Мазмұнға өту
Home

Нұрпейіс Байғанин шығармалары

Нұрпейіс Байғанин

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Нұрпейіс Байғанин шығармалары

Авторы: Нұрпейіс Байғанин

ШЫҒАРМАЛАРЫ «Нұрлы Press.kz» Алматы Нұрпейіс Байғанин УДК 821.512.122 ББК 84 (5 қаз)-5 Н86 Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жамбылтану және халық ақындары ғылыми-зерттеу институты Редакция алқасы С. Пірәлиев, С. Қирабаев, Т. Кәкішев, У. Қалижанов, Б. Ыбырайым, Б. Сманов «Ақындар аманаты» атты қазақтың ауызша әдебиеті жобасының авторы Бекен Ыбырайым Нұрпейіс Байғанин. Шығармалары. – Алматы: «НұрлыPress.kz», 2014. - 288 б. – (Ақындар аманаты) ISBN 978-601-80483-7-1

Әрі жыршы, әрі суырып салма ақын Нұрпейіс Байғанин – қазақ жырының зәулім бәйтерегі. Мұрағаттарда сақталған ақын туындылары этикалық құлашының кеңдігімен, алқынбай, алысқа шырқайтын сабырлы ағысымен ерекшеленеді. Бұл жинаққа бұрынғы басылымдарына енген шығармалары мүмкіндігінше сұрыпталып берілді. УДК 821.512.122 ББК 84 (5 қаз)-5 ISBN 978-601-80483-7-1 © Ыбырайым Б., 2014 © «Нұрлы Press.kz», 2014 Н86 Нұрпейіс Байғанин (1860-1945)

Нұрпейіс Байғанин ТӨРЕХАН БаяғыдаТемірхан деген хан болыпты. Темірхан Нұра­ дын ханның Сәуле деген сұлу қызын алады. Сәуледен көпке дейін бала тумайды. Дүниеден перзентсіз өтемін бе деген қауіппен Темірхан Түрікпеннің Қараман деген ханының Қарашаш деген қызын елшілікпен кішілікке алады. Қарашаштың нағашысы Қоңырбек деген хан бегісі қалмақ екен. Қарашаш түскен жылы төсегімен көтеріп, ұл туады. Артынан жалғасы болар ма екен деп, ұлдың атын Егізбай қояды. Егізбай екіге келгенде, Қарашаш тағы ұл табады. Мұның аты Сегізбай болады. Темірхан Егізбай, Сегізбай мен Қарашашқа арнап, байырғы шаһарынан күншілік жерге салтанатты сарай салдырады да, өзі екі балаға айналып, Қарашаштың үйінде болады. Сәуленің ордасына айда, аптада бір келетін болады. Хан келмегесін Сәуле: «Қарашаштың өзі өзімнен, тұқымы тұқымымнан артық емес еді, менің төркінім хан Нұрадын еді де, оның нағашысы Қоңырбек деген қалмақ еді. Менен ханды ау­ дарып кеткен екі баланың қызығы-ау», – деп зарығады да, қамығады. Сөйтіп жүріп, қырық тоғызға шыққан жылы Сәуле жүкті болып, бір ұл, бір қыз егіз бала тапқан. Ұлдың атын Төрехан да, қыздың атын Ханбибі қойыпты. Қызық дәуірде жүріп, бір күні Темірхан ауырады. Сәуленің орда­ сында жатып, Темірхан сол аурудан дүние салады. Халықтың кәрі-жасы: «Ел тірегі – хан еді, тірексіз ел болмас, хансыз тұру жөн болмас», – деп, кімді хан қою жөнін сөйлеседі. Бұл кезде Егізбай жиырма үште де, Сегізбай жиырма бірде еді, ал ханның кенжесі Төрехан он тоғыз жаста болатын. Әкесі өлген кезде Егізбай мен Сегізбай дауға барса, дауды алған, жауға барса, жауды алған белгілі ер-азамат еді. Төрехан еркелікпен ештеңеге қатыспаушы еді. Хандық жайын сөйлескенде, әрі жасы

Нұрпейіс Байғанин аға, әрі ісі аға, кемдігі жоқ ер, міні жоқ шешен Егізбай­ ды таққа отырғызуды жастар қолдаған екен де, қариялар: «Хан болу Егізбайға жол емес, оның түп нағашысы қалмақ еді, Төреханның нағашысы – хан, Нұрадын текті еді, хан тағы Төреханға лайық еді», – депті. Қариялар жастардың тілін алмай, хан тағын Төреханға арнайды. Төрехан ал­ тын таққа отырады. Айтқандары болмаған соң, жастар шамданып, ортасынан зерексінген тақтақ біреуін Егізбай, Сегізбайға хабар салуға жібереді. Сөзге шебер – сұңғыла, Елден шыққан бір залым, Астына мінді сұр құла, Егізбаймен замандас Жасы қатар құрбы да. Сұр құламенен желеді, Егізбай мен Сегізді Азғыруға келеді. Сөзге шебер неме еді, Келе сөйлей береді: – Егіз бен Сегіз сен, – деді, Бұзылған халық, ел, – деді, Хабарға келдім мен, – деді; Туғаннан туға таласқан, Патша болды Төрехан, Мұнда жатқан нең? – деді; Халықтың үлкен, кәрісі Жастарға билік бермеді, Сіздерге хабар келмеді. Егізбай мен Сегіздің Түп нағашысы қалмақтан, Бір нәсібі кем деді. Егізбай елге хан болса, Ыңғайында болмасақ,

Нұрпейіс Байғанин Еріксіз елді жер деді, Төрехандай төренің Нағашысы ер Нәсеп, Екі жағы тең деді. Төрехандай төрені Хан қою болар жөн деді. Тақ берді халық балаға, Екеуің қалдың далада, Өзің ойла, Егізбай, Аға тұрып, інісі Төрден орын ала ма? Жас қорланар іс болды, Туғаным деп аяма! Артымнан өскен інім деп, Дұшпан болған шіркінді Туысқанға балама. Ағаға ерік салмаған Жаман іні оңа ма? Аға тұрып, інісі Халыққа тұлға бола ма? Арқызыл мен Сарқызыл Қос тұлпарға мін, – деді. Адырналы бек сауыт, Екі батыр, ки, – деді. Көк сүңгіні қолға алып, Беліңе алмас іл, – деді! Туғаным деп аямай, Сәуленің алтын ордаға Жаушылықпен ти, – деді. Егізбай сонда арланды, Айбаттанып шамданды. Жаушылықпен баруға Қаһарланып қамданды,

Нұрпейіс Байғанин Қатты жедел ойға алды, Ашу қысып долданды, Жылқыдағы Сегізге Ер Егізбай жолданды. Жедел қуды батырды, Тентек ісі өзіне Егізбай ердің мақұл-ды, Жылқыдағы Сегізді Бермен кел деп шақырды. Ажары кетіп қуарған, Екі көзі қызарған, Ашуын сыртқа шығарған: – Туған інім сен едің, Сенің ағаң мен едім, Суық сөз естіп құлағым, Ашу қысып келемін, Ашуланған себебім: Темірхан атам өлгесін, Төрехан жиған халықты, Өз аузына қаратып, Атадан қалған алтын тақ Параменен алыпты. Бізге хабар берген жоқ, Беруді мақұл көрген жоқ, Бірге туған ағам деп, Туыстыққа сенген жоқ, Біз жүріппіз бекерге, Туғаннан туға таласқан Қорлығы естен кетер ме? Мұның берген зәбірі Көкіректен өшер ме? Арқызыл мен Сарқызыл –

Нұрпейіс Байғанин Тұлпарға мініп алалық, Бірге тума десек те, Төрехан еткен алалық, Көкірегі қаралық, Туысқан емес, бұ да жау, Дұшпан болып шабалық; Басын кесіп арамның, Қанын ұрттап қаналық; Атадан қалған алтын тақ – Жалғыздан тартып алалық. Сегізбай да долданды, Солқылдақ құрық қолға алды. Ағасының жауабын Теріс демей жолға алды, Арқызыл мен Сарқызыл – Тұлпарды ұстап алады, Қарашаштың ордаға Екі батыр барады. Жау көргенде мінетін Атқа ерді салады. Береңгілі бек сауыт, Шығыршықты көк сауыт, Беркіне киіп алады, Алтын балдақ ақ алмас, Кәрленіп шапса, жан қалмас Белге орай шалады. Жабылыңқы қабағы, Төреханды өлтіру – Екі залым талабы. Алды-артына қарамай, Қарулары жарқылдап, Қос тұлпары аңқылдап,

Нұрпейіс Байғанин Екеуі кетіп барады. Қарашашқа бармады, Сыр айтып, ақыл салмады. Сапарынан қалмады, Жеделінен танбады. Білігі артық Қарашаш Ақылмен байқап аңдады. Екеуінің жүрісін Ақылмен байқап аңдады. Қарашаш сонда ойлайды: «Екі балам есер, – деп, Отырмайын бекер, – деп... Түрі жаман бұлардың, Ашу қысқан секілді, Төрехандай төрені Екеуі жазым етер, – деп; Өзімнен туған бала-ды, Өтінейін жалынып, Білігі болса, ашуын Анам деп маған «кешер», – деп. Егізбай мен Сегізбай Қос тұлпармен жөнеді, Кигені сауыт береңгі, Рауан жолға кенелді. Қырыққа келген Қарашаш Артынан қуды сол ерді. «Егізбай!» – деп ақырды, «Сегізбайжан!» – деп шақырды. Шақырды екі батырды! Балам деп айқай салады, Айқайлаған дауысы Егіз, Сегіз ерлердің Құлағына барады.

Нұрпейіс Байғанин Айқайына тоқтамай, Егіз бенен Сегізі Қос тұлпарын сабады. Қарашаш жылап еңірейді: – Екі балам сен, – дейді, Маған ақыл салмаған, Шешеден рұқсат алмаған, Екеуіңнің нең? – дейді; Перзенттерім, шырағым, Бір қайрылып кел, – дейді; Қай сапарға барасың, Жөніңді айтып бер? – дейді. Сонда Егізбай сөйледі: – Ал, Сегізбай, бауырым, Артыңнан қуды анаң-ай, Қос балам деп шақырған Даусы құлақ жарады-ай, Қайрылмай кетсек жаман-ай. Қарғыс берер Қарашаш, Қайта айналып баралы-ай. Төрехандай ініге Қорған бола барам деп, Алдап кетіп қалалы-ай. Егізбай мен Сегізбай Қарашашқа келеді, Келіп сәлем береді, Дүзі жанбай анадан, Өтірікті тереді: – Темірхан атам өлгесін, Қалмақ деген көп халық

Нұрпейіс Байғанин Ел шабуға келіпті, Еңсеге дұшпан төніпті, Ел қысылып көп жаудан, Егіз бен Сегіз келсін деп Бізге хабар беріпті. Әрі батыр данамын, Әлі ерге ағамын. Қуырам жаудың заманын, Тоқтатам дұшпан табанын. Ел қорғаны батырмын, Бірге туған бауырым, Төрехандай ініме Қорған бола барамын. – Ей, Егізбай, Сегізбай, Өтірік айтып алдама, Анаңды, шіркін, арбама. Туған шешеңді алдайсың, Мақшарда не деп барасың Жаратқан жаббар аллаңа? Шайтан кірді кеудеңе, Жеделіңнен танбайсың. Жаратпаймын түріңді, Екеуіңде он қару, Төреханға арнайсың. Шамаң келсе жалғыздың Қанын ұрттап жалмайсың. Өтірік айтпа анаңа, Темірхан атаң өлгесін, Хан болған шығар Төрехан, Байтақ елге жаңа да. Кәрге мінген ажарың, Не жүріске жүргенің,

Нұрпейіс Байғанин Танып тұр көңлім назарың, Суытуға барасың Сәуленің қызық базарын. Қайыруға барасың Жас тілектің қажырын. Айтқан шығар бір залым: «Төрехан бала хан болған» – Азғырумен хабарын. Тілімді алсаң, сындырма Баурыңның назарын. Екі балам, сындырма, Шын тілеген сағымды. Сындыра қойсаң сағымды, Өшірдің бастан бағымды. Ашуланып арлансаң, Ініңнен алып берейін Таласқан, балам, тағыңды, Төрехан жанға барайын, Барып тілеп қарайын. Арланғаның тақ болса, Төреден сұрап алайын. – Ей, Қарашаш, алжыған, Жасы жетіп қажыған, Сөзіңе құлақ салмаймын, Қолымдағы көк алмас Төреханға арнаймын. Ол жалғыз да, біз екеу, Қу бастың басын жалмаймын, Айналдырма, Қарашаш, Сапарымнан қалмаймын, Жау жақыннан табылды, Ажалды соған арнаймын,

Нұрпейіс Байғанин Бұ қорлыққа көнгендей, Қарашаш шешем, қандаймын? – Көзімнің жасын көр, балам, Шын тілегім бер, балам, Жығыла тілек тіледім, Бермеген тілек нең, балам? Ақ сүт берген мен едім, Ішімнен шыққан сен едің. Екі шырақ керегім, Төрехан бөтен кісі емес, Мен үшін таста жеделің. Екеуің үйде жата бер, Төрехан мінген алтын тақ, Ініңнен алып келемін. – Қалдырып жолдан былшылдап, Сындыра берме сағымды, Байлаймын деме бағымды. Жеделге мінген шағым-ды. Суығасын көңілім, Елдікпен алман тағымды, Шын қаһарға мінгесін, Келтірмей қайтпан жазымды. – Жығыла тілек тіледім, Тілегімді бермейсің. Көзімнің жасын көрмейсің, Қисық істі жөн дейсің. Нағашысы Төрехан – Хан, сұлтан еді Нұрадын, Айтулының өзі еді. Төрехан жалғыз беренім

Нұрпейіс Байғанин Соның нәсіл көзі еді. Жаман менен жақсының Бәрін бірдей көреді. Қара қылды қақ жарып, Әділ төре береді. Пақыр менен міскінге Төренің тиер себебі, Егізбай егер хан болса, Қазіргі сиық мынау ғой, Елді басып жер еді. Тілек тілеп зарладым, Тілекке құлақ салмадың, Сөзімді қабыл алмадың. Көзімнің жасын көрмедің, Қолымды теріс жаяйын, Теріс бала қағайын, Пиғылың арам болғасын, Балам деп неге аяйын? «Жеделің қабыл болмағыр, Бұ дүниеде оңбағыр. Төрехандай төрені Әулиелер қолдағыр, Бабалары қорғағыр!» Ер ашуы қызады, Айтқан сөзі Қарашаш Ерлердің жанын сығады, Өзінің тапқан шешесін Екі батыр қуады. Қамшыменен сабады, Шашынан алып шыңғыртып, Қос бұрымын жұлады, Табанда ұрып жығады.

Нұрпейіс Байғанин Екі бала қамады, Қамшылап қуып сабады. «Батыр болсаң, сондай бол» – Ананың басын жарады. Қарашаш ана басынан Сорғалап қан ағады. Қатты таяқ зарпынан Қарашаш сұлу талады. Ұрып жығып шешесін, Сәуленің алтын ордаға Екеуі кетіп барады. Қарашаш сонда жылады, Көзінің жасын бұлады. Көзден аққан ыстық жас Омырауын жуады: – Тоғыз ай, он күн көтерген, Еңбекті анаң мен едім, Өзімнен туған перзентім Ізгілік етер деп едім, Қара жүрек арам ит, Анаға жоқ керегің, Ақ сүтімнің айы ұрсын, Қазіреті баба ұрсын. Еңсеңнен басып тағы ұрсын! Осыны айтып Қарашаш Қос бүйірін сығады, Көзінің жасын бұлады, Орнынан талып тұрады: Ордасына өзінің Асыға қадам ұрады. Бір қайнысын тауып ап: – Астыңа ат мін, – деді,

Нұрпейіс Байғанин Қарыңа қамшы іл, – деді. Төреханның ордаға Шабарман боп жүр, – деді. – Төреханның ордаға Шабарман боп бара көр, Айтқан тілім ала көр. Екі ағасы тақ жаулап, Өлтіруге барады. Қапыда Төре қалмасын, Құлағына сала көр! Жеңгесінің бұ сөзін Қайнысы мақұл алады, Атына қамшы салады. Төбеден жұлдыз ауғанда, Төрехан жатқан ақ орда Ішіне кіріп барады: – Төрехан, құлдық, алдияр, Елдің ханы сен, – деді, Қарашаштай анаңның Хабаршысы мен, – деді. Сөзге ұлықсат бер, – деді, – Хан болғаның есітіп, Егізбай мен Сегізбай Анаңа билік бермеді. Өлтіріп, басын алам деп, Жалаңдап сұмдар өрледі. Келіп қалар ұзамай, Абайсыз жатпай ордада, Қамданып, ханым, көр, – деді. Төсегінен Төрехан Шошынып сонда тұрады.

Нұрпейіс Байғанин Шешесі жатқан бөлмеге Төрехан қадам ұрады. Хабардың түрі тым жаман, Баланың сағы сынады. Есіткеннің баршасын Сәулеге баян қылады: – Сәуле, анам сен, – деді, Жалғыз балаң, мен, – деді. Әже, ақыл бер, – деді, – Хабардың түрі тым жаман, Жалғыз балаң қысылды, Бере ме деп ойлаймын Дұшпан залым қысымды. Жылы жаздың ішінде Сар аязды қыс қой бұл. Жаратпаймын пішінін Әжептәуір іс қой бұл. Хабар жалған болмаса, Қиындық басқа төніп тұр, Осындай зауал жаман іс Жалғыз ұлың көріп тұр. Атадан қалған алтын тақ – Өлтіріп мені алам деп, Егізбай менен Сегізбай Жаушылықпен келіп тұр. – Темірхан атаң өлгесін, Халқың тақты бергесін, Ел алдыңнан өргесін; Сен падиша болғасын, Басыңа бақыт қонғасын; Егізбай мен Сегізге Халқың хабар салмаған;

Нұрпейіс Байғанин Екі тума ағаңды, Мәжіліске алмаған; Хан боларда, қарағым, Ағаңа хабар бармаған; Өкпеменен екі ағаң Тағыңды сенің арлаған. Егізбай мен Сегізбай – Бұлар да ердің данасы, Азғыруға халқыңнан Арам ниет бір залым Айтқан шығар шамасы. «Түбі бірге түтпек жоқ» – «Жат болмайды, – деген сөз, – Бір кісінің баласы». Баланың қорған панасы – Ата менен анасы. Інінің қорған панасы – Алдында өскен ағасы. Бауырына шыдай ма Бір кісінің баласы? Араз болып адассаң, Дұшпанның қанар табасы. Туысқанға жаттық жоқ, Өзің ойлап қарашы. Егіз бен Сегіз екі ағаң, Көңілі сенен қалмасын, Көңіліне қайғы алмасын. Көзімнің ақ пен қарасы, Тілімді алсаң, шырағым, Екі ағаңа сене көр. Ағаң басшы, сен қосшы, Айтқанына көне бер.

Нұрпейіс Байғанин Арланғаны тақ болса, Өз қолыңнан бере көр! – Ана, айтқан сөзіңе, Мақұл деп жауап берейін. Егізбай мен Сегізбай – Бірге туған екі ағам, Сірә да бөтен демеймін. Елшілікпен келсе егер, Атамнан қалған алтын тақ Ықтиярыммен берейін. Дұшпандықпен келсе егер, Қорлыққа қалай көнейін!? Сауыттан тон жамылған, Қуарып беті қабынған, Арамдық залым ниетке Жүректері малынған; Бес қаруын сайланған, Алмас өткір қайралған, Белге қылыш байланған; Қолына жебе найза алған, Шамырқанған, шамданған, Қаны қайнап арланған; Ентіктіріп тұлпарын Егізбай мен Сегізбай – Екі батыр желікті. Қан құйылып көзіне, Тарылып алқым, демікті; Желігіп те, демігіп, Сәуленің алтын ордаға Екеуі жетіп келіпті. Даярлаулы қаруы,

Нұрпейіс Байғанин Қақпасына орданың Емініп жетіп барулы. «Орда ішінде кім бар?» – деп Жынданып айқай салулы. Айқайлаған дауысы, Төрехан мен Сәуленің Құлағына барулы. Құлаққа дауыс жеткесін, Төрехан төре саналы Терезеден қарады. Көрді сонда жас дана Егіз бен Сегіз ағаны. – Ініге аға серік-ті, Сәуледей асыл анамыз, Екі балаң келіпті. Ажар, түсі тым қату, Бұлар неге желікті? Атасы басқа жаттай-ақ, Үйіріп қолда найзасын Терезеге төніпті. Тума болса екеуі Үйге неге келмейді? Жасы жеткен анам деп, Неге сәлем бермейді? Қанша тума болса да, Бұларға көңлім сенбейді. Дұшпандықпен келсе олар, Жалғыз болса қарашың – Қорлығына көнбейді. «Төрехан, шық!» – деп Егізбай, Қақпадан айқай салып тұр, Айқайлаған дауысы

Нұрпейіс Байғанин Құлағымды жарып тұр. Ақылмен байқап қарасам, Дұшпандығы анық-дүр. Сонда Сәуле сөйлейді: Сөйлегенде бүй дейді: – Алыстан емес жақыннан, Жаттаң емес туғаннан, Жауың, балам, табылды, Жауың жақын болғасын, Тартпа, балам, қарыңды. Кеудеден жаның кеткенше, Қолдан берме арыңды. Туысқаным, інім деп, Түрі жоқ сені аяған, Ол екеу де, сен жалғыз, Сескеніп бойың баламан. Жасық туған ұл болсаң, Тегімнен бол, садағам. Ер жүректі болмақ жоқ, Кекті жерде қарыспай, Дұшпанмен қарсы алыспай. Жақыннан дұшпан болғасын, Қаса жасық болмасаң, Жалғызым, қойма жанышпай. Шешесінің бұл сөзі Ерге қайрат болады, Бойына жігер толады. Булығып ыза, ашуға, Теңізде асау толқындай Жүрегі тулап соғады. Қаһарға бала тынады.

Нұрпейіс Байғанин Бой, денесі қызады, Көзінен ұшқын шығады, Бес қаруын асынып, Қақпа аузында сұмдарға Төрехан қадам ұрады, Төрехан сонда сөйлейді, Сөйлегенде бүй дейді: – Туысқан ағам сен, – дейді, Туған інің мен, – дейді. Ат үстінен, қос батыр, Түспегенің нең, – дейді? Сәуледей асыл анаңа Түсіп сәлем бер, – дейді. Тіл қатпады қос батыр, Екі жақтан қамады. Өлтірмекке ұмтылды Төрехандай баланы. Бірақ Төре қынаптан Суырып қанжар алады, Олар екеу, бұл жалғыз Қарсы келіп қалады, Көздері оттай жанады. Тоғысып қайта келгенде, Сегізбайдың санына Төрехан қанжар салады. Бірге туған бауыры – Өлтіруге аяды. Қанжар тиген Сегізбай Санын басып құлады. Кенет батыр Төрехан Алыса кетіп Егізбен, Астына бүктеп ұрады.

Нұрпейіс Байғанин Таянғанда қанжары Алқымына Сегіздің, Арасына бұлардың Сәуле келіп құлады. – Төрешім, балам, сен, – деді, Сенің анаң мен, – деді. Бөтен емес өз ағаң Егізбай мен Сегізбай, Ашумен бір іс істеген, Ағаңды жықтың күшпенен. Бұрынғыдан нақыл бар: «Түбі бірге түтпеген», Сауғаға жанын бер, – деді. – Бопса қылған аға еді, Кешірейін, көнейін, Анам, тілек тіледің, Мұның бөтен демейін. Өкпелеген ағамның Жолын тағы берейін. «Туысқаным, екі ағам, Ордаға түс те, қонақ бол, Құрмет етіп көрейін!» Ордаға кілем салдырды, Үстіне мақпал жайдырды. Алуан тағам алдырды, Қонақ етіп құрметпен Арақ пенен шарапқа Екі ағасын қандырды, Татулыққа той етіп, Малды түрлеп сойдырды,

Нұрпейіс Байғанин Халықты жиып той қылды. Келген жанның бәріне Тағам, шарап қойдырды. Достасқанды көрсін деп, Қарашашқа тезінен Жіберді шабар келсін деп, Егізбай мен Сегізбай Жалғызды жазым етті-ау деп, Отырған жылап еңкілдеп, Көзінің жасы мөлтілдеп, Шабар хабар бергесін, Қуанып көңілі еркіндеп. Үш баланың достығын Қарашаш сұлу ойға алып, Қуаныш ойын толқытып, Ақылмен тоқсан толғанып; Сәуленің мекен ордаға Қарашаш жүрді жолданып. «Қарашаш қашан келед?» – деп, Сәуле менен Төрехан Жолын күтіп қарады, Күн еңкейіп келгенде, Мінген аты боз тұлпар; Қамқадан асыл кигені, Достасқан үш перзентін Көруге көңлі боп іңкәр; Төрехандай ұлына Шашуға деп қондырып Иығына ақ сұңқар; Астындағы ақбозын Ескен желдей сулатып,

Нұрпейіс Байғанин Қос танауын пырлатып, Ел көңілін қуантып; Саржаның жебе оғындай Қарашаш келіп қалады. Сәуле менен Төрехан Алдынан күтіп алады. Қарашашқа құрметпен Бел бүгіп, қолын жаяды. Ақбоз аттан түсіріп, Сүйемелдеп екеуі Ордаға алып барады. Қарашаш кірер ордасын Кілең қызға бақтырған, Кілем жайып, үстіне Қош иісті шаштырған. Ордасы көркем болсын деп Ақ мақпалдан жаптырған, Гауһардан шамдал жақтырған. Үй ішіне келгесін, Балаларын аман көргесін, Төрехандай баланың Саулығына сенгесін; Егізбай мен Сегізбай, Төреханмен үшеуін Қарашаш сұлу шақырды: – Егізбай мен Сегізбай, Қара ниет неме едің, Ақылсыз, мисыз кем едің. Төрехандай баланың Қанын төгіп өлтіріп, Тағын алам деп едің. Қайғылы мені еткенде,

Нұрпейіс Байғанин Ұрып жығып кеткенде, Екеуің де ер едің. Төрехан жалғыз, сен екеу, Айтқаныңа жетпедің. Ақ сүт берген анаңды Сыйлап құрмет етпедің. Ақылсыз, мисыз, жарымсың, Анаңды сабап өктедің. Тоғыз ай, он күн көтерген Еңбегім босқа кеткенің. Ісіне қарап іс қылмай, Жаулық қылған жақынды, Төрехандай балам-ау, Өлтірмегенің не еткенің? Сәуле сонда сөйледі: – Айтқаның жөн, Қарашаш, Әзәзіл шайтан азғырса, Бір-біріне тума қас. Жастықпен артын ойламас, Толықсып тұрған толқын жас. Адасып азған күнінде, Араз болып кім тұрмас? Уа, Қарашаш, Қарашаш, Татулық шегін шешейік, Атадан қалған үш жетім – Тілегіңді өтейік. Жастықпенен болған іс, Кел, күнәсін кешейік. Күнәңді кештім, шырағым, Үшеуің тату болғансын, Болып та тұр, міне, мұрадым. Өмір, заман өткенше

Нұрпейіс Байғанин Татулық болсын тұрағың. Осыменен, балаларым, Батамды тамам қыламын. Қарашаштың келген жер Татулыққа той етіп, Халық қызық көрген жер. Көп жиналған халқына, Қарашаш, Сәуле бәйбіше Алтыннан шашу берген жер. Жасы жеткен қариялар Достығының ерлердің Шашуы деп ат алды. Шашу елге беруге Қысырақ бөліп маталды. Тізе бүгіп, қол жайып, Балалар елден бата алды. Алтын қабақ атқан күн, Ел қызыққа батқан күн, Бірлігіне үш ердің Қарашаш, Сәуле бас қосып, Табақтан алтын шашқан күн. Халық қызық көрген күн, Тумаға тума сенген күн, Достығына балалардың Есепсіз шашу берген күн. Егізбай мен Сегізбай Тумасымен табысып, Достасып құшақ жайған күн. Екі тума ағасы, Сияпат, сыйлық алысып, Ырзаласып қоштасып, Екеуі қайтты аулына.

Нұрпейіс Байғанин Арқызыл мен Сарқызыл Қос тұлпармен жарысып, Дана Сәуле қасында, Қарашаш сол күн қалады. Ерлігіне Төренің Ана кеулі толады. Шыққаннан соң аулаққа Егізге Сегіз сөйледі, Сөйлегенде бүй деді: – Ай, Егізбай, басшымсың; Батыр, сенің не еткенің. Алдағанға алданып, Қалай болды кеткенің? Серт ойлаған ағасын, Сынық болды ерлікке, Мақсатты тамам етпедің. – Тұлпар міндік баптаулы, Ұшқырлы найза саптаулы, Өткір алмас таптаулы, Қынапқа қылыш қаптаулы; Алдап едім, Сегізжан, Дүшпандығым сақтаулы. Ат басын кейін бұралық, Ат – жігіттің қанаты, Ұрлап алып қара атын, Қос қанатын қиялық. Жедел еткен жігітке Осы болар лайық. Бұ секілді зәбірге Не себепті шыдалық.

Нұрпейіс Байғанин Ойлаған ойға жетейік, Бірге туған бауыры – Қарындасы Ханбибі, Ұрлап алып, шіркінді Шын қайғылы етейік. Көрген қорлық баршасын, Қараманға баяндап, Іштегі сырды шешейік. Сонда Сегіз сөйледі, Сөйлегенде бүй деді: – Су тасады сағадан, Ақыл өсер ағадан, Айтқаныңның бәрі жөн, Қара көкірек Төрені, Туысқа тіпті санаман. Сенің айтқан сөзіңді Егізбай, көңілім қалаған. Қара ат пенен Ханбибі – Ұрлап алып екеуін, Бүгін-ақ шығып кетейік Сәуленің сәнді қаладан, Елдің шығып шетіне Осы ақылды ойлады, Арамдығын қоймады, Залымдыққа тоймады. Бір-бірі сөзін мақұлдап, Қаралдарын қолдады. Пиғылы арам залым ит Ақырында оңбады. Түн ортасы болғанда,

Нұрпейіс Байғанин Екеуі келіп торыды Сәуленің сәнді орданы. Сонда Егізбай сөйледі: – Жеделге кім нық тұрса, Пәтуалы ер еді. Уәдені, Сегізім, Берік ұстар жер еді. Ұйықтаған ба Төрехан, Көзіңменен көр, – деді, Көріп хабар бер, – деді. Ағасының айтқанын Інісі қабыл алады, Төрехан жатқан ордаға Ұрлана басып барады. Терезеден көреді Ұйқыда жатқан дананы. Қатты ұйқысын біледі, Алып ұшып жүрегі Егізбайға асығып, Бүкшеңдеп басып жүреді. «Төрехан ұйықтап жатыр», – деп Қуанады, күледі, Қара ат пенен Ханбибі Ұрлап кету тілегі. Қара атты баққан сарайға Егізбай бұғып барады. Топсасынан талқандап, Қақпа есігін шабады. Қарға жүнді қара атты Екеуі ұрлап алады.

Нұрпейіс Байғанин – Ей, Егізбай, ағайым, Түрікпеннің еліне Жүру болды тағайын. Алмасты қайрап алайын, Жолда біреу тап болса, Кім екенін білдірмей Шықшыттан басын қағайын. Терезесін талқандап, Аузы-басын таңайын. Осы арада күтіп тұр, Ханбибі атты ханшаны Өзім-ақ ұрлап алайын. Рұқсат алып ағадан, Алмасын қайрап алады, Ханбибі жатқан орданың Терезеге барады. Қыз күзеткен азамат Сегізді көріп қалады. Ұстауға жақын келгенде, Қанішер залым Сегізбай Алмасымен шабады. Қапыда қан боп бейшара, Қылыш тиіп құлады. Терезені қиратып, Ұйқыда жатқан жерінде Бибіні ұрлап алады. Аузы-басын таңады, Еш дыбысын шығармай, Бауырына алып барады. Қыз бенен атты алғасын, Екеуінің көңілі өседі, Залымдықпен жауыздар

Нұрпейіс Байғанин Дегеніне жетеді. Талақ салып халықты, Елден шыққан сұрқия Егізбай мен Сегізбай Сол түннің-ақ ішінде Түрікпен жаққа кетеді. Түн ортасы болғанда, Төбеден жұлдыз ауғанда, Сегізбай шапқан күзетші Есін жиып алады, Ақыл тоқып көңіліне, Жан-жаққа көз салады, Демі бітіп алқынып, Мойнынан қан ағады. Әр бұтаға сүрініп, Қан жылыстап шұбырып, Төрехан жатқан ордаға Сүйретіліп барады. Төреханның құлағы Ыңырсыған дауысын Ұйқыда жатып шалады, Ұйқысынан оянып, Көтеріп басын алады. Аласұрған шыбын жан, Үсті-басы қызыл қан, Аққан судай жылыстап, Қойнына құйылған, Күзетші сонда сөйледі, Сөйлегенде бүй деді: – Халықтың ханы, Төрехан, Басыма қорлық жетті ғой, Асылы жаман арам ит,

Нұрпейіс Байғанин Егізбай мен Сегізбай Түп-түбіме жетті ғой. Қарауылда тұрғанда Иықтан шауып кесті ғой. Сарайға барсам, қара ат жоқ, Атыңды алып кетті ғой. Арам жедел қуған ит, Ел батасын бұзған ит, Ақылсыз, құдай ұрған ит, Асылы жақсы атадан Азғын болып туған ит, Уағдадан тайып, ант ұрып, Абыройын төкті ғой. Төрехан сонда шамданып, Ашуланып сандалып, Қара ат тұрған сарайға Жүгіріп барды қамданып. Аңсызда ісі өтіпті, Адалдықта көңілі жоқ, Арамнан еткен кәсіпті, Егізбай мен Сегізбай Мақсатына ойлаған Зұлымдықпен жетіпті. Талқан қылып есігін, Қара атты алып кетіпті. Орала беріп Төрехан Ханбибі жатқан сарайдың Терезесін қираған Көзі көріп қалады. Алып-ұшып жүрегі, Жүгіріп шапшаң барады; Бірге туған Бибідей

Нұрпейіс Байғанин Қарындасы тағы жоқ, Қайғымен Төре жанады. Тұла-бойы тітіреп, Алғыр бүркіт секілді Қарыс түсіп қабағы, Жынданған пілдей шамданып, Сәуле менен Қарашаш Анаға жетіп барады. Бара сауал салады: – Қарашаш, Сәуле, анам-ай, Егіз бенен Сегіз балаң-ай, Істеген ісі жаман-ай, Қорлығы еске түскенде Ішім оттай жанады-ай. Екеуі ұрлап кетіпті Атамнан қалған қара ат пен Ханбибідей баланы-ай! Миығыма мұз тоңып, Бұрылмастай күн болды Қапа қалың қар жауып, Қайрылмастай күн болды. Жарқыраған жарық күн Қараңғы түнек түн болды, Қайғырамын қапамен, Ер басыма сын болды, Хан басыма мін болды, Көңіліме дақ түсіп, Көкірегім кір болды. Арт жағыма қарасам, Өткел бермес терең жар, Асырмас алдым қыр болды. Қара орманым – жиғаным Ақырында тұл болды.

Нұрпейіс Байғанин Қаптан биік Қаратау Үстіме менің құлады. Жан сүйегім сықырлап, Қабырғам күйреп сынады. Ашу қысқан көңілім Қайда барсам тынады? Екі сұмның азабы Жас кеудемді сығады. Бірге туған бауырым, Бауырым еске түскенде Қайғының көрем ауырын. Иесіз қалар екі анам, Алтын орда ауылым! Жауға кеткен секілді Үйрек жүнді оттасым, Қарға жүнді қаттасым, Серпіп қаққан қанатым, Ханбибідей бауырым! Осы айтқаным анық-ты. Тума қорлық бергесін, Ашумен Төрең зарықты. Ханбибі мен қара атты Екі ағам ұрлап алыпты. Бауырым жауға жіберіп, Көрмен сәуле, жарықты. Рұқсат бер, іздеймін, Естігін, халқым, даңқты. Әркімге де бақ керек, Патшаларға тақ керек. Ақ сүт берген, екі анам, Төреханға ат керек.

Нұрпейіс Байғанин Сонда Сәуле сөйледі: – Саспа балам, Төрехан, Енші атың арнаулы, Көрінбей жанға бағылар. Қайғы шекпе, жалғызым, Мінуге тұлпар табылар. Өзің аман қалғасын, Жат жұрттыққа жаралған Жауға кеткен бір қызды Қумай-ақ қойсаң не қылар? Ақыл салсаң анаңа, Еш қайғырма, құлыным, Қарға жүнді қара ат пен Ханбибідей балаға. Өзің аман қалғасын, Қара ат пенен Ханбибі Төрехан, сенен садаға. – Сұрама, анам, тіл алман, Енді мұнда тұра алман, Жақсылық пенен жамандық, Жазған шығар бір аллам. Қаһарлансам жау қалмас Белімдегі құралдан. Етегін түріп жау қашар Балаң салған ұраннан. Сыр алдырып дұшпанға Сірә да, шешем, сыналман. Ханбибіні алып қайтармын Жасанған жау құралдан. Қайтпаймын алған бетімнен, Тіл алман, анам, тіл алман? Екі анасы қасында, Атты баққан сарайға

Нұрпейіс Байғанин Батыр төре келіпті. Ардақтап баққан тұлпарды Өз көзімен көріпті. Төңкерілген сауыры, Келбетті құла келісті. Денесінің бәрі тең, Қабырғасы шеңберлі, Жоны тұтас тегісті. Жалтаңдатып бастырған, Арпа менен сүт беріп, Бағып Сәуле мас қылған, Уайымсыз тұлпарды Жақсы баққан, шат қылған, Торқадан жабу жаптырған. Шылбырына құланың Жібектен есіп тақтырған. Қос құлағын тігілткен, Ортекедей ойнатып, Құланың көңілі өссін деп, Еш адамға көрсетпей, Оңашада жүгірткен. Кем бақпаған анасы Қарға жүнді қара аттан, Керек болса, мінсін деп, Бабыменен жаратқан. Жез тарақпен таратқан, Жалы жұмсақ болсын деп; Көтендігі шығыңқы, Келбеті артық әр аттан. Қос жұдырық сыйғандай Үңірейген сағақтан. Жал-құйрығы салынған, Азырақ аттың еті ауыр

Нұрпейіс Байғанин Жоны майға малынған. Ардақтап жақсы бағылған, Төрехан ердің бағына Қулықтан құла табылған. Асығып тұр Төрехан Қүла атқа мініп алуға, Тезірек жауға шабуға, Ізгі қолын беруге Қапаста жатқан бауырға. Құлашаның басына Алтын жүген салады. Ширата күміс құйысқан Нақышты ерге тағады. Түгіне жұмсақ тисін деп, Мақпал тоқым салады. Ерттеп алып, саймандап, Атын сынап қарады. Тұрманы атқа жарасқан, Батырға тұлпар жағады. Аттың көзін жайнатып, Ауыздығын шайнатып, Құйрығыменен ойнатып, Олай-бұлай сыдыртып, Ортекедей жүгіртіп, Құлын сауыр, құлан жал Ерекше белін бүгілтіп, Атты баптап алыпты. Көңілінде қалмай уайым, Қуанғаны ердің анық-ты. «Рұқсат бер, анам», – деп, Қарашаш пен Сәулеге Баласы тілек салыпты.

Нұрпейіс Байғанин – Анаңның тілін алыңыз, Астыңа құла ат мінгесін, Кетпес жауға арыңыз. Хабарсыз жатқан халқыңа Бүгін хабар салыңыз. Ханға лайық сол болар – Әскер жиып алыңыз, Құралданып қол жиып, Салтанатпен барыңыз. Ақылменен ойласам, Осы болар сәніңіз. Анасының бұл сөзін Төрехан мақұл көреді. Жиылсын деп азамат, Халқына әмір береді: – Елімнің батыр ұлдары Алмас қару қайрасын. Атқа мінген азамат Біреуі кейін қалмасын. Жеделге мінсін байтақ ел, Ат жүйрігін таңдасын! – Елге әмір салыпты Ерлерін жиып алыпты. Қаруланып келді ерлер Атағы шыққан даңқты. Қарашаш сонда сөйлейді: – Қайырлы болсын, шырағым, Жинаған батыр жолдасың, Нағашыңның ескі аруақ Қысылған күнде қолдасын. Қастық қылған дұшпаның Бұ дүниеде оңбасын. Аруағы бабаңның

Нұрпейіс Байғанин Еңсеңе келіп орнасын. Дұшпандық қанша қылса да, Асылы бірге түрікпен, Қараманның талқандап, Бұза көрме ордасын! Жабдықтап ерлер ат мінді, Ат құйрығын шарт түйді. Жарқылдап күнге найзасы, Сапар шекті, жол жүрді, Тыным алмай күндіз-түн, Аз ғана емес, мол жүрді. Төрехан батыр алдында, Артында қалың қол жүрді. Түстік жерге соң жүрді, Күндіз жарыс, аударыс, Түнде айтыс, өлең-жыр, Көңілі шат боп жүрді. Қол алдында Төрехан Атын сынап алуға Санға қамшы басады. «Шу!» дегенде жануар Арандай аузын ашады. Әрі-бері шапқан соң, Ақ көбігін шашады. Белес-белес қырқадан, Соққан желдей аңқылдап, Жануар құла асады. Төрт аяқты аңдарды, Тура келіп кеткенін Тұяғымен басады. Сапардың жүрген орнына Тұяқпен қағып жөнелді Аң кездессе жолына.

Нұрпейіс Байғанин Шаңын шаңға қосулы; Киік пенен құланның Алдынан орап тосулы; Жүрген жері жол болып, Қазылып ордай осулы; Бір құлағы тігіліп, Бір құлағы жығылып, Ақ маралдай бүгіліп; Сауырынан аққан тер, Құндыздықтан құйылып; Тебінгісі терлейді, Шапқан сайын өрлейді. Құлашын жайып сермейді, Қатар ұшқан қаз бен қу Қапталына ермейді. Шыны қызып жануар Сай-саланы көрмейді. Кекіл қағып шұлғыды, Орғып жануар құлаша Оқ жыландай ырғыды. Жал-құйрығын жел соғып, Жұлдыздай аққан сырғыды. Бір жабынды астынан Шыға келіп бір түлкі, Бұлаң етіп жөнеді. Астындағы тұлпарды Жетпеймін бе бұған деп, Тебінгіден тебеді, Соғарына түлкіні. Сол бойымен Төрехан Бір төбеге жеткенде, Кырық қыз нөкер қасында, Қараман қызы Ақмаржан

Нұрпейіс Байғанин Қарсы шыға келеді. Ат сабылтып далада, Түлкі қуған жолшыны Ақмаржандар көреді. Көреді де бір қызға: «Шақыр, – деп, – ана жолшыны», – Ханша әмір береді. Алып келді нөкер қыз Ханның қызы ханшаға Тақ иесі Төрені. Сонда Маржан сөйлейді, Сөйлегені де бүй деді: — Жолаушысың, жас түлек, Сыяғыңа көз салсам – Нәсілді тұқым ақ сүйек. Батыр, саған кездестім, Тілеймін сенен бір тілек: Көріселік, жас жігіт, Ұсынып тұрмын ақ білек. Намыс буған Төрехан Сөзін қабыл көрмеді, Жалынып тұрған Маржанға Ұсынып қолын бермеді. Айласы артық Маржан қыз Толғанып сонда сөйледі: – Бел, бел асқан, бел асқан, Беліне садақ жарасқан. Астында тұлпар құла ат, Түн қатырып жаратқан, Аруағың аспанда Бұлттарменен таласқан,

Нұрпейіс Байғанин Жалғыз атты жолаушы, Жөніңді айтшы кім едің, Ел-жұртыңнан адасқан? Артық туған Төрехан Сауалын қабыл көрмеді, Қызға жауап бермеді. Ханның қызы ханшаға Паңсынып көңіл бөлмеді. Сонда Маржан сөйлейді: – Айтпасаң да білемін, Асылың – төре, сүйегің Менің жездем Темірхан, Сен сонан туған жиенім. Қарашаш пен Сәуленің Бөтен демен тілегін. Ханбибіге келер деп, Қасыма ертіп қырық қыз, Алдыңнан күтіп жүр едім. Қайырлы болсын жол енді, Сапарың болсын оң, – деді. Жемісті ағаш ішінде Алтыннан тіккен шатыр бар, Сонда қонақ бол, – деді. Төрехан сонда сөйлейді: – Ей, Ақмаржан, Ақмаржан, Айта берме сөзіңді, Сөз сұрайтын кезім-ді. Алдаймын деп амалмен Сала берме ебіңді. Ұстай келдім екі ұры, Егіз бенен Сегізді.

Нұрпейіс Байғанин Талқандай келдім төріңді, Қарамандай ханыңа Бере келдім зәбірді, Көрсетпей қайтпан көрімді. Төреханның бұл сөзін Тыңдаңыз да сеніңіз. Қарамандай әкеңе, «Ауыр қолмен Төрехан Келді», – деп хабар беріңіз. Болсын осы тау басы – Тоғысатын жеріміз. Қараман болса теңдесім, Егізбай мен Сегізді Қорыққаннан бермесін, Бермес болса ерлерді, Осы таудың басында Әскерін жиып кездессін. Батыр болса шамданар, Әскерін жиып қамданар. Жиенін қолдан беруге Хан Қараман арланар, Арлансын да шамдансын, Соғысқа ертең қамдансын, Ерлерін жиып қармансын. Егер хабар бермесем, Қапы да ісім өтті дер, Аңсыз жатқан күнімде Елімді әлек етті дер, Ұрланып шауып кетті дер. Ханның Маржан шырағы, Төреден сағы сынады. Қараманның ордаға

Нұрпейіс Байғанин Атының басын бұрады. Қырық жолдас қасында, Әкесінің алдында Қол қусырып тұрады. Ажары кеткен ақ жүздің «Неге түсің қашты?» – деп, Қызынан хан сұрады: – Ардақты қызым, базарым, Неге кетті ажарың? Есіттің бе, шырағым, Бір жамандық хабарын? Сайранға шығып жүргенде Біреу зәбір көрсетіп, Сынды ма сонан назарың? – Қайғырып, әке, келгенім, Қаһарлы дұшпан көргенім, Айдаһардай ысқырған, Айбатты көріп шерлі едім. Қарыспа туған паң көрдім, Темірхан ұлы Төрехан – Ашуы қатты хан көрдім. Қылышынан қан тамған, Найзасынан зәр тамған, Егіз, Сегіз, Ханбибі, Қарасын іздеп ел торыған Жас арыстан жан көрдім. Қаһарлы қабақ түйгені, Астына құла мінгені, Болат сауыт кигені, Бес қару түгел ілгені, Жеріңе басып кіргені. Қолыңнан жоғын бермесең,

Нұрпейіс Байғанин Ордаңа анық тимегі. Тусам да нашар анадан Сөзіме, әкем, көн, – деді. Айтқаныма көнбесең, Әлек болар ел, – деді. Халық аман, бас сауға, Егіз, Сегіз, Бибіні Өз қолыңнан бер, – деді. Айтқаныма сенбесең, Өз қолыңнан бермесең, Неғылғаның Төренің Ертеңгі күн көр! – деді. Қараман сонда сөйледі: – Ел шегесі хан болар, Қаһарланса, әкеңнің Жауға алды тар болар, Ажал қуған Төрехан Тиіп көрсін осыдан, Кеңшілікке зар болар. Қорғалап келген жиенді Қолдан бермек ар болар, Ел басшысы әкеңе Жаппар ие жар болар! Келді деп жаушы саспаймын, Қонағымды сақтаймын. Ат жүйрігін баптаймын, Жасағымды саптаймын, Көк сүңгіме ту байлап, Жалғыз атты жолшыдан Қара бет боп қашпаймын. Нөсердің қара бұлтындай, Түнеріп келіп төбеден

Нұрпейіс Байғанин Табанға келіп таптаймын. Өлімтігін қаңғының Түрікпендегі көк төбет Алдына сүйреп тастаймын. Ашу буған Қараман, Жиылсын деп алаңға, Еліне әмір таратты, Ханның берген әмірі Лезде елге тарапты. Намаздігер болғанда, Жиылып болған ел-жұртына Қараман сонда сөйлейді: Сайлаулы қару-жарағы, Әскерлерін санады, Көп жасақтың ішінен Таңдап жүріп Қараман Алты жүзін алады. Қараман сонда сөйлейді Топталып тұрған сапына: – Уа, ер жүрек ұландар, Құлақ сал менің жарыма: Жеделденіп жауға ти, Түсіріңдер Төрені Өлімнің құрсау торына! Қаңғырып жүрген жалғыздың Салыңдар сауал жанына. Ашыққан иттер тойынсын Еті менен қанына! Хан әмірін екі етпей, Халыққа міндет тіл алмақ, Жиылды әскер құралды ап. «Әләһаллап» ұрандап,

Нұрпейіс Байғанин Ертеңгі күн сәскеде Ерлердің шебі сыналмақ. ...Ертең сәске болғанда, Қараман, Төре қолдары Бір-біріне қаптады. Астарында аттары Ауыздығы қаршылдап, Дүбірінен жер қалтылдап, Құтырып орғып аттады. Ұшқыш боп ұшты аспанға Тұяғы тиген тастары, Ерегіскен екі жақ Өңменнен көз қадасып, Кірпіктерін қақпады. Жақындап қарсы келісті. Сүңгісін дәлдеп дұшпанға Ұмтылып атын тебісті, Бір-біріне төністі. Көп алдына Төрехан – Түнеріп нөсер бұлтындай, Құладан тұлпар мінген ер, Бес қабат сауыт киген ер, Жалаңдатып найзасын Ойнатып көкке шүйген ер. Қараманның қол басы, Жаны шығар бірге жолдасы, Күш-қайраттың қордасы, Қаһарбекке қадалып, Қабағын қарыс түйген ер. Ағызған бойы Төрехан Әскерін бастап дұшпанға

Нұрпейіс Байғанин Арыстандай тиісті. Қараманның інісі Қаһарбек батыр сүйікті. Бұл жау емес бұрында, Талай жауға тиіпті. Тисе жауын ойрандап, Салыпты талай бүлікті. Бүгін де сондай жынданып, Сұр тұлпарын мініпті. Ерге басып төстігін, Күдісті белін бүгіпті. Төрехандай балаға Жыландай көзін тігіпті. Төрехан мен Қаһарбек Ағызған бойы аттарын Қарсы келіп қалысты, Қаһарланған Каһарбек, Жүрегіне Төренің Сүңгісін салып қалыпты. Жау найзасын дарытпай, Сүңгімен Төре қағыпты. Бірін-бірі ала алмай, Ағып өте барыпты. Араласты, қолдасты, Қаптаған қалың қол енді, Айласы көп өнерлі, Екі жақ та айқасып Қызып алға жөнелді. Екі жақта екшелген, Жаудан қайтпас берен-ді. Ат үстінде алысты, Қарсы келсе, қасқарып,

Нұрпейіс Байғанин Семсерімен шабысты. Ат бөксесін, жалт берсе, Көк сүңгімен шанышты. «Алдырман, өлмей жауға», – деп Сарбаздар таймай қарысты. Қос қаһарман кез келсе, Семсерлерін жанысты. Сынғанда қылыш найзасы, Ат үстінен алысты. Бір-біріне жабысты, Білегі күшті балуандар Тақымы босты аударып, Ат үстінен алыпты. Реті келсе атынан Жерге түсе қалыпты. Бірін-бірі шалыпты. Алып ұрып, бес бүктеп, Шалқасынан салыпты. Қаһарлы мықты береннен Талай жасық талыпты. Күн төбеге жеткенде, Екеуі қарсы келгені. Бірін-бірі көргеннен Қаһар мен Төре – қос пері Найзаласа бергені. Алдырмас та айласы, Бір-бірі күшін бермеді, Жекпе-жегі екі ердің Күшейді де өрледі. Екеуі де айлакер, Алар жерін селдеді. Үйіріп алып шоқпарын, Бірін-бірі ұрады.

Нұрпейіс Байғанин Ұрғанға шоқпар шыдамай, Сағағынан сынады. Ердің мықты болмағы, Басқа қонған бағынан, Қаһарлы ер еді күші асқан Түрікпеннің табынан. Сағақтан шоқпар сынғасын Айбалтаға қол салды, Екі ер де қажыған Шабысқанда құлаштап, Балта да, шіркін, шыдамай, Сынып түсті сабынан. Шегінісіп тұрады, Қорамсақта жебеге Екеуі қолын сұғады. Жасы үлкен Қаһарбек Кезек бер деп сұрады, Төрехан сонда сөйледі: – Түрікпеннің ері едің, Атағың шыққан сен едің, Күшіңе сенген, Қаһарбек, Талайды сойып жеп едің, Еліңе келген қонақ ем, Қорыққаннан, сасқаннан, Сұраған кезек нең едің? Көмусіз қалам мен өлсем, Сыйлар сені өз елің. Анадан туған нашар ит, Қаймықпаймын оғыңнан, Жолсыз да болса көнемін. Қасқайып қарсы тұрайын, Қапы қалмай дәлдеп ат,

Нұрпейіс Байғанин Қоян жүрек, қорқақ ит, Кезегіңді беремін. Қаһарбек сонда долданды, Төрехандай төрені Атамын деп оңдалды. Тастан өткен жебесін Толғап-толғап қолға алды. Саржаға оғын кереді, Қозы жаурын көктеме оқ, Ұзындығы кез еді. Толғап тартып жебесін, Ататұғын кезі еді, «Алтын ердің қасы деп, Қақ жүректің басы деп, Ажал оқтың тұсы деп, Өлер жерің осы деп», – Толғап тартып қалады, Үзеңгіге тіреліп, Шіренгенде табаны Бес қабат берік сауыттың Төртеуін жебе жарады, Бесіншіге жеткенде Оғы тоқтап қалады. Оқтан есен қалғасын, «Оғыңнан аман қалдым», – деп, Толықсып жүзі Төрехан Саржаға жебе салады. Тарс түйіп қабағын, Шірене тартып қалады, Қаһарбек атты қаһарман Оқ қадалып жүректен, Сар тұлпардың белінен

Нұрпейіс Байғанин Төңкеріліп барады. «Апа!» – деп құлап, табанда Топырақты қабады. Күн төбеден ауғанда, Әскерге жетті Қараман, Астына мінген тұлпардың Жал-құйрығын тараған. Үстіне киген ақ сауыт Көп сауыттан қалаған, Тұяғынан атының Тозаң көкке бораған, Айқайлап кірді соғысқа Қарт бурадай жараған: – Сарбаздарым, жолдас, – деп, Жау жаққа маған жолды аш, – деп, Мен тиіссем бәлемге, Қаңғырған Төре оңбас, – деп, Қаһарбегім өлгесін Қимылдамай болмас, – деп, Төренің қанын сімірмей, Қаһарбек орны толмас, – деп, – Бас боп өзі Қараман Қыздырды қырғын соғысты, Екі жақтың әскері Жігермен қайта тоғысты. Найзаменен шанышып, Қылышпенен қағысып, Шоқпарменен соғысты. Қараман ханды көргесін, «Әләһалап» ақырып, Айқайлап ұран шақырып, Түрікпендер өрледі, Төренің қолын жапырып,

Нұрпейіс Байғанин Бұршақтай жауып түйдектеп, Қу жебелер атылып, Шуылдасты түрікпен Аруағын асырып, Төренің қолын қарқынмен Белден-белге қашырып. Төрехан қолы сасады. Сасқан емей немене, Бытырап кейін қашады. Бере алмай төтеп дұшпанға, Үш белестен асады. Шыға келіп сол кезде, Тосқауылда тоқсан ер Майданға қарай ағызып, Атына қамшы басады. Түрікпенің көп қолмен Қарсы келіп қалысты. Қынабынан қылышты Суырып-суырып алысты. Ерге іліп тізгінін, Шылбырды белге шалысты. Бұлан-талан екі жақ Араласа қалысты. Қанды соғыс болып жүр, Ерегіскен ерлердің Көзіне қан толып жүр. Қараман хан ерлікпен Ел намысын қорып жүр. Топ ішінде Төрехан Қараманды торып жүр. Ашу қысып екі жақ Толғанды да тебіренді, Өлім дейтін ойда жоқ,

Нұрпейіс Байғанин Кеуделері желденді. Екі талай соғыста Сыналатын жер келді, Сол уақыттар болғанда, Қараман мен Төрехан Екі сері кез келді. Қарсы келіп қалысты, Жарқылдатып қылышпен Бірін-бірі шабысты. Шабысқанға шыдамай Балдағынан үзіліп Қылыш сынып қалысты. Жын қаққандай екеуі Бір-біріне жабысты, Белдерінен алысты. Қайраты басым жас батыр Қарамандай патшаны Ерінен жұлып алыпты. Алғанмен қоймай Қараны Тақымына салыпты. Қысып-қысып қойғанда, Мұрнынан қан ағыпты. Қараман сонда зарлады: – Мен, Қараман батыр, текті едім, Апырмай менің неткенім? Өзімнен кіші баланың Тақымында кеткенім. Уа, дариға дүние-ай, Арманда болып өткенім, Амалым бар ма, сұм жалған, Дегеніме жетпедім.

Нұрпейіс Байғанин Қараманды Төрехан Бөктеріп атқа алады. Шынжырменен шыңғыртып, Берік етіп таңады. Құнан қойдай бөктеріп, Алып кетіп барады. Қалың қолды қасқайтып, Жарып кетіп барады. Қылышынан қан жосып, Жау қолына ойранды Салып кетіп барады. Өзінің де Төренің Самайынан қан жосып Ағып кетіп барады. Күн бесінге жеткенде, Жау тозғындап тарады. Дұшпан қолы қашты енді Бетіне алып қаланы. Жеткендерін шабақтап, Төреханның көп батыр Қуып кетіп барады. Сол кеткеннен қалаға, Кіреді Төре жарағы. Соғысқан жауын қашырып, Жарқылдатып қаруды, Қалаға кіріп барулы, Қол қусырып алдынан Халқы күтіп алулы. Төремен бітім жасауға Хан ханшасы Маржан қыз Халқына хабар салулы, Төреге өзі келулі, Қол қусырып, «жиен» деп,

Нұрпейіс Байғанин Көтеріп аттан алулы, Қызметі ханшаның Төреханға жағулы, Маржан қыз сонда сөйледі, Сөйлегенде бүй деді: – Жаулық қылды, Төрехан, Егіз бен Сегіз, өзіңе, Құлақ салып тыңдаңыз, Маржан қыздың сөзіне. Жау шыдамас батырсың Садағыңның кезіне. Жаман туған Егіздің Кесірі тиді еліме. «Қонағымды бермен!» деп, Өлім жетті еріме. Қызмет етіп қарайын, Қонақ бол, Төре, төріме. Тілегім бар тілейтін, Беремісің өзіме? Ойлаған батыр қаралды, Егізбай мен Сегізбай Қара көңіл арамды, Кесірі тиіп солардың Мал мен басым таланды. Қаһары күшті жиенсің, Халқыма бер сауғаны, Өтінемін, Төрехан, Қанжығаңа бөктерген Қапастан құтқар бабамды. Төрехан сонда сөйлейді: – Нағашы, айтқан сөзіңді

Нұрпейіс Байғанин Енді бөтен демейін, Айтқаныңа көнейін, Тілегіңді берейін. Ашу кернеп келгенде, Ақыл болмас адамда. Жеделденсе кімде-кім Берік тұрар қаралда. Бермен қарап жүрерде, Белге қару ілерде, Қараманды сақта деп, Өтінішін көп айтқан Қарашаштай анам да! Өтінішін ақтайын, Қараманды сақтайын, Қарашаш үшін, сен үшін, Алжыған атаң Қараны Атпайын да шаппайын. Маған, Маржан, жалындың Күнәсін кешіп атаңның, Жалынғанға бағындым, Кеткеніне көп болды, Ханбибімді сағындым, Қызмет етер жеріңіз, Бауыр тәтті-ау жалғанда, Бұл сөзіме сеніңіз. Сағынғаннан аңсаймын, Осы түннің ішінде Бибімді тауып беріңіз. Ал, Ақмаржан, басшы бол, Сенімен бірге ерейін. Сағынып келдім алыстан Шырағымды көрейін. Артымнан ерген жалғасым,

Нұрпейіс Байғанин Ақ бетінен өбейін. Сағынғаннан сарғайған Іштен шерді төгейін. «Апар мені», – деп еді: Төрехандай батырды Қарындасы Бибіге Маржан бастап келеді. Жиылып тұрған көп халық Жолын аша береді. Төрехан келді деген сөз, Бибіге жетіп, о дағы Көкесін күткен жер еді. Бұрын барам дегенде, Соғыста жазым болар деп, Жібермеген нөкері. Қырық қыз жолдас қасында, Төреханды көргесін, Құшақ жая береді, Қарындасын Төрехан Ақ бетінен өбеді. Жүрген бала тарығып, Қайғы-шермен қамығып, Жүрегі тулап қабынып, Жан көкешін көргесін, Шыдап тұрсын нағылып?! Қуанғаннан жылайды, Көзінің жасын бұлайды, Мауқын басып болғасын, Сәуле менен Қарашаш Аналарын сұрайды. «Сағынғаннан Бибісін Екі анаң тарыққан.

Нұрпейіс Байғанин Көреміз деп қай күні Ұйқысы қашып зарыққан, Көңілі түсіп жабыққан. Кеткеніме көп болды Туып өскен халықтан. Ана мен ел аман-сау, Сәлем жолдап жатқан-ды Ханбибім, саған алыстан. Амандық сұрап болыстық, Көп тұрмайық бекерге. Егізбай мен Сегізбай Екі сұмның қорлығы Көкіректен кетер ме? Рұқсат бер, барайын Екі жарым, есерге. Бауырым, енді барамын Сұмдардың басын кесерге. Мені әлек еткенде, Қара ат пен өзіңді Ұрлап алып кеткенде, «Төрехан – жалғыз, мен – екеу, Кегімді алам!» – деп еді, Қара ниет залымның Туғанға бар ма керегі? Мен – жалғыз да, ол – екеу, Шайқасып бір көрейін, Ит сазасын берейін. Рұқсат бер, бауырым, Есіп қанын төгейін. Жаман туған жақыннан Атасы басқа жат артық, Жанын алып келейін.

Нұрпейіс Байғанин Ханбибі сонда сөйледі, Сөйлегенде бүй деді: – Айтамын арыз, жан көке, Бір іс қапыл өткен-ді, Арадағы сөзге азып, Екі ағаң әлек еткен-ді. Жасы үлкеннің хақы бар, Олардың сөзі өктем-ді. Мен үшін таста, хан көке, Туысыңа өкпеңді. Төрехан сонда сөйледі: – Көрген қорлық көп еді, Көрмеген қорлық жоқ еді, Қорлығынан иттердің Ішім жалын шоқ еді. Екеуіне керегі Саржаның улы оғы еді. Берер ем сұмның сазайын, Сен үшін кештім күнәсін, Сонда да бірақ барайын, Іздеп тауып алайын. Есіне түссін, екінші Кетпес таңба салайын. Рұқсат сұрап алады, Екеуі жатқан жеріне Салдыртып жетіп барады. «Төрехан келіп қалды», – деп, Жанашыр бір құрбысы Егізге хабар салады. Екі «батыр» сасады,

Нұрпейіс Байғанин Жүректері дүрсілдеп, Уһлеп аузын ашады, Адырайып көздері, Құттары әбден қашады. Арқызыл мен Сарқызыл Мініп ала асады. Қашқанын көріп Төрехан Құлаға қамшы басады. Төрехан жетіп келіпті, Еңсесіне Егіздің Желекті найза төніпті. Қорыққаннан Егізбай Өкіріп жылай беріпті. Төнген найза еңседен, Қылт-қылт етіп тұрады, Жалғаншыда жан тәтті, Өкіріп Егіз жылады. Қарсыласар күні жоқ, Шығатұғын үні жоқ, Қол-аяғы құрысып, Ат үстінен бүрісіп, Ерден ауып жылысып, Егізбай жерге құлады. Көзін тастай жұмады, Қойнына басын тығады; «Жан сауға, көке, жан сауға», – Деген үні күрмеліп, Азар-азар шығады. Көрген халық күлсін деп, Есіне түсіп жүрсін деп, Төрехандай батырың Аттан түсе қалыпты.

Нұрпейіс Байғанин Егізбайдай жарымның Құлағын кесіп алыпты. Бұл уақытта Сегіздің Жүрегі әбден сығылған, Төрехан көріп қалар деп, Бір жыраға тығылған. Қос өкпесі дүрсілдеп, Бағы тайған тұғырдан. «Біраз мезгіл өтті-ау, – деп, Кідіріп мұнда жатқанда, Бір қоян қашып кетті-ау, – деп; Жан ұшырған бейшара, Қоян қасқа епті-ау, – деп; Түрікпеннің жерінде Жыра мен шұқыр көпті-ау, – деп; Қай шұқырдың тасасын Сорлы кеуек етті-ау», – деп; Жағалап жүріп қарады, Бір қазынды шұңқырда, Сегізбайдай ағаның Үстінен шығып қалады. Ентігіп жатыр күрсілдеп, Жүрегі соғып дүрсілдеп, Кеуектегі қояндай Мойнын тығып бүлкілдеп. Қуарыпты ажары, Кездесе кетті сол жерде Екеуінің назары, Алмас қылыш қолға алып Қасына жетіп келіпті, Үстіне келіп төніпті. Ұшып тұрып Сегізбай

Нұрпейіс Байғанин Қол қусырып тұра кеп, Төреге сәлем беріпті. Бауырым деп жылады, Қол қусырып тұрады. Жан сауғалап қалшылдап, «Күнәмді кеш», – деп сұрады: – Азғырумен азғанмын, Ақылым жоқ жазғанмын, Саған қастық қылам деп, Ханбибі мен қара атты, Ордаңнан ұрлап алғанмын. Бүлік қылдым мен, – дейді, Не етсең де, бауырым, Істегенің жөн, – дейді. Күнәмді кешіп, Төрешім, Бір шыбындай жанымды Жан сауғаға бер, – дейді. – Іс қылдыңдар бекерге, Екеуіңнің қорлығың Өмірде естен кетер ме? Қарашаш, Бибі көңлі үшін, Амалсыздан күнәңді Кештім, залым есер, – деп, – Ер Төрехан екеуін Аттарына мінгізді, Қатарға алып жүргізді. Жиылған көп халыққа Даналығын білгізді. Тамашаға таңданып, Жиылған халық көп еді. Ханбибідей балаға Екеуін алып келеді.

Нұрпейіс Байғанин Үсті-басы қызыл қан Егізбайды сол кезде Ханбибі бала көреді. Ханбибінің төреге Сондағы айтқан сөзі еді: – Өтініп едім мен, – дейді, Өтінішің бердім деп, Айтқан едің сен, – дейді. Құлақ бастың сәні еді, Құлағың кескен нең? – дейді, Күлкісі болар Егізбай Ертеңгі күн халықтың, Бастың құлақ ажары ед, Құлағын кесіп алыпсың, Басына қайғы салыпсың. Сонда Егізбай сөйледі: – Өкпелеме Төреге, Ханбибі қалқам, сен, – дейді, Әуелінде бүлікті Бастаған ағаң мен, – дейді, Ісім бұзық болғасын, Төрештікі жөн, – дейді. Тілегенде тілек бермедім Ақ сүт берген анама. Өлімді жер кездесті, Шыбын жанымды алғын тек, Төреханнан қала да! Бұрынғыдан нақыл бар: «Атқа келген бәледен Айыл-тұрман садаға, Басқа келген бәледен, Бастан құлақ садаға.

Нұрпейіс Байғанин Сүйтіп жатқан жерінде Хан хабаршы салады: – Жиенім қонақ болсын, – деп, Ордама халық толсын, – деп, Бүгін-ертең Төрехан, Ерлерімен қонсын, – деп, – Шақырып өзі алады, Даярлаулы тағамы, Құюлы арақ-шарабы, Тартулы алуан табағы. Ортасында орданың Мейізбенен ашытқан Қымызбенен қойды сабаны. Мақпал көрпе жабады, Гауһар шамдал жағады. Қонақтармен күлісіп, Мамырлаған аққудай Маржан қыз жүр көлбеңдеп, Қасында қырық жараны. Әзілдесіп қыздармен, Нағашыға ырза боп, Төрехан отыр жоғары. Егізбай жүр құнтиып, Құлақсыз басы сымпиып. Төрехандай ініге О да ырза болады. Сол шаттықты думанмен, Түрікпенге Төрехан Екі күн бойы қонады. Үшінші күн болғанда Қараманмен достасып, Құшақтасып қоштасып, Апаларын көрсін деп,

Нұрпейіс Байғанин Көріп сәлем берсін деп, Маржан қызды ерітіп, Төре мен Егіз, Сегізбай, Ханбибі бала, көп әскер Қайтады кейін еліне, Туып-өскен жеріне. Темірхандай әкенің Берекелі төріне. Бірге туған бауырлар Достасып қол берген жер, Ұмыт болып өткен күн, Шын достыққа енген жер. Бір жарым ай жол жүріп, Сәуленің сәнді ордасын Көз ұшынан көрген жер. Туып-өскен мекенге Соныменен, тыңдаушым, Ерлік пенен ізгілік Зұлымдықты жеңген жер.

Нұрпейіс Байғанин ҚҰБЫҒҰЛ Көк Еділдің бойында Уәли деген хан болған. Батыр болған, бай болған, Төрт түлігі сай болған. Ойлағаны намыс пен Қарал, жедел, ар болған. Ықпалы жүрген күнінде Бақыты асып өрлеген. Дұшпандасқан жауына Ешбір ерік бермеген. Тентек пенен телісін Жүргізбей қияс жөндеген. Бақыт тұрмыс күнінде, Маңына жан келмеген. Егер келсе шет дұшпан Ешбір ерік бермеген. Ықпалы жүрген күнінде Малы менен бағы сай, Тәрбиесі тағы сай, Патша еді халыққа Төресі ғаділ, сөзі жай. Малы менен бағы тең, Тәрбиесі тағы кең. Шеттен дұшпан көз салса, Әскер, құрал бәрі тең. Сөйтіп жүрген Уәли Тап жетпіске жас жетті. Жастағы дәуір-бақ кетті, Баласы жоқ «қу бас» хан – Жайылып жұртқа ат кетті. Үлкендікке шаталды,

Нұрпейіс Байғанин Кәрілікке маталды. Халыққа «қу бас» атанды. Бақыты жүрген күнінде, Қартая келген шағында, Халқы ханға келмеді. «Алдияр» айтып ханына Елі сәлем бермеді. Әңгіме айтса Уәли, Елі қабыл көрмеді. Сол халықтың даулысы Хан екен деп Уәлидің Алдына ешкім барған жоқ, Уәлиді адам екен деп Ешкім еске алған жоқ. Қайғымен көрді тарлықты, Енді күні – зарлық-ты, Елемеді еш адам, Мінген тақыт, хандықты. Құлдан көрді қорлықты, Әркімнен көрді зорлықты. Алдына ешкім келмейді, Хан деп сәлем бермейді. Осындай көрген қорлықты Пақыр өксіп, еңірейді. Енді ісі оңбады, Малында ерік болмады. Ықпалы қайтқан патшаны Қараша жұрты қорлады. Енді ол бір ой ойлады, Ойламасқа болмады. Хан ойламай неғылсын, Қартайған күнде оңбады: «Бүйтіп тірі жүргенше,

Нұрпейіс Байғанин Дүние жиып нетейін! Дүние, бақыт, малымның Баршасын талақ етейін. Бір баланың зары үшін Қаңғырумен өтейін. Ел қорлығы өтті ғой, Құлдардың берген зәбірі Түп-түбіме жетті ғой. Бір баланың қайғысы Басымнан бақты төкті ғой. Дүниеден күдер үзбейін, Кешікпейін, жүрейін. Пірлерден тілек тілейін, Темір аса қолға алып, Темір кебіс киейін. Хандық ауды басымнан, Пақырлық, міскін жолымен Дүние кезіп көрейін. Мен патшамын демейін, Енді қалған өмірді Талайымнан көрейін. Жердің жүзін кезейін, Бақ пен малдан безейін, Хандық, байлық күнімді Қайыршыға теңейін. Бүйтіп қорлық көргенше, Мен кетейін, кетейін. Қайыры жоқ қоныстан, Қайғыменен қамығып Қаңғырумен өтейін. Ықпалым жүрген күнімде, Қайырлы патша мен болдым. Бақ-дәулетке кен болдым,

Нұрпейіс Байғанин Әскерді оймен жүргізіп, Қайыспас берен ер болдым. Бір баланың жоқтығы – Қартайған күнде кем болдым, Тапталған тақыр мысалы Бейне қара жер болдым». Осындай тарлық көрген соң, Жұрты қайғы берген соң, Бір қылықты бастады, Дүние-мал, шаһарды Талақ етіп тастады... Үлкейе келген шағында Бір бала ханның тілегі. Қайғы, құса үдеді, Дүниеден күдер үзеді. Темір аса қолға алып, Темірден кебіс киеді. Талақ етіп елінен, Қоныс еткен жерінен, Енді Уәли жүреді. Ел билеген патшаның Кеміген күні жүрегі. Дүние жүзін кезіпті, Әулие қоймай қыдырып Мекенінен безіпті. Ел билеген ер еді, Ақырында ол патша Осындай тарлық көріпті. Әулие қоймай тарығып, Бір бала үшін зарығып, Жүдеді патша жабығып. Қаңғырып, кезіп жүрсе де

Нұрпейіс Байғанин Еш дегені болған жоқ, Талабы ханның оңған жоқ, Бармаған жері қалған жоқ. Қаңғырумен жүреді, Есі дұрыс Уәли Тек ақылдан танған жоқ. Тоғыз айдай қыдырған, Әулиеге сиынған, Маңдайдан тері шұбырған, Патша еді саналы. Пірлерден себеп болмады, Еш ишарат болмады, Іші оттай жанады. Қайғыға қайғы ұласып, Аяққа киген кебістің Теңгедейі қалады. Қолға алған асаның Тебендейі қалады. Алама киім жыртылған, Патша қайтып барады. Еш ишарат көрген жоқ, Тілегін пірлер берген жоқ, Таңдайы қатып, арықтап Тек жаны бар, өлген жоқ. Енді қайтты еліне – Көк Еділдің өріне, Туып өскен жеріне. Тап он айдың жүзінде Қайта келді Уәли Ұлы өзен Жеміне. Ұлы Жемді жағалап, Жердің жүзін аралап, Шетірлінің бойына

Нұрпейіс Байғанин Патша келді шамалап. Жүдеп келген Уәли Үш күн жатты паналап. «Оңғара ма құдай? – деп, Оң ойлаған талапты, Үш күн жатып қарапты. Үш күн жатып тынығып, Маңындағы халықтан Сұрап ішіп тамақты; Шетірлі бойын жағалап, Тау мен тасты аралап. Шетірліде қара су, Қасына келді шамалап. Көңілінде бір ой бар Соны іздеп қарамақ. Шетірлінің бойында Бабатүкті әулие Жүреді көңіл, ойында. Қызыл жарды қарады, Қара судан су ішіп; Шөлдегені қанады. Жан-жаққа көзін салады. Жанған шырақ жалауды Уәли патша табады: «Уа, Бабатүкті, пір бабам, Басыңа келдім мен, – деді. Іздегенім сен, – деді; Халыққа патша мен едім, Бүгінде болдым кем, – деді; Ақ сұңқар құс қыранмын, Қартая келген күнімде Қарғаға болдым жем, – деді; Құлдардан көріп қорлықты,

Нұрпейіс Байғанин Жалшыдан көріп зорлықты, Көкірек қайғы-шер, – деді; Жасым жеткен шағымда Қараша көзін салмады, Менсінбеді ел, – деді; Елемеді ел, – деді... Ақырында халық қорлап, Ел тізгінін бермеді. Қиялы бүркіт қыранмын, Құзғын менен қарғаға Қартайып болдым жем, – деді. Ықпалым тұрған күнімде Ғаділ патша болғанмын, Халқыма қорғанмын, Қатарымнан озғанмын, Қырымға қолым созғанмын. Бақытым тұрған шағында Талай жерге барғанмын, Талай жауды алғанмын, Дұшпанға бүлік салғанмын. Ғаділшілік хандықпен Халқымды баққан заңғармын. Сол күнімнен айрылып, Ақырында сандалдым. Жердің жүзін айналдым, Басыңа келіп зарландым. Тап жетпіске жас жетті, Қартайғанда бақ кетті, Астыма мінген тақ кетті. Патшамын енді тарыққан, Қайғы шегіп зарыққан, Тарлық көріп халықтан. Жердің жүзін айналып,

Нұрпейіс Байғанин Келдім қаңғып алыстан. Көптен көрген зорлықтан, Құлдар берген қорлықтан, Мұңымды айтып зарығып, Басыңа келдім сондықтан! Қартайған күнде шаталдым, Мұндай күнде маталдым. Орта ноғай еліме Қайырсыз «қу бас» атандым. Басыңа келіп жыладым, Пірден тілек сұрадым. Бір баланың қайғысы – Болмады елге тұрағым. Бұрын патша болсам да, Бүгінде, міне, сияғым. Өле кетсем артымда Қалмас болды тұяғым. Сізден тілек сұрадым, Неғылсаң да өзің біл, Бір перзентті сұрадым! Орта ноғай елінде Мазасыз болды құлағым. Бабатүкті пір едің, Басыңда тілек тіледім. Бір баланың жоқтығы – Суыды елден жүрегім. Батырлардың бабасы Жығылғанды тұрғызып, Қисайғанды сүйедің». Соны айтты да Уәли Қатып келген қабағы,

Нұрпейіс Байғанин Шаршап келген бейшара, Қалғып кетіп барады. Көзі ілініп ұйқыға Көңілі кетіп барады. Мейірім болар бабадан Қасына келген пақырға, Жетпіске келген жасында... Аса таяқ қолында, Ақ шалмасы басында, Ақ сақалды қарт адам Осындай келіп қасына, Ишарат берер болып тұр Жылап келген пақырға: «Уәли, патша сен едің, Бабатүкті мен едім, Көзіңнің жасын көремін. Тарығып келген азамат, Тілегіңді беремін. Жылап келген, пақырым, Сізге тисін себебім. Бақытты уақ күніңде Ел билеген ер едің. Ел намысын бермеген, Білікті ханның өзі едің. Зарығып келген, пақырым, Тілегіңді берейін, Көзіңнің жасын көрейін, Уәли, сені жебейін. Қолыңды жай, бата берейін: «Шетірлінің бойында, Басыма патша келер деп Бар едің, балам, ойымда.

Нұрпейіс Байғанин Арынды нәсіл тұқымсың, Асылдық сенің бойыңда. Бақытты жастық күніңде Қорғаны едің халықтың, Шыңнан әскер жүргізіп, Талай жаумен алыстың. Дұшпандасқан жаулардың Талайын таптап жаныштың. Ықпалың қайтқан уақытта Басыма келіп зарықтың. Қайғыңды, патша, жой, – дейді, Қараңғыдан аршылсын Қамыққан қайғы-ой, – дейді; Бір перзент беремін, Дүние-малың сой, – дейді; Садақа етіп барған соң, Кешікпей қыл той, – дейді; Тарығып көрген жалғыздың Құбығұл атын қой, – дейді. Мерекеңе балаңа Ұлы жиын той болсын, Тойыңа бәрі сойғаның Ту бие мен қой болсын. Ұзақ өмір, ұзақ күн, Балаңның жасы мол болсын. Мейірімді ұл болсын, Ықылас батам шын болсын. Қайтпас жүрек, қайратты ер Бір құдайға құл болсын. Уәли, қайғың жойылсын! Алтыннан түбек ойылып, Күмістен шүмек қойылсын.

Нұрпейіс Байғанин Менің берген бұл батам, Сізге қабыл болынсын!» Сөйдеп қолын жаяды, Бір батасын қағады. Ұйқысынан оянып, Төңірекке қарады. Тұра келсе нәрсе жоқ, «Мұным қалай болды?» – деп, Көңіліне алады. Жүгіріп кетіп барады, Сүйегі бекіп тыңайып, Тимеді жерге аяғы, Көңілінде құса, қасірет Кеткенге ұсайды баяғы. Шынықпай сүйек нағылсын, Шын ишарат көріпті, Көңілі өсіп желікті. Көңілі өспей неғылсын, Ақ шалмалы бір адам Ақ батасын беріпті. Бір батасын береді, Қуаныш еткен жер еді, Зарығып келген бұл қартқа Бабаның тиген себебі, Шыққан жері Жем еді, Көк Еділдің бойына Екі күнде келеді. Жәрдем беріп нашарға Пірдің тиіп себебі, Өзінің мекен жеріне, Орта ноғай еліне, Екі күнде келеді.

Нұрпейіс Байғанин Елі-жұртын жияды, Адамның асын құрады, Садақа түске қылады. Пақыр менен міскінге Садақасын береді. Қожа менен молда, ишан Олжалы болған жері еді. Келгендерден бата алып Сол зарыққан Уәли Көңілі тынды деп еді. Үлкейгенде осындай Уәли кемдік көріпті. Зарыққан осы патшаға Бір себебін беріпті. Қаныш тоқал, жас қатын Он екі айдай жеріпті. Қызғынына шыдамай Қатты жүдеп зарығып, Табылмай жерік тарығып, Қыдырып жүрген шағында Көкшетаудан алмас тас Бұл әйелге табылып; Назар ауып сол тасты Ауызға салып шайнайды, Тастан тісі таймайды. Қуаныш кіріп көңіліне Ажарланып жайнайды. Ажары кіріп желікті, Күннен-күнге тыңайып, Жүдеген әйел серікті. Жеті мүше тәндері Жазылып тәні еріпті. Бес айдың жүзі болады,

Нұрпейіс Байғанин Балаға іште жан бітіп, Білініп іші қалады. Тоғыз ай, он күн болғанда Ұл перзент табады. Дүниеге бала келген соң, Тілегін құдай берген соң, Айғыр сойып ақыртты, Бура сойып бақыртты, Қол астын қоймай шақыртты. Той ететін ой болды, Хан тойына сойғаны Айғыр, түйе, қой болды. Хан тойына шақыртып, Дүйім халық ел келді, Бай менен бек тең келді. Тұлпар мініп ту алған, Жау дегенде қуанған, Қайтпас берен ер келді. Ел де келді ол тойға, Тұлпар мініп, ту алған Ер де келді ол тойға. Асыл киіп қырынған, Тойға құмар бұрыннан, Жүйрік мініп ұрынған, Той дегенде қызынған Сері де келді ол тойға. Қызық тойға келмеген, Мереке, қызық көрмеген, Кіл мүсәпір пақырлар, Кем де келді ол тойға. Көптігін азға білдірген, Күш қылып елді бүлдірген, Зорлық қылған аздарға

Нұрпейіс Байғанин Көп те келді ол тойға. Үкімін жұртқа жүргізген Ел бастаған бименен Бек те келді ол тойға. Қол астынан сыртқары Шет те келді ол тойға. Батыр менен жиынға Паң да келді ол тойға. Қарашысы қасында, Хан да келді ол тойға. Дүние дәулет айдаған Бай да келді ол тойға... Буындары дірілдеп, Көзінің алды іріңдеп, Шал да келді ол тойға. Ақ шалмасы басында, Шәкірттері қасында, Молда келді ол тойға. Бағымдары соңында, Тәбиіп кітап қолында, Қожа келді ол тойға... Кер маралдай керіліп, Басуына ерініп, Той дегенде серігіп, Сауырдан шашы төгіліп, Қос шашпауын тебініп, Хор қызындай көрініп, Құмырсқадай белі бар, Қас, сүрмелі көзі бар, Сұлу, сымбат жөні бар, Қылаң кердей қылаңдап, Ақ қайраңдай сылаңдап, Нәзік белі бұраңдап

Нұрпейіс Байғанин Қыз да келді ол тойға. Орай жібек салынған, Беті қызыл жалыннан, Ару жандар неғылған, Әзілдесе құрбысы Көріскенше сағынған, Балдан тәтті сөзі бар, Қос сүрмелі көзі бар, Мисалы самал секілді Әдемі сөз лебі бар, Көрген асық болатын, Көрсе көзі тоятын, Әзілдесіп сөйлессе Арман кетіп көңілден, Қайғысын мүлде жоятын – Келіншек келді ол тойға. Шекелері тоқпақтай, Жауырыны қақпақтай, Ұл да келді ол тойға. Өзімдікі заман деп, Кім таласар маған деп, Өзінен бөтен өзгені Бәрі менен жаман деп, Өзгеден артық көңілім, Жолдасым жақсы жаран деп Бай мен ханның баласы – Мырза келді ол тойға. Еркіменен жүрмеген, Кеңшілікті білмеген Құл да келді ол тойға. Иықтан қабы түспеген, Кісі қызметін істеген, Дәмді тамақ ішпеген,

Нұрпейіс Байғанин Күң де келді ол тойға. Біліксізден сөз алған, Ақыл сұрап жол алған, Шешен келді ол тойға. Ел бастаған білімді Көсем келді ол тойға. Той көрмесе еріккен, Тойды көрсе желіккен, Есер келді ол тойға. Сөзден шашу шашатын, Халықтың көңілін ашатын Қалмай келді ақындар... Неше түрлі көп малды Хан тойына арнаған. Домбыра, қобыз шертетін Бақсылар да қалмаған. Орта ноғай елінен Жан қалмады бармаған. Сүрініп кетіп «көтек!» – деп, Бірін-бірі жетектеп, Бесікке салар кәдесін Әлдекім алып кетед деп, Күңкілдесіп өсектер Кемпір де келді ол тойға. Осындай қызық қылғызып, Халқын қоймай жиғызып, Ортадан балуан тұрғызып, Үйдің аузын ашады, Шелектеп алтын шашады, Халық олжаға батады. Тамам мерген жиылып, Алтын қабақ атады. Алтын қабақ аттырды,

Нұрпейіс Байғанин Ат бәйгесін шаптырды. Риза етіп халықты, Қуандырып шат қылды. Сапырулы сар қымыз Келген жанды мас қылды... Молда, қожа көп еді, Ат қоятын жер еді, Ат қоюға таласып, Қожа менен молданың Төбелесер жері еді... – Қожа, молдам сен едің, Қайырлы ханың мен едім. Дүние-малға таласып, Ақылыңнан адасып, Төбелескен нең едің? Қуанышты күнімде Бәріңді бірдей көремін. Сан жетпейтін малымды Қолымнан санап бөлемін. Шашуы үшін баламның Дүние-малды беремін. Зарығып көрген бала үшін Дәулетімді жоямын. Тірі болса жалғызым, Дүние малға тоямын. Шашуымды алыңдар, Өзім атын қоямын. Хан тілегі болған жер, Қызығы үшін баланың Дүние-малды жойған жер. Пірі атап берген соң, Құбығұл атын қойған жер.

Нұрпейіс Байғанин Көп дәулетті бөліпті, Қожа менен молдаға Бірдей бөліп беріпті. Мүсәпір, пақыр, нашарға, Жиып алып баршасын Бірдей бөліп беріпті. Халықтан бата алады, Ел батасын қағады, Міскін, пақыр, нашарлар Байып кетіп барады. Бесікке салар жер болды, Бұ да таласар сөз болды, Әр атаның ұлынан Сансыз кемпір кез болды, Бесікке салар жолында Үлкен талас сөз болды, Бұ да шатақ жер болды... Айласы көп бір қатын Сол балаға барыпты. Құндақтағы баланы Ептеп ұрлап алыпты. Рұқсат сұрап анадан, Баланы сұрап алыпты. Сол бесікке салыпты... *** Мереке, тойын өткізіп, Көңілі патша тасқандай, Қуаныш өршіп аспандай, Шашуменен тарқасып, Олжаға халық мақтанды-ай. Перзенті Құбығұл Қырқынан шығып күледі,

Нұрпейіс Байғанин Қуанышқа толады Ата-ананың жүрегі. Көңілінде арман жоқ Әке менен шешесі Перзентін сүйеді. Дөңгелек жүзді көрікті, Бірге жасы келеді. Зарығып көрген Уәли Осындай қызық көріпті. Екі жаста жүріпті, Қадырлы ханның баласын Халқы қалай сүйіпті. Сияғына қарасаң Құбығұл бала сүйікті. Үш пенен төртке келіпті, Ата менен анасы Ермек етіп желікті. Көңілінде қайғы жоқ Қуаныш заман көріпті. Бес пен алты жасында Бала ойлайды ақылды. Қанша ерке болса да, Тентек емес мақұл-ды. Қызығымен баланың Ата менен анасы Мырзалығын асырды. Кем-кетік келсе үйіне Қайырым деп қолынан Күнде береді шашуды. Қонақтан бойын тартпайды, Есігі күнде ашулы. Жетіге келген шағында Ат жақсысын мінеді,

Нұрпейіс Байғанин Сәнді киім киеді. Хан мақсаты орынды, Қабыл болған тілегі. Ардақты ханның баласы Көркем жүзді көрікті, Ұйықтап жатса түсінде Бір сұлу қыз көріпті. Қасына ару келіпті, Көре сөйлей беріпті: «Хан баласы сен едің, Ханның қызы мен едім, Сен болдың менің керегім. Сен онда да, мен мұнда, Түсіңде аян берейін: Ғашық болдым, Құбығұл, Дидарласып бас қосып, Бір қосылсам деп едім. Мен сендікпін, ей, батыр, Уәдемді беремін. Хан баласы сен, – дейді, Ханның қызы мен, – дейді, Ғашық болдым, Құбығұл, Ер болсаң іздеп кел, – дейді. Ғашық көңіл асығыс, Досым, іздеп кел, – дейді. Жеделсіз шіркін болмасаң Қолыңның ұшын бер, – дейді. Сен сұңқар да, мен аққу, Әуселемді көр», – дейді. Түсінен шошып оянып, Әкесіне келіпті. Көрген түске сеніпті,

Нұрпейіс Байғанин Құбығұл бала желікті, Түсін айта беріпті: – Әке, түсті шын көрдім, Ай мен күннен нұр көрдім, Оң қолыма ұстаған Жасыл ала ту көрдім. Бүгін көрген түсімде Айдан да сұлу қыз көрдім, Ұялсам да айтамын, Осы түсті шын көрдім. Көрген түсім жөн, – дейді, Түске сендім мен, – дейді. Түсіме кірген сұлудың Мәнісін айтып бер», – дейді. – «Түс түлкінің боғы» еді, Сені көрмей жүргенде Көңілім шерлі, қайғылы, Ішім жалын шоқ еді. Түсіңде көрген сұлудан Еш хабарым жоқ еді. Түске нанба, шырағым, Сені көрмей қартайып, Болмады елде тұрағым. Орта ноғай елінен Мазасыз болып құлағым. Бір баланың зарынан Өксіп талай жыладым. Әулие қоймай қыдырып, Темір кебіс аяқта, Ақ таяқпен сыдырып, Пірлерге барып үңіліп, Бақ пен малдан түңіліп, Жалғызым, тілеп алғанмын,

Нұрпейіс Байғанин Сені көрмей тұрғанда Еңіреп өксіп зарландым. Ақылдан ауып сандалдым. Өлдім-өштім дегенде, Пірлерден сұрап алғанмын. Қорлық көріп халқымнан, Жылауменен шерлендім. Зарығып, шаршап, тарығып, Қартайғанда көргенмін. Жеті жасар күніңде Түске азып, неге желдендің? Түске алданба, шырағым, Сені көрмей тұрғанда Мазасыз еді құлағым. Ғайып түске алданып, Менен бұйым сұрадың, Қол астымды жияйын, Халқымнан мен сұрайын. Сен дүниеге келген соң, Ашылды жүз бен шырайым. Тарығып көрген, жалғызым, Қатты айтсам қайтар райың. Хабар білсе сұлудан, Халқымнан мен сұрайын. Осы бүгін қайта тұр, Ертең баян қылайын. Бала алданып барады, Әкесінің бұл сөзі Баласына жағады. Келер кешке болғанда Кеше көрген сұлу қыз Тынымын тағы алады.

Нұрпейіс Байғанин «Хан баласы сен, – дейді, Ханның қызы мен, – дейді. Жеделсіз жаман болдың ба, Желікпеген нең, – дейді? Жеделді туған ер болсаң, Алыстан іздеп кел, – дейді. Ғашықтықтан сарғайдым, Қолыңның ұшын бер, – дейді, Толықсып тұрған жасымда, Қайғысы ғашық басымда, Ұйқыға көзім ілінсе Тұрасың, досым, қасымда. Жеделді туған, жан досым, Қайғыға мені батырма. Іздегені жолында, Жедел еткен батырға!» Тағы ұйқыдан тұрады, Ғашықтан іші қызады. Елең-алаң уақытта Ордада жатқан қартының Қасына келіп сұрады. – Жалғыз балам сен едің, Қуанышты әкең мен едім Мезгілсіз келген нең едің? Жұмысыңның айтып бер, Кәрі әкеңе себебін? – Қайғымды айтам мен, – дейді, Сүйеніш бабам сен, – деді. Кеше көрген сұлу қыз Тағы тыным бермеді, Кешегі айтқан сөз, – деді.

Нұрпейіс Байғанин Ғашығымның хабарын Хан әке, айтып бер, – деді. – Елге хабар салғанмын, Халқымды жиып алғанмын, Халқым хабар білмеді, Не екенін біле алмай, Аң-таң болып қалғанмын. Қарғадай балам, күніңде Неге мұнша зарландың? Қайғы салдың әкеңе, Ой таба алмай сандалдым. Сағынып көрген, шырағым, Әкеңе ақыл саларсың, Түске алданба, Құбығұл, Ері жеткенде үйіңде Теңіңді іздеп табарсың. Астана ел халқыңнан Қалаған қызыңды аларсың. – Қабартпа, ата, көңілді, Қалдырма ғашық зейінді. Түсте ғашық айтып бер Сағынысқан теңімді. Жеделімнен таңбайын, Өзге қызды алмаймын. Түсімде көрген ғашықты Іздемей тұрып қалмаймын. – Атаңның хандық бағы бар, Бұл жеделің шын болса Қайғымен әкең тарығар. Астана жұрт, халықтан Жалғызым, теңің табылар.

Нұрпейіс Байғанин Өксіп көрген, жалғызым, Тілімді алсаң не қылар? – Әкем шынын айтпады, Өтінем, анам, саған-ай. Ғашықтың дерті жаман-ай, Білгенің болса айтып бер, Жалынып тұрған балаңа-ай. Түсте көрген тең құрбым Тіпті есімнен кетпейді, Іште ғашық жанады-ай. Құбығұлдың шешесі, Шыдамайтын балаға Ананың, сірә, пешесі. Айтылар сөздің төтесі, Жалынып тұрған балаға Айтылар шындық көшесі: – Шырағым, менен сұрадың, Сені көрмей тұрғанда Талай өксіп жыладым. Түсіңді байқап сынадым. Сен туған соң, қарағым, Кеткен менен уайым. Әжекелеп өтіндің, Шын айтпай неғып шыдайын? Қайта келмесе игі еді, Баяғы көрген уайым. Егер шынымды айтпасам, Қайтады маған райың. Түсіңде көрген сұлуды Қарағым, баян қылайын. Төрт айшылық жер еді,

Нұрпейіс Байғанин Бір айшылық жол еді, Адам бармас ел еді, Хабар талып келеді. Теңгеліктің ар жағы Шадыра ханның тұқымы Әділбайдың Ақбілек Айдан сұлу деп еді. Мұңымды айтып толғаймын, Қолымнан кетсең оңбаймын. Түсіңе кірген сұлуды Сол болар деп ойлаймын. Адам барар жер емес, Түске алданып, шырағым, Қыз іздеуің жөн емес. Ақбілектің хабары – Сымбат бойы, ажары Ай мен күннен кем емес. Құралды беркін қаласы, Ер баратын ел емес, Тілімді алсаң, шырағым, Сөзімді қабыл аларсың. Ханның қызы ханша бар, Байдың қызы паңша бар, Бұралған белі талша бар. Қасына қырық жолдас ал, Сұлуларға көзің сал, Сансыз дүйім халықтан Жаратқан қызыңды таңдап ал. Әкеңде бар дүние-мал, Дәулетті айдап қызға сал. – Ата-ана, тілің алмаймын, Он сан үйлі халыққа

Нұрпейіс Байғанин Атымның ізін салмаймын. Ақбілектей аруды Тіпті іздемей қалмаймын. Ғашығым енді табылды, Құдай ашар бағымды. Қайта-қайта қайырып, Сындырмаңдар сағымды. Хабарын біліп Білектің, Ішімнен қайғы арылды. Кеспесе құдай қарымды, Жібермей жауға арымды. Қалмақтан алып қашармын Ақбілек сұлу жарымды. Әке-шешем сен, – дейді, Жалғызыңмын мен, – дейді. Алыс сапар жол шегем, Ырзалықпен көн, – дейді. Ел билеген, хан әкем, Жеделденген балаңмын, Тұлпар тауып бер, – дейді. Уәлидей хан әкем, Өзіме-өзім сенемін, Жазылған шығар маңдайға, Бақытымнан көремін. Үнемді күнім таусылса, Үйде отырсам да өлемін. Өтінемін, қарт ата, Бір тұлпар ат керегім. Сонда Уәли сөйледі: – Ат бермей нағып шыдайын Тарығып көрген балама. Қайғы салмаса игі еді,

Нұрпейіс Байғанин Қараңғы түнде замана. Өрістегі көп жылқы, Қарағым, бар да арала. Бөлек жатыр қара-ала, Қолайыңа жаққан ат, Өзің сына, қара да. Тағы бөлек құла-ала, Басқа жатыр сұр-ала, Өзің байқа сына да. Ақты жылқы бір бөлек, Көкті жылқы бір бөлек, Торылы жылқы бір бөлек, Сан жетпейтін көп жылқы Ішінен тұлпар табылар, Құрық ал да жүген сал. Көп жылқыға барып қал, Қөңіліңе жаққанға Шырағым, бар да құрық сал. Құбығұл, сенің жолыңа, Мал түгіл құрбан кемпір-шал. Белге жүген шалады, Қолға құрық алады, Көп жылқыға барады, Жүйрікті сынап қарады. Мақтауға сияр тұлпар жоқ, Тауы қайтып Құбығұл Жабығып кетіп барады. – Уәли әкем сен, – деді, Тарыққан балаң мен, – деді. Мінуіме тұлпар жоқ, Кілең итті жиған нең? – деді.

Нұрпейіс Байғанин Халқыңда тұлпар бар болса, Хабарын айтып бер, – деді. – Сені көрмей тұрғанда Көкірек қайғы, шер еді, Жылаумен көзім көр еді, Мінуге тұлпар жоқ болса, Жиған жылқым сол еді, – Бір тұлпар ат бермеді, Уәли әкем маған-ай, Өтінем, анам, саған-ай. Сан жетпейтін жылқыдан Мінуге тұлпар таба алмай, Мен қайғылы балаң-ай. Білгенің болса, әжеке, Перзентіңнен аяма-ай. Анасына өтінді Сағынып көрген баласы. Шыдамады жалғызға Шешесі байғұс шамасы. Тарығып көрген Құбығұл – Көзінің ақ пен қарасы. – Жалғыз-ақ балам, Құбығұл, Ғашық өрті ішінде. Ақбілектей аруды Жалғызым көрді түсінде. Жас та болсаң, Құбығұл, Досың менен дұшпаның Іші толар пішінге. Жақсылық пен жамандық Құдіреттің күшінде. Кетем десең, шырағым, Көңіліңде ғашық іңкәр бар. Оң қолыңа қондырсаң,

Нұрпейіс Байғанин Жібек баулы сұңқар бар. Ұлы Құмжай бойында, Шалғынды көлдің ойында, Жетпіс екі құла тұлпар бар, Тез беліңе жүген сал, Шынжыр баулы құрық ал, Шалғайда жатқан тұлпардың Қалағанын мініп ал. Бір ат түгіл, қара орман, Садақа сенен кемпір-шал. Құбығұл бала қуанып, Қолға құрық алады, Белге жүген салады, Ұлы Құмжай бойына Жайланып кетіп барады. Сол жетпіс бір құланы Әкесі бөлек бақтырған, Тәтті көлге жаптырған, Құландай-ақ таңдатып, Құйрығымен ойнатып, Тұлпардың көңілін шат қылған. Тұнық су, қалың шалғын көлде жатқан, Қарауылдап сыртынан құлдар баққан. Өзі хан неғылса да пұрсаты бар, Тұлпарға мұндай жайлы қоныс тапқан, Қолда құрық, белінде жүгені бар, Құбығұл келе жатты ауыл жақтан. Семіріп, ереуілдеп жараған ат, Көрген соң Құбығұлды үркіп қашқан. Алыстан болжап тұрады, Құлаларды қарап сынады.

Нұрпейіс Байғанин Мақтаулы тұлпар ат емес, Сынап көңлі тынады. Әбден сынап көреді. Мақтауына сиярлық Асқан тұлпар ат емес, Біртіндеп сынап келеді. Шешесінің айтқанынан Сынаса, бірі кем еді. Құмжай жайдың тарауын Кем болған соң біреуі Тағы қарап келеді. Талма тал тұс болғанда Күнге қарап жусаған Бір құла атты көреді. Алды-артынан шығады, Құлаша атты сынады, Сынап көңлі тынады. Қайшыланған құлағы, От орнындай тұяғы. Көрген жерден батырдың Ықыласы құлады. Әр мүшесі келісті Көңіліне ұнады. Назарын атқа салады, Көңіліне құла жағады, Құрықпен иектен қағады, Тоқтатпастан аяғын, Құлаша ат сүйреп барады. Табанын тасқа тіреді, Шынжыр баулы құрықпен Маңдайын бұрып құланың, Шықшыттап жүген салады, Құланы ұстап алады.

Нұрпейіс Байғанин Жануарға тіл бітіп Адамдай сөйлеп барады: – Адастың, батыр, сен, – деді, Мұнша адасқан нең? – деді. Қанша тұлпар көп еді, Қартайып қалған тұлпармын, Бүгінде бәсім кем, – дейді, Мәстекпен күшім тең, – дейді. – Баяғы жастық күнімде Соққан желдей гуледім, Басқан ізім сүрледім, Қазандай тас кездессе, Балшықтай басып иледім. Тау мен тасты білмедім, Уәли әкең мінгенде, Мені мініп жүргенде, Сансыз жауға тигенде, Таймаған тастан тұяғым. Құбығұл, тыңда, шырағым. Қайырлы тұлпар мен болып Әкеңнің еттім мұрадын. Жастағыдан кеміген Шабыс пен қайрат, сияғым. Уәли әкең мінгенде, Мені мініп жүргенде, Талай жерге барғанмын. Жау көргенде көсіліп, Бауырымды жазғанмын. Әкеңнің мен жолдасы, Барған жауын алғанмын. Жасым жетіп қартайып, Шабысымнан танғанмын. Менің немді сұрайсың,

Нұрпейіс Байғанин Қырық сегіз жасымда Сырт буын болған жазғанмын. Жастағыдай шаба алман, Буын, мүшем босаған. Алыс жерге бара алман, Бауырымды жаза алман, Барған жауыңды ала алман. Кәріліктің жөнінен Шырағым, көңілім қабарған, Сырымды айттым, Құбығұл, Шырағым, өзің білерсің. Рұқсат бер кәріге, Жастың бірін мінерсің. Жас тілегі қабыл-ды, Ғашық болған жарыңды Ер Құбығұл, сүйерсің. Мұнымды мақұл көріңіз, Мақұл ету жөніңіз. Жасы жеткен кәрімін, Қартқа рұқсат беріңіз. – Ұлы Құмжай тараудан Жануар құла табылды, Ашар алла бағымды. Тау қайырып, жануар, Сындыра көрме бағымды. Сені мінсем құшармын Ақбілек сұлу жарымды. Неғылсаң да өзің біл Мінер атым табылды. Сен болмасаң, жануар, Ол жетпіс құладан Мінуге тұлпар таба алман,

Нұрпейіс Байғанин Онан мінсем бір атты Шадыра ханның еліне Жақын күнде бара алман. Бейнет шегіп бұл жолдан, Қайтып үйім таба алман. Сауырлығың салынған, Күншығысқа қараған, Күйің түскен құласың, Бақытыма табылған. Әкем мінген құлаша, Ақбілектей аруды Арзу едім сағынған. Қос құлағың тігілген, Ор текедей жүгірген, Әр мүшеңе қарасам, Қартайсаң да, жануар, Тұлпарлығың білінген. Ол жетпіс бір құладан Көңілім сынып түңілген. Сынауыма толғандай, Мақсатым мінсем болғандай, Үстіңе мінсем, жануар, Таудай бақыт қонғандай. Ақ ниетте көңілім, Сапарды алла оңғарғай. От орнындай тұяғың, Ұшқырлы жебе құлағың, Өзгеден артық сияғың, Жануар, сені сынадым, Егер мінсем бұл жолға Ойлаған болар мұрадым. Алды-артыңнан сынасам, Алысты қылған жуықтай,

Нұрпейіс Байғанин Толғаған мойның құрықтай, Көңілімді, құла, суытпа! Үкілі құйрық, майда жал Сендей болмас өзге мал. Өтінемін, жануар, Өтінішім жадыңа ал! Сауырлығың екі кез, Шүйел белің құрған тез, Сия берер айтсам сөз. Жануар, құла, өзің біл, Талапты ерге келдің кез. Өтініш еткен сөзім бар, Жауабын бер енді тез! – Бабымды таптың сен, – деді, Жылқыда жүйрік мен, – деді, Мақтаған мұнша нең, – деді, Сүйек, тәнім қыздырдың, Өзге ат менен кем, – деді. Қартайсам да, Құбығұл, Бір қимылдап көрейін, Бір қызығымды көр, – дейді – Кәрі жасым, шырағым, Сенен неге аяйын, Бір қимылдап қарайын, Қартайсам да, батыр-ау, Жұмысыңа жарайын. Тек екі күн таң асыр, Сергіп тұяқ қағайын, Кіндігімнен жарайын. Төрт айшылық жеріңе, Шадыра ханның еліне, Күнбе-күн алып барайын.

Нұрпейіс Байғанин Айрылмасам барымнан, Кәрімін деп тарылман, Уәли ханның жалғызы Құбығұлсың жалынған. Қайырлы үстім тұлпармын, Ақбілекті құшарсың Ғашық болып сағынған. Құлаға мініп шаһарына Құбығұл бала келіпті. Баланың мінген Құланы Уәли хан енді көріпті. Балам болды есер деп, Жалғыз қолдан кетер деп, Кетеріне сеніпті. Сонда Уәли толғайды: – Сен келген соң дүниеге Жастағыдай бағым бар. Ізгілікті құрметте, Қадірленген шағым бар. Жаратпаймын жолыңды, Қабырғаң әлі қатқан жоқ, Шырағым, жасың жеткен жоқ, Менің айтқан тілімді ал. Ықыласпен құлақ сал. Көрген түске алданба, Орта ноғай елінен Сүйгеніңді таңдап ал. Теңіңді тапсаң халқыңнан, Саған шашу дүние-мал. Егер кетсең тіл алмай Не болады кемпір-шал? Буын кетіп қартайып,

Нұрпейіс Байғанин Бізде жоқ, балам, қуат, хал. Сүйгенің елден табылар, Перзентім, тілімді ал. Ата шіркін не болар Ардақтап сүйген баласыз? Адал туған ұл болсаң, Атаң менен анаңның Айтқан тілін аласыз. Сен тумаған күніңде Тарлыққа түстім шарасыз. Жердің жүзін аралап, Дүние кезіп жағалап, Әулие іздеп паналап, Өлдім-талдым дегенде Сүйген ұлым сен едің, Қартайған әкең мен едім. Орта ноғай елінен Дүние-малды сарп етіп, Айдан сұлу аруды Шырағым, алып беремін. – Көңілім кетті қашыққа, Қанша айтсаң да тіл алман. Маңдайлаған жағымнан Атымның басын бұра алман. Жақсылық пен жамандық Жазған шығар бір аллам. Сірә, балаң басылмас Жаратып құла ат мінбей, Ат құйрығын шарт түймей, Тепеден-тегін қайратпен Ақбілек ару қыз сүймей. Батыр батыр бола ма,

Нұрпейіс Байғанин Жасанған жауға көп тимей, Қолындағы көк найза Түйреп жаудан өткізбей. Баланың көңілі басылмас, Ғашық болған түсінде Ақбілек ару қыз сүймей. Табылды Құла ат бағыма Ақбілек асыл аруға Қосылатын шағыма. Бейнет етіп басыма, Жолдас алман қасыма. Жолдас ерсе егерде, Көмектікке жарамас. Басқа қиын іс түссе, Жамандары қарамас. Әкем менен әжекем, Ақ батаң бер маған-ай! – Болмадың, балам, болмадың, Жүруге қиял ойладың, Тағы атаңнан күй кетті, Баяғы тарлық күн жетті, Сен тумаған күніңде Уәли хан атаңды Құл мен құтан билепті. Сен туған соң бақ білдім, Шыр етіп жерге түскен соң Бақытым асып халқыма, Патша болып тақ міндім. Айтқаныма болмадың, Әулие мен әнбие, Пірлерге, балам, тапсырдым. Алмадың айтқан сөзімді,

Нұрпейіс Байғанин Сен кеткен соң, Құбығұл, Қадірлемес халық өзімді. Сен тумаған күніңде Әркімнен көріп зәбірді, Көзден аққан ыстық жас Қойынға талай төгілді. Қайта кимесем игі еді Баяғы таз кебімді. Шешесі сонда толғады, Ботасы кеткен түйедей Еңіреп жылап боздады: – Ата менен анасы Тілекшісі баланың. Кемпір-шал байғұс қорғаны. Қауырсыны қатқан соң, Ұшады сұңқар ұядан. Бабына түсіп желігіп, Көргенін ілер қиядан. Әкең тілек сұраған, Тілегін, балам, бермедің, Көзінің жасын көрмедің. Ата менен анаға, Қайрылмастай қарттарға Мейірімсіз сен бе едің? Бір қыз үшін халқыңнан Құбығұл, балам, кеткенің. Ата-анаңды жылатып, Шырағым, сенің неткенің?! Сапар шектің алысқа, Амалы бар ма кемпір-шал, Қайғы менен өткенім. Ата менен ананың

Нұрпейіс Байғанин Сүйеуі, сүйген баласы, Інінің қанат-құйрығы Алдында өскен ағасы. Ерді берік сақтайтын Шығыршықты сауыттың Дулығалы жағасы. Ата менен анаңның Балам, тілін алмайсың, Жеделіңнен танбайсың, Сапарыңнан қалмайсың. Көрген түске алданып, Түсіңде қызды таңдайсың. Сындырмаймын, балам, сағыңды, Байламайық бағыңды. Сәуел көрдім түсімде, Жаудан алып құшарсың Ақбілек сұлу жарыңды, Жібермессің арыңды. Көрген түске қуандым, Кеше көрген түсімде Туырлықтай ту алдым. Астыңдағы Құла атты Бал-шекермен суардың. Түсімде биік тау көрдім, Тау басында қар көрдім, Құйрығын тауға сабаған Айдаһар көрдім, зәр көрдім. Осы түсті мен көрдім, Бер жағынан сол таудың Ту ұстаған ер көрдім. Айдаһарды құлатып, Қарлы таудың басынан Қарауыл салған қатпайтын

Нұрпейіс Байғанин Қайтпас берен сер көрдім. Осы түсті, Құбығұл, Сапарыңа меңгердім. Ақ күн туар жолыңа, Ақ батамды мен бердім. Бір жағыңнан ай туар, Бір жағыңнан күн туар, Осы көрген сәуелім Өтірік емес, шын шығар. Саған жәрдем тілеуші Бақытыңа күн шығар. Ата-анасы балаға Ақ батасын сол берді, Рұқсатпен жол берді, Қаруын сайлап мол берді. Берік сауыт кигізді, Садағын сала байлатып, Ер қаруы – бес қару, Бесеуін тамам ілгізді. Бес қаруын іледі, Бек сауытын киеді, Алла деп атқа мінеді. Амалы жоқ кемпір-шал Қайғы отына күйеді. Ажарланып баланың, Алып-ұшып жүрегі, Кемпір-шал қолын жаяды, – «Алла, алла, алла жар!» Алла болғай пана жар, Өзекті жауға өлім бар, Жалғызымның жолынан

Нұрпейіс Байғанин Қорқыныш қатты, қаупім бар. Жаныңа жолдас алмадың, Әскерменен бармадың, Әлдеқандай күнің бар?! Жалғыз кеттің, қарағым, Осы жолдан қаупім бар. Сен кеткен соң ата-анаң Қайғыменен болар зар. Қайта айналып келгенше, Амандасып көргенше, Тағы да болды күйім тар. Бата қағып, шырағым, Бердім саған ықтияр. Аман барып, есен қайт, Жауға өткіз балам зәр. Амалдап қызды алып кел, Сыр білдірмей тілімді ал. Ойлап, балам, ақыл тап, Құбығұл, балам, басың бақ, Астыңа мінген ақ құла ат, Ақыл ойлап, жөнің тап, Білініп қалып қалмаққа, Балам, болма жауға шат. Сен қалмақтың елінде, Қуаныш болсын көңілің шат. Есебін тапсаң егерде Білінбей жауға алып қаш. Кемпір-шалдан бата алып, Ақ құла атқа мініпті. Ата менен анасы Ақылмен айтты білікті. Адырнасы бес қабат

Нұрпейіс Байғанин Үстіне сауыт киіпті. Балдағы алтын көк болат Орай белге іліпті, Айбалтасы тақымда, Көк найзасы қалтылдап, Батыр жолға жүріпті. Астындағы Құлаша ат, Әрі-бері сыдыртып, Атын байқап қарады. Сауырдан тері шыққанда Жұлдыздайын ағады. Танауынан дем шығып, Қолтығынан тер шығып Зулап кетіп барады. Тұяғы тиген жерлерді Жер ошақтай қазады. Ат бауыры жазылды, Басқан ізі қазылды. Қара терге боялып, Үдей-үдей шабады. Түсінде көрген ғашығын Көргенше батыр сағынды. Соққан желдей аңқыды, Сүйегі қызып тұлпардың Тән, сүйегі балқыды. Шалқая шауып шалқыды. Екі көзі жайнайды, Тісі сыздап тұлпардың, Ауыздығын жануар Батырлатып шайнайды. Кекіл қағып ойнайды, Ат шабысқа тоймайды, Екпінінен Құбығұл

Нұрпейіс Байғанин Ұшармын деп ойлайды. Батыр атты қыспады, Тек жер жүзінде зулайды, Тек аспанға ұшпады. Ағынынан тұлпардың Кетем бе деп жығылып Ер қасынан ұстайды. Шабысы аттың мол болды Басып кеткен іздері Қазылып жатқан ор болды, Жүрген жері жол болды. Қара тері құйылып, Қажыры қайнап жиылып, Бүркіт құстай шүйіліп, Біресе бауыр жазылып, Біресе белі бүгіліп, Екі көзі жалтылдап, Сүйек, тәні қызынып; Құйрығын тігіп құландай Жолдан соқты Құбығұл Арқар аң мен бұланды-ай. Осы келген жөнінен Әжіғырдың бер жағы, Бозша таудың белінен Қаруы сай құралды, Бір айдаһар бастаған Көрді батыр жыланды. Жеті басты айдаһар Баланы көріп күш қылды. Күш қылды да ысқырды, Ысқырғаннан таймады. Қара бұлт аспаннан – Қара құйын қайнады.

Нұрпейіс Байғанин Астына мінген құлаша ат Айдаһарды көрген соң, Ортып-ортып ойнады. Жақсы ырым болды деп Құбығұл батыр ойлады. Айдаһар бастап көп жылан Елге қарап қаптады, Батыр мұнан саспады. Алмасты қолға алады, Батырды жылан қамады, Қылышпенен қиратып, Жолын ашып барады. Сонда айдаһар тулапты, Құйрығымен тастарды Ысқырып, сабап қиратты. Ат айналып шабады, Айдаһардың лебі зор, Ішіне тартып барады. Алған қолға алмасты Жаңа талап жас бала Қайтпайтұғын қайратты, Беттеген жерден таймас-ты. Жұмсады өткір алмасты. Тасты кескен алмастан Сілтесе жәндік қалмас-ты. Айдаһарды құлатты, Ырым болды жолына, Таудай қылып сұлатты. Құла тұлпар астында Мінген жүйрік пырақ-ты. Жолын ашып Құлаша ат Тағы жазды құлашты.

Нұрпейіс Байғанин Бұрынғыдан мирас сөз, Осындай бәрі рас-ты. Бір күн өтті арада-ай, Тозаңы көкке барады-ай. Ертең тал түс болғанда Теңгеліктің суына Батыр келіп қалады-ай. Ар жағында батырдың Көзі түсті қалаға-ай, Қаланы болжап алады-ай. Сан жетпейтін халық екен Байқап тұрды шамалай. Берікте тұрған ел екен, Есепсіз, сансыз көп екен, Жаңа талап жас бала Қорықпайтын ер екен. Теңгеліктің терең су Үш шақырым ені екен. Ағыны тасты ағызған, Батырдың сасар жері екен. Теңгеліктен өте алмай, Аржағына өтіп кете алмай, Баратын жерге жете алмай, Енді батыр шаталды-ай, Түсуге суға бата алмай. Түрі жоқ судың өткендей, Ердің көңіл талабы Арғы бетке жеткендей. Ағысы күшті су екен, Қазандай қара тас салса, Тоқтатпай алып кеткендей: «Бұл жерде нағып тұрайын,

Нұрпейіс Байғанин Басыма түсті уайым, Өткізетін су емес, Бұған не амал қылайын? Хан баласы асылмын, Артық тудым нәсілім, Теңгеліктен өте алмай Кеулім, мұнша жасыдың. Арғы бетке өтпедім, Ақбілекке жетпедім. Астымдағы Құлаша ат Бекер қинап өктедім. Арғы бетке бір өтіп, Мақсатыма жетпедім?» Өткелсіз судан өте алмай, Қиындық батыр көріп тұр. Ақбілектің еліне Батыр жақын келіп тұр. Сүйегі қызған Құлаша Тарпып жерді теуіп тұр. – Атаның тілін қылмадым, Айтқанына тұрмадым. Осы тарлық қиын жол, Құла ат, сені қинадым. Кәрілігіңді айтсаң да, Жануар, мені қимадың. Су басында тарықтым, Өте алмай мұнан зарықтым. Астымдағы серігім, Сізге ақыл салыппын. Жоғарғы ерні жыбырлап, Төменгі ерні қыбырлап, Ашылғанша сөйлер тіл,

Нұрпейіс Байғанин Құла ат тұрды сыбырлап: – Тарықпа, батыр, сен, – дейді, Астыңда тұлпар мен, – дейді. Шын тарығар болар ма Қыз іздеген ер, – дейді. Астыңдағы Құланың Қимылын, батыр, көр, – дейді. Келгенің алыс жер, – дейді. Кемімесем егерде, Теңгеліктің суынан Аяғымды малмастан Тұяғымды тигізбей Өткізейін мен, – дейді. Олай-бұлай қыздырып, Орғытып шауып жүр, – дейді. Берік мініп үстіме Батыр, қамшы ұр, – дейді. Мықтап ұстап шоқтықтан, Бала, көзің жұм, – дейді. Шаршамайын, талмайын, Өзімді-өзім барлайын. Жасым жетіп үлкейдім, Кәріліктен танбадым, Сырт буын болып қалмасам, Тұяғымды тигізбей Өткізейін мен, – дейді. Олай-бұлай шабады, Шоқтығынан Құланың Мықтап ұстап алады. Ор қояндай орғытып, Құлаша ат қарғып барады. Су шетіне шыққанда,

Нұрпейіс Байғанин Бір аяғын малады. Аяғы суға малынып, Азалап жатып қалады. Кәріліктен тандым деп, Ұятты болып қалдым деп, Көңіліне алады. «Тұр!» деді батыр, тұрмады, Құла атты бала сыйлады, Тұрмаса да ұрмады, Тұрмаған соң Құлаша ат, Ер Құбығұл жылап тұр, Тұрмасын аттың сынап тұр. Айналып атқа қарайды-ай, Тастап атын кете алмай. Жолда тұрды зарығып, Баратұғын жеріне Жолда қалды жете алмай. Ақбілек, ғашық қатарым, Аспады ғой сапарым. Құла ат, бүгін сенің қасыңа, Жануар, бүгін жатамын. Кеш болып жатып қалады, Түн ортасы болғанда Ақ шалмалы шал адам Қасына жетіп барады. – Жолдасың, балам, мен, – деді, Су басында тарығып, Жылай берген нең? – деді. Тарығып жылар болар ма Сапарға шыққан ер, – дейді. Қорғаушы бабаң мен едім, Мен тілекші шал, – дейді.

Нұрпейіс Байғанин Құйрығынан тұлпардың Бір тал қыл жұлып ал, – дейді, Тез қалтаңа сал, – дейді. Қару, киім баршасын Ат үстіне таң, – дейді. Құрым тауып ки, – дейді. Әділбайдың ордасына Мүсәпір болып бар, – дейді. Сапарың болар оң, – дейді, Қайырлы болар жол, – дейді. Ақбілектің әкесі Әділбай атты патшаға Шырағым, малай бол, – дейді. Шамаң келсе жақ, – дейді, Ақыл, айла тап, – дейді. Үй айнала оттайтын, Түс болғанда тоқтайтын, Шырағым, қозы бақ, – дейді. Менің тілімді ала бер, Жұмсағанда сол ханның Айтқанына бара бер. Өріске шығып кетпейтін, Алыс жолға жетпейтін, Шырағым, қозы баға бер. Айтқаныма көн, – дейді, Ықыласқа сен, – дейді. Керексе тұлпар қыл тұтат, Астыңа мінер Құланы Тапсырармын мен, – дейді. Атты күйлеп бағайын, Аттың күйін табайын, Қыз іздеген жалғыздан Жәрдемім неге аяйын.

Нұрпейіс Байғанин Тарыққан күнде жебейін, Сені бөтен бала демейін, Кереккенде даярлап, Қару-жарақ, атыңды Аман сақтап берейін. Айтқан тілімді аларсың, Әділбай ханға жағарсың, Аулақ кетпей жақыннан, Қозы-мозы бағарсың. Атаңның сөзін аңдаңыз, Ұмытып, балам, қалмаңыз. Пақыр бол да, балам, бар, Осы тапқан айламыз. Айттым сырмен барымды, Қалмаққа бермен арыңды. Ақырында құшарсың Ақбілек ханша қосағың, Жолдас болар жарыңды. Қарттың тілін алады, Қару-жарақ, киімді Ат үстіне таңады. Бір шоқ қыл жұлып құйрықтан, Қалтасына салады. Алама киім жыртықты Құбығұл іздеп табады. Атасына атты тапсырып, Әділбайдың ордаға Пақырлықтың жолымен Құбығұл кетіп барады... Әділбайдың ордасын Сұраумен іздеп табады. Қайыршы болып жас бала

Нұрпейіс Байғанин Хан үйіне барады. Рұқсат сұрап кіреді, Тақ үстінде сол ханға Келіп сәлем береді. Жас баланы көрген соң, «Арызыңды айт», – деп еді. Сонда ханның айтқаны: – Қалмақта көзге түспеген, Қайдан жүрген баласың, Қайда кетіп барасың? Өтірік қоспай сөзіңе, Расын айт, расын. Тәуір екен сияғың, Жұмысыңды сұрадым, Қайдан жүрсің, шырағым! Арыз айта келдің бе, Арман мен не мұратың? – Ата, тыңда арызым, Мен, мен едім, мен едім, Ата менен анадан Жетім қалған кем едім. Қайыры жоқ халқымның, Сол себепті қайырлы Сізге жетсем деп едім. Паналатсаң егерде Сізден қайыр көремін. Жастай жетім қалыппын, Кемшіліктен тарықтым, Қайырлы деп, әй, ханым, Сізден хабар алыппын. Жеткенімше асығып, Шаршап жолда шалықтым,

Нұрпейіс Байғанин Халқымның кәрісі, Ақсақалдың бәрісі: «Бүйтіп жүрме, шырағым, Қалмақ деген халықта Әділбай деген хан, – деді, Әрі батыр паң, – деді. Әр керектің бәрі сай, Есепсіз дәулет-мал, – деді. Мүсәпір мен пақырға Қайыры көп жан, – деді. Әділбайға бар, – деді. Айтқан тілді ал», – деді. Даңқыңды естіп алыстан Іздеп сені келемін, Мүсәпір, пақыр, кем едім, Іздегенім сен едің, Менің жайым осылай, Нашарға тисе себебің. – Ер жетпеген баласың, Қатпаған, балам, шаласың. Қорғайын да, қоршайын Маған қалай жағасың? Ханың менен ханымның Қалайша көңілін табасың? Қызмет ете келіпсің, Нешік малды бағасың? – Шамам келсе, ата, жағайын, Жетіммін рас, тағайын. Ірі малыңды баға алман, Шаруа жөнін таба алман. Ауылға жақын оттайтын,

Нұрпейіс Байғанин Түс болғанда тоқтайын, Қозы-мозы бағайын. Жас бала сөзге тақтақ болды, Сол ханға бала қозы бақпақ болды. Баланың ақыл менен айласы көп, Алдында Әділбайды мақтап болды. – Жас бала маған әбден жақ, – деп айтты, Шырағым, шаруа күйін тап, – деп айтты. Берейін тілегіңді енді, балам, Рұқсат, енді қозы бақ, – деп айтты. Әділбайдың қатыны Сыншы еді нәсілі, Артық еді ақылы. Сынаудың жоқ ғапылы; – Әй, Әділбай, Әділбай, Үйге келген бәлені Жалдаймын деген нең? – деді, Жалдай көрме сен, – деді. Келбетіне қарасам, Келісті туған ер, – деді. Сияғына көз салсам, Қатпайтын жаудан сері, – деді. Бұл бәлені жалдасаң, Бөрідей сілкіп жер, – деді. Келбетіне қарасам, Келімді туған ер екен. Сияғына көз салсам, Айтулы ердің өзі екен. Жетіммін деп тұрғаны Сені алдаған сөзі екен.

Нұрпейіс Байғанин Сымбатына қарасам, Хан баласы бек екен. Айтулының өзі екен. Айла, ақылы көп екен. Мүсәпір болып ақылмен Амалменен келген-ді. Жаратпаймын сияғын, Қиындық бізге төнген-ді. Сыр айтасың келгенге Тағыңнан аудың, Әділбай, Келіп сәлем бергенде. Бұл бәлені жалдасаң, Бүлік салар еліңе, Ылаң түсер жеріңе, Зауал төнер еріңе. Айла менен амалмен Қайғы салар өзіңе. Алданбаңыз, Әділбай, Арбап айтқан сөзіне. Айламенен, амалмен Жетім болып келген-ді. Мұны көзім көрген-ді. Көкірегім шерленді. Жаратпаймын ажарын, Амалменен үйіңе Мүсәпір болып келген-ді. Сұрғылт екен ажары, Арыстандай айбатты, Сыртына шығып қажары. Бұл бәлені жалдасаң Халықтың суыр базары. Жалдай қойсаң егерде Басыңнан дәурен күн асар,

Нұрпейіс Байғанин Патшам, қайғың ұласар. Халқыңды жылатар. Бүгін пақыр болғанмен, Ерлігін ертең сынатар. Амал, ақыл, түрі сай, Келбет, ақыл сияғы Біреуіне бірі сай. Сынаудың жоқ бұрысы-ай, Сынаудың осы дұрыс-ай. Жалдай қойсаң егерде, Берекет елден шын кетер. Халқыңнан күн кетер, Жалдаймын деме, би, бекер. Ақырында, Әділбай, Өзіңнен бақыт шын кетер. Бәлелікпен келген-ді – Ақырында түбіңе Мүсәпірсіп бұл жетер. Сонда Әділбай сөйледі: – Сыншы едің, қатын, сен, – деді, Сынауың сенің жөн, – деді. Олай болса баланы Жалдамаймын мен, – деді. – Аяп едім, әй, бала, Пақырлық айтқан сөзіңе, Рұқсат берем өзіңе, Алуға сені болмады, Кете бар, бала, жөніңе. – Әй, Әділбай, батырым, Қатының айтқан сөзіне

Нұрпейіс Байғанин Айнып неге жасыдың? Ерге билік бермеген Мықты-ақ екен қатының. Жанға залал етер ме Мен секілді пақырың. Қатыныңның тілін алғаның, Өзіңе сын болмай ма, Айтқаныңнан танғаның. Алдыңызға келгенше, Дидарыңды көргенше, Көп болып келді арманым. Өзіңе сынық болмай ма Ей, тақсыр, айтқаныңнан танғаның. Басыңызға мін шығар Қатыннан кем қалғаның. Сонда Әділ сөйлейді: – Олай болса пақырым, Әйелдің тілін алмаймын, Уәдемнен танбайын. Қалай болар жағдайың? Өзің айтшы, мүсәпір, Қызметке жалдайын. Не жұмыска келеді Жас бала, сенің жағдайың? – Олай десең, Әділбай, Жетімдіктің жөнінен Кемдіктің көрдім талайын. Келгенінше өлімнің Батыр, сізге жағайын. Ірі малың баға алман,

Нұрпейіс Байғанин Жөндеп жабу жаба алман, Үй айнала оттайтын, Түс болғанда тоқтайтын, Қозы-мозы бағайын. Баланы қатын сынап тұр, Сөзін естіп Құбығұлдың Ханымы ханның жылап тұр. Бір бәленің боларын Залым қатын сынап тұр. Қатын залым сынапты, Хан жалдаймын дегенде Шын еңіреп жылапты. Келбеті келген келісті Құбығұл бала сияқты. Әділбай жетім сөзін қабыл көрді, Бағуға сонда қозы ерік берді. Алама киім киіп, таяқ алып, Қозының сонда бала соңына ерді. Жас бала таяқ алып қозы бақты, Алаңсыз баққан малдың бабын тапты. Айнала жанып тұрған ыссы күнде Қозыны үш қайтара суға жапты. Өзінің туа істеген қызметі еді, Ақылмен Әділбайдай ханға жақты. Күн ыссы, талай шөлдеп таңдай қатты, Көрмеген мұндай қорлық ешбір затты, Күн өтіп, қатты шөлдеп, жүдеп қапты. Арадан неше талай күндер өтті. Хабар жоқ ғашығынан күдер кетті.

Нұрпейіс Байғанин Салпылдап көп қозының соңында жүр, Ажар жоқ, қатқан қабақ, жүдеп кетті. Құбығұл ақыл ойлады-ай, Ойласа ойға тоймады-ай. Қатты жүдеп тарығып, Мойны болды ырғайдай. Жүдеушілік зарпынан Биті болды торғайдай. Ойламасқа болмады-ай: «Сияғым жоқ, ажар жоқ, Әлім кетті, қажыр жоқ, Ғашығымнан хабар жоқ. Қай бір ісім келіскен, Ойлайын ақыл кеңістен, Қозыны тастап кетейін Бағылып жүрген өрістен. Енді қылық бастайын, Өріске қозы тастайын, Жалғызбын деп саспайын, Іздеп келген ғашықты Неге іздеп таппаймын? Іздеп тауып Білекті Қалмақ деген халықтың Басына садақ жастайын. Қозы бағып нетейін, Өріске тастап кетейін. Қосылар күнім бар шығар, Ақбілекке жетейін. Шәрден іздеп Білекті Қаңғырумен өтейін. Білекті іздеп таппасам, Ерлігіме кір болар,

Нұрпейіс Байғанин Бұл жүрісім мін болар, Түсте көрген Білекке Қосылуым шын болар. Жолдасым, пірім болмаса Ақыл айтар кім болар?» Құбығұл батыр саспады, Бір қылықты бастады, Үстінде құрым киімді Үстінен шешіп далаға Лақтырып тастады. Қозыны тастап далаға Теңгелдікке келеді, Суға түсе береді. Суға түсіп жүргенде Екі шелек иінде Бір хан күңін көреді. Келбеті артық сияқты Тым көрікті ер еді. Жалқын айдар төбеде Құбығұл ерді көреді. Күңнің ауды назары, Келбеті зор келімді, Көрікті айдай ажары. Көзі көріп қара күң, Балаға ауды назары. Қасына жақын барады: – Суға түскен, жас бала, Қасыңа келдім мен, – деді; Айыптама, шырағым, Жауабыңды айтып бер, – деді; Көп қалмақтың елінен

Нұрпейіс Байғанин Көргенім жоқ мен, – деді; Қайдан жүрген баласың, Мәнісіңді айтып бер, – деді. – Жаңа өспірім баласың, Жас болсаң да данасың, Жөніңді айтшы, шырағым, Қай сапарға барасың? Қайырлы болсын, шырағым, Шыққан сапар жөн, – деді. Хан баласы сияғың Келісің келген ер, – деді. Қай сапарға барасың, Жөніңді айта көр, – деді. Көргенімді айтпаймын Еш қалмаққа мен, – деді. – Қайбір ісім келіскен, Тастап кеттім қозымды Бағып жүрген өрістен. Қысқа жерден айтайын Көп сұрама кеңістен. Ақыл шықпас әр нешік Ой ойламас кемістен. Мен айтайын шынымды, Шын айтатын күнім-ді. Хабарың болса сұраймын, Рас айт маған сырыңды. Әділбайдың Ақбілек Аян беріп түсімде, Кетірді менен тынымды. Ақбілек үшін тастадым Халық, отан, қаламды. Ғашық үшін жылаттым

Нұрпейіс Байғанин Үлкейген ата-анамды. Адамға ғашық жаман-ды. Келгеніме көп болды Біле алмадым хабарды. Ей, қара күң, қара күң, Қауышқан саған күніңде, Сырымды айттым өзіңе, Түсіндің менің сөзіме. Сыр айтысар адам жоқ, Келдің бүгін кезіне. Хабарың болса айтып бер Ақбілектей сұлудың Қосылар күнім болар ма, Сондай ғашық теңіме? Кең заманым тарылды, Тарлықпен күнім арылды. Хабарың болса айтып бер Ғашық менің жарымды. Көңілдегі мүдде сол Айттым сырым, барымды. – Қабыл екен, бала, тілегің, Қуанғаннан, шырағым, Жарылмасын жүрегің. Ақбілектің күңі едім, Қызмет етіп жүр едім, Меніменен қауыштың, Қабыл екен тілегің. Қауыштырар өзіңе Алыс болмас сүрегім. Толықсып тұрған жасында, Қырық қыз бар қасында, Халқына жағулы,

Нұрпейіс Байғанин Бөлек орда салулы, Ақбілектің есігін Күң мен құлдар бағулы. Беркіндегі жас бала, Күтуі мықты бақшада. Қадыры артық халыққа, Тілегін тілейді астана. Екеуіңнің араңа Біту болып қарайын, Білдіруге Білекке Ақыл ойлап табайын. Қосуым қызға тағайын. Екі жақсы, жолықсаң, Екеуіңді қосуға Есебін өзім табайын. Ақбілек сұлу асылды Жемісті сайдың бойына Алдап алып барайын. Айтқан тілімді ал, – дейді, Көтеретін көңілін Қызға салған бақшасы, Жемісті сайға бар, – дейді. Қарағым, тілімді ал, – дейді. Айтқаныма көн, – дейді, Ақбілек сұлу тең, – дейді. Ертең сәске болғанда Ақбілектей сұлуды Апарайын мен, – дейді. Жемісті сай бақшадан, Шырағым, күтіп тұр, – дейді. Орындармын тілекті, Ертеңге кестім сүректі. Шамам келсе амалмен

Нұрпейіс Байғанин Апарам алдап Білекті. Не болғанын білмеймін Айдан сұлу Ақбілек Бұрынғыдан жүдепті. Қосармын сені теңіңе. Құбығұл батыр, әбден нан Күң шешеңнің сөзіне. Жемісті сайдың бойында Ертең түсте қосармын, Ертіп, алдап апарып Ғашық болған теңіңе. Күң тілін ер Құбығұл алмақ болды, Амалдап қызды ертіп бармақ болды. Ойлады неғылса да барайын деп, Бұл күңнің уәдесі салмақ болды. Сол күңмен ер Құбығұл уәде етті, Байласып уәдені, күн де кетті. Көрсетті сол қара күң қызметті, Күн батып, қараңғылық түн де жетті. Қара күң ақылменен айла етті, Ұйқы жоқ, күң ақылды ойлап отыр, Ақбілек – сұлу қызға ұйқы жетті. Ақбілек тәтті ұйқымен ұйықтап кетті, Ауды да түн ортасы, таң да жетті. Төбеден жұлдыз ауады, Таң сімері жауады. Ақбілек ару сұлудың Мазасын күң алады. Айласы көп саналы: – Күң де болсам жолдасың,

Нұрпейіс Байғанин Қасыңдағы мен, – деді, Тілейтұғын тілек бар, Тілегімді бер, – деді. Осы сапар қасыма Жолдас болып ер, – деді. Жемісті сайда алма ағаш Пісіп тұрған секілді, Миуадан жеміс тер, – деді. Шын тілеймін тілекті, Тілегімді бер, – дейді. – Білекте болар даналық, Көңілімде жоқ қаралық, Ішімде жоқ алалық. Жемісті сайға баралық, Ағаштан алма қағалық, Ермеймін деп, қарағым, Ете көрме балалық. Ақбілек, сенде төрелік, Жолдастыққа сенелік. Қарағым, саған ерелік. Жеміс теріп бақшадан, Көтеріп көңіл келелік. Қызмет еттім мен, – деді, Бір сапарға ер, – деді, Мәуеден миуа тер, – деді. Өтінемін, қарағым, Салтанатпен санамен Бақшадан миуа тер, – деді. – Жолдасым, күңім сен едің, Хан ханшасы мен едім, Саған қалай еремін? Аяғын қадам баспаған, Ата-анам бағып жоқтаған.

Нұрпейіс Байғанин Қыз да болсам, қарағым, Бағында тұрған мен едім. Әкем бағып сақтаған, Жаяу жерді баспаған, Жаяу жүріп баратын Мен емеспін ақ табан. Жемісті сайы құрысын, Жүр дегенге бармаймын, Айтқан тіліңді алмаймын, Сенің тіліңді алғандай Қарашы, күңім, қандаймын? Басында айтқан сертім бар, Мен сертімнен танбаймын. Тіпті саған сенбеймін, Айтқаныңа көнбеймін. Жемісті сайың құрысын, Бақшадан жеміс термеймін. Ұйқымды бұзып, қара күң, Ала берме мазамды. Бағымда жатқан ханшамын Еш көрмеген адамды. Егер барсам бақшаға Сонда жүрген қалмақтар Алар менің мазамды. – Олай десең, шырағым, Есебін өзім табайын. Еш адамға көрсетпей, Амалдап алып барайын. Жыныс ағаш ішіне Шырағым, сені жіберіп, Қарауыл өзім қарайын,

Нұрпейіс Байғанин Уәде саған берейін. Бір сапар ет, мерейім. Еш адамға көрсетпей Кешке алып келейін. Азаттық, теңдік көрмедім, Уайым айтып сөйледің. Бір тілегім бермедің, Бір сапарға ермедің, Бақшадан жеміс термедің. Тілегімді берместей, Жек көрген күңің мен бе едім? Өтінішім көрсейші, Бір сапарға ерсейші, Миуадан жеміс терсейші, Еш адамға көрсетпен, Шырағым, маған сенсейші. Қарғадай бала күніңнен Сені бақтым, шырағым, Тілегіңді сұрадым. Тілімді алсаң бұл сапар Шешеңнің еттің мұрадын. Анаңнан артық баққанмын, Ата-анаңа жаққанмын, Не керек десең, шырағым, Даяр етіп тапқанмын. Тілегім менің сен болдың, Елік сүт беріп асырап – Сенің анаң мен болдым. Тілек тілер күніме Ақбілек, бүгін кез болдың. Тілегімді бермесең, Қайғыландым, сел болдым.

Нұрпейіс Байғанин Анаңнан артық қарадым. Ақбілек едің, қарағым, Осы сапар өзіңнен Бір тілегімді аламын. Тәрбиеменен құрметтеп Жібектей шашың тарадым. Қабағыңды шыттырмай, Еркелетіп қарадым. Ақылменен ойласаң, Әрі күңмін, шырағым, Тілегіңді тілеген Бөтен емес, анаңмын. Мақұл көрсең, сыйласаң, Жемісті сайдың бойына Бүгін алып барамын, Миуадан жеміс қағамын. Сүйенішім сен едің, Елік сүтін емізген, Сені баққан мен едім. Тілек берсең, шырағым, Бүгін саған еремін, Бақшадан жеміс теремін. Жемісті сайдың бойынан Көтеріп көңіл келемін. Қарағым, етпе балалық, Таң мезгілі таянды, Айтқаным анық аян-ды, Ақылменен ойласаң, Ардақтап баққан қара күң Бөтен емес анаң-ды. Сонда Ақбілек сөйледі: – Көп өтініп қоймадың, Бармаймын десем болмадың,

Нұрпейіс Байғанин Ерітуге ойладың. Қорқатұғын себебім – Қалмақтарда арсыз көп, Жемісті сайға бармай ма, Жеміс теріп жүргенде Ерлер көріп қалмай ма? Мен қорқамын, ей, шеше, Қапыда көріп қалар деп, Аламын деп қызығып, Басыма қайғы салар деп. Айдан көркем ажарым, Шашылар елге хабар деп. Менің үшін бүлініп, Ел арасы жау болып, Халқым қырғын табар деп. – Есебін өзім табармын, Еш адамға білдірмей Алып барам, қарағым, Жемісті сайға апару Тілеген тілек талабым. Тілектің берсең керегін, Жолдас болып еремін. Міндет алдым, шырағым, Еш адамға көрсетпей, Қайтып алып келемін. – Олай десең, ей, шеше, Енді нағып шыдайын? Қайта-қайта қайырсам, Ауырларсың, жолдасым, Айтқаныңды қылайын. Өтініп айтқан сөзіңе Көңіліңнен шығайын.

Нұрпейіс Байғанин Айтқан тіліңді алайын, Қырық қызды ертіп алып, Салтанатпен барайын. Мәуеден жеміс қағайын, Асыл киім киейін, Төбеме шашым түйейін. Ардақтаған анадай Қадіріңді білейін. Ойымнан кетсін уайым, Бір айтқаның қылайын. Қайта-қайта жалындың, Сізге неғып шыдайым? Боламын саған аманат, Еш адамға көрсетпей, Әкел аман, саламат. Көрініп қалсам бөтенге, Бәрімізге жаманат. Қапыда көрсе қалмақтың Көңілінен кетер қанағат. Бір тілегің бермеске, Жолдасым, саған амал жоқ, Бір тіліңді алмасқа, Сүйікті жолдас, шарам жоқ. Көрініп қалсам қапыда, Ойлап табар амал жоқ. Түн ішінде жүрмекке Асыл киім киініп; Қырық қыз жолдас қасында Бұралып белі үзіліп, Кірпігі оқтай тігіліп, Ырғала басып иіліп, Қаламдай қасы қиылып;

Нұрпейіс Байғанин Адамзаттың аруы, Ақыл ойлап қыдырып; Ішінде орда жүреді, Көрінбеске ешкімге Ішінен тілек тіледі. Уайым етіп шыққанын Толықсиды жүрегі. Жолдас басы – қара күң, Қызды апармақ тілегі. Жемісті сайдың бойына Ғашық болған батырға Уәде еткен сүрегі. Ертең тал түс болғанда Апарам деген күн еді. Алтын тонын жамылып, Өрттей беті қабынып, Қара күң алды билігін Ақбілектің жалынып. Күңге ерік берген соң, Енді тұрсын нағылып. Таң сімері болады, Қырық қыз қосшы қасында, Күңнің тілін алады, Ордадан шығып барады. Ақбілектей аруды Ғашық болған еріне Апару – күңнің тілегі. – Ханның қызы мен едім, Өтініш еткен сен едің, Қайда апарсаң онда апар, Саған билік беремін. Миуадан жеміс теремін,

Нұрпейіс Байғанин Қасымда қырық қызбенен Көтеріп көңіл келемін. Төбелдірік басымда, Толықсып тұрған жасымда, Не ойласаң, қара күң, Ісің келер мақұлға! Айтар сырың бар болса, Менен тіпті жасырма. Алтын шашқап шашымда, Асыл телпек басымда, Алтын кебіс аяқта, Өзің бастап жүре бер, Жемісті сайың қай жақта? – Өле-өлгенше, Ақбілек, Тілегіңді тілейін. Мәуелі жеміс сайына Тура бастап жүрейін. Тура бастап жөнелді, Ақыл менен амал көп, Білек асқан өнерлі. Рауан таң біліне Жемісті сайдың бойына Бастап келді сол енді. Жүзім, жиде, алма бар, Мұндай жеміс қайда бар? Әуелден хан ектірген Түрлі миуа сайда бар. Бір жағына қараса, Мұнартқан биік тау да бар. Бір жағына көз салса, Жылмиған жазық жайлау бар.

Нұрпейіс Байғанин Шалғын шыққан кең өріс, Мал жайылуға жай да бар. Ұсақ малға өріс бар, Қалың ағаш тегіс бар, Неше түрлі жеміс бар. Құрма менен өрік бар, Қалың миуа ішіне Қыздар кіріп барады. Көп жемісті көрген соң Көңілдері ауады. Ағаштан жеміс қағады, Бұл жеміске алданып, Қайғысы кетті манағы. Ойында жоқ еш нәрсе, Жемісті жию талабы. Уәде еткен сөзімен Қасындағы қара күң Еш адамға көрсетпей Қарауылдап бағады. Қарауыл сырттан қарады, Күн тал түске толады. Бұл бақшадан ауады, Бір бақшаға барады. Қара күң бастап келеді, Мұнан да жеміс тереді, Қызға ғашық балаға Қара күңнің уәдені Берік байлаған жері еді. Қыз бастаған күң екен, Қалың шалғын ішінде Ұйықтап жатқан ер еді. Айлашы екен күң-екең,

Нұрпейіс Байғанин Құбығұлды көргенде «Көтек» деп қарғып жөнелді. Айла-амалы көп еді, Өп-өтірік шошыған Күнекеңнің ебі еді. Мұндай амалды ойлаған Күң ақылы терең-ді. Құбығұл мен Білекті Қауыштырар жер енді. Тағы күңің сөйледі: – Жолдас күңің мен, – дейді, Ардақты қызым сен, – дейді. Қапыда көрдік жас жанды, Жауабыңды айтып бер, – дейді. Кіммен сөзің бар еді, Мына жатқан нең? – дейді. – Қасымда басшы, қара күң, Бармаймын десем болмадың, Тіпті еркіме қоймадың. Ұшыратып бәлеге, Нешік қияқ ойладың? Анамдай баққан сен едің – Ардақтаған қорғаным. Келмеймін деп көп айттым, Еркіме мені қоймадың. Не жақсы ма, жаман ба, Өліп қалған адам ба, Өкпесіне қолың сал, Орындап сөзім тамамда.

Нұрпейіс Байғанин Қыздың тілін алады. Күңнің қалай амалы, Ептеп басып барады, Өкпеге қол салады, Мұрнын шымшып баланың, Төбетейін қағады. Күңнің қалай амалы: Мұрнын шымшып оятып, «Көтек» деп қарғып барады. Ақбілек көзін салады, Алтынменен қаптаған Алтын айдар, сұлудың Көрініс жанын алады. Қыздың түсті назары, Көңілі әбден ауады. Сұлу жүзін көргенде Ақылдан Білек ауады. Құбығұл сонда сөйледі: – Қалмақтың күң мен қыздары, Ұйқымды бұзба сен, – деді, Оятқан мені нең? – деді. Қалмақтардың күңдері Меніменен тең бе еді? Менің теңім сен емес, Сенің теңің мен емес, Ұйықтап жатқан жерімнен Оятқаның жөн емес. Жеделін берік тұтпаған Қажырлы туған ер емес, Айтқанымның бәрі рас, Келемеж ету жөн емес.

Нұрпейіс Байғанин Ақбілек назар салып тұр, Әр уақытта түзеліп, Әр уақытта ауып тұр. Іші оттай өртеніп, Ғашық оты жанып тұр. Қайғы, ғашық зарпынан Өліп кетпей нағып тұр?! Толықсиды әр уақ, Қырық қыз сүйеп бағып тұр. Қара күң сонда сөйлейді: – Ақылыңды байқасам, Білікті заңғар баласың, Шырағым, сөзің сынасам, Өзге жаннан данасың. Сымбатыңды сынасам Көргенім жоқ қалмақтан, Патшадан туған баласың. Шыныңды айтшы, шырағым, Қай сапарға барасың? Ажарыңа көз салсам, Жайнап күндей жанасың, Жөніңді білдір, шырағым, Қай сапарға барасың? Түрің қалмақ елі емес, Шын айтпауың жөн емес. Ханнан туған ханзада, Байдан туған мырзаның Бәрі саған тең емес. Сымбатыңа түрің сай, Өзге сендей ер емес, Жөн сұраймын, шырағым, Жөн айтпауың жөн емес. Жаңа өспірім баласың,

Нұрпейіс Байғанин Білікті бала данасың, Қай сапарға барасың, Айт сөзіңнің тазасын? Шыныңды айт бізге, шырағым, Сапарыңды сұрадым, Қай жер сенің тұрағың? Қай нәсілден боласың? Хан баласы секілді Көрінеді сияғың. Патшадан туған баласың, Өтірік айтпа, расын айт, Қайда жүріп барасын? Ханның қызы Ақбілек, Адал жүрек, ақ ниет, Хан баласы секілді Сіз де асыл ақ сүйек. Тілейтұғын бар тілек, Ханның қызы ханшамен Дидарласқан күн сүрек. Бұлданба, балам, шыныңды айт, Тілейтұғын бір тілек. Уақытша кімде-кім Қосылар күн бар жүрек. – Қара күң, мұның жөн, – деді, Руымды менің сұрасаң Орта ноғай ел, – деді. Ұлы Еділдің басында Біздің тұрмыс жер, – деді. Уәли ханның жалғызы – Құбығұл деген – мен, – деді. Ұйықтап кетсем түсімде

Нұрпейіс Байғанин Ақбілек тыным бермеді. «Хан баласы сен, – деді, Ханның қызы мен, – деді. Ғашық болдым түсімде, Алыстан іздеп кел», – деді. Үстінде төсек қисайсам, Осы қыз тыным бермеді. Астыма мінген құланы Ақбілек деп мінгенмін. Шығыршықты сауытты Ақбілек үшін кигенмін, Балдағы алтын ақ алмас Ақбілек үшін ілгенмін, Түсімде көріп Білекті, Отына ғашық күйгенмін. Сапардың несін сұрайсың, Осы қыз үшін жүргенмін. Біраз қашықты өткердім, Машақатты көп көрдім. Арада талай күн өтіп, Мінген атым жүдетіп, Ғашығыма жеткенмін. Жападан жалғыз жолдассыз Ақбілек үшін кеткенмін. Ата менен анамды, Қайырлы орда – қаламды, Бұл үшін тастап кеткенмін. Ғашық едім көргенше, Қара күң, мені жеткердің! Сонда Ақбілек сөйлейді: – Өңім бе, менің түсім бе-ай, Түсімде көріп ғашық боп,

Нұрпейіс Байғанин Көріп едім қысымды-ай. Өңім болса егерде Сүйіскен таптым тұсымды-ай. Іздегенің мен болсам, Ғашық ерім сен болсаң, Мені іздеген ер болсаң, Батыр, бермен келіңіз. Бұлдана бермей досыңа Қолыңның ұшын беріңіз. Түсім болып кетпесе, Қауышар бүгін кезіміз. Ғашық дерттен қан жұттым, Ғашықтың отын көріңіз. Қауышатын күн шығар, Қосылу бүгін шын шығар, Кел де көріс, жан досым, Аузымнан жауып от-жалын, Лебімнен түтін, бу шығар. Көріскенше, жан досым, Нағып біздің жан шыдар. Күні бұрын түс көріп, Болған жанмын ынтызар. Дидарыңды көргенше Сағынып болдым ынтызар. Қауышуға мен құмар, Іздеп келген сен құмар, Көріселік, жан досым, Енді неғып жан шыдар. Сол қолынан батырдың Қара күң ұстап алады. Жетелеп кетіп барады. Ғашық болған екі асыл

Нұрпейіс Байғанин Жемісті сайдың бойында Бірін-бірі табады. Қыз ішінде Ақбілек – Ішіндегі шырағы. Қасындағы қырық қыз Қуанышпен тұрады. Құшақтасып көрісіп, Қуаныш көріп көңілге, Қайғылы көңіл тынады. Бірін-бірі ғашықтар Амандасып көреді. Көргенін жанға айтпасқа Қасындағы қырық қыз Серт, уәде береді. Ортаға алып баршасы, Еш адамға көрсетпей, Ақбілек жатқан күмісті үй Құбығұлды алып келеді. Ғашық болған балларға Күңнің тиген себебі. Әзілдесіп, күлісіп, Ғашық жарын сүйісіп, Қосылған осы жер еді. Еш адамға білдірмей, Қырық күндей бағады. Қызметі ол қыздардың Батырға әбден жағады. Ақбілек ақыл ойлады, Ойламасқа болмады, Ақылын тоқсан толғады. Ешкім білмей тұрғанда Кетейін деп ойлады.

Нұрпейіс Байғанин – Ғашық жарым сен, – деді, Ғашық болып қосылған Алған жарың мен, – деді. Ер игісі қос табар, Сайран, сәнмен жүргенде, Сезіп қалар ел, – деді. Амандықта, саулықта Тілімді алсаң, жан досым, Бұл шаһардан кетелік, Қалмақты талақ етелік, Қалмақ сезбей тұрғанда Еліңе, досым, жетелік. Ақылың артық санаң бар, Жалғыз кетіп қалмаққа, Аңсап жүрген анаң бар. Жалғызы кетіп қолынан, Сағынып жүрген бабаң бар. Жақсы бала қашан да Ата менен ананың Ауыр хақын тамамдар. Сағынған ата-анаңыз, Кеткеніңе көп болды, Ашылған көптен араңыз. Ақылға салып қараңыз. Тілімді алсаң кетелік, Еліне қалмақ білінбей Теңгеліктен өтелік. Қосылысқан достықта, Қуаныш көңіл хоштықта, Ата-анаңа жетелік. Жаман адам белгісі – Бет алған жүрер жөнінде. Жақсы адамның мысалы –

Нұрпейіс Байғанин Қорған болар еліне. Енді жүрме, қосылдың Ақбілек ғашық теңіңе. Қызмет етіп көрейін Ата-анамның төріне. Жүремін десең, батыр, көңіл шат, Екеумізге табылад Мінуімізге тұлпар ат. Жадыңа ұқ та, сөзім түй, Сақтаулы тұрған сауыттан Қалағаның таңдап ки. Сыр білдірмей қалмаққа, Жүрер болсаң жылдам жүр. Ғашық болған, жан досым, Жолдасыңның бұлын біл. Қосылдым сізге көңілім жай, Көп қайғыдан арылып, Оңымнан туды күн мен ай. Тәуекел еткен адамға Өзі жәрдем бір құдай. Оңғарған болсын әуелде Ашылар жарқын жүз, шырай. Бес қарудың бәрі сай, Көп айналып қалдың жай, Ат пен тұлпар сайма-сай. Бүгін түнде кетелік, Теңгеліктен өтелік, Көп айналсақ мін шығар, Халқыңа барып жетелік. Құбығұл да қуанып, Қайтуды мақұл көріпті. Алған жары Ақбілек

Нұрпейіс Байғанин Досына берді ерікті. Бір-біріне сеніпті, Ақылды адам белгісі Алыстан ойлайды өрісті. – Ақбілек, сөзің шын болды, Қайтатұғын күн болды. Ки дегенің сауытты Маған қиын сын болды. Тұлпар берем дегенің Ер басына мін болды. Ғашық болған, жан досым, Осы сөз маған кір болды. Ертең елге барғанда, Әзілдесең де айтарсың: «Сауыт таңдап кигізіп, Бес қару тамам ілгізіп, Тұлпар атқа мінгізіп, Артықтығым көрдің, – деп, Асылдыққа сендің, – деп. Қару, қапшақ, тұлпар ат Бәрін тауып бердім, – деп. Жанай жүріп қалмақта, Арқамменен келдің», – деп, Бетке соғып жүрерсің, Әзілменен күлерсің. Бүгін түннің ішінде-ақ Алған ерің Құбығұл Кім екенін білерсің. Қайтуға болды талабым, Өзім тұлпар табамын. Қалмақты шаппай сау тастап, Елге не деп барамын.

Нұрпейіс Байғанин Құбығұл мен Ақбілек жүрерінде, Ақбілек қасындағы қырық қызға: – бізді жақсы көргендерің еріңдер, – дейді. Сонда қырық қыз айтады: «Біз сендердің жолдарыңызға шырмау болармыз. Біз сендердің амандықтарыңызға тілектеспіз, біздер сізден садаға. Сендерге келген сөз бол­ са, осыдан күттік», – деп ермей, хош айтысып қалады. Енді жүруге таянғанда, Құбығұл тұлпарын шақырады: Қалтадағы бір шоқ қылды Батыр қолға алады. Атасының айтқан сөзі – Қылды өртеп жағады. Ағашта жатқан тұлпарға Қоңырсыған қылдың иісі Мұрнына жақын барады. Исін біліп, жануар, Оқыранып шабады. Адамнан есті, жануар, Иесін іздеп барады. Жал-құйрығы төгілген, Жыныс ағаш ішінде Жалғыз жүріп семірген. Күйіне түсіп бұл тұлпар Төрт тұяғын тақыл-тақыл тебінген, Есін танып елірген, Оқыранып тағы да Ұсынып мойнын берілген. Қаруларын таңдаған, Таңған күйден аумаған, Арқасын жерге салмаған. Үстімде жүгім ауар деп, Аяқ, төсін, бауырын Жерге төсеп аунаған.

Нұрпейіс Байғанин Болат тұяқ тұлпардың Көзі оттай жайнаған. Атқа мініп алады, Ғашық жары Ақбілек, Құбығұл тағы барады. Атты қайдан тапты деп, Қайда атын бақты деп, Ақбілек аң-таң қалады. Ақбілекке келіпті, Қайтуға батыр желікті. Жолдас қызға Ақбілек Кезек-кезек көрісті. Ырзаласып жолдастар, Рұқсат бәрі берісті. Ат баққан жәмшік ішінен Ақбілек тұлпар таңдады. Көк тұлпарды өзіне Лайықтап оңдады. Ақбілек жүген сұққанда, Аузын ашып есінеп, Ырым шегіп таңдады. Ақылы нақ Ақбілек Ырымын аттың аңдады. «Жолыма ырым болды-ау, – деп, Сапарым болар оңды-ау», – деп, Атқа тоқым салады, Ерді ерттеп алады. Ат үстіне Ақбілек Асыл киім таңады. Қош айтысып қыздармен, Күңді қасқа алады: – Басшы болған, жолдасым,

Нұрпейіс Байғанин Елік сүт берген сен едің, Ақбілегің мен едім. Жемісті сайдың бойында Ғашыққа тиген себебің. Еліне жаудың тастамай, Алып кетсем деп едім. Сен де тұлпар мін, – деді, Асыл киім ки, – деді. Әрі досым, басшымсың, Бізбен бірге жүр, – деді. – Жұлдыздың шықтың оңына, Айналайын, Ақбілек, Мені жаудан қорыма. Тілеушің едім, шырағым, Мен ермей-ақ қояйын, Болмасын кесел жолыңа. Мен қалайын қалада, Мені жаудан аяма. Сен екеуің сау кетсең, Болайын, балдар, садаға. Ақбілек мұны қимайды, Құрметін оның сыйлайды, Жолдасын қимай жылаумен, Көзінің жасын тыймайды. Қара күңді қия алмай, Көрісіп қайта жылады. Амандасып, қоштасып, Енді екеуі шығады, Астындағы атына Орай қамшы ұрады. Қимасын деп бауырын, Тартпа қиып кетер деп,

Нұрпейіс Байғанин Бауырға жібек орады. Түн ортасы толады, Теңгелікке барады. Екі ғашық шырақтың Қабыл екен тілегі. Өткізбейтін терең су Бұларға өткел болады. Өткелден өтіп қуанып, Екеуі кетіп барады. *** Әділбайдың қатыны, Түсті білгіш нәсілі, Әйелдің білгіш мақұлы, Байынан артық ақылы, Көрген түстен жасыды. Сол күні көрген түсінде Ақиық бүркіт төнеді. Ардақтаған аққуды, Көп аққудың ішінен Іліп алып жөнелді. Осы түсті көреді, Түстің қалай себебі?! Сол күні көрген түсінде Шаңдақ басқан шәр көрді, Бұрынғы кең көшесін Қысаңшылық тар көрді. Теңгеліктің ар жағы Тұман басқан Әжіғыр, Қараңғы түскен тау көрді. Тау басында бүлгіндік, Соғыс көрді, жау көрді.

Нұрпейіс Байғанин Жылға сайдан жылжыған Сарқырап аққан қан көрді, Кіл қайғылы жан көрді. Шошыды түстен шамасы... Осы түсті көреді Ақбілектің анасы. Күлдей болып құлаған Ақбілектің жатқан қаласы. Түстен шошып оянып, Ханды оятты шамасы: – Ұйықтап жатпа сен, – деді, Ұйықтап жатқан нең, – деді? Үйге келген бәлені Жалдама дедім мен, – деді. Жалдап едің сен, – деді; Ақбілектің ойын, ордасын Қазір байқап кел, – деді. Көзіңменен көр, – деді. Қайғымен өмір өшкен-ді, Қас масқара еткен-ді. Қозы баққан жас бала Түп-түбіңе жеткен-ді. Түсім ғайып болмаса, Ардақтап баққан Ақбілек – Сол залым алып кеткен-ді. Бүлдірген шығар сол бала Білек жатқан сарайды, Қазір бар да, тез қара, Сен патша болсаң да, Ақылға асқан мен дана. Ғапылдық бізге жетті ғой, Ақсарыбас аққуды Бүркіт алып кетті ғой.

Нұрпейіс Байғанин Сол жалдаған жас бала Ақыр түпке жетті ғой. Айрылған шығар балаңның Енді бізден арасы, Анық түстің тазасы, Білек жатқан орданы Түнде барып қарашы. Болмас шығар тілегің, Таусылған шығар үнемің. Бір қызбенен тек кетпес, Қуа қойсаң егер де Талай жанның сол залым Бітірер деп қорқамын Асылы, тыныс, жүрегін. Бектерін қасқа алады, Ақбілек жатқан жақсы жай Түнде барып қарады. Барса ішінде Білек жоқ, Оттай іші жанады. Қыздарды қысып қамады, Бәрінен жауап алады. Сонда қыздар шулады, Біреуі қорқып тұрмады, Көргенін айтты баршасы, Қорғалап айтып бұрмады. Қыздарды патша қорлады. Зәрін шашып жендетке: «Қыздарды қыр», – деп ақырды, Жендеттерін шақырды. Кілең жасты қимаған Бірқатары халықтың

Нұрпейіс Байғанин Күнәсін кеш деп бас ұрды, Ашуы қатты хан залым Босамады, күшейді, Ашу қысып желікті, Елге салмады ерікті, Жендеттерге ақырып «Қыр!» деп әмір беріпті. «Неге айтпадың көргенің?» – деп, Қыздардың қанын төгіпті. Есік баққан құлдарды, Күңдерді түгел жияды, Қара күңнен бөтені Еш нәрсені сезген жоқ, Көрмегенін баршасы Түгел айтып жылады. Айтқанына нанбады, Бұларды да қырады. Қара күңнен өзгеше Жеке жауап алады. Жауабын байқап қарады, Күң білікті, саналы: – Мен айтайын шынымды, Шын айтайын күнімді, Хан баласы Құбығұл, Алтын айдар тұлымды, Су басында жолығып, Айттым соған сырымды. Жемісті сайдың бойында Бітуажа мен болып Қауыштырдым қызыңды. Өлуіме сенгенмін, Неғылсаң да, Әділбай, Өзім риза, көнгенмін.

Нұрпейіс Байғанин Уәде етіп ерменен, Жемісті сайдың бойында Қолымнан ұстап бергенмін. Ақбілекті қосуға Құбығұлға арманмын. Теңін тапты Ақбілек, Хан баласы екенін Көрген шақта аңғардым, Екеуі аман, сау кетті, Екеуінің жолына Құрбан болып қалғанмын. Бітуажа мен болдым Екі ғашық араға: Құбығұл батыр, Ақбілек – Сағынысқан балаға. Жанымды қидым сол үшін, Аман кетсе сен жаудан, Солардан жаным садаға, Жендеттер ұстап қамады, Шаштан ұстап алады, Алмаспен басын қағады. Әділшілік тілекпен Күңнің жетті ажалы, Ашу қатты, кәр күшті, Қыз бен күңге тарттырды Осындай ауыр жазаны. Әулиелік дәреже – Ниетінен табады. Жеті күннің соңынан Басында шырақ жанады, Ханда ашу қайнады, Азаматтарын сайлады.

Нұрпейіс Байғанин Көк найза, өткір қылышты Өткірлеп әбден қайрады. Шаһарындағы әскерді Біреуін қоймай айдады. Жиылған әскер мол болды, Сансыз әскер қол болды. Ту көтерген қолына Әділбайдың інісі Әсірбек деген ер болды. Ту көтеріп әр жерден, Қашқанда қуар жер болды. Қуды патша дұрыстап, Ақбілекті алып кеткен соң, Жатсын неғып тыныштап. Әділбай қолға сөйлейді: – Сол қашқынды қор қылып, Денесін шабың қылыштап. Әскер қолым сен едің, Халықтың ханы мен едім, Осы залым дұшпанды Денесін шауып қор қылып, Кегімді алсам деп едім. Бұл жауымды мұқатсам, Ерлерім, сыйлық беремін, Соны өлтірген батырды Өзімменен тең көрем, Басын кескен ерлерге Үлкен сыйлық шын берем. Даяр қылып керегін, Қолымнан сыйлық кең берем. Өз алдына шәр салып, Айдынды шалқар көл менен Рахатты жер берем.

Нұрпейіс Байғанин Ат жүйрігін сайлаңыз, Өткірлеп алмас қайраңыз, Еркек кіндік жас-кәрің, Біреуің шәһәрда қалмаңыз. Сонда халық шаттанды, Қуанып ерлер мақтанды. Қару-жарақ, көп найза Бәрі даяр саптаулы. Тастан қайтпас ақ алмас, Буылып белге қаптаулы. Қол астының халқы Ханның сөзін ақтаулы. Әскерді хан айдады, Еркектен адам қалмады. Әр жерінен ту ұстап, Сан жетпейтін қалың жау Құбығұлменен ұрыспақ. Ақбілектей аруды Құбығұлдан айырмақ. Дегеніне келтіріп Қайтып елге қайырмақ. Әскерінің құралын Баршасын тамам даярлап. Қу желқом салып ерменен Әскердің атқа мінген жер. Оқ өтпейтін сауытты Ерлер енді киген жер. Бес мың әскер ауыр қол Тұс-тұсынан ту байлап, Ерді қуып жүрген жер. Ақбілек кетіп халқынан, Ханның іші күйген жер,

Нұрпейіс Байғанин Құралын тамам сайласып, Қаруларын қайрасып, Әмір етіп бастыққа, Көп әскерді айдатып. Сарбаздарын ойнатып, Әскер мінген жүйріктің Ауыздығын шайнатып; Барабан тартып, ту алып, Сансыз әскер шығарып; Қызды айырып қалам деп, Басын кесіп «жетімнің» Әкеліңдер маған деп; Ашу тұтып қуарып, Біресе тұрды қызарып, Әділбай шықты қол бастан Жалбыраған ту алып. Теңгеліктің өткелмен Әскер өтіп барады, Түн түнегі ауады, Күн шыққанда Құбығұл Әжіғырдың тауынан Қарауыл тұрып қарады. Жердің жүзін қаптаған Әскерді көзі шалады. Сан жетпейтін көп қалмақ Құбығұлды өлтіріп, Айырып Білек қызды алмақ, Осы сансыз әскерді Құбығұл байқап тұрды аңдап. – Сүйіскен жарым, Ақбілек, Жан жолдасым сен едің.

Нұрпейіс Байғанин Сүйісісіп қосылған, Жаным бірге деп едім. Сансыз әскер қуыпты, Әжіғырдың тауынан Қарауыл салып көремін, Ақылдасам өзіңе, Қашып кетсем бұл жаудан Сынықты болар деп едім. Есебі жоқ қол екен, Әскер сансыз мол екен, Сансыз, қуған бұл жаудан Қашпағаным жол екен. Ұрлап алып кеткенім, Маған қорлық қор екен. Сұрағаным сансыз жау Ақ сапарым оң екен. Ерге сынық болмай ма, Дұшпанменен алыспай, Қашып кетсем, Ақбілек, Екеумізге намысты-ай, Ажалым жетсе өлермін, Пендеге қаза алыс па-ай?! Сонда Ақбілек сөйледі: – Құралды қалмақ ел еді, Елінде батыр көп еді. Қарсы келген жауының Қасықтап қанын төгеді. Әскерің жоқ, құрал жоқ, Батырсынба Құбығұл? Тұрудың жоқ керегі, Жердің жүзі қыбырлап, Сансыз әскер келеді.

Нұрпейіс Байғанин Кел, қашалық, қашалық, Атқа қамшы басалық, Көмегің жоқ, жолдас жоқ, Әжіғыр таудан асалық. Атса мылтық өтпейтін, Шапса алмас кеспейтін, Атақты талай ері көп, Ел ішінің ері көп: Әділбектей батыр бар, Қарасбек атты жасы бар, Ерлерінің кемі жоқ, Ұрысам деме бұл жауға, Бұл тұрудың жөні жоқ. – Олай деме, Ақбілек, Сансыз жаудан саса алман, Көп деп қорқып қаша алман, Қашып кетіп көп қолдан Елге барып жата алман. Мың болмақтан сан болсын, Осы жаудан шаталман. Ақбілек сонда жылап тұр, Жан жолдасы батырдың Қашпасын жаудан сынап тұр. Ақбілектің көзінен Төгіліп аққан қара жас Мысалы аққан бұлақ-дүр. Қайта-қайта жалынып, Кетелік деп сұрап тұр, – Неғылғаның, Ақбілек, Ерге қайғы салғаның. Атың әйел нашарсың,

Нұрпейіс Байғанин Мұнша неге зарладың? Өлімменен тең болар Қашып кетіп қалмақтан, Елге аман барғаным. Жаудан аумас маңдайым, Жүр деп тілек тілеме, Бұл тілегіңді алмаймын. Жаудан қашып кеткендей, Ал, Ақбілек, қандаймын. Сенің тіліңді алғаным Ойласам маған сын шығар, Ер басыма мін шығар. Ұрысуға бұл жаумен Болдым қатты ынтызар. Араласып әскермен, Соғысқа болдым шын құмар, Атың әйел нашарсың, Көрінбен жауға тасамен Астына жалдың бара бер, Менің тілімді ала бер. Қайрат қысқан едім ер, Төркінің мен досыңның Соғысқанын сырттан көр. Қайғыланбай, Ақбілек, Енді маған рұқсат бер, Ақбілектің батырға Айтуға жоқ амалы, Іші оттай жанады. Құбығұл мұнда қалады, Көзінің жасы бұршақтап Ақбілек тұрып кетіп барады. Қайрылып тұрып сөйледі: – Ғашық болып қосылған

Нұрпейіс Байғанин Алған ерім сен едің. Сүйіп-құшқан, алғаның Ақбілек ару мен едім. Жаудан аман құтылып, Елге жетсек деп едім, Айтқанымды қылмадың, Ұрыспай жауға тынбадың. Қанша тілек тіледім, Майыспадың, сынбадың, Арыздасып кетейін Жамандық болса егерде Жолдасың болсын иманың. Аман келсең бұл жаудан, Мен садаға құрбаның. Тіл алмадың, амал жоқ, Тоқтатуға заман жоқ, Есепсіз, сансыз жаулар көп, Көңілімдегі сөзімді Айтып едім тоқтар деп. Заман қандай, түр қандай, Алдыңызда күн қандай, Хош-аман бол, жолдасым, Арыздасып, қоштастым, Кеңшілікте түр қандай, – Деді-дағы Ақбілек Жүре берді жөніне. Жыраға атты арқандап, Қарауыл қарап отырды. Боз белең жалдың белінде Құбығұл батыр жалғыз тұр, Қолыңда туы жалбырап, Отты көзі жаудырап,

Нұрпейіс Байғанин Ашу қысып жайнайды, Екі беті албырап. Талайым қалай болар деп, Көрген соң жауды қуанып, Жолдасы жоқ қасында Қолға тұрды ту алып. Жердің жүзі жыбырлап, Шықты жау да шұбалып, Қуғыншы жау – сансыз көп, Көп әскердің басшысы Ту ұстаған Әділбек. Жауға кекті бермеген Қашаннан нәсіп тұқым тек. Ішінен батыр ойлайды, Шығарса деп жекпе-жек. Ақбілектей аруды Көрсетпей жауға асырды, Боз белес тауға қашырды, Жау жақындап келгенде, Құбығұл бала ақырды. Жекпе-жек деп шақырды. Қуғыншының қалың жау Сөзге тоқтап тұрады. Жекпе-жекке қалмақтан Қарасбек батыр шығады. Жекпе-жек деп келісті. Қашпа-қашпа десіп, Қарсыласа берісті. Найзаменен салысты, Қармақ болып қалысып, Аударысып салысып, Ат үстінен алысып,

Нұрпейіс Байғанин Бір-біріне жабысып, Балтаменен ұрысты, Ұңғысынан сынысты. Тастан қайтпас ақ семсер Шапқыласты қылышты. Болат сауыт киген ер, Бірін-бірі ала алмай, Қатты ашуға күйген ер. Ат үстінен алысты. Екеуінің жеделі Бірін-бірі арбаған Батырларға намыс-ты. Тартысқанда тіресіп, Аттың белі майысты. Түсе қалып атынан Белге шынжыр шалысты, Күреске ерлер басысты. Теуіп кеткен жерлерін Жер ошақтай қазысты. Күні-түні екі күн Алысқанға болмады, Алысумен жүргенде, Ұлтандары тозады. Екеуі шаршап талыпты, Қатты шаршап қалысты, Ер шаршамай неғылсын, Екі күндей алысты. Көрген адам қорқатын Қарасбектің келбетін, Бұрын жанның көрмеген Ешкім мұндай пендесін. Қабағы түкті жабылған, Қарасбекке қашаннан

Нұрпейіс Байғанин Ұрысқан жауы алынған. Талай батыр алысып, Жеңілген де бағынған. Талайдың күні тарылған, Айтулының өзі еді Садақпен атса өтпеген, Қылышпен шапса кеспеген, Адамның әлі жетпеген, Кигені сауыт көк берен, Айласы қалмақ тағы артық, Ақыл менен ой терең. Екеуі тыныс алады, Әділбек жақын барады: «Қарасбек, неден тарылдың, Қалай күштен арылдың? Неге басын кеспейсің, Атадан дұшпан залымның?» – Әділбек батыр, пұрсат бер, Пұрсат беріп азырақ, Менің сөзім тыңдай көр. Көңіліме кірді уайым, Жаратпаймын ал, басшым, Бұл дұшпанның сыңайын. Қайтпас қайрат берен ер Қайтарды менің райым. Тірілігім болмаса Тұла бойдан әл кетті, Ажар кетті, сән кетті, Тұла бойға тараған Күш беретін қан кетті. Тірілігім болмаса, Шаршап тұрмын мен, – депті,

Нұрпейіс Байғанин – Азырақ дем алуға Жолдасым, мұрсат бер, – депті. Жаратпаймын сыңайын, Осы дұшпан меңдетті. – Сенің басшың мен едім, Қайтпайтын жаудан ер едің. Сан жетпейтін жау болсын, Жалғыз барам, – дер едің. Жалғыз келген баладан Тарыққан, батыр, нең? – деді, – Қорғанысың халықтың, Екі күндей алыстың. Жігері жоқ жамандай, Шыны қорқақ адамдай, Мұнша неге тарықтың? Талай жауға барғанда, Дұшпаныңды жаныштың. Ер сыналар болды жер, Талайды шапқан едің сен, Көпке бар да деміңді ал, Осы дұшпан жауменен Ұрысамын, маған бер! Сынықтық көрді бұл жаудан Әділбекке беруге. Не болса да ойлады Маңдайынан көруге. Бергенім сынық болар деп, Риза болды өлуге. Ер жеделі намыс-ты, Арланғаны анық-ты.

Нұрпейіс Байғанин Ашу қысып ақырып, Құбығұлға барысты. Бір-біріне жабысты, Екі батыр алысты. Қайрауы жеткен қайсар ер Құбығұл атты еріңді Көтеріп келіп алыпты. Айналдырып үйіріп, Қара тастың үстіне Батыр сілтеп қалыпты. Екі аяғы сарт етіп, Қара тасты жарыпты. Шың үстінде қара тас Талқан болып қалыпты. «Қайрат берген қорғаушы, Пірадар бабам, ерімсің, Мен, балаңа қуат бер, Кереметім көрінсін. Өзің қуат бермесең Таршылық келді балаңа. Тарыққанда сиындым Жәрдемші қорған бабама. Өзің жәрдем бермесең, Бұл балаңнан әл кетті, Мұрынымнан қан кетті. Енді дұшпан меңдетті, Қырық мың шілтен, пір бабам, Шаршауыма көз жетті. Өзің қуат бер, – деді. Бабам, жәрдем бол, – деді. Ерендердің ескі аруақ, Еңсеме орнап қон, – деді.

Нұрпейіс Байғанин Бұл қалмақтың келбеті Қара обадан зор, – деді. Бергенің жәрдем шын болса Балаңды етпе қор, – деді!» Самұрық ұшты қиядан, Үш түлеген жануар, Түлеп ұшқан қиядан, Қанатын зулап қағады. Оңтүстіктен келді де, Қалықтап ұшып төмендеп, Оң қанатын арқаға Оң қанатпен салады. Баланың кіріп ажары, Тасты күші, қажары. Күркіреген күндей-ақ Күңіреніп кетеді. Үйіріп келіп алады, Мұны тастың үстіне Шалқасынан салады. Ақ қанжарын суырып, Қақ жүректен салады. Көтеріп салып санатын, Жеткізді жауға қазаны. Қарасбек сынды батырдың Сол жерде жетті ажалы. Туысына шыдамай, Сансыз қолдың ішінен Әділбек батыр шабады, Жекпе-жек майдан жеріне, Әділбек батыр ақырып, Қару, құрал бәрі сай, Жекпе-жекке барады.

Нұрпейіс Байғанин Шығарды қайрат, қажырды, Әділбекті көргенде Жәрдем беріп бабасы, Нұрланысты ажары. Келген жерден қағысты, Ауыр батпан шоқпармен Әділбек кезек алыпты. Өлер жерің осы деп, Толық мидың тұсы деп, Тас төбеден салыпты. Төбеде болат қалқаны Талқан болып қалыпты. Жәрдем беріп бабасы, Есін жиып тұрады, Ашуы қайнап қызады. Белді бекем буады, Шоқпарменен ұрады. Басы айналып, есі ауып, Жығылып қайта тұрады, Кешікпей есін жияды. Екі ерді ашу құрсады, Алмас қылыш жұмсады. Күннің ыссы күнінде Шөлдеп ерлер сусады. Найзаменен серместі, Салған найза қайрылды, Қу қурайдай көрмес-ті. Көрмеді пайда қылыштан Екі батыр ұрысқан. Балтаменен шабысты Ұңғысынан сынысқан. Құбығұл сонда ақырды:

Нұрпейіс Байғанин «Кеміген мұнша нем, – дейді, Жәрдемші пірім сен, – дейді. Болдым ба жасық мен, – дейді. Күләл болып кетпесең Пірлер, жәрдем бер!» – дейді. Көңілі сезіп қуанды, Бір ишарат білінді. Үйіріп алып көтеріп, Олай-бұлай жүгірді. Жан өкпесі сығылды, Қысқанда жүрек аузына Әділбектің тығылды. Алысқан жері қара тас, Бір-біріне дұшпан қас, Болдырғандай майысып, Болып тұрған бала жас. – Азамат, ердің шырағы, Пірлер жәрдем қылады, Көтеріп алып ұрады. Қара обадан Әділбек Ұзынынан сұлады. Есектейін ақыртып, Нар түйеше бақыртып, Аузына алмас тығады. Оныменен қоймады, Өкпесінен батырдың Қос тіземен сығады. Күн батқанша Құбығұл Өлтіре алмай қалмақты, Амал ойлап тұрады. Әділбектің жаралы болған тәні еді, Жұлдыз шыққан мезгілде

Нұрпейіс Байғанин Ауыздан жаны шығады. Қарасбек пен Әділбек Қол бастаған ер еді. Егесті жер болғанда Дұшпанды қырған бөрі еді. Екеуінің өлгенін Көп қалмақ көзі көреді. Екеуіне тайлас жоқ, Өзгелерден кем еді. Сөйлесе сөздің жүйі бар, Ежелден толық миы бар, Әділбайға уәзір Ақ Маман деген биі бар; Сол уақытта халқыңа Ақыл айтар түрі бар. Ақылды, толық миы бар, Сондай білгіш адамды Қайыратын күші бар: – Айтамын ақыл, көп халық, Қарасбек пен Әділбек Арыстаны еді елімнің, Медеуі еді белімнің. Қиындық көріп тарығып Еңіреп жылап, егілдім. Бұл қиындық жер болды. Уақыт тарлық халқыма Осы бүгін кез болды. Қалай болды замана, Енді ойлайтын жер болды. Екі батырдан айрылып, Көкірек мұңлы шер болды. Мақұл десең, о, халқым,

Нұрпейіс Байғанин Жекпе-жекке баруға Қарсыласар адам жоқ. Әскер шөп те, ол – орақ, Соғысуға шараң жоқ. Қарсыласып тіресер Енді бізде құрал жоқ. Әділбай патша, данамыз, Ақылға салып қараңыз, Осы айтқан санамыз: Ақбілек сіздің балаңыз. Теңін тауып сүйіпті, Тілімді алсаң, тараңыз. Алдыратын ер емес, Ойласып, халқым, қараңыз. Бөтен бар ма сөзімде, Әділбай, сына, мұнымды. Ел билігі өзіңде, Қарсы барар адам жоқ, Ойға салсам, еліңде. Сонда Әділбай сөйледі: – Бұл сөзіңді алайын, Ағасы жалғыз ақ Медет, Соны ертіп барайын. Оң бермеймін батамды, Теріс қолымды жаяйын, Теріс бата қағайын. Сонда Әділбай патша тұрып былай деді: «Мен әрі хан едім, әрі ер едім. Халықтың арын арлаған, талай жауды жаулаған. Мен қызымды алып қашқан жас бала­ мен алысып жүруімді өзіме сынақ, бойыма мін көремін. Бұл бір балаға әлім жетпейді деп қорқып тұрғаным жоқ.

Нұрпейіс Байғанин Сондықтан мен теріс батамды берейін оларға! Халық, сендер қайта беріңдер!» Ту тастап, Әділбай мен қыздың ағасы таудың басына шығады. Ақбілек пен Құбығұл екеуі жау қайтар ма екен немесе тағы да жекпе-жекке шығар ма екен деп қарауыл қарап тұрады. Сонда Ақбілек әкесі мен ағасын көріп ай­ тады: «Ғашық болған жолдасым, Әкем менен ағамды Танып тұрмын мен, – дейді, Тілейтұғын тілек бар, Бір тілегім бер, – дейді. Кісісі бос сол әкем, Ардақты қызы мен, – дейді. Әкем маған шыдамас, Бұл айтқанымды етпесең, Маған да ісің ұнамас. Жанашыры болмаса, Бөтенге ешкім жыламас. Кісісі бос атама Аяғына бас ұрып, Қол қусырып баралық, Қарттың қолын алалық. Әкем менен ағам – Татуласып қалалық. Атаның хақы көп еді, Ақ батасын алалық!» Құбығұл қорқып саспайды, Ақбілектей арудың Өтінген тауын шақпайды. Бір қылықты бастайды: «Олай болса, Ақбілек,

Нұрпейіс Байғанин Ибаменен барам», – деп, Қолындағы бес қару Сауытын шешіп тастайды. Әділбайдай батырға Енді болды атам деп, Қол қусырып келеді, Иіліп сәлем береді. Ішке сақтап ашуын, Өлтірер келді кезеңі. «Тілекті берді маған, – деп, – Ақылынан адасып, Қаруын тастап келген соң, Жеткіземін ажал, – деп, Алмаспенен шабам, – деп; Орайыма келген соң, Кешегі екі нәнінің Енді қанын алам», – деп, Ашу қысып тарылып, Қабанбай-ақ залымның Қабағы түкті жабылып, Ерлерінен айрылып, Тұрған патша тарығып. – Не жазығым бар еді, Ей, Ақбілек, Ақбілек, Бүлік салып жеріме, Қайғы салдың еліме. Мезгілсіз ажал келтірдің Екі арыстан еріме. Енді келді дұшпаннан Кек алатын жеріме. Таңдап сүйген еріңе Жеткізейін қазаны, Обалың сенің өзіңе!

Нұрпейіс Байғанин Суырып алмасты алады, Көтеріп алып сермеді, Ақбілектің ағасы Әкесінің қарынан Шапшаң ұстап қалады: – Кейіме, әке, сен, – дейді, Ашуыңды бер, – дейді. Қол қусырып тұрғанда, Өлтіруің жөн емес, Ақбілек, таптың тең, – дейді. «Ер дұшпаны өзінен, Мықты болсын деген сөз», – дейді. Ақбілекке ризамын, Өзіне тапты тең, – дейді. Әділбай қолын жаяды, Батасын беріп қарады. – Теріс қолым жаяйын, Теріс батам қағайын, Жамандық болса, Ақбілек, Сенен неге аяйын: «Тілегіңді бермегір, Көзіңнің жасын көрмегір, Жолдасыңнан айрылып, Қанатыңнан қайрылып, Қайғыменен еңірегір. Қайғыменен қамыққыр, Құса басып, тарыққыр. Жолдасыңнан айрылып, Жалғыз қалып зарыққыр. Дүниеде оңбағыр, Жүрсең жолың болмағыр. Мені мұнша зарлаттың,

Нұрпейіс Байғанин Өзіңді құдай қорлағыр. Менің берген батамды Аққа құдай жолдағыр. Бір-бірінен айрылсын, Сүйіп құшқан теңдесің. Тілегіңді бермесін, Көзіңнің жасын көрмесін. Байың жолда айрылып, Қайғыменен еңіресін. Қайғымен ішің от болсын, Менің батам оқ болсын, Жасыл соғып төбеңнен, Өмірің өшіп, жоқ болсын!?» Теріс қолын жаяды, Теріс бата қағады. Енді Әділбай қайрылмай, Шәріне қайтып барады. Ақбілектің ағасы, Бір-біріне шыдамай Бір кісінің баласы, Ақылға асқан толық ед, Көңілінде артық санасы: «Бауырымсың, шырағым, Алған ерің сынадым, Қайырлы болсын алғаның. Баянды болсын тұрағың, Сен теңіңді тапқансың. Жедел қылып нетейін, Жан жолдасың – ерменен Досты болып кетейін! Жат жұрттықсың, шырағым, Ақбілек, өріс етейін. Тілегімде жалған жоқ,

Нұрпейіс Байғанин Іште сырым қалған жоқ. Патша қызы әр уақыт Теңін тауып барған жоқ, Көңілде мүлдем қалған жоқ. Өрістесін, шырағым, Көңілімде арман жоқ. Сырымды айтып өтейін Сен теңіңді таппасаң, Жедел етіп нетейін». Екеуі құшақ жаяды, Құшақтасып дос болып, Татулық көңіл хош болып, Қуанышпен тарады. Өрісімсің, қалқам, деп Ақбілектей баланың Ақ бетінен бір сүйіп, Хош айтысып, достасып Ағасы кетіп барады. Татуласып, келісіп, Құшақтасып көрісіп, Хош айтысқан жер еді, Құбығұл мен Ақбілек Қос тұлпармен желеді. Көлденең жатқан бір тауды Кеселей басып жөнелді. Ар жағында сол таудың Шалқып жатқан айдын көл Бұлардың көзі көреді. Теңгеліктен өткелі, Қалмақпен соғыс еткелі, Өздері де, аты да Сонан бермен шөл еді. Төбесінен күн өтіп

Нұрпейіс Байғанин Ақбілек шөлдеп келеді. Шөлдеп келген Білектің Бір су еді керегі. Тілегіне кездескен Мөлдір тұнық көл еді. Мал баспаған жағасын, Бұрын соңды бұл көлдің Көрген жоқ адам қарасын. Жыныс ағаш ну дейді Көл айнала жағасын Рахатты шөпті көл, Жағалай шалғын көкті көл. «Бақытқа бізге тап болды Рахат толы, – депті, – көл». – Ей, Ақбілек, Ақбілек, Дем алуға лайық Рахатты көл екен. Жағалай жыныс бәйтерек, Семіруге тұлпарға Шикі шалғын шөп екен, Хош иісті көк екен. Ат суарып тынығып Түсіп кетер жер екен. Аттың ерін алайық, Көптен бері шөлдедік, Суын ішіп қаналық. Шалдыққан шөлден тұлпарды Бір суарып бағалық. Осы көлдің бойында Бүгін тыным алалық. – Ақыл салма, ер, маған, Қайтсең де өзің біл, – дейді.

Нұрпейіс Байғанин Ғайыптан көрдім бір түсті, Ренжіп көңлім кірленді. Тілегім берсең түспеймін Өткен түнде түсімде Жайын жұтып жүр, – дейді. Түсем десең бұл көлге Қайғылы менің заманым, Таудай жайын мен көрдім Құйрығын көлге сабаған. – Қасыңда досың жүргенде Еш қорықпа сен, – дейді. Атың әйел нашарсың, Қорыққаның нең? – дейді. Құбығұл жарың қасыңда, Жоқ нәрседен қорыққан Ақбілек, сенің нең? – дейді. Көп қайырмай тілімді ал, Шатырыңды тіге бер, – дейді. – Тіл алмайтын заман жоқ, Тіл алмасқа шарам жоқ. Мен сендікпін, Құбығұл, Көңілімде алаң жоқ. Осы көлге сен түссең, Ғашық жарың саған жоқ. Түсте көріп қауышқан, Батыр досым маған жоқ. – Ғашық болып қосылған Ақбілек ару сен едің. Тәуекел етіп бел буып, Жау іздеген мен едім.

Нұрпейіс Байғанин Атың әйел болған соң, Сен ерліктен кем едің. Асыл зат жерде қала алмас, Жан жолдасым замандас, Ерің тірі тұрғанда, Ешкім көзін сала алмас. Көрдің жайын қалмақтың, Қабыртқалы қайсармын, Айырып ешкім ала алмас. Қайыспайтын қайсармын, Әйел болған себепті Уайым айтып қайтардың. Мың болмақтан сан болсын, Сан жетпейтін жебелі Қайсарып жауға тартамын, Осы көлде жата бер, Қарауыл салып алыстан Сыртыңнан бағып байқармын. – Көп өтініп жыладым, Жылап тілек сұрадым, Осы көлге сен түссең, Болмай ма деп қорқамын Жолдастыққа тұрағым. Қанша өтініп айтсам да Көнбесіңді сынадым. Сапарың болсын, батыр, оң, – деді Құтты болсын жол, – деді. Көріскенше күн жақсы, Досым, аман бол, – деді. Садақты белге шалады Мылтықты қолға алады. Аң жайлауы Қаратау Батыр кетіп барады.

Нұрпейіс Байғанин Киік пенен құланды Сонда таудан қағады. Батыр тауға кеткенде Бұлт торлап, жел соғып, Сартылдап бұршақ жауады, Шатырда жатқан сұлуды Суда жатқан айдаһар Леппен тартып барады. Қараңғы бұлт түнерді, Құбығұл жоқ қасында Жеті басты жыланға Қару қылсын кім енді? Қаңбақтай ұшырып, Жылан жұтып жіберді, Аңын атып қуанып, Ақбілекке мақтанып, Жайнатып қолға ту алып, Көлден атын суарып, Көңілденіп желікті. Көргенінше сағынып, Қасына шатыр келіпті. «Шық, Ақбілек қайдасың? – Ат үстінен Құбығұл «Шық!» – деп хабар беріпті. Шатырдан шығар Білек жоқ, Қуанатын жүрек жоқ, Ашық болып қосылған Шын тілеген тілек жоқ. Аттан түсіп қараса, Өзі түгіл сүйек жоқ. «Мынау қалай болды? – деп, Көңілге қайғы толды, – деп, Кең дүнием тарылып, Қараң күнім солды, – деп.

Нұрпейіс Байғанин – Ғашық болып қосылған Аруым, шандоз сен едің, Сені іздеген ер едім, Еңбек қылып қосылып Қызығың көрсем деп едім. Ғайып болдың көзімнен, Әуре еткен нең едің. Сүйенішті, сұлу жар, Сені қайдан көремін? Сүйенішті сұлу жар, Бір көруге болдым зар. Түспе десең болмадым, Ақырында болдым зар. Түспе деп айтып өтіндің, Бермедім саған ықтияр. Айналам болды қараң, тар. Қайғы түсіп басыма, Қиындық бүгін болды тар. Енді қайда барамын, Іздеп қайдан табамын? Сүйгенімнен айрылып, Заманның көрдім қараңын, Бас сапарым келісіп, Оңдырмадың құдайым, Бұл ісімнің аяғын». «Қорғаушы бабам сен едің, Тарыққан күнде тар жерде Жәрдем берем деп едің. Қайғы басты ұлыңды, Тигіз, ата, себебің?» Соны айтып болғанша Қасына келді бабасы. Бабаның келіп қалғаны, Көз қаққанның арасы.

Нұрпейіс Байғанин Тілекші болып сыртынан, Қорған болған панасы: – Тарықпа, балам, сен, – дейді, Тарыққан мұнша нең? – дейді. Мұңая берер болар ма Қайтпас жүрек ер, – дейді. Ақбілектей қызымның Балам, тілін алмадың. Үлкендік келіп көңіліңе, Сөзіңнен айтқан танбадың. Жан жолдастан айрылып, Ақырында зарладың. Мен қорғаушы шал, – деді, Алмасын қайрап ал, – деді. Сабыр ет, балам, сабыр ет, Мезгілсіз кетпес жан, – деді. Сабырлық ет сен, – деді, Риза болып көн, – деді. Әділбайдай залымның Теріс бата бергені, Қабыл болып батасы Міне, балам, келгені. Ақыл ойлап тап, – деді. Басыңнан қайтпас бақ, – деді. Басы болат тас, – деді, Ақ алмасты қолыңа ал, Көл басына жылдам бар. Саған болған дұшпанның Бүгін болар күні тар. Мекен еткен су ішін Жеті басты айдаһар. Суда жатқан жылан бар, Құр қайғыдан пайда жоқ, Уайымменен болма зар.

Нұрпейіс Байғанин Көрген түсін Ақбілек Саған баян еткені, Түстің рас, шырағым, Қызыма баян еткені. Ақбілектей аруды Көлде жатқан жыланның Анық жұтып кеткені. Алмасты қайрап алады, Көлге кетіп барады. Жапырылған нар қамыс – Батыр көзі шалады. Ақбілек ғапыл өткен жер, Жапырылған бұл қамыс Ақбілектей сұлуды Суға түсіп жүргенде Айдаһар жұтып кеткен жер. Суырма алмас қылышпен Жалаңаш түсе қалады. Жеті басты айдаһар Лебімен тартып барады. Жел ұшырған қаңбақтай Тоқталмады аяғы. Суға ұрды құйрығын Айдаһар соғып, сабалап, Лебіменен тартқанда, Қаңбақтай ұшты домалап. «Я алла!» – деп жылады, Пірінен жәрдем сұрады, Жұтар жерге келгенде, Ер қайраты қызады. Мойынынан ұрады. Алты басы кесіліп, Жалғыз басы тұрады.

Нұрпейіс Байғанин Енді тыныс алады, Бір басын да қағады, Судан сүйреп дұшпанды Шетке алып барады. Алмаспен ішін жарады, Қарнының ішінен Суырып сұлуды алады. Ақбілектің кетіпті Айдан сұлу ажары. Көшкенге де ұқсайды Сұлулықтық базары. Қансыз бетін көргенде Қайтып ердің қажары, Ердің қайтып назары, Қорғанышы болған піріне Ақбілекті алып барады. «Зарыққан бала сен, – дейді, Сүйеуші бабаң мен, – дейді, Қызымды маған бер, – дейді; Азырақ тарлық көргенге Риза болып көн, – дейді. – Теріс қарап арман тұр, Мен тілекші бабаң бір, Қуаныш кіріп көңілге, Көңіліңнен кетер қайғы, кір. Сенің бабаң мен, – дейді, Ақбілек қызым сен, – дейді. Басыңды көтер, шырағым, Қатты ұйықтаған нең?» – дейді. Асамен тартып сермейді , «Атаеке, мұнша неттім? – деп, Қатты ұйықтап кеттім, – деп, Ұйықтап жатқан жерімде

Нұрпейіс Байғанин Қай жерден келіп жеттің?» – деп, Көтеріп басын алады, Төңірекке қарады. Кірді қыздың ажары, Пірі жәрдем береді, Әділбайдың батасы Кесел болып қызына Таршылық көрген жер еді. Пірден жәрдем болған соң, Қалыбына келеді. Осы көлдің бойында Бейнет шеккен жер еді. Уәлидің еліне Қос тұлпармен жөнелді. Көңілі өсіп екеуі Әнін қосты сол енді. Алыс емес тұлпарға Уәли ханның елі енді. Уәли ханның бәйбіше Қызықты бір іс көрді Ұйықтап жатып түсінде, Түсінде көрген ісінде: Бір жағына қисайған Құлауға жақын ордасы. Дүниесі азуда, Әр мүлкі де тозуда. Сол күні көрген түсінде Түс қорқыныш болуда, Көңілге қайғы толуда. Ақбоз орда құлап тұр; Бәйбіше өксіп жылап тұр. Осы көрген қиын түс Жамандыққа ұнап тұр.

Нұрпейіс Байғанин Тұр екен орда қаңырап, Құлаған екен шаңырақ, Солып тұр екен аңырап. Әйелдің түсі сол болды, Бұл түсінен қорқып Бәйбіше жылап қор болды. Таң мезгілі болғанда Түс аяғы оң болды. Оң болғанның мәнісі: Құлауға тұрған боз орда Қалыбында тігіліп; Боз орданың ішінде Азамат отыр жиылып; Келіп жатыр байтақ ел Тұс-тұсынан құйылып. «Алдияр» деп көп халық Хан алдына келіп тұр. Тақ үстінде көрісіп, Халыққа қолын беріп тұр. Қараша халқы жиылып, Бұқаралар төніп тұр. Айтысқандарға Уәли Төресін тура беріп тұр. Бәйбіше еді әуелден Жалғызы кетіп жылаған, Көз жасын төгіп бұлаған. Тігілді орда құлаған. Ақбоз орда ішіне Асыл киім салулы, Неше түрлі асыл зат Үйде жинап жаюлы. Және көрді бәйбіше Ілулі жанат ордада

Нұрпейіс Байғанин Неше түрлі қаруды. Бір жақсы түс білінді, Керегенің басына Сауыт, қару ілінді. Көрген түсі бақ болды, Ұлан жиын ел келіп, Бәйбіше түске шат болды. Айналасы орданың Байланған бедеу ат болды. Қуаныш түстен оянып, Азамат басын құратты, Халқына түсін сынатты. Білімпаздың баршасы Басын қосып құрапты. Осы түсті айтқан соң, Бұл қуану – ел бағы, Елі тілек берген-ді. Ардақтысы халықтың Құбығұл жақын келген-ді. Құбығұл жауға кеткен соң, Көкірегі шерленді. Қиядан келіп байланған Екі тұлпар ат көрсең, Іздегенін Құбығұл Жаудан алып келгені, Ел тілегін бергені. Қуаныш болар халыққа, Қожа, молда, ақсақал, Түзу жорып анықта. Түстің жөні осылай Сынап, халық, парықта. Қуаныш болды хан, ханым,

Нұрпейіс Байғанин Бұрынғыдай қамықпа. Осы жору дұрыс деп, Халық қабыл алады. Жақсылыққа баста деп, Ақсақал бата қағады. Халық тарап жатқанда-ақ, Қос тұлпармен жарысып, Басыменен алысып, Аузын ашып қарысып, Құбығұл келіп қалады! Сүйінші деп патшаға Көрген жандар барады. Хан, ханымның қабыл бол Шын тілеген тілегі; Қуанғаннан бұлардың Жарылмады жүрегі. Елі-жұртын жияды, Садақа тойын қылады. Жалғызы аман қосылып, Орта ноғай халқының, Кемпір мен шал қартының Еткен жер осы мұратын. *** Бұрынғы алай-түлей азға заман, Хикаят осылайша болған заман. Әркімдер бет алдына, бет-бетіне, Жоқ еді еш сүйеніш, қорған заман. Баласы Уәлидің Құбығұл ер – Халқым осыменен болды тамам. Сөзінде кемдік болса сөге көрме, Білгенінше тапқаны осы кәрі бабаң.

Нұрпейіс Байғанин ҚАЗАҚБАЙ АҚЫН МЕН НҰРПЕЙІС АҚЫННЫҢ АЙТЫСЫ 22 жасында Нұрпейіс атақты ақын Қазақбаймен айты­ сады. Ол кезде Қазақбай 60 жасқа келген, талай топтарда жырлап ысылған жүйрік, тілге шебер ақын еді. Қазақбай: Қанатым талмас қаршыға – Жайнап дәурен сүргенім. Шеңгелім қайтпас шын болат Шын күйіме түскенде, Қиядан көзім шалған-ды Не болса да ілгенмін. Жасым жеткен арыстан, Дүбірден өлі қалыспан. Екіталай жер болса, Таптап жерге жанышқам. Әркімдер әуес сыртымнан, Қазақбай деген дабыстан. Жүйріктің жайы көрінер Алқалы дуда шабыстан. Тауым қайтып көрген жоқ Жақын менен алыстан. Алқалы топта айтыссам, Бергенім жоқ намыстан. Қамал бұзған қайратты Қызыл тілім ерікті. Тарлан тартқан Қазақбай Қиялап шауып желікті. Жырдан дауыл тұрғызам, Көмейден басып көрікті.

Нұрпейіс Байғанин Шын желденіп желгенде, Өзгеге бермен ерікті. Жас жыршыны көрген соң, Желігер жерім келіпті. Қиядан жарды ұрармын, Екпініме шыдар кім? Егескенде егеулі Жыр қылышын шығардым. Құрлыққа шыққан шынармын, Айтысуға құмармын. Азу тісім сақылдап, Қандай жүйрік болса да Қос өкпеден сығармын. Тұяғым болат тұлпармын, Дуда неғып шыдармын. Руымды сұрасаң Мен – Майлыбай Кетемін. Қашқан жерде құтылып, Қуғаныма жетемін. Осы отырған, жамағат, Жаңа талап балаға Домбырамды қолдағы Енді ұсыныс етемін. Нұрпейіс: Жырыңды байқап қарасам, Ешбір жоқ сенің ғапылың, Жаңа өспірім бала деп, Жетіспеген шала деп Толмады ма тақымың? Өзіңді сонша зорайтып, Мұнша неге тасыдың? Түлектен шыққан шынығып

Нұрпейіс Байғанин Балапан бүркіт мен болам, Құлағыңды сал, сұңқарым. Тұяғым тастан қайтпайтын, Жарауым түскен тұлпармын. Бәйгелі жерге қосқанда Жер танабын құртармын. Қазақбай ақын келед деп Сәрсенғали, Құлназар Ат жіберіп шақырды. Қанша бала көрсең де, Толтырармын тақымды. Өзіңді зорға санайсың, Мені кімге балайсың? Аржақ пенен бержағын Алыстан орап қарайсың. Қарағанмен, Қазеке, Сен бір гүлсіз қу ағаш, Миуалы мен балдырған. Сүйексіз қызыл тілімді Жаңылдырман, талдырман. Тарлан тартқан көкжалға Жастығымнан шалдырман. Қырқып қиып желісін, Ағыным бөгеп өрісін, Кілтсіз кісен салдырған. Естуімше сыртыңнан Жырдың ағыс көзі едің, Айтулының өзі едің. Сіздей жүйрік шежіре Іздеген менің керегім. Аңсағанда алдымнан Тілегенім табылған.

Нұрпейіс Байғанин Тарлан тартқан жүйріксің Талай топта шабылған. Екпінің күшті көрінді Тас аунатқан ағыннан. Айрылмасам бағымнан, Кесілмесем қарымнан, Сөйле деп кезек бергенде Айтарымнан жаңылман. Тас кесетін алмастай Жыр күштісі табылған. Алшысыңда ақ алмас Сенен қорқып тарылман. Даңқыңды естіп сыртыңнан, Бір кездессем деп едім. Дүбірің алып тыншымды, Жанымды жастай жеп едің. Әр мысалдан жыр жырлап, – Домбыраны беремін. Жасы үлкен қарт аға, Қазекең алсын кезегін. Қазақбай: Домбыраға үн қоссам, Әнге жырым жарасқан. Алпысқа жасым келсе де, Жерім жоқ бұрын адасқан Шүреннен шыққан жас бала Меніменен таласқан. Талай айтқыш егесіп, Тозаңымнан адасқан. Жыр қанаты қомдалған, Жыр қымбаты таңдалған. Етектен бала алды деп,

Нұрпейіс Байғанин Арланбан да шамданбан. Дуа тиген Майлыбай, Енді бастап сөйлейін Ожырай, Кете елімнен, Елімде өткен бай менен Қайтпайтын жаудан ерімнен. Дау дегенде желіккен, Кілең мықты серімнен, Дербісәлі, Сүлекең, Кетенің биі – данасы, Халқымның қорған, панасы. Әулие өткен жан еді, Үлгі болған халқыма Керемет үгіт, санасы. Ел бастаған ер еді, Ерлер мен биім көп еді. Ежелден-ақ Майлыбай Мақтауыма сиятын, Аузыма толы сөз еді. Ақынды айтсам мақтанам: Ожырай, Кете, астанам Жастілеу мен Бақберген Тасыған судай қаптаған, Майлыбайдай ерім көп, Елді берік сақтаған. Білімі артық биім көп Екіталай жерлерде Елдің сөзін бастаған. Малы өріске сыймаған Сан жетпейді байларым. Ак сүйектің ұлындай Елден озған паңдарым, Таршылықта жол тауып,

Нұрпейіс Байғанин Орындаған арманын. Осынымның бәрі рас, Айтпаймын сөздің жалғанын. Көпті көрген көнемін, Біраз жерден қармадым. Екіталай кезеңде Қабады жайын қармағым, Ежелден ақын үлгілі, Мен – Майлыбайдың бұлбұлы, Басады, балам, салмағым. Қартайып жасым жетсе де, Батпай кетпес бармағым. Жыршының сөз табады тіл мен жағы, Майлыбай, Бақтыбайдың артық бағы. Ерегіс екіталай сөз болған соң, Қартыңның айдын көлдей шалқыр шағы. Аяма барың болса қимылдап қал, Жас бала, кезегіңді бердім тағы. Нұрпейіс: Ақылмен ойлап сөз табар Адамзаттың данасы. Өзіңе аян, Қазеке, Әлімнің алты баласы: Біреуі Кете Майлыбай, Терістаңбалы Ожырай. Ән мен жырым сайма-сай, Ата тектен жырласаң, Бола алмассың маған сай. Ерлерімді екшесем, Сонда менің көңілім жай. Біз – баласы Әлімнің, Өзімнің атам – Жаманақ,

Нұрпейіс Байғанин Жыр жырлаймын саралап, Жөн білмейтін олақтай, Сөз айтпаймын қаралап. Қаймығып кімнен қорқайын, Кім қымбат та, кім арзан, Атадан бастап айтайын. Тұқым, текте кемім жоқ, Айтыстан неге қашайын. Орыстан өрген үш бала: Есенәлі, Айдарбек, Есенәлі баласы, Жетеу екен шамасы. Шектінің шексіз ерлігіне Болмаған ешкім таласы. Құрманай мен Құттық, Жиеншора, Жолшора, Асан, Үсен, Кішкене – Осылар туған баласы. Өзімнің атам Бөлек-ті, Бөлектен туған кім десең, Шамаң келсе, Қазеке, Айта бер бетке мінімді. Тіл – найзаңды салып көр, Аяма жас деп ініңді. Сендерді жерге қаратсам, Сұрама, жұртым, құнымды, Тілеу-Қабақ мың айдап, Қай жауынан сүрінді? Оқпен атып шіркейді Мергендігі білінді. Алысқанмен алысып, Әділдікке жүгінді. Сөзбен егеп, Қазеке,

Нұрпейіс Байғанин Шығарма сыртқа түгіңді. Тілеуімнің ішінде Әулие өткен Мөңке би, Дәулет пен баққа асқандар, Қайырын судай шашқан бар. Халқыма жаққан бар, Халықты қорғап баққан бар. Түрлентіп салған әнім бар, Әнде көркем сәнім бар. Өркешті туған нарым бар, Ұзынсақал, Қарақұл, Батақтан туған Сарым бар... Жайнап туған жас жанмын, Аруағым бар, ар, намыстан, Айтуыма сыймай ма, Көтібар мен Арыстан? Шектінің туын шыңға ұстап, Талай жаумен алысқан. Дұшпанын жерге жанышқан, Ерегескен жерінде, Табан тіреп қарысқан. Жауды көрсе ақырған, Ұрысқа елін шақырған, Егескен жауын қашырған Қарсыласқан қалың жау, Аяғына бас ұрған, Сол секілді ерлерді Халыққа айтпай жасырман. Көтібардың алты ұлы Алтауы да берен ер, Дұшпанын басып жеген ер, Бәрі айтулы кемеңгер,

Нұрпейіс Байғанин Ерінген күнде би болып, Еріккен күнде ер болып, Жау табылса деген ер. Есет ер елде бас болған, Ерлігіне елі мас болған. Хандарменен қас болған. Хан алдына келгенде, Қаймықпас қара тас болған, Есет емей кім еді, Ақсүйекті жылатқан Айқайлап салған ұраны, Кетпейді әлі құлақтан, Тоғыз арыс Назарым, Назарымды жырласам, Кіреді сонда ажарым. Өлең – жырдың, Қазеке, Қыздырамын базарын. Бес Шүреннің ішінде Елубай, Жарас ерім бар. Туғаннан туға таласқан, Туы күнге жанасқан, Ешкім мықты болған жоқ, Елубай мен Жарастан. Айтыстан бұрын, Қазеке, Көзіңді сал еліңе. Қаратаңды мақтама Қоңсы қонған жеріне, Қатынымен екеуі, Жылап барған кешегі Дәрібай, Есет еріме. Батырлары Есеттің Ат жаратып баптаған, Қарағай найза саптаған,

Нұрпейіс Байғанин Елге келген қонақ деп, Дәрібай, Есет ерлерім Қаратауды сүйген ер, Талай жерді кезген ер, Талай жауын езген ер. Сол ерлерді кемітпей, Тарлан тартқан, Қазеке, Тіліңізді тарта көр. Қазақбай: Білікті кем болмайды болса дана, Сөзімді менің айтқан тыңда, бала. Майлыбай, Бақтыбаймен бөтен емес, Қарағым, ойға салып, ойлап қара. Екі елдің жігін ашып таласпайық, Ішінде Тама, Табын адаспайық. Айтыстың алды, арты осы болсын, Бұл сөзді бөтен жерге таратпайық. Жаңа өспірім баласың, Дауылдап өрттей жанасың. Балалықтың жөнінен Қатты кетіп барасың. Қарт ағаңды сыйламай Найзадай тілді саласың. Біздің Арыс, Кетеде Байқошқар мен Құттық-ай, Бәрі тегіс, бәрі бай. Малы жонға сыймаған Есмағамбет, Өмірбай, Байлықпен озды Көздібай. Көздібайдың Бітені

Нұрпейіс Байғанин Болып өтті қонақжай. Мал мен бағы сайма-сай, Байыңды айтшы осындай? Мақсатқа мақтау сиятын Байқошқарда Оразбай. Қайсы бірін айтамын, Біздің Кете бәрі бай. Ағып жатқан аппақ май, Дәулеті мен бағы тең. Қайнатулы қызыл шай, Шалқып жатқан жерім кең. Теңгерісіп айтыссақ, Майлыбайдан елің кем. Өте алмассың, шырағым, Қиыннан өткел салармын. Қазулы ор сен болсаң, Өткел бермес дариядай Алдыңнан орап ағармын. Жеңемін десең жырымның Қиынын келтір желімдеп. Айтып өттің бірталай Шектімде көп ерім деп. Мен – Майлыбай Ақкете, Сүйегім қызып желігіп, Өзіме-өзім сенемін, Дуды көрсем желемін. Байың менен еріңнің Қалдырмай айт дерегін. Жалын атқан жас бала, Жастығына мас бала, Кезегіңді ал, беремін.

Нұрпейіс Байғанин Нұрпейіс: Қазақбай, білдім жайыңды, Болдың ба айтып байыңды? Мен білмейтін байың жоқ, Қайыры жоқ малынан, Зекеті жоқ жанынан, Байдың несін мақтайсың? Құдайы қонақ келмеген, Бір аяқ ас бермеген, Бөтен түгіл өздері Мал рахатын көрмеген. Табындар отыр арада, Екеумізді сынаған. Ұят та болса айтайын, Бір сөзің жоқ ұнаған. Қайыры жоқ байларың Бір мал өлсе жылаған. Шеберлікпен Қазақбай Жоқтан барды құраған. Жасы жеткен ақсақал Алыстан айтып орадың. Бейсенғали, Құлназар, Екеуміз де қонағың. Бұл Қазекең мақтайды Құнсыз болыс Оразын. Әдеттенген кісі екен Айтысқанда әр жерде Ақынның тауын қайырған. Құрыш болат мен алмас, Тасқа салса қайтпайтын. Бәрін айтып нетейін, Білдіріп қана өтейін. Егізімнің сыңары

Нұрпейіс Байғанин Тілеу-Қабақ, ауылым, Бірге тума бауырым. Айтпен, Бұжыр дейді жұрт Кіші жүздің сауырын... Күркіреген Көтібар, Қаймығып жолдан таймаған, Қалың қолды көргенде, Жігері тасып қайнаған. Халықтың қамын ойлаған, Жолдастарын қорғаған. Қарақұлдай ерім бар Қарағай найза толғаған, Талай-талай жауларға Аттанысқан аламан Ханмен, баймен қас болып, Талайын жұлып талаған. Өтірік десең көзіме айт, Дәрібай менен Қарақұл, Бар ма еді жауды санаған? Ерлігіме мақтанам Дұшпанын қылған қара қан... Жауға бүлік салған ер, Беттеген жауын алған ер, Бұл дүниеде опа жоқ – Соларды да алды қара жер. Сен қараңғы тұмансың, Мен жайнаған панармын, Қиыннан өткел табармын. Шындықпенен шідерлеп Аяғыңнан шалармын. Жырмен болат суарып, Алдыңа бөгет салармын. Өтірікті өнер көрмеңіз.

Нұрпейіс Байғанин Негізін іздеп табармын. Бала екен деп басынба! Жасың үлкен болса да, Қасқайып кезек алармын. Бай, мырзаға жалбақтап Бағынасың сонша тым, Ар емес пе өзіңе. Айтқаным достық көзіңе Емес пе, жұртым, мұным шын?

Нұрпейіс Байғанин АҚКЕНЖЕ Мен жырлайын, тыңдаңыз, Жас күнімде көргеннен, Сақтаулы бір сөз көңілімде Айтуға қартың жөнелген. Бес Шүреннің ішінде Жалғыз үйлі бір Тама Қорлық көріп жерленген. Таманың аты – Батырбек, Тама бір үй, Шүрен көп, Күнде қорлық көргеннен Сол Тама жүрді еңіреп. Екі ұл, бір қыз баласы – Көзінің ағы, қарасы. Қызының аты – Ақкенже: Ақ алмастың сағасы, Айдын көлдің жағасы. Алтыннан артық Ақкенже – Ата-анаға бағасы. Ақкенжені айттырған Төрт жасында шамасы. Ақкенжеден кем емес Көшектің де баласы. Шүреннен шыққан алаяқ Көшек қу еді құдасы. Көшек құда менсінбей, Алшақ болды арасы. «Жалғыз үйлі келімсек» – Батырбектің жаласы. Бойжетсе де Ақкенже Жегжаттығы болмады,

Нұрпейіс Байғанин Құда болып оңбады, «Қара қарын Тама», – деп, – Құдасы күліп, қорлады. Жалғыз үй қызын алғаным, Қорлық қой деп ойлады. Арада біраз жыл өтті, Он сегізге қыз жетті. Ешкімге қызын бере алмай, Берейін десе басқаға, Жалғыз үйлі Батырбек Өз күшіне сене алмай, Он сегіз жасқа толғанда Ақкенжедей аруың: – Меңдіқара келсін, – деп, Көзімен келіп көрсін, – деп; Тең көрмесе бойына, Рұқсат маған берсін, – деп, – Хабар салды күйеуге. – Шақырғанға бармаймын, Қатар көріп алмаймын. Қаңғы Тама қызына Көзімнің қырын салмаймын. Қыз өзіне қарасын, Мен бір биік жоталы Асқар Алатаудаймын. Созғаныма қол жетер Өз теңімді таңдаймын, Рұқсат бердім мен, – дейді, – Алады деп, Ақкенже, Дәме қылма, сен, – дейді. Ұлан-байтақ халықтан Табылар саған тең, – дейді.

Нұрпейіс Байғанин Ақкенже сұлу жылады, Көзінің жасын бұлады. Меңдіқара аласын – Сәлемінен сынады. Күйеуі тастап кетті деп Естиді елдің құлағы. Бойына сұлу мін көріп, Қайғымен жасын бұлады. Мендіқара мырзадан Сұлу үзді күдерді. Қатыны бар шалдар да, Қатыны өлген жандар да Айттыра кісі жіберді. Әкесіне көнбеді, Ықтиярсыз әкесі Ешкімге оны бермеді. Ізбасар дейтін ауылда Атақты тұқым тегі еді, «Мықтылық пен болыстық Бізге мирас», – деп еді. Алпысқа келген шал Дербес Ақкенжені алсам деп еді. Бәйбішеден бала жоқ, Перзент еді керегі. «Тамақ істеп берсін, – деп, Біздің үйге келсін», – деп, Ақкенжені ардақтап, Арам Дербес шақырып, Қармағына түсірмек. Ақылдасар адам жоқ, Тек әкесі болмаса, Жанашыры және жоқ

Нұрпейіс Байғанин Шарасыз қыз қамалды, Бармасына амал жоқ. «Ақыл айтшы, көке?» – деп, Әкесінен сұрады: – Ел ішінде жалғыз үй, Қара қарын мен едім, Жалғыз қызым сен едің. Өзің ойла, шырағым, Құтылатын амалды, Ақыл таппай қарт әкең, Жөн таба алмай қамалды... – Амалым бар ма, барайын, Қалпын байқап қарайын, Шамам келсе орайын Өзім ойлап табайын. Егер теңдік бермесе, Көзімнің жасын көрмесе, Мені ауылға меңзесе, Сорлы басым нетермін, Жылаумен шалға кетермін, Зарлай-зарлай өтермін... Көзіңе күйік болғанша. Әкесі мен шешесі Үйде жылап қалады, Амалы жоқ Ақкенже, Шарасыз кетіп барады. Көргеннен-ақ Дербес шал Қызды еркіне қоймады. Көнбеймін десе ұрады, Көзден аққан ыстық жас Омырауын жуады. Қартыш деген молданы

Нұрпейіс Байғанин Шақыртып алып сол күні Басып неке қияды. Артынан келер адам жоқ, Қыздың көңлі торықты, Өлтірем деген сөзінен Ақкенже сұлу қорықты. Ел билеген Дербеске Шарасыз әйел болыпты. Амалы бар ма Ақкенже, Туысқан жоқ, тума жоқ Қапас күнге жолықты. Айдай ару Ақкенже Шалға қатын болады, Меңдіқара мырзаның «Жесірің шалға кетті» деп, Бетіне әркім соғады. Бай баласы басылып, Арланып атқа мінеді, Үйшікке мырза келеді, Үйезге арыз береді. Жетік тілмаш Байсалы: «Үйшіктегі үйездің Билігі менде», – деп еді, Есебі жоқ ақшаны Байсалыға береді. Айыбымен өзіне Ақкенжедей аруды Қайтарып берем деп еді. Көп кешікпей шақыртып, Қыз бен Дербес зәлімнен Жауап алам деп еді.

Нұрпейіс Байғанин Орнына ісім келді деп, Қуанып елге келеді. Кешікпей-ақ шақыртқан Қызға да хабар барады, Алаяқ Дербес қалтаға Көп ақшаны салады. Жеті жігіт қасында, Ақкенжені ертіп ап, Үйезге жетіп барады. Қыз үйезге келеді, Залым тілмаш Байсалы Жауап алған жері еді. Әйел де болса артықша Ақылы дария көл еді. «Ықтиярсыз кәрі шал, Қорашсынып кедейді Басып алды», – деп еді. Сонда тұрып Байсалы: «Бір-екі күн ішінде Жауабын ал», – деп еді. Үш күн бұлар қарады, Байсалының амалы: Өтірік қызды көнді деп, Көп ақшасын Дербестің Тағы да ептеп қағады. Алтын менен күмісті Қалтаға тағы салады. Үйшіктің игі жақсысын Бөгеймін деп параға Күні-түні жол жүріп, Меңдіқара да келіпті.

Нұрпейіс Байғанин Сары бала – Байсалы Тағы олжа болды деп, Мұртынан күліпті. «Бес жүз сом ақша берсең», – деп, Сен жағына шығам, – деп, Айтқаныма тұрам, – деп, Тек орыстың аты ұлық, Өзімізде құрал», – деп, Бес жүз теңге ақшасын Тағы да алдап қағады. «Ісім оңға келді», – деп, Мәз болып елге барады. Он бес күннің соңынан, «Ақкенже сендік болды» деп, Ашық хат қағаз жазады. Үйшіктегі адамды Тойғызам деп параға, Он төрт қара, жетпіс қой, Айдап барып салады Меңдіқарадай мырза да. Ай жарым өтіп арада Ақкенже мен Дербеске Шақырту қағазы келеді. «Қайтемін, деп, Ақкенже?» Кәрі Дербес сөз қатты. Ақкенжедей арудың Сүймеген көңлі тым қатты, «Барам десең, баралық» – Қыз сөзіне сүйеніп Қара нарға жүк артты. Кілем мен киіз көп артты, Байсалы досын көрмекке Тағы Дербес құмартты.

Нұрпейіс Байғанин Жол шығыны болсын деп, Үйдің мүлкін шын артты. Атаңа нәлет Байсалы Нәпсі үшін бұлардың Дауын созып ұзартты. Қаңбақ деген базарға Тағы да малын айдады. Дауға басы ілініп, Дүниесі бүлініп, Дербестің соры қайнады. Үйшіктегі кілең қу Арыз қуған адамнан Солай тапқан пайданы. Малды сатып базарға Сандыққа ақша салады. Байсалыдай тілмаштың Керегін сайлап барады. Қонақ қылды Дербестер – Құрмет әбден жағады. Байсалы сонда сөйлейді: – Дауға, Дербес, көп болды, Жәрдем беріп қорғадым. Меңдіқара екеуің, Бұл дауыңды қоймадың. Губернатор Геккеге Арызыңды жолдадым. Ісім ұзап кетті деп, Қайтпасын, Дербес, назарың, Бұзылмасын ажарың, Жас алпыстан асса да, Жастан артық базарың. Сонан келер рұқсат,

Нұрпейіс Байғанин Аулыңа бар да жата бер, Почта арқылы өзіңе Жібереміз хабарын. Жылмаңдаған Байсалы Арбауды әбден табады, Тағы да алдап қарады. Мүлік пенен ақшасын Тағы олжаға алады. Осыменен алданып Дербес қайтып барады. Қар кетті де, жаз болды, Жер бетінен су ағып, Үйрек ұшып, қаз қонды. Үйшіктегі алдауыш Арбап айтқан сөзіне Арам Дербес мәз болды. Көшпелі көшіп кетеді, Арада төрт ай өтеді. Бүлгін, сүргін қуыспен Екі жылға жетеді. Мал шығыны үдеді, Мендіқара, Дербестің Суыды даудан жүрегі. Байсалының алдаған Таусылмады қу ебі. Ақкенженің дауынан Бар малынан айрылып, Екеуі де жүдеді. Осы даудың зарпынан Меңдіқара, Дербестің

Нұрпейіс Байғанин Қиынға басы қалып жүр, Күйініп іші жанып жүр. Ел ішінде тағы да Сөйлеймін деп сөзіңді, Екеуінен ақырын Қулар ептеп алып жүр. Ісі оңға келмеді, Меңдіқара мырзаң да Жүрісінен танып жүр. Нақыл болды халыққа Осы Дербестің бүлігі. Сөз сөйлеген адамның Сатулы болды билігі, Күннен-күнге ұласып, Ашылды даудың тығыны. Меңдіқара, Дербестің Көп дәулеттен айрылып, Басынан асты шығыны. Мендіқара мырзаның Сүйегінен сөз өтеді, Жалғыз үйлі Тамаға Қалай да әлі жетеді. «Қызыңды өзің бердің» деп Шауып алып кетеді. Батырбектей кәріпті Талапайға салыпты. Он бес кісі құралмен Малын қуып алыпты. Бір сиыр, бір нар, жалғыз ат, Мал сілекей қалыпты. Бар малынан айрылып, Елсізде жылап тарықты.

Нұрпейіс Байғанин Туысқансыз, туғансыз, Қысқа қолды бейшара Қайғыменен жабықты. Малын талап Таманың Шүрен алып кетеді. Таманы шал алғаны Ел-елге тарап жетеді. Қалниязды шақыртып, Дербес залым алады. Сөзбен орап алды-артын, Күлімсірей қарады: – Қалнияз батыр, қайтпайтын Еңіреген ер едің. Екі талай жер болса, Батыр жүрек сен едің. Жүз де болса қашпайтын, Қайраты мәлім халыққа, Адамнан қорқып саспайтын. Барымталы жер болса, Азаматты баспайтын, Айтамын саған сөзімді. Жаныма теңеп, жас батыр, Жолдас қылам өзіңді. Осы сапар қолыңда, Ашамын десең көзімді. Кем болмайды ер жігіт Ерлігі мен ары бар, Жеделге мінген жігіттің Әр керегі табылар. Мына Ақкенже сұлудың Үйінде қалған нары бар. Соған сені жұмсаймын, Алып келсең нағылар?

Нұрпейіс Байғанин Батырбекке барып кел, Барын берсін қызына, Құлағына салып кел. Бермесе нарын безеріп, Қалайда болса алып кел. Қалнияз сонда сөйлейді: – Тама да болса батыр, – деп Қызын алған жақының. Қорлағанға әкесін Ренжімей ме, Дереке, Сүйіп алған қатының? Ақкенже естіп жылады, Көзінің жасын бұлады. Жалғыз нарын алма деп, Дербестен жылап сұрады. «Қатынның сөзі не керек, Атыңа бүгін мін, – деді. Таба қылмай дұшпанға Таңға жақын жүр, – деді; Беті алғаннан қайтпаған Қаһарлы батыр сен, – деді. Сені дауға бермеймін, Сүйенішің мен, – деді. Жылайды деп қатынды, Жалтарғаның нең?» – деді. Қамшы басты қараға, Сол күн қонды араға. Қалнияз келіп жолықты Ертең сәске болғанда, Түйе баққан балаға: – Түйеші бала сен, – деді, Қалнияз деген мен, – деді.

Нұрпейіс Байғанин Үмітің болса жаныңнан, Жалтақтамай, жүгірмек, Нарды тауып бер, – деді. Түйеші бала түнеріп, Түйені қарап тұрады. Қаһарын тіккен батырға Баяулап мойын бұрады: – Астыңда атың сабылған, Қиналып терге малынған. Түсің қатты түн қатқан, Жолаушысыз нағылған? Қатуланып Қалнияз, Балаға төне ақырды: Алты қырлы қамшыны Арқасына батырды, Шырылдап бала бақырды. Құлындай шығып дауысы Тұщы еті дуылдап, Нарға қарай жүгірді. Жас жүрегі суылдап, Аш күзендей бүгілді. Бұйдасынан жетелеп, Нарды алып келеді. Айыр кезең қызыл нар Жетекке еріп жөнеді. Басы жұмыр Батырбек Сыртынан жалын көреді. Жалғыздық түсіп басына, Батырбек сонда қамықты. Күйікпен жаны күйініп, Көзінен жас ағыпты.

Нұрпейіс Байғанин Жан-жүйесін кеміріп, Қасірет-қайғы дамыпты. Сырты бүтін, іш түтін, Құр сүлдері қалыпты. Күшейіп зорлық-зомбылық, Сондай заман түс болды. Жалғыз бенен жарлыға Көрсеткені күш болды. Кеңдік те жоқ, теңдік жоқ, Басып жейтін іс болды. Ағайын, тума, ауыл жоқ, Бірге туған бауыр жоқ. Батырбектің қолында Жалғыз ешкі сауын жоқ. Аш-жалаңаш жүрсе де, Жәрдем етер қауым жоқ. Адамға ашып айта алмай Ішінде шер, арманын, Уайыммен сарықты Ақ жүзінің бар қанын. Жан жолдасы Қанымай Қатар көшкен аулының Сұрап ішті айранын... Батырбектің туысы Тама деген ел еді, Сол Таманың ішінде Руы «Бұйра» дер еді: Түйетастың сағасы, Ақбұлақтың жағасы. Ағайыны байғұстың Әбіл, Бәбіл деп еді. Қатыны мен екеуі

Нұрпейіс Байғанин Кезек мініп атына, Майдың айы туғанда Түйетасқа келеді. Әбіл менен Бәбілдің Дидар жүзін көреді. Көрген кемдік, қорлығын Соларға шаққан жер еді. Әбіл, Бәбіл азамат Маңындағы халықтан Жәрдем жиып береді. Жас балалар сыйлайды Батырбек шал, бабасын. Құрмет етті інілер Жетпістен асқан ағасын. Елінен келіп Батырбек Азамат басын құрады. Көргенін айтып жыр қылып Мұңын шағып жылады: «Дербесте кегім кете ме?» Жасынан оқып ысылған Әбіл білгіш паң еді, Жөн сұраған адамға Айтқаны оның заң еді. Кектенгенге кезерген Арлы туған жан еді. Бейілін бермей безерген, Алды сондай тар еді. Егескенге ерімес, Өткелсіз терең жар еді. «Келдің, Бәке, маған, – деп, Заң-законды табам, – деп. Меңдіқара, Дербестен

Нұрпейіс Байғанин Кегіңді сенің алам, – деп; Аралап елді мауқың бас, Жабығып, болма алаң, – деп. Үйшіктегі ұлыққа Арызыңды жазам», – деп. Әбіл білгіш ойланбай, Арызын жазды ұлыққа, Ол да күйіп қорлыққа, Үйездегі ұлықтар Хатты оқып қарады. Батырбекке келсін деп, Шақыру қағаз жазады. Үйшік алыс, жер шалғай, Шілде ыстық, күн қандай! Түйесі арып шалдығып, Қартыңнан кетті әл-жағдай. Ел арасы тым сирек, Уағында келмейді. Батырбек қартың шөлдейді. Алыс сапар жол шеккен Қалжырап байғұс меңдейді. Есіне түсіп көргені, Жолда жүріп еңірейді. Талай қонып арада, Жиырма төрт күн өткенде, Арып, шаршап-шалдығып, Барды Үйшік қалаға. Үйшікке қартың барыпты, Қуандырды сөзбенен Батырбек нашар кәріпті. Алдағанға мәз болып, Сорлы шалың қалыпты.

Нұрпейіс Байғанин Оған билер сөйлейді: – Ұлықтан келген әмірді Әбден қабыл көреміз. Күшті келген бұл әмір, Малыңды алып береміз. Қабылдаймыз арызды, Мал өнбейді демеңіз, Сегіз бидің біреуі – Алдындағы мен, – дейді, – Мәнісін білген кісісің, Өзің ойлап көр, – дейді, – «Ер еңбегі» деген бар, Шайлығың болса бер, – дейді. Сұрап апты сол қарттың Насыбай салған шақшасын. Елді жеген жалмауыз Тағы әдетін бастасын. Қағып алды сегіз би Қалтада бар ақшасын. «Қайта тұр, қартым, сіз, – деді, Таянды жақын күн, – деді. Осы мизам ішінде Волостной үйезде – Меңдіқара, Дербесті Шақырамыз біз», – деді. Он төрті деп мизамның Қағазын қолға алады, Батырбек қайтып барады. Оңғарылды, – деді жұрт Батырбектің талабы.

Нұрпейіс Байғанин Билердің берген мерзімін Батырбек күтіп қалады... Жұлдызында мизамның Би, болыс үйезд бастады, Қасында бар көп жолдас, Елдің ішін қаптады. Пара берген адамды Би мен болыс мақтады. Пара таппас нашардың Орындамай арызын, Ілтипатсыз тастады. Мендіқара, Дербесті Шақыратын келді жер. Адамға теңдік бермейтін Азулы қара Дербесті Жығар ма екен бұл билер? Батырбекке билердің Жүзі суық көрінді, Мықтыларды көрген соң, Арасы биден бөлінді. Бәрінің бастық болысы, Көп бидің сөзін жөн деді. Екеуі де ақыры Сонша қуған арыздан Ешбір пайда көрмеді. Төресін тура берген жоқ, Туралық биден көрген жоқ. Жылап қайтты үйіне, Қайғыдан қарт өлген жоқ. Еңіреп үйге келеді, Көрген қорлық, көп құса – Еңіреудің себебі...

Нұрпейіс Байғанин Екі ай жатып ауырып, Қайғымен қарт өледі. Қысқа қолы күрмеулі, Арманда өткен ер еді. Қара басы Ақкенже Күннен-күнге үдеді. Қатты көрген қысымнан Қайда деп өлім тіледі. Жүндей сабап бәйбіше, Қайғыға толды жүрегі. Ажар кетті, өң кетті, Бәйбіше сабап меңдетті. Қармаққа шаншар еті жоқ, Жылатып күнде еңіретті. Ұсқыны менен түрі жоқ, Күннен-күнге кер кетті. Ажар-көрік бетте жоқ, Ақыл да жоқ, ес те жоқ, Арсиған құр сүйегі, Денеде шаншым ет те жоқ... Қалыбында тұрмақ жоқ, Қамқа тоны тозады. Жамандықты жақсылық Бір-ақ күнде бұзады. Жиырмадағы Ақкенже Күндерде жүкті болады. Тоғыз айдан өткенде, Санаулы күн жеткенде, Бір қыз бала туады. Көңілімнен құса кетті деп, Өзіне сұлу шарт қойды, Жаңа туған сәбиге «Алданыш» деп ат қойды.

Нұрпейіс Байғанин Еріні жылып сүйген соң. Қайғысын сұлу тастады. Талпынып бала күлген соң, О да күле бастады. Баласыз Дербес қуанып, Баланы сүйіп, қолға алды. Садаға болып сағатта, Айналды да толғанды. Кеше туған жас бала Төртке жасы жетеді, Тілі шығып, былдырлап, Үйін базар етеді... Енді қоңыр күз болып, Атырауға ел көшеді. Қонды ауыл Аралға, Шара бар ма ажалға, Сағынып көрген сәбидің Санаулы күні жетеді. Қоңыр түсті қорасан Бөбегін алып кетеді. Ақкенже ана зарланып, Қайғыменен қан ішті, Төсі сыймай кеудеге, Тұлымын жуып жер құшты: «Шарқ ұрып жүрген, құлыным, Тарылтып кетті заманды, Бал татыған шырыннан, Суалтып кеттің анаңды. Аялаған, Алданышым, Аңыраттың анаңды. Қуанышым, қуатым, Сенсіз күнім қараң-ды. Сергелдеңде жүргенде

Нұрпейіс Байғанин Сен жазып ең жарамды!» – Деп зарланған Ақкенже Ұзамай дертке шалынды. Жас жүрегін өртеді Қайғының өрті жалынды. Қызыл жүзі сарғайып, Қос өкпесі қабынды. Қайғыменен қан жұтып, Ақкенже байғұс торықты. Тор етінен арылып, Өлер халге жолықты. Жайнаған сұлу ажары Топырақтай болыпты. Жатқан жерден тұра алмай, Кірпік қағу, ұйқы жоқ, Езу тартып күле алмай, Түзелетін сиқы жоқ. Өзегіне өрт толды, Айдай сұлу Ақкенже Мезгілі жоқ мерт болды... Бұл сөзімде жалған жоқ, Әңгіме еткен араңда. Әлі есімнен қалған жоқ Біздер көрген заманда Сондай-сондай көп болды...

Нұрпейіс Байғанин НАРҚЫЗ Өткеннен жыр бастайын, Кіші жүз – Әлім Алшыннан. Бұрынғы өткен бұл сөзді Тыңда, халқым қартыңнан. Сейіт қызы Айшадай Айдай сұлу жарқыннан. Кедей қызы болса да Нұрлы өнердің күшімен Әр нәрсеге талпынған. Өлең айтып, ән созған, Домбыра тартса, топта озған. Өлең-жырды ағытып, Шаршы топта жақ тозған. Балуан еді даңқы артық Жауырыны жерге тимеген, Талай мықты балуанды Тұмақ құрлы көрмеген, Жығылуды білмеген. Бәйгесіне ат алған, Алғыс алған, бата алған. Айша сұлу жасынан Балуандығы асқан соң «Нарқыз» болып атанған. Ажарына көз салсаң Нұрланған ай сияқты. Мінезінен сынасаң – Көрген адам ұнатты. Және жүйрік жауапқа, Құрбы көңілін құлатты. Балтыр еті бесіктей,

Нұрпейіс Байғанин Омырауы есіктей. Жауырыны қақпақтай, Желкесіне ораған Бұрымы бар тоқпақтай. Келбетіне қарасаң Ерден озат көрінген. Кербездігін айтайын Басуға аяқ ерінген. Жиынды жерде жырласа Әсем, сұлу әнінен Тау бұлағы төгілген. Өнер, келбет, балуандық Бір өзіне берілген. Айналаға сүйікті, Салтанатпен жүріпті, Домбырасы қолында Сөзін елге тыңдатқан, Ақылы артық білікті. Сол заманда, сол жақта Ел билепті Мәмбет хан. Қарауындағы халыққа Көрсетпепті атар таң. Хан ағасы таз екен, Ақылы да аз екен, Інісі хан болғанға Қарап жүріп мәз екен... Әмірі зор Мәмбет хан «Қыз берсін деп ағама...» Сейітке күш сөз айтқан. Хан айтқан соң амал жоқ,

Нұрпейіс Байғанин Көнбейтұғын заман жоқ; «Хан сөзінен шығатын, – Депті Сейіт, – шамам жоқ!...» Келген елші кісіден Осыны естіп, аһ ұрып, Нарқыз тынған ішінен... Нарқыз сонда қорланды: «Жан екем ғой бағам жоқ, Әке тілін алмаймын, Тазға болып тәуелді Тіршілікте бармаймын. Өлең айтып зарлаймын, Домбырамды өңгеріп, Дүниені шарлаймын. Құрым іліп жүрсем де, Осы жатқан халықтан Өз теңімді таңдаймын... Ол сертімнен танбаймын!.. Осыны айтып бота көз Ақбоз атқа мінеді, Ер қасына шашақты Домбырасын іледі, Қайда сауық, жиын-той, Ортасында жүреді. Қыз күйігін зарлаған Елі-жұрты біледі. Жаны ашыған жақындар: «Қайран боздақ-бота көз!» – Деп ішінен күйеді. Көшіп-қонып жүретін Ханның байтақ мекені...

Нұрпейіс Байғанин Нөкерлері қасында Салтанатпен Мәмбет хан Көш алдында келеді. Түлкі тұмақ басында, Ақбоз аты астында, Күміс сапты қамшыны Мықынына таянып, Мәмбет ханның алдынан Біреу кесіп өтеді. Оны көрген Мәмбет хан Ашуланып сөйлейді: – Мен Мәмбет хан болғалы, Хандық бақыт қонғалы, Абыройымды жан төкпеген, Қадірлі едім көпке мен. Халық билеп хан болып, Қолым неге жетпеген?! Бұрын-соңды алдымнан Ешкім кесе өтпеген. Қасымдағы нөкерден Бір бесеуің барыңдар. Хан алдынан кесе өткен Жігітті ұстап алыңдар. Басына қайғы салыңдар, Ханың қорлық көргенде, Аянар не шағың бар? Білдіңдер ме, халайық, Ақын сырын ашады: Жігіт емес ол біреу, Ханның қуған жасағы – Өзімізге белгілі Нарқыз еді қашанғы.

Нұрпейіс Байғанин Астындағы атына Нарқыз қамшы басады. Бес жігіттен қашады, Бір белестен асады. Қырдың асты шабынды Көрінбейтін таса еді. Аттан түсе қалады, Тартпа менен айылын Қатты тартып алады. Қашатұғын бұл емес Бес жігіттен жаңағы. Найза, қылыш қолыңда, Бес жігітке ағады, Келе найза салады. Мақталы екі шапаннан Қарулары өтпейді. Маңайына келе алмай, Кейбіреуі шеттеді. Кейі қайрат қылса да Нарқыз елең етпеді. Нарқыз қайрат бастады, Бес жігіттен саспады. Бойын ашу басқаны. Ақбоз атпен ұмтылып, Бес жігітті атынан Жұлып-жұлып тастады. Бес жігіт күні тарылды, Қол қусырып бағынды: «Өзің біл, – деп, – ағатай!» Ер Нарқызға жалынды. Қаһарман қыз сөйледі: – Бері қараңдар, ей, – деді,

Нұрпейіс Байғанин Бәрінде де ақыл бар. «Қой қорықса ешкіні «Апа» дейтін нақыл бар. Қызды «ағалап» жалынған Ылғи, – дейді, – батырлар». Білемісің, жігіттер, Адасып айтқан сөзіңді. Адыраңдап келдіңдер Аңғармай-ақ өзімді. «Ағатай» деп айтпасаң, Ояр едім көзіңді. Не десем де бағындың, Бағынып маған жағындың. «Апатай» деп айта алмай, «Ағатай» деп жалындың. Байқадыңдар затымды, Білмедіңдер атымды. Хандарыңа айтыңдар Көрдік деп бір ақынды, Ақын емес батырды... Оған қалай теңейді Сонау тазша қатынды? Әуре болмай қайтыңдар, Мініңдер де атыңды!.. – Мінген аты жараған Қаса арғымақ шын жүйрік Сағағынан үзіліп, Басы көкке қараған. Бізді көріп ырғытты Құс дер еді оны адам. Шапқан сайын үдеді. Күдірден күдір асқанда,

Нұрпейіс Байғанин Біздің мінген тұғырлар Болдырып жолда жүрмеді. Ілесіп көрдік қарасын, Кім екенін біле алмай, Болжай алмай шамасын. Әрлі-берлі шапқан соң Көрсетпей кетті қарасын. Жүйрікке не амал қыласың? Әдейі өткен кісі екен Атының біліп шамасын. Осыған ханым нанасың!.. – Деді осылай бес жігіт, Ханның келіп алдына. Нанды Мәмбет жігіттің Сөзіне құлақ салды да: – Нөкерлерім, сырласым, Таң қаламын, ғажап жан, Ол не қылған өктем деп? Алдияр айтпай алдымнан, Жолымнан өтіп кеткен деп? Хан әмірі өктем деп, Талай сондай қашқынға Әмірім менің жеткен деп! – Ашуланды Мәмбет хан Ақбоз атты жолшыға, Кіжінді, адам неткен? – деп. Бұйрық берді хан сонда: – Көк аттыны бағыңдар, Көк ат мінген адамды Жібермей ұстап алыңдар. Көк аттыдан қорланып, Қапа болған шағым бар. Қайрылмай кеткен адамға

Нұрпейіс Байғанин Өткізетін зәрім бар. Бүгін қашып кеткенмен Ертең алар арым бар!.. Мәмбет жарлық салады, Жасауылдар жарлығын Дереу қабыл алады. Жолаушы мен жортушы Жүрер жолдың торабын Жасауылдар бағады. Көк аттылар кездессе Ханға айдап барады. Тергеп жауап алады. Жауап берген көктіге Ылғи дүре соғады. Бейнет шегіп талайы Жылап кетіп барады. Жасауылдар жалаңдап Қарауыл тағы қарады. Көк ат мініп жүруден Енді халық қалады. Осы хабар халыққа Құйынша тез тарады. Осыны естіп ер Нарқыз Ойға салып қарады: «Мәмбет ханды көрсем деп, Ерлігімді көрсетіп, Қорықпай жауап берсем деп; Сырымды алар сол төре, Көрінбей қашып жүрсем деп; Қабырғама ақыл салайын, Ойлайын ойдың талайын,

Нұрпейіс Байғанин Ел жиналған ас болса Ақбоз ат мінген қалышпен Саспай ханға барайын. Көкірегі қара хан, Алдынан ел тараған. Көп ішінде бармасам, Хан жолдасы көп адам Жалғыз барсам қапыда Ұстап алар аламан. Жиында барсам егер де Айтармын көпке сөзімді. Жиылған жиын көп халық Қорлыққа бермес өзімді. Көп ішінде сөйлейін Айтайын деген сөзімді. Сонда халық көзімен Көрсін менің күшімді, Білсін менің ісімді. Жалғыздық түсіп кәзір мен Қайырсыз ханнан ығысып, Көріп жүрмін қысымды. Ұлы жиын, той, аста Күреске түссем белсеніп, Жиналған көрер сұсымды». Осыны Нарқыз ойлайды, Көңілінде жігер, қайраты Асқан сайын Нарқыз да Бұл талабын қоймайды. Жақын күнде жиын, ас Тап бұл жылы болмайды. Малы семіз, халық шат, Аман шығып сол қыстан,

Нұрпейіс Байғанин Келесі жаз болғанда Көп дәулетке көңіл мас... Күзінде өлген Жарлығас, Осы байдың асына Сауын айтып халыққа Бермек болды сыйын ас. Ас бермек елге санат-ты, Әркімдер атын жаратты. Астың күні жеткенде Бәйбішелер байсалды Бай асына саба артты, Алшын, Жаппас, көп Шекті, Он екі ата Байұлы Жолдың шаңын боратты. Ел билеген би, болыс Ас беретін мырзаға Ата жолы осы деп Шәйіге жамбы орапты. Орнаған дәулет шағымда Қызметімді көрсін деп, Жағалбайлы, Жетіру Ат шаптырған еліне, Келсін деп оған тағы да, Тама менен Табынға. Рамазан, Төлеуге, Кердері мен Керейтке, Ат жетер жердің шегіне. Ол алты болыс еліне Аян болған ас екен. Көлдей қымыз шалқыған Ішкен адам мас екен. Жүйріктерді санаса Бес жүз сексен ат екен.

Нұрпейіс Байғанин Балуан келді одан көп, Асқа тіккен бәйгесін Сонда жығып алам деп, Ат пен түйе бәйгеге Күшімді бір салам деп... Келді балуан әр жерден, Айтса мақтау асырлық Саңлақтары әр елден. Осы ас көпке даң болды, Асқа сойған көп малдан Аққан өзен қан болды, Бұрын-соңды көрмеген Талай адам көрісті, Есен, сәлем берісті. Ас қызығы ұласты, Арада неше күн асты. Ат жаратып келгендер «Ат шаптыр» деп шуласты. Ат айдайтын көмбені Бәлен жерден шапсын деп, Ас басқарған мырзаның Айтқан сөзін жөн көрді. Салтанатты жүргені, Астына ақбоз мінгені, Неше түрлі асыл зат Мақпал жібек кигені. Ер мүсінді, сүйкімді Жүргені жұрт түйдегі. Құрбысынан мінезі өр, Үсті-басы сары ала, Балағында алтын зер, Дөңгелек жүз, көрікті.

Нұрпейіс Байғанин Шашын түйіп төбеге Баса киген бөрікті. Түрме белбеу белінде Кім екенін білдірмей Нарқыз асқа келіпті. Ас үйлерін тіккен жер Ұлы Жемнің саласы, Қалың жыңғыл ағашы, Саралжынның сағасы. Асқа келген көп адам Жөңкіле қырға шығады. Өтетілеу бір жарлы Түйе мініп астына, Қарағашқа ту байлап, Туды ұстап тұрады. Көптен шығып бес кісі Ат айдады бәйгеге. Жемнің бойы шаң болып, Түсіп жатыр әуреге. Биік дөңнің басында Ел жиылып болған соң, Бәтуаға келісті: «Ат айдаушы, жігіттер, Ұрлап шабу болмасын. Буаз төбе шенінен Балаларды бағыңдар. Балаларды асырап, Бері өздерің қалыңдар. Аттар қайтқан кезінде Сендер дереу шабыңдар. Бұғып келіп қоспасын, Соған көзді салыңдар».

Нұрпейіс Байғанин Сілтеу берген жерінен Тізе қосып көп бала Жүйріктермен жөнелді. Ат шапқан жер шамасы Екі көштей жер еді. Жүйрік сіңір созады, Тұяқтан жері тозады. Айқай, ұран шыққанда, Кей жүйріктер озады. Жемнің бойы айқай-шу, Шұбатылды тозаңы. Сол бәйгені көргенде Жүрек тулап кеудеңде Делебеңіз қозады!.. Ат бәйгесін көрді көз, Күрес бастар келді кез, Жарқын-жарқын естілді «Балуан шықсын!» деген сөз. Жұрт отырды айналып, Орталарын кең салып. Балуандарын әркімдер Күресуге келді алып. Қызығын көзбен көруге Анталап тұр ел, халық. Талай топта күрескен Шықты сонда балуан қыз. Сипатына көзің сал, Енді қапы қалмаңыз. Көзі гауһар көз талған, Бойы шынар ырғалған. Мүсініне қарасаң Шығар едің құмардан!.. Қымқап шапан киінген,

Нұрпейіс Байғанин Мақпал шалбар зер салған. Түрме белбеу белінде Алып ұшып жүрегі, Топта қызып сүйегі, «Келіңдер, – деп, – балуаңдар!» – Нарқыз қарап күледі. Бұрын-соңды болған жоқ Бұл Нарқыздың теңдесі. Балуандардың көргенде Түсер еді еңсесі. Балуан Нарқыз шыққан соң Балуандар тұр кідіріп. Күрескенше Нарқыз тұр Даярланып, түйіліп. Кейде бір сөз айтады Жұрт алдында иіліп: – Атым әйел болса да, Нарқыз болып туғанмын. Мақтануға сыйғанмын. Талай-талай балуанды Жерге бұлғап ұрғанмын. Қарсыма ешкім келмеген, Мерекелі жиында Жанға бәйге бермегем. Топта шығар айбатым, Халыққа аян қайратым, Бұл жиында бар ма екен Менің қатар тайласым? – Қатар балуан бар болсаң Шықшы бері, қайдасың?! – Мәмбет хан ақырды, Балуандарын шақырды. Топта озат бәйге алған

Нұрпейіс Байғанин Шақырып алды қасына «Алып балуан» батырды. Намысты алып берсін деп, Шақырып алған төменнен. «Алып балуан» атанып, Шашылған даңқы ежелден. Ат, түйені шығарған Түскен құдық тереңнен. Атын естіп Нарқыздың Күрессем деп сол қызбен Асық болып кезенген. Келбеті мен ерлігі Бұл балуанның кем емес, Тұла бойы тұп-тұтас – Келбеті ірі жан екен, Бұған да ешкім тең емес. Халық тұрды анталап. Шекпен киіп етіне, Шалбары бар кең балақ. Нарқызбенен күреске Келді көзі қанталап. Қарсы келіп екеуі Шап берісіп күресті, Ала алмады, тіресті. Бір-біріне алдырмай, Аяқтарын шалдырмай, Айламенен сіресті. Бұ да мықты жан екен Алдырмады, алысты. Жібермеуге намысты, Жығылмасқа қарысты. Сонда Нарқыз ағасы Аңғарады Нарқыздың

Нұрпейіс Байғанин Жыртылғанын жағасы. Дем болсын деп Нарқызға Сонда айтқанын қарашы: – Балуан Нарқыз сен, – деді, Кенже ағаңмын мен, – деді. Сені тәңірі алды ма, Адыра күшің қалды ма, Әлі жүрген нең?! – деді. Тілегіңді тілеп тұр Бұқара халық ел, – деді. Хан балуанын жық-дағы, Абырой ап бер! – деді. «Әуп!» деп Нарқыз ақырды, Әйелде асқан батыл-ды, Бір үйіріп жіберді, Жерге аяғы тірелді. Қаңбаққа ұсап сол кезде Хан балуаны талықсып, Қаңды көбік қақырды. Бетіне оның су бүркіп, Зорға жанын шақырды... Хан кәрленіп, шамданды, Енді Мәмбет арланды, «Тағы бірің шық!» – деді, – Балуандары қамданды. Хан балуаны тағы да Жалпақ жаурын қара екен, Бұ да айтудай бар екен. Хан балуаны жығылса, Қарашадан ар екен. Келбетіне қарасаң, Қайсар қара нар екен. Бүйірге қол таянып,

Нұрпейіс Байғанин Жан-жағына қаранып, Келді дағы Нарқызды Ұстай алды шап етіп. Қалған емес бұл балуан Еш қорғалап аянып. Ұстаса жүріп Нарқызға Хан балуаны сөйлейді: «Атандың Нарқыз сен, – дейді, Күреске келдім мен, – дейді Еркектен қыздың жолы үлкен, Кезек бердім мен, – дейді. Жолыңды ала бер, – дейді». Нарқыз айтты балуанға: «Түріңізге қарасам, Жасың үлкен ағасың. Қыз да болса кішімін, Жолыңды аға аласың. Көлденеңнен көз салып Халық бізге қарасын. Кім балуан да, кім осал, Байқасын жұрт шамасын!» Нарқыз кезек берген соң, Балуан ырғап қарады: Қозғалмайды Нарқыздың Басқан жерден аяғы. Көтеріп толғап тағы да Байқады жігіт шаманы. Басқан жерден Нарқыздың Еш аумады табаны. Әдіспенен толғады, Қос аяқтап орады, Бәріне де болмады.

Нұрпейіс Байғанин Мықтымсынып келгенмен, Балуан тағы оңбады. Кезек берді Нарқызға Жыға алмасын көргенде ол. Балуан қыздың қайратын Осы болды көрген жер. Аузыңда елдің ұраны, Арыстандай сияғы. Соны көрген халайық «Қайтер екен Нарқыз деп, Тамаша етіп тұрады. Айналдырып, үйіріп, Хан балуанын бөріктей Нарқыз тағы ұрады. Тілеп тұрған халықтың Көріп көңілі тынады... Ел бастығы Мәмбеттің Мықтап сағы сынады. Сағы сынбай неғылсын, Сеніп тұрған қос балуан Екеуі де құлады. – Күшің тасып қайнасын! Бұл бір қиын іс болды, Балуан Бегім, қайдасың? Арыстан деп атандың, Ер сыналар жер келді. Тұла бойым шымырлап, Маңдайыма тер келді. Тайынбайтын едің ер, Арланатын келді жер. Кесілмесең қарыңнан Хан-төренің намысын, Қарашадан алып бер!

Нұрпейіс Байғанин Бұл балуаны Арыстан Талайлармен алысқан. Күрең тартып тұр екен Өле жаздап намыстан. Күресем деп Нарқызбен Келген екен алыстан. Көйлегін тастап шалбаршаң, Етіне шекпен киінді, Ақ балтырын түрінді. Келбетіне қарасаң, Келісті туған ер екен. Балтырына қарасаң Нар санымен тең екен. Жауырыны қақпақтай, Бұлшық еті тоқпақтай, Айтулының бірі екен, Тұлғасы тым ірі екен!».. Отырған Нарқыз-балуанға Талтаңдап басып барады. Қасына жақын келгенде, Жаннан қайтпас ер Нарқыз Белден ұстап алады. Балуан сынап сыртынан, Жиналған жұрт қарады. Екі балуан алысты, Қолдары да қарысты. Алдырмады аңдысып Бірін-бірі бағысты. Екеуі де салып жүр Әдіс пенен амалын. Бірін-бірі жұлқиды Аудара алмай табанын. Мәмбет сонда ақырды:

Нұрпейіс Байғанин – Туған інім Арыстан, Әркім құмар өзіңе Балуан деген дабыстан. Мін емес пе өзіңе Қызбен мұнша алысқан? Келтірдің кір сен маған, Нарқызбенен алысып, Әлі жүрсің оңбаған! Атасы әйел шіркіннен Болғаның ба сен жаман? Бүйтіп тірі жүргенше, Тірі жүрмей, ел арам! Сонда Арыстан шамданды, Күшін жиып қарманды. Дем алдырмай Нарқызды Түрлі әдіске салған-ды. Ашуланып Нарқыз да Түйілген екен қабағы. Ақ бетінің қуарып, Кеткен екен ажары. Көп кісінің ішінен Шыға келіп сөйледі, Кенже деген ағасы, Екеуі Сейіт баласы. «Айналайын, Нарқызжан, Тынысың неден тартылған? Екіталай жер болса, Саған біз ек жалынған. Айрылдың ба барыңнан? Кесілдің бе қарыңнан? Бауырым, Нарқыз, қимылда, Жұртың отыр сарылған!».

Нұрпейіс Байғанин Сонда Нарқыз бойына Қайрат мықтап келген-ді. Намыс түсіп ойына Ашуланып тебіренді. Жиындағы көп халық Қайратын қыздың көрді енді: Ырғап, толғап көтеріп, Кеудеге қысып алады. Мәмбет ханға қарады: «Қара, Мәмбет, сен, – деді, Нарқыз едім мен, – деді,– Қатыны өлген таз ағаң Меніменен тең бе еді? Туған інің – Арыстан Не қылғаным көр ,– деді. Көрінсін бір шырайым! Тимейсің деп тазыңа Қайырдың талай райым. Өзім Нарқыз болған соң Қорлыққа нағып шыдайын? Қайратын көр Нарқыздың, Арыстандай ініңді Өз алдыңа ұрайын!» Арыстанды ұрады, Өкпесінен сығады, Қысылғаннан балуанның Мұрнынан қан шығады. Дүрілдетіп үйіріп, Мәмбет ханның алдына Бұлғап-бұлғап ұрады. Ортан жілік шарт етіп, Ортасынан сынады. Кескен терек секілді

Нұрпейіс Байғанин Ұзынынан сұлады. Сонда Мәмбет жылады: – Бақытым, бастан өттің бе? Маған қайғы жеттің бе? Еркек емес, әйелден Бірге туған бауырым Арманда боп кеттің бе? Арыстан балуан талады, Ақыл-естен танады. Төрелер келіп қамады, Қалың жиын халықтан Сынықшы іздеп табады. Теңге салып көтеріп Алып кетіп барады. Жігерін Нарқыз білдірді, Төре жағын жылатып, Бұқараны күлдірді: «Балуан болсаң сондай бол, Арыстан атты төренің Жілігін де сындырды!» Тілегін тілеп бұқара, Көңілі осы тынған жер. Мәмбет ханның балуанын Алдына әкеп ұрған жер. Хабар айтып Нарқызға Мәмбеттен бір елші кеп, Жіберіпті жігітті: – Маған Нарқыз келсін, – деп; Нарқыз кегі бар болса, Мәнісін айтып берсін, – деп; Нарқызға әлі айтамын, Хан екенімді білсін, – деп;

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙