TELEGEI

Home

Бабадан қалған асыл сөз

Халық ауыз әдебиеті

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бабадан қалған асыл сөз

Бабадан қалған асыл сөз: Қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалардың Отан, патриотизм туралы нақыл-өсиеттері, даналық ойлар мен қанатты сөздері. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейлі тойына орайластырылған осынау жинақта Ұлы даланың шешендік өнерінде терең із қалдырған ұлы ғұламалар мен дана ойшылдардың, ақын жазушылар мен мемлекет қайраткерлерінің, ел билеген қағандар мен әскери қолбасшылардың, дана

Қазақ халқының тарихындағы
ұлы тұлғалардың Отан,
патриотизм туралы нақыл-өсиеттері,
даналық ойлары мен қанатты сөздері

Алматы
«Раритет»

Бабадан қалған асыл сөз: Бабадан қалған асыл сөз: Қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалардың Отан, патриотизм туралы нақыл-өсиеттері, даналық ойлары мен қанатты сөздері / Құраст. А. Акишева. — Алматы: Раритет, 2015. — 200 б. ІSBN 978-601-250-273-2 Ұлтымыздың бірегей де ұлы тұлғаларының даналық ойлары, қанатты сөздері — елдігіміздің, бірлігіміздің, рухани болмысымыздың ерекше бір көрінісі, теңеусіз бай қазынасы. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейлі тойына орайластырылған осынау жинақта Ұлы Даланың шешендік өнерінде терең із қалдырған ұлы ғұламалар мен дана ойшылдардың, ақын-жазушылар мен мемлекет қайраткерлерінің, ел билеген қағандар мен əскери қолбасшылардың, данышпан тұлғалардың ел ішін ауызбірлікке, татулыққа шақырған салиқалы ой-толғаныстары, келер ұрпаққа арнаған өнеге-өсиеттері, қанатты сөздері, сондай-ақ Отан туралы, тіл туралы жыр-толғаулары мен өлең, дастандарынан алынған үзінділер уақыт елегіне сай, хронологиялық тұрғыдан топтастырылған. «Бабадан қалған асыл сөз» жинағынан ата-баба өсиетіне ден қойған əрбір оқырман өз қалауын табады деген үміттеміз. © Акишева А., құраст., 2015 © «Раритет» баспа компаниясы, 2015 ƏОЖ 821.512.122-1 КБЖ 84(5қаз)7-5 Б12 ƏОЖ 821.512.122-1 КБЖ 84(5қаз)7-5 Б12 ІSBN 978-601-250-273-2 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді Құрастырған Асия Акишева

ТОНЫКӨК (646–741 жж.) қыл иесі, сөз иесі мен болдым» деп ашығын айтқан Түрік қағанаты тарихындағы бірегей тұлға Тоныкөк (Тоңыұқық) тапқыр да шешен сөзімен, ер жүрек батырлығымен белгілі болған. Оғыз тайпасынан шыққан кемеңгер тұлға Екінші Шығыс Түркі Қағанатының шаңырағын көтеруге ат салысқан. Түркі жұртының ерлігі мен елдігін тасқа қашап, ұрпағына өшпес мұра қалдырған Тоныкөк: «Бүкіл түркі жұртына қарулы жау келтірмедім, атты əскер жолатпадым. Ел төресі жауламаса, оған еріп мен жауламасам, елім, халқым жойылар еді. Оның шабуылының нəтижесінде, менің шабуылымның нəтижесінде еліміз қайта ел болды, халқымыз қайта халық болды. Өзім қартайдым, ұлық болдым. Түркі Білге қағанның еліне арнап тасқа жаздырған мен Білге Тоныкөкпін» деп қолтаңба қалдырған. Қағаны — батыр, ақылгөйі — кемеңгер елдің бағы жанады. АСЫЛ СӨЗГЕ ӨЛІМ ЖОҚ... Қазақ даласы сөз ұстаған дана перзенттен ешқашан да кенде болмаған. Оны көне түркі дəуіріндегі тас бəдіздерде бедерленген бабалар мұрасынан да аңғарамыз. Тас бəдіздерде бедерленген бабалардың ойы ортағасырлық ұлы тұлғалар Əбунасыр əл-Фараби, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұн т.б. ғалымдар мен ақындардың еңбектері мен көркем туындыларында жалғасын тапты. Ал Шу бойында Қазақ хандығы іргетасын қалаған тарихи кезеңнен соң келелі сөз тізгіні билер мен жырауларға тиді. Ұрпақ пен ұрпақ арасындағы тарихи сабақтастық үзілген жоқ. Құдіретті ойды ұрпақтар игілігіне жеткізетін асыл сөзді халқымыз «бейнелі ой» деп бекер айтпаса керек. Сары даланың тыныс-тіршілігін, ғұлама жазушы Мұхтар Омарханұлы Əуезов жазғандай, қазақ қашанда «мөлдіретіп, төгілдіріп, кестелі сөзбен бейнелеп бере білген ғой». Атабабамыздан қалған елдік пен ерлік, атамекен мен туған жер, ұлтымыздың адами қалпы мен мінез-құлқы, тұрмыс-салты жайындағы қанатты сөздер мен мақал-мəтелдердің, нақыл өсиеттері мен дана сөздерінің қай-қайсысын алсақ та «түйіп айтқан терең ойды» танытады. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп ақиық ақындары мен жезтаңдай шешендерін тыңдай білген халқымыз, енді бір сөзінде: «Асыл сөзге өлім жоқ» деп келістіріп айтқан. Ұрпақтан-ұрпаққа «зерделі кестемен» жететін бабадан қалған асыл сөздің құдіретін халқымыз қай кезеңде, қай дəуірде болса да ұғынып қана қоймай, ұлықтай да білген. Осы дəстүр алдағы күндері де өз жалғасын таба береді деген үміттеміз. Қолдарыңыздағы «Бабадан қалған асыл сөз» жинағы ата-баба өсиетіне ден қойған əрбір қазақ оқырманы үшін қызықты да қажетті кітап болады деген ойдамыз. Бабалардың өсиеті мен өміршең ой-пікірлері өскелең ұрпақты өткеннен сабақ алып өсуге үйретіп, өрге сүйрей беретініне еш күмəніміз жоқ. Құрастырушы

* * *
Жауыңды — басындырма, халқыңды — ашыңдырма.
* * *
Күші толып, кемеліне келмесе ел,

Күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмес ер.
* * *
Қағансыз ел — кіріптар.
* * *

Пəтуасыз ер — елге сор.
* * *
Ел қамын жеген ер — басшы.
* * *

Түнде — ұйқы көрмедім, күндіз — күлкі көрмедім; қызыл
қаным төгілді, қара терім сөгілді; күшімді сарқа жұмсадым, жауға
да шаптым құрсанып — бəрі елім үшін!
* * *

Пəтуасыз табылса, ол халықтың қанша соры бар десеңізші!

БІЛГЕ (МЕРГЕН)

(684–734 жж.)
лты жасында жетім қалған Білге (Мерген — Моги-
лян) өсе келе əскери дарындылығымен, ақылды ойымен
қаймана жұрттың қошеметіне ие болып, түрік-қытай билеу-

шілерінің ықыласына бөленген. Құтлық қағанның (Елтерістің)
үлкен ұлы, Күлтегіннің ағасы. Көне түркі мемлекетін 19 жыл
бойы басқарған оның даналық сөздерінде елдің біртұтастығын
көксеген терең де саралы ой жатыр. Түрік Елінің бірегей

тұлғасы атанған Білге інісі Күлтегінмен бірге елдің қамы,
жердің тұтастығы үшін күресіп, көшпелілер империясының
іргесін бекіткен.
Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ.

* * *
Жоқ халықты бар қылу — қағанның қолында.

* * *
Түркіні бұзар тəтті сөз.
* * *
Егер ел басшысы тоңмойын һəм сатқын болмаса — елдің бағы.

* * *
Бақ болмайды басқа бақ — есің барда елің тап.
* * *
Жауыңнан бұрын қимылда — жеріңе жамандық келмейді.

* * *
Нағыз ер «дүние-мал» деп дірілдемес болар.
* * *
Дарақылық үмітіңді үзіп, қанатыңды қияды.

* * *
Дүниеқоңыздық пен тойымсыздық есіңді алып, еркіңнен айы-
рады.
* * *

Тастағы жазудан тағылым алғайсың.

КҮЛТЕГІН

(684–731 жж.)
кінші Шығыс Түрік қағанатының негізін салған Құт-
лықтың (Елтеріс) ұлдары туралы ел аузында: «Білге
қаған ел бастап, Күлтегіні қол бастап» деген сөз бар. Олар «елдің

алтын тұтқасы, айбарлы асыл тірегі» болған. Өз дəуірінің
белгілі қоғамдық қайраткері Күлтегін батыр, түркі əскерін
басқарған қабілетті де көрнекті қолбасшы болған.
Күлтегін дүние салғанда, қалың жұрты, ұрпағы оның рухына

тағзым етіп, алып ескерткіш орнатады, оған елінің тарихын
қашап жазады. Бүгінде сол ескерткіштің ғылыми көшірмесін
Елордасы — Астанадағы Еуразия ұлттық университетінің
төрінен көруге болады.

Көтерген де — тəңірі, ел берген де — тəңірі.
* * *
Қаған ел құрар.

* * *
Ел ұстап, заң жасаған.
* * *
Ері жоқ елдің күні қараң.

* * *
Тату елге — тыныштық пен тоқшылық нəсіп.
* * *
Бегі мен халқының ынтымағы жоқ жерде, дұшпанының алдауы-

на сенген, арбауына көнген жерде, інісі мен ағасы дауласқан, бегі
менен қарашасы жауласқан жерде ел елдігінен айырылады.
* * *
Қағанынан айырылған ел — ғаріп, иесінен айырылған жер —

ғаріп.
* * *
Күшке күш қосылса — құп, елге ел қосылса — құт.
* * *

Биікте көк тəңірі, төменде қара жер жаралғанда — екеуінің ара-
сында адам баласы жаралған; адам баласы үстіне — Бумын қаған
мен Істемі қаған отырған; отырып түркі халқының ел-жұртын
қалыптастырған, иелік еткен.

* * *
Халқына — бегі, бегіне — халқы сенген ел ұзақ жасайды.
* * *
Билеушісі біліксіз елдің жұрты жалтақ келеді.

* * *
Бас иесіз — ел тозар.
* * *
Зердесіз қаған ел билесе — сол жаман, əлсіз қаған ел билесе — сол

жаман.
* * *
Халқын жұтатпаған қаған бақытты.
* * *

Халқын асырау — қағанға парыз.
* * *
Қаған үшін еліне қарулы жау келтірмегеннен асқан мерей жоқ.
* * *

Қағанын сатқан халықты тəңірі де жаратпайды.
* * *
Елін сүйген ер бақытты.
* * *

Елді халық едім, қайда енді сол елім?!
Қағанды халық едім, қайда сол қағаным?!

ƏБУ НАСЫР ƏЛ-ФАРАБИ

(870–951 жж.)
ристотельден кейін əлем бойынша білім мен мəдениеттің
Екінші ұстазы атанған ұлы данышпан, ғұлама ғалым, эн-
циклопедист Əбу Насыр əл-Фараби жалпы түркі ойшылдарының

ең атақтысы, ең мəшһүрі. Мұсылманша толық аты-жөні
Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ Тархани. Ерте заманда түркі
халықтарының орталығы болған Отырар қаласында, Сыр бойын-
да дүниеге келген (арабтар Отырарды «Фараб» деп атаған).

Əлемге əйгілі ойшыл, философ, математик, физик, астро-
ном, лингвист, музыка зерттеушісі əл-Фараби 150-ден астам
трактат жазып қалдырған. Тарихи деректердің айтуынша,
жетпіске жуық тіл білген.

Əл-Фарабидің философиялық ұстанымдары мен көзқарас-
тарынан басты үш бағытты анық аңғаруға болады. Ғұлама
ғалым дүниенің мəңгілігін мойындап, танымның болмысқа
тəуелділігін растаған, ақыл-парасат туралы ілімге талдау жа-

сап, сарапқа салған.
1 Сұлтан Бейбарыс.
* * *
Жарлы халықты бай қылдым, аз халықты көп қылдым.

* * *
Елін елдікті етті, жауын бейбітті етті,
Бастыны бағындырды, тізеліні бүктірді.

Егер бізге қайта туу нəсіп болса — мен екінші рет те Сығанақта дүниеге келуді қалаған болар едім! *** Білім жəне атамұраны жақсы тəрбиеменен безеу керек. *** Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқыр ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды. *** Білімді болу деген — жаңалық ашуға қабілетті болу. *** Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбеңнен көп алыста жатады. *** Шын білім — ақиқат, анық білім. *** Адам мақсатын өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді. *** Мінез бен ақыл жарасса — адамгершілік ұтады. *** Тəрбиелеу дегеніміз — адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту. *** Өз ісіңнің білгір һəм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек. *** Ғақлия көзбен қарасаң, Дүние — ғажап, сен — есік. Жаһалы көзбен қарасаң, Дүние — қоқыс, сен — меншік. *** Өрге жүзген өнегелі ісімен, Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен. *** Даналар талай нысан тапқанымен, Тапқан жоқ тектің тегін əлі бірі. *** Ең тамаша əрекет — бақытқа қол жеткізетін еркіндік! *** Барлық қалалары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын халық — қайырымды халық. Егер халықтар бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын болса, бүкіл жер жүзі осылайша қайырымды болады.

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН

(шамамен 1017/1021–1075 жж.)
олық аты Жүсіп Хас-Хажыб. Шу бойындағы ескі қаланың
бірі — Баласағұнда туған. XІ ғ. 70-ж. дейін өмір сүріп, есі-
мі күллі Шығыс елдеріне мəшһүр болған дарынды ақын, даныш-

пан-ойшыл ғалым, мемлекет қайраткері. Жүсіп Баласағұнның
«Құтты Білік» («Құтадғу білік») дастаны əлемдік əдебиет
тарихындағы мəңгілік өшпес бірден-бір əдеби мұра болып та-
былады. Бұл дастан қазіргі түркі тілдес халықтардың орта

ғасырдағы тарихи жəне қоғамдық-саяси өмірі мен тұрмыс-
тіршілігінен, ғылымы мен əдебиетінен, мəдени деңгейінен,
əдет-ғұрпы мен наным-сенімінен мағлұмат беретін бірегей ту-
ынды. «Құтты Білік» дастанының біздің заманымызға дейін

үш көшірме нұсқасы жеткен. Ақынның, сондай-ақ толғамы
терең өзге де рубаилары белгілі.
Халық бүлінсе — саясат түзейді.
Халық тарықса — үкімет жұтайды.

* * *
Кімде-кім халқынан алмаса тəлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
* * *

Жай халықсыз болмайды іс те, ештеңе — жайлап сөйлес, жөнсіз
билеп-төстеме.
* * *
Қылыш қан төксе — иесі ел билейді.

* * *
Бек қызыққа құмар болса — қалған елдің күні қараң.
* * *
Сараң бек ел билей алмайды.

* * *
Елшісі епсіз басшының бағы жанбас.
* * *
Тіл — елшінің қылышы.

* * *
Ақылсыз адам — мəуесіз ағаш секілді.
* * *
Көңіліңе қарай — дос таңда, күшіңе қарай — жүк таңда.

* * * Бала нені білсе жастан, ұядан, Өле-өлгенше соны таныр қиядан. * * * Қатты тəртіп көрсе бала күнінде, Өнерімен қуантады түбінде. * * * Ел билеу үшін ақыл, жүрек, ой керек. *** Ұлық болсаң — кішік бол. * * * Қылыш — ел шауып, қазына құрайды, Қалам — қазына тауып, қайыр сұрайды. * * * Қара халық ханы кетсе, басынан айырылар. * * * Халықтың хақы əкімде. * * * Халық бүлінсе, саясат оны түзейді. * * * Көш басы қайда барса, соңы да сонда барады. * * * Қара халық қызмет етсе, бектер биіктеп кетеді. *** Қылыш елді күзейді, Қалам елді түзейді.

МАХМҰД ҚАШҚАРИ (1029–1101 жж.) олық аты-жөні Махмұд ибн Əл-Құсайын ибн Мұхаммед. Қарахандардың ақсүйектерінен шыққан. Қазіргі Қазақстан жерінде болған Барысқан қаласында туып, Қашқарда қызмет еткен. Махмұд Қашқари түркі халықтарының тұңғыш филологы. Ауыз əдебиеті үлгілерін жинап, зерттеген ұлы ғалым. Əйгілі «Диуани луғат-ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») еңбегінің авторы. 8 кітаптан тұратын осынау еңбекте 6800дей түркі сөзі ғылыми жүйеге түсірілген. «Диуани луғат-аттүрік» ерте орта ғасырдағы түркі халқының энциклопедиясы іспетті. Данышпан ғалымның, сондай-ақ ең ежелгі түркі картасы деп танылған Дөңгелек картасы да белгілі. Онда түркі халықтарының таралым аймағы көрсетілген. ЮНЕСКО ұйымының ұйғарымымен 2008 жыл «Махмұд Қашқари жылы» деп жарияланған болатын. Ел — қалар, əдет — қалмас. *** Жер бастырығы — тау, ел бастырығы — бек. *** Бақыттың белгісі — білім. *** Ер жігітті қорлама. *** Үлкенмен керіспес болар. *** Əдептің басы — тіл. *** Ақылды сөз — алтын табаққа жеткізер. *** Сөз ұғындырылса — ой білінер. *** Бар — бақыр, жоқ — алтын. *** Ауыр күн де өтеді — оған сабыр-шыдам қыл.

*** Ұран көтерілсе — ру жиылар, Жау келсе — жамағат жиылар. *** Дос адам маңайыңды жұмақ етер. *** Күндестердің күлі де — күндес. *** Жақсы адамның сүйегі қурағанмен — аты қалар. ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ (1093–1166 жж.) ІІ ғасырда Түркістан маңындағы Сайрам жерінде дүниеге келген. Халқымыздың байырғы мəдениеті тарихындағы айрықша тұлға, сопылық поэзияның негізін салған кемеңгер ақын, күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған діни қайраткер. Түркі тілінде жазылған XІІ ғ. əйгілі əдеби жəдігер «Диуани Хикметттің» авторы. Өкінішке қарай, бұл туындының түпнұсқасы сақталмаған, біздің заманымызға дейін жеткені XV–XVІ ғғ. көшірмесі ғана. Қожа Ахмет Яссауи 63 жасында: «Пайғамбар жасына жеттім. Маған одан артықтың қажеті жоқ» деп, қалған өмірін қылуетте, яғни жер астында өткізген. Бізге жеткен бірегей шығармасы «Диуани Хикметте» қазақ халқының ертедегі тарихына, мəдениеті мен əдебиетіне, этнографиясы мен экономикасына қатысты құнды деректер бар. Бұл шығарма алғаш рет жеке кітап ретінде 1878 жылы басылып шықты. Тарихи деректер бойынша, XІV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір Түркістанда жерленген Қожа Ахмет Яссауи əзі-

ретінің басына күмбез орнаттырған. Бүгінде бұл кесене дүниежүзілік мəдени мұралар тізіміне енгізілген. Халқыңа қызмет ет, Ізгілерге ізет ет, Жаны жақсы жайсаңдарға құрмет ет. *** Пасық сөзден тұлға бойға шаншылар мұң. *** Өсіп-өну абат үшін. *** Ниетсіз, құлықсыз, құштарлықсыз, қиналыссыз сөздің салмағы жоқ. *** Көңілің тойсын қанағатқа. *** Бейнеттен қашпа. *** Қиын да болса, түзу жолмен жүр. *** Тақуа болма, тентек болма — ғашық бол. *** Құр мақтанға құмартып, тұрғызба биік күмбездер. *** Тəубесі жоқтың — көңілі арам. *** Тəубесі бардың — нұры бар. *** Жаны сергектің — тəні сергек. *** Өткендердің ғибрат ісін ал ойға. *** Тəкаппар тозақта күйеді. *** Білімнен бейхабарлар, Алланы да білмейді. *** Парықсыздар өздері жақсы-жаманның не екенін білмей жатып, мəнсіз біреулерді жер-көкке сыйғызбай мақтайды. *** Арам жеген əкімдер, параға құныққандар өкініш отына өртенеді.

*** Жетім, пақыр, ғаріпті жебей жүргейсің: бұл пайғамбарымыздың өнегесі. *** Ақ ниетімен ақ-адал дəмін ұсынғандарға ақ пейілді бол. *** Асылдарды əрқашан жадыңда ұста. МАЙҚЫ БИ ТӨБЕЙҰЛЫ (1105–1225 жж. шамасы) ты аңызға айналған Майқы би туралы халқымызда: «Түгел сөздің түбі — бір, түп атасы — Майқы би» деген қанатты сөз бар. Майқы баба түйінді де даналы сөзімен би біткеннің көш басшысы болған делінеді. Тарихи деректерге жүгінсек, Майқы би түбі түркі халықтардың біразына төрелік айтқан бас бидің бірі болғанға ұқсайды. Халқымызға тəн аңыздардың бірінде: Орманбет би өліп, ноғай елі бүлінгенде, Майқы би қазақ ұлысын құрған тарихи қайраткер бейнесінде сипатталады. Аңызға сəйкес, Майқы би қазақ руларын үш жүзге топтап, Үйсін бастаған бөлікті Ұлы жүз, Қабан ұлы Болатқожа бастаған бөлікті Орта жүз, Қоғам ұлы Алшын бастаған бөлікті Кіші жүз деп атаған дейді. Бірліксіз — тірлік жоқ.

* * * Хан əділ болса — халық ынтымақты болады. * * * Хан — халықтың қазығы. * * * Жетесіз жігіт — ел қадірін білмес, некесіз əйел — ер қадірін білмес. * * * Тұлпардан тұлпар туады, Сұңқардан сұңқар туады, Асылдан асыл туады, Жалқаудан масыл туады, Масылдан малықпас туады, Тілазардан қылжақпас туады, Таздан жарғақпас туады, Сараңнан бермес туады, Соқырдан көрмес туады, Мылжыңнан езбе туады, Қыдырмадан кезбе туады. * * * Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. * * * Ханның биі ақылды болса, Қара жерден кеме жүргізеді. * * * Би екеу болса, дау төртеу болады. * * * Дауыл болмай жауын болмас, Даулы болған қауым болмас. Егіз ешкі сауын болмас, Екі жалқау ауыл болмас. * * * Естіге айтқан тура сөз, Шыңға тіккен тумен тең. Есерге айтқан тура сөз, Құмға сіңген сумен тең. * * * Ақиық қыран қартайса, Жас жағалтайдан тепкі жейді. *** Ақиық қыран қартайса, Жас жағалтайдан тепкі жейді. *** Парақор биге ісің түспесін, Сараң үйге кісің түспесін.

АСАН ҚАЙҒЫ

л-жұртының болашағы жайлы ойланып, қабырғасы
қайыса қайғырып, толғанған Дешті қыпшақтың ХV ғ.
ірі жырауы, шешен биі Хасан Сəбитұлын халқы Асан Қайғы
атап кеткен. XІV ғ. аяғын ала дүниеге келіп, XV ғ. ортасында

Сарыарқадағы қасиетті Ұлытау жерінде дүниеден озған деген
дерек бар.
Асан Қайғы — Ұлығмұхамед, Жəнібек хандардың қасында
жүріп, мемлекет ісіне араласқан ықпалды бектердің бірі болған.

Қадірменді жырау өзінің арнау-толғауларында ру-тайпалық
одақтардың құрылымы мен халық дəстүрлері жайында сөз
қозғап, ханның ел басқару əдісіне сын айтып, кеңес те беріп
отырған. Ол хандықты нығайтып, елдің қорғаныс қабілетін

арттыру қажеттілігіне де назар аударады. Жақсылық пен
жамандық туралы сыр шертіп, халқын бейбіт те адал өмір ке-
шуге шақырған.
Өз заманының өнерлі де данышпан ойшылы болған атақты

жыраудың шығармашылығындағы «Жерұйық» идеясы орта
ғасырдағы Еуропаға тəн утопиялық көзқарастармен ұштасады.
Көлде жүрген қоңыр қаз
Қыр қадірін не білсін!

Қырда жүрген дуадақ
Су қадірін не білсін!
Ауылдағы жамандар
Ел қадірін не білсін!

Көшіп-қонып көрмеген
Жер қадірін не білсін!
* * *
Ата-жұрты бұқара

Өз қолыңда болмаса,
Қанша жақсы болса да,
Қайратты туған ер ғаріп.
* * *

Таза мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады,
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толықса шығады.

* * *
Жылуы жоқ жібектен,
Жұлымы шыққан бөз артық!
Астауы бал болса да,

Азғын болған шаңырақтан,
Ащы болса да алақанда,
Адал жалаған тұз артық!

Көре алмаған туыстан,
Қол ұшын берген кісі артық!
Күндес болған қоңсыдан,
Күнде аңдысқан жау артық!

Жақсыны да, жаманды жаратқан-ау Тəңірім!
Пейілі жемсау, жемқорлық
Пендеге біткен осалдық!
Ойланыңдар Жамағат!

Таразы тасы Имандық!!!
* * *
Есті көрсең кем деме,
Бəрі тұйғын табылмас,

Қарындасын жамандап,
Өзіңе туған табылмас.
Адам əзіл айтар деп
Көңіліңді салмағыл.

Нəпсі алдаушы дұспаның
Насихатын алмағыл.
Бақыты оянған ерлердің
Əрбір ісі оң болар,

Дəулеті күнге артылып,
Не қылса да, мол болар.
Тазылары түлкі алып,
Қаршығасы қаз іліп,

Сөз сөйлесе жөн болып,
Не десе де жарасар,
Бай, байсын деп ат қойып,
Ел аузына қарасар.

Арғымаққа міндім деп
Артқы топтан адаспа,
Күнінде өзім болдым деп,
Кең пейілге таласпа,

Артық үшін айтысып
Достарыңмен санаспа.
Ғылымым жұрттан асты деп,
Кеңессіз сөз бастама,

Жеңемін деп біреуді
Өтірік сөзбен қостама!
* * *
Арғымаққа міндім деп

Артқы топтан адаспа!
Күнінде өзім болдым деп
Кеңпейілге таласпа!
Артық үшін айтысып,

Достарыңмен санаспа!
Ғылымым жұрттан асты деп
Кеңессіз сөз бастама!
Жеңемін деп біреуді

Өтірік сөзбен қостама!

ШАЛГИІЗ ТІЛЕНШЕҰЛЫ (1465–1560 жж.) азақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушы Шалгиіз жырау ноғайлы-қазақ дəуірінде Орақ, Мамай, Би Темірдің тұсында өмір сүрген. Өз заманының ең жетік суырып салма ақыны болған қадірменді жыраудың ғибратнамалық шешен сөздері мен жырларынан бізге жеткені 600 жолдың шамасы делінеді. Осы азғантай мұрасының өзі-ақ оның сирек кездесетін дарын иесі екенін айғақтайды. Жыраудың ой-толғаныстарында ел билейтін басшының қауым, əлеумет өміріндегі орнына да өзіндік баға берілген. Шалгиіз елдің бірлігі мен ынтымағын аңсаған ақын. Оның шығармалары орыс тіліне де аударылған. Малыңды бер де, басың қос, Басыңды қос та, бек сыйлас. *** Есендікте малыңды бер де, батыр жи, басыңа қиын-қыстау іс түссе, дұшпанның қолы жете алмас. *** Алтау болар, бес болар, Ішінде абаданы бір болар. Абаданынан айырылса, Олардың əрбіреуі Əрбір итке жем болар. *** Шағырмақ бұлт — жай тастар, əділ жігіт — ел бастар. Шешен жігіт — жол бастар, батыр жігіт — қол бастар. *** Айдын сулар, аймақ көл — Тасыса дөңбек келтірер. Көп өтірік, жаман сөз — Басыңа бəле келтірер. *** Шағырмақ бұлт — жай тастар, əділ жігіт — ел бастар. *** Бір жақсымен дос болсаң — Азбас-тозбас мүлкі етер. Бір жаманмен дос болсаң — Күндердің күні болғанда Бар ғаламға күлкі етер.

ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ (1490–1523 жж.) заулы (Азов) шаһарынан шыққан (Астрахан маңы) Доспамбет жырау қазақ хандығы құрылар тұста өмір сүрген. Ерлік пен еркіндікті аңсаған жорықшы жырау Доспамбеттің ұлттық əдебиетіміздің қалыптасуында алар орны ерекше. Ол өз толғауларында ұрпағына еліңді, жеріңді қорғай біл деген өсиет қалдырып, өз заманындағы ерлік дəстүр мен батырлықты дəріптеген. Кей деректер бойынша, Доспамбет кезінде Қырым, Ноғай жəне Қазан хандықтарының арасындағы бірқатар жорықтар мен шайқастарға қатысқан. Өкінішке қарай, жыраудың ақындық мұрасы біздің заманымызға толық жетпеген. Жекелеген қолжазбаларда сақталып қалған шығармалары ХІХ ғасырдың басында əртүрлі əдеби жинақтарға енген. ...Екі арыстап жау шапса, Оқ қылқандай шаншылса, Қан жусандай егілсе, Аққан судай төгілсе, Бетегелі Сарыарқаның бойында Соғысып өлген өкінбес! *** Еңсесі биік ақ орда — еміне кірер күн қайда, Қара бұлан терісін етік қылар күн қайда. Күдеріден бау тағып кіреуке киер күн қайда, Күмбір-күмбір кісінетіп, күреңді мінер күн қайда. Толғамалы ақ балта толғап ұстар күн қайда, Алты құлаш ақ найза ұмсынып шаншар күн қайда, Садақ толы сəйгез оқ, масағынан өткеріп, Басын қолға жеткеріп, созып тартар күн қайда?! *** Қоғалы көлдер, қом сулар — қонысқа қонған өкінбес, Арыстандай екі бұтын алшайтып арғымақ мінген өкінбес... *** Айнала бұлақ басы — Тең, Азаулының Стамбұлдан несі кем?! Азаулының Аймадет Ер Доспанбет ағаның Хан ұлынан несі жоқ, Би ұлынан несі кем?!. *** Айналайын, Ақ Жайық, Ат салмай өтер күн қайда?! Еңсесі биік боз орда Еңкейе кірер күн қайда?!.

Қара бұлан терісін Етік қылар күн қайда?! Күдеріден бау тағып, Кіреуке киер күн қайда?! Күмбір, күмбір кісінетіп, Күреңді мінер күн қайда?! Толғамалы ақ балта Толғап ұстар күн қайда?! Алты құлаш ақ найза Ұсынып шаншар күн қайда?!. *** Қалаға қабылан жаулар тигей ме, Қабырғадан дұспан жалдап жүргей ме, Қатарланып, қарланып, Қайран ер қарт күреңге мінгей ме! Қабырғадан қараған Достым менен дұспаным: «Апырым, ер Доспамбет!» — дегей ме!.. ТӨЛЕ ƏЛІБЕКҰЛЫ (1663–1756 жж.) азақ шешендік өнерінің тарихындағы ерекше тұлға Төле би Əлібекұлы қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу өзенінің бойындағы Жайсаң жайлау деген жерде дүниеге келген. Ел-жұртының тыныштығын көздеп, салиқалы саясат жүргізе білген көреген көсем туралы «Бүтін билікке Төле би жеткен» деген сөз бар. Əз Тəуке ханның «Жеті жарғысын» жасауға қатысып, «Билер кеңесінің» мүшесі болған. Қазақ хандығының тұтастығы жолында күрескен Төле би өз заманындағы зерделі де сауатты қайраткер болған. Оның əділдігіне, парасаттылығына тəнті болған жұрты «Қарлығаш əулие», «Қарлығаш би» деп атаған. Тегімді менің сұрасаң, Дулаттан тарап өрбіген Жаныстан шыққан Төле едім. Араздасқан ағаны

Тату етсем деп едім. Береке — бітімі елімнің. Құдіреті мен қасиетін Асқар етсем деп едім. *** Атадан ұл туса игі, Ата жолын қуса игі. Өзіне келер ұятын Өзі біліп тұрса игі. Жаудан бұққан немені, Ортасынан қуса игі! *** Арғымақ баптап не керек, Жабы қуып жеткен соң. Ағайын-туған не керек, Аңдысып күні өткен соң. Бес күн жалған өтеді, Ажал қуып жеткен соң, Бір төбенің басына Тыға салып кеткен соң. «Сөйле, Төке» дейсіздер, Жастар бар ма тыңдайтын? Бұрынғыдай жұрт қайда, Айтататын оны біз қайда?.. *** Іздеп келер інің бар болса, Бақытың барын содан біл. Аңсап келер ағаң бар болса, Аруағың барын содан біл. *** Аларды біліп, бермегеннен без, Ел-жұрты қашып, ермегеннен без. Үйіне қонақ қонбағаннан без, Көптің айтқанына болмағаннан без! *** Атың жақсы болса, Ер жігіттің пырағы, Балаң жақсы болса, Жан мен тəннің шырағы. Қызың жақсы болса, Жайқалып өскен құрағы... *** Жалғандай ойлап тұрсаң бірлік керек, Бірлікті ойлаған соң тірлік керек. Ағайынға ала көз бола қалсаң, Аузыңнан несібеңді біреу жемек. *** Бейбіт елде — сəн бөлек, бүлінген елде — дау бөлек. Тұсау — ат сақтайды, ат — ер сақтайды, ер — жер сақтайды. *** Бір үйдің баласы болма, Көп үйдің баласы бол. Бір елдің баласы болма, Бар елдің данасы бол.

*** Жаңбыр жаумаса жер жетім, Басшысы болмаса ел жетім. Ұқпасқа айтқан сөз жетім, Көре алмаған көз жетім. *** Өзіңе-өзің кəміл бол, Халқыңа əділ бол, Жауыңа қатал бол. Досыңа адал бол. *** Тəңірге құйса дария Суының мол болғаны. Ел билеген ер жігіт Сыйласа халқы құрметтеп, Басына бақыт қонғаны. *** Бірлігі мықты ел болса, Барлығы түгел бауыр-ды. Отқа иелік болмаса, Жеріңді өрт шалады. Əділ билік болмаса, Халқыңды дерт алады. *** Ұрпағыңа үлгі етіп, Батырыңды жырлап өт, Жерлеп жеңсе жауыңды. Астыңа берсе алтын тақ, Еліңнің саған сенгені. Береке-бітім жолын тап. Күштің бетін баста деп. Қолыңа тізгін бергені. *** Лауазымың өссе зорайып, Адалдықты тұншықтырсаң сол айып. Елді билеп өскеніңнен не пайда, Рақатыңды көрмесе, ағайын мен халайық. *** Жүзге бөлінгендердің жүзі қара, Руға бөлінгендердің құруға асыққаны. Атаға бөлінгендер адыра қалады, Көпті қорлаған көмусіз қалады. Хан азса, халқын сатады, Халық азса, хандыққа таласады! *** Жаныңа батса білерсің Қасиетін саулықтың. Елің тозса білерсің, Азабы мен қасіретін. Араздасқан жаулықтың.

*** Береке-бітім, келмедің Əз Тəукенің кезінде, Қазақтан туған асылдар Өнеге болар ұрпаққа Əйтеке мен Қазыбек Əділін айтқан ер еді. Терезем тең боп солармен, Елімнің биік төрінен. Орын алған Төле едім. Береке-бітім болғанда Еңсесі биік ел едім. ҚАЗЫБЕК КЕЛДІБЕКҰЛЫ (1667–1765 жж.) ыр бойында дүниеге келген халқымыздың кемеңгер билерінің бірі — Қаз дауысты Қазыбек бидің жастық шағы Қаратау, Ұлытау атырабында өткен дейді тарихи деректер. Оның арғы аталары да, өз əкесі Келдібек те дүйім жұртқа белгілі əділ би, абыздар қатарынан шыққан. Қазыбек би — қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілік, шапқыншылық кезеңде екі елдің арасына бітімші болған алғыр да шешен елші ретінде де танылған. Халықтың ауыз əдебиеті мен салт-дəстүрін, ата жолын жастайынан меңгеріп өскен Қазыбек би өз заманындағы озық ойлы, əділ де көреген, батыл да батыр тұлға ретінде ел билеген хандардың мемлекет басқару ісіне араласып, ішкі-сыртқы саясат тұрғысында кеңес беріп те отырған. Ел — көбелек емес, ер — кебенек емес.

*** Ермен бірге ел азады, Тағындағы хан азады, Бабындағы би азады. *** Біз — қазақ деген қырда қой баққан елміз, Жүйрік жаратып, қымызға бие байлатқан елміз. Дəм-тұзды ақтай білген, Достықты сақтай білген, Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз! *** Төрімізден құт-береке қашпасын деп, Жеріміздің шетін жау баспасын деп, Туырлыққа — ту іліп, Қыннан қылыш суырып, Көк найзаның ұшына күдері таққан елміз! *** Дұшпанға еш бас ұрмаған елміз, Басымыздан сөз асырмаған елміз! Асқақтаған хан болса, Сөз ұқпайтын паң болса, Қанға — қан, жанға — жан алатынымызды жасырмаған елміз! *** Атадан ұл туғанда — құл боламын деп тумайды, Анадан қыз туғанда — күң боламын деп тумайды. Ұл менен қызды қаматып, Намысқа шашпай түн қатып, Көз жұмып текке отыра алмайтын елміз! *** Өркенім өссін десең, кекшіл болма, кесапаты тиер еліңе, Елім өссін десең, өршіл болма, өскеніңді өшірерсің. *** Басына іс түскен пақырға қастық қылма, қайғысы көшер басыңа. Бүгін сағы сынды деп, жақыныңды басынба! *** Арадан шыққан жау қиын, Таусылмайтын дау қиын. Шанышқылаған сөз қиын, Жазылмаса дерт қиын, Іске аспаған серт қиын, Ақылыңнан адасып, Өзің түскен өрт қиын! *** Атадан жақсы ұл туса — елінің зары болады, Атадан жаман ұл туса — адам біткеннің қоры болады. *** Ерден ердің несі артық — ептестірген сөзі артық, Жерден жердің несі артық — бір-екі уыс шөбі артық. *** Бірлігі кеткен ел жаман, егесіп өткен ер жаман. *** Малдан, ел қымбат Елдегі ер қымбат, Ерден — ар қымбат.

*** Алтын ұяң — Отан қымбат, Құт-берекең — атаң қымбат. Асқар тауың — анаң қымбат. Туып-өскен елің қымбат. Кіндік кескен жерің қымбат. ƏЙТЕКЕ (АЙТЫҚ) БАЙБЕКҰЛЫ (1644–1700 жж.) ара қылды қақ жарған əділ» де кемеңгер тұлға Əйтеке бидің шын есімі Айтық. Кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен биі. Өзбекстанның Қазбибі тауында, Қызылша ауылында дүниеге келген. Тəуке ханның тұсында өмір сүріп, қазақ жұртының бір орталыққа бағынып, біртұтас ел болуына ісімен де, сөзімен де зор үлес қосқан. Жоңғарлармен ұрыстарда қол бастаған батыр да болған. Қазақ даласына көз тіккен көрші мемлекеттерден қауіптенген Əйтеке би Түркістанда өткен іргелі жиындардың бірінде, шегара аймақтарда «əскери соғыс əдістеріне үйретілген жасақтар ұстайық, шегараға таяу ауылдарды ішкі бетке көшірейік» деген ұсыныс жасайды. Ол, сондайақ «бүкіл қазақ жасағы бір қолбасшыға бағынсын, қолбасшы Ресей, Қытай, Түрік не Еуропаның əскери өнері жетік бір елінде оқытылсын», қолбасшы «қарадан шыққан адам болсын» деген де көреген ой айтқан.

Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін, Батыр болсаң, жауға найзаң тисін. Бай болып елге пайдаң тимесе, Батыр болып жауға найзаң тимесе, Елден бөтен үйің күйсін!.. *** Бүркіт бол, заманыңыз түлкі болса, Бай болар кедей жігіт мүлкі болса. Жақсылардың белгісі сол емес пе, Қара қылды қақ жарған əділ болса!?. *** Атадан жақсы ұл туса Елінің оңы болады. Атадан жаман ұл туса, Көшінің соңы болады. *** Ел болмас елдің төбесіне ту тұрақ болмас, Ел болмас елдің төресіне тəж тұрақталмас. *** Ағаң келсе — ардақтап атын байлағандай, қонағың келсе — құрметтеп, көңілін жайлағандай тындырымды іс атқарғанға не жетсін! *** Қара қылды қақ жарған — Жақсылардың белгісі. *** ...Ашу деген — ағын су, Алдын ашсаң арқырар. Ақыл деген — дария, Алдын тоссаң тоқырар. Кісі бірге туыспау керек, Туысқан соң сөз қуыспау керек. Сөз қуған пəлеге жолығады, Жол қуған олжаға жолығады. *** Суалмайтын суат жоқ, Тартылмайтын бұлақ жоқ. Тамыры суда болса да, Уақтысы жеткенде, Қурамайтын құрақ жоқ. Дүние деген фəни бұл, Панасы жоқ, тұрақ жоқ. Баласы жоқта, мият жоқ, Бəрінен де сол қиын, Түнде жанған шырақ жоқ, Артта қалған тұяқ жоқ, Шүкіршілік етіңіз!

БҰҚАР ҚАЛҚАМАНҰЛЫ (1684–1782 жж.) тақты Абылай ханның ақылшысы Бұқар жыраудың есімі қазақ еліне ертеден мəлім. Замандастары «Көмекей əулие» атап кеткен ұлы жырау XVІІІ ғ. əдебиетіміздің көрнекті өкілдерінің бірі. Əкесі Қалқаман белгілі батыр болған. Əйгілі жыраудың бізге жеткен арнау, терме, толғаулары негізінен əлеуметтік, қоғамдық мəселелерді көтерді. Бұқар жырау, сондай-ақ азаттық жолында өлімге бас байлап, ерлік жасаған халық батырларын жырға қосып, олардың өшпес əдеби бейнелерін де жасаған. Ежелгі дұшпан — ел болмас, етектен кескен — жең болмас. *** Екі жақсы дос болмас — сірне үстінде хаты бар, Ежелгі дұшпан ел болмас — көңілінде кір, даты бар. *** Ауылда адам бар болса — ауыл ада болмайды, Ел иесі бар болса — елі ала алмайды. *** Ел бастау қиын емес, Қонатын жерден көл табылады. Қол бастау қиын емес, Шабатын жерден ел табылады. *** Ер жігітке жарасар Қолына алған найзасы, Би жігітке жарасар Халқыңа тиген пайдасы. *** Жақын жерден шөп жесе Жердің сəнін кетірер. Ағайынның аразы Елдің сəнін кетірер. Абысынның аразы Ауыл сəнін кетірер. *** Бағаналы орда, басты орда. *** Ежелгі дос жау болмас.

*** Тар пейілді кеңімес, Кең пейілді кемімес... *** Еліңнің қамын же — сана, Есіліп кеңес айт — сана. *** Ел бастау қиын емес, Қонатын жерден көл табылады. Қол бастау қиын емес, Шабатын жерден ел табылады. *** Ер жігітке жарасар, Қолына алған найзасы. Би жігітке жарасар, Халқына тиген пайдасы. *** Адамзаттың баласы Атадан алтау тумас па, Оның ішінде біреуі Арыстан болмас па! Алдына келген жақсының Қадірін оның біле алмай, Қадір-құрмет қыла алмай Артында қалған жамандар Бас-басыңа тозбас па! *** Екі жақсы қас болмас, Екі жаман дос болмас. *** Əлемді түгел көрсе де, Алтын үйге кірсе де, Аспанда жұлдыз аралап, Ай нұрын ұстап мінсе де, Қызыққа тоймас адамзат!

АҚТАМБЕРДІ САРЫҰЛЫ (1662–1752 жж.) тақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері Ақтамберді қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген тарихи тұлға. Он жеті жасында қару алып, ел қорғауға аттанған жыраудың ақындық даңқымен қатар, батырлық даңқы қатар шығады. Жоңғарларды талқандап, жау қолында болған шығыстағы жерлер босатылған соң, ел-жұртты ата мекенінен көшіруге көп еңбек сіңірген. Суырып салма сөз өнерінің хас шебері Ақтамбердінің өжет те, өткір сөздеріне риза болған жұрты оны «жалынды жырау» санаған. Балаларыма өсиет: Қылмаңыздар кепиет, Бірлігіңнен айырылма, Бірлікте бар қасиет. *** Татулық болар береке, Қылмасын жұрт келеке, Араз болсаң алты ауыз Еліңе кірген əреке. *** Ел аман болсын, ылайым, Тілегім берді бəрін де, Разымын, құдайым. *** Ағайының көп болса — ұлы шерік қолмен тең, Білімді туған жақсылар — аз да болса көппен тең. *** Орнын тапса ер жігіт — елсіз болар дейсің бе. Орда тігіп орнатса — төрсіз болар дейсің бе. *** Талапты елге нұр жауар. *** Татулық деген — береке. *** ...Қоңыраулы найза қолға алып, Қоңыр салқын төске алып, Қол төңкерер ме екенбіз. Жалаулы найза жанға алып,

Жау қашырар ма екенбіз! Тобыршықты əндіген Толтыра тартар ма екенбіз! Тобылғы түбі құралай, Бытыратып атар ма екенбіз! Жарлауға біткен жапырақ — Жамылсақ тоңар ма екенбіз. Жазыққа біткен бүлдірген — Сұғынсақ тояр ма екенбіз! *** Жауыңды аяма, Жылағанды уат, Жығылғанды тұрғыз. *** Еділ — Жайық екі өзен, Талсыз болар деймісің. Жағалай жатқан қалың ел, Малсыз болар деймісің. *** Өнер алды — бірлік, қылған жақсы тірлік. СЫРЫМ ДАТҰЛЫ (1723–1802 жж.) 783–1797 жылдардағы Кіші жүз руларының орыс патшалығы отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі. Қолбасшы батыр шешендігімен де кең танылған. Өз ортасында «Бала би» атанған Сырым батыр көп ойланып, қиналмай-ақ қажетті сөзін халықтың бай шешендік қорынан ойып алып, ойын өрнекті тілмен айта білген. Кейін халықтың шешендік қорына үлкен үлес қосқан. Азамат жетім болмайды — халықтан болса панасы, Халық жетім болмайды — басшы болса данасы. *** Ел жеңілмес ері бар.

*** Арадан хан болсам, Халқым қалаған болар. Айырдан нар болсам, Атам үлектей жараған болар. Жоқтан бар болсам, Құдайым қараған болар. *** Көнеден дəурен озса, Жасы жеткен болар. Көндей қамқа тозса, Күтімі кеткен болар. Атадан ұл озса, Еркіндігі болар. Анадан қыз озса, Еркелігі болар. *** Ата тұрып ұл сөйлесе — ер жеткені болар, Ана тұрып қыз сөйлесе — бой жеткені болар. *** Мен ағайынды екеумін: біреуі — өзім, екіншісі — халқым. *** Халық — көл, Хан — құс. *** Адамзатта не тəтті? Аста — тұз тəтті, Адамда — дос тəтті. *** Даланың оты — олжа, суы — нұрлық, Біреудің малы мен ақысын жеу — ұрлық. *** Бөлінгенді бөрі алар.

ШАЛ ҚҰЛЕКЕҰЛЫ (1748–1819 жж.) ткен дəуір əдебиетінің белді өкілінің бірі — Шал ақын (шын аты Тілеуке) Көкшетау жерінде дүниеге келген. Ақынның ес біліп, есейген өңірі — қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы. Əкесі Құлеке батыр Абылай ханның жақын серігі болған. Шал ақын, əсіресе, бұқара халық идеясын жырлап, ауыз əдебиеті үлгісін ұстанған сурып салма ақын. Өз толғауларында Шал ақын ел ішін имандылыққа, адалдыққа, ақыл-парасатқа шақырған. Жігіттер, жаман сөзді кəсіп етпе, Құрбыңды өзің теңді басып өтпе. Басыңа бір уақытта жұмыс түссе, Дұшпан түгіл, досың да қашар шетке. Жігіттер, мал мен басым көп демеңіз, Киім бүтін, тамағым тоқ демеңіз, Дəуіттің отыз ұлын бір күнде алған, Біздерге жала-қаза жоқ демеңіз. Жігіттер, жалған дүние бізден қалар, Бір күні ажал келіп жаныңды алар, Жан шығып, дүниеден көшкеннен соң, Мал-мүлкің, қатын-балаң бəрі қалар. *** Екі арыстан қосылса дəуді өлтірер, ажал келсе — ауру түгіл сауды өлтірер, қаныпезер бұзақы жігіт болса — тыныш жатқан еліне дау келтірер. *** Ел елдетер, елдетер, Ашылған тұман желдетер, Жақсылардың алдында Біразырақ сөйлесем, Онан да менің нем кетер. Елінде жақсы жігіттің алыста даңқы зор болар. *** Қона берсе, жерің тозар. Шаба берсе, елің азар, Жасай берсе, ерің азар, Ерің азған кезінде — елің азар. *** Бақытты жігіт қол бастар, Шешен жігіт дау бастар, Əлемнен озған алааяқ Озып бір кетсе ойқастар.

*** Аққу құс — көлдің көркі, Ер жігіт — елдің көркі. *** Бір жігіт бар — құр жан, Бір жігіт бар — тірі жан, Бір жігіт бар — жігіт жан. *** Ағайының көп болсын, Бірлігі оның бек болсын! Жамандық жер кез болса, — Бір-біріне сеп болсын! *** Ата-ананың қадірін Балалы болғанда білерсің, Ағайынның қадірін Жалалы болғанда білерсің. Дəулетіңнің қадірін Мал кеткенде білерсің, Маңайдағы дұспанды Түн жеткенде білерсің. *** Майда бол жігіт болсаң тал жібектей, Жарамайды қатты болу тікенектей. Білімің болса-дағы ұшан-теңіз, Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей. ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ (1802–1871 жж.) уған елдің тарихи бір кезеңін жырлап өткен қайталанбас, бірегей ақын Дулат Бабатайұлы қазіргі Семей облысы, Аягөз ауданында дүниеге келген. Бұқар жырау, Ақтамберді жырауларды ұстаз тұтып, көне түркі поэзиясынан тағылым алған. Тарихи деректерге сүйенсек, ол өлеңді ауызша да, жазбаша да шығарған. Дулат ақын өз кезеңіндегі əлеуметтік жəне тəрбиелік мəні зор мəселелерді ой толғағынан өткізіп, ХІХ ғ. қазақ даласында көрініс бере бастаған ел басқару саясатындағы, ұлттық салт-дəстүрдегі өзгерістерді өз жырларына тақырып еткен, əсіресе, патша өкіметінің отарлау саясаты тұсындағы елдің ішкі-сыртқы саясатындағы қарым-қатынастарға көңіл бөлген. Аққан бұлақ сай-салаң, Шытырман тоғай айналаң Жоның жайлау кең алаң, Атам қонған иен далам!

Мендей сені қызғанар Бауырыңда өскен қай балаң? Көл қорыған қызғыштай, Сен десе, салам байбалам. Жайлауыңды көргенде, — Жадыраймын, жайланам. Өксігіңді ойласам — Ұйқы беріп, қайғы алам. *** Кешегі бір заманда, Қайран қазақ, қайтейін, Мынау азған заманда Қарасы — антқор, ханы — арам, Батыры көксер басы, аман, Бəйбіше — тантық, бай — сараң, Бозбаласы — бошалаң, Қырсыға туды қыз балаң. Нары — жалқау кер табан, Құсы — күйшіл, ат — шабан, Жырғалаң жоқ, жобалаң. Елі кеткен ел болды, Енді қайда мен барам? *** О, Сарыарқа, Сарыарқа! Самалың салқын жон едің. Сырдан ауып келгенде, Жапырылмай шалғының, Балауса балдыр балғының, Тимеген ірге соны едің; ...Масаты кілем жайғандай Қоныстың шұрай жері едің! *** ...Төреліктің белгісі Елін жауға бере ме? Еліне қорған болмаса, Ел төрені көре ме? *** Елің үшін еңбек қыл, Отыра берме бекерге. *** Ту ұстап, тұлпар жаратпай, Алдынан топ таратпай, Елді аузына қаратпай, Жай отындай оқ аттай, Анадан тудым дегенмен, Бастамаса ел, ұлан ба? *** Жақсы болса ұлығы, Өз елін жаудай таламас. Азғын елдің бектері Қан шықса елін жұлмалар Қасқырменен аралас.

*** ...Би мен бектің сəні жоқ — Елін қорғай алмаса, Тура жолға салмаса, Ыстығына күймесе, Суығына тоңбаса. *** ...Айтуға ауыз келе ме, Аягөз кімнің жері еді? «Жер сауырын — жайлауды Ел сауыры» дер еді. «Жер кімдікі?» дегенде, Аға сұлтан, қазылар Не деп жауап береді? *** Өзен-судың сəні жоқ — Өрлей, құлдай қонатын, Жағасы малға толатын Аймақты елі болмаса... *** Сырын білмей бой салма, Атасы оның текті деп, Тұрлаусыздан сөз ұқпа, Аузы оның епті деп. Нашардан шыққан жақсының Сөзін жерге тастама, Атасы нашар өтті деп. *** ...Азған елдің адамы, Апшыған сұмдар қадамы, Жүйрікпін деп шабаны, Момынға жапса жаланы, Қулық, сұмдық табады. Арқасы елдің жауыр боп, Артқан жүгі ауыр боп, Төрт аяқтан ақсады-ай. *** Елің түсті езгіге, Жол бермей дұрыс сөздіге, Көр соқыр бермей тізгінін Көкірегі көздіге; Елдің қамын жейтұғын, Мынауың теріс дейтұғын, Шетке қарсы тұратын Ішіңнен шыққан адам жоқ. *** Еркін өскен қайран ел, Дəулетің бейне шалқар көл, Айдының бейне асқар бел, Ботадай бейне өскен тел. *** Ата-анасы бар болса, Ағайыны көп болса. Бəрі де тату болғанда, Қорғаны бар үймен тең.

МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫ (1804–1846 жж.) азіргі Орал облысының Орда ауданында дүниеге келген. Езілген елдің жоғын жоқтап, ар-намысын қорғаған күрескер ақын 1836–1838 жж. Исатай Тайманов бастаған азаттық қозғалысының жалынды жыршысы, белді сарбазы болған. Қайраткер тұлға еліне, халқына шын берілген азамат ақын ғана емес, айтулы күйші ретінде де танылған. Оның «Өкініш», «Жұмыр қылыш», «Қайран Нарын» сынды өзге де күйлері халық арасында кең тарап кетті. Ұлт азаттығы үшін күрескен есіл ақынның өлең-жырларының басты тақырыбы — ел теңдігі, бостандық, əділеттік, əділдік жолындағы күрес. Халық қозғалса — хан тағында тұра алмас. *** Халық үшін қан төгем деп, Қараны ханға теңеп берем деп. Халқың тегіс болмаса, Жақсыны көзге алмаса, Қамзол кисең жараспас, Қарапайым сөзбен тең... *** Ай, азамат, тату бол! Əлі-ақ көзің жойылар. Мынау жалған дүниеңіз Батып кеткен күнмен тең. *** Халайықтар, жарандар, Халқыңменен тату жүр. Өтетұғын сұм дүние Қаңқылдап ұшқан қазбен тең.

Ол мақсатқа жете алмай, Дегенімді ете алмай, Қор болдық-ау, шырақ-ай! *** Еңбек етіп ел үшін, Соңымда бір қалған халқыма, Артымда бір атақ, даңқ қалды-ау. *** Қапыда кеткен дүние-ай, Ақырында еш болды-ау, Ел үшін еткен еңбегім. *** Аламанға жел бердік, Аса жұртты меңгердік. Қара қазақ баласын Хан ұлына теңгердік. *** Еділдің бойы ен тоғай, Ел қондырсам деп едім. *** Еділ үшін егестік... Жайық үшін жандастық, Қиғаш үшін қырылдық. *** Жатып қалған тайлағы Жардай атан болған жер. *** Ел үшін қылыш сермедік. *** Тоқсан тарау су ақса, Дария болар сағасы. *** Туған ұлдан не пайда — қолына найза алмаса, ата жолын қумаса. *** Ханнан қырық туғанша, қарадан біреу тусайшы, атаның кегін алсайшы! *** Алаштың байлығынан не пайда — қайыры оның болмаса. *** Бұл дүниенің жүзінде Айдан көркем нəрсе жоқ — Түнде бар да, күндіз жоқ. Күннен көркем нəрсе жоқ — Күндіз бар да, түнде жоқ.

ШЕРНИЯЗ ЖАРЫЛҒАСЫНҰЛЫ (1807— 1867 жж.) азіргі Ақтөбе облысының Ойыл ауданында дүниеге келген. Арғы атасы Байтілеу ауқатты болса да, өз əкесі шағын дəулетті, еті тірі ел ағасы болған. Шернияз ақын жас шағынан ел өмірін, халық тұрмысын жақсы біліп, олардың мұң-мұқтажын жете түсінген. Кіші жүз қазақтарының Исатай, Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысып, бостандық тақырыбын асқақ үнмен жырлаған. Ханның көркі — ел. *** Ел үстіне жау келсе, Көк бөрідей ер керек; Ер астына мінетін Бəйге бермес сұр керек. *** Ерден ердің несі кем, Айтқан сөзіне берік болса? Хандардан ханның несі кем, Халыққа əділ ерік болса? *** Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса — түртіп оны көре алмас, басқа қиын іс түссе — ел қыдырып таба алмас. *** Жалғыздың ісі оңалмас, көптің ісі жоғалмас. *** Жақсы болса — іні ортақ. *** Жұрт теңгеріп тұруға — əділ төре хан керек.

СҮЙІНБАЙ АРОНҰЛЫ (1822–1895 жж.) асынан жыраулығымен елге танылған айтыскер де жауынгер ақын қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қаракестек ауылында дүниеге келген. Тарихи деректерге жүгінсек, Қоқан хандығы тұсындағы шапқыншылық əсерінен жан-жаққа бытырай көшкен қазақ руларының басын біріктіруде Сүйінбай ақынның рөлі зор болған. Аумалы-төкпелі заманда ол тіпті халықты тəуелсіздік үшін күреске де шақырып, елдің қоғамдық-əлеуметтік жағдайымен де айналысқан. Өлеңдерінде Қоқан хандығының билері мен жергілікті сұлтан, төрелердің, би-болыстардың кемшін тұстарын бетке басқан шыншыл ақын болған. «Айтыс өнерінің алтын діңгегі» (М. Əуезов) атанған Сүйінбай Аронұлы қазақ əдебиетін тарихындағы бірегей де алып тұлғалардың бірі. Жақсының сөзін əркім де пайдаланар, Миуалы алма-өріктің ағашындай. *** Ақымақ жігіт белгісі — аз күнгі баққа алқынар. *** Біз — қайық, бұл дүние — түпсіз терең. *** Ер жігіт — ел-жұртының панасындай, Жақсы əйел əммə жұрттың панасындай. Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ, Көреді бəрі де оны баласындай. *** Кетпеңдер өне бойы дүние қуып... *** Қарғадан қарға туар қарқылдаған, Жаманнан жақсы туар жарқылдаған. Дегендер «мен жақсымын» толып жатыр, Пайдасы өз басынан артылмаған. *** Жаманның көкірегі — көр, көзі — соқыр... *** Жақсы адам елдің басшы серкесіндей, Жұғымды болар елге серкесіндей. Жақсының жүзі жылы, сөзі майда, Халқымның қалың жүнді көрпесіндей.

Жақсы болар баланың жүзі жақсы, Наубайдың күймей піскен бөлкесіндей. Жақсыға үлкен-кіші бəрі жақсы, Жасынан бірге өскен еркесіндей. Жақсы кісі көрінер жыл құсындай, Жаман адам балтаның ұңғысындай. «Олақтан салақ жаман» деген мақал, Жамандар түзей алмас тұрмысын-ай. Жақсы адам алысты жақын етер, Беттескен екі таудың тұрғысындай. *** Қолдағыға қанағат-шүкір қылмасаң, Болады бар да — арманда, жоқ та — арманда. МАЙЛЫҚОЖА СҰЛТАНҚОЖАҰЛЫ (1835–1898 жж.) азіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм жерінде туып өскен. Əкесі Сұлтанқожа мұсылманша сауатты, шағын дəулетті, көзі ашық, діндар адам болған. Майлықожа əуелі үйде, əкесінің үйретуімен сауатын ашып, кейін өз бетімен көп ізденіп, заманына сай білім дəрежесіне жеткен. Майлықожаның өнегелі сөздері кейін елге тарап, ауыздан-ауызға көшіп, жаттанды нақылға айналып кеткен. Майлықожа ұлтымыздың əдебиет тарихынан ойып тұрып орын алар өз заманының көрнекті ақыны болған. Ол, сондай-ақ, шығыс əдебиетін қазақ тіліне аударды. Халық ісі дегенде жақсы қалмас тартынып. *** Елге келген жұмысқа жақсы жүрер қайысып, жаман жүрер майысып.

*** Ақын — елдің тұлпары, Кетпейтін басы кермеден. *** Көпті көрген ер жігіт — көсем болар төселіп. *** Ерінбегеннің еңбегі жанар. *** Мал аласы — сыртында, Адам аласы — ішінде. *** Бақ қонады ұл таңдап, Қонақ қонар үй таңдап. Болымы жоқ бозбала, Бейнеттен қашар бұлтаңдап. *** Жігіттің бағы қайтады — ағайын жұртын алдаса. *** Аңдысқан мынау дүниеде — біреуге-біреу табашы. *** Өңкей жақсы қосылса — Бітіреді кеңесті. Өңкей жаман қосылса — Шығарады егесті... ШОҚАН УƏЛИХАНОВ (1835–1865 жж.) алқымыздың тарихындағы жан-жақты білгір ғалым, саяхатшы, қазақтың тарихы мен этнографиясының, əдебиетінің тұңғыш зерттеушісі. Қазақ пен қырғыздың əдебиет теориясы мен фольклоры туралы алғаш рет ғылыми пікір айтып, зерттеу еңбектерін жазған бірегей əдебиетші. Шоқан — қазақтың демократтық сынын бастаған, кезіндегі ілгерішіл дəстүр мен əдебиеттану ғылымының негізін қалаған, публицист жазушы. Қазақ əдебиеті мен мəдениетін орыс жұртшылығына танытқан кемеңгер ойшыл, жасампаз ғалым. Қазақтар — жақсылықтың қадірін білетін халық! *** Қазақ халқы — ең бір бейбіт халықтардың бірі. 1 Абай.

*** Ертеде «қазақ» деген сөз «еркін», «еркіндік» деген мағынада қолданылған. «Қазақылық» деген етістік «Бабырнамада», Бабыр жазбаларында жиі ұшырайды. «Кезбе», «қаңғыбас» деген мағынада «қазақ» сөзі Ежелгі Русь жерінде де жақсы таныс болған, кең қолданыс тапқан. Мысалы: «А... кове меры казакам кочует на поле, со множими людьми то нашему царскому величеству ведомо...». «А тебе (Когулу) — будучи на поле и живучи казаком от нашие царские рати и вогнанного боко». (Собрание Государ. Грамот и договоров. Т. 26, № 68). *** Біздің халқымыздың шығыстық үлгілерден гөрі, үнді-герман эпосына жақындау бай ауыз əдебиеті бар. *** Қазақ жырын еуропалық рапсодияға ұқсатуға болады. *** Өлеңдер, əпсаналар, мақалдар мен мəтелдер далалық тіршілікті қазақ халқының өмірін жырдай ғып жарқыратып көрсету мақсатымен арнайы жазылған кез келген кітаптан артық ғажап етіп көрсете алады. *** Қазақтар поэзияға қабілеттілігі жөнінен бүкіл түркі тілдес халықтар (татарлар) арасында бірінші орын алады десе де болады. Олар туралы белгілі ориенталист Сенковскийдің арабтар жайлы айтқан: «Бедуин — табиғатынан өлеңші болып туады, басым көпшілігі ақын халық» деген сөзін қайталаса, еш артықтық етпейді. *** Қазақтардың ұлттық əуендерінің табиғатынан, сөз жоқ, ұланғайыр ұлы даланың, желмен жарысқан жүйрік һəм сұлу тұлпарлардың, таңғажайып көркем əйелдердің əсері сезінеді. *** Қазақ поэзиясы — соны, жалықтырмайды жəне отырықшы халықтарға тəн сан алуан жасанды тəртіп-ережелерден мүлдем ада. *** Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім керек. *** Қазақ халқы туралы асқақтата ой айтуға болады: олар өздерінің нанымдарымен, əдет-ғұрыптарымен, сауық-сайрандарымен, ақылой, қажыр-қасиеттерімен, ақындық дарынды тарихи аңыздарының орасан мол қорын жинақтаған. Əр заманда өмір сүрген суырып салма ақындары, жыраулары, əуен мен сайранды жанындай сүйіп, билік айту төрелігі бар көне заманнан келе жатқан халық. *** Қазаққа басқа да геометриялық пішіндерден гөрі шаршы көбірек ұнаса керек. Өйткені ол үшін зат — неғұрлым ауқымды болса, солғұрлым маңыздырақ көрінеді. Сондықтан да, əдетте, атақты һəм бай қазақтардың қабірінің үстіне осындай ескерткіштер тұрғызылады.

*** Киіз үйдің маңдайшасында жалау ілініп тұрған болса — сіз оны осы шаңырақтың бір адамы опат болған екен деп түсінгеніңіз жөн. Жалаудың түсі қызыл болса — өлген адам жас, қара болса — орта жастардағы, ақ болса — қарт адам деген сөз. *** Қазақтардың отқа деген көзқарасы ерекше: оны тек от-əулие деп қана атайды. Ал «əулие» деген сөз əдетте мұсылман дінінің пайғамбарларына қолданылады. Отты өзгеше қастерлегендіктен де, қазақтар оны, моңғолдар сияқты анаға теңеп «от-ана» деп атайды. Ұлттық наным-сенімдерге орай, оттың жамандықты аластайтын құдірет-күші бар деп есептеледі. *** Қазақтардың ескі аңыздары мен наным-сенімдерінің қалай қаз қалпында сақталғаны таңқаларлық. Жəне бір кереметі — ен даланың қай түкпіріне барсаңыз да олардың, əсіресе, өлеңмен жазылған сагалардың, бір-бірінен ешбір аумайтындығы: салыстырып көрсеңіз — бір қолжазбаның тізіміндей төгіліп шығады. Білімсіз саналатын көшпелі ордалардың ауыз əдебиетінің қайнар көздеріне тəн таңқаларлық дəлме-дəлдік — ешбір күдік келтіруге болмайтын факті. *** Қазақтар өз дауларын əдетте сырттан шақыртылған билерге, мүлдем бейтаныс адамдарға шешкізгенді ұнатады. *** Еңбекқорлық, ұлттық мақтаныш, ұстанымдылық — сайып келгенде, осы қасиеттердің бəрі де халықтың тұрмыс-салты мен ұлттық мінезінен шығады. *** Қазақ аңыздарындағы Абылай хан келбеті айрықша поэтикалық ореолға ие. «Абылай заманы» — қазақтың рыцарлық дəуірі деп саналады. *** Тіл — қай халықтың болсын басты белгісі. Бокль айтқандай, білім беру ісі жалпы адамзаттық сипатта болуға тиіс. Ал ұлттық сипат ортаның жəне оқу жүргізілетін тілдің əсерімен пайда болады. *** Адам — таңғажайып құбылыс! Оның жан дүниесі, ақыл-ойы, жан-жақты талант-қабілеті — құдіреттілік табиғатының, мүлдем беймəлім əрі ешқашан да танып-білу мүмкін емес мəңгілік құпияның нақты көрінісі осы емес пе?!

ЫБЫРАЙ (ИБРАҺИМ) АЛТЫНСАРИН (1841–1889 жж.) азақ халқының ағартушылық тарихындағы аса көрнекті тұлға. Жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Қазақ даласындағы тұңғыш ағартушы-педагог. Қазіргі Қостанай облысы аумағында дүниеге келген. Бар өмірін халықағарту ісіне арнаған ол Торғай өңірінде мектеп ашып, онда қазақ балаларына жаңаша əдіспен хат тануды үйретеді. Бір хатында ол: «Балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірістім. Кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік жағынан əсер етуге бар күшімді салып отырмын…» деп жазады. «Балалар əдебиетінің атасы» атанған Ыбырай Алтынсарин жас жеткіншектерге арнап шағын өлеңдері мен əңгімелерін де қалдырған. Онда ол жастарды оқу оқып, білім алуға шақырады. Заман осылай болған соң, амалын тауып, мүмкіндігі болған жерде, қазақ халқының елдігін бұзып, болашағын бүлдіріп жатқан жауыздыққа қарсы күресе білу керек. Суға батып бара жатқан кісіні көре тұрып, қол ұшын бермеу арамдық болар еді... Ал енді, Құдай басыма не салса да, мен күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам болайын деген ойымнан, талабымнан еш уақытта да қайтпаймын. *** Құдай маған көмек етсе жəне дəрменім жетсе, мен азды-көпті қазақ халқына ғана пайдалы бола аламын, ал басқа ұлттарға, халықтарға, əрине, түк пайдам болмайды. *** Өнер-білім бар жұрттар Тастан сарай салғызды. Айшылық алыс жерлерден Көзіңді ашып-жұмғанша, Жылдам хабар алғызды. ...Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді, Теңізде жүзді балықтай Дүниені кезді жалықпай. *** Біз надан боп өсірдік Иектегі сақалды. «Өнер — жігіт көркі» деп, Ескермедік мақалды. Біз болмасақ, сіз барсыз, Үміт еткен жастарым, Сіздерге бердім батамды!

*** Оқысаңдар, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар. Кел, балалар, оқылық! Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! *** Халық мектептері үшін ең керектісі — мұғалім. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, əбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да мұғалімге тең келе алмайды. *** Мал, дəулеттің байлығы — Бір жұтасаң, жоқ болар. Оқымыстың байлығы — Еш жұтамақ жоқ болар. *** Береке кеткен елдерде Күн қысқарса керек-ті. *** Азған елдің түбіне тақсыр жетер... *** Əй, жігіттер, үлгі алмаңыз Азған елдің ішінен. Алыс-алыс қашыңыздар Зияндасты кісіден. Жақсыны көзден салмаңыздар, Жақсыдан қапыл қалмаңыздар. Өзі болған ерлердің Аяғынан алмаңыздар. *** …Имансыз еткен жақсылықтың пайдасы жоқ. Мəселен, біреу намаз оқыса да, ол намаздың керектігіне көңілі сенбесе, əлбетте ол намаз болып табылмайды. *** Еңбекпен табылған дəмнің тəттілігі өзгеше болады. *** Қазақтарға — осы дарынды, ақыл-есі мол халыққа — кешікпей рухани жəне қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру, қалай дегенмен де аса қажет болып отыр. *** ...Қазақ халқы қарапайым, бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз. *** Қазақ халқы азбаған халық, оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сыя алмайды; оның ой-пікірі еркін; оның

келешегі үшін оған тек сана-сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек болып отыр. *** Менің ойымша, көңілдің хошы, бақыт дегеннің бəрі де атабабаның өмір сүрген жəне жерленген жерінде, туған ошағыңның басында жақсырақ, ал қайғы дегеннің қандайы да, тіпті, ажалдың өзі де сол жерде жеңіл болатын сияқты... АБАЙ (ИБРАҺИМ) ҚҰНАНБАЕВ (1845–1904 жж.) азақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ» (Ахмет Байтұрсынов). Қазақ халқының тұтас бір дəуіріндегі ақыл-ойы мен мəдениетінің, өнері мен əдебиетінің асқар шыңы ұлы Абай — ұлтымыздың реалистік, гуманистік жаңа əдебиетінің негізін қалаған, қазақ поэзиясын қоғамдық дамудың озық деңгейіне жеткізіп, өз кезінің ең басты мəселелерін дəл бейнелеп, дұрыс қорытынды шығарып берген прогресшіл де кемеңгер, данышпан ақын. Философ ретінде əлемдік деңгейде танылған ұлы тұлға, халқымыздың рухани көсемі. Қалың елің қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.

Бет бергенде шырайың сондай жақсы, Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың? *** Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек, Əр нəрсеге өзіндей баға бермек. Таразы да, қазы да өз бойыңда Наданның сүйенгені — көппен дүрмек. *** Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Екі түрлі нəрсе ғой сыр мен сымбат. Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік Ер табылса жарайды, қылса сұхбат. *** Керек іс бозбалаға — талаптылық, Əртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық. *** Тəуекелсіз, талапсыз мал табылмас, Еңбек қылмас еріншек адам болмас. *** Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге. Бес нəрседен қашық бол, Бес нəрсеге асық бол, Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің алдыңда, Оған қайғы жесеңіз, Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ — Бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой — Бес асыл іс көнсеңіз. *** Көп топта сөз танырлық кісі де аз-ақ Ондай жерде сөз айтып болма мазақ. Біреуі олай, біреуі бұлай қарап, Түгел сөзді тыңдауға жоқ қой қазақ. *** Əсемпаз болма əрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де — бір кірпіш, дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан! *** Майдағы жұрттың іші — қар, Бəйшешек қарға өнер ме? Ішінде кімнің оты бар, Қар жауса да сөне ме? *** Тұрлаусыздың қолынан не келеді! Ынтасыз қайтіп өнер үйренеді?

*** Уайым — ер қорғаны, есі барлық, Қиыны бұл дүниенің — қолы тарлық. *** Өмір жолы — тар соқпақ, бір иген жақ, Иілтіп, екі басын ұстаған хақ. Имек жолда тиянақ, тегістік жоқ, Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ. *** Атасының баласы — адамның дұшпаны, адамның баласы — бауырың. *** ...Əкесі ұрысса балаға, ол да — достық, Баласы ұрысса əкеге, жараса ма? *** Біріңді, қазақ, бірің дос, Көрмесең, істің бəрі бос. *** Көп айтса, көнді, Жұрт айтса, болды — Əдеті надан адамның. *** Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын? Халқым надан болған соң, Қайда барып оңайын?! *** Адасып, алаңдама, жол таба алмай, Берірек түзу жолға шық, қамалмай. Не ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ, Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай. *** Атасының баласы — адамның дұшпаны, адамның баласы — бауырың. *** Біріңді, қазақ, бірің дос, Көрмесең, істің бəрі бос. *** Көп айтса, көнді, Жұрт айтса, болды — Əдеті надан адамның. *** Ел — артық сұраса да азға разы болады. Ел — аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас. *** Биік мансап — биік жартас: ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады.

*** Еріншектік — күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік — бəрі содан шығады. *** Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нəрсе керек: біріншісі — зор билік, екіншісі — есепсіз байлық. *** Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін Ойланшы, сыртын қойып, сөздің ішін. Ыржаңдамай тыңдасаң нең кетеді, Шығарған сөз емес қой əңгіме үшін. *** Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады. Білместігімнен қылдым дегеннің көбіне нанбаймын. Білімді білсе де, арсыз, қайратсыздығынан, ескермей, ұстамай кетеді. Жаманшылыққа бір ілігіп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады. *** Қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістетерлік күн болар ма екен?! *** Осы біздің қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісісін жамандаудан аманы жоқ болатұғыны қалай?! *** Надан ел қуанбас нəрсеге қуанады, ұялмас нəрседен ұялады. *** Бірлік малға сатылса — антұрғандықтың басы осы. *** Ниетің түзу болса сенің аппақ, Екі елі аузыңа қойсаң қақпақ. Сыбыр, өсек дегенді сырттай жүріп, Ғылым, өнер, мал таппақ, жұртқа жақпақ. *** Жүректің көзі ашылса, Хақтың түсер сəулесі. Іштегі кірді қашырса, Адамның хикмет кеудесі. *** Əркімді заман сүйремек, Заманды қай жан билемек. Заманға жаман күйлемек, Замана оны илемек. *** Түбінде баянды еңбек егін салған, Жасынан оқу оқып, білім алған. Би болған, болыс болған өнер емес, Еңбектің бұдан өзге бəрі жалған.

*** Ақылсыз би болмас, Сəулесіз үй болмас. Жүректе оты жоқ Адамда ми болмас. *** Өсекші — ел тыныш болса азады. *** Күн жоқта жұлдыз бен ай кісімсиді. *** Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын... *** Төңкеріліп құбылған жұрт — бір сағым, Шынға шыдап қоса алмас ынтымағын. *** Кекшіл болма — көпшіл бол. *** Татулықтан артық жолдас жоқ. *** Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме, Қызық келсе, қызықпа оңғаққа ерме. Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде, Сонан тапқан — шын асыл, тастай көрме. *** Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой, Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар. «Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар, Сəулесі бар жігіттер бір ойланар. *** Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек. Еңбекті сат, ар сатып неге керек? Үш-ақ нəрсе — адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

ШƏКƏРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ (1858–1931 жж.) ІX ғ. екінші жартысы мен XX ғ. алғашқы ширегінде өмір сүрген ұлтымыздың көрнекті ақыны. Абайдың Құдайберді деген ағасынан туған немере інісі. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген. Шəкəрім — ақын ғана емес, ол — жазушы, тарихшы, композитор əрі философ. Арнайы оқу орындарында білім алмаса да, өз бетінше ізденіп, Абайдың жетекшілігімен ғылымға ден қойған өз заманындағы білімдар адамдардың бірі болған. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік меңгеріп, бұл тілдерден аударма да жасаған. . Қазаққа сыншылық керек. *** Ей, көп халық, көп халық — көп те болса, шөп халық. *** Ұры, қары, қу, сұмның жан жолдасы, Қазақ қайтіп ел болар, қарағым-ау. *** Бағасы бір халқыма Жабағы мен мамықтың. Нанбайды рас антыма, Қадірі мол тантықтың. Айырмайды арасын Бұлдыр менен анықтың. Енді қайда барасың, Түрі мынау халықтың. *** Халқыңа еңбек қыл, ақ жолдан айнымай арыңды сақта. *** Атадан қалған ақ сауыт Арамға əбден былғанды. Өнер қылды «жақсылар» Қасқырша елді жұлғанды, Жала жауып жалмайды Жазасыз қарап тұрғанды, Еліріп, еріп көп ел жүр, Білмейді құдай ұрғанды. Түпсіз жауға санайды Түзу жолға бұрғанды.

*** Ел жеген жуанды сүйеген басшы оңбайды. *** Отаршы елдер ағызар əскер қанын, алмақ болып аз елдің жер мен малын. *** Түзелер кезі жоқ, Түзетер тезі жоқ. Жер жүзі халқының Қазақтан езі жоқ. *** Жер жүзі жабылғанда ғылым жаққа, Қазақ жүр құмарланып құр атаққа. *** Ел жеген əкімдерді ақтарым жоқ. *** Өнері жоқ өсекші ел жамандар, Өтірік пе, рас па — көрмей ішін. *** Көрінгенге көз сүзбей күнін көріп, Қазақ қашан ел болар, құдайым-ай. *** Менің елден басқа қайғым жоқ. *** Бұл елдің күн көргені — өтірік ант, Қазаққа алдау деген болды ғой салт. *** Қазақтың жаманы болмас, Жаманнан аманы болмас. Бірігіп іс қылатұғын, Түзелер заманы болмас. …Жуаны қылады зорлық, Момынның көргені қорлық. Теп-тегіс қулық пен ұрлық, Ал енді қайтып ел болдық? *** Ар қайда? Рахым қайда? Əдеп қайда? Быт-шыт боп неге жүрміз əрбір сайда? Көз жұмып «Көппен көрген ұлы той» деп, Береді бұл надандық кімге пайда? *** Қой, жігіттер, күн болды ойланарлық Білім, əдет, ақылды ойға аларлық. Надандықтан еліріп босқа жүрсек, Мына заман көрсетер бізге тарлық... *** Қазақтың жайнар даласы Жетілер оқып баласы. Шошытатын мені сол —

Олардың күндес, таласы. Дағдысы сіңген бойына, Тастаңдар күндес, мақтанын, Көрген соң таңның атқанын, Ел бастайтын жастарым, Жөн емес жай жатқаның. *** Адал еңбек еткен ел-жұрттың — көңілі шат. *** ...Еңбекпенен, өрнекпенен Өнер ойға тоқылса. Жайнар көңіл, қайнар өмір, Ар білімі оқылса. *** Еріншектен салақтық, Салақтықтан надандық Бірінен-бірі туады, Жоғалар сөйтіп адамдық. *** Мал да аяулы, жан да аяулы болса егер, Малды аяма, жаның үшін малыңды сат! Жан да аяулы, жар да аяулы болса егер, Жанды аяма, жарың үшін жанды сат! *** Еңбекке шыда, ебін тап та. «Сабырдың түбі — сары алтын». Өзімшіл болма, көпті ардақта Адамның бəрі — өз халқың. *** Адамның адал ұлы болам десең, алдымен өзіңнің нəпсіңді жең. *** Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса, Өлген артық дүниені былғағаннан! *** Адалдың əділ жолына, Ақырын басып жет, халық. *** «Бүлінгеннен бүлдіргі алма» деген, Ел бұзылса, момын бол қоңыр қойдан. *** Ақылды сол — ынсап пен ар сақтайды, Арсыз сол — арамдықпен жан сақтайды. Адал сол — таза еңбекпен күнін көріп, Жаны үшін адамшылық ар сатпайды. *** Атадан ұл туса игі Ата жолын қуса игі.

Өзіне келер ұятын Өзі біліп тұрса игі. Жаудан бұққан немені Ортасынан қуса игі... *** Мен қайғы жедім ғой, Қапы өттім дедім ғой, Қазағым, қам ойла, Сен де адам едің ғой! *** Арамдық, аразды түбімен жойыңдар. Өтірік, өсекті біржола қойыңдар! Намыс, жігер, бойыңа жиып қайрат, Қажымай адалдық жағында болыңдар! Бірлік пен талапты еңбекке салыңдар. Өнерлі елдерден өнеге алыңдар. Күндестіктің өзімшіл көзін құртып, Ұмтылып ерікті ел болып қалыңдар! ƏЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ (1866–1937 жж.) ІХ соңы мен ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам жəне мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Қаратал ауылында дүниеге келген. Қазақтың ақырғы ханының бірі Бөкейден тараған ұрпақтың төртінші буыны, Бөкей ханның шөпшегі. Көрнекті қоғам жəне мемлекет қайраткері, қазақтың ХХ ғ. басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы əрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы жəне ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым — ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, əдебиеттанушы, аудармашы, əрі дарынды публицист. Жұрт əділ болмай — жұрт ісі оңға баспайды.

*** Жұрт ісін түс көрмей, ояу жүріп іздеу — мақсат. *** Ұлтына, жұртына қызмет ету — білімнен емес, мінезден. *** Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса — жұрт жұрт болып тіршілік құра алмақ емес. *** Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса, қазақ халқы соңынан ерер еді. *** Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды. *** Əкім халықтың көбіне сүйенсе, күшті болады. *** Ел берекесінің кетуінің түпкі себебі — қазақта бірліктің жоқтығы. *** Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса — халықтық мақсат сонда орындалады. *** Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық саяси ісін ұғынбаса, тезек теріп, тарих жолында артта қалады. Бақыт, махаббаттан тысқары болады. Бұл екеуі жоқ жұртқа тіршілік неге керек?! *** Халық ісін орнына салуға көп ақыл, көп қызмет, көп жылғы шебер істеген əдіс керек. *** Бөтен кісі қазаққа ешқайдан ештеңе жақсылық əкеп бермейді. *** Қазақ жері — мал кіндігі: мұнда бұрын-соңды қай жұрт жүрсе де мал баққан. *** Қазаққа əкеп мұжық қамытын кигізе салса — бұл бір түске кірмеген қиыншылық: бұдан қазақ безуі керек. *** Мансапқұмар ел — кемелдікке жетпеген ел. *** Қазақ-ау! Оян! Мұжық көші жүріп кеткенде жұртта қалып жүрме!

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ (1872–1937 жж.) ұтас буынның төлбасы, ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым-тілші, əдебиет зерттеуші, түркітанушы, дарынды ақын-аудармашы. Қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы Сартүбек деген жерде дүниеге келген. Қазақ əдебиеттану ғылымының негізін салған, тұңғыш əдебиет теориясын жазған ғұлама ғалым, ұлы ойшыл. Ахмет Байтұрсыновтың барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа деген үміт-арманы — түгел дерлік ұлы міндетті орындауға, яғни қазақ халқына жан-тəнімен қалтқысыз қызмет етуге арналған. Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын! *** Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. *** Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нəрсенің ең қуаттысы — тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер əуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. *** Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау. *** Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген, ноғайша оқығандар ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай жүйесімен тізсе, əрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін əр жұрт баласын əуелінде өз тілінде оқып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар əбден дағдыланғандығын кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше əуелі ана тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз. *** Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. *** Бала бастауыш мектепте бар пəнді тек ана тілінде ғана оқуы керек.

*** Адамға ең қымбат нəрсе — жұрт қамы, жұрт ісі. *** Халықтардың басынан өткізген анайылық шағы — біздің балалық шағымыз мысалды. *** Ел бағатындар — ел бағуларын жақсы білулері керек. *** Жер мəселесі — қазақтың тірі я өлі болуының мəселесі. *** Оқусыз халық қанша бай болса да — біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшеді. *** Білім — бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді. *** Халықтың ісі — бұрап қалса басқа жөнге келетін машинаның тетігі емес. *** Жұртқа керегін білетіндер — көп, істейтіндер — аз. *** Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қыламын деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенше қарап тұрмай кірісіп істей берсе — ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы. *** Талап жоқ, үміт мол бір халықпыз. *** Қарышта өз жұртыңа барың болса, Өзге елдің өзінде көп бізден басқа. *** Жұрт ұқпаса — ұқпасын, жабықпаймын, Ел бүтіншіл, менікі ертеңгі үшін. *** Ұл туып, ұлы жолда қызмет етсе, Онан зор ұлтқа бар ма ырыс деген?!

МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ (1885–1935 жж.) азіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты Қызбел ауылында дүниеге келген. Қазақтың аса көрнекті ағартушы, ақыны. Публицист, көсемсөз шебері, мемлекеттік тəуелсіздік жолында күрескен саяси қайраткер, тоталитарлық жүйенің құрбаны. 1909 жылы Уфа қаласында басылған «Оян, қазақ» жинағы үшін түрмеге қамалған. Міржақып Дулатов əдебиеттің əртүрлі жанрында қалам тартқан қаламгер. Оның өлеңдерінің басты тақырыбы — ел тағдыры. Қазақ əдебиетіндегі таза көркем проза үлгісіндегі «Бақытсыз Жамал» атты тұңғыш романның авторы. Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты. Жер кетті, дін нашарлап, хал харам боп, Қазағым, енді жату жарамас-ты. *** Қазақ тілі бай, таза іргелі жұрт тілі деп бəріміз де айтамыз… Бірақ құр бай, таза деумен тіліміз өздігінен сақталып, əдебиетіміз өрбіп кете ала ма? Қай жұрттың тілі болса да түу басында біздікі секілді таза да, бай болған. Бірақ олар көрші жұрттардың сөзі қосыла-қосыла, жүре бұзылған. Біздің қазақ тілі бұрын ылғалсыз таза болса да, бұл кезде басқа жұрттармен араласа бастадық, басқа жұрттардың оқуын оқыдық… Бір жағы Бұхар, бір жағы Мекке, Медине, Стамбұлда да оқып қайтқандарымыз бар. Солардың бəрі елге ноғайшылап, арабшылап, сартшылап қайтып жүр. Бұлардың сөйлеген сөзінде, жазған хатында шет жұрттардың тілі аңқып тұр… Қазақ тілін сақтаймыз, балаларымызды қазақша болсын дегенде бұлардың бəрінің негізі «Тіл құралы» екенін ұмытпасқа керек. *** Қазақта жазылмайтын бір ауру бар — Келмейді мінін айтсаң жаратқысы. *** Кемшіліксіз халық жоқ. *** Қазақтың халық пайдасы деген іске шегініп тұратыны жаман. *** Мақсатым — халық түзетпек. *** Үш жүзге біздің қазақ бөлінеді, Осылай шежіреден көрінеді.

*** Заманның көз сал халіне. Халқыңның ойла пайдасын, Өзің үшін налыма... Басыңды тік бəйгеге, Бір халқыңның қамына... Қиянаттан бой тартып, Шық əділет жағына. *** Күн көреміз қайда барып, Алашым, Білгіштерің хал мүшкілін қарасын. Сүйегі жоқ, тіске жұмсақ болған соң, Əркім жейді біздің қазақ баласын. *** Бірлік жоқ ала ауыз біз халықпыз ғой, Қатардан сол себепті қалыппыз ғой. *** Өзің білгеніңді халқыңа үйрет. *** Ұл-қыз демей баланы оқыт, қазақ. *** ...Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей. *** Орысша білмек қазаққа бек лазым. Саны көп, сапасы жоқ, һəммадан бос, Ғылымға мойын ұсынбай ерінеді. *** Ел шауып, кісі өлтірген боп па батыр. *** Халық пайдасын ақылмен істер болар. *** Қызығып қызарғанға кеткендер көп, Шен алып дəрежеге жеткендей боп. Ойлайды өз пайдасын, халқын сатып, Қазақты ең керексіз еткендей ғып. *** Тұманға кірді біздің қазақ, Арты — жар, алды — тұйық бұл не ғажап? *** Зиялы қауым халықтың қамын ойлауға міндетті. *** Қазағым, көрмегенің əлі алдыңда, Боларсың көне берсең мұнан жаман.

*** Көздің жасын құрғатар жігіт қайда, Таршылықта қазақ тұр біздің жылап. Жүріп, жастар, араға жақындастыр, Біздің халық өнерден жатыр жырақ. *** Елең етер намысқа қызып жігіт аз, Бұл не ғажап — жұрт керең боп қалған ба. Мен не болсам — болайын саған садақа, Сүйікті жұртым, қақпанға түсіп алданба. *** Бола берме, жазған қазақ, жасқаншақ! *** Халық тағдыры — қарта ойыны емес. *** Ұлт əскері — ұлт қорғаны. *** Сот түзелмей — халық түзелмейді. *** Адассам — халқыммен бірге адастым, сəулелі жарық жолға ұмтылсам — ұлтыммен қосылып ұмтылып бағамын. ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ (1889–1931 жж.) азақ əдебиеті мен мəдениетінің көрнекті қайраткерлерінің бірі. Қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл аймағында дүниеге келген. Жазушы, ақын, драматург, публицист, аудармашы, қазақ топырағындағы тұңғыш педагог, психологғалым. Бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Əлем əдебиетіндегі танымал да іргелі туындылардың, ғылыми ізденістердің біразын қазақ тіліне аударған. Қазақ əдебиетіне «ақ өлең» үлгісін енгізген. Өз шығармаларында қазақ даласындағы əйел теңдігі мəселелеріне назар аударған. «Сегіз қырлы, бір сырлы» есіл азамат өткен ғасырдың отызыншы жылдары жазықсыз жапа шеккен қазақ зиялыларының бірі. Көркем өлеңге құлағы үйреніп қалған қазақ су татыған өлеңді оқымайды. Ондай өлеңге мейірі қанбайды... Өлең еместі өлең деп, жұрттың алдына тартуымыз ұят.

*** Төңкерістен кейін қазақ өлеңшілері, жазушылары көркем сөздің не екенін білмегендіктен, əйтпесе өнepі жетпегендіктен не болса соны жазып, баспаға түcіpіп, көркем əдебиеттің құнын түcіpіп барады. Дəмсіз, кенеусіз сөзбен қандай əдебиет болса да туғыза алмаймыз. *** Ана тілі — халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін мəңгі құламайтын бəйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дəуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына. *** Оқу, білім — жанған шырақ, ойласаң, Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң. Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал, Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң. *** Басшы тұзу болса, басшыдан бас тартып, ауа жайылатын халық аз, қазан бұзар, ар соққан біреулер болмаса. Қазақты тура жолға бастайтыны да, адастыратыны да — оқығаны... Оқыған — қара халықтың шырағы (идеалы), бұқарасы сонша қадірлегенін оқығандар білу керек. Халыққа қызмет қыла білмеген, үлгі, шырақ болуға жарамаған — оқыған халықтың ықыласын қайырады, көңілін шығарады. Халықты өзінен алыстатады, өсек арқалайды, пайдасы артық тимейді. *** Замандастар, тұстастар əділ болуы қиын, өйткені не заманнан қаймығады, не ақынды заман өлшеуішімен өлшейді, сыншылардың көбі не ақынды жақтаушылар, не жамандаушылар, не бықсыған күншілдер, не сол ақынды ат қылып мініп алып, əбүйір-атақ іздеп, көзге түсем деушілер болуы мүмкін. *** Өнегелі ел аяулы ақындарына өшпес белгі орнатады, сөзін жинайды, басады, қадірлейді. Өмірін жазады, үлгі қылады. Ақын атына мектеп, білім жұртын, кітапханаларын ашады. Ақынның өмірін, сөзін іздеуге, зерттеуге қауым ұйымдар ашады. Ақынның қай жерде не сөйлегені, қандай ат мінгені, киім кигені, тамақ жегеніне шейін, жатып-тұрғанына шейін қалдырмай тереді. Ақынды қадірлейді, қастерлейді, аспанға шығарады. Heгe десеңіз, ақын — елінің тілі ғой, адал туған ұлы ғой, бүлк-бүлк еткен жаны ғой, жанын жеген ары ғой, айта алмай жүрген зары ғой. Жанынан, ардан безбесе, ақынын қандай ел қастерлемекші. *** Жалынды сөз — жалынды жүректен шығады. *** ...Тозған асылдарымыз жаңартылып, жас тарихымыздың мəдениет табағына олжа салуымызбен келешекте дардиып мақтануымыз анық... Ауыз əдебиетінің жүзден бірі баспаға түсірілген жоқ. Ауыз əдебиетіміз қаймағы туырылған күйінде ел аузында қалып отыр. Бірақ бұл күйінде ел аузында ұзақ сақталып, көп жасай алмайды, қанатын алдырады, мертігеді. Бұның түбі бара-бара біразда жоғалу болады.

*** Адамның денесі қандай мысқылдап өсіп, жетілетін болса, сезімі де, пікірі де сондай, бірте-бірте жетіліп өркендемек: адам туа ұлтшыл, туа адамшыл бола бермейді, ұлтшылдық сезім де сол сықылды əуелі үй ішінен, одан қала берсе, туған ауыл, туған жерден бастап, жоғары өрлейді. *** Туған ауылын, жерін сүймеген адам ұлтшыл да бола алмайды. *** Ынсап, ұят, адалдық, тұрақтылық, Адамдыққа ұласар көрік қылық. *** «Алаштың» талабы зор, мақсұты мол, Əртүрлі кемшілікке созып тұр қол. Бір мақсұт — əйелдің халін аяп, Азаттық, адамдыққа іздемек жол. Бұл талап сəті болса — таудай талап, Ниеті қабыл болғай құдай қалап. *** Түрленіп мынау заман ағып жатыр. Жай өтпей əркімге сын тағып жатыр, Жайынан замананың хабардар ма, Осы біздің қазақтар неғып жатыр? Шүкір, қазақ ұйқыдан тұрып жатыр, Өз əлінше өрмегін құрып жатыр Жіліктің майлы басын бері тартып, Икемдеп өз алдына бұрып жатыр. *** Қазағым, қақтықпа, қамалма! Ел болар қамыңды амалда! ...Ұйымдас, ұрандас, жағалас! Сен де мін бабаңның тағына! *** ...Ұраным, қорғаным, сен Алаш! Жолыңа құрмалдық мал мен бас! Өнер тап, өрге шап, қару ат, Аллалап алға бас, ал Алаш!!! *** Ал, балалар, малдарың аман болсын, Қызыр жар бол, бəлекет шабан болсын. Жел тынып, бұлт ыдырап, күн айығып, Жолығар амандықпен заман болсын.

СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ (1893–1920 жж.) X ғ. басында өмір кешкен көрнекті ақын, прозашы, публицист. Көкшетау облысының Қызылтау ауданында дүниеге келген. Сұлтанмахмұттың жырларынан тағдырға мойынсұнбай, қасарыса алға ұмтылатын, ауыртпалыққа қарсы тұрар өжет мінез көрінеді. Ол қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен кертартпа əдет-ғұрып салтын қатты сынға алған. Табиғат, махаббат тақырыбына жазған лирикалық өлеңдерінде жан сезімін қоғамдық көзқараспен, əлеуметтік өмірмен ұштастыруға талпыныс жасайды. Өмір шындығын көркем бейнелей келе, Сұлтанмахмұт қазақ өлеңінің мазмұнын кеңейтіп, ұрпағына сырға толы лирикалық жыр туындыларын мұра етіп қалдырды. Ел түзелсін десең, əуелі өзіңді түзе. *** Лайық ел болуға ісің бар ма, Намыс, ғылым, ынтымақ, күшің бар ма. *** Сүйемін туған тілді — анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім! Шыр етіп жерге түскен минутымнан Құлағыма сіңірген таныс үнін. *** Ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дəм де, мəн де болу керек. *** Бірінші: ел болуға намыс керек, Мал-жанды намыс үшін салыс керек. *** Өнерлі ел бар мұқтажын жерден емеді, Бар қиынды тек қана ғылым жеңеді. *** Ел үшін еңбек етсең, халқыңа сүйкімді боласың. *** Ер өлсе де, елге еткен еңбегі өлмейді.

*** Ел болудың бірінші тірегі — білім. *** Бақытқа жетудің ең «жеңіл» жолы — ел үстінен күн көру. *** Біздің қазақ — əнқұмар халық. *** Бір халықтың əні кетсе — сəні кетеді; сəні кетсе — жаны кетеді; қазақты жансыз ағаш қылып отқа жаққыларың келмесе, əнді сақтаудың қамын қылыңдар. *** Ер еңбегі — елге ортақ. *** Елге пайда — ерге абырой. *** Ердің еңбегін ел білерлік заман бізге де туар ма екен. *** Ер бар ма елі үшін жан қиятын, Басшы бар ма етегіне ел сиятын. *** Қайдан табам халықтың шын баласын... *** Оқу-білім көркеймек елге егіп пайдасын, Ел жетіліп көркеймек өнер қанат жайғасын. *** Қараңғы қазақ көгіне Өрмелеп шығып, күн болам!

МАҒЖАН (ƏБІЛМАҒЖАН) ЖҰМАБАЕВ (1893–1938 жж.) қын. Қазақ əдебиетінің шоғыры биік жарқын жұлдызы. Қоғам қайраткері. Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Кеңес жылдары жазықсыз идеологиялық қудалауға ұшыраған. Өлеңдерінде əлеуметтік, ағартушылық бағыттарды ұстанған Мағжан ақын ұлт азаттығы тақырыбына ерекше мəн берді. Ол, сондай-ақ қазақ поэзиясында романтикалық сарындағы маржан жырларымен терең із қалдырған талантты лирик ақын ретінде де кең танымал. ...Көп түрік енші алысып тарасқанда, Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па? *** Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр, Кілтін өнер-білім ашып жатыр... *** Қисық көзді Күншығыс, Бұл тұруың қай тұрыс? Серпіл енді, алыбым! *** Ер түрік ен далаға көрік еді, Отырса, көшсе, қонса — ерік еді. Тұрғанда бақыт құсы бастарында, Іргесі жел, күн тимей, берік еді. *** Оралдай атамекен жерлеріне, Қасиетті атаның көрлеріне, Аузы түкті шет елдер ие болып, Көрсетіп тұр қысымды ерлеріне. *** Қазағым, таянды ғой қылта мойын, Жер, мал кетіп, бос қалды біздің қойын. Кел, қазақ, қолдағыдан құр қалмайық, Отырайық жиылып, оңдалайық. *** Анамыз бізді өсірген, қайран Орал, Мойның бұр тұңғышыңа, бермен Орал! Қосылып батыр түрік балалары, Таптатпа, жолын кесіп, тізгінге орал.

*** Шер батса, кім іздемес туған елін, Тұлпар да көксемей ме туған жерін?! Арқаның ардагері — қалың Алаш, Тұран да, біле білсең, сенің жерің! *** Қалың елім, қалың кара ағашым, Қайраты мол, айбынды ер, Алашым! Өзі-ақ құлар, сырың берме, сабыр қыл, Ақымақтар байқамаған шамасын. *** Ел үшін өл — ер болсаң! *** Жұрттың қамын көп ойла, Уайым-қайғы жеп ойла. Артта қалған сорлы жұрт Алға бассын деп ойла. *** Көбейсін елде қайратты ер, Жұрт үшін болсын қара тер. Сорлы жұртты бастасын, Жасаған, соған көмек бер! *** Елдің елге бағасы қаны бір болуда емес, жаны бір болуда; қуаныш-қайғысы ортақ болуда. Ердің бағасы елге еткен еңбегінің зор яки кішілігінде емес, ел деген жүрегінің таза болуында; тілегінің елмен ортақ болуында; ер өмірінің өрі мен көрі ел өмірінің өрікөрімен бір болуында. *** Қазақ елі адамзат тұрмысында өз бетімен жол салу дəрежесіне əлі жеткен жоқ. Үміт келешекте. *** Алашты халық десек, халықты шын сүйген адам «жарты жаңқасы» қалғанша халық үшін қызмет істеуге тиісті. *** Ұлттың тілі кеми бастауы — ұлттың құри бастағанын көрсетеді. *** Ұлт үшін тілінен қымбат еш нəрсе жоқ. *** Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін, бірінші шарт — тілі болуы. Ұлтқа тілінен қымбат нəрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмыс, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі — бəрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең. Тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ...

*** Жүрген ескі заңымен, Алдындағы малымен Бірге жусап, бірге өрген, Алаш деген елім бар. Неге екенін білмеймін, Сол елімді сүйемін. ...Орманы жоқ, шуы жоқ, Тауы да жоқ, суы жоқ, Мəңгі өлік сахарасы, Сарыарқа деген жерім бар. Неге екенін білмеймін, Сол Арқамды сүйемін! *** ...Түркістан — екі дүние есігі ғой, Түркістан — ер түріктің бесігі ғой. *** Не көрсем де Алаш үшін көргенім, Маған атақ ұлтым үшін өлгенім! СƏКЕН (СƏДУАҚАС) СЕЙФУЛЛИН (1894–1938 жж.) үгінгі қазақ əдебиетін қалыптастыруға үлес қосқан ақиық ақын, жазушы, қоғам жəне мемлекет қайраткері. Қазіргі Қарағанды облысы, Ақадыр (қазіргі Шет ауданы) ауданы, Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаған. Алғашқылардың бірі болып, Қырғыз АКСР-і Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы (1920–1925) қызметін атқарған. Өмірде де, өнерде де белсенді, кемеңгер де күрескер ақын өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы сұрапыл саясат салдарында жазықсыз жапа шеккен қазақ əдебитінің «үш бəйтерегінің» бірі. Кеңсің дала, Туған ана, Көйлегің кең көк ала! Жан беретін

Тəн беретін Мейірімді ана сен ғана! *** Шалқыған біздің жақтың көлдері бар, Ағашты биік таулы жерлері бар. Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтын Меймандос, берекелі елдері бар. *** Думанды шалқар көлдері-ай, Еркін дала белдер-ай. Каздай қатар мыңғырып, Тізіліп көшкен елдер-ай. *** Жүрекке ыстық, көзге сүйік өз елім, Тең құрбымен қағысып, ойнап жүргенім. *** ...Жылқы, қой, сиыр, түйелі, Сағындым Арқа — жерімді. *** Біздің бір үлкен кемшілігіміз — басқа жұрттан бұрын өзімізді «киргиз» дейміз. Біздің «Қызыл Қазақстан» журналы орысша «Красный Киргизстан» деп аталады. Егер де біздің қазақ бұл қатені түзетем десе, оп-оңай түзетіп əкетер еді... *** Қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік. *** ...Істі қазақшаға аударуды ауылдан, болыстан, ауданнан бастау керек. Волостной исполкомдарда істі қазақ тілінде жүргізу үшін уездерде соларға кісілер даярлап жіберетін курстар ашылу керек. Ауылдан, болыстан, ауданнан қаладағы мекемелерге қағаз жазғанда ылғи қазақ тілінде жазып отыру керек. Қалалардағы мекемелер қазақша жазылған сөздерді алып тексеріп отыруға міндетті. Күллі тілдің бəрі бірдей жүреді деген закон бар. Енді қазақша хат білетін кісілер де бағалырақ болу керек. Əлі қазақша хат білмейтін адамдар французша білсе де Қазақстанда бір кезде іске аспай қалуы ап-анық нəрсе. *** Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды. *** Халықтың қорлық көрген туын ұстап Əділдік жолын іздеп қуған едім. *** ...Өнерлі елге жетпек керек, Болды ғой, басып озып өтпек керек. *** Елден безген ер үшін, Ауыл емес қорыққан...

*** Азамат, жүнжіме, жүрме бос, Қол ұстас, бірігіп тізе қос, Ту ұстап дұшпанға барайық, Теңдіктің ұранын салайық. Тізесін батырған залымнан, Күн туды — біз теңдік алайық! *** «Қазақ» деген атымыз қайтарылып, егеменді ел болдық! БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН (1894–1938 жж.) азақ əдебиетінің алып бəйтерегі, көрнекті суреткер ақын-жазушысы. Туып-өскен жері қазіргі Қостанай облысының Таран ауданы. Бүгінгі қазақ əдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Өз шығармаларында сауатсыздықпен күресті алға тартқан. Бейімбет Майлин проза, поэзия, драматургия салaларында бірдей еңбек етіп, қазақ əдебиетінде сатира жанрын қалыптастыруға да зор үлес қосты. Қазақ прозасындағы əңгіме жанрына ерекше реңк берген оның туындыларының тақырыбы сан алуан, оның ішінде отбасы, əйел теңсіздігі тақырыптары да қамтылған. Барлық қазақ иемденіп жұмақты, Басқаларға орын қалмай жүрмесін.

*** Жан біткендер іздеп жатыр керегін, Тұр, қалғыма, көтер басты, əй, қазақ! *** Құтты болсын, Алаш ұлы, тілегің! Көп жыл жүріп қолға түскен теңдігің. *** Жарық сəуле өндіретін қазаққа, Мəңгі жылдар жасасын Алаш ордасы! *** Келді кеңдік, туды теңдік басыңа, Қатын, еркек, кəрі менен жасыңа. Туысқанды, құрдастықты асыра, Адалдықты араңдағы жой, қазақ!.. *** Оқу — білім бұлағы, Оқыса елдің ұланы, — Тірілтіп, елге жан бітіп, Елі үшін жұмақ қылады. *** Бəрін айтпа, бірін айт, Коллективтің жырын айт. *** Ай, штат, не қылмадың қазағыма, Салдың ғой момындарды азабыңа. Байларға мыңды айдаған күлгірленіп, Алдаумен іліктірдің тұзағыңа. *** Қазақ боп іс қыл, Бірлікпен күш қыл. *** Сен үшін туып, Белімді буып, Кірістім қызмет қылмаққа. *** Жұртты сүйер ерлер шығып қолбасы, Саф азамат бағылан болып жолдасы. Жарық сəуле өндіретін қазаққа, Мəңгі жылдар жасасын Алаш ордасы!

ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ (1894–1938 жж.) уып-өскен жері Алматы облысының Ақсу ауданы. Қазақ əдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген дарынды ақын. Өлеңдері күллі қазақ əдебиетінің мақтанышына айналған. Ілияс Жансүгіровтің шығармалары қазақтың асыл қазынасы — ауыз əдебиетінен нəрленіп, бастау алады. Ол, сондай-ақ əлемдік əдебиетке тиесілі бірқатар танымал шығармаларды қазақ тіліне аударған. Ағынды менің Ақсуым Арқырап əлі ағасың... Жалғыз жазғы бір кеште, Жағаладым жағасын. *** Тарт күйіңді, домбыра! Төгіл, төгіл тəтті күй, Тау суындай сылдыра, Желпін, желпін жел соқтыр! *** Өлкем өсіп ел кенелді, Көгім жайнап жер гүлденді. *** Ауылдың алды асқар тау, Асқар таудан асармыз. Асып жайлы жасармыз, Ел ер жетіп есен-сау. *** Елім жаңа жұртқа қонды, Жұрт жұмысқа қойды қолды. *** Тасқында, тау суындай көңіл жыры, Қазақтың сусындасын ойы-қыры. *** Елдің өмірі жырдай болып, Сұмның күні қуғын болды.

*** Өнерге ұмтыл, өнерді біл, замандас, Қамдан, жатпа, заманыңнан хабарлас! Ынта салсаң, білім туын қолға алсаң, Теңдік тиер, ешкім күйе жаға алмас! *** Əйел-еркек, жалпы жас, Көтеріл, көрін, көзіңді аш!.. Топтал, тұтас, туғандас! Жасасын еркің! Жоғалмас. Жамырас, үлес, жалпы жас, Қосыл, қозғал, қоғамдас! *** Бүгін, бүгін, бүгін дала! Мұндай ма еді бұрын дала? Көктен күні сəуле шашып, Көкке шарпып нұрын дала. Өлкем өсіп ел кенелді, Көгім жайнап жер гүлденді. Тауым ашып қазынасын, Жомарт жерім шашты кенді. Елім жаңа жұртқа қонды, Жұрт жұмысқа қойды қолды. Білім бұлақ сусын болды, Елдің өмірі жырдай болып, Сұмның күні қуғын болды… *** Ел үшін еңбек қыл Көркейер біздің ел... *** Асылын арманынан аршып алдым Қашаннан қазынаға халқымыз бай. *** Ежелден ескеруші ем елдің сөзін, Бұлақтың тазалауға тінтіп көзін. *** Халқымның қуанышты бұлбұлымын, Жұртымның жүйрігінің дүлдүлімін.

МҰХТАР ƏУЕЗОВ (1897–1961 жж.) азақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, қазақ əдебиетінің классигі, ғұлама ғалым, академик, филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде дүниеге келген. Ауыз əдебиеті мен классикалық əдебиеттің, батыс пен шығыстың көркем сөз мұрасының озық дəстүрін жете меңгеріп, қазіргі дəуірдегі қазақ əдебиетінің сапасын арттыруға, əдеби тілді байытуға ересен еңбек сіңірген. Мұхтар Əуезовтің əлемге əйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясы қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейге көтеріп, əлем əдебиеті мұрасына енгізген үздік туынды. «XX ғасырдағы ең үздік шығармаларының бірі» (Луи Арагон) деп бағалаған аталған роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі əлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танымал. Қазақ халқының мəдени даму тарихында жазушы, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы əрі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Əуезовтың алатын орны ерекше. Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нəрсе — білім. *** Азамат сыны — ерлік, ерлік сыны — елдік. *** Алтын анам Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ деп, ер қайратына мін дағы, өрге бас. *** Ел болам десең, бесігіңді түзе. *** Бұл дəуірде өз тілін, əдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мəнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тəрбиесінде сыңар жақ азамат болады. *** Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен, өзінің ана тілін, əдебиетін сүюі шарт. Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек. *** Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, рухы, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?

*** Маңына ұрық шашпаған жақсылық, жапанда жалғыз өскен бəйтерекше, тұл болады да қалады. *** Адам көркі — ақыл. *** Жауға жалынба, Досқа тарылма. *** Дос таппаған ер азар, Басшы бақпаған ел азар. *** Іздесең — табарсың, алыссаң — аларсың. *** Арқада жыл жақсы болса — Арқар ауып несі бар? *** Жүрген жақсы, көп дүниені көрген жақсы. Бірақ соның бəрінен де тағы бір жақсы бар: көре біліп, жүре-жүре келіп, Отаныңа қайтқан сəт бəрінен де жақсы. *** Қазақ жұртының өткен күндеріне көз салғанда, оқыған азаматтарының артынан ерген күндері аз да болса мағыналырақ, тəуір күндердің бірі деп саналады. *** Халық бойындағы қасиет, заман өгей болғанда кейде жер астында жатқан алтын-гауһар есепті. Алтын қазына жер бетіне шықпағанымен, қазыналық қасиетін жоя ма! Кезі жеткен сəт күнінде жарқырай шығып жалт етеді. Тарих телегейі толқығанда да сол сияқты: ел тамырындағы қасиет жамырай шығып, шарқ ұрады. *** Абай атамыз: «Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын» деп бекер айтпаған шығар, өмірдегі қай-қай ситуацияны болсын, сөз білген қазақ мөлдіретіп, төгілдіріп, кестелі сөзбен бейнелеп бере білген ғой... *** Дүниеде, тарихтарда ер елден артық ел бар ма?! Ер жолымен өткен елдердің тарихынан сұлу тарих бар ма?! Елін «ел екен!» дегізіп өткен ұлдарға өлім бар ма, сірə да?! Елдің белін көтеретін ер ұл туған аталық пен аналық қандай бақытты! Ер серігі болған жар жарастық қандай сұлу! Қорлық өмірге көнгенше, қадірлі өлім таңдармын дейтін жас жалын қандай биік мағыналы! *** Ең əуелі «ер» атану, «ерлік» атанудың өзі адамның жалғыз аяқ жеке жолынан ұшыраспайды. Үйелменді елінің өзегін жарған мұрат-мүддесінің жолында ғана ұшырасады. Жəне, сол ерліктің егізінің сыңарындай, алып ұшар қос қанатындай асыл тірек діңгегі бар. Ол — өзгеше бір сүю сезімі. Жай сүю емес, жар сүю емес, жанынан артық көріп жұртын сүю, халқын сүю сезімі. Бұл сүюден қасиетті сезім жоқ. Ол сана, ол сезімнің алдында барлық басқа тірлік, бөгде тілек бас иеді.

*** Қол жетпес шыңыраудағы су болғанша, пайдасы көпке тиетін жайдақ су болған жақсы. *** ...Көрген көз қазағыма қаратып, мінбе құрып, сол мінбеге шығарып: «Ақырғы діліңізді айтыңызшы, Мұхтар!» — десе, тілімнің ұшында жүрген сөз төмендегіше: тас үгітіліп құмға айналады, темір тозады, ұрпақ озады, дүниеде өлмейтін сөз ғана, халқымызбен бірге жасасып келе жатқан мұра сөзімізді арзандатып алмайық. ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ (1902–1985 жж.) азіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы, əйгілі драматург, стилист, қазақ əдебиетінің классигі, қоғам жəне мемлекет қайраткері, академик, əдеби сыншы, аудармашы. Өзінің қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық қызметімен де туған халқының мəдениетін дамытуға зор еңбек сіңірген Ғабит Мүсіреповті қазақ халқы көбінесе үлкен суреткер жазушы, көркем сөздің хас шебері деп таниды, құрмет тұтады. Ол, сондай-ақ қазақ театр өнерінің негізін салушылардың бірі. Əйгілі «Қыз Жібек» операсының либреттосын жазған. «Қозы-Көрпеш–Баян сұлу» спектаклі сценарийінің авторы. Біз XV ғасырда «қазақ» деген ел болып біріккенімізді Ұлытаудың көк тасына қашап басқан ру таңбаларымен куəландырған ел едік. Бірігеміз, бір ел боламыз деп анттасқанымыз да сол, конституциямыз да сол — тасқа басылған таңба!

*** Қазақ деген ел — бостандықты, азаттықты сүйетін, даланы, таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық. Бұл кезінде ол бұзылмаған ел, бұзыла білмейтін ел емес, бір бұзылса, аяқ-қолын жинай алмай кетуі мүмкін. *** Қазақ елі — өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең майданда сыналған ел. *** Бұл кездегі басты ауру — өз халқына өзі сенбеу. Өз халқымыздың момындығына, енжарлығына сүйеніп, үнемі өтірік айту. *** Қазақ ойы, қазақ ақылы, қазақ сезімі, қысқарақ айтқанда, туған еліміздің сана-сезімі топас емес, тотыққан деуге келіңкірейді. Тіршілік жағдайы оңынан келіп қалғанда Абай, Сүйінбай, Ыбырай, Шоқан, Жамбыл, Құрманғазы, Дина сияқты ой-сезім даналары топас ойлы елден шықпаса керек! *** Елің үшін мақтан, Елің үшін қайғыр. *** Қазаққа ар-ұят ең жоғары саналады. *** Ел айдаса, кəрі жігердің өзі қайнайды. *** Жаңа заман тас іргесін қалап алып, енді қабат-қабат биіктеп барады. *** Үш жүз деп аталатын қазақ халқында мынадай жігі айырылмайтын тұтастықтары бар: тілі, əні, күйі, аспаптары. *** Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. *** Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады. *** Ана тілі дегеніміз — баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мəңгілігінің мəңгілік мəселесі. *** Тілден биік асқар тау, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ. *** Ана тілін білмеушілер өздерін білімсіз деп санамайды-ау деймін. Сондықтан өздерін асырап отырған ана тілін қалай болса солай қорлай беруге ұялмайды.

*** Тілін білмеген, түбін білмейді. Ондай адам күлдіремін деп күйдіреді, сүйсіндіремін деп сүріндіреді, білдіремін де бүлдіреді. Қуантамын деп қуартады. Келтіремін деп кетіреді, жұбатамын деп жылатады... *** Қазақтың өсек-аяңынан асқан тамұқ жоқ. Қазақтың білетіні аз емес — істей білетіні аз. *** Еліңе опасыздық — туған анаңа опасыздық. *** Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара басы сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, əлдеқашан адам болып кетер еді. *** Қазақтың жершілдік, жіктеулері — ең бір үлкен апаты. *** Қазақ елі — əлі дала табиғатымен өзін-өзі тұтас сезінетін ел. *** Туған елімді, туған жерімді жамандай алмаймын, бірақ жаным ашығандықтан ашынған сөз ауызға түседі. *** Қазақтың бір оқыс мінезі: эмоция үстінде келіп қалған байламға тоқтайды. *** Еліміздің ұйытқысы — əдет-ғұрпымыз. *** Баяғыны көксей берген елде бүгінгі өмірге үйлесе алмаушылық болады. Баяғының құрметтісін құрметтей білмеген елде болашақ жоқ...

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ (1910–1982 жж.) амбыл облысының Жуалы ауданында дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан даңқты жауынгер қолбасшы, белгілі жазушы, стратег жəне тактик, Кеңес одағының батыры. Əскери академияларда дəріс берген. Сұрапыл соғыс кезінде қаһармандық ерлігімен, ұрыс жүргізудегі əскери шеберлігімен ерекше көзге түсіп, аты аңызға айналған тұлға. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман-есен алып шығады. Бауыржан Момышұлының Мəскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі жайлы орыстың белгілі жазушысы А. Бек «Арпалыс» атты повесін жазған. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылған. Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу — сатқындық. *** Ерлік — елдің қасиеті, жүректілік — жігіттің қасиеті. *** Ата-ана қадірін біле алмаған — халық қадірін біле алмас, Халық қадірін білмеген — ата-ана қадірін біле алмас. *** Отбасының өнегесі — Отан өнегесі. *** Халықтық дəстүр — асыл мұра. *** Халықтық тəжірибе — бүгінге ғана емес, ертеңге де керек қазына. *** Тəрбиелі — тəртіптің құлы, Тəртіпті — елдің құлы. *** Тəртіпсіз ел болмайды, тəртіпке бас иген ел — құл болмайды. *** Отан үшін отқа түс — күймейсің. *** Бізде ер атасы — махаббат, өмір атасы — халық, ел намысы — ер қолында, ер намысы — ел қолында.

*** Біз — намысты елдің ұлымыз. Жеңілмес күшіміз сонда. *** Ер істеді дегенше — ел істеді десеңші. *** Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет етуден тайсалма! *** Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін. *** Опасызда Отан жоқ. *** Отан от басынан басталады, демек, өз бесігің, өз үйің. *** Ел үшін аянба — ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба — жігіттігіңе сын. *** Ел бақыты ер қолында. *** Ел қадірін білмеген ер қадірін білмейді. *** Елсіз ер болмайды, жұртсыз жұрт болмайды. *** Ежелден ел тілегі — ер тілегі, Адал ұл ер боп туса — ел тілегі. *** Парыз сезімі, адамгершілік — жеке басының, ұлттың, Отанның мақтанышы. *** Атамекен жері үшін, Қасиетті ел үшін Болмай қалар кім батыр! *** Отан — адамның туып-өскен жері, атамекені, ел-жұрты, табиғат байлықтары, халқы, қоғамдық жəне мемлекеттік құрылысы, тіл, мəдениет, тұрмыс-салт, əдет-ғұрып ерекшеліктері бар белгілі бір халықтың тарихи тұрағына айналған аумақ. *** Біз де сүйектен, еттен жаралған жанбыз. Біздің жанымызды тебіренте соққан жүрек болаттан құралған емес, бірақ біздің жүрек отты жүрек. Оның оты болатты ерітіп, жаңқадай жандыратын от. Біздің жүрегіміздегі қауіп-қатерді көтеріп, өлімді жеңетін бір жарақ — ана сүтін ақтап, туған елді, Отанымызды сүю сезімі.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ (1940 ж.т.) азақстан Республикасының Тұңғыш Президенті. Елбасы. Ғалым. Іле Алатауы баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Əбіш пен Əлжан Назарбаевтардың отбасында дүниеге келген. 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Хатшысы болды. 1984 жылы Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды. Ол КСРО-дағы одақтық республикалардағы ең жас премьер еді. Бірақ өзге əріптестерімен салыстырғанда жас екендігіне қарамастан, сол кездің өзінде кемеліне келген мемлекет жəне қоғам қайраткері болып қалыптасты. 2010 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Елбасы (Ұлт Көшбасшысы) мəртебесі берілді. Ұлттың ұлы бақыты — Қазақстан жаңа үшінші мыңжылдыққа дербес тəуелсіз мемлекет болып қадам басты! *** Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. *** Біз əлемдік мəдени құндылықтармен үндес жаңа заманғы қазақтың озық мəдениетін қалыптастыруымыз керек. *** Мемлекеттік идеологияның бізге аса қажет бір бұтағы, қомақты тармағы — халықты, ұрпақты патриотизмге, отаншылдық рухқа, елді, жерді сүюге, қорғауға жұмылдыру. *** Қазақ елі — ежелден еркіндік аңсаған ел. Өз алдына дербес мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы еді. Құдайға шүкір, өз билігіміз өз қолымызға тиді. Қазақстан Республикасы бұдан былай тəуелсіз, демократиялық мемлекеттердің қатарына жатады. Өз территориямызда өкімет билігін толық өз қолымызға алдық. Ішкі, сыртқы саясатымызды дербес жүргіземіз, əрі қарай қалай өмір сүру керек екенін ешкімнің нұсқауын күтпей-ақ, өзіміз шешетін боламыз. *** Дүниеде қазақ деген ұлт — біреу, демек оның ұлттық болмысы, салт-санасы мен əдет-ғұрпы да — жалпы қазаққа бірдей тəн, оның ғажайып мол рухани қазынасы да — бөліп жаруға келмейтін ортақ қазына.

*** Қазақ даласы — Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы. *** Өз ұлтын сүю, шын мəнінде нағыз қазақ болу — өзге ұлт өкілдеріне астамшылықпен қарау. *** Мемлекеттігіміздің діңгегі — қазақ халқы. Ел де, жер де қазақтікі. Ел болудың ұяты да біздің жұрттың мойнында. *** Қазақ та енді үлкен ұлтқа тəн төзім мен сабырлы мінез көрсетуі керек. *** Абылай — құдіретті хан. Қазақ халқының мемлекеттілігі мен тəуелсіздігі осынау даңқты есіммен тығыз байланысты. Ардақты бабамыздың аңсаған үш арманы — тыныштық, кəсіп, тəуелсіздік еді. Бүгінгі күні сол мақсаттар орындалып, ел еңсесі көтеріліп келеді. *** Отанды сүю — өркениеттіліктің бірінші белгісі. *** Жаңа Астана — ежелгі қазақ жерінің төрі. *** Жер астындағы байлық — бір біздің ғана емес, бүкіл келер ұрпақтардың ортақ несібесі. *** Өзгенің есебінен жақсы көрініп — жарылқаушы атануға, ел мүддесіне нұқсан келтіруге болмайды. *** Халқына шындап жаны ашитын қайраткер орға жығатын емес, өрге бастайтын жол сілтейді. *** Ұлт өзінің мемлекетінсіз — ұлт болып өмір сүре алмақ емес. *** Қазақтың бүкіл тарихы — бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ — тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық. *** Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтан тұтамын. *** Отансыз адам — қай жерде жүрсе де бейшара адам. Өзіңнің еліңе, Отаныңа, жеріңе, ата-бабаңның төккен қаны мен теріне адал болуың керек. Қайда жүрсе де, не істесе де қазағын — елін ойлап, осыны көркейтсем, кіндік қаным тамған елім аман болып, оның дəрежесі жоғары болса, қай мемлекетке барсам да мені сыйлайды деген түсінікте болу керек.

*** Дауы таусылмайтын елдің — жауы да таусылмайды. *** Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет. *** Саясат безбеншісі — ел. Ауылдың амандығы — ел амандығы. *** Ауылдың амандығы — ел амандығы. *** Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мəдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған — оның ғажайып тілі. *** Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін! *** Тілден артық қазына жоқ, Тілден артық қасиет жоқ. *** Ана тілі — бəріміздің анамыз, өйткені ол — ұлтымыздың анасы. *** Қазақстанның болашағы қазақ тілінде жатыр. Қазақ тілі əлі бірте-бірте мемлекеттік қызметте, экономика мен өмірдің барлық саласында басымдық танытатын болады. *** Қазақстанды мекендейтін əртүрлі ұлт өкілдерінің тіліне құрмет көрсету, олардың ана тілінде білім алып, төл мəдениетін дамытуына жағдай жасау — мемлекетіміздің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі. *** Өзім үшін емес, елім үшін толғанамын: бір басыма керекті қай күнде де табармын. Халқыма керекті қалай табам, қайдан табам деп қам жеп жүру тек қана менің емес, əр азаматтың ісі мен жадында болуы қажет. *** Иə, мен біздің кең-байтақ Отанымызда тыныштық пен бейбітшілік болғанын қалаймын. Ол миллиондаған қазақстандық отбасылар үшін қажет. Мен қайғыдан шашы ағарып кеткен əзіз аналардың мырыш табыт құшақтап отырып, егіліп перзенттерін жоқтағанын, жастардың жалыны тұтанбай жатып, қанаты қиылып, мүгедек болғанын, қариялар жермен-жексен болған үйлерінің орнын іздеп шарқ ұрып, нақақтан көз жасын төккенін қаламаймын. *** Нені де болса, елмен бірге көремін, елмен бірге төземін, елмен бірге жеңемін.

МҰЗАФАР ƏЛІМБАЕВ (1923 ж.т.) азақтың көрнекті ақыны, балалар əдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Маралды ауылында дүниеге келген. Ел аузындағы аңызертегілерді тере жүріп, жаңғырта жырлаған. Ол, сондай-ақ халқымыздың мақал-мəтел, нақыл сөздерін жинаушы, зерттеуші ретінде де танымал. Мұзафар Əлімбаев — жырбəйгесінде өзіндік орны бар дара ақын. Бүгінде балалар ақыны ретінде тынымсыз еңбектеніп келеді Ел зердесіне көшкен елеулі сөз. *** Жаңғырығы жоқ сөздің, жақсылығы шамалы. *** Елге деген сатқындық ең алдымен оның болашағына сенбеуден басталады. * * * Қазақ халқы жиырмасыншы ғасырдың бүкіл өне бойында өзге халықтар түсінде көрсе шошып оянардай қасіретті оқиғаларды бастан кешірді. Мен өз халқымның көнбеске көніп, шыдамасқа шыдай алатын қайратына қайран қаламын!

*** Жер күтпеген ерден түңіл, Ер күтпеген елден түңіл. *** Ана тілі Ананың құнар сүті ғой, Ғұмыр бойы сен еметін. Ана тілі Халқыңның ырыс-құты ғой, Игілігіңе кенелетін. *** Ынтымақ елдікке жеткізер, елдік ерлікке жеткізер. *** Елге пайдасы жоқ елгезектік. *** Ерден елдің артықтығы — білігі, Елден елдің артықтығы — бірлігі. *** Елге көздеген оқ ердің жүрегіне қадалады. *** Елдің қамын ойлаған ерте есейер. *** Ұлтын білгің келсе — ғұрпын біл. *** Отанын ойлаған орта жолда қалмас. *** Туын жықпайтын — бүтін ел, Туы жығылған түтілер. *** Еркіндік туы — елдік. *** Аздың азаншысы болғанша, Көптің қазаншысы бол. *** Үлкен елдің баласына Ұсақ болу жараспас. *** Елден жинауды үйренсең, Елге сыйлауды да үйрен. *** Қандастықтан жолдастықты жоғары қоюды қашан үйренер екенбіз?!

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ (1931–1976 жж.) лматы облысының қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданынына қарасты Қарасаз ауылында дүниеге келген. Қазақтың лирик ақыны, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мəртебесі зор, шоғыры биік бірегей ақын. Мұқағали (шын аты Мұхаммедқали) шығармашылығының тіні «өзін-өзі» зерттеуден тұрады. Ақиық ақын өзі өмірден көрген-білгенін көңіл елегінен өткізе отырып, оқырманына тылсым дүниенің тереңінен, жырға орап жеткізген. Қазаққа мақтансын деп жер бермеген, Жерінің кеңдігіндей сабыр берген. *** Күн көреді əкесіз де анасыз, Өмір сүрер əйелсіз де баласыз. Ал Отансыз — нағыз сорлы панасыз! *** ...Оңай сөз ғой «Отанды сүйем деген», Іс тынбайды «жанамын, күйемменен...» Өгей əке емес қой Отан деген, Отанды мен Атамдай иемденем. *** Екі Отан жоқ. Жалғыз Отан — мекенің! *** Отанды сүймеуің де күйік екен, Отанды сүйгенің де күйік екен... *** Қарыздармыз біз Отанға, барымызды берерміз, Қарыздармыз біз Отанға, қарыздар боп өлерміз. *** О, туған ел! Достықтың дастарқаны. Достық керек... кім одан бас тартады?.. Осылай бол! Осы өмір, осы пейілің, Досыңды, дұшпаныңды жасқантады. Осылай бол, достықтың асқар тауы! *** …Ал екінші бақытым — тілім менің Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім… *** Доссызбын деп айта алман халқым барда. Саясында хақым бар салқындауға. Қарғамаса болғаны халқым мені, Айналмаса болғаны нарқым дауға... *** Мына дала, мына өлке жап-жас əлі, Адамдардың жоғалды сан жасағы, Бір ұрпаққа бір ұрпақ жалғасады, Мына дала, мына өлке жап-жас əлі... *** Талай нөсер төгілер, болар жасын, Алапат күн əйтеуір жол алмасын. Мына нұрлы өмірге тірек болған Адамзаттың ұрпағы жоғалмасын! ШЕРХАН МҰРТАЗА (1932 ж.т.) амбыл облысының Жуалы ауданында дүниеге келген. Белгілі қоғам қайраткері, танымал жазушы, журналистпублицист, ел мүддесі мен ұлттық құндылықтарымызды қорғауға зор үлес қосып, күсрескерлік танытып, көзге түскен құрметті тұлғалардың бірі. Шығармалары бірқатар елдердің тілдеріне аударылған. Шерхан Мұртаза Г.Х. Андерсеннің əңгімелерін, венгр халық ертегілерін, сондай-ақ өз заманымыздағы танымал жазушылардың біразының туындыларын қазақ тіліне аударған. Отанды, ұлтты, əдебиетті, оның болашағын сүю үшін көп айқайдың керегі жоқ. Тынымсыз, жанашыр, табанды əрекет керек. *** Рухы мен намысы сөнген ел — өлген ел.

*** Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт — тарихынан, түп-тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған халық — ата-бабасының, туған əкесі мен анасының атын ұмытқан халық. Ал ондайларды мəңгүрт деп атайды. *** Ана тіліміздің мəртебесін көтеру — басқа тілдердің жолын кесіп, бағын байлау емес. «Өзің өлме — өзгені де өлтірме» деген сөз. *** Ұлтсыздық — отансыздықтың белгісі. *** Сақтасаң — қазаққа жау болған қазақтан сақта! *** Рухани əлемі кең, рухы биік ел — қайсар ел. Ондай елді ешкім жеңе алмайды. Рухы сынған, рухани жүдеген елді жеңу де — жеңіл. *** Отанды, ұлтты, əдебиетті, оның болашағын сүю үшін көп айқайдың керегі жоқ. Тынымсыз, жанашыр, табанды əрекет керек. *** Рухани азып-тозу — өліммен тең. *** Рухтың анасы — ана тіліндегі кітап... *** Тəуелсіздік — адам құнымен өлшенеді. *** Мемлекетімізге, зарығып жеткен тəуелсіздігімізге төніп тұрған орасан қауіп — жемқорлық, парақорлық, ұрлық-қарлық! *** Демократия — жүгенсіздік емес, Бостандық — жүйесіздік емес. *** Тəуелсіздіктің жолы — қатты, дəмі — тəтті. *** Астана — қазақтың бөлінбес бірлігінің, мəңгілік тұтастығының символы болуы шарт. *** Қазақ елі — жаралы теңбіл барыс сияқты. Ылдидан қарғып шыққан жолы қан сорғалаған ізге толы. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс — 1986 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске жалғасты. *** Тəуелсіздік — жаңа шығып келе жатқан Күн. Елдің емес, жас мемлекеттің емес, өз қарақан басының қамын ойлаған жемқорлар, парақорлар, Қазақстан байлығын талан-таражға салған сатқындар! Жаңа шығып келе жатқан күнді көлегейлеп, бұлтпен бүркемелеп, тұмшаламаңдар!

ҚАДЫР МЫРЗАЛИЕВ (1935–2011 жж.) рал облысының Жымпиты ауданында дүниеге келген. Ақын, Қазақстанның халық жазушысы. Өз шығармаларына елдік, бірлік, отаншылдық, ұлтжандылық тақырыптарын арқау еткен. Көркем аударма саласында да жемісті еңбектері көп. Əлемдік əдебиет ғұламаларының бірқатарының шығармаларын қазақ тіліне аударған. Біраз топтамалары мен таңдаулы өлеңдері ТМД елдерінің жəне өзге де шет тілдерге аударылған. Қазақтың қуаты — бірлігінде. *** Қазақтың ұлттық тілі — өлең. *** Халыққа да жылы сөз керек. *** Нағыз қазақ — қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра. *** Ел қамынан қымбат емес өз қамың. *** Бұл дүниеде татулықтан басқаның бəрі сатулы. *** Қазақтың құшағы Күннен де ыстық. *** Барлық жердің қазағы — бір ауылдың алмасы. *** Алмағаным — ел мойнында, бермегенім — өз мойнымда. *** Елдің туы жығылмас — тілдің туы жығылмай. *** Ана тілің — асылың, оны білмеген — масылың. *** Байлық деген байлық па? Тіл байлығы тұрғанда!

*** Өзің үшін күресте жеңілсең де — елің үшін күресте жеңілуге хақың жоқ. *** Халықтың ұлы болмасаң, менің де ұлым емессің. *** Ханы сорлы — халық сорлы, халқы мықты — хан да мықты. *** Елу жанға билігін жүргізгендер Ел басқарам дегенді шығарды. *** Елде ерлік болмаса, Əділдік те болмайды. *** Қазақ осы — алудай-ақ алатын, Ал беруден алдына жан салмайтын. Қазақ осы — ашық-жарқын қабағы, Қонақ келсе шабылып бір қалады. Байқа да тұр, саған да ол кетерде, Ат мінгізіп, жібек шапан жабады. ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ (1936 ж.т.) лматы қаласында дүниеге келген. Саяси жəне қоғам қайраткері, ақын, дипломат. Орыс тілді қазақ ақыны. Олжас Омарханұлы туралы замандастары «табиғатынан рухани бұғауланбаған адам, оның шығармашылық жəне қоғамдық қызметіндегі негізгі ұстаным еркіндік» деп жазған. Еңбектері дүние жүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылған. Қазақтардың моральдік кодексін олардың мақал-мəтелдері мен аңыз-əпсаналарынан іздеңіз. *** Мен қайғырам, Зəбір көріп қай халық Қасіретке батар болса қайғы алып.

*** Айналайын, О, Қара Жер, айналшы, Мен өлейін бірге өзіңмен айналып. *** Кешіре біл ағайынды суысқан, Ел бақытты, — сен жымисаң, Туысқан! *** Мен өз елімді жəне оның халқын, олардың беріктілігі мен төзімділігі үшін сүйемін. Бірақ мен ешқашан бір елді екінші елге айдап салушы «ұлтжандыларды» сүйе де алмас едім, түсіне де алмас едім. *** Тілдер туыстығы — мəдени туыстық. *** «Халықтар достығы» — адамдар арасындағы достық пен өзара құрмет сезімінсіз, абстрактілі һəм тұрлаусыз ұғым. *** Тауларды аласартпай — даланы биіктетейік. *** Түркілік қоғамда əйелдерге кең құқықтар берілген. Олар мемлекеттік істерге белсене араласқан. Тақтың мұрагерін ана тəрбиелеген. *** Ұлы ойшылдардың теориялық қисындарының көпшілігі қазір түсініксіз көрінуі заңдылық. Олар ертеңгі күннің жарығы болуы да мүмкін. Олар замандастарымызды келер дəуірлер ұғымымен ойлануға шақырады. Ал онсыз болашақтың таңы атуы екіталай. *** Отырар ойран болар ма, Бір сатқын жығып бермесе?! *** Түсінбестікті тудыратын тарих емес, сол тарихты оқып ұғыну. *** Нағыз тарих — халықтардың ежелден бергі бейбітшілік, қызметтестік пен өзара байланыстылық шежіресі. Шіркін, сол шежірені қалпына келтірсе ғой! Сонда көп ұлтты халқымыздың келешегін де айқынырақ көріп-білуге болар еді. *** Қария тарих — қаптаған жалын Лап етіп жанған түздерде, Алауға атам қақтаған жанын, Аңызы қалған біздерге...

ƏБІШ КЕКІЛБАЙҰЛЫ (1939 ж.т.) аңғыстау облысында дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы. Ірі ойшыл, публицист, қоғам жəне мемлекет қайраткері. Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы (1996–2002). Халықаралық жазушылар қауымдастығына кең танымал тұлға. Шығармалары əлемнің көптеген тілдеріне аударылып, жоғары баға алған. ...Айналаң — аяулы алтын бесігің. Бесігін ардақ тұтпаған береке қайтіп таппақшы?! *** Біздің халқымыздың рухани өмірінде саяси проблемалардан гөрі адамгершілік проблемалары үстемірек орын алатын сияқты. *** Тəуекел қауым — тəуелсіз бола алмайды, алаусыз қауым — азат бола алмайды. *** Қазақтың жерін кең қылып берген тағдыр соған байланысты сорын да аз қылып бермеген. *** Ел тілегі — бір-бірімізге көзіміз түзу болғанда ғана түзеледі. *** Ел болып алмай тұрып, ешкімнің де жұлдызы жанбайды. *** Əділдік бар жерде ғана елдік бар. *** Елдік жоқ жерде жаманның иығы шығыңқы, жақсының еңсесі түсіңкі жүреді. *** Ел жүгендемей жатып, дау түгендейміз. *** Өз басыңнан бақ ауса да, ел басынан бақ аумасын. *** Елін сүйген азаматқа ең үлкен қайғы — өз халқының тағдырынан тыс қалу.

*** Тəуелсіздік — тəтті ғана сөз емес, ұлттық жауапкершілік. *** Ұлтты тану — ұлттық дамудың негізгі шарты. *** Елің теңелмей тұрып — өзің теңелмейсің. *** Ұлт мүддесі мен ел игілігі — «екі тепкі, бір қамшы» белсенділікті көтермейді. *** Ұлдарын өлімге қимайтын елдің өзі де өлмейді. *** Өз мемлекетіңнің тəуелсіздігін қастерлеу, өзің тұратын елдің егемендігін құрметтеу — тек патриоттық парыз ғана емес, үлкен гуманистік жауапкершілік. *** Атасыздық — отансыздық, отансыздық — опасыздық, опасыздық — имансыздық. *** Ел болмас елдің төбесіне ту тұрақтамас, төресіне тəж тұрақтамас. Ту тұрмас тұлдыр үйге, тəж тұрақтатпас тұлдыр басқа байлық пен ырыс қалай қонатын еді. *** Халқы азат бола алмай тұрып, ешкім азат бола алмайды. Азат емес адам өзін ешкіммен тең сезіне алмайды. *** Рухани бедерсіздік саяси тəуелсіздікті де тəрк етеді. Тойған тоғышарлыққа халықтың, адамның азаттығы емес, нəпсінің азаттығы керек. *** Егемендіктің ең үлкен жаулары — жікшілдік те, алауыздық та тек əділетсіздіктен өрбиді. *** Халықтың өзін-өзі билеу құқы сақталмай тұрып, жеке адамның құқы да сақталмайды. Өйткені ұлты азат емес адамның өзі азат болуы еш ақылға сыймайтын шаруа. *** ...Өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп, бəріміз де мəре-сəре болып жатқанда ұрыншақ емес, ұғымсақ, тиіскек емес, үйірсек болғанымыз келіңкірейтін тəрізді. *** Ойдағымыз болды, ортамыз толды. Төбедегі келді. Төрелескенде де ренжитін ретіміз жоқ... Бағзыдағыларымыздың аруағы жебегесін, бүгінгілеріміздің тілегі демегесін жетіп отырмыз бұл күнге.

Іргесі берік елді — жау ала алмас. Аузы бір елді — дау ала алмас. *** Ел іші — алтын бесік. *** Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. *** Елін сүйгеннің еңсесі биік. *** Ат үйірін сағынса, Артқы аяғына қағынар. Ер үйірін сағынса, Айыл-тұрман тағынар. 1 Мұзафар Əлімбаев. *** Елінен безген ер оңбас, Көлінен безген қаз оңбас. *** Кісі елінде күркірегенше, Өз еліңде дүркіре. *** Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол. *** Есі бүтін елінен шықпайды, Елінің қырын жықпайды. *** Шетте жүрсең тарығарсың, Туған жерді сағынарсың. *** Туған үйдің түтіні жылы, Туған ананың күтімі жылы. *** Ұлтарақтай болса да, Ата қоныс жер қымбат. Ат төбеліндей болса да, Туып-өскен ел қымбат.

*** Отанды сүю — отбасынан басталады. *** Ата мекен — анаң екен, Қысылғанда панаң екен. *** Жат жерде жаның қиналса, Ел қадірін сонда білерсің. Жұтым суға зар болсаң, Көл қадірін сонда білерсің. *** Жат елдің жақсысы болғанша, Өз еліңнің сақшысы бол. *** Есі бар жігіт елін табар, Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар. *** Бұлбұл гүлзарын сүйеді, Болар жігіт Отанын сүйеді. *** Алтын тағың болғанша, Алақандай жер болсын. *** Жерін қорлаған — Жеріне сыймайды. Елін қорлаған — Еліне сыймайды. *** Елі жоқ жер жетім, Ері жоқ ел жетім. *** Елді ер сақтайды, Ерді жер сақтайды. *** Елін сүйген ерлік істейді. *** Ер жігіт — Ел үшін туады, Ел үшін өледі. *** Батыр туса — ел ырысы, Жаңбыр жауса — жер ырысы. *** Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер.

*** Туған елің болмаса, Тумай-ақ қойсын Күн мен Ай. *** Ел — иесіз, Жер киесіз болмайды. *** Малы жоқ деп, Ерден түңілмек. Шөбі жоқ деп, Жерден түңілме. *** Отаны бірдің — тілегі бір, Ошағы бірдің — білегі бір. *** Бірлік түбі — ерлік. *** Татулыққа не жетсін, Тəуекелден не кетсін! *** Ынтымақ — орман, Жауа ала алмас қорған. *** Ынтымақты елге ешкім жетпес, Ынтымақсыз елдің өкініші кетпес. *** Отаны бар адам — зор, Отансыз адам — қор. *** Отан қадіріне жетпеген Өз қадіріне де жетпейді. *** Ерінен айырылған, көмгенше жылайды, Жерінен айырылған, өлгенше жылайды. *** Шегараң берік болмай, Басыңда ерік болмайды. *** Жауды басындырма, Жақынды ашындырма. *** Елі еріксіз болса, Ері көріксіз болады.

*** Ер ерлігін істесе, Ел елдігін істейді. *** Ердің ерлігін білмеген, Елдің елдігін білмейді. *** Елін сатып — асаған, Екі күн ғана жасаған. *** Өз халқыңды өз ете алсаң, Өзге елге құл болмайсың. *** Қатардан ассаң да, Халықтан аспақ жоқ. *** Тозар елдің жанжалы бітпес, Озар елдің арманы бітпес. *** Ел қалаған ұл-қыздар, Ел көгінде жұлдыздар. *** Жақсылық қылсаң халыққа, Бір қайырымын аларсың. Жамандық қылсаң халыққа, Жапанда жалғыз қаларсың. *** Елді тастап, шетке кетпе, Шетке кетсең де, көпке кетпе. *** Халықтан — қайырымдылықты, Қариядан байымдылықты үйрен. *** Өнерлі елдің оты сөнбес. *** Ынтымақ — бұзылмайтын қорған, Қосылып еккен ағаш — орман. *** Ауыл болсаң, қауым бол. *** Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

*** Ұрыс ырысты қашырар, Ынтымақ белге асырар. *** Көп ел — сарқылмас көл. *** Ынтымақсыз елді — ұрысы билейді. Ынтымақты елді — дұрысы билейді. *** Тату елдің тамағы таусылмайды. *** Туған жер — тұғырың, Туған ел — қыдырың. *** Жер — ырыстың кіндігі. *** Ер жақсысы елін сағынар, Ат жақсысы атын сағынар. *** Жер тоймай — ел тоймайды. *** Жері азған елде Тоқшылық болмайды. Ері ынтымақты елде Жоқшылық бомайды. *** Бірлігі бар елдің Белін ешкім сындырмас. *** Игілік басы — ынтымақ, Ынтымақты елде күншуақ. *** Ауылың ала болса, Ат ойнақтың астында қаласың. *** Жақынымен жауласқан Жатқа мазақ болар. *** Жалғыз ағаш үй болмас, Жалғыз жігіт би болмас. *** Көп дауыс қосылса, Бір дауысты жоқ қылар.

Пайдаланылған əдебиет тізімі жəне дерек көздері 1. Жансүгіров І. Шығармалар. Өлеңдер мен поэмалар. А., 1958. 2. «Қазақ». № 1. 2006, 28 тамыз. 3. Сейфуллин C. Өлеңдері мен поэмалары. А, 1957. 4. Абайды оқы, таңырқа. Алматы: Ана тілі, 1993. 5. «Айқап» журналы, 1914. ІІ сан. 6. «Аңыз адам» журналы, 2013. 7. Ақшолақов Т., Жұмажанова Т., Қалиев С., Дүйсебаев С. Қазақ əдебиеті (9-сынып). Алматы: Мектеп, 2005. 8. Аталы сөз — баталы сөз. Алматы: Нұрлы əлем, 2006. 9. «Əдеби əлем» порталы. 10. Бабатайұлы Д. Алматы: Раритет, 2002. 11. Бес ғасыр жырлайды. 1-т. Алматы: Жазушы, 1989. 12. Болатбаев Қ. Даналар сөзі — өнердің көзі. 13. Даналардан шыққан сөз. Алматы: Мектеп, 1987. 14. Жолаушин С. Даналар қалдырған асыл мұра. Петропавл, 2011. 15. Келімбетов Н. Ежелгі əдеби жəдігерліктері. Алматы: Раритет, 2005. 16. Қазақтар. ІV т. Алматы: ІDK — TІPO, 1998. 17. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 18. Қазақтың би-шешендері. 19. Майлин Б. Шығармалары. І т. Алматы,1960. 20. Сүйіншалиев Х. Қазақ əдеби тарихы. Алматы: Санат, 2006. 21. Төле би «Мұраттас» ғылыми-зерттеу орталығы. Алматы, 1991. 22. Төреқұлұлы Н. Қазақтың жүз шешені. Алматы: Алтын адам. *** Көппен біткен іс мəнді Көппен ішкен ас дəмді. *** Тау — тасымен, Көп басымен мықты. *** Аз қадірін білмеген, Көп қадірін қайдан білсін. *** Айырылма, жұртым, үйіріңнен, Айырылсаң, жұртым, үйіріңнен — Екі қолың кетпес бүйіріңнен. *** Ынтымақ — елдің ырысы, Ылғал — жердің ырысы. *** Жалғыз ағаш орман болмас, Жалғыз кірпіш қорған болмас. *** Елде болса, ерінге тиеді, Ауылда болса, ауызға тиеді.

23. Шаймерденұлы Е. Ақыл-ой антологиясы. Алматы: Өлке, 2004. 24. http://adebіportal.kz 25. www.zharar.com 26. http://semeylіb.kz 27. wіkіpedіa.org 28. e-hіstory.kz 29. іnform.kz 30. http://bіlіmdіler.kz 31. «Ақ жол» газеті. Көркем əдебиетті саралау. 1925, 17 сəуір. 32. http://aіmauytov.psu.kz/ 33. Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. V т. Алматы, 1999. 204–205-бб. 34. «Жас Алаш» газеті. Ұлтты сүю. 2001, 6 наурыз. 35. Қазақтың мақал-мəтелдері. А., 2004. Мазмұны Асыл сөзге өлім жоқ... Асыл сөзге өлім жоқ... (Құрастырушыдан) (Құрастырушыдан) . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4 Тоныкөк . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5 Білге (Мерген). . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7 Күлтегін. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9 Əбу Насыр əл-Фараби . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13 Жүсіп Баласағұн. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16 Махмұд Қашқари . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20 Кожа Ахмет Яссауи . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 23 Майқы би Төбейұлы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27

Асан Қайғы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30 Шалгиіз Тіленшеұлы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 34 Доспамбет жырау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 36 Төле Əлібекұлы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 39 Қазыбек Келдібекұлы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 45 Əйтеке (Айтық) Байбекұлы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 49 Бұқар Қалқаманұлы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 52 Ақтамберді Сарыұлы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 56 Сырым Датұлы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 59 Шал Құлекеұлы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 62 Дулат Бабатайұлы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 65 Махамбет Өтемісұлы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 71 Шернияз Жарылғасынұлы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 74 Сүйінбай Аронұлы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 76 Майлықожа Сұлтанқожаұлы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 79 Шоқан Уəлиханов . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 81 Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 86 Абай (Ибраһим) Құнанбаев. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 91 Шəкəрім Құдайбердіұлы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 100 Əлихан Бөкейханов . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 107 Ахмет Байтұрсынов . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 110 Міржақып Дулатов. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 114 Жүсіпбек Аймауытов . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 119 Сұлтанмахмұт Торайғыров . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 124 Мағжан (Əбілмағжан) Жұмабаев . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 128 Сəкен (Сəдуақас) Сейфуллин . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 133 Бейімбет Майлин . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 137 Ілияс Жансүгіров . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 140 Мұхтар Əуезов . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 144 Ғабит Мүсірепов. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 149 Бауыржан Момышұлы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 154 Нұрсұлтан Назарбаев. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 158 Мұзафар Əлімбаев . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 165 Мұқағали Мақатаев . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 168 Шерхан Мұртаза. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 171 Қадыр Мырзалиев . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 174 Олжас Сүлейменов. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 177 Əбіш Кекілбайұлы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 180

Мақал-мəтелдер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 184 Пайдаланылған əдебиет тізімі жəне дерек көздері . . . . . . . . . . . . . 195

Қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалардың Отан, патриотизм туралы нақыл-өсиеттері, даналық ойлары мен қанатты сөздері Құрастырған Акишева Асия Қоянбайқызы Ақпарат жинаған Ақышева Айжан Бас директоры З. Тен Редакторы Б. Қошым-Ноғай Дизайн, компьютерде беттеген Н. Цой Корректоры С. Ыбраева Басуға 01.10.2015 қол қойылды. Қалпы 60х90 1/8. Қағазы офс. Қаріп түрі əдеби «Tіmes». Шарт. б.т. 25,0. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № 959. «Раритет» баспа компаниясы 050022, Алматы қ., Масанчи к., 98 Тел./факс: 8 (727) 260 67 08, 292 88 36 E-maіl: rarіty_pc@maіl.ru web: www.rarіty.kz. Тапсырыс берушінің файлдарынан «Полиграфкомбинат» ЖШС-нде басылды. 050002, Алматы қ., Мақатаев к., 41.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙