Əдеби жəдігерлер 8 том
Әлібекұлы А.
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
“Əдеби жəдігерлер” сериясының 8-томына ХIV ғасырдағы түркі жазушысы Насируддин Бурһануддин Рабғұзидың “Пайғамбарлар қиссасы” шығармасы енгізіліп отыр. Бүкіл түркі халықтарына ортақ бұл шығармада пайғамбарлар тарихы баяндалып, адамгершілік пен имандылық мəселелері кеңінен сөз болады
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша
шығарылып отыр
“Мəдени мұра”
Мемлекеттік бағдарламасын
іске асыру жөніндегі
қоғамдық кеңестің құрамы
Əшімбаев М.С., кеңес төрағасы
Асқаров Ə.А., жауапты хатшы
Абдрахманов С.А.
Аяған Б.Ғ.
Əбусейітова М.Қ.
Əжіғали С.Е.
Əлімбай Н.
Əуезов М.М.
Байпақов К.М.
Биекенов К.Ү.
Бұрханов К.Н.
Досжан А.Д.
Есім Ғ.
Қасқабасов С.А.
Қошанов А.
Құл-Мұхаммед М.А.
Нысанбаев Ə.Н.
Салғара Қ.
Самашев З.
Сариева Р.Х.
Сейдімбек А.С.
Сұлтанов Қ.С.
Тұяқбаев Қ.Қ.
Түймебаев Ж.Қ.
Хұсайынов К.Ш.
Шаймерденов Е.
¶ÄÅÁÈ
ƶIJÃÅÐËÅÐ
20 томды
РЕДАКЦИЯЛЫҚ БАС АЛҚА:
Қасқабасов С., төраға
Қорабай С., төрағаның орынбасары
Жолдасбеков М.
Жүсіпов Қ.
Келімбетов Н.
Қирабаев С.
Мағауин М.
Мұқанов М.
ТОМНЫҢ РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:
Əлібекұлы А.
Дəуітов С.
Қорабай С., жауапты редактор
Майтанов Б.
Томды баспаға дайындаған: Т. Қыдыр
Сарапшы: С. Қосан, филология ғылымдарының кандидаты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МƏДЕНИЕТ ЖƏНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.О.ƏУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ƏДЕБИЕТ ЖƏНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫ
¶ÄÅÁÈ
ƶIJÃÅÐËÅÐ
8-òîì
ÏÀÉFÀÌÁÀÐËÀÐ
¡ÈÑÑÀÑÛ
Алматы 2008
ІSBN 9965–806–99–3 (8-т.) ІSBN 9965–806–41–1 © Əдебиет жəне өнер институты, 2008 © «Таймас» баспа үйі, көркемдеу, 2008 Барлық құқықтары қорғалған Басылымның мүліктік құқықтары «Таймас» баспа үйіне тиесілі УДК 82.09 ББК 83.3 (5Қаз) Ə22 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті 017 “Əлеуметтік маңызды əдебиет түрлерін шығару” бағдарламасы Томды басуға М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Əдеби жəдігерлер. Жиырма томдық. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2008. 8-т.: Насируддин Бурһануддин Рабғұзи. Пайғамбарлар қиссасы/ Құраст.: Т.Қыдыр. – 480 бет. – (Əдеби жəдігерлер) ІSBN 9965–806–99–3 “Əдеби жəдігерлер” сериясының 8-томына ХІV ғасырдағы түркі жазушысы Насируддин Бурһануддин Рабғұзидың “Пайғамбарлар қиссасы” шығармасы енгізіліп отыр. Бүкіл түркі халықтарына ортақ бұл шығармада пайғамбарлар тарихы баяндалып, адамгершілік пен имандылық мəселелері кеңінен сөз болады. Ə22 УДК 82.09 ББК 83.3 (5Қаз) Ə 4603020000 – 29 00(05)–08
РЕДАКЦИЯЛЫҚ БАС АЛҚАДАН М.О. Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көретін «Əдеби жəді герлер» атты жиырма томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда. Аталған басылымның басты мақсаты – халықтың ежелгі заманнан бергі жазба мұралары мен əдеби жəдігерлерін сол күйінде өзіне қайтару, түркі халықтарына ортақ ежелгі жəне орта ғасыр əдеби ескерткіштері мен ХV– ХІХ ғасырлардағы ақындар шығармаларын неғұрлым толық жариялау. Оқырманға ұсынылып отырған «Əдеби жəдігерлер» сериясының сегізінші томы ХІV ғасырда өмір сүрген Насируддин Бурһануддин Рабғұзидың «Қиссас ул-əнбия» («Пайғамбарлар қиссасы») деген шығармасына арналып отыр. ХІІІ–ХІХ ғасырлар аралығында, əсіресе Алтын Орда мемлекеті тұсында түркілер əдебиеті қайта өрлеу дəуірін бастан кешті. Алтын Орда тұсындағы əдеби үрдіске Алтын Орда құрамына енген барлық өңірлердің түркілері, империяның орталық аудандарында өмір сүрген қыпшақтар мен Ақ Орда, Хорезм, Қырым жəне Əзербайжан түркілері белсенді түрде ықпал етті. Алтын Орда тұсында дүниеге келген осындай елеулі шығармалардың бірі – Насируддин Бұрһануддин Рабғұзидың «Қиссас ул-əнбия» атты туындысы. Халық арасына бұл еңбек «Қиссас ул-əнбие», «Қиссас ул-əнбие Рабғузи», «Қиссас ул-əнбие 'əлəйһи əс-сəлəм» жəне «Қиссаи Рабғузи» деген атпен кең тараған. Себебі ХІХ–ХХ ғасырларда Қазан жəне Ташкент баспаханаларында осындай аттармен басылған бұл жəдігер жалпы он шақты рет жарық көрген. Əлемнің жаратылысынан бастап Хазірет Хусейннің соңғы өміріне дейін тұтастай қамтитын бұл шығарма һижри күн санағы бойынша 709 жылы (1309–1310 жж.) жазылған. Бас-аяғы бір жылда жазылған бұл шығарма, негізінен, пайғамбарлар тарихына арналғанымен де, орта ғасырлық түркі сөз өнері мен фольклорына қатысты мəліметтерді де кеңінен қамтиды. Шығарманы əр жылдары П.М. Мелиоранский, А.В. Ерофеев, С.Е. Малов, Н.П. Остроумов, Н.Ф. Катанов, В.В. Радлов, Н.И. Ильминский, В.Р. Розен, М.М. Габдерəхимов, Ғ.Х. Арифған, Ə.Н. Нəжіп, Ə.Р. Тенишев, Г.Г. Фитрат, Н.Маллаев, Э. Фазылов секілді түркітанушылармен бірге, І. Jalіl, S. Cagatay, K. Gronbech, J. Schіnkewіtsch, J. Thurі, F. Koprulu, H.E. Boeschoten, M.V. Dam me сияқты Батыс ориенталистері мен түрік ғалымдары зерттеді. Сондай-ақ Б. Кенжебаев, Х. Сүйіншəлиев, А. Қыраубаева, Н. Келімбетов, Ғ. Айдаров, Ə. Құрышжанов, Н. Сағындықов секілді қазақ ғалымдары да Рабғұзи мұрасын əдеби һəм тілдік тұрғыдан зерттеуде өз үлестерін қосты. Əсіресе А.Қыраубаеваның осы əдеби жəді герді зерттеп, ғылыми диссертация жазғанын ерекше атап өткен жөн. Рабғұзи шығармасының ең көне қолжазбасы Лондондағы Британия музейінің кітапханасында сақтаулы тұр. Бұл қолжазба ХV ғасырда жазылған, бүгінгі ғылымға белгілі ең толық əрі көне нұсқа болып саналады. ХVІ ғасырда көшірілген нұсқасы Санкт-Петербургтегі М.Е. Салтыков-Щедрин атындағы көпшілік кітапханасында сақталған. Қолда бар мəліметтерге қарағанда, осы кітапханада Рабғұзидың шығармасына қатысты 6 қолжазба, Швецияда 2 қолжазба, Париж бен Бакуде бір қолжазбадан сақталған. Бұлардан басқа бұл еңбек ХХ ғасырдың басында Қазандағы Шəмсуддин
Хусаинов пен Ташкенттегі Хасан Арифджанов баспаханаларында да бірнеше рет жарық көрді. Десек те бұл аталмыш литографиялық нұсқаларда баспахана тарапынан жасалған аздаған өзгертулер мен түзетулерді жоққа шығаруға болмайды. Соңғы жылдары «Рабғұзи қиссасынан» филология ғылымдарының кандидаты Н. Сағындықов аударған жекелеген үзінділер «Ежелгі дəуір əдебиеті» атты хрестоматияға (1991) енгізілсе, жазушы Р. Мұқанованың жасаған көркем тəржі масы «Қисса-сул-Əнбия-и Адам-атадан Мұхаммед ғалайһи уəссəлəмға дейін» деген атпен жарыққа шықты (Алматы, 2001). Шығыстанушы К. Гренбектің Лондон нұсқасының көшірмесін (факсимилесін) жариялауы (1948 ж.) бұл салаға үлкен қозғау салды. Осы нұсқаның негізінде Өзбекстан Ғылым академиясының Х. Сулайманов атындағы Қолжазбалар институты 1991 жылы мəтінді жарияласа, 1997 жылы Түркиядағы Ататүрік атындағы Тіл құрымы Рабғұзи шығармасының көшірме мəтінімен бірге транскрипциясын жарыққа шығарды. «Əдеби жəдігерлер» сериясы бойынша жарық көріп отырған бұл кітап осы аталған нұсқа негізінде дайындалды. Кітапты дайындау барысында сол дəуірдің əдеби тынысы мен стильдік ерекшелігін толық сақтау мақсатында ескерткіш мəтіні барынша түпнұсқаға жақындатылып аударылды. Сондықтан да томда кейбір стильдік өзгешеліктер мен сөйлем құрылымдары сол қалпында берілді. Шығармада кездесетін қасиетті Құран аяттары мен пайғамбар хадистерін, сондай-ақ жекелеген арабша өлең жолдарын қазақшаға тəржімалауда бізге дейін жарық көрген (Ташкент, 1991; Анкара, 1997) кітаптардың көп септігі тигенін ерекше атап өткеніміз жөн. Əрі оқырманға қиындық туғызбау үшін арабша мəтіннің аудармасын бірден жақша ішіне бергенді жөн деп таптық. Томды түпнұсқа негізінде баспаға дайындап, мəтіннің жолма-жол аудармасын, тү сін дірме сөздігін жасаған – филология ғылымдары ның кандидаты Төрəлі Қыдыр. Томда қосымша ретінде терминдер мен діни сипаттағы ұғымдар сөздігі, сонымен бірге пайдаланылған əдебиет тізімі, орыс жəне ағылшын тілдеріндегі резюмелер берілді. Томның көлемі – 480 б.
БИСМИЛЛƏҺИР РАХМƏНИР РАХИМ Сансыз хəмді сəналар, барша мақтауларға ие ол мейірімді Алла Тағала құдіретімен бізді адам (етіп) жаратты, мал (етіп) жаратпады. «Уə лəқад кəррəмнə бəни Əдəмə» («Расында біз Адам балаларын ардақты еттік»). Жаратқаннан кейін ерекше мейірімімен ер жаратты, əйел жаратпады. «'Əлəйиһиннə дəрəжəтун» («Əйелдерге қарағанда олардың дəрежелері артық») жəне тағы бізді тура жолға салды. Тура жолмен сүйіншілеп, жаман жолдан қайтарды. «Уə иннə һəзə сирати мустақимəн фəттəби'уһу» («Əрине, бұл менің жолым, тура етіп қойылған, бұл жолға кіріңдер»). Содан соң əуелгі жақсылығымен біз əлсіздерге Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) ны пайғамбар етті. «Лəқад жəəкум расулун мин əнфусикум» («Расында сендерге өздеріңнен болған елші келді»), яғни мұңдыларды Мұхаммед Мұстафаға үммет қылды. Өзге үмметтерден бізді артық қылды. «Кунтум хəйра умматин ухрижəт линнəс» («Сендер адамдар үшін жаратылған ең жақсы үмметсіңдер»). Сондай кереметпен бізді барша жаратылыстан көрікті (етіп) жаратты. «Уə суəракум фə əхсəнə суəракум уə əл-хəмду лиллəһи 'əлə мə əулə фə ни'мə əр-раббу уə ни'мə əл-мəулə» («Алла Тағала айтады: Ол сендерді көрікті етті жəне көріктеріңді көркем етті. Берген нəрсесі үшін Аллаға шүкір. Ол сондай жақсы жаратушы, сондай жақсы дос»). Мадақ пен тахият, салауат пен ғибадат əділ сөзді, сұлу жүзді, «Лəəмрукə» («Сенің өміріңмен ант етемін») тəжді (тəжін кигенге), «Лəу лəкə лəмə халақту əл-əфлəк» («Егер сен болмағаныңда, əлемді жаратпаған болар едім») сыйлы, «Субхəнə əллəзи əсра» («(Оны) түнде алып жүрген сол Алла пəк») миғражды (болған Мұхаммед (ғ.с.) ға болсын). Ол (Мұхаммед пайғамбар) – өзі мойынсұнғыш, зікірі мəртебелі, үмметіне шапағатшы «Уаллаһу йə'симукə мин əн-нəс» («Жəне Алла сені адамдардан сақтайды») хош иісті, «Уə иннəкə лə' əлə хулуқин 'əзимин» («Əрине, сен ұлы мінезді адамсың») мінез-құлықты, «Лə тəмши фил əрзи мəрахан» («Сен жерде керіліп жүрме») жүруші, «Уə изə сəлəкə 'ибəди əнни фə инни қариб» («Жəне егер пенделерім сенен мені сұраса, мен өте жақынмын») деуші, «Уə əммəс-сəилə фə лə тəнхəр» («Жəне алайда қайыршыға жекіме») қаһарлы, «Мə зəғəл бəсру уə мə тəға» («Көз тоймады жəне шектен аспады») жігерлі, «Уə кəнə қабə қаусейни əу 'əднə» («Екі жебе аралығындай жақындады немесе одан да жақынырақ») көтерілуші, «Уə лəсəуфə йу'тикə раббукə фəтəрза» («Жəне тез уақытта жаратушың берер саған жəне сен одан разы боларсың») шапағатшы, «Əт-тəибунə уə əл-'əбидунə уə əл-хəмидунə» («Олар тəубе етушілер, құлшылық қылушылар жəне шүкір етушілер») үмметті, «Уə мин əл-лəйли фəтəхəжжəд биһи нəфилəтəн» («Түннің бір жартысында Құранмен (оқумен) ояу отыр, (бұл) саған нəпіл»)
намазды, «Фə əухə илə 'əбдиһи мə əухə» («Алла пендесіне айтқан сырын айтты немесе берген уахиын берді») сырлы, «Лə ухси сəнəəн 'əлəйкə» («Саған деген мадақты айтып тауыса алмаймын») жалынышты, «Қум əл-лəйлə иллə қалилəн» («Түнімен тұрып тұр (намаз оқы.), тек аз бөлімінде») тұрушы, «Лиилəфи қурайшин» («Жақындастырмақ үшін Құрайыш (тайпасын)») туысты, «Əс-сабиринə əс-садиқин» («Сабырлылар мен шынайы берілгендер...») қолдаулы, «Уə жи'нə бикə əлə хəулəи шəһидəн» («Біз сені оларға куə етіп жібердік») айғақты, «'Əсə əн йəб'əсəкə раббукə» («Мүмкін, саған жаратушың жіберер (ұлы мақамды») бақытты, «Əлəйсə Аллаһу бикəфин 'əбдуһу» («Алла пендесіне кепілдік етуші емес пе?!») ілтипат етуші, «Уə иннəкə лəтəһди илə сиратин мустақимин» («Əрине, Сен тура жолға бастайсың») тура жолға жетелеуші, «Шəһру рамазəн əллəзи унзилə фиһи əл-Қурəну» («Рамазан айы сондай бір ай, ол айда Құран түсірілген») аятты, «Иқтəрабəту əс-сə'əту уə əн-ншəққə əл-қəмəру» («Қиямет жақындады жəне ай екіге бөлінді») ишаратты, «Иннə əрсəлнəкə шəһидəн уə мубəшширəн» («Əрине, біз сені куəлік беруші жəне сүйіншілеуші үшін жібердік») сүйіншілеуші, пайғамбарлар туысы, сопылар жетекшісі МҰХАММЕД МҰСТАФА (с.ғ.с). Дін шариғат амалын биік қылған Мұстафа, Күпір, зұлмат тауларын жерге көмген Мұстафа. Ол ата-анасын арттырып үммет үшін, Жалынып Хақтан шапағат сұрап алған Мұстафа. Қауымы назын көтере алмай көкке ұшқан Иса ол, Үмметіне болысып жерде қалған Мұстафа. Ол жиырма үш жыл еңбектеніп, көрмеді күні-күн ұйқысын, Күнəһар үммет күнəсін Хақтан сұраған Мұстафа. Ол қиямет күнінде, шапағат қаруын бойға асып, Жалбарына тұрып, жалына күнəлі болған Мұстафа. Елшілер миғраж түнінде Бəйт Мақдисқа келіп, Əр шапағат өтерде басшы болған Мұстафа. Түсер екен Мұстафаны қолынан тұтып Жебірейіл, Жоқтағанда Жебірейілді жолда салған Мұстафа. Төрт досыңа, тоғыз əйеліңе, екі немере ағаңа, бақыт иесі һəм жəннəт тұрғыны болған ұлдарыңа жалынды сəлем болсын. «Уə сəллиму тəслимəн кəсиран». Əммə бə'д (сонымен), бұл кітапты жазған, құлшылық жолында төзген, күнəһарлық даласын кезген, азығы жоқ, күнəсі көп Рабат оғызының қазысы Бұрхан ұлы Насируддин ұрпағы, (Сатараллаһу 'əлəйһи əссалəмəтə уə рахимə шиябəһу) былай дейді. (Əжəлл ут-таж ул-'умара уə мухиббул-'улама) бектер ұрпағы, жігіттер сардары, ұлы атты, құтты затты, ізгі мінезді, ислам сауытты, моғол текті, мұсылман дінді, адамзат сүйеніші, мүміндер қуанышы, беделі ұлы, ақылы теңіз бегіміз Насируддин Тоқбұға саббатуллаһу 'əлə динил-ислəм уə сəлəмуһу.
Насируддин Тоқбұғабектің мадағы: Дұрыс арман, тура қылық, Пəк, таза шектен аса Көктен ұлырақ беделі. Мұрасы бектік дінінде, Сұрар оны ұстап жаға, Қуанышы ақырет мүлкі. Əсілі моғол екен текті, Ислам үшін тұтты жаға, Болды Расулдың үмметі. Құлшылық етер түн-күндізі, Алар сабақ мұсхафқа қарап, Құран оқу əдеті. Тəспі тартарда қуанып, Інжу болар жасы ағып, Есітілсе Құран аяты. Еретін шексіз барша, Тура сөйлер сөзді ұға, Артық қажетті жолы. Раббыдан сый болып оған, Хақ береді құтты баға, Көрікті сұлу бейнесі. Ізгі амалмен жүріп, Дос қызығар, дұшпан қарап, Артар баршадан құрметі. Күндіз оқыр, түнде тұрар, Құлшылық етер кірер мешітке, Арыстан жүзді сəулеті. Жасы кіші, жолы ұлы, Заты анық бек Тоқбұға Ол Насируддин көниясы. Ел билесін, жүз жасасын, Болып бағынышты Жаратушысына, Бұдан артар жақындығы. Тарих жүз елуге кірген алғашқы жылдары хат-хабар тасушы жетіп: «Пайғамбарлар қиссаларына шексіз ықыласым бар. Əр жерде кейбірі тура, кейбірі қате, біразы анық, біразы шала, бірінің сөзі аз, енді бірінің мақсаты қысқа екені баршаға белгілі. Енді сенің қолыңнан шыққан, қаламыңнан дүниеге келген, сенің кітабың, сенің туындың болған бізге «Қисас ул-əнбия» болса, оқуға керек, үйренбекке ыңғайлы болар еді» деген ұсыныс-тілек болды. Өзімді қаншалықты бұл іске əлсіз, мұндай амалға лайық еместігімді жақсы білсем де, өзімді зорлап, уақыт болсын деп бұл ауыр іске қол ұрдым. Алла Тағаладан соңына
дейін медет сұрап, кітапты бастадық. Мұндағы мақсат пайғамбарлар қиссасы еді, алайда Адам (ата) нан бұрынырақ жаратылған (заттар) бар болғандықтан, содан бастауымыздың пайдасы артығырақ болсын деп, тəртіп бойынша жаратылғаннан бастадық. Іздегенге оңай, тілекшіге сүйеніш болсын деп «Қисаси əр-Рабғузи» (деп) ат қойдық. «Уаллаһу əл-муəффақу əл-итмəмə уə һуə уəлийу əл-ин'əм уə əл-икрам». «Қалə Расулуллаһи саллаллаһу 'əлəйһи уə сəллəм: кунту кəнзəн хафийəн фə хəлəқту хəлқа» («Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Алла: Мен бір жасырынған қазына едім, мені танысын деп халықты жараттым» деген», – деді»). Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) айтты: Хақ Сұбхану уə Тағала былай деп жарлық етті: Мен бір жасырын қазына едім, менің Тəңірлігімді білуші ешкім жоқ еді, менен пайда алсын деп болмысты жараттым. Мен олардан пайда алайын деп жаратпадым. Көк пен Жердің жаратылуы жайлы Хабарда былай келеді: Алла Тағала баршадан бұрын бір гауһар жаратты. Ол гауһарды жаратқан соң, сол гауһарға айбатпен қарап еді, гауһар еріді. Су болған соң, содан кейін желді жаратты. Судың үстіне түскен соң көбіктенді. Ол көбіктен түтін шықты, ол түтіннен аспанды жаратты. «Йəумə тəти əс-сəмəу бидуханин мубинин» («Аспан анық бір түтін келтірген күні…»). Ол су Алла Тағаланың айбатынан қайнап қоюланды. Ол көбіктен Қағба орнындай жер жаратты. Содан кейін көкті жаратқалы кірісті. «Суммə истəуə илə ас-сəмəи фə сəуəхуннə сəб'ə сəмəуəтин» («Сосын аспан жаққа қарады жəне оларды жеті қабат аспан етіп жаратты»). Көкті жаратып болғаннан кейін, ол жаратылған жерді батыстан шығысқа дейін созып, кең етті. «Уə əл-əрза бə'дə зəликə дəхəһə» («Жəне жерді содан соң төседі»). Бұл жерлер мен көктер бір қабат еді, құдіреті бірлə көкті жерден айырды, əрқайсысы жеті қабат болды. «Аллаһу əллəзи хəлəқа сəб'ə сəмəуəтин уə мин əл-əрзи мислəһуннə» («Алла сондай, Ол жеті аспанды жаратты жəне жерді де сонша (етіп жаратты)»). Бұл жеті жер су үстіне жаратылғанда көркеймеді, теңселе бастады. Оны көркейту үшін тауларды оның үстіне қазық қылып жаратты. «Əлəм нəж'əл əл-əрза миһəдəн» («Əлде біз жерді төсек қылып бермедік пе?!»). Жəне Алла Тағала барша əлемді алты күнде жаратты. «Уə лəқад халəқнə əс-сəмəуəти уə əл-əрза уə мə бəйнəһумə фи ситтəти əйиəмин» («Расында біз аспандарды, жерді жəне ортасындағы барлық нəрселерді алты күнде жараттық»). Хабарда былай келеді: Жексенбі күні көктерді жаратты. Дүйсенбі күні аспанда айды, күнді, жұлдыздарды жаратты. Сейсенбі күні əлем ішінде құс-құрттарды, періштелерді жаратты. Сəрсенбі күні суды жа ратты, желді, бұлттарды шығарды, ағаштарды, жем-шөптерді жаратты, өсірді. Несібелерді үлестірді. Бейсенбі күні жұмақ пен тамұқты, мейірім мен азаб періштелерін жаратты, хорларды (хор қыздарын)
жаратты. Жұма күні Адамды жаратты. Сенбі күні еш нəрсе жаратпады. Бұл барша нəрселерді, тағы мыңдаған заттарды көзді ашып-жұмғанша жаратуға құдіреті бар еді. Алты күнде жарату себебі – Мен құдіретіммен үй, шаруа қыл маймын, сендер əлсіздіктеріңнен асықпастан, бірте-бірте жасаңдар деп құлдарына тəлім берді. «Қалə Расулуллаһи (с.ғ.с.): Əл-əжəлəту мин əш-шəйтан уə əттəни мин əр-Рахмəн» («Алланың елшісі деді: Асығыс шайтанның ісі, асықпау Рахманның (Алланың) ісі»). Аспандардың сипаты Алғашқы қабат көк (аспан) жасыл зүмірредтен жасалған. Аты – Рафиқ. Періштелер өз бейнесінде, үлкендерінің аты – Исмайыл. Екінші қабат көк күмістен жасалған. Аты – Руқға. Періштелер бүркіт бейнесінде, үлкендерінің аты – Рақабил. Үшінші қабат көк жақұттан жасалған. Аты – Қайдам. Періштелері сиыр бейнесінде, үлкендерінің аты – Кукəбил. Төртінші қабат ақ інжуден жасалған. Аты – Мағун. Үлкендерінің аты – Нубяйыл. Бесінші қабат көк алтыннан жасалған. Аты – Ратқа. Періштелері хор бейнесінде, үлкендерінің аты – Сифтбайыл. Алтыншы қабат көк, сары жақұттан жасалған. Аты – Заха. Періштелері қызметкер бейнесінде, үлкендерінің аты – Рағбайыл. Жетінші қабат көк нұрдан жасалған. Аты – Ариба. Періштелері адам бейнесінде, үлкендерінің аты – Нурбайыл. Жерлердің сипаты Алғашқы қабат жердің аты Рамка. Ақым атты жел үстінде жетпіс мың мұрындықпен. Əрбір мұрындығы жетпіс мың періштенің қолында. Екінші қабат жер аты Жулза. Оның ішінде тамұқ шаяндары бар, қара түйе секілді, құйрықтары найза сияқты. Əрбірінде алты жүз алпыс арқа, əрбір арқасында алты жүз алпыс бас, əрбір баста алты жүз алпыс улы алма. Соның біреуін бұ дүниеге берсе, барша əлем халқы өлетін еді. Үшінші қабат жер Арқа. Оның ішінде тамұқ өрмекшілері (бар), əрбіреуі Қаф тауынан да үлкен. Төртінші қабат жердің аты Харна. Оның ішінде тамұқ жыландары бар. Əрбір жыланның мың тісі бар. Əрбір тісі құрма ағашы секілді, əрбір тістің түбінде у тола он сегіз алма бар. Бесінші қабат жердің аты Малса. Іші толған тамұқ тастары. Алтыншы қабат жердің аты Сижжин. Оның ішінде тамұқтағылардың жаны бар. Жетінші қабат жердің аты Ажиба. Ібіліс сонда тұрады. Əр жылы бір шығып, қайта кіреді. Əрбір күннің қалыңдығы (ұзақтығы) бес жүз жылдық жер, арасы да сонша. Жəне қалыңдығы да сондай, арасы да сонша. (Ей, адам баласы), «Əл-қаулу фи халқи əл-мəлəикəти уə əл-жинни уə əл-инси» («періштелер, жындар жəне адамдардың жаратылуы
туралы сөз») Алла Тағала періштелерді оттың нұрынан, перілерді оттың жалынынан жаратқанын біл. Тегі бір болғанымен де, үш жағдаймен айырмашылығы бар. Біріншісі, періштелер нұрдан, перілер от тан жаралды. Екінші, періштелер мəлəк (періште) атанды, перілер жын атанды. Үшінші, періштелер орны жоғарғы көкте, перілер жерде болды. Хабарда былай келеді: Алла Тағала тамұқ ішінде екі халық жаратты, бірі – еркек арыстан бейнелі, аты Жаблит, жəне бірі – сырты бөріге ұқсайды, аты Таблит. Жаблиттің құйрығы жылан секілді, Таблиттің құйрығы шаян сияқты. Жаратушы Алланың жарлығымен ол екеуінің құйрығы тамұққа түсті. Тамұқ ішіндегі жыланның бəрі Жаблиттің құйрығынан болса, шаянның бəрі Таблиттің құйрығынан (жаратылған). Таблитті некелеп Жаблитке бер деген жарлық Жебірейілге болды. Барша мақұлықтардың ішінде алғаш болып некелескен солар еді, олардан бұрын некелесу болған жоқ. Жаблит пен Таблит екеуі қосылған соң, екі-екіден балалары туылды. Бірі ұл, бірі қыз. Жаблит ол қызды бірге туған ұлға беретін. Жетінші қабат балалары туылғанда, ол ұлға Харис деген ат қойды. Бұл Харис өте аяр еді. Жаблит ол қызды Харисқа берейін дегенде, Алла Тағаладан: «Бұдан кейін бірге туған ұлға бермегін. Оңынан жəне солынан туғанға бергін» деген жарлық болды. Ол үкімді орындады. Жаблит Хариспен бірге туған қызды басқа ұлға берді, Харис өкпелеп, басқа қызды алмады. Тамұқтың бір бұрышында отырып, құлшылыққа бел байлады. Неше жылдар құлшылық қылған соң, Алла Тағала (оны) бесінші қабаттағы жерге шығарды. Онда да көп құлшылық қылған соң, алтыншы қабаттағы жерге шығарды. Осылайша əрбір жерде құлшылық қыла берген соң, бұ дүниеге шығарды. Бұ дүниеде (де) соншалықты құлшылық қылды, тіпті Шығыстан Батысқа дейін ол Харис сəжде қылмаған бір қарыс жер қалмады. Одан кейін Алла Тағала Харисты көкке шығарды. Осылайша жетінші қабат көкке (де) жетті. Жəне жұмаққа кірген соң, жұмақта өз еркі өзінде болып, періштелерге ұстаз болды. Харис атын өзгертіп, Əзəзіл деп ат қойды. Қаласа жұмаққа кіретін, қаласа көкке шығатын еді. Анадан туылғалы бері үш мың жыл жасады. Басқа ғалымдар айтады: «Əзəзіл періште еді. «Уə из қалə раббукə лилмəлəикəти усжудули Əдəмə фə сəжəду иллə Иблис» («Сол уақытта жаратушың періштелерге: Адамға сəжде қылыңдар, – деді. Бəрі сəжде қылды, алайда Ібіліс сəжде жасамады»). Бұл жарлықта Əзəзіл бар еді. Тағы басқа ғалымдар: «Əзəзіл Жанн ұрпағы еді», – дейді. «Əл-Иблису кəнə мин əл-жинни» («Ібіліс жындардан еді»). Содан кейін жер бетінде оттан Жанн атты топ жаратты. «Уə əлжəəнə хəлəқнəһу мин қаблу мин нəри əс-сəмуми» («Жəне одан ілгері біз жалындап тұрған оттан жындарды жараттық»). Қалбидің риуаят етуінше, дүниені жетпіс мың жыл солар ұстаған. Абдолла ибн Аббастың риуаятынша, он сегіз мың жыл ұстаған.
Жаратқанға қарсы шыққанда, оларды қуатын. Жан ибн əл-Жан атты халыққа берді. Он сегіз мың жыл өмір сүрді. Жəне күнəһарлық жасағанда оларды қуып, періштелерге берді. Жетпіс мың жыл періште түсті. Əзəзіл солармен бірге еді. Жеті мың жыл билікті ұстады. Дүниеге көңіл берген соң, Жаратушы оларды қаламады. «Менен басқаға көңіл қойдыңдар, сендерді жіберемін, басқа халық жаратамын, бұл патшалықты соларға беремін», деді. «Инни жə'илун фи əл-əрзи хəлифəтəн» («Əрине, мен жер бетінде халифа (орынбасар) жаратпақшымын») деген (Алладан) жарлық келді. Тағы (бір) хабарда былай келеді: Жаратушы Алла дүниені жаратқан уақытта жер патшалығын құстарға берді. (Жерді) жеті мың жыл құстар тұрды. Одан кейін Жин ибн əл-Жанға берді, жеті мың жыл тағы олар тұрды. Қылмыс, күнə көп қылды. Қан төккен соң, олардан алып періштелерге берді. Жеті мың жыл өткен соң, олардың да уақыты бітіп, «Мен жер бетіне халифа (орынбасар) жаратамын» деген жарлық келді. «Инни жə'илун фи əл-əрзи хəлифəтəн» («Əрине, мен жер бетінде халифа (орынбасар) жаратпақшымын»). Періштелер бұл жарлықты естіген соң қатты қайғыға батып: «Тəңірім, жер бетінде бұзық, қан төгушілерді жаратасың, біз тəспі, тəһлил жəне құлшылық қылғандардан алып, жер патшалығын оларға бересің бе?» – деді. «Инни ə'лəму мə лə тə'лəмун» («Менің білгенімді, сендер білмейсіңдер») деген жарлық келді. САУАЛ: Періштелер Адам мен оның ұлдарын көрмеген еді, (бірақ) бұзықтық қылатынын, қан төгетінін қайдан білді? ЖАУАП: Адамды көрмеген еді, алайда Жин ибн əл-Жанды көрген еді, күнəларын білетін. Солармен салыстыра отырып айтты. САУАЛ: Жаратушы Тағаланың «Инни ə'лəму мə лə тə'лəмун» («Менің білгенімді сендер білмейсіңдер») деп айтуында қандай мағына бар еді? ЖАУАП: Мен Мұхаммед Мұстафаның Адам ұлдарының бірі болатындығын, бұ əлем мен о дүниені, айды, күнді, барша нəрселерді соны сүйгенім үшін жаратқанымды білемін. Достың кім екенін мен білемін, сендер білмейсіңдер. Басқа ЖАУАБЫ мынау, Алла Тағала айтар: «Инни ə'лəму əннə 'ибəдəтəкум мəшубун биəл-'ужби из қултум нəхну уə фəсəдуһум мəшубун бил-'узри уə əл-фəсəду бил-'узри əхəббу илəйиə мин əл-'ибəдəти мə'ə əл-'ужби» («Мен сендердің құлшылықтарыңның өзімшілдікпен араласқанын білемін. Себебі сендер «біз» дедіңдер. Жəне олардың күнəлары кешіріммен араласқан. Кешірімді күнə менің алдымда өзімшілдік құлшылықтан артық»). Мағынасы мынау: Сендердің құлшылықтарың өзімшілдікпен байланысты. «Нəхну» деп өздерің айттыңдар. Алайда Адам ұлдарының бұзықтығы кешірімге негізделген. Кешірімге негізделген бұзықтық менің құзыретімде өзімшілдікке негізделген құлшылықтан артық тұрады.
АДАМ САФИ (Ғ.С.) ҚИССАСЫ Ол – топырақтан жаратқан, құдіретпен жан берген, биік көкке көтерген, жұмақ ішіне кірген, Хауадай жұп берілген, Ібілістің арбауына ілінген, жарық жұмақтан қуылған, қараңғы дүниеге енген, «Раббəнə залəмнə əнфусəнə» («Ей, Жаратушымыз, біз өзімізге өзіміз зұлымдық жасадық») деп үш жүз жыл жылаған, «Уə лə тəқрабə һəзиһи əшшəжəратə» («Жəне мына ағашқа жолама») жарлығын естіген, «Суммə ижтəбəху раббуһу» («Кейін Жаратушысы оны таңдап алды») тəжін басына қойған, «Инна-ллаһə истəфə Əдəмə» («Расында Алла Адамды таңдап алды») шапанын киген, «Усжуду ли Əдəмə» («Адамға сəжде қылыңдар») құрметімен мейірімге бөленген, «Уə 'əллəмə Əдəмə əл-əсмə-ə куллəһə» («Жəне үйретті Алла Адамға барша заттардың аттарын») шарапатына ие болған – АДАМ САФИ, ОЛ – ХАЛИФƏИ УƏФИЙ (КƏМІЛ ХАЛИФА). Хақ жаратты таңсық Адамды өзгеше жер көркінен, Өзге бейне берді солай əлем ішінде қолынан. Тағын көтеріп періште жұмақ ішіне кіргізіп, Айналғанда шықпады əсте оның еркінен. Шықты Хауамен бірге болып, хош нығметке бөленді, Ішті олар жұмақ шарабын, жеді ет еркімен. Білді есімдер ілімін, етіп берді белгілі, Барша тілде сөйлер арабша, парсыша, түркиден. Өткізді бес жүз жыл онда жұбымен қуанып, Ішті шəрбəт сусынын, жеді нығмет тəркіден. Мінді жұмақ пырағын, кезді оның төңірегін, Киім киді бойына һəм басқа ұрды бөркінен. Азды Ібіліс айласымен берер еді жалғызын, Екі бидай жеді, шықты сегіз жұмақ мүлкінен. «Қалə Расулуллаһи саллаллаһу 'əлəйһи уə сəллəм: Мəн əрадə əн йəнзура 'əжəибə əд-дуния фəл-йəнзур илə қиссəти Əдəмə 'əлəйһи əссəллəм» («Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Кімде-кім дүние ғажайыптарын көрмекші болса, Адам (ғ.с.) қиссасына қарасын», – деді»). Алла Тағала Адамды жаратпақшы болған уақытта Жебірейілге: «Барып, жер бетінен бір уыс топырақ алып кел», – деп бұйрық берді. Жебірейіл келіп алғалы тұрған уақытта жер (Жебірейілге): «Менен топырақ алма», – деп өтінді. Жебірейіл өтінішін алып (қабылдап), топырақ алмады. Исрафилді жіберді, одан да өтінді, ол да топырақ алмады. Кейін Микəилді жіберді, одан да өтінді, ол да топырақ алмады. Кейін Əзірейілді жіберді, одан да өтінді. Əзірейіл: «Сенің өтінішіңнен маған Алла Тағаланың бұйрығы артық» деді. Кең жер бетінен бір уыс топырақ алды. Шығыстан Батысқа дейінгі қырық қари (қол ұшынан шынтаққа дейінгі өлшеу бірлігі) жер құрғақ еді. Құзыреттен (Жаратушыдан): «Ей, Əзірейіл, көңілің қатты екен. Тағдырды солай еттім, барша жаны бардың жанын саған алдыртамын» деген жарлық келді.
Ол топырақта суы тынық, ақ, қара, тəтті, ащы, сары, жасыл, қызыл, көк, қатты, жұмсақ жəне таза, топан – бəрі бар еді. Сол себепті де Адам ұлдары бір-біріне ұқсамайды, бірі таза, бірі лас, бірі ауру, бірі сау, бірі ақ, бірі қара, бірі сары, бірі қызыл, бірі жақсы, бірі ессіз, бірі шырын сөзді, бірі ащы сөзді, бірі қатты көңілді, бірі жұмсақ көңілді (болып жаратылды). Əзірейіл жаңағы топырақты Мекке мен Тайф арасындағы Дахна деген жерге қойды. Қырық жыл сол топыраққа жаңбыр жауды, отыз тоғыз жыл қайғы жаңбыры жауды да, бір жыл қуаныш жаңбыры жауды. Сондықтан Адамға қуаныштан қайғы артық болды. Қырық жылдан кейін (Алла) құдіретімен топырақтан басы Тайфқа ұқсайтын, аяғы Мекке секілді бейне жасады. САУАЛ: Мекке Тайфтан артық. Адамның басы Тайф секілді, аяғы Мекке сияқты болуында не хикмет бар? ЖАУАП: Алла Тағала Адам (ғ.с.) сүйсе, беті Меккеге қарай болсын деп қалады. МƏСЕЛЕ: Шариғатта осы сияқты бір мəселе бар. Ол мəселе мынау: Біздің мəсһапта жатып намаз оқитын болса, аяғын Мекке жаққа созып жатады. Себебі, егер намаз ішінде жазылып кететін болса, отырып намаз қылады, (сонда) сүйсе жүзі құбыла жақта болады. САУАЛ: Адамды топырақтан жаратпақта қандай хикмет бар? ЖАУАП: Алла Тағала Адамды жаратамын деп үндеу салғанында, барлық заттар бас көтеріп: «Адамды менен жарат», – деп таласты. Тау: «Мен үлкенмін», – деді, теңіз: «Мен айбаттымын», – деді, алтын: «Мен құрметтімін», – деді, аспан: «Мен биікпін», – деді. Барша нəрселер бас көтеріп өздерін мақтады. Сол кезде жер өзін кішіпейіл ұстап: «Мен баршадан əлсізбін, аяқ астындамын, менде мақтанатын нəрсе жоқ» дегенінде, «Мен Адамды топырақтан жаратамын» деген жарлық келді. Адамды топырақтан жаратты. Хабарда былай келеді: Бір күні Ібіліс жетпіс мың періштемен көктен Адам топырағына келді, қолымен Адамның ішін қағып, ішінің бос екенін көрді. Періштелерге: «Мұны жолдан азғыру оңай болады», – деді. Жəне: «Егер Алла Тағала сендерге ерік берсе, не істейсіңдер?» – деді. Баршасы: «Мойынсұнамыз», – деді. Ібіліс: «Уаллаһи лəин саллəтһу лəсəйтуһу уə ин саллəтəни 'əлəйһи лəхлəктуһу» («Алла атымен ант етемін, егер Алла оны менің үстімнен басшы етіп қойса, мен оған мойынсұнбаймын, егер мені оның үстінен басшы етіп қойса, оны өлтіремін»), – деді. Оның мағынасы мынау: Жаратушы Алла оны маған басшы етсе, мойынсұнбаймын, мені оның үстінен басшы етсе, (оны) өлтіремін. (Осы сөзді айтысымен-ақ) сол мезетте кəпір болды. «Уə кəнə ми əлкəфирин») («Кəпірлерден болды») делінеді. Тағы қырық жылдан кейін жанға Адамның тəніне кіргін деген жарлық болды. Жан Адам басының үстінде тұрып, кіруді қаламады. «Мен биікпін, төменге қалай кірейін?!» – деді. Жебірейіл (ғ.с.) келіп: «Ей, əзіз жан, Алла Тағаланың атымен кіргін», – деді. Жан Жаратушының атын есітісімен кірді.
Тағы бір риуаятта былайша келеді: Жан Адамның басына кіріп, екі жүз жыл айналды. Содан кейін көзіне кіргенінде, көздеріне жан бітіп, өзінің қара топырақтан жаратылғанын көрді. Жаратушы құдіретін көрмек үшін көз жаратты. Мұрнына келгенінде бір түшкірді. Жебірейілге: «Адамның мұрнынан шыққан мақтанышын аманат сақта», деген жарлық болды. Содан тоқтамастан аузына келді. Илхəм болып: «Əл-хəмду лиллəһи рабби əл-'əлəминə» («Екі əлемнің Раббысы Аллаға шүкір»), – деді. Алла Тағала: «Йəрхəмукə раббукə уə лизəликə халəктукə» («Жаратушың саған мейірім етсін, мен сені сол үшін жараттым»), – деп жарылқады. Оның мағынасы мынау: Жаратушы саған мейірім қылсын, мен сені сол үшін жараттым. Содан кейін жан көкейіне келді. Ғашықты сүймекке тырысты, сүйе алмады. Сол жолдан Алла Тағала: «Уə хуликə əл-инсəну əжулəн» («Адам асығушы етіп жаратылды»), – деді. Содан кейін қарнына келгенінде, қарны тамақ сұрады. Жан ішіне жайылды. Сүйек, ет, тері, тамыр, сіңірлер пайда болды. Қозғала бастады. Адамның терісі сондай əдемі еді. Күн санап көркейе берді. Қорлықты білдіргісі келгенде, терісі солды жəне тері білдірді. Ол терінің белгісі саусақтар ұшында қалды. Бұл тырнақтар содан болды. САУАЛ: Жан кірерде бір сағатта кірді, шығарда қиыншылықпен шығар, оның хикметі неде? ЖАУАП: Кірерде Алла Тағаладан «Ярхəмкə рабби» («Раббым мейірім етсін») жарлығын есіткендіктен оңай болды. Шығарда тағы мейірім қуанышын есітпейінше шықпаймын дейді. Көрмейсің бе, кімде-кімнің бағы бар болса, «Уə əбширу биəл-жəннəти əл-лəти кунтум ту'əдун» («Сендерге уəде етілген жəннəт сүйіншіленсін»), қуанышын есітіп оңай шығады, (егер) кімде-кімнің соры бес елі болса, жаны қиналып шығады. «Нə'узу биллəһи мин зəликə» («Мұндайдан Аллаға сыйынамын»). Адам Сафи онда жеті күн отырды. Содан кейін Алла Тағала қы зыл алтыннан жаратылған, гауһармен безелген бір тақ берді. Сондай киімдермен киіндірді. Басына алтын тəж берді. Ол таққа отырды. Жеті жүз мың періштелер Алла Тағаланың жарлығымен Адамның төңірегіне келіп қызметінде болды. Ол тақ «Мəсжид улХарам» секілді еді. Тақтың үстінде Қағба сияқты бір күрсі бар еді. Он иғаштай (шамамен 9 км келетін қашықтық бірлігі) жер «Харам» деп аталды. Алла Тағала Адамды барша əдеміліктермен безендірді. Тістерінен көздің нұры секілді нұр шашырайтын. Мұхаммед əлМұстафаның нұры Адамның алдында толған айдай толысатын еді. Адам ол нұрдың жарқырағанын көріп, бұл нұрды мен бір көрсем деп армандағанында, Алла Тағаланың əмірімен ол нұр Адамның алдынан оң жағына өтті. Жəне желкесіне қонды, кейін Адам қолына. Қолын ол нұрға соза берді. Нұр одан көтеріліп, шаһадат саусағының ұшына қонды. Адам саусағын жоғары көтеріп, оған тамсана қарап: «Лə илəһə иллаллаһу Мухəммəдун Расулуллаһи» («Алладан басқа
тəңір жоқ, Мұхаммед Алланың елшісі»), – деді. Алғаш рет саусақты көтеріп шаһадат кəлимасын (куəлік сөзін) айту Адам ұлдарына сүннет болды. Одан кейін əмір болды. Періштелер Адамды көкке көтерді. Жебірейіл Мəймун атты бір ат əкелді. Жұпардан жаратылған еді. Адам мінді. Жебірейіл тізгінін, Микəйіл оңынан, Исрафил солынан ұстап көктерді аралатты. Періштелер жолыққанда Адам: «Əссəлəму 'əлəйкə йə, мəлəикəтуллаһи» («Ассалаумағалайкүм, ей, Алланың періштелері») деп сəлемдесетін еді. Періштелер: «'Əлəйкумс-сəлəму уə рахматуллаһи уə бəракəтуһу» («Сізге де Алланың сəлемі, мейірім жəне берекесі жаусын») деп жауап беретін. Алла Тағала: «Бұл сенің тəхиятың болады жəне қияметке дейін сенің мұсылман ұлдарыңның тахияты болады», – деп əмір берді. Адамды жұмаққа кіргізген уақытта (ол) нығметін, хорларын, сарайларын көрді. Алайда, өзі секілді ешкім болмағандықтан, көңілі толмаған киіктей болып жұмақта жүретін. Жаратушы Алла Адамға ұйқы берді. Ұйқылы-ояу жатқан Адамның қабырғасының оң жағынан Хауаны жаратты. САУАЛ: Хауаны Адамның ұйқылы-ояу жатқанында жаратқанында қандай хикмет бар? ЖАУАП: Адам ояу болса, қабырғасы ауыратын еді. Сол себептен Хауаны дұшпан білетін. Егер ұйқыда болса, өзінен жаратылғанын білмесе, оны жақсы көрмейтін еді. Осылай ол сүйікті болар. Алла Тағала Хауаны қисық сүйектен жаратты. Сол үшін «Əйелдер түзелмес қисық сүйек» деген сөз халық арасында мақалға айналды. Адам Хауаның өзінен жаратылғанын көрген соң, Адамның махаббаты оянды. Хауа өте сұлу еді. Хабарда былай келеді: Алла Тағала сұлулықты жүзге бөлді. Тоқсан тоғызын Хауаға берді. Бір үлесін барша адамзатқа берді. Ол бір үлесті жəне онға бөлді. Тоғызын Жүсіпке, бір үлесін адамзатқа берді. Адам Хауаны өзі секілді бейнеде көргенінде қызығушылығы оянып: «Маған жақын кел», – деп шақырды. Хауа: «Мені қаласаң, сен (өзің) келгін», – деді. Адам шыдай алмай Хауаға келді. Егер бір сағат сабыр қылғанында, Хауа келетін еді. Сол себепті ердің əйелге баруы сүннет болды. Алайда жұмаққа кірген уақытта əйелдер күйеулеріне келеді. Адам Хауаға келгенінде, Жебірейіл (ғ.с.): «Ей, Адам, Хауа сенікі, некелеспейінше дұрыс болмас», – деді. Мəулə Тағала өз пəк затымен Адам мен Хауаның некесіне құтпа оқыды. Сол құтпа мынау: «Əл-хəмду сəнəий Аллаһу исмий əр-рахмəну мифтəху хəзəиний əррахим мифтəху тəжəуузий 'əни əл-'усəти уə əл-музнибин əл-'əзамəту изарий уəл-кибрйəу ридəий əл-'иззу уə əл-жуду мəхəий уə əл-жəмəлу уə əл-жəлəлу сəнəий уə əл-халқу куллуһум 'əбиди уə мəий уə əл-əнбийəу уə əррасулу əнбийəи уə əсфийəи уə Мухəммəдун хəбиби уə нəби уə уммəтуһу хайру əл-умəми уə əхиббəий инни қад зəууəжту əл-əшйə лийəстəдиллу биһə 'əлə уəхдəнийəти əшһиду мəлəикəти уə хəмəлту 'арши уə суккəну сəмəуəти инни зəууəжту Хəууə əмəти Əдəмə бəди'ə фтирəти уə сун'ə қудрати би садақи тəсбиһи уə тəһлили уə билə саллə бəни (Əдəмə) йə
Əдəму удхул жəннəти уə кул мин сəмəрати уə лə тəқрабə һəзиһишшəжəратə. Əссəлəму 'əлəйкумə уə рахмəти уə əл-хəмду лиллəһи раббил 'əлəмин» («Хəмді менің мақтауым, менің есімім Алла, Рахман – менің қазыналарымның кілті, Рахым – күнəһарларымның күнəсін кешу кілті. Ұлылық менің қажетім, ұлықтық менің киімім, əзіздік жəне жомарттық менің сұлулығым, сұлулық жəне ұлылық менің мəртебем. Адамдардың бəрі менің құлдарым, пайғамбарлар менің елшілерім жəне таңдаған пенделерім. Мұхаммед менің сүйіктім жəне пайғамбарым жəне оның үмметі үмметтердің жақсысы жəне менің сүйген достарым. Мен, расында, менің бірлігіме дəлел болсын деп (салыстыра отырып) барлық заттарды жұбымен жараттым. Менің періштелерім, менің арсымды көтеріп тұрушылар жəне менің аспанымдағы жасаушылар, куə болыңдар, Мен, шынымен, құлым Хауаны құдіретімнің өрнегі жəне жаратқандарымның ғажайыбы болған Адамға қостым. Маған тəспі айту («Сұбханаллаһ» деп) жəне тəһлил айту («Лə илəһə илаллаһ» деп) тағы адам балаларының намаз оқуы мəһір болды. Ей, Адам, жаннатыма кір, жемістерімді же. Мына ағашқа жақындамаңдар. Екеуіңе менің сəлемім жəне кеңшілігім болсын. Адамдардың жаратушысы болған Аллаға шүкір»). Хабарда былай келеді: Адамнан сұрады: «Не үшін Адам аталдың?». Жауап берді: «Лиəнни хуликту мин əдими əл-əрзи» («Себебі мен жер жынысынан жаратылдым»). Араб тілінде оны «адим» деп атайды. Хауадан: «Не үшін Хауа аталдың?» – деп сұрады. «Лиəннəһə хулиқат мин əл-хəйин» («Себебі мен тіріден жаратылдым»), – деп жауап берді. Араб тілінде тірі жанды «хəй» деп атайды. Кейбіреулер: «Адам топырақтан жаратылды. Топырақ тұрған сайын əдемі болады. Жəне Хауа еттен жаратылды. Ет ұзақ тұрса сасиды. Сол себепті əйел қартайса сұрықсыз болады», – дейді. Адам мен Хауа некелескенде: «Йə Əдəмə ускун əнтə уə зəужукə əл-жəннəтə уə кулə минһə рағадəн хайсу шитумə уə лə тəқрабə һəзиһи əш-шəжəратə фə тəкунə мин əз-залимин» («Ей, Адам, сен жəне əйелің екеуің осы жаннатта тұрыңдар жəне ондағы жемістерден қалағандарыңша жеңдер жəне мына ағашқа жақындамаңдар. (Егер жақындасаңдар) залымдардан боласыңдар»), деген жарлық келді. Мағынасы мынау: Ей, Адам, жұбыңмен жұмаққа кіріңдер, нығметтерін жеңдер. Мына ағашқа жоламаңдар, залым боласыңдар. Сенімді деректерде ол ағаштың бидай ағашы екендігі айтылады. Алайда Хауаның жер бетінде не жұмақта жаратылғандығы туралы ғұламалар арасында тартыс бар. Ол кезде Əзəзіл жұмақта еркін (жүретін) еді. Барша періштелерге ілім үйрететін. Бір күні «Лəухул махфузда» періштелердің бірі малғұн болатындығын көрді. Оны білген періштелердің бəрі қорықты. Əзəзілге келіп: «Сен ұстазымызсың, біз қатты қорқып жатырмыз, дұға қыл, Алла Тағала бізді қарғысынан сақтасын», – деп айтты. Əзəзіл дұға жасады, періштелер «əмин» деді. Алла Тағала оның дұғасымен барша
періштелерді лағынеттен құтқарды, өзі лағынетке кірді. «Періштелер иығында Адамды нұрдан жасалған тақ үстіне отырғызып алып, жұмақтың ішін аралатады» деген жарлық келді. Себебі Адам жаратылғанға дейін, «Адам ұлдары бұзықтық қылады, қан төгеді», – деп ғайбаттады. «Біз тəспі жəне құлшылық қыламыз» деп өздерін ақтады. Алла олардан мұндай сөзді күтпеді. «Сендер Адамды ғайбаттадыңдар, сауаптарың ауысты», – деп үкім берді. Ол сауаптар Адам ұлдарына берілді. Ол ғайбаттың жазасы сол болар. Бір күні барша періштелерге: «Адам тағын көтеріп, қызметтеріңе кірісіңдер», – деген жарлық болды. Содан кейін Алла Тағала «Əсмə ілімін» («Есімдер ілімін») Адамға үйретті. Барлық нəрсені періштелерге көрсетіп: «Егер рас сөйлесеңдер, мыналардың аты не екенін айтып беріңдер», – деді. «Уə 'əллəмə Əдəмə əл-əсмəə куллəһə суммə аразəһум 'əлə əл-мəлəикəти фə қалə əнбиуни биəсмəи һəəулəəи ин кунтум садиқинə» («Жəне Адамға барлық заттың атын үйретті, кейін оларды періштелерге көрсетті жəне «Егер сендер рас сөйлесеңдер, мына заттардың атын маған айтып беріңдер», – деді»). Періштелер əлсіздік танытып: «Қалу субхəнəкə лə 'илмə лəнə иллə мə 'əллəмтəнə» («Сен үйреткеннен артық білмейміз»), – деді. Жəне Адамға: «Йə, Əдəму əнбиуһум би əсмəиһим» («Ей, Адам, мыналарға мына заттардың атын айтып бер») деген жарлық болды. Адам: «Мынау ағаш, мынау тас, мынау су», – деп аттарын айтып берді. Барша заттың атын барлық тілде баяндады. «Əлəм əқул лəкум инни ə'лəму мə лə тə'лəмунə» («Ей, періштелер, мен білгенді сендер білмейсіңдер демедім бе?!») деген жарлық келді. Адам – ғалым, сендер – құл (құлшылық қылушы) екендіктерің енді сендерге белгілі болды. Менің құзырымда мың құлдан (құлшылық қылушыдан) бір ғалым артық. Құл қайда болса да, ғалымға қызмет қылуы керек. Ол махдум (қызмет қылуға лайық жан), сендер қызметші болыңдар. Ол мешіт, сендер сəжде етуші болыңдар. Адамға сəжде қылыңдар. «Усжуду ли Əдəмə» («Адамға сəжде етіңдер»). Барлық періштелер сəжде қылды. «Фə сəжəдə əл-мəлəикəту куллуһум əжмə'унə» («Періштелердің бəрі бірдей сəжде жасады»). САУАЛ: «Фə сəжəдə əл-мəлəикəту» («Періштелер сəжде жасады....»), – деді. Тағы «куллуһум» жəне «əжмə'ин» деді. Бұлардан қандай пайда бар? ЖАУАП: Пайдасы сол, «мəлəикə» деп «куллуһум»ді қоса айтпағанда, «періштелердің біразы сəжде қылды, біразы сəжде жасамады» деген мағына шығатын. «Фə сəжəдə əл-мəлəикəту куллуһум», яғни періштелердің бəрі сəжде жасады. Пайдасы сол, «əжмə'ин» демегенде, періштелердің оңды-солды сəжде қылу мүмкіндігі болар еді. Періштелердің бəрі бір рет – бірден сəжде қылды, (тек) жалғыз Əзəзіл сəжде жасамады. «Иллə Иблисə əбə уə истəкбəра уə кəнə мин əл-кəфирин» («Тек Ібіліс тəкаппарланып сəжде жасамастан, кəпірлерден болды»).
Мойынсұнбады, (өзін) жоғары ұстады, кəпірлер санатынан болды. Періштелер сəжде қылғанында, Ібілістің сəжде жасамастан тік тұрғанын көріп, шүкіршілік етіп қуанғанынан жəне бір сəжде қылды. Бүгін намаздағы екі рет сəжде жасау содан қалды. Хабарда былай келеді: Жұмақ ішінде жарты күн қалды. Ол жаһанның бір күні мен бұ əлемнің жылымен бес жүз жыл (айырмашылық) бар. Топырақтан жаратылғаннан жұмаққа дейін барғанша мың екі жүз қырық жыл бар. Əзəзіл сəжде жасамағанда, «Не үшін сəжде жасамадың?» – деген дауыс келді. «Мə мəнə'əкə» («Нендей нəрсе бөгет болды?»). Ібіліс: «Мен одан артықпын», – деді. «Хəлəқтəни мин нəрин уə хəлəқтəһу мин тин» («Мені оттан жараттың, оны қара топырақтан жараттың»). Əзəзіл бұл сөзді айтқанында, оның «Əзəзіл» аты өшіп, «Ібіліс» деген ат берілді. Мағынасы «үмітсіз» деген. Қарғысқа ұшыраған Ібіліс отты топырақтан артық санады. Топырақтың оттан артық екенін білмеді. Оның дəлелі от ұры, не нəрсені отқа берсе, (күйдіріп) жоқ қылады, қайтармайды. Алайда топыраққа бір уыс салсаң, онды жүз есе қылып қайтарады. ПАЙДА: Ібіліс (оған Алланың лағынеті болсын) отпен мақтанды. Алланың сөзі: «Хəлəқтəни мин нəрин» («Мені оттан жараттың») деп. Сондықтан отта жанатын болды. Адам Жаратушыға арқа сүйеді, сол себепті барар жағы Алла болды. «Мəн ифтəхəра бишəйин 'уқибə биһи» («Кімде-кім бірер нəрсемен мақтанса, сол нəрсемен азапталады»). «Кім не нəрсемен қуанса, сонымен қуанады», – деді. Ібіліс айтты: «Тəңірім, жүз мың жыл құлшылық қылдым, соның қайтарымын маған бергін». «Не қалайсың?» деген дауыс келді. Ібіліс қияметке дейін ұзақ өмір сұрады. «Рабби фəнзирни илə йəуми йуб'əсунə» («Ей, Жаратушым, олар тірілетін күнге дейін маған уақыт бер»). Муфəссирлер айтады: Ол сормаңдай, Алла құзыретінде қулық қылды, қияметке дейін өмір сұрады. Өлілер тірілгенге дейін өмір сүрсем, маған кейін өлім келмейді деген оның мақсаты еді. Алла Тағала оның сырын біліп қойып: «Фəиннəкə мин əл-мунзəринə илə уəйми əл-уəқти əл-мə'луми» («Əрине, сен белгілі мерзімге дейін уақыт берілгендерденсің»). «Біз саған белгілі күнге дейін өмір бердік, (алайда) сен қалаған уақытқа дейін бермедім», – деді. Тағы бір қасиетті тəпсірде былайша баяндалады: «Илə йəуми йуб'əсунə» («Белгілі күндерге дейін...») деудегі мақсаты мынау еді: Бүгін Тəңірі періштелері мықты. Олармен күресуге шамам жоқ. Өлілер тірілгенге дейін өмірім болса, оған дейін Жебірейіл, Исрафил, Əзірейіл тағы басқа періштелердің бəрі өлетін болса, Тəңірі жалғыз қалған уақытта онымен соғысатын едім деген ниеті бар еді. САУАЛ: Ібіліс қарғысқа ұшыраған соң, жұмаққа кіруіне не себеп болды? ЖАУАП: Алла Тағала: «Саған Адам ұлдарының үстінен жеңіс бердім», – деді. Расул (ғ.с.) ның: «Иннəш-шəйтанə тəжри фи бəни Əдəмə
кəмə тəжри əд-дəму» (яғни) «Қан адамның тəнінде қалай жүрсе, шайтан да солай жүреді» дегенін көрмейсің бе?! САУАЛ: Адам мен Хауаның бидай ағашынан жегенінде қандай хикмет бар? ЖАУАП: Алла Тағала Адамды жаратқанға дейін жер бетінде халифа (орынбасар) жаратамын «Инни жə'илун фи əл-əрзи хəлифəтəн» деді. Бидайдан жеудегі мақсат (жұмақтан) шығуға себеп еді. Тағы бір ЖАУАП: Алла Тағала тағдырды жазды. Дүниеде адамның азығы бидай болуын қалады. Барлық нығметтерді жеңдер, бидай жемеңдер (деді). Үлкендердің алдында бермегенін жеу күнə болады. САУАЛ: Адамды жұмаққа кіргізуде қандай хикмет бар? ЖАУАП: Жұмаққа кіргізгенде Адам ұлдары Адам (ата) ның белінде еді. САУАЛ: Егер мүміндер өз орындарын көру үшін жұмаққа кірсе, кəпірлер де Адамның белінде болатын. Олардың кірмегінде қандай хикмет бар? ЖАУАП: Мүміндер орындарын (барар жерін) көрсін, дүниеге келгенінде құлшылықтары одан əрі көбейтсін, ал кəпірлер тозаққа барғанында жұмақта көрген нығметтер үшін іші күйсін деген (хикмет жатыр). Тағы бір ХИКМЕТ: Жұмаққа кірмектегі хикмет мынау еді: Тəңір Тағала мұсылмандардың тəнін, малын саудаға салып жұмақ беретінін ежелде үкім етті. (Алайда) шариғатта көрмеген нəрсені саудаға салу дұрыс болмағандықтан, жұмаққа кіргізді. Жəне делдалын көрсетті. Сауда мен келісім дұрыс болуы үшін жұмаққа кіргізді. «Инналаһа иштəра мин əл-мумининə əнфусəһум уə əмуəлəһум биəннə лəһум əлжəннəтə» («Əрине, Алла Тағала мүміндерден жандары мен малдарын оларға жаннан беріп сатып алды»). Кəмə қалə əш-шə'иру: Нəфсут туқа əл-муштəра Уə əл-муштəри Раббу əл-'уəра Уə жинəнуһу əсмануһу Уəл Мустафа дилəлуһу Лəкин сəккəһу Тəурату Инжилу, Забуру, Фурқануһу. Шайыр айтқанындай: Сатылатын нəрсе – діндардың жаны, Оның сатып алушысы – адамзаттың Жаратушысы. Оның бағасы – Алланың жаннаты, Оның дəлелі – Алланың сенімді елшісі. Айғақтаған оны Тəурат, Інжіл, Забур жəне Құран. Сатқан Алла Тағала, алған Алла Тағала, сатылған мүмін (мұсылман). Оның тəні мен малының бағасы, делдалы – Мұхаммед əл-Мұстафа.
Ғұламалардың арасында Адам ұрпағы белінен шығарғанында қайда еді деген мəселеде тартыс бар. Кейбірі: «Жұмаққа кіргенге дейін еді», – дейді. Біразы: «Жұмақта» десе, енді бірі: «Жұмақтан шыққанда», – дейді. Алла Тағала Адам ұлдарын адам бейнесінде шымал секілді майда етіп белінен шығарды. Бəрі ақылды да емес, мұсылман да емес, кəпір де емес еді. Жаратушыдан: «Мен сендердің Жаратушыларың емеспін бе?» (яғни) «Əлəсту бираббикум?» деген сауал келді. Бəрі: «Йя», – деді. «Қалу бəлə». Адам оларды көргенінде: «Тəңірім, бұлар кімдер?» – деді. «Бұлар сенің қияметке дейінгі ұлдарың, ұрпақтарың» деген жауап келді. Адам олардың бəрін көргенінде: «Тəңірім, бұлар жер бетіне қалай сияды?» – деді. «Ей, Адам, оларды төрт ұлыс қыла мын. Бір ұлысы аталардың белінде, бір ұлысы аналардың ішінде, бір ұлысы жер бетінде, бір ұлысы жер қойнында» деген жауап келді. Адам оларға қарағанында бірін соқыр, бірін ақсақ, бірін ауру, бірін сал көрді. «Тəңірім, бұларды неге бірдей жаратпадың?» – деді. «Ей, Адам, маған шүкір қылсын деп, жұмақты оған кірушілер үшін жараттым, тозақты оған кірушілер үшін жараттым. Соқыр жаратпасам, көзі саулар шүкір қылмайтын еді» деген жауап келді. Біразын жұмақтың оң жағына, біразын тозақтың сол жағына тұрғызды. «Һəулəйи фи əл-жəннəти уə лə убəли уə һəулəйи фи əн-нəри уə лə убəли» («Əне олар жаннатта жəне мен назар аудармаймын, əне олар тозақта жəне мен назар аудармаймын») деген дауыс келді. Тағы бір риуаятта былай айтылады: Дүниені көріп келіңдер деп, бəрін дүниеге жіберді. Келді, дүниені көрді. Біразы сонда қалып, қалғаны қайтып келді. «Басқалар қайда?» деген дауыс келді. Олар: «Дүниені көрді, көңілдері дүниені қалады, сонда қалды», – деді. «Жұмаққа барып, жұмақтың не нəрсе екенін көріңдер» деген жарлық келді. Барды, жұмақты көрді, олардың көпшілігі сонда қалды. «Басқалар қайда?» деген жарлық келді. «Тəңірім, олар жұмақты қалады, сонда қалды», – деді. «Дүниеде қалғандар кəпірлер еді, жұмақтар қалғандар мүміндер дің сауатсызы еді», – дейді. Жұмақта қалмастан құзыретке келгендері хас құлдар еді. «Дүниеге көңіл қоймадыңдар, жұмақты қаламадыңдар, енді не тілейсіңдер?» деген жарлық келді. «Тəңірім, бізге дүние қажет емес, ақырет керек емес, бізге Сен керексің», – деді. «Кімде-кім мені қаласа, менің қазынамда қандай ауыр қиыншылық болса, сол ауыртпалықты соған беремін» деген жарлық келді. «Ол қиыншылық бергеніңде Сен бізбен бірге боласың ба?» – деп сұрады. «Боламын», – деді. «Тəңірім, қиыншылық келгенінде Сен бізбен бірге болсаң, қан дай ауыртпашылық жіберсең де, қабылдаймыз», – деді. (Пайғамбар) (ғ.с.) айтады: «Иннə əшəддə əл-бəлəий 'əлə əл-əнбийəи суммə 'əлə əл-əулийəи суммə 'əлə əлəмсəл...» («Расында, қиыншылықтың ең үлкені пайғамбарларға, одан кейін əулиелерге келеді жəне одан кейін тəртібімен...»). Хабарда былай келеді: Шайқы Шибли дүниеден өткенінде, түсінде
«хəлің қалай?» деп сұрады. (Ол төмендегіше) жауап берді: «Мені көмгеннен кейін Мүңкір-Нəңкір (ғ.с.) келіп: «Тəңірің кім?» – деп сұрады. «Менің Тəңірім сол – атамыз Адамды нұрлы таққа отырғызып, көк періштелерін атамыздың қарсысында сəжде қылдырды, Жебірейіл, Микəйіл, Исрафил, Əзірейіл бірге еді. Сендер сəжде қылғандарыңда мен барша бауырларыммен бірге сендерге қарап тұрған едім». Олар бір-біріне қарап: «Бұл баршаның сөзін айтып тұр, жалғыз өзінің сөзін сөйлемеді, жүріңдер кетейік», – деді. «Лəу райтəһумə кəйфə йəхрабəни минни» («Егер ол екеуінің менен қандай қашқанын көргеніңде еді»). Егер сəл кідіріп тұрғандарында оларды ұстап: «Сендердің Тəңірлерің кім?» – деп сұрар едім. Қандай жауап берсе де, оларды дəлелмен ұстар едім». Жəне мақсатқа (өз сөзімізге) қайтайық. Ібіліс қарғысқа ұшырағанында, жаннаттан қуылып, қайта кірмес болды. Адам мен Хауаның дұшпандығы көңілінде қайнады. Қулық-сұмдықпен жұмақтан шығармаққа бел байлады. Ол кезде жылан көрікті əдемі түйеге ұқ сайтын еді. Қызыл, жасыл жəне түрлі түсті қанаттары бар еді. Хауа (Алла одан разы болсын) жыланның көрікті бейнесіне қызығып, онымен сөйлесетін еді. Ібіліс оны біліп, жыланнан: «Мені жұмаққа кіргізгін, Хауамен сөйлесейін», – деп өтінді. Жылан қорқып, көнбеді. Ібіліс: «Аузыңды аш, мен кірейін», – деді. Жылан аузын ашты. Ібіліс жылан тілінің астына жасырынды. Жұмаққа кірді. Жылан Адам мен Хауаның тағының алдына қарсы тұрып, тілінің астынан Ібіліс сөйледі. Адам жылан сөзін тыңдамаған соң, Хауаға бұрылды. «Əйел көңілі жұмсақ болар» деп Хауаға: «Бұл бидай ағашынан Тəңір сендерді не үшін тыйғанын білесің бе?» – деді. Хауа: «Білмеймін», – деді. Ібіліс: «Бұл ағаштан жесе жұмақта мəңгі қалады, өлмейді жəне жұмақ мүлкінен айрылмайды деп тыйым салды», – деді. «Һəл 'əдуллукə 'əлə шəжəрати əл-хулди уə мулкин лə йəблə» («(Ей, Адам), саған жемісін жесе мəңгі бақи қалатын ағашты жəне таусылмайтын патшалықты көрсетейін бе?»). Хауаның ол сөзге көңілі ауып, (орнынан) тұрды. Он қадам ағашқа жақындады. Бір бұтақ сындырып, Адамға əкелді де : «Мына бұтақ тəтті екен, мен жедім – зиян болмады, сен де же», – деді. Адам сол сəтте келісімді ұмытты. «Фə нəсийə уə лəм нəжид лəһу 'əзмəн» («Сонымен ол (Адам) ұмытты жəне одан ұқыптылық таппадық»). Ол дəнді аузына салды, шайнады, жұтқыншаққа келгенінде баяғы уəдені есіне алды. Ішіне қарай жұтпады, сыртқа шығара алмады. (Ішке) кірмесін деп қолымен тамағын ұстады. Ол дəн тамағында домалақ болып қалды. Сол себепті ерлердің тамағында сол домалақ бар, əйелдерде жоқ. Бұл қорлық белгілі болғанында бастарынан тəж құлады. ХИКМЕТ: Яхия ибн Мааз əл-Рази айтады: Қажылыққа жол алдым. Жалғыз өзім аңғар ішінде қараңғы түнде шаршап-шалдығып келе жатқанымда (бір) дауыс естідім. Дауыс шыққан жаққа қарадым, тікен
арасында бір қарияның қатты жылап отырғанын көрдім. «Не болды, неге жылайсың?» – деп сұрадым. «Қалай жыламайын, періштелерге мұғалім болдым, жұмақта ерікті едім. Жер мен көкте көп құлшылық қылдым. Ақыры қарғысқа лайық болдым», – деді. Ібіліс екенін білдім. «Бір сəжде неге жасамадың?» – дедім. (Ібіліс): «Маған сəжде қыл деді, қылмадым. Адамға бидай жеме деді, жеді. Ақырет болса екеумізге керек, кешірсе, екеумізді де кешіруі керек еді. Адамды кешірді, кешірімін қабыл алды. «Фə нəсийə уə лəм нəжид лəһу 'əзмəн» («Сонымен ол (Адам) ұмытты жəне одан ұқыптылық таппадық»). Мені кешірмеді, қарабет қылды. «Уəстəкбəра уə кəнə мин əл-кəфирин» («Ол тəкəппарланды жəне кəпірлерден болды»), – деді. «Адамды кешіріп, сені кешірмеуінде қандай хикмет бар», – деп сұрадым. «Ежелде Адам туралы ілтипат бар еді, оны кешірді. Мен туралы ілтипаты жоқ еді, мені қуды», – деп жауап берді. Сондықтан да «'Инəйəту əл-əзəли кифəйəту əл-əбəди» («Ежелде болған ілтипат мəңгілікке жарайды») деп, босқа айтпаса керек. ХИКМЕТ: Хауа бидай ағашын жеген уақытта, сол ағаш жылады. Қан секілді нəрсе ақты. Сондай жағдай Хауада пайда болды. Қияметке дейін əйелдерге хайыз мирас болды. САУАЛ: Хайыздың мерзімі он күн болуында қандай хикмет бар? ЖАУАП: Бидай алуға барып келгенше он қадам болды. Сол үшін он күн болды. САУАЛ: Ұзағы он күн, кемі үш күн болуында қандай хикмет бар? ЖАУАП: Ол бидай үш нəрсемен іске асты. Аяқпен барды, қолымен алды, аузымен жеді. Сол үшін кемі үш күн болды. САУАЛ: Истихаза деген не? ЖАУАП: Адам Хауаның тəубелері қабыл болғанынша асығып жылағаны хайыз болды. Тəубеден соң жылады, жылағаны истихаза болды, тазалық берді. САУАЛ: Нифас деген не? ЖАУАП: Хауа бидай ағашын алып келгенше қырық дем алды. Əрбір дем сайын бір күн лас болды. Жəне мақсатқа (өз сөзімізге) қайтайық. Адам мен Хауаға қорлық болғанында тəжден, киімнен (айрылып) жалаңаш қалды. Қолдарымен əуреттерін жауып, ағаштан-ағашқа жапырақ іздеп жүгіре бастады. Қай ағашқа барса да, жапырақ бермеді. «Уə тəфиқа йəхсифəни 'əлəйһə мин уəрақи əл-жəннəти» («Жəне олар жаннат ағаштарының жапырақтарынан оның (əуреттерінің) үстін жаба бастады»). Адам жүгіріп бара жатқанда жиде ағашы сынып, Адамның шашын ұстап: «Қайда барасың?» – деді. «Жібермеймін», – деді. «Жіберсем, Аллаға күнəһар боламын», – деді. Сол себептен Адам ұлдары ағаштарды еккенде, сусыз қалсын деп, жиде ағашын судан алысқа екті. ХИКМЕТ: Барлық ағашта от бар. «Фи кəлли шəжəратин нəрун. Уəис тəжмəраһу... уə əл-ғаффар» («Əрбір ағашта от бар. Ғаффар (Алла) оны жалынды қылған»). Ағаш су ішпесе, от оны өлтіреді. Алла
Тағала өлмесін деп, жиденің отын өшірді. Сол үшін де тоқушылар киім жанбасын деп, киім тоқуды содан жасайды. «Ей, Адам, менен қашып жүрсің бе?» деген жарлық келді. (Адам ата): «Тəңірім, ұялғанымнан Сенен Саған қашып жүр мін», – деді. Жебірейіл Адамның қолынан ұстап құзыретке алып келді. «Ей, Адам, сені топырақтан жаратпадым ба, мағрифатпен құрметтемедім бе, көрікті бейнеде жасамадым ба, періштелерге көтертпедім бе, жұмаққа кіргізбедім бе, нығметтерді бермедім бе, Хауаны саған жұп қылмадым ба, бидай ағашын жемеңдер демедім бе, шайтанды сендерге дұшпан деп айтпадым ба?!» деген жарлық болды. «Иннəшшəйтанə лəкумə 'əдəуун мубинун» («Расында шайтан сен екеуіңе ашық дұшпан»). «Не үшін бидай жедің?» (Адам ата): «Тəңірім, ол үкімді кім шығарды, ол тағдырды кім белгіледі?» – деді. «Мен белгіледім, мен тағдыр еттім. Алайда менің тағдырым, үкімім, қазам ғайып болар, бұйрығым, жарлығым ашық болар. Ашықты қойып ғайыпқа не үшін араластың?» деген жарлық келді. (Адам ата): «Тəңірім, солай үкім шығардың, тағдырды белгіледің, мені кешіргін, мені жарылқағын», – деді. «Сені кешірдім, сенен кейін ұрпақтарың осылай кешірім сұраса, оларды да жарылқаймын. Енді жұмақтан шық» деген жарлық келді. Хабарда былай келеді: Əнжір ағашы Адам мен Хауаға бес жапырақ берді, денелерін жасырды. Таң атқан соң сол бес жапырақтың бірін киік жеді, жұпар болды, бірін сиыр жеді, əнбар болды, бірін ара жеді, бал болды, бірін құрт жеді, жібек болды, бірін Адам жерге екті, жүн болды. Қияметке дейін ұрпақтарына кебін болды. НҮКТЕ: Алла Тағала Адамға жапырақ беру үшін əнжір ағашын дайындады. Барлық жеміс (көкөніс, жемі-жидек) үш түрлі болады: алма, алмұрт секілді бірінің сырты (ғана) желінеді; бірінің іші желініп, сырты желінбейді жаңғақ, бадам секілді; бірінің іші де желінбес (мұнда ішіндегі дəнін айтып отырған болар. – Т.Қ.), қабығы да желінбес қауын, қарбыз секілді. Алайда əнжірдің сырты да, іші де желінер. Адамға, Хауаға, Ібіліске, тауысқа жəне жыланға жұмақтан шығуға жарлық келді. «Кулнəиһ биту минзə жəми'əн. Раббəнə залəмнə əнфусəнə уə ин лəм тəғфир лəнə уə тəрхəмнə лəнəкунəннə мин əл-хасиринə» («Бұл жерден бəрің де түсіңдер дедік. Ей, Жаратушымыз, біз өзімізге зұлымдық қылдық, егер сен біздің күнəмізді кешірмесең жəне бізге мейірімің келмесе, онда зиян шегушілерден болып қаламыз»). Адам мен Хауа зорлықпен жалына-жалбарына (жұмақтан) шықты. Адам Үндістанда Анжалус атты жердегі Сарандиб тауына, Хауа Жиддə тауына түсті. Ібіліс Басраға түсті, сондықтан онда жөйттер көп болды. Жылан Исфахан жеріне түсті, сондықтан да исфаһандық сараң болады. Тауыс Мишанға түсті. Бəрінің жағдайлары қиындады. Адам, Хауа жалғыз қалды. Ібіліс малғұн болды, жыланның əдемі бейнесі өзгерді, осылайша жорғалап жүретін, ащы топырақ жейтін
болды. Адам түскен жерінде көп жылады. Жүз иғаштық жерде көз жасынан ағаштар өсті, жолдар, бұлақтар пайда болды. Адамның көз жасы тамған жерден жем-шөп, ащы-тəтті дəрілер шықты. Хауаның көз жасы тамған жерден алоэ, қалампырмоншақ, сүмбіл, қына, оспа өсті. Адам ұрпағына қияметке дейін мирас болып қалды. Сонда Ібіліс жер бетіндегі аң-құстарды жиып: «Жер бетіне кім келсе де, сендерге ұқсамайды. Сендерді тұқымдарыңмен бірге құртады, бəрің жиылып оны өлтіріңдер. Өлтірмесеңдер тыныштық жоқ», – деді. Бəрі жиылып келді. Бірінші болып сича (құс аты) Адамның басына қонып, шашын жұла бастады. Сол үшін де Адам ұрпағы сичаны ұстап, жүнін жұлып, пісіреді. Адам аң-құстарды көріп қорықты. «Ей, Адам, олардың біреуін шақырып, қолыңмен басын сипа» деген жарлық келді. Адам итті шақырды. Ит Адамға үйреніп, аң-құстардың бəрін қуды. Сол күннен бастап ит Адам ұрпағымен бірге қалды. Басқа мықтылармен қас болды. «Ей, Адам, саған кешірім керек болса, Меккеге бар. Мен үшін бір үй тұрғыз» деген тағы жарлық болды. (Адам): «Тəңірім, ол жерді мен білмеймін, қайда?» – деді. Алла Тағала бір құсты жолбасшы етіп берді. Аты араб тілінде Ахял еді, түркі тілінде көкқарға. Ол ұшып, Адам артынан жүріп отырды. Хабарда былай келеді: Расул (ғ.с.): «Алты құсты өлтірмеңдер: біріншісі – Адамға жолбасшы болғаны үшін көкқарғаны, екіншісі – Сүлейменге кеңес бергені үшін қарынжаны, үшіншісі – «Хашыр» сү ресінің соңын оқығаны үшін қарлығашты, (кейбіреулер «Бəйт əлМуқаддас» шабуылға ұшырағанда жылағаны үшін. Сондықтан да мойны ақ болды дейді), төртіншісі – Сүлейменге елші болғаны үшін хұдхұдты, бесіншісі – Намруд отына су əкелгені үшін су бақасын, алтыншысы – бал арасы. Онда адамзатқа шипа көп», – деді. Адам Мекке жеріне келіп, бір үй тұрғызды. Биіктігі... Сурах деген, белгілісі «Бəйт əл-Мə'мур» атты (яғни осы атпен белгілі болды). Ол үйдің айналасында тауаф қылды. Алла Адамнан (дұғасын) қабыл қылып, күнəсін кешірді. Нұх топаны басқан кезде Алла Тағаланың жарлығымен Жебірейіл ол үйді көтеріп, төртінші қабат көкке алып шықты. Адам Үндістанға нығметтерінің көптігі үшін қайтып барды. Хауаның қолын ұстап, екеуі барды. Алла Тағала сегіз қой берді. Оның жетеуі саулық, біреуі қошқар (еді). Хауа ол қойлардың жүнін иірді. Адам тоқыды. Екеуі киім тігіп киді. Жер бетінде қойдан берекелі басқа жануар жоқ дейді. Расул (ғ.с.): «Əш-шəту бəракəтун уə əш-шəтани бəракəтəни уə сəлəсу шийахин кəнзун», яғни «Бір қой – береке, екі қой – екі береке, үш қой – қазына», – деді. Адамның қатты қарны ашты. Жебірейіл, Алланың жарлығымен жан наттан бірі қызыл, бірі қара екі сиыр əкелді. Жебірейіл жұмақтан үш уыс бидай алып келді, үшке бөлді. «Екеуі саған, біреуі Хауаға», – деді. Əр уыс жүз мың сыр еді. Ол сиырлар жұмақтан шыққанында (қатты) жылады, көздері жастан істі. Ілгері салғаны ноқат шықты,
кейінгі салғаны ясмиқ (дуккакты өсімдік) өсті. Жебірейіл үш уыс бидайды алып келгенінде, Адам мен Хауа бəрін екті. Адамның еккені бидай болды да, Хауаның еккенінен арпа шықты. Сол сəтте бірдей өсті. Адам: «Жейін бе?» – деді. Жебірейіл: «Жоқ, ексін», – деді. Екті. «Жейін бе?» – деді. «Ұр», – деді. Ұрды. «Жейін бе?» – деді. «Ез», – деді. Езді. «Жейін бе?» – деді. «Суыр», – деді. Суырды. «Жейін бе?» – деді. «Үгіт», – деді. Үгітті. «Жейін бе?» – деді. «Иле», – деді. Иледі. «Жейін бе?» – деді. «Пісір», – деді. «Жейін бе?» – деді. «Ей, Адам, күннің екі үлесі бар еді, бір үлесі қалды. Сабыр қыл, күн батсын. Бір күн ораза ұста. Ол күн Ашура күні еді. Мен сенімен үш іс қылайын, сенен разы болайын, күнəңді жарылқайын, жұмаққа кіргізейін» деген жарлық келді. Адам ол жеуге пісірілген нанды жемекші болғанында, Жебірейіл келді. Екі үлесін Адамға, бір үлесін Хауаға берді. Сол үшін де ер кісіге екі үлес, əйелге бір үлес тиетін болды. Адам өз үлесінің бəрін жеді, Хауа жартысын жеп, қалғанын алып қойды. Жебірейіл келіп: «Ей, Адам, сенің жегеніңдей Хауа да жегенінде ұрпағың қияметке дейін құрғақшылық көрмейтін», – еді деді. Адам ол жерде пісірілген нанды жегенінде іші ауырды. Жебірейіл Адам қолын ұстап, тысқа алып шықты. Адам босады. Жаман (сасық) иіс шықты. «Ей, Жебірейіл, бұл не?» – деп сұрады. Жебірейіл: «Ол сенің қорлығыңның (күнəңнің) салдары», – деді. Содан кейін Жебірейіл Адамның басынан ұрды. Адамның басы жетпіс қари қысқарды, оған дейін басы көкке жететін еді. Хауа Жиддə тауында қарны ашқанында, теңіз жағасына келіп, балық аулап, от үстінде пісіріп жейтін. Адам екі жүз жыл жылады. Екі жүз жылдан кейін екеуі Арафат тауында кездесті. Адамнан жүкті болды, жүгі жеңіл (болды) «Хəмəлəт хəмлəн хəфифəн» («Оған (ол əйелге) жеңіл бір жүк пайда болды»). Ауыр болғанында «Фə лəммə əсқалəт дə'əуə-ллаһа» («Сол жүктілік ауырлағанда екеуі де Аллаға жалынды...»). Ібіліс Хауаға келіп: «Ішіңде не бар?» – деді. (Хауа): «Білмеймін», – деді. Ібіліс: «Ішіңдегі сиыр, жылқы (мал) болады ма?» – деді. Хауа бұ сөзге ашуланды. Ібіліс: «Мен пəк, сенімді адаммын, Алла Тағаланың алдында құрметім бар, ішіңдегі нəресте сен секілді пəк азамат болып туса, менің атымды қоясың ба, дұға қылайын?» – деді. Хауа: «Сенің атың кім?» – деп сұрады. (Ібіліс): «Менің атым Харис», – деді. Ол нəресте туылғанында атын Харис деп қойды. Хауа сол сəтте-ақ қайтыс болды. Ша'бий (Алла одан разы болсын) риуаят етеді: Ібілістің көзі қисық, қисық аяғында кебісі бар. Пайғамбар (ғ.с.) дүниеден өткенінде, Əли (кəррамаллаһу уəжһəһу) тақтай үстіне қойып жумақшы болғанында, көктен: «Йə 'Əли лə тəғсилу Муххəмəдəн фə иннəһу тахирун мутаххарун» («Ей, Əли, Мұхаммедті жумаңдар, себебі ол пəк əрі тазаланған»), яғни «Мұхаммедті жумаңдар, Мұхаммед пəк» деген дауыс келді. Əли: «Осылай болу керек екен деп, менің басым қатты.
«Мұхаммедті жууға тыйым салатын сен кімсің? Жуу сүннетін Мұхаммедтің өзі тағайындаған», – деп сұрадым. «Йə, Əли, оны айтқан Ібіліс еді. Мұхаммедті көре алмайды, сен жу» деген ғайыптан тағы дауыс келді. Əли оған жақсы дұға қылды. «Жəзəкə-ллаһу хəйран кəсиран», яғни «Ібілістен маған хабар бергенің үшін Алла Тағала саған көп жақсылық берсін» (деді). «Сен кімсің», – деп сұрады. «Мен Мұхаммедтің жаназасына келген Қызырмын», – деді. Хабарда келеді: Хауа бір ұл, бір қыздан егіз жетпіс құрсақ бала көтерді. Алайда Қабыл ұрпағы жеті мың ер-əйел, Əбіл ұрпағы қырық жеті мың болды. Адам жыл сайын құрбандық шалатын еді. Қайсы құрбан қабыл болса, көктен от келіп, соны өртейтін. Қабыл болмаса от келмейтін еді. Адам нан жейтін еді, нан азайды. «Барып, құс аула» деген жарлық келді. Аулап, бір қырғауыл жəне бір бүркіт ұстады. Оларды бауыздап, отқа пісірді. Қырғауыл пісті, бүркіт піспеді. Адамның ашуы келді. Бүркітті отқа көмді, бəрі жанып кетті. Адам қырғауыл маған тура келмес деп қайғырды. Қырғауыл Хауа атына, ал бүркіт Адам атына еді. Қырғауылдан Хауаға бергенінде ол қайғырды. Жебірейіл келіп: «Ей, Адам, қайғырма, бұл құстың орнына басқа құс берейін. Бұл құс саған жəне сенің ұрпағыңа қияметке дейін харам болды», – деді. Адам осылайша құрбандық шалатын еді, от келіп күйдіретін еді. Барша пайғамбарлар шариғатында құрбаны отқа жағу еді. Біздің пайғамбар Мұхаммед əл-Мұстафаға келгенінде, бұл шариғатта құрбандықты өртеу харам болды, жеу халал болды. САУАЛ: Құрбанды жағу неге харам болды? ЖАУАП: Бұрынғы үмметтердің құрбаны қабыл болса, күйетін еді, қабыл болмаса, күймейтін еді. Халық арасында алауыздық пайда болатын. Ей, Мұхаммед, үмметтеріңнің арасында алауыздық тумасын деп, сенің шариғатыңда құрбандықты өртеуді харам қылдым. ПАЙДА: Бүгін бұ дүниеде Мұхаммед үмметінің алауыздықта болуын қаламадым, ертеңгі күні қияметте ғарасат алаңында алдыңғы жəне кейінгі халық арасында мүмінді арандатпаса, ғажап болар еді! Тағы бір ПАЙДА: Бүгін бұ дүниеде мұсылманның құрбандығын өртеуді харам қылды. Йə, Раббы, ақыретте мүміннің тəнін тамұқ отына харам қылса, таңданатын еш нəрсесі де жоқ. Адам ерте тұрып, бидай теріп жүргенінде сиырды бір ұрды. Сиыр жүзін Адамға бұрып: «Ей, Адам, мені неге ұрасың? Кім күнə қылса, соны ұрғын», – деді. Адам оның қайдан сөйлеп тұрғанын білді. «Е, ғажап, таңданыспен періштелеріңе сəжде қылатын еді. Кетейік, мына сиыр менімен сөз жарыстырып отыр», – деп Адам ұзақ жылады.
ҚАБЫЛ МЕН ƏБІЛ ҚИССАСЫ «Уəтлу 'алайһим нəбəə ибнəй Əдəмə из қаррабə қурбəнəн фə ту қуббилə мин əхəдиһимə» («Сен оларға Адамның екі ұлының оқиғасын ақиқат етіп оқып бер. Ол екеуі құрбандық шалғанында, олардың тек біреуінің құрбандығы қабылданды...»), яғни Алла: «Ей, Мұхаммед, оларға Адамның екі ұлының сөзін сол кездегі құрбандығы туралы айтып бер. Біреуінің құрбандығы қабыл болды, екіншісінікі қабыл болмады. Енді мен сені өлтіремін», – деді. Ол қисса мынау: Адамның кейін туған ұлдарының бірін Əбдулмуғис, қызын Əмəт ул-Муғиса деп атады. Бұл екеуі туылғанда Адамның ұрпағы қырық мың бəнд болған еді «Уə əл-бəнду фи əл-луғати ... 'əшəрату əлфə ражулин» («Бəнд сөзі он мың ер (адам) деген мағына береді»). Қабыл туылғанда онымен бірге өте сұлу бір қыз туылды. Аты Иқлима еді. Екі жылдан кейін Əбіл туылды. Онымен бірге туылған Əбуда атты қыз өте сұрықсыз еді. Адам өз шариғаты бойынша Қабылмен туылған қызды Əбілге беретін болды. Əбілмен бірге туылған қызды Қабылға бермекші болғанда, Қабыл көнбеді. «Менімен бірге туылған қызды аламын», – деді. Адам: «Шариғатта олай болмайды», – деді. Қабыл: «Бұл маған қарындас болса, ол да маған қарындас бола ды», – деп дауласқанда, Адам: «Олай болса екеуің құрбандық шалыңдар, қайсыңның құрбандығың қабыл болса, Иқлиманы сол алсын», – деді. Əбіл қой бағатын еді, (ол) семіз қой əкеліп, аяқтарын байлап, құрбандық шалатын жерге қойды. Көктен от келіп, Əбілдің құрбан дығын өртеді. Қабылдың төңірегіне жоламады. Ібіліс Қабылға келіп: «Əбілдің құрбандығының қабыл болуының себебі Алла Тағаланың құзыретінде оның ізет-құрметі бар. Əкең Адам да оны жақсы көреді əрі Адамның бұл жер халифалығын Əбілге берсе деген арманы бар», – деді. Қабыл ашуланып: «Мен Əбілді өлтірейін. Қыз да, халифалық та маған қалсын», – деді. Қабыл Əбілді өлтірмекке бел байлады. Қалай өлтірерін білмейтін еді. Бір күні далада Ібілісті көрді. Адам бейнесінде бір құсты алып барады екен. Бір тас қойды. Құсты тастың үстіне қойып, екінші бір таспен ұрды. Қабыл соны көріп өлтіруді үйренді. Қабыл Əбілге: «Мен сені өлтіремін», – деді. Əбіл: «Мен саған қарсы шықпаймын, Алла Тағаладан қорқамын», – деді. «Лəин бəсəттə илəйиə йəдəкə литəқтулəни мəн əнə бибəситин йəдийə илəйкə лиəқтулəкə инни əхафуллаһа раббу əл-'əлəминə» («Егер сен мені өлтіру үшін қол созсаң, мен сені өлтіруге талпынбаймын. Əрине, мен адамдардың жаратушысы Алладан қорқамын»). Əбіл құм үстінде ұйықтап жатқанында бір таспен ұрып өлтірді. Қияметке дейін адам өлтіру, қан төгу Қабылдан қалды. Хабарда былай келеді: Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (ғ.с.): «Мəн сəннə суннəтəн хəсəнəтəн фə лəһу əжруһə уə əжру мəн 'əмилə биһə илə йəуми əл-қиямəти уə мəн сəннə суннəтəн сəйийəтəн фəлəһу
уизруһə уə уизру мəн 'əмилə биһə илə йəуми əл-қиямəти» («Кімде-кім жақсы əдет шығарса, соған сол əдеттің сауабы қияметке дейін болады əрі сол жақсы əдетке амал еткендердің де сауабы соған болады. Жəне кімде-кім бір жаман əдетті шығарса, соған сол əдеттің күнəсі қияметке дейін болады əрі сол жаман əдетке амал еткендердің де күнəсі сол адамға болады») деген. Қабыл Əбілді өлтіргенде жиырма жаста еді. Аң-құстар Əбілге жол алды. Қабыл Əбілді қапқа салып көтеріп жүретін еді. Сол кезде Тəңір жарлығымен екі қарға келіп, бір-бірімен шұқысып, біреуі өлді. Тірі қалған қарға тұмсығымен жерді қазып, өлген қарғаны көмді. Қабыл оны көріп: «Менің қарғадай да ақылым жоқ екен», – деп өкінді. Алла Тағала үш жағдай туралы Мұхаммед Мұстафа (ғ.с.)ға хабар берді. «Фə бə'əсаллаһу ғурабəн йəбхəсу фи əл-əрзи лийурийəһу кəйфə йуəри сəу'əтə əхиһи қалə йə уəйлəтə ə'əжəзту əн əкунə мислə һəзəл ғураби фə уəрийə сəу'əтə əхи фə əсбəхə мин əн-нəдиминə» («Кейін Алла Тағала бір қарғаны жіберді. Ол (қарға) туысының денесін қалай жерлеу керектігін көрсету үшін жерді қазды. Ол «Аһ, мен бауырымның денесін көмуде осы қарға секілді де бола алмадым» деді де, өкінушілерден болды»). Ғұламалар айтады: «Қабыл Əбілді өлтіргеніне өкінген жоқ. Өлтіргеніне өкінсе, тəубеге келіп, кəпір болмайтын еді. Ол өлікті жерге көметінін білмейтіндігіне өкінді. Арқалап жүргені үшін өкінді. Адам қажылыққа баратын кезде «мен келгенше сақта» деп Əбілді көкке тапсырып еді, қабылдамады. Жерге өтініп еді, қабылдамады, таулар (да) қабылдамады. Қабыл қабылдап, аманатқа қиянат қылды, өлтірді. «Қилəə зəликə иннə əразнə əл-əмəнəтə əллə əс-сəмəуəти уə əл-əрзи уə əл-жибəли...» («Расында біз (алыңдар деп) аманатты аспанға, жерге жəне тауларға көрсеттік»). Қабыл Əбілді өлтірген күні барша жер-көк қайғырды. Əбілдің қаны жерге судай сіңді. Жəне (Адам) қажылықтын қайтып келгенінде ұлдарының бəрі күтіп алды. Əбілді көрмеді, Қабылдан: «Əбіл қайда?» – деп сұрады. Қабыл: «Əбілдің қойлары менің егініме кіріп еді, содан өкініп келмейтін болар», – деді. Адам: «Сен бұлай дейсің, алайда Əбілдің қаны жерде еңіреп тұрғой», – деді. Қабыл: «Əнə қатəлтуһу» («Мен оны өлтірдім»), – деді. Адам: «Əбілдің қаны төгілген жер бүгін сыртқа шығармаса Тəңірдің лағынеті болсын», – деді. Əбілдің қаны жер бетіне қайнап шықты. Сол күннен бастап қан жерге сіңбейтін болды. Сол жерден ақ тікен мен бұта өсті, ажырау болды. Ағайын-туыста мейірім қалмады деп, даланың аң-құстары қашып, тауларға шықты. Адам мен Хауа көп жылады. Адам аза тұтып, мына өлеңді шығарды. Жер бетінде алғаш өлең айтқан Адам еді, сол өлең мынау: Тағаййəрат ул билəду уə мəн 'əлəйһə, Уə уəжһу əл-əрзи му'əйирун Мəсиху
Фə əжəбəһу Иблис лə'нəтуллаһи 'əлəйһə Тағаийəра куллу зи-лəунин уə тə'мин Уə қад бəшəшти əл-уəжһи əл-мəлиһу Би қатли Қабилин Һабилин əхəһу Фə йə əсəфə 'əлə əл-уəжһи əс-сəбиһи Уə бəдəлəти əл-əрзу əслəн уə хəмтəн Уə фи əл-Фирдəуси əнхəрун сəбихун Фə хəл əнə мин хəйəти мустəрихун Уə йə əсəфə 'əлə Һабилин иннəни Қатилəн қад тəзəмəннəһу əз-зариху Тəнхə 'əлə əл-билəди уə сəкиниһə Фə фи əл-Фирдəуси зақа бикə əл-фəсиху Уə қалбукə мин əзəд-дунийə мурихун Уə əжəбəку Хəууəу разияллаһу 'əнһə Туннəжи фə иннəкə шəйтанун лəинун Йəфизу əл-уəжһу мəл'унун қабихун Тəуəллу дахри кунтə лəнə 'əдууəн Лəинəн лə йəмуту фə тəсмəриху. Риуаятта былай келеді: Қабыл Əбілді өлтіргенінде, Ібіліс келіп Қабылға: «Алла Тағала не үшін сенің құрбандығыңды қабыл қылмады? Себебі сен отқа табынбайсың, бұтқа сыйынбайсың, арақ іш пейсің, əн айтпайсың», – деді. Қабыл бұл істердің бəрін істеді. Содан кейін Қабыл арақ ішті, бұтқа сыйынды, отқа табынды, əн айта бастады. Адам (одан хабар) білген соң Қабылды істерінен тоқтату үшін қырық мың адам жіберді. Келіп Қабылды көрді, ол дауысты есітіп, баршасы діннен шықты. Қабылмен солай қалды. Бүгіннен қияметке дейінгі барша күнəлі істер Қабылдан қалды. Қиямет күні болған кезде Алла тозақтықтарды тозаққа кіргізсе, өз жағдайларын көрген соң, Алла Тағалаға жалынып: «(Хəбəран 'əнһум) Раббəнə əринə əллəзəйни əзəллəнə мин əл-жинни уə əл-инси нəж'əлһумə тəхтə əқдиминə лийəкунə мин əл-əсфəлин» («(Олардың тілімен) ей, Раббымыз, жындардан жəне адамдардан, біздерді тура жолдан тай дырғандарды біздерге көрсет, біз оларды аяғымыздың астына алайық, олар ең жаман қорланғандардан болсын»). Ол екеуі Ібіліс пен Қабыл. Сол кезде: «Ей, Ібіліс, тамұқтағы(лар) сені қалап жатыр» де ген дауыс келер. Ібіліс: «Мен де оларды қалаймын» дер. Алла Тағала тамұқ ішінде бір мінбе тұрғызады. Ібіліс сол мінбеге шығып: «Инни кəфəрту бимə əшрактумуни мин қабул...» («Əрине, мен бұдан алдын маған серік қосқан нəрселеріңізден бездім...») дер айқайлап. Тамұқтықтар оған қа лай жауап беретінін білмейді, баршасы үмітсіз болады. (Кейбіреулер) Қабіл Əбілді өлтіргеннен кейін Иқлиманың қолынан ұстап Иемен жаққа барып, отқа табына бастады дейді. Адам ұрпағынан кімде-кім өтер болса, (оларға) бір тас лақтыратын. Бір баласы соқыр болды. Оның да бір ұлы бар еді. Қабылдың қасына келді. Ол бала соқыр əкесіне: «Сенің бауырыңды осы өлтірді», – деді. Соқыр бір тас алып, Қабылды ұрып өлтірді. Бала: «Əкеңді қалай өлтірдің» дегенінде, оны да бір соқты. Ол бала да өлді. Оны көріп жылай бастады.
Қабыл ұлдарының көбі нəпсі жолында қайтыс болды. Бəрі бұзықтық жасағандар, арақ ішкендер, əн айтқандар, отқа табынғандар. Тағы бір хабарда былай айтылады: Адам Алладан «Жер менің еркімде болсын» деп сұрады. «Адам не десе, соны істе» деген жерге жарлық болды. Адам: «Йə, əрзу, хузиһи» (яғни) «Ей, жер, жұт», – деді. Қабылды тобығына дейін жұтты. Қабыл қорқып: «Ей, əке, мейірім жаса», – деді. (Əкесі): «Сен бауырыңа мейірім жасамадың, мен саған қалай мейірім жасайын?» – деді. Жəне: «Йə, əрзу, хузиһи», – деді. Жер Қабылды тізесіне дейін жұтты. (Қабыл): «Ей, əке, сен жұмақта күнə жасағаныңда жалындың, Алла сені кешірді. Мені де кешіруін сұрашы», – деді жалынып. Адам: «Мен бидай жедім, сен қан төктің, қалай кешіреді?» – деді де, «Йə, əрзу, хузиһи», – деді жəне. Жер Қабылды беліне дейін жұтты. (Қабыл): «Ей, əке, сен Алланың жүз мың мейірімі бар деп айтар едің, тоқсан тоғызы барша əлемдегі мұсылмандарға тиесілі, біреуі барша тірі жандыларға деген едің. Сұрашы, маған сол бір үлестен берсін», – деді. Адам: «Сен бауырыңа мейірім жасамадың, ол мейірімнен саған үлес берілмейді», – деп айтты да жəне: «Йə, əрзу, хузиһи», – деді. Жер Қабылды тамағына дейін жұтты. Қабыл Адамнан үмітін үзді. Қабыл: «Тəңірім, əкемнен сенің Рахман, Рахым деген екі атың бар екенін естідім. Ол рахмандығыңмен (мейіріміңмен) мені бұл азаптан құтқар. Құтқармасаң, Рахман атыңды өзіңнен өшір», – деді. «Ей, Қабыл, мен баршаны азаптан құтқарамын. Рахман атымды өшірмеймін» деген дауыс келді. Жерге «Қабылды жібер» деген жарлық келді. Жаратушының жарлығымен жіберді. Бір періште келіп, Тəңірдің жарлығымен Қабылдың аяғын ұстап, жеті жол шығыстан батысқа дейін сүйреді, есінен танды, қайтыс болды.
ШИС (Ғ.С.) ҚИССАСЫ Қабылдан кейін жүз отыз жыл өтті. Шис туды. Шис сарбани тілінде «Хибатуллаһ», яғни «Тəңір əкесі» деген мағына береді. «Əбілді алғаныммен, орнына Шисты бердім», – деді. Мұстафаның нұры Адам белінен Хауа мейіріміне барды. Шис туылғанда ол нұр Шис беліне барды. Адам Шисты қатты жақсы көретін. «Ей, Шис, бұл нұр – сүйіктім Мұхаммед Мұстафаның нұры. Ұлдарыңа өсиет қыл, жұптарымен некелессін», – деді. Алла Тағала Адамға мың өнер үйретіп еді. Шисқа барлық өнерлердің ішіндегі оңайы деп тоқымашылықты «Үй ішінде сəкіде отырып істегін» деді. Өзге бауырлары: «Шис үйде отырып жұ мыс істейді, біз далада қыс, жаз демей еңбектенеміз. Біз де тоқымашылық үйренейік», – деді. Адам оны есітіп: «Тəңірім, тоқымашылықты бұлардың көңіліне жау етіп бергін», – деп дұға жасады. Алла Тағала бəрінің көңіліне жау етті. Тағы: «Тоқымашылықтың берекесі жоқ. Сол үшін тоқымашылар Зəмзəм суына дəрет сындырды», – деді. Жəне: «Амалдары жаман болғаны үшін берекесіз», – деді. Былай хикая етеді: Біреу Расул (ғ.с.) ға келіп: «Ей, Расулулла, менің малым көбейді. Азайсын деп тырысып, жаман еңбектенудемін. Біреуге беруді көңілім қаламайды, не істейін?» – деді. Расул (ғ.с.): «Барып ағаштың көзінен таяқ ұста», – деді. Солай істеп еді, малы таусылды. Тағы (бір деректе), Мəриям ана (Алла одан разы болсын) жөйттерден қашқанында тоқымашылардан жол сұрады делінеді. (Олар) теріс жолға бағыттады. Тікенді жерге түсті. Оларды қарғады. Тағы (бір деректе) кешіп өткенінде денесін көрейік деп, терең суға жіберді дейді. Мəриям: «Тəңірім, өнерлерінен берекесін ал», – деп дұға жасады. Тағы (бір деректе) Салих пайғамбардың інгенін тоқымашылар өлтірді дейді. «Уə кəнə фи əл-мəдинəти тис'əту рахтин» («Ол қалада тоғыз ер адам бар еді, олар...»). Тағы (біреулер) тоқымашылық ізгі өнер (дейді). Барша өлі мен тіріге жарайды дейді. Хабарда келеді: Расул (ғ.с.): «Ни'мə əл-'əмəлу əл-ғəзлу линисəи уммəти уə ни'мə əл-'əмəлу əл-хийəтəту лирижəли уммəти лəй лə əлкизбу фиһим» («Əйел үмметтеріме тоқыма қандай жақсы өнер, ер үмметтеріме тігіншілік қандай жақсы өнер, егер де оларда өтірік болмаса»). Тағы (біреулер) тоқымашыда алты ерекшелік бар: бірінші – бəрі де өнерпаз, екінші – жомарт, үшінші – шынайы дос, төртінші – кішіпейіл, бесінші – өлі-тірі (бəрі) оларға мұқтаж, алтыншы – бəрінің жолы болғыш дейді. Тағы (біреулер) Балх патшалығында бір шынайы діндар ғалым бар
еді дейді. Шайқы Шақиқ (Алла одан разы болсын) оны тоқымашы екенін есітіп, көргелі барды. Шайқының алдынан шықты. Ғалым: «Ей, шайқы, келуіңмен бізге қуаныш сыйладың», – деді. Шайқы: «Қалай?» – деді. Тоқымашы ғалым: «Сенің келуің Алла тағдыры еді. Алла тағдыры сүйікті болар», – деді. Шайқы Шақиқ тоқымашының үйіне кіргенінде қазық көрді. «Бұл не?» – деп сұрады. Тоқымашы: «Уəтəд ул-истиқамат («Төзімділік қазығы») дейді», – деді. «Иннə əл-лəзинə қалу раббуналлаһу суммə истақаму» («Ол адамдар айтады: «Алла біздің жаратушымыз», кейін (істері) жақсы болды»). (Шайқы Шақиқ) жəне: «Мынау ненің ізі?» – деп сұрады. (Тоқымашы): «Бұл «Хəблуллаһи» («Алланың жібі»), – деді. «Уə и'тəсиму би хəблиллəһи жəми'əн» («Бəріңіз бірдей Алла Тағаланың туралық жібін берік ұстаңдар»). (Шайқы Шақиқ): «Мына жерге жайып қойған бөзің қандай бөз?» – деп тағы сұрады. (Тоқымашы): «Бұл тіршілігім», – деді. (Шайқы Шақиқ): «Мынау не қылған қамыс?» – деп сұрады. (Тоқымашы): «Бұл сенім, онымен өзімді дүниеден алыстатамын», – деді. (Шайқы Шақиқ): «Мынау қандай құс?» – деп сұрады. (Тоқымашы): «Бұл менің құлшылығым мен қайратым», – деді. (Шайқы Шақиқ): «Мынау қандай ілгіш?» – деп сұрады. (Тоқымашы): «Бұнымен ықылас, амалымды бекітемін», – деді. (Шайқы Шақиқ): «Мына бесік тұсында ілінген не?» – деп сұрады. (Тоқымашы): «Бұл түн-күн», – деді. (Шайқы Шақиқ): «Мына аяғыңдағы аяққап қандай ағаш», – деп сұрады. (Тоқымашы): «Бұл қауіп пен ержүректік, біраз қауіптенемін, біраз ержүректікке сүйенемін», – деді. (Шайқы Шақиқ): «Бұл істі қылғаныңа неше жыл болды?» – деп сұрады. (Тоқымашы): «Отыз жыл болды», – деді. Шайқы Шақиқ (Алла одан разы болсын): «Берік бол, бұ істі қойма, сені жұмаққа жетелейді», – деді. ХИКАЯ: Омар Хаттаб (Алла одан разы болсын) бір мешітке кірді. Бір қауға сақал молдас құрып отырғанын көрді. Омар (Алла одан разы болсын): «Қайдан келдің?» – деді. (Ол): «Ирак елінен, яғни Ирактан келдім», – деді. (Омар Хаттаб): «Қандай өнерің бар?» – деп сұрады. (Ол): «Хабикпін», – деді. Араб тілінде тоқымашы деген мағына береді. (Омар Хаттаб): «Не үшін келдің?» – деп сұрады. (Ол): «Үйренгелі келдім, яғни ілім үйренгелі келдім», – деді.
Омар (Алла одан разы болсын) жодастарына бұрылып: «Расул (ғ.с.) ның қашан тоқымашы көрсеңдер, қашыңдар дегенін естімедіңдер ме?» – деді. Бəрі қауға сақалдан қашты. ХИКАЯ: Имам Шайқы Жуйбари (Алла одан разы болсын) бір күні шəкірттерімен отыр еді. Біреу айбаттана есікті қақты. Бұл кім болса да мына төртеудің бірі: не қауға сақал, не тоқымашы, не мұғалім, не жағымсыз хабар əкелген біреу. Көрді, расында солай екен. Хабарда былай келеді: Адам Сафидің өмірі мың жыл уəделі еді. Мисақ күнінде бастарында нұр шашырайтын бір қауымды көрді. «Ей, Раббым, бұлар кімдер?» – деді. «Бұлар сенің ұрпағыңның ішіндегі пайғамбарлар», – деді Ол (Алла). Олардың арасында біреуді көрді, бəрінен оның нұры артық еді. (Адам ата): «Тəңірім, бұл кім?» – деді. «Дəуіт пайғамбар (ғ.с.)», – деді Ол. (Адам ата): «Тəңірім, мұның жасы қанша болады?» – деді. «Алпыс жыл» деген жарлық келді. (Адам ата): «Жаратушым, мұның жасын ұзарт» деп дұға қылды. «Тағдыры солай, қалам сонша жазды» деген жарлық келді. Адам: «Тəңірім, менің өмірім мың жыл. Қырық жылын Дəуітке бердім», – деді. Жарлық болды, бұл сөз куəмен хатқа түсті. Əзірейіл жанын алғалы келгенінде Адам: «Асықпа, тағы қырық жыл өмірім бар», – деді. Əзірейіл: «Ол қырық жылды Дəуітке бердің», – деді. Адам оны ұмытып еді, есіне түсті. Алла Тағала ол келісімді періштелер куəлігінде жарылқады. Дəуіттің жүз жылы аяқталды. Адам дүниеден өтті. Жеті жылдан кейін Хауаның да өмірі бітті. Осы секілді келісімдер қияметке дейін мирас (болып) қалды. Жебірейіл жұмақтан Адамға кебін кигізді. «Əкеңді жу», – деді Шисқа. Шис жуды. Кебінге орады, Жебірейілге: «Намаз оқы», – деді. Жебірейіл: «Сен намаз оқы, халифа сенсің», – деді. Үш тəкпірмен сауап артық болсын деп, төрт тəкпірмен намаз оқыды. Содан кейін бұл сүннет: кебіндеу, намаз оқу, жерге көму қияметке дейін сүннет болып қалды. Адамнан кейін қырық бес жылдан соң Шисқа пайғамбарлық келді. Екі жүз жетпіс жыл халықты үгіттеді. Содан соң дүниеден өтті. Одан кейін жұрттың бəрі бұтқа табынушы болды. Хабарда былай келеді: Шис дүниеден өткен соң, ешкім шариғат сөзін айтушы болмады. Барша шариғатты қойды. Бəрі надан болды. Жаратушыға қалай құлшылық етуді білмеді. Бір күні бір мешітте Адам суретін салып, соған табына бастады. Əркім қалағанынша пұт жасады. Біреу ағаштан, біреу тастан, біреу алтыннан, біреу күмістен. Үш жүз жыл осылайша жасады. Содан кейін Алла Тағала оларға Ыдырыс пайғамбар (ғ.с.) ды жіберді. Бұл қисса мынау.
МЫНАУ ЫДЫРЫС (Ғ.С.) ҚИССАСЫ Ыдырыс пайғамбар (ғ.с.) – өмірі ұзақ, дидары қайратты, Əзірейілмен тартысқан, Ризуанмен бетпе-бет келген, дүниеден құстай ұшқан, тамұққа кіріп шыққан, Сираттан жылдам өткен, жұмақ есігін ашқан, өзі əзіз, «Иннəһу кəнə сиддиқан нəбийəн уə рафə'нəһу мəканəн 'əлийəн» («Расында ол шыншыл пайғамбар еді жəне біз оларды биік мəртебеге көтердік»), орны ұлық, пəк затты Ахнух есімді – ЫДЫРЫС ПАЙҒАМБАР (ғ.с.). Айтайын Ыдырыс пайғамбар сөздерін, Ақылды ер жан-тəнімен оны тыңдайды. Ілімі артық ғалым еді құшлылықта екінші, Даналықпен ұлы ғалым ілімді тез алады. Ілім, даналық, діндарлық, пəктік пен амал сабағы, Құлшылығына барша əлем біл мұны əркез таңдайды. Өзі білген ілімін өзге ешкім білмеді, Көп қылшылық қылғанын тек халық тыңдайды. Өліп-тірілді, тамұққа кірді, шықты ол жəне, Жұмаққа кірді, қалды бір күн онда, мұңаяр. Аты Ахнух еді, көп сабақ оқығаны үшін аталды. Өзі тірі еді, ең алғаш киім киген сол еді. Əрбір ине қадағанда тəспі айтатын. Бəрінің құлшылығы қандай болса, оның құлшылығы да соншалықты еді. Барлық періштелер оның құлшылығын таңдайтын. Періштелерің бірі Ыдырысты көруге құштар еді. Кейбір ғалымдардың айтуынша, (ол періште) Əзірейіл еді. Кейбірі басқа періште екенін айтады. Алла Тағаладан Ыдырысты көруге рұқсат сұрады. Ыдырысты келіп көрді. Ыдырыс ораза ұстап жүр еді. Ауыз ашатын уақытта жұмақтан несібе келді. Ыдырыс: «Кел, тамақ же», – деді. (Періште): «Жемеймін», – деді. Періште екенін білмеді. Төрт күн Ыдырыспен тұрды, еш нəрсе жемеді. Ыдырыс: «Далаға шығайық, көңілің ашылсын», – деп, далаға шығып, егін екті. Періште: «Мына егіннен егейік», – деді. «Субханаллаһи, халалға кел дедім келмедің, неге мені харамға үгіттейсің». Одан өтті. Бір жүзім көрді. Періште: «Үзіп алып жесем бола ма?» – деді. Ыдырыс жаңағы жауапты айтты. Содан кейін бір семіз қойды көрді. Періште жаңағы сөзді айтты. Ыдырыс (тағы) солай жауап берді. Ыдырыс оның адамзат баласы емес екенін біліп: «Адамсың ба əлде періштемісің?» – деп сұрады. «Періштемін, сені қалап едім, Алла Тағаладан сені көруге рұқсат сұрадым», – деді. Ыдырыс: «Бұл кереметің құрметі үшін мені өзіңмен бірге көкке алып шық, сондағы ғажайыптарды көрейін, тағы да құлшылығым көбейсін», – деді. Періште: «Бұған шамам жоқ, Жаратушыдан рұқсат сұрайын», – деді. Жарлық (рұқсат) келді. Төртінші қабат көкке келді. Əзірейілді сонда
көріп: «Ей, Əзірейіл, жан беру ащылығын есітіп едім, менің жанымды ал, жан берудің ащылығының қандай болатынын біліп, соған лайықты құлшылық етейін», – деді. Əзірейіл: «Бұл менің құзырымдағы іс емес. Жаратушыдан сұрап көрейін», – деді. Жарлық келді (рұқсат болды). Ыдырыстың жанын алды. Кейін Алла Тағалаға: «Менің махаббатым үшін Ыдырысты тірілт», – деп қатты жалынды. Алла Тағала Ыдырысты тірілтті. Жəне Əзірейілге: «Мені тамұққа кіргіз, ондағы қорқынышты азаптарды көрейін», – деді. Əзірейіл: «Бұл менің қолымда емес», – деді. Жаратушыдан жарлық болды, тамұққа кірді. Тамұқтың азаптарын көрді. Тағы: «Мені жұмаққа кіргіз, нығметтерін көрейін», – деді. Əзірейіл: «Ол менің құзырымдағы іс емес», – деді. Жаратушыдан жарлық келді, жұмақ есігінің алдына келгенде Əзірейіл: «Кір, бірақ қайта шығатын бол», – деді. Ыдырыс (шартын) қабылдады, нығметтерін көргенінде шығуды қаламады. Шарттың бұзылуын лайық деп таппастан, қулыққа көшті. Аяғындағы кебісін бір ағаштың түбіне қалдырды. Содан кейін шықты. Кейін «Кебісімді қалдырыппын» деп өкінді. Айламен қайта кірді. Əзірейіл бір сағат, екі сағат күтті. Қайтып шықпады. Əзірейіл: «Неге шықпайсың?» – деді. Ыдырыс: «Сөзімде тұрып шықтым, енді шықпаймын», – деді. Бір ағашты ұстап, Əзірейілмен сөз жарыстырды. Тағы бір періште келіп: «Ей, Ыдырыс, кіруге əлі уақыт болған жоқ», – деді. Ыдырыс: «Маған уақыт келді, себебі «Куллу нəфсин зəйқату əлмəути» («Барлық жаны бар нəрсе өлім татиды (өледі»). Мен өлдім «Уə ин минкум иллə уəридуһə» («Сендердің əрқайсысың, əрине, оның (тозақтың) алдына келесіңдер») мен де кірдім». Тағы айтты. Жəне басқа жерде: «Уə мəһум минһə бимухражин» («Олар ол жерден шығарылмайды»), – деген. «Кірдім, шықпаймын», – деді. Жұмақ ішінен: «Садақа 'əбди хəллу бəйни йə бəйнəһу фи əл-жəннəти» («Менің пендем дұрыс айтады, оны тыныш қойыңдар, менің мейіріміммен жаннатқа кірсін»), яғни «Менің құлым рас сөйледі. Қойыңдар, жұмақта қалсын. Менің жарлығыммен кірді» деген дауыс естілді. Ыдырыс бүгін де жұмақта (тұрады). Кейбір ғалымдардың айтуынша, ол төртінші қабат көкте екен. Хабарда былай келеді: Төрт пайғамбар тірі. Екеуі көкте – Иса мен Ыдырыс, екеуі жерде – Қызыр мен Ілияс (ғ.с.). Алайда бұл төртеуінің үшеуі қайтыс болады, (тек) Ыдырыс өлмейді. Себебі ол бір рет өліп, жұмақта қалды. «Лимəн əл-мулку əл-йəуми лиллəһи əл-уəхиди əлқаһһари» («Бүгін үкім кімнің қолында. Жалғыз Алланың қолында») күніне дейін. Тағы айтады: Жұмақ халқына өлім жоқ, сондай-ақ тамұқ халқына да өлім жоқ. Өсу мен үрейдің бəрі бар. Алайда сол үшін жұмақ халқына сауап жоқ. Тамұқ халқына азап жоқ. Хорлар (қыздары) мен Ыдырысқа өсу мен үрей жоқ. «Уаллаһу ə'лəму» («Алла біледі»). Қабылдың соқыр баласы бар еді. Сол баласының бір жас ұлы
бар еді. Ол да соқыр еді. Əкесі қолын ұстап жүргенде Қабылмен кездесіп қалды. Жас бала əкесіне: «Мына кісі менің немере ағамды өлтірген», – деді. Соқыр таспен Қабылды ұрды. Қабыл өлді. Жас бала: «Əкеңді не үшін өлтірдің» дегенде, тағы бір тас алып, жас баланы (өз баласын) да таспен ұрып өлтірді. Сол кезде періштелер: «Тəңірім, біз Адамды жаратудан бұрын Адам ұрпағы Жин ибн əлЖан(н) секілді қан төгетінін айтпадық па?» – деді. «Адам ұлдарын айыптамаңдар. Сендер жер бетінде болсаңдар, солар секілді жаратылғандарыңда сендер солай істер едіңдер» деген жарлық келді. (Періштелер): «Алла сақтасын, біз олай істемейміз», – деді. «Ей, періштелер, сендердің ішіңде кім ғалым əрі діндар болса, (бері) əкеліңдер» деген жарлық келді. Үш періштені таңдады. Бірінің аты – Узза, екіншісі – Узая, үшінші Əзасыл еді. Олардың нəпсісін алған Алла Тағала нəпсісін қайтарғанда, олар бұрынғы хəліне қайта келді. Ол екеуі жерде қалды. «Дүниеге барып, маған құлшылық етіңдер, күнəдан қашыңдар, халық арасында туралықты жайыңдар» деген жарлық берді. «Күш жұмсамаңдар, зина жасамаңдар, қан төкпеңдер, арақ ішпеңдер, қиянат жасамаңдар. Күндіз осы істермен болыңдар (өздеріңді тиыңдар), түнде қиянат жасамаңдар. Күндіз осы істермен болып, түнде көкке көтеріліңдер. Таң атқанша маған құлшылық етіңдер», – деп айтты. Қолдарында жүзік бар еді. Бір күні бір əйел күйеуімен ұрысып, Уззаға келді. Узза ол əйелдің сұлу екенін аңғарды. Ол əйелге жылы шыраймен: «Ей, əйел, сен адасып жүрсің, менімен бірге бол. Мен сенің көңіліңдегідей жасайын», – деді. Əйел де: «Жарайды», – деді. Күйеуі солай істерін білген соң, Узаяға барды. Узая солай деді. Əйел тағы да уəде берді. Келіскен жерге келгенінде уəделескендер жасырмастан, бір-біріне айта бастады. Əйелге кезек келгенінде əйел: «Үш істің бірін жасамасаңдар, сендерге мойынсұнбаймын. Не күйеуімді өлтіресіңдер, не арақ ішесіңдер, не боламаса пұтқа табынасыңдар, немесе қолдарыңдағы жүзікті бересіңдер», – деді. Олар кеңесе келе, егер жүзік берсек, көкке шыға алмай қаламыз, ең оңайы арақ ішу деп шешті. Мас болды. Күйеуін өлтірді, зина да жасады, əйел жүзікті алып, көкке ұшты. Періштелерге пəрмен болды, ол əйелді өлтірді, өзге бейнеге ауысты. Араб тілінде атын Зухра дейтін, парсы тілінде Нахид, ибрит тілінде Бидхут, түркі тілінде Сақит. Жарлық болып, періштелерге аспан есігін ашылып: «Ғалым мен діндарларға қараңдар», – деді. Бəрі тəубеге келді. «Тəңірім, сен бізден артық білесің», – деді. Узза мен Узая мастығы тараған соң қолдарындағы қанды көрді, зина жасағандарын, арақ ішкендерін, жүзіктен айрылғандарын білді. «Құзыретте қара жүзді болдық» деп қайғырып жылады. Алла Тағала бізді бес нəрседен қайтарды: қан төгуден, өсім жеуден, зина жасаудан, күш көрсетуден (зорлық жасаудан), арақ ішуден. Бұл істерді жасадық
деп, Адам ұрпағы үшін кешірім сұрады: «Əллəзинə йəхмилунə əл- 'əршə уə мəн хəулəһу йусəббихунə бихəмди раббиһим уə йуминунə биһи уə йəстəғфирунə лиллəзинə əмəну» («Арсыны көтеріп тұрғандар жəне оның айналасындағылар Жаратушының мадағы мен тəспісін айтып тұрады жəне Оған (Аллаға) иман келтіреді жəне мүміндердің күнəларының кешірілуін сұрайды»). Оған дейін кешірім сұрамайтын еді. «Біз көкте кезімізде жер бетіндегі бір құлдың құлшылығын көкке шығаратын еді. Барша жер халқының құлшылығымен бірдей болатын. Ол кім еді?» – деп сұрады. Ол – Ыдырыс пайғамбар (ғ.с.) еді. Оған барып: «Бізді шапағат ет, бізді Алла Тағала жарылқасын», – деді. Ыдырыс дұға жасады. «Ей, Ыдырыс, оларға айт: дүние азабын қалай ма əлде ақырет азабын (қалай ма)?» деген жарлық келді. Ыдырыс осы сөзді айт қанында: «Ей, Ыдырыс, барша азабын қабылдайық, айтып бер», – деді. Ыдырыс: «Ақырет азабы мəңгілік, дүние азабын қалаңдар», – деді. Жебірейіл келіп оларды Бабыл құдығына алып барды. Қылмен асып қойды. Екінті намазынан кейін күн шапағы батқанша қинайды. Кейбіреулер: «Таң атқанша арпалысар дейді. Ол жерден оларды көрдім. Құдық ішінде əлі күнге асылып тұр. Жер бетіндегі барлық жаман, сасық иістілер түтін болып мұрындарына кіреді», – дейді. Тағы бір риуаятта Ибрахим əн-Нəфəфи екінті намазын кештеу өтейтін. Сұрағанда, «Оларға азап жеңілдеу болу үшін», – деді. Тағы (біреулер) бір жылда олардың зина жасайтын уақыты болса, жадыгөйлікті үйренуді қалаған адам бір қараңғы түнде сонда тұрады дейді. Олардың тілдерінде сөйлеседі екен. Олар: «Мұны үйрену күнə, қолдану күпір», – дейді. Қабылдамаса: «Барып күнəһарға көргеніңді айтып бер», – дейді. Күнəһарға барып жырлайды. Бір ақ көгершін ауыздарынан шығар. Келіп оларға айтып береді екен. «Ақ көгершін сенің иманың еді, сенен айырылды, енді үйренесің», – дейді. Жадыгөйлікті үйренсе жəне онымен амал етсе, Алла Тағалаға кəпір болатындығы (діннен шығатындығы) белгілі болды. Содан кейін періште атын алып, оларды Харут пен Мəрут деп атады.
НҰХ ПАЙҒАМБАР (Ғ.С.) ҚИССАСЫ Ол – «Инни лəкум нəзирун мубинун» («Əрине, мен сендер үшін анық қорқытушымын (ескертушімін)») деп қауымын үгіттеген, «Фə қулту истəғфиру раббикум иннəһу кəнə ғаффəран» («Раббыларыңнан кешірім сұраңдар, сөз жоқ, Ол күнəларды кешіруші») деп мінажат қылған, кəпірлер қолында пəк құлдар себебінен «Рабби лə тəзəр 'əлə əл-əрзи мин əл-кəфиринə дəййəран» («Ей, Раббым, жер бетінде бірде-бір кəпірді қалдырма») деп дұға қылған, «Фə əнжəйнəһу уə мəн мə'əһу фи əл-фулки» («Кейін Біз оны жəне онымен бірге болғандарды құтқарып қалдық») шарапаты болған, «Йə, Нуху ихбит бисəлəмин миннə» («Ей, Нұх, Біздің тарапымыздан амандықпен түскен») шапанын киген, «Сəлəмун 'əлə Нухин фи əл-əлəминə» («Нұх қауымы əлемде аман болсын») жарлығын есіткен – НҰХ ПАЙҒАМБАР (ғ.с.). Өлең: Күнбатыстан күншығысқа Нұх пайғамбар насихаты, Елу мыңнан аз жыл еді ол пайғамбарлық кезеңі. Күндіз-түні өзі жалғыз қайғы-қасырет тартып, Құлақ аспас кəпірлер ішінде күнде асты бейнеті. Хаққа «Рабби лəтəзəр» («Раббым, қалдырма») деп жалынып
қылды дұға,
Бұ дұға қабыл болудан қырық жыл еді уақыты.
Дін үшін көп қиналып, таратты Хақ жарлығын,
Бізге өкініш еңбек ішінде қалмады еш төзімі.
«Уəснə' əл-фулкə» («Кеме жаса») əмірімен жасады үш
қабатты бір кеме, Оны мінді халыққа жеткенде топан судың айбаты. Жауды жаңбыр, соқты жел, астан-кестен алты ай, Көрсе осылай бұдан артық Жаратушымыздың құдіреті. Өзі қалды, үш ұл һəм үш келін жетегі, Барша өлді, сап тиылды күпір, жамандық, зұлматы. Ыдырыс ұлы Мəнусалық Мəлік ұлы Нұх (ғ.с.). Анасының аты Шамха бинт Анурш еді. Адам (ата) ға дейін он ата еді, бəрі мұсылман бо латын. (Шын) есімі Яшкир, қайғырып жылай берген соң Нұх атал ды. Қайғыруына мынандай жағдай себеп болғандығы айтылады: Бір күні Ібіліс: «Ей, Нұх, мен туралы іс қылдың. Егер істерім, жолдастарым, серігім жиылып келсе де, бұл жерде білмес еді», – деді. Нұх: «Қалай ол...?» – деді. Ібіліс: «Сен дұға жасадың, қауымың опат болды. Бəрі тозақта менімен жолдас болды. Сабыр қылғаныңда біреуі иман келтіріп, саған еретін еді», – деді. Нұх (ғ.с.) күні-түн қайғырды. «Е..., сабыр қылғанымда, біреуі иман келтіретін еді, маған мұншалықты ауыр тимейтін еді», – деп өкінді. Нұх батыстан шығысқа дейін барша халыққа пайғамбар еді. (Жер бетінде) халықтан бос бір қарыс та орын жоқ еді. Бір кесек жерден үш жүз жүк бидай шығатын еді, жүз батпан бидай бір жылға азық болатын.
Хикая қылады: Шығыстан батысқа дейін үздіксіз үй еді, шатырдан-шатырға (жүріп) шығыстан батысқа дейін барса болатын. Жер бетінде астық, диқаншылықтан (бос) жер қалмады. Қара малға топырақ артып, биік таулардың басына төгіп, егін егетін. Хикаяда былай келеді: Шығыстан батысқа дейін қай жерге таяқ тастаса да, адамның басына түсетін. (Егер) мысық шатырданшатырға секіріп жүрсе жүз иғаш (шамамен 6 км келетін өлшем бірлігі) жүретіндігі тағы бір деректе айтылады. Гүлденгені соншалық, жалғыз Алланың бірлігін мойындамады. Нұх уақытындағы гүлдену қияметке дейін болмайды. (Тағы бір деректе) айтылады: Жебірейіл (Нұхқа) пайғамбарлық əкелді. Нұх: «Дүние өте кең, кəпірлер көп. Мен қайда барып Сенің бірлігіңді айтайын», – деді. «Ей, Нұх, сенен айту, Менен естірту» деген жарлық келді. Нұх иманға шақырды. Нұхтың күнде шығып: «Иман етіңдер, Жаратушының бірлігін мойындаңдар, менің пайғамбарлығыма сеніңдер» деген сөзін жел шығыстан батысқа дейін жеткізетін. Кəпірлер Нұхты ұра бастады. Қатты ұрғаны соншалық, сүйектері сынды. Қанар ішінде бөздей қақсағанындай, сүйектері тері ішінде солай қақсайтын. Жамбастаса түнде Алла Тағала шипа беретін. Күнде Жебірейіл келіп: «Ей, Нұх, кəпірлерге барып «Лə илəһə иллаллаһу Нухун расулуллаһты» («Алладан басқа тəңірі жоқ, Нұх Алланың елшісі») айт» дейтін. Барып айтатын, олар ұратын. Нұх: «Тəңірім, күндіз-түні сенің жарлығыңды айттым, тыңдамады, ашық айттым, есітпеді. Сыр ішінде кеңес бердім (астарлап айттым), қабылдамады. «Рабби инни дə'əуту қауми лəйлəн уə нəһəран фə лəм йəзидһум ду'əий иллə фираран» («Ей, Жаратушым, мен қауымымды күндіз-түні (дінге) шақырдым, алайда менің үгітнасихатым олардың ашуын одан əрі арттырды»). Елу мыңнан аз жыл үгіттеді, сексен адам мұсылман болып, иман келтірді. Жартысы ер адам, жартысы əйел кісіден басқа ешкім мұсылман болмады. Күн сайын еңбегі ауырлай берді. Нұхтың əйелі кəпір еді. Бір күні бір қария бір баласын жетектеп Нұхқа келді. Нұхтың жүзіне түкіріп, білімен балағаттады. Ол баласына қарап: «Мына Нұх жынды. Аталарымыз мұның сөзін тыңдамады. Бүгін мен қалай істесем, сен де менен кейін солай істе», – деп өсиет қылды. Нұх оны көрді, сөзін есітті, үмітін бүтіндей үзді. Намысқа тиді, дұға қылып: «Тəңірім, бірде-бір кəпірді жер бетінде тірі қалдырма», – деді. «Рабби лə тəзəр 'əлə əлəрзи мин əл-кəфиринə дəийəран» («Ей, Раббым, жер бетінде бірде-бір кə пірді қалдырма»). Алла Тағала қырық жыл жаңбыр бермеді, жерден өнім шығармады, əйелге ұл-қыз туғызбады. Қара малдың бəрі өлді, мүмкіндіктері жойылды. Хабарда былай келеді: Ауж ибн Ұнұқ топанда опат болмады. Себебі «дəййəр» тобында болмады. Дəййəр – тұрғын, ғимарат деген мағына береді. Ауждың үйі – баспанасы жоқ еді, теңіз жағасында тұратын. Топан су тізеден аспады. Сонда Нұхқа: «Дұғаңды қабыл алдым, барып шынар ағашын ек» деген дауыс келді. Терек ағашын да
деді. Нұх ағаш отырғызды. Қырық жылда үш ағаш өсті. Ағашты кесті, ешкім əкеле алмады. Аужды жұмсады. Ол ағашты сүйреп алып келді. Жебірейіл Нұхқа үйретті. Ағашты балтамен жарды. Суда жүзіп жүрген үйректі көрсетті. Соған ұқсаған кеме жасай бастады. Кəпірлер оны көріп күлетін еді. «Сиртə нəжжəран бə'дə мəн кунтə нəбийəн» («Сен пайғамбар едің, енді ұста болып қалдың»). (Олар): «Осы күнге дейін пайғамбар едің, енді ұста болдың ба? Мұны не істейсің?» – деп сұраса: «Кеме жасаймын, үстіне мініп суда жүземін» (деп жауап беретін). Кəпірлер: «Ер жасап жатсың ба? Əуелі есек ал», – деп күлетін еді. Алла Тағала: «Уə куллəмə мəрра 'əлəйһи мəлəун мин қаумиһи сəхиру минһу» («Оның қасынан қауымының басшылары өтсе, оны келемеждейтін»), – дейді. Нұх: «Сендер бізді келемеждейсіңдер, Алланың азабы келгенде біз сендерді келемеждейміз», – деп жауап беретін. «Қалə ин тəсхəру миннə фə иннə нəсхəру минкум кəмə тəсхəрунə фə сəуфə тə'лəмунə» («Ол (Нұх): «Егер сендер бізді келемеждесеңдер, біздер де сендер келемеждегендей келемеждейміз. Өте жақын арада білесіңдер (кім нің хақ екендігін)»). Нұх: «Топан уəдесі қашан болады?» – деп сұрады. «Қашан сенің тандырыңның ішінде су пайда болса, сонда азапты жіберемін» деген жарлық келді. Кеме үш қабат еді: бірінші қабат – қара мал, екінші қабат – Нұх қауымы, үшінші қабат – аң-құстар үшін. Нұхтың Сам, Хам, Яфес жəне Кенан атты төрт ұлы бар еді. Кеме жасады. Ұзындығы үш жүз қари, екі жүз қари еді. Кейбіреулер ұзындығы мың екі жүз қари, ені алты жүз қари, биіктігі алты жүз қари еді дейді. Жүз жиырма төрт мың темір бау (қазық) жасады. Əрбір бауда бір пайғамбардың аты жазулы еді. «Мухəммəдун Расуллуллаһи» аты жазылған темір бауды Ібіліс ұрлады. Нұх қанша іздесе де таба алмады. Жебірейіл келіп, хабар берді. Нұхқа бер десе, алмадым деп ант-су ішті. Жебірейілдің ашуы келді. Кеменің бір ағашын алып, басына ұрды. Бас-көзі қанға боялды. Қорыққанынан берді. Кеме жасалып болғанда, Нұхтың кəпір əйелі тандыр ішіне нан пісірерде тандыр ішінен су шықты. Келіп Нұхқа айтты. Нұх сексен мүмін адаммен кемеге мінді. Төрт ұлы бар еді. Сам, Хам жəне Яфес мұсылман еді. Кенан кəпір еді. «Əрбір жануардан бір жұптан алып кемеге кіргіз. Тұқымы жойылмасын, бір еркек, бір ұрғашыдан. «Фə услук фиһə мин кулли зəужəйни иснəйни уə əхлəкə» («Кемеге əр түрлі жануардан бір еркек, бір ұрғашыдан кіргіз жəне отбасыңды да»). Жəне ұлдарыңды да кіргіз». Нұх: «Тəңірім, ұшар (құсты), жүйрік жануарларды қалай ұстаймын?» – деді. Су бетіне барша жануарлар жиылды. Əрбірінен бір еркек, бір ұрғашыдан алып кемеге жайғастырды. Ұлы Кенанды мінгізейін деп жатқанда: «Кіргізбе, (ол) кəпір» деген жарлық келді. (Нұх): «Тəңірім, отбасыңды кіргіз деп Сен айттың», – деді. «Ол сенің отбасың емес» деген жарлық келді. Нұх: «Ей, Кенан, мұсылман бол, кемеге мін, топан су опат етпесін», – деді.
Кенан: «Мен биік тауларға сиынамын. Тау мені судан құтқарады», – деді. «Қалə сə'əуи илə жəбəлин йə'симуни мин əл-мə'и» («Ол: «Мен бір тау жақты паналаймын, ол мені судан құтқарады»). Нұх: «Бүгін Алладан басқа ешкім де құтқара алмайды», – деді. «Қалə лə əсимə əл-йəумə мин əмриллəһи иллə мəн рахимə» («(Нұх): «Бүгін Алланың азабынан құтқаратын ешкім жоқ, тек Алланың мейіріміне бөленгендер ғана аман қалады», – деді»). Бұл сөзді айтып бола бергенде су да келді. Кенан опат болатынын білген соң қашып, тауға шықты. Су келді, табанына тиді. Ұлы бар еді, оны аяғымен таптап төбесіне шықты. Ұлы өлді, өзі де суға шөкті, имансыз өтті. Кейбіреулер «ең бірінші кемеге кірген шымал еді, ең соңынан кірген есек еді» дейді. Есекті сүйреді, кемеге кірмеді, себебі оның құйрығынан Ібіліс тартып тұр еді. Болмаған соң Нұх: «Неше шайтан сенімен бірге болса да, кір», – деді. (Тағы) біреулер, Нұх қатулана есекке: «Ей, малғұн, кір» дегенінде, Ібіліс есектің құйрығымен ұстап кемеге кірді дейді. Нұх Ібілісті кеме де көргенінде: «Ей, малғұн, кімнің жарлығымен кірдің?» – деп сұрады. Ібіліс: «Сенің сөзің, жарлығыңмен кірдім», – деді. Нұх: «Саған кір деп қашан айттым?» – деді. Ібіліс: «Кір, ей, малғұн, деп айттың. Малғұн есек емес, менмін», – деді. Мəлік ибн Сүлеймен əл-Хирауий (оған Алланың мейірімі болсын) айтуынша, Нұх пайғамбар адамға зияны болар деп, жылан мен шаянды кемеге алмаған. «Кім сенің атыңды оқыса, оған ешбір зиян тигізбейміз», – деді. (Егер) жылан, шаяннан қорықса «Сəлəмун 'əлə Нухин фи əл-'əлəминə иннə кəзəликə əл-мухсининə иннəһу мин 'ибəдинə əл-мумининə» («Əлемде Нұх пайғамбардың отбасына сəлем (амандық) болсын. Əрине, Біз ізгі амал жасаушыларды осылай сүйіншілейміз. Расында ол Біздің мүмін пенделерімізден еді») (дұғасын) оқып жатсын деген сөз бар. Нұх: «Тəңірім, арыстан – сиырмен, қасқыр – қоймен, мысық көгершінмен жау, не істейін?» – деді. «Олардың арасына дұшпандықты сал ған кім?» – деген жарлық келді. «Сенен жарлық келді, көре алмаушылық, дұшпандық білдірген іздегенін тапты», – деді. Барлық нəрсені (кемеге) мінгізді. Жəне: «Адамның (Адам атаның) сүйегін алып кел, азап суы тимесін» деген жарлық келді. Адамның мүрдесін алып келіп кемеге салды. Бір жағында ер адамдар, бір жағында əйелдер еді. Адам (ата) мүрдесі ортада шымылдық болды. Тағы бір риуаятта (кемені) Жуди тауына тоқтатты дейді, алайда еттерісі Сарандибта, сүйектері Жудида. Су кеменің шетіне жеткенде Нұх қанша тырысса да, кеме қоз ғалмады. Жебірейіл: «Ей, Нұх, төрт жағынан төрт көзді атымен қой», – деді. Қойып еді, кеме қозғалды. Бір көзді Атиқ (яғни Əбу Бəкір), екінші көзді Омар, үшінші көзді Оспан, төртінші көзді Əли еді деген сөз бар. «Тəжри биə'иунинə жəзəн ли мəн кəнə куфира» («Өтірікшісің делінген адамға (яғни Нұх пайғамбарға) сый болғанынша, кеме көз алдымызда
жүзетін еді»). Ирактан мінді, Меккеге барды. Жеті жыл тауаф қылды. Содан Батысқа, кейін Шығысқа барды. Режеп айының оны күні кемеге мініп еді. Алты ай кемеде болды. Қырық күн-түн жаңбыр жауды, жерден су шықты. «Фə фəтəхнə əбуəбə əс-сəмəи би мəин мунхəмирин уə фəжжəрнə əл-əрзə 'уйунəн» («Аспан есіктерін төгіп құятын суға ашып қойдық жəне жерден бұлақтарды шығардық»). Хабарда былай келеді: Нұхқа пайғамбарлық келгенде (ол) жүз жаста еді. Тоғыз жүз елу жыл (Алла дінін) насихаттады. Тағы бір риуаятта төрт жүз жаста еді делінеді. Топан судан кейін үш жүз елу жыл жасады. Бəрі (бəрін қосқанда) мың жеті жүз жыл. Қырық тəулік жаңбыр жауды дейді. Əрбір тамшысы диірмен тасындай еді. Дүниеде қандай биік тау болса, соның басына қырық қари су жиналды. Кемедегі сексен адамнан басқа дүниеде ешкім тірі қалмады, бəрі қайтыс болды. Хабарда былай келеді: Үш нəрсе жоқ еді. Кемеде, дарияда болды. Бірінші – мысық, екінші – тышқан, үшінші – доңыз. Тышқан пай да болып, кемені тесе бастады. (Алладан) жарлық болды, Нұх қолымен арыстанның басын сипады. Мұрнынан екі мысық шықты. Ол тышқанды жеді. Тағы (бірде) айтылады: Тышқан кемені тескенде адамдарда үрей пайда болып, тесікті бітеу қолдан келмеді. Нұх: «Кім мына тесікті бітесе, соған қалағанын беремін», – деді. Жылан: «Мен мыналарды бекітейін, су кірмейді. (Сосын) іштегі суларды шығарсын», – деді. «Маған не бересің?» – деді жəне жылан. Нұх: «Не қалайсың?» – деді. Жылан: «Ненің еті тəтті болса, соны бер», – деді. Нұх (ұсынысын) қабылдады. Жылан суға кіріп, тесіктің үстіне жатты, су тоқтады. Ішіндегі суды сыртқа шығарды. Су мəселесі шешілді. Кемеден шыққан соң, жылан келіп Нұхтан (баяғы сұраған) етті сұрады. Нұх: «Барлық жануарлар шықты, жайылып кетті, ет қайдан болсын», – деді. Жылан қатты қалағанда Нұх (ғ.с.) масаға: «Барып, жер бетіндегі барша еттің дəмін тат, жыланға берейік», – деді. Маса барды, кешікті. Жылан сұрады. Нұх ұялғаннан қарлығашты масаны іздеуге жіберді. Қарлығаш келіп, масаны тапты. «Неге кешігіп жүрсің?» дегенде, маса: «Жер беті үлкен екен, айналып кеш қалдым», – деді. Қарлығаш: «Еттерді жеп көрдің бе? Ненің еті дəмді екен?» – деп сұрады. Маса: «Бəрінен де адамның еті тəтті екен», – деді. Қарлығаш: «Ол еттің дəмі аузыңда бар болар, аузыңды ашшы, көрейін», – деді. Маса аузын ашты, қарлығаш масаның аузын іздеген болып, тілін жұлып алды. Содан бері маса тілсіз қалды. Екеуі Нұх пайғамбарға келді. Масадан қанша сұраса да, сөйлей алмады. Мазасыз ызыңдады. Қарлығаштан: «Неге сөйлемейді?» – деп сұ рады. Қарлығаш: «Менімен сөйлескенде барлық нəрсенің ішінде су бақасының еті тəтті екенін айтты. Кешіккенінен қорқып, сөйлей
алмай тұр», – деді. Нұх (ғ.с.) бақаның етін жыланға берді. Егер қарлығаш сол күні ізгі іс жасамағанда, біз – барша адамзат жыланға жем болатын едік. Жəне мақсатқа (өз сөзімізге) қайтайық. Нұх (ғ.с.) кемедегілерге: «Жұптарыңызбен шағылыспаңдар, бала-шаға болса, кемеге симайды», деп айтатын еді. Ешкім де жұптаспайтын (шағылыспайтын). Бір мысық жұбымен шағылысып тұрған итті көрді. Келіп Нұхқа айтты. Иттен сұрағанда, ит: «Шағылыспадым» деп мойындамады. Мысық куə бола алмады, өкінді. Біраз уақыттан кейін иттің шағылысып тұр ғанын мысық жəне көрді. Мысық Аллаға: «Тəңірім, бұл ит сенің пайғамбарыңа жалған сөйлейді жəне мойындамайды. Құдіретіңмен мұны осы жағдайда біраз ұстай тұр, мен барып Нұхқа хабар берейін, өзі келіп көрсін», – деп жалынды. Жаратушы оның дұғасын қабылдады. Нұх келіп көргенше ит сол қалпы қалды. Нұх келіп көрді, ит қатты ұялды. Бүгінге дейін итке сол іс мирас болып қалды. «Мені Нұхқа жамандады. Тəңірім, оны да масқара қыл» деп, ит те дұға жасады. Алла Тағала иттің тілегін орындамады. Қашан мысықтар жұптаспақшы болса, сондай жаман дауыс шығарады. Оны барлық халық біледі. Бұдан кім біреудің айыбын ашса, ол да сол айыпқа ортақтасатыны белгілі болды. Адамдар мен қара малдардың нəжістері кемеге толды. Əбігерге салған уақытта: «Нұх (ғ.с.) інгеннің арқасынан сипасын» деген жарлық болды. Сипап еді, құйрығын қозғалтып, артынан доңыз шықты. Нəжістердің бəрін жеді. «Бүгінде доңыз етінің харам болуы сол себептен» деген сөз бар. Алты айдан кейін Аужға: «Кемені сүйре», – деді. Кеменің астын ұстауға ешкімнің шамасы келмейтін. Аужды оны ұстау үшін кіргізді. Алла Тағала (оны) опат етпеді. Содан кейін «Уə қилə йə əрзу иблə'и мəки уə йə сəмəу əқли'и» («Ей, жер, суыңды жұт, ей, аспан жаууды тоқтат, деп (жарлық) етілді»). «Суыңды жұт». Көкке жарлық болды: «Уə истəуəт 'əлə əл-жудий» («Жəне кеме Жуди тауының үстіне тоқтады»). «Енді жерге жаума». Жаңбыр жаумады, су тартылды. Су жер бетіне сіңді. Жер – домалақ, төңірегі тау. Су тартылғанда тау үстіне қарай жол алды. Төрт жағынан Қап тауына ұрғанда тоқтады. Жердің төңірегі мұхит дариясы болды. Мұхиттан мұхитқа жалғасқан сулар теңіз дариясы болды. Жер бетінде таулар, сайлар, көлдер сол топан суы кезде пайда болған, ал теңіздердің ащылығы мен сасықтығы сол топанда қайтыс болғандардан (салдарынан) еді. «Мен Нұх кемесін тауға тоқтатамын» деген дауыс келді. Барша таулар «Кеме бізге тоқтайды» деп таласты. Жуди тауы барлық таудан аласа еді. «Маған мұндай құрмет қайдан болсын» деп өзін кішіпейіл ұстады. Жаратушы оны жіберді. Кеме оған шайқалумен құрметтелді. Нұх (ғ.с.): «Судың деңгейі қандай, жер ашылды ма, кім барып хабар алып келеді?!» – деді. Қара қарға: «Мен барайын», – деді. Нұх: «Біреуді кепілдікке қой», – деді. Қораз кепіл болды. Қарға
барды, өліктер көп екен. Соларды жеп кешікті. Қораз көшеге шығу үшін кемеге кіріп, кеменің үстіне шығып, қанат қағып іздей бастады. Қарға қайтып келмеді. Нұх (ғ.с.) тауықты алып қалды. Сол себептен тауық ұшпайтын болып, адамдармен бірге қалды деген сөз бар. «Əл-кəфəлəту əууəлуһə мəлəмəтун уə əусəтуһə нəдəмəтун уə əхируһə ғарамəттун фə мəн лəм йусаддиқ фə əл-йужəрриб» («Кепілдік (яғни бір нəрсеге кепіл болу) басы мəміле, ортасы өкініш, ал соңы төлем төлеу. Кімде-кім сенбесе сынап көрсін»), кепілдіктің басы мəміле, ортасы өкініш, соңы төлем. Кімде-кім сенбесе, сынап (тəжірибе жа сап) көрсін. Нұх (ғ.с.) қарғаға дұға қылды. Алла Тағала алдында ауыр машақатта, үреймен өмірі аяқталды. Ол жолда бара жатып, оң-солына қарайтын. Содан кейін Нұх (ғ.с.) бір хабар алып кел деп, көгершінді жіберді. Барды, суы сіңген бір сай жер бар еді, сонда қонды, аяғы балшық болды. Сол сəтте-ақ қайтып келді. Аяғындағы балшықты көрсетті. Ол балшық аяғында түк болды. Бүгінде аяғы түктілер соның ұрпағы. Тағы бір риуаятта: Көгершін келіп, суы құрғаған жерге қонды. Азап суы сасық болғаны үшін, аяғы қызыл болды деген сөз бар. Тұмсығымен зəйтүн ағашының жапырағын алып келді. Нұхқа көрсетті. Нұх оған (оның құрметіне): «Адамзат саған мейірімшіл болып, үйі нен орын берсін», – деп дұға жасады. Көгершін: «Тағы бұйымтайым бар», – деді. Нұх дұға жасады. Алла Тағала мойнына бір алқа кереметін жасады. Нұхқа кемеден түс деген жарлық болғанда «Йə Нуху иқбит би сəлəмин минəə» («Ей, Нұх, Бізден болған амандықпен түс»), Нұх кемеден шықты. Сол күні сексен адам – қырық ер адам жəне қырық əйел Шам аймағындағы теңіз жағасына бір кент тұрғызды. Оны «Қарият ус-сəмəнинə» деп атады. Алты ай су ішінде жүргенде жел соқпап еді. Бірден шығып жел соққанда, жараспады. Əлсіреді. Жеті адамнан басқасының бəрі қайтыс болды. Тек Нұх ұлдары жəне үш келіні қалды. Жер бетінде бұл жеті адамнан басқа ешкім қалмады. Бүгінгі жақсы-жаман, мұсылман-кəпір халықтың бəрі Нұх ұрпағынан тарады. Үлкен ұлы Сам, ортаншысы Хам, үшіншісі Яфес. Бір күні Нұх (ғ.с.) жатқанында, жел соқты. Нұхтың етегі ашылып, əуреті көрінді. Хам оны көріп қалды. Сам Хамның бетіне басты. Яфес оны көріп, киімімен жапты. Алла Тағала сол жазасы үшін Хамның беліндегі ұрығын қара қылды. Ұрпағы қара (нəсілді) болды. Ұялғаннан əйелі қолын алды. Теңіз жағасында бөлініп, қамыстан үй жасады. Осылайша одан үнділер, хабашилар, негрлер тарады. Алайда араб пен ажам халқы Самнан тарады. Хамды Үндістанға жіберді. Самды араб пен ажам аймағына жіберді. Яфесті Түркістан жаққа жіберді. Барша түркілер Яфестен тарады. Осы жолмен түркілер құрметті жəне сыйлы болды. Осы туралы Əбу Исхақ Нишапури құрастырған «Қиссаси əл-əнбия» ішінде жазылған. Кейбір ғалымдар Йəжуж-Мəжуждің Яфес ұрпағынан тарағанын айтады.
Кағб риуаят етеді: Адам ұйықтағанында түс көрді. Ұрығы жерге тамды, топыраққа сіңді. Алла Тағала ол судан Йəжуж-Мəжужді жаратты. Бізге ата жағынан қосылып, бауыр болады. Алайда Хауа жағынан қосылмайды, өгей. Абдулла ибн Аббас (Алла одан разы болсын) Адам ұлдарының он топқа бөлінетінін, соның тоғызы Йəжуж-Мəжуж, қалған бір тобына барша адамзат баласы жататынын айтады. ХИКАЯ: Нұхтың бір қызы бар еді. Біреу қолын сұрап келгенде, берейін деді. Тағы біреу келді, оған да беремін деді. Жəне біреу сұрап келгенде, оған да беретінін айтты. Төртінші адам келгенде, оған да беремін деді. Баршасы қызды алғалы келді. Нұх (ғ.с.) қайғырып, үйіне кірді. Үйінде бір қаншық иті жəне бір қомағай есегі бар еді. Алла Тағаланың құдіретімен екеуі қыз болды. Жұмақтан бір хор қызы келді. Бұл төрт қызды төрт күйеуге берді. Бəрі де əдемі еді. Өз қызын тани алмады. Бірнеше күн өткен соң қыздарын көргелі барды. Бір күйеу баласынан: «Жұбайыңмен қалайсың?» – деп сұрады. «Жақсы, тек ішіп-жемейді», – деді. Нұх оның хор қызы екенін білді. Екінші күйеу баласына келіп: «Жұбайыңмен қалайсың?» – деді. «Қаншық», – деді. Нұх оның ит екенін білді. Үшіншіге барып: «Жұбайыңмен қалайсың?» – деп сұрады. «Жейді-ішеді, есектей жатады», – деді. Нұх оның есек екенін білді. Төртіншіге барып: «Жұбайыңмен қалайсың?» – деп сұрады. «Мен одан разымын, пайғамбарлар ұр пағы», – деді. Нұх (ғ.с.) оның өз қызы екенін білді. Алып келген сыйлығын соған берді. Хабарда былай келеді: Бір күні Жебірейіл келді. Нұхтың өмірі соңына таяғанда: «Ей, Нұх, пайғамбарлардың ішінде сенің өмірің ұзақ болды. Дүниені қалай ұқтың?» – деп сұрады. Нұх: «Дүние екі есікті сарайға ұқсайды. Біріншісінен кірдім, ал екіншісінен шықтым», – деді. Нұх жүз жасқа келгенінде пайғамбарлық келгені айтылады. Елу мыңнан аз жыл (Алла дініне) үгіттеді. Топан судан кейін үш жүз жыл жасады. Тағы бірде Адамнан топан суға дейін екі мың екі жүз жыл өткені айтылады. Содан соң Нұх дүниеден өтті. Үш жүз жыл халық Нұхтың шариғатымен жүрді. Көпшілігі кəпір болды. Шариғатты ұстанушы ешкім қалмады. Үш жүз жылдан кейін Хұт пайғамбар келді.
АУЖ ИБН УНУҚ ҚИССАСЫ Унуқ Адамның қызы еді. Ауж ибн Унуқтың ұлы еді. Бойы ұзын еді. Топанда суға шөкпеді, себебі топан су оның тізесіне жетпеді. Тау үстінде отырып, теңізден қолымен балық ұстап, оны күнге қарсы ұстап, пісіріп жейтін. Ар-ұятты еді. Өте əділ болатын. Үлкен жастағы əйел алды. Бір жас қызды алды. Адамзат баласы көрмейтін, жанжануар жетпейтін бір биік тастың үстіне қойды. Есейгенде Ауж одан қашып кетті. Таудың бір жағына келді. Қыздың көзі бір жігітке түсіп, соған ғашық болды. Жігіт те оны ұнатып қалды. Қосылуға шара болмады. Жігіт бір кемпірге мұңын айтты. Кемпір: «Бір ағашқа сен кіргенше сандық жасат. Аузын құлыппен бекітіп қойсын. Сен оған кір», – деді. Біреу сол сандықты көтеріп, таудың етегіне қойды. Кемпір сандықтың жанында отырды. Ауж келгенде кемпір жылап: «Ей, ұлым, сандықтың ішінде біреудің аманаты бар. Саған берейін. Басқаларға сенбей мін», – деді. Ауж оны алып, əйелінің қасына қойып, кетіп қалды. Əйел сандықтың құлпын ашып, жігітті шығарды. Бірнеше күн бірге болды. Біраз уақыттан кейін Ауж қайтып келді. Жерге біреудің түкіргенін көрді. «Мұны кім істеді?» – деп сұрады. Əйелі: «Мен істедім», – деді. «Онда тағы істеші», – деді Ауж. Істеп еді, оған ұқсамады. Ауж: «Бүгін шындықтан басқа ешкім құтқара алмас», – деді. Əйел қорыққанынан шынын айтты. Ауж оны (жігітті) сандықтан шығарып, əйелімен қойды. Кемпірді іздеп барды. Алып келді, отырғызды. Үстіне дəрет сындырып еді, нəжістің астында қалып өлді. Риуаят етеді: Қайсы елге өкпелесе, бір аяғын кенттің бір басына, екінші аяғын кенттің мына басына қоятын да, кенттің үстіне дəрет сындыратын, түскен нəжістен барлық тұрғындары қайтыс болатын. ХИКАЯ: Ауж, Мұса Кəлім заманына дейін өмір сүрді. Төрт иғаш (шамамен 6 км келетін өлшем бірлігі) жерді алып тұрған Мұсаның əскерін көрді. Сол кезде əскердің көлеміндей бір тауды басына дейін көтеріп əскердің үстіне тастағалы тұрғанда, Алла Тағала хұдхұд құсын жіберді. (Хұдхұд) келіп Ауждың басы тұсынан ол тауды тесті. Басы тауға кіріп, мойнына алқа болды. Одан кейін Мұсаға «ұр» деген жарлық болды. Мұсамен соғыса алмады. Мұсаның бойы он екі қари еді. Таяғы да соншалықты еді. Ол жүгіріп оны екі қари тағы секіріп ұрды, басына тиді. Ауж жерге құлады. Мұса қауымы жабылып өлтірді. Бір аяғын алды. Ұзындығы төрт иғаштық жер еді. Теңізге көпір жасады деген сөз бар.
ХҰТ (Ғ.С.) ҚИССАСЫ Нұх (ғ.с.) ұлы Сам ұлы Ирам ұлы Ауаз ұлы Ад ұлы əл-Жұлұт ұлы Риях ұлы Абдулла ұлы Хұт (ғ.с.). Бес пайғамбардың арабтан шыққандығы айтылады. Олар: Худ, Салих, Шис, Исмайыл жəне Мұхаммед (ғ.с.). Ол – «Уə илə 'əдин əхəһум Һудəн» («Жəне Ад қауымына олардың бауыры Хұтты (жібердік)») шапанын киген, «Йə қауми у'буду Аллаһа» («Ей, менің қауымым, Аллаға құлшылық етіңдер») деп жарлық жеткізген, «Йə, Һуду мə житəнə бибəйинəтин» («Олар: «Ей, Хұт, сен бізге ешбір айғақ əкелмедің») айғағын есіткен, «Фə и'тинə бимə тə'идунə» («Уəде қылған нəрсеңді алып кел») сөзін тыңдаған, «Уə убəллиғукум мə урсилту биһи» («Жəне мен сендерге алып келген нəрсемді жеткізудемін») деп сөйлеген, «Уə лəкинни əракум қаумəн тəжхəлунə» («Алайда сендерді надан халық көремін») деп жауабын берген – ХҰТ (ғ.с.). Нұхтан кейін Хұт пайғамбар болды үш жүз жыл өтіп, Жүрер еді көп халайық шариғаттан қашып. Күндіз-түні Хұт жеткізді Тəңіріміздің жарлығын, «Сегіз жұмаққа кіргін» деп, хақты жалғаннан айырып. Раббыдан танып, жолдан азып, ұсынбады дінге мойын, Хақтан қашып, халыққа жалынып, пұтқа сиынып, арақ ішіп. Алмады Хұттың сөзін, қайтпады Жаратушыға, Ешкім де айтпаған сөз айтты сондай ғажап. Айтты: «Йə, қауми у'бəдуллаһа» («Ей, қауымым, Аллаға құлшылық етіңдер»), Одан өзге Тəңірі жоқ, Сиынған Хақ құзыретіне жылады жасын төгіп. Жағдайы ушыққанда үн жеткізді жалынып, Айтты еңіреп: «Əнтə рабби қадирун хайиун мужиб». («Сен Жаратушым, құдіреттісің, тірісің һəм тілектерді орындаушысың») Жеті түн, сегіз күнде Жаратушы опат етті халықты, Шаршап-шалдықса да адтықтарға жол ашып. Хұт пайғамбар (ғ.с.) тоғыз жасында Ад қауымына келді «Уə илə 'əдин əхəһум Һудəн» («Жəне Ад қауымына олардың бауыры Хұтты (жібердік)»). (Кейбіреулер) «Ад – патшалықтың аты» десе, (енді біреулер) «Жəне қауымның аты», «Елдің аты», «Олардың атасының аты» дейді. Нұх (ғ.с.) ұлы Сам ұлы Ерам ұлы Ад тұрған жерлерінде Ахнақ қауымының түйелері бар еді. Хұт сол түйелерге мініп барып, оларды иманға, исламға шақыратын еді. Олар Хұтты түйеден құлатып: «Сен бізді құдайларымыздан айыруға келдің бе?» – дейтін. «Ə житəнə литəфикəнə əн əлихəтəнə» («Сен бізді құдайларымыздың құлшылығынан қайтару үшін келдің бе?»). Бəрі ұзын бойлы еді. Төрт жүз қари бойлары басына дейін секіріп тепкенде, тізелеріне дейін жететін еді. Бойларына, күштеріне жараса пұттар жасайтын. Күштеріне сеніп: «Біздей күшті
бар ма екен?» – деп масаттанатын. «Мəн əшəдду миннə қууəтəн» («Бізден күшті кім бар?»). Бойы үш жүз қари болатын алтыннан, күмістен пұттар жасады. Хұт оларға: «Йə, қауми у'будуллаһа мə лəкум мин илəһун ғайруһу» («Ей, қауымым, Аллаға асығыңдар, сендер үшін Одан басқа құдай жоқ» дегенінде, (олар): «Рас сөйлесең, азап жібер», – деп қабылдамайтын. Хұт: «Азаптың келетінін Алла біледі. «Иннəмə əл- 'илму 'индаллаһи» («Оны білу тек Алланың құзырында»). Асырмаймын, сендерге жеткізушімін. «Убəллиғукум мə урсилту биһи» («Мен сендерге алып келген нəрсемді жеткіземін»), сендерді мойынсынбаушы ретін де көрудемін. «Уə лəкинни əракум қаумəн тəжхəлунə» («Алайда сендерді надан қауым (ретінде) көремін»)», – деді. Барша халық тəкаппар еді. Биік қабырғалар тұрғызып, əдемі көріну үшін биік жартастарға сарайлар салатын. Əлсіз майда халықтарды келеке етіп, басынатын. Оларды сол себепті адтықтар деп атады, арабша өте ұсақ деген сөз. Олар жəне бес ерекшелігі жағынан өзге халықтардын айырмашылығы бар еді: күшті, бойлы, нығмет, уақыт жəне күнəһар. Хұт: «Қорқыңдар, тəубеге келіңдер, олай болмаған жағдайда сендерді апатқа ұшыратады», – деді. (Олар): «Сенің Тəңірің бізді немен өлтіреді?» – деді. Хұт (ғ.с.): «Ол сендерге жел болып келіп, бəріңді де дауылмен апатқа ұшыратады», – деп тілімен ысылдап көрсетті. Хұттың ол ісəрекетінен пайда болмады. (Олардың) ұлдары есейген сайын бұзылды. Қырық жеті жыл үгіттеді, тыңдамады. «Біз сенің сөзіңе бола құдайларымыздан бас тартпаймыз», – деді. Жиналып: «Бізге жел ке леді дейді, дайындалайық», – деп кеңесіп, дайындалып, əбігерге түсті. Ұл-қыздарын, қара мал дарын тауға жіберді. Бір ауыртпашылық бола қалса, олардың əдеті Меккеге адам жіберіп, құрбандық шалып, жалынып-жалбарынатын. Бұл жолы Мазид ибн Сағд, Лұқпан ибн Ад (бұл хəкім Лұқпан емес, басқа адам) жəне Қайыл ибн Омар үшеуін аттандырды. Олар басқа жолдастарымен бірге Меккеге барды. Бұл Мазид пен Лұқпан екеуі іштей мұсылман еді. Меккеде олардың Муауия атты туыстары бар еді. Мал-дүниесі бар, қолы ашық еді. Оның үйінде қонақ болды. Бір ай ішіп-жеп, араққа тойып, əнге құмартып, ойынсауыққа батты. Хұт пайғамбардың дұғасымен оларға Алла Тағала үш ай бойына жаңбыр бермеді, əлсіреді. Үшеуі құрбандық шалып, жаңбыр тілеу үшін барып еді. Муауия олардан жалығып, екі əншіге қарап: «Сен екеуің əн айтып, би билегендеріңде (олардың) жаңбыр тілеуге келгендерін, кешігіп жатқандарын айтып беріңдер. Соны түсініп, үйлеріне қайтсын», – деді. Əншілер солай əн айтты. Олар мұны есітіп, не үшін келгендері естеріне түсті. Қағбаға келіп, құрбандық шалды. Қайыл: «Аллаһумма ин кəнə Һудун садиқан фə исқинə» («Ей, Алла, егер Хұттың айтқандары рас болса, онда бізді суғар (су бер)»), – деді. Алла Тағала үш түрлі бұлт жіберді: ақ, қызыл жəне қара. «Ей, Қайыл, мына бұлттардың біреуін таңда» деген дауыс есітілді. Қайыл
бұлттарға қарап: «Ақ бұлтта еш нəрсе жоқ, қызыл бұлтта не барын білмеймін, қара бұлт жаңбырлы болар», – деп, соны таңдады. Ол азап бұлты еді. «Ихтəрту рамадан» («Мен құлды ықтияр қылдым») деген дауыс есітілді. Оның мағынасы мынау: Қара бұлтты қаладың, (енді) Адта ешкім тірі қалмайды, əке баласы қырылады. Бəну Лудия деп, егер ұрпағы қалса, оларға қалар. Бұлар Адтың басынан емес, Адтың соңынан деді. Мазид ибн Сағд: «Тəңірім, мен олардың дінінде емеспін. Сенің дініңде ұста», – деді. Лұқпан ибн Ад: «Тəңірім, маған ұзақ жас бер», – деді. «Неше жас қалайсың?» – деді. «Каркастың (өлекселермен күн көретін жыртқыш құс) жасы керек», – деді. Əрбір каркас үш жүз жыл жасайды. Лұқпан бір каркас баласын алып қартайғанша асырады, тағы біреуін солай асырады. Лубид атты шымалға ұласты. Өлімі жақындаған уақытта тау басына алып барып, солармен бірге ұшсын деп, басқа каркастардың арасына қойды. Басқалар ұшты, Лубид қалды, сол жерде бірден өлді. Лұқпан да жан берді. Ол қара бұлтта жетпіс мың найзағай ойнайтын еді. Əрбір найзағай жетпіс екі періштенің қолында еді. Хазрамаут жеріне келді. Ең бірінші Миз деген бір кемпір көрді. Сол үшін жеті түн, сегіз күнді «Əйиəми əжуз» («Мыстан кемпір күндері») деп атайды. Жебірейіл Алланың жарлығымен желге жауапты болған періштеге: «Желдің есігін аш», – деді. «Қанша ашайын?» – деді. Жебірейіл: «Сиыр мұрнының тесігіндей», – деді. «Сондай көлемде ашсам, жер бетінде, тау-топырақ, теңіз, ағаштар қалмайды», – деді періште. «Бір кішкентай жүзіктей», – деді. Періште жаңағыдай жауап берді. «Иненің көзіндей аш», – деді. Ашып еді, қатты жел тұрды. «Уə əммə 'Əдун фə ухлику би рихин сəрсəрин 'əтийəтин» («Алайда Ад (қауымы) болса, олар өте тез соғатын суық желмен апатқа ұшыратылды»). Араб тілінде «'адий» – өте шығу деген мағына береді, яғни періштелердің сөзінен өте кешті. Амалиқа оты зиян тигізбеді. Одан кейін (жел) қаттырақ соқты. Хұттың айналасына бір сызық тартылды. Хұтқа зияндық болмады. Сол сəтте жел жетіп келді. «Хəрракəтнə риху Худ» («Біздерді Хұттың желі теңселтті»), яғни «Хұттың желі бізді теңселте бастады», – деді. Содан соң жел сай-шұңқырға кірді. Аяқтарын тізелеріне дейін жерге, тасқа көмді. Жел келіп, аяқтары астына кірді, топырақтарды аша бастады. Əуелі терілерін тілді, еттерін тазалап алды. Тек сүйектері қалды. Содан кейін киімдері шешілді. Біразы тау үңгірлеріне кіріп жасырынды. Жел онда да кіріп көтеріп шығарып, үй шатырларына соғып опат етті. Содан соң сүйектерін сайларға көмді. Ол топырақтарды үстіне бастырып тастады. Топырақтың астында қалды. Қалхан атты күшті біреу бар еді. Ол: «Мен барайын, желді тоқтатайын, бəрін құтқарайын» деп келді.
Жел шыққан жолды екі қолымен ұстады. Қолын шынтағына дейін тасқа көмді. Көкірегін желге берді. Жан дауысы шығып, айқайлап: «Лəм йəбқа иллə Халхан» («Қалхан (есімді батырдан)нан басқа ешкім қалмады»), – деді. Жел оны тасымен бірге көтерді. Аспанға көтеріп, тасқа ұрып опат етті. Олардың арасына (бірге) көмді. Содан кейін құм, топырақтарды төбеге жиды. Жел сəрсенбі күні басталды. Жеті түн, сегіз күн соқты. Жəне сəрсенбі күні ақшам уақытында басылды. Ол жеті түн, сегіз күнге «Əйиəми əжуз» («Мыстан кемпір күндері») деп атайды. «Уə əммə 'Əдун фə ухликə би рихин сəрсəрин 'əтийəтин сəххəраһə 'əлəйһим сəб'ə лəйəлин уə сəмəнийəтə əйиəмин хусумəн» («Алайда Ад (қауымы) болса, олар өте тез соғатын желмен апатқа ұшыратылды. Алла желді олардың үстіне жеті түн, сегіз күн бойына соғатын етіп қойған еді»). Хұт (ғ.с.) үңгірден шығып, оларға келді. Топырақтың астында бəрі тірідей жылап-еңіреп, бірінің дауысын бірі есітіп, мына пəленше, мынау төленше деп жатты. Ол туралы Алла Тағала хабар береді. «Кə-əннəһум ə'жəзу нəхлин хəуийəтин» («Олар құрма ағашының іші кəуек төңкелеріне ұқсайтын еді»), қырық тəулік бойына топырақ астында еңіреп жатты. Содан кейін Ад хабарын оларға біреу айтып берді. Мазид пен Лұқпан екеуі Аллаға шүкіршілік қылды. Қайыл оны есітіп қайғырып: «Ей, көк Тəңір, егер бұл сөз рас болса, мені де опат қыл», – деді. Жел келіп, Қайылды көтеріп, аспанға ұшырды да, жерге соғып опат етті. Одан кейін елу жыл өтті.
САЛИХ ПАЙҒАМБАР (Ғ.С.) ҚИССАСЫ «Уə илə Сəмудə əхəһум Салихəн» («Жəне Самуд (тайпасына) олардың бауыры Салихты (жібердік)»), шапанын киген, «Фəстəғфируһу суммə тубу илəйһи» («Одан кешірім сұраңдар, кейін Оған тəубе етіңдер») деп, қауымына үгіт-насихат берген, «Əтəнһəнə əн нə'будə мə йə'буду əбəунə» («Сен бізді ата-бабаларымыз құлшылық етіп келген нəрсеге құлшылық етуден қайтармақшысың ба?») жауабын естіген, «Фə қалə лəһум расулуллаһи нəқаталлаһи уə суқйəһə» («Оларға Алланың елшісі айтты: Алланың түйесін жəне оның ішкен уақытын (құрметтеңдер)») ұсынысы болған, тастан дұға жасап інген шығарған, «Рабби қарибун мужибун» («Расында менің Жаратушым жақын, қабыл етуші») деп, Хақ дінге шақырған – САЛИХ ПАЙҒАМБАР (ғ.с.). Ақыл салып келгін, тыңда, Салих пайғамбар қиссасын, Болғанын бастан-аяқ айтайын мен баршасын. Хақ пайғамбарлық бергенінде тез жүгірді қауымына, Жүрді күн-түн, алды Самуттың тайпасын. Қылды иман үгітін, жасады бір мұғжиза, Болды Хақтан, шықты інген жарып таудың арасын. Бота туды, барша сонда оны таңдана көрді, Күн кезектеп су тасыды ішті əркім үлесін. (Бас) тартты Хақтан баршасы, қылды көп күнə іс, Ұқпастан Салих сөзін һəм осы інген қиссасын. Келді жүгіріп екі тоқымашы, бір аяғын кесті олар, Ботасы еңіреп қайтты, іздеді енесін. Үш күн ішінде болды сары, қызыл жəне қап-қара, Құдіретімен Жаратушы Қадыр жазалады баршасын. Нұх (ғ.с.) ұлы Сам ұлы Ерам ұлы Ад ұлы Самут ұлы Хам ұлы Фасих ұлы Асаф ұлы Убай ұлы Салих (ғ.с.). Ад жəне Самут екі патша еді. Нұх ұлы Сам ұлдарынан осы екеуінен көп ұрпағы болды. Ад жəне Самут тайпалары Нұх ұрпағынан. Ад тайпасы (кейіннен) Самут тайпасы аталды. Хұт қауымы Ад бірінші болды. Самут тайпасы – Ад тайпасының соңы. Ад халқы Самут халқынан көбірек еді. Сам мен Хижаз арасында Жахд жерінде отыратын еді. Самут халқы Ад халқындай ұзын бойлы еді. Таулар ішінде үңгір қазып үйлер салатын. «Уə кəну йəттəхизунə мин əл-жибəли буйутəн əминин» («Олар тыныштықта тұру үшін тауларға үйлер салатын»). Бір биік тау етегінде олардың суы бар еді, оларға тап болғанша барша пұттарға сыйынатын. Алла Тағала Салихты оларға жіберді. «Уə илə Сəмудə əхəһум Салихəн» («Самуд қауымына олардың бауыры Салихты жібердік»). Салих олардың ұрпағы болғаны үшін «əхəһум» («олардың бауыры») деп жарылқады. Салих оларды мұсылмандыққа шақырды. Салихқа пайғамбарлық келместен бұрын (қауымдастары) біздің пұтқа табын дейтін еді. Салих көнбесе, əлі кішкентай, есейсе осы жолға кірер дейтін. Пайғамбарлық келген соң, «пұтқа табынбаңдар, мұсылман болыңдар» деді. «Ей, Салих, біз
сені дінімізге кіретін шығар деп үміттенетін едік. «Йə, Салиху қад кунтə финə мəржууəн қаблə һəзə» («Ей, Салих, алғашында сен біздің арамызда үміт етілген адам едің»). Енді бізге аталарымыздың дінін қойып, басқа дінге шақырасың ба? «Ə тəнһəнə əн нə'будə мə йə'буду əбəунə» («Сен бізді ата-бабаларымыз табынып келген нəрсеге табынуымызды тоқтатпақшысың ба?»). Біз бұл сөзге келмейміз», – деді. «Уə иннəнə лəфи шəккин миммə тəд'унəнə илəйһи мурибин» («Əрине, біз сен үгіттеп таратып жатқан дінге қатты күмəніміз бар»). Уаһаб ибн əл-Яманий риуаят етеді: Нұх қауымы топанда опат болған соң, Нұхтың үш ұлы қалды. Нұх (ғ.с.) өлерінде ұлдарына өсиет айтты. Əлемнің ортасын Самға берді. Хамды Батысқа жіберді. Яфесті Шығысқа жіберді. Түркілер Яфес ұрпағы, ал басқалар Сам ұрпағынан екендігі айтылады. Сам Муқаддаса жерінде еді. Самут Хижаз жерінде еді. Əрбір тайпаның патшалары бар болатын. Бұл Самут халқы меккеліктермен шын берілген еді. Меккеде Муауия ибн Бəкір атты үш жүз мың ер əскері бар еді. Хижаз жеріндегі ақсақалдар жиылып: «Бізге бұл дұшпанмен соғысатын бір патша керек» деп кеңесті. Ханда ибн Омар атты біреуді өздеріне патша етіп тағайындады. Патша билікті қолға алған соң, өзіне қызыл алтыннан, екі көзі жақұттан істелген пұт жасап алды. Бұл пұттың төрт беті бар еді. Бірі – адам, бірі – арыстан, бірі – құс, бір ат бейнесінде еді. Бұл пұтқа арнап бір үй тұрғызды. Ұзындығы екі жүз қари, ені жүз қари еді. Шатыры жəзəден (ақық кенінен шығатын ақ, қызыл, сары қалы бар қара тас), ақықтан еді. Бұл үйге жүз есік салды. Қызыл алтын жəне гауһармен безендірілген алоэ ағашынан бір тақ жасатты. Бір таққа төрт аяқ жасатты: бір аяғы зүміреттен, бір аяғы жəзəден, бір аяғы ақықтан, бір аяғы хрустальдан. Түрлі түсті матамен қаптады. Ол таққа отырды, соған сəжде қылды. Барша тайпаға адам жіберді. Барша патшаларды əскерімен жинады. «Бұл менің құдайым, бұған сəжде қылыңдар», – деді. Патшалар ол төрт жүз есіктен кірді. Ол пұтқа сəжде жасады. Біреуі пұттың аузына қарап: «Мен сізден ризамын», – деп сөйледі. Барлығы сүйсініп басын көтерді. Ханда ибн Омар: «Əр жылы бір рет келіп бұған сəжде қылыңдар», – деді. Самут халқы ол үйден шығып сөйлесті. Бірнешеуі: «Біздің құдайымыздың түрі біз секілді еді», – деді. Айтысты, соғысты, жетпіс мың адам өлді. Бұл хабар Ханда ибн Омарға жетті. Аттанып, оларға келіп: «Қай жағың бұл істі жасасаңдар да, өздеріңе жасадыңдар», – деді. Олар: «Ей, патша, бізге бұл құдай керек емес. Бізді соғысқа мəжбүрледі. Бізді ұрыстырмайтын басқа құдайға табынамыз», – деді. Пұт жасауға тас əкелу үшін Қарра тауына адам жіберді. Ібіліс (оған Алланың қарғысы болсын) Қарра тауына олардан бұрын келді. Əдемі, таза ақ тасты кесіп қойды. Олар келіп, сол тасты алып барып, пұт қашап алды. Ұзындығы қырық қари, ені сегіз қари еді. Басы алтыннан, көздері жақұттан, тістері інжуден еді. Түрлі киімдер кигізіп, оны таққа отырғызды. Оны Абхар деп атады. «Ей, патша,
пұтқа бір адам қызметші болса», – деді. Хан да айналасына қарап еді, Қасур ибн Убайда деген адамға көзі түсті. «Мынау жарайды ма?» – деді. Разы болды. Қасурды ол пұтқа қызметші қылды. Қырық жыл қызмет қылды. Бір күні Ібіліс періштелерден Қасур ұрпағынан Салих атты пайғамбардың шығатынын есітті. Бұл кəпірлер оның қолында. Ол қауымның баршасы ол пұтқа жиналады. Ібіліс (оған Алланың қарғысы болсын) келіп пұттың аузына кірді. Қатты айқайлап: «Ей, менің құлдарым, бұл Қасур менің қызметіме жарамас, оны зынданға тастаңдар», – деді. Оны зынданға тастаған соң, басқа біреуді қызметші етіп қойды. Қасур қырық жыл зынданда жатты. Қырық жылдан кейін Жебірейілге «Қасурды зынданнан шығар» деген (Алладан) жарлық болды. Зынданды екіге жарып: «Ей, Қасур, зынданнан шық», – деді. Қасур зынданнан шықты. Көңілінде: «Қырық жыл Абхарға қызмет еттім, қырық жыл зынданда жаттым. Енді құтылдым. Бұл жерден кетейін» деп түйді. Тауға барды. Тау ішінде бір үңгірге кездесті. Шаршап еді, ұйықтады. (Содан) қырық жыл ұйықтады. Алла Тағала оны бір періштеге қорытты. Қасурдың үйінде Заум есімді əйелі бар еді. (Кейбір деректе есімі Сахур деп айтылады.) Біраз уақыт өткен соң бұл əйел жынды болды. Кезіп жүретін еді. Өзі əдемі болатын. Халық оған мейірім жасады. Бір түні сарайына қарға сияқты бір құс келіп: «Ей, Заум, Қасурды көруді қаласаң, менімен жүр», – деді. Заум артынан жүріп отырды. Үңгірге келді. Құс: «Күйеуіңді шақыр», – деді. Заум бар дауысымен Қасурды шақырды. Үңгір жаңғырды. Қасур: «Кір», – деді. Заум (Сахур) кірді, Қасурды көрді. «Ей, Қасур, бінеше жылдан бері осында екенсің. Неге маған келмедің?» – деді. Қасур: «Абхар зынданынан құтылып, бір түн мұнда жаттым», – деді. Заум: «Бір жүз жиырма жылдан бері сен жоқсың», – деді. Осылай сөйлесіп отырғанда Қасурдың əйеліне махаббаты оянды. Екеуі қауышты. Заум Салих пайғамбарға жүкті болды. Сол сəтте Қасур қайтыс болды. Заум қайғылы қайтты. Ол құс: «Бұл үңгірден шық», – деді. Заум шықты. Ол үңгір белгісіз (ғайып) болды. Құс жəне: «Ей, Заум, ішіңдегі нəрестені қайдан алдың деп, қатты сұраса, оларды осы үңгірге алып кел. Алла Тағала олардың азабынан құтқарады», – деді. Заум: «Сен қандай құссың?» – деді. «Мен құзғынмын», – деді. «Басың неге ағарған?» – деп сұрады. «Қабылдың Əбілді өлтіруіне мен себеп болдым. Алла Тағала маған қандай жаза береді екен деп ойлаумен басым ағарды», – деді. «Тұмсығың неге сары?» – деді. «Жұмақтағы шафраннан жедім», – деді. «Аяғың неге жасыл?» – деп сұрады жəне. «Мың жыл Туба ағашына отырдым», – деді. «Ішің неге қара?» – деді жəне. «Бір күні тамұқтың үстінен өтіп бара жатқанымда, отының ысты-
ғынан осылай болды», – деді. Тағы көрінбей кетті. Заум (яғни Сахур) үйіне келді. Тоғыз айдан кейін мухаррам айының дүйсенбі күні түнде Салих пайғамбар дүниеге келді. Анасы Салихты құндақтап, өз еліне алып барды. «Бұл нəрестені қайдан алдың?» – деп сұрады патша. Заум болған оқиғаны айтып берді. Патша аң-таң қалды. «Ей, патша, маған сенбесең, кел саған көрсетейін», – деді. Патша ол үңгірге барды. Заум айқайлап Қасурды шақырды. Үңгір ашылды. Екеуі кірді. Алла Тағала Қасурды тұрғызды. «Ей, Жанда, бұл менің балам», – деді де, тағы өлді, күл болды. Патша аң-таң қа лып; «Мен өз көзіммен көрдім, алайда басқалар сенбейді. Сен бұл нəрестені менің есігіме қой. Адамдар келіп асырауға сұрайды. Сонда сен келіп асырауға ал», – деді. Заум солай істеді. Адамдар жиылып келіп, асырауға алатын болды. Заум: «Нəресте есігімде тұр, маған жарасады, мен алайын», – деді. Салихты алып, асырады. Он екі жасында сымбатты болды. Оның көркіне жетер ешкім болмады. (Кімде-кім Салих пайғамбарды, Мұхаммед Расулулланы көрсе танымайтын еді деген сөз бар.) Салих анасының қойларын бағып жүрді. Меккеден Муауия ибн Бəкір үш мың адамымен келді. Хижазды қоршап алды. Салих Муауияны көргелі шықты. Құтқармақ болды. Салих əрбірінің қолын ұстап бір тарапқа тастайтын еді. Олардан бірнеше атты келіп бұларды ұстамақшы болғанда, қатты бір айқайлады. Жебірейіл, Əзірейіл жəне Микəйіл бір дауыстады. Бəрі құлап өлді. Патшаға хабар жетті. Аттанып келіп, ғажайыптарын көрді. Ат мінгізіп, шапан жапты. Басындағы алтын тəжін Салихқа берді. Дүниеде ең алғаш өз шапанын кигізген Жанда ибн Омар болатын. Əскерге жарлық болғанда, Салихқа сəлемдесуге келгендер патшаның қасына барып отырғысы келсе, Салихты ертіп алатын еді. Бір күні Салих үйінің алдында отыр еді, патшаға сəлем бергелі Жебірейіл (ғ.с.) бір əдемі жігіт бейнесінде келді. Сəлемдесті. Салих не екенін білмеді. Жебірейіл: «Ей, Салих, үйге кір», – деді. Салих үйге кірді. Жебірейіл (ғ.с.) пайғамбарлық берді. «Барып, патшаға айт, Алланың бірлігін, Салих Оның пайғамбары екенін айтсын», – деді. Тағы: «Мынау қате шапанын қой (шеш)», – деді. Шешті. Бір көйлек, шапан киді. Өлгенше Салих пайғамбар сол көйлек, шапанмен жүрді. Патшаға келіп: «Ей, кəпір, «Лə илəһə иллаллаһу уə инни Салихун расулуллаһи» («Алладан басқа тəңірі жоқ, жəне мен, Салих, Алланың елшісімін») деп айт», – деді. Патша: «Ей, Салих, менің саған жасаған жақсылықтарымның қайтарымы осы ма еді?» – дегенде, Салих жауап берейін десе, Жебірейіл үндемеді. «Жарайды, елден шық», – деді. Салих ол елден шықты. Қарра тауына барды. Жеті иғаштық жер еді. Салих онда періштелерді көрді. «Ей, Салих, бүгін мұнда бір үй тұрғыз», – деді. Жебірейіл жəне басқа періштелер Салихқа көмектесті. Ұзындығы үш жүз қари, ені қырық қари бір үй тұрғызды. Үй жанындағы ашық жерлерді жыртты. Оң-солына ағаштар отырғызды. Алтынмен апталған, күміспен қапталған бір қандил (шырақ) жасады. Оның жарығынан жеңіске жететін еді. Ертесіне қауым келіп ол үйді көріп,
аң-таң қалды. (Салих) күндіз халықты иманға шақыратын, түнде үйіне келетін еді. Ол елде үш жүз адамнан артық мұсылман болмады. Салих: «Тəңірім, мен бұлардан үміт үздім», – деді. Жебірейіл келіп: «Ей, Салих, бұлар үш жүз жылдан бері кəпірлікте болған, аз ғана уақытта иманға келе қоймайды», – деді. Салих: «Ей, қауым, менің біреуге баратын ісім бар», – деп шықты. Қарра жаққа барды, онда мехраб жасады. Құлшылыққа кірісті. Басын сəждеге қойды. Алла Тағала Салихқа ұйқы берді. Қырық жыл ұйықтады. Ол мұсылман болған үш жүз кісі өлді. Бір күні Салих пайғамбар келгенінде, біздің мұсылман болып жан бергенімізді білсін деп, дүниеден өткеннің атын мына есікке жазатын еді. Жер жүзінде «Лə илəһə илаллаһ» дейтін адам қалмады. Салих ұйқыдан оянғанында, бəрінің қайтыс болғанын көрді. Қырық жыл ұйқыда еді. Төрт жыл Самут халқының ішінде еді. Салих ол тайпадан Алла Тағала бұл қауымға пайғамбар етсе, олардан бірден жіберетін еді, тек Лұт пайғамбар ғаріп еді. Салих оларды иманға шақырды, (ертеңгі) азаптан қорқытты. Жұмаққа үміттендірді, ізгілікпен үгіттеді, еркін сөйледі, (олар) қабылдамады. Салихты жақтырмайтын болды. Барлығы ақылдасып, «Оны өлтіруге болмас, себебі ол тегі жəне атағы жағынан бізден жоғары тұрады. (Сондықтан) Салихтың бізден үмітін үзейік» деп шешті. (Сондай-ақ): «Бір нəрсе істейік, ол істі істей алмаса, ұялып өзіақ кетіп қалады», – деді. Олар: «Ей, Салих, сен бізге не дейсің?» – деді. Салих: «Алла Тағаланың бірлігіне мойынсұныңдар. Жаратқан, нығ мет берген Ол. Ад қауымы қабылдамады, жаман пəлелер берді. Хұт қауымы иман келтірмеді, жазалады», – деді. «Ей, Салих, бізді аталарамыз табынған тəңірімізден қайтарып, басқа тəңірмен қорқытып жатырсың ба? Сөзің рас болса, бізге бір айғақ көрсет», – деді. Салих: «Не қалайсыңдар?» – деді. «Біз мейрамымызға шығайық, сен Тəңіріңнен сұра, біз өз тəңірімізден сұрайық. Қайсысы тезірек береді екен, көрейік», – деді. Қасын дағылардың бəрі шықты, Салих та барды. Олардың қасында бір жалаңаш тау бар еді. «Мынау таудан бізге бір қызыл түсті інген шығар. Біздің алдымызда боталасын, бізге сүт берсін, ішейік», – деді (олар). Ол тауда Кайна есімді бір көл бар еді. Сулары содан шығатын. Бұлардың аталары Самут бір күні көлдегі бір тастан: «Самут халқы осы тастан опат болады» деген дауыс естіді. (Олар): «Осы тастан бір інген шығар, қызыл түкті, тілі қара, мойыны жүнді, өркеші түкті, желіні жетілген», – деді. Салих: «Тəңірім, менен не қалап тұрғанын Сен білесің», – деп дұға қылды. «Ей, Салих, сенің қауымыңның бұл мұғжизаны сұрайтынын білген едік. Біз оны мына тастың ішінде белгілеп қойдық. Сен дұға қыл, Біз береміз» деген жарлық келді. Салих дұға жасады. Ол тас
боздай бастады. Олар сұрағандай, бір інген шықты. Бір уақытта інген боталады. Інгеннің ботасы бірден тұрып, шөп жей бастады. (Олар): «Мə əсхəракə Салиху» (яғни), «Мықты сиқыршы екенсің» деп, иман келтірмеді. (Кейбір деректе олардың жартысының иман келтіргені, біразының иманға келмегені айтылады.) Олардың бір құдығы бар еді. Олар келгенше інген ботасымен келіп олардың барлық суын ішті. Ол күні олар сусыз қалды. «Бұл түйе бізге керек емес», – деді олар Салихқа. «Ей, Салих, бұлардың арасына кезек қой. Бір күн бұл судан түйе ішсін, бір күн олар ішсін» деген жарлық келді. «Уə нəббиуһум əннə əлмəə қисмəтун бəйнəһум» («Су (дың ішілуі) олардың ортасында бөлінгенінен оларға хабар бер»). (Олар) ұсынысты қабылдады. Салих: «Жарлық мынау, бұл түйені қумаңдар, үркітпеңдер, ұрмаңдар, өлтірмеңдер. Бұл істердің біреуін жасасаңдар, сендерге азап келеді», – деді. Олар қабылдады. Інген олар дың арасында отыз жыл тұрды. Олардың кезегі келген күні інген ботасымен тауларда жайылып жүретін еді. Түйенің кезегі келген күні су құдыққа келетін. Түйе ботасымен ішетін. Су жəне орнына келетін. Олар түйені сауып, ыдыстар толтырып, мың жеті жүз үйлік адам ішіп, бəріне жететін. Алайда қойлары, қара малдары түйеден қорқып үркіп, жайылмайтын еді. Олар түйені қаламайтын болды. «Біз бұл түйені өлтірмейінше, бұдан құтылмаспыз», – деді. Риуаятта келеді: Салих пайғамбар (ғ.с.): «Сендерде қызыл жүзді, сары шашты, шағыр көзді біреу болса, сол бұл түйені өлтіреді», – деп айтатын еді. Олар сол сияқты нəресте туса, ата-анасына білдірместен оны өлтіретін еді. Тоғыз нəресте туды. Бəрін өлтірді. Ол нəрестелері Салих пайғамбарды өлтіруді қалады. «Уə кəнə фи əл-мəдинəти тис'əту рахтин йуфсидунə фи əл-əрзи уə лə йуслихунə» («Сол қалада тоғыз (пасық) бар еді. Олар жер бетінде жаман істер істейтін еді жəне түзетпейтін еді»). Салих айтқан сипатты тағы бір нəресте туды. Бірақ ақсүйектердің ұлы еді. Бəрі жиылып оны өлтіруге келді. Əкесі: «Бұл сөз жалған, Салих сендерді алдаған», – деді. Сөздері өтпеді. Содан кейін нəресте өлтіру қалды. Ол нəрестені Қазар деп атады. Əкесінің аты Салиф еді. Жиырма жасқа келгенде Салих: «Адам ұлдарының ішінде бұдан бұзық ешкім жоқ еді», – деді. «Из инбə'əсə əшқаһə» («Олардың ең сормаңдайлары тұрған уақытта»). Риуаятта келеді: Ол тоғыз адам тоқымашы еді. Үлкендері Қазар ибн Салиф жəне Мастах ибн Дахр еді. Олармен бірге екі жаман адам бар еді, біреуінің аты Абира, екіншісі Судуқ екендігі айтылады (тағы бір деректе). Абира кемпір еді, алайда екі сұлу қызы бар еді. Жəне екі жауыз ер адам бар еді, біреуі – Мусдиғ, екіншісі – Қазар ибн Салиф. Ол екі əйелді бұлар жақсы көретін еді. Түнде оларға келіп, тамақ сұрады. Судуқ: «Бүгін түйенің кезегі. Тамақ істеуге суымыз жоқ», – деді. Абира: «Біздің күшіміз жетсе, бұл түйені өлтіретін едік. Біздің арамызда ер адам жоқ, ер адам болса бұл түйені өлтіретін еді», – деді.
Қазар ибн Салиф: «Мен ол түйені өлтірсем не бересің?» – деді. Судуқ: «Қане, өзімді саған беремін», – деп бетін аша берді. Сондай əдемі еді, Қазар ғашық болды. Жəне Абира Мусдиғқа: «Мен мына қыз дарымның бірін саған беремін», – деді. Арақ алып келді. Бұл екеуі не берді, мас қылды. Көмекші, қару алды. Түйенің келер жолын тосып отырды. Түйе келген уақытта Қазар атып шығып, қылышпен аяғын шапты. Түйе ұшып түсті. Мусдиғ басын бір-ақ шапты. Түйе жығылды. Қазар ибн Салиф түйені өлтірді. Төрт жақтан халық жи налды. Етін бөлшектеп бөліп алды. «Фə кəззəбуһу фə əқаруһə» («Олар оны (Салихты) өтірікші деді жəне түйенің аяғын шапты»). Қазар ботасын өлтірмек болғанында, бота тауға қарай қашып кетті. Үш рет қат ты бөкірді. Ол анасы шыққан тауға қайта кірді. Салих пайғам бар (ғ.с.) түтінді көріп келді. Оларды көріп: «Бота қайда?» – деп сұрағанында, «Үш рет бөкірді», – деп жауап берді. Салих: «Үш рет бөкіргені үш нəрсенің белгісі. Үш күнде азап келер», – деді. «Ол азаптың нышаны не?» – деп сұрады. «Алғашқы күні жүздеріңіз сарғаяды, екінші күні қызарады, үшінші күні қараяды, (сонда) азап жетеді», – деді. Салих солай дегенінде, түйе өлтіргендер: «Түйені жабылып өлтірдік, бізге азап келместен бұрын Салихты да өлтірейік. Сөзі рас болса, бізден бұрын өлетін болады, жалған болса, ол өледі, біз қаламыз», – деді. Ол түні Салихты аңдып өлтірмекке бел байлады. «Тəқасəму биллəһи лəнубəйитəннəһу уə əһлəһу» («Тəңірі атымен ант ішіңдер, біз, əрине, оны жəне оның жанұясын түнде басып қаламыз»). Барып, тас түбінде жатты. Алланың жарлығымен ол тас домалап, бəрін де опат етті. «Уə мəкəру мəкран уə мəкəрнə уə һум лə йəш'урун. Фəнзур кəйфə кəнə 'əқибəту мəкриһим əннə дəммəрнəһум уə қаумəһум əжмə'инə» («Олар (өздері білгендерінше) бір айла жасады, біз де оларға қарсы ойластырдық жəне олар бұны білмейтін еді. Олардың айлаларының салдары қалай болғанын қара. Біз оларды жəне қауымының бəрін опат еттік»). Тағы бір риуаятта (олардың) түнде келіп Салихты өлтірмекке бел байлағанда, Алла Тағала періштелерді жіберіп, бəрін таспен ұрып өлтіргендігі баяндалады. «Уə һəм лə йəш'урун» («Олар бұны білмейтін еді»). Ертесіне олар келмеген соң Самут халқы Салихқа келіп: «Оларды сен өлтіріпсің», – деп Салихқа жабылды. Салих та қолдарына қару алған, оларға қарсы ұмтылып: «Салих сендерді қинамады, сендерге азап уəдесін берді. Үш күнде ол азап сендерге келмесе, не қылсаңдар да еріктерің», – деді. «Уə кəнə фи əл-мəдинəти тис'əту рахтин йуфсидунə фи əл-əрзи уə лə йуслихунə» («Сол қалада тоғыз (пасық) бар еді. Олар жер бетінде жаман істер істейтін еді жəне түзетпейтін еді»). Ертесіне бəрінің беті сарғайғанын көрді. Азаптың келгенін білді. «Салихты өлтірейік» деп іздей бастады. Салих олардан қашты. Бір Əбу Уаһһаб лақапты Сақил атты біреудің үйіне келді. Ол кəпір екен.
Салихты жасырды. Қанша сұраса да айтпады. Салихтың адамдарын ұра бастады. «Салихты бізге тауып беріңдер», – деді. Мисрағ ибн Харам деген бір адам «Əбул Уаһһабтың үйінде» деп, айтып берді. Əбул Уаһһабқа барып: «Салих сенің үйіңде ме?» – деп сұрады. «Бар, бірақ сендерге бермеймін», – деді. Олар қайтты. Өз істерімен əуре болды. Ертесіне жүздері қызарды. Үшінші күні қарайды. Жексенбі күні Салихқа иман келтіргендер үйіне келді. Олармен бірге шығып, Палестинаға барды. Олардың жүздері де қарайғанын көргенде, біразы қорқып, өздеріне көр қазып, кебіндерін киіп, көрлеріне кіріп отырды. Алла Тағала Жебірейілге жарлық берді. Түйе өлтірген жерге келіп қатты бір айқайлады. Бəрінің жүрегі жарылып өлді, тамұққа аттанды. Жалғыз Зурайта атты біреу қалып, қашып шықты. Сырттағыларға хабар берді. Су сұрады, берді. Су ішкен жерінде тас тиіп өлді. Салих олардан көңіл үзіп: «Тəңірім, маған жарлық бер. Жер бетінде бір ізгі құл сұрайын. Көңілімдегі мұңдарымды шағайын», – деп сұрады. «Бар» деген жарлық болды. Салих біреуді іздеп жер жаһанды кезді, намаз оқып тұрған біреуді кездестірді. Оған келіп сəлем берді. «Неге жалғыз өзің Тəңірге жалбарынып тұрсың?» – деп сұрады. «Бұл жерде бір үлкен шаһар бар еді. Оның халқы барша халықтан ұятсыз, қатыгез еді. Алла Тағала бұл шаһарды тұрғындарымен бірге жер астына жұтты. Менен басқа Тəңірге мойынсұнған ешкім жоқ еді. Маған көмектесті (құтылуыма). Сол үшін де шүкіршілік етіп құлшылық жасаудамын», – деді. Салих кейін кетті. Бір биік тауға барды. Намаз оқып тұрған біреуді көрді. Салих сəлем беріп, жағдайын сұрады. (Ол): «Бірнеше халықпен бірге кемеге міндік. Бір теңіз жағасында халық бар еді, тура жолда жүрмейтін, кəпір еді. Алла Тағала бəрін де суға шөктірді. Мен жалғыз қалдым. Енді Хақ Тағалаға шүкіршілік етіп жатырмын», – деді. Тағы жүрді. Тағы бір теңіз жағасындағы қалаға келді. Екі ағайындыдан басқасының бəрі де кəпір еді. Құрма ағашынан бұйым тоқып, соны сатып, біразын өз жарақтарына пайдаланатын да, қалғанын дəруіштерге беретін еді. Салих оларға келді. Қатты бір дауыс есітілді. «Бұл не?» – деп сұрады. (Олар): «Бұл жерде бір сазан жылан бар, теңізден шығар. Ақшам болғанда кімді болса да жейді», – деді. Салих: «Оны өлтірсем, мына халық маған не береді?» – деді. Бұл екі ағайынды ол шаһар халқына: «Біреу келіп айтып жатыр. Оны өлтірсе жарты малымызды береміз», – деді. Салих қабыл алды, екі ракағат намаз оқып, дұға жасады. Ол жылан жарылып өлді. Олар малының жарымын берді. Əкеліп Салихқа берді. Салих алмады. Оны екі ағайындыға берді. Олар алмады. Салих ол малды иелеріне (қайтарып) берді. Басын сəждеге қойып, Жаратқанға шүкіршілік қылды. Алла Тағала: «Ей, Салих, жер бетінде менің құлдарым бар, дүние олармен қайта тұрады» деген жарлық жіберді. Мақатил айтады: Салих халқынан жетпіс адам иманға келді. Хұт халқында да сонша еді. Хұт пен Салих дүниеден өткенінде, олар жер
бетіне тарады. Біразы Жабилға түсті, біразы Жабилисаға түсті. Бұ Жабил мен Жабилиса деген қалалардың бірі – шығыста, бірі батыста еді. Бəрі имансыздар. Бұл мүміндер онда болмағанда еді, Алла Тағала бəрін де опат ететін еді. Олар Нұх ұлы Яфес ұлы Барс ұрпағынан. Көпшілігі Йəжуж-Мəжуж. Бəрі дозақтықтар. Бұл екі шаһардың дарбазасы бар. Əр дарбазадан тағы бір дарбазаға дейін бір иғаштық жер еді. Əрбір есікте түнде жетпіс мың адам күзетте тұрады. Тірі тұрғанда ешкім де өте алмас. Хұт пен Салихтан кейін бəрі де мүлікке (патшалыққа) таласты. Арабта ең алғаш барша əлемді ұстаған Кенан ұлы Намрұт еді. (Кейбіреулер) Жебірейіл Салих қауымына айқайлағанда, бəрі де өлді дейді. Аяқтарының астынан от шығып, бəрін де өртеді дейді. «Иннə əрсəлнə 'əлəйһим сəйхəтəн уəхидəтəн фə кəну кəхəшими əлмухтəзири» («Расында, біз оларға бір дауыс жібердік, олар малханада хайуандар астында қалып, езілген шөптей болып қалды»). (Енді біреулер) далада түйеге, қойға мал қора жасайтын арабтың əдеті бар еді дейді. Қиды, кепкен жем-шөпті мал қораның ішіне тө сейтін. Қара мал соның үстіне жататын. Аяқ астында езіліпжаншылатын еді. Алла Тағала Самут халқын соған ұқсатып «Фə кəну кəхəшими əл-мухтəзири» («Олар малханада хайуандар астында қалып езілген шөптей болып қалды») деп жарылқады. Тағы бір риуаятта Абдулла ибн Аббас (Алла одан разы болсын): Хақ Тағала екі халықты бір азаппен опат қылмады. Тек Салих қауымы мен Шұғайып қауымын отпен опат қылды. Айырмашылығы: Салих халқына от аяқтарының астынан шықты. Шұғайып халқына от аспаннан түсті. Содан соң Салих Шам аймағына барды, сонда қалды. Он сегіз жыл жасады. Тағы бір риуаятта қырық жыл делінеді. Салихтан кейін Ибрахим пайғамбарға дейін ешбір пайғамбар шықпады.
ИБРАХИМ (Ғ.С.) МЕН НАМРҰТ (ОҒАН ЛАҒЫНЕТ БОЛСЫН) ҚИССАСЫ Ол – қарғыс атқыр Намрұттың пəлесіне жолыққан, «Хəрриқуһу уəнсуру əлихəтəкум» («Оны өртеңдер жəне медет беріңдер тəңірлеріңе») уын ішкен, «Хəсби əн суəли 'илмуһу биһəли» («Оның (Алланың) менің халімді білуі сұрауыма қажет қалдырмайды») мінажатын жасаған, мал-дүние, ұл-қыздан кешіп, «Əслəмту ли рабби əл- 'əлəминə» («Барша əлемнің Раббысына мойынсұндым») деген, «Уə иттəхазаллаһу Ибрахимə хəлилəн» («Жəне Алла Тағала Ибрахимды өзіне дос етіп алды») мақтаулы, «Йə нəру куни бəрдəн уə сəлəмəн 'əлə Ибрахимə» («Ей, от, Ибрахим үшін суық жəне амандық бол») шарапатты – ИБРАХИМ ПАЙҒАМБАР (ғ.с.). Үйде туған, еңбек еткен, тауда тұрған Ибрахим, Жұлдыз аңдып, айды таңдап, көкке енген Ибрахим. Айтты бір күні: «Ей, ана, айтшы менің тəңірім кім өзі?» Айтты: «Менмін», «Сенікі кім?» – деп сұраған Ибрахим. «Сол əкең ол», – деді. Айтты: «Кім əкемнің тəңірі?» Айтты: «Намрұттың тəңірі кім?» – деп сұраған Ибрахим. Жеті жер-көктің пердесін ашты Жаратушымыз оған, Асты-үсті Арсы, Сарай түгел көрген Ибрахим. Сиыр, түйе, қойлар бауыздап қияметке дейін, Бұл қонақ ұстау төресін халыққа берген Ибрахим. Ұлын құрбан қыларда көкте оттап семірген, Қошқар сыйын Жебірейілден жерде болған Ибрахим. Балта көтеріп қарсы шығып, пұтты шапқан аштырып, Ет жегізген, шөп шығарған, от өшірген Ибрахим. Нұх (ғ.с.) ұлы Сам ұлы Артус ұлы Салих ұлы Абир ұлы Фалих ұлы Арғус ұлы Сарух ұлы Тарих ұлы Ибрахим (ғ.с.). Ибрахим жəне Əбрахам. Бұл екі сөз де дұрыс, яғни «Əбун рахимун» – «мейірім əкесі» деген сөз. Ибрахим – Нұх ұлы Кенан ұлы Каус ұлы Намрұт заманында өмір сүрді. Намрұт барлық əлемге үстемдік ететін. Барша əлемді төрт адамның басқарғаны айтылады: екеуі мұсылман, екеуі кəпір. Сүлеймен пайғамбар мен Зұлқарнайын мұсылман болса, Намрұт пен Бухтнаср кəпір еді. Намрұт түс көрді. (Түсінде) бір қошқар келіп, тағын сүзіп аударып тастапты. Таң атысымен барша жұлдызшылар мен сиқыршыларды жиып сұрады. (Олар): «Осы жылы бір бала туады, сенің патшалығың соның қолымен күйрейді» деп жорыды. Оны есіткен соң барша жүкті əйелдерді ұстап, ұл туғандарын өлтіріп, қыз туғандарын қоя берді. Намрұттың Тарих есімді бір пұт жонушы кеңесшісі бар еді. Пұтқа қатты табынғаны үшін Азар деп атайтын. Азардың əйелі Ибрахимға жүкті болғанын адамдардан жасырып жүрді. Айы, күні жеткенде жасырын жерге барып, жасырын босанды. (Атын) Ибрахим атады. Намрұттан қорыққан соң «Көз алдымда өлтіргенше, мен көрмейтін
аң-құс жесін» деп, тау үңгіріне алып барып қойды. Алла Тағала Жебірейілді жіберді, айтты. Келіп Ибрахимнің саусағын аузына тықты. Саусағының ішінен сүт шығарды, соны еметін еді. Басқа нəрестелер бірнеше айда өссе, Ибрахим күнде сонша өсетін болды. Анасы бірнеше күнде келіп, сүт беріп кететін. Жеті жасқа келгенінде əкесі барып, үйіне алып келді. Бір күні анасынан: «Мен жоқ едім, бар болдым. Менің Тəңірім кім?» – деп сұрады. Анасы: «Менмін», – деді. «Сенің Тəңірің кім?» – деп тағы сұрады. «Əкең», – деді. «Қалай?» – дегенінде, «(Себебі) ол менен үлкен», – деді. «Əкемнің Тəңірі кім?» – деп тағы сұрады. «Намрұт», – деді. «Қалай?» – десе, «Себебі ол əкеңнен ұлы», – деді. «Намрұттың Тəңірі кім?» – деп сұрады жəне. Анасы ашуланып: «Болды, олай деме! Намрұт баршаның Тəңірі», – деді. Бұл сөздерді анасы əкесіне айтып берді. Əкесі: «Оны бұл жерде ұстама, баяғы тауға апарып таста. Бізге бір бəле əкелмесін», – деді. Ана сы баяғы үңгірге қайта апарып тастады. Ибрахим ойланатын еді. «Мені жаратқан Тəңір бұлай иесіз, сүйенішсіз жаратпаған болар?! Кімге табы натынымды, қалай сиынатынымды білмеймін» деп ойланумен күн өткізіп жатқанында, ақшам (уақыты) болды. Үңгірден шықты. Шолпан жұлдызын көрді, керемет жарық екен. «Менің Тəңірім осындай ма екен, осы ма екен?» (деп ойлады). «Фə лəммə жəннə 'əлəйһи əл-лəйлу раə кəукəбəн қалə һəзə рабби. Йə'ни ə мислу һəзə рабби 'əлə уəжһи əл-истихзəи» («Кейін түн болып қараңғы түскенде жұлдызды көрді жəне «мынау менің жаратушым» деді. Жəне масқара болып: «Осыған ұқсас нəрсе менің жаратушым болады ма?» – деді»). Шолпан жұлдызы жоғалған уақытта: «Мұндай туатын, жоғалатын (нəрсе) тəңірлікке жараспас. Мұндайларды сүймеймін», – деді. «Лə ухиббу 'əлəфилинə» («Мен батып кетуші нəрсені жақсы көрмеймін»). Бір уақытта ай туды, ол жұлдыздан үлкен еді. «Менің Тəңірім осы ма екен?» деп ойлады. Ай батқан кезде: «Бұл да туады, батады екен. Егер Тəңірім мені тура жолға салмаса, адасушылардан болар едім», – деді. «Лəин лəм йəһдини рабби лəəкунəннə мин əл-қауми əз-заллинə» («Егер Жаратушым мені тура жолға салмаса, онда мен, сөз жоқ, адасушылардан болып қаламын»). Ол түнді ойланумен өткізді. Таң атқан уақытта: «Қараңғылық кетті, əлем жарқырады, жұлдыз бен айдан жарығырақ күн шықты. Мүмкін, Тəңір осы болар, бəрінен үлкен», – деді. «Фə лəммə раə əш-шəмсə бəзиғəтəн қалə һəзə рабби һəзə əкбəру» («Күннің шығып келе жатқанын көргенде «Мынау менің Раббым, бұл үлкендеу екен» деді»). Күн жарымға дейін ойланумен отырды. Күн батқан уақытта төменге түсті. (Бір риуаятта) «Күнге сиынғандарды көріп, мен мұндайлардан аулақпын» деді деген сөз бар. «Инни бəриун миммə тушрикунə»
(«Əрине, мен сендер Аллаға серік қосып жатқан нəрселеріңізден бизармын»). (Олар): «Бұларға табынбайсың, кімге табынасың?» – деп сұрады. (Ол): «Жеті қат көк пен жеті қат жерді жаратқанға бет бұрдым. Тура жолдағы мұсылманмын, ортақ дегендерден емеспін», – деді. «Инни уəж жəһту уəжһийə лиллəзи фəтəра əс-сəмəуəти уə əл-əрзə ханифəн» («Мен жер мен аспандарды жаратқанға қарап мойынсұнған жағдайда жүзімді бұрдым»). Жас кезінде анасына келді. Əкесінің үйіне кірді. Əкесі пұт жасайтын еді. Ибрахимға: «Мына пұтты базарға алып шығып сат», – деді. Ибрахим пұтты əкесінің қолынан алып, мой нына жіп байлап, суға батырып, топыраққа аунатып, базарға алып барды. «Көрмейтін, естімейтін, ешкімге пайдасы тимейтін мына затты кім алады?» – деді. (Тағы бірде) күндердің күнінде бір пұтты алып бара жатып жазаламақшы болды. Пұтты жерге тастап кетті. Ол келгенше көпшілік пұттың үстіне дəрет сындырып кетіпті. Ибрахим оны көріп қуанғанынан айқайлап мына жолдарды айтты: Ə раббун йəбулу əл-əсə'лəбəни ə əйнун бирəсиһи Лəқад зəллə мəн бəлəт 'əлəйһи сə'əлибу Бəриту мин əз-залли уə əш-ширки куллиһи Уə əмəнту биллəһи əллəзи һуə ғалибу. (Түлкі басына сарқып кеткен нəрсе Жаратушы ма жəне бастағы тесік көз бе? Басына түлкі сиіп кеткен нəрсе, сөз жоқ, қор (болады). Тура жолдан тайдыратын, Аллаға серік қосылатын барша нəрселерден бизармын. Əрі жеңімпаз бір Аллаға иман келтірдім). Тəңір болар ма басыңа түлкі сисе бір сарпып Көздері көрмес қараңғы һəм түні оның ағын. Мен бұлардан тым жырақпын, құлмын Алла Тағалаға, Асынып құлдық қаруын, берік ұстармын жарлығын. Əкесі Ибрахим (ғ.с.)ды жеті жыл пұт сатушы қылды. Ибрахим оған табынушыларға: «Сендер бұларға неге сиынасыңдар?» – деді. (Олар) əкесіне айтып берді. Əкесі Ибрахимға ұрысты. Ибрахим əкесіне: «Бұл көрмейтін, естімейтін нəрсеге неге табынасың?» – де ді, сондай-ақ: «Ей, əке, маған ілім берілді, саған берілмеді. Сен менің сөзімді тыңда, мен сені тура жолға салайын», – деді. «Йə əбəти инни қад жəəни əл-'илми мə лəм йəтикə фəттəби'ни» («Ей, əке, расында маған саған келмеген ілім келді, сол үшін де маған ер»). «Ей, əке, шайтанға құл болма. Бұ шайтан Рахманға күнə іс істеген күнəһар», – деді. «Йə, əбəти лə тə'будəш-шəйтанə иннə əш-шəйтанə кəнə лиррахмəни 'əсийəн» («Ей, əке, шайтанға құлшылық қылма, ра сында шайтан Рах ман есімді Аллаға күнəһар»). «Ей, Ибрахим, сен менің тəңірлеріме табынбайсың ба? Бұл істен бас тартпасаң, сенен бас тартамын. Менен алыс жүр», – деді əкесі. «Лəин лəм тəнтəһи лəəржумəннəкə уəһжурни мəлийəн» («Егер сен (біздің
құдайларымызды масқаралаудан) қойма саң, сені тасборан қылып өлтіремін, менен мəңгіге алыс кет»). Ибрахим: «Сəлем (амандық болсын) саған, ей, əке, мен тəркі етіп кеткенімде сені Жаратушыдан жарылқауын сұраймын. Себебі Алла Тағала менің жағдайымнан ха бардар», – деді. «Қалə сəлəмун 'əлəйкə сəəстəғфиру лəкə рабби иннəһу кəнə би хафийəн» («(Ибрахим) айтты: «Сəлем болсын саған, мен Жаратушымнан сені жарылқауын сұраймын, Расында ол мен үшін мейірімді»). Ибрахим кентті тастап, далаға кетті. Алла Тағалаға құлшылық етті. Əкесі қайтыс болып, пұттар əкесінің бауыры Хазарға қалды. Хазар Лұт пайғамбардың əкесі еді. Ибрахим қайғырып: «Əрқашан да осы пұттарға бір жауап қайтарамын» дейтін. «Лəкидəннə əснамəкум бə'дə əн туəллу» («Алла атымен ант етемін, сендер бұрылып кеткен кезде пұттарыңызбен айналысамын»). Ол уақытқа дейін олардың иттері болды. Оларды аш, ырылдатып пұттардың қасына əкеліп, алдына (байлап) қоятын еді. Итханаға шығып, сəскеге дейін тұрып, қайтып келсе, жаңағы асты көтеріп мына пұттардың берекесі осы істерге тиді деп, ұл-қыздарымен жейтін еді. Иттері болғанда Ибрахимға: «Бірге барайық», – деді. Ибрахим: «Мен жұлдыз іліміне қарадым, маған қиын келетін түрі бар, шыға алмаймыз», – деді. Ол уақытта жұлдыз ілімі қатты дамып, сенетін еді. Ибрахимды көндірді. Ибрахим бір балта алып, пұтханаға кірді. Пұттардың басын, қолдарын шауып, быт-шыт қылды. Бір үлкен пұт бар еді, балтаны көтеріп иығына салды да, пұтқа қарап: «Алдыңыздағы асты неге жемейсіз, неге сөйлемейсіз?» – деді. «Қалə 'əлə тəкулунə мə лəкум лə тəнтиқунə» («(Ибрахим) айтты: «Жемейсіңдер ме, не болған сендерге, сөйлемейсіңдер»). Күн сəске болды. Кəпірлер қайтып келді, пұттардың басы, қолы сынып жатқанын көрді. Намрұт халқымен бірге пұтханаға кірді. «Біздің тəңірлерімізге кім тиді?» – деді. «Қалу мəн фə'əлə һəзə биəлихəтинə иннəһу лəмин əз-залиминə» («(Олар) айтты: «Кім біздің құдайларымызға бұлай жасады. Расында ол залымдардан»). (Олар): «Ибрахим есімді бір жігіт бар, сол істеген болар», – деді. «Фəту биһи 'əлə ə'йуни əн-нəси лə'əллəһум йəшһəдунə» («(Олар) айтты: «Алып келіңдер оны адамдардың көз алдында, егер олар куəгер болса»). ПАЙДА: Намрұт кəпір екен, Ибрахимның үстінен жала сөзбен үкім шығармағанында, патшалығына зиян болмайтын еді. «Əділ қылған кəпірмен патшалық мəңгі қалады, зұлымдық қылған кəпірмен патшалық мəңгі қалады, зұлымдық қылған мұсылманмен мəңгі қалмайды» деген сөз бар. «Кəмə қалə: «Əл-мулку йəбқа би əл-'əдли мə'ə əл-куфри уə лə йəбқа биəл-жури мə'ə əл-имəни» («Сол себепті де «Мемлекет əділдікпен жасайды, қаншалықты (билік) имансыздың қолында болса да, мемлекет ешқашанда зұлымдықпен мəңгі жасамайды, қаншалықты (билік) имандының қолында болса да» деп айтылған»). Намрұт кəпірлігінен жалған сөз естімеді. «Ел жиналсын, куəсі болса, ұстаңдар», – деді. Бүгінде кімде-кім біреудің үстінен жалған сөзбен куəгерлік жасаса, (жағдайы) Намрұттан артық болады.
Ибрахимді алып келді. «Біздің тəңірлерімізге мына істі істеген сен бе?» – деді. «Ə əнтə фə'əлтə һəзə биəлихəтинə йə Ибрахиму» («Ей, Ибрахим, біздің тəңірлерімізге мына істерді сен істедің бе?»). Ибрахим: «Мынау істеді, үлкендері осы. Сұраңдар, кім қылғанын айтып берсін, егер сөйлей алса...», – деді. Ғұламалар айтады: «Бəл фə'əлəһу» осы жерде тоқтау (керек еді), «кəйдиһим һəзə» сөз басында Ибрахим тоқтамады. Сөз мағынасы оларға жетпеді (түсініксіз болды). Олар мағынасын түсінбеді. «Үлкені қылды» деп ойлады. «Одан сұраңдар, сөйлей алса, айтып берсін», – деді. «Фəсəлһум ин кəну йəнтиқунə» («Егер сөйлей алса, өздерінен сұраңдар»). (Олар): «Бұл пұттар сөйлемейді, біз қалай сұраймыз?!» – деді. Ибрахим: «Егер сөйлемейтін болса, онда шарасыз нəрсеге неге табынып жүрсіңдер?» – деді. «Ə фə тə'будунə мин дуниллəһи мə лə йəнфə'укум шəй əн уə лə йəзуррукум» («Əлде сендер Алланы қойып, сендерге ешбір пайдасы мен зияны тимейтін нəрсеге құлшылық қыласыңдар ма?»). Ибрахимнан басқа ешкімнің де істемегені белгілі болды. Ибрахимді жазалауды ұйғарды. Ибрахим да пайғамбарлықты жария етіп: «Бір Тəңірге мойынсұныңдар, пұтқа табынбаңдар, мені Тəңірдің елшісі деңдер», – деді. (Олар): «Бізді аталарымыздың дінінен шығарып, өзге дінге кіргізбекшімісің?» – деді. Ибрахим: «Аталарыңыз соқыр дінге сиынатын, мен сендерді тура жолға шақырамын», – деді. Сол уақытта басқа елдерде ашаршылық болатын. Астық табылмады. Намрұт барлық халыққа астық сататын еді. Бір күні Ибрахим астық алғалы Намрұтқа келді. Намрұт: «Маған сəжде жаса, астық берейін», – деді. Ибрахим: «Мен өлгенді тірілтіп, тіріні өлтіретін Тəңірге (ғана) сəж де қыламын», – деді. «Из қалə Ибрахиму раббийə əллəзи йухий уə йумиту» («Ибрахим сонда: «Менің Жаратушым өлтіреді жəне тірілтеді», – деді»). Намрұт: «Мен де өлгенді тірілтіп, тіріні өлтіремін», – деді. «Қалə əнə ухий уə умиту» («Ол: «Мен де өлтіремін жəне тірілтемін», – деді»). Ибрахим: «Қалай тірілтесің?» – деді. Намрұт зынданнан екі тұтқынды алып келді. Біреуін өлтіріп, біреуін қоя берді де: «Мына өлікті тірілттім, тіріні өлтірдім», – деді. Ибрахим кəпірдің ақымақ екенін білді. «Тұтқынды қоя беру – тірілту емес», – деді. Мына өлтіргеніңе қайта жан бер десе де болатын еді, бірақ ақымақпен сөз жарыстырып отыруды қаламады. Бір сөзбен аузын жабайын деп: «Менің Тəңірім күнде көктегі күнді шығыстан шығарады. Сен бір күн батыстан шығарып көр», – деді. «Фə инналлаһə йəти би əш-шəмси мин əл-мəшриқи фəти биһə мин əл-мəғриби» («Расында Алла күнді Шығыстан шығарады, сен оны Батыстан шығарып көр»). Намрұт бұл сөзді есітіп, тосылды. «Фə бухитə əллəзи кəфəра» («Ол кəпір аң-таң болып қалды»). Ибрахимнің мұғжизасы осы. Алла Тағала ақыр заманда күнді
батыстан шығармайынша, қиямет қайым болмайды. Ибрахимнен осы сөзді естігенде көптеген кəпірлердің жүрегі оянып, «Мына пұттар жалған, пайдалары жоқ, Ибрахим дұрыс айтады, біз адасушымыз», – деді. «Фə ражə'у илə əнфусиһим фə қалу иннəкум əнтуму əз-залимунə» («Кейін олар өздеріне келіп (бір-біріне қарап): «Əрине, тек сендер залымсыңдар», – деді»). Намрұт (оған лағынет болсын) мына халықтың ойын білген соң, менен танып Ибрахимді қолдап кете ме деп қорқып: «Мынаны ұстап, отқа тастаңдар, Тəңірлеріңе көмектесіңдер», – деді. «Қалу харриқуһу уəнсуру əлиһəтəкум» («Олар: «Оны өртеп, құдайларыңа көмектесіңдер», – деді»). Ибрахимді отқа тастауды ұйғарды. Намрұт: «Ибрахим, менің құдайымның тозағы бар. Отпен азаптайды. Мен де бүгін отпен азаптайын, кім құтқарады екен сені, көрейін», – деді. Барша əскерге төрт ай отын жиғызды. Қандай малға артса да көтермеді. Түйеге артып еді, жатып алып тұрмады. Есек, ат артқызбады. Қашырға артып еді, көтерді. Ибрахим оны көріп тұр еді, қашырға лағынет айтты. Ол жолдан ұрықтамайды деді. Бүгінде қашырға жүк артса, ұрыпсоқпайынша тұрмайды. Жалғыз басты кемпірлерге жіп иіртіп, күндіз базарға сатқызып, отын алатын еді. (Осы істерді) Намрұт бізден риза болсын деп жасайтын. Бір иғашты (шамамен 6 км келетін қашықтық) жерге отын жиғызып, айналасына теріден қоршатып, түйемен күкірт тасыды. Содан соң от жақты. Екі жылдан бері Ибрахимді ауыр кісенмен байлап, үйде ұстайтын. Он күні-түн от жақты, қызуы күшейді. «Барып Ибрахимді отқа тастаңдар», – деді. Оттың үлкендігі олардың қариы мен жиырма қари еді. Отты əкеп жаққан Ибрахим əкесінің бауыры Хазар еді. Лұт пайғамбар оның ұлы еді. Қарлығаш тұмсығымен ол отқа су құятын еді. Ибрахим: «Ей, қарлығаш, сенің тұмсығыңдағы су бұл отқа не болады?» – деді. Ибрахим оған жақсы дұға жасады. Шымшық келіп отты үрлер еді. Ибрахим оған лағынет айтты. Қырық тəулік жанды. Төрт иғаш жерден адам жоламайтын. Қандай құс үстінен ұшып өтсе, қанаттары күйетін еді. Намрұт темірболаттан бір мұнара тұрғызып еді, сол (балқып) ақты. «Ибрахимді отқа қалай тастаймыз?» – деп ша расыздық танытты. Шайтан келіп манжанық жасауды үйретті. Одан бұрын жер бетінде манжанық деген жоқ еді. Ибрахимнің қолын, аяғын жетпіс батпан темірмен байлап, манжаныққа салды. «Ей, Ибрахим, қорқып тұрсың ба?» – деп сұрады. Ибрахим: «Мəн əнə фи қалбиһи нəру əл-хаққи фə кəйфə йəхафу мин нəри əл-халқи», яғни «Кімнің жүрегінде Хақ оты болса, халық отынан қалайша қорықсын», – деп жауап берді. (Деректерде) үлкен от жағып, мұнай жəне күкіртпен үстінен тастайтыны айтылады. Ибрахим: «Əн-нəру фи қалби əшəдду мин нəрикум лиəннə фи қалби нəру əл-мəулə уə нəрукум нəру əд-дуния», яғни «Менің ішімдегі от сендердің оттарыңнан да ыстық. Себебі менің отым Жаратушының оты, сендердің оттарың дүние оты», – деді. Олар жəне: «Тəңіріңнен сұра, сені құтқарсын», – деді.
(Ибрахим): «Менің немді құтқарсын?» – деді. (Олар): «Нəпсіңді», – деді. (Ибрахим): «Нəпсі жауыз іске жақын, бұзылған. Бұзылған жанса, жарасады», – деді. (Олар): «Жаныңды сұра», – деді. (Ибрахим): «Жан жалға алынған. Иесіне қайтатын болады», – деді. (Олар): «Көңіліңді сұра», – деді. (Ибрахим): «Көңіл Тəңірдікі. Тəңір не қаласа, соны істейді», – деп жауап берді. Содан кейін манжаныққа салды. Бірнеше адам жиылып манжанықты тарта алмады. Себебі періштелер келіп манжанықты тартып ұстап тұр еді. Кəпірлер ашуланып: «Ей, Ибрахим, қайда барасың?» – деді. (Ол): «Жаратқан Иеме барамын, маған жол береді», – деді. «Инни зəхибун илə рабби сəйəхдини» («Мен Раббым жаққа барушы мын. Ол мен тура жолға бастайды»). Періштелердің ман жанықты ұстап тұрғанын шайтан біліп қалды. Бір таза, пəк адам бейнесінде келіп: «Сендер мұны тарта алмайсыңдар, алайда мұның бір айласы бар. Жауыз əйелдерді алып келіңдер. Еркектер олармен ойнастық жасаса, сонда манжанық істейді», – деді кəпірлерге. Айтқанын істеп еді, періштелер кетіп қалды. Содан кейін манжанықты тартып, Ибрахимді атып жіберді. САУАЛ: Шайтан манжанық жасауды қайдан білді? ЖАУАП: Шайтан манжанықты тозақта көрген еді. Күнəһарларды тозақта (манжанықпен) шұқыр отқа лақтырады. Сол шұқырдың азабы тозақ азабынан жетпіс есе күшті. Тағы бір хабарда Расул (ғ.с.) ның былай дегені айтылады: «Менің үмметтерімнен алты түрлі адамдарда қиямет күні тозақта сол шұқырға тастайды: біріншісі: сұлтандар қолында мына кісі мынадай жолда дегенді (сөз тасығанды), екіншісі: жетімнің малына есі кетіп, ерікті түрде жегенді, үшінші: залымдардың ісін бітіргендерді, төртінші: ата-аналарына жаман сөз айтқандарды, бесінші: муханнас (гермафродит) болып, жаман істер қылғандарды, алтыншы: Алланың жолынан мал-дүние қызғанып, басқа жолға жұмсағандарды». «Нə'узу биллəһи мин зəликə» («Ондайдан Алла сақтасын»). Ибрахим ауадан түсіп келе жатқанында: «Хəсбуналлаһу уə ни'мəлуəкилу. Фə ни'мə əл-мəулə уə ни'мə əн-нəсиру» («Бізге Алла жеткілікті жəне Ол қандай жақсы кепіл. Ол қандай жақсы Ие жəне қандай жақсы демеуші!»), – деп айтты. Жеті қабат көк періштелерінің бəрі: «Тəңірім, бүгінде жер бетінде сені Бір жəне Бар деген жалғыз Ибрахим еді. Оны да отқа атасың ба? Тəңірім, достарыңа деген мəмілең осы ма еді?» – деп жамырай жөнелді. «Ей, періштелер, сендер бақылап тұрыңдар. Бұл істе менің сырым бар, сендер білмейсіңдер» деген дауыс келді. Сол сəтте Жебірейіл жетіп келді. Ауада оттың тұсында тұрып: «Йə, Ибрахиму 'əлəкə хəжəтун» («Ей, Ибрахим, қандай мұқтажың бар?»), яғни «Нендей мұқтажың бар?» – деп сұрады. ПАЙДА: Мұқтажым жоқ десе, мұқтажсызбын деген болар еді. Ал құл мұқтажсыз болмайды. Мұқтажым бар десе, Жебірейілге бар деген
болар еді. «Уə əммə илəйкə фə лə» («Алайда саған мұқтаждығым жоқ»), яғни «Саған бары жоқ» деп жауап берді. Жебірейіл: «Маған мұқтажың болмаса, Жаратушыға бар болар, айт», – деді. Ибрахим: «Хəсби əн суəли 'илмуһу бихəли» («Алланың менің халімнен хабардар болуы, сұрауыма қажет қалдырмады»), яғни «Ей, Жебірейіл, менің тілегімді Оның білетіні де жетеді, сұраудың не қажеті бар», – деді. Ибрахим (ғ.с.) Алла Тағалаға көңіл байлағанда: «Ей, от, мұзда, Ибрахимге амандық жаса», – деді. «Йə нəру куни бəрдəн уə сə лəмəн 'əлə Ибрахимə» («Ей, от, Ибрахим үшін мұздай əрі амандық бол»). Ғұламалар (Алланың мейірімі болсын) айтады: «Бəрдəн» деп «сəлəмəн» демегенде, от Ибрахимді тоңдырып өлтіретін еді. Қияметке дейін ешкім де отта піскен тамақты көрмейтін еді. Мəнісі мынау: Ибрахимнің үстіне ғана суық бол. Тағы бір ПАЙДА: Зерттеушілер: «Ибрахимнің көкірегінде Алла махаббатының оты бар еді. Сол сəтте махаббат оты жалындап, Намрұт отын күйдіргелі барып еді. Махаббат отына мұздағын, Ибрахимге амандық болғын деп (Алладан) жарлық келмегенде, не Намрұт күйетін еді, немесе Намрұттың отыны (күйетін еді), сондай-ақ бəрі өртенетін еді» деп жазды. «Йə Жибрилу əдрик 'əбди» («Ей, Жебірейіл, пендеме көмектесу үшін жылдам жетіп бар») деген жəне жарлық келді. Жебірейіл барып, жұмақтан бір жайнамаз əкеліп, оттың ортасына төседі. Ибрахим сол жайнамазға отырды. От Ибрахимнің бауын күйдірді. Ибрахим жайнамаздың үстіне намаз оқу үшін тұрды. Намрұт Ламканға: «Мына мұнараға шығып, Ибрахимның қалай жанып жатқанын, қандай күлге айналғанын көрші», – деді. (Ол): «Ей, патша, мына оттың ішінде барша дүниенің таулары болса да күл-талқаны шығатын еді, Ибрахимді күймейді деп пе едіңіз?!» – деді. Содан кейін мұнараға шығып: «Ей, патша, оң жақта оты, айналасында жиырма шар (милге тең келетін ұзындық өлшемі) көлемінде жаз шешектері ашылған, бұлақтар ағып жатыр. Құрма ағашы өсіпті», – деді жəне. Ламкан мұнарадан түсіп көргендерін Намрұтқа айтып берді. Намрұт таңданып, өзі мұнараға шықты да, (жағдайдың) солай екенін көріп: «Ей, Ибрахим, сен жалғыз едің, мыналар кімдер?» – деп сұрады. Алла Тағаланың жарлығымен отқа тіл бітіп: «Ей, Намрұт, біреуі менмін, Бейнемді ауыстырдым. Ибрахимге сенің ақымақтығыңның кешірімін жасап жатырмын», – деді. (Намрұт): «Ей, Ибрахим, мынаны кім жасады?» – деді. (Ибрахим): «Алла Тағала жасады, Намрұттың Оған қарсы тұрар шамасы бар ма?!» – деді. Мұны есітіп (Намрұт) қатты қорықты. Қайғырып жеті күні-түн жер қимылдады, зілзала болды. Намрұт білгіштерді, данышпандарды шақырып: «Мынау не қылған зілзала?» – деп сұрады. (Олар): «Оттың ыстығынан жер қозғалып жатыр», – деді. Намрұт: «Отты сөндіріңдер!» – деді. Су таси бастады. Отқа құйды. Барша жұрт Ибрахимді көрейік деп келді. Алла жарлығымен жел ол
күлдерді беттеріне шашты. Халықтың бəрі қашты. Қараңғы түскенде Ибрахим оттан шықты. Үйіне барды. (Тағы бір деректе) Намрұттың он екі мың қоймасы бар екендігі айтылады. Төрт мыңы ұн еді, ашаршылық (қымбатшылық) болса сату үшін сақтап еді. Ибрахим дұға жасады. Сол аймақтағы сай, үңгірлерге ұн толды. Ибрахим: «Келіңдер, ұн алыңдар», – деп жаршы жіберді. Барлық аймақта тоқшылық болды. Намрұттың астығына бағынышты болмады. Бір күні Ибрахим Намрұтқа келіп: «Ей, Намрұт, кел, мұсылман бол», – деді. «Лə илəһə иллаллаһу уə иннəкə Ибрахиму расулуллаһи» («Алладан басқа тəңірі жоқ жəне мен, Ибрахим, Алланың елшісімін»). Намрұт: «Уақыт бер, ақылдасайын», – деді. Уақыт берді. Намрұт кеңесті. «Мен Ибрахиммен жарасамын, сендер не дейсіңдер?» – деді. Уəзірлері мен бектері: «Егер Ибрахиммен жарасса, Ибрахим оны билейді. Біздің ізет-құрметіміз қалмайды, (содан) Ибрахимге құл боламыз» деп ойлады да, Намрұтқа: «Неше жылдан бері Тəңірмін дедің, енді құлмын дейсің бе? Ибрахимге құл боласың ба, біздерді де оған құл қыласың ба?» – деді. Намрұт: «Мен одан көргендерім ұлы істер болатын, оның Тəңірімен жарасу керек», – деді. (Олар): «Оны от не үшін күйдірмегенін білмейсің бе? Себебі біздің аталарымыз отқа табынатын еді, ол да біздің ұрпағымыз. От бізді жəне біздің ұрпағымызды күйдірмейді», – деді. Осы қиссаның ішінде пайдалы кеңестер бар. Ол ПАЙДА мынау: Қашыр отын əкеліп еді, тұқымы кесілді. Сичак (құстың аты) шөп тасып еді, барша ұлдар оны ұстап алып, жүнін жұлып отқа қақтап жейтін болды. Шымшық отты ұрды, болған (ұстаған) жерде өлтіреді. Қарлығаш су тасыды, аман болды. Олардың отымен Намрұттың оты өтпеді (өртей алмады), алайда дұшпандық білдірді. Қарлығаш суымен от өшпеді, алайда достығын білдірді. Қияметке дейін ізгі аты қалды. Ізгілік жауап болды. Намрұт Хазарға тағы келіп: «Біз не істесек Ибрахимнен құтыламыз?» – деді. Хазар халықты жиып: «Бүгін түнде жүріңдер, бір шұқыр қазайық. Ол шұқырды түтінге толтырыңдар. Түтін дұшпанды опат етеді», – деді. Намрұт: «Қанша мал керек болса, ал, бұл істі сен аяқта», – деді. Хазар халықты жиып, от жаққан жерден шұқыр қазды. Терең, түбі тар, ауызы кең. Оны сабанмен, лас нəрселермен толтырды. Барша халық бақылап тұрды. Хазар от əкелді, сабанды тұтатты. Алла жарлығымен жел келді. Ол оттан бір кесекті алып, Хазардың басына соқты. Хазар құлап, жана бастады. Халық: «Ей, Хазар, от бізді күйдірмейді демеп пе едің?» – деді. Хазар не дерін білмеді. Сол сəтте-ақ жанып, күл болды. Жəне жел соқты. Намрұт жаққан оттың күлін ұшырды. Ол халықтың ішіндегі отын тасығандардың көзіне түсірді. Бəрі соқыр болды. Ибрахим аман қалды. Тірі қалғандар қашты. Сонда Сара (Одан Алла разы болсын) Ибрахимнің қасына келді. Сара Хазардың
қызы еді. Кейбіреулер Намрұттың қасындағы бір ұлы бектің қызы еді дейді. Сара: «Ей, Ибрахим, сенің Тəңірің сондай күшті. Мені де жазалайды ма?» – деп сұрады. (Ол): «Сені де ізгі жолға салады, орныңды жұмақта қылады», – деді Сара сондай əдемі еді. (Сара): «Ей, Ибрахим, мені алсаң, сонда мұсылман боламын», – деді. Ибрахим: «Саған қалың мал беретін менің мал-дүнием жоқ», – деді. Сара: «Менің қалың малым мынау болсын, мен шариғатта бар барлық істерді айтсам, соны сені істе», – деді. Ибрахим қабылдады. Сараны алды. Тағы бір риуаятта былайша баяндалады: Намрұт мұнарадан от ішінде Ибрахим мен (оның қасында) гүл ашылып тұрғанын көрді. От қызыл, сары жəне жасыл гүл болатын еді. Оттың ортасында жол ашылған, құрма ағашы өсіп тұр. Намрұт: «Ей, Ибрахим, от сені күйдірмейді ме?» – деді. (Ибрахим): «Жоқ», – деді. (Намрұт): «Бұл отты сен үшін кім салқындатты?» – деп сұрады. (Ибрахим): «Отқа кіргізген (Алла)», – деді. Намрұт: «Онда сенің Тəңірің жақсы Тəңірі (екен)», – деп, мұсылман болуға көңілі ауды. Қасындағылар қаламады. Содан кейін «Түтінмен (тұншықтырып) өлтірейік» деді. Лұт (ғ.с.) келіп Ибрахимға хабар берді, кенттен қараңғы түнде қашып шықты. Ибраний тілінде кім жолықса да, ұстаңдар деп, Намрұт жолда сақшылар қойып еді. Ол түні барлық тілдер Алла құдіретімен бұзылды, тілдер өзгерді. (Бір деректе) жетпіс екі тіл болғандығы, оның он сегізін Хам ұрпағы үнділердің алғандығы, он сегізін Сам ұрпағы араб пен ажам (халықтарының) алғандығы, отыз алты тілді Яфес ұлдары түркілердің алғандығы айтылады. Ибрахим мен Лұт жол сақшыларынан өтті. Өтерде: «Кімсіңдер?» – деп сұрады. «Біз Ибрахим жəне Лұт екеуміз», – деді. Олар: «Оларды аңдып тұрмыз, сендер бізге əзілдеп Ибрахим жəне Лұтпыз дейсіңдер», – деді ашуланып. Алла Тағала оларды сақтады. Басқа аймаққа барып орналасты. Намрұттың ашуы басылғанда Алла Тағаладан: «Ей, Ибрахим, барып Намрұтты иманға шақыр» деген жарлық келді. Ибрахим Намрұтқа келіп: «Ей, Намрұт, пұтқа табынба, иман келтір. Алланы бір де, мені оның пайғамбары біл», – деді. Намрұт: «Менен басқа Тəңірі бар ма?» – деді. (Ибрахим): «Бар», – деді. (Намрұт): «Ол кім?» (Ибрахим): «Сені жаратты, саған патшалық берді, жер мен көктің Тəңірі ол», – деді. (Намрұт): «Осы күнге дейін Тəңір мен едім. Соғысатын едім. Тəңірмен соғысайын», – деп айбат қыла бастады.
НАМРҰТТЫҢ КӨККЕ ШЫҚҚАНЫ (Намрұт) қара құстардың балаларын тəрбиеледі. Өскен кезде бір сандық жасатып, оған бірі астында, бірі үстінде екі есік салдыртты. Астынан төрт, үстінен төрт, сегіз аяқ жасатты. Үстіңгі аяқтарына қара құстарды байлатты. Өзі қару-жарағымен бірге оқ алып, бір көмекшісімен сандыққа отырды. Құстар жоғарыдағы етті көрген кезде оны алу үшін ұшты, сандық та көкке көтерілді. Бір тəулік жүрді. Намрұт: «Үстіңгі есікті ашып қара, не көрінеді?» – деді. (Көмекшісі) ашып: «Баяғыдай көремін», – деді. (Намрұт): «Астыңғы есікті аш, не көріп тұрсың?» – деді. (Көмекшісі) ашып: «Жер бетінің бəрін көріп тұрмын», – деді. Жəне бір тəулік жүрді. «Жоғарғы есікті ашып қара, не көріп тұрсың?» – деді. Ашып: «Жер-көк қалай көрінсе, солай көрінеді», – деді. Тағы бар деп жəне бір тəулік жүрді. Үстіңгі есікті ашқызды. «Не көрінеді?» – десе, «Бəрі бос (кеңістік) көрінеді», – деді. «Тағы барса көрінбес», – деді. Астыңғы есікті ашқызды. «Не көрінеді?» – деді. «Тағы да бос көрінеді», – деді. Намрұт: «Енді жеттік», – деді. Оғын алып атты. Жебірейілге (Намрұттың атқан) оғын алып, балыққа қадап, қанға бояп, сандыққа салып қой деген жарлық болды. Сол үшінде балықты бауыздамайды делінеді. Тағы аспанда бір құс бар еді. Сонда жаңағы оқты оның қанына бояп салды. Кейбіреулер: «Оқ тиді (қайтып келді), Намрұттың төбесіне тиді, қанға боялды. Оны жолдасынан жа сыр ды», – дейді. «Аспанның Тəңірін өлтірдім» деп, жоғарыдағы еттерді төменге байлады. Қайтарда сандық ішіне жел кіріп, қатты дауыс шығарды. Барша халық ол дауыстан қорыққанында Алла: «Қад мəкəру мəкраһум уə 'индаллаһи мəкруһум» («Олар жаман айлаларын қылып көрді жəне олардың ойлағандары Алланың қасында еді») деп жарылқады. «Көктің Тəңірін өлтірдік», – деді (олар). (Бір деректе) Намрұттың қауымындағы жүз мың ер адам (Намрұттан) бас тартып, Ибрахим пайғамбарға ықылас қойып еді. Намрұт келіп, аспан Тəңірін өлтірдім деп, қанға боялған оқты көрсеткенде (сол) сөзге сеніп, қайтадан кəпір болғандығы айтылады. «Йузиллу мəн йəшəу уə йəһди мəн йəшəу» («Ол (Алла) қалаған адамын адасушы етіп қояды, қалаған адамын тура жолға салады»). Ибрахимге: «Барып, Намрұтқа айт. Соғысатын ойы болса, əскерін жисын» деген жарлық болды. Ибрахим келіп жарлықты жеткізді. Намрұт елдерге адам жіберді. Есебі жоқ əскер жиылды. Бəрі де бастанаяқ қаруланған. Алла Тағаладан шыбын-шіркейге жарлық болды. Барлық шыбындар ұшып келді, көптігінен күннің көзі көрінбей қалды. Намрұттың əскеріне жабысты. Олар қару-жарақтарын, киімдерін, аттарының сүйектерінің бəрін шағып, пот-сот қылды. Қарғыс атқыр Намрұт қашты. Сарайға кірді. Сарайдың кеңдігі бес жүз қари еді. Шатырдың айналасы үш мың бес жүз қари болатын. Соған кіріп, есіктерін құлыптады, түңліктерін жапты. Өзі кіретін бір тесік іздеді.
Алла Тағала бір əлсіз жарты аяқты, жарты қанатты, жарты көзді ақсақ шыбынға аян берді. Ол тесіктен кіріп келді. Намрұттың иығына қонды. Иығын шақты, аузының тұсынан ұшып өтіп, мұрнына кірді, миына жетті. Миын жей бастады. Қырық тəулік жеді. Кағбул Ахбардың риуаят етуінше, Алла Тағала қарғыс атқыр Намрұтқа төрт жүз жыл патшалық берді. Содан кейін мұрнына кірді, төрт жүз жыл сонда тұрды. Кімде-кім қасына кірсе, оған ұрғызатын еді. Онымен де болмаса, жұдырықпен ұрғызатын. Əлсірей бастады. ХИКМЕТ: Намрұтқа берілген бұл азаптау оның төрт жүз жыл бойы өзін тəңірмін деп дауласқаны үшін беріліп еді. Халықты өзіне сəжде қылдырды. Мұншалықты таяқ, жұдырық жеген біреудің қалайша Тəңірлікке жарайтындығы халыққа айқын (белгілі) болсын. Оны мен де ауырғаны қоймады. Тоқпақпен ұра бастады. Əлсіреді, ауыр ғаны тағы асқынды. Халқы азапқа түсті. Бір ұлы көмекшісі тоқпақ ұруға қызықты. «Мен ертең барайын, бəрін құтқарайын», – деді. Ертесіне барып тоқпақпен ұрарда қолын жоғарырақ көтеріп, қатты соқты. Намрұттың басы жарылды. Ол шыбын көгершін секілді болған еді, ұшып шықты. Жебірейіл (ғ.с.) қанатымен ол сарайды көтеріп тұрып жерге соқты, астын-үстін болды. «Фə əталлаһу буниəнəһум мин əл-қауа'иди фə хəрра 'əлəйһим əс-сəқфу» («Алланың үкімі ғимараттардың негіздеріне келді, кейін ол олардың үстіне жоғарыдан құлап түсті»). Намрұт тамұққа аттанды. Тағы бір Зуларш есімді патша оның тағына отырды.
ИБРАХИМ (Ғ.С.) МЕН ЗУЛАРШ ПАТШАНЫҢ ҚИССАСЫ Ибрахим (ғ.с.) Намрұттың барша қоймадағы алтын-күмістерін, азық-түлігінің бəрін дəруіштерге садақа ретінде үлестіріп беріп, ол аймақтан кетті. Ибрахим жəне Лұт еді, Сара мен екі мұсылман бар еді. Ибрахим (ғ.с.) мінажат етіп: «Тəңірім, қайда барайын?» – деді. «Қай жаққа көңілің қаласа, сонда бар» деген жарлық келді. Зуларш патша жас, əйелдерге жақындау еді. Қайда қыз-қырқын болса, сол жерден табылатын. Садық ұлы Зуларш əл-Хамирий жолда сақшылар ұстап, (қолға түскендердің) бірін алатын. Он бес адам Ибрахимге кездесіп, ұшыр (салық) талап етті. Ибрахим: «Бізде ұшыр беретін мал-дүние жоқ. Ұлдарымыз бар, қанша қаласаң ал», – деді. Ұлдарын санап еді, тоғыз шықты. (Олар): «Ол болғанда біреуін алатын едік. Мына тоғыздан бізге еш нəрсе тимес, алайда мына сандықты аш, не барын көрейік», – деді. Сандықтың ішінде Сара бар еді. Расул (ғ.с.)ның: «Əррасад шəрру халифəтин (фи əл-əрзи)» («Жол торып адамдардан нəрсе алатындардан (тонайтын) өткен мақұлық жоқ»)» деген сөзі бар. Оның мəнісі Алла Тағала жаратқандарының ішінде жол торып нəрсе алатындардан (өткен) жауыз жоқ деген сөз. Қанша тырысқанымен болмады. Сандықты ашты. Сараны көріп, қуанып кетіп: «Біздің патшамыз осындайларды қалайды, сен мұны қайда алып бара жатырсың?» – деді де, Ибрахимді кентке алып келді. Патшаға барып болған жəйді айтты. Патша Сараны көрмесе де, есітіп көңілі кетті. Есік күзетшісіне (қарап): «Жылдам барып ол адамды маған алып кел», – деді. Ибрахимді алып келді. Патша Ибрахимнің əдемі, сымбатты екенін көріп, қасынан орын берді. «Есімің кім?» – деп сұрады. «Есімім Абдулла», – деді. «Сандықтың ішінде не бар?» – деп сұрады патша. Ибрахим қорқып кетіп, «Егер əйелім десем, қызғанып мені өлтіріп тастар» деп ойлады да, «қарындасым», – деп жауап берді. Ол сол сөзімен мұсылманның мұсылманға бауыр екенін аңғартты. «Иннəмə əл-мүминунə ихуəтун» («Расында мұсылмандар бір-біріне бауыр»). Патша: «Ей, Абдулла, бүгінде мен Мысырдың патшасымын, мал-дүнием шексіз. Қарындасыңды маған берсең, саған патшалықтан беремін», – деді. Ибрахим қайғырып, басын төмен ұстады. «Ей, Абдулла, неге сөйлемейсің?» – деп сұрады патша. «Менің қарындасым бойжеткен, дəстүр бойынша өзінен сұрау керек», – деді (Ибрахим). Патша: «Барып сұра», – деді. Ибрахим қайғырып Сараға келді. Сара: «Не болды саған, неге мұңайып тұрсың?» – деп сұрағанда, (Ибрахим) бар сөзді айтып берді. «Ей, Ибрахим, неге рас сөйлемедің, (енді) өзіңді де, мені де бəлеге қалдырдың», – деді Сара жылап. Олар сөйлесіп боламын дегенше патшаның төзімі таусылып: «Барып ол адамды қарындасымен алып келіңдер» деп, есік күзетшісінің қасына екі жүз адамды қосып жіберді. Ибрахим мен Сараны алып келді. Сара басына үлкен орамал жауып кірді. Патша Ибрахимге тақтың жанынан орын
берді. Сара да Ибрахимнің қасына отырды. «Ей, Абдулла, менің малмүлкімнің шегі жоқ, жартысын саған берейін, маған қарындасыңды бер», – деді патша. Ибрахим: «Менің қарындасым отыр, (өзі) айтсын», – деді. Патша Сараға қарап: «Менің мың құлым бар, (бəрі) сұлтан ұрпағы. Бəрін саған берейін жəне ағаңа да қызмет етсін, сен маған (тұрмысқа) шық», – деді. Сара жылап, еш нəрсе демеді. Патшаның ашуы келіп: «Ей, Абдулла, сенен ұялып сөйлемей тұр», – деп, Ибрахимнің қолын ұстап шығарып жіберді. Бір ағаштың түбінде отырып, Сараны уайымдай бастағанда Жебірейіл келіп, Ибрахимнің аяғынан көтеріп Сараны көрсетіп тұрды. Ибрахим Сараны көріп, көңілі тыншығандай болды. Патша Сараға қанша сөйлесе де, екі қолымен бетін басып жылап, жауап бермеді. Патшаның төзімі таусылды. Сараның қасына келіп, қолын көтере бастағанда, Ибрахим: «Тəңірім, құдіретіңді мына кəпірге көрсетші», – деп жалынды. Патшаның екі қолы мойнына дейін көтерілді. Патша: «Ей, Сара, дұға жаса, екі қолымды түсірсін, мен саған рұқсат берейін», – деді. Сара дұға жасап еді, қолдары қалпына келді. Жəне қастандық ойлап еді, екі қолы тағы көтерілді. Сара дұға жасап еді, қайта орнына келді. Үш рет көтерілді. Жер қимылдап, зілзіла болды. Патша: «Сенен маған қандай пəле жармасты?» – деді. Сара: «Менен емес, сенің кəпірлігіңнен жəне күш көрсеткеніңнен (болып жатыр)», – деді. (Патша): «Мен саған күш көрсетпедім», – деді. Сара: «Маған күш көрсетпедің, алайда Алланың пайғамбарына күш көрсеттің», – деді. Патша: «Қай пайғамбарға күш көрсеттім?» – деді. Сара: «Ибрахим пайғамбарға күш жұмсадың, Намрұт оның қолынан опат болып еді», – деді. Патша: «Ибрахимді мен əсте көргенім жоқ, қалайша күш көрсетпекпін?» – деді. Сара: «Ол Ибрахим менің күйеуім, мені одан азғырдың, саған бұл бəле-ауыртпашылық сол себепті болып жатыр», – деді. Патша: «Бұл бəле-ауыртпашылық саған, сосын маған тиуінің себебі (ол) сені қарындасым деді, əйелім дегенде саған тиіспейтін едім», – деді. Сара: «Сенің зұлымдығың, күшің, кəпірлігің себебінен айта алмады. Əйелім дегенде сен оны өлтіретін едің», – деді. Патша: «Мен ешкімнен де күшпен зорлап алмаймын», – деді де есік күзетшісіне қарап: «Барып, ана адамды алып кел», – деді. Ибрахимді алып келгенде патша тұрып, оның аяғына жығылып: «Сен Намрұтты опат еткен Ибрахимбісің?» – деді. Ибрахим: «Менмін», – деді. Патша: «Тəңіріңді сипаттап берші», – деді. Ибрахим: «Менің Тəңірім жеті қабат көкті, жеті қабат жерді жа-
ратқан, ақыреттен мықты кеңдігі, дүниеден артық құдіреті бар. Жалғыз. Досы, жолдасы, теңі, серігі жоқ. Ешкімді тумады, ешкімнен де туылмады. Ешбір нəрсеге ұқсамайды. Не қаласа болады, қалағанын істейді. Тіріні өлтіреді, өліні тірілтеді. Өзі өлмейді. Барша оның құдіретімен тұр, барлық нəрсенің (болмыстың) Иесі», – деді. «Йухий уə йумиту уə һуə хəйиун лə йəмуту би йəдиһи əл-хəйру уə һуə 'əлə кулли шəйин қадирун» («Ол тірілтеді жəне өлтіреді тағы мəңгі тірі. Жақсылық оның құдіретті қолында əрі оның əр нəрсеге күші жетеді»). Зуларш: «Мен Шолпан жұлдызына табынып жүргеніме жетпіс жыл болды. Бұл биік көкті тірексіз жаратқан, қара жерді су үстінде ұстап, жұлдыздарды кім түсіріп, кім шығарады, кім күндізді жарқыратып, түнді қараңғы қылады деп əуелден ойланушы едім. Бұл істердің бəрін сенің Тəңірің қылады екен. Менің қолым, мойным құрыды, не істейін?» – деді. Жебірейіл келіп: «Зуларшқа айт, барша мал-дүниесін, алтын-күмісін саған берсін. Мен қолын қалпына келтірейін» деген жарлық түсірді. Ибрахим (ғ.с.) Алланың жарлығын жеткізгенінде Зуларш тың Хажар атты күңі бар еді. Мағриб патшасының қызы еді. Салих пайғамбардың ұрпағынан еді. Оның əкесін өлтіріп, тұт қын етіп алып келіп еді. Барша құлдарға оны басшы етіп еді. Мал-дүниесін, қазына кілттерін Ибрахимге бер (деді). Бəрін берді. Ибрахим дұға жасады. Патшаның қолы мен мойны қалпына келді. Зуларш дереу иманға келіп: «Əшһəду əн лə илəһə иллаллаһу уə əшһəду əннəкə Ибрахиму расулуллаһи» («Алладан басқа тəңірі жоқтығына əрі, ей, Ибрахим, сен Алланаң елшісі екендігіңе куəлік етемін»), – деп мұ сылман болды. Ибрахим: «Ей, патша, мына мал-мүлікті маған бер дің, мен қабылдадым жəне өзіңе қайта сыйладым», – деді. Хажар бəрін алып берді. Ибрахим жеті күн Хаззан патша елінде тұрды. Иман мен Исламды үйретті. Сегізінші күні Жебірейіл келіп: «Ей, Ибрахим, бұл жер сенің жерің емес, басқа жаққа кет» деген Алланың жарлығын түсірді. «Маған жарлық келді», – деп патшаға айтты. Патша: «Менімен бірге қал. Мысыр патшалығын саған берейін, тағы саған құл болайын», – деді. Ибрахим: «Маған дүние патшалығы керек емес», – деді. Патша Хажарға қарап: «Қазынадан бір тəжбен бір алтын шапан жəне жүз мың алтын алып кел», – деді. Алып келді. Ибрахимнің қасына қойып: «Қабыл ал», – деді. Жебірейіл келіп: «Қабыл ал», – деді. Тағы жүз мың түйе, жүз мың ат, жүз мың сиыр, жүз мың ешкі, жүз мың қой, төрт жүз қызметші. Бəрін алтынмен аптап берді. Патша: «Ей, Сара, мына тəж Мысырдың жеті жылдық салығы (шығыны). Бұл саған лайық», – деді. Жебірейіл Ибрахимге келіп: «Сараға айт, қабыл алсын», – деді. Патша: «Мына төрт жүз күңнің бəрі патшаның қыздары, саған бердім, қабыл ал», – деді. Сара: «Өзім Алла Тағаланың бір əлсіз күңімін. Маған жəне күңнің
не керегі бар?! Маған тек Хажарды бер», – деді. Патша жəне он мың алтын жəне мың қой, екі жүз түйе, екі жүз сиыр берді. Хажарға қосып бəрін Сараға берді. Жебірейіл келіп: «Ей, Ибрахим, Сараға айт, қабыл алсын», – деді. Сара қабыл алды. Содан соң Ибрахим (ғ.с.) малдүниесін алып Сарамен бірге Ахзан аймағына барды. Қай жерге түссе, (сонда) бір иғаштық қара малы алатын еді. Ибрахим Йордан жеріне келді. Алты мың қара мал көрді, бəрі де жылқы малы еді. Ибрахим Лұтқа: «Мұнда түс», – деді. Түсті. Қара үй тікті. Ибрахим бір құдық қаздырды. Тəтті су шықты. Олар: «Мына барша қара малымен біздің жайлауымызды құртады, қуайық. Мына құдық бізге қалсын», – деді. Осылай сөз болғанда, Зуларш патша əскерімен бірге Мысырға бара жатып, сол жерге түскенінде, үш адам барып Ибрахимді патшаға алып келді. Патша Ибрахимді көре сала атып тұрды. Тағынан түсіп, отырғызбақшы болғанында, Ибрахим: «Отыр», – деп қолымен ишара етті. Патша отырды. Ол адамдар патшаға: «Түні-күн қара малымен келіп жайлауымызды, суымызды құртты. Бұл жерден кетсін», – деп шағымданды. Патша: «Сен не дейсің?» – деді. Ибрахим: «Мен ғаріпті кетсін десе, кетейін», – деді. Патша: «Сенің атыңнан мен бір үкім шығарсам болады ма?» – деді. Ибрахим: «Болады», – деді. Патша: «Сендер он қой алып келіп, пісіріңдер, біз жейік. Ибрахим да он қой əкеліп, пісірсін. Оны да жейік. Қайсыңыздың асымен тоятынымызды көрейік, өлген қойларды тірілтсін. Кім тірілтсе, бұл жерсу соған қалсын», – деді. Олар бұл сөзге қиналып қалды. Он арық қой алып келіп бауыздады. Ас даярлап, үйге алып келді. Патша əскерімен жеді. Əрбіріне бір кесек ет тиді. Содан соң Ибрахим өз асын алып келді. Үш мың ер адам оны жеді. Бəрі тойды. Ол қойдың асы сол қалпы қалды. Ибрахим тұрып, қойлардың терісін оларға қайта жабыстырды. Дұға жасады, барлық қой тірілді. Патша жер-суды Ибрахимға беріп, өзі кешірім сұрап аттанды. Ибрахим сонда қалды. Ол адамдар Ибрахимға қастандық жасап, бір түні өлген итті құдыққа тастап кетті. Ибрахим Лұтқа: «Кетейік», – деді. Ибрахимнің он екі отар қойы бар еді. Əрбір отарда бір алтын затты иті бар еді. Қасиетті жерге дейін төрт иғаштық жер еді. Сонда барып тұрды. Бір күні Сара Ибрахимға: «Мен қартайдым, саған қызмет ететін шамам қалмады. Мен үшін көп қиыншылықтар тарттың. Мына Хажарды саған бер дім», – деді. Оның Хажар аталу себебін (кейбіреулер) Сараның «Мен үшін көп қиыншылықтар тарттың, мынаны ал, саған (соның) қайтарымы болсын» дегенмен байланыстырады. Араб тілінде «Хə ужракə» дейді. (Сол себепті) Хажар атанды. Сара Хажарды Ибрахимге берді. Хажар Салих пайғамбардың ұрпағы еді.
ИСМАЙЫЛ (Ғ.С.) ҚИССАСЫ Ол – «Йə əбəти иф'əл мə тумəру сəтəжидуни ин шəаллаһу мин əс-сабиринə» («Ей, əке, не нəрсе əмір етілсе, орындаңыз, Алла қаласа мен сабыр етушілерден боламын») деп жарлыққа мойынсұнған, «Уə фəдəйнəһу бизбихин 'əзимин» («Біз оның орнына үлкен бір сойылатын мал жібердік») шапанын киген, «Иннəһу кəнə садиқа əл-уə'ди уə кəнə нəбийəн» («Əрине, ол уəдесіне берік пенде еді жəне елші етіп жіберілген пайғамбар еді») зікірмен мəшһүр болған, Алла Тағаланың жарлығына мойынсұнып əзіз жанынан кешіп, өзін құрбан қылған – ИСМАЙЫЛ (ғ.с.). Сафий Исмайыл пайғамбар көңілі толық бойы таза, «Садиқ əл-уə'д» («Уəдесіне берік») аталып, уəдесін қылды опа. Тепті жерге екі аяғын, тапты жерде бір құдық, Болды зəмзəмнің суы, болды дерттіге шипа. Қағбаның тасын тасып құрбан қылған ол Забих (құрбан), Төңірегінде тау нышаны Маруа еді һəм Сафа. Халық ішінде артық сүйікті еді Жаратушыға анық, Өзгелерге толық екен, өзіне тиді жапа. Тумас еді анадан туды жалғыз бір ұл, Тумады одан пайғамбар жалғыз еді Мұстафа. Сара (Алла одан разы болсын) тоқсан жаста еді. Ұл-қыз сүймеді. Ибрахимнің белінде Мұхаммед Мұстафаның нұры бар еді. «Осы нұр сенен болған ұрпаққа жетеді» деп Сараға уəде етілген болатын. Ибрахим пайғамбар Хажармен қосылған уақытта ол нұр Хажардың мейіріміне түсті. Сара ол нұрдың Ибрахимнен кеткенін көрді. Ашуланды. Ол нұрдан үлессіз қалғанына қатты ашуланып Ибрахимнің жағасынан алды. Күйеудің жағасынан ең алғаш Сара ұстады. Адамнан бері олай ұстау жоқ еді. Жебірейіл келіп: «Ей, Ибрахим, Сараға айт, сабыр сақтасын», – деді. Сара: «Қалай сабыр етейін, сексен жылдан бері мені үміттендіріп келдің. Бүгін сол айтылған уəдең менің күңіме болды», – деді. Ибрахимнің Сарамен дəм-тұзы жараспады. Сара Хажар дың үш жерін майып қыламын деп ант ішті. Бір күні Хажар түйе саумақшы болғанында келіп Хажардың құлақ, мұрнын кеспекші болып еді, Хажар айқай салды. Жебірейіл Ибрахимге келіп: «Сараға айт, Хажарға зорлық жасамасын, Алла Тағала зорлық жасаушыларды сүймейді», – деді. «Не істейін, мен үш нəрсесін кесемін деп ант ішіп қойып едім», – деді Сара. Жебірейіл: «Сараға айт, екі құлағын тессін жəне ұятты жерін кессін (сүндеттесін), тағы одан шықсын», – деді. Сара (Хажардың) екі құлағын майып болсын деп тесті, күйеуіне жарамай қалсын деп, ұятты жерін кесті. Жебірейілге жарлық болды. Жұмақтан екі алтын сырға əкелді. Хажардың құлағына тақты. Одан артық сұлу болды. Сүндеттегені күйеуіне одан артық жақты. Əуретке сүндет жасау Хажардан қалды.
Кейбір риуаяттарда Исмайылдың Хажардан осылайша туылғаны айтылады. Тағы бір риуаятта былайша баяндалады: Хажардың ай-күні жақындаған уақытта Сара шыдай алмай Ибрахимге: «Хажарды мен көрмейтін жерге алып кет», – деді. Жебірейіл келіп: «Алып кет», – деді. Ибрахим екі түйе алып, біреуіне Хажарды мінгізіп, екіншісіне өзі мінді. Жолға шықты. Сара Ибрахимге: «Менің үш тілегім бар, соны орында. Біріншісі – Хажарды ел жоқ жерге апарып таста, екіншісі – түйеден түспе, үшіншісі – түнде қонба», – деді. Осы үш шартқа келісіп, Ибрахим ант-су ішті. Мұқаддаса жерден шығып кетті. Мұқаддаса мен Меккенің арасы бір айлық жер еді. Алла Тағала жердің өзегін тартып, (олар) бір күнде жетті. Ел жоқ, су жоқ жерге апарып тастады. Сондықтан да Алла Тағала: «Раббəнə инни əскəнту мин зуррийəти биуəдин ғəйри зи зəр'ин 'индə бəйтикə əл-мухəррам» («Ей, Раббым, əрине, мен əулеттеріңнің кейбірін Сенің құрметті үйіңнің қасындағы еш нəрсе өспейтін бір аңғарға орналастырдым»), – деп жарлық етті. Ол кезде Мекке жоқ еді. Бəйт ул-Мəғмур бар еді. Ибрахим Хажарды қалдырып, қайтып кетті. Біраз азық, су қалдырды. Бірнеше күннен кейін Хажар ай-күннен əдемі Мұстафаның нұрын қолына ұстаған бір ұл босанды. Хажардың суы таусылды. Ұлын құндақтап алып іздеді. Сафа тауынан «Міне, су» деген дауыс естіді. Маруа тауынан да «Міне, су» деген дауыс естіді. Анда да, мұнда да барды, су таппады. (Осылайша) жеті рет дауыс келді. Сафадан Маруаға, Маруадан Сафаға жүгіріп, су таппастан, шаршады. Осылай жүгіру бүгінгі қажыларға сүннет болып қалды. Сол кезде Хажар: «Исмə' йə илу» («Тыңда ил»), – деп Тəңірге жал барынды. «Ил» сурияни иілінде Тəңірдің атын білдіреді. (Яғни) «Жаратушым, есіт» деді. Сол себепті (нəрестеге) Исмайыл деген ат қойылды. Исмайыл жылап жатты. Дауысын есітіп, жетіп келді. Исмайыл етпетінен жатып, екі аяғымен жерді тепкілеп жатқанын көрді. Тепкен жеріне Жебірейіл қанатымен соғып, су шығарды. Бүгінгі Зəмзəм құдығы сол. Сол су ағып шығуда еді. Хажар суды көргенінен сүйсініп, су таусылмасын деп, айналасына тас, құмды жиды. Сол күні Хажар су жинамағанда бүгінде Меккеде бір арық су болмайтын еді. Исмайылдың берекесінің арқасында бір күні Бəну Жархам деген керуен жағдайы ауыр Шам жерінен Мекке жерінен өтетін болды. Ұшар құс, жүгірген аңды көріп, солардың ізімен барды. Сұлу анасымен отырған Исмайылды көрді. Қасындағы суды да көрді. (Олар): «Мына құдық кімдікі?» – деп сұрады Хажардан. (Хажар): «Мына нəрестенікі», – деді. (Олар): «Бұл кімнің нəрестесі?» – деді. (Хажар): «Ибрахимдікі», – деді. (Олар): «Ибрахим кім?» – деп сұрады. (Хажар): «Намрұтты опат еткен жан», – деді. Олар бір-біріне қа рап: «Біздің жер-жұртымыз жарамсыз, адамдарымыз таза емес. Осын да көшіп келейік», – деп кеңесті. Хажарға қарап: «Сен мұнда жал ғызсың,
Исмайыл да жалғыз, қаласаң біз қоныс аударайық. Жыл сайын қара малдан, мал төлінен оннан бірін мына нəрестеге берейік», – деді. Хажар келісті. Осы сөзге бітім байланды. Содан соң ел-жұртын көшіріп əкелді. Патшаларының аты Ханифа ибн Суманда əл-Хухумий еді. Үш мың бес жүз үйлі адам келіп Меккеге қоныстанды. Үй тұрғызды, базар ашты. Жыл соңында мал төлінің оннан бірін берді. Екі мың қой, үш мың түйе, жеті мың сиыр болды. Бəрін Исмайылға берді. Жыл сайын осылай жасады. Исмайылдың қара малы көбейді. Жиырма бір жасында Аммара есімді қыз берді. Бір күні Исмайыл ауға кеткенінде, Ибрахим Исмайылды көргелі келді. Сара Ибрахимге түйеден түспе деп тапсырған болатын. Ибрахим келіп Исмайылдың үйін сұрастырып, тауып келді. Есігін қақты. Келін отыр екен. «Исмайыл қайда?» – деді. «Ауға кетті», – деді. «Қашан келеді?» – деп сұрады. «Не көп сөзді іс пе?!» – деді. Ибрахим: «Исмайыл келсе, осындай бір адам келіп саған сəлем айтты де. Жəне есігіңнің тұтқасы жарамсыз екен, басқа тұтқа сал сын», – деді. Исмайыл келгенінде жаңағы сөздерді айтып берді. Исмайыл: «Ол – əкем. Сен оны құрметтемепсің. Үйдің тұтқасын ауыстырғын де генде сені айтқан. Енді сен маған керек емессің», – деп талақ берді. Бір жылдан кейін Бану Харимнің ұлының қызы Сайида бинти Массас əл-Хурхумиге үйленді. Исмайыл аңға шыққанды ұнататын. Исмайыл жəне аңға кеткенінде Ибрахим келіп Сайидадан сұрады. (Ол): «Ауға кетті, келгенше кіріңіз, тамақ дайындайын», – деді. Ибрахим: «Менің антым бар, түсе алмаймын. Дайын тамақ бар ма?» – дегенінде, ақ түйенің айранын алып шығып берді. Ибрахим ішіп болып: «Тəңірі қара малдарыңызға береке берсін», – деп дұға жасады. Ол аймақта түйе көп болатын болды. Расул (Мұхаммед пайғамбар): Сол күні Исмайылдың əйелі тамақ бергенінде, бүгінде Меккеде аштық аз болатын еді, – деп айтқан еді. «Түйеден түсіңіз, сақал-шашыңызды жуып берейін», – деді тағы. Ибрахим: «Түйеден түспеймін деп ант ішкемін», – деді. Сол жерде бір үлкен тас бар еді. «Бір аяғыңызды тастың үстіне қойыңыз, сақалшашыңызды жуып берейін», – деді. Ибрахим оң аяғын тастың үстіне, сол аяғын түйеге асып қойып, сақал-шашының жартысын жуды. Екінші жағын да солай жуды. Содан кейін Ибрахим: «Исмайыл келсе айт, Ибрахим саған көп сəлем айтты де. Мына тұтқаны берік ұстасын», – деді. Исмайыл келгенінде Сайида болған оқиғаның бəрін айтып берді. Исмайыл: «Ол – менің əкем, тұтқа дегені – сен», – деді.
ИСМАЙЫЛ (Ғ.С.) ДЫ ҚҰРБАНДЫҚҚА ШАЛҒАН ҚИССАСЫ Ғұламалардың арасында əр түрлі пікір бар. Исмайылды құрбандыққа шалды ма əлде Исхақты ма? Арабтың бəрі Исмайылды құрбандыққа шалды дейді. Арабтың бəрі Исмайылдан тарайды. Яһудилердің Тəуратында Исхақты құрбандыққа шалынғаны айтылады. Себебі яһудилер мен христиандар Исхақтың ұрпағы. Кейбіреулер екеуі де құрбандыққа шалынды дейді. Бір жолы Исмайыл, бір жолы Исхақ деп айғақ келтіреді. Бір хадисте Расул (ғ.с.): «Əнə ибну зəбихəйни», – деген. Мағынасы екі құрбандықтың ұлымын деген сөз. Бұдан мұрат Исмайыл да, Исхақ та дейді. САУАЛ: Мұстафа (ғ.с.) Исхақтың емес, Исмайылдың ұрпағы. Екі құрбандықтың ұлымын дегенінде қандай мағына бар? ЖАУАП: Арабтың немере ағаны əке (ата) дейтін əдеті бар. Ғұламалардың біразы «Егер Исмайыл құрбандық еді деп үш талақ ант ішсе, əйелі талақ болмайды, себебі Алла Тағаланың Құранда Исмайыл құрбандық шалынатын қиссасының соңында «Уə бəшшəрнəһу би Исхəкə нəбийəн мин əс-салихинə» («Жəне Біз оған Исхақ есімді бір перзент болатынын, оның пайғамбар болатынын жəне ізгі құлдарымыздан болатынын сүйіншіледік») деген аяты бар. Яғни «Əнə ибни зəбихəйни» («Мен екі құрбандықтың ұлымын») деген сөздің астарында мынадай дұрыс шешім шығады: бірі – Исмайыл, екіншісі – (Мұхаммед пайғамбардың) əкесі Абдолла. Хабарда былай келеді: Мұстафа (ғ.с.) үлкен атасы Əбдімүтəліп уақытында Зəмзəм құдығы тартылды. (Əбдімүтəліп) Алла Тағалаға нəзір қылып: «Алла Тағала су берсе, бір ұлымды құрбандыққа шаламын», – деді. Алайда кейбір ғұламалар Əбдімүтəліптің «Алла Тағала маған он ұл берсе, бəрі қару-жарақ алып соғыс күні қасымда тұрса, оның біреуін құрбандыққа шалар едім» деп нəзір қылғанын айтады. Ол күнде Əбдімүтəліптің тоғыз ұлы бар еді. (Олар): Харис, Əбу Лəхəб, Аббас, Хизар, Хамза, Мұқаддам, Жəһіл, Зубайр, Əбу Тəліп. Бəрі де бір анадан. Басқа анадан оныншы болып Абдолла туды. Бəрінен Абдолланы жақсы көретін еді. Қайсысыңа түссе, соны құрбандыққа шаламын деп жеребе тастады. Жеребе Абдоллаға түсті. Əбдімүтəліп алып, құрбандыққа шалғалы Абдоллаға барды. Абдолланың анасының Темір Махзум есімді бір туысы бар еді. Меккеде олардың сөзі жүретін. Шам аймағында бір пал ашушы бар еді. «Соған адам жіберіңдер, ол қалай деп шешім шығарса, соны жасаңдар», – деді. Барып сұрап еді, ол «Бір жағына Абдолланы, екінші жағына он түйені қойып, қайтадан жеребе тастаңдар», – деді. Қашан түйелерге түскенше, қайта-қайта тастаңдар деді. Түйе жүзге жеткенде жеребе түсіп, жүз түйені құрбандыққа шалды. Абдолла (аман) қалды. Бүгіндегі ер жігіттің құны жүз түйе деген сөз содан қалды. Расул (ғ.с.) «Инни ибну зəихəйни» («Мен екі құрбандықтың ұлымын») дегенінің мəнісі, міне, осы. Риуаятта кездеседі: Ибрахим «Тұр, құрбан шал» деген түс көрді.
Ибрахим таң атысымен тұрып, жүз қойды құрбандыққа шалды. Екінші түні жəне «Тұр, құрбан шал» деген түс көрді. «Йə Ибрахиму қум уə қарриб əл-қурбəнə» («Ей, Ибрахим, тұр да құрбандық шал»). Ибрахим ерте тұрып, жүз түйені құрбандыққа шалды. Үшінші күні жəне түс көрді. «Қум уə қарриб əл-қурбəнə» («Тұр да құрбандық шал»). Ибрахим: «Менің құрбандығым не? Нені құрбандыққа шалайын?» – деді. (Алла Тағала): «Бізден басқа нені жақсы көрсең, соны құрбандыққа шал», – деді. «Избəх уəлəдəкə» («Балаңды құрбандыққа шал»). Исмайылды құрбандыққа шалатынын білді. Жұбайы Хажарға: «Бір құрметті досым бар, бір ұлыңды əкел, көрейін деп сұрап жатыр. Енді Исмайылдың басын, шашын жуып-тара, соны алып барайын», – деді. Хажар Исмайылды жуындырды, шашын тарады. Таза киімдер кигізгенінде Исмайыл тіптен ашылып кетті. Анасы Исмайылдың бетіне қарап, айдай жүзін, күндей көркін, қаламдай көзін, оқтай кірпігін, ақықтай еріндерін, інжудей тістерін, пістедей аузын, қызыл шырайын, сұлу жүзін, мойнын құшып, сүйіп айтты: Ей, көңілім жұбанышы, ойнап алысқа бармағын, Жарылқа жалғыз анаңның жүрегін, өртемегін. Осы кетпектің орнына өлімімді тілесең, саған Мен өңіңде өлейін, сен ішімді өртеме. Ибрахим жіп алды, пышақ қонышына салып, тауға аттанбақшы болды. Хажар: «Қонаққа барамын дейсің, жіп пен пышақты не істейсің?» – деп сұрады. Ибрахим: «Мүмкін, қой алып келермін», – деді. Тəңірі тілімен қой деп айтып еді, (айтқаны келіп) жұмақтан қой келді. Исмайыл ерді. Ибрахим жүрді. «Артымнан ер», – деді Исмайылға. Исмайыл Ибрахимнің артынан жүріп отырды. Ібілістің сабыры таусылды. Өзін адам бейнесіне салып, Исмайылға келді де: «Əкең сені қайда алып бара жатқанын білесің бе?» – деп сұрады. (Исмайыл): «Досына алып бара жатыр», – деді. Ібіліс: «Сені құрбандыққа шалғалы алып бара жатыр», – деді. Исмайыл: «Қай əке (өз) ұлын құрбандыққа шалады?» – деді. (Ібіліс): «Тəңірдің атымен құрбандыққа шаламын дейді», – деді. Исмайыл: «Егер Тəңірдің жарлығы болса, онда мың жаным болса бəрін де құрбандыққа беруге дайынмын», – деді. Ібіліс бұл баланы азғыра алмадым, енді Хажарға барайын деп ойлады. Бəйіт: Суда тұрған ат баласы қанша болса да кіші, Кең теңіздің суы оны тарта алмас. Əйелдер əлсіз болар деп Хажарға келіп: «Ибрахим Исмайылды қайда алып бара жатқанын білесің бе?» – деп сұрады.
(Хажар): «Досына алып бара жатыр», – деді. Ібіліс: «Құрбандыққа шалғалы алып бара жатыр», – деді. (Хажар): «Қай əке (өз) баласын құрбандыққа шалады?» – деді. «Тəңірдің жарлығымен», – деді Ібіліс. Хажар: «Ей, ақымақ, Тəңірі жарлығы болса, мың жан болса да пида болсын», – деді. Ібіліс үмітсіз болып, Исмайылдың қасына келіп, азғыра бастады. Исмайыл əкесіне: «Мені бір қарт келіп азғырып жатыр», – деді. Ибрахим: «Ол шайтан. Тас лақтыр, кетсін», – деді. Исмайыл жеті тас алып лақтырды. Сол жерде тас ату қажыларға сүннет болып қалды. Ибрахим жеті тас алып лақтырды. Басына тиді. Пышақты тасқа қайрады, дауыстап жылады. Исмайыл: «Неге жылап жатырсыз?» – деп сұрады. Ибрахим: «Ей, ұлым, сені түсімде бауыздағанымды көрдім», – деді. «Йə бунəйиə инни əра фи əл-мəнəми əнни əзбəхукə фəнзур мəзə тəра» («Ей, ұлым, мен түсімде сені бауыздап жатыр екенмін, сенің пікірің қандай?»). Исмайыл: «Ей, əке, Жаратушының досымын дейсің. Алланың досы болған адам ұйықтай ма? Ұйықтамасаң бұл түсті көрмеген болар едің», – деді. Тағы: «Ə мə сəми'тə мə əухаллаһ тə'əлə илə бə'зи əнбийəиһи кəйфə мəн иддə'ə мəхəббəти изə жəннəһу əл-лəйлу тəнəму 'əйнəһу» («Алла Тағаланың кейбір пайғамбарларына: «Менің сүйіспеншілігіме бөленгісі келген пенденің түнде қалайша ұйқысы келеді» дегенін естімедің бе?!»). 'Əжəбə лил-мухиб кəйфə йəнəм Куллу нəум 'əлə əл-мухиб хəрам Қум-қум йə хəбиби кəм тəнəм Фə иннə тəлəбə əл-жəннəти лə йəнəм. (Ғажап! Ғашық қалай ұйықтайды, Ғашық үшін барша ұйқы харам. Тұр-тұр, ей, сүйіктім, əсте жатпа, Əрине, жəннатты қалаған ұйықтамайды.) Сүйікті сүйсең ұзақ тұр шексіз, Сүйікті сүйген адамға ұйықтамақ харам. Ер болсаң түні бойы тілегін бəрін, Барша тілек түнде тапты мұратын. Исмайыл: «Алланың жарлығы қалай болса, солай жаса. Сен ұлыңнан кешсең, мен де жанымнан кештім, іске кіріс», – деді. «Йə əбəти иф'əл мə түмəр» («Ей, əке, нə нəрсеге əмір етілсеңіз, орындаңыз»). Ибрахим: «Ей, ұлым, қалай сабыр қылмақшысың?» – деді. (Исмайыл): «Алла Тағала қаласа, мені сабырлылардан қылады», – деді. «Сəтəжидуни иншаллаһу мин əс-сабиринə» («Алла қаласа, мені сабыр етушілерден көресіз»). Тағы: «Ей, əке, неге маған үйде айтпадыңыз? Анамның аяғын құшып, кешірім сұрап, сүйікті жүзін
көріп алатын едім. Алайда үш өсиетім бар, біріншісі, менің аяққолымды берік байлаңыз, пышақ ұрғаныңызда (мен) сілкініп кетіп, үстіңе қан тимесін. Екіншісі, жүзімді төмен ұста, жүзімді көріп əкелік махаббатың оянып, пышақ салуыңа кедергі келтірмесін. Үшіншісі, көйлегім мен шашымды ана ма алып бар», – деді. Содан кейін Ибрахим Исмайылдың аяқ-қо лын байлады, жүзін төмен қаратты. «Фə лəммə əслəмə уə тəллаһу лил-жəбини» («Екеуі Алланың əміріне мойынсұнды жəне баланың маңдайын жерге қаратып жатқызғанында...»). Пышақты тамағынан салып, бар күшімен тартты, пышақ өтпеді. Қанша тырысса да, өтпеді. Кейбіреулер Ибрахим Исмайылды байлап, пышақты саларда Исмайыл күлді дейді. Ибрахим: «Неге күлдің?» – деп сұрағанында, «Пышақтан «Бисмиллəһир рахмəнир рахим» жазуын көрдім. Ей, əке, сүйінші, саған пышақта Алланың аты жазылған болса, тамағымды қалай кеседі?» – деп жауап берді дейді. Тағы біреулер пышақты Исмайылдың тамағына салмастан бұрын Жебірейілге «Əдрик 'əбди» деген жарлық болды дейді. Таста, пышақтың жүзін қайтар (деген жарлық болды). Сидрадан қанат қағып, пышақтың жүзін қайтарды дейді. Жеті рет пышақты салды, өтпеді. Ашуланып пышақты жерге соқты. «Ей, Хəлил (Алланың досы, яғни Ибрахим), сен кес дейсің, Жəлил (Алла) кеспе дейді» деген пышақтан дауыс келді. Міне, осылайша қияметтің күнінде «Əмəннə биһи уə саддақнə» («Оған сендік жəне шынайы берілдік»). Мұхаммедтің үмметін тозаққа кіргізбейді. Тамұқ оты оларды күйдірмейді. Періште: «Неге күйдірмейсің?» дегенінде, от: «Ей, періште, сен күйдір дейсің, алайда мəликул мулук (Барша патшалықтың патшасы, яғни Алла Тағала) күйдірме дейді», – деп жауап береді. Сол сəтте жеті қабат көктің есіктері ашылды. Күзетте тұрған періштелер тағы жылады, арсы-күрсі күрсінді. Тағы бір риуаятта, періштелердің мінажат қылып: «Тəңірім, лаухул махфузда ақыр заман пайғамбары Исмайыл ұрпағынан екенін көрдік. Сол Мұхаммедтің құрметі үшін бұл əкені сүйіншіле деп жалбарынғаны айтылады. «Ей, Ибрахим, түсіңді ақиқатқа айналдырдың» деген көктен дауыс есітілді. «Уə нəдəйнəһу əн йə Ибрахиму қад саддақтə əр-руйə» («Біз: «Ей, Ибрахим, түсіңді рас қылдың (орындадың)», – деп үндедік»). Сен сөзіңде тұрдың, біз де жауабын береміз. «Иннə кəзəликə нəжзи əл-мухсининə» («Əрине, біз жақсы амал етушілерді осылайша марапаттаймыз»). Ол жауап мынау: «Мына қошқарды алып, құрбандыққа шал. Ұлың аман қалсын!» – деді. «Фə фəдəйнəһу бизибхин 'əзимин» («Біз оның орнына (құрбандыққа) шалынатын үлкен бір мал жі бердік»). «Аллаһу əкбəр, Аллаһу əкбəр» («Алла ұлық, Алла ұлық») деген Жебірейілден дауыс келді. Ибрахим жоғары қарап, Жебірейілдің бір қошқар алып келе жатқанын көрді. Қуанғанынан: «Лə илəһə
илла-аллаһу Аллаһу əкбəр» («Алладан басқа жаратушы жоқ, Алла ұлық»), – деді. Исмайылға қарап: «Қара, Алла Тағала мені мен сені бұл сынақтан құтқарды», – деді. Исмайыл қарады, қошқарды көріп: «Аллаһу əкбəр уə лиллəһи əл-хəмду» («Алла ұлық жəне шынайы мадаққа Алла лайық»), – деді. Кімде-кім айт күні осы тəкбірді айтса, Жебірейіл Əминнің, Ибрахим Хəлилдің, Исмайыл Зəбихтің шапағатына лайық болатыны айтылады. (Тағы бір деректе) Ол қошқардың Əбілдің Исмайыл үшін жұмақта байлаулы тұрған құрбандығы екендігі айтылады. САУАЛ: Жомарт əке ме əлде ұл ма? Біреулер: «Əке жомарт, себебі əкенің ұлға деген махаббаты күшті болады», – деді. Ал кейбіреулер: «Ұл жомарт, себебі əке баладан кешті, ұл жанынан кешті. Жан бəрінен де əзізірек», – деді. «Исмайыл құр бандыққа шалынса, Алламен қауышатын еді, алайда Ибрахим өле-өлгенше оны сағынып өтетін еді», – дейді тағы да. Тағы бірде: «Ибрахим жомарт, себебі құрбандық шалу жарлығы Ибрахимге келді, Исмайылға келмеді», – дейді. «Исмайыл құрбандыққа шалынса, қияметке дейін бұл сүннет мұсылмандарға уəжіп болатын еді. Исмайыл бауыздалмастан, мұсылмандарға мейірім болды», – дейді тағы бірде. САУАЛ: Пышақ Исмайыл үшін еді, Ибрахим неге жылады? ЖАУАП: Ибрахим фəнилік досынан айрылатын еді. Исмайыл фəнилік досынан айрылып, бақилық досымен қауышатын еді. Тағы бір ЖАУАП: Исмайылды құрбандыққа шаларда Алла Тағала нұрлардың бірін Исмайылға кіргізді. Сол нұрдың арқасында пышақтың азабын сезбеді. Мысыр əйелдерінің Жүсіп жамалының нұрын көргендерінде сезбей қолдарын кескендері секілді. Мұсылмандар да солай. Олар сол сəтте мағрифат нұрын көрсетіп, өз сəлемін жеткізеді. Соның арқасында мұсылмандар оңай жан береді. Иншаллаһу тə'əлə. Аллаһуммə һəууин 'əлəйнə сəкрəтəи мəути. («Алла Тағала қаласа. Ей, Алла, біздің жанымыз шығарда жеңілдет».)
ҚАҒБАНЫҢ ТҰРҒЫЗЫЛУ ҚИССАСЫ (Бүгінгі) Қағба жеріне Адам Сафи Бəйт ул-Мағмурды тұрғызды. (Ол) Нұх пайғамбардың заманына дейін тұрды. Оған зиярат жасайтын. Топан су басқан уақытта азаптаушы судың астында қалмауы үшін Алла Тағаланың жарлығымен Жебірейіл Бəйт ул-Мағмурды төртінші қабат көкке алып шықты. Сол үйдің көлеміндей тауды Шам аймағынан алып келіп, Бəйт ул-Мағмурдың орнына қойды. Ибрахим заманына дейін тұрды. Ибрахим пайғамбарға Бəйт ул-Мағмурдың орнына Қағба сал деген жарлық болды. (Ол): «Тəңірім, оның қай жер екенін білмеймін...» – деді. (Бір деректе) ол тауды орнынан көтерді дейді. Жебірейіл: «Сонда тұрғыз», – деді. Тағы бір деректе Алла Тағаланың Қағбаның көлеміндей бір шоқ бұлтты жібергендігі, сол бұлттың көлеңкесі жерге түскендігі, соның көлеміндей етіп Қағбаны тұрғызғандығы, сондай-ақ Нұх пайғамбардың кемесінің ағаштарымен үстін жапқандығы айтылады. Кейбіреулер бір жылан келіп сол жерге иіріліп жатқандығын, соның көлеміндей етіп Қағбаны тұрғызғандығын айтады. Тағы бір деректерде «Ей, Ибрахим, бес таудың тасымен тұрғыз. (Олар): Тур Сина, Тур Зина, Хира, Лубнан жəне Жуди» деген жарлық келгендігі айтылады. САУАЛ: Меккеде тас көп еді. Бес таудың тасымен тұрғызбақта қандай хикмет бар? ЖАУАП: Алла Тағала: «Кімде-кім осы үйге жүзін бұрып, бес уақыт намаз оқыса немесе бұған тауаф етсе, осы бес үлкен таудай күнəсі болса да, бəрін жарылқаймын, барша айыбын кешіремін» деген еді. Жебірейіл тасты кесті, періштелер көмектесті, қашады. Исмайыл тесті. Тасты кесіп болған соң, Жебірейіл Исмайылды жарлығымен тастың үстіне қоятын еді. Тас жорға аттай жорғалап Ибрахимге келетін. (Егер) бір тас қисық жарамсыз болса, Ибрахимнің қолы тиісімен орнына келетін (түзелетін). Төрт бұрышқа төрт сөз айтып тасты қойды. Əуелі: «Субханаллаһи» («Алла пəк»), екінші бұрышына: «Уəлхəмду лиллəһи» («Аллаға мадақ»), үшіншісінде: «Уə лə илəһə иллаллаһу» («Алладан басқа жаратушы жоқ»), төртіншісінде: «Аллаһу əкбəр» («Алла ұлық») деді. Расулулла (ғ.с.): «Кəлимəтəни хəфифəтəни 'əлə əл-лисəни сақилəтəни фи əл-мизəни 'индə əлмəлики əр-рахмəни уə тилкə əл-кəлимəту субхəналлаһи уə бихəмдиһи субхəналлаһи əл-'əзим. Зийəдəту əд-дунийə нуқсəну əл-ахирати уə нуқсəну əд-дунийə зийəдəту əл-ахирату» («(Айтқанға) тілге жеңіл, алайда Алланың алдында таразыда ауыр болатын екі сөз бар: «Субхəналлаһи уə бихəмдиһи», екіншісі «Субхəналлаһи əл-'əзим»); («Мал-дүниенің көбеюі ақырет азығының азаюы, ал мал-дүниенің азаюы ақырет азығының көбеюі») деген. . Мағынасы мынау: Екі сөз бар тілге (айтқанға) жеңіл, қиямет күнінде таразыға ауыр, Тəңір алдында ардақты. Сол екі сөз осы.
САУАЛ: Тілге қалай жеңіл? Таразыға қалайша ауыр болады? ЖАУАП: (Бұ) дүние (өлшемі) мен ақырет (өлшемі) бірдей емес. Дүние лəззаты – ақырет өкініші. Осылайша (бұ) дүние ауырлығы – ақырет жеңілдігі, (бұ) дүние жеңілдігі – ақырет ауырлығы. Бүгін тілге жеңілдік берді, осы кезде тəспі, тəһлил айтсаң, көзді ашып-жұмғанша Арсыға жететіні, сол тілдің жеңілдігі. Жəне (бұ) дүние ауырлығын қадамға берді. Ұзақ күн жүрсең, (ары барса) екі иғаштан артық жүрмейсің, сол қадам ауырлығы. Алайда Жарын (Алланы) қалаған дұрыс болады. Қадам ауырлығын тілге береді, тілдің жеңілдігін қадамға береді. Көзді ашыпжұмғанша үш мың жылдық сираттан өтеді. Немесе қадам ауырлығын тілге береді. Мұсылманның құлшылықтарын таразының бір жағына салғанда, күнəлары ауыр болады. (Сонда) жеті қабат көкті, жеті қабат жерді салса да күнəнің салмағын баса алмайды. Сол сəтте көктен бір жапырақ қағаз ұшып келеді. Құлшылық жағына қонады. Ол барша құлшылықтардан, жеті қабат көктен, жеті қабат жерден осы қағаз артық болады. Сол қағазды ашып қараса, «Субханаллаһи уə бихəмдиһи, субханаллаһи əл-'əзим» деген жазу шығады. Қадам ауырлығының тілге берілгені, міне, осы. Қағбаның құрылысын бітірген кезде Ибрахим: «Тəңірім, бізден қабыл ал, есітуші һəм білуші өзіңсің», – деді. «Раббəнə тəқаббəл миннə иннəкə əнтə əс-сəми'у əл-'əлим» («Ей, жаратушым, Сен бізден осы істі қабыл ет, əрине, Сен есітуші һəм білушісің»). «Біздің ұрпағымыздан бір пайғамбар шығар. Сенің Кітабыңды оларға оқысын, хикметіңді оларға үйретсін. Күнəларын тазартсын, əзізсің, хəкімсің», – деп тағы дұға жасады. «Қаулуһу Тə'əлə: «Раббəнə уəб'əс фиһим расулəн минһум йəтлу 'əлəйһим əйəтикə уə йу'əллимуһум əл-китəбə уə əл-хикмəтə уə йузəккиһим иннəкə əнтə əл-'əзизу əл-хəкиму» («Алла Тағала айтты: «Ей, жаратушымыз, Сен оларға өздерінен пайғамбар жібер, (пайғамбар) оларға аяттарыңды оқып берсін, оларға Құранды жəне хикметті үйретсін жəне оларды тазартсын, расында тек Сен ғана шынайы хикметтісің»). Бір деректе Мұхаммед Мұстафа (ғ.с.)ның: «Əнə дə'уəту əби Ибрахимə уə бəшəрəту Би 'Исə уə руйə умми Əминə» («Мен атам Ибрахимнің дұғасымын, Исаның сүйіншілеуімін жəне Анамның түсімін») дегені айтылады. Жебірейіл келіп: «Ей, Ибрахим, халықты қажылыққа үнде» деген жарлық əкелді. «Уə əззин фи əн-нəси би əл-хəжжи» («Адамдарға қажылық туралы хабар бер»). «Тəңірім, қайсыбірін шақырайын, халық көп, мен əлсізбін», – деді Ибрахим. «Сенен үгіттеу, менен есіттіру» деген жарлық келді. Ибрахим Бу Құбайыс тауына барып, үгіттеді. «Йə əйиухəннəс инналлаһа тə'əлə бəнə лəкум бəйтəн уə əмəракəм əн тəхужжуһу фə хəжжуһу» («Ей, адамдар, расында Алла Тағала сендер үшін бір үй тұрғызды жəне сендерге оны зиярат етіп тұруларыңды əмір етті, ендеше зияратқа келіңдер»).
Ата омыртқасынан, ана мейірімінен жаратылған момын-мұсылмандар: «Лəббəйк-аллаһуммə лəббəйкə, лəббəйкə лə шəрикə лəкə лəббəйкə иннə əл-хəмдə уə əн-ни'мəтə уə əл-мулкə лəкə лə шəрикə лəкə» («Бұйыр, ей, Алла, бұйыр, бұйыр, ей, серігі жоқ, бұйыр, əрине, шынайы мадақ пен нығмет Саған ғана тиесілі. Сенің ешбір серігің жоқ»), – деп жауап берді. Кімде-кім сол күні жауап берсе, қаншалықты кедей болса да, қажылықты өтейді, егер кімде-кім (сол күні) жауап бермеген болса, қаншалықты күшті (бай) болса да, қажылықты өтей алмайды.
ЫСҚАҚ (Ғ.С.) НЫҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУ ҚИССАСЫ Сара жүз отыз жасқа келгенінде Жебірейіл сүйінші хабар жеткізді.... «Уə бəшшəрнəһу би Исхəқа нəбийəн» («Жəне Біз оған Ысқақпен жəне оның пайғамбар болатындығымен сүйіншіледік») сүйіншісі болған, «Уə бəшшəрнəһə би Исхəқа уə мин уəраи Исхəқа Йə'қубə» («Біз ол əйелге Ысқақпен жəне Ысқақтан кейін Жақыппен сүйіншіледік») шапанын киген, «Уə уəхəбнə лəһу Исхəқа уə Йə'қубə нəфилəтəн уə куллəн жə'лəнə салихинə» («Біз оған Ысқақты бердік жəне көбейтіп Жақыпты да бердік, жəне бəрін ізгі құлдардан еттік») үндеуімен шарапатқа кенелген – ИБРАХИМНІҢ ҰЛЫ ЫСҚАҚ ПАЙҒАМБАР еді. Ысқақ пайғамбар – Алланың елшісі Мың пайғамбар туды одан, баршаның ол басшысы. Хаққа ынтық, халыққа қараушы, сүйіншілеуі һəм бақылаушы, Дін-шариғат үйреткелі жұмақтың да жолшысы. Ол (Сара) үміт үзгенінде сүйінші жеткізіп Жебірейіл, Хақ сүйінішімен берген Сараның нəрестесі. Ол Зəбихулланың (Исмайыл) інісі, егіз ұлға əке, Сегіз ұлдың арасында санасаң екіншісі. Дін-шариғат ұстау үшін аттанып үйретуге, Тəңір берген еді қолында пайғамбарлық қамшысы. Сара жүз жасқа келгенінде ұлдан үмітін үзіп еді. Жебірейіл Лұт қауымын опат еткелі келгенінде Ибрахим пайғамбарға келіп, Сарадан Ысқақ атты ұлың болады деп сүйіншіледі. «Фə бəшшəрнəһу биғулəмин хəлимин» («Кейін біз оны жұмсақ ұлмен сүйіншіледік»). (Бұл хикая кейінірек Лұт қиссасында айтылады). Жебірейіл сүйінші хабар жет кізген соң, жеті күннен кейін Сара Ысқаққа жүкті болды. Тоғыз айдан кейін Ысқақ туды. Сол түні мың жұлдыз көктен еніп, Ибрахимнің үйінің айналасына жиылды. Ибрахим: «Тəңірім, бұл ненің белгі сі?» – деп мінажат қылды. «Ей, Ибрахим, бұл Ысқақ атты ұлыңнан мың пайғамбар туылады» деген жарлық келді. Қуанғанынан Жаратушыға шүкір қылып: «Ысқаққа мұндай кереметті бердің, Исмайылға не бересің?» – деп сұрады. «Ей, Ибрахим, Исмайылды маған тапсыр. Соңынан Мұхаммед Расулулла атты бір пайғамбар жіберемін. Егер ол болмағанда жүз жиырма төрт мың пайғамбар да, сен де болмайтын едің. Бəрін де соның құрметіне жараттым» деген жарлық келді. Ибрахим қатты қуанды. Хажарға хабар берді. Сара бақытқа кенеліп, Жаратушыға шүкір етті. Көп мал беріп, садақа таратты. Ибрахим мың қой, жүз сиыр, жүз түйе құрбандық шалды. Ысқақ есейгенде Ілияс ұлы Батуилдің Руқға атты қызына
үйленді. Бұл Руқғадан егіз екі ұл сүйді. Үлкені – Ияз, кішісі – Жақып есімді. Жақып Ияздың өкшесін баса туды. Сол себепті де (Йə'қуб) Жақып атады. Ысқақ пайғамбардың көзі көрмейтін еді. Ияз ержеткенде аңшылық қылатын еді. Əкесі Иязды қатты жақсы көретін. Күндердің бір күнінде əкесі Иязға: «Киіктің қуырылғанын қалап отырмын. Əкелсең, жеп болған соң, саған пайғамбарлық дұғасын берейін», – деді. Ияз аңға кетті. Баршаның дұғасы қабыл болатын еді дейді. Ол дұғаны қас ұлдары хақында қылатын еді. Жақыпты анасы артық жақсы көретін. Ол сөзді есітіп, бір қойды бауыздатты. Терісін Жақыпқа кигізді. Себебі Ияздың денесі қатты түкті еді. «Сені əкең танымасын, бар, қуырдақ жасап бер, жесін. Тағы сол дұғаны сұрап келдім деп айт», – деді. Жақып қой терісін жамылып кіріп: «Ей, əке, киік етін алып келдім», – деді. Ысқақ ол еттен жеді. Жақып: «Сол дұғаны сұрай келдім», – деді. Ысқақ Жақыптың қолын ұстап, теріге тигенінде: «Əл-жилду жилду би'Из уə əс-сəуту Йə'қубə» («Терісі Ияздың терісі, (алайда) дауысы Жақыптікіне ұқсайды екен»), – деді де: «Ұрпағың пайғамбарлар болсын, ізгі-жақсы болсын», – деді жəне. Алла Тағала Ысқақтың Жақып хақындағы дұғасын қабыл қылды. Содан кейін Ияз аңнан келді, ет əкелді. Ол дұға сұрады. Ысқақ: «Сен келдің, саған дұға жасадым», – деді. Ияз: «Мен келмедім», – деді. Ысқақ: «Ей, Ияз, саған бұл қулықты Жақып жасапты», – деді. Анасымен бірге Иязға жақсы дұға берді. Пайғамбарлық дұғасын бермеді. Содан бастап Ияз бен Жақыптың арасында келіспеушілік пайда болды. Ысқақ олардың арасындағы түсінбеушіліктен қорқып, Иязды Рум аймағына жіберді. Рум халқы бəрі Ияздан тарады. Ысқақ пайғамбардың дұғасының арқасында Жақып пайғамбар ұрпағынан көптеген пайғамбарлар шықты.
ИБРАХИМНІҢ ҚОЛЫНДА ТІРІЛГЕН ҚҰСТАРДЫҢ СӨЗІ Күндердің бір күні Ибрахим (ғ.с.) кетіп бара жатып ет-сүйегі ажыраған бір өлген түйені көрген соң, ойына Намрұттың: «Əнə ухий уə умиту» («Мен тірілтемін жəне өлтіремін») деген сөзі оралды. «Мұндай нəрселерді ол малғұн қалай жаратады» деді де: «Тəңірім, өлікті қалай тірілтетініңді көрсет», – деді. «Рабби əрини кəйфə тухий əл-мəутə» («Ей, Раббым, өлікті қалай тірілтетініңді маған көрсет»). «Сенбейсің бе?» – деген дауыс келді. «Ə уə лəм тумин» («Сенбейсің бе?»). (Ибрахим): «Тəңірім, сенемін, көңілім тынышталсын», – деді. «Бəлə уə лəкин лиəтмəиннə қалби» («Жоқ, сенемін, алайда көңілім тынышталсын»). (Бір деректе) былайша баяндалады: Алла Тағала Ибрахимге шынайы достық беремін деп уəде еткен еді. «Тəңірім, ол уəде қашан орындалады?» – деп сұрады Ибрахим. «Сенің қолыңда өлік тірілсе, саған шынайы достық сонда болады» деген дауыс келді. Кешіккен сайын төзімі таусылды. «Рабби əрини кəйфə тухий əл-мəутə» («Ей, Раббым, өлікті қалай тірілтетініңді маған көрсет»). «Ə уə лəм тумин» («Сенбейсің бе?») деген дауыс келді. «Сенемін, алайда мені шынайы дос еткеніңді білейін, көңілім орнына түссін», – деді. «Бəлə уə лəкин лиəтмəиннə қалби» («Жоқ, сенемін, алайда көңілім тынышталсын»). Кебіреулер: Ибрахимнің Қалб есімді досы бар еді. «Мен бəріне де сенемін. (Алайда) жүрек тыншып, көңілім орнына түссін», – деді деген мəлімет келтіреді. «Төрт құсты ұстап, бауызда. Жүнін жұлып, етін тура, жүнін желге ұшыр, сүйектерін майдала. Бəрін араластыр. Тағы төртке бөліп, төрт таудың төбесіне апарып таста» деген дауыс келді. «Суммə иж'əл 'əлə кулли жəбəлин минһуннə жузəн» («Кейін оларды сойып, əр таудың басына олардан бір-бір бөлігін қой»). Бір деректе төрт құстың тауыс, қарға, үйрек жəне тауық екендігі айтылады. Садди Муфассир (Алла одан разы болсын) «осы төрт құсты бауыздауға жарлық болды. Таза жүрген құстар өлмесін, қылмыс жасаған құстар өлсін. Сол себепті де осы төрт құс өлді» деген мəлімет келтіреді. САУАЛ: Тауыстың қандай күнəсі бар еді? ЖАУАП: Тауыс жұмақта Адам мен Хауаға күнə жасады. Ібіліс пен жыланға Хауаға қарай жол көрсетті. Аяғы барып-келе беріп, қарайды. САУАЛ: Қарға қандай қылмыс жасады? ЖАУАП: Қарға Нұх (ғ.с.) топанынан кейін жер көруге кетті. Өлексенің көптігін көріп, жеуге қонды да, қайтып келмеді. Қияметке дейін өлексе жейтін болды. САУАЛ: Тауықтың жазығы не еді? ЖАУАП: Тауық басқа тауықпен Ілияс пайғамбардың киімін алды. Бір-біріне қас болды.
САУАЛ: Үйректің қандай қылмысы бар? ЖАУАП: Жүніс балықтан шыққан уақытта дене бітімі əлсіреген еді. Шыбын қонып қинамасын деп, қабақ ағашын өсіріп, көлеңке етті. Үйрек су алып келгенше қабақ ағашының тамырын кесті, қурады. Осы төрт күнəһар құсты өлтіріңдер, жазықсыздар өлмесін деген жарлық болды. (Кейбіреулер) осы төрт құстың өлмегінде қандай хикмет бар еді? дейді. (ЖАУАП): Тауыс барша құстардан көрікті еді, адамзатқа ұқсайтын. «Лəқад хəлəқнə əл-инсəнə фи əхсəни тəқуимин» («Расында Біз адамды өте əдемі бір кейіпте жараттық»). Тауық, періштелер секілді, зікір, тəспі айтатын. Жəне құстардың ішінде тауық көп құлшылық ететін. Қарға, шайтан секілді, көріксіз жəне ұзақ жасайтын еді. Үйрек, перілер сияқты, таза емес əрі суық еді. Бірде көрініп, бірде көрінбейді. ПАЙДА: Ей, Халил (Ибрахим), тауысты өлтіргеніңде адамзаттың өлерін ойла. Тауықты өлтіргеніңде періштелердің өлмегін ойла. Үйректі өлтіргеніңде перілердің өлмегін ойла. Қарғаны өлтіргеніңде, шайтанның өлмегін ойла! Осы төрт құсты тірілткенімде осы төрт топты өлтіріп, қайта тірілтетінімді ойла! Тірілтпекке құдіретім бар екенін білесің. Зерттеушілер осы төрт құсты өлтірмекке... ХИКАЯ: Тауыстың дүние секілді əдемілігі, тауықтың шаһуаты, үйректің сұқтығы, қарғаның ұзақ жасы бар. Бұл діндарлық қылышы табиғат ішінде шариғат үкімімен осы төрт сипатты (ерекшелікті) бауыздаса, мəңгі тірі болатындығына ишара. «Уə лə тəхсəбəннə əллəзинə қутилу фи сəбили-ллаһи əмуəтəн бəл əхйəу» («Алла жолында шейіт болғандарды өлді деп есептемеңдер, қайта олар тірі»). «Осы төрт құсты өлтір, бастарын қолыңа ал, қалғанын бір ыдысқа салып турап, бір-бірімен араластыр. Төртке бөліп, төрт таудың басына қой. Содан кейін шақырсаң, саған келеді» деген жарлық болды. «Суммə уд'уһуннə йəтинəкə сə'йəн» («Кейін оларды шақыр, олар саған жетіп келеді»). Ибрахим өлтіріп, майдалады. Төртке бөліп, төрт жаққа апарып қойды. Бастарын қолына берік ұстап шақырды, Алланың жарлығымен тау басынан ұшып шықты. Көкте əрбірінің сүйегі сүйегінен, еті етінен, түгі түгінен ажырап, орнына келді. Бастарымен бірікті. Ибрахим (ғ.с.) ның қарсысына келіп: «Лə илəһə иллаллаһу Мухəммəдун расулуллаһи», – деп ұша бастады. «Ей, Ибрахим, Жаратушының əзіз һəм хəкім екенін біл» деген жарлық келді. «Уə'лəм əнналлаһа 'əзизун хəкимун» («Əрине, Алла Тағаланың əзіз жəне хикметті екенін біліп ал»). Ибрахимге өлікті тірілтуді құстармен көрсетті. Тағы Ғұзайырға өз тəнінде көрсетті, (мұндағы) хикмет не еді? ЖАУАП: Ибрахим: «Тəңірім, өлікті қалай тірілтетініңді көрсет», – деді жалынып. «Қалə рабби əрини кəйфə тухий əл-мəутə» («Ол:«Ей, Раббым, өлікті қалай тірілтетініңді маған көрсет», – деді»). Ғұзайыр таңданып əрі күдікпен: «Мына нəрсені өліп-тірілгеннен кейін қайда тірілтеді?» – деп сұрады.
ИБРАХИМ МЕН САРАНЫҢ (ОЛАРҒА АЛЛАНЫҢ МЕЙІРІМІ БОЛСЫН) ДҮНИЕДЕН ӨТУ ҚИССАСЫ Сара жүз отыз жасап, дүниеден өтті. Ибрахим оны Кенан өңіріндегі Палестинаға жерледі. Сараның көзі тірісінде оған адал болып, басқа əйел алмады. Сара дүниеден өткен соң, Юфтуранның Футур есімді қызын алды. Одан Яушан, Уашиқ, Замз, Мадян, Мудун жəне Шух есімді алты ұл сүйді. Үлкендері Исмайыл мен Ысқақ басқа анадан еді. Осы сегіз ұлдан ұрпақ тарап, əлемге жайылды, бірі мұсылман, бірі кəпір болды. Сондықтан да Алла Тағала: «Уə бəракнə 'əлəйһи уə 'əлə Исхəқа уə мин зуррийəтиһимə мухсинун уə залимун линəфсиһи мубинун» («Біз оған жəне Ысқаққа береке бердік, ол екеуінің ұрпақтарының кейбірі жақсы амал етушілер, ал кейбірі өздеріне ашықтан-ашық зұлымдық жасаушылар болды»), – деді. Кейбір ғұламалар Сарадан соң Ибрахимнің екі жарым жылдан кейін дүниеден өткенін айта келе, Ысқақ туылғаннан кейін жиырма үш жыл жасап, жиырма бес күн ауырғанын, жүз жиырма тоғыз жасында мухаррам айында бейсенбі күні екінті намазы уақытында дүниеден өткеніне тоқталады. (Сондай-ақ) Ибрахимнің Алла Тағалаға: «Менің ажалымнан бір жыл бұрын маған хабар бер, мен өлімге дайындалайын», – деп жалынғанын айтады. Алла Тағала оның дұғасын қабыл алды. Əзірейіл жан алғалы келгенінде Ибрахим: «Тағы уақыт бар емес пе?!» – деп сұрағанда, Əзірейіл: «Уақыт болмағанда, маған жарлық келмейтін еді», – деді. «Ей, Ибрахим, сақалың қашан ағарды?» – деген дауыс келді. «Тəңірім, бір жыл болды», – деді. «Ей, Ибрахим, сақалдың ағарғаны, өлімнің елшісі» (деген жарлық келді). Ибрахимнен бұрын ешкімнің сақалы ағармап еді. Ибрахим оны білгенінде: «Ей, Əзірейіл, «Һəл ра əйтə хəлилəн йəқбəзу рухə хəлилиһи» («Достың жанын дос алғанын көрдің бе?»), – деді. Мағынасы: дос досының жанын алар ма екен деген сөз. Сол сəтте Жебірейіл келіп: «Дос досымен қауышпақты қаламай ма екен деп Алла Тағала сұрап жатыр», – деді. «Олай болса, жанымды ал», – деді Ибрахим. Жанын алып, көкке ұшты, барша пайғамбарлар кездесіп: «Жан берудің ащылығы қаншалықты екен?» – деп сұрады. Ибрахимнің жаны: «Біреуді мың жыл бойына балтамен ұрып жарса жəне мың жыл бойына қайнап тұрған суды төбесінен құйып тұрса, тағы мың жыл қылышпен шапса, қалай қиналса, сол секілді екен», – деп жауап берді. «Жан берудің оңайы осы болса, ауырлығы қандай болады екен?!» – деді. Ысқақты Шам аймағына, Исмайылды Хижаз жеріне халифа қылды. Исмайыл Ибрахимнен кейін қырық жыл жасады, Ысқақ елу екі жыл өмір сүрді. Ибрахимді Ысқақ жуып, намазын оқып, Сараның қасына қойды.
ЛҰТ ПАЙҒАМБАР (Ғ.С.) НЫҢ ҚИССАСЫ «Из қалə лəһум əхуһум Лутун» («Сол кезде олардың бауыры Лұт деді...») сүйіншісі болған, «Улитинə би 'əзəбиллəһи ин кунтə мин əссадиқинə» («Егер сен рас сөйлеушілерден болсаң, Алланың азабын жібер») деп кəпірлерден жауап естіген жəне «Əл-мутəфикəти əтəтһум расулуһум бил-бəйинəти» («Астан-кестені шыққан қала лардың хабары оларға келмеді ме? Оларға пайғамбарлары анық мұғжизалармен келген еді») шапанын киген, «Ə иннəкум лəтəəт нə əр-рижəлə уə тəқтə'у əс-сəбил» («Сендер еркектермен жақындасасыңдар ма? Нəсіл көбею жолын үзіп тастайсыңдар ма?») деп кəпірлермен тартысқан, «Уə мə əсəлукум 'əлəйһи мин əжрин ин (əжрийə иллə 'əлə рабби əл-'əлəминə)» («Мен осы нəрсе үшін сендерден ақы сұрамаймын, (менің ақым барша əлемнің жаратушысы болған Алланың мойнында)») деп мейірім сыйлаған, «Иттəқу уə лə тухзуни һəулəи фи бəнəти хиннə əтһəру лəкум» («...міне, мынау қыздарым. Сендер үшін бұлар оларға қарағанда тазарақ») деп үгіт-насихат берген, «Əу əуи илə рукнин шəдидин» («Немесе бір берік пана тапсам еді») деп Сүйенішіне сиынған, «Ə лəйсə əс-субху би-қарибин» («Таң сəрі уақыты жақын емес пе?») уəдесін естіген – ХАЗАР ҰЛЫ ЛҰТ (ғ.с.). Ибрахимнің хақ туысы Хазар ұлы еді Лұт, Жарлық көп неше жылдар қуанып өзімен тұрды Лұт. Жебірейіл келіп, пайғамбарлық жеткізді Тəңірден, Жарлық есітіп, күш жеткізді үй жаққа барды Лұт. Тоқтатыңдар, пұтқа табынбаңдар, тез келіңдер иманға деп, Қырық жыл бейнеттеніп, лас кəпірдің ішінде тұрды Лұт. Қанша өзімшіл-тəкаппардың біреуі де жолға кірмеді, Қайғырып, үміт үзді олардан енді Лұт. Бір жаратқан Хаққа келді жалынып, қылды дұға, Жебірейіл қанат қақты, қырды Алла, көрді Лұт. Харан ұлы Барих ұлы Хазар ұлы Лұт. Бұл Лұт Ибрахим əкесінің туысы, ұлы еді. Ибрахим пайғамбар заманында, Йордания жерінде еді. Ибрахим Палестина жерінде болатын. Муғтафиқат арасы бір тəуліктік жер еді. Лұттың əйелі кəпір болатын. Аты Уахила еді. Бұл Йордания жерінде бес үлкен шаһар бар еді: Дадума, Амура, Сеуам, Садум жəне Суғар. Он бес иғаштық жер еді. Бұл аймақта бау-бақша, нығмет көп еді. Дүниенің барша нығметі сол жерден табылатын. Оларда бір түрлі халық бар еді. Алла Тағала оларды Құранда муғтафиқат деп атаған. Муғтафиқаттың мағынасы – айлакерлер деген сөз. Патшаларының аты Мушдам ұлы Садум еді. Уəзірінің аты Қурмуз болатын. Бəрі пұтқа табынатын. Ябд, Масхур, Қуб жəне Қут атты төрт пұты бар еді. Ыдырыс пайғамбар заманынан сол уақытқа дейін осы төрт пұттан сыйлы пұт жоқ еді. Бүкіл əлемде қанша нығмет (көкөніс, жеміс-жидек) бар болса, сонша нығмет жалғыз Муғтафиқаттан табылатын. Жылда нығметтер
піскен уақытта Сахра, Шын-Машын, Батха, Қалхар, Дарланд жəне Хирзан аймағының барлық халқы өз бақшаларына барғандай (осында) келетін еді. Əр түрлі нығмет теріп, қыс болса үйлеріне қайтатын. Бір жылы Алла Тағала суық жіберіп, жеміс-жидек, көкөніс шықпай қалды. Жаз келгенде халық əдеттегідей келе бастады. Олар: «Бұл жылы өнім болмай қалды, сендер қайтыңдар, келесі жылы артығымен береміз», – деді. Олар қайтпады, олар да бұларды қайтара алмады. Садум патшаға барып айтты. Олардың Зеуал атты үлкен пұты бар еді. Патша: «Зеуалға барыңдар, жалынып-жалбарыныңдар, сендерді құтқарады немесе өзі бір жылды көрсетеді», – деді. Ібіліс бір Хасхас атты диюді жіберді. Ол келіп Зеуал атты пұттың аузынан кіріп: «Ей, менің құлдарым, бірнеше жылдан бері менің сөзіме құлақ асқандарыңда, мұндай ауыртпашылық келмейтін еді. Мұның емі, енді бұл жерден шығып, жаңағы адамдарды ұстап, үйге салыңдар, олармен іс қылыңдар (жақындасыңдар). Олардың өздері қашатын болады», – деді. Олар Зеуалдың қасынан кетіп, оларды іздей бастады. Бір Бахыл есімді ер кісі кездесті. Ібіліс адам кейпінде етіп көрсетті. Əдемі жігіт шашын тарап, боянған екен. Бахыл оны көріп, Ібіліс қолын ұстап, үйге алып келді. Бір үйдің ішінде жатып Ібіліспен ойнас жасады. ХИКАЯ: Мамун халифа (Алла одан разы болсын): «Адам (ғ.с.) барша жаратылыстың абзалы еді, оған сəжде жасамадың жəне Лұт пайғамбардың халқына хунаса (қос жынысты) болдың», – деген еді. Риуаятта былайша баяндалады: Ібіліс жігіт кейпінде біреудің бақшасына ұрлық жасап кірді. Бақша егесі (оны) ұстап алып ұрды. Екінші рет кірді, тағы ұрды. Үшінші рет кіргенінде қорқыту үшін зорлап жіберді. Ібіліс осылайша оларды ойнастыққа үйретті. Мұндай іс бəріне ұнады. Бəрі пұтты көрсе, бір-біріне жабыса кететін. Басқа жерлерде ғаріптерді ұстайтын көрмелер ұйымдастырды. Оларда жағымсыз он қылық бар еді: жаймен тас ату, сабкина деген ойын, іш киімінің бауын кең қылу, киімінің артын, өңін тілу, сағыз шайнау, саусақпен тас тұзға салу, тамбур шалу, қошқар төбелестіру, еркекпен еркек жақындасу. Осы он түрлі жиіркенішті іс белең алғанда олар əйелдеріне қарамайтын болды. Ібіліс өзі бір таза кемпір бейнесінде олардың əйелдеріне келді. Бірнеше күн олармен тұрды. Ол əйелдер Ібіліске мұңын шаға бастады. «Мына біздің күйеулеріміз пəк жігіттермен жақындасып, бізге қарамайды, не істейміз?» – деп сұрады. «Мен сендерге үйретейін», – деді Ібіліс. Еркектің мүшесіндей бір ағашты жонып, өз беліне байлады. Ол əйелдермен ерлері секілді жататын болды. Əйелдерге ол іс ұнаған соң, олар бір-бірімен жата бастады. Еркек – еркекпен, əйел əйелмен жатты. Бірнеше жылдар өтті. Сол кезде Лұт (ғ.с.) Мұқаддаса жерінде үй жануарларын бағып, күнелтуде еді. Бір күні Жебірейіл жиырма жасар жігіт болып Лұтқа келіп сəлем берді. Лұт (ғ.с.): «Мəн əнтə» («Кімсің сен?»), – деп сұрады.
«Əнə Жəбрəилу əл-əмину» («Мен Жебірейіл Əминмін»), – деді. Лұт хош сұрауды қойып: «Ей, Жебірейіл, не əкелдің?» – деді. (Жебірейіл): «Аллаһу йəкраукə əс-сəлəмə» («Алла саған сəлем айтты»). «Алла саған сəлем жолдады, муғтафиқат халқыңа бар айт, еркек пен еркек жанаспасын, шаш-сақалын алмасын, іш киімнің бауын кең қылмасын, əйелдер де бір-біріне жақындамасын, «Лə илəһə иллаллаһу уə иннəкə Лутун расулуллаһи» («Жалғыз Алладан басқа тəңірі жоқ, жəне сен, ей, Лұт, Алланың елшісісің») деп айтсын, пұтқа табынбасын», – деді. Лұт: «Ни'мə əл-мəулə уə ни'мə əн-нəсир» («Қандай жақсы қожа, қандай жақсы демеуші»). Содан соң (Лұт) жүзі солып Ибрахим пайғамбарға келіп: «Ей, немере бауыр, Жебірейіл келіп, баршадан жауызырақ халыққа пайғамбарлық етті», – деді. Ибрахим: «Қандай халық?» – деп сұрады. (Лұт): «Муғтафиқат халқы», – деді. «Тəңірдің əміріне мойынсұн, жарлығын орында», – деді Ибрахим. Лұт тəубеге келді. Лұттың Уайла, Рахила атты əйелдері, Зуғула, Ирсама жəне Бақта есімді үш қызы бар еді. Тағы Рағда атты бір түйесі, Дина атты бір иті бар еді. Лұт үйін жиып, жолға түсті. Ибрахим бес иғаштық жерге дейін шығарып салып: «Тəңірім, бұл маған жолдас еді, қатты жақсы көретін едім, саған тапсырдым, аман-есен маған қауыштыр», – деп жалбарынды. Лұт Амура деген жерге жетті. Бес иғаштық жерге тоқтады. Муғтафиқат халқы тынбай жігіттерді іздеп жүргенінде, Лұтты көрді. «Таза ер адам жəне екі əйелмен Лұт келді», – деп хабар берді. Жебірейіл: «Амураның қасына қоныстан» деген жарлық жеткізді. Лұт сонда барып орналасты. Шатыр тігіп отырды. Амура халқы Лұт пен екі жолдасына жармаса бастады. Келіп Лұтты көрді, ұстамақшы болды. Лұт түйе мен итке: «Бұларды менен алыстат», – деп жұмсады. Түйе мен ит оларға ырылдап, тістелеп қуа бастады. Жүз мың ер адам бар еді, бəрін қуып жіберді. Қайтып Лұтқа келді. Ол халық: «Бір əдемі ер адам (көшіп) келді. Түйесі мен иті жүз мың адамды қуды, біразын өлтірді, біразын жаралады. Ей, патша, еліңе тыныштық бермеу де», – деп патшаға хабар берді. Патша Кармуз есімді уəзіріне: «Барып, ол адамды көр, сөйлес, маған хабарын бер», – деп жарлық берді. Уəзір бес жүз ермен барды. Лұтты көрді. «Атың кім?» – деп сұрады. «Атым Абдолла», – деді. «Неге келдің?» – деді. «Пайғамбарлыққа келдім», – деді. Кармуз қайта келіп: «Пайғамбармын деп жатыр» деп, патшаға хабар берді. Сол кезде Жебірейіл: «Бар, құлым Садумға айт, иманға келсін, менің бірлігімді білсін, сені Менің пайғамбарым деп білсін» деген жарлық жеткізді. Лұт ит пен
түйесін алып жолға түсті. Кім кездессе де, ит пен түйе қуатын. Лұт патшаның сарайына келді. Түйе оң жағында, иті сол жағында, патша ортасында тұрды. (Патша): «Атың кім?» – деп сұрады. «Атым Абдолла», – деді. «Абдолланың мағынасы не?» – деп сұрады. «Алланың құлымын деген сөз», – деді. «Сен кімсің?» – деп сұрады. «Тəңірдің Расулымын», – деді. «Расул деген не?» – деп сұрады. «Расул деген саған келіп, «Алла жалғыз, мен Оның пайғамбарымын» деген сөз», – деді. Патша: «Бұл сөзіңе айғағың бар ма?» – деді. Лұт: «Айғағым мына түйе», – деді. «Түйе қалайша айғақ болады?» – деді патша. Лұт: «Түйенің айғағы Тəңірдің құдіретімен болады», – деді. «Айт, айғақ келтірсін», – деді патша. Лұт: «Ей, Рағда, айғағың бар ма?» – деді. Алла Тағала түйеге тіл бітірді. (Түйе): «Лə илəһə иллаллаһу уə иннəкə Лутун расулуллаһи» («Жалғыз Алладан басқа тəңірі жоқ, жəне сен, ей, Лұт, Алланың елшісісің»), – деді. Патша: «Тағы бір айғағың куəлік берсін», – деді. Лұт: «Ей, Дина, айт», – деді. (Ит): «Лəббəйкə, йə, расулуллаһи» («Бұйырыңыз, ей, Алланың елшісі»), – деді. «Қандай айғағың бар?» – деді Лұт. «Əшһəду əн лə илəһə иллаллаһу уə əшһəду əннə Лутəн расулуллаһи» («Алладан басқа тəңірдің жоқтығына жəне Лұт Алланың елшісі екендігіне куəлік беремін»), – деді ит. Патша: «Мен ешқашан да мұндайды естігенім жоқ», – деп бектеріне қарап: «Сендер не дейсіңдер?» – деп сұрады. (Олар): «Ей, патша, бұл адам сиқыршы», – деді. (Патша): «Ей, Абдолла, егер сенің бұл сөзді айтудағы мақсатың мал болса, барша ұрпағыңа жететін мал берейін», – деді. Лұт: «Мен сізден еш нəрсе сұрамаймын, маған оның сауабын Алла береді. Еркектермен жанасатын баршаңыз адасушыларсыздар», – деді. «Уə мə əсəлукум 'əлəйһи мин əжрин ин əжрий ил'əлə рабби əл- 'əлəминə. Ə тəтунə əз-зукранə мин əл-'əлəминə уə тəзəрунə мə хəлəқа лəкум раббукум мин əзуəжикум бəл əнтум қаумун 'əдун» («Жəне бұл нəрсе үшін сендерден ақы сұрамаймын, менің ақым барша əлемнің жаратушысы болған Алланың мойнында. Əлемде еркектермен жанасасыңдар ма, Жаратушыларыңыз сендер үшін жаратқан əйелдеріңді тастайсыңдар ма? Мүмкін, сендер шектен асқан қауымсыңдар»). Олар: «Ей, Лұт, бұл сөзден қайтсаң қайттың немесе сені бұл елден қуып шығамыз», – деді. «Лəин лəм тəнтəһи йə Луту лəтəку нəннə мин əл-мухражин» («Ей, Лұт, егер сен сөзіңнен қайтпасаң, қаладан қуылып
шығарылғандардан боласың»). Лұт халқына: «Сендер жасап жатқан көргенсіздікті бұл əлемде сендерден бұрын өткендердің ешқайсысы да қылмаған», – деді. «Уə Лутəн из қалə лиқаумиһи иннəкум лəтəтунə əл-фəхишəтə мə сəбəқакум биһə мин əхəдин мин əл-'əлəминə» («Тағы Біз Лұтты жібергенімізде ол қауымына: «Расында сендер сондай бір жиіркенішті істі қыласыңдар, мұндай істі дүниеде сендерден бұрын ешкім де қылмаған», – деді»). Жəне: «Сендер ер адамдарды аласыңдар, жол тосасыңдар, керуенді тонап, малдарын ұрлайсыңдар, жиналыста отырып халықты қош етесіңдер», – деді. «Қалə ə иннəкум лəтəтунə əр-рижəлə уə тəқтə'унə ас-сəбил» («Ол (Лұт): «Əлде сендер еркектермен жанасасыңдар ма, ұрпақ көбейтудің жолын кесесіңдер ме?» – деді»). (Олар): «Тəңірдің азабы дейсің, егер сөзің рас болса, жібер сол азапты, көрейік», – деп жауап берді. «Фə мə кəнə жəуəбə қаумиһи иллə əн қалу итинə би 'əзəбиллəһи ин кунтə мин əс-садиқинə» («Қауымының жауабы мынау болып, олар: «Егер сен шынында рас сөйлеу шілерден болсаң, Алланың азабын жібер», – деді»). Лұт: «Тəңірім, мына бұ зық қауымға өз құдіретіңді көрсет», – деді. «Рабби унсурни 'əлə əл-қауми əл-муфсидинə» («Ей, Раббым, жиіркенішті іс қылушыларға қарсы көмектес»). Тағы: «Бұлар (дінге) кірмейді, не істейін?» – деді. Жебірейіл келіп: «Тағы жыл шақыр», – деді. Қырық жыл шақырды, ешкім иманға келмеді. Азап уақыты жақындаған уақытта Лұт патшаға келіп: «Тəңірден қорық, мұсылман болып «Лə илəһə иллаллаһу Лутун расулуллаһи» («Алладан басқа тəңірі жоқ, Лұт Алланың елшісі») сөзін айт», – деді. (Ол): «Ей, Лұт, бұл сөзден шаршамадың ба?» – деді. Лұт: «Мен өз еркіммен келгенім жоқ, Тəңірдің жарлығымен келдім. Жарлық болмағанда мен келмейтін едім», – деді. «Тəңірім, мені мына залым қауымнан құтқар» деп дұға қылды. «Рабби нəжжини мин əл-қауми əз-залиминə» («Раббым, мені залымдардан құтқар»). Бəрі жиылып: «Лұттың үйін мал-дүниесімен елден қуып шығарайық. Бұлар пəксіздік үшін бізді өсек етіп жатыр, бізді сөзге салмасын», – деді. «Əхрижу 'əлə Лутин мин қарайтикум иннəһум унəсун йəтəтəххəрунə» («Лұттың отбасын қалаларыңнан шығарыңдар, себебі олар тазалықты қалайтын адамдар»). Лұттың əйелі кəпір еді. Бір күні Ибрахим (ғ.с.) Лұттың біреумен сөзі болғаны туралы түс көрді. Ертесіне жол басына отырып хабар күтті, ешкім білмеді, көңілі тыным таппады. Ол күні қонақ күте алмады. Ибрахимге қонақ сұрау міндет еді. Қонақсыз ораза ашпайтын. Қонақ сұрады, болмады. Ертесіне де болмады. Он күн қонақ келмеді, қайғыға батты. Сол он күн ішінде Лұттан да хабар болмады, қонақ та келмеді. Он бірінші күні: «Тəңірім, қай күнəм үшін мені қинап жатырсың, қонақ та жібермейсің», – деп мінажат қылды. Жебірейіл келіп: «Ей, Ибрахим, Алла Тағала: «Лұтты сақтаған мен емес пе едім? Сен Лұт үшін қонақ сұрауды қойдың» деп жатыр», – деді.
Ибрахим: «Тəңірім, тəубе қылдым», – деді. Он бірінші күні əдемі, көрікті он екі жас жігіт шатырға кіріп келді. Осы туралы Алла Тағала: «Һəл əтəкə хəдису зəйфи Ибрəхимə əлмукраминə из дəхəлу 'əлəйһи фə қалу сəлəмəн қалə сəлəмун қаумун мункəрун» («Ибрахимнің құрметті қонақтары туралы оқиға сендерге жетті ме? Олар Ибрахимнің үстіне (үйіне) кірген уақытта: «Сəлем», – деді. Ибрахим: «Сəлем, ей бейтаныс адамдар», – деді»), – деп баяндады. (Олар): «Қонақты не істейсің?» – деді Ибрахимге. «Он күннен бері оразамды ашқаным жоқ», – деді Ибрахим. Қонақтың келгеніне қатты қуанды. Екі жарым жасар қызыл қасқа, төрт аяғы ақсақ бұзауы бар еді, соны қатты жақсы көретін. Соны алып келіп, бауыздады. Қуырып қонақтарға əкеліп, алдарына қойды. «Фəрағə илə əһлиһи фə жəə би 'ижлин сəмийəин фə қаррабəһу илəйһим қалə 'əлə тəкулунə» («Кейін ол (Ибрахим) өз отбасына əмір беріп қарады жəне жылдам бір семіз бұзауды пісіріп алып келді. Кейін ол бұзауды қонақтардың алдына жақындатып қойды да ...неге жемейсіңдер деді»). Өзі сыртқа шығып кетті. Ибрахимнің қонақ ұялмастан тамақ жесін деп, сыртқа шығып кететін əдеті бар еді. Сара есіктен қонақтардың тамақ жемей жатқанын көріп, Ибрахимге хабар берді. «Неге жемейсіңдер?» – деп сұрады Ибрахим. «Бағасын білместен жемейміз», – деді олар. (Ибрахим): «Бағасы сол, жеудің алдында «Бисмиллə» («Алла атымен...»), жеп болғандарыңда «Əл-хəмду лиллəһ» («Аллаға шүкір») деңдер», – деді. (Олар): «Біз тамаққа мұқтаж емеспіз (жемейміз)», – деді. Ибрахим: «Қонақ тамақ жемесе, үй иесінің көңілі жай таппайды», – деп қорықты. «Фə əужəсə минһум хифəтəн қалу лə тəхəф» («Кейін Ибрахимнің жүрегінде қорқыныш пайда болды. Олар: «Қорықпа», – деді»). (Олар): «Қорықпаңдар, біз періштелерміз, саған сүйінші хабар əкелдік, Сарадан ұл сүйесің», – деді. «Уə бəшшəруһу би ғулəмин 'əлимин» («Жəне олар Ибрахимге бір ғалым нəрестемен сүйіншіледі»). Ысқақ ұлының аты Жақып болсын. «Фə бəшшəрнəһə би Исхəқа» («Ысқақ туралы жақсы хабар жеткіздік біз ол əйелге (Сараға)»). Сара ол сөзді есітіп, екі тізесін ұрғылап: «Менің жасым жетпіске келді, маған қайдағы ұл-қыз», – деп жылады. «Ə əлиду уə əнə 'əжузун уə һəзə бə'ли шəйхəн» («Мен туамын ба? Мен кемпір, мына күйеуім қартайған болса...»). (Сара): «Осы уақытқа дейін ұл сүймедім, Ибрахим де қартайды, қалай болады екен» (деді). Жебірейіл: «Алланың құдіретіне таңданасың ба?» – деді. «Ə тə'жəбинə мин əмриллəһи» («Əлде сен Алланың құдіретіне таңданасың ба?!»). Жебірейіл бір құрғақ ағашты Сараның қолына ұстатты. Құрғақ ағаш Сараның қолында көктеп, жапырақ салды.
Жебірейіл: «Ей, Сара, сенің қолыңдағы қураған ағашты жасартқан Тəңір саған қартайған шағыңда ұл берсе, несі айып?» – деді. Ибрахим: «Сендер кімсіңдер?» – деді. «Мен Жебірейілмін, мынау Микəил жəне он періште», – деді. Ибрахим: «Неге келдіңдер?» – деді. «Фə мə хəтбукум əйиуһə əлмурсəлунə» («(Ибрахим): «Бұйымтайларың не, ей, періштелер»). (Олар): «Лұттың бұзылған қауымын жазалағалы келдік», – деді. «Иннə урсилнə илə қаумин мужриминə» («Расында, Біз бір бұзылған қауымның үстіне жіберілдік»). Жалғыз Лұттың үйіндегі əйелінен басқасының бəрі де құтқарылады. «Иллə бəлə Лутин иннə лəмунəжжуһум əжмə'инə иллə имратəһу» («Лұттың отбасын опат қылмаймыз, əрине. Біз олардың бəріне көмектесеміз, алайда оның əйелін опат етеміз»). Ибрахим: «Олардан жүз адам мұсылман болмап па еді?» – деді. Жебірейіл: «Олардан жүз адам мұсылман болғанда, Алла Тағала бұл опатты жібермейтін еді», – деді. «Немесе он мұсылман жоқ па?» – деді Ибрахим. «Он адам мұсылман болғанында, осы опат келмейтін еді», – деді Жебірейіл. Ибрахим: «Бір мұсылман (болған) бір адам да жоқ па?» – деді. Жебірейіл: «Бір адам мұсылман болғанда еді, осы опат келмеген болар еді», – деді. Ибрахим жылай бастады. Періштелер: «Ол аймақта бір отбасыдан басқа мұсылман болмады. Ол үй Лұт пайғамбардың үйі», – деді. «Фə мə уəжəднə фиһə ғəйра бəйтин мин əл-муслиминə» («Ол жерден бір үйден басқа мұсылман дар ды таппадық»). Ибрахим: «Ей, Жебірейіл, сендер сонда болған кезде мен Лұтты көр меймін», – деді. Жебірейіл, Микəил жəне он періште шатырдан шықты. Бір қадаммен Лұт қауымына жетті. Ибрахимнен Лұтқа дейінгі барша перделер ашылды. Ибрахим бəрін көрді. Түннің үштен бірінде Жебірейіл, Микəил жəне он періште жігіт бейнесінде Лұттың қауымына келді. «Уə лəммə жəəт русулунə Лутəн сиəбиһим уə зəқа биһим зəр'əн» («Біздің елшілеріміз Лұттың қасына келген кезде олардан (Лұттың) көңілі мұңайып, олардың келгенінен қатты абыржыды»). Жебірейіл есік қақты, Лұт ашты. Əдемі сұлу келген жігіттерді көрді. Мына бұзық халықтың мына қонақтарға зияны тие ме деп қатты қорықты. Олардың періште екенін білмеді. Жебірейіл: «Ей, Лұт, қонақтарға қалайсың?» – деді. Лұт оларды үйіне кіргізіп, қыздарына: «Тамақ дайындаңдар, қонақтар жесін, таң атпай тұрып қайтсын, мына жауыздардың зияны тимесін», – деді. Қыздар іске кіріскенде Лұттың əйелі Уайла (Оған лағынет болсын) қонақтың келгенін білдірту үшін есік алдына шығып, кəпірлер қонақтарды білсін деген ниетпен от жаға бастады. Кейбіреулер (Уайла) үйме-үй аралап, əдемі жігіттер, қонақтар келді деп хабар таратып шықты дейді. Бір уақытта Лұттың айналасы кəпірлермен толды. «Уə жəə қаумуһу
йухра'унə илəйһи» («Лұттың қауымы қасына асығып жетіп келді»). Лұт жүгіріп жүріп: «Сендерге менің қыздарым лайық. Қыздарымды алыңдар, қонақтарыма тимеңдер», – деп шырылдады. «Һəулəи бинəти һуннə əтхəру лəкум. Һəулəи бəнəти ин кунтум фə'илинə» («Міне, мынау менің қыздарым, олар сендер үшін пəк. Егер сендер бір нəрсе істемекші болсаңдар, міне, мынау менің қыздарым»). Сол келген кəпірлердің ішінде екі үлкені бар еді. Лұт ол екеуіне: «Мына екі қызымды берейін. Мыналарды қайтарып жіберіңдер», – деді. Ол шариғатта (кездегі шариғат бойынша) мұсылман əйелдің кəпірмен некелесуіне тыйым жоқ еді. (Олар): «Сенің қыздарыңда біздің жұмысымыз жоқ, бізге не керек екенін сен (жақсы) білесің», – деді. «Қалу лəқад 'əлимтə мə лəнə фи бəнəтикə мин хəққин уə иннəкə лəт'əлəму мə нуриду» («(Олар): «Біздің сенің қыздарыңмен жұмысымыз жоқ екенін əрі қандай мақсатпен келгенімізді сен жақсы білесің», – деді»). Лұт: «Тəңірден қорқыңдар, мені қонақтардың алдында жерге қаратпаңдар, сендердің араларыңда бір мұсылман болмағаны ма?» – деді. «Фəттəқуллаһа уə лə тухзуни фи зəйфи əлəйсə минкум ражулун рашидун» («Енді Құдайдан қорқыңдар, қонақтарым алдында мені масқараламаңдар, араларыңда тура жол тапқан адам жоқ па?»). (Олар): «Ей, Лұт, босқа сөйлеме, қонақтарды бізге бер. Егер бермесең, біз күштеп шығарамыз», – деді. (Лұт) жылап үйге кірді. Жебірейіл: «Неге жылап жатырсың?» – деді. Лұт болған сөзді айтуға қорықты. Жебірейіл: «Қорықпа, Біз Алла Тағаланың періштелеріміз. Сені мына арсыздардан құтқарғалы келдік», – деді. «Йə Луту иннə русулу раббикə лəн йəслу илəйкə» («Ей, Лұт, біз Раббыңның елшілеріміз, олар əсте саған жете алмайды»). Жебірейіл орнынан тұрды. (Олар) есікті сындырып, үйге кірді, періштелерді көріп, ұстамақшы болғанында Жебірейіл бір уыс топырақты алып, беттеріне шашты. Төрт жүз адамның көзі көрмей қалды. «Ей, Лұт, сен сиқыршыларды алып келіпсің, біздің көзімізді көрмес қылды. Саспа əлі, қонақтарың кетсін, біз саған көрсетеміз», – деді (олар). «Лұт сиқыршыларды алып келіпті» деген хабар біраз жерге тарады. Өсек шартарапқа кетті. Лұт қорқып, Жебірейілге: «Бұл істің ақыры не болады екен?» – деді. Жебірейіл: «Біздің келудегі мақсатымыз бұларды опат етіп, сені құтқару болатын», – деді. Лұт: «Қашан опат етесің?» – деді. Жебірейіл: «Таң сəріде», – деді. «Иннə мəу'идəһум əс-субху» («Расында оларға уəде етілген уақыт таң сəрі»). Лұт таң атқанын күтті. Лұт: «Таң қашан атады екен?» – деді. Жебірейіл: «Таң жақын қалды», – деді. «Ə лəйсə əс-субху би қарибин» («Таң сəрі уақыты жақын емес пе?»). Жебірейіл: «Ей, Лұт, сен бұл елден шық», – деді. Лұт мұсылман отбасымен бірге түйеге
мінді. Екі қызын, түйесін, итін Микəил қанатымен көтеріп, көзді ашып-жұмғанша он иғаштық жерге алып барды. Жебірейілге жарлық болды, бір кіші қанатын жайды, Лұтты қанатының үстіне отырғызды. Жебірейіл көкке көтерілді. Тауықтың (шақырған) дауысын періштелер есітті. «Ей, Жебірейіл, ол жерді қопар, сен астынан шық» деген жарлық болды. Жерді төңкерді, өзі көтерілді. Ер-əйел бəрі ұйқыдан оянбады, нəрестелер бесіктен тұрмады. Су ыдыстары астан-кестен болды, тамшы су төгілмеді. «Ей, Жебірейіл, бұларды көтерген сен бе əлде мен бе?» деген дауыс келді. Жебірейіл сəждеге барып: «Тəңірім, тəубе қылдым», – деді. Көк күркірегендей қатты бір дауыс естілді, олардың астындағы тауықтар, қара малдар Алланың жарлығымен астынан шықты. Біраздан соң таң атты. «Ей, Жебірейіл, түнде қисайған жерді бір теп» деген жарлық келді. Жебірейіл тепкен уақытта тағы суға дейін батты. Тас тастады. Ең алғашқы тас Уайланың басына тиді, басы жарылып, өлді, тамұққа аттанды. Ол елдің əрбірінде жүз мың батыр бар еді, бəрі опат болды. Астан-кестені шықты. «Жə'əлнə 'əлəйəһə сəфилəһə уə əмтəрнə 'əлəйһə хижəратəн мин сижжилин мəнзудин мусəууəмəтəн 'индə раббикə уəмəхийə мин əз-залиминə би бə'ид» («Ол елдің астан-кестенін шығардық. Үстеріне сапал тастарды үздіксіз жауғыздық, Раббыңның алдында ол тастардың əрқайсысы нысанға алынған еді жəне ол тастар бұл залымдардан алыс емес еді»). Əрбірінің басына бір тас келіп тиетін еді. Алланың жарлығымен олардың төбесін жаратын. Бəрі күн шыққанша опат болды. Алланың құдіретімен жоқ болды.
ЖАҚЫП (Ғ.С.) НЫҢ ҚИССАСЫ «Уəбийəззəт əйнəһу мин əл-хузни фə һуə кəзимун» («Қайғыдан оның екі көзі соқыр болып қалды жəне оның (Жақыптың) іші мұңға толып еді») сүрмесін көзіне жағып, «Қалə иннəмə əшку бəсси уə хузни илаллаһи» («Жақып: «Расында мен өзімнің жүрегімдегі дертім мен (іштегі) мұңымды Аллаға айтып жатырмын») мінажатын қылған, «Йə бəнийə изхəбу фə тəхəссəсу мин Йусифə уə тəйəсу мин рухиллəһи» («Ей, ұлдарым, барып Жүсіп пен оның інісін іздеңдер жəне оның Алла Тағаладан мейірімінен үміт үзбеңдер») деп ұлдарын жіберген, «Изхəбу би қамиси һəзə фə əлқуһу 'əлə уəжһи əби йəти» («Менің мына көйлегімді алып барыңдар, кейін оны оның (Жақыптың) бетіне үйкеңдер, оның көздері ашылады») сүйіншісі болған – ЖАҚЫП ПАЙҒАМБАР (ғ.с.). Елші Ысқақ ұлы деп, бұл атты алған Жақып ол, Алты əйелден он екі ұлы болған Жақып ол. Сонша ұлдар арасында бірден ол сарылып, Он бірінші ұлын отырып ойлайтын Жақып ол. Кеш жетіп, кеш уақытта жиыла келіп жыласып, Бөрі жеді десе, өзін жерге ұрған Жақып ол. «Бəйт ул-əхзəн» («Қайғы үйі») ішіне кіріп, күндіз-түні еңіреп, Жүзі сұлу Жүсіпті Хақтан сұраған Жақып ол. Тасқа шыққан, тура туған, көркі үшін көз алдырып, Іші күйген, отта жанған, жүрегі болған Жақып ол. Өзі мұңды, тік жүректі Жаратқанның елші-құлы, Ол шешектей жүзі сарғайып, беті солған Жақып ол. Жеті жасар жас ұлды қыдырып, көзде жасы ағып, Оны сексен жылдан кейін қайта тапқан Жақып ол. Халилулла Ибрахим ұлы Сафиалла Ысқақ ұлы Исраиулла Жақып. Жақып пайғамбар өте сұлу көркіне, алып жүректі күшіне қатты қуанатын еді. Алла Тағала одан менмендікті жойды. Риуаятта былайша баяндалады: Бір түні қара малын, қой-қозысын өріске алып шықты. Өз ісімен əуре болды. Қара малынан алыстап қалды. Алла Тағала бір періштені жіберді. (Ол) адам бей несінде бір ұры болып келді. Жақып онымен ерегісіп қалды. Періште Жақыпты алып ұрды. Жақыптың бел омыртқасы ауырды. Ұзақ түн шыдатпады. Егер Алла Тағала осы аурудан жазатын болса, қандай тамақ пен сусынды жақсы көрсем, содан бас тартамын деп, өзіне нəзір етті. Алла Тағала шипа берді. Жақып тамақтан түйе етін, сусыннан түйе сүтін жақсы көретін еді. Осы екеуін өзіне харам қылды (ішіп-жеуден тиылды). Жақыптан кейін жақыптықтарға сол сүннет негізінде жемейтін болды. «Бұл нəрселер Адамнан бері бүгінгі дейін барша пайғамбарларға харам болды. Тəуратта солай еді», – деді. Алла Тағала олардың сөзін жалғанға шығарып, жарлық берді. Барша тамақ Жақып пайғамбардың ұрпағына халал еді, алайда Жақып өзіне-өзі харам қылды. «Куллу əт-тə'əми кəнə хиллəн ли бəни Исраилə иллə уə хəррамə Исраилу 'əлə
нəфсиһи мин қабли əн тунəззəлə əт-Тəурату» («Тəурат түспестен бұрын Исраил ұлдарына барлық тамақ халал еді, тек Исраилдың өзіне харам еткен заттар ғана»). САУАЛ: Жақып пайғамбар не үшін Исраил аталды? ЖАУАП: «Иср»-дің мағынасы – тұтқын деген сөз. Шайтанды бір уақыттарда тұтқындап еді. Сол себепті Исраил аталды. Хикаяда төмендегіше баяндалады: Жақып Бəйт ул-Мұқаддаста қызмет қылатын еді. Шамдарын жағатын. Шайтан (Оған лағынет болсын) əр түні келіп, шамдарын өшіретін. (Бір деректе) алты жүз шам жағылатыны айтылады. Жақып бір түні күзетті. Шайтан келіп, шамдарды өшіре бастағанда Жақып секіріп түсіп, шайтанды ұстап, мойнын шынжырлап, бір тіреуішке байлап қойды. Сол үшін де Исраил аталды. Тағы бір ЖАУАБЫ мынау: «Иср» – тұтқын, «ил» – Тəңірдің аты. Исраил – Тəңірдің құлы деген сөз. Жақыптың он екі ұлы, бір қызы бар еді. Бір кəпір патша Жақыптың қызының қолын сұрап барды. Жақып көнбеді. Ол патша: «Қызыңды маған бермесең, сенімен қатты соғысамын», – деді. Патшаның əскері көп еді. «Кəпірлерді опат қылуды қаласаң, опат етейін, сені оларға бақылаушы (басшы) етейін. Немесе өз еліңмен опат қыл» деген жарлық келді. Жақып ұлдарына: «Қайсы ұсынысты қабылдаймыз», – деді. Ұлдары ақылдасып: «Бізді бақылаушы етсін», – деді. Жақып дұға қылды. Алла Тағала бəрін жер жастандырды, опат болды. Тағы бір патша қыз алуға келді. Жақып: «Менің шариғатымда бір сүннетім бар. Сол сүннетті өз əскеріңмен орындасаң, қызымды беремін», – деді. Патша: «Ол қандай сүннет», – деді. Жақып: «Ол сүндетке отыру», – деді. Патша өзі де сүндетке отырды, əскерін де отырғызды. Жақып ұлдарымен қылыш көтеріп келді. Патша əскерімен сүндеттеліп жатқанында, ұлдарымен келіп бəрін қырды. Тағы бір ғұламалар төмендегіше баяндайды: Адтың Шаддат есімді ұлы бар еді. Ол бұл дүниеде жұмақ салмақшы болды. Шаддаттың Имлақ есімді ұлы бар еді. Жақып заманында мың бек бар болатын. Осы мың бегін жұмсап: «Маған бір кең, тегіс, топырағы құнарлы жер табыңдар», – деп əмір берді. Сол мың бек сондай жер тапты. Имлақ келіп, сол жерді өлшеп, он екі иғаштық жерді қаздырды, су жүргізді, судан жер бетіне дейін таспен төседі. Содан кейін сол тастың үстіне мейірім тəжінен шатыр жапты. Олардың қариымен қари, ша тырдың биіктігі шатырдың еніндей болды. Он атты адам қоршап жүретіндей он мың уəзірі бар еді. Əрбір уəзірінің соғысатын он мың əскері болатын. Бұл шатырды Қутрум қалашығы деп атады. Ортасына бір сарай салдырды. Екі иғаштық, бір кірпіші алтыннан, бір кірпіші күмістен. Шатырының биіктігі қырық қари еді. Бақшалар, базарлар салды. Бұл сарай ортасынан өзіне тамаша жер жасады. Биіктігі екі жүз аршын. Ол қалашыққа төрт есік жасатты. Бұлардың
биіктігі жиырма төрт аршын еді. Құрылыс біткен кезде көшіп сонда барды, тағына отырды. Жылдардан бір жылы Кенанда құрғақшылық болды. Қутрум қалашығында тамақ сатылады деген хабар жетті. Кенаннан Қутрумға дейін он күндік жол еді. Жақыптың ұлдары астық алғалы барды. Қутрумға келді. Имлақ (қарғыс атқыр) ол биік шатырға шығып, Жақып ұлдарының түйемен келе жатқанын көрді. Бастарында ақ бұлт қалқан секілді көлеңке етіп тұр екен. Имлақ сол бұлтқа қарап еді «Лə илəһə иллаллаһу Мухəммəдун расулуллаһи» («Алладан басқа тəңірі жоқ, Мұхаммед Алланың елшісі») деген жазуды көрді. «Барып, маған жігіттерді алып келіңдер» деп, уəзірлерін жіберді. Уəзір келіп: «Патша сіздерді шақырып жатыр» дегенде, Яхуда: «Біз Тəңір елшісінің ісін бітірмейінше келмейміз», – деді. Уəзір барып, бұл сөзді патшаға жеткізді. Біткен соң келді. Имлақ бəрі бірдей бойлы, əдемі жігіттерді көріп, қайран қалып: «Кімсіңдер?» – деп сұрады. Яхуда: «Біз бəріміз туысқанбыз, Жақып пайғамбардың ұлдарымыз. Атамыз (аты) Ысқақ, үлкен атамыз Ибрахим. Біз Кенаннан астық алғалы келдік», – деді. Патша: «Басқа туысқандарың бар ма?» – деп сұрады. (Олар): «Тағы екі бауырымыз бар, біреуінің аты – Жүсіп, біреуі – Ямин», – деді. Патша: «Мен ер жігітті сұрап тұрғаным жоқ, қыз баланы айтып тұрмын», – деді. «Бір қарындасымыз бар», – деді. Патша: «Сол қарындастарыңды маған беріңдер. Əкелерің мен сендерді мал-дүниемен құрметтейін. Бəрінен артық боласыңдар», – деді. «Сендер не дейсіңдер?» – деп Яхуда бауырларына қарады. Шамғун, Рубил ашуланды. Жақыптың ұлдары ашуланса, айнала-төңіректің астан-кестенін шығармайынша, ашулары тарқамайтын еді. Алайда Ибрахим пайғамбардың ұрпағының арқасынан кім сипаса, ашуы тарқайтын еді. Яхуда екі бауырының ашуланып тұрғанын көріп: «Керек емес, Қутрум қалашығын ойран қылса, бізге ауыртпашылық келеді», – деп Рубилдің арқасын сипады. Ашуы тарады. «Ей, патша, сенің ұлың сенің рұқсатыңсыз қызыңды біреуге береді ме?» – деді. (Патша): «Жоқ», – деді. Яхуда: «Біздің де əкеміз бар. Біз барып, сенің сөзіңді жеткізейік, əкеміз не дейтінін», – деді. Патша ол сөзге қуанды. Он түйе бидай, он түйе ұн, мың күміс, он батпан жұпар, он батпан амбар, он батпан камфара əкеліп бұларға берді. Тағы сонша дүниені əкелеріне қоса бере тұрып: «Мына нəрселерді əкелеріңе беріңдер, тағы мына сөздерімді айтыңдар: «Мен сені əкелікке қабыл қылдым, сен де мені ұлың ретінде қабыл ал. Менің сөзім жеткен соң Жақып пайғамбар елін көтеріп, маған келсін, қызын маған берсін» деген сөзімді де жеткізіңдер», – деді. Жақыптың ұлдары қайтты. Осы сөздерді əкелеріне айтып: «Патша бізге мынанша мал-дүние, сізге де осынша берді», – деп алдына қойды.
Жақып: «Менен бұрын еш пайғамбар қызын кəпірге бермеген», – деді жылап. Ұлдары: «Өзіңіз білесіз», – деді. Арадан бір ай өткен соң Имлақ Жақыпқа хат жазды. Ол хат мынау еді: «Осы хат Имлақ Имлақынан, патшалар патшасынан, хибарлар хибарынан шексіз билікті, сансыз əскерлі Имлақтан сұмпайы, бейшара, пақыр Жақыпқа жетсін. Осы хат барысымен қызын маған дайындап қойсын. Егер бермесе, мен барып елін бұзамын. Сені ұлдарыңмен өлтіремін, қызыңды тартып аламын. Саған да пайғамбарлық пайда келтірмес. Жердің Тəңірі менмін, аузыңа топырақ, Көк Тəңірдің сені мен менде не ісі бар?» Хат Жақыпқа жетті. Он ұлын жиып, оқытты. Ұлдары тұрып: «Ей, əке, өзіңе, бізге ауырлық салма. Кенан қаласын бұзба, қызыңды осы патшаға бер», – деді. Жақып ұлдарына ренжіді. Яхудаға төмендегіше хат жаз деді: «Бисмиллəһир рахмəнир рахим. Мен – Ибрахим Халилулла ұлы Ысқақ Сафиулла ұлы Жақып Исраилулладан дүние мен ақыреттің қарғысы тигір Имлаққа. Ешбір пайғамбардың кəпірге қызын бермегенін біл, мен де бермеймін. «Лə илəһə иллаллаһу уə иннə Йə'қубу расулуллаһи» («Алладан басқа тəңір жоқ, жəне мен Жақып Алланың елшісі») десең, Құдай жарылқайды». Хатты жазып, мөр басып, Имлаққа жіберді. Имлақ хатты алып, жүзі сарғайып кетті. Он екі мың бектеріне қарады. Олар: «Ей, патша, əскерің, күшің бар. Жарлық болса, біз барып қызын тартып алып келейік», – деді. Патша он екі мың əскер жиып, атқа қонды. Имлақ сондай семіз болатын, сол себепті оны кез келген ат, қашыр көтере алмайтын. Пілге отырғызды. Əскер бастап Кенанға келді. Жебірейілге жарлық болып, қанатымен пілдің басын соқты. Піл бір өкірді. Жақыптың халқы есітті. Жақыптың ұлдары жайлауға шығып, сансыз əскер келгенін көрді. Əкелері секілді шошып кетті. «Не істейміз?» – деді. Жақып жылап, Аллаға жалбарынды. Жебірейіл келіп: «Ей, Жақып, Алла Тағала сəлем айтты, сəлеммен бірге тахият айтты. Ұлдарыңа айт қорықпасын, мен сендерге көмекшімін. Ей, Жақып, ол қызың менің алдымда құрметті, дұшпанға бермеймін, кəпірді пайғамбарға басшы қылмаймын. Он ұлыңа айт, кəпірге қарсы шықсын, ұрыссын. Мен құдіретімді көрсетейін», – деді. Жақып қуанып, ұлдарына: «Шығыңдар», – деді. Ұлдары: «Ей, əке, кəпірлер көп, қалай шығамыз?» – деді. Жақып: «Мен сендерге қару берейін, кімде-кім сол қарумен шайқасса, Алла дұшпандарын жеңеді», – деді. Ұлдары: «Сен еріктісің, шығайық», – деді. Жақып сандықты ашып, Адам Сафи тонын Шамғунға, Шис тонын Рубилға, Ибрахим қошқарының мүйізін Яғсарға, Мұсаның асасын Яхудаға берді. Тоғыз ұлына қолбасшы етіп Яхуданы тағайындады. Күндей болып жарқырап ұлдары шықты. Тақ үстінде отырған патша алыстан Жақыптың ұлдарын көрді. Бектеріне қарап: «Жақыптың ұлдары неге келе жатқанын көріңдер. Олар келгенде саспаңдар, ұрысқанда онының басын кесіп алып келіңдер», – деп əмір берді. Он мың əскер барды.
«Неге келдіңдер?» – деп сұрады. Яхуда: «Ұрысқалы келдік», – деді. Уəзірі атыла кетті. Яхуда бауырларына: «Қарсы тұрыңдар», – деді. Өзі ілгері шығып, таяғын жоғары көкке лақтырып, қайта қағып алды. Дүниеде ағашты аспанға лақтырып, қайта қағып алу Яхудадан қалды. Содан кейін бір айқайлады, қалған тоғызы да айқайлады, періштелер де көктен үн қатты. Сол дауыстан қорқып, он екі мың əскердің жүрегі жарылып өлді. Патша: «Не болды, əскердің дауысы шықпай қалды?» – деп сұрады. «Ей, патша, анау он (ұлы) айқайлап еді, сол дауыстан он екі мың əскердің бəрі өлді», – деді. Патша жəне бектеріне қарады. Жиырма төрт мың əскермен қайта шықты. Яхуда: «Ей, Шамғун, кезек саған келді», – деді. Шамғун қарсы шығып: «Лə илəһə иллаллаһу Йə'қубу расулуллаһи» («Алладан басқа тəңір жоқ, Жақып Алланың елшісі») деп айтыңдар», – деді. Əскер Шамғунға лап қойды. Шамғун айқайлағанда кəпірлердің бəрі опат болды. От келіп жиырма төрт мың əскерді өртеді. Патшаға хабар жетті, патша түйеге мінді. Он екі бектер аттанып келді. Яхуда бауырларына қарап: «Келіңдер, бірдей тəкпір айтайық», – деді. Алла Тағала төрт сап періште жіберді, əр сапта қырық мың періште еді. Яхуда бауырларымен тəкпір айтты, періштелер де қайталады. Жақыптың ұлдары тұра ұмтылды. Олар жерде, періштелер көкте. Кəпірлер қор қып, қаша жөнелді. Қутрумға барды. Имлақтан басқа ешкім де қалмады. Бəрі өлді. Имлақ таққа отырып: «Менің бір өзім құтылдым», – деді. Біраздан кейін Жақыптың ұлдары жетіп келді. Қалашықтың есігі жабық екенін көрді. Шамғун: «Бəріміз жиылып бір сілкініп шатырды құлатайық», – деді. Оны жабылып шатырды қимылдатты. Шамғун айқайлады. Ол дауыс естілген жерге дейін шатырдың бəрі құлады, ішкері кірді. Сарайдағы тақтың үстінде патшаның отырғанын көріп, Яхуда: «Ей, малғұн, Тəңірдің құдіретін көрдің, «Лə илəһə иллаллаһу Йə'қубу расулуллаһи» («Алладан басқа тəңір жоқ, Жақып Алланың елшісі») сөзін айт», – деді. Имлақ айқайлады. Шамғун қолын созып, сақалынан ұстап, тағынан жұлып алды. Жақыпқа алып келді. Жақып Имлақты көріп: «Лə илəһə иллаллаһу Йə'қубу расулуллаһи» («Алладан басқа тəңір жоқ, Жақып Алланың елшісі») сөзін айт», – деді. Имлақ: «Ей, Жақып, мен бүгін сенің қолыңдамын. Не істесең де еркіңде. Мен үшін сенен жəне сенің Тəңіріңнен өткен дұшпан жоқ», – деді. Жақып: «Ей, Имлақ, иман келтірсең, Алла Тағала екі есе патшалық береді жəне жұмақтан орын нəсіп етеді», – деді. Имлақ: «Маған уақыт бер, үйіме барайын, сенің Тəңірің маған байлық береді ме көрейін. Егер берсе, иман келтірейін», – деді. Жебірейіл келіп: «Ей, Жақып, қалағанынша уақыт бер деп Тəңір жарылқады», – деді. Жақып: «Қанша уақыт керек?» – деді.
(Имлақ): «Он жыл», – деді. Жақып Имлақты жіберді. Имлақ өз орнына отырды. Алла Тағала осы он жыл ішінде оған патшалық бергені соншалық, тек əскер басшысының өзі жиырма төрт мың болды. Əрбір əскер басының қарамағында жиырма төрт мың сарбаз болды. Он жылдан кейін Жебірейіл келіп: «Ей, Жақып, Алла Тағала саған сəлем айтты, сəлеммен бірге мақтау жолдады. Яхуданы Имлаққа жібер, иман келтірсін», – деді. Яхуда келіп, Қутрум қалашығына кіріп: «Ей, малғұн, əкем берген уəделі он жыл бітті. Жаратушының құдіретін көрдің, тағы байлық берді. Енді «Лə илəһə иллаллаһу Йə'қубу расулуллаһи» («Алладан басқа тəңір жоқ, Жақып Алланың елшісі») деп айт», – деді. Патша: «Ей, Яхуда, сен елшісің, елшіні өлтіру патшаларға лайық емес. Олай болмағанда сенің басыңды кесіп, сүйектеріңді пілдердің аяқ астына тастайтын едім. Тағы əкеңе айта бар, өткен-кеткенді қойсын, қызын маған берсін. Немесе дайын тұрсын, үлкен əскермен барамын, Тəңірің не істей алады? Бұл жерге келгеніңде сиқыршылығың көмектесе алмайды. Ұлдарыңды өлтіремін, халқың ат тұяғының астында опат болады. Тағы қызыңды тартып аламын. Қай Тəңірдің саған көмектесетінін көрейін», – деді. Яхуда келіп, əкесіне болған жағдайды айтып берді. Жақып пайғамбар Тəңірге жалбарынды. Жебірейіл келіп: «Жақып, Алла Тағала саған сəлем айтты, сəлеммен бірге мақтау жолдады. Алла Тағала. «Мен кеңпейілмін. Яхуданы жібер, Имлаққа барсын, Мен жалғызбын, сен Менің пайғамбарым екенін айтсын» деп жатыр», – деді. Яхуда жəне келіп: «Ей, малғұн, Алла бір, əкем Жақып пайғамбар», – деді. Имлақ ашуланды, əскерін жиды. Жиырма төрт жолмен жиырма төрт мың сарбаз аттанды. Өзі пілге мінді. Кенанға екі иғаштық жерге келіп, орналасты. Жақып пайғамбарға хабар келді, Алла Тағалаға жал барынды. Жебірейіл келіп: «Ей, Жақып, Алла Тағала саған сəлем айтты, сəлеммен бірге мақтау жолдады. Жəне: «Осы түні сені ол мал ғұннан құтқарайын деп жатыр», – деді. Түн болғанда желге тұрғын деген жарлық болды. Ертесіне патша да қалмады. Жебірейіл Алланың жарлығымен келіп, Қутрум қалашығының астан-кестенін шығарды. Жебірейіл келіп: «Ей, Жақып, Алла Тағала саған Имлақтың мал-дүниесін, алтын-күмісін алып, қалғандарын отқа өртесін деп жа тыр», – деді. Жақып ұлдарымен барып, Имлақтың мал-дүниесін, алтын-күмісін алып, қалғандарын отқа лақтырды. Содан кейін Кенанға келіп отырды.
ШЫНШЫЛ ЖҮСІП (Ғ.С.) НЫҢ ҚИССАСЫ Ол – «Йə əбəти инни раəйту əхəдə 'əшəра кəукəбəн уə əш-шəмсə уə əл-қамəра раəйтуһум ли сəжидин» («Ей, əке, мен түсімде он бір жұлдыз бен ай мен күннің маған сəжде жасап тұрғанын көрдім») түсін айтқан, əкесінен «Йə бунəйиə лə тəқсус руйəкə 'əлə ихуəтикə фə йəкиду лəкə кəйдəн» («Ей, ұлым, мына түсіңді бауырларыңа айтпа, олар саған бір қулық жасамасын») насихатын есіткен, бауырларының жапасына ілініп, құдыққа түскен, құдықтан шығып, он сегіз бедел ақшаға сатылған, «Уə жə'əлни 'əлə хəзини əл-əрзи инни хəфизун 'əлимун» («Мені мемлекет қазыналарына тағайындағандықтан, мен сақтаушымын, білушімін») деп өзін сүйген Мысыр əйелдерінің пəлесіне жолығып, «Рабби əс-сижну əхəббу илəйиə миммə йəд'унəни илəйһи» («Ей, Раббым, мен үшін олардың шақырып жатқан нəрселерінен, зындан артық») зынданын таңдаған, ақыр соңында «Тəуəффəни муслимəн уə əл-хиқни би əс-салихинə» («Мен мұсылман қалпымда жанымды ал жəне мені жақсы пенделеріңмен қауыштыр») деп Жаратқанға жалбарынған – ЖҮСІП ПАЙҒАМБАР (ғ.с.). Тура он екі еді Жақып пайғамбардың балалары, Көрсе оның бірдей еді бойлары, балалары. Он бірінші Жүсіп еді, келбеті сондай сұлу, Лағыл ішінде гүлдері көп даланың лалалары. Көрік, қылық, сұлу, сүйкімді, мейірімді һəм елші, Бас-аяққа дейін бəрі Тəңірдің сыйлықтары. Əке сүйген, əкесіне түс көріп жорытқызушы, Қандай іштарлық қылды, көр, өгей ағалары. Ол Мысыр патшалығында уəзірлер əйелдерін, Құл қылған ол баршасын шашының лалалары. Құл сатылды ел ішінде, қайта алды құл етіп, Əулие болды Мысыр жерінде, болды иелері. Жаратқан иеміз қасиетті һəм киелі кітап – Құранның ішінде «Нəхну нəқуссу 'əлəйкə əхсəнə əл-қасаси» («Біз саған ең жақсы қиссаны баяндаймыз») деп хабар берді. Мағынасы: «Ей, Мұхаммед, саған хабар берейік. Хабар берудегі мақсат – осы ұзын «Əхсəни-қисса» еш қысқа болмасын деп, бірнеше пайдалы қиссалар алғашында баяндалды». САУАЛ: «Əхсəн» дегенде қандай хикмет бар? ЖАУАП: Себебі Құран ішінде барша қиссалардан көбірек, пайдасы салмақтырақ осы – Жүсіп қиссасы. Сол себепті «Əхсəнəл-қасас» деп атады. Екінші ЖАУАП: Бұл қисса басынан аяғына дейін қырық (кейбір деректе сексен) жыл өтті, сондықтан да «Əхсəнəл-қасас» деп аталды. Үшінші ЖАУАП: Басқа қиссаларда, кейбір аяттарда келеді, алайда Жүсіп қиссасы соңына дейін бір сүреде баяндалады. Сол үшін де «Əхсəнəл-қасас» деді. Төртінші ЖАУАП: Басқа қиссаларда жат адамдар арасында бола тын
еді, алайда Жүсіп қиссасы ата-анасы, тағы ұлдарымен өтті. Сондықтан да «Əхсəнəл-қасас» болды. Бесінші ЖАУАП: Бұл қиссада үш жағдай бар: рахатта, ауыртпашылықта, Алланың құлшылығында жəне халық арасында жақсы мəміле жасау, кеңшілік пен таршылықта төзімді болу. Алтыншы ЖАУАП: Жүсіп бауырларымен жақсы мəміледе болып, олардың дұшпандығына сабыр қылды. Жетінші ЖАУАП: Бұл қиссаның басы түс, ортасы түс, соңы түс еді. Сол себепті «Əхсəнəл-қасас» аталды. Сегізінші ЖАУАП: Бұл қисса ғашықтықпен аяқталды. Сондықтан да «Əхсəнəл-қасас» деді. Тоғызыншы ЖАУАП: Расул (ғ.с.) былай деген болатын: «Кімдекім он пəлеге жолықса, он сүрені оқысын, кімде-кім нəпсіқұмарлық менен кетсін десе, «Əл-хəмду» сүресін оқысын, кімде-кім ұрылардан құтылайын десе, «Бақара» сүресін оқысын, кімде-кім кедейшіліктен құтылайын десе, «Əл-'имран» сүресін оқысын, кімде-кім қайғы көңілімнен шықсын десе, «Əл-əн'əм» сүресін оқысын, кімде-кім екіжүзділік жүрегімнен шықсын десе, «Əл-əнфəл» сүресін оқысын, кімде-кім ашуым тарасын десе, «Əл-'əср» сүресін оқысын, кімде-кім қайғы маған харам болсын десе, «Əлəм нəшрах» сүресін оқысын, кімдекім күпір мен серік қосу менен кетсін десе, «Ықылас» сүресін оқысын, кімде-кім сиқыршылықтан сақтанғысы келсе, «Му'əууизəтəин» («Фəлəқ» пен «Нəс») сүрелерін оқысын, кімде-кім осы он түрлі қайғы менен кетсін десе, «Жүсіп» сүресін оқысын. Сол себепті барша жағдай Жүсіп қиссасында кездеседі. Жүсіп пайғамбардың алты əйелі болғандығы айтылады. Əр əйелінен екі баладан он екі ұл сүйді. ЛƏТИФƏ: Жоғары көкте он екі жұлдыз бұрж (жұлдыз күнтізбесі) бар. «Тəбəракə əллəзи жə'əлə фи əс-сəмəи буружəн. Уə əс-сəмəи зəти əл-буружи» («Аспанда үлкен-үлкен жұлдыздарды жаратқан ұлы мəртебелі Ол (Алла). Жұлдызды аспанмен ант етемін»). Ол бұрждар мыналар: қозы (хамал), сиыр (сəуір), арандант (жауза), қучық (саратан), көр арыстан (əсəд), бидай басы (сүмбіле), үлкер, чизан (ақраб), жай (қаус), ұғлақ (жəді), кунəк (дəлу), балық (хұт). Осы он екі бұржда жеті жұлдыз бар. «Фə лə уқсиму би əл-хуннəси əл-жəуəри əл-куннəси» («Түнде көрініп, күндіз жасырынушы, дұрыс жүріп, айналушы жəне артына қайтушы жұлдыздармен ант етемін»). Ол қандай жұлдыздар десе, айт: Сəкəндір (Сатурн), Унгəй (Юпитер), Куруд (Марс), Йашық (Күн), Сақит (Шолпан), Арзу (Меркурий), Йалчық (Ай). Бұл жұлдыздар тынбай айналыста болады. Бəйіт: Он екі бұрж жеті планета қыстық, Ең əуелі қозы, сиыр, арандант, қучық. Көр арыстан да бидай басы, үлкер бірге, Шаян һəм жай, ұғлақ, кунəк һəм балық.
Жəне жеті жұлдыз бұлар да жүреді, Сəкəндір, Унгəй, Куруд, һəм Йашық. Сақыт, Арзу, Йалчық жауындай болып, Соғыстан қашпа жасырып жарық. Осы он екі бұрждарда жаңағы жеті жұлдыз туады. Жəне бір əлем астында жеті бұрждан он екі жұлдыз туды. Жеті бұрж қайсы десең: Жақып пайғамбар, Шауша, Зағура, Сүнбіле, Қамар, Хабиба, Рахил. Жақыптың алты əйелімен жетеу. Он екі жұлдыз қайсы десең, он екі баласы: Рубил, Лауий, Шамғун, Яхуда, Жада, Дан, Яғсар, Ястахир, Забатұқ, Қазур, Жүсіп жəне Ибн Ямин. Жүсіп он бірінші ұл еді. Алла Тағала оған он нəрсе сыйлады: сұлулық, қылық, кешірімділік, пайғамбарлық, түс жору, тура сөз, іскерлік, нəтиже, ауыртпашылық, кітаптар баяны. Бұл əлемде Жүсіптей сұлу жан жоқ еді. Риуаятта Мысыр халқының жеті жылдық құрғақшылыққа тап болғандығы айтылады. Малдүниесін, қару-жарағын, (тіпті) қолын, көңілін Жүсіпке сатып, астық алды. Қоймада астық қалмады. Жаңа өнімнің шығуына төрт ай қалды. Жүсіп (ғ.с.) Мысыр халқына пердесін ашып, жүзін көрсетті. Жүсіптің сұлулығына таңданғандықтан, төрт ай бойы тамақ жеместен, Жүсіптің көркімен күн өткізді. Хабарда келеді: Расул (ғ.с.): «Миғраж түні маған Жаратушыдан: «Ей, Мұхаммед, жұмақтағы хорлардың көркін дүниедегі екеуіне берді. Бірі – Хауаға, екіншісі – Жүсіп Сыддыққа» деген жарлық болды» деген болатын. Тағы бірде (айтылады): Алла Тағала сұлулықты мыңға бөлді. Соның тоғыз жүз тоқсан тоғызын Жүсіпке, бір бөлігін барша адамдарға берді. Жүсіп үйден шыққан уақытта ай мен күннің нұры көрінбей қала - тын. Жүсіптің шыққанын халық содан білетін. Кімде-кім Жүсіпке қараса, айнаға қарағандай, өзін көретін. Тамақ жегенінде жұтқыншақ та өт кенінше көрінетін. Қараңғы түнде күндей жарқырайтын. Жүзіндегі нұрынан «Шақайиу əн-ниғман» деген гүл ашылатын. Жүсіп пен Ибн Ямин Рахилдан туылды. Жүсіптің кішкентай кезінде Рахил қайтыс болды. Жақып Жүсіп пен Ибн Яминді жастай айырылды деп, оларға ерекше қарайтын. (Əсіресе) Жүсіпті қатты жақсы көретін. Жүсіпсіз жүрмейтін еді. Жеті жасқа келгенінде бір түс көрді. Түсінде бауырларымен бірге далаға ағаш егіпті. Бəрі көгеріпті, бірақ өспепті. (Тек) Жүсіптің ағашы гүлдеп, бірінші қабат көкке дейін өсіпті. Жəне басқа ағаштар осы гүлге иіліпті. (Кейбіреулер бауырларының ағаштары Жүсіптің ағашына сəжде жасағандығын айтады). Жүсіп келіп, көрген түсін бауырларына айтып берді. Бауырлары бірбірлеріне қарап: «Мына Рахилдың баласы əкемізге жақсы көрінемін деп айтып жатқанын көрмейсің бе?» – десті. Түс оларға жақпады. Екінші күні жəне түс көрді. Түсінде он бір жұлдыз жəне ай мен күн
Жүсіпке сəжде жасап жатыр екен. Жүсіп түсін əкесі Жақыпқа айтып берді. (Бір деректе айтылады): Бостан есімді бір яхуди Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.)нан: «Жүсіп сəжде қылған он бір жұлдыздың аты қандай?» – деп сұрады. Расул: «Сол жұлдыздардың атын айтып берсем, иман келтіресің бе?» – деп сұрады. Яхуди: «Содан кейін», – деді. Расул: «Сол жұлдыздардың аты мынау: чизан (шаян), тариқ, қайыс, хандуқ, файлақ, мусаббих, уассаб, райял (бір деректе зайял), зұлұмұдан, зұлфарағ, зулкитфан», – деп айтып берді. «Осы он бір жұлдыз жəне ай мен күн Жүсіптің етегіне сəжде жасады», – деді. (Тағы бір риуаятта көктен еніп сəжде қылды делінеді). Яхуди: «Уаллаһи, Тəуратта да тура осылай айтылған», – деп, иман келтірді. (Жақып): «Ей, Жүсіп, түсің өте əдемі екен, бауырларыңа айтпа, сені көре алмайтын болады. Шайтан адамзат үшін ашық дұшпан», – деді. «Əй бунəйиə лə тəқсус руйəкə 'əлə ихуəтикə фə йəкиду лəкə кəйдəн иннə əш-шəйтанə ли əл-инсəни 'əдуун мубинун» («Ей, ұлым, мына түсіңді бауырларыңа айтпа, олар саған бір қулық жасамасын. Расында шайтан адамға ашық дұшпан»). Осы сөзді Рубилдің анасы Қамар есітіп қалды. Барып Рубилға айтты. Рубил бауырларына жеткізді. Жақып ұлдары осы сөзді естігенде «Интəфəхəт əудəжуһум уə иқшə'əррат жулудуһум уə избəррат шу'уруһум» («Мойын тамырлары бұртиып, терілері жыбырлап, түктері тікірейіп кетті») бəрі ашуланып, өздерін ұстай алмай, атып тұрып: «Мына Рахилдің ұлына бағынышты емеспіз, əкеміз оны артық санап, қатты жақсы көреді. Одан əрі өзін жақсы көрсету үшін түс көрдім деп, өтірік айтып отыр. Біз күндіз-түні жайлауда ірі қара, қой-қозы бағып жүрміз», – деді. «Из қалу лəйусуфу уə əхуһу əхəббу илə əбинə миннə уə нəхну усбəтун иннə əбəнə лəфи залəлин мубинин» («Əрине, Жүсіп пен оның інісі əкемізге бізге қарағанда сүйікті. Алайда біз көпшілікпіз. Расында əкеміз анық адасқан», – деді (олар)»). Барлығы ақылдасып, Жүсіпті өлтірейік немесе айдалаға тастап кетейік, əкеміздің махаббаты бізге оянсын деп шешті. (САУАЛ): «Уқтулу Йусуфə əу итрахуһу əрзан» («Жүсіпті өлтіріңдер немесе алыс жаққа алып барып тастаңдар») деген кім еді? ЖАУАП: Бауырлары бір-біріне айтты деген сөз бар. Келесі ЖАУАП: Бір кемпір бейнесінде шайтан келіп оларға: «Жүсіп сендерді құл етпекші», – деді. (Олар): «Не істейміз?» – деп сұрады. Шайтан: «Өлтіріңдер немесе жапан далаға апарып тастаңдар. Сол жерде аң-құс жеп кетіп, əкелеріңнің махаббаты сендерге болады», – деді. Олар: «Жүсіпті өлтірсек, əкеміздің алдында айыпты болып, Алла Тағалаға күнəһар боламыз», – деді.
Шайтан: «Сол істен кейін тəубе етсеңдер, (күнəларың кешіріліп) жақсылар қатарынан боласыңдар», – деді. «Уə тəкуну мин бə'диһи қаумəн салихинə» («Содан кейін жақсы бір қауым боласыңдар»). Шайтан осы сөзді айтып, ғайып болды. Олар екіұшты ойда қалды. Біреуі: «Олай істейтін болсаңдар, Жүсіпті өлтірмеңдер, апарып терең бір құдыққа тастап кетіңдер, жолдан өткендер алып кетеді» («Қалə қаилун минһум лə тəқтулу Йусуфу уə əлқуһу фи ғайибəти əл-жубби йəллəтəқитһу бə'зу əс-сəйиəрати ин кунтум фə'илинə» («Олардың біреуі: «Жүсіпті өлтірмеңдер, оны бір қараңғы құдыққа тастаңдар, оны бір жолаушылап жүргендер алып кетсін», – деді»). САУАЛ: Бұл ойды айтқан кім еді? ЖАУАП: Кейбіреулер Рубил еді, (өйткені) бəрінен үлкен һəм əпкесінің ұлы еді дейді. Енді біреулер Яхуда дейді. Тағы біреулер Шамғун дейді. (Олар): «(Адам) өлтіру, қан төгу үлкен күнə, құдыққа тастап кетейік», – деп кеңесті тағы. «Ей, əке, жаз болды. Бүгін Күн атты сұлтан Хұт атты ауылдан Хамал атты жерге қоныс аударды. Барша көк ашылып, қара жер күлер болды. Бұлттар жасын төксе, жас ұлан анадан туғандай марқайып, өлі қара жерден көк шөп шығар», – деді. Бəйіт: Қад жəəт əл-əзхəру бə'дə фəутиһə, Уə ғəннəт əт-тайру би ə'лə саутиһə. Солған гүлдер қайта ашылды, Құстар жақсы дауыспен сайрай бастады. Фə унзур илə əссəри рахмəтиллəһи, Кəйфə йухи əл-əрза бə'дə мəутиһə. Мейірімді Алланың құдіретіне бір қара, Тіршіліксіз жерді қалай тірілтеді?! Күн хамалға келгенінде келді əлем наурызы, Өтті бахмал суық, қыс қалмады қар-мұзы. Күн келіп, мың көркі ашылып, тірілер өлген жаһан, Таң бозарып, нақышыменен безенеді бұл жер жүзі. Таң атарда еседі төрт тараптан самал жел, Жұпар иісі аңқып сонда безенер жаз жайлауы. Жердегі шараптай қызыл, гүлдері жасыл, қызыл. Арасы бұтақ, жапырақ, тал шешектер түп-түзу. Үрлесе бұлттары гүлдейді бақ-бостан, Тал ағаштар ен салады ойнайтындай қой-қозы. Аппақ қар, қане, енді қараса таулар суреті, Тоңы таңсық жұпардан Рум, Қытай атлас матасы.
Лала ыдысын ішерде сайрар масайрап сандуғаш, Тырна сап түзеп өтерде секіреді бағлан қозы. Көкте ойнар, өзен толар, аққу, қаз қыл, қарлығаш, Жерде жүгіріп, асыр салар ақсусар, тиын, құндызы. Тал ағаштар мінберінде тоты құс мəжіліс құрар, Құмри, бұлбұл қары болып əн салар күндіз-түні. Қара жер, көк секілді, жайнайды майдан болып, Айналам айдай шешектер төңірегінде жұлдызы. Хор қызы жұмақ ішінде қызығып тамаша қылар, Жаз болса осындай ғазалдар айтады Насыр Рабғузи. (Олар): «Ей, əке, осындай сапалы күнде Саба нұры суындай берік Жүсіпті бізбен бірге жібер. Жазғы жайлауды көрсін, бағлан қозыларды көріп, қайғылары басылсын, мұңайған көңілі ашылсын», – деп, жалған сөзбен əкелерін алдап, тыныш көңілін құлазытып, «Əрсилһу мə'əнə ғəдəн йəртəт уə йəл'əб» («Ертең бізбен бірге жіберіңіз, ойнапкүлсін») деп күле келді. Жақып пайғамбар: «Ей, ұлдарым, сендер менің Жүсіпсіз сусыз балықтай шалық екенімді білесіңдер. Онсыз бір сағат та тұра ал маймын, сендермен қалайша жібермекпін?!» – деді. (Олар): «Ей, əке, сен бізге сенбейсің бе? Сен Жүсіптің əкесі болсаң, біз бауырымыз. Сен оны жақсы көретін болсаң, біз он бауыр бола тұрып, Жүсіптің үстінен қалайша құс ұшырмақпыз, неге түсінбейсің?» – деді. «Мə лəкə лə тəмəннə 'əлə Йусуфə уə иннə лəһу лəнəсиһунə» («Жүсіпті бізге сеніп тапсырмайтындай, сізге не болды? Біз болсақ оған жанашырмыз»). Жақып: «Ауға барғандарыңда Жүсіпті сонда қалдырып, сендер бай қамай қалып, бөрі жеп кете ме деп қатты қорқамын», – деді. «Қалə инни лəйəхзунуни əн тəзһəбу биһи уə əхафу əн йəкулəһу из-зибу уə əнтум 'əнһу ғафилун» («(Жақып): «Оны алып кетулерің мені ренжітеді. Сендер ұмытып, оны бөрі жеп кете ме деп қорқамын», – деді»). САУАЛ: Жақып пайғамбар не себепті сендер ауға барғанда Жүсіпті бөрі жеп кетеді деп айтты? ЖАУАП: Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (ғ.с.) айтады: «Алла Тағала Жақыпты Жүсіптен айырып, сағыныштан жылатуды қалағанда Жақыптың көңіліне қорқыныш-үрей салды. Қырық күні-түн ұйықтай алмады, құлшылықтан қол үзбеді, көп еңбектенді. Қырық күнітүн біткен соң, Жақыптың ұйқысы келіп, жатты. Жүсіп Жақыптың қасында еді, түс көрді. Түсінде өзі тау басында, Жүсіп өзен ішінде екен, Жүсіпке он бөрі шабуда екен. Өлтіру үшін жармасып жатыр. Жақып тау басынан қарап тұр екен. Тағы бір бөрі келіп, басқа бөрілерді қуып, Жүсіпті қорғаштап тұрыпты. Жүсіп бөрілерден құтылған соң, жер жарылып, Жүсіп жерге түсіп, үш күннен кейін қайта шығыпты.
Жақып шошып оянды. «Инни əхафу əн йəкулəһу əл-зи'бу» («Мен оны бөрі жеп кете ме деп қорқамын») дегені сол еді. Жақып Жүсіпті жібермейтінін білген соң, олар Жүсіпті келіп, алдапарбап көндіруге көшті. Жүсіп əкесіне барып: «Мені бауырларыммен бірге жайлауға жібер, қой-қозыларды көрейін, көңілім тынышталсын», – деп жалынып-жалбарына бастады. Жақып: «Ей, көзімнің жарығы, көңілімнің таянышы, жүрегімнің бір бөлігі, сүйенішім менің», – деп жылап: «Мен қартайдым, сенсіз қалай шыдаймын, сені қатты жақсы көремін», – деді. Жүсіп: «Мені жақсы көретініңді білемін. Жақсы көретініңнің белгісі – сүйіктіңнің қалауынша жүруі болсын. Бауырларыммен бір ге барсам деген менің тілегім бар», – деді. Жақып оны есітіп, Жүсіптің аяғы алдында жылап: «Ей, сұлу жүзді Жүсібім, сенің сөзіңді қалайша қалдырайын! Жаратқанның үкіміне разы болдым. Туған бауырларыңмен бірге жіберейін. Осы түні қойныма алып жатып, бауырыма басайын. Сұлу жүзіңді тойып көріп алайын», – деді. Ертесіне бауырлары келіп, Жүсіпті əкелерінен сұрады. Жақып жылап: «Ей, ұлдарым, мені Жүсіпсіз қалдырмаңдар, оған жақсылап қараңдар. Қарны ашса, тамақ беріңдер, шөлдесе, су беріңдер, шаршаса, арқалаңдар», – деді. Олардың бəрі: «Ей, əке, мұндай насихатты бөгде адамға айты ңыз, біз бауырлары оны қалайша аш қалдырамыз, қалай сусыз қоя мыз?!» – деді. Жақып жылап Жүсіптің басын жуды, шашын тарады. Содан кейін құшып, маңдайынан сүйді, қолын жайып: «Тəңірім, Жүсібімді саған тапсырдым, маған тірідей қайтар. Сағыныштың отымен мені өр те ме», – деді. Содан соң Жүсіпті оларға берді. Жақыптың көзінше Жүсіпті Рубил мойнына салып көтерді, кейін Яхуда, кейін Шамғун алды. Одан Лауий, осылайша қолдан-қолға алып жүрді. Жақып Жүсіпті шығарып салды, бір биік төбеге дейін барды. Жүсіп көрінбей кеткенше, ботасы қалған інгендей еңіреп қалды, тіптен көрінбей кеткен соң зар жылап үйіне қайтты. Қашан əкелері көрінбей кеткен соң Жүсіпті жерге түсіріп: «Ей, Рахил ұлы, өтірік түс айтқаның жетпегендей, енді мойнымызда жүрмекшімісің?! Түсіп, жаяу жүр», – деп ыстық құмда жалаң аяқ жүргізді. Жүсіп жүрді, біреуінің рахымы келе ме деп, əр бауырының жүзіне жалтақтаумен болды. Ешкім рахым қылмады. Қатты шөлдеп, жүруге шамасы келмей: «Ей, ағаларым, қатты ашықтым, тамақ беріңдер, шөлдедім, су беріңдер», – деп, əр ағасына жалтақтаумен болды. (Олар): «Оны барып жалған түсіңе айт, су берсін», – деді. Жүсіп шаршап-шалдығып жүре берді. Олар ертерек барып, бір төбеге шықты. Сонда мұны қалай өлтіреміз деп ойласты. Біреуі: «Таспен ұрып өлтірейік», – деді, енді бірі: «Пышақпен бауыздайық», – деді. Тағы бірі: «Терең шұңқыр қазып көмейік, сонда өлсін», – деді. Тамақ, су сұрады. Бермеді. Үш иғаштық жерге дейін барды. Жүсіп бауырларының қасына жақындай бергенде, олар оның сөзін естісе де,
естімеген болып, басқа тақырыпта сөйлейтін. Жүсіп олардың жаман пиғылды ниеттерін аңғарып, өлтіретінін білді. Олардан қашып, үлкен ағасы Рубилдің алдына барды. Рубилдің аяғына жығылды. «Ей, ағам, мені өлтіргелі жатқанын көрмейсің бе? Ей, ең үлкен ағам, маған мейірімдерің келмесе, ана қартайған əкеме жандарың ашысын, оның жүрегін өртемеңдер, əкемнің орнында қазір сен əкемсің, мені бұлардан құтқар», – деп жылады. Рубилге жалынып жатқанда ол тағы жекіп тастап: «Оны барып жалған түсіңе айт, сені бұлардан құтқарсын», – деді. Жүсіп Рубилден жақсы сөз шықпаған соң, кері бұрылып Шамғунға барып жалынды. Ол да бір қойды. Жүсіп бетін тосты, жұдырығында бес саусақ құм қалды. Жоғары қараса көк алыс, төмен қарады – жер қатты. Бір күрсініп Яхуданың алдына келді. Аяғына жығылып: «Ей, Яхуда, бəрі нен де сен мейірімді едің, бұлардан құтқар. Маған мейірім ет», – деп жылап көз жасын көлдей етті. Жалынғанда Яхуданың мейірімі оянып: «Ей, бауырым, маған жақындама, сенімен тілдескенімді көрсе, мені де өлтіреді», – деді. Бəрі жиылып Яхудаға келді. Яхуда: «Ей, бауырларым, келіңдер, əкеміздің құрметі үшін қояйық, ақыретте не деп жауап береміз, балаға жауыздық жасамайық», – деді. Яхудаға ауыр сөздер айтты, оны Жүсіп есітіп: «Ей, ағаларым, мені қай айыбым үшін өлтіресіңдер?» – деп жылады. (Сонда) Яхуда: «Мұны өлтіргенде жер кеңдік етеді дейсіңдер ме, одан да аяқ-қолын байлап, құдыққа тастайық, сонда өлсін», – деді. САУАЛ: Өлтірмектері екі нəрседен əрі емес, не Ысқақ, немесе (Жақыптың) қанын халал көрумен болады. Олар бұл екеуінен де жырақ. Себебі пайғамбар ұрпағы еді, қан төгуге қалай бел байлады? ЖАУАП: Олардың сенімі бойынша қан төгуді дұрыс санамайды. Егер халал десек, күпір болады. Пайғамбарлар күнəдан пəк болады. Тағы бір ЖАУАП: Имам Əбілхасан Шафиғи (Оған Алланың мейірімі болсын) «Усматул əнбия» деген кітапта Жүсіптің бауырлары оны өлтірмекке бел байлағанда пайғамбар емес еді, үлкен-кіші қалайша күнəсіз болсын деген болатын. «Фəнқата'а əл-кəлəму уə сəкəтə əссуəлу» («Сөз тоқтады, сауал жойылды»). Содан кейін ақылдаса келе, құдыққа тастамақшы болып шешті де, Жүсіпті сүйреп, құдықтың қасына алып келді. Жүсіп əрбірінің жүзіне телміріп: «Ей, бауырларым, маған мейірім жасаңдар. Егер маған мейірім жасамасаңдар, қартайған байқұс əкемді аяңдар. Алла Тағаладан қорқыңдар», – деп көп жалынып-жалбарынғанда əрқайсысы бір-бір түйіп қалды. (Олар): «Мұндай сөзді айтқанша, үстіңдегі киімді тезірек шеш», – деді. Жүсіп: «Ей, ағаларым, əкемнің құрметі үшін көйлегімді алмаңдар, тірі қалсам, əуретімді жапсын, егер өлсем, кебінім болсын. Тағы мені қолымды байлап тастамаңдар, құдықтағы құрт, жылан, шаяннан қорғанайын», – деп, тағы да жалына бастады.
(Олар): «Ай мен күнге жəне он бір жұлдызға айт, киім берсін, қолыңды шешсін», – деп көнбеді. Көйлегін шешіп алып, беліне жіп байлап құдықққа тастады. Құдықтың жартысына келгенде жіпті кесіп жіберді. «Фə лəммə зəхəбу биһи уə əжмə'ун əн йəж'əлуһу фи ғаиəбəти əл-жубби» («Олар оны алып барып, қараңғы құдыққа тастауға келіскен уақытта...»). Жүсіп құдықтың түбіне жетпей, сидратул мунтаһада Жебірейілге «Əдрик 'əбди» («Пендеме көмектес»), (яғни) «Құлым, Жүсіпті ұста» деген жарлық болды. Жебірейіл бір қанатын жазып жібергенде, құдық түбіндегі бір үлкен тас бар еді, соны бетіне шығарды. Жебірейіл қанатымен сипағанда топырақ мамық жұмсақ болды. Жəне жұмақтан бір жайнамаз бен көйлек əкеліп Жүсіпке кигізді. Жүсіпті қағып алып, сол тастың үстіне отырғызды. Жайнамаз төсеп беріп: «Ей Жүсіп, Алла Тағала сəлем айтты, сəлеммен бірге мадақ жолдады», – деп пайғамбарлық жеткізді. Сол кезде Жүсіп он екі жаста болатын. (Жебірейіл): «Ей, Жүсіп, Тəңір менің үкіміме сабыр қыл, көмек беріп Мысыр жұртына патша қылайын. Əкең Жақыппен аман-есен қайта қауыштырайын деп айтып жатыр», – деді. Содан кейін Жебірейіл мына дұғаны үйретті: «Аллаһуммə йə кəшифə кулли курбəтин, уə йə мужибə кулли дə'уəтин, уə йə сəни'ə кулли мəсну'ин, уə йə жəбира кулли кəсирин, уə йə сахибə кулли ғəрибин, уə йə мунисə кулли уəхидин, уə йə шəһидə кулли нəжуə, уə йə хəзира кулли бəлуə, уə йə лə илəһə иллə əнтə субхəнəкə əсəлукə əн тəхфəзəни уə тəрхəмəни йə əрхəмə əр-рахиминə» («Я, Алла! Ей, əрбір қайғыны кетіруші! Ей, дұғаларды есітуші! Ей, барлық болмыстың ұстасы! Ей, барлық сынықты түзеуші! Ей, ғаріптердің сүйеніші! Ей, жалғыздардың жолдасы! Ей, əрбір сырлы сұхбаттың куəсі! Ей, пенденің басына түскен пəлелерді білуші! Ей, Сенен өзге ешбір жаратушы болмаған, Жалғыз Жаратушы! Сенен мына ауыртпашылықтан шығу жолын маған оңай əрі жеңіл етуіңді сұраймын, жəне менің жүрегіме өз махаббатыңды салып қоюыңды сұраймын, менде сенен басқа зікір мен қайғы болмасын, жəне мені өз қорғаныңа алуыңды сұраймын, ей, мейірімділердің мейірімдісі! Маған мейірім жасауыңды сұраймын»). Кімде-кім бір пəлеге жолықса, қамалып қалса, осы дұғаны оқыса, Алла Тағала көмектеседі деген сөз бар. Тағы жұмақтың нығметтерін əкеліп берді. Жебірейіл қанатымен сипағанда, құдық іші бақша секілді көрікті болды. Ол құдықты Йордан жерінде (болып), Медине мен Мысыр арасындағы Кенанға үш иғаштық жерде Нұх пайғамбардың ұлы Сам қазған еді. Құдықтың аты «Хуббул əхйəр» еді, мағынасы – «ізгі құдығы» деген сөз. Ол құдықтың суы ащы еді, тұщы болды, іші қараңғы еді, жарық болды. Жебірейіл Жүсіптің қолын шешті. Бір бехі алып келді. Оны жеп, тойды. (Бір деректе) ол құдықтың түбінде жатқан бір қара жылан бар екендігі айтылады. Жүсіптің дауысын есітіп, оны жегелі келді. Жебірейіл қатты дауыс шығарды. Сол дауыстан құлағы саңырау
болды, көзді жылан көзсіз болмаса, Жүсіптің жамалын көріп жеуге бел байламайтын еді. РИУАЯТ: Шайқы Басри (Оған Алланың мейірім болсын) айтуынша, Жүсіп құдыққа тасталғанда жеті жаста еді. Патшалықта сексен жыл өтті. Дүниеден өткенінде жүз жиырмада болған. Тағы бір деректе пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (ғ.с.)ның Жебірейілден: «Көктен жерге түсерде ауырсынасың ба?» – деп сұрағаны айтылады. (Жебірейіл): «Ей, Расулулла, төрт рет қатты қиналдым. Біріншісі – Ибрахим Халилді манжанықпен отқа лақтырғанда сидратул мунтаһадан қанат қағып, отқа түсірмей қағып алдым. Екіншісі – Ибрахим Исмайылды құрбандыққа шаларда пышақты салмастан бұрын ұстап қал деген жарлық болды. Сидратул мунтаһадан еніп, пышақтың жүзін қайырып жібердім. Үшіншісі – Жүсіпті бауырлары белін байлап құдыққа тастады. Құдықтың жартысына келгенде жіпті кесіп жібергенде сидратул мунтаһадан жетіп келіп, ұстап қалдым. Төртіншісі, Ухуд соғысында сенің қасиетті тісіңе тас тиіп қанжоса болғанда, қанды жерге түсірмей ұстап қал деген жарлық болды. Жерге түссе, қияметке дейін жем-шөп шықпай қалады деп, сидратул мунтаһадан жетіп келіп, қанды қанатыммен ұстап қалдым. Міне, осылайша төрт рет қиналдым», – деді. САУАЛ: Жүсіпті құдыққа тастап, қайта шығармақта қандай хикмет бар еді? ЖАУАП: Екі хабашилық ұлдың иман келтіргені менің құзыретімде жақын болады деген Алла Тағаланың əзелден тілегі еді. Сол екі хабашидың бірінің есімі – Башир, екіншісі – Бушра. Ол екеуі Зағыр патшаның құлы болып, қызмет етті. Содан қырық жыл өткен соң Жүсіптің құдық ішінде жатқанына төрт күн болғанда Зағыр патша Мысырдан Шамға сапар шегуді ойлады. Алланың құдіретімен Кенан аймағына жолдары түсті. Жүсіп жатқан құдықтың қасына келді. Башир жəне Бушра есімді құлдарын құдықтан су алу үшін қауға тастауға əмір берді. Олар барып, құдыққа қауға салды. Бушра тартты, шығарды, қауғада ай мен күннен нұрлы Жүсіпті көрді. Башир: «Бушра құдықтан бір баланы шығарды», – деп айқай салды. «Қалəйə Бушра һəзə ғулам уə əсəрруһу биза'əтəн» («Сүйінші, мына жерде бала бар», – деді. Ағалары оны сату үшін жасырып еді»). Жүсіпті құдыққа тастамақтағы мақсат осы еді. Енді өз сөзімізге қайта оралайық.... Жақып пайғамбардың ұлдары Жүсіпті құдыққа тастап қайтқан соң, бір мал сойып, қанын Жүсіптің көйлегіне жақты. Кешке қарай олар кенже ұлдай еңіреп əкелеріне келді. «Уə жəу əбəһум 'ишəəн йəбкунə» («Олар кешке əкелерінің алдына жылап келді»). (Олар): «Ей, əке, біз қара мал іздейміз деп, Жүсіпті бір жерге қалдырдық. Біз келгенше Жүсіпті бөрі жеп қойыпты. Біз қаншалықты рас сөйлесек те, сіз иланбайсыз», – деді. «Қалу йə əбəнə иннə зəхəбнə нəстəбиқу уə тəракнə Йусуфə 'индə мəтə'инə уə əкəлəһу əззибу уə мə əнтə бимуминин лəнə уə лəу куннə садиқинə» («Олар: «Ей,
əке, біз ойнап алыстап кетіп едік, сонда Жүсіпті заттарымыздың қасына қойған едік, сөйтсек бөрі жеп кетіпті. Біз саған тура сөйлесек те, сенуші емессің», – деді»). Біраз бауырымдап жылаған соң, қанды көйлекті əкелерінің алдына қойды. «Уə жəу 'əлə қамисиһи бидəмин кəзиби» («Олар Жүсіптің көйлегіне өтірік қан жағып алып келді»), – деп өтірік қан алып келді. Қан өтірік емес еді, олардың сөзі өтірік еді. Айша (Одан Алла разы болсын) ның айтуынша, «бидəмин кəзибин» «далун ғайру му'жəмəтиннің» мағынасы «таза қан» дегенді білдіреді. Жақып пайғамбар бұл сөзді естігенде айқай салып, есінен танып түсті. Есін жиған уақытта Жүсіптің иісін иіскейін деп көйлегін көргенде, көйлектің жыртылмағанын көріп: «Күннен де нұрлы Жүсібімнің көйлегін де жыртпаған мынау не деген бөрі! Бөрі Жүсіптің көйлегі үшін өлтіргенде неге көйлегін алып кетпеді?» – деді. Бөрі жеді деп құлағымен естіді, қанды көйлегін көзімен көрді. Жеті күні-түн Кенан жазығын іздеп, екі қолын көтеріп: «Йə хəбиби, уə йə қурратə 'əйни уə йə сəмəратə фуəди фи əйи жəббин тəраһукə уə фи əйи бəхрин əғрақукə уə биəйи сəйфин қатəлукə уə биəйи əрзин дəфəнукə» («Ей, менің сүйіктім! Ей, көзімнің қарашығы! Ей, жүрегімнің жемісі! Сені қай құдыққа тастады екен, сені қай дарияға батырды екен, сені қандай қылышпен өлтірді екен, қай жерге көмді екен»). Мағынасы мынау: «Ей, сүйгенім, ей, көзімнің қарашығы, ей, жүрегімнің жартысы, ей, көңілімнің жемісі, қай құдыққа тастады сені, қай өзенге батырды сені, қандай қылышпен өлтірді сені, қай жерге көмді сені. Ей, Жүсібім, қай бөрінің асқазанында жатырсың. Ол нəзік жұмсақ етіңді жеп жатқанда қалайша сабыр қылдың. Пəк сүйектерің қай жайлауда жатыр екен. Əттең, сенімен бірге шыққанымда, не болғанын өз көзіммен көретін едім. Əттең, сені жеген бөріні көргенімде аяқ астындағы топырағын алып, көзіме сүртетін едім. Ол бөріні алдымнан жібермейтін едім», – деп жылады. Сол күні үш жүз алпыс рет есінен танып қалды. Есін жиғанда балалары жиылып əкесінің жағдайын көріп «Зəййə'нə əхəнə Йусуфə уə қатəлнə əбəнə Йə'қубə» («Бауырымыз Жүсіпке қиянат жа садық, əкеміз Жақыпты өлтірдік»), (яғни) «Бауырымыз Жүсіпті жоғалттық, əкеміз Жақыпты өлтірдік», – деп əкелерімен қосылып жылады. Содан соң «Бұл іс сендер айтқандай болған емес. Сендердің нəпсілерің бұл іске мəжбүрледі, сендер орындадыңдар. Енді маған сабырдан басқа шара жоқ», – деді. «Қалə бəл сəууəлəт лəкум əнфусукум əмран фə сабрун жəмилун уаллаһу əл-мустə'əну 'əлə мə тəсифунə» («(Жақып): «Жоқ олай емес, қайта нəпсілерің сендерге бір жаман істі жақсы етіп көрсетіп тұр», – деді»). Жақып жылағанда ұлдары: «Ей, əке, Жүсіп үшін өзіңді де өлтіресің бе? Қаласаң, Жүсіпті жеген бөріні алып келейік. Соны көрсең көңілің жай табады», – деді. «Барып, алып келіңдер», – деді. Бəрі шығып еді, далада бір бөрі қарсы шықты. Ұстап, аяқтарын байлап, аузына қан жағып, Жақып пайғамбарға алып келді де: «Жүсіпті жеген бөрі, міне, осы», – деді. Жақып бөрінің аузындағы
қанды көргенде есінен танып қалды. Есін жиғанда: «Тəңірім, мына бөріге тіл бер, сөйлесін», – деп дұға жасады. «Ей, Жақып, сұрау сенен, сөйлету менен» деген жарлық келді. Жақып пайғамбар: «Ей, бөрі, Тəңір үшін рас сөйле, Жүсібімді қалайша жедің?» – деп сұрады. Бөріге тіл бітіп: «Ей, Расулуллаһ, барша пайғамбарлардың етін жеу харам екенін білмейсің бе? Мен Жүсіпті көргенім жоқ. Он күннен бері ашпын, көзімнің жарығы болған күшігімді іздеп жүрмін. Сол қайғыдан үш күннен бері тамақ жеген жоқпын. Күшігімді іздеп жүргенімде мына өтірікшілер мені ұстап алып, аузыма қан жағып, саған алып келді. Ей, Жақып, дұға жаса, сенің дұғаңның берекесімен күшігімді табу маған нəсіп болсын», – деді. Жақып дұға жасады, бөріні қоя берді. Сол күні-ақ күшігін тапты. Содан кейін Жақып (ғ.с.) тың ұлдары сыртқа шығып: «Енді барып, Жүсіпті өлтірейік, басаяғын кесіп алып келейік, əкеміздің көңілі жай тапсын», – деді. Яхуда көнбеді. Жүсіпті құдықтан шығарған уақытта, ол екі хабаши құлды көріп (Башир, Бушра), екі қолымен олардың бетін сипап еді, екеуінің де денесі ағарды. Екеуі де иман келтірді. Қуанғанынан Жүсіпке сəжде жасағанда, ол: «Ей, жігіттер, мақұлыққа сəжде жасамаңдар, қайта сендер мен бізді жаратқан Тəңірге сəжде етіңдер», – деді. Бушра: «Біз бен сендерді жаратқан кім?» – деп сұрады. Жүсіп: «Бəрін жаратқан бір Алла. Билігінде серігі жоқ, мүлкінде шек жоқ», – деді. (Ол екеуі): «Иман сөзін үйрет», – деді. Жүсіп иман сөзін үйретіп еді, (олар) мұсылман болды. Жүсіпті құдықтан шығармақтағы хикмет осы еді. САУАЛ: Пайғамбар ұлдарын сату дұрыс емес. Жүсіпті құл секілді сатты, мұндағы хикмет не? ЖАУАП: Күндердің бір күнінде Жүсіп құдыққа қарағанда өз жүзін көріп, таң қалды. Егер осы көркіммен құл болсам, құнымды кім төлей алады екен деген көңіліне ой келді. Өз көркіне қуанғанда, құл деп он сегіз пұлға сатты. Көркіне қуанғанның құнын көрсетті. Сатудағы хикмет осы еді. Жүсіпті құдықтан шығарған уақытта ағаларына хабар тиіп, жетіп келді де, Зағир патшаға қарап: «Бұл біздің қашып кеткен құлымыз. Үш күннен бері бізден қашып жүр. Алғың келсе, саған сатайық», – деді. Зағир патша: «Алайын», – деді. Сол кезде Рубил Жүсіптің қасына келіп, ибри тілінде: «Біз не десек те, сен үндемей тұр. Немесе сені өлтіреміз», – деді. Зағир патша: «Құлсың ба?» – деп Жүсіптен сұрады. Жүсіп: «Құлмын, яғни Алланың құлымын», – деді. (Олар): «Мына құл кішкентайынан бізбен бірге өсті, көңіліміз батпай тұр, егер өзі қаласа, сатайық», – деді де: «Алайда мұның үш айыбы бар, бірінші – ұры, екінші – қашаған, үшінші – жылауық» деп
қосты. Зағыр патша осы үш айыбын қабыл алып: «Менде ақша жоқ, қара мал бар, тауар берейін», – деді. Олар ақылдаса келе, қара мал алсақ əкеміз біліп қояды деді де, ақша аламыз деп шешті. Зағыр патша көніп, керуенін ақтара бастады. Он сегіз Мысыр ақшасы табылды, таразыға тартып еді, он сегіз салмақты басты. Кенанда ол ақшаның екеуін бір ақшаға айырбастайтын еді. Кенан ақшасымен тоғыз пұлға Жүсіпті сатып жіберді. «Уə шəрауһу бисəмəнин бəхсин дəрахимə мə'дудəтин уə кəну фиһи мин əз-зəхидинə» («Ағалары оны арзымас бағаға сатты. Алайда олар бұл ақшаға да мұқтаж емес еді»). Зағыр патша: «Өз еліңмен (атымен) хат жазып, маған беріңдер», – деді. (Олар): «Хат берейік, бірақ үш шартымыз бар: аяғына кісен сал, қатты сықырлайтын ер-тоқымға отырғыз жəне алыс жұртқа апарып сат», – деді. Зағыр патша бұл үш шартты да қабылдады. Яхуда (қалам алып): «Бисмиллəхир рахмəнир рахим. Біз, Жақып ұлдары, əуелі Рубил, екінші Шамғун, үшінші Яхуда, төртінші Лауи, бесінші Жад, алтыншы Дан, жетінші Яғшар, сегізінші Ястахир, тоғы зыншы Забадун (кейбір деректе Риялун деп атайды), оныншы Қазур. Біз онымыз Жақып пайғамбардың ұлдарымыз. Жүсіп есімді құлымызды Зағыраға он жеті ауыр ақшаға саттық. Үш айыбын айттық, Зағыр патша үш айыбын да қабылдады. Бірінші айыбы – ұры, екінші айыбы – қашаған, үшінші айыбы – жылауық. Төмендегіше үш шартты айттық, Зағыр оны да қабылдады: əуелі аяғына кісен салу, екінші қатты сықырлайтын ер-тоқымға отырғызу, үшінші алыс жұртқа алып барып сату. Өз қолымызбен осы хатты пəлен күні, пəлен айда, пəлен жылда жазылды» деген мазмұнда хат жазып берді. Жүсіпті оған тапсырып, үйлеріне қайтты. Қараңғы түскенде Жүсіп: «Кішкентайымнан олармен бірге өстім, барып қоштасып алайын», – деп патшадан өтінді. Зағыр патша əмір беріп, екі аяғына кісен салдырды. Қасына қосшы етіп бір ұлын жіберді. Жүсіптің ауыр кісенді көтеріп жүруге шамасы келмеді. Екі адым жүріп құлайтын, жүзі топыраққа былғанды. Табанына тікен қадалды. Беті-қолы қызыл қанға боялды. Бауырларына келді. Жүсіптің түрін көріп, олар да жылады. Жүсіп əрқайсысымен жеке-жеке құшақтасып, «аман болыңдар» деп, қош тасты. Бəрі Жүсіпке қайғырып, жүзін бұрмастан теріс қарады. Жүсіп: «Ей, ағаларым, маған істеген бұл істі басқаларға қылмаңдар, қар тайғанда əкемнен айырдыңдар. Ей, бауырларым, Яхуда, аман бол, əкеме менен сəлем айт, мен үшін аза тұт. Ей, Яхуда, бəрінен де мейірімді сен едің, əсте мені есіңнен шығарма. Қайда құдық көрсең, мені ойла. Ей, Яхуда, əкеммен бірге отырғанда «Жүсіп қайда екен, кіммен жүр екен, кімнің жүзіне телміре қарап тұр екен» деп айтарсың. Ей, Яхуда, сендерден айрылғалы, міне, бүгін төрт күн болды. Сендерсіз үмітім ғаріптікте, сендерсіз не істейін?! Ей, бауырларым, кейін өкінесіңдер, (сонда) пайда бермейді. Менің кішкентайлығымды ескеріп мейірім етіңдер, қайтарып алыңдар», – деп жалынып еді, онысынан пайда
шықпады. Жүсіп зар еңіреп, қасындағы қосшымен бірге артына қайта-қайта жалтақтап, Зағыр патшаға тағы келді, керуенге қосылды. Керуен қозғалды, бір қатты ер-тоқымға отырғызды. Жолға түсті. Сол жолдың үс тінде Жүсіптің анасының қабірі бар еді. Соған жеткенде түйеден құлай салды. Анасының қабірін құшақтап: «Ей, анам, сенен айырылып едім, енді, міне, əкемнен де айырылдым. Ол аздай, құл ретінде сатылдым, аяғыма кісен салды, тірсектерім жуан кісенді көтере алмай істі. Нəзік етім, тəнім қатты ер-тоқымда езілді. Ей, анам, əттең, сенен бұрын өлгенімде болар еді», – деп жылады. Сол кезде керуеннің соңында қалған біреу жетіп келді. Жүсіп топырақты құшып жатыр еді. Бірнеше рет тепкілеп: «Қожайындарың дұрыс айтқан екен, жылауық деп», – деді. Жүсіптің көңілі құлазып: «Тəңірім, көрген, білген сен», – деп дұға жасады. Алла Тағаланың жарлығымен жел тұрды. Керуен жолдан адасты. Зағыр патша керуендегілерді жиып: «Кімде-кім Тəңірге жазған күнəсі болса, тəубе жасасын. Кімде-кім біреуді қорласа, одан кешірім сұрап, разылығын алсын, Алла Тағала мына пəледен бізді құтқарсын», – деді. Жүсіпті тепкілеген адам келді. Зағыр патшаға: «Мына бала дұға жасап еді, жаһан осылай түнерді», – деді. Зағыр патша мен жаңағы адам келіп, Жүсіптің аяғын құшып, кешірім сұрады. Жүсіптің көңілі орнына түсті, жел тоқтап, күннің көзі көрінді. Керуендегілер қатты қуанды. Содан кейін Жүсіпті құрметтейтін болды. Аяғындағы кісенді шешті, таза киім кигізді. Түйеге отырып, жолға түсті. САУАЛ: Пайғамбарлар халыққа жаман дұға жасамайды, жауыздық қылмайды. Жүсіптің керуеншілерге дұға жасағанында қара түнек басып, жел тұруында қандай хикмет бар? ЖАУАП: Жүсіптің дұғасы жаман дұға емес еді. Бұл адам мені тепкіледі, күнəлі болды, қияметте жазасын алады. Алла құдіретін көрсетсін, ол да тəубеге келсін, күнəсінен айырылсын, тамұқ азабынан құтылсын, деп жақсы дұға жасады, жаман дұға жасамады. Содан кейін Жүсіпті құрметтеп, Мысырға жол тартты. Ушуан атты жердегі теңіз жағасына тоқтады. Зағыр патша адамдарына Жүсіпті суға түсіріп, жуындырып-шайындыруды тапсырды. Жүсіп теңіз жағасына барып: «Тəңірім, бір перде керемет қыл. Менің денемді ешкім көрмесін», – деді. Алла Тағала Айнулхитан атты бір балықты жіберді, (балық) су ішінде құйрығын басына тигізіп оралып жатты. Жүсіп соның ортасына тұрып, жуынды. Ол балық Жаратқанға жалбарынып: «Тəңірім, осы Жүсіптің құрметі үшін басқа балықтардың ішінде жақсы атым қалатындай бір керемет бер», – деді. Алла Тағала ол балықтың дұғасын қабылдап, оған екі əйел берді. Біреуі Жүніс (ғ.с.)ның қырық күн ішінде жатқан балық еді. «Фəлтəқамəһу əл-хуту уə һуə мулим» («Кейін оны үлкен балық жұтып қойды жəне....»). Екіншісі Сүлеймен пайғамбардың жүзігі қырық күн ішінде жатқан балық еді. Жүсіп жуынып болғанда, Жебірейіл жұмақтан нұрдан жаратылған көйлек алып түсті. Жүсіпке кигізді, Зағыр патша да Жүсіпке əтілес
шапан сыйлады. Басына алтын тəж, беліне гауһар тастарымен безелген алтын қайыс берді. Түйеге отырып, Мысырға келді. САУАЛ: Сол керуеннің ішінде олардан басқа жерден келгендер де бар еді, неге Жүсіпті солардың қолына түсірместен, Зағыр патшаға жолықтыруында қандай хикмет бар еді? ЖАУАП: Мысыр шаһарында Зылиха есімді бір əйел бар еді, Алла Тағала ол əйелге Жүсіп арқылы иман сыйлауды нəсіп еткен еді. Жүсіпті Зағыр патшаға сатқызып, оны Зағыр патша арқылы Мысырға əкелдіріп, Жүсіпті сатпаққа себеп болып еді. Сол Зылиха Жүсптің қолында иман келтірді. Оның хикметі осы еді. Жүсіпті Мысырға алып кірген кезде, оның көркінен көктегі күн нұры да əлсіз қалды. «Зағыр патша бір ұл əкеліпті, ол секілді əдемі жан жоқ екен» деген хабар барша Мысыр жұртына тарап кетті. Мысыр ақсүйектері Жүсіпті көргелі келді. Жүсіпті көрген жанның бəрі оған ғашық болды. Жүсіпті сатып алуды армандады. Əр аймақтың бектері келіп, алтын, күміс, қара мал, мал-дүние жиды. Жүсіпті алмақшы болды. Делдал жүріп, бағасын өсірді. Күн санап, бағасы өсті. Ертесіне патша таққа отырды. Жүсіпке əтілес шапан, алтын тəж, қымбат тастармен безелген қайысты кигізіп, таққа отырғызды. Мысыр жұртының қаладан, ауылдан келген бай-бектері, кедей-кепшіктері, ер-əйелдерінің бəрі алып-сату орталығына жиылды. Жаршы тұрып, бар дауысымен: «Мəн йəштəри ғулəмəн лəтифəн нəзифəн зəрифəн 'əжибəн лəйсə фи əд-дуния мислуһу» («Дүниеде теңдесі болмаған нəзік, ибалы, жақсы сөзді ғажайып құлды кім сатып алады?!»), яғни «Ей, Мысыр тұрғындары, өздеріңіз куə болып тұрғандай, көркіне ешбір адам жете алмайтын мынадай ұлды кім сатып алады? Бұдан бұрын туған да, туылған да жоқ. Жүзі сұлу, басы домалақ, шашы қара, оңсолында қырық маталы. Біреуін тартса оңына тиер, жіберсе солында жиылар. Нəсілі күмістей таза, қасы қаламдай иілген, кірпіктері оқтай, жүзі күндей, екі беті қызыл анардай, жанары нұрдай, ақық ерінді, тістері гауһардай, тар ауызды, сөзі шырын, өзі сұлу, қылығы түзу, белі жіңішке, көркі мынадай, сипаты осындай...» деп, жар сала бастады. Сол кезде Жүсіп (ғ.с.) басын төмен салып, көздерінен қанды жас ағып: «Ей, жаршы, сен бұлай деп сипаттап жатсаң, кім алады? Сипаттасаң, тура сөйле», – деді. Жаршы: «Қалай айтайын?» – деді. Жүсіп (ғ.с.): «Мəн йəштəри ғулəмəн кəбибəн зəифəн нəхифəн мискинəн лəйсə фи əд-дуния мислуһу» («Дүниеде теңдесі болмаған қайғылы, əлсіз, арық, бишара құлды кім сатып алады?!») деп айт. Сенің айтып тұрғаның əдет-ғұрпымызда жоқ», – деді. (Жаршы): «Турасын айтып тұрмын», – деді. Жүсіп: «Тура сөйлегің келсе, «Мəн йəштəри ғулəмəн Йусуфə Сиддиқаллаһи ибнə Йə'қубə Исраиллаһи ибни Исхəқа зəбихиллəһи ибни Ибрахимə Хəлилиллəһи» («Алланың досы болған Ибрахимнің шөбересі, Алланың құрбаны болған Ысқақтың немересі, Алланың пендесі болған
Жақыптың ұлы, Алланың шыншыл пендесі Жүсіпті құл етіп кім сатып алады?!») деп айт», – деді. (Жаршы): «Олай десем, барша халықтың жүрегі жарылып кетеді», – деді. (Бір деректе) Мысыр елінің делдалдары жиылып, Жүсіпті қымбаттатып, өз бойын барынша күміс, барынша алтын, барынша жұпар, барынша шекер, барынша жібек, барынша əнбар, барынша камфараға теңегендігі айтылады. Тағы бір деректе осы айтылған мал-дүниенің бəрі Жүсіптің оннан біріне де теңелмегендігі айтылады. Жаршы Жүсіптің ата-тегін айта бастаған уақытта Зағыр патшаның көзі жасқа толып, жүрегі оттай жанып: «Ей, Жүсіп, сол күні құдықтың басында неге айтпадың? Мен сені сатып алмаған болар едім», – деді. Жүсіп: «Бауырларым мені өлтіреді деп қорықтым», – деді. Зағыр патша: «Лə'əллəкə ибну зəликə əш-шəйхи əл-хəзини 'əлə хəзбəтин мин хəзəбəти Кəн'əнə йəбки йəқулу рабби рудə 'əлəйиə уəлəди уə қуратə 'əйни» («Жəне сен Кенан қырларының біріне отырып: «Ей, Жаратушым, жүрегімнің жемісі, көзімнің қарасы (болған) ұлымды маған қайтарып бер», деп зар еңіреп жылап отырған ақсақалдың ұлы болмағын»), яғни Кенан жерінде отырып: «Тəңірім, көзімнің жарығы, көңілімнің нұры, əйелімді менімен қауыштыр деген қайғылы қарт сен боласың ба?» – деді. Жүсіп: «Ол көзі жасқа толған, жүрегі езілген, сағыныш отына жанған, қасірет теңізінде шөккен, оқтай бойы жайдай иілген, айдай ашық көңілі түймедей төгілген Исраиулла ұлы, Зəбихулла немересі, Халилулла шөбересі Жүсіп менмін», – деді. Зағыр патша орнынан тұрып, Жүсіптің аяғын құшақтап, көп кешірім сұрады. (Деректерде) сол кезде Мысырдың патшасы Нұх (ғ.с.) ұлы Сам ұлы Лауад ұлы Амлах ұлы Омар ұлы Маран ұлы Арашт ұлы əл-Уалид ұлы Наузад ұлы Раиян екендігі айтылады. Жүсіптің даңқы осы Раиянға жетті. Дəийəн (яғни Алла) патшаның құдіретін таңдап, Жүсіптің хабарын есітіп, аң-таң қалды. Шексіз билігінде кеңесші, өзіне ақылшы əрі уəзір, Мысырдың құрметтісі Қатғир (кейде Атғир деп те айтады) есімді қасындағы уəзірін Жүсіпті сатып алғалы жіберді. Топтоп адаммен қол алысып, аттар жарысып, керуен түскен жерге келді. Мысыр құрметтісі тақтың үстіндегі айды көріп, «па шіркін!» деп аттан түсті. Жүсіптің жүзіндегі меңді көріп, меңді жүзіне қарай жаяу түсіп жүрмесе, қандай ақыл иесі болсын! ПАЙДА: Күн есімді патша түннің жарымында биік көктен қара жерге сұлу жүзді көргелі түскенін көрмейсің бе! Жүсіпке сəжде қыла келді. «Уə əш-шəмсə уə əл-қамара раитуһум ли сəжидинə» («Күн мен айдың маған сəжде жасап тұрғанын көрдім»). Егер Раиян патша жіберген Əзиз (яғни Қатғир), Дəийəн Мəлік (яғни Алла) жаратқан ол бейнені көріп аттан түсіп жаяу жүрсе, міне, ғажап! Əзиз ақылы шатасып, сұмпайы болып, оған иіліп құбылаға, қарсы алдындағы
сізді құбыла етейін деп сəжде жасамаққа ыңғайланды. Жүсіп: «Мəх мəх фəинни лəсту лизəликə əһлəн» («Ой-хой, мен бұған лайықты емеспін»), жасама, мен Жаратушы емеспін, маған сəжде қылу дұрыс емес», – деді. «Асарда» келеді: «Лəу əзхəраллаһу əр-рухə сəжəдə лəһə мəн раəһə» («Егер Алла Тағала адам рухын ашық көрсеткенде, оны көрген адам сəжде жасайтын еді»). Алла Тағала менен басқаға сəжде қылмасын, оны көрмесін деген хикметпен жанды көзге көрінбейтін етіп жаратты. Құлдарым фитнаға жол бермесін деп, хақиқат жүзіңе сурет пердесін (маска) кигізді. Иса (ғ.с.) халінен адамзат хижабтарында бізді кетіргенін көрмейсің бе?! Ол əкелік хижабы еді, қияметке дейін халық фитнада қалды. Мəриямның жұбы Алла деді. Иса (ғ.с.) Тəңірдің ұлы деді. «Уə қалəт əн-нəсара əл-мəсиху ибнуллаһи» («Христиандар Исаны Алланың ұлы деді»). Алайда Жүсіптің жүзіне перде бермеді, көркін хижаб ішіне жасырмады. Сол үшін де бір түнде ай мен күн жүзін көріп, көктен еніп, сəжде қылды. «Əш-шəмсə уə əл-қамара раəитуһум ли сəжидинə» («Күн мен айдың маған сəжде жасап тұрғанын көрдім»). Əзіз Раиян да ай жүзді ұлды көріп, аяғына түскелі ыңғайланды. Бəйіт: Бұл көңілім мұратқа жетпек қалар, Барша халық ішінде өкінбек қалар, Күн, ай сəжде қылар, пəк жүзге мен, Бүгін аттан түсіп жүгіруді қалар. Əмір жетекшісі болған Мысыр құрметтісі (яғни Қатғир) Жүсіпті сатып алмақшы болды. Зағыр патша: «Басқа қалаларды көрейік, базарды аралайық, құлды сатуға кіргізейік. Ертең сендер не десеңдер, солай болсын», – деп Мысыр құрметтісін қайтарды. Ертесіне Зағыр патша Жүсіпке патшалар киімін кигізіп, басына тəж беріп, безелген белдігін тағып, иілген қасын иіп, кірпік оғын қайрап, сұлулық қылышын асынып, сүйкімділік найзасын көтеріп, жандарды буғалы, елдерді талағалы, көңілдерді алғалы, тұтқын еткелі, жаңа киім киіп, жаңа аттар мініп Мысырға кірді. «Иннə əл-мулукə изə дəхəлу қарийəтəн əфсəдуһə» («Расында, патшалар бір қалаға кірсе, оны ойрандайды»). Осылайша Жүсіпті патшаға кіргізді. Патша Жүсіпті тағына отырғызды. Жаршы: «Мəн йəштəри һəзə əл-ғулəмə əл-лəбибə» («Мына ақылды құлды кім алады?!»), – деді. Жүсіп: «Мəн йəштəри һəзə əл-ғулəмə əл-ғарибə» («Мына ғаріп құлды кім алады?!») деп айт», – деді. Жаршы: «Мəн йəштəри һəзə əл-ғулəмə əл-фəридə» («Мына асыл құлды кім алады?!»), – деді. Жүсіп: «Мəн йəштəри һəзə əл-ғулəмə əт-тəридə» («Мына қуылған құлды кім алады?!»), – деді. Жаршы: «Мəн йəштəри һəзə əл-ғулəмə əл-лəтифə» («Мына нəзік құлды кім алады?!»), – деді.
Жүсіп: «Мəн йəштəри һəзə əл-ғулəмə əз-зə'ифə» («Мына əлсіз құлды кім алады?!»), – деді. Жаршы асырайын деп тырысса, Жүсіптің көз жасы інжудей төгілуде еді. Сол сəтте Жебірейіл жетіп келіп: «Ей, Жүсіп, қайғырма. Менің кеңшілігімнің құрметі үшін, сені менің құлым болса екен деп қызықтағандарды саған құл қылмайынша сені бұл елден шығармаймын» деген жарлық алып келді. «Уə кəзəликə мəкəннə ли Йусуфə фи əл-əрзи» («Сол мемлекетте Жүсіпке сондай мəртебе бердік»). Риуаятта кездеседі: Уахаб ибн Мунаббах (Алла одан разы болсын): «Жүсіптің бағасы төрт жүз ратл алтын, төрт жүз ратл күміс, төрт жүз ратл інжу, гауһарға тең болды» деген болатын. Зылиха күйеуі Мысыр құрметтісіне: «Сен оны сатып ал, бізге құл болсын», – деп тапсырды. Алайда өзі құл болатынын білмеді. Тағы бір риуаятта былайша баяндалады: Зылиханың түйемен келе жатып, Жүсіпті көріп, көңілі ауды. Мысыр құрметтісіне: «Мына ұлды сатып ал», – деді. Əзиз: «Оның құнын көтеретін бізде мал жоқ», – деді. Зылиха: «Бар малымызды, көмбемізді берейік. Жетпесе, мойнымдағы, құлағымдағыларды шешіп берейін», – деді. Құлдық бауы байланған мойынға алқа не керек. Ғашықтық ойынына иланған құлаққа алтын сырға қалай жарассын?! Əзиз: «Ей, Зылиха, мен патшаның атынан өкіл болып, Жүсіпті патша үшін сатып алғалы келдім. Сен үшін не дейін?» – деді. Зылиха: «Мен барып, патшаны көрейін, рұқсат берсе, сатып алайын», – деді. Жарлық. Зылиха көбелектей өзін отқа атты, құл алушы болып, өзін құлдыққа сатты. Жолы Жүсіпке түсті, көзі көріктіге түсті. Тор құрды, торға өзі ілінді. Көзімен көрейін деді, көңілін алдырды. Ұзаққа жүгіретін болып, тұзаққа түсті, жол жүрерде толған ай көрді, тұтқын болды. Естен ауып аттан түсті, шешектей жүзі солды, жасырын жерге сұлады, қыз-қырқындармен қарсы отырып, əндетіп айта бастады: Өлең: Йə субх əл-уəжһи йə зу' əн-нəһəр муштəхəр, Əнтə рухи уəжһук əл-мəймуну шəмс уə əл-қамар. Көркіңіз шын толған айдай қинайды қырғи қабақ, Жүзіңіз күннен жарық, көркіңіз күн немесе қамар (ай). Тəлəт əл-əхзан уə дəхрəн фə əл-хəбибу қəд жəфа, 'Əбдуһу лəм йəт бил-куфран йəумəн бəл шəкəр. Қауызын ашса інжулерден төгілер түрлі нəзік, Ол еріннің тəттісіндей қайда жетсін бал-шекер. Рухук əр-райхəн нəшран қад йə'ужу бир-рəжа, Лəфзук əл-мəмзужу шəхдəн сара əл-əһл уə əл-əмр. Көркіңізді аңсаймын ерте не бір күн болар, Бейнетім сонша көп бар, бейнеттенген ақыр емес.
Кунту фид-дə'уə мухиққан лə бəл əнт əл-хəким, Йə хəбиби һəкəзə 'əбд əл-хəзини қад əқтəр. Көркіңе мұңды болып, көркіңе мен ынтықпын, Өртенер жүрегім жағылды көз жасым селдей ағар. Зəкə зəбиун мустəтилун фəл-əсуəду синуһу, Қад ағара əл-қалбу минни суммə 'əйнəһу əсəрр. Құс тарапты терерде əрбір ер бұрымнан, Хош иіс барар кіндік жұпар таң самалы болып есер. Лəйлунə сарат нəһəран уəжһəһи əн йəнкəшиф, Уəн-нəһəру мустəниру сара лəйлəн əн бəсəр. Ержүректі бек мен едім, апарып тұтқын етті, Көп əскерді басты хандар, ғашықтық əскерін кім басар. Куллəмə талəбту минһи би-интихəлин қублəтəн, Лəм йухиб иллə сəбəб сақа қалби уəн-кəсəр. Рабғузи Насыр көрсе жүз бұрмас ғашықтықтан, Бек қанша ынтық болса құл қашан көңілін кесер. Басқа шара қалмаған соң, Жүсіпті алу үшін Əзизді жігерлендірді. Болмаған соң патшаға барды, өтінді, сұрағанына жетті. Мал берді, құнын төледі, Жүсіпті алды. (Бір деректе) Зағыр патша Жүсіптің аталарының атын естіген уақытта, оның Рабиғ Хəлил ұрпағы екенін білгендігі айтылады. Ол Мубиғ Исрайыл тармағынан екен. Ол жиырма мың тамшысы екен, күннің бөлшегі екен, жаннат гүлі екен, жұмыртқа шөжесі екен. Сатқанына пұшайман болып, сауданы бұзуды ойлады. Саудадан бас тартпақшы болып еді, онысынан түк те шықпады. Жүсіпті алып Кенанға бармақшы болып еді, бермеді, алғанын қайтарар болып еді, көнбеді. Қалай талаптанса да əзелде жазылған келісімді Зағыр патша өзгерте алмады. Тағдырда жазылғанды Зағыр ұлы бұза алмады. Зылиханың көңіліндегі «Қад шəғəфəһə хуббəн» («Оның махаббатына басы айналыпты») сезімді де Зағыр патшаның шапағатын өзгерте алмады. «Уə кəзəликə мəкəннə ли Йусуфə фи əл-əрзи» («Сол мемлекетте Біз Жүсіпке сондай мəртебе бердік») дауына Əбу Зулама ара түспеді. Əбу Зулама Зылиханың көңіліндегі ғашықтықты қалай алсын, Жүсіпті патшалығынан қалай айырсын. Ол сауда бұзылмай, келісім өзгертілмеген соң жүгіріп Жүсіпке келіп: «Ей, пайғамбарлық үйінің əулеті, пайғамбарлық бағының лаласы, ей, бақыттың шарабы, ей, қуаныш таңбасы, ей, пəктердің ұрпағы, ей, адамзаттың ұлығы! Сол күні рас сөйлесең, сені сатып алмайтын едім. Алғаныммен Кенанға ертіп апаратын едім. Не істейін, мүмкіндігім қалмады, қайта алуға қолым бармас. Жарағым жоқ, қайтарып алуға дəрменім жоқ. Қандай айла-шарғы жасасам да, пайдасы жоқ, кімнен кеңес сұрайын», – деді.
Жүсіп: «Басқа шара қалмаса, бағамды (мені сатқан қаржыны) алма, азат адамның құнын жеуші болма», – деді. Зағыр патша Жүсіптің сөзін қабылдап, алған құнын қайтарып берді. ЛƏТИФƏ: Ақылдыларға айдай, күндей жарық болады.... Кəпірлер дүние Жүсібін қымбат деместен, мал-дүние беріп сатып алды. Əрі мал алды, əрі жамал. Мен мұсылманмын деушілер, сендер де ақырет Жүсібін құлшылық деп аталатын құнын төлеп сатып аларда осалдық танытпаңдар, қымбат демеңдер, немесе екеуінен де бос қаласыңдар. «Инналлаһə тə'əлə йу'ти əд-дунийə 'əлə əл-ахирати... əн йу'тийə əл-ахиратə 'əлə əннəһу əд-дунийə» («Əрине, Алла Тағала біреуге ақыреттің есебінен дүние береді»). Зағыр патша Жүсіпке келіп: «Сенің сөзіңді есіттім. Алған малдүниемді Мысыр құрметтісіне (Əзизге) тапсырдым. Енді сенен бір тілегім бар, орындалуынан үміт етер сатушымын. Малым көп, алайда амалым жоқ. Қураған ағашпын, жемісім жоқ. Сенен дұға, Хақтан үмітім бар», – деді. «Əл-уəлəду фи əд-дунийə сурурун уə фи əл-ахирати нурун» («Ба ла – бұ дүниеде қуаныш, ақыретте нұр»), яғни «Ұл-қыз – қабірде нұр, (дүниеде) көзге қуаныш» деген сөз бар. Расул: «Əулəдунə əкбəрунə тəмши 'əлə əл-əрзи» («Перзенттеріміз – бұ жерде жүрген бауыр етіміз»)», – деп айтты. Жүсіп оны есітіп қолын көтеріп, көзімен көкке қарады «Мутə'ун мəкин» («Бағынышты тұрғын»). Сенімді Жебірейіл жетіп келіп: «Уд'уллаһа тə'əлə лиш-шəхир фə иннəһу қарибун мужибун» («Алла Тағалаға жалынып дұға жаса, себебі ол жақын, қабыл етуші») «Ей, Жүсіп, дұға жаса, ұл-құлымыздың (қызымыздың) тілегін сұра, есік ашық, қабыл болары анық» деген жарлық алып келді. Жүсіп: «Кəйфə əд'уллаһа» («Қалай дұға жасаймын?»). Жебірейіл, ишаратын, сол сөзді үйретіп бер», – деді. Жебірейіл: «Йə мəн йу'иззу уə йузиллу уə мəн йəзə'у уə йəрфə'у уə йə мəн йу'ти уə йəмнə'у уə йə мəн һуə 'əлə кулли шəйин қадирун урзуқ əшшəйхə əулəдəн зукуран» («Ей, біреуді құрметтеуші жəне біреуді қор етуші! Ей, біреудің мəртебесін түсіріп, біреудің мəртебесін өсіруші! Ей, біреуге нəсіп етуші жəне біреуді мақрұм етуші! Ей, əрбір нəрсеге құдіреті жетуші, мына ақсақалға ұл перзент сыйла!») деп айт», – деді. Ей, ұл-қызы болмағандар, болғанымен мұратына жетпегендер! Іштеріңізді тазартыңдар, имандарыңызды нұрландырыңдар. Осы сөз ді тілмен айтыңдар. Жүсіптің (осы) дұғасы берекесінің арқасында барша тілектеріңе Алла Тағала үн қатады. «Иншаллаһу тə'əлə» («Алла қаласа»). Дұғаның мағынасы мынау: «Ей, дəулет тəжін басына киген, ей, пақырлық шапанын иығына ілген, төмен түскендерді жоғары көтерген, жығылғандарды сүйеген, берген Сен, алған Сен. Мына қартқа ұл нəсіп қыл». Сыддықтың дұғасы қабыл болды.
Абдулла ибн Аббас (Алла одан разы болсын) риуаят етеді: Жүсіптің Зағыр патша туралы жасаған дұғасы қабыл болды. Зағыр патшаның он екі пəк қызметшісі бар еді. Сол түні бəріне тиді (жақындады). Сол түні бəрімен қауышып, əрқайсысы егіз ұлға жүкті болды. Тоғыз айдан кейін жиырма төрт ұл дүниеге келді. (САУАЛ): Жүсіпке мұншалықты жақындық пен пейнет қайдан? Осындай дұға мен мұндай ғажап іс оны неден көтерді? ЖАУАП: Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (ғ.с.): «Иннə əшəддə əл-бəлəи 'əлə əл-əнбийəи суммə 'əлə əл-əулийəи суммə 'əлə əл-əмсəл фə əл-əмсəл» («Расында, ауыртпашылықтың ең үлкені пайғамбарларға түседі. Олардан кейін əулиелерге, содан кейін басқаларға жəне одан кейін осы тəртіппен жүріп отырады»). Алла Тағаланың құзыретінде əулиелер ине секілді болады. Көп киім тігіп, баршаны киіндірер, алайда өзі жалаңаш қалар немесе шырақ секілді өзі жанып, өзгелерге жарық түсірер. Бəйіт: Барша инелер киім тігер кигізер, Жəне өзін көрсең, жалаңаш қалар. Шырақ та барынша күйіп-өртенер, Өзгелерге көрсең жарық нəсіп етер. «Сирту кəəнни... тузи'у линнəси уə һийə тəхтəриқу» («Мен адамдарға жарық сыйлап, өзі күйетінге (шамға) ұқсап қалған даймын»). Басқа қиссаларда (былайша) баяндалады: Жүсіпті саудаға салып, сатпақшы болған уақытта, інген (түйе) мінген бір арабты көрді. Түйенің мұрындығын тартысымен, желдей есіп келді. Мына ай жүзді көріп тоқтап: «Қадыр (Алла Тағала) тағдырында, Алла Тағала қазасында қандай хикмет барын білмеймін», – деді. Барша халық аңтаң қалды. (Бір деректе) сол түйенің үш күндік жерден Жүсіп ізін білгені айтылады. Көрмекке ынтық болды. Үш күн шөптемеді, су ішпеді, мақсатқа жетісімен иілді. ИШАРА: Жүсіпті көрісімен Мұңды тілсіз түйенің халі осылай болса, (байқұс) Зылиха қалайша сабыр сақтасын. Бəйіт: Көз көргені жамал ол, Сүймек оны халал ол. Сондай жамал көріп ап, Кім сүймесе обал ол. (Деректе) Зылиханың Мысыр Əзизінің əйелі екендігі айтылады. Əзіз қибтилық еді, Раиян патшаның етікшісі болатын. Мұсылман еді, оның иманы туралы Раиян білетін. «Сенің қызметіңді қылайын, мені иманымнан айырма», – дейтін (ол). Алла Тағала көрікті Жүсіптен алып, Зылихаға берген еді. (Деректерде) сол кезде Жүсіптің он үш жаста екендігі айтылады. (Тағы бір деректе) он сегіз жаста екендігі айтылады. Əзиз Жүсіпті сатып алып, үйіне алып келді де, Зылихаға: «Мынаған жақсылап қара. Басқалардан артығырақ қарап, тəтті тамақ,
жұмсақ киім бер. «Əкрими мəсуəһу» («Оны шексіз құрметте»). Бізге пайдасы тиюі мүмкін. Сатсақ, бізге одан да көп пайда əкеледі, сатпасақ, үйде қызметімізді қылар. «'Əсə əн йəнфə'əнə» («Мүмкін, бізге пайдасы тиер») немесе өзіміз азат етіп, ұл етерміз. «Əу нəттəхизəһу уəлəдəн» («Немесе оны перзент қылып алармыз»), – деді. Қалу ибну Мəс'удин (радиаллаһу 'əнһу) əсдəку əн-нəси фəрасəтəн сəлəсун: Əл-'əзизу хəйсə қалə 'əсə əн йəнфə'əнə əу нəттəхизəһу уəлəдəн, уə ибнəту Шу'əиб хəйсу қалəт йə əбəти истəжриһу иннə хəйра мəн истəжəртə əл-қауийу əл-əмину, уə Əбу Бəкрин хəйсу истəхлəфə 'Умəра радиаллаһу 'əнһу» («Ибн Масғуд (Алла одан разы болсын) былай депті: «Ең шыншыл парасатты адам үш түрлі болады: Біріншісі – Мысыр Əзизі, оның «Бізге (оның) пайдасы тисе, оны ұл етіп алуымыз мүмкін» деген сөзі. Екіншісі – Шұғайып пайғамбардың қызы. Оның: «Ей, əке, бұған (Мұса пайғамбарға) қызмет ақысын бер. Расында, ең жақсы үлес берген адамның осындай күшті аманатты адам» деген сөзі. Үшіншісі – Əбу Бəкір Сыддық. Оның өз орнына Хазірет Омарды (Алла одан разы болсын) қойып кеткені»). Содан кейін Жүсіпті Зылихаға тапсырды. Жүсіпті Зылиха қатты жақсы көретін еді. Басын жуып, шашын тарайтын. Күн өткен сайын махаббаты артып, тəтті тамақ берді, таза киімдер кигізді. Жүсіп көзін ашып Зылихаға қарамады. Ол су, тамаққа назар салмады. Басын төмен салбыратып, əкесін сағынып жылайтын еді. Баяғы араб тағы келіп: «Ей, жігіт, неге жылап жатырсың?» – деді. (Жүсіп): «Қалайша жыламайын, ата-анадан айырылдым, құл болып сатылдым. Ей, араб, сен қайдан келдің?» – деді. Араб: «Кенаннан келдім», – деді. Жүсіп: «Жақыпты білесің бе?» – деді. Араб: «Қалайша білмейін, (біздің) пайғамбарымыз Жақып», – деді. Жүсіп: «Жақыптың үйінде не жаңалық?» – деді. (Араб): «Жақыптың Жүсіп есімді ұлы бар еді. Бауырлары аңға алып барды. Жайлауда бөрі жеп қойды деп, бауырлары айтып келді. Жақып жылай-жылай көздері соқыр болды. Жол жағасына «Бəйт ул-əхзəн» («Қайғы үйі») деген үй тұрғызып, сонда құлшылық етіп жатыр», – деді. Жүсіп оны есітіп есінен танды, қайта есін жиып: «Ей, араб, Жақыптың Жүсіп деген ұлы мен боламын. Бауырларым құл ретінде сатып жіберді. Енді Кенанға барсаң, Жақыпқа менен сəлем айт жəне «Ей, əкем, мен үшін жылай-жылай көздерің көрмес болыпты, мен де жүдеп, тамақ сіңбейтін болды. Жарық дүние мен үшін қараңғы болды», – деді. Содан кейін Жүсіп дұға жасады. Арабтың түйесі тұрып, жолға түсті. Жүсіп жылап үйге кірді. Араб Кенанға жеткен уақытта Жақып пайғамбардың (үйінің) есігіне келіп, шақырды. Жүсіптің Зəйна есімді қарындасы бар еді. Сол шығып:«Не болды, кімсіз?» – деді. Араб: «Жақып пайғамбарда сөзім бар, басқа ешкімге айтпай мын», – деді. Зəйна: «Жақып сізге бүгін шыға алмайды. Бүгін Жүсіптің қанды
көйлегін қолына алды. Адам ридасын (көйлегін) киді, Шис тəжін басын қойды, Нұх асасын қолына алды, Ибрахим көйлегін үстіне киді, Исмайыл қаруын асынды, мұңын Мұңсыз патшаға шағып: «Тəңірім, Жүсіптің өлі-тірісі туралы маған хабар бер деп жатыр», – деді». Араб: «Дұғасы қабыл болды, мен сол Жүсіптен келіп тұрмын», – деді. Зəйна кіріп Жақыпқа хабар берді. Жақып пайғамбар арабты шақырды. Араб Жүсіптің сəлемін жеткізді. Жүсіп атын естіген уақытта есінен танып қалды. Есін жиып: «Ей, араб, түсімдесің бе?» – деді. Араб: «Түс емес, Жүсіптен келдім», – деді. Жақып тұрды, арабты құшақтап, екі көзінің арасынан сүйді де: «Ей, араб, Жүсібімді осы көздеріңмен көрдің бе?» – деді. Араб: «Көрдім», – деді. Жақып: «Ей, араб, сен зор сүйінші хабар алып келдің, қандай тілегің бар, айт, Жаратушыдан сұрап берейін. Сен де қуанышқа бөлен», – деді. Араб: «Ей, Расулулла, маған мал-дүние керек емес, жеп-ішерлік дүнием, отыз қызым бар, ұлым жоқ. Дұға жасаңыз, Алла Тағала маған ұл берсін», – деді. Жақып дұға жасады, Жаратушы қабылдады. Арабқа жомарттық жасап, алпыс ұл сыйлады. Жүсіп балиғат жасына жеткен уақытта Алла Тағала оған түс жоритын керемет берді. «Уə лəммə бəлəғə əшуддəһу 'əтəйнəһу хукмəн уə 'илмəн уə кəзəликə нəжзи əл-мухсининə» («Ол кəмелетке жеткенде Біз оған үкіметті жəне ілімді бердік. Біз жақсы амал қылушыларды осылайша марапаттаймыз»). (Деректерде) ердің жасы он сегіз, (кейде) жиырма, (бірде) жиырма бес, (тағы бірде) отыз, отыз үш, қырық, (тіпті) алпыс екендігі айтылады. Зылиха Жүсіптің шашын тарағалы келген уақытта Жүсіпке ұқсайтын еді. Зылиханың шыдамы таусылып, бір күні Жүсіпті бақшаға шақырып: «Ей, Жүсіп, менің көңілімде ешкімге айтпаған бір сөз бар, сен білесің бе?» – деді. Жүсіп: «Ей, Зылиха, сенің көңіліңде не барын қайдан білейін», – деді. Зылиха: «Ей, Жүсіп, менің көңілімде саған деген махаббат бар, сені қатты сүйемін», – деді. Жүсіп: «Мені сүйгенше, өз күйеуіңді сүй», – деді. Зылиха: «Мен бұдан артық сабыр қыла алмаймын, не істейін?» – деді. Жүсіп: «Оның шарасы сабыр, сабыр қыл да, менің жүзіме қарама», – деді. Зылиха: «Менің тіршілігім саған сабыр ету. (Жəне) жанымның жұ банышы сенің тəтті бейнең, (тағы) көзімнің жарығы сенің дидарың», – деді. Жүсіп Зылихадан осы сөзді естіген уақытта оның (Зылиханың) қасынан кетіп қалды. Ол күні келмеді. Таң атысымен Зылиха Жүсіп келіп: «Ей, Жүсіп, бостан сондай жайнапты, неше гүлдер ашылыпты, жеміс-жидек жейтін уақыт болды. Бостанға барып, жеміс-жидек же, гүлдер тер, бір сағат тамаша қыл», – деді.
Өлең: Таң бозарып, ағаш жеміс салар, Бұлт жылап, гүлдер күлер. Осындай гүлдегенде көңілім бүгін, Сенімен бірге қауышпақ қалар. Жүсіп: «Ей, Зылиха, менің бостаным Кенанда қалды, басқа бостан маған керек емес», – деді. Зылиха: «Жəне бір бостанда гүлдер сусыз қалып, солды, соған су бер», – деді. Жүсіп: «Солған гүлге су беру бостан иесіне артық жарасады», – деді. Зылиха: «Ей, Жүсіп, сені сүйгеннен көзім жастан қайғыға батты. Сені көрмегенімде ғой», – деді. (Тағы) Зылиха: «Сен менің құлымсың. Маған неге мойынсұнбайсың?» – деді. Жүсіп: «Мен Тəңірдің құлымын», – деді. Зылиха: «Ей, Жүсіп, жақын кел, кімнен қорқасың», – деді. Жүсіп: «Екі аманатты сақтап тұрмын: бірі – Жаратқан Алла хақын, екіншісі – мені сатып алған Əзизден қорқамын», – деді. Зылиха: «Көк Тəңірден қорқатын болсаң, қазынамдағы малым, алтыным, күмісім, жақұтым, гауһарымды мұқтаждарға берейін, (Алла) сені кешірер. Егер күйеуімнен қорқатын болсаң, онда у беріп өлтіріп, жəне тəубе етейін», – деді. Жүсіп: «Күнə жасама, тəубаға ортақ болма», – деді. Зылиханың ашуы келіп, тұрды. Ақылшы енесіне барып, өз халін айтып берді. Енесі оған көп насихат айтты. Зылиха қабылдамады, төзімі таусылды. Қайғы жеп өлер хəлге жеткенінде қария енесі жылап (оған): «Ей, Зылиха, маған көп мал бер. Сол малды жаратайын, тілегің орындалсын», – деді. Зылиха енесіне мың алтын, мың мысқал жұпар, мың ақ камфара жəне қымбат бағалы екі шапан берді. Кемпір ол малдарды жұмсап, шишадан (кейбіреулер мəрмардан дейді) үй салдырды. Ол үйді айнадай жарқыратып, түрлі əшекейлермен безеді. Зылиханың суретін əзірледі. Жүсіптің суретімен бірге екеуін жанастыра жасыл, көк, қызыл, сары гүлдермен төрт жағына (қойды) жəне ыдыстарға камфара мен иіссу толтырып, безеп қойды. (Біреулер) бөгде қарияны үйге кіргізу керек емес. Егер бір үйге кіретін болса, бұзбай шықпайды дейді. Ғазал: Ердің пəлесі екі əлем пəлесі кемпірге, Кемпір қартайып өлер болса, бергін етін бөріге. Жат кемпірді үйіңде көрсең, басын кескін, Күйдір басын отқа, суыр қолын бөріге. Кемпір қанша қартайсын, құлшылық қылып тазарсын, Үй бұзуға талпынса, қарамас оңына, артқа. Кемпір бұзар мың істі, қайта түзер қаласа, Оның тиер пəлесі барша моғол, сартқа.
Үй салынып біткен уақытта Зылиха жұп-жұқа киім (іш киім) киіп отырды. Денесі көрініп тұратын. Жүсіпті шақыртып, үйге кіргізді. Ол үйдің жеті есігі бар еді. Əр есікті темір шынжырмен бекітті. Жүсіп əр есіктен кірген сайын, сол есікті бекітетін еді. Жүсіп Зылиха отырған үйге келген уақытта, боялған, əдемі киім киген, Жүсіпке ынтығып отырған Зылиханы көрді. Жүсіп оны көрісімен əрбір есіктің санындай іш киімдерінің бауын түймелей бастады. Зылиха оны көріп, іш киімдерінің бауын ағытып жатыр деп ойлап: «Йə, Йусуфу мə əхсəнə уəжһəкə» («Ей, Жүсіп, түрің қандай əдемі»). Мағынасы: қандай ғажап жүзің бар! Жүсіп: «Һəкəзə сəууəрани рабби» («Жаратушым мені осылай жаратты»), яғни Жаратушым осылай жаратқан», – деді. Зылиха: «Мə əхсəнə шə'ракə» («Шаштарың қандай əдемі!»), яғни шашың қандай əдемі!», – деді. Жүсіп: «Һуə əууəлу мə йəнтəширу фи қабри» («Қабірімде ең əуелі төгілетін менің осы шаштарым»), яғни қабір ішінде бірінші кететін осы болар», – деді. Зылиха: «Мə əхсəнə бəсаракə» («Көздерің қандай əдемі!»), яғни көздерің қандай тамаша!» – деді. Жүсіп: «Һуə əууəлу мə тəкулу əд-дидəн» («Құрт-құмырсқа бірінші соны жейді»), яғни көрімде алғаш құрт-құмырсқа жейтіні», – деді. Зылиха: «Йə Йусуфу унзур илəййə» («Ей, Жүсіп, маған қара»), яғни маған бір қарашы», – деді. Жүсіп: «Əхəфу əз-зулумəти фи əхири 'умри» («Өмірімнің соңындағы қараңғылықтан (яғни соқыр болып қалудан) қорқамын»), яғни өмірімнің соңындағы жазадан қорқамын», – деді. Зылиха: «Зə' йəдəкə фи садри» («Қолыңды көкірегіме қой»), яғни қолыңда көкірегіме қой», – деді. Жүсіп: «Əхəфу əл-ғуллə фи əл-лəзə» («Тозақтағы шынжырлардан қорқамын»), яғни тамұқтың бұғауларынан қорқамын», – деді. Зылиха: «Йə Йусуфу əмə тəштəһи бимисли» («Ей, Жүсіп, нəпсің мендей сұлуды қаламайды ма?»), яғни мендей көріктіге көңілің жоқ па?» – деді. Жүсіп: «Бəлə уə лəкин əхəфу рабби» («Қалайды, алайда Раббымнан қорқамын»), яғни көңілім бар, алайда Жаратушымнан қорқамын», – деді. (Зылиха) жəне: «Ей, Жүсіп, «Инни ухиббукə» («Мен сені сүйемін»), яғни мен сені сүйемін», – деді. Жүсіп: «Инни ухибуллаһа» («Мен Алланы сүйемін»), яғни мен Тəңірді сүйемін», – деді. (Зылиха) жəне: «Ей, Жүсіп, «Удхул фи əл-қайтуни» («Қонақ бөлмеге кір»), яғни менімен бірге қуанышқа бөлен», – деді. Жүсіп: «Əхəфу əн йəзхəбə фи əл-жəннəти нəсиби» («Жəннаттағы несібемнен құр қаламын ба деп қорқамын»), яғни жұмақтағы орнымнан айрылып қаламын ба деп қорқамын», – деді.
(Зылиха) жəне: «Əнтə 'əбди иштəрайтукə бимəли суммə тəтауəлтə 'əлəйиə» («Сен менің құлымсың, мен сені пұлыма сатып алдым, сен болсаң маған мойынсұнбайсың»), яғни сен менің құлымсың. Мал беріп сатып алдым, енді маған мойынсұнбайсың ба?» – деді. Жүсіп: «Кəнə əл-лəзинə ихуəни хинə бə'уни» («Мені сатқан адамдар менің бауырларым болатын»), яғни күнə мені сатқан бауырларыма (болсын)», – деді. Жəне Зылиха: «Суммə тəтбə'əду минни» («Кейін менен алыстайсың»), яғни неге менен қашасың?», – деді. Жүсіп: «Лихəққи иснəйни лихəққи əллəзи һуə илəһун фи əс-сəмəуəти уə əл-əрзи уə лихəққи əллəзи қалə əкрими мəсуəһу» («Екі нəрсенің құрметі үшін: Біріншісі, жер мен көктің жалғыз Жаратушысы, сол үшін, екіншісі, «Оны шексіз құрметтеңдер» деген адамның құрметі үшін»), яғни екі хақ үшін, бірі – жер мен көктердің Тəңірінен қорқамын, екіншісі – мені сатып алып, мынаған жақсылап қара дегеннен (адамнан)», – деді. Зылиха: «Мал-дүнием көп. Садақа берейін, жер мен көктің Тəңірі кешірер. Күйеуімнен қорықсаң, у беріп өлтірейін», – деді. Зылиха қанша үгіттесе де, ойлағаны іске аспады, ашуланды. «Уə рауəдəтһу əллəти һуə фи бəйтиһə əн нəфсиһи уə ғəллəқат əл-əбуəбə уə қалəт хəйтəлəк» («Жүсіп үйінде тұрған əйел оны (Жүсіпті) өзіне қа рату үшін көп тырысты. (Бір күні) есікті бекітіп, маған кел, – деді»). Мұнда алты оқу бар: хəйтə лəкə, хəйти лəкə, хəйту лəкə, хəйту лəки, хəйтə лəки, хəйту лəки. Бұл сөздердің үш түрлі мағынасы бар: біреуі – «һə əнə лəки», (яғни) «анық мен сендікпін», екіншісі – «һəлуммə илəйиə мə һуə лəкə», яғни «маған кел, не болса – бəрі сенікі», үшіншісі – «Тəхəйиəту лəкə», яғни «енді анық болдым, мен бəрін саған жидым». «Хəйту лəкə» деп оқысаң, «Ей, кемтар, мен сендікпін», «Хəйти лəкə» (десең), «Ей, кемтар, қашанға дейін кемтарлық қыласың, кемтар болмаймын, шегінер жерім қалмады, тілегімді түгел орында» (деген мағына шығады). Жүсіп: «Тəңір Аллаға сыйынамын. Мысыр Əзизі мені сатып алды, ма ған жақсылық жасады, оған жауыздық істей алмаймын. Егер істесем, өзіме қастандық жасаған боламын. Қастандық жасаушылар Алла Тағала азабынан құтылмайды», – деді. «Қалə мə'əзаллаһи иннəһу рабби əхсəнə мəсуəйə иннəһу лə йуфлиху əз-залиминə» («(Жүсіп): «Алладан пана сұраймын. Əлбетте, Ол менің раббым, Ол менің дəрежемді үстем қылды, (алайда) залымдар мен дұрыс іс қылмағандар əсте құтылмайды»). САУАЛ: Жүсіп хақында Зылиханың жақсылығы көп еді «Əхсəнти мəсуəйə» демеді, Əзизді мақтап «Əхсəнə мəсуəйə» деді, мұның хикметі не? ЖАУАП: Зылиханың жақсылығы нəпсімен былғанды, сол үшін де айтпады. Алайда Мысыр Əзизінің жақсылығы нəпсіге қатысы жоқ еді, сол үшін атап өтті.
Зылиха Жүсіпке жармасқанда, Жүсіп кері бұрылды. Зылиханы көрмейін деп теріс қарап еді, қабырғадан Зылихамен жанасып тұрған өз суретін көрді. Оңға-солға, жоғары-төмен қарап еді, сол суретті көрді. Содан кейін Зылихаға қарап еді, əдемі жүзін көрді. Əйел затында Хауадан кейін Зылиханың сұлу екендігі айтылады. Көңілі жұмсарды. «Уə лəқад һəммəт биһи уə һəммə биһə» («(Ол əйел Жүсіптен) үміт тенді жəне (Жүсіп) одан үміттенетін...»), мағынасы мынау: Бірден Зылиха Жүсіпке қол салды. САУАЛ: Зылиха Жүсіпке қол салды, Жүсіп Зылихаға неге қол салмады? ЖАУАП: Зылиха кəпір еді, зинаға шақырды, ал Жүсіп пайғамбарлар ұрпағы еді, зинаға қалай барсын?! (Деректерде) «Һəммə Зулəйхə һəмму əл-қарари уə һəмму Йусуфə һəмму əл-фирар» («Зылиханың пейілі мақсатына қол жеткізу, Жүсіптің пейілі одан қашу болатын») делінеді. Зылиханың пейілі бас салу еді, Жүсіптің пейілі қашу еді. Тағы (бір деректе) «Һəмму Зулəйхə һəмму əс-сифəқ уə һəмму Йусуфə һəмму əн-никəх» («Зылиханың пейілі зина, Жүсіптің пейілі неке (некелесу) болатын») делінеді. Зылиханың пейілі харам, Жүсіптің пейілі халал еді. Тағы (бір деректе) «Һəмму Зулəйхə һəмму əт-талəб уə һəмму Йусуфə һəмму əл-хəраб» («Зылиханың пейілі талап ету, Жүсіптің пейілі қашу болатын») деп айтылады. Зылиханың пейілі ұстау еді, Жүсіптің пейілі қашу болатын. Тағы бірде: «Һəмму Зулəйхə һəммə əс-салби уə һəммə Йусуфə һəмму əз-зəрби» («Зылиханың пейілі шешу, Жүсіптің пейілі ұру еді») деп айтылады. Зылиханың пейілі азу еді, Жүсіптің пейілі ұру еді. Осылайша пейілден пейілге айырмашылық болды. Тағы (бір деректе) Жүсіптің пейілі Əзиз дүниеден өткен соң, Зылиханы халал жолмен алу екендігі айтылады. Себебі Жүсіп жігіт, Зылиха жас. Екеуі де əдемі. Зылихада ықылас бар, Жүсіпте күш-қуат бар. Сол жағдайда ықылас болмаса, ер болмас. «Уə лəқад һəммəт биһи уə һəммə биһə» («(Ол əйел Жүсіптен) үміттенді жəне (Жүсіп) одан үміттенетін...») дегенде терең мағына бар. Мұнда кідіру (уақф) керек. Кейбіреулер, егер мұнда тоқтасақ, онда Жүсіпті зинақорлыққа қол ұрды деген болады, бұл дұрыс емес дейді. Енді біреулер сондай жағдайда ықылас беру ердің белгісі емес дейді. Сол үшін де барлық пайғамбарлар барша айыптардан пəк еді. Ер еместік айыбы барша айыптардан үлкен. Өзге кіші айыптар пайғамбарларда болмас. Бұл үлкен айып Жүсіпке қалайша дұрыс болсын. Сол үшінде мұнда кідіру (уақф) керек. «Ихсəн əл-бəйəн» деген тəпсірде кездеседі: Медине шаһарында Сүлеймен ибн Йасар есімді əдемі, сұлу адам бар еді. Медине əйелдері оған ғашық болып, күйеулеріне қарамайтын болды. Сүлеймен ибн Йасар оны біліп қап, бір пəлеге ұшырап қалмайын деп, Мединеден қашып Шамға барды, сонда қалды.... Жеті жылдан кейін түсінде Жүсіпті көріп: «Ей, Жүсіп, «əнтəл-лəзи хəммəт» сенбісің əйелге
пейіл берген?» – деді. Жүсіп пайғамбар: «Əнтəл-лəзи лəм тəхуммə» («Əйелдерге пейіл жасап, қол салмаған сенбісің?»), яғни əйелдерге пейіл қоймаған һəм олардан қашқан сенбісің?» – деді. Осы дəлелден белгілі болғаны: Жүсіптің Зылихада ойы болған. Абырой болғанда, айғақ көріп (Алланы танып деген мағынада), өзін сақтады. «Лəу лə раə бурһəнə раббиһи» («Егер Раббымның мұғжизаларын көрмегенде еді...»). Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) дүниеде үш нəрсені жақсы көргенін, біріншісі – жағымды хош иіс жəне мұсылман əйелдер, үшіншісі – намазда көзімнің жарық болуы деген. ИШАРА: Жүсіптің Зылихада пейілі болмағанда «Уə кəзəликə линəсрифə 'əнһу əс-суə уə əл-фəхшəə» («Одан жамандықты алып, ұятсыздықты қайтару үшін Біз, міне, осылай жасадық»), мағынасын бермеген болар еді. Жүсіптің пейілі болды, алайда Алла Тағаладан қорықты, шариғат шарттарын сақтады. Жаратушымыз Алла Тағала былай деп жарылқаған, бізге қалай сыйынса, Жүсіп сыйынды, оны солай құтқарғанымыздай, Жүсіпті құтқардық. «Уə кəзəликə линəсрифə 'əнһу əс-су уə əл-фəхшə» («Одан жамандықты алып, ұятсыздықты қайтару үшін Біз, міне, осылай жасадық»). Бұл Жүсіп біздің ықылас қойған құлдарымыздан болатын. «Иннəһу мин 'ибəдинə əл-мухлəсинə» («Расында, ол Бізге ықылас қойған пенделерімізден»). Барша пайғамбарлар ықылас қойған əрі ықылас иесі еді. Басқа мұсылмандар ықылас қойған болатын, алайда ықылас иесі емес еді. ХИКАЯ: Имам Мұхаммед ибн Хасан Шайбаниға бір əйел ғашық болды. Жолын тосып отырды. Имам Мұхаммед келген кезде: «Ей, мұсылмандардың имамы, сенен бір мəселе сұрайын деп едім. Мына үйге кір, сұрайын», – деді. Имам Мұхаммед үйге кірді, əйел соңынан кіріп есікті бекітті де, имам Мұхаммедке жабысты. Қанша үгіттесе де, қабылдамады, кейін (имам): «Мені қысылып тұрмын. Жан ащылығынан дəрет ащылығы қатты деген. Мені жібер, қажетімді шығарайын. Содан кейін дегеніңді істейін», – деді. Имам Мұхаммед тысқа шығып, өзінен шыққан нəжісті беті-қолына жақты. Оны көрген əйелдің көңілі суып, теріс айналып: «Ер осылай екен, əрі кет», – деп қасынан тұрғызып жіберді. Имам Мұхаммед үйіне барып, мың алтын садақа берді, Алла Тағалаға шүкіршілік етті. Адамзаттан екі нəрсе қалады: жақсылық пен жамандық деген сөз бар. Көрмейсің бе, Зылиха өліп, арадан неше жылдар өтті. Оның жаман ісін барша имамдар михрабта, барша ғалымдар мінберде, барша қарылар қоғамда, барша ұландар мектепте оқып жатыр. «Уə рауəдəтһу əллəти һуə фи бəйтиһə əн нəфсиһи уə ғəллəкəт əл-əбуəбə» («Жүсіп үйінде тұрған əйел оны (Жүсіпті) өзіне қарату үшін көп тырысты жəне есіктерді бекітті»). Осылайша Жүсіп те дүниеден өтті, көптеген жылдар өтті, жақсы аты қалды. Алла Тағаланың кітабының ішінде оқиды. «Иннəһу мин 'ибəдинə əл-мухлəсинə» («Расында, ол Бізге ықылас қойған пенделерімізден»).
Зылиха Жүсіпті үйге кіргізген кезде, есіктерін темір шынжырлармен бекітті. Оны сезген Жүсіп іш киімінің бауын түймеледі. Зылиха оны көріп, іш киімдерінің бауын шешіп жатыр деп, қуанғанынан үй төрінде тұрған пұтты шатырмен жапты. Жүсіп: «Ол жапқаның не еді?» – деді. Зылиха: «Менің табынатын пұтым, одан ұяламын», – деді. Жүсіп: «Сен пұттан ұялсаң, мен қалайша Саматтан (Алладан) ұялмайын?!» – деді. Кейбіреулер айтады: «Бұл істі қылайын ба əлде қылмайын ба деген Жүсіптің пейілі болды. Құлдың өз мұратында еркі болмайды, алайда айғақ көрді, ол айғақ не еді? Мұнда көптеген пікірлер бар. Соның бірінде «Ей, Жүсіп, қанаты қырқылған құстай боласың ба, өзге құстар ұшқанда, сен қаларсың» деген дауыс естіді дейді. Тағы біреулер: «Тамда Жақып пайғамбардың суретін көріп, «Ей, Жүсіп, пайғамбарлардан бола тұрып, ақымақтардың ісін қыласың ба?» деген дауысын естіді. (Содан) барша шаһуаты саусақтарының ұшынан шықты», – дейді. Енді біреулер: «Үйдің қабырғасынан «Ей, Жүсіп, зина жасама» деген жазу көрді дейді. Біреулер: «Мысырдың Əзизін көрді», – дейді. Тағы біреулер: «Көңіліндегі пайғамбарлық еді», – дейді. Енді басқалар: «Зылиханың жүзіне қарағанда көзіне сұрықсыз болып көрінді. Жүзі жарылып, қуарып кеткен, еріндері негрдің еріндеріндей, көздері шағыр, мұрнының тесіктері кең кейпінде көрді. Жүсіп солай көріп, теріс айналды», – дейді. Зылиха: «Ей, Жүсіп, бір сөзім бар, сабыр сақта, айтайын», – деді. Жүсіп жəне бұрылды. Зылиханың іші өртеніп мына ғазалды дауыстап оқи жөнелді. Ғазал: Жылт етіп қайта шыққан секілді жаңа түскен қар, Көздері жұлдыз, жүзі күн, маңдайы көктің айынан. Көргенімде көркіңізді көріп тоймас көздерім, Көрік зекетін беру уəжіп қылса сұлу жаннан. Қас атып көңілімді алған жан қаласаңыз берейін, Ол қалайша ғашық болар, қайтса сүйікті райынан. Кенет бір сүйіп сұрасам ашуланып тіл қатар, Жан беріп өлер барша ол бір ауыз сөзінен. Рабғұзи құл Насируддин неше түрлі сөз түзер, Масайрап мас болайын көз қараса қиылған қасынан. Жүсіп Зылихадан қашпаққа бел байлады. Зылиха Жүсіпті ұстау үшін өре түрегелді. Жүсіп қашты. Зылиха қуды. Қай есікке Жүсіп жетсе, Алла Тағаланың құдіретімен темір шынжырлар шешілетін еді. Жүсіп алдында, Зылиха соңында. Жетінші есікке Жүсіп жеткенінде, артқы етегін ұстап тартты. Етегі жыртылып, бір бөлігі қолында қалды. Екеуінің басы жалаңаш, Жүсіпті қуып, жүзі қуарып тас есікке ере
шықты. Тас есікте Əзиздің тұрғанын көрді. «Уəстəбəқа əл-бəбə уə қаддəт қамисəһу мин дубурин уə əлфəйə сəйидəһə лəдə əл-бəби» («Ол екеуі дарбазаға қарай жүгірді. Ол əйел Жүсіптің артқы етегінен тартып жұлып алды. Дарбазаның алдынан ол əйелдің күйеуін кездестіріп қалды»). Зылиха есікте тұрған күйеуін көріп, күнəні өзінен алып, Жүсіпке жапты да: «Сенің үйіңде əйеліңе жауыздық қалаған, қол тигізгеннің жазасы қандай болады?» – деді. Əзиз: «Менің əйеліме кім жауыздық жасады, кім қол тигізді?» – деді. Зылиха: «Мен осы уақытта үйде жатыр едім. Жүсіп кіріп, менің жалғыз екенімді көрді. Үй ішінде маған қол тигізбекші болды. Ашуланып, ұстап алайын деп қуып шыққанымда сені көріп қалдым», – деді. Осылайша Алла Тағала ол екеуінен хабар береді: «Қалəт мə жəзəу мəн əрадə биһəликə суəн» («(Ол əйел): «Сенің əйеліңе жамандық ойлаған адамның жазасы тек қана...»). ЛƏТИФƏ: Зылиха «мəжəзи» еді, өз айыбын Жүсіпке жүктеді. «Мə жəзəу мəн əрадə би əһликə суəн» («Сенің əйеліңе жамандық ойлаған адамның жазасы тек қана...»), – деді. Сүйіктісі болған уақытта досын құрметтеді. Не келсе де маған болсын деп, айыбын өзіне алып: «Əнə рауəдтуһу əн нəфсəиһи уə иннəһу лəмин əс-садиқинə» («Мен оны өзіме қарату үшін əрекет жасадым, ол расында турашылдардан»), – деді. Əйелсіз тіршілік жоқ, əйелмен бірге тыныштық та жоқ. Белгілі пəле, пəлесіз ешкімге де болу жоқ деген сөз бар. Жүсіпті пəлеге итерді. Жəне қоймады. Өлтіреді деп қатты қорқып, зынданға тастатты. Осылай Алла Тағала хабар береді. «Иллə əн йусжəнə» («Зынданға тасталуы»). Зынданға тастаса, жүзін көре алмаймын, онсыз шыдай ал маймын деп ойлап, басқаша қулық жасады. Қатты қинауды көрді. «Əу 'əзəбун 'əлимун» («Немесе қатты азаптау»). Жүсіп Зылиханың пəлеге салғанын көріп, естігенде жала айып маған тағылып жатыр деп ойлап: «Менің ондай жазығым жоқ. Ол өзі мені шақырды», – деді. «Һийə рауəдəтни əн нəфси» («Ол (əйел) мені өзіне қаратпақшы болып əрекет жасады»). (Деректерде) Зылиханың бір сағатта үш қулық жасағаны айтылады. Əуелі өзі ақталып, айыбын Жүсіпке артты. «Мə жəзəу мəн əрадə биəһликə суəн» («Сенің əйеліңе жамандық ойлаған адамның жазасы тек қана..»). Жəне өлтіреді деп қорқып, зынданға тастатты. «Иллə əн йусжəнə» («Зынданға тасталуы»). Зынданға тастаттым, жүрек жылытар орны бар деп ойлап қатты азаптауға себепші болып: «Əу 'əзəбун 'əлимун» («Немесе қатты азаптау»), – деді. Зылиха осындай қулық жасаған уақытта Əзиз Жүсіпке қарап: «Мен сені сатып алдым, жақсылық пен ізгілік жасадым, ұл қылдым. Маған берген жауабың осы ма?» – деді. Жүсіп: «Мен тазамын, айыбым жоқ. Зылиха мені азғырды, мен одан қаштым. Ол мені қуа шықты», – деді. Əзиз болған жайға түсінбей,
дағдарып қалды. Зылихаға (қарап): «Сен олай дейсің, бұл былай дейді. Қайсыңның жалған сөйлеп тұрғаныңды білейін», – деді. Жүсіп: «Бұл істе сабыр сақтап, əділ бол», – деді. Əзиз: «Таза екендігіңе айғақ бар ма?» – деді. (Деректерде) Зылиханың Талхам есімді күңі, оның төрт айлық нəрестесі бар екендігі айтылады. Жүсіп бесікте жатқан сол нəрестеге бұрылды. Əзиз: «Ей, Жүсіп, қылмыс жасап, жалған сөйлегенің аздай, енді менің үстімнен күлейін дедің бе? Төрт айлық бала қалайша сөйлесін?» – деді. Бесіктен: «Узну минни фə иннə лəкə фи кəлəми фəрахун» («Маған жақында, сен менің сөзімнен қуанышқа кенелесің»), мағынасы «Маған жақында, менің сөзімде сен үшін қуаныш пен рахат бар» деген дауыс келді. Əзиз сəбидің сөзін есітіп, жақындады. Сəби: «Ей, Əзиз, Жүсіптің көйлегінің алды жыртық болса, Зылиха – ақ, Жүсіп – өтірікші. Егер көйлектің арты жыртық болса, Зылиха – жалғаншы да, Жүсіп – ақ. Содан хабар береді», – деді. «Уə ин кəнə қамисуһу қуддə мин дубуррин фəкəзəбəт уə һуə мин əс-садиқинə» («Егер оның көйлегінің артқы жағы жыртылса, онда ол (əйел) өтірік айтқан, ал ол (жігіт) шынын айтқан болады»). САУАЛ: Сəби шынайы куəлік бермеді. Зылиха – жалған, Жүсіп – ақ деместен, ишарамен жеткізді. Мұның хикметі не еді? ЖАУАП: Мақұлықтың (адамзаттың) куəлігі екеуінен біреуіне дұрыс куəлік беріп, пайда жасаса, енді бірі масқара болар – жалған куəлік береді. Алайда бұл нəресте Алла Тағаланың құзыретінен еді. Жалған сөйлеу дұрыс емес, тура сөйлесе масқара болар. Бізді масқара ету Алладан дұрыс емес, Зылиханың айыбын ашпастан, сөзбен емес, ишарамен жеткізіп: «Ей, Əзиз, өзің қара, көйлегінің алды жыртық болса, Зылиха – ақ, Жүсіп – жалғаншы», – деді. ПАЙДА: Ей, мұсылман, өз айыбыңды өзгеге жүктеме. Жүктесең, Алла (жаңағы) сəбидей оның ақтығын білдіреді, сені масқара етеді. Тағы (ПАЙДА): Ешкімнің айыбын ашпа. Жүсіпке зиян болмайынша, «Һийə рауəдəтни əн нəфси» («Ол (əйел) мені өзіне қаратпақшы болып əрекет жасады») демеді. Жəне сəби куəлік бергенде ашып айтпастан, астарлап жеткізді. Мысыр Əзизі осы түсінді. ПАЙДА: Ешқашан ешкімді де жазғырма, ол да сені жазғырмасын. Содан соң Мысыр Əзизі Жүсіптің етегіне қарап, оның артқы жағы жыртылғанын көрді. Зылихаға қарап: «Мынау сенің – əйелдің жұмысы. Өздеріңді ақтап, басқаға жабасыңдар. Əйелдердің қулықсұм дығы жетіп артылады», – деді. «Фəлəммə раə қамисəһу қуддə мин дубурин қалə иннəһу мин кəйдикуннə иннə 'əзимун» («Оның көйлегінің артқы жағы жыртылғанын көргенде: «Мынау сенің – əйелдің қулығы. Расында, сендердің қулық-сұмдықтарың үлкен», – деді»). Əйелдердің қулық-сұмдығы шаһуатпен үлкен болады, алайда шайтанның қулығы Алланың зікірімен əлсірейді деген сөз бар. Алла Тағала Құранда Əзиз туралы хабар береді əрі əйелдердің қулығы көп екенін – «Иннə кəйдəкуннə 'əзимун» («Расында, сендердің қулық-
сұмдықтарың үлкен»), – деп атап өтеді. Жəне шайтан қулығы əлсіз екенін – «Иннə кəйдə əш-шəйтанə кəнə за'ифун» («Расында, шайтанның қулығы əлсіз») (дейді). (САУАЛ): Əйелдердің қулық-сұмдығы неге үлкен болып, шайтанның қулығы қалайша əлсіз болды? ЖАУАП: Шайтанның қулығы жасырын, (сондықтан) əлсіз болады. Əйелдердің қулығы ашық болады, (сондықтан) үлкен. Тағы ЖАУАП: Шайтан Алла Тағала атын есітсе, қашып кетеді, алайда əйелдер айла жасағанда мың аят оқысаң да кетпейді. Тағы ЖАУАП: Шайтан қулық жасағанда жалғыз болады. Жалғыздың айласы əлсіз, алайда əйел қулық жасаса, оған шайтан жолдас болады. Күшейеді. Жүсіптің ақтығы белгілі болған кезде тағы да дəлелдейін деп, көрген-білгенін айта бастады. Мысыр Əзизі: «Ей, Жүсіп, жетер. Сөзді жəне Зылиханы артық масқаралама. Ел тілін бізден асырма (елге жайма)», – деді. Жəне Зылихаға қарап: «Мен сені кешірдім, тəубе жаса, Тəңір Алладан кешірім сұра. Бұдан кейін мұндай іс қылма, абыройыңды төкпе», – деді. Бұл туралы Алла Тағала баяндайды. «Йусуфу ə'риз əн һəзə уəстəғфири лизəнбики иннəки кунти мин əл-хати'инə» («Ей, Жүсіп, мына істен қол үз. (Ей, əйел) сен өз күнəңнің кешірілуін сұра. Расында, сен қателесушілерден болдың»). Жүсіпке əдеп үйретіп: «Ей, Жүсіп, пəлеге жолықсаң сабыр қыл, жақсы атың шықсын. Ей, Зылиха, еріксіз көңіл алдырсаң, тəубе жаса, Тəңір кешірсін. Ей, Жүсіп, бұл сөзді қой, босқа айтпа, жауыз шықпасын. «Йусуфу ə'риз əн һəзə!» («Ей, Жүсіп, мына істен қол үз»). Ей, Зылиха, айып сенде, басқаға жаппа, олай жасама, менің құқығымды сақта. «Уəстəғфири лизəнбики. Иннəки кунти мин əл-хати'инə» «(Ей, əйел) сен өз күнəңнің кешірілуін сұра. Расында, сен қателесушілерден болдың»), – деді. Бұл сөз Мысыр ақсүйектерінің əйелдерінің құлағына жетіп, (олар) өз құлына ғашық болыпты, құлы оған мойынсұнбапты деп, Зылиханы жазғыра бастады. «Уə қалə нисуəтун фи əл-мəдинəти имраəту əл- 'əзизи турəуиду фəтəхə əн нəфсиһи» («Сол қаладағы бірнеше əйелдер: «Мысыр Əзизінің əйелі өз құлын өзіне қаратпақшы болып əрекет жасапты», – деді»). Ол əйелдердің алтау екендігі айтылады. (Олар): уəзір əйелі, күзет бастығының əйелі, қазынашының əйелі, шарап құюшының əйелі, бас атбегінің əйелі, сарай аспазының əйелі. Мысыр Əзизінен кейін бұл алтауынан беделді ешкім жоқ еді. Сол алты əйел Зылиханың қасына келіп-кетіп тұратын. Зылиха Жүсіпке ғашық болғалы бері сырым ашылмасын деп олардың қасына бармайтын болған. Зылиханың махаббаты шынайы екендігін білген соң ол əйелдер оны жазғыра бастады. Зылиха оны біліп, оларды қонаққа шақырды. Дəмді тағамдар пісіртті, əрқайсысына арнайы орын тағайындады. «Фəлəммə сəми'əт би мəкриһиннə əрсəлəт илəйһиннə уə ə'тəдəт лəһуннə муттəкəəн» («Ол (Зылиха) олардың өсегін естіген уақытта оларға адам жіберді жəне олар үшін əдемі бір отырыс
ұйымдастырып қойды»). (Мұны) үш түрлі оқиды (қырағат етеді) «муттəкəəн» – отыру, сүйенетін орын, «муттəкəəн биттəшдиди уə əл-мəдди» («муттəкəн» тəшдид (яғни «т» əрпінің екі рет оқылуы жəне мəдпен (яғни «əəн» болып созылуы»), – пышақпен жаншып жейтін тамақ немесе нанмен оралған ет, яғни (орама), «Муттəкəн би ғəйри мəддин уə əл-һəмзə биттəхқиқи уə һууəл-лəуһə» («муттəкəн» мəд жəне һəмзəсіз...»), яғни қауын. Осыларды дайындады. Қырық əйелді шақырды, жаңағы алты əйелді олардың арасына отырғызды. Тамақ берді, жеді. Алты табақ алып келіп, алты əйелдің алдына қойды. Бұл алты табақта орама, қауын болатын, əр табақта бір өткір пышақ қоса қойды. «Ей, менің құрбыларым, сырластарым, бірнеше жылдан бері маған серік болдыңыздар, менің ас-тағамымды жедіңіздер. Бүгін сіздерден бір өтінішім бар, орындайсыздар ма?» – деді. Бəрі өре түрегеліп, ант-су ішіп: «Ей, Зылиха, не қаласаң, соны істейік», – деді. Зылиха: «Сендер алдарыңыздағы бетжапқыштарыңызды киіңіздер, жүздеріңізді жасырыңыздар, қолдарыңызға пышақ алыңыздар. Досым Жүсіп келген уақытта мен үшін мына орама пен қауындарды кесіп, Жүсіптің аузына салыңыздар. Кім тез əрі əдемі турап Жүсіптің аузына салып берсе, соған арнайы жабарым бар», – деді. Бəрі келісті. «Уə əтəт куллə уəхидəтин минһуннə сиккинəн» («Жəне ол əйелдердің қолына бір-бірден пышақ беріп қойды»). Содан кейін Жүсіп келіп кетсін деп адам жіберді. Зылиханың сөзін екі етпестен шығып келді. «Уə қалəт ухруж 'əлəйһиннə» («Ол (Зылиха): «(Жүсіпке) олардың алдына шық», – деді»). (Кейбіреулер): «Ухруж» («Шық») тілінде, алайда «'əлəйһиннə» («Олардың алдына») көңілінде еді, егер тілмен «'əлəйһиннə» («Олардың алдына») десе, Жүсіп əйелдердің алдына шықпайтын еді дейді. Жүсіп шыққан уақытта (олар) көріп, аң-таң қалды. «Фəлəммə раəйнəһу əкбəрнəһу фə раəйнə нуран кəзəу'и əн-нəһəри 'индə нури əшшəмси» («Олар Жүсіпті көрген уақытта қатты аң-таң қалды. Ол əйелдер күндіз шыққан күнді көрді»). Расул (ғ.с.): «Миғраж түні Жүсіптің толған айдай жүзін көрдім. Кімде-кім Жүсіптің жүзіне қараса, айнаға қарағандай, жүзінен өзінің жүзін көретін еді. Жүзі сұлу, шашы бұйра, ұзын бойлы, аққұба жүзді, үлкен көзді, жіңішке белді, толық білекті, толық сүйекті, дөңгелек басты. Күлсе жүздерінен нұр көрінеді, еріндерінен сəуле шығатын еді», – деген болатын. Жүсіп үйден шыққан соң, əйелдер асығып пышақпен орама кесіп, Жүсіптің аузына бір-бірлеп сала бастады. Көздері Жүсіпте болды. Бір көзбен екі істі қатар істеуге болмайды. Көздері Жүсіпті көрер, тілдері Жүсіпті сүйер. Əрбірі бір өлең бастады. Ең алғашқы əйел айтты: Йə мəн раə қамəран фи урсəти əд-дəри Йулə'ибу хуран тəуран бə'дə əл-əтуəри.
(Ей, аула ішінде айды көрген,
Оқтын-оқтын бір хорды ойнататын еді.)
Екінші əйел айтты:
Мə əн раəйтəһу һилəлəн кəимəн əбəдəн
Фи əл-əрзи йəмши 'əлə рижлиһи фи əд-дəри.
(Жаңа туған айдың тік тұрғанын көргенбісің,
Аяғымен аула ішінде жүргенін.)
Үшінші əйел айтты:
Иннə əл-һилəлə əллəзи жəлə лəһу хəликунə
'Əлə əс-сəмəи йəраһу əл-йəумə фи əл-жəри
(Сол жаңа туған айға Жаратушымыз оған сəуле беріпті,
Оны бүгін бəрі де көре алады.)
Төртінші əйел айтты:
Йəсиду нисуəтə Мисра һəкəзə əрзунə
Би əл-уəжһи уə əл-йəдəйни уə əл-'əйну сəххəру
(Мысыр сұлуларын ынтық етті
Əдемі түрі жəне сиқырлы сөзімен.)
Бесінші əйел айтты:
Һуə əл-ғулəму əллəзи бə'уһу ихуəтуһу
Зулмəн уə жəуран кəфə би əз-зулми мин əл-'əри
(Қаскүнемдік жəне залымдықпен
Оны ағалары сатып жіберген құл.)
Алтыншы əйел айтты:
Мин əəли Йə'қубə инналлаһа фəззəлəһу
Турран 'əлə əн-нəси мə'руфəн би əтуəри
(Ол Жақыптың ұрпағы, алайда оны артық етті
Барлық адамнан. Жақсы жағымен танылды.)
Түрки тілдегі тəржімасы мынау:
Алғашқы бəйіттің тəржімасы:
Толған айды көрсең туар құшады,
Таза хорды көрді қайғы ойнайды.
Екінші бəйіттің тəржімасы:
Туған айды көрген жалғыз жер беті,
Аяқпен жүрерде көңіл былғайды.
Үшінші бəйіттің тəржімасы: Шексіз көкте айды жаратты Тəңір, Бүгін көрсе айға келіп түнейді. Төртінші бəйіттің тəржімасы: Əйелдерді аулар Мысыр елінде, Ұстап қинарда көзі жайнайды. Бесінші бəйіттің тəржімасы: Бұл ұланды сатыпты бауырлары, Бұл көшті есепші қашан санайды. Алтыншы бəйіттің тəржімасы: Пайғамбар ұрпағы үшін бұл таза, Оны мұнша Тəңір өзі сынайды. Əйелдердің көздері Жүсіпке қадалып, тілдері мақтап, қол-сау сақтарын кесе бастады. (Олар): «Хəлуммə илəййə фəинни əхсəну уəжһəн мин сахибəти» («Маған кел, себебі мен құрбымнан да əдемімін»), яғни баршадан таза менмін, маған кел», – дейтін. Жүсіптің сұлулығына аң-таң болып, қолдарын кесті, қоймады, киімдері қанға боялды. «Уə қаттə'нə əйдийəһуннə» («Олар (əйелдер) қолдарын кесіп алды»). Қолдарын қанатты дейді. Қатада (Оған Алланың мейірімі болсын): «Саусақтарын кесті», – дейді. Мұжахид (Оған Алланың мейірімі болсын): «Қолдарын білектеріне дейін кесті. Көз, көңілдері Жүсіптің жамалында болып, ауырғанын сезбеді», – деді. Уахаб ибн Мунаббах: «Олар қырық əйел еді, олардың тоғызы өлді», – деді. «Уə қаттə'нə əйдийəһуннə» («Олар (əйелдер) қолдарын кесіп алды»). Тəшдидсіз оқысаң қолдарын кесті деген сөз шығады, алайда тəшдид қаттылау болады, яғни қолдарын майдалап тастады деген мағына шығады. «Субханаллаһи» («Алла Тағала пəк»), – деді. Бұл адамзат емес, тіпті періште секілді. «Мə һəзə бəшəран ин һəзə иллə мəлəкун кəримун» («Бұл адам баласы емес, бұл үлкен періште»). (Деректе) Жүсіп сол көркімен шығып келді, бұл əйелдерге қарамады, сөйлемеді. (Олар): «Бұл адам нəсілінен емес, бұл періште», – деді. «Мə һəзə бəшəран ин һəзə иллə мəлəкун кəримун» («Бұл адам баласы емес, бұл үлкен періште»). «Шин» мен «Лəмді» астын жіктеп оқиды, яғни осындай көрік пен қылықты (адам) сатылатын құл емес. Мұның сыйы (орны) патша (патшалық). Зылиха олардың қолдарын кескендерін көріп, күлді де Жүсіпке қарап: «Үйге кір», – деді. Жүсіп үйге кірді. Зылиха ол əйелдерге: «Қол-
дарыңызға қараңдар», – деді. Қарады, барлық саусақтары кесілген, білектері осылған, киімдері қанға боялған екен. Зылиха: «Сіздер бір көріп қолдарыңызды кестіңіздер. Мен ертелі-кеш көріп, қалайша сабыр етейін, қалайша ғашық болмайын, өсек таситындарыңыз осы ма еді?» – деді. «Қалəт фə зəликуннə əллəзи лумтуннəни фиһи» («Ол (Зылиха): «Мені өсектеулеріңе себеп болған адам, міне, осы», – деді»). Көбелек шамды көріп өзін отқа атады, күйеді, өзгелер оны өсек етеді, екінші түні Зылиханы өсектеген əйелдер көбелектей келіп шамға күйді. Сол себепті шайыр: Иннə əл-фəррашə тəти изə раəт лəхəбəн Хəулə əс-сиражи фə тулқи нəфсəһə фиһи. (Көбелек сəуле көрсе, дереу соған келер, Шам төңірегінде жəне өзін сол сəулеге атар.) Ақулу қаулə Зулəйхə фи əуəзилиһə Қалəт фə зəликуннə əллəзи лумтуннəни фиһи. (Мен Зылиханың өсекшілерге айтқан сөзін айтпақшымын, «Мені өсектеулеріңе себеп болған адам, міне, осы», – деді.) «Өз құлына ғашық болды, деп мені өсектедіңдер, ол құлымнан қайтпаймын. Жүсіпті шақырттым, есіктерді бекіттім, етегін мен жырттым. Алла Тағала солай хабар береді. «Қад рауəдатуһу əн нəфсиһи» («Расында, мен оны өзіме қарату үшін əрекет жасадым»). Жүсіп өзін сақтады, маған мойынсұнбады. «Фəстə'сəмə» («Алайда ол өзін сақтады»). Бұл Жүсіп – əрі сұлу, əрі пəк, əрі діндар, əрі ғалым. Мен оны тыныш қоймадым, масқара болдым, ел есітті. Абыройым төгілді. «Лəин лəм йəф'əл мə əмуруһу» («Егер ол менің бұйрығымды орындамаса...»). Менің айтқанымды қылмаса, зынданға тастаймын». Солардан хабар берер. «Лəйусжəнəннə уə лəйəкунəннə мин əс-сағиринə» («Əрине, ол қамалады əрі қиналушылардан болады»). Ол əйелдер Зылихаға: «Сен бұл істі бізге бер, біз зынданмен қорқытайық», – деді. Жүсіп Зылиханың зынданға тастаймын деген сөзін есітті. Жаңағы алты əйел де зынданмен қорқытты. (Жүсіп): «Тəңірім, əуелі біреу еді, жетпегені алтау еді. Олар жетеу, мен жалғыз не істейін? Бұлардың тілегін орындағанша, зынданда жатқаным артық», – деді. Расул (ғ.с.): «Алла Тағала ол бауырыма рахым қылсын. Ол күні Жүсіптің орнында мен болғанымда, зынданға түспес едім, айтар едім. «Əс-сижну əхəббу илəйиə миммə йəд'унəни илəйһи» («Олардың шақырып жатқан нəрсесінен мен үшін зындан жақсы»), мені мына зынданнан, мына əйелдердің пəлесінен сақта», – деді. Ол алты əйелдің зынданға тастатудағы басты мақсаты мынау еді: Жүсіпті зынданға тастатса, Зылихадан алыс болатын еді. Біз қалаған уақытта барып, Жүсіпке барып, сұлу жүзін тоя көретін боламыз.
Жүсіп мінажатқа қол көтеріп: «Тəңірім, мына əйелдердің сұмдығынан сақтамасаң, олар тұра бас салса, мен күнəһарлардан боламын», – деді. САУАЛ: Жүсіпке жаза көп болды. Зылиха мен Əзиздің көңіліне басқа азап салмады, мұның мəнісі не еді? ЖАУАП: Алла Тағала зынданға бір əулие құлды түсірген болатын. Ол құлдың көңілінде Жүсіпке деген махаббат бар еді. Ол: «Құдайым, маған Жүсіптің жамалын көрсет», – деп дұға жасады. Тəңірі Алла оның дұғасын қабылдады. Зылиха мен Əзиздің көңіліне Жүсіпті зынданға салу керек деген ой тастады. Ол əулие Жүсіпті көрді. Зылиханың Жүсіпті зынданға тастатудағы мақсаты: мен туралы өсек тарады. Енді бұрынғыдай Жүсіпті көре алмаймын, мен көрмесем, өзгелер де көрмесін деген ойдан туып еді деген сөз бар. (Деректерде) Əзиз бен Зылиханың өзгеде бола бермейтін ерекшелік ті Жүсіптен көргені, етектің жыртылуы, жас ұланның танымалдылығы, қолдардың кесілуі, əйелдердің «Мə һəзə бəшəран» («Бұл адам баласы емес») дегені, Жүсіптің пəктігі, оны зынданға тастауға итермелегені айтылады. Жүсіпті зынданға алып келгенде, зынданшы: «Жүсіптің киімін шығарайық, белдігін шешейік», – деді. Зылиха көнбеді. Мысыр сəлдесі басында, алтын белдік белінде, қымбат шапан үстінде. Зылиха: «Бұл зынданда жүретіндей айыпты емес. Біз мұны халықтан жасырып отырмыз», – деді. Зынданды тазартты, жақсылап сүртті, таза иіспен иістетті, кілемдер төсеп, тақ орнатты. Жүсіп зынданға кірген уақытта, зынданның іші жарқырап кетті. Зындандағылар қуанды. Жүсіп бір бұрышқа барып намаз оқыды. Намаз оқып болған соң жылады, зындандағылар да қосыла жылады. Күндіз ораза ұстап, түнде намазға тұратын. Ауруларды емдейтін. Таң сəрі сайын дүниеден өткен анасына дұға жасап, əкесі үшін қайғыратын, түс көргеннің түсін жоритын. САУАЛ: Түс жоруды зынданда қалай үйренді? ЖАУАП: Алла Тағала Жебірейіл (ғ.с.) ға жарлық берді. Жүсіп намаз оқып отырғанында жүзімге ұқсас бір жемісті алып келді. Жүсіптің ерніне тигізді. Жеміс еріп, барша тамырларына тарады. Түс жоруды осылайша үйренді. Зындандағылар Жүсіптен үйренді. Мысыр елі неше түрлі тамақ алып Жүсіпті көруге келетін. Жүсіп сол тамақтарды зындандағыларға беретін. Зындандағылар: «Ей, Жүсіп, біз сені жақсы көреміз», – деді. Жүсіп: «Нə'узу биллəһи!» («Аллаға сыйынамын!»). Əкем мені жақсы көріп еді, құдыққа түстім. Азат едім, құл болдым. Зылиха сүйіп қалып еді, зынданға түстім. Енді сендер жақсы көрсеңдер, мені алда не күтіп тұр екен?» – деп қатты жылады. Ертесіне намаз оқып (болып), михрабқа артын беріп зындандағыларға ілім үйретіп отырған уақытта екі жігітті зынданға тастады. «Уə дəхəлə мə'əһу əс-сижнə фəтəйəни» («Онымен (Жүсіппен) зынданға екі жігіт түсті»). Ол екеуінің бірі – Раиян патшаның аспазы, екіншісі шарап құюшысы
болатын. Аспаздың аты Малса (кей деректе Шубхақум дейді), шарапшының аты Сануа еді. САУАЛ: Ол екеуінің зынданға түсуіне не себеп болды? ЖАУАП: Абдулла ибн Аббас айтады, Рум патшасы Мысыр патшасына бізге жер салығын, атымызға пұл бер деп елші жіберді. Жəне елшіге: «Раиян патшаға у беріп өлтіретін біреуді тапсаң, оған мал бер, патшаға у беріп өлтірсін, елі бізге қалады», – деп тапсырды. Елші Мысырға келді. Күн қарайғанда қонатын үй іздеді. Бір кемпірдің есік алдында отырғанын көріп: «Қонақ керек пе?» – деді. Кемпір: «Мендей кемпірді қаласаң, түс», – деді. Қонақ болып, ас жеді, аттарын байлайтын жер таба алмаған кезде ашуланып: «Біздің патшамызға Тəңір өлім берсін», – деді. Қонақ: «Патшаны қарғау дұрыс емес», – деді. Кемпір: «Əкемнен мирасқа қалған үй мен ашық жерім бар еді. Оны менен тартып алды. Бүгін, міне, қонақтың атын байлайтын жер таба алмай жүрмін», – деді. Қонақ оның патшаға разы емес екенін біліп, кемпірге: «Біз екеуміз бірігіп, патшаға у берсек болады ма?» – деді. Кемпір: «Патшаның бір шарапшысы бар. Тағы бір аспазы бар. Ол екеуі мені ана деп жүреді. Олар маған келеді, сен оларға мал ұсын, бұл істі олар бітірсін», – деді. Ол екеуі кемпірге келген уақытта жаңағы сөзді айтты. Елші мал берді. Аспаз алды, шарапшы алмады. Қонақтан мал алғалы бара жатқанда кемпір: «Бұл іс орындалса, Раиян патша өлген соң, Румнан əскер келеді, халықты қинайды. Адамдар өледі, қияметке дейін маған күнə болады» деп ойлап қорқып, бұл жайды Раиян патшаға барып жеткізді. Раиян патша кейін сұраймыз деп, аспаз бен шарапшы екеуін зынданға тастатты. «Уə дəхəлə мə'əһу əс-сижнə фəтəйəни» («Онымен (Жүсіппен) зынданға екі жігіт түсті»). Сол себептен зынданға түсіп еді. Жүсіптің түс жорып отырғанын көрді. Екеуі ақылдасып, біз де бір түс көрдік деп өтірік айтайық, Жүсіп қалай жоритынын көрейік деді. Келіп Жүсіппен сəлемдесіп: «Түс көрдік», – деді. Шарапшы: «Түсімде жүзім жеп жатыр едім, үш дəн шықты. Ол дəндерді жерге ектім, көгеріп, жүзім салды. Сол жүзімді сығып суын ыдысқа құйып, көкке ұсындым», – деді. «Қалə əхəдуһумə инни əрани ə'сиру хəмран» («Сол екі жігіттің біреуі «Түсімде өзімнің жемістерден шарап сығып шығарып тұрғанымды көрдім», – деді»). Енді аспаз: «Түсімде ақ, қара, қызыл үш тандыр салдым. Үш рет нан пісіріп, басымнан жоғары көтердім. Құстар келіп, таласып-тармасып жеді», – деді. Түсін айтып болып, жорып беруін сұрады. «Нəббинə би тəуилиһи иннə нəракə мин əл-мухсининə» («(Ей, Жүсіп), бізге осы түстің мəнісін айтып бер, расында біз сені жақсы амал етушілерден көрудеміз»). Жүсіп оны «мухсин» деп ұқты. Бірінің түсі жақсы, екіншісінің түсі жаман. Əуелі иманға шақырайын, мұсылман болсын деген көңіліне ой келді. Жаман жоруға тұс болып, өліп кетсе, мұсылман болып өтсін деді. Əуелі пайғамбарлық келіп: «Жамандық келместен бұрын сендерге
айтып берейін, ол жүзім ақ па, қызыл ма, ащы ма, тəтті ме? Нан қандай еді? Ыдысы қандай еді? Бəрін айтып беріңдер», – деді. (Олар): «Ыдыс біздікі, ас та біздікі. Біз білмесек, сен қайдан біле сің?» – деді. «Қалə лə йəтикумə тə'əмун турзəкəниһи иллə нəббəтукумə би тəтəуилиһи қаблə əн йəтийəкумə зəликумə миммə 'əллəмəни рабби» («(Жүсіп): «Күнде рызық етіп тұрған тамақтарыңыз келмей тұрып мен сендерге мына түстеріңнің мəнісін айтып беремін. Бұл нəрсе Жаратушымның маған үйреткен нəрселерінен»). Жүсіп: «Менің Тəңірім маған үйретті», – деді. (Олар): «Мұндай кереметті қайдан білесің?» – деді. (Жүсіп): «Кəпірлікті тастадым», – деді. «Инни тəракту миллəтə қаумин лə йуминунə биллəһи» («Расын мен Аллаға иман келтірмейтін қауымның ортасын тастадым»). (Олар): «Бұл жолды тастасаң, қандай жолмен жүресің?» – деді. (Жүсіп): «Əкемнің жолымен жүремін», – деді. «Уəттəбə'ту миллəтə əбəий Ибрахимə уə Исхəқа уə Йə'қубə» («Мен аталарым Ибрахим, Ысқақ жəне Жақыптардың жүрген жолын ұстадым»). (Олар): «Аталарың бұл жолды қайдан тапты?» – деді. (Жүсіп): «Алла Тағалаға ешкімді серік қоспады», – деді. «Мə кəнə лəнə əн нушрикə биллəһи мин шəйин» («Аллаға бірер нəрсені серік қосу дұрыс емес»). Жəне: «Бұл Жаратушының кеңшілігі мен кереметі. Адамдардың көбісі, тіпті бəрі оған шүкіршілік етпейді», – деді де: «Ей, менің зындандағы екі жолдасым, «Əй сахибəйи əс-сижи» («Ей, зындандық жолдастарым!»), жаратылған тəңірлерің жақсы ма əлде жаратқан Алла артық па? Сендер өздерің пұттар жасайсыңдар, оны тəңір деп атайсыңдар, жаратқанның еш дəлелі жоқ. «Мə əнзəлаллаһу биһə мин султани» («Алла Тағала үшін олар ешбір дəлел түсірмеген»). Шексіз үкім, нағыз бұйрықтың бəрі Алланікі. «Ин əл-хукму иллə лиллəһи» («Үкім тек қана Алланың қолында»). Содан кейін шарапшыға: «Сенің түсіңнің мəнісі мынау, үш күннен кейін зынданнан шығарады, патша кешіріп, баяғыдай шарапшы боларсың», – деді. Шарапшы қуанды. Аспаздың түсін жоруға тілі бармады, үнсіз тұрды. Аспаз: «Менің түсімнің мəнісі не?» – деді. Жүсіп: «Сені үш күннен кейін шығарып, дарға асады, аң-құс келіп, сені... таласып жейді», – деді. «Уə əммə əл-əхəру фə йуслəбу фə тəкулу əт-тайру мин расиһи» («Алайда екіншісі дарға асылады жəне оның басын құстар жеп кетеді»). Қайғырды да, кейін: «Бұл түстерді өтірік айтып едік», – деді. Жүсіп: «Айттыңдар, мен жорыдым, үкім кесілді, қаза келді – ол сөз өзгермейді», – деді. «Қузийə əл-əмру əл-лəзи фиһи тəстəфтиəни» («Сендер сұрап тұрған нəрселерің Алла Тағала тарапынан белгіленіп қойылған»). Үш күннен кейін келіп шарапшыны шығарып кешірім жасады да, аспазды асып өлтірді. Шарапшы зынданнан шығарда Жүсіп: «Сен патшаға жақын болғаныңда мені есіңе ал», – деді. (Кейбіреулер) сол сəтте Ібіліс келіп, Жүсіптің көңіліне осыны салды дейді.
Жебірейіл келіп: «Ей, Жүсіп, сені əкеңмен кім қауыштырды?» – деді. Жүсіп: «Алла Тағала», – деді. Жəне: «Бауырларыңның қолынан кім құтқарды?» – деді. (Жүсіп): «Алла Тағала», – деді. Тағы: «Ана əйелдің қулығынан кім құтқарды?» – деді. (Жүсіп): «Алла Тағала», – деді. Жебірейіл: «Алла Тағала осынша жақсылық жасапты, мені қойып, менен басқадан көмек сұрайсың. «Узкурни 'индə раббикə» («Раббыңның алдында есіңе ал») дейсің. Менің кеңшілігімнің құрме ті үшін сені шарапшының есінен шығартамын. Бірнеше жылдар бойына зынданда қаласың», – деді. «Фə əнсəһу əш-шəйтану зикра раббиһи уə лəбисə фи əс-сижни биз'ə сининə» («Кейін шайтан патшаға Жүсіп туралы есіне салуды ұмыттырып қойды»). Шайтан ұмыттырды, жеті жыл зынданда қалды. САУАЛ: Алла Тағаланың шарапшыға шайтанның ісімен ұмыттыруында қандай хикмет бар еді? ЖАУАП: Ол ұмытпастан патшаға айтып, Жүсіпті шығарса, ша рапшы мен айттым, шығарды деп міндет қылатын еді. Патша мен шығардым деп міндет ететін еді. Жаратушы Алла Тағала олардың Жүсіпке міндет етуін қаламады. Өз кеңшілігі мен мейірімімен шығарды, міндет Жаратушыдан болды. Біраз уақыттан кейін Жебірейіл келіп мына дұғаны үйретті: «Йə əкбəра кулли кəбирин уə йə мəн лə шəрикə лəһу уə лə нəзира лəһу уə йə мəн һуə 'əлə кулли шəйин қадирун уə йə халиқа əш-шəмси уə əл-қамəри əл-мунири уə əй разиқа əт-тифли əс-сағири уə йə əрхəмə əш-шəйхи əл-кəбири уə йə мухийə əл-мəути уə һуə 'əлəйһи йəсирун уə йə муйəссира кулли əсири иж'əлни мин əмри фəражəн уə мəхражəн» («Ей, барлық ұлықтардың ұлығы, ей, серігі мен теңдесі болмаған (Жаратушы), ей, барша нəрсеге күші жетуші, ей, күн мен жарық айдың жаратушысы, ей, жас сəбиге ризық беруші, ей, жасы үлкен қарияға мейірім қылушы, ей, өлілерді тірілтуші, жəне бұл істер Оған өте оңай, ей, əрбір қиын істі жеңілдетуші, менің ісімді жеңілдет жəне мына қиыншылықтан шығар жолды көрсет»). Жүсіп бұл дұғаны оқыған уақытта бір періште келіп, Раиян патша түс көретіні, оны ешкім жори алмайтындығы, сонда оған адам жіберетіндігі, содан өзгенің міндетімен емес, Алланың кеңшілігімен зынданнан шығатыны туралы хабар берді. Біраз уақыттан кейін Раиян патша түс көрді. (Раиянның мағынасы суға қану деген сөз). Ерте тұрып, жұлдызшыларды шақырып: «Түсім мынау: теңіз жағасында отыр екенмін, теңізден түсі сары, жүзі ақ, бəрі əдемі, желіндерінен сүт ағып тұрған семіз жеті сиыр шықты. Жəне жеті сиыр көрдім, арық, арықтығынан сүйектері көрініп тұр. Түрі жаман, желіндерінде сүт жоқ. Еріндері жарылған, тістері доңыздың тісіндей, тұмсығы пілдің тұмсығындай. Бұл жеті арық сиыр ол жеті семіз сиырға атылып тұр. Олар қашып жүр, арық сиырлар жетіп, семіз сиырларды жеп жатыр.
Олардың ішінде еш нəрсе көрінбейді. Оған таң қалып тұрғанымда теңізден өніп тұрған бойлары бірдей жеті бас бидай көрдім. Сол арық сиырлар оны жегелі барады, олар жемеген соң жеті бас солған бидай шығады екен. Əрбір солған бидай жас бидайға оратылып, оларды құртып жатыр. Оларды тамашалап тұрғанымда бір жел тұрды. Ол жеті бас солған бидайды, жеті сиырды жоқ қылды. Оны көріп шошып ояндым», – деді. «Йə əйиуһə əл-мəлəу əфтуни фи руйəйə ин кунтум ли əр-ру, йə тə'бурунə» («Ей, жорушылар, егер сендер түсті жори алсаңдар, менің түсімнің мəнісін айтып беріңдер»). Жорушылар (бұл түсті) Жүсіп жоритынын білмеді, үш күн уақыт сұрады, түс жорушыны іздеп табалмады. Үш күннен кейін қайта сұрады, мұның мəнісін білмедік деп мойындады. «Қалу əзғасу əхлəмин уə мə нəхну би тəуили əл-əхлəми би'əлиминə» («Олар: «Мынау шашыранды ойлардың түстегі көрінісі. Біз шашыранды ойларды жори алмаймыз», – деді»). Сол түні Жүсіп түс көрді. Бір нəрсе көктен еніпті. Мысыр халқының малын жиып, Жүсіптің қойнына салып жатыр екен. Жүсіп: «Бəрін оларға қайтарып беріңдер», – деп жатыр екен. Жүсіп ұйқыдан тұрған уақытта зындандағыларға: «Сүйінші сіздерден, бəріңіз зынданнан шығасыздар. Мысыр халқы сіздерге құл болады. Олар аш қалады, сіздер тоқ боласыздар», – деді. Зылиха үш түн түс көрді. (Түсінде) басына тəж киіп, Жүсіп тақта отыр екен. Зылиха келіп Жүсіптің аяғына жығылыпты. Жүсіп аяғымен Зылиханы теуіп жіберіпті. Зылиха жылап, еңіреп жатыр екен. Біраз уақыт Раиян патшаның түсін жорушылар білмеген соң (патша): «Бірнеше жылдан бері менің асымды жеп, менің түсімді «Əзғаси əхлəм» дейсіңдер» («Шашыранды ойлар») деп, бірнешеуін өлтірді, біразын елден қуып шықты. Сол кезде зынданнан шыққан шарапшы ұмытқан Жүсіпті есіне алды. (Деректерде) Жүсіпті Зылиха мен Мысыр халқының жеті жыл ұмытқаны айтылады. Жеті жылдан кейін шарапшы Жүсіпті есіне алып, Раиян патшаға келіп: «Сенің түсіңді жоритынды мен білемін, мені оған жібер», – деді. «Əнə унəббиукум би тəуилиһи фə əрсилуни» («Бұл түстің мəнісінің хабарын мен беремін, мені (оның алдына) жіберіңдер»). Раиян патша: «Кім?» – деп сұрады. (Шарапшы): «Өзі білікті, тура сөзді, ғаріп, зұлымдыққа ұшыраған бір жігіт бар. Біз екеуміз түс көрдік, оған айттық, ол жорыды, соның айтқанындай шықты», – деді. Раиян: «Ол жігіт қайда?» – деді. (Шарапшы): «Зынданда», – деді. Раиян шарапшыны зынданға жіберді, зынданға келген кезде «Раиянға жақындағанында «Мені есіңе ал» деген Жүсіптің бұрынғы айтқан сөзі есіне түсіп, ұялып: «Йусуфу əййуһə əс-сиддиқу əфтəни» («Ей, Жүсіп, ей, шыншыл адам, бізге хабар бер...»), Ей, тура сөзді, тура істі.
(Деректе) олар кəпір екен Жүсіпті мақтай сөйледі деген сөз бар. Ол: «Иннə нəракə мин əл-мухсининə» («Расында біз сені жақсы амал етушілердің қатарында көрудеміз»), – деді. Ғалым мұңға батқанында «сыддық» («турашыл») деп мақтады. Кəпірлер кəпірліктерімен ғалым деп құрмет көрсетті. Кімде-кім ғалымды құрметтесе, періштелерден болады, кімде-кім ғалымды қорласа, Ібіліс тобынан болады. (Шарапшы): «Ей, сыддық, сауалымыздың жауабын айт. Раиян патша түс көріпті. Жеті арық сиыр жеті семіз сиырды жеп жатыр екен. Жеті бас жас бидайға жеті бас солған бидай оратылып, қуратыпты. Осы түсімді жорысын деп, Раиян патша мені саған жіберді», – деді. Жүсіп: «Семіз сиырлар мен жеті бас жас бидай кеңшілік, тоқтық. Жеті арық сиыр мен жеті солған бидай ауыртпашылықтың, аштықтың белгісі. Аштық, құрғақшылық əрбірі жеті жыл болады екен. Көптеген халайық сол жеті жылдық құрғақшылықтан опат болады екен», – деді. Шарапшы: «Оның амалы не?» – деді. Жүсіп: «Сол жеті жыл астық көп болғанда жейтін жəне егетінін алып қалсын да, қалғанын қоймаға сақтасын. «Қаллə тəзрə'унə сəб'ə сининə дəбəн фə мə хəсəдтум фə зəруһу фи сунбулиһи иллə қалилəн миммə тəкулунə» («(Жүсіп): «Жеті жыл көп егін егіңдер, алған өнімдеріңді сабан жəне дəнімен сақтаңдар, өздерің жейтін азырағын алып қалыңдар», – деді»). Бұл жеті жылдан кейін жəне жеті жыл келеді, онда көктен тамшы тамбайды, жерден көк өнбейді. Сол жеті жылда жиғанын осы жеті жылда жесін. «Йəкулунə мə қаддəмтум лəһуннə иллə қалилəн миммə тухсинунə» («Сақтық үшін алып қойған астықтарыңды сол (жеті жыл) жеп қояды»). Бұл жеті жылдан кейін жəне тоқшылық болады», – деді. Шарапшы келіп Раиян патшаға жаңағы сөздің бəрін айтып бергенінде, тыңдап отырған (патша): «Барып, ол жігітті алып кел, бұл істің қалай алдын алу керектігін айтып берсін, менің көңілім тынышталсын», – деп, шарапшыны қайтадан жіберді. Шарапшы Жүсіпке келді. Раиян патша сені шақырып жатыр деп, жаңағы сөзді жеткізді. Жүсіп: «Зынданнан шықпаймын», – деді. Шарапшы: «Неге?» – деді. Жүсіп: «Патшаға айт, қолдары кесілген əйелдерден қолдарын не үшін кескенін, киімдерін не үшін қанға бояғандарын, олардың мұраты не екенін сұрасын. Үлкендері Зылиха еді, менің жазығымның бар-жоғы белгілі болмайынша, шықпаймын», – деді. (Жүсіптің ондағы) мақсаты əйелдердің сөзі белгілі болмастан шықсам, Раиян патша менің не үшін зынданға түскенімді сұрап қалар. Мен əйелдердің сөзін айтып берсем, Раиян патша дұрыс түсінбей, мені дұшпан етеді деген ойдан туып еді. Əуелі жазығым жоқ екенін білсін, содан кейін шығайын, – деді. Расул (ғ.с.): «Сол күні Жүсіптің орнында мен болғанымда, зын дан нан шығатын едім, алайда бауырым Жүсіп ол істі жақсы істепті», – деген болатын.
Раиян патшаның көңілінде кірбің қалмасын деп шықпады. Шарапшы келіп патшаға жаңағы сөзді айтқан уақытта, баяғы əйелдерді шақырып: «Жүсіппен араларыңыз қандай?» – деп сұрады. «Қалə фə мə хəтбукуннə» («(Патша): «Істерің қалай?» – деді»). Əйелдер патшадан осы сөзді естігенде ол бұл істі білер деген оймен: «Ей, патша, Жүсіп таза еді, біз жала жаптық. Өзімізді оған сыйлайық деп, өзімізге оны шақырдық, ол бізге қарамады, назар да аудармады. Біз одан ешбір жамандық көрмедік», – деп шындарын айтты. Зылиха сол сəтте перденің арғы жағында отыр еді. Перденің ішінен шарапшыға ишара жасап: «Мені Жүсіп еш жамандамады ма?» – деді. Шарапшы: «Сені еш аузына да алмады», – деді. Зылиха: «Əхсəнтə зиһи» («Тамаша») ер, зиһи ғалым, зиһи пəк, он екі жыл мен үшін зынданда жатса да, сырымды ашпады, айыбымды айтпапты», – деп перденің арғы жағынан шыға келді де, бетжапқыштан басын шығарып: «Ей, патша, бүгінге дейін махаббатым «мажази» еді «Мə жəзəу мəн əрадə бихəликə суəн» («Сенің жанұяңа жаман ниетпен қастандық еткен адамның жазасы...(зынданға түсуден) ...басқа емес») дедім. Енді махаббатым ақиқат болды, Хақ айтқан уақыт болды. «Қалəт имраəту əл-'əзизи əл-əнə хəсхəсə əл-хаққу» («Мысыр Əзизінің əйелі «Ақиқат енді жеңді», – деді»). Барша (айып) менде «Əнə рауəдтуһу əн нəфсиһи» («Мен өзіме қарату үшін əрекет еткенмін»), ғашық болған менмін, Жүсіпті шақырған менмін, өзімді Жүсіпке арнаған менмін, үйді мен безедім, үйге мен кіргіздім, етегін мен жырттым, оған мен жала жаптым, өтірік мен сөйледім, күнə мен жасадым, ол таза, пəк. «Уə иннəһу лəмин əс-садиқинə» («Расында ол рас сөйлеушілерден»). Қуатым бар еді, қартайдым, өлім жақын қалды», – деді. «Əл-əнə хəсхəсə əл-хаққу» («Ақиқат енді жеңді»). Зылиха үш тура сөйледі дейді. Біреуі – «Əл-əнə хəсхəсə əл-хаққу» («Ақиқат енді жеңді»). Екіншісі – «Əнə рауəдтуһу əн нəфсиһи» («Мен өзіме қарату үшін əрекет еткенмін»). Үшіншісі – «Уə иннəһу лəмин əс-садиқинə» («Расында ол рас сөйлеушілерден»). Осы үш сөзден үш керемет тапты, жат еді, жақын болды, қор еді, əзіз болды, кемпір еді, бойжеткен болды. Бұдан да артықшылығы Жүсіпке жұп болды. Зылиха: «Ей, патша, осы күнге дейін Жүсіптің зынданда екенін ұмытпаймын немесе ғашықтық жолында өзімді өлтіретін едім, бүгін бұрынғыдан да артық ғашықпын», – деді. ХИКАЯ: Зылиха Жүсіпті зынданға салғаннан кейін зынданның есі гінің алдына келіп, күзетшіге: «Барып, Жүсіпті байла жəне қатты жазала, оның жан дауысын мен есітейін», – дейтін еді. Зынданшы пақыр Зылиханың сөзін ұнатпастан келіп Жүсіпке айтты. Жүсіп: «Зылиханың қалағанындай мені жазала», – деді. Зынданшы қаламаса да, алайда Зылихадан қорыққанынан бір таяқты жерге салды. Жəне Жүсіпке: «Сен бір дауыс шығар», – деді. Жүсіп зынданшының көңілі үшін бір дауыс шығаратын. Зылиха сол дауысты есітіп, үйіне қайтатын еді.
САУАЛ: Зылиха Жүсіпті сүйеді екен, онда жазалаудағы хикмет не еді? ЖАУАП: Зылиха ғашық еді, жақыннан түрін көре алмаймын, алыстан дауысын есітейін, көңілім орнына түссін. Сүйіктінің дауысы да сүйкімді дейтін. Осылайша қиямет күні мұсылман құлға тамұқты көрсетеді. Мұсылман құлдар Жаратушының досы. Олар да от ішінде тамұқтың қорқынышынан қайғырады. «Йухиббуһум уə йухиббунəһу» («Олар Алланы жақсы көреді жəне олар да Алланы жақсы көреді»). Алла Тағала (мұсылмандарды), мұсылмандар Оны (Алланы) сүйеді. «Əнину əл-музнибинə əхəббу илəййə мин сурахи əс-сиддиқинə» («Күнəһар пенделерімнің күнəларын есіне алып менен қорқып еңіреуі шыншыл пенделердің бақырып жасаған дұғасынан артық»). Дүниеде мені есіне алған құлдарым бар еді, бүгін тамұққа кіргізсем де, мені от ішінде есіне алып жатыр деп, кəпірлерге көрсетер. Əуелгі сөзге оралайық.... Шарапшы зынданға барды. Жүсіпке баяғы əйелдер мен Зылиханың сөзін айтып берді. Жүсіп қуанды. «Зəликə лиə'лəмə əнни лəм əхунһу билғайби» («Мен мұны істеген себебім – ол (Мысыр Əзизі) оның жоғында қиянат жасамағанымды білсін дедім»). (Жүсіп): «Сұрағанымның себебі – Əзиз менің оған қиянат жасамағанымды білсін дедім, Алла Тағала қиянат жасаушының ісін əсте өрге сүйремейді», – деді. «Уə əнналлаһа лə йəһди кəйди əл-хаининə» («Сондай-ақ Алла Тағаланың қулардың айласына жол бермейтінін де біліп қойсын»). Абдулла ибн Аббас (Алла одан разы болсын): «Жүсіп осы сөз арқы лы өзін мақтағанда Жебірейіл қанатымен бір ұрып: «Зылиханы ұрға лы қол ұрмадың ба, табиғат жеңілдігінен Зылихаға көңіл қоймадың ба?» – деді. Жүсіп: «Мен өзімді тазартпаспын жəне нəпсімді ақтамаспын. Жаман іске бастаған осы нəпсі», – деді. «Уə мə убəрри'у нəфси иннə əн-нəсə лəəммəратун бис-суи» («Мен өз нəпсімді таза демекші емеспін, расында нəпсі əрқашан да жамандыққа жетелеуші»). АДАМНЫҢ НƏПСІСІ ЖАСАҒАН ІСТІ ЖЕТПІС ШАЙТАН ЖАСАМАЙДЫ. «ШАЙЫР АЙТАДЫ»: Тəууəқə нəфсукə лə тəмəну ғəуəилəһə Фə əн-нəфсу əхбəсу мин сəб'инə шəйтанəн. (Сенің нəпсің қалауымен шектен асты, оның азуынан аман бола алмайсың Себебі нəпсі жетпіс шайтаннан да жаман.) (Біреулер) Жүсіп жеті жыл зынданда шарапшыға сеніп жатты дейді. «Узкурни 'индə раббикə» («Раббыңның алдында есіңе ал»), –
деді. Зынданда алты жыл бойына үш іспен айналысты: дұға жасады, Жаратушыдан үміттенді жəне сабыр етті. Əрине, Жаратушы Алла қуаныш сыйлады. Раиян патша Жүсіпті маған алып келіңдер деп адам жіберді. «Уə қалə əл-мəлику и'туни биһи əс əхлисһу линəфси» («(Ол): «Оны маған алып келіңдер, мен оны жақын адамдарымның бірі етіп аламын»). Жүсіпке: «Əййуһəс садиқу» («Ей, турашыл жан»), тұр. Патша сені шақырып жатыр. Жазықсыз екеніңді білдірді, жазық, қиянат өзгелерден шықты», – деді. Жүсіп зындан есігіне келіп, басын жуды, таза киім киді. Зындандағылардың бəрі жылап: «Ей, Жүсіп, бірнеше жылдан бері бізге жолдас едің, жақсылық жасадың, енді біздер зынданда сенсіз не істейміз?» – деді. Жүсіп: «Барып, патшаға айт, мен бірнеше жылдар зындандағылармен бауыр басып қалдым. Менің шығып бара жатқаныма бұлар жылап жатыр, мен бұлардың көзі жасын сорғалатып, бауырын өртеп қоя алмаймын. Патшаға айт, бұларды маған берсін, азат етсін немесе мені осылардың арасында қалдырсын» деп, шарапшыға қайта тапсырды. Шарапшы келіп патшаға айтқанында, бəрін азат етіп, жақсы шапан жапты. СҮЙІНШІ: Бүгін дүниеде Жүсіп шарапатымен Раиян патша зындандағыларды азат етті, енді Дəйийəн патша (яғни Алла Тағала) Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.)ның шарапаты үшін мұсылмандарды тамұқтан азат етіп жатса, таңданатын түгі де жоқ! Жүсіп зындандағылармен бірге сыртқа шыққан уақытта есіктің алдында жеті тақтың тұрғанын көрді. Бəрі қымбат маталармен қапталған. Патша кімді құрметтесе, соны таққа отырғызатын сол заманның əдеті бар болатын. Жүсіпті таққа отырғызған уақытта Жүсіп қағаз бен қалам сұрап, хат жазды да, зынданның есігіне жабыстырды. Оның жазғаны мынау еді: «Һəзə қабру əл-əхийəи уə мəскəну əл-əхиббəи уə шəмəтəту əл-ə'дəи» («Мына жер тірілердің қабірі, достардың тұрар мекені, дұшпандардың қуанатын өсегі»), яғни «Бұл зындан тірілердің қабірі, достардың ысылатын жері, ал дұшпандардың өсектейтін мекені». Осылайша құрметтеп Жүсіпті Мысырға алып кірді. Мысыр халқы бір-біріне: «Мына ұлан осыдан он екі жыл бұрын аяғына шынжыр байлап, есекке мінгізіп, зынданға алып барған жігіт. Бүгін болса осыншалықты құрмет-ізет тұтып, алтын таққа отырғызып, патша сарайына алып бара жатыр. «Тəңірім, ол қорлық қандай еді, мына марапат қандай!» – дейтін. Жүсіп: «Ту'иззу мəн тəшəу и'əзəзəн уə тузиллу мəн тəшəу излəлəн уə əнə əрза биқазаиһи» («(Ей, Алла), Сен кімді қаласаң құрметтейсің, кімді қаласаң қорлайсың. Жəне мен Оның үкіміне разымын»), яғни «Кімді қаласа құрметтер, кімді қаласа қор қылар. Мен бұл үкімге разымын», – деді. Жүсіп сарайға кіргенінде патша атып тұрып, қасынан орын берді. (Кейбіреулер) патшаның Жүсіпке жетпіс тілмен сөйлегенін айтады. Жүсіп барлық тілде жауап берді. Сөз аяқталған кезде Жүсіп патшаға ибрани тілінде дұға жасады, оны білмеді.
(Патша): «Бұл қай тіл?» – деп сұрады. Жүсіп: «Бұл менің аталарым Ибрахим, Ысқақ жəне Жақып (ғ.с.) ның тілі», – деді. Патшаның қасынан шығарда ибрий тілінде сəлем берді, патша оны білмеді. «Бұл қандай тіл?» – деді. Жүсіп: «Бұл атамның туысы Исмайылдың тілі», – деді. Патша қатты таңданып: «Уəзірлікті саған берейін», – деді. Жүсіп: «Уəзірлік Мысыр Əзиздікі, оның менде көп ақысы бар. Ол тірі, мен уəзірлікті алмаймын», – деді. Патша: «Барша патшалық саған лайық. Не қаласаң ал», – деді. Жүсіп: «Маған басқа орын керек емес. Бұл жеті жылдық аштықтың ісін маған тапсыр. Менің оның шарасын (шығар жолын) білемін», – деді. «Қалə иж'əлни 'əлə хəзəини əл-əрзи инни хəфизун 'əлимун» («(Жүсіп): «Мен мемлекеттегі қазыналардың үстіне басшы етіп қой. Расында, мен бұл істі жақсы атқарамын əрі жақсы білемін»). Ол істі Жүсіпке тапсырып: «Ей, Жүсіп, менің патшалығымда қандай істі қаласаң, істе, (алайда) екі істі істеме. Біріншісі – үйімде əйелдермен, қызметшілермен сөйлеспе», – деді. Жүсіп: «Ол біздің шариғатымызда дұрыс емес, менің ол іске қарсылығым жоқ», – деді. (Патша): «Екіншісі – тамақ жеу ұят», – деді. Бұл сөзге Жүсіптің ашуы келіп: «Маған да сенімен тамақ жеу ұят», – деді. Патша: «Не үшін?» – деді. Жүсіп: «Мен Жақып пайғамбардың ұлымын, Ысқақ пайғамбардың немересімін, Ибрахим пайғамбардың ұрпағымын, сенімен бірге қалайша тамақтанайын», – деді. Патша Жүсіпке əдемі сарайлар белгіледі. Жүсіп диқаншылық ете бастады. Көп егін ектірді. Астық дайын болғанда жейтінді қалдыратын да, қалғанын құс-құмырсқа жемесін деп, қоймаға салғызатын еді. Ол уақытта сұлтан халықтың жарты өнімін алатын еді. Халық мазлұм (жем болатын) еді. Алайда Жүсіп билікті пайдаланып, халықтың пайдасына əділ шешім шығарды. Аймақ гүлденді. Үш жылдан кейін Мысыр Əзизі дүниеден өтті, патша оның орнына Жүсіпті тағайындады жəне барлық аймақ ісін оған тапсырып, толық билік берді. Жүсіп жеті жылда шыққан егіндерді қоймаға жиды. Сол арзаншылық аяқталған соң, жеті жыл құрғақшылық болды. Бұл жеті жылда жауын жаумады, жерден көк шықпады, халық қиналды. Бір батпан арпа бір алтын болды. Халыққа өзіне лайықты астық беретін, пақырларға күнде жүз түйе астық үлестіретін. Байларға сататын, түскен пайданы патша қазынасына салатын. Жүсіптің қырық күзетшілер бастығы, қырық мың сатып алған құл қызметшісі болды. Мысыр халқы Жүсіптің қарамағына қарады. Алғашқы құрғақшылық жылы алтын, күміс беріп, астық алды, екін ші жылы ыдыс-аяқтарын беріп, астық алды, үшінші жылы үй аспаптарын беріп, астық алды, төртінші жылы, көрпе-төсектерін беріп, астық алды,
бесінші жылы қара малын беріп, астық алды, ал тыншы жылы, жерсуларын беріп, астық алды. Жетінші жылы патша Жүсіппен сөйлесіп: «Мысыр айналасында ешкімнің заты қалмады. Бес жылдық сатылған астықтың үш жылдығының пайдасы маған болсын, екі жылдығының пайдасы саған болсын», – деді. Жүсіпке тиген екі жылдың ішінде Кенаннан оның бауырлары астық алғалы келді. Жетінші жылы келгенде халықта еш нəрсе қалмады. Бəрі Жүсіптікі болды. Халық ашықты, Жүсіпке келіп өздерін, ұл-қыздарын сатып, астық алды. Бір жылдың аяқталуына қырық күн қалды дейді (біреулер төрт ай дейді). Астыққа ашыққан халық Жүсіпке жалынып келді. Қоймада астық таусылған болатын. Жүсіп не істерін білмеді. Жебірейіл келіп Алланың жарлығын жеткізіп: «Ей, Жүсіп, жайлауға шық, мына аш халыққа жүзіңді көрсет», – деді. Жүсіп жайлауға шығып, тақтың үстінде отырып, жүзіндегі пердені шешті. Халық Жүсіптің жамалын көріп, тамақ жеуді ұмытты. Бір деректе қырық күн, бір деректе үш ай еш нəрсе жемеді дейді. Жүсіптің көркімен күн өткізді. Ас-суға мұқ таж болмады. Алла Тағала: «Ей, Жүсіп, біз сені құлдыққа салмағанымызда, бүгін құлдардың қадірін қайдан білер едің. Құлдың қадірін білмек деген, бүгін Мысыр халқының бəрін азат етесің», – деп, Жүсіптің жүрегіне үндеді. Жаршы шақыртты да, Мысыр халқының бəрін жинап: «Ей, Мысыр халқы, ер-əйел барлығың менің құлдарымсың ба?» – деді. «Ия», – деді (олар). «Мен бəріңді Алла разылығы үшін азат еттім», – деп тағы жаршыға хабарлатты. Риуаятта Жүсіптің Кенаннан шыққанына жиырма жеті жыл болғандығы айтылады. Құрғақшылық, ашаршылық жылдарының бесінші жылы Жақып пайғамбар ұлдарын шақырып: «Мысырда астық бар дейді, сендер барып астық алып келіңдер», – деді. Ұлдарының бəрі барайық деп, əрқайсысы екі түйеге май, құрт, жүн артып, Мысырға жол алды. Жүсіп басқа жерлерде астық жоқ екенін білетін еді. Бауырларым осында астық алғалы келеді деп, «осындай ұзын бойлы, мықты жігіттер келсе, маған алып келіңдер» деп, сақшы қойған болатын. Жақып пайғамбардың он ұлының бəрі бірдей киініп келгені туралы Жүсіпке хабар жетті. Жүсіп олардың бауырлары екенін білді. Осы жиырма жеті жыл ішінде Жүсіп елу рет хат жіберген дейді. Алла Тағаланың əмірімен Жақып пайғамбарға сол хаттардың бірдебірі жетпеген еді. Бауырлары келгенінде Жүсіп оларды таныды, олар Жүсіпті танымады. «Уə жəə ихуəту Йусуфə фə дəхəлу 'əлəйһи фə əрафəһум уə һум лəһу мункирунə» («Жəне Жүсіптің ағалары келді жəне оның алдына кірді. (Жүсіп) оларды таныды, олар (Жүсіпті) танымады»). Жүсіп бауырларын көрген кезде олардың жасаған қылмыстарын есіне алып, айтайын деп еді, Алла Тағалы оның көңіліне: «Ей, Жүсіп, олар астық алғалы мүсəпір болып келді, сен істерін əшкерелесең – өкінеді. Оларға астық бер, қуанып қайтсын, сенің жақсылығың белгілі болсын»
деген ой салды. Жүсіпке бұл пікір ұнады. Жүсіп оларды көрді. Бəрі шаңның астында қалып, киімдерін кір шалыпты. (Жүсіп): «Қайдан келдіңдер, кімнің ұлдарысыңдар?» – деді. (Олар): «Біз Кенаннан келдік, Жақып пайғамбардың ұлдарымыз. Кенаннан келдік....» – деді. (Жүсіп): «Əкелеріңіз тірі ме?» – деді. (Олар): «Тірі», – деді. (Жүсіп): «Не істейді?» – деді. (Олар): «Пайғамбар Алла Тағалаға құлшылық қылады», – деді. Жүсіп: «Кімнен кімге пайғамбар?» – деді. (Олар): «Хақтан халыққа пайғамбар», – деді. Жүсіп: «Пайғамбар болса, Мысыр халқына неге пайғамбарлық етпейді?» – деді. (Олар): «Кенанға жəне Кенанның төңірегіндегі халыққа пайғамбарлық етеді. Жəне көздері көрмейді», – деді. Жүсіп: «Көздері неден көрмей қалды?» – деді. (Олар): «Жүсіп есімді ұлы бар еді, оны қатты жақсы көретін. Ол ұлы жоғалды, соны жоқтаймын деп көздері көр болды», – деді. Сол кезде Жүсіп оны есітіп, перденің ішінде жылады. Ол кезде Жүсіп тақ үстінде жібек шапан, басына алтын тəж киіп отыратын еді дейді. Оң жағында мың сақалсыз құл алтын тоқпақ алып тұратын еді. Сол жағында да мың сақалсыз (құл) күміс тоқпақ алып тұратын. Өзі пердемен жасырынған еді. Оң жағында мың ер алтын қару (ұстайтын), қолдарында қылыш жалтырайтын. Жүсіп: «Өздерің бір əкенің ұлдарысыңдар ма?» – деді. (Олар): «Ия», – деді. (Жүсіп): «Сендерден басқа іні-ағаларың бар ма?» – деді. (Олар): «Он бір бауырмыз, оны алып келмедік», – деді. Жүсіп өз бектеріне қарап: «Бір əкеден он бір ұл болса, əдемі емес пе?!» – деді. Бауырлары ол сөзді есітіп, қуанғандарынан: «Жəне бір бауырымыз бар еді, ол жоғалды», – деді. Жүсіп қалай жоғалғанын сұрады. Үшеуі бірден жауап берді, біреуі бөрі жеді деді, бірі ұры өлтірді деді, енді бірі қанға боялған көйлегін таптық деді. Сөздері бір жерден шықпады. Жүсіп: «Мыналар тыңшылар немесе ұрылар. Сөздері бір жерден шықпады, апарып зынданға тастаңдар», – деді. Олар: «Біз тыңшы емеспіз, ұры да емеспіз», – деді. Жүсіп оларды үш күн үйде ұстады да, көңілі тынбай, қоя берді. Əрбіріне бір түйе бидай берді. Ибн Яминге жəне бір түйе бидай жіберді. Əкелеріне де бір түйе бидай артты. Жəне өздері алып келген майларын, құрттарын, жүндерін қоржындарына салғызды. Жəне: «Бұларға соншалықты азық беріңдер, (барғанша) қаптарын ашпасын», – деді. Содан кейін: «Жəне келетін болсаңдар, ана бауырларыңды алып келіңдер. Егер алып келмесеңдер, сендерге бидай бермеймін», – деді. «Фəин лəм тəтуни биһи фəлə кəйллə лəкум 'инди уə лə тəқрабуни»
(«Егер оны алып келмесеңдер, сендер үшін астық жоқ жəне маған жақындамаңдар»). (Бір деректе) олардың ағасы Яхуда: «Ей, бауырлар, мына патша Жүсіп шығар. Əкемізді сұрады, жолын сұрады. Дауысы Жүсіпке келеді», – депті дейді. «Бұл не сөз? Тірі болғанында бір дерегі шығатын еді, əкесін іздейтін еді, бүгін бізге жақсылық жасамайтын еді, бізді қинайтын еді», – деді басқалары. Яхуда: «Ибн Яминді алып келіңдер дегенінде оның Жүсіп екендігі маған белгілі болды», – деді. (Қалғандары): «Бос сөзді қой», – деп шығып кетті. Кенанға келді. Жақып ұлдарын көріп қуанып, жағдайларын сұрады. (Олар): «Мысыр патшасы бізге көп жақсылық жасады. Бидай берді, сені сұрады. Саған бір жүк бидай жіберді. Ибн Яминге де бір жүк бидай берді. Алып барған май, құрт, жүн, пұлдарымызды қайта алып келдік. Тағы Мысыр патшасы Ибн Яминді маған алып келіңдер, егер оны алып келмесеңдер, келмеңдер. Сендерге бидай бермеймін, – деді. Біздер оны сақтаушылармыз», – деді. «Уə иннə лəһу лəхəфизунə» («Əрине, біз оны сақтаушымыз»). Жақып: «Жүсіпті алып бардыңдар, алып келмедіңдер. Ибн Яминді алып барсаңдар, мен сендерге қалай сенемін», – деді. (Олар): «Бұл жолы қабылдайық, аман-есен саған алып келейік», – деді. Жақып: «Ибн Яминге жауыздық істемейміз деп маған тілхат беріңдер жəне Жаратушы Алла атымен ант ішіңдер», – деді. «Қалə лəн урсилəһу мə'əкум хəттə тутуни мəусихəн мин Аллаһи» («(Жақып): «Сендер Алла атымен ант-су ішпейінше, мен оны сендермен əсте жібермеймін», – деді»). Бəрі ант-су ішті жəне тілхат берді. Жақып пайғамбар өзіне берген бидайдың жартысын Кенан халқына үлестіріп берді. Ұлдары Ибн Яминді алып жолға түсті. Үлкен керуен жиылды. Ұлдары Жақып пайғамбарға: «Бізге қандай насихат айтасыз, сөзіңізде тұрайық», – деді. Жақып: «Алғашқы сөзім: сендер алып барған нəрселерің қоржындарыңнан шықты. Жаңылып қайта салып жіберген немесе сендерді сынау үшін салған болар, бізге (жарату) харам, қайта апарып беріңдер. Екінші сөзім: Мысырға жеткенде бəрің бір есіктен кірмеңдер. Əрқайсың əр есіктен кіріңдер, халықтың көзі тимесін», – деді. «Йə бəйнийə лə тəдхулу мин бəбин уəхидин уə удхулу мин əбуəбин мутəфəрриқатин» («Ей, ұлдарым, сендер бəрің бір дарбазадан кірместен, басқа-басқа дарбазадан кіріңдер»). ХАДИС: Расул (ғ.с.): «Əл-'əйну тудхилу əр-ражулə фи əл-қабри уə тудхилу əл-жəмəлə фи əл-қидри» («(Жаман) көз (яғни көз тию) ерді қабірге, түйені қазанға түсіреді»). Мағынасы көз ерді – көрге, түйені қазанға апарады» деген болатын. Хикаяда кездеседі: Арабта бір тайпа бар еді. Бəрінің көзі тиетіндігімен танымал еді. Қашан ет жегілері келсе, əйелдеріне қазан
көтертіп, өздері жол жағасына шығып өткен адамдарға: «Қандай əдемі атың немесе сиырың, немесе түйең бар!» дегенше сол қара мал өлетін де, олар етін сатып алып келетін. ХИКАЯ: Құрайыш кəпірлері Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.)ға зиян тигізбекші болғанда, Мұхаммедке көз тиіп, опат болсын деп, сол тайпадағы біреуді ұзақ уақыт ұстады. Ол Расул (ғ.с.)ға көз салғалы жібергенде, ол Расулға жеткенше, Жебірейіл жетіп, мына аятты түсірді: «Уə ин йəкəду əл-лəзини кəфəру лəйузликунəкə би əбсариһим лəммə сəми'у əз-зикра уə йəкулунə иннəһу лəмəжнунун уə мəһуə иллə зикрун лил'əлəминə» («Əрине, кəпірлер Құранды естігенде сені жаман көздерімен тайдыруларына аз қалды. Олар «Бұл мəжнүн болса керек» дейді, себебі бұл Құран барша əлем үшін бір насихат»). Сол біреу Расулға келіп, көз салғанша, Расул осы аятты оқып, оның өзіне дем салды. Сол сəтте оның екі көзі ағып түсті. Жəне хикаяда кездеседі: Бір кемпір Расул (ғ.с.) ға келіп: «Ей, Расулулла, жағдайымыз жақсы болсын деп біз сахарада қара малға еріп жүрміз, (алайда) жақсаратын түрі жоқ», – деді. Расул: «Қара малды сатыңдар, ел арасына келіп егін егіңдер, егіндеріңнің арасына қубас (егіннің ішіне қойылатын қорықшы) қадап қойыңдар», – деді. Расул айтқандай істеп еді, жағдайлары түзелді. САУАЛ: Егін арасына қубас қадауда қандай пайда бар? ЖАУАП: Пайдасы сол, жаман көзді біреу егінге қараса, егін өледі (шықпайды). Егер арасында қубас болса, қадалған көз қубасқа тиеді, егінге зиян болмайды. (Егер) жаман көз қубасқа тисін деп ойласаң, көк егінге көз тимейді. Қубас астықтан ерекше болғаны үшін көз бірінші соған тиеді, содан кейін астыққа түседі, зиян болмайды. САУАЛ: Көз бірінші түскенге тисе зиян болады да, кейін түскенге зияны жоқ, мұның хикметі неде? ЖАУАП: Көздің назары, зияны əуелі қарағанда болады. Қандай нəрсе ерекше болса, назардың кесапаты соған түседі. Одан кейін қанша қараса да зияны жоқ. САУАЛ: Көз тимекте қандай хикмет бар? ЖАУАП: Оның хикметі: Алла Тағала мұсылмандарды сүйді, өзін мұсылмандарға сүйіңдер, – деді. «Йухиббуһум уə йухиббунəһу» («Алла оларды жақсы көреді жəне олар Алланы жақсы көреді»). Мұсылман ғашықтық көзімен бір нəрсеге қараса, Алла Тағала (одан) қызғанады. Ол менен басқаны сүймесін деп, оны (назар түскен нəрсені) опат етеді. Сондықтан да Расул (ғ.с.): «Əнə ғайурун уə əсСə'ду ғайурун уаллаһу əғйару миннə» («Мен қызғаншақпын, Сағд та қызғаншақ, алайда Алла екеумізден де (өткен) қызғаншақ», яғни «Мен қызғаншақпын, Сағд та қызғаншақ, Алла Тағала бізден қатты қызғаншақ» деген болатын. САУАЛ: Қубастың тиген көзді қайтаратын қандай құдіреті бар? ЖАУАП: Қубастың құдіреті жоқ, алайда арабтың дəстүрі бар. Бірер
себепші етістікке жалғап (изафа) берерде себепшіге жалғайды (изафа). Сондықтан да Ибрахим пайғамбар дұғасынан хабар беріп: «Рабби иннə һуннə əзлəлнə кəсиран мин əн-нəси» («Ей, жаратушым, олар (пұттар) көп адамдарды жолдан аздырды»). Пұттардың адамзатты аздыруға құдіреті жоқ, алайда аздырмаққа себепші болады. Мақсатқа келдік (Өз сөзімізге қайтайық)... Жақып пайғамбардың ұлдары Мысырға келді. Əкелері айтқандай, əрқайсысы əр дарбазадан кірді. «Уə лəммə дəхəлу мин хəйсу əмəраһум 'əбдуһум» («Олар əкелері айтқан жерден кірген кезде...»). Ибн Ямин мен Яхуда екеуі бір дарбазадан кірді. Бəрінен бұрын Жүсіп сарайға келді. Жақып пайғамбар Жүсіпке сыйлық беріп еді. Ибрахим пайғамбардың сəлдесі еді. Жақып пайғамбарға мирас болып қалып еді. Онымен сəлемдесіп кірді де, оны қарсы алдына қойып, «Жақып пайғамбардың «Бұл сəлде маған атам Ибрахимнен мирас болып қалды, мен енді саған бердім» деген сөзін есіне алды. Жүсіптің бұл сəлдеге қуанатын себебі – осы сəлде кімге бұйырса, сол пайғамбар болатын. Жəне жүктердің ішінен шыққан заттарды алдына қойып: «Мына заттар біздің алып келген жүктеріміздің ішінен шықты, жаңылысып салып жіберген болар деп алып келдік», – деді. Жүсіп: «Жақсы істепсіздер, алайда бұл заттарға мұқтаж емеспіз. Бəрі өздеріңе қалсын, жол азығы етіңдер», – деді. Жүсіп бұларды əкесінің қайтарып беріп жібергенін білді. Қызметшілеріне перде ішінен: «Алты табақпен тамақ алып келіңдер», – деді. Алып келді. Жақып пайғамбардың ұлдары екі-екіден əр анадан туған еді. Жүсіп: «Бірге туғандар бір табақтан тамақ жеңдер», – деді. Солай істеп еді, Ибн Ямин жалғыз қалды. Ас алдында Ибн Ямин жылай бастады. Жүсіп оны көріп перденің ар жағынан: «Мына бауырларыңыз не үшін жылап жатыр?» – деді. Сұраған соң: «Менімен бірге туысқан бүгін болғанда, бірге тамақ жемес пе едік деп жылап жатырмын», – деп жауап берді. Жүсіп: «Ол бауырларыңа айтыңдар, менімен бірге тамақ жесін», – деді. Бəрі өре түрегеліп: «Бұл бізге ұлы мəртебе», – деп, қызмет етті. Ибн Яминді пердеге кіргізіп, тақ үстіне отырғызды. Алдына тамақтар қойды. Жүсіп жүзіндегі бетпердені шешті. Ибн Ямин Жүсіптің жүзін көрген кезде, «аһ» деп есінен танып қалды. Жүсіп оның аузын басты. Иіссу əкеліп жүзіне шашып еді, өзіне келді. Жүсіп одан: «Қандай ауруың бар, талмасың ба?» – деп сұрады. Ибн Ямин: «Біз пайғамбарлар ұрпағымыз, бізде талма ауруы деген болмайды. Алайда патшаның жүзін көргенімде менің жоғалған ағама ұқсайтынын көрдім. Сол ағамды сағынғаннан есімнен танып қалдым», – деді. Жүсіп: «Қайғырма, сол жоғалған ағаң менмін», – деді. Ибн Ямин жəне есінен танып қалды. Тағы иіссу септі, өзіне келді. «Уə лəммə дəхəлу 'əлə Йусуфə əуə илəйһи əхəһу қалə инни əнə əхуку фə лə тəбтə'ис
бимə кəну йə'мəлун» («Жүсіптің алдына кірген кезде ол бауырын өзіне тартып: «Мен сенің ағаңмын жəне мыналардың істеп тұрған істеріне ренжіме», – деді»). Содан соң: «Əкем қалай?» – деді. Ибн Ямин: «Сенің қайғыңнан «Бəйт əл-əхзəнға» («Қайғы үйіне») кіріп жылай бергеннен екі көзі көр болып қалды», – деді. Жүсіп осы сөзді естіген уақытта, жылай-жылай естен танды. Есін жиған уақытта Ибн Яминге: «Сен тамақ ал, саған бауырларымның жасаған ісін айтайын», – деді. Тамақ жеп болған соң: «Əуелі мені құдыққа тастады. Құдықтан шығарып, құл ретінде сатты. Содан зынданға түстім. Бірнеше жыл зынданда жаттым. Алла Тағаланың кеңшілігінің арқасында зынданнан шықтым. Осындай мемлекет пен патшалық берді», – деді де: «Бұл сөздерді аналарға айтпа, бірнеше күн оларды машақатқа салайын», – деді. Ибн Ямин: «Өзің білесің, не істесең де ерік өзіңде», – деді. Содан кейін пердеден шығып, оларды үш күн құрметтеді. Əрбіріне бір түйе бидайдан берді жəне қосымша жол азығын тағы салды. (Деректе) бəріне бірдей астық үлестіріп бергені, ең соңында Ибн Яминге бидай тартқаны айтылады.. Жүсіптің бір су ішетін ыдысы бар еді, соны олардан жасырын түрде Ибн Яминнің қоржынына салып қойды. «Фə лəммə жəххəзəһум бижихəзиһим жə'əлə əс-сиқаяти фи рахли əхиһи» («Олардың жүгін дайындаған уақытта су ішетін ыдысты олардың жүгінің ішіне салып қойды»). Ол ыдыстың күмістен жасалғаны айтылады. Алла Тағала ол ыдысты Құранда «сиқая» деп атады. Сиқая – араб тілінде су ыдысы деген сөз. Тағы бір жерде «Сауағ» деп атады. Сауағ – араб тілінде өлшеу ыдысын білдіреді. Ол өлшеу ыдысы төрт аяқты, əр аяғы əр түрлі гауһардан жасалған. Іші-сыртында үш жүз алпыс михраб бар еді. Əрбір михрабта бір шариғат иесінің атын жазылған еді. Оның төрт жағында төрт қымбат гауһар орнатылған еді. Сол себепті өлшеу ыдысы еді. Бəрі Жүсіпке дұға жасап қайтты. Жолда келе жатқанда АйнушШəмс деген бір кент бар еді, сонда тоқтады. Тамақ жеп бола бергенде Жүсіп төрт мың адаммен сау етіп жетіп келді. «Ей, керуендегілер, біз сендерді астық алғалы келген саудагерлер деп ойласақ, сендер таптаза ұры екенсіңдер ғой», – деп жаршыға айқайлатты. «Суммə əззəнə муəззинун əййəтуһə əл -'иру иннəкум лəсəриқунə» («Содан кейін арқаларынан бір жаршы: «Ей, керуен, сендер күмəнсіз ұрысыңдар», – деп айқайлады»). ПАЙДА: (Деректерде) ұрылардың төрт түрі болатындағы ай тылады. Олар: мал ұрысы, намаз ұрысы, сөз ұрысы жəне өлшеу ыдысы ұрысы. Мал ұрысының қолын кеседі. «Уə əс-сариқу уə əс-сариқату фəқтə'у əйдийəһумə» («Ұры еркек пен ұры əйелдің екеуінің де қолдарын кесіңдер»). Сөз ұрысын отқа өртейді. «Иллə мəн истəрақа əс-сəм'ə фə əтбə'əһу шихəбун мубинун» («Егер кімде-кім ұрлыққа құлақ салса, оған бір раушан жұлдыз арқасынан түсіп құлайды»). Намаз ұрысының
абыройын төгеді. «Қалə əн-нəбийу 'əлəйһиссəлəм, Əсуə'у əс-сариқи мəн сарақа сəлатəһу» («Пайғамбар (ғ.с.): «Ұрылардың ең жаманы – намаз ұрысы» деген»). Өлшеу ыдысының ұрысын алып қалып, шапан беріп тарту жасайды. Дүниеде ұрлықтан өткен жаман ат та жоқ. Ұры азабынан қатты азап та жоқ. Ол азап оң қолын кеседі, (себебі) оң қолымен ұрлайды, оң қолымен тамақ жейді, онымен дəрет алады, мəсі тартады. Оң қол барша жақсылықты істейді. Мұндай құрметті қол жарты алтын үшін кесіледі. Жақыптың ұлдары ұры атын естіген уақытта күш-қуаттары қалмастан, жүздері сарғайып, əбіржіп: «Не айтып тұрсыздар? Кімді ұры деп тұрсыздар?» – деді. «Қалу уə əқбəлу 'əлəйһим мəзə тəфқидунə» («Олар (Жақыптың ұлдары) аналарға қарап: «Не нəрсе жоғалттыңдар», – деп сұрады»). Жаңағы жаршы: «Бізге рахым етіңдер, патшаның өлшеу ыдысын жоғалттық, кім шығарып берсе, бір түйе бидай береміз», – деп айқайлады. САУАЛ: Сүйіншісіне басқа нəрсені айтпастан, бірден бидай берейік демекте қандай хикмет бар? ЖАУАП: Аштықта бидайдан өткен асыл зат жоқ болғандықтан да, бидай берейік, – деді. «Мен ол бидайды қабылдадым», – деп жар салдырды. «Уə лимəн жəə биһи химлу бə'ирин уə əнə биһи зə'имун» («Кімде-кім оны тауып бер се, соған бір түйе астық беріледі жəне мен бұл уəдені орындаушымын»). «Бермесеңіздер, мен қиналамын, сендер де əбігерге түсесіңдер. Өздеріңді қинамаңдар, пəлеге жолықтырмаңдар. Түйе жүгіндей бидайды алыңдар да, өлшеу ыдысын беріңдер. Ол патша соңымыздан келе жатыр», – деп жар салды. Айнуш-Шамс кентінің тұрғындары тамашалауға шығып, «Түйе жүгіндей бидайды алып, өлшеу ыдысын қайтарып берсе, жақсы болар еді», – деді. Сол сəтте Жүсіп төрт мың əскермен жетіп келіп: «Һəл уəжəдтум əс-са'ə» («Өлшеу ыдысын таптыңдар ма?»), – деді. «Өлшеу ыдысыңызды таппадық», – деді. Жүсіп үлкендеріне қарап: «Не дейсіңдер?» – деді. Олар: «Біз елге жауыздық ниетпен келмейміз, пайғамбар ұлдарымыз, ұры емеспіз», – деді сасқалақтап. «Қаулуһу Тə'əлə: Уə мə куннə сариқинə» («Алла Тағала: «Біз ұры емеспіз»). (Олар): «Жүктеріміздің ішінен шыққан заттарды Кенаннан Мысырға (қайтарып) алып келдік, сондағы ұрлайтынымыз өлшеу ыдысы ма?! Жəне Кенаннан шыққанымызда біреудің жеріне шыққан шөпті жемесін, кəпірлердің ағашынан жапырақ үзбесін деп, түйелеріміздің аузын байлап қойдық. Мысырдан шыққанымызда солай жасадық. Осыншалықты ұқыпты адамдар патшаға жалынып бидай бергізіп, асын жей тұрып, сарайынан өлшеу ыдысын ұрлаймыз ба?» – деді. Жүсіп: «Іздеп көрейік, таппасақ, қайтамыз. Егер тапсақ, ұрының қолын кесу жағы не болады?» – деді.
Олар: «Кімнің жүгінің ішінен шықса, сол өмір бойы патшаның құлы болсын. Ибрахим пайғамбар, Ысқақ пайғамбар, Жақып пайғамбар шариғатымен...» – деді. Жүсіп: «Біздің салтымызда ұрының қолын кесу, дүре соғу, мал алу бар», – деді. Олар: «Біздің жолымызбен үкім шығарсаң да немесе өз салтыңмен жазаласың да – ерік өзіңде», – деді. «Қаулуһу Тə'əлə: Кəзəликə нəжзи əз-залиминə» («Алла Тағала: «Залымдарды Біз осылайша жазалаймыз», – дейді»). Жүсіп: «Жүктеріңді ашыңдар», – деді. Бірінші аспаздардың жүгін ашты. Қайсысының жүгінен шықса, біз пайғамбар ұрпағы не істейміз деп ойлады. Он аға-інінің жүгін іздеді, таппады. Жүсіп олардан кешірім сұрап, қайтпаққа көңілі болып еді. Рубил: «Мынаның да жүгін көріңдер», – деді. Ибн Яминнің жүгін ақтарып еді, ішінен өлшеу ыдысы шықты. «Қаулуһу Тə'əлə: Суммə истəхражəһə мин уи'əи əхиһи» («Алла Тағала: «Содан кейін өлшеу ыдысын інісінің жүгінен шығарды», – дейді»). Бəрі қайғырды. (Олар): «Ей, Рахил ұлы, анаң екі ұл туды, екеуі де ұры», – деді. Ибн Ямин: «Ей, бауырлар, мен ұры емеспін, оллаһи, мен ұрлаған жоқпын», – деді. Олар тыңдамады. Алла Тағалаға жалбарына бастады. Бауырлары: «Жалбарынғанша, ұрлық қылмасаң болар еді», – деді. САУАЛ: Ибн Ямин өлшеу ыдысын ұрламады. Жүсіптің «Иннəкум лə сариқун» («Əрине, сендер ұрысыңдар») дегені қалай болады? ЖАУАП: Алла Тағала: «Кəзəликə киднə ли Йусуфə» («Осылайша Жүсіпке (інісін) жақындатып бердік »), яғни «Жүсіпке бауырыңды осы жолмен алып қал деп үйреттік» деген. Алланың жарлығымен еді. Алла Тағала тəлім берді. «Қаулуһу Тə'əлə: Уə фəуқа кулли зи 'илмин 'əлимун» («Алла Тағала: «Əрбір білімді адамның үстінен тағы бір білімді адам бар» деген»). Бауырлары ұялғаннан Ибн Яминнің өлшеу ыдысын ұрлауы, бірге туған бауырының ұрлық жасайтынынан еді деген желеу тапты. «Қалу ин йəсриқ фə қад сарақа əхун лəһу мин қаблу» («(Олар): «Егер бұл ұрлаған болса, бұның бір ағасы да ілгері ұрлық жасайтын еді», – деді»). САУАЛ: Жүсіп ұрлық жасамады, не үшін ұрлық жасады деді? Мұның ЖАУАБЫ көп. Алайда ең негізгісі: Жүсіптің нағашы əпкесі Жақып пайғамбардың некесінде еді. Жүсіпті өте жақсы көретін. Сол үшін Ысқақ пайғамбардың белдігін Жүсіпке білдірместен, киім ішінде беліне байлайтын еді. Белдік жоғалттым деп Жақып пайғамбарға келді. Іздеп, Жүсіптен тапты. Ол шариғат бойынша менің ұлым деп, Жүсіпті алып қалды. Сол себептен Жүсіпті ұрлық жасады деді. Жүсіп оны есітті, алайда білдірмеді. «Фə əсəрраһə Йусуфу фи нəфсиһи уə лəм йубдиһə лəһум» («Жүсіп бұл істі өз ішінде жасырды жəне оларға жария етпеді»). «Айтпағын» деген бұйрық Алла Тағаладан еді. Бауырлары: «Дүре соқ, мал ал, алып қалма, алып қалғың келсе, біздің арамыздан біреуді алып қал, қария əкесі бар», – деді. «Йə əйиуһə əл-
'əзизу иннə лəһу əбəн шəйхəн кəбиран фə хуз əхəдəнə мəкəнəһу» («Ей, құрметті жан, бұның қартайған əкесі бар, сондықтан да оның орнына біреуімізді алып қал»). Жүсіпті құрметті деп мақтады, содан кейін өтінді, қарт əкесін араға салды. САУАЛ: Əкелерінің пайғамбарлық шапағатын айтпады, қарттығын араға салып сұрады. Бұның хикметі не еді? ЖАУАП: Олар Мысыр патшалығының қай дінді ұстанатынын білмейтін еді. Пайғамбарлықты мұсылмандар құрметтейді, кəпірлер құрметтемейді. Алайда қарттықты барлық дінде құрметтейтін, сол себепті қарт кісі деп, пайғамбар демеді. Жүсіп: «Тəңірі сақтасын, менің өлшеу ыдысым біреуден шықса, оның орнына басқа біреуді алып қалсам, онда мен залымдардан боламын», – деді. «Қаулуһу Тə'əлə: Инни изəн лə залимунə» («Алла Тағала: «Онда біз залымдардан боламыз»). Жүсіптен үміт үзген уақытта Яхуда: «Ей, бауырлар, біз мына керуенмен ана əскерге тең келе алмаймыз ба? Мен патшаға бəс келе аламын. Немесе сендер патшаны ұстаңдар, мен қалған əскерді жапырайын», – деді. Жүсіп өз бауырларының күш-қуатын білетін. Олар ашуланған уақытта түктері киімдерінің сыртына шығып кететін. Бір елді жалғыз ойрандамайынша тынбайтын еді немесе Жақып пайғамбар ұрпағынан біреу арқасын қолымен сипағанда ғана ашулары басылатын. Яхуда бауырларына: «Менен алыс тұрыңдар, бұларға бір атылып көрейін», – деді. Жүсіп Яхуданың ашуланғанын көріп, жас балаға: «Барып, ана ердің арқасын қолыңмен сипа», – деді. Бала барып сипап еді, Яхуданың ашуы басылып, бауырларына: «Мысыр жұртында Жақып пайғамбар ұрпағынан кім бар?», – деді. Жүсіп: «Ей, керуендегілер, күш-қуаттың бəрі бізде, басқа ешкімде жоқ дейсің дер ме? Өлшеу ыдысын ұрлауды ойлап келгенмен қоштасыңдар», – деп, Ибн Яминді алып қайтты. Оларды АйнушШəмс деген жерде қалдырды. Яхуда: «Ей, бауырлар, əкеміз бізден тілхат алды, Ибн Яминді аман-есен алып келеміз деп сөз бердік. Бұдан бұрын Жүсіп үшін жолдан тайдық. Мен енді Кенанға бармаймын, əкемнің бетіне қалай қараймын. Үш істің бірі орындалмайынша (елге бармаймын), не əкем əмір берсін (кешірсін), немесе Алла Тағала жарлық берсе, осылайша өлемін, не бауырымды алып барамын, – деді. Барлық үкімдерден Алла Тағала ұлық. Сол туралы: «Хəттə йə'зəнə ли əби əу əйхкумаллаһу ли уə һуə хайру əл-хəкиминə» («...əкем маған рұқсат бермейінше немесе Алла маған үкімін шығармайынша. Ол үкім шығарушылардың ең жақсысы »). Жүсін Ибн Яминді алып кеткеннен соң, бауырлары не істерін білмей қалды. Жүктерін сол кентке аманат етіп қалдырып, өздері Мысырға зар еңіреп келді. Мысырға келерден бұрын: «Бəріміздің ай тарлықтай күш-қуатымыз бар, соғысып інімізді тартып алайық», – деп ақылдасты дейді. Яхуда: «Мен жалғыз өзім Имлақ əскерін талқандадым. Мысыр елімен есептесемін», – деп ағаштар кесіп, атар тастарын жиды.
Əрбіріміз бір іс бітірейік деп келісті. Жүсіп оларға сақшылар қойып, сол сақшылар келіп: «Жүсіппен соғысамыз», – деп жатыр деді. Жүсіп жəне қырық мың қарулы əскер жиды. Раиян патшаға хабар жетті. (Ол): «Мен де атқа қонайын», – деді. Жүсіп көнбестен: «Бұл істі өзімақ тындырайын», – деді. Ертесіне əрқайсысы əр дарбазадан кірді. Яхуда қатты айқайлады. Мысыр халқының бəрі есінен танып қалды, жүкті əйелдер бала тастады. Шамғун тағы бір дарбазадан кірді. Халық оны көріп, қорқып қашты. Бір тас алып сарайға лақтырып еді, сарай құлады. Жүсіп оларға ешкімнің қарсы тұра алмайтынын білді. Ибрахим пайғамбардың сəлдесін алып, оларға қарсы тұрды. Олардың дауысы шықпай қалды. Жүсіп қайта кірді. Бəрін ұстады. Яхуда айқайлаған кезде Раиян патша қорыққанынан үңгірге кіріп еді. Жүсіптің оларды ұстағанын естіген патша қатты қуанды. Мысыр жұрты жиылды. Жүсіп оларға: «Əлемде біз мықтымыз деп мақтанасыңдар. Мұнда да ерлер бар екенін көрдіңдер ма?!» – деді. Адам жіберіп, баяғы кенттен жүктерін алдыртты. Үш күн оларды үйде ұстады, төртінші күні олардың көз алдында: «Бұларды өлтір», – деп, Раиян патшаға адам жіберді. Тағы бұларға: «Сендерді кешірдім, істеген күнəларыңыздан өттім, сендерді босаттым, бастарыңды алып бұл жерден кетіңдер», – деді. Яхуда: «Мен бармаймын, сендер барып əкемізге балаң ұрлық қылды деп айтыңдар», – деді. Тоғыз бауыр Кенанға келді. Жақып пайғамбарға: «Ибн Ямин ұрлық жасады», – деп, болған жағдайды айтты. Жақып тоғыз ұлын көрді. Екеуін көрмегеніне қайғырып: «Бұдан бұрын біреуін алып бардыңдар, жоғалттыңдар. Енді тағы біреуін алып барып, əкелместен ұрлық жасады деп ақталасыңдар. Менің ұлым ұрлық жасамайды, өтірік айтасыңдар», – деді. Олар: «Сенбесеңіз, анау кенттегі керуендегілерден сұраңыз», – деді. Жақып: «Маған сабырдан басқа шара жоқ. Алла Тағала бəрін ме німен (қайта) қауыштырады», – деді. «Фə сабрун жəмилун əсаллаһу əн йəтиəни биһим жəми'əн иннəһу һуə əл-'əлиму əл-хəкиму» («Енді (мен үшін) сабыр ету жақсы. Мүмкін, Алла олардың бəрін маған қайтарар, расында ол білуші əрі хикмет иесі»). Көп жылады. Қағаз, қалам алып, хат жазды: «Мысыр халқының патшасына! Осы хат Ибрахим Халилулла немересі, Ысқақ Зəбихулла ұлы, Жақып Исраилулладан Ферғауын əулеті Мысыр Əзизіне жетсін. Біз пайғамбарлар ұрпағы екенімізді біл, аталарымыз пəлеге жолыққанында, əкем Ысқақ пайғамбар Алланың жарлығымен бауыздалды. Ұлы атам Ибрахим пайғамбар Намрұт отына тасталды. Мен жəне екі ұлдың қайғысына баттым. Біреуін «бөрі жеді» деді, жəне бірін «ұрлық қылды» деп сен алып қалыпсың. Бізде ұрлық жасайтын адам жоқ. Мен бір əлсіз, мұң мен қайғыға батқан бір қарт адаммын. Жасым келді, сүйектерім қаужырады, шаш-сақалым ағарды. Белім қайғы-мұңнан бүкір болды. Маған рахым қыл, жарылқа. Көзімнің жарығы ұлымды маған беріп
жібер. Саған жақсы дұға қылайын. Бұ дүниеде жақсылық көріп, о дүниеде (тамұқтан) құтыл. Біздің көңілімізді ауыртпа, демімізді əлсіретпе. Саған жақсылық келмес. Егер жібермесең, бір түнде ерте тұрып, сиқыр оғын саған жіберемін. Сені мен патшалығың, елің опат боласыңдар». САУАЛ: Жүсіп Ферғауын əулетінен емес еді, не үшін Ферға уын əулеті деп хат жазды? ЖАУАП: Мысыр патшалырының бəрі Намрұт ұрпағы еді, Ферғауын аталатын. Бұл патша да олардың тұқымынан деп білмей жазды. Хат Жүсіпке жеткен кезде, Жүсіп үйге кіріп үш күн жылады. Содан хатқа жауап жазды: «Бұл Мысыр Əзизінен Ысқақ пайғамбар ұлы Жақып пайғамбарға жетсін. Ей, байқұс қарт, сен хатта əкем бауыздалды, ұлы атам отқа атылды, ұлымды маған бер. Бермесең, таң сəріде тұрып дұға оғын атамын депсің. Енді менің жауабым мынау: аталарың қалай сабыр қылса, сен де солай сабыр сақта. Тəңір Алла оларға қалай жол берсе, саған да солай жол береді. Тағы айтарым, таң сəріде тұрып ол оғыңды маған əсте ата көрме. Ол көзіңнің жарығы, көңіліңнің сүйеніші ұлыңмен Тəңір Алла жақын күнде қауыштырғай. «Уəссəлəм» («Сау болыңыз»)». Хат Жақып пайғамбарға жеткен кезде, ол оқып болып: «Мына хат кəпірлердің хаты емес, мына сөз кəпірлердің сөзі емес. Бұл жазулар пайғамбарлардың жазуы немесе шынайы сыддықтардың (турашылдардың) хаты», – деді. Сол уақытта Жақып пайғамбардың өзінен жəне ұрпағынан басқа пайғамбар жоқ еді. Бұл хат ұлым Жүсіптікі болуы мүмкін деп үміттенді. Ұлдарына: «Сендердің нəпсілерің сендерге осы істі жеткізді, осылайша Жүсіп туралы (хабар) жеткізді. «Қаулуһу Тə'əлə: Қалə бəл сəууəлəт лəкум əнфусəкум» («(Жақып): «Мүмкін сендердің нəпсілерің бір істі сендерге мақұлдатып алған», – деді»). Мысыр патшасына ұрыны құл етуді сендер үйретіпсіңдер. Іштеріңде не жатқанын Алла біледі. Ұлқызды қарғау бізге жөн емес. Жүсіпке сабыр еткендей, бұған да сабыр сақтайын, (мүмкін), Алла Тағала бəрімен қайта қауыштырар. «Фə сабрун жəмилун əсаллаһу əн йəтийəни биһим жəми'əн иннəһу һуə əл- 'əлиму əл-хəкиму» («Енді (мен үшін) сабыр ету жақсы. Мүмкін, Алла олардың бəрін маған қайтарар, расында ол білуші əрі хикмет иесі»). (Деректе) сол сəтте Тəңір Алланың жарлығымен Жақып ұйқыға кетті дейді. Түсінде Əзірейілді көрді, (одан): «Ей, ажал періштесі, Жүсібімнің жанын алдың ба?» – деп сұрады. Əзірейіл: «Жүсіп тірі, жанын алған жоқпын. Алла Тағала Жүсіпті сенімен табыстырады, қуанышқа кенелесің», – деді. Жақып көңілді оянды да: «Ей, дариға, Жүсібімнің халі қалай екен?» – деді. Сол кезде Жебірейіл жетіп келіп: «Ей, Жақып, неге жылайсың? Алла Тағала сені ұлың Жүсіппен табыстырамын деп жатыр» деген хабар жеткізді. Жақып пайғамбар қуанғанынан маңдайын сəждеге қойып, Алла Тағалаға шүкіршілік етті. Ұлдарына қарап: «Мысыр жұртына
барыңдар, Жүсіпті іздеңдер», – деді. (Олар): «Барамыз, Ибн Яминді алып келеміз, алайда Жүсіпті таба алмаймыз», – деді. Жақып пайғамбар Жүсіп үшін көп жылағаны соншалық, екі көзі көрмей қалды дейді. Ұлдарынан бас тартты. Кейбіреулер қырық жыл жылады, енді біреулер сексен жыл дейді. САУАЛ: Адам үш жүз жыл жылап еді, көздері соқыр болмады. Жақып қырық (жыл) жылағанда, қалайша көздері соқыр болды? Мұндағы хикмет не? ЖАУАП: Адам күнə жасады, Алла Тағаланың жарлығынан тыс бидай жеді, істеген айыбына жылады. Сол үшін де көзі соқыр болмады. Алайда Жақып күнəсі үшін жылаған жоқ, Жүсіп үшін жылады, көздері көрмес болды. (Деректерде) Дəуіт пайғамбар күнəсі үшін қырық жыл жылағаны, сонда айналасына қырық қари су жиылғандығы, (сол жерлерге қалың) шөп шыққандығы соншалық, Дəуіттің бойы көрінбей қалғандығы айтылады. Хикаяда кездеседі: Бір күні көктен бір құс ұшып келіп, Дəуіттің көз жасынан ішті. Құс ұшып бара жатып: «Қандай тəтті су іштім», – деді. Дəуіт оны есітіп, одан əрі жылай бастады. «Ей, Дəуіт, неге жылайсың?» деген Жаратушыдан жарлық келді. (Ол): «Тəңірім, менің қадірімнің кеткені соншалық, көктегі құстар қорлады, маған аяушылық білдіруде. Менің көз жасымды тəтті дейді», – деді. «Ей, Дəуіт, ол құстар өтірік айтқан жоқ, рас сөйлеп тұр. Дүниеде күнəһарлардың көз жасынан тəтті еш нəрсе жаратпадым» деген дауыс келді. Дəуіт бұл хабарды естіген соң, қуанғанынан одан қатты жылады. Хикаяда кездеседі: Шайқы Зуннун Мысри бір түні үйдің үстіне шығып құлшылық қылды. Көп жылағаны соншалық, көз жасы тарнаудан су болып ақты. Сол сəтте үй жанынан өтіп бара жатқан бір адамның киіміне су тамды. (Ол): «Мына тарнаудан ағып жатқан су таза ма əлде таза емес пе?» – деді. Зуннун есітіп: «Ей, мұсылман, иман киіміңді жу, тазарсын, (бұл) бір күнəһардың көз жасы», – деді. Қайта өз сөзімізге оралайық.... Сол сəтте Жебірейіл адам бейнесінде Жақыпқа келіп: «Йə Йə'қубу мə əллəзи əзхəбə бəсаракə» («Ей, Жақып, не нəрсе көздеріңді соқыр қылды»), яғни «Көзіңді кім соқыр етті, арқаң неден бүкір болды, жүзің неге солды?» – деді. Жақып: «Жүсіп үшін жыладым, көзім соқыр болды, Ибн Ямин қайғысы белімді бүкір етті, Яхуда деген сағыныш жүзімді солдырды», – деді. Жебірейіл: «Ей, Жақып, сені Жүсіп жаратты ма?» – деді. Жақып: «Жоқ», – деді. (Жебірейіл): «Ибн Ямин саған несібе береді ме?» – деді. Жақып: «Жоқ», – деді. Жебірейіл: «Тəңірге не үшін шағымданып жатырсың?» – деді. Жақып мұны айтып жатқан Жебірейіл екенін білді. Сол сəтте көрінбей кетті. Жақып: «Лəу зарабтəни биһəзə əс-саути əууəлə мəрратин мə əфнəйту 'умри фи зикри Йусуфə» («Егер мына қам шымен
мені бұрынырақ ұрғаныңда, мен Жүсіпті ойлап өмірімді босқа өткізбеген болар едім»), (яғни) «Тəңірім, мына қамшымен алғаш ұрсаң, ессіз өмірімді Жүсіп атымен өткізбейтін едім», – деді. Жақып жылаған кезде үйдегі ұл-қыздары: «Құдай үшін, Жүсіп деуден жалықпадың ба?! Тынбай Жүсіп дейсің, (бүйте берсең) қайғыдан көз жұмарсың», – дейтін. «Та'əллаһи тəфтə'у тəзкуру Йучуфə хəттə тəкунə хəразəн əу тəкунə мин əл-халикинə» («Құдай ақы, сен Жүсіті əрқашан ойлайсың, өзіңді көп қинайсың немесе опат болушылардан боласың»). Бұл сөз Жақыптың қайғысына қайғы қосты. (Ол): «Менің мұңға толы көз жасым олар үшін емес, Жаратқанға. Жаратқанға мұңымды шағып жатырмын. «Қаулуһу Тə'əлə: Иннəмə əшку бəсси уə хузи илаллаһи» («Расында, мен өзімнің шыдамсыздығым мен ренішімді Аллаға айтып жатырмын»), – дейтін. Ғибадат, құлшылықтан босаса, мына дұғаны айтатын еді: «Йə кəсира əл-хəйри уə дəимə əл-мə'руфи мəссикни 'əлə əлислəмийə хəттə əлқақа» («Ей, жақсылығы көп (Алла), ей, жақсылығы əрқашан болушы (Алла), өзіңмен кездескенімше (мені) Исламда берік ұста»). Жəне мына дұғаны оқитын: «Аллаһуммə руддə 'əлəйиə райхəнни суммə иснə' мə шитə» («Ей, Алла, менің райханымды өзіме қайтарып бер, кейін қалағаныңды жаса»), яғни «Құдайым, ол екі гүлімді маған қайтарып бер, одан кейін маған не қаласаң, соны жаса». Риуаятта келеді: Абдулла ибн Аббас (Алла одан разы болсын): «Жақып пайғамбар Жаратушысына жалынып, қуаныш сұрады. Осы дұғаны көп оқығаннан кейін бір күні Əзірейіл адам бейнесінде келді. Жақып пайғамбар оны қолымен ұстап: «Кімсің?» – деді. «Əзірейілмін», – деді. Жақып: «Ей, Əзірейіл, Алла Тағаланың құрметі үшін айт, ұлым Жүсіптің жанын алдың ба?» – деді. Əзірейіл: «Жоқ, Жақын күндері Жүсіпті көріп қуанышқа кенелесің», – деді. Жақып қуанғанынан жылай бастады. Əзірейіл: «Ей, Жақып, менің Жаратушым «Əшку бəсси уə хузни илаллаһи» («Мен өзімнің шыдамсыздығымды мен ренішімді Аллаға айтып жатырмын») дегенше, «Йə кəсир əл-хайри уə йə дəим əл-мə'руф» («Ей, жақсылықтың кеніші, ей, əрқашан атақты») десең, Жүсіп пен Ибн Яминді, егер дүниеден өткен болса да, тірілтіп сенімен табыстыратын едім. Бүгінде екеуі де тірі. Қалайша қауыштырмайын деп, Алла Тағала сəлем жолдап жатыр», – деді. Жақып мұны есітіп, ұлдарына: «Жүсіпті бөрі жемегенін, Ибн Яминнің ұрлық жасамағанын мен білемін», – деді. Ұлдары: «Тірі екенін білсең, сенімен табыстыратынын сезсең «Йə əсəфəн 'əлə Йусуфə» («Ей, Жүсіпке өкініш»), неге жылап жатырсың?» – деді. (Жақып): «Менімен табыстыратынын білетін едім, алайда қашан екенін білмейтінмін, сондықтан да жылаймын», – деді. Адам ұлдары сəті келетінін біледі, бірақ қашан келетінін білмейді, сол себепті де қорқады.
(Деректерде): Жақып пайғамбардың ұлдары астықтары таусылмастан тұрып, ақылдасу үшін əкелеріне келді дейді. Əкелері: «Барып, Жүсіп пен Ибн Яминді сұраңдар, табыңдар», – деді. «Йə бəнийə изхəбу фə тəхəссəсу мин Йусуфə уə əхиһи» («Ей, ұлдарым, барып Жүсіп пен оның інісін іздеңдер»). (Олар): «Ей, əке, неше жылдардан бері Жүсіп деп жылап жатырсың. Бөрі жеген Жүсіпті қайдан табамыз?!» – деді. Жақып: «Жаратушының мейірімінен күдер үзбеңдер, Жаратушының мейірімінен күдер үзгендер кəпірлер!» – деді. «Уə лə тəй'əсу мин раухиллəһи иннəһу лə йəй'əсу мин раухиллəһи иллə əл-қауму əл-кəфирунə» («Жəне Алланың мейірімінен үмітсіз болмаңдар, расында, Алланың мейірімінен тек кəпірлер ғана күдер үзеді»). Жақып пайғамбардың ұлдары жолға шықты, əкелері шығарып салып, кеңес берді. (Олар) Мысырға жақындаған уақытта қызметшілер Жүсіпке хабар жеткізді. Жүсіп он мың алтын белдікті жігіттерін оларға қарсы жіберіп, он мың күміс белдікті жігіттерін қасына алып тұрды. (Деректерде) Жүсіптің жеті қабат сарайы болғандығы айтылады. Барлық шатыры алтын, күміспен безендіріліп, ағаштары ақықтан еді. Ол жеті қабат сарайды неше түрлі əшекейлермен жасады. Алғашқы қабат сарайында Мысыр ұлықтарын отырғызды. Бəрі жібек киімді, алтын белдікті (болатын). Екінші үйді жасылмен бояп, бектерді отырғызды. Үшінші үйді қызылмен бояп, баһадүрлерді отырғызды. Төртінші үйді насыхпен безендіріп, ақсақалдарды отырғызды. Бесінші үйді лалалармен безендіріп, жұлдызшыларды отырғызды. Алтыншы үйді жұпармен безендіріп, онда оқымыстыларды отырғызды. Жетінші үйді гүлдермен безендіріп, (өзі отырды). Қызметшілерімен алтын тақ орнатып, тақтың оң жағында алтын белдікті мың жігіт қолдарына гүрзі алып тұратын еді. (Ал) сол жағында күміс белдікті мың жігіт тұрып, қолдарына садақ ұстайтын. Арқасында қызыл алтыннан бір түп ағаш еді, бұтақтары күмістен, жапырақтары інжуден, жемістері жақұттан болатын. Бауырлары есікке жақындағанда оларды зор құрмет көрсетіп ішке кіргізді. Бұл бөлмелерді көрген кезде олар патша бізге мұндай айғақтар көрсетіп, жауыздық ойламас па екен деп қорықты. Кірген кезде олардың əрқайсысын тақ үстіне отырғызды. Өзі Ибн Яминмен бірге тақтың үстінде отыр еді. Жақып ұлдарының бұл үшінші рет келуі еді. Құрғақшылықтың қатты болғаны соншалық, бір есектің басын төрт мағрибтік алтынға алатын еді. Бұл келгендерінде ақшалары жоқ болатын. Тауар, қоржын, ыдыс, арқандар алып келді. Арқаларына арқалап, жалынып-жалбарына кірді. (Олар): «Уа, жоғары мəртебелі, бізге, ұл-қыздарымызға ауыр тиді. Аштықтан шыдамымыз таусылды. Қазынаға керекті еш нəрсе алып келе алмадық, бидай құнына татымайтын азғантай май, арқан, ыдыс, тауар ғана алып келдік. Осыларды алып, бізге бидайды садақа етіңіз», – деп жалынды. Олар туралы (былайша) хабар береді: «Йə əйиуһə əл-'əзизу мəссəнə уə əһлəнə əз-зурру уə жинə бибиза'əтин музжəтин фə əуфи лəнə əл-
қалə уə тəсаддəқ 'əлəйнə» («Ей, құрмет иесі, біздер мен əйелдерімізге аштықтың əсері жетті. Біз арзымайтын азғантай зат алып келдік. Біздерге жақсылап дəн өлше жəне біздерге садақа жаса»). Жүсіп пен Ибн Яминнің көздерінен жас ағып тақтан түсіп, үйге кірді де, ұзақ жылады. (Жүсіптің) қасындағылар: «Уа, жоғары мəртебелі, төрт жылдан бері қаншама халық жылап-еңіреп келгенде оларға жыламап едіңіз, бүгін неге жылап жатырсыз?» – деді. (Жүсіп): «Тыныш тұрыңдар, бұлар менің бауырларым. Қарт əкем мен бауырларыма қатты ауыртпашылық келіпті. Сонша халықтың алдында қысылмастан «Мəссəнə уə əһлəнə əз-зурру» («...Біздер мен əйелдерімізге аштықтың əсері жетті») деп зар еңіреді. «Қалайша жыламайын?» – деді. Содан кейін оларға (бауырларына) қарап: «Бір уыс бидайдың қырық алтын болғанын білмейсіңдер ма? Сендердің мына алып келгендерің бізге жарамайды», – деді. Əр келгендерінде Жүсіп оларды күтетін еді. Бұл жолы күтпеді. Адам баласына мың түрлі пəле істей алмаған істі бір сағаттық аштық жасайды жəне адам баласына мың шайтан істей алмайтын істі бір сағаттық тоқшылық жасайды деген сөз бар. Сондай-ақ (деректерде) Жаратушы Алла адамның нəпсісін жаратқанда, «Мен кіммін, сен кімсің?» деген жарлық келді дейді. (Сонда) нəпсі: «Сен – сенсің, мен – менмін», – деді. Мұны неше түрлі рахатқа кенелген тоқшылық айтты. Енді аштық пен ауыртпалық келген де: «Құдайым, Сен – Алласың, мен – құлмын», – деді. Тағы ертесіне жұмақтықтар тамұқтықтарды, (ал) тамұқ тықтар жұмақтықтарды көреді, – дейді Жаратушы Алла. (Тамұқ тық тықтар) барлық қиындықтарға шыдайды, айқайламайды екен, алайда аштық пен шөлге төзе алмай: «Уə нəдə əсхəбу əн-нəри əсхəбə əлжəннəти əн нəфизу 'əлəйнə мин əл-мəи əу миммə разақакум Аллаһу» («Дозақтықтар жəннаттықтарға айқайлап: «Біздерге су мен Алла Та ғаланың берген нығметтерінен азғантай болса да лақтырың дар»), – деп жалынады екен». «Анау сіз ішкен су мен жеп жатқан тамақтан бізге беріп жіберіңдер», – деп жар салады екен. (Сонда) жұмақтықтар: «Алла Тағала бұл су мен тамақты кəпірлерге харам қылған (тыйым салған)», – дейді екен. «Хəррамəһумə 'əлə əлкəфиринə» («Алла бұл екі нығметті кəпірлерге харам еткен (тыйым салған)»). Бұл аяттан белгілі болаты ны барлық азаптан аштық азабы ауыр болады екен. Өз сөзімізге оралайық.... Жүсіптің сарайына келгендеріне жеті күн болса да, Жүсіп (бауырларының алып келген) мал-дүниесін қабылдамады. (Олар): «Уа, жоғары мəртебелі, біздің (алып келген) малдүниеміз сіздің қазынаңызға лайық емес. Сен бізге мұқтаж емессің, біз саған мұқтажбыз, бізді үмітсіз қайтарма, садақа жаса, астық бер. Садақаның сауабын Жаратушы Алла береді», – деді. «Уə тəсаддəқ 'əлəйнə инналлаһа йəжзи əл-мутəсаддиқинə» («Біздерге садақа жаса, Алла Тағала садақа берушілерге, əрине, сыйлық береді»).
Хамит Нəсəуидің РИУАЯТ етуінше, Жүсіптің таң ертеңгі асына қырық мың алтын жұмсалады екен. Кешкі асына да сонша. Жəне əр күні қырық мың алтын садақа береді екен, кешке де. (Бауырлары): «Ей, патша, сенің жомарттығың барша əлемге жарық беріп тұр. Біз ғаріптерге де жарық түссе не болады? (Ибн) Ямин үшін жылап жатқан қария əкеміз бар. Əкемізге, бізге рахым қыл. Ибн Яминді бізге садақа етіп бер. Қайтарымын Жаратушы Алла береді», – деді. «Инналлаһа йəжзи əл-мутəсаддиқинə» («Алла Тағала садақа берушілерге, əрине, сыйлық береді»). (Олар) Жүсіпті «жоғары мəртебелі» деп мақтады «Қалу йə əййуһəл 'əзизу» («Ей, құрмет иесі, – деді»), (екінші), өздерін төмен санады «Мəссəнə уə əһлəнə əл-зурру» («...Біздер мен əйелдерімізге аштықтың əсері жетті»). Үшінші, алып келгендерін саған лайық емес деді «Жи'нə би биза'əтин музжəтин» («Біз арзымайтын азғантай зат алып келдік»), төртінші, тілегенде əділдікпен тіледі «Фə 'əуфи лəнə əлкəйлə» («Біздерге дəн өлшеуін жақсы ет»), бесінші, жомарттықтан үміт етті «Тəсаддəқ 'əлəйнə» («Біздерге садақа жаса»), алтыншы, берген жазаға уəде етті «Инналлаһа йəжзи əл-мутəсаддиқинə» («Алла Тағала садақа берушілерге, əрине, сыйлық береді»). Абдулла Харис Ибн Нəуфəл (Алла одан разы болсын) РИУАЯТ етеді: Бəрі жалынды, Жүсіп қабылдамады. (Бауырлары) Ибн Яминді көрместен: «Уа, жоғары мəртебелі, ұрлық жасаған бауырымыз қайда?» – деді. Жүсіп: «Саттым, хат алдым. (Сол) хат мынау, біз ибрани тілінде оқи алмаймыз, сендердің тілдерің, оқыңдар, есітейік», – деді. Яхуда ашуланып Рубилға берді. Рубил Шамғунға берді. Шамғун Лауиға қолма-қол берді, оқымады. «Бұл хатты білмейміз», – деді. Жүсіп: «Өз тілдеріңді қалайша білмейсіңдер? Оқыңдар», – дегенінде, олар қорқып кетті де, жүздері сарғайып: «Уа, жоғары мəртебелі, бұл хатты оқудағы сіздің мақсатыңыз не? Қандай ауыртпалық болса да біз тартайық, (тек) бұл хатты бізге оқытпа. Өз жазуымызды өзіміз оқи алмаймыз. Сондай қиямет болса, «Əмəннə биһи уə сəддақнə» («Оған иман келтірдік жəне берілдік») əрбір пенденің істеген істерін «оқы» деп жазып, қолдарына береді. Ол пенделер (жазудың) іші күнə мен айыпқа толы болғандықтан, көріп оқи алмайды. «Оқыңдар» деген жарлық келеді. «Хатымыз осы болса, (онда) орнымыз тамұқ екен» деп зар еңірейді. Бұл хатты бізге оқытпа, ашуланғаннан оқи алмаймыз», – деді. Жүсіп жəне: «Болмайды, оқыңдар», – деп Яхудаға берді. Яхуда алып оқыды. Мынау сол хат: «Зағыр патша түрі мынадай, Жүсіп деген Жақып пайғамбар ұлдарының бірін алды». Зағыр патшаның атын естіген уақытта олар: «Біз оған бір ұлды құл етіп сатып едік», – деді. Жүсіп: «Бүгінге дейін бөрі жеді деген едіңдер, енді келіп құл ретінде саттық дейсіңдер. Ол сендерге бауыр емес пе, бауырды сату дұрыс болар ма? Мыналарды ұстаңдар», – деп бəрін ұстатты. «Бұларды не істейміз?» – деп Мысырдың ұлықтарын жиды. Біреулері: «Қолдарын
кесейік», – деді. Кейбіреуі: «Дарға асыңдар», – деді. Жүсіп: «Бұларды қинаңдар, қиналып өлсін, өзгелерге сабақ болсын. Бауырларын сатпайтын болады», – деді. Ұстап базарға алып барғанда, (олар) айқайлап: «Уа, жоғары мəртебелі, бүгін не жаза қолдансаң да, біз соған лайықпыз. Сенен бір өтінішіміз бар, біз өлгеннен кейін біздің арзымас мал-дүниеміз бен сүйегімізді əкемізге жібер», – деді. Жəне Яхуда: «Əкеміз Жақып пайғамбар бүгінге дейін бір ұлын жоғалтқаны үшін жылап көздері соқыр болды. Енді он ұлы үшін қалай шыдайды?» – деп жылады. Бəрі жылап, айқайлап былай деді: Уə əсəфə 'əлə фирақи қаумин Уəл-мудну уə-музну уəр-рауəси Кəм тəғайиəра лəнə əл-лəйəли Уə куллу хəмдин лəнə қулубу Һумул-мəсəбиһу уəл-хусуну Уəл-хəйлу уəл-'унсу уəс-сукуну Хəттə тəуəффəһум ул-мəнуну Уə куллу мə лəнə уйуну (Өкініш болсын бір қауымның қайғысына, Олар жол көрсетуші шырақ еді, Сапарда һəм шаһарда, далада һəм жайлауда Қорғайтын (айнала) қорған еді. Жəне оларға өлім келгенше Қаншама түндер өте шықты. Жүректе айтқан бір мадақ, Жəне көздер көріп тұрған əр нəрсе.) Түркише: Мына біздей қатты азапта кім бар бүгін, Кездесті байқұс жанға неше қиын. Ғаріптікте еріксіз түсіп иланып, Ессіз он туысқан өлерміз бүгін. «Бүгінге дейін астық сұрап, садақа жаса, – дедік, одан бас тарттың. Ибн Ямин бауырымызды садақа қыл, – дедік. Одан да бас тарттың. Іс басқа жетті, енді қу басымызды садақа жаса», – деді. Барша Мысыр халқы бұл жиынды көріп жылады. Сол кезде Жебірейіл келіп: «Ей, Жүсіп, Алла Тағала айтып жатыр. Бұларды бір жолы қинама. Алып келгендерін алмаймын дейсің, уəде еткен бидайды бермеймін дейсің жəне өлтіремін деп қорқытасың», – деді. Жүсіп оларды алдыртып: «Мал-дүниелеріңді қабылдадым, астық берейін, көбірек берейін. Қалған істеріңізді ертең бітірейін», – деп оларды қуантып тастады. Осылайша қиямет күні Жаратушы Алла барша пенделерді тамұқ отымен қорқытады, азабын көрсетеді. Содан кейін өз кеңшілігімен жұмаққа кіргізеді. Хикаяда былай кездеседі: Жарандардың бірі дүниеден өтті. Оны түсінде көрді. (Одан) Жаратушы Алла сенімен қандай мəміледе болды деп сұрады. (Ол): «Хəсəбуни фə дəфə'у суммə мəнну фə ə'тəқу» («Мені
қатты тұтқынға алып, сұрады, кейін маған жақсылық жасап азат етті»). Мағынасы: «Бізді сұрақтың астына алып қатты қыспақтады, ақыр соңында жарылқап босатты», – деді. (Бауырлары): «Ол хатты оқымаймыз», – деді. Жүсіп өз хатшысына беріп, «Оқы», – деді. Оқыды. Сондағы хат мынау: «Жақып пайғамбардың ұлдары Яхуда, Шамғун, Рубил, Лауи, Жад, Дан, Яғша, Ястажир, Рамалун, Қазура, яғни он ағайынды. Осы он бауыр бірлесіп Жүсіп есімді құлымызды Зағыр патшаға саттық». Хатты оқып бола бергенде Яхуда: «Ей, патша, бұл біздің хат. Жүсіп есімді құлымыз бар еді, соны саттық», – деді. Жүсіп: «Оның хикаясы қандай еді?» – деді. Яхуда: «Ініміз бізбен бірге аңға шықты. Біз аңмен есіміз шығып жүргенде, оны бөрі жеп қойды», – деді. Жүсіп: «Бұл сөз дұрыс емес. Менің бір өлшеу таразым бар. Қай сөзді сұрасам, маған айт», – деп таразды алып келгізіп, қолына алды. Екінші қолымен таразды қақты. Тараз дауыс шығарды. Жүсіп: «Ей, жігіттер, сендердің араларыңда ашуланып, аяғымен жерді тепсе, тізесіне дейін көмілетін бір жігіт бар екен. Егер тасты қолына алса, ұндай ұнтақталады екен. Үрлесе, түктері киімінен өтіп, тас шығады екен. Үн шығарса, бір иғаш (шамамен 6 км. Келетін қашықтық) жерге дейін жетеді екен. Сол үн жеткен бір иғаштық жердегі естіген екіқабат əйелдердің төрттен бірі бала тастайды екен. Ол кім?» – деді. Яхуда: «Ол менмін», – деді. Жүсіп: «Менмін деуге ұялмайсың ба? Соншалықты күш-қуатың бола тұра, Жүсіпті қалайша бөріге жегізіп қойдың?» – деді. Жəне таразды қақты, дауыс шықты. (Жүсіп): «Мына таразым айтып жатыр, сендердің араларыңда бір жігіт бар екен. Саясында мың қой жататын ағашты бір қолымен қопарады екен. Егер соғысқа кірсе, жиырма мың əскерді қашырады екен. Ол кім?» – деді. Шамғун: «Менмін», – деді. Жүсіп: «Соншалықты күшің бола тұра, Жүсіпті бөріге қалай жегіздің?» – деді. Жəне таразды қағып: «Мына соғуым айтып жатыр, сендердің араларыңда бір жігіт бар екен, бір оқ атса, алты иғаш жерге жетеді дейді. Атқанын құр жібермейді екен. Ол кім?» – деді. Рубил: «Менмін», – деді. Жүсіп: «Сонша күшің бола тұра, Жүсіпті бөріге қалай жегізіп қойдың?» – деді. Жəне таразды қағып: «Мына соғуым айтып жатыр, бұларда бір жігіт бар екен, түйені басынан асырып тастайды екен. Ол кім?» – деді. Лауи: «Ол менмін», – деді. Жүсіп: «Сол күшің бола тұра, Жүсіпті бөріге қалайша алғызып қойдың?» – деді. Осылайша он рет таразды қақты. Əрбіріне жауап берді. Тағы бір рет таразды қағып: «Мына таразым айтып жатыр, Жүсіпті өлтіруге бел байлапсыңдар жəне құдыққа тастапсыңдар. Құдықтан
шығарып, құл ретінде сатыпсыңдар. Аяғын кісенде депсіңдер. Қатты ерге мінгіз, жылауық, ұры депсіңдер. Бүгін қолдарыңды кесіп, Мысыр жұртының есіктерінен асатын күн», – деді. Олар қорқып кетіп, өзара өз тілдерімен сөйлесе бастады. (Олар): «Келіңдер, мұндай азаппен өлгенше, əрбіріміз жəрдемімізді көрсетіп өлейік», – деді. Кейбіреулер (былай) айтады: Яхуда бұл сөзді есітіп, атып тұрып: «Ей, бауырлар, бүгінге дейін бұл сөзді ешкімге айтпадыңдар. Əкеміз, ұл-қызымыз білмеді. Жəне əкеміз: «Бізге барып, Жүсіпті, Ибн Яминді сұраңдар деді. Ибрахим пайғамбар, Ысқақ пайғамбар жəне Жақып пайғамбардың құрметі бұл – Жүсіп. «Қалу əиннəкə лəəнтə Йусуфу» («(Олар): «Сен Жүсіп болып жүрме», – деді»). «Ей, патша, Жүсіп болсаң, бізді бұдан артық қинама. Ол қария əкемізді бұдан артық қайғыда ұстама деген уақытта, Жүсіп жүзіндегі пердені шешті. Басындағы белгісін көрсетіп: «Сол Жүсіп менмін, мынау Ибн Ямин менімен бірге туысқан бауырым», – деді. «Қалə əнə Йусуфу уə һəзə əхи» («(Ол): «Ия, мен Жүсіппін, мынау менің інім», – деді»). САУАЛ: Ибн Ямин Жүсіптің бауыры еді, олар да білетін. Бұл жерде мен Жүсіппін, мынау менің бауырым демекте қандай хикмет бар? ЖАУАП: Өлшеу ыдысы сол күні оның жүгінің арасынан шықты. Ұрлығы үшін құл деп алып қалып, құл дедік. Ол құл дегенді есітіп, қайғырды. Көңілі орнына түссін, қуансын деп, бүгін бауырым деп атады. Бұдан əрбір қиыншылықтың арты жақсылық, əрбір қайғының соңы қуаныш, əрбір бейнеттің соңы зейнет екендігі белгілі болды. (Олар): «Ей, Жүсіп, біз сені құл деп саттық, ғаріптікке салдық. Мына патшалыққа қалай жеттің?» – деді. Жүсіп: «Алла Тағала мынадай шарт қойды: Кім күнəдан қайтса, Жаратушыдан қорықса, пəлеге сабыр қылса, басқа түскенге разы болса, Жаратушы оның бейнетін босқа жібермейді. «Қад мəнналлаһу 'əлəйнə иннəһу мəн йəттəқи уə йəсбир фə инналлаһа лə йузи'у əжра əл-мухсининə» («Расында, Алла бізге көп жақсылық жасады. Кімдекім жамандықтан сақтанса, сабыр қылса, оның сауабы Алладан. Себебі Алла жақсы амал етушілердің сауабын босқа жібермейді»). Мен Алла Тағаланың үкіміне сабыр қылдым. Мысыр əйелдерінің пəлесінен өзімді сақтадым. Соның шарапатынан патшалыққа жеттім», – деді. Содан кейін бауырлары Жүсіптен кешірім сұрады. Жүсіп оларды кешірді. Оларды қайғыдан шығарып: «Ей, бауырларым, «Ихуəни мə əуқа'тумуни фи əл-жубби уə лəкин əжлəстумуни 'əлə əс-сəрири. Ихуəни мə əуқа'тумуни фи əл-ғурбəти бəл жə'əлтумуни мəликəн» («Ей, бауырларым, сендер мені құдыққа тастамадыңдар, қайта таққа отырғыздыңдар. Ей, бауырларым, сендер мені ғаріптікке салмадыңдар, қайта мені патша еттіңдер»)», – деді. Бір бұл сөзді есітіп, қуанып: «Жаратушы сені бізден асырды, сені мақтады. «Тə'аллаһи лəқад əсəракаллаһу 'əлəйнə» («Құдай ақы, Алла сені құрметтеп бізден жоғары етіпті»). Бар айып бізде «Уə ин куннə лəхати'нə» («Біз болсақ анық қателесушілерміз»)», – деді.
Жүсіп (оларды) кешіріп, (жүздерін) жерге қаратпады. «Лə тəсрибə 'əлəйкум əл-йəумə» («(Жүсіп): «Сендерге ешбір жаза жоқ бүгін»). Бауырларына ерлік һəм мəрттік жасады дейді. «Лə тəсрибə 'əлəйкум əл-йəумə» («(Жүсіп): «Сендерге ешбір жаза жоқ бүгін»), – деді. Оның ерлігі Алла Тағаладан оларды кешіруін сұрап: «Йəғфируллаһу лəкум уə һуə əрхəму əр-рахиминə» («Алла сендерді кешіреді, себебі ол мейірімділердің мейірімдісі»), – деді. Бір-бірін құшақтады. Ұлы Афратимді бауырларына таныстырды. Мысыр халқының бəрі кешірім сұрады. Содан кейін Яхуда: «Ей, Жүсіп, біздің біреуімізге əмір бер, əкемізге сүйінші айта барсын», – деді. Жүсіп əмір берді. Түйеге (пілге) күймеже орнатты. (Жүсіп): «Кенанға барып, Жақып пайғамбарды əйелі жəне басқа да ағайындарымен көшіріп келіңдер», – деді. Яхудаға: «Сен менің көйлегімді əкеме алып бар, көйлегіммен көздерін сүртсе, көзі ашылады», – деді. Рубил жетіп келіп, Яхуданың аяғына жығылып: «Сол күні қанды көйлекті мен алып барып, əкемізді мен қайғыға салып едім. Бүгін көйлекті мен алып барайын. Қайғы менен болды, қуаныш та менен болсын», – деді. Бауырларының əрқайсысы «Мен барайын», – деді. Жүсіп: «Сол күні көйлекті кім апарса, бүгін де сол апарсын», – деді. САУАЛ: Жақып пен Жүсіп екеуі де пайғамбар еді, сексен жыл айырылуларына не себеп болды? ЖАУАП: Жүсіптің кішкентай кезінде Жақып пайғамбардың Мубашшара деген күңі бар еді. Сол құлдың Башир есімді ұлы бар болатын. Бір күні ойнап жүріп, Жүсіпті шапалақпен тартып жіберді. Жүсіп əкесіне жылап келді. Жақып Баширды сатып жіберемін деп антсу ішті. Ақыры анасынан айырып сатты. Анасы Мубашшара жылап қалды. Алла Тағала: «Ей, Жақып, сен Баширды анасынан айырып, сатсаң, мен де Жүсіпті сенен айырып, сатамын. Етті тырнақтан айырудың қандай болатынын бүкіл əлем білсін», – деп тағдыр белгіледі. (Деректерде) Мубашшараның ұлы Баширдың қайғысынан көздері соқыр болғандығы айтылады. Мубашшара Жақып пайғамбарға жылап келді. Жақып мінажат етіп: «Тəңірім, мына Мубашшара ұлы Баширмен табыса ма? Менің ұлым менімен табыса ма?» – деді. «Ей, Жақып, тағдырым Мубашшараға ұлын табыстырмайынша, Жүсіпті сенімен қауыштырмаймын» деген дауыс келді. Жақып бұл қуанышты Мубашшараға айтты. Мубашшара үмітін үзбеді. Ұлы Башир Мысырда құл болатын. Жүсіптің хабарын білген соң, Жақыпқа сүйінші хабар айтайын деп, шапқыр түйеге мініп жолға шықты. Башир алдын, Рубил соңынан келді. Кенанға жеткен уақытта анасы отырған жерді көріп, одан су сұрады. Анасы су берді. «Қайдан келесің, қайда бара жатырсың?» – деді. Башир: «Мысырдан келемін, Кенанға бара жатырмын. Жақып пайғамбарға ұлы Жүсіп туралы сүйінші хабар жеткізуге барамын», – деді.
Анасы: «Өтірік айтасың!» – деді. (Ол): «Ей, кемпір, мені неге жалған дейсің?» – деді. Анасы: «Мен ұлымнан айырылғанмын. Жақып пайғамбардың дұғасына Жаратушы Алла: «Мубашшара ұлын анасымен табыстырмайынша, Жүсіпті (сенімен) қауыштырмаймын» деп жауап берген. Менің ұлымның хабары маған келген жоқ, Жүсіптің сүйінші хабары Жақыпқа қалай жетсін?» – деді. Башир: «Атың кім?» – деді. «Мубашшара», – деді анасы. «Ұлыңның аты кім?» – деді. «Башир», – деді. Осы сөзді естіген уақытта өзін түйеден тастады. «Сол ұлың менмін», – деп анасының аяғына жығылды. Мубашшара ұлын құшақтап, көздері ашылды. Рубил Мысырдан шығып, жарты жолға жеткен уақытта Кенанда Жақып пайғамбарға Жүсіп көйлегінің иісі келді. «Қазір Жүсіптің иісін білдім», – деді айқайлап. «Қалə əбуһум инни лəəжиду рихə Йусуфə лəу лə əн туфəннидуни» («Оларға əкелері (Жақып): «Егер мені ақылдан азған деп айыптамасаңдар, мен Жүсіптің иісін сезіп тұрмын», – деді»). Үйдегі қыздары: «Жүсіптің қайғысында қартайдың, шаршадың. Қайдағы Жүсіпті айтып жатырсың, алғашқы махаббатың кетпеді», – деді. «Тəллаһи иннəкə лəфи зəлəликə əл-қадими əй мəхəббəтикə əл-қадими уə қилə хитəбикə əл-қадими» («Құдай ақы, сіз сол баяғы адасқан қалпыңыздасыз. Яғни Жүсіпті жақсы көруді жалғастырудасыз. (Мұның мағынасы «Сіз баяғы əңгімені əлі қозғап отырсыз» дегені)»). Сол күні Башир Мубашшарамен келіп, Жақыптан сүйінші сұрады. Соңынан Рубил жетіп келді. Жүсіптің көйлегін əкесінің алдына қойды. Жақып көйлекпен көзін сүрткен соң, көздері ашылды. «Фə лəммə əн жəə əл-бəиру əл-қаһу 'əлə уəжһиһи фəртəддə бəсиран» («Елші жетіп келіп, (Жүсіптің) көйлегін (Жақыптың) жүзіне атты, оның көзі ашылып, көретін болды»). Рубилді құшақтап, Жүсіптің хабарын сұрады. Бəрін айтып берді. Екінші күні қалған ұлдары келді. Түйеге орнатылған кебеже де алып келді. Жүсіптен қызметшілер келді. САУАЛ: Ол көйлекпен көзді сүрткенде Жақыптың көздері ашылды. Хикмет не еді? ЖАУАП: (Деректерде) Жүсіп пайғамбардың екі мұғжизасы бар екендігі айтылады. Бірінші өлшеу таразы еді, одан не сұраса, жауап беретін. Екіншісі көйлек болатын. Ибрахим пайғамбарды Намрут (Оған лағынет болсын) отқа тастағанында, Жаратушының жар лығымен жұмақтан Жебірейіл бір көйлек алып келді. Ибрахимге кигізген уақытта Ибрахимді от күйдірмеді. Сол көйлек Жүсіпке мирас болып қалып еді. Содан кейін ұлдары Жақып пайғамбарға: «Ей, əке, саған қылмыс жасадық. Күнəмізді мойындадық. Бізді кешір, Жаратушы Алладан жарылқайтын тілек сұра», – деді. «Йə əбəнə истəғфир лəнə зунубəнə
иннə куннə хати'инə» («Ей, əке, біздің күнəмізді (кешірілуін) Алладан сұра, біз сөзсіз қателесушілерміз»). Жақып пайғамбар дұғаны кейінге қалдырды. Уақыты келсе, сұраймын деді. «Қалə сəуфə əстəғфиру лəкум рабби» («(Жақып): «Мен сендер үшін Жаратушымнан күнəларыңның кешірілуін сұраймын»). САУАЛ: Жақып пайғамбардың ұлдары Жүсіптен кешірім сұрады, сол сəтте-ақ Жүсіп кешірді. Жаратушыдан кешірім етуін сұрады. Əкелерінен кешірім етуін өтінгенде сол сəтте сұрамастан, кейінге қалдырды. Хикмет не еді? ЖАУАП: Жас еді дейді. Жастардың көңілі кең болады, бірден кешірді. Алайда əкесі қарт кісі еді. Қарттардың көңілі қатты болады, сол үшін де кейінге қалдырды. Жас пен қарттың арасында осындай айырмашалық бар. ТАҒЫ ЖАУАП: Жақып пайғамбар көңілі қатты болғандықтан дұ ға жасауды кейінге қалдырған жоқ. Əр нəрсенің өз уақыты болаты нын білетін еді. Дұғаның қабыл болатын кезі – таң сəрі уақыты. «Кəну қалилəн мин əл-лəйли мə йəхжə'унə уə бил-əсхəри һум йəстəғфирунə» («Олар түннің азғантай бөлігінде дем алатын жəне таң сəріде олар күнəларының кешірілуін сұрайтын»), яғни «Менің құлдарым түнде аз ұйықтайды. Ояу тұрып құлшылық етеді, таң сəріде кешірім сұрайды». Жақып пайғамбар таң сəріде кешірім сұраймын деп кейінге қалдырды. Содан кейін Жақып пайғамбар Кенаннан көшті. Қоластындағылармен бірге Мысырға барды. Мысырға үш күндік жер қалғанында Жүсіптің Афратим есімді ұлы үш мың адаммен қарсы алып, атасын көрді. Аттан түсіп сəлем берді. Жақып пайғамбар: «Мынау кімнің баласы? Көңілім мұны сүйді. Жүсіп екен», – деді. «Жүсіптің баласы», – деді. Оны құшақтады. Жүсіп пайғамбар Мысырда: «Мен дегендер атқа қонып, менімен бірге əкемді қарсы алуға шықсын», – деп жаршы шақыртты. Төрт мың адам атқа қонды. Сырнай-кернейлетіп əкесінің алдынан шықты. Қызыл алтыннан жасалып, інжу жақұтпен апталған бір қызыл белгісі (туы) бар еді. Жұлдыздар бейнеленген. Сол белгіні көтерсе, жел оны желбіретсе, аспан күркірейтін еді. Халық оны есітіп естен танатын еді. Жүсіп сол белгіні алып аттанды. Мысыр халқы тамашалау үшін бір иғаш бері шықты. Жүсіп əкесін ат үстінде құшақтады. САУАЛ: Жүсіп неге əкесімен аттан түсіп көріспеді? ЖАУАП: Əкесін танымады. Жəне Раиян патша аттан түспе деген болатын. Жүсіп «Егер аттан түссем, Раиян патшаның көңіліне келіп қалар» деп ойлады. Алайда əкем мені өте жақсы көреді, мені кешіре ді деді. (Деректерде) егер аттан түссем, Раиян патшаның сөзі жерде қалады. Егер түспесем, əкемнің көңілін қалдырған боламын деп, Жүсіптің екі ойдың ортасында қалғандығы айтылады. Намаз оқыды, ұйқыға кетті, «Ей, Жүсіп, аттан түспе. Мəлік мақұлық, сені кешірмейді.
Жаратушы Алла жомарт, сені кешіреді» деген сəждеде түс көрді. Сол себепті аттан түспеді. Сондықтан да Жүсіп пайғамбардың ұлдарына пайғамбарлық нəсіп болмады. Кейбір риуаятта былайша баяндалады: «Жүсіп аттан түсті. Əкесімен көрісті. Əкесін он мың құс атқа жегілген арбаға отырғызды. Бəрі алтын, күміспен апталған. Төрт мың құл, бəрі де алтын белдікті. Осындай салтанатпен Мысырға кірді. Жақып одан (Жүсіптен): «Ей, Жүсіп, саған қандай қиыншылықтар болды? Маған айтып бер», – деді. Жүсіп: «Ей, əке, көп қиыншылық көрдім, айтса таусылмас. Алайда жақсылық көргенім аз. Қаласаң, айтып берейін», – деді. Содан кейін (көрген) қиыншылықтарын айтты, алайда əкем бауырларымнан суып кетер деп, бауырларының қылмысын айтпады. Мысырға кірген уақытта Жақып пайғамбарды алтын таққа отырғызды. Жүсіптің нағашы əпкесі Жақып пайғамбардың некесінде еді. Əкесі, нағашы əпкесі жəне он бір бауыры Жүсіпке сəжде жасады. «Уə рафə'ə əбəуəйһи 'əлə əл-арши уə хəрру лəһу сужжəдəн» («Жəне (Жүсіп) ата-анасын таққа отырғызды, ағалары оған сəжде жасап иілді»). Сол сəтте Жүсіп: «Ей, əкем, он бір жұлдыз жəне ай мен күн ма ған сəжде етіп тұр деген Кенанда көрген түсім бүгін ақиқатқа айнал ды», – деді. «Уə қалə йə əбəти һəзə тəуилу руиəи мин қаблу» («(Жүсіп): «Ей, əке, мына бұрын көрген түсімнің мəнісі»). САУАЛ: Алла Тағаладан өзгеге сəжде жасау дұрыс емес. Жақып пайғамбардың ұлдары не үшін Жүсіпке сəжде жасады? Мұның үш түрлі ЖАУАБЫ бар. Біріншісі, Жүсіп олардың құбыласы жақта отыр еді. Жақып пайғамбар ұлдарымен бірге Жаратушы Аллаға шүкіршілік сəждесін жасады. Ол сəжде Жаратушыға (арналып) еді. Екінші ЖАУАП: Жүсіп(ке) басын иіп кішіпейілділік жасады, маңдайларын жерге қоймады. Үшінші ЖАУАП: ол сəжде Жүсіп еді. Алғашқы шариғат патшаларға сəлем жолымен болатын. Біздің (Мұхаммед) пайғамбарымыздың шариғатында тыйым салынды. Жауаптардың ішіндегі дұрысы осы. Құран аятына сай келеді. САУАЛ: Жүсіп түсінің шындыққа айналуына неше жыл кетті? ЖАУАП: Хасан мен Қаданың айтуынша, сексен жыл өткен. Сүлейменнің пікірінше, отыз жыл. Сағид ибн Хабирдің мəлімдеуінше, жиырма екі жыл. Мұхаммед ибн Ысқақтың айтуынша, он сегіз жыл. Жүсіп: «Жаратушы Алла ол түсімді шынға айналдырды. «Қад жə'əлəһə рабби хəққан» («Оны Жаратушым рас қылып көрсетті»). Саған ізгілік жасады, мені зынданнан шығарды», – деді. «Уə қад əхсəнə би из əхражəни мин əс-сижни» («Алла маған жақсылықтар жасады, мені зынданнан шығарды»). Зынданда көп (уақыт) қалды. Сол үшін де екінші ЖАУАБЫ мынау: Жүсіп осы сөздерді əкесіне шүкіршілік етіп баяндайтын еді. Құдыққа түсіп шыққанын айтпады. Алайда зын-
даннан патшалыққа дейінгі оқиғаны шүкіршілікпен айтып берді. Тағы: «Сендерді Кенан аймағанын осында алып келді «Уə жə'əиукум мин əлбəдуи» («Жəне сендерді сахарадан алып келді») жəне менімен бауырларымның арасына шайтан от тастады. «Мин бə'ди əн нəзə'ə əшшəйтану бəйни уə бəйнə ихуəти» («Шайтан мені мен ағаларымның арасына араздық салғаннан кейін»). Менің Жаратушым қалағанымша нығмет беруші, мейірімді. «Иннə рабби лəтифун лимə йəшəу» («Əрине, менің Жаратушым қалаған нəрсесін берерде жақсы іспен бітіруші»), ғалым əрі хəкім. «Иннəһу һуə əл-'əлиму əл-хəкиму» («Əлбетте, Ол барлық нəрсені білуші жəне хикмет иесі»). Ертесіне Раиян патша Мысыр халқымен бірге тарту-таралғы алып келді. Жақып пайғамбарға сəлем берді. Жүсіп сол мал-дүниені бауырларына таратты. Қиссаларда былайша баяндалады: Жүсіп зынданнан шы ғып, Раиян патшаға келген уақытта Раиян патшаның сарайында алтыннан жасалған жеті диірмен тас бар еді. Əрбірі бес мың батпан. Раиян патша Жүсіптің көркіне таңданып жүргенде аяғы сол тасқа ти ді. Жүсіп сол тасты көтеріп, шетке алып қойды. Раиян Жүсіптің күшқуатын көрді. Жүсіп те бауырларының шамасын айтап еді. Оларды көрген кезде бұлардың күш-қуатын көрейін деп, шақырды. Шамғун бастап, жаңағы бес мың батпан диірмен тасын көтеріп тастады. Бəрі де солай жасады. Патша олардың күшін көріп таң қалды. (Деректерде) патша бір күні аңға шыққаны айтылады. Солармен бірге (барған) Шамғун арыстанның мойнынан ұстап, патшаға алып келді. Рубил да қабыланды ұстап келді. Атақ-даңқы жайылды. Патша: «Ей, Жүсіп, бауырларыңа айт, маған бір патшалық алып алып бер сін», – деді. Жарлық келді. Рум аймағында соғысып, əрбірі бір патшалықты алып, патшаға тарту етті. Румнан, Шамнан он бір шаһар алды, əрбірі он мың əскерлі болды. Патша ол патшалықтарды өздеріне қайтарып берді, олар сол патшалықта қалып, ұрпақ жалғастыр ды. Бəни Исраил солардың ұрпағы болды. Жақып пайғамбар содан кейін жиырма жеті жыл өмір сүрді. Барша халық Жақып пайғамбарға келіп иман келтірді. Раиян патша сегіз жыл үш ай өмір сүрді. Музғаф есімді ұлы бар болатын. Ферғауынның əкесі еді. Раиян патша оны Жүсіпке тапсырғанда ол тоғыз жаста еді. Жиырма жеті жылдан кейін Жақып дүниеден өтті. Пайғамбарлық Жүсіпке өтті. Əкесінен кейін жиырма жеті жыл өмір сүрді. Содан кейін дүниеден озды. (Деректерде) Жақып пайғамбар Мысырда дүниеден өтті дейді. Кенанға алып барып қойды. Жүсіп те Мысырда қайтыс болды. Мысырда жерледі. Мұса пайғамбардың заманына дейін сонда еді, Мұса сүйегін Кенанға алып барып, əкесінің қасына қойды деген сөз бар. ХАДИС: Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.): «Лухуму əл-əнбийəи мухəррамəтун 'əлə əл-əрзи» («Пайғамбарлардың еті жер ге харам»), яғни «Пайғамбарлардың еті, сүйегі жерге харам, яғни шірімейді» деген болатын. Алайда сол күні Зылиха Жүсіпті
үйге кіргізіп, өзіне шақырғанда Жүсіп оған жылы қабақ танытпады, сөйлемеді. Зылиха: «Ей, Жүсіп, мына көздерің қандай əдемі!» – дегенде, Жүсіп: «Нұрлы бұл көздер лахатта сөнеді, топырақ басады», – деді. «Шаштарың қандай əдемі!» – дегенде, «Көр ішінде бір-бірлеп төгіледі», – деді. «Қандай əдемі тістерің бар» дегенде, Жүсіп: «Тар лахатта бəрі түседі», – деді. Зылиха Жүсіпті солай мақтаған сайын, Жүсіп Зылиханың көңілі суысын деп, осылай жауап беретін. Жаратушы Алла Жүсіп сыддықтың сөздері ақиқатқа айналсын деп, ет-сүйегін шірітті. ЖҮСІП ПАЙҒАМБАР (Ғ.С.) НЫҢ ЗЫЛИХАҒА ҚАУЫШҚАНЫ ТУРАЛЫ Зылиха Раиян патша мен Əзиздің алдында: «Мен күнə жасадым, жала жаптым, Жүсіптің кінəсі жоқ», – дегенінде, Əзиз оны үйге жіберді. Бірнеше уақыттан кейін Мысыр Əзизі дүниеден өтті. Зылиха жесір қалды. Он сегіз жыл үмітпен отырды. Мысыр ақсүйектері Зылихаға адам салып еді, ол көнбеді. Күннен-күнге Жүсіпке деген махаббаты арта түсті. Жүсіпті сағынып көп жылады. Барша малын Жүсіпке деген ғашықтық жолында сарп етті. Біреу Жүсіп туралы сөз айтса, соған алтын беретін. Малы таусылды, кембағал болды. Жақып пайғамбар Жүсіпті жоғалтып: «Уə əсəфə 'əлə Йусуфə» («Жүсіпке өкініш болсын») деп жылағанындай, Зылиха да солай жылайтын. Он сегіз жыл осылайша күн өткізді. Шөлдесе Жүсіп дейтін, – сусыны қанатын. Күндерден бір күні Жүсіп аңға шықты. Зылиха оның бір күңі қалғанын естіді. Оған: «Жүсіптің келер жолында менің қолымнан ұстап отыр», – деді. Күң Зылиханың қолын ұстап шығып, жол үстінде бір ағаштың түбінде отырды. Жүсіп əскерімен көрінген кезде күң Зылихаға хабар берді. Зылиха таяғын алып, атып тұрып: «Əл-хəмду лиллəһи əл-лəзи сəййəра əл-'əбдə мулукəн бисабри уə сəййəра əл-мулукə 'əбдəн бишшəһуəти» («Құлды сабырлылықтың арқасында патша қы ла тын, патшаны қу нəпсісінің арқасында құл қылатын Аллаға мадақ болсын»), мағынасы: «Құлдарды сабырлы пен патша қылатын, пат шаларды қу нəпсінің арқасында құлға айналдыратын Аллаға мадақ болсын», – деп айқайлады. Жүсіп əскердің шуынан Зылиханың дауысын естімеді. Жаратушы Алла желге жарлық беріп еді, Зылиханың дауысын Жүсіп естіді. Сонда (Жүсіп): «Ей, Зылиха!» – деп еді, оның сөзін естіген Зылиха қуанғанынан талып қалды. Жүсіп оның сол жағдайын көріп жылады. Өзіне келген уақытта: «Əйнə шаббуки жəмəлуки қалəт əфнəйту фи хуббикə» («Жастық шағың қайда? Сұлулығың қайда? (Зылиха): «Сенің махаббатыңда жоғалттым», – деді»), яғни «Ол əдемі жастық шағың қайда?» дегенде, «Сенің ғашықтық жолыңда жоғалттым», – деді. «Қалə əйнə мəлуки қалəт ифтəдəйту лимəн жəə бихəбəрикə» («Мал-мүлкің қайда?» – деді. «Сенің ха барыңды айтқанға жұмсадым», – деді»), яғни «Ол мал-дүниең қайда?» – дегенде, «Сен туралы хабар жеткізгендерге жұмсадым», –
деді. «Суммə мə əл-лəзи əзхəбə бəсəраки қалəт шиддəту əл-хузни мин хижраникə» («Кейін: «Көзің неден соқыр болды?» – деді. «Сені ойлаумен қайғырып көп жылағаннан болды», – деді»), яғни «Көзің неге көрмей қалды?» – де генде, «Сені жоғалтып жылағаннан соқыр болды», – деді. «Енді не қалайсың?» – деді Жүсіп. «Жүзіңді бір көруді қалаймын», – деді. Жүсіп: «Мұны үйге алып барыңдар. Мен келгенімде алып келің дер», – деді. Зылиханы Жүсіптің сарайына алып барды. Жүсіп келгенде алып келді. Ол кезде Жақып пайғамбар тірі еді. Зылиханың қиссасын естіген болатын. Зылиханы шақыртып хал-жағдайын сұрады. Бəрін айтып берді. Жақып: «Ей, Зылиха, Жүсіпке деген махаббатың əлі бар ма?» – деді. Зылиха: «Бұрынғыдан да қатты сүйемін», – деді. Жүсіптің қолында қамшы бар еді. Зылиха: «Ей, Жүсіп, сол қамшыны маған ұстатшы», – деді. Жүсіп Зылиханың аузына ұстай бергенде «аһ» деп еді, аузынан от шығып, қамшыны күйдірді. (Деректерде) ол қамшының алтыннан екендігі, аузынан от шыққан уақытта қамшы еріп, ақты деген сөз бар. Жүсіп: «Сенің күмістен жасалған бір пұтың бар еді, оны не істедің?» – деді. Зылиха: «Бір күні тұрып, сол пұтқа барып, сексен жылдан бері саған табынамын. Қартайдым, кемпір болдым. Бүгін сенен үш өтінішім бар, орында. Үш өтінішім мынау: (əуелі) жастық шағымды қайтарып бер, екінші – алғашқы сұлулығыма келтір, үшінші – көзімді аш, – дедім. Не десем де жауап бермеді. Ашуланып, ол пұтты ұрып сындырып, отқа жағып жібердім. Енді саған келіп тұрмын. Төрт өтінішім бар. Тəңір Алладан сұрап бер. Келіссең айтайын», – деді. Жүсіп келісті. (Жүсіп): «Қандай өтініш?» – деді. Зылиха: «Əуелі жастық шағымды қайтарып берсін, екінші – алғашқы көркімді берсін, үшінші – көзімді көретін қылсын. Осы үш өтінішімді орындаса, төртіншісін кейін айтамын», – деді. Жүсіп Жақып пайғамбардан дұға сұрады. Жақып дұға жасап еді, Зылиха жасарып, көрікті əдемі болды, көзі ашылды. Зылиха дереу иман келтіріп, мұсылман болды. Жүсіп: «Жəне қандай өтінішің бар?» – деді. Зылиха: «Келесі өтінішім, мені өзіңе некелеп ал», – деді. Жүсіп ашуланды. Оны сыртқа қуып шықты. Сол сəтте Жебірейіл келіп, Жақып пайғамбарға сəлем жеткізіп: «Ей, Жақып, Жаратушы Алла айтып жатыр, Жүсіпке айт, келіскен уəдесін орындасын, яғни қажетін өтесін, некелеп алсын», – деді. Жақып Жүсіпке Жаратушының жарлығын жеткізгенде, Жүсіп келісті. Той жарағын анықтап, неке қидырмақшы болды. Жаратушының жарлығымен Жүсіп пен Зылиханың некесін қимақ үшін Жебірейіл жетіп келді. Хауа анамыз бен Адам атамыздың некесін қиярда Жаратушы Алла өзінің пəк затымен құтба оқып еді. Сол құтба Адам қиссасында айтылды. Жебірейіл сол құтбаны оқып, некелерін қиды. Мысыр халқының бəрі қуанды. Жақып пайғамбар Жаратқанға шүкіршілік етті.
(Деректерде) Жаратушы Алла Зылиханың көңіліндегі махаббатты Жүсіптің көңіліне салды дейді. Зылиханың көңіліне Алла Тағала өз махаббатынан салып еді, Зылиха Жаратқанға күндіз-түні құлшылық ете бастады. Жүсіп махаббатын ұмытты. (Деректерде) Жүсіп шақырса, Зылиха қашатын болды дейді. Жүсіп: «Ей, Зылиха, осы күнге дейін мен сенен қашатын едім, сен соңымнан жүретінсің. Енді мен сенің соңыңнан жүріп, сен менен қашатындай не болды?» – деді. Зылиха: «Біраз уақыт мейірімді көріп, оған талпындым, енді мейірімді болып, оған сиындым», – деді. «Уə һуə əл-лəтифу əлхабиру» («Жəне Ол сондай нəзік, сондай хабардар»). Ол күні ізетқұрмет көрдім, көңіл бердім, (енді) құрметті болып, оған қосылдым. «Уə һуə əл- 'əзизу əр-рахим» («Жəне Ол сондай құрметті, сондай мейірімді»). (Деректерде) бір күні Жүсіп Зылиханы шақырды, Зылиха қашқан да ұстамақшы болғаны айтылады. Жүсіп қуып жүр еді. Зылиха ның артқы етегінен ұстап еді, жыртылып кетті. Зылиха бұрылып: «Йə Йусуфу һəзə қамиун биқамиун» («Ей, Жүсіп, мына көйлектің орнына көйлек болды»), (яғни) «Көйлектің орнына көйлек жыртылды», – деді. Хикаяда келеді: Бағдат халифы Харун əр-Рашид бір жылы Бағдат халқына астық беріп, бəрін сатып алып, құлшылық шартын берді. Бір күні: «Ей, Бағдат халқы, жайлауға шығыңдар», – деп жаршы шақыртып, жайлауға шықты. Қазынадағы алтын, күмістің бəрін қашырларға артып, құлшылық шартын (хатын) да ала шақты. «Ей, Бағдат халқы, мен бəріңді Жаратушы Алла разылығы үшін азат еттім. Жəне менің қол астымдағыларды да босаттым», – деп жаршы шақыртты да, шарттарды қайтарып берді. Барлық малын қайта үлестірді, халық өз дүниемүлкін қайтарып алды. Сол кезде бір күң мал-дүниеге қарамастан, азаттық шартын да алмады. Харунның етегін ұстады. Халық оны көріп таңданып: «Ей, бейшара, жұрттың бəрі азаттық келісіміне қол жеткізді, мал-дүние алды, сен неге алмайсың?» – деді. (Ол): «Мен барша халықтың мал-дүниені одан алып тұрғанын көріп тұрмын. Мен сол мал-дүниені қойып, мұның етегін тұтқан себебім – барша мұратым осыдан орындалады деймін», – деді. Осылайша Зылиха: «Ей, Жүсіп, мен сені сүйдім, көңіл қойдым, жалындым, маған қарамадың, естімегеніңде Жаратқанға қайттым. Сол есікке қайта жармасқанымда жастық шағымды, сұлулығымды, көзімді қайтарып берді. Мал-дүние мен құрметімді бұрынғыдан да көбейтті. Ақыры сендей сүйгеніммен қауыштырды. Ол есікті қалай қояйын, оның қызметін қалайша орындамайын», – деді. Мысыр халқы қуанып, мал-дүние тарту-таралғы жасады. Зылиха бəрін Жүсіптің бауырларына үлестірді. Жүсіп пен Зылиха он сегіз жыл өмір сүріп, бес ұл, екі қыз – жеті перзент сүйді. (Деректерде) айтылады: Зылиханы Жүсіпке қосқан уақытта екеуі жалғыз қалды. Зылиха: «Ей, Жүсіп, мен сені осы күнге дейін жақсы
көруімнің себебі – сенің көркің, сұлулығың бар еді. Сұлуды сүю айып емес. Екіншіден, (алғашқы) күйеуім əлсіз еді, маған жақындамайтын. Он сегіз жасымда оған тұрмысқа шыққалы бері онымен жар қуанышын көрген жоқпын, анадан туғандай пəкпін. Күйеуім мені мақтаса, менен өре тұра қашатын. Себебін сұрасам, мен саған қарасам, арқаңнан екі арыстан шығып маған атылады, солардан қашамын дейтін еді», – деді. Жүсіп: «Ей, Зылиха, ол екі арыстан емес, періштелер еді. Жаратушы Алла жарлығымен сені кəпірден мен үшін сақтады», – деді. Жүсіп Зылихамен қосылған уақытта Зылиха анадан туылғандай пəк еді. Сол кезде Зылиха мына өлеңді оқыды: Өлең: Екі себептен сені сүйдім, ей, көңілдер зейнеті, Болмады ойнастығымнан осы нəпсі қалауы. Сенде көрік бар еді тартатын, мен де жаспын уылжыған, Көрсе сұлуларды сүймектік пайғамбарлар сүннеті. Алғашқы күйеуім Əзиз əлсіз еді белгілі, Тірі кезінде баршаға белгілі еді бұл ісі. Кенет күйеуім Əзиз жақын келсе мен жаққа, Қашыратын оны менен екі арыстан айбаты. Мен анадан туылғандаймын, міне, бүгін, Бүгінге дейін денеме тимеді ер лəззəті. Атайын шүкір етіп Жаратқанға құлшылық етіп, Қайдан білінер əркімге осы нығмет бағасы. Көрікте шексіз, ғашықтықта адал, патшалық, пайғамбарлық бұл бəрі Құлдарда көп үлесі бар Жаратушымыздың еңбегі. (Деректерде) Жаратушы Алла пайғамбарларға қандай əйелді нəсіп етсе, ол əйелді Зылиханы Жүсіп үшін сақтағанындай, кəпірден сақтады делінеді. САУАЛ: Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) Хадишаны беті ашылған қалпы алды ма? ЖАУАП: Жаратушы Алла пайғамбарларға əйелдердің бұрынғы күйеулерімен əр түрлі нəрсеге себеп етіп, Мысыр Əзизі секілді əйелдерімен қосылдырмады. Жиырма жеті жылдан кейін Жақып пайғамбар дүниеден өтті. Раиян патша əкесінің орнына отырды. Алайда барлық патшалықты Жүсіп білетін еді, əкесінен кейін жиырма төрт жыл өмір сүрді. Содан кейін үш ай, жеті күн ауырды. Өмірінің соңында мінажат етіп: «Тəңірім, маған патшалық, түс жору ілімін жəне шариғат ілімін үйреттің». «Рабби қад 'əтəйтəни минəл-мулки уə əллəштəни мин тəуимил-хəдис» («Ей, Жаратушым, Сен маған патшалық бердің жəне түстерді жору ілімін үйреттің»), – деді. САУАЛ: Жүсіп айтқан патшалық қайда еді? Мұның жеті түрлі ЖАУАБЫ бар.
Бірінші ЖАУАП: Жүсіпке іштарлық жасады, ол мұңға батты. Екінші ЖАУАП: Сұлулық патшалығы еді. Үшінші ЖАУАП: Көңіл патшалығы еді. Жүсіпті көргендер ғашық болды, көрмегендер есітіп ынтық болды. Төртінші ЖАУАП: Жомарттық патшалығы еді. Аштық жылдары Жүсіптен асқан жомарт жан жоқ еді. Бесінші ЖАУАП: Пайғамбарлық патшалығы еді. Он сегіз жасында пайғамбарлық келді. Алтыншы ЖАУАП: Жаратушы Алла сынағына разы болып, бергеніне қанағат етті. Жетінші ЖАУАП: Бəрінен бұрын Мысыр патшалығы еді...1 1 Қолжазбаның осы жерінде «Жүсіп пайғамбар» дастаны үзіледі де, бірден Мұса пайғам бар қиссасы жалғасады.
МҰСА ПАЙҒАМБАР (Ғ.С.) НЫҢ ҚИССАСЫ2 ... «Жол беріңдер, Əбул Уалидқа кіріп айтар сөзім бар», – деді оларға. Олар күліп: «Əбул Уалид кім екенін білмейміз, бұл біздің тəңіріміздің сарайы» деп, Мұсаны келемеждеп, жол бермеді. Мұса: «Сендер жол бермеңдер, мен (бəрібір) кіремін», – деді. Мұсаны ұрмақшы болды. Мұса таяқ көтеріп, сарайдың есігін қақты. Есік ашылды. Мына қырық есікші жетім болды. (Деректерде) Ферғауын есігінде үлкен майдандар бар екендігі, оның əрбірін зенгілер, хабаштықтар жəне дайламдықтар күзететіні айтылады Алайда негізгі майдан басында арыстандар, барыстар, пілдер, иттер, доңыздар жататын. Жолбасшысыз ешкім де кіре алмайтын. Мұса сол майданның басына келген кезде барша аңдар оны көріп қорқып қашып, Ферғауынның алдына барды. Ферғауын оларды көріп шошып кетіп, есіктерін байлатты. Мұса есікке келіп, таяғымен ұрды. Оның үрейінен Ферғауынның сақалы ағарды. Есіктен кіріп Мұса таяғын жерге қойып еді, үлкен жылан болды. Басын көтеріп, аузынан от шығатын. Аузын ашып Ферғауынға атылды. Үстіңгі ерні Ферғауынның басынан бір қари үлкен, астыңғы ерні тақтың аяғынан төмен еді. Ферғауынды жұтқалы ұмтылды. Ферғауын қорқып тағынан жығылып түсіп, екі аяғы аспаннан келді. Құлдары Мұсаға иіле бастады. Мұса қолын қойнынан шығарып еді, күндей жарқырады. Көздері шағылысты. Бəрі шығып, Ферғауын секіріп, киімін сүйретіп қашты. Ақсақ болатын, (алайда) ол күнге дейін ешкім ақсақ екенін білмейтін. Ферғауын су бетіне тақ жасатып отыратын еді. Үлкен жерде дəрет сындырып, жəне тағына келіп отыратын. (Деректерде) сол күні (Ферғауынның) қорыққанынын жүз рет дəрет сындырып, қырық рет сəнді киімін былғағандығы айтылады. Мұса мен Харун Ферғауын есігінің алдына барды. Бір жылға дейін кіре алмады. Ферғауынға кірген уақытта ол Мұсаны танып: «Кімсің?» – деді. Екеуі: «Тəңірдің пайғамбарларымыз, саған келдік», – деді. «Иннə расулу рабби əл-'əлəмин» («Əрине, біз барша əлемнің Жаратушысының елшілеріміз»). (Ол):«Неге келдіңдер?» – деді. (Олар): «Жарлық мынау, Бəни Исраилды бізбен бірге жібер», – деді. «Əн əрсил мə'əнə бəни Исраил» («Бəни Исраилды бізбен бірге жібер деп»). Ферғауын Мұсадан қорқатын еді. «Сені білмеймін», – деді. Мұса: «Осынша жыл сенімен бірге едім, қалайша білмейсің?» – деді. Ферғауын танып: «Мен сені кішкентайыңнан асырадым, неше жыл2 Қолжазбада Мұса пайғамбар қиссасының бас жағы қамтылмаған. Жүсіп пайғамбар қиссасы бірден үзілген де, тақырып не тақырыпша да қойылмастан, бірден «Жол беріңдер» деген сөзбен Мұса пайғамбар қиссасы жалғасқан. Сондықтан да біз тақырыпшаны шартты түрде қойып отырмыз.
дар менде болдың «'Əлəм нураббикə финəə уəлидəн уə либистə финə мин 'умурикə синийн» («Біз сені бала кезіңде өз ішімізде тəрбиеледік пе? Жəне сен өміріңнің біраз бөлігін біздің арамызда өткіздің»), жасайтынды жасадың, «Фə'əлтə фи'лəтəкə əл-лəтий» («Сен қылған қылмысыңды жасадың»), яғни «Қибтиді өлтірдің», – деді. Мұса: «Жасадым, өлтірдім, алайда өлтіру ниетім жоқ еді. Менен кемшілік кетті... жəне сенен қаштым. Енді Алла Тағала маған пайғамбарлық берді», – деді. «Фə уəхəбə лий раби хукмəн уə жə'əлəни мин əл-мурсəлин» («Жаратушым маған патшалық берді жəне мені елші пайғамбарлардан қылды»). Ферғауын: «Қандай пайғамбарлық алып келдің?» – деді. (Ол): «Алла Тағала: «Кəпірлікті тастап, иман келтіріңдер» деп жатыр», – деді. Ферғауын: «Тəңір мен екенімді білесің, жер-көкті мен жараттым, халық менің құлым», – деді. Мұса: «Сенің бір шыбын жаратуға құдіретің жоқ. Енді келіп Тəңір менмін дейсің. Енді бас тарт, тəубеге кел, бəрін сенен кешірер. Жəне төрт жыл өмір берер, патшалығыңды кеңейтер. Барар жеріңді жұмақтан сайлар», – деді. Ферғауынға бұл сөз ұнап қалып: «Ей, Мұса, еліңе қайт, кеңесшілеріммен ақылдасайын. Бəріміз иман келтірейік», – деді. Мұса қайтты. Бəни Исраил халқының бəрі осы сөзге қуанды. Ферғауын, Хаман жəне басқа да бектерімен жиылып кеңесті. Иман келтірмекке ойы болды. Хаман: «Сен қателесесің, бірнеше жылдар бойы «Тəңірмін» дедің, Бүгін құлшылық қыласың ба? Қашқынды ұстай алмайсың ба? Елден қуып шыға алмайсың ба əлде өлтіре алмайсың ба? Мына тұрған əскер басыларына айт, бір сағатта-ақ өлтіріп тастасын. Кім оған көмектессе, сонымен соғысайық», – деді. Ферғауын: «Оның екі нəрсесінен қорқамын. Біріншісі – таяқты жерге тастаса, жылан болады, екіншісі – қолы ай-күндей жарқырап, көздерді шағылыстырады. Ешкім қарап тұра алмайды. Оны не істейміз?» – деді. Хаман: «Сенің айтып отырғаның сиқыр. Ол бізден кетіп, сиқырлықты үйреніпті. Бізде де сиқыршылар көп. Олармен тартыссын», – деді де: «Мұса жоғары білімді сиқыршы», – деді. «Иннə һəзə лəсəххирун 'əлим» («Бұл, əрине, білгір сиқыршы»). Ферғауын: «Бұл Мұса сиқыршылығымен сендерді елдеріңнен шығаруды қалайды. Сендер не дейсіңдер?» – деді. «Йуриду əн йухрижəкум мин əрзикум бисихриһи фə мəзə тəмурун» («Бұл өзінің сиқырымен сендерді отандарыңнан шығармақшы, сендер не дейсіңдер?»). (Олар): «Сен жинал, олар да сиқыршыларды шақырсын», – деді. «Қалу əржиқ уə əхəху уəб'əс фил мəдəини хəширин» («Олар оған жəне оның бауырына «Уақыт бер жəне қалаларға адам жинаушыларды жібер», – деді»). Ферғауын барша сиқыршыларды шақыртты. (Деректерде) жиырма бес мың сиқыршының келгені айтылса, тағы
бір деректе отыз мың дейді. Сонша сиқыршының ішінен жетпісін таңдап алды. Тағы олардың ішінен төртеуін іріктеп алды. Біреуінің аты – Сабур, екіншісінің аты – Ғабур, үшіншісінің аты – Хатхат, төртіншісінің аты – Бахсафи. Оларға: «Бір үлкен сиқыршы келіпті, таяғын жыланға айналдырады екен», – деді. (Олар): «Мұндай сиқыршылық оңай. Біз оны жеңсек, не бересіңдер?» – деді. «Əиннə лəнə лəəжран ин куннə нəхну əл-ғалибин» («Егер біз жеңіп шықсақ, бізге ақы беріле ме?»). Ферғауын: «Не қаласаңдар, соны берейін жəне өзімнің қасымда ұстайын», – деді. «Қалə нə'əм уə иннəкум лəминəл муқаррабин» («(Ол): «Ия, жəне маған жақын адамдардан боласыңдар»). Біраздан кейін Мұса келді. Ферғауын иманға келеді деп үміттенді. Ферғауын: «Неге келдің?» – деді. Мұса: «Өткендегі сөзге келдім», – деді. Ферғауын: «Біз де сиқыршыларды алып келдік. (Таяқты) таста көрейік», – деді. Мұса: «Біз сиқыршы емеспіз, Тəңірдің пайғамбарларымыз. Жарлық мынау, иманға келіп, Бəни Исраил қауымын бізге бер», – деді. (Деректерде) сол сəтте Хаман тұрып, Ферғауын үшін жауап бермек болғаны айтылады. Мұса Хаманды «Саған келген жоқпыз. Тыныш тұр, Ферғауынның (өзі) жауабын айтсын», – деп тиып тастады. Хаман Ферғауынның аузына сөз салып: «Сұра, кімнен келіпті, кімге келіпті, кіммен сөйлеспекші екен», – деді. Ферғауын сұрады. Мұса: «Мені жəне сені жаратқан Тəңірдің жарлығын алып келдім», – деді. Ферғауын: «Менің өзім Тəңірмін», – деді. Мұса: «Сені Тəңір емессің. Сені мен менің Тəңірім бір Алла», – деді. Ферғауын: «Сендердің Тəңірлерің кім?» – деді. «Фəмəн раббукумə йə Мусə» («Ей, Мұса, сен екеуіңнің Тəңірің кім?»). Мұса: «Тəңіріміз барша халыққа несібе берді, жол көрсетті», – деді. «Қалə раббунə əл-лəзи ə'та куллə шəйин хəлқаһу суммə һəдə» («(Мұса): «Біздің Жаратушымыз əр затқа жаратылу түрін берді (яғни жаратты) жəне кейін оған тура жолды көрсетті», – деді»). Айғақ келтірді. Ақыры наурыз күні жиналатын болды. «Қалə мəу'идуһум йəум əз-зинəти уə əн йухшəран нəсу зухəн» («(Мұса): «Сендерге уəде етілген күн сендер боянып шығатын мейрам күн жəне ерте адамдар жиылатын күн», – деді»). Жайлаудан алаң салып, мұнара тұрғызды, тақ орнатты. Ферғауын мен Хаман отырды. Ферғауын мұнара тұрғызды. Биіктігі қырық қари еді.
СИҚЫРШЫЛАРДЫҢ ЖАЛҒАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ (Деректерде) төрт мың рет төрт мың адам жиылды деген сөз бар. Бəни Исраилдың бəрі де сол жерден табылды. Алпыс қашыр жүгіндей сиқыршы алып келді. Солардың ішінен төрт жүзін жіберді деген сөз бар. Əрбірі өздерімен бірге бір жүк таяқ, бір жүк жіп алып келді. Жіптерді таяқтардың ұшына байлап, сынап құйды. Жəне (жақсылап) желімдеді. Ішіне сынап дайындады. Ферғауынның қарсы алдында қаруланған қырық мың салт атты жəне қырық мың қарулы жаяу əскер тұрды. (Деректерде) бұл оқиға Александрияда болды дейді. Сиқыршылар келді. «Біз Мұсаны жеңеміз деп», Ферғауынның атымен ант-су ішті. «Қалу би'иззəти Фир'əунə иннə лəнəхну əл-ғали бун» («Олар: «Ферғауынның атымен антсу ішеміз, біз, сөз жоқ, жеңіп шығамыз», – деді»). (Сиқыршылар): «Ей, Мұса, сен бірінші бастайсың ба əлде біз бастаймыз ба?» – деді. Мұсаны құрметтеді. (Деректерде) сол кезде Жебірейіл көкте тұрып: «Ей, сиқыршылар, Ал ла Тағала айтып жатыр, Сендер менің пайғамбарыма сен бірінші баста дедіңдер. Менің кеңшілігім мен жомарттығымның құрметі үшін, сендерге иман шапанын кигізгенге дейін осы күнді оларға тудырмаймын (аттырмаймын)», – деді дейді. Бір құмды жерге келіп, сиқырларын бастады. Күн ысыды. Күннің ыстығы жыландарға əсер етіп, сынап балқыды. Жіптер қозғала бастады. Халық жүріп жатыр деп ойлады. САУАЛ: Мұса пайғамбар бола тұра неге қорықты? ЖАУАП: Мұса ол сиқыршылардан қорықпады. Халық оны көріп, азбасын деп қорықты. «Ей, Мұса, қорықпа. Сенің қолың биіктен табылады (Сен жеңіске жетесің). Қулнəə лə тəхəф иннəкə əнтə əл-ə'лə («Біз: «Қорықпа, əрине, сен жеңіп шығасың», – дедік»). «Ей, Мұса, қолыңдағыны шығар» деген дауыс келді. «Уə əлқи мə фи йəминикə тəлкəф мə сəнə'у» («Жəне таста қолыңдағы нəрсені, ол сиқыршылардың жасаған нəрселерін жұтып жібереді»). Таяқты тастады. Бұл таяқ үлкен бір жыланға айналды. Құйрығын қимылдатып Ферғауынға айбат шекті. Аузын ашып, сиқыршылардың бəрін жұтты. Мұса жыланды қолына алып еді, əуелгідей таяққа айналды. (Деректерде) сегіз жүз сиқыршы еді, бəрін жұтты дейді. Сиқыршылардың үлкені Шамғунның көзі көрмейтін еді. (Бір деректерде) олардың ұстазы Юханна екендігі айтылады. Соған барып: «Жалғыз таяқ сиқыршыларымызды жеді», – деді. Шамғун: «Ол сиқыршыны жеген соң жуандады ма əлде жоқ па?» – деді. (Олар): «Жоқ», – деді. Шамғун: «Біз де ондай сиқыршылық жасай аламыз. Алайда ұзын əрі жуан болады. Бұл жуандамапты. Мұсаның пайғамбар екендігі белгі лі болды. Мен иман келтірдім, сендер де иманға келіңдер», – деді. ПАЙДА: Қандай істі үйренсе, бəрін (толық) үйренеді. Шамғун
сиқыршылықтың бəрін білетін еді, жылан шығармай, əуре болмай, хақиқатты біліп, иман келтірді. Бəрі сəжде жасады. «Əлемдердің Жаратушысы, саған иман келтірдік», – деді (олар). «Фə улқийəс-сəхəрату сəжидинə қалу əмəннə бирабби əл-'əлəмин» («Сиқыршылар сəжде жасап жығылды, əлемдердің Жаратушысына иман келтірдік, – деді»). Ферғауын: «Сондай «Раббу əл-'əлəмин» («Əлемдердің Жаратушысы»), – деді. Олар: «Сені айтпаймыз, Мұса мен Харунның Тəңіріне иман келтірдік», – деді. «Рабби Мусə уə Хəрунə» («Мұса мен Харунның Жаратушысына»). Ферғауын: «Менімен санаспастан иман келтірдіңдер. «Қалə əмəнтум лəһу қаблə əн əзəнə лəкум» («(Ферғауын): «Мен сендерге рұқсат берместен тұрып иман келтірдіңдер ма?» – деді»). Сендердің өздерің Мұсамен тілдерің бір екен, ұстаздарың сол екен. «Иннəһу лəкəбирукум əллəзий 'əллəмəкуму əс-сехра» («Ол сендерге сиқыршылықты үйреткен үлкендерің»), – деді де: «Қолдарыңды кесейін», – деді. (Олар): «Саған келіп, қол қусырып қызмет қылғанша, қолымыздың кесілгені жақсы», – деді. (Ферғауын): «Аяқтарыңды шабамын», – деді. (Олар): «Бұл сарайға келіп қызмет істеген аяқтарды кескен артық», – деді. (Ферғауын): «Бəріңді құрма ағашына асамын», – деді. «Фə лəу қатти'əннə əйдийəкум уə əржулəкум мин хилəфин уə лəу сəллибəннəкум фи жузу'и ин-нəхли» («Мен сендердің қол-аяқтарыңды арт жағынан, сөз жоқ, кесемін жəне сендерді құрма ағашына, сөз жоқ, асамын»). (Олар): «Бізді ассаң, сенің тəңірлігіңнің жалған болғаны. Себебі біз жоғары шығып, сен төменде қалсаң, сенің тəңірлігің жалған болмай ма?» – деді. Ферғауын: «Сендерді азаптап өлтірейін. Менің азабым қатты ма əлде оның азабы қатты ма, соны білесіңдер», – деді. Олар: «Біз көрген нəрсемізбен сені айырбастамаймыз. «Қалу лəн нусиракə 'əлə мə жəəнə мин əл-бəйинəти» («(Олар): «Бізге келген ашық аяттардан əсте сені артық көрмейміз», – деді»). Сен бүгін бұ дүниеде не қаласаң, соны жаса. «Фəқзи мə əнтə қазин иннəшə тақзий һəзиһи əл-хəйəтə əд-дунийə» («Не қаласаң соны жаса, расында сен тек ғана бұ дүниеде үкім ете аласың»). Біз Жаратушыға иман келтірдік, сүйенеріміз сол. Ол бізді жарылқайды. Сен зорлап сиқыршылық жасатқандарды кешіреді. «Иннə əмəннə бираббинə лəйəғфира лəнə хатайəнə уə мə əкрахтəнə 'əлəйһи мин əс-сихри» («Əрине, Ол біздің қателеріміз жəне сен мəжбүрлеп жасатқан сиқырды кешірсін деп біз Жаратушымызға иман келтірдік»). Сенің үкімің өткінші. Жаратушы Алланың үкімі мəңгілік. «Уаллаһу хайрун уə əбқа» («Алла артық жəне мəңгілік»)», – деді. Таңертең сиқырлық жасады, түсте иман келтірді, күн батқанда шаһид болып, жұмаққа аттанды.
АЙСАНЫҢ ҚИССАСЫ Ферғауын Мұсаны өлтіремін деп шешті. Айса: «Ұялмайсың ба, осыншама мұғжиза көріп, мұсылман болмадың, мұсылман болғандарды өлтірдің», – деді. Ферғауын: «Сен де мұсылман болғандарға иман.. болма. Бұл істерды көріп, Мұсаның Тəңіріне сиынасың», – деді. Айса: «Менің Тəңірім – Алла» деп, мұсылманшылықты қабылдады. Ферғауын Айсаны ұстатты. Қырық күн ас-су бергізбеді. Неше түрлі азаптаса да, қайтпады. Төрт темір қазықты жерге қағып, Айсаны керіп қойды. (Деректерде) мұндай істі Ферғауыннан басқа ешкімнің жасамайтындығы айтылады. Айсаның сол қырық күнде оқыған дұғасы мынау еді: «Рабби ибни ли 'индəкə бəйтəн фи əл-жəннəти уə нəжжини мин Фир'əунə уə 'əмəлиһи уə нəжжини мин əл-қауми əз-залимин» («Ей, Жаратушымыз, жəннатта өз қасыңнан маған бір үй салып қой жəне мені Ферғауыннан жəне оның ісінен жəне залым қауымнан құтқар»). Алла Тағала Айсаның денесіне ешкімнің көзі түспесін деп, нұрдан бір мұнара жберді. Темір қазықтарда керіліп жатып шөлдеді. Жаратушы Алла жұмақтан шəрбат беріп, жарылқады. Алтын шынжырға ыстық күнде керіліп тұратын. (Шəрбатты) ішіп, жұмаққа аттанды. Содан кейін халық Мұсаға бұрылып, мұсылманшылықты қабылдай бастады. Ферғауын халыққа не істерін білмей, шарасыз қалды. «Менің Мұсамен жұмысым жоқ, өзім көкке жақындап, Мұсаның Тəңірін көрейін», – деді де, Хаманға: «От жақ, кірпіш күйдір, мұнара тұрғыз. Соған шығып, Мұсаның Тəңірі бар ма, жоқ па – көрейін», – деді. «Фə əуқид ли йə Хəмəну əлəт тини фəж'əл ли сəрхəн лə'əлли əттəли'у илə илəһи Мусə уə инни лəзуннуһу мин əл-кəзибин» («Ей, Хаман, мен үшін от жағып лайды күйдір жəне одан биік бір төбе тұрғыз, егер мен Мұсаның Құдайын көрсем, əрине, мен оны өтірікшілерден деп күдітенемін »). Хаман кірпіш күйдіріп, дайындалды. Ферғауыннан бұрын ешкім кірпіш күйдірмеп еді. Əк пен піскен кірпіштен мұнара тұрғызды. (Деректерде) сол мұнараны биік қылғаны соншалық, күн түскенде оның көлеңкесі жүз иғаштық жерге дейін баратын еді дейді. (Тағы бірде) жерден мұнараның төбесіне дейін адамдар тұрып, қолдан-қолға кірпіш беретін еді дейді. Кірпішті мұнараның төбесіне шығарғанға дейін екі күн, екі түн өтетін еді. Ферғауын мұнараға шығып, аспанға қарады, жерден көрінгеннен ешбір айырмашылығы жоқ екен. Басқа еш нəрсе көрінбеді. Түсіп: «Мұса өтірік айтыпты, көкте тəңір жоқ. Жер мен көктің тəңірі менмін, босқа сөйлепті, басқа тəңір жоқ», – деді. «Мə 'əлимту лəкум мин илəһин ғайри» («Мен сендер үшін менен басқа тəңірді білмеймін»). Ферғауын Бəни Исраилдықтарға өкпелеп, артық қинай бастады.
(Олар): «Ей, Мұса, қиыншылығымыз арта түсті, Жаратушы Алладан сұра, бізге қуаныш сыйласын», – деді. Мұса: «Сабыр етіңдер, Жаратушы Алла дұшпанды опат етеді», – деді. Мұса Ферғауынға келіп: «Иман келтір, Бəни Исраилды маған бер, немесе дұға жасап, азап жібертемін», – деді. Ферғауын Мұсаға: «Не қаласаң, соны жаса», – деді айқайлап. Мұса қырық күн-түн Жаратушыға дұға жасап, жалбарынды. Жебірейіл келіп: «Ей, Мұса, көңілің орнына түссін, азап келеді», – деді. Алла Тағала Мұсаға пайғамбарлықпен тоғыз нəрсе берген еді. Əуелі – таяқ, екінші – жалтырайтын қол, үшінші – жарылыс, төртінші – қопару, бесінші – топан су, алтыншы – шегіртке, жетінші – күйе (бит), сегізінші – бақа, тоғызыншы – қан. «Фə əрсəлнə 'əлəйһим əт-туфəнə уə əл-жəрадə уə əл-қуммəлə уə əз-зəфəди'ə уə əд-дəмə əйəтин муфəс сəлəтин» («Кейін біз оларға сел топанын, шегіртке пəлесін, бит пəлесін, құрбақа пəлесін, қан пəлесін жібердік. Бұлардың бəрі ашық мұғжизалар еді»). Топан келіп, жеті күні-түн жауын жауды. Мысыр іші суға толды. Халық далаға қашты. Ферғауынға келіп: «Тəңір болсаң, бізді судан құтқар», – деді. Ферғауын: «Бұл істі Мұса жасады, соған барып жалыныңдар. Бұл азап кетсе, иман келтірейін. Бəни Исраилды оған берейін», – деді. Мұсаға келіп жалынды. Мұса дұға жасады, топан су тоқтап, жер құрғады. Жас шөп өніп, гүлдер ашылды. «Жаңбыр азап-азап дейтін едік, сөйтсек бізге рахат екен» деп, иман келтірмеді. Мұса жəне қырық күн-түн дұға жасады. Осы қырық күн ішінде егін астықтары жайқалып өсті. Алла Тағала шегіртке жіберді, астықтарын жей бастады. (Көптігінен) ұшса, күн көрінбес болды. Жылап Ферғауынға келді. Ел ұлықтарына: «Сендер де бұлармен бірге барып, Мұсаға айтыңдар. Өткен жолы қара халық келіп еді. Қара халық шарасыз болады. Енді біз, ақсүйектер, келіп тұрмыз. Бұл азапты бізден кетіретін болсаң, біздер де иман келтіреміз. Бəни Исраилды саған береміз», – деп жалынды. Мұса келісіп, дұға жасады. Жаратушы Алла ыстық жел жіберді. Шегірткенің бəрін күйдірді. Несібеге астық қалды. Олар сөзінде тұрмастан, иман келтірмеді. Мұса жəне қырық күн-түн дұға жасады, жəне шегіртке келіп, қалған астықтың бəрін жеді. Кейбіреулер күйе болды дейді. Астықтарына күйе қаптады, біреу он сағу астықты диірменге алып барса, келгенше үш сағу қалатын еді. Ферғауынға жəне жалынып келді. Ферғауын өз қасындағы бектерін жіберіп: «Мұсаға айтып барыңдар, тағы біз үшін дұға жасасын. Бұл азап кетсе, мұсылман боламыз, Бəни Исраилды саған береміз» деңдер, – деді. Мұсаға келіп айтты. Пайғамбарлардың көңілі жұмсақ келеді, келісім беріп, дұға жасады, күйе жоғалды.
ШЕГІРТКЕ ҚИССАСЫ Анас ибн Мəлік (Алла одан разы болсын): «Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) шегіртке келгенде мына дұғаны оқитын еді», – деді. (Сол дұға мынау): «Аллаһуммə əһлики əл-жəрадə Аллаһуммə иқтə' дəйраһу Аллаһуммə уқту əл-кибраһу уə əһлик сиғраһу уə əфсид бəйзаһу уə хуз биəфуəһиһи əн мə'əйишинə мин əрзəкинə иннəкə сəми'у əд-ду'ə» («Ей, Алла, шегірткені жой, Ей, Алла, оның жолын тос, Ей, Алла, оның үлкендерін өлтір жəне кішкентайларын жой, тұқымдарын құрт, біздің несібеміз болып тұрған ризығымызды жеп қоятын аузынан ұста»). Жəне Жабин ибн Абдулла риуаят етеді: «Омардың (Алла одан разы болсын) халифа кезінде шегіртке таусылды. Ешкім де шегіртке хабарын айтпады. Омар (Алла одан разы болсын) қайғырды. Шамға, Иеменге адам жіберді. Иеменнен бір уыс шегіртке алып келді. Омар оны көріп үш рет: «Аллаһу əкбəр» («Алла ұлық»), – деді де: «Хəлəқаллаһу тə'əлə əлфə уммəтин минһə ситтумиəтин фи əл-бəхри уə əрбə'əмиəтин фи əл-бəрри» («Алла Тағала мың үммет жаратты, оның алты жүзі теңізде, төрт жүзі құрғақта (жерде)»). Мағынасы: «Алла Тағала жер бетінде мың түрлі мақұлық жаратты. Олардың алты жүзі суда, төрт жүзі жерде. Осылардың ішінде əуелі шегіртке жойылады. Содан кейін басқалар да жоғала бастайды, тізілген моншақ үзілгендей азаяды», деп, Расул (ғ.с.)ның айтқанын естіген едім», – деді. Мақсатымызға оралайық (Өз сөзімізге келейік). Шегіртке қалмаған уақытта: «Егініміз қалмады, не деп мұсылман боламыз», – деді. Мұса жəне дұға жасап еді, Жаратушы Алланың жарлығымен судағы барлық жəндік шықты. (Деректерде) Мұсаға (Алладан) жарлық жетіп, Нілдің жағасына келді дейді. Таяқпен ишара жасап еді, апыр-топыр бақалар бір-біріне ишара етті. «Хəттə хəражəт мин əл-бəхри мисли лəйли əд-дəмиси» («Теңізден бақалар түн қараңғысындай болып шықты»). Қараңғы түнек секілді шықты. Адамның желкесіне жабысты. Түнде жатып, таң ертеңгісін тұрды. Барлық арықтардағы су қан болды. Бəни Исраилдың арықтарынан солай су ақты. Бір қибти ол судан ішсе, өлді. Жеті күн қан ақты. Ферғауын аттанып су басына барды. Барлық арықтан қан ағып, тек Бəни Исраилдың арығынан ғана су ағып жатқанын көрді. Біреу: «Мен қатты шөлдедім» деп, аяқ басып, қолын суға салды. Қолы тиген жер қан болды. Төңірегінен су ағатын еді. Қибти да, Бəни Исраил да бір жерден су алса, Бəни Исраилдың алғаны су болатын да, қибтидің алғаны қан болатын. Шарасы қалмады. Ферғауын ағаштың сөлін алмақшы болды. Жаратушы Алла құдіретін көрсетіп, ағаштың сөліне қанбады. Одан бетер шөлдеп, амалы қалмай: «Мұсаға мен барайын, өзгелер келісім жасап, сөздерінде тұрмады. Мен келісіп, сөзімде тұрайын» деп, Мұсаға келді де: «Сен дұға жаса, мына пəле кетсін, мен мұсылман болайын. Жəне Бəни Исраилды саған берейін», – деді. Мұса келісім берді, дұға жасап еді,
қан пəлесінен айырылды. Су аға бастады. Мұса Ферғауынға келіп: «Сөзіңде тұр», – деді. Ферғауын: «Бəни Исраилды берейін. Мұнда тұр ма, бұл аймақтан кетіп, аталарыңнан жеріне барыңдар», – деп Бəни Исраилды жіберді. Мұсаға тапсырды. Малдарын бермеймін деді. Мұса Бəни Исраил ұрпағын жиып, дұға жасады. (Мынадай) жарлық болды: «Бəни Исраилдың ер-əйелдері қибтилардың үйіне кірсін. Ертең біздің мейрамымыз бар. Малымызды бізге беріңдер, киім-кешек, құлақтағы, қолдағы нəрселерді бізге аманат етіп беріңдер. Ертең мейрамамыз біткен соң, қайтарып береміз, – деді». Жаратушы Алла қибти əйелдердің көңіліне мейірімділік салды. Барлық алтын, күміс жүзік, білезік, сырғаларын Бəни Исраилдың əйелдеріне шешіп берді. «Түнде шығарда бір-біріңді тану үшін есіктеріңе қан жағыңдыр» деген жарлық болды. Түннің жарымында шықты. Жаратушы Алла қибтиларды терең ұйқыға батырды. Бірде-бір қибти оянбады. Сол кезде Мұса пайғамбардың көңіліне Жүсіп пайғамбардың «Мұса менің сүйегімді Кенанға алып барып көмеді» дегені есіне түсті. (Мұса): «Жүсіп пайғамбар сүйегінің қайда жатқанын білген жан бар ма?» (деді). Бір кемпір: «Мен білемін», – деді. Мұса: «Айт», – деді. (Кемпір): «Бір өтінішім бар, сол орындалмайынша айтпаймын», – деді. Мұса: «Қандай өтінішің бар?» – деді. (Ол): «Менің өтінішім жұмақта сенімен бірге болу», – деді. Мұса келісті. Жүсіптің сүйегін алып шықты. Он екі қауым еді. Əрбір қауымда жиырма мың ер адам бар еді. Мұса дұға жасап еді, қибтилардың дүние-малы тасқа айналды. Мұса жүз қырық мыңдай ермен жолға түсті. Харун əскермен соңынан ерді. Таң атысымен қибтилар оянды. Ферғауынға хабар жеткізді. Ферғауын: «Əскер жиың дар» деп жаршы шақыртты. Бəни Исраилдың жүктері ауыр еді. Кəрі-құртаң, жас балалар көптігінен Мұса Бəни Исраилмен ақырын жүріп отырды. (Деректерде) үш жүз мың ермен үш күн жүргендігі айтылады. Ферғауын атқа қонды. Жетпіс мың жасақ Мұсаның ізіне түсті. Күн шығар уақытта Мұсаның əскерін көрді. Мұсаның қауымы қорқып: «Ей, Мұса, алдымызда теңіз, артымызда жасақ», – деді. «Фə лəммə тəраəл жəм'əни қалə əсхəбу Мусə иннə лəмудракун» («Екі топ бірбірін көрген уақытта Мұсаның жолдастары біз ұсталдық, – деді»). Мұса: «Қорықпаңдар, Алла Тағала бізбен бірге», – деді. «Кəллə иннə мə'и рабби сəйəхдини» («Жо-жоқ, əсте олай емес, Жаратушым менімен бірге, Ол тез маған тура жолды көрсетеді»). Суға жарлық болды. «Ей, Мұса, таяғыңмен теңізді ұр», – (деді). «Фəнфəлəқа фəкəнə қуллу фирқин кəттəуди əл-'əзим» («Дария екіге жарылды, оның əр жағы үлкен таудай еді»). Мұса: «Кіріңдер», – деді. (Олар): «Теңіздің түбі балшық, қалай кіреміз?» – деді. Жаратушы Алла жел жіберді. Күннің ыстығы бір сағатта теңіз түбін құрғатты.
САУАЛ: Күнннің көзі бір рет түсіп, басқа түспеген əлемде қандай жер бар? ЖАУАП: Ніл өзені. Мұса аса таяғымен бір рет ұрғанда су екіге жарылып, өзеннің түбіне күн түсті, одан кейін түскен емес. (Бəни Исраилдықтар): «Ей, Мұса, мына он екі жолдың əрбірінен бір тайпаның ұл-қызы кіріп опат болса, екіншісі көрмейді», – деді. Жаратушы ол тау секілді суларды көретін етіп жаратты. Бəрі бірінбірі көретін болды. Көңілдері тынышталды, суға кіріп, жүре бастады. Сол сəтте Ферғауынның əскері жетіп келді. Ферғауын айғыр ат мініп еді. Теңіздің он екі жолға бөлінгенін көрді. Мұса оны көріп қорықты. (Ферғауын) бұл Мұсаның мұғжизасы екенін білсе де, əскеріне білдірместен: «Менің тəңір екендігімді білдіңдер ме? Су маған жол беріп тұр деп, шіреніп қайтпақ болды», – деді. Сол кезде Жаратушы Алла Жебірейілді адам бейнесінде жіберді. (Жебірейіл) жас байталға мініп оның алдынан суға түсті. Ферғауын мінген айғыр оны көріп ...3 Ферғауын (ат) тізгінін қолынан шығарып, соңынан ерді. (Деректерде) Жаратушы Алланың төрт жүз періштені жібергені айтылады. Ферғауын əскердің соңынан деп ойлады. Қибтилардың бəрі кірді. САУАЛ: Алла Тағала: «Уə ин минкум иллə уəридуһə» («Сендерден ешкім жəһəннам жағасына келтірілмей қалмайды») дейді, (яғни) сендерден ешкім де тамұққа кірмеген қалмайды. Пайғамбар, əулие, мұсылман, кəпір жəне бəрі... кіреді, мұсылман да кіреді. Мұсылман мен кəпірдің айырмашылығы неде? ЖАУАП: Ніл дариясына Бəни Исраил қауымының, (тіпті) Жебірейілдің де кіргенін көрмейсің бе? Ферғауынның əскерін бастап оларды опат етті. Өзі аман шықты. Осылайша мұсылман кəпірді бастап тамұққа кіреді, өзі шығып кетеді, олар сонда қалады. «Суммəн нунəжжил лəзинə əт-тəқау уə нəзəру əз-залиминə фиһə жисийə» («Содан кейін Құдайдан қорыққандарды құтқарамыз жəне залымдарды тез шөккен қалпы сонда қалдырамыз»). Қиссада былайша келеді: Мұса əскерінің бəрі судан шықты. Мұса бір биік жерде Бəни Исраилдықтарды жиып Жаратушы Аллаға шүкіршілік етіп, мадақ айтты. Жəне: «Йə 'ибəдаллаһ əбсиру фə инналлаһа қад əһлəкə 'əдууəкум фи əл-бəхри» («Ей, Алланың пенделері, қараңдар, Алла Тағала расында сендердің дұшпандарыңды теңізде опат етті»), яғни, Жаратушы Алланың құлдары, қараңдар. Алла Тағала анық дұшпаныңызды опат етті». Барша қибтилар дарияға түсіп болған кезде, суға «аға баста» де ген жарлық болды. Ферғауын суға шөккен кезде: «Иман келтірдім», – деді. «Əмəнту əннəһу лə илəһə лəзии əмəнəт биһи бəну Исраилə» («Бəни Исраил иман келтірген Жаратушыдан басқа ешбір құдай жоқ екендігіне енді сендім»). Сол сəтте Жебірейіл бір уыс балшықты алып Ферғауын ның аузына тықты. Енді иман келтіресің бе? Бұдан бұрын Жаратушыға қар сы 3 Қолжазбада көрінбеген немесе оқылмаған жерге көп нүкте қойылды.
шықтың, құдаймын дедің, жазықсыз Бəни Исраил ұлдарын өлтірдің. «Уə қад əсəйтə қаблу уə кунтə мин əл-муфсидин» («Бұрын расында күнəһар едің, жаман жиіркенішті істермен айналысушы едің»). (Деректерде) Ферғауынның бір күні Ніл дариясының жағасында аң аулап жүргендігі айтылады. Жебірейіл адам бейнесінде Ферғауынға келіп: «Менің құлым бар, сөзімді тыңдамайды. Мен айтқан істі істемейді. Оның жазасы қандай болады?» – деді. Ферғауын: «Ондай құлды суға шөктіру керек», – деді. Жебірейіл: «Мұндай үкімге сенен хат керек», – деді. Ферғауын хат берді. Сол хат Жебірейілде еді. Дария түбінде шөгіп жатқан шақта Жебірейіл сол хатты Ферғауынға көрсетіп: «Мынау сенің үкімің бе?» – деді. «Ия», – деді. «Жаратушыға қарсы шыққан, Жаратушы сөзін естімеген құл сенсің», – деп опат етті. (Деректерде) Ферғауын өлген соң, Жебірейіл өзіне қайтып кетті. (Сонда) «Ей, Жебірейіл, Ферғауын иманға келер кезде тыныш қойғаныңда, иман келтіргенде менің жомарттығымның құрметі үшін қабылдап, жұмаққа кіргізетін едім» деген дауыс келді. Мұса халқына: «Ферғауын əскерімен қайтыс болды», – деді, дейді. Бəни Исраилдықтар: «Бір дауыс есіттік, алайда Ферғауынның қайтыс болғанын білмейміз», – деді. Ферғауын төрт жүз жыл тəңірмін деп жар салды. Бəни Исраилды құл ретінде ұстады. (Сондықтан да) жүректері шайлығып, қорқатын еді. Көздерімен көрмейінше көңілдері тыншымастан, дарияның жағасына келді. Мұса Ферғауынның қалай опат боларын көрсету үшін Бəни Исраилдықтарды дария жағасына тұрғызды. Адам (ата) заманынан Ферғауын заманына дейін суға шөккен өлікті сыртқа шығармайтын еді. Мұсаның көңілі тынышталсын деп, су өлікті сыртқа шығаратын болды. Ферғауынның өлігін су сыртқа шығарды. «Кəнə Фир'əуну мулкəн 'əлə шəтəил бəхри кəссəури əл-'əзим» («Ферғауын теңіз жағасына үлкен өгіздей шығарылып тасталған еді»), яғни Ферғауын дария жағасында бір үлкен сиырдай болып жататын еді. «Фə əл-йəумə нунəжжикə бибəдəникə литəкунə лимəн хəлфəуə (əйəтəн)» («Сенен кейінгілерге үлгі болу үшін бүгін сенің денеңе көмек береміз»), оқығанда кездесетін «Фə əғрақнəһум əжмə'ин» («Жəне біз олардың бəрін шөктірдік»). (Деректерде) Мұсаның Самири есімді нағашы əпкесі бар екендігі айтылады. Жебірейіл дариядан шыққанда ешкім Жебірейілді танымады. Самири таныды. Тануына себеп, Самиридің көзі Жебірейілдің атының тұяғына түсіп еді. Қай жерге тұяғын қойса, сол жер жасыл алқапқа оралатын. Самири аттан түсіп, Жебірейіл атының тұяғының орнынан бір уыс топырақ алып, сақтады. Бəни Исраилдан шығып тұрған жерде Амалиқа ұрпағынан Ферғауынмен қалған еді. Дария жағасында қалып, пұтқа табынатын. Ол пұт бұзау бейнесінде еді. Бəни Исраилдықтар оны көріп, Мұсаға: «Ей, Мұса, бір Тəңір жасап бер. Себебі ана
халықтың тəңірі бар», – деді. «Қалу йə Мусə иж'əл лəнə илəһəн кəмə лəһум əлиһə» («(Бəни Исраилдықтар): «Ей, Мұса, аналардың пұттары секілді бізге де пұт жасап бер», – деді»). Мұса: «Сауатсыз екенсіңдер, мына пұтқа табынбаңдар. Бұған табынғандардың бəрі адасушы. Ақыры опат болады. «Иннə һəулəəи мутəббəрун» («Əрине, олар опат болушылар»). Сендерге Жаратушы Алладан басқа Тəңір керек пе? Ол біздерді кеңшілігімен құтқарды, өз құдіретімен дұшпандарды опат етті», – деді.
МҰСА (Ғ.С.) НЫҢ ШАМҒА БАРҒАН ҚИССАСЫ Бəни Исраилдықтар Мысырға барып, қалған қибтиларды өлтіреміз, олар бізге не істеген болса, оларға соны жасаймыз деп үміттеніп еді. (Алайда) Жаратушы Алланың қалауы болып, олардың арманы орындалмады. «Аталарыңның жері Шам аймағында, сонда барыңдар» деген жарлық келді. Ертесіне жолға түсті. Ол уақытта Ферғауынның ұрпағы болмағандықтан, Мысырды Хаман билейтін еді. Ферғауыннан кейін Хаман жеті жыл өмір сүрді. Содан кейін дүниеден өтті. Қырық жыл Хаман ұлдары Мысырда патшалық құрды, қырық жылдан кейін жəне даладан келіп Мысырды алды. (Бəни Исраилдықтар) Шамға жеткен кезде «Ол кенттерге кіргендеріңде бəрің сəжде жасаңдар, тілдеріңмен кешірім сұраңдар, тəубе етіңдер» деген жарлық келді. «Хитта» тең, яғни «Хиттəтун 'əлəйнə зунубунə əллəзи иртəкбəнə би əл-ихтийəри əл-əснəми» («(Ей, Алла!) пұттардың ықтиярымен жасаған күнəларымызды кешір»), (яғни) Пұтқа табынған күнəларымызды кешір деген сөз. Бəрі сəжде жасап кірді. Шам халқы қарап тұрды. Жəне бір жерде былай сөйлемесін деп, Алла Тағала жаза қылды, жақсылары, тазалары ол жарлықты орындады, жастары, тексіздері ол іске немқұрайды қарап, «хиттата» деместен, тілдерін бұрап «хинтата» деді. «Фə бəддəлəл лəзинə залəму қаулəн ғайра əллəзи қилə лəһум» («Олардың залымдары оларға айтылған сөзді басқа сөзге өзгертіп жіберді»). Сол кезде Шұғайып дүниеден өткен еді. Мұса Тур тауына жетті. «Шық» деген жарлық болды. Шықты. Алла Тағала Мұсамен сөйлесті. Мұса шариғат сұрады, орындалды. Тəурат атты кітапқа уəде болды. Отыз мың пайғамбар Тəураттың шариғатымен жүріп еді. Бəни Исраилға құрмет еді. «Ей, Мұса, сендерді пайғамбар ұрпағы еттім. Біразы пайғамбар, біразы патша болады. Біразын ғалым етіп, басқа халықтардан жоғары еттік. Сендерді жақсылар қатарына қойдым. Жарлыққа мойынсұныңдар, күнəһар болмаңдар. Менің разылығымды қаласаңдар, Иемен аймағына барыңдар. Аталарыңыздың Амалиқа есімді дұшпаны бар. Олармен соғысыңдар, сендерге жеңіс сыйлайын», деген жарлық келді. Мұса қуанып, Тур тауынан түсті. Бəни Исраилдықтарға (Алланың) жарлығын жеткізді. Қуанып, қаруланып жолға шықты. Амалиқа ол хабарды есітіп, қатты қорықты. Ферғауынның қайтыс болғанын естіген болатын. Олар өте ұзын бойлы, күшті еді. Оларды адилықтар деп атады. Мұсаға адам жіберіп, өздерінің күші мен айбаты туралы айта келіп, азаптайтынын жеткізді. Мұса: «Мен сендерден қорықпаймын. Өз еркіммен келген жоқпын. Мен Тəңірдің пайғамбарымын. Мені сақтаған Жаратушы Алла. Иман келтіріңдер, олай болмаса соғысамыз. Ол қорқып....
АДИЛЫҚТАРДЫҢ СИПАТЫ (Деректерде) əрбірінің бойлары үш жүз аршын, көкіректерінің ені он жеті аршын болатын дейді. Мұса он екі адамды оларға тыңшы етіп жіберді. (Олар): Рубил ұрпағы Заказ ұлы Шамил, Шамғун ұрпағынан Жазғин ұлы Сабит, Яхуда ұрпағынан Сури ұлы Жадди, Ашитар Қафа ұрпағынан Мəлік ұлы Салул, Бағса ұрпағынан Қуқиш ұлы Жай, ... ұрпағынан Хамал ұлы Харлабил, Лауи ұрпағынан Мəликие ұлы Жулайын, Жүсіп ұрпағынан екеу: Нұн ұлы Юшағ жəне Ашуш ұлы Хурри, Ямин ұрпағынан Дəфрин ұлы Фалтама. Бұлар түнде жүріп, күндіз тығылды. Елге жақындаған уақытта бір жүзім бағына кірді. Жүзімдік иесі жеміс алғалы келгенде бұларды көріп қалып: «Қайдан келдіңдер?» – деп сұрады. Қорыққанынан бəрін айтып берді. Алтауын бір жеңіне сұғып, жеміс терді. Көтеріп, елге кірді. Патшаның сарайына барды. Бұл он екісін жемістермен бірге патшаның алдына қойып: «Мына адамдар бізге дұшпандық ойлап келіпті», – деді. Патша: «Мына ұсақтар қандай ел?» – деді. «Бұлар тайпалық ел. Сенбесеңіз бұлардың біреуіне айтыңыз, атыма жем берсін», – деді. Патша солай істеді. Олардың аттары үлкен еді. Аттарынан ақырлары биік еді. Оған шыға алмағандықтан, қазықтарын ақыр жаққа қақты. Адилықтар қызығып тамашалап тұр еді. Ол қазыққа шығып, жəне қазық қағатын. Осылайша ақырға шығып, атқа жем берді. Түсіп, тағы жем салғанша ат жемді тауысатын. Атқа жем берместен бұрын, жемге дəрет сындырды. Зəр тигендіктен, ат жемей қойды. Оны көріп адилықтар патшаға айтты, патша оларды өлтірмекші болды. (Патшаға) əйелі: «Бұлардың қолынан не келеді дейсің? Қойып жібер, барсын. Сіздің күшіңізді оларға айтып барсын, қорыққандарынан жоламасын», – деді. Олардың (адилықтардың ) біреуі алтауын көтеріп бір аяғына, қалған алтауын көтеріп келесі аяғына қойып базарды аралатты. «Мұндай адамдар да қастық оймен келе ме?!» – деп базардағылар күлді. Патша оларға азық үшін бір тал жүзім берді. (Олар) көтере алмады. Бір ұзын ағашты жүзімнің ортасына тығып, жіппен байлады. Алтауы бір жағынан, қалған алтауы екінші жағынан иықтарына салып көтерді. Үйлеріне жеткенше оны азық қылды. Жолда ақылдасып: «Адилықтарды осылай десек, қорқып ешкім де соғыспайды», – деді. Əйелдерге жетіп келіп Нұн ұлы Юшағ айтты. Əйелдер бұл сөзді есітіп, күйеулеріне айтты. Барлық еркек затының жүректері шайлығып, Мұсаға: «Біз ол елге бармаймыз. Олар күшті екен», – деді. «Қалу йə Мусə иннə лəн нəдхулəһə əбəдəн мə дəму фиһə фə ин йəхружу минһə фə иннə дəхилун» («(Бəни Исраилдықтар): «Ей, Мұса, егер сол залымдар сол қалада болса, біз оған əсте кірмейміз. Егер олар сол қаладан шықса, онда біз кіреміз», – деді»). Мұса: «Кіріңдер, деген (Алланың) жарлығы болды», – деді. (Олар): «Сен Тəңіріңмен бірге барып ұрыс, біз осында оты ра-
йық», – деді. «Фəзхəб əнтə уə раббукə фə қатилə иннə хəһунə қа'идун» («Сен жəне Жаратушың екеуің барып ұрысыңдар, біз болсақ осында оты рамыз»). Мұса Алла Тағалаға жалынып: «Менің бұларға шамам жоқ. Мен жəне бауырым бар. Сол екеуміз барып соғысайық. Мына пасықтардан бізді құтқар, айыр», – деді. «Инни лə əмлику иллə нəфси уə əхи фəфруқ бəйнəнə уə бəйнə əл-қауми əл-фəсиқин» («Мен тек қана өзіме жəне бауырыма иемін, пасықтар мен біздің ортамызды бірбірімізден айырғын»). «Бұлардан айырылма, олар қайтамыз дейді, оларға жолды жабамыз. Қырық жыл далада қалып, елге бармайды. Олар үшін қайғырма, сені сақтаймын», – деді. «Қалу фə иннəһə мухəррамəтун 'əлəйһим əрбə'инə сəнəтəн йəтихунə фи əл-əрзи» («Алла Тағаладан жарлық болып, бұл қала олар үшін қырық жылға дейін харам етілді. Оған дейін олар жер бетінде айналып жүретін болды»).
АЙДАЛАДА ҚАЛҒАН ҚИССАСЫ Отыз күн бойына Мұсаға келіп, айқайлап: «Біз мұнда опат болдық. Бізді мұнда не үшін ұстап тұрсың? Тұр, бізді бір жаққа алып бар. Немесе рұқсат бер, кетейік. Сен қайда барсаң да, өз еркің», – деді. Мұса таңертең жолға түсті. Кешке дейін жүріп, мақсатқа жеттік деп ойлады. Таңертең тұрған жеріне келгенін көрді. Жанында азықтары таусылып, қара малын жеді. Шарасыз қалып, Мұсаға жалына бастады. Мұса: «Бəрі күнəларыңның кесірі», – деді де: «Тəңірім, бəрі де Сенің құлдарың. Надандық жасады. Бұларды опат ететін болсаң, Жақып пайғамбардың ұрпағынан сені Бір деген (Сенің жалғыздығыңа иман келтірген) ешкім де қалмайды. «Аллаһуммə урзуқнə мин фəзлик» («Ей, Алла, өз кеңшілігіңмен бізге ризық бер»). Кеңшілігіңмен бізге несібе бер», – деп дұға жасады. Алла Тағала (оның) дұғасын қабылдады. «Мəннə уəс-сəлуə» керемет қылды. «Мəннə» – жантақ шекері, «сəлуə» – қуырылған бөдене еті. Осылайша он күн шекер жауады, он күн жеп болған соң, олар жесін деп, қуырылған бөдене жауды. «Уə əнзəлнə 'əлəйкум əлмəннə уə əс-сəлуə» («Жəне сендер үшін аспаннан «мəни» деп аталатын тəтті күлшелерді жəне «сəлуə» деп аталатын бөденеге ұқсас құстарды түсірдік»). «Ей, Мұса, таяғыңды тасқа соқ» деген (Алладан) жарлық келді. Соғып еді, он екі жол ашылды. «Фə қулнəз риб би'əсəкə əл-хəжəр фə əнфəжəрат мин хуснəтə 'əшəра 'əйнə» («Біз оған: «Асаңмен тасты ұр», – дедік. Ол ұрды, тастан он екі бұлақ көзі шықты»). Əрбір қауымға бір жол ағатын су болды. Өз арықтарын білетін еді. «Қад 'əлимə куллу мəшрабəһум» («Əр тайпа өзінің ішетін орнын біліп алды»). Бір жыл осылай тұрды. Шапандары, киімдері, шатырлары ескірді. Күннің ыстығына шыдай алмай, Мұсаға жалынды. (Мұса) дұға жасап еді, бұлт пайда болып, жаңбыр жауа бастады. Əрбірінің бойына лайық жас нəресте есейгенше түн ұзаратын еді. Ай ескіріп, қараңғылық болса, Жаратушы Алла көктен бір сандық жарық жіберетін. «Уə залəлнə 'əлəйһумул ғамəмə» («Жəне бұлтты олардың үстіне саябан етіп қойдық»). Қырық жыл осылайша күн өткізді, шекер жеп, қуырылған ет жеп, киім киіп, бұлт көлеңкесінде тұрды. Кім босаса, қайғырады деген мəселе де бар. Тойғанынша ет, шекер жеді. (Олардың) біреуі тамақ жеп болғаннан кейін, сол еттен алып, ертең жеймін деп қойып еді, түнде ет сасып кетті. Сол түннен бері түнге қалған тамақ саситын болды. ХАБАРДА келеді: Расул (ғ.с.): «Лəу лə бəну Исраилə мə хубизəт тə'əму кəттə хəдис» («Егер Бəни Исраил болмағанда, тамақ пісірілмеген болатын еді»). Бəни Исраил болмаса, піскен тамақ қалатын еді», – деді. (Олар) жəне: «Ей, Мұса, дұға жаса, Алла Тағала жерден шыққан көкөніс, жеміс, сарымсақ, жуа берсін», – деді. «Фəд'у лəннə раббəкə йухриж лəнə мин мə тунбиту əл-əрзу мин бəқлиһə уə қиссəиһə уə фумиһə
уə əдəсиһə бəсəлиһə қалə ə тəсдəб дилунəл лəзи һуə əднə би əл-лəзи һуə хайр» («Біз үшін Жаратушыңнан сұра, жерде өсетін көкөністерден, бидайынан, ноқатынан, пиязынан шығарсын. Мұса: «Жақсы нəрсені одан төмен нəрсеге айырбастайсыңдар ма?» – деді»). Мұса: «Үстіңгі нығметті қойып, астындағы нығметті қалайсыңдар», – деді. (Деректерде) осы қырық жыл ішінде тырнақтары өспеді, шаштары тарақты қажет етпеді, киімдері тозбады дейді. Кір болса, отқа салатын еді. Кірі жанып, киім жанбайтын. Осылайша қырық жыл далада қалды. Алайда «Бəл'əм бə'ур» дұғасымен қалды деген сөз жалған. Оны тыңдамады. Олар өз кесірінен далада қалды. ПАЙДА: Ол далада Мұсаның дұғасымен дайын киімдер киіп, дайын азық жеді. Біз күнəһарлар Мұхаммед Расулулла (ғ.с.)ның дұғасымен жұмақтың нығметін жеп, Жаратушы дидарын көрсек, танданатын түгі де жоқ.
ТƏУРАТТЫҢ ҚИССАСЫ (Бəни Исраилдықтар): «Ей, Мұса, Жаратушы Алла маған кітап жібереді деп уəде етіп едің. Енді сұра, сол кітап келсін», – деді. Мұса Тур тауына келіп, мінажат етіп: «Тəңірім, Сен кімнің не сұрап жатқанын білесің», – деді. Жаратушы Алла «Тəурат» атты кітапты Мұсаға берді. Он лаухқа (тақта) жазылған мың сүрелі аят (еді). (Деректерде) лаух – жасыл зəбəржəттəн еді десе, біреулер қызыл жақұт дейді. Тəуратты жазған қаламның дауысын Мұса есітетін еді. Бұл лаух он рет Мұса алдында енді. «Көтер» деген жарлық келді. Мұса көтермеді. Жаратушы Алла əр сүре сайын бір періште жіберді, көтере алмады. Əрбір əріп бір аят сайын бір періште жіберді, көтере алмады. Əрбір əріп сайын бір періште жіберді, тағы да көтере алмады. (Сонда) Мұсаға бір рет: «Лə хəулə уə лə қууəтə иллə биллəһ» («Күш қуат пен құдірет тек Алланың көмегімен болады») де деген жарлық келді. Мұса осы сөзді айтқанында Тəуратты жалғыз өзі-ақ көтеріп, қауымына келді. Бəни Исраилдың үлкен-кіші, ер-əйелі жеті күні-түн күйіп тұрды. Мұса келіп, басқа жерге кетті. (Мұса): «Алла Тағала мына кітапты сендерге жіберді. Ибри тілінде (түскен) бұл кітапта жеті мың бұйрық бар, құлшылықта жеті мың тыйым бар, күнəға жеті мың үгіт (насихат) бар, жеті мың жақсылық пен ізгілік бар», – деді. Мұны естіген Бəни Исраилдықтар: «Бұларды кім ұстайды? Мұны сақтағаннан табынып жүрген ана бұзауымыз артық», – деді. Мұса: «Сендер қандай адамсыңдар? Өздерің кітап сұрадыңдар жəне өздерің қаламайсыңдар», – деді де: «Тəңірім, мен бұларға жеткіздім, өзің біл», – деді. Мұсаның əскері он екі иғаштық жерге түсетін еді. Жебірейілге жарлық болды, Палестина тауларынан сонша əскерді басушы тауды түбінен қопарып əкеліп, олардың бастарының үстінде ұстады. «Уə из нəтəқнə əл-жəбəлə фəуқаһум кəннəһу зуллəтун» («Біз (Бəни Исраил) қауымының үстіне Тур тауын саябан секілді көтеріп тұрдық, егер Біздің бұйрықтарымызға мойынсұнбасаңдар, үстері ңе тастап жібереміз»). Мұса: «Қабылдаңдар, қабылдамасаңдар мына тау үстеріңе құлап, бəріңді де басады», – деді. Қаламады, тау еніп, төбелеріне тиді, үстін басты, жүзіне түсті. Тізесін жерге қойып, жарты көздерімен тауға қарады. «Бұдан артық түссе, қабылдайық, түспесе, қабылдамайық», – деді. Тау түсіп, тізелеріне тигенде қабылдады. Осы күні жөйттер: «Аталарымыз осылай пəледен құтқарды», – деп, солай намаз оқиды.
МҰСА ПАЙҒАМБАРДЫ АЗАПТАҒАН ҚИССАСЫ Əлем мақтанашы болған Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) Хақ пəрменін жеткізген уақытта, Жаратушы Алла: «Ей, иман келтіргендер, сендер Мұсаны азаптаушылардан болмаңдар. Менің жарлығымды сендерге жеткізгенде өзін (оны) жалған деп есептемей, тура деп қабылдаңдар. Мұсаны бірнешеуі айыптады. Жаратушы Алла Мұсаның айыбы жоқтығын оларға білдірді» деген жарлық жіберді. «Йə əйиуһə əллəзинə əмəну лə тəкуну кəллəзинə əзəу Мусə фə бəррə'əһуллаһу миммə қалу» («Ей, иман келтіргендер, сендер Мұсаны қинаған адамдарға ұқсамаңдар. Кейін Алла оны (Мұсаны) олардың айтқан айыптарынан ақтаған болатын»). Мұса пайғамбар ұялшақ болатын. Өз тəнін өте жасыратын. Бірнешеуі (оны) алапес деді. Біразы удра бар деді. Удра деп ұятты жердегі ісік (атайды). Күндердің бір күні Мұса іш киімімен суға түсті. Киімін бір тастың үстіне қойды. Киімін тас алып қашты. Мұса іш киімімен судан шықты. «Зə' сəубий йə хəжəру» («Ей, тас, таста киімімді») деп, соңынан (қуып) келетін еді. Ашуланғанынан жалаңаш екенін ұмытып кетті. Тас халықтың қасына келді. (Халық) Мұсаның тəнінің аппақ, əдемі екенін көрді. Алапес те емес. Іш киімі де денесіне жабысып тұр. Ұятты жерінің ісігі жоғын да көрді. Кейбіреулер: «Азар дегеніміз алдында жүрсе – тəкаппар, ортада жүрсе – қорқақ, ал соңында жүрсе – қуғыншыдай бізді сұрар» дейтін. Тағы біреулер: «Азар дегеніміз Харунды сен өлтірдің деді», – дейді. Мұса Тур тауына бара жатып Харунның қабірінің жанынан өтті. Мұса: «Ей, Харун», – деп шақырды. Жаратушы Алла Харунды тірілтті. (Мұса): «Харун сені кім өлтірді?» – деді. (Харун): «Жаратушы Алла ажал жіберді, өлдім. Мені ешкім де өлтірмеді», – деді. «Фə бəррə'əһуллаһу миммə қалу» («Кейін Алла оны (Мұсаны) олардың айтқан айыптарынан ақтаған болатын») дегені осы еді.
МҰСА ПАЙҒАМБАРДЫҢ ДИДАР ТІЛЕГЕН ҚИССАСЫ (Олар): «Ей, Мұса, Тəңірмен сөйлестім дейсің. Біз де пайғамбар ұрпағымыз, сенімен ағайын-туыспыз. Бізді де алып бар. Жаратушы Алланың сөзін есітсек болар еді», – деді. Мұса дұға жасап еді, «Айт, үлкендерін сенімен жіберсін, (Алланың) сөзін есітсін» деген жарлық келді. Мұса турашыл қарияларды іздестірді. Жетпіске жетпейтін алпыс шақты қария шықты. Жарлық болып, əр тайпадан бір жігіттен шығарды. Он екі жігіт болып, (бəрі) жетпіс екі (адам) болды. Мұса: «Екеуі қайтсын, қалғандары менімен бірге жүрсін», – деді. Ешкім көнбестен, Юшағ ибн Нун мен Келлу ибн Буфна екеуі қайтты. (Ол екеуі): «Бізге мына барғандардың сауабы болады ма?» – деді. (Мұса): «Болады», – деді. Отқа күйместен құтылды. «Уəхтəра Мусə қаумəһу сəб'инə ражулəн лимиқатинə» («Мұса Бізбен кездесу үшін өз қауымынан жетпіс адамды таңдап алды»). Харунды орынбасар етіп тағайындап еді. «Отыз күннен кейін келемін» деп, Тур тауына шығып, отыз күн бойына ораза тұтты. Жемеді, ішпеді. Сөйлесетін уақыт болған уақытта шахтут ағашының қабығымен аузын сүртті. «Не үшін былай жасадың?» деген жарлық келді. Мұса: «Аузымның сасық иісі кетсін деп солай жасадым», – деді. «Ораза ұстаған адамның аузынан шыққан иістің менің қасымда жұпардан да жағымды болатынын білмедің бе?! Ей, Мұса, тағы он күн ораза ұста, (сонымен) қырық күн аяқталсын», – деді. «Уə əтмəмнəһə би'əшрин фə тəммə микəту рабиһи əрбə'инə лəйлəн» («(Уəде етілген отыз түнге) Біз жəне он түн қостық, осылайша Жаратушыңның уəде еткен уақыты қырық түн болды»). Зулхижжа айының тоғызыншы күні тау етегіне жиналды. Мұса: «Сендер осында қалыңдар, мен тауға шығайын, сендер соңымнан келерсіңдер, (Алланың) сөзін есітерсіңдер», – деді. Солай жасады, (Алланың) сөзін естіді, қуанышқа бөленді. (Олар): «Ей, Мұса, Тəңірді ашық көрмейінше сені мойындамаймыз», – десті. «Лəн нуминə лəкə хəттə нəраллаһа жəһратəн фə əхəзəтһуму əс-саиқату» («(Ей, Мұса) Құдайды əшкере етпейінше, саған əсте сенбейміз. Кейін олардың үстеріне найзағай оты келіп түсті»). От келіп, бəрін күйдірді. Мұса не істейін деп қайғырды. Мұса оларды алып барды, бəрін опат етті. Мұсаның барлық айтқан сөзі жалған десті. Жаратушы Алла сол кезде бəрін тірілтті. «Суммə бə'əснəкум мин бə'ди мəутикум» («Кейін өлгендеріңнен соң сендерді тірілттік»). Мұса: «Енді білдіңдер ме?» – деді. (Олар): «Білдік, есіттік», – деді. Мұса пайғамбар Жаратушыдан жалынып сұрады. Олар Бəни Исраил арасында халифа болды. Бірі патша болса, енді бірі пайғамбарлыққа жетті. Ғұлама болды, турашыл болды. Тəуратты сырттай оқитын болды. Мұсамен бірге үйлеріне қайтып келді. Кейбіреулер «Мұсаның дидар талап еткені басқаша болған» дейді. Мына дерек дұрыс емес. Дидар талап еткені жеті айдан кейін
болған еді. Арада біраз уақыт өткен соң (олар): «Ей, Мұса, бізге керемет көрсетемін деп уəде беріп едің. Бүгінге дейін болған жоқ. Қайта барып, дұға жаса, мүмкін, Жаратушы Алла қабылдар», – деді. Мұса Харунды қайтарып, оларға басшы етті. Өзі Тур тауына барып, (Алланың) сөзін есітіп, қуанды. «Сөз құдіреті бұлай болса, дидар нығметі бұдан да артық болар» деп дұға жасап: «Илəһи житукə талибəн рағибəн сəилəн мутəззəри'əн литу'тийəни мə мəнə'тə мин ғайри əсəлукə йə зəл-'əзəмəти уə əс-султан əн турани лиəнзура илəйкə. Қалə лəн тəрани» («Ей, Тəңірім, мен Сенің алдыңа басқаларға бермеген үлкен нығметті маған берер ме екенсің деп, өтініп, сұрап, жалынып, жалбарынып келдім. Ей, ұлықтық пен салтанат иесі, маған жамалыңды көрсет, мен бір көрейін. (Алла Тағала): «Мені əсте көре алмайсың», – деді»), – деді. «Ей, Мұса, үлкен сөз айттың. Ешкімнің де бұлай сөйлеуге шамасы жоқ еді» (деген жарлық келді). Мұса: «Өлсем, Сені көріп, өлейін. Арманым сол», – деді. «Ей, Мұса, сен əлсізсің» деген жарлық келді. Мұса: «Көремін», – деді. «Ана тауға қара, тау орнында қалса, сен Мені көресің» деген жарлық келді. Жəне: «Екі таудың арасындағы тасқа отыр» деген жарлық жетті. Мұса келіп, тас үстіне отырды. Жаратушы Алладан алғашқы қабат көктің періштелеріне жарлық келді. Бəрі сиыр бейнесінде жерге енді. Тау төңірегін төрт иғаштық жерге дейін ұстады. Найзағай ойнап, жел тұрды, көк күркіреді. Періштелер дауыстап, тəспі, тəһлил айтты. Тағы екінші қабат аспанның періштелері арыстан бейнесінде жерге түсті. Олар да дауыстап тəспі, мадақ айтты. Ол періштелердің төңірегін орады. Мұса қорқып, сəждеге бас қойып: «Тəңірім, мені мына үрейден құтқар. Өз тілегіме пұшайман болдым», – деді. Жаңа ғы періштелердің үлкендері: «Ей, Мұса, əлі бəрін көрмепсің», – деді. Жəне бүркіт бейнесінде үшінші қабат көктің періштелері еніп, олардың айналасын қоршады. Ауыздарынан от шығатын. Алла Тағалаға тəспі, тəһлил айтатын. Мұсаның асып-сасқаны соншалық, барша əлемнің күйгенін көріп, тіршіліктен күдерін үзді. Жəне төртінші қабат көктің періштелері аппақ қар бейнесінде жерге енді. (Бəрі) тəспі, тəһлил айтатын. Жəне ауыздарынан жалын атып, бесінші қабат көктің періштелері келді. Тағы алтыншы қабат көктің періштелері келіп, оларды қоршады. Қолдарында құрма ағашының оттан, көзден тура, қызыл жақұттан таза. Қатты дауыспен: «Субухун қудусун раббул 'иззəти əбəдəн лə йəмут» («Алла пəк, қасиетті, құрмет Иесі. Ол əсте өлмейді») деп айтатын. Мұса есінен танып қалды. Əуелі жылап: «Тəңірім, мұнда тұрсам...» «Раббул 'иззəти лə йəмуту əбəдəн» («Құрмет Иесі. Ол əсте өлмейді»), – деп дауыстады. Сол сəтте Жаратушы Алла тəжəлли нұрын жаңағы тауға салды. Тəжəллидің мағынасы ашылу деген сөз. «Ей, Мұса, мына тауға қара, орнында қалса, мені көресің» деген жарлық келді. «Уə лəкин унзəр илə
əл-жəбəли фə ин истəқарра мəкəнəһу фə сəуфə тəрани» («Алайда сен тауға қара, егер ол шыдап тұра алса, онда сен Мені көресің»). Тауда өлемін, шықсам күйемін. Жəне Арсыны көтеріп тұрған періштелер келді. Барлық періштелер бірігіп: «Суббухəн қуддусəн» («(Алла) пəк, қасиетті») деп айтып жатқан кезде (Мұса) тауға қарап еді, (таудың) быт-шыты шықты. Абдулла Салам мен Кағбул Ахрар (Алла олардан разы болсын) айтуынша, тəжəлли нұры ине тесігінен шыққанындай болатын. Сəйиди Имам кішкентай саусақтай екенін айтқан. Анас ибн Мəлік: «Расул (ғ.с.): «Бас бармағын кішкентай саусағының ұшына қойып «осындай» еді деген» мəлімет келтіреді. Шайқы Хасанның айтуынша, Алла Тағала тауға қарап: «Менің дидарымды көре алмайсың» деген. (Содан) тау еріп, су болып жерге сіңген (көрінеді). Бұған Мұса қарап тұрған. (Деректерде) жетпіс хижабтан орта бармақ көлеміндей тəжəлли нұры көрінгендігі айтылады. Тау алтыға бөлініп кетіп, Туар, Сабир жəне Хира бөлшектері – Меккеге, ал Ухуд, Уарқа жəне Рауза бөлшектері Мединеге түскен. Əбу Бəкір (Алла одан разы болсын) айтуынша, сол күні барша сулар тартылып, барлық аурулар жазылып, жындылар түзеліп, барлық тікендер төгілген. Жер беті жасарып, гүлдеген, мұғтардың оты өшкен, барша пұт бетін жапқан. «Фə лəммə тəжəллə раббуһу ли əл-жəбəли жə'əлəһу дəккəн» («Оның (Мұсаның) Жаратушысы тауға жамалын көрсеткен уақытта, тау шыдай алмай быт-шыты шықты»). Абдулла (Алла одан разы болсын) ның айтуынша, «Жə'əлəһу турабəн», (яғни) топырақ болған. Суфиянның айтуынша, жерге сіңіп, суға батқан. Имам Атия Ауфидің айтуынша, ағар құмдай болған. Дəйлəми əл-Лəхмидің айтуынша, таулардағы үңгірдің бəрі тəжəлли нұрына толған. Мұса естен танып, бетін жапты. «Уə хəрра Мусə сə'иқан» («Мұса естен танып құлады»). Ол күн бейсенбі, арафа күні болатын. Ертесі құрбан күні Тəурат түсті. Заххақтың айтуынша, Мұса үш күн-түн естен танып жатқан. Періштелер келіп: «Йə ибнəн нисəил хəйизи лəқад сəəлтə раббакə суəлəн 'əзимəн фи ғайри уəқтиһи» («Ей, хайыз көрген əйелдің баласы, сен Жаратушыңнан үлкен сауалды орынсыз сұрадың»), яғни пəксіздік көрген, ей, əйел баласы, Алла Тағаладан орынсыз үлкен бір тілек сұрадың», – деді. Үш күннен кейін (Мұса) өзіне келді де, айқайлап: «Тəңірім, бұл тілектен тəубе еттім. Саған сенгендердің алғашқысы менмін», – деді. «Фə лəммə əфəқа қалə субхəнəкə тубту илəйкə уə əнə əууəлə əл-мумининə» («(Мұса) есін жиған уақытта: «Ей, пəк Алла, мен тəубе еттім, мен мүміндердің алғашқысымын», – деді»). Расында Сені ешкім де (пенделік көзбен) көре алмайтынын білді. Періштелерің де шыдай алмаған, Сені қалайша көрсін?! «Ей, Мұса, сені пайғамбарлықпен (сүйіншілеп), кəлəм (кітап) сыйладым. Саған
берілген кітапты ал, маған шүкіршілік жаса» деген жарлық келді. «Инни истəфəйтукə 'əлə əн-нəси бирисəлəти уə би кəлəми фə хуз мə 'əтəйтукə уə кун мин əш-шəкирин» («Мен сені пайғамбарлықпен жəне Менімен сөйлесу секілді үлкен нығметпен адамдар арасында ерекшеледім. Енді не берсем соны ал да, шүкір етуші пенделерден бол»). САУАЛ: Мұса дидар (Алланы көруді) қалады, бермеді. Хикметі не? ЖАУАП: «Ей, Мұса, нəпсің фəни (жалған), көзің фəни, дүние фəни. Фəни нəпсімен, фəни көзбен, фəни дүниеде бақи (мəңгілік) Жаратушы дидарын қалай көрмексің?! Сабыр ет, нəпсіңді бақи етейін. Содан кейін бақи сарайда, бақи дидарымды көресің» деген сөз жатыр дейді (біреулер). ТАҒЫ ЖАУАП: Кəлəм Мұсаның сыйы еді, берді. «Уə кəллəмаллаһу Мусə тəклимəн» («Жəне Алла Мұсамен сырласып сөйлесті»). Достық Ибрахим сыйы еді, берді. «Уə əт-тəхəзаллаһу Ибрахимə хəлилəн» («Жəне Алла Ибрахимді өзіне дос етіп алды»). Түс Мұстафа (Осы жер Жүсіп болуы мүмкін – Т.Қ.) сыйы еді, басқаларға бермеді. ТАҒЫ ЖАУАП: (Алла) Мұсамен сөйлесіп жатқан кезде бір тастың үстінде отырған шайтан қызғанып, Мұсаға: «Мə'ə мəн тəкəллəму» («Кіммен сөйлесіп тұрсың?»), яғни «Кіммен сөйлесіп тұрсың?» – деді. Мұса: «Мə'аллаһу тə'əлə» («Алла Тағаламен»), яғни Тəңірмен сөйлесіп тұрмын», – деді. Шайтан: «Тəңірдің сөзі екенін сен қайдан білесің? Мүмкін, періште немесе шайтан шығар», – деді. Мына сөз Мұсаға қатты əсер етіп, шайтанға ашуланып: «Рабби əрини əнзур илəйкə» («Ей, Жаратушым, жамалыңды көрсет. Сені көрейін») деп, (Алланың) дидарын көруді қалады. «Лəн тəрани» («Көре алмайсың»), яғни «Мені көре алмайсың, себебі Шайтанның азғыруымен сұрап тұрсың» деген жауап келді. Жəне «Му'тəзили уə қаддəра 'əлəйһим əл-лə'нə» («...Муғтазили, оларға лағынет болсын») бізге айғақ етеді. Тəңірді көру мүмкін емес. Егер көру мүмкін болғанда, Мұса көретін еді. «Лəн» сөзі құптау емес деп жауап береміз. Алла Тағала жөйттер хəлінен хабар беріп, (олар) əсте өлімді армандамайды дегенін көрмейсің бе? «Уə лəн йəтəмəннəһу əбəдəн» («Олар оны (өлімді) əсте армандамайды (ойламайды)»). Дүниеде сұрамады, алайда ақыретте армандайды. ТАҒЫ ЖАУАП: Жөйттер Айшаны анамыз демейді. Біз: «Дұрыс айтасыңдар, сендердің аналарың емес, біздің – мұсылмандардың анасы», – дейміз. ТАҒЫ ЖАУАП: Тəңірдің жүзін көру мүмкін емес, (сол себепті) Мұсаға нəсіп болмады. Дидар көру дұрыс еместігін сұрау пайғамбарларға қалайша орынды болсын. ТАҒЫ ЖАУАП: Алла Тағала дидарына тау қозғалуымен байланыстырды. Таудың қозғалуы Алла Тағаланың құдіретімен (алғанда) дұрыс. Сол себепті дидар көру де дұрыс. Қосымшасы бар: орынсыз нəрсені сұрады, бермеді.
Өлең: Изи румтə əл-əмəни Қалбə уəқтин фə лəстə биуəжидин тилкə əл-əмəни Фə кəну суəлə Мусə қаблə уəқтин Фə жə'ə жəуəбу «лəн тəрани». ТАҒЫ ЖАУАП: Біреу патша сарайына келіп, «патшаны көрейін», – дейді. «Бүгін патшаны көруге болмайды, алайда басқа күндері көрсе болады», – дейді. «Хəрра Мусə сə'иқан бинəфсиһи фə əфəқа биқалбиһи уə сəббəхə билисəниһи фəс-сə'ку хəззул əбдəн уə əл-ифəқату хəззул жинəн уə əи-тəубəту хəззул-лисəн» («(Мұса) денесімен естен танып құлады, кейін жүрегімен есін жиды, тілімен тəспі айтты. Себебі естен тану, құлау – дененің ісі, есін жию – жүректің ісі, тəубе жасау – жүректің ісі») деген сөз бар. Жебірейіл (ғ.с.) осы аятты Мұстафа (ғ.с.) ға алып келген кезде: «Уə лəммə жəə Мусə лимиқатинə уə кəллəмəһу раббуһу қалə əрини əнзур илəйкə фə уəсəбə расулун 'əлəйһи əс-сəлəму хинə қара Жибрилу лəн тəрани фə сəқатан нəбийу 'əлəиһи əс-сəлəм лиəннəр руйəтə хəззуһу дунə ғайриһи» («Мұса уəделескен жерімізге келгенде жəне оның Жаратушысымен сөйлескенде: «Ей, Жаратушым, Сен маған өзіңді көрсет, мен Сені көрейін», – деді. Жебірейіл «лəн тəрани», яғни «Мені əсте көре алмайсың» деген аятты оқыған уақытта, Расул (ғ.с.) орнынан ұшып тұрып кетті де, кейін пайғамбар (ғ.с.) үнсіз қалды. Себебі Алланың жамалын кө ру – тек Мұхаммед пайғамбардың несібесі, басқалардыкі емес»), яғни Мұса: «Тəңірім, дидар көрсет, Сені көрейін», – деді. Расул секіріп тұрды. Сонда Жебірейіл: «Қалə лəн тəрани» (жерін) оқыды. Расул (ғ.с.): «Дидар менің несібем. Мен (əуелі) көрмейінше, ешкімге нəсіп болмас» деп отырды. Жаратушы Алла Мұсаға он екі себептен дидар көрсетпеді деген сөз бар: Бірінші, орынсыз сұрады. Себебі дидар баршадан биік тұрады. Одан төмен нығметтері болмай тұрып, үстіңгі нығметтің болуы орынсыз. Екінші, Мұсаның көзі қыли еді, жерге, тауға қарайтын. Ұлық дидарға лайық емес еді. Үшінші, фəни көз бақи дидарға қайшы еді. Төртінші, ол сəтте Мұсаның көзі Шайтанды көріп тұр еді. Дұшпанды көрген көз достың жамалын көруге жарамайды. Бесінші, Мұса сүйіктіден (Мұхаммед пайғамбар) басқа дидар сұрады, бермеді. Яғни сабыр ет. Ақиқат жоғары жəне басқа пайғамбарлар ақіретте жыласа, жəне Мұстафа Əмин келсе, сонда көресің. Алтыншы, машақатсыз дидар көрейін деді. «Оңай болар. Оңай болған нəрсенің құрметі болмайды. Біраз машақат ет, біраз сабыр ет. (Сонда) берсек рахаты ұзақ болады», – деді. Жетінші, Мұса Тур Синаға келіп, Мұхаммед Мұстафаның жəне Тəңірдің үмметтерінің сипатын есітіп, Тəңір Тағаладан Мұхаммедтің (дидарын) сұрап еді. Қабыл болған еді. Тəңірдің дидарын сұраған кезде: «Ей, Мұса, менен сүйіктінің (Мұхаммед пайғамбардың) дидарын сұрағаныңды ұмыттың ба? Енді сабыр ет. Əуелі сүйіктінің дидарын көр. Оның рахатын сезінгеніңде
ғана менің дидарыма қол жеткізесің. Сегізінші, «Ей, Мұса, кім бізді көрсе, барша машақаттан сақтаймыз. Сен тағы машақаттар тарт, көр ге кір, қиямет жағдайын көр. Сабыр ет. Осы қайғыдан өткеннен кейін ғана Бізді көресің». Тоғызыншы, саған дидар көрсетсем, барша пайғамбар, əулиелер қайғыда болады. Мен достарыма қайғыны лайық көрмеймін. Оныншы, қонақтарға үй иесі əуелі қымбатты нығметтерді алып келмейді. Қонақтардың үлкендері, хастары дайын болғанда ғана ұлы нығметтерді алып келеді. Ей, Мұса, менің құзыретімде бəрінен құрметті Мұхаммед Расулулла. Дидар нығметін оған көрсетпейінше, сен көрмейсің. Он бірінші, Мұса пайғамбар: «Дидар көрсет, Сені көрейін», – деді. «Мəн əнтə хəттə йəнзура илəйиə» («Менің жүзіме қарайтын сен кімсің?»), (яғни) «Сені көрейін дейтін сен кімсің?!» Сөйлеу мəнерін үйретті. «Хифзу əл-əдəб мин шəраит əл-мəқал» («Сөз сұраудың шарттарының бірі – əдепті сақтау»). Он екінші, дидар сұрады, бермеді. Егер бергенде сауалдың сыйлығы болатын еді. «Əс-суəл уə ин қаллə уə əн-нəуəл уə ин жəллə» («Сұрақ – кішкентай болса да сұрақ, сыйлық – кішкентай болса да сыйлық») деген сөз бар. Жаратушы Алла дидарын сауалға сыйлық болуын қаламады. Сол себепті Иса (ғ.с.) сауалы бай дастарқан еді, берді. Ибрахимның сауалы құстардың тірілуі еді, берді. Ол сыйлық сауалға лайық еді, алайда Жаратушы дидарын сауалға лайық еместігі үшін бермеді. ТАҒЫ ЖАУАП: Ибрахимнің, Исаның сауалы жасауда еді, берді. (Алайда) Мұсаның сауалы жасаушы да еді, бермеді. ПАЙДА: Мұса дидар сұрағанда «Тауға бар» деген жауап келді. Тауға қарады. «Лəн тəрани» жауабы келді, яғни ақиқат, ей, Мұса, біздің дидарымызды қаласаң, неге тауға қарадың? Миғраж түнінде барша періштелерді Мұхаммед Мұстафаға көрсетті. Көзінің қиығын да салмады. «Ей, Мұхаммед, Жаратушының сипатына қарамайсың ба?» – деді. (Мұхаммед ғ.с.): «Əнə мəшғулун бис-сани'и лə бис-сун'и уə əнə мəшғулун бил-мəлики лə бил-мəмлуки» («Мен шебершімен айналысып жатырмын, оның жаратқан шеберлігімен емес. Мен патшамен айналысып жатырмын, оның қол астындағы бағыныштыларымен емес»). Сол үшін де Алла Тағала Құранда дана жарылқады: «Мə зəғал бəсару уə мə таға» («Назар тоймады жəне шектен де аспады»). САУАЛ: Мұсаның естен тануында қандай хикмет бар еді? ЖАУАП: Екі хикмет. Біріншісі, тауға шықты. Жаратушының сөзін есітіп, риза болды. «Мендей адам бар ма екен?» – деп қуанды. Жаратушы Алла оны қаламады. Арсы нұрын Мұса нұры біріктірді. Тауға тастады, тау жарылды. Мұса тауға қарады. Жетпіс мың ер көрді. Өзі секілді киім киіп, қолына аса таяғын алып, «Əрини əнзур илəйкə» («...жамалыңды көрсет. Сені көрейін»), – деп айқайлап жатыр. Мұса оны есітіп: «Жалғыз ынтық менмін», – дейтін. «Мендей ынтықтар көп екен», – деп сəжде жасады. Естен танды. Мұсаға дидар болмауына себеп бұлар емес еді деген де сөз бар.
Оның себебі дүниеде дидар көру үш түрлі болады. Не досқа беріп, дұшпанға бермейтін, немесе дұшпанға беріп, досқа бермейтін, немесе екеуіне де береді. Досқа беріп, дұшпанға бермесе, ертеңгі қияметте айғақ ететін еді. Оларға дидар көрсеттің, иман келтірді. Бізге де көрсетсең, иман келтіретін едік. Кəпірге беріп, мұсылманға бермесе, бұл да дұрыс болмайтын еді. Себебі дидар барлық нығметтен де артық. Алла Тағала мейіріміне лайық болмайтын. Егер олай жасаса, мұсылман мен кəпірдің арасында айырмашылық болмайтын еді. Осы хикмет дұрыс. Дүниеде (Алланың) дидарын көру дұрыс еместігі белгілі болды. Жұмақта мұсылмандар көреді. «Кəллə иннəһум əн раббиһим йəумəизин лəмəхжубун» («Жо-Жоқ, əсте олай емес, олар сол күні Жаратушыларының жамалынан берік бөгетпен мақұрым қалады»). Кəпірлер көрмейді. ХИКАЯ: Бір əйел «(Алланың) дидар(ын) көрсе, мен де көріп қалайын» деп, Мұсаның артынан тауға барды. Мұсаның «Лəн тəрани» үндеуін есітіп, таудан түскенін ол əйел көрді. (Əйелдің) екі көзі шығып, өз қолына алып жүр екен. Мұса (себебін) сұрады. Əйел: «Ей, Мұса, үміттеніп келіп едім, болмады. (Енді) мына көз маған керек емес деп, жұлып алдым», – деді. (Деректерде) Тəжəлли нұрының Мұсада көрінетіндігі айтылады. Кімнің көзі Мұсаға түссе, өмір бойы көзі көрмей қалатын. (Кейбіреулер) (тіпті) қиямет күніне дейін соқыр болып қалатын еді дейді. Сол себепті де Мұса жүзін ешкім көрмеу үшін бетперде киіп жүретін. ХИКАЯДА келеді: Мұса таудан түсіп келе жатып, бір əйелге қарсы келді. (Ол əйел) Мұсаға: «Жүзіңді аш, көрейін», – деді. Мұса жүзін ашты. Əйел қарап еді, екі көзі соқыр болып қалды. Мұсаға жалынып: «Алла Тағаладан сұрашы, көздерімді қайтарып берсін», – деді. Мұса дұға жасап еді, көздері ашылды. (Əйел): «Көзіңді аш, тағы бір көрейін», – деді. Мұса ашты. Көріп еді, жəне соқыр болып қалды. «Дұға жаса», – деді (əйел). (Дұға) жасап еді, ашылды. «Тағы көрейін», – деді. Мұса: «Соқыр боласың», – деді. (Əйел): «Ей, Мұса, тəжəлли нұрын көрмей көзім ашық жүргенше, көріп соқыр болып жүргенім жақсы», – деді. Мұса жүзін ашты. Əйел қарап еді, көздері соқыр болып, сол қалпы қалды.
ҚАРЫН (ОҒАН ЛАҒЫНЕТ БОЛСЫН) ҚИССАСЫ Мұса пайғамбардың нағашы əпкесінің ұлы еді. Бір күні Мұса Ферғауынға (Алланың) жарлығын жеткізгелі бара жатып, бір қайыршыны кездестірді. Мұсадан бір нəрсе сұрады. Мұса: «Менде саған беретін еш нəрсе жоқ», – деді. Қайыршы: «Өте мұқтажбын», – деп жалынды. Қарын Мұсаға сəлем бергелі келе жатыр еді. Қарын алыстан дəруішпен көрді. Мұсаны көрсе, бір нəрсе сұрар деп жасырынды. Мұса: «Осында. Ферғауыннан үйге келген соң, саған бір зат берейін», – деді. Дəруіш: «Өте мұқтажбын, төзімім жоқ», – деді. Мұсаның намысына тиген уақытта: «Жерде көрінген шөптерді жи, құрғат. Содан соң біраз темір, не қола, не қорғасын, немесе мыс тапсаң, еріт. Осы құрғатқан шөптен оған азырақ сал. Бəрі де қып-қызыл алтын болады», – деді. Дəруіш Мұсаның жалған сөйлемейтінін білетін еді. Ол сөзге сеніп, қайтты. Мұсаның бұл сөздерін Қарын есітіп тұрған еді, алайда Мұса Қарынды көрмеп еді. Мұса кетіп қалған соң, Қарын Дəруіштен: «Мұса саған не берді?» – деп сұрады. Дəруіш: «Еш нəрсе бермеді, алайда шөптерді мыспен араластырса, алтын болатынын айтты», – деді. Қарын: «Ей, Дəруіш, Мұса сенен құтылу үшін айта салған. Бұл не сөз? Одан да барып несібеңді тер», – деді. Дəруіш үйіне келді. Қарын ол шөптерді жиып, құрғатты. Темір, қола, мыс, қорғасынды балқытты. Ол шөптен азғантай араластырып еді, қызыл алтын болды. Əрбірі мың батпан темірге, қолаға, қорғасынға бұршақтай сол шөптен салса, қызыл алтынға айналатын. Жаратушы Алланың құдіретімен Қарын жеті күні-түн бойына алтын жасады. Кеніштен қазына тұрғызды. Əрбір кенішке бір алтыннан кілт жасатты. Кілттері көбейді. Көтеру қиын болды. Қашырға артып еді, қашыр көтере алмады. (Деректерде) жеңіл болсын деп, əрбір кенішке сиыр терісін кептіріп, бармақтай кілт жасатты дейді. Қырық қашырға артып еді, көтере алмады. Əрбір қашырдың жүгі төрт жүз батпан еді. Төрт құс өгіздей жерді сарай жасатты. Шатырларының кірпіші бір алтын, бір күмістен (болатын). Екі кірпіштің арасына жұпар, зағпыран жақты. Інжу, гауһарлармен безеді. Төсеніштерінің бəрі алтыннан, інжуден, гауһардан. Əскер жорыққа шықса, елу мың адам шығатын. Бəрінің атының жүгендері алтыннан еді. Бастан аяққа дейін жүзі, шашы қызыл алтын еді. Күннің көзіндей жарқырайтын. Өзі əскер арасында қара көзді, жалы, құйрығы ақ қашырға мініп, төрт жүз құлдар қыздың киімін киіп, жəне төрт жүз күң ұлдардың киімін киіп, бəрі қашырға мініп шығатын. Халық оны көріп, дүниеге деген махаббаты артып: «Ей, қане енді, мына Қарынға берілген мал-дүние бізге де бітсе еді», – дейтін. «Йə лəйтə лəнə мислə мə утийə Қаруну иннəһу лəһу һəззин 'əзим» («Бізге де Қарынға берілген мал-дүние берілсе ғой. Расында ол шексіз үлкен байлыққа ие»). Алайда о дүниені қалағандар: «Сендерге
қарағанда Алла Тағаланы Бірлігін мойындағандарға (жақсы), ізгі амал жасағандарға Жаратушының сауабы артық. Сабыр түбі сары алтын» дейтін. «Уə қалə əл-лəзинə уту əл-'илмə уəйлəкум сəуəбуллаһи хайрун лимəн əмəнə» («Олардың ішіндегі ілімділері: «Түрлеріне қара, иманды пенделер үшін Алланың сауабы жақсы» дейтін»). Хабарда келеді: Мұса пайғамбар əр күні Бəни Исраилдықтарды жиып, мінбеге шығып мəжіліс жасап, үгіт-насихат айтатын. Қарын да алтын пияла шығарып, Мұсаның қарсы алдында құйып, əншілер дайындатып, оң-солына құлдар отырғызып алып, арақ ішетін. Мұса шыдап тұратын еді. Хикаяда келеді: Бір күні Қарын бір Шамит есімді жеңіл жүрісті əйелге мың алтын беріп: «Мұса мəжіліс жасап тұрған жерге барып халықтың көзінше: «Ей, Мұса, сен басқаларға насихат айтасың. Өзің болса менімен таң атқанша бірге болып, арақ ішесің. Енді келіп, халыққа үгіт-насихат айтуыңа жол болсын» деп айт», – деді. Шамит мың алтынды алып, Мұсаға келді. Алла Тағала оның көңілін жібітіп, жаңағы сөздерді айтқызбады. Мың алтынды алып келіп Мұсаның қарсы алдына қойды да: «Мынаны маған Қарын берді. Барып, Бəни Исраилдықтардың көзінше осылай деп айт, – деді. Енді келдім, тəубе еттім», – деді. Бəни Исраилдықтар оны есітіп аң-таң қалды. Мұса ашуланып: «Ей, Раббым, осы күнге дейін сабыр еттім. Басқа шыдамым қалмағанын Сен білесің», – деді. «Ей, Мұса, Бəни Исраилдықтарға айт, «Сендерді құдіретіммен жараттым. Пұтқа табындыңдар, оны Тəңір дедіңдер. Пəлелер жібердім, ма ған қайтпадыңдар, Мені ұмыттыңдар. Ферғауынды опат еттім, қайт падыңдар. Енді əрбірің ұшар көк жалау қылып, бір оңынан, бір солынан, алдын, артын шарлаңдар. Оны көрсеңдер, басқа көкті сағынып менің берген нығметіме шүкір етіңдер» деген (Алладан) жарлық келді. Мұса (Алланың) жарлығын жеткізді. (Олар): «Ей, Мұса, сен жəне Қарын (да) жалау аласыңдар ба?» – деді. Мұса мінажат жасады. «Сендер Менің пайғамбарымсыңдар. Бүгін мені алмаңдар» деген жарлық келді. (Олар): «Ей, Мұса, сендер ал майынша, біз де алмаймыз», – деді. «Үш күн уақыт береміз, алмаса, пəле жіберемін» деген (Алладан) жарлық келді. Он екі қауым еді. Тоғыз қауым шарасыз алды. Үш қауым алмады. Біреуі – Қарын, Яхуда ұрпағынан елу мың адам. Екіншісі – Маряб, Рубил ұрпағынан елу мың адам. Үшіншісі – Афзим, Яғсар ұрпағынан отыз мың адам. «Бəни Исраил əскерін жиып көр» деген Мұсаға (Алладан) жарлық келді. Жинады. Жаңағы тоғыз қауымнан бес жүз мың адам шықты. Бəрі жалау асынған. (Тек) Қарын, Маряб жəне Афзимде жалау жоқ екенін көрді. Афзимға: «Жалау ұста», – деді. (Ол): «Сен ұстамайынша, ұстамаймын», – деді. Мұса таяғын алып ашуланып еді, Афзимнің қорыққанын көріп, отыз мың адамның бəрі жалау асынды. Тағы Марябқа да айтып еді, ол да солай жауап берді. Мұса таяқ алып келді. Марябтың таза мұсылман əйелі бар еді. Үш жалау анықтап қойды. «Жалау асын», –
деді. Маряб басын салбыратты. Мұса таяғын қимылдатып еді, жер қозғала бастады. Мұса алып, мойнына асынды. Елу мың адамның бəрі де асынды. Содан кейін Юшағты жалау асынсын деп Қарынға жіберді. «Сен асынбайынша, мен асынбаймын», – деді ол да. «Ей, Мұса, Қарынға айт, малының жартысын дəруіштерге берсін. Жəне төрт жалау асынсын» деген Жаратушыдан жарлық келді. Келіп айтқан кезде, Қарын: «Мұсаға айт, мен сенің Тəңіріңнен еш нəрсе сұрамаймын», – деді. Жəне Жебірейіл келіп: «Ей, Мұса, Қарынға айт, малының бестен бірін кедейлерге берсін, төрт жалау ұстасын. Он есе мал-дүние берейін», – деді. Келіп айтып еді, Қарын: «Мұсаға айт, он есе малын өзі кедейлерге берсін. Менен еш нəрсе сұрамасын», – деді. Келлуп келіп көп үгіттеп еді, көнбеді. «Мал-дүниеде бермеймін, жалау да асынбаймын», – деді. Келлуп: «Ақырет күні сені Ферғауынмен бірге тамұқта көремін», – деп қайтты. Мұса: «Тəңірім, пəле жібер», – деп жалынып мінажат етті. «Қандай пəле жіберейін?» деген жарлық келді. Мұса: «Жерді менің ықтиярыма бер», – деді. Жаратушы Алла орындады. Мұса ашуланып таяғын алып, Қарынның сарайына барды. Харун, Юшағ, Келлуп жəне басқа да Бəни Исраилдықтар (Мұсамен) бірге еріп барды. Сарайда архам тасынан пұт жасатып, оны алтынмен əшекейлеп, өзі тақ үстінде отыр екен. Қызметшілері, құлдары мен күңдері алтын тəждің төңірегінде тұр екен. Мұса кіріп келіп: «Ей, Қарын, Ферғауын алдында күнде бір түйір нан үшін еңбектенетін емес пе едің?! Тəңірі осыншама мал-дүние берді. Оның барлығын неге мойындамайсың?» – деді. Қарын: «Тəңір берген жоқ, өз еңбегіммен жидым», – деді. «Қалə иннəмə утитуһу 'əлə 'илмин 'инди» («(Ол): «Расында бұл нəрселердің бəрі менің ілімімнің арқасында берілген», – деді»). Мұса ашуланып таяғын соғып: «Ей, жер, жұт!» – деді. Қарынның тағының төңірегі жетіге бөлінді. Қарын секіріп түсті. Жер Қарынның тобығына дейін жұтты. Қарын айқайлап: «Ей, Мұса, кешір», – деді. Мұса: «Азап келді, енді есіңді жидың ба?» – деді. Екінші рет: «Жұт!» – деді. Беліне дейін жұтты. Тағы жалынды. Мұса: «Азап келгеннен кейін пайда бермейді», – деді. Жəне: «Ей, жер, жұт!» – деді. Қарынды бүтіндей жұтты. Бəни Исраилдықтардың: «Мұса Қарынның мал-дүниесін алу үшін опат етті етті» деген сөзі бар. Мұса дұға жасап: «Тəңірім, мал-дүние үшін дұға жасамағанымды Сен білесің. Бұлар маған жала жаппасын, мал-дүниесін берейін. Жер жұтсын», – деді. Жаратушы Алла Мұсаның дұғасын қабылдап, Қарынның барша мал-дүниесін, (сонымен бірге) сарайын да қоса жұтты.
САМИРИ ҚИССАСЫ Самири Мұсаның нағашысының ұлы еді. Мұсаның шəкірті болатын. Мұса оны өте жақсы көретін. Жаратушы Алла Ферғауынды опат етерде Жебірейіл жұмақ пырағын мініп, Ферғауынның оң жағында бара жатыр еді. Самири Жебірейілді танып қалды. Сол үшін де Жебірейіл Самириді қанатына отырғызып еді. Жебірейілдің атының тұяғы қай жерге тисе, сол жер гүлдейтін. Самири сол топырақтан бір уыс алып сақтап қойды. Мұса Турға барып кешіккен уақытта Самири Бəни Исраилдықтарды алдап: «Мына сендердегі қибтилардан алған малдың бəрі арам. Соның кесірінен (Алланың) дидарынан мақұрым қалдыңдар. Өздеріңнен алып, маған беріңдер. Мен Тəңірді сендерге көрсетейін», – деді. Бəни Исраилдықтар алып келген мал-дүниенің бəрін Самириға берді. Самири барша інжу, гауһарды жасырды да, алтын, күмістерді балқытып, іші қуыс бір бұзау жасады. Жаңағы Жебірейіл атының тұяғы тиген топырақты соның ішіне салды. Бұзаудан бір дауыс шықты. «Фə əхражə лəуһум 'ижлəн жəсəдəн» («Оларға бұзау бейнесіндегі бір мүсінді жасап берді»). Самири: «Міне сендердің Тəңірлерің», – деді. «Фə қалə һəзə илəһукум уə илəһу Мусə» («Сонда: «Сендер мен Мұсаның Құдайы, міне, осы», – деді»). Баршасы соған сиынды. Тоғыз жарым қауымның бəрі сəжде жасады. Харун оны біліп қатты қайғырды. Харун жуас, жұмсақ (мінезді) болатын. Екі жарым қауым мұсылман болды. (Деректерде) сол екі жарым қауымның жартысы Жүсіп пайғамбар ұрпағы, жартысы Ибн Ямин ұрпағы, қалғаны Яхуда ұрпағы екендігі айтылады. Жартысы мұсылман, қалғаны кəпір болды. Хабарда келеді: Ата-ана жақсы болса, олардың жақсылығы жеті ұрпаққа дейін жетеді. Сол себепті де Мұса мен Қызыр қиссасында айтылады: «Уə кəнə əбуһумə салихəн» («Жəне ол екеуінің атасы жақсы адам еді»). (Деректерде) Мұстафа (ғ.с.) ның хаты (діні) түркілерге жеткен кезде қабылдап, мойынсұнды. Сол себепті қияметке дейін құрметті, дəулетті болды. Үнділер Расул (ғ.с.) ның хатын қорлады, иттің мойнына асты. Сол үшін мойнын байлап сатады. Яхуда сол күні Жүсіпті өлтірерде екі пікірдің арасында қалып еді, (бүгін) ұрпағы да екі пікірге бөлінді. Жартысы бұзауға табынды, жартысы табынбады. Мұның бəрі Жаратушы Алланың тағдыры – жазғаны еді. Харун: «Ей, Бəни Исраилдықтар, мына бұзауға табынбаңдар. Сендердің Тəңірлерің – Алла. Мені жіберіңдер, маған құлақ асыңдар», – деді. «Уə иннə раббакум əр-рахмəну фəттəби'уни уə əти'у əмри» («Əрине, сендердің жаратушыларың рахман сипатты Алла, сондықтан маған мойынсұныңдар жəне менің бұйрығыма құлақ асыңдар»). Қабылдамады. «Мұса келгенше біз осыны істей тұрамыз», – деді. Мұса Тур тауында мінажат қылды. Жаратушы Алла тақта кереметін жасады. Оның ішінде (тақтада) барша Мұхаммед
үмметінің сипаты (жазылған) еді. Мұса оны көріп: «Менің үмметіме не бұйырасың?» – деді. (Алладан): «Ей, Мұса, үмметің қылмаған істі жасады. Бұзауға табынды» деген жарлық келді. «Фə иннə қад фəтəннə қаумəкə мин бə'дикə уə əзəллəһум əс-Самирийу» («Расында, Біз сенен кейін қауымыңды бір пəлеге жолықтырып, сынап көрдік, Самири оларды адастырды»). Мұса ашуланды, қайғырып қайтты. «Фə ражə'ə Мусə илə қаумиһи ғазбəнə' əсифəн» («Кейін Мұса қауымының алдына ренжіп, ашуланып қайтып келді»). Бұзауға сəжде жасап жатқандарын көрді. Ашуланғаннан əкелген тақтасын тастады. Тақталар шашылды. Көбісі көкке ұшты, біразы жерде қалды. Мұса: «Тəңірім, Самири бұзау жасап, ішіне топырақ салды. Ішінен дауысты кім шығарды?», – деді. «Мен жараттым» деген жарлық келді. «Ин һиə əл-фитнəтукə тузуллу биһə мəн мəшəу уə тəхди мəн тəшəу» («Бұл іс сенің сынағыңнан басқа нəрсе емес, осы жолмен Сен қалаған адамыңды адастырасың жəне қалағаныңды тура жолға саласың»). Содан кейін жүгірді. Харунның сақал-шашына жармасты. «Уə əхəзə бираси əхиһи йəжурруһу илəйһи» («Жəне ол бауырының шашынан ұстап, өзіне тарта бастады»). «Сен бұлардың арасында жоқ па едің? Неге бұларды тоқтатпадың, кəпір болды», – деді. Харун: «Ей, анамның ұлы, сақал-шашымды жібер. Бұларды тоқ тат са, мен қаштым. Неге қаштың, көнбедің дейді деп қорықтым. Жəне мені көздеріне де ілмей қорлады. Мені өлтірмекші болды. Мені дұшпандарға таба қылма», – деді. «Қалəбнə уммə иннə əл-қаумə əстəзə'фуни уə қаду йəқтулунəни фə лə тушмит биəл-ə'дə» («(Сонда ол): «Ей, анамның баласы, қауымымыз бізді назарға ілмеді жəне мені өлтірмекші болды, енді мені дұшпандардың алдында масқарала ма», – деді»). Мұса Харунды аяп кетіп: «Тəңірім, мені мен бауырымды жарылқа», – деді. «Раббиғфирли уə лиəхи уə əдхилнə фи рахмəтикə уə əнтə əрхəмур рахимин» («Ей, Жаратушым, мені кешір жəне бауырымның күнəларынан өт, біз екеуімізді өз мейіріміңе ал. Сен Мейірімділердің мейірімдісісің»). САУАЛ: Харун Мұсаны бауырым демей, анамның ұлы деді. Оның хикметі не? ЖАУАП: Себебі Харун анасынан еді. Кейбіреулер анамның ұлы деп анасын атады дейді. Мейірім, шапағат қылар деді. Мұса Самириға: «Мынаны не үшін жасадың?» – деді. «Фə мə хəтбукə йə Сəмирийу» («Ей, Самири, саған не болды?»). (Ол): «Мен өзгелер көрмеген нəрсені көрдім. Жебірейілді көрдім, (оның) атының тұяғы тиген топырақтан алдым. Бұзаудың ішіне салдым», – деді. «Қалу бəсурту бимə лəм йəбсуру биһи фə қабəзту қабзəтəн мин əсəрир расули фə нəбəзтуһə» («(Ол): «Мен олар көрмеген нəрсені көріп қалдым жəне жіберілген елші періштенің ізінен бір уыс топырақ алдым жəне оның (бұзаудың) ішіне салдым», – деді»). «Мына ақымақтарды жолдан тайдырдым», – деді (ол жəне). Мұса: «Не үшін істедің?» – деді.
Самири: «Нəпсім соны қалады. «Уə кəзəликə сəууəлəт ли нəфси» («Менің нəпсім маған соны жақсы көрсетті»). Біраз ізет-құрметті сен көрдің, (енді) біз де көрейік», – деді. Мұса: «Мен сенен бездім, бұл жерден кет», – деді. Самири: «Əлемде жалғыз адам сенбісің? Сенен айырылғаныммен, бəрі мені құрметтейді», – деді. Мұса дұға жасап: «Тəңірім, мынаны барша халықтан айыр, ешкімге жабыспасын», – деді. Жебірейіл келіп: «Ей, Мұса, Жаратушы Алла дұғаңды қабылдады», – деді. Мұса: «Фəзхəб фə иннə лəкə фи əл-хəйəти əн тəқулə лə мисəсə» («Менен кет, сен маған ешкім тимесін деп жүресің, жазаң сол болсын»). Менен кет. Тірі жүрсең ешбір адам, дию, пері қасыңа жуымасын. «Лə мисəс» деп жүр», – деді. Біреу оның қасына келсе: «Менен алыс жүр. Мені Алла Тағала лағынеттеген» дейтін. Солай өлді. Мұса: «Ей, Самири, сен жасаған тəңіріңе қара, оны отқа өртейін, суға батырайын», – деді. «Уəнзур илə илəһикə əл-лəзи зəлтə 'əлəйһи əкифəн лəнухəрриқаннəһу суммə лəнəнсифəннəһу фи əл-əймми нəсфəн» («Сен əрқашан өзіңмен бірге алып жүрген тəңіріңе қара, біз оны, əрине, өртеп, соңынан күлін дарияға ағызамыз»). Бəни Исраилдықтар соны көрген уақытта Мұсаға келіп: «Тəубе еттік. Жаратушыға қайттық. Дұға жаса, Алла Тағала біздің тəубемізді қабылдасын», – деп жалынды. Мұса дұға жасады. Жебірейіл жарлық жеткізді.
БƏНИ ИСРАИЛДЫҚТАР ТƏУБЕСІНІҢ СИПАТЫ Бұрынғы үмметтер тəубе жасаса жəне тəубені қаласа, Алла Тағаланың атын тілге алғанымен іс бітпейтін еді, əуелі пайғамбарлар Жаратушыдан сұрайтын. Жаратушы Алла жарлық берсе ғана, тəубе жасайтын. Алайда бүгінгі Мұхаммед Расулулла (с.ғ.с.) ның берекесі арқасында үмметі қанша күнə жасап, соңғы рет деп өкініп, жалынса, күнəлары кешіріледі, тəубелері қабыл болады. «Ли қаулиһи 'əлəйһи əс-сəлəм» («(Пайғамбар) (ғ.с.) ның сөзінен»). «Бəни Исраилдықтарға айт, бір-бірлеріңді қылышпен өлтіріңдер немесе үйлеріңнен қуып шығыңдар. Жер мен судан тараңдар (жер бетіне тарап кетіңдер). Тəубелерің қабыл болсын» деген (Алладан) Мұсаға жарлық келді. «Əниқтулу əнфусəкум əйихружу мин дийəрукум» («...бір-бірлеріңді өлтіріңдер немесе отандарыңнан шығып кетіңдер деп...»). Өлімді өздеріне лайық көрмеді, жер бетіне таралуды да қаламады. «Мəсəлун: Əл-мəуту мин фиқдил əхи əсхəлу» («Бауырды жоғалтқаннан өлім оңай» деген мақал бар»). «Фə тубу илə бəри'икум фəқтулу əнфусəкум» («Енді Жаратушыларыңа тəубе етіңдер, кейін өздеріңді өлтіріңдер») деген жəне жарлық келді. Кейбіреулер (бұл қаулыны) былайша айтады: «Бұзауға табынған тоғыз қауым үйлерінен шығып, есіктерінен бастарын жалаң құбылаға қарсы (шығарып) тізе бүгіп, мойындарын қылышқа тосып отырсын. Бұзауға табынбаған екі жарым қауым (өкілдері) Харунның басшылығымен қылыш алып келіп, кімде-кім тізе бүгіп құбылаға қарап тұрмаса немесе қылыш ұрғанның бетіне қараса, Тəңірдің лағынеті оған тиіп, мəңгі тамұқта қалсын» деген жарлық болды. Солай жасады. Тоғыз жарым сағат бойына он екі мың үй есіктерінің алдында жалаң бас құбылаға қарап, тізе бүгіп, кебін бөздерін қолдарына алып, қылышқа мойынсұнып отырды. Харун екі жарым қауымды бастап, қылыш алып келді де: «Кімде-кім бүгін құбыладан жүз бұрса, жалаң бас тізе бүгіп отырмаса, қылышқа мойынсұнбаса, қылыш ұрғанда ұрушының жүзіне қараса, Тəңірдің лағынеті соған болсын, мəңгі тамұқта қалсын», – деді айқайлап. Олардың бəрі: «Əмин», – деп құбылаға мойынсұнды. Осылайша екі жарым қауым оларды өлтірді. Екінті намазына дейін жетпіс мың адам өлді. Жер бетінде қан су болып ақты. Мұса соны көріп, өзге ғалымдармен бірге сəждеге бас қойды. Мұса: «Тəңірім, Сен бүгін бұларды кешірмесең, Жақып пайғамбардың ұрпағы жер бетінде қалмайды», – деп жалынды. Жебірейіл келіп: «Ей, Мұса, басыңды көтер. Алла Тағала дұғаңды қабылдады. Өлгендер жұмаққа аттанды, қалғандарының тəубесі қабыл болды», – деді. «Суммə 'əфəунə 'əнқум мин бə'ди зəликə лə'əллəкум тəшкурун» («Содан кейін сендерді кешірдік, мүмкін, шүкіршілік етерсіңдер»). Содан кейін сиыр, бұзау бауыздау пəлесіне жолықты.
СИЫР БАУЫЗДАУШЫЛАР ҚИССАСЫ Бəни Исраилдықтар Палестинаға көшіп бара жатып, жолдан небір ғажайыптарды көрді. Сол ғажайыптардың бірі мынау еді: Аржаб пен Ағлия деген екі кенттің арасында Исраил ұлы Амил есімді біреу қайтыс болды. Мұсаға (бұл туралы) айтты. Мұса мінажат жасап: «Тəңірім, бұны кім өлтірді, бізге хабар бер. Шариғат жолымен шешейік», – деді. «Мына өлім қайсы кентке жақын болса, сол кенттің адамдарынан (өлтірмедім деп) ант-су ішкізіңдер. Кімде-кім ант-су ішпесе, соны жазалаңдар. Ант-су ішсе, жазадан құтылады, (ал) антсу ішпегені құнын төлесін» деген (Алладан) жарлық келді. «Мұны кім өлтіргенін білсек, құнын төлейтін едік» десті (олар) Мұсаға. Мұса мінажат жасады. «Бір сиыр сойыңдар. Оның етін алып, өлікке ұрыңдар, кім өлтіргенін тіріліп айтып береді» деген (Алланың) жарлығы келді. Мұса жарлықты жеткізді. Олар: «Біреу өлді. Енді тағы бір жануарды өлтір дейсің, бізді келеке етіп тұрмысың?!» – деді. «Ə тəттəхизунə хузууəн» («Бізді келеке етпекшмісің?»). Мұса: «Тəңір сақтасын, мен сендерге күлетін надандардан емеспін», – деді. «Қалу ə'узу биллəһи əн əкунə мин əл-жəһилин» («(Мұса): «Надандардан болудан Алла сақтасын», – деді»), – деді. «Кім өлтіргенді біледі», – деді Мұса жəне. (Олар): «Алла Тағаладан сұра, сиыр неше жаста болсын. Бізге хабарын берсін», – деді. «Уд'у лəнə раббəкə йубəйин лəнə мə һиə» («Жаратушыңды шақырып сұра, ол қандай сиыр екенін бізге баяндап берсін»). «Жас та емес, кəрі де емес, орта жаста болсын» деген жарлық келді. «Иннəһə бəқаратун лə фəризун уə лə бикрун əуанун бəйнə» («Ол сондай кəрі де емес, тіпті жас та емес, сол екеуінің арасындағы сиыр болсын»). Мұса: «(Алланың) жарлығы бойынша жасаңдар, артық кетпеңдер. Алла Тағала сендерге де артық қылмасын», – деді. Абдулла ибн Аббас (Алла одан разы болсын): «Ол күні олар бір жасар тана бауыздаса, бейнеттері кетпес еді» деген болатын. (Олар) жəне: «Дұға жаса, сиырдың түсі қандай болу керектігін Жаратушы Алла баяндап берсін», – деді. «Қалуд'у лəнə раббəкə йубəйини лəнə мə лəунуһə» («(Олар): «Жаратушыңнан дұға жасап сұра, бізге ол сиырдың түсі қандай болу керектігін айтып берсін», – деді»). «Ол сап-сары сиыр (болсын), көргендерге ұнайтын (болсын)» деген жарлық келді. «Иннəһə бəқаратун сəфра'у лəуннуһ тəсуррун нəзирин» («Расында, сондай тоқ сары түсті сиыр, оған қараған адам риза болсын»). (Олар) жəне: «Дұға жаса, бұл сөз анық болған жоқ, толық айтсын. Иншалла (Алла қаласа) болады», – деді. «Қалуд'у лəнə раббəкə йубəйин
лəнə мə һиə иннə əл-бəқара тəшəбəһə 'əлəйнə уə иннə ин шаллаһу лəмухтəдун» («(Олар): «Жаратушыңнан дұға жасап сұра, бізге ол сиырдың түсі қандай болу керектігін айтып берсін. Себебі сиырлар бір-біріне өте ұқсас. Егер солай жасаса, Алла қаласа, біз тура жол табамыз», – деді»). Абдулла ибн Аббас: «Иншалла» (Алла қаласа) демегенде, ешқашан да болмайтын еді», – дейді. Ол сиыр жер жыртпаған, шығырда жүрмейтін, бір түрлі өзге белгісі жоқ. «Иннəһə бəқаратун лə залəлун тусиру əл-əрза уə лə тəсқил хəрсə мусəллəмəтун лə шийəтə фиһə» («Расында, ол жер жыртып қор болмаған, егін суғармаған, кем-кетігі жоқ, бір дағы да жоқ, сау сиыр»). Енді туралықта болдық. «Қалə ал'əнə житə би əл-хəққи» («(Олар): «Енді рас сөйледің», – деді»). Сондай сиырды іздеді, таба алмады. (Деректерде) Бəни Исраилда бір кемпірдің бір жетім баласы бар еді, делінеді. Өте кедей болғанымен де, анасы үшін бəрін істейтін. Күн сайын бір арқа отынды базарға алып шығып, төрт дирхемге сатып, екеуін садақаға беріп, екі дирхемге анасына азық алып келетін. Күндізгі жұмысы осы болатын, ал қараңғы түсісімен түнді үшке бөлетін. Бір бөлігінде намаз оқитын, бір бөлігінде ұйықтайтын. Қалған бөлігінде анасының жастығының басына келіп: «Ей, ана, тұр, намаз оқы, тəспі, тəһлил айт», – дейтін. Анасына: «Мұса күнде жаршы шақыртып жатыр. Ондай сиыр кімде болса, алып келсін, жақсы бағаға сатып аламын деп жатыр», – деді. Анасы: «Ей, ұлым, əкең сен үшін сондай бұзауды тауда қойып еді. Сонда барып Алла Тағаланың ұлы аттарын оқысаң, мүмкін болып қалар», – деді. Ұлы тауға барып, дұға жасады. Ол сиыр келіп, балаға жақындады. Ұстап алып келмекші болды. Ол сиырға тіл бітіп: «Мен сенікімін, маған мін», – деді. Бала: «Мен анамның рұқсатынсыз мінбеймін», – деді. Сол сəтте Ібіліс (Оған лағынет болсын), бұл іс Бəни Исраилдықтар үшін орындалмасын деп, өзін ауру етіп көрсетіп, жол бойында отырды. (Ібіліс) балаға: «Мен сиыршымын. Сиырға мініп келе жатқанымда мені құлатып қашып кетті. Мен ауырып қалдым. Мені мына сиырға мінгіз, сенімен кентке жетіп алайын», – деді. Бала: «Анамның рұқсатынсыз мінгізе алмаймын», – деді. Ібіліс: «Мені қалдырсаң, мұнда өліп қаламын», – деді. Бала: «Өлсең, Жаратушы Алланың қазасымен өлесің», – деді. (Ібіліс) жəне: «Мені рахым етіп мінгіз. Ақысына ақша берейін», – деді. Бала: «Анам маған рұқсат берген жоқ, мінгізбеймін», – деді. Ібіліс сөзіне құлақ аспайтынын білді. Секіріп, бір айқайлады. Сиыр үркіп, қашты. Бала анасы үйреткен дұғаны оқып еді, сиыр жетіп келді. Бала ұстап, үйіне алып келді. Алла Тағала бір періштені анасына жіберіп: «Мына сиырды менің рұқсатымсыз сатпа», – деді. Бала сиырды базарға кіргізді, қымбат бағаға сұрады. Бала: «Анамның рұқсатынсыз
сатпаймын», – деді. Анасына келіп айтқан кезде, періште: «Бағасы жетпей тұр», – деді. Осылайша бағасы өсті. Терісі толғанша алтын беретін болды. Сонда рұқсат берді, сатты. Алып барып бауыздады. Бауыздауға қимас еді. «Фə зəбəхуһə уə мə қаду йəф'əлун» («Кейін оны тауып сойды. Орындай алмай қалуларына сəл қалған болатын»). Етін алып өлікке ұрды. Ол өлген (адам) тірілді. Мойын тамырынан қан ағып тұр еді. «Мені əкемнің бауырының ұлы өлтірді», – деді. Хикаяда келеді: Өлген адамның аты Амил еді. Өте бақуат тұратын. Ұл-қызы жоқ еді. Немере бауырлары өте кедей тұратын. Амил өлсе, (қалған) мирасы соларға тиетін. Өлгенін күтпестен асығып, Амилді өлтірді. Мирас алу үшін таласатын еді. Амил тіріліп: «Мені мыналар өлтірді», – деп еді, мойындамады. «Бауырын мал-дүниесі үшін (қызығып) өлтіргендерге мирас бермеңдер, басқаларға да сабақ болсын» деген (Алладан) жарлық келді. Мұса оларға мирас бермеді. Осы күнге дейін шариғатымызда сол үкім сақталады. Кімде-кім өз бауырын мирас (алу) үмітімен өлтірсе, мирастан қағылады. Кімдекім жауыздық жасаса, соған жауап беретінін білсін. Жаратушы Алла шағымдану жолын жөйттерге бергенін əрі жарылқағанын көрмейсің бе?! Біреуін өлтірдіңдер, жасырын қалсын деп көп айла-шарғы жасадыңдар. Алла Тағала сендер жасырғанды шығарады. «Уə из қатəлтум нəфсəн фəддəратум фиһə уаллаһу мухрижун мə кунтум тəктумунə фə қулнəзрибуһу бибə'зиһə кəзəликə йухиллаһу əл-мəутə уə йурикəм əйəтиһи лə'əллəкəм тə'қилун» («Сол уақытта бір адамды өлтіріңдер жəне ол туралы жанжалдасыңдар жəне Алла сендер жасырған нəрсені əшкере етпекші болады. Біз сонда: «Сиырдың кейбір мүшесімен өлікті ұрыңдар», – дедік. Алла, міне, осылайша өліктерді тірілтеді жəне, мүмкін, сендер түсінерсіңдер деп сендерге құдірет аяттарын көрсетеді») деп жарылқады. Біз айттық: Бір кесек сиыр етін оған ұрыңдар. Жаратушы Алла тірілтеді. Өз құдіретін бізге көрсетеді, пайымдайсыңдар. Алла Тағала пайғамбарларды, кінəсіздерді əрқашан машақатта ұстаған. Оларға жауыздықтарды жаза беру үшін жіберген.
МҰСА МЕН ҚЫЗЫРДЫҢ ЖОҒАРЫ МƏРТЕБЕЛІ ДƏРЕЖЕСІНІҢ БАЯНЫ Мұсаға пайғамбарлық пен «Тəурат» кітабы түгел берілген уақытта, Жаратушы Алла Мұсамен жүз мың сөз сөйлесті. Мұса қуанғанынан: «Тəңірім, маған берген мына кереметіңді басқа кімге бердің?» – деді. «Ей, Мұса, теңіздер аяғында менің бір құлым бар. Сенің ілімің оның ілімінің қасында бір тамшы судай ғана. Оның ілімі дариядай» деген (Алладан) жарлық келді. Мұса: «Тəңірім, мені оның жамалымен қауыштыр (онымен кездестір)», – деді. «Ей, Мұса, Рум теңізі мен Парсы теңізінің түйіскен жеріне бар, оны сол жерден табасың. Саған жол көрсетуші балық болады», – деді. Мұса: «Тəңірім, ол кім, пайғамбар ма əлде елші ме?», – деді. «Ол – елші, сен – пайғамбарсың» деген (Алладан) жарлық келді. Мұса шəкірті Юшағқа: «Азықтан, сапарға шығамыз», – деді. Юшағ бір ыдысқа нан жəне қуырылған екі екі балық салды. Екеуі жолға түсті. Мұса тез жүрді. Юшағ жүре алмады. Себебі бір пайғамбарда қырық ер адамның күш-қуаты болады. Мұса тау түбінде бір жол көрді. Жол басында бір бұлаққа кездесті. Ол судан дəрет алды, бірақ ішпеді. Тұрып, жолға түсті. Содан кейін ол суға Юшағ келді. Ол мəңгілік суы болатын. Ол да дəрет алды, бірақ ішпеді. Бірақ азығын аларда қолынан бір тамшы су тамаққа тамды. Ол тамшы су балықтарға тиді. Кеме тышқаны ініне кіргендей, балықтар тірілді, секіріп теңізге түсті. «Фəттəхəзə сəбилəһу фи əл-бəхри сарабəн» («Балық дарияда жол тауып кетіп қалыпты»). Юшағ оны көріп қалып, Мұсаға айтуға асықты. Тамағын ұмытты. Мұсаға қуып жетті. Мұса: «Шаршадық, қарнымыз ашты. Тамақты алып кел, азықтанайық», – деді. «Қалə лифəтəһу əтинə ғадəнə лəқад лəқинə мин сəфəринə һəзə нəсəбəн» («(Мұса қызметшісіне): «Тамағымызды алып кел, біз бұл сапарымызда көп шаршадық», – деді»). Юшағ: «Ей, Мұса, тамақты жол бойындағы сол тастың үстінде ұмытып қалдырғанымды көрмейсің бе?», – деді. «Қалə əраəитə из əуəйнə илə əс-сəхрати фə инни нəсит əл-хутə» («Қорықпайсыз ба..., тас үстінде демалғанымызда мен балықты ұмытып қалдырыппын»). Мұса: «Мен де бірге қайтайын. Жолдан адасып қалып, бір-бірімізді таба алмай қаламыз ба деп қорқамын», – деді. Екеуі бірге қайтты. Баяғы жерге келді. Қызырды тапты, намаз оқып жатыр екен. «Фə уəжəдə 'əбдəн 'ибəдинə» («Ол екеуі Біздің пенделерімізден бір пендені кездестірді»). Мұса сəлем берді. «Йə, Нəбийуллаһ» («Ей, Алланың пайғамбары»), – деп Қызыр жауап қайтарды. Мұса: «Мəн əнтə уə бимə 'əрафтəни» («Сен кімсің, мені қайдан таныдың?»), (яғни) «Сен кімсің, мені қайдан білдің?» – деді.
Қызыр: «Мен Тəңірдің құлы Қызырмын. Тəңір маған сені білдірді. Сен неге келдің?» – деді. Мұса: «Сенен ілім үйренгелі келдім», – деді. Қызыр: «Ей, Мұса, саған Тəңір Алла Тəуратты берді, сенімен сөйлесті. Менен не үйренбекшісің?» – деді. Мұса: «Əмəрани рабби биһəзə» («Мұны маған Жаратушым əмір етті»), (яғни) «Жаратушым маған осылай əмір етті», – деді. Қызыр: «Əйнə ғизəкумə?» («Тамақтарың қайда?»), (яғни) «Тамақтарың қайда тұр?» – деді. (Мұса): «Осы жолда ұмыттық», – деді. Қызыр: «Табыңдар!» – деді. Нанды тапты, (бірақ) балықты таба алмады. Юшағ: «Əйнə сəмəкəтунə əл-мəшуийəту» («Қуырылған балығымыз қайда?»), (яғни) «Қуырылған балықтарымыз қайда?» – деді. Қызыр күліп: «Балықтарыңыз Тəңірдің жарлығымен тірілді. Мына судың ішінде Жаратушыға тəспі айтып жатыр», – деді. Мұса аң-таң қалды. Алла Тағаланың жарлығымен ол екі балық судан шықты, қуырылған екен. Мұса мен Юшағ екеуі балықты жеді. Қызыр намаз оқыды. (Намазын) аяқтаған соң (Қызыр) Мұсаға: «Қандай сұрағың бар? Сұра, жауабын есіт, (содан соң) қайтыңдар. Мені Жаратушы Алланың құлшылығынан тоспа. Сен пайғамбарсың, сенің халқың көп. Жалғыз қалмасын», – деді. Мұса: «Мен сенімен бірге тұрайын, ілім үйренейін деп келдім», – деді. «Қалу лəһу Мусə һəл əттəби'укə 'əлə əн ту'əллимəни миммə 'уллимтə рушдəн» («Мұса оған: «Саған тəлім берілген нəрседен маған да үйретуің үшін саған ерейін», – деді»). Қызыр: «Сен менімен (жүрсең) шыдай алмайсың», – деді. «Иннəкə лəн тəстəти'ə мə'иə сабран» («Сен менімен бірге сабыр ете алмайсың»). Мұса: «Сабыр сақтаймын», – деді. «Сəтəжидуни ин шаллаһу сабиран уə лə ə'си лəкə əмран» («Алла қаласа, мені сабырлылардан табасың жəне ешбір əміріңе қарсы шықпаймын»). Қызыр: «Маған жолдас болсаң, не істесем де (себебін) сұрамайсың. Мен саған (кейін) айтамын», – деді. Екеуі жолға түсті. Екі иғаш жер жүрді. Мұса: «Мен ашықтым, жүре алмаймын. Тамақ керек», – деп, отырды. Жаратушы Алла оларға екі табақ жіберді. Бірінде – қуырылған балық пен нан, екіншісінде – шикі ет пен ұн. Піскен тамақтар – Қызырға, шикілері Мұсаға деді. Мұса тұрып, отын жиып, ұн иледі. Еңбектене бастады. Көзінен жас ағып, жүзінен су ақты. Пісіріп, Қызырмен бірге жеп жатқанда Қызыр күлді. Мұса: «Пайғамбарға күлсе болар ма?» – деді. Қызыр: «Мен саған күліп тұрған жоқпын. Жаратушы Алланың құдіретіне таңданып тұрмын. Бір құл сабыр сақтар, еңбексіз тамақ береді. Бір құл сабыр сақтамас, оған бейнетпен тамақ береді», – деді.
Тамақ жеп болған соң бір ағаштың түбіне келіп отырды. Бір шымшықтың теңізге келгенін, су алып, ұшқанын көрді. Ағашқа келіп қонды. Қызыр: «Ей, Мұса, мына құстың не айтып жатқанын білесің бе?» – деді. Мұса: «Жоқ», – деді. Қызыр: «Бұл құс Мұсаның ілімі Қызырдың ілімінің қасында тұмсығымдағы судай-ақ деп жатыр», – деді. «Фəнтəлəқа хəттə изə ракибə фис-сəфинəти хəрақаһə» («Ол екеуі жүріп, бір жерге барып кемеге мінгенде, ол (Қызыр) кемені тесіп қойды»). Екеуі жүрді, бір кемеге жетті. Екеуі мінді. Қызыр ол кемені бұза бастады. Кемедегілер шықты. Мұса ашуланып: «Кемедегілерді опат еткелі бұзып жатырсың ба?» – деді. «Хəрақатəһə литуғриқа əһлəһə лəқад житə шəйəн 'имран» («Кемедегілерді суға батыру үшін оны тесіп қойдың ба? Тіптен жаман іс қылдың»). Қызыр: «Менімен бірге жүрсең сабыр қыла алмайсың деп саған айтпадым ба?», – деді. Мұса: «Ұмытыппын, мені кешір», – деді. «Қалə лə туəхизни бимə нəситу уə турхиқни мин əмри 'усран» («(Мұса): «Ұмытқаным үшін мені сөкпе жəне мені бұл істе қинама», – деді»). Тағы жүрді. Бір баланың ойнап отырғанын көрді. Қызыр олардан бір баланы өлтірді. Мұса: «Мына жазықсыз баланы өлтірдің. Жақсы іс қылмадың», – деді. «Қалə ə қатəлтə нəфсəн зəкийəтəн биғайри нəфсин лəқад житə шəйəн нукран» («(Мұса): «Бір бейкүнə адамды себепсіз өлтірдің бе? Сен дұрыс жасамадың», – деді»). Қызыр: «Менімен жүрсең сабыр қыла алмайсың деп саған айтпадым ба?» – деді. Мұса: «Бұдан кейін сөз сөйлесем, қасыңа жолатпа», – деді. (Деректерде) ол баланың аты Хишур екендігі айтылады. Ол кəпір болатын. Əкесінің аты Зажми еді. Тағы жүрді. Антакия атты бір кентке жетті. Тамақ сұрады, бермеді. Мұса ренжіді. Түнде сонда қонды. Таңертең жүрмекші болды. Төбесі құлағалы тұрған бір жайды көрді. «Фəнтəлəқа хəттə изə əтəйə қарийəтин истəт'əмə əһлəһə фə əбəу əн йузəйифуһумə фə уəжəдə фиһə жидəран йуриду əн йəнқаза фə əқамəһу» («Екеуі жүріп кетті жəне бір қыстақ адамдарына келді. Сол қыстақ адамдарынан тамақ сұрады, олар болса бұларды қонақ етуден бас тартты. Содан кейін бұл екеуі кетіп бара жатып, сол қыстақтағы құлайын деп тұрған бір қабырғаны көрді жəне түзулеп тұрғызды»). Қызыр ол шатырды жөндеді. Мұса: «Бұлар бізге тамақ бермеді», – деді. Қызыр: «Берсін дейсің бе?» – деді де: «Енді айырылатын уақыт келді», – деді. «Қалə лəу шитə лəттəхəзтə 'əлəйһи əжран» («(Мұса): «Егер қаласаң осы жұмыс үшін олардан ақы алар едің», – деді»). Мұса: «Бөлінейік, бірақ істеген істерді айтып бер», – деді.
Қызыр: «Айтайын. «Сəунəббиукə битəуили мə лəм тəстəти' 'əлəйһи сабран» («Мен сен сабыр сақтай алмаған нəрселердің мəнісін жылдам айтып беремін»). Енді біл, ол кеме он ағайындікі болатын. Əкелерінен мирас болып қалып еді. Бесеуі кемеде істейтін еді, қалған бесеуі істемейтін. Істейтін бесеудің біреуі жизамдық еді. Біреуі – шала көзді, үшіншісі – ақсақ, төртіншісі – денесі ісік, бесіншісі керең болатын. Бəрінен кішкентайы сол болатын. Тағы істемейтіндер: біреуі – соқыр, екіншісі – сағыр, үшіншісі – жаман, төртіншісі арық болатын. Бұл кеме бара жатқан жақта Жуланд есімді бір залым патша бар. Кездескен кемені тартып алады. Мен ол залым алмасын, бұл бейшаралардың өзінде қалсын деп, кемені əдейі бұздым. Жəне ана өлтірген баланың əкесі мұсылман еді, анасын талақ еткен болатын. Анасы өзге елде тұратын. Бұл бала əкесіне барып-қайтқанда ұрлық жасайтын. Əкесі мен анасы баламыз ұрлық жасамайды деп, білместен ант-су ішетін. (Сол үшін) оны өлтірдім. Жаратушы Алла одан да жақсырақ бала береді, – дедім. «Фə əраднə əн йубдилəһумə раббуһумə хайран минһу зəкəтəн уə əқрабə рухмəн» («Кейін біз олардың Жаратушысы өлген ұлдарының орнына пəк əрі мейірімді перзент берсін деп ойладық»). Жəне ана жығылайын деп тұрған үйдің ішінде жетім балалардың мал-дүниесі бар болатын. Біреуі – Азрам, біреуі Заррам есімді. Ата-аналары жақсы (адамдар) еді. «Уə кəнə əбуһумə салихəн» («Ол екі жетім баланың əкесі жақсы адам еді»). Егер ол үй жығылса, ол мал-дүние көрініп қалып, басқалар алар деп, үйді жөндедім. Жетімдер өскен кезде ол мал-дүниені алады. Істеген істерімнің мəнісі осы. «Зəликə мə лəм тəсти' 'əлəйһи сабран» («Сен сабыр сақтай алмаған нəрселердің мəнісі, міне, осы»). (Біреулер) сол кеніштің ішінде (ғибратты) жазу жазылған бір алтын тақта бар еді, дейді. (Ондағы) сөздер мынау еді: Адам ұл(дар)ы өлерін білсе де, өлмеймін деп ойлайды; Екіншісі: Тамұқтан қорықса да, жауыздық қылады; Үшіншісі: Не істесе, есеп қайтаруды біледі; Төртінші: Алла Тағаладан қорықса да, күнə жасайды; Бесінші: Бұ дүниенің өтерін білсе де, жақсы көреді. «Лə илəһə иллаллаһу Мухəммəдун расулуллаһи» («Алладан басқа Жаратушы жоқ, Мұхаммед Алланың елшісі»). Бір кездерде Мұса (ғ.с.) Бəни Исраилдықтарға үгіт-насихат айтатын. Көңіліне «Мен секілді біреу бар ма екен?» деген ой келді. «Ей, Мұса, менің құлдарымның ішінде бір құлым бар. Сенен білімді. Оған пайғамбарлық бердім. Жəне менің жарлығымды жеткіз деп, бір патшаға жібердім. Ол патша залым болатын. (Оның) қолын, мұрнын, құлағын, аяғын кесті. Мен оны түзедім. Жəне ол патшаға жібергенімде: «Құдайым, сен маған үкім бергеніңде мен жаныммен қабылдадым, разымын», – деді. Сен Ферғауын жаққа жібергенде бірден «Инни əхафу əн йукəззибун» («Олар мені жалғаншыға шығара ма деп қорқамын»), – дедің, ол (олай) демеді» деген (Алладан) дауыс келді.
Содан кейін Мұсаның Қызырдан бөлінетін уақыты келді. Мұса: «Маған бір өсиет айт», – деді. Қызыр: «Кун бəшшəшəн уə лə тəкун ғаззəбəн» («Ашық жүзді бол, ашушаң болма»), (яғни) «Ашық жүзді бол, тұйық болма. «Уə тəр'ə нəфсəкə əл-жидəлə уə тəмши фи əл-əрзи биғайри хəжəтин» («Өз нəпсіңді жанжалдан сақта, қажетсіз бірер жерге барма»). Өжеттікті таста, қажетсіз жерге барма», – деді. (Кейбіреулер) Мұсаны Қызырмен он сегіз күн сұхбаттас болған дейді. Күніне он сөз үйренді. Бəрі жүз сексен сөз. Сол жолы қайтып Бəни Исраилға келді. Үш жыл жеті айдан кейін дүниеден өтті. Мұсадан кейін қауымы жетпіс түрлі болды, йаһудилікке кірді. Алла Тағала жүз қырық пайғамбарды оларға жіберді. Бұлардан кейін Дəуіт пайғамбарды жіберді. Мұсадан Дəуітке дейін жүз қырық жыл өтті. Тағы біреулер жетпіс жыл дейді.
ДƏУІТ (Ғ.С.) НЫҢ ҚИССАСЫ Ол – «Иннə һəзə лəһу тис'ун уə тис'унə нə'жəтəн» («Расында, мына адам менің бауырым болады. Оның тоқсан тоғыз саулығы бар») науқасына ұшыраған, «Хəрра раки'əн уə əнəб сəждəсин» («Ол сəжде жасап құлады жəне Алла жақа қайтты») сұраған, «Фə ғəфəрнə» («Кейін Біз оны кешірдік») дауысын естіген, «Йə Дəууду иннə жə'əлнəкə хəлифəтəн фи əл-əрзи» («Ей, Дəуіт, Біз сені жер бетіне патша қылдық») шапанын киген, «Фəхкум бəйнə əн-нəси би əл-хəққи» («Енді сен адамдар арасында əділдікпен биле») əмірін ұстаған, «Уə уəхəбнə ли Дəуудə Сулəймəн» («Біз Дəуітке Сүлейменді бердік») сүйіншісі берілген, «Уə қатəлə Дəууду Жəлутə» («Дəуіт Жалутты өлтірді») күресімен көрінген – ДƏУІТ ПАЙҒАМБАР (ғ.с.). Өлең: Кел, қандай еді, біл, Дəуіт пайғамбар істері, Бір ұланға мадақ айтарда кімдер еді істері, Өзі атты, орны тəтті, ер жүректі алпауыт, Əрбірінің қайда еді отырып-тұрған істері. Тəспі айтса қосылып, үнге қосылып еңіреді, Жердегі киіктері һəм көкте ұшқан құстары. Хақ кітабы тигенінде жылады еңкілдеп, Ақты, арықтай толды құлдар көз жасы. Дəуіт пайғамбар Бəни Исраилдан еді. Он ағайынды болатын. Əкесінің аты Ишағ еді. Дəуіт бəрінің кішісі. Құлшылық етіп, күндізтүні жылайтын. (Біреулер) Бəни Исраилдықтар он екі қауым еді дейді. (Араларында) пайғамбарлар, патшалар бар еді. Пайғамбарлық пен патшалық осы он екі қауымның арасында көшіп жүретін. Бір қауымнан пайғамбар шықса, бір қауымнан патша болатын. Бəни Исраилдықтар ешқашан да пайғамбарсыз, патшасыз қалған емес. Бұларға Хақ Тағала дұшпандық үстінен көмек беретін. Сондай көмектің белгісі бір табыт еді. ТАБЫТТЫҢ СИПАТЫ Мұса пайғамбар Бəни Исраилмен жалғыз қалғанда Алла Тағала Мұсаға мысық суретті бір тас берген еді. Одан он екі арық шығатын. Бəни Исраилдықтармен Мысырға келгенде ол тас Мұсаның жанында болатын. Жəне Тур тауынан келгенде сынған тақталардың бөлшектері де бар еді. Мұсаның өмірі соңына жеткен уақытта мінажат етіп: «Тəңірім, Бəни Исраилға керемет нəрсе нəсіп ет. Менен кейін дұшпанға қарсы көмектесетін айғақ болсын», – деді. Алла Тағала: «Ей, Мұса, айт, бір табыт жасасын. Жаңағы тасты, тақта бөлшектерін жəне сенің аса таяғыңды, сондай-ақ Харунның
сəлдесін соның ішіне салып қойсын», – деді. Бəни Исраилдықтар алтын, күміс жиып, бір табыт жасатты. Тас, тақта, аса, сəлдені соның ішіне қойды. Оларға бір қайғы-мұң түскен уақытта немесе дұшпан келсе табытты шығарып, алдына қойып, дұға жасаса, ол мұң мен жаудан құтылатын еді. Ол табыт бірер патшаның қолында болатын. Дəуіт пайғамбар ғалымдарының қолында еді. Бəни Исраилдықтар Жаратушыдан қайтқан уақытта Алла Тағала ол көмек бақытын олардан алғанша тұрды. Жалут келіп, Бəни Исраил халқынан ол табытты алды. Сындырайын деп отқа салды, жанбады. Лас жерге тастады. Жаратушы Алла оларға емі жоқ жара ауруын берді. Бəрі сол аурумен ауырды. «Мына табыт Бəни Исраилдықтардің Тəңірі болар, оларға қайтарып берейік немесе бəріміз опат боламыз», – деді. Табытты Бəни Исраилға алып барды. Бəни Исраилдықтар қуанып, Жаратушыға шүкіршілік етті. Сол күн мейрамдары еді. Тағы бір деректе Талуттың патша екендігі айтылады. Бір күні далаға шығып, ізгі істер жасады. Тəңірге жалынып, табытты сұрады. Сол сəтте бұлт пайда болып, бұлардың алдына табытты қойды. Жəне бір деректе табытты Жалуттың алып бергені айтылады.
ЖАЛУТ (ОҒАН ЛАҒЫНЕТ БОЛСЫН) ҚИССАСЫ Бұл Жалут адилар ұрпағы еді. Амалиқаның жақыны. Өте алпауыт кəпір еді. Бəни Исраилдықтарға жау болатын. Ол кезде оларға Ишмуил пайғамбар еді. Бəни Исраилдықтар: «Дұға жаса, Жаратушы Алла бізге бір патша берсін», – деді. Дұға жасап еді, қабыл болды. Жаратушы Алла жұмақтан қамшы жіберіп: «Мына қамшы кімнің бойына тең келсе, сол кім болса да, сендерге патша болсын» деген жарлық түсірді. Ишмуил пайғамбар сол қамшыны өлшеп, əрбір адамның қолына бір ағаш берді де: «Кімде-кім осы ағашпен бірдей бойлы адам тапса, алып келіңдер», – деді. Бұл Талут сиыршы еді. Сиыр бағып жүргенде Ишмуилге жолықты. Ұзын бойлы екенін көрді. «Не қалайсың?» – деп сұрады. «Сиыр қалаймын», – деді. «Бізге патша осы болады», – деп үйіне алып келді. Шаршаған еді, жатып демалды. Ишмуил қамшыны алып келіп Жалутқа өлшеп еді, дұрыс келді. (Талут) оянғанда Ишмуил: «Сүйінші, сиыр бағудан құтылдың. Тəңір Тағала сені патша етті», – деді. Ертесіне Бəни Исраилдықтарға: «Айтылған адамды таптым», – деп, үйден шығарды. Көрді. (Олар): «Бұл біздің сиыршымыз. Мал-дүниесі жоқ. Бізге қалайша патша болады?» – деді. «Уə қалə лəһум нəбийуһум инналлаһə қад бə'əсə лəкум Талутə мəликəн» («Олардың пайғамбары оларға: «Расында Алла сендерге Талутты пайғамбар етіп жіберді», – деді»). Ишмуил: «Оны Алла Тағала сендерге жіберді. Жəне ілімі де сендерден артық. «Инналлаһа əстəфəһу 'əлəйкум уə зəдəһу бəстəтəн фи əл-'илми уə əл-жисми» («Расында Алла Тағала оны сендерден жақсы көрді жəне оны ілім мен денеден артық етті»). Патша Алла Тағаланікі, не қаласа, соны жасайды», – деді. «Уаллаһу йу'ти мулкəһу мəн йəшəу» («Жəне Алла қалаған адамына патшалық береді»). Олар Талутты жиіркенішпен қабылдап: «Патшалыққа жарарын біліңдер. Бізге белгісі бар мұның жолынан берсін», – деді. Ишмуил дұға жасады. «Жалут апарған табыт оның жолымен сендерге келеді» деген (Алланың) жарлығы келді. «Уə қалə лəһум нəбийуһум иннə əйəтə мулкиһи əн йəтийəкум əт-табуту» («Əрине, Талуттың патша болуының белгісі мен дəлелі – сендерге Мұса мен Харуннан қалған сан дық келеді»). Талутты патшалыққа қабылдады. Оған сансыз əскер жиналды. Жалутпен соғыспақшы болып, əскерін дайындады. Жарамайтындарын қайтарды. Сол пайғамбарға «Мен сендерді Палестина арығының суына ұшыратамын. Үш күн сусыз қаласыңдар. Менің жарлығымды ұстамайды, соғысудан жауды көрмейін» деген жарлық келді. (Ол): «Тəңірім, қандай жарлық?» – деп дұға жасады. «Əр адам ол судан қалағанынша ішсе, опат етемін. Бір жұтым су ішіп, қанағат етсе, кешіремін» деген жарлық келді. «Фə мəн шəрибə минһу фə лəйсə минни уə мəн йəт'əмуһу фə иннəһу минни иллə мəн иғтəрафə ғурфəтəн бийəдиһи...» («Кімде-кім сол дариядан ішсе, ол
Бізден емес; жəне кімде-кім одан татпаса, сол Бізден; Егер қолымен бір уыс алып ішсе, онда зияны жоқ»). Суға жеткен уақытта Талут: «Бір жұтым судан артық ішпең дер», – деді. Олар: «Сен патша болдың, енді су ішуге де қожайындық ете сің бе?» – деп, көпшілігі, қара мал секілді, еңкейіп су іше бастады. Қа рындары айналып, жүздері сарғайды. Суға қанбады, өлді. Жарлыққа мойынсұнып, бір жұтымнан артық су ішпей, аман қалғандар қырық мың еді. (Кейбіреулер) су ішкендер өлмеді, алайда іштері ісіп кетті дейді. Талут: «Сендер Жаратушы жарлығына мойынсұнып орындамадыңдар, соғысқа қалай қарсы тұрасыңдар», – деп қайтарды. Өзі жүз жетпіс əскермен Жалутқа барайық, соғысайық деді. Жаратушы Алла олардың көңілін қуанышқа бөледі. Жарылқады. Аз əскер көптің орнын басты. «Кəм мин фиəтин қалилəтин ғалəбəт фиəтəн кəсиратəн биизниллəһи уаллаһу мə'ə əс-сабирин» («Өткен тарихта азғантай адамдар Алланың демеуімен көпшіліктің үстінен жеңіске жеткен. Жəне Алла сабыр етушілермен бірге»). Ишмуил мен Талут үш жүз адаммен барды. Дəуіт (ғ.с.) он бауырымен еді. Əкелерінің аты Ишағ еді. Дəуіт бəрінен кішкентай бо латын. Ол күні бойы қой бағатын. Көруге көріксіз еді. Кейбіреулер өте сұлу еді, дейді. Өзге бауырлары əскер қатарына қосылды. Дəуіт: «Мен де барайын», – деді. (Ағалары): «Кішкентайсың, əлі жарамайсың», – деді. Олар кетіп қалған соң, қойларды біреуге тапсырып, бауырларының соңынан жолға түсті. Бара жатқанда Алла Тағаланың жарлығымен үш тасқа тіл бітіп: «Ей, Дəуіт, Жалуттың өлімі сенің қолыңда менімен іске асады. Мені ал», – деді. Дəуіт оларды алды. Тағы бір риуаятта (келеді): «Жалуттың өлімі Ишағ ұлдары тарапынан болады» деп, Ишмуил Талутқа хабар берген еді. (Тағы) бір сауыт пен дулыға берген болатын. Қай ұлыңа жарасса, басқа дулыға шақ келсе, соған бер деп, Талут Ишағты шақыртты. Ұлдарын жиып, жаңағы сауыт пен дулығаны кигізіп еді, жараспады. Ол кезде Дəуіт жоқ болатын. Талут Ишағтан: «Басқа балаң бар ма?» – деді. (Ишағ): «Бұл іске жарамайтын тағы бір балам бар», – деді. Талут: «Соны шақыр, мүмкін, соған жарасар», – деді. Ишағ Дəуітті шақыртты, дулығаны кигізді. Ұзын келіп еді, Дəуіт бір сілкінгенде сауыт бойына шақ келді. Дулығаны басына киген уақытта дəл келді, қуанды. Сол кезде Жалут үш батпан келетін сауыт киген еді. «Соғысайық», – деді. Бəрі қорықты. Ол кезде Дəуітті ешкім де білмейтін еді дейді. Талут: «Кімде-кім бүгін Жалутпен соғысса, соған жарты патшалығым мен қызымды берейін», – деді. Дəуіт: «Мен ұрысамын», – деді. Дəуіттің айтқанын Талут есітпеді. Екінші рет сұрағанда, Дəуіттің жауабын тағы есітпеді. Үшінші рет сұрады, Дəуіт тағы айтып еді, жəне есітпеді. Төртінші рет сұрағанда, Дəуіт қаттырақ айтып еді, есітті.
Талут: «Төрт рет сұрадым. Бірінші неге жауап бермедің?» – деді. Дəуіт: «Жауап бердім, сен естімедің», – деді де: «Алғашында жауап бермеген себебім – барша əскер анық білсін дедім», – деді. Талут: «Бұдан бұрын өзіңді сынап көрдің бе?» – деді. (Дəуіт): «Бір кездері қойыма бөрі тиді. Бөріні ұстап, мойнын жұлып алдым», – деді. «Одан басқа сынап көрдің бе?» – деді. Дəуіт: «Тағы бір арыстан келді, ұстап аяқтарын сындырдым», – деді. Талут: «Бар, шық», – деді. (Дəуіт): «Мына сауытпен соғыса алмаймын», – деді. Сауытты алды. Тас көтеріп, сапқан алды. Алға шықты. Жалут та ілгері шығып: «Немен шайқасасың?» – деді. (Дəуіт): «Мына таспен», – деді. Жалут: «Таспен итті ұрады», – деді. Дəуіт: «Сен де бір итсің», – деді. Жалут: «Мен сені аяп тұрмын, əйтпесе сені аузымдағы түкірікпенақ қағып түсіремін», – деді. Дəуіт: «Бұл сөз саған пайда бермейді. Сен бастайсың ба əлде мен бастайын ба?» – деді. Жалут: «Сен баста», – деді. Дəуіт бір тасты шығарып, сапқанға қойды. Майданға кірді. Алла Тағалаға сəна айтты. Қылышы да, садақ оғы да жоқ еді. Қарсы жүрді. Жалут қарап тұр еді. Сапқан шығарып тас атты. Жалутқа жетпестен бұрын Алла Тағала Жалуттың ба сындағы дулығаны түсірді. (Оның) маңдайы ашық қалды. Тас маңдайына тиді. Тесіп өте шықты. (Кейбіреулер) ол тасты Дəуіт пайғамбардың етегіне Жаратушы Алланың құдіретімен жасырған дейді. Тағы біреуін алды. Атқан уақытта ол тас ауада үшке бөлініп, біреуі – Жалуттың маңдайына, біреуі – оң жағындағы əскерге, біреуі сол жағындағы əскерге тиді. Бір тас Жалутты опат етті, екі тас екі жанындағы əскерді жер жастандырды. Мұсылмандар бір рет тəкпір айтып, қуанды. Кəпірлерге бас салды. Бірнешеуін өлтірді, қалғанын тұтқындады. «Фə хəзəмуһум бизниллəһи уə қатəлə Дəуудə Жəлутə уə 'əтауллаһу əл-мулкə» («Жəне Дəуіттің əскерлері Алланың қолдауымен дұшпанды жеңді, Дəуіт Жалутты өлтірді. Алла оған патшалық берді»). Бəрі Дəуітке рахмет айтып, шапан кигізді. «Біздің үлкен жауымызды жеңді», – деді. (Кейбіреулер) Талут Дəуітке іштарлық жасады, айтқан мал-дүниесін бермеді, алайда халықтың сөзінен қорқып қызын берді дейді. Содан кейін Дəуітті өлтірмекші болды. Қызы: «Əкем Талут сені өлтірмекші болып жүр. Мұның (рас-өтірігін) білгің келсе, жатарда бір қап алып кір. Оны көрсін. Жəне адам көрместен шығып кет. Қапты жүзім шырынына толтыр. Киіміңмен үстін жап», – деді. Солай жасады. Адам көрместен сарайдан шығып кетті. Талут сақшылар қойған болатын. Түнде жасырынып кірді. Қылышпен шапты, киім
жыртылды, қап тілінді. Жүзім шырындары ақты. Талут: «Ей, Дəуіт, Алла Тағаланың мейірімі саған болып еді. Тірі кезіңде таза едің, өлгенде де тазасың», – деді. Түн қараңғы болатын. Дəуітті өлтірдім деп ойлады. Не істегенін білмеді, көңілі тынышталды. Сақшыларды үйлеріне жіберді, өзі үйінде ұйықтады. Дəуіт Талуттың ұйықтағанын көргеннен кейін, тұрып екі оқ алды. Талуттың сарайына келді. Бір оқты Талуттың басына қойды. Бір оқты аяқ жағына қалдырды. Талут ұйқыдан оянған уақытта екі оқты көріп: «Дəуіт маған жақсылық жасады. Ұйықтап жатқанымды көріп өлтірмеді», – деді. Дəуіт ол уақытта таудағы заһидтарға барған еді. Бір заһидтың шіркеуіне кірді. Талут Дəуітті іздеп тауға шықты. «Дəуітті көрдіңдер ме?» – деп діндарлардан сұрады. «Мына шіркеуде», – деді. Талут кірді, ешкімді таппады. «Менің үстімнен күліп тұрсыңдар ма?» – деп барлық заһидтарды өлтірді. Бір заһид қалды. Ашуы басылған уақытта тірі қалған заһидқа қарап: «Мен тəубе жасасам, қабыл бола ма?» – деді. Діндар: «Мен білмеймін. Пəлен жерде бір əйел бар, Бəни Исраилдық. Ол маған қарағанда ғалым. Пайғамбарлар оны көріп тұрады», – деді. «Соған барайық», – деп жүріп кетті. Діндар есік қақты. Əйел: «Кімсің?» – деді. «Пəлен деген діндармын», – (деді). «Ол залымнан қалай құтылдың?» – деді. Діндар: «Ақырын сөйле. Талут есікте тұр», – деді. Əйел: «Жолдастарымды өлтірді. Енді мені өлтіргелі келді ме?» – деді. Діндар: «Жоқ, тəубе еткелі келіп тұр», – деді. Əйел есікті ашты. Екеуі кірді. Түн болатын. Талут түнде: «Түннің қанша бөлігі өтті?» – деді. Əйел: «Түнді ояу өткізетіндерді өлтірдің. Енді кім білсін?» – деді. Бұл сөзден Талуттың қайғысы асты. (Əйел): «Ишмуил пайғамбардың топырағының басына бар. Намаз оқы. Сенің тəубе жасағаның үшін дауыс келеді, есітесің», – деді жəне. Ишмуил топырағына барып, дұға жасады. «Не іс жасадың?» деген дауыс естіді. Талут: «Жауыздық істедім», – деді. «Дəуітті Жаратушы Алланың мүлкінен қаққан сенбісің?» деген тағы бір дауыс келді. «Ия», – деді. «Ей, Талут, ұлдарыңмен бірге қорғанға бар. Ел алсаң, тəубең қабыл болғаны, егер онда өлсең де қабыл», – деді. Талут ұлдарына келіп: «Ей, ұлдар, мені жанып тұрған оттың ішінде көрсеңдер, маған көмектесесіңдер ме əлде жоқ па?» – деді. (Олар): «Көмектесеміз», – деді. «Енді пəлен қамалды алуға маған көмектесіңдер немесе мəңгі тамұқта қаламын», – деді. Ұлдары Талутпен қамалға барды, соғысты. Ұлдары өлді, кейін Талут та өлді. Патшалық Дəуітке қалды. (Деректерде) Бəни Исраилдықтардың Дəуіт пайғамбардың қарамағына топтасқанындай ешбір патшаға топтаспағандығы айтылады.
Сол себепті де Алла Тағала былай деді: «Уə əтəйнəһум мулкəн 'əзимəн» («Біз оларға үлкен патшалық бердік»). (Деректерде) түн сайын Дəуіт пайғамбар сарайының есігін үш мың пайғамбар ұлдары күзететіндігі айтылады. (Кейбіреулер) Дəуіт пайғамбар түнде белгісіз киім киіп, өткіншілерден: «Сендердің патшаларың сендермен қалай мəміле жасайды?» – деп сұрайтын еді дейді. (Олар): «Өте əділ», – дейтін. Бір түні солай сұрап жүрген уақытта Жаратушы Алла бір періштені бір кемпір бейнесінде жіберді. Одан: «Патшаңыз қалай?» – деп сұрады. Кемпір: «Өте əділ, кемшілігі адамдардың малын жейді», – деді. Дəуіт дұға жасап: «Тəңірім, маған бір кəсіп үйрет, сонымен жан бағайын. Халық маған тіл тигізбесін», – деді. Жаратушы Алла (оған) бір тағашылық өнерін үйретті. «Уə 'əлəмнəһу сəн'əтə лəбусин лəкум» («Жəне Біз оған киім тігу өнерін үйреттік»). (Деректерде) темір Дəуіттің қолында басқалардың қолындағы қамырдай жұмсарып иленетіндігі айтылады. «Уə əлəнə лəһу əл-хəдидə» («Біз оған (Дəуітке) темірді илейтін өнерді бердік»). (Кейбіреулер) Дəуіт күнə жасаған күнəһарларды қарғайтын еді дейді. Хақ Тағала сол себепті пəле берді. Себебі бір күні дұға жасап: «Тəңірім, не үшін халық сені айтарда Ибрахимнің Тəңірі дейді, Дəуіттің Тəңірі демейді», – деді. «Оларға пəле жібердім, пəлеге сабыр қылды» деген дауыс келді. Дəуіт: «Маған да пəле жібер, сабыр етейін. Мені де дұғаларына қоссын», – деді. Дəуіт береке-бақыт дұғасын жасаса болар еді, (алайда) пəле (ауыртпашылық) дұғасын жасады дейді. «Ей, Дəуіт, оларға пəле бердім, алайда қашан берерімді айтпадым. Бірақ саған пəле беремін» деген (Алладан) жарлық келді. Тағы бір риуаятта (келеді): «Пəлен жылы, пəлен айда, пəлен күні, пəлен сағатта жіберемін» деген жарлық келді. Дəуіт сол күнді жаттап алды. Сол күн жеткен уақытта күзетшілерге: «Есікті жабыңдар, ешкімді де кіргізбеңдер», – деді де, өзі жетінші қабат үйге кірді. Зəбүрді оқи бастады. Ібіліс бір құс бейнесінде кіріп келді. Басы інжуден, көздері қызыл жақұт, аяқтары жасыл зəбəржəд, қанаттары алтыннан (екен). Дəуіттің қасына қонды. Дəуіт оның əдемілігіне қызығып, пəле келетінін ұмытты. Құсты ұстамақшы болды. Құс ұшып барып, əрірек қонды. Ұстамақшы болып барды. Тағы ұшып əрірек қонды. Дəуіттің үмітін үзбейін деп кетпеді. Дəуіт соңынан барды. Құс ұшып түңлікке қонды. Дəуіт тұрмақшы болды. Құс ұшып тасқа шықты. Дəуіттің көзі сыртқа түскен уақытта, жалаңбас бір қызды көрді. «Бұл не?» деп тұр еді. Дəуіттің көлеңкесі сол қызға түсті. Көлеңкені көрген уақытта ашуланды. Басын қозғалтып, шашы мен барша денесін қимылдатты. Дəуіт шашын, көркін көріп, көңілі кетті. Ол қыз Жүсіп (пайғамбар) ұрпағынан еді. Бəни Исраил ішінде белгілі еді. Есімі Битшаниғ болатын. Дəуіт (ғ.с.) сол қызды алып келуге адам жіберді. Пайғамбардың сөзі қайтарылмайтын. Битшаниғ келісіп:
«Дəуітке барамын, алайда бір шартым бар, түнде менімен қонсын. Менен ұл туса, патшалықты соған берсін», – деді. Дəуіт қабылдады. Битшаниғты некелеп алды. Оны жақсы көрді. Пəле келерін білмеді. (Деректерде) бір күні намаз оқыды дейді. Михрабта отырған кезде (белгісіз) екеу кіріп келді. «Из тəсəууəру əл-михрабə» («Ол екеуі михраб қарсысынан шығып келді»). Дəуіт оларды көріп шошып кетті. «Из дəхəлу 'əлə Дəуудə фə фəзи'ə минһум» («Ол екеуі Дəуіттің үстіне кіріп келгенде, шошып кетті»). (Ол екеуі): «Қорықпа, біз екеуміз жаумыз. Саған келдік, (не) істейсің», – деді. САУАЛ: Дəуіт не үшін қорықты? ЖАУАП: Кімде-кім Дəутіке келер болса, рұқсат сұрап келетін еді. Бұл екеуі рұқсат сұрамастан кірді. Есіктен кірмеді, михраб шатырынан кірді. Сол үшін де қорықты. Біреуі Дəуіттен сұрады, (ол): «Бұл менің бауырым, тоқсан тоғыз саулық қойы бар. Жəне менің бір саулық қойым бар. Бұл бір саулықты алайын деп тұр», – деді. «Иннə һəзə əхи лəһу тис'унə нə'жəтəн уə ли нə'жəтун уəхидəтун» («Расында, мына адам менің бауырым болады. Оның тоқсан тоғыз саулығы бар, ал менің жалғыз саулық қойым бар»). Дəуіт орынсыз сөз есітіп, шыдап тұра алмастан: «Мынаның тоқсан тоғыз саулық қойы бар екен, сенің бір саулық қойыңды алайын десе, саған зұлымдық қылар», – деді. Біреуі қасындағысына қарап: «Мынау аяғын кетпенмен шауып жатыр», – деді. (Кейбіреулер) Дəуіттің сөзіне біреуі күлді дейді. Дəуіт: «Халифа алдында неге күлесің?» – деді. Тағы біреу: «Мына Дəуіт пен еліне балға соғу керек», – деді. Енді біреуі: «Дəуітті балғамен ұруға сен лайықсың», – деді. Екеуі көрінбей кетті. САУАЛ: Періштелер əйелді аман-саулыққа теңеді, хикметі не еді? ЖАУАП: Барша жануардың ұятты жері жабық болады. Оны «нə'жə» дейді. Жаратушы Алладан қаһар болғанын Дəуіт білді. Ол қаһарға бірнеше себеп бар еді. Сол себептердің бірі – Битшаниғты Урия алған еді. Дəуіт Битшаниғты алу үшін Урияны əскерге жіберді. Кейбіреулер бұдан да жаман сөздерді Дəуітке теңейді. Бəрі де қате. «Тəпсірде» (кітаптары) де, «Усмəт əл əулиеде» (кітап) де, Дəуіт шариғаты бойынша, бір қызды аламын десе, басқа біреудің ол қызды алуы қате саналатындығы жазылған. Урия Битшаниғқа үйлену үшін адам жіберген болатын. Дəуіт оны білместен, ешкім жібермейді деп, жіберді. «Əфзалу ə'мəли əнбия» («Пайғамбарлардың амалы артық») болғаны үшін Дəуіт қаһар келгенін пайымдамады. Сауалдың жауабы, міне осы. Бұл қаһар болған кезде (Дəуіт) дұға мен мінажатқа кірісті. Құзыретке бұрылып, намазға тұрды. «Уə зəннə Дəууду əннəмə фəтəннəһу фəс тəннəһу фəстəғфəра раббəһу уə хəрра раки'əн уə əнəбə» («Біз оны сынап жатқанымызды Дəуіт білді жəне дереу Жаратушыға жалбарына бастады, жерге сəжде жасап иілді жəне істеген күнəсінен қайтты»).
(Кейбіреулер Дəуіт пайғамбар) жайлауға шығып қырық күн-түн сəжде қылды дейді. Сəждеде пайғамбардың жылағаны соншалық, жайнамазы көз жасынан су болды. Шөп шықты. Дəуіттің бойы ол шөптен көрінбейтін болды. Дəуіттің жылағаны мен əлем халқының жылағанын салыстырса, Дəуіттің жылағаны артық түседі. Жəне Дəуіттің жылағаны мен Адам атаның жылағанын салыстырса, Адам атаның жылағаны көп. Дəуіт Алла Тағаладан саған тəспі айту үшін маған жолдас керек деді. Бəни Исраилдық төрт жүз адам Дəуітпен бірге жылады. «Йə жибəлу əууиби мə'əһу» («Ей, таулар, онымен бірге тəспі айтыңдар»). Ұшып жүрген құстарға да жарлық келді. Олар да Дəуітке қосылып жылады. Дəуіт тауға шыққан уақытта тоқсан тоғыз əйелімен бірге барша жануар жылайтын еді деген деректер бар. Бір күні басын тасқа соқты. «Ей, Дəуіт, не қалайсың?» деген дауыс естіді. Дəуіт: «Илəһи əнсит əл-хəлəиқа сə'əтəн əнни əрфə'у хəжəти» («Ей, Алла, мына адамдарды бірер сағат ұстай тұр, мен қажетімді айтып алайын»), (яғни) «Тəңірім, он сегіз мың əлем халқын тоқтат, ешкім сенен тілек сұрамасын, мен сұрайын», – деді. «Йə Дəууду əмə 'əлимтə əннə кəсратə əл-əсуəти лə йəшғалуни əнис-сəм'и» («Ей, Дəуіт, дауыстың көптігі Менің есітуіме бөгет бола алмайтынын білмедің бе?»), (яғни) «Ей, Дəуіт, дауыстың (тілектің) көптігі менің есітуіме бөгет болмайтынын білмедің бе?» деген (Алладан) жарлық келді. Дəуіт: «Бəлə йə рабби əнсит əл-хəлəиқа сə'əтəн» («Ия, ей, Жаратушым, бір сағат адамдарды тоқтат»), (яғни) «(Əрине), солай, алайда бір сағат тоқтат. Бəрін істе», – деді. Уəхб ибн Мунəббих: «Одан бұрын жəне кейін халықты ешкім тыйған жоқ еді», – деді. Сол сəтте Дəуіт: «Мəн 'əзəбиллəһи», – деп дауыстады. Үш рет сəждеге барды, қырық күн-түн бас көтермеді, еш нəрсе жемеді. Содан кейін періште келіп: «Ей, Дəуіт, Алла Тағала: «Аш болсаң, ас бермейін, шөлдесең, су берейін, жалаңаш қалсаң, киім берейін», – деп жатыр», – деді. Дəуіт жарлық келгенімен, қорлық зікірінің жоқ екенін көрді. Қайғырды. Жəне бір рет «аһ» деді. Аузынан от шықты. Айналасындағылар күйді. Жебірейіл жетіп келіп: «Ей, Дəуіт, Алла Тағала сені жарылқады. Жəне (мəртебеңді) биік етті, орның жұмақтан болды», – деді. «Фə ғəмəрнə лəһу зəликə уə иннə лəһу 'индəнə лəзулфə уə хуснə мəəб» («Кейін Біз ол үшін сол нəрседен өттік. Расында оның Бізге жақындығы жəне жақсы салдары бар»). Үш күн-түн құлшылықта тұрды. «Ей, Дəуіт, не қалайсың?» деген (Алладан) жарлық келді. (Дəуіт): «Тəңірім, мені жарылқадың. Ақыретте Урия жауым болса, не істейін?», – деді. «Ол күні Урияға сені тапсырамын. Жəне одан маған беруін сұраймын. Оны сенен риза етемін» деген (Алланың) жарлығы келді.
Дəуіт: «Енді көңілім орнына түсті», – деді. Ел ішіне келіп билік құра бастады. Хабарда былайша келеді: Күндердің бір күні екі адам Дəуітке кел ді. Біреуі: «Мына адамның қойлары менің астығымды жеп жатыр», – деді. Дəуіт: «Сен барып оның қойларын ал», – деді. Ол екеудің біреуі қуанып, екіншісі көңілсіз болып шықты. Сүлеймен тас есіктен олардың қайғылы жүзін көріп сұрады. (Олар) Дəуіттің (шығарған) үкімін айтып берді. Сүлеймен: «Əкеме барып айтыңдар, мына үкім жарамайды», – деді. Келіп айтып еді, Дəуіт Сүлейменді шақырып: «Мына үкім туралы не дейсің?» – деді. Сүлеймен: «Астықты қойдың иесіне беріңіз. Баптаса, астық шығады. Қойды астық иесіне беріңіз. Астық піскенше, сүтін ішсін. Астық өскен соң, астық иесі – астықты, қой иесі қойын алады», – деді. Дəуітке бұл шешім ұнады. Екі тарап та риза болды. «Уə Дəуудə уə Сулəймəнə из йəхкумəни фи əл-хəрси мə нəфəшəт фиһи ғəнəмə əл-қауми уə куннə ли хукмиһи шəһидинə фə фəххəмнəһə Сулəймəнə» («Біз Дəуіт пен Сүлейменнің бір егін даласы туралы үкім шығарып отырғанын ойға түсірдік. Ол даланы бір қауымның қойлары басып аяқ асты қылған еді жəне Біз олардың қылған үкімдерінен хабардар еттік. Кейін Біз қандай үкім шығару керектігін Сүлейменге тапсырдық»). Хикаяда келеді: Дəуіттің он екі ұлы бар еді. Бəрі ғалым, факиһ, ақылды болатын. Бұлардың қайсысы менің орныма отыруға лайық екен деп (Дəуіт) ойланатын. Өмірі соңына жақындағанда Жебірейіл бір мөрленген хат алып келіп: «Ей, Дəуіт, қай ұлың мына хатты ашпастан оқыса, орныңа соны отырғыз», – деді. Дəуіт ұлдарына берді, оқи алмады. Жебірейіл: «Басқа балаң бар ма?» – деді. Дəуіт: «Жəне бір ұлым бар. Əлі кішкентай», – деді. Жебірейіл: «Шақыр», – деді. Сүлейменді шақырып, хатты қолына беріп еді, ол оқыды. Ашып қараса, Сүлеймен оқығаннан бір сөзі артық не кем келмеді. Дəуіт оны көрген кезде ғалымдар мен ақсақалдарды шақырып: «Сүлейменді сынаңдар», – деді. Келіп сынады. (Олар): «Терең ғалым, жомарт жəне кемел (адам) таптық», – деді. Содан кейін Дəуіт Сүлейменді өз орнына отырғызды. Хабарда келеді: Бір күні Дəуіт (ғ.с.) Зəбүрді оқып отырып, əйелдердің дауысын естіді. Жүкті əйелдердің бəрі бала тастады, жүз қыз пəктігін жоғалтты. (Кейбіреулер) Адам атадан Дəуітке дейін ешкім де сауыт-сайман жасамайтын еді, бұл өнер Дəуіттен мирас болып қалды дейді. ХИКАЯ: Бір күні Лұқпан хакім Дəуіт пайғамбарға келді. Темірді қамырдай илеп жатқанын көрді. Таң қалып тұрды, сұрақ қоймады. Дəуіт сауыт-сайманды бітірген кезде атып тұрып: «Ұрысқа жарайтын бар ма?» – деді. Лұқпан оның сауыт екенін білді. «Əс-сумту хикмəтун уə қалилун фə'илуһу» («Тыныштық сақтау хикмет, алайда оған амал
етушілер аз»), (яғни) «Сұрамастан тыныш тұру – хикмет, алайда істеткен аз», – деді. Дəуіттің өмірі соңына жеткен кезде шапан киіп, михрабта жалаңбас отырып, жылайтын еді. (Кейбіреулер) бір күні Əзірейіл Дəуіттің сарайына адам кейпінде келді дейді. Дəуіт үйде жоқ болатын. Əзірейілге Сүлейменнің анасы Битшаниғ: «Сен кет», – деді. Əзірейіл: «Мен саған айтқалы келдім», – деді. Битшаниғ: «Мені Дəуіт пайғамбар алғалы бері бөтен ер адам көрген жоқпын. Бөгде адам да мені көрген жоқ, Дəуіт келместен бұрын кет», – деді. Əзірейіл күлді. Дəуіт кіріп келді. Əзірейілге қарап, таныды да: «Неге келдің?» – деді. Əзірейіл: «Сенің жаныңды алып, жұмаққа апарғалы келдім», – деді. Дəуіт пен Əзірейілдің сөйлесіп тұрғанын Битшаниғ есітіп тұрды. Əзірейіл екенін білмеді. Дəуіт орнына келіп, оң жағына жантайды. Əзірейіл жанын алды, өлместен бұрын патшалығын Сүлейменге тапсырған еді.
ДƏУІТТІҢ ҰЛЫ СҮЛЕЙМЕН (Ғ.С.) ҚИССАСЫ Ол – «Уə хəб ли мулкəн лə йəнбəғи ли əхəдин мин бə'ди» («Жəне маған бір патшалық бер, менен кейін ондай патшалық ешкімде болмасын») деп, Жаратушыдан патшалық сұраған, «Һəзə 'əтаунə фəмнун əу əмсик биғайри хисəб» («Бұл Біздің бергеніміз, қаласаң одан басқаларға сыйла, қаласаң өзіңде сақта, есебі жоқ») жауабын естіген, «Ғудууһə шəһрун уə рауəхуһə шəһрун» («Оның, яғни самалдың таң ертең жүруі бір айлық, кейін кеште жүруі де бір айлық қашықтық еттік») сипатты көлік берілген, «Фə фəххəмнəһə Сулəймəнə уə куллəн əтəйнə хукмəн уə 'илмəн кəрамəтин» («Оның үкім жолдарын Сүлейменге түсіндірдік жəне олардың əрбіріне ілім мен хикмет бердік») болған – СҮЛЕЙМЕН (ғ.с.). Өлең: Дəуіт ұлы ол Сүлеймен – Тəңіріміздің елшісі, Жел мінетін шаһ еді ол, һəм ұшатын құс елшісі. Адамзат, ұшқан, жүгірген, дию, пері һəм жел, бұлт, Улы болсын (мейлі) азулы барша оның қызметшісі. Төмен төрт жүз араба еді күнде таңғы асына, Барарында көр, арыстан, бөрі, қабылан қойшысы. Шапқыр аттың тұқымы қалды одан дүниеде, Тілде құжат, тəнде қызмет, қолда билік қамшысы. Өз «Ни'мə əл-'əбду» аталды һəм пайғамбар, һəм патша, Жолдан азғандарға еді өзі жұмақ жолшысы. Сүлеймен Дəуіттің патшалығын мирас етіп алды. Хабарда былай келеді: Дəуіт пайғамбар: «Тəңірім, маған көп жомарттық жасадың. Ұлым Сүлейменге де солай жаса», – деп дұға жасады. «Ей, Дəуіт, Сүлейменге айт, менің құзыретімде сен жасағандай жасасын. (Сонда) оған саған берген жомарттығымды берейін» деген жарлық келді. Жаратушы Алла оған көп патшалықты сыйға берді. Біріншісі – Сүлейменнің патшалығында жақсы, жаманнан хабар берген ұшатын құстар болды. (Кейбіреулер) (Сүлеймен) жетпіс түн ұйықтамастан дұға жасап: «Тəңірім, мені жарылқа. Маған ешкімге берілмеген патшалықты бер. Бəрін кешірген Сенсің» деп жалынды, – дейді. «Раббиғфир ли уə хəб ли мулкəн лə йəнбəғи лиəхəдин мин бə'ди иннəкə əнтə əл-уəххəб» («Ей, Жаратушым, мені кешір, жəне маған бір патшалық бер, менен кейін ондай патшалық ешкімде болмасын. Сен шынайы сыйлаушысың»). «Йə Сулəймəну инни қабизу əруəхи əл-мулуки хəттə лə йəнбəғи мəликун ғайрукə фи əд-дуния» («Ей, Сүлеймен, Мен дүниеде барлық патшалардың жанын аламын, дүниеде сенен басқа патша қалмасын») деген (Алланың) жарлығы келді. «Барлық патшалардың жанын алдым, дүниеде сенен басқа патша болмайды» деп жарылқа - ды. Жаратушы Алла сол уəдені орындады. Барлық патшаларды өл-
тірді. Сүлейменнің жалғыз өзі барша əлемге патша болды. Жəне жетпіс түн ұйықтамастан: «Тəңірім, тағы да бер», – деді. «Перілерді саған бағындырдым» деген (Алланың) жарлығы келді. Ертесіне перілердің үлкендерін жиды. Аймақтарды соларға тапсырды. Əрбірін бір іске жүктеді. Жəне жетпіс түн ұйықтамастан: «Тəңірім, тағы да бер», – деді. Жаратушы Алла оған ұшқан құстар мен жүгірген аңдарды бағындырды. Жəне жетпіс түн ұйықтамастан сұрады. Жаратушы Алла оған жел мен суды бағындырды. Жер мен көктің арасына не нəрсе болса, барлығын оған бағынышты қылды. Бəрі мойынсұнды. (Деректерде) Сүлеймен таудан өтер болса, сол таудағы алтын, күміс (секілді асыл тастың) бəрі тілге келіп: «Мен мұндамын, керек болса, ал», – дейтін. Теңіз де солай жасайтын. Керек болған диюларға таудан ғибадатхана қаздыратын. Перілер мен адамдарға ғимарат тұрғызатын. Кағб əл-Ахбардың (Алла одан разы болсын) айтуынша, он екі мың иғаш жерге сарай салдыртқан. Төрт жүз иғаш жерге қызыл алтыннан бір тақ жасатқан. Төрт жүз ғалым отыратын. Үкім шығару үшін келіп таққа отырғанда алдында арыстан отыратын. Төрт мың адамның алдында төрт мың дию мен төрт мың періште қанатымен желпіп тұратын. Сүлеймен шам намазына дейін үкім шығаратын еді. Содан кейін үйіне баратын. Таң атқанша құлшылық жасайтын. Содан кейін ертесіне халыққа тамақ беретін. Хабарда келеді: Таңғы асына төрт жүз араба (тағы бір деректе жеті жүз араба) ұн жұмсалатын. Жəне біреулер (Сүлеймен) тал ағаш жиып, себет тоқып, кілем жасап, себет сататын еді дейді. Жарты пайдасын садақаға беріп, жарты пайдасына арпа нанын алып жейтін. Жəне: «Бұл патшалық Тəңірдікі. Халыққа беріп жатырмын, мен өз еңбегімді (адал еңбегіммен тапқан несібемді) жеп жатырмын», – дейтін. Төрт жүз тылсым қылдырды, жеті жүз тауды орнынан алып, басқа жерге қойғызды. Уахбтың айтуынша, ол сарай төрт иғаштың ішінде, төрт иғаштық жер екен. Тақ бір иғаш жерге орналасқан. Адамдар, диюлар қарамағында тұратын. Əр түрлі құстар сап түзеп, бұл тақтың көлеміндей көлеңке түсіретін. Жел келіп ол тақты сонша халықпен бірге көтеріп, алып баратын. Осылайша бір айлық жерге алып барып, қайта алып келетін. «Ғудууһə шəһрун уə рауəһуһə шəһрун» («Оның, яғни самалдың таңертең жүруі бір айлық, кейін кеште жүруі де бір айлық қашықтық еттік»). (Біреулер) осы екі айлық жерді жел көтеріп жүргенін білмейтін еді дейді. «Фə сəххəрнə лəхур-рихə тəжри биəмриһи рухаəн хəйсу əсəб» («Біз оған самалды бағындырдық, оның пəрменімен қалаған жағына ақырын есіп тұратын»). «Руха» – араб тілінде жұмсақ жел дегенді білдіреді. Жəне: «Уə əсəлнə лəһу 'əйнə əл-қитри» («Біз ол үшін мыс бұлақтарды ағызып қойдық»), – деп жарылқады (Алла). Мағынасы мынау: «Біз Сүлеймен үшін «қитр» желін естірдік».
«Қитрдің» мағынасы туралы ғұламалар арасында бірнеше пікір бар. Бір пікірде Сүлейменнен бұрын «қитр» (желі) жоқ еді дейді. Парсы аймағының тауларында болатын «мумия» болатын дейді. Халықтың ішіндегі ауру, ақсақ, кемістерінің бəрі жазылатын. (Кейбіреулер) «қитр» – ағатын мыс дейді. (Енді біреулер) «қитр» – қайнаған мыс деді. Хисарлар шатырын сонымен жабады. Ол шатыр құламайтын болады. Сондықтан да (Ескендір) Зұлқарнайын тұсында білдірді. «Əтуни уфриғ 'əлəиһи қитран» («Маған қайнатылған мысты алып келіңдер, мен оның үстіне құяйын»). (Деректерде) адамдарды қоқыс тасушы, аспаздық, шабарман, суретші етіп əр іске жекті (əр кəсіпке бөлді) делінеді. Диюлар дүниеде жеті түрлі істің негізін қалады деген де сөз бар. (Бұл істер) Сүлеймен пайғамбардың тұсында пайда болды, одан бұрын жоқ еді. (Олар): монша, су диірмені, əк, бояу, сурет салу, тасты мына таудан ана тауға алып бару. Кейбіреулер өте күшті болатын. Сүлейменге бағынбайтын. Оларды тауда шынжырлап ұстайтын. Бəрі Сүлейменге бағынғанда Жаратушы Алла ілім-хикмет пен пайғамбарлықты, бəрін Сүлейменге сыйлады. Қалбидің айтуынша, Сүлейменнің патшалығы күшейген уақытта ол: «Тəңірім, барша халықты бір күні қонаққа шақырсам деген ойым бар», – деп дұға жасаған. «Менің халқымды менен басқа кім қонақ қылады?» деген (Алладан) жарлық келді. Сүлеймен: «Маған шексіз нығмет бердің, (енді) рұқсат бер», – деді. Жаратушы Алла уахи жіберіп, барша ұшқан (құс) пен жүгіргендерге (аңдарға) пəлен күні Сүлейменге қонаққа барыңдар, – деді. Содан кейін бір үлкен теңіз жағасында сегіз айлық кең жазық дала бар еді. Сол жерге шақырды. Дию, пері – барлық жануарларға əмір берді. Батыстан шығысқа дейінгі азықтың бəрін жиғызды. Бір иғаш жерге жиды. «Қазан жасаңдар» деп диюларға əмір берді. Əрбір қазанның үлкендігі жетпіс қари еді. Осындай жеті жүз мың қазан дайындатты. Іші қырық қари, ішінде қырық шанақ жасатты. «Уə жифəнин кə əл-жəуəби уə қудурин расийəтин» («Əуіздей келетін легендер мен қимылдамайтын қазандар»). Жаңағы сегіз айлық жерді аспен толтырды. Сүлейменнің тағын сол теңіздің жағасына орналастырды. Бір күрсі ұрып, Сүлеймен сол таққа отырды. Сол теңізге қарап еді, теңізден бір балық бас көтеріп, Сүлейменге: «Бізге жарлық келді, саған қонаққа келдік. Бəрі жиналғанша менің сабырым жоқ. Маған тамақ бер», – деді. Сүлеймен күліп: «Ей, балық, осыншама тамақты халық үшін жи дым. Не керек болса, же», – деді. Балық басын көтеріп, сол тамақтардың бəрін бір-ақ қылғытып: «Ей, Сүлеймен, əти'мин», яғни маған тамақ бер», – деді. Сүлеймен аң-таң қалып: «Мына тамақтарды батыстан шығысқа
дейін халық үшін жиғыздым. Сен бəрін бір-ақ жұттың, басқа тамақ жоқ», – деді. Балық: «Зəйиə'əкаллаһу кəмə зəйиə'тəни» («Мені қорлағаныңдай Алла да сені қорласын»). Жаратушы Алла маған əр күні қырық жұтым тамақ береді. Бір жұтымы (сенің осы) барлық тамағыңа тең келеді. Бүгін мен аш қалдым. Тамағың жоқ екен, неге халықты қонаққа шақырдың?» – деді. Сүлеймен естен танып қалды. Есін жиып: «Құдайым, тəубе жасадым. Несібе беруші Сенсің, Біз кедейміз», – деді. (Біреулер) сол күні барлық жануарлар аш қалды дейді. (Енді біреулер) сол балық жерді көтеріп тұрған балық еді дейді. Жаратушы Алла сол кезде жерді балық арқасынан көтеріп, өз құдіретімен сақтады. Барлық халық Жаратушының құдіретін білсін, өздерінің əлсіз екендіктерін түсінсін, ғибрат алсын деп, сол балықты Сүлейменге (қонаққа) жіберді. (Кейбіреулер) ол балық емес еді, Сүлеймен ғибрат алсын деп, Жаратушы Алла өз құдіретін көрсетті дейді.
СҮЛЕЙМЕННІҢ ШЫМАЛМЕН СӨЙЛЕСКЕНІ «Изə əтə 'əлə уəдин нəмли қалəт нəмлəтун йə əйиухəн нəмлу удхулу мəсəкинəкум лə йəхтимəннəкум Сулəймəну уə жунудуһу уə һум лə йəш'əрун» («Ол (Сүлеймен) шымалдар мекеніне келген уақытта бір шымал: «Ей, шымалдар, үйлеріңе кіріңдер жəне Сүлеймен əскерімен білмей сендерді басып кетпесін», – деді»). Сүлеймен бір күні тақта отыр еді, жел тағын көтерді. Əскері тақтың астында жүретін. Бір үлкен тартылған өзенге жетті. Сол тартылған өзеннің іші шымалға тола еді. Шымалдардың үлкені ақсақ болатын. Аты Миндир еді. (Миндир шымал): «Ей, шымалдар, қашыңдар, үйлеріңе кіріңдер. Сүлеймен əскерімен сендерді басып, опат етпесін», – деп айқайлады. Сүлеймен ол сөзді есітті. Күліп: «Тəңірім, маған ынсап бер. Маған берген жəне əкеме берген нығметке шүкіршілік етейін. Жəне ынсап бер. Сені риза ететіндей ізгі істер жасайын», – деді. «Фə тəбəсмə захикəн мин қаулиһə уə қалə рабби əузи'ни əн əшкура ни'мəтəкəл лəти əн'əмтə 'əлəйиə уə 'əлə уəлидəйиə уə əн ə'мəлə салихəн тəрзаһу» («Оның сөзіне (Сүлеймен) жымиып күліп: «Ей, Жаратушым, маған жəне ата-анама берген нығметтеріңе шүкіршілік етуді нəсіп қыл, жəне Сен разы болатын ізгі амалдарды орындап баруыма қол жеткіз», – деді»). Сүлеймен тақтан түсіп, шымалды шақырып: «Ей, шымал, шымалдарды қалай қашырдың?» – деді. Шымал: «Сен патшасың, мен де патшамын. Жаратушы Алла маған қырық табақ жер, патшалық берді. Əр табақ жерде əскербасыларым бар. Əрбір əскербасының қарамағында қырық мың сарбаз бар. Жаратушы Алланың жарлығы болса, жер бетінде бірде-бір жауды қалдырмаймын», – деді. Сүлеймен: «Соншама əскеріңді неге қашырдың?» – деді. (Шымал): «Сенің əскерің кетіп бара жатып білместен басып кетеді. Олар опат болады деп қашырдым», – деді. Сүлеймен: «Сен неге қашпадың?» – деді. (Шымал): «Мен бұлардың үлкенімін. Үлкен істерге лайық болу керек. Пəле келгенде өзін соған қарсы ұстау керек», – деді. Сүлеймен: «Бұл білімді қайдан үйрендің?» – деді. Шымал: «Барлық əлемнің білімі менде деп ойлайсың ба? Алла Тағала білімді ешкімге бермеді. Енді рұқсат берсең, бірнеше сұрақ қояйын», – деді. Сүлеймен: «Сұра», – деді. Шымал: «Жаратушыдан не сұрадың?» – деді. Сүлеймен: «Менен басқа ешкімде болмаған патшалық сұрадым», – деді. (Шымал): «Маған болсын, өзгелерге болмасын деген мына сөзден іштарлықтың иісі шығып тұр. Басқа не сұрадың?» – деді. Сүлеймен: «Желді сұрап едім, маған бағынышты қылды, мініп
жүрмін. Астхардан Шамға, Шамнан Астхарға дейін бір айлық жер.
Оған күнде барып келемін», – деді.
Шымал: «Мағынасы мынау: Сенің қолыңдағы биліктің бəрі жел.
Оған мінгенше мағрифат көлігіне мінсең жақсы болатын еді. Көзді
ашып-жұмғанша Арсыға барып келетін едің. Жəне не сұрадың?» –
деді.
(Сүлеймен): «Піл сүйегінен тақ берді», – деді.
Шымал: «Жаратушы Алла: «Уə əл-əрза фəрашнəһə фə ни'мə
əл-мəхидун» («Жəне Біз жерді төседік, Біз қандай жақсы төсеу-
шілерміз») дейді. Мына кең жер жетпеді ме?» – деді де, «Жəне не
сұрадың?» – деді.
(Сүлеймен): «Ұшатын құстарға жарлық берді, басыма көлеңке
жасайды», – деді.
Шымал: «Биік аспан көлеңкесі саған жетпеді ме?! Тағы не берді?» –
деді.
(Сүлеймен): «Бір жүзік берді. Барлық жаратылыс соған бағына-
ды», – деді.
Шымал: «Жерден көкке дейін Жаратушы Алла саған көрсетіпті,
Батыстан шығысқа дейін саған беріпті. Оның құны бір кесек тас.
Оның құны жоқ екенін барша білсін. (Шынайы) патшалық – жұмақ
патшалығы. Ешкім де оның құнын білмес», – деді де Шымал жəне:
«Тағы не берді?» – деді.
(Сүлеймен): «Дию-періні маған бағындырды», – деді.
Шымал: «Бұл жеңіл патшалық. Сабыр сақтағаныңда, періштелерді
саған бағындыратын еді. Себебі ақыр заманда Мұхаммед есімді
пайғамбар шығады. Жаратушы Алладан еш нəрсе сұрамайды. Барлық
періштелер оған бағынышты болады», – деді.
Сүлеймен: «Бұл білімді кімнен үйрендің?» – деді.
(Шымал): «Əллəмəни рабби» («Жаратушым үйретті»), (яғни)
«Тəңірім үйретті», – деді.
СҮЛЕЙМЕННІҢ ƏКУЗ ПАТШАМЕН СӨЙЛЕСКЕНІ Бір күні Сүлеймен кетіп бара жатып Кауан атты дарияның құйылатын жеріне жетті. Жайылып жүрген қара малды көрді. Сүлейменді көріп аспанға ұшып кетті. Сүлеймен оны көріп аң-таң қалды. Ешкім көрмеген (хайуан) еді. Сүлеймен ол аттарға қызықты. Үйіне келді. Қауыш атты дию бар еді. Соған: «Қанатты мың ат көрдім. Кауан деген дарияның құйылысында жүр. Соны маған алып кел», – деді. Қауыш: «Мен ол істі атқара алмаймын. Алайда оны алып келе алатынды білемін. Сол барып алып келеді», – деді. Сүлеймен: «Ол кім?» – деді. (Қауыш): «Сол дарияның құйылатын жерінде Самдун атты бір дию бар. Бұл істі сол істей алады», – деді. Сүлеймен: «Мен де Самдунды іздеп таба алмаймын», – деді. Бұл Самдун өте күшті, айбатты бір дию болатын. Сүлейменге бағынбайтын. Оны ұстап алып келуге жіберсе, бұлттардың ішіне қашып кіріп кететін. Бұлтқа кірсе, қашып теңізге кіретін. (Сүлеймен): «Не амал жасайсың?» – (деді). Қауыш: «Ол ешкімнің сөзін тыңдамайды. Жалғыз менің сөзіме сенеді. Маған жүз дию бер. Олар бір жерде жасырынып тұрсын, мен оған жалғыз барайын. Сен өзіңді аурумын деп жат. Бірнеше күннен кейін Сүлеймен өлді десін. Халық арасына жайылсын. Хабар бізге де жетсін. Самдун бізден келіп сұраса, біз де солай «өлді» деп айтайық. Содан кейін оны алдап, диюлар жасырынып тұрған жерге алып келейін», – деді. Сүлеймен жүз диюды Қауышқа берді. Өзі ауру болып жатты. Бірнеше күннен кейін Сүлеймен өлді деген сөз тарады. Қауыш Самдунға келді. Самдун: «Бұл не хабар?» – деп сұарды. Қауыш: «Сүлейменнен құтылдық», – деді. Самдун қуанды. Қауыш: «Сүлеймен өлсе, барлық дию, перілер құтылды. Сарайлардың есігі бос қалды. Барып тамашалайық», – деп алдап, Самдунды айтылған жерге алып келді. Жүз дию шыға келіп Самдунды ұстады. Сүлейменге алып келді. Сүлеймен: «Енді өзіңді қалай көресің?» – деді. Самдун: «Сен – Тəңір пайғамбары еріктісің. Сен азаптасаң, азаптауға лайықпын. Кешірсең – кеңпейілсің», – деді. Сүлеймен: «Сені бір шартпен кешірейін. Шартым сол, Кауан атты дарияның құйылатын жерінде мың қанаты бар ат көрдім. Ұшып аспанға көтеріліп кетті. Оларды маған ұстап алып келесің», – деді. Самдун: «Маған мың дию жəне мың батпан жүн, тағы мың көзе суға лайық шағыр (арақ) бер. Оларды ұстап келейін», – деді. Сүлеймен: «Диюларды не істейсің?» – деді. (Самдун): «Диюларға айтып, сол дарияның құйылатын жерінің суын шығарамын, қойдың жүнімен бұлақтардың көзін бекітеді. Шағырларды сол дарияның тартылған жеріне құяды. Аттар су ішуге келгенде, су
орнына шағыр ішіп, масайып, ұша алмайды. Əр диюға бір аттан ұстап беремін, саған алып келеді», – деді. Сүлеймен мың дию, мың батпан жүн жəне мың көзе шағыр берді. Самдун барып суларын тазартты. Бұлақтардың көзін жауып, су тартылған жерді шағырмен толтырды. Жүз мың диюмен жасырынып тұрды. Жаңағы аттар су ішкелі келді. Шағыр иісін сезіп, ішпеді. Қайтып кетті. Басқа су таба алмады. Қайта келіп шағырды ішті. Масайып ұша алмады. Самдун жаңағы мың диюмен келіп, бəрін ұстап, Сүлейменге алып келді. Шам намазының уақыты болатын. Сүлеймен намаз оқып отыр еді. «Аттарды маған алып кел» деп Асаф ибн Бархаяны шақырды. «Из уризə 'əлəйһи би əл-əший əс-сафинəт əл-жийəду» («Шам уақытында оған (Сүлейменге) затты арғымақ аттар көрсетілгенде...»). Кешке жақын Сүлейменге үш аяғымен тұрып, төртінші аяғының тобығымен тұрған əдемі аттарды көрсетіп, қалған жүз атты көрсеткен кезде күн ұясына кірді. Күн батты. Екінті намазының уақыты өтті. Сүлеймен ашулы болатын. «Намаз өтті» демеді. (Кейбіреулер) күн батуға айналды, мустахаб уақыты қалмады дейді. (Енді біреулер) намаз қаза болмады, алайда оқитын уақыты бар еді. Ол өтті. Сүлеймен оны (намаз уақытының өткенін) білген уақытта: «Мен мына аттардың əдемілігін тамашалаймын деп, Алла Тағаланың зікірін ұмытыппын», – деді. «Инни əхбəбту хуббə əл-хəйри əн зикри рабби хəттə тəуарəт бил-хижəб» («Өкінішті, мен арғымақтар махаббатын Жаратушымның зікірінен артық көріппін, тіпті күн де перде артына жасырынып батыпты»). Ол намазды қаза етті. Жəне оқыды. Содан кейін: «Ол аттарды маған қайтарып алып келіңдер!» – деді. Алып келді. «Осылардың кесірінен менің намазым кешікті (намазымның уақыты өтіп кетті)» деп, тоғыз жүз аттың аяқтары мен бастарын қылышпен шапты. «Руддуһə 'əлəйиə фə тəфиқа мəсхəн биссуқи уə əл-ə'нəқ» («Оларды маған қайтарыңдар», – деді. Кейін олардың аяқтары мен сандарын сипай бастады»). Мағынасы мынау: Сүлеймен қолымен аттардың аяғын, мойындарын сипады, аскеттік үшін тоқтады. (Біреулер) екінті намазы қаза болған уақытта дұға мен мінажатқа кірісті дейді. Батқан күнді шығарып беріңдер, деп періштелерден сұрады. «Руддуһə 'əлəйиə» («Маған қайтарыңдар»). Күн қайтты, екінті намазы келді. Екінті намазын уақытымен өтеді. (Кейбіреулер) жаңағы мың атты Сүлейменге тоғыз жүз деп айтып, аттар қалмады деп айтты дейді. Қалған жүз атты Сүлейменнің хас уəзірі əрі нағашы əпкесінің ұлы Хинуким ұлы Бархая ұлы Асаф тығып қойып еді, ол (жүз) ат (аман) қалды. Бүгінгі жүйрік аттар солардан тарады. (Кейбіреулер) Мұстафа (с.ғ.с.) Сүлеймен үшін күннің қайтқанын естіген уақытта қайраттанды. «Мен үшін жəне үмметтерім үшін күн қайтса, намаздарымыз қаза болмаса, қандай (жақсы) болатын еді» деп қуанды, – дейді. (Сонда) «Ей, менің сүйіктім Мұхаммед, бұл қандай керемет болсын! Сүлеймен үшін күн қайта шығып, намазын уақытында өтесе, сенің кереметің құрметі үмметің қаза намазын өтеу қияметке дейін орындалатын еттім. Бір күнде жүз ракағат намаздың қазасын өтесе, уақытында өтелгендей қабылдаймын» деген (Алла ның) жарлығы келді.
СҮЛЕЙМЕН КҮРСІСІНІҢ СИПАТЫ Бір күні Сүлеймен барша адам, дию, періні жинап: «Осындай сипатты күрсі керек. Мұндай күрсіні кім істей алады?» – деді. Ифриттік Сахр атты бір пері бар еді. Сол: «Істейін, аспаптарын беріңіз», – деді. Сүлеймен: «Не керек?» – деді. Жын, алтын, күміс, жауһар сұрады. Сүлеймен берді. Төрт аяқты бір күрсі жасады. Бір бұрышына қызыл алтыннан төрт арыстан жасады. Ескерткіш айналатын еді. Ауыздарынан от шашатын. Сүлеймен сол бөлмеге кірер болса, жұпар, əнбəр хош иістерін шашатын. Бөтен біреу кірсе, ауыздарынан от ататын. Екінші бұрышына арыстан жасады. Өте үлкен. Үшінші бұрышына екі каркас жасады. Көздері жақұттан, қанаттары інжуден. Сүлеймен бөлмеге кірсе, қанатын жазып иіссу бүркитін, аузын ашып, жұпар, əнбəрді Исраил ғалымдарына қарай шашатын. (Деректерде) Сүлейменнің оң қолында жетпіс алтын күрсі, сол қолында да сонша еді делінеді. (Онда) ғалымдар мен қазылар отыратын. Күрсінің үстіне алтыннан бір төсек салынды, диірмен секілді айналатын. Сол тауыстар да бірге айналатын. Асаф ибн Бархая сол орында отыратын. Содан кейін үкім шығаратын. (Кейбіреулер) Сүлеймен сол күрсіде он үш жыл отырды дейді. Сүлеймен дүниеден өтерде сол күрсіні Бəйт əл-Мұқаддасқа алып барып, бір тастың түбіне жасырды. Бухтнасыр келіп Бəйт улМұқаддасты (жаулап) алғанда сол күрсіні шығарды. Көріп таңданды. Отырмақшы болып еді, ұрды. Бір аяғы сынды. Кімде-кім аяқ қоятын жерді білмесе, солай болатын. Алайда Сүлеймен (қалай отыру керектігін) білетін. Бухтнасырдың ашуы шығып, күрсінің бытшытын шығарды. Теңізге тастатты.... Сүлейменнің таңғы асына екі мың қой, төрт жүз сиыр баратын еді. (Біреулер) (Сүлейменнің) төрт жүз қой сиятын қазаны бар еді дейді. Риуаятта келеді: Сүлеймен Самдун есімді диюға: «Көрген ғажайыптарыңды айт», – деді. Самдун: «Ей, Расулулла, сенен қашып жүргенде бір дарияның құйылатын жеріне жеттім. Кеңдігі қырық иғаш жер болатын. Ағаш көп. Өзімді адам бейнесіне салып, сонда кірдім. Бір адам көріп (одан): «Мына таудың егесі кім?» – деп сұрадым. (Ол): «Əкуз патша», – деді. Ұшып, сол тауға шықтым. Ортасынан шаһар көрдім. Ені мен ұзындығы он екі иғаш келетін. Ол шаһардың барша шатырлары тастан, биіктігі сексен қари, ені жиырма қари болатын. Əр бұрышы он екі қари, əр бұрышта бір қораз, тауық. Ол шаһардың ортасынан мəрмəр тастан (жасалған) бір мұнара көрдім. Ұзындығы жүз қари, ені отыз қари. Ол мұнараның төбесінде күмістен (жасалған) бір күрсі (бар). Сол күрсінің үстінде мыстан (жасалған) бір қораз. Тұмсығы, қанаттары, көздері қызыл жақұттан. Бұл қораздың сол жағында бір
еркек арыстан (отыр) мыстан (жасалған). Жəне өзімді адам кейпіне салып бір адамнан: «Мына шаһардың аты не?» – деп сұрадым. (Ол): «Сундурна», – деді. Жəне: «Мына халық кімге табынады?» – дедім. (Ол): «Мына мұнараның үстіндегі қоразға», – деді. Күн шыққанда сол қораз шақырады. Соның дауысын есітіп екі мың қораз қайталайды, сонда мына халық оған сəжде жасайды. Əр күні екі рет осы сөзді естігенімде ұшып қораздың, арыстанның қасына қондым. Жеті мың жеті жүз сиқыршылық көрдім. Олардың он бесін үйрендім. Сенің қолыңа түспестің қамын ойлайтын едім. Кімде-кім сол қораздан рұқсатсыз өтер болса, жаңағы арыстан атылады. Қылышпен шауып өлтіреді. Ескерткіштен сиқыршылықпен өттім. Патшаның сарайына бардым. Кеңдігі төрт иғаш келетін үлкен бөлме көрдім. Оның патшалығындай, оның əскеріндей əскер көрген жоқпын. Алтын тақта отыр. Басы тар, жүзі тартымды, мұрны кең, көзі қара. Алдында бір қыз отыр. Адамзат пен перінің ішінде ондай сұлуды көрген жоқпын. Жəне өзімді адам бейнесіне салып біреуден: «Мына патшаның аты кім?» – дедім. «Əкуз», – деді (ол). «Мын қыз кім?» – дедім. (Ол): «Патшаның Куна есімді қызы», – деді. «Мына əр қораздың алдында қандай дауылпаз адамдар бар?» – деп сұрадым. «Патшаға бір нəрсе керек болса, сол қораздар шақырады. Кім болса да қорықпастан, ана дауылпаздар дауыс шығарады. Əр қораздың алдында он екі мың адам жиылады», – деді. «Мына патшаның осы дарияның құйылатын жерінен басқа патшалығы, əскері бар ма?» – деп сұрадым. «Ол жəне осындай қырық дарияның құйылатын жеріне патша», – деді. Самдун: «Ей, Расулулла, Жаратушы Алла маған екі мың жүз жиырма жыл өмір берді. Екі мың жүз (жыл) осы дүниені кездім. Ондай ғажаптарды көрмедім», – деді. Сүлеймен: «Ей, Самдун, айтқан сөзің рас па?» – деді. Самдун: «Ей, Расулулла, «Лəйсə əл-хəбəру кəл-му'əйəнə» («Хабар ешқашан да көзбен көргендей болмайды»). Есіту көргенмен тең емес. Егер қаласаң, бар, көр», – деді. Сүлеймен əмір берді. Төрт иғаштық нышаны бар еді, көтерді. Он мың алтын күрсі оңында, он мың күміс күрсі солында. Алдында, артында басқа перілер мен қолбасылар. Жүз мың адамзат алдында, жүз мың пері солында. Асаф ибн Бархая он екі адаммен оңында. Мирбат ибн Сахра он екі адаммен солында. Буғат ибн Зубиға ибн Ібіліс артында. Сүлеймен: «Неше айлық жол?» – деді. Самдун: «Жеті айлық жер», – деді.
Сүлеймен желге: «Бізді жеткіз!» – деді. Жел үш жарым күнде жеткізді. «Уə ли Сулəймəнəр-риһə ғудууһə шəһрун уə рауəһуһə шəһрун» («Біз Сүлейменге желді бағындырып бердік, оның таңертең жүруі бір айлық қашықтық пен кешке жүруі бір айлық қашықтық»). Сүлеймен Асафқа: «Əскерді тұрғыз!» – деді. Асаф оң қолына жүз мың диюмен Буғат Зубиғаны қойды. Сол жағына Мирбат ибн Сахраны жүз мың диюмен орналастырды. Адамзаттан жасақталған əскермен Асаф ортада тұрды. Əкуз патша ибн Марихқа хабар жетті. Əскер шығарып соғысты. Сүлейменнің əскері жеңіліске ұшырады. Самдун көмек сұрап келді. Сүлеймен жүз мың арыстан, жүз мың барыс, жүз мың қабылан, жүз мың бөрі, жүз мың шағалды көмекке жіберді. Біраз уақыттан соң жетіп келіп: «Ей, Расулулла, көмек керек», – деді. Əр түрлі құстарды жібере тұрып: «Сендер барып, қанаттарыңмен көздерін тосыңдар, тұмсықтарыңмен шұқыңдар», – деді. Солай жасап еді, жеңе алмады. Содан кейін желді жіберді. (Жел) келіп бет-жүздеріне құм суырды. Дию, перілер соғысты. Əкуздың əскері жеңілді. Сүлеймен өз қамшысын Асафқа берді. Қамшы бойындай келетінді тірі қалдырмады. Əкуз өзі атып шықты. Бір арыстан қарсы шығып, атылғанда мойыны қайырылып, өлді. Басын кесіп, Сүлейменге алып келді. Ағашқа асты. Асаф ибн Бархая Сундурна шаһарына кірді. Бұрыштарын бұзды. Сол қораз, арыстан, ескерткіштердің бəрін отқа лақтырды. Мал-дүниесін, қара малын Сүлейменге алып келді. Содан кейін Самдунға: «Айтқан қызың қайда? Маған алып кел. Алайда ешбір дию, перінің қолы тимесін», – деді. Самдун сол сөзге күліп: «Қол тигізбей қалай алып келуге болады?» – деді. Сүлеймен: «Бір жолын табыңдар», – деді. Ешкім жауап бермеді. Самдун: «Бұлтқа айт, теңіздер түбінен інжулер алсын. Кунаның сарай есігіне жаңбырдай жауғызсын. Қыз оны көріп (сыртқа) шығады. Бұлт қызды көтеріп саған алып келсін. Осылай жасаса, ол сарайға ешкім кірмейді», – деді. (Кейбіреулер) диюлар əр күні адам беліндей жияр еді дейді. «Уə əш-шəйəтинə куллə бəннəин уə ғəууəсин» («Біз жəне оған əрқайсысы құрушы жəне суға сүңгуші диюларды бағындырып бердік»). Бұлт барып, інжулер алып келді. Куна сарайының есігіне жия бастады. Сарай мəрмəр тасынан (жасалған) еді. Інжулер тасқа тиіп, дауыс шығарғанда күңдері жүгіріп шықты. Көріп, бірнешеуін теріп, қызға алып барып: «Бұлттан мынадай тастар жауып жатыр», – деді. Қыз оны көргелі шыққанда бұлт қызды көтеріп алды. Жел мен бұлт қызды Сүлейменге алып келді. Сүлейменнің əйелі бар еді. Кунаны көріп (некелеп) алды. Бəрінен артық сүйетін болды. Жəне сахараға келді. (Біреулер) Куна исламды қабылдады дейді. Сүлеймен сүйгенінен исламсыз алған еді дейді. Бұл сөздер дұрыс емес. Алайда халықтың арасында жүретін сөз еді. Шайтанның айтқанымен жүру керек емес. Қатесі көп күпір сөздер де бар. Қаншама қатесі, күпірі болса да, мұнда айтып өтейік. Қатені сауаптан айыра білсін. «Уəллаһул-һəди 'əлəр-рашəд» («Тура жолға бастайтын Алла»).
Хикаялар мынау: Сүлеймен Кунаны Исламсыз алған уақытта, бір күні Ібіліс (Оған лағынет болсын) Кунаның үйіне əкесінің бейнесінде кірді. Куна көрген соң: «Əкем Əкуз əлі қалайша тірі?» – деді. (Ібіліс): «Əкеңді күйеуің өлтірді. Елін талқандады», – деді. Куна зар-еңіреп жылады. Əкесін сағынды. Ібіліс: «Күйеуіңе айт, əкеңе ұқсайтын бір сурет жасасын. Соны көріп көңіл жұбатарсың», – деді. Ібіліс кетті. Сүлеймен кіріп келді. Куна Сүлейменге қарамастан, жылады. Сүлеймен: «Не болды?», – деді. Куна: «Сен əкемді өлтіріпсің, соған жылап жатырмын. Əкемді сағындым. Айт, əкеме ұқсайтын бір сурет салсын, көріп көңілім тыншысын», – деді. Сүлеймен оны сүйгені үшін қабылдады. Рубиға есімді диюға əмір берді. Кипарис ағашынан бір сурет жасады. (Біреулер) Адам атадан қияметке дейін ешбір пайғамбардың үйінде сурет жоқ еді, тек Сүлейменнің үйінде еді дейді. Біразы күмістен, біразы ағаштан, біразы мəрмəрдан. «Йə'мəлунə лəһу мə йəшəу мин мəхəрибə уə тəмəсилə уə жифəнин» («Олар оған (Сүлейменге) қалаған нəрсесін жасап беретін еді: биік ғимараттар, ескерткіштер жəне легендер»). (Біреулер) бұрынғы заманда ізгі-жақсылар өлген соң суретін жасап, оған қарау дұрыс болатын еді дейді. Бұл Куна əкесінің суретін алдына қойып, күндіз-түні оған табынатын. Сүлеймен оны білмейтін. Қырық күн-түн аяқталған соң, құрбан мейрамы болды. Ібіліс жəне өзін кемпір бейнесіне салып Кунаға келді де: «Бүгін күйеуіңнің мейрамы. Өз Тəңірі үшін құрбандық шалып жатыр. Сен де əкеңнің суретіне бір нəрсе құрбандық шал, əкең сенен риза болсын», – деді. Мейрамға шығардан бұрын Кунаға келді. Сөйлесе, жауап бермеді, қарамады да. Сүлеймен: «Не болды?», – деді. Куна: «Сен Тəңірің үшін құрбандық шалып жатырсың, маған бір нəрсе бер, əкемнің рухына арнап құрбандық шалайын», – деді. Сүлеймен: «Алла Тағаладан басқа ешкімге құрбандық шалу дұрыс емес», – деді. Куна: «Бір түйе бер», – деді. Сол кезде бір шегіртке кіріп келді. Куна: «Мына шегірткені бер», – деді. Сүлеймен күліп: «Ал», – деді. Куна шегірткені ұстап, аяқтарын байлап, пұттың алдында кесті. Сүлеймен шығып, айт намазын оқыды. Асаф ибн Бархая құтбашы еді. Мінберге шыққан уақытта, Жаратушыға сəна мен мадақ айтатын. Адамнан Сүлейменге дейінгі барша пайғамбарларды айтып өтетін. Бəрін айтты, алайда Сүлейменді атамады. Мінберден түсті. Сүлеймен: «Ей, Асаф, бүгін неге мені атамадың?» – деді. Асаф: «Үйіңде пұтқа табынушы бар. Ондай адамды хұтбада қалай атап өтейін», – деді.
Сүлеймен: «Менің үйімде кім табынады?» – деді. Асаф: «Куна табынады», – деді. Сүлейменнің реңі өзгеріп кетті. Үйіне келіп, шегірткені өлтіріп, пұттың алдына қойғанын көрді. Өзі тізе бүгіп, пұтқа қарап отыр екен. Сүлеймен соны көрді. Кунаны жақсы көргендіктен, еш нəрсе демеді. Бірақ пұтты сындырып, отқа тастады. Ертесіне тұрды. Дəрет алатын жерге барды. Сүлеймен дəрет алмақшы болса, іш киімі мен жүзігін Əмина есімді күңіне беретін еді. Бүгін дəрет алғалы кірді. Шықпастан бұрын Алла Тағала Сүлеймен пайғамбар бейнесін Хақиқ есімді диюға берді. Ол Сүлейменнен бұрын Əминаға келіп, іш киім мен жүзікті алды. Саусағына салды. Дию, пері оған бағынышты болды. Келіп, Сүлейменнің тағына мініп отырды. Сүлеймен дəрет алып шықты. Əминаны таппады. Хақиқты көрді. Тақтың үстінде отыр екен. Мені өлтіреді деп, қорқып қашты. Алла Тағала халықтың көзінен сақтады. Сахар дарбазасына дейін бір көйлек, бір сəлдемен жүгірді. Ақшам болғанша аяқтары талды. Отырды. Жаратушы Алладан жерге жарлық болды. Тыным берме деді. Қозғала бастады. Ол түнімен таң атқанша жүгірді. Табаны ісіп, жарылды. Шаршап-шалдығып бір кентке кірді. Бір есіктен бір əйел шықты. Сүлеймен: «Тамаққа мұқтажбын», – деді. Əйел: «Күйеуім үйде жоқ. Ер адам жоқ кезде тамақ бермеймін. Ана бақшаға кіріп отыр, жеміс же. Күйеуім келсе, сені қонақ етеді», – деді. Сүлеймен бақшаға кірді. Əуіз жағасында отырды. «Сүлейменге тыным бер» деген жерге жарлық келді. Сүлеймен сол күні ұйықтады. Тутарус атты жыландардың үлкені Сүлейменнің иісін білді. Шыбындарға əмір берді. Жиналды. Сүлейменнің мазасын ала бастады. Бір жылан Сүлейменнің иісін сезді. Келіп көрді. Шыбындар Сүлейменді мазалап жатқанын көріп Тутарусқа: «Бұл кім екенін білесің бе?» – деді. (Тутарус): «Сүлеймен, бірақ Тəңірге күнəһар», – деді. Жылан шыбындарды қуып, бір ағаштың бұтағымен желпи бастады. Біраз уақыттан кейін үй иесі келді. Əйелі: «Бір қонақ келіп, тамақ сұрады, бермедім. Бақта жатыр, барып көр. Тамақ сұраса, бер», – деді. Келіп, шыбындардың мазалап жатқанын, жыланның қорып жатқанын көріп таң қалды. Əйелінен келіп: «Бұл кім, аты кім?» – деп сұрады. Əйелі: «Сұрамадым», – деді. Күйеуі: «Бір ғажап іс көрдім, сен де келіп көр», – деп, əйелімен келіп көрді. Жылан оларды көріп кетіп қалды. Əйелі: «Бұл бір таза адам болар, оятып тамақ бер», – деді. Күйеуі сол ағаш бұтағын суға салып желпіді. Тамшы бетіне тамып Сүлеймен оянды. Ал əйел дастарқан жайды. Сүлеймен жеті күн ораза ұстап еді, азғантай тамақ жеді. Тұрды. Дəрет алып, намаз оқыды. Үш күн қонақ болды. Сол үйдің иелерінің бір сұлу қызы бар еді. Неше адам сұраса да, бермеп еді. Əйелі күйеуімен ақылдасып: «Мына адам бізге лайық күйеу
болады, қызымызды осыған берейік», – деді. Сүлейменге айтты. «Мен қашып, қорқып жүрген адаммын. Мал-дүнием жоқ. Сендерге бай күйеу табылып қалар», – деді. Көп өтінген соң, қабылдады. Қызды Сүлейменге берді. Сол түні Сүлеймен таң атқанша намаз оқыды. Қызға қарамады. Ертесіне қыз ата-анасына айтты. Бір кемпір көршілері бар еді. Күйеуді көрейін деп, Сүлейменді көрді. Іш киімін, сəлдесінен бір кесек жыртып алып, аяғына байлапты. Кемпір: «Ей, жігіт, сен жалқау адамға ұқсайсың. Барып біреудің жұмысын жаса. Киім, тамақ тап», – деді. Сүлеймен: «Ей, кемпір, мен еш нəрсе білмеймін», – деді. Кемпір: «Мына теңіздің жағасында балықшылар бар. Сонда барып, жүк тасы», – деп зембіл əкеліп берді. Сүлеймен зембілді алып теңіз жағасына барды. Кешке дейін отырды. Ешкім жұмыс бермеді. Түнде келді, еш нəрсе алып келмеді. Ертесіне кемпір жəне келіп: «Күйеу не əкелді?» – деді. «Еш нəрсе əкелмеді», – деді. Сүлейменге қатты сөйледі. «Барып, жұмыс істе», – деді. Сүлеймен өз патшалығын сағынды. Қайғырып жылады. Зембіл көтеріп теңіз жағасына барды. Бір диқан атпен келіп, құлымен балық сатып алды. Құлы бір жағын, Сүлеймен зембілмен балықтың бір жағын көтерді. Диқанның үйіне барды. Диқан: «Алла Тағаланың құрметі жəне Сүлейменнің құрметі, мына адам жүк тасушы емес», – деді. Сүлейменнен сұрады. (Сүлеймен): «Ешқашан жүк тасыған емеспін. Қажеттілікпен бұл жерге түстім», – деді. Диқан: «Қалай түстің?» – деді. (Сүлеймен): «Мен ғаріппін. Есікке келдім. Мені баққа кіргізді. Қонақ етті, күштеп қызын берді», – деді. Диқан: «Сені қонақ қылып күткен ол ер мен əйел – діндар. Жетпіс қабат елде де осы қыздан өткен сұлу жоқ. Анау кемпір өте жаман адам», – деді де құлына: «Ана балықты пісіріп, басқа тамақпен бір ге дастарқанға жайып, мына кісінің алдына алып кел», – деді. Алып келді. Сүлеймен ораза еді, жемеді. Диқан бес батпан нан, бес батпан ет, бес батпан ұн, бес күміс ақша, бір киімдік бөзді Сүлейменге бергізді. Диқан: «Ей, жігіт, күнде маған кел. Осылай беріп тұрайын. Əр жылы алпыс киімдік бөз бен бір қабат шапан əйеліңе берейін. Мен тұрғанда қайғырма», – деді. Сүлеймен келіп, алып келгендерін əйелінің алдына қойды. Өзі намаз оқуға кірісті. Таң атқанша намаз оқыды. Ертесіне кемпір келіп: «Күйеуің не алып келді?» – деді. Алып келгенін көр сетті. Кемпір: «Мыналарды басқа жерде пісіріп қойған екен», – деді. Сүлеймен жиырма күнде сол төңірекке аты шықты. Ауруды оқып дем салса, шипа тапты. Жындыны оқып, жазды. Осылайша құрметке бөленген Сүлеймен; «Мені тауып алмасын» деп ойлап, олардан кетіп қалды. Бір тауға келді. Ол таудан еркек-ұрғашы (бір жұп) екі арыс танға кез болды. Ұрғашысы еркегіне: «Кел, мына адам баласын жейік», – деді. Еркек
арыстан келіп Сүлейменді көріп, таныды. Екеуі иіліп Сүлейменге сəлем беріп, аяқтарын сүйді. Сүлеймен патшалығынан айрылғалы отыз жеті күн өткен болатын. Біреу Сүлейменнің тағында отырған Хақиқ атты диюға келіп: «Сүлеймен кəпір болыпты», – деді. (Бұл сөз) ел ішіне тарады. «Уəттəбə'у мə тəтлу əш-шəйəтину 'əлə мулки Сулəймəнə» («Сүлеймен пайғамбардың патшалық кезінде шайтандар оқитын нəрсеге қол жеткізді»). Айқай-шу көтерілді. Асаф ибн Бархаяға келді. Асаф: «Отыз жеті күн болды, мынаның сипаты (іс-əрекеті) өзгеше. Мұны көремін» деп сарайларға барды. (Сүлейменнің) əйелдері: «Ей, Асаф, отыз жеті күн болды, Сүлейменнен хабар жоқ», – деп айқайлады. Асаф жылай бастады. Шықты да: «Не қылсаңдар да өздерің білесіңдер», – деді. Адамдар, перілер мен аң-құстардың бəрі кетті. Ғалымдар мен діндарлар Сүлейменнің тағында отырған Хақиқ диюға бас салды. Дию қашып, теңізге келді. Қолындағы жүзігін алып, суға салды. Жаратушы Алла Архам атты балыққа аян берді. Ол жүзікті алып жұтты да: «Құдайым, бұл менің құтым ба?» – деді. «Ол сенің құтың емес. Менен саған жарлық болғанша сақта», деген жарлық келді. Балық: «Құдайым, оны сақтағаным үшін не бересің?» – деді. «Балықтарға патша бол» деген жарлық келді. Архам қуанды. Содан кейін Сүлеймен баяғы кентке келді. (Балықшылар) Сүлейменді құрметтеп, «Бізге жұмыс істеме. Бүгін қанша балық ұстасақ, (бəрін) саған берейік», – деді. Ау тастады, еш нəрсе түспеді. Үлкендері: «Бүгін оны құрметтеңдер. Оның атына ау салыңдар», – деді. Он бір ау салды. Кешке дейін еш нəрсе ілінбеді. Үшінші күні де еш нəрсе ілінбеді. Төртінші күні Сүлейменнің тағынан айырылғанына қырық күн толып еді, Сүлейменге: «Сен ау таста», – деді. Сүлеймен тік тұрды. Он адам ау тастады. Теңізді билейтін Фирқайыл атты періштеге жарлық келді. (Фирқайыл) балықтарды алып торларға іліндірді. Əрбір торға жүз мың балық түсті. Содан кейін: «Сүлеймен, сен тор таста», – деді. Сүлеймен тастаған уақытта Архам келіп түсті. Архамның нұрынан əлем жарқырады. Жаратушы Алла Архамға тіл берді. Сүлейменге: «Қолыңды аузыма сұқ», – деді. Сүлеймен қолын сұққан уақытта қолына жүзік ілінді. Саусағына салды. Барша дию, пері, ұшқан құстардың бəрі Сүлейменнің айналасына жиналды. Балықшылар: «Сен кімсің?» – деді. (Сүлеймен): «Сүлеймен пайғамбармын», – деді. (Олар): «Ей, Расулулла, бұл не жағдай?» – деді. (Сүлеймен): «Мен Жаратушы Аллаға күнəлі болдым, мені жазалады», – деді. Сол сəтте Жебірейіл Жаратушы Алланың сəлемін жеткізді. Жəне: «Төрт қате іс жасадың, сені кешірдім. Бірінші, Кунаны Исламға кіргізбестен алдың; екінші, кəпір əйелді (өзіңе) некеледің; үшінші,
сол үшін пұт жасаттың; төртінші, шегірткені құрбандыққа бердің» деген жарлық келді. Бəрін білген уақытта Сүлеймен сəжедеге бас қойды. Алла Тағала жəне мемлекетке қайтарды. Желге жарлық болып еді, бір мұнара алып келді. Əйелін салып көтерді. Жəне шөл далаға алып келді. Сүлеймен табыт жасатты. Кунаны соған салып, теңізге тастады. Жəне Хақиқ диюді ұстады. Мың батпан темірді мойнына асып, қол-аяғын байлап, теңізге салып опат етті. (Осылайша) өз орнына отырды. Ей, бауырым, Сүлеймен қиссасында көп қателер бар екенін біл. Соның біреуі Куна есімді қыз хикаясы еді, соны айттық. Бұның бəрі жалған сөздер. Бірінші қате – ол үлкен күнə болады. Бұдан кейін кімде-кім пайғамбар үйінде пұтқа табынса, (пайғамбар) оны білмесе, сен əйеліңнің етеккірі келгенін білмесең, пасық боларсың. «Субханаллаһ» («Алла пəк»). Сүлеймен пайғамбар үйінде пұтқа табынды, білмеді дерсің. Екінші қате – Сүлейменнің əйелі пұтқа табынса, кəпір болатын еді. Сүлеймен кəпірді некелеп алмайтын еді. Егер (əйелінің) кəпір екенінен білмесе, Жаратушы Алла хабар беретін еді. Үшінші қате – шайтан Сүлейменнің бейнесіне кіріп, жүзік алды дейді. Олай болса, Жаратушы Алла жəне бір адамды сенің бейнеңе айналдыруға құдіреті жоқ па? Төртінші қате – Сүлейменнің бейнесі өзгерді дейді. Бейнесі өзгерсе, өзгеріс болады. Кімде-кім мұны дұрыс деп қабылдаса, шайтанды пайғамбарлыққа лайық көрген болады. Бесінші қате – дию Сүлейменнің əйелдерімен жалғыз қалды дейді. Олай болса қай қыз күйеуіне қыз (болып) келеді. Жаратушы Алланың үкімі мынау: мұсылмандардың малы мен арында шайтанның билігі жоқ. Бұл сөздердің бəрі жалған. Ақымақтардан, кəпірлерден, діннен безгендерден мұсылмандардың аузына түсіп, білмегендіктен айтты. Алтыншы қате – пайғамбарлардың əйелдерінің басқалармен некелесуі харам. Жетінші қате – шайтан Сүлейменнің тағына отырды дейді, аяттан дəлел келтіреді, бұл да қате (пікір). Себебі бұл іштарлық кездесу Сүлейменге тақ пен үлкен патшалық берілмеген, дию да бағынбаған кезде еді. Тақ пен үлкен патшалық болмаса, дию да бағындырылмаса, жүзікті кім алады? Сүлейменге бұл патшалық берілмейтін еді. Келесі айғақ мынау – Сүлеймен бұл сөзден кейін мына дұғаны жасады: «Рабби-ғфирли уə хəб ли мулкəн лə йəнбəғи ли əхəдин мин бə'ди иннəкə əнтə əл-уəһһəб» («Ей, Жаратушым, мені кешір, Маған бір патшалық сыйла, менен кейін ондай патшалық ешкімде болмасын. Сен шынайы сыйлаушысың»). Енді сауап (болсын), дұрыс тəпсірді баяндайық. «Иншаллаһу тə'əлə» («Алла Тағала қаласа»). РИУАЯТ: Имам Жақып Суфиян өзінің тəпсірінде жəне Каффал Шаши (Алланың оған мейірімі болсын) Əбу Хурайрадан (Алла одан
разы болсын), ал ол Мұхаммед Мұстафадан баяндайды: «Сүлеймен фитнасы бар еді. Бұл таққа жасалған іштарлық кім еді?» – деді. Расул (ғ.с.): «Жаратушы Алла Сүлейменге кəпірлермен соғысуды бұйырды. Ол уақытта Сүлейменнің жетпіс əйелі бар еді. Тағы бір деректе тоқсан əйелі бар еді делінеді. Сүлейменнің əскер бастар ешкімі (қолбасшысы) жоқ болатын. Бүгін осы тоқсан əйеліммен жақындасайын деген көңіліне ой келді. Жаратушы Алла əрқайсысынан бір ұлдан берсе, əскер бастар бектеріммен төрт тараппен соғысатын едім. (Алайда) «Иншаллаһ» («Алла қаласа») деуді ұмытты. Сол түні барлық əйеліне барды. Сексен тоғызы көтерместен, біреуі жүкті болды. Шала қолды, шала аяқты, шала көзді, шала құлақты бір ұл туылды. Солай болса да, Сүлеймен оны жақсы көретін. Тақтың үстіне қойды», – деді. Расул (ғ.с.): «Ол Жаратушымен ант етемін, мені ақиқатпен халыққа (елші етіп) жіберді. Егер Сүлеймен «Иншаллаһ» («Алла қаласа») дегенде, əр əйелінен бір ұлдан сүйетін еді. Бəрі əскер бастайтын еді. Сүлеймен оның неден болғанын білмеді. Дұға мен мінажатқа кірісіп: «Раббиғфир ли уə хəб ли мулкəн лə йəнбəғи ли əхəдин мин бə'ди иннəкə əнтə əл-уəһһəб» («Ей, Жаратушым, мені кешір, Маған бір патшалық сыйла, менен кейін ондай патшалық ешкімде болмасын. Сен шынайы сыйлаушысың»), – деді. «Уə лəқад фəтəннə Сулəймəнə уə əлқайнə 'əлə курсиһи жəсəдəн суммə əнəб» («Расында Біз Сүлейменді сынадық жəне оның тағының үстіне өлік денені тастадық, содан соң ол тəубе жасап Біз жақа қайтты»). Мағынасы мынау: Сүлейменге ауыр бейнет бердік. Сүлейменнің денесін тақ үстіне қойдық. Ол шала туылған нəрестеге сол күні Сүлейменмен үлкен патшалық жоқ екен (Сүлейменмен бірге патшалық ету нəсіп болмаған екен). Дəуіт пайғамбардың тағын мұра етіп алған еді. «Уə уəрисə Сулəймəну Дəуудə» («Жəне Сүлеймен Дəуіттен мирас алды»). Сүлеймен Жаратушыға: «Раббиғфир ли нисиəнə зикрик» («Ей, Жаратушым, Сенің атыңды айтуды ұмытқаным үшін мені кешір»), – деді. Қаншалықты одан бұл қорлық болмаса да, пайғамбар оны өзіне үлкен ауыртпашылық білді. Сол себепті Жүсіп қиссасында: «Узкурни 'индə раббикə фə əнсəһушшəйтану зикра раббиһи» («Иеңнің қасында мені есіңе ал, алайда шайтан иесінің қасында есіне салуды ұмыттырып қойды») деп жарылқады. Жəне «Уə хəб ли мулкəн лə йəнбəғи ли əхəдин мин бə'ди» («Маған бір патшалық бер, менен кейін ешкімде ондай патшалық болмасын»), (яғни) «Құдайым, мені жарылқа, маған патшалық бер. Ондай патшалық ешкімге нəсіп болмасын», – деді. Жаратушы Алла ол дұғаны қабылдады. «Фə сəххəрнə лəһу əр-рихə» («Біз оған желді бағындырып бердік»), яғни «Желді Сүлейменге бағындырдық». Шығыстан батысқа дейін біреу Сүлейменге қарсы сөз айтса, жел оны Сүлейменге жеткізетін. Кейбіреулер өзгелер оған шүкіршілік ете алмайды, мен шүкіршілік етейін, халыққа шапағат болсын деп, сол дұғаны жасады дейді.
Алайда бұл əлсіз дерек. Олай болса əлемде одан асқан шүкіршілік етуші пенде жоқ деген мағына шығады. Мұстафа (ғ.с.) ның олардан абзал болатындығы барша пайғамбарларға белгілі еді. Кейбіреулер «Мин бə'ди əй мə'и» («Менен кейін дегені, яғни менімен бірге дегені») деген болар, – деді. Бұл деректі қате дейді. Себебі Расул: «Мен намаз оқып жатқанымда намазымды бұзғалы бір дию кірді. Ұстап, байлап тастадым. Бауырым Сүлейменнің «Мин бə'ди» («Менен кейін») дұғасы ойыма түсіп, байлағанымда, бүгін сендер көретін едіңдер», – деді. «Фə сəххəрнə лəһу əр-рихə» («Біз оған желді бағындырып бердік»). Желді көлік етіп бердік жəне диюларды оған бағындырдық. Тас ғимараттар тұрғызды. Бірнешеуі теңізден інжу, гауһар шығарды. Бас қа күшті атақтыларын теңіз түбінде, бақшада, кісенде ұстады. «Уə əш-шəйəтинə куллə бəннəин уə ғəууəсин уə əхəринə муқаранинə фи əл-əсфəд» («Сондай-ақ Біз Сүлейменге жəне диюлардан болған құрылысшыларды жəне сүңгушілерді жəне шынжырларда байланып тұрған бірнеше дюларды бағындырып бердік»). Хабарда келеді: Ақыр заман жақындаған уақытта халықты азғыру үшін бəрі де босатылады. (Алла) жəне: «Һəзə 'əтаунə» («Бұл Біздің саған сыйлаған нəрсеміз»), – деді. Ей, Сүлеймен, мына біздің саған деген сыйымыз. Қаласаң, басқаларға бер. «Фəмнун» («Бер одан»). Қаласаң, өзіңде ұста. Қиямет күні сенімен жұмысымыз жоқ, саған бейнет жоқ. «Əу əмсик би ғайри хисəб» («Немесе өзің қолыңда ұста, есебі жоқ»). Жəне: «Мына Сүлейменнің Біздің құзыретімізге жақындығы бар», – деп жарылқады. «Уə иннə лəһу 'индəнə лəзулə уə хуснə мəəб» («Ол үшін Біздің қасымызда жақындық жəне жақсы салдар бар»).
ХҰТХҰТ ТУРАЛЫ (Деректерде) көктегі құстар Сүлейменге көлеңке жасайтын еді деген сөз бар. Əр түрлі құстар бір құстық жерді ұстайтын. Имам Қалбидың айтуынша, қырық құстық жерді ұстайтын. Бір құстың кеткенін Сүлеймен көрді. Сүлейменнің тағына ай көлеміндей күн түсті. Жоғары қарап еді, хұтхұт құсты көрмеді. «Бұған не болды, хұтхұт құс көрінбейді, ол жоғалды ма екен?» – деді. «Уə тəфəққадəт тайра уə қалə мə ли əра əл-худхудə əм кəнə мин əл-ғайибин» («Ол (Сүлеймен) құстарды көзбен шолып шығып: «Не болған, хұтхұт көрінбейді немесе ол жоқ па?», – деді»). Жəне: «Егер жақсы хабар алып келмесе, қалай да оны қатты жазалаймын немесе бауыздаймын», – деді. «Лəу 'əззибəннəһу 'əзəбəн шəдидəн əу лə'əзбəхəннəһу əу лəйəтиəнни бисултанин мубинин» («Мен оны қатты азаптаймын немесе, сөз жоқ, соямын, немесе ол маған ғайып болған нəрсені күшті айғақпен дəлелдейді»). Ибн Аббас (Алла одан разы болсын) айтуынша, хұтхұт құс судың қайда барын білетін. Сүлеймен сапарда кезінде суға мұқтаж болды. Хұтхұт су іздеп, көкке көтерілді. (Кейбіреулер) хұтхұт тастың ішіндегі суды көреді дейді. Биік көкке көтерілгені соншалық, жиырма иғаштық жер көрінді. Артына қарап еді, Сүлейменнің əскерін көрмеді. Алдына қарап еді, бір тауды көрді. Сол тауға барып қонды. Бір ғаріп хұтхұт құсты көрді. «Атың кім?» – деп сұрады. Ол: «Атым Ақба», – деді. Сүлеймен хұтхұтынан: «Сенің атың кім?» – деп сұрады. «Атым Жақып. Парсы аймағынан келе жатырмын. Сүлеймен есімді патшам бар. Ол барша адамның, диюлар мен перілердің, құстар мен құмырсқалардың патшасы», – деді. Ақба: «Біздің де бегіміз бар. Патшалығын айтып жеткізсе болмас», – деді. Жақып: «Оның патшалығын көрсет», – деді. Ол хұтхұт Сүлейменнің хұтхұтын Билқис аймағына алып барды. Ол аймақты Саба дейтін. (Біреулер) берік қамалы бар он үш қала еді дейді. Билқис та Мареб деген қалада еді. Сонда Сүлейменнің хұтхұты кіріп, Билқистың сарайын көрді. Өте əдемі екен. Жер бетінде теңдесі жоқ бір қыз тақ үстінде отыр. Ол тақтың ұзындығы қырық қари, ені он екі қари. Қызыл алтыннан (жасалған), төрт аяғына мəрмəр орнатылған. Əр аяғында қызыл алтыннан (жасалған), əрбір арыстанның үстінде күмістен (жасалған) бір сəкі, əрбір сəкінің үстінде күмістен (жасалған) бір араба, əр тарапында күмістен (жасалған) бір піл, əрбір пілдің үстінде алтыннан (жасалған) бір арыстан, əрбір арыстанның үстінде қызыл алтыннан (жасалған) бір құс, əрбір құстың үстінде қызыл жақұттан бір тауыс, əрбір тауыстың үстінде таза жақұттан бір қаршыға, қанаттары інжуден, əрбір қаршығаның басының үстінде бір аққу еді. Басында таза жақұттан бір гүл, тұмсықтары қызыл
жақұттан, тұмсығында жұмыртқадан үлкен бір түйір інжу ілулі. Ол тақтың ортасында он аршын бір мұнара, жасыл матамен, гауһармен безендірілген төрт есікті тақ еді. Бір есігі хрустальдан, бірі ақықтан, бірі жақұттан, бірі жұмыртқаның ішкі қабындай ақ күмістен. Ішінде сыртынан көрінетін бес перде бар еді. Ол мұнараның алпыс түңлігі бар еді. Ол түңліктерден күн түссе, ол гауһарлар жарқырайтын. Сол түңліктен түскен күнге Билқис сəжде жасайтын. (Деректерде) Сүлеймен хұтхұтын жоғалтып алған соң, түс кезінде күннің ыстығынан күн түсті дейді. Шөлдеді. Су таппай бара жатып, бір шымалды көрді. Түсіп қарап еді, шөлдеп: «Тəңірім, мені Сен жараттың, Сенің пендеңмін, шөлдедім, су бер. Егер ажалым жетсе, өлім бер, құтылайын», – деп жатыр екен. Оның дұғасын есітіп: «Əмин», – деді. Жаратушы Алла шымалдың дұғасын қабылдады. Бұлт келіп, жаңбыр жауды. Тау, дала суға толды. Содан кейін Сүлеймен хұтхұтты тауып келіңдер деп, тырнаны, бүркітті, самұрықты жіберді. Іздеп шықты, хұтхұтты жолда көрді. Шаршап-шалдығып, аузын ашып келе жатыр екен. (Құстар): «Сүлеймен саған ашуланып жатыр. Қатты жазалаймын деп жатыр», – деді. Хұтхұт: «Иншалла деді ме?» – деді. (Олар): «Жоқ», – деді. Сүлейменнің қатты азаптағаны былай болатын. Құстардың қанатын жұлып, күнге тастайтын. Шымалдар келіп оны тістейтін. Қырық күннен кейін түгі өсіп, құтылатын. Хұтхұт қайтып келді. Сүлейменнің иығына отырды. Сүлеймен: «Осыған дейін бізге айып жасадың, есік мақамынан ғайып болдың, қызметті тастадың. Енді келіп тағыма сүйеніп отырасың ба?» – деді. Хұтхұт: «Барғанымда көрмеген жерлерді көрдім. Сен көрмеген нəрсе туралы хабар алып келдім», – деді. «Фə қалə əхəтту бимə лəм тухит биһи уə житукə мин сəбəин бинəбəин йəқинин» («Дереу ол (Хұтхұт): «Саған белгілі болмаған бір нəрсенің хабарын айтайын. Саба мемлекетінен саған анық бір хабар келтірдім», – деді»). Сүлеймен: «Қандай хабар əкелдің?» – деді. (Хұтхұт): «Сабадан келдім, ашық хабар жеткіздім», – деді. Сүлеймен: «Ол қандай хабар екен?» – деді. Хұтхұт: «Бір əйел көрдім, патшалық етеді. Оған барлық нəрсе беріліпті, өте үлкен тағы бар», – деді. «Инни уəжəдтум раəтəн тəмликуһум уə утийəт мин кулли шəйин уə лəһə 'əршун 'əзимун» («Мен бір əйелді көрдім, ол сол мемлекетке патшалық етеді. Оған əрқилы байлықтан берілген жəне оның үлкен бір тағы бар»). «Ол əйелдің өз қауымымен бірге Жаратушыдан басқа күнге табынатынын көрдім», – деді жəне. «Уəжəдтуһə уə қаумəһə йəсжудулə ли əш-шəмси мин дуниллəһи» («Ол əйел мен оның қауымының Алланы қойып, күнге табынатынын көрдім»).
Сүлеймен: «Рас не өтірік сөйлеп тұрғаныңды көрейік», – деді. «Сəнəнзуру ə садəқтə əм кунтə мин əл-кəзибин» («Тура сөйлеп тұрсың ба əлде өтірікшілерденсің бе, көрейік»). Сүлеймен үш хат жазды. Сол хат мынау: «Əн лə тə'лу 'əлəйиə уə'туни муслимин» («Сендер маған үлкендік жасамаңдар, маған мұсылман болып келіңдер»). Мағынасы: «Мына хат Сүлейменнен. Жаратқан, жеткізген, кешірген Тəңірдің атымен (бастаймын). Менімен қасарыспа. Келіп мұсылман болыңдар. Бұл хат жазылды». Мөр басып, хұтхұтқа беріп тұрып: «Мынаны алып Билқисқа бер», – деді. Хұтхұт хатты тұмсығымен тістеп, ыстық күнде Билқисқа келді. Билқис сарайлардың есігін құлыптап, күзетшілеріне күзетіп, өзі ішке кіріп, тақ үстінде ақ жібек жамылып жатыр еді. (Деректерде) Билқис жатқан сарайдың бір бөлмесі ақықтан, бір бөлмесі жезден, бір бөлмесі хрустальдан, бір бөлмесі мəрмəрдан еді. Ені қырық сегіз қари, ұзындығы алпыс қари, биіктігі отыз қари. Бір түңлігі күн шығар жақта, бір түңлігі күн батар жақта. Сарайға күн түссе, сəжде жасайтын. Билқис сол сарайда ұйықтап жатқанда хұтхұт түңліктен кіріп, хатты алдына қойды. Оянбады. Хұтхұт алдына қонып, екі көкірегінің ортасын тұмсығымен шұқыды. Соның ауруын сезіп оянды. Хұтхұт ұшып түңлікке қонды. Билқис тұрып отырды, ешкімді көрмеді. Алдына он жасар ұл баладан, он үш жасар қыз балалардан басқа ешкім кірмейтін. Сақшыларды жинады. «Мына хатты кім əкелді?» – деп сұрады. Ешкім білмеді. Сонда хұтхұт түңліктен дауыс шығарды. Билқис хұтхұтқа: «Мына хатты сен əкелдің бе?» – деді. «Ия», – деді. Билқис ол хатты Тəңірден деп ойлады. Ақ жібекке орады. Басына қадап, таққа жантайып отырды. Дағин есімді уəзіріне айтты. Барлық бектерін əскерімен шақыртты. Хатты қолына алып: «Ей, халық ақсүйектері, мына құс маған хат əкелді. Алла Тағаланың жарлығы деп білемін», – деді. «Йə əйиуһəл мəлəу инни улкийə илəйиə китəбун кəримун» («Ей, ел ақсүйектері, маған құрметті жерден бір хат алып келді»). Бектер: «Ей, ханшайым, хатты оқы, не екенін көрейік», – деді. Билқис: «Иннəһу мин Сулəймəнə уə иннəһу бисмиллəһир рахмəнир рахим əн лə тə'лу 'əлəйиə уə'туни муслимин» («Əрине, бұл хат Сүлейменнен. Əрине, ол рахымды һəм мейірімді болған Алланың атымен бастайды жəне сендер маған үлкендік жасамаңдар, маған мұсылман болып келіңдер дейді»). Билқис қорқып, жүзі сарғайып (бозарып) кетті. «Ей, ханшайым, қаншама патшалар саған хат жазды. Қорықпайтын едің, енді не болды?» – деді (олар). Билқис: «Басқа патшалар көтермеген мəселені мына адам көтеріп жатыр. Басқалар патшалық қалады. Мына адам пайғамбарлықты айтып жатыр. Сендер ұлықтар жауап беріңдер, сендер болмайынша мына іске қол ұрмаймын, яғни сендерсіз басқа іс істемеймін», – деді. «Қалəт йə əйиуһəл мəлəу əфтуни фи əмри мə кунту қати'əтəн əмран хəттə тəшхəдуни» («(Ол (Билқис): «Ей, мемлекет ақсүйектері,
бұл істе маған бір кеңес беріңдер. Сендер менің құзырыма жиылып келмейінше, мен бірер шешім шығармай тұрамын», – деді»). Олар: «Бізге қарағанда күшті, еркі өзінде патша сенсің. Қарап іс қыларсың, біз соны жасаймыз», – деді. Билқис бұлардың сөзін есітіп қуанып: «Мына адаммен соғысу керек емес. Оның қолы бізден ұзын келсе, елді бізден алып қоюы мүмкін», – деді. (Деректерде) Билқистың мұсылман болу ойында бар еді деген сөздер бар. Əскер мені тыңдай ма, тыңдамай ма деп ойлайтын. Жаңа патшалар елге кірсе, ақсүйектерді жазалайды деп, оларды қорқытты. «Қалəт иннə əл-мулукə изə дəхəлə қариəтəн əфсəдуһə уə жə'əлу ə'иззəтə əһлиһə 'əзиллəтəн» («Ол (Билқис): «Егер патшалар бір шаһарға кірсе, оны ойрандайды жəне үлкендерін қорлайды», – деді»). Осы сөздерді Билқис айтты. Одан Жаратушы Алла жарылқады. Солай істеді. Билқис: «Мен оған мал-дүние жіберейін. Егер мал-дүниені алса, біздің қолымыз мықты келгені, егер алмаса, Тəңірлік адам болғаны, онда мойынсұнамыз», – деді. «Уə инни мурсилəтун илəйһим биһəдиəтин фə нəзиратун бимə йəржи'у əл-мурсəлун» («Мен оларға бір сыйлық жіберіп қараймын, елшілеріміз немен қайтады екен»). Əмір берді, ақ піл əкелді. Əрқайсысы мың батпан болатын екі алтын кірпіш жасатып, пілге артты. Хрусталь екі тостаған, бірі – отты, бірі – отсыз, екі інжу əкелді. Күміспен безендірілген бес жүз алтын табақ, алтынмен безендірілген бес жүз күміс табақ. Гауһармен көмкеріліп, қызыл алтынмен жасалған бір тəж (салды). Жібек, əтілес, жүз зиманы жəне еуропаның жібек матасынан (тігілген) мың шапан. Жезден, ақықтан, хрустальдан (жасалған) мың жібек ыдыс, табақ, қазан. Қызға ұқсаған он бес жігіт, ер жігітке ұқсаған он бес қыз жіберді. Бəрі бірдей киінген. Елу байтал, бір айғыр. (Оның) оны құла, оны қара, оны боз, оны ала, бірі шұбар. Зуюғ есімді қазысын, Рафиғ есімді уəзірін, Дағин есімді күзетшісін осыншама мал-дүниемен Сүлейменге жіберді. Жəне сəлем айтыңдар, – деді. Жəне: «Егер сен пайғамбар болсаң, мына тесігі бар інжуге ешкім қол тигізбестен жіпке тізсін жəне тесігі жоқ інжуге адам не перінің қолы тиместен тесілсін, жəне мына жастардың қайсысы ұл, қайсысы қыз екенін айырсын, жəне қол тигізбестен мына тостағандарды сумен толтырсын, ол су көктен жауған немесе жерден шыққан су болмасын жəне байталдардың тұлы қалай тұрарын білсін», – деп сəлем жолдады. (Олар) жолға түскен уақытта диюлар келіп, Сүлейменге хабар жеткізді. Сүлеймен диюларға айтып, бір алаң жасатты. Жерден сарай есігіне дейін төрт иғаштық еді. Жəне əмір беріп, таулардан ясси тастар алдыртты. Алаңға төсетті. Бір алтын, бір күміс кірпіштен тағы бір арнайы алаң жасатты. Жəне əмір беріп, алтыннан төрт мың кірпіш құйдыртты, əрбірі екі жүз батпан. Əрбір бұрышында бір гауһар тас орнатылған. Төрт кірпіштің орнын бос қалдырды. Төрт мың аттың аяғына алтыннан таға қақтырып, бəріне алтын ер
жапты. Төрт мың сиырдың мүйізіне алтын тақты. Төрт мың құлға патшаныкіндей шапан кигізіп, қолдарына желдеткіш берді. Он мың алтын күрсі оңында, он мың күміс күрсі солында еді. Өзі таққа мінді. Адамнан болған қолбасылары оңынан, перілер солынан, диюлар алдынан, батырлар артынан, ұшатын құстар ауада қанатын қанатына жалғап көлеңке етіп тұрды. Бұлтқа əмір беріп, жұпар иіссудан əкеліп Сүлейменнің айналасына септі. Жəне айналасындағы ағаштардың тамыры күмістен, жапырақтары алтыннан, бұтақтары жасыл зəбəржəдтан, жемістері жақұт, інжуден еді. Сүлеймен биіктігі алпыс қари бір мұнара ішінде отырды. Билқис елшілері келіп, рұқсатпен кірді. Мұндай салтанат пен кереметті көріп аң-таң қалды. Бұлт келіп, үстеріне інжу, жақұт құятын. Елшілер Сүлейменге: «Ханшайымымыз сізге сəлем жəне тартутаралғы жіберді», – деді де: «Сен пайғамбар болсаң, тесік інжуге қол тигізбестен жіпке тіз. Жəне тесігі жоқ інжуге адам мен перінің қолын тигізбестен тесіп, жіпке өткіз. Еркек ұлдардан қыздарды қол тигізбестен айыр. Тостағандарды көк, жер суынан басқа сумен толтыр. Байталдардың тұлын анықта», – деді. Сүлеймен (ғ.с.): «Мына інжулерді адам, дию, пері емес тілсе, кім болады», – деді. Ағашты жеген күйе келіп інжуді тесті, балшықта жатқан қызыл құрт келіп жіп өткізді. Қайсысы ұл, қайсысы қыз екенін білу үшін қолдарына су құйды. Суды аз құйғандарын ұл деді де, суды көп құйғандарды қыз деді. Солай аттарын жүгіртті. Аттың терімен тостағандарды толтырды, байталдардың тұлын Жебірейіл (ғ.с.) келіп айтып берді. Інжу тескен құрт: «Ей, Сүлеймен, жаратушыдан сұра, маған жерден несібе берсін», – деді. Сүлеймен дұға жасады, ағашты жеу оған нəсіп болды. Жəне інжуге жіп өткізген құрт та жерден несібе сұрады. Сүлеймен дұға жасап, балшықтан несібе берді. Билқистың елшілері: «Сенің Тəңіріңе иман келтірдік», – деді. Жəне алып келген тарту-таралғыларын Сүлейменге сыйлады. Сүлеймен оған ашуланып: «Мені мал-дүниемен айнытасыңдар ма? Жаратушы Алланың маған бергені сендердің əкелгендеріңнен артық. Ол малдүниемен сендер қуанасыңдар», – деді. «Ə тумиддунəни бимəлин фə мə 'əтинийаллаһу хайрун миммə 'əтəкум бəл əнтум биһəдийəтикум тəфрахун» («Əлде маған малмен көмектеспекшісіңдер ме? Маған Алла Тағала сендер бергеннен де жақсырағын берген. Сендер болсаңдар маған сыйлықтарыңмен риза болып жатырсыңдар»). Жəне: «Қайтыңдар! Оларға айтыңдар, Сүлейменге мойынсұнсын. Немесе көп əскермен барып, бəрін шығарамын. Біреуді өлтіріп, біреуді азаптаймын», – деді (Сүлеймен). «Иржи' илəйһим фə лəнə'тиəннəһум бижунудин лə қибəлə лəһум биһə уə лəнухрижəннəһум минһə уə һум сағирун» («Олардың алдына қайтып бар. Жəне біз сондай əскермен жетіп барамыз, олар оған қарсы тұра алмайды. Жəне біз оларды сол жерден азаптап шығарамыз»). Елшілер мал (дүниесін) алып, қайтып келді. Сүлейменнің сөзін
жеткізді. Иемен патшаларын жиып, хабар сұрады. Билқис: «Сүлеймен шынайы пайғамбар екен, оған бармаса болмайды», – деп, төрт жүз күңін алтын, інжумен безеді. Төрт жүз түйеге алтын, күміс, ғажайып заттар артты. Төрт мың адам аттандырып, əндетіп Саба елінен шықты. (Деректерде) Билқистың өте сұлу екендігі, Сүлейменге көңілі ауып қарсы жүргендігі, айтылады. (Біреулер) қазынаның есіктерін құлыптады жəне тастан бір үй жасатып, төбесін темірмен жауып, қорғасынмен бекітіп, Билқистың тағын сонда қойды дейді. Күнде мың қарулы күзет қойды. (Кейбіреулер) он екі мың қолбасшы, он екі мың құл, он екі мың күң, он екі мың қызметші пілдер мен түйелерге мініп, Сабадан шығып, жолға түсті дейді. Хұтхұт құс бұрын келіп хабар жеткізді. Перілер қорықты, себебі Билқис перілердің ұрпағынан еді. (Олар): «Егер Сүлеймен келіп, неге Билқис туралы айтпағансыңдар десе, не деп жауап береміз?» (деп ақылдасты). (Олар ақылдаса келе): «Айтпаған себебіміз, Билқистың аяғы есектің аяғы секілді деп жауап берейік. Солай демесек, Сүлеймен Билқисты алып, біздің (хəліміз) нашарлайды», – деп мұны Сүлейменге айтты. Сүлеймен аң-таң қалып: «Оны қалай көремін», – деді. Асаф ибн Бархаямен ақылдасты. Асаф Мирбат ибн Сахарға айтып, бір үй тұрғыздырды. Жүз аршын ішінде екі мұнара, əр мұнараға шыныдан бір үй салды. Сол үйдің ішіне бір һəуіз жасатып, сумен толдырды. Ішіне су жануарларынан салды. Сүлеймен əмір беріп, қызыл шыныдан сол судың бетіне жапқыш, он сегіз күндік жерге алуан түсті қытай матасын, əтілес төсетті. Он сегіз күндік жер алуан түсті қытай матасымен, əтілеспен жүрді. Бұлтқа əмір беріп, бір күндік жерге дейін бастарына күміс, шекер жауғызды. Сүлеймен хұтхұттан: «Тағын əкелдің ба?», – деді. Сүлеймен ол таққа көңілі кетті. Асафпен ақылдасты жəне шайтандарға: «Билқис маған келместен бұрын қайсыларың оның тағын алып келесіңдер?» – деді. Бір үлкен дию: «Сен үкім шығарғанша мен осында жеткіземін. Бұл іске шебермін», – деді. «Қалə əл-лəзи 'индəһу мин əл-жинни əнə əтикə биһи қаблə əн тəқумə мин мəқамик» («Жындардан болған бір дию: «Сен орныңнан тұрғанша, мен оны алып келемін», – деді»). Сүлеймен: «Одан да жылдам керек», – деді. Сүлейменнің қас уəзірі болған Асаф ибн Бархая: «Сен көзді ашып-жұмғанша əкелейін», – деді. «Қалə əл-лəзи 'индəһу 'илмун мин əл-китəби əнə əтикə биһи қаблə əн иртəддə илəйкə тəрфукə» («Алланың кітабы туралы хабары болған ол: «Мен көзді ашып-жұмғанша алып келемін», – деді»). Сүлеймен көзін жұмды. Асаф: «Ей, Хəйиу, ей, Қайиум», – деді. Алла Тағала жарлық жеткізді. Микəил Билқистың тағын көтеріп Асафтың қолына берді. Сүлеймен көзін ашты. Тақты алдында көрді. Əмір беріп, алтын орнына күміс орнатты, күміс орнына алтын орнатты. Жақұтты інжудің орнына, інжуді жақұттың орнына қойды. «Көрейін (Билқис тағын) таныр ма, танымас па екен», – деді. «Нəккиру лəһə 'əршəһə» («Оның тағын өзгертіп қойыңдар»).
Ертесіне Билқис шаһарға кірді. Жаяу еді. Билқис соны есітіп, періштелерге əмір беріп, аттандырды. Бұлтқа айтып, Билқистың үстінен інжу, жақұт, шекер, əнбəр жаудырды. Билқис бұл кереметтермен Сүлейменнің қасына келді. Салтанат тағының үстінде отырғанын көрді. Адам, дию, пері, көктегі құс, жел, бұлт – бəрі (оның) қызметінде екен. Билқис оны көріп жылап, патшалығын ұмытты. Асаф келіп, Билқисты тақ үстіне отырғызды. Сүлеймен: «Ей, Билқис, бетіңді аш!» – деді. Перде ашылып, Сүлеймен (Билқистың) жүзін көрді. Ондай (сұлу) жүзді көрген жоқ еді. (Сүлеймен): «Ей, Билқис, оның (Алланың) пендесі бола тұра, соншама нығмет берсе де, күнге табынады екенсің, ұялмайсың ба?», – деді. Билқис: «Ей, патша, кінəлі пенденің Тəңір емес, сен де емессің», – деді. Сүлеймен өкінді. Билқис жылап: «Өзіме зұлымдық жасадым. Енді Тəңірге қайттым.Сенің дініңді қабылдадым», – деп Сүлеймен тағының аяғын сүйді. Жебірейіл келіп: «Ей, Сүлеймен, істегендерін кешірдім, тəубесін қабылдадым» деген (Алланың) жарлығын жеткізді. Сүлеймен сүйінші сұрады, Билқис қуанды. Көзі өзінің тағына түсті. Сүлеймен: «Мына сенің тағың ба?» – деді. «Кəəннəһу һузə» («Сол секілді»). (Кейбіреулер) Сүлеймен Билқистың зеректігіне таң қалды дейді. Алыстан мұны кім алып келді, менікі демеді. Барлық өрнектерін көріп, менікі емес деді. «Менікі секілді екен», – деді. Сүлеймен асығып, аяғын көрейін деді. «Перілер айтқандай екен», – деді. (Сүлеймен): «Ана шыныдан жасалған үй сенікі, кір», – деді. Ішінде жануарлар бар су көрді. Шыны барын білмеді. Балтырын көтерді. Сүлеймен мені мына суда өлтіреді екен деп ойлады. «Мені өлтірме, саған мал-дүние берейін... Мені суда өлтірме», – деді. Сүлеймен: «Кір», – деді. Билқис аяқ киімін шығарып, балтырын жалаңаштап, су деп басты. Екінші аяғын қойғанда су емес екенін білді. Сүлейменнің мақсаты қалай екенін көру еді. «Фəлəммə раəтһу нəсибəтһу лужжəтəн уə кəшəфəт əн сəқайһə қалə иннəһу сархун мумаррадун мин қауəрира» («(Билқис) оны көрген уақытта һəуіз деп ойлап, етегін көтеріп аяқтарының балтырын ашты, сонда Сүлеймен: «Бұл шынылардан əшекейленіп жасалған сарай», – деді»). Билқис қолбасыларымен сол үйге кірді. Сүлеймен: «Қаласаң, сені бектеріңе берейін, қаласаң, менің бектеріме берейін», – деді. Билқис: «Менің бектерім менімен еді, сенің бектерің де керек емес. Мен оған мұқтаж емеспін. Сен мені алатын болсаң, келісемін», – деді. Сүлеймен Билқисты алды. (Кейіреулер) Билқис туралы екі сөз айтты дейді. Біріншісі (есектің) аяғына ұқсайды. Екіншісі сүйегіне түк шыққан деді. Балтырын шығарып, суға кіргенде аяғын көрді, олар айтқандай емес екен. САУАЛ: Ақ етпен қара айып болмайды. Араб та ақтың үстіне қараны жақсы көреді. Сүлеймен қаламады, хикметі не еді?
ЖАУАП: Араб ақтың үстіне қараны сүйеді. Мұхаммед Расулулла
араб болғаны үшін оны сүйді. Алайда Сүлеймен сурияни болатын,
олар ақтың үстіне сарыны сүйеді. Сол үшін қаламады.
Бір күні Билқис Сүлейменнен: «Сенен кейін пайғамбарлықта сенен
артық бар ма?» – деді.
Сүлеймен: «Менен алдыңғы ешбір пайғамбарға менің кереметім
болмады, алайда менен кейін Мұхаммед есімді пайғамбар болады.
Менен де барша жер-көк халқынан да артық болады», – деді.
Билқис: «Мен оны көремін ба?» – деді.
Сүлейменге ол сөз жақпады. Ұл хақын шақырды. Сол сөзге (бола)
Билқисты өз еліне қайтарды. (Деректерде) Сүлейменнің Билқистан он
екі ұлы болғандығы айтылады. Бəрі кішкентай кезінде қайтыс болды.
(Деректерде) Билқис мұсылмандықты қабылдап, өз патшалығында
жүз жыл өмір сүргені берілген.
БƏЙТ УЛ-МҰҚАДДАСТЫҢ СИПАТЫ Кағб əл-Ахбардың айтуынша, Жаратушы Алла Сүлейменге: «Бəйт ул-Мұқаддасты» тұрғыз», – деп уахи берген. (Сүлеймен) диюларға əмір беріп, таулардан тас кесіп, тасытқызды. Мəрмəр тастан тіреулер тұрғызды. Теңізден інжу, гауһар алып келіп орнатса, тұрмады. Сүлеймен қайғырды. Асафпен кеңесті. (Асаф): «Мыстан мұнаралар қылсын, сумен толтырып, қақпақпен аузын жапсын, (сен) жүзікпен мөрле! Мүмкін, болып қалар», – деді. Сүлеймен солай жасады. Үй бітті. Гауһарлармен безеді. Барлық халықты шақырып, құрбандық шалды. Сүлеймен тұрып: «Құдайым, күш-қуат бердің, мына үйді тұрғыздым. Енді бес өтінішім бар, орында. Қандай күнəһар адам бұл үйге тəубе жасағалы келсе, тəубесін қабылдап, оны кешір. Екінші, қандай ауру келсе де, шипа бер. Үшінші, қандай мұқтажбен келсе, сұрағанын бер. Қандай жауға қарса көмек сұраса, жеңіс сыйла. Бұл дұғамның қабыл болған белгісі ретінде, құрбандығымды безесін», – деп мінажат жасады. Сол сəтте аспаннан от келіп, құрбандықты өртеді. Сүлейменнің дұғасы қабыл болғандығы белгілі болды. (Деректерде) Сүлейменнің патшалығы аяқталған уақытта оның жиырма жеті ұлы, қырық үш қызы болғандығы айтылады. Соның ішінде үш қыз, бір ұл Билқистан туылған еді дейді. Өмірі соңына жеткен уақытта бір күні михрабта құлшылық жасап жатып диюларға: «Мына теңізді топырақпен жабыңдар», – деді. Сол себепті бір күн кім болса да, шөгетін. Алайда Сүлеймен Парсы аймағынан Керман аймағына келді. Диюларға əмір беріп, таулардан тас тасытқызып, жиырма иғашқа дейін теңізді жапты дейді. Сүлеймен қайтып келді. Содан төрт ай жеті күн ауырды. Бір күн тұрды. Жататын жеріне бара жатқанда ауруы маздап, таяғына жабысты. Əзірейіл келіп сол қалпында жанын алды. (Деректерде) Бəйт ул-Мұқаддасты салып жатқан уақытта ағашқа сүйенген қалпы Əзірейіл жанын алды делінеді. Жаратушы Алла Сүлейменнің жағдайы (дүниеден өткені) туралы ешкімге білдірмеді. Егер Сүлейменнің дүниеден өткенін диюлар біліп қалса, бəрі кетіп қалып, Бəйт ул-Мұқаддас бітпей қалған болар еді. Алайда Асаф білетін. (Ол) адамзат, пері, диюді істететін. Халыққа Сүлеймен құлшылықпен айналысып жатыр, бір жылға дейін үйден шықпайды дейтін. Ешкім де Сүлейменнің айбатынан қасына жолай алмайтын. Бір жыл ағашқа сүйеніп тұрды. Дүниеден өткенін ешкім білмеді. Мұны диюлар сезіп, ағаш жейтін құртқа: «Бар, Сүлейменнің таяғын же!» – деді. Құрт: «Мен ағашты жегенде сусыз шыдай алмаймын», – деді. Перілер: «Біз саған су əкелейік», – деді. Ол құрт ағашты жеп бола бергенде Сүлеймен жығылды. «Фə лəммə қазайнə 'əлəиһə əл-мəутə мə дəллəһум 'əлə мəутиһи иллə дəббəт əл-əрзи тəкулу минсə'əтə» («Біз оған өлім үкімін жібергенімізде оның өлгендігі туралы диюларға
хабарды Сүлейменнің асасын ішінен жеп қойған бір құрттан басқа ешкім бермеді»). Мағынасы мынау: Жаратушы Алла: «Сүлейменге өлім үкімін бергенімізде оның дүниеден өткенін ешкім де сезбеді. Тек құрт (сүйеніп тұрған) ағашын жеді», – деді. Сүлеймен жығылған уақытта перілердің ғайыпты білмейтіндігі барша əлемге белгілі болды. Егер ғайыпты білгенде еді, бір жыл бойына азапқа түспейтін. «Фə лəммə хəрра тəбəйиəнəт əл-жинну əн лəу кəну йə'лəмунə əлғайбə мə лəбису фи əл-əрзи 'əзəб əл-мухин» («Сүлейменнің денесі жерге құлағанда, диюлар анық білді, егер олар ғайыпты білгенде еді, мұндай азапта осынша уақыт қалмаған болар еді»). Ғайыпты Тəңірден басқа ешкім де білмейтінін біл. Содан кейін Сүлейменді сол үйге жерледі. Есігін қақпақпен жапты. (Деректерде) оның отыз екі жыл патшалық құрғандығы айтылады. Жалпы алпыс бір жыл өмір сүрді.
ЖҮНІС ПАЙҒАМБАР (Ғ.С.) НЫҢ ҚИССАСЫ Ол – «Уə иннə Йунусə лəмин əл-мурсəлин» («Əрине, Жүніс жіберілген пайғамбарлардан») дəрежесіне жеткен, «Из зəхəбə мəғазибəн» («Ол ашуланып кеткен кезде...») кінəсіне жолыққан, «Фəнəдə фи əззулумəти» («Ол зұлмат ішінде айқайлады») шапанын киген, «Лə илəһə иллə əнтə субхəнəкə» («Сенен басқа тəңір жоқ, Сен пəксің») тəспісін айтқан, «Фə лəу лə əннəһу кəнə мин əл-мусəббихин» («Егер ол тəспі айтушылардан болмаған кезде...») қошеметіне қол жеткізген, «Лəнубизə би əл-'əрəи уə һуə мəзмум» («Жаман бір жағдайда шөл далаға тасталатын еді...») кереметімен құрметтелген, қырық күн-түн балық ішінде қалған – ЖҮНІС ПАЙҒАМБАР (ғ.с.). Өлең: Нинуаға Хақ пайғамбар Жүніс еді жалғыз, Жүз мың үйлік ел жаққа жарлық жеткізген жалғыз. Соншама көп халық ішінде бірі жолға түспеді, Хақтан тайып, жолдан азып, жүрді олар жолсыз. Шықты елден ашуланып, қарсы шықты бір теңіз, Жетті суға барып, балық ішіне түсті жүзі. Екі ұлы бірге еді, бөрі жеді біреуін, Бірін балық апарды, көрді оны өз көзі. Іші қараңғылықта балық қарнын михраб етіп, Хаққа қайтып қылды құлшылық, тəспі айтты ұзақ түн. Халықтан безіп, шықты, кірді балық ішіне, Түні-күн онда еңіреп қалды бірнеше күн. Жаратушы Ие құтқарды одан қауымы иман келтіріп, Келді жүз мың адам бəрі бесін, онын, отызын. (Деректерде) Баршам есімді патша бар еді делінеді. Оған жүз жетпіс патша бағынатын. Бұл Баршам патша теңіз жағасындағы Матлау атты қалада тұрып, пұтқа табынатын. Пұттың аты Балас еді. Ұзындығы жиырма үш қари, ені жүз қари келетін. Басы күмістен, тістері алтыннан, көздері інжу, жақұттан болатын. Қолдары, аяқтары қызыл алтыннан. Тəжі қызыл жақұт, көк, сары, жасыл зəбəржəдпен безендірілген. Тақта отыратын. Үш жүз (қызметші) күң алтын, күмістен (жасалған) бір ыдысқа жұпар, зағпыран (салып) иістететін. Бұл Баршам жүз мың адаммен атқа қонып, Мусил қаласына келіп жайғасты. Ол жерде пайғамбар ұрпағы көп еді. Бəрі діндар, тақуа болатын. Ол Бəйт улМұқаддасқа келді. Жиырма мың діндар, тақуа жиналды. Сол уақытта Бəйт ул-Мұқаддаста Махахарқия есімді бір пайғамбар бар еді. Жебірейіл келіп: «Ей, Махахарқия, Алла Тағала сəлем жолдады жəне мына жиырма мың діндар, тақуаның маған жарайтын біреуін жібер дейді», – деді. Махахарқия: «Құдайым, саған жарайтынын қайдан білейін?» – деді. Жебірейіл бір қамыс алып келіп: «Тəңір айтып жатыр, мына қамысты менің қолдарыма теңестір. Кімнің бойына тең келсе,
(соған) пайғамбарлық бердім. Оған айт барып, Алла жалғыз, мен Оның пайғамбарымын десін», – деді. Махахарқия сол қамысты алып діндарлар мен тақуаларға өлшеп көрді. Ешкімнің бойы тең келмеді. (Ол): «Құдайым, «Сəми'ун» («Есітуші») ғалымсың», – деді. (Деректерде) Бəйт ул-Мұқаддаста Мана есімді бір діндар бар еді делінеді. Күн сайын төрт жүз ракағат намаз оқитын. Хұтхұт есімді əйелі бар еді, күнде оған көктен бір періште тамақ əкелетін. Оның бір ұлы болды. Жүніс деп (ат) қойды. Жүністің қарны тоятындай анасының сүті жоқ болатын. Əкесі Мана Жүністі тауға алып барды. Сол тауда қойшылар бар еді. Оларға: «Мына сəбиге қой сүтін беріңдер», – деді. Сүтті қойлар сүтін берместен, сүтсіз қойлар сүтін берді. Мана сол қойдың емшегін Жүністің аузына алып барып: «Бисмиллəһир рахмəнир рахим» («Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен»), – деді. Тəңірдің құдіретімен сүт аға бастады. Жүніс сол сүтті емгенде (əкесі): «Əлхəмду лиллəһи рабби əл-'əлəмин» («Барша əлемнің билеушісі Аллаға мадақ»), – деді. Қойшылар: «Мына шүкіршілікті кімге істеп жатырсың?» – деді. Мана: «Құдайға», – деді. Қойшылар жетпіс адам еді. Баршасы иман келтірді. Жүніс ержетіп, құлшылыққа кірісті. Барша діндарлардан артық еді. Жүністің бір аты Заннун болатын. Біраз уақыттан кейін Жебірейіл келіп: «Ей, Махахарқия, Алла Тағала саған сəлем жіберді, сəлеммен бірге мақтау жолдады. Жəне Хира тауына бар. Сонда Біздің бір құлымыз бар. Баяғы қамшыны соның бойына өлше», – деді. Махахарқия келіп, қамшыны Жүністің бойына өлшегенде, тең келіп еді: «Ей, Жүніс, сүйінші, саған пайғамбарлық берді», – деді. Сол сəтте Жебірейіл келіп: «Ей, Жүніс, Жаратушы Тəңір саған сəлем жолдады», – деді. Жүніс: «Сен кімсің?» – деді. (Жебірейіл): «Мен Жебірейілмін. Алла Тағала: «(Сені) Мусил еліне барып, құлым Баршамға айтсын, пұтқа табынбасын. (Баршам) «Мен бір Алламын, сен Менің пайғамбарым» екендігін айтсын деп жатыр», – деді. (Кейбіреулер) Жүністің көңілі жұмсақ еді дейді. (Ол): «Тəңірім, оларды иманға қалай шақырайын?» – деді. Жебірейіл келіп: «Қай жерде халық көп шоғырланса, сол жерге барып, «Үш нəрсені қабылдайтын кім бар», – деп айт. Егер «Ол қандай үш нəрсе?» – деп сұраса, «Бір Алланы мойындаңдар. «Лə илəһə иллаллаһу Йунусу расулуллаһи» («Алладан басқа тəңір жоқ, Жүніс Алланың елшісі»). Екінші, сендерге əсте құрғақшылық болмайды. Үшінші, сендерге зұлымдық болмайды» деп айт», – деді. Жүніс: «Тəңірім, оларды қашанға дейін шақырайын?» – деді. «Бір жылға дейін» деген (Алладан) жарлық келді. (Жүніс): «Қабылдамаса, не істейін?» – деді. «Пəле жіберемін» деген жарлық келді. (Жүніс): «Қандай пəле жібересің?» – деді.
«Біздің қазынамызда азап пен қинау аз емес» деген жарлық келді. (Жүніс): «Құдайым, қашан жібересің?» – деді. «Мен қалаған сейсенбі күні» деген жарлық келді. Жүніс Сафан бинт Сафун есімді əйеліне келіп: «Е, Сафан, мені Жаратушы Алла бəрінен жауыз халыққа жіберді», – деді. Сафан: «Қайсы халыққа?» – деді. «Мусил халқына», – деді. Əйелі: «Мен саған мойынсұндым, Сен де Алла Тағалаға мойынсұн», – деді. Екі ұлы бар еді. Біреуі – жетіде, екіншісі бес жаста болатын. Жүніс үлкенін, əйелі кішісін көтеріп жолға шықты. Кешке дейін жүрді. Түнде ұйықтаған уақытта, Жаратушы Алла бір періштені жіберіп, Жүністі, əйелі мен балаларымен көтеріп, он иғаштық жерге дейін алып барып, Мусил қаласының қасына жеткізді. Ертесіне оянды. Өздерінің Мусил шаһарына (келіп қалғандарын) көрді. Жүніс ағаш алып келіп, балаларына көлеңке жасады. Əйеліне: «Мен Мусил шаһарына барып, Тəңірдің жарлығын жеткізейін. Аман қалсам келермін, келмесем өзіңше тірлік істе», – деді. Сол жерден Мусилға (дейін) бір иғаштық жер болатын. Елге кірді, топырлаған халықты көріп: «Біреуді беріп, үшеуді алатын кім бар?» – деп айқайлады. (Олар): «Ей, тентек, ол бір деген не?» – деді. (Жүніс): «Лə илəһə иллаллаһу Йунусу расулуллаһи» («Алладан басқа тəңір жоқ, Жүніс Алланың елшісі»), – деді. (Олар): «Ей, тентек, мына бір үлкен іс. Ана үш дегенің не?» – деді. (Жүніс): «Біріншісі – сендерге оба келмейді, екіншісі – құрғақшылық болмайды, үшіншісі – зұлымдық жетпейді», – деді. (Олар): «Ей, тентек, біз ешқашан да оба, құрғақшылық жəне зұлымдық көрген емеспіз», – деп, тас, топырақпен ұрды. Жəне өз патшаларына айтты. Патша: «Не қылған айқай-шу?» – деді. (Олар): «Бір адам келді, өзі сұлу, алайда өзі тентек екен», – деді. Патша Жүністі алдыртып көрді де, қорқып: «Кімсің?» – деді. Жүніс: «Сендей адаммын», – деді. «Атың кім?» – деп сұрады. «Жүніс», – деді. «Басқа атың бар ма?» – деді. «Тағы бар атым Заннун», – деді. Патша саусағын тістеді. Кітап оқитын ақылды еді. «Кімнен келдің?» – деді. «Алладан келдім», – деді. «Қай Алладан?» – деді. «Сені, мені жəне барша əлемді жаратқан Алладан», – деді. «Неге келдің?» – деді. «Бəрің де «Лə илəһə иллаллаһу уə иннə Йунусə расулуллаһи» («Алла-
дан басқа тəңір жоқ, əлбетте Жүніс Алланың елшісі») деп айтыңдар», – деді. Патша басын төмен қаратты. Жүніс: «Ей, Баршам, бір рет айтып, үш нəрсені ал», – деді. «Қандай үш нəрсе?» – деді. Жүніс: «Оба, құрғақшылық жəне зұлымдыққа ұшырамайсың», – деді. Патша: «Жынды болғансың ба?» – деді. Жүніс: «Неге мені жынды дейсің?» – деді. Патша: «Менен өткен əскері көп, қандай залым патша бар. Менің осыншалықты көп нығметім бола тұра, неге құрғақшылық келеді? Біз ешқашан да оба көрген жоқпыз. Ол үш нəрсе сөз емес», – деді. Жүніс: «Алла жалғыз, мен Оның елшісімін. Жəне пұтқа табынбаңдар», – деді. Патша: «Бұл сөзге дəлелің бар ма?» – деді. Сарай ортасында сиыр бейнесіндегі бір ақ тас бар еді. Патша соның үстіне шығып суға жуынатын. Жүніс: «Əйиəтуһə əс-сəрату тəқаддəми» («Ей, қара тас, бері кел!»). Мына тас айғақ болады», – деді. (Патша): «Тас қалай айғақ болады?» – деді. Жүніс: «Айғақ боласың ба?» – деді. Тас: «Лə илəһə иллаллаһу Йунусə расулуллаһи» («Алладан басқа тəңір жоқ, Жүніс Алланың елшісі»), – деді. Патша таң қалып: «Ей, Жүніс, жəне кім куəлік береді?» – деді. Үйде ұстаған киіктің лағы бар еді. Жүніс: «Мына лақ куəлік береді», – деді. Патша: «Айт, куəлік берсін», – деді. Жүніс: «Йə əйиуһəл ғəзəлу тəқаддəм» («Ей, киік, бері кел!»), – деді. Лақ Жүністің қасына келді. Жүніс: «Куəлік бересің бе?» – деді. (Лақ): «Куəмін. Алла жалғыз, Жүніс оның пайғамбары», – деді. Патша оң-солына қарап: «Сендер не дейсіңдер?» – деді. (Олар): «Сиқыршы», – деді. Патша: «Ей, Жүніс, мен сен секілді үлкен сиқыршы көрген жоқпын, менен алыс кет», – деді. Жүніс шығып, ақшам уақытына дейін халықты Жаратушыға шақырды. Түнде балаларына келді. Күнде (шығып) бір (рет) осылай жасайтын. Жүністі тас, топырақпен ұратын. Жиырма күннен кейін жəне келді. Патша: «Ей, Жүніс, білікті ер жігітке ұқсайсың, алайда іс-əрекетің тентектен аумайды. Кел, бұл сөздерді қой. Патшалығыма сені уəзір етейін», – деді. Жүніс: «Маған сенің патшалығың керек емес. «Лə илəһə иллаллаһу уə иннə Йунусə расулуллаһи» («Алладан басқа тəңір жоқ, Жүніс Алланың елшісі») деп айт», – деді. (Патша): «Ей, Жүніс, менің тəңірімді көрдің бе?» – деді.
Жүніс: «Көрмедім», – деді. (Патша): «Барып, тəңірімді көр. Менің тəңірім көрікті ме əлде сенің Тəңірің көрікті ме?» – деді. Жүніс: «Ей, кəпір, менің Тəңірім алтын, күмістен емес, бəрін жарылқаған ерікті», – деді. Патша: «Ей, Жүніс, менің саған жаным ашып тұр. Өзіңді өлімге қиып тұрсың», – деді. Жүніс: «Менің қайғымды жемей-ақ қой. Мені Тəңірім барлық жауыздықтан сақтайды», – деп патшаның қасынан шығып кетті. Патша: «Кімде-кім Жүністі ұрса, азаптаса, мен оны өлтіремін», – деп жаршы шақыртты. Жүніс қырық күнге дейін халықты иманға шақыра бастады. Қырық бірінші күні патшаға келіп: «Ей, патша, Жаратушының жарлығы маған қырық күн еді. Шақырдым, біреуі де иманға келмеді. Енді Алла Тағаланың пəлесіне дайын тұрыңдар», – деді. Патша: «Пəленің белгісі не?», – деді. (Жүніс): «Таңертең тұрсаңдар жүздерің қызарады, екінші күні сарғаяды, үшінші күні қараяды. Оныншы күні пəле келеді», – деп патшаның қасынан шықты. Кешке дейін халықты иманға шақырды. Түнде орнына келіп, намазға тұрды. Басқа елге бармады. Олар ертесіне тұрды. Жүздері қызарды, екінші күні сарғайды, үшінші күні қарайды. Патшаға: «Жүністің сөзі шын келді», – деді. Патша: «Ертең не болатынын көрейік», – деді. Оныншы күні Жебірейіл келіп, тамұқты басқарушы патшаға: «Тəңір айтты, Жүніс қауымына елу мың жыл бұрынғы азап ты оларға жіберсін. Менің құдіретімді көрсін деп жатыр», – деді. (Тамұқты басқарушы) патша сары, қызыл, қара үш азап шығарды. Үш бұлттың үстіне қойды. Əрбір бұлтқа жетпіс мың періште жауапты еді. Сол бұлттарды шақырды. Мусилдың үстіне қойды. Жебірейіл бір рет дауыс шығарды. Барлық құстар мен қара малдар Мусил аймағынан шықты. Пəле оларды қоршап алды. Патша: «Жүністі іздеңдер», – деді. Іздеп таба алмады. Патша: «Жүніс жоқ болғанымен, Тəңірі бар», – деді. «Құдайым, Сенің бірлігіңе, Жүністің пайғамбарлығына сендік», – деді. Өзінің пұттарын сындырды. Отқа жақты. Патшаның өзі бір киім киіп, мойнына шынжыр байлап, аяқтарына тұсау салды. Бір зеңгі құлға қарап: «Мына жіпті мойныма байла, мені төмен ұста да: «Кімде-кім өз тəңірінен бет бұрса, соның жазасы осы» деп айт», – деді. Содан кейін патша ер адамдарды əйелдерінен, жас балаларды аналарынан айырды. Бəрі далаға шықты. Жаратушы Аллаға жалынды. Ол пəле бастарының үстінде тұрды. Аспан қарайып, бір-бірін көрмейтіндей болды. Он күн өтті. Ер – əйелге, əйел ерге жоламады. Тамақ, су ішуді ойламады. Жас балалар аналарын ембеді. Бəрі бастарын жерге қойып, Жаратушыға жалбарынды. Патшаны солай мойны байлаулы қалпы сүйрейтін. Патша айқайлап: «Лə илəһə иллаллаһ» («Алладан басқа тəңір жоқ») дейтін. Үш күннен кейін періштелер мінажат етіп: «Илəһəнə уə сəйидəнə əрхəмəр рахимин» («Ей, Құдайымыз, ей, қожамыз, жəне ей, мейірімділердің
мейірімдісі») Сенсің. Мынаның бəрі сенің құлда рың», – деді. «Ей, періштелер, мына құлдарымның тілдері көңілдерімен (жүректерімен) бір емес» деген (Алладан) жарлық келді. Ол халық Жүністі қырық күн бойына əуреге салғаны үшін қырық күн бойына осындай пəледе қалды. Қырық күннен кейін Жебірейіл келіп, «Құлдарымның тілі мен жүрегі түзелді. Олардан азапты ал» деген (Алланың) жарлығын жеткізді. Қырық бірінші күні қайтарды. Патша мұсылман жəне бəрі мұсылман болды. Исламды қабылдады. (Деректерде) Алла Тағала Жүніс қауымынан басқа ешбір қауымнан пəлені қайтармаған делінеді. «Иллə қаумə Йунусə лəммə əмəну кəшəфнə 'əнһум 'əзəбə əл-хизий» («Жүністің қауымы... олар иман келтіргенде олардан жазалаушы азапты көтердік (жойдық)»). Жүністің бұл істерден хабары жоқ еді. Патша мұсылман болған соң: «Кімде-кім Жүністі маған алып келсе немесе қайда екені туралы хабар жеткізсе, соған жарты патшалығымды беремін», – деп жаршы шақыртты. Сонда Ібіліс бір кəрі адамның бейнесіне еніп, Жүністің қасына келді. Жүніс: «Қайдан келдің?» – деді. Ібіліс: «Өтірікші Жүніс сенсің бе? Пəле келмеді. Патша дар құрып, (сені) аспақшы болып жатыр. Басқалар да солай сөйлемесін деп, сені іздеп жатыр», – деді. Жүніс Ібілістің сөзіне ашуланып, əйелі мен балаларын алып жайлауға шықты. «Уə зəн нуни из зəхəбə муғазибəн фə зəннə лəн нəқдира 'əлəйһи» («Ол ашуланып кеткен кезде Біз оны ұстай алмаймыз деп ойлады»). (Кейбіреулер) ашуы Жебірейілге еді дейді. Жебірейіл келіп: «Тəңір айтып жатыр, Нинуаға бар, жарлықты жеткіз, иман келтірсін», – деді. Ол күні Жүніс палас шапан, киіз бөрік киген еді. Аяғында иленбеген есек терісінен (жасалған) аяқ киімі бар еді. Жүніс: «Ей, Жебірейіл, біраз уақыт бер. Жаратушы пайғамбарының бұлай баруы лайық емес», – деді. Жебірейіл: «Жаратушы жарлығында уақыт сұрау деген жоқ», – деді. Ашуланып шықты. (Кейбіреулер) қауымы иман келтірмегенде, қауымына ашуланып шықты дейді. (Енді біреулер) ол уақытта пайғамбар көп еді дейді. (Сол себепті) «Патшаға пайғамбарлардың бірін жіберсін. Нинуаға барып жарлықты жеткізсін», – деген бір пайғамбарға жарлық болды дейді. Ол пайғамбар патшаға айтты. Патша Жүніс пайғамбарды жіберді. Жүніс: «Мені барсын деген жарлық бар ма?» – деді. Патша: «Сені барсын деген жарлық жоқ. Алайда мен кімді жіберсем, сол барады», – деді. Жүніс: «Мені барсын деген кесімді жарлық жоқ екен. Ол халық өте жауыз. Мені жібергенше, басқа біреуді жібер», – деді. Патша қайтпады. Жүніс патшаға өкпелеп елден шықты. Əйелі мен балаларын алып Лукам тауына барды. Ол тауда бөрі, қабылан, арыстаннан басқа жануар болмайтын. Сол уақытта жетпіс бес діндар
бізді ешкім көрмесін деп, Лукам тауына барып құлшылық етіп жатыр еді. Жүніс олардан қашып еді, таудың бір шеті теңіз екен. Алла Тағала жерге жауапты Сəрсəбил деген періштеге жарлық жіберді. Жүніс онда бармасын деп, Мұқаддасаға баратын жолды жапты. Жүніс Мұқаддаса жолын қойып, тау жолына түсті. Сəрсəбил Алла Тағаланың жарлығымен келіп, Жүніске сəлем берді. Жүніс сəлемін алды. «Қайда барасың?» – деп сұрады. Жүніс: «Қайда баратынымды білмеймін. Алла Тағала мені бəрінен жаман халыққа жіберді. Оларға пəле жіберемін деп уəде берген едім, жібермеді. Мені өтірікші деді. Дар құрып, мені аспақшы болып жатыр дейді. Сол үшін қашып жүрмін», – деді. Сəрсəбил: «Лəу кəнə қалбукə қалбə əл-хəифинə уə сабрукə сабра əс-сабиринə мə хəрабтəмин рабби əл-'əлəминə» («Егер сенің жүрегің қорқушылардың жүрегінен болғанда, сенің сабырың сабыр етушілерден болғанда, барша əлемнің Жаратушысы болған Алла Тағаладан қашпайтын едің»), (яғни) «Көңілің қорқақтар көңілі болмағанда, са бырлылар сабыры болғаныңда, əлемді жаратқан Тəңірден қашпайтын едің», – деді. Жүніс одан қашып, бір діндарға келді. Намаз оқып жатқанын көрді. Намазын аяқтаған соң сəлем берді. Діндар сəлемін алды. Жүніс: «Атың кім?» – деді. Діндар: «Атым Хаммам», – деді. Жүніс: «Ей, Хаммам, мен үшін қасыңнан орын табыла ма?» – деді. Хаммам: «Сен Тəңірден қашқанға ұқсайсың. Кет, мені тоспа», – деді. Жүніс тағы бір діндарға келді. Оған да сəлем берді. Діндар жауап берді. «Атың кім?» – деп сұрады. Діндар: «Атым Хаммид», – деді. Жүніс: «Мұнда тұрғаныңа неше жыл болды?» – деді. Діндар: «Үш жүз жыл болды», – деді. Жүніс: «Қасыңнан маған орын табыла ма?» – деді. Діндар: «Тəңірден қашыпсың. Кет, маған кедергі келтірме», – деді. Жəне бір діндарға барды. «Атың кім?», – деді. «Атым Салих», – деді. «Неше жылдан бері мұндасың?» – деді. Діндар: «Төрт жүз жыл», – деді. Жүніс: «Маған орын бар ма?» – деді. Жаңағылардай жауап берді. Жəне бір діндарға келді. Рукуғда ұйықтап жатыр екен. Оның да атын сұрады. «Атым Əбдірахман. Бес жүз жылдан бері осындамын», – деді. Жүніс: «Қарным ашып тұр», – деді. Қасында ақ тас бар еді, қолымен сипалады. Ыстық нан пайда болды. Жүніске берді. Бір үзім жеп, қалғанын балаларына берді. Одан да орын сұрады. (Ол): «Бес жүз жылдан бері Жаратушыға күнəм жоқ. Білмеймін, орным жұмақта ма, тамұқта ма?» – деді.
Жəне бір діндарға келіп: «Атың кім?» – деп сұрады. Діндар: «Атым Мунис. Алты жүз жылдан бері осындамын. Бұл жерден кет, мені өз қайғыммен қалдыр», – деді. Жүніс: «Қандай қайғың бар?» – деді. (Ол): «Екі жүз қырық жылдан бері бір тілек сұрап жатырмын. Өлместен бұрын сол тілегімді орында деп жатырмын. Бүгін есіттім, ажалың жетті, өлесің деді. Жаратушым менен разы ма, разы емес пе, білмедім», – деді. Жүніс: «Тілегің орындалатын болады», – деді. Діндар: «Сені кімсің?» – деді. «Мен Жүніспін, тағы бір атым Заннун», – деді. «Жүніс пайғамбар сенбісің?» – деп Мунис Жүністің аяғына жығылып: «Ей, Жүніс, бір сағат сабыр сақта, қашан уəде орындалса, мені топыраққа көмесің», – деді. Жүніс намазға тұрды. Мунис басын сəждеге қойды. Сəжде ішінде жан тапсырды. Жүніс Мунисті жуып, жерге көмді. Содан кейін бір діндарды көрді, қозғалмастан, тік тұр екен. Жүніс оған сəлем берді. Жебірейіл келіп: «Ей, Жүніс, онымен сөйлеспе», – деді. Жүніс: «Бұл кім?» – деді. Жебірейіл: «Микəйіл есімді діндар», – деді. «Неше жылдан бері бұлай тұр?» – деді. Жебірейіл: «Тоғыз жүз жетпіс жыл болды. Жаратушы Аллаға құлшылық етіп жатыр», – деді. Жүніс: «Жеп-ішкені не нəрсе?» – деді. Жебірейіл: «Тəспі мен тəһлил. Жəне Жаратушы Алла əр жылы жұмақтан бір шынайы шапан жібереді. Мен келіп, ескісін алып, жаңасына ауыстырамын. Бұл бос емес», – деді. Содан кейін тағы бір діндарға келді. Оның жүзінен күн секілді нұр шашырап тұр. Жүніс сəлем берді. Жебірейіл: «Ей, Жүніс, бұған да сөйлеме», – деді. Жүніс: «Бұл кім?», – деді. Жебірейіл: «Бұл перілердің үлкені. Аты Жахма. Адам сафи тұсында мұсылман болды. Төрт мың жылдан бері мұнда құлшылық етіп жатыр, қозғалмайды. Ақыр заман болғанда Мұхаммед Расулуллаға барып, кəпірлермен соғысады», – деді. Жүніс: «Жеп-ішкені не нəрсе?» – деді. «Тəспі мен тəһлил», – деді. Біздің құзыретімізде сенен артықтар да барын біл деп, Алла Тағала неше түрлі діндарларды көрсетті. Содан кейін тау аяқталды. Бір теңізге қарсы шықты. Алыстан кеме көрінді. Əйелі мен балаларын жағаға қалдырып, кеме иесімен сөйлескелі барды. Ол барғанда кіші ұлы теңіз жағасына келді. Жаратушы Алланың жарлығымен теңізден бір балық басын шығарып, баланы жұтты. Анасы артынан жүгіріп еді, оны да жұтты. Бөрі келіп, үлкен баласын алып кетті. Анасы жылай бастады. Сол уақытта керуен келді. Бəрі жөйттер еді. Жүніс əйелін, балаларын
алғалы келді. Таба алмады. Жылап кемеге келді. Бір балық басын судан шығарып: «Ей, Жүніс, неге жылап жатырсың? Тəңір берді, алды», – деді. Жүніс кемеге мінді. Теңіздің ортасына келген кезде суды басқаратын періштеге жарлық болды. Ақим, сəрсəр, оңтүстік, солтүстік төрт қарсы желді көтерді. Төрт жақтан кемені ойната бастады. Халық қорқып кетті. Кемеде бір қарт кісі бар еді. Сол: «Ей, мұсылмандар, кемеге бір күнəһар адам отырса, кеме осылай болады. Сол күнəһарды суға лақтырмайынша, кеме осылай бола береді», – деді. (Кемедегілер): «Қандай күнə болса, су шайқалады?» – деді. «Иесінен қашқан жəне ата-анасын қинаған болса», – деді. (Кемедегілер): «Тəңірдің құрметі үшін, Жүніс пайғамбардың құрметі үшін, кімде-кім күнə жасаған болса, кемеден түссін», – деді. Ешкім жауап бермеді. Жүніс (ғ.с.) атып тұрып: «Мұсылмандар, Иесінен қашқан құл менмін. Суға мені атыңдар», – деді. (Кемедегілер): «Ей, жігіт, сен кімсің?», – деді. «Мен Жүніс пайғамбармын», – деді. Кемедегілердің бəрі Жүністің аяғына жығылып: «Ей, Расулулла, біз бүгін құтылсақ, сенің берекеңнің арқасында құтыламыз», – деді. Судың толқыны үдере түсті. Жүніс тұрып, өзін суға атпақшы болды. Олар қаламады. Жүніс: «Жеребе тастаңдар, кімнің атына шықса, күнəһар сол болғаны», – деді. Бəрі бір-бір тасқа аттарын жазып, суға салды. Бəрінің тасы суға батты, Жүністің тасы батпады. Жүніс: «Көрдіңдер ме, күнəһар менмін», – деді. «Жеребе қате шыққан болар, қайта тастайық», – деді. (Деректерде) үш рет тастады, үшеуінде де Жүніске шықты дейді. Жүніс тұрып, шапанын кебін қылды. Кеменің бұрышына өзін тастағалы келді. Залужа атты балыққа Жүніс деген пайғамбарымызды ұста деген аян болды. Залужа Жүністі ұстамақшы болған уақытта, Жүніс қорқып басқа жаққа кетті. Балық сол жаққа барды. Жүніс мына жаққа келді. Төрт жаққа бұрылатын. Балық: «Ей, Жүніс, қашанға дейін қаша сың?» – деді. Жүніс мұның Тəңірдің жазмышы екенін білді. Екі қолымен көзін жауып: «Бисмиллəһир рахмəнир рахим» («Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен») деп, балықтың аузына (өзін) атты. «Уə иннə Йунусə лəмин əл-мурсəлинə из əбəқа илə əл-фулки əл-мəшһуни фə сəһəмə фə кəнə мин əл-мудһəзинə фəлтəқамəһу əл-хуту уə һуə мулим» («Жəне, əрине, Жүніс Біздің жіберген пайғамбарларымыздан. Бізден қашқан уақытта дайын тұрған кемеге барып мінді жəне (кеме тоқтап қалғанда) кемедегілер жеребе тастады. Жеребе Жүніске шықты. Оны суға лақтырды жəне оны үлкен балық жұтып жіберді. Осылайша Жүніс жазғырылды»). Залужаға: «Сенің қарныңды Жүніске зындан қылдым. Оны жеуге тыйым салдым, оны азаптама» деген (Алланың) жарлығы келді. Мұнда бірнеше сауал бар. САУАЛ: Заннун деп қалай аталды, «нун» – балық па?
ЖАУАП: Алла Тағала халыққа көрсетті. Жүніс біздің құлшылық пен қызметтегі кезінде оны пайғамбар əрі елші атадық. Бір сағат бізден ғапыл болғанда балық атадық. Тағы бір ЖАУАП: Əрқашан сəждеде болатын. Балық та сəждедегілерге ұқсайды. Бұл есім оған лайық еді. «Уə зəн нуни из зəхəбə муғазибəн уə зəннə əл лəн нəқдира 'əлəйһи» («Жүністі де есіңе ал, ол ашуланып кеткен кезде Біз оны ұстауға шамамыз келмейді деп ойлады»), – деп Жаратушы жарылқады. Яғни Жүніс ашулы барды. Біз оған құдіретті емеспіз деп ойлады. САУАЛ: Жаратушы пайғамбарына бұлай ойлау дұрыс па? ЖАУАП: Жаратушы оны жол үстінде айтып өтті. Сені ұстауға құдіретіміз жоқ деп ойладың ба? – деді. Қанша ұстауға да құдіреті жетеді екен. (Мұндай) тіркес Құранның бірнеше жерінде бар. Тағы ЖАУАП: «Əн лəн нəқдира 'əлəйһи əн лəн нузəйиқа 'əлəиһи» («Біз оны ұстауға қадырлік танытпаймыз, яғни Біз оған қиыншылық жасамаймыз»). Мағынасы мынау: Біздің жарлығымыздан тыс кетуі үшін қоямыз, мəңгі қылмаймыз. Тағы ЖАУАП: Мағрифат иелерінің айтуынша, тағдыр мағынасы дегеніміз кəпірлерге азапта ұстауды оған тағдыр етпедік пе деп ойлайды. Жаратушы Алла: «Фə нəдə фи əз-зулмəти əл лə илəһə иллə əнтə субхəнəкə инним кунту мин əз-залимин» («Сол уақытта зұлмат ішінде тұрып: «Ей, Алла, Сенен басқа тəңір жоқ, Сен барша айыптардан пəксің, менің өзім залымдардан болдым», – деді»), – деді. Мағынасы мынау: Жүніс бар дауысымен Бірді (Алланы) еске алып: «Тəңірім, сенен өзге Тəңір жоқ, Сен пəксің. Мен өзіме зұлымдық жасадым, залымдардан болдым», – деді. (Деректерде) төрт қараңғылық еді дейді. Біріншісі – қорлық қараңғылығы; екіншісі – түн қараңғылығы; үшіншісі – су қараңғылығы; төртіншісі – балық қараңғылығы. Осы сөз дəлел болады. Осы қараңғылықтардан құтылған кезде төрт ракағат намаз оқыды. Екінті намазы еді. Одан Жаратушы Алла қабылдады. Бізге парыз болды. (Деректерде) тұтылмасын деп, ол (балық) аузын жаппады дейді. Жебірейіл келіп, ол балықтың мұрнына мұрындық тықты. Ол теңіз төңірегінде айналатын еді. Балықтың қарнын əйнектей жасады. Сыртынан іші, ішінен сырты көрінетін болды. Күрсісінде отырған бір періштені көрді. «Мынау кім?» – деп сұрады. Жебірейіл: «Бұл теңізді басқаратын періште. Барлық дария халқын, су тамшыларын біледі», – деді. Одан кейін тағы біреуді көрді. Ол от күрсінің үстінде отыр. Оң, солынан екеу бұған нəжіс, түкірік тастап: «Тəңірмін дегеніңе өкінбейсің бе?» – деп жатыр. Жүніс: «Бұл кім?» – деді. Жебірейіл: «Бұл Ферғауын, оң жағындағы Хаман, сол жағындағы Қарун», – деді. Күрсі үстінде отырған жəне біреуді көрді. Алдында жолдастары бар. Бірде қуанып, бірде қайғырып отыр. «Бұл кім?» – деп сұрады.
Жебірейіл: «Бұл Ібіліс, – деді. – Біреу тəубе жасаса – қайғырады, біреу күнə істесе – қуанады», – деді. Содан кейін бір дауыс есітті. «Бұл не дауыс?» – деді. Жебірейіл: «Бұл дария халықтары Тəңірге тəспі, тəһлил айтып жатыр», – деді. Жүніс: «Йə рабби мин əл-жибəли хəббəттəни уə мин əл-бəрри əхражтəни уə фи əл-бəхри əғрақтəни уə фи бəтни əл-хути əсжəнтəни фə уаллаһи лə'будəннə лəкə 'ибəдəтəн фи мəузи'ин лə йə'буду фиһə əхəдун мин əл-'əлəмин» («Ей, Жаратушым, мені таудан түсірдің, даладан шығардың, дарияға батырдың, үлкен балықтың ішіне тұтқындадың. Енді, Алла хақы, Сен үшін бір құлшылық етейін, ондай құлшылықты əлемде ешкім жасамаған»). Мағынасы мынау: «Мені таулардан түсірдің, жайлаулардан шығардың, дарияға батырдың, балықтың қарнына салдың. Сендей Алла құрметі əлемдерде біреу саған құлшылық қылмап еді, құлшылық қылайын деп тəспіге кірісті». (Жүністің) дауысын періштелер есітіп: «Тəңірім, естілмес жақтан дауыс шығып жатыр. Кімнің дауысы?» – деді. «Балық қарнындағы Жүніс пайғамбар» деген жарлық келді. (Періштелер): «Тəңірім, Жүніс пайғамбар əрқашан ізгілікте Сені есіне алатын. Бүгін оған қуаныш сыйла. Айыбын кешіріп, балық қарнынан құтқар», – деп шапағат сұрады. Алла Тағала олардың шапағатын қабылдады. Егер Жүніс балық ішінде тəспі айтушылардан, намаз оқушылардан болмағанда, қияметке дейін балық ішінде қалатын еді. Қырық күн балық ішінде болған еді. Содан кейін Жебірейілге «Залужаға айт, Жүсіпті шығарсын» деген жарлық болды. Залужа: «Ей, Жебірейіл, Алла Тағала Жүністі басқа зынданға салмақшы болса, менде тұра берсін. Мен оған мейірімдімін», – деді. Жебірейіл: «Алла Тағала оны зынданға салмайды, жібер», – деді. Залужа солай жасады. Теңіздің жағасына əкеліп қойды. Қанаты қырқылған құстай əлсіз. «Фə нəбəзнəһу бил-əраи уə һуə сақим» («Кейін Біз оны есінен танған қалпы жағаға шығарып тастадық»). Жаратушы Алла Жүніске қабақ ағашын шығарды. «Уə əнбəтнə 'əлəйһи шəжəратəн мин йəқтин» («Жəне оның үстіне сая болсын деп қабақ ағашын өсіріп қойдық»). САУАЛ: Жүніске басқа ағаш көлеңкесін бермеді, (тек) қабақ ағашы көлеңкесін берді. Хикмет не еді? ЖАУАП: Қабақ ағашына шыбын-шіркей аз қонады. Жүніс тағы əлсірейтін еді. Шыбын-шіркей мазаламасын деп, қабақ ағашын көгертті. Жəне Жебірейіл қанатын жерге сипап еді, тəтті ағатын су шықты. Бір ұрғашы киікке аян болды, ол күнде келіп сүт беретін. Күш-қуатын жиып, бойына қан тарағанда əжетке барып еді, келгенше киік те, су да жоқ, ағаш та құрғап қалыпты. Оны көріп қайғырып: «Тəңірім, дүние нығметінен маған сонша беріп едің жəне алыпсың», – деді. «Ей, Жүніс, өсірмеген ағашқа, шығармаған суға қайғырасың. Қаншама
халықтың опат болуына жаман дұға жасағанда неге қайғырмадың? Енді Нинауа жақа бар, оларды Алланың бірлігіне шақыр» деген жарлық келді. Ол жерден кетіп, Нинауаға жақындағанда бір қойшыны көрді. Одан сүт сұрады. Қойшы: «Ей, Жүніс, сен біздің арамыздан кеткелі көктен жауын жаумай, жерден шөп шықпай қойларымыздың сүті тартылды», – деді. Жүніс бір саулық қойды шақырды. Келгенінде Жүніс қолымен емшегін сипап еді, емшектеріне сүт толды. Қойшыдан ыдыс алып, сүтті сауып ішті. Ыдысын тастың үстіне қойды. Қойшыға: «Елге барып, мені келді деп хабар бер», – деді. Қойшы: «Мен қорқамын», – деді. Жүніс: «Неге қорқасың?» – деді. Қойшы: «Көп адам мен Жүністі көрдім деп келді. Бірақ сөздеріне дəлел келтірмеді. Патша оларды өтірік айтып тұрсың деп өлтірді», – деді. Жүніс: «Қорықпа, бар. Мына саулықты, мына ыдысты, мына тасты алып бар, куəлік етеді», – деді. Қойшы үшеуін алып барды. Елге хабар берді. Қойшыны патшаға алып барды. Жүністің хабарын айтып берді. Патша: «Көргеніңе куə бар ма?» – деді. Қой, ыдыс, тасты шығарып: «Мыналар менің айғағым», – деп алдына қойды. Қой: «Мені сауды», – деді. Ыдыс: «Сүтті маған сауды», – деді. Тас: «Сүтті ішіп, ыдысты менің үстіме қойды», – деді. Патша барлық əскерімен атқа қонып, Жүністің алдынан шықты. Жүніс намаз оқып жатыр еді. Намазын оқып болған соң Жүніске «Тахият» сəждесін жасады. Аяқтарын сүйіп, кешірім сұрады. Құрметтеп алтын арабаға мінгізді. Арабаға мінген уақытта көктен: «Йə Йунусу ə мə йəкфикə мəктəсəбтə мин əз-зунуби суммə тəжлисə 'əлə мəркəбə əл-мулук» («Ей, Жүніс, сонша жасаған күнəларыңмен патшалар мақамына отырғаның жетпеді ме?»), (яғни) «Ей, Жүніс, мына патшаның көлігіне мінетіндей біздің құзыретімізде күнəң жетпеді ме», – деген дауыс есітілді. Мұны есітіп, арабадан түсті. Жалаң аяқ үйге кірді. Ол қауымның бəрі Жүніс келместен бұрын мұсылман болған еді. Патша ол патшалықты қойшыға берді. Жүніс пайғамбармен құлшылыққа кірісті. Жаратушы Алла Жүністің əйелі мен екі ұлын тірілтіп, Жүніспен қауыштырды. Жүніс кеткен кезде қауымы иман келтірді. Алла Тағаланың атын аяттарға жазды. Қолын көтеріп жалынып, олардан азап қайтты. Ей, Жалғыз Аллаға сенген мұсылман, иман келтірген сенен сүйінші болсын. Алла Тағала құдірет қаламымен көңіліңе «Улəикə кəтəбə фи қулубиһим əл-имəнə» («Олар сондай адамдар, олардың жүрегіне Алла Тағала иман нұрын жазып қойған») деп жазған.
ІЛИЯС ПАЙҒАМБАР (Ғ.С.) ҚИССАСЫ Əрмəлə бинту Афлатун мин Ғуш (Оған лағынет болсын) ол, «Уə иннə Илийəсə лəмин əл-мурсəлин» («Жəне, əрине, Ілияс Біздің жіберген пайғамбарларымыздан») шапанын киген ол, Қызырмен жолдас болып тау, теңізді кезген ол, Жаратушыға құлшылық етуді қалап ұзақ (өмір) болған, дұғасы қабыл болып қияметке дейін тірі қалған – ІЛИЯС ПАЙҒАМБАР (ғ.с.). Өлең: Тыңдағын Ілияс пайғамбар сөздерін, ей, бауырым, Айтайын мен, сен тыңда немесе есітейін мен, сен оқы. Халыққа өте мейірімді еді белгілі нəби, Жаратушыға артық берілген діндар еді тақуалы. Халыққа иман келтіріңдер (деп), көп насихат айтты ойла, Ол насихатты алмастан қинады көрген тісі азулы. Əзірейіл жанын аларда жылады құлшылық үшін, Хақ бағыштады, оған жан болды жас ұзындығы. Елші еді Жаратушыға ол мəңгі жасап жүрер, Тау, теңізде серуендер, тірі тұрар ол да тағы. (Деректерде) Бəни Исраилда бір патша болды. Оның аты Ажаб ибн Амр еді дейді. Шам аймағында Бағлабакка атты қалада бұл Ажабтың Армала бинт Афлатун ибн Ғуш есімді əйелі бар еді. Ажаб (Армалаға) берілген еді. Патшалықты Армалаға берген болатын. Бұл Армала пұтқа табынатын. Ол пұттың аты Бағл еді. Осы Армала үш жүз жетпіс пайғамбарды өлтірді. Жетпісі пайғамбар, үш жүзі елші еді. Аймақта екі мұсылман қалды – біреуінің есімі Ілияс, екіншісі əл-Ясағ. Бұл патшаның тірі кезінде бір діндар бар болатын. Аты Мардаки. Армала оны өлтірген еді. Күйеуі Ажаб: «Мына адамды азаптама. Оны өлтірмесең, аман қаласың», – деді. Бір күні Мардаки Армалаға кіріп: «Ей, пасық қатын, «Лə илəһə иллаллаһ» («Алладан басқа тəңір жоқ») деп айт», – деді. Армала əмір беріп, оны өлтіртті. Бұл хабар (күйеуі) ибн Амраға жетті. (Ол): «Ей, Армала, оны өлтіріпсің, енді пəлеге дайын тұр», – деді. Алла Тағала Ілияс есімді адамға уахи жіберіп, пайғамбарлық берді. Оның екінші аты Юшан еді. Жебірейіл келіп: «Ей, Юшан, Жаратушы саған сəлем жіберді жəне құлым Ажаб пен күңім Армалаға барып айтсын, «Лə илəһə иллаллаһу Илйəсу расулуллаһи» («Алладан басқа тəңір жоқ, Ілияс Алланың елшісі») десін деп жатыр», – деді. Ілияс: «Тəңірім, мені кімге жіберіп тұрсың, одан өткен жауыз жоқ», – деді. Жебірейіл келіп: «Хақ Тағала: «Мен оны жараттым. Сен маған мойынсұн» деп жатыр», – деді. Ілияс: «Тəңірім, (ол) үш жүз жетпіс пайғамбарды өлтірді. Менен əлсіз ешкім жоқ», – деді. «Ей, Ілияс, менің іліміммен салыстырып тұрсың ба? Салыстыруды жаратқан менмін» деген жарлық келді.
Ілияс: «Тəңірім, менің ажалым жетпіс болса да айтайын, бұл кəпірден өте қорқамын», – деді. «Ей, Юшан, халық пəлесі менің құдіретімде» деген жарлық келді. Ілияс: «Маған əскер бер», – деді. «Жер бетіндегі арыстандардың бəрін саған бағындырдым» деген жарлық келді. «Тəңірім, арыстандар қалай тыңдайды?» – деді. «Саған керек болған кезде оларды шақыр, бəрі келеді» деген жарлық келді. Ілияс: «Тəңірім, тағы бер», – деді. «Жеті теңізді саған бағындырдым» деген жарлық келді. Ілияс таудан түсті. Бұдан бұрын таудан түсіп, мойын сүйегі жəне оң қолы сынған болатын. (Сондықтан) қара малға мінбейтін. (Ол): «Тəңірім, «Сəббили шəйтан əркəбуһу», (яғни) «Маған мінетін көлік бер», – деді. Алла Тағала құлан жіберді. Ілияс оған мініп, патша сарайына келді. Қақпашы Ілиясты көріп, оны қайыршы деп ойлады. Сарайға кіріп, бір нан мен бір ақша шығарды. Ілиясқа берді. Ілияс алып сарайға кірмекші болды. Бір құл шығып, Ілиястың қолынан ұстап, алысқа апарып тастады. Ол құл кеткен кезде, Ілияс қайта келді. Қақпашы ашуланды. Қанша қуса да, кетпеді. Жаңағы құл неге кетпейсің деп қалағанынша ұрды. Айқай-шу көтерілді. Ханшайым: «Бұл не қылған айқай-шу?» – деді. «Ей, Ханшайым, бір қайыршы келіпті, сарайға кіремін деп жатыр», – деді. Күзетші шығып, Ілиясты сарайға кіргізді. Ханшайым Ілиясты көрген кезде, түсі сарғайып, қорқып кетіп: «Ей, күзетші, қандай жаман адам алып келдің? Кімсің?» – дегенде Ілияс: «Адаммын», – деді. «Қайдан келдің, не үшін келдің?» – дегенде, Ілияс: «Ата белінен, ана мейірімінен келдім», – деді. Армала: «Өзің келдің бе əлде біреу жіберді ме?» – деді. Ілияс: «Ей, пасық қатын, сен үшін менен өткен дұшпан жоқ. Жүзіңді көруге төзімім жоқ, алайда мені Жаратушы жіберді, (сол үшін) келдім», – деді. «Жаратушың кім?» – деді. «Алла», – деді. Армала: «Қай Алланы айтып тұрсың?» – деді. «Мені, сені жəне барша халықты жаратқан Алланы айтып тұрмын», – деді. «Не деп жіберді?» – деді. «Лə илəһə иллаллаһу уə иннə Илийəсу расулуллаһи» («Алладан басқа тəңір жоқ, жəне, əрине, Ілияс Алланың елшісі») деп айт», – деді. Армала: «Сен анау Жалил тауда тұрған Ілияссың ба?» – деді. «Ия», – деді. Армала: «Мен сен айтқан сөздерді айтқаны үшін үш жүз жетпіс
пайғамбарды өлтірдім. Бəрінің басы сенсің. Мен сені өлді деп есептеймін. Енді сен өз аяғыңмен өлімге келдің», – деді. (Армаланың) Яхнун есімді уəзірі бар еді. Ол жасырын мұсылман болып еді. Соған қарап: «Мынаны шығарып, басын кесіп ал», – деді. Яхнун Ілиястың қолын байлап, шаһардан шығарып: «Ей, Расулулла, бұл Армала үш жүз жетпіс пайғамбарды өлтірді. Маған ешқайсысын өлтір демеді. Бүгін сені өлтіруді əмір етті. Мен сені қинамаймын», – деп Ілиястың аяғына жығылды да, «Бұл жерден кет. Мына малғұн сені өлтірмесін», – деді. «Ей, Юшан, барып пендеме айт. Алла бір, сен Менің пайғам барым» дегенді айтсын», – деді. Ілияс барып: «Ей, пасық қатын, «Лə илəһə иллаллаһу уə иннə Илийəсу расулуллаһи» («Алладан басқа тəңір жоқ жəне, əрине, Ілияс Алланың елшісі») деп айт», – деді. Армала: «Сенің Тəңірің маған соншалықты қиыншылық жіберді, мен оған сыйынбаймын. Маған не қаласа, соны жасасын», – деді. Ілияс: «Ей, пасық қатын, «Лə илəһə иллаллаһу уə иннə Илийəсу расулуллаһи» («Алладан басқа тəңір жоқ жəне, əрине, Ілияс Алланың елшісі») деп айт», – деді. Армала басқа жауап бермеді. Ілияс оның қауымына: «Сендер Бағлға табынамын деп, «Əхсəн ул-халиқинді» («Жақсы Жаратушыны...») ұмыттыңдар. «Ə тəд'унə бə'лəн уə тəзəрунə əхсəнə əл-халиқин» («Жақсы Жаратушыны қойып, Бағл деген пұтқа табынасыңдар ма?»), – деді. Олар: «Біз Бағлды білеміз, біздің одан басқа тəңіріміз жоқ», – деді. Ілияс: «Тəңірлерің Алла. Аталарыңның Тəңірі де Алла», – деді. «Аллаһə раббə əбəикум əл-əууəлин» («Өткен ата-бабаларыңның Жаратушысы – Алла»). Армала: «Ей, Ілияс, өз Тəңіріңді мақтап, біздің тəңірімізді даттап жатырсың. Енді Тəңіріңе айт, соғысайық. Ол бізді жеңсе, құтылады», – деді. Ілияс: «Ей, Раббым, бұлардан бізді құтқар», – деді. Жебірейіл келіп: «Ей, Ілияс, Жаратушы Алла, Мен сабырлымын, ұйықтамаймын. Құлыма айт, қай күні соғысуды қалайды деп жатыр», – деді. Армала: «Ертең қалаймын», – деді. Ертесіне Армала жеті топ əскер шығарды. Əр тобында жүз мың адам. Үш иғаш жерге бір сап түзеді. Жебірейіл: «Ей, Ілияс, құлшылық үйінен шық, Армаланың əскерін қара», – деді. Ілияс: «Менің əскерім қайда?» – деді. «Арыстандарды шақыр» деген жарлық келді. Желге жарлық болып, Ілиястың дауысы Шығыстан Батысқа дейін есітілді. Көзді ашып-жұмғанша күн шығыстан күн батысқа дейінгі арыстанның бəрі жиналып, Ілиястың оң қолына келіп тұрды.
Жебірейіл: «Жəне керек пе?» – деді. Ілияс: «Ей, халайық, Алла Тағалаға иман келтіріңдер», – деді. (Олар): «Ей, Ілияс, бізді мына сөзден қорқады деп тұрсың ба?» – деді. Ілияс: «Жаратушы біздің арамызда үкім шығарғанша шыдай тұрыңдар. (Ол) барлық төрешілерден артық», – деді. «Уəсбир хəттə йəхкумаллаһу уə һуə хəйру əл-хəкəмин» («Алла бір үкім шығарғанша сабыр сақта. Алла Тағала үкім шығарушылардың ең жақсысы»). Жəне: «Тəңірім, мені мына залымдардан құтқар», – деді. «Уə нəжжини мин əл-қауми əз-залимин» («Жəне мені мына залым қауымнан құтқар»). Жебірейіл келіп: «Ей, Ілияс, өлім қалайсың ба?» – деді. (Ілияс): «Қаламаймын», – деді. Жаратушы Алла құдіретімен Ілиясты Батысқа алып барды. Содан кейін сап түзеді. Арыстандар атылды. Əрбір адамға он арыстан жабылды. Көзді ашып-жұмғанша жеті жүз мың əскерден бірде-бірі қалмады. Ілияс мінген арыстан Ажаб ибн Амрдың аяғын ұстады. Бір ұрғашы арыстан келіп, Армаланың киімінен тістеп, сүйрей бастады. Өліктер арасында бөлшектеп тастады. Кеш болған кезде Алла Тағала от жіберді. Ол шаһар халқын өртеді. (Тек) екі үй қалды: бірі – Яхнун үйі, екіншісі – əл-Ясағ үйі. Одан басқасының бəрі өртенді.
ҚЫЗЫР МЕН ІЛИЯС (Ғ.С.) ТУРАЛЫ «Қызырдың» мағынасы жасыл деген сөз. Қызыр (ғ.с.) қай тасқа отырса, сол тас көгеретін. Сол себепті де Қызыр аталды. (Кейбіреулер) қай тасқа отырса, көгеретін еді дейді. Енді біреулер Қызыр пайғамбар, дейді. Келесі біреулер пайғамбар емес, ізгі, ізгілік жасаушы еді дейді. (Қызыр) Бəни Исраилда ер жетті. Мəңгі суын ішіп, тірі қалды. Алайда Ілияс елші пайғамбар болатын. «Уə иннə Илийəсə лəмин əл-мурсəлин» («Жəне, əрине, Ілияс Біздің жіберілген пайғамбарларымыздан»). (Деректерде) (оның) көптеген жылдар бойына құлшылық жасағаны айтылады. Əзірейіл (Ілиястың) жанын алғалы келген кезде қатты өкіріп жылады. Əзірейіл: «Ей, Ілияс, Жаратушы құзыретіне баруға жылап жатырсың ба?» – деді. Ілияс: «Құлшылықтан мақұрым қаламын, басқалар құлшылық ететін болды деп жылап жатырмын», – деді. Жебірейіл келіп: «Ілияс шын сөйлеп тұр. Жаны үшін жылап тұрған жоқ, құлшылық үшін жылауда. Сен, Əзірейіл, қайт, Біз оған ұзақ өмір сыйладық» деген жарлық жеткізді. Сол себепті (мəңгі) тірі қалып еді. (Деректерде) ілімі терең болғаны үшін, аты əл-Ясағ аталды делінеді. Кейбіреулер Қызырмен бірге мəңгі суын ішті, (енді) қияметке дейін өлмейді деді. Қызыр дарияларда жүреді. (Ал) Ілияс шөл далаларда жолдан азғандарға (тура) жол сілтейді. Жұмысы мынау: Түн болса, ЙəжужМəжуж жеріне барады. Жеп-ішері «жағди» деген көк шөп. Оларды Жаратушы Алла пұтқа табынған қауымға жіберіп, Исламға шақырыңдар деді. Қызыр, Ілияс екеуі пұтқа табынғандарға келіп: «Пұтқа табынбаңдар, шарап ішпеңдер», – деді. Сол халық бұл екеуін патшаларына алып барды. Патша: «Мұғжизаларың бар ма?» – деді. (Олар): «Сен қандай мұғжиза сұрап тұрсың?» – деді. Патша: «Менің қызымның өлгеніне бірнеше жыл болды. Соны тірілтсеңдер, иман келтірейін», – деді. Тəңірдің жарлығымен қызы тірілді. Сұрап еді, қызы: «Рас айтып тұр. Пұтқа табынбаңдар, Жалғыз Аллаға сыйыныңдар. Сені Тəңір жаратты, саған патшалық берді. Қауымыңа айт, иман келтірсін», – деді. Патша: «Асықпа, ойланайын», – деді. Қызы: «Ей, малғұн, не деп ойланасың? Бірнеше жыл бұрын өлген келіп ақыреттен хабар беріп тұр. Жəне қандай сөзің бар?» – деп əке сінен бет бұрды да: «Тəңірім, жанымды ал. Баяғы жағдайымды қалай мын», – деді. Жаратушы Алла қызының жанын алды. Əкесі иман келтірмеген кезде, Қызыр мен Ілияс пəлекет дұғасын жасады. «Орындалады» деген жарлық келді. Олар бұлтқа «Жаума!» – деді.
Сегіз жыл жауын жаумады. Қажыды. Патша пайғамбармыз дегендерді шақырып: «Бізге неге жауын жаумай тұрғанын білесіңдер ме?» – деді. (Олар): «Білеміз, пұттар алдында күнə жасадыңдар. Сендерге ашуланып, жауын бермеді», – деді. Патша: «Не істейміз?» – деді. (Олар): «Түйелерді құрбандыққа шалсаңдар, пұттар сендерге разы болады», – деді. Солай жасап еді, жауын жаумады. (Олар): «Пұттарды жайлауға шығарыңдар, ақ киім киіндіріңдер, арақ ішіңдер, пұтқа сəжде жасаңдар, жалынып-жалбарыныңдар. Сонда разы болып, жауын береді», – деді. Одан бетер құрғақшылық болды. Тəңірге иман келтірмегені үшін жауын жаумады. Қызыр мен Ілияс тауға шықты. Құлшылық жасады. Күнде жұмақтан тамақ келетін. Патша жүз қарт адамды Қызыр мен Ілиясқа жіберіп: «Кешірім сұрап, елге алып келіңдер», – деді. Олар барған кезде Қызыр мен Ілияс: «Шарасыздан бізге келіп тұрсыңдар», – деді. Пəлекет дұғасын сұрады. Жаратушы Алла бəрін опат етті. Патша жəне он əйелді жіберді. Тауға жақын барды. Біреуі: «Сендер мұнда тұрыңдар, мен жалғыз барайын. Кешірім сұрайын. Қабылдаса, алып келейін. Қабалдамаса, сендер де опат болмаңдар», – деді. Жалғыз барды. Қызыр мен Ілиястың дұғасымен ол да опат болды. Басқалары қайтып кетті. Жəне: «Келіңдер, Жаратушыға қайтайық», – деп Жаратушы Алланы мойындады. Жаратушы Алла жауын берді. Астық екті. Құрғақшылықтан құтылды. Қызыр мен Ілияс су ішетін арықтың суы тартылды. Жұмақтан тамақ келмейтін болды. Амал таба алмастан, елге қайта оралды. Бір кемпірдің үйіне барды. Тамақ сұрады. Кемпір: «Жеті күннен бері патша үйінде жейтін тамақ таба алмай отыр», – деп, азырақ тамақ алып шығып берді. Су тиіп, иістеніпті. Қызыр мен Ілияс қолдарына алып, үрледі. Ақ болды. Оны қамыр жасап, тандырға салды. Кемпір: «Қорқамын», – деді. (Ол екеуі): «Неден қорқасың?» – деді. Кемпір: «Түтін шықса, ел жиылып, бəрін жейді», – деді. (Ол екеуі): «Қорықпа», – деді. Кемпір нан пісірді. Халық түтінді көріп келді. Патшаға хабар жеткізді. Патша адам жіберді. Есігін жауып, патша кемпірдің үйіне келді. Қызыр мен Ілиястың сөзін кемпірден есітті. Əскермен Қызыр мен Ілиясты іздеп барды. Намаз оқып жатқанын көрді. Аяқтарына жығылып, кешірім сұрап, иман келтірді. Құрметтеп елге кіргізді. «Уаллаһу ə'лəм» («Алла біледі»).
ЖИРЖИС ПАЙҒАМБАР (Ғ.С.) ҚИССАСЫ Ол – дүние сөзін қойған, Жаратушы жарлығына мойынсұнған, саудамен халал мал жиған, ол малды пақырларға садақа қылған, Жаратушы разылығы үшін қиындық көрген, түрлі қиындықтармен жеті рет өліп, алты рет тірілген – ЖИРЖИС (ғ.с.). Өлең: Жиржис атты бір саудагер ізгі мұсылман еді ол, Шам патшасын көргелі көп малмен келді ол. Афгун атты пұтқа табынар кəпір еді пұтханадан, Бермеді малын оған, кедей, кепшікке берді ол. Жебірейіл еніп пайғамбарлық жеткізді Жаратушыдан, Хаққа қайт деп тез патшаға кірді, барды ол. Қинап өлтірді оны жəне келді тіріліп, Еш пайғамбар көрмеген қатты азабын көрді ол. Жеті рет жеті түрлі қиын азапта өліп, Алты рет тіріліп, жетіншіде жол көрсетті ол. Уахб ибн Мунаббих əл-Ямани риуаят етеді: Шам аймағында Дадбана кəпір патша бар еді. Пұтқа табынатын. Алтынмен апталған Артмиш атты пұты бар еді. Ақ тастан ойылып, гауһарлармен безендірілген тағы бір пұт жасады. Аты Афгун еді. Бұл барша пұттардың үлкені болатын. Дадбана пұттарды қатты жақсы көретін. Жəне Палестина аймағында Жиржис есімді діндар мұсылман бар еді. Күні-түн құлшылық жасап, саудамен айналысатын. Дадбана патшаның атын есітіп, онымен достасайын деп, көп тарту-таралғылар алып, Палестинадан Шамға жиырма күн дегенде келді. «Патшаның иман-сенімі қалай?» – деп сұрады. «Пұтқа табынатын кəпір», – деді. Осы сөзге налып, (еліне) қайтпақшы болды. Алып келген мал-дүниелерін дəруіштерге садақа етіп таратып, Палестинаға қайтып кетті. Патшаға: «Бір саудагер саған сыйлық алып келді. Бірнеше күн сені сұрады. Саған алып келген сыйлықтарын дəруіштерге садақа етіп таратып, кетіп қалды», – деді. Патша ашуланып, адам жіберіп, алып келдірді. Патша: «Менің еліме кіріп, мені көрместен неге қайтып кеттің? Шыныңды айт, айтпасаң, қатты азаптап өлтіремін», – деді. Жиржис: «Расымды айтсам, мен палестиналық саудагер құлмын. Сен де Тəңірге құлсың. Сенімен достасайын деп, сен үшін сыйлықтар алып келдім. Пұтқа табынатыныңды мұнда келіп есіттім. Малым кəпірлерге болмасын деп, кедей-кепшік мұсылмандарға бердім», – деді. Патша: «Тəңірім Афгун хақы, сені қинап өлтірейін, барша əлем ғибрат алсын. Кел, Афгунға сəжде жаса, босатайын. Сенің Тəңірің бар болса, неге бүгінге дейін пайғамбар жібермеді?», – деді. Жиржис: «Ей, кəпір, көптеген пайғамбарлар жіберді. Алла Тағаладан жарлық келді. Кім қабылдаса, қатты азаптан құтылды, кім қабылдамаса, пəлеге ұшырап, опат болды. Нұх, Ибрахим, Мұса пайғамбарлар көптеген пұттарды қиратты, Намрут, Шаддад, Ферғауын
секілді сансыз кəпірлерді опат етті. Ей, кəпір, қорық. Тəңір құлдарына қарсы келме. Мұсылман бол, мына пұттарды сындыр. Бұлардан пайда жоқ, зияны бар», – деді. Дадбана патша: «Мен Нұх, Ибрахим, Мұсаны білмеймін», – деді де, сақшыларын шақырды. Жиржисты ұстап, киімін шешті де, аяқ-қолын байлап, асып қойды. Алды-артынан соқты. «Бұл сөзден қайт, Афгунға сəжде жаса», – деді. Əр ұрған сайын: «Лə илəһə иллаллаһу уəхдəһə лə шəрикə лəһу» («Алладан басқа тəңір жоқ, Ол жалғыз жəне оның серігі жоқ») дейтін еді. Таңертеңнен түске дейін екі адам ұрса, түстен кейін тағы екеуі келіп ұратын. «Өл», – деді. Өлмеді. Дадбана ашуланып: «Ей, Жиржис, сөзіңнен қайт. Афгунға сəжде жаса», – деді. Жиржис: «Ей, малғұн, Тəңірден қорық, мұсылман бол. Тамұқтан құтылып, жұмаққа кір, пұттарды сындыр», – деді. Дадбана: «Жиырма темір қазық қағыңдар, темір соқа мен темір тарақпен етін сылыңдар», – деді. Қорғасын қайнатып, аузына құйып, бауыздап өлтірді. Ел арасына ұзын ағашқа асып тастады. Дадбана басқа патшаларды шақырып, «көңілім орнына түсті» деп арақ ішіп, ойын-сауыққа кірісіп кетті. Жаратушының құдіретімен бір дауыс келді. Қорыққандарынан жұрттың бəрі естерінен танды. Зілзала болды. Ағашта (асулы тұрған) Жиржис тірілді. Сол сəтте Жиржис жетіп келіп: «Ей, малғұн, «Лə илəһə иллаллаһу Жиржисун расулуллаһи» («Алладан басқа тəңір жоқ, Жиржис Алланың елшісі») деп айт», – деді. Патша аң-таң қалып: «Мен сені қинап өлтіріп едім, сен сиқыршылықпен қайта тіріліпсің», – деді. Жəне ұстап ұрды. Содан кейін зынданға тастап, бір үлкен таспен есігін жауып тастады. Жаратушы Алла Жебірейілге айтып, Жиржисқа пайғамбарлық берді де: «Жұмақта жақұт, зəбəржаттан сен үшін үй салғызды. Жəне жеті жыл осындай машақатқа сабыр ет. Одан кейін рахатқа кенелесің. Мына кəпірлер сені жеті рет өлтіреді. Əр өлтірген сайын, Жаратушы Алла қайта тірілтеді. Қиямет (Алла олардың) күні жазасын береді» (деген жарлық жіберді). Ертесіне патша барша сиқыршыларды жиып, шапан кигізді. Үлкендеріне (қарап): «Палестиналық бір сиқыршыны ұстап өлтіріп едік, қайта өзін тірілтті. Сендер де солай өлікті тірілтсеңдер, жарты мал-дүниемді беремін», – деді. Сиқыршылар: «Ей, патша, саған одан да кереметін көрсетейік», – деп, бір сиырды əкелдірді. Ортасынан шаптырып, жартысын алып ішінен ұрып, екі сиыр шығарды. Тағы бір жартысына ұрып еді, ол да екі сиыр болды. Патша мұны көріп аң-таң қалды. (Сиқыршылар) патшаға: «Ей, патша, Жиржисты бізге алып кел, мен оны тамызық қылайын», – деді. Жиржисты зынданнан шығарып алып келді. Сиқыршылар Жиржисқа: «Сиқыршылықтан не білесің? Мен саған күшті сиқырлар көрсетейін», – деп сиқыршылардың үлкені екі мұрындық əкелдірді. Сол төрт сиырдың мойнына салды. Патшаның сарайына кіріп, ұрық шашты. Сол сəтте-ақ өсіп, пісті. Патша піскенінен
жеді де, Жиржисқа (қарап): «Біздің сиқыршыларымыз осы. Енді сенің сиқыршылығыңды көрейік. Сен шеберсің бе əлде біз бе?» – деді. Жиржис: «Мен сиқыршылықты білмеймін. Тəңірдің бір байғұс құлымын», – деді. (Олар): «Қай Тəңірге?» – деді. (Жиржис): «Барша əлемге несібе беріп, бəрін өлтіретін Тəңірге. Жəне қиямет күні бəрін тірілтеді. Ол – ауруға шипа берген, жер мен көкті жаратқан, құрметтеген, қорлаған», – деді. Патша: «Сені жəне бір сынайын. Бір жұтым арақ берейін, ішіп, өлмесең, тəубе етіп, иман келтірейін», – деді. Жиржис: «Əкел, ішейін», – деді. Алып келді. Көп у салды. Афгун атын айтып оған берді. Жиржис: «Бисмиллəһир рахмəнир рахим» («Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен») деп ішті де: «Əлхəмду лиллəһ» («Аллаға шүкір»), шөлдеп тұр едім, қандым», – деді. Ана сиқыршылар көріп күліп: «Ей, патша, мына ыдыстағы арақты мына тұрған бəріне бергеніңде, бірдебірі тірі қалмайтын еді», – деді. Патша: «Жəне бір ыдыс берейін. Ішіп, өлмесе, өте тамаша болады», – деді. Бір тостаған араққа у салып, Жиржисқа берді. (Ол) алып: «Бисмиллəһир рахмəнир рахим» («Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен») деп ішті де «Шөлдеп тұр едім, қандым», – деді. Сиқыршылар: «Мына уды шамдықтарға берсең, бірде-бірі тірі қалмайтын еді. Мынау мақұлықтың ісі емес. Барлықты жаратқан Жалғыз Алланың ісі, бір бəріміз Жиржистың Тəңіріне иман келтірдік. Афгуннан бездік», – деді. Сиқыршылар мұсылман болды. Патша қайғырып, жүзі сарғайды. Жиржис патшаға келіп: «Ей, малғұн, «Лə илəһə иллаллаһу Жиржисун расулуллаһи» («Алладан басқа тəңір жоқ, Жиржис Алланың елшісі») деп айт», – деді. Көп халық жылап: «Бірнеше рет өлтіріп едік, тірілді. У ішіп өлмеді. Бұл Жаратушының ісі. Енді сендік. Алла бір, Жиржис Оның пайғамбары», – деп иман келтірді. Патша əмір беріп, бəрін өлтірді. Алла Тағалаға аттанды. Бір бек патшамен отыр еді (сол): «Ей, Жиржис, Сенің Тəңірің Хақ болса, бір айғақ көрсет. Айғағы сол болсын, осы шаһардағы кесілген құрғақ ағаштарды, отындарды жемісті ағашқа айналдырса, біз иман келтірейік», – деді. Жиржис намазға тұрды. Екі ракағат намаз оқып: «Тəңірім, бəрінің сырын сен білесің», – деді. Дұғасын аяқтамай тұрып, қырқылған ағаштар жапырақтап, жеміс салды. Ол патша: «Ей, Жиржис, шебер сиқыршы екенсің. Бұл ретте жəне өлтірейін, қалай тірілетініңді көрейін», – деп өткір пышақ алдыртты. Жиржистың басынан аяғына дейін бөліп, қақ жарды. Қазанға салып, қайнатты. (Сол кезде) зілзала тұрды. Микəйілге жарлық болып, қазанды төңкертті. «Тіріл», – деді. Жаратушы Алланың жарлығымен Жиржис тірілді. Патша қайғырды. Уəзірі: «Мен тілек сұрайын. Жылдам əкелмесе, бір құтылайық», – деді де: «Ей, Жиржис, мына елдің шетінде бір қабір бар. Онда он жеті адам жерленген. Егер оларды тірілтсең, біз иман келтірейік», – деді.
Жиржис: «Қабірді маған көрсет», – деді. Патшаның жақын адамымен бірге қабір басына келді. Жиржис екі ракағат намаз оқыды да: «Тəңірім, сырлар кені Сенсің, бəріне күшің жетеді», – деп дұға жасады. Дұғасын бітірмей тұрып, қабірлер жарылып, он жеті адам атып тұрды. Бес ер адам, үш бала жəне тоғыз əйел. Патша сол бес ер адамның біреуінен: «Атың кім?» – деп сұрады. (Ол): «Бурқайыл», – деді. (Жəне) аталарының атын да айтып берді. Уəзір: «Сіз өлгелі неше жыл болды?» – деді. (Ол): «Мың жыл», – деді. Патша: «Ол кезде сендер не нəрсеге табынатын едіңдер?» – деді. (Ол): «Пұтқа табынатын едік. Өлгенімізден кейін Жаратушы Алла біздерді тамұққа тастап, көп азаптады. Көп өкіндік, пайда таппадық. Сендер де солай жасамаңдар. Өкінесіңдер, пайда бермейді», – деді. Бəрі: «Лə илəһə иллаллаһу» («Алладан басқа тəңір жоқ») деп, сол күні өлді. Жиржистың берекесінің арқасында иманмен аттанды. Уəзір: «Ей, патша, елу жылғы өлікті тірілтті. Мұндай сиқыршы болмайды», – деді. Патша екі сақшыға əмір беріп, (оны) байлатып, үш күн-түн ұрғызды. Еттерінің порша-поршасы шықты. Қабірістанға алып барып, ағашқа асты. Төрт жағынан қоршады. Жиржис: «Лə илəһə иллаллаһу уəхдəһə лə шəрикə лəһу» («Алладан басқа тəңір жоқ, Ол жалғыз жəне оның серігі жоқ») дейтін еді. Сол түні өлген соң, түсірді. Тау басына қойды. Еті, терісі, сүйегінің бəрі майдаланды. Олар кеткен кезде Алла Тағала (Жиржисты) қайта тірілтті. «Құлыма айт, Мені бір десін, сені пайғамбарым десін» деген (Алладан) жарлық келді. Жиржис (патшаға) келіп: «Лə илəһə иллаллаһу Жиржисун расулуллаһи» («Алладан басқа тəңір жоқ, Жиржис Алланың елшісі») деп айт», – деді. Сол қауым Жиржисты көріп, аң-таң қалып, дереу иман келтіріп, «Пұттан бизар бодық», – деп патшаға келді де: «Сен не десең, соны орындадық. Жиржисты неше рет өлтірдік. Қайта тірілді. Мұндай құдірет Жалғыз Тəңірден басқада жоқ. Жиржис Хақ пайғамбар», – деп ақ көңілмен «Лə илəһə иллаллаһу Жиржисун расулуллаһи» («Алладан басқа тəңір жоқ, Жиржис Алланың елшісі») деп мойындады. Патша бұл сөзді есітіп, бəрін өлтірді. Олардың бəрі жұмаққа аттанды. Патша: «Мынаны ұстаңдар!» – деді. Елу адам ұстап, елден шығарды. Өлтірмекші болған кезде Жиржис: «Ей, Зулжəлəли уəликрам («Айбынды һəм құрметті»), өз кеңшілігіңмен маған мейірім жаса. Мына кəпірді өз азабыңмен опат ет. Мені қайта тірілтпе», – деді. Тəңірдің құдіретімен көктен от түсті. Қала отқа оранды. Жаңағы елу адам Жиржисты ұра-ұра өлтірді. Өздерін тамұққа лайық қылды. Олардан жүз мың ер адам, отыз мың əйел кісі мұсылман болды. Өзгелері кəпірлікпен опат болды. «Уаллаһу əл-һəди илə сəбили əррашади» («Алла турашылдардың жолына салушы»).
ЛҰҚПАН (ОҒАН АЛЛАНЫҢ МЕЙІРІМІ БОЛСЫН) ҚИССАСЫ Лұқпан Дəуіт пайғамбардың заманында еді. Ұзын тісті бір хабаши құл болатын. Ол мың бес жүз жыл жасады. (Деректерде) (оның) бір ұстаның құлы екендігі айтылады. Иесі бостандық берді. (Кейбіреулер) өзі ұста еді дейді. Жаратушы Алла күн сəске уақытта оған екі періштені жіберді. (Олар): «Ей, Лұқпан, қаласаң саған пайғамбарлық берейік, қаласаң хикмет берейік», – деді. Лұқпан: «Маған хикмет керек. Хикметтің мағынасы тура, тиянақты іс деген сөз», – деді. (Олар): «Пайғамбарлық неге қаламадың?» – деді. (Лұқпан): «Ауыр міндет», – деді. Жаратушы Алла хикметпен сондай хикмет баяндады, барлық пайғамбарлар оған мұқтаж болды. (Деректерде) бір күні отырып халыққа үгіт-насихат айтып отыр еді делінеді. Бəни Исраилдан біреу көп халық көрді. Оларға барды. Лұқпанның үгіт-насихат айтып жатқанын көрді. Артынан келіп, мойнын созып: «Лұқпан сенбісің?» – деді. (Лұқпан): «Ия», – деді. (Ол): «Бұл мақамға қалай жеттің?» – деді. Лұқпан: «Тура сөздермен аманатты ұстадым, Хаққа ұнамайтынды қойдым, содан осы мақамға қол жеткіздім», – деді. Хикаяда келеді: Бір күні қожасы Лұқпанды егін егуге жіберді. Лұқпан барып арпа екті. Қожасы: «Бидай ек деген едім, неге арпа ектің?» – деді. Лұқпан: «Арпа ексе, бидай шықпай ма?» – деді. Қожасы: «Шықпайды», – деді. Лұқпан: «Олай болса, сен де жамандық егіп, жақсылық күтпе», – деді. Тағы бір хикаяда келеді: Лұқпан таныссыз, қолхатсыз қарыз беретін еді. Біреу келіп, қайтармау ниетімен мың алтын алды. Бара жатып жарағына отырды. Алтынды қызыл шүберекпен орап қойды. Аспандағы құс көріп, ет деп ойлап, алып кетті. Лұқпан үйінің тұсына келген кезде, алтынды тұмсығынан түсіріп алды. Лұқпан алтынын танып, үйіне кіргізіп қойды. Жаңағы адам келіп, жаңағы ниетпен жəне мың алтын алды. Судан өтіп бара жатып, алтынды суға түсіріп алды. Ол су ағып Лұқпанның үйіне баратын еді. Лұқпан көріп, судан алтынын танып алды. Жаңағы адам үшінші рет келіп, баяғы ниетпен жəне мың алтын алды. Оны да жоғалтты. Бір себеппен Лұқпанның қолына (қайта) түсті. Төртінші рет келіп, сауда жасайын деген ниетпен жəне мың алтын алды. Жаратушы Алла пайда берсе, төрт мың етіп, алтынды Лұқпанға қайтарайын деді. Көп пайда тапты. Төрт мың алтынды алып келіп, Лұқпанның алдына қойды. Лұқпан мың алтынды алып, басқаларын алмады. Ақиқат маған жетті деді.
ХИКАЯ: Лұқпанға қожасы: «Барып, бір қойды сой да, етінің ең жақсы жерін маған алып кел», – деді. Қойды бауыздап, тілі мен жүрегін алып келді. Қожасы: «Неге бұл жерін алып келдің?» – деді. (Лұқпан): «Қойда тіл мен жүректен жақсы жер жоқ. Жауыздықта тіл мен жүректен өткен жауыз жоқ», – деді. Хикаяда былай келеді: Лұқпан баласына өсиет айтты. – Бірінші сі – əйеліңе ешқашан сырыңды айтпа, (екінші) – жаңа байығаннан қарыз алма, (үшінші) – жендетпен дос болма, – деді. Лұқпан дүниеден өткен соң, баласы осы үш өсиетті сынайын деп, базарға барды. Бір қой сатып алды да, бауыздап қапқа салып, аузын байлап үйіне келді. Əйелі: «Мынаның ішінде не бар?» – деді. (Ол): «Біреуді өлтіріп, осыған салып алып келдім. Ешкімге айтушы болма, құрымайын», – деді. Жəне барып, жаңа байығаннан қарыз алды. Тағы жендетпен дос болды. Содан кейін əйелімен ұрысты. Əйелін ұрған кезде, əйелі: «Ей, мұсылмандар, күйеуім адам өлтіріп үйреніп қалған. (Енді) мені өлтірейін деп жүр», – деп жар салды. Сол сəтте бұл сөзді патшаға жеткізді. Патша: «Ол адамды қашып кетпестен бұрын ұстап алып келіңдер», – деді. (Сондағылар): «Кім алып келеді?» – деді. Жендет досы: «Мен үйін білемін, барып алып келейін», – деді. Барып, ұстап келді. Келе жатып: «Ей, досым, мені жібер, қашып кетейін», – деді. Жібермеді. Жəне жаңа байыған адам келіп: «Ақымды бер, сен өлесің, ақым күйіп кетеді», – деді. Біреуден алып ақысын берді. Жендет досы патшаға алып келді. Патшаның көзі Лұқпанға түсіп: «Субханаллаһи» («Алла пəк»), ей, хəкімнің ұлы, бұл іс саған лайық емес еді», – деді. Лұқпанның ұлы: «Ей, патша, тыңда, жасың ұзақ болсын. Біреу барып мен өлтіргенді алып келсін», – деді. Барды. Аузы байлаулы қапты алып келді. Патшаның алдында аузын ашты. Сойылған бір қой шықты. Патша: «Бұл не жағдай, маған айтып бер», – деді. Ол болған оқиғаны айтып берді де: «Əкем маған үш насихат айтып еді. Соны сынайын деп осы істі істедім. Əкемнің сөзі дұрыс шықты», – деді. ХИКАЯ: Лұқпанның тұсындағы сұлтан ашуланып, Лұқпанды ұлымен бірге құдыққа тастады. Халық қайда екенін білмесін деп, үстіне астық ектірді. Лұқпан ол құдыққа түсерде (өзімен бірге) қырық батпан кепкен жүзім (мейіз) алып кірген еді. Бірнеше жылдар сонда қалды. Ол сұлтан өлген соң, орнына басқа сұлтан отырды. Бірнеше жылдар сұлтандық етті. Бір қарт кісі сұлтанға (келіп): «Сенен бұрынғы сұлтан Лұқпан хəкімді ұлымен бірге жерге тірідей көмген болатын. Олай қиналып өлсе, ессіздік емес пе?!» – деді. Сұлтан: «Ол хəкім болатын, бір шарасын тауып, тірі жатқан болар», – деп, барлық халықпен бірге іздеп, баяғы құдықтың аузын ашты. Шырақпен ұзын арқан байлап біреуді түсірді. Ол іздеді, таба алмады. Жəне ақыл тоқтатқан біреуді түсірді. Ол біраз жерге барып, «Мені тартыңдар», – деді. Оны шығарды.
(Ол): «Құдықтың жарты жерінде бір терең үңгір бар. Соның ішінде бір ер адам жалаңаш жатыр», – деді. Бірнеше хəкім, даналар кіріп, үңгірдің аузы тұсына ағаштар қойды. Адам тұратындай жер жасады. Содан кейін жарық түсіріп еді, қол тисе жұлынып кететіндей болып, ет, терісі жабысқан Лұқпанды көрді. Амалдап жоғары шығармақшы болып, ағаштардың үстіне орын дайындады. Ол орынға жаңа мақта төсеп, жұмсақ жай жасады. Үңгірдің аузын ұстап, астын қазып, Лұқпанға жақын келгенде жаңағы мақталы орынды Лұқпанның астына қоя бастады. Қол тигізбестен, ақырындап дайындаған орынға салғандай болды. «Сыртқа шығарсақ, күннің ыстығынан өліп кетер» деп, құдық ішінде үш күн ұстады. Үш күннен кейін жоғары шығарды. Жəне үш күн ұстады, демі аузынан шыға бастады. Бесінші күні сары майды домалақ етіп аузына азғантай салды. Күніне (осылай) үш рет жасады. Үш күннен кейін терісі түзелді. Көзін ашты. Содан кейін шығарып сарайға алып келді. Жəне үш күннен кейін сөйледі. Сұрап еді, (ол): «Екі жас қызды алып келіңдер. Менің оңым мен сол жағымды құшақтап жатсын», – деді. Солай жасады. Бір айдан кейін тұрып отырды. Сұлтан: «Сен тірілдің бе? Мына қыздар сені құшақтап жатқанында не пайда болды?» – деді. Лұқпан: «Оның бəрін айтып отыруға күш-қуатым жоқ. Егер білу керек болса, бір жас қызды сұраған қарияны алып келіңдер. Жəне бір күшті кемпірді сұраған жігітті алып келіңдер. Екеуін де өлтіріп, сүйектерін сындырып, қолдарына қараңдар, түсінесіңдер», – деді. Солай жасап еді, кемпірді сұраған жігіттің қолы судай болыпты да, жас қызды сұраған жігіттің (қарияның) сүйегі толық май екенін көрді. Соны көріп, кемпір мен қыздың айырмашылығын білді.
ҒҰЗАЙЫР ПАЙҒАМБАР (Ғ.С.) ҚИССАСЫ (Деректерде) Қызыр, Зұлқарнайын жəне Зулкəфіл секілді Ғұ зайырдың пайғамбарлығында да талас бар делінеді. Ғұзайыр Шархаяның ұлы еді. (Кейбіреулер) Хасур атты жерде Бəни Исраилдықтар он үш пайғамбарды өлтірді дейді. Жаратушы Алла оларға жеңіс берді. Бəрін найза, қылышпен түйреді. Жас нəрестелерді бесіктен шығарып, ортасынан шапты. Əйелдерін тұтқын етіп, малдарын алып кетті. Ғұзайыр солардың арасында болатын. Тəуратты оқитын. Бухтнасыр Бəни Исраилдан бір қыз алды. Ол қыз: «Сенен бір тілегім бар», – деді. (Ол): «Бəни Исраилдан ешкімді де өлтірме, босатып жібер», – деді. Елге қайтты, Ғұзайыр сол елден шықты. Ол ел оны Шабирабад дейтін. Басқа елге баратын болды. Осы екі кенттің арасында Уатр Хауқал жетпіс ер адамды өлтірткен еді. Ешкім жоқ еді. Сол кентке түсті. Есекті ағашқа байлады. Тағы (біреулер) Бəйт ул-Мұқаддас еді дейді. «Əу кəллəзи мəрра 'əлə қарйəтин уə һиə хауийəтун 'əлə 'урушиһə» («Немесе сол затқа ұқсайды, ол қабырғалары құлап жатқан қыстақ алдынан өтіп бары жатып...»). Ғұзайырдың қасында азғантай жүзім суы бар еді. Сол күнде Ғұзайыр қырық жастағы қара сақалды болатын. Намаз оқыды. Бұрынғы елдің өліктерін көріп: «Тəңір бұларды өлгеннен кейін қалай тірілтеді екен», – деді. «Əннə йухи һəзиһиллəһу бə'дə мəутиһə» («Бұлар өлгеннен кейін Алла қалайша тірілтеді екен?»). Жаратушы Алла тірілту құдіретін Ғұзайырға көрсету үшін оның (Ғұзайырдың) жанын алды. Жүз жыл өткен соң, қайта тірілтті. «Фə əмəтəһуллаһу миəтə əмин суммə бə'əсəһу» («Сол кезде Алла оның жанын алып, жүз жыл жансыз қалдырды, содан кейін тірілтті»). (Кейбіреулер) ол өлім оған ажал өлімі емес, ауру өлімі еді дейді. Ажал өлімі болғанда еді, ақыреттен хабар білетін еді. Еш хабар болмады. «Ей, Ғұзайыр, мұнда жатқаныңа қанша (уақыт) болды?» – деді. «Қалə кəм лəбистə» («(Алла): «Қанша уақыт жаттың?» – деді»). (Ғұзайыр): «Бір күн болды», – деді. «Лəбисту йəумəн» («Мен бір күн жаттым»). Сол үшін ұйқы өлшемі бір күн. Жəне күнге қарады, көлеңке қайтқан екен. «Бірнеше уақыттан бері жатырмын», – деді. «Əу бə'зə йəумин» («Немесе күннің жарты бөлімінде»). «Жүз жылдан бері жатырсың. Жейтін азығыңа қара» деген (Алланың) дауысы келді. «Қалə бəл лəбистə миəтə əмин» («(Алла): «Жүз жыл жатқан боларсың», – деді»). Азығы əнжір мен жүзімнің шырыны еді. Аз күнде əнжір мен жүзімнің суы бұзылады. Сенің азығың бұзылмады. «Фəнзур илə тə'əмикə уə шəрабикə лəм йəтəсəннə» («Тамағың мен суыңа қара, ол еш өзгермепті»). «Есекке қара», – деп жарылқады. «Уəнзур илə химəрикə» («Есегіңе де қара»). Есекке қарады. Өліп қалыпты. Сүйектері ағарып кетіпті. Жаратушы Алла: «Сені баршаларға белгі қылды», – деді. «Уə линəж'əлəкə əйəтəн лин-нəси» («...біз сені адамдарға үлгі һəм ғибрат етіп көрсетейік»).
Хасан Басри (Оған Алланың мейірімі болсын) дың айтуынша, бұл сүйек Ғұзайырдың сүйектері еді. Əуелі көзін жаратты, содан кейін (басқа) мүшелерін. Себебі тірілткенін өз көзімен көрсін деді. Абдулла ибн Аббастың айтуынша, есектің сүйегі еді. Жаратушы Алла желге айтты. Əлемді кезді. Ет-терісі мен сүйегі қайда болса, жиып, теріп алып келді. Баршасын орнына қойды. Бір түгі ауыспады. Есек тұрып, бір ақырды. Ғұзайыр оны көріп, Алла Тағалаға сəжде жасады. Ғұзайыр жаратушы Алланың барлық нəрсеге күші жететінін білді. «Ə'лəму əнналлаһа 'əлə кулли шəйин қадирун» («Мен Алланың барлық іске күші жететінін білемін»). Содан кейін Ғұзайыр есекке мініп, үйіне келді. Есік қақты. Ақ сақалды (болған) ұлы шықты. Ғұзайыр: «Ассалаумағалайкум, ей, ұлым», – деді. Ұлы: «Мені мазақтап тұрмысың. Мен кəрімін, сен жігіт бола тұрып, мені ұлым дейсің», – деді. Ұлы сол кезде жүз жиырма жаста еді. Ғұзайырдың қырық жасында бұл оқиға (болып) еді. Оқиғадан бұрын баласы жиырмада еді. Жүз жыл Ғұзайыр өліп жатты. Ендеше, ұлы жүз жиырмада болады да, Ғұзайыр қырықта. Мұндай ғажапты дүниеде ешкім көрген емес. Ғұзайыр: «Мен Ғұзайырмын», – деді. Қариялар жиылды. Ғұзайырдың сөзін қабылдамастан, (олар): «Ғұзайыр Тəураттың сөздерін жат қа білетін. Сен оқы, біз сенейік», – деді. Оқыды, жазды, бəрібір көңілдері орнына түспеді. Біреу: «Пəлен жерде Тəурат іздеп жүрмін», – деп Тəуратты алып келді. Салыстырып көріп еді, бір əріп артық не кем шықпады. Оны көрген уақытта: «Алла Тағала Тəуратты біздің арамыздан көтерген еді. Ешкімнің көңілінде жоқ болатын (ешкім жатқа білмейтін). Бүгін Ғұзайырдың көңілінде пайда болды. Жаратушыға Ғұзайыр бізге қарағанда дос (артық). Ғұзайыр Жаратушының ұлы», – деді. «Қалəти əл-йəһуду 'Узəйру ибнуллаһи» («Йəһудилер Ғұзайыр Алланың ұлы деді»). (Деректерде) мұны айтқанның бəрі адасушылардан еді дейді. ХИКАЯ: Ғұзайыр: «Тəңірім, құлдың күнə жасарын Сен тағдыр еттің, Сенің тағдырың өзгермейді. Онда неге азаптайсың?» – деп дұға жасады. «Ей, Ғұзайыр, «Һəзə мин унсури 'илми» («Бұл менің ілімімнің негізі»). Бұл Менің ілімімнің негізі. Бұл дұғаны қой (таста)» деген (Алладан) жарлық келді. «Бұдан кейін бұл дұғаны екінші рет жасасаң, атыңды пайғамбарлар тізімінен шығарамын», – деп үш рет айтты. Ғұзайыр жəне жасады. Жаратушы Алла Ғұзайырдың атын пайғамбарлар тізімінен шығарып, сыддықтар (турашылдар) тізіміне жазды. (Кейбіреулер) сол себепті оның пайғамбарлығында талас болды дейді.
ЗƏКƏРИЯ, ЯХИЯ, МƏРИЯМ ЖƏНЕ ИСА (Ғ.С.) ҚИССАСЫ Ол – «Нəдə раббəһу нидə'əн хəфийə» («Өз Жаратушысына жасырын дауыспен сөйледі») шапанын киген, «Рабби инни уəхəнə əл-'əзму минни» («Ей, Жаратушым, менің сүйектерім əлсіреді») деп Құзыретке мұңын шаққан, «Уə лəм əкун биду'əнкə рабби шəкийəн» («Ей, Жаратушым, Сенен дұға сұрағанымда əсте үмітсіз қалмағамын») шүкірлігін жасаған, «Фə хəб ли мин лəдункə уə лийəн» («Енді маған қасыңнан бір мирасқорды нəсіп ет») деп Жаратушыдан ұл сұраған, «Йə Зəкəрийə иннə нубəшширукə биғулəмин исмуһу Йəхийə» («Ей, Зəкəрия, Біз сені Яхия деген баламен сүйіншілейміз») сүйіншіленген – ЗƏКƏРИЯ (ғ.с). «Из қалəт имраəту 'имранə» («Сол кезде Имранның əйелі айтты...»). Жаратушы Алла: «Имранның əйелі еді», – деп жарылқады. Бұл Имран Мұсаның əкесі Имран емес. Абдулла ибн Аббас (Алла одан разы болсын) тың айтуынша, Мұсаның əкесі Имраннан мына Имранға дейін мың сегіз жүз жыл өткен. Бұл Имран өте шыншыл діндар адам еді. Əйелінің аты Ханна. Бұл Ханна бір күні əйелдеріне жем беріп жатқан бір қарғаны көрді. Жаратушы Алла маған əйел берсе, оны мухаррар қыламын деп нəзір қылды. «Мухаррар» – азат ету деген сөз. Олардың əдеті бойынша əйелге еркіндік беріп, Бəйт ул-Мұқаддасқа қызмет ету үшін сыйлайтын. Нəресте туылғаннан кейін сүт берместен анасынан айырып, жаялыққа орап, Бəйт ул-Мұқаддасқа апарып қоятын еді. Ондағы қызметшілер асырайтын. Он екі жастан мешіт сыпырып, шырақ жағатын. Ержеткен соң, өз еркі өзінде болатын. Ханнаның ішіне бала біткен уақытта күйеуіне: «Əйел білдірді, мухаррар қыламын. Нəзір етіп едім», – деді. Имран: «Сабыр сақта, ұл ма, қыз ба – білейік. Қыз туса, мешіт қызметіне жарамайды», – деді. Ханна: «Менен келгенін жасадым, қалғанын Жаратушы Алла береді», – деді де: «Тəңірім, мына нəзірді менен қабыл ал. Есітуші, білушісің», – деді. «Фə тəқаббəл минни иннəкə əнтə əс-сəми'у əл- 'əлим» («Енді менен қабыл ал. Сен өте жақсы естуші һəм білушісің»). Ай, күні жетіп, Ханна қыз босанды. Мінажат етіп: «Тəңірім, ұл тусам нəзір етемін деп едім. Қыз туылды, сөзден таймаймын», – деді. «Фə лəммə уəзə'əтһə қалəт рабби инни уəзə'туһə унсə» («Ол əйел босанған кезде: «Ей, Жаратушым, мен қыз босандым», – деді»). «Ұл қыздай болмас». «Уə лəйсə əз-зəкəру кəл-унсə» («Ұл бала қыз баладай емес»). Жəне: «Мен бұл сəбиге Мəриям деп ат қойдым», – деді. Ибри тілінде Мəриям – қызметші деген мағына береді. Жəне: «Тəңірім, Мəриямды жəне (оның) ұрпағын шайтанның шəрінен сақта, саған сиынамын», – деді. «Уə инни у'изуһə бикə уə зурийəтəһə мин əш-шəйтанур ражим» («Жəне мен, əрине, оны мен оның ұрпақтарын қуғынға ұшыраған шайтанның шəрінен Саған тапсырдым»). Жаратушы Алла Ханнаның дұғасын қабылдады. Анасы Мəриямды Бəйт ул-Мұқаддасқа апарып тастады. Бəрі Мəриямды сақтауға ықыласы ауды. Зəкəрия: «Мəриямды
сақтауға мен лайықтымын. Себебі нағашы əпкесі менің некемде (менің əйелім)», – деді. «Уə кəффəлəһə Зəкəрийə» («Алла оның тəрбиесіне Зүлкəфилді жауапты етті»). «Қайсысы абзал (лайық) болса, соған нəсіп болатын. Жеребе салыңдар, кімнің атына шықса, сол алады», – деді. (Деректерде) жеребелері темірден еді делінеді. Аттарын жазып, суға тастады. Бəрінің жеребесі суға батып, Зəкəрияның жеребесі батпады. Зəкəрия Мəриямды үйіне алып кетті. Биік жерге қойды. Нан, тамақ берді. Мəриям бойжеткенде күйеуге берейік деді, қаламады. САУАЛ: Мəриям неге қаламады? ЖАУАП: Əйелге күйеу үш нəрсе үшін керек. Бірінші – жеп-ішу (үшін); екінші – ұл-қыз (үшін); үшінші – төсек рахаты үшін. Жаратушы Алла Мəриямға ғибадатхана ішінде машақатсаз, тілексіз несібе берді. «Куллəмə дəхəлə 'əлəйһə Зəкəрийəл михрабə уəжəдə 'индəһə ризқан» («Əрқашан Зəкəрия оған ғибадатханаға кірсе, оның алдында тұрған тамақты көретін»). Ұл-қыз күйеуден болады десең, Мəриямға Исадай ұлды əкесіз сыйлады. Төсек рахаты десең, Жаратушы Алла ғибадат, құлшылық ішінде Мəриямға рахат берді, төсек рахаты оның қасында түкке тұрғысыз еді. Мəриям күндіз-түні михрабта намаз оқитын. Зəкəрия кірген сайын, алдынан нығмет (азық-ауқат) көретін. (Зəкəрия): «Ей, Мəриям, мына несібелер қайдан келеді?» – деді. «Йə Мəрийəму əннə лəки һəзə» («Ей, Мəриям, мыналар қай жақтан...»). (Мəриям): «Бұл нығметтер (азық-ауқаттар) маған Жаратушы құзыретінен келеді. «Қалəт һуə мин 'индиллəһи» («(Мəриям): «Бұл ризық Алланың алдынан», – деді»). Кімге қаласа, Жаратушы есепсіз несібе береді», – деді. «Инниллəһə йəрзуқу мəн йəшəу биғəйри хисəб» («Расында Алла қалаған адамына есепсіз несібе береді»). Соны көрісімен: «Тəңірім, Мəриямға қыс күнінде жаз нығметін бересің. Маған қартайғанда пəк сəби бер», – деп дұға жасады. «Хунəликə дə'ə Зəкəрийə раббəһу қалə рабби хəб ли мин лəдункə зуррийəтəн таийбəтəн иннəкə сəми'у əд-ду'ə» («Сонда Зəкəрия Жаратушысына дұға жасап: «Ей, Жаратушым, маған өз қасыңнан бір жақсы ұрпақ нəсіп ет. Сен, əрине, дұғаларды есітушісің», – деді»). Зəкəрия үш жүз жаста болатын. (Ол): «Тəңірім, сүйегім сықырлап, шашым ағарды. Құзыретіңнен не сұрасақ, бердің. Енді қойнымдағы ұл-қыз тумаған кемпірден бір ұл бер, ол бала маған жолдас болсын», – деп жалынды. «Уə хəб ли мин лудəнкə уəлийəн йəрисуни уə йəрису мин əли Йə'қубə уəж'əлһу рабби разийəн» («Жəне маған өз қасыңнан бір мирасқор нəсіп ет, ол менен жəне Жақып əулетінен қалған нəрселерге ие болсын. Ей, Жаратушым, оны жақсы адамдардан ет»). Хикаяда айтылады: Біреу Тəңірден ұл сұрап еді, оған қосжынысты ұл берді. (Ол): «Тəңірім, ұл сұрап едім, қос жынысты бердің», – деді. «Біз ұл бердік, сен сұрай алмадың. Ей, мұсылман, ұл сұрасаң шексіз ұл сұрама. Ұл жақсы да, жаман да болады. Зəкəрия-
ның шексіз ұл сұрамағанын көрмейсің бе? Ол: «Тəңірім маған əрі дос, əрі сырлас ұл бер», – деді. Жаратушы Алла (оған) Яхиядай керемет ұл берді», – деген дауыс келді. «Йə Зəкəрийə иннə нубəшширукə биғулəмин исмуһу Йəхийə» («Ей, Зəкəрия, Біз сені Яхия деген бір ұлмен сүйіншілейміз»). Күндіз-түні жылап, құлшылық жасайтын. Зəкəрия: «Тəңірім, ұл сұ расам, бердің», – деді. «Ей, Зəкəрия, сен ұл сұрадың, біздің дос құлдарымыз сондай болады» деген жарлық келді. Зəкəрия ұл дұғасын жасап болған соң михрабта намазға тұрды. Сол сəтте Жебірейіл келіп: «Фə нəдəтху əл-мəлəикəту уə һуə қаимун йусəлли фи əл-михраби» («Ол михрабта тік тұрып құлшылық етіп жатқан кезде періштелер дауыстады...»), – деп дауыстады. «Зəкəрия михрабта намаз оқып жатыр» деп, Жаратушы Алла жарылқады. Базардан сұра демеді. Бұдан тілек сұраған уақытта намаздан кейін михрабта сұрау керек екендігі жəне михрабқа қарап тұру қажеттігі белгілі болды. Жебірейіл: «Ей, Зəкəрия, Алла Тағала саған Яхия есімді баланы сүйіншілейді. Ол бала Иса пайғамбарды тура ұстап, таза болар. Күш-қуаты бола тұра үйленуге пейілі жоқ. Елші, ізгі болады», – деді. «Əнналлаһə йубəшширукə би Йəхийə мусəддиқан бикəлимəтин миналлаһи уə сəйидин уə хəсуран уə нəбийəн мин əс-салихин. («Расыныда, Алла саған Яхия деген (баламен) сүйіншілейді. Ол Алланың сөзі болған Исаның шынайы пайғамбар екендігін растайды. Ол сəйідтерден, əйелдерге қарамайды жəне шынайы пенделерден болған пайғамбар»). Тағы бір аятта: «Иннə нубəшширукə биғулəмин исмуһу Йəхийə лəм нəж'əл лəһу мин қаблу сəмийəн» («Əрине, Біз саған бір ұл перзентпен сүйіншілейміз, оның аты Яхия. Жəне бұған дейін ешкімге мұндай есім берген жоқпыз»), – деп (Алла) жарылқады. Бұған дейін ешкімге Яхия есімін бермедік. (Деректерде) Яхияның əсте күнə жасамағаны, (тіпті) күнə жасауды көңіліне де алмағаны айтылады. (Тағы бір деректе) Яхияның анасы Исаның анасымен ағайынды (туысқан) еді делінеді. Біреуі Яхияға, екіншісі Исаға жүкті болды. Бір күні екеуі отыр еді. Яхияның анасы Исаның анасына (қарап): «Сүйінші, сенің ішіңдегі сəби менің ішімдегі сəбиден артық. Өйткені мендегі (менің ішімдегі) сəби сендегі (сенің ішіңдегі) сəбиге сəжде жасағанын білдім», – деді. Олардың шариғаты бойынша тəхийəт сəждесін жасау қажет болатын. Зəкəрия: «Тəңірім, мен қартайдым. Əйелім де ұл-қыз тумады. Біз екеумізден қандай бала болсын. Қайтадан жасаруымыз қажет немесе мұндай қарттар туа ма?» – деді. «Рабби əннə йəкуну ли ғулəмун уə қад бəлəғани əл-кибəру 'уəмрати əқир» («Ей, Жаратушым, мен қартайып, əйелім де қартайып, тумайтын болып қалған болса, менде қалайша бала болсын»). Жебірейіл: «Алла не қаласа, сол болады», – деді. «Қалə кəзəликаллаһу йəф'əлу мə йəшəу» («(Ол): «Міне, осылай Алла қалаған ісін жасайды»).
Зəкəрия: «Тəңірім, əйелімде ұл болғанынан маған белгі бер», – деді. «Раббиж'əл ли əйиəтин» («Ей, Жаратушым, маған белгі бер»). «Белгісі сол болады, үш күн тілің күрмеліп, ешкімге сөйлей алмайсың. Алайда менің зікірім мен тəспімді ертелі-кеш айтасың» деген (Алладан) жарлық келді. «Қалə əйиəтукə əн лə тукəллимəн нəсə сəлəсəтə əйиəмин иллə рамзəн уəзкур раббəкə кəсиран уə сəббих би əл-əший уə əл-ибкəр» («(Алла): «Сенің белгің (мынау), үш күнге дейін адамдармен сөйлесе алмайсың, егер қажет болса, ишарамен ымдасасың. Жəне Жаратушыңды көп есіңе ал, оған күндіз-түні тəспі айт», – деді»). (Кейбіреулер) Яхия өте діндар адам еді дейді. Кішкентайынан құлшылыққа бейім болды. Балаларға қосылмастан, тауларға шығып, күндіз-түні құлшылық жасайтын. Зəкəрия мен анасы екеуі жалынып жүріп, елге кіргізетін. Зəкəрия көпшілікке уағыз айтып, мəжіліс өткізетін. Тілінен тамұқ сөзі шыққан уақытта Яхия соны есітіп, «аһ» деп естен танып жығылды да, қайта тұрып кетті. Ата-анасы екеуі барып ұстады. Қатты жылағаны соншалық, жас көздерінен бұлақтай ағып жатыр еді. Жас ағып жатқан жері жара болып, сол жерден қан ағатын. Анасы ақ киізді алып, көзінің айналасындағы арықтарға орнататын. Осындай қорқынышпен Жаратушы Аллаға құлшылық ететін. (Кейбіреулер) сол кездегі патша бір тұл əйелді некелеп алды дейді. Бұрынғы күйеуінен бір қызы бар болатын. Ол қызы бойжетсе, анасы дүние үшін оны патшаға некелеп бермекші болды. Қызға таза киім кигізіп, жұпар иіс жағып, патшаға жіберді. Патшаның оған ойы кетті, қыз да оған көңіл қойды. Неке болсын деп күтті. Неке қиюға лайықты адам таппады. Қыздың шешесі патшаға: «Яхияны алдырт», – деді. Патша Яхияға ашуланып, қызға қастық қылды. Қыз: «Ей, патша, Зəкəрия мен Яхияны өлтірмейінше, саған мойынсұнбаймын», – деді. Патша Яхияны өлтірмекші болып: «Яхияның қаны жерге тамса, қияметке дейін шөп шықпайды», – деді. Патша əмір беріп, Яхияны ыдысқа бауыздады. Қаны тоқтамады. Ыдыс толып, жерге аға бастады. Сарай толып, ел ішіне ақты. Ел қанның астында қалды. Қорқып зəре сі ұшты. Хəкімдер: «Ана қызды өлтірмейінше, мына қан тоқтамайды», – деді. Неше айла-шарғы жасаса да, қан тоқтамады. Басқа шарасы болмаған соң, патша қызды алып келіп ыдысқа бауыздатты. Содан кейін Яхияның қаны тоқтады. Кесілген бас ыдыстың ішінен: «Анасын алғанға қызы тимейді», – деп айтты. Сол уақытта Зəкəрия қашты. Қашып бара жатқанда бір жас ағашқа кезікті. Зəкəрия сол ағаштан жасырынуға орын сұрады. Жаратушының жарлығымен ол ағаш екіге бөлінді. Зəкəрия кіріп еді, ағаш бірікті. Артынан іздеп келді. Ібіліс (Оған лағынет болсын) кездесті. (Одан) «Зəкəрияны көрдің бе?» – деді. Ібіліс: «Мына ағашқа кірді», – деді де, сəлдесінің бір ұшы сыртта қалып қойып еді, соны көрсетті. (Олар): «Ағаштың түбін кессек, басынан шығады, басын кессек,
түбінен шығады», – деп ара алып келіп, ағаштың төбесінен екіге
бөлді. Зəкəрияның басына ара тиген уақытта, айқайламақшы болып
еді, Жебірейіл келіп: «Ей, Зəкəрия, Жаратушы айтып жатыр, сабыр
сақта. Айқайласаң, даусыңнан жеті қабат жер жарылады. Жер жермен
соғысып, быт-шыты шығады», – деді. Зəкəрия сабыр сақтады.
Зəкəрияны ағашпен бірге бөлді.
Хабарда былай келеді: Қашан пайғамбарларды өлтірсе, фитна
болатын еді. Жетпіс мың ер адам өлмейінше фитна кетпейтін. Фитна
туып, Зəкəрия үшін жетпіс мың ер адам өлді. Жəне жетпіс мың адам
Яхия үшін өлді. Содан кейін фитна кетті.
(Кейбіреулер) мұсылмандар əмірі Оспан үшін де жетпіс мың адам
өлді дейді.
ИСА ПАЙҒАМБАРДЫҢ ТУЫЛҒАНЫ ТУРАЛЫ «Уəзкур фи əл-китəби Мəрийəмə изинтəбəзəт мин əһлиһə мəкəнəн шəрқийəн» («Осы кітаптағы Мəриям қиссасын, оның өз жұртынан Шығыс жаққа қарап кеткен уақытын есіңе ал»). «Ей, Мұхаммед, Құрандағы Мəриямның оңынан күні туатынын есіңе ал», – деп Тəңір айтты. (Деректерде) Мəриямның бір етеккір көріп, басқа көрмегені, айтылады. Басын жумақ болып күн шығысқа (қарай) жүрді. Адамның көзі түспесін деп перде тұтты. «Фəттəхəзəт мин дуниһим хижəбəн» («Олардан басқа перде жауып жасырынып алды»). Жаратушы Алла Жебірейілді бір жігіт бейнесінде жіберді. Оны көрген кезде: «Саған рахмет. Тəңірге сиынамын, шынайы діндар болсаң...», – деді. Себебі таза жарандарын мейірім Тəңірден қорқытады. Жебірейіл: «Қорықпа, мен адам баласы емеспін. Тəңір жіберген періштемін. Саған пəк ұл сыйлайын деп келдім», – деді. «Иннəмə əнə расулу раббики лиəхəбə лəки ғулəмəн зəкийəн» («Мəселе мынада..., мен Жаратушыңның елшісімін, саған бір пəк перзент сыйлағалы келдім»). САУАЛ: Жебірейілдің ұл сыйлаймын дегені қалай? Бəрін сыйлайтын Алла ғой?! ЖАУАП: Мұнда жасырын (астарлы) мəн бар. «Лиəқулə лəки мə қалə раббуки ғулəмəн зəкийəн» («Яғни Жаратушыңның саған пəк бір ұл сыйлаймын деген сөзін жеткізгелі келдім»), яғни «Мен Жаратушы Алланың: «Саған пəк ұл сыйлаймын» дегенін айту үшін келдім» дегені еді. Мəриям: «Маған ешбір адам жақындаған жоқ, ұл қайдан болсын», – деді. «Қалəт əннə йəкуну ли ғулəмун уə лəм йəмсəсни бəшəрун уə лəм əку бəғийəн» («(Мəриям): «Менде қалайша перзент болсын, себебі маған бірде-бір еркек жуымаған болса, мен жаман əйел де емеспін», – деді»). Жебірейіл: «Солай. Жаратушы Алла не қаласа, сол болады», – деп (Жебірейіл) Мəриямның жағасын ұстап тұрды. Мəриям Исаға жүкті болды. «Фə нəфəхнə миһи мин рухинə» («Сонда Біз оның мейіріміне рухымыздан үрледік»). (Кейбіреулер) сол сəтте Иса туылды дейді. Біреулер алты айдан кейін туылды дейді. (Деректерде) сəби алты айдан кейін туылса, аман қалады, (ал) сегіз айдан кейін туылса, өледі дейді. Иса алты айлық болып, аман қалды. Ол оған мұғжиза еді. (Кейбіреулер) Яхия мен Иса аналарының ішінде жатып (бір-бірімен) сөйлесетін дейді. Мəриямның ай, күні жақындаған уақытта толғақ ауруы білінді. Тұрып, құрма ағашының түбіне барды. Ол қураған ағаш еді. Исаның берекесінің арқасында көгеріп, құрма салды. (Кейбіреулер) Мəриям Исаны аузымен туды дейді. (Енді біреулер) кіндігімен туды дейді. Мəриям: «Мұны тумастан бұрын өлгенімде ғой», – деді. «Қалəт йə лəйтəни митту қаблə һəзə» («(Мəриям): «Бұдан бұрын өлгенімде ғой», – деді»). Иса Мəриямнан айырылған уақытта, астынан «Ей,
Мəриям, қайғырма» деген дауыс келді. «Фə нəдəһə мин тəхтиһə əн лə тəхзəни» («Төмен жақтан «Ренжіме» деген дауыс келді»). (Біреулер) «Мин тəхтиһə» («Төмен жақтан») деп оқиды. Жəне: «Жаратушы саған жуыну үшін үлкен де емес, кішкентай да емес, орташа бір арық су берді», – деді. «Қад жə'əлə раббуки тəхтəки сəрийəн» («Жаратушың сенің астыңа ағынды су пайда қылды»). Орташа арық деген сөз. САУАЛ: Орташа арық берудегі хикмет не еді? ЖАУАП: Арық үлкен болса, Мəриям түсіп жуынуға қорқатын еді. Кіші болса да, жуынуға жетпейтін. Қорықпасын деп, орташа арық берді. «Ей, Мəриям, мына қураған ағашты қозға, саған құрма бер сін», – деді. «Уə хуззи илəйки бижиз'ин нəхлəти тусəқит 'əлəики рутəбəн жəнийəн» («Құрма ағашын өзіңе тартып қимылдат, саған жаңа піскен құрма жемістері түседі»). Жебірейіл: «Ей, Мəриям, мына құрмадан же, мына арықтан су іш, Исадай ұлмен көзіңді аш», – деді. «Фə кулли уəшраби уə қарри 'əйнəн» («Енді одан жеп-іш жəне демал»). Жəне: «Кімде-кім мына əкесіз баланы қайдан алып келдің десе, мен Тəңірге нəзір етіп тұрмын, ораза ұстаймын, ешкіммен сөлеспеймін деп айт», – деді. «Инни нəзəрту лирахмəни сəумəн фə лəн укəллимə əл-йəумə инсийəн» («Мен Алла үшін ораза ниет еткенмін, бүгін мен ешкіммен сөйлеспеймін»). (Деректерде) нифасынан тазарғанша, қырық күн отырды делінеді. Содан кейін Исаны көтеріп қауымына келді. «Фə əтəт биһи қаумəһə тəхмиллуһу» («Оны көтеріп, өз қауымына келді»). (Кейбіреулер) Мəриям Исаны көтеріп келе жатып, əкесіз ұлды қайдан таптың демесін деп, жөйттерден жасырынып келді дейді. Жолда бұзақылар жолықты. Олардан жол сұрады, (олар) тікенді жолды көрсетті. Мəриям сол жолда қиналды. (Енді біреулер) аяғын жалаңаштаса, етін, денесін көрейік деп, (əдейі) терең арығы бар жолды көрсетті дейді. Мəриям олардан жапа шегіп: «Аллаһуммəр фə'əл бəракəтə əн хифəтиһим» («Ей, Алла, бұлардың өнерлерінен берекесін ал») деп, оларға қарғыс дұғасын жасады. (Деректерде) Мəриямның келген қауымы жақсы еді дейді. Мəриямның нəресте құшақтап келгенін көріп: «Ей, Мəриям, өте ыңғайсыз іс қылдың, сенен бұрынғылар мұндай іс қылмап еді. Əкешешең жаман емес еді. Сен мына нəрестені қайдан алдың?» – деді. Иса сүт еметін. Мəриям Исаға ишара жасады, яғни хабар сұраса, мынадан сұраңдар, жырақтан келген мынау, мен осындамын дегендей болды. (Олар): «Бесіктегі баламен қалай сөйлесеміз?» – деді. «Мəн кəнə фи əл-мəдхи сəбийəн» («Бесіктегі баламен...»). Иса олардың сөзін естіген уақытта емуін қойып, жүзін оларға бұрып: «Мен Жаратушы Алланың құлымын», – деді. «Қалə инни 'əбдуллаһ» («(Сəби): «Мен Алланың құлымын», – деді»). Ол өзінің құл екендігін мойындап: «Тəңірдің пендесімін, бірлігіне кітап», – деді де: «Маған кітап береді, яғни Інжіл мен пайғамбарлықты береді», – деді. «Əтəнийə əл-китəбə уə жə'əлəни
нəбийəн уə жə'əлəни мубəракəн əйнəмə кунту» («Маған Алла кітап береді жəне мені пайғамбар етті. Қайда болсам да, мені берекелі етті»). Яғни құтты Жаратушысы қайда болса жəне маған намаз əмір етті. Тірі кезімде малым болса, зекет беруді айтты. «Уə əусани би əссалəти уə əз-зəкəти мə думту хəйиəн» («Жəне маған, тірі жүргенімде, намаз бен зекетті беріп тұруымды өсиет етті»). Иса бұл сөзді айтты да, балалар сөйлейтін уақытқа (жасқа) дейін қайта сөйлемеді. Бұл сөзді айтқан Мəриям ұлы Иса болатын деп, жəне жарылқады. Христиандар айтқандай, «Фə йəхтəлифун» («Түрлі көзқарас...»). (Деректерде) таластың мəнісі – (Исаны) кейбіреулер «Ибнуллаһ» («Алланың баласы») десе, келесі біреулер «Илəһ» («Тəңір») деуінде жатыр. Иса көкке көтерілген уақытта Бəни Исраил ғалымдары (пікір жағынан) төртке бөлінді. «Иса туралы не айтасың?» – деп сұрағанда, бірінші (топтағылар): «Иса Тəңір, жерге түсіп, қайта көкке көтерілген», – дейді. Екінші (топтағылар): «Иса Тəңірдің ұлы», – деді. Үшінші (топтағылар): «Иса Тəңір, анасы Тəңір. Алла Тағала үшіншісі», – деді. Төртінші (топтағылар) мұсылман еді, (олар): «Иса – Тəңірдің құлы, пайғамбар жəне рухуллаһ («Алланың рухы»)», – деді. Əрбірі жамағат жасап, (бірбірімен) соғысты. Ол мұсылман ғалымның жамағаты. «Фəхтəлəфə əлəхзəбу мин бəйниһим» («Кейін олар ағым-ағым болып бөлініп кетті»). (Деректерде) христиандар үш түрлі болады дейді. Біріншісі – хари яқубилер. Екіншісі – мəликəнилер. Үшіншісі – таштурилер. Хари яқубилер Исаны Тəңір дейді, мəликəнилер Тəңірдің ұлы дейді, таштурилер үштік дейді. «Һəзə əл-əһумуллаһу Тə'əлə» («Алла оларды қор қылсын»). Иса ержеткен уақытта бір күні анасына (барып): «Жаратушы Алла бізді не үшін жаратты?» – деді. Анасы: «Қызмет (ғибадат), құлшылық үшін жаратты», – деді. Иса: «Тұр, мына халықтың ішінен шығайық. Мен бұлардың арасында құлшылық істемеймін», – деп, анасының қолынан ұстап тауға шықты. Ғибадатханаға келіп, құлшылыққа кірісті. Күндіз ораза ұстады. Ауыз ашатын уақыт болғанда, жағди деген шөп əкеліп, аузын ашты. Бір күні Иса бір нəрсе сұрап (іздеп) шығып кетті. Əзірейіл жетіп келді. Мəриям: «Кімсің? Ұлым жоқ, мен зағиппын», – деді. Əзірейіл: «Мен «Мəлəк əл-мəутпін» («өлім періштесімін)», – деді. Мəриям: «Не үшін келдің?» – деді. (Əзірейіл): «Сенің жаныңды алғалы келдім», – деді. Мəриям: «Жаратушы Алланың жарлығын орында», – деді. Мəриямның жанын алды. Иса жетіп келді. Анасының жатқанын көрді. Ұйықтап жатыр деп, оятпады. Күн батар уақытта Иса: «Ей, ана, тұр. Намаз уақыты өтіп кетпесін», – деді. Жауап қатпады. «Анаң өлді» деген көктен дауыс есітілді. Өлікті шақырып жатырмын деп, Иса зар еңіреп жылады. «Анам еш нəрсе жемеді, дүниеден өтті» деп, өзі де жемеді. Сол түні анасының қасында ұйықтады. Түс көрді. Анасы жұмақ ішінде жəннат киімін киіп, тақтың үстінде отыр екен. Айналасында хорлар қызметте жүр екен. Анасы: «Ей, Иса, мені ауыз ашпады деп қайғырма.
Жаратушы Алла маған несібе берді, ауыз ашты», – деді. Ертесіне тұрып, кентке барды. Əйелдер алып келді. Мəриямды жуып, жерге көмді. Содан кейін Иса елдің ішіне кіріп, халықты иманға шақырды. Пайғамбарлықты əшкере етті. (Олар): «Пайғамбар болсаң, мұғжиза көрсет», – деді. (Иса): «Мұғжизам: өлікті тірілтемін, ауруды жазамын, алапесті түзеп, соқырға жанар сыйлаймын», – деді. (Деректерде) Жаратушы Алла барша пайғамбарларға мұндай кереметті бермеп еді, (Иса пайғамбарға беру себебі) оның (Исаның) қауымы оташы (емші) еді делінеді. Себебі Ибрахим пайғамбар уақытында (қауымы) сиқыршылыққа сенетін. Жаратушы Алла Мұсаға аса (таяқ) берді. Жəне Исаның уақытында (қауымы) оташылықпен айналысатын. Жаратушы Алла Исаға мұғжиза беріп еді, барлық оташылар (емшілер) шарасыз қалып, өлікті тірілте алмады. «Уə убəрриу əл-əкмəһə уə əл-əбрасə уəухи əл-мəутə биизниллəһи» («Жəне мен тума соқырларды, алапестерді емдеймін. Жəне Алланың қалауымен өлікті тірілтемін»). Олар: «Бізге (мынадай) мұғжиза көрсет. Балықтан құс шығар, жүнсіз еті, қанаты болсын. Аузыңмен дем сал, біздің көзімізше ұшсын. Біз көрейік», – деді. Иса балықтан құс шығарды. Аузымен дем салып еді, көкке ұшты. (Кейбіреулер) ол құсты жарғанат еді дейді. САУАЛ: Басқа құсты сұрамастан, жарғанатты сұрады. Хикметі не еді? ЖАУАП: Себебі құстардың ішіндегі ерекше құс – жарғанат. Ерекшелігі: жүні жоқ. Ет, қанатпен ұшады. Екінші: басқа құстар баласы жұмыртқадан шықса, жарғанат қара мал секілді туады. Үшінші: жарғанат адам секілді күледі. Төртінші: əйелдер секілді ай сайын таза болмайды. Бесінші: күндіз көзі көрмейді, (сол себепті) ұшпайды. Алтыншы: əйел секілді емшекпен сүт береді. Жетінші: бір емшегінен сүт емеді, екінші емшегінен су ішеді. Сегізінші: батқаннан күн шыққанша қараңғы болғанша бір сағат көзі көргенше ұшады. Тоғызыншы: тістері бар. Осы ерекшеліктер болғаны үшін Исадан оны мұғжиза ретінде сұрады. САУАЛ: Өлікті тірілту мұғжизасы болады. Алайда көр мен алапесті оташылар (емшілер) дəрімен жазады. Исаның дұғасындағы бұл қандай мұғжиза еді? ЖАУАП: Тума соқырды Иса дұғамен жазатын. Жəне алапес екі түрлі болады. Біріншісіне ем қонады, екіншісіне – қонбайды. Ем қонатын алапеске ине қадаса, қан шығады. Ем қонбайтын алапеске ине қадаса, қан шықпайды. Иса (ғ.с.) осындай алапесті жазатын еді. Жəне сегіз адамды дұғамен (аяққа) тұрғызды. Ашыр қызы мен кемпірдің ұлы. Бір кемпір Исаға жылап келіп: «Ұлым өліп, балалары (жетім) қалды. Оларды бағуға күш-қуатым жоқ», – деді. Иса дұға жасап, тірілтіп, топырақтан шығарды. (Бірнеше) жылдар тірі жүрді, ұлдары болды. Сол қауымдағылар: «Сен кешегі өлікті тірілттің, қазір тірі жүр. (Енді) бір бұрынғы өлікті (ертеде өлгенді) тірілт», – деді. Иса: «Кімді қаласаңдар, (соны) тірілтейін», – деді. (Олар): «Нұх ұлы Самды тірілт», – деді.
Иса: «Оның топырағы қайда?» – деді. Көрсетті. Иса екі ракағат намаз оқып: «Йə Сəму қум биизниллəһи Тə'əлə» («Ей, Сам, Алланың қалауымен орныңнан тұр!»), – деді. Сам: «Лəббəйкə, йə, расулуллаһи» («Не дейсіз, ей, Алланың елшісі»), – деп атып тұрды. Шашы мен сақалының ағарып кеткенін көрді. (Олар): «Жастай өліп едің, енді неге сақалың ағарып кеткен?» – деді. Сам: «Тұр деген дауыс естігенімде, қиямет (күні) болып, Исрафилдің дауысы екен деп, қорыққаннан шашым мен сақалым ағарып кетті», – деді. Иса: «Енді тіршілікті қалайсың ба əлде өлімде ме?» – деді. Сам: «Ей, расулулла, тіршілікті қаласам, соңғы өлім бар ма?» – деді. (Иса): «Бар», – деді. (Сам): «Олай болса, жан ащылығы менен кетпейді», – деп қайта өліп, мəңгі қалды. Сам өлгелі бер төрт мың жылдан артық уақыт өтіп еді. ХИКАЯ: Иса бір құмырадан су ішті. «Дəмсіз нəрсе болар ма?» – деп суды төгіп, жəне арықтан толтырды. Ішті, тəтті шықты. Аң-таң қалып: «Мына арықтың суы тəтті, мына құмыраның суы ащы. Хикметі неде?» – деді. «Ей, Иса, мына құмырадан сұра» деген жарлық келді. Сұрады. Жаратушы Алла құмыраға тіл беріп, (құмыра): «Мен адам едім, өлдім. Бірнеше жылдар өтті. Етім, денім, сүйегім шіріп, топырақ болды. Сол топырақтан құмыра жасады. Судың ащылығы жанның ащылығынан», – деді. (Кейбіреулер) Исаға бір жерде тұру дұрыс емес еді дейді. Оның жүргенінің ауруларға пайдасы бар еді. Əрекет жасаса, халық қиналатын. ХИКАЯ: Иса пайғамбардың жолдастары бар еді, оларды хауарилер деп атайтын. «Хауари» – хас істі деген мағына береді. (Кейбіреулер) газурлар еді дейді. Халық (олардың) киімі ақ болған үшін хауари деп атады дейді. Ақ нанды «Хубз ул-хауари» деп атайды. «Хур» – ақ деген сөз. Жұмақтың хорлары ақ болғаны үшін хур (хор) аталды. (Деректерде) ол екі шапан (киім) жуушы еді делінеді. Анасы Исаны мектепке жіберді. Ұстаз айтпастан бұрын айтатын. Ұстаз Исаны анасына алып келіп: «Мынау менен жақсы біледі», – деді. Содан кейін бояушылыққа берді. Ұстаз үйден шығып кеткен кезде, Иса барлық киімдерді құмыраға салды. Ұстаз кіріп, дүкенде (сөреде) киім көрмеді. «Киімдер қайда?» – дегенде, Иса: « Ніл құмырасында», – деді. Ұстаз: «Əр киімге əр түрлі түр беру керек еді», – деді. Иса: «Əр адамға қандай түс керек екенін айт, мен сол түсті киім шығарамын», – деді. Ұстаз əрбірінің түсін мынадай деп айтып отырды, Иса сондай түсті құмырадан шығарып тұрды. Ұстаз мұны көріп: «Мынау сиқыршы», – деп, киімдерін суға салып, тасқа ұрған кезде киімдерінің бояуы қанығырақ, жақсырақ болды. (Ұстаз): «Бұл сиқыршы емес, Хақ пайғамбар», – деді. Бəрі иман келтірді. Хауарин
деген (міне) осылар. Содан кейін көптеген адамдар хауарилерге келіп: «Ей, Иса, Тəңірің көктен бізге берекелі дастарқан жіберсін», – деді. Иса: «Жаратушыдан қорқыңдар, мұсылман болсаңдар іріткі тастамаңдар», – деді. «Фəттəқуллаһə ин кунтум мүминин» («Егер мұсылман болсаңдар, Алладан қорқыңдар»). (Олар): «Біз іріткі салмаймыз, көктен түскен берекелі дастарқаннан (тамақ) жегенді қалаймыз», – деді. Сонда Иса дұға жасап: «Ей, Тəңірім, көктен бізге берекелі дастарқан жібер, алдыңғыларымыз бен кейінгілерімізге осы күн мейрам болсын», – деді. Жаратушы Алладан: «Ей, Иса, мен саған берекелі дастарқан жіберемін. Сол берекелі дастарқанды көрген соң, кім иман келтірмесе, мен оған бір азап жіберемін. Ол азап барлық халыққа болмайды» деген дауыс келді. «Инни мунəззилуһə 'əлəйкум фə мəн йəкфур бə'ду минкум фə инни у'əззибуһу 'əзəбəн лə у'əззибуһу əхəдəн» («Мен дастарқанды сендерге жіберемін, алайда содан кейін де кімде-кім сенбесе, оны сондай азаптаймын, əлі күнге дейін олай ешкімді азаптаған емеспін»). Аяқтары аспанда бір дастарқан жіберді. Ішінде ақ нан, піскен балықтар жəне халық жейтін көк шөптер бар. Барлық халық көрді. Түскен уақытта дастарқан айналды. Беті жоғары, аяқтары төмен қарап, Исаның алдына тұрды. (Кейбіреулер) одан жемеген ешкім қалмады дейді. (Енді біреулер) оны тоғыз жүз ер, əйел жеді дейді. Бəрі тойды. Сақаулар, соқырлар, ақсақтар, сағырлар, аурулар бұл берекелі дастарқаннан жеді. Бəрі түзелді. (Бірақ) ешкім иман келтірмеді. (Деректерде) сол берекелі дастарқан үш күнге дейін тұрды делінеді. Жəне көкке көтерілді. Бұл тоғыз жүз ер, əйел жеді, мойынсұнбады. Ешкім иман келтірмеді. Үш күннен кейін басқа бейнеге ауыстырды. Доңыз болды. Жейтін еді. Ғибрат үшін үш күнге дейін сол бейнемен тіршілік етті. Содан кейін өліп, жоқ болды. ХИКАЯ: Бір күні Иса жайлауға шықты. Інінен шыққан бір түлкі көрді. Иса: «Түлкінің үйі бар да, Исаның үйі жоқ», – деді. Халық есітіп: «Біз саған үй салып берейік», – деді. (Иса): «Мал-дүнием жоқ», – деді. Мал жиды. (Олар): «Қайдан салайық?» – деді. Иса теңіз жағасына барып: «Бір құмның үстіне салайық», – деді. (Олар): «Мұнда үй тұра ма?» – деді. Иса: «Ақылды адам (бұ) дүниеде үй сала ма?» – деді. ХИКАЯ: Исаның уақытында бір діндар əйел бар еді. Қолындағы баласын алып, нан пісіру үшін тандырдың қасына келді. Намаз уақыты болды. Баласын қоя салып, намазға тұрды. Бала еңбектеп барып, тандырға түсті. Анасы намазын бұзбады. Күйеуі келіп, əйелінің намаз оқып жатқанын көрді. Бала тандырдың ішінде ойнап отыр еді. Əкесі оны көріп, Исаға айтты. Иса: «Əйеліңнен сұра, қандай амалдар жасайтын еді?» – деді. Келіп сұрап еді, əйелі: «Төрт амал істейтін едім. Бірінші: Жаратушының нығметіне шүкіршілік ететінмін. Екінші,: пəлеге сабыр сақтайтынмын. Үшінші: қазасына
разы болдым. Төртінші: дүние ісін ақырет ісіне ауыстырдым», – деді. Күйеуі келіп Исаға айтып еді, Иса: «Егер əйелің ер кісі болғанда, пайғамбар болатын еді», – деді. ХИКАЯ: Иса бір күні қабірстаннан өтіп бара жатыр еді. Бір қабірден нұр шығып тұрғанын көріп: «Тəңірім, мына өлікке тіл бер, сөйлесейін», – деді. Дереу көр жарылды. Басында табақтай нұр бар бір адам шықты. Иса: «Бұ не?» – деп сұрады. (Ол): «Менде ешқандай жақсы амал жоқ еді. Жалғыз балам бар болатын. Ертелі-кеш соның (жасаған) дұғасымен осы нұрға қол жткіздім», – деді. Иса: «Тірілердің дұғасы өліге тиеді ме?» – деді. Ол: «Ей, Иса, сіз пайғамбарлыққа қалай қуансаңыз, біз де ұл-қызға солай қуанамыз», – деді. Исаны анасы кішкентай кезінде мұғалімге беріп: «Ұлыма көп үйретіп, аз ұр», – деді. Мұғалім: «Əбжəд деп айт», – деді. Иса: «Əбжəдтің мағынасы не?» – деді. Мұғалім: «Əуелі үйрен, содан кейін сұра», – деді. Иса: «Білмейтін нəрсені үйренбеймін», – деді. Мұғалім: «Айт», – деп ұрды. Иса айтпады. Түнде үйіне барарда (Иса): «Ей, ұстаз, анамның өсиетін орындамадың. Көп үйрет, аз ұр деген еді. Сен мені көп ұрып, аз үйреттің», – деді де: «Сен маған əбжəд мағынасын айтпадың. Мен саған айтайын», – деді. Мұғалім: «Айт», – деді. Иса: «Əлеф» – «ол осы» (жақсылығы) Жаратушының, «бе» – бақасы (мəңгілігі), «жим» – жамалы, «дəл» – мүлкінің жалғасы», – деді. Тағы бір риуаятта: «Əбжəд (дегеніміз), «əлеф» – ибарат (тұрады) Адамнан, «бе» – ибасы (ұяты) құлшылықтан, «жим» мен «дəл» – жидди мə'сияттан (тура күнəһарлықтан)», – деді. «Һəууəз» – «Əй 'əмилə биһəуəн нəфсиһи» («Əркім өз қу нəпсісінің қалауымен іс жасады»), «хутти» – «Əй хуттə əнни зунуби» («Менің күнəларымды кешір»), «кəлəмəн» – «Əй кəлəмуллаһи мəн тəкəллəмə биһи фə ғафəра лəһу» («Яғни Алланың сөзі, оны кім оқыса, соны кешіріпті»), «сə'фəс» – «Əй са'ун биса'ин əй кəмə тудину тудəну» («Бір қадаққа бір қадақ, яғни кімге қандай мəміле жасасаң, саған да солай мəміле қылады»). Кеш болған кезде Мəриямға келді. Мұғалім анасына келіп: «Мына ұл бізден үйренетіндерден емес, (қайта) біз одан үйренушілерміз», – деді. (Деректерде) Иса бір күні жолдан кетіп бара жатқанда біреу: «Жаман аналы сиқыршы келді», – деді. Иса оны есітіп қайғырып: «Тəңірім, анамның қыз екенін Сен білесің. Мына адамды опат қыл», – деді. (Жаңағы адам) сол сəтте өлді.
ЗҰЛҚАРНАЙЫН ҚИССАСЫ «Уə йəсəлунəкə 'əни зил-қарнəйн» («Олар сенен Зұлқарнайын туралы сұрайды»). Исканданрия атты елден еді, сол сол себепті Искандария (Ескендір) аталды. Алай Зұлқарнайын аталуы – жердің екі полисіне, яғни Шығыстан Батысқа жетті, сондықтан (солай) аталды. «Қарн» – араб тілінде мүйіз дегенді білдіреді. (Яғни) екі мүйізді деген сөз. Зұлқарнайынның басында екі мүйізі бар болатын. Жаратушы Алла оны пайғамбарлыққа жіберді. Ұрды, мүйіздері сынды. (Кейбіреулер) Зұлқарнайын аталу себебі – ол екі қарн (ғасыр) жасағандықтан деді, (алайда бұл мəселеде) талас-тартыс көп. Кейбіреулер (оны) пайғамбар десе, енді біреулер патша деді. Мына (төмендегі) аятты айғаққа келтерді. «Қулнə йə зəл-қарнайн» («(Біз): «Ей, Зұлқарнайын», – дедік»). Жаратушы Алла оған Қаптан Қапқа дейін үлкен патшалық берді. «Иннə мəккəннə лəһу фи əл-əрзи уə əтəйнəһу мин кулли шəйин сəбəбəн фə əтбə'ə сəбəбəн» («Расында, Біз оған жер бетінде үлкен күш-қуат беріп қойдық жəне əр нəрсенің себебін үйреттік. Сол себептердің біріне қол жеткізіп жолға шықты»). Жолдарды білу кереметін берді. Дүниені шарлап, шаһарларды қопарды. Көптеген кəпірлердің шаһарларын алды. Ешкім оған қарсы тұра алмады. Хабарда келеді: Мекке халқы Мұстафа (ғ.с.) ға қарсы болды. (Болмаған соң) (олар) «Мына Мұхаммед пайғамбармын деп жатыр, рас-өтірігін білмейміз», – деп Хижазға адам жіберді. Жөйттерде Тəурат бар еді. Ғалымдары бар болатын. (Соларға Мекке мүшіріктері): «Бізге дəлел-айғақ келтіріңдер де, жауабын бізге айтып қойыңдар. Біз сөйлесіп көрейік, пайғамбарлығын талқылайық», – деп Əбу Жəһіл (Оған лағынет болсын) жіберді. Олар Тəуратты ашып, оқып, үш мəселені тауып, қалады. (Жөйттер): «Біріншісі, рух не деп сұраңдар. Тəуратта рух туралы айтылмайды, сипатталмаған. Егер рухты сипаттаса, өтірікші болғаны, егер сипаттамаса – Хақ пайғамбар. Жəне Зұлқарнайын мен Асхаби Кəһф туралы сұраңдар», – деді. Араб мүшіріктері (Мұхаммед (ғ.с.) ға) келіп: «Ей, Мұхаммед, сенде Мұсаның кітабындай кітап болса, Тəураттағы сұрақтарға жауап беретін болсаң, саған иман келтірейік», – деді. Сол уақытта Жаратушы Алла Мұстафа (ғ.с.) ға бұл қиссалар туралы əлі хабар жібермеген болатын. Кəпірлер келіп сұраған уақытта, Расул (ғ.с.): «Жаратушы Алла маған хабар берсе, мен де сендерге айтайын», – деді. (Бірақ) «Иншалла» («Алла қаласа») сөзін айтпады. Абдулла ибн Аббастың айтуынша, Жебірейіл он күнге дейін келмеген. Кəпірлер күнде келіп, «Жауабын айт», – деп қыспақтайтын. «Мұхаммедті Тəңірі ұмытты», – деді олар жəне. Расул оны есітіп, қайғырды. Жұма күні сəске уақытында Жебірейіл жетіп келіп: «Жаратушы айтып жатыр, мына мүшіріктер айтқандай емес. Сені ұмытпадым, дұшпан етпедім деп жатыр. Ант ішіп жарылқады». «Уəззухə уə əл-лəйли изə сəжə мə уəд-дə'əкə раббукə уə мə қалə»
(«Сəске уақытқа жəне тым-тырыс түнге ант етемін, Жаратушың сені тастамады жəне сені жаман көрмеді») деген Тəңірдің сəлемін жеткізді де: «Ей, Мұхаммед, сенен рух туралы сұрайды. (Оны) менің Алла Тағалам біледі деп айт. Ал Асхаби Кəһф (оқиғасын) айтып бер. Билқис хабарын да айт. Зұлқарнайынды мен саған айтып беремін», – деді. «Қул сəəтлу 'əлəикум минһу зикран» («(Ей, Мұхаммед, оларға: «Ол туралы мен айтып беремін» де»). Жаратушы Алла айтады, Біз оған жер патшалығын бердік. Əр жақтан жол көрсеттік дейді. «Уə əтəйнəһу мин кулли шəйин сəбəбəн фə əтбə'ə сəбəбəн» («Жəне Біз оған əрбір нəрсенің себебін үйреттік жəне ол сол себептердің бірін қолға түсіріп, жолға шықты»). Ол жолға түсіп, күнбатысқа дейін барды. «Хəттə изə бəлəға мəғриб əш-шəмси» («Жүріп отырып күнбатысқа жеткен уақытта»). Осылайша бір қараңғылық жолға жетті. «Уəждəһə тəғрубу фи 'əйнин хəми'əтин» («Күн бір балшықты бұлақ үстінен батып бара жатқанын көрді») деп қирағат оқиды. Қирағаттың мағынасы ауыр жолға бату деген сөз. Екі қирағаттың айырмашылығы: екі жол да қинайды (азаптайды) деген (мағына шығады). САУАЛ: Шығыстан Батысқа дейін бес жүз жылдық жол дейтін. Зұлқарнайын күнбатысқа қалай барды? ЖАУАБЫ мынау: Адамзаттың аяғы Батысқа тимейді. Алайда Зұл қар найынның алыс барғаны соншалық, күн көзіне бір арыққа бататындай көрінді. Жəне сол жерден бір шаһар көрді. Тас, темір, мыстан (жасалған). Есігі жоқ. Одан ары қарай жол жоқ. Амалдап, арқан салды. Біреуі шатыр төбесіне шықты. «Одан арғы жағын көрсең, бізге хабар бер», – деді. Ол шатырдың төбесіне шыққан кезде, көргенін айтпастан, өзі арғы бетке өтіп кетті. Жəне біреумен келісіп, оны да шығарды. Ол да шықты да, еш нəрсе деместен, арғы бетке өтіп кетті. Үшіншіні жіберді. Онымен де «Егер арғы беттен жұмақты көрсең, бізге айт», – деп келісті. Шатырға шығып еді, ол да солай жасады (арғы бетке өтіп кетті). Зұлқарнайын сол жерден қайтып, Шығыс жақа барды. Кемесіз өтіп болмайтын бір теңіздің құйылатын жеріне барды. Ол жерде барша хəкімдер (бар) еді. Зұлқарнайынның келерін біліп, кемені салды. Зұлқарнайын теңіз жағасына бір мұнара тұрғызды. Сиришғадан айналасына памұқ шам жақты. Отын жиып еді, күн нұрына тиді. Отын тұтанып, памұқ шамы жағылды. Оның шоғы шаһарға тиді. Сарайлар мен үйлер өртенді. Опат болмақшы болған уақытта, шаһарды Зұлқарнайынға берді. Шаһарға кірген кезде өліктерді көрді. Сасымай, бұзылмай жатыр екен. «Бұл не жағдай?» – деп сұрады. (Шаһарлықтар): «Жегеніміз хикмет», – деп Зұлқарнайынды қызықтырды. Қаряилар келіп, алдына отырды. Дастарқан жайып, күтті. Əрқайсысы хикмет айта бастады. Кезек Зұлқарнайынға жетті. «Айт», – деді. Зұлқарнайын: «Жесе болмайды», – деді. Олар: «Дəнге біткен астыққа бұл пайда етпейді екен. Бізден не қалайсың?» – деп айғақ келтірді. Ескендір жауап таба алмастан, кетіп
қалды. Əскерімен шығып, Үндістанға жол алды. Ел шетіне жеткен уақытта: «Менің əскерім көп. Сенің елің арқа сулы, көп ағашты екен. Мен кірсем, елің опат болады. Маған елші жібер, сөйлесейін», – деп елші жіберді.Үндістан патшасы елші жіберді. Елші Зұлқарнайынға келген кезде, Зұлқарнайын басын көтеріп, елшіге қарап еді, елші төмен қарады. Елші бір саусағын мұрнына тығып сыртқа шықты. Зұлқарнайыннан: «Сен не дедің, ол не деді?» – деді. Зұлқарнайын: «Мен оған ұзын бойлы біреу пайдасыз болады дедім. Ол саусағын мұрнына тығып, онда не қайыр бар?» – деді. Зұлқарнайын: «Мына елші білімді ұқсайды, алып келіңдер», – деді. Алып келіп, басқа сарайдан орын берді. Елшіге бір ағаштан жасалған шелекке толтырып май жіберді. Алдына қойды. Елші ағаштан жасалған шелекке көп ине салып, Зұлқарнайынға жіберді. Зұлқарнайын инелерді алдына бір айна қойып, елшіге жіберді. Елші айнаны жарқыратып, Зұлқарнайынға жіберді. «Ағаштан жасалған шелекте не (хикмет) бар?» – деді. Зұлқарнайын: «Мен шелекпен май жібердім. Білімі толық адам келді. Ол іліммен артығырақ болады деп, инелер салып жіберді. Мен инелердің алдына айна қойып, оған жібердім. Сіздің іліміңіз қара, еш нəрсеге жарамайды деген едім. Ол айнаны алып жарқыратты. Олай емес, жарық деді», – деді. Елші қайтпақшы болып еді, «Білімді адамсың, менің қасымда бол», – деп Зұлқарнайын (оны) жібермеді. «Менің елшімді жібер сін», – деп Үндістан патшасы елші жіберді. Зұлқарнайын жібермеді. Бір күні Зұлқарнайын бір жерге кіріп, бір сурет көрді. Қорқып, жүзі сарғайып, қайта шықты. Елші оны көріп: «Не болды?» – деп сұрады. Зұлқарнайын көргенін айтып берді. Елші: «Дəрі алып келіңдер, мен амалын жасайын», – деді. Дəрі алып келді. Зұлқарнайынға жазылу керек болды. Үйге кіріп еді, баяғы суретті тағы көрді. Сурет: «Сенен кеттім, сені қойдым», – деді. Зұлқарнайын шықты, жағдай орнына келді. Елші сұрады, жағдайын айтты. Елші: «Ей, дариға, мен дəрі жасағанша күлгеніңде ол сурет жоғалатын еді», – деді. Одан кейін аттанып, тағы Шығысқа жол алды. Күн шығатын жерге барды. Ол жерден бəрі жалаңаш, киімі жоқ, ұятсыз, бір-бірінің қасында қосылатын, жол үстінде дəрет сындыратын, қара мал секілді бір халықты көрді. Күн шықса оларға қиын болып, ерте күн тұрғанша сəске уақытында жəне уайым болады екен. «Хəттə изə бəлəға мəтлə'и əш-шəмси уəжəдəһə тəтлу'у 'əлə қаумин лəм нəж'əл лəһум мин дуниһə ситран кəзəлик» («Жүріп отырып тіпті күннің шығатын жеріне жетті. Күн бір қауымның үстінен шығып тұрғанын, олардың күннен қорғанатын əурет жапқыштары да жоқ екенін көрді. Міне, солай»), яғни былай дейді: Жол жүріп Батысқа барды. Шығысқа да солай жол жүріп барып, жəне одан əрі жүрді. Ортасы көр екі үлкен тауға жетті. Ол таудың аузында халық көрді, бəрі мұсылман (екен). Зұлқарнайын түсінбеді. Жаратушы Алла Зұлқарнайынға тəлім беріп, сөйлесті. Олардай ешкім жоқ еді. Зұлқарнайын əскерін көріп таң қалды жəне мойынсұнып қарсы алуға шықты. Мұсылмандық əшкере қылды.
Зұлқарнайын оларды құрметтеп, ізгі уəделер берді. «Хəттə изə бəлəға бəйнə əс-сəддəйни уəжəдə мин дуниһимə қаумəн лə йəкəдунə йəфқаһунə қаулəн» («Жүріп отырып тіпті екі таудың арасына жетті жəне сол екі таудың алдында бір қауымды көрді, олар ешбір сөз түсіндіре алмайтын»). Олар: «Ей, Зұлқарнайын, мына таудың арасында ЙəжужМəжуж бар. Əр жылы бір рет шығып бізге келеді. Артық іс істемейді. Үлкендерімізді жеп, қалғанын алып кетеді. Біз шарасыз қаламыз», – деді. «Қалу йə Зəл-қарнəйни иннə Йəжужə уə Мəжужə» («(Олар): «Ей, Зұлқарнайын, расында Йəжуж-Мəжуж...»). (Деректерде) оларды екі ағайынды еді дейді. Бұлар екі бөлек, ол екеуі ұрпағының есеп-қисабы жоқ дейді. (Кейбіреулер) əрбірі өз алдында ұлдары мың əскерге жарайтындай ер адам көрмейінше өлмейді дейді. Олардың əйелдерін де солай деп айтады. Хадиша (Алла одан разы болсын) риуаят етеді: «Пайғамбар (с.ғ.с.) нан: «Ей, Расулулла, Йəжуж-Мəжуж деген кім?» – деп сұрадым. Расул (ғ.с.): «Йəжуж бір үммет. Мəжуж бір үммет. Жəне əрбірі төрт үммет. Əрқайсысы өз омыртқасынан туған мың қарулы көрмейінше өлмейді», – деді. «Ей, Расулулла, олардың сипаты қандай?» – деп жəне сұрадым. Расул (ғ.с.): «Олар үш түрлі. Біреуі азарға ұқсайды», – деді. «Ей, Расулулла, азар деген не?» – дедім. (Пайғамбар): «Шам аймағында бір ағаш бар, ұзындығы жүз жиырма аршын. Жəне бір түрлісі де жүз жиырма аршын. Ұзындығы мен ені бірдей. Оларға нұр түспейді. Жəне біреу шала құлағын тосады, шала құлағын жабады. Арыстан, бөрі, қабылан, доңыз кездессе, жейді. Өздерінен басқаны жейді. Олар шыққанда алды Шамда, арты Балхта болады. Шығыс теңіздері Тар дариясының бəрін ішеді», – деді. Мұсылмандар əмірі Əли (Алла одан разы болсын) риуаят етуінше, кейбіреуі бір қарыс, енді біреуі өте ұзын. Тырнақтары өткір, ыстықсуықтан сақтайтындай бойлары аласа екен. Олар Яфас ибн Нұх (ғ.с.) ның ұрпағы. Имам Садидің риуаят етуінше, ақыр заманда шығады. Йəжуж кесапаты Зұлқарнайын қорған салғанда сыртында қалған екен. Имам Қатаданың риуаят етуінше, Зұлқарнайын жиырма бір тайпаға қорған байлаған. Бір тайпа сыртта қалды. Олар осы шығайлар. Алайда Имам Кағбтың (Алла одан разы болсын) айтуынша, олар Адам ұрпағынан өзгеше. Адам Сафи ұйықтап жатып, түс көрді. Ұрығы жерге тамды. Жаратушы Алла сол ұрықтан Йəжуж-Мəжужді жаратқан. Бізге атамыз жағынан қосылғанымен де, анамыз Хауамен туыспайды. Абдулла ибн Аббас (Алла одан разы болсын) тың айтуынша, олар он ұлыс. Жəне Адам Сафидың ұрпағының бəрі бір ұлыс екен. (Деректерде) олар имихарт есімді делінеді. Жəне бір риуаятта – хартут. Білмейді, еш нəрсе демейді. (Кейбіреулер) олар бір жылда көктен бір жылан түседі, соны бəрі жейді дейді. Егер екі жылан түссе – кеңшілік, бір жылан түссе таршылық болады.
Сондағы мұсылмандар Зұлқарнайынға: «Біз бен олардың арасына бір қорған салсаң болмай ма?! (Сонда) келе алмайтын еді. Біз де олардан құтылсақ, саған жылдар бойына салық берейік», – деді. «Фə һəл нəж'əлу лəкə хəржəн 'əлə əн тəж'əлə бəйнəнə сəддəн» («Біз саған олар мен біздің арамызда бір қорған құрып беруің үшін жұмсалатын қаржы жиып берейік пе?»). Екі қирағат бар. Зұлқарнайын: «Жаратушы Алланың маған берген нығметі Шығыстан Батысқа дейін сендер берген салықтан артық. Ол мал-дүниеге мұқтаждығым жоқ. Алайда сендер маған жолдас болыңдар, араларыңа қорған салайын. Олар сендерге келмесін», – деді. «Қалə мə мəккəнни фиһи рабби хəйрун уə ə'инуни биқууəтин əж'əл бəйнəкум уə бəйнəһум радмəн» («(Ол): «Алланың маған берген мүмкіндігі жақсы. Енді сендер маған күшпен көмектесіңдер, мен сендердің араларыңа берік бір қамал жасап берейін», – деді»). Олар қабылдады. «Барып, кірпіш алып келің дер», – деді. Қирағат бар. «'Əтуни зубəра əл-хəдид» («Маған темір тақтайларды алып келіңдер»). Алып келді, екі таудың арасына кірпіш секілді. «Хəттə изи сəуə бəйнə əс-сəдəф 'əйни» («Екі таудың арасын толтырып, бірдей жасады»). Содан кейін астына қойып, көмір секілді өртеді. «Бəрі от болғанша үрлеңдер, – деді. «Қалə əнфуһу хəттə изə жə'лəһу нəран» («(Ол): «Жанып қып-қызыл шоқ болғанша үрлеңдер», – деді»). Содан кейін: «Смола алып келіңдер», – деді. Смоланы ерітсе мыс болады. Себебі Сүлеймен (ғ.с.) қиссасында «Уə əсəлнə лəһу 'əйнə əл-қитр» («Біз оған мыс бұлағын ағызып қойдық») деп айтылды. (Кейбіреулер) ағатын (балқыған) мыстан сел жаратты дейді. Сол мысты темір арасына қойып, қатты соқты. Темірдің арасында балқыды. Темір тау болды. Бір қорған темірден, екінші қорған қызыл мыстан (болды). Үстінен ел өте алмайды жəне одан от та өте алмайтын болды. «Қалə 'əтуни уфриғ 'əлəйһ қитран уə мəс та'у əн йəзхəруһу уə мəс тəта'у лəһу нəқбəн» («(Ол): «Маған ерітілген мысты алып келіңдер, оның үстіне құяйын. (Кейін олар (Йəжуж-Мəжуж) оның үстіне шығуға жəне оны тесуге күштері жетпейді», – деді»). (Кейбіреулер) екі таудың арасы жүз иғаштық жер еді дейді. Суға дейін жерді қаздырып, елу иғаш бір тамның ені болды. Темір жəне мыспен бетін жапты. Біткен уақытта Зұлқарнайын: «Мына менің күшқуатымнан емес. Алла Тағаланың мейірімінің арқасында», – деді. «Һəзə рахмəтун мин рабби» («Бұл менің Жаратушымның мейірімі»). Мəулəнə Мəжиддин Андигани (Оған Алланың мейірімі болсын) (өз) тəпсірінде былай дейді (деп жазады): «Халифалардың біреуі Əбу Жақып Тарижиманиға елу адам мен бес қашыр жүгіндей алтын берді. Барып, Зұлқарнайынның қорғанын көріп келіңдер деді. Олар Бағдаттан шығып, Шығысқа барды. Зұлқарнайынның қорғанына жетті. Ұзындығы мен енін көрді. Мыс балқытып, тас қазғанын көрді. Қорғанға Зұлқарнайынның шығып-түсуі үшін екі ағаштық есік жасатқан екен. Сол есікті өлшеді, ұзындығы отыз аршын шықты. Жəне сол есікті құлыптап, кілтін бір жерге қойған екен. Сол кілттің он сегіз тісі бар еді.
Бəрі темірден. Оларды көріп, екі жарым жыл дегенде Бағдатқа келді. Халифаға: «Жəне қайтарда Самузкентке сегіз иғаштық жерден өтіп келдік», – деді. (Кейбір деректерде) олар (йəжуж-мəжуждіктер) төрт түрлі. (Олар): бірі – Йəжуж, бірі – Мəжуж, бірі – Масмағ, бірі Кимит делінеді. Күнде қорғанға келеді. Күннің көзі көрінгенше ашуланып қорғанды қазады екен. Сонда кеш (қараңғы) болады. «Шаршадық, қалғанын таңертең келіп жалғастырамыз», – деп кетеді. Таңертеңгісін келсе, Тəңірдің жарлығымен (қайта) көміліп қалады. Күндегі ісі осы. «Иншалла» («Алла қаласа») демейді. Олардың шығатын уақыты болған уақытта Жаратушы Алла олардың біреуіне иман нəсіп етіп, ол мұсылман болады. Кеш болғанда (олар): «Ертең келіп қалғанын істейміз» десе, жаңағы мұсылман болғаны «Иншалла» («Алла қаласа»), – дейді. Ертесіне келсе, баяғы қазған жерін (сол қалпында) көреді. «Фə изə жəə уə'ду рабби жə'əлəһу дəкқа'əуə кəнə уə'ду рабби хəққан» («Жаратушымның уəде еткен күні келсе, мұның быт-шытын шығарады. Жəне Жаратушымның уəдесі хақ»). Содан кейін жер бетіне тарайды. «Хəттə изə футихəт Йəжужу уə Мəжужу уə һум мин кулли хəдəбин йəнсилун» («ЙəжужМəжуждің қорғандары ашылған уақытта олар əрбір биіктен шығып келе береді»). Кездескенді жейді, дария суын тауысып ішеді. Сол уақытта Иса пайғамбар көктен түседі. Дажжалды өлтіреді. Халық құтылып, үйлеріне қайтқанда Йəжуж бен Мəжуж кездеседі. Əрбірі таудан асып түседі. Иса (ғ.с.) дұға жасап, бəрі көр болып өледі, сасиды. Иса жəне дұға жасайды. Жаратушы Алла су жібереді. Сол өліктерді мұхитқа ағызады. Жəне таулар құрғап, жерді кептіреді. (Деректерде) Расул (ғ.с.) мүшіріктерге осы қиссаны айтып берді делінеді. Асхаб ул-Кəһфті (де) айтып берді. Тəуратпен салыстырып еді, бір əріпі артық шықпады. Əбу Жəһіл (Оған лағынет болсын): «Сəхирани һəзə уə Мусə сəзахəра уə иннə бикуллин кəфирун» («Екі сиқыршы шықты, біреуі – мынау, екіншісі – Мұса. Біз бəрін теріске шығарамыз»), яғни «Тағы бір сиқыршы сенсің, біреуі – Мұса. Сол себепті сөздерің бір жерден шығып жатыр. Біз сендерге кəпірміз», – деді. Зұлқарнайын жəне сол жерден жүріп кетті. Шығыс жаққа адам жіберді. Ғалымдар мен патшаларды жиып: «Сендер кітап ішінен ұзақ жасаудың амалын таптыңдар ма? Айтыңдар, амалын жасайық, Жаратушыға мойынсұнайық», – деп сауал тастады. Бір жігіт атып тұрып: «Адам Сафи өсиет еткен кітапты көрдім. Жаратушы Алламен бірге жетпіс бір жол бар. Кəпірдің арғы жағында бір бұлақ бар. Суы сүттен ақ, балдан тəтті, сары майдан жұмсақ. Кімде-кім одан бір жұтым (су) ішсе, қияметке дейін өлмейді», – деді де ғалымдарға қарап: «Менімен жүріңдер, сол суды іздеп табайық», – деді. Ғұламалар: «Бізді алып барма. Барсақ, қайта алмаспыз. Кенет сол жерде бір ғалым қалып қойса, барлық əлем қарайып, опат болып жүрер», – деді. Оларды тастады (ол сұрақты қойды). (Зұлқарнайын): «Қара малдың ішінде ең зерегі қайсы?» – деді.
(Олар): «Бəрінен тетік, өткір көзді құлындамаған жас байтал», – деді. Зұлқарнайын алты мың (тағы бір деректе жиырма мың) байтал дайындады. Қызырды екі мың адаммен жіберді. Қызыр: «Қараңғыда əскерден айырылсам, не істейін?» – деді. Зұлқарнайын қазынадан бір гауһар шамшырақ шығарып, Қызырға берді де: «Қашан əскерден айырылсаң, мына гауһарды шығар. Осының жарығымен əскерді табасың», – деді. Қызыр кетті. Содан кейін Зұлқарнайын төрт мың адаммен аттанды. Ұлын өз орнына қалдырды. Он екі жылдық азық көтеріп (қалдырып), (сонда) қалғандарға: «Мен он жылда келмесем, сендер өз қамдарыңды жасаңдар», – деді. Қызыр барып, қараңғыда жүріп, жолдан адасып, əскерінен айырылды. Баяғы гауһарды шығарып, жоғары көтерді. Соның жарығымен əскерін тауып, қайтып келді. Қараңғыда жүргенде күн жарығын көрді. Ескендір əскерге: «Сендер мұнда тұра тұрыңдар. Мен барып не ғажап екенін көрейін», – деді. Біраз жүрді. Бір үлкен сарай көрді. Сарайға кіргенде қарлығаш секілді бір құс көрді. Ол құс Ескендірге: «Мұнда не үшін кірдің? Жарық жаһан патшалығыңа қанағаттанбадың ба?» – деді. Зұлқарнайын: «Мəңгі суын іздеп келдім», – деді. Ол құс: «Жақсы киім киюді, биік ғимараттар салуды халық үйренді ме?» – деді. Зұлқарнайын: «Үйретті», – деді. Құс бір сілкініп еді, сарайдың үштен бірі толды. (Ол құс): «Арақ ішуді үйренді ме?» – деді жəне. (Зұлқарнайын): «Үйретті», – деді. Құс жəне сілкініп еді, сарайдың үштен екісі құсқа толды. (Ол құс): «Чанг, тамбур (домбыра), қобыз шалуды үйренді ме?» – деді. (Зұлқарнайын): «Үйретті», – деді. Құс жəне бір рет сілкініп еді, сарайдың іші толды. Зұлқарнайын қорқып кетті. Құс: «Қорықпа, мен Ібіліспін», – деді де: «Халық кəлимəи шаһадатты («Иман куəлік сөзін») қойды ма?», – деді. (Зұлқарнайын): «Қоймады», – деді. Құстың үштен бірі қарайды. (Ол құс): «Жүніптіктен кейін ғұсыл қылуды қойды ма?» – деді. (Зұлқарнайын): «Қоймады», – деді. Бəрі қарайып, бұрынғы хəліне қайта келді. (Ол құс): «Мына сарайдың үстіне шық», – деді. Шығып еді, бір аяғы алдында, бір аяғы артында болған біреуді көрді. Сүрін аузына салып, жоғары көкке қарап, үргелі тұр. Ол Исрафил еді. (Біреу) Зұлқарнайынға (қарап): «Жарық дүниені қойып, қараңғылыққа неге келдің?» – деді. Зұлқарнайын: «Мəңгі суын іздеп келдім. Ұзақ жасап, Жаратушыға құлшылық қылайын дедім», – деді. Сол біреу Зұлқарнайынға: «Мысықтың басындай бір тас бар. Одан көп ілім табасың», – деді. Қайтып əскеріне келіп, жүрмекші болған кезде аяғына тастар тиді. «Бұл не екен?» – деген уақытта: «Бұны алған
да, алмаған да өкініште болады» деген дауыс келді. Біреуін алып қараңғыдан шыққан уақытта бəрі зүмүрред, жасыл зəбəржəд екенін көрді. Біреу беріп жіберген тасты алып, ғалымдарға көрсетіп: «Мына таста қандай хикмет бар?» – деп сұрады. (Олар): «Таразыға тарт, бір жағына мынаны (сол тасты) қой, екінші жағына басқа нəрсені (қой)», – деді. Солай істеп, бір жағына неше тас, темір салып еді, ана жағы ауыр келді. Ғұламалар таң қалды. Қызыр бір мақамда отырып күлетін. «Бұл қандай хикмет?» – деп сұрады. Қызыр: «Мына тастардың бəрін алып, тастың орнына бір уыс топырақ салыңдар», – деді. Тастарды алып, орнына бір уыс топырақ салып еді, тең келді. «Бұл қандай хикмет?» – деп еді, Қызыр: «Мұның хикметі – Жаратушы Алла барлық дүниенің патшалығын берді. Сонда да тоймайсың. Лахадқа (көрге) кірсең, бір уыс топырақпен тоясың», – деді. Зұлқарнайын бұл сөздерді насихат (ретінде) алды. Дүниені тастап, заһид (діндар) болды. Əскерге рұқсат берді. (Деректерде) (Зұлқарнайын) дүние патшалығына қол жеткізген уақытта оған анасы хат жіберді. Хатта мынау (жазылып) еді: «Йə мəлику мəлəкəт əл-билəдə билфурсəни фəжтəһид əн тəмликə əлкулубə бил-ихсəни» («Ей, патша, шаһарларды батырлардың көмегімен қолға алдың, (енді) жақсылықпен жүректерді жаула»). Мағынасы мынау: «Ей, патша, елдерді əскермен (алуды) енді тоқтат. Көңілдерді жақсылықпен аларсың». Содан кейін Зарғат əл-Жандалға барды. Сонда Жаратушы Аллаға құлшылық жасады. Сол жерде дүниеден өтті. Алтын сандықтың ішіне қойып анасы Искандарияға жіберді. (Кейбіреулер) Зұлқарнайын дүниені абаттандырып, ғимараттар салды. Қустантинияда бір қамал тұрғызды. Жеті рет айналмайынша, оған кіру мүмкін емес. Мынау осы қамалдың суреті. Қустантиния қабырғасы осы.
АСХАБ УЛ-КƏҺФ ҚИССАСЫ МЫНАУ (Деректерде) Румда Дақиянус есімді өте құдіретті бір патша болғандығы айтылады. Оның уəзірі бар еді. Əскері есепсіз болатын. Тағы бір патшамен жағаласып, соғысты. Ол патша жеңіліс тауып, өлтірді. Сол патшаның алты ұлы бар еді, тұтқындап алып келді. Өзін Тəңірмін деп (аузына топырақ толсын) өзіне сəжде жасататын. Бір күні дұшпан келеді деген хабар келді. Дақиянус оны есітіп, қорқып, дірілдеп кетті. (Кейбіреулер) сарайда тақ үстінде отырғанда сарай түндігінен екі мысық төбелесіп, мырылдап түсті дейді. Дақиянус патша мысықтардың даусынан шошып, естен танып қалды. Мұны көрген алты ағайынды: «Бұл Тəңір бола тұра мысықтан неге қорқады?! Біз бұдан кетейік, шынайы Тəңірді табайық», – деп, қашпақшы болып ақылдасты. Тамлиха: «Шоқпармен дабыл соғарда, сарай жақа келе жатқанда ақырын соғыңдар. Далаға бара жатқанда қатты соғайық. Сол қашатын уақытымыз болсын», – деді. Сол уақытта Дақиянус айнала төңіректі тамашалайтын. Кімде-кім жақсы соқса, шапан кигізетін. Бір күні осы себеппен екі иғаш жерден дабыл соға барды. Онда таза киімдерді салды. Қастарына киім жасырып келіп еді, соларды киді. Жалаң аяқ бара жатқан уақытта бір қойшы жолығып: «Қайда барасыңдар?» – деп сұрады. (Олар): «Тəңірді іздеп барамыз», – деді. Қойшы: «Мен де сендермен барамын. Сабыр етіңдер, қойды иесіне тапсырайын», – деді. Күтті, қойды иесіне тапсырды. Қойшының бір иті бар еді. Аты Қазқазин еді. Сол ит те оларға ерді. (Деректерде) олардың аттары – Тамлиха, Игсиг, Мина, Марталус, Сарриниус, Зуанас, қойшының аты – Кафиттинус, итінің аты Қитмир екендігі айтылады. (Олар) қойшыға: «Итіңді қу, кетсін. Бізге ермесін. Біз жасырынған уақытта ит үрсе, біреу есітіп қалады», – деді. Қуды. Ит кетпеді. Тас, кесекпен ұрып еді, (бəрібір) кетпеді. Жаратушы Алла сол итке тіл бітіріп, «Мені не үшін қайтарасыңдар, сендер барған Тəңірге мен де барамын», – деді. Сол сөзді естіген уақытта, итті ұстап, мойындарына көтерді. Үңгірге кіріп, жатып ұйықтады. Ит екі аяғын есікке қойып ұйықтады. Дақиянус оларды іздеп таба алмады. Бір күні ауға шықты, алыстан үңгір көрді. Олар ұйықтап жатыр еді. «Фə зəрабнə ‘əлə əзəниһим фи əл-кəхфи сининə ‘əдəдəн» («Кейін Біз үңгір ішінде бірнеше жылдар бойына олардың құлағына перде тығып қойдық»). Барып сол үңгірге кірді. Олардың аяқтары жарылып, беттері шаңға көміліп жатқанын көрді. Қатты ойлады. Дақиянус: «Барлық халық жиылса, бұларға мына іс жасалмайтын еді. Бұлар өздеріне өздері жасады», – деп қайтты. Жаратушының жарлығымен үш жүз жыл тоғыз ай үңгірдің ішінде қалды. «Уəлəбису фи кəхфиһим сəлəсə миəтин сининə уəздəду тис’əн» («Жəне олар үңгірде үш жүз жыл ұйықтап қалды жəне тоғыз жылды қосыпты»).
(Біреулер) тоғыз ай еді дейді. (Енді біреулер) тоғыз күн деді. Осы күндер өткен уақытта (олар) оянып: «Мұнда жатқанымызға қан ша болды?» – деді. Тамлиха: «Бір күн болды», – деді. Жəне күнге қара ды. Жататын кезде күн мына жақта еді, енді қайтып, əрі барыпты. «Қалу қаилун минһум кəм лəбистум қалу лəбиснə əйумəн əу бə’зə əйумин» («Олардың біреуі: «Қанша уақыт жаттық екен?» – деді. «Бір күн немесе одан да азырақ жатқан болармыз», – деді»). Жəне: «Қанша болғанын Алла Тағала жақсырақ біледі», – деді. «Қалу раббукум ə’лəму бимə лəбистум» («(Олар): «Қанша жатқанымызды Жара тушыларың жақсы біледі», – деді»). Жəне: «Біреуді ақшамен елге жіберің дер», – деді. «Фəб’əсу əхəдəкум биуəриқикум һəзиһи илə əл-мəдинəти» («Енді біреуіңізді мына пұлмен қалаға жіберіңдер»). «Қандай тамақ артық екенін барған адам көрсін. Соны алып келсін. Олармен өз тілінде сөйлессін. Кім екенін білмесін», – деді (олар). «Фəл йəнзур əйиуһə əзкə тə’əмəн фə əл-йəтикум биризқин мин һуə əл-йəтəлəттəф» («Ол қандай тамақ жақсырақ екенін жақсылап қарасын жəне сендерге сол жерден бірер ризық алып келсін. Өте сақтықпен қимылдасын»). (Деректерде) қарилар Құранның барлық əріпін санап, екіге бөледі, «Уə əл-йəтəлəттəфтің» екінші «лəмінде» Құранның жартысы болады, делінеді. (Олар): «Барған адамды біліп қойса, таспен ұрады немесе өз діндеріне кіргізеді. Содан кейін құтыла алмайсың», – деді. «Иннəһум ин йəзхəру ‘əлəйкум йəржумукум əу йу’дикум фи миллəтиһим уə лəн туфлиһу изəн əбəдəн» («Егер олар біліп қалса, сендерді тасборан етеді немесе өз діндеріне қайтарады. Əне, онда сендер əсте көмек таба алмайсыңдар»). Тамлиха ақша алып, (жолға) шықты. (Арада) көптеген жылдар өткендіктен, жолдар өзгеріп кетіп еді. Базардың жолын білмеді. Өзінше: «Мен əлі ұйықтап жүрген болармын», – деп ойлады. Базарға кірді, наубайға бар ақшасын берді. Таразыға тартты, алты батпан келді. Наубайшы Тамлихаға қарап: «Сен қазына тауып алған шығарсың. Мені де серік қыл, немесе патшаға айтамын», – деді. Тамлиха: «Бұл не деген сөз? Біз өткен күні тауға шықтық. Қарнымыз ашып, тамақ алғалы келдім. Ақшаны алып, нан бер», – деді. Наубайшы көнбеді. Тамлиханы патшаға алып барды. Патша Ястағад есімді мұсылман еді. Халқы да мұсылман болатын. Тамлиха бұл патшаны Дақиянус деп ойлады. Патша: «Кімсің?» – деп сұрады. Тамлиха өз жағдайын айтып берді. Таң қалды. Патша ғалымдарды жиып: «Кітаптарда бұл сөз бар ма?» – деп сұрады. Бір жігіт: «Мен кітаптан таптым. Дақиянус тұсында алты жігіт қашып, тауғы кіріп, ақырет күні хабарларын білдіреді, үңгір ішінде қалған екен», – деді. Ястағад патша: «Аттанып, барып көрейік», – деп, үңгірге жақын келген кезде, Тамлиха: «Сіздер ақырын келе беріңіздер, мен барып
Дақиянус емес екеніңізді барып айтайын, қорықпасын», – деп үңгірге кіріп: «Патша келді», – деді. Дақиянус екен деп, бəрі естен танды. Тағы бір риуаятта бəрі кірді, сұрап сөйлесті, жауап берді, əуелгі қалпына барды делінеді. (Деректерде) сол елде халық екі топқа бөлінетін еді дейді. Біріншісі Тəңір жанды тірілтіп, тəнді тірілтпейді дейтін. Екінші топтағылар тəнді де жанды да тірілтеді дейтін. Бұларды көрген уақытта тəнді де тірілтетінін білді. Бəрі иман келтірді. Бұрынғы мұсылмандар: «Ол үңгірдің үстіне рабат (кесене) салыңдар», – деді. Кейінгі мұсылмандар: «Мешіт салыңдар», – деді. Мешіт тұрғызды. «Қалə əл-лəзинə ғалəбу ‘əлə əмриһим лəнəттəхизəннə ‘əлəйһим мəсжидин» («Өз істерінде жеңіске жеткен адамдар: «Бұлардың жанына бір мешіт құра мыз», – деді»). Яғфунилар: «Олар үшеу, төртіншісі ит», – деді. Ястурилар: «Бесеу, алтыншылары ит», – деді. «Сəйəқулунə сəлəсəтун раби’уһум кəлбуһум уə йəқулунə хəмсəтун сəдисуһум кəлбуһум» («Олар үшеу еді, төртіншісі ит болатын деді, енді біреулер олар бесеу, алтыншысы ит болатын деді»). Ол сөздері жорамал, анық емес. Мұсылман тегі. Сегізіншілері ит. «Ражмəн би əл-ғайб» («Ғайып түрде күмəн етіп»). «Уə йəқулунə сəб’əтун уə сəминуһум кəлбуһум» («Кейбіреулер: «Олар жетеу еді, сегізіншілері ит болатын», – деді»). Айт, ей, Мұхаммед, Тəңіріміз біледі. Санын білмейді, тек аз ғана (топ) біледі. «Қул рабби ə’лəму би’иддəтиһим мə йə’лəмуһум иллə қалил» («(Ей, Мұхаммед,) олардың санын Жаратушым жақсырақ біледі, оларды аз адамдар ғана біледі» де»). Абдулла ибн Аббас (Алла одан разы болсын): «Мен сол азғантайдың ішіндемін. Мен олардың жетеу екенін білемін. Сегізіншілері – ит», – деді. (Деректерде) (оардың) жетеу екеніне дəлел мынау: Жаратушы Алла: «Қалə қаилун минһум кəм лəбистум» («(Олардың біреуі): «Қанша уақыт жаттық екен?» – деді), – деп сұраған біреу. «Қалу лəбиснə йəумəн» («Бір күн жаттық», – деді») деген үшеу. «Қалу» – «олар айтады» көпше түрде (тұр). Жəне: «Қалу раббукум ə’лəму бимə лəбистум» («(Кейбіреулер): «Қанша уақыт жатқанымызды Жаратушымыз жақсырақ біледі», – деді»). Мұны айтқандар да үшеу. Мұнда да «Қалу» дейді. Егер қоссақ (бəрі) жетеу болады. (Деректерде) Жебірейіл жамбастары шірімесін деп, жылына екі рет келіп оларды оңынан солына аударып кететін делінеді. (Деректерде) үңгірдің аузы солтүстікке қараған еді, күн тиместен олар көлеңкеде болатын дейді. Жаратушы Алла сол тауда қорқынышты айбат жаратты. (Кейбіреулер) Жаратушы Алла оларға қызметшілер дайындады. (Олардың) қызметтерін қылып, тырнақтарын алып, шаштарын қысқартатын еді дейді. (Енді біреулер) Муауия оларды көрмекші болып барды. Жақын келген кезде таспен атты. Ешкімді көрместен қайтты дейді.
АСХАБ УЛ-ФИЛ ҚИССАСЫ (Деректерде) Меккеден Шам аймағына керуен барып, сауда жасап қайтты. Қайтатын кезде бірнеше əдепсіз жігіттер олардың Саржан атты пұттарын отқа өртепті делінеді. (Кейбіреулер) əдейі өртемеді, алайда өз құрал-жарақтарына от тигенде байқаусыз түсіп кетті дейді. Ол пұттың іші ағаш, тас жəне алтын еді. Патшаларының аты Асмаха еді, лақап аты Якшум болатын. Оған хабар жеткен кезде қайғырды. (Деректерде) Иемен əскерінің үлкендері келіп: «Ей, патша, қайғырма. Өз мал-дүниемізден саған тарту етіп берейік. Бұрынғыдан жақсырақ болсын. Жəне Меккеге барып, бізге не істесе, біз де олардың Қағба деген үйін қиратайық, мал-дүниесін алайық, ұл-қыздарын тұтқын етіп алып келейік», – деді дейді. Патша көп əскер жиды. Сол əскерге Əбраһа ибн Асрам мен Əбраха Сабахты қолбасшы етті. Соғысқа жарасын деп пілдер берді. Осы Əбраха əскер бастап келді. Меккеге бір күндік жер қалған кезде аялдады. Əбді Мүтəліптің түйелері сонда (жайылып жүр) еді. Олар (оның иесінің кім екенін) білетін еді, барлық түйелерді алды. Түйеші қашып, Меккеге келді де: «Ей, Мекке тұрғындары, Меккені бұзғалы, ұл-қызды тұтқындағалы есебі жоқ əскер келе жатыр», – деді. Əбді Мүтəліп атқа қонып, сол əскерге келді. Əбді Мүтəліптің сол əскердің ішінде бірнеше достары бар еді. Соларға: «Əуелі менен бастадыңдар, түйелерді маған беріңдер (қайтарыңдар)», – деді. (Олар): «Бүгін берсек, ертең жəне аламыз. Қағбаны бұзғалы, ұлқызды тұтқындағалы келдік. Сен түйелерді сұрағанша, Қағбаны сұрамайсың ба?» – деді. Əбді Мүтəліп: «Түйелерді өзім үшін сұрап тұрмын. (Ал) Қағбаның өз иесі бар, (сол) сақтайды», – деді. Түйелерді берді, алып Меккеге қайтты. Əбді Мүтəліптің белінен нұр шығып Қағба жаққа түсті. (Əбді Мүтəліп): «Ей қауымым, сүйінші! Жаратушы Алла Қағба халқына көмектеседі», – деді. (Қауымы): «Қайдан білдің?» , – деді. (Əбді Мүтəліп): «Мына нұр кімде болса, Жаратушы Алла соған көмектеседі», – деді. Содан кейін құрайыштың үлкендері Əбді Мүтəліп тің қасына жиналып: «(Оны) бек сайлайық», – деп кеңесті. Əрқайсысы бір сөз айтты. Əбді Мүтəліп: «Менің сөзім – əрқайсымыз бір түйе шығарайық. Қағба үшін бір əскерге жіберейік. Олар түйелерді бауыздап жейді. Жаратушы Алла жеткізеді», – деді. Басқалар да бұл ұсынысты сауап деп тауып, əрқайсысы бір түйеден шығарып, əскер жаққа жіберді. Хабашилар жабылып, түйелерді өлтірді. Бауыздамастан бұрын қылышпен ұрып, бөлшектеп тастады. Сол күні сонымен айналысқан уақытта Мекке халқының бəрі елден қашып кетті. Ертесіне Меккеде Əбді Мүтəліп пен бір соқырдан басқа ешкім қалмады. Бəрі тау үңгірлеріне барып жасырынды. Əбді Мүтəліп жаңағы соқырдың қолынан ұстап, Хира тауына шықты. Бір
түн аялдады. Əскер де аттанып, Қағбаны ойран еткелі қозғалды. Сол кезде аспанда есебі жоқ құстар көрінді. Бəрі аппақ. Аяғы мен тұмсықтары қызыл. Əрқайсысының тұмсығында топырақтан пісірілген бір-бір тас. Көлемі лобия секілді ұшып келді. Қағбаны бір айналды да, аспанда топтасты. Əбді Мүтəліп: «Мұндай құстарды көрген жоқпын. Не үшін келді екен?» – деді. Соқыр кісі: «Меккеге көмектескелі келген болар», – деді. Бəрі топтасқаннан кейін əскер жақа лап қойды. Сол уақытта күн жоғары көтеріліп қалып еді. Əбді Мүтəліп: «Əскер кешікті. Опат болды ма екен?» – деп, Меккеге кірді. Біреу-міреу кездесіп қалмасын деп қорықты. Ешкім жолықпады. Əскер тұрған жерге барып көрді. Барлық əскер қырылыпты. Тірі қалған ешкім жоқ, бəрі қураған жапырақтай болып қалыпты. «Фə жə’əлəһум кə’əсфин мəкул» («Кейін олар жайылған сабан етіп тасталды»). (Кейбіреулер) Жаратушы Алла олардың бəрін опат етті, қара малы да қалмады дейді. Абдулла ибн Аббас (Алла одан разы болсын) риуаят етеді: «Уммаханның үйіне кірдім. Сол тастың бірнешеуін көрдім. Үлкендігі лобиядай, ортаншысы ноқаттай, кішкентайы жасымықтай. (Деректерде) сол тасқа сары жазумен бір есім жазылған еді делінеді. Əр адамға арналған тас əр құстың тұмсығында болатын дейді. Сол құс тасты атқан уақытта, аты жазылған адамның басына тиетін. Одан өтіп, атынан да өтіп, екеуін де өлтіретін. Ол құс аты жазылғаннан басқаны ұрмайтын. Аты жазылған əскер ішінен ғайып болса, жаңағы құс оны іздеп барып, тұрған жерінде таспен ұрып, екеуін де өлтіретін. (Кейбіреулер) Əбді Мүтəліп солай болғанын көргеннен кейін, киімдері мен қару-жарақтарын, алтын-күмістерін жиып, екіге бөлді дейді. Бір бөлігін соқырға беріп, екінші бөлігін өзі алды дейді. Ор қазып көмді. Содан кейін Меккеге келіп: «Жаратушы Алла дұшпандарыңды қалай опат еткенін келіп көріңдер», – деп жаршы шақыртты. Мекке халқының бəрі келді. Олардың мал-дүниесін алды. (Кейбіреулер) қырық жылға дейін жиятын еді дейді. (Енді біреулер) қырық жылға дейін шатыр ағаштарын өртеді дейді. (Тағы біреулер) Асхаб ул-Филда қалған қалдықтар Əбді Мүтəліптің өмірінің соңына дейін таусылмады дейді. Мұхаммед Расулулла өміріне дейін таусылмады. Əбу Бəкір Сыддық уақытында да таусылмады. Мұсылмандар əмірі Омар (Алла одан разы болсын) уақытында таусылды дейді. «Əлəм тəра кəйфə фə’əлə раббукə биəсхəби əл-фил» («Жаратушыңның піл иелеріне не істегенін көрмедің бе?»). (Кейбіреулер) сол піл Əбді Мүтəліпке сəжде жасады дейді. Бəрі аңтаң қалды, себебі патшалардан басқаға сəжде жасамайтын еді. Алайда ғұламалар сəжде Əбді Мүтəліпке емес, қолындағы нұрға еді дейді. Сол нұр Мұхаммед Расулулланың нұры болатын. (Деректерде) бұл оқиға Мұхаммед Расулулланың туылуынан жиырма үш жыл бұрын (болған) еді делінеді.
МҰХАММЕД РАСУЛУЛЛА (С.Ғ.С.) НЫҢ ТУЫЛУ ҚИССАСЫ Ол – «Лəəмрукə» («Сенің өміріңмен ант ішемін») тəжді, «Лəу лəкə лəмə хəлəқту əл-əфлəк» («Егер сен болмағаныңды, əлемді жаратпаған болар едім») оңтайлы, «Жəһиди əл-куффəра уə əл-мунафиқин» («(Ей, Мұхаммед) кəпірлер мен мұнафықтарға қарсы жиһад жаса») жиһадты, «Уə лəсəуфə йу’тикə раббукə фə тарза» («Сенің Жаратушың тез саған барлық нəрсені береді жəне сені риза етеді») мұратты, «Мухəллиқинə руусəкум» («Шаштарыңды алдырған қалпы») басты, «Кунту нəбийəн уə Əдəму бəйнə əл-мəəи уə əт-тини» («Адам атамыз лай мен судың арасында жатқан кезде, мен пайғамбар едім») жасты, «Уə əз-зухə» («Сəске уақытына») белді, «Уə əл-лəйли изə сəжə» («Тым-тырыс түнге серт») шашты, «Уə йəқулунə һуə ‘узунун» («(Олар): «Ол (Мұхаммед) біздің сөздерімізді есітіп алушы құлақ», – деді») құлақты, «Фə рауһун уə райхəнун» («Онда хош иіс заттар мен райхандар бар») мұрынды, «Қад нəра тəқаллубə уəжһəкə» («Расында, жүзіңді аспан жаққа көбірек қарап тұруыңды біз көріп тұрмыз») жүзді, «Уə лə тə’ду ‘əйнəкə» («Көздеріңіз шектен асып кетпесін») көзді, «Уə мə йəнтиқу ‘əни əлһəуə» («Ол өзінің қу нəпсісі туралы айтпайды») сөзді, «Əлəм нəшрах лəкə садрак» («Сенің көкірегіңді ашпадық па?») жүректі, «Əнқазə захрак» («Сенің беліңді қайыстырған») арқалы, «Таһə мə əнзəлнə ‘əлəйкə əлҚурəнə литəшқа» («Ей, Таһə, Біз Құранды саған ауырлық болсын деп түсірмедік») қадамды, «Уə лə тəж’əл йəдəкə мəғлулəтун илə унуқикə» («Қолыңды мойныңа байлаулы етіп қойма») қолды, «Лə уқсиму биһəзə əл-бəлəди» («Мына шаһардың атымен ант ішемін») елді, «Билисəнин ‘əрабийн мубинин» («Таза араб тілінде») тілді, «Уə əннəһу лəммə қамə ‘əбдуллаһи» («Жəне Алланың пендесі құлшылыққа тұрған уақытта») бойлы, биік аспанды басына «Жиуаж уə əс-сəмəə бəнəйнəһə биəйдин уə иннə лəмуси’ун» («Біз аспанды құдірет қолымызбен тұрғыздық жəне, əрине, біздің күшіміз жетеді») қылды. Қара жерді аяғының астына төсеніш қылды, «Уə əл-əрза фəрашнəһə фə ни’мə əл-мəһидун» («Жəне Біз жерді төседік. Біз қандай жақсы төсеушілерміз»). Күнəлі жанның емшісі, Жаратқан Алланың сүйіктісі – МҰХАММЕД РАСУЛУЛЛАҺИ ‘ƏЛƏИҺИ ƏС-САЛƏТУ УƏ ƏТ-ТƏХИЙƏТ («Оған салауат пен тəхият болсын»). Алды дереу берген кезде Хақ пайғамбарлық шапанын, Аттанып кезді түнде екі əлем патшалығын. Төрт тарапта алты жақтан сегіз жұмақ болғанша, Жеті ықылымда тұрады күнде күтер кезегін. Көктегі барша періште күндіз-түні жəннатын, Жүгіріп ай мен күн қылады күндіз-түні қызметін. Бір ишарамен жарды айды жерді тербетіп, Сөздері шын деп куəлік берді Құран үмметін. Қаба қаусейнде пырақы болғанда сырласып, Ағайын-туыс көбейтіп, сұрады күнəһар үмметін.
Аңсайтын еді жамалын əмбие, мүрсəл бəрі,
Өзіндей басқа пайғамбар болмады Хақ жақыны.
Бүгін «Аллаһуммə салли» дегін есітіп (оның) атын,
Ертең онда ішер болсаң кəусарының шəрбəтін.
Нə’ту əхирун нəби ‘əлəйһи əс-сəлəм («Ақырғы пайғамбар (ғ.с.) ның
нағты»):
Тəңірімізге шын болыссақ адамзаттың белгісі,
Шын пайғамбар ұлығы һəм елшілердің таңбасы.
Əмбие, мүрсəл бəрінің оңы мен солы үшін,
Ілгеріден көргеніндей көрді оның арқасы.
Бет бұрып Жаратушысынан қайтқан уақытта барша араб,
Тіл ашып берді белгілі інгені мен бурасы.
Істерімен ұнаса Мекке іші жиылып,
Өзі толған айдай жұлдыз еді төңірегі.
Тура білімді аш жүрген құрсағына тас байлап,
Болмады бидай асы һəм жоқ еді арпасы.
Өзі кілемде, аты ғарышта, беделі одан биік,
Жүзі күннен көп жарық, меңі айдың қалы.
Сұрағаны махшар күнінде үмметінің күнəсі,
Мінгені миғраж түнінде еді жұмақ жорғасы.
«Рахмəту əл-’əлəмин» («Əлемнің мейірімдісі») деп айтты
Рахман мейірімін,
Əркім де қайдан білсін жəне Расулдың құрметін.
Мақтады «Мə зəғал бəсар» («Көз қиянат қылмады») деп өз
кітабында Хақ,
Əмбие, мүрсəл бəрінен оның биік беделі(н).
Ұйықтағанда Мұстафаны апарушымын дейтін,
Сидрадан өтерде аң-таң қалды, білді құрметін.
Келді кеңістікті кезіп, тапты ыстық орнын,
Таңырқап қалды халық Қадір Алланың құдіретін.
Мен Мұхаммед үмметімін деп жалған сөйлеме,
Не Жаратушы əмірін қылмайсың, не Расулдың сүннетін.
«Фəғислу» («Ғұсыл ал») оның əмірін ұста, «хафизу»
(«сақта») үкімін кезер,
Содан оның үмметі бол, тап сахаба сұхбатын.
Тұрма азат күнде «Саллу хəмсəнким» («бес уақыт
намазын»), ісін бітір,
Көрме дүние машақатын сен де қиямет айбатын.
Осы мұңды күнəһарларға ол қалай жабыспасын,
Бес намазын орындайды һəм бұйырған сүннетін.
Ей, Тəңірім, Ахмет есімді Мұстафаның құрметі,
Ол болар кезде айырма бізден иман дəулетін.
Көрмедік əдемі жамалын аңсаған дүниеде һəм,
Нəсіп ет, ей, Алла, көрейік ертең оның жəннатын.
Кім бүгін жанымен десе «Аллаһуммə саллиді»,
Ертең жұмақ ішінде жесін неше алуан нығметін.
Саусақ ишарасымен ай жүзін жарушы (бөлуші),
Өтпеді Шын-Машында өзіндей шын жарытушы.
Ол думандай көп түмен тау тұрғызып жүз мың араб,
Келгенінде бір уыс топырақ атып тұрушы. Ол қатты ішінде тас секілді дұшпан көңілді, Жақсылықпен он үш жыл Мекке ішінде тұрушы. Ол көріп мың мұғжизаны бет бұрған дұшпанын, Кенеттен қызыл қанымен топырағын қорушы. Мұхаммед ибн Абдулла ибн Əбді Мүтəліп ибн Хашим ибн Əбді Мəннəф ибн Құсай ибн Килаб ибн Мурра ибн Кағб ибн Лууай ибн Адий ибн Ғалиб ибн Фихр ибн Мəлік ибн Нəзір ибн Хузайма ибн Мудрикə. Уə умму Зубайр Сəфия ибнт Əбді Мүтəлліп. Уə умму Əли ибн Əбу Тəліп Фатима əл-Кубра бин Асад ибн Хашим. Уə умму Сағид Фатима бинт Нағжа ибн Умая əл-Хизағия ибн Сəхəратун нəси. Уə умму нəби Əминə бинт Уахб ибн Əбді Мəннəф ибн Заһра ибн Қусай ибн Килаб. Уə умму Əбдірахман ибн Ауф ибн Харис Уммунниса бинт Ауф ибн Харис ибн Мурра. Уə əлəжəһу ибн Абдиллəһ ибн Оспан ибн Химр ибн Кағб ибн Сағд ибн Тəйим ибн Мурра. Уə умму Хирбах ибн Абдулла ибн Қирт ибн Разах ибн Адий ибн Кағб. Салиха Сағба ибн Абдиллəһ ибн Ад ибн Мəлік ибн Жаррах ибн Нəдим. Уə умму Омар Хумайра бинт Хашим əл-Муғира ибн Абдулла ибн Махзум ибн Ғалиб. Уə Əбу Убайда ибр Мурра ибн Амир ибн Əбдиллəһ Жаррах ибн Хилал ибн Нəзір. Хабарда былай келеді: Бір күні Мұстафа (ғ.с.) Жебірейілден: «Ей, бауырым Жебірейіл, сенің жасың үлкен бе, менің бе?» – деп сұрады. Жебірейіл: «Ей, Расулулла, мен өз жасымды санаған жоқпын, алайда Нашрдамуқ деген бір жұлдыз бар. Отыз мың жылда бір рет туады. Оның отыз мыңыншы рет туғанын көріппін», – деді. Расул: «Менің жасым сенен үлкен екен, себебі бəрінен бұрын Жаратушы Алла менің нұрымды жаратты», – деді. «Қалə ‘əлəйһи əс-сəлəм: Əууəлə мə халəқа ... («(Мұхаммед (ғ.с.): Əуелі жаратылған...»). Мұхаммедтің нұры Адам қиссасында айтылды. Ол нұр əуелі Адамның белінде еді. Адам белінен Хауа мейіріміне түсті. Жəне Шистың беліне келді. Осылайша аталар белінен аналар мейіріміне, аналар мейірімінен балалар беліне өтіп отырды. Кезекпен Абдуллаға жетті. Ол нұрды бəрі көретін, Мұхаммед Расулулла екенін бəрі білетін. Жұлдызшылар, балгерлер осындай уақытта шығады деп айтатын. Барлық ер, əйел сол нұрды қалайтын еді. ХИКАЯ: Шам аймағы патшасының бір Фатима есімді қызы бар еді. Күйеуден жесір қалып еді. Ол құлдары мен қызметшілерімен бірге көп мал-дүние алып, Меккеге келді. Ел шетінде шатыр тігіп отырды. Абдулла аңға шығып, қайтып келе жатқанда сол шатырды көрді. «Мынау не екен, көрейін», – деп шатырға келді. Шамдық Фатима Абдулланың беліндегі нұрды көрді. Көңілі кетіп, қарсы жүрді. Абдулланы шатырға түсірді. Бір түйе сойды. Тамақ жеген соң кешірім сұрап, өзін алуын өтініп: «Шам аймағынан сен деп келдім. Сөзімді қабылдап, мені некелеп ал», – деді. Абдулла: «Мен қазір жайлаудан келе жатырмын. Үйге барайын, Əминаны көрейін. (Екінші) неке сұрап, сені алайын», – деп жолға түсті. Фатима бұл сөзге риза болып, неке қамына
кірісе бастады. Абдулла үйіне келіп, Əминамен табысты. Сол сұхбатта нұр Əминаның мейіріміне өтті. Содан кейін Абдулла Фатима туралы əкесі Əбді Мүтəліпке айтты. Əбді Мүтəліп: «(Некелеп) ал», – деді. Абдулла аттанып, Фатимаға келді. Фатима Абдулланың белінен баяғы нұрды көрмеген соң: «Ей, Абдулла, Шам патшалары менің қолымды сұрады. Мал-дүние ұсынды. Мен оларды қабылдамадым. Мен сен үшін емес, беліңдегі нұр үшін келіп едім. Енді сол нұрдан мақұрым қалыппын», – деп, «аһылап» өкініп, жолына кетті. Сол уақытта Əмина Мұхаммед Расулуллаға жүкті болатын. Алты ай өткен кезде əкесі Абдулла дүниеден өтіп, Əмина жалғыз қалды. Басын жерге соғып: «Мына ішімдегі сəбиімді не істейін, туғаннан кейін қалай асыраймын? Ұлым деп қолымнан кім алады? Есейгенде кімді əкем дейді?» – деп зар еңіреп жылады. Əбді Мүтəліп күнде Əминаның қасына келіп отырып: «Ей, қымбатты келінім, көп қайғырма. Біздің бəріміздің қуанышсүйенішіміз сенің ішіңдегі сəби. Əкесі Абдулла дүниеден өтсе, мен атамын. Күнде Қағбаға барып, Алла Тағалаға сиынып, бұл сəбиді бізге аман-есен тапсыр деп сұраймын», – деп айтатын. Тоғыз ай, күн дегенде дүйсенбі түні Əбді Мүтəліп Əминаның үйіне келді. Қайғырып, жалғыз отырғанын көрді. Əбді Мүтəліп: «Неге қайғылысың?» – деді. Əмина: «Неге қайғырмайын?! Мен үйде жалғыз отырғанымда біреу келіп: «Ей, Əмина, бүгін сол соңғы түндегі құрметті (сəби) келетін түн. Тұрып, басыңды, мойныңды жу. Ешкімді қасыңа жолатпа», – деп айтты», – деді. Əбді Мүтəліп соны есітіп, көздерінен жас төгіп: «Ей, қызым, не десе, солай жаса. Мен Қағбаға барып, Қағбаның тұтқасын ұстап, есікке басымды қойып, Қағбаның Тəңірінен сұрайын. Бұл аманатты бізге тапсырсын. Қызым Атикаға айтайын, келіп сенің қасыңда отырсын», – деп шығып кетті. Əмина басын жуып, таза киім киді. Жылап отырды. Түн ортасында ешбір сыбдырсыз (үй) шатыры көкке көтерілді. Əлем көрінді. Барша жаратылыстың аспанда жиылып тұрғанын көрді. Олардың бəрі Абдулла ибн Əбді Мүтəліптің қызына ұқсайтын. Əмина: «Мен олардың жамалын көріп, аң-таң болып, есімнен танып қалдым. Біреуі: «Бізге неге қарайсың, біз бəріміз қызметшілерміз. Адн жəннатынан қызмет еткелі келдік. Бізді қой, əлем мақтанышына (сəбиге) қара. Біз бəріміз сол үшін келіп тұрмыз. Онымен көзің ашылсын», – деді. Қарасам, ұл босанған екенмін. Менің көзім түспесін деп, сол қолымен ұятты жерін жауып алыпты. Дереу сəждеге басын қойып, сөйлей бастады. Құлағымды түріп едім, «үмметім, үмметім» деп жатыр екен. Қолымды созып жумақшы болғанымда, үй ішінен: «Ей, Əмина, қолыңда тарт, ол таза, пəк», – деген дауыс келді. Жоғарыға қарасам, үйдің шатыры ашылған екен. Бір шөкім ақ бұлт келіп, сəбиді алып көкке ұшып шығып, көрінбей кетті», – дейтін. (Деректерде) сол бұлтты Расулдың қас мұғжизасы делінетін. Тəурат, Інжіл жəне Зəбүрде Расулдың сипаты жазылған еді. Сол бұлт басынан соңына дейін Расулмен бірге еді. Расул дəрет сындырмақшы болса, жаңағы бұлт қорған болатын. Сол бұлт келіп, жұмақ мамығына
орап, хош иісті иіссу жағып, көздеріне сүрме жағып, шаштарын тарап, анасының алдына қоя берді. (Деректерде) ешбір адам баласы Расулдың кішкентай кезінде дəретін (нəжісін) көрмеді делінеді. Ер жеткен уақытта жер жұтатын. Күн ысыса жаңағы бұлт келіп көлеңке болатын. Шөлдесе, су беретін. Жалғыз қалған уақытта жаңағы бұлт сəлде секілді басында тұрып сөйлесетін. Бұл барлық христиандар мен жөйттердің Расулдың шығатынын күткен белгісі еді. Сол уақытта Расулдың əпкесі келіп, сыртта күтіп отыр еді: «Халің қалай?» – деп сұрады. Əмина: «Ей, Атика, сүйінші. Ұлым болды, (ішке) кір. Саған айтып берейін, ғажайыптарды көр (тыңда)», – деді. Атика үйге кірді. Əмина көргендерін, хор қыздарының келгенін, үй шатырының ашылғанын, бұлт көтеріп алып кеткенінің бəрін айтып берді. Атика: «Нəресте қайда?» – деді. Əмина: «Ең қызығы, менің қол тигізуіме рұқсат бермеді. Бір ақ бұлт келіп, баламды қайда алып кеткенін білмеймін», – деп жылады. Осы сөзі айтып бола бергенде бұлт қайтып келді. Сəбиді Кəусар суына жуып, көзіне сүрме жағып, жұмақ хош иісінен сеуіп, жібекке орап алып келіп, Əминаның алдына қойды. Атика: «Қуанғаннан атып тұрып, сəбиді алып, қойныма салдым. Сондай тəтті иіс көрдім, ондай хош иісті бұл дүниеден көрген жоқпын. Сол түндей (керемет) түн дүниеде болған жоқ. Сол түні кисралар тауынан құлады. Шам патшаларының сарайлары құлады. Қайсарлардың қамалдары бұзылды. Барлық от өшті, жер бетіндегі пұттың бəрі бетін жапты. Барлық шайтандар жер бетінен əлем төңірегіне қашып кетті. Зілзала болды. Қорыққанын Қаф тауына сиынды. Таза еместер Ібіліске келіп: «Мынау не жағдай?» – деп сұрады. Ібіліс: «Бұл түні құзыреттің (Алланың) жақындары Тахама жаққа енгенін көрдім, Мұхаммед дүниеге келген болуы мүмкін. Барып, хабар алып келіңдер», – деді. Шайтандар Тахама жақа барды. Періштелердің қанаттарын бірбіріне жалғап тұрғанын көрді. (Тіпті) ине шаншитын ашық жер жоқ. Алға барып, түсіндіріңдер десе, періштелер отты қарумен ұрып қуды. Шайтандар келіп көргендерін Ібіліске айтты. Ол малғұн: «Мұхаммед (с.ғ.с.) ның дүниеге келгенінің белгісі», – деді. (Шайтандар): «Одан қорқатындай Мұхаммед (с.ғ.с.) кім болыпты?» – деді. Ол қарғыс атқар: «Мен үшін бүгінгі түннен жаман түн жоқ. Бұл адам мың жеті жүз жылдық менмендікті жояды. Бұл пайғамбардың арқасында барша пайғамбарлардың шариғатының күші жойылады. Осы адамның арқасында Жаратушы Алла құлдарының біреуі мың жыл немесе он жыл кəпірлік қылса, бір сағат оның жолына кірсе, барлық кəпірлігі жойылады. Бұл сондай адам, оның үмметінің біреуі бізге мойынсұнса жəне өмірін адасушылықпен өткізсе, бір рет өкініп,
Мұхаммедке бір рет салауат айтса, Алла Тағала (жаңағы пенденің) барлық күнəсін кешіріп, жарылқайды. Бұл сондай адам, қияметтің күнінде «Əмəннə биһи уə саддақнə» («Оған сендік жəне берілдік») түмен мың күнəһар оның шапағатымен кешіріледі», – деді. Баяғы сөзімізге қайтайық.... Мұхаммедті бұлт алып келген кезде, Əмина сəбиге көкірегін тосып еді, ембеді. Атика: «Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар болғаннан кейін: «Ей, Расулулла, сол түні неге анаңның сүтін ембедің?» – деп сұрадым. (Пайғамбар): «Анамнан айырылатынымды білетін едім, сүтін ембедім, жүзін көрмейін дедім деп айтты», – деді. (Кейбіреулер) жеті күн өтсе де сүт ембеді дейді. Жəне (біреулер) жиырма бес күн өтсе де ембеді дейді. Əбді Мүтəліп аң-таң қалды. Əмина сол қайғыдан ауырып дүниеден өтті. Расул əкесіз еді, (енді) анасыз қалды. Жарық дүние Əбді Мүтəліп үшін қарайды. «Ұлым дүниеден өтті, келінім де қайтыс болды. Ата-анасыз сəбиді мен қалай асыраймын», – деп жылады. Содан кейін сəбиді сүт-анасына берді.
РАСУЛ (Ғ.С.) НЫҢ ЕНЕСІНЕ БЕРГЕНІ ТУРАЛЫ Арабта Бəни Сағд деген бір тайпа бар еді. Жылда олардан əйелдер келіп, меккеліктерден емізгелі сəби алып кететін. Бір жыл келіп сəби алды. Мұхаммедтің əке-шешесі жоқ деп, ешкім алмады. Əбді Мүтəліп шарасыз қалды. Бəни Сағд тайпасында əйелдері көп Харис деген адам бар еді. Өзі кедей тұратын. Бір қотыр түйесінен басқа ештеңесі жоқ болатын. Бəрі соның сүтімен жан бағатын. Соның (Харистың) Халима деген əйелі бар еді. Əбді Мүтəліп: «Ей, Халима, мына ұлымды алып, сүт бер. Мен саған сондай шапағат жасайын, уақытың жақсы өтеді», – деді. Халима: «Ей, бақытты араб, ұлыңды жаныма тұмар етейін. Егер бір нəрсе берсең де, бермесең де маған бəрібір. Үйіңе бар, артыңнан барайын», – деді. (Халиманың) мақсаты əке-шешесі бар нəрестені қалайтын. Тапсам алайын деп (іздеді), таба алмады. Күйеуіне барып: «Ана жетімді алайын, бəрі (бір) тайпадан ғой», – деді. Харис: «Ал», – деді. Екеуі Əбді Мүтəліпке барды. Жиырма бес күндік сəбиді қолында ұстап отырғанын көрді. Əбді Мүтəліп: «Ей, Халима, уəдеге берік бол. Менің ұлыма сүт бер. Əке-шешесі жоқ деме. Мен əрі əке, əрі шешемін», – деді. Халиманың көзі сəбиге түсіп: «Жаным мына сəбидің жолында пида болсын, мұндай жылы жүзді сəби көрген жоқпын», – деді. Бұл Халиманың оң жақтағы көкірегі туылғалы бері құрғақ (сүтсіз) еді. Балаларына сол жақ көкірегінің сүтін беретін. Баланы алып, сол жақ көкірегіне алып барып еді, ембеді. Атика: «Ей, Халима, бұл бала туылғанына жиырма бес күн болса да, əлі сүт ішкен жоқ. (Тағы бір деректе, жиырма жеті күн дейді.) Аш. Бұл баладан ғажайып нəрселер көретін шығармыз», – деді. Халима оң емшегін беріп еді, емді. Солған емшектен Жаратушының құдіретімен сүт судай аға бастады. САУАЛ: Баланың сол жақ емшекті ембеуінде қандай хикмет бар еді? ЖАУАП: Сол емшегін емсем, балаларына қонақ болғандай боламын. Оң көкірегін емейін, қонақ та болмайын. Оң жақ сүт жеке менікі. Олар осыдан есеп, маған қонақ болсын. Халима сол мұғжизаны көріп, күйеуіне келіп айтты. Содан кейін сəбиді алды. Өзінің қотыр түйелеріне отырғызды. Түйе тұрған кезде қотыры жазылды. Арық еді, семіріп, сүті аға бастады. Жолға түсіп, бұрын шыққан керуеннен үйлеріне ертерек жетті. Қай тайпа бұл түйені көрсе: «Мынау қотыр, сүті жоқ түйе емес пе еді?» – деп таңданды. Бұлар: «Ия, алайда мына нəрестенің берекесінің арқасында сүтті əрі əдемі болды», – дейтін. Жыл сайын баланы Меккеге алып келетін. Əбді Мүтəліп оларға тарту-таралғы беріп, қайтаратын. Осылайша төртке келді. Халима балаларын жайлауға қой-қозы бағуға жіберетін.
Мұхаммедті жібермейтін. Бір күні Мұхаммед (с.ғ.с.): «Ей, ана, мына бауырларым күнде қайда барады?» – деді. Халима: «Қой-қозы бағуға барады», – деді. Мұхаммед: «Мені де жібер, бауырларыммен бірге барайын», – деді. Халима: «Мен сені жайлауға жібермейтін едім, алайда сен барамын десең, жіберейін», – деп балаларымен қосып жібере тұрып: «Мұхаммедті шаршатпаңдар, аш қалдырмаңдар, жыласа маған бірден алып келіңдер», – деп тапсырды. Екі иғаш жер жүрген кезде көктен екі ақ құс келіп, Мұхаммедті балалардың арасынан алып, көкке ұшып кетті. Биік жерге алып барып, Расулды шалқасынан жатқызып, көкірегін жарды. Жүрегін шығарып, бір алтын ыдыста жуып, қайта орнына салды. Алтын инемен жарасын тігіп, қанатымен сипады. Сол екеудің біреуі Жебірейіл, біреуі Микəйіл еді. Халиманың балалары оны көріп қорқып кетті. Аналарына жылап келіп: «Ей, ана, екеу келіп Мұхаммедті бізден алып кетті. Алып барып, қарнын жарып, өлтірді», – деді. Халима бетін тырнап, айқай салып, жалаң аяқ жүгіріп келді. Мұхаммедтің естен танып жатқанын көрді. Алдында су құйған жері, қарнында тілінген орны бар. Құрайыштар оны есітіп, жетіп келді. Ана Мұхаммед мынау деп жарылқады. «Əлəм нəшрах лəкə садрак» («(Мұхаммед), көкірегіңді ашпадық па?») Содан кейін Халима Мұхаммедті өзімен бірге қалдыруға қорқып, Əбді Мүтəліпке алып келіп берді. Əбді Мүтəліп Халимаға көп тартутаралғы берді. Кешірім сұрап қайтарды. Расулды Əбді Мүтəліп құрметтейтін. Қағбада отырған уақытта Мұхаммедті (қасына) алып отыратын. Құрайыштардың диқандары Мұхаммедтің қасына келетін, зияны жоқ еді. (Кейбіреулер) бір күні Əбді Мүтəліптің отыратын жерін анықтап тұрған уақытта Расул келді дейді. Құрайыш үлкендерінің бəрі отыр еді. Ешкімге ілтипат жасамастан, Əбді Мүтəліптің орнына отырды. Қызметшілерінің қайтарар зияны жоқ еді. Əбді Мүтəліп келген кезде, қызметшілер Мұхаммедті тұрғызбақшы болған уақытта, Əбді Мүтəліп: «Бұл орынға ол лайық», – деп тыйым салды. Расул төртке келген кезде Əбді Мүтəліп ауырып жатып қалды. Өлім ауруы екенін білді. Дүниеден өтетін уақыт болды. Төрт ұлын шақырды. Біреуі – Əбу Лəхəб, екіншісі – Аббас, үшіншісі – Хамза, төртіншісі – Əбу Тəліп. Мұхаммедті өз жастығының үстіне отырғызды. Балаларына қарап: «Ей, перзенттерім, менің дүниеден өтетін уақытым болды. Еш өкінбеймін, тек Мұхаммедті уайымдаймын. Ұзақ өмір сүріп, мұның ізет-құрметін көргенімде қуанатын едім. Енді осы өкінішпен аттанып барамын. Мұхам мед жетімді тəрбиелеуге қайсыбірің мойындарыңа аласыңдар, сонымен уəде байласайын. Менің разылығым үшін уəдеге опа жасамайтын болар», – деді. Əбу Лəхəб тұрды. Бəрінен үлкен еді. Тізе бүгіп: «Ей, араб патшасы, Тəңір саған Мұхаммедтің ізетін көргенше
ұзақ жас берсін. Егер Мұхаммедті маған берсеңіз, жаныммен қабылдайын», – деді. Əбді Мүтəліп: «Ей, Əбу Лəхəб, сен бəрінен үлкенсің. Құрметің бар. Алайда көңілің қатты. Мейірімсізсің, жетімді асырауға жарамай сың», – деді. Содан кейін Хамза тұрып: «Мен қабылдайын», – деді. Əбді Мүтəліп: «Сен маған бəрінен артық керексің. Алайда ұл-қызың жоқ. Ұл-қызы жоқ адам біреудің ұл-қызының қадірін білмейді. Жəне аңшысың, аңға кеткеніңде қызметшілерің Мұхаммедті ренжітеді», – деді. Содан кейін Аббас тұрып: «Мен Мұхаммедті қабылдаймын», – деді. Əбді Мүтəліп: «Жарайсың, алайда бала-шағаң көп. Көп балалы адамның уақыты жетпейтін болар», – деді. Содан кейін Əбу Тəліп тұрып: «Ей, араб бақыты, əуелі Мұхаммедті мен қабылдайын демекші ойым болып еді. Алайда үлкен бауырларымның құрметін сақтап, бұрын сөйлемедім. Жəне малы жоқ кедеймін...», – деді. Əбді Мүтəліп: «Мұхаммедті тəрбиелеуге сен лайықтысың. Себебі көңілің жұмсақ» – деді де: «Мұхаммед дана, оның білгенін мен білмеймін. Қандай іске мұңды болсам, маған жол көрсететін, сонымен ісім орындалатын. Енді Мұхаммедпен кеңесейін, кімді қаласа, соған тапсырайын», – деп əлем қожасына қарап: «Ұлым, мен дүниеден өтіп кетсем, əкеңнің бауырларының қайсысын таңдайсың?» – деді. Расул (ғ.с.) атып тұрып Əбу Тəліптің мойнынан құшақтап, алдына отырды. Əбді Мүтəліп: «Əлхəмду лиллəһ» («Аллаға шүкір») менің қалауым орындалды», – деп Мұхаммедті Əбу Тəліпке тапсырды. Қағбаның Тəңіріне шүкіршілік етті де: «Сенімен келісейін, Мұхаммедке жақсылап қара. Мейрам күндері жаңа киімсіз қалдырма. Дастарқан басында отырғаныңда, оны өзіңмен бірге алып отыр. Ұлдарың оны басынбасын. Мұхаммедті еш нəрсеге мұқтаж қылма. Осы шарттарды қабылдадың ба?», – деді. (Əбу Тəліп): «Қабылдадым», – деді. Əбді Мүтəліп дүниеден өтті. Əбу Тəліп Мұхаммедті үйіне алып барды. Ол барлық шарттарды орындады. Үйден шығып, қайтып келсе, барлық балалары қарсы алдынан шықса, əуелі Мұхаммедті құшақтайтын. Дастарқан басында Мұхаммедпен отыратын. Мейрам күндері қарыз алып, Мұхаммедке жаңа киім кигізетін. Мұхаммед балиғат жасына жеткен уақытта кішіпейілділік пен ақкөңілділіктен аты шықты. Барлық құрайыштықтар мен Əбді Мəннəф ұрпағы (оны) «Мухəммəд ул-Əмин» («Сенімді Мұхаммед») деп атады. Он сегізге жеткенде көркіне бойы сай болып өсті. Əлем халқы таңданды, ешкім оның жүзіне тіке қара алмайтын болды. Күн жүзді, ай нұрлы (болды).
РАСУЛ (Ғ.С.) НЫҢ ХАДИШАНЫ СҰРАҒАНЫ ТУРАЛЫ Расул он сегізге келген уақытта əпкесі Атика Əбу Тəліпке келіп: «Ей, туысқан, біздің Мұхаммед ержетті. Қыз алатын уақыты болды. Қалай ойлайсың?» – деді. Əбу Тəліп көзін жасқа толтырып: «Менің де күні-түні ойлағаным осы. Теңімізді алуға күшіміз жетпейді. Теңіміз еместі біз ала алмаймыз, не істерімізді білмейміз?» – деді. Атика: «Мен пікір айтайын, егер лайық деп тапсаңдар, соған тоқтайық», – деді. Əбу Тəліп: «Айт», – деді. Атика: «Хадишаның Шам аймағына сауда үшін керуен жіберетінін естідім. Мен барып Хадишамен Мұхаммеді жалға ал деп айтып көрейін. Ол көп дүние беретіні соншалық, қыздың қалың малына жарар», – деді. Əбу Тəліп: «Ей, туысқан, біздің тайпамызда ешкім де жалданған емес. Қаншалықты қолымыз қысқа болса да, Мұхаммедті жалға беруге келіспейміз. Алайда ойланып, барып Хадишамен сөйлес. Не десе де, бізге хабарын айт», – деді. (Кейбіреулер) Хадиша араб ханшайымы еді дейді. Сол уақытта Хадишадан бай ешкім жоқ еді. Төрт мың қызыл түйемен сауда жасайтын. Əр жеті түйеде бір құл жүретін. Шамға барып сауда жасап, астық алып келетін. Хадишаның түйелері қозғалса, барлық құрайыш оның керуенімен бірге баратын. Əр жылы қыс пен жазда екі маусымда сауда жасайтын. «Лийлəфи қурəйшин илəфиһим рихлəтə əш-шитəи уə əс-сайф» («Құрайыштың бейбітшілігі үшін. Олардың қысы-жазы көшу бейбітшілігі»). Хадиша Тəурат оқитын. Өзі жалғыз еді. Күйеуі қайтыс болып, жесір қалып еді. Араб патшалары қалап еді, (оларға) шықпады. Бір күні (ол) ай көктен еніп, Хадишаның қойнына кіргені туралы түс көрді. Қойнынан нұр шығып, барлық қауымға, сондай-ақ барша əлемге жайылды. Əлем жарқырады. Оянған уақытта Бахира деген діндарға барып: «Жорып бер», – деді. Бахира: «Бұл түстің мəнісі, ай – ақырзаман пайғамбары Мұхаммед Мұстафа. Ол шықты немесе енді шығады. Ол сені алады. Сенің қойныңа кірген уақытта уахи келіп, пайғамбар болады. Əлем оның нұрымен нұрланады. Əйел затында сенен бұрын иман келтірген (жан) болмайды. Бұл оқиға Тəуратта жазылған. Ол пайғамбар Құрайыштық Хашимнан шығады», – деп жорып берді. Хадиша бұл сөздерге қуанып, Жаратушының үкімін күтті. Сол кезде Атика баяғы сөзді айтқалы кіріп келді. Хадиша тұрып, Атиканы құрметтеп, қасына отырғызды. Ешкім де бұлай құрметтемеген болатын. Себебі Атика Əбді Мүтəліптің қызы еді. Атика Мұхаммед (с.ғ.с.) туралы айтайын деп еді, бірақ жалға береміз деуге ұялатын еді. Хадиша Атиканың əңгімесі бар, бірақ айта алмай тұрғанын білді. Хадиша: «Ей, арабтардың сейіді, қандай тілегің бар, айт», – деді. Атика: «Сөзім бар, алайда айтуға ұялып тұрмын», – деді.
Хадиша: «Айт, ұялма», – деді. Атика: «Біздің Абдулладан бір ұл қалғанын естіген боларсың. Атамыз Əбді Мүтəліп ол туралы көп өсиеттер айтты. Енді сол жігіт болды. Қыз алатын ойымыз бар, алайда ағам Əбу Тəліптің қолында еш нəрсе жоқ, ұлдары көп. Сіздің керуеніңіз Шамға барады деп естідік. Мұхаммед (с.ғ.с.) сіздің түйелеріңізбен жалданып барса, қолына бір нəрсе ұстатсаңыз болады ма? Əбді Мəннəф ұрпағы сенің қызметіңде болады (сенен разы болар еді)», – деді. Хадиша іштей «түсім орындалды» деп ойлады. Қуанғанынан жүзі сарғайып кетіп: «Ей, Атика, сен не десең, соны жасайын. Алайда керуенмен бару қиын. Бар, Мұхаммедті жібер, (жолға) жарай ма, көрейін», – деді. Атика кеткен кезде Хадиша тұрып, жуынып, таранды. Тəуратты қолына алып, Мұхаммедтің нағты мен сипатын оқыды. Жолына көз тігіп отырды. Атика Мұхаммедті алып келді. Хадиша қызметшіге: «Мұхаммедке ізет-құрмет көрсетіп, киіндір. Төрге шығар», – деді. Солай жасады. Хадиша перденің ішінде отырып, біресе Мұхаммедтің жүзіне, біресе Тəуратқа қарайтын. Тəуратта көргеніндей шықты. Расул жамалынан қылдай да өзгешелік таппады. Шашының қаралығы..., көзі, қасы – бəрі-бəрінен нұр шашырап тұр. Бір жерге отырса немесе жүрсе, сол жерден қырық күнге дейін жұпар иіс шығып тұратын. Тəуратта көргенімен сəйкес келді. «Ей, Хадиша, түсің шынға айналды. Саған лайық жұп пайда болды, алайда жария ететін уақыт емес, арабтар сөз етеді. Қаншалықты Мұхаммед шаһ болып, Хадиша сүйікті болса, барлық мал-дүние соныкі болады. Бірнеше күн жалданып жүргендей болсын, халықтың өсегі тоқтасын», – деп ойлады. Атика Расулға жұмысшы киімін кигізді. Атика мен Хадиша келісіп, тоқтамға келді. Əбу Тəліпке келіп айтты, келісті. Əбу Тəліп пен Атика Мұхаммедке: «Келісесің бе?» – деді. Расул: «Сіздердің келіскендеріңізге мен разымын», – деді. Содан кейін Мұхаммедті Хадишаға алып барып: «Ақысын айт. Қанша бересің?» – деді. Хадиша: «Басқалар жалға үш алтын алады. Мұхаммедтің ақысы елу алтын болсын», – деді. Көзі жасқа толған Мұхаммедті Хадишаның сарайының есігінде қалдырды. Хадиша сарай ішінде (тұрып) қуанды. Мұхаммед сарай есігінде еңіреді. Хадишаның Мубашшира деген құл бар еді, барлық мал-дүние соның қолында болатын. Керуенді сол бастап шығатын. Хадиша Мұхаммедті соған тапсырып тұрып: «Мына Мұхаммедтің асыл тегін білесің. Мұхаммед сенімен бірге барғанда көп қинамастан, аман-есен алып кел. Мені Хашим ұрпағының алдында ұятқа қалдырма», – деді. ПАЙДА: Мұхаммедті жұмысшы деп, сапар машақатын тартқызып, жəне керуен басшысына мынаған жақсылап қара дегендегі мақсаты жұмысшылығы емес еді. Алайда бұл сөзде Зылиханың Жүсіпті зынданға тастатудағы сыры секілді (бір) сыр бар еді. (Зылиха) зынданшыны шақыртып алып: «Ешқашан да Жүсіпті ұрма, аяқ-қолын байлама» дегеніндей (мəн бар) еді.
Мұнда біз үшін қуанышты хабар бар. Ол қуанышты хабар – қиямет күні «Əмəннə биһи уə саддақнə» («Оған сендік жəне берілдік») мұсылманды тамұққа кіргізеді. «Ей, періште, мұсылманның бетін күйдірме, (себебі) сол бетімен маған сəжде жасады; құлағын күйдірме, (себебі) сол құлағымен ілім мен хикмет сөзін есітті; көзін күйдірме, (себебі) сол көзімен Кəлəмуллаға (Алланың сөзіне, яғни Құранға) қарады; тілін күйдірме, сол тілімен мені Бір деді; көңілін күйдірме, сол көңілмен мені таныды; қолын күйдірме, сол қолымен садақа берді; аяғын күйдірме, сол аяғымен жамағатқа, ілім жиналысына келді. Тамұққа жіберудегі мақсатымыз күйдіру үшін емес, кешіру үшін» деген жарлығы келеді. Хадиша Мубашширге: «Таң атысымен дабыл қағып, керуен қозғалса, Мұхаммедті сарай есігінің алдына алып келіп, түйешілер киімін кигізіп, түйе мұрындығын беліне байла. Бір қолына таяқ бер. Осы кейіпте жолға шықсын. Меккеліктердің көзі алыс кеткен (көрінбей) кезде түйешілер киімін шешіп, «Даққи мисрий» деген киім кигіз, мінген түйесін сəнде. Мұхаммедті сұлтандай құрметтеп түйеге отырғыз. Сен құстай ұшып (түйенің) мұрындығын ұстап жүр. Қайда тартса – бар, не іс істегің келсе, онымен ақылдасып жаса. Оны аман-есен маған алып келсең, сені өз қызметімнен босатайын жəне бай етейін», – деді. Біраз уақыттан кейін керуен қозғалды. Меккеліктер тамашалауға шықты. Əбу Тəліп туыстарымен Мұхаммедтің адамы жоқ деп, өздері шықты. Түйешілер киімін киіп, мұрындығын беліне байлап, қолына таяқ алған Мұхаммедті көрді. Өзінің немере ағалары көріп, жылады. Атика басына топырақ шашып: «Ей, Абдулла, басыңды лахад топырағынан құтқар. Мұхаммед жұмысшы болып жалданып, түйе жетектеп бара жатыр. Соны көр», – деді де, киімдерін жыртып, естен танып қалды. Мұстафаның руы айқайлап жылады. Барлық періштелер таңданып: «Тəңірім, мына Мұхаммед қияметтің көркі емес пе?! Иман кілті оның есімі емес пе?! Барша əлемге мейірім емес пе?! Пайғамбарлар тəжі емес пе?! Оған мұншалықты азаптану не үшін керек?» – деді. «Бұлайша қалмайды. Барша əлемді оған бағындырамын, Махмуд мақамын оған беремін, барша пайғамбарларға оны басшы етемін» деген жарлық келді. Содан кейін Мұхаммед немере ағаларына қарап: «Мен кетіп барамын, сендер аман қалыңдар, мені ұмытпаңдар. Бір ғаріпті көрсеңдер, мен ғаріпті ойлаңдар», – деді. «Кетіп айырылған қайта табысады» деген сөз бар. Сол айтқандай, Мұхаммед ағайынынан айырылды жəне табысады. Жүсіп пайғамбар да əкесінен айырылып, қайта табысты. Мұхаммед Қағбадан айырылды жəне қияметтің күнінде табысады. Алайда бір айырылу бар да, қайта табысу жоқ. Ол қиямет күні екі жол басындағы айырылу. Жұмаққа бару мен тамұққа бару. «Фəриқун фи əжəннəти уə фəриқун фи əс-сəғир» («Бір топ адам жəннатта, бір топ адам тамұқта»). «Уəмтəзу əлйəумə əйиуһə əл-мужримунə» («Ей, күнəһарлар, бүгін басқалардан ажыраңдар») деп сол жағдайды баяндайды. «Имтəзу фə иннə əл-
муминини қад фəз əйиуһə əл-мунəфиқун, имтəзу фи иннə əл-мухлисинə қад фəзу» («Себебі мұнафықтар, (Аллаға) ықылас қойғандар жəне мұсылмандар жеңісті қолға түсіріп, айырылысып кеткен»). «Ей, кəпірлер, мұсылмандардың құтылғанын анық біліңдер. Ей, мұнафықтар, (Аллаға) ықылас қойғандардың құтылғанын анық біліңдер». Жаратушының мінажаты: Əлмисақ күнінде біз мұсылмандарды кəпірлерден айырып, жұмақтың жанында тұрғызып «Һəулəи фи əн-нəри уə лə убəли» («Мыналар дозақтықтар, (оларға) назар салмаймын») деп шақырдық. Бізде құлшылық пен ғибадат болмаса, өз кеңшілігің мен жомарттығыңның арқасында бізді олардан бөліп жарылқадың, қиямет күні жол басында кəпірлерге қоспастан, олардан айырып «Фəриқун фи əл-жəннəти» («Бір топ адамдар жəннатта») қатарында болуды Сен Алла нəсіп ете көр! Мекке халқы Мұхаммедті бəрі жолға шығарып салған соң, көрінбей кеткен кезде Мубашшира түйе мұрындығын Мұхаммедтің белінен шешіп, түйешілер киімін шешіп, «Даққи мисрий» киімін Мұхаммедке кигізді жəне құрметтеп түйеге мінгізді. Өзі түйенің мұрындығынан ұстап, жолға шықты. Атаба мен Əбу Жəһіл жəне Шиба (Оларға лағынет болсын) үшеуі де керуенде еді. Мубашшираға: «Бұл жетімді шаң киімдермен киіндір, таза киім бермей-ақ қой. Ауыр жұмысқа жұмса, үйренсін», – деді. Мубашшира: «Хадиша маған түйеге отырғыз деп əмір берген», – деді. Мінгізген уақытта Жаратушы Алланың жарлығымен бір ақ бұлт келіп, Расул (ғ.с.) ның басына көлеңке жасады. Керуендегілердің бəрі ыстық күнде, Мұстафа көлеңкеде. Əбу Бəкір Сыддық (Алла одан разы болсын) сол керуенде еді. (Ол) Мубашшираға: «Мына Мұхаммедтің құрметін көрмейсің бе?! Бұл Мұхаммедтің дұшпандары бар. Сен түйеге мініп алдында жүр, мен артында жүрейін. Кенет дұшпан қастық жасаса, біз екеуміз көзін құртайық», – деді. Əбу Бəкір достық білдірді. «Күн шығардан бұрын таң атады» деген сөз бар. Осылайша, Расул (ғ.с.) ның пайғамбарлығы белгілі болмастан бұрын, Сыддықтың таңы атты, сүйінші берді. Алла Тағала: «Əбу Бəкір Расулдың досы еді, пайғамбарлық келместен бұрын, достығын білдірді. Хадиша да Мұхаммедті пайғамбарлық келместен бұрын жақсы көрді. Мен де Хадишаны Мұхаммедтен айырмадым. Мұсылман пенделерім алпыс, жетпіс жыл мені жақсы көрді. Менің жомарт кеңшілігімнің арқасында, мейірімімнен айырсам да, мейіріміммен жарылқаймын», – деді. «Разақаллаһу уə ийəкум» («Алла сендер мен біздерге ризық берсін»). Бірнеше күн жүріп, бір отты-сулы жерге жетті. Онда Бахира деген діндар бар болатын. Биік жерге шығып отыратын. Меккеден бір керуен келе жатқанын көрді. Бір ақ бұлт біреуге сая болып келе жатыр. Тəурат пен Інжілде ақырзаман пайғамбарының нағты мен сипаты жазылған болатын, соны көрген еді. Сол пайғамбар осында шығар деген оймен керуен халқын қонақ етейін деп, керуендегілерге: «Бұдан өтсеңдер шөп пен су таба алмайсыңдар», – деп керуеннен түсірді. Тағамдар
дайындап, керуендегілерді үйіне шақырды. Əбу Жəһіл: «Бəріміз барсақ жүктеріміз қараусыз қалады», – деп Мұхаммедті қоста қалдырып кетті. Бахира діндар ғибадатханадан оларға қарсы шықты. Тəурат пен Інжілде көрген сипатын бұлардан кездестірмеді. Жаңағы ақ бұлт та бұларда жоқ. Бахира: «Сендерден біреу қалып қойды ма?» – деді. Əбу Жəһіл: «Бір жігітті қоста қалдырдық», – деді. Бахира: «Ол жігіт қай тайпадан еді?» – деді. Əбу Жəһіл: «Құрайыш пен Хашимнан», – деді. Діндар: «Негізі сол, сендердің бəрің бағыныштыларсыңдар. Менің мақсатым сендер емес, сол», – деді. Содан кейін Мұхаммедті шақырды. Діндар қарсы шығып, сəлем берді. Қолынан ұстап, төрден орын берді. Тамақ жеді. Діндар: «Ей, Мұхаммед (с.ғ.с.), менің бір тілегім бар», – деді. Расул: «Айт», – деді. Діндар: «Киіміңді шеш», – деді. Шешкен уақытта екі жауырынының арасындағы мөрді көріп, сол сəтте сүйіп, көзіне сүртіп: «Ей, Мұхаммед, мен қартайдым. Саған уахи келгенше өмірім жете ме – білмедім. Бүгін Алла Бір, сен Оның елшісі боласың деп куəлік беремін. Содан кейін (Сен) мемлекет айнасы, үмметтің сардары, пайғамбарлық тəжі, елшілік шырағы (сың). Барлық бейнелер Оның атымен салынған, кеңістің ішінде барша жамал Онымен нұрға бөленген. Айбат пен ізет Оныкі, ерлік пен қуат Оныкі, кемелдік пен атақ оныкі, құбыла мен иман Оныкі, жалпы мен жалқы Оныкі, қанағат пен шүкіршілік Оныкі, хəмді мен зікір Оныкі, махмуд мақамы Оныкі, аманат пен имамдық Оныкі, мейірім мен шапағат Оныкі, есеп пен хисап Оныкі, құрметті асхаб пен киелі рухтар Оныкі, асхаби хулқ Оныкі, жоғары дəреже Оныкі, халал əйелдер, тура һəм шешен тіл Оныкі, күшті көңіл мен сабырлы тəн Оныкі, қасиетті ел мен ізетті мешіт Оныкі, қажылық пен ихрам Оныкі, Зəмзəм мен мақам Оныкі, мағшар ул-харам Оныкі, зекет пен ораза Оныкі, Құран тілəуаты Оныкі, жұма мен жамағат Оныкі, əмри мағрұф пен нəһи мункəр Оныкі, тəһлил мен тақдис Оныкі, тəмжид пен тəспі Оныкі, жоғары салауат Оныкі», – деді. Бахира мұны айтып болған кезде керуен қозғалды. Шамға жетті. Мубашшира: «Ей, Мұхаммед, мына малдың бəрі сенікі демекшімін», – деді. Мұхаммед: «Ей, Мубашшира, бір үйге кіріп, арқан байла. Малды сол үйде сақта, асықпа», – деді. Солай жасады. «Меккеден керуен келіпті» деген хабар тарады. Шамдықтар мен меккеліктердің затын алды, басқа зат қалмады. Зат табылмады, қымбат бағаға сұрай бастады. Содан кейін Мұхаммед Мубашшираға рұқсат берді. Қымбат бағаға заттарын сатып, екі есе пайда жасады. Жəне аялдады. Басқалар зат алды. Расул Муббашираға зат алғызбады. Ел зат алып болғаннын кейін, баға түсті. Мубашшаираға: «Енді зат ал», – деді. Екі бағаға алатынын бір бағаға алып, (тағы) екі есе пайда қалды. Содан Шам жөйттерінің мейрамы келді. Əбу Бəкір Мубашширамен бірге Мұхаммедті жөйттер ғибадатханасына алып барды. Кəниса ішінде үш жүз шам асулы
тұратын. Мұхаммед кіріп, құтты көздері шамдарға түскен кезде темір шынжырлар үзіліп, шамдар жерге құлады. Ей, мұсылмандар, сендер үшін сүйінші бар мұнда. Ибрахим пайғамбар шапанын бір рет Намрұт отына салған уақытта Намрұт оты өшті. Мұхамметтің құтты көзі жөйттердің шамына түскен кезде бытшыты шықты. Жаратушы Алла күнде үш жүз алпыс мейірім көзімен қарайды. Егер бір мейірім назарымен қарап, тамұқ отын оларға бұрып, күнəларын жарылқап, тамұқ отынан құтқарса қандай ғажап болады! Жөйттер оны көріп таң қалып, ғалымдары Тəуратқа қарады. «Ақырзаман пайғамбарының сипатының біреуі осы. Біздің дінімізді бұзған сол, біздің арамызда шығар. Оны іздеңдер, тауып өлтірейік», – деді. Əбу Бəкір мен Мубашшира осы сөзді есітіп, Расул (ғ.с.) ды жасырды. Зат жүктеп кететін кезде шығарды. Əбу Жəһіл (лағынет атсын) жөйттерге: «Сендер іздеп жүрген адам біздің керуенде. Сендер қарулы адамдарыңды сайлап тұрыңдар. Жолда керуенді тоқтатыңдар. Мен сендерге көрсетіп берейін, сендер ұстап алыңдар», – деді. Үш жүз қарулы жөйт келді. Керуенді қоршады. Əбу Жəһіл (лағынет болсын) ишара жасап, Расулды көрсетті. Жөйттер түйесін алып, қылышпен шаппақшы болды. Сол кезде Жаратушы Алла Микəйілге əмір беріп, бір шөкім бұлтты бұ дүниеге жіберді. Қара бұлт келіп, əлемді қара түнек басты. Күн күркіреп, найзағай ойнап, қатты жел тұрды. Түйелер мұрындығын үзіп, арқын бұзды. Құтырған буралардай жөйттерге атылды. Жөйттер қашты. Түйелер қуып жетіп, үш жүз жөйттің басын жұлып, жерге тастады. Содан кейін жел тоқтап, дүние жарқырап, түйелер тынышталды. Керуендегілер түйелерді ұстап, мұрындығын салып, жолға түсті. Меккеге алты қашықтықта бір жер бар еді. Керуен сол жерге келген уақытта, сүйінші сұратып адам жіберетін. Мубашшира адам жібермекші болған кезде, Əбу Бəкір: «Мұхаммедті жібер, сүйінші шапаны оған тисін», – деді. Мубашшира солай жасамақшы болып, жақсы маяны жасап Мұхаммедті жіберді. Əбу Бəкір: «Ей, Мубашшира, қалай сəндедің?» – деді. Мубашшира: «Хадишаның əдеті сүйінші сұрап келген адамға мініп келген маясын шылбырымен бере салады. Жақсы сəндедім, Мұхаммедке беретін болар», – деді. Жүрмекші болып тұрған кезде Əбу Жəһіл: «Мынау (жас) бала. Істі бітірмейді, жолда қалып қояды», – деді. Əбу Бəкір мен Мубашшира оның сөзін тыңдамады. Мұхаммедті жіберді. Мұхаммед біраз жүрген соң, күн ыстық еді, түйенің үстінде ұйықтап қалды. Түйе жолдан шығып, жайылды. Жаратушы Алладан Жебірейілге: «Мұхаммедтің түйесін дұрыс жолға сал» деген жарлық болды. Жебірейіл келіп, мұрындығын ұстап, түйені жолға салды. Сол аят мынау: «Уə уəжəдəкə заллəн фə һəдə» («Жəне адасқан сені тауып, кейін тура жолға салмады ма?»). Хабарда келеді: Расул (ғ.с.): «Сəəлтуллаһə шəйəн удидту əн лəм ə’сəл» («Мен Алладан бір нəрсе сұрадым, сұрамаған болсам еді деп армандадым»). Жаратушы Алладан (бір) нəрсе сұрадым. Бол мағанымда ғой деп сұрадым», – деді. «Қулту: «Кəллəмтə Мусə тəклимəн уə
ə’таəтə Сулəймəнə мулкəн ‘əзимəн уə ‘иш ə’тəйтəни бимə қабилиһи» («Мен: «Ей, Алла, Мұсамен сөйлестің, Сүлейменге үлкен патшалық бердің, соларға бергендей маған не бердің?» – дедім»). Яғни «Құдайым, Мұсамен сөйлестің, Сүлейменге үлкен патшалық бердің. Оларға бергендей маған не бердің?» – дедім. «Ей, Мұхаммед, жетім қалғаныңда Əбді Мүтəліп пен Əбу Тəліптің қарамағында мен сақтамадым ба? «Əлəм йəжидкə йəтимəн фə əуə» («Жаратушың сені жетім қалпыңда тауып үйлі-жайлы қылмады ма?»). Шамнан келе жатқанда адастың, мен дұрыс жолға салмадым ба? «Уə уəжəдəкə заллəн фə һəдə» («Сені адасқан қалпыңда тауып, тура жолға салмады ма?»). Түгі жоқ кедей едің, Хадишаның малымен байытпадым ба? «Уə уəжəдəкə ‘əилəн фə əғнə» («Сені мұқтаж қалпыңда тауып, бай-дəулетті етпеді ме?»)» деген (Алладан) жарлық келді», – деді. Расул кетіп бара жатқан уақытта жерде билейтін періштеге: «Жердің тамырларын тартыңдар» деген жарлық келді. Періштелер тартқан уақытта алты мензілдік жолды Расул жарты күнде жетіп барды. Мекке жақтағы Батхаға жеткен уақытта Хадиша Мұхаммедтің жамалын сағынып, қызметшілерін биік жерге шығарып, қарап тұрған кезде (алыстан) біреу көрінді. Түйенің үстінде ұйықтаған, үстінде бір ақ бұлт көлеңке жасап тұр. Қызметшілері: «Ей, арабтың сейіді, бізден несін жасырасың? Оның Мұхаммед екенін білесің, оны сүйетінің жүзіңнен көрініп тұр», – деді. Осы сөзді айтып бола бергенде Расул есікке жетті. Бір қызметші келіп: «Мұхаммед келді», – деп хабар берді. Расул келіп Хадишамен сəлемдесіп, хабарларын айтты. Мубашшираның хатын берді. Хатта мынау еді: «Ей, арабтың сейіді, ешқашан саудамыз мұншалық болмап еді, осы жолы Мұхаммедтің берекесінің арқасында болды». Хадиша қуанды. Мубашшираға жауап жазды. Расулға беріп, қайтарды. Жарты күнде алты мензілдік жолға барды һəм қайтып келді. Мұхаммедті алыстан көрді. Əбу Жəһіл: «Ей, Мубашшира, Мұхаммедті жіберме деп, мен саған айтпадым ба?! Міне жолдан адасып келе жатыр», – деді. Əбу Бəкір мен Мубашшира қайғырды. Əбу Жəһіл қуанды. Расул келіп, Хадишаның хатын Мубашшираға берді. Мубашшира: «Ей, Əбу Жəһіл, Мұхаммед жолдан адаспапты, алайда сен адасыпсың», – деді. Əбу Жəһіл: «Бұл сөзге сенбеймін. Өз құлымды жіберейін, (сол) жауап алып келсін», – деп, хат жазып жіберді. Алты күн дегенде Хадишаға хатты алып келді. Хадиша пара-пара қылып жыртып: «Сенен алты күн бұрын Мұхаммед хат алып келді», – деді. Содан кейін керуен Меккеге келді. Бір аптадан кейін Əбу Тəліп пен Атика Мұхаммедті «Барып ақыңды сұра. Саған қыз қалың малы болсын», – деп Хадишаға жіберді. Расул Хадишаның есігіне келді. Хадишаға хабар берген уақытта (ол): «Мұхаммедті құрметтеп кіргізіңдер», – деді. Кіргізіп, төрге отырғызды. «Не үшін келдің?» – деді. Мұхаммед ұялып: «Мені (қызмет) ақыңды алып кел. Қыздың қалыңмалы болсын деп жіберді. Сол үшін келдім», – деді.
(Хадиша): «Ей, Мұхаммед, немере əпкең мен немере ағаң сенің ісіңді бітірмейді. Сен маған кел, мен бітіріп берейін», – деді де: «Ей, Мұхаммед, мен саған бір жұп таңдап тұрмын. Арабтың барлық үлкендері (оның қолын) сұрап еді, (оларға) бармады. Мал-дүниесі көп. Бір айыбы қыз емес. (Егер) осы айыбымен қабылдасаң, ол сені дəруіштігіңмен қабылдайды», – деді. Расул бұл сөзді есітіп, көзі жасқа толып, немере əпкесіне келді. (Ол): «Не болды?» – деді. Расул: «Хадиша мені мазақтап осылай деп айтты», – деді. (Ол): «Ей, Мұхаммед, бұл сөзде сен үшін қуаныш бар», – деді. МҰСЫЛМАНДАРҒА СҮЙІНШІ. Расул: «Қиямет күні болғанда ««Əмəннə биһи уə саддақнə» («Оған сендік жəне берілдік»), бір періште келіп, мұсылман құлдардың амал дəптерін қолдарына ұстатады. Мұсылман дəптердің құлшылық пен ғибадатқа толы екенін көреді. Қараса ешбір күнə жоқ. (Сонда) «Ей, періште, сен шатасып алып келдің, мынау менің дəптерім емес. Мен көп күнə жасадым, олардың бірде-бірі мұнда жоқ», – дейді. Періште: «Ей, мұсылман, дəптер сенікі», – дейді. Жаңағы мұсылман жылап: «Тəңірім, мына періште мені мазақтап тұр», – дейді (Расул (ғ.с.) ның «Хадиша мені мазақтап тұр» деп жылағанындай). (Сонда) Хақ Тағаладан «Ей, пендем, дəптер сенікі. Күнə жасадың жəне өкініп «аһ» дедің. Сол «аһ» дегенің үшін барлық күнəңді кешірдім. Жəне күнə істеріңді құлшылыққа ауыстырдым. «Фə улəйикə йубəдиллаһу сəйиəтиһим хəсəнəтин» («Кейін Алла олардың жамандықтарын жақсы амалдарға ауыстырып жібереді»). Сенен келерін жасадың, менен келерін жасадым. «Қул куллун йə’мəлу ‘əлə шəкилəтиһ» («Əркім өз жолымен іс көреді»)», – деді. Əбу Тəліп қайғырып: «Мұхаммедтің мал-дүниесі жоқ болса, сымбаты мен көркі бар. Тек жағынан бізде кемшілік жоқ, тіпті тең келетін ешкім жоқ. Егер Хадиша осылай деген болса, оның қауымына не істейтінімді көресіңдер», – деді. Атика: «Ей, туысқан, көңіліңді түсірме. Мен Хадишаға барайын, ақиқатын білейін», – деді. Атика келді. Хадиша ізет көрсетіп: «Қандай сұхбатқа келдіңіз?» – деді. Атика Мұхаммедтің сөзін айтып беріп: «Хадиша мені мазақтады деп жылады», – деді. Хадиша: «Ей, Атика, бұл сөзді əсте айтушы болма. Мен қуанып жатырмын, оның айтқан сөзінің бəрі дұрыс. Мен Мұхаммедке өзімді ұсындым. Бүгінге дейін жасырып келіп едім, енді ашық айтамын. Егер Мұхаммед мені қабылдаса, жаным, тəнім, малым – бəрі соныкі», – деді. Атика: «Ол сені қабылдайды. Алайда сен көнесің бе?» – деді. Хадиша: «Ұлы тегім де жоқ, атақты аталарым да жоқ, көретін жамалым да жоқ. Мен оны не деп қаламайын?» – деді. Атика: «Онда бəрі бар, алайда мал-дүниесі жоқ», – деді. Хадиша: «Мұхаммедтің малы жоқ болса, менің малым бар», – деді.
БҰЛ СӨЗДЕ БІЗГЕ СҮЙІНШІ БАР. Осылайша қиямет күні «Əмəннə биһи уə саддақнə» («Оған сендік жəне берілдік»), Мұстафа (ғ.с.) Ғарыш үстінде үмметіне шапағат етеді. (Ол): «Тəңірім, күнəһар үмметімді кешір. Құзыретіңе қабылда», – дейді. «Ей, Мұхаммед, неге қабылдамайын. Тілінде шаһадат, көңілінде иман жоқ па?» деген жарлық келеді. (Мұхаммед): «Тəңірім, бұлар бар, алайда құлшылығы жоқ», – дейді. (Алладан): «Ей, Мұхаммед, егер оларда құлшылық жоқ болса, менде мейірім бар» деген дауыс келеді. Хадишаның осы сөзін естіген уақытта арабтар: «Қаншама атақты патшалар сені қалады, бармадың. Мұхаммедті қаладың, мақсатың не?» – деді. (Хадиша): «Менің мақсатым кейін белгілі болады. Мен көргенді сендер көрген жоқсыңдар. Мен естігенді сендер естіген жоқсыңдар», – деді. Атика: «Сен өзің айтып отырсың, алайда немере туысың Уарақа ибн Науфал көнеді ме?» – деді. Хадиша: «Бұл істің жолы бар. Əбу Тəліп Уарақаны шақырып қонақ етіп, шарап берсін. Қызған уақытта мені Мұхаммедке сұрасын. Қалғанын маған қоя бер», – деді. Атика бұл сөздерді Əбу Тəліпке айтты. Үлкендерін шақырып, қонақ етіп күтті. Уарақаны шақырып, шарап берді. Мас болған уақытта Əбу Тəліп Хадишаны Мұхаммедке сұрады. Уарақа: «Хадишадан сұраңдар», – деп, Хадишаның қасына келіп: «Əбу Тəліп сені Мұхаммед үшін сұрап жатыр, не дейсің?» – деді. Хадиша: «Не дейтінімді сен білесің. Тегі бар, нəсілі бар, көркі бар, өнері бар, саудасы бар, аманаты бар, діндарлығы бар», – деді. Уарақа: «Мұның бəрі бар, алайда мал-дүниесі жоқ», – деді. Хадиша: «Оның мал-дүниесі болмаса, менің мал-дүнием бар», – деді. Уарақа ұялып, қолымен тізесін соқты да: «Араб пен ажамның пат шалары сұрады, қаламадың, енді Əбу Тəліптің жетімін қалап тұрсың», – деді. Уарақа мас болатын. Хадиша қызметшілеріне: «Алтын ыдыстарға зағпыран езіп қойыңдар», – деп бұйрық берді.Сол уақыттың əдеті бойынша, қыз сұрайтын болса, өкіл разылығын берсе, өкілдің шапанына зағпыран суын шашатын еді. Уарақа ұялып шығып бара жатқанда, қызметшілері оның (Уарақаның) шапанына зағпыран суын шашты. Ертесіне мастығы тараған кезде табақ алып келді. Уарақа: «Бұл не?» – деді. (Олар): «Хадишаны Мұхаммедке бердің», – деді. Уарақа: «Мен бермедім», – деді. (Олар): «Шапаныңдағы зағпыран не?» – деді. Қарап еді, шапанынан зағпыран көрді. Солай жасаса, шарасы қалмайтын. Басқа сөй лемеді. (Кейбір деректерде) Хадиша Мұхаммедке: «Пəлен күні Уарақа ибн Науфалды қонаққа шақырып, шарап беремін. Сен пəленше деген үлкендерді қасына жібер. Уарақа мас болған кезде, кел», – деді делінеді.
Мұхаммед келісті дейді. Уарақа шарап ішіп, көңілі көтерілген кезде Хадиша: «Ей, аға, осы жылы базаршыларымыз көп пайда алып келді. Мұхаммедтің арқасында көп мал-дүние пайда болды», – деп Расулды мақтай сөйледі. Осы сөзді айтып жатқан кезде Мұхаммед есік қақты. Хадиша: «Кір», – деді. Расул (ғ.с.) үлкендермен бірге кіріп келді. Уарақа ибн Науфалдың көзі Мұхаммедке түсіп: «Ей, Мұхаммед, Хадиша сенен жақсылық көргендей айтып жатыр, біз де сені жақсы көрейік. Бүгін не қаласаң да, берейік. Хадиша керек болса да, берейін», – деді. Хадиша перденің ар жағынан шығып: «Мұхаммед те сол үшін келіп тұр», – деді. Уарақа сол келген үлкендерге: «Куə болыңдар, мен Хадишаны Мұхаммедке бердім», – деді де, Расулға (қарап): «Сен қабылдайсың ба?» – деді. Расул: «Қабылдадым», – деді. Содан кейін Расулға: «Сен бір түйе сой, мен де бір түйе сояйын», – деді. Екеуі екі түйе бауыздады. Тойлап, сырнай тартты. Сол кездің салты солай болатын. Мырза емес, неке екенін білсін.... Уарақаның мастығы тараған уақытта иығындағы екі қабат шапанды көрді. Сол уақытта қыз берген уақытта қыз бергенге екі қабат шапан кигізетін əдеті бар еді. Жəне сырнайдың дауысын есітті. «Мынау не?» – деп сұрады. Хадиша: «Мені Мұхаммедке бердің», – деді. Уарақа: «Сен разы болдың ба?» – деді. (Хадиша): «Разымын», – деді. Уарақа: «Араб пен ажамның ұлықтарын қаламастан, Əбу Тəліптің жетімін қаладың», – деді. Хадиша: «Жетім болса, бола берсін. Күш-қуаты мен көркі бар, шешендігі, өнері мен тегі бар, мал-дүниесі болмаса, мен беремін», – деп қазынасын ашып, алтын, күміс шығарды. Қырман секілді жиған еді. (Хадиша): «Мына барлық мал-дүниені Мұхаммедке бердім, кімдекімнің мұншалық дүниесі болса, кедей болмайды», – деді. Мынау сол аяттың мағынасы: «Уə уəжəдəкə ‘əилəн фə əғнə» («Сені мұқтаж қалпы тауып, бай-дəулетті етпеді ме?»). Расулдың немере ағалары түйе сойды. Арабтар жиылды. Үлкен той болды. Алтын, күміс шашты. Əбу Тəліп неке қиды. Мына құтбаны оқыды: «Хутбəтун фи тəзуижи Хəдижəтə ли Мухəммəдин ‘əлəйһи əс-сəлəм: Əлхəмду лиллəһи əл-лəзи жə’əлə əл-кə’бəтə му’əззəмəн, уə əл-хəрамə мухəррамəн, уə əз-зəмзəмəн, уə мəқамə Ибраһимə мулəмлəмəн, уə əс-сəфə му’əллəмəн, уə əл-мəруəтə муһтəммəн, уə əнникəхə мухкəмəн, уə əл-хəллə фи əн-никəхи əмран мубрамəн, уəб-нə əхи Əхмəди мушəррафəн уə мукəррамəн, уə инни əқадту бəйнə Хəдижəтə бинти хуəйлидин биризаһə уə һйə сəйидəту əл-’əлəмин уə бəйнəбни əхи Əхмəдə биризаху уə һуə сəйиду əхи əл-əразин, бисадəқин му’əйийəнин, уə һуə мин əл-əлəфи əрбə’ун, ‘əлə фə шəфи’у əш-шəфи’ə фəн киһу əл-хатибə, бурикə бихимə əл-мустəми’ун, уə йəржи’у сарринə ғəйра заррин, уə бирабби əл-кə’бəти и’тиқадунə, уə əс-салəту уə əс-сəлəму ‘əлə жəддинə Ибраһимə ‘əлəйһи əс-сəлəму хəлилиһи уə əлəбниһи
Исмə’илə расидиһи уə сəфийһи уə сəллим тəслимəн» («Хадишаның Мұхаммед (ғ.с.) ға күйеуге шыққандағы неке құтпасы: Барша мадақ сол Аллаға болсын, Қағбаны шексіз ұлық етіпті, Бəйтулланы харам істерден пəк етіпті, зəмзəмді шығарыпты, Ибрахим мақамын анықтапты, Сафа тауын белгілі қылыпты, Маруа тауын адамдар зиярат ететін жер қылыпты, некені отбасы байланысын бекітетін себеп қылыпты, некедегі адалдықты қажет шарттардан қылыпты. Менің бауырымның ұлы Ахметті қадірлеп, қастерлепті, жəне расында мен бүкіл дүние əйелдерінің сейіді болған Хуайлид қызы Хадишамен жер жүзі адамдарының сейіді, бауырымның ұлы Ахметтің арасында əрқайсысының разылықтарымен белгілі бір мейірмен неке қидым, ол да болса, мыңдардан қырқы. Ей, адамдар, жақсы ниеттеріңізді айтыңдар, бұл некені қастерлеңдер. Бұл некені есіткендерге де береке болсын, қуанышты болсын, зиян көрмесін. Қағбаның Жаратушысына сеніміміз бар, Алланың досы, біздің бабамыз Ибрахим (ғ.с.) ға Алланың салауаты мен сəлемі болсын, сондай-ақ оның ұлы Исмайыл мен қара қозыға да. Ей, Жаратушы Алла, оларға біздің ыстық сəлемімізді жеткіз»). Содан кейін Хадиша: «Расулды үйге шақыр», – деп адам жіберді. Əбу Тəліп ағайындарымен қайғырды. Мұхаммедтің киіп баруға жарайтын киімі жоқ еді. Олар осыны айтып тұрған кезде Əбу Бəкір кіріп келіп, Расулдың қайғырып отырғанын көріп: «Не болды? Егер іс менімен бітетін болса, бітірейін. Егер малмен бітетін болса, міне, мал. Егер тəнмен бітетін болса, міне, тəн. Егер жанмен бітетін болса, міне, жан. Менің тəнім мен жаным саған пида болсын», – деді. Расул (ғ.с.): «Менің қайғым, Хадишамен некелестім. Мені үйіне келсін деп адам жіберіпті. Енді киіп баруға шапаным жоқ. Жəне Хадишаға алып баратын затым жоқ», – деді. Əбу Бəкір: «Қайғырма. Сенде жоқ болса, сенің менде малың бар. Үлкен атаң Əбді Мүтəліп де тірі кезінде қырық мың алтын берді. Əр түрлі заттардан берді. Мұхаммедке керек болғанда бересің, саған аманат деген болатын. Бүгін балаларыма берсем, əкеміздің малы еді деп, Мұхаммедке бермейді деп қойып еді. Міне, бүгін алып келіп берейін», – деді. (Деректерде) оның бəрі Əбу Бəкірдікі еді делінеді. Егер менікі деп берсем, міндет еткендей боламын. Расул ұялмасын, қысылмасын деп, Əбді Мүтəліп берді деп айтты делінеді. Содан кейін барып əрқайсысы бес жүз алтын тұратын ақ бөзден (тігілген) үш киім алып келді. Бір ыдыспен мың қызыл алтын алып келіп, Расулдың алдына қойды. Расул: «Ей, Əбу Бəкір, барлық уақытта сенің жақсылығың болды, сапарда қанша халықты бізге уəжіп қылдың. Қаншалықты ауыр болса да, осы кеште менімен бірге жүр. Мына хақты сол халықтарға үлестір», – деді. Əбу Бəкір: «Жаныммен (қуана) барайын», – деді. Сол кезде Мубашшира бірнеше қызметшілермен кіріп келді. Бірнеше қымбат киімдер алып келді. Расул: «Əбу Бəкірдің шапаны тұрғанда, Хадишаның
шапанын алмаймын», – деп Əбу Бəкірдің киімін киді. Əбу Бəкірмен Хадишаның сарайына барды. Жаңағы мың алтынды ыдысымен Хадишаның алдына қойды. Сарайын сəндеп, қызметшілерінің қолына табақ толы алтын ұстатып еді. Расул кіріп келген кезде мүбарак қадамына шашты. (Оларды) жақсылап күтті. Əбу Бəкір тамақ жеп болған соң, қайтпақшы болған кезде қымбат шапанын жауып, кешірім сұрады. Əбу Бəкір қайтып кетті. Расул Хадишамен қалды. Хадиша: «Ей, Мұхаммед, менің қарамағымда не болса, соның бəрін саған бердім. Мен сенің қызметіңде болайын, сен менің қызметімде болма», – деді. Малдүниенің бəрі Расулдікі болды. Сондықтан да қияметке дейін имамдар михрабта, қарилар ортада, балалар медреселерде мынаны оқиды: «Уə уəжəдəкə ‘əилəн фə əғнə» («Сен мұқтаж қалпы тауып, бай-дəулетті етпеді ме?»). Яғни Мұхаммед кедей болатын. Хадишаның малымен байыды. (Деректерде) Расулға уахи келсе, Жебірейіл Айшаға өз сəлемін айтатын да, Хадишаға Тəңірдің сəлемін жеткізетін дейді. Расул Жебірейілге: «Ей, Жебірейіл бауырым, Айшаны мен бəрінен жақсы көремін. Сен Айшаға өз сəлеміңді айтасың да, Жаратушының сəлемін Хадишаға жеткізесің. Мұның хикметі не?» – деді. Жебірейіл: «Айша сені құрметте, пайғамбарлық пен елшілікте қабылдады. Алайда Хадиша сені кедей əрі беделің жоқ кезде қабылдады. Мал-дүниесін саған беріп, саған арнады. Сол себептен Хадишаның жолы үлкен», – деді. (Деректерде) Хадиша (Алла одан разы болсын) ның өмірі соңына таяған уақытта Расулға адам жіберіп: «Мен саған келген уақытта алтын, күміс, мал-дүние, құл-қызметшілерден жəне басқа жарақтардан бөлек қырық мың қаражат бердім», – деді. Расул мұны естіген кезде көңіліне ауыр қабылдап: «Хадишаға барып, маған малын өз еркіңмен бердің. Бүгін өкініп, міндетсініп отырсың ба деп айтыңдар», – деді. Бұл сөз Хадишаға жеткен уақытта Хадиша: «Расулға айтып барыңдар, мен ол сөзді міндетсініп айтып тұрған жоқпын. Алайда менің өз арманым бар. Арманым – алғаш пайғамбарлық келген кезде бүркеніп жатқан сырт киімін маған берсін, сол ақырет кебінім болсын. Тамұқ отына қалқан болсын», – деді. Расул сол сырт киімін жіберді. Хадишаға соны кебін жасады. (Кейбіреулер) баланың жеті жасында тісі түседі, он бес жасында ержетеді. Жиырма бір жасына дейін бойы өседі, қырық жасқа келгенде ақылы толады дейді. Расул қырық жасқа келгенде Жебірейіл пайғамбарлық жеткізді.
МҰХАММЕД ƏЛ-МҰСТАФА (С.Ғ.С.) ҒА ПАЙҒАМБАРЛЫҚ КЕЛГЕНІ ТУРАЛЫ Сол уақытта пайғамбарлық тоқтап еді. Əмір мəғруф пен нəһи мункəр, намаз бен құлшылық жоқ еді. Құлшылықтары ойлану еді. Расул (ғ.с.) Хира тауына барып, күні бойына ойланатын. Қырық жасқа жеткен уақытта Жебірейіл келіп, өзін Расулға көрсетіп: «Иқра», яғни «Оқы», – деді. Расул қорқып, дірілдеп үйге келді. Ертесіне жəне көрді, жəне «Иқра» («Оқы»), – деді. Расул қорқып, Хадишаның үйіне келіп жатты. Хадиша: «Не болды, ей, Расулулла?» – деді. Расул: «Ей, Хадиша, екі күннен бері біреу келіп «Иқра» («Оқы») деп жатыр. Кім екенін білмеймін», – деді. Хадиша: «Енді келгенінде маған хабар бер», – деді. Келіп еді, хабар берді. Хадиша басын шығарып: «Бар ма?» – деді. Расул: «Кетті», – деді. Хадиша: «Сүйінші, ей, Мұхаммед, пайғамбар боласың», – деді. Расул: «Қайдан білдің?» – деді. Хадиша: «Келді дегеніңде басымды ашып едім, «Кетті», – дедің. Періште екенін білдім. Себебі періште харамды көрмейді, егер шайтан болғанда кетпейтін еді. Егер келіп: «Иқра» («Оқы») десе, не оқиын де», – деп Хадиша шықты. Уарақаның үйіне барды. Уарақа христиан болып еді. Інжілді араб тілінде білетін. Қартайған еді. Хадиша келіп: «Ей, аға, Мұхаммедке пайғамбарлық жолын білдірді. Біреу көрі неді», – деп (болған) оқиғаны айтып берді. Уарақа: «Мұхаммедтің бұл сөзі шын болса, ол көрінген Намуси Əкбəр», – деді. Жебірейілдің Зəбүрдегі аты Намуси Əкбəр еді. Уарақа: «Намуси Əкбəр Иса көкке ұшқалы бері ешкімге келген жоқ. Енді келсе, барша адамзаттың абзалы Мұхаммед Мұстафаға келеді. Бірақ оның белгілері бар. Барып, Мұхаммедке айт. Енді келсе, маған хабар берсін. Келді десе, сен басыңды аш, періште болса əуретке (əуретті жерге) қарамайды», – деді. Хадиша үйге келді. Расулға: «Тағы келсе, маған айт», – деді. Біраз уақыт өткен соң, Хадишаға «келді», – деді. Расул мүбəрак басын Хадишаның тізесіне қойды. Хадиша басындағысын шешіп, жалаңбас отырды. «Енді көрінеді ме?» – деді. Расул: «Көрінбейді», – деді. Хадиша басын жапты. Расул: «Енді көрінеді», – деді. Үш рет осылай жасағаннан кейін, Хадиша оның шайтан емес, періште екенін білді. Тұрып, Уарақаға барып, бұл жағдайды айтты. Уарақа: «Ол Намуси Əкбəр. Менің өмірім ұзақ болғанда, сені Меккеден қуып шыққанда, саған көмектесетін едім», – деді де: «Ол Намуси Əкбəр оған келеді. Ешкім оны мазаламасын», – деді. Дəмтұзы таусылып Уарақа қайтыс болды. Хадиша Расулға: «Енді келіп: «Иқра», – десе, не оқиын деп айт», – деді. Сырт киімін бүркеніп жатқан кезде Жебірейіл тағы келіп: «Иқра» («Оқы»), – деді.
Расул: «Иш əқра уə əнə уммийун» («Нені оқиын, мен анадан туылғалы бері жазу-сызуды білмеймін»), яғни «Мен сауатсызбын, не оқиын?» – деді. Жебірейіл: «Иқра бисми раббикə əллəзи халəқ. Халəқа əл-инсəнə мин ‘əлəқин. Иқра уə раббукə əл-əкрам əл-лəзи ‘əллəмə бил-қалам. ‘Əллəмə əл-инсəнə мə лəм йə’лəм» («Барлық нəрсені жаратқан Жаратушыңның атымен оқы. Ол Жаратушың адамды бір кесек ұйыған қаннан жаратты. Оқы. Жəне Жаратушың бəрінен де мейірімді. Ол қаламмен үйретті. Жəне адамға білмеген нəрсесін үйретті»). (Деректерде) бір күні Расул (ғ.с.): «Ол келіп мені таудан қайтарды. Аяғын жерге теуіп, бұлақ шығарды. Өзі дəрет алды жəне маған дəрет алдыртты. Екі ракағат намаз оқыды, мен де онымен (бірге) намаз оқыдым. Содан кейін: «Ей, Мұхаммед, намаз (деген) осы», – деді. Жебірейілдің жасыл шапаны бар еді. Сол уақытта Хадиша иман келтірді. Үш күннен кейін бұл хабар Меккеге тарады. Əли келіп: «Ей, Мұхаммед, бұл не іс?» – деді. Расул: «Бұл Бір Тəңірдің діні, бұл дінге кіресің бе?» – дедім. Əли: «Аталарымыздың дініне қайшы келмейді ме? Біраз уақыт (ойланып) көрейін», – деді. Біраз уақыттан кейін келіп, иман келтірді. Мекке халқы: «Мұхаммед (с.ғ.с.) уаллаһи кедей болды», – деді. Сол сəтте бір аят түсті: «Нун. Уə əл-қалəми уə мə йəстурун мəн əнтə бини’мəти раббикə бимəжнун» («Нун, қаламмен жəне қалам иелерінің жазған нəрселерімен ант ішемін, сен Жаратушыңның мейірімімен мəжнүн емессің»). Содан кейін Расул (ғ.с.) екі ракағат намаз оқыды. (Бұл) Меккеден Мединеге һижрет етуден екі жыл бұрын еді. Кейін Миғраж түнінде мына бес уақытты намаз (парыз) болды. Мұхаммед Исхақ айтады: «Расул (ғ.с.) ға Жебірейіл көрінген күні (Жебірейіл): «Ей, Мұхаммед, сүйінші. Жаратушы Алла саған басқа пайғамбарларға бермеген он нəрсені сыйлады. Бірінші, Тəңірдің аты аталса, сенің атың Оның атымен бірге аталады. Сондықтан да «Уə рафə’нə лəкə зикрак» («Жəне сенің зікіріңді жоғары қылдық»), – деді. Екінші, үмметіңді барша үмметтерден артық қылдым. «Кунтум хəйра уммəтин ухрижəт линнəси» («Адамдарың тура жолы үшін жіберілген үмметтердің ең жақсыларысыңдар»). Үшінші, жер бетін саған мешіт етті жəне таза қылды. «Жə’əлту фи əл-əрзи мəсжидин уə тəхуран» («Мен жер бетінің əр жерін намаз оқыса болатын пəк етіп жараттым»). Төртінші, үмметің Құранды шын көңілмен оқиды. Бесінші, Жаратушы Алла барша періштелермен үмметіңе салауат жібереді. «Һуəллəзи йусалли ‘əлəйкум уə мəликəтуһу» («Ол сондай, Өзі де, періштелері де сізге мейірім мен салауат жіберіп тұрады»). Алтыншы, сенің дінің басқа діндерден биік болады. «Ли йузхираһу ‘əлə əд-дини куллиһи уə лəу кəриһə əл-мушрикун» («...Исламның басқа діндер үстінен жеңіс табуы үшін, қаншалықты бұл мүшіріктерге жақпаса да»). Жетінші,
намаздардың қазасын өтеуге рұқсат берді. Сегізінші, олжаны саған халал қылды. Бұрынғы шариғаттарда халал емес еді. Тоғызыншы, құрбандық етін жеуді əмір етті. Бұрынғылардың құрбандығын от жейтін. Оныншы, көлеңкеңді жерге түсірмеді. Алды, артыңнан бірдей көрінетін». Жəне Əбу Бəкірді көріп: «Мен Тəңірдің пайғамбарымын», – деді. Əбу Бəкір: «Рас айтасың. Мен сені оған лайық көретін едім», – деді. Басқалар ойланып, содан кейін иман келтіретін. Алайда Əбу Бəкір ойланбастан, Расулды шын қабылдап, иман келтірді. Сондықтан да «Сыддық» деп аталды. Яғни өте шыншыл, тура сөзді деген сөз. Содан кейін Расул имандылық үгіт-насихатын айта бастады. Малы жоқ кедей болса, (бірден) иман келтірді. (Алайда) байлар мен беделді адамдар қудалай бастады. Араб кəпірлері дұшпан болды. Хабарда келеді: Бір күні мұсылмандар əмірі Омар (Алла одан разы болсын) Əбу Бəкірмен сөйлескенде, ауыр сөйледі. Əбу Бəкір (Алла одан разы болсын) көңіліне алып, Расулға барды. Омар, (Əбу Бəкірдің) Расулға барып маған деген ренішін айтады. Кейін кешірім сұрап қайтарайын деді. Əбу Бəкір қайтпады, Расулға барып айтты. Расул (ғ.с.) ның ашуы келіп: «Омар қайда?» – дегенде, Омар кіріп келді. Расул: «Ей, Омар, мені мен жолдасымды неше күннен бері неге мазалай бересің?» – деді де: «Қалуһу ‘əлəйһи əс-сəлəм: «Мə ‘əразту əл-ислəмə ‘əлə əхəдин иллə уə фин уəжһиһи кəбуəтун ғəйру Əбу Бəкрин уə иннəһу лəм йəтəлə’сəм» («Пайғамбар (ғ.с.) ның сөзі: «Біреуге Исламды айтсам, ол əуелі түрін бір тыржитып алатын. Алайда Əбу Бəкір олай істемеді, ол ашық жүзбен ешбір ойланбастан мені қолдады»)», – деді. Мағынасы мынау: «Мен біреуге Исламды айтқанымда бетін тыржитатын, тек Əбу Бəкір бетін тыржитпады. Басқалар өтірік айтып тұрсың деп, кəззəб деді. Алайда Əбу Бəкір «саддақтə» деп, рас айтасың деді. Сол үшін Сыддық деп аталды. (Деректерде) жарандардың ішінде алғаш иман келтірген Əбу Бəкір Сыддық (Алла одан разы болсын) еді делінеді. Əйелдерден алғаш иман келтірген Хадиша (Алла одан разы болсын) еді. Жəне балалардан алғаш иман келтірген Əли (Алла одан разы болсын) еді дейді. (Кейбіреулер) Расулға иман келтіргендер отыз тоғыз болды дейді. Намазды əшкере оқымайтын. Расул (ғ.с.): «Аллаһуммə ə’иззи əлислəмə биəхəди ражулəйни иммə би ‘Умəра əу би Əби Жəһлин» («Ей, Алла, Исламды Омар немесе Əбу Жəһіл – міне, осы екі адамның бірімен қолда»). Мағынасы: Құдайым, мына екі адамның біреуімен, яғни Омар не Əбу Жəһілмен Исламға күш-қуат бер», – деп дұға жасады. САУАЛ: Расул (ғ.с.) осы екеуінің біреуімен Исламды көтер деп дұға жасады. Омар туралы қабыл болды да, Əбу Жəһіл туралы қабыл болмады. Хикмет не еді? ЖАУАП: Расул (ғ.с.) тілімен əуелі Омардың атын айтты, сол үшін Исламға кірді. Əбу Жəһіл кірмеді дейді.
ОМАРДЫҢ (АЛЛА ОДАН РАЗЫ БОЛСЫН) ИСЛАМҒА КІРГЕНІ ТУРАЛЫ Əбу Жəһіл бастаған Құрайыш кəпірлері Расулға кəпірлік қыла бастады. Бір Əбу Жəһіл мен кəпірлер Расулға орынсыз сөз айтатын. Омар келіп: «Мына азап еркектердің ісі емес, əйелдердің ісі», – деді. Əбу Жəһіл: «Сен ер болсаң, жүз дана алтын мен жүз түйе берейік, Мұхаммедті өлтір», – деді. Омардың бұл іске көңілі ауды. Бəрі бірігіп, пұттарға бармас бұрын, Омар шарап ішті. Олардың əдеті бойынша, біреу ант-су ішетін болса, пұттардың алдында тұрып антсу ішетін де, сол келісімді бұзбайтын еді. Бəрі жиылып Лат, Ғұзза жəне Хублаға барды. Ол уақытта барлық пұттар Меккенің ішінде болатын. Жаратушы Алла Хублаға тіл беріп: «Ражулун əминун йəд’укə илə əл-ислəм уə əнтə туриду əн тəсфикə жəмəһу биллəһи мə тəқдир» («Бір шыншыл адам сені Исламға шақырып жатса, сен оның қанын төкпекші болсаң, Құдай ақы, қолыңнан келмейді»), яғни «Бір сенімді шыншыл адам сені мұсылманшылыққа шақырады. Сен оның қанын төгесің бе?» – деді. Омар оны есітіп, келісімді бұзбақшы болды. «Осыншама алтын мен түйеден құр қаласың ба? Жүз мың адам алтын үшін жан иманын берді», – деп шайтан көңілін бұзды. «Уə əл-əйиəзу биллəһ». Омар жəне пұттарға кірді. Хақ Тағала Ғұззаға тіл беріп: «Лə илəһə иллаллаһу Мухəммəдун расулуллаһ» («Алладан басқа тəңір жоқ, Мұхаммед Алланың елшісі»), – деді. Омар оны есітіп: «Мен мына пұтқа табынамын, менің құдайым Ахадтың бірлігі мен Ахметтің пайғамбарлығына куəлік беруде. Мен Ахметтің қанын төккелі бармақшымын, қалай болады екен?» – деді. Расулдың Омар туралы дұғасы қабыл болған еді. САУАЛ: Алла Тағаланың мейірімі кеміп қалатын ба еді, Расул тек Омарға дұға жасап, екеуіне дұға жасамады. Хикмет не еді? ЖАУАП: Жаратушы Алланың мейірімі азаймайтын. Алайда Жебірейіл осы екеуінің біреуі иман келтіреді деп хабар берген еді. Сол себепті біреуін бірінші сұрады. Тіліне Омардың аты келді. Сондықтан Омар туралы дұғасы қабыл болды. СҮЙІНШІ: Мұхаммед Омарға бір рет дұға жасады. Омар тура жол тапты. Жəне (пайғабар) жиырма үш жыл бойына үмметіне дұға жасады. Жаратушы қабылдаса, қандай ғажап! Омар пұттардың алдынан көңілсіз шықты. Жаман жолдастары қоймады. Жəне Мұхаммедті өлтіруге бел байлады. ҮГІТ-НАСИХАТ: Ей, мұсылмандар, жаманмен жолдас болмаңдар. Ертең олармен тамұққа бармаңдар. Бүгінгі жаман жора-жолдастар ертең бəрі дұшпан болады. «Əл-əхиллу йəумəизин бə’зуһум ли бə’зи ‘əдууəн иллə əл-муттəқин» («Ол күні достар бір-біріне дұшпан болып кетеді, алайда Алладан қорыққан пенделер бұған кірмейді»). Қиямет күні жаман жора-жолдас бір-бірінен қашады. «Сенімен арамыз Шығыс пен Батыстың арақашықтығындай болғанда ғой. Мұндай
жолдас неткен жаман», – дейді. «Йə лəйтə бəйни уə бəйнəкə бу’дə əлмəшриқайн фə би’сəл қарин» («Сені мен менің ортамдағы қашықтық Шығыс пен Батыс аралығындай болғанда ғой. Шайтан қандай жаман жолдас»). Жəне Омар мен Əбу Жəһіл (Латқа) кірді. Хақ Тағаланың құдіретімен Латқа тіл бітіп: «Тə’буду əл-əснəм уə қад хəражə хəйру əлəнəм йə’дукə илə дəри əс-сəлəм» («Сен пұтқа сиынасың, адамзаттың абзалы шықты, сені жəннатқа шақырып жатыр»). Яғни «Қашанға дейін пұттарға табынасың? Халықтың жақсысы шықты, сені жұмаққа шақырып жатыр», – деді. Бұл сөзді Омар мен Əбу Жəһіл екеуі есітті. Əбу Жəһіл: «Ей, Омар, бұл сөзді ішіңде сақта. Мекке халқы есітсе, бəрі оған иман келтіреді. Біз ізет-құрметсіз қаламыз», – деді. Ғажап! Омар неше жыл кəпір болды, мал одан аянбады. Жүз түйе үшін Мұхаммедті өлтірмекке бел байлады. Əбу Жəһілдің сөзіне еріп, қылыш алып, жолға шықты. Лат, Ғұззаға ант ішіп, «Мұхаммедті өлтірмейінше қылышым қынына кірмейді», – деді. Сол кезде Рабб ул- ’иззə: «Кеңшілігім мен жомарттығымның құрметі, көңіліңді күпірден тазартпайынша, өлікті түске жеткізбеймін», – деп жарылқауда еді. Омар бара жатып, бір бұзауды қуып ұстай алмай жүрген бірнеше жігіттерді көрді. Бұзау Омардың қасына шауып келіп: «Ей, Омар, осынша адам жабылып мені ұстай алмай жүр. Сен жалғыз барып Мұхаммедтің басын қалай шабасың?» – деді. Омар ойланып жүре бастады. ПАЙДА: Жаратушы Алланың мейірім əсері пайда болса, пенде Тəңірге сиынатын болады. Жəне кеңшілігінің əсерін шығарса, тасқа табынушы Омарды Тəңірге сиынушы қылады. Жолда бара жатып Хубаб ибн əл-Арасқа жолықты. Бұл Хубаб Омардың қарындасын алған еді. Омардан қайда бара жатқанын сұрады. Омар: «Ол адамның басын алғалы бара жатырмын», – деді. Расулды сондай жау көретіні соншалық, оның атын атамайтын. Хубаб: «Ей, Омар, оны қарындасың мен күйеуіңнен баста. Кейін Мұхаммедке бар. Күйеу балаң мен қарындасың Мұхаммедке иман келтірді», – деді. (Хубабтың) мақсаты, Мұхаммедті өлтірмесін деп, Омарды өздеріне шалғыту еді. Омар: «Сондай болдыңдар ма?» – деді. Хубаб: «Егер сенбесең, қарындасыңды қара. Бір тауықты өлтіріп бер. Өлікті жей ме, көресің», – деді. Қарындасы байқұстарға тамақ беретін. Омар кірді. Бір тауықты өлтіріп, екіге бөліп, қарындасына: «Мынаның түгін жұлып, пісіріп бер», – деді. Жұлып, пісіріп, Омардың алдына қойды. Омар: «Кел, (бірге) жейік», – деді. Қарындасы: «Өлікті жемеймін», – деді. Омар қылышының ұшымен қарындасына кіргізді. Жемеді, дəм де татпады. Омар: «Неге сөйлемейсің?» – деді. Қарындасы: «Менің сөзім сол Бір Жаратушымен бірге. Кім досын
сүйсе, баласын да сүйеді», – деді. Омар мас еді, ұйықтады. Ұйқыдан оянған уақытта екеуінің Құран оқып отырғанын көрді. Тұрып, Құранды сұрады. «Көрейін», – деді. Қарындасы: «Жарамайсың, алма», – деді. Омар: «Оқыңдар, есітейін», – деді. Қарындасы бастады: «Таһə мə əнзəлнə ‘əлəйкə əл-Қурəнə литəшкə» («Таһə, Біз Құранды сені машақатқа салу үшін түсірген жоқпыз»). «Т» – дəретке себеп болды, «Һ» – һидаятқа (тура жолға) бастады. Омар: «Ей, қарындас, мына Құран хақы, жəне оқы», – деді. Тағы оқыды. Омар: «Ей, қарындасым, күнəм көп болды. Тəубе қылсам, (Алла) қабылдай ма?», – деді. Қарындасы: «Алла Тағала мейірімді, қабылдайды», – деді. СҮЙІНШІ: Осы екі əріп Омардың Исламды қабылдауына себеп болды. Жетпіс жыл, сексен жылдан бері мұсылмандар (осы аятты) оқып жатыр. Жұмаққа кіруіне себеп болса, қандай ғажап! Омар қарындасына: «Мені Мұхаммедке алып бар, көрейін», – деді. Тұрып, жолға шықты. Қарындасы алдында, Омар артында жүріп отырды. Хақ Тағаланың мейірім болса, арыстанға түлкі басшы болады деген сөз бар. Омардың қарындасымен қол ұстасып келе жатқанын солай десе де болады. Алла Тағаланың қиямет күні адам аға-қарындасынан, ата-анасынан, ұл-қызынан, күйеу əйелінен қашады. «Йəумə йəфирру əл-мəр’у мин əхиһи уə уммиһи уə əбиһи уə сахибəтиһи уə бəниһ» («Сол күні əрбір адам аға-інісінен, ата-анасынан, əйел бала-шағасынан қашады»). Алайда Омар берекесінен ер жігіт қарындасынан қашпайды деп Жаратушы Құранда баяндады. Жебірейіл келіп: «Ей, Расулулла, Жаратушы құзыретінде Омардың есімі кəпірлер тізімінен өшірілді. Омар саған келе жатыр. Армандап жеттің, алдынан шық», – деді. Расул (ғ.с.) қарсы алды. Омардың көзі Расулдың жүзіне түскен уақытта: «Оны өлтірейін деп келе жатқанымда мен үшін Мұхаммедтен артық дұшпан жоқ секілді еді, енді Мұхаммедтің түрін көргенімде Мұхаммедтен артық дос адам жоқ. Бас алуға келіп едім, енді басымды берейін», – деп топыраққа басын тигізіп, еңбектеп Расулдың аяғына келіп: «Не қалайсың, айт», – деді. Расул кəлиманы Омарға айтты. Омар шешен тілімен, шын көңілімен айтты. Біз де қуанышқа ортақтасып бір айталық: «Лə илəһə иллаллаһу Мухəммəдун Расулуллаһи» («Алладан басқа тəңір жоқ, Мұхаммед Алланың елшісі»). Расул Омарды құшақтап, қолынан ұстап бір сілкіді. Омар күпір итқауынымен ауырлаған бір қураған ағаш секілді еді. Мұхаммед Мұстафа сілкігенде, күпір итқауыны төгілді. Ислам құрмасы көктеп, Исламға күш болды. Муғизиддин деген лақап ат берілді. Исламға кіргендер отыз тоғыз еді. Омар (Алла одан разы болсын) мен қырық болды. Сол үшін де толық «‘индəту əл-əрбə’ин» («Менімен қырық»)
дейді. Біраздан бері намаз болды. Мұсылмандар намазды үйде жасырынып оқитын еді. Омар: «Кəпірлер адасқан дінді əшкере етіп жатыр. Біздер не үшін Хақ дінді жасырып жүрміз. Тұрыңдар! Қағбаға барайық, жамағатпен намаз оқиық», – деді. Жебірейіл келіп мына аятты түсірді: «Йə əйиуһə əн-нəбийу хəстукə Аллаһу уə мəни əт-тəбə’əкə мин əлмуминин» («Ей, пайғамбар, саған Алла мен мұсылмандардан саған ергендер жеткілікті болады»). Мағынасы мынау: «Ей, Мұхаммед, саған көмекшімін жəне Омар көмекші». Кейбіреулер, (бұл аяттың) мағынасы, «Ей, Мұхаммед, саған жəне барша мұсылмандарға мен көмекшімін» (деген сөз дейді). Содан кейін Расул (с.ғ.с.) Омар жəне барша мұсылмандармен бірге Қағбаға келді. Əбу Жəһіл жəне арабтың ақсүйек кəпірлері «Омар неге кешікті екен?» деп ойлап, екі көздері жолда еді. Алыстан бұларды көріп қуанды. «Оны өлтіріп, жарандарын осында алып келе жатыр», – деп ойлады. Жақындаған уақытта: «Бұлардың іс-əрекеті басқаша сияқты. Бұлардың арасында Мұхаммед бар екен», – деп бəрі атып тұрып таң қалды. Мұхаммед Расулулланы көрді. Омармен қол ұстасып жарандарымен келе жатыр. Омар қылышын алып, алға шықты да: Мə ли əракум куллəкум қийəмə, Əш-шəйхə уə əш-шəбəбə уə əл-ғулəмə Қад бə’əсəллаһу лəнə имəмə Һəзə Мухəммəдун ‘əлəйһи əс-сəлəмə Фə əзрибукум би əс-сəйфи нəқтулукум Уə лə нəдə’ə əл-əхуəлə уə əл ə’мəмə. (Не болды сендерге, бəрің аң-таң болып тұрыпсыңдар, Үлкендер, кішілер жəне балалар. Расында, Алла бізге бір имам жіберіпті, Ол – мынау Мұхаммед (ғ.с.). Енді сендерді қылышпен салып өлтіреміз, Не нағашыларды қалдырамыз, не немере бауырларды.) Не болды көрермін сендерді тұра, Тоңыздай жиылып қара қаны Қылышпен қырамын бəрін де бүгін Тірі қалдырмайын бір іні-ағаны. Басымыз жоқ еді Мұхаммедті Хақ, Сыйлады мұндай таза ер (жігіт) қане?! Əбу Жəһіл барша кəпірлермен қашты. Омар Қағбаның есігін ашып, кірді. Сол кезде Қағбаның ішінде үш жүз алпыс пұт бар еді. (Бəрі де) темір қазықтармен Қағбаның қабырғасына бекітілген болатын. Омар қолымен ишара етіп: «Əйиəтуһə əл-əснəм һəзə Əхмəд ин кəнə хəққан мəн йəқулу фəсжуду» («Ей, пұттар, мынау Ахмет, егер оның айтқаны рас болса, сəжде жасаңдар»). Яғни «Пұттар, мына Мұхаммед айтса, бəрің де Жаратушыға сəжде жасаңдар», – деді.
Əбу Бəкір (Алла одан разы болсын): «Омар пұттарға ишара жасаған уақытта барша денемнің түктері тікірейіп, (денем тітіркеніп) кетті. Егер Омардың ишарасымен барша пұттар жүзін жаппағанда, Омар Исламда күмəнсіз қылышпен барша мұсылмандарды қыратын еді», – дейді (деп есіне алады). Омар ишарасымен барша пұттың бетін жапқанын көрді. Омар тоқпақ алып, барша пұттарды қиратып, далаға шығарып тастады. Қағбаны тазалады. Кəпірлер Қағбада бір пұтты ешкімнің қолы жетпейтін бір биік жерге қойған болатын. Расул (ғ.с.): «Ей, Əли, менің иығыма шығып, ана пұтты сындыр», – деді. Əли: «Ей, Расулулла, сіздің иығыңызға қалайша аяқ қояйын?» – деді. Расул: «Ей, Əли, менің сөзімді аяқ асты еткенше, иығымды аяғыңның астына алсаң жақсы болатын еді», – деді. Əли Расулдың иығына аяғын қойып, пұтты алып жатқанда Расул: «Ей, Əли, қолың жетті ме?» – деді. Əли: «Ей, Расулулла, мен аяқ қойған жерден қолымды созсам Ғарышқа жетеді», – деді. Əли пұтты сындырды. САУАЛ: Расул (ғ.с.) Əлиден артық еді. Əлидің иығына неге шықпады. (Неге) Əли шықты? ЖАУАП: Расул сапарда інген мініп тұранда Жебірейіл келіп уахи жеткізсе, Расул терлейтін еді. Інген уахидың салмағын көтере алмай шөгетін. Расул (ғ.с.) дың салмағы сондай болса, Əли қалай көтерсін? Алайда Əли де Расулдан басқасын ойланбай көтеретін ер жігіттерден еді. (Ел ішінде) «‘Əлə қадри жирми əл-фили тубнə əл-қауəим» («Пілдің күшіне жараса жүк артылады»), яғни «Пілдің бойына жараса, жүк береді» деген сөз бар. Мақсатымызға (өз сөзімізге) қайтайық.... Омар Қағбаны тазартты, пұттарды қиратты. Қасына ешкім жақындай алмады. САУАЛ: Омар сондай айбатты бола тұра, қарындасының сөзіне қалай құлақ асты? ЖАУАП: Рум аймағының (мынадай) əдеті бар еді. Түйелері асаулатып мұрындық салғызбаса, жаңа түскен келіндерді алып келіп, өлең айтқызатын. Түйелер олардың дауыстарына елтіп тұрғанда, қолға ілінетін (мұрындық салынатын). Омар да арабтардың арасында асау бурадай еді. Қарындасы Құранды мəнерімен оқығанда, иманға мойынсұнды. МІНАЖАТ: Тəңірім, Омар Расулды өлтіргелі келген кезде иман бердің. Біз көптеген жылдан бері Мұхаммедтің пайғамбарлығын мойындап келеміз. Соңғы демімізде иманмен баруды жəне ақыретте дидар көруді нəсіп ет!
ПАЙҒАМБАР (С.Ғ.С.) ТУРАЛЫ Расул (ғ.с.) аталарының есімдері қиссаның басында айтылып өтті. Көп пайғамбарлар Исхақ ұрпағы. Исмайыл ұрпағынан жалғыз Мұхаммед Мұстафа. Расул: «Алла Тағала Исмайыл ұрпағынан Кəнана қауымын жаратты. Жəне Кəнанадан Құрайыш тайпасын шығарды. Құрайыш тайпасынан Хашимды (руын) шығарды. Хашим руынан мені шығарды», – дейтін. Расулдың анасы Əмина бинт Уаһаб еді. Əкесінің бауырлары Абдулладан басқа тоғыз еді. Солардың ішінде Аббас пен Хамза мұсылман болатын. Расул сегіз жасқа келгенде атасы Əбді Мүтəліп дүниеден өтті. Əбу Тəліп пен Əбу Лəһəб кəпір болатын. Расул (ғ.с.) Меккеде туылды. Анасының ішінде алты айлық кезінде əкесі Абдулла қайтыс болды. Анасынан жиырма бес күндік туылып қалды. Сегіз жасында Əбді Мүтəліп қайтыс болды. Əбу Тəліпке жүктелді (қарамағында болды). Қырық жасқа келгенде Жебірейіл пайғамбарлық жеткізді. Содан соң үш жыл Меккеде тұрды. Кейін Мединеге һижрет етіп келді. Он жыл Мединеде тұрды. Алпыс үш жыл өмір сүрді. Раббиғул əууəл айының он үші, дүйсенбі күні дүниеден өтті. Алайда əйелдерінен тұл Хадиша болатын. Хадишадан үш ұлы болды: Қасым, Заһыр жəне Тайиб. Төрт қыз еді: Фатима, Зейнеп, Рұқия жəне Умми Кулсум. Ұлдары кішкентай кезінде шетінеді. Фатиманы Əли ибн Əбу Тəліпке берді. Зейнепті Əбул Ғасқа берді. Рұқияны Оспанға берді. Ол қайтыс болған кезде, Умму Кулсумді берді. Расул (ғ.с.) дүниеден өткен уақытта, тоғыз əйелі қалды. (Олар): Сауда бинт Заммға, Айша бинт Əбу Бəкір Сыддық, Хафса бинт Омар ибн əл-Хаттаб, Умми Салама бинт Əби Умайя, Зейнеп бинт Жаһш, Умми Хəбибə бинт Əби Суфиян, Мəймунə бинт əл-Харис, Сəфия бинт Хуайи ибн Ахтаб, Жарира бинт əл-Харис (Алла олардан разы болсын). Алайда Ибрахим есімді ұлы Мəрия əл-Қантиядан еді. Төрт жасында қайтыс болды. Расулда пайғамбарлықтың нышандары көп болғанын біл. Имамдар үлкен кітап жазып, «Дəлəил əн-нубууə» («Пайғамбарлықтың дəлелдері») деп атады. Əрқайсысы өз алдына жеке кітап, ол туралы тоқталамыз. Осы мақсатпен айтып өтерміз. Расул (ғ.с.) ның жақсы қылықтары көп, санаса, шегі жоқ. Алайда бірнешеуін айтып өтейік. Расул (ғ.с.) əрдəйім ой үстінде болатын. Əрқашан тік жəне айбатты болатын. Ашық жүзді, жылы сөзді еді. Жомарт, дінді, жұмсақ көңілді. Шатақ шығармайтын, көп айыпты адамды сөкпеді, ғайбаттамады. Жақсы мінезді. Оның мəжілісі – ғылым мен аманат, ұят пен сабырдың мəжілісі болатын. Жасы үлкендерді сыйлады, жасы кішілерді құрметтеді. Ғаріптер мен пақырларды өзінен жоғары ұстады. Пайғамбар (ғ.с.) ның қасиетті тісін сындырғандарға тура жол сұрады. «Аллаһуммə һəди қауми фə иннəһум лə йə’лəмун» («Ей, Алла, менің қауымымды тура жолға
сал, себебі олар еш нəрсені білмейді»), – деп дұшпандарға солай деді (Алладан кешіруін сұрады), достарға шапағат неге жасамасын?! Егер Ибрахим пайғамбарды халыққа имам қылған болсам, «Инни жə’улукə линнəси имəмəн» («Мен сені адамдарға жолбасшы қыламын») дегенімде Мұхаммед Мұстафаны Миғраж түнінде Бəйт ул-Мұқаддаста барша пайғамбарларға имам қылдым. Намрұт отын Ибрахимге суытқанымда, тамұқ отын Мұхаммед (ғ.с.) ның үмметіне суытамын. «Қаулуһу ‘əлəйһи əс-сəлəм: Изə уəзə’ə əл... мумину қадəмəһу ‘əлə əс-сирати тəхмуду əн-нəри тəхтə қадəмəйһи кəмə йəхмуду» («(Мұхаммед) (ғ.с.): «Қашанда мұсылман сират көпіріне қадам қойса, оның аяғының астындағы от өшіп қалады екен, себебі...» – деді»). Егер Сүлеймен пайғамбарға патшалық беріп, желді оған бағындырған болсам, Мұхаммед Расулулланың үмметіне соншалықты патшалық бердім. Ол патшалық – көңілі жарым, іші түзу байқұс мұсылман «аһ» деп суық дем тартса, шаһадат кəлимасын оның жолдасы қылса, көзді ашып-жұмғанша жаңағы суық желді кəлиманы Ғарышқа жеткіземін. Сол құлым кешіріледі. Егер Мұса (ғ.с.) ның қауымын аяқтарын су қылмай Ніл дариясынан өткізген болсам, Мұстафа (ғ.с.) ның үмметтерін тамұқтан аяқтарын күйдірмей өткіземін, (тіпті) су етектері кеппейтін болады. «Тəмурру таифəтун мин уммəти ‘əлə əс-сирати лə тəжиффу сəубуһу мин əлəрақи» («Үмметтерімнің ішінен бір тобы сират көпірінен тез өтетіні соншалық, олардың терлеп су болған киімдері кеппейді де»). Егер Иса (ғ.с.) ны төртінші қабатқа шығарған болсам, Мұхаммед Мұстафа сол мақамға жетті «Фə кəнə қабə қаусейни əу ‘əднə» («Кейін екі оқ қашықтығындай немесе одан да жақынырақ жерге тоқтады»). Кімде-кім екі дүниенің құрметін сұраса, Мұхаммед Расулулланың берекесімен табатынын білсін. Адам (ғ.с.) үш жүз жыл жылады. Жебірейіл келіп: «Ей, Адам, тəубең қабыл болсын десең, Мұхаммед Расулулланы шапағатшы ет», – деді. Адам шапағатшы етті, тəубесі қабыл болды. Ибрахимді отқа тастаған кезде, Жебірейіл келіп жұмақ шапанын алып келді. Нышаны ретінде «Лə илəһə иллаллаһу Мухəммəдун Расулуллаһи» («Алладан басқа тəңір жоқ, Мұхаммед Алланың елшісі») жазылғандықтан, от оны күйдірмеді. Мұса дария жағасында тұрып (суға) түсуге қорыққан кезде, Жебірейіл (келіп): «Мұхаммедтен шапағат сұра», – деді. Сұрап еді, дарияның суы (екіге) жарылып, оған жол ашылды. «Фəн фəлəкə фə кəнə куллу фирқин кəт тауди əл-’əзим» («Дария екіге бөлінді жəне əрбір жартысы үлкен таудай еді»). Дəуіт (ғ.с.) темірден сауыт жасайтын кезде Мұхаммед Расулулладан шапағат сұрады. Қатты темір жұмсарды. Мұхаммед (ғ.с.) шапағат жасамайынша, қияметтің күні Жаратушы Алламен ешкім сөйлеспейді. Мұхаммед Расулулла көрмейінше, ешкім дидар көре алмайды.
Мұхаммед пен үмметі кірмейінше, жұмаққа ешкім кірмейді. «Əууəлу мəн йəқрау бəбə əл-жəннəти Билəлун» («Жəннаттың есігін ең алғаш қағатын Білəл болады»). ХИКАЯ: Бір күні Айша (Алла одан разы болсын): «Йə Расулуллаһи əнтə əхсəну əм Йусуфу» («Ей, Расулулла, сен əдемісің бе əлде Жүсіп пе?»), – деп сұрады. Расул: «Кəнə Йусуфу əхсəну минни уə əнə əмлəһу минһу» («Жүсіп менен əдемірек, алайда мен одан жұмсақпын»), яғни «Жүсіп менен əдемі, мен Жүсіптен жұмсақпын», – деді. Айша: «Бұл не деген сөз?» – деп жəне сұрады. Расул (ғ.с.): «Ли əннəһу кəнə фитнəтəн лил-’əлəмин уə əнə рахмə тун лил-’əлəмин» («Себебі ол əлемге фитна еді, мен əлемге мейіріммін»). Жүсіп не көрсе, (соны) сүю харам болатын, кім мені көрсе, қайғы оған харам болады», – деді. САУАЛ: Жаратушы Алла Ибрахим пайғамбарды бізге ата деді. «Миллəтə əбикум Ибрахим» («Аталарыңыз Ибрахимның жолы сендерге таңдалды»). Жəне Мұхаммед Расулулланы (бізге) ата демеді. «Лəқад жəəкум расулун мин əнфускум ‘əзизун» («Ей, адамдар, сендерге өздеріңнен шыққан пайғамбар келді»). Хикметі не еді? ЖАУАП: Егер Мұхаммед Расулулланы сендерге ата десе, қиямет күні оның куəлігінен мақұрым қаламыз. Ей, Мұхаммед, сені үмметке Расул деді. Ертең сен куəлік бер, мен қабылдайын. Сен сұра, мен берейін. Шапағат ет, мен қабылдайын. (Деректерде) күнəні жазған періште күнде келеді. Құлшылықты жазған періште күнде келмейді, Мұса өлгенше басқа періште келеді дейді. ƏБУ БƏКІР. Миғражға шынайы сенген Əбу Бəкір. Исламға құл азат еткен Əбу Бəкір. Расул жанында орын тапқан Əбу Бəкір. Құрмет үшін қызын берген Əбу Бəкір. Алғаш мешіт тұрғызған Əбу Бəкір. (Деректерде) Жаратушы Алла Əбу Бəкірді екі жерде Жүсіп пайғамбармен салыстырды делінеді. Біріншісі – Сыддық, екіншісі – жұм сақтықпен. Жүсіп туралы «Əйиуһə əс-сиддиқу» («Ей, тура сөзді»), – (деді). Əбу Бəкір (туралы) «Уə əл-лəзи жəə бис-сидқи уə сəддəқа биһи» («...шындықты алып келген жəне рас деп қуаттаған адамдар»), – деді. Жүсіп туралы Жүсіптен хабар берді. Пайғамбар «‘Əлə һəзəини əл-əрзи» («Мені мемлекет қазыналары үстінен») Əбу Бəкір туралы «Лə йəстəхлифəннəһум фи əл-əрзи» («Оларды, əрине, жер бетіне əкім етеді»)», – деді. Жəне екі рет Яхия пайғамбармен салыстырды. Яхия туралы «Уə хəнəнəн мин лəдуннə уə зəкəтəн уə кəнə тəқийəн» («Біз оған өз тарапымыздан сауықтық пен тазалықты бердік, ол діндарлардан еді»), – деді. Əбу Бəкір туралы «Уəттəқа уə сəддəқа бил-хуснə» («(Ол Алладан) қорықты жəне жақсы сөзді рас деп қуаттады»), – деді. Жəне екі жерде Мұхаммед пайғамбармен салыстырды. Расул туралы «Уə йунəссирукə лил-йусра» («Сені оңай жолға лайық қыламыз»), – деді. (Кейбіреулер) Əбу Бəкір туралы
«Фə сəнийəссирукə лил-йусра» («Біз оны тез де оңай жолға лайық қыламыз»), – деді дейді. Əбу Бəкірдің сыртқы кереметтерінің бірі сол еді, дейді. Өмірінің соңында: «Дүниеден өтсем маған Расул раузасында жер қазыңдар. Есігін байлаңдар, мен алып барып есіктің алдына қойып: «Ей, Расулулла, ассалаумағалайкүм, Əбу Бəкір есікке келді», – деп рұқсат сұраңдар. Рұқсат болса, кіргізіңдер», – деді. Алып барып, сəлем беріп еді, құлып түсіп, есік ашылып, раузадан: «Əдхилу əл-хəбибə илə əл-хəбиби фə иннəһу муштəқун иллə əл-хəбиби» («Досты достың қасына кіргізіңдер, себебі ол досқа ынтық»), яғни «Досты досқа кіргізіңдер, досқа ынтық» деген дауыс келді. (Кейбіреулер) Əбу Бəкірде жетпіс екі ерекшелік бар еді дейді. Пайғамбарлардан басқа ешкімде ондай ерекшелік жоқ еді дейді.
ОМАР ИБН ƏЛ-ХАТТАБТЫҢ (АЛЛА ОДАН РАЗЫ БОЛСЫН) ЕРЕКШЕЛІГІ Риуаят етеді: Жебірейіл: «Көктегі барша періштелер Омар Исламды қабылдағанда қуанды», – дейді. Расул (ғ.с.): «Омар менімен бірге, мен Омармен біргемін. Омар қайда болса, Хақ онымен бірге», – деген. Расул (ғ.с.) Жебірейілге: «Жаратушы Алла (ның алдында) сенің ашуың құрметті, сенің ризалығың үкім деп Омарға айт», – деді. Расул: «Жұмақ ішіндегі барлық жапырақта «Кəнə əш-шəйтану йəфирру мин зилли ‘Умəра» («Шайтан Омардың көлеңкесінен қа ша ды») деген жазу бар», – деді. Жəне Расул: «Сол күні маған бір хабар жетті. Омар Ислам дінін қабылдағанда бір мың тоғыз жүз мінбе құрылды. Жəне Омардың көлеңкесінен шайтан қорқатын еді», – деген еді. Хикаяда келеді: Бір кемпір Расулға (келіп): «Азаптан аман-есен келсең, қуанғаннан сенің алдыңда дабыл соғамын деп нəзір етіп едім», – деді. Расул: «Сөзіңді орында», – деді. Кемпір тұрып, дайраны алып ойнай бастады. Сол кезде Омар кіріп келіп еді, кемпір дайраны киімінің ішіне жасыра қойды. Расул күліп: «Ей, Омар, шайтан сенің көлеңкеңнен қорқып қашады», – деді. Жəне: «Кімде-кім Омарды жақсы көрсе, Алланы жақсы көргені. Кімде-кім Омарды дұшпан тұтса, Алланы дұшпан тұтқаны», – деді. Риуаятта келеді: Бір күні Хасан мен Хусейн (Алла олардан разы болсын) Омардың қасына барды. Омар оларды көрген кезде, орнынан тұрып, өз орнына отырғызып, аса құрметтеді. Оны (екеуі) келіп жігіттердің сұлтаны болған əкелері Əлиге айтты. Əли: «Ей, етбауырларым, сендерге айтарым, Расул: «Омар дүниедегі Ислам нұры, жұмақтағылардың шырағы» деген еді», – деді. Хасан мен Хусейн осы сөзді Омарға барып айтты. Омар өре түрегеліп: «Расында əкелеріңнен естідіңдер ме? Расулдан естігендей, сендер естідіңдер ме?» – деді. (Ол екеуі): «Естідік», – деді. Содан кейін қағаз алып жазды. Хатта: «Жұмақ жігіттерінің екі сейіді болған біз (Хасан мен Хусейн) əкемізден естідік, əкеміз (Əли) атамыз Мұхаммед Мұстафадан: «Омар дүниеде Ислам нұры, жұмақтағылардың шырағы» дегенін есітіпті. Біз соған куəлік етеміз», – деп жазды. Содан кейін (Омар): «Мен дүниеден өткен кезде, осы қағазды менің кебінімнің ішіне орап қабірге қойыңдар», – деп өсиет етті. Солай жасады. Қағаз арасынан жазу шықты. Сол қағазда: «Хасан мен Хусейн рас айтады, əкелері Əли де рас айтты. Аталары Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) да рас айтты. Омар дүниеде Ислам нұры, жұмақтағылардың шырағы» деп жазылғанын көрді. Хабарда келеді: Расул (ғ.с.): «Омар Ислам дінін қабылдаған уақытта шайтан оған əсте қуанбады», – деді. (Расул) жəне: «Ей, үмметтерім, дастарқандарыңды көкөніспен көркейтіңдер, мəжілістеріңді Омардың зікірімен көркейтіңдер», – деген. «Зəйину мəуəидəкум би əл-хузəри уə зəйину мəжлисəкум би зикри ‘Умəра» («Дастарқандарыңды көкөніспен безендіріңдер, мешіттеріңді Омардың зікірімен безендіріңдер»).
ОСПАН ИБН АФФАННЫҢ (АЛЛА ОДАН РАЗЫ БОЛСЫН) ЕРЕКШЕЛІГІ «Қаулуһу тə’əлə рухəму бəйнəһум» («Алла Тағала: («Өзара тіптен мейірімді», – деді) соның арқасында түсті. (Деректерде) Расулдың екі қызын алып, содан Зиннурейн аталды дейді. Құранды жиды. Бір түнде хатым етті дейді. (Деректерде) Ислам əскері түгі жоқ кедей еді, қиямет күні болған кезде «Əмəннə биһи уə саддəқнə» («Оған сендік жəне бекіттік») Расул құлшылыққа куəлік береді дейді. Құлшылықты жазған періштелер Расулдың куəлігінің үстіне куəлік береді дейді. Алайда күнəні жазған періштелер жалғыз келіп, күнəға куəлік береді екен. Жаратушы Алладан жарлық келеді. Дүниеде зинаның куəсі төртеу. Сол зинаның куəлігі екеу еді, жалғыз куəнің сөзі тыңдалмайтын. Сен де жалғызсың, куəлігіңді тыңдамаймын. Менің жомарт патша екенімді бəрі білсін. Тағы айтады: Қиямет күнінің сипаты мынау, (сол күні) ағайын ағайыннан, əйел ата-анадан, күйеуі жұбайынан, əке ұлынан қашады. «Йəумə йə’фирру əл-мə’ру мин əхиһи уə уммиһи уə əбиһи уə сахибəтиһи уə бəниһи» («Сол күні əрбір адам өзінің бауырынан, анасынан, əкесінен, əйелінен жəне балаларынан қашады»). Егер Расулды сендерге əке десем, сендер одан, ол сендерден қашуы керек еді. Бір-бірлерінен қашпасын деп, əке демедім, сендердің нəпсілеріңнен дедім. Ешкім де өз нəпсісінен қашпайды. Сондықтан да үмметпен бірге қалады. СҮЙІНШІ: Расул (ғ.с.) біздің нəпсімізден болса, ол бізге бас болып, біз аяқ боламыз. Ей, мұсылмандар, бастың жұмақта болып, аяқтың тамұқта қалғанын ешбір естігендеріңіз бар ма? Мұстафа (ғ.с.) біздің басымыз, басшымыз болса, оның жұмақта болары анық. Біз – мойынсұнған қызметшілер бəріміз жұмақта боламыз. «Иншаллаһу тə’əлə» («Алла Тағала қаласа»). Тағы бір қирағатта «Мин əнфусикум хəсəбəн уə нəсəбəн» («Нəсіл жəне текте өздеріңнен болған...») деп оқиды. Кəпірлердің бəрі Расулға қарсы еді. «Субханаллаһ» («Алла пəк!»), бір тұтам ағашты алтынға ұстап Тəңір деді. Сондай құрметті басшыны қабылдамады. «Əл-Хəмду лиллəһи» («Аллаға мадақ болсын!»), біз бірнеше жүз жылдан кейін мойынсұндық. Мұхаммед Расулулла дейміз. Тəңірім, Мұхаммед Расулулланың достығын дүниеде бізге лайық көрдің, қиямет күні оның шапағатына қол жеткізуді біз – əлсіздерге нəсіп ет! «Уаллаһу ə’лəму бис-сəуаб» («Дұрысын Алла жақсы біледі»).
ҚЫРЫҚ САХАБАНЫҢ (АЛЛА ОЛАРДЫҢ БƏРІНЕН РАЗЫ БОЛСЫН) СИПАТЫ Барлық сахабалардың сипаты – олар Тəңір Алланың əмірін орындайтын. Істері Тəңір Алланың құлшылығын жасау еді. Жиһад етудегі анық мақсаты Жаратушы Алланың разылығы үшін, дұш пандықтары шайтанмен еді. Пəлеге сабыр, қазаға разы, барға шүкіршілік ететін. Адамдарды өздерінен жоғары қойды. Дүние малына деген қызығушылығы аз еді. Тіршілігі тура сөйлеумен, беретіні һəдия (сыйлық) еді. Əрқашан қорқынышта еді. Бір-біріне мейірімді болатын. Біреуді есіне алса, жақсылықпен жасайтын. Ғайбаттан, іштарлықтан, жаладан қорқып, сөздері хикмет, нəпсілері ғибрат, тұруы пікір еді. Ауыртпашылықта сабыр ету, қуанышта кешірім сұрау, өз қажеттерінен бұрын өзгенің қажетін өтеу, өздері кедей бола тұра, халыққа жақсылық жасау (болатын). Күнəһарлардың кешірілуін сұрау, уəдеге берік болып, ақырет сауабынан үміттену. Күнəһарлардың күнəсін, айыбын жасырып, Ислам хұқын сақтады. ХИКМЕТ: Лұқпан хəкім (Оған Алланың мейірімі болсын): «Абдалдардың белгісі үшеу. Біріншісі – жəуəнмəрдтік, екіншісі – көреалмаушылық, іштарлық сияқты жаман əдеттерден көңіл тазалығы, үшіншісі – ғұлама жəне данышпандармен достығы», – деді. Əбу Бəкір Сыддық пен Омар əл-Хаттаб (Алла олардан разы болсын) Айша мен Хафса жағынан Расул (ғ.с.) ның қайын аталары екенін біл. Жəне Оспан мен Əли (Алла олардан разы болсын) (Расулдың) күйеу балалары еді. Оспан Рұқияны алды, ол дүниеден өткен кезде Умми Кулсумді берді. Сол үшін Зуннурейн аталды. Жəне Əли (Алла одан разы болсын) Фатима арқылы күйеу болатын.
ƏБУ БƏКІР СЫДДЫҚТЫҢ (АЛЛА ОДАН РАЗЫ БОЛСЫН) ЕРЕКШЕЛІГІ Расул (ғ.с.) Жаратушы Алланың жарлығымен Əбу Бəкір Сыддықты құрметпен аятта он жерде айтып өтті. «Иннə əкрамəкум ‘индаллаһи əтқакум. Фə мə əкрамə уə əтқа» («Алла қасында ең құрметтілерің ең діндарларың. Қандай құрметті жəне қандай діндар»). Жəне «Улəикə ə’зəму дəражəтəн» («Олар дəрежеде артық») деді. Жəне «Уə мəн əхсəну динəн мин мəн əслəмə уəжһəһу» («Өзін Алла Тағалаға тапсырып қойған адамның иманынан артық иман кімде бар») деді. Жəне Расул: «Əрафу уммəти Əбу Бəкрин» («Менің үмметімнің ішіндегі ең жұмсағы Əбу Бəкір»), – деді. Жəне Жебірейіл: «Иннə Əбу Бəкрин ə’рафу фи əс-сəмəн минһу фи əл-əрзи» («Əбу Бəкір жерге қарағанда көкте ғалымырақ»), – деп хабар берді. Жəне: «Əсдəқукумə Əбу Бəкрин» («Бəрінен бұрын менің сөзімді рас деп қуаттаған Əбу Бəкір»), – деді. Абу Дарда: «Ə тəмши əмəмə мəн һуə хəйрун минкə уаллаһи мə тəлə’əти əш-шəмсу уə ғарабəт ‘əлə əхəдин бə’дə əннəбийинə əфзал мин Əбу Бəкрин» («Сен өзіңнен жақсы адамнан бұрын жүріп кетесің бе? Алланың атымен ант етемін, пайғамбарлардан кейін Əбу Бəкірден жақсырақ адам жоқ»), – деді. Жəне: «Əсбəқукум илə əл-бирри Əбу Бəкрин» («Жақсылық жасауда бəріңнен бұрын үлгеретін Əбу Бəкір»), – деді. (Деректерде) періштелер (оны) Əбу Бəкір Сыддық, жұмақтағылар Əбулфазыл, Арсы періштелері Мұттафиқ (немесе Атиқ), бəрі Шайқы Уақур, Иемендіктер Абха, үмметтер халифа деп атайтын дейді. Бұлардың бəрі де (оған деген) мадақ пен құрмет. (Деректерде) Əбу Бəкір иман келтірген соң, Расул жолына қырық мың алтын жұмсағаны, оның көмектескені айтылады. Оспан өз малынан мың адамның келісімін берді жəне Арума құдығын сатып алып, мұсылмандарға сыйлады. Расул ибн Аббасқа (қарап): «Мына құлдан бір жұмақтық адам шығар», – деді. Оспан шыққанын көрді. (Деректерде) бір күні Расул (ғ.с.) жұмақты сипаттап жатыр еді дейді. Біреу: «Ей, Расулулла, жұмақ көркейеді ме?» – деді. Расул: «Иə», – деді де: «Мені жаратқан Алланың атымен ант етейін, Оспан бір мекеннен екінші мекенге барса, жұмақ көркейеді», – деп айтты. Оспан: «Маған (қарсы) дау-жанжал шығарып, қастандық жасамақшы болған күні Алла Тағаланың құзыретінде маған берілген он нəрсе бар. Біріншісі – төрт адамның бірі менмін. Екінші – Расулдың екі қызын алып, күйеумін. Үшінші – ешқашан зина жасамадым. Төртінші – Исламда да, жəһилиет дəуірінде де шарап ішпедім. Бесінші – өтірік айтпадым. Алтыншы – Расулға ант бергеннен кейін, қолымды ұятты жеріме тигізбедім. Жетінші – Құранды топтастырған уақытта əр сүрені бастар алдында бір құлды азат етіп отырдым. Сегізінші – Құранды топтастырдым. Тоғызыншы – Исламды қабылдаған соң, əрқашан құл азат еттім. Оныншы – Құранды бір ракағат намазда хатым қылдым.
(Деректерде) Оспанның өте мейірімді екендігі айтылады. Оспанға қарсы дау-жанжал болған күні құлдары қарсы шығып соғысайық деп еді, (Оспан): «Ешкім де мен үшін қиналмасын», – деді. Кіріп Оспанды өлтірді. Расул (ғ.с.): «Маған миғраж түні бір алма берді. Екіге бөлдім, біреуі құрғақ шықты. «Сен кімдікісің», – деп сұрадым. (Ол): «Мені Тəңір Алла Арсы нұрынан жаратты, сенің зұлымдыққа ұшыраған халифаң Оспандыкімін», – деді.
ƏЛИ ИБН ƏБУ ТƏЛІПТІҢ (АЛЛА ОДАН РАЗЫ БОЛСЫН) ЕРЕКШЕЛІГІ «Қаулуһу тə’əлə тəраһум руку’əн сужжəдəн» («Сен оларды əрқашан да рукуғда, сəждеде көресің»). Расул (ғ.с.): «Ей, Əли, сені сүйген – мұсылман, сені дұшпан тұтқан – мұнафық», – деді. Жəне (Расул): «Əлидің сүйгені отты оттың бітіргеніндей, күнəні бітіреді», – деген. (Сондай-ақ Расул): «(Кімде-кім) Əлиді (шын) көңілмен жақсы көрсе, менің үмметімнің үштен бірінің сауабы беріледі. Жəне Əлиді кімде-кім (шын) көңілмен жəне тілімен жақсы көрсе, үмметімнің үштен екісінің сауабы беріледі. Жəне Əлиді (шын) көңілі һəм жанымен жақсы көрсе, барша үмметімнің тəубесі беріледі», – деген. Имам Əбу Ханифадан: «Əбу Ханифа, Əли туралы не айтасыз?» – деді. (Əбу Ханифа): «Халықтың көбі қорыққанынан иман келтірді. Расул (ғ.с): «Ілім үшін Адамды (атаны) көрейін, пайым үшін Нұхты көрейін, сабырлы болу үшін Ибрахимді, қуат үшін Мұсаны, діндарлық үшін Исаны, махаббат үшін Мұхаммедті, аманат үшін Жебірейілді, мейірім үшін Микəилді (көрейін). (Кімде-кім) жарық күнді, айды, жұлдыздарды көргісі келсе, мына жігітке, яғни Əлиге (Кəррамаллаһу уəжһəһу) қарасын» деген еді», – деді. Əлиден риуаят етеді: Қиямет күні болған уақытта «Əмəннə биһи уə саддəқнə» («Оған сендік жəне берілдік») қолыма нұрдан екі тостаған беріледі. Кəусар бұлағының (басына) тұрып, халыққа су бер дейді. Су беремін. Бір топ келеді. Оларға су берейін десем, су тамшылап қалады. Ішпейміз дейді. Əли: «Сендер екі халифа сахабаны дұшпан тұтқан жансыңдар ма?» – дейді. (Олар): «Ия», – дейді. Əли: «Сендер Кəусардан алыс кетіңдер», – дейді. Содан кейін арсының астынан «Мен жəне сен олардан бизармыз», – деген дауыс естіледі. Сол кезде артыма қарасам, (олар) доңыз болған екен», – деді. Имам Ысқақ Мамшадтан (Алла одан разы болсын) риуаят етеді: Жұмақтықтар жұмаққа кіріп, берекелі дастарқанға отырса, періштелер қызметінде болады. Қызметшілер таза шарап ұстайды. Жұмақ құстары Туба ағашында əр түрлі əн шығарып, сайрайды. Сол кезде нұры білінеді. Жұмақтағылар аң-таң қалады, дидар (Алламен дидарласу) уақыты болады. Бұл тəжəлли нұры болады ма? – дейді. Тамақ жеуден қол тартады. Арсы астынан: «Ей, жұмақтағылар, сендер жұмыстарыңа қараңдар. Бұл тəжəлли нұры емес. Фəтима Зуһра Əли Мұртазаның жүзіне қарағандағы солардың нұры», – деген дауыс келеді. Жəне Ысқақ Мамшад: «Жұмақта отырып тамақ жеп, таза шарап іше бастаса, жұмақтан тағы бір нұр көрінеді», – дейді. Тамақтан қол тартып, тəжəлли нұры деп қарайды. «Ей, Жаратушының достары,
жұмыстарыңмен айналыса беріңдер, нығметтен алыңдар. (Бұл) тəжəлли нұры емес, бұл Əбу Бəкірдің аяқ киімінің нұры», – деген дауыс келеді. Мына дəрежеден ана дəрежеге оның аяқ киімінің нұры осындай болса, жұмақта оның махаббатының нұры мұсылмандар көңілінде қандай болады екен?!» ХИКАЯ: Бір күні бір əйел мұсылмандар əмірі Омарға келіп, пəлен адам менімен зина жасады деді. Сол адамды тауып келіп сұрап еді, (ол): «Зина жасамадым», – деп мойындамады. Ол əйел іш киімін көрсетіп, мына шаһуат суы деді. Омарға хабар берді. Əли от алып келді. Сол шаһуат суын тегештің үстіне салып еді, пісті. Бұдан оның шаһуат суы емес, əйелдің айласы екені белгілі болды. Жаңағы ер адам жаладан құтылды, əйелдің өтірікші екені білінді. «Лəу лə ‘Əли лəһəлəкə ‘Умəру» («Егер Əли болмағанда, Омар опат болатын еді»), яғни «Əли болмаса, Омар опат болатын еді», – деді. (Кейбіреулер) Алла Тағаланың «Уəллəзинə мə’əһу» («Онымен бір ге болғандар») (дегені) Əбу Бəкір, «Əшиддə’у ‘əлə əл-куффəру» («Дұшпандарғы қарсы қатты мінезді») (дегені) Омар, «Рухəмə’у бəйнəһум» («Өзара тіптен мейірімді») (дегені) Оспан, «Тəраһум руккə’əн сужжəдəн» («Сен оларды əрқашан рукуғда, сəждеде көресің») (дегені) Əли дейді. Осы сүре аяқталғанша төрт сахабаның мадақ сипаты (беріледі) дейді. Осы жиырма тоғыз əріп пен төрт сахабаны мақтады, яғни жетпіс екі тіл бар. Сол барлық тілдерде мына жиырма тоғыз əріптен тұрмайды. Мағынасы осылай болып, осы төрт сахабаны жетпіс екі тілде мақтайтын болады. Кімде-кім осы төрт сахабаны дұшпан етіп, жапа жеткізер болса, мына əріптерден басқа əріп алып келіп жапа жеткізсін. Бұл əріптерден басқа əріп алып келе алмаса, мына əріптермен жапа жеткізгені қате болады. Жəне Расул: «Əсхəби кəн-нужуми фə биəйиһим иқдəтəйтум ихтə дəйтум» («Менің сахабаларым аспандағы жұлдыздар секілді, олардың қайбіріне ерсеңдер де, тура жол табасыңдар»), яғни «Менің жарандарым жұлдыздар секілді. Қай жұлдызды көріп, жолбасшы етіп жүрсеңіз, тура жолға бастайды», – деген. ТƏҢІРДІҢ МІНАЖАТЫ: Біз əлсіздер жеті жүз кəпірліктен беземіз жəне жетпіс екі түрлі нəпсі мен бидғаттан қашамыз. Сенің Бірлігіңе, Мұхаммед Расулулланың пайғамбарлығына сенеміз. Мына төрт сахаба жəне жарандарының əйелдерін, ұлдарын жақсы көреміз (Олардың) достарымен доспыз, жауларымен жаумыз. Құдайым, мына сөзіміздің (шын) көңіл мен тілден шығып тұрғанын, рас екенін Сен білесің. Осы сеніміміздің арқасында қиямет күні махшарда бізді күнəһар етпестен, сүйіктіңнің шапағатымен сират көпірден аман-есен өткізіп, сегіз жұмаққа кіргізіп, өз дидарыңа нəсіп ет.
МҰХАММЕД РАСУЛУЛЛАНЫҢ АРАБ КƏПІРЛЕРІН ИМАНҒА ШАҚЫРҒАНЫ ТУРАЛЫ Расул араб кəпірлеріне Жаратушының жарлығын жеткізді. «Жаратушыны Бір деңдер, пұтқа табынбаңдар, мені Хақ пайғамбары деп біліңдер, «Лə илəһə иллаллаһу Мухəммəдун Расулуллаһи» («Алладан басқа тəңір жоқ, Мұхаммед Алланың елшісі») деңдер», – деді. Қабылдамады. Расул алғашында жетім, мал-мүлкі жоқ кедей еді. Қанша рет үгіттесе де, бір жақсы жауап естімеді. Оның насихаттарын тыңдамады, Расул сөзін құлақтарына ілмеді. Үлкендері Расулды шақырып, ақыл айтты. (Олар): «Ей, жігіт, сенің аталарыңның бізде ақылары бар, біз олардың жолындамыз. Аталарыңның дінін жамандап, олардың діндерін қатеге шығаратындай саған не көрінді?! Егер тентек болсаң, айт, емдейік. Егер дию, перінің кесірі тиген болса, құрбан шалайық, садақа берейік, емдетейік. Егер кедейліктен болса, мал жиып берейік саған. Егер біреуге ғашық болсаң, соның амалын жасайық. Мақсатыңа жеткізейік. Егер сиқырлаған болса, жазайық. Егер ақсүйек болғың келсе, ақсүйек етейік. Егер біреуде өшің болса, алып берейік. Егер біреуден қорықсаң, көмектесейік. (Тек) мына сөздерді қой», – деді. Расул: «Тентек емеспін. Дию, перінің қырсығы шалмады. Малдүниенің қайғысы жоқ. Ғашық емеспін, ешкімде өшім жоқ. Мына сөздеріңіздің бəрі əурешілік. Жаратушы Алла жалғыз, мен оның пайғамбарымын. Мені сендерге жіберді, менің құзыретіме оларды шақыр деді. Тамұқтан құтылайық, жұмаққа кірейік. Екі дүниенің жақсылығын табайық десеңдер, менің сөзіме құлақ асыңдар», – деді. Кəпірлер улы тілдерімен сөге бастады. Жолдан азған, Тəңірден танған іші қаралардың бəрі тіл жəне көңілде Расулды балағаттады. Күнде əр түрлі айла жасады. Оқ атты, қылыш тартты. Тəңірдің кеңшілігі мен көмегі болмағанда, жалғыз өзі соншама бетбақтармен қалай күресетін еді. Қаншама үгіт-насихат айтып, шақырды, мойындамады. Омардың Исламды қабылдауымен мұсылмандар күшейді. Əскер жиылды. «Енді соғыс» деген жарлық келді. «Фəқтулу əл-мушрикинə хəйсу уəжəдтуһум» («Мүшіріктерді қайдан тапсаңдар да, өлтіріңдер»). Əскер аттанды. Соғысты. Бірде жеңді, бірде жеңілді. Осылайша иманға шақырды. Расулға кəпірлер қарсы тұрды. Олар бес адам еді: Біреуі – Уалид ибн Муғира. Екіншісі – Асиб ибн Уаил. Үшіншісі – Асуад ибн Əбди Яғус. Төртіншісі – Ас ибн Уəбəк. Бесіншісі – Харис ибн Талатил. Хақ Тағала сол бесеуін бір күнде опат етті. Олай былай болып еді. Жебірейіл келіп, Расулмен бірге отырды. Ол тəкəппарлар қағбаның төңірегінде тауаф ететін еді. Жебірейіл мен Расул атып тұрды. Əбу Замға (Оған лағынет болсын) Жебірейіл алдынан өтті. Жебірейіл бір жасыл жапырақты оның алдына салып еді, екі көзі көрмей қалды. Содан кейін Əбди Яғус өтті. Жебірейіл ишара жасады, қарны айналды. Сол сəтте тамұққа аттанды. Содан кейін Уалид ибн
Муғира өтті. Тобығында жарасы бар еді. Жебірейілдің көзі жарасына түскен уақытта, жарылып опат болды. Содан кейін Ас ибн Уəбəк өтті. Жебірейіл аяғына қарады. Сол сəтте тікен қадалып, етіне кірді. Сол сəтте өлді. Содан кейін Харис ибн Талатил өтті. Төбесіне ишара жасады. Ірің жиналып, басы ауырып: «Қатлəни раббу Мухəммəдин» («Мұхаммедтің Жаратушысы мені өлтірді»), – деді. Айқайлап шығып, өлерде құлына: «Мынаны ұста», – деді. Құлы: «Нені ұстайын, еш нəрсе көрінбейді?» – деді. Осылайша опат болды. Имам Мақатил (Алла одан разы болсын): «Сол аят мынау: «Иннə кəфəйнəкə əл-мустəхзи’ин» («Сені масқаралағандарды жоюда Біз өзіміз жетеміз»)», – деді. Алайда тұрғылықтысы он екі еді. (Кейбіреулер) он алты еді дейді. Төрт жолдың басына отырып, біреу келіп Мұхаммедті сұраса, (олар) Əбу Жəһілдің сөзімен: «Мұхаммед сиқыршы, өтірікші, оны көрмегендерің абзал», – дейтін. Жəне Расул (ғ.с.) да солай (хабаршы) адам қойып еді. Кімде-кім өтіп бара жатып Мұхаммедті сұраса, олар: «Көз ондай адамды көрген жоқ, құлақ ондай адам туралы естіген жоқ. Ағайын-бауырды құрметтеңдер, ата-ананы сыйлаңдар, Жаратушы Аллаға құлшылық етіңдер», – дейтін. Босқа айтылған сөзден мыналардың сөзі əлдеқайда артық деп, көпшілік мұсылман болды. Жаратушы Алла жаңағы он алтыны опат етті. Расул (ғ.с.) жұмсақ тілмен, таза киім киіп халықты иманға шақыратын. Жаратушының жарлығын жеткізетін. Уш Хазраж, Əнга Фарита жəне Батирмен соғысатын. Асбадан Мединеге кетті. Осы Уш Хазраж оларға: «Жақында Меккеден Мұхаммед ибн Абдулла деген бір ер адам шығады. Оның кітабы болады. Оған мойысұнбаймыз, оны жер бетінде қалдырмаймыз», – дейтін. Мұхаммедке айтқан уақытта үгітнасихатын жария етті. Уш Хазраж Меккеге келіп, қа жылықты өтеді. Сол уақытта кəпірлер қажылық өтейтін. Жөйттер Бəйт ул-Мұқаддасқа қажылық тіреуін (амалын) алып келетін. Алайда «Лəббəйкə» айтарда «Лəббəйкə лə шəрикə лəкə илə шəрикун һуə лəкə тəмлику уə мəйəмлику» («Бұйыр, ей, өзің қалаған серіктен басқа серігің жоқ, Сен оған иесің, алайда ол Саған ие емес»), – дейтін. Мағынасы мынау: «Қабылдаймыз сені. Сенің серігің жоқ. Сен сол серікке басшысың, ол саған басшы емес». Яғни пұттар саған серік деген сөз. Уш Хазраж қажылық өтеп жүргенде Расулдың халықты иманға шақырып жатқанын көрді. Мадақ сипатын жөйттер айтып жатқандай екенін білді. Бір-біріне: «Олар бізге кешкі асты берместен бұрын, біз оларға таңғы асты берейік», – деді. Яғни олар бізге табынбай тұрғанда, біз оларға табынайық деп келді. Иман келтірді. Расулмен ант байласып, (олар): «Сенің ісің біздің ісіміз. Біз саған бағыныштымыз, не айтсаң, істейміз. Біз жəне ұлдарымыз саған жолдас болсын», – деді. Ібіліс (Оған лағынет болсын) соны көріп, білместен тауға шығып: «Ей, адамдар, Уш Хазраж мына жиіркеніштімен келісім орнатқаны нан хабардар болыңдар. Бұлар мына жақтан шығатын бол ды, олар ана жақтан келетін болды. Қылышпен сендерді қыра ды», – деді айқайлап. Құрайыш кəпірлері бұл сөзді есітіп, оларға барды
да: «Сендер мен біздің арамызда араздық керек емес. Біздің дінімізде сендер бізге көршісіңдер. Мына келісімде бар болсаңдар, оларға қарсы шығыңдар. Немесе біздің хабарымыз жоқ», – деп қайтты. Келді. Сол кезде құрайыштан күміс аяқ киім киген бір жігіт келді. Уш Хазраж: «Басшылық дəметіп жүргендеріңе біраз жыл болды. Қолдарыңа көтеріп жүретін аяқ киімдерің жоқ еді», – деді. Жаңағы жігіт есітіп аяқ киімін оларға сыйлады. «Мен сендерді мазақтадым», – деді. Жəне бірі: «Алмаңдар. Аяқ киім ер жігіттің құрметі. Оны алсақ, дүние құрметін алған боламыз», – деді. Ұл-қыздарын алып келіп иманға кіргізді. Содан кейін көптеген халық келіп иманға кірді. Екінші жылы қажылыққа келерде (оларды) мұғалім қылды. Расул бір сахабаны оларға берді. Үшінші жылы келгенде (олар): «Рұқсат берсең, олармен соғысайық», – деді. Расул (ғ.с.): «Жаратушыдан олармен соғыс деген жарлық келген жоқ», – деді. ХИКАЯ: Тайыфтың жігіттері түнде сөйлесіп отыр еді, көктен: «Ой, сендер ұялмайсыңдар ма?! Мына Мұхаммед сендерді Исламға шақырып жатыр, сендер (болсаңдар) оған мойынсұнбайсыңдар», – деген дауыс келді. Үш түн қатарынан осындай дауыс есітіп, қарттарға хабар берді. Бір құлды алып келді. Сегіз түйе жүгімен берді де: «Меккеге барып, Мұхаммедті көріп кел», – деді. Барып Меккеге кірді. Əуелі Əбу Жəһілді көріп, Мұхаммед туралы сұрады. Əбу Жəһіл: «Ары кет. Одан өткен сиқыршы жоқ, оған бармағаның, оны көрмегенің абзал», – деді. Жігіт өзінің соған (бола) келгенін айтып берді. Əбу Жəһіл: «Түйелерді жүгімен маған сат. Төрт мың алтынға (сатып) алайын. Алайда Меккеден шыққанша алтынды бермеймін. Мұнда берсем, Мұхаммедке беріп қоюың мүмкін», – деп бермеді. Жігіт зерек еді, елді аралады. Əлиге жолығып: «Ей, Əли, Мұхаммед туралы не білесің?» – деді. Əли: «Көруді қалайсың ба?» – деді. Жігіт: «Мен оны көру үшін келдім», – деді. Екеуі Расулды барып көрді. Расул: «Қандай жігітсің? Неге келгеніңді, кімге жолыққаныңды сен айтасың ба əлде мен айтып берейін бе?» – деді. Жігіт: «Сіз айтып беріңіз», – деді. Расул айтып берді. Жігіт: «Рұқсат берсеңіз, Əбу Жəһіл кəпірден малымды қайтып алайын», – деді. Рұқсат берді. Барды. Əбу Жəһіл мансартта отыр еді. Расул да барды. Əбу Жəһіл құлына есікті байлатты. Барып есік қағып: «Малды маған қайтарып бер», – деді. Əбу Жəһіл (қасында) Əбдулхəким (бар) еді. Сарай ортасында бір үлкен диірмен тасы бар еді. Құлына: «Мына тасты көтеріп басыма қой, биік жерге шығып Мұхаммедтің басына ұрайын. Осы іспен сені азат етейін», – деді. Тасты көтерді, басына қоймақшы болғанда шамасы келмеді. Тас айналып кетіп, қолын басты. Қолы езілді, ауырғанына шыдай алмай «Мы на аурудан оңалсам, малды Мұхаммедке берейін», – деп Жаратушы Алламен нəзір етті. Жаратушы Алла шипа берді. Ол сормаңдай уəдесін бұзып, үйге кірді. Үйде бір хабашиді көрді. (Хабаши) қылышын
суырып алып: «Малды Мұхаммедке бер немесе қақ бөлемін», – деді. Қорқып кетіп, малдың бəрін Расулға берді. Расул Əбу Жəһіл сарайынан шықты. Əбу Жəһіл тазарыпты, яғни Мұхаммедке мойын бұрыпты деген сөз ел арасына тарап кетті. Егер сен Мұхаммедке мойын бұрсаң, бəріміз қайтайық десті. Бірнешеуі: «Келіңдер, Мұхаммедке барып, мұсылман болайық. Əбу Жəһіл бізге ұлылық сатып жатыр. Ол бірінші мұсылман болса, солай ұлылық сатады», – деп Расулға келді. Жолда Абдулла ибн əр-Рабғұзи жолықты. «Қайда барасыңдар?» – деді. Олар: «Əбу Жəһілдің мұсылман болғанын естідің бе? Біз де мұсылман болғалы бара жатырмыз», – деді. Ол: «Əбу Жəһілге барайық», – деді. Əбу Жəһілге барып: «Мұхаммедтің дініне кіргеніңді естідік», – деді. Əбу Жəһіл: «Тəңір сақтасын, мен аталарымның дініне қарсы шықпаймын. Мұхаммед аталарымыздың дініне қарсы шықты», – деді. Əбу Тəліпке барайық деді. Барып: «Бауырыңның мына ұлына айт, бұл сөзден қайтсын», – деді. Əбу Тəліп: «Мұхаммед келсін, көрейік», – деді. Шақыртты. Келді. Оларды басып өтті, Əбу Тəліптің тағына (орнына) шығып отырды. (Олар): «Көрдің бе? Сені құрметтемейді, біз сенің тағыңа шықпаймыз, ол шығып отырды», – деді. Əбу Тəліп: «Кімде-кім рас сөйлесе, мойныңызға шығады», – деді. Содан кейін олар айтқан сөзді Расулға айтып берді. Олар жəне: «Мұхаммедтің пайғамбарлығы рас болса, бізге бір белгі көрсетсін», – деді. (Мұхаммед): «Қандай белгі қалайсыңдар?» – деді. (Олар): «Сарайдың ортасында үлкен бір тас бар еді, сол тастан ағаш шығар, ұзын болып өссін. Бір бұтағы Шығыс жақа, бір бұтағы Батыс жақа барсын», – деді. Расул (ғ.с.) дұға жасады, олар қалағандай тастан ағаш өсіп шықты. (Олар) жəне: «Дұға жаса, алғашқы қалпына кел сін», – деді. Дұға жасады, тағы алғашқы жағдайына келді. (Олар): «Ей, Мұхаммед, үлкен сиқыршы екенсің», – деп тағы иман келтірмеді. (Олар): «У’буд əлихəтинə йəумəн уə нəхну нə’буду илəһəкə сəб’əтə əйиəмин» («Біздің құдайымызға бір күн табын, біз сенің Аллаңа жеті күн құлшылық етейік»), яғни «Сен бір күн біздің тəңірімізге табын, біз жеті күн сенің Тəңіріңе сиынайық», – деді. «Уə тə’буду илəһəнə сəб’əтə əйəмин хəттə нə’будə шəһран» («Сен біздің құдайымызға жеті күн табын, біз сенің Аллаңа бір ай құлшылық етейік»). (Олар): «Жеті күн біздің тəңірімізге табын, біз бір ай сенің Тəңіріңе сиынайық», – деді. «Тə’буду шəһран хəттə нə’будə сəб’ə» («Сен біздің құдайымызға бір ай табынсаң, біз сенің Аллаңа жеті жыл құлшылық етейік»). «Сен бір ай табынсаң, біз бір жыл сиынайық», – деді. Олар мұны айтты. Расул дірілдей бастады. Жебірейіл келіп, мына сүрені оқыды: «Қул йə əйиуһə əл-кəфирун лə ə’буду мə тə’будун» («(Ей, Мұхаммед, оларға айт: «Ей, кəпірлер,
сендер табынған нəрсеге мен əсте табынбаймын»). «Ей, Мұхаммед, айт: «Ей, кəпірлер, сендер табынғанға мен табынбаймын». «Уə лə əнтум ‘əбидунə мə ə’буд» («Жəне сендер мен құлшылық еткен затқа (Аллаға) құлшылық етпейсіңдер»). «Сендер де менің сиынғаныма сиынбайсыңдар». «Уə лə əнə ‘əбидун мə əбəдтум» («Жəне мен сендер табынған нəрсеге табынбаймын»). «Мен сендердің табынғандарыңа табынбаймын». «Уə лə əнтум ‘əбидунə мə ə’буд» («Жəне сендер мен құлшылық еткен затқа (Аллаға) құлшылық етпейсіңдер»). «Сендер менің сиынғаныма сиынбайсыңдар». «Лəкум динукум уə лиəдин» («Сендердің діндерің өздеріңе, менің дінім өзіме»). «Сендердің діндерің өздеріңе, менің дінім өзіме». (Деректерде) бұл үкім Ислам əлсіз уақытта түсіп еді дейді. Ислам күшейген уақытта өз күшін жойды. «Фəқтулу мушрикинə» («Мүшіріктерді өлтіріңдер») аятымен күші жойылды. Əбу Тəліп: «Иттəби’у ибнə уə ин кəнə садиқəн əу кəзибəн йə’муру бимəкəрəими əл-əхлəқ» («Бауырымның ұлына еріңдер, ол мейлі шын сөйлесін, мейлі жалған сөйлесін, өте көркем ахлақты болуға шақырады»), яғни «Бауырымның сөзіне құлақ асыңдар. Рас не жалған сөйлесін, бəрібір Тəңірдің жақсылығынан басқаны сөйлемейді», – деді. Басқаларға солай дейтін. Өзіне айтса: «Инни лəəкраһу йə’луни» («Менен жоғары болып кетулерін жек көремін») дейтін еді. Яғни «Мен төмен болып, күнім жоғары болғанын қаламаймын», – дейтін. Тəпсірде бар, бір күні құрайыш кəпірлері жиылып Мұхаммед Расулулла туралы кеңесті. Мына Мұхаммедтің пəлесінен қалай құтыламыз деді. Сол уақытта шайтан бір қарт адамның бейнесінде болып, олардың арасына келді. Біреуі: «Келіңдер, бəріміз бірігіп Мұхаммедті елден қуып шығарайық», – деді. Шайтан: «Бұл кеңес емес. Мұхаммед ақылды адам, барған жерінде тыныш жүрмейді. Жəне орын болады, ақыры сендерге келеді», – деді. Тағы біреуі: «Жерді суға дейін қазайық, тас, темірмен үй салайық. Жер бетіне жеткен уақытта үйді үлкен көтерейік. Бір есік жасайық. Мұхаммедті сол үйге қамап, есігін құлыптайық. Солай аштықтан өлсін», – деді. Шайтан: «Олай болмайды. Оған Жебірейіл келіп, көктен шығарады, бұл мəселе емес», – деді. Əрқайсысы бір-бір ұсыныс жасады. Бəрін Ібіліс қайтарып тастады. Біреу: «Болмаса, бəріміз жиылып найза қадап өлтірейік», – деді. Ібіліс: «Міне, осы», – деді. Ойласып, ертесіне Мұхаммеді өлтірмекші болды. Біреу бұл туралы Əбу Тəліпке хабар жеткізді. Əбу Тəліп Расулды шақырып: «Құрайыш кəпірлері сені өлтіруге ақылдасыпты. Мен аман-есен тұрғанымда саған ешкім қастандық жасай алмайды», – деп мына бəйітті оқыды:
Маған ұсыныс жасадың таза дінді сен, Немере ағаң кірмейінше өліп дінге. Айыптау, сөгу, ар егер болмаса, Төзбе дерсің барша қиындыққа. Турасын білесің, бересің насихат, Өлетін мені ол үлкен жəннатқа. Жоламайды, уаллаһи, саған мына араб, Кірер едім еріксіз Тəңір дініне. Хикаяда келеді: Расул (ғ.с.) Тайфқа барды. Оларға Исламды айтты, қабылдамады. Олардан қайтты. Харамға (Мешіт харамға, яғни Қағбаға) келгенінде намазға тұрды. Құран оқи бастады. Перілер Құран дауысын есітіп, тыңдады. Қуанып барып қауымдарына хабар беріп: «Мұхаммедке түскен Құран естідік. Біз оған келтіреміз, сендер де бəрің Жаратушы жарлығын орындаңдар», – деді. «Қалу йə қаумəнə иннə сəми’нə китəбəн илə қаулиһи ‘əжибу дə’иллəһи уə əмину биһи» («(Олар): «Ей, қауымымыз, біз бір кітап туралы естідік... Алланың шақырушысына жақсы деңдер жəне оған сеніңдер», – деді»). Перілер жиылып Меккеге келді, Харам (Қағба) жанында тұрды. Құрмет көрсетіп, бастырып кірмеді. Жаратушы Алла бір құрма ағашына аян берді. Бəрі көктен топырлап түсіп, Расулға перілердің келгенінен хабар берді. Расул: «Кімде-кімнің көңілінде тарының көлеміндей кір болмаса, маған кірсін, перілерге барайық», – деді. Абдулла ибн Масғұд: «Мен барайын», – деді. Бір ыдысқа су құйып алды. Бірнеше құрмамен түн ішінде перілерге келді. Расул (ғ.с.) жерде бір сызық сызды. Абдулла ибн Масғұдқа: «Осы сызықтың ішінде отыр, шықпа. Шықсаң қияметте мен сені, сен мені көрмейміз», – деді. Содан кейін Расул перілерге барып, жарлықты жеткізді. Қабылдады, иман келтірді. Дəрет, намаз үйретті, шариғат үкімдерінен тəлім берді. Абдулла ибн Масғұд: «Мен сол сызықтың ішінде отыр едім. Перілердің тобы менің қасымнан өтті. Расул (ғ.с.) ға барып иман келтіретін, сөйлескендерін есітетінмін. Таң атқан уақытта Расул қайтып келді. Менің түрегеп тұрғанымды көріп, «Отырсаң не болады?» – деді. «Ей, Расулулла, мен қорықтым», – дедім. Расул: «Сызықтан шыққаныңда көріспейтін едік», – деді де: «Қасыңда су бар ма?» – деді. (Мен): «Құрманың ішінде езілген су бар», – дедім. (Расул): «Құрма таза, суы да таза», – деп дəрет алып, намаз оқыды. Перілер: «Ей, Расулулла, біз сіздің қасыңыздан кетпейтін едік, алайда жолымыз алыс. Азығымыз да, көлігіміз де жоқ», – деді. Расул (ғ.с.) рұқсат беріп: «Қара малдың тезектерін көліктеріңізге жем қылыңдар жəне сүйектер сендерге жем болсын», – деді. Сол үшін де тезек жəне сүйекпен истинжа жасауды шариғат тыйым салды. «Уə лə йəстəнжи бираусин уə лə биəзмин» («(Расул ғ.с.) ешқашан тезек жəне сүйекпен истинжа қылмады»). Жаратушы Алла: «Уə мə йəнтиқу ‘əни əл-һəуə» («Ол өз нəпсісінен сөйлемейді»). Яғни Расулулла қалағанындай сөз
сөйлемеді, батынды нəпсіден алыс ұстадық. Нəпсі қалағанындай сөз сөйлемеді, заһирды көлеңкеден алыс ұстадық. Көлеңкесі таза емес жерге түспесін. «Лиəннə зиллə кулли шəйин мислуһу йукə уə лə йуһзə» («Себебі əр нəрсенің саясы өзіндей болады, соған ұқсайды, алайда барша нығметтен үлессіз қалады»). Əр нəрсенің көлеңкесі соның сыңары. Алла Тағала: «Он сегіз мың əлем оның сыңары болмасын деп, Мен хəбибім Мұхаммедке көлеңке бермедім. Жүз жиырма төрт мың пайғамбар жібердім, барша əлемдегілерге Менің сыңарым жоқ екені туралы хабар берді. Өз кеңшілігім мен шарапатымның арқасында Мұхаммедке көлеңке бермедім. Барша халық жер бетінде хəбибімнің сыңары жоқ екенін білсін. Мұхаммедтің пайғамбарлығы ішінде нəзірі жоқ. Адамды (ата) Хауамен жұмақтан шығарғанымда, Мұхаммед үмметін жүз жыл күнə істегеннен кейін бір тəубемен жұмаққа кіргіземін. Ыдырысқа жұлдыз ілімін берсем, Мұхаммед Расулулланы тамұқ жұлдыздарынан өте кешірдім. Жұлдыздың жүзуі оның үстінде болмасын дедім. Егер Нұх пайғамбарға кеме беріп, суда жүргізсем, Мұхаммедке пырақ беріп, көкте жүргіздім. Нұх (ғ.с.) өз қауымына: «Рабби лə тəзəр ‘əлə əл-əрзи мин əл-кəфиринə дəйиəран», («Ей, Жаратушым, жер бетінде бірде-бір кəпірді қалдырма») деп азап тіледі. Алайда кəпірлер Мұхаммед (ғ.с.) ның тісін сындырды, мұр нын бұзды. (Сонда да Мұхаммед пайғамбар) оларға тура жол сұрады. «Аллаһуммəһди қауми фə иннəһум йə’лəмун» («Ей, Алла, менің қауымымды тура жолға сал, себебі олар еш нəрсені білмей ді»), – деді. Дүниеде дұшпанға осылай кешірім сұрады. Қияметте дос үшін қалайша кешірім сұрамасын?! Егер Ибрахимді халыққа имам етсем, «Инни жə’илукə лин-нəси имəмəн» («Мен сені адамдарға жолбасшы етемін»), – дедім. Мұхаммед Мұстафаны Миғраж түні барша пайғамбарларға имам еттім. Жеті қабат періштелеріне имам қылдым. Егер Намрұт отын Ибрахимге суытқан болсам, тамұқ отын Мұхаммед Мұстафаның үмметтеріне мысты темір үстінде иетіндей суытамын. «Изə уəзə’ə əл-мүмину қадəмəһу ‘əлə əс-сирати тəхмуду əн-нəри тəхтə қəдəмəйһи кəмə йəхмуду» («Мұсылман сират көпірге қадам басса, оның қадамы астындағы от өшіп қалады екен, сол себепті...»). Сүлеймен пайғамбарға патшалық беріп, желді оған бағындырсам, Мұхаммед Расулулланың үмметіне сонша патшалық бердім. Сол патшалығым мынау, көңілі жарым, іші мұңға толы байқұс мұсылман «аһ» деп ішінен суық демін шығарса, онымен бірге шаһадат кəлимасын жолдас қылса, көзді ашып-жұмғанша сол суық жел жаңағы кəлиманы арсыға жеткізеді. Егер Мұса қауымын етектерін суға тигізбей теңізден өткізсем, Мұхаммед Мұстафа (ғ.с.) ды тамұқтан солай өткіземін, етегінің ұшын да күйдірмейді. «Тəмурру таифəтун мин уммəти ‘əлə əссирати лə йəжиффу сəубуһу мин əл-’əрақи» («Үмметтерімнің ішінде бір бөлігі сират көпірден сондай тез өтетіні соншалық, олардың терден су болған киімдері кеуіп үлгермейді де»). Егер Ферғауынды
дарияға шөктірсем, опат етсем... Егер Иса пайғамбарларды төртінші қабат көкке шығарсам, Мұхаммед Мұстафа (ғ.с.) сол мақамға жетті. Сондықтан да Жаратушы Алла «Фə кəнə қабə қаусейни əу əндə» («Кейін екі оқ қашықтығы немесе одан да жақынырақ жайда тоқтады») деді. Мұхаммед Расулулланың берекесінің арқасында екі жаһан да құрметтелгенін біл. Ибрахимді отқа тастаған уақытта Жебірейіл (ғ.с.) үстінде «Лə илəһə иллаллаһу Мухəммəдун Расулуллаһи» («Алладан басқа тəңір жоқ, Мұхаммед Алланың елшісі») жазуы бар жұмақ киімін алып келді. Киіп еді, от оны күйдірмегенін көрмейсің бе?! Мұса (ғ.с.) теңіз жағасына келіп, кірмекші болған кезде Жебірейіл (ғ.с.) келіп: «Ей, Мұса, Мұхаммедті шапағатшы ет», – деді. Мұса: «Бəхəққи Мухəммəд» («Мұхаммедтің хақы үшін»), – деді. Теңіз суы (қақ) жарылып, жол ашылды. «Фəн фəлəқа фə кəнə куллу фирқин кəттəуди əл-’əзим» («Дария екіге бөлінді жəне əрқайсысы үлкен тау секілді еді»). Мұса аман-есен өтті. Дəуіт (ғ.с.) темірден (қару) жарақ жасайтын болса, Мұхаммед атын айтса, темір жұмсақ болатын. Қиямет күні Мұхаммед Мұстафа шапағат етпейінше, Жаратушы Алла ешкіммен де сөйлеспейді. Расул (ғ.с.) дидар көрмейінше, ешбір пайғамбар (дидар) көрмейді. Мұхаммед үмметтері жұмаққа кірмейінше, ешбір пайғамбар көрмейді жəне кірмейді. «Əууəлу мəн йəқрау бəб əл-жəннəти Билəлун» («Жəннаттың есігін ең алғаш қағатын адам Білəл»). САУАЛ: Мұхаммед үмметі бəрінен бұрын (кіреді) екен. Соңынан келуінде хикмет не еді? ЖАУАП: Үлкендер келсе, əуелі кішілер келеді, содан кейін үлкендер келеді. ТАҒЫ ЖАУАП: «Мұхаммед (с.ғ.с.) үмметтері бəрінен құрметтірек. Топырақта көп жатпасын деп, бəрінен кейін жаратты. ЖАУАП: Өзге үмметтердің айыбын Мұхаммед үмметі білді, бұлардың айыбын өзге үммет білмесін деп, соңынан шығарды. Хикаяда (келеді): Бір күні Айша (Алла одан, оның əкесі жəне күйеуінен Алла разы болсын): «Йə расулуллаһи əнтə əхсəну... минни уə əнə əмлəһу минһу» («Ей, Алланың елшісі, сен əдемісің бе əлде... менен əдемірек, алайда мен одан жұмсақпын»). Яғни «Жүсіп менен əдемірек, алайда мен Жүсіптен жұмсақпын», – деді. Айша: «Бұл не деген сөз?» – деп жəне сұрады. Расул: «Лиəннəһу фитнəтун лил-’əлəмин уə əнə рахмəтун лил- ’əлəмин» («Себебі ол əлемге фитна, мен əлемге мейірім болсын деп жіберілгенбіз»). Жүсіп əлемдегілерге фитна еді, мен əлемдегілерге мейірімдімін. «Уə мəр əрсəлнəкə иллə рахмəтəн лил-’əлəмин» («Біз сені əлем халқы үшін тек қана мейірім болсын деп жібердік»). Кімдекім Жүсіпті көрсе, (оны) сүю оның көңілінде харам болатын еді, сондықтан мені көрсе... (САУАЛ): Жаратушы Алла Ибрахим пайғамбарды бізге ата
деді. Оған себеп Жаратушы Алла: «Миллəтə əбикум Ибрахим» («Аталарыңыз Ибрахимнің жолы сендерге таңдалды») деген. Жəне Мұхаммед Расулулланы ата демеді, Расул деді. Хикмет не еді? ЖАУАП: «Лəқад жəкум расулун мин əнфусикум ‘əзизун» («Ей, адамдар, сендерге өздеріңнен болған бір пайғамбар келді»). Жауап мынау: Егер Мұхаммедті сендерге ата десем, қияметте оның куəлігі сендердің ақыларыңа жүрмейтін еді. Оның куəлігінен мақұрым қалатын едіңдер. Ей, Мұхаммед, Мен сені үмметке Расул дедім, Ертең сен куəлік бер, мен қабылдайын. Сен сұра, мен берейін. Сен шапағат ет, Мен кешірейін. (Деректерде) күнəні жазатын періште күнде келеді, құлшылықты жазатын періште күнде келмес, мұсылман өлгенше басқа періште келеді дейді. Қиямет күні болған уақытта «Əмəннə биһи уə саддəқнə» («Оған сендік жəне бекіттік») Расул (ғ.с.) куəлік береді. Алайда нығметті жазатын періште əрқашан келеді, күнəға куəлік береді. Жаратушы Алладан мынадай жарлық болады: Дүниеде зина куəсі төртеу, өзге куəсі екеу еді. Жалғыз куəнің сөзін тыңдамайтын еді. Сен де жалғызсың, куəлігіңді тыңдамаймын. Менің жомарт екенімді бар ша əлемдегілер білсін. Жəне Хақ Тағала: «Қиямет күнінің сипаты ағай ын – ағайыннан, күйеу əйелінен қашады. «Йəумə йəфирру əл-мəр’у мин əхиһи уə уммиһи уə əбиһи уə сахибəтиһи уə бəниһ» («Сол күні əрбір адам бауырынан, анасынан, əкесінен, əйелінен жəне балаларынан қашады»). Егер Расулды ата десем, ол да қашатын еді. Нəпсіңізден дедім. Расул теңіз дедім. Мұхаммед сендерден, сендер одан қашпасын дедім. «Лəқад жəкум расулун мин əнфусикум ‘əзизун» («Ей, адамдар, сендерге өздеріңнен болған бір пайғамбар келді»). Ешкім де өз нəпсісінен қашпайды. Сол себепті Расул (ғ.с.) үмметпен бірге қалады. Ишарасы сол, Расул (ғ.с.) үмметпен бірге қалады. Ишарасы – Расул (ғ.с.) біздің нəпсімізден болса да, ол бізге бас болады, біз аяқ боламыз. Ей, мұсылмандар. Бас жұмақта болып, аяқ тамұқта болғанын естідіңіздер ме?! ...Расул (ғ.с.) біздің басшымыз. Əрқалай ол жұмақта болады, біз бағынышты қызметшілер бəріміз жұмақта боламыз. Қирағатта «Мин əнфусикум хəсəбəн уə нəсəбəн» («Нəсіл мен текте өздеріңнен болған») оқиды. ПАЙДА: Кəпірлер Расулға қарсы еді. «Субханаллаһи» («Алла пəк»), біз бəріміз мұсылманбыз. Жəне кəпірлер пара ағашын жонып, тəңір деп табынды. Мұндай құрметті басшыны (Мұхаммедті) пайғамбарлықта қабылдамады. «Əл-хəмду лиллəһ» («Аллаға шүкір»), біз бəріміз жеті жүз қырық жылдан бері «Мухəммəдун расулуллаһи» («Мұхамед Алланың елшісі») деп мойындап келеміз. Тəңірім, Мұхаммед Расулулланың достығын бізге дүниеде нəсіп еттің, (енді) оның шапағатына бөленуді Сен Алла нəсіп ет. «Əмин йə рабби əл-’əлəмин» («Ей, əлемдердің Жаратушысы, қабыл ал»).
РАСУЛ ИШАРАСЫМЕН АЙДЫҢ (ЕКІГЕ) БӨЛІНГЕНІ ТУРАЛЫ «Иқтирабəти əс-сə’əту уəн шəққа əл-қамəр» («Қиямет жақын келді жəне ай екіге бөлінді»). Мағынасы мынау: Жаратушы Алла: «Қиямет жақындады, ай бөлінді», – дейді. (Деректерде) бұрынғы үмметтер өз пайғамбарларынан: «Қиямет қашан болады?» – деп сұрайтын еді делінеді. (Сонда) олар: «Ақырзаман пайғамбары шықса, (сонда) қиямет болады», – деп жауап беретін. Жаратушы Алла: «Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) шықты. Ай бөлінді, қиямет жақындады», – деді. «Иқтирабəти əс-сə’əту уəн шəққа əл-қамəр» («Қиямет жақын келді жəне ай екіге бөлінді»). Бұл сүренің түсуіне мына себеп болып еді: Расул (ғ.с.) бір түні Меккеде жүр еді. Меккеліктердің түнде жүретін əдеті еді. Күндіз өте ыстық болатындықтан, барлық істерін түнде бітіретін. Сол себепті де Расул (ғ.с.) түнде жүретін. Əбу Жəһіл бір жөйтпен Расул (ғ.с.) ға жолығып қалып: «Арили əйəтəн уə иллə əлəуту расəкə» («Маған бір мұғжиза көрсет, əйтпесе басыңды аламын»). Яғни маған бір бір мұғжиза көрсет. Немесе басыңды аламын, деді. Расул (ғ.с.): «Не қалайсың?», – деді. Əбу Жəһіл: «Айды бөл, көрейін», – деді. Себебі сиқыршылық жерде əсер етеді де, көкте əсер етпейді. Расул (ғ.с.) саусағымен ишара жасап еді, ай бөлінді. Жартысы өз орнында қалды да, қалған бөлігі əрі қарай ысырылып тұрды. Абдулла ибн Масғұд: «Біз Расул (ғ.с.) мен бірге Минада едік, ай бөлініп, таудың артына барды. Тағы Абдулла ибн Омар, Абдулла ибн Аббас, Анас ибн Мəлік, Хадиқа жəне Сайр Мутғим жəне басқа да сахабалар (Алла олардан разы болсын) айдың бөлінгенін көрді», – дейді. Əбу Жəһіл: «Ей, Мұхаммед, мына ай енді қосылсын», – деді. Мұхаммед айтып еді, қайта қосылды. Əбу Жəһіл: «Бүгінге дейін жер бетіндегі сиқыршы едің, енді сиқыршылығың көкке əсер етті», – деп иман келтірмеді. (Жөйт): «Сендей сиқыршы жоқ», – деді. Алайда ол жөйт мұсылман болды. Жəне бір мұғжизасы Миғражға шығуы еді.
ПАЙҒАМБАР (С.Ғ.С.) НЫҢ МИҒРАЖ ОҚИҒАСЫ «Субхəнə əл-лəзи əсра би’əбдиһи лəйлəн мин əл-мəсжиди əл-хəрами» («Пендесі Мұхаммедті түнде құрметті мешіттен алып барған сол зат (Алла) пəк»). Мағынасы мынау: істен жəне жолдастан таза, жұбы мен ұл-қызынан таза. Ол Алла Тағала құлын, яғни Мұхаммед Расулулланы бір түнде Меккеден Бəйт ул-Мұқаддасқа алып барды. (Деректерде) Расул (с.ғ.с.) ның бір түні Уммаханидың үйінде жатыр еді дейді. Уммахани Əбді Мүтəліптің қызы еді. Мəлік ибн Сағсағтың риуаят етуінше, Расул (ғ.с.) (бұл оқиғаны былайша баяндаған): «Жатыр едім. Келетін келді. Көкірегімді жарып, жүрегімді алды. Іші иман хикметіне толы алтын ыдыс алып келді. Жүрегімді соның ішіне жарып, қайта орнына қойды. Содан кейін бір ақ түсті, қашырдан кіші, есектен үлкендеу бір пырақ алып келді. «Ей, Расулулла, пырақ осы», – деді. Көзі жеткен жерге аяғын қоятын. Мені оған мінгізді. Жебірейіл менімен бірге еді. Алғашқы қабат көкке жеткенімізде, рұқсат сұрады. «Кімсің?» – деді. Жебірейіл: «Менмін», – деді. «Қасыңда кім бар?» – деп сұрады. (Жебірейіл): «Мұхаммед Мұстафа бар», – деді. «Сені оған жіберді ме?» – деп сұрады. «Ия», – деді. Есік ашылды. Кірдік. Адам (ғ.с.) ды көрдім. «Бұл кім?» – деп сұрадым. Жебірейіл: «Адам атаң», – деді. Адамға сəлем бердім. «Жақсы ұлым, жақсы пайғамбар», – деді. Екінші қабат көкке жеттік. «Есікті ашыңдар!» – дедік. Жаңағыдай есік ашылды. Кірдім. Иса мен Яхия (ғ.с.) ды көрдім. «Мыналар кімдер?» – дегенімде, Жебірейіл (ғ.с.): «Иса мен Яхия», – деді. Оларға сəлем бердім. (Ол екеуі): «Жақсы пайғамбарсың», – деп жауап берді. Үшінші қабат көкке жеттім. Жебірейіл (ғ.с.) рұқсат сұрады. Жаңағыдай есік ашты. Кірдік. Жүсіп пайғамбарды көрдім. (Мен): «Ей, Жебірейіл, мынау кім?» – дедім. (Жебірейіл): «Жүсіп (ғ.с.) бауырың», – деді. Оған сəлем бердім, жауап берді. «Қандай сұлу пайғамбарсың», – деді. Төртінші қабат көкке жеттік. Жаңағыдай есік ашылды. Кірдік. Ыдырыс пайғамбарды көрдік. «Кім?» – деп сұрадым. Жебірейіл: «Бауырың Ыдырыс пайғамбар», – деді. Оған сəлем бердім. (Ыдырыс): «Бауырым, қандай сұлу пайғамбар», – деді. Бесінші қабат көкке жеттік. Есік ашты. Кірдік. Харун пайғамбарды көрдік. «Кім?» – дедім. Жебірейіл: «Харун пайғамбар», – деді. Алтыншы қабат көкке жеттік. Жаңағыдай есік ашты. Кірдік. Мұса пайғамбарды көрдім. Оған сəлем бердім. (Ол): «Қандай сұлу пайғамбарсың», – деді. Одан өткенімде Мұса пайғамбар жылады. «Неге жылайсың?» – деген дауыс есітілді. «Тəңірім, мына Мұхаммед
жас. Менен кейін халыққа жібердің. Бұның үмметтері менің үмметтерімнен бұрынырақ жұмаққа кіреді», – деді. Жетінші қабат көкке жеткенімізде жаңағыдай есік ашылды. Кірдік. Ибрахим пайғамбарды көрдік. «Мынау кім?» – деп сұрадым. «Атаң Ибрахим пайғамбар», – деді. Жəне Сидратул мунтаһаны көрдім. «Иннə сəмəратəһə мислу қилəли хəжрин» («Оның жемістерінің үлкендігі Хажр тайпасының құмыраларындай келетін»). Хажр деген тайпа бар. «Қиллə» – «қилалдың» көпше түрі. «Қиллə» – алпыс батпан су сиятын бір ыдыс. Соны Хажр тайпасына теңейді, яғни Сидратул мунтаһа ағаштарының жемістері сондай көлемде. Əр жапырағы пілдің құлағына тең келеді. «Оның түбіндегі төрт арық не?» – деп сұрадым. «Мына екі ішкі таза арық жұмаққа ағады, мына екі сырттағы арықтар – біреуі Ніл, екіншісі Ефрат», – деді. Содан кейін екі ыдыс алып келді. Біріншісі – арақ, екіншісінде – сүт. Маған ұсынды. Арақты алмастан, сүтті іштім. «Жақсы істедің», – деді. САУАЛ: Расул (ғ.с.) ды миғражға шығармақта қандай хикмет бар еді? ЖАУАП: Жаратушы Алла: «Біз Мұхаммедті Біздің аятымызды, құдіретімізді, жалғыздығымыздың белгілерін көрсету үшін шығардық», – деген. Жəне ЖАУАП: Қаба қаусейн мақамына жеткенімде: «Төмен қара!» деген жарлық келді. Дүние əлеміндегілер бір титтей топырақ (болып) көрінді. Арсыны, кеңістікті, жұмақты, тамұқты өзінен төменде көрді. Жəне «Ей, Мұхаммед, барлық болмысты сен үшін жараттым, сен болмағаныңда əлем болмайтын еді», – деді. «Лəу лəкə лəмə хəлəқту əл-əфлəк» («Егер сен болмағаныңда, болмысты жаратпаған болар едім»). «Ей, Мұхаммед, жаратқан нəрселерім нің бəрі сенің аяғыңның астында топырақ екенін біл». (Кейбіреулер) Жебірейіл (ғ.с.) өзінің жаратылған шынайы бейнесін екі рет көрсетті дейді. Басқа уақыттарда Уахият əл-Қалби бейнесінде болатын. Бұл Уахият Расулдың жолдасы еді. Жебірейіл Мұхаммедтен: «Мен саған келгенімде кімнің бейнесінде келейін?» – деп сұрады. Расул: «Уахият бейнесінде кел», – деді. Алайда Жебірейілді періште бейнесінде екі рет көрді. Сол көктің етегі жерге түйіскен жерде күн туатындай. Қарсы алдында жұмақтың пырағын мініп... Пырақтың бір қолы мен бір аяғы Қаптың арғы жағында, бір қолы мен бір аяғы Қаптың (бергі жағында еді). Пырақтың көкірегі Жебірейіл көкірегімен бірге. Күн нұры түскенімен, тіптен күн түспейтін. Расул (ғ.с.) Жебірейілге: «Мə зəнəнту анналлаһə тə’əлə хəлəқа хəлқан мислəкə» («Алла Тағаланың саған ұқсайтын жаратқан мақұлығы бар екен деп ойламаған екенмін»). (Яғни) «Жаратушы Алла жаратқан халықта сен секілді болмайды». Жебірейіл: «Кəйфə уə лəу раəитə Исрафилə уə қад раəиту уə фи уəжһиһи ухдудəн мин əд-дəм’и лəу əжрайтə əс-суфунə фиһə
лəнəжəутə» («Қалай? Егер сен Исрафилді көргеніңде еді... Мен оны көргенмін, оның бетінде көз жасының дария болып ағатыны соншалық, онда кеме жүзгізсең болады»). «Исрафилді көрсең керек еді. Мен барып көрдім. Көз жасының дария болып ағып жатқаны соншалық, ішінде кеме жүзсе болатындай. (Мен): «Ей, Жебірейіл, не себептен бұлай жылап отыр?» – дедім. (Жебірейіл): «Ібіліске сол жағдай түскелі бері көзіміздің жасы құрғаған емес», – деді. «Уə лəқад раəһу бил-уфуқи əл-мубин» («Расында, (пайғамбар ғ.с.) оны аспанның раушан белдеуінде көрді»). Жəне екінші рет періште бейнесінде Сидрат ул-Мұнтаһада көрді. «Уə лəқад раəһу нəзлəтəн ухра ‘индə сидрати əл-мəнтəһə» («Жəне расында оны жəне бір рет Сидрат ул-мұнтаһа қасында көрген еді»). Барлық қанаттарын жайған. (Деректерде) Жебірейілдің алты мың қанаты бар екендігі айтылады. Бəрі де зүмірредпен, інжу-гауһармен, қызыл жақұтпен безендірілген. Əлемде дəреже береді. Жебірейіл оған шапағатшы болады. Микəилді көрді. Жебірейілден мың есе күштірек. Тəспісі мынау: «Субхəнə əл-мубдиу əл-халиқ, субхəнə əл-мун’иму əл-разиқ» («Əр нəрсені бастапжаратқан зат (Алла) пəк, нығмет беріп ризық беру ші зат (Алла) пəк»). Расул (ғ.с.) ды миғражға алып бару(дағы мақсат), періштелер мен пайғамбарларды көрсету еді. «Ли нурийəкə мин əйəтинə əл-кубра» («Үлкен мұғжизаларымызды саған көрсету үшін»). Періштелерді көргенін естідік. Енді пайғамбарларды көргенін есітейік. Расул (ғ.с.) айтады: «Бəйт ул-Мұқаддасқа келгенімде пырақтан түстім. Ақса мешітіне кіріп, екі ракағат намаз оқып, сəлем бердім. «Қаблəкə мин русулинə» («Сенен бұрын өткен пайғамбарларымыздың жолдарын...») деген жарлық келді. Қарадым, пайғамбарларды көрдім. Біреу тұрып: «Əлхəмду лиллəһи əл-лəзи иттəхəзəни сəфийəн уə жə’əлəни хəлифəтəн уə лил-мəлəикəти мəсжудəн уə жə’əлə Һəууə зəужəти салихəтəн ‘əфифəн уə əбəһə лəнə əл-жəннəтə əнһəран уə қусуран уə нə’имəн уə тəрадə ‘əдууи шайтанəн ражимəн, фə ‘əлимту əннəһу Əдəму ‘əлəйһи əс-сəлəм» («Мені өзіне пенде етіп алған жəне жер бетіне халифа еткен жəне періштелерді маған сəжде жасаттырған, жəне əйелім Хауаны əдемі һəм ибалы əйел еткен, жəне біздерге жəннатты дарияларымен, сарай жəне нығметтерімен сыйлаған, жəне менің дұшпаным тасборан қылынған шайтанды жəннаттан қуып шыққан Аллаға мадақ болсын! Сонда мен оның Адам (ғ.с.) екенін білдім»), – деді. Тағы біреуі тұрып: «Əл-хəмду лиллəһи əл-лəзи иттəхəзəни нəжийəн уə дə’əуту қауми əлфə сəнəтин иллə хəмсинə əмəн лəйлəн уə нəһəран фə лəм йəзидһум ду’əи иллə фираран фə қултус тағфиру раббакум фə лəм йу’мину иллə қалилəн.... уə йəлиду иллə фəжиран кəффəран ... фə қулту рабби лə тəзəр ‘əлə əл-əрзи мин əл-кəфиринə дəйиəран фə ‘əжəбə ду’əи уə əһлəкə қауми буран фə ‘əлимту əннəһу Нухун ‘əлəйһи əс-сəлəм» («Мені жол тапқан
пендесі етіп алған Аллаға мадақ болсын! Жəне мен өз қауымымды елу жыл кем мың жыл (тоғыз жүз елу жыл) бойына күндіз-түні иман жолына шақырдым жəне менің насихатымнан олар тек қашты. Мен оларға істеген күнəларыңызды кешіруді Жаратушыларыңнан сұраңдар дедім. Сонда да олардан азғантай ғана иман келтірді... Олар имансыз һəм кəпірлерді туатын... Кейін мен: «Ей, Жаратушым, жер бетінде кəпірлердің бірде-бірін қалдырма», – дедім. Алла Тағала дұғамды қабыл алып, қауымымның бəрін опат етті. Сонда оның Нұх (ғ.с.) екенін білдім»), – деді. Яғни «Мені сырлас дос етіп жаратқан Алла Тағалаға мақтау мен мадақтаулар болсын! Алғаш аз қауымды иманға шақырдым. Қашудан басқа жол таппадым. Діндеріңді қойыңдар, күнəларыңның кешірілуін сұраңдар, Алла Тағала өте кешірімшіл дедім. Иман келтірмеді, қайта (одан бетер) азды. Лас, қажетсізден басқа тудырмайды. «Тəңірім, жер бетінде ешбір кəпір қалдырма», – дедім. Жаратушы Алла дұғамды қабылдады, қауымымды опат етті», – (деді). (Оның) Нұх пайғамбар (Алланың оған сəлемі мен салауаты болсын) екенін білдім. Жəне біреуі тұрып: «Əл-хəмду лиллəһи əл-лəзи иттəхəзəни хəлəлин уə жə’əлə əр-ражулə фи дəқиқан уə жə’əлə нəра Нəмрудə ‘əлəййə бəрдəн уə сəлəмəн уə əслəһə зəужəти кəнəт əқимəн уə бəшшəрани би Исмə’илə уə Исхəқа нəбийəн уə əһлəкə ‘əдууи Нəмрудəн фə ‘əлимту əннəһу Ибраһиму ‘əлəйһи əс-сəлəм» («Мені өзіне дос етіп алған Аллаға мадақ болсын! Мені нəзік адам етіп жаратыпты жəне Намрұт отын маған салқын һəм аман етіпті жəне менің əйелімді тумау пəлесі нен құтқарыпты жəне маған Исмайыл мен Ысқақ пайғамбар ұлдармен сүйіншілепті жəне менің дұшпаным Намрұтты опат етіпті. Сонда мен оның Ибрахим (ғ.с.) екенін білдім»), – деді. Яғни «Мені Халил деген Алла Тағалаға мадақ пен мақтаулар болсын! Қауымды мен үшін жарлыққа көндірді. Намрұт отын бостан қылды. Ұл-қыз тумас əйелімді көтертті. Исмайыл мен Ысқақ деген пайғамбарлар ұлдарынан қуаныш берді. Дұшпаным Намрұтты опат етті», – (деді). (Оның) Ибрахим пайғамбар (Алланың оған сəлемі мен салауаты болсын) екені білінді». Жəне біреу тұрды. Ұзын бойлы, айбатты. Қолына асасын алып: «Əл-хəмду лиллəһи əл-əллəзи кəллəмəни тəклимəн уə ə’тани тис’ə əитин муфəссəлəтин ‘əжибəн уə кəтəбə əл-əлуəһə муфəссəран муниран уə жəуəзə қауми мин əл-бəхри уə лə йəбтəллу қадəмуһу уə лə тинəн фəн фəжəрат мин əл-хəжəри иснəтə ‘əшəра ‘əйнəн уə əнзəллə Фир’əунə уə қаумəһу уə мə һəдə, фə ‘əлимту əннəһу Мусə ‘əлəйһи əссəлəм» («Менімен бөгетсіз сөйлескен Аллаға мадақ болсын! Маған анық ғажайып тоғыз мұғжиза беріпті жəне тақталарға раушан етіп түсіндіріп жазып қойыпты, жəне менің қауымым дариядан өтті, алайда аяқтары су, лай болған жоқ, жəне тастан он екі көз бұлақ атылып шықты, жəне оларға дəмді жемістер мен құс етін түсіріп тұрды, жəне менің дұшпаным Ферғауынды шөктірді, жəне
оның қауымын теріс жолға салды, тура жол сілтемеді. Сонда мен оның Мұса (ғ.с.) екенін білдім»). Яғни «Менімен сөйлескен Алла Тағалаға мақтау мен мадақтаулар болсын! Маған ғажайып мұғжиза берді, тақталар берді. Менің қауымымды дариядан аман-есен өткізді. Тастан он екі көз бұлақ шығарды. Жəне қауымыма жантақ шекері мен құс етін нəсіп етті. Дұшпаным Ферғауынды қауымымен суға шөктірді», – (деді). (Оның) Мұса пайғамбар (Алланың оған сəлемі мен салауаты болсын) екенін білдім». Жəне біреуі тұрып: «Əл-хəмду лиллəһи əл-лəзи ə’тани əз-Зəбура уə ‘əлəннə лийəл-хəдидə уə сəххəра лийəл-жибəлə уə əт-тайра уə ə’тани сийəсəти əл-хукми уə əл-қаза уə əһлəкə ‘əлə йəди Жəлутə фə ‘əлимту əннəһу Дəууду ‘əлəйһи əс-сəлəм» («Маған Зəбурді берген Аллаға мадақ! Маған темірді жұмсарту ілімін үйретті жəне таулар мен құстарды маған бағынышты етіп беріпті жəне маған басқару жəне үкім шығару саясатын беріпті жəне менің қолыммен Жалутты опат етіпті. Сонда оның Дəуіт (ғ.с.) екенін білдім»). Яғни «Зəбур деген кітап берген Алла Тағалаға мақтау мен мадақтаулар болсын! Темірді қолымда жұмсақ қылды. Тауларды маған бағындырды. Үкім үшін билік керемет қылды. Жалутты қолымда опат етті», – (деді). (Оның) Дəуіт (ғ.с.) екенін білдім». Жəне біреуі тұрып: «Əл-хəмду лиллəһи əл-лəзи сəххəра лийəл-жиннə уə əл-инсə уə əр-риһə уə əш-шəйтанə уə ‘əллəмəни мəнтиқа əт-тайри уə ə’тани мулкəн мин əл-мəшриқи илə əл-мəғриби фə ‘əлимту əннəһу Сулəймəну ‘əлəйһи əс-сəлəм» («Маған адам мен жынды бағындырған жəне жел мен диюларды маған мойынсұндырған, жəне маған құстар тілін үйреткен, жəне Шығыстан Батысқа дейінгі қашықтықтай маған патшалық берген Аллаға мадақ болсын! Сонда оның Сүлеймен (ғ.с.) екенін білдім»). Жəне біреу тұрды. Ұзын емес, орта бойлы. Кең көзді, ыстық судан шыққандай... «Əл-хəмду лиллəһи əл-лəзи лəм йəхлуқни мин нутфəтин қазиратин уə əхражəни бил-хужжəти мин бəтни əз-заһидəти əл- ’əбидəти уə биду’əи ‘убри əл-əкмəһə уə əл-əбрасə уə йухи əл-мəутə биизниллəһи фə ‘əлимту əннəһу ‘Исə ‘əлəйһи əс-сəлəм» («Мен ыпылас бір тамшы сұйықтықтан жаратпаған жəне мені айғақпен діндар һəм тақуа болған бір əйелдің қарнынан шығарған Аллаға мадақ! Жəне мен өзімнің дұғамның берекесінен тума соқыр мен алапесті емдеймін жəне Алланың қалауымен өлікті тірілтемін. Сонда оның Иса (ғ.с.) екенін білдім»). Бұл пайғамбарлар осы сөздерді айтқан уақытта, қайратым толып, атып тұрып: «Əл-хəмду лиллəһи əл-лəзи қарəнəс ми мə’əс миһи һинə хəлəқа əл-’əршə уə əл-курсийə уə əл... уə кəтəбəс ми ‘əлə бибилжəннəти уə ‘əлə кулли уəрақатин уə хиллəтин уə əл-хəмду лиллəһи əл-лəзи рафə’əс мифи кулли йəумин хəмсə мəрратин мин əл-хутбəти уə əл-əзəни уə əл-иқамəти уə əл-хəмду лиллəһи əл-лəзи сəммə уммəти
хəйра əл-исми уə сəтара ‘əлəйһим уйубəһум уə лəм йəғуззəһум руусə əл-муслимин уə əл-хəмду лиллəһи əл-лəзи жə’əлə əл-əрза мəсжидəн уə таһурəн əйнəмə əдракəтнийə əс-салəту тəйəммəмту уə саллəйту уə əл-хəмду лиллəһи əл-лəзи əһəллə əл-ғəнəимə уə жə’əлə əр-ризқа тəхтə румхи уə жə’əлə əз-зуллə уə əс-сағара ‘əлə мəн халəфəни уə əл-хəмду лиллəһи əл-лəзи рафə’əн нəра əн қурбəни уммəти уə əл-хəмду лиллəһи əл-лəзи ə’тани кəусəран уə мəқамəн мəхмудəн уə мин əхəдин мин əлəнбийə уə қад жə’əлə дə’уəтəһу фи əд-дунийə уə əн иддəхəрту дə’уəти шəфə’əтəн ли уммəти» («Арсы мен күрсіні жаратқаннан бері менің атымды Өз атының жанына қойған жəне менің атымды жəннат есігінің үстін əрбір параққа жəне əрбіріне жазып қойған Аллаға мадақ! Менің атымды əр күні бес рет құрметпен айтылып тұратын құтпада, намазда жəне қаматта жоғары мақамға көтерген Аллаға мадақ! Менің үмметімді жақсы атпен атаған жəне олардың айыптарын жасырған жəне бастарын төмен салбыратпаған Аллаға мадақ! Жер жүзін жəне бəрін намаз оқуға таза еткен, қай жерде намаз уақыты болса, (оқуға рұқсат берген) жəне дұшпаннан түскен олжаны халал қылған, жəне біздің ризығымызды найзаның ұшында қылған жəне қорлық пен азапты маған қарсы болғандарға берген Аллаға мадақ! Менің үмметтерімнің құрбандықтарын отпен сынап көруді жойған Аллаға мадақ! Маған Кəусар бұлағын берген жəне мақтауға лайық мақамды берген Аллаға мадақ! Бұл дүниеде үмметтерін тура жолға шақырмаған бірдебір пайғамбар жоқ. Алайда мен барша шапағатымды о дүниеде үмметтеріме сақтап қойдым»). Мағынасы мынау: «Арсы-күрсіні, перделерді жаратарда Өзінің атымен қоса менің атымды да қоса жарылқаған Алла Тағалаға мақтау мен мадақтаулар болсын! Жұмақ есігіне менің атымды жазды. Жұмақ жапырақтары мен өсімдіктеріне менің атымды жазды. Маған Құран жіберген Тəңірге мадақ пен мақтаулар болсын! Менің өткен-кеткен күнəларымды кешірген Жаратушыға мақтау мен мадақтаулар болсын! Үмметтерімді өзге үмметтерден сыйлы еткен Жаратушыға мақтау мен мадақтаулар болсын! Айыптарымды жарылқады, пайғамбарлар алдында масқараламады. Жер бетін маған мешіт етіп берген Алла Тағалаға мақтау мен мадақтаулар болсын! Топырақты маған таза қылды, қайда намаз уақыты болса, сонда таяммум жасап, намаз оқимын. Үмметтерімнің құрбандығын отқа лайық көрмеген (өртемеген) Тəңірге мақтау мен мадақтаулар болсын! Кəусарды маған берген Тəңірге мақтау мен мадақтаулар болсын!
Махмуд мақамын маған сыйға берді. Барша пайғамбарлар тілегін дүниеде сұрады, мен дүниеде сұрамадым. Ақыретте менің шапағатым үшін қалдырдым», – (деді). Расул (ғ.с.) айтады: «Мен осы мұңымды айтып жатқан уақытта пайғамбарлар бастарын изеп: «Һəзə хəтму əн-нəбийн фəзултə ‘əлəйнə» («Бұл пайғамбарлардың соңы... Сен бізден артық болдың»), (яғни) «Ей, пайғамбарлардың мөрі, осындай кереметтермен бізден артық болдың», – деп айтып жатты. Жəне: «Сəəл лиуммəтикə əл-йусра» («Үмметтерің үшін жеңілдік сұра»), (яғни) «Үмметіңе істің оңайын, жүктің жеңілін сұра», – деді. Кейбір пайғамбарларды менімен бірге көкке шығарды. Кейбірі дүние көгінде, кейбірі екінші қабат көкте (қалды). «‘Əлə һəзə» («Мұнда...») шықты. Мұса пайғамбар (ғ.с.) менімен бірге бесінші қабат көкке көтеріліп, сонда қалды. (Деректерде) Жебірейілмен көкке көтеріліп бара жатқанда оның (Жебірейілдің) көңіліне осындай керемет Мұхаммедті көкке алып шығып жатырмын деген ой келіп, Мұхаммедке Жаратушы Алланың сағынғаны туралы хабар берді. Сидрат ул-Мунтаһаға жеткен уақытта Жебірейіл тұрды. Расул (ғ.с.) Жебірейілдің қолынан ұстап, ілгері тартты. Сондай айбатты, керемет Жебірейіл Жаратушы Алланың айбатынан жаз кіргендей тынышталып: «Ей, Расулулла, «Мə мəннə иллə лəһу мəқамун мə’лумун» («Біздің əрқайсымыздың белгілі орнымыз бар»). Яғни «Біздің мақамымыз белгілі, одан əрі өтсек, от келіп бізді күйдіреді», – деді. Расул (ғ.с.): «Жебірейіл Мұхаммедті алып келуші, бұдан жоғарыға неге алып шықпайсың?» – деді де, Жебірейілді сонда қалдырып, өзі қуанып Арсыға шықты. Одан өте шықты. Жеті қабат періштелері оны көріп таң қалып: «Тəңірім, мынау кім? Мұндай жалғыз сақилықпен бара жатыр. Арсыны көзге ілмейді, күрсіге қарамайды, жұмақ, тамұқты тиынға алмайды. Бұл кім?» – деді. Жаратқан Жаратушымыздан: «Ей, менің періштелерім, менің пəк атымды естісеңдер «Лə илəһə иллаллаһу Мухəммəдун Расулуллаһи» («Алладан басқа тəңір жоқ, Мұхаммед Алланың елшісі») деп соңында аты аталатын жан», – деді. Перделерден өтіп, перделерді көрді. Жаратушы Алланың «Фə кəнə қабə қаусейни əу əднə» («Ол екі жебе қашықтығындай немесе одан да жақынырақ») деп айтқан мақамына жетті. Яғни екі жебе арасындай жерде Жаратушының кеңшілігі мен құдіретіне табысты. Одан жоғары мақам жоқ. Ешбір сүйікті патша, пайғамбар, елші жетпеген жерге жетті. Алайда Жаратушы Аллаға затымен қауышты десек күпір болады. Кімде-кім Хақ Тағаланы жоғары, төмен, асты, үсті, ілгері, артқы деп айтса, кəпір болады. «Нə’узу биллəһи мин зəлик» («Ондайдан Алла сақтасын»). САУАЛ: Жебемен салыстыруда қандай хикмет бар? ЖАУАП: Екеу дос болып, ант-су ішсе, екі жебе алып келетін арабтың əдеті бар. Əрбірінің басын – басымен, құлағын – құлағымен, мойнын – мойнымен, сыртын – сыртымен, ұшын ұшымен бірдей
ұстай ды. Осылайша екі жебенің басы, бауыры, ұстайтын жері, ұшы бірдей болып теңеседі. Біз бір-бірімізбен осылайша теңестік (сай келдік) дейді. Бір-бірімізге қайшы келмейміз, антты бұзбаймыз дейді. «Ей, Мұхаммед, Мен де сенімен бірге ант еттім. Сен Менің айтқан əмірлерімді орында, Мен де сенің сұраған тілектеріңді берейін. Сен дұға жаса, Мен қабылдайын. Сен сұра, Мен берейін. Сен шапағат ет, Мен кешірейін. Бүгін Мен сенен разымын. Ертеңгі күнəларыңды сенің шапағатыңмен кешірейін, сен де үмметттен разы бол». «Уə лə сəуфə йу’тикə раббикə фə тəрзə» («Сенің Жаратушың лезде саған сондай сыйлайды, сен разы боласың»). Содан кейін тілектері қабыл болды. «Басқа қандай тілегің бар?» деген жарлық келді. (Мұхаммед (ғ.с.): «Тəңірім, сұрарым – үммет», – деді. (Алла Тағаладан): «Жетпіс мың күнəһарды саған бердім (кешірдім)» деген жарлық келді. Расул (ғ.с.) сəждеге барды. (Алла Тағаладан): «Не қалайсың?» деген жарлық келді. (Мұхаммед (ғ.с.): «Тəңірім, үмметті сұраймын», – деді. (Алла Тағаладан): «Үштен екісін кешірдім» деген дауыс келді. Жəне сəждеге барды. (Алла Тағаладан): «Не қалайсың?» деген жарлық келді. (Мұхаммед (ғ.с.): «Тəңірім, үммет», – деді. (Алла Тағаладан): «Алтының бесеуін кешірдім. Егер бəрін кешірсем ертеңгі махшар күні халық жиылғанда сенің шапағатың мен Менің мейірімім қайда қалады?! (Сондықтан) осы бір бөлігі қалсын. Ертең сен сұра, мен берейін. Дұға жаса, Мен қабылдайын. Шапағат ет, мен кешірейін. Барша əлемдегілер сенің шапағатыңды, менің мейірімімді көрсін» деген жарлық келді. Уə лə сəуфə йу’тикə раббикə фə тəрзə» («Сенің Жаратушың лезде саған сондай сыйлайды, сен разы боласың»). (Деректерде) Мұхаммед Расул (с.ғ.с.) мақамға жеткен уақытта: «Йə, Мухəммəд, əсни ‘əлəййə» («Ей, Мұхаммед, маған сəна айт»), (яғни) «Бізге сəна айт», – деген дауыс келді дейді. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Лə ухси сəнəəн ‘əлəйкə əнтə кəмə əснəйтə ‘əлə нəфсик» («Саған сəнаны санап соңына жете алмаймын. Сен өзіңе айтқан сəнадай болсын»), (яғни) «Тəңірім, сенің сəнаңды айта алмаймын, сен Өзің сəна айтасың», – деді. (Алла): «Ей, Мұхаммед, «Əнə əфсəһу əл-’əрəби уə əл-ə’жəм» («Мен араб пен ажамның ең шешенімін») деген сен емессің бе?» – дейді. «Тəңірім, ол сөзім араб пен ажам арасында еді. Бүгін араб пен ажамды жаратқан Жаратушының құзыретінде айтатын қандай сөзім бар», – деді. «Ей, Мұхаммед, қандай болса да, шамаң келгенше сəна айт» деген жарлық келді. Расул (ғ.с.): «Əт-тəхийəту лиллəһи уəс-салауəту уəт-тəйибəту» («Аллаға сəлем, тəхият жəне жақсы сөздер болсын!»), – деп дауыстады.
«Ей, Мұхаммед, əуелі сəлем, сосын кəлəм (сөз)» деген жарлық келді. Жаратушы Алла: «Əс-сəлəму ‘əлəйкə əййуһə əн-нəбийу уə рахмəтуллаһи уə бəрəкəтуһу» («Ей, пайғамбар, саған сəлем жəне Алланың мейірімі мен берекесі болсын!»), – деп жарылқады. Расул (ғ.с.) Жаратушы Алланың сəлеміне: «Əс-сəлəму ‘əлəйнə уə ‘əлə ‘ибəдиллəһис-салихин» («Бізге жəне Алланың ізгі құлдарына сəлем болсын!»), (яғни) «Сəлем бізге жəне Жаратушы Алланың ізгі құлдарына болсын», – деп жауап берді. СҮЙІНШІ: Жаратушы Алла Расулға сəлем айтқан уақытта, Расул (ғ.с.) Жаратушы Алланың сəлеміне мен жалғыз (өзім) қалай жауап айтайын деп, барша жақсы құлдарды өзіне серік етті. «Əс-сəлəму ‘əлəйнə уə ‘əлə ‘ибəдиллəһис-салихин» («Бізге жəне Алланың ізгі құлдарына сəлем болсын!»). Періштелер Жаратушы Алланың салауатын есі тіп, Расул (ғ.с.) ның жауабын көріп, бəрі қуанып: «Əшһəду əн лə илəһə иллаллаһу уə əшһəду əннə Мухəммəдəн ‘əбдуһу уə расулуһу» («Алладан басқа тəңір жоқтығына куəлік етемін жəне Мұхаммед оның (Алланың) құлы мен елшісі екендігіне куəлік беремін»), – деді. (Деректерде) сол түні Жаратушы Алладан үметтерінің күнəсін сұраған уақытта «Раббəнə лə тузиғ қулубəнə бə’дə из һəдəйтəнə уə хəб лəнə» («Ей, Жаратушымыз, біздің жүректерімізді тура жолға салғаннан кейін қайта аздырма жəне бізге сыйла...»), – деді. Жəне: «Раббəнə лə туəхизнə ин нəсинə əу əхтəнə» («Ей, Жаратушымыз, егер ұмытсақ немесе қателессек, бізді қатты сұрақтың астына алма!»), – деді. Жəне: «Күнə төрт түрлі болады. Ұмытып істелген, қателікпен жасалған күнəні жарылқады. Қаласам, азап етер едім, алайда кешірмек жақсы деді. Кейбіреулер, «Ей, Мұхаммед, сен не қаласаң берейін», – деген дауыс келді, дейді. Сол кезде сұраған тілектері осы аятта бар дейді. «Ей, Мұхаммед, біздің барлығымызды құлдарға жеткіздің. Не деді?» деген жарлық келді дейді. «Йə рабб сəми’нə уə əтə’нə» («Ей, Жаратушы, есіттік жəне мойынсұндық»), – деді. Яғни «Есіттік, мойынсұндық», – деді. (Алладан): «Ей, Мұхаммед, оларды мойынсұнғыш дедің. Алайда мен əзелде біразын күнəһар дедім, біразын зина жасаушы, біразын арақ ішуші білдім, біразын харам жеуші, біразын бейнамаз, біразын намазға селқос қарайтын деп білдім. Алайда сен бүгін мойынсұнушы дегеніңде, мен де мойынсұнушы деп қабылдадым. Олар таза болмаса, сен тазасың. Олар күнəһар болса, сен мойынсұнғышсың. Олар тұрақсыз болса, сен берілгенсің. Құзыретімде сенің соншалықты теңдік құрметің бар. Олар қаншалықты жүз мыңдаған қателер жасаса да, сен оларды таза деп келсең, мен олардың барша қателері мен күнəларын жарылқап, тазаға шығарамын. Себебі дос досқа қарсы келмес болар. Сен Біздің жарлығымызға қарсы келмедің, Біз де сенің тілегіңе қарсы келмейміз» деген жарлық келді. (Алладан): «Ей, Мұхаммед, сен үмметіңе жарылқауды сұрап жатырсың, үмметіңді бұған дейін-ақ жарылқап қойғанмын. Жарыл-
қамасам, иман бермейтін едім, (онда) «Лə илəһə иллаллаһу Мухəммəдун расулуллаһи» («Алладан басқа тəңір жоқ, Мұхаммед Алланың елшісі») деуге қандай қажеттілік болатын еді?! Мұғтар, жөйттер, христиандар мен пұтқа табынушылар (бұл сөзді) айтпайтынын көрмейсің бе?! Үмметіңнің тілін шаһадатқа Мен келтірдім, мағрифатты мағрифатқа айғақ қылдым. Қағба олардың жолы. Оларды жарылқамасам, құрбан айы, рамазан айы, жұма мен жамағат, қажылық пен ғұмра, айт пен арафа, зекет, садақа, барат түні, қадыр түнін, «Қул һуə аллаһу əхəд» («(Ей, Мұхаммед) айт: «Ол Алла жалғыз») сүресін бермеген болар едім. Тамұқтан құтқармайтын едім. Сегіз жұмақ, хорлар мен (жұмақтағы) сарайлар, қызметшілер, өзендер мен ағаштар, бостандар мен райхандар, қуырылған құстар мен таза шарапты уəде етпеген болар едім. Ей, Мұхаммед, Менің құдіретім сені шарапатқа жеткізді. Сенің шарапатың Бізді мағрифатқа келтірмеді. Ей, Мұхаммед, үмметің не сұрайды?» деген жарлық келді. (Мұхаммед (ғ.с.): «Тəңірім, ұмытып жəне қателікпен жасаған күнəларының кешірілуін сұрайды», – деді. «Раббəнə лə туəхизнə ин нəсинə əу əхтанə» («Ей, Жаратушымыз, егер ұмытып немесе қателессек, бізді қатты сұрақтың астына алма!»). «Кешірдім, «Руфи’ə əн уммəти əл-хəтəу уə əн-нисйəну уə мəс тукриһу ‘əлəйһи» («Үмметтеріңе қателері үшін, ұмытқандары үшін жəне мəжбүр болған істері үшін күнə жазылмайды»). Адам бас иіп кешірім сұрады, «Кешірдім» деген жарлық келді. (Мұхаммед (ғ.с.): «Фə нəсийə уə лəш нəжид лəһу ‘əзмəн» («Ол ұмытты, əдейі жасаған жоқ»), (яғни) «Əдейі жасаған жоқ, ұмытып істеді», – деді. «Үмметіңнің білмей жасағанын кешірдім», – деді. «Иннəмə əттəубəту ‘əлə əл-лəзинə йə’мəдунə əс-су’ə бижəһəлəтин» («Білместен жаман іс істегендерге тəубе қажет болады»). «Ей, Мұхаммед, үмметің жəне не қалайды?» деген жарлық келді. (Мұхаммед (ғ.с.): «Тəңірім, бұрынғыларға жүктегеніңдей, бізге ауыр жүк жүктеме», – деді. «Раббəнə уə лə тəхмил ‘əлəйнə исран кəмə хəмəлтəһу ‘əлə əл-лəзинə мин қаблинə» («Ей, Жаратушымыз, бізден алдыңғы өткен үмметтерге ауыр жүк жүктегеніңдей, бізге ауыр жүктеме»). «Нəзə’у ‘əнһум исраһум» («Олардан ауыр жүктерді түсіреміз»). «Ауыр жүкті олардан алдым» деген жарлық келді. Бұрынғылардың тəубесі өлім еді, біздің тəубеміз өкініш. Бұрынғылар күнə жасаса, елдерінде, үйлерінде, есіктерінде тұратын. Намаздары өз мүліктері мен мешіттерінен тыс жерде болмайтын. Су жоқ кезде таяммум (алу) дұрыс емес еді. Əр əйелге талақ берсе, сол əйелі өлгенше, басқа əйел алу дұрыс емес болатын. Мұның бəрі Мұхаммед үмметінен алынды. «Ей, Мұхаммед, ауыр жүкті неге жүктейін?! Ораза ұстағанға оразасын ұмыттырдым, ішіп-жеп қарны тойған уақытта есіне түсірдім. (Сонда) оразасын бұзбадым, сауабын кемітпедім.
Барлық істерін оңайлаттым. Сапарда жаман су кездессе, таза не таза емес екендігін білмесе, дəреті жарайды деді. Олардың білмейтіндігін білмей істеді деп үкім еттім (кешірдім). Кешірдім, жарылқадым, таза емес суды таза деп күнəларын кештім. Жəне бастары жастыққа тиген уақытта күш-қуаттары маған сөйлейді. Тəубе ететін шамасы қалмаса, көңілдерімен тəубе жасаса, кешірдім дейін. Сенен бір ишара болса, Менен жүз мың сүйінші болады. Сенен қажеттілік болса, Менен қабылдау болады» деген жарлық келді. «Ей, Мұхаммед, сен сұрама. Дос достан сұрамайды, дос үкім етеді. Сен үкім ет, Мен берейін» деген жарлық келді. (Мұхаммед (ғ.с.): «Тəңірім, үмметім көтере алмайтындай жүк жүктеме», – деді. «Раббəнə уə тухəммилнə мə лə тақатə лəнə биһи» («Ей, Жаратушымыз, біздің төзіміміз жетпейтін нəрсені бізге жүктеме»). «Бұл да жүк пе?! Махаббаттан кейін фирақ барлық жүкті алдым, алайда фирақ жүгін ала алмаймыз» (деген жарлық келді). Фирақ дегеніміз не? «Ей, құл, есепсіз құлшылық жасадың, алайда бізге керек емессің. Көп тырыстың, алайда құзыретімізге жарамайсың» (деген жарлық келді). (Мұхаммед (ғ.с.): «Тəңірім, бəріне сабыр етеміз, алайда Қаттылыққа сабыр ете алмаймыз», – деді. «Дұғаңды қабылдадым. Қаттылықтан аман еттім, намаздарын екі ракағат қылдым. Сұрап келгеніңде елу уақыт беріп едім, бес уақыт еттім. Оны да сұрағаныңда сыйлайтын (қысқартатын) едім, келмедің» деген жарлық келді. Хабарда келеді: Расул (ғ.с.) айтады: «Күнде елу ракағат намаз жүктеді. Мұса (ғ.с.) кездесіп: «Не жүктеді?» – деді. Айттым. Мұса (ғ.с.): «Мен сенен бұрын Бəни Исраил халқымен кездестім. Үмметіңнің біреуі де бұл жүкті көтере алмайды. Барып, жеңілдеу сұра», – деді. Қайтып бардым. Сұрадым. Бес намаз қысқартты. (Мұса (ғ.с.): «Ей, Мұхаммед, қайтып жəне сұра», – деді. Бардым. Жəне сұрадым. Тағы бес намазын қысқартты. Қырық намаз қалды. Жəне келдім. Мұса пайғамбар жаңағыдай жауап берді. Жəне қайтарды. Елу намаз сұрады, бес намаз қалды. Баяғыдай жəне сұрады. «Қайта сұра», – деді. «Жаратушы Алладан қатты ұяламын», – дедім. Қайтып бармадым, бес намазды қабыл алдым», – деген болатын. «Ей, Мұхаммед, саған елу намаз парыз етіп едім, қырық бес намазды үмметтеріңнен алдым. Менің үкімім өзгермейді. Үмметтіңе елу намаз үшін елу сауап беретін еді. Сен үшін қырық бесін кештім, жүктерін жеңілдеттім. Алайда сауаптарын кемітпедім. Əрбір намазына он сауап жаздым. Бес намаз – елу сауап болды» деген жарлық келді. «Мəн жəə бил-хəсəнəти фə лəһу ‘əшру əмсəлиһə» («Кімде-кім бір жақсы іс істесе, оған он есе сауап болады»). «Ей, Мұхаммед, үмметтеріңе басқаларға жасамаған мəміле жаса-
дым. Елу намазды беске түсірдім, сауабын азайтпадым. Басқа үмметтердің зекеті екі жүз күмісте қырық еді, үмметтеріңе бес əмір еттім, сауаптарын түгел бердім. Соның ішінде бір рет қажылық парыз қылдым. Барлық күнəлары үшін бір тəубе қабыл қылдым. Болған күнəларын кешірдім» деген жəне жарлық келді. Содан кейін Мұхаммед Расулуллаһ қажеттіліктерін жиды, айтар тілектерін біріктірді, бөлек-бөлек сұрамастан бəрін жиды да, Иесіне қарап тұрып: «Тəңірім, мынаның бəрін маған сыйла. Саған зияны жоқ, оларға пайдасы бар», – деді. «Уə’фу ‘əннə» («Бізді кешір»). «Уə йə’фу ‘əни əс-сəйиəт» («Ол жаманшылықтарды кешіреді») деген дауыс келді. Жəне: «Уəғфир лəнə» («Біздің күнəларымызды кешір»), кешірсең, қайт. Ешкімге айтпа. Пердеміз жыртылмасын, сөз болмайық», – деді. «Ей, Мұхаммед, мейірім етуші емеспін, ертеден ақ мейірім иесімін. «Уə кəнə бил-мумининə рахимəн» («Алла мұсылмандарға шексіз мейірімді»). Сенің дұғаң Бізді мейірімге келтірмеді, қайта дəйім біздің мейіріміміз сені дұғаға итермеледі» деген жарлық келді. (Мұхаммед (ғ.с.): «Əнтə мəулəнə уə уəлийунə уə хəфизунə уə нəсирунə» («Сен біздің иемізсің, жақынымызсың, бізді Қорғаушысың жəне бізге жəрдем Берушісің»). «Иемізсің, елшімізсің, көмек берушімізсің», – деді. «Зəликə би əнналлаһə мəулə əл-лəзинə əмəну» («Алла Тағала мұсылмандардың ісін жеңілдететін иесі болғандықтан да бұл іс солай») деген дауыс келді. Жəне: «Фəн сурнə ‘əлə əл-қауми əл-кəфирин» («Енді бізге кəпірлердің үстінен жеңіске жетуге көмек бер»), – деді. Жəне: «Уə кəнə хəққан ‘əлəйнə нəсру əл-мумининə» («Мұсылмандарға көмектесу Біздің мойнымыздағы міндет»). Осында бір көркем СҮЙІНШІ бар: «Ей, Мұхаммед, біз үмметтеріңнің иманына куəлік бердің. «Уə əл-мумининə куллун əмəнə биллəһи» («Мұсылмандар да бəрі Аллаға иман келтірді»). Олармен дос тұтындық, дос досты мақтар болса, оларды мақтадық. Дос айыптарын жаба білер, шүкір етер болса, иман келтіргеніңе шүкіршілік қылдық. Досқа мейірім етер болса, оларға мейірім жасадық. ПАЙДА: Мұхаммед: «Фəғфир лəнə» («Бізді кешір»), (яғни) «Бізді кешір», – деді. Мұхаммедтің күнəсі жоқ екені белгілі. Дұға кезінде үмметін өзінен айырмады. Қайта оларға (үмметі үшін) кешірім сұрады. (Мұхаммед (ғ.с.): «Егер айып пен опасыздық болмаса, сенің кеңшілігіңнің арқасында олармен біргемін», – деді. «Ей, Мұхаммед, саған үммет болса, Маған құл емес пе? Сенің шапағатың Менің мейірімімнен артық емес, сенің шапағатың уақытша, Менің мейірімім мəңгілік. Сен уақытша шапағатпен бұларды жарылқамағаныңда «Əмəнə əр-расулу» («Пайғамбарға... иман келтірді») аятын жібермейтін едім. «Лиллəһи хəмду ‘əлə мə əн’əмə уə əулə уə лəһу əл-хəмду уə əс-сəну фи əл-əхирати уə əл-улə һəзиран əмран» («Бізге берген нығметтері үшін Аллаға мадақ болсын! Жəне оған о дүние
мен бұ дүниеде мадақ болсын!»). Мұхаммед сөйледі, Жаратушы есітті. Арада жақын патша (ортада жүрген адам) жоқ еді. «Фə əухə илə ‘əбдиһи мəəухə» («Алла пендесіне уахи етіп түсіретінін түсірді»). Сол түні жеті қабат көкті, жеті жерді, жұмақ пен тамұқты, дүниені, кəунəинді Мұхаммедке көрсетті. Көзінің ұшымен де қарамады. «Мə зəғал бəсару уə мə таға» («Назар салмады да, шектен аспады»). (Деректерде) Мұхаммед Расулулла осындай ізет-құрмет, кереметпен қайтпақшы болған уақытта: «Ей, Мұхаммед, дос досқа қонақ болса, тарту-таралғы беретін ел ішінде дəстүр бар. Бүгін біздің құзыретімізде қонақ болдың, үмметіңе (бір сыйлық) ала кет» деген жарлық болды делінеді. (Мұхаммед (ғ.с.): «Тəңірім, қандай сыйлық алып кетейін?», – деді. (Алла Тағала): «Сен Біздің құзыретімізде «Əт-тəхийəту лиллəһи уə əс-салəуəту уə əт-тайибəту» («Аллаға сəлем, тəхият, салауат жəне жақсы сөздер болсын!»), – деп сəна айттың. Сол кезде Мен саған: «Əс-сəлəму ‘əлəйкə əйиуһə əн-нəбийу уə рахмəтуллаһи уə бəракəтуһу» («(Ей, Пайғамбар) саған сəлем жəне Алланың мейірімі мен берекесі болсын!»), – деп сəлем айттым. Жəне Менің сəлеміме «Əс-сəлəму ‘əлəйнə уə ‘əлə ‘ибəдиллəһи əс-салихин» («Сəлем бізге жəне Алланың пенделеріне болсын»), – деп жауап бердің. Періштелер оны есітіп: «Əшһəду əн лə илəһə иллаллаһу уə əшһəду əннə Мухəммəдəн ‘əбдуһу уə расулуһу» («Алладан басқа тəңір жоқ екеніне куəлік етемін жəне Мұхаммед оның (Алланың) құлы һəм елшісі екендігіне куəлік беремін»), – деді. Осы сөздерді жиып, үмметіңе алып бар. Екі ракағат намаз оқып бола бергенде, намаздың соңында осы сөздерді айтсын (оқысын). «Уə нəхну нусəббиху бихəмдикə уə нуқаддису лəк» («Біз Сені мақтап пəктейміз жəне қасиеттілікті Саған лайықты көреміз»). Жеті қабат көктің періштелері құлшылық етіп сауап алатын болса, екі ракағат намаз оқып, соңында осы сөздерді оқығандарға сонша сауап бере мін», – деп жарылқады. Мұхаммед Расулулла қайтып Арсыға келген уақытта жоғарғы əлем періштелері: «Мына Мұхаммед Жаратушы Аллаға сүйікті құл. Қияметке дейін ешкім келмейтін бұл мақамға шықты. Біз қарсы алдынан шығып сəлем берейік, құтты дидарын көрейік, құтты сөзін есітейік. Қияметке дейін періштелер арасында бізге мақтаныш сезімі болсын», – деп, жолын тосып тұрды. Мұхаммед Расулулла қайтып келді. Қарсы алдынан шығып, сəлем беріп: «Ей, Расулулла, бізге үгітнасихат бер, сенің кеңесіңмен басқа періштелердің алдында біздің беделіміз жоғары болсын», – деді. Расул (ғ.с.) басын төмен ұстап, ойланып тұрды да, қайта көтеріп: «Ешқашан мына құзыретте бұдан кейін «Уə нəхну нусəббиху бихəмдикə уə нуқаддису лəк» («Біз Сені мақтап пəктейміз жəне қасиеттілікті Саған лайықты көреміз») деп өкінбеңдер», – деді. Періштелер басын көтеріп, ұялып қайтып кетті. «Мұхаммед жұмаққа кірсін, достарының бостанын тамашаласын» деген жарлық болды дейді. Кірді. Сегіз жұмақты көрді.
Мұсылман құлдардың орнын көрді. Ыдырыс пайғамбар қарсы шығып, Мұхаммед Расулуллаға сəлем берді. «Сəлем саған, ей, Ыдырыс», – деп сəлеміне жауап берді. (Ыдырыс (ғ.с.): «Ей, Расулулла, мұнда бəрі бар, тек сенің үмметің болсам деген арманым бар», – деді. Расул (ғ.с.): «Ей, Ыдырыс, осы мақамға жете отырып маған үммет болуды неге армандап отырсың?» – деді. (Ыдырыс (ғ.с): «Ей, Расулулла, жұмақ ішінде қандай көркем орынды көрсем, осы орын менікі болса екен деп армандаймын». (Сонда): «Ей, Ыдырыс, бұл бостан Мұхаммед үмметінікі» деген жарлық келеді. Жəне мына көркем сарайлар менікі болса екен деп армандаймын. Жəне: «Ей, Ыдырыс, бұл сарайлар Мұхаммедтікі» деген жарлық келеді. Жəне одан өтемін. Əдемі, сұлу (бұл сипаттағаннан да артық) хор қыздарын көремін. Мына хорлар менікі болса екен деп ойлаймын. (Сонда): «Ей, Ыдырыс, бұл хорлар Мұхаммед үмметі үшін жаратылған» деген жарлық келеді. «Тəңірім, бұл Мұхаммед үмметі мына құлшылықпен осындай сауаптарды табады», – деймін. «Ей, Ыдырыс, Мұхаммед үмметтері «Ықылас» сүресін оқиды. Əр жеті күнде жұма намазын оқиды, осы дəрежеге лайық болады» деген дауыс келеді. Жұмақтан қайтып шықпақшы болғанымда бір бөлек хорлар сарайлар арасынан басын шығарып: «Ей, Расулулла, мына мақамға құтты қадамың тиді. Қиямет болғанша қайта келмейсің. Бізді үмметтеріңнің біреуімен некелеп бар», – деді. Расул (ғ.с.): «Сендерді менің азаншым Білəлмен некеледім», – деді. (Олар): «Ей, Расулулла, үмметтеріңнің арасында қаншама ақ нəсілділер бола тұра, (неге) бізді қара Білəлмен некеледің?» – деді. Расул басын төмен салбыратты да, жəне жоғары көтеріп: «Сендер осылай деп жатырсыңдар, мен барып Білəлға айтып көрейін, сендерді қалар ма екен?» – деді. ПАЙДА: (Деректерде) Жаратушы Алла жұмақ хорларын жаратқалы бері (олар) өздерін əлі күнге сəндеп келеді дейді. Қиямет күні болғанда сəнденуі аяқталады дейді. Алайда (жүздерінде) меңдері болмаған үшін сұлулықтарына бір нəрсе жетпей тұрғандай болады дейді. Қиямет күні болғанда Білəл хабашидың қаралығын барша жұмақ хорларына нүктенүкте (қал ретінде) етіп үлестіріп береді. Əрбіріне бір меңнен тиеді. Сонымен сұлулықтары (шегіне) жетеді. ...Содан кейін Жебірейілге: «Мұхаммедті достар бостанына кіргіздік, достар орнын көрді. Енді дұшпандар зынданына кіргіз, оны да көрсін» деген жарлық болды. Келді. Періште бастады, тамұққа кірді. Əр тамұқтың кілтін періште алып келді, азаптарын көрді. Əр түрлі күнəні əрқилы қинайды екен. Бір есікке жетті, кілті жоқ еді. (Мұхаммед (ғ.с.): «Ей, періште, мына есікті аш!» – деді. Періште: «Бұл есіктің кілті менде жоқ», – деді.
Расул (ғ.с.): «Кілті қайда?» – деді. (Періште): «Бұл есіктің кілті сенің құтты саусағың. Ишара жаса, ашылсын», – деді. Расул (ғ.с.) ишара жасап еді, есік ашылды. Бір ер адам мен бір əйелді қинап жатыр, (олардың) көздерінен жас сорғалауда. (Мұхаммед (ғ.с.): «Сен кімсің, мұндай жағдайға қалай душар болдың?» – деді. «Ей, Мұхаммед, мен сенің əкең Абдулламын», – деді. (Мұхаммед (ғ.с.): «Сен кімсің?» – деп əйелден сұрады. (Əйел): «Мен сені тоғыз ай ішімде көтерген Əминамын», – деді. Екеуі жылап: «Бізге шапағат ет», – деп жалына бастады. Расул (ғ.с.) оларға жаны ашып, (кешірім) сұрамақшы болды. (Сол кезде): «Ей, Мұхаммед, ешқашан да тамұқтағылар үшін еш нəрсе сұрама» деген жарлық келді. «Уə лə тус’əлу əн əсхəби əл-жəхим» («Сен дозақтағыларға жауапты емессің»). (Мұхаммед (ғ.с.): «Тəңірім, атам мен анам», – деді. «Ата-ананы сұрамақшы болсаң, берейік, алайда үмметті сұраушы болма. Үмметіңді Біз білейік. Үмметті сұрасаң, ата-анаңды сұра ма» деген жарлық келді. (Мұхаммед (ғ.с.): «Тəңірім, бұл екеуі кəпір. Сені Бір деген жүз мың жəне одан да көп мұсылмандарды тамұқта қалай көрейін. Маған үммет керек, ата-анадан кештім», – деді. (Деректерде) Расул (ғ.с.) былай деген еді делінеді: «Əкем Абдулла мен анам Əмина бізге шапағат етеді деп үміттенетін еді. Жүз бұрып, қайтқанымда: «Аһ, мына айырылмақ», – деп айтты. Расул (ғ.с.) қайғырды. «Йə Мухəммəд лəу əнни хəкəмту ‘əлə нəфси əн лə əғфира лимушрикин мəтə ‘əлə куфриһи лə шəфə’тукə ‘əлə əл-кəфиринə уə лəəнжəйтуһум лиəжликə уə лəкин ушəффи’укə фи уммəтикə хəттə тəрза» («Ей, Мұхаммед, егер Мен өзіме кəпірлікте өлген мүшріктің күнəсін ешқашан кешпеймін деп сөз бермегенімде, сені кəпірлерге де шапағатшы етер едім жəне сен барша кəпірлерді тамұқтан құтқаратын едің. Алайда сені тек үмметіңе шапағатшы еттім, сені разы болсын дедім») деген дауыс келді. Мағынасы мынау: Ей, Мұхаммед, мен кəпірлікпен барған мүшрікті жарылқамаймын деп үкім бекіттім. Немесе сені кəпірлерге шапағат етуші қылатын едім, баршаны сен үшін құтқаратын едім, алайда үмметіңе шапағат бердім. Сен разы болмайынша кешіремін. Сол кезде Расул (ғ.с.): «Маған осы керек», – деді. Расул (ғ.с.) айтады: Одан кейін қайттым. Батыс жақа Жабилқаға бардым. Ол он екі мың дарбазасы бар қала. Əрбір дарбазада он екі мың күзетші бар. Бір түн ішінде өлгенше оларға кезек тимейді. Бір дарбазадан екінші бір дарбазаға бір иғаштық жер. Оларды Исламға үгіттедім, мұсылман болды. Осылайша Шығыстағы Чабилсаға бардым. Йəжуж-Мəжужге жақын еді. Исламды айттым, мұсылман болмады. Жəне Шын аймағына Қытай қалаларына бардым. «Уə мин қауми Мусə уммəтун йəһдунə бил-хəққи уə биһи йə’дилун» («Мұса
қауымынан бір тайпа бар еді, олар адамдарды Хақ жолға бастап, ақиқатпен үкім ететін еді»). Олар күшті еді. Мұсадан кейін ұятсыз істер шығарды. Халық сол себепті қайғылы еді. Жаратушы Алла оларға жер астынан жол берді, соған кірді. Олар тоғыз тайпа еді. Жерге кірді. Нұрдан жарық еді, соның жарығымен баратын. Ішіп-жейтіндері алдына қойылған, (содан) жейтін еді. Толық екі ай (кейбіреулер тоғыз ай дейді) жер астында жүрді. Содан кейін сол жерде жылан, шаян көп болды. Расул (ғ.с.) оларға жетті, Исламды айтты. «Біз сізден бұрын иман келтірдік, мұсылманбыз», – деді. Шариғат шарттарын оларға айтып берді. Онда көптеген ғажайыптар көрді. Балалары жылан, шаянмен ойнайтын. (Кейбіреулер) патшалары, сұлтандары жоқ еді дейді. Расул (ғ.с.) сұрап еді, (олар): «Біз бір-бірімізге күш қолданбаймыз, зұлымдық жасамаймыз. (Сондықтан да) бізге төреші керек емес», – деді. Үйлерінің үсті (шатыры) бір-бірінен үлкен емес, бəрі бірдей екенін көрді. Расул (ғ.с.) сұрап еді, (олар): «Жаз күндері шатырда жатамыз, түн самалы баршаға бірдей соқсын деп артық, кем жасамаймыз», – деді. Елінде таразы жоқ екенін көрді. Расул (ғ.с.) сұрап еді, (олар): «Бір бір-бірімізге ынсап етеміз, артық алмаймыз, кем бермейміз. Қанша сұраса, сонша береміз. Таразы керек емес», – деді. Жəне мешіттерінің үйлерінен алыс, қабірстанға жақын екенін көрді. Оны да сұрап еді, (олар): «Сауабы көп болсын деп мешіттерді алысқа салдық. Əр уақыт шыққанымызда өліктерді көріп ғибрат алайық деп қабірстанның жанына салдық», – деді. Жəне баршаның сарайында астық өнімдері сақталғанын көрді. Қой-қозылары тауда жайылып жүр. Қойшылары жоқ. Оны да сұрады, (олар): «Астық, егінді баршаның сарайына жиямыз. Керегінше алып жейміз. Ет, май керек болса, барып қой-қозыны алып келіп жейміз, бір-бірінен артық жасамаймыз, келісіп жейміз», – деді. Қызы бар адам ұлы бар адамға баратынын көрді. «Менің қызым бойжетті, ұлыңды бер», – дейді екен. Жаратушы Алла олардың айналасына ағар құмнан өзен күндіз-түні ағызады екен. Жылына бір рет тоқтайды екен. Кімнің көңілі қаласа, түсіп, кімнің көңілі қаласа, шығады. Содан кейін олар: «Ей, Расулулла, біз шариғаттың барша үкімдерін бітіріппіз. Алайда Қағба өте алыс. Қажылыққа барғанша ер қартаяды жəне қайтып келем дегенше өмірі жетпейді. Осы қажылық парызы мойнымызда қалатын болды, не істейміз?» – деді. Расул (ғ.с.) олар үшін дұға жасады. Жаратушы Алла қабылдады. Қажылық күндері болғанда жерді басқаратын періштеге жарлық болады. Жердің тамырын тартады, жолдары қысқарады. Сол өмірде келіп қажылық өтейді жəне қайтып кетеді. Хикаяда келеді: Бір жылы қажылыққа бір керуен келді, бəрі қарт кісілер. «Сендердің жастарыңа да парыз емес пе, тек қарттар келіпсіңдер?» – деп сұрады. (Олар): «Біз қаламыздан шыққанымызда бəріміз де жас едік. Қартайғанша жүрдік, енді жеттік. Үйімізге жетеміз бе, жетпейміз бе – білмейміз», – деді.
(Деректерде) Расул (ғ.с.) сол түні-ақ ол жерден қайтты. Əпкесі Уммаханидың үйіне келді. Миғраж хабарын айтып берді. Орны əлі ыстық еді. «Субхəнə əл-лəзи əсра би’əбдиһи лəйлəн мин əл-мəсжиди əл-хəрами» («Түндердің бірінде өз пендесін қасиетті мешіттен алып барған Алла пəк»). МƏСЕЛЕ: Кімде-кім Расул (ғ.с.) ның Миғражына, Меккеден Бəйт ул-Мұқаддасқа бір түнде барғанын мойындамаса, кəпір болады. Жəне Бəйт ул-Мұқаддастан қаб қаусейнге барғанын мойындамаса, «мубтади’» (күпір) жолсыз, яғни ауадар болады. Айша Сиддиқа (Алла одан разы болсын) риуаят етеді: Мұстафа (ғ.с.) Миғраждан қайтып келіп, Ақса мешітіне барғанын халыққа айтып бергенінде, біразы рас деп, біразы ол сөзге сенбеді. Фитна туды. Мүшіріктердің біразы Əбу Бəкірге барып: «Мына сенің жолдасың бір түнде Бəйт ул-Мұқаддасқа бардым жəне қайтып келдім деп жатыр», – деді. Əбу Бəкір: «Солай деді ме?» – деді. (Олар): «Ия», – деді. Əбу Бəкір: «Шын айтып жатыр», – деді. (Олар) жəне: «Бір түнде Бəйт ул-Мұқаддасқа бардым жəне қайтып келдім. Жəне Шам шаһарына таң атпастан бардым жəне қайтып келдім деген сөзге сенесіз бе?» – деді. Əбу Бəкір (Алла одан разы болсын): «Одан биік, алыс жеті қабат көктен дейді. Ол туралы хабар берді, сенемін», – деді. Айша (Алла одан разы болсын): «Əкем Сыддық аталды (Алла одан разы болсын)», – деді. ПАЙДА: Расул (ғ.с.) бір түнде Меккеден Ақса мешітіне барғаны рас. Барлық (əһлі) суннəт уə жамағат иелері қолдайды. Алайда бидғат иелері қабылдамайды. Миғраждың дұрыстығын сахаба үлкендерінің бəрі дұрыс баяндайды. Олардан əуелі Əбу Бəкір Сыддық, Омар Фаруқ, Оспан Зиннурейн, Əли əл-Мұртаза, Абдулла ибн Аббас, Абдулла ибн Масғұд, Анас ибн Мəлік, Əбу Хурайра, Əбу Сағид əл-Хидри, Мəлік ибн Сағсағ, Имран ибн Хусейн, Абдулла ибн Омар, Əбу Салама, Хадиқа əл-Ямани, Абдулла ибн əл-Зубайр, Əбу Айюб ибн Ансари, Жабир ибн Абдулла, Аббас ибн Əбді Мүтəліп, Абдулла ибн Ауфағ, Əбу Муслими Рағи, Умми Кулсум бинт Расулулла, Білəл Хабаши, Əбу Амама əл-Баһили, Усама ибн Зəйд, Ас ибн Əбдірахман, Айс ибн Əбу Дарда, Уммахани бинт Əбу Тəліп, Айша, Əбу Зар Ғаффари, Білəл ибн Сағд, Əбу Дажжанату əл-Ансари жəне Убай ибн Кағб (Алла олардың бəрінен разы болсын). Бəрі Миғраж оқиғасын риуаят етті, дұрыс. Жаратушы Алланың құдіретіне түк те емес. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) осы кереметтерге ие еді. Басқа пайғамбарларда жоқ болатын. Мұндай хабар пайда болса, оны қабылдау бізге уəжіп. Алайда ғұламалар (Алланың оларға мейірімі болсын) арасында Миғражға қалай барғаны туралы екі түрлі көзқарас бар. Біріншісі, Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) Миғражға тəнімен
де, жанымен де барды дейді. Мұны айтқандар Əбу Салама, Əбу Хурайра, Хузайф ибн əл-Яман (Алла олардан разы болсын). (Олар): «Бəйт ул-Мұқаддасқа кірді, пайғамбарлармен намаз оқыды. Содан кейін көкке көтерілді. Жəне Қағбаға келді. Бамдат намазын Меккеде оқыды», – дейді. Алайда жалғыз Хадиша (Алла одан разы болсын): «Бəйт ул-Мұқаддасқа кірмеді, намазын оқымады. Пыраққа мінбеді, көкке шықты. Сол түні Меккеге келді», – дейді. Екінші пікірдегілер жанымен (рухымен) шықты, алайда денесі көтерілмеді дейді. Бұл пікірді Айша (Алла одан разы болсын) ұсынады. Алайда Мекке мүшіріктері (Алланың оларға лағынеті болсын) өтірік дейді. Кейбір ғұламалар (Олардың бəріне Алланың мейірімі болсын) осы дұрыс айтылған екі риуаятты жинау абзал болады деді. Миғраж екі түрде болды. Біреуі ұйқыды, біреуі ояу кезінде. Тағы бір риуаятта келеді: Расул (ғ.с.) ның сөзін жалғанға шығарды. «Нелер көрдің?» – деді. Расул (ғ.с.) бір-бірлеп айтып берді. «Бір үлкен табақ көрдім, іші толған су, аузы (қақпағы) жабулы. Соны алып, аузын ашып, судан іштім. Баяғыдай жауып қойдым», – деді. Жəне: «Шам жолында жүгі бар түйелер көрдім, пəлен күні жетіп келеді», – деді. Солай болды. Осы айтылған дəлелдерден Миғраждың жанымен де, тəнімен де болғандығы белгілі болады. Алайда бидғат пен хауадарлар Миғражды мойындамады жəне өз араларында пікір қайшылығы болды. Ғабланилар Миғраж тіптен болмаған деді. Кағбилар мен бухарилар ұйқыда еді деді. Бабилилар Бəйт ул-Мұқаддасқа дейін еді, одан арғысы жоқ еді дейді. Хашауилар Миғраж болды, сол түні əлем халқы үш жүз жыл ұйықтап қалды. Сол түннің ұзақтығы сонша еді дейді. Ибахатилар Миғраж Мұхаммедтің көңілінде еді дейді. Алайда шынайы мұсылмандар, (əһлі) сүннəт уəл-жамағат иелері Миғраж Хақ (рас) деді. Меккеден Бəйт ул-Мұқаддасқа, Бəйт улМұқаддастан көкке, көктен жоғарғы уфуққа, жоғарғы уфуқтан Сидрат ул-Мұнтаһаға, Сидрат ул-Мұнтаһадан қаб қаусейнға (шейін). Қаб қаусейн ояу кезінде жан сырымен түн ішінде жəне алып келді. Тағы (жатқан) орны суымаған болатын. Бұл істер (ді істеу) Алла Тағалаға түкте емес. Миғраждың растығы шындықтан бұрынырақ. Оның дəлелі мынау: Мұхаммед бір түнде Бəйт ул-Мұқаддасқа барды, жəне одан көкке шықты ма, шықпады ма деп екіұшты ойда қалсаң, (мұнда) қара. Жаратушы Алла: «Субхəнə əл-лəзи əсра би’əбдиһи лəйлəн мин əл-мəсжиди əл-хəрами» («Түндердің бірінде өз пендесін қасиетті мешіттен алып барған Алла пəк») деген болатын. Дұрыс. Ол Алла Тағала өз құлы Мұхаммедті бір түнде алып барды. Жаратушы Алланың осы құдіреті бар ма, сұра. Жоқ десе, кəпір болады, құдіреті бар десе, сунни болады. Екінші дəлелі мынау: Ібіліс истидраж жолымен бір сағатта Шығыстан Батысқа дейін баруы мүмкін. Керемет иесі Мұхаммед Расулулланың бір түнде жерден көкке шығуы қалай мүмкін болмасын.
Үшінші дəлелі мынау: Сүлеймен пайғамбарға (Алланың оған салауаты мен сəлемі болсын) желге мініп, бір айлық жерге бір күнде барып жəне қайта келу дұрыс болды. Мұхаммед Мұстафаның истифа мініп, ижтиба Пырағымен аттанып, бір түнде қаба қаусейн мақамына шығуы жəне қайта келуі қалайша дұрыс болмасын. Бұдан да таңданарлығы мынау: Сиқыршылардың бір түнде тұрған жерлерінен Дамауанд тауына жəне Харут пен Марутқа барып, сиқыршылық үйреніп келетіні барша ақыл иелерінің алдында (талас тудырмайтыны) белгілі. Барған сиқыршы мұны ит немесе құмыра, немесе мысық ілінген дию жолбасшысы Ібіліс бір түнде сонша иғаштық жерге барып, қайта келеді. Миғраж түні пырақ мінген Мұхаммед Мұстафа, жолбасшысы Жебірейіл, көмекшісі Микəйіл бір түнде барып келсе, қандай ғажап! (Кейбіреулер) кімде-кім Мұхаммедтің көтерілгеніне қарсы болса, Жебірейілдің алып барғанына қарсы болғаны. Кімнің сенімі осы болса, (ол) кəпір дейді. САУАЛ: Мұхаммедті Миғражға шығарудағы хикмет не еді? Түнде алып барды, күндіз алып бармады. Хикмет не? ЖАУАП: Күндіз алып барғанда барша халық көретін еді. Лайықтыдан мұнафық, сыддықтан жалғаншы белгілі болсын деп, түнде алып барды. Жəне дос – доспен, ғашық – мағшұқпен, сүйікті сүйіктісімен түнде қауышады. (Кейбіреулер) періштелер көк айды көп көретін еді, жер айын да көрсін деп, Мұхаммедті түнде алып барды дейді. (Деректерде) Жебірейіл «Аят ул-күрсіні» алып келгенде жетпіс мың періште келді деп айтылады. Жебірейіл: «Ей, Расулулла, сенің үмметтерің бір рет «Аят ул-күрсіні» оқыса, Жаратушы Алла оған күрсінің үлкендігіндей сауап береді», – деді. Расул (ғ.с.) осы күрсіні көрсем, «Аят ул-күрсінің» сауабын білсем деп сұрады. Миғражға шығарды. Бір кесек зүмірредтен үлкендігі сонша, оның қарсысында жеті қабат көк пен жер шөл даладағы халық секілді. Айналасында «Аят ул-күрсі» жазылған, оңында он мың күрсі, алдында он мың күрсі, артында он мың күрсі. Əрбір күрсіде он мың періште тұрып «Аят ул-күрсіні» оқып жатыр. Барлық сауабын Мұхаммедтің үмметіне бағыштап жатыр. Тағы бір дерек мынадай: Хадиша (Алла одан разы болсын) дүниеден өткен уақытта араб кəпірлері Расул (ғ.с.) ға жауыздық жасай бастады. Əбу Тəліп тірі кезінде кəпірлерді өшіретін еді. Əбу Тəліп дүниеден өткеннен кейін Əбу Жəһіл, Атаба, Шайба жəне басқа да кəпірлер мазалай бастады. Қиналғаны соншалық, жақтас таба алмады. Жасырынатын жер таппады. Ақшам уақытында немере əпкесі Уммаханидың үйіне келіп, есік қақты. Уммахани қарсы шығып, құрметтеді. Үйге кіргізді, тамақ берді. Расул (ғ.с.): «Ей, немере əпке, тамақ жейтін шамам жоқ. Кəпірлердің азабынан қиналып кеттім. Үйді босатып берсеңіз, осы түні барлық арманым мен мұңымды Патшаның
құзыретіне (Аллаға) шағайын», – деді. Уммахани үйді босатты. Расул (ғ.с.) намазға тұрды. Уммахани: «Үйім бос, Мекке толған дұшпан. Мұхаммедке қастандық қылу керек емес. Осы түні жанымды пида етейін», – деп, өлердей қолына қылыш алып, үйдің айналасында Мұхаммедті күзете бастады. Ұйқыны билейтін періштеге: «Əлем халқын ұйықтат» деген жарлық болды. Баршаны ұйықтатты. Уммахани қылышын ұстаған қалпы түрегеп басын тамға сүйеп ұйқыға кетті. «Ей, Жебірейіл, осы түні Мұхаммедтің жақтасы қалмады, жалғыз. Барып, оны жақын мақамына алып кел. Құтты қадамы Арсыға тисін. Сырын тыңдайын, сұрағанын берейін, қажетін өтейін» деген жарлық келді. Жебірейіл жетпіс мың періштемен келді. Тəж бен пырақ алып келді. Мың құрметтеп көкке шығарды. Уммахани оянды. «Лə хəулə уə лə қууəтə иллə биллəһи əл-’əлийу əл-’əзим» («Төзім мен күш-қуат тек қана ең ұлы, барлық нəрсені білуші Алланың жəрдемімен болады») сөзін айтып есікке келді. Тыңдады, дауыс естімеді. Расул (ғ.с.) ды іздеді, таппады. Сыртқа шығып айқайлап еді: «Ей, əйел, айқайлама, өзіңді əуреге салма, сен іздеп жүрген жан Сидрат ул-Мұнтаһадан өтті» деген дауыс естіді «Субхəнə əл-лəзи əсра би’əбдиһи лəйлəн мин əл-мəсжиди əл-хəрами» («Түндердің бірінде өз пендесін қасиетті мешіттен алып барған Алла пəк»). Миғраждың хикметі осы еді. Ертесіне дос-дұшпанға хабар жетті. (Деректерде) Расул (ғ.с.) Фатиманың бөлмесіне кірді делінеді. Миғраж оқиғасын айтып берді. Фатима (Алла одан разы болсын) қуанды. Расул (ғ.с.) бөлмеден шығатын кезде, Фатиманың Физза деген күңі бар еді. Расулдың етегін ұстап: «Ей, Расулулла, Миғраж оқиғасын Фатимаға айтып бердіңіз. Үмметтерге сүйіншіледіңіз, сауабын айттыңыз. Мендей əлсіз құлдың құлы, күңнің күңі болғандарға Құзыреттен қандай жағымды хабар алып келдің?» – деді. Расул (ғ.с.): «Құлағыңды менде ұста», – деді. Физза құлағын тосты. (Мұхаммед (ғ.с.): «Жаратушы Алла: «Утлубу əл-’иллəтə кəй əғфира əззиллəтə» («Тыйымдарды кешіргенше əр нəрсенің себебін сұраңдар»). Ей, Мұхаммед, құлдарымды жарылқауға ақы сұрамаймын, себеп сұраймын», – деген деді. ЖАРАТУШЫНЫҢ МІНАЖАТЫ: Кім келді, қабылдамадың. Кім сұрады, бермедің. Кім жалынды, орындамадың. Келгенін қабылдадың, сұрағанын бердің, жалынғанды жарылқадың. Сол құдіретпен біз күнəлі, айыпты күнəһарларды Мұстафа берекесінің арқасында жарылқап, тамұқтан құтқарып, сегіз жұмаққа жеткізіп, өз дидарыңды көруді өз кеңшілік жомарттығыңмен нəсіп айла. «Йə илəһə əл-’əлəмин бихəққи Мухəммəдин уə əлиһи əжмə’ин» («Ей, əлемдердің Жаратушысы, Мұхаммедтің құрметі жəне оның əһлі бəйітінің құрметі»).
РАСУЛ (Ғ.С.) НЫҢ МЕККЕДЕН МЕДИНЕГЕ ҺИЖРЕТ ЕТКЕНІ ТУРАЛЫ Əбу Тəліп дүниеден өткеннен кейін Əбу Жəһіл ибн Хишам, Əбу əнНəжзи ибн Хишам жəне Əмр ибн Хишам (Оларға Алланың лағынеті болсын) халықтан жасырынып, бір сарайға жиналды. Мұхаммед (ғ.с.) ісі туралы сөйлесті. Ібіліс (Оған Алланың лағынеті болсын) олардың үстіне бір кемпір бейнесінде кіріп келді. (Олар): «Бізден рұқсатсыз кіріп келетін мынау кім өзі?» – деді. (Ібіліс): «Мен бір кемпірмін... Неждтен келдім. Сауап жұмыс керек болса, менде бар. Малым, адамдарым жəне көп ұлдарым бар», – деді. Бұл сөзге қуанып, кеңеске қатысты. Əбу əн-Нəжзи: «Менің ақылым мынау: оны (Мұхаммед (ғ.с.) ды) ұстап алайық та, бұзық түйеге артып, айдалаға тастайық. Өзі-ақ өлсін», – деді. Əбу Жəһіл: «Менің ұсынысым мынау: əр тайпадан бір ер адам шығып, бір түні барып, Мұхаммедті қылыштап өлтірейік. Біреу үшін бəрін өлтірмейді. Құнын сұраса, бəрін мен берейін. (Тіпті) екі, үш есе төлейін», – деді. Ібіліс: «Ей, Əбулхəкəм, сенің ұсынысың бəрінен артық. Егер жүз есе құнын сұраса, тоқсан тоғызын мен төлейін. Бір құнын сендер төлейтін шығарсыңдар?» – деді. Бұл сөзге (бəрі) тоқтады. Жаратушы Алла Жебірейілді Мұхаммед Мұстафаға жіберіп, олардың (жасырын) кеңесі туралы хабар берді. Расул (ғ.с.) тұрып, Əбу Бəкірдің сарайына (үйіне) барды. Күн сəске болатын. Əбу Бəкір (Алла одан разы болсын) осы жұмыс үшін түйелер дайындап еді, сөйлесіп қайтты. Кешке қарай Əбу Жəһіл жолдастары Ібіліспен бірге басқаларға қарап тұрды. Жаратушы Алла оларды ұйқыға батырды. Бəрі ұйықтады, Ібілісті де ұйқы басты. Расул (ғ.с.) əрқайсысының басына бір уыс топырақ шашты. Лағынет атқырдың (Ібілістің) басына да шашты. Кетіп бара жатып, Əлиді (Алла одан разы болсын) өз орнына жатқызып, өздері шығып кетті. Олар оянды. Ібіліс өзінің жəне басқалардың басындағы топырақты көріп: «Ойбай, Мұхаммед біздің басымызға топырақ шашып кетіпті», – деп атып тұрды. Расулға келіп еді, (орнында жатқан) Əлиді көрді. (Олар): «Мұхаммед қайда?» – деп сұрады. (Əли): «Шығып кетті», – деді. (Олар): «Қайда кетті?» – деді. (Əли): «Білмеймін», – деді. Содан шығып, Əбу Бəкірдің сарайына кірді. Айқайлап шақырып еді, қызы Əсма шықты. (Одан) «Əкең қайда?» – деп сұрады. (Əсма): «Білмеймін», – деді. Расул (ғ.с.) бір үңгірге келді. Əбу Бəкір: «Бірінші мен кірейін. Ішінде аң-құс, жылан-шаян болса, маған тисін, саған тимесін», – деп өзі кірді. Жылан-шаянның інін көрді. Шапаны мен сəлдесімен сол тесіктерді
бекітті. Өзі жалаңаш қалды. Екі іннің аузы ашық қалды. Оны бекітетін нəрсе таппады. Екі аяқтың табанымен сол тесіктерді бекітті де: «Ей, Расулулла, кіре беріңіз», – деді. Кірді. Əбу Бəкірдің желең тұрғанын көріп: «Шапаның қайда?» – деді. Əбу Бəкір өз жағдайын айтып берді. Расул (ғ.с.): «Аллаһумма əж’əл Əбу Бəкрин му’ини фи дəражəти» («Ей, Алла, Əбу Бəкірді менің дəрежемде жəрдемші қыл»), – деп дұға жасады. (Деректерде) жыландар шықпақшы болып еді, тесік таба алмады, делінеді. Жаңағы екі тесікке келіп еді, Əбу Бəкірдің табанын көріп, шақты дейді. Əбу Бəкір аяғын тартпады, сабыр сақтады. (Бір кезде) «Аһ», – деді. (Расул): «Не болды?» – деді. (Əбу Бəкір): «Мына інде жылан бар екен, маған тиді», – деді. (Кейбіреулер) ол жылан Расулулланың қасиетті дидарын көру үшін Əбу Бəкірдің аяғын шағып еді дейді. Жол таба алмаған соң, (амалсыз) шағып еді. Таң атқан кезде кəпірлер оларды іздеп келді. Тау, даланы іздеп, таба алмады. Жаратушы Алла екі кептерді үңгір ішіне жұмыртқа салдыртты. Өрмекшіге жарлық болып еді, ол жұмыртқаның айналасына тор құрды. Əбу Жəһіл серіктерімен үңгірдің аузына келіп, есік алдындағы жұмыртқа мен өрмекшінің торын көріп: «Мұнда кірмеген», – деп қайтып кетті. Бір кəпір үңгірдің аузына қарсы тұрып дəрет сындырды. Əбу Бəкір: «Ей, Расулулла, бізді біреу көріп қойды», – деді. Расул (ғ.с.): «Бізді көріп қойғанда бізге қарап дəрет сындырмайтын еді», – деді. (Деректерде) жаңағы үңгірде үш күн қалды делінеді. Əсма келіп, Əбу Бəкірге (Алла одан разы болсын) тамақ алып келді. Түнде Əбу Бəкірдің қойшысы да қойдың сүтін алып келді. Үшінші күні үңгірден шығып, Медине жақа жол алды. Əбу Жəһілге (олар туралы) хабар жетті. Арттарынан Сурақаны жіберді. Бұл Сурақа палуан еді, оған жүз түйе уəде берді. Сурақа жолға түсті. Қолына қылыш, садақ жəне жай алды. Əбу Бəкір артына қарады. (Алыстан) шаң көрді. Расул (ғ.с.) ға айтып: «Сурақаға ұқсайды», – дейді. (Сурақа) жақын келген уақытта Расул (ғ.с.): «Аллаһуммə фə’шəрраһу əннə» («Ей, Алла, оның жамандығын бізге жеткізбе»), – деп дұға жасады. Жаратушы Алла Сурақа атының аяғын топыраққа тықты. Ат (жерге) жабысып, жүре алмай қалды. Расул (ғ.с.) ға жалынып: «Мен саған қастандық жасамаймын. Дұға жаса, Жаратушы Алла босатсын», – деді. Дұға жасап еді, босады. Артына қайтты. «Расул (ғ.с.) келді» деген хабар Мединеге (де) жетті. Медине халқы қарсы алуға шықты. Есік алдында қарап тұрмастан, қарсы алуға жүгірді. Абдулла ибн Салам былай дейді: «Мен де қарсы алуға шықтым. Сол күні кезекші болып, бақылауға шығып едім. Əбу Бəкір екеуі үйдің көлеңкесінде отыр еді. Расул (ғ.с.) қайда екенін білмей, аялдадым.
Күн сəскеге келгенде, күн қызады. Əбу Бəкір тұрып, Расулға көлеңке жасады. Расул (ғ.с.) ның сол кісі екенін білдім. Көргенімде оның өтірікші емес екеніне көзім жетті. Бəрі менің үйіме түс деп өтінетін еді. Расул (ғ.с.): «Түйемді қоя беріңдер, кімнің есігінің алдына шөксе, сонда түсемін», – деді. Түйе барып, Əбу Айюб Ансаридың үйінің алдына шөкті. Расул (ғ.с.) басқалардың көңілі қалмасын деп, сол жерге түсті». (Деректерде) Əбу Айюб əл-Ансаридың тоқымашы екені, оның аманатқа адал, қиянатқа жол бермейтін жан екендігі айтылады. Біреуі – астында, екіншісі жоғарыда екі үйі бар еді. Біреуіне өзі кіріп, екіншісін Расул (ғ.с.) ға берді.
БƏДІР СОҒЫСЫНЫҢ ҚИССАСЫ Расул (ғ.с.) Меккеден Мединеге һижре еткен кезде екі жыл бойына соғыс болмады. Үшінші жылы Бəдір соғысы, төртінші жылы Ұхұд ұрысы, бесінші жылы Бəдри суғра («Кіші Бəдір») соғысы, алтыншы жылы Ғам ул-Худайба соғысы, жетінші жылы Умрат ул-Қаза, сегізінші жылы Меккенің ашылуы, тоғызыншы жылы Əбу Бəкірді (Алла одан разы болсын) басшы етті, оныншы жылы Хəжжəт ул-уидағ («Қоштасу қажылығы») болды. Бəдір соғысының болуына мынандай себеп болып еді: Жебірейіл Расул (ғ.с.) ға келіп: «Шамннан Меккеге қарай бидай, арпа, құрма, мейіз келе жатыр. Сахабаларға айт, оларға барсын», – деген хабар жеткізді. Расул (ғ.с.) айтты. Олар қолдарына ілінген қаруын алып шықты. Мұнафықтардан бір тыңшы меккеліктерге барып: «Мұхаммед жарандарымен сендердің керуендеріңді тонамақшы», – деп хабар жеткізді. Əбу Жəһіл: «Кімде-кімнің ағаш көтере алатындай шамасы келсе, (соғысқа) шықсын. Шықпаса, қатаң жазалаймыз», – деп жаршы шақыртты. Барлық халық жиналып, бір иғаштық жерге барды. Əбу Жəһіл: «Тұрыңдар. Бəдір құдығына барып, суын алайық, арақ ішейік, нəй тартайық. Біз олардан қорықпайтынымызды дұшпандарымыз білсін», – деді. Ажнас ибн Шəриф: «Біз мақсатымызға жеттік, керуенді алдық. (Енді) үйімізге қайтайық», – деп еді, Əбу Жəһіл көнбеді. (Қайта) оны балағаттап тастады. Үш жүз адаммен келді. Расулға Жебірейіл келіп: «Кəпірлермен соғысыңдар», – деген жарлық жеткізді. Расул (ғ.с.) сахабаларға айтты. Олар Расул (ғ.с.) мен айтысып: «Бізге неге айтпадың, қолға алатын қаруымыз жоқ... қалай соғысамыз?» – деді. «Йужəдилунəкə фи əл-хəққи бə’дə мə тəбəййəнə кəннəмə йусəқунə илə əл-мəути уə һəм йəнзурун» («Олар сенімен хақ іс туралы жанжалдасады, хақ белгілі болған кезде олар өлімге айдалып бара жатқандай болып, өздері қарап тұрады»). Олар Мекке керуенін алғалы келіп еді, керуенді алу оңай болатын. Алғаннан кейін олжаны бөлісу еді жəне əскермен соғысудан өткен олжа да жоқ еді. Ислам əскері көлдің Медине жағында, кəпірлер көлдің Мекке жағында тұрды. «Из əнтум бил-’удуəти əд-дунийə уə һум бил-’удуəти əл-қусуə» («Сол уақытта сендер бергі жағада, олар арғы жағада еді»). Кəпірлер дұшпандық (ты сұрап) алды. Мұсылмандардың сол түні бəрі ер жетті. Аңғарға түсті. Расул (ғ.с.) ға хабар болып, Расул (ғ.с.) таяммум алуды айтты. Таяммум алып, намаз оқыды. Ібіліс (Оған Алланың лағынеті болсын) (мұсылмандардың көңіліне): «Сендердің бəрің жүніпсіңдер, дəретсіз де намаз оқисыңдар ма? Бұдан олардың тура жолда, ал сендердің адасушы екендерің белгілі болды. Жəне оларда су да бар» деген арам ой салды. Мұсылмандар абыржи бастады. Хақ Тағала бұлт жіберді. Көп жаңбыр жауып, көл суға толды. Бəрі
ғұсыл құйынды. Су алды. Қара малдары су ішті, күш-қуат жинады. Соғысуға дайындық қылды. Кəпірлерден аттылы біреу келіп, Ислам əскерін айналып, үш жүз, (одан) артық болмаса деп санап қайтты. Сол күні Ислам əскері үш жүз он үш адам еді. Он үштен саптады. Сол уақытта періштелер көмекке келді. Бір періште мұсылман бейнесінде келіп: «Қорықпаңдар! (Қайта) кəпірлер сендерден қатты қорқып жатыр», – деді. Сол кезде біреуі Құрайзадан, біреуі Нəзирден екі адам келіп: «Барлау жасайық, қайсысына болатынын көрейік. Олардан нəрсе сұрайық», – деді. Екі əскер бір-біріне қарсы тұрғанда аспанда бір бұлт пайда болды. Сол бұлттан от шықты. Шынжырдың дауысы есітілді. «Һазум, алға жылжы», – деген дауыс келді. Расул (ғ.с.) Жебірейілден: «Бұл не?» – деп сұрады. Жебірейіл: «Мына бұлт біздің əскеріміз. От əскер атын қамшылаушы. Шынжырмен кəпірлердің мойнын байлаймын. Алайда Һазум бір белгілі аттың аты», – деді. Сол кезде кəпірлерден Атаба, Сайиба жəне Уалид деген үшеу шықты, мұсылмандардан (да) үшеу алғы шықты. «Сендер кімсіңдер?» – деді. «Біз Мединеден шыққан ансарлармыз», – деді. «Сендер керек емессіңдер. Бізге тең келетін ерлер керек, ұрысамыз», – деп олар қайтты. Əли, Хамза жəне Убайда əл-Жаррах оларға қарап: «Сендер кімсіңдер?» – деді. Олар аттарын айтты. Кəпірлер: «Өлтірсек ел аламыз, соғыс сауабына кенелеміз. Өлсек шаһидтер қатарына қосыламыз», – деді. Олар: «Біз де сол үшін соғысамыз», – деді. Жаратушы Алла «Ə фə нəж’əлу əл-муслиминə уəл-мужримин» («Əлде Біз мұсылмандарды күнəһарлардай ететін бе едік?») аятын түсірді. Үшеуін өлтірді. Олар меккеліктердің ұлықтары болатын. Расул (ғ.с.) Əлиден бір уыс топырақ алып, кəпірлердің бетіне шашты. Жаратушы Алла олардың көздеріне кіргізді. Көздерімен əуре болды. Ислам əскері қылыш алып, кіріп өлтіре бастады. Əбу Жəһіл (Оған лағынет болсын) əскерінің қашып бара жатқанын көріп: «Қорықпаңдар, саспаңдар! Ол үшеуі соғыса алмайтындықтан өлді. Енді сендер бірер арқан не жіпті қоныштарыңа салыңдар. Мұхаммедті жарандарымен бірге ұстап, мойындарын байлап, Меккеге алып қайтамыз», – деді. (Алайда) «Иншалла» («Алла қаласа») демеді. Олардың айтқаны өздерінің бастарына келді. Мұсылмандар кəпірлердің көбісін өлтірді. Жетпісін басшы қылып, жетпісін тұтқындады. Жаңағы жіптермен мойындарын байлап, Мединеге қарай сүйреді. (Деректерде) Расул (ғ.с.) ның барлық соғысында періштелер келетін, алайда соғыспайтын еді делінеді. Жалғыз Бəдір соғысында ұрысты. Əбу Жəһіл атына қамшы басып, Микəйілге атылды. Микəйіл жерді ұрып еді, Əбу Жəһіл аттан құлады. Абдулла ибн Масғұд келіп, Əбу Жəһілдің түйедей болып жатқанын көрді. Үстіне шыққанда Əбу Жəһіл: «Йə рай’и əл-ғəнəми» («Ей, шопан»). (Яғни) «Ей, менің
шопаным, биік жерге шықтың, бұл сенің ісің емес. Менің найзам оған жетпеген, оның найзасы менің ұшымда болған біреудің жұмысы», – деді. Абдулла ибн Аббас қылышын шығарып, (оның) басын шаппақшы болған кезде Əбу Жəһіл: «Менің басымды шабар болсаң, менің қылышыммен түбінен шап. Мұхаммед ерлердің басының қандай үлкен болатынын көрсін», – деді де, «Дəулет кімге тиді (Кім жеңді)?» – деді. Абдулла ибн Масғұд: «Расулға болды, кəпірдің əскері сынды», – деді. Қылышын шығарып еді, тарта алмады. Əбу Жəһіл: «Қылыштың сабын маған бер, қынын сен ұста. Екеуміз тартайық», – деді. Абдулла ибн Масғұд қынын оған беріп, сабын өзі ұстады. Екеуі тартты. Қынын Əбу Жəһілге сала берді. Оның қылышымен басын кесіп, Расулдың алдына алып келді. Оны көріп барша мұсылмандар тəкбір айтты. Олжаларды алды. «Мұндай үлкен дұшпанды өлтірдік», – деп Алла Тағалаға шүкіршілік етті. Содан кейін олжаны көбейткелі Жебірейіл келді. Расул (ғ.с.) «Мыналарды не істейміз?» – деп сахабалармен ақылдасты. Омар (Алла одан разы болсын): «От жағып, бəрін өртейік. Бізден бұрынғы қауымдар мен пайғамбарлар мұндай іс істемеген. Сенде мұндай ізет-құрмет, мыналарда осындай қорлық бар екен, осы іс болды», – деді. Расул (ғ.с.) оны қаламады. Əбу Бəкір (Алла одан разы болсын): «Бəрі сенің руың. Бастарын оларға сат, төлем берсін. Мал-дүниесін мұсылмандарға берейік», – деді. Расул (ғ.с.) бұл сөзге көңілі толып: «Ей, Əбу Бəкір, бұл сөзіңмен Нұх пайғамбарға ұқсайсың. Сондықтан да Жаратушы Алла «Уə қалə Нухун рабби лə тəзəр ‘əлə əлəрзи мин əл-кəфиринə дəййəран» («(Нұх ғ.с.): «Е, Жаратушым, жер бетінде кəпірлердің бірде-бірін қалдырма», – деді») деген болатын. Жəне бір періштелерге ұқсайсың. Алла Тағала: «Фə мəн тəби’əни фə иннəһу минни уə мəн əсани фə иннəкə ғафурун рахим» («Кімдекім маған мойынсұнса, əрине, ол менен есептеледі жəне кімде-кім маған күнəһар болса, онда Сен кешіруші мейірімдісің») деген. Жəне періштелерден Микəйілге ұқсайсың. Көңілің мейірімді», – деді. Содан кейін Əбу Бəкірдің айтқанындай жасады. Əрбіріне қырық уқия күміс не алтын белгіледі. Əр уқияның салмағы қырық алтынға тең келетін. Аббасқа келген кезде сексен уқия белгіледі. Аббас: «Басқаларға қырық уқия, маған неге сексен уқия белгіледің?» – деді. Расул (ғ.с.): «Сен менен ағайындықты үздің, көп зəбір жасадың. Сол себепті мен де сенен артық сұраймын», – деді. Аббас: «Мына қырық уқияны есепте де, ана қонақ ретінде алғанды да есепте», – деді. Расул (ғ.с.): «Ол олжа. (Сондықтан да) мына есепке кірмейді», – деді. Аббас: «Ей, бауырымның ұлы, мен мына малды адамдардан сұрасам, сен мені қайтарма», – деді. Расул (ғ.с.): «Ұландарға нəпақа бересің дедің, ол мал қайда?» – деді.
Аббас: «Мəн əнбə’əкə һəзə» («Мұны саған кім білдірді?»). «Мұны саған кім айтып берді?» – деді. Расул: (ғ.с.): «Қалə нəббə’əни əл-’əлиму əл-хəбир» («(Пайғамбар ғ.с.): «Маған барлық нəрсені білуші, барша нəрседен хабардар Алла білдірді», – деді»). (Яғни) «Маған айтқан ғалым əрі хабардар болған Жаратушым», – деді. Аббас: «Сенің Тəңірің ғайыпты да біледі ме?» – деді. (Расулулла): «Біледі», – деді. (Аббас): «Олай болса, (иман куəлігін) үйрет», – деді. Иман куəлігін үйретті, Аббас мұсылман болды. Расул (ғ.с.) жаңағы сексен уқияны алды. Жаратушы Алла: «Қул лимəн фи əйдикум мин əл-əсра ин йə’лəмиллəһу фи қулубикум хəйран йу’тикум хəйран миммə ухиза минкум» («Егер сендердің жүректеріңдң жақсылық барлығын Алла білсе, Ол сендерден алынған заттардан жақсырағын береді»), – деді. Кейін Аббас: «Жаратушы Алла мені жарылқады. Үміттенемін, себебі «‘Əтан уə мəғрифəтəн» деген аятта айтып өтілген. Мен алдырған малдан артық берді. Жиырма құлым еді, сатуға жүретін. Əр қаулымен жиырма мың алтын еді, саудаға жүретін. Жаратушы Алла: «Лəу лə китəбун миналлаһи сəбəқа лəмəссəкум фимə əхəзтум ‘əзабун ‘əзим» («Егер Алла тарапынан алдын ала жазылып қойылған үкім болмағанда, осы алған нəрселеріңнің себебінен сендерге үлкен азап келген болар еді»). Яғни кəпірлерден алынған мал халал болмағанда, үлкен азапқа кенелетін едіңдер» деген аят жіберді. Расул (ғ.с.): «Егер азап келсе, Омардан басқа ешкім де құтылмайтын еді», – деді деп есіне алатын.
ҰХҰД СОҒЫСЫНЫҢ ҚИССАСЫ Төртінші жылы Ұхұд соғысы болды. Мекке кəпірлері Бəдір соғысынан қайтқан соң, Шамнан келген керуен малының бəріне қару-жарақ алды. Малды иелеріне бермеді. «Дұшпандармен соғысып алдық», – деді. Келер жылы белгілеп, үлкен əскер дайындады. Əйелдерін де шығарды. Жебірейіл Мұхаммедке келіп хабар берді. Ислам əскері жиылды. Ақылдасып: «Мединеден шығып, қарсы жүрейік. Сырттан салыңдар, ішке кірмесін», – деді. Расул (ғ.с.) түс көріп еді, сауыт іздеп тұрғанын айтты. Түстің мəнісі мынау: Мединеде тұрса жақсы еді. Мединені қорған етіп тұрсақ жақсы», – деді. Абдулла ибн Убай Расулдың сөзімен келісіп: « Осылай отыра берейік, (жау) келген кезде ер-əйел, бала-шаға болып соғысайық. Шатырдың үстінен тас лақтырсын», – деді. Басқа сахабалар Бəдір соғысында шығып қалғандықтан, (қаланың) сыртына шығайық деді. Расул (ғ.с.) шыққан уақытта: «Ей, Расулулла, сенің көңілің не қаласа соны жаса, біздің сөзімізге қарама», – деді. Расул (ғ.с.): «Пайғамбарларға кешірілгеннен кейін соғыстан сауыт шығару дұрыс емес», – деді. Бəрі Ұхұдқа шықты. Ұхұд тауын арт жағында қалдырды. (Деректерде) Ұхұд тауында бір сай жер бар еді делінеді. Абдулла ибн Хабирды жетпіс адаммен сол жерді қорғағалы жібере тұрып: «Соғыста бұл жер кімде болады... (жау) бұл жерден кірмесін, (жақсылап) қорғаңдар», – деді. Содан кейін зулфиқарды (қылыштың аты) сахабаларға көрсетіп: «Мынаны кім алады?» – деді. Əбу Бəкір қолын созды, бармады. Жəне Омар қолын созды, бармады. Жəне Əли қолын созды, бармады. Тағы Хамза қолын созды, бармады. Əбу Дахана атып тұрып: «Ей, Расулулла, зулфиқардың ақысын мен ұстайын», – деді. Соған бере тұрып: «Ақысын қалай ұстайсың?» – деді. Əбу Дахана: «Қылышымның ұшы сынғанынша кəпірді ұрайын (өлтірейін)», – деді. Жұрттың бəрі аң-таң қалып: «Мұншама жақсыларға берместен, соған берді», – деп, көңілдеріне алды. Əбу Дахана қолын етігінің қонышына сұғып, қызыл шалма шығарды. Алға барып, екі əскердің арасына тұра қалды. Расул: «Бұлай тұруды Жаратушы Алла басқа жерде қаламас», – деді. (Деректерде) зулфиқардың жүзінде «Нəсрун миналлаһи уə фəтхун қариб» («Алладан болған көмек жəне жақында болатын жеңіс») деген жазу бар еді делінеді. Тағы екінші жүзінде «Фи əл-жəрра əрун уə фи əл-иқбəли мəкрумəтун» («Сүйретіліп жүруде қорлық жəне алдына қарап батылдықпен жүруде мақтаныш бар») деп жазылған еді. Сол күні Мекке кəпірлері Бəдір соғысының кегін аламыз деп, əйелдері мен бала-шағасын да алып шығып еді. Əрқайсысы күйеуіне барып, биік жерге шығып, дабыл қағып, өз ерлерін мақтап өлең айта бастады. Бəйіт: Нəхну бəнəту тариқи Тəмши ‘əлə əн-нəмəриқи
Уə əл-миску фи əл-мəғарифи Фирақу ғайри уəмиқи. (Біз дұшпанға атылушы баһадүрлер қызымыз, Біз жұмсақ жастықтар үстінде жүреміз Торсық өзінің сақталатын жерінде Біз сүймегендер жырақ болсын.) Тəржіма: Ай, Шолпан бағытымыз, Қырғыз, қытай тауарымыз. Жүгірер киік жұпарымыз, Інжу, гауһар жанарымыз Соғысуды бек сүйеміз Қолындағы қанжарымыз Соғысуға дайынбыз Мұрнындағы жүгеніміз. Мұсылмандар атылып шыққан уақытта кəпірлер қаша жөнелді. (Осы соғысқа куə болған) біреу: «Суфиянның əйелі Хиндуды көрдім, денесі жалаңаш, аяғындағы қымбат тағыншақтары төгіліп, ортадан жүгіріп кəпірлердің туы болды», – деген болатын. Ислам əскері соны көріп, Бəдір соғысындағыдай құр қалмайық, (одан да) олжаға барайық деп, солай қарай жүгіре бастады. Абдулла ибн Хабир: «Олай жасамаңдар, өздеріңді ұстаңдар. Расул (ғ.с.) ның айтқанын ұмытпаңдар», – деді. Қабылдамады. Біразы кетіп, біразы қалды. Халид ибн Уалид сол кезде кəпір болатын, олардың (мұсылмандардың) аз қалғанын көрді. Қалғанының бəрін өлтірді. Содан кейін Расул жаққа қарай атылып, оларды қуа бастады. Кəпірлерде Ғуфра деген бір əйел бар еді, сол келіп кəпірлердің туын көкке көтерді. Кəпірлер соны көрген кезде жəне қайтты. Расул (ғ.с.) ның оң тісін сындырды. Найзамен аяғына соқты. Сол кезде аттан жығылды. Ібіліс (Оған лағынет болсын): «Əллə иннə Мухəммəдəн қад қутил» («Ей, адамдар, Мұхаммед расында өлтірілді»), яғни «Мұхаммедті өлтірді», – деп айқайлай бастады. Ислам əскері үшке бөлінді: бір бөлігі өлді, бір бөлігі жараланды, бір бөлігі қашты. Оспан (Алла одан разы болсын) төрт иғаштық жерге дейін қашты. Сахабалардың біреуі: «Расулды көрдім, қасиетті аузынан қан алып, қолымен бетіне сүртетін. (Сонда): «Ей, Расулулла, неге олай жасап жатырсыз?» – дедім. (Ол): «Қорықпаңдар, бір тамшы қаным жерге түссе, қияметке дейін жер бетіне шөп шықпайды», – деді деп есіне алады. Тағы бір сахаба Расул (ғ.с.) ның көздері жұлдыздардай жарқырап тұрғанын көріп: «Ей, мұсылмандар, Мұхаммед тірі», – деп айқайлады. Расул (ғ.с.) тыныш тұр деп ишара жасады. Жаңағы адам Əбу Бəкір мен Омарға келіп, олардың қайғырып отырғанын көрді. «Не болды?» – деп сұрап еді, (ол екеуі): «Мұхаммедті өлтірді, бізге одан кейін өмір керек емес», – деді. Ол: «Расул өлгеннен кейін біз де
өлсек керек», – деді де, ақырын дауыспен: «Қайғырмаңдар, Мұхаммед тірі», – деді. Қуанғандарынан атып тұрды. Аттарының тізгінін тартты. Расул (ғ.с.) келді. Атына мінгізді. Мұхаммедтің өлмегенін кəпірлер көрді. Жиылып қатты ашуланды. Симак ибн Хузайфа Расул (ғ.с.) ға келді, қайтты. Кəпірлерге қылыш алып атылды. Кəпірлерді қуа жөнелді. Сол күні зулфиқарды Расул оған бермегеніне өкінгендер: «Зулфиқарды сол күні бізге бергенде мұндай іс біздің қолымыздан келмейтін ед», – деді. Салман Фарси Расул (ғ.с.) ның артында тұр еді. Əр оқ келген сайын өзін Расулға қалқан жасап: «Менің нəпсім құрбан болсын», – дейтін. Əли (Алла одан разы болсын) кəпірлерге атылды. Аббас (Алла одан разы болсын) Расул (ғ.с.) тізгінен тартып тұр еді. Жебірейіл (ғ.с.) келіп: «Ей, Расулулла, артыңдағы кім?» – деді. (Расулулла): «Салман Фарси», – деді. (Жебірейіл): «Жұмақ күнде Салманды қайта көрсет деп жатыр. Мына кəпірлерге атылған кім?» – деді. (Расулулла): «Əли (Алла одан разы болсын)», – деді. Жебірейіл: «Жаратушы Алла Əлиге сəлем жолдайды», – деді. Содан кейін Расулмен тауға барды. Расул (ғ.с.) ның аты тауға шыға алмады. Əлидің иығын қойып, тауға шығып отырды. Сахабалар айналасына отырды. Өлген бауырлары мен қолдан кеткен олжа үшін қайғырып отырған уақытта тау төбесінен Халид ибн Уалид кəпірлермен көрінді. Расул оны көріп: «Ей, Жаратушым, жер бетінде Сені Бір деген ешкім қалмайды», – деді. Жаратушы Алла Халиддың көңіліне үрей салды. Қашты. Жетпіс адам тау түбіне келді. Халид: «Мұхаммед тірі ме?» – деді. Омар: «Тірі», – деді. Халид: «Мұхаммед өлді деген соң, сөзіңе көбірек сенемін», – деді де: «Тау биік болды», – деп айтты. Расул (ғ.с.) Омарға: «Алла Тағала биік һəм ұлы деп жауап бер», – деді. Халид жəне: «Сол (Бəдір соғысы) күні сендерге болды, бүгін (жеңіс) бізге болды», – деді. Расул (ғ.с.) Омарға: «Күніміз жоқ болса, сендер бізбен бірге емессіңдер. Біздің өлгендер жұмақта, сендерден өлгендер тамұқта деп жауап бер», – деді. Халид: «Қалғанын Бəдір суғрада (Кіші Бəдірде) көрерміз», – деді. Расул (ғ.с.): «Солай болсын», – деді. Қайтты. Расул (ғ.с.): «Бұлар Мединеге бармасын деп тілейік. Егер Мединеге барса, біз де барып соғысамыз. Қарап тұрыңдар, түйеге мінсе, Меккеге баратын болғаны», – деді. Бəрі түйеге мініп Меккеге бара жатқанын көрді. Расул қолымен «Меккеге барыңдар», – деп ишара жасады. Содан кейін Расул (ғ.с.) төмен түсті. Өлгендерді көрді. Хамзаны өлтірген екен.
ХАМЗАНЫҢ (АЛЛА ОДАН РАЗЫ БОЛСЫН) ШЕЙІТ БОЛҒАН ҚИССАСЫ Мутғим ибн Адидің Уахши деген құлы бар еді. Əбу Суфиянның əйелі Хинду оны шақырып: «Ұхұд соғысына бар, дайындал. Үшеудің біреуін өлтір. Сені сатып алып азаттық беремін. Мойным мен құлағымдағы алтын, күміс, інжулерді саған сыйлаймын. Мен де сендік боламын. Мұхаммедті не Əлиді немесе Хамзаны өлтіріп, қанын ішіп кел», – деді. Уахши: «Мұхаммедке кім қолын тигізе алсын, оның қорғаушысы Тəңір. «Уаллаһу йə’симукə мин əн-нəс» («Алла сені адамдардан өз қарамағында сақтайды»). Əлидің өзі арыстан, оған күшім жетпейді. Алайда Хамза қартайған», – деп соғыс күні жасырынып, аңдып жүрді. Хамза жетіп келді. Бас-аяғын туралап жатқан кезде тосаттан шығып қолтығынан найза қадады. Хамза аттан құлады. Суфиянның əйелі Хинду келіп, қарнын жарып, жүрегін алып шайнады. Тілін, құлағын, мұрнын кесті. Жіпке тізіп, мойнына моншақ жасады. Уахши да бір уыс қанын алып ішті. Расул (ғ.с.) сол жағдайды көрген кезде көп жылады. Сахабалар да жылады. Расул (ғ.с.) кебін сұрады, табылмады. Қабылан терісінен жасалған жапқышы бар еді, соған орап еді, жетпеді. Аяғы ашық қалып еді, жер тонын (шымын) алып келіп аяғына жапты. Расул оған (жаназа) намаз оқыды. Жəне біреуді алып келіп, Хамзаның қасына қойды. Хамзаға жетпіс намаз болды. Басқа мəйіттерді алып келіп, бəріне бір намаз оқыды. Содан кейін: «Үйде қыз ұясы Уəсфие көнбейді немесе Хамзаны көмбейтін едім. Аң-құс келіп жейтін еді. Қиямет күні олардың асқазанынан шығатын еді», – деді де, Əлиге (қарап): «Сен Мединеге бар, жаман хабар жеткен болар», – деді. Əли атқа қонып, Мединеге барды. Фатиманы (Алла одан разы болсын) көрді. Мединенің əйелдері Расул мен басқа сахабаларға аза тұтып отыр еді. Фатиманың (Алла одан разы болсын) көзі Əлиге түскен кезде: «Ей, Əли, көзімнің жарығы, көңілімнің жұбанышы тірі ме?» – деді. Əли: «Тірі», – деді. Фатима қуанғанын есінен танып, қайта есін жиды. Үш рет естен танды. Əр есін жиған сайын: «Əкем тірі ме?» – деп сұрайтын еді. Сол кезде бір əйел түйеге мініп келді. Айналасында əйелдер отырған бір мəйітті көріп: «Ары тұрыңдар, бұның кім екенін көрейін», – деді. Көрсетті, əкесі екен. (Ол əйел): «Əкемнен маған Расул жақсы», – деді. Жəне інісін көрді. «Расул маған бауырымнан жақсы», – деді. Жəне ұлының өлгенін көрді. Тағы да солай деді. (Деректерде) барлауға шыққандардан жетпіс адам шейіт болды делінеді. (Кейбіреулер) бір əйел күйеуімен барлауға шығып еді дейді. Сахабалардың қалай соғысып өлгендерін көрген кезде екеуі қару алып соғысты. Шейіт болды, топырақтан там көтерді. Ол жерді «Қабр ул- ’əрусəйн» («Ерлі-зайыптылар қабірі») деп атады дейді.
Расул (ғ.с.) Мединеге келген уақытта Медине əйелдерінің өлгендерге жылап жатқанын көрді. Хамзаға жылайтын ешкім жоқ. Расул (ғ.с.): «Хамзаның біреуі болғанда оған да жылайтын еді», – деді. Əйелдер ол сөзді есітіп, Хамзаға да жылады. Содан бүгінге дейін Мединеде осы əдет сақталып, əуелі Хамзаға жылап, содан кейін дүниеден өткен өз бауырларына жылайтын болды.
КІШІ БƏДІР ҚИССАСЫ Расул (ғ.с.) Ұхұд соғысынан қайтып келген кезде: «Тəңірім, Жүсіп пайғамбар қауымына берілген ашаршылық пен құрғақшылықты оларға бер», – деп, кəпірлерге қарсы аштық пен құрғақшылық дұғасын жасады. Ашаршылық болды. Өртенген сүйекті, итті, қанға боялған жүнді жеді. Жеу үшін бір-бірін өлтірді. Соғыс күндері кəпірлер: «Біздің арамызда алауыздық болса, шыға алмаймыз, (ондай) керек емес», – деп Нағим ибн Масғұд əс-Сақафиді он түйеге тұтып: «Бар, мұхаммедтіктерді қорқыт, жүректері ұшып, алауыз болсын», – деді. (Ол) (Мединеге) келіп: «Арабта ер жігітке лайық ешкім қалмады. Бəрі шықты. Сендер олармен (ұрысқа) шыға алмайсыңдар. Өткен жылы олар келіп біздерді өлтірді. Осы жылы оларға барсаңдар, жағдайларың не болатынын білмеймін», – деді. Олар қорқып, жүректері шайлықты. Расул (ғ.с.): «Шығыңдар, аттаныңдар!» – деді. Шықпады. «Фə қатил фи сəбилиллəһи лə тукəллəфу иллə нəфсəкə уə хəрризи əл-муминин ‘əсаллаһу əн йəкуффə бə’сə əл-лəзинə кəфəру» («Енді сен (Ей, Мұхаммед), Алла жолында соғысқа кір, бұл істе сенің өзіңнен басқаның жауапкершілігі жоқ. Мұсылмандарды қызықтыр, мүмкін, Алла кəпірлердің қаттылығын сендерден жояр») деген жарлық келді. Расул (ғ.с.) үйге кіріп, екі сауыт, (басына) дулыға киді. Жалғыз аттанды. Жебірейіл келіп: «Хəрризи əл-муминин» («Мұсылмандарды қызықтыр»), – деді. «Мұсылмандарды рухтандыр» деген аятты түсірді. Расул (ғ.с.) тағы қайтып келіп, шаһид дəрежесін баяндап: «Қиямет күні шаһидтер көз алдымда тұрғандай. Қылыштары қолында, қаны ағып жатыр. Сол күні Ибрахим пайғамбар оларға қарсы келсе, жол береді. Жұмаққа кіреді», – деді. Жетпіс адам шықты. Латима базарына келді. Төрт тараптан сол базарға саудаға (адамдар) келетін. Малдарын алды. (Кейбіреулер) бір алтын тұратын малды жарты алтынға алды дейді. (Енді біреулер) екі алтынға алды дейді. Кəпірлер қорыққандарынан қарсы шықпады. Мұсылмандар соғыспастан аман-есен қайтты.
ХҰДАЙБИЯ КЕЛІСІМІ ЖƏНЕ МЕККЕНІҢ АШЫЛУ ҚИССАСЫ Һижреттің алтыншы жылы болған уақытта Расул (ғ.с.) қажылық пен ғұмраға дайындалды. Жетпіс түйені құрбандыққа белгіледі. Сол күндері Мекке кəпірлері ешкімді жолатпайтын. «Мені де жолатпайды» деп ойлап, үш мың адаммен аттанды. Расул (ғ.с.) олардың азаптары мен дұшпандықтарын айтып берді. Шажара деген ағаштың түбіне байғат еткелі түсті. Сондықтан да Алла Тағала: «Лəқад разийаллаһу ‘əни əл-мумининə из йубə’инукə тəхтə əш-шəжəрати» («Ағаш астында мұсылмандар саған байғат еткендерінде Алла олардан разы болған») деген жарлық жіберді. Арабтың үлкендерінен төрт жүз адам жиылды. Расул (ғ.с.) олармен ақылдасты. Əбу Бəкір (Алла одан разы болсын) тұрып: «Ей, Расулулла, біз бəріміз саған бағыныштымыз, тыйым салғаныңа жоламаймыз», – деді. Расул (ғ.с.): «Тағы айтыңдар», – деді. Омар (Алла одан разы болсын) да солай деді. Сағд ибн Мағад (Алла одан разы болсын) Расулдың келісім сұрап тұрғанын білді. Ансарлардың (ішінен) атып тұрып: «Ей, Расул, бұдан Аданға баратын болсаң, саған бағынышты мыз», – деді. Расул (ғ.с.) ансарларға қарап: «Əл-əнсару бəтни уə ‘əйни уə ‘əсəби» («Ансарлар менің ішім, екі көзім жəне жүйкем»), яғни «Мына ансарлықтар менің ішім, көзім жəне жүйкем», – деп мадақ айтты. Һижрет болмағанда, солардың біреуі мен едім. Сол жерден көшкен уақытта хабар келді. Мекке халқының бəрі шығып жол тосты. Расул (ғ.с.): «Бізді Меккеге басқа жолмен кім алып барады?» – деді. Біреу түйеден түсіп: «Мен бастап барамын», – деді. Расул оны қаламады. «Бұдан басқа жол білетін бар ма?», – деді. Жəне біреу түйе үстінен: «Мен бастап барамын», – деді. Расул (ғ.с.): «Баста», – деді. Айқыш-ұйқышы көп бір жолға түсті. Хұдайбияға жетті. Хұдайбияда Расул (ғ.с.) ның түйесі шөкті. Тұр деді, тұрмады. «Мұхаммед Хұдайбияға келіпті» деген хабар тарады. Көмек жиып келді. Мұсылмандар құрмет тұтып қару-жарақ алып келмеп еді, бəрін таспен шөкелеп Меккеге қайтарды. Кəпірлер ақылдасып: «Мұхаммед не үшін келгенін білейік», – деді. Масғұд Сақафиді елші етіп жіберді. Келіп: «Ей, Мұхаммед, неге келдің?» – деді. (Расулулла): «Қажылық пен ғұмраға, бауырларымды көргелі, құрбандық шалғалы келдім», – деді. Масғұд Сақафи жетіп келіп: «Сендер Мұхаммедті қайтармаңдар, ол жақсы істермен (ниетпен) келіпті», – деді де: «Менің сөзімді тыңдамасаңдар, мен барып оған көмектесемін. Меккеге кірер, не қаласа жасар», – деді. «Мұхаммедті қойыңдар, кірсін. Жақсылықпен шықсын. Біздерден ешкімді ертпесін», – деп Сұхайыл ибн Омарды Масғұд Сақафимен жіберді. Расул (ғ.с.)
ның көзі Сұхайылға түскен уақытта: «Сұхайыл ибн Омар пасық адам. Жаратушы Алла ісімізді оңай қылсын», – деді. Содан кейін жиылып, сап түзеп тұрды. Сұхайыл келіп, екі сап жүрді. Расул (ғ.с.) ның мəртебесін көріп аң-таң қалды. Расулға жақын келіп: «Неге мына жұпыныларды жидың?» – деді. Содан кейін қолын Расул (ғ.с.) басына қойды. Мұғира ибн Шағба (Алла одан разы болсын) Расул (ғ.с.) ның алдында жалаң қылыш алып тұр еді, басын шауып алайын деп ұмтылды. Расул (ғ.с.) Мұғираны тоқтатты. Сұхайыл: «Бұл кім?» – деді. (Расулулла): «Əкеңнің бауыры Мұғира», – деді. Сұхайыл Мұғираға (қарап): «Маған бүгін қылыш көтеретіндей үсті-басыңды жуып па едің?» – деді де: «Ей, Мұхаммед, неге келдің?» – деді. Расул (ғ.с.): «Осындай істерге келдім», – деп айтып берді. Сұхайыл: «Меккеде ашаршылық екенін сен білмейсің бе? Сен осындай жоспармен кірсең, Меккеде ешкім қалмайды, бəрі сені армандайды. Бұл жылы бар, келесі жылы келуіңе жол берейік. Үш күн тұр, не қаласаң, жаса», – деді. Расул (ғ.с.): «Солай болсын», – деді. Сұхайыл жəне: «Басқа бір сөз бар. Бізден кімде-кім саған мұсылман болып барса, бізге қайтар. Сенен кімде-кім біз жаққа өтсе, оны бізден алма», – деді. Расул (ғ.с.): «Солай болсын», – деді. Сұхайыл осы сөзге келісім сұрады. Расул (ғ.с.) Əлиге келісім жаз деді. Əли «Бисмиллəһир рахмəнир рахим» («Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен») деп келісім жазды. Сұхайыл: «Рахман, Рахим деген кім, біз білмейміз?» – деді. Расул (ғ.с.): «Рахман, Рахимді қой. Не жазсаң да сен жаз», – деді. Сұхайыл қалам алып: «Бисмикəллаһуммə» («Ей, Алла, сенің атыңмен») деп жазды. Жəне қағазды Əли алып: «Һəзə мə салəһə Мухəммəдун расулуллаһи ибни ‘Əбдиллəһи мə’ə Сухəйлин ибни Əмр кəзə-кəзə» («Мына құжат Алланың елшісі Мұхаммед ибн Абдулланың Сұхайыл ибн Əмірмен пəлен төлем туралы жазылған келісімі»). Яғни «Бұл келісім Сұхайыл ибн Əмірмен түзілді», – деп жазды. Сұхайыл оны көріп: «Біз сені Расулулла дедік пе?! Сені Расул дейтін не болды бізге?!» – деді. Расул (ғ.с.): «Расулулла дегенді өшір», – деді. Əли (Алла одан разы болсын) Расулулла дегенді өшіргісі келмеді. Расул (ғ.с.) өз саусағын тілімен сулады да (сол) саусағын Əлиге көрсетіп: «Қайсы, көрсет», – деді. Əли Расулулланың саусағын ұстап «Расулулла» («Алланың елшісі») сөзінің үстіне қойды. Расул (ғ.с.) оны өшіріп: «Мұхаммед ибн Абдулла деп жаз», – деді. Келісім жасалып, мөр басылды. Сол кезде Сұхайылдың ұлы Əбу Хандал меккеліктерден қашып Расулға келді. Сұхайыл атып тұрды да, Əбу Хандалдың жағасына жармасты. Меккеге алып кетпекші болған уақытта сахабар
ара түспекші болып еді, Сұхайыл: «Қазір ғана келісім түздік. Кеппей жатып, келісімді бұзасыңдар ма?» – деді. Сұхайыл (оның) жағасын ұстап тартатын. Əбу Хандал: «Мені кəпірлер алып бара жатыр, жібермеңдер», – деді шырылдап. Расул (ғ.с.): «Ей, Əбу Хандал, сабыр ет. Жаратушы Алла саған жəне басқа əлсіздерге қуаныш пен бақыт сыйлайды. Біз ол қауыммен келісім жасадық. Келісімді бұзу бізге лайық емес», – деді. Сахабалар оны көріп төзімдері таусылды. Омар (Алла одан разы болсын) ол сөзге шыдай алмастан Əбу Бəкір Сыддыққа келіп: «Ей, Əбу Бəкір, мынау Мұхаммед Расулулла емес пе? Олай болса, біздің мына көріп тұрғанымыз не деген қорлық?! Біз тартатын мынау қандай азап?! Мына келісімді, мына шартты неге қабылдадық?» – деді. Əбу Бəкір: «Ей, Омар, есіңді жи. Бұл Мұхаммед Тəңірдің пайғамбары. Алла Тағаланың жарлығынан тыс іс қылмайды», – деді. (Омар): «Олардың мұсылман болып бізге қосылғанын қалай қайтарамыз?!» – деді жəне. Əбу Бəкір (Алла одан разы болсын): «Бізге келген шынайы мұсылман болса, олардың арасында тұрып мұсылманшылықты айтып берсін, жақсы болады», – деді. Омар (Алла одан разы болсын): «Бізден оларға біреу барса, неге қайтармайды?» – деді. Əбу Бəкір: «Кімде-кім бізден бет бұрып (оларға) кетсе, қайта келмегені жақсы», – деді. Омар (Алла одан разы болсын): «Мұңайып айтатын. Сол күні Əбу Бəкірдің сөзі болмағанда, мұсылманшылық ісіне көңілім сенетіндей емес еді. Сол күні айтқан сөзім үшін қорқып, түні-күн ораза ұстап, садақа беріп, құл мен күң азат ететін едім», – деген болатын. Содан кейін Расулулла Мединеге қарай қайтты. Мекке мен Мединенің арасында мына сүре түсті: «Иннə фəтəхнə лəкə фəтхəн мубинəн лийəғфира лəкаллаһу мə тəқаддəмə мин зəнбикə уə мə тəəхəр» («Расында, Біз саған бір раушан жеңіс сыйладық. Сондықтан Алла сенің алдыңғы жəне кейінгі күнəларыңды кешірсін»).
ҚАЗА ҒҰМРАСЫ Жетінші жылы Меккеге келді. Мекке халқының бəрі қарсы алдынан шықты. Расул (ғ.с.) Меккеге кірді. Қағбаны зиярат етті. Тауаф пен ғұмра жасады, құрбандық шалды. Біреуді Расулға жауапты қылып: «Үш күн тұрсын, (одан кейін) бір сағатта қалдырма», – деді. Үш күннен кейін Расул (ғ.с.) қайтты. Сол күндері Расул үшін үш сүйінші келді. (Олар): «Жағфар Тайярдың келуі, екінші – Хайбардың ашылуы, үшінші – Румның парсыны жеңуі.
ХАЙБАРДЫҢ АШЫЛУ ҚИССАСЫ Сегізінші жылы Расул (ғ.с.) əскермен Хайбарға аттанды. Олардың бəрі жөйттер болатын, қарсы шықты. Екі əскер түйісті, сап түзеді. Жөйттерден палуан шықты. Кəпір мұсылманды шаһид қылды. Жəне біреу шығып еді, оны да солай өлтірді. Жəне мұсылман дүниеден өтті, мұсылмандардың рухы сынды. Расул (ғ.с.): «Əли ибн Əбу Тəліп қайда?» – деді. Сол күндері Əлидің көзі ауырып еді. Расулдың алдына келді. Расул дұға жасап, аузының суын алып көзіне жағып еді, жазылды. Зулфиқарды алып, аттанды. Майданға кірді. Бір-біріне: «Сен баста», – деді. Өлеңдер оқыды. Жөйт Əлиге атылды, Əли аттан секіріп түсті. Атының қарнының астынан өтіп, арғы бетке шықты. Кəпірдің бір қолын шауып тастады. (Майданға) жəне бір жөйт кірді. Əли оған да жаңағыдай жасады. Жөйттің аяғын қоса шапты. Кəпір өз аяғын алып Əлиге лақтырды. Үшінші рет тағы бір жөйт кірді. Əли жөйтпен алысты. Əли жөйттің төбесінен ұрды. Басы дулығасымен екіге бөлінді. Жөйт байқамай қалды. Жөйт: «Жеңе алмадың», – деді. Əли: «Басыңды қимылдат», – деді. Басын қимылдатып еді, екі бөлініп түсті. Жөйттер қаша жөнелді, мұсылмандар арттарынан қуып кетті. Жөйттер қамалға барып жасырынды. Əли келіп есігін жұлып алып, қырық аршын жерге лақтырып жіберді. Сол кезде Əли өз күшіне сүйсінді. Жебірейіл өзін көрсетіп: «Мен сенімен бірге едім», – деді де: «Есікті енді қимылдат», – деді. Қимылдата алмады. Жебірейіл елге кірді. Мал алды, тұтқын алды. Əли бір сарайға кіріп еді, бір сұлу əйелді көрді. Мынау Расулға лайық деп, алып келді. Расул (ғ.с.) оның жүзін ашып көріп еді, жүзі көгеріпті. (Деректерде) оның атын Сафия деп атайды. Жөйттердің ұлығы Хайи ибн Ахтабтың қызы еді, дейді. Түнде күйеуімен жатқан кезде айдың келіп қойнына кіргені туралы түс көрді. Оянып кетіп, түсін күйеуіне айтып берді. Күйеуі қызғанып: «Ай – Мұхаммед, соны армандап жатырсың ба?» – деп бір салып жіберді. Жүзіндегі көгерген содан болып еді. Содан кейін Расул (ғ.с.) Сафияға: «Жүзің неге көгерді? Сен айтасың ба əлде мен айтып берейін бе?» – деді. Сафия: «Сен айт», – деді. Расул (ғ.с.) сол түстің қиссасын айтып берді. Сафия мұсылман болды. Расул (ғ.с.) ның некесіне кіріп: «Ей, Расулулла, менің бір өтінішім бар», – деді. (Расулулла): «Ол не?» – деді. (Сафия): «Менің бауырларымнан жизияны алып таста», – деді. Расул (ғ.с.) олардан жизияны алып тастап, келісім берді. Сол келісім хат бүгінгі жөйттерде бар. Мұсылмандар əмірі Əлидің (Алла одан разы болсын) жазуы үшін оны теберік тұтып мақтан етеді. «Уаллаһу ə’лəму бис-сəуаб» («Дұрысын Алла жақсы біледі»).
БƏНИ ҚАСИР ИЖЛƏ ҚИССАСЫ Ижлə – елден шығару деген сөз. Бұл ижлə Бəни Құрайзаны өлтіргеннен кейін екі жылда (болып) еді. Расул (ғ.с.) Мединеге кірді. Бəни Құрайзамен нəзір етіп, келісім жасап: «Біз сенімен соғыспаймыз. Сен де бізге тиіспе. Сенің ісің туралы ақылдасайық», – деді. Олардың мақсаты мынау еді: Тəураттан ақыр заманда жеңіске жететін бір пайғамбар шығады дегенді көріп еді. Сол жеңіс Бəдір соғысы болатын. Алғашқы соғыс сол еді. Екінші жылы Ұхұд соғысы еді, тымтырақай болды. Жөйттер: «Жеңістері қалмады», – деді. Оны қателесіп айтты. Қайғылы жеңіс болады деген Тəуратта жоқ еді. Тағы бір жауабы мынау: Мұсылмандарға қайғылы жеңіс болатын, алайда оны кəпірлер білмеді. Кəпірлермен соғыстың өзі жеңіс. Шаһадат болса, жеңіс, жұмақтық болады. Тəураттан Мұхаммедтің қанша сипатын көрсе де, иман келтірмеді. Сол уақытта Кағбпен бірге жетпіс ер адам Меккеге келді. Барлық құрайыштықтарды жиып: «Мен Мұхаммедтің келісімін бұздым. Сендер бұл жерден аттаныңдар, біз ол жақтан келейік. Мұхаммедті жолдастарымен өлтірейік», – деді. Олар Кағбтың кепілімен отыр еді, біреуі тұрып: «Біздің біраз ұл-қызымыз бұл жерді тастап Мединеге барды. Біразымыз осында қалдық. Өз шаруаларын істеп жатыр. Қайсысы жақсы?» – деді. Кағб: «Олар сонда барып иман келтірді. Бұлар (яғни меккеліктер) артық», – деді. Жаратушы Алла: «Улəикə əл-лəзинə лə’əнəһумуллаһу» («Олар Алла Тағала лағынеттеген адамдар»), – деп жауап берді. Осы сөзді айтып қайтты. Жаратушы Алла Жебірейілді Мұхаммед Расулуллаға жіберіп: «Сахабадан біреуін жіберіп, өлтіртсін», – деп Кағбтың пейілінен хабар берді. Салкан ибн əл-Батыр деген бір палуан бар еді, соны жіберді. Ол: «Мен барып бұл істі бітірейін. Алайда Мұхаммед ибн Муслима оның қызын алған бауыры. Сол да барсын. Оны үйінен шығарып берсін», – деді. (Мұхаммед ибн Муслима): «Ей, Расулулла, мен барып, оны үйінен шығарып берейін. Сөйлесіп тұрған уақытта сен туралы орынсыз сөз айтуға тура келсе, не істейін», – деді. Расул (ғ.с.): «Айтсаң, зияны жоқ», – деді. (Қасына) бірнеше адам алып барды. Мұхаммед ибн Муслима жолдастарын үйдің сыртында қалдырып, өзі келіп есік қақты. Кағб: «Кімсің?» – деді. Мұхаммед ибн Муслима: «Мен күйеу балаңмын, Мұхаммед ибн Муслимамын», – деді. Кағб: «Не жұмыспен келдің?» – деді. (Мұхаммед ибн Муслима): «Ей, Мұхаммед, бізден жизия сұрайсың, білмейміз. Сенен нəрсе сұрағалы келдім», – деді. Кағб: «Маған кепілзат бермейінше бермеймін», – деді. Мұхаммед ибн Муслима: «Кепілзат əкеліп тұрмын», – деді. Кағб тұрып, үйден шықпақшы болған кезде əйелі етегінен тартып:
«Мына дауыс біртүрлі шығып тұр. Мен бұдан қанның əсерін көріп тұрмын», – деді. Бұл əйел палшы еді. Бұдан бұрын бір бұғы есікке келіп мүйізімен есікті қағып еді. Пал солай шығып еді. Кағб: «Егер қараңғы түнде ізгі текті біреу келіп, мені өлтірмекші болып шақырса, барамын», – деп үйден шықты. Сəлемдесіп, құшақтасты. Кағб: «Сенен жақсы иіс шығып тұр, мас емессің бе?» – деді. (Мұхаммед ибн Муслима): «Солай», – деді. Содан кейін шашынан ұстап, төмен тартты да, жолдастарын шақырды. (Олар) үй артынан жетіп келіп, қылыш сұқты. Алғашқы сұққан кезде бір айқайлады, əйелі үй ішінен бір айқайлады. Осылай ұрып, өлтірді. Əуелі қылышпен ұрған уақытта бір сахабаның аяғына қылыш тиді (жаралады). (Ол): «Мені мұнда қалдырып, сендер қашыңдар. Расул (ғ.с.) ға менен сəлем айтыңдар», – деді. (Жолдастары): «Сені қалай қалдырамыз? Алып кетейік. Немесе сен үшін осында соғысамыз», – деді де, оны көтеріп алып қашты. Жөйттер тұрып, келіп өлікті көрді. Қаруларын алып іздеді, ешкімді таба алмады. Сол кезде Жебірейіл келіп: «Ей, Расулулла, олар жиылмастан бұрын барыңдар. Қара малдары бос, иесіз қалған», – деді. Барды, қамалға кірді. Кездескенді өлтірді, таспен ұрып, сарайларды бұзды. Бау-бақшаларына кіріп, құрма ағаштарын кесті. Əрбір құрма ағашы бір құлдың бағасына тең келетін. (Олар): «Сендер жаман істерді жаман көреміз дейсіңдер жəне ағаштарды кесесіңдер. Жақтау қаралар көңілінде бұл дұрыс емес», – деді. Алла Тағаланың: «Мə қатə’тум мин линəтин əу тəрактумуһə қаимəтəн ‘əлə усулиһə фə биизниллəһи уə лийухзи əл-фəсиқин» («Құрма ағашын кескендерің немесе орнында тік тұрған қалпы қалдырғандарың олардың бəрі Алланың қалауымен жəне Аллаға мойынсұнбағандарды масқаралау үшін болды») дегенін көрмейді. Жөйттер шарасыз қалды, жалынды, амандық сұрады. Расул (ғ.с.) мына шартпен амандық берді: «Үш үйдің адамдары үйіндегі заттарын бір түйеге жүктесін, (бірақ) жіп байламасын, түйеден түскені бізге, түспегені сендерге болады». Əбу Сағид əл-Фарияби риуаят етеді: Түйелерге жіпсіз жүктеп, жүрген уақытта барлық ыдыстар, қаптар түсіп қалды. Қабаған иттер үргенде түйелер үркіп, секіріп, қашты. Арқасындағы жүктің бəрі түсті. Сахабалар бəрін жиып алды. Елін тазартты. «Һуəл-лəзи əхражə əл-лəзинə кəфəру мин əһли əл-китəби мин дийəриһим ли əууəли əлхəшр» («Кітап иелерінен болған кəпірлерді бірінші жиналғанда-ақ өңірінен қуып шыққан Ол сондай (Алла)»). Яғни Араб түбегінен Азрға, Иртихаға жəне Шамға дейін қуып жіберді.
БƏНИ ҚҰРАЙЗАНЫ ӨЛТІРГЕНІ ТУРАЛЫ Бəни Құрайза Расулдың қарамағында еді. Ғам əл-Ахзаб болған кезде жеті түрлі əскер келді. Он бес адам еді. Бəну Саламадан Əбу əл-Ағда əс-Салами келді. Əкрама ибн Əбу Жəһіл жəне Суфиян ибн Хармен Мединені қоршап алды. Расул сахабалармен ақылдасты. Салман: «Мединенің айналасына ор қазайық», – деді. Орды өз елінде көрген болатын. Ор қаза бастады. Ішінен тас шықты. Балға өтпеді. Расул (ғ.с.) ға хабар берді. Жаңағы тасқа су шашты. Балға алып: «Бисмиллəһи рахмəнир рахим» («Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен»), – деді. Үш рет балға ұрды. Қатты тас құмдай үгітілді. Салман: «Мен сол кезде ор ішінде едім. Əр балға ұрған кезде нұр шашырайтын еді. Сол нұрдың ішінен шаһарлар көрінетін. Расулға айтқанымда, Расул (ғ.с.): «Бұл менің үмметім үшін ашылатын шаһарлар. Парсы, Рум, Хорасан жəне басқа қалалар», – деді. Мұны есітіп тұрған Абдулла ибн Убай: «Ол елдегі халық Мұхаммедті елдеріне жолататындай емес қой. Бүгін мына ордан бір қарыс та шыға алмай жатырмыз, ол іс қашан болады?» – деді. Салман (Алла одан разы болсын) бұл сөзді Расулға айтты. Расул (ғ.с.) бұл сөзге қайғырған уақытта Жаратушы Алла: «Қул иллəһуммə мəликə əл-мулки ту’ти əл-мулкə мəн тəшəу» («Ей, Алла, ей, барша патшалықтың иесі, Сен қалаған адамыңа патшалық бересің») деген аятты түсірді», – деп есіне алады. Жабир: «Мен ор басында отыр едім. Расул көйлегінің етегін иығына дейін көтерді. Етегінің астынан ішіне тас байлап алғанын көрдім. Соны көрген кезде іші-сыртым бір түрлі болып кетті. Тұрып, үйіме бардым да, əйеліме: «Расулулланы осындай жағдайда көрдім. Жейтін бірер нəрсе бар ма?» – дедім. Əйелім: «Бір тартар арпа мен бір ешкі бар. Мен нан ашытайын, сен ешкіні бауызда», – деді. Жабир ешкіні бауыздады, əйелі нан ашытты. Тандырға от жақты. Қазан көтерді. (Жабир): Расул (ғ.с.) ға: «Бір тартар арпа мен бір ешкі бар. Еңбек етіп болған соң біздің тамақтан дəм татсаңыз болар еді?» – деді. Расул (ғ.с.): «Сен бар, əйеліңе айт, тандырдың аузын ашпасын. Мен келгенше нанын алмасын», – деді. Жабир келіп, əйеліне Расул (ғ.с.) ның сөзін жеткізді. Содан кейін Расул (ғ.с.) сахабаларға айқайлап: «Қуму илə бəйти Жəбирин фə иннə Жəбиран иттəхəзə лəнə шəуийəн» («Тұрыңдар, Жабирдің үйіне барыңдар. Жабир бізге қуырылған ет дайындап қойыпты»), – деді. Расул (ғ.с.) парсы тілінде осы бір рет сөйледі. Үш жүз сахаба жиылды. (Кейбіреулер жеті жүз еді дейді). Жабирдың үйіне барды. Жабир алыстан осынша жұртты көрген уақытта (үйіне) кіріп əйеліне: «Расул (ғ.с.) көп адаммен келе жатыр», – деді. Əйелі: «Біздің тамағымыздың шамасын Расул (ғ.с.) ға айтпадыңыз ба?» – деді.
Жабир: «Айттым», – деді. Əйелі: «Айтсаң, қайғырма. Жаратушы Алла берекесін берсін», – деді. Біраздан кейін Расул (ғ.с.) жарандарымен кіріп келді де, тандыр қасына тоқтады. Тандыр аузын ашып, қасиетті аузымен үрледі. Қазанның қақпағын ашып, оған да үрледі. «Дастарқан алып келіңдер», – деді. Тандырдан нан шығара бастады. Қазаннан етті түсірді. Халықтың бəрі нан мен етке тойды. Сол тамақтар баяғы қалпы (артылып) қалды», – деп (есіне алды). (Деректерде) Хайи ибн Ахтаб Бəни Нəзирді Меккеге барып, Мұхаммедпен соғысуға үгіттеді. Əбу Суфиянға (барып): «Мен барып бəни Құрайзаны Мұхаммедтен қайтарайын (айнытайын)», – деді. Түн ішінде барып есік қақты. «Кімсің?» – деп еді, «Хайи ибн Ахтабпын, есікті аш», – деді. (Олар): «Есік ашпаймыз, сен жаман ойлы бұзықсың. Бəну Нəзир сенің кесіріңнен опат болды, бізді де опат етерсің», – деді. (Хайи ибн Ахтаб): «Ей, қауым, мен ашығып тұрмын, маған тамақ керек», – деді. Тамақ деген сөзді естіген уақытта есік ашпауды ар санап, есікті ашты. Тамақ алып келді, жей бастады. «Сендерге бір (айтар) ақылым бар. Мына əскер келді. Мұхаммедті өлтірмейінше, Мединені талқандамайынша (енді) қайтпайды. Сендерді қоймайды (тірі қалдырмайды). Себебі сендердің Мұхаммедпен тілдерің бір», – деді. Олар: «Не істейміз?» – деді. (Ол): «Мен үйретіп берейін. Мұхаммед сендерге адам жіберіп, «Маған болысыңдар», – десе, сендер: «Біз екеу едік, жалғыз қалдық. Бəну Нəзир секілді бір үлкен əскер алып келсең, сонда саған болысайық», – деңдер. Содан кейін шығып Əбу Суфияннан адам (көмек сұрап) келсе, соған болысыңдар», – деп кетті де, Əбу Суфиянға келіп: «Осылай деп айттым, олар Мұхаммедтен қайтты», – деді. Əбу Суфиян түн ішінде көмекшілері мен жандайшаптарын шақыртты. Өзі шатырда еді. Олар жиылып келді. (Əбу Суфиян): «Сендердің араларыңда бөгде біреу болса, қолын ұстаңдар (тұтқындаңдар)», – деді. Ол Хұзайфа ибн əл-Ямани Расулулланың тыңшысы болатын. Сол түні кəпірлер əскеріне кіріп, сөздерін тыңдап, іс-əрекеттерін аңдып еді. Халықтың Əбу Суфиянның шатырына кіріп бара жатқанын көріп, қосыла кіріп еді. (Осы оқиға туралы Хұзайфа ибн əл-Ямани): «Бөгде адам болса ұстаңдар» деген сөзді естігенімде, қолымды басқа біреу ұстап қалмасын деп қорқып, асығып біреудің қолын ұстадым да: «Кімсің?» – деп сұрадым. «Мен пəленшемін», – деді. Қашан олардың қолын ұстаған уақытта тыншыды. Əбу Суфиян: «(Мынаны) біліңдер, Хайи ибн Ахтаб Құрайзаға барып, осындай іс бітіріпті. (Оларды) Мұхаммедтен қайтарды, бізге болысатын болды», – деді. Оны есітіп, бəрі шатырдан шықты. Мен де олармен бірге шығып, бір шетте отырдым. Біреу келді.
(Оны) қылышпен ұрайын дедім де, Расул (ғ.с.) ның «Мен сендерге келмейінше, (өздеріңше) бір істеп жүрмеңдер» деген өсиетін есіме алып, өзімді ұстадым, өлтірмедім. Содан кейін Расул (ғ.с.) ға келіп, көрген-білгенімді айтып бердім», – деп есіне алады. Омар (Алла одан разы болсын): «Шын айтып тұрсың ба?» – деді. Хұзайфа: «Сол күні жалған сөзді сенсің?» – деді. Омар: «Ей, Расулулла, мені жалғаншы деп, сөгіп тұрғанын көрмейсің бе?!» – деді. Расул (ғ.с.) Омарға: «Хұзайфа дұрыс айтып тұр. Сен бұрынғы уақытта пұттарды Жаратушы Алланың жолдасы деп көп айтатын едің. Хұзайфа соны айтып жатыр», – деді. Біраз уақыттан кейін Нағим ибн Масғұд əс-Сақафи: «Сен бұған қайғырма. Мен Исламды қабылдадым, (алайда оны) ұл-қызым білмейді. Мен барып, Бəну Құрайзаны біз жақа қайтарайын», – деп барды. Оларды (Бəну Құрайзаны) жиып: «Ей, міскіндер, Əбу Суфиянның Мұхаммедті жеңетініне сенесіңдер ме? Мұхаммедтің оны жеңуі əбден мүмкін. Олар кетеді, сендер қаласыңдар. Мұхаммед, Бəну Нəзирді қырғанындай, бəріңді де қырады», – деді. (Олар): «Бізге не істе дейсің?» – деді. (Ол): «Егер Əбу Суфияннан сендерге адам келсе, бізге қарияларды қалдыр, бізде тұра тұрсын. Сендердің əскерлерің жеңіліп қалуы мүмкін, олардың қол астында біз қаламыз. Егер сендерге жол болса (жеңіске жетсеңдер), (онда) оларды (қарияларды) құрметтеп, сендерге қайтарамыз. Көңіл Мұхаммедке болса, бізге сүйеніш болады деп айтыңдар», – деді. Олар: «Мұны жақсы айттың», – деді. (Ол) тұрып, Əбу Суфиянға барып: «Мен Бəну Құрайзада едім, олардың былай дегендерін естідім. Мұхаммедке жіберу үшін сенен он қарияны сұрайтын көрінеді. Егер мұның ақ-қарасын білгің келсе, келіңдер, соғысқа аттанайық деп адам жібер», – деді. Ертесі күні Əбу Суфиян адам жіберіп едіп, Нағим үйреткен сөздерді айтып берді. Келіп, Əбу Суфиянға сол сөздерді жеткізді. Əбу Суфиян ашуланып оларды сөкті. Жөйттер: «Мына малғұн бізді алдады», – деді. Сол түні қатты жел тұрды. Шатырларын бұзып, жерден ұшырып, көкке көтерді де, қайта жерге соқты. Бəрін опат етті. Ертесі күні Расул (ғ.с.) ның сахабалары соғыспай-ақ олжаға батты. Расул (ғ.с.) еліне қайтты. Сақал-шашы шұңқыр топырағынан шаңға батып еді. Əйелдерінің біреуі сақал-шашын жумақшы болды. Жебірейіл келіп: «Еей, Мұхаммед, шашыңды жуғызбақшысың ба? Біз періштелер қанаттарымыздағы шаң-тозаңды сілкіп кетіреміз. Басыңа су құй. Бəну Құрайзаға аттан. Оларды тұтқын жаса», – деді. Расул (ғ.с.) тұрып, дабыл қақты. Əскер бастап Бəну Құрайзаға барды. Хисарға кіріп су алды. Шөлдеп еді, су ыдыстарын ауыздарына алып барып су ішпекші болып еді, су болмады. Жаратушы Алла қазасынан бір оқ келіп, Сағд ибн Мағаздың көзіне тиді, қатты ауырды. Алла Тағалаға жалынып: «Тəңірім, Бəну Құрайзадан өшімді алмайынша жанымды алма», – деді.
Қатты шөлдеді, амандық сұрады. Расул (ғ.с.): «Амандық бермейміз алайда...», – деді. Сағдтың үкімімен Əбу Лабана, Бəни Əбдулмунзирді жіберді. Сұрап еді, екі қолымен тамағына ишара жасады. «Мұның үкіміне кірмеңдер, өлтіруді қалайды», – деді. Əбу Лабана: «Тағы аяқ жалаңаштамадым. Алла мен Расулға қиянат жасағанын білдім. Мына аят түсті: «Йə əййуһə əл-лəзинə əмəну лə тəхунуллаһа уə əр-расулə» («Ей, иман келтіргендер, Алла мен пайғамбарына қиянат етпеңдер»). Шара болмады. Келіп Сағдтың аяғына құлады. Сағд: «Мені көтеріп, далаға алып шығыңдар», – деді. Шығарды. Сағд: «Қашанға дейін наразылықты сақтайын. Ерлерді өлтіріңдер, əйелдерді тұтқынға алыңдар, балаларды ұстаңдар деп үкім бердім», – деді. Расул (ғ.с.): «Мен де Алла Тағаланың үкімімен жасадым», – деп, өлтіре бастады. Біраздан кейін Хайи ибн Ахтабты алып келді. Өлтіретінін білді. Қолымен киімін жыртып, бөліп тастады. Жəне біреудің Расул (ғ.с.) сахабаларынан досы бар еді. Расул (ғ.с.) соны жіберді. Расул (ғ.с.) соған сыйлады. Досы: «Мен сені Расулдан сұрап алдым», – деді. Ол: «Пəленше дұшпаны қайда?» – деді. «Оларды өлтірді», – деді. «Хайи ибн Ахтаб қайда?» – деді. «Ол да өлді», – деді. Бір адам атып тұрып: «Олардан кейін маған өмір сыйлау керек емес, мені де өлтіріңдер», – деді. Өлтірді. Расул (ғ.с.) сахабаларымен олардың əйелдері мен ұл-қыздарын тұтқын етіп алып келді.
РУМНЫҢ ПАРСЫЛАРДЫ ЖЕҢУІ Расул (ғ.с.) төрт хат жазды. Біреуін Рум патшасы Қайсарға, екіншісін Хабаши патшасы Нажашиға, үшіншісін Мысыр патшасы Мақауқишқа, төртіншісін Парсы патшасы Кисраға жіберді. ...Алайда (кейбіреулер) Қайсарды Исламды қабылдады дейді. Енді біреулер иман келтірмекші болды, алайда өз патшалығының күйреуінен қорықты дейді. Əскерін сынау үшін дабыл қақты. Барлық əскерін жиды. Есіктерді бекітіп, сарай үстіне шығып: «Ей, менің қауымым, Мұса пайғамбар: «Менен кейін Иса пайғамбар келеді», – деді. Иса пайғамбар: «Менен кейін Мұхаммед пайғамбар келеді», – деген бола тын. Енді Мұхаммед шықты, соның дінінен сендерді кім тосар», – деді. Олар: «Біразы бар. Сен əскер жиып аттануға əмір бердің немесе сенің де быт-шытыңды шығаратын едік», – деді. Содан кейін (патша): «Мен сендерді осы дінімізде ме əлде (дінімізде) емес пе деп сынап едім. «Əлхəмду лиллə» («Аллаға шүкір»), діндеріңе берік екенсің дер», – деді. Алайда Мысыр патшасы Мақауқиш иман келтірмеді. Десе де Расул (ғ.с.) ға тарту-таралғысын жіберді. (Деректерде) Яффур деген бір мысырлық есек жіберді, лақабы Əбу Зияд еді дейді. Жəне біреу Шырын есімді құл бала жіберді, жəне біреу Марият əл-Қибтия деген күң жіберді, жəне біреу үлкен бір Дүлдүл жіберді, дейді. Алайда Хабаши патшасы Нажаши иман келтірді. Хатқа жауап жазып: «Ей, Расулулла, маған кел десең, келейін, келме десең, келмейін. Маған қандай мұсылман келсе де, құрметтейін», – деді. Расул (ғ.с.): «Маған келмей-ақ қой, үйіңде тұра бер», – деген жауап жазды. Алайда Парсы патшасы Кисра Расул (ғ.с.) ның хатын жыртып тастады. Расул (ғ.с.) ды қорлап: «Елшіні өлтіру патшаға лайық іс емес, немесе сені өлтіретін едім», – деді. Елші келіп, Расул (ғ.с.) ға айтып берді. Расул (ғ.с.): «Менің хатымды жыртса, өзін жыртқаны. Менімен жарасқанда патшалығы аман қалатын еді», – деді де, «Кисра өлсе барлық қазынасы Алла Тағала жолына жұмсаймын», – деді. Кисра онымен де тыншымады. Иемен бастығы Базанға хат жазып: «Барып, Мұхаммедтің мойнын байлап маған алып кел», – деді. Базан екі тəжікті Расул (ғ.с.) ға жіберді. (Олар) келіп: «Тəңіріміз саған кел деп жа тыр», – деді. Расул (ғ.с.) олардың сақалдары жұлынған (алынған), мұрты бар екенін көріп: «Неге бұлай жасадыңдар?» – деді. (Олар): «Тəңіріміз Кисра осылай əмір еткен», – деді. Расул (ғ.с.): «Бізге Тəңіріміз мұртты кес, сақалды жібер деп айт қан», – деді. Расул (ғ.с.) сондай жомарт еді, оларды күтіп, қонақ етті. Түн болған уақытта намазға тұрды. Таң атқан кезде Жебірейіл жетіп келіп: «Ей, Мұхаммед, Жаратушы Алла Кисра ұлы Шеруяны Кисраға (яғни əкесіне) араздастырды, өлтірді», – деді. Біраз уақыттан кейін екі тəжік жəне қайтып келіп: «Ей, Мұхаммед, тұр, сені Тəңіріміз шақырып жатыр», – деді. Расул (ғ.с.): «Барыңдар, менің Тəңірім сендердің Тəңірлеріңді өлтірді», – деді.
Тəжіктер: «Олай деме. Ол есітсе сені қатты азаптайды», – деді. Расул (ғ.с.): «Барыңдар», – деді. Барса, патшалары Расул (ғ.с.) айтқандай өлген екен.... Тəжіктер Румды жеңген уақытта мүшіріктер қуанды. (Мүшіріктер) ана тəжіктер кітап иелері болған румдықтарды жеңді, тура осылайша біз де сендердің үстеріңнен жеңіске жетеміз. Алайда сендер кітап иелері бола алмайсыңдар деді. (Деректерде) бұл тартыс Əбу Бəкір Сыддықпен болғандығы айтылады. Əбу Бəкір – Убай ибн Халаф ибн əл-Жəмжиге: «Ол бізге тимек еді, оның бағасы жоқ. Ақыр соңында румдықтар тəжіктерді жеңеді», – деді. Убай ибн Халаф ибн əл-Жəмжи: «Ешқашан да румдықтар тəжіктерді жеңе алмайды», – деді. Осы сөзге тартысты, егер бес жылда осы айтылғандай болмаса Əбу Бəкір бес түйе беретін болды. Жəне: «Расул (ғ.с.) нан сұрайын», – деді. Сұрап еді, Расул (ғ.с.): «Түйені көбейт, жылды ұзарт», – деді. Əбу Бəкір келіп: «Мынаны көбейт», – деді. Жылды жетіге ұзартып, түйені онға жеткізді. Расул (ғ.с.) һижрет етпекші болған кезде Убай ибн Халаф Əбу Бəкірге (Алла одан разы болсын) келіп: «Сен кетіп қалсаң, ана он түйені кім береді?» – деді. Ұлы Əбдірахманды кепілге берді. Бəдір соғысына Убай ибн Халаф шықпақшы болған кезде Əбдірахман келіп: «Мен де сенен кепіл сұраймын, сені өлтірсе, түйені маған кім береді?» – деді. Расул (ғ.с.) ды көрген уақытта: «Жер астында бір ат бағып жатырмын. Сол атқа мініп үнді қаруымен сені өлтіремін», – дейтін еді. Расул (ғ.с.): «Ей, малғұн, мен сені өлтіремін», – дейтін. Бəдір соғысы күні жаңағы баққан атына мініп келді. Расул (ғ.с.) біреуге: «Маған найзаны бер», – деді. Беріп еді, найзаны алып атылды. Оның үстінде тұрып, найзаны тамағына қадады. Атын қайтарып қашты. «Мені Мұхаммед өлтірді», – дейтін еді. «Бұлай соғысып өлуге ұялмайсың ба?» – деді. Ол: «Бүгін Мұхаммед аузымен үрлесе өлемін, себебі мен сені өлтіремін деген едім», – деді. Содан кейін қашып, өлді. Əбдірахман ұлын ұстап, сөйлескен он түйені алды. (Деректерде) Рум жұртының парсы тəжіктерінің үстінен жеңіске жетуіне мынау себеп болып еді делінеді: Кисраның Шаһбазад деген бір əскер бегі бар еді. Бай-дəулетті тұратын. Қай елге қадам басса, алатын (бағындыратын). Көрші Румға əскер алып аттанды. Менменсіп кетер деп қорқып, Кисра оған іштарлық жасады. Хат жазып, елшілерден жіберді. Бір етігің жоғалса, сыңарын іздемей маған кел. Осы хатты алып барғаннан кейін (қайтып) келмесе керек деп ойлап, артынша жəне бір хат жазып: «Сені жұмсаған ісіміз бітпесе игі», – деп жіберді. Кисраның қасында Шаһбазадтың тіл алушысы бар еді, (сол): «Əсте келуші болма, келсең сені өлтіреді» деген хабар жіберді. Бұрынғы хат жеткен кезде, хатты жыртты. Екінші хат жетті. Бірінші хатты алып келгенге: «Ана хатпен жетсе, мына хатты берме, жетпесе бересің», – деген болатын. Бұрынғы елшіге: «Мына сөзді ешкімге айтушы болма, жасырын ұста,
саған осынша нəрсе беремін», – деді. Жəне қайтар кезде Рум патшасына «Мен сенің жолыңнан қайттым. Сен барып, Кисраны өлтір. Ол маған жауыздық ойлады. Күшті ерлер менде, қарулар да менде» деген хат жазды. Содан кейін Шаһбазад басқа жерге шығып, көп əскерімен сонда отырды. Бұл əскер Кисраға тиді, қайғылы болды. Үйге кіріп өлтірді. Бір сұлу, ақылды қызы бар еді. Əкесіне: «Не болды?» – сұрады. Əкесі болған жайды айтып берді. Қызы: «Саған бір нəрсе үйретейін. Біздің елімізде христиан біреу бар ма?» – деді. Бір христиан болды. «Не жақсылық қылдың, айламен оны Румнан шығардың. Сен одан кел, мен бұл жерден шығайын. Шаһбазадты ортадан шығарайық» деген хат жазылды. Жəне: «Əсте Қайсарға еш нəрсе айтушы болма», – деп, хатты жағасына (қойнына) жасырды. Жəне бір бөлігі Шаһбазадтың хатшысы хатымен Кисраға: «Мен айла жасадым, Қайсарды мен елден шығардым. Тезірек кел, өлтірейік», – деп бір мұғқа берді. Желмаяға мініп шапты. Христиан Қайсардың əскеріне жеткен уақытта: «Кисра маған хат бермеді, менің жағама жасырмады», – деді. Олар: «Бұл не сөз?» – деді. Сөз тыңдады. Мұны білді. Жағасынан хатты алды. Біраз уақыттан кейін түйе мініп келді, оны да ұстады. Шаһбазад Кисраға хат болды. Қайсар оқыды. Пұтқа табынушыларға: «Мені өлтірмекші болыпты», – деп қашты. Румға кірді. Бұл хабар Шаһбазадқа жетті. «Кисра былай жасады», – деп Қайсарға хат жазды. «Бұл істер Кисраның хаты, менің хабарым жоқ», – деп ант-су ішті. Жəне: «Менің ешкімге болыспайтынымды біл», – деді. Əскер алды. Кисраға білдірместен ақырын бір иғаштық жерге келді. Қараңғы болған кезде елге кірді, қазынасын алды. Кисраны ыстық суда көрді, шығарды. Ұлы Шеруяның кісенін алып, əкесінің аяғына салды. (Кейбіреулер) Кисра баласы Шеруяны сол үшін бауыздамақшы болып еді дейді. Кисраны қазына ішіне зынданға тастады. Түннің алғашында тұрғандар Кисраны атайтын еді, түннің ақырында Шеруя мемлекетке отырса, шаһуатымен əуре болар деп, бір қап ішіне у толтырып, мына күш беретін дəрі деп үстіне жазып қойды. Таң атқан кезде Шеруя бір адамға: «Кіріп Кисраның басын кес», – деп əмір берді. Сол адам кірген кезде Кисра: «Неге келдің?» – деді. «Сені өлтіргелі келдім», – деді. Кисра: «Мені өлтір, кімде-кім əкесін өлтіргенді біліп, өлтірмесе, арамзада болады», – деді. (Ол) шыққан кезде Шеруя: «Саған не айтты?» – деп сұрады. Осылай деп айтып берді. «Сен не дедің?» – деген уақытта, «Сені өлтірмесем арамзада боламын дедім, кейін өлтірдім», – деді. (Деректерде) бір күні Шеруя қазынаға кірген кезде жазулы тұрған бір қапты көрді делінеді. Күш беретін дəрі деп алды. Біраз жеді. Сол сəтте-ақ өлді. Алайда дəрі мүшесіне құрт түсірді. Өлетінін білген кезде патшалығында өз орнына отырады-ау дегеннің бəрін өлтірді. Содан кейін өзі өлді. Өлгеннен кейін екеуін жəне өлтірді. Буран деген қызы орнына отырды.
ХАУАЗИН ҚИССАСЫ Хауазин аймағынан төрт мың адам аттанды. Расул (ғ.с.) ға (қарай) жол алды. Расул (ғ.с.) ға хабар жетті. Бас-аяғына дейін қаруланған он мың адам жолға шықты. Расул (ғ.с.) ға шексіз жақсылық келді. Біреу: «Ешкім де бізге қарсы тұра алмайды», – деді. Расул (ғ.с.) оны есітіп үндемеді. «Мына адам менің əскерімді желге берді» – деді де жəне: «Мына дүние пайғамбармен көп соғысты. Дəуіт жəне сүйіктісімен əуре болды. Жəне қанды күнінде əскер жиылғанына қуанып əуре болдым», – деді. Соғысқа тұрған уақытта Хауазин ұлы: «Сендерде төрт мың қылыш бар, қылыштарды қындарынсыз ұрып салыңдар. Содан кейін етектеріңді мықтап байлаңдар. Осылайша қара тауға атылсаңдар, түбінен қазасыңдар», – деді. Солай жасап еді, Ислам əскері жеңіліп, қашты. Періштелер келді. Бəрі ала аттыларды көрген кезде, қорқып кетті. «Мұхаммед əскері бізге тұзақ құрыпты», – деп қашты. Ислам əскері қуа жөнелді. Періштелер алдарынан шығып, біразын өлтірді. Ауф ибн Мəлік əн-Насри ұлдарын ұстап алып келді. «Ала аттылар қайда?» – деді. Расул (ғ.с.): «Саған үш іс бар, қайсысын қалайсың? Сені кешірейік пе əлде өлтірейік пе, немесе Исламды қабылдайсың ба?» – деді. «Өлтірсеңдер де, кешірсеңдер де болады, алайда Исламды қабылдамаймын», – деді. Расул (ғ.с.) оларды кешірді. Олар Расул (ғ.с.) ның кеңпейілдігін көріп, Исламды қабылдады.
ТƏБҮК СОҒЫСЫНЫҢ ҚИССАСЫ САУАЛ: Тəбүктің мағынасы не? ЖАУАП: Сөздікте есектің таза еместі іздеп иіскеп мұрнын жоғары көтеру деген сөз. Бұл соғыста Ислам əскері қатты шөлдеді. Көздері қарайғанда қара жүкті алып, іздеп қуанғанда, жүздерін жоғары көтеріп, көкке қарайтын. Тəбүк соғысы деп сол үшін аталды. (Деректерде) Ислам əскері аттанды делінеді. Шамға барды. Тамыз айы болатын, қатты тарықты. Күн ыстық, азықтары аз, суы жоқ. Түйені өлтіріп, ішін сығып, суын іше бастады. Түйе бітті. Жүктерін өздері көтерді. Еш уақытта бұлайша қиналмап еді. Мына Ислам хақ болса, бізді мұншалықты азапқа салмас еді деген ой келді. Алла Тағала: «Лəқад тəбаллаһу ‘əлə əл-нəбий уə əл-муһəжиринə уə əл-əнсар» («Алла пайғамбарға, мұһажирлерге жəне ансарларға мейірбандық жасады»), – деді.. Жағфар Тайяр туралы... Расул (ғ.с.) һижрет қылмақшы болған уақытта төрт тараптағы елдер ге адам жіберді. Жағфар Тайярды бір қызы жəне бірнеше жолдастарымен Хабаши патшасы Нажашиға жіберді. Расул (ғ.с.) һижрет еткен соң ұрыстар болды. Əуелі Бəдір соғысы еді. Жетпіс кəпір өліп, жетпіс кəпір бастық болды. Меккенің ұлықтары мен қарттары жиылып: «Мына адаммен (Мұхаммедпен) не амал жасаймыз?» – деп ақылдасты. Əрқайсысы өз ойын ортаға салды. Ақыр соңында: «Нажашиға көп мал жіберейік, адам жіберсін, шапағат етсін. Біздің халқымызды қайтарып берсін» деген мəмілеге келді. Олар: «Бүгінге дейін біз патшаға жақсылық ойладық, ендігі ойымыз мынау: Біздің арамыздан бір адам шығып, аталарымыздың дінін жоққа шығарды. Тəңірлерімізді сөгіп, аталарыңның бəрі тамұқтық деп жатыр. Арамызда алауыздық пайда болып, несібеміз былғанды. Біз де онымен соғыстық, ол да бізге əскер жіберді. Бірнешеуімізді өлтірді, бірнешеуімізді тұтқындады. Əкесінің бауырының ұлын саған жіберді. Бізді бөлгендей, сенің патшалығыңды да бөлмекші. Сұрарымыз: оларды бізге бер. Олардан өшімізді алайық», – деп хатты Омар ибн əл-Асқа берді. Омар теңізге түсіп үш айда Хабашқа барды, алайда Жағфар Тайяр үш жыл қалды. Омар Нажашиға келіп, хатты берді. Хатты оқып, «Мұндай адам маған келген жоқ, келсе көрерміз», – деді. Біраз уақыттан кейін Жағфар жетіп келді. Омар өз жолдастарымен патшаның қасында отыр еді. Жағфар сарай есігін қағып: «Тəңір елшісі рұқсат сұрап жатыр», – деді. Омар ибн əл-Ас Жағфардың дауысын танып: «Ей, патша, мынау біз айтқан адамның дауысы. Өзін Тəңірдің елшісі деп жатыр. Саған кіргенде сəлем бермейді, барша əлемдегілер сəжде жасағандай, саған сəжде жасамайды. Басқалар жасағандай жасамайды», – деді. Нажаши есік сақшыларына: «Оған айтыңдар, жəне рұқсат сұрасын», – деді. Тəңір əскері дегені хош келгені үшін жəне рұқсат сұратты.
Жағфар жəне: «Тəңір Тағала əскеріне рұқсат па?» – деді. Нажаши: «Кір», – деді. Тəңір Тағаланың иманымен кірді, сəлем берді, алайда сəжде жасамады. Омар: «Ей, патша, басқалар жасайтындай бұлар саған сəжде жасамайды деп саған айтпадым ба?!» – деді. Жағфар: «Ей, патша, Тəңір Тағала сондай бір пайғамбар жіберді, əлем ондай пайғамбарды əлі көрген жоқ, оның сипатын құлақ естіген жоқ. Барша пайғамбарлар (оған) тахият пен сəлем айтады. Туысқандарды араласуды, ата-анаға жақсылық жасауды айтады. Барша жанға жол көрсетеді. Садақа, мал зекетін беріңдер дейді. Кəпірлікті тастап, мұсылман болыңдар дейді. Алайда Тəңірден басқаға сəжде жасау дұрыс емес дейді», – деді де: «Сендей патшалардың алдында көп сөйлеу əдептен емес. Мыналарға айт, олардан біреу, бізден біреу тұрып сөйлесейік», – деді. Жəне: «Бұлардан сұра, біз құлмыз ба əлде азатпыз ба?» – деді. Сұрап еді, «Азатпыз», – деді. Жəне: «Бір нəрсе алғаны бар ма?» – деді. Сұрап еді, «Жоқ», – деді. Нажаши: «Бұлардан алатын затыңыз таудай болса да, өз қазынамнан берейін», – деді. (Мұсылмандар): «Сұраңыз, біз құл емес болсақ, ешкімді өлтірмесек, затын алмасақ, онда бізден не қалайды?» – деді. Омар ибн əл-Ас: «Ей, патша, аталарыңыздың дінін қаралайды. Арамызға жік салады жəне артық істер жасайды», – деді. Біраздан кейін Нажаши Расулдың нағты сипаты, басқа пайғамбарлардың да сипаты бар бір хат шығарды да: «Сендер бұрын қай дінді ұстандыңдар?» – деп Жағфардан сұрады. (Жағфар): «Шайтан дінінде едік. Енді Исламға – Тəңір дініне кірдік. Жер мен көкті жаратқан Тəңірге сиынамыз», – деді. Нажаши: «Біреу Тəңір дініне кірсе, қайта шыға ма?» – деді. (Жағфар): «Шықпайды», – деді. Нажаши: «Исламның ерекшелігі осы, – деді де, – Əуелі бұл дінге кім кірді?», – деп сұрады. (Жағфар): «Əуелі əлсіздер кірді», – деді. (Нажаши) Омар ибн əл-Асқа (қарап): «Сендер маған пара бердіңдер, сыйлық бермедіңдер. Пара алмаймын, себебі маған Алла Тағала патшалық берді, параны харам қылды», – деп алып келгендерін қайтарып берді. Жəне Жағфарға (бұрылып): «Жаратушы Алла Мұхаммедке жіберген сөзден сенде бірер нəрсе бар ма, оқышы», – деді. Жағфар: «Субхəнəл-лəзи əсра би’əбдиһи лəйлəн мин əл-мəсжиди əл-хəрами» («Түндердің бірінде өз пендесін қасиетті мешіттен алып барған Алла пəк») деп бастады. (Нажаши): «Сенің Тəңірің атап келген атын оқысын», – деді. Жағфардың жодастары: «Оны қалайша оқысын?» – деді.
(Нажаши): «Жебірейіл алып келгендей оқысын», – деді. Жағфар: «Ə’узу биллəһи мин əш-шəйтани əр-ражими. Бисмиллəһир рармəнир рахим. Кəф Һə Йə ’Əйн Сад. Зикру рахмəти раббикə ‘əбдиһу Зəкəрийə илə қаулиһи уə мə лир-рахмəни əн йəттəхизə уəлəдəн» («Қарғысқа ұшыраған шайтанның шəрінен Аллаға сиынамын. Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен. КəфҺəЙə’ƏинСад. Жаратушыңның өз пендесі Зəкəрияға берген мейірімі туралы қиссадан бастап осы сүренің 92-ші аяты болған «Мейірбан болған Аллаға бірер адамды ұл етіп алу дұрыс емес» деген аятқа дейін»), – деп бастады. Барлығы сыбырласа бастады. Жағфарды ұрмаққа ұмтылды. Нажаши: «Бүгіннен бастап кімде-кім бұған қол көтерсе, он мың қызыл алтын берсін деп үкім шығардым», – деді. Жағфар оқып жатқанда Нажаши дауыс шығарып жылап жатыр еді. Барша жылады. «Уə изə сəми’у мə унзилə илə əр-расули тəра ə’йунəһум тəфизу мин əд-дəм’и миммə əрафу мин əл-хəққи» («Егер олар пайғамбар (ғ.с.) түсірген аяттарды есітсе, олардың көздерінен жас ағатынын көресің. Себебі олар ақиқатты біледі»). Содан кейін əмір беріп, Жағфарды жолдастарымен сарайға кіргізді. Тамақтандарды. Омар ибн əл-Асты жолдастарымен сарайдан шығарды. Алып келген сыйлықтарын қайтап берді. (Кейбіреулер) Жағфар Тайяр олармен кездескен уақытта сөзден жаңылды, (сонда) Жаратушы Алланың жарлығымен Жебірейіл келіп хат беріп, Жағфарға үйрете бастады дейді. (Кейбіреулер) Нажаши оларға жақсылық жасады, алайда кейбір зəңгілер Жағфар мен жолдастарына кедергі қылып жатып, көздері сол қызға түсті. (Содан) секіріп аяқтарымен (жерді) тебе бастады. Соны көрген сайын солай жасайтын еді дейді. (Енді біреулер) Жаратушы Алла ойын-күлкіні он бөлікке бөлді, соның тоғызын зəңгілерге берді, бір бөлігін барша адамзат баласына берді дейді. Расул (ғ.с.) ның сахабалары оларды уайымдап жатыр еді. Бір күні бір патша Нажашимен соғысқалы келе жатыр деген хабар келді. Барлық зəңгілер шығып соғысты, өлді. Омар ибн əл-Ас аң-таң болып қалды. Бір күні бір жолдасқа: «Сен көрікті, əдемісің, мыналардың бəрі қапқара. Мына Нажашидың сарайының төңірегінде жүрсең, əйелінің көзі саған түсіп, сенімен сөйлеседі. Біздің сөзімізді Нажашиға жеткізеді, (сонымен) ісіміз бітеді», – деді. Солай жасап еді, есік саңылауынан əйелдің көзі оған түсті. Ол адамды өзіне шақырып, оған жабысты. Ол адамға көп сыйлықтар бере бастады. Омар ибн əл-Ас бір күні жаңағы жолдасқа (адамға): «Осынша малды менің үйретуіммен таптың, жартысын маған бер», – деді. Ол бермеді. Омар ибн əл-Ас бір иіс күйдіріп, мəжмəри əтірмен Нажашиға алып барып: «Мынаны танисың ба?» – деді. Нажаши: «Бұл менің сандығымда еді», – деді.
Омар ибн əл-Ас оның сөзін, əйелдің сөзін айтып берді. Нажаши жаңағы адамды ұстауға əмір берді. Оң аяғына ұрды. Екіге бөлініп, өлді. Омар ибн əл-Ас қарабет болып келді. Алайда Жағфарды құрметтеп, көп мал-дүние беріп қайтарды. Нажаши өлген уақытта Жебірейіл келіп: «Ей, Мұхаммед, бауырың Нажаши өлді. Тұрып, жаназа намазын оқы», – деді. Содан кейін Жебірейіл қанатын жайды, арадағы үйлер, таулар, сарайлар, ағаштар бəрі ортадан кетті. Жазық болды. Расул (ғ.с.) Нажашидың жаназасын алыстан көрді, намазға тұрды. Жебірейіл ілгері шықты, Расул (ғ.с.) сахабалармен бірге ұйып, намаз оқыды. «Уаллаһу ə’лəму бис-сəуаб» («Дұрысын Алла жақсы біледі»).
АЙШАНЫҢ (АЛЛА ОДАН РАЗЫ БОЛСЫН) ИФК ОҚИҒАСЫ Абдулла ибн Аббас (Алла одан разы болсын) Айшадан: «Ифк оқиғасы қалай болды?» деп сұрадым, – дейді. Айша (Алла одан разы болсын): «Расул (ғ.с.) ғазауатқа шықса, əйелдерінің бірін жеребе тастап немесе кезекпен алып кететін. Кезек маған келген кезде үш рет дабыл қағатын еді. Алғашқы ұрғанында қара малды (сапарға) дайындайтын еді. Екіншіде, жүк артатын. Үшіншіде, аттанатын еді. Алғашқы дабыл қаққанда далаға шығып, дəрет алып қайтып келдім. Күймеге кіріп, қолыммен мойнымды сипадым. Дəрет алған жерде мойнымдағымды ұмытып қалдырыппын. Қайта шығып, дəрет алған жерге бардым. Болып, қайтып жұртқа келдім. Жүк артқандар күймеге кіргенімді көргенімен, шыққанымды көрмеген еді. Мен жұртта қалып қойдым. Расул (ғ.с.) ның əдеті, əр түні күйме жанына келіп, бір не екі рет мені сұрайтын еді. Сол түні мені сұрамаса, қосынды түсір дейтін. Қосын арасында түсетін жер емес, түсетін уақыт емес деген сөз тарады. Түсті. Таң атқан уақытта Жаратушы Алла таяммум аятын жіберді. Расул (ғ.с.) ның қосынында Сафуан ибн Муғтал деген мықты бір адам бар еді. Желмая мініп жүретін. Қосын қонған жерден қозғалса, Сафуан күн көтерілгенше тұрып, жұртта қалатын. Бір нəрсе қалып кетсе, соны жиятын. Келіп мені көрді. Мені жылап отыр едім. «Расул (ғ.с.) ның əйелісің бе?» – деді. «Ия», – дедім. Түйесін шөктіріп, өзі түсті де: «Мынаған мін», – деді. Міндім. Мұрындығын алып жүрді. Қосынға жеттік. Абдулла ибн Убай мұңды қосын жағасына түскен еді. Артық сөйлесе, жарандар есітпеу үшін менің жылап тұрғанымды көрді. Түйені Сафуан жетектеп жүр. Уаллаһи, мұны көрген жоқпын, бұл да Сафуанды көрген жоқ деді. Бұл сөз қосын ішіне тарады. Расул (ғ.с.) əйелдеріне бəрінен мейірімді еді. Мединеге келдік. Жол машақаты мені шаршатты. (Əдетте) мен ауырып қалсам, Расул мені сұрап келіп, шапағат ететін еді. Бұл жерде (жолы) келмеді, сұрамады. Мен оған таңдандым. «Ата-анамның үйіне барайын», – деп рұқсат сұрадым. Оным «неге барасың?» – деп сұрайтын шығар деген едім. (Сонда) «Сен мені сұрамас үшін», – деп айтатын едім. Расул (ғ.с.) рұқсат берді. Бардым. Мені сұрамады, маған келмеді. Есіктен өтетін болса, біреуіңіз қалайсыз деп өтетін. Əркімнен мен туралы сұрайтын. Бір күні Зейнептен сұрапты. Зейнеп: «Айшамен менің арамда түсінбеушілік бар. Алайда оған жабылған жаланы мен айта алмаймын (яғни жалаға сенбеймін). Мен кішкентай кезінде де, есейген шағында да Айшадан оғаш қылық көрген жоқпын», – депті. Айшаның сіңлісі Хамиядан: «Не болды?» – деп сұраса, (ол): «Мен қайдан білейін», – депті. Əлиден (Алла одан разы болсын) сұраса, Əли: «Йə, Расулулла, көңіліңіз қаламаса, талақ беріңіз, тағы басқа біреуді алыңыз», – депті. (Кейбіреулер) Əли мен Айшаның арасына
жік түсуіне осы себеп болып еді дейді. Қоңсылардан сұраса, (олар): «Одан оғаш қылықты іс көрген жоқпыз», – депті. Айша айтады (жалғастырады): Бір түні Умми Мұстахпен шықтым. Умми Мұстах аяғы тайды. Мұстах опат болсын деп сөкті. «Неге сөгесің?» – дегенімде, «Сен туралы не айтып жатқанын көрмейсің бе? Айша Сафуанмен бірге (көштің) соңында қалды. Себебі Расул (ғ.с.) нан бұрын Айшаны Сафуан қалайтын еді. Айша болатын еді», – деді. Айша айтады: Бұл сөзді естігенімде қатты ашуландым. Ауыруым асқынып, үйге кірдім, бетімді бастым. Ата-анама: «Нге маған бұл туралы айтпадыңыздар. Расул (ғ.с.) нан барып кешірім сұрайтын едім», – дедім. Біраз уақыттан кейін Расул (ғ.с.) ға Айша бұл сөзді енді білді, бетін ұрып жылап жатыр деген хабар жетті. Расул (ғ.с.) келді. Үйге кірді, отырды. Əйелдер жылап отыр еді. Расул (ғ.с.): «Бір нəрсе болған болса маған айт, адамзат күнəсіз болмас», – деді. Айша айтады: Қайғыдан Жақып пайғамбардың атын ұмытып, сөзім жоқ... Айтқан сөзім, Жүсіптің əкесі айтқан «Фə сабрун жəмил» («Əдемі сабыр сақтау») сөзі болды. Əбу Бəкірдің үй-іші қайғылы еді. Тағы (Айша) айтады: Бір күні Расул (ғ.с.) келіп кірді. Уахи келетін белгілері жүзінен көрінді. Бір сағаттан кейін секіріп тұрды. «Сенен сүйінші», – деді. Мен: «Сүйінші сенен бе əлде Алла Тағаладан ба?» – дедім. Расул (ғ.с.): «Алла Тағаладан», – деді. Мен: «Əл-хəмду лиллəһи лə йəхмəлук» («Аллаға мақтау-мадақ, саған ешкім мадақ айтпас»), (яғни) «Алла Тағалаға шүкіршілік етемін, саған емес», – дедім. Үш рет айттым. Тағы (Айша) айтады: Мені бұл қайғыдан құтқарады деп Тəңір Тағаладан үміттеніп едім, алайда мен үшін аят жібереді деп ойламап едім. Жаратушы Алла он сегіз аят Құран ішінде менің пəктігім туралы айғақ келтіреді. Жебірейілден жіберді. «Иннə əл-лəзинə жəу би əл-ифки усбəтун минкум илə қаулиһи... буһтəнун ‘əзим» («Жала мен өсекті шығарған сол адамдар өздеріңнен болған бір топ адамдар... бұл үлкен бір жала»). Осыны (осы аятты) барлық жерде барша қарилар, барша имамдар михрабта «Субхəнəкə һəзə буһтəнун ‘əзим» («Ей, Алла, Сен пəксің. Бұл үлкен жала») деп оқиды. (Деректерде) бұл туралы сөйлеген (адамдар) үш түрлі еді, делінеді. Біріншісі – кəпірлер, жалған сөйлегендер. Екінші – хакилар, яғни естігенін сөйлегендер. Үшінші – ақтап сөйлегендер. Кəпірлерге жаза келді, дүре соғылды. Хакиларға есітсеңдер мүміндер күдіктенетіндей неге айттыңдар деген үндеу келді. Ақтап сөйлегендерге сауап дəрежесі берілді. (Деректерде) бұл аяттың түсуіне Əбу Айюбтың əйелі Ханна себепкер болды делінеді. Əбу Айюб үйіне қайғылы болып келді. Əйелі: «Неге қайғылысың?», – деді. Əбу Айюб: «Неге қайғырмаймын, Айша (Алла одан разы болсын) ны осылай деп жатыр», – деді.
Əйелі: «Уаллаһи, өтірік», – деді. Əбу Айюб: «Өтірік екенін білемін, бірақ айтып жатыр», – деді. Əйелі: «Уаллаһи, өтірік. Алайда ант ішу көзімізден алыс», – деді. Əйелі үшінші рет жəне (ант) ішіп, уаллаһи, жалған деді де: «Егер білгің келсе, сол күні Сафуанның орнында сен болсаң, Расул (ғ.с.) ның құрметіне осы ойды ойлайтын ба едің?» – деді. (Əбу Айюб): «Жоқ», – деді. (Əйелі): «Айшаның орнында мен болсам, мен туралы осылай десе сенетін бе едің?» – деді. (Əбу Айюб): «Жоқ», – деді. (Əйелі): «Уаллаһи, Сафуан сенен діндарырақ, Айша менен діндарырақ. Менен, сенен бұл іс келмесе, Айша мен Сафуаннан қалай келсін», – деді. Хакиларға тыйым келді. «Бұл екеуі ер-əйел ойлағандай, қалай ойладыңдар», – деп Абдуллаға, Мұстаға, Ихсаға дүре соғылды. Бұл Мұстах Айшаның немере бауыры еді, Əбу Бəкірдің үйінде болатын. Үйінен шығарды. Ас, су берілді. Расул (ғ.с.) келіп, Əбу Бəкір (Алла одан разы болсын) ден кешірім сұрады. «Уə лə йə’тəли улул-фəзли минкум... илə қаулиһи.... əллə тухиббунə əн йəғфираллаһу лəкум» («Сен дерден болған жақсылар мен дүниесі барлар ант ішпесін... Əлде сендер Алланың кешіруін жақсы көрмейсіңдер ме?») деген осы аят түсті. Расул (ғ.с.) Əбу Бəкірді шақырып: «Саған Алла Тағаланың кешірімі керек пе?» – деді. (Əбу Бəкір): «Керек», – деді. (Пайғамбар): «Мұстахты кешір», – деді. Кешірді.
РАСУЛ (Ғ.С.) НЫҢ ДҮНИЕДЕН ӨТКЕНІ ТУРАЛЫ Хабарда келеді: Күндердің бір күні Расул (ғ.с.) таң намазын оқып болған соң, мінберге көтеріліп, сахабаларға үгіт-насихат айта бастады. Содан кейін: «Ей, мұсылмандар, кімнің менде дауы мен ақысы бар?» – деді. Ешкім жауап бермеді. Екінші рет сұрап еді, ешкім жауап бермеді. Үшіншіде Үкаша деген сахаба тұрып: «Ей, Расулулла, менің бір дауым бар», – деді. (Расулулла): «Айт», – деді. (Ол): «Бір күні сапардан келе жатып, түйенің үстінде түйені қам шымен ұрамын дегенде, қамшының ұшы менің арқама тиді. Қатты ауырып еді. Ей, Расулулла, үш рет сұрамағаныңызда мен айтпайтын едім», – деді. Расул (ғ.с.) бөлмеге адам жіберіп, қамшы алдырмақшы болды. Қамшы сұрады. Əйелдер: «Не болды, қандай жерге бара ды?» – деп қайғырды. «(Расулулла) ешқайда бармайды, алайда Үкаша кегін алмақшы», – деді. Əйелдер жылады. Қамшыны алып келіп берді. Расул қолына алды. Үкашаға беріп тұрып: «Мен қалай ұрсам, сен де солай ұр», – деді. Үкаша қамшыны алып тұрып: «Бұл кек алу дұрыс емес. Ол күні сіз түйеге мініп бара жатыр едіңіз, мен жерде едім. Үстінен ұрған мен төменнен ұрған бір болар ма?» – деді. Расул (ғ.с.) мінберден түсіп, Үкашаны мінберге шығарды да: «Ұр», – деді. Сахабалар жылады. Үкаша: «Ей, Расулулла, сол күні менің жауырыным жалаңаш еді, қатты ауырды. Киіміңді шеш, кек дұрыс алынсын», – деді. Сахабалар арасында қыбыр-сыбыр көбейді. Расул (ғ.с.) киімін шешіп, арқасын жалаңаштады. Сахабалар айқайлады. Əбу Бəкір: «Ей, Үкаша, сол қамшымен менің жүзіме, көзіме ұр. Расул (ғ.с.) ның қасиетті денесіне тимесін», – деді. Омар, Оспан жəне Əли (Алла олардан разы болсын) жылап: «Мені ұр», – деді. Расул (ғ.с.): «Ей, жарандарым, сендер бəріңнің жандарың ашып тұр. Алайда кек менде болса, сендерден өтелмейді», – деді. Содан кейін Үкаша жауырынын жалаңаш көрген кезде: «Ей, Расулулла, менің мақсатым кек алу емес, жауырыныңыздағы пайғамбарлық мөрін көрсем деп едім. Енді рұқсат берсеңіз, сол мөрді сүйсем, сені кешірдім», – деді. Расул (ғ.с.) рұқсат берді. Үкаша сүйді. Сахабалардың бəрі қуанып, Үкашаға жарайсың деді. (Деректерде) бірнеше күннен кейін қоштасу қажылығы болды делінеді. Түйеге мініп тұрған кезде Расул (ғ.с.) да уахи ауыртпашылығының əсері білінді. Мұһажирлар мен ансарлар айналасында тұрып, уахи тыңдап тұр еді. Расул (ғ.с.) мына аятты оқыды: «Əл-йəумə əкмəлту лəкум динəкум уə əтмəмту ‘əлəйкум ни’мəти уə разийту лəкум əл-ислəмə динəн» («Бүгін сендерге дін дерді толықтырып бердім. Сендерге нығметімді жəне тура жол көрсететін дін болу үшін, Исламды сендерге лайық көрдім»). Мұны есітіп кейбір сахабалар қуанды. Сыддық (Алла одан разы болсын) жылады. «Ей, Əбу Бəкір, неге жылап тұрсың?» – деді.
Сыддық: «Сізге қуаныш күн. Менің білгенімді сендер білгендеріңде қуанбайтын едіңдер. Мұстафаның біздің арамыздан кететінін біліп қойыңдар. Бізді онымен айырылысу сəті күтіп тұр», – деді. Абдулла ибн Масғұд: «Һижреттің соңғы жылында Расул (ғ.с.) ауырып қалды. Жамағат намазына бара алмады. Əбу Бəкірге: «Барып, сахабаларға имамдық қыл», – деп рұқсат берді. Білəл (Алла одан разы болсын) азан айтты, сахабалар жылады. Расул (ғ.с.) ның ауруы солай болды. Фазыл ибн Аббасқа: «Мені мешітке алып бар», – деді. Бір қолынан Фазыл, екінші қолынан Əли ұстап, мешітке алып барды. Сыддық (Алла одан разы болсын) Расулды көріп, артқа шегінбекші болды. Расул: «Шықпа, имамдық қыл», – деді. Расул (ғ.с.) Əбу Бəкірге ұйып, намаз оқыды. Бөлмеге қайтты. Күн өтіп, ауруы асқына түсті. Қызыл жүзі сарғайды, гүлдей жүзі солды. Жебірейіл ие секілді үстінде тұрды. Əзірейіл бір бəдəуи араб секілді болып кіріп келді. Тізе бүгіп отырды. Бірте-бірте Расулға жақындап келіп, құлағына сөйледі. Жəне үйден шықты. Расул (ғ.с.) ның жағдайы ауырлады. Көп өкініп, жылады. Сахабалардың бəрі жылап: «Ей, Расулулла, мына араб кім, сізге не деді? Жағдайыңыз өзгерді», – деді. (Расулулла): «Ей, жарандарым, құрметті достарым, ол келген Мəлəку əл-мəут (өлім періштесі) бауырым Əзірейіл. Бауырым Жебірейіл де келіп тұр, маған: «Үмметіңе сəлем айт, пайда үшін иманды қолдан бермесін. Шайтанды, қу нəпсіні қусын, күдік пен шірікке бой алдырмасын. Пəк иманға берік болсын, өлімді ұмытпасын. Іштарлық пен көрсеқызарлықтан аулақ болсын, шариғат шарттарын толық орындасын. Дүниеге көңіл бермесін, Тəңір Тағаланың жарлығын құрметтесін. Ұл-қызға ас – нан атасы болмасын, дін Исламның атасы болсын. Жауыз іс пен (жаман) жолдастан аулақ болсын. Бес намазды толық орындасын. Құлдың көңіліне қарап, дəруіштерге мейірімді болсын. Əлсіздерді аясын, қайғы-мұңдыларға көмектессін. Өлімге дайын болсын, қиямет ісін бітірсін», – деп жатыр деді. Сахабалар қатты жылады. Расул (ғ.с.): «Ей, сахабалар, мен сендерге пайғамбар едім», – деді. (Олар): «Ей, əлемдердің шырағы, сен бізге ата-анадан да жақын едің. Халықты шариғатқа шақырдың, үмметке парыз бен сүннетті үйреттің. Жетімдерге əке болдың, əлсіздерге болыстың. Мұһажир мен ансарларды тəрбиеледің. Адамзат пен періні құзыретке шақырдың. Жолсыздарға жол көрсеттің, адасқандарды тураладың. Шыншылдарға шариғат гауһарын бердің, шірік пен фитна туын жерге аттың. Əлемді іліммен жарыттың. Шайтанды əділдікпен қудың. Мұғжизалар көрсеттің: айды саусағыңмен бөлдің, қолыңдағыларды тілге келтірдің, қураған ағашты жасарттың, жеміссіз ағашқа дұғамен жеміс салдырттың, майда тасты тəспіге келтірдің, тамұққа бара жатқандарды қайтарып, жұмаққа кіргіздің», – деп еңіреп жылай бастады. Үш күннен кейін өлім періштесі (Əзірейіл) жəне келді. Расул (ғ.с.) Айшаның тізесіне басын қойып жатыр еді. Фатима, Хасан жəне Хусейн қасында отыр еді. Жан алушы (періште) есікке келіп, құрметпен: «Əссəлəму
‘əлəйкум йə əһлə бəйтин нубууəти уə əр-рисалəти. Əссəлəму ‘əлəйкум йə əһлə бəйти əл-мəсəлəти уə əл-жəлəлəти. Əссəлəму ‘əлəйкум йə əһлə бəйти əл-мурууəти уə əл-кəрамəти. Əссəлəму ‘əлəйкум йə əһлə бəйти əл-футууəти уə əс-сəлəмəти. Əссəлəму ‘əлəйкум йə əһлə бəйти əл- ’иззəти уə əс-сəдəти. Əссəлəму ‘əлəйкум йə əһлə бəйти əл-мəрхəмəти уə əс-сə’дəти» («Ей, пайғамбарлық жəне елшілік үйінің иелері, сендерге Алланың сəлемі болсын! Ей, адамдар мұқтаж болатын жəне ұлылық үйінің иелері, сендерге Алланың сəлемі болсын! Ей, адамзат жəне бақытты үйдің иелері, сендерге Алланың сəлемі болсын! Ей, ізгілік жəне сейідтік үйінің иелері, сендерге Алланың сəлемі болсын! Ей, мейірім мен бақыт үйінің иелері, сендерге Алланың сəлемі болсын!»), – деп, – Кіруге рұқсат па?» – деді. Айша (Алла одан разы болсын): «Мына арабқа айтыңызшы, кіретін уақыт емес. Расул (ғ.с.) ауырып жатыр», – деді. Екінші рет ізет-құрметпен кіруге рұқсат сұрады. Расул (ғ.с.) Əзірейілдің дауысын танып: «Ей, Айша, сөзбен қайтатын адам емес, іс бітірместен қайтпайды. Араб емес, Əзірейіл, кірсін», – деді. Кіріп сəлем берді. Расул (ғ.с.): «Неге келдің?» – деді. Əзірейіл: «Құзыреттен Мұхаммедке бар, рұқсат берсе, жанын ал деді. Рұқсат бермесе, қайтып кел деді. Енді рұқсат берсең, жаныңды аламын, бермесең қайтамын», – деді. Расул (ғ.с.): «Ей, Əзірейіл, жанды бүгін алмасаң, еш болмаса ақыретте аласың ба?» – деді. (Əзірейіл): «Аламын», – деді. (Расулулла): «Олай болса, іске кіріс», – деді. Əзірейіл жан алуға кірісті. Расул (ғ.с.) оңнан-солға, солдан-оңға қозғала бастады. Қасиетті денесі əлсізденді. Құтты көңілі мұңайды. Жүзі сарғайып, балдай тілі сөзден қалды. Əдемі көздерінен тамшылап жас тама бастады. Əлсін-əлсін тілі қозғалып: «Йə мəн лəм йəнəм ‘əлə əл-уəсири уə лəм йəлбəси əл-хəрира уə лəм йəшбə’ мин хубзи əш-шə’ир» («Ей, бір рет те жұмсақ орынға жатпаған, бір рет те жақсы киім кимеген жəне бір рет тойып арпа нанын жемеген адам»), – дейтін. «Тəңі рім, мені дүниеден туралықпен шығар, топыраққа туралықпен кіргіз жəне қиямет күні топырақтан туралықпен тұр ғыз», – дейтін. Бəрі айналасына жиылды, Хасан мен Хусейн (Алла олардан разы болсын) басын иіп жылады. Фатима (Алла одан разы болсын) жылап: «Ей, жұмсақ төсекте жатпаған, ей, бағалы киім кимеген, ей, арпа нанына тойып жемеген», – деп жылайтын. Үй ішінен: «Уə шəуқа ‘əлə фирақи расулиллəһи» («Расулулладан айырылуға қалайша шыдап болады!») деген дауыс келді. Расул (ғ.с.) əр сағат сайын қолын суға салып, көкірегіне қоятын. «Аллаһуммə хəууин ‘əлəйнə сəкəрати əлмəут» («Ей, Алла, бізге жан шығар уақытты жеңілдет»). «Тəңірім, жан беруді Мұхаммедке оңайлат», – дейтін. Жан көкірегіне жеткен уақытта: «Ей, Əзірейіл, бір сағат тоқтай тұр, жан беруді оңайлат», – дейтін. «Ей, Əзірейіл, бұл күннен қияметке дейін менің үмметтеріме
жан ащылығы бар болса, сол ауыртпашылықтарды маған бер. Сол қиындықтар маған болсын, үмметтеріме болмасын». Əзірейіл: «Ей, Расулулла, мен сенің жастығыңда отырғалы бері Алла Тағаладан жетпіс рет жарлық келді. Досым Мұхаммедке мейіріммен қара. Жанын ақырын ал, басқалардан алғандай алма деп жатыр», – деді. Сол сəтте Айша Сыддық (Алла одан разы болсын) жылап Расул (ғ.с.) ға жабысып: «Олармен қашанғы сөйлесесің, менімен де сөйлес. Жеті жасымда саған қосылдым, енді жасым жиырмаға толмай жатып қасиетті жүзіңнен айырылғалы тұрмын. Ей, əзіз жаным, сенен айырылу ащылығы барша əлемге қаншалықты болса, жалғыз маған одан да артық. Басқалардың етегі күйеді, менің тəнім, жаным күйеді», – деді. Сол кезде Фатима (Алла одан разы болсын) Расул (ғ.с.) ның жүзіне қарап: «Ей, əлем қуанышы, ей, сүйіктілер махаббаты, ей, ынтықтар сүйеніші, ей, үмметтер сенімі, ей, күнəһарлар сүйеніші, ей, адамзаттың дəулеті, ей, əлемдегілер мейірімі, ей, Хақтың ғашығы, ей, халықтың шапағатшысы, мен сенсіз михраб пен мінберді қалай көремін», – деп жылап жатқанда, Əли (Алла одан разы болсын) жұбататын еді. Расул (ғ.с.): «Ей, Əли, Фатиманы жұбатпа, мендей əкенің сағынышымен жыласын. Қыздың жылауы əкелер үшін орны бар», – деді. Сол кезде барша сахабалардың жылаған дауыстары шықты. Расул (ғ.с.) ның жаны тамағына келген кезде көзін ашып: «Ей, Əзірейіл, біраз сабыр сақта, бауырым Жебірейіл келсін. Соңғы рет дидарын көріп қалайын», – деп тоқтап тұрғанда Жебірейіл келді. Жетпіс мың жақын періштелермен жылап кірді. Расул (ғ.с.): «Қайдасың, ей, бауырым Жебірейіл, бауырлар бүгін керек болар», – деді. Жебірейіл: «Ей, əлем мақтанышы, жеті қабат көктің періштелері саған аза тұтып тұр еді, солармен қалып қойдым», – деді. Расул (ғ.с.): «Ей, Жебірейіл, бұл жолы не хабар алып келдің?» – деді. Жебірейіл: «Көктер есігі, жұмақтар есігі ашылды. Хорлар биікке көтеріліп, беттеріндегі ниқапты ашып, қолдарында нұрдан табақтар алып, сенің қасиетті жаныңды көрейік деп күтіп тұр», – деді. Расул (ғ.с.): «Ей, бауыр, мұны сұрап тұрған жоқпын. Менен кейін Жаратушы Алла менің əлсіз күнəһар құлдарыммен қандай мəміледе болатынын сұрап тұрмын», – деді. Жебірейіл қайтып, бір сағаттан кейін қайта келді де: «Ей, барша патшалықтардың қожасы, Хақ Тағала: «Ей, менің досым, үмметіңді уайымдама, Мұсаның таяғы Ферғауын сахарасын қылғандай сенің үмметтеріңнің ерін қимылдатуымен сондай амал етемін. Бір аса таяқ атумен барша күпір, сиқыр жəне іріткі жоғалды. Бүгін сенің бір ерін қимылдатуыңмен барша күнəһар үмметтеріңнің дəптерлерін мейірім суымен жуып тазартамын. Сол күні Мұса анасына: «Əлқиһи фи əлйəмми уə лə тəхəфи уə лə тəхзəни иннə раддуһу илəйки уə жə’илуһу мин əл-мурсəлин» («Оны дарияға таста, қорықпа, ренжіме, Біз оны
саған қайтарамыз жəне елші пайғамбарлардан етеміз») дегеніндей.... Яғни бүгін ұлыңды теңізге таста, қорықпа, қайғырма. «Сəллими илəйиə сəбийəн усəллиму илəйки нəбийəн» («Оны маған сəби уақытында тапсыр, Мен саған пайғамбар етіп қайтарамын»). Бүгін жас сəбиді бізге бер, жас пайғамбар етіп саған (қайтарып) берейік дедік. Сен де бүгін үмметіңді бізге бер, ертең бəрін жарылқап, тазалап саған берейік» деп жатыр», – деді. Айша (Алла одан разы болсын): «Расул (ғ.с.) кейін сөйлемей қалды. Қарасам, тілі қозғалып тұр екен. Құлақ тосып тыңдасам: «Əс-салəту уə мə мəлəкəт əймəнукум» («... намаз бен қол астыңдағы нəрселер»), (яғни) «Намазды тастамаңдар, құлға мейірімді болыңдар» деп жатыр екен», – деді. Соңғы өсиеті сол болды. Дүниеден өтті. Қырық жасында уахи келді, алпыс үш жасында раббиғул əууəл айының он үшінде дүйсенбі күні дүниеден өтті. Бейсенбі күні топыраққа кірді. «Иннə лиллəһи уə иннə илəйһи ражи’ун» («Əлбетте біз Алладанбыз жəне Оның қасына ораламыз»). Мақсат мынау: Бұл дүниеден ер қалай өтсін... Жаратушы Алла əлемді, адамды соның достығы үшін жаратты «Лəу лəкə лəмə хəлəқту əл-əфлəк» («Егер сен болмағаныңда, болмысты жаратпаған болар едім»), əлемдегілердің мейірімі еді «Уə мə əрсəлнəкə рахмəтəн лил- ’əлəмин» («Біз сені əлем үшін тек мейірім болсын деп жібердік»). Жаратқан Алланың сүйіктісі, елдің емшісі, Арсы оның аяғының басы, Кəусар оның жолы, Ризуан оған қақпашы, періштеден Арсыға дейін бір адамдық, «Лə əмрукə» тəжді, «Лəу лəкə» жағалы. Адамнан Исаға дейін барша пайғамбарлардың келетінін сүйіншілеген, айдың бөлінуіне саусағымен ишара жасаған, сегіз жұмақтың иесі..., екі қайын атасы Əбу Бəкір мен Омар жəне екі күйеу баласы Оспан мен Хайдар (Əли). Бұл фəни дүние оған опа болмады, онымен жараспады, сенімен жараса ма? Көңілді үз, ақыретке байла. Өтер дүниені қой, жұмақ жаққа ұш, пəк хорларды көр. Кəусар шəрбатын іш, жұмақ пырағын мін. Өлең: Осы дүние ішінде көрдім бас-аяқ толған айқай(ы), Тыңдап тұрдым бəрін, жас дауыс мұңды сондай. Дүние екен бір өткінші, бағасы жоқ еш оның, Пайдасы жоқ сол мал секілді, одан артық сасығы. Бұл өлексе төңірегінде көргенімде сонша көп, Иттер ұрысып таласады бір-біріне болып жау. Ең соңғы иттер олар қалар арам сасық ет, Бұдан артық емес екен осы дүние тəттісі. Не екен топырақ астына кең жаһанға симаған, Тар лахад ішінде жатады оранып əтілес, ағы. Мұстафаға опа дүние қылмады, көргін опа, Тиді ақыры тазаға бұ өлімнің ащысы. Рабғұзи Насир тынба түнде-күндіз еңіреп, Сайра, тəтті тіліңнен сөз шығар, сөздер сыйы (н).
ƏБУ БƏКІР СЫДДЫҚТЫҢ (АЛЛА ОДАН РАЗЫ БОЛСЫН) ДҮНИЕДЕН ӨТКЕНІ (Деректерде) Расул (ғ.с.) дүниеден өткен соң сахабалар халифалықты Əбу Бəкірге лайық көрді делінеді. Халифалыққа отырғаннан кейін күн сайын мұңая берді. Бір күні Айша: «Ей, əке, неге мұншалықты мұңайдың?» – деді. (Əбу Бəкір): «Ей, Айша, Мұхаммед Расулулланы сағынғанымнан осындай болдым», – деді. Екі жарым жыл халифа болды. Күнде Бəйт ул-малдан (қазынадан) екі ақша еңбекақасы еді. Оны жұмсамастан жиятын. Ауруы асқынған уақытта Айшаға беріп: «Менен кейін мынаны Омарға бер, ал», – деді. Əбу Бəкір: «Мынау мұсылмандардың ақысы, оларға жеткіз. Қаншалықты мұқтаж болсам да, жұмсамадым», – деді. Əбу Бəкірден кейін сол ақшаларды Омарға алып келді. Омар жылап: «Ей, Сыддық, бердің, қияметке иман қорқынышы осылай бола тұра ауыр жүкті маған жүктедің», – деді. Кейін Айшаға: «Исламды қабылдаған күні бір жамылғыштың ішінде едім. Өлсем, сол жамылғышты кебін қылыңдар. Жаратушы Алладан қорыққаннан жыладым, көз жасым сол жамылғышқа көп ақты. Ей, Айша, мен Мұхаммед Расулуллаға барамын, сөзің бар ма?» – деп өсиет айтты. Айша жылап: «Ей, əке, менің сəлемімді Расулға жеткізіп: «Ей, Расулулла, сенсіз жалғыз қалдым, қашан қауышамын деп айт», – деді. Жəне: «Ей, Айша, қашан жаным шыққан уақытта, (оларға) айт, мені Расулдың жанына алып барсын. Біреу Расулдың раузасына (бақшасына, яғни жатқан жері) кіріп, сəлем берсін. «Ана үңгірдегі жолдасыңды алып келдік, кіре берсін бе?» – деп айтсын. Рауза ашылса, мені сонда қойсын. Ашылмаса, Бақиғ қабірстанына апарып, ғаріптердің қасына көмсін», – деді. Осы өсиеттерді айтты. Кəлима айтып, жан тапсырды. Сахабалар аза тұтып, намаз оқыды. Рауза есігі ашылып, раузадан «Əдхилу əл-хəбибə илə əл-хəбиби фə иннə əл-хəбибə илə əлхəбиби муштəқун» («Досты досқа алып келіңдер. Себебі дос досты көруге ынтық») деген дауыс шықты. «Мунфи’укə бил-бəби, хəбибукə бил-бəби, сахибукə бил-бəби, сихрукə бил-бəби, хадимукə бил-бəби» («Саған пайдасы тиетін адам есікке келіп тұр, сенің досың есікке келіп тұр, сенің жолдасың есікке келіп тұр, сенің қайын атаң есікке келіп тұр, сенің қызметкерің есікке келіп тұр»), – деп Расул (ғ.с.) ға сəлем берді. Расул (ғ.с.) ның тұсынан орын білдірді. Жағымды иіс шықты. Əбу Бəкірді қабірге қойған уақытта екі қол раузадан шығып, Əбу Бəкірді құшып алды. «Иржи’у фə қад уəсəлəл-хəбибу илə əлхəбиб» («Ей, адамдар, қайтыңдар, расында дос доспен қауышты»). Яғни біліңдер, дос досқа қауышты деп. Кімде-кім солай тірілсе, өлімі де солай болады. Тəңірім, Əбу Бəкірдің турашылдығының құрметі, соңғы демде иман нəсіп ете көр! «Əмин рабби əл-’əлəмин» («Əлемдердің Жаратушысы, қабыл ете гөр»).
ОМАРДЫҢ (АЛЛА ОДАН РАЗЫ БОЛСЫН) ШАҺИД БОЛҒАНЫ ТУРАЛЫ Омар ибн əл-Хаттаб (Алла одан разы болсын) халифалыққа отырған уақытта Тəңір Тағала жолында біраз теңдік орнап, исламдықтар арасында жеті жүз мінбер тұрғызылды. Өзі тірі кезінде қойға бөрі шаппады. Омар (Алла одан разы болсын) дүниеден өткен күні бір отар қойға бөрі тиді. Қатты дауыстап: «Иннə лиллəһи уə иннə илəйһи ражи’ун» («Əлбетте біз Алладанбыз жəне Оның қасына ораламыз»), – деді. «Не болды?» – деді. «Омар (Алла одан разы болсын) дүниеден өтті», – деді. «Қайдан білдің?» – деді. «Бүгінге дейін қойға бөрі тимейтін еді, бүгін тиді. Омардың дүниеден өткенін білдім», – деді. (Кейбіреулер) Омар (Алла одан разы болсын) базарда жүретін еді дейді. Муғира ибн Шұғбаның Əбу Луғлуғ деген христиан құлы бар еді, қарсы (алдынан) шығып: «Ей, Омар, мені Муғирадан құтқар, маған жылдық салық салады. Жəне күнде менен екі күміс алады», – деді. Омар: «Қандай өнерің бар?» – деді. (Ол): «Теміршімін, наққашпын, ағаш ұстасымын», – деді. Омар: «Бұл өнермен екі күміс болмайды. Жəне мен жел диірменін құрады деп есіттім. Сен маған жел диірменін құрып бер», – деді. Əбу Луғлуғ: «Мен тірі болсам, бір жел диірменін құрамын, күншығыстан күнбатысқа дейін таңданады», – деді. Омар қайтып: «Бұл құл мені қорқыта сөйледі», – деді. Ертесіне Кəғб əл-Əхбар келіп: «Ей, Омар, сенің өміріңе үш күн қалды», – деді. «Қайдан білдің?» – деп еді, Кəғб əл-Əхбар: «Тəураттан солай көрдім», – деді. Омар: «Менің атым Тəуратта бар ма?» – деді. (Ол): «Атың жоқ, алайда сипатың бар», – деді. Екінші күні жəне келіп: «Екі күн қалды», – деді. Үшінші күні келіп: «Таң атқанша бір күн қалды», – деді. Үшінші күні келіп: «Бітті», – деді. Омар (Алла одан разы болсын) ерте тұрып таң намазына барды. Мешітке кіргенде Əбу Луғлуғ кірді, қолында екі ұшты қанжары бар. Омардың кіндігінен төменірек сұқты. Омар құлады. «Əбдірахман мұнда бар ма?» – деді. «Бар», – деді. «Имамдыққа өт», – деді. Əбдірахман имамдық қылды. Содан кейін Омарды үйіне алып барды. Əбдірахманға: «Мені кім пышақтады, қара», – деді. Əбдірахман: «Сені Əбу Луғлуғ пышақтады», – деді. Омар: «Əлхəмду лиллəһи əл-лəзи лəм йəж’əл мəйтəти бийəди ражулин сəжəдə лиллəһи сəжəдəтəн уəхидəтəн» («Менің өлімімді бір
рет те сəждеге басын қоймаған адамның қолынан жасаған Аллаға мадақ болсын!»), яғни «Менің өлімімді мұсылмандардың қолынан қылмаған Тəңірге шүкір», – деді. Содан кейін: «Менің ісім бітсе, мені Расул раузасына алып барып: «Ей, Расулулла, мына күнəһарды алып келдік, рұқсат па?» – деңдер. Рұқсат болса, қойыңдар, болмаса, Бақиғ қабірстанына алып барып көміңдер», – деді. Біраздан кейін жағдайы нашарлаған уақытта: «Мен өтсем, жүзімді сүртіңдер. Мені бір кебінге ораңдар, кебінім ішінде бос қылмаңдар. Егер Алла Тағала менен разы болса, сол кебінде қоймайды, жұмақ киімдерін кигізеді. Разы болмаса, сол кебінді менен шешіп, тон кигізеді», – деді де: «Лахадымды мен жатқанша қазыңдар. Егер Жаратушы Алла разы болса, лахадты кеңітіп жарылқайды. Егер менен разы болмаса, лахадымды тар етеді, аяқтарыма жабысады. Жаназамды көтергенде үйіме тез жеткізіңдер. Жақсылардан болсам, тезірек жеткізіңдер, жауыздардан болсам, тезі рек құтылыңдар. Жаназамда əйелдер жыламасын. Мені мақтама сын», – деп өтті.
ОСПАННЫҢ (АЛЛА ОДАН РАЗЫ БОЛСЫН) ШАҺИД БОЛУЫ Оспан халифа болған уақытта Абдулла ибн Əби Шурайхты Мысырға əкім етіп жіберді. Екі жылдан кейін мысырлықтар одан шағымданып келді. Оспан (Алла одан разы болсын) қатты сөздер айтып жіберді. Абдулла ибн Шурайхаға ұнамады. Оспаннан келгендерді ұрды. Мысырдан жеті жүз ер адам аттанды. Келіп, мешітке кірді. Талха Оспанға кіріп, қатты сөздер айтты. Əли (Алла одан разы болсын) кіріп: «Бұлар басқа біреуді қалап жатыр», – деді де: «Мұхаммед ибн Əбу Бəкірді қалап жатыр», – деді. Оны əкім қылды. Бірнеше мұһажир мен ансарды жиып: «Мысырлықтар не деп жатқанын көріңдер», – деді. Мұхаммед ибн Əбу Бəкір үш күндік жерге барған уақытта түйеге мініп үйіне бара жатқан бір қарауылды көрді. «Қайдан келдің, қайда барасың, кімнің құлысың?» – деп сұрады. «Оспанның құлымын. Мысырдың үлкеніне (басшысына) бара жатырмын», – деді. «Мысырдың үлкені бізбен бірге», – деді. «Мен оған келген жоқпын», – деді. Мұхаммед ибн Əбу Бəкірге хабар жеткізді. Адам жібертіп алдыртты. «Кімнің құлысың?» – деп сұрады. «Оспанның құлымын, – деді де, – Жоқ пəленшенің құлымын», – деді жəне. «Кімге бара жатырсың?» – десе, «Мысыр бегіне бара жатырмын», – деді. «Неге бара жатырсың?» – десе, «Сөзім бар», – деді. «Хат бар ма?» – десе, «Жоқ», – деді. Сұрады, хат болмады. Жасырулы су ыдысы бар еді, бос болатын. Соны алып шайқап көріп еді, еш нəрсе білінбеді. Пышақпен жарып көріп еді, (ішінен) Оспанның Абдулла ибн Əби Шурайхаға жазған хаты шықты. Мұхаммед ибн Əбу Бəкірге айтып еді, «Өлтір, хатты жырт», – деді. Мысырға сен, бізден хабар болмайынша, бізге шағым айтушыны жіберме. Осы хатты оқып, қорықты. Мединеге қайтты. Хатты Мединеге жіберді. Əли, Талха, Зубəйр жəне Сур жиылып, хат пен түйені алып барды. Оспаннан: «Мына құл сенікі ме? Түйе сенікі ме?» – деді. (Оспан): «Ия», – деді. «Хат сенікі ме?» – деді. «Жоқ», – деді. «Мен жазған жоқпын, ешкімге хат жібермедім. Білмеймін. Құлды Мысырға жіберген жоқпын, алайда хатты Маруан жазды», – деп ант ішті. (Олар): «Маруанды бізге берсін. Хат туралы сұрайық. Расул сахабасын жөнсіз өлтіру дұрыс болар ма? Оспаннан босатайық, Оспан тілінен болса, жарағын көреді», – деді.
Маруанды сұрады, өлтірмесін деп, Оспан бермеді. Оспанның сарайын қоршап алды, су бермеді. Оспан: «Бұл жерде Əли бар ма?» – деді. «Жоқ», – деді. «Сағд бар ма?» – деді. «Жоқ», – деді. «Біреу Əлиге хабар берсін, бізге су берсін», – деді. Əлиге хабар жеткен кезде үш ыдыс су жіберді, бермеді. Ортада көп адамдар бастық болды. Содан кейін Оспанға жалғасты. «Оспанға қастандық қылды» деген Əлиге хабар жетті. Хасан мен Хусейнге қылыш беріп: «Оспанның сарайын сақтаңдар, ешкім кірмесін», – деді. Зубəйр мен Талха жəне бірнеше сахабалар да ұлдарын жіберіп: «Маруанды берсін», – деді. Көп адам Оспанның сарайына қарай ағылды. Мұхаммед ибн Əбу Бəкір мен Мысыр халқы қорықты. Хасан мен Хусейн ортада болса, алауыздық өрши түсер деп оқ атты. Маруаннан сұрады. Хусейн (Алла одан разы болсын) сарай қақпасында қанды болды (жараланды). Мысырлық қатты қорықты. Ақылдасты. «Көрмейтін жерден сарайды сұрап кірейік», – деді. Барша халық сарайға ағылды. Біреуі ансарлық еді, соның үйіне кіріп тамақ сұрады. Оспан сарайға кірді, Оспанды өлтірді. Сол кірген жерден жəне қашып шықты. Əйелі қатты айқайлады. Ешкім естімеді. Əйел үй үстімен барып, Оспанның жағдайын айтып барды. Хасан мен Хусейн жəне басқа сахабалар кірді. Оспан (Алла одан разы болсын) ның бауыздалып жатқанын көрді. Мұсхаф (Құран) алдында ашық жатыр. Бір тамшы қан «Фə сəйəкфикəһумуллаһу уə һуə əс-сəми’у əл-’əлим» («Олардың жамандығын сенен алыстатуда Алланың өзі жеткілікті. Ол əр нəрсені білуші һəм есітуші») деген аятқа тамыпты. Риуаят етеді: Қалаба айтады: «Шам аймағында едім, «Йə əууəһ əн-нəр» («От азабынан...») деген дауыс естідім. Барып едім, екі қолы иығынан кесілген, екі аяғы түбінен шабылған, көзі соқыр біреуді көрдім. «Кімсің, мына не жағдай?» – деп сұрадым. (Ол): «Оспанды өлтіргелі кірдік. Мен Оспанды ұстамақшы болып едім, əйелі айқай салды. Мен оны бір қойдым. Оспанның көзінен жасы ағып маған қарап: «Неге бұлай жасап жатырсың? Тəңір Алла екі қолыңды, екі аяғыңды алсын жəне көзіңді соқыр етсін. Мəңгі тамұқта қал», – деп дұға жасады. Көңіліме қорқыныш түсіп, ол жерден қашып, мұнда келдім. Біреу келіп, қолым мен аяғымды осылай жасады. Оспанның дұғасы орындалды. Енді сол мəңгі тамұқта қалсын деген дұғасынан қорқып, мұнда ыңырсып жатырмын», – деді. (Деректерде) Оспанды қырық күн-түн, тағы бір деректе он сегіз күн сарайда қоршап ұстады дейді. Кəсир ибн Сəлда: «Сол кезде Оспанға кірдім. Маған: «Ей, Кəсир, мен өлемін», – деді. Мен: «Қайдан білдің? Мүмкін, Алла Тағала көмектесер», – дедім. (Оспан): «Мен Расул (ғ.с.) ды түсімде көрдім, Əбу Бəкір мен Омар маған, бір түні оразаны бізбен аш деді», – деді.
Оспан ораза еді, ақшам болғанда су бермеді, осылайша оразасын үзді. Найла деген əйелі түн ішінде біраз су тапты. Оспанды шақырып: «Су таптым, аузыңды аш», – деді. Оспан: «Түсімде Расулды көрдім, маған жұмақ жағасынан су ішкізді. Маған дүние суы керек емес», – деді. Ертесіне айқай-шу көтеріліп, Оспанның құлдары қылыш алып ұрыспақшы болғанда, Оспан (Алла одан разы болсын): «Сендерден кімде-кім қылышын қынына салса, менен азат», – деді. Бəрін қайтарды. Əбу Хурайра (Алла одан разы болсын) айтады: «Мен, ей, мұсылмандар əмірі, өзіңді осындай өлімге қидың ба? – дедім. (Оспан): «Ей, Əбу Хурайра, мен үшін басқалардың өлгенін қалайсың ба?» – деді. Біраздан кейін кірді, сақалын ұстап бауыздады. Мұсхафты (Құранды) алдына қойып, оқып жатыр еді. Пышақ тамағына тиіп, шаһид болды. Сарайдың төрт бұрышынан: «Əбшир йə ‘Усмəну бираббин ғəйра исəйн» («Сүйінші болсын, ей, Оспан, Жаратушыңа əсте күнə жасамадың») деген дауыс есітілді. Екінші бұрышынан: «Əбшир йə ‘Усмəну бирахəтин уə райхəн» («Сүйінші болсын, ей, Оспан, рахат жəне райханмен») деген дауыс келді. Үшінші бұрышынан: «Əбшир йə ‘Усмəну бижəннəтин уə бустəн» («Сүйінші болсын, ей, Оспан, бақбостанмен») деген дауыс келді. Хасан (Алла одан разы болсын) риуаят етеді: Расул (ғ.с.) ды түсімде көрдім, қолын Арсыға ұрып тұр екен. Əбу Бəкірді көрдім, қолын Расулға ұрып тұр екен. Омарды көрдім, қолын Əбу Бəкірге ұрып тұр екен. Олардың алдында қан көрдім. «Мына не қылған қан?» – деп сұрадым. «Оспанның қаны, зəрін сұрайды», – деді. (Деректерде) Оспанның əйелі айқай салғанда, Хасан жəне Хусейн (Алла олардан разы болсын) мен бірге бірнеше сахабалар кіріп келді. Оспанның бауыздалып жатқанын көріп, жылады. Басқалар да көрді. Сондай-ақ Əли, Талха, Зубəйр, Сағд (Алла олардан разы болсын) жəне Медине халқы кіріп, көрді. «Иннə лиллəһи уə иннə илəйһи ражи’ун» («Əлбетте біз Алладанбыз жəне Оның қасына ораламыз»), – деп шықты. Əли (Алла одан разы болсын) ұлдарына (қарап): «Сендер сарай есігінде болсаңдар, Оспанды қалай өлтірді?» – деп Хасанды бір қойды, Хусейннің көкірегін бір соқты. Жолсыз, айғақсыз Расулдың халифасын қалай өлтіретін еді. Əли үйіне келді. Барша сахабалар Əлиге жиылып: «Ей, мұсылмандар əмірі, сен қолыңды бізге бер, байғат етейік», – деді. Əли: «Бұл сөз бізге емес. Əһлі Бəдір кімді қаласа, халифа сол болады», – деді. Бəдірдің бəрі Əлиге келіп: «Сенен басқа ешкімге лайық емес», – деп байғат берді. Əли (Алла одан разы болсын) мешітке кіріп, мінберге көтерілді. Байғат біткен уақытта мінберден түсті. Халықты шақырды, қорқып қашты. Əли Оспанның əйеліне келіп: «Оспанды кім өлтірді?» – деп сұрады. Оспанның əйелі: «Кім
екенін білмеймін, екеу кірді. Мұхаммед ибн Əбу Бəкір олармен бірге еді», – деді. Оны шақырды, келді. Сұрап еді, (ол): «Өтірік айтады, мен кірмедім, өлтірмедім», – деді. Əйелі: «Дұрыс айтасың, өзі кірмеді, оларды кіргізді», – деді. (Деректерде) Оспан сол халде халыққа: «Мені не үшін өлтіресіңдер?» – деді дейді. Расул: «Лə йəхиллу дəмум ри’ин иллə мин сəлəсин: ражулун қатəлə əмдəн фə ‘əлəйһи əл-қауəду, əу зəнə бə’дə ихсəниһи фə ‘əлəйһи əр-ражму; əу иртəддə бə’дə ислəмиһи фə ‘əлəйһи əл-қатлу. Фə уаллаһи мə қатəлту нəфсəн фə əқудə уə мə зəнəйту фи əлжəһилийəти уə лə фи əл-ислəми уə лə иртəдту мунзу əслəмту уə инни əшһəду əн лə илəһə иллаллаһу уə əшһəду əннə Мухəммəдəн ‘əбдуһу уə расулуһу» («Біреудің қанын төгу тек үш жолмен ғана дұрыс болады. Бір адам біреуді əдейі қастандықпен өлтірсе, кейін оған қан (құн) қажет болады (яғни өлтіріледі). Бір адам пəк жүргеннен кейін зина (ойнастық) жасап қойса, оны тасборан ету қажет болады. Егер бір адам Исламға кіргеннен кейін діннен қайтып, мұртад болса, онда оны өлтіру қажет болады. Құдайға шүкір, мен біреуге қан (ақысын) төлейтіндей ешкімді өлтірген жоқпын, жəһилиет заманында да, Ислам дəуірі кезінде де зина (ойнастық) жасаған жоқпын жəне иман келтіргелі бері діннен шыққан жоқпын. Мен Алладан басқа тəңір жоқтығына куəлік беремін жəне Мұхаммед Оның (Алланың) құлы һəм елшісі екендігіне куəлік беремін»), – деп жарылқады.
МҰСЫЛМАНДАР ƏМІРІ ƏЛИДІҢ (АЛЛА ОДАН РАЗЫ БОЛСЫН) ШАҺИД БОЛҒАНЫ ТУРАЛЫ Əли (Алла одан разы болсын) айтады: Бір күні Расул (ғ.с.): «Ə тəдри мəн шəрру əл-əууəлинə қулту Аллаһу уə расулуһу ə’лəму, қалə əқирун нəқати, суммə қалə йə, ‘Əли, ə тəдри мəн шəрру əл-əхиринə қулту Аллаһу уə расулуһу ə’лəму қалə қатилукə» («Алдыңғы өткен адамдардың ішінде ең жаманы кім екенін білесің бе? Мен: «Алла мен Оның елшісі жақсырақ біледі», – дедім. Ол: «Салих пайғамбардың түйесінің аяғын кескен адам», – деді. Жəне: «Ей, Əли, кейінгі үмметтің ішінде ең жаман кім болатынын білесің бе?» – деді. Мен: «Алла мен Оның елшісі жақсырақ біледі», – дедім. Сонда пайғамбар: «Сені өлтірген адам», – деді»). Яғни «Ей, бұрынғыларда ең жауыз кім екенін білесің бе?» – деді. «Алла Тағала мен Расулы анық біледі», – дедім. «Салих пайғамбардың інгенін өлтірген еді», – деді. Жəне: «Соңындағы ең жауыз кім екенін білесің бе?» – деді. «Алла Тағала мен Расулы біледі», – дедім. «Сені өлтірген», – деді. (Деректерде) інген өлтірген Мұрат тайпасынан Қазар ибн Салиф еді делінеді. Əлиді де өлтірген Мұрат тайпасынан болатын. Бұл туралы осында айтып өтілді. (Деректерде) Əбдірахман ибн Мұрати, Омар ибн Бəкір əл-Ямани жəне Ибн Абдулла – үшеуі Меккеде ақылдасып, біз үш адамды өлтіруіміз керек деп шешті. Біреуі – Əли (Алла одан разы болсын), бірі – Мұғауия, бірі – Омар ибн əл-Ғас. Бұл Омар Мысырда халифа еді, Мұғауия – Шамда, Əли (Алла одан разы болсын) Куфада болатын. Əбдірахман ибн Мулжим: «Мен Əлиді өлтірейін», – деді. Ибн Абдулла: «Мен Мұғауияны өлтірейін», – деді. Омар: «Мен Омар ибн əл-Ғасты өлтірейін», – деп қылыштарын алып, бел байлады. Тарихқа қырық болғанда (һижри есебі бойынша қырықыншы жыл) рамазан айының он жетінші түні сөйлескен жерге барып, оларды өлтірмекші болды. Сол келісіммен Мулжим Əлиді өлтіргелі Куфаға келді. Қитам деген бір əйелді көрді. Оған қатты ғашық болды. Ол əйелдің əкесі мен бауырын Əли өлтіріп еді. Ибн Мулжим (оған) ғашық болып, көңіл білдіргелі адам жіберді. Барған адамға Қитам: «Менің көңілімдегі істі орындаса, барайын», – деді. «Ол не?» – деп еді, «Əлиді өлтіру», – деді. Ибн Мулжим: «Менің өзім осы іске келіп тұрмын. Мен бұл істі бітірейін, қалыңдығым сол болсын, маған бір адам серік бер», – деді. Əйел бір Уардан деген адамды қосып берді. Ибн Мулжим да бір Шабиб деген адамды ертті. Бұл үшеуі келісті. Рамазан айының он жетінші күні Əли намазға кіріп бара жатқанда Шабиб қылыш сермегенде есікке
тиіп, Əлиге тимеді. Шабиб пен Уардан қаша жөнелді. Бəни Умаядан біреу Уарданды өлтірді. Ибн Мулжим Əлиді қылышпен жаралады. Халық жүгіріп шығып, Мулжимді ұстап алды. Əли намаз оқып болып: «Оны маған алып келіңдер», – деді. Алып келді. (Əли): «Ей, Тəңірдің дұшпаны, менде қандай өшің бар? Менің өлімім халықтың ең жауызының қолынан болсын деп, қырық күн бойы ерте тұрып таң сəріде сұрадым. Жаратушы Аллаға шүкір, сəжде жасайтын біреудің қолынан болмады», – деді де: «Мен өлсем (оны) өлтіріңдер, тірі қалсам, өзім білемін», – деді. Содан кейін Мұсылмандар əмірі Хусейнге. «Мынаның қол-аяғын кесіп, сен өлтіресің», – деді. Бұл ұлдарына өсиет болды. Хандаб ибн Абдулла: «Біз Хусейнмен байғат етейік пе?» – деді. Əли (Алла одан разы болсын): «Лə əмрукум уə лə ‘əнһəкум əнтум əбсару биһи» («Мен қылыңдар деп əмір етпеймін, оны қылмаңдар деп те қайтармаймын, оны сендер өздерің жақсы білесіңдер»), – деді. Мағынасы мынау: «Сендерге бұйырмаймын, сендерді де қаламаймын», – деді. «Лə илəһə иллаллаһу Мухəммəдун расулуллаһи» («Алладан басқа тəңір жоқ, Мұхаммед Алланың елшісі»), – деп (дүниеден) өтіп, мейірімге бөленді. Хасан, Хусейн жəне Абдулла ибн Жағфар жуды. Үш кебін кигізді. Хасан (Алла одан разы болсын) намаз оқыды. Ибн Мулжимді өлтіргелі келді. (Ол): «Мен Əли мен Мұғауияны өлтіремін деп, Тəңірдің атымен ант-су ішіп едім. Əлиді өлтірдім. Мені босатыңдар. Мұғауияны өлтірейін. Кейін қайта келіп өзімді тапсырайын», – деді. Хасан ұнатпады. Өлтірді. Теріге орап, отқа жақты.
ХАСАННЫҢ (АЛЛА ОДАН РАЗЫ БОЛСЫН) ШАҺИД БОЛҒАНЫ ТУРАЛЫ (Деректерде) Арман шаһының қызы Мұсылмандар əмірі Хасанның жары еді делінеді. Өте сұлу, əдемі болатын. Язидтің оған көңілі кетіп, адам жіберіп: «Əли ұрпағының дəулеті кетті, бүгін бақ бізге қонды. Ойлан, Хасанды ортадан құрт, мен сені алайын», – деді. Əйелдің ол сөзге есі ауды. Мұсылмандар əмірі Хасан (Алла одан разы болсын) ораза еді, күн өте ыстық болатын. Кеш болған уақытта сусын құйып, (оған) у қосты. Ауызашарда Хасанға берді. (Хасан) ішіп еді, көңілі бұзылды. Бауыры іріп кетті. Неден болғанын білді. Айқай-шу көтерді. Хусейнді шақырды. Хусейн келіп, оның жағдайын көріп, жылап: «Ей, бауыр, барлық машақат бізге болды. Сен кетсең, мен не істеймін», – деді. Хасан: «Ей, бауыр, менің күнім жақындады. Менен кейін жетімдеріме қара, – деді де, – Мен барамын, маған қызық», – деді. Хусейн: «Ей, бауыр, сен де менен атамызға, əкемізге, анамызға сəлем айта бар. Ол көңілі жарым балаң айтып жатыр де, қиямет күні болғанда мені Арасат маңында Мəліктің (Алланың) қолында көрсе, маған шапағат етсін, – деді де, – Ей, бауыр, жағдайың ауырласа, маған хабар бер», – деді. Хасан: «Сол сəтте саған айтуға шамам келмесе, саусағыммен ишара қылсам, құлағыңды менің аузыма тос, есіткенімді саған айтамын», – деді. Біраз уақыттан кейін ишара жасады. Хусейн айтады: «Құлағымды тоссам, «Менен қорықпа, Тəңір мен сенен ризамын», – деп дүниеден өтті. Жылады, жоралғысын бітірді. Хусейн мен Мұхаммед Ханифа жаназасын көтерді. Расулдың раузасына алып барып еді, Мединенің үлкендері қаламады. Хусейн (Алла одан разы болсын) айқайлап: «Һəту силəхи» («Қару беріңдер»), яғни «Қаруымды алып келіңдер, олармен соғысайын», – деді. Абдулла ибн Масғұд алдынан шығып: «Ей, Расулдың немересі, қаруды қой, ұрыспа. Бір жағдай болып, жəне сенен айырылып қалмайық. Қайда қойсақ та, Жаратушының мейірімі оған жетеді», – деп Бақиғ қабірстанына алып барып қойды. Əйелдің уақыты біткен соң, Язидқа адам жіберіп: «Уақытым бітті, келіп, некелеп ал», – деді. Язид: «Сен Расул (ғ.с.) ның ұрпағына адал болмадың, маған қалай адал болмақшысың?» – деп жауап берді. Ол тексіз əйел Хасанның отбасын ойрандап, тілегіне жетпеді. Сол күні Хасанды (Алла одан разы болсын) топыраққа қойып жатқанда Расул (ғ.с.) дың əһлі бəйіті (үй-іші) Расулдың азасын бастан өткерді. Хасанның жетімдері бастарына топырақ шашып: «Тəңірім, атамыздың құрметі үшін бізге мейірім жаса», – дейтін.
ХУСЕЙННІҢ (АЛЛА ОДАН РАЗЫ БОЛСЫН) ШАҺИД БОЛҒАНЫ ТУРАЛЫ (Деректерде) Хусейн (Алла одан разы болсын) мен Язид арасында екі дұшпандық бар еді делінеді. Бірі – тек жағынан, екіншісі – тармақ жағынан. Дұшпандықтың тек жағы Расул (ғ.с.) ның төртінші атасы Əбді Мəннафтың арқалары бір-біріне жабысып туған егіз ұлымен байланысты. «Мұны не істейміз?» – деп ақылдасты. Біреу: «Біреуін өлтіріп, айырайық, екіншісі тірі қалсын», – деді. (Енді біреу): «Біреуін жерге көмейік, сонда шіріп, айырылады, екіншісі тірі қалады», – деді. Əбді Мəннаф өткір қылыш алып, екеуінің арқасын қылышпен бөліп жіберді. Бір-бірінен ажырады. (Осылайша) екеуі де тірі қалды. Бірін – Хəшім, екіншісін Уммайя деп атады. Ер жетті. Хəшімнің Əбді Мүтəліп деген ұлы болды. Əбді Мүтəліптің ұлы Əбу Тəліп. Əбу Тəліптің ұлы Əли. Əлидің ұлы Хусейн. Уммайяның Харс деген ұлы болды. Харстың ұлы Суфиян. Суфиянның ұлы Мұғауия. Мұғауияның ұлы Язид. Əбді Мəннаф екі ұлдың арасына қылыш ұрған кезден (қылышпен ажыратқан кезден) бастап, Хəшім мен Уммайя əулетінің арасына қылыш түсті. Əбді Мүтəліп пен Харс арасы қылышпен (араздасып) өтті. Хусейн мен Язид арасына да қылыш түсті. Негізгі дау осы еді. Алайда тармақ жағынан даудың шығуына себеп – бір күні Мұғауия ұлы Язидті шақырып алып: «Сен үшін көп еңбектендім, барлық тілегіңді орындадым. Енді қандай тілегің бар, айт», – деді. Язид: «Бір тілегім бар», – деді. «Ол қандай (тілек)?» – деді. «Абдулла Зубəйрдің Фатима деген əйелі бар, өте əдемі. Сол мендік болса деп жүрмін», – деді. Мұғауия: «Оны ойланып көрейік», – деді. Ертесіне Абдулла Зубəйрді шақырып: «Сен Расулдың əпкесінің ұлысың. Саған бір жақсылық жасасам деймін. Сенің əкең маған жақсылық жасады. Менің бір қызым бар, саған берейін. (Жəне) Мысыр аймағын саған тапсырайын», – деді. Абдулла Зубəйр ол сөзге өте риза болды. Екінші күні жəне шақырып алып: «Бұл сөзді қызыма айттым. Абдулла Зубəйрдің əдемі əйелі бар, менімен шығыса алмайды. Оны талақ етсе, мені бер. Немесе берме деп жатыр», – деді. Абдулланың көңіліне Мысыр аймағының билігі түсіп, əйелін талақ етті. Ертесіне Абдулланы жəне шақырып: «Қызым айтып жатыр, мен əдемі емеспін. Абдулла сұлу əйелін Мысыр билігі үшін талақ қылды. Бір күні бізден билік кетсе, ол мені тастайды. Сені қаламаймын деп жатыр», – деді. Абдулла қайғырды. Мұғауия: «Сен қайғырма. Мен əйелдерді жиямын, соны жолға көндір», – деді. Оның əйелінің уақыты біткен уақытта, Əбу Мұса əл-Ашғариды (Алла одан разы болсын) шақырды. Оны ұлы Язидке сұрап еді. Əбу
Мұса əл-Ашғари да ғалым əрі діндар еді. Тұрып, сол əйелге барды. Жолда Қасым ибн Аббас жолығып: «Қайда бара жатырсың?» – деп сұрады. «Абдулла Зубəйр жіберген əйелін Язид үшін сұрағалы бара жатырмын», – деді. Қасым: «Менің де көңілім бар, айта бар», – деді. Бұл Қасым өте сымбатты болатын. Біраз жүргеннен кейін Мұсылмандар əмірі Хусейн ибн Əли жолықты. Ол да: «Қайда бара жатырсың?» – деді. Əбу Мұса əл-Ашғари Язид пен Қасымның сөзін айтқан кезде, Хусейн: «Менің де сөзімді жеткіз», – деді. Əбу Мұса барды. Язид, Қасым жəне Мұсылмандар əмірі Хусейннің сөзін жеткізіп, «Мен де сені көріп көңілім кетті. Қайсымызды таңдауды өзің білесің», – деді. Ол əйел: «Сенің жасың келген, сені қаламаймын. Енді мына үшеуінің қайсысына барайын», – деді. Əбу Мұса: «Менен ақыл сұрасаң барын айтып берейін. Алтын, күміс, қызметші, дүние құрметі керек болса, Язидке бар. Сұлу, сымбат керек болса, Қасымға бар. Діндарлық пен ілім, таза ұрпақ, ақырет құрметі керек болса, Хусейнге бар. Мұстафа (ғ.с.) ның Хасан мен Хусейнді (Алла олардан разы болсын) құшағына алып: «Сəйиду шəбəби əһли жəннəти» («Жəннаттағы жігіттердің сейіді»), – деп олардың бетінен сүйіп жатқанын көп көрдім», – деді. Ол əйел: «Маған дүние құрметі, сұлу, сымбат керек емес. Рұқсат бердім, мені Хусейнмен некеле. Басқалардың үміті үзілсін», – деді. Əбу Мұса оны Хусейнмен некесін қиды. Бұл хабар Мұғауияға жеткен кезде: «Ей, Əбу Мұса, мен осыншалықты айла-шарғы қолданып едім, сен бəрін бұздың, іске асырмадың», – деді. Сол себептен Хусейн мен Мұғауия арасында араздық туды. Тармақ араздық осы еді. «Мə тəрəкту бə’ди фитнəтəн əхəра ‘əлə əр-рижəли мин əн-нəси» («Мен өзімнен кейін еркектер үшін əйелдерден басқа фитна қалдырған жоқпын»). Яғни менен кейін еркектерге əйелдерден (өткен) іріткі салушы қоймадым. Адамнан қияметке дейін əмбие мен діндарлардың көбісі əйелдер іріткісіне ілінді. Адам мен Һауаның қиссасы белгілі. Нұх пайғамбар əйелі, Лұт пайғамбар əйелі туралы да белгілі. Ибрахим пайғамбар мен Сара жəне Хажар да солай. Жүсіп-Зылиха, СүлейменБилқис қиссасы да белгілі. Мұстафаның Айшамен қиссасы да белгілі. Мұсылмандар əмірі Хусейннің (Алла одан разы болсын) əйелімен (болған) оқиға да белгілі. (Деректерде) Язид Хусейнге қолым жетсе, өлтіремін деп ант ішті делінеді. Ол сөзіне жетті (де). Алайда Жаратушы Алла оны азаптады. Расул (ғ.с.) ды, Əли мен Фатиманы өзіне қарсы қойды. Мұғауияның басы жастыққа жеткен уақытта (ұлы) Язидке: «Хусейнді құрметте, саған келгенде өз орныңда отыр. Мал көрсе – бер. Мұның бəрі оның ақысы. Жолсыз (жөнсіз) алыппын», – деп өсиет етті. Язид: «Мен Хусейнге сен оның əкесіне қылған істі істеймін», – деді.
Мұғауия: «Ешқашан да мазасызданба, мен Расулдың: «Иннə ли мəқамəн йəумə əл-қийəмəти мə’ə қатили əл-Хусəйн уə уəйлун ли шуфə’əиһи уə хусəмəиһи» («Қиямет күні мен Хусейнді өлтірген адаммен жекеше сөйлесемін. Өлтірген мен болысқандарға жəне Хусейнге дұшпандық жасағандарға өкініш болсын») дегенін естідім. Яғни «Ей, Язид, əсте балалық жасама, Хусейнді қинама. Расулдың ашуы өте қатты». Əкесі: «Əкесінің өсиетін орындаған адал перзент болады», – деп өсиет айтты. Мұғауия дүниеден өткен уақытта Язид Уəлид Атабаға адам жіберді. Олар Мединеде болатын. «Кімде-кім менімен байғат етпесе, оның басын ал», – деп хат жіберді. Хат Уəлидқа жеткен уақытта Абдулланы жəне Абдулла Зубəйрді Хусейн (Алла одан разы болсын) шақырды. Құптан намазының уақыты еді. Бұл үшеуі Расул (ғ.с.) ның раузасында еді. Хусейн келгендерге: «Сен бар, біз барамыз», – деді. Ол барған уақытта Хусейн: «Бізді не үшін шақырғанын білесіңдер ме? Мұғауия өлді, орнына Язид отырды. Уəлидқа хат жазып, байғат сұрап жатыр», – деді. Қайдан білдің десе, «Мен түнде түс көрдім. Мұғауияның басы домалапты. Ол сол. Оның орнында отырған бір ит көрдім, ол – Язид», – деді. Олар: «Байғатқа қалай қарайсың?» – деді. (Хусейн): «Түнімен арақ ішіп, күнімен итпен ойнаса, мұсылмандар хұқығы қорғалмаса, ондай адамға қалайша байғат етейін. Сендер бармайтын болсаңдар, көрінбеңдер, мен жалғыз барайын», – деді. Хусейн барды. Өз көмекшілерінен қаруланған жиырма жеті адамды алып барып: «Сендер есіктің алдында отырыңдар, менің даусымды есітсеңдер, кіріңдер», – деп, Хусейннің өзі кірді. Уəлид Язидтің жазған сөзін (хатын) айтып берді. Хусейн: «Қазір түн болды, жалғыз жауап берсе, болмайды. Ертең жиылып келейік, жауап айтайық», – деді. Тұрып қайтпақшы болған уақытта Уəлидтің уəзірі Маруан хəкім: «Хусейн қолға түсті, жіберме. Ертең мұнымен кім болатынын білмейміз, Язидтен қорықпаймыз ба?» – деді. Хусейннің етегіне жабысты. (Хусейн): «Ускут йə ‘əдууллаһи» («Тынышталыңдар, ей, Алланың дұшпандары!»), – деді. Көмекшілері кіріп келді. Маруан қашты. Хусейн сол жерден шығып, жасырынды. Меккеге қайтты. Язидке хабар жетті. Язид Уəлидке хат жазып: «Хусейннің басын бізге жібермесең, жаныңды біз аламыз», – деді. Уəлид қайғырды, себебі (иманы) шынайы сенімді еді. Хусейн қайда екенін білсе де, басқа жерден іздейтін. Хусейнге адам жіберіп: «Іс насырға шапты. Тұр, Меккеге бар, (онда) тыныштық», – деді. Хусейн жылады, жақсы дұғалар жасады. Хусейн ағайын-туысына хабар жіберіп, пəлен түні шығайық десті. Бірнешеу болып шықты. Біразы жарамсыз еді, қалды. Сол түні Хусейн (Алла одан разы болсын) Расул (ғ.с.) ның раузасына барып, Құран хатым етті. Таң сəрі кірген уақытта жүзін раузаға бұрып: «Йə, Расулуллаһи, житукə шəкийəн мин уммəтикə» («Ей, Алланың елшісі, мен сенің
алдыңа үмметтеріңнен шағымданып келдім»). «Ей, Расулулла, сенің үмметіңнен саған шағымданып келдім. Мені өлтірмекші болып жүр», – деді. Біраз ұйықтады. (Түс көрді.) Түсінде: Расул (ғ.с.) ның раузасы ашылыпты. Расул (ғ.с.) екі қолын раузадан шығарып, Хусейнді құшақтап: «Ей, жүрегімнің жартысы, біздің үйге кел. Əкең Əли, анаң Фатима, немере ағаң Жағфар, Тайяр (Алла олардан разы болсын) бəрі сені күтіп тұр», – деді. Хусейн (Алла одан разы болсын): «Ей, Расулулла, бүгін мұнда қала тұрайын», – деді. (Расулулла): «Ей, көзімнің жарығы, «Иннə лəкə дəражəтəн фи əлжəннəти лə тəнəлуһə иллə биш-шəһəдəти» («Расында, жəннатта сен үшін бір дəреже бар, бірақ оған тек шаһидтікпен жете аласың»). Яғни саған жұмақ ішінде дəреже бар, шаһид болмайынша сол дəрежеге жете алмайсың. Əкең Əлидің басқа дəрежесі бар. Менің сарайым Ибрахим пайғамбар сарайымен тең. Екеуміздің арамызда Əлидің сарайы бар. Мына жағыңа қарасаң, мені көресің. Ана жағыңа қарасаң, Ибрахим пайғамбарды көресің», – деді. Біраздан кейін (ұйқыдан) оянды. Бүкіл денесі терлеп кетіпті. Расул (ғ.с.) ның раузасымен қоштасып, жолға түсіп, мына аятты оқи бастады: «Фə хəражə минһə хаифəн йəтəраққабу» («Кейін (Мұса) ол қаладан өте сақтықпен шықты»). Меккеге жақындаған уақытта мына аятты оқыды: «Уə лəммə тəуəж жəһə тилқаə мəдиəнə» («(Мұса) Мəдийəн қаласына қарай жол алған кезде...»). Патшалардың бəрі қарсы алып, қуанды. Өзінен бұрын Абдулла ибн Əбу Бəкір, Абдулла ибн Омар жəне Абдулла ибн Зубəйр Меккеге келген еді. Абдулла ибн Зубəйрді құрметтеді. Хусейн келген уақытта имамдық етті. Барлық істе Хусейнге келді. Абдулла ибн Зубəйр қайғырды. «Қалə əн-нəбийу ‘əлəйһи əс-сəлəм: «Əхиру мə йəхружу мин қулуби əс-сиддиқин хуббу əр-рисəти. Қалə расулуллаһи саллаллаһу ‘əлəйһи уə сəллəм: «Куну əзнəбəн уə лə тəкуну руусун изə сəфəртə мə йəнжу иллə əл-əзнəб уə тəһлику əр-руус» («Пайғамбар (ғ.с.): «Алланың шыншыл пенделерінің жүрегінен ең соңында шығатын нəрсе – мансапқорлық» деген. Жəне Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Бір қоғамның басы болмаңдар, оның ақырғы жағы болыңдар.Себебі сапарларда бірер пəлекет кездессе, əуелі басы кетеді», – деді. Хəкімдер: «Мансапқорлық дертінің емі жоқ», – деген»). Жəне өз мақсатымызға (сөзімізге) келейік... Хусейн (Алла одан разы болсын) алты ай Меккеде тыныш тұрды (өмір сүрді). Куфалықтарға хабар жетті. Мұсылмандар əмірі Əлидің Куфада достары көп еді. (Олар): «Хусейн Мұстафаның ұрпағы. Əкесінің бізде ақысы көп (бізге көп еңбек сіңірді). Хусейн бола тұра, неге басқа біреуді имам етейік», – деп хат жазып, Хусейнді Куфаға шақыртпақшы болды. Хусейн Муслим ибн Ақилды Куфаға жіберіп: «Сен барып, көріп кел», – деді. Муслим келіп, бұларды көрді.
Хусейнге хат жолдады. Жиырма екі мың ер адам байғат етті деді. Сол уақытта Язидтің шабармандары əлсіз еді. Осы хабарды есітісімен Язидке хат жолдады. Язид қайғырды. Ақылдасып, «Шамнан Куфаға хат жолдап, Басра мен Куфаны саған бердім. Бұл істі өзің бітір», – деді. Абдулла Зиядтың əкесі туысқан еді. Хат қолына тиісімен əскер жиып, Хусейннен бұрын Куфаға келді. Басына жамылғы жауып кірді. Бұл Хусейн деп ойлады. Көп əскерді көрген уақытта оның Хусейн емес екендігін біліп, қорықты. Көбісі байғаттан бас тартты. Муслим ибн Ақил бұл əскер келместен бұрын Хусейнге хат жазған еді. Куфа халқының бəрі байғат етті «Тез кел», – деді. Орын, ізет-құрмет менде қалсын деп, Абдулла ибн Зубəйр да Меккеде Хусейнге тезірек бар деп асықтырып еді. Хусейн жолға түсті. Абдулла Зияд келгенін білмеді. Абдулла Зияд Куфаға кірген уақытта Муслим ибн Ақилды өлтірді. Қылыш ұрған қолдары қатып қалды. «Абдулла ибн Зиядты білдің бе?» – деп сұрады. «Қылыш көтеріп ұрғанымда аспанда Расул (ғ.с.) ды көрдім. Саусағын қасиетті аузына салып алыпты. Маған қатты айқайлады. Қорқып кеттім. Қолым қатып, жүзім сарғайды», – деді. Хусейн бұл жағдайларды білмеді, білгенде келмейтін еді. Жолда келе жатып: «Бұл сапарды көңілім қалап тұрған жоқ, бар дейді. «Уə лəкин əмруллаһи қадран мəқдуран» («Алайда Алланың бұйырғаны тағдырда бар екен»), – деді. «Изə жəə əл-қаза ‘əмийə əл-бəсару» («Қаза келген уақытта көз көрмей қалады»), деген сөз бар. Хусейн Куфаға бес шақырым Талғат деген жерге келгенде Муслим ибн Ақилдың хабарын есітіп, қатты жылап: «Ол аталарға аттанды, біз де соңынан барармыз», – деді. Сол уақытта Харр ибн Язид əр-Раяхидің екі мың адаммен Хусейнге жолығатынын білмеді. Абдулла Зиядтың əскерінен еді. Ақшам намазы уақыты болып еді, ол: «Ей, Хусейн, сенімен соғысу тамұқ отына кіру деген сөз, не істейін? Ей, Расулдың ұрпағы, куфалықтардың хатымен келдің, пəлеге жолықтың. Муслим ибн Ақилға не істегенін есіттің бе? Үлгі ал (қорытынды шығар), Меккеге қайт. Абдулла Зияд маған Хусейнді қайда болса да ұста деп тапсырма берген», – деді. Құптан намазының уақыты болып еді, Хусейн имамдық етті. Харр ибн Язид ұйыды. Намаз ішінде рукуғын, сəжделерін көріп, Мұстафа (ғ.с.) ның рукуғы мен сəжделеріне ұқсайды деп, көздерінен жас ағатын. Намаз оқып болған соң Хусейнге келіп: «Ей, Расулдың немересі, мен үлкен пəлеге жолықтым. Саған айтар ақылым, əскер жеткен уақытта бір жолбасшы сұра, сені Меккеге алып барсын», – деді. Хусейн жолдастарымен ақылдасты. Біреуі: «Мен білемін», – деді. Бастады. Мухаррам айының біріншісі еді, түн қараңғы болатын. Жолдан адасып, түн ұзақ жүрді. Ертесіне Кербалаға шығып, қызыл топырақ көрді. Хусейн (Алла одан разы болсын) жағдайдың қандай екенін біліп: «Аллаһуммə инни ə’узу бикə мин əл-қарби уə əл-бəлəи» («Ей, Алла, мен Өзіңнен пəле-жаладан сиынамын»), – деді. Түйеден түсіп, қызыл топырақты көріп: «Һəзə
мəқаму букəинə уə мəқтəлу рижəлинə уə мəсфəқу димəинə» («Мынау біздің жиылатын жеріміз, жігіттеріміздің өлтірілетін жері жəне қанымыздың төгілетін жері»), – деп жылады. «Біз байғатқа кірдік. Келіңдер деп едіңдер, жəне келісімді бұздыңдар», – деп куфалықтарға хат жазды. Абдулла Зиядқа бұл хабар жеткен уақытта Хусейн Кербалаға келген болатын. Сол уақытта Омар, Сағдты жиырма екі мың адаммен жіберді. (Олар) жетіп келді. Екі мың атты адамды Ефратқа (Ефрат өзеніне) жіберіп: «Суды сақта, оларға берме», – деді. Үш күн су бермеді. Расул (ғ.с.) ның əһлі бəйті үш күн тəяммуммен намаз оқыды. Хусейн (Алла одан разы болсын) туысы Аббас жəне бірнеше жолдастарымен Ефраттан азғантай су алайық деді. Барды. Оларға хабар жетіп, соғысты. Отыз еді, жиырма екісі қаза болды. Аббас жараланды. Сол түні Хусейннің қауымы аттарын түсте көріп: «Əр-рахилу илəйнə қариб» («Бізге келіп қосылуларыңа аз уақыт қалды»), яғни «Бізге қосылуға жақындадыңыз», – дейтін. Омар мен Сағд екеуі ол машақатты көріп: «Йəлəйтəни мə кунту əмиран» («Əмір болмағанымда-ғой»), – дейтін. Харр ибн əл-Даж келіп, қолын Хусейннің басына қойып: «Тəубе еттім, ең алғаш келген мен едім, ең алғаш сен үшін жан пида еткен мен болайын», – деді. Бір христиан бар еді, Хусейннің алдында мұсылман болған еді. Сол күні Хусейннің əскерінде болатын. Язидтің əскерімен көп шайқасты, көбісін өлтірді. Ақыр соңында шаһид болды. Басын кесіп, Хусейн əскеріне салды. Анасы ұлының басын алып: «Ей, балам, менсіз сенің өзің Расулдың отбасы үшін бас бердің», – деп, сол баспен Язидті ұрып, опат етті. Шатыр ағашын көтеріп кіріп, көбісін опат етті. Хусейн: «Ей, əйел, «Əнти уə уəлəдуки мə’ə расулиллəһи фи əл-жəннəти» («Сені мен балаң, ей, əйел, жəннатта Алланың елшісімен бірге боласыңдар»). Яғни «Сен ұлың екеуің жұмақта Расул (ғ.с.) мен біргесіңдер», – деді. Хусейн ор қаздырып, отпен толтырды. Бір жағынан кірсін. Мəлік ибн Жағфар оны көріп: «Ей, Хусейн, асықтың. Ақырет отына жетпестен бұрын дүние отын жақтың», – деді. Хусейн: «Кəжибтə йə ‘əдууаллаһи инни қадимун илə раббин рахим» («Ей, Алланың дұшпаны, сен өтірік айтасың, мен мейірімді болған Жаратушымның алдына қайтып жатырмын»), (яғни) «Өтірік айтасың, ей, Тəңірдің дұшпаны. Мен жарылқаған Иеме жол алып барамын, – деді де, – Бұл кім?» – деп сұрады. «Мəлік ибн Жағфар», – деді. (Хусейн): «Аллаһуммə жəрраху илə əн-нəри фəл-йəзуқ хəрраһə» («Ей, Алла, оны отқа сүйреп кіргіз, оның ыстығын татып көрсін»), (яғни) «Тəңірім, Жағфарды дүние отына түсір, оның ыстығын көрсін», – деді. Хусейн бұл дұғаны жасады. Мəлік ибн Жағфардың аты үркіп құлады. Аяғы үзеңгіде қалып қойды. Сүйреп келіп отқа тастады, опат болды. Хусейн оны көріп, шүкіршілік сəждесін жасады. Хусейн: «Бүгін маған уақыт беріңдер, ертең жарасайық», – деді. Ешкім жауап бермеді.
Біреу: «Субханаллаһи» («Алла пəк»), «бір кəпір уақыт сұраса да, береміз. Расул ұрпағы уақыт сұрап тұр, бір түн уақыт берсе не болады екен», – деді. Сол түні уақыт берді. Түн ішінде Шимр ибн Жауш халықпен Хусейннің əскеріне келді. Біреу: «Нəхну уə рабби əл-кə’бəти мин əт-тайибинə уə əнтум əл-хəбисун» («Қағбаның Жаратушысымен ант ішемін, біз жақсымыз, сендер шіріксіңдер»), – деді. Алла Тағаланың атын айтып ант ішіп: «Біз тазамыз, сендер таза емессіңдер», – деді. Язид ибн əл-Хаср намазда екен, мұны есітіп намазын бұзып: «Ей, пасық, сендейлер таза болып, Хусейн таза емес бола ма?» – деді. «Ə мусликə мин əт-тайибинə уə əл-Хусəйну мин əл-хəбисин» («Саған ұқсағандар жақсылардан болып, Хусейн жамандардан болсын ба?»). Ертесіне екі əскер тұрды. Олар жиырма екі мың адам еді, бұлар сексен екі еді. Хусейн (Алла одан разы болсын) қолын сақалына қойып: «Тəңірім, сен көріп тұрсың, бізге біреу қол ұсынған жоқ па? Бұларды бізден кетірген жоқ па?» – деді. «Əмə мин рахимин йəрхəмунə» («Бізге мейірім ететін мейірімді ешкім болмағаны ма?»). Сол кезде Харр ибн əл-Раяхи олардан кіріп келді. Хусейннің алдында өзін топыраққа атып: «Ей, Хусейн, бірінші келген мен едім. Бүгін сен үшін жан пида еткен мен болайын. Ертең атаң Мұстафаның шапағатынан үлес алған мен болайын», – деп соғысқа кірісті. Мына өлеңдерді оқып соғысты Өлең: Инни əнə əл-хурру уə мə зиз-зəйфи, Əзрибу ə’нəқəкум бис-сəйфи Мин ғайри мəдхəли билəди əл-хəйфи Əзрибукум фə мə əра мин хəйфи. (Мен сол хор жігітімін, келген қонақ емеспін, Мойындарыңды қылышпен шабамын. Əділетсіз мемлекет дарбазасы жанында, Үземін мойныңды, бұл əділетсіздік емес.) Тəржімасы: Хор тұрмын етемін жан пида, Хор екендігім енді жақын болды маған. Лағынет ол малғұн Язидке болар, Мұстафаның ұландарына бұл жапа. Көп шайқасты. Жетпіс адамды өлтірді. Атының аяғын шапты, жаяу жүріп соғысып, көбісін тамұққа аттандырды. Ақыр соңында шаһид болды. Хусейн адам жіберді. Көтеріп алып келді. Басын тізесіне қойып, жүзін топырақтан тазартып айтатын: Бəйіт: Йə хурру, ситу хурран фи əд-дəрəин. (Ей, азат жігіт, мен екі дүниеде хор болдым.) Ғайыптан (былай деген) дауыс келді: Лəни’мə əл-хурру, хурр – убнур-рийəхи Лəни’мə əл-хурру фи тə’ни əр-римəхи.
(Қандай азат жігіт азат Рияхтың ұлы! Қандай азат жігіт найза ұшының астында!) Содан соң Язид əл-Хифр кірді. Бəйіт айтып, соғысып, шаһид болды. Одан кейін Захр ибн əл-Қайс шығып соғысты. Кейін Абдулла Уаһһаб əл-Кəлби кірді. Жөйт мұсылман болып еді, қарт əкесі бар еді. Ұлына: «Мен сені осы күн үшін жеткіздім. Менің риза болғанымды қаласаң, кіріп соғыс. Əйелдер қолдарын қынамен əшекейлейді. Ер дегеніміз сақалын бауыр қанымен немесе өз қолдарын дұшпанның қанымен безейді», – деді. Соғысқа кірді. Қатты шайқасты, көбісін түсірді. Жəне қайтып келіп: «Ей, ана-ата, маған риза болдыңыз ба?» – деді. Əкесі: «Хусейн (Алла одан разы болсын) алдында жан берсең, сонда риза боламын», – деді. Жəне кірді, қатты шайқасты. Көбісін құлатты. Соңында ұстап алып, Омар мен Сағдқа алып барды. Басын кесіп, Хусейн (Алла одан разы болсын) əскеріне жіберді. Əкесі атып кіріп, ұлының басын алып, біреуді ұрып өлтірді. Жəне шатырынан қару алып, жауға қарсы шығып, (мына жолдарды) айтты: Инни ‘əжузун сəйиди зə’ифəтун Хəфийəтун əрийəтун нəхифəтун Əзрибукум биз-зурбути əл-əнифəти Дунə бəни Фəтимəти əш-шəрифəти. Мен қартайған, əлсіз кемпірмін, Жалаң аяқ, жалаң бас жəне арық. Алайда сондай қатты қылыш тартайын, Қаншалықты Фатимаи Заһраның ұлдарындай болмаса да. Хусейн (Алла одан разы болсын): «Ей, ата, ары бар. Барша батырларды отты еттің», – деді. Ол қайтты. Батырлар кірді. Омар ибн Халид еді, кірді. Көп шайқасып, шаһид болды. Содан кейін Омар ибн Абдулла əл-Мəдхəжи кірді. Жəне Яхия ибн Сəлим əл-Мазини кірді. Жəне Қуррат ибн Əби Зар əл-Ғаффари кірді. Жəне Мəлік ибн Анас кірді. Жəне Масруқ ибн əл-Хажжаж кірді. Жəне Анис ибн Мағқал əлАхза кірді. Жəне Сағид ибн Абдулла əл-Хəфифи кірді. Жəне Рахбар ибн кірді. Жəне Һилал ибн Нафиғ кірді. Жəне Жанада кірді. Осылардың бəрі шайқасып, шаһид болды. Мұсылмандар əмірі Хусейннің туысқандары мен Таминнің ұлдары қалды. Абдулла ибн Муслим мен Ақил ибн Əбу Тəліп бұрын кірді. Шайқасып, шаһид болды. Хусейн айқайлап: «Ей, менің əһлі бəйітім, сабыр сақтаңдар», – деді. Əбу Бəкір ибн Əли: «Əуелі біз сенің алдыңда шаһид болайық», – деп, Хусейннің туысқандары кірді. Өлең айтып шайқасып, шаһид болды. Жəне Омар ибн Əли кірді. Көп шайқасып, шаһид болды. Жəне інісі Оспан ибн Əли кірді. Өгей бауыры еді, кірді. Жəне Жағфар ибн Əли кірді. Жəне Аббас ибн Əли кірді. Бұл туысқандары шаһид болды. Хусейн екі ұлы Əли əл-Əкбəр жəне Əли əл-Асқармен қалды. Əли əл-
Əкбəр он жаста, Əли əл-Асқар жеті жаста еді. Əли Əкбəр шайқасқа кірді. Хусейн сақалын сипап: «Тəңірім, сен куəсің. Мына жолсыздарға соғысқалы шыққан көрік һəм қылық ішінде Расулға ұқсайтын ешкім жоқ. Тəңірім, биік көк көз тамшысын, қара жер берекесін, мына жолсыздардан тый, жасыр», – деп жылады. Əли əл-Əкбəр қатты шайқасты. Шам əскерінің көбісін тамұққа аттандырды. Жəне əкесіне қайтып келді. Дене бітімі қылшпен бірігіп кетіпті. «Йə əбəти əл-əтəну қад қатəлəни уə сиқлу əл-хəдиди қад əжхəдəни фə һəл илə шурбəти əл-мə’и мин сəбил» («Ей, əке, шөлдеп кеттім, темір сауыттың ауырлығы мені шаршатты, бір жұтым су ішудің жолы табылар ма екен?»), яғни «Ей, əкем, мен шөлдедім. Темір сауыт ауырлық етті. Бір жұтым су табыла ма?» – деді. Хусейн оны есітіп сұңқылдап жылап: «Ей, көзімнің жарығы, жүрегімнің бөлшегі, аз қалды. Біраз шайқас, сабыр ет. Соңғы күнде атаң Мұстафаға қауышып, (оның) қолынан жұмақ шарабын ішесің», – деп жəне соғысқа кірді. (Мына жолдарды) айтты: Əнə ‘Əлийу ибну əл-Хусəйни ибни ‘Əлий Нəхну уə бəйтиллəһи əулə бин нəби Уаллаһи лə йəхкуму финə ибну муддə’и Нəхну би хукмиллəһи хəққан əмнə’и Əзрибукум бис-сəйфи дифə’əн əн əби Зəрбə ғулəмин хəшимийн ‘əраби. (Мен Хусейннің ұлы, Əлидің немересі Əлимін, Бəйтулламен ант ішемін, пайғамбар ісін қорғауға біз міндеттіміз. Алла атымен ант етемін, патшалықты даулайтынның ұлы бізге əсте əкім болалмайды. Алланың үкімімен расында біз турашылмыз. Əкемді қорғап мойныма қылыш аламын, Хəшими руынан болған араб жігітінің қылыш ұрғанын көресіңдер.) Көп шайқасып, ақыры шаһид болды. (Деректерде) сол сəтте Хусейн аттан түсіп, өз жүзін оның жүзіне үйкей бастады дейді. Əли əл-Асқар жеті жаста еді. Қарсы жүріп келіп: «Ей, əке, шатырға кір. Шаһид болуың керек емес, Расул (ғ.с.) ның ұрпағы таусылып жүрмесін», – деді. Осы сөзді есітіп, перде ішінде отырғандар: «Уə Мухəммəд, Уə Əбул Қасым, уə Фəтимəтəһ, уə Хасан», – деп жылай бастады. Хусейннің Əли деген тоғыз айлық баласы бар еді. Шатыр алдына келіп соны сұрап: «Бір көріп қалайын», – деді. Қолына берді, бетін бетіне қойып сүйетін. Бір оқ келіп, баланың көзіне тиіп, шетінеді. Хусейн (Алла одан разы болсын) аттан түсіп, қылыштың ұшымен жерді қазды. Намаз (жаназа) оқыды. Сол қанымен бірге топыраққа қойды. Содан кейін атқа мініп, ашуланған арыстандай ақырып атылды. Мына бəйіттерді оқи бастады: Кəфəра əл-қауму мə қаддəра ғəйран Əн сəуəбиллəһи рабби əс-сəқалəйн
Қатəлу қад мəтə ‘Əлийəн уəбнуһу Хусəйнə əл-хəйра кəримə əл-əбəуəйн Уəбну Сə’дин қад рамəни ғурратəн Би жунудин кəнə фəуқа əл-хəтилəйн Кəл ‘əси кəнə минни фə сəл зə ...тəжри би зийəи əл-уəқидəйн Би ‘Əлийни əл-хəйри бə’дəн нəби Уə əн-нəби əл-қураиши əл-уəлидəйн Хəйиəраһуллаһу фи əл-хəлқи əби Суммə умми фə əнəбну əл-хəрамəйн Мəн лəһу жəддун кəжəдди фи əл-уəра Əу кəшумми фə əнə мин əл-қамəрайн Фəтимəту əз-зəһрау умми уə əби Қасиму əл-куфри би бəдрин уə хунəйн. (Менің қауымым куфраны нығмет қылды жəне басқаларды тағдырлады, Екі əлемнің Жаратушысы болған Алланың сауабынан бас тартты. Əлиді өлтірді жəне оның ұлы да өлді – Кереметті һəм бақытты ата-анасынан болған Хусейн. Селден де көп болған əскермен Сағдтың баласы маған қарсы айла-шарғы жасады. Тіпті өкінетін, өзі бізден, енді сұра ...екі жарық шашушының сəулесімен жүреді. Пайғамбардан кейін Əлимен Жəне құрайыштық отбасыдан болған пайғамбармен. Халық ішінде Алла Тағала əкемді құрметтеді, Кейін анамды, демек, мен екі жақсының перзентімін. Менің атамдай атасы бар адам бар ма жаһанда? Жəне менің мақтанышымдай, демек, мен ай-күннен болғамын. Менің анам Фəтимə Зуһра жəне əкем болса Хунəйн жəне Бəдір соғысында күпірді жеңген Əли). Содан кейін Хусейн (Алла одан разы болсын) қатты шайқасты. Тамұқтықтарды тамұққа аттандырды. Шөлдеді. Оларға атылды. Олар да Хусейнге қарсы шапты. Хусейн Ефратқа қанша əрекеттенсе де, жібермеді. Сол кезде Əбу əл-Хануқ əл-Жағфар бір оқ атты. Хусейннің қолына тиді. Хусейн оқты тартып еді, қан аға бастады. Хусейн: «Аллаһуммə қад тəра мə əнə фиһи мин ‘ибəдикə һəулəи əл-усəту əлутəту» («Ей, Алла, мен пенделеріңнің арасында қалай тұрғанымды өзің көріп тұрсың, (олар)...күнəһарлар, жауыздар жəне имансыздар»), яғни «Тəңірім, мына күнəһар құлдарыңнан не тиетінін көресің», – деді. Бəрі жабылып бірден атылды. Зарға ибн əл-Шəрик əл-Тəмими Хусейннің қолына шоқпармен соқты. Əмір ибн əн-Халифа əл-Жахфи иығына қылыш сұқты. Синан ибн Анас əн-Нахафи оқ атып, көкірегіне қадады. Салих ибн Уаһаб əл-Мари қолтығына қылыш қадады. Хусейн аттан жығылды. Көк аспан құлағандай болды. Қара жер халықты
жоғалтқандай болды. Аттан құлай салып, оқты тартты. Аққан қанға екі уысын толтырды. Басын, бетін жəне сақалына жағып: «Алланың құзыретіне осы қалпыммен барайын», – деді. Омар Сағд: «Түсіп, басын кесіңдер», – деді. Нəсір ибн Харша əл-Зияни түсіп, аяғымен тепті. Арқан тастап, сақалын ұстап, (мына жолдарды) айтты: Ақтулукə əл-йəумə уə нəфси тə’лəму ‘Илмəн йəқинəн лəйсə фиһи мин ғами Уə лə мухəлə фиһи уə лə нəктуму Иннə əббəкə хəйру мəн тукəллиму. (Мен сені өлтіремін, анық Білемін, оған еш өкінбеймін. Бұл, əрине, болады, оны жасырмаймыз Сенімен сөйлескен адамдардың жақсысы əкең болады.) Омар мен Сағд ашуланып, өлтіруге асықты. Хаула ибн Əзид əлАзха түсті. Ол қасиетті басты кесті. Атының тұмсығы сол қанға боялып шатырға келді. Мініп көрді. Мінген (егесі) жоқ. Көрді, айғыр ат жоқ. Ат көрді, Хусейн жоқ. Содан кейін дауыс шығарды. Айқай-шу, ығы-жығы басталды. Біраздан кейін олар келіп, шатырға от тастады. Хусейннің (Алла одан разы болсын) басын Абдулла Зиядқа жіберді. Бишр ибн Мəлік Хусейннің басын Абдулла Зиядтың алдына қойып, (мына жолдарды) айтты: Əмлə’у рикəби зəһəбəн уə физзəтəн Əнə қатəлту əл-мəликə əл-мухəжжəбə Қатəлту хəйра əн-нəси уммəн уə əбəн Уə хəйра мəн саллə əл-қиблəтəйни мəнсибəн. (Үзеңгіме дейін алтын, күміс қыламын, Мен бүгін хижапталған патшаны өлтірдім, Ата-анасы ең жақсы адамды өлтірдім, Екі құбылаға қарап намаз оқығандардың ең жақсысын өлтірдім). Мағынасы мынау: «Маған алтын, күмістен үзеңгі сыйла. Барша халықтың ішіндегі жақсысының ұлын өлтірдім». Абдулла Зияд ашуланып: «Ондай емес тазаларды (пəк жанды) қалайша өлтірдің», – деп басын кесіп өлтірді. «Ей, əзіздер, Расул отбасының азасын тұтпайсыңдар ма?» Содан кейін ер-əйел, жас балаларды тұтқын секілді түйеге мінгізіп, Шамға алып барды. Язид оны көріп қуанды. Тамашаға қарық болды. Күні-түні арақ ішіп, ойын-күлкіге беріліп, сауық-сайран жасай бастады. Бұл қазаға қырық күн болғаннан кейін, сарай ішінде арақ ішіп, əжетханаға секіріп билеп кірді. Аяғы тайып кетіп, əжетханаға құлады. Көкірегіне дейін көмілді. Тартып шығарамыз дегенше арам жаны тамұққа аттанды. Осы (зұлымдық) істерді істеп, қырық күннен артық патша болмады.
(Деректерде) Хусейннің (Алла одан разы болсын) басын Язидке алып барған уақытта ойланып: «Мұны жақсы істедім бе əлде жауыздық жасадым ба», – деп Мұсхафты (Құранды) алды делінеді. Пал ашып еді, мына айт шықты: «Уə хəбə куллу жəббəрин ‘əнид» («Əрбір тəкəппар өжет адам мейірімнен үмітсіз болды»). Мағынасы мынау: «Əрбір əлімжеттік жасаған жан мейірімнен үмітсіз қалады». Көңіліне ұнамады, жəне ашып еді, сол аят тағы шықты. Үшінші рет ашып еді, ашуланып атып тұрып, Мұсхафты жерге лақтырып, аяқ астына тастады. Парақтарын жыртып-жыртып тастап, желге ұшырды да мына өлеңді айта бастады: Ə ту’идини би жəббəрун ‘əнидин Фə һə əнə зəкə жəббəрун ‘əнидун Изə лəқитə раббəкə йəумə хəшрин Фə қул йə рабби мəззəқани Йəзиду. (Сен мені «Жəббəрун ‘əнид» сипатты Затпен қорқытпақшысың ба? Міне, «Жəббəрун ‘əнид» мен боламын. Егер қиямет күні Жаратушыңды кездестірсең, Мені Язид майдалап тастады деп айтқын). Мығанасы мынау: «Сен мені «Жəббəрун ‘əнид» («Тəкəппар қырсық») деп қорқытасың. Сол «Жəббəрун ‘əнид» («Тəкəппар қырсық») менмін. Қиямет күні болған уақытта Тəңірді көрсең: «Тəңірім, Язид, мені осылай жасады, жыртты деп айт», – деді (Оған Алланың лағынеті болсын).
ЕСКЕРТУ ЖƏНЕ НАСИХАТ Ей, мұсылмандар, Расул (ғ.с.) ұрпағына бұл залымдар (залымдық) жасады, (ақыретте) сұраусыз қалмақ емес. Осында соңына жетті, айып (қате) болмайды. Уақыт болады, бейғамдық жүрмейді. «Уə лə тəхсəбəнналлаһə ғафилəн əммə йə’мəллу залимун» («Залымдар істеп жатқан істерді Алла білмейді деп əсте ойлама»). Алла Тағала: «Бізді залымдар зұлымдығынан ғапыл деп білмеңдер», – дейді. Тік тұр, қылмысқа жаза, амалға сыйлық (берер) күні келсін. Айбат алаңы жайылсын. Əуел, ақыр халқы жиылсын. «Йухшəру əз-залимунə йəумə əлқийəмəти кə əмсəли əз-зəрр» («Қиямет күні залымдар шымалға ұқсас болған бейнеде жылайды»). Яғни ертең ұлы күнде күш көрсеткен, мал алған, ақы (əділдік) бермеген залымдар шымал секілді аяқтар астында жаншылады. Мейірімсіз бектерге жара салады. «Куллу лəхмин нəбəтə бил-хəрами фə əн-нəру əулə биһи» («Харам тамақпен біткен ет тозақ отында жанады»). Яғни араммен семірген ет, сүйектер тамұқ отына жағылады. «Иннəмə йəкулунə фи бутуниһим нəран уə сəйəслəунə сə’иран» («Олар қарындарына тек от жиды жəне тез тозаққа кіргізіледі»). Жетімдер малын жеген қарындардың көз-құлақтарынан, ауыз-мұрындарынан от жалыны шығады. Мұсылмандар əйелдеріне қиянат көзін салған, зина, ойнастық қылғандар азап жəне ақыретпен масқара болады. Əлсіздерді ұрғандар, Алла Тағалаға тіл тигізгендер, аяқ алған, сирақ тұтқан қолдарды сындырып, ұсақтап көкіректерінен шығарады. Бөгде əйелге қараған көздерді отпен толтырады. Ғайбат, жалған, ойнап сөйлеген тілдерді түбінен жұлып тастайды. Ойын-күлкі, күй, ғазал тыңдаған құлақтарға балқытылған қорғасын құяды. Шаһуат шарабымен мас болып жатқандарды азаппен тұрғызады. Абдулла Зияд (секілді) зұлымдық қылғандарды сұрайды. Хусейн (Алла одан разы болсын) ді өлтіргені үшін Язидті тамұқ жаққа алып барып, темір ілгіштермен іліп, бұзып, жыртып, тіліп, қағып қинайды. Бұл істердің бəрі болады. Болғанды болады деп ұста, келгенді келеді деп біл. «Куллу мə һуə əтин уə əл-хəмду лиллəһи рабби əл-’əлəмин. Мəулəнə əл-’əлиму əр-раббəни уə əл-хəбру əс-сəмəдəни кəшифу əл-мушкилəти мифтəху əл-’əжəйибəти имəму əл-əиммəти нəсиру əш-шари’əти мəржи’у əлхасси уə əл-’əмми уə хəлли мушкилəти хəлəлин уə хəрамин Насируддин Рабғузи» («Келешекте болатын əрбір нəрсе, сөз жоқ, болады жəне барша əлемдердің Жаратушысы болған Алла Тағалаға мадақ болсын! Қожамыз раббани ілімдердің ғалымы, дін ілімінің білгір ұстазы, мəселелерді шешуші, ғажайыптардың кілті, имамдардың имамы, шариғаттың сүйеніші, хас пен тобырдың қарайтын қайнар бұлағы, халал мен харамды ажыратып беруші – Насируддин Рабғұзи»).
РАБҒҰЗИ ҚИССАСЫНЫҢ СОҢЫ
Өлең:
Міне, біттім бұл кітапты, ей, жарандар, жер жүзі халқы,
Бір жыл ішінде өтті оның жазы-қыс, жаз-күзі.
Ұйқы бұздым, өзімді үздім, сөзім түздім түнде мен,
Ерте тұрдым, қалам ұрдым, еңбектендім түн-күндіз(і).
Бақ қопардым тал ағашты жас жапырақ ол шешек,
Жемісі хикмет, кемел аятты хабар жұлдызы.
Қан құрғаттым, жан шаршаттым, кен шығардым тас қазып,
Сап қызыл алтын тізбектеп безедім бұл жер жүзі(н).
Ой жемісін ектім перде ішінде түймедей,
Жасырдым əркімнен тимесін деп жат көзі.
Көркі артты күнде жетті, көз-құлаққа дейін асып,
Киіндім түрлі тауардан Рум, Қытай əтілес, чузы
Шебер жаран мейірі түсті, мейірін берген баршасы,
Мейірімімен қалды аман, жоқ бойында еш міні.
Барып істедім Насируддин Тоқбұғабек қызметіне,
Сұрай ма, сұрамай ма белгілі білсін өзі.
Аяты хабар əсілі оның, өзінің аты «Қисас» (Қиссалар),
Бая-аяғына түгел қарасаң барша пайғамбарлар сөздері.
Бұл безелген жауһар ішінде Мұстафа жалғыздай,
Қыздары төрт, екі немере (уғлан), əйел еді тоғызы.
Əуелі Адам атамыз, ақыры соңғы Расул,
Осы тəртіппен түзілді əмбие-мүрсəл сөзі.
Төртеуі атты сахаба, екі сиқыр, екі əйел,
Соңында өлім зікірімен толды қисса тоғызы.
Өзгелер көп əлем мойыншақ тізді ел кезіп,
Мен гауһар, дүр, інжу тіздім, кезбедім дала-жазы (н).
Жеті жүз он екі жылда жазылды бұл кітап,
Туған еді сол уақытта құт, бақыт жұлдызы.
Күн шығыстан күн батысқа, қане, жетсе сөздерім,
Есіткеннен дұға сұрадым міскін Насыр Рабғұзи.
«Тəммəт «Қиссəси əр-Рабғузи» фи йəуми əс-сəби’и уə əл-’ишринə
уəқт əз-зухə фи əш-шəһри əл-мубəраки би тəуфиқи əл-мəлики əл-
уəһһəб ‘əлə йəди əз-зə’ифи əн-нəхифи əр-ражи илə рахмəтиллəһи
тə’əлə хəжи... мухəммəд хəжи уəзири ғафəраллаһу тə’əлə зунубəһум
уə нəууəра қубураһум. Аллаһуммəғфир ли кəтибиһи уə лимəн сəми’ə
минһу уə лимəн нəзəра фиһи... əт-тəрих... («Ұлы Жаратушы патша
əлемнің қолдауымен Рабғұзи қиссасы қасиетті айдың жиырма
жетінші күні сəске уақытта Алланың мейірімінен үміт етуші əлсіз
қажы... Мұхаммед Уəзиридің қолымен тамам болды. Алла Тағала
олардың күнəларын кешірсін жəне қабірлерін нұрландырсын. Ей,
Алла, бұл кітапты жазған, оны естіген жəне бұл кітапқа назар
салғандардың күнəсін кешір!»).
ТҮСІНДІРМЕ CӨЗДІК А Аббас ибн Əбді Мүтəліп – Мұхаммед пайғамбардың атасы Əбді Мүтəліптің он ұлының бірі. Аббас ибн Əли – Хазірет Хусейннің Кербала шөліндегі жақтастарының бірі. Абдулла – қ. Абдулла ибн Əбді Мүтəліп. Мұхаммед пайғамбардың үлкен атасы Əбді Мүтəліптің он ұлының бірі. Мұхаммед пайғамбардың əкесі. Абдулла – Мұхаммед пайғамбардың кіші ұлы. Абдулла Зияд – Хазірет Хусейнге қарсы шыққандардың бірі. Куфаның əкімі. Абдулла Зубəйр – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Абдулла Уаһһаб əл-Кəлби – Хазірет Хусейннің Кербала шөліндегі жақтастарының бірі Абдулла ибн Аббас – Мұхаммед пайғамбардың немере туысы. Хадис ілімінің білгірі. Абдулла ибн Ауфағ – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Абдулла ибн Əбді Мүтəліп – Мұхаммед пайғамбардың үлкен атасы Əбді Мүтəліптің он ұлының бірі. Мұхаммед пайғамбардың əкесі. Абдулла ибн Əби Шурайх – Хазірет Оспанның Мысырға тағайындаған əкімі. Абдулла ибн əл-Зубайр – Мұхаммед пайғамбардың жұбайы Айшаның жиені. Абдулла ибн əр-Рабғұзи – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Абдулла ибн Жағфар – Хазірет Əлидің жиені. Абдулла ибн Муслим – Хазірет Хусейннің Кербала шөліндегі жақтастарының бірі һəм туысқаны. Абдулла ибн Омар – Хазірет Омардың үлкен ұлы. Абдулла ибн Убай – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Абдулла ибн Хабир – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Абдулла ибн Салам – Пайғамбар заманында Исламды қабылдаға йаһуди. Абдулла Харис ибн Нəуфəл – Ислам əлеміне белгілі діндар. Абира – қиссада Салих пайғамбардың заманында өмір сүрген мүшірік əйел ретінде беріледі. Абха – Əбу Бəкір Сыддықтың лақабы. Абхар – Салих пайғамбар тұсындағы пұттың аты. Ағлия – Мұса пайғамбар қиссасында кездесетін кенттің аты. Ад – Хұт пайғамбардың қауымы. Адам Сафи – Адам ата. Ади – Мұса пайғамбар тұсындағы алыптар қауымы. Адын – сегіз жəннаттың бірі. Ажам – арабтар өздерінен басқа мұсылман халықтарды осылай атаған. Ажиба – жетінші қабат жердің аты. Ажнас ибн Шəриф – Ислам дұшпаны Əбу Жəһілдің жақтасы. Азар – Ибрахим пайғамбардың əкесі. Азрам – Мұса пайғамбар мен Қызыр кездестіретін екі жетім баланың бірі. Айнулхитан – Жүсіп пайғамбар қиссасында кездесетін балық. Айнуш-Шамс – Жүсіп пайғамбар қиссасында кездесетін кенттің аты. Айс ибн Əбу Дарда – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Айса – Ферғауынның əйелі. Айша бинт Əбу Бəкір Сыддық – Мұхаммед пайғамбардың жұбайы. Хазірет Əбу Бəкірдің қызы. Ақба – Сүлеймен пайғамбардың қиссасында баяндалатын құстың аты. Ақил ибн Əбу Тəліп – Хазірет Хусейннің жақтастарының бірі Ақим – Жүніс пайғамбар қиссасында кездесетін желдің аты. Аммара – қиссада Исмайыл пайғамбардың алғашқы жары ретінде берілген.
Амалиқа – Дəуіт пайғамбар заманында өмір сүрген палуан. Амил ибн Исраил – Мұса пайғамбар қиссасында Аржам мен Ағлия деген екі кенттің арасында қайтыс болған адам. Амура – қиссада Лұт пайғамбар заманында Йордания жерінде орналасқан бес үлкен шаһардың бірі ретінде аталады. Анас ибн Мəлік – Мұхаммед пайғамбардың қызметшісі. Хадис ілімінің білгірі. Анжалус – Үндістандағы жердің аты. Анис ибн Мағқал əл-Ахза – Хазірет Хусейннің жақтастарының бірі. Антакия – Сирияның терістігінде орналасқан қала. Арасат – қиямет қайымда барша адамзат баласының жиналатын алаңы. Арафа күні – құрбан айттан бір күн бұрынғы күн. Осы күні қажылықтағылар Арафат тауына шығады. Арафат – Араб түбегіндегі таудың аты. Бүгінгі Сауд Арабиясының жерінде. Аржаб – Мұса пайғамбар қиссасында кездесетін кенттің аты. Арзу – Меркурий планетасы. Ариба – жетінші қабат көктің аты. Арқа – үшінші қабат жердің аты. Арсы – Алла Тағаланың ғарыш əлемі. Артмиш – Жиржис пайғамбар заманындағы пұт. Арума – Меккедегі құдық. Архам – Сүлеймен пайғамбар қиссасында кездесетін балықтың аты. Аршын – өлшем бірлігі. Шамамен 65,2-ден 112 см-ге тең келеді. Асаф ибн Бархая ибн Хинуким – Сүлеймен пайғамбардың жақын уəзірі əрі жиені. Ас ибн Əбдірахман – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Ас ибн Уəбəк – Ислам дұшпандарының бірі. Асба – Араб түбегіндегі жердің аты. Асиб ибн Уаил – Ислам дұшпандарының бірі. Асмаха – Асхаб ул-фил оқиғасындағы суреттелетін патша. Астхар – Сүлеймен пайғамбар қиссасында аталатын кенттің аты. Асуад ибн Əбди Яғус – Ислам дұшпандарының бірі. Асхаб ул-Кəһф – жауыз Дақиянус патша тұсында қашып шығып, үңгірді паналаған жеті мұсылман туралы хикая. Асхаб ул-Фил – Хабаши патшасы Əбраһаның Қағбаны қирату мақсатымен келіп, опат болған қиссасы. Атаба – Ислам дұшпандарының бірі. Атика – Мұхаммед пайғамбардың немере əпкесі. Ахад – Алла Тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Жалғыз деген мағынада. Ахмет – Мұхаммед пайғамбардың Інжіл мен Тəураттағы аты. Ахнақ – Хұт пайғамбардың тұсындағы қауым. Ахнух – Ыдырыс пайғамбардың алғашқы аты. Ауж ибн Ұнұқ – Нұх пайғамбар заманында жасаған алып адам. Ауф ибн Мəлік əн-Насри – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларынан. Афгун – Жиржис пайғамбар заманындағы пұт. Афзим – Мұса пайғамбар заманындағы тоғыз қауым өкілінің бірі. Афратим – Жүсіп пайғамбардың ұлы. «Аят ул-курси» – Құранның «Бақара» сүресінің 255-ші аяты. Ə Əбдірахман – Хазірет Əбу Бəкірдің ұлы. Əбдірахман – Жүніс пайғамбардың қиссасында кездесетін діндар. Əбдірахман ибн Мұрати ибн Мулжим – Хазірет Əлиді өлтірген қанішер. Əбді Мəннəф – Мұхаммед пайғабардың үлкен атасы.
Əбді Мүтəліп – Мұхаммед пайғамбардың атасы. Əбдулмуғис – Адам атаның алғашқы ұлдарының бірі. Əбжəд – араб əріптерінің астына жасырынған сандар атауы. Əбраха Сабах – Асхаб ул-Фил оқиғасындағы Меккені қиратуға келген əскери қолбасшының бірі. Əбрахам – яғни Ибрахим пайғамбар. Əбраһа ибн Асрам – Асхаб ул-Фил оқиғасындағы Меккені қиратуға келген əскери қолбасшының бірі. Əбу Айюб Ансари – Мұхаммед пайғамбар Меккеден Мединеге һижрет еткен уақытта осы сахабаның үйіне түскен. Əбу Амама əл-Баһили – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Əбу əл-Ағда əс-Салами – Ислам əлеміне белгілі діндар. Əбу əл-Хануқ əл-Жағфар – Хазірет Хусейнге қарсы шыққан əрі оны жаралағандардың бірі. Əбу əн-Нəжзи ибн Хишам – Ислам дінінің дұшпаны. Мұхаммед пайғамбарға көп қастандық жасаған. Əбу Бəкір ибн Əли – Хазірет Хусейннің туысы һəм жақтастарының бірі. Əбу Бəкір Сыддық – Исламды алғаш қабылдаған сахабалардың бірі. Мұхаммед пайғамбардың жолдасы һəм алғашқы Ислам халифы. Əбу Дажжанату əл-Ансари – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Əбу Дахана – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Əбу Жақып Тарижимани – Ескендір Зұлқарнайын қиссасын жеткізушілердің (рауилар дың) бірі. Əбу Жəһіл ибн Хишам – Ислам дініне қарсы шыққан Мекке ақсүйектерінің бірі. Мұхаммед пайғамбарға көп қастандық жасаған. Əбуда – Адам атаның Əбілмен бірге туылған сыңар қызы. Əбу Зар Ғаффари – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Əбу Зияд – Мысыр патшасы Мақауқишқаның Мұхаммед пайғамбарға жіберген сыйы. Əбу Зулама – Жүсіп пайғамбарды құл ретінде сатқан Зағыр патшаның лақап аты. Əбу Лабана – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Əбу Лəһəб – Мұхаммед пайғамбардың немере ағасы. Əкесі Абдулланың бауыры. Əбу Луғлуғ – Хазірет Омарды өлтірген адам. Əбу Мұса əл-Ашғари – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Ислам əлеміне белгілі ғалым. Əбу Муслими Рағи – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Əбу Сағид əл-Хидри – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Əбу Сағид əл-Фарияби – Мұхаммед пайғамбардың соңғы сапары туралы риуаят еткен ғалым. Əбу Салама – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Əбу Тəліп – Мұхаммед пайғамбардың үлкен атасы Əбді Мүтəліптің он ұлының бірі. Мұхаммед пайғамбар Əбу Тəліптің қолында ержеткен. Əбу Уаһһаб – қиссада Салих пайғамбар заманында өмір сүрген Сақил атты мүшіріктің лақабы ретінде беріледі. Əбу Һурайра – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Хадис ілімінің атақты білгірі. Əбу Ысқақ Нишапури – Ислам əлеміне белгілі ғалым. Оның қаламынан «Пайғамбарлар тарихы» секілді бірнеше еңбек дүниеге келген. Əбулфазыл – Əбу Бəкір Сыддықтың лақабы. Əбіл – Адам атаның алғашқы ұлының бірі. Əзасыл – яғни Əзəзіл. Əзіз – құрметті. Əзірейіл – атақты төрт періштенің бірі. Жан алушы періште.
Əкрама ибн Əбу Жəһіл – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Əкуз – Сүлеймен пайғамбар қиссасында кездесетін Сундурна деген шаһардың патшасы. «Əлəм нəшрах» – қасиетті Құранның 94-ші сүресі. «Əл-əн'əм» – қасиетті Құранның 6-шы сүресі. «Əл-əнфəл» – қасиетті Құранның 8-ші сүресі. «Əл-'əср» – қасиетті Құранның 103-ші сүресі. «Əлеф» – араб əліппесінің бірінші əріпі. «Əл-'имран» – қасиетті Құранның 3-ші сүресі. «Əл-хəмду» – қасиетті Құранның 1-ші сүресі. Əл-Ясағ – Ілияс пайғамбар заманындағы діндар. Əли – Хазірет Хусейннің кенже ұлы. Əли əл-Асқар – Хазірет Хусейннің кіші ұлы. Əли əл-Əкбəр – Хазірет Хусейннің үлкен ұлы. Əли ибн Əбу Тəліп – Ислам дінін алғаш қабылдаған сахабалардың бірі. Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы. Ислам əлеміндегі төртінші халиф. Əмəт ул-Муғиса – Адам атаның қызы. Əмин – Жебірейіл періштенің лақап аты. Кейде Мұхаммед пайғамбардың атына қоса айтылып «Мұхаммед əмин» яғни «Сенімді Мұхаммед» деп те айтылады. Əмина – Сүлеймен пайғамбардың қызметші күңі. Əмина бинт Уаһаб – Мұхаммед пайғамбардың анасы. Əмр ибн Хишам – Ислам дінінің дұшпандары. Əмір ибн əн-Халифа əл-Жахфи – Хазірет Хусейнге қарсы шыққандардың бірі. Əмір мағрұф – шариғатта халықты жақсылыққа, яғни Алланың Хақ дініне шақыруды айтады. Əнбəр – амбра (хош иіс су). Əнбие – пайғамбарлар. Əнга Фарита – Араб тайпаларының бірі. Əрмəлə бинту Афлатун мин Ғуш – Ілияс пайғамбар заманындағы Ажаб ибн Амр деген патшаның əйелі. Б Бағл – Ілияс пайғамбар заманындағы пұт. Бағлабакка – Ілияс пайғамбар заманындағы шаһар. Байғат ету – дауыс беру, қолдау. Бақиғ – Меккедегі сахабалар жерленген қабірстан. Бақта – Лұт пайғамбардың қызы. Балас – Жүніс пайғамбар заманындағы пұт. Балх – көне шаһарлардың бірі. Бүгінгі Ауғанстан жерінде. Бамдат – таңғы намаз. Бану Харим – қиссада Исмайыл пайғамбардың екінші жары Сайида бинти Массас əлХурхумидің үлкен атасы ретінде берілген. Баршам – Жүніс пайғамбар заманындағы патша. Батир – Араб тайпаларының бірі. Батуил ибн Ілияс – Ысқақ пайғамбардың қайын атасы. Батха – Лұт пайғамбар заманында болған көне аймақ атауы. Басра – көне шаһарлардың бірі. Бүгінгі Ирак жерінде. Бахира – Мұхаммед пайғамбар заманындағы Тəурат ілімінің білгірі. Бахмал – күн календары бойынша он бірінші ай (22 қаңтар – 21 ақпан арасы). Бахсафи – Мұса пайғамбар заманындағы сиқыршы. Бахыл – Лұт пайғамбар қиссасында алғаш жиіркенішті істі жасаған адам ретінде беріледі. Башир – Жүсіп пайғамбарды құдықтан алып шыққан құл.
Башир – Жақып пайғамбардың күңі Мубашшараның ұлы. Бəдір – 624-ші жылы дін үшін болған шайқас. Бəдри суғра – кіші Бəдір (соғысы). 626-шы жылы дін үшін болған шайқас. Бəйт ул-Мал – мемлекеттік қазына. Бəйт ул-Мəғмур – Қағбаның үстінде төртінші қабат көкте ілініп тұрған үй. Бəйт əл-Мұқаддас – қасиетті үй. Сүлеймен пайғамбар салдыртқан Ақса мешіті. Бəни Исраил – Исраил ұрпақтары. Яғни жөйттер қауымы. Бəни Құрайза – жөйт тайпаларының бірі. Бəни Сағд – көшпенді араб тайпаларының бірі. Бəни Умая – Умая ұрпақтары. Хазірет Əлиден кейін билікке келген Умаядтар (Омаядтар) əулеті. Бəну Жархам – Исмайыл заманындағы бір тайпаның аты. Қиссада бүгінгі Қағба жеріне алғаш көшіп келген тайпа ретінде берілген. Бəну Лудия – Хұт пайғамбар қиссасында аты аталатын қауым. Бəну Салама – араб тайпаларының бірі. «Бе» – араб əліппесінің екінші əріпі. Билқис – Сүлеймен пайғамбардың жұбайы. Битшаниғ – Дəуіт пайғамбардың жұбайы. Сүлеймен пайғамбардың анасы. Бишр ибн Мəлік – Хазірет Хусейнге қарсы шыққандардың бірі. Буғат ибн Зубиға ибн Ібіліс – Сүлеймен пайғамбардың қолбасыларының бірі. Бурж – жұлдыз календары. Бушра – Жүсіп пайғамбарды құдықтан алып шыққан құл. Бұрхан ұлы Насируддин – Рабат оғызының қазысы. Білəл Хабаши – Мұхаммед пайғамбардың азаншысы. Ислам дінінде намазға ең алғаш азан айтқан сахаба. Ғ Ғабур – Мұса пайғамбар заманындағы сиқыршы. Ғам ул-Худайба – дін жолында болған соғыс. Ғаффар – Алла Тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Кешіруші, жарылқаушы деген мағынада. Ғуфра – Ислам дұшпандарының бірі. Ғұзайыр – пайғамбар не əулие екендігі белгісіз діндар. Ғұзза – Мұхаммед пайғамбар заманына дейін араб тайпаларының табынатын негізгі үш пұтының бірі. Ғұмра – кіші қажылық, зулхижжа айының 8, 9, 10 күндерінен басқа барлық күндері өтелетін қажылық. Ғұсыл – бой дəрет алу. Д Дағин – Сүлеймен пайғамбардың қиссасында кездесетін Билқистың уəзірі. Дадбана – Жиржис пайғамбар заманындағы мүшірік. Дадума – қиссада Лұт пайғамбар заманында Йордания жерінде орналасқан бес үлкен шаһардың бірі ретінде аталады. Дажжал – діни көзқарас бойынша қиямет қайым жақындағанда жер бетіне шығатын мақұлық. Дақиянус – өзін Тəңірмін деп жариялаған патша. Дамауанд – Батыс Азиядағы тау. Дан – Жақып пайғамбардың он екі ұлының бірі. Дарланд – Лұт пайғамбар заманында болған көне аймақ атауы. Дахна – Мекке мен Тайфтың арасындағы жер. Дəийəн – Алла Тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Əділ қазы деген мағынада.
Дəйлəми – Иранның күншығысында ІХ–Х ғғ. өмір сүрген тайпа. «Дəл» – араб əліппесінің сегізінші əріпі. Дəуіт – Құранда аты аталатын жиырма бес пайғамбардың бірі. Сүлеймен пайғамбардың əкесі. Дина – Лұт пайғамбардың иті. Дүлдүл – Мысыр патшасы Мақауқишқаның Мұхаммед пайғамбарға жіберген тұлпары. Е Ескендір Зұлқарнайын – Құранда аты аталатын əділ патша. Кейбір деректерде оның Александр Македонский екенін жазады. Ефрат – бүгінгі Ирак жеріндегі өзен. Ж Жабил – Салих пайғамбар қиссасында аты аталатын Батыс жақтағы көне шаһар. Жабилиса – Салих пайғамбар қиссасында аты аталатын Шығыс жақтағы көне шаһар. Жабилқа – қиссада Батыс жақтағы бір елдің аты ретінде беріледі. Жабир ибн Абдулла – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Дін үшін болған көптеген шайқастарған қатысқан ансарлық. Жаблит – тамұқтағы арыстан бейнелі мақұлық. Жағфар ибн Əли – Хазірет Хусейннің туысы. Жағфар Тайяр – Мұхаммед пайғамбардың Хабашистан патшасы Нажашиға елші ретінде жіберген сахабасы. Жада – Жақып пайғамбардың он екі ұлының бірі. Жадди ибн Сури – Мұса пайғамбардың Ади қауымына жіберген тыңшысының бірі. Жай ибн Қуқиш – Мұса пайғамбардың Ади қауымына жіберген тыңшысының бірі. Жақып – Құранда аты аталатын жиырма бес пайғамбардың бірі. Ысқақ пайғамбардың кіші ұлы. Жақып – Сүлеймен пайғамбардың хұтхұты (құс аты). Жалут – Дəуіт пайғамбар заманында өмір сүрген патша. Жан ибн əл-Жан – адамзат баласы жаратылмастан бұрын жаралған жын қауымы. Жанада – Хазірет Хусейннің жақтастарының бірі. Жанн – жындар тобы. Жынның көпше түрі. Жарира бинт əл-Харис – Мұхаммед пайғамбардың жұбайы. Жасымық – бұршақ тұқымдас дəн. Жахд – Салих пайғамбар қиссасында Хижаз төңірегіндегі жердің аты ретінде беріледі. Жахма – Жүніс пайғамбардың қиссасында кездесетін дию. Жəлил – Алла Тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Ұлы, құрметті деген мағынада. Жəһилиет – арабтардың Исламнан бұрынғы дəуірі. Оны қараңғылық дəуірі деп атайды. Жебірейіл – атақты төрт періштенің бірі. Пайғамбарларға Алланың уахиын жеткізуші. Жиддə – Араб түбегіндегі таудың аты. Жизия – мұсылман елінде тұратын өзге дін өкілдерінің төлейтін салығы. «Жим» – араб əліппесінің бесінші əріпі. Жиржис – Алла Тағала тарапынан пенделерге жіберілген пайғамбар. Жуди – таудың аты. Ислами түсінік бойынша Нұх пайғамбардың кемесі осы тауға келіп тоқтаған. Жулайын ибн Мəликие – Мұса пайғамбардың Ади қауымына жіберген тыңшысының бірі. Жулза – екінші қабат жердің аты. Жүніп болу – шариғат бойынша ер адамның бойынан қуат (ұрық) шығуын атайды. Мұндай жағдайда ер адамға қашан ғұсыл құйынбайынша, діни құлшылықтарды жасауға тыйым салынады.
Жүніс – Құранда аты аталатын жиырма бес пайғамбардың бірі. Балық ішінде қырық күн құлшылық жасаған деп айтылады. Жүсіп – Құранда аты аталатын жиырма бес пайғамбардың бірі. Адамзат баласының ішіндегі ең сұлуы ретінде айтылады. «Жүсіп» – қасиетті Құранның он екінші сүресі. З Забатұқ – Жақып пайғамбардың он екі ұлының бірі. Зағура – Жақып пайғамбардың жұбайы. Зағыр – Жүсіп пайғамбарды құдықтан алып шығып, Мысырға алып барып сатқан патша. Зажми – Мұса пайғамбар қиссасындағы Қызырдың белгілі бір себеппен өлтірген ұлдың əкесі. Залужа – Жүніс пайғамбар қырық күн ішінде болатын балықтың аты. Замз – қиссада Ибрахим пайғамбардың Футур деген əйелінен сүйген баласы ретінде аталады. Заннун – Жүніс пайғамбардың екінші аты. Зарға ибн əл-Шəрик əл-Тəмими – Хазірет Хусейнге қарсы шыққандардың бірі. Зарғат əл-Жандал – Ескендір Зұлқарнайынның дүниеден өткен жері. Заррам – Мұса пайғамбар мен Қызыр кездестіретін екі жетім баланың бірі. Заум – немесе Сахур. Салих пайғамбардың тұсындағы пұтқа қарайтын Қасур ибн Убайданың жұбайы. Заха – алтыншы қабат көктің аты. Захр ибн əл-Қайс – Хазірет Хусейннің жақтастарының бірі Заххақ ибн Қайыс əл-Шайбани – Хауариждер тайпасының бастығы. Заһид – діндар. Заһыр – Мұхаммед пайғамбардың екінші ұлы. Зəбəржад – кризолит (асыл тас). Зəбих – құрбандық деген мағынада. Исмайыл пайғамбардың лақап аты. Зəбихулла – Алланың құрбандығы деген сөз. Исмайыл пайғамбардың лақап аты. Зəбүр – көктен түскен төрт кітаптың бірі. Дəуіт пайғамбарға берілген. Зəйна – Жүсіп пайғамбардың қарындасы. Зəкəрия – Құранда аты аталатын жиырма бес пайғамбардың бірі. Зəмзəм – Меккедегі қасиетті су. Зейнеп – Мұхаммед пайғамбардың қызы. Зейнеп – Исламды алғаш қабылдаған əйелдердің бірі. Зейнеп бинт Жаһш – Мұхаммед пайғамбардың жұбайы. Зеуал – Лұт пайғамбар қауымының табынатын ең үлкен пұты. Зина – шариғатты ойнастық жасауды айтады. Зуанас – Асхаб ул-Кəһф оқиғасындағы залым Дақиянус патшадан қашып шығып, үңгірді барып паналаған жеті мұсылманның бірі. Зубайр – Мұхаммед пайғамбардың үлкен атасы Əбді Мүтəліптің он ұлының бірі. Зуғула – Лұт пайғамбардың қызы. Зулкəфіл – пайғамбар не əулие екендігінде талас бар діндар. Зулхижжа – қажылық айы. Зулфиқар – Хазірет Əлидің қылышы. Зурайта – қиссада Салих пайғамбар заманында өмір сүрген мүшірік ретінде берілген. Зуһра – Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатиманың лақап аты. Зуюғ – Сүлеймен пайғамбардың қиссасында кездесетін Билқистың қазысы. Зікір – Алланы еске алу.
И Ибн – ұлы, баласы. Ибн Абдулла – Ислам дұшпандарының бірі. Ибн Ямин – Жақып пайғамбардың он екі ұлының бірі. Ибраний – арамей тілі. Ибрахим – Мұхаммед пайғамбардың Мəрия əл-Қантия деген əйелінен сүйген ұлы. Ибрахим əн-Нəфəфи – Ислам əлеміне белгілі ғұламалардың бірі. Ибри – арамей тілі. Игсиг – Асхаб ул-Кəһф оқиғасындағы залым Дақиянус патшадан қашып шығып, үңгірді барып паналаған жеті мұсылманның бірі. Иемен – араб мемелекеті. Иқлима – Адам атаның Қабылмен бірге туылған сыңар қызы. Имам Атия Ауфи – Ислам əлеміне белгілі ғалым. Имам Əбу Ханифа – Ханафия мəсхабының негізін қалаушы. Имам Ағзам деген атпен танымал болған. Имам Əбілхасан Шафиғи – Шафиғи мəсхабының негізін қалаушы. Имам Шафиғи деген атпен танымал болған. Имам Жақып Суфиян – Ислам əлеміне белгілі ғалым. Имам Кағб – Ислам əлеміне белгілі ғалым. Имам Қалби – Куфада өмір сүрген ғалым. Имам Қатада – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Имам Мақатил – Ислам əлеміне белгілі Құран тəпсірші ғалым. Имам Мұхаммед ибн Хасан Шайбани – Ислам əлеміне белгілі тақуа имам. Имам Сади – Ислам əлеміне белгілі ғалым. Имам Шайқы Жуйбари – Ислам əлеміне белгілі ғұламалардың бірі. Имам Ысқақ Мамшад – Ислам əлеміне белгілі ғалым. Имихарт – Йəжуж-Мəжуж қауымының келесі бір аты. Имлақ – жер бетіне жұмақ салмақшы болған Шаддат патшаның ұлы. Имран – Иса пайғамбардың анасы Мəриямның əкесі. Имран ибн Хусейн – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Ирак – араб мемлекеті. Ирсама – Лұт пайғамбардың қызы. Иса – Құранда аты аталатын жиырма бес пайғамбардың бірі. Искандария – Александрия. Исмайыл – алғашқы қабат көктегі үлкен періштенің аты. Исмайыл – Құранда аты аталатын жиырма бес пайғамбардың бірі. Ибрахим пайғамбардың ұлы. Исраиулла – Жақып пайғамбардың лақап аты. Исрафил – атақты төрт періштенің бірі. Қияметте сүр үрлеуші. Истидраж – шайтандарға берілетін қасиет. Истинжа – шариғатта кіші һəм үлкен дəреттен кейінгі тазалықты айтады. Истихаза – шариғатта табиғи жағдаймен емес, аурудан жыныс мүшесі арқылы шыққан қанды айтады. Исфахан – көне шаһарлардың бірі. Бүгінгі Иран елінде. Ифрит – Сүлеймен пайғамбар қиссасында айтылатын жердің аты. Ихса – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Ихсəн əл-бəйəн – тəпсір кітап. Ишағ – Дəуіт пайғамбардың əкесі. Ишмуил – Дəуіт пайғамбар заманындағы пайғамбар. Ияз – Ысқақ пайғамбардың үлкен ұлы.
Й Йалчық – ай (жағраф.) Йашық – күн (жағраф.) Йəжуж-Мəжуж – қиямет қайым жақындағанда шығатын қауым. Йордан – яғни бүгінгі Йордания. К Кағб əл-Ахбар – Химмас жерінде дүниеден өткен атақты тарихшы. Кайна – қиссада Салих пайғамбар заманындағы көлдің аты ретінде беріледі. Каркас – өлімтіктермен қоректенетін жыртқыш құс (күшіген). Карму – Лұт пайғамбар қиссасында патшаның уəзірі ретінде аталады. Кауан – Сүлеймен пайғамбар қиссасында кездесетін дарияның аты. Кафиттинус – Асхаб ул-Кəһф оқиғасындағы залым Дақиянус патшадан қашып шығып, үңгірді барып паналаған жеті мұсылманның бірі. Каффал Шаши – имам Əбу Бəкір Мұхаммед ибн Əли ибн Исмайыл. Кəлəм – сөз деген мағына береді. Алланың сөзі, яғни Құран. Кəлимəи шаһадат – иман куəлігі Кəлəмəн – əбжəд іліміндегі екінші қатардағы əріптердің атауы. Кəлəмулла – Алланың сөзі. Яғни Құран Кəрім. Кəниса – йаһудилердің құлшылық үйі. Кəсир ибн Сəлда – Хазірет Оспанның жақын жолдастарының бірі. Кəусар – жұмақтағы Мұхаммед пайғамбардың құрметіне берілген бұлақ. «КəфҺəЙə'ƏинСад» – қасиетті Құрандағы «Мəриям» сүресінің алғашқы аяты. Келлу ибн Буфна – Мұса пайғамбар заманында Хақ дидарын көрмекші болып, кейін бас тартқан жан. Кенан – Нұх пайғамбардың ұлы. Хақ дінді мойындамай, топан суға батқан. Кенан – Палестинаның бұрынғы аты. Кербала – көне шаһар. Хазірет Хусейннің шаһид болған жері. Бүгінгі Ирак жерінде. Керман – бүгінгі Иранның провинциясы. Кимит – Йəжуж-Мəжуж қауымының тағы бір түрі. Кисра – Парсы патшасы. Көния – көне шаһар. Бүгінгі Түркия жерінде. Кукəбил – үшінші қабат көктегі періштелердің үлкені. Куна – Сүлеймен пайғамбар қиссасында кездесетін Əкуз патшаның қызы. Куния – лақап ат. Куруд – Марс планетасы. Куфа – көне шаһар. Бүгінгі Ирак жерінде. Қ Қаба қаусейн – Мұхаммед пайғамбар миғражға көтерілгенде Алла мен Мұхаммед пайғамбардың арасы «қаба қаусейн», яғни екі жай аралығындай жақын қашықтықта болуы. Қабыл – Адам атаның алғашқы ұлының бірі. Қағба – Меккедегі қасиетті тас. Яғни Алланың үйі. Қадыр – Алла Тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Бəріне күші жетуші деген мағынада. Қадыр түні – рамазан айының жиырма жетінші түні. Ең алғаш Құран аяты түскен түн. Қазар ибн Салиф – Салих пайғамбардың інгенін өлтірген адам. Қазур – Жақып пайғамбардың он екі ұлының бірі. Қайдам – үшінші қабат көктің аты. Қайиум – Алла Тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Мызғымас, берік деген мағына береді.
Қайсар – Рум патшасы. Қайыл ибн Омар – Хұт пайғамбардың тұсында өмір сүрген пенде. Қалб – қиссада Ибрахим пайғамбардың досы ретінде беріледі. Қалхан – Хұт пайғамбардың тұсында дінге қарсы шығып, опат болған мүшірік. Қалхар – Лұт пайғамбар заманында болған көне аймақ. Қамар – Жақып пайғамбардың жұбайы. Қандил – шам. Қарра – қиссада таудың аты ретінде беріледі. Қари – шынтаққа дейінгі өлшем бірлігі. Қарият ус-сəмəнинə – сексен ауылы. Нұх пайғамбардың кемесінің арқасында аман қалған сексен адамның құрғақ жерге түскен кезде салған ауылы. Қарын – Мұса пайғамбардың заманындағы шық бермес шығай бай. Қасур ибн Убайда – Салих пайғамбар заманындағы пұтқа қараушы адам. Қасым – Мұхаммед пайғамбардың үлкен ұлы Қасым ибн Аббас – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Қатғир – Жүсіп пайғамбар заманындағы Раиян патшаның уəзірі. Қауыш – Сүлеймен пайғамбар қиссасында кездесетін жынның аты. Қаф тауы – аңыздарда кездесетін тау. Қибти – копт. Яғни көне мысырлық. Қитам – Ислам дұшпандарының бірі. Қитмир – Асхаб ул-Кəһф оқиғасындағы залым Дақиянус патшадан қашып шығып, үңгірді барып паналаған жеті мұсылманның қасындағы ит. Қисас ул-əнбия – пайғамбарлар қиссасы. Адам атадан бастап Мұхаммед пайғамбарға дейінгі Құранда аты аталған пайғамбарлардың өмір-тарихын жинақтап, жазылған діни-тарихи еңбектердің атауы. Қуб – Лұт пайғамбар қауымының сиынатын негізгі төрт пұтының бірі. Қурмуз (Кармуз) – Лұт заманында өмір сүрген Садум ибн Мушдамның уəзірі. Қуррат ибн Əби Зар əл-Ғаффари – Хазірет Хусейннің жақтастарының бірі. Қут – Лұт пайғамбар қауымының сиынатын негізгі төрт пұтының бірі. Қутрум – Имлақ патшаның салдыртқан үлкен шатыры. Қустантиния – Константинополь. Құзырет – Алла Тағаланың құзыры. Құмри – құстың аты. Құтпа – Имамның айтатын діни өсиеті. Құрайыш – Мұхаммед пайғамбардың тайпасы. Қызыр – пайғамбар не əулие екендігі белгісіз Алланың сүйген құлы. Л Ламкан – Ибрахим пайғамдардың заманында өмір сүрген жауыз патша Намрұттың қызметшісі. Лат – Ислам діні келгенге дейінгі арабтар табынған негізгі үш пұттың бірі. Латима – Мұхаммед пайғамбар заманындағы базар. Лауий – Жақып пайғамбардың он екі ұлының бірі. Лəухул-Махфуз – адам тағдыры жазылған көктегі кітап. Лубид – Хұт пайғамбар қиссасындағы шымалдың аты. Лубнан – тау. Лукам – Жүніс пайғамбардың қиссасында кездесетін таудың аты. Лұқпан – аңыздарда жиі кездесетін Лұқпан хəкім. Лұқпан ибн Ад – қиссада Хұт пайғамбардың тұсында өмір сүрген адам ретінде беріледі. Лұт – Құранда аты аталатын жиырма бес пайғамбардың бірі.
М Мағриб – яғни Марокко. Мағрифат – сопылық дүниетанымдағы екінші мақам. Мағун – төртінші қабат көктің аты. Мағшұқ – сүйікті. Мадян – Ибрахим пайғамбардың Футур атты əйелінен сүйген баласы. Мазид ибн Сағд – Хұт пайғамбардың тұсында өмір сүрген пенде. Мақауқишқа – Мысыр патшасы. Малса – бесінші қабат жердің аты. Малса – Жүсіп пайғамбармен бірге зынданға түскен аспаз. Мамун халифа – 813–833 жылдары билік еткен Аббасидтер əулетінен шыққан халиф. Мана – Жүніс пайғамбардың əкесі. Мареб – Сүлеймен пайғамбардың жары Билқистың шаһары. Мардаки – Ілияс пайғамбар заманындағы діндар. Марият əл-Қибтия – Мысыр патшасы Мақауқишқаның Мұхаммед пайғамбарға жіберген күңі. Марталус – Асхаб ул-Кəһф оқиғасындағы залым Дақиянус патшадан қашып шығып, үңгірді барып паналаған жеті мұсылманның бірі. Маруа – Араб түбегіндегі төбенің аты. Бүгінгі Сауд Арабия елінде. Қажылыққа барған осы Сафа мен Маруа тауларының арасына жүгіріп, негізгі құлшылықтарының бірін өтейді. Маруан – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Маряб – Мұса пайғамбар заманындағы тоғыз қауым өкілінің бірі. Масғұд Сақафи – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Масмағ – Йəжуж-Мəжуж қауымының тағы бір түрі. Масруқ ибн əл-Хажжаж – Хазірет Хусейннің жақтастарының бірі Мастах ибн Дахр – Салих пайғамбардың інгенін өлтірген тоқымашы. Масхур – Лұт пайғамбар қауымының сиынатын негізгі төрт пұтының бірі. Матлау – Жүніс пайғамбар заманындағы Баршам патшаның шаһары. Махахарқия – Жүніс пайғамбар заманындағы тағы бір Алланың елшісі. Махшар ул-харам – қиямет қайымда барша адамзат баласы жиылатын алаң. Мəжмəри – жағымды иіссуар салынатын ыдыс. Мəймун – Адам атаның жұмақта мінген аты. Мəймунə бинт əл-Харис – Мұхаммед пайғамбардың жұбайы. Мəликəни – христиан дінінің бір ағымы. Мəликул мулук – патшалардың патшасы. Яғни Алла Тағала. Мəлік ибн Анас – Хазірет Хусейннің жақтастарының бірі Мəлік ибн Жағфар – Хазірет Хусейнге қарсы шыққандардың бірі. Мəлік ибн Сағсағ – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Мəлік ибн Сүлеймен əл-Хирауий – Ислам əлеміне белгілі ғұламалардың бірі. Мəриям – Иса пайғамбардың анасы. Мəрут – жер бетіне сынақ үшін жіберілген періште. Мəсжид ул-Харам – Меккедегі қасиетті мешіт. Мəсхап – ағым, жол. Мəулəнə Мəжиддин Андигани – Ислам əлеміне белгілі ғұламалардың бірі. Мəһір – шариғатта ер азаматтың өз қалыңдығына үйленер алдында беретін сыйлығын атайды. Медине – Мұсылмандар үшін қасиетті қала. Бүгінгі Сауд Арабиясының жерінде. Мекке – Мұсылмандар үшін қасиетті қала. Бүгінгі Сауд Арабиясының жерінде. Миғраж – Мұхаммед пайғамбардың Миғражға көтерілуі, яғни Алланың құзырына шығуы. Миз – Хұт пайғамбар қиссасында аты аталатын кемпірдің аты.
Микəйіл – атақты төрт періштенің бірі. Микəйіл – Жүніс пайғамбардың қиссасында кездесетін діндар. Мина – Асхаб ул-Кəһф оқиғасындағы залым Дақиянус патшадан қашып шығып, үңгірді паналаған жеті мұсылманның бірі. Миндир – Сүлеймен пайғамбармен сөйлескен шымал. Мирбат ибн Сахра – Сүлеймен пайғамбардың əскер қолбасыларының бірі. Мисақ күні – əлмісақ. Мұны жаннан алынған уəде дейді. Алла Тағала рухтардан: «Мен сендердің раббыларыңмын ба?» – деп сұрағанында, олар: «Əрине, куəміз», – деп жауап берген. Сол күнді əлмісақ күні деп атайды. Мисрағ ибн Харам – қиссада Салих пайғамбар заманында өмір сүрген мүшірік ретінде берілген. Михраб – мешіттегі имамның тұрып құтпа айтатын орны. Мишан – қиссада тауыстың түскен жері ретінде аталады. Муауия –Хұт пайғамбардың тұсында өмір сүрген пенде. Муауия ибн Бəкір – Салих пайғамбар тұсындағы патша. Мубашшара – Жақып пайғамбардың күңі. Мубашшира – Мұхаммед пайғамбардың жұбайы Хадишаның қызметшісі. Мубиғ Исрайыл – Жүсіп пайғамбардың арғы тегі. Мудун – Ибрахим пайғамбардың Футур атты əйелінен сүйген ұлы. Муғизиддин – Хазірет Омардың лақап аты. Муғтазили – орта ғасырлардағы ағым. Мунис – Жүніс пайғамбардың қиссасында кездесетін діндар. Мусдиғ – Салих пайғамбар заманында өмір сүрген мүшірік. Муслим ибн Ақил – Хазірет Хусейннің жақтастарының бірі. Муфассир – тəпсірші. Қасиетті Құран аяттарының мағынасын ашып түсіндіретін ғалым. Мухаррам – мұсылманша ай тізбесінің бірінші айы. Мұғ – зороастр дінінің рухани жетекшісі. Мұғауия – Шам əкімі. Муғжиза – Пайғамбарларға берілген ерекше керемет. Мұғира ибн Шұғба – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Мұғтафиқат – қиссада Лұт пайғамбар заманында болған бір шаһардың аты ретінде беріледі. Мұқаддам – Мұхаммед пайғамбардың үлкен атасы Əбді Мүтəліптің он ұлының бірі. Мұқаддаса – қасиетті, киелі. Мұртаза – Хазірет Əлидің лақабы. Мұса – Құранда аты аталатын жиырма бес пайғамбардың бірі. Мұстафа – Мұхаммед пайғамбардың лақабы. Мұстах – Хазірет Айшаның немере бауыры. Мұсхаф – Құран. Мұттафиқ – Əбу Бəкір Сыддықтың лақап аты. Мұхаммед ибн Əбу Бəкір – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Мұхаммед ибн Муслима – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Мұхаммед пайғамбар – Алла Тағаланың адамзат баласына жіберген соңғы пайғамбары. Мұхаммед Ысқақ – Хазірет Мұхаммед пайғамбардың ең алғаш жазған ғұламаларының бірі. Мүңкір-Нəңкір – дүниеден өткен пендені қабірде сұрақ-жауап алатын екі періште. Ислами ақида бойынша қабір əлеміне келген пендені алғаш сұраққа алып, одан жаратушысы, діні, құбыласы секілді негізгі имани мəселелерді сұрайды. Мүрсəл – Алланың елшісі, яғни пайғамбар. Мысыр – яғни бүгінгі Египет. Мысыр Əзізі – Зылиханың күйеуі. Мінəжат – Аллаға жалыну, жалбарыну.
Н Нағим ибн Масғұд əс-Сақафи – Ислам дұшпандарының бірі. Нағт – Мұхаммед пайғамбарға айтылатын мадақ. Нажаши – Хабаши патшасы. Намрұт – Ибрахим пайғамбар заманында өмір сүрген патша. Өзін тəңірмін деп дауласқан. Намуси Əкбəр – Жебірейіл періштенің Зəбүрдегі аты. Насируддин Тоқбұғабек – Рабат оғызының қазысы Бұрхан ұлы Насируддиннің ұлы. Нашрдамуқ – жұлдыздың аты. Нəзир – йаһуди тайпаларының бірі. Нəзір ету – Шариғатта Алла Тағаланың атымен ант етіп, өзіне белгілі бір құлшылықты міндет етіп алуды айтады. Нəпіл – шариғатта бекітілмеген құлшылықтарды айтады. «Нəс» – қасиетті Құранның 114-ші сүресі. Нəсір ибн Харша əл-Зияни – Хазірет Хусейнге қарсы шыққандардың бірі. Нəһи мункəр – шариғатта халықтан жамандықтан қайтаруды айтады. Нежд – Сауд Арабиясындағы аймақ. Нинуа – Жүніс пайғамбар жіберілген қауым. Нифас – əйелдерге босанғаннан кейін қырық күн ішінде келетін қан. Нубяйыл – төртінші қабат көктегі періштелердің үлкені. Нурбайыл – жетінші қабат көктегі періштелердің үлкені. Нұх – Құранда аты аталатын жиырма бес пайғамбардың бірі. Ніл – өзен. Бүгінгі Мысыр жерінде. О Омар ибн Абдулла əл-Мəдхəни – Хазірет Хусейн əскеріндегі баһадүр. Омар ибн əл-Ас – Ислам дұшпандарының бірі. Омар ибн əл-Ғас – Мұхаммед пайғамбардың атынан Хабашистан патшасы Нажашиға елші ретінде барған. Кейінірек Мысыр əкімі болған. Омар ибн əл-Хаттаб – Исламды алғаш қабылдаған сахабалардан. Екінші Ислам халифы. Омар ибн Əли – Хазірет Хусейннің туысы. Омар ибн Бəкір əл-Ямани – Ислам дұшпандарының бірі. Омар ибн Сағд ибн Əбу Уаққас – 680 жылы Кербалада Хазірет Хусейнге қарсы шыққан Абдулла Зиядтың əскери қолбасшысы. Омар ибн Халид – Хазірет Хусейннің əскери қолбасшысы. Оспан ибн Аффан Зиннурейн – Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы. Үшінші Ислам халифы. Оспан ибн Əли – Хазірет Хусейннің жолдасы. П Палестина – Таяу Шығыста орналасқан араб мемлекеті. Парсы теңізі – Парсы шығанағы. Пырақ – Мұхаммед пайғамбардың Миғражқа ұшып барған көлігі. Р Рабат – Насируддин Тоқбұғабектің туылған жері. Раббиғул əууəл – мұсылман жыл санауының үшінші айы. Рағбайыл – алтыншы қабат көктегі періштелердің үлкені. Рағда – Лұт пайғамбардың түйесінің аты. Раиян – Жүсіп пайғамбар заманындағы патша. Рақабил – екінші қабат көктегі періштелердің үлкені.
Рамазан – мұсылман жыл санауының тоғызыншы айы. Рамка – алғашқы қабат жердің аты. Расулулла – Алланың елшісі. Ратқа – бесінші қабат көктің аты. Ратл – салмақ өлшемі, шамамен 82 мысқалға тең. Рауза – Мұхаммед пайғамбардың жатқан жері. Рауза – Мұса пайғамбардың Тур тауына барып, Алланы көрмекші болған уақытта, таудың шыдай алмай үгітіліп ұшқан бір бөлшегі. Рафиғ – Сүлеймен пайғамбардың жұбайы Билқистың уəзірі. Рафиқ – алғашқы қабат көктің аты. Рахил – Жақып пайғамбардың жұбайы. Жүсіп пайғамбардың анасы. Рахила – Лұт пайғамбардың екінші əйелі. Рахим – Алла Тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. О дүниеде тек мұсылмандарға ғана мейірімді деген мағынада. Рахман – Алла Тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Бұл дүниеде барша адамзат баласына мейірімді деген мағынада. Режеп – мұсылман жыл санауының жетінші айы. Риуаят (ету) – деректі не хабарды жеткізу. Ризуан – жұмақты күзететін періште. Рубиға – Сүлеймен пайғамбар қиссасында кездесетін диюдың бірі. Рубил – Жақып пайғамбардың он екі ұлының бірі. Руқға – екінші қабат көктің аты. Руқға – Ысқақ пайғамбардың жұбайы. Рум – Рим. Рұқия – Мұхаммед пайғамбардың қызы. С Саба – Сүлеймен пайғамбардың жұбайы Билқистың жұрты. Сабир – Мұса пайғамбардың Тур тауына барып, Алланы көрмекші болған уақытта, таудың шыдай алмай үгітіліп ұшққан бір бөлшегі. Сабит ибн Жазғин – Мұса пайғамбардың Ади қауымына жіберген тыңшысының бірі. Сабур – Ферғауын сарайындағы сиқыршы. Сағд ибн Мағаз – Ислам дұшпандарының бірі. Сағд ибн Мағад – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Сағид ибн Абдулла əл-Хəфифи – Хазірет Хусейннің жақтастарының бірі Садум – Лұт пайғамбар заманында Йордания жерінде орналасқан бес үлкен шаһардың бірі. Садум ибн Мушдам – Лұт заманында өмір сүрген патша. Садық ұлы Зуларш əл-Хамирий – Ибрахим пайғамбар заманында өмір сүрген патша. Сайиба – Ислам дұшпандарының бірі. Сайида бинти Массас əл-Хурхуми – Исмайыл пайғамбардың екінші жары. Сақит – Шолпан планетасы. Салих – Құранда аты аталатын жиырма бес пайғамбардың бірі. Салих – Жүніс пайғамбардың қиссасында кездесетін діндар. Салих ибн Уаһаб əл-Мари – Хазірет Хусейнге қарсы шыққандардың бірі. Салкан ибн əл-Батыр – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Салман Фарси – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Салул ибн Мəлік – Мұса пайғамбардың Ади қауымына жіберген тыңшысының бірі. Сам – Нұх пайғамбардың негізгі үш ұлының бірі. Самат – Алла Тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Алла ешкімге мұқтаж емес, қайта барша мақұлық Оған мұқтаж деген мағынада. Самдун – Сүлеймен пайғамбар заманындағы дию.
Самири – Мұса пайғамбардың нағашы əпкесі. Самири – Мұса пайғамбардың нағашысының ұлы. Самут – Салих пайғамбардың қауымы. Сануа – Жүсіп пайғамбармен бірге зынданға түскен аспаз. Сара – Ибрахим пайғамбардың жұбайы. Атақты Ысқақ пайғамбардың анасы. Сарандиб – Үндістандағы таудың аты. Саржан – Асхаб ул-фил оқиғасындағы пұттың аты. Сарриниус – Асхаб ул-Кəһф оқиғасындағы залым Дақиянус патшадан қашып шығып, үңгірді барып паналаған жеті мұсылманның бірі. Сауда бинт Заммға – Мұхаммед пайғамбардың жұбайы. Сахр – Сүлеймен пайғамбар қиссасында кездесетін перінің аты. Сахра – Лұт пайғамбар заманында болған көне аймақ. Сафа – Араб түбегіндегі төбенің аты. Бүгінгі Сауд Арабия елінде. Қажылыққа барғандар осы Сафа мен Маруа тауларының арасына жүгіріп, негізгі құлшылықтарының бірін өтейді. Сафан бинт Сафун – Жүніс пайғамбардың жұбайы. Сафия – Мұхаммед пайғамбардың жұбайы. Сафуан ибн Муғтал – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Сəкəндір – Сатурн планетасы. Сəна – Тек Алланың аты мен затына айтылатын мадақ. Сəрсəбил – Жүніс пайғамбардың қиссасында кездесетін, жерге жауапты періште. Сəрсəр – Жүніс пайғамбар қиссасында кездесетін жел. Сə'фəс – əбжəд ілімінің үшінші əріптер тармағы. Сəфия бинт Хуайи ибн Ахтаб – Мұхаммед пайғамбардың жұбайы. Сидрат əл-Мұнтаһа – жеті қат көкте өсетін ағаш. Сижжин – алтыншы қабат жердің аты. Симак ибн Хузайфа – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Синан ибн Анас əн-Нахафи – Хазірет Хусейнге қарсы шыққандардың бірі. Сифтбайыл – бесінші қабат көктегі періштелердің үлкені. Сеуам – Лұт пайғамбар заманында Йордания жерінде орналасқан бес үлкен шаһардың бірі. Судуқ – Салих пайғамбар заманында өмір сүрген мүшірік. Суғар – Лұт пайғамбар заманында Йордания жерінде орналасқан бес үлкен шаһардың бірі. Сундурна – Сүлеймен пайғамбар қиссасында кездесетін шаһар. Сурақа – Мұхаммед пайғамбарды өлтіруге бел байлаған палуан. Сурах – Қағбаның көне аттарының бірі. Суфиян ибн Хар – Ислам дұшпандарының бірі. Сұхайыл ибн Омар – Ислам дұшпандарының бірі. Сүлеймен – Құранда аты аталатын жиырма бес пайғамбардың бірі. Сүнбіле – Жақып пайғамбардың жұбайы. Сүр үрлеу – қиямет қайым болғанда Исрафил періштенің тартатын сырнайы. Т Таблит – тамұқтағы бөрі бейнелі мақұлық. Тайиб – Мұхаммед пайғамбардың үшінші ұлы. Тайыф – Араб түбегіндегі Меккеге жақын кент. Талут – Дəуіт пайғамбар заманындағы патшаның аты. Талхам – Зылиханың күңі. Тамбур – ұзын мойынды ішекті аспап. Тамлиха – Асхаб ул-Кəһф оқиғасындағы залым Дақиянус патшадан қашып шығып, үңгірді паналаған жеті мұсылманның бірі.
Тариқат – сопылық ілімнің шариғаттан кейінгі екінші басқышы. Тарих – Ибрахим пайғамбардың əкесі Азардың шын аты. Тауаф – құлшылықтың бір түрі. Меккеде Қағбаны айналып тауаф етеді. Таштури – христиан дінінің бір ағымы. Таяммум – шариғатта су жоқ кезде таза топырақтан дəрет алу. Тəбүк – Мединеден Шамға бара жатқан жердегі шаһар. Осы жерде үлкен шайқас болған. Тəжəлли – сопылық дүниетанымдағы Алла Тағаланың зати һəм суббути сипаттарының осы əлемдегі көрінісі. Тəпсір – түсіндіру. Негізінен Құранға тəпсір жасалады. Тəспі – тəспі тартып, Алланы еске алу. Тə'уил – сөздің астарлы мағынасын түсіндіру. Тəурат – көктен түскен төрт қасиетті кітаптың бірі. Мұса пайғамбарға берілген. Тəһлил – зікірде, негізінен, «Лə илəһə илалла» сөзін айту. Темір Махзум – Мұхаммед пайғамбардың əкесі Абдулланың нағашысы. Туар – Мұса пайғамбардың Тур тауына барып, Алланы көрмекші болған уақытта, таудың шыдай алмай үгітіліп ұшқан бір бөлшегі. Туба – жұмақтағы ағаш. Тур Сина – Синаи тауы. Тутарус – Сүлеймен пайғамбар заманындағы жын. У Уалид ибн Муғира – Ислам дұшпандарының бірі. Уаллаһи – Алланың атымен ант ішу. Уарақа ибн Науфал – Мұхаммед пайғамбардың жұбайы Хадишаның немере ағасы. Уардан – Ислам дұшпандарының бірі. Уарқа – Мұса пайғамбардың Тур тауына барып, Алланы көрмекші болған уақытта, таудың шыдай алмай үгітіліп ұшқан бір бөлшегі. Уахи – Алла Тағаланың пайғамбарларға жіберетін аяны. Уахила – Лұт пайғамбардың жұбайы. Уахият əл-Қалби – Жебірейіл періштенің Мұхаммед пайғамбарға уахи алып келгендегі бейнесі. Уахши – Хазірет Хамзаны өлтірген мүшірік. Кейіннен Хақ дінді қабылдап, иманға келген. Уаһаб ибн əл-Яманий – Ислам əлеміне белгілі ғұламалардың бірі. Уашиқ – Ибрахим пайғамбардың Футур атты əйелінен сүйген ұлы. Убай ибн Кағб – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Убай ибн Халаф ибн əл-Жəмжи – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Убайда əл-Жаррах – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Узая – жерге адам бейнесінде жіберілген үш періштенің бірі. Узза – жерге адам бейнесінде жіберілген үш періштенің бірі. Уқия – өлшем бірлігі. Уммахани – Мұхаммед пайғамбардың əпкесі. Уммахани бинт Əбу Тəліп – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Умми Кулсум – Мұхаммед пайғамбардың қызы. Умми Мұстах – Хазірет Айшаның немере бауырының анасы. Умми Салама бинт Əби Умайя – Мұхаммед пайғамбардың жұбайы. Умми Хəбибə бинт Əби Суфиян – Мұхаммед пайғамбардың жұбайы. Унгəй – Юпитер планетасы. Урия – Дəуіт пайғамбардың жұбайы Битшаниғты Дəуітке дейін айттырған адам. Усама ибн Зəйд – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Уфуқ – горизонт.
Ухуд – Мұса пайғамбардың Тур тауына барып, Алланы көрмекші болған уақытта, таудың шыдай алмай үгітіліп, ұшып шыққан бір бөлшегі. Ушуан – Жүсіп пайғамбар қиссасында кездесетін жер аты. Ұ Ұхұд – һижреттің төртінші жылы дін үшін болған шайқас. Ұшыр – егінді жерге шыққан өнімнің оннан бірі ретінде алынатын салық. Ү Үкаша – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларынан бірі. Үммет – мұсылман жамағаты. Үндістан – Үндістан. Ф Фазыл ибн Аббас – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Факиһ – шариғат іліміне жетік ғалым. Фалтама ибн Дəфрин – Мұса пайғамбардың Ади қауымына жіберген тыңшысының бірі. Фатима – Мұхаммед пайғамбардың əкесі Абдуллаға Шамнан ынтық болып келген əйел. Фатима – Мұхаммед пайғамбардың қызы. Хазірет Əлидің жұбайы. Фатима – Абдулла Зубəйрдің жұбайы. «Фəлəқ» – қасиетті Құранның 113-ші сүресі. Фəни – өткінші, алдамшы. Яғни осы дүние. Ферғауын – Мұса пайғамбар тұсында өмір сүрген мүшірік патша. Физза – Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатиманың қызметшісі. Фирқайыл – Сүлеймен пайғамбар қиссасында кездесетін теңіз періштесі. Фитна – іріткі, алауыздық. Х Хабаши – эфиопиялық. Хабашистан – Эфиопия. Хабиба – Жақып пайғамбардың жұбайы. Хадиқа əл-Ямани – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Хадиша – Мұхаммед пайғамбардың жұбайы. Хажар – Ибрахим пайғамбардың екінші əйелі. Атақты Ысмайыл пайғамбардың анасы. Хажр – араб тайпаларының бірі. Хазар – Ибрахим пайғамбардың немере ағасы. Хаззан –Ибрахим пайғамбар заманындағы патша. Хазраж – Араб тайпаларының бірі. Хайи ибн Ахтаб – Ислам дұшпандарының бірі. Хайи ибн Ахтаб – Мұхаммед пайғамбардың жұбайы Сафияның əкесі. Хайбар – Медине мен Сирия арасындағы жердің аты. Хайдар – Хазірет Əлидің лақабы. Арыстан деген мағынада. Хайыз – əйелдерге ай сайын келетін етеккір. Хақиқ – Сүлеймен пайғамбар қиссасында кездесетін диюдың бірі. Хақиқат – сопылық дүниетанымдағы ең соңғы мақам. Халид ибн Уалид – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Халима – Мұхаммед пайғамбардың сүт анасы. Хам – Нұх пайғамбардың негізгі үш ұлының бірі.
Хамал – күн календары бойынша алғашқы айдың аты (наурыз). Хаман – Мұса пайғамбар заманындағы Ферғауынның уəзірі. Хамза – Мұхаммед пайғамбардың үлкен атасы Əбді Мүтəліптің он ұлының бірі. Хамия – Мұхаммед пайғамбардың жары Айшаның сіңлісі. Хаммам – Жүніс пайғамбар заманындағы діндар. Хаммид – Жүніс пайғамбар заманындағы діндар. Ханда ибн Омар – Салих пайғамбар тұсындағы патша. Ханифа ибн Суманда əл-Хухумий – Исмайыл пайғамбардың заманында өмір сүрген. Бүгінгі Қағба жеріне алғаш көшіп келген тайпаның патшасы. Ханна – Иса пайғамбардың анасы Мəриямның шешесі. Ханна – Исламды алғаш қабылдаған əйелдердің бірі. Харам – Қағба. Харр ибн əл-Даж – Хазірет Хусейннің жақтастарының бірі. Хари яқуби – христиан дінінің бір ағымы. Харис – Мұхаммед пайғамбардың сүт анасы Халиманың жолдасы. Харис – Таблит пен Жаблиттен пайда болған ұл. Əзəзілдің алғашқы аты. Харис – Мұхаммед пайғамбардың үлкен атасы Əбді Мүтəліптің он ұлының бірі. Харис ибн Талатил – Ислам дұшпандарының бірі. Харлабил ибн Хамал – Мұса пайғамбардың Ади қауымына жіберген тыңшысының бірі. Харна – төртінші қабат жердің аты. Харр ибн Язид əр-Раяхи – Язидтің əскер қолбасшысы. Хартут – Йəжуж-Мəжуж қауымының келесі бір аты. Харун əр-Рашид – Бағдат халифы. Харут – жер бетіне сынақ үшін жіберілген періште. Хас – білімді, көзі ашық. Хасан Басри – Ислам əлеміне белгілі ғалым. Хасан ибн Əли – Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатимадан туылған жиені. Хазірет Əлидің үлкен ұлы. Хасур – Ғұзайыр қиссасында аты аталатын жер. Хатхат – Мұса пайғамбар заманындағы сиқыршы. Хауа – Хауа ана. Хауари – Иса пайғамбардың қасына ерген жарандары. Хаула ибн Əзид əл-Азха – Хазірет Хусейнді өлтіргендердің бірі. Хафса бинт Омар ибн əл-Хаттаб – Мұхаммед пайғамбардың жұбайы. Хашим – Мұхаммед пайғамбардың руы. «Хашыр» сүресі – қасиетті Құранның 59-шы сүресі. Хəбиб – сүйікті. Яғни Мұхаммед пайғамбар. Хəжжəт ул-уидағ – Мұхаммед пайғамбардың соңғы қажылықта айтқан қоштасу сөздері. Хəйи – Алла Тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Мəңгі тірі деген мағынада. Хəлил – дос деген мағынада. Ибрахим пайғамбардың лақап аты. Хəмді – мақтау, мадақтау. Хижаз – Араб түбегіндегі Мекке мен Мединенің орналасқан жалпы атауы. Хизар – Мұхаммед пайғамбардың үлкен атасы Əбді Мүтəліптің он ұлының бірі. Хикмет – даналық сөз. Хинду – Əбу Суфиянның жұбайы. Хира – Араб түбегіндегі Хира үңгірі. Осы жерде Мұхаммед пайғамбарға алғаш рет уахи келген. Хира – Мұса пайғамбардың Тур тауына барып, Алланы көрмекші болған уақытта, таудың шыдай алмай үгітіліп ұшқан бір бөлшегі. Хирзан – Лұт пайғамбар заманында болған көне аймақ атауы. Хисар – Араб түбегіндегі жердің аты.
Хишур – Мұса пайғамбар қиссасындағы Қызырдың белгілі бір себеппен өлтірген ұлы. Хор – жəннатта қызмет етуші хор қыздары. Хуайлид – Мұхаммед пайғамбардың жұбайы Хадишаның əкесі. Хубаб ибн əл-Арас – Хазірет Омардың күйеу баласы. Хунаса – қос жынысты. Хурри ибн Ашуш – Мұса пайғамбардың Ади қауымына жіберген тыңшысының бірі. Хусейн ибн Əли – Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатимадан туылған жиені. Хазірет Əлидің ұлы. Хутти – əбжəд ілімдегі сөздер топтамасының үшінші бөлігі. Хұдайбия – һижреттің алтыншы жылы мүшіріктермен жасалған келісім. Хұзайфа ибн əл-Ямани – Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі. Хұт – Құранда аты аталатын жиырма бес пайғамбардың бірі. Хұтхұт – Сүлеймен пайғамбардың қиссасында баяндалатын құс. Һ Һəууəз – əбжəд ілімдегі сөздер топтамасының екінші бөлігі. Һижрет – мұсылмандардың Меккеден Мединеге қоныс аударуы. Һилал ибн Нафиғ – Хазірет Хусейннің жақтастарының бірі Ч Чанг – пернесі бар музыкалық аспап. Чуз – түрлі-түсті қытай матасы. Ш Шабиб – Ислам дұшпандарының бірі. Шабирабад – Ғұзайырдың лақап аты. Шаддат – жер бетіне жұмақ салмақшы болған патша. Шажара – ағаш. Шайқы Зуннун Мысри – Ислам əлеміне белгілі ғұламалардың бірі. Шайқы Уақур – Əбу Бəкір Сыддықтың лақап аты. Шайқы Шибли – Ислам əлеміне белгілі сопы. Шайқы Шақиқ – Ислам əлеміне белгілі діндарлардың бірі. Шам – яғни бүгінгі Сирия. Шамғун – Жақып пайғамбардың он екі ұлының бірі. Шамғун – Мұса пайғамбар заманындағы атақты төрт сиқыршының бірі. Шамил ибн Заказ – Мұса пайғамбардың Ади қауымына жіберген тыңшысы. Шамит – Мұса пайғамбар заманындағы жеңіл жүрісті əйел. Шамха бинт Анурш – Нұх пайғамбардың анасының аты-жөні. Шархая – пайғамбар не əулие екендігінде талас бар Ғұзайырдың əкесі. Шауша – Жақып пайғамбардың жұбайы. Шахтут – Мұса пайғамбар қиссасында кездесетін ағаш. Шаһадат саусағы – сұқ саусақ. Шаһадат кəлимасы – Алланың барлығы мен бірлігін, Мұхаммедтің оның елшісі екен дігін растайтын куəлік сөз. Шаһбазад – Парсы патшасы Кисраның əскер басшысы. Шеруя – Парсы патшасы Кисраның ұлы. Шиба – Ислам жауларының бірі. Шимр ибн Жауш – Хазірет Хусейнге қарсы шыққандардың бірі.
Шис – Құранда аты аталатын жиырма бес пайғамбардың бірі. Адам атаның ұлы. Шух –Ибрахим пайғамбардың Футур деген əйелінен сүйген ұлы. Шырын – Мысыр патшасы Мақауқишқаның Мұхаммед пайғамбарға жіберген құлы. Ы Ыдырыс – Құранда аты аталатын жиырма бес пайғамбардың бірі. «Ықылас» – қасиетті Құранның 112-ші сүресі. Ысқақ – Құранда аты аталатын жиырма бес пайғамбардың бірі. Ибрахим пайғамбардың ұлы. І Ібіліс – барша шайтандардың үлкені. Ілияс – Құранда аты аталатын жиырма бес пайғамбардың бірі. Інген – Алла Тағаланың Салих пайғамбарға берген мұғжизасы. Інжіл – көктен түскен төрт кітаптың бірі. Иса пайғамбарға берілген. Ю Юфтуранның қызы Футур – Ибрахим пайғамбардың жұбайы. Юханна – Мұса пайғамбар заманындағы сиқыршылардың ұстазы. Юшағ – Мұса пайғамбардың шəкірті. Юшағ ибн Нұн – Мұса пайғамбардың Ади қауымына жіберген тыңшысының бірі. Юшан – Ілияс пайғамбардың аты. Я Ябд – Лұт пайғамбар қауымының сиынатын негізгі төрт пұтының бірі. Яғсар – Жақып пайғамбардың он екі ұлының бірі. Язид – Мұғауияның ұлы. Умаядтық халиф. Язид əл-Хифр – Хазірет Хусейннің жақтастарының бірі Язид ибн əл-Хаср – Хазірет Хусейннің жақтастарының бірі. Якшум – Асхаб ул-фил оқиғасындағы суреттелетін Асмаха патшаның лақап аты. Ястағад – Асхаб ул-Кəһф оқиғасындағы залым Дақиянустан кейін таққа отырған иманды патша. Ястахир – Жақып пайғамбардың он екі ұлының бірі. Яушан –Ибрахим пайғамбардың Футур деген əйелінен сүйген ұлы. Яфес – Нұх пайғамбардың үш ұлының бірі. Яффур – Мысыр патшасы Мақауқишқаның Мұхаммед пайғамбарға жіберген сыйы. Яхия – Құранда аты аталатын жиырма бес пайғамбардың бірі. Яхия ибн Мааз əл-Рази – қиссада аты аталатын рауилардың бірі. Яхия ибн Сəлим əл-Мазини – Хазірет Хусейннің жақтастарының бірі. Яхнун – Ілияс пайғамбар заманындағы Армаланың уəзірі. Яхуда – Жақып пайғамбардың он екі ұлының бірі. Яшкир – Нұх пайғамбардың алғашқы аты.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР 1. Ежелгі дəуір əдебиеті (Құрастырған жəне өмірбаяндық деректерді жазған А.Қыраубаева). Алматы: Ана тілі, 1991. – 280 б. 2. Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. Алматы: Мектеп, 1988. – 163 б. 3. Лапасов Ж. Мумтоз адабий асарлар уқув луғати. Тошкент: Уқитувчи, 1994. – 272 с. 4. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. Москва-Ленинград, 1951. – 452 с. 5. Мусаев К. Лексика тюркских языков в сравнительном освещении. Москва: Наука, 1975. – 358 с. 6. Наджип Э.Н. Регионы и этапы формирования тюркских письменных языков и литератур. Туркестан: Туран, 2007. – 267 с. 7. Наджип Э.Н. Исследования по истории тюркских языков ХІ–ХІV вв. Москва: Наука, 1972. – 300 с. 8. Носируддин Бурхонуддин Рабғузий. Қисаси Рабғузий. Тошкент: Езувчи, 1990. 2 жилд. 9. Nasіrud-dіn bіn Burhanud-dіn Rabguzі. Kіsasul-enbіya. Gіrіs-metіn-tіpkіbasіm. Ankara, 1997. 2 cіld. 10. Щербак А.М. Грамматический очерк языка тюркских текстов Х–ХІІІ вв. из Восточного Туркменистана. Москва-Ленинград, 1961. – 204 с.
РЕЗЮМЕ Институт литературы и искусства имени М.О. Ауэзова Министерства образования и науки РК продолжает работу по подготовке и изданию очередных томов двадцатитомного свода «Əдеби жəдігерлер» («Литературные памятники»), издаваемого в рамках Государственной программы «Мəдени мұра» («Культурное наследие»). Основная цель данной серии – издание литературных памятников, вышедших до 1917 года отдельными книгами; издание всех текстов древней и средневековой литературы, хранящихся в рукописях; издание текстов литературных памятников средневековья в первоначальном виде, в том, в каком они дошли до нас. Восьмой том серии «Əдеби жəдігерлер» включает в себя произведение «Киссас ул-анбия» («История пророков») видного тюркского писателя ХІV века Насируддина Бурхануддина Рабгузи. На рубеже ХІІІ–ХІХ веков, особенно в период государства Золотой Орды, литература тюрков пережила возрожденческий расцвет. На литературный процесс золотоордынского периода активно повлияли тюрки всех регионов, входивших в состав Золотой Орды, кипчаки, жившие в центральных районах империи, тюрки Белой Орды, Хорезма, Крыма и Азербайджана. Одно из таких замечательных произведений эпохи Золотой Орды – труд «Киссас ул-анбия» Насируддина Бурхануддина Рабгузи. Это произведение широко распространено в народе под названиями «Киссас ул-анбия», «Киссас ул-анбие Рабгузи», «Киссас ул-анбие алайхи ас-салем» и «Киссаи Pабгузи». Потому что этот письменный памятник под этими же названиями в ХІХ–ХХ веках несколько раз был переиздан в типографиях Казани и Ташкента. Это произведение, посвященное появлению вселенной и жизнеописанию пророков до Хазрета Хусеина, было написано в 709 году по мусульманскому летоичислению хижры (1309–1310 гг.). В нем широко представлены словесное искусство и фольклор тюрков средневековья. В разные годы это произведение исследовали видные тюркологи П.М. Мелиоранский, А.В. Ерофеев, С.Е. Малов, Н.П. Остроумов, Н.Ф. Катанов, В.В. Рад лов, Н.И. Ильминский, В.Р. Розен, М.М. Габдерахимов, Ғ.Х. Арифган, А.Н. Наджип, Ə.Р. Тенишев, Г.Г. Фитрат, Н. Маллаев, Э. Фазылов, а также западные ориенталисты и турецкие ученые І. Jalіl, S. Cagatay, K. Gronbech, J.Schіnkewіtsch, J. Thurі, F. Koprulu, H.E. Boeschoten, M.V. Damme. Существенный вклад в дело изучения памятника внесли и казахские ученые-филологи Б. Кенжебаев, Х. Суюншалиев, А. Кыраубаева, Н. Келимбетов, Г. Айдаров, А. Курышжанов, Н. Сагындыков, исследовавшие наследие Рабгузи с литературных и языковых позиций. В этом отношении особо следует отметить труд А. Кыраубаевой, которая исследовала это произведение и защитила кандидатскую диссертацию по этому памятнику. Самая древняя рукопись «Киссас ул-анбия» Рабгузи, которая написана в ХV веке и считается в науке самым полным и древним вариантом, хранится в библиотеке музея Британии в Лондоне. Есть и вариант памятника, переписанный в ХVІ веке, он хранится в государственной публичной библиотеке имени М.Е. Салтыкова-Щедрина в Санкт-Петербурге. По имеющимся сведениям, в
этой же библиотеке хранятся 6 рукописей, в Щвеции – 2 рукописи и по одной рукописи в Париже и Баку, связанных с произведением Рабгузи. Кроме этого произведение Рабгузи в начале ХХ века несколько раз было переиздано в типографиях Шамсуддина Хусаинова в Казани и Хасана Арифджанова в Ташкенте. Следует принять к сведению некоторые изменения и исправления в этих литографических вариантах, сделанные со стороны типографий. Отдельные отрывки из «Киссас ул-анбия», переведенные кандидатом филологических наук Н. Сагындыковым, были включены во вторую книгу хрестоматии «Литература древнего периода» (Алматы, 1991. Составитель А. Кыраубаева), художественный перевод же этого произведения, осуществленный писательницей Р. Мукановой, был издан отдельной книгой в 2001 году под названием «Қисса-сул Əнбия-и Адам-атадан Мұхаммед ғалайһи уəссəлəмға дейін». В дело издания и ислледования этого памятника внес большой вклад известный востоковед К.Гренбек. Опубликованная им в 1948 году копия (факсимиле) «Киссас ул-анбия» дала большой толчок делу изучения произведения. В 1991 году Институт рукописей имени Х.Сулейманова Академии наук Узбекистана на основе этого издания опубликовал текст памятника, в 1997 году Центр языка имени Ататюрка в Турции издал транскрипцию и копию текста «Киссас ул-анбия». Рукопись же этого произведения, включенная в восьмой том серии «Əдеби жəдігерлер», подготовлена на основе последнего турецкого издания. В процессе подготовки книги впервые осуществлен научный перевод, наиболее близкий к оригиналу в целях полного сохранения литературного духа и стилевых особенностей золотоордынской эпохи. По этой причине в томе без изменения даны некоторые стилевые свойства и предложения произведения, а также в скобках представлен перевод арабского текста, чтобы не было затруднений при чтении. Следует отметить неоценимую помощь предыдущих изданий (Ташкент, 1991; Анкара, 1997) при подстрочном переводе на казахский язык стихов священного Корана и хадисов пророка. Настоящий том к изданию подготовил, осуществил подстрочный перевод кандидат филологических наук Торали Кыдыр. Том снабжен научными приложениями, которые включают в себя сведения о публикуемом тексте «Киссас ул-анбия», историко-литературоведческий и текстологический анализ, словарь терминов и понятий религиозного характера, а также список использованной литературы, резюме на русском и английском языках. Объем – 480 стр.
SUMMARY The staff of the M.O. Auezov Іnstіtute of Lіterature and Arts, Mіnіstry of Educatіon, Republіc of Kazakhstan are contіnuіng actіvіtіes on preparatіon and publіshіng of the twenty volumes collectіon “Adebі zhadіgerler” (“Lіterary monuments”) publіshed іn the frame of the State Program “Madenі Mura” (“Cultural herіtage”). Maіn aіm of thіs serіes іs publіcatіon of lіterary monuments that have been publіshed before 1917 as separate books; publіcatіon of all texts of ancіent and medіeval lіterature that are kept іn manuscrіpts; publіcatіon of texts of medіaval lіterary monuments іn orіgіnal way і.e. іn a way that they have reached nowadays. Volume eіght of the serіes “Adebі zhadіgerler” іncludes the works such as “Kіssas ul-anbіya” («Hіstory of Prophets»), wrіtten by Nasіruddіn Burkhanuddіn Rabguzі the promіnent Turkіc wrіter of XІV century. On the edge of XІІІ–XІX centurіes especіally durіng the perіod of Golden Horde Turkіc State was undergoіng the renaіssance bloomіng. Turkіc people of all regіons іncluded іnto the Golden Horde, kіpchaks who lіved іn central areas of the Empіre, Turkіc people of Whіte Horde, Khoresm, Crіmea and Azerbaіjan have actіvely іnfl uenced on the lіterary process of the Golden Horde perіod. One of such remarkable works of the epoch of Golden Horde іs a work “Kіssas ul-anbіya” by Nasіrіddіn Burkhanuddіn Rabguzі. Thіs work іs wіdely spread іn people under the tіtle “Kіssas ul-anbіya”, “Kіssas ul-anbіya Rabguzі”, “Kіssas ul-anbіye alaіhі as-salem” and “Kіssaі Rabguzі” because thіs wrіtten monument was several tіmes publіshed іn the publіshіng houses of Kazan and Tashkent durіng XІX-XX centurіes. Thіs work devoted to the begіnnіng of the unіverse and lіfe descrіptіon of the prophets before Hazret Husseіn was wrіtten іn 709 accordіng to Moslem calendar khіdjra (1309–1310). Іt hіghlіghts lіterature and folklore of medіeval Turkіc people. Durіng varіous perіods thіs work has been іnvestіgated by well known Turkіc studіes specіalіsts such as P.M. Melіoransky, A.B. Erofeev, S.E. Malov, N.P. Ostroumov, N.F. Katanov, V.V. Radlov, N.І. Іlmіnskі, V.P. Rozen, M.M. Gabderakhіmov, G.H. Arіf gan, A.N. Nadjіp, A.R. Tenіshev, G.G. Fіtrat, N. Mallayev, E. Fazylov and also western orіental studіes researchers and Turkіsh researchers І. Jalіl, S. Sagatay, K. Gronbech, J. Schіnkewіtsch, J. Thurі, F. Koprulu, H.E. Boeschoten, M.V. Damme, Kazakh researchers-phіlologіsts such as B. Kenzhebayev, H. Suyunshalіev, A. Kyraubayev, N. Kelіmbetov, G. Aіdarov, A. Kuryshzhanov, N. Sagyndykov who іnvestіgated the herіtage of Rabguzі from lіterary and lіnguіstіc aspects, have also contrіbuted much to the study of the monument. Іn thіs regard the work of A. Kyraubayeva should be specіally noted because she іnvestіgated thіs work and defended a Candіdate Dіssertatіon on thіs monument. The oldest manuscrіpt “Kіssas ul anbіya” by Rabguzі іs kept іn the lіbrary of Brіtіsh Museum іn London that was wrіtten іn XV century and іs consіdered by the scіentіsts as the most complete and ancіent versіon. There іs also the versіon of the monument that was re-wrіtten іn XVІ century and іs kept іn M.E.Saltykov-Shedrіn State Publіc Lіbrary іn Saіnt-Petersburg. Accordіng to the exіstіng data there are 6 manuscrіpts іn thіs lіbrary, 2 manuscrіpts are kept іn Sweden and two others іn Parіs and Baku and all of them are related to Rabguzі. Besіdes, the work of Rabguzі was
several tіmes re-publіshed іn the begіnnіng of XX century іn the publіshіng houses of Shamsuddіn Khussaіnov іn Kazan and Khassan Arіfzhanov’s publіshіng house іn Tashkent. The changes and correctіons іn these lіthographіc versіons made by staff of publіshіng houses should be avoіded. Some fragments from “Kіssas ul-anbіya” translated by the Candіdate of Phіlology N.Sagyndіkov have been іncluded іnto the second book of the collectіon “Lіteratures of ancіent perіod” (Almaty, 1991. Compіler A.Kyraubayeva), artіstіc translatіon of thіs work was done by the wrіter R.Mukanova and was publіshed as a separate book іn 2001 under the tіtle “Kіssa-sul Anbіya-І Adam-atadan Mohammed galaіkhі uassalamga deyіn”. K.Gronbech the well known orіental studіes specіalіst has contrіbuted much to publіcatіon and research of thіs monument. The facsіmіle of “Kіssas ul-anbіya” publіshed by hіm іn 1948 was a bіg іmpulse іn studyіng of thіs work. Іn 1991 based on thіs edіtіon, the staff of H.Suleіmanov Іnstіtute of manuscrіpts at the Academy of Scіences of Uzbekіstan have publіshed the text of the monument and іn 1997 the Lіnguіstіc Center named for Ataturk іn Turkey has publіshed the transcrіptіon and the copy of the text “Kіssas ul-anbіya”. The manuscrіpt of thіs work іncluded іnto the volume eіght of the serіes “Adebі zhadіgerler” was prepared on the basіs of the last Turkіsh edіtіon. Іn the process of preparatіon of the book the scіentіfi c translatіon was done for the fi rst tіme that іs the closest to the orіgіnal іn order to conserve lіterary spіrіt and stylіstіc features of Golden Horde epoch. Therefore the volume іncludes some stylіstіc features and sentences of the work that are unchanged and also the translatіon of Arabіc text іs gіven іn brackets іn order to avoіd dіffi cultіes іn readіng. We should underlіne that prevіous edіtіons were of valuable help (Tashkent, 1991; Ankara, 1997) іn word by word translatіon of holly Koran and khadіsses of the prophet іnto Kazakh language. Toralі Kydyr the Candіdate of Phіlology has prepared thіs volume for publіcatіon, translated and wrote comments. The volume has scіentіfi c supplements whіch іnclude the data on publіshed text “Kіssas ul-anbіya”, hіstorіcal-lіterary study and textologіcal analysіs, vocabulary of terms and relіgіous notіons as well as the lіst of used lіterature; summary іn Russіan and Englіsh. Volume sіze – 480 pp.
МАЗМҰНЫ Редакциялық Бас алқадан ....................................................................................................7 Бисмиллəһир рахмəнир рахим ............................................................................................9 Көк пен Жердің жаратылуы жайлы ...........................................................................12 Аспандардың сипаты ...................................................................................................13 Жерлердің сипаты ..........................................................................................................– Адам Сафи (ғ.с.) қиссасы ..................................................................................................16 Қабыл мен Əбіл қиссасы ...................................................................................................31 Шис (ғ.с.) қиссасы ..............................................................................................................35 Мынау Ыдырыс (ғ.с.) қиссасы ..........................................................................................38 Нұх пайғамбар (ғ.с.) қиссасы ............................................................................................42 Ауж ибн Унуқ қиссасы ......................................................................................................50 Хұт (ғ.с.) қиссасы ...............................................................................................................51 Салих пайғамбар (ғ.с.) қиссасы ........................................................................................55 Ибрахим (ғ.с.) мен Намрұт (Оған лағынет болсын) қиссасы ........................................64 Намрұттың көкке шыққаны ..............................................................................................74 Ибрахим (ғ.с.) мен Зуларш патшаның қиссасы ...............................................................76 Исмайыл (ғ.с.) қиссасы ......................................................................................................80 Исмайыл (ғ.с.) ды құрбандыққа шалған қиссасы ...........................................................83 Қағбаның тұрғызылу қиссасы ..........................................................................................88 Ысқақ (ғ.с.) ның дүниеге келу қиссасы ............................................................................91 Ибрахимның қолында тірілген құстардың сөзі ...............................................................93 Ибрахим мен Сараның (Оларға Алланың мейірімі болсын)
дүниеден өту қиссасы ..................................................................................................95 Лұт пайғамбар (ғ.с.) ның қиссасы ....................................................................................96 Жақып (ғ.с.) ның қиссасы................................................................................................105 Шыншыл Жүсіп (ғ.с.) ның қиссасы ...............................................................................111 Адамның нəпсі жасаған істі жетпіс шайтан жасамайды .......................................154 Жүсіп пайғамбар (ғ.с.) ның Зылихаға қауышқаны туралы ....................................181 Мұса пайғамбар (ғ.с.) ның қиссасы ................................................................................186 Сиқыршылардың жалғандығы туралы ..........................................................................189 Айсаның қиссасы .............................................................................................................191 Шегіртке қиссасы .............................................................................................................193 Мұса (ғ.с.) ның Шамға барған қиссасы .........................................................................198 Адилықтардың сипаты ....................................................................................................199 Айдалада қалған қиссасы ................................................................................................201 Тəураттың қиссасы ..........................................................................................................203 Мұса пайғамбарды азаптаған қиссасы ...........................................................................204 Мұса пайғамбардың дидар тілеген қиссасы ..................................................................205 Қарын (Оған лағынет болсын) қиссасы .........................................................................212 Самири қиссасы ...............................................................................................................215 Бəни Исраилдықтар тəубесінің сипаты ..........................................................................218 Сиыр бауыздаушылар қиссасы .......................................................................................219 Мұса мен Қызырдың жоғары мəртебелі дəрежесінің баяны .......................................222 Дəуіт (ғ.с.) ның қиссасы ..................................................................................................227 Табыттың сипаты ...........................................................................................................– Жалут (Оған лағынет болсын) қиссасы .........................................................................229 Дəуіттің ұлы Сүлеймен (ғ.с.) қиссасы ...........................................................................238 Сүлейменнің шымалмен сөйлескені ..............................................................................242 Сүлейменнің Əкуз патшамен сөйлескені ......................................................................244 Сүлеймен күрсісінің сипаты ...........................................................................................246 Хұтхұт туралы ..................................................................................................................256 Бəйт ул-Мұқаддастың сипаты .........................................................................................264
Жүніс пайғамбар (ғ.с.) ның қиссасы ..............................................................................266 Ілияс пайғамбар (ғ.с.) қиссасы ........................................................................................278 Қызыр мен Ілияс (ғ.с.) туралы ........................................................................................282 Жиржис пайғамбар (ғ.с.) қиссасы ..................................................................................284 Лұқпан (Оған Алланың мейірімі болсын) қиссасы ......................................................288 Ғұзайыр пайғамбар (ғ.с.) қиссасы ..................................................................................291 Зəкəрия, Яхия, Мəриям жəне Иса (ғ.с.) қиссасы ...........................................................293 Иса пайғамбардың туылғаны туралы .............................................................................298 Зұлқарнайын қиссасы ......................................................................................................305 Асхаб ул-Кəһф қиссасы мынау .......................................................................................313 Асхаб ул-Фил қиссасы .....................................................................................................316 Мұхаммед Расулулла (с.ғ.с.) ның туылу қиссасы .........................................................318 Расул (ғ.с.) ның енесіне бергені туралы .........................................................................324 Расул (ғ.с.) ның Хадишаны сұрағаны туралы ...............................................................327 Мұхаммед əл-Мұстафа (с.ғ.с.) ға пайғамбарлық келгені туралы ................................339 Омардың (Алла одан разы болсын) Исламға кіргені туралы.......................................342 Пайғамбар (с.ғ.с.) туралы ................................................................................................347 Омар ибн əл-Хаттабтың (Алла одан разы болсын) ерекшелігі ...................................351 Оспан ибн Аффанның (Алла одан разы болсын) ерекшелігі .......................................352 Қырық сахабаның (Алла олардың бəрінен разы болсын) сипаты ...............................353 Əбу Бəкір Сыддықтың (Алла одан разы болсын) ерекшелігі ......................................354 Əли ибн Əбу Тəліптің (Алла одан разы болсын) ерекшелігі .......................................356 Мұхаммед Расулулланың араб кəпірлерін иманға шақырғаны туралы ......................358 Расул ишарасымен айдың (екіге) бөлінгені туралы ......................................................367 Пайғамбар (с.ғ.с.) ның миғраж оқиғасы ........................................................................368 Расул (ғ.с.) ның Меккеден Мединеге һижрет еткені туралы........................................388 Бəдір соғысының қиссасы ...............................................................................................391 Ұхұд соғысының қиссасы ...............................................................................................395 Хамзаның (Алла одан разы болсын) шейіт болған қиссасы ........................................398 Кіші Бəдір қиссасы ..........................................................................................................400 Хұдайбия келісімі жəне Меккенің ашылу қиссасы ......................................................401 Қаза ғұмрасы ....................................................................................................................404 Хайбардың ашылу қиссасы .............................................................................................405 Бəни Қасир Ижлə қиссасы ..............................................................................................406 Бəни Құрайзаны өлтіргені туралы ..................................................................................408 Румның парсыларды жеңуі .............................................................................................412 Хауазин қиссасы ...............................................................................................................415 Тəбүк соғысының қиссасы ..............................................................................................416 Айшаның (Алла одан разы болсын) ифк оқиғасы ........................................................420 Расул (ғ.с.) ның дүниеден өткені туралы .......................................................................423 Əбу Бəкір Сыддықтың (Алла одан разы болсын) дүниеден өткені .............................428 Омардың (Алла одан разы болсын) шаһид болғаны туралы .......................................429 Оспанның (Алла одан разы болсын) шаһид болуы .....................................................431 Мұсылмандар əмірі Əлидің (Алла одан разы болсын) шаһид болғаны туралы ........435 Хасанның (Алла одан разы болсын) шаһид болғаны туралы ......................................437 Хусейннің (Алла одан разы болсын) шаһид болғаны туралы......................................438 Ескерту жəне насихат ......................................................................................................450 Рабғұзи қиссасының соңы ...............................................................................................451 Түсіндірме сөздік .............................................................................................................453 Пайдаланылған əдебиеттер .............................................................................................473 Резюме ...............................................................................................................................474 Summary ............................................................................................................................476
Ғылыми басылым ƏДЕБИ ЖƏДІГЕРЛЕР Насируддин Бурһануддин Рабғұзи ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ Редакторы З.К. Башбаева Техникалық редакторы Г.Ə. Сəбитова Көркемдеуші редакторы С. Бахретдинов Компьютерде беттеген Ə. Молдахметова Баспаға Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің № 0000082 мемлекеттік лицензиясы 2005 жылы 11 қаңтарда берілген ИБ № 29 Басуға 02.12.08 ж. қол қойылды. Пішімі 60х901/16. Офсеттік басылым. Офсеттік қағаз. Əріп түрі “Tіmes New Roman”. Баспа табағы 30,0. Шартты баспа табағы 30,0. Есептік баспа табағы 30,0. Таралымы 3000 дана. “Таймас” баспа үйі” ЖШС. Алматы қаласы, Абай даңғылы, 155-үй Тел./факс: 266-21-14, тел.: 250-09-95, 250-09-96, 250-09-97, 250-09-98.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру