Алма бағында
Мұхтар Әуезов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Қазақтың заңғар жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы XX ғасырдың қайталанбас құбылысына айналды. М.Әуезов шығармаларында халықтың тыныс-тіршілігін, арман-мақсатын, тарихи болмысы мен бүгінгі келбетін көрсетіп берді. Алғашқы жылдары жазылған көркем туындыларында елдің тұрмыс-т...
Алма пісер шағында
Үш актылы, алты суретті пьеса
С а м а т – өсімдік жайын зерттегіш институттың директоры, жасы 25-те.
Ә с и я – әйелі.
Әли – Саматтың ағасының баласы, аспирант.
Рая – Әсияның ағасының қызы, оқуды жаңа бітірген маман.
К а т я, Зура, Ж ұ п а р, F а й н ы ш, X а л и л, Қ а с ы м – бәрі де жазғы тәжірибеде жүрген студент, аспиранттар.
С ә л і м – Мәскеу институтының аспиранты.
Қ о р д а б а е в Д ә у к е ң – ескі қызметкер, Саматтың жақын туысқандарының бірі, конақ.
Р а б и ғ а – әйелі.
Ж ә к е ң – қызметкер, Дәукеңнің жолдасы, о да қонақ.
Ж а з е к е ң – әйелі.
А п а – Әлидің шешесі, қонақ.
К ө р п е б а й – бақтың күзетшісі.
X а с е н – ғылым қызметкері, Саматтың жолдасы.
Мария Ивановна – әйелі.
І АКТ
Бірінші сурет Алма бағы. Жас ағашты алма-жеміс бақшасының жаңа көгеріп, жайнап келе жатқан шағы. Ағаштардың ара-арасы көк шалғын. Сахнаның орта тұсында тұрған бір қалың бұтақты алма ағашы аз-аз сілкініп тұрады. Соның бұтақтарының арасынан Раяның беті көрінеді. Қасында Әли. Екеуі де жақсы киінген. Ағаштың екі жағында биік басқыштарда тұрып, жұмыс істеп тұр.
Бірінші көрініс
Р а я (ағашқа). Тіршілікке соншалық құмар, қомағай.
Ә л и. Өзімізге тартқан болар ма әлде, Раечка?
Р а я. Иә, сенше алма ағашы өзіміздей, өзіміз алмадаймыз да. Ешқайсымызда мін де, мүлтік те жоқ қой.
Ә л и. Дәл бүгін бағымызда мін жоқ.
Р а я. Мінсіз деп берік байлама!
Ә л и. Ендеше, алма кемшін де, өзіміз кемел шығармыз?
Рая. Әй, білмеймін-ау, ең болмаса бізден гөрі өз күшіне сенімдірек те мықтырақ болмаса...
Ә л и. Өзімізді өзіміз тіпті жақтырмай қалыппыз ғой, Бұл қалай? Р а я. Ойлап көрші, бұнда біздікіндей Апа да, Дәукеңдей аға да, толып жатқан жеңге де жоқ. Өзінен басқа сүйенері де, сенері де жоқ қой!?
Ә л и. О не дегенің?
Р а я. Дегенім сол. Сенің мына жаңа келген туысқандарың мені сынағыш, мінегіш, тіпті аңдығыш та боп барады. Аузымды ашсам сөзімді бағады. Аяқ бассам ісімді, мінезімді мінейді. Өз араларында сүйреңдеген сөзі де көп сияқты.
Ә л и. Ой, тәйір-ай, бәрі де бір болымсыз қазақшылық мінездер ғой.
Р а я. Қазақшылық дегенің мінегенің бе? Жоқ, мінін бүркегенің бе?
Ә л и. Елеп-ескеруге тұрмайтын ұсақ ескілік дегенім.
Р а я. Қазақшылық біздің қазіргі жағдайда көбінесе сана-сезімнен кетпей жүрген ескілік қалдығының жалпы аты. Әли. Мен болсам, жақындардың жаманы бізге жұқпас, тәуірі болса біз де үрікпеспіз дер едім де қояр ем. Р а я. Тәуірі: баяғы феодал семьясының үлгілі келін, үндемес қатыны жасап шығару ғой. Ол жерге аяқты байқап басулары керек болар дейім. Осының өзі қалай, осы, Әли? Осы жерде өзің қалайсың осы, ә?
Ә л и. Тым құнтсыз, жаман болмаспыз әлде!
Рая. Неліктен солай дейсің?
Ә л и. Сен мені таңдадың ғой... Құнарсызын таңдап алайын деген жоқ шығарсың. Р а я (күліп, арқаға қағып). Дәлелің шебер. (Көрпебай байпаңдап, ақырын әндетіп шығады, ағаштар түбін тазалап жүр. Қолында сыпыртқысы).
Екінші көрініс
К ө р п е б а й (Бұлаңдап, әндетіп). Әй-гөй, әгә-гөй, әгәй, әгәгөй-ау!
Заулатып мен келемін Көрпебайың,
Ішінде қозы-лақтың серкебайың.
Жерінде бау-бақшалы өлеңдеткен,
Көйлек көк, тамағы тоқ ерке байың.
Әгә-гәй-гәй, әгә-гәй-гәй.
(Раяларға қарай ойнақылап жақындайды.)
Р а я. Ағай, қалай, бүгін көңілдімісің?
К ө р п е б а й. Мәзбін. (Аузының дәмін алып.) Тәтті, тым тәтті.
Ә л и. Иә, неменеге түшіркендің?
К ө р п е б а й (Раяны иығынан сипап). Білем, мен білем. Бүгін Балбала ұзатыла... (дей беріп Раяға қарайды.)
Р а я. Тағы ескіңе бастың ба?
К ө р п е б а й. Ұзатылмай, үйленеді.
Ә л и. Онда мені қарық қылдың.
К ө р п е б а й (Әлиді сипап). Майда қоңыр ма? Майда қоңырым тегін емес бұным. Жат жаладан кісі жоқ екен, екеуіңе ғана айтайын, осыларың тапқан ақыл... Әй тәтті, неткен тәтті.
Р а я. Әй, аға!
К ө р п е б а й (ағаш түбін тазалап кетіп бара жатып). Әгәгай-гай, әгәгөй-гөй. (Кетеді.) Жастардың "Әли! Рая! Раечка! Әли! Ау-у-у!" деп үн салып жүрген дауыстары естіледі. Әли. Ал, Раечка, жолдастар келеді. Сен солармен осы ағашты қарастыра бер. Мен ана жақта үлкендер келмеді ме екен, біліп келейін. Р а я. Бар, бірақ тез қайт. (Әли кетеді. Катя, Халил, Касым шығады, қолдарында басқыштары, қайшы, аспаптары. Рая ағаштың артына тығылып, айнала береді).
Үшінші көрініс К а т я. Рая?! Ау-у-у! Раечка! (Ағаштан өтіп кеткенде Рая артынан шығып "ау-у-у!" дейді, күлісіп құшақтасады. Катя мен Қасым, Халил де ағаштарға шығып, жұмыс істей бастайды.) Раечка, мен сен үшін қатты қуаныштымын. Р а я. Рахмет, Катенька... Бірақ менің күдігім тіпті көп. Осы тегі жақсы ма, дұрыс па өзі? К а т я. Әрине, не сөз болушы еді? Бәрі де бір түрлі тамаша, сұлу. Шат дүние, лепірген жүрек. Қарашы, мынау айналамыздың өзі қандай сұлу! Не деген рахат, қандай тамаша бақ, біздің алма бағымыз...
Р а я. Бақ деймісің? Менің бақ турасындағы күдігім де мол-ау!
X а л и л. Е-е, баққа не қыл дейсің?
К а т я. Бақ не жазыпты?
Қ а с ы м. Бәсе, өзің өнеріңді күйеуге тиетін күніңе сақтап жүр ме едің? Бұ неменең? Айтсаңшы жаңалығыңды!
Р а я. Мәселе сол, менің әзір күдігім болғанымен тап басқан ұсынысым жоқ. Қ а с ы м (Халил екеуі қоса күліп). Уа, ендеше той өтсін. Шіркін, толқыған көңілдің шалқыған бір тасқыны екен. Тәңір берсе сабасына түсер. (Ғайныш жүгіре шығады.)
Төртінші көрініс
Ғ а й н ы ш. Әй, қыздар, балалар, сендерге мен бір тамаша жаңалық айтам. Бізге Мәскеуден бір жігіт, бір қыз келеді. Осында тәжірибеге келіпті.
Р а я. Немене, студенттер ме, аспирант па екен?
Ғ а й н ы ш. Жігіті аспирант, ал енді өзі бар ма, бір түрлі сұлу, тамаша.
Қ а с ы м. А-а, қойшы, менен де жақсы ма екен?
Ғ а й н ы ш. Сен бе, дәл оның жанында бар ғой, сен тіпті еркек те емессің! Бірақ көңіліңе келмесін.
Қ а с ы м. Өй, мүрдем кет...
F а й н ы ш. Рас-ей, киімі, түрі, өзін-өзі ұстауы бір түрлі ерекше.
Қ а с ы м. Қасқаң қылт еткізбейді-ау. Дәу де болса, қызығып келдің ғой. Құдай кәнікей, шыныңды айтшы!
F а й н ы ш. Шын, Қасымтай, жіп тақтым, менікі!
Бесінші көрініс
F а й н ы ш. А, тоқтаңдар, әне, әлгі мәскеулік жастар келе жатыр. (Жұрт бұрылады.) Бері, бері қарай жүріңіздер, жолдастар! Біз мұндамыз! (Алыстан Сәлім, Зура, Әли көрінеді. Сәлім ағаштарды аралап келеді.) Өзі бағанадан бері бақты аралап жүр! С ә л і м (алысырақта әрбір ағашты қарап). Апорт, лимон, сувислеппер, Лансбергтің ранеті ғой, сары белплер! Иә. (Жақындап келеді.)
Ә л и . Мына соңғы екеуі экспортқа кететін сорттар.
С ә л і м. Иә, солай деңіз.
Р а я (Сәлімді танып). Сәлім! (Қолыңдағы гүлі түсіп қала жаздайды, өзі ұстап қалады.) С ә л і м. Рая? (Келіп амандасып, өзгелерге.) Жолдастар, танысайық. Мына кісі Зура, Мәскеуден әдейі осында бірге келген жолдаспыз. (Жағалай танысады.) Рас-ау, біз келгенде "с корабля на бал" дегендей той үстіне келсек керек, ә? Қуаньпп-қызық қайырлы болсын. Жаңылмасам, Бұл мерекенің бір себепшісі сізсіз ғой, Әли? Ал, екінші жағынан кім десем екен? (Тым-тырыс.) Мен мұнда өзге жолдастармен бұрын таныс емес едім, әлде маған сіз жәрдем етерсіз, Рая?
Р а я. Жәрдем ет десеңіз етейін де, "мен" дейін.
С ә л і м. А-а? (Тоқтап қап.) Солай ма еді? (Тым-тырыс.)
Д ә у к е ң (жақындап). Е, Рая шырағым, бұл жігітің кім? Бұның не қылған Евгений Онегин өзі, ә? Р а я (ыза боп). А, сіз солай дейсіз бе? Бәлки, дұрыс бастаған боларсыз, Дәуке... Ендеше, бұл кісінің Татьянасын да тауып берерсіз? Д ә у к е ң. Жолы болсын жігіттің. Татьянасы өзі-ақ оралар! Қайда кетер дейсің. Р а я (Сәлімге). Қысқасы, мына кісі берген жаңа рөліңіз қайырлы болсын, Сәлім. С ә л і м. Жалғыз-ақ, қайырлы болуы үшін пистолетсіз, дуэльсіз болсын, Рая, мақұл ма? Р а я. А, жақсы айттыңыз. (Екеуі күліп, Дәукеңе сырт қарап кетіседі. Дәукең ашуланып тайып кетеді.)
К а т я. Ал, жолдастар, жаңағы ән қайда?
F а й н ы ш. Халил, әнші!
X а л и л. Мен басын ұмытып қап тұрғаным.
Қ а с ы м. Ал, ендеше, "бағыстан". (Әлиді қолтығынан алып кеп, Рая екеуін ортаға шығарып, өзгелері айнала жүріп әндетеді.)
Хор (әні).
Үлпілдек ақ балапан гүлім қандай,
Шадыман әнге басқан күнім қандай!
Маңғыстап асқар-асқар өмірімнің
Қысы жоқ, ен өрісі жылығандай.
Қайыруы:
Біз танбаймыз шабыстан,
Тусын табыс табыстан.
Жайнай гүлде, бағыстан, бағыстан!
Қуанышты қызықтай да білетін,
Тең достардың сұлу, таза ниетін.
Құрметпенен, шыныменен қадірлеп,
Біз боламыз шат жүзбенен күлетін.
Жаңғыр, біздің бағыстан,
Бақытқа қол алысқан
Екі жаспен табысқан, табысқан!
Бақытты бол, өмір болсын гүлстан,
Сүйген сергек, нәрін ұқсын гүлстан.
Таптым ғой деп қалғып қалмай орнында,
Қанат қосып, беттеп ұшсын гүлстан.
Күтеді сізден гүлстан,
Күндер өтсе жылысқан.
Гүл атады деп гүлстан, гүлстан!
Соңғы қайырманы айта жүріп, кезек-кезек Рая мен Әлидің қолдарын қысады. Ән біте бергенде Көрпебай жүгіре басып шығады.
Алтыншы көрініс
К ө р п е б а й (секіріп, екіленіп айқайлап). Агагөй, агагөй, әгәгөй, әгөй, әгәгөй-ау. (Жастар күліп ортаға алады.)
Қ а с ы м. Көшелі кісі-ау, қайырлы болсынды қалай айтады?
К ө р п е б а й (байпаңдай басып, сұңқ етіп әндетіп).
Ал ендеше мен келейін Көрпебайың,
Ішінде қозы-лақгың серкебайың.
Екеуің үбірлі де шүбірлі боп,
Жаудыр көз егіз қозым айналайын.
(Жастар "жігіт, маладас, кашайт, кашайт" деп кеп көтереді.)
Өй, "шонданайым сынбасын", "өй, шонданайым! Шонданайым!" (Жұрт тоқтайды). Ал енді Балбала жақсы-ы. Майда қоңыр сай... Қандай тәтті. (Кете береді.)
С ә л і м. Опырай, Рая, осылай екен, ә? Мен бұны күткен жоқ ем...
Р а я. Мен де көрем дегем жоқ ем... Қалай өзгергенсіз?
С ә л і м. Мені қойыңызшы, өзіңізді айтсаңызшы. (Тым-тырыс.) А, мен бақтарыңызды түгел аралап шықтым.
Р а я. Иә, қалай екен?
С ә л і м. Ренжімесеңіздер, алған әсерім онша емес. (Жастар қоршайды.)
X а л и л. Иә, мәнін айтарсыз?
С ә л і м. Мәні сол-ау... Мен мына горсовет дачасының жанындағы Воронин деген шалдың бағын көріп ем. Мына бақтың болашағы содан қара үзіп кетпей ме, қалай? К а т я. А, сіз Мичуриннің белпер — рекорд деген бірінші сорт выставкелік алмасы қайдан шыққанын білесіз бе? С ә л і м. А, Недзведский алмасына анисовканы араластырудан тапқанын айтпақ шығарсыз... Ә л и. Ендеше, сол Недзведский осы Алматының Ворониндей-ақ шалы болатын (Жастар күледі.) С ә л і м. Ол мысалы сіздерге пайда бермес, қайта маған дәлел болар. Мәселе Недзведскийдің алмасында емес, Мичуриннің гибридизацияларында, ғылыми әдісінде шығар. Х а л и л. Қалай да Недзведский, Ворониндер тәжірибесі де соншалық мұрынын шүйіре қарап, далаға тастай салатын тәжірибе болмағаны ғой.
С ә л і м. Ондайлар миллион, а Мичурин әзірше біреу-ақ, Д ә у к е н (Халил мен Касымға). Ой, мынауың не деген нығыз неме өзі? Бойлауығын байқаймысыңдар?
Х а л и л. Әй, бір фантазер шығар.
Қ а с ы м. Е, жаңа келген арын ғой. Әуелде өстіп кердеңдеп кекжектей келмесе, іші кебеді мұндайлардың. Ә л и. Сіз жаңа адамсыз ғой. Көргеніңіз тегі Воронин бағы мен біздің бақ қана болар. (Халилдер күледі.) С ә л і м. Жоқ, біздің келгенімізге бірқыдыру болған еді. Біз Алматы тауларындағы жайын алмаларды да және сай саласындағы мәдени деген бақшаларды да тегіс аралап шығып ек.
Ә л и. Онда бұл жердегі зерттеушілермен әңгімеңіз аз болғаны ғой? С ә л і м. Оншасын өздеріңіз топшыларсыз... Мен Мичурин бақшасында бір жылдық тәжірибеде бола жүріп, Қазақстанмен байланысымды да үзбеп ем. Және біздің Наркомземнің тапсыруы бойынша Мичурин институтымен бірге, Қазақстанға арналған алма өсіру планын жасасып әкеп ем. Кеше Наркомземде баяндама болып, ұсыныстарымызды қабылдаған еді. Менің баяндамамда Самат ағай да болған. Зерттеушілер де аз емес еді. Сол мәжілістің артынан Самат ағай осында істеуге ұсыныс жасап, әдейі алып кеп отыр. Р а я. Ә, Самат ағам ба? Онда әңгіме басқа болды. Бәсе, мен білген Сәлім осылай болса керек еді ғой. Д ә у к е ң. Е, алдың әні ұсына бастады де. Біздің келін жарықтық алдымен жапырылды ма? F а й н ы ш (Бұларға). Шынында өзі тегін емес. Кісіні еріксіз тартатын бірдеңесі бар. Оригинальный жігіт. Қ а с ы м. Әй, сіз де маман-ақсыз-ау, жазған, жұрт басқаны айтса, сіз қалқаны айтасыз, ә!?
F а й н ы ш. Ой, сөзің құрсын... Жаман деші, кәне...
Д ә у к е ң. Сен де бейімдейін деген екенсің ғой! Айтам ғой, әлі талайың-ақ күйісіңнен жаңыларсың. Бұ да біздің Раяның ізіне тартсын... X а л и л. Раяның әрқашан осындай бір жаңа сөз, жаңа позыға әуесі қалмайды. (Жұпар келеді.)
Жетінші көрініс
Ж ұ п а р. Ей, қыздар, ей жігіттер, тоқтаңдар (Жұрт аңырады). Бүгін кешке той. Бөтен кісілер, әр алуан адамдар және үлкен ағайлар болады. Ұятты болып қалмайық. Шынды айтысайық. Мұнда бөтен кісі жоқ. (Сәлім мен Зураға.) Сіздер де енді біздің коллективтің адамысыздар. Пакрайнемер өз арамызда жеңілтек болмайық.
Қ а с ы м. Ал құп, болдың ба?
Ж ү п а р. Біреуге біреу ие болсын.
К а т я. А, бұл да дұрыс.
Ғ а й н ы ш. Ендеше, мені осында бір жігітке прикрепит қыл өзің, әйтпесе кіммен билеймін? Міне, қызық.
Қ а с ы м. Бәрекелді, дұп-дұрыс, енді қайтсін?
Ғ а й н ы ш. Ал болмаса, маған сен ие бол, Қасым!
Қ а с ы м. Бірақ менің өзім де не ғой... Етегіме намаз оқыған кісі емес ем ғой. Жайды өзің білесің ғой. Өзім де бәлен батыр мықты кісі емес ем. Екеуміз қосылған соң бір қып-қызыл шатақ пәле боп жүрмесе? Ғ а й н ы ш. Қорықпай-ақ қой, кешті көңілді өткіземіз, Қасымтай! (Бидің ишаратын жасайды.)
Қ а с ы м (о да былғаңдап). Ендеше мен де сені бек жақсы көрем.
Ж ұ п а р. Жолдастар, айттым, бастарыңды жоғалтпаңдар.
Шұбар топ болып үлкендер шығады. Ортада Ала, қасында Рабиға, Жәкең, Жазекең, Әсия.
Сегізінші көрініс
А п а (Рая мен Әлиге қарай жүріп). Қарақтарым-ау, ең болмаса бүгінгідей күні бізге келіп жүздеріңді көрсетіп, сәлем беріп кетсеңдерші. Сендердің қызығыңа келген мынау қонақтар, үлкен аға, жеңгелерің өздері іздеп жүріп зорға тапты. Олары несі екен жаман немелердің?
Ж а з е к е ң. Ал бәлем, екеуіңе сөгіс те айтсын...
Р а я. Жаманы нес? Түсінбеймін. Біз әзір той тойлап жүргеміз жоқ, жұмыс істеп жүрміз, несі жаман?
Ә с и я (күліп). Әй, тентек, шошыма!
Р а я. Ондайды мына мәнді бала Әли түсінсін. Мен... (Сәлімге бұрылып.) Сіз жаңа Әлидің атын айттыңыз, бұрын таныс па едіңіз?
С ә л і м. Жоқ, Раечка, менің алғаш көргенім осы.
З у р а. Сіздер осы таныс боп шықтыңыздар, ә? Көптен таныс па едіңіздер?
Р а я. Біз рабфакты бірге бітіріп ек.
С ә л і м. Иә, ол кезде көп жылдық жолдас едік,
Р а е ч к а. (Бұлар үлкендерді елемей, сырт қарай береді.) З у р а (Жұпар мен Катяға). Жә, жолдастар! Бір көлденең мәселе. Осы сіздерде спорттан ештеңе бар ма, жоқ па? Ж ұ п а р. Ә, спорт дейсіз бе, тоқтай қалыңыз. (Қолындағы мелкокалиберканы ала қойып, шетке қарап.) Мынаң қараңдар! (Сығалап.) Бара жатқанда... топшыдан! (Атып қалады, жұрт сүйсінеді.) Дрозд!
Д а у ы с т а р. Уах, Вильгельм Тел!
– Ойбай, құралайды көзге атады. Құламерген.
— Дәл топшыдан тиіпті. Ұшып бара жатқанда түсіреді.
Ж ұ п а р. Алма бағының зиянкесі. (Зураға.) Мінеки, жаман-жақсы болса да Ворошилов стрелогі деген атымыз бар еді...
З у р а (Катяға). Сіз ше!
К а т я. Мен альпинискемін. Былтыр мынау Алматы биігін алған екі жүз комсомол жайын естіп пе едіңіз?
З у р а . Бәрекелді, әбден естігем.
К а т я. Сондағы бастаушы топтың ішінде біз де бар едік. Ендігі арманым Хан тәңірі... Ал өзіңіз? Өзіңіз кімсіз?
З у р а . Мен парашютистка едім!
К а т я. Тамаша! Ойбой, онда ер екенсіз ғой!
З у р а . Мәскеуде затяжной прыжокке әзірленіп жүр едім.
Ж ұ п а р. Бек жақсы.
Р а я (Сәлімге). Ендеше сіз біздің бақ туралы жалпы алғанда не айтар едіңіз? С ә л і м. Мен білсем, метод өзгеріп, жаңағы өзіңіз айтқан масштаб ұлғаю керек.
Рая. Міне, бұныңыз дұрыс.
Ә л и. Иә, біз оқушымыз, оқушымыз ғой...
Қ а с ы м. Ұстаздық сөзге құлақ қақпас, көнбіс боп үйренгеміз де...
Р а я. Әли, Қасым! О не қылған қырларың?
Ә л и. Шама-шарқымыз сол-ақ дегеніміз ғой. Масштаб дейді ғой!..
X а л и л. Оқушы болған соң оқиды да сол.
С ә л і м. Бір күңдегі оқушы тағы бір сатыда оқытушылыққа айналуға міндетті болар. Оқуды мәңгі оқушы боп қалу үшін оқымаған боларсыз... Ж а з е к е ң. Ал, іздеген жастарды көріп көзіміз қанды дейміз де. Одан арғысын қайтеміз, солай ма, апа?
Ә с и я. Одан арғыңыз не?
Ж а з е к е ң. Тек айтам-ау, келін. Сорпамыз қосылып жатқан жоқ деймін де. (Күледі.)
Бұлар бақты аралайды.
X а л и л. (Сәлімге). Сіз әлде біздің бақта да Мичурин сорттарының бәрін егу керек демексіз бе? С ә л і м. Мичуриннен оның зор масштабын үйрену керек демекпін. Мичурин генерацияларының мағына-мақсатын түсініңіз. Әсіресе одан Отан қамын жеп, Отанды сүюге үйрену шарт.
X а л и л. Иә, уран үлкен екен.
С ә л і м. Ол уран да, программа да болады. Болмаса Алматыда апорттың, Поволжьеде анисовканың жақсы шығатынын кім білмейді. Д ә у к е ң. Шырақтарым, мен бұл шөп-шар маманы емеспін. Бірақ осы сіздер жаңа генерация дегендерді айттыңыздар, бұларыңыз осы өзімше шағылыстыру мәселесі ғой. Мен мына жердегі қой совхозынан сол генерацияның онша дамымай жүргенін естимін-ау. Ал анау Кіші жүзде Кердерінің ішінде кер кеткен бай Еділбай деген бопты-мыс. Қазір біздің совхоздардағы жақсы қойдың аты Еділбай. Онан соң мынау Шу бойында болған кәдімгі қи табан Үйсін өсірген бір қой, тағы сол совхоздардағы екінші жақсы қой – "Шу қойы" деп аталады екен. Ал әлгі ағылшын, немістен келген шошқа қоймен шағылыстырғанда бірінші генерациядан арғысы қиқы-жиқы боп кетеді дейді. Тегі Еділбай, неміс қырық пышақ боп үйлесе алмаса керек. Енді байқасам, осындағы мына апорттың да сол өзіміздің жағдайдың дүмбе байы – Еділбай болмаспекен деймін-ау. С ә л і м (күліп). Тайлақтың тұмсығын жұдырықпен тескен замандай толайым, ғылымды да кеудеңмен кескіңіз келеді-ау, ағай, ә? Әй, бірақ оған көнсе игі еді-ау. (Күлкі.) Расчепление заңының алыс бір сарыны ғой! Бірақ, ағай, Бұл мәселені шынымен толығырақ түсінгің келсе, қой совхоздары жайындағы алып-кашты лақапқа сенбей, олардың шын табыстарына бойлап қарап, үңіле түсіңіз деп мәслихат етер едім. Биология ғылымы тегінде Мендель жүйесінен көрі тереңірек кеткен. Морганизм де бұл күнде толық қанағаттандырмайды. Д ә у к е ң (Халилдерге). Байқаймысыңдар, мынау тегі әлі бәріңді мүйізімен қағады екен, соны білдім.
X а л и л. Көрерміз әлі, біз де тісі шыққан баламыз.
Д ә у к е ң. Ынтымақтың кісісі емес, шырық бұзардың кісісі сияқты ғой өзі, тәрізі. Қ а с ы м. Үндемей тура тұрыңыз, аяқ алысын көрерміз әлі, алқыны қайтсын да. Д ә у к е ң (күліп, көпіре). Е-е деңдер, "Арқадағы ноғайды, қой бақтырған құдай-ды", тым құрмаса кеткен сол мал өсіретін мамандыққа кетпей, бұл шым-шытырығы көп шөп-шардың соңына несіне түстіңдер дейм-ау, қыздар, ә? З у р а . Сиыр сауып, қой құрттаудан шешеміздің сарала етек боп сарп ұруы аз боп па. Енді жарым-жартымыз гүл жемісті де көрейік.
Ж ұ п а р. Уа, дұрыс, татымды жауап.
Р а б и ғ a. Дәукең сіздерге қалжыңдайды, балалар. Шынында бақтарыңыз өте жақсы, көрікті ағаштар.
Ж ә к е ң. Бәрекелді, жастар! Көңілді шығар сіздерге мұнда, солай емес пе? Д ә у к е ң. Жастар көңілді, ағаш көрікті. (Жазекеңе.) Қысқасы, қызықтың тууы десеңші бұл жерді. (Көпке.) Ал шынына келсең, алма деген қайдағы бір жаман шөп қой ит. Бек бір жаратпайтын асым. Ж а з е к е ң. Ал, алма болмаса, мынау гүл, мынау көрікті ағаш әдемі бағын не дейсің? Д ә у к е ң. Бұл бақтың сонау бір тұсын ағаш деген қудан тазартып, келістіріп тұрып, бие байласа. Мынау бір жерге әдемі алты канат ақ үйді тігіп тастаса. Сонан соң дәл осы кезде бір піскен бағлан сойылып жатып, сонау бір жер ошақтың басында самауыр бұрқылдап, бас үйітіліп, түтіні қоңырси шалқып, мұрныңа леп-леп ұрып тұрса десеңші... С ә л і м. Па, атқамінер аулының қоңырсы исі ме осы қалай? (Жастар күледі. Күліп кекетіп.) Бәрін айт та бірін айт, бесбармақтың жырын айт! Бесбармақтың жыры қалай-қалай қоңырсиды десеңші.
Р а я. Өте дұрыс айттыңыз. Сәлім, басқа жауап қажет емес.
К ө р п е б а й (күліп, Сәлімге). Өй, тіпті тілеуің берсін айналайын. Тай тұмсыққа ұрғандай қып бір серейттің-ау. Ал, бәлем, жат со сыйыңмен.
Х а л и л. Е, сенікі не?
К ө р п е б а й. Менікі сол. Осындай сере түскен серілер жесін деп тезек теріп, жер ошақ қазып, бас үйтіп, күңіреніп өткен Көрпебай мен емес пе ем? Нем жоқ.
Д ә у к е ң. Сен де сондай-ақ ауылдан шыққан боларсың, бала?
С ә л і м. Жоқ, айып болса да айтайық, ондай ауылдан шықпап ек.
A п a. Шырағым-ау, енді қандай жерден шығып ең?
С ә л і м. Панасыздар ішінен шығып ем.
А п а. Құдай шебер.
Ж а з е к е ң. Жетілген екен-ау, бақыр. (Тамсанады.)
А п а. Сонда да елің, руың бар шығар, балам, ә?
С ә л і м. Оны да білген емен. Менің ол жайымды сен білуші едің-ау, Раечка! Есіңде ме, мен руымды да айта алмаушем-ау.
Р а я. Біліп не қажеті бар? Тіпті керек те емес.
A п a. Ей, балам, бұның бір қырың болар. Тым болмаса руыңды білмеуге неғып иланайын. С ә л і м. Оны өз еркіңіз білсін. Бірақ әкем 16-шы жыл фронтқа кетіп өліп, шешем 18-жылғы ашаршылықта өліп, мен бес жасымда приютқа келіп түскем.
Ж ұ п а р. Жігіт, шын біздің жігіт, пакрайнемер! (Жастар екшеле береді.)
Ж а з е к е ң. Ендеше бұған Раяның неғып шиыры қосылып жүрген?
А п а. Е, бірге оқыған да... Болмаса Рая өз қолымызда өскен, мына Әсия қандай болса, о да сондай. Әсия қандай жақсы боп шықты міні. Оны да сол болады дейміз ғой...
Д ә у к е ң. Е, сүйдемесең мына біреу панасызыңа ит ұқсасын... Р а я (Бұл сөздерге құлағын салып тұрып Әсияға). Өздері қандай жабысқақ, қандай былапыт. (Апаларға.) Мен сіздердің қолыңызда өскемін жоқ, жалған айтпаңыз, пажалста. А п а. Қалқам, әшейін айтам, айналайын. Өзіміздің баламыз, өскен жайын білеміз дегенім ғой әшейін. Оны шам қылмай-ақ қой. Р а я. Менің жайымды сіз білмейсіз. Білемін деп тобыңызбен өкініп қалып жүрмеңіз, ендеше. Д ә у к е ң. Шырағым, не дегеніңмен жетімдік пен панасыздық мақтан етер, тамаша қылар жай емес шығар. Р а я. Мен сендердей ұяда өскенше, Сәлімше ұясыз өскен артық десем не дейсіздер? Д ә у к е ң. А, қарағым, ондайың болса әдейі мына Әлидің шешесі, аға-жеңгесі тұрған жерде айт. Ерегісіп, естірте айт. Р а я. Солай ма, өзге де шабақтауыңыз аз емес еді. Енді кеп бүгін менің де жетімдігімді бетіме басайын деген екенсіңдер. Біліңіздер ендеше, Сәлім маған қымбат адам. (Апаға қадалып.) Ал қайтесіңдер?
А п а. Айналайын, мейлің. Бірақ ұят болар, қоя қой, ашуланбай. Ә с и я. Сіздер де балаларға реніш сала сөйлейді екенсіздер тіпті. (Раяға.) Сен де тоқта, болар. Р а я. Жоқ, керек емес. Тыңдамаймын (Әлиге). Сен де жақсы екенсің. Өзің де осылар сияқтымысың, немене осы?
Ә л и. Раечка, менен өзім үшін ғана жауап алғаның әділ болар. Р а я. Өзің үшін болса, сен жамылшыны, ұяны керек етесің. Әлі де апаның баласы, ағаңның інісісің. Үйшік-үйшік, күрке-күрке осы ма, тегі, екеуміздің бір-бірімізге ұсынатын барымыз?
Ә л и. Бар көріп сезгенің сол ғана болса, мен қайтейін, Раечка?
Д а у ы с т а p. Қонақтар, қонақтар келіп қалды, жиылыңдар, жүріңдер.
Жұрт жөңкіліп кете бастайды. Дәукең мен Апа Раяны ұстап қалады.
Д ә у к е ң (Раяға). Сен тұра тұршы, шырағым! Осы жаңағы жұрт көзінше және мына анаңның алдында соншалық атқуылдауың қалай? Әлде комсомолдың уставы байға тигенде солайша ұрыса, қағыса ти дей ме? Р а я. Япырмай, сіздер қалайсыздар осы! Комсомолда не ақыңыз бар? Устав сізге не қылды? Бұ не деген сөзіңіз? A п a. Шырағым келін-ау, Әлидің алдында және біздің көзімізше әне бір жетімек, панасызды төбеңе көтердің, енді не дейік?! Әлдекімді жолдас ет те сол үшін жақынды да, жанкүйерді де садаға қыл деген сөз ғой бұның. Ұстап демей не десін! Р а я. Ендеше комсомолдың уставы миллиондаған жастың өмірін, ісін, мінезін билейді. Әлдебір менің байға тиюім сіздердің келін-пелінді болуыңыз содан артық боп па? Жолдасты қорғауым, ол үшін ренжіп күйінуім және өз басымның намысы үшін ренжуім сіздерге комсомолдық, уставшылдық боп танылса, ол тіпті теріс емес. Ендеше ол устав менің өмірімнің уставы.
Д ә у к е ң. Е-е, байға тимейсің тегі, уставқа тиесің ғой!
Р а я. Байға тигенде уставтан кетпейтін боп тиермін.
Д ә у к е ң. Солай соқ, а біз әдепті, инабатты келін алатын шығармыз деп едік, комсомолдың агитпробшигін аламыз деген жоқ едік, солай емес пе, жеңеше! Р а я (ашуланып). Пошлость! Қайдан ғана кеп оралды осы бір пошлость! Қайда, қайда әлгі Самат ағам! Самат аға! (Жөнеледі.)
Ш Ы М Ы Л Д Ы Қ
Екінші сурет
Бірінші көрініс
Оқиға сол бақшада, Самат, Әсия тұратын дачаның жанында болады. Бұнда да алма, өрік ағаштары. Бірнеше беседка, кең аллея, екі шеті газон, көк шарбақтар. Дәукең, Жазкең, Жәкең беседкада отырысады. Үйдің террасасында Әсия, Апа әбігерде. Ыдыс-аяқ алып шығып, стол әзірлесіп жүр. Бір топ жас – Жұпар, Ғайныш, Қасым Апаларға жәрдем етісіп жүр. Осылар қасынан өте бергенде Дәукең сөйлейді. Д ә у к е ң. Өзінде тіпті жөнді көлеңке де жоқ екен, мына алма деген итінде.
Ж ұ п а р. Біз көлеңкеге тығылмаймыз, күннің көзін жақсы көреміз. Д ә у к е ң. Күнді керек қылсаңдар, ана Түркістанға барып пахта айдаңдар, қыздар. Күн сонда мол деседі. Рас айтам. Уау, осында көлеңкесі бар ағаш бар ма, Жазеке, қарашы айналаңды.
Ж а з е к е ң. Кім білсін, ана біреу болмаса.
Ғ а й н ы ш. Ол алма емес, қара ағаш.
Д ә у к е ң. Е, пәлі, пәлі, үндеме. Өзім сияқты кәрі ағаш екен. Ей, балалар, соның көлеңкесі менікі. Мынадай жалпиған-талпиған, мегежін құсаған жаман, шардақы құсаған ағашты мәпелейсіңдер. Одан да Алматының сан зәлзәлесін, талай селін, мың пәлесін көрсе де, айылын жимай, қыңқ етпей келе жатқан сол батырыңды айтсаңшы. Өз заңы, өз бабымен келе жатқан. Бұл атасыз, тексіз емес, әлдебір оның өз дәстүрі бар. Сонысын күтсеңші, түге... Қ а с ы м. А, осы ағай қызық кісі-ау, жарықтық. Байқаймысыңдар? Қалай дейсіндер?
Ж ұ п а р. Иә, тым оригинальный көрінеді.
Ғ а й н ы ш. Ылғи "қыздар"дейді. (Күледі.)
Ж а з е к е ң (күліп). Е, қыз емей кім едің, шырағым-ау? Олай айтуға болмас, енді дұрысын өзің айта ғой. (Күліп.) О несі екен?
Ғ а й н ы ш. Пәлі, мына кісінің сөзін қара.
Қ а с ы м. Қысқасы, бек сыпайы сөйлесіп, түсіністік те сүйтіп. (Бұлар тая береді.)
Д ә у к е ң. Түрған бойлары жастық емес, бір қүнтсыздық.
Ж ә к е ң. Маған да тіпті ажарлары бек үнамайды. (Ana келеді.)
Ж а з е к е ң. Ойбай-ау, әлгі келін болмыстың, Раяның түрін көрдің бе жаңағы?
А п а. Немене, келін, тіпті сынап та қойдың ба, шырағым-ау?
Ж а з е к е ң. Өл де маған қайтейін, тіпті жерге кіріп кете жаздадым.
А п а. Түрлері де, сырлары да бөлек-ау, ендігі жастың. Тек тірі болсын...
Д ә у к е ң. Өздерін шетінен тамырын ұстап, араларын қағыстырып көріңдерші. Сезіп отырмын: шикілері көп, пәле де мол. (Көрпебай шығады.)
Екінші көрініс
Д ә у к е ң. Уай, азамат, бері тарт! (Көрпебай келеді.)
К ө р п е б а й (Апаға). Уа, қайырлы болсын. Үбірлі-шүбірлі болсын, құдағи.
А п а. Қайырлы болсын, мақұл-ақ, м!.. Құдағиыңа жол болсын, шырағым. (Күледі.) К ө р п е б а й. Е, қазақ сұраса келе қарын бөле шығады дейді. Одан да сұраспай-ақ құда-құдағилыққа бітім қылайық дейім.
Ж а з е к е ң. Әнені...
А п а. Оның да мақұл екен. (Күліп.) Иә, жаратқан ие!
К ө р п е б а й. Иә, пәруәрдигар.
Д ә у к е ң. Уай, азамат, сен қай русың? (Жұпар, Қасым өтіп бара жатып тыңдай қалысады.) К ө р п е б а й. Уа, түу, түу, сонау түбі: тырнақ атар Қаңлы, Сіргелі-Ноқталы, Ысты-Құрымды, Ошақты-Тарақты, қазанаяқ-табақты... Ал енді Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс, Әлім-Байыш, тартпа-қайыс — бәріне де тие берсін. Пісмілдә, алдау-әкпар!
Д ә у к е ң. Өй, арысым-ау, бұ не дегенің бұл?
К ө р п е б а й. Сеңгірім-ау, осының бәрі бір туысқан дегенім ғой (Саңқ етіп.) Иә, Райымбек ата!
Ж а з е к е ң. Құдай шұнақ!
А п а. Алдам шебер!
Қ а с ы м (Жұпарға). Көрдің бе, ана арысыңның жүрісін.
Ж ұ п а р (жетіп кеп Көрпебайға қалжың ретінде). Өй, ырымшыл, баяғыны айтса жаны кіреді. Жаңаны сөйтіп ұқсаңшы. Әлі күнге лек безді бітіріп бола алмай...
Қ а с ы м (Көрпебайға). Ал, бәлем, енді қайттің?
К ө р п е б а й (Жұпарға). Уай, дөйдірім, әй, дөйдірім.
Ж ұ п а р (бастырмалатып күліп). А, мынандай сөз болса, жабыса кетеді. (Көрпебай басын қорғағандай. Өй, дөйдірім, дей береді.) Гнилой либералсың. Өзің қалайсың осы?
К ө р п е б а й (саңқ етіп). Бостай, погади...
Қ а с ы м. Е, бәсе...
Ж ұ п а р. Тегінде саглашатель боп, гнилой либерал боп кетпе...
К ө р п е б а й (жарыса). Бостай погади, нетушка, нетука, нету саган! Е, сен орысшалағанда мен қарап қалат деймісің? Ж ұ п а р. (жақындап, шындап). Немене, не қып жұмбақтап бұлдыратып тұрсың, Көрпеке?
К ө р п е б а й. Үндеме, қызым. Бұлардың бәрі тақ осы қонақтан шықпасын.
Ж ұ п а р. Е, немене, бірдемесін көріп пе ең?
К ө р п е б а й. Көрген ештеңем жоқ. Бірақ бағана әлгі Сәлім бала қоңырсиды деді ме, соны (ішін көрсетіп) осы арама түйіп қап ем. Өзге болмаса да тап осындай жақтан шыққан иісті Көрпебайдың мұрыны сезуші еді. Өз тіліммен сөйлесейін, кішкене еркіме жібере тұршы, айналайын әке!
Ж ұ п а р. Ал, құп. Мейлің.
Қ а с ы м (Жұпарға). Өй, Жұпар, жүр, қонақтар кеп қалады, әйдә! (Кетіседі.)
Д ә у к е ң. Өй, осы мына біреуің сау сиырдың жапасы емес?
Ж а з е к е ң. Осы бақшаның тақ бар сырын осы біледі.
Өзің мұнда кел, мұнда отыршы. (Апамен екеуін қасына отырғызады.) Мынау бақтағы жастардың жай-жапсары, жақсы-жаманы сенің көз алдыңда, алақанында ғой. Айтсаңшы бізге, кімі қалай деймін-ау?
А п а. Е, айтады ғой, айтпай оны езіп ішсін бе?
Ж а з е к е ң. Ендеше, кәне айтсаңшы...
К ө р п е б а й (саңқ етіп, екі көзін қылиландырып, қадалып). Траллай, трту, некеңе құмыр, аран-апшы, назнайқұм, өтегене шотайым-ау болды!
Ж а з е к е ң. Ойбай, нақұрыс!
А п а. Ойбай, қудай сығыр... Мынасы кім еді, бетім-ау?!
Д ә у к е ң. Е, ол айтам дегені ғой, ұқпайды екенсіңдер-ау!
Ж а з е к е ң. А, ал, ендеше сен андап, байқап сезгеніңді бізге айтып тұр деймін. Сен бәрін білесің. (Күліп.) Мына ішінде ит өліп жатыр ғой, кәпір. Айтасың, ә? К ө р п е б а й. Тот дарога тода пайдот, тот дарога сода пайдот, таралейке кәрі пайдот, майсыз арба, жолсыз жерде шақұр-шұқыр кода пайдот? (Кетуге айналады.)
Ж а з е к е ң. Е, айтады енді.
А п а. Е, көнді ғой.
К ө р п е б а й (кетіп бара жатып). Әггөй, әгөй-гөй! Әггөй, әгөй-гөй, бәсе, айтам ғой қоңырсиды деп (кетеді).
Самат, Хасен, Мария Ивановна шығады.
Үшінші көрініс
С а м а т. А, міне, таныс болыңдар, біздің туысқандарымыз, қонақтар. (Танысады, келгендер Апаға, басқаларға қайырлы болсын айтысады.) Әсия қайда, Әсия! (Әсия шығады.)
Ә с и я. Немене, Самат, қонақтар кешікпес пе екен?
С а м а т. Келе жатыр, қаладан келетіндер де шығыпты. Ал, Әсия, балалар қайда? Маған неге келмейді олар? Мен екеуіне бірдей әке халындамын ба, қалай осы. (Күледі.)
Ә с и я. Болса қайтушы еді? Олар басқаны керек те қылмайды.
С а м а т. Е, мыналар ше? (Дәукең мен Апаға.) Қалай, жастарды көрдіңдер ме? Бұнда ылғи білімді, өнерлі жастар, оны білемісіңдер. Д ә у к е ң. Көрдік қой, Саматжан! Шетінен біртүрлі бір жақсы, уыз жастар... тәрбиелі, білімді, тіпті өзіміздің жаңа заман, жаңа салттың бір гүл атып тұрған жастары екен.
А п а. Тек өмір жастары ұзақ болсын.
С а м а т. Ну, жарайды, жарайды. Ол сыйынуың өзіңе, ішінде болсын, білдің бе? A п a. Ішінде болсын деп неге ішімде болады, қалқам-ау? Келінді-балалы боп мен де бір қуанайын да. С а м а т. Алда жазған-ай! Келін-пелін дегенің әлі жүрмеді? (Мария Ивановнаға.) Ну, біздің аспиранттардың бақшасы қалай көрінеді? Араладың ба? М а р и я И в а н о в н а. Ғажап, тамаша. Алматы неткен жақсы! А, таулар, таулар қандай, ә? X а с е н. А, жастар ше? Сондайлық мәдениетті, білімді, Мария Ивановна. Оны тіпті мен сөз қылуға да батылым бармайды. (Күліп.) Шыным, ол бір осал жерім.
С а м а т. Немене, айт! Әлде көзің қызыға ма?
М а р и я И в а н о в н а. Шетінен әдемі, тіпті қызығам да, қызғанам да. Өз жастығым есіме түсіп мас қылғандай әсер етеді. Тіпті, Хасен, маған қырын қарасаң да мейлің. Бірақ мына жерде, мынандай көктемде, тіпті екінші рет ғашық болса да обал болмас па еді деймін. (Күліседі.)
X а с е н. Несі бар, әлде құдай бере ме!
Д ә у к е ң. Иә, айтарсың. (Дәукең мен Жәкеңнен басқалары терраса жаққа аяңдап кетіседі. Жәкеңді түртіп.) Жаным-ау, қанды басың бер тарт десеңші енді.
Ж ә к е ң. Үндеме дейім, Дәукең, тек ішің білсін.
Д ә у к е ң. Жоқ, мыналарды бірден-біріне жіп тағайық та, Жәке-ау! Қайсысын ұнатқандайсың тегі? Ж ә к е ң. Өте орынды көтерілген мәселе-ау, ә? Өз құлқыныңыз қайсына шабады екен? Иба қылдық!
Д ә у к е ң. Қабыл қылдық ендеше анау Ғайнышын.
Ж ә к е ң. Біз онда қалғанын аламыз ғой, ана Мария Ивановна дей тұрайық. Таңғы тамақ тәңірден деп, тағысын тағы көре жатармыз.
Самат пен Хасен кайта келе жатады, қолдарында газеттер.
С а м а т. Ал өзің қалайсың? Мен сені бір үлкен ғылыми еңбек жазып жатыр деп естіп ем, рас па?
X а с е н. Үлкеннің аулы алыс қой, кім боп шығар, көрерміз.
С а м а т. Е, сонда да қалай келеді?
X а с е н. Әйтеуір, әйтеуір бір қос істеліп келеді, әзірше.
С а м а т. Жақсы, жақсы, тілеулеспін, ал мазмұнын айтшы. (Өтіп кетіседі.)
Ж ә к е ң. Е, сүйтіп мына Хасен де бұнда боп шықты ғой, ә?
Д а у к е ң. Өй, осы бір кітап жазатын ушоный-пушоныйлардан және ана бір ақын, жазушы дегендерден аулақ болсам екем. Ж ә к е ң. А, мен өзім онсыз да аулақпын. Тақ мына латын шыққалы бар ма, қазақ кітабы дегеніңнің ныспы бетіне қараған пенде емен. Д ә у к е ң. Пәле, пәле-е, тап маған тартқан екенсің. Жауып қой, не бар дейсің сонда! Қарама.
Төртінші көрініс
С а м а т. Ә, бала бақты араладың ба? Қалай дейсің!
С ә л і м. Өз орнында, бүгін халы жаман емес-ау, Самат аға. Бірақ кешегі баяндама, кеше өздеріңіз жасаған нұсқау бағыттар бар ғой. Сол жағынан қарағанда қанағат қылмаймын.
С а м а т. Қанағатсыз болғаның жақсы.
С ә л і м. Мұнда жалғыз-ақ әуелден бір-ақ негізді жайларға толық келісуіміз қажет. Ол дұрыс белгіленген жаңа методика, екінші – содан туатын масштаб, үшінші – бата қимылдайтын жаңа тәжірибелер. С а м а т. Міне маған осы екпінің ұнайды. Бәсе, осы сендер тіпті, тас кешуді карш-қарш басатын өрге басқан буын емеспісің? Сендер бізге келіп жас ұраныңды салып, жаңа шарт, талабыңды омыраулай кеп сөйлегенде, осы біз қысылып қалуымыз лайық қой. Сендердің лебің мен үніңнен өмір тізесін, өмір напорын сезінуіміз керек қой. Ал жалғанда оқуын оқып, жетеріне жетіп ап кеп, енді соның артынан тағы да "мен Қазақстан қазағы едім, мен артта қалған ұлттың баласы ем" деп кеп емініп, скидка сұрап, "өмір есігін ашып бер" деп өз дәуіріне, өз келешегіне жас мысықша мияулап кірген жастан сақтасын. Ғылымды білдің бе, іске келдің бе? Ендеше соның екеуінің де есігін иығыңмен серпіп ашып, буыныңды берік ұстап кір. С ә л і м. Самат аға, жақсы, серпінің ұнайды. Өзім осы арадан, әрі айдаушы, әрі өзі тартушы болатын жақсы аға таптым ба деп отырмын. С а м а т. Сенің екпінің жақсы, серпінің ұнайды. Мен саған тағы бір сыр айтайын, жалғыз-ақ өзің мақтаншақ емеспең, тегі, мұрның көкиіп кетіп жүрмесін, сенің кешегі серпінің біздің наркомға да ұнады. Ал, бақ туралы ұсынысың бар ма? Тығыз істейтін шараларың жоқ па? С ә л і м. Бәсе, бар еді. Мен әсіресе мына гүлдеу алдында екі түрлі тығыз іс істер едім. С а м а т. Айтшы, кәні. (Жастар дауысы шығады.) А, кішкене тұра тұр, мыналар кеп қалған екен...
Д а у ы с т а р. Жастар, жастар келеді! Жастар келеді.
Жастар шығады, ортада Рая, Әли, қастарында Зура, Халил, Катя, Ғайныш, Қасым, Жұпар. Үлкендер алдарынан гүлдер атып қарсы алады. Апа мен Жазекең шашу шашады. Күлкі, шу. "Қайырлы болсын, көп жасаңдар".
Бесінші көрініс
А п а. Қайырлы болсын, қалқаларым, өмір-жастарың ұзақ болсын. Ата-енеңнің жөрелгісі. (Шу, күлкі.) Р а я (қолын көтеріп). Тоқтаңдаршы! (Жұрт тына қалады. Жылдам ілгері басып кеп.) Самат аға, қайда жоқ боп кеттің? Маған сен қажетсің.
С а м а т. Мен мұнда қонақтармен болдым, немене?
Р а я (қолынан тартып Әли екеуін бері шығарады). Бері жүр! (Артта жұрт ақырындап әндетіп жатады.) С а м а т. Жұрт қайырлы болсын айтып жібермей жатыр. (Жылдам басып Әсия келеді.
Алтыншы көрініс
Ә с и я. Қаладан үш машина келді. Қонақтар түсіп жатыр. Самат, алдынан шық, бол. (Әли мен Раяға.) Сендер енді осында болсаңдаршы, жұрт қайырлы болсын айтады.
Р а я (ызаланып). Қайырлы болмай-ақ қойса екен осы.
Ә с и я. Не дейсің сен, Рая?
С а м а т. Не дейді?
Р а я (Әлиге). Сен де мақұл көрмейсің ғой, қояйық.
Ә л и. Нені айтасың Раечка?
Р а я. Тоқтат дейім бәрін. Мезгілі жетпеген іс екен. Доғарайық бәрін.
Ә л и. Ә, олай болса мақұл шығар.
Р а я. Неге олай дедің? Сен не оймен айттың?
Ә л и. Ең әуелі сен риза болмағансын бітет те, Рая, тартып алам ба? Ә с и я. Бұларың не? Жұртқа не дейміз? Рая, Әли, не айтып тұрсыңдар? Анау ел бетіне не деп қараймыз?
С а м а т. Қоя тұр! (Раяға.) Шын ба осыларың?
Р а я. Шын.
С а м а т (Әлиге). Сөз осы ғой?
Әли. Осы болғаны ғой!
Ә с и я. Ұят-ай, біз ұялатын болдық қой!
С а м а т. Әсия, тыныштал. (Жастарға.) Ендеше, шын болса ықтиярларың. Піспеген сөз болса асығудың ешбір қажеті жоқ. Көңілдерінде биттей бір ақау болса, өздерінді зорлап қосылу санасыздық болар еді.
Ә с и я. Тым құрмаса ерте неге айтпадыңдар, ұятты қылмай.
С а м а т. Подумаешь, ұят! Ұят деп өмірлерін шірітпек пе екеміз? Болды. Бар ұятты мен өзім көтеріп аламын. (Екі жасты құшақтап тұрып). Жалғыз-ақ, жолдастар, бір ғана тілегім, мынау жәй іс жүзінде, қоғамдық еңбекте біріңе біріңді жау етіп, өш қылып жібермесін. Олай болса, заманыңның жастары бола алмағандарың. Ал (екеуінің бетінен кезек сүйіп) енді азатсыңдар, ренішсіз, шатақсыз айрыла беріңдер. (Рая бұрылып кете барып, анадай жерде отырған Сәлімге оралып тұрып қалады. Әли басын ұстап, аяғын сандала басқандай. Артта халық молайған, Самат соларға бұрылып.) Иә, қонақтар! Достар! Сіздерге бір шетін жәйді мәлім етейік. Әсия екеуміздің еркімізден тыс себеппен бүгінгі мәжілістің мазмұны өзгерді. Қысқасы, сіздер жәй қонақсыздар, тойшы емессіздер, той жоқ. Бастаған біз емес едік, тоқтатқан да біз емес. Жастардың қалауы солай болды.
Д а у ы с т а p. Не дейді? Бұ қалай? Бәрекелде, міне қызық.
Жетінші көрініс
Самат, Сәлім, Рая, Әли, Жұпар.
С а м а т (Сәлімге). Сәлім, сенің жаңағы екі тығыз шара дегенің не? Аса тығыз болса мына қонаққа айналыспай тұрып, іс істете берейік. Өй, Көрпебай, бері кел! (Көрпебай және Зура келеді.)
С ә л і м. Тығыздығы сол, тіпті қазір де болса істете беру керек.
Ә л и. О неменелер?
С ә л і м. Біріншісі, мына бақтағы жасы біркелкі ағаштардың бәрінің бірдей бойы тең емес. Кейбіреуі өсуден кенжелеп қалған.
С а м а т. Онысы рас.
С ә л і м. Сондайларға, мына гүлдеу алдында азотпен удобрение жасау керек. Сернокислый аммоний жарайды.
Ә л и. Ал, тағы не бұйырмақсың?
С ә л і м (күліп). Әли, олай демеңіз, бұйырмаймын, мәслихатым ғой. Екінші, ағаштардың бұтағы жиі. Көп алмаға күн тимей, бояуы нашар болады. Сорты төмендейді. Бұтақтардың бірталайын кесу керек! Бұл жөнде Американың лидерный системасы бұтақтар арасы 20 сантиметр болсын дейді. Неміс Гашек системасы бес сантиметр болсын дейді. Біздің тәжірибе бойынша бұтақтар арасы он-он екі сантиметрден болғаны әбзәл дейміз. Ертеңнен бастап, солайша күзеуге кірісуіміз шарт.
С а м а т (Раяға). Жә, бұны сендер не дейсіндер?
Р а я. Мен осы баққа жасалатын жаңа тәжірибенің бәрін құптаймын. Бұнысы дұрыс.
С а м а т (Әлиге). Сен не дейсің?
Ә л и. Мен қарсымын. Ойлану қажет, талқылау керек. Келе сала онды-солды жапырмай тұра тұрыңдар.
С ә л і м. Менімше, оған қарсы болу лайық емес.
Ә л и. Тіпті, бәрі де орынсыз, ұшқары ұсыныс.
С ә л і м. Жоқ, мен ұғынып, ойланып айтып тұрмын.
С а м а т. Мен Сәлімнің ұсыныстарын қостаймын.
Ә л и. Мен қарсымын, қарсымын деймін.
Ж ұ п а р. Әли, сенің осы арада жаңалық дегеннің барлығына тартыншақтық етіп тұрғаның қалай осы? Р а я. Сәлімнің дұрыс сындарына, пайдалы ұсыныстарына қарағанда біздің бұрынғы тәжірибеге жабыса беруіміз бақ, бақ үшін деген сияқты ғана боп қала ма дейім.
Ә л и. Е, бақ, бақ үшін болмай, бақас үшін болушы ма еді?
Р а я. Бақ тәжірибе үшін болар, Әли!
Ә л и. Тәжірибе болса, міне, осы бақ бүкіл Алматы маңындағы бақтың тәжірибе бағы. Одан артық не тілейін деп ең? С ә л і м. Одан ары ма? Одан ары бек көп тілейік деймін. Ғылым тәжірибесінің бар терісі, бар шама-шарқы Алматы маңы ғана болса, ол тіпті обал болар еді. Біз осы арада мына өскен ағаштарына жаңағы харекеттерді істейміз де, екіншіден тезінен кем қойса бүкіл Қазақстан көлемінде нәтиже беретін талап тәжірибелер жүргіземіз. Ә л и. Оның бәрі әзірге фантазия. Ер болсаңдар, әуелі Алматы бактарын қарқ қылып алыңдар. Аспандамай жерге түсіңдер. Бұнда Америка маманымен тартысып тұрған жоқсыңдар. Мен де кеңес ұлымын. Құрғақ үгітке тіл беземей ғылым мен тәжірибеде қараңдар.
С ә л і м. Бәсе, сол ғылым екпін мен масштабты тілейді.
Ә л и. Ғылым ең алдымен бес жылдық тәжірибеге түкірмеуді тілейді. Мен бұндай үстірт, асқақ, зорлық ұсыныстарға көнбеймін. С а м а т. Бала, сен ақылмен шешіп тұрған жоқсың, ашумен айтып тұрсың. Сондықтан қателесесің. Көрпебай бар, жұмысшыларыңды түн бойы ана аласа ағаштардың айналасын қазуға сал.
Ә л и. Ал, ендеше маған десе өртеп жібер. (Кете береді.) Ж ұ п а р (Саматқа). Самат аға, мына жерде жан жүйесіне жүйрік адам керек боп қалды. Өзіңіз кіріспесеңіз болар ма екен? С а м а т (Әлиге). Әй, балам, жүр, бері жүрші. Екеуміз бір аға, бір іні боп қабырғамызға кеңесейік. (Қолтықтап ертіп кетеді.)
Сегізінші көрініс
Р а я (Сәлімге сөйлейді, бұларға Жазекең, Дәукең, Aпa қарап тұрады). Сәлім, біздің бақтан не күтіп едіңіз? С ә л і м. Раечка, мен бұл бақтан "Күншығыс сұлуын1" көрем деп күтіп ем. Құмарым еді.
Д ә у к е ң (Жазекеңдерге). Есіттің бе ананы? Көрдің бе өңі?
Ж а з е к е ң. Е, солай соқ жазған...
Р а я. Түңілдіңіз бе әлде?
С ә л і м. Әзірге жұбанышым, әйтеуір бұрын да болса бір көргендігім.
Р а я. Сонымен?
С ә л і м. Сонымен:
Я помню чудное мгновенье,
Передо мной явилась ты,
Как мимолетное виденье,
Как гений чистой красоты...—
деймін...
Р а я (қоса). Деймін деңіз. (Екеуі де ха-ха деп күліп, Қозғала береді.)
А п а. Бәсе, сезіп ем осы сұмдықты, ойбай масқара-ай, жердің үстімен кеп, астымен қайтатын болдық-ау! Құдай төбеңнен ұрғыр, не деген ала көкек, сайтан еді мынау қыз, қуарғыр. Д ә у к е ң. А, барлық жақсы бейіл, таза тілеуіңді жерге тастады ма? (Өтіп бара жатқан Сәлімге.) А, жігітім, сенің жолың болды білем, ә?
С ә л і м. Не дейсіз?
Д ә у к е ң. Құтты қонақ болдың ба деп ойлап тұрмын.
С ә л і м. Сіздің ойыңызбен менің жұмысым жоқ. (Орысша өлең оқиды.)
Дар напрасный, дар случайный,
Жизнь, зачем ты ему дана.
(Күліп өтіп кетеді.)
Ш Ы М Ы Л Д Ы Қ
ІІ АКТ
Үшінші сурет
Уақиға дача жанындағы аллеялар мен дачаның террасаларында кезек болып тұрады. Мезгіл түн еді. Алыста, түн аспанына созылған Алматы биіктерінің бастары көрініп тұр. Бергі жерде көгалға кілем, көрпе-жастық салғызып Дәукең отырып алған. Дачаның ар жағына таман созылған алаңдау бір жер өте жарық боп тұрады. Сол жақта көпшілік қалың сәнді топ болып мезгіл-мезгіл билеп, немесе екі-үштен сап өтіп жатады.
Бірінші көрініс Д ә у к е ң (қасында Апа мен Әли бар). Бала, қай заман, қай ортаны алсаң да намыс деген нәрсе бар-ау. А п а. Ойбай-ау, намыссыз адам, адам ба өзі? Бұрынғы күн болса өліп қалмас па ек осының намысынан.
Ә л и. Иә, сонымен не демексіздер?
Д ә у к е ң. Тіпті біздің жаңа қауымның өзінде де басыңның абырой, қадыры, жүрегіңнің махаббаты, жастық намысың деген сияқтыны кім жерге тастайды? Кім аяқпен таптайды екен, ойлашы! Ә л и. Ендеше маған қанжар салу керек те, Раяны жару керек. Содан өзге жол бар ма?
А п а. Ойбай, қой, жарығым, құдай сақтасын, о не дегенің?
Ә л и (Дәукеңе). Сіз не дейсіз?
Д ә у к е ң. Қанжар біздің уақытымыздың құралы емес.
Ә л и. Неге? Қай заман, қай ортаның адамының болса да жүрегінен қан шапшыта алады ғой, неге ұсынбайсыз?
Д ә у к е ң. Ескірген аспап.
Ә л и. Олай болса сіздер араласпаңыздар. Рая екеуміздің арамызда сендер сырт кісі, бөгде адам боласыңдар. Ескірген жабу.
Д ә у к е н. Сырт кісіні араластырмауға екі жағың бірдей қарасаң жақсы ғой?
Ә л и. О не деген сөз? Не демек боласыз?
Д ә у к е н. Не дейін, тек Рая да сенше қарағай-ақ та.
Әли. Сіз Раяны білмейсіз, ол сіз ойлаған шамадан сонақұрым ірі де жоғары.
Д ә у к е ң. Иә, бөгде кісіні о да араластырмайды дейсің ғой! Ә л и (ашуланып). Сіз не деп келесіз? Кімді оскарбляйт етесіз. Кім берді ол правоны? Ағам болмақ түгіл әкем болсаңыз да жауап беріңіз қазір? Д ә у к е ң. Ендеше, сенің білуің керек. Өзге айтпайды. Біз білдіруге міндеттіміз. Олай болса Рая, тойды ана Сәлім кеп қалған соң тоқтатты, ал. Ә л и (айқайлап). Бұл жалған! Бұл пасықтық. Мен бұны Раяға айтуға да ұялам. Сіз қайтып қана, не деп қана осындай лас, нас сөзді менің бетіме айтасыз, ә? (Зура шығады.)
Екінші көрініс
Д ә у к е ң. Бала, қой. Тентек болма, сабыр ет.
Ә л и. Неге сөйлейсіз бұндай сөзді, жауап беріңіз деймін?
Д ә у к е ң. Ендеше, әй қарындасым, бері кел. Бер келші, сен керексің.
З у р а . О не? Немене, Әли? Сіз неғып, неге мұнша өзгеріп тұрсыз? Ә л и. Мен тыныш едім, үнсіз едім, Зура, міне, мыналар! (Дәукеңе.) Сөзіңнің бәрін айт, дядя, не сұмдық таптыңдар? Д ә у к е ң. Ал, Зура шырағым, олай болса сен бір шындықты айтшы. Сен Сәліммен жолдас боп бірге келдің, сенің байқауыңа керек. Осы Рая мен Сәлім бұрынғы уақытта нық таныс, өте жақын болған адамдарға ұқсамай ма? З у р а (өзгеріп). Ал, ойпыр-ай, мынау менің күдігім ғой! Айтыңызшы, тағы айта түсіңізші! Д ә у к е ң. Бәсе, сен сезсең керек. Міне, осылар бірін-бірі күтпеген жерден, оқыстан көргенде, соншалық қуанысып, ұмтылып табысқанын көрдің бе? Көзің бар ғой, көрдің бе осыны? Айтшы, кәні! Ә л и. Бұл сұмдық. Бұған сену түгіл, естуге де жүрек түршігеді. Өтірік, өтірік деші, Зуратай. З у р а . Жалғыз сен емес... Бұл маған да сұмдық болып тиетінін білемісің, Әли?!
Ә л и. Өтірік де, өтірік деші, Зуратай, бауырым! Кәні, айтшы.
З у р а . Өтірік дей алмасам қайтейін.
Ә л и (айналып кетіп). Не дейсің? Не дейсің? (Осы кезде Сәлім мен Рая билеп келе жатады, бірігіп әндете билейді.)
Үшінші көрініс
С ә л і м, Р а я (әндетіп). Спасибо, сердце, что ты умеешь так любить! (Тоқтайды. Жазекең бұлардың артынан бақылап ере келген.) Д ә у к е ң. Міне, мынандай қыр көрсетуге не дейсің? Ал! Ту, сарамас! (Кетіп қалады.) С ә л і м (Раяға). Ешуақытта ешкіммен осыншалық үйлесіп билеген емес ем. Раечка, мынау күйдің ырғағы екеумізді, осы биде ескі достарша қайта табыстырып, туыстырып тұрғанын байқадыңыз ба? Зуратай, дәл бір романдағы сияқты емес пе? Қалай ойлайсың? З у р а. Дәл романдағыдай болу үшін көпті, көлденеңді куә қылу артық болар. Айтыса бер. С ә л і м. Зуратай, сен көп те, көлденең де емессің ғой. Әлде өзің билеймісің?
Төртінші көрініс
З у р а . Жоқ, Сәлім, қазір зауқым жоқ.
Р а я. Мен Әлимен, өзімнің Әлиіммен билейін. Әли, Әлитай!
Ә л и. Раечка, ренжіме, мен қазір билей алмаймын.
Р а я. Неге? Неғып тұрсың өзің?
Ә л и. Раечка!
Р а я. Айтшы.
Ә л и. Күлмеші!
Р а я. Оны қайдан таптың?
Ә л и (бұрылып кетіп). Сол, сен билей бер. Шын айтам. Басқа ешнәрсе тілемеймін. Мен барып жатайын! (Кетеді.)
Ж а з е к е н (Раяға). Сен әлгі жігітіңді неге қоя бердің, бойжеткен-ау?
Р а я. Қай жігіт?
Ж а з е к е ң. Әлгі Сәлім ше?
Р а я. Сәлім жігіт пе?
Ж а з е к е ң. Е, сыбан, енді кім еді ол?
Р а я. Ол Сәлім, товарищ!
Ж а з е к е н. Е, товарищтан жігіт шықпаушы ма еді? Бек шығар. Тіпті әдемі екен өзі...
Р а я. А, ол Сәлім ғой. Әрине, әдемі. Солай емес пе, Зура?
З у р а. Оның маған несін мақұлдатасың, Раечка? Өзің де танырсың.
Р а я. Жұмбақ қой бұның... Бұ не деген сөзің?
З у р а. Аңқау суды да сүйемісің, қалайсың өзің!
Р а я. Мен ашық мінез, ашық шындықты сүйем.
З у р а . А, менің мұндай мінез, мұндай істерге ішім ауырады. (Ойланып қалады.) Р а я. Өзің біл! Ау, әлгі Сәлім қайда? Сәлім! Менің жігітім, Сәлім, ха-ха. (Жүгіріп кетеді.)
Бесінші көрініс
Д ә у к е ң. Ішім ауырады, ә. Бұны түсіретін қақпан қызғаныш болар. Сол пернесін басу керек екен, ә? (Жазекең келеді.) Ж а з е к е ң (Дәукеңе жақындап). Не деп отырсың бал ашқандай. Айтсаңшы бізге де?..
Д ә у к е ң. Жоқ, әшейін бір болжал.
Ж а з е к е ң. Олжа дейт, не дейді? Өз құлқыныңды ойлап отырмысың, әлде?
Д ә у к е ң. Уа, енді мені ториын дедің бе, алжыпсың. (Күліседі.) Оны қой, әлгі Әли бала босқа томырылады. Ол үшін біз әрекет етуіміз керек. Соны біл. Жазеке, сен әлгі Зураға барып, Рая Сәлімді қағып алып кетті деп жағалат, білдің бе? Қызғаныш пернесін бас! (Жазекең кетеді. Мария Ивановна шығады.)
Алтыншы көрініс
М а р и я И в а н о в н а. Сіздер неге көңілденбейсіздер?
Д ә у к е ң. Бізде мына Жәкең сияқты сезімді бір адам бар. Бірақ бұның сорына, сол жәйін ұғатын жан жоқ.
М а р и я И в а н о в н а (күліп). Иә, ол жан ашырлық хал екен.
Д ә у к е ң (Жәкеңе). Тұр, қозғалсаңшы, бақыр-ау!
Ж ә к е ң (жақындап). Мен бірнеше рет байқадым. Сіз табиғат көркін ақындарша тамашалап, жақсылап сезінесіз, Мария Ивановна! Мен өзім де сондаймын. Бір түрлі бір әсерлі түн. М а р и я И в а н о в н а. Сіз де сезімді екенсіз ғой. (Күледі.) Ендеше, біз бір-бірімізді түсінетін пара екенбіз!
Д ә у к е ң. Ұрдың ғой, Жәке, енді. Ну жүріп біраз қиял етіңіздер. Ж ә к е ң. Жүріңіз ендеше, онда бізді түсінбейтін адамнан аулақ кетейік. (Кетіседі.)
Жетінші көрініс
Ж а з е к е ң (Көрпебайды ертіп шығып). Бағанағы шартты білесің ғой. Д ә у к е ң. Мыналардың қызығын ақырын, ақырын байқа да бізге кеп айта бер. Оларға бәрібір шиырың қосылып жатқан жоқ. Одан да мына бізбен бол, арысым. Мә, мынаны қағып сал. (Ішкізеді.)
Ж а з е к е ң. Осы жіпке тізе бер де, осында кеп сайрай бер!
К ө р п е б а й. Ұрыны қарақшы ұрыпты деп, осы күргілей айта бер де тек.
Ж а з е к е ң. Қалдырма! Осы бірін қалдырма. (Халил шығып бұларға келеді.)
К ө р п е б а й. Жарайды, жел жетпесім, жарайды.
Сегізінші көрініс
Д ә у к е ң (Халилге). Бала, бері кел!
X а л и л. Немене, мына Әли мен Рая не ғып шым-шытырық боп кетті, осы. Түсіндіңіздер ме? Д ә у к е н. Сені біздің Әлимен жақсы жолдас деп естіп ем, Халил. Қайта өзің сөйлессеңші, қалқам-ау! X а л и л. Жолдас болғанда, менің Әлиден қымбат санайтын кісім жоқ. Бірақ мынаның мәні-жөнін сұрауға мен де әзірше батпадым. Жаңа жара ғой. Д ә у к е ң. Білтелемейін дейсің ғой... оның мақұл. Өзі айтпаса сұрама. Бірақ жәйін сезген екенсің, достығың ғой.
X а л и л. Менің өзіме батып тұр. Не мән боп қалды. Сездіңіздер ме? Д ә у к е ң. Мәні сол, Сәлімді көрісімен Рая айни бастады. Осы күнде Әлиді тастап, Сәлімге қарай анық жалт берді. Сәлімің де тегін келген жоқ. Әдейі осыған асығып келген сияқты. Келді де Раяға "айны", "тоқтат", "бұзыл" деді.
Х а л и л. Ойпыр-ау, не дейсіз? Осыныңыз анық па? Өзіңіз естідіңіз бе? Ж а з е к е ң. Құдай шебер-ау, енді, сақалды басымен саған өз келіні туралы өзі өтірік-өсек айтады деп отырмысың?
Д ә у к е ң. Анық, күмән жоқ, біліп отырмын.
X а л и л. Мынау не деген иттік, бәтір-ау?!
Д ә у к е ң. Ол ғана емес. Шын иттік, тіпті оның да ар жағында жатыр. Сәлімнің анау қасындағы Зураны да ертіп отыр. Өзі бұрын соны алам деп ертіп келген екен. Ал қазір міне, оны далаға тастап, өзі айнып, Әлиге тигелі отырған жерінен Раяны айнытып, соңына ертіп ап отыр. Ж а з e к e ң. E, тәңір, кінәлі жалғыз сол деймісің? Пәленің басы ана Рая сұмның өзі десеңші.
Д ә у к е ң. Онысы рас, пәленің шын үлкені Раяда.
X а л и л. Мынау неткен барып тұрған, құдай ұрған сұм мінездер еді. Әли үшін күймеске болмайды екен. Бұндай иттіктің шындығына көз жетсе, жазалаудан басқа жол жоқ. Д ә у к е ң. Шырағым, онысын енді өзің біл, өзің ойла. Біз өзіміздің жастан, кеңес жасының ортасынан бұндай мінез көреміз демеп едік. (Халил қиналып кетіп қалады.)
Тоғызыншы көрініс
Сәлім, Рая, Ғайныш, Қасым шығады.
F а й н ы ш. Сәлім, осы сізді маған тым құрмаса бір жол билеуге бұйырмады дегенді кім айтты? Мен ол халге көнбеймін. С ә л і м. Менің де көнейін деген ойым жоқ, Ғайныштай! (Екеуі билей бергенде.) Қ а с ы м. Сүйтіп тағы тастап кеттім де. Сен қыз, мен жігіт боп тұрған күннің өзінде осындай. Ойпыр-ай, екеуміз ерлі-қатынды болсақ күніміз не болар еді? Тек орныңды сипап ап қалар едім де отырар едім-ау, ә? F а й н ы ш. Үндеме, үйрене бер. Бай бола білу оңай деп пе ең? Мен өзім тимесем де саған тиетін әйелге әдемі, көнпіс еркек әзірлеп берем. Қара мұны мені билетпей.
Қ а с ы м. Сонымен енді осы шетінен ұйпап баурай билей бересің, ә?
Д ә у к е ң (Жазекеңе). Бір сары ауыз десеңші онда.
Р а я (естіп қап күліп жіберіп). Ха-ха. (Күледі.)
Қ а с ы м. Рас-ау, дәл сары ауыз екесің-ау өзің!
Ғ а й н ы ш (Сәлімді тастай беріп, ашуланып жетіп кеп). О не деген сөзің.
Р а я (Сәлімге). Қызық сөз екен! Не деген сөз!
С ә л і м. Рая, таста ол сөзді, жаман сөз!
Р а я. Не дейсіз, рас па? (Екеуі кетеді.)
Оныншы көрініс
Ғ а й н ы ш. Не ол сөзің! Айт шапшаң. (Бір жаққа ұмтылады.)
Қ а с ы м (Дәукеңе қарап). Пәлеге қалмаса игі едім!
Д ә у к е ң. Саспа, бала, еншала осы қыз сары ауыздай ағасы барын білмейді.
Ғ а й н ы ш. Әй, Жұпар, мұнда кел! (Жұпар келеді.)
Он бірінші көрініс
Ж ұ п а р. Немене сендер? Шықты ма әйтеуір бір шатақ, айтып ем ғой!
Қ а с ы м. Әй, тәйірі, әшейін сөздің мәтелі ғой.
F а й н ы ш. Бола ма? (Жұпарға.) Сен сары ауыз деген пословица есіттің бе?
Ж ұ п ар. Жоқ, қызыл ауыз болмаса, ана ауыз жоқ.
Қ а с ы м. Е, ол өзі бір әшейін менің естуімше ақ көңіл, адамды жақсы квруі сондайлық күшті, тіпті кейде біреу бет-аузын тырнап, ұрып жатса да ол кісіні жақсы көруін қоймайтын бек бір абзал адам. Жас нәресте деген сияқты сөз, ал?
Ж ұ п а р. Ендеше мұнда оскорбление жоқ.
F а й н ы ш. Ну, болсын. Бірақ, Қасым, сен енді маған жолама. Сәлім, Сәлім. (Жұпар, Ғайныш кетеді.) Қ а с ы м (Дәукеңе). Апырай, жаным зорға қалды-ау. Сіздер біздің аузымызға пәле сөз салып жібердіңіздер-ау. Д ә у к е ң. Уай, ерім-ай, бәрінен шебер сен екенсің! (Мария Ивановна шығады.)
Он екінші көрініс
Ж а з е к е ң (Қасымға). Жалғыз қапсың-ау, қайным! Өзім қосайыншы осы біреуіне, кім бар екен? (Мария Ивановнаны көріп.) А, уа, бері кел! Сода, сода! (Қасым екеуін қолтықтастырып.) Сен мына Марияға жаңағы Ғайныштың қызығын айтсаңшы, білсін. Бар, барыңдар, айтып бер. (Марияға.) Уап, уап, уат әй ето өнтересный слобы, уан! Бассаңшы аяғыңды, жүзіқара (жүргізіп жіберіп), тіпті мен үшін баратындай болғаны несі. Әйда, бопалам каварит. Қ а с ы м. Өй, жүйрік жеңге, сіз не былжыратып, не былықтырып тұрсыз өзіңіз, ә? Сіздің әлдекімнің, қол жаулығыңыз емес Бұл кісі. Байқап қойыңыз тегінде дейім.
Д ә у к е ң. Үндеме, тисін, күйсін.
Он үшінші көрініс
Д ә у к е ң (Хасен мен Рабиға билеп шығады). Айтам ғой, ана біздің қатынды иектеп жүргенін көрдің бе? Ж а з е к е ң (күліп). Япырай, Рабиғаның өзі қандай биші. Екеуінің биінің жарасуын қарашы. (Қасым шығып қарап тұрады.) Д ә у к е ң (жалт-жұлт қарайды. Аналар билеп күліп келе жатады). Қой, ол бір желөкпе қатын. Құтыртпа. Құтыруын қарашы кәпірдің, сайтанның. (Тұрып барып, Рабиғаны оқты көзімен атып тұрады. Рабиғаны қағып тоқтатқысы да келеді. Күй бітеді. Бұл Рабиғаны барып ұстай алып, қолынан тартып.) Сен, қатын, бері жүр. Мұнда шаруа бар. Қонақ күтісіп жүр десем мұнда ма едің?
X а с е н (Жазекеңе). Мария Ивановнаны көрдіңіздер ме?
Ж а з е к е ң. Көрдік. (Күледі.) Знай!
Х а с е н. Ол қайда? Қайда кетті?
Ж а з е к е ң. Тастап кетті, тастап. (Күледі.)
X а с е н. Е, жарықтық, әлде неге ұйғарып тұр екенсіз ғой. Бетіңізден жарылқасын. Бірақ біз абыржымай-ақ қояйық, (Күліп.) Солай, сол. Ж а з е к е ң. Атың сыры өзіңе мәлім екен ғой. Ендеше сондайларға табынған бетіңменен тарта бер сол. X а с е н. Жазекең десе, Жазекеңсің-ау өзің! Түшіркене тұр. (Кете беріп.) Хайуан! (Кетеді.)
Он төртінші көрініс
Ғ а й н ы ш. Әй, ағай, әлгі пәлен ауыз деген не деген сөз осы?
Д ә у к е ң. Ол сөзді кайта сұрама, білдің бе?
F а й н ы ш. Не дейсіз? Не деген сөз?
Д ә у к е ң. Ол өзі адамның бір пасығы. Әйел атаулыға қасқырдай тиген бір зорлықты, өзі есалаң.
F а й н ы ш. Е, оның менде не ақысы бар?
Д ә у к е ң. Ақысын қайдан білейін? Сені еркек көрінсе жабыса түсетін әйелдің сары ауызы дегені ғой! F а й н ы ш. Ойбай-ай, бу не деген иттік! Не деген оскорбление? Көрсетейін, тұмсығын бұзайын мен олардың. Ж а з е к е ң. Ана Раяның солай деп Сәлімді сенен шошытайын дегені ғой, білдің бе?
F а й н ы ш. Шын ба, алдымен айтқан кім, Рая ма?
Д ә у к е н. Әлбетте Рая! Ол өзі Әлиді тастап, ана Зураны шетке қағып жіберіп, Сәлімді баурап алғанын көрдің бе? Саған Сәлім қызығып қап жүрмесін деп, әдейі маңыңнан жігітті үркітіп жүрген әдісін көрмеймісің? Ғ а й н ы ш (арлы-берлі жүріп талқан боп). А, Рая, солай ма едің? Мысықша жымпиып жүріп осындай сұм, арам, зәлім бе едің? Жақсы, жақсы. (Тепсініп.) Жақсы емес, сұмдар! Қуарған, қуарған өңкей. (Жөнеледі.)
Ж а з е к е ң. Ал, енді бір өрттей қаптасын!
Д ә у к е ң. Жүлдеге жарайтын осы болады әлі, көрерсің. Бірақ енді, өзіңе қайта қаптаса да оңай емес. Онда тек, бетінен сақтасын де, мынау ма тек түңдігіңді ұшыра соқтығар. (Жәкең мен Мария Ивановна шығады.)
Он бесінші көрініс
Ж а з е к е ң (көріп қалады, Жәкең қайта бұрылмақ болады). Ойбай, құдай төбеңнен ұрғыр, мынаны кім жапсырып қойған анаған? Әй, әй! Әлгі Қасым қайда?
Қ а с ы м (келіп). Уа, мен мұнда ғой.
Ж а з е к е ң. Мынау қағып әкеткен бе? Әй, Мария, тоқта! (Жәкеңе.) Әй, сенікі не? Не бар бұның жанында саған?
Ж ә к е ң. Өй, қатын, қойсаңшы, жаным-ау!
Ж а з е к е ң. Осындай қу байталдарға құмарсың ғой. Шаңынды аспаннан шығарайын ба осы?
Д ә у к е ң. Уай, саған да тыным болмады-ау, жазған.
Ж а з е к е ң. Ендеше, жақсы болса көре қойыңдар, біз де желігейік! Жүр, Рабиға, жүрші. (Ала жөнеледі.)
Д ә у к е ң. Уай, өй, әй қатын, желікпе!
Ж а з е к е ң. Иә, болғаным-ақ. (Рабиғаны жібермей сүйреп әкетеді.)
М а р и я И в а н о в н а (Қасымға). Неғыл дейді? Бәле ғой өзі! А, маған мына Жәкең дегенің бір түрлі жақпайды. Қ а с ы м. Дұрыс айтасыз, Мария Ивановна. Сіздің аузыңыздан шыққан қалжың сөздің түймедейін түйедей қылатын сабаздар Бұлар, сақ болыңыз. М а р и я И в а н о в н а. Ендеше, тәңір жарылғасын, өзімнің Хасенімді тауып беріңізші, менің Хасенім қайда? Хасен, Хасен. Әлденелер айтқысы келе ме, жұмбақтай ма, немене? Мен енді аулақ кетейінші осы байынан да, қатынынан да! Хасен қайда? Хасен! (Қасыммен кетеді.)
Д ә у к е ң (Жәкеңе). Қалай көрінеді?
Ж ә к е ң. Ымыраға кеп қап еді, көрдің бе пәлені. (Күліседі.)
Д ә у к е ң. Мә, ендеше қағып жібер!
Ж ә к е ң (ішіп болып). Тұра тұр, мен басқа біреуін төңіректеп келейін. (Кетеді, Дәукең тұрып қозғала бергенде Жазекең шығады.) Д ә у к е ң. Е, Жазеке, әлгі қатын ше? Әлгі біздің қатынды қайда өткізіп жібердің?
Сәлім мен Рая келе жатады.
Он алтыншы көрініс
Ж а з е к е ң. Тоқтай қал, ананы қара! (Екеуі көлеңкеге таман кетеді.) С ә л і м. Раечка, мен сенің шын досыңмын. Берік жолдасыңмын. Есіңде ме, осы екеуміздің арамызға сол күнде, балалау кезіміздің өзінде де дақ салған, ақау түсірген бірде-бір жәй жоқ еді-ау. Тәтті еді-ау. Р а я. Сәлім, қайта оралмас күндей айтатыныңыз не? Тәтті болат та! (Күліп.) Жоқ әлде "Күншығыс сұлуын" таппағаның қинай ма?
С ә л і м. Е, ол қолда ғой.
Ж а з е к е ң (Дәукеңе). Ал саған керек болса, бетім-ай, мыналар неткен жүзің күйгір еді. Д ә у к е ң. Мен мұндай кердеңдеген жігітті әкесін танытып тұрып сойып салатыным да болатын. Тұқымсыз, жұрағатсыз, кешегі панасыз... (Әли мен Зура шығады.)
Он жетінші көрініс
С ә л і м. Ә, мыналар екен ғой! Зура, Зуратай!
Р а я. Әли! (Аналар қарап алыстан қол бұлғайды да, бұрылмай өтіп кетіп, екінші шеттегі беседканың тұсына барады.)
С ә л і м. Осылар не ойлайды екен осы? Бізді түсіне ме екен?
Р а я. Түсінер. Мен Әли туралы жаңылмаспын. А, ол маған қымбат.
С ә л і м. Мен де Зураға жат көрінбеспін.
Р а я. Бірақ біздің жәйдің де өз орны, өз правосы бар.
Он сегізінші көрініс
З у р а . Көңілде әлдеқандай құлазыған жүдеулік бар. Неге солай екен?
Ә л и. Ол күйде мен сенің мұңдасыңмын, Зуратай!
З у р а . А, сіз де біртүрлі бір майдалық, жылылық бар бауырымдай ма, әлденендей! Әли, бұл қалай? Түсіңіз неге бұзылды.
Ә л и. Зура, өзіңді байқаймысың? Өзің де өзгердің ғой.
З у р а (құшақтай алып). Әлитай, бауырым, қызғанасың ба әлде?
Ә л и. Қай себеп, неліктен бұлай, білмеймін, сен ше?
З у р а . Мен де! (Самат шығады. Қасында Сәлім, Рая, Халил және өзге барлық жастар, қонақтар да бар.)
Он тоғызыншы көрініс
С а м а т. Әй, жастар! Қайда жүрсіңдер осы, әй, балалар, жиылыңдар, келіндер бері! (Жастар жалғыз-жалғыз, солғын басады.) Сендер немене өздерің, күндегіше қызықтап әндетіп рақаттанбайсыңдар! Салыңдар әндеріңді! Кәні! (Жастар бастай алмайды.) Бол, кәні, Рая, Әли, Катя, Халил, бастаңдар! Р а я (әндетіп шырқап). Өмірдің жыр етеміз гүлді шағын. (Бас қалар азғантай қосылып барып біртіндеп тартынып қалады.)
Түрлентіп, жайнатқандай алма бағын,
Бізді де камалатқа жеткізеді,
Күл болмас, беті қайтпас екпін жалын!
С а м а т. Әй, балалар, сендер ше? Әли? (Әли бұрылып кетеді). Халил! (О да сүйтеді.) Ғайныш! (Ол төмен қарайды, ызалы. Зураға қарағанда о да солай.) Бұл қалай? Не болған? Бұ несі? Р а я (Саматқа жетіп кеп). Самат аға, маған қосылмақ түгіл бәрі де сырт қарайды, теріс айналады ғой! (Өзіне.) Мен не істеп, не жазғамын.
С а м а т. Бұлары несі? Не хал болған?
Д ә у к е ң. Саматжан, қандай әдемі жақсы жастар өздері. Тек өмірлі болсын.
С а м а т. Жә, қоя тұрыңызшы. Бұ қалай? Әй, бері қараңдар! Тоқтаңдаршы, жолдастар! (Бар жас жиылады.) Мен бір үш-төрт күндей қалада боламын. Сендердің ортаңа үлкен жаңа ұсыныстармен мына Сәлімдер кеп отыр. Ұғысып, түсіністіңдер ме?
К а т я. Ұғысамыз! Түсінісеміз...
С а м а т. Ертеңнен бастап уақытша шаралар есебінде лидерный системамен ағаш бұтақтауға кірісу керек болады. Оған не дейсіндер? X а л и л. Келетіндер жаңа ұсыныспен келер-ау, бірақ бүлдіре, қирата келмей, ұғыса, үйлесе келсе екен!
С ә л і м. Сөз-ақ!
X а л и л. Іс пен мінезден туып отырған сөз болмасын, жолдас!
К а т я. Халил, о неменең? Сөз емес бұның?
Қ а с ы м. Біз Сәлімді тыңдап көрерміз.
Ж ұ п а р. Жаңа ұсыныстарын қостаймыз.
Ә л и. Бұл кісі біздің бақты жабайы бақ дәрежесінде түсінгісі келеді. Біздің бұл арада екі жылдың біріне қысырап қапотшыратып, апортты оңдап, өсімтал алма, суыққа берік алма, жемісі мол алма, көп сортты алмалар өсіріп келе жатқанымыз іс емес те, үлгі емес сияқты. С а м а т. Бірақ сонымен қатар, Сәлім, программының сарынын аңғарсаңдаршы. Кәні, менің көзімше соныңның бәрін айтып көрші осыларға. С ә л і м. Бұл бақ жақсы бақ. Өнерлі, үлгілі, жаңа ғылым жолымен құрылған бақ. Бірақ бұл Алматының бай табиғатының ортасында ғана қалып отыр. Ендігі ұмтылатынымыз осындай әдемі бақтар сонау ебелек пен қаңбақ ұшқан, caр селеу басқан Сарысу, Нұрадан немесе әлі де көп жерін бойы күйкі баялыш, итсигек пен қу қамыс басып тұрған анау Сырдан, яки көкірек пен ермен иектеген Жем, Сағыздан, Есіл, Ертіс бойынан, Жайық, Шалқар жүлдесінен барып шықсын дейміз. Қазақстан картасында ақ таңба боп, бұлдырсыз қу тақыр болған далаларға, бұрынғы елсіз құба жондарға, ит кешудей құмдарға партияның ұлы еркімен Балқаш, Қарағанды, Ембі, Жезқазған орнады ма? Ірге тепті ме? Ендеше біздің еңбегімізбен сол жерлерге хош иісті гүл, жеміс, саялы салқын көкорай бақ барсын дейміз. С а м а т. Міне, сол бақтарға жарайтын жаңа сорттарды тудырып өсіруіміз міндет. Міне өріс те, нәр де осы.
Д а у ы с т а р. Солай, шәк жоқ, солай.
С а м а т. Ендеше Қазақстанда алма-жеміс бақтарын ұлғайтудың планы ертең-бүрсігүн біздің Совнаркомде қаралатын бопты. Соған баяндамашы Сәлім сенсің. Ал мына тұрған өзге барлығың Сәлімге жергілікті тәжірибені толық білдіріп, сол баяндаманы бізге әзірлесіңдер. Мақұл ма? (Дауыстар "мақұл, мақұл " дейді. Халил үндемейді.) Халил? Әли? Не дейсіндер?
Ә л и. Болсын.
С а м а т. Баяндама болатын күні өзім хабар қып, машина жіберем. Сол. (Кетеді, жастар да бытырай тарайды.) Рая, Сәлім бір бөлек кетіп бара жатады, көңілді Дәукең, Жазекең әңгімелесіп шығады.
Жиырмасыншы көрініс
Ж а з е к е ң. Дерттен сүйеді дегенің кім?
Д ә у к е ң. Тақ Әли адам болса бар ғой, мыналардың кегі ғып, Зурамен табысу керек.
Ж а з е к е ң. Ендеше соған икемдеу керек те.
Д ә у к е ң. Тіпті болмаса, осы сұм сарыдан өзім де болса кек қуам. Бұның жанды жерінің бірі Зура ғой, олай болса бұл күймесе сол күйсін.
Жиырма бірінші көрініс
Көрпебай шығады.
К ө р п е б а й. Әгәгөй, әгәгөй, әгәгөй, әгөй, әгәгөй-ау! (Мастау сияқты.)
Ал ендеше мен боламын Көрпебайың,
Тиын да, тебен де емес, сөлкебайың.
Ұрыны қарақшы ұрып, "қап" дегізген,
Кәніки мен де неге кем болайын?
Уа. Бері кел, бері кел. Жел жетпесім! Сеңгірім!
Д ә у к е ң. Уай, арысым, бірдемені індеттің-ау, тәрізің!
К ө р п е б а й. Қараңғы ағаш түбінде шөп-шөп, сыбыр-сыбыр.
Д ә у к е ң. Бәсе, таныдың ба?
К ө р п е б а й. Жоқ, өзін білмейім, аттарын ғана есіткенім.
Д ә у к е ң. Е, сонысын айтсаң, болады да...
К ө р п е б а й. Осы Рабиға деген кімнің қатыны?
Ж а з е к е ң (күліп жіберіп). Ой, төбеңнен ұрғыр, мына кісінің қатыны емес пе? Ойбай сығыр! Ойбай, бетім-ай, енді не дейін?
Д ә у к е ң (жұдырығын түйіп). Ойбай, ойбай-ай, не дейді ойбай!
К ө р п е б а й. Ал Жәкең деген кімнің қатыны?
Д ә у к е ң. Ол мынаның байы, мынаның, ойбай!
Ж а з е к е ң (безектей жөнеліп). Ой, қуарғыр, ой, төбеңнен ұрғыр! Қайда? Қайда? (Дәукеңмен екеуі екі жаққа "қайда, қайда " десіп тарбақтай жөнеледі.) К ө р п е б а й. Уа, аттан, аттан! Мұнда, мұнда! (Айнала жүгіреді, аналар кайта ерсілі-қарсылы жүгіргенде біріне-бірі қақтығып жығылып жатады.) Өй, солар да куә болды деймін! Жын қағып кеткен бе өздеріңді? Солар да көрді деймін! Өй, қоңырсыған жазғандар!
Ш Ы М Ы Л Д Ы Қ
Төртінші сурет Сахна ортасында үлкен, кәрі қара ағаш. Соның түбінде Дәукең жатыр. Жақын жердегі бір мол бұтақты алма ағашын Жұпар мен Көрпебай бұтап, тазалап жүр, біресе басқыш үстінде, біресе жерде жүріп сөйлеседі. Күн бұлыңғыр, төмендеп ұшқан бу, ағаш басын қоршай өтіп жатыр.
Бірінші көрініс Ж ұ п а p. Көрпебай, өзің желісімен, жыл-жылымен айтып, сауатың ашылғанын көрсет дейім покрайнемер.
К ө р п е б а й.Ал, ендеше қой жылы шыңыраудың пішенін үлестік.
Ж ұ п а р. Қай жылы?
К ө р п е б а й. Қой жылы дейім!
Ж ұ п а р. Әлде қошқар жылы шығар. Бұл экзамен покрайнемер.
К ө р п е б а й. Е, экзам болса мен де экзам.
Ж ұ п а р. А сен не былықтырып отырсың!
К ө р п е б а й. Уа, арғы қой емес көр сыбан, бергі қойды айтам. Арғыда заңғар соғыс, әгі Герман соғысы ғой... Содан келе сиырда Жүндібайды ұйпап алып, жер аудардық. Ал мешінде, астапыралла мешін емес. (Өзіне өзі.) Өй, көзелім, Көрпебай-ау, осы сенің жыл қайырғанда не ақың бар еді? Оған сен қашан ағып түр едің? Бірақ енді бір тәйірі әйтеуір мынау білмейді... бұлдырат ... (Жұпарға қарап.) Қой, сиыр, мешін, тауық. Ал тауықта Ақеспеге қыстау салдық, колхоз болдық. Бірақ барыс... барыс па еді? Әй, сол жылдың аты барыс болар. Сол барыс кіре бергенде сөздің шыны керек, жаман ағаң колхоздан қалқақтап қашып берді. Ж ұ п а р. Жұмбақтама, жұмбақтама, білдің бе! Taп тартысын, бай-құлақтың үгітін айт покрайнемер!
К ө р п е б а й. Е, тұп-тура әткөшнек боп кеттім.
Ж ұ п а р. Асыра сілтеуді айт покрайнемер.
К ө р п е б а й. Е, енді асыра сілтемесе өзің ойлашы. Жар дегенде жалғыз балам (көзін сипап), топырағың торқа болғыр қарашығым. Әлгі күнге сай-сүйегім сырқырайды. Жас балам өліп, қу тамырдай боп сорайып қалған Арпабай мен мен ғана емес пе? Ж ұ п а р. Өй, сен лек безді бітіреді, экзамен береді десе қайдағыны айтатының не? К ө р п е б а й. Қайдағы, қайдағы, бола ма екен сол? Басыңа түспеген соң айтасың ғой. Ал енді бермен қара, Керман, Тальян, Жапон, Бұл бір төбе. Одан қала берсе ағылшын, француз, әне бір шек-собелек, онан соң ана бірісі бар еді. А, тағы, ана бірісі тағы бар. Қысқасы, олар бір сәрі, ал Қытай десең Қытай әні тағы бар. Онда қызыл әскер де бар. Ал, тоқтап тұра қал, ал енді бермен қара ... Бұл бүткіл-бүткіл жер жиян төрт тарапты алсаң оған күндей нұры жетіп тұрған Маркс, Энгельс, Ленин...
Ж ұ п а р. Болдың ба?
К ө р п е б а й. Е, болат та енді осы да. Білесің ғой сөз деген сөйлеп берсе айтыла берет те, бәрінен де түйінін айтсаңшы... Дөйдірім, болар енді. Тағысын тағы көре жатасың ғой! Қалай екен?
Ж ұ п а р. Мен әлі баға бермеймін. Ойланам, ылғи шетке бұрыла бересің.
К ө р п е б а й. Дөйдірім-ау, қасында-ақ отырдым ғой, қайда бұрылдым?
Ж ұ п а р. Сол Қазақстанмен қатар, Көрпебайстаның қалмайды екен. Қоспаң көп. К ө р п е б а й. Япырай, солай боп шықты, ә? Болар, болар! Ал енді қайттік... Ж ұ п а р. Е, қайткеннен сақтасын. Күн бүгінгі, жыл биылғы деп пе ең? Әлі шикі жатырсың. Оның енді ап-ашық. Бірақ несі бар? Өзім әлі оқыта берем, сен оқи бересің... Сүйте-сүйте жалғасып, септесіп адам бола шыға келеміз. К ө р п е б а й. Бәрекелде, дөйдірім, тіпті мынауың ат мінгендей болды ғой... Бәсе, бұл оқу деген инемен құдық қазғандай деп неге айтты дейсің... (Қасым, Катя, Халил жұмысты істей шығады.)
Екінші көрініс
Қ а с ы м. Өй, Жұпар-ау, оны айтасың, сен пәлені білдің бе?
Ж ұ п а р. Иә, немене? Не пәле тағы? Қ а с ы м. Біздің баққа құрт түсіпті, алма күйесі, міне. Міне, мына Катя ашып отыр.
Үшінші көрініс Дәукеңді Жәкең келіп оятып, екеуі етпеттерінен жатып шүңкілдеседі. Ғайныш шығады. О да жұмыс істеп келеді. F а й н ы ш. Катя, сенің күдігің рас болды. Мынада зиянкес қоңыз да бар, мынау оленка ғой! Ж ұ п а p. Не дейсіндер, жаным-ау, қайсы? Самат ағам да болмады-ай! Ол әлі Алматыда. Қазір оған білдіріп, сол жақтан зиянкестермен алысатын адамдар шығыпты, шаралар істету керек қой... Алдымен ұясын табу керек қой. К а т я. Бәсе, ұясы қайда? Және булармен алысудың жаңа шарасы бар ма екен? Сәлім қайда? Сәлімнен сұрау керек қой. Х а л и л. Сәлімсіз-ақ білеміз, Сәлім емес, Әлиден сұра. Немене Сәлім, Сәлім деп аспанға көтере беріп? К а т я. Халил, сен не айтасың өзің? Ол жаңа адам. Жаңа тәжірибелерді біледі.
Ж ұ п а р. Мүмкін біз естімеген жаңа раствор, жаңа шаралар бар шығар.
К а т я. Сұраса неменесі бар екен?
Х а л и л. Раяға еріп, шұбырған екенсің бәрің бірдей, соның соңынан!
К а т я. Өй, сен не дейсің өзің? Кешегі Самат ағаңның сөзін білемісің?
X а л и л. Самат ағам айтқан жөн бір басқа. Шынға келсең, бұндағының бәрін кісі емес көріп, Раяша ит қыл, күйдір деген кісі жоқ. Ондай құнсыз, сұм мінездің ішкі сырын Самат ағамнан жасырып кдп отырсыңцар. Соны ашсаңдар етті.
К а т я. Не сандырақтайсың өзің?
Х а л и л. Сен сандырақтайсың? Раяға еріп, еліктеген маймылдың бірі сенсің ендеше, істемеймін мен сенімен. (Кетіп қалады.)
К а с ы м. Мынау не ғып тоңқылдап жүр өзі? Бұ қалай, ә?
Ж ұ п а р. Мұнда бір мән бар ғой. Әйтпесе неге бүйтті.
F а й н ы ш. Мәнсіз болмас. Соны ойлаңдар.
К а т я. Ей, әшейін бір дерт пайда болған ғой бұған. Сәлімнің басшы болуын қызғанады ғой. Үндеме, тұра-тұр, Бұл әлі сабақ болады оған. Үйрету керек. (Жұмысына кірісіп.) Бәрінен де мынаны айтсаңдаршы. Қасым, сен тұрма, қазір телефонмен Самат ағамды тауып алып хабарла. Ж ұ п а р. Талай жылғы еңбек... Істейтін шараларын тез білдірсін ал, бар. (Қасым кетеді. Іске кіріседі.) Я, айтпақшы Рая қайда осы? Рая! (Рая келеді. Жұпар екеуі.)
Төртінші көрініс
Ж ұ п а р. Сен мына жәйді білдің бе?
Р а я. Білдім. Енді анау Халил, Әли бар, барлығың қыңыратқымай, қиянкескі болмай, ана Сәліммен ақыл қосып, бірге алысыңдар деу керек. Ж ұ п а р. Иә, рас, олар бірігіп істемесе мына пәлені тез жеңе алмаймыз. Ал бұлардың бірікпейтін себебі не? Қыңыратқитыны қалай? О неліктен? Білуші ме ең? Р а я. Осы тұста мен Әлидің өзін түсіне алмай тұрмын. Ал шындап түсіне бастасам, түңіле бастар ма екем деп те қауіптенем. Ж ұ п а р. Жоқ, сен қате айтасың. Менің ойымша сен әуелі түңіліп алып, сонан соң түсіне алмай тұрған сияқтысың.
Р а я. А, не дейсің, Жұпар? Бұ не дегенің? Айтшы!
Ж ұ п а р. Қарағым-ау, ендеше кешегі қан жиын, қалың топтың, сыншы топтың арасында тойынды талқандағаныңды не деп түсінейік? Әлимен екі арандағы уәдеңді жыртқаныңды не деп білейік. Р а я. Ендеше оның шыны менің өз басымның комсомолдық намысыма тірелген мәселе болғандықтан солай боп шыққан. Ж ұ п а р. Комсомолдық намысым дейсің де, өз басым дейсің. Сенің намысыңа тиген соққы, тағы біреудің арына тиген кесел, сонан соң біреудің басына жеткен оқ дейік – бұның азы да, көбі де бір – осының бәрі қоғам адамының өз басының ғана ісі ме?
Бесінші көрініс F а й н ы ш (Дәукең, Жәкең жақындай бергенде). Құрт, дерт. Қандай ақаусыз жас, мінсіз сұлу ағаштар еді? Өзінің ішінде тегі аманы, сауы бар ма осы? Бұ не пәле?
Қ а с ы м (анадайдан). Қара, зерттеп шық бәрін, тесіле қарашы.
F а й н ы ш. Жә, мен сенімен сөйлесіп тұрғам жоқ.
Д ә у к е ң. Аманы бар ма дейсің, Ғайныш, мына тұр ғой, мінекей, айылын жимас қара ағашың.
F а й н ы ш. һә, ол аман болар...
Ж ә к е ң. Сорлы, осыны айтсаңшы.
Д ә у к е ң. Бәсе, сен зәлзәле, талай селін, мың пәлесін көрсе де міз бақпас осыны айтсаңшы. Қ а с ы м. Ол қайта пәлең болса келе бер, ұялай бер дейтін шығар. Солай емес пе, Ғайныш? Ғ а й н ы ш. Осы сен жамбастамай, жұмбақтамай менен аулақ бол дегенім қайда кеше? Қ а с ы м. Әй, жарықтық сәби... сен солай дегеніңмен пәксің, өзің білдің бе?
Ж ә к е ң. Япырай, мына бала тағы шанышты-ау!
Д ә у к е ң. Қой, Қасым, сендер тіпті шетіңнен ылғи батыра айтады екенсің-ау. F а й н ы ш (Қасымға жүгіріп барып). Шығарма үніңді. Маңайласпа. Аулақ, аулақ менен... Мазақтап күліп, қорлап...
Қ а с ы м. Ал, қойдық, қойдық... Ал, ендеше мейлің білсін.
F а й н ы ш. Істемеймін осының қасында. Дәуке аға, ақыл айтшы. Ұқшы мені, болысшы маған. Д ә у к е ң (ертіп бара жатып). Жоқ, ол сұм бала өзі кешеден солай. Жаман тіпті, Ғайныштай. Ж ә к е ң. Кәні, өзің бізбен болшы біраз, айтшы жөн жосығын. (Бірге кетеді.) Дәрі-дәрмегі бар столды көтеріп Әли, Зура шығады. Екеуі де ағаш жанында жұмыс істейді.
Алтыншы көрініс Ә л и. Бұл бақ біздің көп жылдық еңбек талабымыздың келешек күні, болашақ өрісіміздің бағы. Қымбаттығы сонша, шынға келсем бұның дерті менің өз басымның бар дертінен де сонағұрлым ауыр болар еді. З у р а . Япырай, біз алғаш келген күні қандайлық гүл атып, маңайынан иісі аңқып түр еді! Өнген менен өскенді күн шуақтап, күле жайнап қостағандай еді-ау. Ә л и (ойланып). Кешегі түн мезгілсіз, керексіз бір дауыл соғып өтті. Артынан бұршақ болды. Күн лайсаң. Аспан қалай жүдеу, кірбің еді, Зура!
З у р а . Жүдеулігі біздің көңілдей ме, әлдеқандай.
Ә л и. Көңіл күйі де кірбің, жүдеу.
З у р а . Күн жарығы қайда тур? Неткен күңгірт?
Ә л и. Бұлттар төмендеп басып тур ғой. Алматы биігінің басы ашық-ау қазір. Оны күн құшақтап тұр-ау.
З у р а . А, мұнда болса іші жүдеу. Сыртында тұман.
Ә л и. Әлде содан ба, осы маңайға басқан сайын, мына құрттар жиілеп, көбейіп барады-ау. Зура, солай ма, қаталасам ба әлде?
З у р а (қара ағаш түбіндегі төсек-орынды көріп). Мынау кімнің ұясы? Ә л и. Бұл осы қара ағаш түбін мекендеген әлгі үлкендердің орны ғой. (Қарап тұрып.) Төсегі, мекені. (Ойланып.) Біздің тынышсыздығымыз бұлардың дем алысын бұзбас. (Рая шығып қалады, ол да ағаштарды қарап жұмыс істеп келе жатқан.)
Жетінші көрініс Р а я. Әли! Сен осы менен қашқалақтаймысың, немене? Сені іздеп табуым, көруім қиындап кеткені несі осы, Әли! (Жақындай беріп ағаш артындағы Зураны көреді.) А, сендер мұнда екенсіңдер ғой.
Ә л и. Іздеп пе ең әлде, Раечка?
Р а я. Жоқ, қазір сені іздеген жоқ ем. (Жазекең шығып, қара ағаш түбінде тыңдап тұрады.)
Сегізінші көрініс
Ә л и. Сәлім, мына туралы не ойлап тұрсың? Не байқадың? Не айтасың?
X а л и л. Бәсе, ұсынысын айтсыншы, кәнекей?
С ә л і м (ағаштан құрт ұстап). Мына біреуісі дәл осы кезде гүлді жейтін қоңыз оленка ғой. Ал мына бірі жемісті болған кезде жейтін плодогорка. Тағы басқасы да бар ма?
Ә л и. Мен алма күйесін де тауып тұрмын. Тез өлтіретін жаңа шара білемісің?
С ә л і м. Сендер не қолданушы едіңдер?
Х а л и л. Е, тәйір, біз не білуші ек, сізден шығат та.
С ә л і м. Жолдас, сіз не демек боласыз?
Х а л и л. Омырауымен қағып, аса сермеп, асқақ сөйлегеннің бәрін де шын жәйің шырқ бүзар ма демек болам.
С ә л і м. Үйтіп шалуыттамай, қақтықпай жөніңмен сөйле.
Х а л и л. Біз өзіміз қақтықпаймыз, бірақ өзі тиіскенді қағып жібере де білеміз.
Ә л и. Халил, доғар, о неменең?
С ә л і м. Бұның ойының ба, сандырағың ба?
X а л и л. Кісінің жанымен ойнауыңа жол бермеймін дегенім.
Ә л и (ақырып). Халил, сандалма! Жолдас болғаныңмен саған мұндай право берген кісі жоқ. Шығарма үніңді. (Сәлімге.) Мынау зиянкес құрттармен бар күшті біріктіріп алысқаннан басқа шара жоқ. Мышьяковстый препараттан басқа ұсынарың бар ма?
С ә л і м. Барлық жұрттың қолданатын жалғыз шарасы сол ғана. Сол жетеді.
Ә л и (Халилге). Бар, сол препаратты әзірлеп әкеліңдер.
С ә л і м. Бұның жаңағысы несі? (Әли таңданған сияқты болады. Жауап қатпайды.) Бұрынғы тәжірибелердің өзінен соншалық қымбат болғаны-ау, ә?
Ә л и. Болар. Ендеше бу да панатизмнің бір түрі шығар.
С ә л і м. Сол-ақ, ә?
Ә л и. Не демекке керек? (Басқа ағашқа кетеді. Сәлім аз тұрып қап, Раяларды көріп, жұмыс істей жүріп солай жылжиды.)
Тоғызыншы көрініс
С ә л і м. А, сендер мұнда ма едіңдер? (Дәукең, Жазекең шығып жақындайды.)
З у р а . Кімді көргің кеп еді? Рая шығар іздегенің?
С ә л і м. Соны енді осындай митинг жиып тұрып, айту қажет пе екен?
Д ә у к е ң. Е, жақсы жігіт, айта бер. Сендер онсыз да бүркеніп бұққан кісі көрінбейсіңдер ғой. Ашығы әбзел дейді ғой мына Жазекең. Р а я. А, мына кісі де соны тілепті ғой! Олай болса әлгіні айтуға қажет, құмарынан шықсын. Айт кімді іздеп ең?
З у р а. Жарайды, айтпай-ақ қой, білеміз. Раяға мақтан керек қой! Р а я. Жаным-ау, осылар мені шалуыттауын қоя ма, жоқ па? Мені кім деп біледі осылар өзі? С ә л і м. Рая сенің алдында жазықсыз. Ал, сен ашулы көрінесің. Орынсыз ашуды жазалау керек.
Р а я. Сонымен?
С ә л і м. Сонымен болса, іздегенім Рая деймін. (Рая бұған кеп қолтығынан алады, Дәукеңе қыр көрсетеді.) Еріксіз қызықтырасың-ау өзіңе! Р а я (кетіп бара жатып). Қызығам дейсің, тұра тұр, мен сені қызықтырған пішінімді көрейінші. Айна бар ма екен? (Жазекеңе). Бере тұрыңызшы. (Айнаны алып, қаранып.) Осыған қызығады, ә? Пәле, ну и рожа! Мен әкем мен шешеме тіпті риза емеспін!
С ә л і м. Е, неге?
Р а я. Осындай уродты туғызған-ақ екен, э? (Айнаны Жазекеңе лақтырып.) Бірақ сен ұнаттың ғой. Сол үшін paxмет саған, әйдә! (Кетіседі.)
Оныншы көрініс З у р а (Әлиге жетіп кеп). Не деп білейін? Не ойлайын? Мазақ па? Не істеуім керек? Ә л и. Зуратай, әлде олай болмас. Бар тілек – менің қасымда болшы, Зура, Зуратай! З у р а. Жоқ. Әли... Жоқ. Мен ойнай алмаймын. Құр көріп тура алмаймын бұны. Қинайды. Жерлейді булар. Д ә у к е ң (келіп құшақтап алып, ертіп). Зуратай, қалқатайым, қоя ғой, жүрші осы бір сөйлесейік те уанайық, жүрші, жүрші бермен.
Ж а з е к е ң. Енді қайтсін, іші күймесін бе? Өзіміз болсақ қайтер ек!
Д ә у к е ң (сыртына бұрылып). Жазеке, қоя тұр.
Ж а з е к е ң. Е, е, сүйт, сүйт. Өл де маған, о несі екен! (Кейи жөнеледі.)
Он бірінші көрініс
Әли қасына басқышын алып Қасым келеді.
Қ а с ы м. Бұл қалай болды, Әли-ау? Қайдан шыға қалды бұл ит? Самат ағамның тапсыруын орындап, екі күн ішінде таба аламыз ба, жоқ па? Ә л и. Оны іздемекке керек. Қазір мына ағаштарды учаскеге бөліп, өзіміз сол учаскелерге жеке-жеке міндетті боламыз. (Көрпебай мен жұмысшы стол мен препаратты әкеп қояды.) Ал, жолдастар қайда? Қимылдайық.
Қ а с ы м. Бәсе тіпті. (Рая шығады.)
Он екінші көрініс
Қ а с ы м. Мен жолдастарды жинайын.
Р а я. Жоқ, Қасым, кетпе. Рас, бүгін бұны сөз қылатын мезгіл де емес еді. Бірақ мен ішімдегі үлкен күдік үстінде жұмыс істей алмай тұрмын. Осы бір Сәлімнен басқаң маған сырт қарап қалғанбысың немене осы? Аластау ма? Мені көрсе, бірі сөзден тиылады, үндемей қалады. Біреуі тұра жөнеледі. Бірі ашу шақырады. Тағы бірі пошлост айтады, жазғырады. Бұ не? Тегі мені реніш, намыс дегенді білмейді, сезбейді деп ойлай ма осы жұрт, қалай өзі? Ә л и. Осы айтылған мінездің ешқайсысын менің өз басымнан көрдің бе, Рая? Бұл сұрақты маған қойғаның не қылғаның? Бұның нең? Бәсе, өзіңе айтайын, не боп қалды осы, Раечка?
Р а я. Ендеше бір сұрақ, көңілінде өзгеріс бар ма, Әлитай?
Ә л и. Бұл маған емес, өзіңе қойған сұрағың болар, Рая?
Р а я. Не де болса, жауабын сенен естігім келеді.
Ә л и. Оның әділет пе? Бұл шыншылдық бола ма?
Р а я. Түсінгің келмей ме, ойланбаймысың? Мен, мен емес пе ем, Раечкаң емес пе ем?
Ә л и. Ойланғанмен шеше алғам жоқ қой.
Р а я. Ендеше мені тыңдау керек емес пе еді? Және сен кешірімдісің, қызғаншақ емессің, солай емес пе еді, Әли? (Жақындай бергенде Aпa мен Жазекең шығады.)
Он үшінші көрініс Ж а з е к е ң (Апаға). Мына жәдігөйді қараңызшы. Енді тағы бір қырға мініпті. Өзінің жүрегін бір шайлықтырып жіберші, апа! Р а я (шегініп). Е, тағы шықты ма? Бұнда шеше, жеңге, аға көп. Сәлімдей тұлдыр ма, жалғыз ба бұл. Қамқор, жан күйері үйірімен орала жүреді, біздей ме? А п а (Раяға). Қарағым балам, осы болары болып, бояуы сіңді ғой! Анау жұрт та, өздерің де тойып болдыңдар ғой. Біріңнің бірің басынды қатырмай қойсаңшы енді түге, жабулы қазан жабуымен.
Ә л и. Aпa, түсінбейсіз.
Р а я. Ие, тағы? (Әлиге.) Әлитай, түсінбеу ғана ма екен? Қатаңды не дейін? Бірақ сол қатаңмен де... Ж а з е к е ң. Оның қаталығынан сенің жапа шеккен жерің жоқ еді ғой, шырағым, несіне жағалатасың?
А п а. Осы бірің алма да, бірің тиме, қоямысың осы?
Р а я. Япырау, Әли-ау, мына кісі мен екеуіміздің ортамызда талқыда қалған ба сенің басың? Мына сөз не онымен, не менімен бол дегенге ұқсай ма қалай, жаным-ау? Ж а з е к е ң. Жаратқан-ай, не дейді мынау сумаңдаған су жылан. Не шешеңмен бол, не менімен бол деп тұрған жоқ па, апатай-ау? A п a (Әлиді құшақтап жылап). Қарағым-ай, мен сенен өлі айырылмай, тірі айырылатын күнге жетіп пе ем? Кәне ендеше берші жауабыңды... Оныкі мен менікі ме едің, Әлитайым? Ж а з е к е ң. Екеуіңнің бірің-ақ болатын болдың ғой не болса да, ә құдая тәуба, бұ не деген сұмдық. Р а я. Әли-ау, мынау қандай жат сөздер боп кетті. Мен сенімен сөйлескелі, түсініскелі келмеппем? Комсомол мен комсомолка боп сөйлескелі келіп ем ғой! Ә л и. Рая, ешбір комсомол менің апаммен екі арамды қақ айыра кеп килікпейді. Р а я. Ә, сенің де өреңнің бар жеткені сол-ақ болды ма? Әй, тәйір-ай, мен қайтейін енді... Әй, қойшы... (Қиналып, жөнеліп кетеді.)
Он төртінші көрініс
Қ а с ы м. Өй, әлгі Рая да ренжіп қынжылып кетті ғой. Әли! Бұ қалай өзі?
Ә л и (Апаға). Сіз бен біздің арамыз шалғай. Бұдан бұлай өз басыңыздың салмағын өзгемен өлшестіруді қойыңыз, А п а. Ол қолжаулық емес қой. Мұндайдан тыйылыңыз. Соңғы өтінішім, ойланыңыз. (Апамен, Жазекеңмен бірге сатыларын, дәрілерін алып, Әли, Қасым да кетіседі.)
Он бесінші көрініс
Ғайныш, Жәкең шығады.
Ж ә к е ң. Қалқам Ғайныш, кәдір білетін біз емес пе?
Ғ а й н ы ш (мастау). Оныңыз шын болса билеңіз. Ж ә к е ң. Қалқатайым Ғайныштай, билей алмаймын ғой!
F а й н ы ш. Жо-о-қ, биле деген соң билеңіз. (Әндетіп.)
Е-е-й, жаным гүл Зәйнәп!
Жүр ме екен сағызын шайнап...
(Бір жағынан қатты ашуланып.)
Мен маспын.
Ашудан маспын. Билеңіз...
Е-е-й, жаным гүл Зәйнәп!
Жүр ме екен сағызын шайнап!
Билеңіз! (Еріксіз билетіп.) Қатты, қатты билеңіз! Ау, әлгі Зура қайда? Соған да анау Дәукең арақ ішкізді, ә? Сіздердің осыларыңыз бір планмен істелді-ау, осы, ә? Неге ұқсайды өзі? (Зура ашуланып шығады, артынан Дәукең ұмтылып кеп, қолынан ұстайды.)
Он алтыншы көрініс
З у р а (ашулы). Ұстамаңыз! Кім деп жүрсіз сіз мені? Тапқан екенсіз.
Д ә у к е ң. Тыс-с! Шырағым, жанжал шығарма. Оның ұяты менде емес, сенде қалады. Ойла, қалқам Зуратай, тоқташы, ұғыншы өзің. Аналардың саған істеген қиянатын көрдің ғой? З у р а . Бұл маған қорлық. Өлім артық. Не ойлайды, не істейді? Кім деп ойлайды булар мені? Мен неткен ақымақпын, жаным-ау. Д ә у к е ң (құшақтап). Қалқатайым, мен ағаң. Ренжіме. Ит болсам ұрыспа, жазалама. Бірақ тыңдап бол, айналайын. (Сүйіп тұрады, Рая, Сәлім шығады).
Он жетінші көрініс
С ә л і м. Зура, Зура! Саған не болған? Бұның нең?
З у р а . Ойпырай, бұ неткен халдар? Не деген ұят, неткен ауыршылық?
Ғ а й н ы ш. А, біз реніштіміз, күйініштіміз. Дертті осылай айдаймыз. Нетуші еді. Р а я. Сен екенсің ғой бастап жүрген, құдай ұрған! Ендігі жетпегені осы ма еді саған? Жоқты сылтау қылып қасқырдың аузына түсіп. F а й н ы ш (Бұлқынып, жұлқынып). Не дейсің, не дедің? Сен тағы қорлап, жерледің бе? Күлуің жетіп, енді табалауың, ит қылуың қалды ма?
Р а я. Ұятсыз, ақмақ!
F а й н ы ш. Ойпырай, өлейін. Өлейін мен бүйткенше. Ал, мә! Жоқ болайын бұны естігенше мен! (Пышақты жұлып альт өз білегіне салып жібереді. Қан ағады. Халил, Қасым ұстай алады. Ғайныш бүрісіп отырып қалады.) С ә л і м (жетіп кеп Зураны көріп). Зура, мынаған жеттің бе? Оңбайын деген екенсің. Кісі емес екенсің ғой. Ішкен, мас. Компаниясын қара. Осындай ма едің? (Жан-жақтан Әсия, Aпa, Жазекең, Әли, Катя шығады.)
Он сегізінші көрініс З у р а (шыққандарға қарамай, Сәлімге). Жетті, болды. Маған ұстаз қажет емес. Доғар. Мен ұяттымын ғой. Мен мазақ болған адаммын ғой. Болсын. Бірақ сен үндеме! Өзіңмен өзің бол.
Р а я. Зуратай, кіналамашы өзіңді, ұғысайықшы!
З у р а (сөйлетпей). Мен ешкімнің жаны ашуын да керек етпеймін, білдіңдер ме? (Раяға.) Мен үшін күйінбей-ақ қой, білдің бе! Мен өзімді өзім емдермін. Кетем сендерден. Кеттім бұл жерден (Жөнеледі. Әли, Сәлім артынан кетеді.)
Ә л и. Өзімді өзім емдермін? Ой түсіретін сөз-ау! (Кетеді.)
Он тоғызыншы көрініс
Ә с и я (Раяға). Бұ не болған? Кім ренжітті бұларды?
Р а я. Сұрама себебін.
Ә с и я. Неге сұрамайын, сенбісің?
Р а я. Мен себебін айта алмаймын. Бірақ Зура үшін мен қиналамын. Ал жарасын жаза алмаймын. Өзі, өзінің балалық шалалығы жазалы. Бұл менің күшімнен тысқары нәрсе! Ә с и я. Не айтасың сен өзің? Бұ не масқара, Рая? Мына жұрттың сен туралы не сөйлей бастағанын есіттің бе өзің? Сен өзіңе жаман ат келтірейін дедің бе? Өзің ғана емес, білесің бе? Ойлаймысың? Сенің әкең, менің ағам кім еді? Ұмыттың ба? Соның атына таңба салайын дедің бе? Ол қазақтың ең саналы жүмысшысы, ең ерте оянған революционері еді. Біз нені ардақтаушы ек? Саған не болды? Қинама мені! Зураны ренжіткен сияқтысыңдар. Сен кінәлі сияқтысың соған, айт қазір!
Р а я (қатты толқып). Болдың ба? Иә, мүмкін, мен де кінәлі шығармын.
Ә с и я. Не дейсің?
Р а я. Бірақ тыныштал, тілеуің берсін, бүлінбе! Сен араласпа!
Ж а з е к е ң. Араласпа, а мен бірді бірге қосып былықтырайын де.
Р а я. Не дейсің, не дейсіндер?
Х а л и л. Сол, айтты, қайтесің. Жеттің, әні. Сенің мінезің жұрттың бәріне жетті. Дертті қылдың мына жұрттың бәрін. Р а я. Жаным-ау, сендер де айттыңдар ма осыны? Не боп еді сендерге? Шының ба, Халил-ау! Ғ а й н ы ш (атып тұрып, қолының қаны өне бойын басып). Осы бақтың ішінде сенен сұрқия кісі озды ма? Бұзылдың, бүлдірдің, пәленің бәрі сенде, сенде. Р а я. Жалған, жалған, жалабұл. Қайтып алыңдар қазір. Әйтпесе... Қайтем не деймін? Д ә у к е ң. Шырағым қызым, қолыңмен істегенді мойныңмен көтересің. Сенен басқа кінәлі жоқ тіпті. Зураны күйдірген де, бұзған да, осы жерден қуған да сенсің!
Ж а з е к е ң. Бұзған, қуған, не дейді жаным-ау!
Р а я. А, солай ма? Осылай ма еді? Жабылдыңдар ма? Олай болса естіңдер, біліңдер мені! Мен күйеуді өзім таңдап тием. Сендер теліп тигізбейсіңдер.
F а й н ы ш. Әрине, әрине, таңдайсың да құтырасың! Еркіңмен шалқисың?
Д ә у к е ң. Еркі емей, Мәскеуде тұрғызатын күйеуді біреу таңдайды.
К а т я. Доғарыңдар, жетті енді.
Ж а з е к е ң. Автомобильге мінгізетін күйеуді біреу таңдайды.
Р а я (Бұлқынып ортаға шығып, тасқа басып). Мен ондай моральный урод емеспін, ақмақ емеспін. Мен еркіммен сүйемін. Сүйдім. Сол сүйгенімнің жарымын. Жамылшыдан, телушіден, неше түрлі пошлостан таза күйде қосыламын. Ол менің махаббатымның правосы. Не деген жаза! Не деген сұмдық?! Х а л и л. А, солай ма? Ендеше сұмдық ол емес, есті, міне, барып тұрған сұм екенсің! Р а я. Не дейсің? (Әли, Сәлім шығады.) Маған бірің емес бәрің жабылып, ұтылап қуып езгілеп, талап жүріп тигізбексіңдер ғой, Әлиге! Өзі жалынып тиетін болсын дейсіндер ғой.
X а л и л. Әли сені алмайды.
Д ә у к е ң. Сендейді Әлиге алғызатын кісі жоқ.
Ж а з е к е ң. Жалынсаң да тие алмассың...
Р а я. Сендер мені сонымен мұқатпақсыңдар да, майыстырмақ шығарсыңдар! Жоқ, шырақтар, мен сынсам сынармын, бірақ майыспаспын. Әли, осы сенің есің шығып кеткен бе немене? Сен қашанғы талата бермексің мыналарыңа мені? Түзетерің, тоқтатарың бар ма, жоқ па, мыналарды?
Ә л и. Кім бұзса соның өзі түзесін. Мен әдейі тіл қатпаймын.
Р а я. Олай болса бұндай сын, ондай жақындық садағам! Садағам, ал!
С ә л і м. Рая, Раечка? Бұлар не тілейді сенен, неге жабылады, жаным-ау, осынша?
Әли (ызамен ілгері басып). Сен қорғаны, панасы болатын шығарсың ендеше!
С ә л і м. Иә, сен қорғауға жарамасаң мен қорғаймын...
Ә л и. Тарт аяғыңды. Жетті, қоздырма енді қанымды...
С ә л і м. Сен не дейсің, кімге ақырасың? Тартпағанда қайтпексің?
X а л и л (тепсініп шығып). Тартпағанда жерге қағып жіберемін... Үн қатшы кәне... (Жұпар шығады, асығып келеді.)
Р а я (ұмтылып). Жұпар, мынадай сұмдық көргенің бар ма? Көрсеңші мынаны... Ж ұ п а р (қатты). О не, әй, жолдастар? Бұ не? Не болды? (Үн жоқ,.) Не болса да оны кейін тексерейік. Қазір өте тығыз бір-екі жұмыс боп қалды. Сәлім, Әли! Екеуіңе Самат ағам машина жіберіпті. Жарты сағатта Совнарком заседаниесі басталады. Бірінші мәселе біздің баяндама депті, болыңдар. (Сәлім, Әли сызданып барып түзелісіп, жүруге айналды. Жұпар Раяға.) Кәне, бұ не? (Бұзып әкете береді.)
Ш Ы М Ы Л Д Ы Қ
ІІІ АКТ
Бесінші сурет
Баяғы қара ағаш. Ол қазір сахнаның тап ортасын алып, бұтақтары үйдей болып қарауыта салбырап турады. Көп бұтағы жапырақсыз, жалаңаш. Маңайда жас алмалар. Рая мен Әсия шығады.
Бірінші көрініс
Р а я. Жоқ айт, бәрін айт, ірікпе, ренжимін.
Ә с и я. Ендеше, Рая, ол емес. Менің саған айтпадым-ау дегенім өз өмірімнің бір халы еді. Соны тыңда да ойға сал, менің күйеуге тиген өмірімнің басы біртүрлі бір топас күйде басталды. Саматпен қосылған соң біз соның еліне бардық. Қазақ ішіндегі өте бір шикі, надан ел екен. Мен өзім қырда бұрын көп болып та көрген жоқ едім. Саматтың жақын туғаны жоқ, ағайындары ғана бар. Сонда түстік. Киімім орысша емес, бірақ қалаша еді. Сөз қыла ма деп көздеріне өрескел болатын киім кимеп ем. Сонда да амандасуға ел жиылғанда бір тентек шал отырып маған қарап: "Мынаны құлағын кесіп құнтитып, мұрнын кесіп шұнтитып несіне әкелдің?" — деді. Қатындары мені дәл жансыз заттай жағалай ұстап, сипап қарап, әуре етті. Кейбір кемпірлер өзіме үн қатпастан отырып бешметім мен көйлегімнің етегін де қайырып қарайды. Мен қысылып Саматқа қарайым. Ол қиналып отыр. Әлгі шал сөзіне не дерін білмей булығады. Бірақ бірдеңе десе, сөздер тағы асып кететін. Мені аяйды да қорғанады. Бірақ шал жаңағысымен тоқтаған жоқ. "Бұл өзі арзан ба екен? Жоқ әлде тегін бе? Онда осындайдың бірін маған да әкеп берші!" — дейді. Барлық үйдің іші лапыра күлді. Сүйтіп алып шал маған тағы бір төніп қарады да: "Жоқ, қоя қой, мұндайыңның маған тегін болса да керегі жоқ" деп бітірді.
Р а я. Сен неге үндемейсің? Самат ағам ше? Неткен қорсыңдар, тіпті. Ә с и я. Сол күннің бірде-бір сөзін әлі күнге ұмытқам жоқ. Бірақ қайтейін? Өмірден күткенім не еді? Алғашқы күні көргенім не боп шықты. Пошлостың сондайын татсаң не дер едің, сен қайтер едің?
Р а я. Ол сенің заманың емес, ана шалдың заманы еді. Пошлост онда заң еді.
Ә с и я. Соны біз елемеп ек, енді әлдеқандай қалдығын сен елеймісің?
Р а я. Жоқ, ендігі заман менің заманым, өз заманым. Мен соглашательствоға жол бермеймін, көнбеймін. (Кетеді).
Екінші көрініс Д ә у к е ң. Уай, арысым, тап осы жер менің кегім. Бүгінгі күнге барым. Енді бастауын бастаған соң, қалғанына да жәрдем ет.
К ө р п е б а й. Е, өзіңіз ше? Ендігінің орайы өзіңіздікі емес пе?
Д ә у к е ң. Жоқ, енді несі болса да сен арқылы болсын, кегім дедім ғой!
К ө р п е б а й. Бәсе, осы көшелі кісі, үлкенді айтсаңшы. Анау жастардікі не, ырың-жырың. Д ә у к е ң. Өй, тәйір, табандап ұрып, тап жығатын кәрі шөгел өзімізді айтсаңшы. К ө р п е б а й. Ал, мақұл (Дәукең кетеді. Көрпебай бойлап қарайды. Жазекең келеді.)
Үшінші көрініс
К ө р п е б а й (еріп келе жатып). Тең теңімен, тезек қабымен дегені ғой.
Ж а з е к е ң. Сөзінің майдасын-ай өзінің.
К ө р п е б а й. Бәсе, кет әрі емес шығар деп едім-ау, Дәукең.
Ж а з е к е ң. Құрып қалғыр, бәрін өз ішің біліп тұр ғой енді. Жалғыз-ақ тақатым кетіп тұрғанын қарашы!
К ө р п е б а й. Үндеме, бәрінен өзің жүйріксің.
Ж а з е к е ң. Бәтір-ау, әлгі жастар ше? Оларды сөз қып жүріп пәленің басы өзіміз боламыз ба? Көрпебай-ау, оны қайтесің. К ө р п е б а й. Өй, тәңір, жастың қолынан іс келуші ме еді? Тіпті шаңына ілесуге жарар ма екен Дәукең екеуіңнің! Ж а з е к е ң. Е, жолды неге берейік де сүйтіп. (Дәукең шығады. Көрпебай кетеді.)
Төртінші көрініс
Д ә у к е ң. Жазеке, елден асқан, ақты-бозды қалаулым өзіңсің.
Ж а з е к е ң. Жалғыз-ақ енді, Дәукетай, ел құлағы елу ғой!
Д ә у к е ң. Жастар ма? Тәйір, ойға алма! Қайта өз араларына тағы бір шала тастайық дегелі тұрмын. Ж а з е к е ң. Пышаққа түсіп, Раясы қырық пышақ төбелес шығара жаздап кетіп, айтқанындай-ақ быт-шыт болмады ма? Д ә у к е ң. Ол епті істеліп еді. Енді бір сүзісетін кез келіп, қызыл кеңірдек болып-ақ қалып еді. Әне бір Жұпар кеп бұзып кетті. Сонымен Сәлім әлі үлкен жаза көрген жоқ. Енді қалғандарының бәрін де осы күйінде шырмап жаңадан былықтырып, ұйқы-тұйқы қылатын тағы бір пәле керек.
Ж а з е к е ң (күліп). Сонда өзіміз де елеусіз қаламыз, ә?
Д ә у к е ң. Е, сөз бар ма? Әй, кәдір білетін кәрі асыным-ай, көмейдегіні болжайсың-ау, тіпті көңіл ауларды көрмей зарығып ем. Ескінің асыл көзі, жарықтығым. Ж а з е к е ң. Сай-сүйегімді босаттың-ау, Дәукетай. Кәдірінді мен де білейін енді, жаным. (Екеуі құшақтасқанда күлкі естіледі, барған сайын үдей берген мол күлкі.) Ойбай сығыр, бұнысы кім еді? Д ә у к е ң (бұрынғыша аймалай беріп). Е, ана жақтағы қағынғандар ғой, алаң болма! (Күлкі үдей береді.)
Ж а з е к е ң. Жерде ме, көкте ме өзі? (Күлкі).
Д ә у к е ң. Жын ба, сайтан ба?
Сол кезде бұлардың төбе жағынан қара ағаштың басынан төмен қарай сауылдап жастар құйылады. Әли, Қасым, Катя, Сәлім, Жупар, Халил, Ғайныш, кейін Көрпебай да шығады.
Бесінші көрініс Қ а с ы м. Жә! Астап Бендер айтқандай ендігі парадтың командирі менмін. Ал жасасын бұл бақтағы бірінші құшақ, бірінші сүйіс! Бұлдыр емес бірінші сортты, шын жақындық жасасын! (Күлкі.) Міне, міне сыншы, үлкен дәстүрлі, жол жоралы аға, жеңгелер! Теңеліп көріңдер кәні.
Ж а з е к е ң (сасқалақтап). Сығыр-ай, не бетімді айтайын енді! Д ә у к е ң. Өй, сұм бала. Ата-енеңнің жөрелгісі. Ай көрдік, аман көрдік деп бетті сипап жүре беріңдер, түгі. Бол енді, ей, қыздар!
Ж ұ п а p. Жоқ енді, жүйріктер, құр ғана көріп жүре бермеспіз.
Ғ а й н ы ш. Бәсе, құр ғана көріп жүре бермеспіз.
Ж а з е к е ң. Мына жәдігөйлер қандай еді? Дәуке-ай, қой десе қоймайсың, қойшы әрі! Мыналардың түйін түйіп, әлденені ойлап тұрғанын көрсеңші. К а т я. Айта беріңіз. Жоқ, бұнда түйін түйілмейді. Кайта көп түйіннің шешілетін жері болар. Өмір толқыны жағаны ұрып енді қайта серіпті. Лай судың түбіндегі ақпа, салындының бәрі енді ашылады. Қ а с ы м. Өзеуреп, өзгеге жабам деген тондарың өз иықтарыңа қонды ма? Көрпебай, енді не айтасың?
К ө р п е б а й (сыпыртқысын қағып әндетіп).
Бұл дәурен жаңаныкі, а не твой!
Пәлеңмен көптен аулақ сен не свой!
Сұм тонын сүмелектің иығына —
Жап-тағы, кел, Көрпебай, гони метлой!
(Ду күледі.) Бұл Қасым екеуміздің қоспамыз, өзіміз шығардық.
F а й н ы ш. Шын ба? Япырай, бұл қалай боп шықты?
X а л и л. Көзің ашылғыр, мыналар қандай емші еді, бәтір-ау!
К ө р п е б а й. Әггөй, әгә-гөй, әгә-гөй! (Күлкі.) Д ә у к е ң. Қой, бу не спектакль? Сендер тук білмейсің. Тук көрген жоқсыңдар.
С ә л і м. Иә, біз алдануға ғана бармыз, көргеміз жоқ дендер!
X а л и л. Әрине, біз тук көрмедік.
Ж ұ п а р. Нені көрейік. (Самат Раяны қолтықтап, ертіп келеді.)
Д а у ы с т а р. Самат ағам да кепті-ау. Өй, Самат ағам, кара! Самат аға.
Алтыншы көрініс
С а м а т. Бұ не? Не шу?
Ә л и. Бәрінен бұрын бұл арада мына бақ дертінің түйіні шешілді. Біздің багымыз құтқарылады пәледен. Жау құрттардың ұясын таптық, мінекей! (Бағанадан өзі ұстай түскен, көп айналдырған нәрсесін көрсетеді.)
С а м а т. Немене? Қайда екен?
Ә л и. Біздің бақтың зиянкес құрты мына кәрі қара ағаштың қабығының астында екен. (Дәукең, Жазекең сол ағашқа таңылғандай қатып тұрады. Жұрт соларға нұсқап сөйлейді. Олар барлық сөздерді өз бастарына тиген таяқша сезінеді.) Зиянды ұя мына кәрі қара ағаш боп шықты. Жаңа басына шыққанда соны таптық. Р а я. Ендеше құлату керек бұл кәрі ағашты. Бұл күнде ол шірік ескі індетті жақтаушы ағаш болған. Кем қойғанда, жас дүниеге зиянды әсерін тарататын балласт. Міне, бұның үкімі осы. Жаңа бақ, дүниемізге залалды кесірін жұқтыратын ескілік қалдығын аластаймыз, аямаңдар. С а м а т. Ендеше, жығыңдар, білінбей, еленбей келген зиянкестің бірі екен, жойыңдар.
Д а у ы с т а p. Жық, құлат.
— Аластайық
— Бітсін, өшсін!
Ж ұ п а р. Ал ендеше осы кәрі қара ағаштың іні-туғандары, салттағы, өмірдегі қара ағаштар мына тұрған кісілер!
С а м а т. Не дейді? Рас па?
Ж а с т а р. Рас, ашылып отыр, абройы айрандай төгіліп тұрғаны!
С а м а т (Дәукеңдерге). Солай ма еді? Ендеше жөнеліңдер, жоғалт көздеріңді. Бұдан былай бір-бірімізге жоқпыз. Енді қайтып қарамызды көрмейсіңдер. (Аналар қозғала бергенде.) Бұл бұл ғана емес. Сазайынды өзге жолмен де тартқызамын! Қ а с ы м. Өшсін тозған салттың кер кеткен мұралары (Жастар Саматты қоршаған, көңілді.)
К ө р п е б а й. Бәсе, айтам ғой қоңырсиды деп.
Р а я (оқшауырақ, Әлиге). Сен жол тауып, өрге басып жазылдың-ау!
Ә л и. Бұны тануыңа рақмет.
Р а я. Ең болмаса, сенің жақсылығыңды айтып, мақтау керек қой! (Сәлім жақындайды. Әли кете береді.)
Қ а с ы м. Иә, Зурадан айрылуымыз жаман болды.
С а м а т (естіп). А, Зура деймісіңдер? Ендеше, балалар, бүгін бір қазақ қызы парашютпен зор биіктен затяжной прыжоқ жасап, аман түсіпті. Соның аты Зура дейді.
Д а у ы с т а р. Зура! Қай Зура екен? Біздің Зура ма, басқа ма? С а м а т. Е, немене, Зура жараушы ма еді ондайға, жарамаушы ма еді? Білушімедіндер жолдастарыңды? Кім ғой дейсіндер?
Ә л и. Менің ойымша сол біздің Зура!
F а й н ы ш. Ол басқа настроениемен кеткен еді ғой ә?
X а л и л. Ол болмас, ол болса Бұл бір тамаша ердің жолымен емденген екен!
К а т я. Бұл даусыз біздің Зура. Шын жігіт. (Ғайныш, Халилге.) Мінекей... басқа орнаған болымсыз, лас настроениені осылай лақтыру керек. (Саматқа.) Дядя, шын біздің Зура ғой? Айтыңызшы, шын сол емес пе? С а м а т (күліп). Иә, шын біздің Зура. (Ғайныш Халилдерге қарап.) Әлдекімге қол жаулық боп бықсып бүлінгенше осындайды ойласаңдар етті, түге! Ж ұ п а р. Бұл екеуінің жәйі бізде бүгін кешке тексеріледі. Күн тәртібінде түр. Сондықтан айтыс ашылмаса екен, покрайнемер! С а м а т. Аэродромға мен өзім де барып ем. Көріп тұрдым. Зура біртүрлі ерлікпен әсем өнер жасап түсті. Парашютін жерге 200-ақ метр қалғанда бір-ақ ашты. Есі шығып аша алмай қалады-ау, өледі-ау деп зәрем кетіп еді. Бір түрлі берік те, ер де екен. Тамаша қуандым. Өзіне машина жібердім, қазір келеді.
С ә л і м. Зуратай? Қайда екен енді келмей!
Ә л и. Зура, қандай ардақты, асыл едің?
Қ а с ы м (алысқа қарап тұрып). Өй, әне машина келеді.
Д а у ы с т а р (желікті, қуанышты айғайлар). Өй, анау Зура ғой!
— Зура келеді, Зура қайтты.
— Жүгіріңдер, машинадан түсірмей тосайық!
— Зура, ур-ра!
— Ур-ра, Зу-р-а!
Тегіс қуана шулап, қол шапалақтап, жүгіреді.
Ш Ы М Ы Л Д Ы Қ
Алтыншы сурет Терраса мен бақ. Күн шуақ. Сахнаның екі жағында қып-қызыл боп гүлденген персик, шапталы, маңайындағы алма ағаштарында толықсып кернеп тұрған ақ гүлдер. Жастар бұрынғыша жұмыс үстінде.
Бірінші көрініс К а т я. Қазақстан жасының ішінде бірінші боп, Зура зор биіктен затяжной прыжоқ жасап отыр. Қалай канат қағады! Бәрі де қақ қасындағы, дәл өзіндей, өз бауырларыңның серпіні. Кандай қызу, қандай әсерлі, тәтті біздің күндер! Ех, мен сүйемін, сүйемін!
Қ а с ы м. Рас па, Катенька, шын айттың ба?
К а т я. Бар үнімен дауыстап, шырқап тұрып айтам: сүйемін!
Қ а с ы м. Айтшы бәсе, айқайлап айтшы, кімді ... сүйесің?
К а т я. Өмірді сүйемін.
К а с ы м. Ойбай, тәңір-ай, алау ұрып жүріп, мені сүйіп қалды ма екен деп дәметіп қалсам, анау ма еді?
Ж ұ п а p. Е, қурамай қаптың ба?
К ө р п е б а й. Тәңір есіркесін, шырағым!
К а т я. Өмірді сүйемін. Көкке, биікке қайратым, қиялымды тартатын кристалдай таза өмір биігін сүйемін. Қайда жүр, қайда кетті әлгі Зура! (Жүгіре жөнеледі.) Қ а с ы м. Е, бәсе, не қылып оңай бола қойсын-ау, Көрпеке, ойда жоқтан, дәметпестен дәметкен мені айтсаңшы.
К ө р п е б а й. Айтам-ау, не қылған батпан құйрық десеңші.
Ж ұ п а р. Жақсы айттың, Көрпеке!
К ө р п е б а й (Жұпарға). Жақсы дегенің рас па осы?
Ж ұ п а р. Рас.
К ө р п е б а й (Жұпарға). Ендеше, дәйдірім, әлгілек безді бітірді деп қағаз берші осы! (Өтіп кетіседі. Рая, Әли, Сәлім, Зура жұмыста.)
Екінші көрініс Р а я (Зураға). Ал, Зура, ендігі бір көмескі түйін осы біздің арамызда. Соның шешілетін уағы жетті. Кәні, бәріміз бірге отырып ашысайықшы. Не сездің? З у р а. Мен міне көңілдімін де саумын, Рая. Аэропланның канатына басып енді секіргелі тұрғанда сендерді еске алып, бір түрлі сүйіп те, сағынып та кеттім. Бір ғана секунд, бірақ соның ішінде барлық сезімім мен ойларым асты-үстіне келіп өзгерді. Барлық анау-мынауды, ұсақ-ренішті, барлығын да кешіп, сендерге, өзімізге тіпті жаным ашып кетті. Қайтадан аман жетуге, бәріңді кеп, құшақтап сүюге асықтым.
Р а я. А, мен соның көбіне айыпты сияқты едім-ау.
З у р а . Жоқ, Рая, қайта мен барлық қатты сөздерім үшін сенен кешірім тілеймін. Р а я. Жоқ, ол қажет емес, Зура? Енді бұрынғыдан біздің жәйлар қатты өзгереді. З у р а (қиналыңқырап). Рая, қайдан білдің? Мен оны да бәлки (тоқтап), жаңағы айтқан көңіл халымда, бәлки оны да саған еркіммен қиярмын... Бірақ бұл жәйді сөйлесу, маған бір түрлі ауыр.
Р а я. Жоқ, батыр бол, қорғанба! Шыннан жасқанбайық.
З у р а . Ендеше қалғанын өзің сөйлеші, барлық жәй саған мәлім ғой.
Р а я. Олай болса, Сәлім екеуіңе қысқа ғана бір сұрақ. Екеуіңнің араңда жүрекпен табысқан уәде, байлау бар ма еді? (Тым-тырыс.) Шыны керек қой. Айтыңдаршы, Сәлім, Зура!
С ә л і м. Зуратай, неге іркілесің? Бар еді.
З у р а. Рас еді.
Р а я. Ендеше тағы бір шыңдық, Сәлім, ол сен екеуміздің арамыз. Мен талай оқталып келіп, аяқтата алмай жүр едім. Білесіңдер ме? Сәлім, мен сені сүйген кісі емес едім. Жалғыз ғана таза, сау сезіммен кәдірлеп күткен жолдасың, досың едім. Шынды айтшы, сенің ішінде осыдан өзге күй болды ма? С ә л і м. Одан артық не болады? Неге болады, Раечка? Өзгені тіпті ойға алған кісі бар ма әуелі? Р а я. Ендеше мен ризамын! Екеуінде әрі досым, әрі бауырымсың. Бірліктерің қайырлы болсын. З у р а . Не дейсіндер? Сәлім, Сәлімтай, Рая? Ендеше мені кешіңдер. Мен айыпты екем.
С ә л і м (құшақтап). Пәле, Зуратай, қызық екенсің.
Р а я. Ал, Әли, осы енді екеуіміздің арамызды да анықтаған жоқ па? Сен қалайсың? Қайдасың? Ә л и. Мен көп қобалжып, көп толқысам да сол өзің қойып кеткен жеріңнен көп ұзаған жоқ-ем, Рая. Жалғыз-ақ қинағаны жұрт көзіне оғаш көрініп, әркімнің аузына сөз салған еді. Р а я. Мен бізді қосатын ата-ене, пошлост болмасын дедім. Бірінші, Сәлім орынсыз сезікке түсті, біздің ортамызға келмей жатып ренжірлік сөздер есітті. Бұның басына деген жолдастығым, таза достығым үшін бір ашуландым. Екінші, өз басымның намысына тиген түрткі, соққы да аз болмады. Содан кейін қыңырлыққа бастым. Жиыны: көңілде қаяу, қабақта реніш тұрғанда жаңа өміріміздің есігін ашуға асықпайық дедім. Ал, енді міне, күнін өзің белгіле, ерік сенде. З у р а . С ә л і м. Рақат, тамаша, қандай таза. Қайырлы, қайырлы болсын. Бақытты болыңдар, достар, бауырлар.
Самат. Әсия, Апа барлық жастарды ерте келеді.
Үшінші көрініс
С а м а т. Жә, балалар, сендер тамашаны білдіңдер ме?
Д а у ы с т а р. (Саматты жастар айнала қоршап алған). О не? Немене, Самат аға! Қандай тамаша, Самат аға-ау? С а м а т. Кеше кешкі мәжілісінде Совнарком Қазақстанда алма-жеміс бақтарын молайтып, өркендетудің зор планын қабылдады. 1950 жылға дейін созылатын 1 жылдық жоспар бойынша бүкіл Қазақстан далаларына екі жүз мың гектар алмалы бақтар орнайтын болды.
С ә л і м. Уай, тамаша! Жарайды.
Р а я. Жақсы! Істейміз, орындаушы бізбіз!
С а м а т. Мінекей, мына бүгін Алматыда (айналада гүлдеп тұрған бақты көрсетіп) мынадай боп гүл атып, нұр жайнап тұрған бақтар енді айдан ай, жылдан жыл өткен сайын отанымыздың социалды бағы болып, Қазақстан картасының бетіне жемісі мен саясын жая, жая бермек! Бүгінгі еңбек табысы мынау, келешек күн шуақты, қызықты өрісінің даңғыл жолы анау. Қысқасы, құтты болсын, жолдастар!
Р а я (жолдастарына). Қыскасы, орындаймыз ғой, жолдастар, ә?
Ж а с т а р. Құтты, құтты болсын. Орындаймыз, өрлейміз.
Р а я. Ал, Сәлім, енді сенің қиялыңдағы Күншығыс сұлуын Жем, Сағыз, Есіл, Нұра бағынан көретін боламыз.
К ө р п е б а й. Қарағым-ау, сөйлегендерің кім еді осы?
Р а я. Ол слива деген жемістің бір сорты емес пе?
К ө р п е б а й. Ойбой, қаңғыған басым-ай, әлгі Дәукеңдермен бірге дәл осы бір сөзді мен де бір сұмдық көріп жүрмедім бе? С ә л і м. Ал, Самат аға, енді сіз тыңдаңыз, біз айтайық. Тағы бір тамаша бар, оны сіз білмейсіз?!
С а м а т. Иә, о не?
С ә л і м. Бұл жайдағы сөзді Әли, Раяға бердік.
Ә л и (Раяны қолтықтап алып). Ал енді, Самат аға, Әсия, міне, енді шын тойды енді сұраймыз, бер тойды.
С ә л і м, З у р а. Той болдырыңыздар, беріңіздер енді тойды. Ж а с т а р (шулап). Шын ба? Рас па? Уай, дұрыс, уай, рақат. Уа Самат аға, бер, бер енді тойды.
Ә с и я. Шын айтасыңдар ма? Тағы алдамаймысыңдар?
С ә л і м. Шын, рас, алдау жоқ, рас! Рас!
А п а (Рая мен Әлиді қабат құшақтап). Қалқаларым, мен бір жаман тілге ерем деп екеуіңнің шын жәйіңді ұқпаппын. Адасыппын. "Елу жылда ел жаңа, қырық жыл қазан" деп еді. Жаңаның, өзгеше, басқаша жақсылығын кәрі көзім тосаңсып танымапты. Екеуің де бақытты да атақты болыңдар. (Беттерінен сүйеді.) С а м а т. Бұл ана ғой, мына сөзін талқыламай-ақ қабыл аларсыңдар, солай емес пе?
Ж а с т а р. Дұрыс, мақұл, жақсы, жақсы айтты.
С а м а т. Ал, бірақ ол сенсе сене берсін, мен өзім сенбейім әлі, сенгем жоқ.
Қ а с ы м. Уот, диуана, енді не дейік.
С ә л і м, З у р а. Бәріміз кепіл, кепіл болайық сеніңіз!
С а м а т. А? Осыларың шын ғой, ендеше сыныма шыдаңдар. Шыдаймысыңдар? Әли. Шыдадық. Ж а с т а р. Шыдаймыз, сендіреміз. Самат. Олай болса шындарыңды үндеріңнен таниын, әнеугі үзілген әндеріңді айтшы тегіс, бәрің! Жастар (тегіс әдемі, әсем хормен). Қуанышты қызықтай да білетін, Тең достардың қызық, таза ниетін. Құрметпенен, шыныменен қадірлеп, Біз боламыз шат жүзбенен күлетін.
Жаңғыр, біздің бағыстан,
Бақытқа қол алысқан,
Екі жаспен табысқан, табысқан.
Ән үстінде Раяның басына гүл-венок киіле береді. Екеуінің де қолына букеттер, омырауларына гүлдер береді. Екеуі ортада.
Бақытты бол, өмір болсын гүлстан,
Сүйген сергек, нәрін ұқсын гүлстан.
Жеттім ғой деп, қалғып қалмай орнында,
Қанат қосып беттей ұшсын гүлстан!
Күтеді сізден гүлстан,
Күндер өте жылысқан,
Гүл атат деп гүлстан, гүлстан.
К ө р п е б а й (Әли, Раяға). Балбала. Майда, қоңыр бақытты бол. Жаудыр көз, егіз қозым айналайын. (Саматқа.) Ал, енді не дейсіз? С а м а т. Ендеше келесі подвыходной күні тойларың! (Әсия екеуі Әли, Раяның беттерінен сүйеді.)
К ө р п е б а й (осы уақытта). Әг-гөй, әгә-гөй, әгә-гөй, әгө-әгө-гөй-ау!..
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру