Мазмұнға өту
Home

Көшпенділердің қысқа тарихы

Амар Ананд

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Көшпенділердің қысқа тарихы

Авторы: Амар Ананд

А. АМАР

КӨШПЕНДІЛЕРДІҢ ҚЫСҚА ТАРИХЫ

Алматы-2011 Бұл кітапта б.з.б. 1 мың жылдықтың соңғы жартысынан бастап, б.з. ХІІІ ғасырына дейінгі моңғолдардың /жалпы көшпенділнрдің/ мыңдаған жылғы тарихы сөз етілген. Моңғол тілінен қазақ тіліне аударған, түсініктемелерін жасаған Жүкел ХАМАЙ Ғылыми редакторы Нәпіл БАЗЫЛХАН, филология ғылымдарының кандидаты.

ISBN:

978-601-7023-36-2[1]

Бұл кітапта б. з. д. 1 мың жылдықтың соңғы жартысынан бастап, б. з. XII ғ. дейінгі жалпы көшпенділердің мыңдаған жылғы тарихы сөз етілген. Кітап моңғол тілінде «Моңғолдың қысқа тарихы» деген атаумен 1989 ж. Ұланбатыр қаласында жарық көрген.

АЛҒЫ СӨЗ

Моңғол елінде 1921 жылғы халық революциясы жеңген тұста мемлекет жаңа заманға сай ұлттық зиялылар өте аз еді. Сол кезде халықтық партия, үкіметіміз феодализм құрсағында өсіп жетілгеніне қарамастан Халық революциясын ықыласпен қарсы алған, отан сүйгіш, жаңашыл көзқарасты адамдарды партия, үкіметтің жауапты қызметіне Қабұлдай бастаған. Халық революциясымен бірге түлеп, ұлттық санасы оянған сол зиялылар тобы тәуелсіз жас мемлекетіміздің дамысы, өркениеті мен болашағы үшін бар жігерімен атсалыса білді. Солардың бірі – А.Амар еді. Ол 1886 жылы сол кездегі халқаның Түшээт-хан аймағының Эрдэнэ хошуыны1 жерінде дүниеге келеді. Амардың әкесі Ананд тәйжі текті адам бола тұра, қолында ұстаған жалшысы, қораға салған малы жоқ, қарапайым жан болған.Ондай тәйжілерді моңғолдар хохь тәйжі деп атаған. Амарды 12 жасқа келгенде әкесі өз хошуынының әкімшілік басқарма жеріндегі оқу-жазу мектебіне береді. Сабаққа ынталы, сергек Амар моңғол жазуды тез үйреніп, манжур, тибет жазуларын да шырамытатын болады. Сонымен ол Манжур Чин империясының отаршылдығы кезінде ұлықтар жерінде, алтын кентінде хатшы, аймақтық жасада2 хатшы, әкімшілік орында хаткерлік жүргізуші3 болып жұмыс істейді. 1913 жылы Моңғол хандық мемлекетінің сыртқы істер уәзірлігінде, аймақтық кеңесте хатшы, өкілдік қызметін атқарады. 1917-1918 жылдары Моңғол мемлекетінің солтүстік шекара шебін қорғаушы елу қолбасшысы болады. 1919 жылы Қытайдың жауыз әскері Моңғолға шабуылдап, Моңғолдың автономиялық мемлекетін құлатқаннан кейін А.Амар қайтадан еліне келіп, екі жылдай уақыт мал бағып күнелтеді. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, Д. Сухэбатыр 1921 жылы көктемде шекара сыртында болған кезінде А.Амар және басқа прогрессшіл көзқарасты адамдар бірнеше мәрте елші жіберіп, ақылдасып тұрған деседі4. Моңғол еліне Халық революциясы жеңгеннен кейін, А.Амар Нийслэл хүрээ-ге5 келіп, 1921 жылдың күзінде үкіметтің көмекші уәзіріне тағайындалып, жаңа Моңғол елінің ісіне араласа бастайды. Бұрын Моңғол хандық мемлекеті кезінде хатшылық қызмет атқарып, үкіметтік іс, жазба-хаткерлік жұмысына дағдыланған А.Амар көп кешікпей Сыртқы істер уәзірлігінде бас кеңесші, содан аталмыш уәзірліктің бас уәзіріне тағайындалады. 1924-1925 жж. Шаруашылық уәзірі, 1926-1927 жж. Ішкі істер уәзірі, Қаржы кеңесінің басшысы қызметін атқарады. 1928 жылдың басында үкіметтің Х кіші құрылтайында А.Амарды Моңғол мемлекетінің бас уәзірі етіп тағайындайды. Бұл қызметті 1930 жылға дейін атқарып, 1930-1932 жылдары Ғылым

1 - Қазіргі Бұлғын аймағының Ханғал сұмыныү 2 Жасаа - әкімшілік қызмет үйі, Қабұлхана 3 Хат дайындаушы. 4 З.Лонжид, С. Ичинноров, Ерөнхий сайд А.Амар, - «Намын амьдрал» 1989, №2, 67 дахь тал 5 Нийслэл хүрээ – астана күрен – Сыртқы Моңғол елінің орталығы, қазіргі астана – Ұланбатыр.

Академиясының басшысы, 1936-1939 жылдарда Моңғол Халық Республикасының бас уәзірі қызметін атқарады. А.Амар 1923 жылы Моңғол Халық Революцияшыл Партиясына (МХРП) мүшелікке ілесіп, партияның ІІ, ІҮ, ҮІІ, ІХ Ұлы құрылтайында МХРП-ның Орталық Комитеті мүшесі, Партияның ҮІІІ, ІХ Ұлы құрылтайында МХРП-ның Орталық Комитетінің басқарма мүшесі, ІҮ, Ү Ұлы құрылтайында Партияның Орталық тексеру коитетінің мүшесіне сайланады. А.Амар партия, үкімет басшылығына қызмет атқарған кезінде Моңғол елінің саяси тәуелсіздігін нығайту, революцияшыл партиялық өзгерістер жасау бағытын берік ұстанып, экономика, ғылым-мәдениетті дамытуға ұдайы көңіл бөліп отырған. Ол сондай-ақ үкіметтің жоғарғы органдарының стратегиялық бағыт-бағдарын бағдарлауда аса көрегендікпен іскерлік танытып отырғандығы сөйлеген сөз, жасаған баяндамаларынан айқын аңғарылады. Малшы моңғолдар – қара халық жалпылай діни сенімді берік ұстанып отырған жағдайда, діни орындар, ламалар мәселесі, сондай-ақ этно мәдениет жәдігерліктеріне аса ыждағаттылықпен, сақтықпен қатынасуды дұрыс санайтын А.Амар діни орындар мен ламаларды күшпен құрту жөніндегі Сталиннің қысым-қыспағына табанды қарсылық танытады. Ол, Орта Азияның табиғаты мен ауа райына ежелден қалыптасқан Моңғолдың көшпелі мал шаруашылығының дәстүрлі тәсілдерін күшпен өзгертуге болмайды, ата-бабаларымыздан қордаланған әдіс-тәсілінің аса бай қорынан озығын таңдап алып, оны ғылыми жетістіктерге ұштастырып, шаруашылығымызды дұрыс басқара білуіміз тиімді екенін қатаң ұстанады. 1935 жылы болған Мемлекеттік озат малшылардың кеңесінде сөйлеген сөзінде: «Маман иелері, докторлар моңғолдың малын өсіріп, өркендету, аурудың алдын алу үшін... моңғолдың малының өсуі мен өлім-жітімге ұшырау себептері, моңғолдың мал өсірудегі көнеден қалыптасқан этносалтдәстүрін жетік білуі қажет6» деп ескертіпті. А.Амар феодалдардың мал-мүлкін кәмпескелеу арқылы бірлестік орнату – моңғолдың малы өсіп, көбеюіне қандай да бір деңгейде бөгет болады деп, оны кейінге қалдыруға ұсыныс жасаған. Сондай-ақ мал шаруашылығын пайымды жетілдірумен қатар Моңғолияға ауыр өндіріс түрлерін пайда болдыру, тек қана экономикалық жағынан емес, саяси жағынан да терең мәні бар7 деп түсініп, бұған көбірек көңіл бөледі. Ол үкіметтік басқарма, заң бақылау органдарының жұмысына қатаң тәртіп, әділеттілік орнатып, қандай бір істің негізін анық қадағалап, шешім шығарғанда үнемі жауаптылық танытып, үкімет пен заңның тәрбиелік мәнін көтеруді мақсат тұтқандығы байқалады.8 Бірге қызметтес болған адамдардың айтуына қарағанда А. Амар момын мінезді, өзгелермен ізгілікпен мәдениетті қатынасатын, байыбына бармай шешім айтпайтын, халықтың өтініш-тілегін дереу Қабұлдайтын, манжур, тибет жазуын жақсы білетін, хат нұсқасын дайындауға әсте шебер, сырт

6 БНМАУ-ын төвд анх удаа хуралдуулсан 7 З.Лонжид, С.Ичинноров, Ерөнхий сайд А.Амар, «Намын амьдрал», 1989 №2, 69 дэх тал 8 А.Амар. Бичиг сурах ба хуулийг биелүүлэх нь ард түмний үүрэг мөн. УБ, 1933, 12 дахь тал

елдермен қатынасатын маңызды қызметке көбінде тағайындалатын, сол кездің терең білімді, білікті саяси қайраткері болатын9. А.Амар Кеңес өкіметіндегі И.В.Сталинге табынушылық ауруы бізге де10 жұғып, Х.Чойбалсан және оның жақтаушылары төңкерістік заңды өрескел бұрмалап, адамдарды шексіз жазалау басталғандығын сол кезде теріске шығарады. Х. Чойбалсандар 1933 жылы әдейі ойластырып шығарған «Лүмбенің қылмысы» дегенді А. Амар мұқият тексере келіп, жазықсыз жазаланған көптеген адамды босатуға қол ұшын береді. Х. Чойбалсан ойына келгенін істеп, адам құқығын аяққа таптап, жатқанын бірнеше мәрте әшкерелеп, «Негізінде қылмыстық іс дегеніміз нақтылы істеген іс арқылы пайда болады. Кез келген адам ойлап шығаратын жасанды қылмыс, ойдан шығарылған жаза болуға тиіс емес, мұндай қағида жоқ... Солай бола тұра адами қасиет, адами құлық, кісіліктен ада, заңды қағидаларды бұзушы біздің кейбір қызметкерлер жалған қылмысты жасанды түрде шығарып, ауа желден алынған құр сөзді әсіре үлкен қылмыс болдырып, биіктетіп барады11» деп сынайды. Сондай-ақ, «Біз партия, үкіметтің қайбір ісін жүргізгенде, өзара пікір алысып, ойларымызды біріктіріп жүргеніміз пайдалы. Кімде-кім жалғыз өзі біліп іс жүргізуге болмайды» деп партия мен үкіметтің жұмысына демократия енгізіп, оның бірлігін нығайтуды көздейді. А. Амардың бұл ұстанған пікір, жасаған еңбегі жалғыз өзі бар билікті алып, шексіз үстемдік жүргізу арқылы демократиялық заңнан тайқып, адамдарды өзіне табындыруды көздеген Х. Чойбалсан мен оның жақтаушыларының ойлаған ой, істеген ісіне бөгет болады. Сондықтан олар бас уәзір А. Амарға саяси жау деген айып тағып, 1939 жылы 3айдың 7-де өткен МХРП-ның Орталық Комитетінің бюро мүшелерінің жиналысында талқыға салады. Аталмыш жиналыста ПОК-нің хатшысы Д. Лувсаншарав «Амардың партияға жатпайтын істері хақында» деген баяндама жасап, «Амар тап жауының мүддесін қорғаушы. Бұл дегенің Жапон тыңшысынан да төмен әрекет. Ол жоғары лауазымға айламен ие болып, өз мақсатын орындау үшін революцияны бетке ұстаған. Еліміздің партия, шаруашылық, мәдени саласында көріне бастаған кемшіліктер Амардың әрекетінен туындаған» деп, кінә артады. Мұны Х. Чойбалсан қатты қолдап, «Бұлайша өңін бояған, іші қарайып, ірің, сарсуға толған пенделерді партия қатарына... сондай-ақ, оның жетекшісіне бір сағат, бір минут та тұрғызуға болмайды, дереу қуып, бас хатшылық қызметінен тура лақтырған /аластатқан/ жөн12» дейді. Осы жиналыста А. Амар «Мені осыншама суық бұршақ ұрып, ауыр жағдайға ұрынғанымды сезінген... жолдастар мені шеттетуге бұйырыпты. Бірінші, феодалдық тұқымы бэйс13 дәрежелі әке баласымын, сондығымнан тап күресін жеңген революция өркенінде сиятын жер жоқ, аяққа тапталып

9 Улсын ҮІІ их хуралд А.Амарын тавьсан илтгэл УБ, 1938, -А.Амардың Мемлекеттік Ұлы Хуралда қойған баяндамасы. Ұланбатыр, 1938 ж. 10 - моңғолдарға 11 Д. Дашжамц. Гуйвашгүй тэмцсэн зүтгэлтэн, - «Үнэн». 1988, №279. Д. Дашжамц. Тайсалмай күрескен қайраткер. «Үнэн» газеті, 1988, №279. 12 Тағы да сол газетте. 13 Бэйс – бейсе (манжурша) - 4 - дәрежелі бек мәртебесі.

қалуға айналған болсам өкпе жоқ. Екінші: Жолдастар мені эсэргүүлерге14 байланысы бар деп ұға ма екен? Егер де эсэргүүлерге кектері қозатындықтан... мені қараласа, оны еш уақытта мойындамаймын... Менің жалғыз сенетінім – МОҢҒОЛ аяғынан тұрып, тәуелсіз ерікті ел болса екен деген сенімім... Мен туған отанымды сүйемін, мұнымды көрсеттім де. Мен алғашқы күннен бастап елімді өркендету ісіне ат салысып келіп, соңында сатқын атанып, сыртқа тасталуға жетсем, сол үшін жүрегім жарылардай күйдемін» деген екен. Сол күні кеште болған МХРП-ның ХХІІ пленумында х. Чойбалсан «Бас уәзір А. Амардың қызметіндегі әрекеттері хақында» деген баяндама жасап, осы пленумнан шыққан қаулыға «А. Амар Жапония басқыншыларының жалдамалы тыңшыларының және отанын сатқан діни басшы ламалар, феодалдардың революцияға қарсы әрекеттерін құртуға қарсы түрлі айла-амал жасап, шын мәнінде оларды тура қолдауға дейін барды» деп айыптап, оны қылмыскердің орындығына отырғызады. Осы пленумда Х. Чойбалсан Халық Уәзірлер Кеңесінің бас уәзірі болады. Бұдан кейін-ақ А.Амарды Кеңес одағына жіберіп, И.В.Сталиннің көмекшілеріне «қылмысын тексертіп» жүреді де, 1941 жылы 7-айдың 10-ы күні ату жазасымен өлтіреді. А.Амар соңғы тергеуде өзінің ешбір қылмысты емес екендігін дәлелдеп, алғашқыда жанын қорғау үшін өтірік жауап бергенін айтып, «Шын мәнінде МХР-ның жерінде ешқандай ұйым жоқ, эсэргүүге ұсталған адамдар заңсыз тергеуге төзе алмағандықтан, жалған қылмысты мойындағандар, олар революция жаулары емес»15 деп жауап қайтарады. 1960 жылы Кеңес Одағының бас прокуратурасы А. Амардың қылмысын қайта тексеріп, ол қылмысқа қатыссыз деп шешім шығарады да, соған байланысты МХР-ның Халықтық Ұлы Құрылтайының қарамағындағы ақтау комиссиясы 1962 жылы А. Амарды толық ақтайды. Жоғарыда айтылғандарға қарағанда А.Амар 1930 жылдары осы елде бір адамға табынушылық етек алып, демократиялық заңдар өрескел бұзылған тұста, соған қарсы табанды күрес жүргізіп, жанын беруден аянбаған, саяси үлкен қайраткер екендігі байқалады. Біздің осылай қорытындылауымыздың басты себебі, елімізде халық революциясы орнап, отанымызды көркейтіп, бұрын-соңды болмаған өркениетке халқымызды бағыттаудың жолына бет бұрған шақта А. Амардайын азаматымыздың білім өресі, мәдени дәрежесі жетіспей кемшін тартқандықтан шындығында да қате жіберген болса, оны жоққа шығарғандық емес. А. Амар біздің аға тарихшыларымыздың бірі. Сөйлеген сөз, баяндамаларынан тыс оның «Партия және шаруашылық хақында16»; «Он бес жылдық мереке және ғылыми өндіріс17»; «Жалпы Берекешіл Моңғол Халық Республикасының он екі жылдық мерекесі және негізгі заң бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік, бұқаралық саяси міндеті хақында18»;

14 Эсэргүү – есеркү – үкіметке қарсы, халық жауы, есерсоқ. Чойбалсан құрбандарының саяси атауы. 15 З.Лонжид, С.Ичинноров, Ерөнхий сайд А.Амар, «Намын амьдрал» 1989, №2, 69 дэх тал 16 Тағы да сол журналда 17 Ишдорж Цогт-Очирын «Зарождение и становление современной Монгольской историографии (1921-1940 гг). Диссертация на соискание ученой степени кандидата исторических наук. М, 1986, стр. 163-164. 18 А.Амар Нам ба аж ахуйн тухай, «Монгол Ардын Хувьсгалт Намын таван жилийн ой». УБ, 1926

«Моңғолияның қоғамдық экономикасының даму жолы, келешек бағдарламасы туралы19»; «Жаңа бетбұрыстың артықшылығы және де оның келешек бағдарламасы20» сияқты мақала, жеке кітаптардың жиырмаға жуығын жарыққа шығарыпты. Бұлардың ішіндегі ең шоқтығы биігі – «Моңғолдың қысқа тарихы» шығармасы... А. Амар аталмыш кітабының алғы сөзінде ғылыми зерттеу еңбек жазуды көздемегенін, отанының тарихын қызықтаушы жалпы оқырмандарға арналғанын, азғана уақытта тым асығыс жазылғанын айтқанымен, кітапта б.з.б. 1 мың жылдықтың соңынан б.з. ХІІІ ғасырына дейінгі моңғолдардың 1000 жылдық тарихын сөз етіпті. Олардың барлығын кезең-кезеңімен түгелдеп, түйіндеп жазыпты. Сондай-ақ өзінің таңдап алған тақырыбының аясына ішкі сыртқы елдердің ғалымдарының жазғандарын жайбір тізбелеу емес, ежелгі Моңғол тарихының көптеген мәселелерін қазбалап, кейбір мәселелерді тыңнан қозғап, өз ойын да сөз етеді. Бұл ойлары бүгіннің өзінде соны боп естіледі, әрі құндылығын жоймаған. Мәселен: моңғолдарды қытайдан тарататын көне қытай шежірелерін сынға алып, негізсіз екенін дәлелдей келе, моңғолдарды ежелден түрік тектестермен кіндік тегі жақын тармақ екенін, Қытайдың ескі шежірелерінде моңғолдардың ата тегін Ху деген жалпылама атаумен белгілегенін айтады. Ху дегені ежелгі Күннү21. Күннү моңғолдардың ата-бабасы. Біздің эрамыздың бас кезіндегі моңғол тектілі кейбір аймақтар22 Тибеттің батыс солтүстігінен қазіргі Ганьсу, Көкнор23 маңын мекендеген. Гэсэр24 – тарихи адам. Шарай өзенінің25 үш ханының Ақ ордалы ханы – моңғол болған. Солардың ұрпақтары бүгінде Ақ Моңғол, ұлы моңғол аталады... деген болжамдарының көбісі соңғы кездегі зерттеулер барысында айқындалып келеді. Және де Бөрте Чыно26, Қоғай Марал27 екеуін тотемизмнен туған наным кейіпкерлері деген болжамдарға да қарсы болады. Бұлар – тарихи адамдар. Олар – күллі моңғол этносының ата тегі емес, моңғол хандарының бір үлкен тайпаның түп атасы дейді. Ежелгі моңғолдардың ұлыс мемлекет құрылымы, сыртқы саясаты, Біріккен Моңғол Ұлысының мемлекеттік жүйесі, әскери құрылымы, соғысу тәсілі, шаруашылығы, салт-дәстүрі жөнінде айтылған қисынды әңгімелері осы тақырыпты зерттейтін ғалымдарымызға оңтайлы бастама болған...

19 А. Амар. БНМАУ-ын арван хоер жилийн ой ба үндсэн хуулийн есоор гүйцэтгэн явуулж байгаа улс нитийн бодлого үүргүүдийн тухай, - «Монгол улс» (эмхэтгэл). УБ, 1933, 31-69 дэх тал. 20 А.Амар Арван тава жилийн ой ба шинжлэх ухааны үйлдвэр. УБ. 1936. 21 Хүннү – Күннү - Ғұн 22 -аймгууд - аймақтар – тайпалар. 23 Хөх нуур – Көк көл – Көкнор, 24 Ежелгі моңғолдың батырлар жырының кейіпкері. А. Амар бұнытарихи адам және моңғолдың аталары болған деп қарастырады. 25 Шарай гол – Сары өзен – Шарай өзен 26 Бөрте Чыно – с.с. Бөрте қасқыр. Чингис атауын Шыңғыс деп жазып жүргенімізді ескерсек, бұл атауды да Бөрте Шыно деп жазуға болады. 27 Қоғай Марал –қазіргі монгол тіліндегі Гоо Марал, Гуо Марал деп жазылады. Біз көне монгол тіліндегі нұсқасымен қолдандық.

Ата-бабаларымыздан жалғасып келген тарихи аңыз, ауыз әңгімелер жалпы ұлттық тарихымызды анықтаушы, толықтырушы болатындықтан, моңғолдардың өсіп қанат жаюы, шаруашылық жағдайын қайта саралап зерттеуге де қолғабыс болатыны сөзсіз. Бұл жөнінде А. Амар қатты ден қойып, іздеу салғаны байқалады. Иранда отырған моңғолдың хан ордасында ХІҮ ғасырдың басында жазылған «Сударын чуулган28» дейтін шығармада моңғол тектілердің ата тегін ерте шақта түркі тайпаларымен жауласып, моңғолдар жеңіліп, азғана адам қашып шығып, Эргүне күне29 деген жерге барады, сол жерде неше жүз жыл өмір сүріп, адамдары өсіп, көбейеді, сонан олар темір кенішті таудың30 шатқалына өрт қойып /тауды/ ерітіп, жол шығарып, сол жерден көшпен өткендігін айтады31. А. Амар Ерө32 маңындағы көнекөз қариялардан естіген осыған қатысты жаңа бір аңызды кітабына енгізіпті. Бұл аңыздың мағынасы: «Ежелгі бір шақта хамниган ұлты33 өзгенің соққысына ұшырап, содан қалған жалғызжалпы үй қыз, бала-шағасын осы тауға жіберіп, ересектері мал-мүлкін қайтарып алуға барып, жау қолына түседі де әлгі балалары сол жерде қалып қояды. Олар өсіп, өніп жеріне сыймайтын болады. Маңайындағы темір кеніші бар бір жартасқа от қойып ерітіп, жол ашып шығады. Осыған қатысты «Қыз, бала-шағалар» деп аталатын тау Хэнтий аймағында34 әлі күнге бар» депті. Налайхандағы35 Түркі ұлысының мерген уәзірі Тонұқұқ, Орхонның Хөшөө Цайдам жеріндегі Түркінің Білге қағаны сияқты жарқын ескерткіш36 жазбаларын Б. Ренчинге37 орысша аударылған нұсқасына салыстыра аудартып, аталмыш кітабына пайдаланыпты. Бұл аударма әлі күнге дейін ешбір өзгеріссіз пайдаланылып келеді. Моңғолға дін тараған тарихы, діни оқымысты білгірлер, хан, нояндардың өмірбаянын әшекейлендіріп мадақтайтын бұрынғы феодалдық дәуірдің тарихи жазбаларынан А. Амардың бұл шығармасы қадамдап алға кеткенін айтуға болады.... А. Очир 1989.Ү. 28.

28 - Судрын чуулган - «Шежірелер (Тауарихи) жинағы» 29 - Эргүне күне – Ергүне көне – Алтай тауының бір сілемі. 30Алтай тауын меңзеп отыр. 31Ежелгі түріктер туралы аңыз. 32әкімшілік жер атауы, қазіргі Селенге аймағы. 33 Хамниган үндэс – хамниган ұлты – буряттарды айтады. 34 Хэнти аймағы – қазіргі әкімшілік же атауы. 35Налайхан – жер, қала атауы. 36 - Орхон ескерткіштерін «гэрэлт хөшөө» - «жарқын ескерткіш» деп атайды. 37 - Академик ғалым Бямбын Ренчин

БІРІНШІ ТАРАУ

МОҢҒОЛДАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ЖӘНЕ ТАРИХИ ЖАЗБАЛАРДА БЕЛГІЛЕНЕ БАСТАҒАН КЕЗЕҢДЕРІ

Моңғол таихын бұдан жеті жүз жылдан астам уақыт бұрын дәуірлеп, Азия мен Еуропаны түгелге жуық билеген Шыңғыс қағанның кезінен бастап жазуға болады. Әйтсе де, бұдан жеті жүздей жыл бұрын сондай зор қуатпен дәуірлеп тұрған Моңғол нәсілін тек сол кезде ғана пайда болды деп айту – қисынға келіңкіремейді. Әсілі, адам баласы алғаш тілге келіп, сөйлей бастаған есте жоқ ескі замандардан бері моңғол тілімен сөйлейтін жеке бірер тайпаның болып келгендігі қисынға сияды да, Шыңғыс қағаннан бұрынғы моңғол әулетінің тарихы мүлде айтылмай қалғандығы байқалады. Кейбір моңғолтанушы тарихшылардың жазбаларында Шыңғыс қағанның заманы ғана сөз етіліп, одан өзге кезең толық айтылмайды. Бұл – Шыңғыс деген жалғыз адамның ғана ғұмырнамасы немесе моңғол әулетінің дәуірлеген бір кезеңінің ғана тарихы. Жалпы тарих дегеніміз қайбір мерген сөйлеуші, мерген ұйқастырушы адамның ой-санасынан шығарылған шығарма емес, баяндаушы адамның жүріп өткен ізі жөнінде жазылуы тиіс. Сондықтан, бұл әулеттің моңғол атауы алғаш қай кезден бастап естіліп, қай кезден тарихқа белгілі бола бастағандығы және де қай жерлерде мекендегеніне талай-талай дастан, жазбаларды саралау арқылы көз жеткіземіз. Бұл жөнінде қытайдың тарихи шежірелерінде бұдан бес мың жыл бұрын Қытайдың алғашқы патшасы Фу Си38, Шень Нун39, Хуан Ди40 деген үш ханның соңғы Хуан Ди ханы Шыңғыс туылардан үш мың сегіз жүз елу сегіз жыл бұрын таққа отырып, соның кезінде Хунь Юй41 солтүстікке қуылған. Сол Хунь Юй моңғолдың ата тегі делінген. Қытай ұлысында Хуан Диден соң Таң ұлысы, Юй ұлысы, Ся ұлысы дегендер болып, соңғы Ся ұлысының ақырғы ханы Зе42 Шыңғыс қағаннан екі мың тоғыз жүз жиырма жеті жыл

38 - Фу Си – Ежелгі Қытай аңызының кейіпкері. Жылан денелі, адам бейнелі. Фу Сидің аңызында адамдар алғаш ау тоқуды қалай үйренгені, жабайы аңдарды қолға қалай үйреткені, саз аспаптарының қалай пайда болғаны жөнінде айтылады. Және де Фу Сиді қытайдың жазу таңбаларын шығарушы деп те атайды. 39 - Шень Нун - Ежелгі Қытай аңызының кейіпкері. Бұқа басты, адам денелі. Бұны диханшылықты пайда болдырған, адамдардың өміріне тағам өнімдерінің сауда-саттығын жүйелеген деседі. 40 - Хуан Ди – Ежелгі Қытай аңызының кейіпкері. Сөзбе-сөз баламасы Сары хан деген ұғым береді. Сары ханның аңызында қару-садақ, қыш құмыра, киім-кешек, әшекей бұйымдарының пайда болғаны жөнінде, жол салу тәсілдерінің ғажайып үлгілерін көркем түрде сөз етеді. 41 - Хунь Юй - Ся ұлысының соңғы ханы Люй Гүй (Зе) сұмдық қатыгез адам болғандықтан, Шан ұлысының (Б.з.б. 1711-1066 жж.) иесі Тан оның елін жаулап алып, Тао деген шөлге айдап салады.Ол сол жерде үш жыл жатып өлгеннен кейін, оның ұлыхунь Юй Зенің әйелін алып солтүстікке барып, мал бағып өмір сүреді. Оларды Қытайлар Күннү деп атағаны туралы аңыз бар. Бұл аңыз ежелгі Қытай басқыншыларының Күннүден бұрынғы тайпаларды түгелдей өздерінен тараған ұрпақтарына жатқызу ниетінен туындаса керек. 42 - Люй Гүй (Зе) – Қытай аңызында Ся ұлысының соңғы ханы Зені әсте қатыгез адам кейпінде суреттейді. Соған байланысты Қытайлар жаман адамды сөз еткенде Зені мысал қылады.

бұрын билігінен айрылып, оның ұлы Шуньвей43 әкесінің көп жесірін алып батысқа барып мал соңынан өмір сүріп, ұлысын Күннү44 деп атайды. Бұл Моңғол ұлысы екендігі шындық. Ся ұлысынан кейін Шан ұлысы45, Жоу ұлысы46 деген екі ұлыс болған. Соның Шан ұлысы моңғолдарды Гуйфань47, Жоу ұлысы Зиньжун, Шаньжун48 деп екі түрлі атапты. Жоу ұлысы жойылғаннан кейін Цинь ұлысының49 дәрежесі артып, ол жеті үлкен ұлысқа бөлінеді. Осы жеті ұлыстың құрамындағы Цинь, Жао50, Ян деген үш ұлыс Моңғолмен шекаралас болған көрінеді. Цинь ұлысы Циюйді51 түгелдей, Лунсидің52 солтүстігін жаулап, Шаньзюдің53 жеріне орда-қала орнатып, Монғолды қалқалап тұрған. Жао ұлысының У Лин Ван54 ұлысы солтүстік Лин Ху55, – Лоуфань56 ды жаулап алып, Ди жерінен Зинь Шань,57 Гаоцюэ58

43 - Шунь Вэй – Бұл да аңыз кейіпкеі. «Қытай тарихнамасының атасы» аталған ежелгі тарихшы Сы Мацянь (б.з.б. 146-86 жж.)»Шизы» («Тарихнама белгілеуі») дейтін еңбегінде «Күннүлердің арғы тегі Ся, Хо әулетінің ұрпақтары Шунь Вэйден тарайды.» деп көрсетеді. Ежелгі Қытай ойшылы Күнзі (Конфуци) б.з.б. 551-479 жж. Аңыз ертегілерді тарихи шындыққа бұрмалап, Күннү қатарлы көшпелілерді Қытайдың аңыз тектес хандарының ұрпағы етіп көрсеткен. 44 - Күннү – Орта Азиялық көшпелілер тарихында алғаш б.з.б. 209 жылы төр ұлыс орнатқан. Моңғолдың және де Орта Азия тарихында үлкен бедел алып, өшпес із қалдырған халық. Модун Шаньюйдің (б.з.б. 209276 жж.) тұсында Күннү ұлысы аса дәуірлеп, оның иелігіндегі жер оңтүстікте Ақ қорған, Ордас жері, солтүстікте Байқал көлі, Батыста Іле Тарбағатай, шығыста Кореяға дейін көлбеп жатқан. Күннүлер б.з.б. 531 жылы екіге бөлініп, б.з.ІІІ-ІҮ ғасырында мүлде жойылған. 45 - Шан ұлысы – Б.з.б. 1711-1065 жылдар шамасында Қытайдың солтүстігінде болған. Иньшанның ежелгі тарихы жөнінде жазба лерек сақталмаған. 1899 жылы Хэьань өлкесінің Аньян түбегіндегі Сяотунь деген жерінде Иньшан кезіндегі қала орнын қазу барысында Иньшанның екінші кезеңінен саналатын таңба мен сөз жазылған жануардың сүйегі, тасбақаның қабығы табылған. Сол жазбада сүйекті бал ашуға керектеніп,Иньшандар жабайы аңдарды қолға қалай үйреткенін , сондай-ақ көшпелі өмірден отырықшылық өмірге ауысып, диқаншылық кәсіпке көшкеніне байланысты күн тізбесін шығарғаны туралы айтылған. 46 -Жоу ұлысы - б.з.б. – 1066-256 жылдары шамасында Қытайдың Шэгьси өлкесін мекен еткен құлдық қоғамды ұлыс. Жоу ұлысы солтүстіктегі көшпелі аймақтардың шабуылынан жойылып кеткен. 47 - Гуйфань – Қытайдың Иньшан, Жоу ұлыстарының кезінде солардың солтүстігінде болған, дардай қуатты көшпелі аймақ. Ғалымдар оны Күннүлер тегі деседі.Иньшан, Жоу ұлысы осы Гуйфаньның шабуылына көп ұрынады екен. 48 - Шань Жун – Тау Жуны деген қытай сөзі.ҮІІ-ІІІ шамасында оңтүстік Хянған тауын мекен еткен көшпелі тайпаларды қытай тарихында осылай атапты. Бұларды Күннү тегі деседі. 49 - Цинь ұлысы –Қытайдың жаугер ұлыстарының (б.з.б. 403-221жж.) кезіндегі ұлыс атауы. Кейіннен Цинь Шихуан орнатқан ұлы Цинь ұлысының бастамасы. 50 - Жао ұлысын – б.з.б. 403-221 жылда аралығын Қытай тарихнамасында «Жаугер ұлыстардың кезеңі» деп атайды. Осы кезде Қытай жерінде Цинь, Хань,Вэй, Жао, Янь, Ци, Гу деген ұлыстар болған. Олар өзара ұдайы қырқысумен болады.Жао ұлысы Хэбэй өлкесінің оңтүстігі, Шаньси өлкесінің шығысы, Хэнань өлкесімен ағатын Сары дарияның солтүстігіне орналасып тұрған көрінеді. 51 - Циюй – Қытайдың көктем, күз ұлысының (б.з.б. 770-403жж.) (Чуньцю) тұсында батыс Жун аймақтары бірлестігінде болған үлкен аймақтың бірі. 52 - Цинь ұлысының кезінде құрылған. Қазіргі Ганьсу аймағының шығыс оңтүтүстігінде болған. Орталығы қазіргі Линьтао қаласының шығыс солтүстігінде орналасқан. 53 - Шань Зюнь – Цинь ұлысының кезінде құрылған өлкелік құрылым. Қазіргі Шэньси аймағының солтүстігінде болған. 54 - У Лин Ван – б.з.б. 325-229 жылдар арасында Жао ұлысын басқарып тұрған. Алғаш көшпелі аймақтар сияқты жеңіл желпі атты әскерді ұйымдастырған қытай адамы. Бұған дейін қытайлар атты арбаға жеккені болмаса, міне алмайтын деседі. 55 - Лин Ху – Қытайлар Ордас елін Линьтао (тоғайлы шынтақ) деп атайтындықтан, сонда мекендеген Күннүлерді «Линь Ху» («Орман тағылары») деп атаған. 56 - Лоуфань – б.з.б. III ғасырда Шаньси өлкесінің оңтүстігінде мекен еткен, кейіннен Ордасқа көшіп келген көшпелі аймақ. Негізінен Жүн аймағынан тараған, б.з.б. II ғасырда Күннүлерге қосылған. 57 - Зинь Шань – Алтын тау деген қытай сөзі. 58 -Гао Цюэ – Ордас аймағынын өлкесін, Сүйюань өлкесінің батысын алып жатқан жер атауы. Тәңір тауынан оңтүстікке қараған жерлер де осыған жатады.

жеріне дейін орда-қала тұғызыпты. Содан кейін Янь ұлысын Дунхуды59 шауып алып, мың шақырымнан алыс жерге ығыстырып, орда-қала орнатып, Моңғолды қоршап тұрған. Циюй дегені – ежелгі Моңғол ұлысының атауы, бүгінде Шаньси60 Хан Жан фуындағы Нан Жоу екені шындық. Лин Ху – батыс Моңғолдың атауы, Ляофань - Сианның61 атауы, бәрі де Моңғолдың жері болған. Дун Ху солтүстік Моңғолдың атауы деп жазыпты. Сондай-ақ солтүстіктегі жабайы /көшпелі/ аймақтар62 Қытай орталығын жиі-жиі шабуылдап, мазасын ала бергендіктен, олар елдің солтүстігінен батысына дейін ұзын қорған орнатыпты және де сол кезде Жао ұлысының падишасы Ли Му63 солтүстік шекараны қорғауға алып, Күннүлермен соғысып, жеңеді де Шаньюйді64 Қуады. Шаньюй дегені – Күннү ұлысының иесі. Күннү дегені – Моңғол ұлысының атауы. Бұл атау тұрақты емес. Таң және Юй ұлыстарынан бұрын Шань Жун , Хуньюй65 деп аталып келсе, әлгінде аталған жеті ұлыстың құрамындағы Цинь Шихуан66 ұлысы өзінен басқа алты ұлысты жойып, біріккен ұлы Цинь ұлысын67 орнатады. Ол Шыңғыстан бұрынғы 1416 жылдан 1366 жылға дейін тұрады. Цинь Шихуан «Цинь ұлысының төр иесі Зи Худы68 жоямын деген бір жақсы сөзіне сеніп, өзінің уәзірі Мэн Тяньға69 отыз түмен шерік беріп, Күннүлерді солтүстік

59 - Дун Ху – «Шығыстың тағылары» деген қытай сөзі. Манжурияның батыс солтүстігіндегі даланы мекен еткен көшпелі Моңғол аймағын осылай атаған. Қытайдың жаугер ұлыстарының кезінде тарихқа аты әйгіленген. Б.з.б. 208 жылы Күннүлерге Дун Хулар Күннүлерден жеңілген соң Сяньби және Ухань деп екіге бөлінеді. Дун Хуларды қазіргі тарихнамаларда моңғолдардың арғы тегі деп есептейді. 60 - Шаньси аймағы – Солтүстік Қытай аймағы. Орталығы – Тайюань. Шаньси Ішкі Моңғолия Автономиялық өлкесі, Шэньси, ХэбэйХэнань өлкелерімен шекараласады. 61 - Сиан - әкімшілік құрылым атауы – уезд. 62 - аймаг – аймақ – тайпалар дегенді де осылай «аймақ» деп қолданған. 63 -Ли Му – Жоу ұлысының әйгілі қолбасшысы. Күннүлердің шабуылына қарсы мықты айламен күрескен деседі. Ли Му қолбасшының кезінде Күннүлер 10 жыл бойы Жоу ұлысына шабуылдамаған. 64 - Шаньюй – «хан» деген ұғым беретін Күннү сөзі. 65 - Хуньюй – Қытай тарихшысы Сы Мацянь (б.з.б. 146-86), «Хуньюй – Күннү дің ежелгі атауы)олардың тарихы Қытай тарихымен бірге басталады» деп жазған. Қытай аңызының алғашқы ханы – Хуан Ди (Сары хан) Хуньюйлерді оңтүстікке қарай ығыстырып жіберген деседі. Күннүлер тарихтың әр кезеңінде әрқалай аталып келген. Тан ұлысының (618-907) тарихшысы Сы Мацянь: «Күннүлердің аңызында Тан,Юйлердің кезіне дейін Шань Жун (Тау Жуны), Сяньюй; Ся ұлысының кезінде Чуньвэй; Иньшан ұлысының кезінде Гуйфань; Жоу ұлысының кезінде Соньюй; Хань ұлысының кезінде (б.з.б. 8ж)Күннү деп аталған» дейді. 66 - Цинь Шихуан – Қытай тарихында алғашқы төр ұлысын құрған адам. Шын аты – Жэн Ван. Кейіннен өзін Шихуан деп жариялаған.Цинь Шихуан мемлекетіне қытай жазба таңбасын, ұзындық пен салмақ өлшемдерін енгізген. Күннүлерге қарсы белсенді күрес жүргізген. Қытайдың шығыс өлкесінде шапқыншылық соғыста жүріп қаза тапқан. 67 - Ұлы Цинь ұлысы – Қытайдың жаугер ұлыстарының кезінде пайда болған.Кейіннен көрші Хань, Жао, Вэй, Чу, Янь, Ци ұлыстарын өзіне қаратып, б.з.б. 221 жылы Қытай тарихындағы алғашқы төр ұлыс – Цинь ұлысын орнатқан.Цинь ұлысының тұсында Қытайдың солтүстігіндегі көшпелі тайпаКүннүлердің шабуылынан қорғанып, Қытайдың түмен жерлік ақ қорғанын салдырады. Б.з.б. 206 жылы Лю Ба бастаған көтерілісшілер Цинь ұлысын жойып, хань ұлысын орнатады. 68 - Зи Ху – Ұлы Цинь ұлысының ханының балгері «Цинь Ху бәрін былықтырады» деп айтқандахан»Ху» дегенін «Күннү» деп шешіп, Күннүлермен соғысқан деседі. Шындығында балгер оның ұлы Ху Хайдың тұсында Цинь ұлысы жойылады деп айтқан екен. Б.з.б. 210 жылы Цинь Хуан өліп, Оның қатыгез, надан ұлы Ху Хай таққа отырған соң Цинь ұлысы жойылыпты. 69 - Мэнь Тянь – Цинь ұлысының әскери қолбасшысы (б.з.б. 210-215 жж.) Цинь Шихуанның бұйрығымен Ордас маңында мекендеген Күннүлерге шабуылдап, Ордастан қуып шығарған. Цинь Шихуанды өлгеннен кейін орда ымырасына ілігіп, Янжоу қаласында зынданға қамалған кезде өзінөзі өлтіреді.

қиырға қуалап, ұзын ақ қорғанды қайта жөндеп, батыс Линьтао70 жерінен шығыс Ляо Дунның жеріне дейін ұзындығын түменнен артылтты деп жазады, қытай тарихнамаларында. Бұл қорған Шыңғыстан бұрынғы 1375 жылы қаланып біткен. Мұнда оңтүстіктегі көп әулет, тайпалардың жиі-жиі шабуылдайтыны сонша, жоғарыда айтылған Шан ұлысының соңғы кезеңдерінде Күннү ұлысы, Жундуй ұлысы, Гуйфань ұлысы, Янь Жун ұлысы, Ся Жун71 ұлысы қатарлы көптеген моңғол әулеттері және батыс Туньзи деген ұлыстар қайтақайта шабуылдап қоймаған соң, Вэй Ван әскерін жасақтап,солардан қорғанады. Жоу ұллысының кезінде Батыс Жундиға шабуылдап, Жоу ұлысының иесі У Ванды өлтіріп, Бу Сег есімді ханымды алып кетеді. Сол кезде Жоу ұлысы Моңғол ұлысынан бөлініп, Биний жерінен көшіп, Ци Шань72 тауына қоныстанып, шығыс Жоу ұлысы73 деп аталады. Біз сөз етіп отырған деректерде айтылғандай Қытай ұлысының оңтүстігінде Хуньюй, Шаньжун, Күннү деп аталатын аймақтардың болғандығы шындыққа ұқсайды.Қытай тарихшылары осы аймақтарды Моңғолдардың ата тегі деп санап келіпті. Демек сол кездегі Қытай адамдары оладың байыбына барып, терең саралай алмағандығынан түгелдейін Моңғол әулетіне жатқызды ма деген ой туады. Қытай ұлысының солтүстігінде сол кезден бүгінге дейінгі ұзақ аралықта жеке-жеке көп атауы бар әулет, тайпалар алма кезек өмір сүріп келгендіктен олардың қайсысының моңғол текті екендігін білу оңай болмаса керек.Қытайдың солтүстігінде соншалық көп тайпалардың тұрғаны шындық болғанымен бұлар негізінде моңғол, түрік, шүршіт74 үшеуіне жататындықтан, осы үшеуінің қайсысы бұрын мемлекет құрса, қалған екеуі соның құрамына сиып келген немесе жеке-жеке ұсақ аймақ, тайпа деңгейінде өмір сүріп, әр алуан аталып келген. Сондай-ақ бұл аталған негізгі үш әулеттің қайбірінің болмасын орнатқан ұлыс мемлекет, ұсақ тайпалары Қытай ұлысымен үнемі шайқасып келген. Соған байланысты Қытайлар бұл үш әулетті кейіннен салдәстүріне, тұрмысына, тіл, әдет-ғұрыптарына қарай моңғол, түрік, шүршіт екендігін ажыратып, саяси көзқарастарға байланысты әр кезеңде әрқалай атап келгендігі, әсіресе моңғолдарды Ху75, Дун Ху76, Лин Ху77 деп атағандығы тарихи шындық. Бұл жөнінде Грумм Гржимайло:

70 - Линь Тао – Цинь ұлысы кезінде орнаған Сианның атауы. Хань ұлысының кезінде Лунси өлкесіне қарасты болған. Сианның орталық қаласы қазіргі Ганьсу өлкесіндегі Миньшан екен. Линьтао – Ордас елінің қытайша атауы. 71 - Сяжун, Яньжун – Қытайдың солтүстіе, батыс солтүстігінде көшіп-қонып жүрген көшпелі аймақтар. Олар б.з.б. ҮІІ-ІІІ ғасырларда Қытайға қарсы керемет шабуылдайтын деседі. 72 - Ци Шань – Ци тауы деген сөз. Қазіргі Шэньси өлкесінің Фжнсян қаласының солтүстік шығысындағы тау. Бұл тауды Зянь гуалин деп те атайды. 73 - Шығыс Жоу ұлысы – (Б.з.б. 770-256 жж.) – Жоу ұлысының орталығы Қытайдың Шэньси өлкесі ит Жүн, Яньюй қатарлы көшпелі тайпалардың шабуылында жеңіліске ұшырай бастағандықтан Жоу ұлысының орталығы Пин Ванды шығысқа Лон қаласына (б.з.б. 770 ж) көшірген. Сөйтіп, тарихта жаңа шығыс Жоу ұлысының орталығы пайда болған. 74 - Шүршіт – манжұрлар. 75 - Ху – «тағы» деген қытай сөзі.Қытайлар ерте кезде солтүстіктегі көшпелі аймақтарды жалпылай Ху деп атаған. Кейіннен батыс өлкелердегі халықтарды, мәселен соғдыларды да солай атаған. 76 - Ду Ху – шығыс тағылары. Автор « шығыс моңғол» деп қолданған. 77 - Лин Ху – батыс тағылар. Автор «батыс моңғол» деп қолданған.

«Шыңғысханнан екі мың жыл бұрынАзияда көптеген ұлыс, аймақ, тайпалар кезек-кезек өмір сүріп келді. Солардың ішіндемоңғол тілінде сөйлейтін әулет, тайпалардың болуы күмәнсіз шындық екенін айту орынды» дейді. Және де Тибеттер моңғолдарды Хор78 деп атайтындықтан көне тарихшылар қытайдың Ху атауымен бірге Тибеттердің Хор атауына да мән беріп отырған. Осылайша Моңғол әулеті жоғарыда аталған көп атаулармен қатар Ху атауымен де Шығыс Азияның тарихында айтарлықтай орын алып келгендігіне және оның ақиқат екенлігіне біртіндеп көз жеткізуге болады. Енді бұл айтылғандарды құптасақ, онда Моңғолдардың нақты тегін қалай анықтауға болады деген сұрақ туындайды. Бұл жөнінде екі түрлі болжам айтылады. Әуелгісі моңғолдарды Қытай текті десе, келесісі оңтүстік Корея мен Түріктерден таралған деседі. Бұл екі болжам да бүгінге дейін ұсыныс деңгейінде айтылып келгені болмаса, ғылыми негізде үзілді-кесілді жауап берген еңбектер жоқтың қасы. Әйтсе де көптеген тарихи жазбалар, аңыз әңгімелерде айтылып келе жатқан ұқсас пікірлерді бұдан былай да осы тақырыпты зерттеушілерге пайдасы болар деген оймен айта кетуді жөн санадық. 1. Қытайлардың жоғарыда айтылған Хуньюй мен Шуньвэй қатарлы көптеген аймақтарды өздерінен тарататын себебі, моңғолдарды да қытай текті етпек ниетінен туындаса керек. Өйткені, сол көптеген тайпаларды қытайлар түгелдей шет ұлысы деп есептеп келгендігі олардың тарихи деректерінен айқын байқалады. Мәселен, аталмыш аймақтар Қытай ұлысына қарсы үнемі шабуылдап,тозғындата бергендіктен, Вэй Ван әскер жасақтап, сол шет ұлыстарынан сақтанғандығы тарихи жазбаларда анық айтылады. Қытайлардың: «Хуан Ди ханның ұрпағын оңтүстікке көшіп барып, моңғолдарға біріккен» - деген дерегін жоққа шығармасақ та, моңғол нәсілі солардан шықты деу әсте қиын. Себебі моңғол нәсілділердің сыртқы келбеті қытайларға ұқсағанымен, тілі мүлде бөлек келеді. Егер де, моңғолдар қытайдан тарағаны рас болса, олардың тілінде белгілі бір ұқсастықтар болу керек еді немесе моңғолдарды әуелде қытайша сөйлеп, келе-келе , өзге тілге ауысты десек, моңғол тілі тыңнан пайда болған деуге тағы келмейді. Сондықтан сонау қадым заманнан бастап моңғол тілінде сөйлейтін бірер тайпаның болғандығы анық себепті, моңғол ұлтының қытайдан тарамағандығы ақиқат. 2. Ал, моңғол ұлтының қытайдан тарағаны жалған болса, олар енді қайдан шықты деген сұрақ туады. Ежелден бері моңғол ұлтының аңыз әңгімелерінде, тарихи жазбаларда моңғолдың шығу тегін батыстан келген деп айтады. Және де, Шыңғыс қағаннан бұрынғы жиырмасыншы бабасы Бөрте Чиноны батыстан келген, Үнді, Тибет ханның ұрпағы деседі. Бұл жерде Бөрте Чиноны Үнді, Тибет ханның ұрпағы екеніне сену қисынсыз болғанымен, шынымен батыстан келген және Үнді текті легені ақиқатқа саяды. Грумм – Гржимайлоның шығармаларында ежелгі дәуірде дене келбеті

78 - Хор - Тибеттер моңғолдарды осылай атайды. Қазақтың көне аңыздарындағы «хорен қалмақ» деген атау да осыған саяды.

бүгінгі моңғол тайпаларының адамдарына ұқсас бір аймақ ел Селенга өзенін бойлап көшіп келгендігі айтылыпты. Батыстан келген бұл әулет моңғол болуы мүмкін және де бұл жөнінде біздің шығыстың көптеген деректері мен аңыз әңгімелерінде айтылатынындай үнді, тибеттер моңғолды ежелден бері «Хор79», «Соғбу»80 деп атайды. Осы хор немесе соғбу деген ұлт Үндістанның оңтүстік батысын мекендеген моуғал деген тайпадан бөлініп, солтүстікке барып қоныстанғаны да айтылады. Бұл туралы жазбаларда Тибеттің солтүстік батысындағы Ари және Ладаг деп аталатын өлкенің солтүстік батысындағы қарлы тау жазықтардан кейін Ли деп аталатын Бұқар елі, содан кейін тағы бір қарлы таудан өткенде Үндістанға қарасты моуғал тайпалардың ханы Ұлы Ху деген мекен еткен. Сол ханның қарамағында Жағар81 және Хор, Соғ аталатын моңғол тайпалары аралас болған. Сол Ари, Ладагтан оңға қарай Қаш елі, оның оңтүстігіндегі Гамгари деген үлкен судың бойында Сема Хе деген мұсылманның ұлы қаласы болған. Сол қаланың солтүстігінде Моғол немесе Соғ деп аталатын Моңғолдың Ұлы елі болды. Және де, Ху ханның теріскей жағында мұсылман қорғаны немесе Бұхар деп аталатын мекен болған. Тоғардан оңға қарай Сыр өзенінің солтүстігі мен батыс жағалауында Хор, Соғ деп аталатын екі моңғол аймағы орналасқан. Сары дарияның солтүстігі мен Мөсөг82 елді мекенінің күнгейінде, Тоғардың теріскей жағында қырғыз, қазақ екі үлкен аймағы болды. Олардың діні мұсылман, киіз үй тігіп, мал бағып өмір сүретін. Қазақ өлкесінің солтүстік күнгейі Балқаш көлінің оңтүстігінде көптеген моңғол аймақтары қоныстанған. Солардың арасында Бөрте әулеті аталатын моңғол аймағы болған. Олар да шатыр, киіз үйді паналап, мал бағып, өмір сүретін. Ерте заманда осы өлкелерді аралаған Үндістанның кейбір саяхатшыларының жазбаларында ондағы өмір сүретін адамдардың мұсылман және моңғол тектілер болғаны сөз етіледі. Сондай-ақ, Үндістанда хинд және мұсылман аталатын екі ұлт қатар өмір сүреді. Және де, олардың ішінде сіңісіп кеткен көптеген бөгде ұлт бар екендігі байқалады. Сол Үнді жеріндегі мокғал аталып жүргендер – нағыз мұсылмандар, стагчираға83 немесе түркілерге жатады. Тәжік жерінің орталығы Үндістанның батыс жағындағы Маққа84 немесе моуғалдар85 мекені. Үндінің моуғалы мен қазіргі моңғол деген екі сөздің дыбысталуы созыла келе осылайша өзгеріске ұшырағаны болмаса, әуелден бұл екеуі бір сөз. Моңғол ұлтының ата қонысы Үндістанның солтүстігіндегі таулар мен тоғайлар еді. Кейіннен көшіп-қона келіп, қазіргі өлкені мекен еткен. Моңғолдың көне-көз қариялары: «Моңғолдың ата қонысы Үндістанның

79 Хор – Қорен – Қорен қалмақ. 80 - Соғбу – Тибеттер моңғолдарды осылай да атаған. 81 - Жағар – үнділер – Үндістанды моңғолдар осылай атаған. 82 - Мөсөг – с.с. мұзды немесе қарлы. 83 - стагчираға – тәжіктер. 84 - Маққа – Маха Самади – Будда аңызы бойынша моңғол діндарлары өздерін Үндінің Маха Самадиінен таратады. 85 - Моуғал – Бұл жерде де аңызға негізделіп айтып отыр . Ұлы Моңғол мемлекетіне қатысы жоқ.

солтүстігіндегі таулы орманда еді. Бір топ киіз туырлықтылар, мал, жылқыларын алып, аң аулаумен жүріп, олардың бір буын өткеннен кейінгі ұрпақтары байырғы қонысын білмегендіктен тұрған жерлерінде қала береді. Бүгінгі моңғол жерін мекендеген солар еді. Және моңғолдың ата-бабалары тәңір дінін ұстанған. Соның салдары әлі күнге жалғасып келеді. Моңғолдардың әлі де отқа табынатыны сондықтан»86 -деген аңыз айтады. Мұны айтушылар көбінде Өмнөговь пен ордастықтардың арасынан кездеседі. Моңғолдың тағы бір көне аңызында: «Қазіргі моңғолдар есте жоқ ерте замандарда Үндінің моңғол деген улетінен бөлініп, түйеге жүктерін артып, малдарын айдап, қарлы таудың батысынан жайлы қоныс іздеп, бүгінгі мекеніне келіпті» - дейді. Шыңғыстан бұрынғы 1367-1136 жылдар аралығында болған Қытайдың Хань87 ұлысының он төртінші Мин Ди88 ханының тұсында Үнді жеріне саяхаттап барған ғалым Фа Сяның89 жолжазбасында: «Шан Эн Фудан батысқа қарай бет алып, көптеген тау, өзендерден өткеннен кейінҚытай, Тибет, Моңғол үшеуінің арасымен жүріп, Дунь Хуанға90 жеттік. СоданМоңғолдың құмды өзен, даласымен 17 күнде өтіп, Ұйғырдың хан ордасына келдік. Содан Ұйғырдың жерімен батысқа қарай 15 күн жүріп, Уч-ның жеріне, сол жерден оңтүстікке қарай иен түз, өзен, көлдерден өтіп, 35 күн дегенде Хотан немесе Ли деп аталатын елге жеттік. Сол елден тағы да 25 к үндік жол жүріп,Цу Хоу деген елге келдік. Бұл Соғ деп аталатын Іішк моңғол аймағының Ұлы Ху ханының жері. Будда дініне табынатын көптеген діни оқымыстыларын көрдік. Содан ілгері жүргенде Үндінің оңтүстігіне келдік» - деген. Осы Фа Сядан 300 жылдан соң өмір сүрген Тан91 ұлысының оқымысты ламасы Тансан92 деген адамның Үндіге саяхаты туралы жазбасында, жоғарыда айтылған, «Дунь Хуан мен Моңғол, Ұйғырдың жерлеріменөтіп, Моңғолдың ұлы Ху ханының еліне

86 - Осы тектес аңыз – қазақ ұлтының пайда болуына да қаратылып айтылады. Абай Құнанбайұлының: «һәммаға мәлім, әуелде адам балалары бұл күнгі орындарына екі жақтан толқынып келгендігі: бірі Үндістан тарапынан; ол жақтан келген жұрттардың көбі білімді жұрт болып, ертерек ғылымға үйір болып, қайдан шыққандарын білгендер; екінші - моңғол жағынан келгені, заманның көбін ғылымсыздықпен өткізіп, тауарихларын терең білмей түбі ескерусіз қалып, ата-бабаларын ақсақалдарының айтуымен, ауыз хабарынан білгеніне қанағат қылып жүріскен. Соның бірі, яғни сол моңғолдан шыққан халықтың бірі – біздің қазақ. Біздің қазақтың моңғолдан шықпақтығы бізге ұят емес, бірақ біздің білімсіз, ғылымсыз қалмақтығымыз ұят» - дегені де осыған саяды. Дәл осы тектес аңыз Махмұт Қашқаридың сөздігінде де айтылады. Соған қарағанда бұл аңыз моңғол мен қазақтың емес, Ғұндардың атамекеніне қайта оралуына байланысты айтылған сияқты. 87 - Хань ұлысы – Цинь ұлысынан кейін б.з.б. 206 жылы құрылған ұлыс. Б.з.б. 17 жылы Қытайды шарпыған «Қызыл қабақтылар» көтерілісі Хань ұлысын әлсіретіп, б.з.б. 26 жылы шығыс Хань ұлысы орнайды. Шығыс Хань ұлысы «Сары орамалдылар көтерілісі» деп аталатын азаматтық соғыстың әсерінен б.з.б. 220 жылы жойылып, Қытай тарихында «Үш ұлыстың кезеңі» басталған. 88 - Мин Ди – Шығыс Хань ұлысын (25-220 жж.) б.з. 58-76 жылдары билеп тұрған адам. 89 - Фа Ся – Қытайдан шетелдерге барып, тәу етушілердің негізін қалаған кісі. 399 жылы 9 шәкіртімен біоге батысқа кетіп, Үндістан жерінде тәу етіп, теңіз жолымен 15 жылдан соң еліне оралған. 90 - Дунь Хуан – Қазіргі Синьзян (Шинжан) өлкесіндегі жер атауы. «Ұлы Жібек жолы» кезінде (б.з. І-ІІІ ғасыр) жібектің екі ұлы жолының түйілісі болған 91 - Тан ұлысы – (618-907). 618 жылы Қытайдың Сүй (581-618)ұлысы күйркеп, Тан ұлысы құрылған. Тан ұлысы кезінде Қытайдың қыр шаруашылығы мен саудасы недәуір өркендейді. Және же бұл кезеңді «Қытай өлең сөзінің алтын кезеңі» деп те атайды. Осы кезде Орта Азияда Түркі қағанаты орнап тұрған. 908 жылы Тан ұлысы диқаншылар көтерілісінен болып күйреген. 92 - Тансан лама – Қытайдың Тан ұлысының кезінде жазылған «Тансан ламаның оңтүстікке саяхаттаған жазбасы» кітабының басты кейіпкері.

жеттік, «Ху Хан» дегені «Хан» деген атау ма екен?» - деп жазады. Тибеттер Моңғолдарды жоғарғы, ортаңғы, төменгі моңғол деп үш топқа бөледі. Іле, Тарбағатайдан бастап, Тибет теріскейінен Үнді теріскейіне дейінгі аралықты Оңтүстік Моңғол деп атап келген. Ежелгі дәуірдің кей кезеңдерінде олар Оңтүстік Моңғолға қарсы үнемі шабуыл жасайтын. Шыңғыс қағаннан бұрынғы 532 жылы туылған Тибеттің ханы Соронзонгомбо93 ұлыс жарғысын осы оңтүстігіндегі Моңғол мен Ұйғырдан көшіріп алғандығы айтылады. Және де оның ішкі алты уәзірінің бірі – Тансанның моңғол адам болғаны, Шыңғыстан 364 жыл бұрын туылған Крисрован Дисран Дэбзан94 ханның тұсында оңтүстік Хор Моңғолдың басшысы көптеген әскер жіберіп, мал-мүлік, дүниесін тонағаны жөнінде де жазба деректер сақталған. Бұл жерде айтылған деректер ғылыми негізде толық дәлелденбегенімен жер және ұлыс, тайпа атаулары, адам аттары өзгертілмегендіктен мүлде жоққа шығаруға тағы келмейді. Моңғол – түркінің бір бұтағы. Жоғарыда айтылған деректерге қарағанда түркі және моңғол әулеті ертеректе Тибет, Үндінің оңтүстігінмекен етіп, содан шығысқа қарай жылжып, Күннү /Ғұн/ мемлекетін құрып, кейбірі байырғы қонысында қала бергендіктен бөлек-бөлек атауы бар, жеке-жеке аймақтар болғаны анық. Моңғол, түркі екеуі тіл және тарихи түрде ұқсас болғанымен түбі бір ұлт болмағандықтан, моңғол тілімен сөйлейтін бұл ұлттың шығу тегі шығыстан екендігі көбірек айтылады. Осы деректердің көбінің пікіріне сүйенсек, моңғолдар Үндінің оңтүстігіндегі мұсылман дінді моуғал аймағынан шығуы мүмкін. «Моңғол» атауы біршама ерте шақта пайда болғанға ұқсайды. Сөйте тұра кейбір әңгімелерде Шыңғыс қағанның кезінде «моңғол» атауы пайда болды деп айтылады. Бұл – жаңсақ айтылған тұжырым. Шыңғыстан недәуір бұрын Тан ұлысы Моңғолды Мэнгу, Мангу95 деп атаған. Және кейбір тарихшылардың жазбаларында Мэнгу деп аталатын жеке аймақ Шыңғыстан 1136 жыл бұрын96 болғаны айтылады. Қытайлардың «Моңғол» деген сөзге тілі келмейтіндіктен күні бүгінге дейін «Мангу», «Мэнгу» деп атап келе жатқанын ескерсек, «моңғол» өте ежелгі атау болуы мүмкін. Олай болса, жоғарыда аталған Үнді жеріндегі моуғал деген әулет моңғолдардың байырғы бабалары болуы әбден ықтимал. Сол себепті бұл да жеке зерттеуді талап ететін тақырып. Тибеттер ерте шақта Моңғолдарды «хор» деп атаған. Осы хор атанған тайпалар Үндінің батыс солтүстігінен тарап, Тибеттің теріскей жағына шашырай келіп орналасқаны жөнінде деректер оның батыстан шыққандығын дәлелдемек ниеттен туса керек. Аталған деректерге қарағанда, моңғол әулетін қытайдан емес, үндіден шыққан деп дәлелдеу шындыққа бір табан жақын келеді.

93 - Соронзонгомбо – Тибет ханы. Нағыз аты – Чойжал Соронзонгомбо. ҮІІІ ғасырдың соңында өмір сүрген. 94 - Дисран Дэбзан – ХІ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген Тибеттің ханы. 95 - Мэнгу, Мангу – моңғол атауын нанхиадша (Қытай) дыбысталуымен осылай белгілепті. 96 Шыңғыстан 1136 жыл бұрын – Христостың 25 жылы.

Қытайлар да қазіргі орналасқан жерлеріне, қадым замандарда басқа өлкелерден ауып келген. Бұл жөнінде олардың өз жазбаларында: «Бес мың жыл бұрын біздің қытайлар қазіргі жерінде болмаған, батыс солтүстіктен Сары дарияны бойлай келіп қоныстаныпты» - деп жазады. Дәл осыған ұқсас моңғолдар да ата тегінен бері бүгінгі қонысын мекен етпеген. Олар да батыс солтүстіктен келген. Ежелгі моңғолдардың мекені жоғарыда айтылған Үндінің солтүстігінен басталып, Тибеттің қарлы тауының теріскей батысы, Түркістан97, Ганьсу98 өлкелері, Қатын өзенінің бойы болып келеді. Қазірдің өзінде Үндінің оңтүстігі мен Түркі, Парсы, Ауғанстан, Шығыс және Батыс Түркістан сияқты елді мекендерде моңғол нәсілді адамдар өмір сүріп келеді. Әуелі Тибеттің батыс солтүстігіндегі Ари өлкесінің шығысындағы Хорба деп аталатын жерлерде өмір сүретін моңғолдар тілін, ата салтын ұмытпаған. Олар дүркін-дүркін болған соғыстар мен Шыңғыс қағанның кезіндегі ұлы жорықта бытырап кеткендігі, кейбір деректерде атазаманнан бергі қоныстарында отырғаны айтылады. Моңғолдың ежелгі дәуірі тарихында кездесетін Гэсэр99 ханның тұсында Шарай100 өзенінің үш ханының бірі Цагаан гэрт101 хан моңғол нәсілді болған102. Оның ордасының жұрты Тибеттің оңтүстік шығысындағы Ханба өлкесінің Буруцу өзені бойында сақталған. Сол жерде «ақ моңғол» деп аталатын моңғол тектілер әлі күнге өмір сүреді. Хан ұлысы мен Күннү ұлысының тұсында Үндіге саяхатпен барған қытайлық Фа Ся-ның жолжазбасында: «Синь Аньдудан батысқа қарай аттанып, Моңғолдың ұлы шөл даласынан 17 күнде әзер өттік» дегеніне қарағанда сол ерте шақта батыстан бөлініп, Ганьсу, Қатын өзенінің бойын мекен еткен моңғолдар жаңа қоныстарына тұрақтап қалғанға ұқсайды. Ол кезде Күннү ұлысының дәуілеп тұрған шағы еді. «Одан кейін көп жүріп, Ұйғырдың жерінен өтіп, Тибеттің батыс солтүстігіндегі Қарлы таудың103 теріскейіндегі Моңғолдың Ұлы Ху ханының еліне келдік» дегені ол жерде ежелден мекендеген немесе жолай жорықтарға ере алмай, жолда қалған моңғол нәсілділерге кездесуі де мүмкін. Бұл жазбалардан байқағанымыз, моңғол нәсілділердің біршама бөлігі өте көне заманда елінен ауып, Шығыс Хянған тауына104 дейінгі кең алқапта шашырап, байырғы қонысында қалғандары кейіннен ұбырып-шұбырып келуі, бұлардан бөлініп қалғандары көршілес елдердің тіл, мәдениет, салтдәстүріне сіңісіп кетуі әбден мүмкін. Моңғолдардың сөйлеу мәнері үнділерге, шығу тегі ұйғыр мен түркілерге жақын келеді. Шыңғыс қаған

97 - Түркістан – Қазіргі Орта Азия елдерінің жері. 98 - Ганьсу – Батыс Қытай өлкесінің атауы. Орталығы Ланч жоу. Ганьсу өлкесінің солтүстігі Моңғолияның Говь-Алтай, Баянхонгор аймақтарымен шекараласады. 99 Қараңыз! 18-ші түсіндірме 100 Бұл да сонда 101 - Цагаан гэрт – Ақ үйлі – Ақ ордалы. 102 А. Амардың бұл айтқаны Абай Құнанбайұлы мен Махмұт Қашқарилардың деректеріне ұқсас келеді, әрі түрік-моңғол тектілердің шығу тегіне болмаса да, олардың қадым дәуірлердегі тарихи бір көшінің көне сұлбасын айқындайды. 103-Қарлы тау – Цаст уул – моңғолдар Гималай тауын осылай атайды. 104 - Хянған тауы - Қазіргі Орталық Моңғолия жеріндегі тау сілемі.

батысқа жортқанда, сонда мекендейтін қыпшақтар мен түркілерді моңғолдың жақын туысы деп іш тартқаны жөнінде де нақты деректер бар. Моңғол жазуы, білім-мәдениеті, діні әуелде қытай мен тибеттен емес, үнді, соғда105, ұйғырлардан жалғасыпты. Моңғол тілінде үнді, соғда, ұйғыр сөздері өте көп кездеседі. Қазір де сол қалпында. Бұл жөнінде «Ұйғыр» тарауында кеңірек тоқталамыз. Соғдалар моңғол жеріне ұйғырлармен бірге келіп, сауда-саттық жасап, діни кітаптар таратып, мешіт-медреселер орнатқан көрінеді. Моңғол әулетінің шығу тегін батыспен байланыстыратын көптеген әңгіме, деректер болғанымен, бұған дейін оларды ғылыми негізде саралап, аныққанығына жетпеген. Моңғолдың шығу тегін анықтау мәселесіндегі кемшіліктерге қоса, халық арасында ежелгі замандардан бері қарай ауызданауызға жалғасып, айтылып келген көне шежіре, тарих, аңыз, ертегілерді де қажетсініп, зерттемей келгендігін үлкен олқылыққа жатқызуымыз керек. Моңғол тарихын зерттегенде есте болатын нәрсе, Шығыс елдерінің көп ұлттарына қатысты ертегі, тарихтарын пайдалану, оларға аса ізеттілікпен мән беру екені сөзсіз. Сондықтан аталған жәдігерліктерді мұқият қадағалап, оларды рет-ретімен қолға алған орынды. Көптеген шетелдің ғалым, оқымыстылары Моңғол тарихын қызыға зерттеп жүргенде, моңғол адамының өз ата тарихын менсініп қолға алмауы – парасаттылыққа жатпайды. Саяси бағытты қалыптастырып, құқықтықты қорғау дегеніміз – тарихқа терең байланысты дүние болатындықтан ұлтын, оның түрлі саясатын қолдайтын әрбір моңғол адамы өз тарихына көңіл бөлгені тіптен орынды. Бүгінде моңғолдар ұлттық жазуы106 мен ұлттық тарихын қастерлеудің қасиетін арттырып отырғаны Моңғол ұлысының келешегі зор жаңа баспалдақтан аттауы екенін түсініп, бұл үшін кімде-кім көңіл бөліп, ыждаһаттық танытқаны абзал.

ЕКІНШІ ТАРАУ

105 - Соғда – б.з. І-ІІ ғасырында Орта Азия жерінде болған, қазіргі тәжіктердің ата тегі. Кейіннен көшпелі аймақтардың шабуылында жойылған. 106 - ұлттық жазуы – моңғолдар жоғарыдан төменге қарай жазылатын ұйғыр жазу таңбасын қолданады. Бұл жерде «ұлттық жазба мұралары» деген мағынада айтып отыр – ауд.

КҮННҮ ҰЛЫСЫНЫҢ КЕЗЕҢІ

Моңғол ұлты қай кезден бастап тарихи жазбалардан таныла бастады, қай жерлерді мекен етті деген сұрақтарға жоғарыда жауап берген едік. Енді Моңғол ұлты қай кездерден бастап, тарихи мемлекет құрғаны жөнінде айталық. Моңғол жерінде ерте шақтардан бастап моңғол , түрік, шүршіт деген үш әулет мекендеп, кезекпен төр ұлысын орнатып, қайбірі басшылық етсе, қалған екеуі соның құрамында болып келгені жөнінде де жоғарыда айтылған еді. Моңғол ұлтының төр мемлекет тарихын баян еткенде аталмыш екі ұлттың да, қатар сөз болатыны сондықтан. Және де осы үш ұлыстың ортасынан құрылған ең алғашқы мемлекет – Күннү ұлысы107. Сондықтан моңғол тарихын зерттеуші ғалымдардың көбісі Күннү тарихынан сөз бастайды. Қытайдың көптеген тарихи жазбаларында Күннү ұлысын – моңғолдың бабалары деп белгілейтіндіктен, күннү моңғолдың ата тегі екендігі дау тудырмайды. Әйтсе де, кейбір ғалымдардың еңбегінде, ертедегі күннүлердің тілі түрікке ұқсас екендігі айтылады. Және де бірер қорғаннан табылған күннү болуы мүскін деген адам сүйектеріне жүргізілген зерттеуге қарағанда олардың бойы ұзын, танауы биік келетіндіктен моңғолдарға ұқсамайды деген де болжам айтылыпты. Күннүлердің кезінде жасаған Қытайдың бір ханы күннүлердің басын алдыруға үкім шығарғандықтан ұзын бойлы, биік танаулы қытайлар көп өлтірілді, «нағыз Хор моңғолдың бір елінің басшысыкүннүлердің басын алып беруге қытаймен келісімге келеді» - деген әңгімелер күннүлерді түрік нәсілінен екенін аңғатады. Сондай-ақ, Еуропаның кейбір жазбаларында Күннү ұлысынан қалған көне қорғаннан қытай әрпімен жазылған жиырмадай сөз табылғанын ғалымдар зерттеп, көбісін түрік сөзі десе, кейіннен өзге бір ғалымдар оны қайталай зерттеп, моңғол сөзі дегені жөнінде де деректер сақталыпты. Бұған қарағанда тіл жағынан күннүлерді моңғол емес деп тура айту дәлелсіз болғанымен, көне қорғанды зерттеу барысында ондағы жазылған сөздің көбісі моңғол сөзі екені анықталғандықтан, күннүлер мен моңғолдарды тегі бір деуге қыйсыны келеді. «Бойы ұзын, танауы биік» - деген дерекке жүгінсек, ұзын бойлы, биік танаулыларды жаппай моңғол емес, аласа бойлы кішкене танаулыларды күннү емес деп айыруға тағы келмейді. Әлгінде айтылған «биік танаулы қытайлар көп өлтірілді» дегенге мән берсек, қытайлардың ішінде де ондай танаулылар көп болмады дейсіз бе? Сол сияқты қорғаннан табылған адам сүйегін де күннү деп дәлелдеуге келмейді. Дәлелденді дегеннің өзінде, бір-екі адам сүйегінен ғана түгел күннүлердің барша ұлтының бітім-болмысын анықтауға болмайды. Сол кездегі Күннү ұлысының адам саны және әскери жасағының күш-қуатына қарағанда оның құрамында бірлі-жарым ғана ұлттың емес, сан түрлі ұлт, ұлыстың өкілдері болғаны байқалады. Олай болса, көне қорғаннан табылған

107 - Күннү ұлысы – «Күннү (Ғұн) империясы», «державасы» деп түсінген жөн.

сүйекті де сол көп ұлт өкілдерінің бірінікі деп түсінген жөн. Нағыз Хор моңғол күннү адамдарының басын қытайларға келісім бойынша өткізіп тұрғаны туралы деректі зерттегенде, ең әуелі соны жасатқан әулет басшысының нағыз моңғол, Тобаның өкілі екендігін анықтап алу қажет. Егер де, ол моңғол болғанның өзінде, көне ерте кезді қойып, күні кешеге дейін өзгелерге жағынып, өз ұлтының обалына қалған талай надан жан алғыштар болғанын ұмытпау керек. Сондықтан да, жоғарыда айтылған деректердің қайсы бірі де Күннү ұлысын құрушылар кім деген сұрақты толық анықтай алмайды. Сол себепті біз енді нақты тарихи деректерге жүгінеміз. Моңғолдарды қытайлар «ху», тибеттер «хор» деп атайтынын жоғарыда айтқан едік. Ендеше, сол қытайлар күннүлерді де «ху» деп атаған. Күннү ұлысының тұсында дәуірлеп тұрған Цинь Ши Хуан108: «Цинь ұлысы билігін Хулар құлатуы мүмкін» деген бір сөзден күдіктеніп, Күннү ұлысын солтүстік қиырға қуалап, ұзын қорған салдырады» - деген деректемеге сүйенсек, Күннү қағанатын Ху атағаны расталады да, күннүлермен қатар өмір сүрген Хан ұлысының ғалымы Сы Мазинь: Цинь Ши Хуанды теріске шығарып, «Цинь Ши Хуан күннүлерді тым алысқа қуғандықтан, хулар109 жылқысын ілгері келіп, өрістетпейтін болды» - деп жазады. Және де, Күннү ұлысының шауашылығы мен салт-санасы қазіргі кездегі моңғолдардан айнымайтын, үнемі мал өсіріп, көшіп-қонып жүрумен қатар садақ, жебе, найза, қылыш ұстап, сауыт киетін. Бұл жөнінде Грумм Гржимайло: «Күннү аймағының салт-санасы мен ежелгі моңғол салт-санасында соншалық айырмашылық болмаған, сондықтан ерте кездегі моңғолдардың салт-санасы жайлы айтылмай қалған сөзді күннүлерді толықтырып айту арқылы түгелдеп алуға болады» - дейді. Күннү дегені – Ху; Ху дегені – моңғол екені жөнінде осы айтылған деректерден өзге де, көптеген деректерді келтіруге болғанымен, соның бәрін тәптіштеп жатудың пайдасы шамалы. Күннү ұлысының құрамында жеке бір ғана аймақ емес, қаншама аймақ, тайпа, ру, ұлыстар болғаны себепті солардың құрамында моңғолдардың да болғаны шындыққа саяды. Сондықтан, Күннүлерді «моңғол» немесе «моңғол емес» деп дауласып, уақыт алдырудың қажеті жоқ. Күннү ұлысы бір ұлттың емес, бірнеше ұлттардың күш-қуатымен орнап, соңында тайпа басшыларының жеке-жеке хандық құруының салдарынан бүлінгендігі анық110. Бұлардың алғашқысы Модұн111

108 - Цинь Ши Хуан - Цинь ұлысының иесі. 109 - Хулар – бұл жерде моңғолдар. Негізінен қытайлар жалпы көшпенділерді осылай атаған. 110 - Бұл жерде автор Күннүлердің бір кездегі әлсіреген тұсын сөз етіп отыр. Қуатты Күннү мемлекетінің күйреуі - Модұн шаньюйдің Қытай шаруасының қызын қалыңдыққа алуынан басталған қателік, қытайдың жеке хандықтарға қыздарын беру арқылы оларды біртіндеп «іштей іріту» саясатының әсерінен болатын. 111 - Модұн – Күннү қағанатының Түмен шаньюйдің (ханының) ұлы. Модұн (б.з.б. 209-176жж.) өзінің қайрат-жігер, ілімімен әкесінен билік тізгінін тартып алып, әйгілі Күннү ұлысының негізін қалаған. Модұн ханның тұсында Қытайдың Хань ұлысы 50 – ге жуық жыл Күннү хандығына бағынып тұрған. Б.з.б. 199 жылы Хань ұлысының ханы Гаоди кеңесшісі Лю Цзиннің ақылымен Модұн шаньюйге «өз қызым» деп, алдап, қарапайым шаруа қытайының қызын ханымдыққа береді. Оған қоса жыл сайын тұрақты алым-салық төлейді. Ханым болған қытай қызы арқылы күннүлерді қытайландыру саясаты неше жүз жылға созылады. Ақырында Гаоди ханның жиендері өз тектерін Лю деп өзгертіп, өздерін қытайлармыз деп жариялап Күннүдің хан тағы үшін күрес жүргізеді. Нәтижесінде Күннү ұлысы екіге бөлініп, Оңтүстік күннүлер тегіне тартып, қытайларды жақтап соғысып, қытайға сіңіп кетеді. Солтүстік Күннүлер Еуразия кеңістігін бойлап,

қағанның тұсында бір хандыққа бағындырылып тұрғанымен соңында жекежеке бөлініп, ыдырап кетеді. Осы кездегі моңғолдардың жағдайы туралы қытай деректерінде; Сяньби112 мен Тоба ұлыстары жайлы айта келіп, Сяньби мен Тоба ұлысы Ьатыс Хань ұлысы113 тұсында ұлыстың шығыс бөлігіндегі көптеген аймақтар өзара қырқысып, бір топ аймақ жеке бөлініп, сол түстікке барып, Сяньби, Ухань дейтін екі тауды сағалайды. Олар Дун Ху деп аталатын Сяньби және Ухань ұлыстарынан құралатын. Тоба әулеті Сяньби ұлысына қарасты Сүтао деген жеке аймақ құрады. Кейіннен Зинь ұлысының114 Ухуандиінің115 тұсында осы Сүтао аймағының маңындағы Ди деген жерде Ху ханды биік таққа қондырып,ұлыс атын Ди деп өзгертіп атайды. Ди ұлысының жері деп жүргені ежелден Күннү ұлысына қарасты Ши Сянь ванның көп аймағының өлкесі. Бұған Тоба аймағы да кіреді. Бұлардан кейін иелік құрған Цинь ұлысы116 Ди ұлысымен соғысып жеңеді де, ұлысты шығыс және батыс деп екі аймаққа бөліп, шығыс аймағын Лю Гожэнь, батыс аймағын Лю Вэйчэнь-ге басқартып, Цинь ұлысының құрамына енгізеді. Лю Вэй чень Күннү ұлысының аймақ уәзірі болады. Сол тұста он жеті жыл бойы өзеннің оңтүстігіндегі Күннү ұлысының аймақтары түгелдей Ди ұлысына бағынып тұрған» - деп жазады. «Кейіннен Сүн ұлысының117 кезі, Бэй ұлысының иесі, тоба әулетті Вэнь Ди ханның тұсында өзеннің шығыс және батысы, сондай-ақ, солтүстігіндегі аймақтарды жартылай иеленіп, осы жерлерде мекен ететін Күннү ұлысының Ху адамдары түгелімен соларға бағынады. Сондықтан да, кейбірі Шивэй Ху118 аталатын болған» - деп жазады. Бұл өзен деп отырғаны – Сарыдария дейтін Қатын өзені. Және де, ганьму жазбасында119 күннүлер туралы: «Хань ұлысының Гуань У120 ханының тұсында күннүлер оңтүстік пен солтүстікке екі бөлініп

Сақ, Алан, Ғотұттардың самсаған қалың қолдарын жеңумен жүріп, Еуропаның тереңіне бойлап қоныстанады. Сол жерде Әтиллә ханның қуатты қол астына бірігеді. Ромды тізе бүктіреді. 112 - Сяньби – Сяньбилердің ата тегі ежелгі Дун Хулардың бір бұтағы. Сяньби аймағының бұл үлкен құрылымы б.з. І ғасырында құрылған. Сяньбилер б.з. І ғасырынан ІІ ғасырына дейін Орта Азияға билік жүргізіп, дәуірлеп тұрған. Сяньби аймақтарының бұл құрылымы б.з. ІІІ ғасырынан ҮІ ғасырына дейін жасаған. Сяньбилердің кейінгі жұрағаттары Шивей, Қидан сияқты моңғол аймақтары болып есептеледі. 113Батыс Хань – Хань мемлекетінің негізін қалаған Любан биліктен айрылып, Ван Ман (б.з.б.8 ж) билік құрғанға дейінгі аралықты тарихта Батыс Хань ұлысының кезі (б,э.б. 206-8 жж.) деп атайды. 114 - Зинь ұлысы (265-420 жж.) – 265 жылы Сы Мацянь деген адам Вэй ұлысын құлатып, Батыс Зинь ұлысын (265-316 жж.) орнатыпты. 315 жылы батыстағы көшпелі аймақтардың шабуылынан жеңіліп, ұлыс астанасын оңтстікке көшіріп, Солтүстік Зинь ұлысы кейіннен Зинь ұлысы (317-420 жж.) аталыпты. 115 - Ухуанди – Батыс Зинь ұлысын (265-290 жж.) орнатушы. 116 - Цинь ұлысы – ІІІ-ҮІ ғасырларда қытайдың солтүстігін мекендеген көшпелі аймақтар құрған «бес тағының 16 ұлысы» - ның бірін айтқаны сияқты. 117 - Сүн ұлысы – 420-479 жж. Қытайдың оңтүстігінде орнап тұрып, 479 жылы Ци атанған ел. 118 - Шивэй – моңғол текті көшпелі аймақтың атауы. Шивэйлер негізінен Кидандармен тектес келеді. Сондығынан елдің солтүстігіндегілерін Шивэй, оңтүстігіндегілерін Кидан деп атапты. Шивэйлер қазіргі Мүгден (Шэньян) қаласынан артқа қарай, Қарадариядан Әмударияның ортаңғы сағасына дейін Хянған тауынан кең Сұңғар дарияға дейін Жасыл өзенді мекен еткен деседі. 119 - Ганьму жазбасы – Қытайдың солтүстік Сүн ұлысының тарихшысы Сы Маяуан (1019-1083) 403-953 жылдары қытай жерінде болған уақиғаларды қамтып, 1066-1084 жылдары жазған жазбасын «Зы Жи тунзянь Ган му» («Төр билігіне көмекші айна сөз») деп атапты. Ол шығарма төр ұлыс, әскери оқиғаларды негіз етіп, әлеумет пен мәдени уақиғаларды қысқаша ғана баян еткен. 294 тараудан тұратын жазба дерек. Мұны моңғолдың тарихи шежірелерінде Ганьму жазбасы деп атайды.Революциядан (1921 ж.) бұрын моңғол ғалымдары ганьмужазбасын манжұр тіленен моңғолшаға тәржімалаған. 120 - Гуань У – Шығыс хань ұлысының (25-225 жж.)ханы. Ол 25-78 жылдар аралығында иелік құрған.

отырған. Сол кезде күннүлердің сегіз бідей аймағының уәзірлері бас қосып, кеңес ашады. Кеңесте орталарынан бір шаньюй сайлап, солтүстік хуларға қарсы соғыс ашуды ұйғарып121, оны ханға жеткізеді» - деп жазады. Осы дерекке қарағанда Солтүстік Күннү құрамында хулар болғаны анық сияқты. Және де оңтүстік Күннүлердің құрамында да моңғолдар болған. Осы оңтүстік Күннүдің кейінгі ұрпағы-немере, шөберелерінің кезінде мықты, шыдамды адамдар кезек-кезегімен туылып, кейбірі Қытай ұлысының төр иелігін жаулап алуды да көздеген. Қытай жазбаларында бұлардың барлығын Күннү ұлысының ұрпағы, Худың адамдары деп жалпылай жазады. Демек, қытай ғалымдарының күннүлерді моңғолдың ата-тегіне жатқызатындығы шындыққа саятындықтан, моңғол тарихын зерттеуші өзге ғалымдардың да моңғолдың ұлыс, мемлекеттік тарихын осы күннүлерден бастайтыны дау тудырмас дұрыс қадам. Күннүлер Шыңғыстан 1416 жыл бұрын, адуын Цинь ұлысынан көп бұрын Сарыдария дейтін Қатын өзенінің оңтүстігіндегі қазіргі Ордас жерін мекен еткен. Сол кезден сәл ертеректе болған Қытайдың жеті ұлысының құрамындағы Жао, Янь, Цинь ұлыстары күш біріктіріп, күннүлерді кері қуалап, ұзын ақ қорған орнатады. Содан Шыңғыстан 940 жыл бұрын Цин Шихуан күннүлерді түгелдей /түстікке қарай/ қуып, ұзын ақ қорғанды жаңартып салады. Күннү ұлысының алғашқы ханы Түмен122 шаньюй дәрежелі кісі болған. Күннү ұлысы ханымдарын яньжи123 деп атаған. Түмен ханның үлкен ұлы Модұн еді. Әйтсе де, кіші ханымының сөзіне көніп, хан тағын үлкен ұлы Модұнға емес, кіші яньжиінен туылған ұлға беруді ұйғарады. Бұған ашуланған Модұн әкесі Түмен ханды кіші яньжиі, одан туылған ұлдарымен қоса өлтіріп, Шыңғыстан 1370 жыл бұрын өзі хан тағына отырады. Модұн, Ду Ху деп аталатын шығыс моңғолды иеленіп, батыс тарапқа Қатын өзенінің батысындағы Сихэ124 дейтін жердегі Юйвэйди125 деген ұлысты да жаулап алады.. Содан Қытайдың иелігіне кеткен байырғы ата-баба жерлерін түгелдей қайтарып алып, солтүстікте Байқал теңізі, оңтүстікте батыс Алтайға дейінгі кең аралықтағы көптеген тайпаларға билік жүргізеді. Модұн хан Хань ұлысы мен Чу ұлысының126 соғысын көріп, отыз түмен әскермен Хань ұлысына қарсы соғыс ашып, оның қолбасшысы Хан Ван шаниді өзіне қаратады.

121 - Бұл жерде қытай қыздарынан туған, солардың ықпалымен тәрбиеленген қытай патшаларының жиендерінің солтүстіктегі таза текті көшпенділер хандарына қарсы бағытталған, жасырын әрекеттері айтылып отыр. 122 - Түмен (шаньюй) - Күннү ұлысының тарихындағы алғашқы шаньюй. Кейіннен б.з.б. 209 жылы өз ұлы Модұнның қолынан қаза тапқан. 123 - Яньжи – Күннү хандарының ханымын «Яньжи» деп атайды. Бұл күннү сөзі сияқты. 124 - Сихэ – Хэси жерін айтқан сияқты. Хэси – Қытайдың Сарыдариясының батысындағы өлке. 125 - Юэчжи немесе Юйвэйди – б.з.б. Ү ғасырда Хэсиді мекен еткен көшпелі аймақ. Олар б.з.б. ІІ ғасырда күннүлерден ығысып, орта Азияға қарай барып, Бактр ұлысын иеленген. Юэчжилер Соғдылардың ата тегі. Ювэйди-лерді Ари тілді ұлт болған деседі. 126 - Хань ұлысы мен Чу ұлысы – Қытайдың жаугершілік ұлыстарының кезіндегі (б.з.б. 403-222 жж.)Хань, Чу ұлыстарын меңзеп отырғаны сияқты. Хань б.з.б. 403 жылы құрылған.Хэнань өлкесінің орталық, батыс жағымен Шаньси өлкесінің оңтүстік батысында орнап тұрған. Хань ұлысының астанасы Хэнань өлкесінің Юйсянь қаласының Яньшан бөлігінде болған деседі.

Тайюань127 аталатын қаланы басып алады. Содан Хань ұлысының ханы Гао Зу128 Күннүлерге қарсы соғысуға келеді де, Бэтянь129 деген қалада Модұн ханның қоршауында қалады. Гао Зу жеті күн бойы қамауда қалып, Модұнға сый-сияпат көрсетіп жүріп, қоршаудан әзер құтылады. Бұдан соң ол Модұнға сұлу бегімін сыйға беріп, күннүлермен мықты қарым-қатынас жасайды. Жыл сайын үзбей алым-салық төлейді. Модұн хан өлгеннен кейін оның ұлы Лао Шан130 таққа отырады. Ол әскерін көбейтіп, ұлысын қуатты етеді. Хань ұлысына қатерлі де күрделі жазылған жасырын хаттар жібереді. Өзін Күннү ұлысының ұлы Шаньюйі деп жариялайды. Содан бастап Күннү ұлысының дәуірлеген атақ-даңқы келесі бірнеше шаньюйлерге дейін жалғасады. Күннүлердің ерлері сәйгүлік ат мініп, тау-тас, өзен сулардан өткенге, садақ тартып, оқ атқанға асқан шеберліктерімен маңайындағы ұлыстарға үрей тудыра бастайды. Қытай ұлысын дүркін-дүркін шабуылдап, мал-мүліктерін, қала-кенттерін тартып алады. Хань ұлысы да есе берместен тіресіп, әуелі қалың әскерін ойсырата жеңіп,жеңілген кезде сұлу бегімдерін беріп, алымсалық төлеу арқылы татулық келісімдерге келумен талай жылдарды өткізеді. Кейіннен Хань ұлысының әскери қуаты қайта артып, Вэй Цин131 ХО Циюбинь132 деген қолбасшылар әрқайсысы бес түменнен әске жинайды. Вэй Циннің әскері күннүлердің жеріне баса көктеп кіріп, екі түменнен астам адамын өлтіріп, содан Тәңір тауындағы Күннүлердің жинаған астығын өртеп тастап, қайтып кетеді. Хо Циюбиннің әскері екі шақырымдай жер жүріп, Ланхуйсюй тауының133 маңына топырақтан төбе тұрғызып, белгі қалдырып, Ханьхай134 теңізіне жетіп, Күннү ұлысымен соғысып, жеті түменге жуық адамын тұтқынға алады.Осы екі шептегі әскердің мінген атының саны алғашында он төрт түменге жетсе, қайтқанда әскерінің саны үш түменге әзер жеткен деседі. Содан кейін күннүлер алыс жаққа қарай ығысып барып, күш-қуат жинайды да, Хань ұлысына қайтадан шабуылдайды. Ұлысты жаулап алып, халқы мен әскеріне егін салдырады. Дәл осы тұсты баяндайтын тағы бір жазбаларда, бұл соғысты болмаған, себебі ол тұста күннүлерде соғысуға тұрарлық ат-көлік, әскер-сайман болмаған дейді. Осы кезде күннүлердің ішінде түрлі қырқыс пайда болады. Қатын өзенінің батысын билеп тұрған Күннү ұлысының Хан Шэнь Ван дегені

127 - Тайюань-Цинь (б.з.б. 221-207 жж.) ұлысының тұсында құрылып, Хань (б.з.б. 206 – б.з. 8 жылдары) ұлысының тұсына дейін болған өлкелік құрылым. Өлкенің орталығы Зиньян қаласы. 128 - Гао Зу – «Биік бала» деген ұғым беретін лауазым атауы. Хань ұлысын құрушы Лю Банды алғаш марапаттаған атақ. 129 - Бэтянь - Хань ұлысының тұсында құрылған Сианның атауы. Сианның орталық қаласы Шаньси өлкесінің Датунь қаласымен іргелес болған. 130 - Лао Шан – модұн шанюйден кейін әкесінің тағын жалғастырған кісі. (б.з.б. 171-161 жж.) Әкесінің ішкі, сыртқы саяси ісін жалғастырушы. 131 - Вэй Цин - Хань ұлысының У Ди ханының әскери қолбасшысы. Тірі кезіндегі лақап аты – Жун Цин, өлгеннен кейінгі аты – Ле Хоу деп аталған.Күннүлерге қарсы жеті мәрте соғыста қолбасшылық еткені үшін Қытай тарихында ерекше орын алған. Ол б.з.б. 106 жылы қайтыс болған. 132 - Хо Циюбинь (б.з.б. 140-117 жж.) – Хань ұлысының У Ди ханының кезіндегі әскери қолбасшы. Күннүлерге қарсы табанды күресіп жүріп, 24 жасында қаза тапқан. Қайтыс болғаннан соң Зинь Хунь Хоу деп даңқы артқан адам деседі. 133 - 134 - Хань хай – шөл құмын осылай атаған сияқты, Кеңес Одағы ғалымы В.С. Таскин «Хан хай жыл құсы көп жиналатын Амурдаияның жоғарғы сағасы» деп те жазған.

қарамағындағы халқымен Хань ұлысының қол астына кіреді. Содан Хань ұлысы Іле бойын мекен еткен Усунь135 ұлысын жаулап алып, Күннү ұлысының батыс аймақтарына бөлінуді талап етеді. Бұған Дансяни мемлекеті де қосылсын деп, Усунь, Давэй, Даювэйди, Дасянь қатарлы он үш ұлысқа түгелдей жарлық жібереді136. Осы достасу жарлығынан кейін көптеген тайпа, ұлыстар түгелдей Хань ұлысының құрамына кіре бастайды. Бұған дейін олар Күннү ұлысына қарап келген. Бұл туралы Грумм Гржимайлоның жазбаларында: «...Қытайлар бұл жерге Шыңғыс қағаннан 1269 жыл бұрын (Христостан бұрынғы 108 ж.) әскери жасақтарын аттандыра бастаған. Кейіннен Шыңғыс қағаннан бұрынғы 1265-1261 /Христостан бұрынғы 104-100 жж./ жылдар аралығында қолбасшы Ли Гуаньли137 Самарқан Хожандының батыс оңтүстігіндегі Давань138 деген жерге, қалың әскерімен екі рет соғыс ашып, қайтар жолда Түркістанның барлық аймақтарын жаулап алады. Бұл жорықты пайдаланып, қытайлар күннүлермен соғысуға қолайлы оң қанатын қауіпсіздендіріп алады. Және шөл дала арқылы күннүлерге көп күшпен, шабуылдауға қолайлы жаңа жол тапты» - деп айтылады. Күннү ұлысы солтүстік қиырға шеттеп барып, ат-көліктерін тынықтырып, қарусайманын жасақтаған соң, Хань ұлысына қарсы соғыс ашады. Бұл соғыс сәтсіз аяқталады да, қайта дайындалып, соғысқан кезде Ухань және Усунь ұлысы күннүлердің оң мен солынан қатар шабуылдайды. Усуньдер Қытайлармен күш біріктіру арқылы Күннү ұлысынан Жоңғар139-ды тартып алады. Өйткені Усуньға шабуылдаған Күннүдің әскерлері қарлы дауылға тап болып, және де Күннү ұлысының жеріне бір күнде адам бойынан асатын /екі құлаш/ қалың қар түскендіктен, мал-жаны көптеп шығынға ұшырайды. Осы орайды пайдаланған Динлин140 Ухань, Усунь аймағы күннүлерге үш жақтан қатар шабуылдап, онсыз да табиғат апатына ұрынған елді, одан әрі титықтатады. Әйтсе де, ержүрек күннүлер Қытайға қарсы шабуылын үдете түсіп, олады жеңіп тынады. Сөйткен шақта күннүлер өз ішінен қайта бүлініп, бес бөлек шаньюй орнатып, бірімен-бірі қырқысап бастайды. Ақырында, Батыс Күннү, Шығыс Күннү деп екі ұлысқа бөлінеді. Екі Күннү ұлысының басшысы Хань ұлысына өз-өз ұлдарын жалшылыққа жібереді. Шығыс Күннү

135 - Усунь – ақшулан сары шашты, көк көзді көшпелі халық. Б.з.б. ІІ ғасырда Хэси жерінен Жетісу жеріне көшіп барып, б.з. ІІІ ғасырына дейін мекен еткен. Усуньнің кейбір қалдықтары Тәңір тауына қоныс аударған. Сол жерде Сақ тайпаларымен араласып, Гуньмо деген біріккен аймақты құраған. Қазақ тарихында «Үйсін» деп аталып жүр. 136 - Тарихшылар мұндағы айтылған Даювэйди мен Усунь ұлысын Арилердің тұқымы болуы мүмкін деп, белгілепті. Әйтсе де, бұлардың қайсысы түрік, қайсысы моңғол ұлты екенін ажырата алмаған . 137 - Ли Гуаньли – Хань ұлысының У Ди ханының әскери қолбасшыларының бірі. Давнь деген жерге жорыққа аттанып, хан иесіне «тәңірдің атын» ұстап мінгізген деп атағы жайылған адам. Күннүлерге екі мәрте ұлы жорықты бастағанымен, екеуін де сәтсіз аяқтаған. Туыс-туғандарының өлім жазасына кесілгенін естіп, (Ли Гуаньли) күннүлерден жеңіліп, кешікпей б.з.б. 96 жылы қайтыс болыпты. 138 - Давань - Орта Азия жерінде болған ұлыс. Бір атауы Ферғана, Қытайлар оны Давань деп атаған. Ферғаналықтардың тең жатысы диқандықпен, қалғандары көшпелі тәсілмен өмір сүрген. Ферғана Ұлы Жібек жолының түйілісіне орналасқан. 139 - Зүүнгар – Жунгар – с.с. Сол қол – Жоңғар. 140 - Динлин – Б.з.б. ІІІ ғасырдан б.з. Ү ғасырына дейін Солтүстік Азияны мекен еткен түрік тілді аймақ. Алғаш Күннүлердің басқаруында болып, кейіннен жеке орнаған деседі.

ұлысының шаньюйі мұнымен тынбай Хань ұлысының қол астына бодандыққа кіреді. Бұған Батыс Күннү ұлысының шаньюйі ЗиЗи қарсы болып, Шығыс Күннүмен соғысып, Орқұн141 өзенінің бойындағы Ханғай тауын тартып алады. Динлиндер дәуірлеп тұрған кезінде Байкөл142-ден Алтайға дейінгі кең алқапта иелік етіпті. Күннүлердің күйреуіне Динлиндер үлкен әсер еткен. Оларды ҮІІІ-ІХ ғасырларда моңғол жеріне иелік құрған, ұйғырлардың арғы тегі деседі. Сонан Хань ұлысы Же шаньюйге көмектескенін естіп, Усунь ұлысымен күш біріктірмек болады. Усуньдер бұл тілекті Қабұлдамай, арнайы жіберген елшісін өлтіргендіктен, Зи Зи қалың әскерін Усунь, Уцюй, Динлин, Гяньчун143 ұлыстарына қарсы аттандырып, соғысып жеңеді. Қырғыз ұлысын астана қылады. Хань ұлысына жіберген ұлын алдыртады.Сонан Усунь ұлысымен қайта соғыса бастаған тұста, қарлы дауылға ұрынып, Қытайдың айласына түскен Зи Зи шаньюй қаза табады. Сөйткен шақта Шығыс Күннү ұлысының шаньюйі Хань ұлысына күйеу болып, бітімге келеді. Бірақ та Хань ұлысының тағын уәзір Ван Ман тартып алып, Күннүлерге қарсы қыспақ көрсете бастайды.Бұған көнбеген күннүлер қайта бірігіп, Қытайға қасы аттанып, оның шеткері аймақтарын жермен жексен қылады. Сөйткеннен кейін Күннүлер қайтадан өз іштерінен қырқысып, оңтүстік, солтүстік болып, екіге бөлінеді.Оңтүстік Күннүлер Қытай ұлысына бодандыққа енеді. Солтүстік Күннүлер Қытайлармен бірде соғысып, бірде бітімге келіп жүрген шақта Оңтүстік Күннү, Ухань, Сяньби үшеуі күш біріктіріп, қарсы шабуылға шығады. Бұлардың сыртында батыстан Динли, шығыстан Сяньбидің өзге тайпалары қоса шабуылдағандықтан, Оңтүстік Еүннүдің 58 аймағы жаулардың қолында қалады. Бұдан кейін Хань ұлысының уәзірі Ту Сянь қайта шабуылдап, Оңтүстік Күннүлер Силу шань деген тауда үлкен жеңіліске ұшырайды. Барлығы 81 аймағы жау қолына түсіп, 20 түменнен астам адамынан айрылады. Бұл жеңіске масаттанған Ту Сянь Ганбин деген жерден аттанып,үш мыңнан астам шақырымдағы Ян, Тяньшан тауларына өрмелеп, биік жартасқа Хань ұлысының мәртебесін дәріптеген белгі қалдырып қайтады. Содан ол Солтүстік Күннүлерді шабуылдауға Хан Гуй Жаньшан дегенді аттандырып, Синьвэйшань тауын бөгеп, қатты соққы береді. Шаньюйі қашып жүріп өледі. Қытай әскері сол екпінімен бес мыңнан астам шақырым жерге барып орналасады. Хань ұлысы әскерлі болғалы бері, мұндай алысқа шабуылдамаған. Синьвэйшань тауы Дадан ұлысының жері деп жазылады, Қытайдың көне жазбаларында. Демек, Синтвэйшань тауы деп – қазіргі Алтай тауының батысындағы Тарбағатай тауын айтқан сияқты. Бұдан кейін Солтүстік Күннү ұлысы мүлде жойылып, қалған он түмен адамдыСяньби ұлысы қол астына алады. Бұл Шыңғыс қағаннан 1068 жыл бұрын болатын. Ұлы Күннү ұлысының жойылғанын осы күнмен есептейді. Оңтүстік Күннүлер бодан болғанына қарамастан, дүркін-дүркін Қытайға қарсы соғысып, кейде Сяньби мен Ухань ұлыстарымен күш біріктірсе де,

141 - Орхон – Орқұн (өзен атауы) 142Байкөл – Байкал көлі. 143 - Гяньчун – Қырғыздың қытайша атауы.

Қытайдың қалың қолына төтеп бола алмайды. Қытайлар Күннү ұлысын бес аймаққа бөліп алып, әлсіретеді. Сөйтіп, Шыңғыс қағаннан 871 жыл бұрын осы Күннү ұлысын шығыстағы аймақ басшысы Лю Будың ұлы Лю Юань144 деген мықты билеп, бес аймаққа басшы болады. Содан Лю Юань өзінен бұрынғы аталары Хань ұлысының бегімдерін алып келгендіктен, өзін сол Хань ұлысының жиенімін деп жариялап, хуанди тағына отырады. Ұлысын Хань деп атайды. Ол Қытайдың батыс Зинь145 ұлысының екі ханын тұтқындап, елдерін өзіне қаратып алады. Кейіннен оның баласы Лю Цун таққа отырып, Чаньань қаласын астана етіп, ұлыс атын Жао деп өзгертіп, Күннү мен Жао146 ұлысының билігін қатар ұстайды. Бұдан кейін неше буын өткен соң, сол елдің уәзірі Ши Лэ147 Жао ұлысын жойып, өзі хан тағына отырып, Солтүстік Жао ұлысын орнатады. Соңынан төр ұлысы ыдырап, билік Цинь148 ұлысына ауысады. Күннү ұлысының соңғы қалдығы осылайша құриды. Күннүлердің салт-дәстүрі туралы ғалымдар былай деседі. Күннү ұлысының жарғысы жеңіл, қолдануға қолайлы, хан, уәзірлермен қатысуға кедергісі аз барша ұлысты басқару бір ғана адамды басқарған сияқты, жоғарғы, төменгі деп бөлінбейтін, салық өндіріске көптің күшін зая етпейтін, адамдары әшекей, сәнге құмарланбайтын, тек қана малмен өмір сүретін ел. Күннүлер көбінде әскери жаттығу, ойын-сауық, аң аулаумен уақыт өткізеді. Мінездері әсте қатаң сезілгенімен, ел ішінде қылмыс атаулы болмайтындықтан, жазалылар қай кезде де, ондық сандардан аспаған. Әскери қарулары садақжебе, қанжар, қылыш, сауыт, дулыға болған. Күннүлердің тұрмыс-салты қазіргі кезгі моңғолдардан ешбір өзгеріссіз еді. Тәңірлік дінін ұстанып, аруаққа сиынып, аспан, күн, ай, жерге табынатын. Дүниеде сан жетпес пәле-жала, көзге көрінбес құдірет бар деп, тірліктегі жан-жануар, өсімдікке табынуға жасалған көптеген сенім орындары Ордастан ілгері Қатын өзенінің бойында бертін уақытқа дейін болған десе, тағы бір тарихи жазбаларда: «Хань ұлысының әскелері Күннү ұлысының әскерлерінің тәу етіп жүрген Бұрқан бейнесін тауып алғаннан кейін, Хань

144 - Лю Юань – Батыс Зинь ұлысының (265-316 жж.) қарамағында болған Күннү аймағының басшысы. 304 жылы Күннү аймағының басшылары оны шаньюй сайлапты. 308 жылы Шаньси аймағының Лишиш Сланның Зогочен қаласын иеленіп, Лю Юань өзін хан деп жариялап, ұлыс атауын Хань деп атайды. . 310 жылы Лю Юант дүние салып, оның тағын Лю Цун жалғастырады. 145 - Батыс Зинь – 265-316 жылдар аралығында болған ұлыс. Сыч Маянь деген адам Қытай тарихындағы үш ұлыстың кезеңі (220-265 жж.) мен феодалдық қоғамның ыдырауын әзер бастан кешіріп, 265 жылы Батыс Зинь мемлекетін орнатыпты. Десе де ішкі шиеленіспен батыс пен шығысындағы көшпелілердің шабуылына дүркін-дүркін тап болып, мемлекет астанасын оңтүстік Нанжиге көшіріп, орналастырғаннан соң Батыс Зинь ұлысы жойылып, Шығыс Зинь ұлысының дәуірі (317-420 жж.) басталады. 146 - Жао ұлысы – 318-319 жылдар аралығында Қытайда орнап тұрған Хань ұлысын құрушы Лю Юань қайтыс болысымен оның ұлы Лю Цун ұлы тақты жалғастырады. 318 жылы Лю Цун қайтыс болысымен Хань ұлысы да күйрейді. Лю Цунның бауыры Лю Яо Чаньань қаласын иеленіп, өзін хан дәрежесіне көтереді. Ұлысын Жао деп атайды. Алғашқы Жао ұлысының құрамына Хэдун (Шаньси аймағының ішкі өлкесі) мен Юнжоу екеуі енетін. Соңғы Жао ұлысы 329 жылы алғашқы Жао ұлысын күйреткен деседі. 147 - Ши Лэ – Зе аймағының адамы. Алғашында Лю Цудың армиясының қолбасшыларының бірі болған. Кейін әскер саны көбейіп, армия нығайған кезде 319 жылы Сянчо (Хэбэй аймағы, синтай) қаласын иеленіп, Жао ұлысын орнатады. Сол Жао ұлысы 350 жылы төңкерісшілер көтерілісінен күйрейді. 148 - Цинь ұлысын – 350 жылдары Шаньси өлкесінде болған Ди аймағының басшысы Фу Зянь, Чаньань, Гуанжун қалаларын иеленіп, алғашқы Цинь мемлекетін орнатады.383 жылы алғашқы Цинь мемлекеті Шығыс Цинь ұлысынан жеңіліп, жойылады.

ұлысы Бұрқан дінін ұстанатын болған» - дейді. Бұған қарағанда күннүлердің ішінде Бұрқан дінін ұстағандар болғанға ұқсайды.

ҮШІНШІ ТАРАУ

МОҢҒОЛДЫҢ СЯНЬБИ ҰЛЫСЫНЫҢ ДӘУІРЛЕГЕН КЕЗЕҢІ

Күннү ұлысының шығыс бөлігінен бір тайпа моңғолдар бөлініп шығып,Сяньби тауына барып, Сяньби деген ұлыс құрып, бір кез дәуірлеп тұрады. Күннү ұлысының Модұн қағанының тұсында, оның шығысындағы аймақтар өз арасынан қырқысып, тағы да бірнеше аймаққа бөлініп, солтүстікке барып, Сяньби, Ухань тауларын мекендейді. Солардың Дун Ху /Шығыс Моңғол/ атанып, Сяньби, Ухань ұлысын құрағанын жоғарыда айтқан едік. Және де, сол Сяньби ұлысы Солтүстік Күннүді қайта-қайта шабуылдағанымен қоймай, Оңтүстік Күннү мен Уханьға бірігіп, дүркіндүркін Қытайдың да үрейін ұшырып, мазасын бек кетіреді. Оңтүстік Күннү ұлысын әлсіретіп, он түмен адамын өзіне қаратып алады. Осылайша Сяньби ұлысы күшті иелік құра бастаса да, іргесі тым бытыраңқы болғандықтан, өз арасындағы соғыс-жанжал ұзақ уақытқа созылады. Шыңғыстан 1011 жыл бұрын, Сяньбиден Тань Шихуай149 деген бір мықты адам шығып, өз иелігіндегі тайпалардың басын біріктіріп, аз уақыттың ішінде бұрын Ұлы Күннү ұлысының қарамағында болған Тарбағатай тауынан Тынық мұхит аралығындағы байтақ жерді жаулап, шығыста Динлин, Фуюй ұлыстарының шабуылын тойтарып, батыста Усунь мемлекетін жояды. Бұдан соң Тань Шихуай Қытайға қайта-қайта шабуылдап, оңтүстік аймақтарының мазасын кетіеді. Енді бір мезетте қазіргі Ганьсу өлкесінің шығыс бөлігін жермен жексен етеді. Сяньбидің жеріне терең бойлаған Қытайдың үш қол қалың әскерінің қару-жарақ, керуенін түгелдей тонап алып, қуып салады. Тань Шихуай Шыңғыс қағаннан 960 жыл бұрын қайтыс болысымен оның құрған ұлысы да тарап кетеді. Кейін, Шыңғыс қағаннан 926 жыл бұрын Сяньбиді Му Хубу деген басшы билеп, Шығыс сары өзеннің шығысындағыЛяоси өзенінің Зижэн деген жерінің солтүтігіне Мужун150 И аймағын орнатады. Оның немересі Мужун Ляодунның оңтүстігін мекен етіп, ғұмыр бойы Қытай

149 - Тань Шихуай – Сяньби аймағының әскери уәзірінің баласы. Әкесі Толу хоу Күннү ұлысының әскерінде қызмет атқарған. Тань Шихуай 14-15 жасында дене бітім, ойлау Қабұлетімен құрбыластарынан әлде қайда артық болыпты. Бірде аймағының барымталанған жылқысын қуып жетіп, әкелгені үшін, даңқы артып, аймағына басшы болады. Тань Шихуайдың кезінде Сяньби ұлысы ежелгі Күннү ұлысы сияқты даңқты болған деседі. 150 - Мужун (Му Юн) – Му Юндар ІІІ ғасырдың соңында қазіргі Ляоси жерін мекен еткен.Сяньби ұлысы ыдырағаннан кейін Ішкі Моңғолияның шығысын мекендейді. ІҮ ғасырда Му Юн аймағын Му Юн Хой деген адам билейді.Ол Сяньбидің кейбір аймақтарын біріктіріп, Қытайға қарсы соңыс ашып, 318 жылы ұлыс құрады. Өзін шаньюй етіп жариялайды.

ұлысымен жақсы қарым-қатынаста болады. Неше мәрте Қытайға көмектескені үшін Ұлы шаньюй атағын алады. Бірақ Мужун Сэчуйге қашып барып, Ляосидағы Қытай қалаларынан Чанилиді басып алады. Бұл туралы сол кезде Қытайдың бір билеушісі: «Жун Ди деп аталатын солтүстік адамдары ежелден өте қатыгез болған. Олар бізге тыныштық бермеген. Ішкі өлкеде аралас отырған Хуларды шекараның сыртына шығару керек» - дегеніне қарағанда, сол кезде моңғолдар қытаймен көбірек араласқанға ұқсайды.Содан кейін Мужун Сэчуй қайтыс болып, оның ұлы Мужун Хой әке билігін жалғастырады. Қытайлар оған Сяньби құрамына енетін ұлттарды басқартпақ болады. Әйтсе де, сол ұлттардың ішінен Юйвэй151 қатарлы бірнеше ұлт Қытай бұйрығына қарсы болғандықтан, оның атағы қуаттанбай қала береді. Содан Мужун Хой, Фу Юйдің иелігіндегі елін жаулап алады да, өзіне қарсы болған Юйвэйліктерге соғыс ашады. Жеңілген юйвэйліктердің басшылары Гуулиға152 қашып кетеді де, елі Мужун Хойдың билігінде қалады. Бұдан кейін Мужун Хой, Мүгденнің оңтүстігіндегі сяньби тектілерді, ақ қорғанның шығысы Шанхай Гуанның солтүстігіндегі Дуанның моңғолдарын, өзге де біріккен аймақтармен қосып, өзіне қаратып алады. Содан соң көп ұзамай, Мужун Хой қайтыс болады. Оның тағына ұлы Мужун Хуан отырады. Ол өзін Уаң дәрежесіне көтеріп, хуанди тағын иеленіп, елін Янь деп атайды. Күннүлердің ұрпағы саналатын Жао ұлысымен бітімге келіп, Дуанидің жеріне шабуылдайды. Ол кезде Дуань, Жао ұлысына қарасты болғанымен Мужун Хуан Жаомен шығысып, Дуаньнің жерін тартып алады. Жао ұлысы қарсы соғысып, жеңіліп қалады. Бұдан кейін Янь ұлысының атағы зорайып, Мужун Хуан солтүстік Кореяны жаулап алады да, Юйвэйдің ұлысының тұтас билігін өз қолына алады. Осылайша күшті иелікке айналған Янь ұлысы кейіннен өз ішінен қырқысу салдарынан, әлсірей бастайды. Мужун қайтыс болып, оның ұлы Мужун Чу таққа отырғаннан кейін, Янь ұлысының ішкі шиеленісі тіпті берекесіз кетіп, Мужун әуелетінің ұрпақтарының өзі іштей қырқысып, бес бөлек Янь ұлысын құрып алып, осының салдарынан көп кешікпей бесеуі бірдей құрып кетеді. Осы айтылған Янь ұлыстары Тоба деп аталған Юаньвэй ұлысымен

ТӨРТІНШІ ТАРАУ

МОҢҒОЛДЫҢ ТОБА ДЕЙТІН ҰЛЫ ЮАН ҰЛЫСЫНЫҢ ДӘУІРЛЕГЕН КЕЗЕҢІ

151 - Юйвэй (Юэйвэнь) – Юйвэнь – көшпелі аймақ. Шығу тегі әлі күнге белгісіз. Кейбір тарихи тек жазбаларындаСяньби аймағына, енді біреулерінде Күннү аймағына қарасты болған деседі. 152 -Гуули - Корея

Моңғол әулеті Шыңғыс қаған туғаннан 900 жыл бұрын дәуірлеп, Шыңғыстан 764 жыл бұрын Юанвэй деп аталатын қуатты мемлекет орнатып, 150 жыл бойы Шығыс Азияны дүрліктіріп тұрады. Күннү ұлысының Модұн қағанының тұсында оның шығысындағы көптеген аймақтар өзара қырқысып, соның салдарынан бір топ аймақ жеке бөлініп, солтүстікке барып, Сяньби, Ухань тауларын сағалайды. Шығыс Моңғол153 аталып, Сяньби, Ухань деген екі ұлысқа бөлініп, Тоба әулеті Сяньби ұлысына қарасты Сүтао аймағына топтасады. Осы Тоба деген Юанвэй ұлысының шежіресінде: «Тоба, негізінен, солтүстіктегі шөлейт даланы мекендеп, мал бағып, садақ тартып, аң аулауды кәсіп ететін,. Жеңілдікке бой ұып, жазусызуды қолданбаған. Әйтсе де, ағаш өрнектеп, белгі салуды білетіндіктен, бұнысы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, уақыт оза келе, кәдімгі шежіреші адамның жазғаны іспетті болатын... Содан көптеген буын өткеннен кейін, Мао деген шешен ,білікті батыр ұлысты билеп, отыз алты аймақ, тоқсан тоғыз әулетті басқарып тұрады. Түстік Қиырға даңқы артып, әміріне көнбейтін жан болмаған» - деп жазады. Бұл жөнінде Еуропаның кейбір тарихшылары Сяньби және Тобалар Шыңғыс қағаннан 1161 жыл бұрын, екі жүз жыл Онон өзенінің бойын мекен еткенін және де, олардың өздерінде құқығы жоқ, Күннү ұлысының құрамында болғандықтан, елдік саясат тұрғысынан маңызды ештеңе істей алмағанын, әйтсе де, алғашқы жүз жылдықтың соңынан бастап, белсенділігі артып, дербестік алып, отыз алты аймақ, жиырма тоғыз әулетті біріктіріп, ұлыс, мемлекет құрғанын баян етеді. Тағы да сол Юанвэй ұлысының шежіресінде: Жоғарыда айтылған Маодан соң көптеген хуандилер өткеннен кейін хуанди Зе Фенің тұсында оңтүстіктегі биік тау, терең ойпаңдардан көшіп өтіп, әу дегенде Күннүледің байырғы жеріне қоныс тебеді. Бұл жер Қатын өзенінің шынтағындағы Ордас жері екені шындық» - деп жазады. Бұл жөнінде Еуропаның кейбір таихшылары «Тобалар үшінші ғасырдың басында оңтүстікке аттанып, қазіргі моңғол нояндарының иелігіндегі Абақ пен Абақтар мекен еткен Жеті көлден154 терістіктегі Дала көлге155 деійінгі аралықты иеленіп, кейін өзіне қарасты көшпелі аймақтарды қоныстандырады. 261 жылы оңтүстіктегі Жоу және Шуак Хуан фу-дан батысқа қарай Ордасқа дейінгі кең алқапты түгелдей жаулап алған» - деседі. Юанвэй шежіресінде: «Зе Фень хуандидің ұлы Ли Вэй Шизу156 таққа отырды. Туғаннан ержүрек, батыр болғандықтан көптеген аймақтың адамдары түгелдей соған бағынды. Садақ ұстаған атты әскердің саны жиырма түменнен асты» - делінген. Сол тұста Шизу қалың аймақтың басшыларына: «Мен алдыңғы өткен дәуірлерді саралап бақсам, Күннү Модұнның халқы берекеттен тайқып, пайда дәулетке құнығып, іргелес елдің тұрғынын

153 - Шығыс Моңғол – Дун Ху. 154 - Жеті көл – т.н-да Долоон нуур. 155 - Дала көл – т.н-да. Далай нуур. 156 - Ли Вэй Шизу – Тоба ұлысын алғаш құрушы деседі. Қытайдың үш ұлысының тұсында (220-280 жж.) Дай (Ди) жерін мекен еткен Сяньби аймағының басшысы. Моңғолдың үш томдық таихында Шамохан деген атпен жазылған.

тонағанда, пайдалы жері бола тұра, оның есесіне мертігіп, қаза тапқандарының орны толтырсақ та толмастай. Және өшіккен жауларды түгендеп, жүз әулеттіні қайғыға күрмеу, тым ұзақты болжағандық емес» - деп үгіт айтыпты. Содан баып Қытайдың үш ұлысымен аса тату тұрып, кейіннен Вэй ұлысының төр билігі жиылып, Зинь ұлысы орнаған кезде де, Зе ұлысымен ерекше тату-тәтті қарым-қатынаста болған деседі. Содан Шизу дүние салып, оның ұрпақтары хан тағын неше кезеңге жалғастырады. Әйткенмен бәрінің ғұмыры қысқа болып, жастай дүние сала берген. Шырақты хан - Лу Гуань деген адам таққа отырған соң, ұлыс елді үшке бөліп, хан өзі Шангудің оңтүстігіндегі Жеті көлді мекен етіп, Шығыс Ювэй аймағымен ігелес тұрады. Тегі бір И Ту, И Лу дегендер оның батысындағы бөлшек аймақтарды иеленіп қалады. Олар Шизудан кейінгі Зинь ұлысымен ерекше тату қатынас орнатып, адамдарын тыныштыққа, елін байлыққа кенелтеді. Садақ, жебе асынған әскер санын 400 мыңға жеткізеді. Осы тұста И Лу хан миллион санды моңғолды солтүстіктегі Жуньжунь У Юаньнің157 жеріне қарай ығыстырып, оңтүстіктегі үлкен өзеннен өтіп, Оңтүстік Күннү мен Уханидің көптеген аймақтарын басып алады. Синчэнь деген қаладан солтүстіктегі 80 шақырымға созылып жатқан қорғанды жағалай барып, қысаң жолына ескерткіш тас тұрғызып, Зинь ұлысымен ірге бөліседі. И Ту хан слтүстіктегі шөл, құмайттан өтіп, оның шығысындағы ұлыстарды шабуылдап, өзіне қаратып алады. Бұл туралы Еуропаның тарихшылары «И Ту дейтін ол адам Шыңғыс қағаннан 1016 жыл бұрын шөлді құмайттан өтіп, жиырмадай ұлысты бағындырып, Солтүстік моңғолға шабуылдап, шығыстан батысқа дейінгі отыздай аймақты қол астына алған» - деседі. Сол тұста күннү текті Лю Юань сатқындық жасап, Хань деген ұлыс құрып, Зинь ұлысына қарсы жорық ұйымдастырған екен. Сол жылы И Ту қаза тауыпты. Оның тағына И Ген отырыпты. Және де, Шырақты хан158 қайтыс болып, оның тағына И Лу отырып, үш аймақты біріктіріп, тұтас ұлыс құрыпты. Лю Юаньжорықтарда көмектескені үшін, И Луды шаньюй дәрежесіне көтеріп, Ди жерінің гүн билігін береді. Мұндағы Ди деп отырғаны – көнеден Күннүлерге қарасты қалың аймақтың жері, қатыгез ЦиньЦиньнің159 тұсында соның қарамағына енген өлкені айтқаны. Бұл – Қатын өзенінің шынтағындағы Ордас екені шындық. Содан кейін қарамағындағы елін алып, ілгеріге қоныс аударып, Көк қала160 мен Датун Фу161 маңына тұрақтайды. Пинчэн162 қаласын жаңалап, астана етеді.Талай мәрте соғыстарда көмектескені үшін Зинь ұлысының ханы И Лу-ды диуаң дәрежесіне көтеріп, Дай Жоу, Чин Шань дейтін екі сианды тарту етеді. И Лу қайтыс болғаннан кейін, оның тағына немересі Юй Люй отырады. Ол бек күшті, батырлығынан Лу Ху аймақтарының біріккен шабуылын жеңіп,

157 - Юань – Хөх хот – Көк қала. Қазіргі Ішкі Моңғол астанасы. 158 - Шырақты – Ли Гуанды моңғолдар осылай атаған. 159 - Цинь-Цинь – Шихуанның б.з.б.221 жылы орнатқан Ұлы Цинь ұлысын айтады. 160 Көк қала – Хөх хот. 161 - Датун Фу – қазіргі Шаньси өлкесі 162 - Пинчэн – қазіргі Шаньси өлкесінің Датун қаласы.

ел-жерін Үйсіннің163 байырғы өлкесімен қоса, басып алады. Шығыста Узияны164, батыста түгелге жуық аймақтарды қол астына қаратады. Садақжебені қару еткен атты әске саны жүз түменге жетеді165. Еуропаның кейбір тарихшылары «Юй Люй Шығыс ханнан 843 жыл бұрын батыстағы ежелгі Үйсін жерін жаулап алып, шығыстағы Манжұрия еліне дейінгі кең өлкеде иелік құрған» - деседі. Үйсіннің жері деп, Тәңір тауынан Іле өзенінің түгел сағасына дейінгі аралықты айтады. Біз сөз еткен Юй Люй-ді бұрынғы хандардың бірінің ханымы өз ұлы Хэ Жу дегенге хан тағын алып бермек үшін жасырын, айламен өлтірген деседі. Сол Хэ Жудан кейін аз уақытта алма-кезек бірнеше адам хан тағына келгенімен, бәрінің де ақыы баянсыз болып, ұлыс, елдің ішкі-сыртқы жағдайы өте ауыр кезеңге тап болады. Содан ұлыс, елді Ши Изинь деген ақыл-қайратты біреу басқарып, іргесі мен төрін бекітеді. Ши Изинь шығыста Сюймэй дейтін Сунгари өзенінен батыста Луэнэ166 деген жерге дейін түгелге күйрете соққы бергендіктен, оған бағынбаған ел қалмаған дейді. Бұл туралы Еуропаның кейбір тарихшылары: «Батыста Ферғанаға жетпеуі мүмкін» - депті. Ши Изинь Жунь жуньның Шэнлуангун қаласын астана еткеннен кейін, оның оңтүстігіне Шэнлуанчэн деген тағы бір қала салдырады. Бұл қалалар қазіргі Датун Фу өлкесінде әлі күнге бар. Сол Гаучэнь167 дейтін аймақтың дүркін-дүркін шабуылына тойтарыс беріп, мал-мүлкін, түмен-түменімен иеленіп қалады. Сонымен қоса Ордастағы күннү текті Лю Вэйчэньді және де Ши Шанға алым төлеп тұрған аймақтан бөлініп шыққан Лю Гожэньді де бағындырып алады. Сондай-ақ, Оңтүстік Цинь ұлысының басшысы Фу Зяның қалың әскеріне ойсырата соққы береді. Түбі жеңіспен жүріп қаза табады. Осы жөнінде Еуропа тарихшылары «Ши Изинь әскери жаттығуларға шеберлігімен қоса, түрлі білімді де, жетік игерген адам болған. Сол үшін ол әділ заңдар шығарып, қылмысты істерге тура жазасын беретін. Адами қасиеттерді зор бағалайтын және күллі шығыс тарихында болмаған уақиға» - десе, келесі бір жазбаларда «Алайда, Ши Игуй қытай оқымыстыларын кеңесшіге алып, солардың ілімін үлгі тұтқанымен түбі моңғолдың жағдайына қытай ілімін шақтап пайдаланғаны аңғарылады» - деп айтылады. Ши Игуй жас адам болғандықтан Оңтүстік Цинь ұлысының иесі Фу Зян оған әскери басшы атағын беріп, ұлысын шығыс, батыс екі аймаққа бөліп, өзіне қаратады да, шығыс аймағын Ши Игуйға, батыс аймағын Лю Вэйчэньге басқартады. Осы шақта Ян ұлысының Мужун әулеттілері Тоба Ди ұлысына салық төлеп келгенімен, ол кез Цинь ұлысының Фузянь аймағының іштей бүгіліп тұрған тұсына дөп келеді де, Лю Гожинь Мужун Вэйдің қолынан қаза тауып, оның ұлы Сия хан тағына отырады. Бірақ та, оны Ши Игуй өлтіріп, дереу Ди Ванның тағына отырып, ұлысты түгелдеп, қол басшы, уәзірлерді жаңадан тағайындайды. Сонан Ши Игуйдің қуаты артып, маңайындағы көптеген

163 -Үйсін – Усунь. 164 - Узия - Шығыс Манжұрия 165 - Бұл жерде әскер саны сәл артық айтылған сияқты. 166 - Луэнэ – Памир ұлыстарының солтүстігіндегі Ферғана. 167 - Гаучэн - Ұйғыр

аймақтарды бағындырады. Қол астына қарағысы келмеген аймақтарды түгел шауып, талайының дүние мүліктерін тартып алады. Солармен қоса бұрындары өзіне қарап тұрып, бөлініп кеткен Жужан ұлысын жаулап алып, Қатын өзенінің шығысына қондырады. Және де, талай рет соғыс ашып, шабуылдап келген Лю Вэйчэньнің балаларын, туыс-туғандарымен қоса, бес мың адамды өлім жазасына кеседі. Лю Вэйчэнь дегені күннү адамы, оған қарастыларды да, күннү нәсілді болғандықтан осы уақиғадан кейін моңғолдың168 басшылары үш мың үймен Лю Вэйчэньнің қол астына бағынады. Содан Ян ұлысының Мужун әулетінің мужун Чун, мужун Бо, мужун Болин, мужун Дэ дегендер кезекпен шабуылдап, маза бермейді. Лю Вэйчэнь жаудың әрбір шабуылын жеңіспен аяқтайды. Ақырында, соңғы бір айқаста жауын ойсырата таптап, ел-жерін, тірі қалған әскерлерін, мол байлығымен қоса басып алып, ұлыс таңбасын да қолына алады. Сөйткен шақта Ши Игуй: «Менің бабаларымның кезінен бері талай Жоуды169 тоқтатпаған еді. Талай хандар таққа отырған еді. Менің кезіме келгенде орталық мемлекеттің һарам ниеттілерін жерден өшіріп, алыс-жақынның барлығын өзіне қаратты, ұлыс атын Вэй деп өсірді. Соңында Юнвэй атанды» - депті. Содан Вэй ұлысы ілгеріге барып, Пиняньді мекен етті. Пинянь Қатын өзенінің Ян, Пин сағасына жақын еді. Содан ұлыстың шекарасын, қатынас жолдарын жаңалап, жарғы заңын өзгертті. Өзі нағыз Хуанди тағына отырды. Бұл Шыңғыс қағаннан 764 жыл бұрын еді. Әскер қолбасшыларын да өңшең оқымыстылардан тағайындап, ұлыстың үлкен мектебіндегі оқушылар санын үш мың адамға көбейтеді. Мұның сыртында көптеген мәдени-әлеуметтік мекемелерді жанжандырып, ішкі-сытқы жаушылықты жойып, талай-талай тарихи істерді тындырады. Шыңғыс қағаннан 762 жыл бұрын Ши Игуй Көк қаланың солтүстігіне орналасқан Гуйгуй170 ұлысының көптеген аймағын өзіне бағындырып, Зин Шань тауының теріскейіне әкеп қоныстандырады. Осы тұста Жоужан171 ұлысын билеуші Шан Лю деген адам Ұйғыр ұлысының Мүба деген жерін басып алып, өзін Жоужан ұлысының Ху ханы деп жариялайды. Атты әскерінің саны едәуір көбейген Шан Людің солтүстікте даңқы артып, Шығыс Сұнғари дариясынан оң, сол қолдағы Манас өзеніне дейінгі байтақ өлкеге иелік құрады. Жоужандардың түп төркіні қайдан шығатыны туралы көптеген ғалымдар сөз еткенімен, әлі күнге нақты анықтай алмаған. Кейбір тарихшылар Жоужан көптеген ұлттың біріккен ұлысы болатын. Соңында Түрік ұлысымен мүлде шығысып, бір бөлігі Шыңғыс қағаннан 603 жыл бұрын Дунай өзеніне дейін Еуропаға шабуылдап, Авар деген атпен әйгілі болған десе, енді бірер тарихшылар қытай тарихнамасын, Зауран немесе Зауян деп аталатын моңғол

168 - моңғолдың басшылары – Ху-дың басшылары. 169 - өкіметтік құрылымның атауы. 170 -Гуйгуй – ұйғыр. 171 - Жоужан – Қытай тарихында Жоужандарды шығыс Худан тарататындықтан, соны негіз еткен ғалымдар жоужандарды моңғол текті аймаққа жатқызады. 402 жылы Шелунь деген адам Жоужан ұлысын орнатып, өзін хан деп жариялаған. 555 жылы түрік аймақтары біріккен күшпен шабуылдап, Жоужан аймағын жойған.

аймағына байланыстырады да, оны Уур дейтін моңғол екені шындық деп жазады. Бұдан соң Тоба хуандиі Ши Игуй қаза тауып, оның тағына хуанди Че172 отырады. Ол ұлысты білім, мәдениетке баулып, бейбітшілікке қол жеткізеді. Оңтүстік Қытай мен Жоужанға соғыс ашып, Оңтүстік қытайдың Хэнань173 өлкесін иеленіп, жоужандарды құм даланың174 оңтүстігіне қарай ығыстырады. Көп кешікпей хуанди Че дүниеден өтеді. Өлмес бұрын ұлыс билігін хуанди Тао175-ға береді. Хуанди Тао білімді де шешен ер жүрек адам болған. Атасы Ши Игуйдың өнерін бойына дарытқан, аса білікті адам болғандықтан оның ерлікпен аяқталатын соғыстары, айлалы әрекеттері жайлы тарихи жазбаларда кеңінен сөз етіледі. Солардың бірінде сол кезде Юнвэй ұлысын қоршаған көптеген аймақтар Тао-ға қарсы соғыс ашып, жеңіліс табады. Тао оларды ойсырата жеңіп, қуатты Жоужан ұлысына да қатты соққы береді. Екі шеп әскермен қуып жүріп соғысып, миллионға жуық ірі-қарасын, жылқысын сатқын Гаугүй176 мен қоса қолға түсіреді. Бұдан кейін Жоужан ұлысы мүлде жойылуға тақау қалып, гаугүйлердің көмегімен әзер ес жияды. Тао гайгүйлерге де қатты соққы береді. Шинан өлкесіне таласып, Сүн177 ұлысы мен Цин178 ұлысының жеріне иелік етіп тұрған Ся179 ұлысына соғыс ашады.Бір жылдан кейін екі ұлысты да жеңіп, Ся ұлысының жерін өзіне қаратып алады. Бұл Ся ұлысы дегені Жао ұлысының Лю Юанынан тарайтын Хэ Лянбоба деген адамның құрған мемлекеті болатын. Оның неше дәуірге жалғасқан ұлысы осылайша құрыған. Содан кейін Жоужанның жеңілген ұлысы бірде салық төлеп, бірде шет аймақтарға шабуыл жасап күнелтеді. Хуанди Тао Қатын өзенінің батысындағы Хэнсидің бірлігін құлатып, Сүн ұлысының бұрынғы байланыстарын үзіп, Юанвэй мен Тугухунь ұлысымен ірге жалғастырады. Бұл туралы еуропаның кейбір кейбір тарихшылары «осы тұста Сунғари өзенінен батыс Хас көлі, Қатын өзенінің бас сағасына дейінгі кең өлкені мекен етушілер түгелдей моңғол тілді, моңғол салт-дәстүрді тұтынған. Және де батыс оңтүстіктегі Динлин, Юйвэйді аймақтары өз тіл, салтынан айрылып, моңғолдарға бірігуге мәжбүр болған» - деседі. Батыс Тугухунь ұлысы еріксіз әлсіреп, Юанвэй ұлысына бағынуға мәжбүр болғанымен, кейіннен қайта қуат жия бастаған тұста, хуанди Тао Тугухунь мен Жоужан ұлысына қарсы соғыс ашып, жолай Түркістанды да өзіне

172 - Че – 409 жылы Ши Игуй (Тобы Гуй) қайтыс болысымен хан тағына отырған. Тарихта Тоба Сы деген атпен айтылатынбұл адамды Тоба вэй ұлысының тарихында Мин Юанди хан деген атпен әйгілейді. 173 - Хэнань – Орталық қытайдың өлке атауы. Астанасы Чэлэнжоу Шэньси, Хэбэй, Шаньдун, Аньхуй, Хубэй деген өлкелермен шекараласады. 174 - Құм дала – Гоби шөлін айтады. 175 - Тао – 439 жылы хан тағына отырған. Тарихта Тай У Да хан деген атақпен айтылады. 176 - Гаугүй – «Биік арбалы» деген қытай сөзі.ҮІІІ-ІХ ғасырлар тұсында моңғол жерінде билік құрған ұйғырларды қытай тарихында гаугүй деп атаған. Ұйғырлардың түп төркіні б.з.б. ІІІ ғасырда Динлин; б.з.б. ІҮ ғасырда дили, тэлэ, гаугүй; б.з. Ү ғасырда хуйхэ, ойхор, ұйғыр деп аталған. 177 - Сүн ұлысы – 420-479 жылдар аралағында Оңтүстік Қытай жерінде болған ұлыс атауы. 178 - Цин – 385-413 жылдары моңғол текті Цифу аймағының Гожэния дегені Қытай жеріне құрған Батыс Цин ұлысын айтқаны сияқты. 179 - Ся ұлысы – 407 жылы Ордас пен қиыр Шэньсиді мекен еткен Күннү аймағының Хэ Ляньбобоның құрған ұлыс атауы. Ся ұлысын тугухуньдар жойған деседі.

қаратып алған деседі. Содан кейін Сүн ұлысымен соғысып, біршама ойсырата бастаса да, ақырына жетпей өз жеріне қайта оралады. Егер де, қайта қайтпаған жағдайда қытайлар төтенше әлсіреген болар еді деп жазады. Хуанди Тао бұл соғыстан кейін өз ордасында бір кезбенің қолынан қаза табады. Осы жөнінде кейбір тарихшылар «Басқа ешбір жан Қытай жеріне орната алмаған ұлы ұлысты180 құрып, оны дәуірлеткен моңғол хандарының ішіндегі даңқтысы саналатын Тао бұрхан шәшінге181 қарсы адам еді. Шыңғыс ханнан 715 жыл бұрын өз ұлысының ішінде бұрхан шәшінін жоюға бұйрық шығарғанына қарағанда, ол лаозының діни дауос шариғатын бұрхан шәшінінен артықша көргендігі байқалады. Әйтпегенде, Хуанди Тао қандай да бір жалпы ілімді жек көретін адам емес - тұғын. Ол білімді дамытуға қаншалық көңіл бөлетіндігін Шыңғыс қағаннан 717 жыл бұрын кез келген уәзір қолбасшылар өз балаларын көпшілік оқуға бергені жөн деген бұйрықты шығарғанынан ілуге болады. Әсілі Хуанди Тао аса білімді қоласшылығымен қатар, әсте кең ауқымды ойлайтын билеуші болғандықтан, білімнің қажеттілігін тым ерте түсінген адам. Сондығынан да ол ұлыс еліне өндіріс пен түрлі өнерді, шеберлікті өркендетуді көздеген-ді» - деп жазады. Және де хуанди Тао қайтыс болғаннан кейін Шығыс Азияда тыныштық орнап, Шыңғыс қағаннан 715 жыл бұрынғы бұйрықтың жойылғаны Қытай өлкесіне будда дінінің тарауына жол ашады. Әйтсе де, дәл осы кезеңдерде Юанвэй ұлысы бірнеше мәрте соғыс бастаған деген таихи деректерді сөз етеді. Осылайша Шыңғыс қағаннан 703 жыл бұрын хан тағына отырған хуанди Ши унь нендей себептен екені белгісіз өзі әскер бастап, солтүстіктегі Жоужанға қасы соғыс ашады. Бұл туралы Қытай жазбаларында: «Жорықта оның туы мыңдаған шақырымдарды шарлаған» - дейді. Соғыста Жоужандықтардың көбісі оңтүстікке қоныс аударып кетеді де, хуанди жұртта қалған мың шақты адамды ғана қолға түсіреді. Әйтсе де, ол өзін марапаттап, биік жатасқа осы соғыстағы ерлігін жаздыртады. Бұдан кейін Тугухунь ұлысы салық төлеуден бас тартып, оларға қарсы ұрыс бастайды. Осы тұста Сүн ұлысымен де екі жыл бойы соғысады. Соғыс Шыңғыс қағаннан 693 жыл бұрын екі жақтың татулық келісімге келуімен аяқталады. Сол келісімде қытайлар Юанвэйлерге қазіргі Хэнань өлкесінің оңтүстік бөлігін береді. Шыңғыс қағаннан 691 жыл бұрын Юанвэй ұлысына қарсы ашқан Жоужан соғысында таққа отырған хуанди Хун182 өзі әскер бастап, неше мың адамды ат-сайманымен қолға түсіреді. Шыңғыс қағаннан 689 жыл бұрын Туғухунь ұлысының әскерлері есе қайыруға аттанып, екі жақ бітімге келеді. Шыңғыс қағаннан 682 жыл бұрын Қыдан аймағы Юанвэй ұлысының қарамағына енеді. Осы жылы Жоужан ұлысына қарасты гаугүйлер өз ішінен қырқысып, Жоужанды да қатты әлсіретеді. Бұларға Юанвэй ұлысына қарасты гаугүйлер бірігу ниетін танытқанмен, ұлыс заңы қатты болғандықтан ақыры аяқсыз қалған екен. Шыңғыс қағаннан 666 жыл бұрын таққа отырған хуанди екінші Хунның тұсында солтүстіктің ауа райын қолайсыз деп, ұлыс астанасын Линчэннен

180 - Тоба ұлысын айтады. 181 - Бурхан шашин – Бұрқан діні – моңғолдар дзен буддизімді осылай атайды. 182 - Хуанди Хун – Тарихта Тоба Хун деп жазылады. Хандық шені – СяО Вэнь деп аталады.

көшіріп, Қытай жеріне терең бойлатып, Қатын өзенінің оңтүстігіндегі Лоян деген жерге қондырады. Сол кезде орда ішінде моңғолдың183 ұлттық киімін киюге, моңғолдың184 тілімен сөйлеуге тиым салған жарғы шығады. Еуропаның кейбір ғалымдарына сүйенсек, мұндай жарғының шығуына ұлыс билігі қытай нәсілді адамның қолына тиюі себеп болған көрінеді. Осылайша Тобаның185 ұлы ұлысы Қытай ұлысына айналуы ел ішіне де үлкен бүлік тудырады. Хан тағын жалғастырушы тәйжі Тоба Шиюн, жасырын бүлік ұйымдастырып, қытайларға қарсы ұрыс ашпақ болып, онысы әшкереленіп, аяқсыз қалады. Өзі ату жазасына кесіледі. Бұл уақиға Шыңғыс қағаннан 664 жыл бұрын болған деп жазады. Осыған қатысты қытайдың кейбір жылнамаларында; Вэй ұлысының билеушісі тоба нәсілді Вэнь Ди ханның тұсында өзеннің186 шығысы мен батысындағы өлкелерді түгелдей, оңтүстігі мен солтүстігіндегі өлкелерді жатылай басып алып, осы өлкелердегі Күннү ұлысының ху адамдарын өзіне қаратады. Шивэй Ху187 жеріндегі адамдадың көбі қытай нәсілділер болғандықтан ұлыс билігін де солар ұстап тұрған. Вэнь Ди ханнан бастап, ежелгі бабалар заманына дейін жалғасып келген моңғолдың188 төл салт-сана, әдет-ғұрып, ұлттық үрдісінен ажыратып, қытайдың салты мен дініне зорлықпен бағындыру әрекеті жүргізіледі де, халықтың берекесі қашып, өзара қырқыс басталады. Нәтижеде ұлыс билігі әлсіреп, Вэй ұлысының тоба әулеті әке-бала, аға-іні демей өзара қырқысып, тозуға айналады. Лянь189 ұлысының У Ди190 ханының тұсында Лоян қаласында Вэй ұлысының мұрагерлері ханның уәзірлері түгелдей ху адамы Жужун худың қолынан қаза тапқан деп жазады. Бұл жеде тобалықтар қытайларды тым шексіз бағындырып, оның мәдениетіне терең ден қойып, олардың жеріне кең тарағандығы түбі өз бастарына соққы болып тигені өкінішті-ақ. Бұдан кейін Юанвэй ұлысы Шыңғыс қағаннан бұрынғы 682-611 жылдар аралығында болған Қытайдың Ци ұлысына шауыл жасап, қытай әскеріне ойсырата соққы береді. Бірақ Юанвэй хуанди кенеттен қаза болып, алғашқы жоспар аяқсыз қалады. Содан Шыңғыс қағаннан 611 жыл бұрын Юанвэй ұлысы Көк дария мен сары дарияның арасындағы кең алқапты басып алып, екі жақ бітімге келеді. Бұдан кейін Юанвэй ұлысының өз ішіндегі қырқыс қайта өршіп, оңтүстігіндегі Гаугүй, батысындағы Хэси аймақтарының арасында ұзаққа жалғасқан соғыс басталады. Соның салдарынан Юанвэй ұлысы екіге бөлініп, Шығыс Вэй ұлысы Лоянды орталық етсе, Батыс Вэй ұлысы Чаньаньды

183 - моңғолдың – ху-дың. 184 - моңғол – ху. 185 - Тоба (ұлысы) – Хор (ұлысы). 186 - өзеннің – Хатын өзені. 187 - Шивэй Ху – сол кездегі батыс Моңғолды осылай атаған. 188 - моңғолдың – хулардың. 189 - Лянь ұлысы – Оңтүстік Қытай ұлысы (502-557 жж.) 190 - Лян (550-557 жж.) ұлысының алғашқы ханы. 502-550 жылдар арлығында билік құрған.

орталық қылады. Шығыс Вэй ұлысына Гау Янь басшылық етіп, ұлыс атауын Ци191 деп өзгертеді. Батыс Вэй ұлысын Юй Вэй уәзір билейді. Ол ұлысын Жоу деп атайды. Ци ұлысын бес хан кезекпен 28 жыл билеп, Жоу ұлысына бағынып тұрған. Жоу ұлысын да бес хан кезекпен билеп, 25 жыл жасап, Сүй192 ұлысының қол астына енеді. Тоба ұлысы Шыңғыс қағаннан 900 жыл бұрын ілгеріге шабуылдап, Ордасты иеленеді. Екі Вэй ұлысының соңғысы Шыңғыстан бұрынғы 605 жылға дейін 295 жыл тұрады. Ши Игуй хандығы Шыңғыстан бұрынғы 764 жылдан 159 жыл дәуір кешкен. Осы Ци, Жоу екі ұлысы орнаған кезден бастап, Түрік ұлысы да әйгілене бастайды, оның билеушілері екі ұлыстың ісіне араласып, кейіннен Жоу ұлысына көмектесіп, Ци ұлысын күйретіпті. Юанвэй ұлысы туралы Еуропаның кейбір ғалымдары: «Моңғолдар сол кезде Қытайдың ішіне терең бойлап, кең тарағандықтан, бір-бірінен байланыс үзіп, ұлы Юанвэй ұлысы әлсіреп, әскери қуатынан арылады. Сөйтіп, кең далаға шашырап кеткен Моңғолдың қалдығы талай ғасырды өткеріп, Шыңғыс қаған деген баһадүрдің тұсында ес жиып, әрі Азия құрлығына өз билігін жүргізген деп жазады. Қытай шежіресінде Юанвэй ұлысы ыдырағаннан кейін кейбір бөлігі әулет атауын үзбей қолданып келіп, Ди жеріндегі аймақтары Түрік ұлысының құрамына енген деп жазады. Қазіргі моңғолдардың ата-тегі Шыңғыс қағанның кезіндегі моңғолдар екені даусыз. Шыңғыс қағанға дейінгі аталары Дайляо193 деген Қытай ұлысы, бұлардың ата-тегі Хятан ұлысы194. Хитан ұлысының ата-тегі Тоба, Сяньби екені шындық. Тоба, Сяньби ұлысының ата-тегі Күннү ұлысы және оның құрамындағылар. Моңғолдың ата-тегін белгілі тарихи жазбалар арқылы осылай дәлелдеуге болады. Әйтсе де, Тоба ұлысының алғашқы ханы туралы бір даулы мәселені айтпай кетуге болмайды. Тоба ұлысының алғашқы ханының 25 ұлының бірі болатын деген жазбаларды және Шыңғыстан бүрыны Бөрте Чыноны Үнді қағандарының ұрпағы деп айтылатын әңгімелерді ескерсек, сол кезде Шығыс елдерінде өз басшыларын қайткенде бір ұлы адамның ұрпағы етіп көрсететін жол-жоралғы болғанға ұқсайды. Автономиялық Моңғол ұлысының195

191 - Ци ұлысы – Солтүстік Ци ұлысы 550-557 жылдар аралығында болған. 192 - Сүй ұлысы - 518-818 жылдар аралығында болған. 193 - Дайляо – Хятандар 936 жылы Қытайды басып алғаннан соң, ұлысын осылай атаған. Дай «ұлы», Ляо – «темір» деген қытай сөзі.Ұлы Ляо ұлысы Шығыс көлінен Алтай тауы, Керулен өзенінен Ақ қорғанға дейінгі жерге иелік еткен. Ұлы Ляо ұлысының құрамындағы түрлі ұлыс, аймақтардың өзара қырқысы ХІ ғасырда шегіне жетіп, солардың бірі шүршіттер 1115 жылы Алтын ұлысын орнатыпты. 1118 -1125 жылдары Алтын ұлысы Қытайдың Сүй ұлысымен күш біріктіріп, Хятанның бір жартысы хан тектіЕлюй Даштың ұлысын қытай тарихында «Батыс Ляо ұлысы, Араб, Парсы тарихында «Қара қытай» (Хая хятад) деп атайды. 194 - Хятан – моңғол текті аймақ. 388 жылдан кейін Хятан (Цидан) деген атау Қытай жазбаларында айқын бола бастаған. ІҮ ғасырдың басында Хятан аймақтары Сары дария бойын мекен еткен. Сонан Муюун (Мужцһун) аймағынан ығысып, Жэхэ өлкесінің батыс солтүстігін мекендейді. 388 жылы Хятандар Солтүстік Вэй ұлысынан жеңіліп, екіге бөлініп, батысты беттегені – Кумоси, шығыс бөлігі – Хятан деп аталыпты. Хятандар сегіз аймақтан құралып, Ұлы Хянған тауы, Авын тауы, Ляо (Лууха)өзенінің басына дейін Сары дарияның сағасына тарап мекендеген. 195 - Моңғолдар Манжурияның бодандығынан кейін құрылған уақытша үкімет.

тұсында Тибет текті Жавзандамба196 хұтықтының197 Моңғолға хан көтерілгені де, сондай жоралғыдан болса керек. Бірақ та, мұны дәл солай деп дәлелдеуге тағы келмейді. Тоба дейтін Юанвэй ұлысын тарихи және тілдік тұрғыдан зерттеген дүние жүзі ғалымдарының пікіріне сүйенер болсақ, бұл ұлыстың Моңғол тектілер болғаны даусыз шындық. Сондықтан бұл жөнінде әңгімені соза берудің де қажеті шамалы.

БЕСІНШІ ТАРАУ

ТҮРІК ҰЛЫСЫНЫҢ ДӘУІРЛЕГЕН КЕЗІ

Жоғарыда айтылған ұлы Юанвэй ұлысы әлсірей бастаған тұста Түрік аймағы күш біріктіріп, Моңғол жеріне қуатты бір мемлекет орнатады. Түрік - Моңғол емес, оның тарихын бұл жерде сөз ету артық іспетті сезілгенімен, екеуінің шығу тегі әріден сабақтас, ұлыстық құрылымы, әлеуметтік жағдайы тіптен сабақтас себепті тарихи деректері де бір-бірінсіз толыға алмайды. Түріктер тарихи маңызы зор мұраларды қазіргі моңғол жеріне көптеп қалдырған. Сондай-ақ, Моңғолдың Хи татаби198 және де Хятан аймақтары түріктерге қарсы шабуыл жасау арқылы соңында олармен араласып кеткен. Сондықтан Моңғол тарихын зерттеуші ғалымдар Түрік тарихын қозғамаса шалалық болады. Моңғол тарихын еріксіз сөз ететін себебі де – осы. Түрік тарихы – дерегі мол, өте көлемді мұра. Біз сол ұшан-теңіз мол мұралардан санамызға жақын келген бірлі жарым ғалымдардың ғана жазба деректерін қысқаша сөз етпекпіз. Түріктердің атамекені Бараба деп аталады. Олар бұл жерді Күннүлердің дәуіріне дейін, Шыңғыс қағаннан мың неше жүз жылдар бұрын мекен еткен. Сонан шығысқа қарай бет алып, Алтай, Саян тауларын Қатұн, Бия дарияларын және де Енисей дариясының батысынан құятын Кемчиг, Абахан деп аталатын екі дарияның бойын мекен қылған. Түріктер осы жерлерді мекендеп жүрген кездерінде динлиндермен жолығып, олардың бір жартысын құл етіп, енді бір жартысымен қоян-қолтық араласып, Саликем жоталары мен Қобда бойын қоныс етеді. Сөйткен тұста олар Күннүлердің қыспағымен ілгеріге қарай жылжып, Нан шанидің шығысындағы алқапқа қоныстанады. Бұл жерде де көп тұрақтай алмай,

196 -Жавзандамба – қазақ тарихында Боғда хан деп аталып кеткен. 197 -Хутагт – Хұтықты - әулие, құдіретті деген мағынадағы діни атау. 198 - Хи татаби – Татаби аймағын айтып отырған сияқты.

қайтадан кері қарай ығыстырылып, Жаужан ұлысының қол астына кіріптар болады. Сол тұста Обь дариясының бойын мекен еткен түрік текті тайпалар өзара бас қосып, келе-келе күшті ұлысқа айналады. Осы айтылған деректерден байқайтынымыз – түрік ұлтының көптеген аймақтары Күннү ұлысының кезінен бастап, Моңғол жерін қоныс еткендігі және де олардың кейін гаухуй, гаугуй, тел ие199 секілді көптеген түріктекті тайпалардың аталған жерлерді қоныс еткендігі. Кейіннен олар Шыңғыс қағаннан 621 жыл бұрын ұлы мемлекет орнатып, Каспий теңізінен ұлы Хянған тауына дейін түгел Азияға иелік құрады. Олардың алғашқы иесі – То Ман қаған200 еді. Ол Түрік нәсілінен тарайтын Тел ие аймағын және де, Жоужан ұлысын жаулап алып, шығыста Моңғолдың Хятан ұлысының жерін иеленіп, Парсылармен байланыс орнатып, Эфталды201 жаулап, оның жерін Парсының шет аймақтарымен қоса өз иелегіне алады. Осыдан кейін 20 жыл бойы оңтүстік пен солтүстіәкке бірдей екпінді шабуыл жасай жүріп, ақырында қуатынан айрылып, Сүй ұлысына бағынышты болады. Шыңғыс қаған туылғаннан шамамен 577 жыл бұрын Түрік мемлекеті оңтүстік және солтүстік деп екіге бөлінеді. Сонан Қытайдың алуан түрлі айласына шырғалып, түріктің екі ұлысының басшылары өз арасынан жауласып, 50 жыл қытайға күш-қуатын жұмсап, солардың пайдасы үшін ұрыс-соғыс жасаумен болған. Бұмын қағанның мұрасын жалғастырушылардың ішінен Ши Бе деген қолбасшы түріктердің басын біріктіріп, Қытайға қарсы шабуылдап, Сүй ұлысын қатты әлсіретеді. Соның әсерінен Сүй ұлысы ыдырап, оның орнына Тан ұлысы202 дәуірлей бастайды. Осы Тан ұлысын орнатқан қолбасшы Ляй Юан Ши Бенің көмегіне сүйенген себепті, Сүй Бей ұлысының тұсында Қытайдың қол астында болған түріктер, енді Тан ұлысына билік жүргізетін болған деседі. Түріктер Тан ұлысын дүркін-дүркін шабуылдап, оның шет шекарасындағы біраз қалаларды басып алғанымен қоймай, көлемді мөлшерде алым-салық алып тұрғаны да сөз етіледі.Солай бола тұрса да, түріктер нелер бір қиындықтарға тап болып, Те лие мен Шуайяньту тайпалары бүлініп, ұлысты құрайды да, хуйхе, жегу, мэгу деп аталған бірқанша тайпалар осы ұлыстың қарамағына енеді. Мұның сыртында Түрік ұлысының тағы бірқанша басшылары Тан ұлысының қол астына өткендіктен, ұлы ұлыстың қуаты әлсіреп, халқы ойсырай бастайды. Соған қарамастан Түріктер қарсы шабуылға аттанып, ақырында жеңіліп тынады.

199 - Тел ие – телес. 200 - То Ман қаған – Бұмын қағанды қытайлар осылай атап жазады. 201 - Эфтал – адам аты. Ол Шыңғыс қағаннан 677 жыл бұрын Атай мен Хотын аралығындағы кең өлкені, батыста Каспий теңізінен Синдх дариясының бойына дейінгі жерлердегі барлық ұлыстады біріктіріп, бір ел етіп, сол елді Эфтал деп атаған. Осы елді қытайлар алғашында Хуан, кейіннен Э Да немесе Эй Дан деп атаған. Эфталдың ата-тегі кім болғаны әлі күнге дейін анық дәлелденбеген. 202 - Тан ұлысы – Қытай ұлысы. 618-907 жылдарда жасаған. Тан ұлысының тұсында Қытайдың әулеті аса өркендеп, жоғарғы деңгейге жеткен деседі.Бұл да кейіннен көптеген шағын ұлыстарға бөлініп, ыдырап кеткен

Бұдан кейін Шуайяньту ұлысы дәуірлеп, ежелгі Түрік жерлерін, Алтайдан Үлкен Хянған тауына дейінгі, Байқал көлінен Гоби шөліне дейінгі ұланғайыр өлкені қол астына алады. Те лие ұлтының көмегіне сүеніп, Қытайдың да үрейін ұшырады. Түріктердің көптеген аймақтары оның құрамына енгендіктен, тіптен қуаты артып, ұлы мемлекетке айналады. Бірақ бұл мемлекет те тұрақты бола алмайды. Ішкі бүліншілік пен Қытайдың сырттай қысымшылығына тап болған Шуайяньту ұлысы мол қуатынан айрылады Те Лиелер Қытайдың қол астына өткендіктен, Шуайяньту ұлысына қарасты болған Моңғол жерін иелікке алып, оны екіге бөліп, жеке-жеке басшыға басқартады. Бір кез қытайлар осылайша түріктердің оңтүстік пен солтүстік екі қанатындағы түгел жері мен халқынқарамағына алып, өз билігін жүргізуге қол жеткізген. Әйтсе де, түріктер күш жиып, қайта көтеріліп, қытайларға қарсы мықты шабуыл жасағаны жөнінде, Түріктің Білге қағанының Орхон ескерткішіне қашаған жазбасында анық көрсетілген203. Содан кейінгі Түрік ұлысын Елтеріс қаған басқарған. Бұл қаған Қытайдың шекара маңындағы өлкелерін дүркін-дүркін шабуылдау нәтижесінде көптеген олжаға кенеліп,мал-мүлікке ие болған. Қытай басшыларының үрейін қашырып, халқын тозық еткен. Елтеріс қаған дүниеден өтер шағында оның қарамағында Моңғолдың ілгері өлкесіндегі шөлейтті алқап, Қаңғай тауының ойпатты тұстары, Алтай тауының жатылай бөлігі болғанына қарамастан, оны түрік тарихында алып тұлға есептейді. Тәуелсіздіктің қорғаушысы, баба даңқын арттырушы санайды. Азия құрлығының ұлы ұлыстарымен болған ерен шайқастардың білікті қолбасшысы деп біледі. Орхон ескерткішінде де дәл осылай суреттелген. Елтерістің мұрасын бауыры Му Жо жалғастырған. Бұл қаған 25 жыл бойы қылышын қынабына сұқпаған. Түрік ұлысының іргесін нығайтып, тәуелсіздігін бекіткен. Бұл жөнінде Орхон ескерткішінде: «Күндіз отырмадым, Түнде ұйықтамадым ...» деп келтіреді. Му Жо түріктері бұрындары мекен еткен түгел өлкені ұлыс қарамағына алып, Ұйғыр ұлысын бағындырады. Те Лиелердің бірқанша бөлігін ілгеріге қуып жібереді. Қытайға қарсы шабуыл жасап, оның құрамындағы түріктерді қайтарып алады. Сонымен қоса Қытайлардан көптеген астық-тары, егістік құрал-саймандарды олжалайды. Содан кейін батыс өлкелерге қарсы күш жинап, қырғыз, түргеш204, қарлық, соғда, қара түргеш аймақтарын иеленеді. Бұл туралы Түрік ескерткішінде; батыр қолбасшы Білге қаған және оның ағасы һәм інісі Күлтегін205 және Елтеріс, Му Жо, оларды қостаушы мерген

203 - Білге қаған (683-734) – Түріктің Елтеріс қағанының тұңғыш ұлы. Ел ішіндегі бектердің хан тағына таласын жойып, Түрік ұлысын орнатқан адам. Білге ұлыс мемлекетіне көптеген жаңалықтарды енгізгенмен қоса, қытайдың Тан ұлысы басып алған түріктердің көптеген өлкесін қайтарып алып, әйгіленген қолбасшы. 204 - Түргеш - Оңтүстік Түрік құрамында қара, сары аталатын екі түргеш аймағы болған. 205 - Күлтегін – Елтеріс қағанның кенже ұлы. Ағасы Білге қағанның хан тағына отыруына үлкен ықпал еткен. Түрік ұлысының ішкі-сыртқы елдермен байланысын жауаптанған бедел иесі, әскери қолбасшылығымен де әйгіленген адам. Ол 685 жылы туып, 731 жылы қайтыс болған.

Тонықұқтардың жеңіске марқайған кездерін, соғыс барысын сәтті бейнелейді. Шыңғыс қағаннан 446 жыл бұрын Азу206 жерлерін басып алған, азулар дегені қырғыздың сотүстігін мекен ететін түрік, динлиннің құрама нәсілділерден тұратын аймағы деп жазады. Сол жылдардан бастап, Түріктің жаңадан дәуірлеген Ұлы мемлекеті ұзамай құлдырауға бет алған деседі. Оның себебін, Му Жоның әсте қатаң билігіне қара халықтың қарсы болғандығымен түсіндіреді. Му Жоға қарсы болған Оңтүстік Түрік құрамындағы тоғыз тайпа ел Қытайдың қол астына енуге өтініш білдіреді. Хэсиді мекен еткен Те Лие әулеті тіптен Қытайдың шекарасынан өтіп барып, қоныс тебеді. Түріктің тоғыз тайпасына ерген қарлықтар да, Қытайдың қол астына кіруге ынта танытады. Туғухунь мен корея ұлтының басшыларының белгілі бөлігі қытай нояндарының билігіне өтеді. Бұлардан кейін ұйғырлар бүлік сала бастайды. Дегенмен Му Жо ұйғыр бүлікшілерін бас көтертпей таптап, дүние мүлкін олжалап алады. Баеэгу деп аталатын бірер аймақ қашып үлгеріп, тасалаған еді, оларды да қуып барып Толы207 өзенінің жағасында жайпап тастайды. Осы шайқастан қайтып келе жатқан Му Жоны баеэгулер Уд ағашы208 деген жерде аңдып тұрып, аз санды әскерін түгелдей өлтіріп, Му Жоның басын кесіп алып, Чаньань қаласына жіберген, деседі. Дәл осы кезде Түік елі қарлы жұт пен аштыққа тап болып, қара халық қатты тозғынға ұшырайды. Мерген209 қолбасшы Білге қаған мен оның кеңесшісі Тегін екеуі қос жұтқа тосқауыл бола білген, деседі. Бұдан соң ұйғыр мен тұнғұс210 татарлар жұтаған түріктермен бірге Қытай жеріне қоныс аударады. Му Жоны өлгеннен кейін Тегін түріктердің хан тағына өз ағасы Моғыланды211 отырғызады. Моғылан таққа отырған соң «Білге қаған» деген атқа ие болады. Осы Білге қаған мен Күлтегін екеуін Елтерістің әулетінен шыққан, Білгенің мінезі жайсаң, өзгелермен қатынасқанда байсалдылықты қалайтын. Күлтегіннің турашыл мінезі мен Тонұқұқтың білгірлігінің арқасында /түріктер/ ешқандай қарулы қақтығыссыз бөгде қолына кеткен қалың елін құрастыра білген деп, Орхон ескерткішіне жазыпты. Түрік ұлысы осылайша бас қосып, жаңадан дәуірлей бастаған тұста қытайлар басмал212-дар мен Хятан, Татабилерді түрткілеп, соғысқа мәжбүрлейді. Ақырында басмалдар түріктерге қарсы соғыс ашып, жеңіліп қалады. Содан кейін Хятан мен Татаби екеуі Түрікке қарсы соғысып, нәтижесінде хятандар Түрік ұлысының боданына айналады. Соңында Қытай мен Хятан екеуі өзара соғысып, бұл соғыста Түріктер хятандарды қолдайды.

206 - Азу – Қырғыздың ішкергі өлкелерін мекен еткен түрік пен динли тайпаларынан біріккен шағын аймақты атаған. 207 - Толы – Туул өзені. Қазірде осылай аталады. 208 - Уд ағашы – Уд мод, жер атауы. Будда аңызында айтылатын қасиетті ағашты да моңғолдар осылай атайды. 209 - Мерген – дана, данышпан. 210 -тұңғұс – хамниғандарды айтады. 211 - Моғылан – Могилян. 212 - басмал – басмаш – құрама ұлттарды осылай атаған.

Моңғол текті Си213 мен Хятан аймақтары осылайша түріктерге қарсы соғысып келуінің сыртында Қытайға қарсы сан мәрте шабуыл жасап, қаһарынан қайтпағандықтан, Түрік пен Қытай басшыларының назары ешқашан шығыстан таса болмаған, деседі. Түрік ұлысының осылайша қуаты артып, дәуірлеп тұрған десек те, Күлтегін дүниеден озып, оның ағасы Білге қаған өлтірілген соң, түріктер ауыр жағдайға тап болады. Осы орайды пайдаланған қарлұқ, үйғыр, басмалдар түріктерге қарсы мықты шабуыл ұйымдастырады. Басмалдың басшысы Идиғұт214 өзін өзі хан сайлайды. Түгел ұлыстың билігін қолға алғанын жария етеді. Қарлұқ пен Ұйғырдың басшылары ябғу деген атаққа ие болады. Бұдан кейінгі шайқастарда да түріктер жеңіліске ұшырайды. Түріктің 11 тайпадан құралған ең үлкен құрамын қолға түсірген қытайлар сол екпініменІшкері Моңғолға қарай әскерін жөнелтіп, қалған өлкені ұйғырлар мен бірге басып алады. Ұйғырдың нояны Пэй Ло басмалдың Идиғұтын өлтіріпғ тағын тартып, алады. Бұдан кейін ол Түріктің Бемен ханын да өлтіреді. Сөйтіп, Шыңғыс қағаннан 416 жыл бұрын Ұйғырдың ұлы мемлекетін орнатып, хан тағына өзі отырады. Қара Түргештің хандығы Шыңғыс қағаннан 395 жыл бұрын жасағанымен ішкі әлсіздіктің әсерінен жойылып, бі жартысы Қарлұққа, қалған жартысы Ұйғырдың құрамына кіреді. Түріктер 540 жыл шамасынан740 жылға дейінгі аралықта моңғол жерін мекен етіп, бірде әлсіреп, бірде күш-қуатқа ие болып жүргендігі жөнінде айтылатын тарихи шындық осылай. Түрік тарихының моңғолдардың көне тарихымен тікелей сабақтасатын тұстары даосылай. Күні бүгінге дейін көне түріктің талай-талай тарихи мұралары мен таңбалы тас, жазулы ескерткіштері сақтаулы тұр. Солардың қайбірі болмасын моңғолдың көне тарихын аықтауға айқын дәлел бола алады. Жоғарыда айтып өткеніміздей Елтеріс қағанның кезіндегі мерген тонұқұқ уәзірдің сүйегін жерлеген жерге екі бірдей жазулы ескерткіш тұрғызылған. Ол Толы өзенінен ілгерідегі Налайхан215 жерінде орналасқан. Моғылан216 қаған мен Күлтегін екеуінің ескерткіштері Орхон бойында сақталған. Енді, төменде осы ескеркіштердің жазбаларын келтіреміз: 1. ЕЖЕЛГІ ТҮРІКТІҢ ЕЛТЕРІС ҚАҒАНЫ БІЛГЕ СӘЙТ217 ТОНЫҚҰҚТЫҢ ЕСКЕРТКІШ ТАСЫНДАҒЫ БІТІК ЖАЗУ (Налайханда) «Мен білге Тонұқұқ Табғаш218 елінде қылынттым219. Сол кезде Түрік бұдұны220 Табғаштың еркіне қарайтын еді. Мен Түрік халқы қағаны болуын

213 - Си – моңғол текті аймақ. Ежелгі Кумоси аймағын қытайдың тарихи жазбаларында ҮІ ғасырдан бастап Си деп атай бастапты. Кумоси аймағы шығу тегі жағынан хятандармен туыстас келеді. ІҮ ғасырда мужундар Ляоси маңында сяньбилерге қарсы соғыс ашып, содан кейін сяньбилер ыдырап, Юйвэнь, Кумоси, Хятан аймақтарын құраған. 214 -Идиғұт – Идигуд. Ұйғыр ханы. 215 - Налайхан – қаланың атауы. Мұнда жер атауымен қолданып отыр. Тонұқұқ ескерткіші осы қаладан шығысқа қарай 18 шақырымда орналасқан. 216 - Моғылан – Моғылян. 217 - білге сәйт - мерген сайд – білікті уәзір. 218 - Табғаш - Қытай елін осылай атаған.

қаладым. Түрік халқы Табғаштан ажырады. Қағанды болды. Қағанын тастап, қайтадан Табғашқа кірікті. Сол шақта Тәңірі жарлық қылды: Қаған бердім. Сендер қағандарыңды тастап, кіріптар болдыңдар. Кіріптар болғаның үшін Тәңірі өлімші етті. Түрік ұлысы қырылды. Әлсіреді. Жойылды. Түрік сір халқының жерінде қайта ошақ тұтамады. Ойда, таста қалғандары құралып, жеті жүз болды. Екі бөлігі атты еді. Бір бөлігі жаяу еді. Жеті жүз кісіні бастаушы ұлығы шад221 еді. Ол маған бірігіңдер деді. Солай біріккендер ішінде мерген Тонұқұқ мен бар едім. Мен оны хан сайламақты ойлағаным – алыстан арық бұғы, семіз бұғы екеуінің семіз арығын айырғандай қиын еді. Кейін маған тәңірі Білік дарытып, мен оны қаған еттім. Менің қасымда Байла кіші тархан мерген Тонұқұқ болғаны үшін мен Елтеріс қаған болсын деп, ілгеріде Табғаш, шығыста Хятан, солтүстікте қалың Оғұзды құрттым. Оның білгір досы, даңқты досы мен едім. Сол шақта біз Цугуй хожи222 және Қара ғомда223 отырар едік. Мен сонда киік жеп, қоян жеп отыдым. Халықтың құрсағы тоқ еді. Біздің жау жыртқыш құс сияқты еді. Жағдайымыз осылай еді. Солай отырған шақта оғұздардан тыңшы келді. Тыңшы сөзі мынадай; Тоқс, Оғұз халқы ханын сайлады. Қытайларға Күн Сенүнді, Қытандарға Тоңра Семді жіберді. Былай деп сөз жіберді. Азғана түрік халқы қозғалды. Бұлардың ханы әсте жүректі, ақылшысы тіптен мерген /білгір/, ол екі кісі тірі тұрса, сендердің қытайларыңды олар өлтіреді, - деді. Шығыста қытайларды сола өлтіреді, - деді. Және, біз – оғыұздарды солар өлтіреді, - деді. Қытайлар оларға түстіктен шабыңдар! Қытандар оларға шығыстан шабыңдар! Мен оларды терістіктен шабайын! Түрік – сір халқының жерін жат иесі баспасын! Ондай жау жойылар болса, жояйық, - дедім. Бұл сөзді естігеннен кейін ...? Мен былай дедім; Қытай, оғұз, Қытан үшеуі біріксе, біз жеңілеміз. Тағдыр жазымымен тасқа шаншығандай болармыз. Жұқаны бүктеу – оңай, жіңішкені үзу – оңай. Егер жұқа нәрсе қалыңдаса, оны тек алып қана бүктейді, жіңішке нәрсе жуандаса, оны үзуге алып күш қажет болады. Шығыста – қытанға, түстікте – қытайға, батыста – құрданға, терістікте – оғұзға, екі-үш мың қолмен бара аламыз ба? Осылай өтіндім. Қағаным менің өтінішімді Қабұлдаған соң, Мен – білгір Тонұқұқ осыларды өз қолыммен жасадым. Сен өз көңіліңдегідей баста, - деді. Біз Хүг жүн-нен өткен соң, мен әскерді тоғайға қарай бастадым. Тоғлан өзенінің бойындаоғұзда жануарға жүктерін тиеп келді. Олар үш мыңдай, біз екі мың едік. Тәңірі бізді жарылқағандықтан, соғыстық. Олар бытырап, жартысы суға құлап, жартысы қашып жүріп өлді. Сөйтіп, түгел оғұздар бізге бағынды. Түстік, терістік, шығыс, батыстың елі мені Түріктің қағаны мен халқын Өтүкен жеріне топтастырып, және білгір – Тонұқұқ менің өзімнің де Өтүкен жерінде екенімді естіп, түгелдей қол астыма келді. Біз екі мың қол едік, жауға кірдік.

219 - қылынтым – қылынттым – еттім – істедім еңбектендім. 220 - бұдұн – халық, халқы. 221 - шад – түріктің төр билігінің лауазым атауы. 222 - Цугуй хожи – бұл жер Ханғай тауынан ілгерідегі өлкелер сияқты. 223 - Қара ғом – Хар гом – Қарақұм.

Түрік халқы жеңеміз деп, Түрік қағаны иелік етемін деп Шантұң қаласына, теңізге қарай аттанып, жеңіліс тапты. Бұны қағаныма айтып, Шантұң қойнауы мен теңізге қарай аттандым. Отыз үш қаланы талқандап, Үйсін, Бұтатуды жаптым. Қытайдың ханы біздің жауымыз еді. Он Оң ханы224 жауымыз еді. Және қырғыз ханы ең мықты жауымыз еді. Осы үш хан ақылдасып, Алтын тауында кездесейік, - депті. Шығыс Түрік қағанын шабайық, – десіпті. Егер шаппасақ, бізді қалайда құртады. Қағаны – алып екен, ақылшысы - білгір екен, қайткенде де, құртатыны хақ. Солардан бұрын біз үшеуіміз аттанып, өздерін құртайық десіпті. Түргеш қаған былай депті; Менің халқым сонда отыр. Түрік халқы бүлініп, оның құрамындағы оғұздар қарсылық жасады, - деді. Осы сөзді естіп, түнде ұйқым келмеді, күндіз отырғым келмеді. Менің ойлағаным; біз алдымен Қырғызбен соғыссақ ..., - деп ойладым. Айттым. Және де Көгменді 225көктеп өтетін жалғыз ғана жол бар, оны қар басып жатыр деп естігендіктен «біз ол жолмен жүруге болмайды» дедім, мен. Мен жершіл адам іздеп, Ас жерінен біреуді таптым. Ол былай деді. Менің елім Ас ..., мен ол жолды білемін. Көгменді басып өтетін жалғыз жол сол ғана. Жолай тынығатын бі жер бар. Анунды құлдап жүруге де болады. Онымен жүрсек тізіліп өтеміз, деді. Мен оның сөзін естіп; сол жолмен жүре алсақ болғаны, - дедім. Қағаныма да солай айттым. Әскерлерге жауға аттаныңдар! – деп бұйрық етіп, Ақтермелде жиналыңдар! – деп ескерттім. Әскерлерге қарлы жерлерден аттың үстінде тұрып жүріңдер деп, және де оларды аттан түсіріп ағаш таянып жүрдік. Алдыңғы шептегі әскерлер қарды таптап өтті. Мен әскерімді алға ұмтылдырып, Иберден асырдым. Біз он күнде тау бөктеріндегі қиын жолдан өттік. Жолшы бізді теріс бастағаны үшін өлтірілді. Біз шаршап-шалдығып келе жатқан сол шақта, қаған былай бұйрық етті; «Ілгеріге ұмтылайық, Ану дариясы осы. Мұны құлдилап жүрейік. Біз сол өзенді құлдилап жүрдік... Күні-түні аттарымызды желдірте жүріп, қырғыздарды ұйықтап жатқан жерінде қылыштадық. Жол аштық. Хан мен әскері бекініп қалған екен, біз олармен де соғысып жеңдік.Біз олардың ханын өлтірдік. Қырғыз ұлысы келіп, қағанымызға бағынды. Қайтарда Көгмен тауының келесі жағымен асып өтіп,Қырғыздан алыстадық. Түргеш қағанның барлаушысы келді. «Солтүстіктің қағанына аттанайық. Біз оны жаулап алмасақ, қағаны асыл екен, ақылгөйі білгір екен. Олар бізді басып алады, - деді. Он оң түгел халқы аттанды, - деді. Және де, Қытай әскерлері дайын отыр, - деді. Біздің қаған осы сөздерді естіп, «Мен өзіме қайтайын», - деді. «Қатыны өлген еді, мен оны жерлейін», - деді. «Сендер әскерді алып, аттаныңдар», - деді. «Инел хан мен Тардуш қол бастасын!», - деді. Өзіме – Білгі Тонұқұққа былай деді: «Сен мына әскерді басқар226 өзің біліп, жазала. Мен саған басқа не айтайын», - деді. «Олар ілгерілеп келген болса, маған тіл жібер. Олар қозғалмаған болса, көңіл алаңсыз барлап ал», - деді. Біз Алтын тауында жатқан кезде үш рет барлаушы келді. Үшеуінің сөзі бір: «Қағаны әскерімен келе жатыр. Он оң

224 - Оң хан – қыт. Уаң дәрежелі хан. 225 - Көгмен – бұл Баян тауының маңы сияқты. 226 - Батыс түріктерді айтады.

әскері түгелімен келеді», - деді. «жарыс жазығында жолығысайық», - деді. Мен бұл сөзді естіп, қағанға хабаршы жібердім. Қағаннан жауап келді. «Сендер алаңдамай сонда жата беріңдер. Қарауыл, күзеттеріңе сақ бол. Жауыңа алданып қалма», - деп Бөгү қаған маған жарлық жіберді. Қолбасшы Апа – тарханға бұйрық жіберіпті; «Білгі Тонұқұқ өзі біледі. Ол әскерлермен бірге шабуылға кірісейік десе, айтқанымен бол». Мен осы хабарды естіп, әскерді бастадым. Алтын тауын жолсыз жермен астым. Ертіс өзенін өткелсіз жерден өттім. Түнімен жүріп, Болшыға таң ата жеттік. Тілші келді. Оның сөзі: «Жарыс жазығына он түмен әскер жиналды», - деді. Бұл сөзді бектер түгел естіп: «Қайтайық, күштіге сес көрсету жұқпас», - деді. Сонда Білгі Тонұқұқ мен бүй дедім: «Біз Алтын тауын асып, мұнда келдік. Біз Ертіс өзенін кешіп, мұнда келдік. Жауымыз күшті болса да, бізді көрмеді. Тәңір – Ұмай, Ұлық – Жер олардың көзін қалқалады. Біз несіне қашамыз? Аз болсақ та неге олардан жеңілеміз? Шабамыз!», - дедім. Біз шауып кіріп, оларды састырдық. Ертеңінде олар дала өртіндей қаулап келді. Біз ұрыстық. Олардың екі қанаты біздің жарты әскерден көп еді...Тәңірдің қуатында көп деп, олардан қорықпадық. Біз Тардұш шадыға ере жүріп ұрыстық. Жеңдік. Ханын олжаладық. Жабығысын, шадысын олар өздері өлтірді. Елудей адамды қолға түсірдік. Сол түні олардың еліне жарлық жіберілді. Жарлықты естіп, он тайпа ел бектерімен келіп, бағынды. Біз келгендерді бектерімен қоса үйіріп, қашқандарына қуғыншы жөнелттік. Біз тағы да аттандық. Інжу өзенінен өтіп, Тінесі, Оғлұ, Жатұқман, Бәнлі тауларынан асып, Темір қапұққа дейін жауымызды ығыстырып барып, қайттық. Инел қағанға ... Соқ бастаған соғданың кейбір халқы келіп бағынды. Ертеде біздің бабаларымыз, Түрік халқы иесіз тұста, Темір қапұқ, Тінесі, Оғлұ, Жатұқман тауына келген екен. Мен – Білгі Тонұқұқ әскерімді осы жерге әкелгенде сары алтын, ақ күміс, қыз-қырқын... бағалы мүлікті есепсіз алып қайттым. Елтеріс қаған біліктілігінен, батырлығынан 27 рет Қытайға қарсы соғысты. Жеті рет Қытандармен соғысты. Бес рет Оғұздармен ұрысты. Оның ақылгөйі – Мен, өзім едім. Оның қолбасшысы – Мен, өзім едім. Елтеріс қағанға, Түріктің Білге қағанына ... Қапаған қағанға ... Түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым. Қызыл қанымды төктім, қара терімді сықтым және мен өзім ұзақ жорықтарға бастадым. Арқұй, Қарқұй бақша-сын молайттым. Қайтқан жауды Мен ... жауыңды құрт деп қағаныма айттым. Тәңірі жарылқады! Бүкіл Түрік халқының ішінде ешбір қарулы жау тұрмады. Сырттан ешбір ат дүбірі жақындап келмеді. Елтеріс қаған қозғалмаса, Оған еріп Мен қозғалмасам, елім, халқым болмас еді. Сол қозғалғанның арқасында, Оған еріп Мен қозғалғанымның арқасында еліміз қайта ел болды, халқымыз қайта халық болды. Енді өзім қартайдым. Қайбір елдің хандығында, қандай бір халықта... Мен - Білгі Тонұқұқ мұны Түріктің Білге қағанның халқына арнап жаздырдым. Елтеріс қаған қозғалмаса немесе ол жоқ болса, Білгі Тонұқұқ Мен қозғалмасам, Қапқан қағанның жерінде, Түріктің сірі халқының жерінде Ел де, Халық та, Ие де болмас еді. Елтеріс қаған мен Білгі Тонұқұқтың қозғалғаны үшін Қапқан қаған мен Түріктің сірі халқы дәуірлеп, Түріктің

қазіргі мына Білге қағаны Түрік халқы мен Оғыз халқы үшін таққа отырдымыс227.» 2. ТҮРІКТІҢ БІЛГЕ ҚАҒАНЫНЫҢ ЕСКЕРТКІШ ТАСЫНДАҒЫ БІТІК ЖАЗУ (Орхонның Хөшөө Цайдам жерінде) «Тәңірі жебеген, тәңірлі Түрік Білге қаған. Сөзі бұл: Үстіде көк аспан, астыда қоңыр жер жаралғанда, арасында кісі оғылы жаралған. Естеміс қаған деп әйгіленген менің бабам – Бұмын қаған кісі оғылына иелікке отырып, бұл халқын асырап, төр ұлысын бекітті. Төрт бұлынындағы228 ұлыстар жауласа тиіскенде, әскерін бастап, қозғалтып, төрт тараптағы қалық аймақтарды күшпен бағындырып, жуасытып, бастыны иілтіп, тізеліні жүгіндірді. Шығыста Қадырхан алап орманына дейін, батыста Темір қапаққа дейін ұлысын мекендетіп, бұл екеуінің арасында /бөтен/ текті ұлыс жоқ, Көк Түрік ұзақ уақыт иелік етіп отырыпты-мыс. Бабам Буман білгір қаған екен. Алып қаған екен. Оның сәйіттері229 білгір ержүрек бектер екен. Халқы да сірі әділетті екен. Сондығынан халқын ұзақ демеп, төрін, ұлысын нығайтқан екен. /Өзі/ қаза болғанда күн шығар түстіктегі түгел атырап аймақтарының адамдары, Қытай, Тибет, Парфурм, Қырғыз, Үч, Хуриған, Отус, Татар, Хятан, Татаби қатарлы көптеген ұлыстың адамдары келіп, егіле-елжірей жылап, жоқтау айтты. Сондай атақты қаған болған еді. Одан кейін інісі қаған болды. Інілері ағаларындай болмады. Балалары әкелеріндей бола алмады. Біліксіз қағандар таққа отырып, сұрықсыз қағандар төр биледі. Сәйіттері жабырқаңқы, бектері мен қара халқы жалғаншыл болды. Қытайлар бірін біріне шағыстырып, бүлдірді. Інілері ағаларына қарсы шабысты. Бектері қара халқымен қырқысты. Түрік халқы қастерлі ұлысын күйретіп, иелік еткен қағандарын өлтірді. Білекті ұлдары қытайдың құлы болды. Ару қыздары қытайдың күңі болды. Түрік бектері түрік атақтарын жойып, қытай бектерімен бірдей, қытай атағын алып, қытай қағанына бағынып, елу жыл бойы соларға жан-тәнімен беріліп, күн шығыста Бүгли ханға230 дейін, батыста Темір қапаққа дейін солармен бірге жүріп, қытай қағанына мына ұлысының түгел билігін берді-міс. Қамұқ Түріктің231 қара бұдұны232 былай десті: Ұлысым еді – бұл! Ұлысым енді қайда? Кімге ұлысымды ертермін? Қағанды ұлыс едім, Мен! Қандай қағанға жанымды, күшімді беремін, Мен? Солай десіп, қытай қағанына қарсы жауласып, көне жұртқа барып күш жинайық деп, көшті. Олар бізге келіп бағынбаса, Түрік ұлысын түбірімен құртып, қайғы-қасірет шектірейік деп, қытайлар бірнеше мәрте әскер аттандырды. Үстіден Түріктің аспаны, астыдан қасиетті жер, су; Түрік ұлысы еш сөнбесін!, Мәңгі тұрақтасын! – деп, менің әкем Елтеріс қаған, анам Елбілге ханымды /Тәңірі/ айдарынан демеп, еңселерін тіктеді. Менің қаған әкеме еріп, жиырма жеті ер аттанды.

227 - Кітаптағы нұсқа бойынша аударылды. 228 - бұлыны – төрт тарабы. 229 - сәйіт – уәзір. 230 -жер атауы. 231 -Қамұқ Түрік – Хамаг Турк – барша Түрік, түгел Түрік. Қамұқ – көне атау. 232 -Бұдұн – (көне түрік) халық.

Олардың шеттеп жүргенін қаладағы адамдар естіп, қаладан шығып қарсы алып, таудағы адамдар таудан түсіп қарсы алып, барлығы біріккенде жетпіс ер жігіт болды. Тәңірі жебегендіктен қаған әкемнің әскері қасқыр сияқты, қарсылас жауы қой сияқты болып, шығыс пен батысты бірдей шарлап, күш жинап, кісілерді үгіттеп, барлығы жеті жүз ер болды-мыс. Әскердің саны жеті жүзге жеткенде өзін хан тұтып, жеке-жеке ұлысқа бөлінгендерді, өзгенің құлы болғандарды, Түріктің төр ұлысын тастағандардың барлығын менің бабамның жолымен жиыстырып, ер жүректілер етіп, Тайлаш, Тардұс аймақтарын ұлыстың ішіндегі өз қонысына қондырып, ябғу, шадтарын сайлап берді. Оңтүстіктен Қытай ұлысы, Солтүстіктен Тоғұс Оғұс Бас қағаны жауласып, Қырғыз, Хуриған233, Хятан, Татаби түгел шабуылдады. Әкем қаған осыншама көп ұлысқа қарсы 47 рет әскер аттандырып, жиырма рет айқас жасады. Тәңірі жарылқап, қуаттанғандықтан, елін ел етті, қағанын қағанат етті. Жауын жуасытып, тізеліні шөктірді, бастыны бүктірді. Қаған әкем елін еңсертіп, төрін теңелтіп, дүниеден өтті. Қаған әкемнің басына Баз қағанның балбалы қойылды. Қаған әкем қайтқанда сегіз жаста едім. Менің ағам қаған болды. Ол жарлыны бай етті, жартыны бүтін етті.Ағам қаған тағына отырғанда, мені – Тегім дейтін. Тәңірінің қуатында мен жиырма төрт жасымда Пардұш халқына шад болдым. Қаған ағаммен бірге солтүстікте Шандұн жерінің жасыл өзенінің жазығына дейін, оңтүстікте темір Қапаққа дейін жетіп, Көгменнен асып, Қырғыздың жеріне дейінгі аралықты шарладық. Барлығы отыз бір рет әскермен аттанып, жиырма үш рет соғысып, ел ұлысты нығайтып, қаған төрді бекітіп, тобықтыны шөктірдік, бастыны бүктірдік. Түргеш қағаны әуелден маған бағынышты түрік адамы еді. Білместігі үшін, бізге жаулығы үшін өлтірілді. Оған қоса жақсы бектері түгел өлтірілді. Онған ұлыс-ел түгел азап көрді. Атамыз-бабамыз ұстаған жер-су иесіз болмасын деп, Аз ұлысын құрдық. Барс Бекті қаған сайлап, ханша қарындасымды бердік. Ол жазасы үшін өлтіріліп, ұлыс-елі құл-құтан болды. Көгіменнің жер-суы иесіз болуы жараспайтыны себепті мен Ас, Қырғыз ұлысын жасақтап орнаттым. Күн шығыста Қадарғанның алап орманына дейін халықты қоныстандырып, батыста Гэнгү Тарманға дейін Түріктің бір тұтас ұлысын қоныстандырып, жасақтадым. Сол кезде біздің құлдарымыздың өзі құл, күңдеріміздің өзі күң ұстайтын еді. Інілері ағаларын қинамайтын, ұлдары әкелерін қинамайтын. Мына ұлыс, мына төр билігімізді біз осылай нығайттық. Оғұс Түріктің бектері мен қарасты елі тыңдаңдар! Үстідегі аспаннан басып қалатын, астыдағы жерден ойылып кететін қауіп-қатерсіз Түрік ұлысы! Мына Ұлыс-ел, төр-билігіңді нығайтқан кім? Сен әуелден турашыл Түрік ұлысы емес пе едің? Мойында, өкін! Сенің адал ниетің үшін құралып, Білге қағанның дамытқан мына ғажап Ұлысының алдында қателік жасап, қамықтың сен! Сені бүлдірген соғыстың қасіреті қайдан шықты? Сені бағындырған, сені соғыстырған ой қайдан шықты? Қалың орман елің бетбетіне көшіп, бір бөлігі батысқа қарай босты. Барған жерден тапқан

233 -Хуриған – Отұс татар.

жақсылығың – жалқы жаныңның қанын ағызып, сүйегіңді тау-төбе ғып үйіп, қуатты ұлдарыңды құл қылып, ару қыздарыңды күң еттің. Сенің ойламсыз, әлжуаздығыңнан менің қаған ағам өлім құшты. Ескерткіштің басына мен Қырғыз қағанының балбалын тұрғыздым. Түрік ұлысының атақ-даңқы еш өшпесін, деп Мені көтеріп хан тағына отырғызды. Мен дүние-малы бай елге қаған болмадым. Ішерге тамағы, киерге киімі жоқ, кедей халыққа қаған болдым. Інім Күлтегін екеуіміз де шад едік. Ата-бабамыздың асқақтатқан елінің даңқы өшсе болмас деп келісіп, Түрік ұлысы үшін түн ұйықтамай, күндіз отырмай, інім Күлтегін екеуіміз – екі шад өліп-талып жүріп, Ұлысты ұлы еттік. Осылайша күрескенде Ұлысты оттан, судан сақтап, ыдырап тозған елдің басын біріктіріп, біріккендерін әлдендіру үшін солтүстікте Оғұс ұлысы, шығыста Хятан, Татаби, оңтүстікте Қытаймен соғысып жеңіп, жиырма екі рет соғыстық. Тәңірі демеп жебегені үшін Мен жойылуға айналған ұлысты көтеріп әлдендіріп, жалаңаш елді киімді, кедей елді бай ауқатты етіп, жетім елді жетілдірдім. Осы елдің барлық ісін басқарып, қағанның даңқын арттырдым. Төрт тараптағы елдерді күшпен жуасыттым. Менің көп хандарым түгелдей қарсылықсыз маған ерді.» депті. Түріктер алғашында таңба тәріздес төртбұрыш жазуды қолданған. Кейіннен ол жазуды жаңалап өзгерткені – мына ескерткіштегі жазулар дейді. Сол ескерткіштегі жазуларды алғаш Дания ұлысының ғалымы Томсен, орыстың ғалымы Радловтар шешіп оқыған. Бұл жазу Моңғол жеріндегі ерте заман тарихын зерттеуге өте-мөте қажет болғаны себепті дүние жүзінің ғалымдары сол арқылы Моңғолия жерін зерттеуді тіпті де қызықтайтын болды, деп жазады. Түріктің салт-дәстүрі тура кейбір ғалымдар жан-жақты зерттеген. Солардан бірер үзінділер келтірер болсақ, түріктер өліктерін табытқа салып, жерге көміп жерлейді. Қабірлерге там сияқты қорғандар тұрғызып, өлген адамның суретін салып, жасаған жорықтарының баянын қашап жазады. Және де адам мен жануарлардың бейнесін тасқа қашап қояды. Қандай бір батыр әскер өлген болса, оның қабірінен күн шығысқа қарай өлтірген жауының санымен жалпақ тастар қояды. Және де сол жаулардың ең күштісінен бастап қалап, бетіне таңба қашап белгі қалдырады. Осы сияқты қатарластырып қалаған тас ескерткіштер Налахан жерінде күні бүгінге дейін сақталған. Өзге жерлерде де осы тәріздес ескерткіштер кездеседі. Түріктердің әскери қарулары; дулыға, құяқ-сауыт, қылыш, қанжар, найза. Садақтары сол кездегі көшпенділердің қолданатын садақтарымен бірдей болған. Олар атуға мерген болғанымен көбінде жекпе-жек айқасқанды ыңғайлы санаған. Түріктің әдет-салты берік, заңдары қатты болған. Түріктер тектік ғұрыпты ұстанған. Ақ сүйектілер мен қараша тектілердің ара-жігін берік сақтаған. Барлық билік пен дәреже ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан. Хан тектілер оған иелік еткен. Ақ сүектілердің қыздарын қарашаға беруге тиым салған. Мұндай салт Күннүлерде болмаған. Түріктер осы салттарымен олардан ерекшеленеді.

АЛТЫНШЫ ТАРАУ

ҰЙҒЫР ҰЛЫСЫНЫҢ ДӘУІРЛЕГЕН КЕЗІ

Ұйғыр ұлысы моңғолдың жеріне Шыңғыс қағаннан 416 жыл бұрын, яғни Түрік ұлысы жойылғаннан кейін, соның жерінде құрылыпты. Көптеген ғалымдар ұйғырлады түрік тектес халық деп таныған. Сондығынан да, ұйғырлар моңғолдар мен түріктерге бірдей ортақ байланысты болып келеді. Әрі, олардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі екеуімен де сабақтасып жатыр. Әсірісе, шаруашылығы мен таным-білімінде тіптен айырмашылық жоқ деп айтуға болады. Бұлар Шыңғыс қағанның тұсында тіптен жақын қарым-қатынаста, татулық келісімде болған. Қытайдың тарихи жазбаларында Ұйғырларды саяси мәселелерге байланыстырып, әр кезеңде әрі қалай атаған. Бір кездерде Ху Хуй немесе Ху Хэ деп атаса, енді бірде Ху Си немесе Вэй У Эл234 дейді. Тоба, Юанвэй ұлысы мен Түрік ұлысы болғанда Гаугуй немесе Гаучэнь деп атаған. Ұйғырлар әлімсақтан бері түрік, моңғол хандарымен ұдайы аралас тірлік кешіп, бертіңгі кездерде ғана қуат алып, жеке ұлыс-мемлекет болуға қол жеткізген. Бұл жөнінде кейбір оқымысты ғалымдар: Ұйғыр нояны Пэй Ло Шыңғыс қағаннан 416 жыл бұрын Түрік ұлысын жойып, хандық ұлыс орнатқан деседі. Әйтсе де, Шыңғыс қағаннан бұрын 1367 жылдан 1136 жылдар аралығында болған Хан ұлысының тұсында Үнді жеріне барған қытай саяхатшысы Фа Ся-ның жол жазбасында; «Моңғолдың шексіз шөл, өзен-суларын он жеті күнде артқа тастап, Ұйғыр хандығының жеріне келдік. Сонан Ұйғыр жерін он бес күнде жүріп өттік...» дегенініне қарағанда, ұйғырлар сол кездің өзінде жеке иелігі бар, жеке елжерді мекен ететін немесе жеке-дара бірер аймағының өзіндік құрылымы болғаны аңғарылса керек. Ұйғырлар Орхонның Қара қорғанында235 орда құруымен қатар қазір Эрдэнэзуу236 тұрған Қарақорұм жерін астана еткен деген де деректер айтылады. Қаншалықты солай дегеннің өзінде ұйғырлар алғаш моңғол жерінде төр-мемлекет орнатып, тарихи жазбаларда белгілі болған кезі түріктерден кейін екені белгілі. Және де, қытайлар Ху Хуй, Хуй Ин ноян деп атаған – ұйғырдың Пэй Ло деген нояны Түрік ұлысының балаң қағанын өлтіріп, Ұйғырдың ұлы мемлекетін орнатқан еді. Бұл жөнінде кейбір тарихшылардың жазбаларын да: Ұйғыр ұлысы Түрік ұлысының жерінен әлде қайда та жерге иелік құрғанымен, күш-қуаты жағынан еш кемшін емес еді. Әйтсе де, бірер кездерде олардың күш-қуаты артып, ұлы ұлысқа айналу құпиясы – Тан ұлысының хуандиі Ұйғыр ұлысына мырзалық танытып, өзінің ордасына шабуыл жасамауды өтінгендігі де себеп болған. Шын мәнінде бұл уақиға ұйғырлардың күш-қуаттылығынан емес, сол

234 - Ху Хуй, Ху Хэ, Ху Си, Вэй У Эл – Қытайлар ұйғырларды осылайша әр қалай таңбалап жазған. 235 - Қара қорған – Хар балғас. 236 - Эрдэнэ зуу – ежелгі Қара қорұм. Хар балгас – Қара қорған деп те айтайды.

кезде қытайлар өз ішінен бүлініп, Ан Лушанның көтерілісіне237 тап болғандығынан еді, - деп жазады. Шыңғыс қағаннан бұрын 414 жылы Ұйғыр ханы Пэй Ло дүние салып, оның орнына баласы Мойынчұр238 хан тағына отырады. Бұған ұйғырдың түгел халқы қарсы болады. Найман оғұзу немесе сегіз тайпа, тоғыз татар тұтастай бөлініп, шығып, өздеріне оның үлкен ұлы Білік Тұтұқ дегенді хан сайлайды. Сол себепті, Білік Тұтұқ Мойынчұрға қарсы неше мәрте соғыс ашып, соңында жеңіліс тауып, елінің бір жартысы бағынышты болып, бір жартысы хятандарға239 қашып кетеді. Осыдан кейін тағы да қырғыз, түргеш басмал, қарлұқ қатарлы аймақтардан одақ құрып, соғыс ашып, Мойынчұрдың жеңісімен аяқталады. Дәл осы тұста Тан ұлысының ішінде Ан Лушанның көтерілісі басталады. Ан Лушан әуелде күннү текті адам болған. Ол Тан ұлысының ханына сенімді адам есебінде, оның ордасынан лауазымды орынға ие болып, биік дәреже, шен-шекпеннен сияпат көріп әбден кірігіп алады. Соның нәтижесінде Шыңғыс қағаннан 420 жыл бұрын Дунсин қаласына қолбасшыға тағайындалады. Сөйтіп қол жеткізген биліктің арқасында маңайына ху тектілерді топтастырып, төңірегіндегі қалалар мен елді мекендерге өз адамдарын билік еткізеді. Осылайша күн озған сайын оның күш-қуаты артып, өзін Ұлы Янь ұлысының хуандиі деп жариялауға дейін барады. Тан ұлысының астанасы Чаньаньбу мен Лоян қаласын басып алуға аттанады. Сол тұста Қытайдың батысынан тибеттер қалың әскермен басып кіріп, басшыларын дүрліктіріп жатқан кез еді. Қапыда қалған қытай басшылары Ұйғыр ұлысының қағанынан көмек сұрауға мәжбүр болады. Тибеттермен күш қабысқан Ан Лушан алғашқы шабуылда-ақ Сычуан, Ганьсу қалаларын басып алады. Тан ұлысы Ұйғыр қағанының көмегімен Ан Лушанды өлтіріп, қалаларын қайтарып алады. Әйтсе де, көтерілісшілер Ан Лушанның орнына қайта-қайта басшы тағайындау арқылы бұдан кейін де бірнеше мәрте Тан ұлысына қарсы көтеріліс жасайды. Осының салдарынан Қытайдың ішкі жағдайы тіптен қиындап, көптеген адам шығынына ұшырайды. Ақырында әлсіреген Қытай басшылары бұл көтеріліске Ұйғырлардың көмегімен зорға тойтарыс береді. Осы тұста бұдан өзге де қиындықтарға тап болған қытайлар ел-жерінің батыс пен оңтүстіктегі бірқанша аймақтарын тибеттерге айрылады. Осы жерлерді қайтарып алуға көшпелі тайпалардан жасақталған қосындар мен ұйғыр әскерлері ымыраға келіп, азық-түлік жинау сылтауымен қытайдың қалаларын ойсырата тонайды. Ұйғыр ұлысының кереметтей қуаттанған шағы Мойынчұр мен оның немересі Идигинь240 екеуінің тұсы болатын деседі. Идигинь өзгенің қолынан өлтірілгеннен кейін Қара қорған аштық пен зомбылықтың ұясына айналған,

237 - Ан Лушанның көтерілісі – Қытайдың Тан ұлысының тұсында болған қарулы қақтығыс. Ан Лушан Күннү текті адам болған. Және де Тан ұлысының жетекші басшылық қызметіне тағайындалады. Ан Лушан моңғол текті хятан, хумоси, шивэй сондай-ақ, түрік аймақтарынан құралған 150 мың әскерді бастап, Тан ұлысына қарсы 755 жылы күреске шығады. Ан Лушанның көтерілісі 10 жылдай жалғасып, 763 жылы шамасында жеңіліс табады. 238 - Мойынчұр – Моянчур. 239 - Хятан – қазақ жазбаларында Қидан деп жазылады. 240 - Идигинь – 758-799 жж. аралығында төр билігін ұстаған ұйғыр ұлысының қағаны.

деп те жазады. Идигиньді оның бас уәзірі Дунь Мохэ241 өз қолымен өлтіреді. Ол өзінің хан тағына отыру жолын ашу үшін Идигинь ханның өзге де көптеген туыс-туғандарын өлтіреді. Сонымен қатар Қытайдың төрмемлекетіне барып, қол асты салық төлейтін елің болайын деп жалбарынады. Дунь Мохэ хан тағына отырып, Күгүлік Білік242 хан атанып жүріп, Шыңғыс қағаннан 372 жыл бұрын қайтыс болады. Хан тағына оның ұлы Ду Лосэ отырады да, бір жылдан кейін ол да өлтіріледі. Бұдан кейін таққа отырған ағалы-інілілерді де, ішкі тартыс, дау-жанжалдың көбейгенін пайдаланып, орданың бір уәзірі өлтіріп, Ду Лосенің кәмелетке толмаған ұлы Ачуды таққа отырғызып, оны Фен Чен деп атайды. Ачу Шыңғыс қағаннан 366 жыл бұрын қайтыс болады. Одан ұл бала қалмағандықтан, хан тағына оның бас уәзірі Күлүк сайланады. Қара қорғанда қазірге дейін сақталған балбал тастағы жазбада: Қарлық, Тибетке қарсы ұрыста ерлігімен танылып, Ұйғырдың атақабыройын арттырғанын сөз етеді. Шыңғыс қағаннан 356 жыл бұрын Қарлық өлгеннен кейін хан тағына оның ұлы төрт жыл отырған дейді. Әйтсе де, ол бәлендей ештеңе тындырмаған. Одан кейін таққа отырған Боу Жи Шыңғыс қағаннан 340 жыл бұрын дүние салады. Боу Жиден кейін Ұйғырдың хан тағына Чүнд отырып, тағы да төрт жылдан соң, Шыңғыс қағаннан 336 жыл бұрын қайтыс болады. Бұдан кейін Гэ Са Тойрақ таққа отырып, Шыңғыс қағаннан 329 жыл бұрын орданың жасырын ымырашыларының қолынан қаза табады. Мұның орнына таққа отырған Гой Тойра деген еді. Онан бас уәзірі Гюй Лао Фу қарсы болып, Қара қорғанды басып алмаққа көп қолмен аттанады. Оны естіген Го Тойра өзін-өзі өлтіргендіктен, Гюй Лао Фу кәмелетке толмаған Гэ Са Тойрақты таққа отырғызып, соның атында ұлыс билігін өзі басқарады. Әскерін Қырғыздың243 қағаны Ачу Чен Лаоның әскерімен біріктіріп, Қара қорғанды басып алып, Гэ Са Тойрамен Гюй Лао Фуды қолға түсіріп, өлтіреді. Қырғыздың қағаны Чен Мин Қара қорғанды иеленген соң, өз әскерін сонда қалдырады. Ұйғырлар қаланы тастап шығуға мәжбүр болады. Бан Тойра бастаған бір жартысы батысқа ауып, Қарлықтың қарамағына енеді. Қалған жартысы Он өзеніне қарай барып, У Зо дегенді хан сайлап, жеке-дара тірлік құрады. Осылайша Шыңғыс қағаннан 321 жыл бұрын, Ұйғырдың хандығы жойылады. Бұған қосымша кейбір тарихшылар: Ұйғыр хандығы ыдырағаннан кейін жеке-жеке бөліне көшіп, Іле Тарбағатай маңына Ерен Қабырға244 тауын мекен етті. Көштен қалған бір бөлігі Моңғолмен араласып, қазіргі моңғолдың ұраңқай әулетін пайда болдырды. Бір бөлігі ескі шекараларын күзетіп, кейінгі тауында Тагнан ұранхай атанып қала береді. Ендігі бір бөлігі ілгеріге қарай көшіп барып, хотандармен қораласып, тілдерін ұмытып, бөтен тілді болып кетеді. Азғана бөлігі ғана Сары ұйғыр атанып, қазірге дейін Сары

241 - Дунь Мохэ – Ұйғыр ұлысының ханы. Хан тағын жалғастыру үшін ағайын-туысқандарының 200 адамын өлтірген деседі. 779-789 жж. аралығында хан тағында болған. 242 - Күгүлік Білік – т.н-да Хүүлүг Билиг деп жазылған.. 243 - Қырғыз – Ұйғыр хандығын күйретіп, моңғол жеріне хандық құрған аймақ. Қырғыздардың баба-тегін жазба тарихтарда гэгүнь, гяньгүнь, гэйвү, гиэгү, тиегиес, хакянье, хягас деп әрқалай жазады. 244 - Эрээн Хавирга – Ерен Қабырға, сөзбе сөз Шұбар қабырға. Қазір қазақ тілінде Еренқабырға деп жазылып, аталып жүр.

дарияның маңында Алашаның арғы тауларында ұйғыр тілін сақтап отыр деседі. Солай бола тұрса да, Шыңғыс қағаннан 321 жыл бұрын Орхоннан ауған ұйғырлар екі жеке хандық құрып, бірі Тәңір тауының шығысын, енді бірі Хэсиде Ган Жоуды мекен қылады деп те жазады. Ұйғыр ұлысының кереметтігі мен әлсіздігі туралы сөз еткенде: Тан ұлысының қағаны Ұйғыр қағанына бас иетін еді, десе, қытайдың тарихи жазбаларында: Ұйғыр хандарын Тан ұлысының қағаны тағайындайтын. Қаншаларын Ұйғыр хандарына сыйға беретін, дегеніне қарағанда, Тан ұлысы Ұйғыр хандығына тәуелді болмағаны байқалады. Ұйғырлар өзгелерді шабуылдап, тонаушылық жасауды мансұқ етпеді. Тәуелсіздігі үшін қандай да ұрыстан бас тартпады. Көшпелі мал шаруашылығына қоса аң-құс аулап, күн көрді. Мал санының көптігінен қой малының терісі мен аңның тері жүнінен киім киетін. Өз жерінде өнетін өнімдерді пайдаланып, сырт елдің бұйымдарын қажет етпейтін. Соның арқасында ұлыстың әлеуметі дамып, мал шаруашылығы барынша жетіледі. Ұйғыр ерлері садақ, найза сияқты ер қаруын шебер қолданып, оны ерлердің өнері санаған, деп жазады. Ұйғыр ұлысы осылайша әлсіреп жойылғанымен моңғол үшін пайдасыз болмаған. Моңғол тарихы мен моңғол жазбасына, сондай-ақ, моңғол тіліне де көптеген құнды мұралар қалдырды. Ұйғырлар қадым дәуірде Түріктер сияқты таңба тәріздес төрт бұрыш әріпті қолданып, кейіннен Тан ұлысының тұсында оны өзгертіп, бөлек пішінді жазбаға ауысады. Ол жазбалар кейбір балбалдарда әлі күнге дейін сақталған. Ұйғыр хандығының сондай бір жазбалы балбал тасы күні бүгін Ханұй мен Хүнүй өзенінің құйғанына құйылатын Моғой өзенінің245 бас сағасы Шинэ усан деген жерде тұр. Онда Ұйғыр ханының жасаған жорықтары мен ұрыссоғыстары баян етілген: «Богогчур246 хан Шыңғыс қағаннан бұрын 415 жылы Түріктің Осомс ханын өлтіріп, ханымын алып, Түрік хандығының ұрпағын үзді» деген сөздер сақталған. Моңғол жерінде қазірге дейін сақталып қалған, әрі жиі кездесетін балбал тастар мен түрлі бейнелі төрт бұрыш, үш бұрыш, дөңгелек келген жазбалар, қоршала қаланған тастар түгелдей түріктер мен ұйғырдан қалған, солардың жасаған мұралары. Қырғыздың ұясы247 емес, түрік пен ұйғырдың ұялары. Қырғыздар ұйғырларды басып алғаннан кейін, түріктер мен ұйғырлардан қалған қалаларды, ескерткіш-балбал тастарды, үйінді ұяларды қиратып, құртумен болған. Ұйғырлар тегі мәдениетті, сауда-саттығы да жақсы дамыған ел болған. Олар Селенге өзенінің солтүстік жағалауына үлкен бір бай қала орнатып, оны Балғас деп атаған. Оның қалдығы Байбала сүме-сінің248 маңында әлі күнге дейін бар, деседі. Және де, осы сүменің жерінде Соғда мен Қытай сауда жасап, қоныстанған, деседі.

245 - Қазіргі Моңғолияның Селенге аймағының жеріндегі өзен атауы, қазақша Жыланды өзені. 246 -Богог (мон) – боғақ, Богогчұр – Боғақчұр. Мойынчұр. 247 - Қырғыз ұясы – моңғолдар көне қорғандарды «хиргис үүр» - «қырғыз ұясы» деп атайды. Көне обаларды да осылай атайды. 248 - сүме – (діни) ғибадатхана.

Соғда деген халық та батыс жақтан келіп, сол кездегі Ұйғыр жерінде саудасаттық жасаумен қатар екі бірдей діни ағымды таратады. Оның бірі – шахиямун, бірі – батыстан келген мани деп аталатын діни ағымдар болатын. Мани діні қазір еш жерде сақталмаған. Тек бір ғана моңғолда тауға табыну, отқа табыну сияқты нышандары қалған деседі. Түрік, моңғол, ұйғырла ерте кезде түгелдей бақсы249 /тәңір/ дінін ұстанған. Ал, шахиямун дінін соғдалар таратыпты. Ұйғырлар соғда жазуын Қабұлдау арқылы, өз жазуларынан айрылып, діни кітаптарын да соғда жазуына көшірген деседі. Соғда тілі мен жазуы жоғарыдағы айтылған Қара қорғаннан қалған бі үлкен жалпақ тастың бір бетінде сақталыпты. Одан өзге жерде ондай тарихи жазба кездеспейді, дейді. Ұйғырлар соғда жазуын үйренгеннен кейін, моңғолдарға ұстаздық еткен, қазіргі біздің қолданып жүрген жазуымыз, сол соғда жазуынан негіз алғандықтанбейнеленуі өте ұқсас, кейбірін қазірдің өзінде танып, оқуға болады. Шыңғыс қаған іс-қағаздарын ұйғыр жазуымен жазған. Соның үшін ұйғыр оқымыстыларын көптеп қолына алған. Кейіннен ұлы Моңғол мемлекетінің қағаны Құбылай250 білгінің тұсында Тибеттің Пагва ламасына төрт бұрышты жазуды251 жасатып, қолданған. Әйтсе де, моңғол тілінің қолданысына соғдаұйғыр жазуы ыңғайлы болғандықтан, оқымыстылар жаңа жазуды сонша Қабұлдай қоймаған. Біздің әлікүнге дейін ұйғыр жазуын қолданып отырғанымыздың да бір себебі – осы. Ұйғырлардың кезінде моңғол жерінде тұрғызылған шұбырған сүмэ – қала, қорғандарды қырғыздар шетінен қиратып, кітап-құрал, діни мүсіндерін өртке тастап, күйреткендіктен, тек қана Ерен Қабырға тауы жағында тұрғызылған бір ғана қорған сақталыпты. Енді соны көптеген ғалымдар іздеу салып, зерттеуінің нәтижесінде, қомақты кітап-құралдар табылған. Табылған кітаптағы жазбалардың дені ұйғыр тілінде, ұйғыр әрпімен жазылыпты, деседі. Мұның сыртында ұйғыр арқылы жеткен үнді, соғда сөздері бүгінде моңғол тілінде көптеп кездеседі. Мысалы: «шүлэг252», «бадаг253», «судар254», «мутар255», «шашин256» ... т.с.с көптеген сөздер соғда-ұйғыр арқылы үнді тілінен және де «ном257», «дэвтэр258», «убшинз259», «чавганц260», « «наманчлах261», «сүм262», «суврага263»,

249 - бөө - (діни) бақсы. Бөөгийн шашин – бақсы /тәңір/ діні. 250 - Хубилай – Құбылай – Шыңғыс қағанның немересі .Қанбалықты /Пекин/ билеген, Моңғолдың Юан ұлысының (12601368жж) қағаны. 251 - Дөрвөлжин бичиг - 252 - шүлэг - өлең, тақпақ. 253 -бадаг – шумақ, өлең шумағы. 254 -судар – (діни) дастан, шежіре. 255 -мутар – қолтаңба. 256 -шашин – дін. 257 -ном – кітап. 258 - дэвтэр – дәптер. 259 -убшинз – (діни) көпшілік. 260 -шавганц – кемпір, кейуана. 261 -наманчлах – (діни) күнәсін мойындау. 262 -сүм – (діни) ғибадатхана. 263 - суврага – (діни) намазхана.

«бэлэг264», «билиг265», «хэрэг266», «эрдэм267», «аяг268», «тэхимлиг269»...т.т. сөздер соғда, ұйғыр тілінен моңғол тіліне кіріккен деседі. Ерен Қабырға төңірегінде мекен еткен ұйғырлар Зэггис қағанның қол астына кіріп, Шыңғыс қағанның ісіне көп кмек көрсеткен. Зэггис қағанның қарамағындағы ұйғырлардың арасында оқымысты-білгір адамдар болған дейді. Қырғыздар270 ұйғырларды басып алғаннан кейін, адамдарын жаппай қырыпжойып, қалаларын қирата өртеп, бір кез мықты тұрған деседі. Қырғыздар жөнінде кейбір ғалымдар; Қырғыздар Шыңғыс қағаннан 1361 жыл бұрын шамасында батыс солтүстіктегі Саян тауын мекендеп тұрып, жерін тастап ілгеріге қоныс аударған. Қырғыздар негізінен түріктің бір бұтағы, деп жазады. Қытай шежірелерінде қырғыздарды әртүрлі атаулармен жазады. Мысалы; Хан ұлысының тұсындағы шежірелерде Хиеэ, Хиянсе, Гиягун десе, Тан ұлысы кезіндегі шежірелерде Зай Хесе, Гиейго, моңғолдың Юан ұлысы кезіндегі жазбаларда Хиргис деп жазған көрінеді. Қытай тарихында қырғыздарды; Гиян Юан деген шақта, олар Тибет ұлысы ұйғырдан жеңіліп қытайларға келмеді. Олардың адамдары қайтпас батыр келетіндіктен Ұйғыр ұлысы ұдайы дүние-мүлік жеткізіп, лауазым, шендеріне қарай сый-сияпат көрсететін.Сонымен қатар Ұйғыр ұлысы оларға қарсы соғыс ашып, отыз жыл бойы әскер аттандырса да, соңы жеңіліспен аяқталды. Ақырында қолбасшы У Жанды ху хан дәрежесіне көтеріп, қытаймен татулық келісімге келеді десе, Тагана ұранхай – моңғол емес, қырғыз деп жазыпты. Сонымен бірге Тагна ұранхайды ұйғыр текті деп дәлелдеуді көздеген жазбалар да кездеседі. Қырғыздар сауаты аз, мәдениетсіз болғандықтан, Ұйғырды иеленген сәттен бастап, адамдарын жаппай қырғынға ұшыратып, көптеген көне қалаларды күйретіп, мағынасы зор ескерткіш мұраларын аяусыз талқандау барысында моңғолға қатысты тарихи дүниелерді қоса құртқанын тарихшылар өкінішпен сөз етеді. Осыдан кейін қырғыздардың моңғол жерінде қанша уақыт өмір сүргені хақында анық деректер айтылмайды. Олар Шыңғыс қағаннан көп бұрын /моңғол жерінен/ қоныс аударып кеткенге ұқсайды. Елінен бөлініп, жұртта қалған қырғыздарды Өгедей қаған өз жерінен қуып шығарған, деген деректер осыны айғақтайтын сияқты. Түрік пен ұйғыр хандығының тұсында баят, басмал, қарлұқ, чиг271 деген тайпалар болған. Бұлардың шығу тегі мен нәсілі туралы, иелік құрған ел-жерлері хақында айтылатын деректерде; Ұйғыр хандығының солтүстігіндегі Цухуй теңізі мен Хөлөн буйр көлінің

264 - бэлэг – сый-сияпат. 265 - билиг – білгі, білгір, білімді. 266 - хэрэг – керек. 267 - эрдэм – ердем (М. Қашқари) – білім. 268 - аяг – аяқ, кесе. 269 - тэхимлиг – текемет. 270 - Хиргисүүд – Қырғыздар. Ұйғыр хандығы құлатып, Моңғол даласына өз билігін жүргізген аймақтың атауы. Қырғыздардың ата-баларының атауын ұзақ жылдардағы тарихи жазба, шежірелерде: гэгүнь, гяньгүнь, гэйвү, гиеэгү, тиегиес, хакянье, хягас деген сияқты әрі қалай жазған. Орхонның түрік жазбасында қырғыз деп жазылған. Күннү ұлысының Модұн шаньюйі б.з.б. 209 жылы шамасында гэгүньдермен соғысып, оларды өзіне бағындырып алған деседі. 271 - Бұл аталған тайпалар Махмұт Қашқаридың сөздігінде кездеседі.

аралығын отыз тайпа татар деп аталатын моңғолдардың арғы аталары мекен еткен. Олардың батысында баят, басмал, қарлұқ деген тайпалар болған. Бұл үш тайпадан кейінгі жер Чиг ұлысына қарайтын. Қазір осы өлкені ұранхайлар макен етеді. Айтылған өлкелердің терістігінде Қырғыз деп аталатын шағын тайпа да орналасқан болатын. Оның сыртында Ұйғыр өлкесінің тікелей терістігінде Құриған деп аталатын үш аймақ ел мекен етіп, Цухуй теңізінің батыс жағалауынан аң-құс аулап күнелтетін. Түрік, ұйғыр, қарлұқ, басмал, баят дегендер түгелдей бір текті, бір тілді, бір нәсілді халық еді. Чиг пен Қырғыз екеуі бөлек текті, бөтен тілді халық еді. Отыз татар дегені – отыз тайпа моңғолдарды айтқаны еді, деген деректер де ұшырасады. Бұл деректерге сүйенсек, қырғыздардың түріктен екендігіне күмән туады. Тагна ұранхайдың арғы тегі ұйғыр мен қырғыздың ата-тегі түріктен екендігі анықталған шындық. Олай болса, Тагна – туваның түріктен екендігі қисынға саяды. Сол сияқты моңғолдарды да, есте жоқ ерте шақтарда түріктерден деп айтылатыны себепті, моңғол мен туваның қаны бір туыс екендігі де дау тудырмаса керек. Және де, екі халықтың адамдарының кескін-келбеті, салттұрмыс, әдет-ғұрпы тіптен ұқсас келеді. Моңғол, тува екеуі ерте кезде түріктен тараған деп айтылғанмен, тарихи жазбаларда белгілі бола бастаған кездерден бері жеке ұлт, ұлыс ретінде танылғандықтан тілі, діні бөлек халық деп түсінген жөн. Тагна – Тува бұдан екі мыңнан астам жыл бұрын Саян тауының маңында қоныс тепкен. Кейіннен Шыңғыс қағанның тұсында Моңғолдың ұлы мемлекетіне қосылыпты.

ЖЕТІНШІ ТАРАУ

МОҢҒОЛДЫҢ ХЯТАН ҰЛЫСЫНЫҢ ДӘУІЛЕГЕН КЕЗІ

Тоба, Юанвэй ұлыстары жойылғаннан кейін бір кез моңғол әулетінің уүшқуаты әлсіреп, қиын жағдайға тап болады. Бірақ көп кешікпей Хятан272 деген атаудың аясында ес жинап, күш-қуатын қайыра бастайды да, Шыңғыс қағаннан 245 жыл бұрын Жа Бұқи273 деген бір мықты қолбасшы шығып, алыс-жақын тайпалады біріктіріп, Ұлы Хятан мемлекетін орнатады. Моңғолдар Юанвэй ұлысы жойылғаннан кейін бір кез Түрік, ұйғыр, Қытай мемлекетіне тарап кетеді. Әйтсе де, олардың арасында айла-қуаты мол адамдардың болғандығы, олардың Қытай ұлысының үрейін тудыруға дейін барғандығы да айтылады. Мәселен, жоғарыда айтылған Ан Лушан моңғол274

272 - Хятан – Кидан, Китан, Хытан, Қытан... деп, әріқалай жазылады. 273 -Жа Бухи – Жа Бұқи. 274 - Автор бұл жерде жалпы көшпелілер (ху)-ді моңғол деген бір ғана атаудың аясына сыйдырып отыр. Біз келтірілген деректердің құндылығын ескеріп, автор құқына қол сұқпауды жөн көрдік. Егер, қызығушылар

нәсілді адам екендігін және де ұлы Тан ұлысының хан тағының мұрагері – Лян275 ұлысы жойылғаннан соң құрылған келесі Тан276 ұлысының қағаны Ли Сэюан моңғол нәсілді адам болған деседі. Сондай-ақ Сүй277 ұлысының қағаны Ян Дидің278 тұсында Қытайдың көптеген аймақтары іштей бүлініп, 18 жеке аймақ орнатқан шақта Юй Жоудың Тэ Муэл дейтін ауданы өзін хан дәрежесіне көтеріп, жеке ұлыс орнатқан. Бұл Тэ Муэл дегені – Темір, ол моңғол нәсілді адам болған, деседі. Моңғолдар бір сәт осылайша әлсіреп, ыдырауға дейін барғанымен, олардың белгілі бір бөлігі атамекенінен қол үзбей, шағын аймақ дәрежесінде қалып қойған, деседі. Бұл жөнінде кейбір жазба деректерде; Сяньби текті Мұжұн мен Тобаның ханы қытай жеріне түгел моңғолды апармаған. Моңғолдың жартылай тұрғындары қазіргі Зуу уд деген жерде қалып қойған. Олар ұлыс атауларын өзгертіп, Юйвэй деп атанған. Татаби дегендер солардан қалған ұрпақтар. Қытайлар Хи деп те атайды. Бұлардан өзге моңғолдар Хятан деген атаудың аясына бас қосып, жеке ел болған, деп жазады. Осы айтылған деректерге қарағанда, алғаш тарихқа белгіленген кезден бастап, әсіресе, Күннү, Сяньби сондай-ақ Тоба, Юанвэй ұлыстарының кезінен бүгінгі біз сөз етіп отырған Хятан ұлысына дейінгі ұзақ аралықта моңғол жері мен Қытай жерінде өмір сүріп келгендігі айқын аңғарылады. Анығырақ айтсақ – Хятаннан Шыңғыс қағанға дейін хан тағын үзбей, жалғастыру барысында Шыңғыс деген бір мықты дүниеге келіп, Ұлы Моңғол ұлысын қайта дәуірлетіпті. Сол кезде моңғолдар неліктен Хятан деген атқа ие болғандығы жөнінде анық дерек айтылмайды. Десе де , қытайлар моңғолдарды әркезде әрқалай атап, кейде тіпті мазақ етіп, кемсіту үшін түрлі-түрлі ат қойып, айдар тағып келгендігі – Хибэ, Шивэй279, Татаби280, Дада, Дахэ т.т. атаулардан анық байқалады. Мүмкін осы айтылған Хибэ, Татаби немесе Дада Татар дегендерден өрбітіп Хятан деп атауы, немесе мүлде басқаша ниетпен солай атады ма? Ол жағы әзіпше бізге мәлім болмай отыр. Осы Хятан деген атаудың астына топтасқан моңғол аймақтары ертеден бас қосып, жоғарыда айтылған Түрік, ұйғыр, Тан мемлекеттерінің тұсында соларға қарсы соғыс ашып, бірде жеңіп, бірде жеңіліп, құн төлеуші бодан ел болған. Хятан мемлекетінің құрамында манжлер281 де бар еді, деген дерек айтылады. Моңғолдар кейіннен нағыз ұлы хандық құрған соң Нюйжи деп аталатын шүршіт аймағының жартысын ғана басып алған. Және де қалған

болса, осы тараулардағы келтірілген қытай деректері арқылы, сол кездерде қазақтардың да кім болғанын анықтап алуына мол мүмкіндік бар. – ауд. 275 - Лян ұлысы –Қытайдың Тан ұлысынан (618-907 жж.) кейін Қытайдың «Бес ұлысының кезі» (907-960 жж.) басталады. «Бес ұлыстың кезінде» Лян (907-923 жж.), кейін Тан (923-950 жж.) 276 - Тан ұлысы Қытайдың «Бес ұлыстың кезінен» кейінгі Тан ұлысы. Бұдан кейін тағы бір Тан ұлысы 923936 жылдар арасында болған. 277 - Сүй ұлысы – Қытайдың ұлы Тан (618-907 жж.) ұлысынан бұрын 581-618 жылдар аралығында болған. 278 - Ян Ди – Сүй ұлысының ханы. 605-618 жылдар шамасында өмір сүрген. 279 - Шивэй – Моңғол аймақтарының жалпылама атауы. Сяньби деген сөзінің созыңқы айтылуынан пайда болған. Бұлар хятанмен бірге тарайды. Шивэйлер қазіргі Мүгден қаласынан терістікте, Қара Ертіс, Амударияның ортаңғы сағасы Хянған тауы, Өргөн, Сунгари өзені, Жасыл өзеннің бойын мекен еткен. 280 - Татаби – татар. 281 -манжлер – шүршіттер.

бөлігіне тіптен жоламаған. Осы нақты дерекке жүгінер болсақ, Хятанның құрамында шүршіттердің көп болмағаны да анық. Хятандар хандық құрып дәуірлеген кезде ұлыс атын Дайляо деп өзгертеді. Осы Дайляо ұлысының тарихи шежіресінде: «Біздің ұлы бабамыз Гэ Уту ұзақ уақыт бойы ілгеріге әскер аттандырып, ерлік көрсеткені үшін Ду Ху деген атқа ие болған.Хан ұлысының кезінде Сяньби шань282 деген тауға иелік етіп, Сяньби ұлты атанды...» деп жазады. Жоғарыда айтып өткеніміздей сяньби, тоба тайпалары Күннү ұлысының Модұн қағанының тұсында өз ішінен бүлініп, Сяньби, Ухань деген екі тауды мекен еткен. Сонан орталық Ху атанып, Сяньби және Ухань деген екі жеке ұлысты құраған. Хятан, Тоба, Сяньбилердің арғы тегі сяньби, тоба екеуі де Күннү ұлысының ұрпақтары, ұлыстың сол қанатының қорғаушылары екендігі шындық. Аталмыш шежіреде Хятан ұлысының алғаш дәуілеген кездерін айта келіп; Олардың түп атасының неше буын өткеннен кейін Ци Шань хан дүниеге келген. Одан сегіз ұл туылып, сегізі сегіз аймақты билеген. Бұлардан кейін тағы да көп буын өткеннен соң Елюй Элбуги283 деген батыр ер туылып, ол төңірегіндегі түгел аймақтарды Нюйжи деген шүршіт аймақтарымен біріктіріп, Шыңғыс қағаннан 245 жыл бұрын өзін хуанди сайлап, Хятан деп аталатын қуатты мемлекетті орнатқан. Сонан кейін байтақ Моңғол ұлысымен қоса, Ляодундағы шүршіт ұлтының Бохай деген хандығын иеленіп алыпты. Хятандар осылайша моңғол, шүршіт, қотандардың жерлерін басып алмен қоса, бір кездері қытайдың бүкіл жерін басып алуға шақ қалған. Соның нәтижесінде Ақ қорғанның ішіне кіретін көптеген аймақтарға иелік құрған. Бұл жөнінде кейбір тарихшылар: Хятан мемлекетінің иелік құрған өлкесі орталық Керулен284 өзенінен батыс Сян шаньға285 дейін созылып, осы аралықтағы алпыс аймақ ұлыстарды түгелдей қол астына алған. Олардың ішінде Тәңір тауының ұйғырлары, итэгүлері286 сияқты мықты ұлт, ұлыстар да бар еді. Және де Ган жоудың ұйғырлары мен Тангұдтарға қарсы ХІ ғасырға дейін соғысып келген, деп жазады. Бұл Шыңғыс қағаннан бұрынғы ІІ ғасырдың алғашқы жартысы шамасы. Хятан ұлысын алғаш құрушы хуанди Елбуги 287 дүние салғаннан кейін мұралық еткен хуандилер ұлыс қуатын жоймай ұстап келген. Олардың тұсында ұлысты Дайляо деп атаған. Сол кезде Қытайда Солтүстік Сүн ұлысы288 билік жүргізетін. Соған байланысты Дай Ляо ұлысы Сүн ұлысына қарсы ұдайы шабуыл жасаумен болған. Соңында Сүн ұлысы біржолата жеңіліп, Ляо ұлысына289 салық төлеуге дейін

282 - шань – тау деген қытай сөзі. 283 - Елюй Элбуги - әуелгі аты – Елюй Амбоцы. 284 - Керулен – моңғолша Хэрлэн, Орхон жазбаларында Керел, сөз төркіне қазіргі қазақ тіліндегі «керіл, «керілу», «керу», «керіп өту», т.б. ұқсас келеді. Моңғол тілінде де солай. 285 - Сян шань – Алтай тауы 286 - Итэгү - ителгі 287 - Елбуги – Елбіге, Елбуге 288 - Солтүстік Сүн ұлысы – Қытайдың «бес ұлысы кез»-інен кейін 960-1129 жылдары шамасында билік құрған. Кейіннен алтын ұлысынан жеңіліп, ұлыстың астанасын оңтүстікке көшіріп, Сүн ұлысы (1127-1279 жж.) деп атанған. 289 - Ляо ұлысы – аса қуатты ұлыс болған. Кезінде Ішкі, Сыртқы Моңғолдың шұрайлы өлкелерін түгелге жуық иеленіп, Дүнбэй деп аталатын Солтүстік Қытайдың көптеген өлкесін, Хэбэй, Шаньси аймақтарын, сондай-ақ Хэнанийдің де біршама жерлеріне иелік құрған.

барған. Дай Ляо ұлысы Корей мемлекетіне де шабуылдап, достық келісім орнатқан. Бұдан кейінгі аралықта Ляо ұлысы қарулы күшін батысқа бағыттап, Ган жоудағы Ұйғыр мен таңғұттардың Ся ұлысын290 өзіне қаратады. Ся ұлысының иесіне Уаң атағымен қоса сұлу ханшасын сыйға беріп, туыстық бітімге келеді.Кейіннен осы Ся ұлысын Шыңғыс қаған күйретеді. Оқырмандарымызға түсінікті болуы үшін оның тарихын қысқаша айтар болсақ; Бұл Ся ұлысы дегеніміз – ежелгі Танңғұт мемлекеті. Олар қазіргі Ганьсу өлкесінің Лян жоу, Нинся деп аталатын Ярғай қаласын астанан ететін. Сол кезде Қытай мен Хятан ұлыстары Дансян және Зу бу деп аталатын. Дансян – соның құрамындағы бір аймақтың атауы секілді. Бұларды Моңғолдың көне тарихында Танғұт немесе Хашин қағанның мемлекеті деп атаған. Кейбір моңғол тарихшылары Танғұт пен Тибетті бір ұлт деп жаңсақ түсінеді. Ся деп атанған Танғұт құрамында амду тектес көптеген ұлттар болған. Олардың сыртында ұйғыр, ху хуйлардың да адамдары ұшырасатын. Қытайлардың да болғаны онсыз түсінікті. Бұл туралы білгір тарихшылардың жазбаларында: Танғұт ұлысының құрамында дансяннан басқа хор, тоба, қытай, шато, шығыс түрік, тугухунь, телес, ұйғыр тектес көптеген ұлт болған. Мұндағы таңғыт деген ұлтты қытайлар Дансян, тибеттер Минаг деп атайтын. Ал, олар өздерін Михау дейтін. Негізінен олар Динлин, Бомалардан қалған ұрпақтар, еді деп жазады. Осы Ся деп аталған Таңғыт ұлысының алғаш орнағаны жөнінде Хятан ұлысының шежіресінде; Батыс Ся ұлысы анығында Вэй ұлысының тұсындағы тоба ұлтынан қалған атау. Бағзыдағы Гилян жері. Баба тегі Жай Гүнге Тан ұлысынан кейін Ли деген ұлт атауын беріпті. Кейіннен Сүн ұлысының қол астына енген тұста Жао деп атап, Сүн ұлысынан бөлінгеннен кейін Ли атауын қайтарып берген. Сол себепті Ся ұлысының басшысы Зицян-ды Ли Зицян деп атап, Уаң шеніне көтерген, деп жазады. Осы Ся ұлысын алғаш орнатқан қолбасшыны – Моңғолдың Тобасы дейтін Юанвэй адамы болған, деседі. Ся ұлысы Сүн ұлысына бағынып тұрған кезде оны Жао Юанхо деген басқарған. Бұл туралы Ганьму жазбасында; Жао Юанхао кесім жарғысын бекітіп, әскеи жарғы негізінде көп аймағын қайта құрган. Қытай ұлысына еліктеп, жазба мен әскери шендерді де қолданысқа енгізді. Моңғол, Қытай мектептерін ашып, жоғарғы, төменгі лауазым иелерін екі ұлт өкілдерінен тең дәрежеде сайлады. Олардың шенін киген киімдері арқылы танылатын етіп, арнайы тымақ, киімдер тіктірді. Шекара шеңберін қайтадан құрып, жаңадан моңғолша жазу жасап қолданды, деп жазады. Осы жөннде Еуропаның ғалымдары; Ся ұлысы кесім-жарғы, білім-мәдениет, шаруашылық жағынан мықты дамыған-ды деп көрсетеді. Сондай-ақ Ся ұлысы төңірегіндегі көптеген аймақтарды өзіне қаратып, оның сыртында Тибет ұлысының шығыс бөлігіне иелік құрған.Сүн ұлысына қарсы ұдайы шабуыл жасап, кей тұста олардан төлем-салық алып тұрған.

290 - Ся ұлысы – қазіргі Амду маңында 1032-1227 жылдары болған Танғұт ұлысы. Моңғолдар Хашин ұлысы деп атаған. 127 жылы Шыңғыс қаған осы танңғұт ұлысын иеленіп алған.

Хятан ұлысы жоғарыда айтқанымыздай, көптеген ірі ұлыс, аймақтардың жерімен қоса, Ся ұлысын да өзіне бағындырып, екі мың жыл шамасында өте мықты жетістіктерге жетеді. Шыңғыс қағаннан 48 жыл бұрын Шүршіттер оларға қарсы үлкен шабуыл ұйыдастырады. Содан кейін Ляо ұлысы бірте-бірте құлдырап, Шыңғыс қағаннан 37 жыл бұрын мүлде жойылады. Хятан ұлысының алғаш дәуірлеген кездері туралы еуропаның кейбір ғалымдары: Елюй Жанбуги Шығыс Азияның саяси тақтасына моңғол деген атауды алғаш кіріктіріп, оның тарихын үлкен әріптермен жаздырады. Шын мәнінде, олар Моңғолдың ұлы қолбасшысы Тоба Гүйба мен Шыңғыс қағанның дәрежесімен теңбе-тең келеді.», - деп жазады. Хятандардың қолданған тілін қазіргі халқа291 тілінен бөлек болған деседі. Әйтсе де, қазіргі тіл қолданысымыздағы сияқты қатаң дыбысты белгілерді жұмсақ дауыстайтын таңдай дыбысты болғандығын жоққа шығармайды. Бұл Хятан деп аталатын Ляо ұлысы өз тілдерінің ерекшелігіне сай, үш мыңға жуық әріп таңбаларын жасап, сауатты түрде ұлыс жарғысын қалыптастырып, халықты сауатты болдыру үшін бастапқы білі мен қоса жоғары денгейдегі оқу орындарын ашып, қытай шежірелерін аударып, білім мен мәдениетін қатты өркендетеді. Ляо үлысы жойылар тұста ұлыс қағаны немересі Елюй Дашиді уаң сайлап, ұлыс-елін батысқа қарай көшіріп, батыс Ертіс пен Амудария өзендерінің арасын мекен етеді. Елінің батыс бөлігін Қара Хятан деп атайды. Бұл ел кейіннен Шыңғыс қағанның қолымен жойылады. Сондықтан әңгіменің аяғын кейінгі таруларға қалдырамыз. Алтын ұлысының292 құрамында болған моңғолдар Шыңғыс қағанның қолбасшылары оны иеленген тұста бөлінп шығады. Хятан ұлысы туралы сөзімізді осымен тәмәм болдырамыз. Егер де, осы тарих жөнінде толығырақ білгілеріңіз келсе, онда Моңғол мен Қытайдың көне тарихтарымен қоса, Дай Ляо ұлысының шежіресін де ақтарсаңыздар толық қаныға аласыздар, демекпін.

СЕГІЗІНШІ ТАРАУ

АЛТЫН ҰЛЫСЫНЫҢ КЕЗІ

Нюйжи деп айтылатын шүршіт293 аймағы Шыңғыс қағаннан 64 жыл бұрын қуаттанып, Ұлы Алтын ұлысын орнатады. Моңғолдың Ляо деп аталатын Ұлы Хятан мемлекетін құлатып, бір кез керемет дәуірлеп тұрады да, Шыңғыс қағанның аталарының тұсында оларға қайта-қайта шабуыл ұйымдастырып, ақыры Шыңғыс қаған таққа отырғаннан кейін әлсіреп, жеңіліп барып тынады. Осылайша оны Моңғолдар қайта тұрмастай етіп әлсіреткендіктен Шыңғыс қағанның қол астына бағынады. 291 - халқа – моңғолдың негізгі руы. 292 - Алтын ұлысы – Цзинь ұлысы. 293 - Шүршіт – Зүрчид – манжұрлар. Біз «шүршіт» деп қолданамыз.

Сол себепті бұл жерде Алтын ұлысының тарихына тоқталмай кету қисынсыз болып есептеледі. Шүршіттерді әуелден хамниган294 тектілерге жатқызады. Хамниган әулетінің көптеген бөлігі терістік Сібірдің жерінде , шығыста Қара өзеннің аяғында мекен еткен. Қытайлар оларды Сүшен немесе Үхи, Мохэ деп атаған. Қазірге дейін Моңғолдың терістігіндегі Зүрх295 өзенінің бойында өмір сүретін хамниган дейтін моңғолдарды түбі сол шүршіт тектілер, деседі. Шүршіттің Алтын ұлысының шежіресінде: Нюйжи ұлысы әуелде Мүге әулетінен тарайды. Оларды Үхи деп атаған. Ежелгі Сүшен әулетінің қонысын мекен еткен. Кейінгі Вэй ұлысының кезінен бастап, мүгелер жеті аймаққа бөлінген. Тан ұлысының кезінде олар қайтадан топтасып, Қара су мүгесі, Сүмү мүгесі деп екі аймаққа бөлінеді. Сүмү мүгесі солтүстіктегі Бохай уаңына қарап, олардан он неше буын өткеннен кейінгілері бес астана қаласы296, он бес фу, алпыс екі жоудан297 тұратын кең өлкені иемденеді. Кейіннен Ляо ұлысы Бохайды жаулап алғаннан соң, Қара су мүгелері өз еркімен келіп бірігеді, деп жазады. Шүршіттер ежелден Қара өзеннің ілгері, кейінгі екі сағасын мекен етіп, өзеннен ілгері қоныстанғандары Хятан ұлысына бағынып тұрады. Шүршіттен Агуда дейтін бір мықты туылып, өзін бәрін басқарушы уәзір етіп тағайындап, Ляо ұлысына қарсы бірнеше мәрте шабуыл жасап, жеңіске жетеді де, Шыңғыс қағаннан 46 жыл бұрын елін Алтын ұлысы деп жариялап, өзін хуанди дәрежесіне көтереді. Бұдан соң Алтын ұлысы Ляо ұлысының солтүстік аймақтарын түгел жаулап алады. Кейін тағы да бірнеше мәрте шабуыл ұйымдастыру арқылы Ляо ұлысының қалған аймақтарын түгелдей қол астына қаратады. Сонан кейін Сүн ұлысына қарсы шабуыл жасап, Жин дейтін қаласын қоршауға алады. Сөйткен шақта Сүн ұлысының ханы өзін Алтын ұлысының ханының немересімін дейді де, оған ұлы хуанди атағын беріп, алтын, күміс, жібек, торғын-торқа сияқты асыл бұйымдармен сыйсияпат көрсетіп, бітімге келеді. Бірақ, Сүн ұлысының жерін бөліске салған тұста, қайтадан талас туып, Алтын ұлысының әскері әкелі-балалы екі қағанымен қоса, Сүн ұлысының басшыларын түгелдей тұтқынға алады. Олармен қоса, ханның барлық дүние-мүлкін, ұлыс таңбасын да алып кетеді. Сөйтіп, Сүн ұлысы күйреп, ханның тоғызыншы ұлы Ган Ванху дегенді Нанжин қаласында таққа отырғызып, Гу Зун хуанди атағын береді. Ол қол астындағы халқын Линьаньға көшіріп, сол жерді астана етеді. Ұлыс атын Оңтүстік Сүн ұлысы деп жариялайды. Осы Оңтүстік Сүн ұлысын Моңғолдың Юан ұлысы өзіне бағындырып алады. Бұл туралы соңыра сөз етеміз. Алтын ұлысы Оңтүстік Сүн ұлысын да дүркін-дүркін шауылдаумен болған. Осы шабуылдардың тұсында Қытайдың түгел жерінің үштен екі бөлігін Алтын ұлысы, бір бөлігін Сүн ұлысы иеленген екен. Сонан кейін Алтын ұлысы қарулы жасағын батысқа қарай бағыттап, Моңғол ұлысын жаулайды.

294 -Хамниган – тұңғұс. 295 - Зүрх – Жүрке – Жүрек. 296 - бес астана қаласы – жоғарыда айтылған «бес ұлысы» құрылымын айтқаны сияқты. 297 Фу, жоу – қытайша әкімшілік атаулары.

Осы жөнінде Ганьму жазбасында; Моңғол ұлысы Нюйжи ұлысының терістігінде еді. Тан ұлысы, Мэн У-дың аймақтары дегендер солар болатын. Мэнгушэ деп те айтатын. Оның адамдары қатулы, соғысқа қиын, /көздері/ түнде көреді. Тас балықтың терісінен сауыт киеді, шиба-ның қалқанымен қорғанады, дейді. Және Алтын ұлысының уәзірі Ху Шаху моңғолмен соғысып, оның көп әскерін Хайли жерінде өлтірді, депті. Сонан тағы да Алтын ұлысы Моңғол ұлысымен татулық келісімге келді. Алғаш Алтын ұлысының басшы уәзірі Даланды өлімге кескеннен кейін, оның ұлы Шунху-анту Линцюнь әкесіне қарасты тайпаларды алып қашып, Моңғолға біріккендіктен Моңғол ұлысы күшті мемлекетке айналды. Уәзір У Жу қанша жыл соғысса да, жеңе алмай, ақыры онымен бірігу келісімге келіп, Сипэнхэ өзенінің терістігіндегі он жеті қосын бекіністі беріп, және жыл сайын қосымша сиыр, қой, астық, бұршақ жеткізілсін және Лу Боги, Лиеэйг Мэн Фоговэн уаң дәрежесіне көтерілсін! – деген бұйрық шығарады. Бұған қарсы болған моңғолдар өздерін Ұлы Моңғол ұлысы деп жариялайды. Сонан /шарасыздан/ ол өзі келіп ірігеді. Жыл сайын шексіз көп төлем төлейді. Моңғолдың басшысы оны Зу Юа деп көтермелейді. Жыл өткізіп, Тиян хин деп атады, деп жазады. Келтірілген бұл соғыс Шыңғыстың атасы Амбағай хан, Хабул хан, Есүкей батырдың тұсында өткен уақиға себепті Шыңғыстың аталарының тарихын сөз ететін тарауда кеңірек тоқталамыз. Жалпы Алтын ұлысы Шыңғыс қаған мен онан кейінгі моңғол хандарының шабуылының тұсында мүлде жойылып, бағынғандықтан, осы туралы әңгімелер кейінгі тарауларда мүмкіндігінше толық сөз етіледі.

ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ

АРЫДА - БӨРТЕ ЧЫНО, БЕРІДЕ – ШЫҢҒЫС ХАНҒА ДЕЙІНГІ ҰРПАҚ БАЯНЫ

Шыңғыс қаған Алтын ұлысының тұсында Онон өзенінің бойында дүниеге келіп, атақ-даңққа ие болғандығын қисынды ақылға салсақ, оны Хятан ұлысының құрамы Алтын ұлысына қарасты моңғолдың бір жаранының ұрпағы деуге болады. Шыңғыс қаған туралы әңгіме-тарих осылай басталуға тиісті. Дегенмен, бізге дейінгі тарихи жазбаларда Шыңғыс қағанның баяны оның жиырмасыншы атасы Бөрте Чынодан298 басталып келді. Бұл тәсіл сол кездегі моңғолдардың жағдайы мен алуан қырлы соғыс, жорықтарының баяны, әсіресе сол тұста белгілі бола бастаған түрлі тайпалар мен ұлт-ұлыстардың шығу тегін білуге жеңілдік тудырса керек. Тіпті де кейбір тарихтарда Бөрте Чыноны Шыңғыс қағаннан 1069 жыл бұрын

298Бөрте Чыно (чоно) – Бөрте бөрі – Бөрте қасқыр. Аңыз кейіпкері немесе әлде бір адамға берілген атақ, даңқ атауы. Ғалымдар Шыңғыс қағанның баба тегі (20-шы атасы..т.т.) деп қарастырады.

шамасында, Байкал теңізінің299 маңында өмір сүрген десе, енді бірде Шыңғыс қағаннан 1063 бұрын шамасында өмір сүрген деп жазады. Егер, Бөрте Чынодан Шыңғыс қағанға дейін 22 ата жалғасады деген деректі еске салсақ, онда бұл жыл санауын да кейінге шегеруге тура келеді. Бөрте Чыноның ұрпақтары Байкал теңізінің жағасынан жылжи келіп, Онон, Керулен өзендерінің бойын мекендеп, жылдар озған сайын өсіп-өніп, Шыңғыс қағанның әкесі Есүкей батырдың300 тұсында көптеген ру-тайпаларға бөлінеді. Шыңғыс қаған мен оның әкесі Есүкей батыр моңғол ұлтынан. Олай болса, бұлардың Бөрте Чыноға дейінгі ата-бабалары да моңғол нәсілді екендігі заңдылық. Шыңғыс қағанның кейбір аталарын ұзын бойлы, жирен шашты болған сияқты, деп Еуропа қанын араластырғысы келетіндердің дәйегі тіптен қисынға келмейді. Адамдардың қанының араласуы бір ғана Шыңғыстың аталарында ғана емес, жалпы моңғолдардың арасында болуға тиісті жағдай десек те, ұзын бойлыларды түгелдей Еуропалықтардың қаны араласқан адамдар деп санауға тағы болмайды. Еуропада да аласа бойлы адамдар, ал Азияда ұзын бойлы адамдардың болуы тосын жағдай емес. Бөрте Чыноны Шыңғыстан 1069 жыл бұрын шамасында Байкал теңізінің маңында болған деп есептесек, онда ол Солтүстік Күннү, Сяньби, Тоба ұлыстарының қайбірінің құрамындағы моңғол текті біреудің баласы болып шығады. Сөйте тұра, моңғол тарихында; Бөрте Чыно батыстан Тэнгис өзенінен301 өтіп келіп, Қоғай Маралмен302 үйленіп, Батчаған303 деген ұлды тудырды, деп жазылады. Әлгіндегі айтқанымыздай, моңғолдар батыс жақтан біртіндеп ілгерілегенде олардың арасында Бөрте Чыноның да болуы немесе әуелден күннү, сяньби, тобалармен бірге өмір сүріп жүргендігін дәлелдеу, дәлелдемеу тым маңызды емес. Себебі – бірден Бөрте Чыно моңғол адамы деп дәлелденгендіктен, ол туралы қайта әңгіме етуді артық іс деп санаймыз. Солай бола тұрса да, кейбір тарихшылар; Моңғолдар өздерін қасқыр («чоно»), марал («марал») тектес хайуаннан жаралдық дейді екен деп, Бөрте Чыно, Марал дегендерді де хайуан атауына жатқызады. Бұл – Чыно, Марал деген адам аттарын хайуаннан ажырата алмайтындардың сауатсыздығын танытады. Моңғолдардың салтында адамдарға қасқыр, марал деген ат қойып, атақшен беру жоралғы көнені қойып, бүгінгі таңда да жалғасып келе жатқан әдет. Марал деген жұлдыздың атауы. Моңғолдарда ай, жұлдыздардың атауын өте көп қолданады. Бөрте Чынодан кейін Тибет ұлысының өз ішінен үлкен көтеріліс шығып, Зан Рабсал, Ёгэжүн, Маршахямуни деген үш лама есекке кітап-құралдарын артып алып, әуелі солтүстікке, сонан кейін шығысқа қарай жүріп отырып, Моңғолдың жері – Байкал көлінің батысындағы бір тауға келіп, Бөрте

299 - Байкал теңізі – Байгал далай. Қазіргі Байкал көлі. 300 - Есүке бағатұр – Есүкей батыр. Шыңғыс қағанның әкесі. 301 - Тэнгис өзен – түп нұсқада Тэнгис голыг – Теңіз өзенін деп жазылған. Мұны ғалымдар «Тэнгис голыг гатлаад» - «Теңіз өзендерді кешіп (өтіп)» деп («Моңғолдың құпия шежіресі» т.б.) қарастырған. 302Қоғай Марал – /Қоғо, Ғоғо/, Гоо Марал. Бұл да солай. Аңыз кейіпкері немесе белгілі адамның атақ лауазым атауы. 303 - Батчаған – Батцагаан – Шыңғыс қағанның арғы атасы.

Чыноның немересі Тамачи мен оның ұлы Хоричар мергенмен304 жолығып, кітаби келісімге305 келеді. Бірақ, бір-бірінің тілін түсіне алмағандықтан, сол жерден қайтадан оңтүстікке келіп, Амду-ға тұрақтайды, деп көне тарих шежіресінде жазылады. Бұл дерекке сүйенсек, Бөрте Чыноның кейінгі ұрпақтарының өзі Байкал теңізінің маңында болғандығы және де олардың моңғол нәсілді екендігі айқын аңғарылады. Тіптен кейбір тарихтарда; Бөрте Чыноның отырған жері қазір де бар, деп жазады. Моңғолдың шығу тегі мен нәсілі туралы жоғарыда келтірілген шежіреде; Үнді мен Тибеттің солтүстігіндегі көптеген ұлт-ұлыстардың ішінде Бөрте деп аталатын моңғол тайпасы болған, деп айтылады. Сондай-ақ қазірдің өзінде моңғолдың, әсіресе дөрбеттің ішінде Бөрте тайпалылар көптеп кездеседі. Бөрте Чыно есіміндегі «Бөрте» ру-тайпаның атауы болуы да мүмкін. Бөрте Чыно – түгел моңғол ұлтының емес, тек қана Шыңғыс қағанның ататегінің қай бірінің тарихқа белгіленген жеке атауы болуы да мүмкін сияқты. Кейбір моңғол тарихында: Шыңғыс қаған және оның ұрпақтары боржұған306 руы атануы Бөрте немесе Бодончар307 дегеннен солай қалыптасты ма, деп те қарастырады. Бөрте Чыно түгел моңғол ұлтының шыққан тегі емес, тек қана Шыңғыстың аталарының әлдебір кезеңінің тарихқа белгілене бастаған тұсы десек, қисынға келетіндей. Солай бола тұра кейбір тарихшылардан: Бөрте Чыноның алғаш пайда болуын барша моңғолдың шығу тегі дегендей етіп келтіретіні осы туралы бірер ауыз әңгімеден алып, жазғандары, ерте кезде түрік ұлтының көптеген аймақтары өзара қырқысып, моңғол аймақтарын қырып-жойып, соның салдарынан қосар308 еркек, әйел қалғаны осы екі шаңырақ бір сайлы тау орманына қоршалған жалғыз аяқ жолмен жүріп, паналайтын жер тапқаны, сол жердің табиғаты жерұйығына309 ұқсайтындықтан Эргиний хун310 деп атайды. Осы екі шаңырақ сол жерде ұзақ мекендеп, өсіп-өніп, әуелі сонда сыймайтын болғандықтан, алғаш кірген тесігі бітеліп қалғандықтан, б»р темір қазбасыбар жартасты көп ағаш отын үйіп, көп жылқы мен өгіздің терісінен жасалған көрікпен үрлеп қыздырып, ағызып тесік шығарып далаға шығады. Одан әрі өсіп-өніп, көбейген және сол екі адамның бірі Хиян, екіншісі Нүкүс атты болған екен. Нүкүстің ұрпақтары – ұранқайлар, Хиянның ұрпақтары хиад немесе боржығындар болған, деседі. Бұл туралы Грумм-Гржимайло; Эргиний хунға ұқсайтын жер шығыс Азияда жоқ, жалғыз ғана Енисей өзенінің бас сағасы жан-жағынан таумен

304 - мерген – Ерте Күннү кезінен қалыптасқан атақ. Түрік дәуірінде де, Шыңғыс қаған дәуірінде де кездеседі. 305 - номын барилдлага – (діни) кітаби немесе шарият келісіміне келу. Бұл жерде Будда ілімінің Моңғолға тарауы жөніндегі діни аңыз айтылып отыр. 306 - 307 - 308 -Кейбір тарихи деректерде 11 адам деп жазылған. 309 - түп нұсқада «сайхан тал» - «тамаша өлке» деп жазылған. Біз жерұйық деп қолдандық. 310 - Эргиний хун – ұйық жер. Ергене құн. «Хун» деген моңғол сөзі қу, аққу, құн, құнды деген мағына береді. Сөз түбірі ерек құнды дегенге де ұқсайды.

қоршалып, шығыс жағымен адам жүре алмайтындай орман, тоғаймен көмкерілген, сыртқа жол тауып шығу және кіру өте қиын болғандықтан Эргиний хунға ұқсатуға болатын сияқты болғанымен, моңғол аймағының мекенін іздегенде Эргиний хун деп айтылатын аңызды қолданбаған жөн, деп жазыпты. Мұнда Онон, Керулен311, Жүрек, Минж312 сияқты көптеген өзендерін байланыстыратын Хэнтэйдің ұлы жотасының батыс сілемінде Охид313, хүүхэд314 деген бір биік тау бар. Осы Охид, хүүхэд деген тау, қалың биік жоталармен айнала қоршалып біткендіктен, оның қай-қай жағынан да адам кіріп, шығуына қиын, сондай бір биік құз қуысындағы жер болғандықтан, бір есік тәріздес ойпаңмен аңшы кісі кіріп көрсе, оның іші тіптен кең, бірталай қора-қотан сиып кетердей және де соның теріскей жақ етегінен Хунның315 өзені дейтін үлкен өзен ағып шығып, Шарулун316 дейтін өзенге қосылып, Жүркен317 өзені солтүстікке қарай ағады. Хамниған ұлтының бірқанша моңғолдары ерте кезден бері Жүркен өзенінің бойын мекендеп келген. Және де мен өзім Моңғол ұлысының 23-ші жылының318 көктемінде Жүркеннің ыстық арасанына барған кезде осы Охид, хүүхэд деген тауды маңайындағы бір биік тауға шығып қарағанда, соншалықты бір биік ғажайып тау екені көрінгендіктен, сол маңда мекендейтін хамниғанның бірнеше қарияларына жолығып, неліктен Охид, хүүхэд тауы атанғанын сұрағанымда: ерте кезде хамниған ұлты өзгелердің қолынан ойсырай қырылып, бірнеше үй /қашып құтылып/ охид (қыз), хүүхдээ (балаларын) алып келіп, осы тауға жіберіп, қайтып барып мал-мүлкін әкелуге кетіп бара жатқан жолда тағы да жау қолына түсіп қырылып қалады да, әлгі қыз, балалары тірі қалып, өсіп-өніп жерге сыймағандықтан маңайындағы бір темірдің қоры бар жартасты мол оттың күшімен ерітіп, жол ашып шығыпты. Соған байланысты бұл тау да Охид, хүүхэд тауы аталыпты, деген еді. Мұнда жоғарыдағы аталған Эргиний хун дегені еріксіз осыған байланыстырып айтылған /аңыз/ сияқты және де әлі күнге дейін Хун өзені деп аталып келе жатқан өзеннің атауымен солай /Эргиний хун/ аталған болар. Хамниғандар есте жоқ ерте кездерден бері ұрпақтан-ұрпақ жалғастырып сол араны мекен етіп және де әлгіндей аңызды сақтап келгендігін ойласақ, бұл жер еріксіз – хамниған ұлтының тарихы, әрі Шыңғыс қағанның аталарының тарихына ешқандай байланыссыз екені белгілі себепті әрмен қарай назар аударудың қажеті жоқ сияқты. Шыңғыс қағанның бабасы Бөрте Чыно барша моңғол ұлтынан бөлек текті болмауы сепеті оның шығу тегі туралы айтылатын көптеген деректердің

311 - Керулен – Керулен – өзен атауы, қазақша Керулен деп қолданып жүр. 312 -Минж – с.с. Құндаз. Өзен атауы. 313 - Охид – қазіргі моңғол тілінде, с.с. - қыздар. 314 - Хүүхэд – қазіргі моңғол тілінде, с.с. – балалар. 315 - т,н-да Хунгийн – Қудың - Аққудың (с.с.) деп жазылыпты. Біз Хунның деп қолдандық. 316 - Шарулун – қазіргі моңғол тілінің қолданысында жоқ атау. Көнеден қалған атау болуы мүмкін. 317 - т.н-да Зүрх – с.с. Жүрек деп қазіргі моңғол сөз қолданысымен жазылыпты. Біз Жүркен деп көне моңғолдың сөз қолданысымен алдық. 318 - Моңғолияда Революция жеңгеннен кейінгі (1921 ж) жаңа жыл санау. Бұл жерде 1923 –ші жылды айтып отыр.

бірерін ғана айтар болсақ, оның ата-тегі – Бөрте Чынодан тарайтын ұрпақтары Алтын ұлысымен соғысып жүрген тұста күннү, сяньби, тобалардың жалғасы саналатын моңғолдың Ляо дейтін Хятан ұлысына қарастылар Алтын ұлысынан бөлініп, өздерінің ата-тегі Шыңғыс қағанның жағына келгендігі – бұлардың әуелден кіндігі үзілмес ағайын туыстар екендігін аңғартады. Және де Шыңғыс қағанның моңғолдары мен Хятан халқының тілі бір болғаны да бұлжымсатай дәлел. Ақиқаты осылай болғандықтан Шыңғыс қағанның кезінің тарихы моңғол ұлтының түгел тарихының бір ширегі ғана екендігі даусыз. Бұдан былай Шыңғыс қағанның траихын сөз еткенде оның бабаларының алғаш тарихта белгілі болған кезеңінен бастаған жөн. Моңғолдың «Лу. Алтын тобчи», «Құпия шежіре» деген жазбаларында; Батыс теңіз мұхиттарды кешіп келген Бөрте Чыно, Гуа Марал екеуі Бұрхан Халдұн тауына келіп мекендейді. Ол екеуінен Батшаған туды. Батшағанның баласы Тамачи, Тамачидің баласы Қорышар білгі, оның баласы Ұжым Бұрыл, оның баласы Салқачұ, оның баласы екнүден, оның баласы Шыншашы, оның баласы Қаршы, оның баласы Бұрхан Қалдұн319 тауының қойнау жағындағы Ботаған Боғыржының басында Боржығынтай білгі еді. Әйелі Моңғолжың сұлу болатын. Оның туған ұлы Торғалжың бай, әйелі Борықшын сұлу еді. Боралдай, Құбылай деген балалары, Дайыр, Бор деген екі аттары болды.Борықшыннан және Дуа Соқыр, Добу білгі деген екі ұл туады. Дуа соқыр маңдайында жалғыз көзді бола тұра, үш көш жердегіні көретін. Бі күні ағалы-інілі екеуі аң аулап, Бұрхан Қалдұн тауына шықса, сонау орман шетіндегі Түнкелік деген бұлаққа қарай бір топ адам көшіп келе жатады. Соны көрген Дуа соқыр: «Түнкелікке қарай келе жақан көштегі бір күймеде отырған қыздың жүзінен төгілген сәулесі бізге жетіп тұр. Кісіге ұзатылмаған қыз болса, бауырым саған қалыңдыққа сұрайық» - деп Добу білгіні көріп келуге жібереді. Добу білгі жетіп келіп көрсе, шынында көрікті туылған Алаң деген сұлу екен. Бұл Барғұжың түметтің иесі Қорлардай білгінің әйелі Барғұжың сұлудан туған Алаң сұлу деген еді. Барғұжың төке-нің иесі Барғұдай білгінің де бір сұлу қызы бар еді. Есімі – Барғұжың сұлу, оны Қор түметтің ноянына береді. Ол ноянның есімі Қорлардай білгі. Арық-Ұсұнның жерінде туған қыздың есімі Алаң сұлу болатын. Қорлардай білгінің мұнда көшіп келе жатқан себебі, Қор түметтің жерінде бұлғын, тиін аулауға тиым салынып, аулағандармен қырғи қабақ болған соң, Бұрхан Халдұн тауында аң-құс мол дегенді естіп, түгел қауымын алып, Бұрхан Халдұн тауының иесі Шіншің бай ұранхайды іздеп келгені еді. Сөйтіп, Қорлардай руы атанады. Добу білгінің Алаң сұлуды қалай алғаны туралы әңгіме осылай болатын. Мұндағы Хорь түмэт дегені – бұраттардың арғы аталары еді. Алаң сұлу Добу білгіге тиген соң, Бүгүнүтей, Белкүнүтей деген екі ұлды болады. Добу білгінің ағасы Дуа соқырдың төрт баласы болған. Дуа соқыр өлгеннен кейін оның төрт ұлы Добу білгіні көре алмай,

319 - Бурхан Халдұн - Бұрхан Қалдұн деп оқылады, тау атауы.

келеке етіп, өз жөндеріне кетеді де, дөрбөн руы320 аталады. Дөрбөн – дөрбеттің арғы аталары осылар еді. Сонан Добу білгі бөгде біреуден малик Байғұтай дейтін бі кішкентай баланы алып, жалшы етеді. Добу білгі өлгеннен кейін Алаң сұлу тағы да үш балалы болады. Олардың есімін Бұқа қатаған, Бұқашы салжы, Боданшар дейтін еді.Добу білгінің көзі тірісінде туған Бүгүнүтей, Белгүнүтей екеуі өзара әңгіме құрып: «Біздің шешеміз күйеуі жоқ бола тұра мына үш ұлды туды. Үйімізде жалшы бала малик Байғұтайдан өзге бөтен еркек жоқ. Мүмкін сол жалшының балалары ма екен?» - деген кезде екеуінің сөзін шешелері естіп қалады. Сонан көктемнің бір күні Алаң сұлу бес баласын қатар отырғызып, әрқайсысына бір-бір жебеден ұстатып, «Ал, мыналарды сындырыңдар» - дейді. Олар дереу сындырады. Сонсоң бес жебені біріктіріп буып, «Енді мынаны сындырыңдар» - дейді. Оны біреуі де сындыра алмайды. Сонда Алаң сұлу бүй дейді: «Белгүнүтей, Бүгүнүтей екеуің менің мына екі ұлымды кімнен туды, қайдан туды деп күмәнданғандарың дұрыс. Сендер білмейсіңдер, түн сайын бір жарық шығып, құрсағыма сіңгеннен туғандықтан, жалшымен теңестіруге болмайды. Кейін олар қағандар болады» - дейді де, «Сен бес ұл түгелдей бір менің құрсағымнан тудыңдар. Жаңағы бес жебедей жеке-жеке кетсеңдер, кім болса да, оңай сындырады. Ағайынды бесеуің тату болсаңдар – біріктіріп буған бес жебедей, ешкімнің күші жетіп, сындыра алмайды» - деп өсиет қылады. Содан кейін Алаң сұлу да қайтыс болады. Аналары өлген соң ағайынды бесеуі енші бөліседі. Белкүнүтей, Бүкүнүтей, Бұқа қатаған, Бұқашы салжы төртеуі бар малды бөліп еншілейді. Боданшарды бейшара, мақұлық деп, еншіден қағады. Боданшар ағаларының ішкі ойын білген соң, «енді мен мұнда несіне қалам. Кетейін. Өлсем өлермін, өлмесем қалармын» - дейді де, арқасы жауыр шолақ құйрық құла атына мініп, Онон дариясын құлдай жағалап, Балжы аралы деген жерге келіп, шөп күрке тігіп, тұзақ құрып, бір қаршығаны ұстап алады. Оны жақсылап жаратып, құсқа салады. Сонда томпақ біткен томпылдаған үйрек, бұта біткен бұрқыраған қаздың жүніне толып қалады. Сөйтіп жүргенде бір күні Түнкелік бұлағына321 бір қауым ел көшіп келеді. Боданшар оларға қаршығасымен күнделікті барып, айран, сүт сұрап ішіп, кешкісін шөп күркесіне келіп қонақтап жүреді. Сонан бір күні ағасы Бұқа қатаған Түнкелек бұлағындағы қауымға келіп, інісін сұрастырып жүрген кезде, Боданшар да сол жерге келіп, ағасына еіп, еліне қайтып оралады. Сонан Боданшар ағаларымен ақылдасып, Түнкелек жағасындағы әлгі бір қауым елді жаулап алады. Боданшар солардың арасындағы бір аяғы ауыр келіншекті әйелі ғып алады. Ол жарчұд ұранхайдың адамы екен. Одан туылған баланың атын Жажыртай322 деп қояды. Сол Жажыртайдың баласы Түгүтей, Түгүтейдің баласы Бұрбұлшыру, оның баласы Қарқадан, оның

320 - Дөрбөн руы – с.с. төрт ру. 321 - Түнкелек бұлағы – т.н-да Түхэлэг горхи 322 - Жажыратай – кейбір ғалымдар бұл атауды Жалайырдың бір атауы деп қарастырады.

баласы Жамұқа323 еді. Бұлар Жадаран руы324 атанды. Әлгі әйел Боданшарға келгеннен кейін тағы бір ұл туды. Оны Бартай деп атады. Бартайдың баласын Жүткелбөк, Жүткелбөктің баласын Маха мет деп атады. Бұлар Манан барин руы атанды. Бүгүнүтейдің үрпағы Бүгүнүт руы, Белгүнүтейдің ұрпағы Белгүнүт руы атанды. Бұқа қатағанның балалары Қатаған руы Бұқашы салжының балалары Салжұт руы атанды. Боданшардың балалары Боржығын руы болды. Боданшар және бір әйел алып, одан да бір ұл туды. Есімі Бәрім шігіртү Қабыш батыр325 еді. Қабыш батыр әкесіне еріп, Боржығын руына қарады. Қабыштың шешесіне еріп келген бір әйелді Боданшар тоқалдыққа алған еді. Одан туған ұлды Жәуіртай деп атады.Мұның балалары Жәуіртай руы болды. Қабыш батырдың баласы Менен тұдұн еді. Менен тұдұнда жеті ұл болған. Кейбір моңғол тарихтарында; Менен тұдұн қайтыс болған соң, оның әйелі Моғлұң ханым билік ұстайды. Сөйткен шақта ол Жалайыр аймағына қарасты бір топ баланы ойнап жүрген жерінде басып кетіп, жаралайды. Бұған Жалайыр тайпасының басшысы қатты ашуланып, Моғлұңның бар жылқысын айдатып алады. Жылқыларының ізімен қуып барған Моғлұңның алты ұлын жалайырлар түгел өлтіреді. Моғлұң ханымды немере-шөбересімен бірге тірі тұяқ қалдырмай қырып салады. Сол тұста Моғлұңның кенже ұлы Нашын батыр Барғу ұлысынан қалыңдығын алуға Бағыр батырдың тұңғышы Қайду мен бірге кеткендіктен аман қалады. Сонымен қатар Қайдудың Байшыңқор деген алты жасар баласы жасырынып, аман қалған екен. Қайду мен Нашын батыр екеуі елінде мұндай сорақы жағдайдың болғанын естіп, асығыс келіп, Қайдудың баласы Байшыңқорға қастандық жасамасын деп Барғы жеріне жөнелтіп, Нашын батыр әлгі жауыздарды түгелдей жайпап, жылқысын алып, өзі де Барғы жеріне кетеді. Сонан Барғы, Чихү екеуімен күш біріктіріп, тозғындаған елін топтастырып алады. Қайдуды хан сайлап, өзі уәзір болады. Барғы дариясының жағасына қала салдырып, дарияның үстіне мықты көпір тұрғызады. Дарияның екі жағындағы төрт аймақ туысқандарын түгелдей жинап, көп қол жинап, Жалайыр аймағын шабуға аттанады. Жалайыр жағы жеңіліске ұшырап, қол астына бағынады. Соның нәтижесінде Қайду хан мен Нашын батырдың ұрпағы саналатын бір тайпа солон-дар бүгінге жеткен, - деп жазады. Жоғарыда айтылған Менен тұдұнның ұлы Қашы күлік, Қашың, Қашиу. Қашұла, Қаралтай, Қашұң, Нашын батыр жетеуі еді. Күліктің ұлы Қайду үйекен руы болды. Қашыңның ұлы Нойғытай ноян мінезді болғандықтан Ноян руы атанды. Қашиудың ұлын Барулатай дейтін еді. Оның денесі ірі, әрі қомағайлығына сәйкес руын Барулас326 деп атайды. Қашұланың балалары да шетінен қомағай болғандықтан үлкен Барулас, кіші Барулас, білгір Барулас, тотай Барулас деген төрт ру болады. Қаралтайдың ұлы Қашун руы болады.

323 - Жамұқа – бала Темүчиннің андасы. Кейіннен Темүчинді Шыңғыс қаған атанған тұста онымен шығысып, срның қолынан қаза табады. Жалайрдың қолбасшысы. 324 - Жадаран руы – Жалайвр тайпасы. Қазіргі қазақтың Ұлы жүзіне кіретін ру - Жалайыр деп аталады. 325 - Бәрім шігіртү Қабыш батыр – мұндағы Бәрім шігіртү дегені атақ-дәреже атауы. 326 - Барулас – Барлас

Қашұңның ұлы Адарқыдай алауыз, өсекшіл еді. Сондықтан оны Адарқын руы атапты. Нашын батырдың балалары Ұрутай, Маңғытай дегендер еді. Ұрут, маңғыт руы болды. Нашын батырдың кейінгі әйелінен Шіжітай, Доғылтай деген екі ұл туған. Бұл екеуі Шіжітай, Доғылтай руы аталды. Қайдудан үш ұл бар еді. Байшыңқор тарпаң Чирқай сері, Шаужын ұрыншақ дейтін.Байшыңқор тарпаңның баласы Тұмбынай шешен деген еді. Чирқай серінің баласы Сеңкүн білге, Сеңкүн білгенің баласы Амбағай хан327 бастағандар Тайчығұт руы атанды. Чирқай сері келінін әмеңгерлікке алып, тағы бір ұл тудырады. Оны Бесүт деп атап, Бесүт руы болдырды. Шаужың ның балалары Оранар, Қоңқотан, Арұлат, Сүнет, Қабтұрас, Кенекес деген алтау еді. Бұлар өз-өзінің аттарымен алты жеке ру атанды. Тұмбынай шешеннің балалары Қабұл хан, Қамсошы екеуі еді. Қамсошының баласы Бүлтеші батыр, оның баласы мерген шешен, Қабұл ханның балалары Оқұнбарқақ, Бартан батыр, Құтұқтұ қоңқақ, Құтұла хан, Құлан батыр, Қадан, Тотай отшығын деген жетеу еді. Оқұнбарқақтың баласы Құтұқтұ жүрке, оның баласы Шешебекі,Тайчығұт деген екеу еді. Бұлар Жүркен руы атанады. Бартан батырдан төрт ұл тараған. Оларды Меңкіті қиян, Некүн тәйжі, Мерген ектей, Есүкей батыр, Дәрітай отчығын328 деп бесеу қылып жазады. Бірақ «Құпия шежіре» кітабында Мерген ектейдің аты аталмайды. Құтұқтұ қоңқақтың баласы Бөрібөкті еді. Онон өзенінің аралында болған тойда Шыңғыс қағанның інісі Белгүтейдің иығын шауып тастаған, деп жазады. Құтула ханның үш ұлы болған. Есімдері Жошы, қырмау, Алтын. Олар үйкет руы атанды. Құлан батырдың баласы Ұлы Шереннің екі құлы болған. Есімдері Бадай, Кішілік деген еді. Бұлар кейіннен Шыңғыс қағанның тұсында дархадтардың нояны болған. Қадан мен Тотайдан ұрпақ қалмаған. Сонан қалың моңғолды Қабұл хан басқарады. Бұл тұста Алтын ұлысының атақ-даңқы дәуірлеп, дайляо ұлысын күйретіп, Сүн ұлысын жаулап алып, Қаруын батысқа бағыттап, Моңғол ұлысының іргесін жіті көздеп тұрған шағы еді. Осы аралықта түстіктегі Қабұл хан да айтарлықтай күш жиып үлгереді. Алтын ұлысының қағаны Қабұл ханның күш жинап жатқанын ести салысымен дереу өз елшісін аттандырады. Қабұл хан Алтын ұлысының ордасына келіп, қағанға жолығады. Алтын қаған оның ерекше күш-қуатты тұрғанын сезіп, әсте сақтықпен қошеметтеп ас береді. Қабұл хан да алдын ала қапысын табу жолдарын аңдып бағады. Бір күні орда асында Қабұл хан мас болып қалып, байқаусызда Алтын қағанның сақалын сипап жібереді. Мұны байқап қалған орда уәзірлері оны өлтірмек болады. Сөйткен тұста Алтын қаған: «Бұл білместіктің ісі, қылмыс емес», - деп Қабұл ханды өлтіртпей, көптеген сый-сияпатпен еліне аттандырып салады. Алтын ұлысының қолбасшы, уәзірлері Қабұл ханмен тіпті өшігіп, оны қазір құртпасақ, уақыт өткеннен соң, ол бізді құртады деп қағанға уәж айтады. Алтын қаған бастабында алыстан келген адамға жылылық танытып, сый-

327 - Амбағай – Амағай деп те жазылады. 328 - отчығын – атақ. с.с.- отшы, отшы қын, от, қын, от пен қын, от ақалта... дегендерден пайда болуы мүмкін.

сияпатпен аттандырса да, бұл жолы уәзірлерінің дегеніне көніп, Қабұл ханның соңынан қуғыншы топты аттандырады. Алтын ұлысының қуғыншылары қуып жеткен тұста, Қабұл ханның түсі қашып, «Сендердің қағандарыңның кеше өз қолымен аттандырған адамын, бүгін қуғыншы арқылы қайта қайыртқаны несі?», - дейді. Мұны естіген Алтын ұлысының елшісі оның қайтпас бітімде тұрғанын сезіп, қайта қайтып кетеді. Арада бірекі күн өткеннен кейін Алтын ұлысынан тағы бі елшілер келеді. Енді бұлардың ішкі қулықтарын сезген Қабұл хан дереу ұлыс, аймақтарына хабаршы жіберіп, қол жинап Алтын ұлысының елшілерін өлтіреді. Бұны естіген Алтын ұлысының қағаны өзінің сенімді қолбасшысы Ху Шаху дегенді әскерімен аттандырады. Ху Шаху моңғолдың шекарасынан өтісіменақ жер білмей ары-бері сандалып, әбден тозады. Осыны білген Қабұл хан әскерімен биік таудың басына бекініс жасап, бақылауға алады. Сонан Ху Шахудың әскерінің азығы таусылып, амалсыздан қайтуға бет алған тұста, оларды қуып жетіп, оп-оңай жайпап салады. Осыдан кейін Қабұл хан Алтын ұлысын өзінің қас жауы деп біліп, ат-көлігін тынықтырып, қарулы әскерін жасақтап, бетпе-бет соғысқа дайындала бастайды. Сойтіп Қабұл хан Алтын ұлысымен соғысып, жиырма жеті әскери бекінісін басып алады. Сонан Алтын ұлысының қағаны Сүн ұлысымен келісім жасап, әскеи көмек алады. Солтүстіктегі Моңғолға онға жуық шабуыл жасайды да, Ху Шахудың аяғын құшудан тайсанып, Қабұл ханмен бітімге келеді. Оның басып алған Ши Бингедегі жиырма жеті бекетін сол қалпында қалдырып, оған қоса жыл сайын көлемді мөлшерде қой, сиыр, астық беріп тұруға уәде етеді. Қабұл ханға Моңғол ұлысының Уәңі329 деген атақ береді. Кейбір тарихшылар Ши Бингені - Керулен өзенінің түстігіндегі жерлердің атауы, деседі. Бұдан кейін Қабұл хан қайтыс болады. Оның жеті ұлы бола тұра ешқайсысына тағын мұралық етпейді. Тайчығұттың Сеңкүн білгесінің ұлы Амбағайды хан тағына отыруды аманат қылады. Сөйтіп Пмбағай таққа отырады. Сол тұста Қабұл ханның әйелінің баласы Саяндэшін кенет науқастанып, татар аймағынан бір бақсыны шақыртып қаратады. Келген бақсы баланың науқасына төтеп бере алмай, бала өліп қалады да, бақсыны өлтіреді. Бұны естіген татарлар әскер жасақтап, өш алуға аттанады. Оларға қарсы Қабұл ханның алтыншы ұлы Қадан неше мәрте соғысып, басшыларын өлтіреді. Бұдан соң татарлар іштей кектеніп, сырттай айлаға көшіп, Амбағай ханды алдап, бітім жасасады. Бұған сенген Амбағай хан татарлармен құдандал болып, қызын жеткізіп беруге барғанда олардың жасырын дайындаған әскерлері Амбағай ханды қызымен қоса ұстап алып, оларды Алтын ұлысына апарып береді. Баяғы кегін ойлап, Амбағай ханды ағаш есектің арқасына қадап өлтіреді. Бұдан кейін Қабұл ханның төртінші ұлы Құтұла таққа отырады. Ол әкесінің кегін алу үшін Алтын ұлысына қарсы соғыс ашып, әбден әлсіретеді де, Сол екпінімен татарларды да басып алады.

329 - Уәң – Уаң, Ван.. деп әрі түрлі жазылады, атақ-дәреже атауы.

Татарлар ол кезде Бұйр көлі мен Көлін көлінің екі ортасынан ағатын қазіргі Оршұн өзенінің бойын мекен етеді екен. Татарлар моңғолдың бір тайпасы. Қытайлар моңғолдарды кейбір кезде Дада немесе Дагией деп атаған. Осыдан барып татар деген атау шыққан секілді. Қазірдің өзінде Ішкі Моңғолдың арасында аңшы татар, ақ татар деп аталатын моңғол нәсілділер кездеседі. Құтұла ханның күш-қуатына сай, атақ даңқы да мықты болды. Бартан батырдың балаларының ішінде Есүкейді Құтұла хандай құрметтегені жоқ еді. Ол Есүкейді: «Бұл баланың ерлігі менен еш кем түспейді», - деп мақтап, хан тағын соған қалдырғысы келетінін білдіреді екен. Есүкейді бала кезінен күшқуатты, садақ атуға, нысананы көздеуге өте мергенүнемі ауыр садақ, жебе ұстайтын, жай адамдардан өзгеше, аң аулауға да өте шебер болған, деседі. Есүкей бір күні Онон өзенінің бойында аң аулап жүріп, меркіт тайпасының Үлкен Шілету дегені олқұнұт тайпасынан қалыңдық алып келе жатқанында тап болады. Сұлу қалыңдыққа көзі түскен ол дереу үйіне келіп, ағасы Некүн тәйжі мен інісі Дәрітай отшығынды ертіп алып, Үлкен Шілетудің қалыңдығын жолдан тартып алады. Бұл Шыңғыс қағанның шешесі Өгелүн еді. Құтұла хан Алтын ұлысы мен татарларды жаулап жүрген тұста, Есүкей батыр өз аймағына қарасты адамдарды түгендеп, бірге соғысып, татар аймағын ойсырата жеңіп, оның кейбір басшыларын тірідей ұстап, алып келіпті. Осы кезде Құтұла қайтыс болғанымен Есүкейдің сұсынан шошынған татарлар, қайта соғыс болдрмау үшін, оны бітімге шақырады. Бірақ Есүкей алған бетінен қайтпайды. Татарлармен бітімге келуден бас тартады. Сонан кейін татарлармен қайта соғысып, Төмүчин деген батырын тұтқынға алады. Дәл осы тұста Есүкейдің ханымы Өгелүн шешейден Шыңғыс қаған туады.

ОНЫНШЫ ТАРАУ

ШЫҢҒЫС ҚАҒАННЫҢ КЕЗІ

І. Темүжиннің балалық шағы Моңғол әулетінің орталық өлкесі Хэнтэй тауы және Онон, Керулен, Тұғұл330 өзенінің жерінде Моңғолдың баласы Шыңғыс қаған дейтін бір ғаламат ер дүниеге келіп, алыс, жақын түгел ұлыстарды біріктіріп, иелік еткен. Атақ-даңқын айдай әлемге паш етіп, қоғамдық кейіптегі моңғол әулетін тарихи ұлы мемлекет қылып дәуірлеткен. Есүкей батырдың әйелі Өгелүн жүкті болғаннан соң айы-күні толып, Еуропалық жыл санау бойынша 1162-ші жылы жаздың алғашқы айының он

330 - Тұғұл – қазіргі моңғол тілінде Туул деп жазылып, осылай аталады. Ұланбатырдың күн шығысынан оңтүстігін орап, Боғда Хан тауының теріскей етегімен батысқа қарай ағатын өзен. Ежелгі керей тайпасының /Тоғырыл хан/ орда қонысы болған жер. Боғда Хан тауын да Тоғырыл ханның мекені болғаны себепті Хан тауы атанған деп қарастырады.

бесі күні Онон өзенінің бойы, Делүгүн Болдық331 төбесінің маңында Шыңғыс қаған дүниеге келеді. Дәл сол кезде Есүкей батыр татардың Төмүчин, Қорыбұға дегендерін тұтқынға алып келгендіктен, ұлының атын Төмүчин деп қойды. Шыңғыс қағанның туған жылын «Алтын топшы332»-ны негіз етіп алдық. «Лу. Алтын тобчи» - Шыңғыс қағанның тарихи жазбаларының ішіндегі ең көне және ең дұрысы деп есептеледі. Кейбір тарихтарда Төмүчинді Еуропаның 1155 жылы туылды, деп жазып, оның жасаған соғыс-жорықтарын осы жылға сәйкестіріп есептейді. Әлгінде сөз еткен «Лу. Алтын тобчи»-ның сыртында моңғолдың көптеген тарихи жазбалары және қытайдың көптеген тарихи шежірелерінде Төмүчин Еуропаның 1162-ші жылы немесе үшінші алпыстықтың су жылқы жылы333 туып, Еуропаның 1206 жылы немесе от (қызыл) барыс жылы 45 жасында хан тағына отырған. 22 жыл билік құрған. Еуропаның 1227 жылы немесе от (қызыл) доңыз жылы 66 жасында дүниеден озған, -деп жазады. Шыңғыс қағанның хан тағының басталуы Еуропаның 1206 жылы немесе от барыс жылы екенін, енді осыдан есептегенде Төмүчиннің Еуропаның 1162 жылы туғаны нақты шындық екені дәлелденеді. Төмүчинді Еуропаның 1155 жылы дүниеге келді деп жазатын адамдар да бар. Олар Төмүчинді Еуропаның 1206 жылы хан тағына отырды, 1227 жылы дүние салды, деп жазады. Енді осы келтірілген сандармен Төмүчиннің ғұмыр баянын есептесек, онда ол 52 жасында хан тағына отырып, 72 жасында қайтыс болған болып шығады. Төмүчинді 1162 жылы немесе су жылқы жылы туды деп жазатын көптің есептеуінше, оның 45 жасы от барыс жылы немесе Еуропаның 1206 жылына дәл келеді де, қалған жылдарын мүшел қайырумен есептегенде 66 жасында қайтыс болғаны да толық дәлелденеді. Олай болса, бұдан былай Шыңғыстың туған жылын Еуропаның 1162 жылы деп, бір тоқтамға келу керек. Сол кезде Есүкей батыр көптеген аймақтарды басқарып тұрғандықтан алыс-жақындағы тұтас тайпалар оның ерлігін сырттай естіп, үрейленетін көрінеді. Өгелүн шешейден төрт ұл, бір қыз туады. Тұңғыш ұлы Төмүчин, одан кейінгісі Жошы Қасыр334, Қачиғұн335, Төмүге отчығын336 төртеуі еді. Және де жалғыз қызының есімі – Төмүлен болатын. Есүкейдің тағы бір әйелі Сөчікіл шешейден Бектер, Белкүтей деген екі ұл туады. Төмүчин тоғыз жасқа келгенде Есүкей оны ертіп алып, нағашы жұрты олқұнұт337 тайпасынан

331 - Делүгүн Болдық – Долоғон Болдог – Долаған Болдұқ деп те жазылады. Моңғол танушылар «Долоғон Болдог»-«Жеті төбе» деп те қарастырады. Қазіргі Хэнтэй аймағының Дадал сұмынының жері. 332 - Алтын тобчы – Лұбсанданзан, «Ежелгі хандар негізін салған төрелік жосығының туындыларын құрастырып, түйіндеген Алтын тобчы демек-дүр». Бұл кітап қазақ тіліндегі ғылыми аудармасы 2006 жылы Дайк пресс баспасынан жарық көрді. Қазақ тіліне аударған Хамай Жүкел. 333 - Су жылқы жылы – «Лу. Алтын тобчы»-да қара жылқы жылы деп жазылған. Ежелгі моңғолдың жыл санауы төрт текке – су тегі, топырақ тегі, ағаш тегі, от тегі; Төрт түс – ақ, қара, көк, қызыл, боп саналады. 334 - Жошы Қасыр – Хавт Хасар (Қабты Қасыр) деп те жазылады. 335 - Қачиғұн – Хачиун. 336 - Төмүге отчығын – түп нұсқада Төмүге Қачиғұнға қосылып, «Қачиғұн Төмүге» деп, «Отчығын» жеке атау болып қате жазылып кеткен. Дұрысы – Төмүге отчығын. Отчығын – адамның есімі емес, атақ-дәреже атауы екенін жоғарыда сілтемеде айтқамыз. 337 - Олқұнұт – ру атауы. Әлкей Марғұлан олқұнұтты қазіргі қазақ құрамындағы уақ руы деп қарастырады.

қалыңдық іздеуге аттанады. Сөйтіп келе жатып, қоңыраттың Дей шешеніне жолығады. Ұлына қалыңдық іздеп шыққанын айтқан тұста Дей шешен: «Өткен түнде бір ғажайып түс көріп едім, мүмкін осыған келіп тұр ма екен, егер ұнатсаңыз сүйікті қызым Бөртені ұлыңызға қуана-қуана берер едім», - дейді. Есүкей оның қызын барып көрсе, шынында да қас сұлудың өзі екен. Қуанғанынан ұлын сонда қалдырып, қайтқан жолда қатты шөлдеп, той жасап жатқан татарлардың ауылына келіп түседі. Олардың Есүкейді көрген жерден бұрынғы кектері қайта тұтанып, араққа у қосып береді. Сонан қайтқан жолда Есүкейдің денесі ауырлап, үш күн жүріп, үйіне әзер жетеді. Денсаулығы одан әрі нашарлап, қасындағы қоңқотанның Менілік шалына: «Менің жаным шыдамастай болды. Тезірек аттанып, Төмүчин ұлымды алып кел, деп жібереді де, іле-шала көз жұмады. Ұлы Төмүчин келген соң әкесіне қатты қайғырып, уанбай жылайды. Есүкей батыр өлгеннен кейін артында қалған балаларының жас шамалары кішкентай екенін малданып, Тайчығұттардың басшысы Тарғұтай мен Амбағай қағанның қос қатыны Өгелүн шешей мен Төмүчиннің аға-бауырларына күн көрсетпейді. Сонан бір күні олар Өгелүнді балаларымен жұртқа тастап, Онон дариясына қарай көшіп кетеді. Қоңқотанның Чирқа ақсақалы көшкендердің артынан барып, басу айтса да көнбейді. Өгелүн бегім көштің артынан өзі қуып барып, жартысын қайтарып әкелгенімен ола да тұрақтап отырмай, тайчығұттарға еріп, көшіп кетеді. Жетім болған Төмүчиннің Өгелүн шешейі мазақ болып жұртта қалса да, білімді туған Өгелүн шешей жетім қалған балаларын Онон дариясының бойынан мойыл, жаңғақ теріп беріп, құрық ұстап құс сорпасын ішкізіп, қармақ салып балық сөлін ішкізіп, күндерін көріп отырады. . Бұл туралы «Лу. Алтын тобчи»-да; «Көрікті туған Өгелүн шешей, сөлді туған ұлдарын, жуалы шөппен өсірді! Қатын Өгелүннің, жайқалған жуаны жегізген ұлдары қаған болып көсілді. Білікті туған Өгелүннің Бек кемірткен ұлдары, білгі болып жетілді. Жетелі туған Өгелүннің шымыр жегізген ұлдары шешен болып шешілді. Ер, білге боп жетіліп, елдің асын ойлады. Ілгек қармақ қолға алып, Онон суын бойлап, балығын аулап күнімен, шабағын сүзіп түнімен шешелерін асырады»,- деп жазады. Осылайша Төмүчин інілерімен бірге қармақ иіп, Онон дариясынан балық аулап, күндерін көреді. Бір күні Төмүчин, қасыр, Бектер, Белкүтей қатарласып балық аулап отырғанда Төмүчиннің қармағына алтын балық ілінеді. Оны Бектер мен Белкүтей екеуі тартып алады. Төмүчин мен қасыр екеуі шешелеріне айтып еді, шешесі; Сендер неліктен бұлай етесіңдер. Біз тайчығұт ағайындардан көрген ащы қайғының қарымтасын қайтара алмай отырғанда бұлай жұлысқандарың жарамайды, дейді. Төмүчин мен Қасыр екеуі шешесінің сөзіне иланбайды. «Кеше бір торғай атып түсіргенде тағы да тартып алған. Бүгін ғой қармағымызға ілінген балықты да тартып алды. Бүйте берсе қалай бірге өмір сүреміз», -деп ағалы-інілі екеуі есікті қатты тастап, шығып кетеді. Кешқұрым Бектер бір дөңестің үстінде тоғыз сары атын көздеп отырған тұста, Төмүчин артынан, Қасыр алдынан далдаланып барып, садағын көздемекші болғанда Бектер оларды көріп, былай дейді: «Тайчығұт

ағайындардың қарымтасын қайтара алмай жатқан шақта, сендер белкүтей екеумізді жоқ етпеңдеші», - деп тізерлеп отырып, олардың садақ тартқанына мойынсұнады. Төмүчин ағалы-інілі екеуі алды-артынан қатар түйреп өлтіреді. Төмүчин, Қасыр екеуі үйге қайтып келгенде, ұлдарының сұстарынан жасаған істерін іштей сезген Өгелүн шеше: «Сен құсағымнан шыққанда қолыңа қан уыстап туып едің.Сендер көлеңкеден басқа дос жоқта, құйрықтан басқа қамшы жоқта, тайчығұт ағайындардан ащы кектеріңді қалай қайтаруды ойламай, не үшін,неге бұлай етесіңдер?..», - деп өзге де қатаң сөздермен ұлдарын қатты сөгіп ұрсады. Сөйтіп жүргенде тайчығұтлар Төмүчиндердің кұшті өсиетпен тәрбиеленіп, өсіп жатқандаын естіп, «Қозы жүні көтерілді, тоқтының еті толды», - деп, аяқ астынан көп әскермен жетіп келеді. Оларды көріп, үрейі ұшқан Төмүчин атына қарғып мініп, орманға қарай қаша жөнеледі. Байқап қалған тайчығұттар дереу артынан қуады. Бірақ, Тергүне деген орманның нуына сүңгіп кеткендіктен тайчығұттар оған кіре алмай, сайдың аузын күзетеді. Төмүчин орманның ішінде тоғыз күн бойы нәр татпағандықтан, төзімі бітіп орманнан шығып келгенде, тайчығүттар ұстап алып, үй бас сайын бір қондырып, кездіріп жүргенде жаздың алғашқы айының он алтысында тайчығұтлар Онон даиясының жағасында тойлап, күн батқанда тарқайды. Сол тойда Төмүчинді бір босаң боз балаға аңдытып қойған еді. Төмүчин аңдыған баланың басына ағашпен338 бір қойып жатқызып, Онон өзенінің ну орманына қарай қашып барып, суға сүңгіп, бетін ғана судан шығарып жатады. Тайчығұттар дереу айдың жарығымен Онан өзеннің жағалауындағы орманды қаптай тінтіп, іздеп келгенде, Темүчиннің осылай жатқанына тап болған Сүлдүтенің Торқан Ширасы339: Сенің осындай ақылдылығың үшін тайчығұт ағайын-туысың сені өлтіру керек деседі. Сен абай бол. Мен сені айтпаймын, - деп, өтіп кетеді. Тайчығұттар қайта айналып іздеп келе жатқанда, Торқан Шира бүй деп: Сендер тапа-тал түсте айрылып қалған адамды қараңғы түнге қалай табасыңдар. Енді кері қайтып, жүрмеген жерлерден іздеп ауылға барып, ертең қайта жиналып, іздейік!, - деп, қайта айналып келіп Темүчинге: Біз осы ізбен іздеп қайтамыз. Сен енді бізді тарасқаннан кейін, шеше, аға-бауырларыңды іздеп тауып ал. Егер біреудің көзіне түсіп қалсаң, маған көрінгеніңді айтпа!, - деп, тағы да өтіп кетеді. Темүчин Торқан Шира мені осылай құтқарды деп ойлап, оның үйін тауып алуға жөнеді. Олардың үйлерінің белгісі – биелерінің қымызын таң атқаншапісетін. Сол дыбысты тыңдай жүріп, үйіне кіріп барғанда, Торқан Шира көріп: Мен саған шеше, бауырларыңды іздеп тауып ал деп айтпадым ба? Енді тағы неменеге келдің, – дегенде, оның ұлы Шан340 мен Чилағұн екеуі: Торғай қаршығадан қорқып бұта, шөпке қорғаласа, бута, шөп оның жанын қорғайды. Шөп те осындай қорғаушы болғанда, бізді іздеп келген адамды қалай қорғамасқа!,– деп, Темүчинге кигізген бұғауды бұзып, отқа жағып, үйдің артындағы қойдың шуаш жүнін тиеген арбаға жасырады.

338 - ағашпен – «Алтын тобчыда» - «бұғауымен» деп жазылған. 339 - Сүлдүтенің Торқан Ширасы – Сүлдүсүннің Сорхан Ширасы деп те жазылады. 340 - Шан - өзге жазбаларда Чимбай деп жазылады.

Үшінші күні тайчығұттар Темүчинді /біреулер/ жасырып тыстаған болды, өз ішімізден іздейік, десіп ауыл-үйлерді тінтіп, Торқан Шираның үйіне келіп, қуыс-қуыстың барлығын тінтіп, соңында жүн тиеген арбаға барып, тінте бастағанда, Торқан Шира: Мынадай шышыған күнде жүннің арасына қандай адам шыдап жатады?!,– дегенде, тінтушілер арбадан түсіп, кетіп қалады. Торқан Шира Төмүчинге бүй деп: Сен мені күл ұшып, от өшкендей еттің. Енді сен шеше, бауырларыңды тауып ал!,– деп, бір жайдақ бие беріп, бір қозы сойып, жарты етін асып, тері тұлыпқа салып, биенің қымызын торсыққа құйып, бір садақ, екі жебе беріп жібереді. Темүчин кетіп, Онан өзенін өрлеп іздей жүріп, Кемүрге дейтін, Онан өзеніне батыстан құятын бұлықты өрлеп, Бидер деген таудың тұмсығын айналып, Қорчақұр болдұқ341-та шеше, бауырларымен жолығысты. Темүчин сол жерде жолығысқаннан кейін Бұрхан Қалдұн тауының қойнауы, Күрелкү деген таудың ішіндегі Сенкүр деген бұлақтың жағасындағы Қаражүркен342 деген кішкентай таудың жанындағы Көкнорға343 мекендеп, суыр, тараққұйрық атып жеп өмір сүреді. Бір күні Темүчиннің сегіз сары аты үйге жақын тұрғанында бір адамдар келіп, тартып алып кетеді. Және бір құла аттары бар еді, оны Белкүтей мініп, суыр аулап кеткен болатын. Кешқұрым суыр артып келгенде, Қасыр, Белкүтейлер аттардың артынан қуайық деп еді, Темүчин өзі қуып жөнеді. Сегіз аттың ізіне түсіп, үш күн жүріп, бір ауылдың бие сауып отырған кісісінен аттарын сұрастырып еді, әлгі адам: Сегіз атты осы жермен айдап өтті. Ер азаматтың аңсары – бір, мен бірге қуысайын. Менің әкемнің есімі Нақу бай. Мен оның жалғыз ұлымын, есімім – Боғорчи деген болады, - деп, Темүчиннің атын ауыстырып беріп, бірге қуғынға кетіп, тағы да үш күн жүргеннен кейін бір топ ауылға келіп, байқастаса, сегіз сары ат күреннің сыртында тұрғанын көріп, екеуі шауып кіріп, аттарын қуып әкетеді. Сонан Нақу байдың үйіне келіп, Боғорчиға жартысын бермек болса; егер, сенің бергеніңді алсам – менің нөкеріме көмектескенім бекер болады, - деп, алмайды. Есесіне, Темүчинге ет, қымыз, азық береді. Сөйтіп, Темүчин үйіне келеді. Өгелүн шеше, бауырлары түгел қуанып қалады. Содан Темүчин Белкүтеймен бірге Керулен өзеніндегі Дей шешеннің үйіне барса, Дей шешен қатты қуанып, Бөртегелжін қызын Темүчинге қалыңдыққа береді. Кейбір тарихи жазбаларда: Бөртегелжінді алған кезде келін алу, қыз айттырып алу төрелік жосығының бастамасын жасап, тарту-таралғы /қоржын/ жеткізу, күнге, айға, отқа табындыру, бата беру, тойлау, /ұзату/ тойын жасау сияқты салтты бастап, қалыптастырған деп жазады. Темүчин тағы да Белкүтейді жұмсап, Боғорчиды шақыртып алып, андалық ғұрып жасамақ еді, мұны естіген Боғорчи бүкір құласын мініп, боз ұрұманға344 жүгін артып, Белкүтейге еріп келеді. Сол достасқаннан достасып, еш ажыраспаған екен.

341 - Қорчақұр болдұқ – төбе деген атауды көнеше «болдұқ» деп атап отыр. Қорчақұр төбе. 342 - Қаражүркен – т.н-да Зүлге деп анықтама беріпті. 343 -Көкнор – Хөхнуур – с.с. Көк көл. 344 - ұрұман – т.н-да «уруман» деп жазыпты. Сөздіктерде, негізгі деректерде кездеспейтін атау. Біз мұны «ыңыршақтың» көне атауы деп қарастырамыз.

Содан Төмүчин әкесінің ескі андасы керейдің Уан ханы есіне алып, Бөртгелжиннің шешесінің жасауға берген қара бұлғын ішігін алып, Қасыр, Белкүтей екі інісін ертіп аттанады. Уан хан Толы өзенінің бойындағы Қара орманда отырған болатын. Хан алдына келген Төмүчин; - Уан хан сіз әкемнің ескі андасы едіңіз. Сізді әкемдей көріп жүрейін, деп қара бұлғын ішігін ұсынады. Бұған қатты қуанған Уан хан: «Қара бұлғын ішігіңнің қарымына, Қақыраған еліңді Құрастырып берейін. Бытыраған еліңді Біріктіріп берейін! Мұны мәңгі ұмытпаспын!», - дейді. Төмүчин үйіне қайтып келгенде ұранхайдың адамы Жаршығұдай қария көрігін арқалап, Желме деген баласын ертіп келіп бүй дейді: - Атыңды ерттеуші, есігіңді күзетуші болсын», - деп желмені Төмүчинге береді. Тағы да сол Керуленнің Бүрге деген жерінде отырғанда бір күні таңертең Өгелүн шешейлер тұрмай жатқан шақта Тайчығұттар шабуылдайды. Тайчығұттардың ат тұяғы дүбірінен оянған олар апыл-ғұпыл киініп, Өгелүн шешей, Төмүчин, Қашұн,Отчығын, Қасыр, Белкүтей, Боғұрчи, Желме брі бірбір атқа мініп, Төмүленді шешесі алдына алады. Қалған бір атына жүктерін артады. Бөртгелжинге ат жетпей қалады. Төмүчин бауырларымен Бұрхан Қалдұн тауына қарай жөнейді. Үйде қалған Бөртені Қонұқчин кемпір345 ала сиыр жегілген бітеу арбаға отырғызып, жүн-жұрқамен далдалап, тауға жақын жердегі Түнкелек бұлағына қарай таяй бергенде, алдарынан бір топ адам шығып, Төмүчинді сұрағанда білмеймін деп өтіп кетеді. Бірақ арбаның білігі сынып кетеді де, оманға қарай Бөрте екеуі жаяу қашпақшы болады. Дәл осы кезде Белкүтейдің шешесін жайдақ атқа мінгізіп жетектеп алған бір топ әскер келіп, арбаны тінтіп, Бөртені кемпірмен қосып, атқа міңгестіріп алып, Төмүчинді қуып, Бұрхан Қалдұн тауын үш қайта іздесе де, ну орманға кіре алмай, таппай қайтып кетеді. Бұлар Ұдұйт меркіттің Тоқтаға, Ұнақ меркіттің Дайыр Ұсұн, Асағұн меркіттің Қағатай Дармаласы болатын. Ертеде Есүкей батыр Өгелүн шешейді Иеке Чіледүден тартып алғандағы кегін қайтаруға келген екен. Олар : «Бөртені тартып алдық. Кегімізді қайтардық», - деп үйлеріне қайтады. Келе сала Бөртені Чіледүдің інісі Чілегер балуанға береді. Төмүчин Бұрхан Қалдұнға: «Жанымды қорғадың», - деп, тауға қарай тоғыз мәрте бас иіп, биенің сүтін шашып: «Ұрпақ жұрағатым мәңгі сиынып жүрсін!», - дейді. Содан бастап Бұрхан Қалдұн тауына сиынатын болған. Бұл тау – Хэнтэй тауы еді, деседі. Бөрте Чыно мекен еткен Байкал көлінің маңындағы бір тауды да Бұрхан Қалдұн деп айтқанымен, Шыңғыс қағанның кезіндегі осы оқиғаға қарағанда, Бұрхан Қалдұн тауы Хэнтэй немесе соған жалғас бір тау екені байқалады.

345 - Қонұқчин кемпір – с.с. Қонақшы, қонушы кемпір. Өгеленнің үйіндегі қызметші әйел. Солай десек те, Байкал көлінің маңындағы әлгі таудың да ерте кездерде Бұрхан Қалдұн аталғанын жоққа шығаруға болмайды.

2.ҮШ МЕРКІТТІ КҮЙРЕТІП, ТАЯУ АЙМАҚТАРДЫ БАҒЫНДЫРҒАН КЕЗІ Үш меркіт дегеніміз, Моңғолдың бір аймағы, Селенге, Чөкү өзенінің маңайын мекенденген. Темүчин үш меркітке қатын, балаларын олжалатып, Керейдің346 Тоғорыл қағанына Қасыр, Белкүтей екеуін ертіп барып, үш меркіттің қатын, баласын тартып алып кеткен жайын айтып, көмектесуін сұрағанда Тоғорыл қағанның айтқаны: «Бұрын саған айтпап па едім? Бұлғын ішігіңнің қарымына, бытыраған еліңді біріктіріп берейін. Қара бұлғын ішігіңнің қарымына, қақыраған еліңді құрастырып берейін!», - деген едім, мен. Енді де, сол сөзіме жетіп, бұлғын ішігіңнің қарымы – түгел меркітті бүрістіре үйіріп, Бөрте үчиніңді347 қайтарып берейін. Қара бұлғын ішігіңнің қарымы – қамұқ348 меркітті қайырып, қатын Бөрте үчиніңді қайтарып әкеп берейік, біз!», - деп, - Сен Жамұқа ініге айтып жібер. Жамұқа бауыр бұлақ басында отырған болар. Мен осы жерден екі түмен атты әскер алып, сол қолға аттанайын. Жамұқа бауыр сол жерден екі түмен атты әскер алып, оң қолға аттансын. Хабарласып, жолығатын жерді Жамұқа тоқтатсын. Бұл Жамұқа дегені Боданчардың үлкен ұлы Бегүнүтейдің кейінгі ұрпағы болатын. Төмүчиннің он бір жасында екеуі Онон дариясының мұзында ойнап жүріп, бір құрылтұқ349 асығын Төмүчинге сыйға берген-ді. Төмүчин оның қарымына ченгелторт350 асығын Жамұқаға беріп, анда болған. Соның келесі көктемінде Төмүчин мен Жамұқа екеуі өз-өзінің кішкене ағаш садақтарымен ойнап жүрген кезде Жамұқа тағы да бір бұғы мүйізінен /жабыстырып/ жасалған дыбысты зор-ын351 Төмүчинге береді. Төмүчин оның орнына Жамұқаға аршамен ұштаған жебе беріп, екінші мәрте анда болған еді. Содан Төмүчин қайтып келіп, Қасыр, Белкүтейлерді жұмсап, Жамұқаға осы барлық оқиғаны айттырғанда, Жамұқа; Төмүчин андам әйелін өзгеге тарттырып алғанын естіп өзегім ауырды. Осы кезде меркіттің Тоқтағасы Бұғұр кегерде отыр. Дайыр Ұсұндар Орхон, Селенгенің шеті Көдеге аралында отыр. Қағатай Дармала қазір Қалжи кегер деген жерде. Біз енді доңызжал352 шөбінен сал байлап, Чөкү353 немесе Хилғо дариясынан өтіп, меркіттің Тоқтағасының еліне жетіп, оның елін түгел олжалап құртайық, - деп, Темүчин екеуіміз бір-бір түмен әскер алып, Ботахан боғорчида354 жолығайық деп, /бұл айтқанын/ Төмүчин мен Уан ханға жеткіздіртеді. Уан

346 - Керей – тайпа атауы. Қазіргі қазақтың орта жүзінің құрамындағы керейлердің бабалары. 347 -үчин – бегім. 348 -қамұқ – барша, түгел деген мағыналы. 349 - құылтұқ – зүр - 350 - ченгелторт – жезден құйылған асық. 351 - зор – садақ. 352 - доңызжал – т.н-да «гахайндал» -«доңызжал» деп жазылған. «Лу. Алтын тобчы» -да («АТ») «саглагар» деп жазылады. 353 - Чөкү – т.н-да Цөкү деп жазыпты. Біз көне жазбаларда кездесетін атауымен Чөкү деп қолдандық. 354 -Ботахан боғорчи – «АТ»-да Бұтақан Боқұрчи деп е жазылады

хан екі түмен әскер алып, Бұрхан Қалдұнның қойнауы, Керүлен Бүргенің жағасына беттеп, Тана бұлағында 355 Төмүчинмен бірігіп, сонан Онон өзенінің бас құйғанындағы уәде етілген жері – Ботахан боғорчиға келеді. /Сонда бұл жерге/ үш күн бұрын келген Жамұқаның айтқаны: «Жаңбырлы болса да, уәдені бұзбайық, жауынды болса да, құрылтайдан қалмайық, деп келіскеніміз жоқ па?!», - дегенде, Уан хан: «Бекіскен уәдеде тұра алмаған қателік бізде!», - дейді. Сол жерден қозғалып, Чөкү немесе Хилғо356 дариясына жетіп, сал байлап өтіп, Бұғұра деген жерге жетіп, Тоқтаға бекидің қатын-баласын түгел олжалап, тартып алады. Тоқтаға беки мен Дайыр-Ұсұн екеуі бірігіп, азғантай адаммен Селенгеге қарай қашып кетеді. Меркіттер түнделетіп Селенгеге қарай қашып бара жатқанында арттарынан қуып жетіп, солардың арасында «Бөрте үчин!», «Бөрте үчин!», деп айқайлап жүргенде, Бөрте үчин Төмүчиннің дауысын танып, шылбырынан ұстай алған тұста айдың жарығында Төмүчин оны да танып, жолығысады. Бұрын Есүкей батыр Өгелен шешені Тоқтағаның інісі Чиледүден тартып алғаны үшін меркіттер сол кегін қайтармаққа Бөрте үчинді тартып алып, Чилэдүдің інісі Чилегер бөкеге357 берген екен. Бұрхан Қалдұнда шабуылдаған үш жүз меркітті ұрпақтан-ұрпағына дейін күлімен ұшырып құртады. Қалған дүние-малын, әйел, балаларын олжалап, кейбірін әйел етіп, кейбірін құл, күң етеді. Меркіттер қашып жүргенде бір от-жалынды бес жасар бала қалып қойғанын, тауып алып Өгелен шешеге береді. Содан Төмүчин, Жамұқа екеуі бірігіп Қорқұқ Жібүр бұлағына қарай қайтады. Тоғорыл хан Бұрхан Қалдұнның сыртымен аң аулай жүріп Тұғұл өзенінің Қара орманына келіп түседі. Төмүчин Жамұқа екеуі бұлаққа келіп түсіп, бұрынғы анда болғандарын еске алып, қайтадан андалық жаңғыртып, той-тойлайды. Төмүчин, Жамұқа екеуі екі бір жыл бірге отырып, содан көшкен жолда Жамұқа бөтен ой ойлап, бір жерге қалып қояды. Төмүчин ерген елмен бірге түнімен жүріп, тайчығұттарды басып өткенде, олар қорқып, Жамұқаға қарай көшіп кетеді. Олардың жұртында қалған бір кішкентай ұлды Өгелен шешеге беріп, асыратады. Тайчығұттың жерімен сол күні түнімен жүріп, таң атқанда қарса, жалайырдың Қачиғұн, Тоқұрақұн, Қарқай осы үш тоқұрақұн358 ағайындар еріп келген екен. Және де дархадтың Қадаған, Далдұрхан қатарлы ағайынды бес дархад еріп келіпті. Және Мөнкетү хианың ұлы Үнгүртен, Чағшығұт, байағадұр келген екен. Баруластан Құбылай, Құтұқ ағайындылар, манғұттан Жатай, Доғолқу чэрби359 ағайынды екеуі, және Боғорчидың інісі Үгүлен чэрби арлұннан бөлініп, ағасы Боғорчиға бірігіп келіпті. Желменің інісі Чұрхан, Сүбегедей батыр ұранхайдан бөлініп Желмеге бірігіп келіпті. Бесүттен Дегей, Күчүгүр ағайынды екеуі, сүлдүден Чілгүтей, Тақай,

355 - Тана бұлағы – «АТ»-да Тақ бұлағы. 356 - Хилғо – «АТ»-да Хилғу, «Моңғолдың құпия шежіресінде» («МҚШ») Хилғо. 357 -бөке – бөхи – атақ-дәреже атауы, с.с. «палуан» дегенге келеді. 358 -тоқұрақұн – ру немесе аталық атауы сияқты. 359 -чэрби – бас ноян атағы.

тайчығұттан ағайындастар келіпті. Жалайырдың Сече домог360, Арқай, Қасыр, Бала балаларымен келіпті. Үкігеннің Жегей, хондағардың ұлы Сүкей жаун361, Негүдей, Чаған қоға-лар келіпті. Олқұнұттан Хинғатай, ғорұластан Сечікүр, дөрбеннен362 Мөчі, Бүдүгүндер келеді. Икерестен Бұғу аң аулап жүрген жерінен келеді. Үйекеннен Жүнкей, ороқұрдан Жұрған келеді. Барладан Қоға шешен363, Қарачар балаларымен келеді. Тағы бағариннан Қорчи, Ұсұн ебүген364, Менен бағариндер келіп, Қорчи: «Төмүчиннен барша қауымның иесі болатын нышан көрінді», - деп, айтқан /ырымдаған/ екен. Және Қуқас бастаған кенигеден365 бір күрен366 келеді. Және Дәрітай отчығын бір күрен болып келеді. Жадараннан Мұқұла хуху367 келеді. Үчин сахурин бір күренмен келеді. Төмүчин Жамұқадан бөлініп, Кимұрға бұлағында Айл-харағада368 түсіп жатқанда Сече беки, Тайчу екеуі бір күрен, Тағы тайшының ұлы Алтын отчығын бір күрен Жамұқадан бөлініп келеді. Төмүчин сол жерден көшіп, Сенкүр бұлағының Қаражүркеннің369 Көкнор деген жеріне қонады. Осы кезде Алтын, Құчыр, Сече бекилер бастап, көпшілік қолдап, Төмүчинді хан көтерді, деп айтылғанымен нағыз хан тағына отырғаны оның қырық бес жасы – от барыс жылы болатын. Бірақ, бұл кезде осы жасқа жете қоймағандықтан тек өзіне қарасты бірер аймақтың халқына солайша хан немесе басшы болып сайланған сияқты. Кейбір моңғол тарихында Шыңғыс қағанды жиырма сегіз жасында – топырақ тауық жылы хан сайланды дейтіні осы кезді айтқаны болса керек. Төмүчиннің жиырма сегіз жасы топырақ тауық жылына яғни Еуропаның 1189 жылына дәл келеді. Соның үшін де оның туған жылы – су жылқы жылы немесе Еуропаның 1162 жыл екендігі еріксіз шындыққа айналады. Кейінгі бір кезде Төмүчин мен Уан ханның араларына жік түскен тұста Төмүчинмен бір тума болып келетін Алтын, Құчырлар Керейдің Уан ханының қасына қашып барады. Төмүчинның сонда оларға айттырған сөзінде «Алтын, Құчыр сен екеулерің мені не үшін тастап кеткендеріңді түсінбедім, Құчыр сен – Некүн тәйжінің ұлысың! Алтын сен – Құтұла ханның ұлысың! Екеуіңді хан көтермек едік, өздерің артын күтпедіңдер. Сече тәйжі де бас тартты. Сендер - барлықтарың мені хан бол деген соң, амалсыз болған едім», - дегенін және осы кезде Алтын, Құчырлар бастап, көпшілік қолдап, хан болдырды дегенімен салыстыра ойласақ, осы кезде солайша бір кіші хан немесе басшы болғаны шындыққа саятын сияқты.

360 - домог – атақ атауы ретінде қолданған. Қазіргі моңғол тілінің қолданысындағы мағынасымен «домог» деген атау «аңыз» деп аударылады. 361 - жаун – бұл да көне атау сияқты. 362 -дөрбөн – дөрбет. 363 -шешен – атақ. 364 -ебүген – с.с. ақсақал, қария, шал. Бұл да атақ. 365 -кениге – тайпа атауы, генге –гэнигэ деп жазылған. 366 - күрен – т.н-да аймақ деп түсініктеме берген. 367 - хуху – қоға деген атаудың қытайша жазылуы. «АТ»-да «Мұқұли қоға» деп жазылады. 368 Айл-харағада – т.н-да айл Харагад деп жазылған. «МҚШ»-да «Айл-харғанад», «АТ»-да «Айл хараға» деп жазылған. «Ауыл қоралас» дегенге келетінін бұдан былай анықтау керек сияқты. 369 - Қаражүркен – т.н-да «Зүлге» деп анықтама берген.

Және де Төмүчиннің айтқан сөзінде «Алтын сен – Құтұла ханның ұлысың! Құтұла хан Моңғолды басқарып тұрған», деген сөздердің болуына қарағанда, Моңғол деген атау Шыңғыстан бұрын болғаны анық байқалады. Содан бастап Төмүчиннің атақ-даңқы артып, бұрын бөлектеніп жүрген жақын елдер тоқтаусыз келіп, бара-бара көбейіп, Есүкей батырдың кезінен де күшейіп, қуаттанады.

3.ТӨМҮЧИННІҢ ОН ҮШ ҚОЛ ШАЙҚАСЫНДА ЖАМҰҚАНЫ ЖЕҢГЕНІ

Содан Төмүчин алыс жақыннан келген білімді, біліктілерді қастерлей пайдаланып, жеке-жек істерді басқартып, тың ойларын іске асырып, бір шаңырақты ұлыс дәрежесіне жетеді. Осы тұста Жамұқаның інісі Тичір деген Құтұла ханның ұлы Жошы дармаланың жылқысын тартып алып кетеді. Жошы дармала оны атып өлтіріп, айрылған жылқысын айдап қайтады. Осыған бола Жамұқа өшігіп, төрт түстікке елші аттандырып, татар, тайчығұт бастаған он үш аймақтың әскерінен он үш түмен қол жинап, Төмүчинге қарсы аттанады. Бұны икерестер арқылы естіген Төмүчин өз қарамағындағы елден үш түмен әскер жинап, оны он үш қолға бөліп, Жамұқаның алдынан қарсы аттанады. Бұл он үш қолдың соғысы Төмүчиннің ұлы жеңістерінің бастамасы еді. Төмүчиннің он үш қол әскерінің құрылымын кейбір тарихи жазбаларда былай деп баяндайды: «Оның он үш қолы - әрбір қолда мың атты әскерден құрылыпты. Шыңғыс қағанның әскери жаңа заңы бұған дейінгі Азия құрлығындағы түрік, моңғол, шүршіттердің әскеи құрылымынан мүлде бөлек. Бұрынғы кезде шығарылған әскери жарғы елу адамды бір тұрақ етіп, бес шептен құрайтын, әрбір шеп он адамнан тұратын, бірінші екінші шептің әскерлері түгелдей сауыт, дулыға киетін, кейінгі үш шептің әскерлері ат мініп, найза ұстайтын. Алғы шептегі екі адам тақауыр беру, тосқауыл қою міндетін атқаратын. Ұрыс кезінде оң қол мен сол қолдың әскері бытырап кетердей болса, әлгілер біріктіру тәртібіне көшеді. Басқадай кездерде ұрысқа кіріседі. Алдыңғы екі шеп өзге шептегілерді қорғайды, болмаса ашық тосқауылға шығады. Мұның барлығын уақыт өлшемімен жасайды. Жеке тұрақ қатысса, бес жүз қол болады. Қайта кірсе, бес мың қол бір әскер болады. Шыңғыс қаған осы құрылымды өзгертіп, әрбір шептегі әскер санын бір-бір есеге көбейткен. Оның бір шебі жиырма әскерден, әр сапты жүз әскерден жасақтаған. Шабуыл қимылын бұрынғы тәсілмен жүргізген. Сондығынан Шыңғыс қағанның әскерлері төрт түстікте жасаған ұрыстардың бәрінде жеңіске жетіп отырған», - дейді. Және де әлгіндегі айтылған он үш қол әскерді қалай жасақтағаны жөнінде «Боғда батырдың жорық жазбасы370» дастанындағы жазылған әңгімелер Еуропа шежірелеріндегіден мүлде басқаша айтылады. Қазіргі Еуропаның шежірелері желісімен қысқартылып жазылды делінген, осы он үш қолдың

370 - «Боғда батырдың жорық жазбасы» – «Богд баатар биеэр дайлсан тэмдэглэл». Боғда – Шыңғыс батырдың жорықтары туралы жазылған тарихи шығарма, моңғол тілінде.

шайқасын тарата жазған дерекке үңілсек, онда бірінші, екінші деп тізіп, барлығы он үш қол жасап, өзінің аталас туыстары мен көптеген тайпаларды бөліп орналастырыпты. Төмүчин әскерін он үш қолға жасақтағаннан соң, Далағанбалжиғұт деген жерег барады. Сол жерде Жамұқаның әскерімен бетпе-бет ұрысқа кіреді. Жаудың әскері оларды ығыстыра итермелеп, Онон өзеніне тірейді. Төмүчиннің әскері бір таудың шатқалына тығылып, ұрысты тоқтатады. Боғорчи ұсыныс жасап, «Біз әскерді Онон өзенінің Чырқан шатқалынан өткізіп, қашан жаудың әскерінің екпіні қайтып, кейін шегінген тұста бар күшпен ұмтыла соғыссақ, қалайда жеңіске жетеміз!», - дегеніне Төмүчин дереу келісіп, қалың қолын жинап, қатаң тәртіп сақтап, атық қимыл жасамауды бұйрық етеді. Жамұқаның әскері неше мәрте шабуылдап келсе де, /жалғыз/ Боғорчи садақ тартып қайтарып тұрады да, жаудың әскерінің күші қайтып, бытырай бастаған тұста тұтқиылдан шабуылдағанда, Жамұқаның әскері сасқалақтай бытырап, құр тобырға айналады. Төмүчиннің он үш қол әскері бір жолда барлық күшін жұмылдырып, төтенше екпін алғандықтан, Жамұқаның он үш қол әскерін ойсырата жеңеді. Сонан Төмүчин әскерін жинап, қолға түсіріп, тұтқынға алған адамдарды айдап, олжалаған дүние-мүлкін теңдеп, қуанышпен оралады. Осыдан бастап Төмүчиннің атақ-даңқы артып, /төңірегіне жаңа ел топтаса бастайды/ ұрұғұттың Жорчытайы ұрұғұттарды бастап, маңғұттың Құйылдары маңғұтты бастап, Жамұқадан бөлініп, Төмүчинге келеді. Бұлар Боданчардың ұрпағы Начын батырдың кейінгі тұқымдары еді. Осыдан кейін қонқотанның Менлік ечиге371 жеті ұлын ертіп, Жамұқадан бөлініп келеді. Олар Боданчардың ұлы Қачи күліктің ұрпақтары еді. Содан Төмүчин қалың туыс-туғандарымен бірге Онон өзенінің орманында той тойлайды. Сөйткен тұста Қабұл ханның үлкен ұлы Оқынбарқақтың баласы Құтұқту жүрке, оның ұлы Сече-беки, оның інісі Тайчу тан және Қабұл ханның үшінші ұлы Құтұқту қоңқақтың ұлы Бүри бөке-лер Төмүчинге арамдық ойлап, оны өлтіруге ақылдасады. Төмүчинді үйлеріне шақырып, тойлатқанда Төмүчин алдын-ала сезіп, қатты сақтанып, Белкүтейді ат ұстатып сыртта қалдырады. Жүркеннің Бүри бөке-сі тойды басқарады. Жүркеннің бір әйелі келіп, оң үзеңгіні кесіп алғанын Белкүтей көріп қалып, оның аяғын үзіп жібереді. Бүри бөке қорғап, Белкүтейдің оң иығын шауып алады. Төмүчин көріп, ашуланған тұста, Белкүтейдің айтқаны: «Менің денеме соншалықты зақым болмағандықтан ағйын-туыспен мен үшін араздасудың қажеті жоқ», - деп тосқауыл қояды. Төмүчин ашуланып, олармен ұрысқан тұста, Сече-беки-ле жалбарынып татуласады.

4. ТАЙЧЫҒҰТ ЖӘНЕ ТАТАР ҚАТАРЛЫ КӨПТЕГЕН АЙМАҚТАРДЫ БАҒЫНДЫРҒАН КЕЗІ

Татарлар Алтын ұлысымен шығысып қалған еді. Ұлыстың қалың әскері татар аймағымен ұрыс ашуға Ұлзы өзеніне қарай келеді деген хабарды 371 - ечиге – с.с. әкей, атақ-шен негізінде қолданады.

естіген Төмүчин атадан жалғасқан кегін еске алады. Осы бір оңтайлы сәтті пайдаланып, қас жауын қайта тұрмастай етуді ойластырады. Дереу Уан ханға елші аттандырып, тағы да күш қауыстыруын өтінеді. Уан хан келіседі. Және де Жүркенің Сече-бекиі мен Тайчуға да осы кек алу туралы хабаршы жібергенімен, олар соғыстан бас тартады. Сонымен Төмүчин мен Уан хан тізе қосып, Қалың сарбаздарымен Ұлзы өзеніне қарай аттанады. Татар әскерлерінің қорғанын күйретіп, Мегүжүн сүлтіні тірідей ұстап алып, өлтіреді. Бұған Алтын ұлысының қолбасшысы ризалық танытып, Төмүчинге Чансян, Тоғырыл ханға Уаң (Ван) шенін береді. Төмүчин, Уан хандар татарларды олжалап қайтады. Төмүчин осы соғыста бір керемет от-жалынды баланы тауып алып, Өгелүн шешесіне беріп асыратады. Оны Чікиқұтұқ деп атайды. Осы кезде тағы да жүркендер Төмүчиннің халқынан он адамды өлтіріп, елу адамды тонағандықтан, Төмүчин соғысқан қалпы жүркендерді басып алады. Қашып кеткен Сечебеки мен Тайчуды қуып, ұстап алып, өлтіреді. Жалайыр аймағының Телгетү бай деген адамы балалары Мұқұлай, Бұқа, Түге, Қасырларды Төмүчинге әкеп береді. Және Жебігені Төмүчиннің інісі Қасырға береді. Жебіге жүркен жерінен таып алған Бороқұл деген баланы Өгелүн шешейге береді. Сонан Төмүчин бір күні Белкүтей мен Бүри бөкені күрестіреді. Белкүтей Бүри бөкенің белін сындырып, өлтіреді. Бүри бөке Төмүчинге қастық ойлап жүргендігінен еді. Содан кейінгі ақ тауық жыл немесе Шыңғыстың 39 жылы Қатағын, салжұғұт, дөрвөд, татар, икерес, қоңырат, ғорлұн, найман, меркіт, ойрат, тайчығұт сияқты он бір аймақтың басшылары бірігіп, Алқұй бұлақтың жерінде жиналып, кеңесіп, Ергүне дариясының жерінде Жамұқаны Гүр хан деп көтеріп, Төмүчин, Уан хан екеуімен соғысуға тоқтасады. Төмүчин, Уан хан екеуі естіп, дереу әскерлерін алып, Керулен өзенін құлдай жүріп, Жамұқамен жолығып, соғысады. Жамұқаның әскері жеңіліп, жойылғандықтан, әлгі көп аймақтардың адамдары өз-өз жеріне қашып кетеді. Тайчығұттар Онон өзеніне қарай қашып, Жамұқа Ергүне дариясына қарай кеткендіктен, Уан хан қуып барып, қайтады. Төмүчин қуып барып, соғысып, екі күн болады. Төмүчин бұл соғыста тамағынан жараланып, Желме қанын сорып, түнімен күзетіп, жаудың аулына жасырынып барып, қымыз ұрлап әкеліп, ішкізіп сергітіп алады. Сол түні Тайчығұттардың әскері жеңіліп, бытырай тарап кеткен еді. Осы соғыста Бұрын Төмүчинді Тайчығұттарға ұсталған кезде көмектескен Торқан шар әйелімен бірге Төмүчиннің әскеріне ұсталып, өлтірілуге шақ қалғанда Төмүчин құтқарып алады. Және де сол соғыста бесүттің Жұрғатайы деген бір мықты батыр Төмүчиннің тамағынан атып жаралаған еді. Сол батыр Торқан шармен бірге келіп, өз қолымен атып, жаралағанын жасырмай айтқандықтан, Төмүчин оны жүректі, нағыз ер екен деп атын өзгертіп; «Төмүчин менің жебелі аузыма қарай дәлдеп атқан ерлігіңе есіміңді Жебе деп қойдым», - деп өзіне көмекшілікке алады. Жебенің Төмүчинге қосылғаны осылай еді және оның Шыңғысқа адалдығынан таймай қызмет етті.

Осы соғыстың тұсында Тайчығұт аймағының нояны Тарғұтай Кірілтұғ орманының ішінде жасырынып жүріп, өз адамы бәріннің Шірет деген ақсақалдың көзіне түсіп қалады. Шірет оны Алақ, Наяатан деген екі баласымен ұстап, арбаға таңады да, Төмүчинге апарып бермек болады. Бірақ жолай: «Тарғұтайды осылай Төмүчинге алып барсақ, өз ханына сатқындық жасағандар», - деп өзімізді жазалар, Тарғұтайды босатып, өз жолымызбен барып, шынымызды айтайық», - деп Тарғұтайды босатады. Төмүчинге келіп, осы жөндерін айтқанда: «Сендер өз нояндарыңды ұстап әкелсеңдер, сатқындықтарың үшін өлтіретін едім. Нояндарыңды босатып жібергендерің жөн болған», - деп сыйлық береді. Келесі қара ит жылы немесе Шыңғыстың 70 жылы372 Төмүчин Ақ татар, Аңшы татар, Тудхаюн татар373, Арұқай татар, Тада татар сияқты көптеген татар аймақтарын шабуылдау керек деген тоқтамға келіп, бірнеше түрлі жаңа жарлық шығарады. Ол жарлықта: «Егер жауды жеңсек, дүние-мүлкін асығыс алуға болмайды. Соғыс аяқталған соң тең бөліске салынсын. Егер әскерлеріміз жеңілер болса, әуелгі сап түзеген жерге қайта келіп, күш жинап, қайыра соғысыңдар. Егер сап түзеген жерге келіп, қайта соғысқа кіруден тайқыса, /ол әскердің / басы шабылатын болсын!», - деп жариялайды. Сонан Олғой өзенінің Шілүклет деген жеріне келіп, төрт аймақ татарды түгел шауып олжалады. Алғаш соғысқан кезде Алтын, Құчырлар әскери жарлықты бұзып, дүние тонағанын Төмүчин біліп, алған нәрселерін қайтартты. Алтын, Құчыр екеуі туысқаны бола тұра, Төмүчинмен онша жақсы емес еді. Енді мұнан кейін тіпті кектеніп алады. Төмүчиннің татарларды түбімен құртайық деген келісімін Белкүтей татарларға сездіріп қойғандықтан, оларды жеңу қиынға түсіп, артық шығынға ұшырайды. Содан кейін Белкүтейді құпия кеңеске араластырмайтын болады. Осы соғыста Төмүчин татардың Иеке Череннің374 қызы Есүге, Есүй деген әпкелі-сіңілілі екеуін қатын етіп алады.

5. КЕРЕЙ АЙМАҒЫН ЖАУЛАП АЛҒАН КЕЗІ

Керей аймағы сол кезде Орхон, Тұғұл өзенін мекен етеді. Уан ханның ордасы Тұғұл өзенінің солтүстігіндегі қазіргі Боғда хан тауының теріскей бетінде тігілген болатын. Кейбір жазбаларда: «Боғда тауын Уан хан мекен еткен кезден бастап, хан тауы деп атаған», - деп келтіреді. Моңғолдар керейлерді ежелден өз әулетіне жатқызып келген. Бірақ та кейбір ғалымдар: «Оларды қазақтың керей руының арғы тегі болған», - деседі. Және де, «Керейлерді қазақ емес, өйткені ежелгі керед пен қазіргі керей екеуінің арасында ешбір жалғастық болмаған», - деп те жазатын ғалымдар бар. Демек, Есүкей батыр мен Төмүчин ұрпақ жалғастырып, Уан ханмен ағабауыр, әкелі-балалы адамдардай, туыстық қарым-қатынаста болған. Керей мен моңғолдың қойы қоралас, адамдары аралас ғұмыр кешкен. Сол кездердің өзінде бұл екі тайпа өз ара ешбір кедергісіз тіл табысып, бірінің

372 - Шыңғыстың 70 жылы – Темүчиннің дәуірінен жыл санау. 373 - Тудхаюн татар – Тұтқаюн татар 374 - Черен – Чилин деп те жазады.

тілін бірі бөгетсіз түсініп келуіне қарағанда, оларды еріксіз бір тайпаның екі руының адамдары болды ма деген де ой келеді. Қазірдің өзінде өздерін керей руынанбыз дейтіндер кездеседі. Қытайлар керей мен найман тайпасын Дада тобына жатқызады. Осы Дада атауын моңғолдардың көне атауы дейтіндер де бар. Егер, дадалардың моңғол екені рас болса, онда керей мен найман екеуі де моңғол болып шығады. Осы мәселелерден және де Шыңғыстың кезінде керей аймағы бүлініп, моңғолдармен бірігіп, солардың арасына сыйысып отырғанын және моңғолдың ішінде қазірге дейін керейдің қалдықтары» деп айтарлықтай бөтен ұлт, бөтен тілділер болмайтынын ескерсек, керейлерді моңғолдардың моңғол ұлты деп қарастыратыны еріксіз негізді нәрсе сияқты. Есүкей батыр керейдің Уан ханына анда болған себебі, Уан ханның атасы Бұйрық хан деген болған. Одан кейін Құрчақұс375 хан тағын жалғастырып, содан кейін Уан хан таққа отырады. Сонан Уан ханның өзімен бірге туған інілерін өлтіргені үшін немере ағасы Күр хан оған қарсы соғыс ашып, қатын баласын олжалап алғанға дейін барған. Осы ұрыста Есүкей батыр Күр ханды жеңіп, Уанның қатын баласын қайтарып береді. Кейіннен Уан хан інісі Еркеқарамен шығысып, өлтірмек болғанда, ол найман жағына қашып кетеді. Еркеқара барғаннан кейін найманның ханы әскер аттандырып, Уан ханды жоюға жібереді. Уан хан Қара Қытанның376 басшысы Көр ханды паналап, өлімнен құтылады. Кешікпей ол Көр ханмен де шығысып, Ұйғыр, Таңғұт ұлыстарының жерлерін кезіп, қатты тозып, бес ешкі сауып, түйе қанап, қанын ішіп жүріп, Көшүклен377 көлі деген жерге келгенде Төмүчин бұрынғы достығын есіне алып, дұрыстап тамақтандырып, әлдендіреді. Және де Төмүчин әкесінің кезіндегі татулық дәстүрін сақтап, Уан ханмен әке мен баланың қатынасын жасап, бір неше мәрте соғыста бірге соғысып, жеңіске жетеді. Солай бола тұра, бір күні Төмүчин татар халқына кеткен кезде Уан хан меркіттерді шауып, Тоқтаға-бекиді Барғұжын төкімде қалдырып, Тоқтағаның үлкен ұлы Төгес-бекиді өлтіріп, Тоқтағаның екі қатынын және әйелдерін алып, Құду, Чилағұн деген екі ұлын, халқы мен қалың дүниесін тартып алады. Бірақ, Төмүчинге бермейді. Осыдан кейін Төмүчин Уан хан екеуі Алтай тауына дейін барып, найман аймағын шауып, көп олжалы болып, кейін қайтады. Түн жамылып келіп, бір жерге қонақтаған тұста, Уан хан /жұртына/ құр от жағып тастап түнделетіп, озып кетеді де, Төмүчин қалып қояды. Осы кезде Жамұқа Уан ханмен бірге жүрген еді. Ол Уан ханға бүй дейді: « Төмүчин найманға әредік-әредік елші жіберетін. Қазір де қалып, келмегеніне қарағанда, найманға қосылған шығар», - деп Уан ханды күдіктендіреді. Төмүчин: «Уан хан бізді тамақ пісірген оттай, жұртқа тастап кетіпті», - деп, дереу аттанады. Сөйтіп жүргенде, найманның әскерлері Уан ханның артынан өкшелей қуып келіп, Сенкүмнің әйелін ұлдарымен қоса, біраз

375 - Құрчақұс – т.н-да «Хожидур» деп түзету беріптіі. 376 -Қара Қытан – т.н-да Хар Хятан деп жазылған . 377 - Көшүклен – т.н-да Хөшиглэн деп жазылған.

адамдарын олжалап кетеді. Және меркіттің Тоқтағасының ұлы Құду, Чилағұн екеуі Уан ханның қасында болған еді, осы дүрбелеңде солардың адамдарымен бірге бөлініп, өзінің әкесімен қосылуға Селенгеге қарай кетеді. Уан хан Төмүчинге елші жіберіп, төрт күлүгін378 /қолбасшысын/ сұратады. Төмүчин Боғорчи бастаған төрт батырды әскерімен бірге жібереді. Осы аралықта Уан ханның ұлы Сенкүм найманмен соғысып жүріп, атының санынан оқ тиіп, қолды болған еді. Төрт күлүк /батырлар/ келіп, оны құтқарып, қатын-бала, ел-жұртын қайтарып береді. Осыдан кейін Уан хан Төмүчинмен бұрынғыдан да жақын достасады. Содан Төмүчин Сенкүмнің қызын ұлы Жошыға айттырады. Сенкүм менсінбей, қызын бермейді. Бұған Төмүчин іштей наразы болады. Осы екі арада Төмүчиннің туыстары Алтын, Құчырлар Уан ханның жанына барған еді. Жамұқа Төмүчиннің наразы болғанын біліп, Алтын, Құчыр, Қалиғұн бар бірнеше адам кеңесіп, Сенкүмге өсектеп айтқаны: «Төмүчин найманның Даян ханына арагідік елші арқылы қатынасады. Ол аузымен қанша әке, бала дегенімен оның жүріс-тұрысына сенбеңдер. Егер, тәнін құртпасаңдар, жандарыңа қас болар, егер, құртсаңдар мен көмектесейін!», - дегенде Алтын, Құчыр екеуі көнеді. Содан Сенкүм бұл себепті Уан ханға айтқанда; «Төмүчин ұлымды неге солай ойлайсыңдар? Жамұқаның сөзіне албаты сенуге болмайды!», - дейді де үндемейді. Сенкүм тағыда өзі барып, қайтақайта тақауырлағанда Уан хан тойтарып тастайды. Сенкүм қапаланып қоймаған соң, Уан хан амалсыздан: «Егер, олай етсеңдер оның амалын өзің тап!», - дейді. Содан Сенкүмдер қастандық жасау амалын кеңесіп, Төмүчинді алдап әкеп, ұстауға тоқтасып, Жошыға қызыңды беріп, құдандал болыңдар», - деп Сенкүмді жіберіп, Төмүчинді шақыртады. Төмүчин сеніп, он адам ертіп келе жатқан жолда Менлік қария сақтандырып, ескертеді де, Төмүчин кері қайтады. Сенкүм күдіктенгенін біліп; «Тура шабуылға шығып, ертең ұстап келеміз», - деп жасырын ақылдасқанын қасында болған Төмүчиннің туысы Бадай, Кішілік екеуі түнделетіп, Төмүчинге келіп, жеткізеді. Төмүчин сол түні қашып барып, Мағу биігінен /жотасынан/ өтіп барып қонады. Уан хандар Төмүчинді қуып, жақындап келіп, Жамұқадан Төмүчиннің батырлары жөнінде анықтап сұрағанда, Жамұқа тым әсірелеп айтқандықтан Уан хан соғысу тәсілін үйретіп, Жамұқаға қолды басқар, дейді. Жамұқа алдында Төмүчиннен жеңілген, енді уан ханның мұнша сасқалақтап жүргенін көріп, ол жағдайдың барлығын Төмүчинге білдіріп, қорықпасын дейді. Төмүчин Уан ханның соғысу тәсілін біліп алғаннан кейін, қалың батырларын кезек-кезегімен ұрысқа кіргізіп, Уан ханның көп әскерінің тұстұсынан әлсіретіп, кейін шегіндіреді. Уан ханның ұлы өзі бастап, шабуылдаған кезде, бетінен оқ тиіп, атынан құлап түскен сәтте, олардың әскерлері Сенгүмнің қасына шоғырланады. Төмүчин күн кеш болғандықтан, әскелерін жинап, сол жерден аттанып барып қонады. Таңертең қараса,

378 - Төрт күлүк – моңғолша «дөрвөн хүлэг» - «төрт күлік батыр». Бұлар – Боғорчи, Мұқұлай, Бороқұл, Чилағұн.

Өгөдей, Бороқұл, Боғорчы үшеуі жоқ болып шығады. Өгөдейдің тамағынан оқ тиіп, қаны ұйып қалғандықтан, Бороқұл қанын сорып, есін жидырып, үшеуі бірінің артынан бірі келеді. Төмүчин сол жерден солға қарай көшеді. Уан хан ұлы Сенкүмнің жараланғанын ырымдап, жоламайтын адамға жолап, қайран ұлымның беті тыртық болатын болды дегенде, олардың кейбірінің айтқаны: «Төмүчиннің адамдарының көбісі біздің жақта. Төмүчинге еріп қашқандар бар, біз оларды жылқының құмалағындай теріп әкелмейміз бе?!», - дейді. Уан хан қайта соғысуды ұйғарса да, райынан айнып, кері қайтады. Төмүчин әскерін екіге бөліп, Қалқа өзенінің оң және сол жақ сағасымен құлдап, Бұйыр көлінің маңында Қоңырат аймағын басып алып, сол жерден аттанып, Түнкелек бұлағының сол жағасына жетіп қонады. Төмүчин Арқай, Қасыр екеуін жұмсап, Уан ханға айтқаны: «Біз Түнкелек бұлағының сол жағасына түстік. Шөбі шүйгін, аттарымыз қоңды. Әкем неге менің қателігімді бетіме айтпай, бітеу күстаналап, күлдіреуішімді күйретіп, ошағымды өшірдің? Еріксіз араздастық және ертеде Онон өзенінің бойында екеуіміз: «Егер, адам арамызға түссе, тыңдамайық, беттесіп барып сенейік! Осы уақ әкемен біз бетпе-бет кезігіп, келіскен едік. Мен қаншалықты кіші болсам да, үлкендей, жаман болсам да, жақсыдай, оның үстіне сізбен арбаның қос тәртесіндейміз, тәрте сынса, өгіз оны қозғалта алмас. Және арбаның қос доңғалағындаймыз. Бір доңғалағы сынса, арба жүре алмайды. Мен осыны бағамдасам, сыңар тәртелі доңғалақпын. Ілгеріде сенің әкең Құрчақұс Бұйрық ханның қырық ұлы бар еді. Солардың ішінде жалғыз сен үлкені болғандықтан, сені хан болдырды. Кейіннен сен, Ғайтемір, Бұқатемір есімді екі бауырыңды өлтіріп, кезек Еркеқараға келгенде, ол қашып барып, найман аймағын паналады. Сен інілеріңді өлтірген себепті сенің немере ағаң Күр хан сені шабуылдауға келгенде, сен жүз шақы ғана адамыңмен Қарұғұн тауының қапшалына барып тығылдың. Сол кезде сенің қызың қорғылжыңды меркітің Тоқтағасына беіп, сол жерден менің әкеме құтқаруын сұрап келгенде, менің әкем әскерлерін алып, сенің немере ағаңды қуып, Ғашұғұн деген жерде жеңіп, сенің ел-жұртыңды қайтарып берді. Тұғұл өзенінің бойындағы Қара тоғайда менің әкеммен анда болған еді. Сен бұрын ырымдап айтқаның: «Осы жақсылығыңды сенің ұлдарың мен немерелеріңе қайтаруды тәңірім білсін!», - деп едің ғой. Содан кейін сенің інің Еркеқара найманнан әскер сұрап, сені шабуға келгенде, сен қашып, Қытанның Көр ханының қолтығына кіріп, Қотанның жеіне барып, бі жыл болмай тағы қашып шығып, Ұйғырдың батысын орап, азып-тозып, бес ешкі сауып, түйе қанап, қанын ішіп, соқыр құла ат мініп келгеніңде. Сенің менің әкеммен анда болғаның үшін адам жіберіп, сені отырған еліме әкелтіп, ғұшыр жинап, сені асырадым. Кейін меркіт елін олжалап, үйелменімен саған бергеннен кейін де, тағы да найман аймағын Байдаланың торабы деген жерге барып, соғысқанда сен түнде түскен жеріңе құр от жағып тастап, қайтқан жолыңда найманның әскері сені қуып жетіп, жеңіп, сенің ұлың Сенкүмді қатын-баласымен қоса, ұлыс-еліңді түгел тартып алып кеткенде, сен тағы менен құтқаруды сұрап келгеніңде мен төрт күлүгімді жіберіп, сенің ұлың Сенкүмді қатын-баласымен қоса, ұлыс-

еліңді құтқарып бергенде, сен табынған едің. Енді неге осылай кінәладың. Себебіңді айтып, адам жібер, - деп айттырғанда, Уан хан қатты қиналып, «Ажырамас адамнан ажырадым!», -деп шынышағын қанап, қанын шығарып, « Егер Төмүчин ұлым мені өлтірер болса, осы қандай-ақ болармын!», деп ант етіп, келген елшіні қайтарады. Төмүчин тағы Алтын, Құчыр екеуіне айттырғаны: «Сен екеуің не себептен мен тастадыңдар? Құчыр сен – Некүн тәйжінің ұлысың. Бұрын біз сені хан сайламақ болғанда, сен көнбедің. Алтын сенің әкең Құтұла қаған – моңғолдың барша қауымын билеп тұрғаны үшін сені хан бол дегенде, сен өзің болмадың. Ерте кезде Бартанның ұлы Сече тәйжі екеуі /хан/ болмаған және сендер тұс-тұсымнан мені хан бол дегендіктен мен амалсыз /хан/ болдым. Сендер бірақ менен бөлініп, Уан ханға кеттіңдер. Сендер жақсы, тату болыңдар. Көпке күлкі болып, бастаған істі аяқсыз тастамаңдар және сендер Ғұрбан өзенінің379 бастауын қорғап жүріңдер. Бөгде адамдарды қоныстандырмаңдар!», - деп айттырады. Және де Уан ханға еріп кеткен өзінің інілері мен Жамұқағаларға араға түскен сызат туралы толғанған сөздерін айттырып, Уан ханның ұлы Сенкүмге: «Мен сенің әкеңнің киімшең туған ұлымын. Сен оның киімсіз туған ұлысың. Сен әкең екеуімізді бірдей көргенде, сен мені өзіңнен артылып кетеді деп, шеттеттің. Асыл әкеңнің көңілін алаң болдырма! Ертелі, кеш әйтеуір көңілін қуанышқа кенелт! Сен хан әкенің тірі кезінде /мені/ хан болады деп қиналма! Егер, маған қарай адам жіберер болсаң, екі адам жібер!»,- деп айттырады. Осылайша Төмүчин татулықты сыйлап, бітімге келуді қалағанымен, Уан ханның ұлы Сенкүм ақылының аздығынан, дұрыс жауап жіберідің орнына, «Сенкүм, мен бұл сөздің астарын түсіндім, соғысайық деген сөз екен. Менің еш қорқатын жерім жоқ!», дегендей, бет алды сөйлеп, және «Төмүчин артық ой ойлап жүр екен, аттарым жүрісті, қаруым өткір кезінде мүлде құртқаным дұрыс!», - деп шешіп, әскер-қаруын молайтып, қалың қолмен аттанудың қамына кіріседі. Осы тұста Төмүчин, /Сенкүмнің/ солайша соғысқа дайындала бастағанын біліп, сол кезде өзінің күші әнтек аздығын ойлап, Онон өзенінің солтүстігі Інгеді380 мен Тұран өзеніні, сондай-ақ Балжын көлінің381 маңайына қоныстанады. Осы кезде Төмүчиннің кейбір туыстары, әскер, халқы бөлініп шығып, Уан ханның қасына барғандықтан бір кез әлсіз болғанымен, /кеткендердің/ біразы қайта келіп, біраз әлдене бастаған тұста Төмүчіннің інісі Қасыр әйелі мен үш баласын Уан ханның жанына қалдырып, бірнеше адам ертіп, Төмүчинді іздеп жүріп, Балжын көлінің маңында Төмүчинмен жолығады. /Бұған/ Төмүчин қатты қуанып, сонан көп боп ақылдасып Керейд аймағын қапыда басып алуға келісіп, арнайы екі адамды Қасырдың елшісі етіп, Уан ханға айттырғаны: «Мен Төмүчин ағамды іздеп таппадым, менің әйел, балшағам сіздің жеріңізде. Бір сенімді кісі жіберсеңіз, мен сіз жаққа

379 -Ғұрбан өзен – Гурван гол – с.с. Үш өзен, моңғолардың ата қонысы. 380 - Інгенді – моңғолша Ингетей, қазақша жазылуымен қолдандық. «Інген» сөзі екі тілде де бірдей, мон- «ингэ», қаз-«інген». 381 -Балжын көлі – т.н-да Балжин нуур.

барар едім», - дейді. Төмүчин баратын елшіге тағы да бүй деп: «Біз дереу қозғала көшіп, сендердің қайтар кездеріңде Керулен өзенінің Арғалжы ғұч382 жеріне уәделесіп жолығайық!», - деп айтып жібереді. Содан кейін Төмүчин Керуленнің Арғалжы ғұч жеріне жетіп қонады. Екі елші Уан ханға жеткенде, тойлап жатыр екен. Олар /Уан хан/ айттырған сөзге дереу сеніп, Қасырды алдыруға елшілерге бір кісіні қосып жібереді. Төмүчин /мұны/ естіп, Уан ханның тойлатып жатқанын біліп, дереу түнделетіп Зегер-Өндердің Зегер383 қапшалының ауызына384 жетіп, Уан ханды қоршауға алып, үш түн, үш күн соғысып жеңеді. Осы аралықта Уан хан мен ұлы екеуі қашып кетеді. Төмүчин Керейдің халқын бағындырып, Уан ханның ұлы Жақа Қамбудың екі қызының үлкені Ибақты өзі алып, сіңілісі Сорқақтанды Тұлұйға береді. Осы себепті Жақа Қамбуға қарасты елін олжаламайды. Хабар жеткізіп келген Бадай, Кішілік екеуіне Уан ханның алтын туырлықты үйін, алтын ыдыс-аяқ олпылын беріп және Керейдің онғұт385 руының адамдарын сол екеуіне басқартып, садақ-жебе асындырып, қорғаушы қиа386 болдырады. «Бұл екеуі менің жанымды құтқарып, осылардың күшімен Керей аймағын жеңгенім үшін арақ ішкен кезде бірге ішіп, соғысқан сайын тапқан олжа, ауға шыққанда аулаған киіктерін көппен бөліспейтін болсын!», - дей келіп, «ұрпақтан ұрпағына дейін ұзақ сый көрсін!», - деп /жарлық етеді/. Мұнда: Бадай, Кішілік екеуі Төмүчиннің аталарының құлы болғанымен Уан ханның жасырын кеңесін Төмүчинге жеткізгендіктен осындай атақ-абырой тауыпты. Осыған қарағанда, Төмүчиннің кедей халықтың пайдасын көбірек ойлайтыны байқалады. Уан хан, Сенкүм әкелі-балалы екеуі қашып шығып, Уан хан найманның қарауылының қолынан қаза табады. Баласы Сенкүм батысқа қарай қашып кетеді. Кейбір тарихта: Сенкүмді Қотан аймағының шетіне ілініп, Қотан басшысының қолынан өлтірілген, дейді. Жамұқа найманның Таян ханын паналап кетеді. Алтын мен Құчыр өлтіріледі. Керей ұлысы осымен біржолата құрып, ыдырап кетеді. Бұл оқиға қара доңыз жылы немесе Шыңғыстың 42 жылы болған еді.

  1. НАЙМАН АЙМАҒЫН ЖӘНЕ МЕРКІТТІҢ ҚАЛДЫҒЫН ЖЕҢГЕН КЕЗІ Найман аймағы сол кезде Ханғай және Алтай тауларымен Қара Ертіс өзеніне дейін орналасып, шығыста керей аймағы, батыста ханғал387, солтүстікте Қырғыз, оңтүстікте Тәңір тауының ұйғырларымен шекараласатын. Кейіннен найман ішінен екі хандық ұлыс болған. Және Найманның Нісчибілік388 ханы өлгеннен кейін оның екі ұлы – Таян, Бұйрық өзара таққа таласып, араздасып, кешікпей Бұйрық өзіне қарасты елін алып, Алтын

382 - Арғалжы ғұч – Аргалж гуч. 383 -Зегер - Өндердің Зегер – т.н-да Зээр-Өндрийн Зээр. 384 -т.н-да, «Кейбір тарихта Ұғу бұлан (Уу булан) деп жазылады», деп түсініктеме беріпті. 385 -Керейдің онғұт – т.н-да осылай «Керейдийн онгуд» - «Керейдің онғұт (уақ руы)» деп жазылған. 386 -қиа – хиа, ежелгі шен атауы. 387 - ханғал – хангал, қаңлы тайпасын айтқаны сияқты. 388 - Нісчибілік – Нисчибилиг.

тауынан өтіп, қоныстанады. Таян хан хан тағын иеленіп, біраз күш-қуат жинайды. Найман аймағы сол кезде біраз қуатты болған және ұйғырдың мәдениетін, білімі мен қарпін пайдаланып, айтарлықтай сауатты ел болған екен. Найман аймағын моңғолдар моңғол ұлты деп айтып келгенімен, кейбір ғалымдардан: «Найман аймағының тілі, ұлты белгісіз және де, моңғол ұлты деп қарауға көп жағынан күмәнді», - деп қарастырыпты. Әйтсе де, сол кезде қытайлар найман аймағын Даданың тобына жатқызып келгеніне қарасақ, Дадалар моңғол ұлты болғандықтан, наймандарды389 солайша моңғол ұлты дейтіні шындыққа саяды. Төмүчин, Уан хан екеуі найман аймағымен соғысып, олар бірден өштесіп қалғандықтан және соңғы кезде Төмүчин керей аймағын күйретіп, бірте-бірте қуатты болып, дәуірлегендіктен осы хабарды найманның Таян ханы естіп, өзін көтермелеп айтқаны: «Аспанда күн, ай екеуі бар, жерде қалайша екі хан болмақ? Енді біз аттанып, олады олжалап келейік», -деген сияқты атық сөздер айтып, содан Төмүчинмен соғысып, құртуға тоқтасып, моңғолдан ілгерідегі Ақ қорғанның сыртында отыратын онғұт аймағының иесі Алқұшиға елші жіберіп, «Мен аттанып, Төмүчиндердің садақ-жебесін тартып аламын. Сен оң қолым бол!», - дегенін онғұттың иесі рұқсаттамай, керісінше Төмүчинге хабар жеткізіп, сақ болыңдар», - дейді. Төмүчин /бұл хабарды/ естісімен кеңес құрғанда, кейбірі аттар арық, күзге қалдырайық, дейді. Бірақ Белкүтей асығыс аттану керек дегендіктен, Төмүчин рұқсаттап, дереу соғысуға тоқтасып, арнайы жария шашып, әскер , аттарын дайындап, мыңдықтың басшысы, жүздіктің басшысы дегендерге тоқтасып, алты дәрежелі черби390 құрып және сексен қорғаушы әскер391, жетпіс кезекші әскер392 құрады. Қорғаушы әскерге мыңдықтың басшысы, жүздіктің басшысы және текті адамдардың ұлдарынан ііктеп, шетінен еңселі, өнерге жетіктерді таңдап алады. Және соғыс кезінде бастап ұрысатын, жай кезде өзін қорғайтын бір мың батыр ерлерден шерік құрып, жетпіс кезекші әскермен біріктіріп, бір адамға басқартып және күндіз бен түнде күзететін, қорғайтын, сақтайтын және азық-түлік туралы да қатаң есеппен жарлық бекітіп, жария етіп, сонан Шыңғыстың 43 жылы немесе көк тышқан жылының жаздың алғашқы айында Керулен өзенін өрлей жүріп, Сали кегер деген жерге жетіп, найманның Ханғай тауына барған кезде Таян хан Ханғай жерінде су бойында отырған екен. Сол жерден аттанып, Тамыр өзенін құлдап, Орхон өзенінен өтіп, Анақу тауының шығыс жағы, Чичер Мороту деген жерде екі жақтың қарауылдары кездеседі. Осы кезде ойрат393, салжиғұт, хатағын394, жадаран, татар және керейдің қалдықтары түгелдей найманға бірігіп және

389 - т.н-да «монголчуудын» – «моңғолдардың» деп жазылған. Алайда, бұл сөйлем жүйесіне келіңкіремейді. Біз авторды немесе редакторлар жаңылысқан болуы мүмкін деп ойлап, «моңғолдарды» дегенін «наймандарды» деп қолдандық. 390 - черби – бас ноян. 391 - қорғаушы әскер – хэвтүүл – кептегүл. 392 - кезекші әскер – турхас – тұрқас. 393 - ойрат – дөрвөн – дөрбет. 394 -хатағын – хатагин – қатаған.

Жамұқа да Таян ханның қасында болған еді. Таян хан Төмүчиннің қарауылдағы батырларын алыстан көріп, нағызында /бұлар/ кім, кімдер, қандай шыдамдары барын Жамұқадан сұрағанда, Төмүчиннің көп батырларын бір-бірлеп жеке таныстырып, шетінен күштілер екенін кереметтей етіп жеткізгенде, Таян хан қатты қорқады. Жамұқа оның қорқанын кейпін Төмүчинге жасырын хабарлап: «Оның тіптен соғысатын ойы жоқ. Қорқанынан есі шығып кетті. Сен андам абайла. Мен енді найманнан бөлініп кетемін», - дейді. Сол күні кеш болып кеткендіктен сол жерге түнеп, Төмүчиннің әскері аз болғандықтан адам басы бес жерден от жағып, көбейткенін Таян ханның әскерлері тау басынан көріп, Төмүчиннің әскері аз дегені қайдам, жұлдыздай көп екен ғой, десіп, қатты үрейленіп, Таян хан: «Кері қайтайық!», - дегенде, оның ұлы Күчүлүк: «Таян хан да қорқатын ба, еді? Олардың Жамұқа бастаған көп бөлігі біздің жақта тұрса, олар қалайша көп бола қалады екен? Әкем Таян аяғы ауыр әйелдің сідік тастам жері, бұзаудың өрісіндей жерге де жетпегендіктен, осылайша қорыққан болар!», - дегенде, сыртта оның бір уәзірі: «Таян хан сенің әкең – Нісчибілік хан әлбетте ер жігіттің сыртынан /сығаламаған/, ереуіл аттың сауырына көз салмаған /адам/ еді. Осылайша қорқатыныңды білгенде, еке қатының395 Күрбесүді396 әкеліп, әскерді басқартсақ та болатын екен», - дейді. Таян хан ашуланып: «Адамның өлмегі мен азбағы – бір уақыттың ісі емес пе? Олай айтар болсаңдар, тосып ұрысыңдар!», - деп, дереу соғысатын болады. Содан Төмүчин таңертең тұрып, інісі Қасырды маңдай алды болдырып, наймандармен қатты соғысып, кеш батқанша ұрысқанда, найманның әскері ойсырай жеңіліп, Таян хан қолға түсіп өлтіріліп, оның еке қатыны Күрбесүді Төмүчин алады. Сол күні түнде найманның әскері сасқалақтап тау-тастан құлап өліп, қисапсыз көп шығынға ұшырайды. Қалғандары дөрбет, татар, салжұғұт қатарлы көптеген аймақтар түгелдей /Төмүчиннің/ қол астына кіреді. Меркіттің Тоқтағасы бірден қашып кетеді. Таян ханның ұлы Күчүлүк батысқа бет алып, Бұйрық ханның жеріне қашып кетеді. Жамұқа да біраз адаммен батысқа қарай қашады.Төмүчин найман аймағын осылайша жеңіп, қарасты ел, жер-суын иеленіп алады. Найманның Таян ханы Ұйғыр ұлысының Тататунга деген бір оқымыстысын керектеніп, есеп-қисап пен қоса барлық жазба ісін атқартып, алтын таңбаны сақтатып, арнайы ісқағаздарына бастыртады екен. Осы соғыс кезінде Тататунга алтын таңбаны алып қашып бара жатқан жерінен Төмүчин ұстап алып, мән-жайдын сұрап біліп, Тататунга өте әділ сөз айтқандықтан, Төмүчин оны мадақтап, қасына ұстап, іс-қағаз бен таңбаны жауаптандырып, Төмүчиннің басшы уәзірлері мен балалары, ағайын туыстары ұйғыр қарпін үйреніп, осыдан бастап ісқағаздарды ұйғыр қарпімен жүргізетін болады. Содан сол жылдың күзінде Төмүчин Қара даланың397 тұмсығы деген жерде меркіттің Тоқтаға бекиімен соғысып, жеңіп, тағы да соның соңына түсіп,

395 - еке қатын – бас қатын. 396 -Күрбесү – Гүрбэс. 397 - Қара дала – Хар тал - с.с. Қара тала немесе Қара дала.

Сали Кегере398 деген жерде қуып жеткенде, Тоқтаға екі ұлы Құду, Чилағұн екеуін бірнеше адаммен қосып алып, қашып кетеді. /Сөйтіп Төмүчин/ оның қатын-балаларын, аймақ, адамдарын бағындырып алып, Тоқтағаның ұлы Құду, Чилағұнның әйелін үшінші ұлы Өгедейге береді. Дәл осы тұста Убас меркіттің Дайыр-Ұсұны өзінің Құлан есімді бір сұлу қызын Төмүчинге тарту етіп алып келгенде, Төмүчин оны ризашылықпен алып, ханым болдырады. Құланның әкесі Төмүчинді қарымта сый-сияпат көрсетпеді деп өкпелеп, қашып кетеді. /Төмүчин оның соңынан/ Торхан шираның ұлы Чымбайға сол қолдың әскеін беріп, қудырады. Чымбай Алтай тауына барып қыстап, келесі жылғы көктемде Алтайдан асып, найман мен меркіттен қалған елді ойсырата шабады. «Құпия тарихта399»: Тоқтағаны осы тұста өлтірілген дейді. Және де, Сүбегедей батырға темір арба жасатып беріп, Тоқтағаның ұлын қудырды, деп те жазады. Әйткенмен бұл оқиға бұл баяндалып отырған уақыттан бірнеше жыл кейінге келетіндіктен біз оны төменде жеке сөз еттік. Найман аймағы бүлінген тұста, Жамұқа өз қарамағынан бес адам алып, Тағына тауына барып, түнеп жатқанда оған ерген адамдары Жамұқаны ұстап, Төмүчинге әкеліп береді. Сонда Жамұқа Төмүчинге: «Қарға үйректі ұстайтын болыпты, қараша құл қағанын ұстайтын болыпты», - дегенде, Төмүчин ұстаған бес адамды Жамұқаның көзінше өлтіріп, Жамұқаға бүй дейді: «Сен менен қанша ажырасып кетсеңде, менің баянды андамсың. Керей, найманмен соғысқанда сенің көрсеткен көмегің үшін мен қуанамын», - деген сияқты бұрынғы болған барлық оқиғаны баяндап бергенде, Жамұқаның айтқаны: «Мен әуелі андалық антымды бұздым. Неше мәрте соғыстарда серттен тайып, сатқындық жасадым. Енді менің жанымды тез алсаң етті. Айтарым қанымды шығармай өлтіруіңді қалаймын», - дейді. Төмүчин: Жамұқамен дос болайын десем де, көнбеді. Оның жанын аяуға болмас. Өлгісі келсе, өз тілегенімен болсын!», - деп сол күні өлтіртіп, оның сүйегін құрметпен жерлейді. Сонан Төмүчин Шыңғыстың 44 жылы Сия деп аталатын Танғұт ұлысын шабуға аттанып, көптеген қала, кенттерін күйретіп, ат-түйе, алтын бұйымдарын олжалап қайтады. Төмүчин осы тұста Чаған есімді ақыл, қайратты бір кішкентай ұлды тауып алып келгені, кейіннен ол бала ер жүрек батыр болып, көптеген жеңістерге жетеді. Шыңғыстың жылы Төмүчин батыс тарапқа шабуыл ұйымдастырып, найманның қалған елін бағындырып алады. Найманның Бұйрық ханын өлтіреді. Оны паналап жүрген меркіттің Тоқтаға бекиі мен Күшілік екеуі Ертіс өзенінен ары қашып кетеді.

7. ТӨМҮЧИННІҢ МОҢҒОЛ ҰЛТЫН БІРІКТІРІП, ШЫҢҒЫС ДЕГЕН ҰЛЫ ҚАҒАН АТАҒЫНА КӨТЕРІЛУІ

398 - Сали Хээр – Сали Кегере – с.с. Сали кегере немесе Сали жазығы. 399 - Құпия тарих – «Юан ша би» немесе «Моңғолдың құпия шежіресін» айтып отыр. Шын мәнінде «Моңғолдың құпия шежіресі» моңғол тілінде «Монголын нууц товчон» немесе «Моңғолдың құпия түйіні» деп жазылады

Төмүчин моңғол ұлтын топтастырып, шығыста Қалқа өзеніне ілгеріге дейін, батыста Ертіс өзеніне дейін, оңтүстікте Ақ қорғанға дейін, солтүстікте Байкал көліне дейінгі кең өлкені билеп, Шыңғыстың 45 жылы немесе қызыл барыс жылы қыстың соңғы айында ұлық мәртебеге ие болады. Оның осыншама ерлігіне ризашылық танытқан Моңғолдың көп аймақтарының иелері, інілері, кеңесші уәзірлері бас қосып, былай деседі: «Біздің иеміз осы Төмүчин туылғаннан кейін қайырымы мол, білікті батырлар көбейіп, шоқ жалынды ұрпақ молайып, мәртебеміз асқақтағаны себепті барша Моңғол ұлысының ұлық қағаны болдырайық», - деп Төмүчинге хабарлайды. Осылай тоқтасып, сәтті күнді таңдап, Онон дариясының бойына орда тігіп, мың айғырдың жал құйрығынан тоғыз салпыншақты ақ байрақ, төрт салпыншақты қара байрақ жасап, ұлыстың айбынын құрып, Төмүчинді қошеметтеп хан болдырып, Шыңғыс деген атақ береді. Шыңғыс қаған ұлы таққа отырғаннан кейін қайырлы істер атқарып, ұлыс туырлығын көтеріскен даңқты тоқсан бес адамды жеке-жеке мыңдық ноянына сайлап, тоқсан бес мыңдықты басқартып, былай деп әмір етеді: «Қандай бір соғыста Құбылай, Желме, Сүбедей, Жебе сен төртеуіңді басшы етіп, Боғорчи, Мұқұлай, Бороқұл, Чилағұн төрт күлүгімді қасыма ертіп жүргенде көңілім жай табады», - деп көп ерлік жасаған уәзірлерін ерекше марапаттап әрі атқаратын істерін жеке-жеке нұсқап береді. Солардың ішінен Чікиқұтұқты тоғыз мәрте қателессе де, жазаланбайтын болдырып: «Өтірік пен ұрлықтың жазасын сен кесетін бол! әрбір жазаланған істі «Көк дәптерге» жазып, кейін қандай адам болса да өшіре алмайтындай ет», - деді. Шыңғыстың бала кезінде бірге болып, әкелік тәрбиесін берген Уан ханның айламен қолға түсіріп, қастандық жасамақшы болғанынан сақтандырған Менлік ебүгеннің ұрпағынан ұрпағына дейін ұмытылмастай етіп, ай, жыл сайын сыйлық берілсін және төрден орын ұсынылсын, деп әмір етеді. Алғаш сегіз сары атты алысып бергеннен бастап, жан-тәнін аямай дос болған күлүк Боғорчиді екінші таққа отырғызып, көптен жоғары отыратын болдырып, тоғыз мәрте қылмыс жасаса да, жазаланбайтын етеді. Оңтүстік Алтай тауының жотасына дейінгі түмендерді билейтін ноян болдырады. Бала шағынан бірге соғысып, аса мол еңбегін сіңірген Мұқұлай шешенді ұлыстың тәйши-і болдырып, көптен жоғары отырғызып, солтүстікте Қарұғұн Жидұнға дейін билейтін түмен нояны болдырып, баласы мен немересіне дейін жалғастыратын болдырады. Алғаш /Төмүчинді/ Моңғолдың басшысы болған кезінде көптеген үлгілі сөздер айтып, батасын берген Арғыс қобызшыға үш мың бәрін аймағымен қоса, Тахай-Ашихтың басқаратын Адырқын аймағының халқын біріктіріп, бір түмен болдырып, түмен нояны болдырып, Ертіс өзенінен төмен орманда мекендейтін елдің жерін емінеркін мекендеп, басып билейтін болдырады. Неше мәрте шайқаста қол бастаған, әсіресе, Сенкүмді атып жарақаттаған Жоршытайға өзінің ханымы Ибағаны сыйға беріп, төрт мың Өлет ұлысының аймағын сен біліп билетеді. Мұның сыртында тағы да басқа адамдарды көрсеткен ерлігіне қарай жеке-жеке түмен нояны болдырады. Бәрін руының

Ұсұн қариясын Мөрі-беки деген ноян етіп, «Ақ киім, ақ ат мініп жүрсін және көптен жоғары отырсын!», - деді. Сондай-ақ, Төмүчинді бала кезінде тайчығұттар ұстап алғанда құтқарып жіберген Сорхон шираны меркіттің жері Орхон, Селенгеде емін-еркін мекендейтін болдырып, оның ұлдары мен немерелерін садақ, жебе асынған қорчин400 болдырып, тоғыз мәрте қылмыс жасаса да, есептемейтін болдырады. Шірегет ебүгеннің ұлы Наяаға бұрындары тайчығұт нояны Тарғұтай қырылтұқты ұстап алғанымен, кешіріп кері қайтарып, адалдық танытқаны үшін орталық түменнің басшысы етеді. Жебе, Сүбегетей екеуіне өздерінің құрастырған басыбайлы халықты басқартып, мыңдықтың нояны болдырып, олардан басқа да ұлысты орнатуға атсалысқан көптеген адамдардың еңбектерін бағалап, мыңдықты басқаратын, жүздікті басқаратын, ондықты басқаратын нояндар етіп сайлайды. Бұрында сексен кебтеүіл401, жетпіс тұрқас402, кішіктенді еді. Осылай күш-қуаты зорайып, ұланғайыр ұлысты иеленгені үшін кебтеуіл, қорчин, тұрқастарды түменге толтырып жасақта, дегені бойынша түменді басқаратын, мыңдықты басқаратын, жүздікті басқаратын ноян қызметкерлерден бір түмен адамдарды таңдап алып, /олардан/ білгір білікті, денелі, шырайлыларын іріктеп, мыңдықтан таңдап, сегіз мың тұрқас жасақтайды. Кебтеуіл, қорчиндар /саны/ екі мың болады. Барлығы түмен кішіктін болады. Жеке-жеке мыңдыққа бөліп басқартып, /осылардың/ барлығын /ханның/ жанын қорғаушы ішкі сарай әскері болдырып, ұлы орталықтың әскері деп атап, төрт бөлімшеге бөліп, төрт ұлы адамға басқартып, күзет, қорғаушылардың кезегін ұйымдастырып, егер, кезектен қалса, ауыр жеңіліне қарай жазалау жарғысын тоқтатты. /Ханның/ қорғаушы әскерлерін сыртқы әскерлерден қастерлі болдырып, сыртқы мыңдық нояндарынан ішкі әскер қастерлі, сыртқы жүздік, ондық нояндарынан ішкі әскердің көтешісі403 қастерлі, ішкі әскерге сыртқы әскерлер қыр көрсетсе, оларды /сыртқы әскерді/ жазалайды. Қорчин, тұрқас, күндізгі күзет кебтеуілі түнде де күзет атқаратын болған сияқты. Бұлардың күзету, аңду ісі мен кезек ауысатын кездерін өте қатаң тәртіппен тоқтатып және ішкі орда мен арба, жүк, ту-байрақ, қару-сайман сияқтыларды сақтау, ақталы жылқы, түйе, сиыр, қойларды бағу, ыдыс-аяқ, астық-азық дайындау, тарату істерін, сондай-ақ әрбір кірген-шыққан адамдарды тексеру, аңду істері түгелдей мұқият тәртіппен реттеледі. Ішкі әскерлер аң ұтылау кезінде /ханмен/ бірге жүрумен қатар, көшкен кезде садақ-жебе асынып, Орданың оңында, солында, алдында саппен жүреді. Шыңғыс қаған қорғаушы кішіктендерді аса қастерлі болдырып айтқаны: «Тоқсан бес мыңдықтан менің таңдап алған түмен кішіктенімді менен кейін таққа отырушылар, ұлдар, ұрпақтар қашанда мұқият күтіңдер!», - дейді.

400 - Қорчин – хорчин – лауазым атауы, садақшы деп те қарастырады. 401 - кебтеуіл – кезеуіл - қорғаушы әскер. 402 - тұрқас – кезекші күзет. 403 - көтеші – күтуші, атқосшы.

Кішіктін деп аталған жасауыл әскерді Шыңғыс қаған өзі тікелей басқарып, егер, жазаланар болса, оны да өзі жазалаймын, деп тоқтатыпты. Осы «Лу. Алтын тобчи» - да жоғарыда айтылған нәрселерді түйіндеп: «Шыңғыс қаған төрелік ұлысы орнатысқан сәйт, араттарды404 түменнің нояны, мыңдықтың нояны, жүздіктің нояны, ондықтың нояны болдырып, ішкі қорғаушыға түмен кептеуіл, сегіз мың қорчин, кішіктен сұрыптап, әскер білетін батыр нояндарға әскерді билетіп, ұлыстың алым-салығына демеуші жандайшаптарды тағайындайды. Дау шешетін жайсандар405 қойып, ұлысты білетін черби, әскерді басқаратын черби сайлап, жеке-жеке етіп, жасақтап406, /төрелік/ жосықты бекітті», - депті. Черби дегені бас ноян деген сөз. Шыңғыс қаған ұлыстың ұлы әскерін сыртқы әскер, сыртқы әскерді оққағар қорғаушы407 кішіктен әскерді ішкі әскер деп атап, сыртқы әскерді орнатқанда үш қолға408 бөліп, ортаңғы жолмен жүретін әскерді табан409 деп атап, Найаға ноянға басқартып, сол қолды Мухулайға, оң қолды Боғорчиға басқартады. Әскери құрылымы түмендік, мыңдық, жүздік, ондық бөлімшелерге бөлініп, әрқайсысына жеке-жеке бастық, меңгеруші қойып басқартып, меңгеруші нояндар жылдың басы мен аяғында саппен барып, Шыңғыс қағанға тағзым етіп, баулу, үйрету туралы /айтқанын/ тыңдап, қабылдап алу /сияқты/ тұрақты ережелі болыпты. Кей кезде оқиғаға байланысты екі мыңдық, үш мыңдық, бес мыңдық құрған кезі де болған. Төрелік ұлыс, көпшілік қауымның құрылымы да ондық, жүздік, мыңдық, түмендікке бөлініп әскери құрылыммен бірдей болғандықтан, әскер жинауға өте оңтайлы болған көрінеді. Мұның сыртында мәдениет ағарту, жарғы заң тоқтатып жүргізіп және де Шыңғыстың туыстары мен сәйт нояндары, данагөйлерге Ұйғырлдан алған қаріп-жазуды үйретуді жолға қояды. Және де ұлыс қауымның ісін Ұйғыр қарпімен хатқа түсіріп, Жасақ410 деп аталатын бір заң тоқтатады. Мұның сыртында жоғарыда айтылған көптеген нәрселерді тоқтатып, солайша ұлы қаған тағына отырғаны туралы тойқуаныш та мол болған екен. Мұндағы Шыңғыс411 деген сөз жөнінде көптеген мақала бар. Және моңғол тарихтарының ішінде, сол кезде бір құс келіп «Чингис-чингис» деп шақырғаны үшін солайша Чингис деп атады дейді. Кейбір тарихтарда «Чин»

404 - арат – қазіргі моңғол тілінде «ард» - халық. Жалпы ежелгі тарихи жазбаларда халық деген атау кезікпейтіні себепті мұндағы «арат»-«халық» сөзін зерттеуші ғалымдар «арат» атауымен қолданады. 405 - жайсан – зайсан әкімшілік лауазым. 406 - жасақтап – т.н-да «яам» - «минстірлік» деп жазылған. Алайда, бұл – манжур тілінен енген кейінгі атау. «Лу. Алтын тобчы» - да «жасақ» деп жазылатыны себепті біз де солай қолдандық. 407 - оққағар қорғаушы – т.н-да «бие хамгаалах» - «дене қорғаушы» деп жазылған. 408 - қолға – т.н-да «анги» - «әскери бөлім» деп жазылған. «Анги» атауы – сынып, бөлімше, сапа... мысалы, нэгдүгээр анги – бірінші сынып, цэргийн анги - әскери бөлімше..т.т мағына беретіндектен біз «қол» деп қолдандық. Автордың өзі де бұдан кейінгі сөйлемдерде «баруун гар» - «оң қол», «зүүн гар» - «сол қол» деп қолданған. 409 - табан – т.н-да «хөл»- «аяқ» деп жазған. Қазақ тілінің сөз қолданысындағы табан жол (күре жол) деген атауды ескере отырып, біз табан деп қолдандық. 410 - Жасақ – засаг – жаса, жарғы. 411 - Шыңғыс – көне моңғол тіліндегі негізгі жазбаларда – «Лу. Алтын тобчы», «Құпия тобчи (шежіре)»..т.б.- да «Чинггис», қазіргі моңғол тіліндегі жазбаларда «Чингис» деп жазылады. Қазақ тіліндегі жазбаларда «Шыңғыс» деп қалыптасқан.

дегені Ұлы, «гис» дегені Ең Ұлы деген сөз делінген. Тағы бір тарихтарда, «чин» дегені берік күшті тәртіп, «гис» дегені көпше түрдегі тәртіп дейді. Кейбір тарихшылар, Күннү (Ғұн) ұлысынан бастап Моңғолдың хандарын шаньюй деп атап келгендіктен, солайша Чингис деп аталған дейді. Мұнда моңғол сөзінде «чин» дегені Берік немесе шындық деген мағына беретіндіктен, «гис» немесе «с» дегені көпше жалғау болғандықтан, солайша Чингис деп атаған болуы мүмкін. Шыңғыс қағанның хатыны412 Бөрте үчин (Бөртэгэлжин), Құлан, Есүй, Есүкен төртеуі және /олар/ жеке-жеке ордалы, торғын әскерлі413, Шыңғыс қағанның төрт ордасы деп аталған. Төрелік жосығының хатындары осы төртеуі болғанымен, Юаны ұлысының шежіресінде, қырықтай хатыны болған деп, барлығын атап көрсетіпті. Бөрте үчин (Бөртэгэлжин)-нен туған ұлдары Жошы, Шағатай, Өгедей, Тұлұй төрт күдер дейді. Және Алаға-беки, Ілғатұн-беки, Чечейкен деген төрт қаныша болған. Құлан хатыннан Күлүге қанша, Есүй хатыннан Жүчибей қанша, Есүкен хатыннан Қарычар, Қарақатұ, Чағұр осы қанша болған. Шыңғыс қағанда тоғыз өрлүк414 дейтін тоғыз ұлы батыр сәйті болған. Және бұлар үлкен (ұлық), кіші (кішік) дәрежелі, ең ұлығы жалайырдың Қоғо Мұқұлай шешен415, одан кейін шүршіттің Чұғу мерген416, арұлаттың күлік417 сүлдүстің Сорхан шира, ұранхайдың Желме, бесүттің Жебе, ойраттың Қара Қиру, жүркеннің Бұғұрал, татардың Шіки-құтұқ осы тоғызы еді. Төрт күлік: Мұқұлай, Боғорчи, Бороқұл, Чилағұн төртеуі.

8. ТАҢҒҰТТАРМЕН ШАЙҚАСЫП, АЛТАЙ, САЯН ТАУЛАРЫНДАҒЫ КІШІ АЙМАҚТАРДЫ БАСЫП АЛҒАН КЕЗІ

Шыңғыс қаған 46 жасында Батыс Ся деген Танғұт ұлысымен соғысып, оның кейбір қалаларын қиратып, олжалап келеді. Мұның сыртында үлкен ұлы Жошыға оң қолдың әскерін басқартып, Тағна418 тауының маңы мен Кемкемчік419 жерін және де Енисей дариясының бойындағы орман аймақтары420 деп әйгіленген көптеген ұсақ аймақтарды жаулауға аттандаырады. Жошы /қалың қолмен/ жеткен кезде ойрат аймағының Құтұға-бекиі өлет аймағының421 түмен шаңырағын (елін) алып, қол астына бағынады. Сонан Жошыға жолшы болып, Шікіт422 деген жерге келгенде ойрат, бұрат, барғұт,

412 - хатын – қатын – ханым. Т.н-да «хатан» деп жазылады. 413 - торғын әскер – торгон цэрэг – торғын шерік немесе қорғаушы сарбаз. 414 - тоғыз өрлүк – есөн өрлөг. 415 - шешен – чечен – цэцэн. Шешен, білгір, білікті деген мағыналар беретін атақ-шен. 416 - мерген – мэргэн. Білгір, турашыл, мерген деген мағына беретін атақ-шен. 417 - күлүк – күлік – көлік – хүлүг – хүлэг – хөлөг, «Хүлэг баатар» - «Күлік баһадұр» деген мағыналы атақшен. 418 - Тағна – Тагна, Тагана... деп жазылады, Алтай тауының сілемі. Әуелгі атауы –Тағын, Тақұн, Тақ болуы да мүмкін. 419 - Кем-кемчік – қазіргі моңғолша Хэм хэмчиг деп жазылып, «кем-кемчік (кемшік)» деп оқылады. 420 - орман аймақтары - 421 - өлет аймағының – т.н-да аймағының деп жазылған, бұл жерде төрт ойратқа жататын «өөлд» - «өлет» руы айтылып отыр. 422 - Шікіт – т.н-да Шишгид деп сілтеме жасалған.

бұлғыншы423, ұрасұт, құриған, тыба424 аймақтарының иелері түгелімен қарсы алып, қол астына еніп, ақ ақта, ақ сұңқар, бұлғын, сілеусін сияқтылармен тарту тартады. Кейбір тарихшылардың жазбасында, бұлардың арасындағы бұлғыншы дегені бұлғын аулайтын бір топ аймақ ұлттың атауы, Тоба немесе Тува дегені Көпсу көлдің 425 батысындағы Саян тауын мекен етеді. Кейбіреулер оларды Самоед аймағы деп атайды. Олардың ұрпағы қазіргі ұранхай жұғда426 мен Абханның және орман татарлары дегендердің бір бөлігі, деп айтылады. Жошылар содан ары қарай жүріп, қырғыздың шекарасына жеткенде, олардың Инал427 деген екі басшысы ақта, жүндес заттармен тарту-таралғы беріп, қол астына кіреді. Жошы содан кейін Сибирдің оңтүстігіндегі өзге ұлттардың түгелін бағындырып, бағынғандардың кейбірінің басшыларын ертіп алып, алдына әкелгенде Шыңғыс қаған жақап, ойраттың Құтұғабекідің ұлы Иналчиға Чечейкен бегімді беріп, /оған қоса/ өзге де сыйлықтар береді. Содан Шыңғыс қаған, «хан ұлы Жошы алғашқы жорықта табысты, жақсы жүрді», - деп, біраз сыйлықтар береді. Шыңғыс қаған 47 жасында Жебе, Сүбегедейлерді батысқа қарай жөнелтіп, найманның Күшілік, меркіттің Тоқтоғаларының соңынан қуғызады. Күшілік пен Тоқтоға Ертіс өзенінен әріге қарай қашып барып, найман, меркіт, қаңлы428 және өзге ұлттарды біріктіріп, біршама күш-қуат жинап жатқан тұста Жебе мен Сүбегедей екеуі Ертіс өзенінің сағына жете бере соғыс ашып, қатты шайқасады. Тоқтоға өлтіріліп, Күшілік Қара Қытан ұлысына қашып кетеді. Тоқтоғаның ұлы қаңлының қорғауына кіреді. Жебелер де олардың соңынан қумайды деп жазылады. Әйтсе де, /Жебе/ аткөліктері мен әскерлерін азытпауды ойлап, кері қайтса керек. Шыңғыстың 48-ші жылы Қара Қытанға салық төлеп тұрған Тәңір тауының ұйғырларының иесі Итегүт алтын, күміс, маржан, тана, торғын сияқты дүниелерді алдырып, елші жөнелтіп бүй дейді: Төре мен ұлы қағанның ерлік айбынын естігенде, бұлт көшіп күнді көрген, мұз еріп суды тапқандай қуанып, бұдан кейін Қара Қытанның бұрынғы уәзірін тастап, аймақ қауымын алып, төрелігіңе енуге /бел будық/, - дегенде Шыңғыс қаған қатты қуанып, Ұйғырдың нояны Итегүтке өзінің қатыны Ілқатұн-бекиді сыйға тартып, ұрық-жұрағат болады. Сол жылдың күзінде Шыңғыс қаған Ся деп аталатын Танғұт ұлысымен соғысып, оның көптеген қала, қорғандарын күйретіп, астанасы Ярғай қаласын қоршауға алып, Сары өзен деп аталатын Қатын өзенінің бөгеуін ағытып, қаланың айналасын суға алдыртып, басып алатын тұста Ся ұлысының иесі Ли Наньчуань әбіржіп, қызын алып келіп достасуды сұрап, оң қол болып күш біріктіруге және де өз жерінде шығатын өрмекті торғын,

423 - бұлғыншы – т.н-да булгачин. Сөзбе-сөз бұлғыншы. 424 - тыба – т.н-да тува, демек қазіргі тувалар. 425 - Көпсу көл – Хөвсгөл нуур, қазіргі Моңғолияның Хөсгөл аймағының жері. Қазақ жазбаларында Көпсукөл деп жазылып жүр. 426 - ұранқай жұғда – соед. 427 - Инал – Янал. 428 - қаңлы – т.н-да ханхил деп жазылған.

түйе малын тарту еткен ұсынысын /Шыңғыс қаған/ құп алып, кері қайтады. Танғұт ұлысының моңғолдары сол кезде Қашин ханның ұлысы деп аталапты. Содан кейін Шыңғыс қаған 50 жасында Құбылай төрені жіберіп, Іле, Балқашқа дейінгі елді /жаулап/ алдыртады. Және осы кезде Қарлық, Түріктің Арслан ханы Қара Қытанның басқаруынан шығып, /Шыңғыс қағанның/ қол астына бағынады. Шыңғыс қаған оған қатты риза болып, өзінің қатыны Алақ-бекиді беріп, ұрық байластырады. Осы кезде Алмалық елінің иесіне де қол астына енеді.

9. ЖҮРШІТТІҢ АЛТЫН ҰЛЫСЫМЕН СОҒЫСҚАН КЕЗІ.

Шыңғыс қаған жақын маңындағы ұлыс-аймақтарды өзіне бағындырып, алыс-жақынға атақ-даңқы артып, шығыста Сұңғари дариясынан батыста Ертіс дариясына дейінгі аралықты, оңтүстікте ақ қорғаннан, солтүстікте Байқал теңізіне дейінгі кеңістікке иелік құрады. Сол тұста Қытай өлкесінде үш бөлек ұлыс құрылып, шығыс солтүстікте Жүршіттің Алтын ұлысы 429, оңтүстікте Сүн ұлысы, батыс солтүстіктегі Ганьсу төңірегінде Ся деп аталатын Таңғыт ұлысы иелік ететін. Осы үш ұлыс өзарасынан ұдайы қырқысып, әсіресе Алтын ұлысы мен Сүн ұлысы бұрыннан жау саналып келген еді. Сонымен қатар, Алтын ұлысы моңғолдардың ежелден бергі жауы-тұғын. Және де, Шыңғыс қағанның атасы Амбағай қағанды өлтірген, өшпес кек те бар еді. Солай бола тұрса да, моңғолдар Алтын ұлысына жыл сайын салық төлеп келген. Сөйткен шақта, Алтын ұлысының хан ұрпағы ауысып, жаңадан хан сайланғандықтан, оның елшісі жаңа хан таққа отырғаны туралы жарлық жеткізеді. Құлдық ұрып, қарсы алудың орнына, Шыңғыс қаған: «Жаңа ханға кім сайланды?», - деп сұрайды. Елші: «Вэй ван Юн Жи», - дегенде, Шыңғыс қаған түкіріп жіберіп: «Мен орталық өлкенің хуандиіне тәңір ұлы отырады, деп күткен ем. Осы сияқты өлімтік адам да /хан/ болады екен ғой. Құлдық ұратын не бар?», - деп, менсінбей қояды. Себебі, Шыңғыс қаған бұдан бұрын салық төлеуге барғанда /Юн Жидің/ өлез, әлжуаз адам екенін білген еді. Алтын ұлысының елшісі қайтып барып /ханына/ айтқанда, Юн Жи қатты ашуланып: «Оны тағы да салық төлеуге келген кезде қастандық жасаңдар!», дегенін Шыңғыс қаған біледі. Содан Алтын ұлысымен соғысуға ұйғарып, әскерін, ат-көлігін сайлап, жасақтап, Шыңғыстың 50 жылының көктемінде Керулен өзенінің бойынан қалың әскерін аттандырып, Жошы, Шағатай, Өгедей бастаған қолбасшыларын сапқа түзейді. Жебе ноянның әскерін алғы шепке оздырып, Уша фу бекінісіне қарай жібереді. Жебе ноян тоқтамай ілгерлеп, Уша фу бекінісін және оның маңындағы Уюэинді жаулап алып, артқа хабар береді. Уша фу бекінісі Қазіргі Көк қаланың маңайы. Кейбір шежірелерде Уша фуды Шыңғыстың 49 жылында жаулап алған дегенімен осыдан кейін Алтынның

429 Жүршіттің Алтын ұлысы – Манж Чин (Манжурия) ұлысы.

жаңа ханының елшісі жарлық жеткізіп келгеніне қарағанда Шыңғыстың 50 жылында қалың қол аттанардан бұрын алғаны шын сияқты. Шыңғыс қаған Жебенің жеңгенін естіп, жедел келіп, әскерлерін қосып, Алтын ұлысының оңтүстік астанасы Си Инді қоршайды. Қазіргі Датун фу, осы қаланың қорғаушысы Ху Шаху қолбасшы қатты тіресіп, жеті күн шыдап, кейбір әскерлерін ертіп, шығысқа қарай қашқанымен моңғол әскерлері қуып барып, сансыз әскерін қырып тастайды. Шыңғыс қаған батыс астана және Банфу жоуды иеленіп, содан үш ұлына жеке-жеке әскер бөліп беріп, жер-жерге аттандырып, Алтын ұлысының солтүстік батысындағы аймақтарды кезеккезегімен басып алды. Алтын ұлысының иесі Юн Жи Ху Шахудың жеңілгенін естіп, қырық түмен әскер шығарып, Ехулинь бекінісін қорғауға алады. Бұл Қорғанысы Алтын ұлысының солтүстік батысындағы Датун фудың шығыс жағына орналасқан, өте биіктегі қорған екен. Шыңғыс қаған бұл хабарды да естіп, ілгеріге ұмтылып, Хуань Жасүй деген жерге келіп жеткен тұста, Алтын ұлысының қолбасшысы Ван Янь, Цу Циннен оның көмекшісіне тағайындалған кіші қолбасшы Минь Нань екеуі моңғол әскерінен қорқып, Шыңғыс қағанға бағынып, Алтын ұлысының әскер құрылымының құпиясын айқындап айтып береді. Сол түні Шыңғыс қаған әскерін аттандырып, Алтын ұлысының бекінісіне кенет шабуылдаған тұста, жаудың қалың әскері атты әскердің екпінінің астында қалады. Тебінгі мен дабыл араласқан қалың шудан есі шыққан жаудың әскері ойсырап, қырылады. Бұл жерде тағы да жеңіске қол жеткізген Шыңғыс қаған сол екпінімен Сюньдэ фуды430 иеленіп, оған қоса Тэхин, Фужили өлкесіндегі Боуан Жоуды басып алады. Сонан Жебені Дунчан431 бекінісін алуға аттандырады. Жебе бекініске таяп келіп байқаса, шынымен қиын жерге орналасқан, атты әскердің соғысуына қолайсыз екен. Соны білген Жебе әскерін шабуылға лап қойғызып енгізеді де, тез қайта кейін шегіндіреді. Осы тұста оларды жеңіліп қашты деп ойлаған жаудың әскері, соңынан түсіп қуады. Сөйткенде, Жебенің тасаланып тұрған жарты әскері, жау бекінісін оңай басып алады. Бекіністе моңғолдардың туы желбіреген сәтте, жаудың аман қалған әскерлері қашқаны қашып, қалғандары бағынады. Жебе бекіністі басып алысымен Шыңғыс қаған бекініске келіп, содан Алтын ұлысының орталық астанасы Жүндү432-ні басып алуға аттандырады. Сонымен моңғолдың қалың қол әскерлері жолай кезіккен жерлерді басып ала отырып, орталық астана Жүндү-ге де жетеді. Қаланы қоршауға алып, бір күн, бір түн соғысып, жеңе алмаған соң моңғолдың әскері кейін қайтады. Жолай Алтын ұлысының атты әскерінің басшысын қолға түсіріп, жылқыларын айдап кетеді. Осы тұста Жебе, Шағатай, Өгедей үшеуі жекежеке әскер алып, Шанши қорғанысының солтүстігіндегі алты жоуды-ды жаулап алып, тағы бір қол әскерді жіберіп, Жили аймағының солтүстігінен теңізге дейінгі аралықты түгел жаулап алады.

430 Сюньдэ фу - Датун фудың батыс солтүстігіндегі өлке. 431 Дунчан - Алтын ұлысының шығыс астанасы, қазіргі Ляоян қаласы. 432 Жүндү - Алтын ұлысының орталық астанасы – қазіргі Пекин қаласы.

Шыңғыстың 51 жылының көктемінде Алтын ұлысына бағынып тұрған Моңғол Хятан ұлысының ұлы басшысы Елюй Люгэ хятанның түрлі ұлттарын жинап, Ляодунның көптеген өлкесін басып алып, сонан қандас халқымен бірігуге алпыс түмен адаммен Шыңғыс қағанға келеді. Бұған Шыңғыс қаған қатты разы болып, Елюй Люгэ-ге үлкен шен беріп, Алтын ұлысын жаулау ісін басқартады. Бұдан соң Хятан ұлысының әскерлері Алтын ұлысынан топ-тобымен бөлініп келіп, Моңғолдарға қосылып, Алтын ұлысына қарсы қатты шабуылдайды. Тағы да осы жылдың көктемінде Шыңғыс қаған Чан Хуан фу сияқты бір қатар жоуды күйретіп, Алтын ұлысының отыз түмен әскерін ойсыратып жібереді. Мұқылай сары теңізден өтеді. Осы аралықта Алтын ұлысының әскері батыс астана Датун фуды433-ды қайтарып алған еді. Енді Шыңғыс қаған соны қайта жаулап алуға аттанып, қаланы қорғауға шыққан жаудың әскерін түгелімен қырып салады. Шыңғыс қаған Датун фуды-ды қоршауға алса да, жеңіске жете алмайды. Мұның себебі, Шыңғыс қаған қаңғырған оқтан жарақат алып, аздап науқастанғандықтан кері қайтқанға ұқсайды. Осы тұста Шағатай ноян, Жебе ноян бастаған қос қолдың әскері Фуншэн жоу мен Дунсин деген жерлерді басып алды. Сөйтіп, Шыңғыс қаған жарақат алып кері қайтқан тұста, Алтын ұлысы қолды болған жерлерін қайтарып алады. Әйтсе де, Шыңғыстың батыр қолбасшылары жаудың ең маңызды бекіністері мен қалаларын басып алуды тоқтатпайды. Шыңғыстың 52 жылы Алтын ұлысының қолбасшысы Ху Шаху өзінің жеңілісін теріске шығарғаны үшін Юн Жиді өлтіріп, оның орнына Фун Вансюн дегенді отырғызады. Шыңғыс қаған осы хабарды естісімен дереу үш жолмен әскер аттандырады. Жошы, Шағатай, Өгедей үшеуі оң қолды басқарып, Тайган шань тауын бөктерлеп, оңтүстіктегі Сианды күйретіп, Сары дария деп аталатын Қатын өзеніне жетіп, Пиньянь, Тайюаньның жерлерін басып алады. Жошы мен Қасар сол қолды басқарып, теңізді жағалап, шығысқа қарай беттеп, Ци Жоу, Пиньлуань Ляосидің434 жерлерін иеленеді. Шыңғыс қаған баласы Толуймен екеуі орталық қолды басқарып, Жили, Шандұң және Сары дарияның сағасындағы жерлерді қайтарып алады. Сондай-ақ, Жүндүні негіздеп, Алтын ұлысының тоқсаннан аса сианын жаулап алады. Осы ұрыстада қаншама қалалар күйреп, өлген адамдардың шығынына сан жетпейтіндей болған деседі. Және де осы кезде Ми Жоуды жаулауға бұйрық алған Мұқылайға Алтын ұлысының қолбасшысы Ши Тяньин көп адамымен келіп қосылғаны сөз етіледі. Шыңғыс қаған Жүндүге жетіп, үш жолдың әскері қайтадан бірігіп, тағуға қыстайды. Осы жылғы жорықта Сары дарияның солтүстігіндегі Цюань ман-

433 - Датун фу – Шаньси өлкесі мен ішкі моңғолдың аралығында орналасқан қаланың атауы. 434 - Ляоси - Ляодуньнан Кореаға дейінгі жерлер.

ды түгелдей иеленіп, тек Жүндү қатаРлы санаулы қалаларды ғана ала алмайды. Шыңғыс қаған 52 жасында көк ит жылының көктемінде Жүндүдің солтүстігінде отырған еді. Бір күні оның қалың қолбасшылары келіп, Алтын ұлысының орталық астанасы Янжинді435 талқандайық десе, Шыңғыс қаған оларға көнбейді. Сонан Алтын ұлысының иесіне елші аттандырып: «Сенің Шаньдун, Хубэй сияқты ірі өлкелерің мен Сиандарың қолымда тұрғанда, андағы жалғыз қалаңды мені жеңе алмайды дедің бе? Сен менің әскеріме сый беріп, қаһарлы қолбасшыларымның ашуын қайтар!»,- деп аттандырады. Мұны естіген Алтын ұлысының иесі дереу елшісін жіберіп, достасуды сұрап, бұрынғы хан Жүн жидің ханшасын және жас ұл, қыздары қосылған бес жүз адам, үш мың жылқы, көптеген алтын-күміспен, түмен-түмен бума торғын-торқа тиетіп, сенімді қолбасшысын да аттандырады. Ол Алтын ұлысының ханы жіберген сый-сияпатын Шыңғыс қағанға табыс етіп, қалың әскері Хуй Юнның өткеліне дейін шығарып салады. Осылай достастық бітімге келе тұра, Алтын ұлысының иесі астана Жүндү қаласын арнайы уәзір, қолбасшыларға басқартып, өзі Бянлянға436 ауысып, астана құрады. Шыңғыс қаған Юйэл Луань деген жерде жайлап отырған еді. Алтын ұлысының иесі астанасын ауыстырғанын естіп, қатты ашуланып: «Достық бітімге келгеннен кейін бұлай етуіне қарағанда, оның да арам ойы бар екен. Бітімге келген сыңай танытып, мені қапыда қалдырмақ қой!»,- деп, ілгеріге қайта соғыс ашудың қамына кіріседі. Сөйтіп жатқан тұста, Алтын ұлысының Ян Хунь уәзірі мен Зуду дегендері өздерінің қолбасшыларын өлтіріп, Алтын ұлысының астанасын күзетуші әскерлермен шығысып, қарасты елдерін алып, Шыңғыс қағанға қосылуға келеді. Бұларды келгеннен кейін Шыңғыс қаған Жүндү қаласын қоршауға алдырады. Осы кезде Мұқылай ноян Алтын ұлысының Пекин, Ляо сияқты ірі-ірі жоу, сиандарын437 басып алады. Сонан Шыңғыстың 54 жылы немесе көк доңыз жылы Алтын ұлысының көптеген басшылары өздеріне қарасты қала-кент, ел-жерімен Шыңғыс қағанға келіп қосылады. Солардың құрамында Ши Тяньин деген әйгілі қолбасшы да келген екен. Моңғолдың әскері орталық астананың шығыс бөлігімен қоса, жақын маңдағы түгел жерлерді басып алғандықтан, ерте мен кеште қала тыныштығы бұзыла бастайды. Соған байланысты Алтын ұлысының иесі қосымша әскер жасақтағанымен, онсызда моңғол әскеріне жеңіле бастаған жау әскерінің берекесі бек кетеді. Өзді-өзінен үрейленіп, жүріп моңғол әскерінен оңбай жеңіледі. Есін жиған кейбірі аман-сауында қаланы тастап, қашып шығады. Осы туралы кейбір тарихи деректерде: «Осы қаланы басып

435 - Янжи - Жүндү, Янжин, Дадин фу, Дату дегендер түгелдей бір ғана қаланың атауы, қазіргі Пекин қаласының орналасқан жерінде болған Алтын ұлысының орталық қаласының аты. 436 - Бянлян – Сары дария деп аталған Қатын өзенінің оңтүстігі, Хэнань өлкесінің Кайпин фу, сол кездегі Нанжин. 437 - Жоу, сиан – бұлардың барлығы әкімшілік атулары.

алған кездегі өлген әскерлерге сан жетпейді. Орда, үйлер берекесіз әскерлердің қолынан өртеліп, тұтанған өрт айдан аса уақыт сөнбейді. Алтын ұлысының бабаларынан қалған суреттерімен бірге талай-талай баға жетпес, құнды мұралар да өртке оранады. Қайран асыл қазыналар жоқ болды.»,- деп келтіріледі. Және де, осы жылы Батыс Сартаул ұлысының елшісінің Шыңғыс қағанға жолыққалы келген жол жазбасында: «Жүрген жолымыздағы адам өлігі тау болып үйіліпті. Пекин қорғанының сыртындағы қазылған ордың ішінен әйелдердің де тау-төбе боп үйілген өліктерін көрдік»,- деп жазады. Осы жорықтың барысында Алтын ұлысының Елюй Чуцай438 деген оқымысты-білгірін қолға түсірген еді. Ол негізінен Моңғолдың Хятан ұлысынан екенін жоғарыда айтқамыз. Осы жөнінде Шыңғыс қаған бірде: «Дайляо ұлысы мен Алтын ұлысы өзара ежелден өштес еді. Енді мен сен үшін өш алып берейін!», - дейді. Сонда Елюй Чуцай: «менің ата-бабам кезінде Алтын ұлысының уәзірі атанып жүрді. Олар өлімнен қорықпай қалай өшігеді?», - деп жауап қайтарады. Елюй Чуцайдың бұл сөзін Шыңғыс қаған табанда мойындап, оны ұдайы өзімен бірге алып жүріп, қандай бір істі ақылдасып шешіп отырады. Әйгілі тоғыз өрліктің ішінде Жүршіттің Шу мергені деп ерекше аталады. Кейбір тарихи жазбаларда: «Шыңғыс қаған қандай да бір жорықты бастау ісін әуелі Елюй Чуцаймен ақылдасып алатын немесе өзі қойдың жауырынымен бал ашып барып бастайтын» деп жазады. Сондай-ақ, Шыңғыс қаған ұлыс-мемлекеттің ісі мен әскери істі алдын ала бал аштырып болжау арқылы ғана емес, тума ақыл-ойы мен өмірден жиған біліміне сүйеніп, ұйымдастыра білген шеберлігімен таңқалдырады. Әрине, Елюй Чуцайдың жазба мәдениетіне жетік зиялы адам болғанын жоққа шығаруға болмайды. Өйткені, ол өз тұсында жабайы саналған моңғолдарды жазба мәдениетіне бейімдеп, дүниенің ісін тек бір табиғи ақыл-оймен аған емес, білім мәдениетімен жетілген, турашыл тәртіппен басқару – әлде қайда озық тәсіл екенін айқындап берді. Кейіннен бір кездері Ся ұлысынан келіп қосылған, оқ жасаудың шебері Шыңғыс қағанға кездескен сайын: «Қазір ұлыс елге әскер қажет. Елюй Чуцай жазудың адамы, оның қажеті қанша?»,- дегенде , Елюй Чуцай: «Оқ жасау үшін, оқшы ұста қажет. Ұлыс-елді орнату үшін ұлысты құрушы ұстаны керектенбеске болмайды!»,- деп жауап қайтарыпты. Осы оқиғадан кейін Шыңғыс қаған Елюй Чуцайды өзіне көмекші қылған деседі. Елюй Чуцай осылайша Шыңғыс қағанға да, одан кейін қаған тағына мұрагер болған Өгедейге де ақыл-қайратын аямай, адал қызмет еткені жайында жазба деректерден анық байқалады. Осылайша, Шыңғыс қаған Алтын ұлысының орталық астанасын қол астына бағындырғаннан кейін ұлыстың иесіне елші аттандырып, өзеннің солтүстігіндегі Шандудың қалған қалаларын өз еркімен бағындырып, хан дәрежесінен бас тартып, Хунань уаң атағын алсын! Егер ұған келіскен

438 - Елюй Чуцай – Кейбір деректерде Шыңғыс қаған бұл оқымыстыны өзіне арнайы шақыртып алдырған. «Моңғолдың құпия шежіресі», («Юншаби») тарихнамасын осы адам жазған деп те қарастырады.

жағдайда қарсы әске аттандырмаймын, деп аттандырады. Бұған Алтын ұлысының иесі келіспейді. Сөйтіп, Шыңғыс қаған қалың әскерін қайта аттандырып, сол жылдың күзінде Алтын ұлысының 812 қала мен сианын жаулап алады. Сонан Шыңғыстың 55 жылы арнайы жасақ аттандырып, Сары дария дейтін Хатан өзенінің батысындағы Дунь Хуан бұғазын иеленеді. Содан соң Нанжинға қарай бет алып сап түзеп, Хатан өзенінің оңтүстігіндегі Хэнань өлкесіне жетіп, Жу жоу қатарлы көптеген жоуды бағындырып алады. Бұдан кейін Нанжин қаласына ат басын тіреп, әскер санының аздығына байланысты кері қайтып кетеді. Осы тұста Алтын ұлысы әскер санын көбейтіп, мол күшпен қарсы соғыс жасайды. Тағыда осы жылы Шыңғыс қаған батысқа қарай аттанып, найман мен меркіттедің қалған бөлігі Күшілік епн Тоқтаға қарсы соғыс ашады. Бұл туралы төменде жеке әңгіме етеміз. Шыңғыстың 56 жылы Моңғолдың қолбасшылары Ши Тянсян мен Шаған екеуі Алтын ұлысының қолбасшысы Чао Юан Шуайды қолға түсіріп, кейбір қалаларын күйретеді. Осыған байланысты Алтын ұлысы бітімгершілік келісімге келуді өтінеді. Дәл осы жылдың сегізінші айында Шыңғыс қаған Мұқылайды тайшин сайлап, ұлыс уаңы деген атақ береді. Қолына алтын таңба ұстатып: «Солтүстікті мен басқарамын, оңтүстікті сен өзің біліп басқар!»,-деп билікті қолына береді. Әйтсе де, Уаң Мұқылай бұдан кейін де оңтүстік пен шығыстағы бағынбаған талай жерлерге шабуыл ұйымдастырады. Тағы да осы жылы бұған дейін бағынышты болып келген солтүстік батыстағы хорь түметтер аяқ асты бүлініп, өз беттеріне кеткен еді. Мұны да кейіннен арнайы сөз етеміз. Шыңғыстың 57 жылы Мұқылай Алтын ұлысының Юань Шуайдың ісін басқаратын атақты қолбасшы Ян маоны тұтқынға алады. және де Датун Фу дан Тайюань, Пиняньға дейінгі көптеген жоуды иеленіп, Батыс Ся ұлысына қарсы соғыс ашып, оның уаңы тұратын қаланы қоршауға алады. Си Ся ұлысының иесі қаласын тастап, Силянға қарай қашып кетеді. Осы жылы Корея ұлысының түгел жерін бағындырады. Корея иесі Моңғолға әр жыл сайын салық жеткізіп тұруды міндетке алады. Шыңғыстың 58 жылы моңғолдың қол астына кірген Ян Мао мен Алтын ұлысының қолбасшысы У Сянмен соғысып, көптеген қалалады иеленеді. Тағы да осы жылы батыстағы Сартул ұлысы Шыңғыс қағанның елшілері мен саудашыларын өлтіргендіктен олармен соғысуға қаған өзі аттанады. Бұл туралы да кейіннен сөз етеміз. Шыңғыстың 59 жылы қолбасшы Мұқылай Будун фуды439 және Шандудың басқа да қажетті фу, жоуларын басып алып, әсіресе Алтын ұлысының атақты қолбасшысы У Сянды Яндан дейтін қаласымен қосып бағындырады.

439 - фу – бұл да әкімшілік атауы.

Шыңғыстың 60 жылы Алтын ұлысының иесі жазба елшісін жіберіп, татулық келісімге келуді өтініп, Шыңғыс қағанды Алтын ұлысының ағасы болуын тілейді. Бұған Мұқылай келіспейді. Дәл осы жылы Сүн ұлысы да елшісін жіберіп, бітімге келуді сұрайды. Бұдан кейін тағы да, Сүн ұлысының Ляншюй Жунжи, бәрін билеуші Ши Игуй мен Диндунды билеуші Жан Лан дегендер өз-өзінің қарамағындағы қалың елімен келіп бағынады. Өз еріктерімен сиандарымен бағынған бұларға уәзір дәрежесін сыйлайды. Шыңғыстың 61 жылы Мұқылайдың қалың әскері көптеген өлкелер мен қалаларды бағындырады. Бір ғана жеді – шаньси өлкесіндегі Фун шанды қанша күн шабуылдаса да ала алмайды. Осы кезде Алтын ұлысының иесі татулық келісімге келуді сұрап, тағы бір елшілерін жібереді. Шыңғыс қағанды Батыс Сартулды жаулап жүргенінде кеңесші Жун Дуан дегенді жіеріп, татулық бітімге келуін сұрайды. Сол елшіге Шыңғыс қаған былай дейді: «Мен әуелден сенің басшыңа өзеннің (Сары дария) солтүстігіндегі жерін беріп, өзі Хунань ван (уаң) болатын болса, қарсы әскер аттандыруды тоқтатамын деген едім. Сенің иең бұған көнбегендіктен Мұқылайда ұлысыңды құртып үлгеріпті.»,-дейді. Жун Дуан қайғылана жалынып, өтініш тілегін қайталай айтады. Сонда шыңғыс қаған: «Әнтек, өзеннің солтүстігіндегі жерлер де менің қолыма өтіпті. Енді бұғаздың батысындағы санаулы қалалар қалып тұр. Егер менің иең осы қалаларын менің қолыма өткізсе, оны Хунань ван болдырамын. Бұл келісімді қайта бұзуларыңа жол жоқ!»,- деп, әмір етеді. Сонан Жун Дуан қайтып кетеді. Осы тұста Мұқылай Алтын ұлысына шабуылдарын жалғастырып жүген болатын. Шыңғыстың 62 жылы тайши, ұлыстың уаңы Мұқылай ауырып, қайтыс болады. ол асқан ер жүректі, мықты қолбасшы, әрі ұлыс ісінің білгірі еді. Моңғол ұлысын құруда өзгеден мол үлес қосқан да осы Мұқылай еді. Шыңғыс қағанның маңдай алды қолбасшысы атанған Мұқылай атыр Алтын ұлысы жерінің көбісін қолына алып та үлгереді. Мұқылай өлерінде: «Мен ұлыс-елдің ұлы ісіне сеп болсын деген ниетпен қырықдыл бойы өткір ұстап, сауыт киініп, шығыс пен батысқа қаншама жорық жасасамда өкінген кезім болған жоқ еді. Жалғыз өкінішім – Бянлян астанасын ала алмадым. Енді оны сендерге аманат етемін!»,- деп өсиет айтады. Шыңғыс қаған мұны естіп, қатты қайғыып, оның ерлігін еске алып, зор құрмет танытады. Әрі оныңмұрагерлігіне ұлы Борды тағайындайды. Бор – білімді де білікті, әрі көп ұлттың тілін білетінді. Садақ пен найзаға да шебер, жиырма сегіз жаста болатын. Мұқылайдың басшылық ететін жеін қалпында қалдырып, оныңжорығын ары қарай жалғастырып, тағы да бір қанша елді мекендерді бағындырып алады. Сонан ір кезде Алтын ұлысының қолбасшысы У Сян тағы да арам ойланып, моңғолдың қолбасшысы Ши Тянды алдап өлтіріп, Жиндүн қаласын бөліп алады. сөйткен шақта ор Ши Тянның інісі Ши Тянсэнге әскер беіп, У Сянмен соғысуға атандырады. Ол У сянды жайратып салып, қаланы қайтарып алады.

Шыңғыс қағанның тұсындағы Алтын ұлысына қарсы жорық-шауылдар негізінен осымен тәмәм болады. Алтын ұлысы мен Сүн ұлысының бір жолата күйреуі соңғы қағандардың кезінде болған.

Х. НАЙМАН МЕН МЕРКІТТІҢ ҺӘМ ХОРЬ ТҮМЕТ ПЕН ҚАРА ХЯТАН ҰЛЫСЫН БАҒЫНДЫРҒАН КЕЗІ.

Найманның Күшілігі мен меркіттің қалдығы Етіс өзенінің бойында Жебе Сүбедей екеуінен жеңіліп, батысқа қарай қашып кеткені жөнінде жоғарыда сөз еткен едік. Бірақ, олар солай болғаннан кейін Ертістің арғы жағында көптеген қол жинап, қуат алып жатқанын естіп Шыңғыс қаған 55 жасында Сүбедей батырға бітеу темір арба жасатып беріп, Ертістің арғы бетіне аттандырады. Меркітті жатқан жерінде жайпап,тақтаның балаларын түгелдей өлтіртіп, жалғыз Көлтүген білгіні тірі қалдыруды Жошы алдын ала ойластырады. әйтсе де, Шыңғыс қағанның тірі жан қалдырма деген жарлығы үшін оны да өлтіртіп, ошағын ойран етеді. Сөйтіп Меркіттің қалдығы типыл болады. Бұл деректерге сүйенсек, Сүбедеймен бірге Меркіттің қалдығын құртуға Жошы да аттанған сияқты. Шыңғыстың 56 жылы Хорь түмет бүлік шығарып, Шыңғыс қаған әскер аттандырады. Хорь түметтер негізінен Шыңғыс қағанның атасы Боданшардың шешесі Алаң сұлудың төркіні болып келеді. Шыңғыс қағанға нағашы жұрт. Мекендері Байкал теңізіне құятын Барғужын өзенінің ілгері сағасы. Хорь түметтің нояны Дайдұқұл өліп, оның әйелі семіз Ботақай елді басқарады. Шыңғыс қаған ұлыс-елді орнату ісіне жұмыла кіріскен, қолбасшылары мен батыр ерлерін, сенімді адамдарына ерекше мәртебе берген тұста олардың арасында өзінің жұрағаты Арғыс қобызшы (Арағасұн қобызшы) да болған еді. Қаған оған қайда сұлу қыздар мол болса, сол жерден отыз сұлу қызды таңдап, қалыңдық етуіне рұқсат берген болатын. Сөйтіп күндердің бір күні Арғыс қобызшы Хорь түметтің қыздары көрікті болады екен дегенді естіп, қыз таңдауға аттанады. Арғыс қобызшы еліне барған тұста Хорь түметтер сырт көз танытып, оны ұстап алады. Бұл хабарды естіген бойда Шыңғыс қаған орман өлкесінің сырын жақсы білетін ойраттың Құтуға бекісін аттандырады. Хорь түметтер оны да ұстап алады. Бұдан кейін шыңғыс қаған Хорь түметтерге қалың әскері мен Бороқұлды аттандырады. Бороқұл хорь түметтің жеріне іліне бере қалың әскерінен озып, жалғыз жөнеледі. Жалғыз келе жатып, иттұмсығы өтпейтін бітеу орманға тап болады. Сол орманның ішінде жол таппай адасып жрүген жерінде Хорь түметтің қарауылдары оны атып өлтіреді. Осы суық хабарды естіген кезде Шыңғыс қаған қатты ашуланып, олай болса Хорь түметтерді өз қолыммен құртайын деп, атқа қонбақ болады. Боршы мен Мұқылай екеуі қағанның бұл қылығына қарсылық танытып, басу айтады.

Сөйтіп, Шыңғыс қаған Хорь түметтерді құртуға дөрбеттің Дөрбай тарпаңын аттандырады. Бороқұл ноянның қапыда өлтірілгенін білетін Дөрбай тарпаң оның өлген жеріне құр байрақ қондырады да әскерін басқа жолмен бастайды. Тасаланып барып, Бороқұлды өлтірдік деп той тойлап жатқан хорь түметтердің төбесінен түседі. Оларды ес жиғызбастан таптап салып, Арғыс қобызшы мен Құтуға бекіні босатып алады. Жесір басшы Ботақай семізді тірідей қолға түсіреді. Осылайша жеңіспен оралған Дөрбай тарпаңды Шыңғыс қаған ерекше марапаттайды. Бороқұл ноянды жау қолында өлгені үшін оның ұлы Тоғанға жүз түметті береді. Қобызшыға түметтің отыз сұлуын береді. Құтуға бекіге Ботақай семізді береді.

Қара Хятан ұлысын бағындыруы

Найманның Таян ханның ұлы Күшілік қашып барып, батыстағы Қара Хятанның жерін паналағаны жөнінде әлгінде айтқан едік. Осы аралықта Күшілік Қара Хятан жеінен қолдау тауып, мықты күш жинап жатқаны және де ол әскер алып ілгеріге соғыс ашу ниетте екенін Шыңғыс қағанға құлақдар етеді. Осы суыт хабарды естіген бойда Шыңғыс қаған 57 жасында Жебе ноянға екі түмен әскер беріп, Күшілікті күйретіп, батыс Ляо деп аталатын Қара Хятан ұлысын бағындырып алады. Енді Қара Хятан ұлысы дегеніміз нендей ұлттан болғанын және де қандай жерлерді мекен еткені жөнінде шамалы анықтап берелік: Жоғарыда, VII тарауда айтқанымыздай Моңғолдың Дайляо деп аталатын ұлы Хятан ұлысы күйрегеннен кейін сол елдің қағанының тұқым жұрағаты Елюй Даши ноян бір топ елмен қоныс аударып, батыстағы Тәңір тауының солтүстігіндегі кең өлкенің орталығы делінетін баласағұн (қос орда немесе әсем орда) шаһарына арып паналайды. Сол жерде ол атақ-абыройға ие болып, төңірегінде мекендейтін моңғол нәсілділер мен қаңыл, қарлық, ұйғыр әулеттерінің басын қосып, шығыс солтүстіктегі Енесей дариясына дейін, шығыс солтүстікте Хотан жеріне дейінгі кең өлкеге билік жүогізе бастайды. Сонан Шыңғыс қағаннан бұрынғы 25 жылы батысқа бет бұрып, Хожинд қара Ханиданы (Ұйғыр ұлттығы болуы мүмкін. ауд.) жаулап алып, Трансоксанды (Самарқандының төңірегі. ауд) басып алады. Елюй Дашиды осы кезде Гүр хан деген атақты жамылған есімі белгілі һәм хятан, түркі, моңғол нәсілділерден құралған отыз түменге жуық әскері болған деп те жазады. Сөйткен шақта Елюй Дашиға қарсы Сырдария мен Әмудария бойын мекен ететін мұсылман әулеттері қатаң шабуылдар ұйымдастырады. Бірақ та қанша шабуылдағанымен Елюйдың сұсын қайтарып жеңе алмайды. Сонан көп кешікпей Самарқанд, Бұқар, Сартул (Хорезм) түгелдей Қара Хятанның қарамағына енеді. Бұлардың сыртында Іленің жиегіндегі Қарлық қағанына қарасты жерлерді де қоластына алады. және де Тәңір тауының төңірегі мен Іле өзенінің орталық сағасындағы көшпелі тайпаларды да

басқарып, Қарлық, Сартул ұлыстарынан, Самарқанд мен Бұқар өлкесіндегі түгел елден салық жинап тұрады. Елюй Даши Шыңғыс қағаннан ұынғы 19 жылы қайтыс болады. содан кейінгі аралықта Қара Хятан ұлысы түрлі қақтығысқа тап олып, бір кездері қайта әлсірей бастаған. Сол кезде Сұлғу (Құлғу)деген қолбасшы хан тағына отырған. Сөйтіп Қара Хятан ұлысының әлсіреуін пайдаланған біраз ел күш-қуат жинап, әсіресе Сартул ұлысы Шыңғыстың 45 жылы Қоридың жерлерін біріктіріп алып, Гүр Сүлден аймағын да (Қоридан шығыс солтүстіктегі таулы аймақ) жаулайды. Және де дәл осы тұста шығыс жақтан дүмпілген Қотан қозғалысын пайдаланып, Бұқар мен Самарқандыны да басып алады. Тағы да осы кезде Ұйғыр, Қарлық бастаған біраз ел моңғолға қарайды. Осылайша Қара Хятан ұлысының үрейлі жағдайға тап болып, әлсірегеншағында әлгінде айтқан найманның Таян ханның ұлы Күшілік қашып барады. Бұл тұста Қара Хятан ұлысының ханы Сұғулдың моңғолдармен әбден өштесіп алған кезі еді. Ол шығыс өлкенің жағдайын жақсы білетін Күшіліктің барғанына қатты қуанып, кіші қатынынан туған беріп туыс болады. Бірден ханның қызын алып, күн озған сайын өзінің бет-беделі де артып келе жатқанын әбден сезген Күшілікенді былай жүре беру болмас, әуелі шығысты жаулайын, сонан Қара Хятанның да тағын алайын деген жасырын оймен бір күні Сұлғуға былай дейді: «Менің әкем, Таян хан өлсе де оның ұрпағы үзілген жоқ. Дәл қазір моңғолдар оңтүстікті жаулап жүр. Осы орайды пайдаланып, бірінші бытыраған елімді жинап алайын, екінші қайын атайым сізге сол елімнің күш-қуатын жұмылдырайын!»,- дейді. Бұған разы болған Сұлғу хан Күшілікті дереу шығысқа аттандырады. Күшілік аттанып барып, Ертіс өзені мен Тәңір тауының аралығында иесіз болып жүрген найман мен меркіт елінің басын қосып, біраз күш-қуат жинайды. Төңірегіндегі бірісі-жарым ұсақ елдерді де біріктіріп алады. сартул ұлысымен жасырын келісімге келеді. Олар біріккен күшпен Қара Хятан ұлысын күйретіп, Күшілік шығыс бөлігін, Сартулдың қағаны батыс өлігін алмақшы болады. Сөйтіп Күшілік пен Сартул ұлысының қағаны Ала Ад дин екеуі Хятан ұлысын жаулауға аттанады. Сұлғу қаған бұларға қарсы шабуыл ұйымдастырып, Сартулдан Самарқанд шаһарын қайтарып алады. бұл алғашқы шабуыл еді. Келесі шабуылда Сұлғудың әскерлері бас қосып біріге алмағандықтан боп жеңіліп, Күшіліктің әскері қаланы қоршап алады. жеңілген Сұлғу күйеу баласы Күшіліктен жанын сауғалайды, жанымды алма, тағымды ал деп жалынады. Бірақ Күшілік оған мырзалық танытады. Сен менің қайн атамсың, атасы тұрғанда баласы таққа отырмайды деп, хан тағында қалдырып, негізгі билікті өзі алады. Күшілік ел билігін алғаннан кейін Мұхамед Ала Ад динге Сыр өзенінен ілгері өлкені беріп, Қара Хятан ұлысына жыл сайын төлеп тұрған салығынан босатады. Осылайша тірідей биліктен айырылып, бейшара халге келген Сұлғу көп кешікпей құсадан қайтыс болады.

Бұдан кейін Күшілік сол кезде Іле бойына орналасқан Алмалық аймағын шабуылдады деседі. әйтсе де, осы жөнінде сыр шертетін толық қанды деректі біз кездестіре алмадық. Демек, мынадай бір қызықты дерек айтылады. Осы Алмалық ұлысының құрушысы Бұжыр (Ұжыр) деген тонаушылардың қолбасшысы, әрі аттың арымташысы болған. Сол Бұжыр Қара Хятан ұлысының ішкі қақығысын пайдаланып, Алмалық қаласын татып алып, өзін хан көтерген. Қара Хятан ұлысының қарулы күшпен келе жатқанын естіп, Қара Хятан ұлысына қарасты Қалық ұлысына бірігіп, Шыңғыс қағанның қол астына кірген дейді. Осы деректе айтылғанына қарағанда, Күшіліктің Алмалыққа қарсы аттанғаны шын, ірақ моңғолдың әскері үлгеріп барған сияқты. Күшілік Қара Хятан ұлысын алғаннан кейін бір уәзірдің сұлу қызына көзі түсіп, тоқалдыққа алады. Сөйтсе ол қыз Будда дініне сенеді екен. сол үшін Күшілік ұлыс-елді Будда дініне кіру керек деп, жарлық шығарады. Бұған ел ішіндегі ислам дінділер қарсы болады. әйтсе де, Күшілік Будда дініне қарсы болғандарды аямай қырып-жойып, шексіз айып-пұл салу арқылы қыспаққа алғандықтан халықың арасында қатты алаңдаушылық пайда болады. Сөйткен тұста Жебе ноян Қара Хятан ұлысының шекарасына ілініп: «Дінге қарсы болуға болмайды. әр адам өз қалауымен дінді қолдасын! Шектен тыс айып-пұл төлетуді тоқтату қажет!»,- деген үкім шығарады. Бұған разы болған қалың ұқара Жебенің алдынан шығып, қарсы алады. халқынан айырылған Күшілік елді жеңе алмасын біледі де, қаланы тастап, қашады. Жебенің әскері оны қашып бара жатқан жерінде қуып жетіп өлтіреді. Осылайша Шыңғыстың 57 жылы Қара Хятан ұлысы күйреп, оған тиісті жерлер Моңғолдың қарамағына алынады. Енді Моңғолдың иелік құрған жерінің атысы Сартулға дейін созылады. Бір кездеде Дайляо деп аталған Қара Хятан ұлысы моңғолдың Ұлы Хятан ұлысынан бөлініп шығады да, Шыңғыс қағанның тұсында қайтадан Моңғол ұлысына бірігеді. Біз сол тарихты баян еттік.

ХІ. САРТУЛ ҰЛЫСЫН ЖАУЛАҒАН КЕЗІ

Шыңғыс қаған 58 жасында батыстағы Сартул ұлысын жауламақ болады. Сартул ұлысы Қара Хятан ұлысына салық төлейтін. Найманның Күшілігі басып алғаннан кейін Сартул ұлысының салықтан босатылғанын әлгінде әңгіме еттік. Сартул негізінен түркі нәсілділер тобына жатады. Түріктің ұлы ұлысы күйрегеннен кейін Селжүк түрік дәуірлеп, Селжүк түріктері күйрегеннен кейін Сартул ұлысы дәуірлеген. Оның иелігіндегі жер шығыста Сырдария өзенінен, батыста Парсы өлкесінен әріректе, оңтүстікте Синд өзенінен, солтүстікте Арал мен Каспий теңізіне дейін созылып жататын. Сартул ұлысының иесі Мұхамед сұлтан Ала Ад дин шығыста Моңғолдың қуатты мемлекеті дәуірлей бастағаннан сақтанып, моңғолдың халқы мен басшыларының жай-күйін алдын ала біліп тұру үшін Шыңғыстың 54 жылы,

Шыңғыс қаған Алтын ұлысының орталық астанасын, қазіргі Пекин қаласын басып алған тұста аранайы елші аттандырады. Шыңғыс қаған оның елшілерін ықыласпен қарсы алып, екі ұлыстың сауда қатынасын нығайту жөнінде келісім жасап, аттандырады. Сонан Шыңғыс қаған төрт жүз саудагер мен Бұғұр деген елшісін түрлі заттауармен Сартул ұлысына жөнелтеді. Шыңғыс қағанның керуені Сартул ұлысының шекарасындағы Отырар қаласына жеткен тұста қала нояны Інас деген Мұхамед сұлтанның жекжаты қарсы алады. осы Інас деген ежелден ір тойымсыз, ашкөзді адам екен. Керуендегі көп затты көрген жерден құрты қозып, Бұғұрды Сұлтан қағанға жалғыз жіберіп, төрт жүз саудагерді түгелдей қырып салады. Керуендегі затты қолға түсіргеннен кейін, Сұлтан қағанға елші жіберіп, Шыңғыс қағанның төрт жүз тыңшысын өлтірдім, деп хабарлайды. Мұны естіген Сұлтан қаған Бұғұрдың сақалын қырып, шапанының етегін кесіп, қатты мазақ етіп қайтарады. Шыңғыс қаған естісімен қатты ашуланып, анық-қанығынбілу үшін Ұқна деген басшысы бар елшілерін тағы жібереді: «Менің саудагерлерімді өлтірген бұл дерек егер Сұлтан қағанның да көңілінен шықпаған болса, Отырардың ісін басқарушының асы шабылсын!» - деп аттандырады – «Егер бұған көнбесе, тез арада әскер жасақтап, өткір қарудың астында жолығайық!»,- дейді. Сондағы Сұлтан қағанның жауабы: «Аспанда екі күн болмайды. Ұлысты қос қаған басқармайды. Шығыста Шыңғыс қаған атың әйгіленсе де, батыста уәжің жүрмес. Енді менімен соғыспақсың ба?!»,- деп, елші Ұқнаны өлтіртіп, бірге келген адамдарын ауыр соққыға жығып, қайтарады. Сонан әске жинауға кіріседі. Кейбір тарихтарда Сартул ұлысынан Моңғолға жіберілген саудагерлер өлтірілген десе, енді бір деректерде Сартул ұлысының иесінің жіберген саудагерлеріне қосып Шыңғыс қаған да көптеген саудагерін бірге аттандырған, деп жазады. Тағы бір жазбаларда Шыңғыс қағанның қалың әскері бармас бұрын, Сартул әскерлері Жошының бір қол әскерімен ұрысып, жеңіледі. Сонан сартул басшысы қатты үрейленетін болған, деп жазады. Сұлтан қағанның келесі қылығын естісімен, Шыңғыс қаған дереу әмір етіп, қалың әскерін жасақтайды. Шыңғыстың 57 жылы ат-көлік, әскер-сайманын түзеп, Алтын ұлысын жаулауды бірден Мұқылайға жүктегендіктен, ұлыс-елді өз інісі Отшығынға тапсырып, өзі Құлан ханымын, төрт ұлын және Күлік Боршы, Жебе, Сүбедей, Шікіқұтық бастаған қалың батырларымен қоса, Алтын ұлысынан келген оқымысты Елюй Чуцайды алып, қара орман әскерін қозғалтып, Таңғыт ұлысының ханымына елші жіберіп, Сартул ұлысымен соғысқалы қозғалғанын айтып, оны оң қолға аттансын деп, бұйырады. Оған Таңғыт ұлысының бір уәзірі: «Сізге енді басқадан көмек сұрау жараспас. Егер, әлің жетпесе, соғысуды қойғаның жөн!»,- деп жауап қайтарады.

Шыңғыс қаған қатты ашуланып, Сартул ұлысын жаулап келгеннен кейін, кезекті Таңғыт ұлысына беру керек екен деп бекініп, Алтай тауын асып, құм шөлден өтіп, Шыңғыстың 58 жылы Ертіс өзенінің бойына келіп түседі. Сонан сол жылы күзде ары қарай қозғалып, Қойлық440 деген жерге келген кезде, Қарлықтың Еркін ханы Алмалық, Сағана, Тегін, ұйғырдың Бағұршық итегүттері көмекші әскерімен келіп, бірігіп соғысуға уәде береді. Шыңғыс қаған осы жеге біраз аялдап, суық мезгілді өткізіп, ат-көлік, әскерін тынықтырып алып, Отырар қаласына қарай жылжиды. Осы жорыққа қатысқан моңғол әскерінің санын тарихи жазбаларда әр қалай келтіреді. Негізінен он бес түменге жуық әскер болған сияқты. Сартул әскерінің саны қырық түменге жеткен, деседі. Шыңғыс қағанның әскерінің саны аз болса да, соғыста сұрыпталған қайратты ерлерден, Сұлтанның әскерінің саны көп болса да, соғыс тәсілінен хабарсыз, өзара береке бірліксіз, әрі Сұлтанның жалтақай мінезінен халқы әбден мезі болып, оның сыртында олардың көбісі түркі нәсілінен, ислам дінінен болғандықтан Шыңғыс қағанның «Әркім өз қалауымен дін қабылдасын!», деген жарлығына ризашылық танытатындықтан, оған қарасты елдің ниеті моңғолдарға ауа бастаған-ды. Оның сыртында, Сұлтан қағанның шешесі Тұрхан хатын үстемсіп, билік ісіне араласып, ұлыстың жағдайы бейберекетсіздікке тап болып, басшы нояндар мен батыр қолбасшылары өз ішінен бүлініп, тозғындаған кезі болатын. Шыңғыс қаған суыт жүріп Отырар қаласына келген кезде, қаланың басшысы Інас хан екі түмен әскермен қаланы мықтап, қорғауға алған екен. Шыңғыс қағанның әскерлері қанша шабуылдаса да, қалаға беттеп кіре алмайды. Сартул елінің басшысы көмек жіберген екен, Хараза хан бастаған түмен қол соғысқа кіріседі. Сонан Шыңғыс қаған әскерін бөліп, басқа өлкелерді шабуылдауға шешім шығарады. Өзінің үлкен ұлы Шағатай мен Өгедейді неше түмен әскермен Отырарды қоршауға алдырады. Бұл қала Сырдария өзенінің ішкі жағына орналасқан еді. Екінші кезекте Жошыны батыс солтүстіктегі Женд441 қаласын алдыруға аттандырады. Үшінші кезекте, бәріннің Алаң нояны мен қонқотанның Сүйкеті чэрбиін бес мың әскермен шығыс солтүстікке Бэнакент пен Хожанды қалаларын алдыруға аттандырды. Бұл Сырдария өзенінің бас сағасындағы жерлер еді. Шыңғыс қаған өзі үлкен қолды басқарып, төртінші ұлы Толуйды қасына алып, Бұқар қаласына аттанады. Сұлтан қағаннан Отырарға әскер келетін жолды жауып тастайды. Бұқар қаласы Әмудария өзенінің ішкері өлкесінде еді. Бірінші қол – Шағатай мен Өгедейдің әскерлері Отырар қаласын қоршауға алып, бес ай бойы іштен сыртқа, сырттан ішке адам өткізбейді. Қала ішіндегілердің азық-түлігі таусылып, халық аштан қырылуға таяған шақта көмекке келген қолбасшы Хараза хан түсіп бермек болады. Бұған Шыңғыс қағанның талай елшісінің қанын ішкен Інас қарсы шығады. Себебі, Інас үшін

440 - Қойлық – Хаялиг. 441 - Женд – Жем.

түсіп берсе де, бермесе де бәрі-бір оны өлім жазасы күтіп тұрған, оған соңғы демі қалғанша күресу ғана қажет болатын. Сөйтіп, Хараза хан түн жамылып, қаладан қашып шыққан жерінде, Шағатайдың қолына түседі. Қолға түскен Хараза: «Қалың еліммен қол астыңдағы құлың болайын, жанымды қалдыршы!»,- деп, жалынады. Сонда Шағатай: «Өз ханыңа сатқындық жасаған сен сұмырай, кімге жақсылық қыласың?!»,- деп, басын шауып алады. Шағатай мен Өгедей екеуі сол бетте қаланы бұзып кіріп, ондағы адамдарды шетінен қырады. Қаланың ішкі қорғанына бекінген Інаспен бір ай бойы соғысып, зорға қолға түсіреді. Оны саудагерлерді өлтірген қылмысы үшін Шыңғыс қағанның алдына тірідей алып барып береді. Қаған оның көмекейіне қорғасын құйып өлтіртеді. Екінші жолдағы Жошының әскерлері сыр бойын құлдап Сығанақ қаласының маңына барып, Шыңғыс қағанның қол астында қызметші болған ұйғыр нәсілді Хажины жіберіп, қала басшысына қан төгіссіз түсіп беруді әмір етеді. Бірақ, қала басшысы барған елшіні өлтіреді. Оған Жошы ашуланып, дереу ұрыс ашып, жеті күн соғысып, қалаға басып кіреді. Ондағы адамдарды да аяусыз көп өлтіріп, Хажиның ұлын қаланың басшысы болдырады. Сонан батысқа бет алып, Үзкент442 һәм Аснас, Башынлегкент деген үш қаланы алып, Жентке жеткен кезде, оның басшысы қаланы тастап қашады. Жошының әскерлері оның да соңынан қуып жетіп, жеткен жерде өлтіреді. Сонан биік бұлтсаты443 жасап, қала қамалынан асып кіріп, ойранын шығарады. Көптеген дүние-мүлік, алтын-күміс секілді асыл бұйымдарды олжалайды. Бұдан кейін Яникент қаласын алып, әр қалаға жеке-жеке басшы тағайындайды. Үшінші жолдағы Алаң ноян басқарған әскерлер Бенакент қаласына барып, оның басшысы Илеткү Меліктімен үш күн соғысып, қаланы қолға түсіреді. Қала тұрғындарының тең жартысын өлтіріп, жартысын Хожакент қаласын алуға көмекші есебінде ертіп алады. Хожакент қаласында темір Мәлік деген мықтыға тап болады. Ол Сыр өзенінің орта бойындағы берік бекіністі сағалап моңғол әскеріне қатты соққы береді. Алаң ноян шарасыздан Шыңғыс қағанға елші жібереді. Сөйтіп, қағанның жіберген көмекші әскерінің күшімен қайық, кеме жасап дариядан өтіп, темір шынжырмен дарияны қақ бөліп, бөгет салып, ұрысқан тұста Темір Мәлік зорға жеңіледі. Төртінші жолдағы ұлы қол Шыңғыс қаған басқарған қалың әскер Шернұқ, Нор деп аталатын екі үлкен, бай қаланы жаулап алады. Осы Шернұқ деген қаланы моңғолдар Құтұлұқ балаң немесе Хутугт балғасун деп атап келген. Шыңғыс қаған 50 жасында Бұқар қаласына жетеді. Осы қаланың әскерінің санын әрқалай айтады. Негізінде екі түмен шамасында болғанға ұқсайды. Қаланы үлкенді, кішілі бірнеше хан бірігіп басқарады екен. Соған сәйкес қорғанысы да тым мықты болыпты. Әйтсе де, Шыңғыс қағанның адуын қалың қолы қалаға бірден басып кіріп, ойранын шығарады. Қашқан әскер мен

442 - Үзкент – Ускенд. 443 - Бұлтсаты – биіктігі бұлт тіреген осындай бір биік сатыларды Шыңғыс қаған өз жорықтарында пайдаланған. Сатының биіктігіне бола осылай атаса керек.

адамдарын Әму дарияның бойымен бір жусатады. Тұрғындарынан қарсы болғандарын дереу өлтіртіп, бағынғандарын қалдырып, қаланы әбден жуасытады. Сонан Шыңғыс қаған мұсылмандар мешітіне кіріп, күмбезіне көтеріліп, жиылған қала тұрғындарына былай дейді: «Сұлтан қаған жазықсыз көп саудагерімді өлтіргені үшін мен арнайы жазасын кесуге келдім. Қателігін мойындап бағынса, кешірім беріп, мойындамай қарсы шықса, жанын алуға келдім. Байлар үйінің қоймасына сақтаған алтын-күміс теңгелерін шығарып, әскеріме тарту етсін!»,-деп бұйырып, бұдан өзге де көптеген үгіт-насихатты сөздерін айтады, деп жазады кейбір трихтарда. Сонан моңғол әскерлері қаланың үйлерін аралап, тыққан теңге, дүние-мүлік, асыл бұйымдарды көптеп олжалайды. Соғыс кезінде қаланың ішінде өрт шыққандықтан көптеген үйлер өртке шалыңған екен. Осы кезде Самарқан қаласында болған Сұлтан қаған бұл хабарды естісіменақ батысқа қарай қашып кетіпті. Шыңғыс қаған Бұқар қаласынан оның шығыс оңтүстігіндегі Самарқан қаласын алуға аттанады. Самарқан қаласы Трансоксанның маңызды қалаларының бірі саналатындықтан, сақшы әскерлерінің саны он түмен, соғыс тәсілі жиырма түрлі болған. Қала басшысы Сұлтан қағанның шешесі Тұрхан ханымның туысы Тұғай деген еді, деседі. Бұл қаланың қамалы берік, қорғаны биік, қару-жарағы да сайма-сай оған басып кіру бірталай қиындық тудыратындықтан, Шыңғыс қаған шамалы аялдап, үш жолдың әскерлерінің келуін күтеді. Сөйтіп, үш жолдың әскерлері түгел келіп, ат-көлік, қару-жарақ түгелденген тұста, қаланың төрт жағынан қатар шабуылдап, әртүрлі айла-шарғы қолдану арқылы қаланы әзер алады. Осы жөнінде кейбір тарихи жазбаларда: «Қалың әскер қамалды бұзып, қалаға беттеген тұста тұрғындарынан пышаққа ілікпеген адам қалмады. Қарапайым жұрт қойдай қырылды. Тек қана ұсталық өнері бар үш түмен адамды әскери қосындарға бөліп және үш түмен адамды әскери жұмысқа алып, қалған көп адамды жиырма түмен алтын теңгеге садаға етіп шығарған.»,- деп, жазады. Және де: «Самарқан қаласы бұдан кейін желге тозып жоғалып, олай баратын адам ізі бір жола өшті.»,- деп те жазады. Шыңғыс қаған алғаш қалаға кірген бетте Сұлтан қағанның ыстығын басатын ордасына түсіп, оның соғысу айла-тәсілін өзіне дарытқан екен. Шыңғыс қаған Жебе ноянға түмен әскер беріп, Сұлтан қағанның соңынан жібереді. Сүбедей мен Тағушыр ноянға бір-бір түмен әскер беріп, бір-бірінің айдарын ала аттандырып: «Жолай кезіккен бейбіт қала, бейуаз халықты тисуші болмаңдар. Қарсы болғандарын құтқармаңдар! Бағынуға келгендерін түзеп, жөнге салыңдар! Сұлтан қағанды қалайда тірідей қолға түсіріңдер!»,-деп, бұйрық береді. Осы кезде Сұлтан қағанның шешесі Тұрхан ханым Сартул ханының астанасы Үргенші444 қаласында отыратын. Бұл қала Әмудария өзенінің төменгі

444 - Үргенчі – Гүргенчі деп те жазылған.

сағасында орналасқан болатын. Оны арабтар Жүржүнния дейтін. Кейіннен түркі, моңғолдар Үргенші деп атап кеткен. Сонан Шыңғыс қаған бір айла табады: «Біз Сұлтан қағанмен соғысамыз. Сізде хақымыз жоқ. Келіп, бітімгершілік келісім жасаңыз!»,- деп, Тұрхан ханымға елші жібереді. Ханым бұған келіспестен, батыс жаққа қашып кетеді. Бұл Тұрхан ханым Қаңқыл445 тайпасының адамы, Сартул ұлысының маңдай алды әскерлерінің көбісі қаңыл аймағынан. Олар өзара ымыраласып ұлыс ісіне билік жүргізетін. Мұхамед Сұлан туадан ақылы аз, салақ адам болған екен. Елін, тағын тастап, қашып кетуінің себебі де содан болса керек. Жәлал-Әд-дин есімді ұлы оған тоқтау айтып, әскер жинап, Әмудария өзенін қорғауға алайық, десе де көнбейді. Екінші ұлы Рукн Әд-дин Каспий теңізінен ілгеріде Кизбин деген қалада үш түмен әскер ұстап отырмын, әкемді қорғауға әзірмін деген сөзі үшін Сұлтан қаған сол жаққа кетуді жөн көріп, өзінің қоластындағы қаңқыл әскерінен сезіктенгендіктен, сенімді бірнеше адамымен Нышапұрға жетіп, сол жерде біраз күн аялдап, сонан Казбин қаласы арқылы Иранға өтіп, Карун деген бекініспен Каспий теңізіне қарай жөнейді. Жебе мен Сүбедей екеуі оның артынан күні-түні демей жортып, Әмударияға келсе, қайық-көпірдің бәрін алып тастаған екен. Тері-қайыстан көптеген тұлып, қоржын жасап, қару-саймандарын салып, ат құйрығына байлап, толқынды судан қалқытып өтеді. Сонан Сұлтан қағанды іздеп, жол-жолға бөлініп, Каспий теңізінің шығыс оңтүстігіндегі Хорасан деген жерге келіп, одан да өтіп, Түс446, Нишапұр, Рей447 деген қалаларды басып, Әмул жақтағы Мөзендеранның бірнеше қалаларын күйретіп, Хамадан жақтан Сұлтан қағанның хабарын естіп, солай беттеп Цанзан, Казбин қалаларын талқандайды. Осы кезде Сұлтан қаған Каспий теңізінің бойымен қашып жүріп, жолай өшіккен адамдарға тап болып, олардан аман құтылады да, Әбескен қаласының маңындағы бір кішкентай аралға келіп, ауруы асқынып, өлерінде, «ұлым Жәлел-Ад-дин мұрагерім болсын!», - деп өсиет етіп, Шыңғыстың 59 жылы қайтыс болады. Сұлтан көзі тірісінде екінші ұлын мұрагер етемін деп айтып жүріп, неліктен екені, дәл өлер шағына келгенде Жәлел-Әд-динді мұрагер қылады. Жәлел-Әд-дин таққа отырғаннан кейін, Хорасан мен Сартул жеріндегі Үргенші, Нишапур қалаларына әскер орнатып, шамалы қуат жинай бастайды. Әйтсе де, біріншіден өз ішіндегі қаңқыл әскерлерінің қырсығынан, екіншіден іргесіне таяп қалған моңғол әскерінің дүмпуінің салдарынан екі бірдей інісі өлтіріліп, үрейі үстем бола бастайды да, өлімнен қорқып, Темір Мелікпен ілесіп Қаснаға қарай қашып кетеді. Қасна қаласы Гиндүкүш тауының теріскей жағында орналасқан еді. Жебе мен Сүбедей екеуі Казвиннен шығып, сол жылдың қысында Әзербайжанның Әрдебил деген қаласын талқандайды. Сол жерден Каспий

445 - қаңыл – т.н-да. ханхил деп жазылған. 446 - Түс – Тұс. 447 - Рей – т.нда Ре деп жазылған.

теңізінің жағалауын қыстамақ болып келеді. Бірақ, осы жылы қыс қатты боп қар қалың түскендіктен, жайылым шөбі мол, жылы қоныс іздеп, қайта қозғалады. Жолай Гүржіні басып, түменге жуық әскерін өлтіреді. Сонан Каспий жағалауына келген кезде, Сұлтан қағанның қайтыс болғанын естиді. Моңғолдардың шабуылынан кейін Гүржілер Әзербайжан мен Ирактан көмек сұрайды. Қыс ортасында осы хабарды естіген моңғол әскерлері Гүржіге қайтадан шабуылдап, ойсырата жеңеді. Сол жерден Ширван ұлысына қарай аттанып, Шанғақ қаласын күйретеді. Дербен деген қаланы талқандап, Кавказ тауларынан асып, солтүстіктегі Ас448, Лесген, Шеркес, қыпшақтардың біріккен қолын жеңеді. Бұлардың сыртында, Жебе мен Сүбедей екеуі Сұлтан қағанды Мезендеран деген жерде қуып жүрген кезде, сол маңда Сұлтан қағанның шешесі Тұрхан ханым жасырынып жүргенін естіп, ержүрек екі қолбасшысын солай жөнелтіп, әлгі жерлерді қоршауға алады. Ол жер қысаңды, биік таулардың арасына орналасқан жыныс орман-тоғаймен қоршалған, соғысуға өте бір қолайсыз екен. Екі батыр оған тура барудан сақтанып, айналдыра қоршауға алып, бір ай ұстаған тұста, оның тұрғындары шөлге шыдамай, біртіндеп қысаңнан шыға бастайды. Екі батыр осы орайды пайдаланып, қысаңға шабуылдап кіріп, Сұлтан қағанның шешесі мен өзге де қыз-қатындарын түгелдей қолға түсіріп, Шыңғыс қағанға жібереді. Шыңғыс қаған Тұрханды тірі қалдырып, оның төрт қызының екеуін Шағатайға, қалған екеуін өзге батырларына береді. Жебе мен Сүбедей екеуі Сұлтан қағанның өлген хабарын естігеннен кейін, кері қайтуға әзірлене бастайды. Сөйтіп жатқанда Шыңғыс қағаннан: Каспи теңізінің солтүстігін мекендейтін қыпшақтар Меркіт аймағынан бөлініп барған әскерлерді ұстап отыр екен, солармен соғыс ашыңдар, - деген бұйрық келеді. Екі батыр солай қарай аттанады. Бұл туралы – Қыпшақ пен орыстармен болған соғысты төменде жеке әңгімелейміз. Ал, осы тұста Шыңғыс қаған Самархан мен Трансоксанның түгел жерін жаулап алып, Шыңғыстың 59-жылы Несефа қаласын жайлап, ат-көліктерін тынықтырады. Кейіннен бұл қаланы Шағатайдан тараған хан-нояндар жазғы орда болдырған, деседі. Тағы да сол жылдың күзінде Шыңғыс қаған Жошы мен Шағатайды Сартул ұлысының ғажайып көрікті астанасы – Үргенші қаласын жаулап алуға аттандырады. Жошылардың әскері қалаға таяған кезде қарсы жақ неше мәрте тосқауыл қойып, соғыс ашады. Әйткенмен моңғолдың қалың әскерінің екпіні қайтпастан барып, қаланы қоршауға алады. Бұл қала Әмударияның бір бұрылыс шынтағына орналасқан, қорған, қамалы берік, кіруге кедергісі мол себепті, Жошы әуелі бейбіт бітімге келу арқылы қаланы жайлап иеленбек болады. Бірақ, қала басшылары бұл ұсынысқа келіспей, бір қол әскерді қаланың сыртына жіберіп, ұрыс бастайды. Жошының әскері оларды да жеңіп, ағаштан көпір жасап, қамалдан өтеді. Шағатай жел өтін пайдаланып, қалаға өрт қоймақ болады. Алайда, Шыңғыс қаған қаланы өзіне беруді уәде еткені себепті, Жошы өрт қойғызбайды. Осыдан болып, ағалы-інілі екеуі келісе

448 - Ас – Алан.

алмай, жеті ай бойы ұрыс бастамай жатып алады. Мұны естіп, Шыңғыс қаған қатты қапаланып, Өгедейге қалың әскер беріп, аттандырады. Ол келген бетте, өзеннің суын жырып, қаланы су астында қалдырады да, сол орайды пайдаланып, әскерін қалаға енгізіп, жеті күн, жеті түн соғысып, жеңіске жетеді. Бейбіт халық пен қатын-бала да, көптеп қырылады. Және жас бала, қатын-қалашқа дейін қару ұстап тірескені себепті, зергер-ұста, сұлу қыздан басқа тұрғын халық түгелдей өлтіріледі. Сонан соң Жошы осы қалада қалып, Шағатай мен Өгедей екеуі Шыңғыс қағанға қарай аттанады. Бұл – Шыңғыстың 60 жылының көктемі еді. Шыңғыстың 59 жылы Шыңғыс қаған Әмудәрияның шығыс жағалауындағы Термес қаласын алып, сонан 60 жылы көктемде Әмудәриядан өтіп, өзеннің батысындағы Балах пен Талхан қалаларын басып алады. Осы тұста Толұй Қорасанға аттанып, Меаре, Нишапур, Керат қалаларын жаулайды. Нишапур қаласы Қорасанның орталығы есептелген. Қамалы берік, қорғаны мықты, күзеті күшті қала болғандықтан, моңғол әскерлері бұл қаланы алуда жарылатын, тас ататын қару ойлап тауып, тікенек жебені қолдану арқылы, жеңіске жеткен. Осы жаңа қару-сайманның күшімен қаланы да, аяусыз талқандап, тұрғын адамдарды да, баудай түсірген деседі. Шыңғыс қаған өз қолымен алуға барған Талхан қаласы да ең берік қамалдардың бірі саналған. Төрт жағы да биік таумен қоршалған, әскерлері де өр мінезді, жау көрсе жанын аямай ұрысатын мықтылар санатынан екен. Моңғол әскерлері қаншалықты барын салып соғысса да, талайы оққа ұшып, талайы ауыр жарақат алады. Шарасыздан Шыңғыс қаған бір мәрте кейін шегініп барып, тыныс табады. Толұйға елші жіберіп, шақыртып еді, ол да кешікті. Сөйтіп, әлсіреуге таяған шақта, серперлі жаңа қаруларды жасап, соның күшімен қаланы алыстан атқылап, талқандайды. Жаудың жаяу әскері мен тұрғын халқы көптеп өледі. Атты әскері ғана қаланы тастап, қашып құтылады. Шыңғыс қаған Талханды алғаннан кейін, соның төңірегіндегі тауларды жайлап, ат-көлігін тынықтырып жатқан кезде Шағатай мен Өгедей екеуі келіп жетеді. Дәл осы кезде барлаушы топтан да хабар келеді. Сұлтан ханның ұлы Жәлел-әд-дин Касна қаласының маңында көпті жинап, Бенакет қаласының иесі Темір Мелікпен бірігіп, жеті-сегіз түмен әскермен моңғолдарға қарсы соғысқа дайындалып жатыр, деп естиді. Сонан Шыңғыс қаған дереу қалың әскерін аттандырып, Шікіқұтұқ ноянды маңдай алдыға жөнелтеді. Шікіқұтұқ шығыс оңтүстікті бетке алып, жүріп отырып, Ферғана деген жерге келгенде, Жәлел-әд-динге жолығып, таңнан кешке дейін соғысады. Өлген де, жаралнған да көп болады. Шікіқұтұқ аз әскермен көпті жеңбесін біліп, киізден адам кейпін жасап, атқа таңып, арттарынан ертіп, әскерлерін алдыға салып отырады. Жәлел-әд-дин бастабында көп әскердің қайсысын құртарын білмей, біраз сасқалақтайды да, дереу ес жиып, қоршауға алады. Шікіқұтұқ бір мәрте бар күшін салып, қанды жол қалдырып, қоршауды бұзып қашады. Жәлел-әд-дин қашқан әскерлердің соңынан қуғыншы жіберіп, бірталай ойсыратып тастайды.

Батыс өлкеде жүрілген моңғол шабуылында дәл осылай қансырай жеңілген сәті болмаған, деседі. Шыңғыс қаған бұл хабарды естіген тұста, ашуланбайды, есесіне өсиет айтып, былай дейді: «Шікіқұтұқ соғысқан сайын жеңіске жететіндіктен, жаман дәндеп алыпты. Бұл жеңілісі келешеккі ұрыстарына таптырмас сабақ болды!» деп, өзі бастап, атқа қонады. Сонан Жәлел-әд-динді қуып, Каснаға келсе, бұл жермен өткеніне оншақты күн болған екен. Қала тұрғындарын өзіне бағындырып, басшысын өзіне сенімді деген адамынан тағайындап кетіпті. Шыңғыс қаған бұл қаладан да өтіп, Үнді өзеніне қарай беттейді. Жәлел-әд-диннің жеңіске жете тұра, бұлай қашуының себебі, Шікіқұтұқтан тартып алған тамаша бір тұлпарға қолбасшылары таласып, ақыры өкпелеген жағы бөлініп кеткен екен. Шыңғыс қағанды келе жатыр деген хабарды естіген соң, оның қашып құтылудан өзге амалы қалмапты. Моңғол әскері қуып жетісімен, қолбасшы батырларын шетінен сұлатып, таңнан кешке дейін соғысқанның өзінде, басқарусыз қалған қалың әскерден бірнеше жүз ғана адам қалады. Шыңғыс қаған Жәлел-әд-динді тірідей қолға түсіріңдер деген бұйрық беріп, әскерлері оған қару сілтемей жүрген кезді пайдаланған ол, қоршаудан сытылып шығып, бір биік жартастың ұшпасынан атының тізгінін көтере тартып, Үнді өзеніне түседі де, өзеннен өтіп, суын сілкіп тастап, қашып кете барады. Осы көріністі аңдап тұрып, Шыңғыс қаған: «Мен мұндай ержүрек ерді бұл жасыма дейін көрмеппін» деп таңданады. Бұны естіп, намыстанған моңғол әскерлері ұшпақтан біз де ұшып барып, соңынан түселік дегенде Шыңғыс қаған күшпен тоқтатып, былай дейді: «Жәлел-әд-дин осылай қашып құтылса, келер күндері қас болар» дегенде, Бал ноян оның сөзін іліп алып, - Кәне, жігіттер, өзенді кесіп өтіп, қуыңдар» - дейді. Шыңғыс қаған мақұл деп, бас изейді. Сөйтіп, олар ағаш құлатып, қайық жасап, судан өтеді де, Жәлел-әддиннің ізіне түседі. Шыңғыс қаған Жәлел-әд-диннің жақын туыстарын түгелдей қолға түсіріп, ерлерін өлтіріп, қыз-әйелдерін ертіп алып, Үнді өзенінің батыс жағалауымен күн-түн демей жүріп, оның жақтастарын кезіккен жерінде өлтіріп келе жатқан тұста, артта қалған Меаре, Керат, Касна қалаларында бүлікшілік пайда болды деген хабар жетеді. Бұл хабарды естісімен Шыңғыс қаған жарты әскерін солай аттандырып, қала бүлікшілерін аяусыз таптатып, қайта бас көтерместей болдырады. Бала ноянның әскерлері Үндістанның солтүстік шетіндегі бір қаланы күйретіп, одан да өтіп келе жатқан кезде, аптап ыстыққа тап болып, аткөліктері әлсірей бастайды. Әрі Жәлел-әд-динің де қай жаққа кеткенінен мүлде бейхабар қалады. Сөйтіп, жолай бір жерлерге түсіп, ат-көліктерін босатып, салқын түсуін күтеді. Бұл хабар Шыңғыс қағанға жетісімен ол Жәлел-әд-диннің ізін қуып, соның кегімен Үндістан мен Тибет өлкесін түгел жаулап алады.

Енді кері қайту қамына кірісе бастаған тұста, Елюй Чуцай оған әртүрлі себептер айтып, қайтуға қарсы болады. Жебе мен Сүбедейдің хабарын сұрастырса, оларды Кавказ жотасынан асып, қыпшақтарды жаулап, енді орыстарға ойран салудың дайындығын жасап жатыр дейді. Мұны естіген Шыңғыс қаған ; жебелер қайтпай жүргенде біз несіне қорғанамыз! деп ілгеріге аттанып еді, жылқы малы төзгісіз ыстық аптапқа тап болды Және Елюй Чуцай әрнені айтып, тоқтау салғанды, оның сыртындап бұрын-соңды көрмеген біртүрлі аңдар көріне бастады. Осылардың бәрін көңіл түбінде саралай келіп, бұлардың бәрі де қайт деген хабар болар деп шешкен Шыңғыс қаған дереу желбіреген байрағын кері бұрғызып, Үнді өзенінен өтіп, Баланың әскеріне тез қайтсын деген бұйрық жібереді. Осы тұста Жәлел-әд-дин Үндістанның жиегіндегі Делхи449 деген қалада көпті дүрліктіріп, әскер жасақтау қамына кіріседі. Бұл туралы да соңғы дәптерде сөз етеміз. Шыңғыстың 61 жылының жазында Шыңғыс қаған Гиндүкүштің450 кең жазығында яғни Мұрғап өзенінің бас сағасын жайлап, сол жылдың қысында солтүстікке жылжып, Әмудәриядан өтіп, Бұқар қаласына келгенде , оларды көптеген басшылар қарсы алып, мал сойып, ас береді. Аста олардың діни басшыларымен жолығып, діни жол-жорасымен танысады. Сонан былай деп; Бұл жер бірден менің қоластыма кіргендіктен, бұдан былай наным-сенімді менің атыма ғана жасау керек! Әр діннің садақа көлемін де менің үшін бекітіңдер! - деп әмір береді. Сол жерден аттанып, Самарқанға келіп, ат-көлігін тынықтырып, Жошы, Үргенші қаласын алғаннан кейін, Жебе мен Сүбедейге әскер көмектестіру үшін, Қыпшақ пен Бұлғар ұлысының солтүстігіне беттейді. Шыңғыс қаған, Шағатай, өгедейлермен Үргенші қаласын алғаш алған кезде болған бірер жанжалдың451 ақ-қарасын анықтау үшін және Жебе мен Сүбедейді қайтару үшін, жеке-жеке елші жөнелтеді. Ал, енді Жебе мен Сүбедейге келсек, олар дәл осы шақта Қыпшақтың басшысы Юрий деген адамын ас452, лескен, шеркестермен біріктіріп жаулауға келеді дегенді естіп, дереу шабуыл тәсілін өзгертіп, Қыпшақтың басшысына елші жөнелтеді. - Сіз бен біз түрік нәсілінен едік. Неліктен бөтен нәсілдермен тізе қосып, ас (алаң)-пен бірге шықпақсыз?- деп айттырады. Қыпшақ басшысы бұл сөзге көніп, бірігіп соғысады да, Жебе, Сүбедейлер астарды көз ілестірмей жаулап алады. Алдауға сенген қыпшақтар бірер аймақтыкүйретіскеннен кейін, өздері де оққа ұша бастайды. Тірі қалған қыпшақтар Еуропаға қарай жан сауғалап кетеді. Енді бірі кіші Азияға, екіншісі орысқа қарай кетеді.

449 - Делхи – Дели. 450 - Гиндүкеш – Чиндүкүш. 451 - Үргеншідегі жанжал дегені – Шағатай, Өгедейлер Үргенші қаласын кірістіріп, сол маңдағы үш елін жаулағандағы олжаны өздері бөлісіп, әскеріне енші-үлес бермей, жасырып қойған болатын (ауд.). 452 - ас – алаң.

Сүбедей мен Өгедей екеуі осылайша оңай жеңіске жеткенімен, одан әрірек барып соғысуға аз көпті жеңбейтінін біліп және бұдан кейінгі жорық жолы тіпті қиын болатындықтан, біріншіден жеңіс тойын бірге тойлауға, екіншіден әскерін көмекке алу ниетпен Жошы хан ұлға елші жіберіп, шақыртады. Осы кезде Жошы Сартулдың астанасы Үргеншіні алып, каспий теңізінің шығыс жағында еш алаңсыз еркін отырғандықтан жарты әскерін көмекке жіберді. Көмек әскердің дер кезінде келіп жеткеніне көңілдері көтерілген Жебе мен Сүбедей дереу атқа қонып, Қара теңіздің солтүстігіндегі Азу453 теңізіне құятын Калке454 өзеніне жеткен кезде орыс пен қыпшақтың біріккен қолына тап болып, ең күрделі қиын ұрысқа түседі. Бұл әңгімені қысқаша түсіндіргенде былай еді. Қыпшақтың Котян деген бір нояны орыстың басшысы Ұлы Уаң Мстислав дегенмен құдалық іліктігі үшін моңғол әскері келгенде Уаң орыстың өзге нояндарынан көмек алуға елші жөнелтеді. Орыстың көп вандары қол біріктіріп моңғолдарды алдан күтіп, ұрыс ашуға келіседі. Дәл осы тұста Жебе ноян орыс басшыларына: «Біз өзімізге тиісілі қыпшақтарды құрастырып жүрміз. Сендерде қақымыз жоқ!»,- деп, айттырып, он адам елші жібереді. Орыстар барған елшілердің екеуін ғана тірі қайтарып, қалғандарын түгел өлтіреді. Бұған қатты ашуланып, қаһарланған Жебе: «Ескі ертегілерде құстың да елшісін өлтіруге жол жоқ дейтін. Сенің ұлысың ұлағатсыздыққа барды!»,- деп, тағы да елші жібергенде, олар ұялғанынан бұл елшілерді аман қайтарады. Сол кезде Орысты жеке-жеке билігі бар көптеген уаңдар басқаратын. Ұл уаңдарға Киев қаласының уаңы билік айтатын. Соның үшін моңғолға қарсы соғыс ашу туралы хабарды да Киевтен жөнелтіп, өзге уаңдардың батыр әскерлерінде Киев қаласына топтастырады. Киевке жиналған орыс әскерінің санын тарихи деректерде әрқалай жазады. Бірер деректерде сегіз түмен, үш мыңнан көп болған десе, енді біреуінде бұған тағы көптеген әскер қосылған дейді. Және де қыпшақтан да көп әскер келген деседі. Осынау біріккен әскер Калке өзенінің бойында моңғол әскерімен түйісіп, бір рет барлау ұрысын жүргізеді. Сондағы моңғол әскерінің сипатын былай деп жазады: Моңғолдардың садақ, найза, қылыш, темір, ағаш шоқпар,бітеу сауыт, дулыға тектес қару-жарақтары ықшам да, өткір. Бірде бір жаяу әскері жоқ. Түгелдей атты әскер. Әр адамның екіден үш жетек аты бар және де олар он, жүз, бес жүз, мыңдықпен бөлініп, қозғалыс, шабыс жасау қимылына әбден жатық екенін көзбен көргенде орыстың кейбір егде нояндары өз әскерлеріне ағаштан шөрік, сұқпа жасап, абайлап ұрысыңдар дегенде, бұған намыстанған жас нояндар; өлімтік, кәпір дінділерді аяудың қажеті не! Деп ашуланады. Сөйтіп, Шыңғыстың 62 жылы, орыстың бесінші айының отыз бірі күні, үлкен соғыс басталады. Айқай салып, ұрандап кірген моңғол әскерлері біраз ұрыстан соң, жетек аттарын тастап, қашқан тұста, орыс әскерлері өкшелей қуып, бір белестен асып, еңкейе бергенде тасаланып тұрған қалың әскерлер, тұс-тұстан бұршақша оқ боратады. Ентелеп келген

453 - Азу – Азов. 454 Калке – Калка – қазіргі Калич деп аталатын өзен.

орыс әскерлерінің оққа ұшқаны оғымен, найзаға ілінгені найзасымен домалап, ілезде ойсырап, талай уаң тірідей қолға түседі. Жауды жеңіп, жеңіс тойын тойлаған кезде, орыстың қолды болған көп уаңдарын үлкен үйдің еден тақтайының астына тізілте жатқызып қойып, «елшімізді өлтірудің жазасын көріңдер» деп үстіне әскерлерді отырғызады. Той біткен соң еденді көтеріп қараса, шірік уаңдар шелпектей мыжылып, түгел өліпті, деседі. Сол жерден моңғол әскерлері орыстың қалған әскерлерін Днепр дәриясына дейін қуып барып, бір топ әскерді Қара теңіздің Қырым шығанағындағы жіңішке бұғазынан өтіп, Италияның Генуясына қарасты Судак деп аталатын бай сауда қаласын сорып, қанап, моңғолдың екі түмен әскерінкері қайтарып, Волга дәриясынан өтіп, жолай Болғарияны жаулап, енді қалған ұлыстарға қол сала бастаған тұста, Шыңғыс қағанның қайтсын деген жарлығы да келіп жетеді. Сөйтіп, Каспи теңізінің солтүстігі, оралдың ішкі етегімен Волга дәриясының аяққы са,асына келіп, Жошыға жолығып, оның әскерлерін қайтарып беріп, сол жерден қозғалып, Шыңғыстың 63 жылы ұлы қолға бірігеді. Шыңғыс қаған олардың қалай соғысқандарын өз аузынан естігеннен кейін, қатты разы болып, жорыққа бірге аттанған Тағұшар деген ноян моңғолдың қол астына келген Мелік деген ноянның егістігін таптатып кеткені үшін, жарғыдан тайқыды деп, атақ-шенінен айырады. Жебе мен Сбедейдің жорығы жөнінде кейбір тарих шежіренің білгірлері; «Моңғол әскерлерінің орыстарды Днепр дәриясына дейін қуып баруы – атты әскердің жорық тарихындағы ең ұзақ жол. Бұл өзге ешқендай елдің әскери тарихында кездеспеген төтенше оқиға, Жебе мен Сүбедейдің басқаруында жорыққа қатысмқан атты әскерлер ең таңдаулы санаттағы сарбаздар» - деп жазады. Шыңғыстың 63 жылы қыста Шыңғыс қаған Самарқаннан қозғалып, Сыр өзенінен өтіп, шығысқа қарай жүріп, Құлан басы деген ұлы далаға келеді. Осы жерде қалың әскерімен үлкен саят жасап жүргенде, Жошы Қыпшақ даласынан үйірімен қалың құлақтыны455 тықсырып алып келіп, алдарына салады. Оларды жан-жағынан қаумалаған көп әскер, кең далада айыздары қанғанша еркін саят құрады. Мұның сыртында Жошы ұлы әкесіне екі түмен ақбоз атты тарту етеді. Жебе мен Сүбедей екеуі осы жерде ұлы әскерге қосылады. Сонан Шыңғыс қаған Жошы ұлына жаңадан жаулаған қалың аймақты басқартуға беріп, Қыпшақ даласына қалдырады. Шағатай, Өгедей, Толұй үшеуі Шыңғыс қағанмен бірге қалың батыр әскерлерін алып, аттың басын моңғол даласына бұрады. Сөйтіп Шыңғыстың 63 жылы жазда, байырғы Найман ұлысының шекарасына іліне берген тұста, Толұйдың ұлдары Құбылай мен Құлағу екеуі қарсы алады. 64 жылдың

455 - құлақты – құлан. т.н-да «чихитэй» («құлақты») деп жазылған. Қазірге дейін моңғолдың кейбір өңірлерінде құланды осылай атай береді.

күзінде Шыңғыс қаған Туыл өзенінің Қара түнегіндегі456 ұлы ордасына келіп түседі. Моңғолдың аз санды атты әскері мыңдаған шақырым алыстағы Үндістан мен Кавказдың биік таулары, Қара теңізінің солтүстігіндегі көптеген биік қақпа, қорғандардан өтіп, талай жерден ұрысқан қалың қол әскерлерді жеңіп, көптеген үлкенді-кішілі ұлыс елдерді бағындырып, шексіз байтақ өлкелерге иелік құрып, есенсау осылайша ел-жұртына оралады. Бұл – шынында да, адам баласының бұрын-соңды тарихында кездеспеген ғажап оқиға, тарих бетінде мәңгі қалатын қайталанбас іс еді. Моңғол баласы суық, аңызақты ен даланы тұрақтап, тіптен тағы, жұтаң да қарапайым ғұмыр кешіп келсе де, бір кездерде солайша ержүректік танытып, аз санмен Азия, Еуропа құрылығының көптеген ұлыс-аймақтарын жаулап үлгеруі, қалай да ғажап іс болғаны анық. Біздің бабаларымыздың жасап кеткен ерлігін, бұл әлемде ешкіммен де салғастыруға келмейді. Сөйте тұра, сол моңғолдың бүгінгі ұрпақтарының нақты халі өзгені жауламақ түгілі, өзін қорғауға да келмейтін кейіпке жетуі, өзекті өртейтін өкініш! Әсіресе, ішкі моңғол, барғы және Көкнордағы өлеттердің бөгденің қол астында өз ана тілі мен әдет-ғұрып, салт-санасынан айрыла бастауы аянышты-ақ. Бүгінгі таңда әлем халықтарының өркені атар таң, батар күнмен таласып, құлашын кеңге жайып отырғанда, моңғолдардың білім-мәдениетсіз қалуы, әуелі білімдісі біліксізін жоятын өмірлік заңға, онан соң уақытпен санасу деген ғұмырлық қағидадан тым алшақ қалып отыр. Соның үшін біздің моңғол жұрты Шыңғыстың жігерімен екпінді білім алуы қажет. Бізге сол үшін Шыңғыс қағанның нақты тарихын білу, оны қайта жаңғыртып, зерттеу керек те, оның тарихи ісін сол қалпында қайталамасақ та (қайталау әбестік!), адам баласының алдында төл тарихымызды қорғай біліп, ұлттық намыс пен тәуелсіздігімізді нығайту борышы жүктеліп отыр. Солай десек те, бұл бірден ұлтын сүйе білетін, ыстық қанды әрбір моңғол баласының өз ұлтына деген өшпес көңіл ісімен шешілетіндіктен, өз тарихымызды ұмытпай, әрбір моңғол азаматы ұлт-ұлысымыздың болашағы үшін көңіл бөле білсек, қашанда біздің Моңғол деген ұлысымыздың оты өшіп, шоғы сөнбейді. Мәңгі-бақи лаулап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады.

ХІІ. ШЫҢҒЫС ҚАҒАН МҰРАГЕРЛЕРІН АНЫҚТАП, ІНІЛЕРІ МЕН ҰЛДАРЫНА ЕЛ-ЖЕРДІ БӨЛІП БЕРУІ ЖӘНЕ КӨКЕШІ БАҚСЫНЫҢ ӨЛІМІ ТУРАЛЫ БАЯН Шыңғыс қаған сартул ұлысын жаулауға аттанып жатқан тұста, Есүй ханым бүй деп: «Қаған ием, тау асып, тас басып, көлдерден өтіп, алыс шалғайды жаулап жүрген тұста, бір күні аяқ асты қайран тәніңіз ғайып болар шақ туса, 456 - түне – түнек. Хар түне – қара түнек, қара орман. Көне моңғол тілінде орманды «түне» деп атаған. Қазіргі қазақ тілінде «түнек» болып, байырғы мағынасымен сақталған.

ұлдарыңның қайсысын бұрын хан сайлар едіңіз? Сол ойыңызды күн бұрын көпке жеткізсеңіз болмас па?» дейді. Сонда Шыңғыс қаған; «Сөзіңнің жаны бар. Мұндай сөзді інілерім мен ұлдарыма, Күлік Боршыға да тіс жарып, айтпаппын. Өзім де ұмытып жүрген екенмін» деп, Жошыға бұрылып: «Тұңғышым, сен не ойлайсың?» дегенде, Шағатай Жошыдан бұрын қағанның сөзін іліп алып, «Әкетай Жошыға сөз беруіңіздің сыры неде? Оны мұрагер етпексіз бе? Меркіттен туған ол бізді қалай басқарады?» дегенде, Жошы орнынан атып тұрып, жағасынан алқымдап, Қаған әкем мені бөлмегенде, қорықпай қалай сөйлейсің! Сенде шарқаялықтан басқа, ақылға тән мінез бар ма?Кел, садақ тартып көрелік. Жеңілсем, бармағымды кесіп берейін. Кел, күресіп көрелік, жығылсам, жатқан жерімнен тұрмайын» деп ағалы-інілі екеуі алқымдасып тұрғанда, Боршы, Мұқылай тектілер тоқтатып және Көкеші: «Шағатай, сен неге асықтың? Қаған ие сені деп ойлап, сені тумас бұрын дүниежүзінің теңсіздігін жоюға кірісіп, адам баласы тыныштық тауып, алаңсыз өмір сүре алмай тұрған шақта сенің білгі, ақылгөй шешеңнің қуатында ешкімге жем болмады. Сенің бұл сөзің ақылды шешеңнің көңілін мұздтпай ма?Әкең ұлыс-елін құрастырудың қамын ойлап жүргенде, шешең: «Сол қиындықты бірге көріп, сендерді асырап, адам қатарына тез жеткізем» деді. Телегей теңіз білімі бар шешеден туған ұлға мұндай сөз жараспас»деген тұста, Шыңғыс қаған; «Жошыны неге олай дейсің? Жошы менің тұла бойы тұңғышым екені рас. Бұдан былай бұл сөзіңді айтушы болма!» дейді. Шағатай күлімсірей тіл қатып; «Жошымен бәстесіп, күш сынауды қойдым. Ұлыңның үлкені Жошы екеуміз екені де рас. Олай болса, әкемізге де септесіп, көмек болайық. Серттен тайсақ, тайған тұста өлтіріңіз. Өгедейдің өзінен адамдығы зор. Көтеріп, хан болдырыңыз» дейді. Мұны естіген Шыңғыс қаған тағы да Жошыға бұрылып: «Ал, кәне сен не айтасың?» – дейді. Сонда Жошы; Шағатай септесіп, көмек болайық» деді ғой. Хан тағына Өгедей отырсын» дейді. Шыңғыс қаған тағы да бүй деп; «Сен екеуің бір жүріп, септесудің қажеті жоқ.Алып дүние тарлық етпес, жері де, суы да жетеді. Сен екеуіңе де жеке-жеке ұлысты билетемін. Екеуің де айтқан сөзіңде тұрыңдар. Бөгдеге басындырмаңдар. Бұрын да Алтын мен Құшыр айтқандарынан танып, қандай болды! Қазір соның ұрпағын көріңдер. Соларды көріп жиіркеніңдер» деп Өгедейге бұрылып, «Өгедей, сен не айтасың?» дейді. Сонда Өгедей: «Қаған әкем сөйле десе, мен несіне бөгелемін, шамамның жеткенінше көрейін. Бірақ кейінгі келер ұрпағыңның біліксіз боп, ұлы төрден айрылуынан қорқамын. Айтайын дегенім де осы», – дейді. Бұдан соң Шыңғыс қаған әмір етіп; «Өгедейдің осылай сөйлегенін бақұл көріңдер» деп Толұйға бұрылып, «Және Толұй сен не айтасың?», - дейді. Толұй: «Қаған әкем бірден атын атап бергендіктен, мен де ағамның қасында болайын. Ұмытқан кезде, есіне сап, қалғыған кезде оятып, жауға шапса, бірге аттанып жүрейін» - дейді. Шыңғыс қаған тағы да: «Қасыр, Алшыдай, Отшығын, Белгүтей інілерімнің атақ шенін солардан туған ұлдары жалғастырсын. Менің тағымды ұлдарыңның ішінен таңдаған біреуіне бер! Сөзімді жерге тастама! Сертімді

бұзушы болма! Егер, Өгедейден туған ұлдар біліксіз болса, немерелерімнің ішінен білікті біреуі туылар!», – деп әмір етеді. Енді Шыңғыс қаған ұлдары мен інілеріне ұлыс-елдерді бөліп бергені жөнінде аз сөз; Дана тұлғалы Шыңғыс қаған жақын маңдағы түгел ұлыстарды жаулағаннан кейін бір күні шешесі мен ұлдарына, һәм інілеріне өзіне қарасты елдерді бөліп береді. Ең әуелі шешесі мен Отшығынға бір түмен адам, Жошыға тоғыз мың адам, Шағатайға сегіз мың адам, Өгедейге бес мың адам, Толұйға бес мың адам беріп, және Қасырға төрт мың, Алшыдайға екі мың, Белгүтейге бір мың бес жүз адам береді. Сөйткен тұста немере ағасы Даридайдың бұдан бұрын Керейге қашып кеткені есіне түсіп, соны өлтіруге әмір етеді. Мұны естісімен Боршы, Мұқылай, Шікіқұтұқ үшеуі Шыңғыс қағанға келіп: «Өз үйіңді өзің құлатып, өз атыңды өзің өшіресің бе? Әкеңнің өсиетін еске алып, бұл ағаңды кешіргенің жөн. Ол ақымақ болса да, әке ұрпағын үзуге болмайды!», - деп басу айтып, қағанды көндіреді. Шыңғыс қаған шешесі мен Отшығынға Күшү, Көкеші, Жунсо, Арғасұн деген төрт ноянды береді. Жошыға Құнан, Мүнкүр, Китен үшеуін береді. Шағатайға Қашар, Мөңке, Інтұқта үшеуін, Өгедейге Ілүға, Дегей екеуін, Толұйға Жадай мен Баса екеуін береді. Қасырға Жібігені береді. Алшытайға Шауырқайды береді. Сонан кейін Шыңғыс қаған төрт ұлына:

«Асқар таудың шыңына өрле, Алып теңіздің тереңіне бойла, Алыс екен деп қорықпа, Аттасаң жетерсің, Ауыр екен деп қаймықпа, Алсаң көтерерсің. Азық шайнар тісің аузыңда, Адам шайнар тісің ақылыңда. Тән мықты болса, бірді жығарсың,

Жан мықты болса, мыңды жығарсың!», - деп өсиет айтады. Содан кейін Шыңғыс қаған төрт күлік, тоғыз өрлік батырына жеке-жеке өлең сөзбен өнегелі өсиет айтады. Толық мәтіні «Алтын тобчида» келтіріледі. Шыңғыс қаған бастабында осылай бөліс жасайды да, кейіннен тағы да ол жерді қосып, қосымша енші береді. Бұл жолы Толұйға бір жүз мың құяқ457 беріп, Онон, Керулен, Орқұн, Туыл, Селенге секілді өзендері бар моңғолдың негізгі жерлерін береді. Үшінші ұлы Өгедейге төрт мың құяқ беріп, ұйғыр ұлысының жерін Іле, Тарбағатаймен қосып иелендіреді. Екінші ұлы Шағатайға төрт мың құяқ беріп, Хотан жерінен Әмудәрияға дейінгі жерлерді береді. Үлкен ұлы Жошыға төрт мың құяқ беріп, Қыпшақ, Орыс жерлерін иелендіріп, Орыс, Черкестедің жерін Қыз (Хүүхэн) ноянға береді. Соғыста көзге түскен өзге нояндарын да, бөлістен құр қалдырмайды.

457 - құяқ – хуяг, құяқты жауынгер. Түп нұсқада: хуяг (құяқ) деп әскер шығаратын ерікті айтқаны сияқты.

Бұл жөнінде кейбір тарих жазбаларында; «Осылай енші бөлу тек Шыңғыс қағанның тұсында емес, шығыс Азия құрылығындағылардың, әсіресе, түрік нәсілділердің ежелгі салтында қалыптасқан қағида болатын» деп жазады. Және өзге бір деректерде; «Шыңғыс қағанның ұлы Отшығынның басқарған жері қашаннан бері Ікінас458 ұлысы еді. Ал, Қасыр болса, солтүстіктегі Гаули теңізінің Жалайт маңындағы Хинанлин асуының төңірегінде иелік етті. Қашұ болса, Шүршіт459 Нюжиннің жерін билеп тұрғанға ұқсайды» деп жазады. Шыңғыс қаған дүниеден озғаннан кейін, Өгедей мұрагер болғаны себепті, оның жері орталық ұлыс жерімен бірігіп жатқанға ұқсайды. Көптеген деректерде Өгедейдің үлкен ордасын Ертіс өзенінің бойында болған деседі. Тағы бір деректе; Хан сайлануға Хами өзенінің бойынан келді деп жазады. Шағатайдың жері Ертіс өзенінің түстігінен Әмудәриға дейін созылатын. Ал, ордасын Іле өзені мен Жаркентке тігетін. Және де, Самарқан мен Бұқар маңына да орда тігіп отырған. Шағатайды өлгеннен кейін оның тағын ұрпақ немерелері жалғастырып, ұзақ уақыт иелік құрған деседі. Жошы болса, Әмудәрияның түстігіндегі моңғол әскелері иеленген жерлерді басқарған. Және Шыңғыс қаған Сартул ұлысын жаулап алғаннан кейін үлкен ұлына Саян тауы мен Кавказға дейінгі жерді қосып беріп, Ібір мен Сібірді460, Қыпшақ даласын, Болғар қағанатын, Орыс, Черкес, Башқұрт (Мажар)-тың жерлерін түгелдей жаулап алуды бұйырған еткенімен, Жошы сол кезде науқастанып қалғандықтан, Шыңғыстың 144 жылы қайтыс болады да, оның иеленген жерін оның ұлы Батуға иелендіреді. Бату талай мәрте жорық жасап, ұланғайыр өлкеге иелік құрады. Оны өлгеннен кейін мұрагер болған ұрпақтары ұзақ уақыт бойы ұлылығын жоймаған, деседі. Бұл туралы екінші дәптерде толық әңгіме етеміз. Сонымен, Жошы Шыңғыс қағанның тапсырғаны бойынша сол жерлерді иелене алмады, Шыңғыс қағанның бұйрығын бұзып, бөтен ойлы болды, деген әңгімелер айтылғанымен, шын мәнінде Жошы әкесімен бірге Сартуыл ұлысын жаулағаннан кейін ауыр науқасқа шалдыққан болатын. Қайтыс болу себебі де сол аурудың салдарынан еді. Шыңғыс қағанның өзі де бастабында оны бұйрығымды орындамады деп айыптап, қайтыс болған хабарын естісімен қатты өкініп, қайғырады. Жошының қатты ауруға шалдыққаны шындық, ол айтқандай бөтен пиғылды ұстанып, Шыңғыстай әкесінің бұйрығын бұзған кезі болмаған. Жошының көшпелі ордасы Ертіс өзенінің жағасында болған, деп жазба тарихтарда жазылады.

КӨКЕЧҮ БАҚСЫНЫҢ ӨЛІМІ:

Шыңғыс қағанның жақын туысы қонқотан аймағының Меңлік ебүгенінің461 жеті ұлы болады. Сол жеті ұлдың төртіншісін Теп-Теңгір462 деп атайтын. 458 - Ікінас – Икересті айтқаны сияқты. 459 - Шүршіт - Манжурия 460 - Ібір, Сібір – т.н-да қырғыздың солтүстігіндегі өлкелер сияқты, деп сілтеме жасапты. 461 - ебүген - өбгөн – с.с. шал. қария, қарт, ақсақал деп аударуға болады. Алайда сөз төркіні Шыңғыс қағанның жақын туыстары мен ұлыс елді құруда ерен еңбек сіңірген үлкендерге қаратылып айтылған

Кейіннен оны Көкечү бақсы деп атап кетті. Ақылгөй, білгілігінің арқасында көпті аузына қаратып, үлкен құрметке ие болған Көкечү бақсы Шыңғыс қағанның өзіне тура сөз айтып, ақыл кеңесін берген. Күндердің бір күнінде Меңлік ақсақалдың жеті ұлы Қасырмен шығысып, соның кгін алу үшін қағанға келіп, Қасырды жамандайды. Шыңғыс осы жалған сөзге иланып, Қасырды жазалап жатқан жерінде, Өгелүн шешей ара түсіп, арашалап алады. Сонан Көкечү бақсы бастап, ағалы-інілілер Шыңғыс қағанның інісі Отшығынды мұқатады. Бостан босқа жәбірленген Отшығын көзіне жас алып, Шыңғыс қағанға келеді. Бұл жолы әңгімеге Бөртгөлжін ханым араласады. Қағанға былай деп уәж айтады: «Қонқотанның жеті ұлы бұдан бұрын Қасырды соққыға жыққан еді. Енді міне, Отшығынды жәбірледі. Кейіннен қай адамыңды соққыға жығарын кім білер!» деп жыламсырайды. Бөртгелжін ханымның сөзін естіген Шыңғыс қаған Отшығынға: «Деу-тәңгірді осында келтіремін, өзің біліп, жазасын бер!» дейді. Көкечү бақсының келетінін білген деу-тәңгір үш бірдей түйе балуанды ертіп келіп, үй сыртына даярлап қояды. Көп кешікпей Меңлік жеті ұлын ертіп келіп, Шыңғыс қаған отырған үйге жайғаса бергенде, Отшығын: «Кеше мені қалай қорлап едің?» деп Деу-тәңгірмен ұстаса кеткенде, Шыңғыс қаған: «Екеуің сыртқа шығып, күштеріңді сынаңдар» дейді. Отшығын деу-тәңгірді ұстаған қалпы, сүйрелеп, сыртқа алып шыққанда, дайын тұрған үш палуан, оны бас салып, жабыла жұмарлап, бел омыртқасын опырып жібереді. Меңлік ақсақалдың қалған ұлдары есікті жауып жіберіп, Шыңғыс қағанға ұмтыла бергенде, әскерлері келіп, арашалап қалады. Сонан Шыңғыс қаған сыртқа шығып көрсе, Деу-теңгір әлдеқашан өліп қалған екен. Көшкен кезде сүйегі де жұртта қалады. Бұдан кейін Меңлік ақсақал: «Қаған төрді құруға қанымды ағызып, терімді төгіп жүріп көргенім осы болды» деп өкпе айта бастағанда Шыңғыс қаған: «Ұлдарыңды ақыл парасатқа тәрбиелемей, тентек етіп өсірдің! Ақыры осының кесірінен Деу-тәңгірдің басын құрттың!.. деген сөздерді айтып, ақсақалдың аузын жабады. Әсілі, кейбір тарихи жазбаларда Көкечү бақсының өлімін көптен қызықтап, көпірте жазады. Дегенмен оның іс-әректінің Шыңғыс қаған мен Моңғолдың жалпы тарихына айтарлықтай қатысы бар, қажетті оқиға емес. Сондықтан бұл туралы сөзіміз тәмәм. Оның толық мәтіні «Алтын тобчи» мен «Құпия тарихта» айтылады.

ХІІІ. СЯ ДЕЙТІН ТАҢҒҰТ ҰЛЫСЫН КҮЙРЕТУ БАЯНЫ

Шыңғыстың 65 жылы көктемде Таңғұт ұлысына қарсы жорық басталады. Осының алдында 48 жылы Шыңғыс қаған Таңғұт ұлысын бір мәрте жеңгенде оның иесі Ли Наньчуан сұлу қызын беріп, қол асты елі боп, оң қолға бірігуді уәде еткен болатын. Бірақ, кейіннен Шыңғыс қаған Сартул ұлысына дәреже атауынан шыққандықтан, зерттеуші тарихшылар көне моңғол тіліндегі «ебүген» деген тұлғасымен қолданып, қарастырады. 462 - Дэв тэнгэр – т.н-да осылай жазылған. Көне моңғол тіліндегі жазбаларда «Тэб Тэнгэр», «Теп Тенгер» деп жазылады. Жалпы, монгол тіліндегі «тэнгэр» сөзі тәңір, аспан деген атау.

аттанарда елші жіберіп, жорыққа бірге шығуды бұйырса да, Ли Наньчуан әскер бермеген. Және де Таңғұт ұлысы бітімге келген кепілдігінің белгісі есебінде, хан ұлын жіберуі тиісті еді. Ол да орындалмады. Керейдің Уаң хандығы ыдыраған тұста, оның қарамағындағы елдің бір қаншасы Таңғұт ұлысына барып, паналайды. Міне, осы тектес түрлі себепсылтаулардан болып, Таңғұт ұлысына қарсы шабуыл ұйымдастыруға тура келеді. Бұл жолғы жорықтан кейін Таңғұт ұлысы ешқашан қайта бас көтермеуі тиіс. Шыңғыс қаған 65 жылы ерте көктемде дереу жарлық таратып, ат-көлік, әскер-сайманын жасақтап, әскерді бірінен соң бірін кезекпен аттандырады. Өзі Есүй ханымды қасына алып, қыс ортасында Ар бұқ деген жерге келеді. Сол жерде бір күні саятқа шығып жүріп, атынан құлап, мертігіп қалады. Сонан Толұй, Құлан ханым бар бір топ адам игі жақсылар Шыңғыс қағанға келіп: «Елге қайтып, еңсеңізді жиып, сауыққан соң, бірақ соғыс бастайық» деп ұсыныс жасайды. Қаған бұл ұсынысқа көнбейді. Егер біз орта жолдан қайтып кетсек, жаудың рухы көтеріледі. Бізді соғысуға беттей алмады деп есіреді. Мен осында біраз күн жатып, сауығып алайын, оған дейін жауға елші аттандырайық» деп Таңғұт ұлысының бсшысына: «Саған оң қолым бол, Сартулға бірге аттанайық» деген едім, көнбедің. Бірақ, сенсіз де Сартулды жеңдім. Және де, ұлыңды кепілдікке жібер деген едім. Сен оған да көнбедің. Сөйте тұра, Уаң Тұғырыл ханның қалдықтарын бауырыңа басып, жеріңе паналаттың. Уәдеңді ұмыттың. Енді ұмытқан уәдеңді есіңе түсіргелі келдік» деп айттырып, елші жөнелтеді. Таңғұт ұлысының ханы Ли Наньчуан қайтыс болғаннан кейін, ел билігін оның туысы Сунь Су деген алған болатын. Моңғол әскерлері жорыққа аттанар тұста, сол Сунь Судың орнына Тэ Уаң хан сайланады. Бұл туадан мылғуа, жібі бос біреу еді. Әлгіндегі Шыңғыс қағанның сөзін естіген кезде, айтуға жауап таппай бөгеледі. Оның орнына көмекшісі Аши Хамбу жауап беріп: «Бәрі де менің айтқаныммен болады. Төмүчиннің бізбен соғысқысы келсе, Құлан тауына келсін. Алтын, күміс, дүние-мүлік алғысы келсе, Ярғай, Лян жоуға463 жетсін» дейді. Мұны естіп, ашумен айбынданған Шыңғыс қаған Ұлы әскерін Құлан тауына әкеледі. Құлан тауы Нинся фу-дан батысқа қарай, алпыс көштік464 жерде еді. Таңғұттар оны берік қамал деп атайтын. Моңғол әскерлері осы тауға Таңғұт әскерлерінен бұрын жетеді. Сәл кешігіңкіреп келген Таңғұт әскері, келген бетте шабуылға лап қояды. Бірақ та моңғол әскері қарсылық көрсетпеген соң, Таңғұт әскері де кейін шегінеді. Шегініп барып, қайта шабуылдайды. Моңғол әскерлері бірлі-жарым садақ тартып, оқ жұмсағаны болмаса, бұл жолы да қозғалмайды. Осы тәсілмен жаудың әскерін құр шабуылға шақырып, әбден екпіні қайтып, пейілдері сола бастаған тұста, кенет сырнай тартылып, дабыл қағылып, зілзала шу көтеріледі де, мың

463 - Лянжоу (Нинся) – жер атауы. 464 - Алпыс көштік – «жаран газар»-(«алпыс жер») деп жазылған. Ежелгі моңғол өлшемі бойынша «бір жер» дегені – 526м немесе «алпыс жер» дегені қазіргі өлшеммен 34км. 560м. болады. Біз оны қазақ тіліне икемдеп, «көш жер» деп алдық. Добу соқырдың үш көш жерді көреді дегені де, қазіргімен 17км. 280м. Деп түсіну керек.

түмен атты әскер бір мезетте лап қойған сәтте, бейғам келген Таңғұт әскері есін жия алмай қалады. Зәресі ұшып, бет-бетіне қашып жүріп өледі. Шыңғыс қаған Құлан тауын иеленіп, ілгеріге бет түзеп, Хэйшұй қатарлы біраз қалаларды басып алады. Жаздың аптап ыстығын Хуньчуй шань тауында өткізіп, Ганьсу қатарлы бірлі жарым қалаларды алып, күзде Си Лян фу бар көптеген сиан-дарды иеленеді. Сонан құмды өлкені басып жүріп, Хатан өзенінен тоғыз мәрте өтіп, сол маңдағы түгел қалалар мен елді мекендерді жаулап алады. Осы соғыста Ся ұлысының ханы Тэ Уаңның қорыққанынан жүрегі жарылып өледі де, оның орнына Нанпин Ванся-ны хан сайлайды. Бұдан кейін моңғол әскерлері Ся ұлысының Лин жоу (қала)-ын жаулайды. Ся ұлысының ханы Лин жоу-ды қорғауға он түмен әскер аттандырады. Әйтсе де, моңғол әскерлеріне тосқауыл қоя алмай жеңіліс табады. Сонан кейін моңғол әскерлері Янечуа қаласын басып алады да, қыстың суығын сол қалада өткізеді. Осы жолы Өгедей мен қолбасшы Шағанның әскерлері Алтын ұлысының Нанжин-ін қоршауға алып, жылына мың лан алтын төлеп тұруға үкім шығарады. Шыңғыстың 66 жылы моңғол әскерлері Сян ұлысының хан ордасын жаулап, шыңғыс қаған өзі қалың әскермен Хатан өзенінің арғы бетіндегі жерлерді түгелімен қолға түсіріп, Таоху, Синин деген екі үлкен қаланы иеленеді. Бұлардан кейін Таңғұттың атақты қолбасшысы Ма Сянь лун-мен соғысып, жеңіске жетеді. Мұны жеңгеннен кейін Шыңғыс қаған қайтадан Луфань шань тауына барып, жылдың ыстық күндерін өткізеді. Осы жерде Шыңғыс қаған әртүрлі өлім мен аяусыз күйрету әрекетін болдырмауды уәде еткен үгіт-жарияны таратады. Сонан Ся ұлысының Нинся қаласын қоршауға алдырады. Сөйткен тұста, оның иелері бабаларынан қалған бұдда дінінің алтын-күміс мұраларын түйеге теңдеп, ұл-қыз, әйел-балаларын шұбыртып, тоғыз-тоғыздан тарту таралғы жабдықтап, Шыңғыс қағанға жөнелтеді. Шыңғыс қаған бұған да келіспей, Таңғұт ұлысының иесі өзі келіп, бетпе-бет жолығуын талап етеді. Сөйтіп, Лу фуань шань тауының баурайында Ся ұлысының иесімен жолығысады. Кейбір тарихи жазбаларда осы кездесуде Ся ұлысының иесін шауып өлтірткен деп те жазады. Осылайша Таңғұт ұлысын ойсырата жеңіп, түгел байлығын қолға түсіріп, елін мүлде бас көтерместей етіп, аяусыз таптайды. Кейбір тарихи деректерде; Таңғұт ұлысын жаулағаннан кейін, Шыңғыс қаған Шидұрға ханды өлтіріп, оның ханымы Гүрбелжің сұлуды өзі алады. Бұған құсаланған сұлу ханым Сары дәрия өзеніне түсіп өлгендіктен, солай Хатан өзені деп атапты.

ХІҮ. ШЫҢҒЫС ҚАҒННЫҢ ДҮНИЕДЕН ОЗҒАН КЕЗІ

Шыңғыс қаған батыс Ся ұлысын қол астына алғаннан соң, Қытай ұлысына барып, әскери істерді жөнге келтірмекке аттанады.

Сөйтіп, Чинсүйсян қаласының батысындағы Сян дәриясына жете бере, қара жылқы күні465 кенет қағанның денесі қайта құрыстанып, небір түрлі дәрідәрмектерді қолданса да, сырқатының беті бері қарамай, тіптен асқынып, 66 жасында қызыл доңыз жылдың жетінші айының он екісі күні дүниеден озады. Шыңғыс қағанның қайтыс болған жерін, әр деректе әрқалай келтіреді. Бірер деректерде; Шыңғыс қаған Луфань шань тауын жайлап отырғанда Үстемшіл қаласына466 келіп, аурудан қайтыс болған десе, Юан ұлысының шежіресінде; Сали өзенінің Қарату деген жеріндегі түсел ордасында қайтыс болған, дейді. Ал, «Алтын тобчи» кітабында; Шыңғыс қаған Луфань шаньді (тауын) жайлап, Үстемшіл қаласында қайтыс болды, деп жазған. Шыңғыс қаған өлерінде көптеген өсиет айтып, қалдырған, деп те жазады. Осылардың ішінен ең бір шындыққа жақын, көкейге қонымдысы – «Алтын ұлысының барлық таңдаулы әскерлері Дуньхуан бекетінің (порт) төңірегінде жатқан еді. Бұл жердің оңтүстігін асуы биік Лян тауы, солтүстігін өткелсіз ұлы дәрия қоршайтын. Сүн ұлысы мен Алтын ұлысы ежелден өш еді. Сүн ұлысынан жол сұрасақ, сөзсіз рұқсаттайды. Біз Тандэннің жерінен әскер кіргізіп, Бянлянды жауласақ, Алтын ұлысы Дуньхуан бекетіндегі әскерін алуға еріксіз мәжбүр болады. Және де, түмен адаммен мыңдаған көш жерге тоқтаусыз олардың ат-көлік, әскери жандарына да оңай емес. Жеткен күннің өзінде соғысатын дәрмен қалмайды. Сол кезде біз Алтын ұлысын оңай қолға түсіреміз» - деп айтты деген деректі келтіреді. Көптеген тарихтарда; Шыңғыс қаған 66 жас жасап, оңтүстік пен солтүстігіндегі ел – жерлерді бағындырып сыртқы Моңғол...... үш аймағын, Қытайдың батыс солтүстігіндегі Тяньшань деп аталған Тәңір тауының оңтүстігі мен солтүстігіндегі жол... һәм Кіндік Азия, Ауғаныстан, Парсының шығыс бөлігін, Кавказ тауының маңындағы жеке – жеке ұлыс – аймақтарды түгел бөледі, десе, келесі бір тарихта; Шыңғыс қаған жиырма екі жыл хан тағына отырған. Керемет білгір, ақыл – ойлы, әскери тәсілдерге өте жетік болғаны себепті қырық бірдей ұлысты күйретіп, Батыс... ұлысын да бағындырған. Оның ғажайып ерлігі мен қайталанбас даңқтты жорықтары жайлы көптеп айтуға болады. Өкініштісі, дер шағында шежіре баян жазатын көмекші адамды қасына ұстамағандықтан үлкен қателік жіберді, деп жазады. Шыңғыс қағанның сүйегін қандай жерген жерлегені жөнінде де әр жазбада әрі қалай келтіреді. Бірінде; құмды шөлдің солтүстігіндегі Сәли467 өзенінің бас сағасына жерлеген, десе, енді бірде; Кенти тауының төңірегіне жерлеген, деп келтіреді. Көптеген тарихшылар осы соңғы дерекке жүгінеді. Тарихшылардың тағы бір жартысы Рашид Ад – дин – нің жазбасын негіз етіп; Шыңғыс қағанның төрт ханымы оның өлігін төртке бөліп алып, жерлеген яғни өртеген, деп жазады.

465 - Қара жылқы күні – «Хар морин өдөр» - моңғолдың көне жыл санауы. Айдың бірінші жаңасынан бастап, жыл қайыру амалы бойынша, тышқан күнінен бастап санайсыз. Әрбір мүшелде күн мен жыл ақ, көк, қызыл, қара деп талады. 466 - Үстемшіл қаласы – моңғолшасында «Түрэмгий» немесе қазақшасы «Үстемшіл» деп жазылған. Нинся қаласын атағаны сияқты. Ауд. 467Сәли – Саир – Усун болуы мүмкін. Тектеп көріңіздер!

Шыңғыс қаған қайтыс болғанда Толуй жерлеу науқанын басқарып, ұлы ұлысқа ханның қарасын естіртеді. Ең шалғайдағы адамдардың келіп жетуін күтіп, өлікті үш ай бойы сақтаған, деп те келтіреді. Және де өзге бір деректерде; Шыңғыс қаған көзінің тірісінде бір күні Бүкүрт Боғда468 тауына шығып жүріп; биік шоқ қарағайдың қасына келіп, демалып отырған сәтте серіктеріне: Егер мен өлсем, сүйегімді осы шоқ қарағайдың түбіне әкеліп жерлеңдер! - деп өсиет айтқан екен, сол өсиеті бойынша сүйегін өзі көрсеткен жеріне жерлепті. Алғашында оңашалау болған жерді уақыт өте келе қалың ағаш көмкеріп тастағаны себепті, кейіннен ханның қабірын таппай қалған. Және де кейіннен Толуй, Мөнке, Құбылай, Арғабөкілерді де осы жерге жерлеген болатын, десе, енді бірер деректердегі айтылған әңгімені Рашид – Ад –дин былай деп дәлелдейді; Шыңғыс қағанның сүйегін өртегеннен кейін оның күлін Онон мен Тула өзенінің басындағы Бұрхан Қалдұн тауының биігіндегі ақтық байланған қасиетті орманның ортасына жерлеп, ұранқайларға күзеттірген дейді, Тағы бір тарихи жазбада; Ежелгі Моңғолдардың хандарының зиратын бөгделерден жасыратын әдеті болған десе, дәл осы жөнінде қытай тарихшылары; Моңғолдар қайтыс болған хандарын жерлегенде, адамның бойымен бірдей иісті ағаштың екі дөңбегін ойып, соның ішіне өлікті тері шапан, тымақ кигізіп, аяғына ақ елтірімен жасаған етік, байпақ сұғып, белбеуін буындырып салатын және де өліктің сандығын домба469, құмыра, қыш табақ, қасық, шанышқы сияқты алтын ыдыс-аяқ салғаннан кейін сандықты бітеп, төрт жерден шығырықпен құрсаулайтын. Өлікті артатын арбаны ақ киіз, кілем, торқамен жабатын. Өлікті үш күннің ішінде жерлесе, арнаулы жерге дейін жеткізіп, әрі өлікті артқан арбаның алдына жаңа киім киген, торқадан тізгін таққан жас жігіт, алтын ер ерттеген ат жетектеп жүреді. Өлікке арнап күніне үш рет қой сояды. Жерді терең қазып, өлікті көмгеннен кейін, неше мың жылқыға қабірді таптатады немесе артылған топырақты басқа жерге тасып, қабірдің үстін жермен бірдей етіп текшелейді. Бұлай ету көктемнің жаңа көгімен бірге қәбірдің үсті бірге көктеп, бөлінбей кетсін деген амал. Және де өлікті көмерде жас ботаны енесіне көрсетіп тұрып өлтіріп, бірге көмеді. Мұның себебі келесі жылы өліктің жылдығын берерде інгенді қоя беріп, боздаған інгеннің ізімен қабірді таба алу амалы. Қытайлардың бұл жазғаны бір кездері қолданылған, өмірде болған шындық әдет-ғұрып болатын. Сол себепті Шыңғыс қағанның жерленген жерін табу мүмкін емес, Шыңғыс қағанның қабірін іздеу құр әурешілік болмақ. Нені айтсақ та, Шыңғыс қағанның қабірі Қытай жерінде қалған, және де Қытай жерінде қайтыс болған Мөңке қағанды да сол жаққа жерлеген деген, дерек әңгімелерге де зер саламыз. Міне, осылайша Шыңғыс қағанның жерленуі туралы әр деректе әр қалай айтылады. Әйтсе де, Шыңғыс қағанның сүйегін оның алғаш ұлыс – мемлекетін құрып, туып өскен жері, әрі Моңғолдың орталығы Онон,

468 - Бүкүрт Боғда - Ұлы Боғда тауы. 469 - Домба – ағаш, жез сияқты бұйымдардан жасалған биік шәйнек. Әрі жылылықты ұзақ уақыт сақтауға арналған ыдыс. Ауд.

Керулен, Кенти жеріне әкеліп жерлегені қисынға саяды. Соны негіз етіп, Шыңғыс қағанның тарихын ең әуелгі боп баяндаған470 «Алтын түйін» кітабында; Шыңғыс қаған 66 жасының қызыл доңыз жылы жетінші айдың он екісі күні о дүниеге аттанады.... алтын мәйітін қазақ арбаға жайғастырып, еліне қарай беттеген шақта Мұна жиегіне471 келгенде қазақ арба құйға батып кетеді. Арбаны құйдан шығара алмай дүйім жұрт қиналғанда Сүнеттің Килугедей батыры білікті сөздер айтып; «Көк мәңгі тәңірдің қуатынан жаралған, Күлік – Боғда хан ием! Көп ұлысты еліңді Кімге тастап жөнелдің?! Тұғыры берік тағың мен, Туыңды тіккен ұлысың, Туған жер суың жырақта, Армандап жеткен төр – тағың, Арпалысып құрған ұлысың, Аяулы ханым, балаң да, Ақ орда үйің жырақта. Жасақтаған тар – тағың, Жолға салған ұлысың, Жолыққан ханым, балаң да, Жұрағат туысың жырақта. Көк өрім ұлыс елің мен Көмілген су, өзенің Қалың моңғол ұлысың, Туылған Делүн Болдығың, Тұнық Онының жырақта. Кері айғырдың кекілінен, Кесіп алған байрағың. Керней, сырнай дабылың, Кең жазира ұлысың, Керулен мен Көде арал, Қанат жұртың жырақта. Бәрінен бұрын кезіккен, Бөрте үжін ханымың, Байдалы байтақ жер – суың, Боршы, Мұқылай қос досың, Барша жұртың жырақта. Құдіретпен жолыққан, Құлан сұлу ханымың, Қобыз, сыбызғы әуенің,

470 - Автор бұл жеоде, тек моңғол тілінде жазылған деректерді айтып отыр. Ауд. 471 - Мұна жиегі – және Мұна тұмсығы, Мұна Хан тауы – депті.

Қуаты түгел ұлысың, Хан орда мекенің жырақта» дегеніне қарасаң, ханның мәйітін туған жер, жер – суына әкеліп жерлегені анық аңғарылады. Және де; «Қайран жаның шықса да, Хас асылдай сүйегіңді алып қайтайық. Ханым бөрте үжініңе көрсетейік, Қалың еліңе жеткізейік!» - дегені, тағы да, «қағанның сүйегін ұлы аруақ мекеніне472 жеткізді» - деген, дәйектемелерге сүйенсек, Шыңғыс қағанның өлігін Онон, Керуленнің жеріне әкелгені сөзсіз анықталады. Шыңғыс қаған Таңғұт ұлысын жаулағалы бара жатқан жолда әлгіндегі қазақ арба құйға батты дегендегі Мұна жеріне келгенде, «Бұл жер неткен жайсаң өлке еді», деп, таңданып өткені себепті Шыңғыс қағанның киген жейде, киіз үй, сыңар байпағын сонда жерлейді. Ал, мәйітін кейбіреулер Бұрхан Қалдұнға, енді біреулер Алтай тауының теріскей жағына, тағы біреулер Кенти тауының қойнауындағы Их - өтөг (Үлкен қора) деген жерге жрлеген деп, әрқалай жазады. Әлі күнге дейін Кенти тауының теріскей жақ сілемінде «Их газар» деп аталатын бір жер бар. Их - Өтөг деген жер осы «Их газар» болуы да мүмкін. Дәл осы пікірді көптеген тарихшылар көлденең тартып та жүр. Осы айтылған ойлардан түйіндеп көрсек, Шыңғыс қағанның сүйегін Онон, Керулен, Кенти жеріне әкеліп жерлегеніне көз жеткіземіз. Әрі оның шындыққа да жақын екенін аңғарамыз. Шыңғыс қағанның ордалы үйін, сыңар байпағымен киілген жейдесін, кекілді байрағын барша моңғолдың киесі етіп жерлеп, сегіз ақ үй тігіп, жеті әулеттің адамын жеке бөліп, тайшы табу, жайсан, қонжын (хонжин) деген басқарушы шендерді пайда болдырып, Шыңғыс қағанның ордасын күзеттіріп, мәңгі бақи салықтан босатқаны себепті Ордастың жеті әулеті атанып, қазірдің өзінде сол байырғы атауымен сол жерді мекендеп отырғаны сондықтан болмақ.

XV Шыңғыс қағанның әскери тәсілі мен оны жасақтау әдісі

Шыңғыс қаған өте күрделі әскери тәсілдерді қолданған. Әрі, жасырын, құпия түрде ұйымдастырылатын оның әскер жасақтау, ұйымдастыру әдістерін шешіп айтып, терең құпиясын ашып білген адам, тарихшы болмаған. Тек қана, қытай тілінде бірлі-жарым дерек әңгімелер жазба түрінде сақталған. Ал, моңғол тілінде күні бүгінге дейін жазба түрінде немесе басқа елдің тарихшыларының жазған еңбектерінен аударған деректің өзі табылмай отыр.

472 - Ұлы аруақ мекені. Қазіргі Кенти тауының сілемаі, Делүн болдың деп атап жүрген қос төбелердің күнгей жағында Их - өтөг, (үлкен кора), жер бар. Осы жерді моңғолдар «Их газар» («Үлкен жер»), «Их аруаг» («Үлкен аруақ») деп атайды.

Сондықтан біз осы тақырып төңірегінде кейбір тарихи, шежірелерде айтылған азды-мұзды деректерге сүйеніп, әрі шетел жазбаларынан көзімізге түскендерін негізге ала отырып сөз етпекпіз. Шыңғыс қаған әсте жас кезінен бастап, әскери іске араласып, қол бастап үйренген. Соған сәйкес ұлыс-елінің ішкі құрылымын да машықталған әскери бағытқа көбірек негіздейтін. Әрі, ғұмырын басынан аяғына дейінгі уақытты жорық, шабуыл жолында өткені сеепті бұдан өре тәсілмен ұлыс-елін басқару уақыт онда болмаған. Шыңғыс қағанның ұлысты бөлеу амалы мен әскерді басқару тәсілі бұрын-сонды болмаған, .... тосын, әдіс еді. Азия құрлығында алғаш рет қолданылған талай-талай айла-тәсілдер Шыңғыстың атымен байланыстырылады. Көшпелі, жаайы кейіптегі моңғолдарды әскери тәсілтәрбиеге баулып, нағыз әскери кейіпке енгізіп, қатардағы қарапайым әскерден басқару биіктегі түмендердің ноянына дейінгі барлық адамдарды ір тәртіпке жұмылдыра білді. Егер тәртіп бұзса қылмыстыны дер кезінде айыптап, тиісті жаза қолдану, ақыл-кеңес беру арқылы жөнге салып отырды. Осы бір темірдей берік, қатаң тәртіп арқылы қоластындағы халқы ойлаған мақсатына бір адамдай жұмыла кірісті. Ханның алдында шалапың... танытудан сақталды. Соның нәтижесінде Шыңғыс қаған адам баласының ойына келмейтін ғажайып ерліктерге қол жеткізді. Шыңғыс қағанның әскерінің санын он бір түменнен он бес түменнің арасында болған, Шығыста Корейдің батысына дейін, батыста Кавказ таулары мен Үндістанға дейінгі кең өлкені иеленіп, сансыз қалың ел мен ұлысқа билік жүргізген дейді. Оның әскерінің құрылымы он, жүз, мың, түмен деп.. өрлей сатылап келетін. Он адам ең төменгі билік, он адамның ішінен біреуі басшы болады. Он төменгі биліктіні біріктіріп бір жүздікті құрайды. Ондық биліктілердің ішінен ең мықты біреуін жүздіктің басшысы сайлайды. Он жүздікті біріктіріп, бір мыңдықты құрады, жүздіктің басшыларынан мыңдық басшысы етеді. Он мыңды біріктіріп, бір түменді жасақтайды. Мыңдықтың басшыларының мықтысынан түменнің ноянын сайлайды. Мұндағы тәртіп түмен ноянынан ондық әскеріне дейін бірдей қолданылады. Әскери тәртіпті бұзса, түгел адам бір жаза тартады. Өстіп Шыңғыс қаған өз әскерін қатаң тәртіппен басқарып, ұлысмемлектінің ісі үшін жанын аямаған, қатарындағы серіктерінее де соны талап еткен. Әйтсе де адам өолынан келмейтін істі жүктемеген. Осы жзөнінде Шыңғыс қаған өз әскерінің қолбасшысына: «Әскердің басшысы болу деген ашығу, шөлдеу, шаршау кездерде қол астындағылардың қамын ойлау, өзгелерді ең әлсіз шаршағанның деңгейінде қанықтыру», - дейді. Шыңғыс қаған қолбасшылық етіп, жорыққа шыққанда неғұрлым кең өлкені қамтуды мақсат етеді. Сол үшін мынадай үш тәсілді тұтынады: Бірінші әскердің азық-түлігін оңай жолмен жеткізу; Екінші иеленген жеріне сырттан келетін азық-түлік, дүние-мүліктің жолын кесу,; Үшінші соғыстарда үнемі жетек атпен жүруді алға қояды. Және де соғыс-ұрысқа кірерде алдын-ала жоспар жасамайды. Жасаған кездің өзінде тек жақынды ойлап қана алғашқы шабуылды қалай ұйымдастыру төңірегінен асырмайды. Бірақ, әскер

аттандырған сайын міндетті түрде бұйрық шығарып, әмір береді. Соғыс сайын бір жаңа тәсілді қолданады. Төтенше тәсілді қолданар болса, оны да сол кездің жағдайына сәйкестіреді. Қандай бір жағдайда да жазбаша бұйрық қолданбаған. Әскер аттанғаннан кейін жолын барлап, келесі бұйрықты шығарып отырған. Жауға кіргендегі әскерінің соғысу тәсілі көбінде ең әуелі үш-төрт шамалы оқ жұмсау, жеңе алмастай болса, дереу артқа шегініп, жаудың әскерін неғұрлым өз бекіністеріне жақын келтіру. Егер жаудың әскері қуып келмесе, олардың бекінісін қоршауға алу сияқты тәсілдерді қолданады. Жаудың әскерінің саны айрықша басым болса, тіптен ұрыс ашпастан екі-үш күндік жерге дейін шегініп, жолай екіге бөлініп, кезіккендерді бағындырып алу амалын ойластырады. Бұл да қолдарынан келмесе онда жаудың әскерінің ыдырап, бөлінуін күтеді де, бөлінген тұсын пайдаланып, жеңіске жетеді. Және де жаудың қолға түскен әскерлерін салып, өздері қатын-балаларына дейін қаруланып, алыстан тобырды көбейтіп, бақылап тұрады. Немесе адам сұлбасын жасап, алдарына салып жүру тәсілін де қолданады. Жаудың әскерінің саны көп жеңе алмастай болса, жауды қашып шығуына мүмкіндік жасап, қашқандарын қуалап өлтіру амалын ұстанады. Мұны көбінде жоғарыда айтқан шырға салу тәсілімен қоса қолданып, мықты алғыр әскерлерге тасадан барып, жау әскерінің екі бүйірінен соққы беру арқылы іске асырады. Және де қандай бі қала-бекет кезіксе, сырттай қоршауға алып, іштен-сырттан өтетін жолдарды жауып, күндіз-түні тоқтаусыз соғысу арқылы қоршаудағылардың мазасын кетіріп, әбден тозып, шалдыққанға дейін тыным бермейді. Сөйтіп, іштегі жау оңай қолға түсетін халге жеткен кезде, сырттан кезекпен оқ атқылап, кезекпен тынығып алған әскері жеңіл жеңіске жетеді. Мұның сыртында өзен-суларды бөгеп, қалаға ағызу, қала қорғанының іргесін қазып кіру, саты жасап, қорғаннан асып түсу сияқты көптеген тәсілдермен қалаларды басып алады. Әсіресе, мықты күзетілген қала-бекеттерді алу әдісіне ерекше шеберленеді. Тас ататын сайман жасау арқылы, осыған дейін ешбір жерде болмаған түрлі тас, оқ-саймандарды қолданысқа енгізеді. Мысалы: Сартуыл ұлысының Нишапур қаласын қоршауға алған кезде, Толұйдың жарлығымен шідер серпер деген тасатқы сайман үш мың, өрт қойғыш май түйдек ататын жеті жүз домба, қорғанға өмелейтін төрт мың саты, тас оқ екі мыңды жасатады. Сол кезде моңғолдар үлкен-кішісіне қарамастан, түгелдей садақ тартып, аң аулауға машықтанған болатын. Әуелі төрт-бес жастағы балаларына дейін ат мініп, өздеріне шақ келетін садақ-жебе ұстап, оны атып үйренетін. Әйелдері де еркектермен тең ат мініп, асау үйрететін, садақ тартатын. Моңғолдардың негізгі қаруы садақ, қылыш, қанжар, найза, қажетті кезде сауыт, дулыға қолданатын. Мініс атына да қалқан салатын. Және де ұшында қармағы бар ұзын сүмбі ұстайтын. Оны көбінде ат үстіндегі адамды түйреп тарту, құлатуға пайдаланатын. Бір адам үш қорамсақ толы жебе асынатын. Жебелері төрттен бес қарыс ұзындықты, ұшына екі қырлы түйреуіш қондыратын. Моңғол әскерлері аштыққа өте төзімді келетін. Қымыз, жас ет, ірімшік-құртты тағам қылатын. Мініс аттарына арнайы азық-шөп

дайындамайтын, жол бойы өрісті керектенетін. Әр әскердің екі азық қоржыны болатын. Оның біріне сусын, біріне құрғақ тағам салып алып жүретін. Бұл жөнінде кейбір тарихи жазбаларда: «Әскер адамының жүректілікті сақтауы, сауда адамының дүние-мүлік жинауымен бірдей» деп келтіреді. Моңғол әскерінің әрқайсысы үштен-төрттен мініс ат ұстайтын. Жорықтарда өзен-көлдерден өтуге, әрі атты әскерге қолайлылығын ескеріп, әрбір әскерге тұлып-қоржын асып жүруге міндеттелетін. Үлкен өзен, көлдерден өткенде тұлыпқа қару-жарақ, киім-кешектерін салып, оны ат құйрығына байлап алатын. Кей-кейде осындай үлкен тұлыптарға адамды отырғызып, өзен-судан өткен кездері де болған. Шыңғыс қағанның ісін жалғастырушы сенімді әскер жасағы мен күзет әскерлерінің құрылымы және де барша әскерінің үш қолының жасақтау тәсілі бәрі-бәрі атты әскерінің соғыс тәсіліне ыңғайлы етіп жасалған. Оны басқаруға, жеке-жеке жорыққа аттандыруға тіптен жеңіл әрі қандай бір ісқимылға жұмылдыруға оңтайлы болатын. Мұның бәрі де алдағы тарауларда айтылып кеткендіктен, бұдан әрі сөз ету артық сияқты.

ХҮІ. ШЫҢҒЫС ҚАҒАННЫҢ БІТІМ-БОЛМЫСЫ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ

Шыңғыс қаған кең даланы мекенденген көшпелі тайпаның бір жабайы үйінде дүниеге келіп, бала кезінен кедейліктің қамытын киген, аштықты, жоқшылықты, өзгенің үстемдігін көп көрген жан еді. Жақсы шешенің қуатында білікті тәрбие алып, қиындықтан құтылды және де туадан біткен қайсар мінезінің арқасында тез есейіп, ақыл-ойын алыптыққа ұштастыра білді. Әуелі бір отбасына, кешікпей бір ұлыс-елге билік айтуға шамасы жетті. Моңғол әулетінің түгел атақ-абыройын төрткүл дүниеге дәуірлетті. Мұндайда Шыңғыс қаған неліктен осыншама ұланғайыр өлкеге иелік құрып, түрлі ұлт-ұлыстарды билеуді мақсат етті деген сұрақ туындайды. Енді соның себеп-салдарын айтар болсақ, Шыңғыс қаған әуелден дәл сол өз қолымен жасағанындай етіп, алуан-алуан ұлыс-елдің адамдарын жаулап, алқабын қызыл-қырғынға айналдыруды мақсат етпегені аян. Оны сондай халге жеткізуші сол кездегі заманның құбылысы әрі сол заманның ықпалымен пайда болған толқын деп түсінген орынды. Мәселен, Шыңғыс қағанның бесіктен белі шықпай жатқан тұста, оны тайшылар ұстап әкетіп, қайғыға бөктірсе, басында ақыл-ойламы бар адам қалайша сол қиындықтан құтылу жолын қарастырмасқа! Содан тайшылар сегіз сары атын тартып алып, үш меркіт қаруымен келіп, қатын баласын бопсалап әкету сияқты тіптен қатыгездік мінез танытпады ма? Соның бәрінде бар байлығы мен жас қатын-баласынан айрылып қалған адам қалайша түрлі ойларды ойламасқа?! Міне, осындай нақты себептерден кейін Шыңғыс қаған өзгелерге қарсы күрес жүргізуге, өз жаны мен отбасын қорғауға еріксіз мәзбүр болады. Соның үшін Шыңғыс қаған әрбір жорықтарға шығып, келекеле алыс-жақындағы талай ұлыстарды біріктіруге қол жеткізді.

Шыңғыс қаған бірден осындай халге жеткендіктен, өз отбасы мен жаулап алған ұлыс-елінің мүддесін қорғауға адамдық тұрғыда еріксіз мәжбүр болды. Сөйтіп ол шет тайпалар мен шет ұлыстарға қарсы ұрыс ашу, бітімге келу сияқты қажеттерге тап болып, соның үшін күш-жігерін жұмсайды. Моңғол әулеті ежелгі Күннү, Сяньби, Тоба, Юанвэйдің ұлы қағанаты кезінен бастап, өзгенің езгісін көріп, жеке-жеке ыдырап, кеткендіктен Шыңғыс қаған сол елді біріктіруге мәжбүр болады. Ата-баба мекені – Үш өзеннің /Онон, Орқұн, Керулен/ құйғанына ұлыс-мемлекетін дәуірлетуді арман тұтады. Ұлттық намысы да осылай оянады. Шыңғыс қаған тек қана отбасын тәрбиелеп, ұлттық ұлыс-мемлекет орнатып қоймай сонымен бірге ата жауы үш меркіт пен тайшыларды жуасытып, татулыққа келіп, қатар өмір сүруді де ойластырады. Әйтсе де, Шыңғыс қағанмен терезесін тең ұстап, мүмкін болса оған билік жүргізуді мақсат етушілер тыныштық бермейді. Сондай көзқарастардың салдарынан Жамұқа досына Уаң хан әкесіне, сондай-ақ найманның Таян ханына қарсы соғыстар ашады. Дәл осындай себептерден Сартуыл ұлысына қарсы жорық басталады. Бұл жорықтың да негізгі себебі – Шыңғыс қағанның сауда өкілін өлтіруден туындаған. Осы қатыгездікке бола қаһарына мінген Шыңғыс қаған ақыры ұлы қолды жасақтауға барды. Қыпшақ пен орыс Жебе мен Сүбедейдің елшілерін өлтірді. Мұның ақыры Шыңғыс қағанды ұланғайыр өлкелерді жаулауға итермеледі. Таңғұт ұлысы мен Алтын ұлысы да Шыңғыс қаған мен Моңғол ұлысына бітіспес кек сақтап, тағы да қан төгілмейінше шешілмес шиеленістерге барды. Шыңғыс қағанның және одан бұрынғы һәм кейінгі өткен талай-талай қағанаттардың тұсындағы болған алуан түрлі ұрыс-соғыстардың да өз-өзіне тән белгілі себептерден туындап отырғандығын нақты түсінген жөн. Әйтпегендей Шыңғыс қаған есімді бір ғана адам түгел дүниені қызыл қанға бөктірді деп түсіну үлкен қателік болмақ. Кейбір тарихи жазбаларда Шыңғыс қағанның мінез-құлқы мен жасаған ісәрекетін әстебұрмалап, тіпті кейбір қалалар мен елді мекенді жаулаған тұста сонда өмір сүретін барша адамды түгел құртып, тірі жан қалдырмаған болдырып суреттейді. Ол қолға түскен адамдарды аяусыз зорлап өлтіретін. Тұтқындарды соғыстың алғы шебіне салатын. Бұған көнбегендерін адам төзгісіз қатыгез жазалармен қорлайтын, деп жазады. Иә, Шыңғыс қаған өз тұсында қатаң тәртіп орнатып, ұрыс-соғыстардың кейбірінде әлгінде айтылғандайын түгел адамдарын құрту тәсілін қолданғандығы да шындық болатын. Әйтсе де, Шыңғыс қаған ондай тәсілдерді туадан біткен қатыгез мінезінен емес, сол кездің саяси және ұрыссоғыстың өзіне тән себептеріне сәйкес қолданғандығы да шындық еді. Бәлкім, соның өзінде қателесіп қалт кеткен, кешірімсіз артық еткен тұстарының болғандығын да дасыруға болмас.Және де солардың барлығын бұдан талай ғасыр бұрын жасап кеткен адамдардың сол заманына сай мінезқұлқын мына бүгінгі адамдардың мінез-құлық, іс-әрекет, ойлау жүйесімен өлшеуге бүгінгі өркениетті деңгейден баға беруге болмайды.

Ұрыс-соғыс кезінде сондай қатаң тәсілдерді қолдану ежелгі тайпалық құрылымды заман түгілі бүгінгі өркениетті кездің өзінде жиі-жиі кездесетін жағдай. Мәселен, Еуропаның 1914 жылғы Алмания мен Орыстың арасында жүрілген соғыста (Бұл кітап 1920 жылдардың тұсында жазылған. Сондықтан автор бірінші дүниежүзілік соғысты ғана мысалға алып отыр. Ауд.) Кейбір қалалар мен ондағы тұрғын халықты түгелдей күлге айналдырған тұстар жиі-жиі кездеспеді ме?! Әуелі, бірлі-жарым қалалар түгілі кейбір ұлыс-мемлекеттерді түгелдей көк күлге айналдырды емес пе?! Енді осыдан мысал етіп қарасаңыз, бұдан талай ғасыр бұрынғы жабайы көне моңғолдың аз санды әскері мен санаулы садақ, жебе найзасы қалайша дәл бүгінгідей қалың қырғын опатты жасай алмақ?! Ақиқаты осылай болғандықтан сол кездің – Шыңғыс қағанның тұсындағы оқиғаны әсте бұрмалаушылардың одан да өткен сұмдық қасіретті адамзаттың санасына ұялатып, теріс түсінік қалыптастырып отырған империялық бұрыс мәдениетін де саналы түрде сынға алуымыз қажет. Мұның сыртында кейіннен өркениетті мәдениет қалыптасқан тұстағы болған Манжұрия мемлекетінің басшысы Энх-Амгалан мен Тәңір Боғда ханның тұсында Манжұрияның әскерлері біздің моңғолдың – дөрбет пен өлеттің түмен-түмен адамдарын қанға бөктіріп, ел-жерін иен қалдыруға айналдырған қайғылы оқиғаны еске салсақ та, Шыңғыс қағанның кезіндегі ұрыс-соғыстарды соншалықты қатыгездік деп дәлелдеуге тағы келмейді. Және де, кейбір тарихшылардан Шыңғыс қағанның мінез-құлығы мен ісәрекетіне баға берген тұста, әсіре мақтап, көпшік қою немесе әлсірете жамандап, қара күйе жағушылық та кездеседі. Енді осындай деректердің кейбіріне тоқтала кетейік. Өстіп, қара күйе жағушыларға Грумм Гржимайлодан мысал келтіріп, былай дейді: «Сондай айып тағушылардың жазғанына сенер болсақ, Шыңғыстың 61 жылы тек бір жылдың ішінде моңғолдар (Сартуыл ұлысының) Меаре екі мәрте күйретіп, бірде-бір адам қалдырмаған. Тек соңғы қимылында он түмен адамды өлтірген», - дейді. Осы айтылған дерекке қарағанда аталмыш қала мүлде құрып кеткен болар еді. Бірақ қала аман қалды, күйремеді. Осы шабуылдан кейін қала басшысы моңғолға көмек болу мақсатында бір түмен әскер жасақтап, аттандырды. Және де Меаре қаласына Шыңғыс қағанның ұлдарынан ең қатыгезі саналатын Толұй шабуылдады. Бұл бірден шығыс жазушыларының жазбаларында толық дәлелденгендіктен Сартуыл мемлекетінің өзге қалаларында жүргізілген ұрыс-соғыстаржайлы әңгімелерге сену тіптен қиынға соғады. Сондай-ақ Сартуыл мемлекетінің өзге де қалаларындағы өмір сүретін тұрғындардың санын нақты есептеп, оны моңғолдың қатыгез қалың қолына жаншылды делінетін түмен-түмен сандарға салғастыратын болсақ, тіптен сәйкес келмейді. Тұрғындардың есепті нақты санынан өлгендердің саны анағұрлым артық айтылғандығы бірден аңғарылады. Каспийдің терістігі мен Парсының түстігіндегі өлкені мекен еткен байырғы ұлыстардың көне ізін зерттеуші ағылшын ғалымы аталмыш өлкелерді аралап, саяхат жасағаннан кейін, өзінің көзбен көген нақты деректерді түйіндей келіп: «Осы өлкеде бой көтерген ежелгі қала тұрғындарының моңғол әскерінің қолынан көптеп

өлтірілгені шындыққа сәйкеспейді. Қала тұрғындары түмен-түменімен қырылды дейтіндер шығыс жазушыларының ойдан шығарған қияли сандырағы.»,-деп, келістіреді. Біз де осы ғалымның айтқанын шындықтың шыңы деп есептейміз. Себебі Шыңғыс қағанның жасаған іс-әрекетін қазіргі кездегі әскери іс-қимылдар мен соғыс тәсілдеріне салғастырып, өлшеуге тіптен келмейді. Шыңғыс қағанды қатігездікпен суреттейтіндер осы сияқты айырмашылықтарға мән беріп, көңіл бөлмеген. Бүгіннің құдіретін ежелгі әлсіздікпен салғастыруға болмайтынын түсінбеген. Және де соның барлығын Шыңғыс қағанның кейінгі ұрпақтарының тұсында болған бірлі-жарым қатігез адамдадың жасаған әрекетімен ұштастырып, түгел тарихты қатігездікке айналдырады. Мәселен: Шыңғыстың 226 жылы Испаган (Ішпақай) деген адамның ескерткішін тұрғызуға арнап, түмен адамның басын алуға үкім шығарады. Үкім орындау барысында бас сүйектің саны толмағандықтан адам басын аса жоғары құнмен бағалап алған деседі деген дерек бар. Және де шыңғыстың 240 жылы Бағдат қаласын көркейтуге моңғол нояны Темір ислам мейрамына қарсы жарлық шығарып, қаланы айналдыра бі жүз жиырма төбешіктің әр қайсысын жеті жүз адам басынан тұрғызуға бұйрық береді. Сөйтіп тез арада тоғыз түмен адамның басын алуды әмір етеді. Тағы да Шыңғыстың 222 жылы Сезардың қозғалысы шығуына байланысты Темір хан жарлық шығарып, екі мың адамды тірідей әккілеп, қррған қалауға бұйрық береді. Екі мың адам тірідей қорған қабырғасына айналады т.т. деген сияқты қатігездік деекте тарихи жазбалардан көптеп кездеседі. Міне осы сияқты деректерге сүйене отырып, кейбір тарихшылар Шыңғыс қағанды да сондай қатігез етіп көсетуді көздейді. Демек, жоғарыдағы деректе айтылған Темір ханның қатігездігін сөз етпес бұрын оның да нақты дерек екенін ғылыми тұрғыда бұлжымас дерек арқылы дәлелдеп алу қажет. әйтпегенде жазылғанның барлығы да ғылыми дерек бола алмайтынын естен шығармау абзал. Ал, Шыңғыс қағанды өзі жасаған кездегі заман талабымен өлшейтін болсақ, оның туадан турашыл, екі мінездікті сүймейтін, аса байсалды, алған бетінен таймайтын өр мінезді екені біден байқалады. Және де оны дәлелдейтіндей жазба деректер де жетеді. Мәселен, Жамуқа мен Шыңғыс қаған екеуі туыстық жағынан да, ант беріскен андалық жағынан да жақын болып келеді. Әйтсе де, Жамуқа туыстықты да, андалықты да жойып, Шыңғыс қағанды неше мәрте өлтірмекке талпынады. Өз күшімен және де өзгенің күшімен де жеңіп алуға соғыс ашады. Сөйте тұра кейіннен Жамуқаны қолға түсірген тұста да Шыңғыс қаған туыстығы мен андалығын ескеріп, оған кек сақтамайды. Керісінше оның жанын арашалап қалуды ойлайды. Сондай-ақ тағы да туыстық байланысы бар даридай отшығын сатқындық жасап, Уаң ханға біріккені үшін оны өлтірмек болса да өз уәзірлерінің бірі болғаны себепті дереу ажалдан құтқарып, ас татып, ауқат береді. Әке мен баланың серті бар Керейдің Уаң ханы да сатқындық танытып, қарсы соғыс ашқан тұста, тағы да ескі сертті еске алып, ұрыс барысында Уаң ханды

бітімге келуге шақырады. Міне, осындай нақты-нақты деректердің өзінен Шыңғыс қағанның қандай адам болғандығына баға беруге болады. Және де Шыңғыс қаған ұлыс-елді бір ғана биліктің басқаруында болуды (ұйымшылдық) қалаған адам. Соның үшін де басшысына сатқындық жасаған адамды жауы болса да кешірмеген... Өгедей хан таққа отырғаннан кейін ұлыс-елді аса бір қайырымдылық еппен ұйымдастырып, Елюй Чуцайдың кеңесін басшылыққа алып, «Ұлы ұлысты ат жалында орнатуға болады. Ұлы ұлысты ат жалында орнату мүмкін емес!» деген қағидасы бойынша мейірімділік тәсілмен ұлыс елдің барша ісін жөнге салады. Шыңғыс қағанның тағы бір ерекшелігі – бір ғана ақсүйекті ұрпақтың қамын емес, қалың ел, бұқара қауымның игілігі үшін ақиқаттың ақ жолын ту етуі. Бұл жөнінде Шыңғыс қағанның «Засаг» («Жасақ») деген жарғысында: «Хан болса да қарама! Кімде-кім қандай бір мәртебелі атақ иеленіп, менсінбеушілік танытса, жазаға тартылсын! Барша адам (Ханнан қараға дейін) тең дәрежеде қатынасатын болсын!» деп көрсетілген. Және де, дәл осы тұста өмір сүрген қытай оқымыстысы Мэн Хунның жазбасында: «Сүн ұлысының басшысы Шыңғыс қағанмен кездескенде қандай бір сый-сияпат жасамады. Келісім әңгімелері де өте қарапайым түрде жүрілді. Бұл көнеліктің белгісіндей еді», - деп жазады. Шыңғыс қағанның тура мінезділігі жөнінде де көптеген деректерді мысал етуге болады: Ікерес (Ихэрэс) тайпасының Бұту деген адамы Шыңғыс қағанға мықты еңбек сіңіреді. Соның үшін Шыңғыс қаған оған қарындасы Темүленді бермек болады. Бұған риза болған Бұту бар-жоғы отызға жуық жылқысын қағанға тарту етейін дейді. Бұтудың бұл қылығына қағанның ашуы келіп, ұрық-жұрағат болу үшін бұйым беру сауда істегендік болады. Бұрынғылардан айтқан сөздің көкейге қонымы мықтырақ. Түгел ғаламға таяу ұлыс-елді басқарып отырғанымда ікерестің Бұтуынан аларым – оның күшқуаты болғай», - деп жауап қайтарады. Шыңғыс қағанның өз тұсындағы өзге хандардан ерекшеленетін бір айырмашылығы, сол кездегі Манжұрия мен Еуропаның хан, нояндары секілді құр көкіректілікке салынып, мәнсапқорлық танытуды қаламағандығы. Нағыз кедей отбасында ержетіп, тәрбие алғаны себепті, кедей-кепшік жарандарды сыйлап, оларға көмек болуды, қиналып қалжыраған тұстарында қол ұшын беріп, қайырым жасауды мақсат тұтқандығы. Шыңғыс қағанның қандай дінді ұстанғаны жөнінде нақты дерек айтылмайды. Кейбір таихи жазбаларда оны шаманизмді ұстанған деп келтіреді. Моңғолдың «Алтын тобчи» және басқадай біздің шығыстық жазбаларда: «Шыңғыс қаған кітәби сенімге473бой ұрып, мәңгілік мекеніндегі474 Сахи Ямун-ға садақасын жіберіп, Сахияның ламасы Гундгасминповаға475 діни қатынас жасаған десе, ендігі бір жазбаларда: Шыңғыс қаған хан тағына отырғаннан кейін көптеген жылдар өткеннен

473 - будда діні. 474 - Баруун зуу дейтін діни орда. 475 - Гунгаанямбуу (моңғолша атауы)

соңғы бір уақытта Тибет жерінің ламасы Жон Ринбувачэнің476 шәкірті Бацанба Дүнгүрба477 бастаған бірнеше адамдар моңғол жеріне келген. Шыңғыс қаған тілмаш арқылы олармен әңгімелесіп, діннің қыр-сырымен қаныққан. Және де, Шыңғыс қаған қайтыс болғанда Тибеттің Гүн Данба есімді ламасын әкеліп, ұлдарына қалдырған өсиеті бойынша Өгедей хан оны қазіргі Эрдэнэзуу ордасы орналасқан Қарақорұм («Хархорин») маңына жайғастырып, діни орда тұрғызуына жәрдем берген. Ол жерде көбінде моңғол, ұйғыр ламалар бас қосып, діни уағыздар өткізетін», - деп те жазады. Өгедейден кейінгі Ұлы таққа отырған хандар да өз-өзінің тұсында Тибет жерінен көптеген ламаларды әкеліп, будда дінін өрістеткен деседі. Шыңғыс қаған әрбір халықтың ісіне шек-шектеу қоймаған адам. Адамдардың қалаған дініне құлшылық етуге еркіндік берген. Оның үшін де сол кездегі жасаған көп ұлты халықтардың сенімін тапқан. Мәселен, Найманның Таян ханының ұлы Күшілік Қара Қытанды иеленген тұста, ондағы ислам дінділерді жазалағандығын Шыңғыс қаған теріске шығарып, «Әрбір адам өз еркімен дінді қалап алады» деп жарлық етуі әсіресе, сол төңіректегі мұсылмандардың көкейіне қонып, олар қағанға бірден бас иеді. Міне, осы сияқты Шыңғыс қағанның адамгершілігі мен біліктілігі жайлы әңгімелерді көптеп мысал етуге болады. 1222 жылы көктемде қытайдан Шыңғыс қағанға әдейілеп келіп жолыққан әйгілі Бумбу Чанчун жайлы әңгімелер де, өз алдына қызықты дүние. 1219 жылы Шыңғыс қаған Чанчунның атағын естіп, елші жіберіп шақыртады. Оны шақыртқан себебі, «йгілі оқымыстыдан адам тәніне аса қажет мәңгіліктің дәрісін білуді көздеген сияқты. Чанчун қытайдың маңдайалды, бірдін-бір білгір оқымыстысы. Ол өз тұсындағы моңғолдардың тарихы жайлы өте құнды мұраларды қалдырған адам. Чанчун жолай Самарқанды соғып, сол жерге бірнеше тәулік аялдау барысында Шыңғыс қағанға елшісін жіберіп: «Боғда478 адам сен күн шығыстан биік таудың қиын асуын асып, талай ұлысты көріп келдің. Мен қазір қайтудың қамындамын. Сізден нақтылықтың мән-жайын білуді өтінемін», - дейді. Сонан чанчун Гүнүкеш тауының түстігіне келіп, Шыңғыс қағанмен кездеседі. Сонда Шыңғыс қаған: «Сені басқа өлкеден шақыртқанымда келмеп едің, енді ту қиырдан осында жеткеніңе ризамын!» деп, Чанчунды жайғастырып, «Боғда адам, сен түмендік қашықтықтан келдің. Мәңгіліктің нендей дәрісін айтар едің!», - дегенде Чанчун бүй дейді: «Ғұмырды ұзартатын дәрі болады. Ал, мәңгіліктің дәрісі барын естімеппін», - дейді. Бұған Шыңғыс қаған қатты риза болып, Чанчунның шыншылдығын мадақтайды. Түйін сөзге келіскен күнінде кенет әскери тығыз шаруа шығып, екеуі жолығыса алмайды. Сол жылы күзде Шыңғыс қаған мен Чанчун екеуіне қайта жолығысудың сәті түседі. Екеуі ұзақ жолда бірге болады. Шыңғыс қаған оған әр күні әрқалай сұрақтар қойып, оның айтқан

476 - Шан Ринбуч деп те атайды. 477 - Цанба Дүнгүрба 478 - әулие

жауаптарын моңғол тілімен хатқа түсіруді Ақай тайшиға479 міндеттейді. Солайша Шыңғыс қаған Чанчунды қатты құрметтеп, хан, ноян, әскери қолбасшыларына оның біліктілігін дәріптейді... Осы бір жазба деректің өзінен Шыңғыс қағанның оқымысты , білгір адамдарды құрмет тұтқандығы айқын аңғарылып тұрғандай. Шыңғыс қағанды жеңілген жақтың әйел-балаларына тиіспеген, қыз, ханымдарын олжалау заңы болған дедік. Енді соның нақты дәлелдеріне тоқталып көрейік. Әуелі, мұндай тәсіл тек бір ғана Шыңғыс қағанның емес, сол кезде жасаған күллі кіндік Азиялықтарға тән қасиет болатын. Кімдекімнің жазбай орындауға тиісті ғұмырлық заңы еді. Сол кезде бір жастық ғұмырын жаугершілік жолында өткізіп, өзгені жеңіп, ұлыс-ел, дүние-мүлкін олжалау, қыз-ханымдарына иелік етуді жалпы қоғамдық тұрғыда мақсат тұтатын шақ-тұғын. Әйтсе де, өзгелерге салғастырғанда Шыңғыс қағанның мұндай іске аса байыптылықпен барып, сабырлылық танытқанын аңғару қиын емес. Негізінен әңгімемізді қысқартып, түйіндер болсақ, Шыңғыс қаған дүниежүзінде өзге ешбір ұлыстың орната алмаған Ұлы қағанатын құрып, бұрын-соңды ешқашан қайталанбаған ерлікті таныта білген ақылдың иесі екені сөзсіз. Сондай-ақ ол Азия мен Еуропа құрлығын мекен етуші көптеген халықтардың салт-тұрмысын жаңа бір арнаға түсіргені үшінтек моңғол әулетінің ғана емес, барша әлем, түгел адамзаттың алдында ұлы тарихи істі тындырушы, ұлы атақ-абыройдың иесі себепті оның тарихы мен іс-әрекетін әлемнің тарихшылары қатты қызыға зерттейді. Шыңғыс қағанның тарихы мен іс-әрекетін сөз етуші мұралар да жетерлік. Өкініштісі, соның бәрі ғылыми негізде түгелдей хатқа түсіп, толыққанды жүйеге келмеген. Және де, қағазға түсірілгендерінің көбісі өзгелердің тілінде жазылған. Моңғол тіліндегісі тым мардымсыз. Соның үшін біз бөгделердің тіліндегі жазбаларды саралай келіп, осылайша қысқаша түйін жасадық.

ХҮІІ. ШЫҢҒЫС ҚАҒАННЫҢ ТҰСЫНДАҒЫ МОҢҒОЛДАРДЫҢ ТҰРМЫС-САЛТЫ МЕН ШАРУАШЫЛЫҒЫ

І. Моңғолдадың сол кездегі тұрмыс-салты мен шаруашылығын дөп басып айту қиын болғанымен кейбір тарихи жазбалар мен сол тұста моңғол жерін шарлаған саяхатшылардың, ғалымдардың белгілеулерін негізге ала отырып сөз етуге болады. Моңғолдар Шыңғыс қағанды дәуірлемес бұрын өте қатыгез халық болған. Шыңғыс қаған оларды мәдени тәрбиеге көшіріп, мейірімді, қайырымды етіп өзгертті-мыс, деседі. Дәл осы жөнінде кейбір жазбаларда: Моңғолдың қалың елі ұдайы ұрлық, тонау жасау мен әйел тағдырын аяққа басып, ажырасу жағдайы тіптен көп еді. Ұлы әкесін тыңдамайтын, ері әйеліне сенбейтін, білім-біліктілікті қаламайтын, барлығы да бас-басына кеткендіктен қарасы ханына бағынбайтын, ерекше бір бүлінген жұртеді, дей келіп, Шыңғыс қаған

479 - Бұл Қара Қятанның адамы, Самарқан қаласының түсел басшысы

дәуірлеген соң заң, жарғы қалыптасып, адамгершілікті әдет-салтқа көшірді. Қалың елді басқаруды ондық, жүздік, мыңдық, түмендік жүйеге қалыптастырды, деп жазады. Бұдан кейін Шыңғыстың 85 жылы Моңғол жерін шарлап өткен Еуропаның көпесі, моңғол өлкесінде ұрыс-керіс пен адамды өлтіру сияқты қылмыс болмайды екен. Адамдардың бір-бірімен ара қатынасы аса сыпайы, айтыстартысы жоқ, ұры-қары болмайтындықтан небір мүлік, абдыра-сандықтарын құлыпсыз далаға қояды. Кей кездері бір мал жоғалтатын жағдай болғанымен, жоғалған иалды тапқан адам бағып-қағып, мүмкіндік туған кезде иесіне жеткізіп береді немесе жүрген-тұрғандардан хабар айтады екен, десе, Шыңғыс қағанның тұсында жасаған қытай ғалымы Мин Хун: «Моңғолдың арасынан ұрыс-төбелес шыққанын көрмедім», - дейді. Және де, Арабтың бір ғалымы: «Моңғолдардың арасында жылқының ұрлығы болмайды екен», - деп жазады. Моңғолдар бір-бірін сыйлап, өзара тым тату өмір сүреді. Азықтүлігін де бөлісіп керектенеді. Екі-үш тәулік бойы нәр татпай жүрсе де, тоқ адам секілді әнге басып, ойнап-күліп жүре беретін өте бір көмпіс халық. Ыстық пен суықты жақсылықпен өткізе алады. Бір-біріне жамандық ойлауды білмейді. Шама-шарқының жеткенінше біріне-бірі көмек-жәрдем көрсетеді. Және оны бұлдамайды. Моңғолдар асырап шыдарлық дәрежесіне қарай қатын алады. Шыдамы жеткендері бес, он әуелі одан да көп қатын алады. Қатындарының беталды жүріс жасайтыны естілмейді. Көп қатындарының бір-бірімен ұрысып, төбелескені де көрінбейді. Мас болғандары бір-біріне боқтық айтып, балағаттамайды екен», - деп жазған деректерге қоса, «Моңғолдардың туадан өш-кектері мол болады», - деп жазғандары да кездеседі. Моңғолдардың ол кезде ұлттық жазбасы болмады. Соның үшін барлық жазбаларын ұйғыр жазуымен жазып қалдырды. Моңғолдардың діни нанымы жөнінде кейбір жазбаларда: «Моңғолдар табыну құралдарын арнайы арбаларға тиеп, үйдің есік алдына қоятын. Оған кейбір ас-тағамның түрлерінен, аң аулағандағы тапқан олжаларынан, сүт тағамдарынан шашыратқы жасау арқылы табынатын. Және де, оларды түрлі торғын-торқа, әсем жібектермен қаптап, әшекейлеп тұтынатын», - деп баяндағанымен кейбір жазба деректерде: «Моңғол жеріндегі будда діні үш мәрте жойылып, қайта жанданған», - деп те жазады. Мұның – алғашқысы Күннү мен Тоба, Юанвэй мемлекеттерінің тұсында , келесісі – Шыңғыс қаған мен Өгедей ханның тұсында, Соңғысы – Түметтің Алтын ханы мен Абтай (Авдай) ханының кезінде еді. Алғаш будда діні Тибет арқылы емес, тура Үнді, Ұйғыр, Соғда арқылы таралады. Сонан моңғол жеріне қырғыздар уақытша иелік құрған тұста, олар будда дінін жойып жібереді де, сол кездегі адамдардың жартысы тәңір дініне, енді бірі христосқа табынған. Қалғандары ешбір дінге мойынсұнбаған. Бұдан кейін Шыңғыс қағанның тұсында тараған дін туралы жоғарыда сөз еткен едік. Енді соның қосымшасы есебінде кейбір ғалымдардың жазғандарын келтіріп көрелік: «Өгедей хан әкесі Шыңғыс қағанның

бұйрығымен Қарақорұм қаласына480 діни ордалар салдырып, онда моңғол, ұйғыр ламалар жиналып, уағыздар өткізетін. Сөйткен шақта күндердің бір күні батыс өлкеден Мұхаммет (ислам) пен христостың діни өкілдері келіп, Қарақорұмның үлкен ордасының алдында қоңырау ұрып, діни жиын өткізіп жатқан моңғол, ұйғыр ламаларды көреді. Сонан олар да өз діндерін насихаттауға кіріседі. Бірақ, Өгедей хан ислам діндарларына тиым салады. Әлгі дін уағыздаушыларды ел-еліне қайтарып жібереді,», - деп те жазады. Сондай-ақ осы тұста ханға табынушылық та болған сияқты. Себебі: «Бату ханның тұсында орыс нояны Михаил деген адам Бату ханға табынып, Шыңғыс қағанның суретіне табынбағаны үшін өлтірілді», - деген дерек айтылады. Тағы бі деектерде: «Моңғолдар күн, ай, от, су, аспанға табынатын. Күнделікті ас-тағамдарынан соларға шашыратқы жасайтын. Оның сыртында түрлі тиымдарға, ырым-жоралғыларға сенім-наным арқылы бал аштырып, бақсы-балгерлерге көрінуді де қолданатын. Адам қайтыс болғанда оның мәйітін төрге отырғызып, алдына астау толы ет тартып, шараяққа қымыз толтырып қоятын. Құлынды бие, ертоқымды ат байлайтын. Және бірер ат сойып, оның терісіне ағаштан сирақ жасап, мәйітпен бірге көметін. Үлкен шені бар басшы, нояндар қайтыс болса, оның қабірін бөгделерге көрсетпей жасырып тастайтын» десе, келесі бір көне жазбаларда: «Моңғолдар әкешешесі қартайып, қайраты қайта бастаған кезде, көмекейіне қойдың құйрық майын тығып, асық жілікпен нығап өлтіретін», - деп жазады. Моңғолдардың және шығыс халықтарының тіптен көне заманғы жазбаларында: «Қандай бір хан немесе ұлық адам қайтыс болса, оның көмекшілерін түгелдей өлтіріп, қоса жерлейтін», - деп жазады. Бірақ, Шыңғыс қағанның заманындағы моңғолдарда ондай салт болмағанға ұқсайды. Ал, Шыңғыс қағаннан кейін жасаған кейбір моңғол хандарының кезінде мұндай салт қолданылған», - деген деректер бар. Демек, мұндай деректерге сену қиын. Біз оны жаңсақ айтылған деректер деп білеміз. Моңғолдар сол кезде де көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Әсіресе, жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкіге аса бай болған. Кейбір саяхатшылардың жазғанына үңілсек, «Дүниежүзінде бұлардан өзге малға бай ел жоқ», - деп таңданғанын көреміз. Және де дәл сол кезде моңғолдар дәл қазіргілері сияқты киіз үй тігіп, көшіп-қонып жүрген. Бі ғана айымашылық болған. Ол – кейбі көзбен көрген саяхатшылардың жазғанындай: «Әл-ауқаты жеткен мықтылардың киіз үйлерін үлкен арбаның үстіне қондырып, көшкен кезде оны жығып, тиеместен, жиырмадай атан өгізбен сүйретіп жүрген. Және де моңғолдың хан, нояндарының алып ордасын сүйреткен арбалы өгіздерді талай кездестірдік», - деген де дерек сақталған. «Сол кезде моңғолдар қыста ілгеріге қарай көшіп, жаз айларында қайта кері келіп қоныстайтын. Жаз айларында биенің қымызы, қой, сиыр, түйе сүтінен жасалған тағамдар мен құрт-ірімшікті қорек еткен. Қыс айларында көбінде етке сүйеніп, ақ тағамдарды қоспа есебінде керектенген. Бай, ауқаттыларына

480 - Қазіргі Эрдэнэзуу.

ілгері өлкелерден481 ұн, күріш жеткізіліп тұрған. Кедейлері ұн, күрішті терітерсек, қойға айырбастап алатын. Сүттен ашытылған ішімдікті де көптеп қолданған. Той-томалақтарда арақ-шарапты да керектенетін. Бірақ, ондай арақтарды сырт елдерден әкелетін еді», - деп те жазады. Моңғолдар қымыз тойын жасағанда, қымызды босағаға жақын орналастырып, оның қасына атқобыз ұстаған адамды отырғызады. Қымызды әйел, еркек демей көп ішеді. Адамдарға түгел іштіру үшін, ішпегендердің құлағынан тартып, қарсы алдына тұрып билейді. Немесе екі жағына екі адам тұрып, енді біреуі шараяққа толтырылған қымызды алдына ұстап билейді. Қымызды әлгі адамға жақындата келіп, қол созып ұмсынған тұста, лезде қайта шегініп, өзгенің тәбетін ашып, қоздыру қимылдарын жасайды. Ән салып, көңілін тербейді. Сөйтіп асқазаны сіресіп, шараяқтағы қымызға қарай алмай отырған адамды қашан бір алдына келген қымызды байқамай сіміріп салғанға дейін ән мен биді тоқтатпайды. Үйдің иесі қымызды қолға ала бастаған тұста, қобызшы сазды әуенге басады. Үлкен тойларда еркектер үй иесінің, әйелдер оның жұбайының алдына шығып билейді. Тіпті біздің өлкеде көрінбеген небір түрлі сазды аспаптарды да кездестірдік», - деп жазады тағы бір деректе. Сол кездегі моңғолдар ән мен күй, сазды аспапқа біршама бай болғанға ұқсайды. Қытайдың бірер оқымыстыларының жазғанына сүйене отырып, Владимирцов былай дейді: «Шыңғыс қаған шабуылға аттанғанда ханымдарымен бірге әнші-күйшілерін де бірге алып жүретін. Бұлар – он жеті-он сегіз жас шамасындағы өңшең сұлулар еді. Сазды аспаптарда өте шебер ойнайтын. Және де, Құбылай білге ханның тұсында жазылған «Тарихтың ақ дәптері»482 деген шежіреде: «Төрт мезгілдің тойы деген болған. Оның әуелгісі – көктемнің соңғы айының жиырма бірінде483 Шыңғыс қаған тоқсан тоғыз биелерін байлап, ұлы той жасайтын. Ол «ақтың тойы» деп аталатын. Жаздың ортаңғы айының он бесінде әлемдік кие – ақ туын қондырып, тоқсан тоғыз бозының тұқым-тұяқтарына ақ құятын. Оны жазғы мысал той дейтін. Күздің соңғы айының он екісінде құлындардың ноқташылбырын алып, күзгі дастархан жайылатын. Күзгі той сол еді. Қыстың алғашқы айының үшіндеШыңғыс қаған Мялиаг-тардың тойын тойлайтын. Бұл – қыстың тойы деп аталатын, - деп жазады.

ХҮІІІ. ӨНДІРІС ПЕН САУДА САТТЫҚ ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ

ІІ. Шыңғыстың 92 жылы моңғол жерін шарлаған Плано Карпинидің жол дерегінде: «Моңғолдың байларына қыс айларында ілгері өлкелерден тары, астық жеткізілетін. Кедейлері тері-терсек, тірі қойға айырбастап алатын. Және де, Қытай, Парсы қатарлы елдерден жібек маталар келетін. Орыс, Болғар, Башқұрт, Мажар. Қырғыз т.б. елдерден бағалы тері бұйымдар әкелінетін. Жаз айларында торғын-торқамен киінеді. Қыс айларында аңның терісінен жасалған киімдер киеді. Терілердің бірінің жүнін ішіне, келесісін 481 - Қазіргі қытай жері. 482 - «Номын цагаан түүх» - тарихтың ақ дәптері. ?.. 483 - Ай тола бастаған күн.

тысына қаратып, қабаттап киеді. Кедейлер қабат киімін ешкі мен иттің терісімен жасайды. Байлар киімінің ішіне жібек мата күседі. Кедейлердің киімі жұмсақ жабағыдан жасалады. Жабағының үштен біріне жылқының жалының қылын қосып, арқан, жіп еседі. Моңғолдардың әйел, еркектерінің киімінде айтарлықтай айырмашылық болмайды. Әйелдері үлкен дөңгелек керегелі, төрт қырлы биік төбелі,бір шынтаққа таяу биік, кейбірі бұдан да биік тымақ киеді. Оның төбесіне тоғыстың немесе өзге де сәнді құстардың қауырсынын қадап, меруерт, гауһар тастар мен жібек, мақпал секілді асыл бұйымдамен әшекейлейді. Бай әйелдер бағалы аңның терілерінен жасалған тымақтармен сәнденеді. Әйелдер еркектер сынды тақымына ат мініп, бір жағына қырындай тырады. Садақ, жебе асынады. Моңғолдың әйелдері босанғаннан кейін жатпайды. Кейбір әйелдер беттеріне опа, бояу қолданады. Теріні илегенде ешкінің ашыған сүтімен жібітеді. Сиырдың терісін түтінге кептіріп, әсем саба жасайды. Жылқының терісінен сәнді етіктер тігеді. Әйелдері сүттен май, құрт, ірімшік өндіреді. Малдың иленген терісінен жасайтын киім-кешек, бұйымдарды малдың тарамысынан ширатылған жіппен тігеді», - деп жазады. Және де, сол кездегі моңғолдардың шаруашылығы жөнінде: «Моңғолдың маплы әсте көп болады. Он түменнен астам әскерлер түгелдей екіден үшке дейін қосалқы ат жетектейді. Артыс, міністің бәріне қолдануға да жетеді. Қарапайым халықтың көші-қонындаесепсізмал айдалатын», - деп келтіреді. Осы жазылғандарға қарағанда моңғолдардың малға бай ел болғаны бірден аңғарылады. Демек, сол кездің өзінде мал шаруашылығы жоғары деңгейде дамыды деген сөз. Шыңғыс қағанның тұсында моңғолдар мал шаруашылығымен қоса, аңшылық өнерді де кәсіп етіп, қол өнері арқылы өздеріне қажетті бұйымдарды жасай білген көрінеді. Мысалы: Күнделікті киім-кешектен тартып, үй жабдықтарын өз қолдарымен жасап, соғыстың сайманқұралдарын, жүк тиегіштерді, дәлірек айтсақ, барлық соғыс құралдарын өздері жсап, қолданған екен. Сондай-ақ Шыңғыс қаған жаулап алған елдерінің ұста-зергерлерін ешқашан өлтірмей, оларды дұрыс пайдалана білгені себепті, сол кездің өзінде моңғол жұртына бөгде елдердің озық үлгілі өнері даму сатысына көтерілген. Соның нәтижесінде әскери құрал-саймандар мен халықтың күнделікті қажетін өтейтіналуан түрлі жабдықтар, көрікті бұйымдар пайда болған. Сол кездегі моңғолдар малдарының ет-сүтінауқат етіп, жүн-жұрқа, терісін өңдеп, күнделікті киім-кешек, қажетті жабдықтарына жарата білген. Соның үшін шетелдің бұйымдарын соншалықты қажет етпеген. Өз жерінен, өз малдарынан шығатынбайлыққа сүйеніп өмір сүрген.

ХІХ. ШЫҢҒЫС ҚАҒАННЫҢ ӨЗ ҚОЛЫМЕН ҚҰРҒАН ТӨР ҰЛЫСЫ

Шыңғыс қаған Орта Азияның төріне моңғол нәсілділер мен Моңғол ұлыстарын біріктіріп, шексіз қуатты Ұлы мемлекетті орнату арқылы

шығыста Гаоли484, ұлысы, батыста Үндістан өлкесіндегі Үнді дариясынан Кавказ тауларының түстігіне дейін, оңтүстікте Сар дария деп аталатын Қатын өзенінен ілгеріге дейін, солтүстікте Байқал теңізі мен Саян тауының сырт өлкелеріне дейінгі ұланғайыр жерлерді мекен еткен ұлт-ұлыстарды біріктіріп, Азия мен Еуропа құрлығының арасында бұрын-соңды болмаған алып мемлекетті биледі. Солайша аса маңызды тарихи ісімен Моңғол ұлысының атақ-абыройын күллі ғаламға паш етті. Сонымен қоса ол, Азия мен Еуропа құрлығындағы жасаған өзге де алуан түрлі ұлт-ұлыстардың алдында мәңгі өшпес маңызды істі атқарған адам. Шыңғыс қағанның ұзақ-ұзақ жолдарды жүріп, ат тұяғы жеткен елдерді біріктіруі – Азия мен Еуропа құрлығының халқына төр ұлыс, білім-мәдениет, шаруашылық, сауда саттықістерін екі жақты дамытуына негіз салып, зерттеушілер мен саяхатшыларға жол ашты. Мысалы: Күн шығыс елінен Елюй Чуцай сияқты ғалымдар шығыстың ұлы мәдениетін моңғол жері арқылы батыс елдеріне, сондай-ақ Ұйғыр, Сартуыл қатарлы күн батыс елінің ғалымдары Батыс Азия мен Еуропаның ұлы мәдениетін Моңғол, Қытай еліне таратты. Және де Шыңғыс қаған Азия мен Еуропа құрлығындағы елдердің әскери айла-тәсілдері мен қару жарақтарының қолдану ерекшеліктерін де өзара байланыстырып берді. Һәм екі құрлықтағы елдердің ғажайып өндірісінің құпия шеберліктерін бір-біріне дарытып, үлгілі өнер туындатты. Екі құрлықта қолданылатын алтын, күміс теңгелерді айырбастау, күнделікті саудаға енгізуісін де жолға қойды. Осылардың нәтижесінде сол кездегі Моңғол ұлысы Азия мен Еуропа құрлығының халықтарының нелер бір озық мәдениетін, төр ұлыстың, сауда қатынастың, білім, өнерлік үлгілерінің нақты нәрін өн бойына сіңірген қуатты орталығына айналды-мыс. Шыңғыс қағанның кезіндегі гүлденген моңғол ұлысының қуаты одан кейінгі таққа отырған Өгедей, Күйік485, Мөңке, Құбылай хандардың тұсында да өз маңызын жоймаған. Әуелі Шыңғыс қағанның кезіндегіден де кеңге етек жайды. Мәселен, шығыста Қытай, Тибет елдерін тұтасымен, Үндінің батысындағы Бам елін, Үнді Қытайды486, Үнді мұхиты мен Тынық мұхитының аралығындағы елдерді Филиппин аралына дейін біріктіріп және де Жипэн487 ұлысын қаратып алу үшін неше мәрте жорық жасаған. Батыс және оңтүстік батыстан Парсы, Орыс, Мажар, Болғар, Румын, Полша қатарлы елдерді біріктіріп, Антарктида мұхитының жағалауы мен Полшадан өтіп, Аустрия, Алманияның кейбір қалаларын жаулау арқылы атақ-даңқын арттырып жүріпті. Шыңғыс қаған әуелгі кезде Онон, Керулен, толы өзендерінің бойын орталық еткенімен одан кейінгі таққа отырған хандардың тұсында Қарақорұмға ұлы орда салдырып, соны астана еткен. Осы Қарақорұмдағы ұлы орданы бір кездерде Азия мен Еуропаның кіндік қаласы, моңғол ұлысының мәдени ошағына айналдырып, барша дүниені бағындырып тұрған.

484 - Корея. 485 - түп нұсқада Гүюг деп жазылады. 486 - Қазіргі Анам, Сиям қатарлы елдер. 487 - т.н.-да Жапон елін осылай жазады.

Құбылай білге қаған Қытай ұлысының құрамындағы түгел елдерді бағындырып алғаннан кейін ұлыс елін Ұлы Моңғол488 ұлысы деп атап, Қытай ұлысын басқарып тұруға қолайлылығын ойлап, қазіргі Бежін489 қаласын орнатып, ордасын сонда көшіріп, орналасады. Бұдан кейінгі өткен хандар да Бежінді астана етеді. Құбылай хан тегіннен білге, тура мінезді. Оның үстіне сол кездің шығыс білімін жетік игерген біліктілігінен моңғол мен қытай өлкесіне бейбітшілікті нығайтып, ұлыс-елді біліммен басқарып, көптеген жарғы, заң, салтанат шараларын орнату арқылы шын мәнінде шығыс елінде бұрын-соңды қайталанбаған істерді қолға алған тарихи тұлға. Моңғол ұлысының ең дәуірлеген кезі де, ең көп ел-жерді бағындырған шағы да Құбылай ханның тұсы еді. Бұл жөнінде Юан ұлысының толық шежіресінде: «Қытайдың алғаш ұлыс болғаннан бергі тарихында Юан ұлысының кезіндегідей кең байтақ өлкеге иелік құрған емес. Юан ұлысы Шанму490 өлкесінен қуат алып, Сиюй491 өлкесін біріктіріп, Батыс Ся ұлысын құрып, Нюижиді492 құлатып, Гаоли ұлысын көмекші етіп, Ішкі өлкені493 құрып, сонан дәриядан ілгерідегі494 жерге қоныстанғаны себепті дүниежүзі бір ғана топқа айналған. Юан ұлысы сияқты шексіз өлкеге билік құрған өзге ұлыс болмаған. Қытай ұлыстарыннан үлкен билікке ие болған Хань ұлысы мен Сүй ұлысы да, мұндай иелікке қол жеткізе алмаған. Тек Құбылай білге қағанның тұсында ғана түгел құрлықтарды біріктіріп, жақын маңайдан жау боп шабатын ұлыссыз, дүние тегіс тыныштыққа бөленіп, жүзден аса жыл ғұмыр кешкен, - деп жазады. Құбылай білге қаған Шыңғыс қағаннан кейінгі төртінші ұрпақтан хан болған адам. Осы Құбылай білге қағаннан кейін моңғолдың хандығы он ұрпаққа дейін жалғасқан. Жалпы Шыңғыс қаған дүниеден озғаннан кейін бір жүз қырық бір (141) жыл бойы Ұлы Моңғол ұлысы Қытай мемлекетін қол астына алып, аса мол қуатпен дәуірлеп тұрған. Ұлыстың соңғы қағаны Тоғантемірдің тұсында Қытай мемлдекетін Мин ұлысы тартып алады. Әйтсе де, Тоғантемір хан моңғолдың ата қонысына қайта оралып, Моңғолдың ұлысмемлекетін билеу билігін жалғастырған. Соның нәтижесінде тағы да он алты хан Моңғолдың төр билігін басқаруға мүмкіндік туады. Сөйтіп, Тоғантемірден кейін бір жүз жетпіс алты (176) жыл бойы Моңғол ұлысы жеке мемлекет болып тұрған. Бұдан кейін Моңғол ұлты ішкі, сыртқы екі ұлысқа бөлініп, жеке-жеке билік құруы себепті бастапқы күш-қуаты әлсірегенімен екеуі де өз билігінен, туған тіл, жазба мұрасынан, ата жұрт топырағынан қол үзбестен бір жүз қырық төрт жыл бойы ұлттық бітімі мен тәуелсіздігін қорғап, білім мәдениетін дамыту арқылы Манжұрия үстемдігіне дейін жеке-дара ұлыс-мемлекеттігін сақтап келген.

488 - Ұлы Юан. 489 - Пекин қаласы. 490 - терістік өлке. 491 - Батыс өлке елдері. 492 - Алтын ұлысы 493 - Ішкі қытай. 494 - Көк дәрия.

Моңғол ұлтының төр-ұлыстық қуаты мен тәуелсіздігі осылайша қзақ жылдарға жалғасуы шын мәнінде Шыңғыс қағанның мықтылығының жемісі екендігі ешқандай дау тудырмаса керек. Солай бола тұрса да, кейбір тарихшылардан шыңғыс қағанды қайтыс болысымен-ақ көп кешікпей (кебіреулері отыз жылдан кейін деп келтіреді.) Моңғол хандығы жойылып, құлдырау жолына түскен, деп жазады. Бұл дегеніміз – шын мәнінде Моңғол хандығының қалай дәуірлеп, қалай құлдырағаны жөніндегі қисынды есептен мақұрым, хандық мемлекеттің қалай құрылатыны жөніндегі заңдылықтардан бейхабар, надандардың айтқан шалағай сандырағы. Негізінен шыңғыс қағаннан кейін Ұлы таққа мұқрагер болған Мөңке ханның тұсында оның туыс-жұрағаттарының арасынан таққа таласушылардың шыққаны рас еді. Бұдан кейін Құбылайды хан тағына отырған тұста да, Моңғолдың кейбір басшылары Қарақорұмдағы інісі Арғабөкіні хан сайлап, әкесіне қарсы шабуыл ұйымдастыруға дейін апарған. Және де, жошы мен Шағатайдың ұлыстары да, жеке-жеке билік жүргізіп тұрған. Осындай себеп-салдардан ішкі жанжал етек ала бастаған кездер болған. Тарихымыз туралы сөз алған шетелдік кейбір ғалымдар Моңғол хандығын осы тұстардан бастап, құлдырағанға жатқызады. Шын мәнінде Мөңке хан мен Құбылай білге қағанның тұсында әлгіндегі айтылғандар сияқты қырқыс-талас туындағаны рас болғанымен бұл қақтығыстар моңғол хандығын құлдыратуға себеп бола алмаған. Мөңке хан мен Құбылай білге екеуі ондай кішігірім қақтығыстарға дер шағында тосқауыл қоя білген. Әрі ұлыс-мемлекетінің тәуелсіздігін күшейтіп, билік тізгінін нақтылап қолға ұстаған-ды. Моңғол хандығының әлсіреп, құлдыраған тұсы мен төр билігі нығайып, қуаттануы негізінде моңғол ұлтының ұлттық мемлекет құрып, дәуірлеген шағымен өлшенетіндіктен тәуелсіздік маңызы Қытайдың алып ұлысын бағындыруы мен бағындыруына да тікелей сабақтасып келеді. Және де, Моңғол хандығының әлденуі мен ілсіреуі Жошы, Шағатайлардың билігіндегі ұлыс-елдердің әрекетіне бағынбаған. Шыңғыс қаған өзінің атақоныс – Моңғол ұлысына ұлы Өгедейді билік жүргізуді мұрагер еткен. Соның үшін Шыңғыс қағаннан кейін Ұлы таққа иелік етіп, билік құрғандар Өгедей, Күйек, Мөңке, Құбылай хандар мен және де бұлардан кейін Ұлы таққа иелік етуші көптеген хандар екені даусыз шындық Жошының иелік еткен ұлыс-елдері шын мәнінде бір кездегі шапқыншылықтың табысы болатын. Сол себепті мұның әлденуі мен әлсіреуі Моңғол хандығының қуаттануы мен құлдырауына қатыссыз деп түсінген жөн. Әйтсе де, Жошы мен Шағатайдың иелік еткен ұлыс-мемлекеттері тым ұзақ жылдар бойы дәуірлеп тұрды. Олардың өз ішінен туындаған түрлі қақтығыстарды дер шағында жою нәтижесінде билік тағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, нақтылап айтсақ, моңғолдардың Манжұрияға бодан болған кезіне дейін жеткен-ді. Шындығына келсек, Моңғол ұлысы Қытай ұлысын соншалықты ұзақ жылдар бойы өз билігіне қаратудың да нақты мәні жоқ еді. Солай бола тұрса да, Қытай ұлысы ұлы мемлекеттің үстемшіл саясатымен Моңғол ұлысын

бодан етуді көздеп, ұдайы тыныштық көрсетпеген. Туған жер-суын, атақонысын қас-жауынан қорғаған моңғолдардың күресі Шыңғыс қағанның кезіне дейін жалғасып келіп, сол күрестің нәтижесінде моңғолдар жеңіске жетіп, ұлы Қытайды өздеріне бағындырып алады. Сөйтіп, моңғолдар Қытай ұлысының төр билігін тұтастай қолға алып, жүзден аса жыл бойы басқарушы міндет атқарған. Егерде, Қытай ұлысы солайша моңғолдарға үстемдік танытып, дүркіндүркін шабуыл дасап, мазасын кетірмесе, онда моңғолдар да оларды жаулап алуға құштарланбас еді. Сондықтан Моңғол мен Қытайдың арасында болған соғыс-жанжалды, әрі Қытай ұлысының бодандыққа айналуын тек қана өздерінің үстемшілсаясатының кесірінен туындаған іс екенін түсінген жөн. Бұл жөнінде кейбір тарихшылардан: «Құбылай білге қаған Қытай жеріне терең бойлап, қоныс тепкендіктен, ақыр-аяғында Моңғол хандығы төр билігінен айрылды», - деп келтіреді. Дәуірлеу шегіне жеткен дүние қайта құлдырауы – заңдылық. Олай болса, моңғолдар ғаламдағы ең көп адамы бар алып елді өздерінің аз санына қарамастан басып алып, әрі оны жүзден астам жыл билеу дегеніміз – күллі адамзаттың әрі халықаралық деңгейдегі ең үлкен жетістік екенін мойындау керек. Тіпті, қазірдің өзінде қуаты шарықтаған талай мықты мемлекттердің Қытай елімен тіл табысу үшін барлық мүмкіндігін жұмсайтындығы жасырын емес.Ендеше, Шыңғыс пен Құбылай қағанның кезіндегі іс-әрекетті бір жақты бағалап, оған сын айтудың қажеті қанша?! Керісінше, тартып алу, басып алу озбырлығымен әйгілі болса да, бар айласының Шыңғыс пен Құбылай қағанға жете алмағандығын аяныш етуіміз керек. Құбылай білге қаған Қытай өлкесіне терең бойлап, қоныстанғандықтан, Моңғол хандығы құлдырауға тап болды дегені жөнінде Қытайдың басымшылдық сезімімен ойлар болсақ, қай жағынан да бірдей болғанымен, әуелі қытайларды Қытай мемлекетінде басқарып, ұзақ жылдар бойы қуатын жоймай тұруы шын мәніндегі табысы екен. Соңында құлдырауға тап болған күннің өзінде, атақонысындағы моңғолдың ежелгі ел-жерінен айрылып қалмай, қайта өз елінде билігін жалғастыруы үлкен ерлік деп бағалануы тиіс. Тек, соңғы кездерде ғана моңғол ұлты жеке-жеке бөлініп, соның салдарынан Манжұрияның қол астына бағынуы Құбылай білге қағанның қателігінен емес, сол кездегі моңғолдардың әлсіздігінен, елін-жерін, діні мен ділін қорғап шыдай алмаған шарасыздығынан болған нәрсе. Моңғолдардың адамының саны аз бола тұра, оңы мен солындағы иеленген жері ұшы қиырсыз. Кейінгі ұрпақ оның іргесін қорғап, бірлігін сақтап тұруға тіптен қиын болғаны себепті, Шыңғыс қаған да солайша батыс жақтың қаупін батыс жақта, шығыс жақтың іс-әрекетін шығыс жақта басқартқаны үшін, Құбылай білге қағанның да ұлыс астанасын Қытайға орналастыруы Қытайдың қаупін Қытайдың өз ішінде жөнге салудың амалы болған. Әрі атақоныс моңғол ұлысына қандай бір дау-жанжал жасатпастан қорғаудың ғажайып жолын ұстанған. Моңғолдың кең байтақ өлкесіне біздің қазіргі кезге дейін сырттан қандай бір суық қарулылар жоламай, бөгделер басып кіріп иеленбей, сол баяғы еркін байтақ қалпында сақталуының өзі бабалардың

ақыл-ойының арқасы екенін ұғынған дұрыс. Тек бұдан кейінгі кезеңдерде оны қалай сақтап қалудың амалы келер ұрпақ пен біздің мойнымызға жүктеліпті. Бабаларымыз бізге сан мыңдаған жылдыр бойы атақ-абыройымен үлгі етіп, осынау байтақ өлкені сыйлағаны себепті, біз де кейінгі келер ұрпақтарымызға үлгі боларлықтай өнегелі мұра қалдыруға міндеттіміз. Әрі, дүниеде Моңғол аталатын ұлыс-мемлекеттің қаншалықты ұзақ жылдарға жасауын бір жақты етіп, түбегейлі шешіп беру міндеті де бүгінгі біздерге анықтап айтсақ, әрбір моңғолдың алдына өзін моңғол санайтын кез-келген адамның бүгіні мен болашағы жайлы ойланып, толғанатын нақты ісі шын мәнінде осы төңіректе болуы тиістігін ақыл-есі бар әрбір адам көкейіне алатын шағы да келгендігін ұмытпауы қажет. Және де, кейбір тарихшылардың жазбаларында: Құбылай білге қаған мен одан кейін билік ұстаған хандарды Қытай мәдениетіне шексіз кірігіп кетті, деп сөгіс айтады. Демек, Құбылай білге қаған мен одан кейінгілер Қытай мәдениетіне көзсіз мойынсұнып, кіріккендігі шын болса да, сол кездегі күллі шығыс өлкесіндегі ең озық, үлгілі де, қоспасыз мәдениет саналатындықтан, моңғолдардың да білім-мәдениетіне пайдалы ықпал келтірген. Әйтсе де, Құбылай білге қаған мен оның мұрагерлері түгелдей өз кезектерінде қытай мәдениетіне бас ұра бергені тағы жоқ. Сонымен қоса өз ұлттық мәдениетімізге де нақты көңіл бөліп отырған. Мысалы: Құбылай білге қаған қандай бір салтанатты іс-шараларды өткізу, заң бұйрықтар шығару кезінде моңғолдыңәдет-салтын басшылық етіп, ұлыс билігінің басшыларын неғұрлым моңғол, ұйғыр ұлтының адамдарынан таңдаған. Қалың аймақты өлкелер мен сиан жоу басшыларын моңғол адамдарынан сайлаған. Қытай ұлтының адамдарын бұлардан төменгі билікте ғана ұстаған. Мұның сыртында Шыңғыс қағанның өзі төр-ұлысының ісіне ұйғыр жазуын қолданғандығын Құбылай қаған іс қағазына жарамсыз деп танып, ұлттық төрт бұрыш жазуын жасатып, ұлыс бойынша қолданысқа енгізген. Мектепмедреселерде төрт бұрыш жазуды үйреткізіп, оған моңғолдың балаларын көптеп қатыстырған. Және де, сол кездегі тағы бір ерекшелік, моңғолдың хандары Шыңғыс қағанның аманат-өсиетін сақтап, моңғол мен ұйғырлардан әскери басшыларды тағайындап, Шыңғыс қағанның қайын жұрты қоңыраттан ханым алатын салты болған. Осылайша байырға хандарымыз ұлттық қасиеттерді ерекше қастерлеген. Тарихшылардың тағы біреулері: «Құбылай қаған ыдыраудың есігін ашқан», - деп жазады. Құбылай қаған Мөңке ханның туған ұлы. Шыңғыс қағанның көзі тірі тұрған кезден бастап, ұлыс ісіне араласып, Қытай, Тибет сияқты Азия құрлығындағы үлкенді-кішілі көптеген ұлыс-мемлекеттерді бағындырған білікті қолбасшы, әрі Шыңғыс ұрпақтарының ішіндегі ақылойымен де ерекшеленетін тұлғалардың бірі болған. Білім, мәдениетті басқару ісіне де жетік болғандықтан, хан ұрпағынан таңдалып, таққа отырған. Сөйте тұра бір топ адам Құбылайдың інісі Арғыбөкіні хан сайлап, бір-бірімен жауластыруға дейін барған себепті, бір елде екі хан болмайтынын ескеріп, әрі хан тағының мұрагері Құбылай өзі болғандықтан шарасыздан інісі Арғыбөкіге қарсы ұрыс ашады. Бұл ұрыстың бір ғана Құбылайдың дегенімен

емес, түгел ұлыстың шешімімен болғаны белгілі. Қандай бір ұлыс-мемлекетті құру барысында мұндай әрекеттер көптеп кездесетіні себепті тек бұл үшін Құбылайды бір жақты сынап, қателестіруге болмайды. Сондай-ақ Арғыбөкінің қаншалықты білімді, қандай мінезді адам екені жөнінде де нақтылы дерек ұшыраспайды. Соған қарағанда , егер ол хан тағына иелік еткен жағдайда дәл Құбылай қаған сияқты біліктілігіне сүйеніп, ұлы Қытай елін өзіне бағындыра алады, моңғол ұлтының да көсегесін көгерте алар еді, деп нақты айта алмаймыз. Шын мәнінде моңғол мемлекетінің ұзақ жылдар бойы қуатын жоймай дәуірлеп бүгінгі күнге дейін моңғол ұлтының бейбіт те, тыныштықта өмір сүріп келуінің өзі білікті де, білгі қолбасшылар Шыңғыс қаған мен Құбылай білге қағанның жасаған істерінің нәтижесі екені сөзсіз. Шыңғыс қағанның ұлыс-мемлекеті үшін айтқан өсиетінде:

«Алтын денемді тынық етсем, Алып төрім уыстан кетер. Тұла бойымды тынық етсем, Тұтас ұлысым сандалып кетер. Алтын денем қажыса, қажысын, Алып төрім уыстан кетпесін! Тұла бойым шалдықса, шалдықсын,

Тұтас ұлысым шашылып кетпесін!», - деген сөз бар. Шыңғыс қаған осылайша алып күш, алысты болжаған қуатымен Моңғолдың төр мемлекетін мәңгілікті жойылмас етіп, берік орнатып шыдаған. Моңғолдардың көнеден бергі мекен еткен жері шығыста Хянған тауына дейін, батыста Тәңір тауы, Іле өзеніне дейін, солтүстікте Байқал теңізіне дейін, оңтүстікте Аққорғанға дейінгі аралықты құрайды. Шыңғыстың атабабалары онон, Керулен өзендерінің бойы мекен етіп, Тайшұт, татар, қоңырат қатарлы өзге ұлт тайпалары олардың шығыс және оңтүстік жерлерінде қоныс тепкен. Ілгеріде Аққорғанның сырт өлкесін оңғұт дейтін ақ татарлар, селенге жағын Кілге өзеніне дейінгі аралықты меркіт тайпалары, Байқал теңізі мен Барғұжын маңында бұраттар, Толы өзенін керей тайпасы, Алтай тауларын найман тайпалары мекенденген. Баыс және солтүстік батыс өлкелерін ойрат, дөрбет, ұраңқай, қазақтар мекендейтін. Және Іле, Тарбағатый, Тәңір тауы, Тарым өзенінің бас сағасы, Қотан, Жәркен, Қашқар, Ыстық көл, Іле өзендерінің бойы ерте кезде моңғолдар қоныстанған жерлер. Әсіресе, Қара Қытан (Дайляо) ұлысы мекенденген жерлер деп айтылады. Шыңғыс қағанның орнатқан төр мемлекетінің баяны осылайша тым ұзаққа созылады. Біз соның белгілі мөлшерде қысқартылған баянын ғана сөз еттік. Шыңғыс қағаннан кейінгі таққа отырған үлкенді-кішілі көптеген хандардың мұрагелері мен Шыңғыстан соң моңғолдың төр мемлекеті қалай дәуірлеп, қалайша әлсірегені жөніндегі толық тарихты бұдан кейінгі екінші кітапта анығырақ жазылмақ себепті, бұл жолғы сөзді осымен тәмәм етуді жөн санадық. Шыңғыс қағанның ұлы тағына үшінші ұлы Өгедей хан мұрагер

болғанымен, төртінші ұлы толұй шартты мезгілде хан таңбасын ұстаған. Осы жөнінде де, үшінші кітапта сөз етеміз. (Соңы)

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙