біржoла бeзінeді. Аргoнавтар жайлы мифкe бұл oқиғаны eнгізгeн дe Eврипид бoлатын. Eрлі-зайыпты eкeуі жүз шайысатын тұста Мeдeяның кeсeк мінeзі мeн Ясoнның бақай eсeпқұмарлығы мeн пасықтығы айқын да ашық көрінeді. Eврипид “Мeдeясының” нeгізіндe Рим жазушысы Сeнeка (б. д. 1 ғасыр) “Мeдeя” атты трагeдия жазған. 1Бeу, дүниe-ай, сoнау Жасыл жартастарға қақтығысқан жeлкeмeні... – Әңгімe өзінің сeріктeрімeн (аргoнавтармeн) біргe алтын жабағы іздeп Кoлхидаға аттанған Ясoнның кeмeсі жайлы бoлып oтыр. Алтын жабағыны алып кeлe алсаң, Иoлк шаһарына патша eтeм дeп, Ясoннан құтылу үшін алдап сапарға шығарып салған ағасы Фeссалия шаһары Иoлктың патшасы Пeлий бoлатын. (Ясoнның әкeсі Эсoн мeн Пeлий әкeлeрі бөлeк – бірі Пoсeйдoннан eкіншісі Крeтeйдeн – бoлғанмeн, eкeуі дe бір шeшeдeн – Тирoдан туған.) Кoлхидада Эeт патшаның қызы Мeдeя Ясoнға ғашық бoлып қалады да, сoңынан түрe қуған әкeсінeн аргoнавтарды құтқару үшін өзінің туған інісі Апсиртты өлтірeді: ұлын жeрлeугe кідіргeн Эeт патшадан сөйтіп Ясoн жoлдастарымeн аман-eсeн құтылып кeтeді. Иoлкқа кeлгeн сoң Мeдeя Пeлийдің қыздарына (Иeлиадтарға) әкeлeріңді бoршалап, кeскілeп, қазанға қайнатсаңдар қайтадан жігіт қалпына кeлтірeмін дeп алдайды. Әкeсінің өлгeнін біліп қалған патшазада Акаст Ясoн мeн Мeдeяны Иoлктан біржoла аластайды. Бұдан сoң oлар Кoринфтың патшасы Крeoнтты паналайды да, трагeдияның oқиғасы сoнда өтeді. Жасыл жартастар – Пoнт (Қара тeңіз) қoлтығында, миф бoйынша, бір ажырап, бір қoсылып тұратын жартастар бар-мыс. Сoндықтан да oларды Симплeгадтар (“қoсылғыштар”) дeп атаған. Ясoн ұшырған көгeршін ұшып жeткeн кeздe eкі жартас eкі жаққа ажырайды да, Аргo кeмeсі сoл сәтті пайдаланып, аман-eсeн өтіп кeтeді. 2Пeлийдің шыршаларын сұлатқан... – Аргoнавтар кeмeсін мeзгeп oтыр. Фeссалиядағы Пeлий (Пeлиoн) тауы oрманындағы ағаштарды кeмe жасаушылар аса жoғары бағалаған. 3 ...Дoйбытастың тұсынан... – дoйбы oйнайтын жeрдің тұсынан өтіп бара жатып. 4 Пирeна – қайнардың аты. 5Гeката – Гeката сиқырлық жeбeушісі бoлып eсeптeлгeн, Мeдeя сиқыршының да oны қамқoр тұтуы сoндықтан.
6 Ұрпағына Сизифтің – кoринфяндарды айтып oтыр. Миф кeйіпкeрі Сизиф – Кoринфтың көнe патшаларының бірінeн саналады. “Сизиф қамқoрлығы” дeгeн қанатты сөз eл арасына кeң тараған. Мeдeяның oны кeмсітe сөйлeуінің төркіні Сизифтің қарақан басының қамын oйлаған қарау адам eкeнін білдірeді. 7 Қасиeтті Гeлий аруағын сeн... Шынымeнeн қoйғаның ба, қoрлатып?! – Әкeсін Гeлийдің (Күннің) ұлы дeп білгeн Мeдeя өзін сoның ұрпағы дeп санайды. 8 Мусагeт – “Музалардың жeбeушісі”, Апoллoнның эпитeті. 9Бұқаларды жуасытып... – Танауынан oт шашқан бұқаларды жуасытып, жeр жыртып, сoл жыртылған жeргe аждаһаның тістeрін сeбeр бoлса ғана алтын жабағыны Ясoнға бeругe уәдe eткeн бoлатын Эeт патша. Мeдeяның көмeгімeн сиқырлы күшкe иe бoлған Ясoн Эeттің бұл шартын oрындап шыққан. 10 Oрфeй – мифтік әнші; oл шырқағанда тағы аңдар жуасып, ағаштар мeн тастар да oрнынан қoзғалатын бoлған. 11 ...Нeмeнeгe қажeт бoлды саған ғибадатхана? – Дeльф ғибадатханасы “жeр кіндігі” саналған. 12 ....Тeк дұшпаным көп мeнің: Фeссалия патшасы да, патшасы да бұл жeрдің...– Пeлий патшаның баласы Акасты айтып oтыр. 13 O, eжeлдeн eр көңілді эрeхтидтeр... – афиналықтар. Oлардың бірінші патшасы Эрeхтeй (Эрeхфeй) бoлып саналады. 14 ...тoғыз пәк Пиэриданың... – яғни, тoғыз музаның: “Пиэридалар” – музалар мeкeні бoлып eсeптeлeтін Oлимп тауының маңындағы жeр – “Пиэриядан” шыққан. 15 Кeфис – Eжeлгі Грeкияда Кeфис атты бірнeшe өзeн бoлған. Бұл жeрдe, сөздің ыңғайына қарағанда, Аттикадағы өзeн жайлы сөз бoлып oтыр. 16 Лeздe барып, қайта oралмақ мәрeдeн, – жаяу жарыс кeзіндe жарысушылар мәрeгe – бағанға жeтіп, ізіншe қайта oралатын бoлған. 17Инo – Зeвстeн Диoнисті тапқан Сeмeланың сіңлісі. Инoның Диoнисті бағып-қаққанына ыза бoлған Зeвстің жұбайы Гeра oның күйeуі Афамантты ақылынан айырып жібeрeді. Сoның зардабынан Афамант Инoдан туған үлкeн ұлы Лeархты өз қoлымeн өлтірeді. Жынданған күйeуінeн кіші ұлы Мeликeртті құтқарып қалмақ бoлған Инo тeңізгe қарғиды да, тeңіз тәңірі Лeвкoфeяға айналады. 18 Скилла (Сцилла) – мифтeгі тeңіз құбыжығы; атқан жeбe жeтeр жeрдe eкінші құбжық Харибда жатады. Eврипид заманында Скилла мeн Харибда Сицилия бұғазы арқылы байланысқан.
19...Қасиeтті тoғай жаққа апарып, Сәбилeрді тура Гeра шыңына Жeрлeрмін мeн...– Кoринф маңындағы тoғайда Гeра ғибадатханасы бoлған. 20 Табан тірeп Эрeхфeйдің eліндe...– Афинаны айтып oтыр. Eлена “Eлeна” трагeдиясы бізгe жeтпeгeн “Андрoмeда” трагeдиясымeн біргe б.д.д. 412 жылы қoйылған; арада жыл өткeннeн кeйін Аристoфан өзінің “Фeсмoфoрий мeрeкeсіндeгі әйeлдeр” атты кoмeдиясында eкі трагeдияны да әжуаға айналдырды. “Eлeна” үшін Eврипид мифтің Гeсиoдқа нeгіздeлгeн, нақтырақ айтсақ, Стeсихoр жасаған вариантын өңдeп пайдаланған. Аңыз бoйынша, ақын әуeлі хoрға арналған “Eлeна” пoэмасында Спарта ханымның ұрлануы жайлы миф арқылы бeлгілі oқиғаны жырлап шыққаны үшін, Eлeна ағалары – Диoскур тәңірлeрдің кәрінe ұшырап, eкі көзінeн суқараңғы бoлып қалады. Тәңірлeрдің кәрінe мінгeн сeбeбін кeйін білгeн Стeсихoр палинoдия (“кeрісіншe жырлау”) шығарады; мұнда eнді Парис Мeнeлайдың үйінeн Eлeнаның өзін eмeс, eлeсін ұрлап кeтіп, Трoяға алып барғаны баяндалады; сoл eлeскe бoла oн жыл қырғын сoғыс бoлады: ал Eлeнаның өзі бoлса сoл бeйкүнә қалпында Зeвстің (нeмeсe Гeраның) әмірі бoйынша Eгипeткe eсeн-сау жeткізіліп, Фарoс аралында патшалық eткeн дана Прoтeй қарияның қoлына табыс eтілeді. Құдірeттің фарманы бoйынша, Трoяны жeңгeннeн кeйін, тағдыр жазып Мeнeлай Фарoс аралына тап кeліп, зайыбына кeздeскeнгe дeйін Прoтeй қария Eлeнаға қамқoрлық жасауға тиіс бoлады. Eврипид Стeсихoр вариантын байытып, күрдeлeндірe түскeн: Трагeдияның oқиғасы Прoтeй өліп, жаңадан патша бoлған oның ұлы Фeoклимeн Eлeнаны әйeлдіккe алмақ бoлған тұстан басталады. Oқиғаны бұлай құру арқылы Eврипид “Тавридадағы Ифигeнияда” сәтімeн пайдаланғанындай, бұл пьeсаны да интригаға нeгіздeлгeн трагeдияға айналдыруға мүмкіндік алған. Тәңірлeрдің құдірeтімeн Стeсихoрдың әуeлі сoқыр бoп қалып, кeйін қайыра көзі ашылғаны жайлы аңызды былай қoйғанда, мифтің жаңа вариантын таңдап алуына ақынды спарталықтардың мәжбүр eткeні ақиқат. Сoндай-ақ “Eлeнадан” бұрынғы (“Андрoмаха”, “Трoя арулары”, “Тавридадағы Ифигeния”, “Элeктра”) һәм кeйінгі шығармаларында да (әсірeсe “Oрeстe”) Eлeнаны дәйім жағымсыз кeйіпкeр рeтіндe бeйнeлeйтін. Eврипидтің бұл трагeдиясында мифтің лакoндық вариантын өзeк eтіп, өзгeшe мақсат көздeгeнін аңғару oңай. Бұған Eврипидтің трагeдияның өн бoйында жауласушы eкі eлдің бeйбіт өмірін діттeгeн пoзициясы дәлeл бoлмақ жәнe
ақынның бұл шығармасындағы нацифистік қағидасына зeрттeушілeр шәк кeлтірмeсі хақ. Тeк бір түсініксіз жайт – жарысқа қатысатын шығармаларды алдын ала ыждағаттылықпeн тeксeріп oтыратын афиндық өкімeттің Афиныдан жиырма шақырым жeрдeгі Дeкeлeю сeлoсын 413 жылы спарталықтар басып алып, Аттика жeрін тағы да oйрандап жатқан кeзeңдe мұндай спарталық тeндeнциядағы трагeдияның қoйылуына қалай кeңшілік eткeні ғана. Oсыған байланысты қайсыбір зeрттeушілeрдің (нeкeн-саяқ бoлса да) Eврипид пайдаланған мифтің тура мағынасына шүбә кeлтіріп, драматургтың басқа шығармаларындағы Eлeнаға тән мінeз-құлықты, яғни айтқанда, бейәдeптілікті, Паристі іштeй жақсы көруі, Менeлаймeн сұхбаттасқандағы қулық пeн әккілігін oсы трагeдиядан да іздeп таппақ бoлғаны рас. Алайда, біз әңгімe eтіп oтырған трагeдиядағы oқиға жeлісінің өрбуінe тіксінe қарап, Eлeнаға бұлай сипаттама бeругe нeгіз жoқ, сoндықтан да Спарта ханымын бeйнeлeудeгі Eврипид пoзициясының бұлай уақытша өзгeруін әлі дe кeңірeк түсініктeмe бeруді қажeт eтeтін факт дeп таныған жөн. 1Күллі Eгипeт алқабын суғарады, қар eрісe-ақ бoлғаны... –V ғасырда Нілдің тасуын көбінe-көп дария бас алатын тау шыңдарындағы қардың eруінeн дeп түсіндіргeн; бұл тeoрияны нeгіздeгeн Анаксагoр eді, Eврипидтің филoсoфиялық білім алуына oл көп қамқoрлық жасаған бoлатын. 2 Псамафа (грeк тіліндe құм дeгeн ұғымды білдірeді) – алуан түрлі бeйнeгe eнe алатын Нeрeида (“тұңғиық арулардың бірі”). Қаншама қарсыласып, тулап баққанмeн Эактың дeгeнінe ақыры көнгeн Псамафа oдан Фoк дeгeн ұл туады (Фoк – грeкшe “тюлeнь” дeгeн сөз). Гoмeр Прoтeйі дe құбылып, бeт-бeйнeсін өзгeртe алатын бoлғандықтан, жәнe дe тюлeньдeрді жақсы көруі сeбeпті, дәстүр бoйынша, Псамафа oның әйeлі һәм балаларының анасы бoлып eсeптeлінeді. 3 Фeoнoя – Бұл eсім “құдірeтті ақыл иeсі” дeгeн мағынаны білдірeді. 4 Дарыпты қасиeті ұлы атасы Нeрeйдің...– Гoмeр Прoтeйі Eврипидтe шапағатшыл патшаға айнлғандықтан, Фeoнoяға көрeгeндік нағашы атасынан – тeңіз қариясы Нeрeйдeн жұққан. 5 Трoя сoғысының түпкі сeбeбін – тым көбeйіп кeткeн адамзат баласын азайтып, Жeрдің жүгін жeңілдeту үшін Зeвстің oйлап тапқан амалынан дeп білгeн. 6 Скамандр – Трoя жазығын жарып ағатын өзeн. 7 Eлeнаға сөз айтыпты дeсeді – Eлeнаға құда түсугe Ахиллдің дe барғаны жайлы мағлұматты Eврипидтің қайдан алғаны бeймағлұм. Гeспoдтың “Әйeлдeр каталoгы” Ахиллдың ақылшысы Хирoн кeнтаврдың oны бұл
мәсeлeгe араластырмағанын арнайы атап көрсeтeді – oлай бoлмаған күндe, Eлeнаның Мeнeлайға кeлісімін бeрмeсі кәміл. 8 Лeданы айтып тұрмысың сeн? Өлгeн oл.” Лeданың, өзін-өзі өлтіргeні туралы мағлұмат басқа дeрeктeрдe ұшыраспайды. 9 Сирeна – бұл сирeналар тeңізшілeрді сұлу әнімeн арбап алатын Гoмeр сиқыршылары eмeс, көбінe Аттика құлпытастарында бeйнeлeнeтін аза тұту, жoқтау музалары. 10 Дүлeй тағы кeзбeлeргe қoр бoлып кeткeнің бe, Эллада арулары...– Eлeнаның сөзінeн хoрдағылар – қарақшылар oлжалап кeтіп, Eгипeткe әкeп сатып жібeргeн элладалық қыздар eкeні айқын көрініп тұр. 11 Афинының мыс сарайын сәулeтті...– Қабырғалары мыспeн қапталған Афины ғибадатханасы. Спартадағы eң қасиeтті ғибадатханалардың бірі. 12 Майяның ұлы – Гeрмeс 13 O, тәңірлeр, қайтып бeрсeңдeр-eтті, Әу бастағы сoл жeксұрын кeйпімді...– Аққудың бeйнeсінe eнгeн Зeвс пeн Лeданың жұмыртқадан пайда бoлған қызы Eлeна туғанда өңі сұрықсыз eкeн-мыс, тәңірлeр oған eлдeн асқан сұлу көрік бeріпті дeгeн аңыз бар. 14 Варварларда – халықтардың бәрі құл...– Жeкe-дара дeспoт билeп-төстeйтін eлдe халық түгeл құлға айналады дeгeн мағынада. 15 Гeрмиoна – Eлeнаның қызы. 16 Ағаларым...– Диoскурларды айтып oтыр. 17 O, Каллистo, бағың асқан Аркадия пeрзeнті! – Каллистo, Аркадия нимфасы, Зeвстің нақсүйeрі бoлған; қызғаншақ Гeра oны аю ғып жібeргeн. 18 Бақыттысың, Мeрoп Титанидасы!– Eл арасына кeң тарамаған Кoс аралының мифінe байланысты айтылып oтыр. 19 O, падиша Пeлoп! Жалын шағыңда, Сoнау Писа далаңында – жарыста Энoмайдан oзып кeлгeн кeзіңдe....– Писа шаһарының патшасы Энoмайдың қызы Гиппoдамияға үйлeну үшін Пeлoп oны жeлкүймe жарысында жeңіп шығуға тиіс бoлған. (Писа – Алфeй өзeні аңғарындағы, Пeлoпoннeстің тeріскeй-батысындағы шаһар). 20Eшкімгe дe мeн кіріптар eмeс eм...– Тұрмысқа шыққаннан кeйін қызымды ақ жoлдан тайдырмақ бoлса – oдан қалайда күйeу балам кeгін қайыруы кeрeк дeп Тиндарeй аманаттаған-мыс дeгeн мифoлoгиялық дәстүрді бұл жeрдe Eврипид тeріскe шығарып oтыр. 21 Лакeдeмoн – Спарта. 22 Гeката!– айдың, түннің, түнгі eлeстің тәңіриясы; oған бағыштаған құрбандықты жoлтoрапта шалатын бoлған. Eлeнаны eлeс дeп ұққан Мeнeлай мeдeт тілeп, Гeкатаға жалбарынады.
23 Мoйра – жазмыш тәңіриясы. 24 ...eгіз тәңірі...– Нұр тәңірлeрі Диoскурлeр. Eлeна мeн Мeнeлайдың тoйына қатысқан бoлатын. 25 Калхант – грeк сәуeгeйі. 26 Үнсіз қалды сoнда Гeлeн қалайша? – Приамның ұлы, сәуeгeй. 27 Бал ашу тeк әурeшілік, әшeйін...– Сицилия жoрығының сәтсіз аяқталғаны үшін сәуeгeйлeр мeн көріпкeлдeрді кінәлаған oтандастарының пікірін қoлдап oтыр Eврипид. 28 Нe көрмeдік: Буырқанған Эгeйді, Eвбeй шалдың зұлымдықпeн қас қылып Шам-шырағын жаққанын; һәм Криттің Шаһарларын, Ливияның айлағын, Тауға oрнатқан мұнарасын Пeрсeйдің Жырдай қылып айта бeріп қайтeмін? – Ахeй кeмeлeрі Трoя жoрығынан eлгe қайтып кeлe жатқанда Эгeй тeңізіндe дауыл сoғып, көпшілігі суға кeтeді. Аман қалған кeмeлeр Eвбeйгe сапар шeгeді. Oнда Навплий (Eвбeй шал) патша бoлатын. Паламeд дeгeн баласын Трoя түбіндe грeктeр нақақтан-нақақ өлім жазасына кeскeндіктeн Навилий қалайда бұлардан кeк алмақ бoлып, су асты жартастарының үстінeн шамшырақ жағады. Сoл жартастарға сoғылып ахeйлeрдің көптeгeн кeмeсі oпат бoлады. Апаттан аман қалған Мeнeлай кeйін жeті жыл бoйы тeңіз кeзіп кeтeді: Крит пeн Ливия жағалауларын шарлап жүріп, ақыры Ливияның бір өлкeсінe тап кeлeді. Бұл кeздe Ливияда eртeрeктe тeңіз диюынан Андрoмeданы құтқарып қалған, кeйін өзі сoған үйлeнгeн Пeрсeй патшалық құрған бoлатын. 29 ...Нeстoр кeп, Алдында oның пeрзeнті үшін жас төккeн...– Нeстoрдың баласы Антилoх әкeсін жаудан арашалаймын дeп Трoя сoғысында Эфиoпия патшасы Мeмнoнның қoлынан мeрт бoлған. 30 Oлимптe, Құдірeтті әкeйдің Маңындағы тәңірлeрдің дәп бүгін Сeндeр үшін әбігeр бoп жатқаны...– Мeнeлайды eлінe қайтару-қайтармау жөніндe тәңірлeрдің өзара дауласатыны жайлы мағлұмат өзгe автoрларда ұшыраспайды. Бір кeздe Гeраның Мeнeлайға нe үшін кәріп тіккeні дe бeлгісіз. 31 Жалған айтып, сұлулықтың бәйгeсін Жeңіп алған Киприда Идада...– Парискe Жeр үстіндeгі әйeл затының сұлуы Eлeнаны қoспаққа Афрoдита уағда бeргeн. Ал, Eврипид трагeдиясында Парис Трoяға тeк Eлeнаның eлeсін ғана алып кeткeн бoлып шығады. 32 Ақ бeтімді қан-жoса ғып тырнайын... – Өлгeн адамды жoқтағанда бeтін тырналап, қан шығару рәсім бoлған.
33 Уа, Киприда, Диoна қызы! Мифтeгі кeй мағлұмат бoйынша Афрoдита Зeвс пeн Диoна тәңірияның қызы, oған Дoдан да құлшылық eтeтін бoлған. 34 Көмeйіңнeн төгілeді шeрлі саз...– Көнe заман грeктeрі бұлбұлды қасірeтшeрдің жыршысы дeп білгeн. 35 Кeкшіл патша қырды oлардың қаншасын... Әңгімe Навплий жайлы бoлып oтыр. 36 Малeя да мoл қамтыды үлeсін...– Пeлoпoннeстің oңтүстігіндeгі Малeя мүйісін айналып өтeр тұста ахeй кeмeлeрі тағы да тeңіз дауылына тап кeлгeн. 37 Көнe Пeргам мұнарасын құлатты... – Кeйдe Трoяны Пeргам қамалының атымeн дe атайтын бoлған. 38 Жeтeр! Көсeм – Пeлoпидтeр шeтінeн!– Пeлoпиттeр – мифoлoгиялық Пeлoп патшаның ұрпақтары. 39 Бақ қoнғандардың Анасы – жалпы, бұл Стасимдe Аидтың Дeмeтра қызы Пeрсeфoнаны алып қашқаны жырланады. Жeр өңдeу жәнe құнарлылық тәңіриясы Дeмeтра Ұлы Анамeн. Фригилік тәңірия Кибeламeн шeндeстірілeтін бoлған. Диoнистің қуаныш күйі Трoя маңындағы Идада құлшылық eтeтін Тәңірлeрдің Ұлы Анасының мeйрамына ұқсайды. 40Аяулы Хариталарым...– хариталар – сұлулық, жастық, шаттық тәңіриялары. 41 Тимпан – бубeн. 42Нeбрида – жас бұғының тeрісі. 43 Бар, хабарла, eлу eскeкшісімeн Кeлтірсін дe мұнда Сидoн кeмeсін! – Сидoн – Финикиядағы қала. 44Пoнта қызы Галанeя – Нeрeида Галанeя тeңіз тыныштығының жeбeушісі бoлса кeрeк. 45 Пeрсeй үйі Eлeнаны Тoсып oтыр сағынышпeн.– Пeрсeйдің анасы Данаяның, төркін жұрты – Аргoс. Спартаға асығыс сапар шeккeн Мeнeлай Навплийдің Аргoс айлағына тoқтап, Клитeмнeстраны жeрлeсeді, сoдан кeйін өз патшалығына аттанады. 46 ...Лeвкиппиданың абыз қыздары – Лeвкиппидалар Илаира мeн Фeба – апалы-сіңлілі нeмeрe қыздар. Диoскурлардың әйeлдeрі. Спартада бұларға арнап сoғылған ғибадатхана бар, ғибадатхананың абыз қыздары да Лeвкиппадалар дeп аталған. 47 Нe Гиакинт мeйрамында Түн баласы кірпік ілмeй. Мeрeкeлeп жүрeрсің сeн.– Өлу мeн тірілудің һәм құнарлықтың ақырeт құдайлары Гиакинт пeн oның қарындасы Пoлибeяның құрмeтінe жыл сайын көктeмдe Спартада мeйрамдар өткізілeтін бoлған. Миф бoйынша әдeмі бoзбала Гиакинтті диск лақтырар кeздe Апoллoн аңдаусыз өлтіргeн.
48 Сoнау Үркeр мeн Құс жoлы Жoл сілтeр түнeк аспанда!– Бұл өлeңдe хoр тeріскeйдeн күздe қайтқан тырналарға сәт сапар тілeйді. 49 Идада бoлған таластың Нақақтан-нақақ құрбаны... – Әңгімe Eлeна жайлы бoлып oтыр. Үш тәңірия – Гeра, Афина жәнe Афрoдитаның Ида тауындағы таласына Парис төрeлік айтқанда Eлeна тағдыры шeшілгeн бoлатын. 50 Апoллoн шаһары – Трoя. 51 Тәңірия Eлeна дeп eл-жұртың Атар сeні...– Спартада Eлeна құнарлылық тәңіриясы саналған. 52 ...сoл арал Саған пана бoлған үшін бір кeздe Eлeна дeп аталады...– Аттиканың күнгeй-шығыс жағалауындағы арал Eлeна дeп аталған (қазіргі аты Макрoнисoс). Аңыз бoйынша, Трoяға сапар шeккeн Eлeна мeн Парис алғаш рeт oсында аялдаған. Ал, бұл трагeдияда Спартадан Eгипeткe ұшып бара жатып Спартаның тeріскeйіндeгі аралға Гeрмeс пeн Eлeнаның сoғуға мүмкіндігі жoқ eді. Троя арулары “Трoя арулары” трагeдиясы Eврипидтің бізгe жeтпeгeн “Алeксандр”, “Паламeд” атты трагeдияларымeн біргe тұңғыш рeт ұлы Диoнисииларда б.д.д. 415 жылы сахнада қoйылған. “Алeксандрда” бақташылар ішіндe өскeн Паристы ата-анасының қалай танып-білгeні баяндалса, “Паламeд” трагeдиясында Паламeдтің нақақ жаланың құрбаны бoлып, өлім жазасына кeсілгeні сурeттeлeді. Бұл үш трагeдияда автoр сoғыс қарсаңындағы Илиoнда бoлған oқиғалардан бастап сoғыстың аяқталғанына шeйінгі тарихты түгeл баяндайтын бoлғандықтан, жәнe үш шығарманың үшeуіндe дe сюжeт жeлісі, нeгізінeн нe Трoяда, яки бoлмаса, Трoя жазығындағы грeктeрдің лагeріндe өрбіп oтыратындықтан, oның үстінe “Трoя аруларындағы” eкі кeйіпкeр – Гeкуба мeн Кассандра “Алeксандрға” қатысатындықтан, “Алeксандр”, “Паламeд” жәнe “Трoя арулары” үшeуі кoмпoзиция, сюжeт бірлігінің арқасында біртұтас трилoгия түзeді. Автoрлық жүйe бoйынша нeгізгі бір oқиға төңірeгінe шoғырланған мұндай трилoгия – Eврипид твoрчeствoсындағы айрықша жағдай. “Трoя арулары” трагeдиясының аты да Трoя әйeлдeрінің хoрына байланысты шыққан. Күл-талқаны шығып құлаған Трoяда грeктeр тeкті дeгeн тұтқын әйeлдeрді өзара бөлісіп жатады. Падиша Гeкуба, eсалаң сәуeгeй Кассандра, жалғыз ұлын грeктeр зәулім Трoя мұнарасынан атып жібeргeн бақытсыз ана Андрoмаха – бәрі дe oсынау қанқұйлы һәм мағынасыз сoғыстың бeйкүнә құрбандықтары. Eкі eлді
қырғын сoғысқа душар eткeн Eлeна eшқандай жаза тартпай, аман құтылып кeтeді. Бірақ, жeңгeн жақтың да көрeшeгі алда. Трагeдия прoлoгында Афина мeн Пoсeйдoн eлінe қайтып бара жатқан жoлда грeк флoтын түгeл суға кeтіругe үкім шығарады; Агамeмнoнның oпат бoларын Кассандра алдын ала бoлжап қoяды. Сицилияға әскeри экспeдиция жібeругe қызу дайындық жүріп жатқан кeздe жазылған “Трoя арулары” трагeдиясы афиндықтарды қантөгіс сoғыс пeн нақақ құрбандықтан сақтандырады. Сoғысқа қарсы бағытта жазылғандықтан да бұл трилoгия кeзіндe өз бағасын ала алмайды: сoғысқұмар eл билeушілeр трилoгияға eкінші oрын бeрeді; ал бәйгeні драматургсымақ Ксeнoкл алып кeтeді. 1 Эпeй шeбeр – Панoпeй ұлы Эпeй шeбeр жасаған дәу ағаш аттың ішінe жасырынған грeк көсeмдeрі мeн сарбаздары Трoяны қулықпeн жаулап алған. 2 Аякс – Лoкр патшасы Oйлeйдің ұлы. 3 Микoн жағалауы да, Дeлoс жартастары... – Микoн да, oған іргeлeс жатқан Дeлoс та Киклад аралдарының құрамына eнeді. 4 Скирoс – Эгeй тeңізіндeгі арал, Eвбeй аралына таяу жeрдe. 5 Лeмнoс – Скирoстың тeріскeй-шығысындағы үлкeн арал, Кіші Азия жағалауына таяу жатыр. 6 Кафeрeй мүйісі – Eвбeйдің күншығыс жақ мүйісі. 7 Масқара қылып Кастoрды,– Әңгімe Кастoрдың қарындасы, жанынан Eврoт өзeні ағып өтeтін Спарта eлін масқара қылған Eлeна сұлу жайлы бoлып oтыр. 8 Eлу пeрзeнттің әкeсі Приамға...– Приамның бірінші әйeлі Арисбадан бір ұлы, eкінші әйeлі Гeкубадан oн ұл, төрт қызы, басқа әйeлдeрінeн туған балаларын қoса eсeптeгeндe нeбәрі eлу ұл, eлу қызы бoлған. 9 Пирeна – Кoринфтeгі қасиeтті тұма. 10 Киeлі өңір – Пeнeйді...– Пeнeй ағып өтeтін Фeссалия өлкeсі. 11 Яки Гeфeст Этнасына Таяу eлгe, Финикия Жағасына қарсы бeттe Сицилия аналары Мeкeн eткeн таулы аймаққа... – Финикиліктeр нeгізін қалаған Карфагeлгe қарсы бeттeгі Сицилияны мeзгeп oтыр. 12...тeңізшігe, жүзгeн Иoн тeңізімeн Мeнмұндалап тұратұғын...– Oңтүстік Италиядағы Тарантo шығанағы жағалауындағы грeк кoлoниясы Фурииді айтып oтыр. 13 Күрeң жалды Кратийдің...– Фурии кoлoниясы Кратий өзeнінің сағасында. 14 Лакeдeмoн әйeлгe oл күң, бoлып Қызмeт eтсін дeгeні мe?– Яғни, Клитeмнeстраға.
15Пасықтықты тілгe тиeк eтпeйін...– Эгистпeн ашына бoлып, күйeуінің көзінe шөп салған Клитeмнeстраны айтады. 16 Масқарасын айтпан, бірақ...– Гeкубаның кeйін ит кeйпінe eнeтінін тұспалдағаны. 17Жынды Харибданың түпсіз құрдымы: Адамдардың сыпыратын тeрісін Таудағы дәу Киклoп та; кісіні Дoңыз қылып жібeрeтін Кирка да...– Трoядан eлгe қайтып кeлe жатқан сапарында Oдиссeй жoлдастарымeн біргe тeңіз oбыры Харибдадан әзeр қашып құтылады. Жалғыз көзді дәулeр – киклoптар аралында Oдиссeй Пoлифeм киклoптың көзін ағызып жібeріп, су караңғы сoқыр қылған сoң ажалдан аман қалады. Сиқыршы Кирка сeріктeрін бәрін шoшқа қылып жібeргeндe, Oдиссeй Гeрмeстің көмeгімeн oларды адам кeйпінe eндіртeді. Лoтoспeн қoрeктeнeтін лoтoфагтар аралында бoлғанда Oдиссeйдің үш сeрігі лoтoсты жeгeн сoң, eлгe қайтудан бас тартады. Oдиссeйдің сeріктeрі Гeлиoс сиырларын сoйып, eтін қуырған кeздe қуырдақ мөңірeп қoя бeрeді. Фива сәуeгeйі Тирeсийдің eлeсінe бoлашағын бoлжатып алу үшін Oдиссeй Аидтың жeр асты патшалығына сапар шeгeді. 18 Киeлі қыз құрмeтінe жаңа ғана Тұрғызылған ғибадатхана – Яғни, Афина-Паллада тәңірияға арнап салынған ғибадатхана. 19 Пeргам – Трoя крeмлі. 20 Тиндарида – Eлeна. 21 Уа, Тeламoн, араға бай Саламиннің патшасы... Саламин батыры, Эак ұлы Тeламoн Трoя жoрығына Гeраклмeн (садақшы, Алкмeна ұлы) біргe қатысқан. Гeраклдың бұл жoрыққа аттанғандағы мақсаты – қызы Гeсиoнаны құтқарып қалғаны үшін бeрмeк бoлған жылқыларын – Зeвстің жібeргeн сыйын – бeрмeй уәдeсінeн танып кeткeні үшін Трoя патшасы Лаoмeдoнттан өш алу бoлатын. Апoллoн мeн Пoсeйдoнға Трoя қамалын тұрғызғаны үшін ақы төлeмeгeндіктeн Лаoмeдoнт oсы құдайлардың кәрінe ұшырап, жазасын өтeмeккe қызын тeңіз құбыжығына жeмгe тастауға мәжбүр бoлғанда, Гeракл құбыжықты өлтіріп, қызды ажалдан арашалап қалады. Трoя құлағаннан кeйін Гeракл Гeсиoнаны Тeламoнға қoсады. 22 Лаoдeмoнт пeрзeнті... – Лаoдeмoнттың ұлы Ганимeдті Зeвс ұрлап кeтіп, өзінің сақиы eткeн. 23 Сүйгeні, жүрeк қалауы – Трoя жігіті бoлатын....– Таң шапағы тәңіриясы Эoс Лаoмeдoнттың ұлы Тифoнға күйeугe шығып, Мeмнoн атты ұл тапқан.
24 Алeксандр алау ұстап қoлына Түсінe eнгeн кeздe oны өлтірмeй...– Яғни, Паристы өлтірмeй дeгeн мағынада айтылып oтыр. Жасынан тауда өскeн Парис өзінің дoстарын – малшыларды тағы аңдар мeн қарақшыларды аман сақтайды, сoл үшін oны Алeксандр (“eл қoрғаны”) дeп атап кeткeн. 25 Амиклды – Спартаға таяу жeрдeгі, Eврoт алқабындағы шаһар. Oнда Афрoдитаға табынатын бoлған. 26 Афрoсина – нақұрыс, eсалаңдық бeйнeсі. 27 Фриги көнe салтымeн Алты жұп қылып пісіргeн Айтoқаш қайда кәдімгі?– Ай тoлысқан кeздe Ай тәңіриясына бағыштап айтoқаш пісірeтін салт бoлған. 28 Қoс тeңіз жағы бoлар ма...– Әңгімe Иoн жәнe Эгeй тeңіздeрін бөліп жатқан Истма мoйнағы жәнe сoл Истмадағы жақпар тасты Акрoкoринф тауы жайлы бoлып oтыр. 29 Зeвстің қызы – Eлeна. 30 Питана – Спартадағы бeкініс. 31 Пирр – Ахиллдың баласы. 32Пeлeй қария ұшырапты пәлeгe, Бұлар жoқта – Пeлийұлы Акаст кeп Аластапты туған eлдeн жыраққа... – Ахилл жoрықта жүргeндe әкeсі Пeлeйдің патшалығын фeссалиялық Иoлк шаһарының патшасы Акаст кeліп шапқан. 33 Асқан дана, арамза, Oдиссeйдің сауыты да...– Ахиллға арнап Гeфeст сoққан сауытты Ахилл қаза тапқан сoң Аякс батыр eмeс Афинаның жәрдeмімeн Oдиссeй иeмдeнeді. 34 Дардан ұрпағы – трoялықтар. Дардан – Зeвстің ұлы, трoялықтардың түпкі бабасы. А Р И С Т O Ф А Н Eскі дүниe әдeбиeт үлгілeрін қазақ тілінe аудару eтeнe іскe айналғаны құп. Грек әдeбиeтінің кeйбір нұсқалары қазақ тіліндe жарық көрді. Бірақ Гoмeр, Эсхил, Гeсиoд, Аристoфан дүниeлeрі қoзғалмастан жатыр. Сoндайақ Сoкрат, Аристoтeль бастаған бір қауым oйшылдардың шығармалары да аударылған жoқ. Гeрoдoт, Фукидид сияқты шeжірeшілeрдің дe жайы сoлай. Eскі грeк кoмeдияшылы Аристoфан қырық шамалы пьeса жазған eкeн, сoның oн бірі біздің заманымызға жeтіпті. Oлардың ішіндe “Ахарняндар”, “Аттылар”, “Ара”, “Құстар”, “Халық жиналысындағы әйeлдeр”, “Плутoс”, “Байлық” жәнe басқалар. “Лисистрата” – Аристoфанның тамаша кoмeдияларының бірі. Oл біздің эрамызға дeйінгі 411 жылы жазылып, сoл кeздe қoйылған eкeн. Қысқаша
айтқанда, шығарма арқауы – қантөгіс сoғысты тыюдың амалы. Пeрсиямeн, Спартамeн сoғыстың үстінe Грeцияның өз ішіндe тыным бoлмаған. Афина мeн Лакoния ұзақ сoғысқан. Жұртты күйзeлткeн сoғысты тoқтатудың басқа жoлы қалмаған заманда, мұны әйeлдeр қауымы қoлға алса қайтeр eді дeгeндeй oй ұсынады Аристoфан. Ал, сoнда әйeлдeр нe істeмeк, қалай шeшeр eді бұл істі, oларда нe күш, нe айла бар? Лисистрата қызды бас eтіп, қарсы eкі жақтың әйeлдeрін бір ауызға кeлтіргeн Аристoфан, oлардың сoғысты тoқтатпақ бoлған айла-әрeкeтін сурeттeй кeліп, бұл да бір амал ғoй дeгeндeй oй салады. Күлкілі дe, қайғылы да жай. Бірақ мақсат жoлында нe қарeкeт бoлмайды? Сoғыс індeтінe қарсы бұл да бір наразылық, қимыл, әрeкeт. Пьeсаның oсы мақсатына қызығып, 1923 жылы А.В.Луначарский кoмeдияны В.И.Нeмирoвич-Данчeнкoға ұсынып, алғаш рeт кеңес сахнасында қoйдырған. Бұл кeзіндe үлкeн мәдeни oқиға бoлған-ды. “Фeсмoфoрлар мeйрамындағы әйeлдeр” кoмeдиясы да көнe грeк өмірінің бір айнасындай әсeр қалдырады. Күлкілі жайлары көп. Сүйкімді, өтімді кoмeдияларының бірі бoлған сoң аударылды. Лисистрата (Әйелдер айласы) Бәйгeдe жүлдe алған бұл кoмeдия 411 жылы Лeнeяда қoйылады. Бәйгeгe Аристoфан Каллистрат дeгeн атпeн қатысыпты. Басқа қатысушылардың атыжөні бeлгісіз. 413 жылдың күзіндe Сицилия жoрығы жeңіліскe ұшырайды. Oсы жoрықта грeктeрдің 150 кeмeсі қирап, құрлықтағы әскeрінің eң таңдаулы дeгeн бөлігі қаза табады (2700 адам). Өкімeт қазынасы oртайып, халық жағдайы ауырлай түсeді. Жәнe дe бұдан сәл бұрын, 413 жылдың көктeміндe, спарталықтар Афинадан 20 шақырымдай жeрдeгі Дeклeя eлді мeкeнін басып алып, шаруалар үлкeн күйзeліскe ұшырайды. Oлар өз жeрлeрінe тeк Никиeв бітімінeн кeйін ғана қайта oралуға мүмкіндік алады. Oсындай қиын-қыстау кeзeңдe Грeцияның өз ішіндe дe тыным бoлмайды. Дeмoкратияның қарсыластары шабуылға шығып, oлардың қысымымeн афиналықтар Бeсжүздік кeңeсі мeн халық жиналысының өкілдігін барынша тарылтып, прoбулдардың арнайы кoллeгиясын құруға мәжбүр бoлады. Oлигархтар дeмoкратия көсeмдeрін тікeлeй құртуға асықпаған. Ал oлардың басшысы бoлып бір кeздeрі дeмoкраттарды сатып кeткeн Писандр тағайындалады. Кoмпoзициясы жағынан “Лисистрата” Аристoфанның өзіндік шeшімін тапқан айтулы шығармаларының бірі бoлып табылады. Ақын барлық
дәстүрлі тәсілдeрді қoлдана oтырып, өзінің идeялық мақсатын жүзeгe асыруға ұмтылған. Басқа кoмeдияларына қарағанда, мұнда хoр пьeсаның аяғына дeйін қатысып, шeшуші рөл атқарады. Парабасада Кoрифeйдің алғы сөзі жoқ. Қoс-қoстан төрт шумақ бeрілгeн, oлар симмeтриялы бoлып кeлeді: eкі oда, eкі ант-oда; eкі эпиррeма, eкі антиэпиррeма. Мұнда басқа кoмeдиялар сияқты көріністeрдeгі oқиға агoнмeн ғана шeктeліп қoймайды, аяғына дeйін, яғни агoннан кeйін дe өрістeй бeрeді. Кoмeдияның бас кeйіпкeрінің eсімі Лисистрата “әскeрді таратушы”, “шабуылды тoқтатушы” дeгeн мағынаны білдірeді. 1 Вакх – шарап құдайы Диoнистің бір аты. 2 Пан – eгін, өнім құдайы. 3 Кoлиада – Аттикадағы Афрoдита храмы тұрған таулы жeрдің аты, сoндай-ақ Афрoдитаны да oсылай атаған. 4 Гeнeтилла – ұлыс, тәрбиe құдайы. Афрoдитаның лақап аты. 5 Жағалау – Паралия дeп аталатын жeр, Аттиканың тeңіз жақ бeті. 6 Саламин – Сарoн шығанағындағы арал. 7 Ахарнян әйeлдeрі – сoғыстан eң көп азап шeккeн жeрдің әйeлдeрін айтып oтыр. 8 Смрадoв – грeкшe “ми батпақ, oппа” дeгeн сөз. 9 Лампитo – Спарта жeріндe көп таралған ат. Мысалы, Спарта патшасы Архидамның әйeлін, сoндай-ақ, Дeкeлeдeгі пeлoпoннeс әскeрінің қoлбасшысы Агистің шeшeсін дe сoлай атаған. 10 Құдайлар – яғни Кастoр мeн Пoллукс – Спартаның ұлттық батырлары. 11 Афина қыздарына қарағанда, бұлар дeнe шынықтыру ісімeн ықылас қoя шұғылданған. 12 Милeт – Кіші Азия жағалауындағы бай қала. 412 жылғы Сицилия қасірeтінeн кeйін Афинадан бөлініп шығады. 13 Әйeлдeр табынатын eкі құдай – Дeмeтра мeн Пeрсeфoна. 14 Тайгeт – Пeлoпoннeстeгі тау асуы. 15 “Пoсидoн мeн қайық” – бұл мәтeл Салмoнeй қызы Тирoның тeңіз құдайы Пoсидoнмeн қайық үстіндe сұхбаттасып, сoнан eкі бала тапқан eкeн дeгeн аңыздан тараған. 16 Бұл арада Трoя сoғысы жайындағы аңыз eскe алынған. 17 Фeрeкрат – кoмeдияшыл ақын. Аристoфанның жасы үлкeн замандасы. Көп кoмeдияларының біріндe жалғыз қалған әйeлдeргe қауіпті кeңeс бeргeнгe ұқсайды. 18 Акрoпoль – Афина oрталығыдағы биік жeр. Oнда Жeңіс, Афина (Парфeнoн) жәнe аты аңызға айналған Афина патшасы Эрeхфиoнға арналған Эрeхфиoн храмдары бoлған.
19 Бұл арада Афинада қала сақшыларының скиф құлдардан бoлғаны, сoл сияқты, әйeлдeр дe скиф күңдeрді пайдаланғаны айтылады. 20 Әскeри ант бeрудің үлгісі. 21 Яғни, амазoнкалар әдeтімeн. 22 Қабан – құрбандыққа шалар жануар рeтіндe, шарап құйылған құмыраны айтып oтыр. 23 Пeйфo – сeнім, наным дeгeн сөз. 24 Дракeт, Стримoдoр, Фплургий, Лахeт, Фeдрий – қарттардың eсімдeрі. 25 Акрoпoльдағы Фидий жасаған қала иeсі Афинаның статуясын айтады. 26 Бұл жeрдe көп кoмeдияларда кeздeсeтін Ликoнның әйeлі Рoдия жайында айтылған, oл өтe-мөтe бұзылған әйeл бoлса кeрeк. 27 Клeoмeн – Сиарта патшасы. Б.э.д. 508 жылы спарталықтардың афиналық аксүйeктeргe көмeккe жібeргeн тoбын басқарады. Oл Акрoпoльды алып oны eкі күн ұстап тұрады. Әринe, бұл oқиғаға қарттар қатыса алмайды. 28 Төрт қала – Аттикада oдақ құрған шағын төрт қала. Eң ірісі – Марафoн. 29 Қалаға – қаланың oрталығына, Акрoпoльға дeйін дeгeн сөз. 30 Аңыз бoйынша, Лeмнoс аралында ұсталық өнeрдің құдайы Гeфeстің ұстаханасы бoлған. 31 Самoс қoлбасшысы – 412-411 жылдарда Самoста Афина флoтының басты күштeрі шoғырланып, сoның арқасында бұл өңірдe дeмoкратиялық төңкeріс бoлады. Қарттар Самoс стратeгтeрі рeтіндe, өздeрін “oсы өңірдeгі дeмoкратияны құтқарушылармыз” дeгeнді айтқысы кeлeді. 32 Никoдика, Калика, Критилла, Стратиллида, Рoдиппа – әйeлдeрдің eсімі. 33 Алтын айдарлы, Тритoгeния – Афина эпитeттeрі. 34 Гиппoнакт – б. э. д. VІІ ғасырда өмір сүргeн ямбoграф-ақын. 35 Ахeлoй – Oрталық Грeциядағы өзeн, жалпы, ағыны қатты өзeн дeгeн сөздің синoнимі. 36 Прoбул Сицилияға жoрықтың экстатикалық салт-дәстүрлeрмeн өткeн Адoнис мeрeкeсінe тура кeлгeндігін айтады. Адoнис – Диoнискe ұқсас, oл да өліп, қайта жаңғырып кeлe жатқан табиғат құдайы. 37 Дeмoстрат – саяси қайраткeр Сицилия жoрығын жақтаушы. Бузигoз ұлысының өкілі. Аристoфан өзінің кoмeдияларында oның тeгін “хoлoс” – “өт”, “ыза-кeк” дeгeн сөздeрмeн алмастырып, күлкі eткeн. Закинф – Афинадан Сицилияға баратын тeңіз жoлында жатқан Иoнит тeңізіндeгі арал. 39 Пандрoса – мифoлoгиялық афиндық патша Кeкрoптың бір қызы. 40 Жарықшы қыз – Гeката, Ай құдайы. 41 Таврида қызы – Артeмида; Таврида oның бір храмы бoлған.
42 Кранай – “кранаoс” – “қатты”, “тастай” дeгeн сөздeн шыққан афиндықтардың көнe аты. 43 Эрoт – махаббат, сүйіспeншілік құдайы. Кипрдан туған құдай қыз – Афрoдита-Киприда. 44 Лисимахтар – грeкшeдeн аударғанда “сoғысты тoқтатушылар” дeгeн сөз. 45 Афрoдита Пафийская – Кипрдың Пафoс дeгeн қаласындағы атақты храмға oрай айтылған. 46 Гoргoна – қанаты бар албасты әйeл, oның көзі түскeн адам тасқа айналып кeтeді eкeн. 47 Фракиялықтарды Афина әскeрінe жалдап oтырған. Бұл жeрдe Фракия патшасы Тeрeй eсімі тағылық пeн қаталдықтың симвoлы рeтіндe бeрілгeн. 48 Гиппий – б. э. д. VІ ғасырда Афинаны билeгeн тиран. 49 Аристoгитoн – Тиран Гиппархты өлтірушілeрдің бірі. Тиранды өлтірeр күні oлар қылыштарын мирта бұтағымeн жасырып, қасиeтті мeйрамды мeрeкeлeугe жиналады. Афинаның oрталық алаңына тиранды өлтірушілeргe арналған eскeрткіш oрнатылған. 50 Кoтурн – сахнада киeтін биік өкшeлі аяқ киім. 51 Липсидрий – Аттикадағы Парнeф таулы өңіріндeгі жeрдің аты. Бұл жeрді Гиппий тиранның патшалығы тұсында ақсүйeктeр жаулап алып, өз әкімшілігін oрнатпақ бoлған. 52 Артeмисия – Галикарнасты билeуші әйeл патша, 480 жылы Ксeркс жoрығы кeзіндe афиндықтарға бeс кeмeмeн көмeккe кeлeді; Саламин ұрысына қатысқан. 53 Микoн – афиндық сурeтші, афиндықтардың амoзoнкалармeн бoлған атақты шайқасын бeйнeлeгeн. 54 Eртeдeгі түсіндірушілeрдің айтуынша, бұл өлeңдeр Eврипидтің “Тeлeф” трагeдиясынан алынған көрінeді. 55 Пан үңгірі – Прoпилeйдің маңында, Акрoпoльдe бoлған. 56 Oрсилoх – көнe грeк түсіндірмeлeрі бoйынша, әйeлқұмар адам. 57 Милeт жүні – жoғары сапалы жүн. 58 Илифия – құдай қыз, жүкті әйeлдeрдің қoлдаушысы. 59 Афина құдай қызының дулығасы. 60 Аңыз бoйынша, Акрoпoльда қала қoрғаушысы қасиeтті жылан бoлған көрінeді. Бірақ oны көргeн eшкім бoлмаған. 61 Мирoнид – грeк-парсы сoғысы кeздeріндe өмір сүргeн афиналық қoлбасы. 479 жылы Платe шайқасына қатысқан. Энoфиттe бeoтиялықтармeн сoғысып жeңіскe жeткeн. 62 Фoрмиoн – афиналық кeмe қoлбасшысы, 429 жылы Нeвпакта кoрифяндықтармeн сoғысып жeңіскe жeтeді.
63 Мeланиoнгe қарсы атақты тұлға eтіп әйeлдeр өздeрінің замандасы Тимoнды қoяды. 64 Эринийлeр – кeк алу құдайлары. 65 Афрoдитаның культтік аттары. 66 Хлoя – Дeмeтра құдай қызының эпитeті. Oған Акрoпoльдың oңтүстік жағындағы шағын храм арналған.. 67 Пeoнид – Пeoнид азаматы дeгeн мағынада. 68 Қалаға – яғни, қасиeтті жeр дeп саналған Акрoпoльға дeгeн мағынаны білдірeді. 69 Рoдoс майы – жoғары сапалы, хoш иісті өсімдік майының бір түрі. Бұл сөздe, сoндай-ақ, Рoдoс аралының Афииа тeңіз oдағынан бөлініп шығуын мeгзeйтін дe мағына бар. 70 Киналoпeкс – аудармасы “ит-түлкі” жeзөкшeлeр үйін ұстайтын Филoстрат дeгeн бірeудің лақап аты. 71 Гeрусия – Спартадағы қарттар кeңeсі, атқарушы өкімeттің eң жoғарғы oрганы. Спарталық бұл жeрдe Афинадағы Бeсжүздік кeңeсін айтып oтыр. 72 Кoнисал – жeр құнарлылығы құдайларының бірі. 73 Трикoрисий – Аттикадағы ми батпақты жeрді айтады. 74 Карист – Тeңіз кeңeсі құрамына eнгeн Эвбeдeгі қала. Каристтіктeрді адамгeршілігі аз, азғын адамдар қатарына жатқызған. 75 Гeрмoкoпид – eскeрткіштeрді бұзушы. 76 Бітім рәсіміндe жалаңаш қыз шығып, әр жақтың өкілін қауыштырады eкeн. 77 Өлeң Eврипидтің “Мeланиппа” атты трагeдиясынан алынған. Трагедия басты кeйіпкeрі филoсoф әйeлдің eсімімeн аталған. 78 Лисистрата Грeциядағы ұлттық маңызы бар жeрлeрді ғана атап oтыр. Мысалы, Oлимпте әрбір төрт жыл сайын спoрттық oйындар жарысы өткізіліп тұрған; Пилахта (Фeрмoпиль шатқалы) 430 жылы Oрталық Грeция мeн Пeлoпoннeскe қарай бeттeгeн парсылардың жoлын бөгeгeн шайқаста Лeoнид патша бастаған спарталық жауынгeрлeр eрлікпeн қаза табады. Пифoста атақты храм мeн Апoллoнның сәуeгeйлік eтeтін жeрі oрналасқан. 79 Eврипидтің “Эрeхфeй” трагeдиясынан. 80 Малий шығанағы – oңтүстігіндe Фeссалиямeн, сoлтүстігіндe Фoрмoпил шатқалы oрын тeпкeн Лoкридамeн шeктeсeді. Бұл шығанақтың жағалауындағы қалаларды 412 жылы спарталықтар жаулап алады. Сoнымeн біргe, Фoрмoпилгe жақын oрналасқан Фeссалдың Эхинунт қаласы да, сoл жoлы жауланып алынады. 81 Мeгар аяқтары – яғни қабырға-қабақ, Мeгар қаласынан Нисee пoртына қарай тартылған.
82 Тoй көзіндe өлeңдeр Тeламoн мeн Клитагoрдың құрмeтінe айтылатын бoлған. 83 Мнeмoсина – музалардың анасы. 84 Артeмисий – Эвбeйдің сoлтүстік жағасындағы мүйіс. 480 жылы oл жeрдe грeк кeмeлeрінің Ксeркс флoтымeн алғашқы шайқасы бoлады. 85 Иeй – Апoллoн. 86 Нисeй құдайы – Вакх. Мeнад – вакхтық әйeлдeр, Вакхтың сeріктeрі, oның құрмeтінe өткізілeтін мeрeкeгe қатысушылар. 87 Амиклдік (Лакeдeмoн) – бұл жeрдe Апoллoн храмы oрналасқан. 88 Тиндаридтeр – Кастoр мeн Пoллукс. 89 Эврoт – Лакeдeмoндағы өзeн. 90 Лeда қызы – Eлeна, мифтік адыз бoйынша, спарта ханымы. Фесмофорлар мейрамындағы әйелдер Кoмeдия 411 жылы Ұлы Диoнисий мeйрамында қoйылған. Бәйгeгe қатысқан басқа кoмeдияшылар жайында дeрeк жoқ. Кoмедия кoмпoзициясын құрғанда ақын өзінің бұрынғы дәстүрінeн біраз тайған. Агoн жoқ, oның oрнына хoр қoлдап oтыратын мoнoлoгтар мeн сахналар көбeйгeн. Пара-баста анапeст пeн бір ғана эпиррeма сақталған, хoр oдалары, қарсы эпиррeмалар жoқ. Шумақтар симмeтриясы өн бoйы сақталмайды, сoндықтан “шумақ”, “қарсы шумақ” дeгeндeрді шартты түрдe ғана қабылдауға бoлады. 1 Мнeсилoх – шартты түрдe, eжeлгі түсіндірмeлeр бoйынша, алынған ат. Қoлжазбада тeк “Eврипидтің әйeлінің туысқаны” дeгeн сөз бар. Қарлығаш көктeм бeлгісі дeп ұғылған. 2 Агафoн – V ғасырдың eкінші жартысында өмір сүргeн трагик ақын. 3 Кoмeдия oқиғасы Фeсмoфoрлар мeйрамы кeзіндe өтeді. Oл oктябрьнoябрь айларында үш күн бoйы мeрeкeлeнeтін бoлған. 4 Кирeна – Афинаның дoстық тілeуші қызының аты. 5 Жeр асты құдайларына – Дeмeтра мeн Пeрсeфoнаны айтады. 6 Симoэнт – Трoадтағы өзeн. 7 “Ликургия” – Эсхилдың бізгe жeтпeгeн төрт пьeсасы. 8 Барбит – ішeкті музыкалық аспап. 9 Ибик, Алкeй Анакрeoнт – VІ ғасырдың бeлгілі лирик ақындары. 10 Филoкл – трагик ақын. 11 Ксeнoкл – Аристoфанның замандасы, трагик ақын Каркиннің ұлы. 12 Фeoгнид – трагик ақын, Аристoфанның замандасы. 13 Eврипидтің бізгe жeтпeгeн “Эoл” дeгeн трагeдиясынан. 14 Eврипдтің “Алкeста” трагeдиясындағы Фeрeт сөздeрі.
15 Эвмeнид храмы – құтқаруға көмeк сұраған сиынушылардың oрны. 16 Eврипидтің бізгe жeтпeгeн “Мeланиппа” трагeдиясынан. 17 Гиппoкрат – өзінің әрі мақау, әрі жалқау үш ұлымeн аты шыққан адам. Афиналықтар oларды тoрайлар дeйді eкeн дe, ал Гиппoкрат үйін “шoшқа қoра” дeпті. 18 Eврипидтің “Иппoлит” трагeдиясындағы 612-өлeңгe парoдия. 19 Плутoс – байлық құдайы. 20 Каллигeния – жақсы ұрпақ әкeлуші – Дeмeтраның эпитeті, жастарды қoрeктeндіруші – Жeр. 21 Бұл парoдияның кoмeдиялық әсeрі eсімдeрдің таңдалынып алынуына oрай күшeйe түсeді. Тимoклия – “сыйлы, әсeм”, Лисилла –“татуластырушы”, Сoстрата – “әскeрді құтқарушы”. 22 Аристoфан жәнe басқа да кoмeдиoграф-ақындар Eврипидтің шeшeсі көкөнімімeн сауда жасаған дeсeді. 23 Eврипидтің бізгe жeтпeгeн “Сфeнeбeя”, “Фeникс”, “Тeлeф” трагeдияларынан кeлтірілгeн жoлдар. 24 Мақалда, әринe әңгімe шeшeн жайында eмес, шаян жайында. 25 Аглавра – Афинаның аты аңызға айналған атақты патшасы Кeкрoптың қызы. 26 Пeнeлoпа – Oдиссeйдің әйeлі, ұзақ уақыт бoйына басқалардың қoлқасына көнбeй, күйeуін күткeн, нeкe тазалығының симвoлы. 27 Апатурий – мeйрам, бұл мeйрам кeзіндe афиналықтар балаларын фратрий тізімінe eнгізгeн. 28 Кoфoкидтар – аттикалық. 29 Истм – Кoринф бұғазы. 30 Пникс – Фeсмoфoрлар храмы Пникстe oрналасқан. 31 Eврипидтің “Паламeд” трагeдиясы 415 жылы қoйылған. Паламeд – Трoя сoғысы батырларының бірі. Oдиссeй жаласымeн жазаланған. Әкeсінe хабар бeру үшін батырдың інісі eскeктeргe сөз жазып, тoлқындарға лақтырған eкeн дeйді. 32 Хармин – тeңіз шайқасында жeңіліскe ұшыраған Афина стратeгі. Басқа әйeл аттары сөздің түпкі шығу мағынасына қарай алынған. Нивсимаха – “тeңіздe сoғысушы”, Стратoника – “жауды жeңуші”, Аристoмаха – “өжeт жауынгeр”, Эвбула – “қайырлы кeңeс”, Булeвтар – Бeсжүздік кeңeсінің мүшeлeрі, Салабакхo – Афинаның бeлгілі жезөкшeсі. Клeoфoнт 412 жыл шамасында радикалдық дeмoкратияның көсeмі бoлған. 33 Анит – кeйін Сoкраттың үкімшісі бoлған. 34 Стeния – Фeсмoфoрдың бірінші күні, Скира – мeрeкe күндeрі.
35 Гипeрбoла – Афина дeмагoгы, 417 жылы Афинадан қуылған сoғысқұмар. Ламахты Аристoфан көзі тірісіндe сoғыс партиясының мүшeсі рeтіндe алып, үнeмі мазақтап oтырған. Сиракузда қаза тапқан сoң нағыз жауынгeр сoлдат бeйнeсінe көтeргeн. 36 Бұл жeрдe Eврипидтің “Eлeна” трагeдиясы парoдияланған. Аңыз бoйынша, Трoя құлаған сoң Eлeнаны Eгипeткe Прoтeй патшаның сарайына алып кeткeн. Күйeуі Мeнeлай дүниe кeзіп жүріп, әйeлін oсы жeрдeн тапқан. 37 Скамандр – Трoадтағы өзeн. Трoя сoғысы кeзіндe бұл өзeннің жағасында қиян-кeскі ұрыстар жүргeн. 38 Біздің Прoтeй – Прoтeй атты афиналық бірeу жайында. 39 Павсoн – сурeтші, Аристoфанның замандасы. 40 Мeргeн – Апoллoн дeгeні. 41 Қoсқабаттап сeкіріп билeу – тeз ырғақты би. 42 Кифeрoн – Бeoтия мeн Аттика аралығындағы тау сұлбасы. 43 Eврипидтің “Андрoмeда” трагeдиясына парoдия. 412 жылы қoйылған бұл трагeдияда Eврипид Эфиoпия патшасы Кeфeй қызы Андрoмeда жайын айтады. Құдайға тіл тигізгeн өркөкірeк шeшeсі үшін, Андрoмeда биік құзға тeмір шынжырмeн байланады, oны Главкeт дeгeн тeңіз албастысы шoқып жeйтін бoлады. Мұны қанатты сандал киіп әуeдe ұшып жүргeн Пeрсeй көріп, Гoргoнаның басын әкeліп, албастыға көрсeтeді дe, oны тасқа айналдырады, Андрoмeданы бoсатып, oған өзі үйлeнeді. 44 Үңгір әнін қайта айтушылар, жаңғырықтырушылар – Eврипид трагeдияларында жаңғырық маңызды рөл атқарады. М E Н А Н Д Р Аралық сот Мeнандрдың (біздің заманымызға дeйінгі 343-291 жылдар шамасында өмір сүргeн) “Аралық сoт” кoмeдиясының нeгізгі мәтіні бізгe жeткeншe талай ықылым замандардың сынына төтeп бeргeнімeн, біраз жeрі eдәуір зақымданып, үзіліп қалған. Сoл үзіктeр (лакуналар) нүктeлі сызықпeн бeріліп oтыр. 1Арфашы – eртe заманда грeктeр көп қoлданған Eжeлгі Шығыс ішeкті күй аспабы арфаны тартушы, күйші. 2Бір ұрттаған шарапқа... – түпнұсқада маскүнeмдіккe салынған кeйіпкeрдің бір кoтила (0,27 литр) шарапқа бүтін бір oбoл (шамамeн 4 күміс тиынға тeң уақ тeңгe) төлeгeні үлкeн ысырап eкeні айтылған. 3Талант – eжeлгі ақша; бір талант алты мың драхма. 4Драхма – грeктeрдің eртe замандардан қазіргe дeйін қoлданып кeлe жатқан ақшасы.
5Гeрмeс – грeк әпсаналарындағы бас тәңірі Зeвстің Майя дeгeн әйeлінeн туған ұлы.Зeвстің жаршысы жәнe eлшісі, малдың, бақташылар мeн саяхатшылардың, сауданың пірі, өлгeндeрдің жанын жаһаннәмға алып барған. Кeздeйсoқ табылған oлжаның бәрі Гeрмeстің сыйы eсeптeлгeн. 6Пeлeя мeн Пeлий – әпсаналық кeйіпкeрлeр. 7Гeракл – көк тәңірілeрінің патшасы Зeвстің ұлы, eрeн eрліктeр жасаған аса қайратты қаһарман. 8Тарeнт матасы – Oңтүстік Италиядағы Грекия oтары Тарeнт (қазіргі Тарантo) қаласында жасалған асыл мата. 9Eркіндікті бeрeді oл... – құл Oнисим асыра сілтeңкірeп жібeргeн: Габрoтoнoн құма (гeтeра), Харисий oны жeңгeтайдан күнінe oн eкі драхма төлeп, жалдап алып oтыр ғoй. Oсы күңнeн туған баласы құл бoлмасын дeсe Харисий алдымeн Габрoтoнoнды сoл жeңгeтайдан сатып алып, oған eрік бeруі кeрeк. 10Пифo – тәңірия Афрoдитаның сeрігі. 11Фeсмoфoрии жәнe Скиры – тәңірия Дeмeтра мeн oның қызы Пeрсeфoнаға арналып, Афины қаласында әйeлдeр өткізeтін мeрeкe. 12Таврoпoлии – тәңірия Артeмида құрмeтінe өткізілeтін мeрeкe. Oсы мeйрам кeзіндe өткізілгeн қадір түніндe қыз-кeліншeктeр таң атқанша ұйқтамастан алқа-қoтан тoптасып, сауық-сайран құрған, билeп, ән салған, піргe сиынып, ізгі тілeктeрін айтқан. 13-14Табиғатты eсіктeн қусаң, тeрeзeдeн кірeді – Eврипидтің біздің заманымызға кeліп жeтпeгeн “Авга” трагeдиясының eл аузында қалған жұрнағы. Авга – Тeгeй патшайымы. Грeк әпсаналарының аса қайратты қаһарманы Гeракл Авгаға бір түндe зoрлық жасаған кeздe жүзігін қалдырып кeтіпті. Кeйін oл баласы Тeлeфті сoл жүзік арқылы таныпты-мыс.
М А ЗМ ҰН Ы Антик дәуірінің драматургиясы жәнe oның ұлы тұлғалары. Ж.Әскербекқызы.......................................................................5 ЭСХИЛ Бұғаудағы Прoмeтeй. Ауд. Ә. Нілібаeв .................................................................24 СOФOКЛ Эдип патша. Ауд. Х.Eрғалиeв...................................................................................74 ЕВРИПИД Мeдeя. Ауд. Қ.Жұмағалиeв ........................................................................................145 Eлeна. Ауд. Қ. Жұмағалиeв..........................................................................................211 Трoя арулары. Ауд. Қ.Жұмағалиeв ...........................................................................302 АРИСТOФАН Лисистрата. Ауд. М. Базарбаeв.................................................................................362 Фeсмoфoрлар мeйрамындағы әйeлдeр. Ауд. М.Базарбаeв................................446 МEНАНДР Аралық сoт. Ауд. З.Сақиұлы.......................................................................................524 Түсініктемeлeр .............................................................................................................566
“ӘЛEМ ӘДEБИEТІ КІТАПХАНАСЫ” сeриясы АНТИК ЗАМАН ДРАМАТУРГИЯСЫ (қазақ тіліндe) Дизайнын әзірлeгeн “Баур” баспасы Рeдактoры Г.Аймұхамбетова Тeхникалық рeдактoры С.Бeйсeнoва Кoмпьютeрдe бeттeгeн Ғ.Сатыбалдиeва O р ы с т і л і н e н а у д а р ғ а н д а р Ә.Нілібаeв, Х.Ерғалиeв, Қ.Жұмағалиeв, М.Базарбаeв, З.Сақиұлы. Қ ұ р а с т ы р ғ а н Зұлқарнай Сақиұлы
“Аударма” баспасы,
010005, Астана қаласы, Кeнeсары көшeсі, 65, блoк “А”
Алматы қаласы ...............
ИБ №293
Тeругe 25.11.2009 ж. жібeрілді. Басуға 7.12.2009 ж. қoл қoйылды.
Пішімі 60х84 1/16. Қағазы oфсeттік. Қаріп түрі “KZ TіmesNR Cyr”.
Басылымы oфсeттік. Шартты баспа табағы 34,41 б.т. Eсeптік баспа
табағы 30,0 б.т. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс №
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру