Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. VІІІ кітап
Kitap.kz
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
МӘДЕНИ МҰРА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КІТАП СЕРИЯЛАРЫҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ МӘДЕНИ МҰРА БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҚАСЫ Әшімбаев Мәулен, кеңес төрағасы Асқаров Әлібек, жауапты хатшы Қоғамдық кеңе...
КҮЛТЕГІН
(Үлкен жазу)
Биікте көк тәңірі,
Төменде қара жер жаралғанда,
Екеуінің арасында адам баласы жаралған.
Адам баласы үстіне ата-тегім
Бумын қаған, Істемі қаған отырған.
Отырып, түркі халқының
Ел-жұртын қалыптастырған,
иелік еткен.
Төрт бұрыштың бәрі дұшпан екен,
Сарбаздарымен аттанып,
Төрт бұрыштағы халықты
Көп алған, бәрін бейбіт еткен,
Бастыны еңкейткен,
Тізеліні бүктірген,
Ілгері - Қадырқан қойнауына дейін,
Кері - Темір қақпаға дейін жайлаған.
Екі аралықта жүрген иесіз көк
түріктерді осылай қоныстандырған екен.
Білге қағандар екен.
Алып қағандар екен.
Әміршілері де білгіш болған екен.
Алып болған екен.
Бектері де, халқы да сенімді екен.
Сол үшін де елін сонша (ұзақ) билеген екен,
Ел ұстап, заң жасаған,
Өздері қаза болған.
Жылаған - сықтаған:
Әуелі күн шығыстан
Беклі шөлінің елі,
Табғаш, тибет, авар, үрім,
Қырғыздар, үш құрықандар,
Отыз татар, қытай, татабылар -
Осыншама халық келіп,
Сықтады - жылады.
Осындай сыйлы қағандар еді,
Соңындағы інілері қаған болған.
Ұлдары да қаған болған.
Соңындағы інісі ағасындай болмады,
Ұлдары әкесіндей болмады.
Біліксіз қағандар отырған екен,
Жалтақ қағандар отырған екен,
Әміршілері де біліксіз екен,
Жалтақ болған екен.
Бектерінің, халқының ымырасыздығынан,
Табғаш халқының алдауына сенгендігінен,
Арбауына көнгендігінен,
Інілі - ағалының дауласқандығынан,
Бекті халқының жауласқандығынан
Түркі халқы елдігін жойды,
Қағандығынан айрылды;
Табғаш халқына бек ұлдары құл болды,
Пәк қыздары күң болды.
Түркі бектері түркі атын жоғалтып,
Табғаш бектердің табғаш атын тұтынып,
Табғаш қағанына бағынды,
Елу жыл ісін – күшін берді
(олар) ілгері – Күншығыста
Бөклі қағанға дейі шапқындады,
Кері – Темір қақпаға дейі шапқындады,
Табғаш қағанына елін – жұртын алдырды
Күллі түркі халқы былай десті:
«Елді халық едім,
Елім қазір қайда,
Кімге ел – жұрт іздермін? – десті
Қағанды халық едім,
Қағаным қайда,
Қандай қағанға күш – қуатым берермін?» - десті.
Осылай деп Табғаш халқына жау болды.
Жауы болып,
Қолдарынан түк келмей, қайта бағынды.
Бүйтіп күш – қуатын бергілері келмеді.
Түркі халқы:
«Қырылайық, жойылайық», - десті,
Ажалға жылжи бастады,
Көкте түркі тәңірісі,
Түріктің қасиетті жері, суы былай депті:
"Түркі халқы жойылмасын", - дейді, -
Ел болсын", - дейді.
Әкем Елтеріс қағанды,
Шешем Елбілге қатынды
Тәңірі төбесіне ұстап,
Жоғары көтерген екен.
Әкем қанға он жеті ер еріпті.
Шетте жортып жүр дегенді естіп
Қаладағылар өрлепті ,
Таудағылар індепті 2.
Жиылып жетпіс ер бопты.
Тәңірі қуат берген соң,
Әкем қағанның әскері бөрідей бопты.
Жаулары қойдай бопты.
Ілгері-кейін аттанып, жинапты, көтеріпті.
Қолы жеті жүз ер бопты.
Жеті жүз ер болып,
Елсіреген, қағансыраған халықты,
Күңденген, құлданған халықты,
Түркі иелігінен айрылған халықты
Ата-баба мекеніне қайта орнатты.
Теліс, тардуштарға Жабғы, шад сайлапты.
Оңында - табғаш халқы жау еді,
Солында - Баз қаған, тоғыз оғыз халқы жау еді.
Қырғыз, құрықан, отыз татар, қытай, татабы -
бөрі(де) жау еді.
Әкем қаған осынша ...
Қырық жеті рет аттанды,
Жиырма айқас жасады.
Тәңірі жарылқағандықтан,
Елдігін әлсіретті,
Қағандығын қағансыратты.
Жауын бейбіт етті.
Тізеліні бүктірді,
Бастыны еңкейтті.
Әкем қаған сөйтіп ел-жұрт құрап,
Ұша барды .
Әкем қағанның басына
Баз қағанның балбалы қойылды.
Оның елінің үстіне ағам қаған болды.
Ағам қаған болып,
Түркі халқын көркейте түсті, көтерді.
Кедейді бай қылды,
Азды көп қылды.
Ағам қаған болғанда,
Өзім турдуш халқына шад болдым.
Ағам қағанмен бірге ілгері - Жасыл өзеніне,
Шаңтұң жазығына дейін аттандық.
Кері - Темір қақпаға дейін аттандық.
Көгменнен аса қырғыз жеріне дейін аттандық.
Бас-аяғы жиырма бес (рет) ахтандық.
Он үш рет соғыстық.
Елдігін әлсіреттік,
Қағандығын қағансыраттық.
Тізеліні бүктірдік,
Бастыны еңкейттік.
Түргеш ханы - түркіміз, (өз) халқымнан еді.
Білместігі үшін,
Бізге жауыздығы үшін қағаны өлді.
Әміршілері, бектері және өлді.
Он оқ халқы азап көрді.
Атамыз, бабамыз ұстаған
Жер-су иесіз болмасын деп,
Аздарды халық етіп құрап,
(Оларға) Барс бек болды.
Қаған атағын оған біз бердік.
Қарындасымды - қаған қызын бердік,
Өзі жаңылды, қағаны өлді,
Халқы күң, құл болды.
"Көгмен жер-су иесіз қалмасын", - дедік.
Аз, қырғыз халқын жинап,
Келдік, соғыстық.
Елін қайта бердік.
Ілгері - Қадырқан қойнауынан аса,
Халықты осынша қондырдық, осынша еттік,
Кері - Кену тарманға дейін
түркі халқын осынша қондырдық,
осынша еттік.
Ол шақта құл - құлды болған еді,
Күң - күнді болған еді.
Ұлы әкесін білмес еді.
Сонша иелік еткен ел-жұртымыз осындай еді.
Түркі, оғуз бектері, халқы, тыңдаңдар!
Төбеңнен тәңірі баспаса,
Астынан жер айрылмаса,
Түркі халқы, ел - жұртыңды кім қорлайды?
Түркі халқы, өкін!
Бағынғаның үшін (өзіңді) көтерген қағаныңа,
Қасиетімен, ісімен жақсы еліңе кінәлісің,
Жалтақтық жасадың.
Қарулылар қайдан келіп,
Тағы (сені) құлдыратты?
Найзалылар қайдан келіп,
Тағы (сені) ыдыратты?
О, қасиетті Өткен қойнаушың халқы, бостың,
Біресе ілгері шаптың,
Біресе кері шаптың,
Барған жерде не пайда таптың?
Қаның судай құйылды,
Сүйегің таудай үйілді.
Бек ұлдарың құл болды,
Пәк қыздарың күң болды.
Білместігіңнен, жалтақтығыңнан ағам қаған
дүниеден өтті.
Басына қырғыз қағанының балбалын тіктім.
Түркі халқының атақ-даңқы өшпесін деп,
Әкем қағанды, шешем қатынды,
көтерген тәңірі, ел берген тәңірі,
түркі халқының атақ-даңқы өшпесін деп
(мені) қаған (етіп) отырғызған еді.
Ең болмаса бай халыққа отырмадым.
Іші ассыз, Сырты тонсыз ,
Бейшара, мүсәпір халыққа отырдым,
Інім Күлтегінмен ақылдастық.
Әкеміз, ағамыз құрған халықтың
Аты, даңқы өшпесін деп,
Түркі халқы үшін
Түн ұйықтамадым,
Күндіз отырмадым.
Інім Күлтегінмен бірге
Екі шадпен бірге
Өліп-тіріліп жерді ұлғайттым.
Біраз ұлғайтып,
Біріккен халықты от - су қылмадым.
Мен өзім қаған боп отырғанда,
Жер-жерден босыған халық
Өліп - жітіп, жаяу-жалпы келіп жатты.
Халықты көтермек боп;
Терістікте оғуз халқына қарсы,
Шығыста - қытай, татабы халқына қарсы,
Түстікте - табғашқа қарсы
Көп қолмен он екі жорық жасадым.
Сөйтіп тәңірі жарылқады.
Бағым болғандықтан,
Сәті түскендіктен,
Өлімші халықты тірілттім.
Жалаңаш халықты тонды,
Кедей халықты бай қылдым.
Аз халықты көп қылдым,
Тату елге жақсылық қылдым.
Төрт бұрыштағы халықты
Бәрін бейбіт қылдым,
Тату қылдым,
Бәрі маған бағынды.
Ісін - күшін беріп, осыншама
ел жиып, інім Күлтегін өзі қайтыс болды.
Әкем қаған өлгенде інім Күлтегін жеті жаста қалды.
Он жаста Умай текті шешемнің бағына
Інім Күлтегін ер атанды.
Он алты жасқа (келгенде) ағам қағанның
ел-жұртын сонша молайтты.
Алты чуб, соғдаларға қарсы
Аттандық, талқандадық.
Табғаш, Онтұтықтың бес мың әскері келді,
Соғыстық.
Күлтегін жауға жалғыз ұмтылды.
Онтұтықты қарулы басшыларымен қолға түсірді.
Қарулыларды қағанға еншіледі.
Ол әскерді сонда талқандадық.
Жиырма бір жасында
Чача Сүңүнмен айқастық
Ең ілкі Тадықын чурдың
Боз атын мініп шапты,
Ол ат сонда өлді.
Екіншіде Ышбар Ямтардың Боз атын мініп
шапты. -
Ол ат сонда өлді.
Үшіншіде иегін Сілікбектің
ерттеулі торы атын мініп шапты, -
Ол ат сонда өлді.
Қаруына, сауытына жүзден артық оқ тиді.
Барлаушының басына бір де дарыған жоқ.
Оның шабуылын, түркі бектері, жақсы білесіңдер!
Ол әскерді сол жерде талқандадық.
Осыдан кейін Байырқылық ұлың Еркін (бізге) жау болды.
Оларды талқандап, Түркі йарғы көліне қудық.
Ұлық еркін аз ғана ерлерімен қашты.
Күлтегін жиырма алты жаста
Қырғыздарға қарсы аттандық.
Найза бойы қардан өтіп,
Көгмен қойнауынан асып,
Қырғыз халқын ұйқыда бастық.
Қағанымен Сұңа қойнауында айқастық.
Күлтегін Байырқының ақ айғырына мініп
шабуылға ұмтылды.
Бір ерін оққа ұшырды,
Екі ерін найзаға шаншыды.
Осы шабуылда Байырқының ақ айғырының
белі үзілді.
Қырғыз қағанын өлтірдік, Елін алдық.
Сол жылы түргешке қарсы Алтын
қойнауынан аса,
Ертіс өзенін кеше жорттық.
Түргеш халқын ұйқыда бастық.
Түргеш қағанының әскері Болшыда отша,
бөріше келді.
Соғыстық.
Күлтегін Башғы боз атқа мініп шапты. Башғы боз
Екеуін өзі құртты Сосын және кіріп,
Түргеш қағанының өміршісін,
Аз тұтықтың елін алды.
Қағанын сонда өлтірдік, Елін алдық.
Түргеш халқының бәрі бағынды.
Ол халықты Табарға қондырдық.
Тағы жылжып, соғданы халық етпек боп,
Інжу өзенін кешіп,
Темір қақпаға дейін аттандық.
Одан соң бүкіл Түргеш халқы жау болды.
Кеңестерге қарай бардық.
Біздің әскердің аты арық, жемі жоқ еді.
Қорқынышты кісілер,
Алып кісілер бізге шабуыл жасады.
Сол мезетте өкініп,
Күлтегінді шағын қолмен жібердік.
Жойқын соғыс жасапты.
Алып Шалшы ақ атқа мініп шауыпты.
Баршасы түргеш халқының
Сол жерде өлім тауыпты.
Тағы да жылжып,
Құшы Тұтықпен айқасты.
Ерінің бәрін жайғапты,
Үйін, мүлкін қалдырмай түгел әкепті.
Күлтегіннің жиырма жеті жасында қарлың халқы
еркіндіктен жау болды.
Тамағ шыңында соғыстық.
Күлтегін сол соғыста отыз жасар еді.
Алып Шалшы ақ атқа мініп шабуылға ұмтылды.
Екі ерін найзамен шанышты.
Қарлықтарды қырдық, алдық.
Аз халқы (бізге) жау болды.
Қара көлде соғыстық.
Күлтегін отыз бір жаста еді,
Алып Шалшы ағын мініп, шабуылға ұмтылды.
Аздардың ел басшысы тұтылды.
Аз халқы сонда жоқ болды.
Ағам қағанның елі бүлікшіл болғанда,
Халқы күңшіл, кекшіл болғанда,
Ізгіл халқымен соғыстық.
Күлтегін алып Шалшы ағын мініп шабуылға
ұмтылды.
Ол ат сонда құлады,
Ізгіл халқы қырылды.
Тоғыз оғыз халқы өзіме тән халық еді,
жер-көктің бұлқан - талқандығынан жау болды;
Бір жылда бес жолы шайқастық.
Екі ілкі Тоғу қаласында шайқастық.
Күлтегін Азман ағын мініп шабуылға ұмтылды.
Алты ерін шанышты,
Шайқаста жетінші ерін қылыштады.
Екінші (рет) Құшлағақта Едіздермен шайқастық.
Күлтегін Аз қаракерін мініп, шабуылға ұмтылып,
Бір ерін шанышты,
Тоғыз ерін тақымға басты.
Едіз халқы сонда қырылды;
Үшінші (рет) Бол...да Оғуздармен соғыстық,
Күлтегін Азман ағын мініп, шапты, талқандады,
Әскерін жеңдік, елін алдық.
Төртінші (рет) Чуш үстінде соғыстық.
Түркі халқының аяғы әлсіреді,
(Өзі) жаман қалжырады.
Оза келген жау әскерін Күлтегін қуып,
тоңра руынан шыққан он ерді, Тоңа тегіңді
жерлеген жерде қуып жетіп өлтірдік.
Бесінші (рет) Езгенті Қадазда Оғыздармен
соғыстық.
Күлтегін Аз қаракерді мініп шапты.
Екі ерін шанышты,
(Бірақ) қалаға бармады,
Ол әскер сонда қырылды.
Мағы қорғанында қыстап, жазына оғуздарға
қарай әскермен жылжыдық.
Күлтегін бек - бастаушымыз - құтымыз .
Оғуздардың арасына кірді.
Күлтегін Өгсізі ағын мініп, тоғыз ерін шанышты.
(Бірақ олар) Орданы бермеді,
Шешем - қатын, (онан) соңғы аналар ,
Жеңгелерім, келіндерім, ханымдар,
Тірілерің түгел күндікте болар едіңдер,
Өліктерің жұртта, жолда жатар едіңдер.
Күлтегін жоқ болса,
Бәрің (де) өлімші едіңдер,
Інім Күлтегін қаза болды.
Өзім қайғырдым.
Көрер көзім көрместей,
Білгір ақылым білместей болды,
Өзім қайғырдым.
Тағдырды тәңірі жасар,
Адам баласы бәрі өлгелі туған.
Қайғырғаным соншама,
Көзге (ыстық) жас келер,
Көңілге ауыр шер келер.
Шексіз қайғырдым,
Қатты қайғырдым;
Екі шад, бүкіл жеткіншектерім(нің),
Ұландарым, бөбектерім, халқым(ның)
Көзі - қасы әз болар деп қайғырдым .
Жылаушы - сықтаушы:
Қытай, татабы халқын бастаған Удар Сеңүн келді;
Табғаш қағанына Ісиі Лікең келді.
Он мың сый, алтын, есепсіз күміс әкелді.
Тибет қағанынан Бөлен келді.
Арттан - Күнбатыстан Соғда, Бершекер, Бұқар
ұлыстарының халқынан - Нең Сеңүн,
Тархан ұлы келді.
Он ұлым, түргеш қағанынан Макраш таңбашы ,
Оғуз білге таңбашы келді.
Қырғыз қағанынан Тардуш Ынаншы чур келді.
Мазар тұрғызуға, өрнектеген жазба тасты тұрғызуға
Табғаш қағанының зергершісі - Чаң - Сеңүн келді.
Күлтегін қой жылы он жетінші жылы өлді.
Тоғызыншы айдың жиырма жетісінде жерледік.
Мазарын, ою - өрнегін, жазба тасын бешін
жылы жетінші айдың жиырма жетісінде тегіс аяқтадың,
Күлтегін өлгенде қырық жеті жаста болатын.
Тас ...көптеген бәдізшілер, тойғұндар,
Өлтеберлер (де) келтірілді.
ҚҰТАДҒУ БІЛІК
1. Құдіретті бір хақ озық баршадан,
Мадақ, мақтау, құрмет лайық бір соған!
Ақ, зұлжалал 10, ұлылықтың иесі,
Жаратушы, кемел қадір - киесі.
Әзірлеген жер-көк, жұрттың иесі,
Же жадырап, ризығыңды тиесі.
Көпке есепсіз ризық беріп, сақтайды ол,
Тойындырып бәрін, өзі татпайды ол.
5. Тірі жанды ешқашан аш қалдырмас,
Жеп - ішкізер, өзегін еш талдырмас.
Не тілесе - барлығына жетеді,
Кім-кімді де, қаласа ұлық етеді.
Сәлем, пейіл расулға таңдаулы,
Достарына ықтиярым ауған - ды.
Мұхаммед - елші, халайықтың басы ол,
Барларының көзі менен қасы 11 ол.
Әзіз кітап - бұл ұлылық негізі,
Біліктіге болғай білім теңізі! 10. Құт білікпен безенген бұл жамағат,
Шүкір қылып ал да, тіле қанағат.
Күллі дана сөзі түгел сүзілген,
Інжу-маржан тізбегіндей түзілген!
Шыңғыс ханы, Машындардың бектері,
Даналары жердің, асыл тектері.
Бұл кітапты баршасы алып хаттаған,
Қазнасының ішіне ерек сақтаған.
Бір-біріне мирас қылып қалдырған,
Басқаларға бермей, жеке алдырған. 15. Зияны жоқ, көп пайда, нұр - арайы,
Мәнін ұқпас түркілердің талайы.
Тыңдағанға - ұғынықты, қадірлі,
Жазбасы - ауыр, надандарға кәдімгі!
Кітап сөзі қолдан демеп, көзді ашар,
Екі дүние ісін бірдей оңдасар.
Машын - Шынның хәкімдері жарысып;
Мадақтасты таң-тамаша қалысып.
Шығыс елі, күллі түркі ішінде,
Дүниеде - кітап жоқ бұл пішінде. 20. Кітап құнын білсе, білер білікті,
Ақылсыз жан нені сезіп, біліпті!?
Берме кітап кісілерге кез келген,
Сену қиын, дос та болса көз көрген.
Білімсіздер қасиетін біле алмас,
Ақылдылар оқып, көзін бір алмас.
Бұғра хан тұсында бұл жасалды,
Хан тілінде айтылды һәм таралды.
Бұрын - соңды мұндай кітап жазған кім,
Енді асырып, келістіріп жазар кім?! 25. Кім бар, қане, жазып бере алушы,
Мадақтайын шықса, егер де, жазушы.
*∙*∙*
Әр ұлыста, орда, сарай, шаһарда,
Жаңа атпен, кітап түрлі ат алған.
Әр елдің бек, даналары көріпті,
Ел рәсіміне бейім жаңа ат беріпті.
"Әдәбіл Мүлік" деп атапты шынлықтар, "
Әнисул Мәмәлік"12 деп атапты машынлықтар.
Мұны ұлықтар күллә Шығыс елінде,
"Зийнатүл үмәрә" - деп таратқан, тегінде.
30. Ирандықтар "Шахнама" деп қараған,
Турандықтар "Құт білімі" санаған.
Ат қойғанмен бұрып әр ел тіліне,
Жақын күллі адамзаттың діліне!
Және ат беріп, қосқан сөздің шырайын,
Ізгі құлын жарылқасын құдайым!
Ай, кітапты қабыл алып қарарсың,
Түркі тілі ғажабына қанарсың.
Оқып қара, кітап ұнар баршаға,
Көп шаһарға қол жеткізер патша да.
(Кітап күллі кісіге ақыл береді,
Шахтар оқып, артар құрмет, беделі!)
35. Ел, мүлікті13 тұтушы кім? Әкім кім?
Не оған керек? Айтқан ойлы хәкімдер.
Мәліктердің14 құралы, елін сақтауы,
Әмірліктің тәртібі мен шарттары,
Неден мүлкің15 күйреп, бақи болмағы?
Неден билік кетіп, қолда қалмағы?
Қандай болмақ күллі әскер, қолдары,
Тұратын жер, қандай жорық жолдары?
Тәртіп - жөні бұл кітапта қадап-ақ,
Сипатталған, ұғындырған саралап. 40. Және елді берік ұстар кісіге,
Бұйырады ел басқару ісі де.
Оңтайлы адам керек бұған, ойлы адам,
Айдай ашық, шырағдандай жайнаған.
Патшаларда қалың халық қақы бар,
Ал, халықта патшалардың қақы бар.
Қара халық күзетсін де патшасын,
Патша елінің жан мен тәнін сақтасын.
Ұрысқа енген патша қандай болмағын,
Түзуді ұрыс үстінде әскер - қолдарын... 45. Айтады, көр, қандай айла тұтуды,
Жау шерігін қалай бұзып, ұтуды.
Қалай істеу керек мәлік жұмысты,
Түзу жолға салу керек ұлысты.
Ондай ханы болса, халқы сүйінер,
Жүзін көрсем, деп талайлар иілер.
Құты барға қызмет бер, жанастыр,
Бәзбіреуді қу, қақпаңнан әрі асыр.
Жақын ұста, сені жақын тұтқанды,
Құтсыз деп қу, жауыз шектен шыққанды.. 50. Саясаттың басын шауып алмаққа,
Парасатқа көңіл беріп бармаққа,
Білікті, есті ерлер керек ержүрек,
Қазна керек тарататын елге ерек.
Таусылмаса қара халық тағаты,
Барлық істің ішіндегі - рахаты!
Біраз сөзді өсиет еттім, құнтта,
Дұға қылсаң, мені де ата, ұмытпа!
Байқап көргін: бұл кітапты берген ер –
Елдің басы, өнерімен өнген ер. 55. Ақылымен құрмет көріп, мақталып,
Рахатта өмір сүрді шаттанып.
Мейірлі, адал, бір аллаға қараған,
Өзі сақи, білікті һәм таза жан.
"Құзорда"16 елі оның тұрған мекені,
Түп - тегінен қызыл тілдің шешені!
Туған елден шығып барып, алыста,
Бұл кітабын жырмен жазып тауысқан.
Түгел жазып, жүйеге сап, тегінде,
Тамамдады жырмен Қашқар елінде.
* * *
ӘЛІШЕР НАУАИ
Хосроумын, Низамимын дей алман,
Шайырлардың тәңірісі Жәмиға да ере алман.
Низами - жеңімпазды, ақылы мол,
Берда, Ганжа, Румды табындырды ол.
Хосроудың сөзі шырын, тілі бал,
Үндістанды жаулап алды бір өзі ол.
Бүкіл Иран бір Жәмиды тыңдайды,
Бүкіл араб Жәми сөзін сыйлайды.
Бірақ, бірақ қалың ру, қалың қауым түркілер,
Менің ғана сөзімді естіп іркілер.
...Шираз бенен түрікменнің даласы,
Хорасан мен Қытай шебі арасы.
Қайда жүрсін, түркі сөзін ту етіп,
Сап түзеуге түркілерде бар ерік.
Бұл қисаны шетсіз, шексіз мұң толы,
Жан азабы, биік сезім, сыр толы.
Жаздым үлкен шабытпенен күніге,
Жанға жылы түркі ана тілімде .
І ТАРАУ. ТҮРКІСТАН ЖӘНЕ ТҮРІКШІЛДІК ТӨҢІРЕГІНДЕ
ТҮРКІСТАН
Мұстафа Шоқайұлы ...Түркістан - түріктер елі деген сөз. Сонау VІ ғасырдың өзінде-ақ моңғол дәуіріне дейінгі көшпелілер империясының, түрік жұрты қанатын жая қоныстанған кең байтақ аймақты сасанид әулеті кезеңіндегі (ІІІ - VІІ г.г.) ирандықтар осылай деп атай бастаған екен. Бұл көшпелі түрік империясының территориясы Қытай шекарасынан Персия мен Византия шекарасына дейін созылып, солтүстікке қарай оны сасанидтер мемлекетінің арасындағы шекара қызметін атқарған Әмудариядан бастап, шығысында Индке дейін жетіп жатты. Батыста түріктер мекені Птолемейдің кезінде-ақ түрікше Дайкс (яғни Жайық) атымен белгілі болған Орал өзенінен әрі төңкеріліп жатты. Таза саяси - этнографиялық ыңғайда түзілген Түркістан шекарасы саяси жағдайлардың өзгеріп отыруына сәйкес, яғни түріктердің қоныстануы мен билік құру ауқымы кеңейген сайын саяси территориясын да ұлғайта түсіп, өзінің қазіргі аумағына бұдан мың жылдан астам уақыт бұрын, шамамен, X ғасырдың басында жеткен еді. Көне дәуірлерде Түркістан ұлы тарихи өзгерістердің бұрқ-сарқ қайнаған қазаны іспеттес болды. Оның аты Бактриана, Трансаксония, Согдиана, Парфия секілді байырғы мемлекеттер хақындағы әңгімелермен қоян - қолтық айқасып жатыр... Түркістан арқылы халықтардың жойқын қоныс аударулары өтті... Ол бүгінгі күнде түріктік тегі даусыз айқындалған ғұндар жортуылын бастан кешті. Онда әрқилы замандарда тарихтың Кир, Ксеркс, Ұлы Ескендір, Шыңғыс хан, Темірлан, Нәдір шах сынды заңғар қаһармандары өрбіткен дүбірлі оқиғалар болып өтті... Өз тарихының өн бойында Түркістан қытайлардың, арабтардың, моңғолдардың жаулап алушылығы мен билігінің де дәмін татты. Одан кейін біраз ғасыр өзіндік, түріктік тарихын кешті, алайда ол кезеңде, өкінішке орай, ұлттық ұжымдасулар мен табыстардан гөрі ұлт араздықтары мен құлдыраулардың едәуір ұзаққа созылғанын мойындамасқа да лаж жоқ. Сөйтіп жүріп ол өткен ғасырдың екінші жартысында Ресейдің игілігіне айналды. Түріктердің Отаны мен алтын бесігі, өз бойына шииттік Иранның да құнарлы әсерін сіңірген сунниттік - мұсылмандық Түркістан жалпы мұсылмандық мәдениет пен ғылымға бірқатар тамаша есімдерді берді. Олардың арасынан еуропалық ғылыми ойдың дамуына зор үлес қосқан тұлғаларды атап өтелік. ӘЛ-ХОРЕЗМИ МҰХАММЕД - математика (арифметика мен алгебра) жөніндегі көне теорияның авторы. Орыс және еуропалық ғалымдар математика ғылымын дамытудағы оның ролін бағалауда әрдайым бір жерден шығады. Орыс ғалымы, КСРО Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Бертельс оны "логарифмдер туралы ғылымды зерттеуді бастап беруші" деп таниды. "Логарифм деген сөздің өзі", - деп жазды Бертельс -басқа ештеңе емес, нақ ортағасырлық батыс-еуропалық аудармашылардың "әл - Хорезми" сөзін қате көшіруінен шыққан атау болып табылады" ... ФАРАБИ ӘБУНАСЫР, өзінің философия бойынша еңбектері, негізінен алғанда Аристотельді, әрі жалпы грек философиясын ұғындырғаны үшін "Екінші Аристотель" атанған ғұлама. Фараби философ Платонның "Заңдары" рухындағы "Қайырлы қала" атты саяси трактат та жазды. Фарабидің адам қоғамының туындауы жөніндегі толғамдары одан көп ғасыр кейінгі Ж.Ж. Руссоның "Контра Социаль" еңбегіндегі пікірлермен дәлме-дәл келеді. "Қайырлы қалада", - деп жазды Барон Карро де Во, - қоғамдағы билік пен күш көрсетудің рөлі туралы Ницшенің біраз ғана бұрынғы кейбір концепцияларына таңданарлық түрде жуықтайтын ойлар бар. Алайда күш көрсету мен билік таныту және олардың қоғамдағы ролін бағалауға деген Фарабидің пікірі неміс философына қарағанда тіптен кереғар. Егер де Ницше үшін қайырымдылық дегеніміз жоғары таптың төменгі тапты, "айрықша адамның" қарапайым адамдарды билеуі болып табылса, Фараби үшін күш көрсету мен тізе батыру - "адам философиясындағы қаталдық науқасы" деп танылды және бұл жөніндегі ойларын автор "Қайырлы қаладағы" арнаулы "Қайырсыз қалалар туралы" тарауында айтып өтеді . ИБН СИНА ӘБУ-ӘЛИ, оны еуропалықтар "Авиценнаға" айналдырған, философ, математик, астроном, алайда ол, әсіресе, медицина саласында әйгіленіп, "Le Prіnce des Mеdecіns" деп аталды. Дантенің "Құдіретті комедияда" оның орнын "тозақтан" беріп, Эвклид пен Птолемейге (олардың еңбектері Ибн-Синаға таныс болған) жақын көрші қылып, Гиппократ пен Галиеннің арасына орналастыруы да бекер емес. ХV ғасырда Гутенберг кітап бастыруды ойлап тапқанда, осы тәсілмен алғашқы көбейтілген адамзат ұлылығы шығармаларының бірі медицина жөніндегі бас еңбек Ибн-Синаның "Каноны" болған еді. БИРУНИ ӘБУ-РАЙХАН - "Ұлы Бируни", оның есімі ғылым тарихының талай тарауларында кездеседі. "Ислам ойшылдары" кітабының авторы барон Кappa де Во да ол туралы ерекше тебіреніспен жазады. Бируни археология, тарих жөнінде бағалы еңбектерді, Үндістанның тамаша сипаттамасын және көне халықтардың календарьлары жөніндегі зерттеулерді қалдырып кетті. Бирунидің есімі Париждегі географиялық қоғамның залында ойылып жазылған. ҰЛЫҚБЕК - ұлы астроном, Коперник пен Галилейдің ізашары, оның астрономия жөніндегі еңбектерін Еуропа ұзақ уақыт пайдаланған. Осынау тек жалпы мұсылмандық қана емес, күллі адамзаттық мәдениет пен ғылымға ұлы қызметтерін арнаған таңдаулы тұлғаларға тағы да екі түркістандықтың - мұсылмандық хұқ пен заң ғылымы саласындағы ірі беделдердің есімдерін қосамыз.
Олар БУРХАН-ӘД-ДИН МАРҒИНАНИ - 18-ғасырдың соңында ағылшын - үнді басқаруына пайдаланылған мұсылмандық хұқ жөніндегі бас кітаптың ("Хидая") авторы. Бұл кітапты мұсылман хұқына деген көзқарастары қаншама менсінбеушілікке толы болса да 19-ғасырдың соңы мен 20 - ғасырдың басында орыс үкіметі де Түркістанның жергілікті жұртына үйлестірілген сотын ретке келтіру құралы ретінде пайдалануға мәжбүр болды. Күтпеген жерден оған қарағанда әлдеқайда "заман талабына сай" болып шыға келген тағы бір автор бар. Ол МҰХАММЕД ИБН-ИСМАИЛ БУХАРИ. Бір қарағанда сене қою қиын, мұсылман заңгерлерінің ішіндегі бағыты бекем дейтін осы бір автордың есімі бәлкім бұрын емес, тіпті мұсылман халифалары кезінде де емес, жуырда ғана, 1925 жылы Кеңес үкіметі өзінің жер реформасын ("аграрлық революция") жүргізерде Түркістанның "революциялық шаруаларына" Маркс пен Лениннің ілімін нанымды иландыру үшін оны Мұхаммед ибн-Исмаилдың "Хадистері" шығармасына сілтеме жасап байыту және әспеттеу қажет деп табылған кезде айрықша байқалды .
Түрік жұртының мақтанышына айналған даңқты есімдердің қатарына: БАБЫР СҰЛТАННЫҢ - Үндістандағы ұлы Моғолдар империясының негізін қалаушы, өз заманының білімді де мәдениетті падишахы, тарихшы - шежіреші және "Бабырнама" атты тамаша жазбалардың авторын қоспай кету еш мүмкін емес... Түркістанның мұсылман әлеміндегі, жалпы алғанда мұсылман Азиясындағы соқталы орнын көрсету, сондай - ақ халықтардың мәдени өміріндегі Түркістанның атқарған рөлін шағын да болса түсіндіріп беру үшін біз керек деп тапқан біршама үстірт, әрі сонымен бірге қажетті деректер тізбегі осындай. Түркістан ұзақ кезеңдік терең дағдарыс пен құлдырау сатысын бастан кешті. Түріктердің бір бөлігі Кіші Азияға көшті де, Византия империясы құрандыларының үстіне, өз туының астына мұсылман әлемінің көп бөлігін біріктірген Осман империясын құрды. Өз атамекенінде, Түркістанда қалған түріктердің бір бөлігі Темір дәуірінен кейін өздерінің дербес өмір сүруін тек қана жеке кеудемсоқтыққа негізделген бірнеше хандықтарға ұсақталып кетті. Жоғарыда, сөзіміздің ең басында, Түркістанның шекаралары түріктердің қоныстануы мен билік құру аймағының кеңеюіне сәйкес өзгеріп отырды және өзінің бүгінгі ауқымына шамамен X ғасырдың басында жетті деген едік. Осы ретте этнографиялық Түркістанның шекаралары қазіргі кезде оның саяси шекараларымен еш сәйкес келмейді деп айту да қажет. Этнографиялық Түркістан көлемі жөнінен бірдей емес үш бөлікке бөлініп мемлекеттің құрамына кіреді: а). Қытайлар Синь - цзян деп өзгерткен Шығыс (қытайлық) Түркістан; ә). Батыс (орыс, қазіргі Кеңестік) Түркістан және одан оңтүстікке қарай б). "Чахар вилает" (яғни 4 уәлаят) деп аталып, Бадахшан, Үлкен және Кіші Маймен мен Андхой деген уәлаяттарға бөлінетін Ауған Түркістаны.
Бұл жерде әңгіме тек Батыс (Кеңестік) Түркістан туралы ғана болмақ. Кеңестік Түркістанның территориясы бұрынғы, Кеңеске дейінгі орыс әкімшілігінің бөлінісі бойынша былай жіктеледі: Бұрынғы тәуелді Хиуа мен Бұхара хандықтары; Бұрынғы Түркістан өлкесі (Сырдария, Жетісу, Ферғана, Самарқанд және Закаспий облыстарымен); Қырғыз өлкесі (Семей, Ақмола, Торғай және Орал облыстары) және Астрахан губерниясының қазақтар мекендеген кей бөліктері (Бөкей ордасы және кейбір теңіз бойындағы аудандар). Демек, Түркістан шекарасы кеңестік Ресей жағынан (Сталинград, Саратов, Орынбор, Челябі, Омбы облыстары, Батыс Сібір өлкесі және шығыста Ойрат автономиялық облысы болып табылады. Оңтүстік-шығыста Түркістан Каспий теңізі арқылы Кавказбен қосылады. Кеңестік Ресейден тысқары тұста Түркістан Шығыс (қытайлық) Түркістанмен, Ауғанстанмен және Иранмен шектеседі. Ауған территориясының ені 10-15 шақырымдық тар белдеуі Түркістанды Британдық Үндістаннан бөліп тұрады. Түркістанды құрайтын территорияны және онымен шектесетін елдерді санап өтудің өзі -ақ оның аумағы туралы жеткілікті түсінік берер еді. Ол 4105000 шаршы километр ауданды қамтиды. Осы зор аймақтың көп бөлігін Қызылқұм секілді аты шулы шөлдер мен Тарбағатай, Тянь - Шань, Памир - Алтай және Копетдаг - Гиндукуш жүйелері секілді ұлы тау жоталары алып жатыр.
* * * Түркістанның тұрғылықгы халқы саны жағынан тең емес екі жұрттан - түріктер мен тәжіктерден тұрады. Алғашқыларын Еуропада "қазақ", "қарақалпақ", "қырғыз", "түрікмен" және "өзбек" атымен біледі. Олардың бәрі де Мұзды мұхиттан Адриат теңізіне дейінгі барлық түріктерге ортақ түрік тілінде сөйлейді. (Түріктердің шамамен 1/15 бөлігін құрайтын тәжіктерге келетін болсақ, бұл халық тілі мен қаны жағынан иран текті болып саналады). Бірақ та олардың бері де өздерін, расында да бір халықпыз деп есептейді -мұны Түркістан мен түріктердің тарихын біршама білем дейтіндердің ешқайсысы да жоққа шығара алмайды. Бұл ретте әйгілі орыс авторы Аристов көзқарасы да қызықты . Мың жылдан астам уақыт көрші тұрып, бейбіт ғұмыр кешудің нәтижесінде Түркістан тәжіктері мен түріктердің мәдени және экономикалық жағынан біте - қайнасып кеткені сонша, олар өздерін біртұтас саяси тіршілік иелері, біріне бірі қайшы келмейтін бір ұлт өкілі ретінде де сезінер еді. Түркістанның тұрғылықты халқының бұл екі бұтағының өзара қарым-қатынаста ешқашан да қырғи қабақтыққа бармағанын да атап өту ләзім. Түркістанның түріктері мен тәжіктері ұлттық алауыздық деп аталатынға ұрынып көрмеген. Ұлттық жағынан бірдей Түркістанға өз басының ең бір құлдырауы кезеңдеріндегідей күйреуге ұшырағанын қайта көру үшін, Ресейде өкімет басына әрбір ұлттың өзін-өзі билеуі мен Ресейден бөліну хұқын марапаттайтын жаршылар мен революциялық қорғаушылардың келгенін, яғни оларды бірқатар тайпалық, Кеңес үкіметі айтатындай "дербес ұлттық" Кеңестің Социалистік республикаларға бөлініп жібергенін, сөйтіп өзінің он үш ғасырдан астам уақыт бойғы тарихи атауымен аталу хұқынан айрылуын күту керек болған еді. 1924 жылдан бастап Түркістандағы "ұлттық межелеу" деп аталған "тарихи датадан" кейін елдің тарихи атауына қатаң тыйым салынды. Түркістанның орнына кеңестік әкімшілік жаргон "Кеңестік Қазақстан" және "Кеңестік Орта Азия" дегенді қолдана бастады. Өз кезегінде соңғы атаудың өзі төрт, әрине, "дербес ұлттық" республикаларға - Қырғызстанға, Өзбекстанға, Түрікменстанға және Тәжікстанға бөлінді. Өзбекстанның құрамына тағы да "автономиялық республика" Қарақалпақстан және Тәжікстанға ерекше автономиялық облыс Таулы Бадахшан кірді. Осылайша Кеңес Одағын құрайтын 11 "одақтас республиканың" Түркістан территориясында бірдей бесеуі, яғни Одақтың орыс емес "ұлттық" мүшелерінің тең жартысы орналасқан. Түркістанда бұлайша дербес мемлекеттік бірліктерге жасанды түрде және күштеп бөлшектеу Кеңес үкіметіне, Біріншіден, Кеңес туы астында болса да түркістандық түріктердің өздерінің ұлттық - саяси біртұтастығын нығайтуға ұмтылысына қарсы күресу үшін, екіншіден, большевиктік, яки Сталиннің анықтамасы бойынша "аты-жөнінен ғана ұлттық, ішкі мазмұны бойынша интернационалдық және социалистік" "ұлт саясатын" табысты енгізу үшін керек болды. Іс жүзінде большевиктер өздерінің Түркістандағы ұлт саясатында ескі орыс отаршыл империализмі саясатының мақсатын, дәлдеп айтқанда, орыс билігін құруды көздеді, ал бұл үшін түрікшілдік пен Түркістандағы Ресейдің саясатына қас деп санауға мүлде қатысы жоқ академик Бартольдтің тұжырымдауынша "көне тарихи атауларды құрту пайдалы болып есептелмек" . Бұл тиянақты мақсатқа ескі орыс үкіметі ақырындап болса да, табанды түрде жылжыған еді. Оған жету үшін патша үкіметі бір мектеп пансионатында өзбектердің, қазақтардың, түрікмендердің балаларын бірге оқыттырмайтын, түркістандықтардың жерлерін орыс қоныс аударушыларының пайдасына тартып әперетін көзге бірден ұратын саяси тәсілдерді айтпаған күннің езінде, бірқатар көне түркістандық қалаларға (Ақмешітті - Перовск, Шымкентті - Черняевке айналдырған секілді) қайта ат қойды, т.б. Бұлардың бәрі "Түркістанда орыстардың билігін нығайту" саласында ескі Ресей үшін көкейкесті мақсат болған осы салада Кеңес өкіметінің қолы жеткендерімен салыстырғанда, баланың ойыны десе де әбден болады. Оқырман назарын бұдан әрі қарай нендей әңгіме өтетініне бұрмай - ақ, осы жерде большевиктік саясатқа тән Түркістанның "ұлт республикаларындағы" орыс билігін нығайтудағы "социалистік, интернационалдық" бір ерекшелікті атап өту қажет. Дәлірек айтқанда, түркістандық түріктер өздерінің "ұлт республикаларынан" тысқары, мәселен, қазақтар Қырғызстанда және басқа жерлерде, өзбектер Түркіменстанда және басқаларда, түрікмендер Өзбекстанда және басқаларда мекендеген жағдайда "азшылық ұлттар" болып саналады және осыған орай әрбір түркістандық республикалардың ішінде ерекше "ұлттық қазақ, өзбек т.б. аудандар" бөлектеледі; Түркістанға келген шын мәнінде азшылық болып саналатын және барлық жерде бөлектеліп, жеке селоларда немесе қалаларда ұйысып тұратын орыстар "азшылық ұлтқа" саналмайды. Өйткені мәскеулік большевиктердің пікірінше, орыстарды азшылық ұлт деп атау "түземдіктер" алдында "орыстың беделін" түсіргендей, сөйтіп орыстарды олардың жаулап алушылық хұқынан және Кеңес Одағындағы бірінші деген мәртебесінен, бағыныштыларға жоғарыдан қараушылық рөлінен айырғандай болар еді...
1941
ТҮРКІСТАН ТУРАЛЫ
(Мысырда өткен ислам бауырластық кеңесінде
оқылған лекция)
Абдулазиз Шыңғысхан
Түркістан - түрік жұрты немесе түрік елі және түрік өлкесі деген сөз. Бұл ұлы өлке бүкіл адамзат мәдениетінің бастау алған жері, түрік дүниесінің бесігі, ұлы Азияның жүрегі. Бұл өлке мәдениет ошағы ретінде ең көне өлке болғандықтан да түрік тарихының әр дәуірінде жасалған мәдени ескерткіштерді өз құшағында сақтап келеді. Бүкіл түрік әлемінің ана жұрты! Түрік қағандарының, хандары мен билерінің орталық мекені және мәдениетінің қайнар бұлағы болған бұл жерден бүкіл дүние құрылымдары жан - жаққа тарады. Бұл көне өлке парсы тарихының әуелгі ескерткіш - мұраларында жазылып қалған деректер бойынша Тұран (түрік) әулеттері мен Иран әулеттері арасында болған ұрыс -қақтығыстардың майдан алаңы болып, бұл тартыстарды Түркістан ханы Афрасияб ирандықтарға қарсы жүргізген. Олардың бұл шайқастары Мұса пайғамбардың ғасырына сәйкес келеді. Бұл ұрыс - шайқас, соғыстар туралы көп кітаптар жазылған. Соның бірі Ғазналы сұлтан Махмұдтың әмірімен әр беті бір алтынға тең бағаланып жазылған Фердоусидің атақты "Шаһнамасы". Бұл шайқастар қазірге дейін бүгін өткендей етіп мысал орнында жатқа айтылады. Түркістан түріктері мыңдаған жылдардан бері өзінің тұтас өлкесіне иелік етіп, басшылық жасап келді. Иран хандарын "қисра", Мысыр хандарын "ферғауын" дейтіні секілді Түркістан хандарын да "қаған", "хақан" деп атайды. Тарихқа белгілі қағандардың ең байырғысы ұлы Оғызхан болды. Бұл қаған Түркістандағы "Йасы" шаһарын (Түркістан шейхы Қожа Ахмед Йасауидің жұрты) орталық ете отырып, Шын, Орта Азия, Ауғанстан мен Үндістанның да кейбір өлкелеріне басшылық жасады. Бұл ұлы қағанның Ибраһим пайғамбар заманында өткенін тарих мәлім етеді. Базбір тарихшылар Оғыз ханның қызы Қантұра ханым Ибрахим пайғамбармен тұрмыс құрғаны туралы да жазады. Түркістандықтар миладтан (христиан жыл санауынан) 13 ғасыр бұрын Солтүстік Шында Хұн - түрік мемлекеті деп аталатын үлкен империя құрды. Бұл империяны Еуропада да Хұн империясы деп танығаны секілді, шындықтар да Сиуңниу - шиуңниу империясы деп атады. Бұл империя Қиыр Шығыстан Орталық Еуропаға дейін созылып жатты. Ұлы император Атилла хан өлген соң (453 ж.) бұл империяның орнына Түркістанда "Туркийа империясы" деген атпен және бір ұлттық империя құрылды. Бұл империяны шындықтар "Тукийо империясы" деп атады. Адамзат мәдениетінде үлкен өрлеу туғызған бұл империя Корея жарты аралынан Хазар теңізіне дейін созылып жатты. Миладтың (христиан жыл санауының) 659 жылы өзара араласулар мен бөлектенулер себебінен ыдырап, ұйғыр, қарлұқ, түркеш секілді әртүрлі аттармен әртүрлі ұлттық мемлекеттер бой көтерді. Олар әлемдік саясатта және адамзат мәдениетінде өзіндік рөл атқарды. Түркістанда ислам нұры еніп, кең тарай бастады. Түркістан топырағы қазірге дейін исламиятдан бұрынғы бабаларымыздың өміріне дейін көз алдымызға келтіретін ғылыми және тарихи ескерткіш мұраларын жер астында сақтап келеді. Америка археологиялық экспедициясының 1904 жылы Ашхабад қаласы маңында және Алман археологиялық экспедициясының 1902 жылдан 1914 жыл ға дейін Түркістанның шығыс бөлігінде -Тұрфан, Қарашар, Кучар атыраптарында төрт дүркін жүргізген қазба жұмыстарында табылған, сондай-ақ, орыс археологтары Түркістанның солтүстік бөлігіндегі қазақ, қырғыз далаларынан тапқан ғылыми, тарихи ескерткіш мұралар Түркістан түріктерінің исламиятдан бұрынғы жоғары мәдениеті мен көркем өнері және шеберліктері туралы анық мағлұматтар береді. Бұл мұралар қазір Алмания, Англия, Ресей мұражайларын көріктендіріп тұр. Исламият дәуірінде де Түркістан өзінің бағзы өнері мен көне мәдениетін жоғалтқан жоқ. Ислам діні Түркістанға хижраның 96-жылдарында Валиддин Абдулмәліктің халифалық құрып тұрған заманында жетіп, аз уақыт ішінде көпке жайылды және өрлеу дәуірін бастан кешірді. Ислам мәдениетін ең көп қабылдаған түркістандықтар болды. Уағыз ісі де түркістандықтар зердесінен шыққан нәрсе еді. Исламиятқа дейінгі аралықта жоғары дүниетаным, өзіндік байырғы мәдениет иесі болып келген түркістандықтар исламды қабыл еткеннен кейін, оның дамуына да өзіндік ықпал етуі табиғи жәйт еді. Ислам мәдениеті салаларының дамуында Түркістан түріктерінің қызметі жоғары болды. Исламды қабылдап, исламиятды тарату үшін медреселер ашты. Бұхара, Самарқанд, Қашқарда исламнан тәлім беру үшін жоғары мектептер, медреселер салынды. Исламды жаймақ үшін Тибетке ислам уағызшыларын жіберді. Көптеген тибеттіктер исламды қабыл етті. Кейін Моғолстанда өмір сүретін бауырлары моғол түріктеріне исламды тарату мақсатымен ислам тәлімін жайды және Шынға да Түркістан уағызшылары барып нәтижелі жұмыстар жүргізді. Бір қауым шындықтар мұсылмандықты қабылдады. Сол үшін де Шында мұсылмандарды "хой - хой" деген атпен атай бастады. "Хой - хой" ұйғырлар атын бұзып айтудан шыққан еді. Ұйғыр - түрік әулеттеріндегі бір тармағының есімі Қытайлар тіпті бүгінгі күнге дейін бүтін дүние мұсылмандарын осы атпен "хой -хой" деп атайды. Шынның батыс уәлаяттарында мұсылмандардың көп болуы да түркістандық ислам уағыздаушыларының ықпал етуінен туған жәйт. Түркістандықтар ислам үшін түрлі қызметтерде болды. Тіпті бүтін ислам әлемінде Құраннан кейінгі ақиқат жолы саналатын хадис жинағы "Сахих әл-Бұхари" кітабын (Әл -Бұхари ақиқаты) жазған Түркістанның Бұхара шаһарынан шыққан Мұхаммед Исма'ил есімді түркістандық түрік еді. Сонымен қатар ол дәуірдің құқықтық заңдарына барабар болған жазба мұралардың бірсыпырасын Түркістан түрік ғалымдары жазды. Мәселен, осы күнге дейін тарихта, құқықтық еңбектерде "Парлақ" (Мәшһүр) атымен танылған "һидайә" иесі марғұландық Али бин Әбубәкір және қашқарлық ғұлама Сейід әд-Дин, сондай-ақ, ғұлама Тафтазани, ғұлама Нәсәфи, шейх Шәмс әл-А'мәт, ғұлама Садр әш-Шәри'ә, ғұлама Тәж әш-Шәри'әлардың бәрі де Түркістан түріктері. Шешендік ілімінде алдына жан салдырмаған Абдулқаһһар Журжани мен Иусуф Исқаки, Құран тәфсірі (түсіндірмесі) мен сөз мәнін ашуда осы күнге дейін теңдесі табылмаған жаңалық иесі ғұлама Жарулла Зәмахшәри -бәрі де түркістандық түрік еді. Негіз кітаптардың ең мықтылары "Мәнар" (Шырақ - Маяк), "кәсами" (Шешім), "Таузиһ" (Түсіндірме), "Тәлфиһ" (Із), "Тәнқиһ" (Тазарту) және басқалары да Түркістан түріктері тарапынан жазылған. Түркістандықтардың шұғылданбаған ғылым салалары жоқ. Көне грек ілімі негізінде әуелгі жағрафия кітабын жазған Әбу Зәййид есімді бір түркістандық болатын. Үнді ғылымы мен философиясын ислам әлеміне және Еуропаға танытқан Әбу әр-Райхан әл-Бируни де Түркістанның Хорезм шаһарынан шыққан түрік еді. Ислам дүниесінің Аристотелі, бүтін Еуропаның ұстазы Әш-шейх әр-Рә'ис Әбу Әли ибн-Сина мен ислам әлемінің ең ұлы философы Әбу Насыр Фараби де түркістандық түрік болып табылады. Фарабидің "Әс-сийасәт әл-мәдинә" атты еңбегі экономикалық саясатқа арналған кітап. Ислам мәдениетінде бұл мәселеге арнап жазылған тұңғыш еңбек осы. Фарабидің бұл кітабындағы экономикалық, шаруашылық саясаты туралы ілімді исламда насихаттау, негіздеу біздің Түркістан түріктеріне үлкен пайда әкелмек. Түркістандықтар ғылым саласында ең бір мәшһүр ұлт болумен қатар әлем тарихында мемлекет, әкімшілік, тәртіп, саясат істерімен шұғылданушы, жаңалықтар таратушы қырларымен де танымал. Сол үшін де Аббасилер уақытында мекеме істері мен әскери қызметтерде Түркістан түріктері өте көп болды. Орталықтан алыс, әкімшілік істері қиын кейбір уәлаяттардың әкімшілік орындарында түркістандықтар болғаны да біраз нәрселерді, үлкен нәтижелерді аңғартады. Мұндай әкімдер арасынан шыққан кейбір түркістандықтар белсенді қимыл жасау арқылы тәуелсіздікке қол жеткізіп, дербес мемлекеттер құрды. Мәселен, Мысыр мен Сирияда жарты ғасыр бойы билік құрған тұлындар мемлекетін құрушы Ахмед Тұлынның түркістандық түрік болғандығы баршамызға мәлім. Мысырда құрылған бұл түркістандық Тұлын мемлекеті мұсылмандар үшін, әсіресе мысырлықтар үшін өте көп қызмет етті. Бұл мемлекет орта ғасырлық ислам тарихында өзіндік мән-маңызы ерекше болған Түркістан түрік мемлекеті еді. Мысыр мен Сирияға әкім болған түркістандық Ахмед Тұлын айырықша қуатқа ие мықты теңіз флотын жасады. Оның заманында Меккеде теңіз флотының орталығы құрылды. Мысыр мен Сирияда тәртіпке келтірілген әкімшілік ұйымы ашылды. Қаржы - финанс істерін тәртіпке келтіріп, халықты ауыр алым-салықтардан құтқарды. Егіншілік, сауда, өнеркәсіп істерінің дамуына қамқорлық етті. Аббасийа әулеті басқаруындағы кезеңдердей мұнда шеттен тауар тасымай-ақ пайда түсіп, түсім көбейді. Мысырда жаңа ғимараттар, мешіттер, мектептер салынды. Түркістандық Ахмед Тұлынның Мысырда салдырған үлкен жұма мешіті Түркістан сәулет өнерінің қастерлі бір үлгісі болып табылады. Мысырда Түркістан сәулетшілігі тарапынан салынған ең әуелгі жұма мешіт осы Ахмед Тұлынның мешіті. Қазіргі күндері де бұл жұма мешіті Мысырдағы ең көркем ғимараттардың бірі болып табылады. Бұл дәуірде әдебиет, музыка, қолөнер, сәулет өнері салалары па үлкен бір өрлеу үстінде еді. Бұл кезеңді мысырлықтар алтын дәуір деп таниды. Бұл мемлекет ыдырап, кейін, Мысыр мен Сирияны Аббаси әміршілері қайырып алса да, Шам (Дамасск) әмірі болып тұрған Түркістан ханзадаларының бірі Мұхаммед Тоғач Мысыр әкімдігіне тағайындалды. Екі жылдан соң бұл түркістандық Мұхаммед Тоғач Мысырда тәуелсіздік қариялап, сол арқылы түркістандық Тұлын мемлекетінің орнына тағы бір Түркістан түрік мемлекеті орнатты. Аббаси халифаты тарапынан оның тәуелсіздігі танылып, көне Ферғана түрік әмірлері лауазымына сәйкес "Ақшеййід" лақап аты берілді. 949 жылы Сирияны да Мысырға қосты. Бұл шаһзада Мұхаммед Тоғач көне Түркістан түрік мемлекетшілік дәстүрін сақтап келген іскер мемлекет адамы әрі жақсы қолбасшы еді. 969 жылы бұл мемлекет фатимилер тарапынан құлатылса да, сол фатими мемлекетінің үкімет басында көптеген түркістандықтар тұрды. 1174 жылы фатими дәулеті ыдырап, оның орнына аийубилер дәулеті құрылғанымен, бүтін мемлекет істері, әкімшілік істері, әскербасылық түркістандықтар қолында болғандықтан, бұл да ақиқатына келгенде Түркістан түрік мемлекеті секілді болатын. Олардың көпшілігі Түркістан түріктерінің оғыз, қыпшақ, түркмен тайпаларынан еді. Бұлар әскер бөлімдерін, көбіне, қорғаныс, күзет полктарын басқарды. Түркістандықтардың ержүректігімен батылдығымен және ақыл - зеректігімен танылғандары Иуаш-йуаш дәулетінің ең жоғары әскери және әкімшілік орындарына көтерілді. Кейін Аийуби әміршілері заманында түркістандық әскерлердің, олардың басындағы қолбасшылардың ықпалы бек көбейді. Ақиқатында үкімет түркістандықтардың қолына көшті. Ғасырлардан бері ислам мен христиандар арасында созылып, жалғасып келе жатқан діни қақтығыстар мен шайқастарда аийубилер дәулетіндегі Түркістан әскерлері ерекше қаһармандық көрсетіп отырды. Христиан дүниесін ыдыратып, бейшара халге дейін түсірді. Исламның христиан бәлекеттерінен құтылуына себепші болды. Христиандықтар бас қолбасшысын (Сан Ләви - 9) тұтқынға алды. Әйтсе де аийубилердің соңғы өмірі "Тұраншаһ" Түркістан түріктерінің бұл қызметіне "опаға - жапа" (жақсылыққа жамандық) түрінде сый көрсетті. Түркістандықтардың ықпалын күннен күнге түсіре бастады. Дегенмен, Мысырдағы Түркістан түрік әскерлерінің арасында үлкен дәрежеге ие болған түркістандық Айбек (Иззеддин) аийубилер әкімшілігінде қалыптаса бастаған бұл жағдайға өзіндік ықпал жасап, Сұлтан атағын алды. Осы арқылы Мысырда "Мәмлүктер сұлтандығы" атты және бір Түркістан түрік сұлтандығы дүниеге келді. Орта ғасырдағы Мысыр мен Сирия мәдениетінің және саясатының құрметке ие болып, жоғары деңгейге көтерілуі міне, осы Түркістан түрік мәмлүктер сұлтандығы әкімшілігі дәуіріне сәйкес келеді. Бұл дәулетті құрған Айбек Түркістанның Түркмен өлкесінен, қыпшақ түрік тайпасынан еді. Бұл дәуірде түркістандықтардың бірсыпырасы Мысырда өмір сүретін. Түркістандықтардан жасақталған тұрақты әскерлер, үкімет басшылары, орда қолбасшылары, дін басылары болатын. Түркістанмен де ешбір байланыс үзілген жоқ. Түркістаннан келген отандастары үшін Сұлтан Мұхаммед Қалаун бір қонақ үй салғызды. Бүгінге шейін бұл Түркістан қонақ үйінде түркістандықтар келіп-кетіп жатады. Түркістандық шәкірттері, қажылар мен жолаушылар түседі. Бұл Түркістан түрік сұлтандығы дәуірінде Мысыр мен Сирия мәдениеті көп ілгеріледі. Егіншіліктің алға басуы үшін Мысырда арықтар, ірі өзендерден тікелей тартылған үлкен каналдар қазылды. Өнеркәсіп орындарын ашу үшін де көп жұмыс жасалды. Мысыр мен Сирияда бүгінге шейін жеткен ескерткіштердің ең көбі осы дәуірге сәйкес келеді. Қаһира (Каир), Шам (Дамасск), қалеб (Алеппе) бекіністері, міне, осы Түркістан түрік мемлекетінің әскери сәулет өнерінен қалған бірер белгілер. Айрықша көрінетін бірқатар кесенелер, бұрқақтар, медреселер, моншалар, жұма мешіттері, барлығы осы дәуірдің мұралары. Бұл жәдігерлер арасында Сұлтан Қалаун жұма мешіті, ауруханасы, оның ұлы Хасан жұма мешіті, Сұлтан Мәлік Заһир жұма мешіті Түркістан түрік сәулет өнерінің іздері. Бұл дәуірде Мысырда қола, мыс, жез істері, зергерлік, тоқымашылық істері дамып, сонымен бірге Түркістан түрік диалектісі де қолданыста көбейе бастады. Міне бұл Түркістан түріктерінің өз отанынан өте алыста, Мысыр секілді жат мемлекеттерде жасаған мәдени және саяси қызметтері. Ал өз ана жұрты ұлы Түркістанда жасаған мәдени табыстары мен қызметтері, құрған мемлекеттері мен империялары болса, бүкіл әлем тарихының ең таңдаулы жетістіктерін құрайды. Түркістан түріктерінің исламиятты қабылдағаннан кейін Түркістанда құрған және Түркістаннан бастау алған ислам түрік мемлекеттері: 1. Саман ұлдары мемлекеті (874-999)
2 .Қарахандықтар мемлекеті (932-1212) 3. Ғазналылар мемлекеті (962-1183) 4. Ұлы Салжұқ империясы 5. Харезмшаһтар мемлекеті (1077-1231) ХІІІ - ғасырда Түркістанда әлемде теңдесі жоқ құтты жаһангер империя құрылды. Бұл империя түрік - моғол империясы деп аталды. Бұл ұлы империяны құрған түрік қаһарманы Шыңғыс хан еді. Өкінішке орай, Шыңғыс хан мұсылман болмаған түріктерден шыққандықтан да соғыс және жеңіс кездерінде ислам мәдениетіне қатысты кейбір орындардың қиратылуына себеп болса да, бұл империя айып келгенде ислам үшін пайдалы болды. Бұл империяның мемлекет басшылары, уәзірлері, әскерлері, үкімет адамдарының бірсыпырасы мұсылман түріктерден еді. Бұл дәуірде мұсылман түріктерінің ықпалы зор болды. Осының нәтижесінде Шыңғыс хан әулетінен Алтын Орда хандары, Шағатай ханзадалары, илхандарға дейін мұсылмандықты қабылдап, соңынан бұған дейін мұсылман болмаған бірқатар түрік қауымдары исламият аясына енді. Шыңғысхан өзі өте зерек, ғалымдарды жақсы көретін адам еді. Ол өзі бас болып үкіметтің қоғамдық және мәдени, саяси заңдары мен тәртіп, ережелері негіздерін жаздырды. Ол "Иаса" немесе "Сә йаса" (Үш заң) деп аталды. Бұл "Иасада" бүкіл қоғамдық және әдеби, саяси заң негіздері бар еді. Шыңғыс хан Иасасының көптеген заң баптары ислам заңдарына сәйкес болатын. Ешкімнің ождан бостандығына қайшы келмейтін. Пайғамбар әулетіне (сейідтерге) құрмет көрсету "Иаса" заң баптарының бірі еді. Бұл империяның дәуірінде ілім - білімнің барлық салалары өсіп - өркендеді. Шыңғыс әулетінен Мөңке мен Хулагудың жаратылыстану ғылымдарына, сондай-ақ нақты ғылымдарға да үлкен мән бергендігі белгілі. Хулагудың астрономия және химия ілімдерімен шұғылданғаны, ғалымдарды топтап, оларға материалдық және моральдық жәрдем беріп отырғаны, Марыға да расадхана (обсерватория) салдырып, бірқатар ғалымдарды сол жерде жұмыс істеу үшін әмір қылғаны тарихтан мәлім. Ирандағы түрік - моғолдардың сарайында әртүрлі дін және ұлт өкілдеріне жататын бір шоғыр ғалымдар жәрдемімен "Жәми әт-тауарих" атты әлемде тұңғыш жаһан Қолжазбада жылдары жазылмаған. Оғыз - сельжұқтар Х-ХІ ғасырларда Орта Азиядан Анатолия жарты аралына барып қоныстанып, XІІ ғасырда Сельжұқтар мемлекетін құрған. Ол XІV ғасырда Осман мемлекеті болып, кейін Осман империясына айналды. тарихы жазылды. Шында да мұсылман дінінің неғұрлым кең тараған өрлеу кезеңі осы моғол - түрік империясы заманына сәйкес келеді. Бұл дәуірде ғалымдар мен түрік ислам уағызшылары исламияттың кең таралуы үшін көп күш жұмсап, насихат жұмыстарын жүргізді. Бұл мемлекеттер мұсылман түріктердің насихатына жол ашып, үлкен жәрдем көрсетті. Шында кәзір елу миллионға дейін мұсылман болса, бұл сол дәуірдегі мұсылман түріктер насихатының жемісі. Бұл ұлы империя бөлшектенгеннен кейін Шыңғыс хан әулетінен Шағатай сұлтанға тән тағы бір Түркістан императорлығы құрылды. Ұлы император Шыңғыс ханнан 110 жыл кейін 1336 жылы 11 наурызда Түркістан топырағында тағы бір ержүрек қаһарман, ұлы тұлға дүниеге келді. Ол қаһарман дүниенің төрт бұрышын иелену үшін бар қиындықтарды бастан өткеруге даяр болды. Оған Ақсақ Темір немесе Темірлан (Тимурленг) деген ат берілді. Бұл түркістандық қаһарман Темірдің заманында Еуропа - Азияның бір уәлаяты сияқты еді. Ол жерлердегі қалалар мен ауылдардың тіршілігі сіңірі шыққан кедейшіліктен хабар беріп тұратын. Темір Еуропа дарбазасынан көрінген сәттен - ақ мұнда қалыптасқан дәстүр бойынша оған елшілер жіберіп, хат жолдап, құрмет көрсететін. Ұлы хақан Темірдің беделі адамзатта сирек кездесетін тұлғалар қатарында ең жоғары орын алатын айрықша бір түрік екендігін бүкіл әлем мойындайды. Темір дәуірі әдебиет, ғылым және өнер салаларының аса жоғары бір өрлеу дәуірі болды. Темір сарайына әдебиетшілерді, ақындарды, өнер иелерін жинап, оларды ынталандырып отырар еді. Темір әдебиетшілерді, ғалымдарды жақсы көрді. Жаулап алған барша елдеріндегі ең шебер өнер иелерін жинап, Түркістан астанасы Самарқанд секілді Түркістанның басқа шаһарларын да көріктендірді. Ғажайып сәулет ескерткіштерімен безендірді. Бау-бақшалар ектіріп, мешіттер, сарайлар, медреселер, моншалар, зауыттар мен фабрикалар салдырды. Егіншілікке үлкен мән беріп, арықтар қаздырды. Тек Самарқандтың өзінде ғана қаншама елдерден әкелінген жүз елу мың қолөнер шебері бар еді. Саяхатшылар бұл шаһардың ерекшелігіне, сұлулығына таң қалып, сауда қарым-қатынасындағы өзіндік мән-маңызына жоғары баға беретін. Темірдің әскері техникасы мен құрылымы жөнінен бүкіл әлемде ең озық, сол заманның ең алдыңғы қатардағы әрі жүйелі тәртіпке түсірілген әскер саналар еді. Темірдің әскері жаяу және атты - екі түрлі әскерден тұрды. Ұзақ жорықтарда жаяу әскерлерге де ат берілетін. Атты әскерлер тиістілерімде жаяу да соғыса алатындай болып төлім алатын. Жаңалықтар да таулықтар да соғыста шеберлікпен шайқасатындай дәрежеде тәлім алған құралды сарбаздар еді. Демек, Темір мен оның ұлдары, немерелері Түркістанда әскери өнердің дамуына зор мән беріп, бар қажыр - қайраттарын жұмсаған. Темір мен оның ұлдары, немерелері ғалымдарды тек ынталандырып қана қоймас - ды. Өздері де шығармалар жазып, пікір алысуларға қатысып отырар еді. Бұл орайда Шаһрұх, Ұлұғбек, Хұсейін Байқара, Бабыр шахтардың есімдерін еске түсірсек болады. Бұлардың бәрі әдебиетші, ақын, ғалым кісілер еді. Темірдің немересі Ұлұғбек болса мешһүр математик әрі астроном болды. Оның астрономия мен математика ілімдеріне қосқан өзіндік қызметі өте жоғары. Оның еңбектері Еуропа елдері тілдеріне аударылып, зерттелуде. Самарқандта жасалған әлемдегі ең ғажайып жәдігерліктердің бірі - үш қабатты обсерватория да осы Ұлұғбектің еңбегі. Бұл дәуірде түрік әдебиеті де бек өркендеу үстінде болып, көптеген танымал шығармалар өмірге келді. Бүкіл түрік әлеміндегі ең ұлы шайырлардың бірі - Әлишер Науайы да Темір ұлдары заманында жасады. Түрік тілінің құқығы оның табыстарымен қорғалды. Бұл дәуір сурет салу және көркем жазу жөнінен де ең бір өрлеу дәуірі болды. Темірдің немересі Бабыр шах Үндістанға келіп, ұлы ислам түрік империясын құрды. Оның әлемдік саясатта өзіндік рөлі болды. Ғасырлар бойы өмір сүрген бұл мемлекет ағылшындардың түрлі сұрқиялық айла-шарғылары мен қаскөйлік әрекеттерінен кейін ыдырап, Англия отарына айналды (1858). Әйтсе де, Түркістан өзінің өрлеу кезеңін өркендетіп кете алмаса да өз тәуелсіздігін сақтап келіп еді. Кейін заман ағымы бізге қарсы бағытта жүре бастады. Темір мемлекеті шағын-шағын хандықтарға бөлінді. Бұл хандар бір-бірімен жағаласып, соғысты. Енді Түркістан Еуропаның орта ғасырдағы хал-жағдайына түсті. Ғалымдарымыз нақтылы, тиімді де пайдалы ғылымдар орнына біржақты діни ілімдерге беріліп кетті. Халықтікі қудалануға түсті. Түркістан көкжиегін соқыр сенім басты. Түркістандағы бұл ахуалды көрген дұшпандарымыз Қытай мен Ресей осы кезді пайдаланып қалу керек екенін түсінді. Бұл бай түрік өлкесін басып алу, бөлшектеу, отарлау жоспарын құрды. Бұл жоспар екі-үш ғасырға созылған тартыстардан кейін іске асып, XІX ғасырдың соңына қарай Түркістанның батыс бөлігінорыстар, шығыс бөлігін басып алды. Демек, екі - үш ғасырға созылған қан-қасап соғыстардан соң Ұлы Түркістан аталмыш басқыншылардың отарына айналды. Түркістандықтардың 4-5 мың жылдық мәдениеті адам айтқысыз жабайы басқыншылар қолында қапаста қалды. Бұл басқыншылар өздерінің сұмдық аюандық жоспарларымен қаһарман түріктерді түбегейлі құл қылмақ мақсатында түрлі-түрлі қара ниетті торларын құрып, әрқилы шаралар іздестірді. Атилла, Шыңғыс, Темір секілді жаһан императорларының еркек кіндікті ұлдары, Түркістан түріктері бұл бәлекеттің алдында өмірбақи қолдарын қусырып, бастарын иіп тұра бермес, құлдық өмірге көне бермес. Міне, сол үшін де Шығыс Түркістандағыдай Батыс Түркістанда да дұшпандарға қарсы бостандық күресі жүргізілді. Бірақ өкінішке орай, соңы нәтижесіз қалды. Бұл күресте түрік - ислам әскері табысқа жетіп, Түркістан түрік қаһарманы, тәуелсіздік жолындағы бас жолбасшымыз Мұстафа бек Шоқай басшылығында бір ұлттық үкімет құрылса да, бұл жас ислам - түрік мемлекетінің экономика мен мәдениет салаларындағы кемшіліктерін байқаған орыстар, патшалық Ресейге мұрагер еткен Кеңестік қызыл өкіметін құрғаннан кейін жаңа ислам - түрік мемлекетіне жол бермеді. Дүниежүзілік соғыс кезінің қолайлы сәттерін пайдаланып қалу үшін Түркістанның батыс бөлігінде басқыншы орыстарға қарсы ұлт азаттық күресі жүргізіліп, сонда Түркістан қаһармандары нағыз ерлік үлгілерін корсетті. Өзінің қасиетті Отанында ұлттық тәуелсіздігін жариялап, басқа ұлттар секілді тіршілік етпек, отарлық бұғаудан босанбақ үшін әрекет етті. Отан азаттығы үшін жанын сала күресті. Түркістан қаһармандары арыстанша арпалысып, қайрат көрсете жүріп, жанымен, ділімен Отан қорғау жолында жүз мыңдап құрбан болды. Бірақ орыстарға келетін шама -қуатының жоқтығы, дұшпан қуатының көптігі бізді сарсытты. Бұл мемлекеттің не батыста, не шығыста ешқандай жәрдемшісі жоқ жаңа бір ислам мемлекеті болғандығы үшін де қан қасап тартысулар мен шарпысулардан кейін 1921 - 1931 жылдары қызыл жаһангер Совет орыстары отарына өтті. Орыстар өздерінің басқыншылық сипатымен қалмағандары қалмады. Ислам мәдениеті мен түрік мәдениеті және олардың ескерткіштері құлатылды. Дініміз, ұлтымыз масқаралауға, шапқыншылыққа душар болды. Мешіттеріміз, жұма намаз оқылатын орындарымыз коммунистік құлып - қызыл отауларға айналдырылды. Мыңдаған мешіт, медреселеріміз зинақорлық орындарына, кафелерге, ойынханаларға, әскери казармаларға айналды. Әуелгі тұрмыс, салт-дәстүрлеріміз жойылды. Бүкіл қауым өз құқықтарынан мақұрым етілді. Советтердің құлы болуға мәжбүрленді. Неше жүз мың ғалымдарымыз, үлкендеріміз, жас қызметкерлеріміз қой секілді бауыздалды. Әр жерде большевик мектептері ашылды. Мектептерде дінсіздікке, құдайсыздыққа үйретілді. Күнәдан пәк балалардың саф таза миларына коммунизм зәрі сіңірілді. Ата-аналарына қарсы дұшпандық ниеттерін тудыра бастады. Орыстандыру, дінсіздендіру жоспары алға қойылды. Еш бір адамның құлағы естімеген, көзі көрмеген, қаперіне кірмеген аюандықтар жүзеге асырылуда. Түркістанның Қытай мойынсұнған шығыс бөлігі болса, жарты ғасырдан бері қытайлардың қолында. Олар да адам айтқысыз небір бәлекеттерге ұшырап келеді. Бұлар да дінінен, Отанынан, ұлттық құқықтарынан мақұрым етілуде. Қытай үкіметі бұл түрік мұсылмандар арасында ұлттық дәстүр, исламдық салтты жою үшін әртүрлі шаралар іздестірді. Түрік исламдарына қатысты көне ескерткіштерді қоймады. Халықтардың отбасылық тұрмысына да араласты. Оларды қытайландыру, мәжусилендіру жоспарын құрды. Ешқандай да бастауыш не болмаса орта мектеп секілді мектеп орындарын ашуға тыйым салынып, оған батылдары барғандар түрлі азаптарға ұшырады. Түркістан Қытай қолына өткеннен бері Түркістанның ешбір жерінде мектептер ашуға, не өзінше басылымдар шығаруға, тіпті діни кітаптар басуға да мүмкіндік бермеді. Түркістанда саяси, не әдеби, я болмаса басшылық ететін протекторат орыны ашуға да қатаң тыйым салынды. Түркістандықтар үкіметте кішкентай да бір қамқорлық көріп, қызметке тұра алмас еді. Қытайларда адамды ұру, соғу, қамау, аяқ-қолын кесу, көзін шығару, отқа күйдіру, денесіне ыстық май шашу секілді қинаулар ең кішкене жазалар қатарында саналар еді. Мәжусилендірмек мақсатымен жас балаларды қытай мектептеріне жіберіп, Кунфуци бейнесіне шоқынуға, табынуға мәжбүр етті. Мектептегі ұстаздық қызметке қабылданғандардың әрқайсысы жастарды мәжусилендіру жолында миссионерлік қызмет арқарды. Соңғы кездерде мәжусилендіру жоспары алдыңғы қатарға қойылып, бұл 1930-1939 жылдары әспеттелген "қажылық" дәрежесіндегі бір жолға түсірілді. Түрік қыздарын кәпір қытайлармен үйлендірмек үшін қарар қылынды. Бұл да жүзеге асырыла бастады. Оның үстіне қытайлар барлық дау-шары мен келісімдерін орыстар арқылы ғана шешіп, Түркістанның бүкіл экономикалық қуатын орыстарға берді. Түркістанда аштық, қымбатшылық басталды. Мұсылмандардың ар - ожданы көтермейтін осындай нәрселерден Түркістан түрік ұлтшылдары тарапынан Құмыл шаһарында көтеріліс болып, сол заматта ол төңкерістік сипат алды. Төңкеріс барлық тарапты шарпыды. Қозғалыс екпіні жер-жерді шарлап кетті. Қоғамдық толқулар көбейді. Әр жерде - ақ бас көтерулер болып жатты. Жас, кәрі, ұл, қыз демей Отан азаттығы, ұлт бостандығы үшін жанын да, малын да аямастан әрекет етті. Бұл күресті өздерінің қасиетті міндеті, борышы санап, қаһармандарша қайрат көрсетті. Әр тараптан көтеріліс нәтижелерін көріп, халықтың рухы көтерілді. Күннен күнге сарбаздар қатары, әскер көбейді. Жүз мыңдаған құрбандар беріп, ақырында тәуелсіз республика құрды. Бұл республикаға Хожанияз қажы - Елбасы, Сабит дамолла - Бас уәзір, Қаһарман Махмұд Муһити әскер басы болды. Бұл республиканың таянышы - тәуелсіздік белгісі ретінде ай - жұлдызды көк байрақты тікті. Оның төңірегіне қызметкер, ұлтшыл, елшіл зиялы көпшілік топтанды. Бұл республика бағдарламасының 1-ші бөлімінде республиканың бүкіл істері Құран және пайғамбар жолына лайық болатын болып, мемлекет құрылымының баяны рет-ретімен белгіленеді. Бұл жаңа құрылған Ислам - түрік республикасы сыртқы істерде тәуелсіздік таныту және халықаралық қатынасқа еңбек мақсатымен еркін түрде шетелдерге арнайы елшілер шығарды. Жарты ғасырдан бері Қытай езгісінде өмір сүрген түріктер өз тәуелсіздігін алар - алмастан прогреске қадам басты. Жер-жерде мектептер ашылды, тағлым берілді, тіршілік жандана бастады. Бірақ, өкінішке орай, Ресей жанынан құрылған бұл ислам - түрік мемлекетінің бұлайша тез өркендей бастауы орыстарды тынышсыздануға түсірді. Өйткені Түркістанның шығыс бөлігінде тәуелсіз түрік мемлекеті құрылып, осылайша тез өркениетке қадам басатын болса, онда Түркістанның батыс бөлігінде өмір сүретін орыс билігіндегі түріктер де бұл республикаға қосылып, орыстарға қарсы шығу қаупі сезілгендей еді. Орыстар енді түрлі айла-шарғылар арқылы бұл түрік мемлекетін құлатпаққа әрекет етті. Шын мұсылмандары (дүнгендер) төңкеріс кезінде өздерінің ұлттастары қытайлар пайдасы үшін дін қарындастары - түрік діндестеріне қарсылық көрсетіп тұрған еді. Осы жағдайды пайдаланып қалу мақсатында орыстар мен қытайлар дүнгендерді түрлі айла-шарғылар арқылы айдап салып, түріктер мен дүнгендер арасындағы жаулықты күшейте түсті. Түрік мұсылмандарында ұлттық сезімнен де бұрын исламиятқа деген құрмет басым еді. Олар Қытай мұсылмандарын (дүнгендерді) өздерінің діни қарындасы, құдай берген одақтасы санар еді. Сатқын дүнгендер түрік мұсылмандарының бұл бауырластық сезімдеріне қарамастан қиянат жасады, орыстармен бірлесті, қылмаған аюандығы қалмады. Мұсылмандарың үлкендерін елтірді. Қырды, шапты, қамады. Қиянаттарында шек болмады. Орыстар өздеріне қолайлы сәтті пайдаланып, Жапон - Қытай соғысында Манчжуриядан Ресейге қашқан қызыл қытайларды қаруландырды да, Түркістанға айдап салды. Түріктер орыс, қытай, дүнген шабуылдарына қарсы төтеп бере алмай қан-қасап соғыстардан кейін Түркістан республикасы құлатылды. Орыстардың қуыршағы болған дүнген бас командашысы Мажуң И Мәскеуге барды. Түркістан сол күннен бастап Ресей мен Қытайдың ортақ отарына айналды. Коммунизм зәрімен суғарылды. Түркістанның батыс бөлігінде не болса, шығыс бөлігінде де сол жағдай орын алды. Өйткені Қытайдың гоминданизм идеясы мен орыстың коммунизм идеясы арасында ешбір айырмашылық жоқ. Аттары басқа болғанымен мәндері бір. Мысырда Қытай жалдамалыларының түрлі жалған арандатуларына сеніп қалу бар. Дүниеде ең жабайының жабайысы Қытай жабайылары - дүр. Гоминдаң партиясының негізгі мақсаты бүкіл Түркістанды қытайландыру, мәжусилендіру; Түркістан тілін Қытай тіліне көшіру; он миллион Қытай әкеліп Түркістанға орналастырып, Түркістанды таза қытай қылмақ. Қытайлар өздерінің бұл жоспарларын бүгінгі күнге дейін жүзеге асыра алған жоқ. Жүзеге асыра алмайды да. Қытай республикасының атасы, Гоминдаң партиясының басшысы Сун-Иат-Син өзінің үш негізі - "Миң-Сиң жолы", "Миң-Зужолы", "Миң-Чуан жолында" және "Жән-Гу-Да-Гаң", "Жән-Гу-Фаң-лиу" атты өсиетнамаларында бұл мәселеге үлкен мән беру керек деп уағыздайды. Қытайлар социалист Суннің бұл уағыз - өсиеттерін іске асыра алмаса да, Түркістанның халықаралық мәнге ие болған "Түркістан" атына теңестіріп Шынжаң атағаны секілді, шаһарлардың аттарын да өзгертіп, Қашқарды "Хаши", Жәркендті "Сачә" және басқа шаһарларды да солай қытайшаландырып, Түркістан түріктерін де діни ұраны болған дәстүрлерінен жирендіру үшін "Чанту" - "Йорғұмабат", "Чанту сәнку - сіләйк һәйван" деп түсіндіріп келді. Қытайлардың бүкіл саясаты, жоспары Түркістан түріктерін қытайландыру, мәжусилендіру, олардың исламдық дәстүрлерін жою. Большевиктер болса, Түркістанды дінсіздендірмек, орыстандырмақ ниетінде. Қытай насихатшылары, Қытайға сатылған жалдамалылар қытайларды әрқашан ислам қамқоршысы етіп көрсетуге тырысқанымен, ешбір жайт бұған айғақ болмай, шын мәнінде олардың дінге, ұлтқа ашықтан-ашық қиянаттары көрініп тұрады. Қытайлардың қазіргі үкіметі болса, тек түркістандықтарға ғана емес, бәлкім, бүкіл ислам дүниесіне зиян үкімет болып отыр. Бұдан он жыл бұрын Қытайдың әйгілі қолбасшыларының бірі Фуң-И-Шаң бұйрығымен неше жүз мың қытай әскері Шынның солтүстік бөлігіне барып, қытай - мұсылмандардың (дүнгендердің) мешіттерін қиратып, жүз мыңдаған мұсылмандарды бауыздап, дүниеде болып көрмеген аюандықты Қытай мұсылмандарына жасады. Өзінің бір ұлы болып табылатын дүнгендерге мұндай аюандық қылады. Біз секілді діні де, ұлты да, Отаны да, тілі де бөлек жат жұртқа Қытай жақсы назарымен қарайды деген не сөз?! Алпыс неше жылдан бері Түркістан Қытай езгісінде келеді. Бұларға жақсы көзқараспен қарау болған емес. Жүздеген жылдардан бері ислам әлемімен танысқан жоқ. Оларды ең бірінші дұшпаны санап келген қытайлар, енді ислам дүниесін алдамақ үшін бірқанша пұлға сатылған жалдамалыларды насихат алаңына шығарады. Ғасырлар бойы мұсылмандармен таныспаған қытайлар Жапонмен қарсыласуға шамасы келмесе мұсылмандардан жәрдем сұрап, жәдігөйлікпен ислам мемлекеттеріне оқуға шәкірттер, қажылыққа кісілер, үгіт жүргізу үшін насихатшылар жібереді. Бұлардың негізгі мақсаты көз боямақ, мұсылмандарды алдамақ, оларды іш тартқан болып көрінбек. Биыл қажыға бармақ үшін Түркістаннан мыңға тарта түркістандық жолға шықса, соларды жолда тонап өлтірді. Бұның атын не дейміз? "Іш тартқандық" дейміз бе? Түркістан республикасы құлағаннан бері қазіргі күнге дейін Түркістаннан сыртқа, сырт жерлерден Түркістанға ешкім де кіре алмайды, не шыға алмайды. Хат-хабар байланысы үзілді. Жүз мыңдаған ғалымдарымыз, оқыған жастарымыз, дарынды зиялыларымыз сотталды. Діни медреселер жабылды. Дінсіздік, құдайсыздық үйретіле бастады. Мұның да аты "іш тартқандық" па? Біз ешуақытта біреуді жаман дей алмаймыз. Бірақ Отанымызды, дінімізді, ұлтымызды сүйеміз. Тілегіміз - ұлттық азаттық. Азаттық жолында жанымызды құрбан етеміз. Артқа шегінбейміз. Ниет, мақсатымыздан қайтпаймыз, түріктіктен танбаймыз, исламдықтан жаңылмаймыз. Тәуелсіздік құрбансыз болмас. Жүз мыңдаған құрбан бердік. Бір күндер келер, сонда өз тәуелсіздігімізді алып, өзге ұлттар секілді тіршілік жасаймыз, отарлық бұғауын үземіз. Бабаларымыз секілді исламият пен мәдениет үшін аянбай қызмет етеміз. Мұстафа бек Шоқай секілді сыртта бас азаткеріміз бар, олар ұлттық бостандық үшін әрекет етуде. Бұл бостандық әрекеті жақын келешекте жемісін береді және Түркістан түріктері азат болады. Бұған иманымыз кәміл, сеніміміз зор.
ТҮРКІСТАН
Абдуллаһ Режеп Байсұн
Кіріспе
Шетсіз, шексіз Азияның ортасына орналасқан Түркістан жазық даласы, қырат таулары бар ұланғайыр аймақ. Солтүстікте Сібір, оңтүстікте Үндістан, шығыста Қытай, батыста Каспий теңізімен шекараласатын бұл аймақ бүкіл түріктің ата жұрты. Амудария, Сырдария, Тарым сынды ағыны қатты өзендер өздеріне қосылатын салалары мен тармақтары арқылы теңізден шалғай жатқан өлкенің 35 миллиондай халқына өмір сыйлап барып Арал мен Лобнор көлдеріне құяды. Түркістан өлкесі Қытай, Үнді, Иран, Ауған және Ресеймен көрші жатыр. Табиғаттың төрт маусымын түгел көретін жер жәннатында көптеген жеміс-жидектер мен ақ алтын деп аталып жүрген мақта өседі.
Бұл берекелі, құнарлы топырақ кей жерлерде жылына үш рет өнім береді. Қойнауына алтын, күміс, мұнай, көмір сияқты қазба байлықтарын көміп жатқан даланың төсі алуан түрлі гүлдермен көмкеріліп, онда көптеген жануарлар мекендейді. Сауда әлеміне кеңінен танымал қаракөл терісімен бірге аймақта мақта, жүн, жібек және тері игеріледі. Тарихта мәдениет пен ғылымның ошағы болған Түркістан 18-ші ғасырдың алғашқы ширегінде бірнеше хандықтарға бөлініп кетті. Бұл хандықтардың ішінде Бұхара, Хиуа және Қоқан хандығы бертінге дейін өмір сүрді. Орта Азияны мекендейтін мұсылман түріктердің басына бәлекет болған Ресей империясы Түркістанға түнек орнатты. Түркістанды толық бағындыру мақсатымен 1730 жылы Орынбордан басталған әскери жорық 1853 жылы Қоқан хандығын басып алғаннан кейін Бұхараның іргесіне таянды.
Бұхара мен Хиуаның басып алынуы Бұхара Әмірі Мұзаффар хан Зиребұлақ шайқасында ұрыстарға жеңіліп қалды. Сөйтіп 1868 жылы 12 бабтан тұратын Зиребұлақ келісімі бойынша Ресейдің қолтығына кірді. Осылайша 350 мың шаршы шақырым жері мен үш жарым миллион халқымен Бұхара тәуелсіздігінен айырылды. Жасалған келісім бойынша темір жолдары, пошта, телеграф, телефон сияқты байланыс және тасымал құралдары, Әмудария сияқты үлкен өзендерде кеме жүргізу ісі, кеден қызметі, экономикалық құрылымдар мен бүкіл индустриялы өнеркәсіп орындары, астық жинау қоймалары Ресейдің қолына өтті. Бұхара Әмірі болса тек 12 мың кісілік милиция ұстауға ғана құқылы болды. Хиуа хандығы да 1883 жылы дәл осындай 12 бабтық келісім бойынша тәуелсіздігін жоғалтты. Осылайша 2 миллион халқы бар, шекарасы 285 мың шаршы шақырым болатын хандық саяси, әлеуметтік және экономикалық жағынан Ресейге толық бағыныштылығын білдірді. Ресейдің Бұхара мен Хиуа хандықтарымен жеке-жеке жасаған жоғарыда аталған 12 бабтық келісім-шартта жалғыз ақша шығару, теңге басу мәселесінде өзгешелік бар еді. Тек күміс теңгелер басуға ғана құқылы болған Хиуа бұдан былай ақша шығарар кезде Ресейден рұқсат алуға міндетті болды. Ал алтын һәм күміс теңгелер баса алатын Бұхара хандығы бұл істі Ресейдің рұқсатсыз да жасай беруге ерікті болды. Көп ұзамай, дәлірек айтқанда 1885 жылы Түркістан толықтай Ресейдің қол астына өтті. Күші басым әскермен жаулап алғанымен, орыстар Түркістан түріктерінің мәдениетін жеңе алған жоқ. Бұны олар рухы биік халықтың бас имей, оқтын-оқтын көтеріліске шығуынан да түсінген болатын. Түркістан халқының азаттық пен толық тәуелсіздікке деген құштарлығы бір сәт те басылған емес. Ол күннен - күнге өршіп, лаулай түсті. Патша үкіметінің 1916 жылы "майданға қара жұмысқа адам алу" туралы қаулысы Түркістан халқының ұлттық намысына тиіп, өршіл рухын қайта оятты. Маусым жарлығымен бірге дүр сілкінген халық ашу-ызасын сыртқа теуіп, атқа қонды. Осылайша Түркістанның төрт бұрышында, әсіресе, Жызақ, Төрткүл және Жетісу аймағында халық көтеріліп, оның аяғы үлкен көтеріліске ұласты. Бұл көтерілістердің түпкі мақсаты Түркістан жерінен Ресейден азат етіп, түпкілікті тәуелсіздікке қол жеткізу және апат өмір сүру еді. Ресей жұмысшыларының болмашы қолдауымен 1917 жылы билікке ұмтылған большевиктердің "әрбір ұлт өз тағдырының иесі" деген мағынаға келетін ұраны Ресей қол астындағы аз ұлттардың көңілінен шықты. Оларда ертеңге деген үміт пайда болды. Патшалық биліктің құлауын Тәңірден тілеп, қолдарына қару алған түркістандықтарды жазалауды ұйғарып, елге әскер жіберген Патшалық билік мақсатына жете алмай, құлап тынды. Билік басына келген Кадет партиясы, Уақытша өкімет және социалист Керенский үкіметі орыс емес ұлттардың ұлттық, мәдени құқықтарын танымады. Нәтижеде Ресейдегі орыс емес ұлттардың ұлттық, саяси һәм мәдени талаптарына құлақ салып, олардың басынан сипап, жалған уәделермен алдарқата білген Лениннің партиясы билікті өз қолдарына алды. Ресейде болып жатқан үлкен өзгерістерден пайдаланып қалуды көздеген түркістандық зиялылар да 1917 жылы Ташкентте "Шураи ислам" атты ұйым құрды. Осы ұйымның ұйытқы болуымен және Мұстафа Шоқайдың басшылығымен 1917 жылы қараша айында Қоқанда жиылған Түркістан мұсылмандарының 4-ші құрылтайы Түркістан автономиясын жариялады. Автономия үкіметі төмендегідей түзілді:
Үкімет басшысы - Мұхаметжан Тынышбайұлы
Сыртқы істер министрі - Мұстафа Шоқайұлы
Ішкі істер министрі - Әбдірахман Оразайұлы
Қорғаныс министрі - Убайдулла Хожа
Қаржы министрі - Шаһислам Шахиахмет
Азық-түлік министрі - Абиджан Махмұд
Әлеуметтік істер министрі - Мир Әділ Мырзахмет
Ауылшаруашылығы министрі - Хидает Юргули Агаев
Халық ағарту министрі - Насыр хан Төре
Азшылық ұлт өкілдері министрі - Саломон Гердцфельд
Алғашқы әрекеті құтты басталып, тәуелсіздікке қарай қадам басқан жас үкіметті большевиктер мойындаған жоқ. "Ұлттар теңдігі" туралы ұран көтеріп билік басына келген большевиктер, осылайша табансыз, берген сөзіне тұрақсыз екенін көрсетіп алды. Тарихы тереңде жатқан әсем Қоқан қаласына зеңбіректен оқ жаудырып, 1918 жылдың 11 ақпан күні автономиялы үкіметті күштеп таратты. Большевиктер төккен жанар майлар лаулай жанып, қала өртке оранды; алайда, осы отпен бірге халық бірауыздан қабылдаған автономия идеясы да тұтанып, азаттық алауына айналды. Озбырлар тастаған бомбалар қала мен Қоқан үкіметін қиратты; алайда, зіркілдеген зеңбірек үні ұлттық мұрат пен ел тілегін жаңа белеске көтеріп, ұлы мақсатқа жетеледі. 1916 жылы басталып, күн өткен сайын тереңдей түскен ұлттық намыс пен өшпенділік рухы қозғалысқа айналды. Ұлттық идеяны тұқыртып, төмендеткісі келіп, оны барымташылыққа теңеген большевиктер қозғалысқа "Басмашылық" деп ат қойды. Мейлі, айта берсін. Мұжаһиттер бастаған көтеріліс бүкіл Ферғананы жайлап кетті. Расында, Түркістан автономиясынан бұрын Қоқан маңында Ергеш, Маргилан жағында Мәмет Әмин бектер "басмашылық", яғни барымташылық жасаумен айналысатын. Ұлттық сипаттан ада бұл топтар кейбір зиялы жастарға "жәдит" деп қарап, олардың соңына түскендіктен, халық та оларға үрке қарайтын. Ұлттық үкімет құрылған кезде Қоқан мен Маргилан қалаларын қорғауды өз мойындарына алған Ергеш пахливан мен Мәмет Әмин бек Қоқан қырғынынан кейін қатты қапаланып, халықты қорғауға шықты. Қаланың сыртына шығып, шегіне жүріп ұрыс салған олар енді азаттық күрескерлеріне айналды. Әйтсе де, өкінішке қарай, ұлттық деңгейге көтеріле алмағандықтан, олар өз аймақтарында жеке-дара қолбасшы болып, өз ойларының жетегінде ғана қалып, күресті үлкен майданға айналдыра алмады. Сондықтан өз араларындағы кейбір келіспеушіліктер мен бәсекелестік ұлттық тұтас майданға өз зиянын тигізбей қоймады. Сонымен қатар екі қолбасшы да большевиктермен соңғы демі қалғанша шайқасты. Ергеш он күн бойы толассыз жалғасқан соғыста шейіт болды. Оның орнын үлкен Ергеш басты. Көп ұзамай Мәмет Әмин бек те шейіт болды. Осы кезде Ферғанада Шир Мәмет, Халқожа, Махкем қажы, Рахманқұл, Аман пахливан, Мұхиттин, Еш Мәмет, Ислам және Ахун бектер азаттық жолында жанқиярлықпен шайқасып жатқан болатын. Бас қолбасшы Ергеш пен Мәмет Әмин бек шейіт болған соң, жоғарыда аты аталған қолбасшылардың бірі Шир Мәмет бек өзін Ислам әскерінің Әмірі деп жариялап, Ферғанадағы майданға басшылық жасай бастайды. Ол алдағы мақсаттарды айқындап, жоспарлы түрде соғыс жүргізеді. Әскери және әкімшілік істерді жолға қойған Шир Мәмет орыстармен аянбай соғысады. Бұл соғыс ұлт-азаттық қозғалысының 1916 жыл мен 1924 жыл аралығындағы кезеңді қамтиды.
Хиуадағы төңкеріс Хиуаны 1919 жылдың соңына таман қоңырат тайпасынан шыққан Асфандияр хан билеп тұрды. 1883 жылдан бері Ресейдің қол астына қарайтын хандықта осы кезде зиялы тұлғалар шыға бастады. Кейбір керітартпа ғалымдар зиялы жастардың жаңашылдыққа бет бұруын теріске жорып, оны Асфандияр ханға әсірелеп жеткізіп, билікті айдап салды. Айтқанға сеніп, арандап қалған хан жастарды қуғындай бастады. Ханның қысымы күшейіп кеткеннен кейін жастар жағы 1918 жылы көтеріліске шықты. Ішкі қақтығыстан кейін жеңіліске ұшыраған жастар жағы жасырынып, бой тасалауға мәжбүр болды. Кейбір зиялылар елден кетті. Пахливан Нияз қажы Ташкентке келіп, мұнда Хиуа жастарының төңкеріс комитетін құрды. Жұма Нияз Сұлтанмұратұлы Төрткүлде құрылған төңкеріс комитетіне басшылық жасады. Бегижан бек Хиуада астыртын ұйым құрып, соның жасырын жұмысын қадағалады. Бұл астыртын ұйым Ташкент пен Төрткүлдегі ұйымдармен тығыз байланыс жасап тұрды. 1919 жылы Жүнейіт хан ұйымдастырған төңкеріс кезінде Асфандияр хан өлтіріліп, Хиуа тағына оның орнына Абдулла хан отырды. Арада көп уақыт өтпей зиялы жастар ұйытқы болған төңкеріс арқылы бұл хан да тақтан тайдырылып, хандық билік мүлде жойылды. Нәтижеде хандықтың орнына Хорезм Халық Республикасы жарияланып, оның басшысы болып Пахливан Нияз қажы сайланды. Бұл ұлттық, мәдени һәм саяси қозғалыстан қауіптенген Ресей, Хорезм Халық Республикасының бел алып кетуінен қорқып, елдің ішкі ісіне араласты. Республиканың басшысы Пахливан Нияз қажы бұл орынсыз әрекетке төзе алмай, сол тұста Кеңестік билікпен соғысып жүрген Жүнейіт ханға барып қосылды. Осы сәтті күтіп тұрған Ресей үлкен әскер жіберіп, Хорезм Халық Республикасын басып алды, оның орнына Хорезм Кеңестік Республикасын жариялады. 1924 жылы Бұхара ұлттық үкіметі сияқты Хорезм үкіметін де күштеп таратып жіберген Ресей, аймақтағы 35 миллион түрік халқын бөліп, бөлшектеу осылайша тұтас Түркістан ұғымын жою мақсатында тайпалық негізге сүйенген Өзбекстан, Түркменстан, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қарақалпақстан деген сөз жүзінде ғана бар қуыршақ алты республиканы ойлап тапты. Хиуа және Бұхара хандықтары Өзбекстан, Түркменстан және Тәжікстан республикаларына бөліп берілді.
ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ XX ҒАСЫРДАҒЫ ТАҒДЫРЫ
Баймырза Хайит
XІX ғасырдың ортасында Батыс Түркістанда Бұхара, Хиуа (Хорезм), Қоқан хандықтары мемлекеттері, ал Шығыс Түркістандағы Жақыпбектің мемлекеті өмір сүріп турды. Бұхара, Хиуа және Қоқан мемлекеттері ХVІ ғасырдың басында Темір әулеті мемлекетін жойған өзбек - түрік Шейбани хан әулеті мемлекетінің ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда бөлшектенуі нәтижесінде пайда болған еді. Шығыс Түркістан 1877 жылы мемлекеттік мәртебесін жоғалтуға мәжбүр болды. 1933 жылы 12 қарашада өмірге келген Шығыс Түркістан Республикасы Қытай мен Ресейдің бірлескен қимылдарының нәтижесінде 1934 жылы 16 сәуірде жойылды. Батыс Түркістандағы мемлекеттер ішінде Бұхара хандығы кезінде қазіргі Түркістанның үштен екі бөлігін қамтыған күшті мемлекет болатын. Ресей Түркістан далаларын (Ұлы, Орта, Кіші жүздер) ХVІІІ ғасырдың ортасынан XІX ғасырдың басына дейін түгел жаулап алғаннан кейін Қоқан мемлекетін де өзіне бағындыру қимылдарын бастады. Ресей армиясы 1852 жылы Қоқан хандығының Арал көлі маңындағы Ақмешіт бағытында шабуылға шығып, оны басып алғаннан соң Қоқан хандығының арасында 1852-1876 жылдарындағы 24 жылдық соғыстың қорытындысында Ресей ақыры Қоқан мемлекетін жойды. Осы хандықтың бөлшегі болып табылған Алай өңірінің әміршісі Құрбанжан датқа Ресей үстемдігін таныған, бірақ ішкі мәселелерде толық тәуелсіз кішігірім Алай мемлекетін құрған еді. 1907 жылы Құрбанжан датқа қайтыс болған соң Ресей бұл мемлекеттің ішкі істеріне де араласа бастады. Ал 1922 жылы Қызыл армия жасақтары Алай өңірін біржола басып алды. Ресей 1865 жылы тәуелсіз Бұхара мемлекетінің жерлерін басып ала бастады. 1865 - 1868 жылдар аралығында Ресей - Бұхара соғысында Бұхара жеңіліске ұшырады. 1868 жылы 23 маусымдағы Ресей мен Бұхараның арасындағы бейбіт бітім жөніндегі келісімге сәйкес Бұхара мемлекеті өзінің, Оратөбе және Жизақ сияқты қалалары мен облыстарын Ресейге беруге мәжбүр болды. 1873 жылы 28 қыркүйекте Ресей мен Бұхара арасында 18 баптан тұратын жаңа келісімге қол қойылды. Бұхара әмірлігі Хиуа хандығының жеңілісінен кейін сыртқы саясаттан бас тартуға мәжбүр етілді және ресейдің бақылауындағы мемлекет мәртебесін алды. Бұхара мемлекеті территориясының бір бөлігі Ресей қарамағына өткеннен кейінгі оның жер көлемі 245000 шаршы километр болатын. Әмірлік құрамында 1920 жылға дейін 28 бектік (княздік) бар-тын. Әмір мемлекеттің бірден-бір билеушісі болды. Диуанбегі немесе құсбегі (бас министр) үкімет істерін басқарды. Мемлекет өмірі мен құқық шариғатқа негізделді. Ықпалды дін қайраткерлері мемлекеттік өмірді діни өмірдің бір саласы деп қарады. Олар мектептерде нақты ғылымдарды оқытуға рұқсат етпеді. Бұхара әмірі армияға маңыз бермеді. Оның пікірінше, армияны жетілдіріп отырудың қажеті жоқ болатын, өйткені Ресей Бұхараны қорғау жөнінде кепілдік берген-ді. XX ғасырдың басында Бұхара әмірлігінде жаңару (жәдитшілік) процесі басталды. Жаңару идеяларын жақтаушылар халықтық білім беру мен мемлекетті басқару ісін уақыт талаптарына сәйкес ұйымдастыру қажет деп есептеді. Бұхара мемлекеті 1920 жылға дейін әмірлік жүйесімен ұлттық және діни негіздерге сүйеніп өмір сүрді. Кеңестік Ресей 1919 жылдан бастап Бұхара әмірлігінде кеңес үстемдігін орнатуға тырысты. Бұл үшін Кеңестер тіпті, Бұхара әмірлігінен қашып, Самарқанд, Шаржоу және Ташкент қалаларында тұрып жатқан Бұхара жәдитшілерінің бір тобымен ынтымақтастық жасады. 1918 жылы 25 қыркүйекте Ташкентте Бұхара коммунист партиясын ұйымдастырған "жас бұқаралықтар" (коммунист болсын, болмасын) әмір өктемдігін жоюды мақсат еткен болатын. Кеңестік Ресей мемлекеті және оның Түркістан майданының қолбасшылығы мен Түркістан комиссиясы Бұхара мемлекетінде Кеңес билігін орнатуға дайындалып жатты. Бірақ Бұхара әмірлігін Қызыл армияның басып алатын уақыты әлі нақты белгіленген жоқ еді. Ресейдің Түркістан майданының қолбасшылары 1919 жылдың соңында Бұқара жорығына әзірлену жөнінде бұйрық алды. Тек Бұхара мемлекетін басып алу "Бұхара революциясына көмек беру" сылтауымен жүзеге асуға тиіс еді. Түркістан майданының қолбасшысы М.В. Фрунзе өзінің соғыс жоспарларында "алдымен революциясының, содан ішкі армия әрекетінің" қажеттілігі туралы пікірді алға басумен болды. Бұл үшін сылтау ретінде бұқаралық бір топтың "революция басталды, жәрдем беріңіз" деген сықылды мәлімдемесі жетіп жатыр еді. Кеңестік Ресейдің Ташкент, Самарқанд, Қаған, Шаржоу қалаларында "Бұхара революциясына жәрдем беріңіз" дейтіндей 15-20 кісілік (Бұхаралықтар немесе орыс империясының басқа түрік мұсылмандарынан құралған топтары бар-тын. Фрунзе 1920 жылы 12 тамызда өзінің Түркістан майданы әскерлеріне берген бұйрығында Бұхара әмірлігін басып алу жоспарын белгіледі. 1920 жылғы 25 тамыздағы бұйрығында Фрунзе Қызыл армияның тамыздың 28-інен 29-ына қараған түнде Бұхара шабуылын бастайтынын хабарлады. Белгіленген уақытта Ресейдің 10000-дай солдаты 38 зеңбірек, 53 танкі, 172 пулемет, 8 сауытты машина, 8 сауытты пойыз және 11 ұшақпен Бұхара мемлекетіне шабуыл жасады. Қызыл армияның бөлімшелері 1920 жылы 1 қыркүйекте Бұхара өмірлігінің астанасы Бұқара қаласын алды. Сол күндерде Бакуде шығыс халықтарының құрылтайын шақырып, онда имперализмге қарсы сөздер сөйленіп жатты. Қызыл армияның жеңісі "Бұхара революциясының" жеңісі деп жарияланды. Бұл пікір бүгінге дейін өзгермей келеді. Кеңестік Ресей армиясы осылайша 200 жылдан астам уақыт бойына ұлттық және исламдық негіздерге сүйене өмір сүріп келген Бұхара әмірлігін жойды. Кеңестер Одағында жарық көрген әдебиеттерде Бұхара мемлекетіндегі Ресей армиясының басқыншылық әрекеті жоққа шығарылуда. 1920 жылы 6 қазанда Бұхара әмірлігі Бұхара халық республикасы деп жарияланды. Кеңес армиясы да, әмір тәртібінің жаулары "жас бұқаралықтар" да өздерінің Бұхарадағы Кеңес тәртібінің өкілі болып табылатынын айта қоймады. Бұхара халық республикасының үкімет билігі "жас бұхаралықтарға" берілді. Бірақ үкіметті Кеңес армиясы және Ресейдің Бұхарадағы саяси өкілдері бақылауға алды. Халық республикасы жарияланған соң да Қызыл армия Бұхара мемлекетінен кете қоймайды. РСФСР мен БХР арасында 1921 жылы 4 наурызда Мәскеуде одақтастық жайындағы келісімге қол қойылды. Бұл келісімнің бірінші бабында кеңестік Ресей мемлекеті Бұхара халық республикасын тәуелсіз мемлекет ретінде таныған болатын. Бұған қарамастан, кеңестік Ресей Бұхара мемлекетінің ішкі істеріне араласуын тоқтатпады. Бұхара мемлекеті болса, ұлттық және діни негіздерге сүйеніп жұмыс істеп жатты. Тек қана 1923 жылдан бастап Бұхара халық республикасының маңызды орындарын басқару ісі мұсылман коммунистерінің қолына берілетін болды. Бұхара коммунистік партиясы жалғыз ғана әрі билеуші партия болатын. Мүшелерінің жалпы саны 1200-ден аспайтын бұл коммунист партия 1922 жылы ақпан айында Ресей коммунистік партиясының бір бөлшегі ретінде оның құрамына алынды. Бұхара коммунистік партиясына Ресей коммунистік партиясы облыстық комитетінің құқықтары берілді. Осылайша Бұхара коммунистік партиясы тұп-тура Ресей коммунистік партиясы орталық комитетінің Орта Азия бюросына бағынатын болды. Бұл партия болса, Бұхара мемлекетіндегі кеңестік Ресейдің жөне коммунизмнің қаруы ретінде қайталанды. Бұхара үкіметі Бұхара республикасының кеңестендірілуіне мән бермейтін. Бұхара халық республикасының кеңестендірілуі болса, Мәскеу мен Ташкенттегі коммунист бастықтар үшін маңызды мәселесі. 1923 жылы 23 маусымда Бұхараға Ресей коммунистік партиясының комиссиясы келді. Бұл комиссия Бұхара республикасы үкіметі кеңестендіру процестеріне кедергі болып отыр деп кінәлады. Ресей коммунистік партиясының Орта Азия бюросы Бұхара коммунистік партиясындағы ұлтшылдарға қарсы байсалды түрде күрес ұйымдастыру жөнінде 1923 жылы 4 шілдеде арнайы қаулы қабылдады. Кеңестік Ресей мемлекеті Бұхара республикасының кеңестендірілуін ғана емес, сонымен қатар бұл мемлекетті біржола жоюдың жолдарын іздестіруде еді. Бұл үшін 1920 жылдан бері Түркістан автономиялық кеңес республикасы Бұхара және Хорезм халық республикалары территориясында жаңа кеңес республикаларын ұйымдастыру жобасын талқылап келе жатқан. Ресей коммунистік партиясының орталық комитеті 1924 жылы 31 қаңтарда бұл жобаны қайтадан еске алды және Орта Азия бюросының торағасы Рудзатакқа Бұхара, Хорезм, Түркістан автономиялық кеңес республикаларының өкілдерін жинап, жаңа кеңес республикаларының ұйымдастыруға қатысты мәселелерді талқылау, сондай-ақ бұл бағытта тиісті шаралар қабылдау құқығын берді. 1924 жылы 25 ақпанда Бұхара коммунистік партиясының орталық комитеті Бұхара халық республикасын тарату жөнінде қаулы қабылдады. Бұхара коммунистік партиясы 1924 жылы қыркүйек айында Бұхарада жалпы халықтық құрылтай өткізді, бірақ құрылтай делегаттарының көбі оқу-жазу білмейтін, әрі саясаттан хабарсыз шаруалар болды. Құрылтайды Бұхара халық республикасы Бұхара кеңес социалистік республикасы болып жарияланды. Құрылтайда сондай-ақ Бұхара жерлерінің жаңадан ұйымдастырылатын Өзбек және Түркімен кеңестік социалистік республикаларына қосылатыны туралы қаулы қабылданды. 1924 жылы 27 қазанда Бұхара кеңес социалистік республикасының таратылғаны ресми түрде жарияланды. Бұхара мемлекетінің жері үшке бөлінді. Бұл үш бөлік Өзбекістан, Тәжікстан және Түркіменстан құрамында деп есептеліп, КСРО-ға қосылды. Қазір Бұхара облысы ғана бар. Түркістанның және бір бөлшегі болып табылатын Хиуа (Хорезм) хандық мемлекеті де Қоқан және Бұхара мемлекеттері сияқты Ресей шабуылына ұшырады. Хиуа мемлекетін өзіне бағындыру үшін Ресей 156 жыл әрекеттенді. Ақыры 1872 жылы 3 желтоқсанда Ресей Хиуа хандығын басып алу жөнінде шешім қабылдады. 1873 жылы ақпан айында Ресейдің 12300-ден астам әскері 56 зеңбірекпен хандықтың жерлерін жаулап алуға кірісті. 1873 жылы 29 мамырда Түркістанның генерал-губернаторы фон Кауфманның басқаруындағы 6965 орыс солдаты хандықтың астанасы Хиуа қаласын алды. Фон Кауфман Хиуа ханын 1873 жылы 12тамызда 18 баптан тұратын келісімге қол қоюға мәжбүр етті. Басып алынған 76000 шаршы километрлік жер Ресейдің меншігі деп жарияланды. Ішкі істерде Хиуа хандығы тәуелсіз мемлекет ретінде Ресейдің бақылауы астында өмір сүруге рұқсат беретін жарғыны қабылдауға мәжбүр етілді. Бұл жағдай 1920 жылға дейін созылды. Ресейдегі 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін Хиуа хандығындағы кейбір ұлттық күштер Ресейдің Хиуадағы үстемдігін танымайтындай қимылдар көрсетті. Олардың ішінде әсіресе жәуміт түрікмендерінің жетекшісі Жүнейіт хан маңызды рол атқарды. Хиуадағы ұлттық күштер 1917 жылғы қазан төңкерістерінен кейін де Ресей үстемдігінен құтылуға тырысты. Хиуа қаласындағы казармада орналасқан 300-ге жуық орыс солдаты "солдаттар кеңесін" ұйымдастырды және Ресей үстемдігін қамтамасыз етуді ұйғарды. 1918 жылдың соңы мен 1919 жылдың басында Жүнейіт ханның әскері мен қызыл армия бөлімшелері арасында күшті шайқастар болды. 1919 жылы 9 көкекте Түркістан автономиялық республикасының және Ресей мен Жүнейіт ханның өкілдерінің арасында бейбіт білім туралы келісімге қол қойылды. Кеңестік Ресей мемлекеті бұл келісімнің екінші бабында Хиуа хандығы халқына өз тағдырын өзінің айқындауы құқығын берді. Кеңестік Ресей бұл келісімге болашақта Хиуа хандығын бағындыру жолындағы алдын - ала жасалған келісім ретінде қарайтын. 1919 жылы 22 желтоқсанда Кеңестік Ресейдің Түркістан майданының революциялық және әскери кеңесі мен Түркістан комиссиясы "Хиуа хандығындағы еңбекшілерді құтқару" жөнінде шешім қабылдады. Қазыл армияның бөлімшелері 1919 жылы 25 желтоқсанда Хиуа хандығын жаулауға кірісті және бірінші етіп Хиуа қаласын басып алды. Бірақ Қызыл армияның бұл жеңісі "Хиуа халқының революциялық кеңесі" деп көрсетілді (1920 жылы 25 қаңтар). 1920 жылы ақпанда хандық жүйе жойылды және Хорезм халық республикасы жарияланды. Үкіметті 1918 жылғы маусымнан бері Үргеніш қаласында кеңестік Ресеймен ынтымақтастық жасап келген "жас хиуалықтардың" революциялық комитеті құрды. 1920 жылғы 13 қырқүйекте РСФСР мен Хорезм республикасы арасында 24 баптық келісімге қол қойылды. Бірінші бапқа сәйкес Кеңестік Ресей Хорезм республикасының тәуелсіздігін таныды, патшалық Ресейдің ондағы объектілерінен және өзіне деген артықшылықтарынан бас тартты. Хорезмнің тәуелсіздігін тану бұл өңірде кеңестік ықпалдың тоқтатылуы деген сөз емес-ті. Кеңестік Ресейдің Хорезмдегі өкілдігі бәрінен бұрын Хорезм республикасында коммунистік партия ұйымдастыру ісін қолға алды. Хорезмді Қызыл армия басып алғанға дейін бұл уәлаятта бір де бір жергілікті коммунист болған жоқ. "Жас хиуалықтар" ішінен коммунизм идеяларына жақын жүрген кейбір кісілер іріктеліп, 28 мамырда коммунистік партияның құрылғаны хабарланды және осылайша Хорезмді кеңестендіру процесі басталды. Хорезм коммунистік партиясы мемлекетті ұлттық мүдделер тұрғысынан басқарғысы келгендерге қарсы әрекетке көшті. Хорезм республикасының үкіметімен кеңестік Ресейдің осы республикадағы өкілдері арасында ешқашан достық рухы орнаған емес. 1921 жылы Хорезм үкіметі тұңғыш рет коммунистерді тұтқындады. Хорезм мемлекетінің үкіметі мемлекетті ұлттық мүдделер бағытында басқаруды қалайтын. Кеңестік Ресей болса, Хорезмде кеңестік коммунистік тәртіптің талаптарын жүзеге асыру жолындағы жұмыстарын жалғастыруда болатын. Қарақұм шөлінде Хорезмнің кеңестік Ресей үстемдігіне қарсы соғысын жалғастырып жатқан Жүнейіт ханның әскері 1924 жылы қаңтарда Хиуа қаласын қоршауға алды. Қаладан 15000-ға жуық адам бұл көтеріліске қосылды. Кеңестік Ресей жетекшілері бұл жағдайдың қауіптілігін түсініп, Ресей коммунистік партиясының орта азиялық бюросы арнасымен 1924 жылы 6 қаңтарда "Хорезмдегі кеңеске қарсы көтерілісті басу үшін" әскери бөлімшелер жіберуді ұйғарды. Ресейдің 4 және 82 атты әскер полктары 1924 жылы 4 ақпанда Хиуа қаласын қайтадан басып алды. Хорезм республикасындағы қимылдарды басқару үшін 1924 жылы ақпанда И.С. Кутяковтың қолбасшылығындағы Хорезм майданын ұйымдастырды. Хиуа (Хорезм) хандығын 1920 жылы жаулапты кеңес әскери бөлімшелерінің қолбасшысы Н. А. Шайдаков Хорезм халық республикасының әскери басшысы болып тағайындалды. Қызыл армия 1924 жылдың ақпан айының соңына дейін Хорезмнің барлық қалаларын басып алды. Кеңестік Ресейдің саяси жетекшілері мен олардың Ташкенттегі өкілдері 1924 жылғы наурыздан бастап Хорезм республикасын тарату мәселелерімен айналысты. Ресей коммунистік партиясы орта азиялық бюросының өкілі Межлаук 1924 жылы наурызда Хорезм коммунистік партиясы орталық комитетінің отырысында Хорезм республикасын таратуды талап етті. Хорезмдегі коммунистер 1924 жылы шілдеден бері Хорезмді қауымдарға сәйкес бөлшектеуді насихаттап келген еді. Ақыры, 1924 жылы қыркүйекте кеңестік Ресей Хорезмді қауымдарға сәйкес бөлшектеу жөнінде шешім қабылдады. 1924 жылы 20 қыркүйекте Хорезмде құрылтай болды. Кеңестік Ресейдің Хорезм республикадағы саяси өкілі И.М.Бык құрылтай өтіп жатқан ғимараттың айналасына орыс солдаттарын алып келіп, құрылтай мінберінен: "Кеңес өкіметін мойындайсыңдар ма, мойындамайсыңдар ма?!" деп айқайлап жіберді. Оның сөздеріне сырттағы солдаттар қолдарындағы қаруларымен үн қосып жатты. Құрылтай қорқынышты қысымда қалып, Хорезм мемлекетін тарату жөнінде қаулы қабылдауға мәжбүр болды. Хорезм халық республикасы 1924 жылы 20 қазанда Хорезм КСР - і болып жарияланды. Бұған қоса бұл республиканың КСРО-ға қосылуы туралы да қаулы алынды. Ақырында, 1924 жылы 30 қазанда болып өткен Хорезм құрылтайында Хорезм жерлерінің өзбек, түркімен және қарақалпақ қауымдары арасында бөлінуі жайында қаулы қабылданды. Осылайша Хорезм мемлекеті жойылған еді. Ұлттық рухтағы Хорезм мемлекетінің жетекшілері Хорезм мемлекетін тарату жөніндегі кеңес жоспарларына қарсы ресми наразылық білдірді және Хорезмнің тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүруін талап етті. Бірақ кеңестік Ресейдің жетекшілері олардың талап тілектеріне мән берген жоқ. Хорезм жерлері Өзбекстан мен Түркіменстан КСР - леріне және Қарақалпақ автономиялық республикасына бөлініп берілді де КСРО-ға қосылды. "Хорезм" атауы тек облыс аты ретінде қалып қойды. Ресейдегі коммунистік төңкерістен кейін Бұхара және Хорезм ұлттық мемлекеттерімен қатар 1917 жылдың соңында Түркістан Қоқан және Алашорда ұлттық автономиялық мемлекеттері құрылған болатын. Түркістанның ұлттық саяси жетекшілері 1917 жылы Қоқан қаласында (бұрынғы Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты) Түркістан ұлттық автономиялық республикасы мен 1917 жылы 26 желтоқсанда Орынбор қаласында Алашорда автономиялық республикасын (бұрынғы Дала генерал - губернаторлығына қарасты) жариялады. Олар өздерінің парламенттерімен, шекараларымен, сот жүйелері және үкіметтерімен ұлттық мемлекет сипатында болды. Олардың өмір сүруін бәлшебек орыстар да, бәлшебек орыстардың бәсекелесі болған ақ орыстар да қалаған жоқ. Түркістан автономиясы Ташкенттегі қызыл комиссарлардың шешімін Қызыл армияның шабуылына ұшырады. 1918 жылы 20 ақпанда Қызыл армияның бөлімшелері мен армянның ұлтшыл дашнаксутион партиясының қарулы күштері Қоқан қаласын басып алды. Қалада 100000-нан астам түркістандық өлтірілді. Осылайша, Түркістан ұлттық автономиялық республикасы жойылды. Омбы қаласындағы кеңеске қарсы орыс үкіметі 1919 жылы 22 қазанда Алашорда үкіметінің қызметіне тыйым салды. Бұған қарамастан Алашорда өмір сүріп жатты. Кеңестік Ресейдің қырғыз (қазақ) революциялық комитеті де 1920 жылы 9 наурызда Алашорда іс-әрекеттерін қыспаққа алды. Соның нәтижесінде 1920 жылы желтоқсан айында Алашорда үкіметі мен оның әскери бөлімшелері жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Түркістан және Алашорда автономиялық ұлттық мемлекеттерінің құрылуы - түркістандықтарда ұлттық мемлекеттілік еркінің әлі жойылмағанын көрсетсе, ол мемлекеттерді кеңестік Ресей қарулы күштерінің таратуымен ұлт-азаттық мәселесінде коммунизм тәртібі мен ұлттық сана арасында күрес жүріп жатты. 1918 жылғы ақпаннан 1934 жылға дейін созылған Түркістан ұлт-азаттық күресі, дәлірек айтқанда, кеңестік терминологияда "басмашылық" деп аталған бостандық жолындағы соғыстар тарихта ұмытылмайтын оқиғалар болып табылады. Түркістан автономиясын жою 16 жылдық қанды соғыстың тууына себеп болған еді. Ұлт-азаттық күрестің табысты бір мысалы ретінде Түркістан ұлтшылдары тарапынан 1922 жылы 15-20 сәуірде Самарқанд қаласында өткізілген құрылтайды айтуға болады. Құрылтай 1922 жылы 20 сәуірде тәуелсіз Түркістан түрік ислам республикасын жариялады. 36 баптан тұратын мемлекет жарғысы республиканың уақытша конституциясы іспетті болатын. Өкінішке қарай, бұл мемлекет үш ай ғана өмір сүре алған еді. Кеңестік Ресей және оның Түркістандағы, әсіресе, Ташкенттегі өкілдері 1917 жылдан бері Түркістанда кеңестік сипаттағы мемлекеттің құрылуына мән беріп келді. Орыс социал-демократтар және социал - революционерлер партияларының мүшелері 1917 жылы 19 қарашада бұрынғы Түркістан генерал-губернаторлығын кеңестік тәртіп негізінде басқаратын 36 комиссар тағайындаған болатын (үкімет мүшелерінің түгелі орыстардан жасақталған). Өз билігін бүкіл Түркістанға таратуға тырысқан орыс комиссарлар 1918 жылы сәуірде кеңестер съезінде Түркістанның мемлекеттік жүйесі туралы мәселе көтеріп, талқылады. 1918 жылы сәуірде Түркістан АКСР - ның құрылғанын жариялады. Ресей кеңестік федеративтік республикасына бағынышты болған бұл кеңестік автономиялық республика, әлбетте, Түркістанның ұлттық мүдделеріне үйлесімді мемлекет формасы емес-ті. Бұған дәлелдер көп. Мысалы, 1918 жылы сәуірде кеңестер съезінде Түркістанға арналып ұлттар комиссарлығы ұйымдастырылған болатын. Түркістанның тарихи қожайыны болып табылатын түрік - мұсылмандар үшін бөлек комиссарлықтың ұйымдастырылуы кеңес мемлекетінің шын мәнінде халықтық сипатта болмағанын көрсетеді. Мәскеуден Ташкентке бас комиссар ретінде жіберілген А.П. Кобозев республиканың басшысы және 1917 жылы қарашадан бастап Ташкентте кеңес комиссарлары кеңесінің төрағасы болған Колесов бас министр (премьер-министр) болып "сайланған" еді. Бұл кеңестік автономиялық республиканың басшылары әлеуметтік мәселелерде түркістандықтар мен орыстардың құқықтарын бірдей санамаған. Өйткені 1919 жылы Қоқандағы қолдаушы дүкендерде нан жұмыссыз орыстарға 80 тиынға, ал жұмыссыз түркістандықтарға 1 рубль 70 тиынға сатылатын. Кеңестік Ресей мемлекеті 1920 жылдың ортасына дейін Түркістан автономиялық кеңестік социалистік республикасының басқару формалары мен құқықтары жайында нақты шешім қабылдаған жоқ. Ресей атқару комитеті 1920 жылы 27 тамызда Түркістан республикасы жайындағы қаулы ретінде Түркістан кеңес социалистік республикасының РСФСР - дің автономиялық бөлігі екенін хабарлады. 1920 жылы қыркүйекте бұл кеңес республикасының жаңа конституциясы қабылданды. 1921 жылы сәуірде Кеңес өкіметі Мәскеуде бұл конституцияны бекітті. Ташкентте жұмыс істеген бұл кеңес автономиялық республиканың үкіметі мен әскерінің Түркістандағы кеңес билігіне тосқауыл боларлық жағдайы жоқ-тын. Ал Түркістандағы ұлт-азаттық күрес (басмашылық қозғалысы) Түркістандағы кеңес билігін жоятын дәрежеге жеткен еді. Кеңестік Ресей жетекшілері Түркістанда кеңес билігін сақтап қалу үшін көптеген шаралар қабылдады. Солардың екеуі аса елеулі болды. Бұлардың біріншісі 1919 жылы 11 тамызда Ресейдің Түркістан (соғыс) майданының, екіншісі - 1919 жылы қазан айында Ресей мемлекеті мен коммунистік партиясының Түркістан комиссиясының құрылуы. Бұл комиссияға Түркістанда диктаторлық сипатта жұмыс жүргізуге рұқсат етілді. Комиссия 1925 жылы 2 ақпанда таратылды. Түркістан майданының қолбасшысы Фрунзе 1919 жылы 14 тамызда берген бұйрығында "Армияның негізгі мақсаты - бүкіл Түркістанды басып алу", - деп атап көрсеткен еді. Бұл майданның Түркістанды қайтадан жаулап алуда, Бұхара мен Хиуа мемлекеттерін кеңестендіруде үлкен "еңбегі" болғаны әмбеге аян. Түркістан майданы 1926 жылы 4 мамырда таратылды, ал оның міндеттерін Орта Азия әскери округі жалғастырды. Түркістан АКСР - і РСФСР - дің бөлшегі ретінде 1924 жылдың соңына дейін өмір сүрді. 1924 жылдан бастап Кеңес Одағының Түркістан саясатында және Түркістан тарихында тұңғыш рет туыс қауымдарды бір-бірінен ажыратып, кеңестік республикалар құруға мән берілді. Кеңестік Ресей 1920 жылдан бері Түркістанда жаңа мемлекеттік әкімшіліктерін құру жоспарларын алға тартып келген еді. Кеңестерде қызмет атқарып жүрген түркістандықтар бұл жоспарларды Түркістанды бөлшектеу саясаты деп түсінді. Қызыл армия 1923 жылдың соңына дейін Түркістан жерлерінде нақты жеңіске жете алмай, 1924 жылы Бұхара және Хорезм ұлттық мемлекеттерін жоя білді. Түркістан автономиялық кеңестік республикасында кеңестік тәртіптің ықпалын күшейту шараларын бар пәрменімен жүргізді. Кеңес үкіметі өзінің Түркістанды қалағанынша билей алатынына көзі жеткен соң ғана Түркістанды қауымдарға бөлшектеуге батылы барды. Түркістан кеңестік республикасының Рудзутак басқарған үкіметі 1920 жылы 27 қыркүйекте Түркістанды қауымдарға бөлу жөнінде шешім қабылдады. Кеңестік тәртіп Түркістанда біртұтас түрік ұлтының барын мойындамады. Түркістандық жергілікті коммунистер 1920 жылы Түркістан Түрік Республикасын құруды ұйғарған болатын. Ал кеңестік Ресейдің Түркістан комиссиясының төрағасы Ян Эрнистович Рудзутак Түркістан коммунистік партиясы Орталық комитетінің отырысында 1920 жылы мынадай нұсқау берген еді: "Мен Түрік Республикасының ұйымдастырылуына қарсымын. Шындығында, біртүтас түрік ұлты жоқ. Түрікмендер, қазақтар, қырғыздар, өзбектер ғана бар". 1924 жылы қазан айында Түркістан автономиялық кеңес республикасы, Бұхара және Хорезм республикалары таратылды. Олардың жерлері мен тұрғын халқы Өзбекстан және Түрікменстан КСР - леріне, Өзбекстанға қарасты Тәжікстан автономиялық кеңес республикасына, қара қырғыз автономиялық облысына және Қырғыз (қазақ) автономиялық кеңес республикасына бөлініп берілді. Олардың ішінен Өзбекстан және Түрікменстан 1925 жылы 13 мамырда КСРО-ға қосылды. 1929 жылы 5-ші желтоқсанда Тәжікстан КСР - ге айналдырылды және ол КСРО-ға қосылды. 1920 жылы 26 тамызда РСФСР құрамында ұйымдастырылған Қазақстан АКСР - і де 1936 жылы 5 желтоқсанда КСР - ріге айналдырылып, КСРО-ға қосылды. Қара қырғыз (1926 жылдан бері қырғыз) автономиялық облысы 1926 жылы 1 ақпанда АКСР - ге, 5 желтоқсанда 1936 жылы КСР -ге айналдырылып, КСРО-ның құрамына енгізілді. 1924 жылы қазан айында құрылған Қарақалпақ автономиялық облысына 25 мамыр 1930 жылы АКСР мәртебесі берілді. (5 желтоқсан 1936 жылдан бері ол Өзбекстан құрамында). Осылайша, Түркістанда оның тарихында тұңғыш рет қауымдарының атымен аталған, кеңес терминологиясында ұлт делінген кеңес тәртібі сипатындағы мемлекеттік құрылымдар пайда болған еді. Бұлар кеңес идеологиясына сәйкес - "тәуелсіз, социалистік, ұлттық мемлекеттер". Бұлардың тіпті сөз жүзінде конституциялары, "жоғарғы кеңес" деп аталған парламенттері, үкіметтері, шекаралары және әділет мекемелері (юстиция) бар. Бұлар мемлекет сипатында, бірақ Кеңес Одағы қай кезде қалай пайдаланғысы келсе, солай пайдалана алатындай етіп жоспарланған. Мұны 1977 жылы қабылданған Кеңес Одағының конституциясына және Түркістандағы Кеңес республикаларының "конституцияларынан" оп-оңай аңғаруға болады. Мысалы, КСРО Конституциясының 72 бабында "әрбір одақтас республика өз қалауымен КСРО - дан ажырай алады " делінсе, 75-бапта "КСРО жерлері біртұтас" деп жазылған. Кеңес заңдарында бір республика КСРО-ның құрамынан қалай шыға алатыны айтылмаған. Кеңес құқықшылары онсыз да "КСРО-да қатар билік жүргізетін тәуелсіз мемлекет жоқ", - деген пікір айтады. Түркістандағы өзбек, қазақ, қырғыз, тәжік және түрікмен кеңес республикалық құрылымдары кеңестік мемлекет теориясының жалпы қағидаларын білдіреді. Бұлар мемлекет пішінінде көрінеді. Бірақ кеңестердің "ұлттық тәуелсіз, социалистік мемлекет" дегені бүтіндей Түркістан ұлттық мүдделеріне қарсы бағытталған. Кеңес республикалары Түркістанда ұлтсызданған жаңа кеңес ұлтын жасаудың құрамының рөлін атқаруға мәжбүр болып өмір сүруде. Бұлай деп мәлімдеу үшін бізге төмендегі кеңес деректері батылдық беріп отыр: 1. Шығыс халықтары еңбекшілерінің коммунистік университетінің ректоры Бройдо 1925 жылы былай деп жазған болатын: "коммунистік қоғамның дамуы нәтижесінде адамдар ұлттық даму мен ұлттық қатынастарды ұмытатын болады. Осылайша ұлт өледі". 2. Кеңес одағында өте байсалды және ресми түрде кеңестік ұлттарды бір-біріне жақындастыру (сближение) және оларды ассимиляциялау (слияние) саясаты жүргізілуде. Бұл саясаттың нәтижесі туралы кеңестердің бір ресми журналы мынадай пікірді алға тартуда: "ұлттардың өзара ассимиляциялануы ұлттық автономияларды, тіпті одақтас республикаларды ұлтсыздандыратын болады". 3. Кеңес мемлекеттілігі "түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениет" саясаты негізіне құрылған. Бұған сәйкес Түркістандағы кеңес республикаларының үкіметтері ешқашан өз ұлттық саясатын жүргізе алмайды. Осындай "түрі ұлттық мәдениет" саясатының басты саласы ретінде орыстандыру саясаты жүргізілуде. Мектептердің көбінде сабақ ана тілінде емес, орыс тілінде оқытылуда. 4. Түркістанда орыстардың санын көбейту де өз нәтижесін беріп отыр. Мысалы, 1979 жылғы халық санағының мәліметтеріне сәйкес Қазақ КСР - де 5 991 205 орыс және 5 289 349 қазақ өмір сүреді екен (1979). 5. Кеңестер Одағында жарық көрген деректерден кеңес республикаларының ұлттық және тәуелсіз экономикалық саясат жүргізуіне ие емес екенін білеміз. Сондықтан бұл кеңестік "республикалар" Кеңестер Одағының шикізат көздері деңгейінде ғана қалып отыр. 6. Түркістандағы кеңестік "республикалардың" маңызды салаларын орыстар басқарады. Ел "басшылары (бірінші хатшылар)" мен министрлер кабинетінің төрағалары, министрлер мен олардың орынбасарлары, КГБ, қауіпсіздік саласы, темір жол және байланыс (почта) қызметі басшылары, әскери қолбасшылар коммунистік партияның орталық комитеттерінің екінші хатшылары, ауыр өнеркәсіп салаларының жетекшілері - түгелдей орыстар. Жоғарыда келтірілген дәлелдерге сүйене отырып Түркістандағы кеңестік "мемлекеттердің", дәлірек айтқанда, республикалардың ешқайсысының не ұлттық, не тәуелсіз мемлекет сипатында емес екенін айта аламыз.
ЖАҢА ТҮРІК МЕМЛЕКЕТІНІҢ ЖОЛБАСШЫЛАРЫ
Юсуф Акчура
Қағидат және Батыс түріктерінде түрікшілдік
Бір мәселе
Түрік ұлты ұғымы түріктер арасында қашан және қай жерде туды? Міне, шешімі оңай емес тарихтың бір мәселесі! Негізгі мәселенің шешімі жолында іске кіріспес бұрын жоғарыда қолданылған түріктер және ұлт ұғымы деген екі сөз арқылы не айтқымыз келгенін айқындап алайық.
Түріктердің анықтамасы Түріктер деген уақытта біз этнография, филология және тарих саласына қатысты ғалымдардың кейде "түрік - татар", енді бірде "түрік – татар - моңғол" деп еске алатын, тарихи тамырдан бастау алатын, салт-дәстүрлері, тілдері бір-біріне өте жақын, тұрмыстары етене қабысып кеткен қауымдар мен тайпалардың баршасын айтып отырмыз. Бұл орайда парсы және Еуропалық қайсыбір авторлар "татар" деп атайтын Еділ бойын жайлаған ел немесе әзербайжандар... т.с.с. ұлыстармен бірге қырғыздар, сахалар да "түрік" атауының үйіне кіреді.
Ұлт идеясы Әр тайпа, тіпті әр қауым өзге тайпалар мен қауымдарға қарсы өзіндік ерекшеліктерін сезіне отырып, оны мақтанышқа айналдырып, көбіне өздерінің артықшылықтарын айтып отырған. Бұл сезім мен артықшылығын алға тарту, біздің ойымызша, ұлт ұғымының бастау көзі. Түрік тайпалары мен қауымдарында мұндай сезім мен пікірлердің әрқашан бар болғанын және оның үзілмей жалғасып келгенін қаймықпай айта беруге болады . Дегенмен, тақырыбымызға арқау болып отырған "ұлт идеясы" бұл сезім мен пікірдің дамыған сатысы болып табылады. Тайпалық, рулық сезімнің ұлт дәрежесіне көтерілуі Шығыста емес, әуелі Батыста болды. Еуропа тайпалары көптеген себептердің әсерімен, әсіресе, ХV ғасырдан бастап ұлт төңірегінде әңгіме қозғап, нәтижеде XІX ғасырдың орта тұсында қазіргі қолданыстағы "ұлт" идеясының тууына ықпал етті.
Ұлттың анықтамасы Ұлт деген не? Шынында ұлттың анықтамасы соншалықты оңай емес. Ұлттардың қалыптасып, ірге көтергенде байқалғандай, оның анықтамасының тұрақталуында да саяси мүдделердің әсері мен ықпалы көп болған. Қазіргі таңда ұлттың нақты ғылыми анықтамасын таба қою қиын. Ұлттың бірнеше түрлі анықтамасы бар: қалыптасу кезеңінен өткен әрбір ұлт сол кездегі жағдай мен алға қойылған мақсатқа орай "ұлтты" әрқилы түсіндіруге талпынады. Мысалы, алмандар мен славяңдар тек пен тілді (яғни тарихи мәжбүрлікті), француздар қалау мен ерік-жігерді (яғни тұлғаның бас бостандығын), итальяндар жер мен тілді (яғни жағрапиялық және тарихи мәжбүрлікті) ұлттың қалыптасуында және дамуында ең негізгі тіректер ретінде көреді. Осыларды жинақтай отырып біз ұлтқа былайша анықтама бергіміз келеді: ұлт – тек - тамыр мен тілдің үндесуі нәтижесінде қоғамдық ұжданда бірлік пайда болған, ұйысқан қауымдастық. Бұл анықтаманың ішінде көптеген анықтамалар жинақталып, ұлт идеясы айқындала түседі. Міне, осылайша мағынасын анықтаған "ұлт идеясы" жоқ арыда тоқталып өткен түріктердің арасында қашан, қай жерде және қалай пайда болды?
Ұлт идеясының түріктер арасында таралуы Ұлт туралы идея Еуропада туғандықтан, Еуропамен қарым-қатынас, байланыс орнатқан, осылайша Еуропа мәдениетінен әсерлене бастаған түрік қауымдары өзге түрік қауымдарына қарағанда бұл идеямен ертерек танысқан болса керек. Егер осындай шарттарды алға тартар болсақ, онда ұлт идеясын ерте қабылдағандар қатарында бұрындары Османалы түріктері деп аталған батыс түріктері мен Қырымдық түріктерді, сондай-ақ, солтүстіктегі түріктерден Еділ бойын мекендеген тайпалар мен Кавказды мекен еткен әзірбайжандарды атауға болады. Расында, XІX ғасырдың соңына таман түріктердің осы төрт тобында да ұлт идеясының пайда болып, өркен жайғанын аңғару қиынға соқпайды.
Ұлт идеясының пайда болу түрі Ұлт идеясы Батыс1, Әзірбайжан, Қырым және Еділ бойы түріктерінің арасында ең әуелі қайсысына орнықты? Бұл сұрақтың жауабын бермес бұрын, ұлт идеясының қандай да болмасын бір қауымда бар екенін білдіретін ой - пікір ағымдарды анықтап алайық: ұлт идеясының ықпалын сезіне бастаған бір қауым, тез арада, шұғыл түрде бұл идеяны жүзеге асыра алмайды. Мақсатқа жету жолында бұралаңы көп өткелдер мен асуларды өтуге, қиын істерді атқаруға тура келеді. Ұлттық идеясы оянған кез-келген қауым, өз қандастарына қатысты мәдени мұраларға үлкен мән беріп қарай бастайды. Мәдени мұраның ең маңыздысы - тіл. Ана тілінің ерекшеліктерін зерттеп, оның жарқын болашағы мен қарқынды дамуына қатысты келелі ойлар айта бастаған қауымдарда ұлттық идеяның, тым болмағанда, ұлттық сезімнің қуатты екенін қымсынбай айтуға болады. Салиқалы тіл зерттеулері орта ғасырлардағы фонетика және синтаксиспен шектеліп қалмайды, қазіргі заманның "филология" ғылымының заңдылықтарына сүйене отырып, тілдік негізде ұлттың тамырына жол тартады. Филология ғылымы арқылы ұлттың ең көне мұраларына бойлап, оның фольклоры зерттеле бастайды, соның нәтижесінде дастандары мен ғасырлар бойы қордаланған сөздік қорының бай мұрасы жинақталады. Филология мен тарих зерттеулері, этнография мен археология саласындағы ізденістерге алып келеді. Жинақталған материалдар мен мәліметтер негізінде ұлттың бүкіл өткен тарихы, алғашқы кезеңдерге дейін жарыққа шыға бастайды, материалдық және рухани мәдениеті белгілі болады. Сонымен қатар, ұлттың ерекшелігіне сәйкес жағрафиялық, демографиялық, этнографиялық және экономикалық мәліметтер жиналып, белгілі бір жүйеге түседі. Міне, бүкіл осы мәліметтер арқылы ұлттың мәдени мұрасын, әлеуметтік күш-қуатын, өркениет деңгейін білуге болады. Қорыта айтқанда, ұлттың ерекшелігі, өзіндік келбеті, түр-тұрпаты айқындала түседі. Егер осы ерекшелік ұлттық идеяның жарыққа шығуына жетерліктей шамада болса - ұлттық идея тумай қоймайды, әйтпеген күнде, идеяның зерттелу деңгейі алғышарттардың қалыптасуына қызмет етеді, осылайша, ұлт зиялылары мен ұлттың серкелері аталмыш алғышарттарды жүзеге асыруға ұмтылады. Жоғарыда шеңбері сызылған анықтамаға сәйкес, ұлттық идеяның түрік қауымдарының қайсысында алғаш пайда болғанын білу үшін, ол қауымдардың қайсысының тіліне, мәдениетіне, тарихына және сол сияқты рухани құндылықтарына қатысты зерттеулерге ең әуелі бастағанын айқындау қажет. Бұл тақырыпқа қатысты қолымда көптеген мәліметтер бар; алайда, бұл материалдардың мәселені түбегейлі шешіп бермейтінін де мойындаймын. Жасайтын қорытындым, әлбетте, қолда бар мәліметтерге сүйенеді. Қате пікірім болса, кім де кім менің қолым жетпеген мәліметтер арқылы оны түзететін болса, оны ұлттық тарихымызға да қызмет еткен болып табылады.
Батыс түріктерінің Еуропамен байланыстары Батыс, яғни Салжұқлы мен Османлы түріктерінің Еуропамен қарым-қатынасы ерте кезден бастау алады. Дегенмен, латын Еуропа мәдениетінің, дәлірек айтқанда Еуропалық пікірлердің батыс түріктеріне енуі мен әсері тек XVІІІ ғасырдың ортасынан бастап сезіле бастады. Бұл жайт ислам мәдениет» мен Еуропа мәдениеті арасындағы тепе-теңдіктің XVІІІ ғасырда бұзыла бастағанын, осылайша ислам мәдениетіне қауіп төнгенін көрсетсе керек. Солай болғанымен Батыс түріктерінің басым бөлігі XІX ғасырдың өзінде Еуропа мәдениетінің үстемдігін қабылдай қойған жоқ. Османлы мемлекетінің қорғаушылары мен басшылығы XVІІ ортасынан бастап айқын айғақтар мен дәлелдер арқылы көз жеткізіп барып, Еуропа мәдениетінің ең болмағанда материалдық мәдениет тұрғысынан үстемдігін мойындай бастауға мәжбүр болған еді. Материалдық мәдениеттің рухани мәдениетпен тікелей байланысы да көп кешікпей сезіле бастады. XІX ғасырдың орта тұсына таяу Османлы мемлекетінің басшылары батыстың материалдық мәдениет жетістіктерін үйреніп келу мақсатында кейбір Османлы жастарын Франция мен Англияға жібере бастады. Махмұт патша билік құрған кезеңнен бастау алатын бұл әрекет одан кейінгі уақыттарда да үдей түсті. Еуропаның түкпір-түкпірінен бақыт іздеп Османлы еліне, соның ішінде әсіресе, Стамбулға келген және ислам дінін қабылдап, мұсылман болған, осылайша мемлекеттік қызметтің жоғары сатыларына дейін көтеріліп, қызмет атқарған еуропалықтарды Османлы тарихының әр кезеңінен ұшыратуға болады. Бұлардың арасында білімді, білікті тұлғалар да аз болмаған. XІX ғасырдың орта тұсында Польшадағы көтеріліс пен Австрия -Венгриядағы толқулар ұлтшылдардың санын арттырып, шын мәнінде жоғары білікті мамандар мен зиялылардың үлкен толқыны Османлы мемлекетіне ағыла бастады. Османлы зиялылары бұлармен танысып, білісіп, сөйлесу арқылы тіл үйренеді, Еуропа мәдениетіне қатысты тың, жаңа мәліметтер ала бастайды. Кейбір жастардың Еуропға кетуі, кейбір мамандардың Еуропадан келуі, көптеген ұлтшылдардың Османлы әскери басшылығы мен мемлекеттік қызметкерлерімен араласа бастауы - Османлы елінің зиялы қауымы, ғалымдары мен лауазымды тұлғалары арасында Еуропалық пікірлердің тез таралуына қызмет етті. Осы кезеңде медицина жоғары мектебі, инженерлік жоғары мектебі, әскери жоғары мектебі және Галатасарай ашылып, Еуропадан мұғалімдер келе бастады. ...Міне, осылайша Еуропа мәдениеті мен еуропалық пікірлер мұсылман Османлы мемлекетіне еніп, сіңісе, орныға берді. XІX ғасырдың алғашқы жартысы Еуропада көптеген жаңа идеялар мен пікірлердің қайнап жатқан және сол идеялардың үстемдігіне қол жеткізу үшін ұлттар мен ұлыстардың, түрлі қауымдар мен қоғамдардың қақтығысқан тұсы. Ғасыр басында Францияда төңкеріс болды, Наполеонның империясы бүкіл Еуропаны дүр сілкіндірді. Ұлт идеясына арқа сүйеген алмандар, италияндар, славяндар Алман бірлігін, Италия бірлігін, Австрияның ыдырап, бөлінуін, Славян бірлігін құруға кірісіп кетті. Азаттық идеясы, халықшылдық және социалистік жолды таңдаған бағыттар да осы ғасырда толысып, кемелдене түсті. Ғасырдың ортасына таман әсіресе, орталық Еуропада, Османлы салтанатының ескі қоңсысы Габсбурглар мемлекетінде жоғарыда айтылған түрлі идеяларды жүзеге асыру мақсатынан туындаған үлкен төңкеріс болды, оның аяғы аласапыран дауылға айналды. Османлы мемлекетінің басшылары мен зиялыларының бұл жайттарды естімеуі, білмеуі және оқиғалардың астары мен себептерін қарастырып, зерттемеуі мүмкін емес. Әсіресе, сол жайттарға өте ұқсас Ефлак пен Буғдан (Польша мен Украина) өлкесіндегі толқулар, Морадағы көтеріліс, Сербтердің түрлі әрекеттері көз алдарында өтіп жатқан еді.
Танзимат және "жаңа Османлылар"
Танзимат кезеңіндегі кейбір әрекеттер мен жазба еңбектер Еуропада пісіп, жетіліп келе жатқан құқықтық, саяси, әлеуметтік, мәдени және әдеби ой - танымдардың мұсылман Османлы мемлекетіне келіп жеткенін көрсетеді. Жалпы алғанда, түріктердің ұлттық-рухани құндылықтарын зерттеумен айналысып жүргендер бұл қауымның пікірге қарағанда әрекетке көбірек мән беретінін баса айтады... Бұл пікір шындықтан алыс жатпаса керек: расында түріктердің теориялық, танымдық дүниелермен айналысудың орнына өзгелердің ойынан өрбіп шыққан практикалық, тез нәтиже беретін істерді жүзеге асыруға құлшынып тұратынын тарих сан мәрте дәлелдеп берген... Сөз етіп отырған тақырыпта да дәл сондай ахуалдың қалыптасқанын көреміз: мемлекеттің басшылығы мен үкіметті ұнатпайтын зиялылар Еуропалық ой-пікірлер жиынтығын түбірінен зерттемей, оны елдегі әлеуметтік жағдаймен салыстыра қарастырмай, байыптап, бағамдамай, бетінен қалқып үйренген кейбір батыстық ұғымдарды Османлыға кіргізу ісіне белсене кірісіп кетті. Асығыс жасалған бұл әрекеттің жоғарыдан ұйымдастырылғаны "Танзимат", төменнен басталғаны "Жаңа Османлылық" деп аталды. Бұл әрекеттің қай-қайсы да ой -танымнан алыс жатыр; сондықтан, олардың танымдық негіздері туралы құнды, салмақты еңбектер таба қою да қиын. 1865 жылы, яғни сұлтан Абдулазиздің таққа отыруынан төрт жыл кейін пайда болған "Жаңа Османлылар" ұйымының алғашқы мәжілісіне қатысып, ұйымның құрылуына куә болған Ебуззия Теуфиқмырза өзінің "Жаңа Османлылар тарихы" атты еңбегінде бұл оқиғаны былайша баяндайды: "Алғашқы мәжіліске ұйымның негізін қалаушылардың бірі Супхипашазаде Аятуллаһ мырза "Карбонари" ұйымы мен Польша құпия қауымдастығы жайлы екі "маңызды" құжат алып келді. Мәжілісте ақын Намық Кемал де болды. Аятуллаһ алып келген кітаптарын оқығаннан кейін, жасырын ұйым құру туралы мәселе қаралды." Осылай дегеннен кейін "Жаңа Османлылар" ұйымының мүшесі Ебуззия мырза өзінің көзқарасын былайша білдіреді: "Бұл алты отан сүйгіш патриот адам "Карбонари" ұйымының ережесін оқи отырып, Сардуния сияқты кішігірім мемлекетті Италия сияқты алып елге айналдырған жанқияр жастардың тастүйін, табанды әрекеттерінен шабыт алып, шарықтайтын, әп-сәтте ұлттық ар-намыстың ақырған арыстанына айналып, азаттық шарабына мас болатын". Алғашқы мәжіліс туралы куәгер Ебуззия мырзаның шынайы сөздерінің өзі бұл азаттық аңсаушы, қиял құшағынан арылмаған жас аристократтардың сол кезеңде Еуропаны астаң-кестең еткен пікірлер жайында терең ештеңе білмейтінін айқын көрсетіп тұр. Олардың өз елдеріндегі жағдай мен оқиғаларды талдап, таразыға салатындай дәрежеде дайындығы да жоқтың қасы. Олардың да, олардан бұрынғылардың да Еуропаның ой - танымын меңгеріп, батыстық тәсілге сала отырып, өздеріне тән танымдық жүйе немесе идеология қалыптастыруға қауқарлары жетпеді. Олар "Карбонари" жасырын ұйымының ережесін аударып, жаттап, соған қарай әрекет етумен бірге барлық істің оңалып, түзеліп кететініне сенген еді. Француз жазушы Енгелхард "Түркия және танзимат" деп аталатын танымал еңбегінде "Жаңа Османлылар", французша айтқанда "La Jeune Turquіe (Жас Түркия)" ұйымы туралы мәлімет бере отырып, ұйымның бағдарламасы ретінде Тунистік Хайреддин пашаның 1868 жылы жарық көрген "Reformes necessaіrSs aux Etats musulmans (Мұсылман елдерге қажетті реформалар)" деген еңбегін атайды және оны қысқаша талдап өтеді. Бұл еңбекте Османлы мемлекеті ислам діні салтанат құрған ел ретінде сипатталады. Тунистік пашаның ойынша, патшалықтың қалпына келуі үшін Қануни Султан Сүлеймен шығарған - "Қануни саяси (саяси құқық)" атты заңды толықтырып, қайта енгізілуі керек екен. Оның айтуынша "Османлы мемлекетінің ескі заңын жаңарту және толықтыру арқылы басшылыққа алар болса, ғалымдар мен уәзірлердің саяси қызметтері Еуропадағы үкіметтердің парламенттік жүйесіне ұқсас болып шығар" еді. Енгелхардтың ойынша, Хайреддин пашаның алға тартып отырған ұсыныстары сол кездері мұсылмандар арасында қалыптаса бастаған жасырын "Жас Түркия" саяси ұйымының мақсатымен қабысатын еді. Бұл орайда мен Енгелхардтың пікірімен келіспеймін: себебі, Абдулазиз патшаның кезіндегі "Жас Османлы" ұйымының бағдарламасы Хайреддин пашаның еңбегінде көрсетілген айқын мақсаттан жұрдай болатын. Сонымен қатар, осындай бей - берекетсіздік, мақсатсыздық "Жас Османлылар" қозғалысының Османлы патшалығындағы соңғы көрінісі болған "Иттихат уе Теракки" кезеңінде де жалғасын тапты. Бәлкім, "Жас Османлылар" ұйымының ішінде де сұлтан Сүлейменнің ХVІ ғасырдағы заңдарын қайта жаңғырту, оны толықтырып басшылыққа алу туралы ойлағандар да болған шығар, дегенмен, ұйым мүшелері негізінен түбірінен өзгерісті қалайтын еді: Ебуззия мырзаның "Жаңа Османлылар" атты еңбегінде жазылғандай, Намық Кемал сияқты, Аятуллаһ сияқты жас зиялылар ислам құқығы немесе Сүлейменнің заңдарын емес, көрген немесе естіген Еуропа елдеріндегі конститутцияларды негізге алғысы келетін еді. Сондай-ақ, екі түрлі дамудың нәтижесінде пайда болған құқықтық және саяси құрылымдарды бір-біріне араластыра отырып жаңа жүйе жасау ойынан да арыла қоймаған еді. Сондықтан, "Жаңа Османылар" ұйымының құқықтық негізде қалыптасқан өзіндік идеологиясы туралы сөз қозғаудың реті жоқ. "Жас Османлылар" ұйымының пікірлерімен салыстыра қарағанда "Танзимат" қозғалысының танымдық негізі туралы көбірек зерттеулер жасалды. Шет мемлекеттердің ықпалымен, күштеуімен Османлы мемлекетінің басшылары тарапынан жасалған саяси, экономикалық және әкімшілік өзгерістерді тұтастай алғанда "Танзимат" деп атаймыз. Танзиматтың тайға таңба басқандай көзге ұрып тұрған ерекшелігі - қайталау. Мемлекет басшылары "Танзимат" арқылы Еуропаны сол қалпында қайталағысы келді. Адмирал Халил паша 1830 жылы былай деп жазған еді: "Ресейден қайтып келе жатырмын. Сапарымда "егер біз Еуропаға ұқсамасақ, Азияға оралудан басқа амалымыз қалмайды екен" деген ойға мықтап бекіндім." Танзиматта қайталанған нәрсе – ой - таным, пікір немесе теориялық әдіс-тәсіл емес, көбіне практикалық нәтижелер еді. "Танзимат" "Низам-ы жәдидтің (Жаңа жүйенің)" жалғасы іспеттес. "Низам-ы жәдид" Еуропадан қару-жарақ сатып алды. Еуропадағы әскери киімдерді тіктірді, Еуропалық әскери ережелерді аударып, соны басшылыққа алуға тырысты. сол сияқты "Танзимат" та Еуропаның киімдерін кигізді, сауда және жазаға қатысты заңдарын аудартып, қолданысқа енгізді. Еуропа елдерінің қаржы және әкімшілік жүйесін сол қалпында алуға тырысты. Танзимат қозғалысы кейін біраз дами түскенде азаматтардың еркін ойлау және ойлағанын айту, жазу жағына да ойыса бастады. Бұл оқиға мұсылман Османлы мемлекетіндегі әлеуметтік өмірдің елеулі өзгеріске ұшырай бастағанын көрсетеді. "Түркия және Танзимат" кітабының авторы "Танзиматтан мұрат -исламның әлеуметтік жағын ғасырлар бойы рухани және саяси тұрғыда бір-бірінен бөлектелген христиандардың әлеуметтік өміріне ұқсату болып табылатын" - деп жазады. Бұл мұраттың көзге көрінетін сыртқы жағы мен үйренуге қолайлы әдеттері әдетте басшылыққа мойынсұнғыш Османлы жұртшылығына тез жұғып кете қойғанымен, танымдық, рухани, ішкі өзгеріс оңайлықпен келе қоймады. Идеология саласындағы бұл кемшілік осы кезге дейін жалғасып келді. "Жаңа Османлылар" қозғалысы теориялық тұрғыдан алғанда, "Танзиматты" толықтырып тұрады. "Жаңа Османлылар", "Танзиматтың" әкімшілік құқығына қатысты реформалары мен өзге де заңнамаларынан алшақ кетпейтін ұсыныстары арқылы конституцияға шұғыл өзгеріс енгізе отырып, патшаның және үкіметтің билігін шектеу, бұқара халықтың еркіндігін мен теңдігін кеңейту мақсатын көздейтін еді. Сондықтан, "Жаңа Османлылар" ұйымын "Танзиматтың" радикал түрі деуге де келеді. Десе де, бұл радикал әрекет кейде әсіре кертартпа пікірлермен араласып кететін. Сол үшін болса керек, кейде танзиматшылдар мен жаңа османлышылдар бір-бірімен қақтығысып қалатын. Келіспеушіліктің негізгі себебі көбіне-көп үкімет пен үкімдердің билігі мен ұлт теңдігі төңірегінде өрбитін еді. "Жаңа Османлылар" ұйымы мүшелерінің саяси шығармаларында отан, міллет, ұлт, құқық, азаттық, тендік, еркіндік сөздері өте көп ұшырасады. "Танзиамттың" ресми басылымдары болса төркіні батыстан келген бұл ұғымдарды қолданбауға тырысатын еді.
"Танзиматшылдар" мен "Жаңа Османлыларда" ұлт ұғымы "Танзиматшылдар" мен "Жаңа Османлылар" қолданған әдебиеттегі "ұлт" ұғымының мағынасы өте маңызды. Олар бұл сөзді французшадағы "la Natіon" сөзінің баламасы ретінде қолданады. Десе де, олар біріккен француз ұлты мен Османлы мемлекетіне қарасты көптеген қауымдар жиынтығын ұлт тұрғысынан салыстыра қарастырмаған сыңайлы. Анықтап қараған кісіге бұл екеуінің айырмашылығы бірден көзге түседі. Еуропада туған пікірлер мен ұғымдар, жоғарыда да айтып өткеніміздей, түбірінен зерттеліп, Османлы мемлекетінің әлеуметтік құрылымымен салыстырыла қарастырылмағандықтан, Османлыда "ұлт" ұғымы ашылмай қалған, оған жеткілікті, ұғынықты жөне дәл мағына берілмеген. "Ұлт" ұғымының анықтамасыз қалуының өзі де түптеп келгенде, "Танзимат" пен "Жаңа Османлылар" қозғалысының жете зерттелмегенін айқын аңғартса керек. "Ұлт" ұғымының теориялық анықтамасын жасаудың Османлының әлеуметтік құрылымын елеулі өзгеріске ұшырататынын білген танзиматшылдар мен жаңа османлышылдар, бұдан саналы түрде бас тартқанға ұқсайды. Немесе, Османлы қол астындағы барлық қауымдарды тұтас алғанда "Османлы ұлты" деп есептеп, "ұлт" ұғымын да осы анықтаманы сипаттау үшін қолданса керек. Тағы бір көзқарас танзиматшылдар мен жаңа османшылдардың Еуропаны саяси өмірін астаң-кестең еткен ұлттық қозғалыстар мен Османлының өз ішіндегі ұлттық көтерілістер туралы естімеуі яки білмеуі мүмкін екенін алға тартады. Біздің ойымызша, бұл пікір шындыққа мүлдем жанаспайды. Десе де, олардың "ұлт" ұғымының дәл анықтамасын беруге құлықты болмағаны, тіпті, одан саналы түрде қашқаны анық. Соған қарап, біз жаңа османшылдардың Османлы мемлекетінде өмір сүріп жатқан мұсылман, мұсылман емес, түрік және түріктен өзге барлық ұлыстарды бір ұлт деп қабылдағанын айқындай аламыз. Дәлірек айтқанда, жаңа османлышылдар да, танзиматшылдар да қазіргі қолданыстағы сөзбен айтқанда "Османлышыл" болатын. Тіпті, олардың соңғылары француз тілінде "Les Jeunes Turcs (Жас түріктер)" деп аталғанымен, түрік тілінде өздерін "Жаңа Османлылар" деп атауының өзі көп жайтты аңғартса керек. Бұл олардың бәрінен бұрын османлылар болғанын көрсетеді. Сонымен қатар, біздің бұл пікіріміз құжаттармен айқындалған тұжырым емес, тұспалдап жасаған қорытынды ғана. Сондықтан, бұл пікірді құжаттарға сүйене отырып, ғылыми негізде дәлелдеу қажет. "Ұлт" ұғымы осылай жалпылама әрі анықтамасыз қалған кезде және солай болуы пайдалы деп табылған жағдайда саяси сахнада түрікшілдік туралы айту да мүмкін емес. Сондықтан болса керек, Танзимат кезеңінде "Тұран", "Түрікшілдік", "Тұран ұлты" сияқты сөздер айтылмаған және қазіргі мағынада қолданылмаған. Десе де, ұлттық сана мен ұлттық сезімнің түгелдей жойылып кетпегенін, керісінше, оның бірте-бірте оянып келе жатқанын айғақтайтын тіл, әдебиет, филология және тарих саласына қатысты кейбір белгілер де жоқ емес.
Алғашқы түрікшілдердің жалпы ерекшеліктері Тіл саласындағы түрікшілдік ағымының саналы іздерін Ибрахим Шинаси мырзаның еңбектерінен көруге болады 14.2 Шннасидің түрікшілдік пікірі әдебиетте Зия паша, сөздік саласында Ахмет Уефик паша, филологиялық зерттеулерде Мұстафа Желаледдин патша тарапынан қолдау табады. Ахмет Уефик пашаның еңбектерінен "Тұтас түрікшілдік (Пантұранизм)" нышандары байқалады. Мұстафа Желаледдин паша түрік филологиясынан басқа (тек Османлы түріктері ғана емес, бүкіл түрік әлемі) түрік тарихымен әуестеніп, зерттеулер жүргізеді. Мұстафа Желаледдин пашаның "Көне және жаңа түріктер" атты еңбегі түрік тарихына, түрік этнологиясына қатысты батыстық дерек көздерін пайдалана отырып жазылған Османлы мемлекетіндегі ең алғашқы зерттеу болып табылады. Түрік тарихы мен этнологиясы, тілі мен әдебиеті туралы жазылған, ғылыми сипаты болмағанымен жан-жақты талдауға құралған осы еңбек түрік рухымен жазылғанына қарамастан француз тілінде жарық көрді.
Ебуззия Теуфик мырзаның жазғанына жүгінер болсақ, Шинаси 1865-1870 жылдары арасында түрікше түбегейлі бет бұрғанға ұқсайды. Зия паша поэзияға қатысты түрікшіл пікірлерін де осы кезеңде жариялай бастапты. Емил аудармасының алғы сөзі Женевада 1871 жылы 15 маусым күні жазылған. Ахмет Уевик пашаның қаламынан туған "Лехче-и Османи (Османлы диалектісі)" алғашқы басылымы да осы жылдары жарық көрді. Желаледдин пашаның "Көне және жаңа түріктер" атты еңбегі 1869 жылы жарияланды. Міне, осы мәліметтерге қарап біз Османлы түріктері арасындағы түрікшілдік ағымының алғашқы кезеңі 1865-1870 жылдары арасында пайда болды деген қорытындыға келе аламыз.
Түрікшілдікке шығыстанушылардың әсері Түрікшілдік пікірі мен түрікшілдік ағымының Абдулазиз патшаның кезінде батыс түріктері арасында пайда болуына жоғарыда айтылғандай, түріктердің батыстық танымдар мен құндылықтарды қабылдай бастағанынан өзге, Еуропада туып шығысты, соның ішінде әсіресе түріктерді жан-жақты зерттей бастаған шығыстанушы -ориенталистердің ықпалы зор болса керек. Мәселен,Шинаси шығыстанушы Sіlvestre de Sacy отбасымен жақын қарым - қатынаста болды. Желаледдин паша "Көне және жаңа түріктер" деген еңбегін жазу үстінде De Guіgnes тарапынан жазылған "Hіstoіre des Huns" атты кітаптан көп пайдаланғанын айтады. Arthur Lumbley Davіds тарапынан жазылған "китабу-л илмун-Нафи фи Тахсил-и Сарфу Наһв-и" атты еңбектің французша аудармасын Лумблейдің анасы 1833 жылы сұлтан Махмұтқа ұсынғандықтан, XІX ғасырдың ортасында өмір сүрген Шинаси мен Уефик паша сияқты зиялылардың бұл еңбекті білмеулері мүмкін емес. XІX ғасырдың соңына таман ориенталист - ғалымдар Вамбери мен Радловтың еңбектері де түріктердің арасында түрікшілдік пікірінің пісіп жетілуіне елеулі ықпалын тигізді. Түрікшілдік ағымының 1865-1870 жылдары арасында Османлы түріктері арасында пайда болып, дамуына әсер еткен басқа да себептерді атауға болар ма екен?
Түрікшілдік пікірі және ағылшын - орыс қарым-қатынасы 1860 жылдары орыстардың Азияның ішіне дендеп ене түсуі ағылшындарды үрейлендіре түскені баршамызға белгілі; сондықтан олар шұғыл және ширақ қимылдауға мәжбүр болған еді. Батыс түріктеріне, дәлірек айтқанда Османлы патшалығын құлатуға бағытталған Ресейдің империяшыл саясаты XІX ғасырдың ортасына таяу Еуропаның алпауыттары тарапынан қатты қарсылық көргеннен кейін кейін шегінуге мәжбүр болды. Осының салдарынан, батыс жорығынан беті қайтып, тауы шағылған Ресей империясы мұның өшін шығыстан алуды мақсат етіп, Орталық Азияға қарай барынша қарқынды күшпен ілгерілей түсті. І860 жылдан бастап орыстар Орталық Түркістаннан Шығыс Түркістанға қарай жорық бастады. Генерал Черняев 1865 жылы Орталық Азияның ең үлкен қалаларының бірі және ақсақ Темірдің астанасының бірі болған Ташкент қаласын бағындырды. 1867 жылы орталық Түркістанның басым бөлігі "Түркістан генерал губернаторлығы" деген атпен Ресей патшалығына бағынышты болды. 1868 жылы Бұхара хандығы Ресейге "адалдығын" білдіріп, мойынсұнды. Дәл сол жылдары Шығыс Түркістанның Қашғар аймағы Мехмет Якуб бектің басшылығымен Қытай басқыншылығына қарсы шығып, Ресейге жақындай түсті. Құлжа аймағы да 1865 жылы Қытай үстемдігінен құтылып, орыстың үстемдігін мойындайды. Бір сөзбен айтқанда, 1868-1870 жылдары арасында бүкіл Орталық Азиядағы түріктер орыстың ықпалын қабылдап, Ресейдің қол астына қарай бастады. Орыстардың осылайша бүкіл Азияға ықпалын жүргізу үшін шығыс пен оңтүстікке қарай ентелеп ұмтыла түсуі ағылшындарды ашуландыра түседі. Тіпті, орыс әскерлерінің Үндістанға жақындай түсуі ағылшындарды шошыта бастайды. Сондықтан олар Мехмет Якуб ханға елші жіберіп, байланыс орнатуға құлшыныс білдіреді. Өзге де кішігірім хандарға елшілер жіберген ағылшындар осындай ресми емес әрекеттер арқылы орыстардың алдын орауды ойластырады. Өз кезегінде Якуб хан да Үндістандағы ағылшын генерал-губернаторға елші жіберіп, Британиядан көмек күтетіндерін жасырмайды... Осы кезеңде Стамбул үкіметімен жақсы қарым - қатынаста болған ағылшын үкіметінің батыс жөне шығыс түріктерінің өзара діни жақындығы мен туыстық байланысынан пайдалануды ойластырмауы мүмкін емес. 1857 жылы Үндістанда болған көтеріліс кезінде Сұлтан Абдул - межидтен халифа ретінде мұсылман үнділердің Британия патшайымына бағынуларын талап еткен пәрмен шығартып алған ағылшындардың бұлай істеу әбден мүмкін ғой. Басқаша айтқанда, ағылшындар Османлы үкіметінің Орта Азиядағы түрік халықтарының тағдырына алаңдаушылық білдіріп, олардың жай-күйімен айналыса бастауына ықпал етуі де ғажап емес. Расында, Якуб хан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ағылшын өкілдің айтуымен, Османлы патшасының қол астына қарау туралы мәселе көтеріп, Стамбулға Якуб бек атты елшісін жіберген еді. Елшіні жақсы қарсы алып, қабылдаған Османлы үкіметі Якуб ханға қару-жарақ, соғыс құралдары, көптеген сый - сыйапаттар мен Османлы медалі, ту және елдің тәуелсіздігін қабылдаған арнайы құжат жіберіледі. Якуб бектің басшылығымен жолға шыққан бұл елшілік керуеніне Үндістанның Түркістанға жақын тұсынан ағылшын елшілігі қосылады. 1873 жылы болған бұл оқиғадан кейін Қашғар хандығында оқытылатын құтпаларда Османлы патшасы султан Абдулазиздің аты атала бастайды және теңгелер де оның атымен шыға бастайды. Әрине, бұл жылдары Стамбулдағы түрлі басылымдарда Қашғардағы оқиғалар мен Якуб ханның істері жайлы көптеген мақалалар мен хабарлар шыға бастайды. "Түрік шежіресінің" шағатайшадан османлы тіліне аударылмасы һәм Уефик пашаның Орталық Азиядағы түрік диалектілеріне қызығушылық таныта бастауы да осы жылдарға тұспа-тұс келеді. Самипашазаде Субхи паша сияқты, Шемседдин Сами мырзаның сөзімен айтқанда "ғасырдың ірі ғалымы әрі танымал әдебиетшісі, шығыс және батыс тілдерін жетік меңгерген" мемлекет және қоғам қайраткерінің Абдулазиз патшаның тұсында шағатай тілін үйренуге бет бұруының өзі Стамбул зиялыларының арасында Орта Азияға қызығушылықтың басталғанын көрсетеді. Жоғарыда айтылған жайттарға қосымша ретінде, түрікшілдік қозғалысының 1865-1870 жылдары арасында Стамбулда пайда болуына сол жылдары Ресейдің Түркістанды басып алуына орай шығыс түріктерінің аянышты тағдырына Османлы үкіметінің назарын аударуға себеп болған ағылшын саясатының үлкен ықпалы болды десек, қателескен болар ма едік, кім білер?
Мадияр Вамбери
Шығармалары кейінірек Османлы түріктеріне үлкен
15 Қашқар әкімдері Якуб ханның басшылығымен құрылған жаңа Түрік мемлекетіне қатысты құжаттар мен мәліметтер 1885 жылы Стамбулда жарық көрген Мехмет Атыф мырзаның «Қашқар тарихы» атты кітабында толық қамтылған қараңыз: Қашқар тарихы. Мехмет Атыф, Стамбул, Михран баспасы, 1300(1885).3 әсер еткен мадияр Вамберидің Орталық Азияға жасаған саяхаттарынан Британия мен Османлы мемлекеттері арасындағы байланысты көру қиынға соқпайды. Шығыстанушы Вамбери төрт жылдай Стамбулда тұрғаннан және сол кезеңдегі Османлы мемлекетінің таңдаулы мемлекет қызметкерлерінің үйлерінде қонақ болғаннан кейін 1861 жылы әйгілі Орта Азия саяхатын бастайды. Вамбери "Рашид ефенді" деген лақап атпен жалған дәруіш болып жолға шығып, орта Азияны үш жыл аралағаннан кейін, қайтадан Стамбулға оралып, одан Венгрияға барады, көп кешікпей Лондонға ат басын тірейді. Жалған дәруіш ғылыми зерттеулерінің нәтижесін мадиярларға емес, әуелі ағылшындарға апарып беруінің астарында қандай сыр жатыр? Ағылшындармен жақын достық құрудың арқасында Вамбери Будапешт қаласындағы университетте шығыс тілдері профессоры деген атақ алып үлгереді. Профессор Вамберидің еңбектері 1864 жылдан бастап жарық көре бастайды. Оның шығармаларының кейбірі алман тілінде, енді бірі мадияр тілінде немесе ағылшын тілінде жарық көрді. Соның ішінде ең әйгілісі "Бір жалған дәруіштің Орта Азияда саяхаты" атты еңбегі бірнеше тілде жарық көрді. Вамберидің түрік тілінде биографиясын жазған шәкірттерінің бірі доктор Месроштың айтуынша, Вамбери шығыс тілдерін жетік білуі және империяның әкімшілік жүйесін мойындау арқылы Англиямен жақын қарым-қатынас жасады, оған барынша қызмет етті. Осылайша қажыр-қайраты мен алғырлығы арқасында үлкен байлыққа ие болды. Бұл байлықпен өмірінің соңғы жылдарын алаңсыз өткізді. Профессор Вамбери бір күні маған да Яуыз мырзаға айтқан сөзін қайталаған еді. Ол былай деді: "ағылшындар мені жақсы көреді, өйткені оларға Азияны ең алғаш таныстырған мен болдым. Олар мені тыңдады және түсінді. Тіпті, Англияның Патша сарайымен де достық қарым - қатынаста болдым. Олар маған ілтипат көрсетіп, сый -сыяпат жасады". Вамбериге қатысты жоғарыда айтылған осы қысқа мәліметтің өзінен-ақ болашақ танымал шығыстанушы - түрколог ғалым Орта Азия саяхатына ағылшындардың арнайы тапсырмасымен шыққан немесе еврейге тән алғырлығы мен пысықтығы арқылы Орта Азияға қатысты мәліметтердің ағылшын саясатында қымбатқа сатыларын алдын ала білген деген қорытынды жасауға болады.
ТҮРІКШІЛДІК НЕГІЗДЕРІ
Зия Гөкалп 1. Түрікшілдіктің тарихы Түрікшілдіктің біздің елімізде пайда болуынан бұрын Еуропада түріктерге байланысты екі қозғалыс бой көрсетті. Бұлардың біріншісі - француз тілінде "Turquere" деп аталған "Түрікті жақсы көрушілік", яғни түрікке деген тамсанушылық. Түркияда жасалған жібек және жүн маталар, кілемдер, алашалар, ағаш заттары, кітап түптеушілердің, оны көркемдеушілердің туындылары, маңғалдар, канделябрлар сияқты түрік өнерінің өнімдері Еуропадағы өнер сүйгіштердің назарын көптен - ақ өзіне аударған-ды. Олар түрік туындылары болып табылатын бұл әсем дүниелерді мыңдаған доллар беріп сатып алатын және үйлерінде түрік залын немесе түрік бөлмесін жасайтын. Ал кейбіреулері бұл дүниелерді басқа халықтардың көркем туындыларымен бірге көрмелерге қоятын. ...Еуропада пайда болған екінші ағым "Түркология" деп аталады. Ресейде, Алманияда, Мажарстанда, Данияда, Францияда, Англияда көптеген ғалымдар көне түріктер, ғұндар, монғолдар туралы тарихи және археологиялық зерттеулер жүргізе бастады. Түріктердің өте көне ұлт екендігін, кең аймаққа тарайтынын және түрлі кезеңдерде бүкіл әлемге үстемдік еткен жиһангер мемлекеттер мен биік өркениеттер құрғанын алға тартады. Рас, бұл зерттеулердің тақырыбы Түркия түріктері емес, ежелгі Шығыс түріктері болатын. ...Сұлтан Абдулғазиз билігінің соңғы жылдары мен султан Абдулхамиттің таққа отырған алғашқы жылдарында Ыстанбұл үлкен идеялық қозғалыстың мекеніне айыпталған еді. Мұнда өрі "Әнжүмән-и даниш" (Ғылым академиясы) өмірге келген, әрі Дарүлфүнүн (университет) ұйымдастырылған болатын. Бұлармен қатар әскери мектептердің беделі де жоғарылай бастаған-ды. ...Түркияда Абдулхамит бұл қасиетті ағымды тоқтатуға тырысып жатқанда Ресейде екі үлкен түрікшіл өсіп келе жатты. Олардың бірі - Мырза Фатали Ахунзаде. Оның әзери түрікшесімен жазған комедиялары Еуропаның барлық тілдеріне аударылды. Екіншісі -түрікшілдіктегі мұраты "Тілде, пікірде және істе бірлік" болған Исмайыл Ғаспыралы. Оның Қырымда шығарған "Тәржүман" газетін Солтүстік түріктері қалай түсінсе, Шығыс пен Батыс түріктері де солай түсінетін. Бұл газет барлық түріктердің бір тіл арқылы бірігуі мүмкін екендігінің дәлелі болды. Абдулхамит сұлтандығының соңғы жылдарында Ыстанбұлда түрікшілдік ағымы қайтадан жандана бастады. Ресейден Ыстанбұлға келген Хүсейінзаде Әли бей медицинадағы түрікшілдік негіздерін түсіндіріп жатты. Оның "Тұран" атты өлеңі тұраншылдық мұраттарының тұңғыш рет алға тартылуының белгісі еді. Грек соғысы (1897 ж.) басталған кезде түрік ақыны Мехмет Емин бей (Юрдақұл):
Мен Түрікпін, дінім, тегім – ұлы - дүр, деп басталатын алғашқы өлеңін жариялады. Бұл екі өлең түрік өмірінде жаңа революцияның басталатынын хабарлап жатты. Хүсейінзаде Әли бей Ресейдегі ұлтшылдық ағымдарының әсерімен түрікшіл болған еді. Әсіресе, колледжде оқып жүрген кезінде грузин жастарының ішіндегі мейлінше ұлтсүйгіш болған бір досы оның бойына ұлтқа деген сүйіспеншілік сезімін еккен болатын. Түрік ақыны Мехмет Емин бейдің бойына түрікшілдікті еккен, өзінің айтуы бойынша, -Шейх Жамаладдин Ауғани. Мысырда шейх Мұхаммет Абдухты, Солтүстік түріктерінің арасынан Фахреддинұлы Рызаддинді тәрбиелеген бұл үлкен ислам революционер! Түркияда Мехмет Емин бейді тауып алып, оның халық тілімен және буын өлшемімен ұлттық сүйіспеншілікке толы өлеңдер жазуына кеңес берген. Түркшілдіктің алғашқы кезеңінде Дегюгнес жазған тарихтың әсері болғанын айтқан едік. Екінші кезеңде Леон Кахунның "Азия тарихына кіріспе" атты кітабының зор ықпалы болды. Нәжип Асым бей көптеген қосымшалармен бұл кітаптың түріктер жайлы бөлімін түрік тіліне аударған еді. Нәжип Асым бейдің бұл еңбегі жер-жерде түрікшілдік пікірін оятты. Ахмет Жевдет бей "Икдам" ("Прогресс") газетін түрікшілдіктің органына айналдырды. Емруллаһ әпенді, Велед Шелеби және Нәжип Асым бей осы түрікшілдіктің күрескерлері болды. Бірақ "Икдам" газетінің төңірегінде топтасқан бұл түрікшілдердің бірі Фуат Райыф бейдің түрік тілін тазарту бағытындағы қате ізденістері түрікшілдік ағымының беделіне нұқсан келтірді. Бұл жаңсақ ғылыми көзқарас - муристік көзқарас болатын. Ол тіліміздегі араб, парсы тілдерінен өрбіген барлық сөздерді шығарып тастап, олардың орнына түрік түбірінен жаңа жұрнақтар арқылы жасалмақшы жаңа түрік сөздерін енгізу қажет деген еді. Бұл пікірді жүзеге асыру жолында жазылған бір топ мақалалар мен хаттар талғампаз оқушыларды жирендіре бастады. Жалпыхалықтық тілге енген араб және парсы сөздерін түрік тілінен шығарып тастау бүл тілді ең жанды сөздерден, дін, мораль, философия терминдерінен жұрдай етуге тиіс еді. Түрік түбірлерінен жасалған жаңа сөздер грамматика ережелерінің астан-кестенін шығаруға тиіс болуымен бірге, халық үшін шет тілдік сөздерден де жат, мүлде белгісіз бірдеңе болмақшы еді. Сондықтан бұл тенденция тілімізді тірлікке, жарыққа апарудың орнына дағдарысқа, қараңғылыққа қарай сүйреп жатты. Бұған қоса табиғи сөздерді алып тастап, олардың орнына жасанды сөздер енгізуге тырысқандықтан, шынайы тілдің орнына жасанды түрік эсперантосы туындамақшы еді. Ал еліміз мұндай жасанды эсперантоға емес, әркім білетін жөне түсінетін, үйреншікті сөздерден тұратын түсінісу құралына зәру болатын. Міне, сондықтан да "Икдамдағы" пуризм және түрікшілдік ағымы пайда емес, зиян әкелді. Осы тұста медицина училищесінде ұйымдастырылған жасырын революциялық ұйымда түрікшілдік (пантуранизм), османшылдық (паноттоманизм), исламшылдық (панисламизм) мұраттарының қайсысы шындыққа үйлесімді деген мәселе пікірталасқа түсіп жатты. Бұл пікірталас Еуропадағы және Мысырдағы жас түріктердің арасына да тарап, олардың кейбіреулері түрікшілдікті, кейбіреулері османшылдықты жақтаған еді. Сол кезде Мысырда шығып тұрған "Түрік" газетінде Әли Кемал Османлы бірлігі идеясын алға тартса, Ақшораұлы Юсуф бей мен Ферит бей түрік бірлігі саясатын ұсынуда еді. Бұл кезде Хүсейшзаде Әли бей Ыстанбұлдан, ал Ағаоғлұ Ахмет бей Парижден Бакуге барған және сонда идеялық күрес үшін қол алысқан болатын. Топшыбашыоғлы да бұларға қосылды. Бұл үш кісі онда сол кезге дейін үстем болып келген сүнниттер мен шиіттер арасындағы түсінбеушілікті жойып, барлық әзербайжандықтарды түріктік және исламдық идеялар аясында біріктіруге тырысты. 24 шілде (1908 жылы) төңкерісінен кейін (І Конституция) Түркияда османшылық идеясы үстемдік құрған еді. Осы тұста шыға бастаған "Түрк дернегі" (Түрік ұйымы) сол идеяның ықпалында қалып қойғандықтан да ешқандай ықыласқа бөлене қоймады. 31 наурыздан кейін османшылдық идеясы бұрынғы маңызынан айырыла бастады. Бір кезде Абдулхамитке ислам бірлігі идеясын ұсынған Алмания кайзері (канцлері) бұл мүмкіндікті пайдаланып, Сұлтанахмет алаңында Ислам бірлігі митингісін ұйымдастырды. Сол күннен кейін елімізде жасырын Ислам бірлігі ұйымдары ұйымдасып, кең тарай бастады. Жас түріктер османшыл және ислам бірлігішіл болып қарама-қарсы екі лагерьге бөлінді. Османшылдар космополиттік (ұлты белгісіз Ислам бірлігін жақтаушылар) болды. Бұл екі ағым да еліміз үшін зиянды болатын. Мен 1910 жылғы Құрылтайда ("Бірлік пен прогрестің") Солоникидегі бас орталығының мүшелігіне сайланған кездегі жалпы жағдай осындай еді. Бұл кезде Солоникиде "Жас қаламдар" атты журнал шығып тұрды. Журналдың бас редакторы Әли Жәнип бей екеуміз түнде "беяз қуле" бағында әңгімелесіп отырдық. Ол маған журналдың тілді тазарту бағытында революция жасауға тырысып жатқанын, бұл идеялық соғыста Омар Сейфеттиннің бастамашы болып отырғанын айтты. Омар Сейфеттиннің тілге байланысты бұл көзқарасы толығымен менің көзқарасыма сай болатын. Жас кезімде Ташқышлада түрмеде отырғанымда менде мынадай нақты идея туған еді: "Түрік тілін оңдау үшін бұл тілден араб - парсы сөздерін емес, араб - парсы тілдерінің ережелерін алып тастау, ал араб - парсы сөздерінен түрікше баламалары барын шығарып тастап, түрікше баламалары жоқтарын қалдыру керек." Осы пікірге байланысты бірер мақала жазған болсам да, жариялаудың мүмкіндігін таба алмаған едім. Түрікшілдік туралы мақала жариялауға қазір де мүмкіндік таба алмай отырғаным сияқты. 15 жасымда Ахмет Вефик пашаның "Османлы түрікшесі" мен Сүлеймен пашаның "Әлем тарихы" менің бойымда түрікшілдік сезімін оятқан болатын. 1896 жылы Ыстанбұлға келгенімде алғашқы сатып алған кітабым Леон Кахунның тарих кітабы еді. Бұл кітап түрікшілдік мұратын тарату және соған ұмтылдыру үшін жазылғандай деп ойлайсың. Сонда Хүсейінзаде Әли беймен әңгімелесе отырып, оның түрікшілдік туралы пікірлерін білгім келіп еді. Қорыта айтсақ, он жеті, он сегіз жылдан бері түрік ұлтының социологиясын және психологиясын зерттеу үшін жұмсаған еңбегімнің жемісі басымда қабат-қабат болып жатқан-ды. Бұларды жарыққа шығару үшін жалғыз ғана мүмкіндік керек болатын. Омар Сейфеттиннің "Жас қаламдар" бетінде бастаған идеялық соғысы бұл мүмкіндікті әзірледі. Бірақ мен тіл тақырыбын жеткілікті деп санамай, түрікшілдікті барлық қырларымен, жан-жақты бағдарламасымен алға тартудың қажеттігін ойладым. Осы пікірдің бәрін қамтитын "Тұран" өлеңін жазып, "Жас қаламдарда" жарияладым. Өлең дер кезінде жарияланған еді. Өйткені, османшылдықтан да, Ислам бірлігінен де еліміз үшін қауіп туатынын байқаған жас қайраткерлер ұлтты құтқарушы идея іздеп жатқан-ды. "Тұран" өлеңі осы идеяның алғашқы ұшқыны еді. Одан кейін мен тұрақты түрде осы өлеңдегі негізгі идеяны түсіндірумен және насихаттаумен айналыстым. "Тұран" өлеңінен кейін Ахмет Хикмет бей "Алтынорда" мақаласын жариялады. Ыстанбұлда "Түрік жұрты" журналы мен "Түрік ошағы" қоғамы құрылды. Халида Едип ханым (Адывар) "Жаңа Тұран" романымен түрікшілдіктің мәртебесін тағы бір көтеріп тастады. Хамдулла Сүбхи бей (Танрыовер) түркішілдіктің белсенді басшысына айналды. Аттары жоғарыда аталған немесе аталмаған түрікшілдер "Түрік жұртында" болсын, "Түрік ошағында" болсын бірігіп, ынтымақтасып жұмыс істеді. Фуат бей (Фуат Көпрүлі) түркология саласында үлкен ғалым болды. Ол өзінің ғылыми еңбектерімен түрікшілдікке елеулі жол көрсетті. Яқуб Қадри, Яхия Кемал, Фалих Рыфқы, Рефик Халит, Решат Нұри сияқты жазушылар, Орхон Сейфи, Фаруқ Нафыз, Юсуф Зия, Хикмет Назым, Вала Нұреттин сияқты ақындар жаңа түрік тілін көркейтті. Муфиде Ферит ханым да өзінің құнды кітаптарымен болсын, Париждегі мәртебелі лекцияларымен болсын түрікшілдіктің биіктеуіне үлкен еңбек сіңірді. Түрікшілдік әлемінің бүгін кеңейгені сонша - бұл салада еңбек ететін өнер адамдары мен ғалымдарының аттарын тізіп өтудің өзі том-том кітап жазып шығуды қажет етеді. Тек түрік сәулетшілігінде сәулетші Кемал бейді ұмытпауға тиіспіз. Барлық жас сәулетшілердің түрікшіл болуында оның үлкен әсері бар. Дегенмен түрікшілдікке байланысты бүкіл осы іс-әрекет нәтижесіз қалмақшы еді. Егер түріктерді түрікшілдік мұраты аясында біріктіріп, үлкен құлдырау қаупінен құтқара білген ұлы данышпан тумаса. Бүкіл әлем бүгін Ғази Мұстафа Кемал паша есімін қасиеттеп, әр сәтте құрметпен еске алады. Бұрын Түркияда түрік халқының ешқандай маңызды орны жоқ еді. Бүгін бар құқық - түріктікі. Түрік жеріндегі билік - түріктерде. Саясат та, мәдениет те, экономикада билік - түріктерде. Осындай нақты да үлкен түрікшілдікті жүзеге асырған адам - түрікшілдіктің ең ұлы қайраткері. Өйткені, қиялдап ойлау мен насихаттап айту - оңай. Ал ол қиялды жүзеге асыру және табысты нәтижеге жеткізу, әсіресе, қиын. 2. Түрікшілдік деген не? "Түрікшілдік" түрік ұлтын биіктету деген сөз. Ондай жағдайда, түрікшілдіктің негізін түсіну үшін алдымен "ұлт" аталатын қауымның неден құралатынын анықтау қажет болады. Ұлт жайындағы түрлі көзқарастарды зерттеп көрейік: 1. Нәсілді негізге алатын түрікшілдердің пікірі бойынша ұлт - нәсіл деген сөз... 2. Қауымды негізге алатын түрікшілдер болса, ұлтты қауымдар бірлігімен шатастырады. Қауым бір әкеден, бір шешеден өрбіген, арасына ешқандай бөтен біреу араласпаған, бір қаннан жаралып, тараған адамдардың бірлестігі (ру, тайпа) деген сөз... 3. Жағрапиялық құрылымды негізге алатын түрікшілдердің пікірінше бір елде тұратын халықтың бәрі бір ұлт. Мысалы, олардың түсінігінше Иран ұлты, Швейцария ұлты, Белгия ұлты, Британия ұлты деген сияқты ұлттар бар... 4. Османшылдар Османлы империясында тұратын барлық азаматтардың жиынтығын ұлтқа балайды... 5. Ислам бірлігін жақтайтындардың ойынша ұлт дегеніміз бүкіл мұсылмандардың жиынтығы... 6. Жеке тұлғаны жақтаушылардың пікіріне сүйенер болсақ, ұлт дегеніміз - кез келген кісінің өзін мүшесі санайтын қандайда бір қоғам... ...Олай болса, ұлт деген немене? Нәсіл, қауым, жағрапиялық жағдай, саяси өмір және адамның ерік күшінен басым түсіп, оларға үкімін жүргізетін басқа қандай тәуелсіз куш бар? Социология ғылымы бұл байланыстың тәрбие мен мәдениеттің бір болуында, яғни сезімдердің бірлігінде екенін дәлелдеп отыр. Адамның ең шынайы сезімдері оның бастапқы тәрбиесі кезінде қалыптасады. Әлі бесікте жатқан кезінде естіген өлеңдері мен ана тілінің ықпалында қалады. Сондықтан да біздің сүйікті тіліміз - ана тіліміз. Рухани дүниемізді қалыптастыратын барлық діни, моральдық, эстетикалық сезімдеріміз осы тіл арқылы пайда болған. Бұларды бала кезімізде қай қоғамнан алған болсақ, үнемі сол қоғамда өмір сүруді қалаймыз. Басқа бір қоғамда әлдеқайда үлкен молшылықта өмір сүруіміз мүмкін бола тұрса да, өз қоғамымыздағы кедейшілікті ол молшылықтан жоғары қоямыз. Өйткені рухани туыстар арасындағы бұл кедейшілік жат жұрттықтар арасындағы байлықтан әлдеқайда артық, ол біздің рухымызды бақытқа бөлейді. Талғамдарымыз, ар-ожданымыз, сағыныштарымыз түгелдей өзіміз ішінде өмір сүрген, тәрбиесін алған қоғамдікі. Бұлардың ықпалды әсерін тек сол қоғамның ішінде ғана сезе аламыз. Одан ажырап, басқа қоғамға енуімізге үлкен кедергі бар. Бұл кедергі - бала кезімізде сол қоғамнан алған тәрбиемізді рухани дүниемізден шығарып тастаудың мүмкін еместігі. Мұның мүмкін еместігі себепті бұрынғы қоғамымызда қалуға мәжбүрміз. Бұдан ұлттың не нәсілге, не қауымға, не жағрапиялық жағдайға, не саясатқа, не адамның ерік күшіне байланысты бірлестік емес екені түсінікті болады. Ұлт - тіл, дін, мораль және барлық көркем өнер салалары тұрғысынан ортақ, яғни бірдей тәрбие алған адамдардан тұратын бірлестік. Түрік шаруасы бұны "тілі тіліне үйлесетін, діні дініне үйлесетін" деп бейнелейді. Шындығында әр адам қаны бір адамдардан гөрі тілі, діні ортақ адамдармен бірге өмір сүргісі келеді. Өйткені, адам болуымыздың ерекшелігі тәнімізде емес, рухымызда. Материалдық артықшылығымыз - нәсілімізден, рухани артықшылығымыз -тәрбиесін алған қоғамнан. Ескендір Зұлқарнайын: "Менің нағыз әкем Филипп емес, Аристотель. Өйткені, біріншісі материалдық денемнің, екіншісі рухани дүниемнің өмірге келуіне себеп болған", - деген екен. Адам үшін оның рухани дүниесі оның материалдық құрылымынан бұрын тұрады. Сондықтан ұлттан шежіре іздестірілмейді. Тек тәрбиенің және мұраттың (идеалдың) ұлттық болуы ізделеді. Қалыпты адам қай ұлттың тәрбиесін алған болса, тек соның ғана мұраты жолында еңбек етеді. Өйткені, мұрат - биік шабыттың қайнар көзі. Ал біз оның тәрбиесін алып өспеген жат қоғам мұраты рухымызға әсте үлкен шабыт бере алмайды. Керісінше, біз тәрбиесін алып өскен қоғамның мұраты рухымызды үлкен шабытқа бөлеп, бақытты өмір сүруімізге себеп болады. Сондықтан да адам өзі тәрбиесін алып өскен қоғамның мұраты жолында өмірін пида етеді. Ал ақыл жолымен өзін байланысты Жүз миллион түріктің бір ұлт ретінде бірігуі түрікшілдер үшін рахатқа бөлену емес пе? Тұран мұраты болмағанда түрікшілдік мұндай қарқынмен дамып, тарамас еді. Дегенмен, кім біледі? Бәлкім, болашақта Тұран мұратының жүзеге асуы мүмкін болар. Мұрат -болашақтың жаратушысы. Кеше түріктер үшін қияли мұрат болған ұлттық мемлекет бүгін Түркияда шындыққа айналып отыр. Олай болса, түркшілдікті мұратының ұлғаюына қарай үш кезеңге ажырата аламыз: 1. Түркияшылдық; 2. Оғызшылдық немесе түрікменшілдік; 3. Тұраншылдық. Бүгін осылардан түркияшылдық қана жүзеге асуы мүмкін. Ал, бәріміз үлкен ықыласпен іздеп келе жатқан "Қызыл алма" әзірше шындық емес, қиял шекарасында қалып отыр. Түрік шаруасы "Қызыл алманы" елестеткенде оның көз алдына ежелгі түрік қағандары келеді. Өйткені, Тұран мұраты қиял ғана емес, ол тарихта шындыққа да айналған. Біздің жыл санауымыздан екі жүз он жыл бұрын хұн қағаны Мете "хұндар" атауымен бүкіл түріктерді біріктірген кезде Тұран мұраты шындыққа айналған еді. Хұндардан кейін ауарлар, ауарлардан кейін көктүріктер, көктүріктерден кейін оғыздар, олардан кейін қырғыз - қазақтар, кейінірек Күр хан, Шыңғыс хан және ең соңында Әмір Темір Тұран мұратын шындыққа айналдырған жоқ па? Тұран сөзінің мағынасын осылайша анықтап, оның шеп - шекарасын белгілеп алғандықтан, мажарлардың, финдердің, моңғолдардың, тұңғыстардың бұдан былай Тұран атауымен ешқандай қатысы болмауы тиіс. Тұран - барлық түріктердің бұрын бар болған және бәлкім болашақта да шындыққа айналар ұлы Отаны. Тұрандықтар, тек қана түрік тілінде сөйлейтін халықтар. Егер де Орал - Алтай тобы шынымен бар болса, өзіне тән атауы болғандықтан, "Тұран" деген аттың оған қажеті жоқ... 3. Ұлттық мәдениет және өркениет Ұлттық мәдениет пен өркениеттің арасын біріктіретін де, даралайтын да қасиеттер бар. Мәдениет пен өркениетті біріктіретін нүктелер - екеуінің де бүкіл қоғамдық өмірді қамтуы. Қоғамдық өмір мына салалардан тұрады: мораль, құқық, ақыл-ой, эстетика, экономика, тіл және күнделікті тұрмыс-тіршілік. Бұлардың бәрі бір сөзбен "мәдениет" деп аталатыны сияқты оларды өркениеттің жемісі деуге де болады. Мәдениет пен өркениет осы тұста қиылысады. Енді мәдениет пен өркениеттің арасындағы айырмашылықтарды қарастырайық. Біріншіден, мәдениет ұлттық, ал өркениет халықаралық категория. Мәдениет біріншіден, ұлттық мораль, құқық, ақыл-ой, эстетика, тіл және тұрмыс-тіршілігінің жиынтығы. Өркениет болса, дамудың ортақ,деңгейінде тұрған көптеген ұлттың қоғамдық өмірінің жиынтығы. Мысалы, Еуропа мен Америка өркениеті шеңберінде бүкіл еуропалық ұлттарға ортақ Батыс өркениеті бар. Бұл өркениеттің аясында бір-бірінен тәуелсіз бөлек -бөлек ағылшын мәдениеті, француз мәдениеті, неміс мәдениеті т.б. мәдениеттер қатар өмір сүріп жатыр. Екіншіден, өркениет түрлі әдіс тәсілдер және адамның ерік - жігері арқылы жүзеге асатын оқиғалардың жиынтығы. Мысалы: діни мәліметтер мен ғылым адамның ерік-жігері арқылы пайда болатыны сияқты мораль, құқық, көркем өнер, экономика, ақыл, тіл және жаратылыстану ғылымдарына қатысты мәліметтер мен теориялардың бәрі де адамның еркімен және әдіс – тәсілі арқылы дүниеге келген. Осыдан барып дамудың ортақ деңгейіндегі бұл ұғымдардың, мәліметтердің және ғылымдардың жиынтығы (өркениет( деген нәрсені өмірге әкелді. Олай болса, ұлттық мәдениеттің алғашқы мысалын тілдегі сөздерден, ал өркениеттің алғашқы мысалын жаңа сөздер түрінде жасалған терминдерден көреміз. Табиғи сөздер қоғамның, ал жаңа сөздер жеке адамдардың туындысы. Бір адам тапқан бір сөз өте қысқа мерзімнің ішінде халық арасына таралуы мүмкін. Бірақ ол сөзге таралу күннің берген сол сөзді ойлап тапқан адам емес. Қоғамның адамдарға белгісіз жасырын сыры. Бұдан он бес жыл бұрын елімізде қатарынан екі тіл өмір сүріп тұрды. Бұлардың біреуінің ресми сипаты бар еді және ол елдегі жазу-сызуды өз монополиясына алғандай болатын. Ол "Османлы тілі" деп аталатын. Екіншісі тек қана қарапайым халық сөйлей алатын дәрежеде еді. Оны кішірейтіп "түрік тілі" дейтін және ол қара халыққа тиесілі тіл саналатын. Алайда, біздің нағыз табиғи және шынайы тіліміз осы болатын. Османлы тілі болса түрік, араб, парсы тілдерінің грамматикасының, синтаксисінің, сөз құрамының бірігуінен пайда болған жасанды қойыртпақ еді. Бұл екі тілдің біріншісі табиғи құрама болатын және күнделікті өмірде пайдалана келе өздігінен қалыптасқан еді. Осы тұрғыдан алғанда, ол біздің ұлттық мәдениетіміздің тілі болатын. Екіншісі (османлы тілі) болса, ол адамдардың әдіс-тәсілімен және қалауымен жасалған еді. Бұл тіл қойыртпағына тек кейбір түрікмен сөздері мен қосымшаларының ғана енуі мүмкін еді. Демек, османлы тілінің біздің ұлттық мәдениетімізде өте аз үлесі бар. Сондықтан оны біз тек өркениетіміздің тілі болды дей аламыз. ...Бұдан мынаны көреміз: ұлттық мәдениет пен өркениеттің бір-бірінен айырмасы -мәдениеттің сезімдерден, өркениеттің болса, мәліметтерден құралатынында екен. Адам сезімдері белгілі бір шарттарға және қалау - тілекке бағынбайды. Бір ұлт басқа бір ұлттың моральдық және эстетикалық сезімдеріне ілесе алмайды. ...Ұлттық мәдениет пен өркениет арасындағы тағы бір байланыс мынау: әрбір қауымның әуелде жалғыз мәдениеті болады. Бір қауым мәдениет тұрғысынан жоғарылаған сайын саясатта да жоғарылап, күшті мемлекет құрайды. Екіншіден, мәдениеттің жоғарылауынан өркениет туа бастайды. Өркениет әуелде ұлттық мәдениеттен туады да кейін көрші ұлттардың өркениетіне тән кейбір өзгешеліктер қабылдайды. Бірақ қоғам өркениетінің жылдам қарқынмен дамуы зиянды. Рибот айтады: "Ақыл әсіре даму мүмкіндігіне жетсе, мінез-құлық бұзылады". Адамда ақыл не болса, қоғамда өркениет - сол. Адамда мінез -құлық не болса, қоғамда мәдениет - сол. Осыған сәйкес ақылдың көбірек дамуы да ұлттық мәдениетті бұзады. Ұлттық мәдениеті бұзылған ұлттарды "дегенерат ұлттар" дейді. Ұлттық мәдениет пен өркениеттің ең соңғы байланысы мынадай: ұлттық мәдениеті күшті, бірақ өркениеті әлсіз ұлт пен ұлттық мәдениеті бұзылған, бірақ өркениеті жоғары басқа бір ұлт саяси соғысқа кіргенде әрқашан мәдениеті жоғары ұлт жеңіске жеткен. 4. Халыққа бару Түрікшілдіктің алғашқы негіздерінің бірі - "халыққа бару" ұстанымы. Осы ұстанымды жүзеге асыру мақсатымен бұдан бұрын біз Ыстанбұлда "Халыққа бару" атты журнал да шығарғанбыз. Кейін Измирде де дәл осылай деп аталатын журнал шығара бастадық. "Халыққа бару" не деген сөз? Халыққа баруға тиістілер кімдер? Бір халықтың зиялылары, ойшылдары сол халықтың "таңдаулы адамдары" деп аталады. Олар - жоғары білім мен тәрбие алғандар, бірақ халықтан ажырағандар. Халыққа баратындар - міне осылар. Неге зиялылар халыққа баруы тиіс? Бұл сұраққа кейбіреулер былай деп жауап береді: "Зиялылар халыққа мәдениет алып баруы тиіс". Алайда, осының алдындағы тараудан белгілі болғандай, "ұлттық мәдениет" деген нәрсе елімізде тек халықта ғана бар. Ұлттық мәдениеттен мақұрым зиялылар сол ұлттық мәдениеттің мұражайы болып табылатын халыққа мәдениетті қалай алып барады? Мәселені шешу үшін алдымен мына жайларды анықтап алайық: зиялыларда не бар? Зиялыларда өркениет бар. Халықта мәдениет бар. Олай болса, зиялылар халыққа мына екі мақсатпен баруы мүмкін: 1. Халықтан ұлттық мәдениет тәрбиесін алу үшін, 2. Халыққа өркениет алып бару үшін. Шыиында да зиялылар халыққа осы екі мақсатпен бара алады. Зиялылар ұлттық мәдениетті тек халықтан табады, басқа ешбір жерден таба алмайды. Демек ұлттық зиялылардың халыққа баруы олардың ұлттық мәдениетке баруын білдіреді. Өйткені, халық - мәдениеттің тірі мұражайы. Зиялылардың балалық шақта алған тәрбиесінде ұлттық мәдениет жоқ болатын. Өйткені, олар оқыған мектептер халық мектептері емес еді, ұлттық мектептер де емес - тін. Сондықтан, ұлтымыздың зиялылары ұлттық қасиеттерден алыстап, ұлттық мәдениеттен мақұрым болып тәрбиеленді. Енді олар осы кемістіктің орнын толтырғысы келеді. Бұл үшін не істеу керек? Бір жақтан – халықтың қалың ортасына ену, халықпен бірге өмір сүру, халық пайдаланатын сөздер мен сөйлемдерге көңіл бөлу керек. Айтқан мақал – мәтелдерін, дәстүрлі сөз қолданысын тыңдап, есту қажет........ .......Бірақ бүгін біз бүл зиялылардың халыққа қарай бір - ақ адым аттай алғамын мойындауымыз керек. Зиялылар шынымен халық арасына бару үшін халықтың ішінде өмір сүріп, одан ұлттық мәдениетті толығымен алуға тиіс. Мұның жалғыз амалы -түрікшіл жастардың ауылдарға мұғалім болып баруы. Жасы ұлғайғандар да ең болмағанда Анадолыдағы ұсақ қалаларға барсын. Міне осылай, халық мәдениетін толығымен қабылдап алғанда ғана Османлы оқымыстылары ұлттық зиялылар қатарына қосыла алады. Халыққа барудың екінші міндеті - халыққа өркениет алып бару. Өйткені, халықта өркениет жоқ. Ал зиялылардың қолында өркениетке бастар есіктің кілті бар. Дегенмен, зиялылар халыққа құнды сый ретінде, төменде көрсеткеніміздей, Шығыс өркениетін немесе оның бір тармағы болып табылатын Османлы өркениетін емес, Батыс өркениетін алып барулары керек. 5. Батысқа бару ...Түрікшіл бағыттағы басылымдар және халқымызға төнген түрлі апаттар ұлтымыздың, үмбетіміздің неден туратынын, оның қайдан келгенін бізге азды-көпті ұғындырды. Бұл мәселелер төңірегінде бүгінде барша жұрттың бірдей ойлана бастағаны байқалады. Бірақ біздің қай өркениет қауымдастығына жататынымыз жайлы мәселеге келер болсақ, бұл тұрғыда арамызда көзқарас айырмашылықтары, тіпті үлкен келіспеушіліктер бар. Сондықтан ұлттық мәселелерді зерттеуге кіріскен кезде бұл проблеманы да шешуге тура келеді. ...Өркениет бірқатар құрылымдардың жиынтығы деген едік. Бір үмбетке тиесілі құрылымдардың жиынтығын "дін" деп атайтыны сияқты, бір ғана ұлтқа тән құрылымдардың жиынтығын "ұлттық мәдениет" дейді. Ал енді осы екі ұғымның жанында "өркениет" ұғымының орны қандай болуы мүмкін? Социология ғылымына сүйене отырып, мәдениеттері мен діндері бір-бірінен өзгеше түрлі қоғамдар арасындағы ортақ құрылымдардың жиынтығын "өркениет" деп атаймыз. Ендеше, ұлттық мәдениеттері мен діндері бөлек қоғамдар өркениетке келгенде бірігіп кетеді екен. Ұлттар арасындағы мәдени саладағы айырмашылықтардың діндегі бірлікке тосқауыл болмайтыны сияқты, ұлттық мәдениет пен діннің түрлі өзгешеліктері де өркениетте ортақ, серіктес болуға кедергі келтірмейді. Мысалы, еврейлер мен жапондар ұлттық мәдениет пен діни тұрғыдан еуропалықтардан өзге болғанымен, өркениетке келгенде Еуропа мемлекеттерімен бір болып кетеді. ...Бұл сөздерден өркениеттің де өзіне тән жағырапиялық территориясы бар және оның шектеулі екенін түсінеміз. Мысалы, бір ертегі немесе бір әдет белгілі бір жерге дейін тарайды, одан ары бармайды. Өйткені, әрбір елдің өзіндік дүниетанымы, әсемдік туралы өзге елден ерекше талғам - түсінігі, өмір жайлы өзгеше көзқарасы болатыны сияқты әрбір өркениеттің өзіндік жүйесі бар. Сондықтан, өркениеттер бір-бірімен араласып кете алмайды. Бір өркениетті толық мойындамайтындардың, оның жеке бөліктерін таңдап ала алмайтыны да осыған байланысты. Алса да иемденіп кете алмайды. Өркениетті де дін сияқты сырттай емес, іштей қабылдау керек. Өркениет те дәл дін сияқты. Оған да шын жүректен беріліп, сену қажет. Осындай тұжырымға келе алмаған танзиматшылардың бізді Еуропа өркениетін сырттай ғана қабылдап, оған кіргізгісі келген әрекеті босқа кетті. Өркениеттердің жағырапиялық шеп - шекарасы бір- бірінен өзгеше болатыны сияқты, олардың тарихи даму жолдары да әрқилы. Бұл даму үрдісінің де әлбетте, басы мен соңы болады. Дегенмен, өркениет көші ұлттық мәдениеттердің ауқымынан әлдеқайда өрісті болғандықтан, олардың ғұмыр жастары да соңғысына қарағанда ұзағырақ болады. Сонымен қатар, кез келген ұлт дамудың жоғарғы сатыларына көтерілген сайын өз өркениет жолын да өзгертуге мәжбүр болады. Мысалы, жапондар соңғы ғасырда Қиыр Шығыс өркениетінен бас тартып, Батыс өркениетін таңдап алды. Бұл тұрғыдан алғанда, ең жарқын мысалды түріктерден көруге болады. Өйткені, түріктер өздерінің әлеуметтік даму барысының бөлек-бөлек үш өркениет шеңберіне енді: қауымдық мемлекет болып тұрған кездерінде түріктер Қиыр Шығыс өркениетше қарасты болды. Сұлтандық мемлекет кезеңіне өткенде олар Шығыс өркениетше кірді. Бүгін, ұлттық мемлекет кезеңінде түріктердің арасында Батыс өркениетше көшу жөнінде күшті ағымның қалыптасқанын көреміз. ...Әскери салада немесе саясатта болмасын, екі қоғамның бір-бірімен соғыса білуі үшін екі жақтың да бірдей, теңдей қарулануы керек. Еуропалықтар өндірістегі үлкен жетістіктердің нәтижесінде танк, бронды автомобиль, ұшақ, дредноут, сүңгуір қайық сияқты қорқынышты қаруларын жасағанда, біз бұларға қарсы тек қарапайым зеңбірек пен мылтық пайдалануға мәжбүрміз. Мұндай жағдайда Ислам әлемі Еуропаның тегеуірініне несімен қарсы тұра алады? Дініміздің, Отанымыздың тәуелсіздігін қалай қорғайды? Дініміз бен Отанымызға төніп тұрған мұндай қауіп - қатерге қарсы тұра аларлық жалғыз ғана құтылу жолы бар. Ол - ғылымда, өндірісте, әскери және құқық салаларында еуропалықтар сияқты алға басу, яғни өркениетте оларға теңелу. Мұның жалғыз ғана жолы бар, ол - бүтіндей Еуропа өркениетіне еніп, кіру. Кезінде танзиматшылар да бұл жағдайды білген және Еуропа өркениетін қабылдауға кіріскен болатын. Бірақ олар қабылдап алған нәрселерін жартылай алды, толық алмады. Сондықтан олар нағыз университеттер аша алмады, дамыған құқықтық жүйені де дұрыстап құра алмады. Танзиматшылар ұлттық өндірісті дамытып, жаңартудың орнына, одан бұрын тұтыну формаларын, яғни киім-кешек, тамақтану, ғимарат пен ішкі еден жүйелерін өзгерткендіктен ұлттық өнеріміз толық құлдырады, ал бұған балама ретінде елде жаңа үлгідегі Еуропа өнеркәсібінің іргесі де қаланған жоқ. Мұның себебі - жеткілікті ғылыми зерттеу жүргізілмей, бағыт-бағдар толық айқындалмай, нақты бағдарлама дайындалмай жатып іске кірісу және шалағайлық. Танзиматшылардың тағы бір үлкен қатесі - олардың біз үшін Шығыс өркениеті мен Батыс өркениетін біріктіріп, үйлестіріп, одан мәдени қоспа жасамақшы болғанында. Жүйелері мүлде бөлек ұстанымдарға негізделген екі қарама - қарсы өркениеттің мәмілеге келмейтінін олар парықтамады. Себебі болмысымыздағы қосарлылықтың өзі - осы қате іс-әрекеттің нәтижесі. Содан келіп екі түрлі оқыту тәсілі, әрқилы бюджет, екі түрлі салық, екі түрлі заң жүйесі шықты. ...Бірнеше ай бұрын Түркияны Ұлттар лигасына кіргізу үшін бір ұйым құрылды. Алайда, Еуропа өркениетіне кірмей тұрып Ұлттар лигасына кіруіміздің бізге қандай пайдасы болмақ? Капитуляциялар арқылы саяси тәуелділікке душар етілген ұлт - Еуропа өркениетінен тыс саналатын ұлт деген сөз. Жапондықтар еуропалық ұлттың санатында тұрған кезде біз әлі де азиялық ұлт саналудамыз. Мұның жалғыз себебі - біздің Еуропа өркениетіне толықтай, басы бүтін кірмегендігімізден. Одан басқа не болуы мүмкін? Жапондықтар өз діндерін және ұлттығын сақтап қалу шартымен Батыс өркениетше енді. Осының арқасында олар әр салада еуропалықтарды қуып жетті. Бұл әрекетімен жапондықтар өз дінінен және ұлттық мәдениетінен бір нәрсе жоғалтты ма? Жоқ! Олай болса, біз неге қорқып, қобалжимыз. Біз де түріктігімізді және мұсылмандығымызды сақтай отырып, Батыс өркениеті шеңберіне неге толық кірмейміз?... ...Қорыта айтсақ, жоғарыдағы түсініктерге сәйкес біздің қоғамдық сеніміміздің формуласы мынандай болуға тиіс: ұлтым - түрік, мұсылман үмбетіненмін, Батыс өркениетіненмін. 6. Тарихи материализм және қоғамдық идеализм ... "Ұлтымыз - түрік" дегендіктен біз тілде, эстетикада, моральда, құқықта, тіпті діни ұстанымда және философияда түрік мәдениетіне (түрік талғамына, түрік ар-ожданына сәйкес) бірегейлік, жаңалық сипат беруге тырысамыз. "Мұсылман үмбетіненмін" дегеніміз үшін де бізге ең қасиетті кітап - Құран-Кәрім, ең ардақты тұлға - әзірет Мұхаммет пайғамбар, ең киелі ғибадатхана - Қағба, ең қастерлі дін - ислам діні болып табылады. "Батыс өркениетіненбіз" дегеніміз үшін біз ілім - білім, философия, ғылым мен технология және дәуірдің озық өркениетіне сай нағыз еуропалықтар сияқты әрекет ететін боламыз. ...Қоғамдық ой-сана елдегі түрлі тоқырау мен дағдарыстар кезінде өте үлкен шабытпен қарқынды дамып, мейлінше құдіретті күшке ие болады. Қоғамдық ой-сананың бұл түрі идеал (мұрат) деп аталады. Қоғамдық ой-сана шынайы мұратқа айналғаннан кейін үлкен төңкерістер басталады. Мысалы, түрікшілдердің ұранына айналған түрікшілдік мұраты жастардан құралған бір топтың ұстанған бағыты болатын. Міне, осы шағын ғана топтың ұранын түрік ұлтына кеңінен таратып, оны ұлттық идея деңгейіне көтерген, Траблусгарб, Балқан және І дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қиын кезеңде ресми сипат беріп, оны шындыққа айналдырған жалғыз Мұстафа Кемал болды. ...Түрікшілдікке келер болсақ, оның да ұлттық мәдениет саласында басталғанын білеміз. Түрікшілдіктің алғашқы аталарының бірі - бұрынғы университетіміздің, екіншісі - әскери мектептеріміздің негізін қалаушы. Медіресе күшті болған болса, университет ашылмайтын еді. Ғасырлар бойына медіресенің қарулы күштерінің сипатында болған янышарлық тұрғанда, әскери мектептер де ашылмас еді. Демек, қоғамдық еңбек бөлінісінің бір нәтижесі ретінде түріктердегі діни қауымдастыққа сүйеніп келген біріктіруші күш енді әлсірей бастаған-ды. Сұлтан Абдулғазиз кезеңінің соңында Ғылыми Кеңес пен университеттің ұйымдастырылуы және әскери мектептерге жаңа тәртіп, жаңа сипат берілуі - осы әлсіреудің нәтижесі. Бұл жаңа құрылымдардың басқарушылары болған Ахмет Вефик паша мен Сүлеймен паша ыдырай бастаған үмбет пен сұлтандық қауымдастықтар аясында бағыт-бағдарсыз қалған халықтарды тіл, ұлттық мәдениет, тарих байланыстары арқылы қайтадан күшейту және жастарды осы мұраттарға сай етіп тәрбиелеу қажеттігін сезді. Бұдан кейін жиырма жылдан соң өмірге келген жекешелендіру және жаңа тіл ағымдары да түрікшілдік мұратында әсіресе тіл мен ұлттық мәдениеттің ықпалды болғанын көрсетеді. Рас, түрікшілдіктің соңына таман ұлттық экономика мұраты да пайда болды. Бірақ бұл мұратты алға тартқандар экономистер де, саудамен шұғылданушылар да емес еді. Олар ұлттың ұлттық құқық, ұлттық мораль, ұлттық педогогика, тіпті ұлттық философия сияқты түрлі құндылықтарын іздеушілер, ұлттық мәдениетті іздеуші түрікшілдер болатын. Ұлттық экономика да түріктерде алғашында мүддесіз мұрат ретінде пайда болды және таза теориялық сипатта еліміздің экономикалық шындығын, яғни ауыл шаруашылығымыздың, өнеркәсібіміздің, саудамыздың түрлі салаларында қолданып келе жатқан құқықтық режимдер мен техникалық формаларды іздестіре бастады. ...Ұлттық экономика ғылымы қайда болса да ұлттық мұраттан бұрын пайда болады, кейін туады. 7. Ұлттық намысты күшейту Әлеуметтік қауымдастықтар үш топқа бөлінеді: отбасылық қауымдастықтар, саяси қауымдастықтар, кәсіптік қауымдастықтар. Бұлардың ең маңыздысы - саяси қауымдастықтар. Өйткені, саяси қауымдастықтар өз бетінше өмір сүретін тәуелсіз немесе жартылай тәуелсіз құрылым болып табылады. Отбасылық қауымдастықтар мен кәсіптік қауымдастықтар болса, сол құрылымдардың бөлшектері, бөлімдері іспетті. Яғни саяси қауымдастықтар - жеке организм, ал отбасылық қауымдастықтар оның органдары тәрізді. Сондықтан отбасылық және кәсіптік қауымдастықтар екінші орындағы қауымдастықтар деп аталады. ...Біздің елімізде болсын, басқа ислам мемлекеттерінде болсын ұлттық намысты оятуға және күшейтуге тырысу керек. Өйткені, дамудың қайнар көзі әрі ұлттық тәуелсіздіктің бастауы мен оның сүйеніші ұлттық намыс болып табылады. 8. Ұлттық ынтымақты күшейту ...Отансүйгіштік моралінің биік болуы ұлттық ынтымақтың негізі. Өйткені, Отан - біз үстінде тұрған жер емес. Отан ұлттық мәдениет деген түсінігіміз, ал біз үстінде тұрған жер оның тек сыртқы көрінісінен құралған. Және оның сыртқы көрінісі болғандықтан да ол қасиетті. Олай болса, отансүйгіштік моралі - ұлттық мұраттардың, ұлттық міндеттерден құралатын мораль деген сөз. Ондай жағдайда ұлттық ынтымақты күшейту үшін бәрінен бұрын отансүйтіштік моралін (патриотизм) күшейту қажет. ...Ұлттық ынтымақтың негізі отансүйгіштік болып табылатыны сияқты, оның екінші негізі - азаматтық мораль. Отансүйгіштік өз ұлтымызды қасиетті деп білуден тұратыны сияқты, азаматтық мораль да ұлтымыздың мүшелері мен оларға ұқсайтын басқа адамдарға құрметпен қараудан тұрады. Қоғам қасиетті болса, оның мүшелері де қасиетті болмай ма? Сондықтан, біз Отанымызды, ұлтымызды қалай сүйсек, отандастарымызды да солай сүюге тиіспіз. Басқаша айтқанда, барлық отандастарын сүймейтін адам өз ұлтын да сүймейді деген сөз. ...Ұлттық ынтымақты күшейту үшін отансүйгіштік моралі мен азаматтық моральден кейін кәсіптік моральді күшейту керек. ...Ежелгі түріктерде отансүйгіштік моралі өте күшті болған. Ешқандай түрік өз елі, яғни ұлты үшін өмірін және сүйікті нәрселерін пида етуден тартынбайтын. Өйткені, ол (ел) Көк тәңірінің жер бетіндегі көлеңкесі болатын. Көк тәңірі түріктердің пікірінше өте қасиетті болып табылатын. ...Ел отырған жерді жүрт немесе өлке деп атайтын. Түрік қайда барса, негізгі жұртын ұмытпайтын, өйткені, ата-бабаларының зираты сонда болатын. Балалық шағы, өте шаңырағы, ана құшағы - бәрі сонда болатын. Түріктің отансүйгіштігіне мысал ретінде хұн мемлекетінің негізін қалаушы Мете қағанды көрсете аламыз. Көрші елдің әміршісі соғыс жариялауға сылтау іздеп, әуелі Метенің жақсы көретін атын сұрайды. Бұл ат мың фарсах қашықтықты алқынбай алатын сәйгүлік еді. Отандастарын соғыстың зардаптарынан қорғау үшін Мете өз сәйгүлігін береді. Екінші жолы көрші елдің ханы Метенің сүйікті әйелін сұрайды. Құрылтайда барлық бектер соғыс жариялауды талап еткенде, Мете: "Өз махаббатыма бола мен Отанымда соғыс өртінің тұтануына рұқсат ете алмаймын" деп, сүйіктісін де дұшпанға қияды. Бұдан кейін дұңху ханы хұн елінен ешқандай өнім бермейтін, халық қоныстанбайтын құнарсыз алқапты сұрайды. Құрылтай пайдасыз алқаптың жауға берілуін пәлендей қауіп санамағанымен, Мете қаған: "Отан біздің ғана дүние-мүлкіміз емес, қабірде жатқан ата-бабаларымыз бен қияметке дейін жалғасатын немерелеріміздің де бұл қасиетті жерден үлесі бар. Жер -халықтікі. Отанның бір қарыс жерін басқаға беруге ешкімнің құқы жоқ. Сондықтан соғысамыз. Міне, мен жауға қарсы аттандым Маған ермегендер өлім жазасына кесіледі" деп, дұшпанға қарсы шаба жөнеледі. Көне түріктер үшін Отанның қандай биік мәртебелі болғанын осы тарихи оқиғадан аңғара аламыз. Ежелгі түріктердің түсінігінше, Отан салт-дәстүрден, яғни ұлттық мәдениеттен құралатын. Махмұт Қашқаридің сөздігінде келтірілген "Елден бас тартуға болады, салттан бас тартуға болмайды" деген мақал ұлттық мәдениетке берілетін бағаның қандай деңгейде екенін көрсетеді. Ежелгі түріктерде билік жүргізу елдің өкілетінде болатын. Шағын елдерде бүкіл ел бір ұлттық мәжіліс (парламент) түрінде болатын. Халықтың тағдырын осы мәжіліс шешетін. Үлкен елдерде ру басыларынан құралатын "той" атты кеңес бар еді, елге қатысты мәселелер бойынша сол жерде қарар қабылданатын. Қағанаттарда болса, ұлттық мәжіліс (парламент) деңгейінде құрылтай бар еді. Құрылтай мәжілістері "кеңес" деп аталатын. "Ел жаман ба, бек жаман ба?" деген мақал биліктің қағанда емес, елде екенін аңғартады. Өйткені қағанды сайлайтын да тағынан түсіретін де Құрылтай болатын. Соғыс және бейбітшілік туралы келісім сияқты маңызды істер Құрылтайдың шешімімен ғана жарияланатын. "Шаң - тозаңда бұйрық оқылмайды" сияқты мақалдар қиын-қыстау күндерде жағдайды халық билейтінін көрсетеді. Ежелгі түріктерде тендік, тең құқықтық өте күшті ұйымдастырылған болатын. Хорезмдегі теке түрікмендерінде тұтқын да, қызметші де жоқ-тын. Әркім өз шаруасын өзі тындыратын. Ел адамдары тең құқықты болатын. Ежелгі түріктерде бір ел екінші елді бағындырғанда, оның саяси құрылымын бұзбайтын. Бағынған елдің бұрынғы басшысы ябғу, яғни "мәлік" атымен (король, патша) бұрынғы жағдайын сақтап қалатын. Қаған оның қасына Шад деп аталатын өкіл тағайындайтын. Бір қаған басқа қағандарды бағындырғанда, оларды оз орындарында қалдыратын. Тек өзі елхан атымен олардың басшысына айналатын. "Ел" сөзінің негізгі мағынасы - бейбітшілік дегенге саяды. Елші "бейбітшілікті жақтаушы" деген мағына береді. Елдіктң символы болып табылатын Тәңірі - бейбітшілік тәңірісі. Қаған бейбітшілік дінін таратушы іспетті. Түрік елхандары бүкіл түрік елдерін бейбітшілікке шақыратын; өзге хандарды "ұлым" деп атайын. Түріктердің бүкіл күресі тұрақты бейбітшілік орнату ісіне арналатын еді. Бүкіл ел хандық дәуірде Манчжуриядан Мажарстанға (Венгрияға) дейін Тұран өлкесі бақытты һәм бейбіт өмір сүрді, олар толық сенімділік аясында болды. Түрік ел хандары басқыншы емес еді. Өйткені, олар түрік елдерін біріктірумен ғана шектелетін, басқа ұлттардың елдерін бағындыруға тырыспайтын еді. Хұн қағаны Метенің екі рет Қытай мемлекетін бағындырғанның өзінде императорлықты қабылдамағаны - осы пікірдің дәлелі. Бейбітшілік моралін Атилладан да көреміз. Атилла басым жағдайда тұрғанның өзінде оған бейбіт бітім туралы ұсыныс жасалған кезде, ол үнемі мұндай ұсынысты қабылдайтын еді.
ТАҒЫ ДА ТІЛ МӘСЕЛЕСІНЕ ОРАЙ
Исмил Ғаспыралы Қазақ және орыс тілдерінде жарық көретін "Дала Уәлаяты газетінің" 23 санында жарияланған Жүсіп Көпеев зайсандық молда Мұхаммед Закир Рамазановтың хаттары назарымзы аударды. Басылым бетінде жарық көрген бұл хаттарда бауырларымыз бір мәселе жайында сөз қозғағанымен, пікірлері әрқилы екен. Мәселен, түрік тіліне араб және парсы тілдерінен енген сөздердің жазылуы төңірегінде өз ойларын ортаға салған Жүсіп Көпеев бауырымыз былай дейді: "Қазақ тіліне енген араб және парсы сөздерін сол қалпы жазатын болсақ, онда халық әсіресе түсінбес сді. Сондықтан, қазақтар оларды тілдік ерекшеліктеріне қарай бейімдеп айтады. Мәселен, "тайифе" – «тайпа», «феһм» - «пайым», «гариб» - «ғарып» сияқты. Осыған орай қазақтардың дауыстау ерекшеліктеріне байланысты жазуды дұрыс деп есептеймін». Ал Молда Закир Рамазанов болса тақырыпты орынды көтергені үшін газет редакциясы мен мақала авторына алғысын айта отырып, өз пікірін білдіріпті. Ол "Дала Уәлаяты газеті" оқырмандарының санын арттыру үшін араб және парсы тілдерінен енген сөздерді сол қалпында жазу қажеттілігіне тоқталады. Оның ойынша, арабша "тазим" сөзі қазақтар арасында "тәжім", "муамеле" сөзі "мәміле" деп айтылғанымен, егер ол сөздер сол қалпында жазылмаса, онда татар және сарт халықтары бұдан ешнәрсе де түсінбейді екен. . "Тәржіман" газетінің өткен жылы жарияланған бір санында бұл мәселе жөнінде кеңірек тоқталып, жазған болатынбыз. Қайталап айтамыз, түрік тіліне енген араб жөне парсы сөздерін өз емлелерімен жазу керек. Өйткені, бұлай болмаған жағдайда мағына өзгеріп, оны оқып, түсіну өзге мұсылман бауырларға қиынға соғады. Жүсіп Көпеев бауырымыз қазақ бауырларды жаңа белеске көтергісі келеді. Дегенмен, оның жолы бұлай емес, жат және бөтен сөздерді қабылдамау болса керек. Ал ол сөзді қабылдап қойғаннан кейін емлені бұзып жазу дұрыс емес. "Фаиде" сөзін - "пайда", "муамеле" сөзін - "мәміле" деп жазу қисынсыз. Өйткені, бұқара халық солай деп айтқанымен, діни кітаптар мен қасиетті Құранда "пайда" және "мәміле" деген сөздерді табу мүмкін емес. Тек қазақтар ғана емес, бүкіл түрік жұртшылығы ислам дінімен бірге араб әліпбиін қабылдағанымен, түрік және араб тілдеріндегі өзіндік ерекшеліктеріне байланысты кейбір қиындықтардың туындайтыны рас. Мәселен, "ф" әрпінің орнына "п", "г" әрпінің орнына "қ" деп айтатындар тек қазақтар ғана емес. Енді не істеу керек? Түрік және парсы тілдерінде бар "п" және "ч" дыбыстары араб тілінде жоқ екен деп, араб әліпбиін ауыстыру ақылға сыймайды. Бұлай ету біздің мұрат-мақсатымызға да сай келмейді.
ҚАЙРАН ТІЛ
Абдурауф Фитрат Дүниедегі ең бай һәм ең бақытсыз тіл қайсы тіл? Білесіз бе? Ол - түрік тілі. Ақын болмақ емеспін, сөздің ақиқаты осы! Дүниедегі ең бай тіл - түрік тілі, ең бақытсыз тіл де - түрік тілі. Тіліміз бұдан бұрын бақытты еді деп пікір айтушылар тіліміздің хал-ахуалын жетік білмейтіндіктен айтады. Бір тілдің байлығы - сол тілдегі сөздің молдығы, сөз тудыру аясының кеңдігі, ереже қағидасының жетілуімен өлшенеді. Түрікшеде сөз байлығы бар ма? Арабша айтқанда, "касрати калимат" қай жерде? Бұл сауал төңірегіндегі айтыс бүгін ғана емес, бірнеше жүз жыл бұрын өріс алғанына Науаидің "Мухакамат ул-луғат-айн" ("Екі тілдің таласы") атты кітабы куә бола алады. Науаидің кітабы түрік тілінің байлығын ашып көрсете алмаса да, түрік тіліндегі сөз молшылығын жақсы аңғарта алады. Науаи жалғыз "жыламақ" сөзінің қолдану аясының көп қырлылығын көрсеткенде, мынадай түрлерін келтіреді: еңіремек, сұңқылдамақ, жыламақ, жыламсырамақ, өкірмек, жылап - сықтамақ. Міне, бір сөз астарындағы жеті түрлі құбылыс аралары білінер-білінбес нәзік айырмашылықпен ажыратылады. Түрік тілінде мұндай құбылыстар аз кездеспейді. Мысалы, арабшадағы нуфуз, мурур, убур: түрікшемізде өтпек, кешпек, аспақ болып шығады. Арабша қанд, азм, амал сөзі тиісінше түрікшеде тілек, қалау, өтіну болып келеді. Арабша зарфкд орай түрікшеде ыдыс, сауыт-сайман сөзі бар. Арабша фанда, манфаат: түрікше жемісті, өнімді. Арабша қалб, тиісінше түрікше жүрек, көңіл болады. Түрік тіліндегі сөз байлығының молдығы тұрғысынан бұдан өткізіп жаза алмасам керек. Енді әңгіме ауанын түрікше сөз тудыру аясының кендігіне қарай аударамын. Мысалы білім сөзінің негізінде туындаған түрік сөздерінің санына көз жіберсек, олар мынадай болып келеді: біл, білер, біледі, білгісі, білгей, білсеше, білейін, білді, біліп тұр, білген, біле бастады, біліп жазды, біліп алды, біліп тұрды, біле береді, біліп білісімен, білгелі, білу, білмеуі, білгір, білік, білікті, білуші, білмекші, білмегей, білмеген, білімсіз, білмес, білместік... Міне, жалғыз атау сөз қаншама қосалқы сөздердің туындауына түрткі болып отыр. Бұл сөздердің әрбірі бұйрық, болымды, болымсыз, шартты, туынды, сондай – ақ мезгіл - мекен, себеп - салдарын негізге алсақ, бір сөзден барлығы 99 сөз жасалатынына куә боламыз. Сөз байлығы деген осы! Енді ереже қағидасына назар салайық. Араб, парсы, орыс, неміс, француз, тілдерінің қайсы бірінің грамматикасын алып қарасақ та, бір сөзді тудыру үшін бірқанша ережеге сүйенеді, сосын сол қағидадан тыс қалған сөздер деп төрт-бес сөз тағы көрсетілетінін байқаймыз. Ал түрік тілінде мұндай сөз табылмайды. Ереже, қағидасыз деген жағдайлар түрік грамматикасында мүлде кездеспейтін жәйт. Тіліміздің тазалығы тұрғысынан қарағанда да мол байлығы, толық толымдылығы жақсы білінеді емес пе? Енді әңгіменің түрік тілінің бақытсыздығына қарай аударайық. Түрік тілі соншалықты бай, толықтығымен де басына түскен бақытсыздықтан құтыла алмай отыр. Түрік тілінің бақытсыздығына басты себеп - араб басқыншылығында жатыр. Араб жаулап алушылары өлкемізге жалғыз саяси ел билеу жүйесін ғана емес, оған қоса дінін, жазуын, әдет-ғұрпын, салт-санасын қоса әкелген еді. Мұсылмандықтың түпкі тамыры Құранмен байланысты. Сол себепті ажам мұсылмандары араб тілін үйренуді өздеріне міндет деп танығандықтан, ол тілді оқыды, үйренді, оған ықыласпен қарады. Бұдан кейін парсы және түрік тілі араб тілінің әлеуметтік иіріміне түсіп қалды. Парсы тілінің жайы мүлде нашарланды. Парсылар өз ана тілін тастап, тек кітаптарын ғана емес, өзара жазу-сызуларын да арабша жаза бастады. Бірақ бұл кіріптарлық ұзаққа созылмады. Парсы тілі бір сілкініспен - ақ араб тілінің бұл әлеуметтік иірімінен босап кетті. Парсы тіліндегі бұл сілкініс иран ақыны Фирдоусидің тарих сахнасына шығуымен байланысты болды. Фирдоуси арабшаға қарсы қаны қайнай шыққан қайраткер, ұлтшыл ирандық еді. Отыз жыл бойы күресе жүріп "Шаһнама" дастанын жазып шықты. "Шаһнаманы" жазуда Фирдоусидің алға қойған екі түрлі мақсаты болды: алдымен, Иран ұлысын арабтар әлемінен суытып, ирандық рух сезіміне бөлемек еді де; екіншіден, араб тілін қолданудан ысырып шығаруды көздеді. Сол үшін де "Шаһнаманың" әрбір бетінде ирандық дәстүрді дәріптеген ақын, арабтарға келгенде:
Зақир шутур хурдан сусимор,
Арабро бажойми расидаст кор,
Ки таххи Каянро кунад орзу,
Туфу, бар ту, чарх кардан туфу! –
деп айғай-сүрең салды. Бұл өлең жолдарының түрікше мағынасы: "Түйе сүті мен жылан етін жеуден басқаны білмеген арабтар сол өреден табылмақ: Иран патшалығының тағын олар сөйтіп жүріп-ақ армандайды; Осы іске себепші болған, тағдыр, сенің бетіңе түкірдім!" - дегенге келеді. Мұның үстіне Иранды арабшыл әкімдер билеген заманда жазылған атақты "Шаһнамада" арабша сөздер жоққа тән. Фирдоуси өзі алдына қойған екі түрлі мақсатын терең сезініп, саналы аңғарғанын білдірмек болғанда:
Бас ранж бурдам соли си,
Ажам зинда кардам ба дини форсий, -
дейтіні бар. Оның түрікшесі: "Бұл отыз жыл мерзім ішінде көп азап шектім; Иранды парсыша жырлап, осы кітапты жазуға тер төктім", - болып шығады. Парсыларды осы жолмен ол араб тілінің бұғауынан босатты. Бірақ, өкінішке орай, біздің бақытсыз түріктеріміз Фирдоусидей бір қайраткерді өз ортасынан шығара алмады. Дүниедегі ең бай тіл болған түрік тілі жалғыз арабтардың зорлық-зомбылығын ғана емес, парсылар тепкісінің астында да езілумен келеді. Көзімізді дүниеге кеңірек ашып қарайықшы, әлемнің ең ұлы хәкімі болған Ибн Синаның тегі түрік. Екінші Аристотель аталған Фараби де түрік. Араб тілін мәңгілікке жандандырып, жаңғыртқан Жауһари түрік нәсілінен шыққан. "Вахдати вужуд" философиясы имамдарының бірі болған Жалаладдин Руми де түрік. Парсы әдебиетінің көшбасшыларынан саналатын Низамидің өзі де түрік. Осы аталған ғылым, өнер саңлақтары - жалғыз түрік ұлысы ғана емес, бүкіл әлемнің даңқ тұғырындағы даналар. Енді түрік ұлысы бұлардың шығармаларынан қол үзіп қалып, тіпті олардың өздерін де жақсылап тани алмай отыр емес пе? Бұдан артық қандай бақытсыздық болмақ?! Ұлы түрік билеушісі Махмут Ғазнауи Фирдоусиді шақырып, түріктерден езіліп, тапталуын көрсеткен "Шаһнаманы" жаздырсын - ақ делік, оның әрбір жолына бір-бірден алтын теңге берсін - ақ делік, одан не шықты? Түрік ұлы болған Осман қағандарының да өз түйгендерін парсыша өлеңмен тебірене жазуын бақытсыздық дер едік. Кавказдық түріктер өз ана тілінің қызмет өрісін тарылтқан парсы тілінің құрметіне орай "саксон жерінде" деген сөздің орнына Хаштот деп сөйлейтін корінеді. Бұл да бақытсыздық. Түрік тілі - бақытсыз тіл. Өйткені ол мыңдаған жылдар бойы езілумен келеді... Бірақ тіліміз түгесілмес, өшпес, жасай берер. Неге десеңіз, оның тамыры терең, байлығы мол, сондықтан мәңгілік өмір кеше бермек. Бірақ ол араб, парсы тілдерінің тұтқынынан бұлқынып шығып, құтыла алар ма, әлде қол-аяғы байлана берер ме? Әңгіме бұл араға тірелген соң бармағымды жараның өзегіне басып жібермек болғаным да рас. Бұл сауалыма ек түрлі жауаптың берілері белгілі ғой: мақұл не жоқ. Енді сол "жоқ" деген жауаптың ауылына ойысайық. Бұлар түрік тілі араб, парсы тілдерінің бұғауынан құтыла алмайды деседі. Не үшін? Алға тосар дәлелдері мынау: Бір себебі сол - араб, парсы тілдері бай. Мұның жауабын жоғарыда бердік, түрікше де бай тіл. Өкінішке орай, бүгінгі түрік әлемінің білімдар жазушылары да осы ескі соқпаққа бет бұрған. Бұған жауап берер болсақ, түрік дүниесінің ұлы хакімдері саналған Фараби мен Абу Али өз шығармаларын арабша жазуға бой ұрған еді. Сіз не себепті солардың соқпағына түстіңіз? Сіз Абу Алидің ізімен жүргенде, біз де сіз салған соқпақпен жүре алсақ керек; екіншіден, түрікшемізде көптеген заттардың аты жоқ дер. Бұған берер жауабымыз: Алдымен бұл сұрақтағы тілегіңіз не? Араб, парсы сөздерінің түрікше баламасы табылмайды демекші болсаңыз, пікіріңіз түбірімен қате, жаңылыс болып шығады. Түрікшені білмейді екенсіз, үйреніңіз. Одан да қазіргі сөздерімізде арабша, парсыша қолданылатын кейбірлерінің түрікше баламасы жоқ десеңіз, дұрыс болар. Біз де оларды қайта ойлап шығармақшы емеспіз. Оларды қабылдармыз, бірақ өзіміздің сөйлеу табиғатымызға бағындырармыз. Мысалы, "қаида" - ның түрікшесі жоқ. "Сарф" - тың түрікшесі табылмайды. Сондықтан бұл екеуін де қабылдармыз. Бірақ сіздердей "Каида - и сарф" демей, "Сарф қағидалары" дерміз. Үшіншіден, ғылым, грамматика атауларының түрікшесі жоқ деседі. Мұны кім айтты? Шындықты алалауға болады ма? Мысалы, "шамс" - тың түрікшесі - күн, "кауакиб" - тің түрікшесі - жұлдыздар. "Меонори" - дің түрікшесі -сұйық от. "Сахоби маһни" - жарық бұлт, "хандаса" - сызық, өлшеу хат, "зовия" - бұршақ... Дұрысы - бірнеше атау, терминдердің түрікшесі бұл күнге дейін таба алмасақ, оларды сақтай тұрармыз. Сөз төркіні осы араға келген соң, айтпай тұра алмаймын, шыдамдылықтың да шегі бар. Қызбалық, дөрекілік көрсетіп: "Сіз ұлтыңызды сүймейді екенсіз", - демекпіз. сол үшін де түрік ұлысы мен түрік тілінің сізбенен ісі жоқ деп есептеңіз. Ал, қарсы пікірдегі кісілер бұл сөзді естімесе де, қыларын қылып тынар! Мен ұлтымды жанымнан артық көрермін дер. Бірақ, бұл сөздің шындығына үңілсек, олары жалған, өтірік қой. Бір мысал келтірейік: сіз түсіңізде бір ару әйелді сүйіп, жан сала ұмтылып үйге кірдіңіз делік. Тәніңе тәні тиіп балқыған соң, арудың бет-әлпетіне қарап тұрып: "Мен сізді жанымнан артық көремін, хас арудың өзісіз, бірақ көзіңіздің аласы көп, соны ойып тастаңыз. Мұрныңыздан жаман иіс шығады екен, соны кесіп алып лақтырыңыз" - десеңіз, аңсаған аруыңыз сізді таяқтап, ызамен үйден қуып шықпай ма? Әлбетте қуады. Ал енді кейбіреулердің "Түрік ұлысын сүйеміз, бірақ тілі қарабайыр, музыкасы татымсыз, тарихы қараңғыда қалған", - деп айтатындар да бір-екі таяқты алып қуылуы керек-ақ...
Қайран, түрік тілі, әйтсе де сен бақытсызсың ғой...
ІІ ТАРАУ. ПАТШАЛЫҚ РЕСЕЙ КЕЗЕҢІ
ПІСПЕК УЕЗІНЕН
Ысмағұл Макин "Алты қатын асқа барса, әрқайсысы мұңын айтар" дегендей - ақ, міне, мен де өз мұңымды айтамын. Қазақ ағайындарымыз болса, азын - көбін оқу - өнерменен көзін ашып, таң атып, күн шығып, күннің жарық сәулесіменен тіршілік қылып жатыр. Ал енді біздің ағайындарымыз болса, түндіктерін көтермей, таңның атқанын білмей шырт ұйқыда жатыр, не боларын білмеймін. Енді ол ұйықтап жата тұрсын, қазақ ағайындарымызбенен тілектес едік. "Әпке киген тонды сіңлі де киеді" дегендей қазақ ағайындарымыз қылған тіршілік бізге де келмей ме? - деп ойлаймын. "Жақсы сыналумен жариды, жаман сыналумен қариды" - деген мақал бар. Осы жақсы сыналу адамының бірімін. Қазақ ағайындарымыздан әр жерден оқу, өнер мен білімділер шығып, газет-журнал шығарып, халқының көзін ашып, пайдасын тигізіп жатыр. Міне, біз бұ қазақ ағайындарымыздың қадірін "Айқап" журналын алдырып оқығаннан бері қарай білдік. "Кісі болар кісінің кісіменен ісі бар, кісі болмас кісінің неменемен ісі бар", - деген сияқты біздің қырғызға газет алып, журнал алып оқыңыздар десек, "газет неге керек, журнал неге керек", - деп аң-таң қалады һәм газет, журнал шығарып ептеп ақша алады екен ғой деп айтады. Құрметті басқарушы, журналыңызды өткен жылдан бастап алдырып оқи бастаған едік. Біз өзіміз "Айқаптың" әдірісін білмесек те, молдамыз Ниязғали атынан былтыр ақша салып едік. Былтырғы "Айқаптың" бір-ақ нөмірі тиген жоқ, өңгесі қолымызға аман тиді. Бұл тимеген нөмірді базарда тұрған ноғай, сарт, дүнгеннің бейбастық адамдары алып жоқ қылса керек! Биыл қашқарлық Ғазатбаевқа ғинуар барысында ақша бердік! Қарақодада тұрған ноғай, сарт, дүнген, қашқарлықтардың көргенсіздігінен біздің ауыл базарынан жиырма шақырым алыстағандай жерде болған соң, бізге жетуі қиын, өз атыңыздан журнал алдырсаңыз екен дедік. Піспек уезіне қараған жиырма болыс қырғыз, он екі болыс қазақ, екі болыс дүнген. Бұл аймаққа қырық сегіз болыс ел қарайды. Осы айтылған мұсылмандардың бәрі де ғылым, өнерден бос жатыр. Қалған кәсіптері партия, дау, жанжал. Міне, осы жиырма төрт болыс қырғыздан біздің болыстан үш бала Уфада "Медресе Ғалияда" оқып жатыр. Бірінші, Ысқақ Қанағат қажы баласы. Екінші, Нарынқол Қабиров, үшінші, Ниязғали, Жақып пен Нарынқол әфенді биыл оқу бітіріп келеді. Міне, осылардың оқығанын жақтырмай, артынан өсек - аяң қылады. Оны айтып не қылайын, "дұшпан не демейді, түске не кірмейді", - дегендей талапты мырзалардың талабын құдай қабыл қылып, ғұмырларын ұзын қылуын тілейміз.
ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ-ТҮРІКМЕН
Шаһмұрат Нәзіри 18 Заманымыздың өзі оқу, оқыту, өнермен айналысып қолдан келген қадірінше алға баруға иждаһат етіп, сол жолда мал-жандарымен қызмет көрсету заманы болған соң, әрбір халық өздерінің кемшіліктерін біліп, осы оқу, оқыту, өнер тарапына көңіл беріп, күннен күнге жоғарылап келе жатқаны әркімге белгілі ғой. Сол иждаһат қылынған нәрселерден тіпті қайырлы болмайынша өздерінің кең сахарасында қымыздарын ішіп, аттарына мініп, дүниенің бар қызығы бізде деп, сол жүрістерін таусылмас нығымет біліп жүрушілердің біріншісі Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз деп атанған қазақтар. Екіншісі Түркістан, Қашқар тарапындағы қырғыздар. Үшіншісі Түркістан мен Астрахан теңізінің арасында мекен еткен түрікмендер. Бұлардың үлгісі қазақтар едік. Бұл қазақтар соңғы екеуіне қарағанда едәуір жақсы. Жақсылықты сол: бұлар оқу, оқыту, өнер істеріне көңіл беріп, алға барушылықты көптен бері іздеушілер. Сол жолдардан адаспай келе-келе осы күнде кәдімгідей алға басты. Бұлардың алға басушылығының белгісі: біз қарасақ, осы күнде Россияда болған әрбір медреселерде, орыс школдарында қазақ шәкірттері оқиды. Тіпті Астраханда қыздар да қалалық мектепте һәм гимназияларда оқиды. Екінші, осы күнде қазақша жазылған едәуір кітаптар бар. Бұл кітаптар қазақтардың өз тілдерін басқа халыққа білдіріп, өздерінің кім екендіктерін танытқаны. Үшінші, сол қайраттары арқасында осы күнде журнал шығаруға да жеттік. Иншалла, "Айқап" журналы өзі ұмтылып тұрған халықты көтермелеп, тағы да ұмтылдырар деген үмітіміз бар. Төртінші, қазақтар бұрын сахарада шашылып жүрсе де, бұл күнде қайсы бір жерде жиылысып қала салуға да мақұлдасқаны естіледі. Тезірек шаһарлы халық болар деген үмітіміз бар. Міне, қазақ туысқандарымыздың осы істерінің бәрі де өздерінің бір табан алға аттағандықтарын білдіреді. Екіншісі, қырғыздар дедік. Бұл қырғыздарға келсек, бұлар да заманымыздың харекетінен пайдаланып, оқу, оқытуға көңіл бөлгендері көрінеді. Неге десеңіз, қырғыздың жастары атырапқа шашылып оқып, өздері болса, мектеп, медреселер салдырып, сол жолда мал-жандарыменен қызмет қылып жатыр. Осы істер қырғыз туысқанымыздың иждаһаттарының барлығын білгізеді. Үшінші, түрікмендер дедік. Келелік бұл түрікмендерге, бұлар қазақ пенен қырғыздай емес, оқу деген нәрсе олардың ұйымдасып жатқанда түсіне де кірмейді. Әлі ескі надандықтарыменен күн өткізіп, өздерінің екі тиын қара ақшаға керексіз болған орынсыз ерегістеріменен ғана жүруші бір халықтар. Оларға Еуропа тарапынан жақсы пікірлі бір кісі барып, өздерінің пайдаларын сөйлесе, қабыл етпейді. Әмма Инжәрадан басынан бақайына шейін тығып толтырып, он бес аршын шалма орап қайтқан бір және өздерінің зарарына сөйлесе де оның аузынан шыққан сөзін жерге түсірмей, өздеріне парыз қылып алады. Міне, түрікмендер сол жәһілдердің сөздеріменен осы заманның білімділерінен құп-құрғақ қу ағаш болып қалғандар. Одан басқа ондайлардың сөздеріне ермей ілгері ұмтылса, түрікмендер де адам баласы ғой, өздерінің кемшілігін біліп оқыр, оқытар еді. Келешек күндеріне қайғырып иждаһат етер еді. Не пайда ол сәлделілердің сөзі көңілдеріне орналасып қалыпты. Олай болса да түрікмендердің тез заманда бұлар ретіне қосылар деген үмітіміз жоқ емес.
ТҮРКІСТАНДАҒЫ 1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС
Абдулкадир 194
1916 жылы Түркістанда үлкен, тарихи оқиға болды. Ресей басқыншылығына қарсы бағытталған қырғыздардың, оларды іле-шала қазақтардың, түркмендер мен өзбектердің көтерілістері Түркістанның соңғы елу жылында болмаған аса маңызды оқиғаға айналды. Патша үкіметі бұл көтерілістерді аяусыз басып - жанышты. Жалғыз орыс әскерлері ғана емес, Түркістанға қоныстандырылған бүкіл қарашекпенді мұжықтар да түркістандықтарға жаналғыштай тап берді. Түркістандағы қалалар қиратылып, ауылдар отқа оранды, бейкүнә сәбилер солдаттардың сүңгісімен аяусыз өлтірілді. 1916 жылғы көтеріліс, шын мәнінде "Азияда бес түрік" кітабының авторы ішінде болған Жетісу қырғыздары арасында басталды. Кейін бұл ұлт-азаттық қозғалысқа Самарқанның өзбектері, Арал маңындағы қарақалпақтар, Каспий төңірегіңдегі түркімендер мен кең даланы мекен еткен қазақтар қосылды. Көтеріліс тек ресми үкіметке ғана емес, бүкіл орыстарға қарсы бағытталған еді. Алман-Австрия майданында жеңіліске ұшыраған шақта бұрқ ете түскен Түркістандағы бұл ұлт-азаттық күрестен Ресей қатты қорықты. Түркістандағы көтерілісті басып-жаншу ісі өкімет үшін үлкен мәселеге айналды. Орыс демократтары арасында либерал ретінде танымал болған және Ресей үкіметі тарапынан талантты қолбасшы ретінде бағаланған генерал Курапаткин Түркістан өлкесіне генерал-губернатор болып тағайындалды. Қозғалысқа қатыспаған бұқара халық үшін барынша демократ болып көрінген Курапаткин көтерілісшілерді аяусыз жазалады. Генерал Курапаткин Патшаға ұсынған есепті баяндамасында көтеріліске қатысты төмендегідей мәлімет берді: "Ресми мәліметке қарағанда 1916 жылғы көтеріліс кезінде орыстар 3709 адамынан айырылған. Бұлардың 2325-і өлтірілген, 138-і хабар-ошарсыз кеткен. Жоғары шенді қызметкерлерден 7, жергілікті қызметкерлерден 22 ресми тұлға өлтірілген. Көтерілісті басу үшін 14,5 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 69 пулеметтен тұратын әскери күш қолданылды". Курапаткин есепті баяндамасында Түркістандағы көтеріліс кең ауқымды қамтығандықтан және оның салдары үлкен болғандықтан, оны басу үшін ерекше шаралар қолданғанын атап айтқан . Курапаткин бекіткен қарар - қаулыларды жүзеге асыру мақсатында 1917 жылдың 1 ақпанына дейін 347 адам өлім жазасына кесілді, 168 адам жер аударылды, 357 адам абақтыға жабылды. Ресейдің жазалаушы отрядтары тарапынан өлтірілген яки асып - атылғандар бұл есепке кірмейді. Жоғарыда айтылған "бес түрік" болған аймақта 2 510 366 гектардан артық жерді үкімет тартып алды, 37 355 қырғыз отбасы үйінен қуылды. "Азияда бес түрік" атты мақалада айтылатын жаппай Қытайға көшкен ел осы қырғыздар еді. Большевиктердің басылымдарында бұл ұлт-азаттық қозғалыс туралы аз айтылған жоқ. "Көтерілістің" сипаты мен себептеріне қатысты көптеген ойлар жазылып, айтылды. Түркістандық коммунистер мен орыс коммунистер арасында осы мәселеге қатысты басталған айтыс-тартыстардың партияның ең жоғары сатысына дейін жетуіне байланысты, түркістандық коммунистердің осы тақырыпты қайта-қайта қаузай беруіне жол бермеу және жергілікті жазушылардың аузын жабу үшін арнайы шаралар қолдану керектігін айтқандар да табылды. Соған қарамастан, осы мәселеге қатысты пікірлер мен тұжырымдар соңғы кезге дейін Түркістандағы орыс және түрік тілді басылым беттерінде жалғасып келуде. Көтеріліс туралы ең көп жазған һәм көтерілістің сипаты туралы орыстар және олардың жақтастарымен айтысып келген тұлға - Түркістанның зиялы коммунистерінің бірі Тұрар Рысқұлов. Рысқұловтың пікірінше ("Қызыл Өзбекстан" газеті, №11,14,15,19,61,63; "Коммунистическая мысль", №2,4) 1916 жылғы көтеріліс "үлкен саяси төңкеріске негіз болған ұлт – азаттық қозғалыс. Ол орыс большевиктері айтқандай байлар мен пан - исламистердің ұйытқы болуымен басталған және буржуазия ұлтшылдарының идеологиясына қызмет еткен қозғалыс емес". Осындай көзқараспен жазылған мақаласында ("Новый Восток", №б, 1924, с.407-434) автор көтерілістің астарында таза экономикалық себептер (жер мәселесі, Ресейден көшіріліп әкелінген келімсектер мәселесі, т.б.) жатқанын айта келіп, Патша өкіметі ресми түрде мәлімдегендей "Жетісу (қырғыз) көтерілісі – пан - исламистер, пан - түркистер, әсіресе, Османлы өкіметінің ұйымдастыруымен пайда болған көтеріліс" емес екенін бұлтартпас айғақтар арқылы алға тартады. Бір кездері патша өкіметін мазалаған көтерілістің сипаты, тарихи тамыры мен себептері сияқты мәселелер бүгін большевик орыстардың мазасын алуда. Түркістан ұлт - азаттық тарихында елеулі орын алатын "1916 жылғы Түркістан көтерілісі" Түркістан жастары үшін сөзсіз білінуі тиіс маңызды мәселе. Осы күнге дейін Түркістандағы түрік тілді басылымдарда 1916 жылты көтеріліске қатысқан адамдардың естеліктерінің жарияланбауы, әрине, өкінішті жайт. Көтеріліске қатысты баспасөз беттерінде жарық көріп жатқан материалдар негізінен көтерілістің сипатын Марксизм тұрғысынан талдаған мақалалар мен патша өкіметінің архивтерінен табылған құжаттардың төңірегінен әрі аспауда. "Жумхуриет" газетінде жалғасып жатқан "Азияда бес түрік" атты еңбек осы тұрғыдан біздің назарымызды аударды. Өйткені автор Адил Хикмет бей 1916 жылғы Түркістан көтерілісінің ең қуатты тірегіне айналған қырғыздар көтерілісіне тікелей қатысқан һәм оған басшылық жасаған тұлғалардың бірі. "Азияда бес түрік" атты мақаланың 1916 жылғы көтеріліске қатысты тұстары бізге жаңа мәліметтер ұсынуда. Әсіресе, мақаланың "Жумхуриет" газетінде 17-22 шілде күндері арасында жарияланған бөлімдері өте құнды. Сонымен қатар ерекше атап өтерлік тағы бір жайт бар. Автор, "Азияда бес түрік" атты мақаласын жазып отырғанда Стамбул басылымдарынан жиі кездестіретін "әсерлі әңгімелердің" ықпалында қалып қойса керек. Немесе ол өзін осылай жазуға мәжбүрледі ме, әйтеуір, мақаладағы өте маңызды тарихи оқиғалар тізбегі қажетсіз әсерлі сөздердің көбігінің астында қалып қоя береді. Мысалы үшін Ресей және Түркістан басылымдарында жарияланған құжаттарда аты жиі аталатын һәм көтеріліске үлкен ықпал еткен Шабдан батырдың балаларымен бес түріктің қарым -қатынастары жайында тағы да нақтырақ айта түсу керек еді. Ал Адил бей бұлар туралы қысқаша ғана мәлімет берумен шектеледі. Осындай ұсақ-түйек кемшіліктеріне қарамастан, адил Хикмет бейдің мақалалары 1916 жылғы Түркістан көтерілісінің көптеген қалтарыс тұстарын ашып көрсетеді. Еңбектің Түркістан ұлт-азаттық тарихын зерттейтін болашақ ұрпақ үшін маңызды құжат қызмет атқаратыны даусыз.
ТҮРКІСТАН
Қыр баласы2'Әлихан Бөкейханов5 Түркістан колония сапарына жарыды білем. Түркістанның ескі үкімет қойған генерал-губернаторы ұсталып, абақтыға жабылып, Петроградқа айдалып кетті. Жаңа уақытша болған бостандық, құрдастық, туысқандық үкіметі Түркістан уәлаятын басқаруға Түркістан комитетін сайлады. Бұл комитетке үкімет өзгерісінің атынан іс қыласың деп ерік берді. Түркістан уәлаятына бостандық, құрдастық, туысқандық шырағында насихатталатын болса Түркістан комитетіне ерік. Бұл сияқты жол Англияның колониялары Австралияда, Канадада, Оранжевая республикасында. Бұлардың өз алдына Г.Думасы бар. Бар законын өз Г.Думасы шығарады. Англия Г.Думасы, палата общин құр бата бере алады. Бұған қарағанда учредительное собраниеден кейін Түркістан өз дегені өзінде колония болар. Түркістан комитетіне сайланған кісілер: 4 Г. Дума члені Н.Н. Щепкин. Бұл кадет партиясының көсемі, шешені, ұлтшыл, соғыстан бері майданда іс қылған. Жаңа заман болып, осы жақсы жаздың күні тұрған соң майдан аралап солдатқа бостандық, құрдастық, туысқандық жөнін айтып 42 қайтара жиылыста сөз сөйлеген. Н.Н. Щепкин Түркістан комитетінің басы, председателі. Қалған Түркістан комитеті кісілері: 1 Г. Дума члені Әлихан Бөкейханов, 2 Г. Дума члені Мұхаметжан Тынышбай баласы, 3 Г. Дума члены Садри Максудов, B.C. Елпатиевский, А.А. Липовсющ, П.Б. Преображенский, Б.А. Шкапский, генерал Абдулғазиз Дәулетше баласы. Преображенский, Липовский Түркістанда туып өскен. Елпатиевский мен Шкапский Түркістанды аралап көріп білген. Түркістан жайына қанық адамдар. Түркістан комитеті билейтін облыстар: Самарканд, Сырдария, Ферғана, Жетісу, Закаспий һәм Бұхара, Хиуа хандықтары. Құдай оңдап, Бұхара һәм Хиуаға бостандық, құрдастық, туысқандық күні туды білем! Қытайға ауған қырғыз қайтса, бұрынғы ата қонысы өздерінше беріледі. Қырғыз қарындасым кір жуып, кіндік кескен жеріне қайтқаны жақсы болар еді.
МҰСТАФА МЫРЗА ШОҚАЙДЬІҢ ХАТЫ
Бас редактор мырза! "Ұлық Түркістанның" 37-нші санында "жұмысшы және солдат депутаттарының өлкелік советінің мәжілісінде Орталық Кеңестен (Шурадан) советке уәкілдер жіберу мәселесі қаралғанда Ташкент Ғұлама жамиғатының жол басшыларынан Серәлі әпенді Лапин мырза қазіргі Орталық Кеңестің мүшелерінің бәрі де "самозванецтер" деді" деген бір хабар басылған еді. Осыған байланысты төмендегі сөздерді газетіңізге жариялауыңызды өтінемін. Серәлі мырза Лапин айтқан сөзінің дұрыс емес екенін өзі де білуі тиіс еді. Өйткені, Орталық Кеңес осы жылдың сәуір айында құрылып, мұсылмандардың бірінші құрылтайында ұлық Серәлі мырзаның қатысуымен Орталық Кеңеске мүшелер сайланды. Ол мүшелер төмендегі кісілер болатын: Серәлі Лапин, Убайдулла Хожа, Шаһиахмедов, Нарботабеков, Ақаев және мен. Осы құрылтайдың қаулысымен Орталық Кеңеске облыстардан да өкілдер сайланған еді. Бұлардың арасында агроном Хидает бек Ағаев, адвокат Оразаев және журналист Мехмет Әли Ефендизаде бар еді. Одан кейін Орталық Кеңес тарапынан шақырылған екі жиында да (екеуі де қыркүйек айында өткізілді) Орталық Кеңестің бүкіл мүшелеріне сенім білдірілді. Серәлі мырза Лапин, Оталық Кеңестің мүшесі болып тұрып, бастапқы Ғұлама жамиғаты тарапынан жасалған құрылтайларда әуелі Орталық Кеңес мүшелерін қайтадан сайлау мәселесін көтерген еді. Қазір түсінікті болып отыр, Орталық Кеңеспен күресу үшін ол Орталық Кеңес мүшелерін "самозванецтер" деп атау сияқты күлкілі сылтау ойлап тапқан. Алайда, Серәлі мырзаның есіне сала кетейік, өзінің жеке басының партия іші "интригаларын" жүзеге асыру мақсатында Орталық Кеңестің аты керек болған кезде Кеңестің өзге мүшелері сияқты өзі де "самозванец" болып тұрған. Ол кезде "самозванец" аталуға қысылмаған, керісінше, Кеңестің мүшелері болмай қалған кезде, оларға хабар бермей, өзіне қажет қарар - қаулылар шығарып, үстіміздегі жылдың 4-мамыр күні жұмысшы және солдат депутаттарының өлкелік советіне жалған мәлімет беріп, оларды да шатастырған еді. Орайы келіп тұрғанда еске ала кетейік, Орталық Кеңестің атын пайдалануға байланысты Кеңес тарапынан 9-мамыр күні шақырылған мәжілісте қарар қабылданған уақытта Серәлі мырза Лапин өзі шығарған қарарға "төраға міндетін атқарушы" деп қол қойған еді.
ІІІ ТАРАУ. ТҮРКІСТАН МҰХТАРИЯТЫ
ТҮРКІСТАН АВТОНОМИЯСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ
Лә иләһә иллаллаһ Мухаммедун Расулаллаһ
Жасасын Түркістан Мұхтарияты!
Түркістан мұсылмандарының төртінші төтенше құрылтайы Түркістан өлкесінде өмір сүретін халықтардың қалауы бойынша, ұлы Ресей төңкерісі тарапынан берілген негіздерге сүйене отырып, федерация негізінде құрылған Ресей республикасымен бірге болатын Түркістанды жергілікті мұхтарият яғни "территориальный автономия" деп жариялайды. Бұл автономияның тез арада құрылып, қалыптасуын жақын арада жиналатын бүкіл Түркістан халқының "Учередителный собраниясына" (Түркістан межлис-и мүше саны / Түркістан құрушы мәжілісі) тапсырады. Сонымен қатар (мәжіліс) Түркістан өлкесінде азшылық болып табылатын ұлттар мен ұлыстардың құқықтарының барлық жағынан қорғалуын салтанатты түрде мәлімдейді.
Қоқант шаһары
Хижри 1336 сене 25 сафер-ул Хайр
Милади 27 ноябір 1917
МҰХТАРИЯТ
Абдурауф Фитрат Түркістан мұхтарияты... Темір қағанның шын балаларының жанында, түркістандық түріктер арасында бұдан асқан құтты, бұдан асқан қасиетті, бұдан асқан сүйінішті сөздің бар екеніне сенбеймін. Түркістан түрігінің қанын қайнататын, иманын арттыратын бір қуат болса, жалғыз осы сөзде бар: Түркістан мұхтарияты. Елу жылдан бері езіліп келдік, қор болдық, қолымыз байланды, тіліміз кесілді, аузымызға қақпақ қойылды, жеріміз тоналып, малымыз таланға түсті, қасиетіміз кірленді, намысымыз ұрланды, құқымызға қол сұғылды, адами қалпымыз аяқ асты болды - төзімді болдық, сабыр сақтадық. Күшке сүйенген әр бұйрыққа бас изедік, мойынсұндық, бүтін байлық - барлығымызды қолдан бердік. Жалғыз ғана бір пікірді бермедік, жасырып ұстап, орап ұстап, сақтап келдік: Түркістан мұхтарияты! Соттың есігінен жылап қайтқанда, жарықсыз түрмелерде жатқанда, жыртқыш жандармның тепкісіне түсіп, жығылып құлағанда, үйлеріміз өртенгенде, діндастарымыз дарға асылғанда өңіміз қуарып, көзіміз суалып, есімізден танып, дүние бұлдыр тартты. Сол кезде түскен рухымызды, езілген еңсемізді көтермек үшін қап-қараңғы соқыр дүниенің жырақ бұрышында бір жарық жұлдыз үміт сәулесін шашып тұрар еді. Түкті көрмейтін көзіміз соны көрер еді. Ол немене еді? Түркістан мұхтарияты! Біз, залым Николай үкіметі қанша өмір сүрсе де, түптің түбінде әділетке ғашық орыс демократиясы мен хаққа сүйенген бір төңкеріс әр ұлттың өз теңдігін өзіне қайтарарын анық білетін едік. Төңкеріс болды. Ресейдің "федеративтік халық республикасы" негізінде басшылық жасайтыны жария етілді. Осымен бірге Украина, татар және басқа да ұлттардың мұхтарияттары қабылданды. Кезек Түркістанға да келген еді. Түркістанның тарихи астаналарының екіншісі Қоқан шахарында жиылған Түркістан құрылтайы 27 қараша күні "ұлттық қадір түніміз" болған кешқұрым Түркістан мұхтариятын жариялады. Алайда мына жайтты да ұмытпау керек, мұхтарият бір құрылтайдың қарарымен шектеліп қалмайды. Мұхтариятты алмақ һәм сақтамақ керек. Құрылтай өз жұмысын жасады. Қалғандары бүкіл міллеттің міндеті. Мұхтариятты сақтау үшін күш керек. Мұхтариятты игеру үшін ақша керек. Бұларға ұлт дайын болсын.
ҚОҚАНТ СИЕЗІ ҺӘМ ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ
Хайретдин Болғанбаев Түркістан мұсылмандарының Қоқант шаһарында болған 4-ші жалпы сиезі 27 ноябырда Түркістан аймағын жер - сулы автономиясы деп иғлан қылды. Бұл Түркістан аймағының ішінде біздің қазақ-қырғыз қоныс қылып отырған бірнеше облыстар бар. Олар: Сырдария, Закаспий, Самарқан, Фергана һәм Жетісу облыстары. Жоғарыдағы сиездің Түркістан автономиясы туралы шығарған қаулысына қарағанда осы айтылған облыстардағы қазақ-қырғыздарда сол автономияның ішінде қалып, мұнан былай не күйде, не қалыпта болса да Түркістанның басқа жұрттарымен бірдей болмақшы. Біздің Түркістандағы ағайындардың ұлт һәм тіршілік қалыптарына айналдыра ой жібермей тосыннан адамдарға олардың жоғарғы сиез қаулыларынан шетке шығуына қапелімде һәм бір дәлел жоқ сияқты. Мұның үшін олардың Түркістан автономиясына қалай қараулары тиіс екендігін сөз қылу біраз орынсыз бір іс көрінуге де мүмкін. Бірақ ұлттардың ілгерідегі негізгі тіршіліктеріне ірге қаланып жатқан осы күнгі заманда мұндай үлкен мәселені әшейін тосын көзбен қарап қана өткізу қата. Автономия иғлан қылып оған кіретін әp түрлі халықтардың ілгерідегі болатын тіршілік қалыптарын белгілеу оншама оңай мәселе емес. Сол автономияның ішін тұратын барлық жұрттардың ілгеріде қызғылықты, еркін тіршілікке жетіп қуатты болулары яки болмаса мұнан былай теріс бағытқа бет алып, түбінде арманда болулары бәрі де осы мәселенің осы бастан дұрыс яки қата шешілуінен тұратын нәрселер. Сондықтан Қоқант сиезінің қаулысы бойынша Түркістан автономиясында есеп қылынып отырған ол ағайындардың бұл мәселені егжей-тегжейіне шейін қарастырулары өте қажет. Оның үшін басқалардың көңілі қалып, өкпесі қабарарлық орын жоқ. Бұл мәселенің жете қаралып, ақтара тексерілетін бір орны сол Қоқант сиезінің өзі еді. Бірақ онда бұл мәселе ортаға салынып талқыға түспек түгіл, тіпті һешкімнің аузын алынбай қалды. Тіршілік қалыптары һәм ұлтшылық салттары түрлі-түрлі болған бірнеше халықтарға бір тон пішіп, оларды бір қалыпқа соғамын деген сиездің мұндай мәселені бүркеп, сөз қылмай өтуі үлкен кемшілік. Қоқант сиезі бүкіл Түркістан аймағын автономиялы деп иғлан қылмақшы боған соң, алдымен сол аймақтағы чалықтардың бір қалыпқа сыя алар, алмасын қарап тексеруге тиіс еді. Бірақ ол болмады. Түркістан облыстарындағы біздің қазақ-қырғыздар туралы Қоқант сиезінің мұндай қата жолға түсуіне бірсыпыра себептер де болды. Бірақ ондай себептерге қарап, мұндай зор қатаны үндемей өткізуге жол жоқ. Бұл сиезде болмаса онан кейін түзетуге күтпейтін қата емес. Соның үшін әлі де болса бұл мәселені тексерудің уақыты өтпеген. Қоқант сиезі Түркістан мұсылмандарының жалпы сиезі деп аталды. Бұған дауласудың қажеті жоқ. Бірақ онда жоғарыдағы облыстардың қазақ-қырғыз халқынан шақырылған өкілдер тегіс келмеді. Тегіс келмеді ғана емес, шеті сырдария облысының бір-екі уездерінен сиез ... арнап жіберген өкілдер ... болды. Жетісу облысынан өкіл де келген жоқ. Самарканд, закаспи облыстарынан да солай болды. Мінекей, жоғарыда айтылған себептердің бір үлкені осы. Рас, сиезде өкіл жібермеген облыстардың да өшейін көлденең адамдар ... басқа ұйымдардан өкіл болып келген кісілер болды. Бірақ олар халықтың сиезге арнап жіберген өкілдері деуге болмайды. Онан соң сиез Ташкентте болшеуиктер қожайын болып Түркістанда шын хүкімет жоғалған мезгілде өткен сиез болғандықтан, оның бірінші көздегені қайтсе де бұзақы болшеуиктерге қарсы бір қайрат көрсетуі еді. Сондықтан өзінің алдында ... мәселелерін жайланып қарап отыруға оның уақыты өте шұғыл келді... Жалпы қазақ сиезіне тоғыз ... сөз болып оңға, солға екшелеген автономия мәселесі онда ... тәмам бола қоймайтын еді. Соның үшін сиез бұл мәселені айнала ... бірнеше сағаттың ішінде ұмар-жұмар қылып бүктеуге де... Осы себеп сықылды тағы да ... себептердің жөнінен ол сиезде қазақ - қырғыз халқының Түркістан автономиясына кіре алып, кіре алмауы үн-түн жоқ жабулы қалпында өтті. Сонысымен ол өз қаулысының ішінде Түркістандағы қазақ-қырғыздарды сыртынан билеп кіргізгендей болып, шеттен қараушыларға оларды Түркістан автономиясында түпкілікті қалған сықылды көрсетіп отыр. 5-13 декабірде Орынборда болып өткен жалпы қазақ сиезі Алаш ұранды қазақ-қырғызды бірге қосып Алаш автономиясын иғлан қылуды кеңескенде Түркістан қазақ- қырғыздары туралы қаншама сөз болды. Сиез ойдағы, қырдағы Алаш балаларын бір тудың астына жиюға ұмтылғанда олардың Түркістанда бөлініп қалу ықтималы мәселені көп ауырлыққа жіберді. Әрине, бұған себеп сол Қоқант сиезінің қаулысы. Әйтпесе, Түркістандағы қазақ-қырғыз Алаш автономиясына қосылмай кетеді деп кім ойлар еді? Қоқант сиезі Алаш ұлының бір шетін жырып алып отырған соң жалпықазақ сиезі оларды тастап бөлек автономия иғлан қылуды әзірге лайық таппады. Әлі де болса олармен тілдесуге әдейі адам жіберіп алуға қаулы қылды. Осы ғинуардың бесінде Түркістанда болатын қазақ-қырғыз сиезінде Алаш ордасы бірнеше адам жіберіп отыр. Олар сонда бұл мәселені үзіл - кесіл ашып қайтпақ. Сонан соң бұл мәселе бүге болса да, шіге болса да Алаш автономиясы расқа оғлан қылынбақ. Мен бұл орында Түркістандағы Алаш баласының Түркістан автономиясына кіру пайдалы ма, жоқ Алаш автономиясына қосыл артық па екенін айтайын деп отырғаным жоқ. Менің мақсатым - бұл мәселенің Қоқанд сиезінде тіпті қозғалтылмағанын көрсету. Бұл мәселе Қоқанд сиезінде ашылмай кеткен соң енді оны бастан-аяқ алдымыздағы Түркістан сиезі шешуі тиіс. Бірақ Түркістандық ағайындар Қоқанд сиезінің қаулысын өздеріне осы күннен міндетті көріп, одан шығуды ауырсынуға орын жоқ. Мұның себебі жоғарыда айтылды. Үйткені онда бұл мәселенің түп қожасы қазақ-қырғыз халқының өз өкілдері толық болған жоқ.
ҚАЗАҚ ҚАНДАСТАРЫМЫЗҒА АШЫҚ ХАТ
Махмұт хожа Бехбуди Ғазиз қандастарым! Мұсылман бірадарлар! Баршаңызға мағлұм, Түркістан, демек, түрік елі болып, мұндағы халықтың қазағы, қырғызы, сарты, өзбегі, түрікмені, татары - барлығы да түп негізде жиһангир Темірдің үрім - бұтағы яки бауырлары. Түркістандағы араб, қожа һәм сайидтар да өз тілдерін ұмытып, бәлкім, түгелдей түрікке айналып, тіпті, араб екендіктерін де жадынан шығарып, барлық жақтан тұтасып, бірлесіп кеткен. Түркістанның бірлі-жарым қалалары мен базбір тауларында парсылар мен тәжіктер бар, десе де, олар да кәміл мұсылман һәм сіздермен бір мәзхабты ұстанады. Тыныс-тіршіліктерінің өзбектерден парқы, айырымы жоқ десе де боларлық. Бауырлар! Біліңіз, қазір Түркістанды тұрақтаған барша халықтар үшін мұхтарият жарияланды һәм сіз мынаны жақсылап есте сақтаңыз, хақ алынады, берілмейді! Сол сияқты мұхтарият та алынады, берілмейді. Яғни мұхтариятты Түркістанның балалары ынтымақтасып, бірлесіп, қайрат қылып алады. Әлбетте, басқалар тарапынан берілмейді. Өзгелердің қолынан келсе, бермеуге тырысады. Біз бостық қылсақ немесе Түркістандағы халықтар бірігіп, мұхтарият алуға ортақ әрекет жасамасақ, әлбетте, қазіргі қағаз жүзіндегі мұхтариятымызды бізге көп көріп, жоқ қылады. Бұл әрине, талассыз шындық, осылай болады һәм бұл сөзге ешкім де дау айта алмаса керек. Енді, жайымыз осылай екен, біз бәріміз, яғни қырғыз, қазақ, өзбек, түрікмен, араб, парсы, жалпы алғанда, Түркістандағы, Қазақстандағы және Түрікменстандағы барша мұсылмандар һәм мұндағы яхудилер мен христиандар бірігіп, одақтасып, осы мұхтарияттың іргесін көтеруге жұмыла қайрат көрсетуіміз лазым - дүр. Егер де біз өз қалауымызбен, шариғат, әдет-ғұрпымызға сәйкес өмір сүргіміз келсе, бәріміз уақыт оздырмай пайдасыз мен - мендіктен бас тартып, өткендегі барлық жайтты ұмытып, жалғыз мұхтарият үшін ғана бар нәрсені құрбан еткеніміз абзал. Мұндай мүмкіндік пен заманның бізге қайта айналып келуіне көзіміз жетпейді, қадірін біліп амал қылу керек. Уақыт өтіп кеткеннен кейін өкінгеннен пайда болмайды. Мынаны да біліңіз, қазақ өз бетімен, шахар халқы мен маңайы өз бетімен кетіп, бөлініп, жеке-жеке мұхтарият жарияламақ болғанда, екеуі де көздеген мүддесіне жете алмайды. Сіз, қазақ қандастарым, жазық жайлауда, кең даладасыз, ләкин, сізден саны көп халық шахарлар мен шахарлардың төңірегіне топтасқан. Тіршілік, өмір солай, дала мен қала халқы бір-біріне өзара тәуелді. Бір-бірінен бөлек өмір сүре алмайды. Қала халқымен бірігіп, мұхтариятты басқарғаннан сіздерге залал емес, бәлкім, пайда келеді. Мұхтарият үшін жалғыз сіз де жеткілікті емессіз, сол сияқты оған өз алдына қала халқы да жеткілікті емес, екеуіңіз бірдей керексіз. Мынаны да есте сақтау керек, сіздер отырықшы халықпен бірігіп, бір мұхтарият төңірегіне топтасар болсаңыз, сіз бен отырықшы халық бір ғана заңға тәуелді болып қалмайсыз, бәлкім, сіздің өмір салтыңыз бен әдет -ғұрыптарыңызға ыңғайлы, соны басшылыққа алған жаңа заңдар жазылады. Оның үстіне шариғат та көшпелі өмір салтын ұстанатын мұсылмандардың әдет-ғұрыптарына кендікпен, түсіністікпен қарайды. Сіз отырықшы халық яки шариғат бізді қыспаққа алады деп ойламаңыз. Жоқ, керісінше, сізге қажет ғұрыптарды ескере отырып, оған тиіспей, өз араларыңыздан шыққан зиялыларыңыз сізге арнайы заңдар шығарады. Тау және шаһар халықтары үшін де ерекшеліктері ескеріліп, түрлі-түрлі заңдар ойластырылады. Тіпті, Түркістандағы кейбір уездер мен қалалар үшін де арнайы заңдар шығарылуы мүмкін. Әр халық пен аймақтың өздеріне тән кейбір ерекшеліктері бар. Яхудилер мен христиандар үшін де арнайы заңдар қарастырылмақ. Осылайша, әрбір халықтың ғұрпы, сенімі мен мәзхабы ескеріледі. Қорыта айтқанда, мұхтарияттың ұлттық мәжілісі заң қабылдар алдында әрбір халықтың ерекшелігін ескереді. Етер де сіз, қазақ бауырлар, отырықшы халықтан ірге ажыратып, өз алдарыңызға жеке мұхтарият жариялаймыз десеңіз, бұдан сіз де, отырықшы халық та залал көрмек һәм екі халықтың да мұхтарияттан нәсібі болмауы әбден ықтимал. Бабаларымыздың бізге айтып кеткен "ұрпағым, әрдайым бір болыңдар" деген мәшһүр насихаты бар. Мысалы, бір талдың бұталарын біріктіріп, бірге байласаңыз, оны ешкім сындыра алмайды, ал бір-бірлеп келгенде ол бұталарды кез-келген көк аттының сындыра алары анық. Міне, бабаларымыздың бізге айтқан насихаты мен тапсырмасы осындай. Шырақтарым! Өзге халықтар, мысалы сербтер, италяндар, армяндар, славяндар, поляктар және басқалар, тіпті, дүниенің бір түкпіріндегі бауырларымен табысып жатқанда, өзін мықты, қуатты мемлекеттерге тәуелді болып, жұтылып, тіпті, тілін жоғалтқан өз қандастарын тауып алып, олармен бірігуге әрекет етіп жатқанда, біз өз ішіміздегі бауырларымыздан көз жазып, айырылып қалсақ, ұят һәм ақымақтық болады. Бұл - түрік тамырына балта шапқанмен пара-пар. Көзі ашық, зиялы қазақтар осыны ойлап, тарихқа қараса, Еуропаның ағайынның арасына от салып, бүлік - фитнә ұйымдастыратын ұлттарды айыру саясатының астарына һәм олардың екіжүзділігіне назар салса екен. Біріккен Түркістан халқының бөлінуіне өзіміз себеп болмасақ екен. Барша бүлікшілер де, өзгелер де әлбетте бұдан зияндық көреді, һәм олармен бірге татарлар да, біз де, мұның залалына ұшырап, бөлінудің жазасын тартамыз. Басымызға түскен ауыр күңдерге жылармыз, бірақ көзі жасы пайда бермейді. Шырақтарым, бірігейік! Көріп тұрсыз, бүгін орыстар да бірігіп жатыр. Қазір бірігу, бірлесу заманы! Егер сіз бөлінсеңіз, түрікмен бауырлар да бөлінсе, онда Түркістан түріктері үшке бөлініп кетеді һәм ешқайсысының да мұхтарияттан нәсібі болмайды. Жетісудағы мұсылмандарға да айтатын сөзіміз осы. Ондағы христиандар жайына келер болсақ, олардың да мынаны есте сақтағаны жөн, біздің мұхтариятқа қосылу, әлбетте, өздері үшін пайдалы болатыны сияқты, Түркістанның өзге де аймақтарына қоныс тепкен орыстар үшін де пайдалы болмақ. Өйткені, олар бірігер болса, ұлт мәжілісінде орыс депутаттардың саны да арта түспек. Біздің мұхтарият жария болғандықтан, Жетісудағы орыстар да оған қосылмай отыра алмас, сірә. Жалғыз сіз бен біз ғана емес, бүкіл Ресей мұсылмандарының бірігуі шариғат һәм ахлақ бойынша парыз - дүр! "Алланың жібіне бірігіңіз және ажырап кетпеңіз" деген Алланың әмірі. Өзге газеттердің көшіріп басуларын өтінеміз.
ЫРҒЫЗДАН
Тілші 28 декабрьде 22 1917 жылы6. Ырғызда автономия хақында жиылыс болды. Әр болыстан ақсақалдар келді. Орынборда болған жалпы қазақ съезі туралы доклад жасалды. Ондағы зиялылардың әртүрлі пікірлері айтылды. Барлық қазақ - қырғыз болып алаш туын көтеріп, өз алдына бөлек автономия болмаққа қаулы болыпты. Мұнан соң уезной комиссар Теміров тұрып сөз бастады: "Алаш Орда" өз алдына автономия бола алмайды. Себебі мынау: Әуелі шаруалығымызға жайсыз, екінші Әлиханға ерсек, ол Сібір автономиясына қоспай қоймайды. Сібір деген жазалы, айыпты адамдардың жайы. Жер байлығы шамалы. Алтыны аз, ағашы азған, елі қырық ру. "Алаш Орда" бөлінбестен Түркістан автономиясына қосылуы тиіс. Себебі мынау: Түркістан өсіп-өнген жеріміз, Түркістан жері нұрлы. Ағаш, егін, мақта жақсы бітеді. Ар жағы Қытай, мына жағы Стамбул, Иран, Ауған, Хиуа, Бұхара - осылармен астарласып, әуелі дінімізді, екінші, дүние талабымызды жүргізіп, халық қатарына қосылып, күшейеміз. Жаңада бір тарихтан оқып көріп едім: Бір әулие адам айтып кетіпті - міс: Адам баласы күншығыста өсіп-өніп, күнбатыстан күншығысқа қарай, баяғы өсіп-өнген жеріне қайтады деген екен. Сол айтқан заман болды ма деп ойлаймын, - деп комиссар сөзін аяқтады. Бұл пікірге қарсы оқыған жастар мынау түрде өз пікірін айтты: Түркістан автономиясына қосылуымыз пайдасыз, адассақ алаш ұранды қазақпен бірге адасайық. Түркістанға Ұлы жүз һәм Орта жүз қазағы қосылмайды. Кіші жүз болып бірігіп Түркістан автономиясына тағы кіре алмаймыз. Себебі мынау: Бөкейлік Орал облысы, Ақтөбе уезі бұл қаулыға кірмес. Олар алаш азып бытырау жағына жүрмес. Егер олар алаш ұранымен шықпаса, сонда ат төбеліндей Ырғыз уезі не қылмақшымыз? Алаш деген ұранымыздан шығып, ордамызды бұзып, бытырап, Кіші жүзден бөлініп қайда бармақшымыз? Өзімізден күш төмен сыртқа барып қол қусырып, тағзым етпекшіміз бе? Қой, бұл ақымақтық! Кешегі Орынборда болған қаулы дұрыс, мұнан бөлініп кете алмаймыз, - деген сөз айтылды. Мұнан басқа да әртүрлі дәлелдер көрсетілсе де, қара халық көнбей, адасқанның алды жең деген мысалмен Ырғыз уезі болса да бөлініп Түркістан кетеміз деген пәтуаны қолдап, жіберетін адамдарын дайындады. Барлығы он бір адам: Басы Теміров, Жаманмұратов, Шектіден үшеу: Наурызбай, Сағынай, Алдасүгір, Төртқарадан: Байғабыл, Кенжәлі, Түлкібай, Жұмакейден: Тұрмұхамед, Назар, Оразымбет молла. Оқыған жастар аз болып, бүктемеде қалды. Бұ қалай? Ел түзей ме деген комиссарымыз елді бұзуға айналдырды. Біз мұнысын Әлиханмен бәсекесі бар шығар деп жорыдық. Әйтпесе, бір төре Қырға тартқанда, екінші төре Сырға тартып, алаштың арасын ірітіп, шірітіп, бытыратып, бірлігін кетіру жағына дем беріп, от жағу алаш ұлына жаны ашитын адамның істейтін ісі емес деп білеміз. Теміровтың көңіліне келетін шығар. Әнеугіде құрылтай сайлауының списогінде депутаттық орнымды сыртымнан билеп Ақтөбеге алып беріп еді. Енді Алаш Ордасына сайланып, өзгелер айына 6-7 жүз сом жалование алып министр дәрежесіне жетіп жатқанда, мен неге қатардан қалып қойдым деп. Қой, қазақ! Біз ешкімнің жоғары шығуға жұмсайтын басқышы емеспіз. Қалай болса солай жетектеуіне ере беретін мал емеспіз. Бастаймын деген адам алашты алаламай, тұтас бастасын. Бақ, береке - бірлікте. Бірлігімізді бұзып бытырату - бізге достық емес. Бізге шын жаны ашитын адам басымызды құрауға сөз сөйлеп, іс қылады.
ҚОҚАН МҰХТАРИЯТЫ ЖАЙЫНДА
(Құрылғанына он жыл толуына орай)
Мұстафа Шоқайұлы
1927 жылы 10 желтоқсан (ескі жыл санауы бойынша 27 қараша) Түркістан ұлттық қозғалысы тарихында аса маңызды орын алады. Өйткені, бұдан тура он жыл бұрын Түркістан өзін мұхтар (автономиялы) деп жариялаған еді. "Қоқан мұхтарияты" - бұл, Түркістан мұсылмандары ұлттық қозғалысының алғаш рет құрылып, қалыптасуы еді. Бұл - біздің отанымыздың ұлттық азаттық жолында абайлап басқан алғашқы қадамымыз болатын. Соңғы кездері Түркістандағы коммунисттік баспасөз беттерінде "Қоқан мұхтарияты" мен оның қалыптасу тарихы жайында көптеген мақалалар жарияланып, түрлі жиындарда да жиі-жиі айтыла бастады. Онда "Қоқан мұхтариятының" алғашқы құрушысы ретінде мені атайды. Бұл ретте ұлттық қозғалыс пен ұлттық мемлекеттің алғашқы ірге тасын қалаушы екенін есту, әлбетте, кісінің көңілін мақтаныш сезіммен қуанышқа бөлейді. Алайда, бұл құрмет маған емес, Түркістан ұлттық ұйымына тиесілі. Ал тікелей маған тиесілі құрмет болса 27-28 қараша (10-11 желтоқсан) күні кешкісін Түркістанды мұхтар өлке деп жариялаған әйгілі әрі тарихи төтенше ұлттық құрылтайға басшылық жасауым болатын. Күні бүгінгідей есімде, құрылтайдың "Түркістан мұхтарияты" туралы шешімін бүкіл өкілдер ерекше қуанышпен қарсы алған еді. Шешім оқылған сәтте құрылтайдағы бүкіл өкілдер тік тұрып тыңдады, ал, оқылып біткенде "Жасасын Түркістан мұхтарияты!" деген ұрандар жаңғырығып жатты. Көптеген кісілер тіпті, қуаныштан жылап тұрды. Тек мұсылмандар ғана емес, жергілікті жәйттер де басқа өкілдерді құттықтап, құшақтасып жатты.
Ташкент қаласында 30 қазан күні билік большевиктердің қолына өткен болатын. Уақытша Үкіметтің Түркістан комитеті мүшелерінің бірі мен едім. Бұл комитет большевиктер тарапынан таратылды. Бас комиссар, генерал Коровниченко мен оның әскери және азаматтық істер жөніндегі орынбасарлары тұтқындалды. Комитет мүшелері Тынышпайұлы Мұхамеджан мен Шкапский әрдайым Жетісуда болып, мұндағы "төңкерісшіл орыс қоныстанушылары мен солдаттары" тарапынан жергілікті қазақ және қырғыздардың қаншалықты қырылғанын тіркеп отыратын. Комитет мүшелерінің бірі, Ташкент кеңесінің төрағасы Иванов Түркістанға астық сатып алу үшін Солтүстік Кавказға жіберіліп еді. Шендериков болса төңкерістің алғашқы күні қашып кетті. Осылайша, Уақытша Үкіметтің Түркістан комитеті мүшелерінен Ташкентте, яғни, Түркістан үкіметінің орталығында жалғыз мен ғана қалған едім. Кейбір орыс ұйымдарының өкілдері маған кезек-кезек келіп, жаңа үкіметке қарсы күрестің орталығы боларлық бір үкімет құруымды өтінетін еді. Мен өзімді бұл қызметті атқара аларлық деңгейде емеспін деп ойладым. Өйткені, бұл күресті нәтижелі жалғастыра білу үшін қолымызда ешқандай құрал да, мүмкіншілік те жоқ болатын. Орыс әскерлерінің бір мұсылманның басшылығы астында әрекет етпейтіні әлбетте, белгілі еді. Әскерсіз қандай күрес болуы мүмкін? Халықтың талабына орай әрекет жасау үшін бір жол бар еді, ол да "мұсылмандар одағын" құру арқылы осы одақтың аты мен байрағы астында бірлесіп, әрекет ету. Ташкент қаласында жиналу біз үшін мүмкін емес еді. Қонақ үйдегі бөлмеме күніне бірнеше рет қарулы орыс әскерлері келіп, кетіп, мені үздіксіз бақылауға алған болатын. Ташкенттен кетуден және бұдан басқа қалада ұйым құрудан басқа амал қалған жоқ еді. Қарашаның бірінші күні екі жолдасыммен бірге Самарқанға бардық. Бұл жерде біз жергілікті тұрғындардың құлаған Уақытша Үкіметтің басшылығындағы ешқандай қозғалысқа қосылмайтынын жете түсіндік. Самарқаннан Ферғанаға келдік. Бұл жерде де жағдай тап солай болатын: құлаған өкіметке жақ бір де бір мұсылман жоқ еді. Уақытша Үкіметтің Түркістан комитетінде қызмет атқарған кезімде жиған азды көпті тәжірибем де менің Уақытша Үкіметінің қорғаушысы әрі жақтасы ретінде жұмыс істеуіме мүмкіндік бермеді. Осы кезде мен Ташкентте құрылған Түркістан атқару комитетінің мүшесі Барановтың қолы қойылған телеграмма алдым. Мені "маңызды келіссөз" үшін Ташкентке шақырған екен. Маған толық еркіндік берілетінін де коса жазыпты. Жолдастарыммен ақылдасқаннан кейін Ташкентке баруға бел байлап, Жаңа Маргиланнан жолға шығып Ташкентке келдім. Бұл жерде күтпеген жағдайда, мені жақсы қарсы алды. Бұдан бірнеше күн бұрын Уақытша Үкімет комитеті орналасқан ескі Түркістан генерал губернаторының сарайына шақырды. Бұл жерде мен жаңа үкімет мүшелерінің бірнешеуін көрдім. Олар жаңа үкіметке жергілікті мұсылмандардың уақытша алынбауы жөнінде қаулы қабылданғанын, алайда, ерекше жағдай болғандықтан, мені жаңа үкіметке мүшелікке қабылдайтынын айтты. Тіпті, Баранов маған "жаңа үкіметтің басшысы болуыңыз да әбден мүмкін. Мұсылман комитетінің торағасы ретінде сіз бізге орасан зор көмек көрсете аласыз" деген еді. Мұсылмандарды мемлекет басқарудан аластау негізінде құрылған үкіметке менің жылы шырай білдіруім, немесе қосылуым, әрине, мүмкін емес еді. Бұл кездейсоқ кездесу маған соншалықты әсер еткен болуы керек, бұлар мен біздің, яғни түркістандықтардың ешқандай ортақ тіл табыса алмайтынын айқын сезіндім. Ташкентте көп тұрақтамай, қайтадан Ферғанаға қарай жолға шықтым. Жаңа Маргилан қаласында "өлкелік мұсылмандар кеңесінің" кеңсесінде болған бір жиында бүкіл Түркістандық мұсылмандардың жалпы құрылтайын шақыру туралы шешім қабылданды. Өйткені, сол аласапыран күндерде саяси мәселенің аумалы-төкпелі жағын реттеп, тұрақтандыратын жалғыз ұйым - осы құрылтай болатын. Біздің, яғни құрылтай шақырып жатқан топтың саяси жағдай мен құрылатын үкімет туралы пікірлеріміз әрқилы болатын. Көпшіліктің пікірінше, үкімет билігі толықтай жергілікті халықтың қолына өтуі тиіс еді. Пікірталас нәтижесінде бұл мәселеге байланысты әзірше шешім қабылдамай, құрылтайда қарау ұйғарылды. Сонымен, жан-жаққа телеграф арқылы хабар жіберіліп, шақыру қағаздары таратылды. Құрылтай 20 -қараша, яғни 8 - желтоқсан күні Қоқан қаласында жиылуы тиіс болатын. Құрылтайдың ашылуына дейінгі бірнеше күнді біз құрылтайдың күн тәртібі мен бағдарламасын жасаумен өткіздік. Облыс және аймақтық ұлттық ұйымдардың жетекшілері мен басқа да ұлттық топтардың белсенді мүшелері шұғыл түрде Қоқан қаласына шақырылды. Біз күн сайын жиналып, құрылтайға дайындалып жаттық. Оқиғалардың одан әрі өрбуіне әсіресе екі ұйым қатты ықпал етті. (Бұл мәжілістер ол уақытта Қоқаннан жырақта жүрген досымыз Б.Н. - ның үйінде өтіп, оның бұл күндері Өзбекстан үкіметінің басшыларының бірі болып отырған інісі де аталмыш жиындарға қатысқан еді). Аймақтардан келгендер өз пікірлеріне табан тіреп, тұрып алды. Олар осы мүмкіндікті пайдаланып Түркістан өлкесін тәуелсіз мемлекет деп жариялауды ұсынды. Тіпті, кейбір өкілдер егер толық тәуелсіздік жарияланбаса, онда ел ішінде көтеріліс болуы мүмкін деп айтты. Алайда, Убайдулла Хожа екеуіміздің көзқарасымыз бұдан басқа еді. Біз тәуелсіздік яки автономия мәселесінде асықпауды ұсындық. Өйткені, Түркістанның қалаларында тұрған әскерлер арасында түркістандық жергілікті әскер жоқ болатын. Ал, төңкерісшіл орыс әскерлері болса, бізге жаулап алынған жерлердің тұрғындары ретінде қарауға үйреніп қалған еді. Жұмысшыларға келсек, бұлардың арасында да жергілікті ұлт өкілдері жоқ болатын - ды. Орыс жұмысшылары бізге "бодан құлдар" деп қарайтын сді. Осы жұмысшы және әскерлердің өкілдерінен құралған Түркістан Кеңес үкіметінің жергілікті мұсылмандардың еркін ел болуына көз жұмып қарай алмайтыны да бесенеден белгілі еді. Бұл жағдай кеңес үкіметінің мұсылмандарға қарсы және жергілікті халықтың дұшпаны ретінде отаршылдық пиғылын ашық аңғартқан еді. Біз сияқты қолында мылтығы жоқ әрі әскери дайындықсыз ұлттың қарулы орыс жұмысшылары мен әскерлеріне қарсы күресуі мүмкін емес еді... Убайдулла Хожа екеуіміздің жасаған ұсыныстарымызды өзге өкілдер қабылдамай тастады. Бізден басқаларының бәрі де тәуелсіздікті қолдап, тұрып алды. Бұқара халық үшін де "тәуелсіздік жариялау" әлдеқайда түсінікті әрі өткір мәселе болып табылатын. Колесов - Успенский басшылығымен Ташкентте құрылған Кеңес үкіметінің негізгі сүйенер күші ішкі Ресейден келген орыс әскерлері мен біздің жерлерімізді тартып алған қоныс аударушылары еді. Оның үстіне, үкіметтің өзі де орыстардың ең оңбағандары мен қасиетсіздерінен құралған еді. Міне, осындай жағдайда Ташкенттегі төңкерісшіл үкімет пен біздің келіссөздер жүргізуіміз мүмкін емес еді. Ұзақ әрі даулы пікірталастан кейін, Түркістанды "автономиялы өлке" ретінде жариялау жөнінде құрылтайға ұсыныс беру туралы шешім қабылдадық. Ташкенттегі зорлықшыл үкіметпен жүргізілген келіссөздер нәтиже бермеді. 25 - қараша (8 - желтоқсан) күні Қоқан қаласына Түркістанның түкпір-түкпірінен өкілдер келді. Құрылтай 29 - қараша күніне кейін шегерілді. Өйткені, құрылтай жұмысын жүргізу үшін бізге мықты бағдарлама даярлау қажет болды. Осы уақыт аралығында жан - жақтан келген өкілдермен жеке-жеке кездесіп, пікірлескенімізде жиылған көпшіліктің "Түркістанның тәуелсіздігін" күтіп жүргені белгілі болды. Сонымен қатар, Түркістанда "әмірлік жариялау керек" деп жүргендердің де бар екенін білдік. Бұлар "Ғұлама" қоғамының (басшысы Шерәлі Лапин) мүшелері еді. Бұлардың пікірінше, Түркия - Османлы ханзадаларының бірі Түркістанға шақырылып, оның таққа отырғызылуы керек екен. Бұқара халық арасында "хан тұқымына" бағыну керектігін айтқандар да жоқ емес еді. Дегенмен, әлбетте, бұлардың барлығы да тек сөз жүзінде ғана болатын. 26 - қараша (9 - желтоқсан) күні бүкіл Түркістандықтардың төтенше құрылтайы салтанатты түрде ашылды және бұл құрылтай халықтың шынайы пікірін білдірді. Ташкенттегі большевиктер бұл құрылтайдың алдында үлкен әбігерге түсті. Құрылтайға жиылған өкілдердің сөздері мен баяндамалары ашу-ызаға толы әрі өткір еді. Орыс әскерлерінің жасаған зұлымдықтарын ашына айтқандар да болды. Әсіресе, татар Сабыржан Юсуфов - кейінірек белсенді большевикке айналып кетті - большевиктерді сынағанда сондай сөздер айтты, тіпті, мәжіліс төрағасы Убайдулла Хожаның өзі шешеннің сөзін бөліп, оны тоқтатуға мәжбүр болды. Құрылтайға жиналған халық өкілдерінің шешімімен, Түркістан өлкесін "Ресей федеративтік республикасының автономиялы өлкесі" деп жариялау туралы ұсыныс бір ауыздан қабылданды. Қарарға қарсы дауыс берген жалғыз өкіл Чанышев деген кісі болатын. Бұл адамның Ташкенттегі орыс үкіметінің тыңшысы екені кейіннен анықталды (Түркістандағы Кеңестік баспасөздің "Чанышев Түркістан автономиясы үкіметінің бас қолбасшысы болып тағайындалды" деп жазуы бекер, жалған сөз. Түркістан ұлттық үкіметі Чанышевты үкімет мүшелігіне алмақ былай тұрсын, бәлкім оны Қоқаннан қуып жіберген шығар. Оның Қоқан қаласына қайта келуі автономияшылар мен большевиктер арасындағы қақтығыс кезінде болса керек, ал бұл уақытта ұлттық үкіметтің тарап кеткені белгілі.) "Түркістан мұхтарияты" деген қарарға ғұлама қоғамының мүшелері де қосылып, тілеулестігін білдірді. Құрылтай "Уақытша халық кеңесін" сайлады. Кәсіпкерлер мен ғұламалардан және ұлттық ұйымдардың мүшелері тарапынан құралатын "Кеңеске" жаңа мүшелер сайланды. Сонымен қатар, Түркістан Құрушы Мәжіліс мүмкіндігінше тезірек шақыру туралы сөз болды. Бұл Құрушы Мәжіліс – Бүкіл ресейлік Құрушы Мәжілістің (Учередительное Собрания) келісімін ала отырып, автономиялы Түркістанның ата заңын даярлауы тиіс болатын. 29 қараша (12 желтоқсан) күні автономиялы Түркістанның ұлттық үкіметін құру міндетін "уақытша халық мәжілісіне" беріп, құрылтай өз жұмысын аяқтады. "Уақытша халық кеңесінің" арасында қайшылықты екі пікірдің бар екені анықталды. Убайдулла Хожа екеуіміз орталық комитет сайлап, уақыттың талабына сай жаңа үкімет құру ісін сол комитетке беру қажеттігін айттық. Ал, қалған мүшелер болса, тікелей "Түркістан үкіметін" жасақтау керек екенін алға тартты. Бұл мәселеде табан тіреп, тұрып алғандардың бірі, әсіресе Түркістан жәйттерінің (еврейлерінің) өкілі Саламон Герцфельд еді. Көпшілік болғасын, олардың айтқаны болды. Соған байланысты, Убайдулла Хожа екеуіміз қайта сөз алып, бізді үкімет мүшелігіне енгізбеуін өтіндік. Өйткені, біз үкімет деп. аталған құрылымның шынайы үкімет сияқты жұмыс істеуін қалаған едік. Бұған керісінше, үкіметтің жұмысын атқара білу үшін біздің қолымызда жағдай да, мүмкіншілік те жоқ болатын. Сондықтан, Убайдулла Хожа екеуіміз "күш-қуаты жоқ үкімет мүшесі болғанша, үкіметтің тысында қалып, автономияның пайдасы мен өркендеуіне әлдеқайда көп үлес қосамыз" деп есептедік. Біз Петерборда өтетін бүкіл Ресейлік Құрушы Мәжілістің (Учередительное Собрания) жиынына баруға тәуекел еткен болатынбыз. Алайда, "Уақытша халық кеңесі" біздің тілегімізді қанағаттандырмады. Біздің екеуімізді де үкіметке мүшелікке өткізумен тынбай, ең жауапты қызметтерге тағайындады. Ал, Петерборға бару мәселесі де Құрушы Мәжілістің белгіленген күнде (1918 жылы 5 қаңтарда) өтіп, өтпейтіні анықталғанға дейін кейінге шегерілді. Ол уақытқа дейін біздің үкіметіміз жергілікті жұмысшы және шаруалардың жай-күйімен жақыннан танысу үшін мұсылман шаруа және жұмысшыларынан тұратын құрылтай шақыру қажет деп тапты. Бұл құрылтай 25 - желтоқсан күні өтетін болып келісілді. Сонымен қатар, Башқұртстан және қазақ-қырғыз ұлттық ұйымдарымен байланыс орнату жөне саяси жағдайды жақыннан біліп, танысу мақсатында мені Орынборға жіберді. "Оңтүстік-шығыс қазақтары одағы" Түркістан ұлттық комитетіне хабар жіберіп, Түркістанның да осы одаққа кіруі жөнінде өтініш айтқан еді. Қоқанда жиылған құрылтай болса "бұл мәселені келешекте жиналатын "Түркістан Құрушы Мәжілісі" қарап, жауап беретін болады" деп шешкен болатын-ды. Бұл - одақты сыпайы түрде шығарып салу еді. Сондықтан Орынборға жүрер алдында аталмыш одақтың саяси ұстанымы жайында кеңірек мәлімет жинау мәселесі де маған тапсырылды. Желтоқсан айында Орынборға аттанып кеттім.
МҰХТАРИЯТ ҮКІМЕТІНІҢ УӘЗИПАСЫ
Түркістанның автономия болғанын барша жүрт мойындады. Ташкентте 20 мыңнан астам адам жиналып, Мұхтарият үкіметіне адал болуға ант берді. Әйтсе де өздерін "Халық комиссарлары" деп атаған бірнеше большевик бұл үкіметті мойындамай отыр. Бұлар әрбір істе мәскеу мен Петерборға жалтақтап, солардың айтқан бұйрығын орындап, жасаған істерін қалтқысыз қайталайды. Петерборда жасалған бір іс айна-қатесіз мұнда да жүзеге асады деп ойлайды ма екен? Алайда мынаны түсіну керек, Түркістан - Ресей емес. Мұндағы халықтың 95 пайызы мұсылман. Біздіңше, қазір ештеңеге қарамай, Түркістан Мұхтариятының уақытша үкіметі Ташкентке келіп, жұмысшы һәм халықтық ұйымдармен кеңесе отырып, басшылықты түгелдей өз қолдарына алулары керек. Бұрын патшаға бағынышты болған әскерлер енді ақырын-ақырын өз елдеріне қайта бастады. Алайда, Түркістан Мұхтарият тарапынан олардың елдеріне оралуы туралы арнайы ресми құжат жарияланбаған екен. Міне, сондықтан, Түркістан Мұхтарият үкіметі қажетсіз әскерлерді әскерліктен босатып, олардың дереу елдеріне қайтуы туралы рұқсат беретін жарлық жариялағаны жөн.
ТҮРКСТАНДА ОРЫС СЪЕЗДЕРІ
Сұлтанбек Қожанұлы Өткен жылғы ноябрь басынан бері қарай Түркістан аймағының билігін болшеуиктер партиясы зорлықпен қолдарына алып, өз үкімін жүргізіп, өз айтқанын қылдырып тұр. Кезінде ірілі-уақты мұсылман ұйымдары: "Біз мұндай зорлықпен күш қылып, бостандыққа қарсы іс қылғандарды танымаймыз. Айтқанын тыңдап, айдағанына жүрмейміз", - деп қарап еді. Бұны елең қылған болшеуиктер жоқ. "Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге енеді" деген осы - дағы. Мұнан да іс шығара алмайтынын біліп, 25 ноябрьде жалпы Түркістан мұсылмандары болып "болшеуиктерге бой ұсынбаймыз" деп, Қоқан шаһарында сиез жасап, автономия ығлан етіп еді. Болшеуиктер бұған да бір жол тапты. Бұл жолы: "Автономияны Түркістанның байлары һәм моллалары ғана істеп отыр. Кедейлердің қатысы жоқ - олар біздің жақта. Соның үшін біз бұл автономияны танымаймыз", - деп отыр. Бұдан тағы іс шықпайтын болған соң, мұсылмандар 25 декабрьде Қоқан шаһарында, жұмыскері бар, егіншілері бар, тағы сиез жасады. Бұл сиезде Түркістан автономиясын жақтап, болшеуиктерге қарсы қаулы жасап еді. Бұған тағы да: "Бұл - кедейлердің байлардан қорқып, жалтақтап етіп жүрген ісі. Онан басқа шын кедейлер бұл сөзді айтпайды. Және мұның үстіне Түркістан аймағында болған қазақ -қырғыз автономиясы туралы бір сөз де айтқан жоқ. Соның үшін де бүгін Түркістан елінің атынан ығлан етілген деуге болмайды. Байлардың етіп жүрген қулығы екені осыдан білініп тұр", - деп тағы дәлел көрсетті. Бұл айтылған соң, бүтін Сырдария облысы қазақ - қырғызы ғинуардың 6-сында Түркістан шаһарында сиез жасап, бұл сиезде Түркістан автономиясын жақтап, болшеуиктерге қарсы қаулы жасады. Енді болшеуиктердің сөзі таусылды ғой деп едік. Тағы бұлай деп жалтарып шыға келді. "Бұл болған сиездердің барлығы да байлардікі. Ішінде кедейлер болса, көбі -байлардың қасы мен қабағына қаратыңдар. Әлі болса шын кедейлер бас қосып, мынау кедейлер қаулысы деп қолға ұстайтын түк жоқ. Соның үшін біз өзіміз шын мұсылман кедейлерінің басын қосып, "мұсылман советін" ашамыз. Солар автономия керек десе, шын қаулы солардікі болады. Соларға ғана береміз", - деп жалтарып шықты. Бұлай бұлтарып, олай бұлтарып, болшеуиктер мұсылмандардан артына адам ерте алмаған соң, көктемде көпшілсініп, қазақ-қырғыз советіне қосылып жүрген болшеуиктер іс басына мінген соң, олардың артынан еріп кеткен Түркістан аймағы кристиандары бас советін бетіне ұстап, орыстарды өздерінше аудару үшін 15-ғинуарда Ташкент шаһарына жалпы крестиан сиезін шақырды. Бұл сиез белгіленген уақытта болып өтті. Сиезде бір өңкей крестиандар ғана болмай, ішінде болшеуик солдаттары һәм жұмыскерлері де көп болды. Келген уәкілдерге тегін үй, тегін тамақ даярлап қойып, болшеуиктер өз сөздерін тыңдату үшін көптің көңілін аулады. Сиезде өзімсініп сөйлеген болшеуик бастықтарының сөзіне елігіп және "буржуй" деген жаман ат бізге де таңылып қалады деп қорқып, крестиандар болшеуиктер не десе соған бас иіп, қабыл алысты. Сиезде жерге "социализация" болып, жер көптің мүлкі болсын, еңбек еткендер ексін, жалдау болмасын, мұны қолдап, жарыққа шығаратын жер комитеттері ашылсын деп қаулы қылды. Бұған қазақ-қырғыз уәкілдері: "Сіздер біздің жерімізде отырсыз. Оны ескі хүкімет зорлық қылып алып беріп еді, енді қайта өзімізге бер деп айтпаймыз. Бірақ қалған жерімізді сізге беріп, ортаға сала алмаймыз. Біздің сөзіміз сөз болатын болса, біз бұған қарсымыз һәм сарт кедейлері де бұған көнбейді. Сіздер монастырь жерлерін "социализация" қылды деп, біздің мұсылман мешіт-медресе жерін олай қыла алмайды. Бұл - шариғатқа дұрыс емес. Әлдекімнен құралған болшеуиктердің бұл сөзі бізге керек емес", - деп қарап еді, тыңдаусыз қалды. Крестиан сиезі өзіне тиісті істердің бәрін осы ретпен болшеуиктерге жағу жағын көздеп бітіріп, автономия мәселесі 18-ғинуарда солдат һәм жұмыскерлер сиезіменен бірге қаралмақшы болды. 18-ғинуарда солдат, жұмыскерлер сиезі ашылып, крестиандар да бұларға жылтыңдап барып қосыла кетті. Өз дегені болмаса, өлім қатарында көретін көкірек болшеуиктер крестиандарды көбейтпей, аз қосқысы келді. Бұл сөздерін орнына келтіру үшін: "Крестиандар ішінде байлар, саудагерлер бар", - деп, соларды қатыстырмау үшін мандат қағаздарын тексереміз деп, бір күнді соған өткізді. Сиезде болшеуиктер есік алдына мылтық асындырып, қару-жарақпен солдаттар қойып, әр қайсысында бір-бір алтыатар болғанын көріп, үргелек, жүрексіз крестиандардың зәресі ұшты. Бір крестиан уәкілі қорыққанынан ақылынан адасып, жындылар қамайтын үйге тапсырылды. Бірте-бірте қорқып қашып, 200-ден аса жиылған уәкілдерден ертеңіне сиезге 82-ақ кісі келді. Болшеуиктер мұны да көпсініп, мандаттарын қарап, 14-ақ адамдікін жарайтын етіп: "Қалғандарың қайта беріңдер, керектерің жоқ", - деді. Крестиан уәкілдері: "Кіргізсеңіз, қалған барлығымызды кіргізесіз, болмаса, 14 адам крестиан атын былғамаймыз", - деп шығып кетті. Крестиандар шығып барып, өзді-өзі жиылыс жасап, Түркістан автономиясы туралы сөз қылды. Болшеуиктердің не қаулы шығарғанын біле алмай, қорыққанынан болса керек: "Біз бүтін бір нәрсе деп айта алмаймыз, - мұны жалпы Түркістан аймағының крестиан, солдат, жұмыскер һәм мұсылмандарының шешуі тиіс", - деп бір нәрсе де бітіре алмай, алды-алдына тарап кетті. Болшеуиктер әуелі мұсылмандар көңілін аулап, өздеріне қаратып аударуға тырысып еді. Мұнан іс шығара алмады. Мұсылмандарды тұзағына түсіре алмаған соң, крестиандарды алдап-сулап, бір жағынан абай - қуқай қылып, қорқытып, керекті - керекті істерін бітіріп алып, бөліне сөйлер - ау деген күмәнді жерге келгенде оларды да итермелеп шығарып жіберді. Халық комитеттерін хүкімет етіп таныды. Жер туралы өз дегендерін мақұлдатты. Мұнан соң ол мұжықтардың керегі не? Крестиан уәкілдерінің сайланған наказдары бар, көбісінің наказында автономияны жақтағаны анық. Мұны көре - тұра болшеуиктер неге оларды маңайына жуытсын?! Сөйтіп, 18-ғинуардағы шақырылған жалпы сиезі аяғында жалғыз солдат пен жұмыскерлер сиезі ғана болып, өздері жасаған істерін бүтін бұқара атынан шешіп отыр. Крестиандарды мүйіздеп айдап шығып, солдат, жұмыскер уәкілдері он шақтысынан басқасының бәрі -болшеуик 74 адам сиез ашты. Халық комиссарларының докладтары тыңдалып болған соң, бірінші қаралатын мәселе автономия болды. Бұл туралы 23-гинуарда сөз болып: "Автономияны жоғалту тиіс. Мұсылмандар өздерін басқарып жүретін шекке жеткен жоқ. Әуелі өзіміз мұсылмандар басын қосып, совет ашып, солар керек десе ғана, береміз", - деп қаулы жасады. Он миллионнан астам мұсылмандарды, олардан қала көп крестиандарды елеусіз етіп, 5-6 болшеуик бүтін Түркістанды билeyгe бел байлап отыр. Түркістан аймағының мұсылманы бар, басқа халықтары бар, бұларды қаңтардағы бурадай ауыздарынан көбіктерін ағызып, сақылдатып қоя ма, жоқ, болмаса, бір нәрсе дей ме, оны келешек көрсетер. Мынау жүре бара түзеліп кетер деп ардақтаған автономиямыз еді. Халық, бұған қол көтерілейін деп тұр, қарсы іс етілейін деп тұр. Мұсылмандар, басқа Түркістан қамын жеген балалары, қайдасыз?! Айтарыңыз бар ма, болмаса, жұмған ауыздарыңызды ашып қала бересіз бе?..
TҰЛA БОЙЛАРЫ ҚАН САСИДЫ
Хайретдин Болғанбаев 31 ғинуардан 10 февралға шейінгі күндер Түркістан халқының есінен өмірінде шықпас. Ол күндерде адам - хайуан өзінің бет аузын Түркістан халқына ашық көрсетті.
Ол күндер - Түркістан тарихында сиямен емес, қанмен жазылатын күндер. Адам пішінді жыртқыштардың ол күндерде Қоқандық көшелерінде істеген сұмдықтарын естігенде денең түршігіп, қаның мұздайды. Жүгені сыпырылып, мейірімі кеткен, аузы көпіріп, көзі қызарған адам – хайуан Қоқандық көшелерінде құтырған қасқырдай кәріні, жасты, еркекті, әйелді талғамай қырған күндер - ол күндер. Топ пулемет оғымен жалғыз хүкімет әскерлерін ғана емес, бәлки неше мыңдаған обалсыз, бейбіт халықты қамыстай жапырып бүкіл Қоқандық шаһарының күлін көкке ұшырған күндер - ол күндер. Тозаңдай күнәсі жоқ есепсіз мұсылман халқының қаны судай шашылып, жаңа ғана қайтып, өсіп келе жатқан бостандық гүлінің адам пішінді жыртқыштар табанында тапталған күндер - ол күндер. Япырмай, осы сықылды үлкен масқара зор сұмдық күндерін де Түркістан халқы бір уақыт ұмытар ма екен?!
Жоқ! Мың қабат жоқ!
Неше бүгін сүйегіне құлдық сіңіп, тамырына ірің толса да бұл күндерді ұмыта қоймас!... Тым болмаса, неше мыңдаған сәбилердің күнәсіз ыстық қандары мен кірсіз, таза аруақтары ұмыттырмас! Тым болмаса өмірінде бет ауыздарын күннен басқа жан көрмеген мұсылман әйелдерінің сүттен аппақ намыстары бұл күндерді ұмыттырмас! Осындай сұмдықтарды көргенде де халықтың қаны неғып бір тұтанбай кетеді? Бұл сықылды масқаралыққа шыдап та мұсылман рухы қалайша қысылып жата береді? Адамзаттың ең қасиетті құқықтарын таптап, күнәсіз қанын судай шашқан бұл сұмдықты не деп айтуға сөз таба алмаймын. Мен түгіл бұл масқаралықты жазбақшы болған тарихшы да оған ұнамды ат қоя алмас. Бұршақтай жауған пулемет оқтары астында тұла бойлары қалш-қалш етіп, екі көздері білеудей болып, құлындаған даусы құраққа шығып шыңғырған жас сәбилердің көргендерін тіл күрмелмей кім сөйлер алар?! Құшағына баласын қысып, екі көзі ұясынан шығып, қайда тығыларын біле алмай, дуалдан дуалға секіріп жүрген мұсылман әйелдерінің сүйреттерін қол қалтырамай кім сала алар?! Көкірегіне шынжыр күйдірілгендей аяқ-қолдары тәлтіректеген, аппақ бастары селкілдеген сорлы кемпір - шалдардың тірідей орға тасталғанын жүрегі сескенбей кім жаза алар?! Жоқ, бұларды ешкім жаза алмас. Бұларды жазуға сол адам пішінді жыртқыштар сықылды жыртқыш болу керек. Сорлы Түркістан! Сен кеше бостандық болды, тендік күні туды деп қашанғы жоғалған еркіндігіңе талпындың ғой. Сен Русияның үлкен өзгерісінің буына желігіп, баяғы айбыны күшті Темірің мен ақылы дана Бабырларыңды есіңе алдың ғой. Жоқ, босқа алданғансың! Шеттен келген буменен өлген теңдік тірілмейді. Сен ол теңдікті шын өксіп, анық сағынған болсаң, өзгеріс буы өзіңнен шықсын! Сырттан - Русия, Еуропадан келген өзгеріс буы саған әл болмайды. Сен әлі тоңсың, күнің ыстық болса да саған әлі бостандық қызуы кірген жоқ. Енді мына көз алдында судай аққан кінәсіз қандар сенің бойыңа жылу жүгіртсе, сонда сен жылынасың. Сонда ғана сен Темірлерің мен Бабарларыңды көресің.
- Аһ! Айнала қан сасиды!
Енді мен бұл қанды көріп бұрынғыдай таң болып қала алмаймын. Бұл қан мені ұйықтатпайды. Бұл қан көз алдымда тұрғанда қалың мақталы дүрия көрпені жылы жамылып жата алмаймын. Тұншықтырады... түсіме енеді. Адам пішінді жыртқыштардың тұла бойлары қан сасиды! Олардың қолына жұққан мұсылман қаны әлі кепкен жоқ. Біздің ұлтын сатып, дінінен безген бұралқылар солардың қолдарын қысып, ауыздарын сүйіп жүр-ау! Ұятсыздар!... Имансыздар!... Кіммен жолдас болып жүрсіңдер?! Достарыңның қолдарындағы жосадай қызыл бояу не екенін білесіңдер ме? Ол - сеңдердің бауырларыңның қаны... Әлде сендер Қабылдың сарқытын ішіп, өз бауырын өзі бауыздаған, өз ұлтынан өзі безінген шоқындысыңдар ма?!
Дені дұрыс бауырларым! Оларға жолама! Олардың тұла бойлары қан сасиды.
МҰСТАФАНЫҢ ХАТЫ
Мұстафа Басқармадан: Төмендегі "Мұстафаның хаты" бізге күтілмеген жерден келіп тапсырылып отыр (Бұл хатты бізге бір жолаушы әкеп тапсырып кетті. Ол қарандашпен жазылғандықтан біраз кірлеңкіреген екен. Бірақ Мұстафаның қолын танып, хатының анық соныкі екеніне көзіміз жеткен соң басып отырмыз). Осы хатты алған соң ғана біз оның амандығын біліп, қуанып қалдық. Онан бұрын оның хақында неше түрлі алып қашты хабарлар есітіп, көңіліміз қамығулы еді. Мұстафа бұл хатты бізге жібергенде, оны газетке басып шығаруымызды өтінген екен. Соның үшін біз оны һешбір түрлі өзгертпестен төменде басып отырмыз. 31 ғинуар күні күндізгі сағат 12-де Хоқанд болшеуиктерінің бізге тапсырған ултиматумын сөз қылып отырғанымызда тасыр - тасыр атылған мылтықтың даусы шықты. Бақсақ: мылтық атысып, соғыс бастаған болшеуиктердің солдаттары екен. Болшеуиктердің бұл ісі өздерінің ултиматумында қойған шартнамасына қарсы келді: олар ултиматумда мәмле шарттарын кеңесуге үш сағат срок қойған еді, һәм сол сроктың уақыты екіден 20 минөт өткенде ғана бітетін еді. Сөйтіп, болшеуиктер өз серттерін өздері бұзып, мәмле сөздің жолын бөгеді... "Шора-и Исламия" үйінде жиналып отырған хүкімет адамдары бар, һәм басқалар бар, "болшеуик солдаттары жақындап келе жатыр" деген хабарды естіп, жан-жаққа тарасып кетті. Сонан соң хүкімет адамдарына енді қайтып екінші бас қосуға һешбір түрлі жол қалмады. Себебі болшеуиктердің мылтық атқан даусын есіткен соң, мұсылмандар қолдарында бар қару-жарақтарын алып, көшеге шығып қалды. Алдында хүкіметтің: "Болшеуиктерге қарсы қару-жарақ алып шықпаңдар. Әлі де болса мәмлеге келерміз", -деген сөзіне олар құлақ қоймады. Өйткені олар болшеуиктердің мәмле сөзін бітірместен, мылтық атуға бас салғанын көрген соң, бұлар жалғыз хүкіметке емес, бәлки бүкіл мұсылман халқына жау болады деп, өз беттерімен қимыл қыла бастады. Сонан соң-ақ хүкіметтің ол арада істейтін қызметі қалмады. Хоқандта болған бұл көңілсіз уақиғаның саяси себептерін бастан-аяқ түгел жазуға әзір заман көтермейді. Соның үшін мен бұл жерде бұл уақиға болғаннан кейін өз басымнан өткен ахуалды ғана көптің алдына ұсынғым келеді. Аудара қарап, ақтара түскен адамға бұл жазғандардан бірсыпыра саяси қыртыстар көрінер. Болшеуиктердің оғынан қашып, Хоқанд қасындағы қышлақтардағы сарт ағайындардың ішінде 5-10 күн жүрдім. Сол аз ғана күннің ішінде көрген жыбыр - жығамды дұшпан да болса құдай болшеуиктерге де көрсетпесін ... Ергеш қарақшы бас болып, Хоқандта сарттар болшеуиктермен соғыс бастағанда, оларда жеңілеміз деген ой тіпті болған жоқ. Соның үшін олар: "Енді сарт заманы болып қалды. Ергешті хан көтереміз. Ферғанада сарттардан басқа жан қалдырмаймыз. Қазақ пен болшеуиктің һешбір парқы жоқ. Ноғай болса, ол мұсылман емес. Себебі Хоқандта бір ноғай мұғалімнің аяғын құбылаға беріп оқытып жатқанын көрдік", - деп қышлақ сарттары үрген местей күмпиіп, сарттан басқа жанның бәрін қырып жібермекке бел байлап, қолдарына пышақ, балта, шот, кетпен, орақ, арқан, жіп, шынжырларын алып, көшеге сыймай күпілдесіп кетті. Болшеуиктерден қашып паналап, мұсылман баласын дос көріп, заманасы тасқан сарттардың ішіне нағыз сол кезде мен де келіп қалған едім. 2 (7) - сыншы фиурал - сәрсенбі күні Гаухана деген қышлақтан бүкіл Ферғанаға белгілі Мүбарак дейтін қышлақта тұратын Мосыхан қажы дейтін ишанның ғалымдар баласы Ғұмархан төремен бірге Елеш қышлағының үстін басып, Құмбасты қышлағына келдік. Жолдасым - атты, мен - жаяу: сарттар жалдап мінуге көлік бермеді. Үстімдегі киген киімдерім - сарт киімдері: аяғымда – кебіс - мәсі, үсте - ала шапан, баста - қазандай ақ сәлде ... Барар жерім белгісіз болған соң, Хоқандтағы соғыс басылғанша, өзіміздің сарттардың ішінде қауіп-қатерден жырақ жүре тұрамын деген ой ғой мені бір қышлақтан бір қышлаққа тентіретіп жіберген! Құмбастыға келген жерде шетінен қару-жарақ асынған 20 шақты сарттар келіп, мені шап беріп ұстап алды.
− қә, сен кімсің?
− Мұсылманмын.
− Қайсы мұсылмансың?
− Қазақпын.
− Қазақ қашаннан бұ иақ мұсылман?
− Әлімсақтан бері мұсылман.
− Шу қазақтың мұсылмандығына біздің шәкіміз бар.
− Сендердің шәктерің болса, біздің қазақтың шаһиды бар.
− Шаһиды нимә? Қаны, айтын! − Шаһиды - шиш кәлима дүния (Бұл шиш кәлима дүнияны) маған бастан – аяқ түгел айтқызып шықты. Қандай бақ беріп, жас күнімде жаттап алғандарымның ұмытылмағаны мұндай абырой болар ма? Осындай тергеу қылып болған соң, менің мұсылман екендігіме сарттар анық сенгендей болса да, онымен қоймай, тұс-тұстан анталап, ол жер - бұл жерімді шұқылап, мұсылманшылықтың онан да көзге көрінетін "нәшнәсін" іздеп бақты. Сол уақытта қасымдағы менімен бір жетіден бері таныс жолдасым Ғүмархан төре ат үстінде маңқиып, тамаша қылып тұрганнан басқаша һешбір жәрдем көрсете алмады. Ол бүкіл Ферганага атақты бір ишанның баласы болғандықтан, маган жэрдем қылайын десе, бір ауыз сезі ем еді. Ақырында мынау сарттардың жуық арада мені жібермейтініне көзі жеткен соң атын борбайга бір салып, "шуу" деп жүріп берді ...
Сарттар менің мүсылмандықжагымнан һешбір кінә таба алмаган соң:
- Сен қазақ бүл жақта нағып жүрсің? - деп сүрады.
Мен өтірік қоспай, жайымды айттым, һәм Мосыхан қажы ишанның үйінде бірнеше күн меһман болып жатқанымды да сөйледім. − Мосыхан қажы ишанның үйінде жатқаның рас болса, оның баласы сені неге тастап кетеді? - дейді сарттар. Мен олардың бұл сауалына не деп жауап берерімді білмедім ... Жолдасым молла Ғұмарханның көңіліне ғылым толып, онда жолдастыққа да орын қалмаған екен. Енді сарттар мені осы жерден ұстады. "Бәрібір бұл кім болса, ол болсын, қайдан шықса, одан шықсын - әйтеуір сарт емес екендігі ақиқат. Онан өзі де танбайды. Мұны өлтіру керек. Енді заман сарттардікі. Бізге қазақ та бір, болшеуик те бір", - деп, қолымнан жетектеп, қышлақтың шетіне қарай, көшеменен "Қазақ ұстадық!" деп айқайлап, тұс -тұстан адам шақырып, алып жөнелді.
Мені өлтіруге жиналған адамның саны 70-80-дей болды.
Бәрінің қолдарында қарулары бар: мылтық, қанжар, пышақ, келтек, сота, шоқпар ... Менде өлмеймін деген ойға орын қалған жоқ. Ақырында өлтіреміз ғой деп сарттар мені ұрып, соғып, әуре де болған жоқ. Екі көшенің айырылатұғын жерінде үлкен бір аташтың түбіне отырғызып, сарттар мені өлтірудің жабдығына кірісе бастады. Екі қолым артыма таңулы. Екі көзім байлаулы, мойнымда қара қайыстан тұзақ - ажалды күтіп мен отырдым! Сарттардың ниеті - мені екі аяғымнан ағашқа асып қойып, атып өлтірмекші. Өзгелерден гөрі маған рахым қылған сарттар бытырамен атса, жаны қалар деп, мылтыққа жалғыз оқ салды... Құдайдың ғажап құдіретіне, қаталдығына күмән келтіріп болмайды. Дәл осы тайғақ кешу, тар жолды Алла ғаділдігі алдымнан шықты!.. Енді асамыз деп даярланып отырғанда, бір сарт келіп: "Сендер мұны қазақ дейсіндер. Қазақтың да неше түрлісі болады. Бұл өзі қандай қазақ екен, көрейік", - деп көзімді шешкізді. Ол сарт көзімді шешкен соң, бетіме тура қарап жіберіп: "Ассалаумағалейкум, Мұстафа әфенді!" - деп, жалма-жан байлаулы қолымды босата бастады. Екі көзі жасқа толып, мойнымдағы тұзақты пышақпен қиып жіберіп, отырған орнымнан тұрғызып, өзге сарттарға менің кім екенімді баян қылып, көп сөз сөйледі. Сонан соң есірген сарттар өздері өлтіруді қойып, мені Хоқандқа Ергеш қарақшының алдына жібермекші болып, шаһарға бара жатқан адамдардың біреуінің артына міңгестіріп, жөнелтіп салды ... Енді әлгі мені өлімнен құтқарған сартқа келейік. Бұл сарт (атын білмеймін) былтыр пірдікар болып, соғыс тарапына барған көп сарттардың бірі екен. Ол былтыр жұмыс басында жәбір көріп, Ферғанаға қашып бара жатқанда, Петерборда маған кез болып, менен жолқаражаттық пұл алып, қажеті шыққан екен, һәм былтыр мен биыл менің Петерборда, Түркістанда қылып жүрген қызметтеріме де сырттай қанық екен. Құмбастыдан шығып, айдалған арестантқа ұқсап, кейін оралып, жоғарыдағы айтылған Елеш қышлағын басып, Гаухана жөнелдік. Елеш һәм Гаухана қышлақтары арасында бір сай бар. Сол сайдың басында олай-бұлай өткен сарттан басқа жанның бәрін ұстап, тергеп тұрған мылтықты үш сарт кез болды. Менің бөтен екендігім һәм ықтиярсыз шаһарға айдалып бара жатқанымды білген соң, олар көп сөзге келмеді, мені атып өлтірмекші болды. Аттан түсірді. Жар басына отырғызды. Мені бастапқы тұзақтан шығарған сарт Құмбастыда қалған. Енді бұл оқтан мені кім құтқарар? Әйтеуір, көп қиналмай, жылдамырақ өліп кетсем екен деп, көзімді басып отыра бердім. Желлад сарт өзінің мергендігіне сыйынып (менің жүрекке тигізе атсаң, қиналмай бірден өліп кетсем дегеніме болмай), көздеді ме, көздемеді ме - тарс еткізіп атып салды. Құдай сақтады - оқ тимей зу етіп, жанап кетті. Сонан соң сарттар: "Бедбақтың бақыты бар екен!" - деп қайтадан атқа міңгестіріп, жөнелтіп жіберді. Гауханаға жеткен жерде әлгі қышлақтың болысы (Қайнар болысы) Жетімқұл Мұхамметқұлоғлы кез бола кетті. Ол мені бұрыннан таниды екен. Жайымды сұрап білген соң, жанымдағы мені алып келе жатқан сарттарға кейіп, өздеріңді атып өлтіремін деп ашу қылып, оларды қуып жіберді. Жетімқұл болыс мені өз үйіне алып барып, қонақ қылған соң, өзімнің айтуым бойынша қасыма жігіт қосып, Құдаш болысына қарай шығарып салды. Көрназар деген қышлақта Құдаш болысына жолығып, оның да мені бәледен құтқара алмайтынына көзім жетіп, қайтып айналып Гауханаға келіп, Хоқанд соғысы бір жайлы болғанша, сонда жатып алдым. Хоқанд соғысы тоқтады. Ергеш қарақшы қашып кетіп, шаһар болшеуиктер қолында қалды деген хабар келді. Сонан соң "сарт заманы" да жоғалғанын сезіп, сарттар ішінен желі шығып, солған қарындай жым болды. Қышлақ сарттарының пейілін білген соң, ертерек бұлардың арасынан шығып кетпекке қам қалдым. Бірақ көлік жоқ. Ақшаға иә салт ат, иә ат арба табылмай, жол бастауға жолдас шықпай, жаман қиналдым. Заманасы көшкен сарттар тым болмаса жөн сілтеп, қышлақтарының атын айтпай, жаяу жүріп, шаршап келгенде, таңдай жібітуге шай бермей, талай қорлықтарды көрсетті - ау! Алдында екі құн бұрын сарттан басқаның бәрін қырамыз деп, үрген іштей кеуіп жүрген сарттар "қазақсың" деп өлтірмек болып бір қинап еді. Енді болшеуиктер жеңген соң, хан көтеретін Ергештері қашып кетіп, солған сарттар жөн сілтеп, жол көрсетуге кежірлік көрсетіп, тағы ыза қылды. Екі күн жаяу жүріп, осындай бейнеттер шегіп, Дағыстан деген қышлаққа келдім. Сонда тоғыз жүз сомға ат алып, екі жүз тоқсан сомға жолдас жалдап, "қазақ - қырғыз, қайдасың?" деп, қарлы таулар асып, жөнеліп кеттім. һәм сарттарға сол арада "хош!" айттым. Көргендерім көп еді. Өзім осы күні көшпелі салтқа түсіп, ат үсті болғандығымнан, орнығып отырып, толықтырып жазуға уақытым жоқ, шырақтарым. Жеке жүрген б-ауырларыңның дос тұтқан жақыннан дұшпандық көріп, көңілі қапа болып тұр. Сөйтсе де Құмбастыдан басқа жер көрмеген, сарттан басқа ел көрмеген ғауамдардың маған қылған жаманшылығын бүкіл сарт халқына жапсырғым келмейді. "Бірлік Туы" арқылы алаш азаматтарына сәлем. Құдай тірлікте күліп-ойнап жолықтырсын. Жатқан жерім белгісіз, жария қылып болмайды.
4 (11) - інші фиурал. "Тау арасы".
БҮГІНГІ УӘЗИПАМЫЗ
Түркістан мұсылмандары үлкен үміт артқан Ұлт Мәжілісі мен Уақытша Түркістан үкіметі асқан озбырлықпен күштеп таратылды. Мұсылманның "большевик" яки "интернационал" болуы әбден мүмкін. Өйткені, қазіргі кезде билік басында отырғандардың өздерінің барлығы да большевик емес. Олардың арасында социал - революционерлер, солшыл демократтар, интернационалдар, максималистер сияқты көптеген саяси көзқарастағы адамдар бар. Бұлар алдарына жалпы жұмысшылар мен дихандардың, шаруалардың пайдасы үшін күресуді міндет етіп алған. Біздің мұсылман өкілдерінің бүл іске аз араласуы себепті мұсылман жұмысшылары мен дихандарының пайдасы өз дәрежесінде қорғалып жатқан жоқ. Кембағал, кедей, аш адамдар үшін елімізде күн сайын мал-мүлік миллиондап жиналып жатқан тұста Ташкент көшелерінің өзі аш-жалаңаш адамдардан аяқ алып жүргісіз. Ауылдар мен қалаларда аштықтан ісіп өлгендердің саны қисапсыз. Қоқандағы саясатқа ешқандай қатынасы мұсылман бұқара халықты қырғынға ұшыратып, елінен, жерінен қуып шығуда ...Міне, осындай жайттарды ойлаған сәтте мүшкіл, аянышты хәліміз үшін екі көзге мөлтілдеп жас келеді. Енді өткен іске салауат айту керек. Бұдан кейін ондай жағдай болмасын деп тілейік. Бұл үшін біздің демократ, халық қамын ойлайтын жастарымыз бен жұмысшы - шаруа өкілдері жиналып, бас қосып, өздерінің ұйымдарын құрып һәм осы ұйымдардың атынан кісілер сайлап, бүгін билік басында отырған үкіметтің құрамына кірсе екен. Әйтпесе қазіргі ахуал шынында қиындап, күн өткен сайын ауырлап барады. Егер бұл жағдайда ғапіл қалып, ұйықтап жата беретін болсақ бармақ тістеп, бек ұзақ уақытқа дейін өкінуге тура келеді.
КОКАНДСКАЯ АВТОНОМИЯ
Н. Тюрякулов Прежде чем определить социально - политическую сущность "Кокандской Автономии" и охарактеризовать те общественные группировки и течения, которые вызвали се к жизни, необходимо набросать краткий очерк предыдущей истории Туркестана. После завоевания и присоединения Туркестана к территории бывшей Российской Империи, общественно-политическая принесшие с собой административно-политические порядки самодержавия, принесли с собой также те капиталистические отношения, которые существовали в помещичьей России. Широкой и безудержной волной хлынула сюда масса частных предпринимателей, чиновников и искателей легкой и легальной наживы, нашедших в этом крае такое "золотое дно", которое можно было бы сравнить разве с тем, что находили первые испанцы в Америке. Туркестан был включен, как определенная экономическая единица в общехозяйственный план Российской буржуазии, и с того момента он стал ее колонией. Торгово-цеховой строй городов постепенно стал распадаться. Патриархальному быту деревни был нанесен жестокий удар. Наиболее жизнеспособные торговые элементы городского населения начали приспособляться к новым условиям и извлекать из них максимум выгоды, выделяясь сами в определенную классовую группировки. Край стремительно начал подходить к тому историческому периоду, который характеризуется первоначальным накоплением капитала. Финансовый, а отчасти и промышленный капитал, который проник главным образом в наиболее экономически развитые районы страны (Фергана и т.п.) так быстро капитализировал край, что в результате более 50-тилетнего существования русской власти социальные отношения между отдельными группами населения приобрели характер отношений эксплуататоров и эксплуатируемых. Если туземная торговая буржуазия, выросшая и окрепшая исключительно под крылышком русской власти была и довольна, по крайней мере, в первое время своим новым положением, то впоследствии она стала чувствовать те стеснительные узы, которыми она была опутана русской властью, защищавшей интересы исключительно буржуазии метрополии. С другой стороны туземная буржуазия постепенно открыла борьбу с теми агрессивно настроенными клерикальными слоями населения, которые всячески тормозили прогрессивное развитие туземного общества; и эту борьбу между буржуазией и духавенством стала осуществлять и доводить до конца та мусульманская буржуазная интелегенция, которая выросла и воспитывалась отчасти на суфийской (протестантской) литературе Ирана и отчасти на европейской, выдвигая почти те же лозунги и идеи, что и русские западники в середине прошлого столетия в России. Борьба эта первое время велась вокруг тех общественных организаций, которые массами создавались в период Керенщины. Период Керенщины наиболее характерен для опре-деления соотношений между общественными группами коренного населения. Выборы в городские думы опре-деленно показали, что наиболее организованные массы клерикалов все еще не терявших надежды на власть и влияние, при известных условиях блокируются с соответственными группами, европейского населения и захватывают власть. Так было в Ташкенте, где городская Дума и вся муниципальная власть очутилось в руках духовенства и где либеральные круги туземной буржуазии и инте-легенции были оттерты самым бесцеремонным образом. О рабочих организациях мусульман, которые носили в тот период еще только зародышевый характер, не приходиться говорить. Они были скорее в потенции, ибо при отсутствии фабрично-промышленного пролетариата в крае не имелось на лице тех объективных данных, которые необходимы для зарождения самостоятельных рабочих организаций. Первые же попытки выступления рабочих организаций кончилось разгромом их; они потерпели полнейшее фиаско в борьбе с клерикалами и буржуазными слоями. Буржуазные элементы и либеральная интелегенция, которые могли бы в той ситуации перенести центр опоры на широкие массы трудящихся и таким образом успешно ликвидировать клерикализм, не достаточно учли себе новое положение, и іаким образом, они в дальнейшем, по крайней мере, в тот ренолюционный период не сьпрали крупной роли. Волна гябрьского переворота, докатившаяся до Туркестана метала как буржуазию, так и трудящиеся масса неорганизованными и политически невоспитанными. Вполне естественно, что носительницей идеи национального "целого" и лозунгов "автономии", под которыми буржуазия могла укрыться вполне со своими классовыми идеалами и задачами, явилась та мусульманская интелегенция, которая есть плоть от плоти туземной буржуазии. И с этого периода начинают зарождаться организации, положившие начало и толчек тому движению, которое потом получило название "автономного движения". Туземная буржуазия, в тот момент не вполне представляла себе основные принципы общероссийского пролетарского движения и переворота, думала под шумок обделать свои делишки, сгруппировавшись в Шура-Исламиа (Мусульманские Советы), возглавляемые Краевым Шура-Исламиа. Эти мусульманские Советы, не являвшиеся административными органами, имели то значение для мусульманской буржуазии, что они принимали участие в разделе власти с меньшевистскими и лево-эсэровскими Советами. Они претендовали на роль выразителей мусульманской "точки зрения" во всем и защитников "мусульманских интересов". Общий ход истории оказался гораздо сильнее, чем тот национальный антагонизм, который существовал между различными народностями Туркестана. Киргизская интелегенция, вышедшая из той массы кочевников, которая смотрела на земледельческое узбекское и торгово-ремесленное население городов как на исконных наследственных врагов своих, пошла на услужение к мусульманской буржуазии. Попытки, которые делались мусульманской интелегенцией для примирения экономически непримиримых элементов, путем ссылки на авторитет объединяющих всех Ислама, на общее происхождение тюркских народностей, кончались полной неудачей и только "автономное движение" на один момент могло все же сплотить эти элементы. Нужно пологать, что если автономное движение давало надежду городской туземной буржуазии расправить свои крылья с одной стороны, то с другой обезземеленные и пролетаризованные массы кочевников или вернее их представители надеялись дать отпор переселенческому засилью, опираясь на автономное движение. Только этим и, объясняется то странное обстоятельство, что городская мусульманская буржуазия, интересы, которой по существу были противоположны интересам кочевников, нашла в киргизской интеллигенции, настроенной довольно националистически, своих представителей и верных руководителей. Этим же объясняется то, что киргизская печать, которая в первые дни "автономии" молчала, а иногда и пела гимны в ее честь, после ее крушения окрестила свою интеллигенцию титулом "изменников". Начало автономии было положено на том Чрезвычайном Съезде Мусульманских Депутатов, иницатором созыва которого и вдохновителем явился Краевой Мусульманский Совет, во главе с М. ЧОКАЕВЫМ и др. Автономия была объявлена 27-го ноября 1917-го года в торжественной обстановке в здании Общественного Собрания г. Коканда. Было выбрано автономное правительство Туркестана, с соответствующими министерствами, как Исполнительный орган, и Народный Совет при нем, являвшийся законодательным органом. Необходимо констатировать, что автономное движение захватило только наиболее энергично настроенные части либеральной буржуазии и интеллигенции и не успело пустить корни в низах. Таким образом Временное Правительство Автономного Туркестана, на которое возлагалось столько надежд и чаяний передовых слоев туземного общества, опиралось только на 50-60 добровольцев, набранных в центре этого движения в Коканде; на ему необходимо было как можно быстрее и во что бы то ни стало дрганизовать себе военную опору и не имея других средств оно вынуждено было обратиться за помощью к бандитской шайке Иргаша. Однако вскоре после этого сила пролетарской революции ясно и определенно стало давать чувствовать себя. На автономное Правительство посыпались вполне законные упреки и обвинения в буржуазности и враждебности его к Советам. И таким образом а борьбе за легализацию и признание автономии с одной стороны и в целях "успокоения" рабочих масс, перед Временным Правительством Автономного Туркестана, которое под руководством довольно миролюбиво настроенного инж. Т. (Тынышбаев - Д.К,.) искало путей и средств к соглашению с низами, во весь рост встал вопрос с политической необходимости известной демократизации состава как Народного Совета, так и Правительства. Приблизительно через месяц после объявления автономии в Коканде же был созван Краевой Съезд Рабочих и Дехканских депутатов - мусульман, на которым Временное Правительство продемонстрировало перед Советской властью симпатию трудящихся масс мусульман правительству. На этом же съезде, высказавшимся затем поддержку Автономого Правительства, Народный Совет на одну треть своего состава был пополнен представителями рабочих и дехкан, выбранных тут же. Правительство же, которому и нужно было это, заручившись "рабочими голосами" стало вести себя гораздо бодрее, чем это было раньше. Весь политически этикет и псе правила современного приличия, требуемого при существовании рядом Советской власти, были соблюдены; и этим обстоятельством повидимому и следует объяснить происхождение той самоуверенности и смелости, которые проскальзывают в телеграфных нотах Автономного Правительства Смольному. Основываясь на тех пунктах Брест-Литовского договора, которые говорят о самоопределении народов, Автономное Правительство настойчиво требовало от ВЦИК признания себя, как Правительства всего края. Само сабой разумеется, вся эта процедура инсценирования рабечего Съезда и демонстрирование его симпатий Правительству, не обошлась без комических моментов. На этом бутафорском рабочем Съезде, который разошелся, избрав из своей среды Краевой Мусульманских Рабочий Совет, выступал с обширной программной речью покойный Полтарацкий. Для ответной речи от имени Съезда и в защиту Автономии выступил некто М (М.Чокаев -Д.Қ.), который произнес длинную, историческую лекцию на тему .... об убиении Гуссейна на берегу Ефрата И демократизме ислама. Эффект был колоссальный, если не сказать грандиозный. Часть "рабочих" депутатов во главе с известным Н.Х. (Низам Хожаев - Д.Қ.) впала в истерику и умиленно плакала под ликующими взорами тех, кто был заинтересован прежде всего в политическом закреплении положения Автономного Правительства. Лишь один скептически настроенный депутат из киргизской оппозиции, при виде этой религиозно - политической свистопляски под дудку мусульманской буржуазии, недовольно пробурчал: "Опять старые песни!". От Смольного, конечно, ответа не последовало, да и не могло последовать. Правительству так и не удалось организовать военную силу и образовать в самом городе, не говоря уже об уезде, сколько-нибудь прочной власти и собрать хоть одну копейку обложения. Касса Правительства была абсолютно пуста, а министры, как отравленные мыши, бегали в поисках средств. Та, нищенски-незначительная сумма в несколько сот тысяч рублей, которая была собрана, как патриотический сбор, по подписному листу, была исчерпана, а выход из создавшегося финансового кризиса не был известен даже великому Всезнающему Аллаху. К тому же это острое положение совпало с экспроприацией Полторацким Кокандского отделения Государственного Банка, где хранились на текущем счету значительные вклады туземной буржуазии. Последняя явно начинала нервничать и требовать себе от Временного Правительства права контроля над ним, над его расходами и т.п. Она требовала от него выступления и активной защиты своих интересов, не давая в то же время ему ни средств, ни широких возможностей. Между тем надвигались тучки. Гроза приближалась и раскаты пролетарского грома глухо отдавались на Туркестанском небе. Образовался минис-терский кризис в связи с уходом первого министра Правительства, инж. М. (Мухаметжан Тынышбаев - Д.Қ.) и вопрос о премьере был разрешен избранием более автивного Ч. (Чокаев - Д.Қ.), который тут же решительно заявил, что с этого момента не будет сделано ни одной уступки большевикам, и что теперь будет вестись самая решительная политика в деле защиты мусульманских интересов. Тут необходимо констатировать тот факт трогательного братания и много обещающего единения между автономным Правительством, представляющим главным образом, "мусульманские" интересы и представителями русской интеллигенции, защищавшими по существу интересы российской буржуазии. В те дни Коканд, этот центр промышленной Ферганы и очаг автономного движения, являл миру такую редкую гармонию в среде буржуазии, о который мечтал, конечно, абстрактно в своем уединении разве только сам Руссо. И если бы не Советы, державшие крепко в своих руках при помощи красногвардейских гарнизонов территории европейской части городов, эта гармония интересов, эта взаимная симпатия, не выходившая пока однако за рамки заявлений и деклараций платонического характера, в дальнейшем получили бы, по всей вероятности, более реальное и более организованное внешнее выражение. В первый период своего существования Автономное Правительство, руководимое представителями либеральной мусульманской буржуазии и европейской интелегенции использовало вполне европейские методы завоевания "общественного мнения". Им были куплены и организованы три газеты - одна на русском ("Свободный Туркестан"), другая на киргизском и третья на сартовском ("Эль-Байрак"). И демонстрациях и манифестациях, организованных в различных городах Туркестана в честь автономии, горячее участие принимали учащиеся русских гимназий, представители меньшевистских Советов и европейская интелегенция. Но с другой стороны Автономное Прави- м чи тно; которое не сумело сорганизовать сколько-нибудь прочный государственный аппарат и правопорядок, вынуждено бьшо опираться на бандитскую шайку Иргаша, находившемуся под влиянием агрессивно настроенных мусульманских клерикалов, что в свою очередь довольно охлаждающим образом действовало на настроение европейского общества. К тому опосения европейского общества о возможности перехода автономного движения, руководимого буржуазной интеллигенцией в движение, вообще антиевропейское, были не без основания, особенно и последний период существования Автономного Правительства, когда борьба с большевиками значительно обострилась, и в процессе борьбы к движению примкнули широкие слои кишлачного населения, усердно .цитируемого клерикалами, вот почему в последний день, Когда разразились события, когда скрытая борьба между Правительством и красногвардейским События начались в ночь с 29 на 30 января 1918 года. Первым сигналом к событиям послужило ночное нападение группы добровольцев, организованное, конечно, не без ведома и не без указаний деятелей Автономного Правительства. На другой же день, когда атмосфера была достаточно накалена и когда Совет Депутатов потребовал от с тарой части города выдачи участников нападения и ареста министров, Краевой Совет Мусульманских Рабочих депутатов объявил фактически распавшееся Автономное Правительство низвергнутым; и власть официально перешла в руки мусульманского Совета. Фактически старый город не мог задержать министров, которые заблаговременно покинули город. И эту кашу, заваренную туземной буржуазией и ее правительством, пришлось договаривать мусульманскому Совету. Несколько раз велись переговоры между крепостью, опиравшегося на обывателей русской части города и бандитов из "Дашнакцутюна" с одной стороны и Старым Городом, находившегося в руках Иргаша и клерикалов с другой. Само собой разумеется, при такой ситуации не могло быть примирения между обеими сторонами, и война фактически продолжалась. После восьмидневного боя, подоспевшим из Ташкента Осиповским отрядом, события были ликвидированы. Так кончилось и безусловно умерло автономное движение, которое было организовано мусульманской буржуазией и в первое время носило характер буржуазно -интеллигентного. Под конец же, при соотношении сил общественных группировок, которое существовало в тот период, нити власти буржуазией были утеряны, а все бедствия разразились над головой мелкобуржуазного, торговоремеслен- ного населения города. В дальнейшем события вошли в свою колею. К Совету были привлечены трудящиеся мусульмане. "Дашнакцутюн" был объявлен Коминтерном вне закона. Трудящимся мусульманам затем пришлось пройти в Советах ту практическую шклоу политического воспитания, которая необходима для массовой организации, и которая является необходимым условием привлечения масс к государственному стоительству.
ІV ТАРАУ. ТҮРКІСТАН КЕҢЕСТЕР БИЛІГІНДЕ
ТҮРКІСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ОРТАЛЫҚ БЮРОСЫНЫҢ ҮНДЕУІ ...Бұл төңкеріс бір шаһар, бір мемлекет тіпті бір материкпен ғана шектелетін төңкеріс емес, бәлкім, бүкіл әлемді қамтып, жаңа дүние құруға бағытталған орасан зор ауқымды төңкеріс. Бұл төңкеріске қарсы келген қандай да бір күш топан судың астында қалғандай қауқарсыз болады. Міне, осындай зор төңкерісті игеру, басқару һәм ескі дүниені құлатып, жаңа дүниені құру үшін бұқара халықтың бірге ұйымдасып, бір жолда, бір бағытта әрекет қылмағы керек. Бұл жол - социализм және социализм арқылы баратын коммунизм жолы. Әлемнің әрбір түкпіріндегі бұқара халық осы жолды таңдайды. Түркістан бұхара халқына жалғыз өзін ғана емес, бәлкім, Иран, Үндістан, Ауғаныстан, Шын-Машын һәм бүкіл Азиядағы бауырларын зорлық, қорлықтан, зұлымдық пен бұғаудан құтқару міндетін тарих, заман жүктеп отыр. Түркістанның төңкерісшіл бұқара халқы өзіне жүктелген осы тарихи міндетті атқара білу үшін ұйымдар мен қоғамдардың төңірегіне топтасуы тиіс. һәм осындай мұқтаждықты сезіне білу арқылы Ұлығ Түркістанның түкпір-түкпіріндегі қышлақтар, ауылдар, жайлаулар, шаһарларда тұратын түрік балалары мен мұсылман бұқара халқы арасында ұйымдар пайда болады. Уақыт өткен сайын ұйымдар саны да арта түседі, толығып, кемелдене береді. Ұлығ Түркістанның әрбір бұрышы мен шет аймақтарында құрылған мұсылман коммунист ұйымдары мақсаты мен бағыты бір бола тұрып, бір-бірінен алшақ жатқандықтан, жолдың шалғайлығынан, бұл ұйымдардан көзге көрінер нәтижелі іс шықпай тұр. Өйткені бұл уайымдардың іс-әрекеттерін біріктіретін, үйлестіретін һәм тексеріп, бағыт беретін, жол көрсететін бір орталық болған жоқ. Бұл олқылықтың орны білініп тұратын. Бүгін осы олқылықтың орны толтырылды. Ресей коммунистік партиясы Түркістан өлкесінде мұсылман ұйымдардың орталық бюросын құрды. Орталық (Мәскеу) бюроның шешіміне сәйкес, 7-ші төтенше құрылтайға жиылған мұсылман уәкілдердің тілектері бойынша, өлкелік конференция мұсылман бюросы үшін бес уақытша уәкіл сайлады. Олар: Тұрар Рысқұлов, Низамеддин Хожаев, Юсуф Алиев, Құрбан Ибраһимов, Абдулқадир Мұхиддинов. Болашақта өтетін мұсылман коммунистерінің конференциясында тұрақты бюро мүшелері сайланатын болады. Бюро бір жақтан партияның дамуы мен жүйенің орнығуына қызмет жасаса, екінші жақтан, партияның атынан болып жатқан түрлі сатқындықтар мен жөнсіз жүгенсіздіктермен күреседі. Кеңес өкіметінің билік заңы мен тиісті ережелері бойынша партия - үкіметтің бүкіл ісін бақылайтын һәм үкіметтің саясатына басшылық жасайтын үлкен күш. Үкіметтің әрбір кемшілігі мен айыбы - партияның кемшілігі болып табылады. Соның үшін, партия қатарына өткен барлық партиялас бауырларымызға һәм партияға мүшелікке өтпеген, бірақ халықтың игілігі үшін жасалған жұмыстарға тараптар болатын барша бауырларға үндей жариялаймыз.
Жолдастар, бауырлар!
Бүкіл әлем, соның ішінде Ұлығ Түркістан уәлаяты ескі өмір мен жаңа тұрмыстың ұрыс алаңына айналып отыр. Көнерген ескі өмір құлайды, жаңа тұрмыс орнайды. Бұл ұлы өзгерістер жолында қаншама қан төгіледі. Қаншама қалалар мен қышлақтар қирап қалады. Сіздің міндетіңіз осы маңызды кезеңде мынадай. Сіз бұқара халық арасында тәртіп пен жүйе орнатуға тырысыңыз һәм бұқара халыктың бақыты мен сағадаты үшін басталған осынау төңкерісті шын мәнінде бұқара халықтың рахат өміріне, игілігіне бастау болатын бір жолға бағыттауға күш салыңыз. Жеке-жеке жүріп емес, бәлкім, ұйымдар құрып, бірігіп, іске кірісіңіз, сонда бұл оңай іске асады. һәм әр жердегі ұйымдардың орталық бюромызбен тығыз байланыста болуы, ортақ істің абыроймен аяқталуына өз септігін тигізеді. Жолдастар! Мүмкіндікті өткізіп алмай, қайрат көрсетіп, іске жұмыла кірісіңіз. Партия мен үкіметтің қандай да болмасын кемшілігі мен нұқсан тірлігін көрсеңіз, сол бойда бюроға хабарлаңыз. Әрі өзіңіз де сол кемшілікті жою үшін қолыңыздан келгенше қайрат қылыңыз. Бюро өз тарапынан сізге әртүрлі жәрдем береді. Бюро Ташкенттегі орталық үкімет пен Мәскеудегі Кеңестердің Орталық үкіметі алдында мұсылмандардың ең жоғары, бірден-бір жауапты органы болып табылады. Мәскеуден алынған телеграмма бойынша, бюро тікелей Мәскеудегі Орталық мұсылман бюросымен байланыс орнатуға құзіреті бар. Бұқара халықтың ортақ игілігін тілеген әрбір мұсылманның бюроға жәрдем беруі Һәм жақын болуы шарт. Бюро Ташкентте сәуір айының 7- күні іске кірісіп, өз міндетін атқара бастайды. Бұқара халық! Сіз, езілген бауырларымыз, өз пайдаңыз үшін қолыңыздан келгенше тырысасыз деп үміттенеміз.
Жолдастық һәм туыстық сәлеммен сөзімізді тәмамдаймыз.
Бюроның төрағасы: Тұрар Рысқұлов
ECTEЛІКTEP
Зәки Уәлиди Тоған
Батыс Сібір мен Алашорда үкіметтерімен байланысымыз
2 шілде күні үкіметіміздің мүшесі әрі әскер басшыларының бірі Абдулхақ Абидовты сол кездері Омск қаласында құрылған "Батыс Сібір демократиялық үкіметтің" басшысы полковник Гришин Алмазовқа аттандырдық. Біз одан құрып жатқан әскери жасақтарымыз үшін қару-жарақ, қаражат және басқа да көмек сұраған едік. Кеңестер одағы менің Гришин Алмазовқа жазған хатымды жариялады. Бұл хатта мен әкімшілік басқару жайында: "Башқұртстанның басшылығы демократиялық сипатта болады, дегенмен ол комитетсіз демократия (безкомитетная демократия) ретінде құрылады" деп жазған едім. Менің меңзеп отырғаным - көп талқыға салынбайтын, тез шешім қабылдайтын, орталықтандырылған демократия болатын. Алайда кеңестік тарихшылар "Қызыл архив" басылымында менің хаттарымды жариялап отырып, мұны "кеңессіз демократия" деп берген екен. Араға бірнеше күн салып мен жаныма үкімет мүшелерінен Сейіткерей Мағазовты алып, Омск қаласына келіп жеттім. Жолда біз мінген поезда түн ортасында вагондарда тығулы жатқан бомбалар жарылды. Біз тез поездан түсіп, аулаққа барып, отқа оранған вагондарға қарап тұрдық. Бізді Омск қаласынан арнайы жіберілген поез алып кетті. Гришин Алмазовпен сол күні жолықтық, ол біздің барлық талаптарымызды қабылдай отырып бір ғана шарт қойды. Ол шарты да башқұрт жасақтарының стратегиялық маңыздылығына орай Сібір үкіметінің Басқа ол басшылығына бағынышты болуы еді. Біздің бір айдың көлемінде жасаған істерімізге көңілі толған генерал пәрмен шығарып, маған полковник атағын бергісі келді. Мен де әскери мектепте оқымағандықтан, мұндай әскери шенге лайық емес екенімді алға тарттым. Генералдың ұсынысын қабыл алуға үгіттегендердің бірі досым Сейіткерей Мағаз болатын. Ол Омск қаласынан Семейдегі қазақ ұлттық үкіметі Алаш Ордағы барып, біздің ұсынысымыз бойынша 18-21 шілде күндері арасында жиналатын мәжіліске қатысатын еді. Алашорда көсемдерімен болатын келіссөздер мен қол қойылатын құжаттардың жобасын Омскіде дайындадық. Алаш қаласына келгенде, Әлихан Бөкейхан мен Қоқандағы Түркістан автономиясының бұрынғы басшысы Мұхаметжан Тынышбаев бастаған топ жиналып қалған екен. Міне, осы мәжіліс Алаш Орда, Қоқан автономиясы және Башқұртстан арасындағы алгашқы құрылтай болды. Құрылтайда 12 бабтан тұратын шешім қабылданды. Шешімдер арасында сол кездері Украинаны басып алған және Астрахандағы қазақтармен байланыс орнатуға әрекет жасап жүрген Алманиямен келісімге келмеу, Ресейдің одақтасы сипатындағы Жапонияның Сібірдегі және Құлжадағы өкілдерімен байланыс орнату, ұлт-азаттық қозғалысымызды Ресейдің ішінде жүргізу сияқты мәселелер болды. Бұл пікірлерді Алашордашылар да қабыл алды. Арада екі жыл өткеннен кейін (1920 жылы) большевиктер Астраханның қазағы Мұхаметжан Тұнғашин деген зиялының құжаттары арасынан біздің Алаш Орда үкіметімен бірге қабылдаған 12 бабтан тұратын ортақ мәміленің мәтіннен тауып алыпты. Бұл шешімдердегі ұлт-азаттық күресті Ресейдің ішінде жүргізу туралы қарарымыз Кеңестік басшыларға біз туралы жылы түсінік қалыптастырыпты. Өйткені, большевиктердің де патшаның қызметкерлері сияқты орыс ұлтшылдары екенін кейіннен Чичерин арқылы білдім. Қазақ тілінде жақсы өлең жаза алатын Сейіткерей Матаз қазақтардың астанасында үлкен ілтипатқа ие болды. Ол "Алаш -Орда" деген басылымға мен туралы және башқұрт қозғалысы жайында мақалалар мен бір өлең жариялады. Түрікше жазылып, қол қойылған құжатты ол Челябі қаласына алып келді.
Орынборға көшуіміз және оңтүстік Оралдың қызылдардан
азат етілуі
Қызылдар 6 шілде күні Уфаны және 8 шілде күні Орынборды тастап шығуға мәжбүр болды. Соңғы аталған қала Орынбор казачилерінің атаманы Атаман Дутовтың билігіне көшті. Башқұртстан үкіметі мен Челябіде жасақталған башқұрт әскери жасақтары көп кешікпей Челябіден Орынборға көше бастады. Біз башқұрттардың көнеден келе жатқан ұлттық мұрасы Керуенсарайға орналастық. Қазақстан үкіметінің батыс аймағының өкілі Сейітазым Қыдырбаев еді. Ол ескі Торғай уәлиінің үйіне орналасты. Осылайша, Орынборда үш үкімет пайда болды: казачилердің үкіметі, Башқұртстан үкіметі және Батыс Қазақстан өкілдігі. Қаланың басшылығы казачилердің қолында болды. Біз сол сәттен бастап Башқұртстанның барлық аймақтарында азаматтық билік институттарын орнатуға кірістік. Әскери мектеп аштық. Өзіміз Орынборға көшіп жатқан кезде Челябіде қалатын зиялылар үшін Фетхулқадир Сүлейман мен Тақи Исметидің басшылығында оқу-ағарту және баспа ісін ұйымдастыратын топты тастап кеттік. Фетхулқадир - қазір Анкарада өмір сүріп жатқан досым профессор Абдулқадир Инан. Ол осында шығып жатқан "Башқұрт" газетінің бас редакторы болатын. Бұл газет біз Орынборға көшіп кеткеннен кейін де тоқтаусыз шыға берді. Біз Самарада құрылған Ресей Құрушы Мәжілісі үкіметімен (КомУч) байланыс орнаттық. Челябіден алып келген әскери жасақтарымызды үшке бөліп, олардың бір тобын Ташкент пен Орынбор арасында сол кезге дейін қызылдардың қолында болған Ақтөбеге, енді бір тобын Орск майданына және үшінші топты оңтүстік Оралды азат етуге аттандырдық. Бұлар Кашариндердің көзін жойды. Белоретскідегі бірінші жаяу әскер ротасы мен екінші атты әскер полкы да Орынборға келіп жетті. Олар да оңтүстік Оралдағы орыс фабрикалары мен ауылдарына бекінген большевиктерді ығыстыра бастады.
Әмір Қарамыштың опат болуы Қызылдарды шығыс Оралдан қуып шығаруда ерекше көзге түскен екінші атты әскер полкының басшысы Әмір Қарамыш осы кезде опат болды. Бұл - біздің армиямыз үшін орны толмас өкініш еді. Сондықтан осы опаттан кейін Башқұртстанда көптеген ақындар марқұмға арнап жоқтау өлендер жазды. Солардың арасында Шейхзада Бабичтің:
Бүгін бізге не болған?
Көңіліңіз неге тарылған?
Тарылғанның мағынасы -
Бір аяулы ер өлген.
Аяулы ер кім еді?
Әмір деген ер еді! –
деп басталатын қаралы жырдың қазірге дейін халықтың 168 аузынан түспей айтылатынын 1943 жылы алмандарға тұтқынға түскен башқұрт әскерлерден естіп, білдім. Әмір менен бірнеше жас кіші болатын. Мен оны өте кішкентай кезінен бері білетін едім, өйткені, оның әкесі мен менің әкем дос болатын. Башқұртстан үкіметі марқұмға лайық мазар жасатып, басына құлпытас қойдыру ісін інісі Герей Қарамышевке тапсырды.
Самара және Уфадағы мәжілістер 30 тамыз - 7 қыркүйек күндері Башқұрстан, Қазақстан жөне күштеп таратылған Түркістан автономиясы үкіметтері арасында Орынбор және Самара қаласында маңызды келіссөздер болды. Бұл да Башқұртстан, Қазақстан және таратылған Қоқан үкіметі арасында жасалған екінші құрылтай болды (алғашқы құрылтай шілде айында Семей қаласында өткен еді). Бұл мәжіліске Алаш Ордадан Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және тағы басқа көптеген өкілдер, Қоқан үкіметінен үкімет басшысы Мұхаметжан Тынышбаев пен Сыртқы істер министрі Мұстафа Шоқай, Убайдулла Хожаев және таты басқа кісі қатысып отырды. Бұл жерде де үкіметтердің "Оңтүстік-шығыс мұсылман өлкелер федерациясын" құру, башқұрт және қазақ әскери жасақтарын бір армияға біріктіру, Сібір, Самара үкіметтерімен, Орал және Орынбор казачилерімен бірге "Шығыс Ресей Одағы" негізінде кең ауқымды федерация құру үшін орыс ұйымдарына ұсыныстар беру сияқты көптеген мәселелер қаралып, шешімдер қабылданды. Біз бұл жердегі келіссөздерден кейін Башқұртстан үкіметінің меншігіндегі вагондарға мініп, Уфада 8 қыркүйек күні басталатын "Ресей мемлекеттік мәжілісіне" (Российское Государственное Совещание) қатысу үшін жолға шықтық. Уфада бәріміз "Сібір" қонақ үйінде тұрдық. Орыстардың эсер, социал-демократ, кадет және таты басқа партияларының өкілдері, сол жылы Ресейдің шығысында пайда болған үкіметтердің ресми өкілдері мен генералдары қатысқан бұл құрылтай жиналысында біз көбіне эсерлер мен Самара үкіметінің шешімдерімен бірге қимылдадық. Ресейдің төңкеріс тарихына қатысты еңбектерде маңызды орын алатын бұл құрылтайда генерал Болдыревтің басшылығымен коалициялық үкімет құрылды. Дегенмен, бұл үкіметті адмирал Колчак құлатып тынды. Оның үстіне, оңшыл партиялар мен монархист генералдар қүрылтайдың бас кезінде-ақ оздерінің диктаторлық жүйені қалайтынын жасырмай айтып, демократия туралы пікірлерді мазақ қыла бастаған еді. Бұл құрылтайда біз өз мәселелерімізбен, яки дәлірек айтқанда, мұсылман түріктердің істерімен шұғылдандық. Сол Сібір қонақ үйінде татарлардың зиялыларымен бас қостық. Олардың арасында жазушы Аяз Исхаки, ескі Думаның мүшесі Екрем Беглов пен әскери шенді Ескендір Ишмухаммедов автономия және жеке армия құру ісіне қатты қарсылық білдіріп, Ресей мұсылмандарының діні мен оқу ісін қолдайтын әкімшілік жүйенің жалғасуын, сондай - ақ, Сібір әскери басқармасында мұсылман әскерлердің діни істерін қадағалайтын жаңа бөлімшенің құрылуын және татар, башқұрт, қазақ және бүкіл Орта Азия халықтарының осы "Азия бөлімшесіне" кіруін қолдайтындықтарын ашып айтты. Олар осындай пікірмен шектелетін еді. Мен шығыстағы түрік халықтарының тағдырына қатысты ойларым мен пікірлерімді орыс төңкерісінің алғашқы жылдарында, 8 қыркүйек күні кешқұрым Сібір қонақ үйінде болған мәжілісте және 9 қыркүйек күні башқұрт әскер басшылары мен қонаққа келген татар әскерилерінің алдында "Аташ қышла" деген жерде жеріне жеткізіп айттым. Бұл жерде маған сол күндері Түркістан мен Еділ бойы мұсылман зиялыларының, аттарын жоғарыда атап өткен жақсы адамдардың ұлы күресті жалғастыруға деген сенімі үлкен ықпал етті. 1917 жылы мамыр айында өткен Мәскеу құрылтайында жөне сол жылы жаз бен күз айларында Ташкент пен Орынборда, Уфа мен Қазанда өткен шығыс түрік халықтары құрылтайларында күмәннен арыла қоймаған мұсылман зиялылары арасында көптеген түйткіл мәселелер мен шешімін таппаған жайттар бар еді. Қазір болса Әлихан Бөкейханның маңайына топтасқан қазақ зиялылары мен татарлардың көпшілігі тастүйін болып, автономия және ұлттық армия құру ісіне құлшынып тұрған еді, буған күмән келтірушілердің саны да азайып қалған болатын. Ең қызық кездесу патшайым Екатеринаның пәрменімен салынған "Собрания", дәлірек айтқанда "Мұсылман рухани мәжілісі - Мұфтият үйінде Юсуф Акчураның қатысумен өтті. Юсуф Акчура тегі бойынша Симбирск қаласынан шыққан әйгілі бай, бірнеше фабриканың қожайыны Акнуриннің баласы болатын. Ол Стамбулда және Парижде саясат білімі бойынша жоғары оқу орнын бітіріп, 1905- 1907 жылдары арасында Қазан мен Петерборда саяси істермен шұғылданған, кейіннен Түркияға кетіп, Түркия университеттерінде саясаттану профессоры болып қызмет атқарған, осылайша Ататүріктің сеніміне кірген ғалым әрі ойшыл болатын. Кейінгі жылдары Түркия Тарих Құрылымының басшысы болды. Өзі Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілістің депутаты еді. Осы кісі 1917 жылы төңкеріс кезінде де саяси істерге араласқысы келгенімен, тек 1918 жылы ғана Түркия "Қызыл ай" қоғамының өкілі ретінде Мәскеу арқылы Уфаға жеткен еді. Ол Уфада ескі досы Алимжан Барудинің муфтияттағы үйінде қонақ болып жатқан. Әлихан Бөкейхан, Мұхаметжан Тынышбай, Мұстафа Шоқай және мен Самарада "оңтүстік-шығыс мұсылман өлкелері федерациясын" құру мәселесі бойынша Юсуф Акчурамен сөйлестік және француз тілін жетік білетінін ескере отырып, оның құрылатын біріккен мұсылман ұлттық үкіметінде Сыртқы істер министрі болуын өтіндік. 12 қыркүйек күні Мұфтият үйінде болған бұл кездесуде Акчура өзінің Түркия азаматы болғандықтан, біздің саяси әрекетімізге ресми сипатпен қызмет ала алмайтынын алға тартты. Құрылуы жоспарланған аталмыш мемлекеттің аты туралы сөз болғанда бұл кісі "шығыс түріктері федерациясы" деген атауды ұсынды. Әлихан болса орыстардың біздің ұлттық қозғалысымызға құлақтары үйренгенге дейін "пан - түрікшіл" атаулардан мейлінше сақтану қажеттігін, уақыты келгенде ондай атты да қабылдайтынын, қазірше "шығыс Ресей мұсылмандарының федерациясы" деген атаудың жеткілікті болатынын айтты. Юсуф Акчура кейінірек Стамбулда бір кездескенімізде Уфадағы осы кездесу туралы жақсы естелігін айтты. Біз Түркістаннан, Қазақстаннан және Қазаннан келген қонақтарымызға қымыз беріп, күтіп, шығарып салдық. Бұл қымызды Дым өзенінің жағасындағы Қандыракөлден алдырған едік. Ол жер башқұрттардың ең жақсы жылқылары шығатын жер болатын. Аңыз бойынша Заятүлек атты бір жігіт Су сұлуы деген су перісіне ғашық болып, осы жылқылар сонда қыздың артынан жасау ретінде көлден шығып келген екен. Бұл жылқылардың қымызы бал татитын. Уфада қоштасқан кісілердің көбімен, соның ішінде Әлихан Бөкейханмен де бұдан кейін кездесе алмадық. Мен мемлекеттік мәжілістің аяқталуын күтпей жатып Уфадан кетіп қалдым. Дутовпен бір поезда болғанымызбен, Уфадағы мәжілістерде арамыз суып қалғандықтан, жол бойы ләм деп тіл қатысқан жоқпыз. Біз Ресей ішінде социалистермен ынтымақтасып жұмыс істейтінімізді барлық іс -әрекеттеріміз арқылы байқатып жүрдік. Сол кездері ұлт пен социализм негіздерін үйлестіріп "Ерік социалист партиясын" құру ісімен айналысуда едік. Жоспарымыз бойынша бұл партия шығыс түріктерінің басын қосатын ұйым болуға тиіс еді. Қазақ зиялыларынан Әлиханның сол жағында жүргендер, өзбектерден Низамхожаев, ақын Шолпан, Бұхаралық Абдулхамит Арифов осы партияның негізін қалаушылар арасында болды. Осы топтың өкілдерінің араласуымен Башқұртстан үкіметі жер мәселелерін реттейтін бір заң шығарды. Бұл - ауылшаруашылық министрі Халил Емировпен бірге жасаған ісіміздің нәтижесі болатын. Үкіметтің төменгі мәжілісінде жан-жақты талдаудан өткеннен кейін жарлық шығып, ол 20 қыркүйек күні күшіне енді. Бұл заң туралы қазіргі Башқұртстан тарихында да аталып жүр.
Лениннің ахлақ (мораль) туралы түсінігі Башқұртстан мәселесін қараған комиссияның жұмысына кеңесу үшін мені де шақырып тұратын. Мамыр айында комиссия бес бабтан тұратын қарар алды. Бұл да Ленин мен Калининнің қолдары қойылғаннан кейін Кеңес үкіметінің ресми қаулысы ретінде күшіне енді. Қаулыда өлкеміз заң, халық ағарту ісі, ауыл шаруашылығы сияқты мәселелерде тәуелсіз, алайда сыртқы саясат, экономика, қаржы, байланыс торабы және жол істері бойынша РСФР-ге тәуелді болып, автономиялық статус алды. Әскерімізді басқару мәселесінде оны "Түркістан әскери округына" емес, "Волга әскери округына" қарасты бөлімше ретінде шешім шықты. Комиссия мүшелерінен Каменев маған автономияны осыншалықты шектеуді қаламағандығын, өлкеге Уфа қаласымен бірге бірнеше орыс қаласын да қосып беруді ойлағанын, дегенмен, ол пікірді әзірге жүзеге асырудың қиын екенін жеткізді. Қаулы шыққаннан кейін Ленинге бардым. Оған: "1919 жылы наурыз айында келісілген уағдаластық бар еді. Оған бәріміз де қол қойғанбыз. Ол жерде шығыстың езілген бір ұлтының құқықтары толық болмаса да танылған еді. Арада 14 ай өтті, олар да әуеге ұшып кетті" дедім. Ленин: "Сіз неге мұндай моральдық мәселелерді айтып тұрсыз? Қандай төңкерісшісіз? Мұндай бос уәделерге неге сенесіз? Сізбен біздің арамызда қол қойылған уағдаластық ешкімді ешнәрсеге тәуелді етпейтін жай ғана қағаз қиындысы болатын" - деп, қарсы сұрақпен жауап берді. Мен де: "Біз адами қатынастардың осындай қағаздарға құрмет көрсетуден басталатына сеніп жүрген едік" дедім. Ленин былай деді: "Онда жаңылып жүр екенсіз. Сіз біздің арамызда әлі көп нәрсе үйренесіз. Мен шын жүректен сіздің бізбен бірге бүкіл Ресей мен жер жүзінде үлкен шарулар атқаратыныңызға сенгім келеді. Бір кездері қажеттілікке орай қол қойылған бір жапырақ қағаз үшін салғыласып, тәжікелесіп тұру сізге жараспайды. Әлі көресіз, алдымызда бұдан да маңызды істер күтіп тұр". Оның бұл сөздерінен мені өзімен бірге жұмыс істейтін жолдасы ретінде көргісі келетініне және тұтас Ресей аймағы бойынша жұмыстар жүктегісі келген ойының шынайы болуы мүмкін екеніне сендім. Қоштасып тұрып ол маған бірнеше қағаз берді. "Бұларды оқып шығыңыз. Осындағы жайттар туралы әңгімелесеміз. Алайда ойларыңызды жазбаша түрде беріңіз" деді нығыздап. Метрополь қонақ үйінде Кеңес үкіметінің тұтқасын ұстап жүрген көптеген белгілі саясаткерлермен әңгімелесетін едік. Ол кезде партия мүшелері мен жеке тұлғаларды аңду ісі әлі басталмаған болатын. Көптеген жайттарды ашық айтып, еркін сөйлесе беретінбіз. Бүр күні Кеңестік Украина үкіметінің басшысы Петровскийге ұлттық республикалардың конституциялары және Ленинмен арамызда болған әңгіме туралы айтып отырып, әзіл-шыны аралас: "Ленин түпкі мақсатқа жету үшін барлық жолдарды қолдануға болады деп есептейді екен, онда "егер бүгін түнде анаңмен некелесер болсаң - ертең бүкіл әлемде пролетар билігі орнайды екен" десең, бұған да барар ма еді?" сұрадым. Петровский ойланбастан: "Әлбетте, дәл солай жасайтын еді. Ленин мұндай мәселелерге тек тактикалық тұрғыдан ғана қарайды. Айталық, ол мұндай жағдайда "халық арасында сөз шығып кетіп, бізден бұрылып кетпес пе екен?" деп қана ойлайды. Әйтпесе, оның бұл сияқты мәселелерге көзқарасы дінмен ғана емес, ахлақ және дәстүр бойынша да шектелмеген. Оның ахлақ туралы түсінігі пролетарияның тап күресіндегі қажеттіліктерімен өлшенеді. Біздің көптеген одақтастарымыз уақытша ғана. Бұлардың кейбіреулері Лениннің жалған құжаттарға қол қойғанын көріп, айнып кетті. Уағдаластық пен келісімдердің тек қажеттілік жағдайында ғана үкімі бар. Десе де, мен бек мәселеде Ленин сияқты шектен шығып кете алмаймын" - деді. Менің: "Ленин интернационализм туралы пікірінде шынайы ма? Немесе оның көкейінде де великорустық пиғыл жатыр ма?" деген сұрағыма Петровский: "Коммунизм идеясының бүкіл жер жүзіне үстемдік орнатуы жолында Ленин расында да ұлттан тысқары тұрады. Алайда, тарихи, жағрафиялық және экономикалық тұрғыдан ұлы Ресейді мекендейтін халықтарға келгенде оның интернационализм туралы айтқандары алдамшы сөздер ғана. Ол бұл мәселеде великорустың дәп өзі. Ол коммунизмді ұсақ ұлттармен емес, орыс, ағылшын, қытай сияқты ұлы халықтар арқылы және олардың империалистік дәстүріне сай жүзеге асырғанды жөн көреді. Мұны анағұрлым қысқа жол деп біледі" - деп жауап берді. Бір күні, екеумізден басқа ешкім жоқ кезде Петровскиймен әңгімелесіп отырып, одан былай деп сұрадым: "Григорий Андреевич, сіз 25 жылдан бері партияға мүшесіз. Ленинмен жолдас болдыңыз. Лениннің великорустық шовинизмі бар ма? Әйтпесе, оның шығыс елдеріндегі кейбір шовинист орыстарды қолдап отыруының себебін қалай түсінуге болады? Ол неге аймақтардағы ұлттық коммунистерді ұсақ буржуазия өкілдері деп атайды?". Менің сұрағыма Петровский былай деп жауап берді: "Ленин великорустық мәселеде Бірінші Петрден де асып кетеді, әйтсе де, ол великорус ұлтын капитализмнен азат ету шартымен үлкен социалистік шеңберде және басқа ұлттарға үлгі етіп көрсету үшін ұлықтайды. Сондықтан оның мүддесін өзге ұсақ ұлттардың мүддесінен жоғары қояды. Демек ол великорустық пиғыл болмаса да, великорустық саясат жасап отыр. Сол сияқты біз де Украина мәселесінде Украина ұлтшылдарынан өзгеше ұстанымымыз болғанына қарамастан, Ленинмен үнемі келіспей қаламыз. Ленин орыстың қоластына қараған ұсақ ұлттар туралы басқаша ойлай алмайды. Бұл жайттың кең етек жайғаны соншалық, біз кейде мұны оның өзіне айтуға бата алмаймыз. Ленин "Ағысқа қарсы" деп аталатын еңбегінде ұсақ ұлттардың қорғаушысы сияқты болып көрінген еді. Десе де, теорияның дәуірі әлдеқашан өтіп кетті. Қазір ол да көптеген великорус достары сияқты ұсақ ұлттардың сіз секілді төңкерісшіл өкілдері мен партия мүшелеріне "ұсақ буржуазия" деп қарайды. Великорустық идеяны басы бүгін толық қабылдағанға дейін оларға дұрыс яки бұрыс болсын, алайда "ұсақ буржуазия өкілі" деген таңба тағыла береді. Біздің ортақ дұшпанымыз капитализм мен капиталистік империализм болған жағдайда, великорустық большевиктер мен ұсақ ұлттардан шыққан партия мүшелерінің арасында бірін-бірі алдау осылайша жалғаса береді. Мұны осылай деп түсінген жөн және осылай деп қабылдау қажет". Лениннің ең жақын әрі ең жанашыр достарының бірі болған Петровскийдің өз аузынан естіген бұл сөздерді түркістандық достарымның біріне айтқан едім. Қателеспесем, бұл досым - Тұрар Рысқұлов болатын. Ол да мұны Бөкей Ордасындағы коммунист достарының біріне хат арқылы жазып жіберіпті. Петровский маған бұл сөздерді Ленинмен арасында бір түсініспеушілік болғандықтан айтқан шығар деп топшыладым. Сол кездері Түркиядан доктор Фуат Сабит деген бір кісі келген еді. Бұл кісі бұрын түрікшілердің сапында болғанымен, соңғы кездері коммунизм идеясына бүйрегі бұрып жүр екен. Тіпті, оның қызығушылығы шынайы сенімнен туғандай еді. Түркияда оқыған татар зиялысы Астрахандық Нежіп Асри мырза да оны көріп, мен жазды екен деп ойлаған хатты қазақшадан түрікшеге аударып доктор Фуатқа беріп жіберіпті. Ол да Анкараға оралғаннан кейін бұл хатты Мұстафа Кемал нашаға беріпті. Ол кездері Ресей түріктері мен Түркия арасындағы байланыстар өте тығыз болатын. Кейін Мәскеудің Метрополь қонақ үйіндегі әңгімелерге қатысты достарыма айтқан жайттардың қағаз бетіне түсіп Түркияға дейін келгенін және пайдалы болғанын естіп таң қалдым. Маған Лениннің ахлақ туралы түсінігі мен ұстанымдарын және орыс ұлтшылдығына қатысты ойларын түсіндіріп берген осы Григорий Петровский еді. Әрине, ол өзі сияқты менің де туған халқым великорустардан қандай қорлық көрсе де, бәрібір Ленинге адал болып қалатыныма сенгендіктен осындай ашылып әңгіме айтқан еді. Десе де, Мәскеуден кетіп, Кеңес үкіметіне қарсы әрекетке көшкенімнен кейін де оның мен туралы жақсы пікірде қалғанын сол кісі сияқты жолдасым болған Рудзутак, досым Тұрар Рысқұловқа айтқан екен. Лениннің ахлақ туралы түсінігі мен келісім - шарттарға қандай көзқараспен қарайтыны туралы 1924 жылы Берлинде жиналған "Солшыл социалистердің құрылтайында" (бұл мәжіліске қазіргі Италия солшыл социалистерінің көсемі Ненни де қатысқан еді) жасаған баяндамамда айтқан едім. Ол неміс және орыс солшыл социалистерінің басылымдарында ("Klassenkampf", 14.01.1925; Знамия борьбы", г9-10. 1925) жарық көрді. Осы құрылтайда және жарияланған мақаламда мен: "Біз, Азиялықтар Лениннің құнсыз деп қарайтын осындай қағаздарға сеніп үйренгенбіз. Біз бұрын Ленинді Ташкенттегі Колесовтан, Орынбордағы Звиллингтен, орталықтағы Артемнен мүлдем басқа тұлға ретінде елестететін едік. Енді қазір Лениннің бұлардан ешқандай айырмасы жоқ екеніне толық көзіміз жетті" деп айттым. Башқұртстан коммунистік париясына мүшелікке жазылған кейбір зиялылар жоғарыдағы 19 мамыр оқиғасын естіп, партия мүшелігінен бас тартыпты. Самойлов олардан бұл әрекеттің себебін сұрағанда: "келісім-шарт пен уағдаластықты танымай, 19 мамыр қаулысын қабылдаған партияға мүше болмаймыз" деген жауап естіген екен. Самойлов бұл оқиғаны өзінің еңбегінде жазды да.
Жасырын ұйым мәселесі Сонау 1919 жылдың наурызында Мәскеуде ІІІ Интернационал (Коминтерн) құрылған уақытта Башқұртстан үкіметінің астанасы Тиместе осы Интернационалға жеке мүше болып кіру үшін "Шытыс социалист партиясын" құру жолында әстер атқарған едік. Сол кездері қазақ зиялылары арасында да, Ташкентте де осы бағытта жұмыстар жүріп жатты. Осы жылдың наурыз айында коммунистік партияның "Башқұртстан өлкелік комитетін" құру кезеңінде Түркістанда социализм қозғалысын Ресей коммунистік партиясына бағыныштылықтан құтқарып, "шығыс социализмі" ретінде тікелей ІІІ Интернационалдың құрамына кіргізу үшін қайта әрекет жасалды. Тіпті, Башқұртстанда тұратын татар зиялыларының бірі Ілияс Алкин мен жолдастары 12 бабтан тұратын бағдарлама да дайындап үлгерді. Алайда, Орталық комитет бұл әрекеттерді ысырып тастады. Осы кезде Мәскеуде өзбек, қазақ ұлттарының көрнекті өкілдері Низамхожаев, Тұрар Рысқұлов, Ахмет Байтұрсынов және басқалары бар еді. Орталық комитеттің "мұсылман ұлттардың коммунистік орталығы" жан тәсілімнің алдында ғана болатын. Орталық "Шығыс социалистік партиясын" құруға ресми түрде рұқсат бермегендіктен, осы ұйымды жасырын түрде жалғастыруды және сол арқылы Түркістан, Қазақстан және Башқұртстанда Бұхара мен Хиуаның өлкелік коммунистік партияларын қолға алуды ұйғардық. Оның үстіне біз Башқұртстанда Башқұрт ұлттық ұйымынан 14 кісінің Түркістанға барып жұмыс істеуіне шешім қабылдағанбыз. Мәскеуде осы ойдың төңірегінде сөз болып, жоспарлар жасалды. Кеңестермен жұмыс жасайтын бір топтың Түркістандағы жәдитшілермен байланысы болғандықтан және социализм идеясына оң қарамайтындықтан, сондай-ақ, екінші бір топтың шынайы түрде социализм идеясын қабылдағанын ескере отырып, осы екі топтың жеке-жеке екі партия құруын әрі екі түрлі бағдарлама төңірегінде жұмыс жасайтындықтарына қарамастан ортақ мәселеде ұйымдасып әрекет етуін мақұл деп таптық. Сол жерде екі түрлі бағдарламаның және екі топтың арасындағы ортақ үндестіктің кілті де табылды. Ташкент пен Қазақстаннан кейбір достарды шақырдық. Кеңес үкіметі Башқұртстан өкілдігі үшін қаланың ортасынан бұрынғы байлардан қалған бір үйді берген еді, барлық мәжілістеріміз бен әңгімелеріміз сол үйде өрбіді.
Бұхарада құрылған ұйым Негізгі жұмысымыз Әмірге қарсы күресу мақсатымен, соны сылтауратып Бұхара ұлттық армиясын жасақтау және Хиуа, Түрікменстан мен Қазақстаннан өкілдер жинап, "Түркістан ұлттық бірлігі" ұйымын құру болатын. Бұл іске дайындық ретінде маусым айында Башқұртстаннан Қазақстанның барлық аймағына, сол жерден Құлжадағы жапондарға және Ферғанадағы басмашылардың қорбашыларына жіберілген кісі мен қазақ зиялылары жиналды. Қазақстаннан келген башқұрт зиялылары арасында Сейіткерей Мағазов болды. Бұлар бүкіл орталық Қазақстанды аралап, достарымызбен байланыс орнатқан еді. Сондай-ақ, Ферғанадағы басмашылардан Шир Мехмет бектің жанында жүрген Илдерхан Мутин мен Харис Игіліков, Рахманқұл қорбашының жанындағы Мұстафа Шахқұлов келді. Бұл Мұстафа ұлттық орталықтың Ташкент бөлімшесінің жетекшісі Садреддин ханмен бірге біраз уақыт Рахманқұлдың жанында болғаннан кейін астыртын Ташкентке оралып, татар зиялысы Ариф Керимиді қосып алып, Құлжадағы жапон өкілдігімен келіссөз жүргізу үшін жолға шыққанда Әулиеатада орыстардың қолына түсіп, тұтқындалған еді. Өзбек, қазақ ұлтшылдары араласып жүріп, әйтеуір оларды тұтқыннан босаттырған. Мұстафа Шахқұлов пен Ариф Керими Бұхараға келді. Бұлар Ресейдің жоғары оқу орындарын бітірген кісілер еді. Бұрындары Башқұртстанда мемлекеттік орындарда қызмет атқарған. Қазақтардан "Алаш - Орда" мүшелері мен түрікмен зиялыларын да Бұхараға шақырдық. Олардың келуін күтіп жүргенде біз Бұхараның солтүстігіне, қаланың сыртына орналасқан Харғош деген ауылда, Әмірдің жақтастарынан бір байдың үйінде тұрдық. Бұл үйді үкімет тартып алған екен. Біздің Башқұртстан әскери жасағынан Еухади Ишмурзин, менің көмекшім Ибрахим Исхаков және бірнеше офицеріміз полковник Хейбетуллах Сүйіндіковтың басшылығымен ұйымдасып, Бұхара армиясында жауапты қызметтер алды. Қарши, Шехрисебз, Hұp, Гузар, Кермине әскери жасақтары осылардың қолында болатын. Бұлардың бәрін Ариф тағайындайтын еді. Біздің мақсатымыз - орыстар ұлттық армияның құрылуына қарсы шыққан немесе құрыла бастаған армияны таратқан жағдайда бірігіп, шабуылға шығу болатын. Дегенмен, бұл үшін басмашылардың арасында ұлттық мүддені түсіндіру мақсатында кең көлемде үгіт-насихат жұмысын жүргізу шарт болатын. Ташкенттік және Ферғаналық достарымыз бұл істі жақсы жолға қойған еді. Арифов Бұхарада тұрып жатқан Түркиялық тұтқын офицерлерге әскери мектеп ашу үшін тапсырма берді. Олардың арасында Али Рыза бектің басшылығымен жандарм жүйесін құруға да талпыныс болды. Алайда олардың тұрып жатқан жерлері белгілі әрі Ресейдің тыңшылары тарапынан барлық іс-әрекеттері бақылауда болғандықтан біз олармен тек белгілі кісілер арқылы ғана байланыса алатын едік. Ақпан айында түрікмендерден адвокат Қақажан Бердыев, Қазақстаннан Алаш - Орданың өкілдері Хайреттин Балғынбаев , Мұхтар Әуезов пен Дінше және әлі көзі тірі екі кісі келді. Бұхаралықтар мен өзбектермен жұмыс істеу оңайға түспейтін. Өйткені Бұхаралықтар мен Ташкенттіктер арасында өзара келіспеушілік болғаны сияқты, өзбектер арасында орыс мектептерінде білім алған зиялыларға, әсіресе қазақтарға жаппай "миссионер" деп қарайтын ықпалды топ бар болатын. Біз Бұхаралық, өзбек, түрікмен және қазақ зиялыларымен бірге Харгоштағы штабымызда және Әмірдің "Ситаре-и мах-и Хасса" деп аталатын сарайының бір бұрышында жиналып, құрылып жатқан Ұлттық Орталықтың бағдарламасы төңірегінде сөйлестік. Хиуада орыстар тарапынан күштеп таратылған ұлттық үкіметтің кейбір мүшелері жасырын жолмен Бұхараға келді. Олармен де әңгімелестік. Алайда бұл әңгімелердің ұзап кетуінен және жас бұхаралықтардың тартыншақтауынан қазақтар жалыға бастаған еді. Келіссөздер нәтижесінде Өзбекстанда социалист емес, діни бағыттағы "Жәдитшілдер" партиясы мен социалистік "Ерік" партиясы құрылып, бұл екеуі қазақтардың "Алаш - Орда" партиясымен бірігіп, біздің тарапымыздан ұсынылған төмендегі жеті бабтан тұратын "ортақ платформаны" қабылдады: 1. Толық тәуелсіздік алу 2. Демократиялық республика жариялау 3. Ұлттық армия құру 4. Экономикалық жүйе, темір жолдары мен каналдардың құрылысы Түркістанның тәуелсіздігіне қызмет етуі тиіс 5. Халық ағарту ісін дәуірге сай жаңарту және батыс мәдениетімен танысу үшін орыстар арқылы баратын жолдан басқа мүмкіншіліктер қарастыру 6. Ұлт мәселесі. Мектептерді және мемлекеттің табиғи байлығынан елде өмір сүріп жатқан ұлттардың үлес салмағына қарап пайдалану 7. Дінге толық еркіндік беру. Дін істерін дүние істеріне араластырмау. Қазақтар Діншені өкіл ретінде тастап, елдеріне қайтып кеткеннен кейін, жәдит және Ерік партияларының жеке - жеке бағдарламалары айқындалды. Осы үш әрекет біздің Бұхарада жиналуымыздың үлкен нәтижесі болатын. Жалпы алғанда, мемлекетті бірі либерал, екіншісі социалист бағыттағы екі партиялық жүйемен және осы екі партияның ортақ бағдарламасы арқылы басқару туралы шешім қабылданды. Бұған бәрі де қуанып, келісім берді. Сейіткерей Матазов жеті бабтан тұратын ортақ бағдарламаны өлеңге қосып, жырлады. Бұл - классикалық туынды болатын.
"Түркістан Ұлттық Орталығының" құрылуы және оның алғашқы құрылтайы Біз партиялардың бағдарламаларын және келісілген ортақ платформаны дайындағанымызбен, ортақ комитетті құру ісі кешеуілдеп кетті. Бұның себебі де Бұхаралықтар мен Ташкенттіктер арасындағы бақталастық және Бұхаралықтар мен Ташкенттіктердің қазақтарға сенімсіздікпен қарауында жатыр еді. Сол үшін де Жалпы Комитеттің басшылығына сайланатын кісі туралы келісімге келу қиын болатын. Бұхаралықтар өз араларынан мұндай жауапты істі атқара алатын кісінің шықпайтынын білетін еді. Әсіресе, бұлар бір жақтан Абдулқадир Мұхиддинов, екінші жақтан Фейзулла Хожаев бастаған топ болып тартысып, бір-бірін басшылыққа өткізбейтін жағдайда болатын. Біз Башқұрттар, Ташкенттік Мүнәууар Қариді басшылыққа сайлау туралы ұсыныс айттық. Алайда Бұхаралықтар бұл ұсынысты қабылдамай тастады. Сонымен бірге, комитет басшысы қажет болған жағдайда еркін жүруді доғарып, жасырын өмір сүруге көндігуі керек болды. Мүнәууар Қари болса, қандай қиын жағдайда болмасын ресми сипатта қала беретінін алға тартты. Тәжіктердің көсемдерінің бірі Садреддин Айниді басшылыққа ұсындық, алайда ол да жасырын жұмыс істеуден бас тартып, ашық жүруді қалайтынын жеткізді. Бұл кісінің басшылығын қалайтындар да аз болатын. Шілде айында Анкара Ұлы Ұлт Мәжілісінің мүшесі Исмаил Супхи Сойсаллыотлы Бұхараға келді. Ол ресми түрде коммунистік партияға жақтас түрік депутаты сияқты жүрген еді. Сондықтан, ол Түркістанды еркін аралау мүмкіндігіне ие болған еді. Тіпті, Хиуаға да келіп, кетті. Алайда, шындығында ол Мұстафа Кемал паша тарапынан арнайы тапсырма бойынша жіберілген еді. Осы кісі Бұхарада жүрген кезінде менімен бірнеше рет кездескеннен кейін, менің өтінішімді қабыл алып, сол кездері бір-бірлерімен қақтығысып қалған өзбек және тәжік ұлтының жетекшілерімен жолықты. Ортақ комитеттің құрылмай жатқанына алаңдаушылық білдіріп, барлық топтардың бір кеште бір жерге жиналуын қалады. 30 шілде күні кешқұрым Мырза Абдулқадырдың үйіне жиналдық. Сұпхи мырза әуелі барлық топтың өкілдерімен кездесіп, ортақ комитеттің басшылығына мені ұсыныпты, оның ұсынысы да бірауыздан мақұлданыпты. Кешкі мәжілісте шешіліп сөйлеп, жақсы сөздер айтты. Сол жерде ұсынысын қайталады. Бәрі бірауыздан қабыл алды. Орталық Комитеттің өзге мүшелері де сол мәжілісте анықталды. Сонымен 2 тамыз күні мен Түркістан ұлттық бірлігінің, яғни Орталық Комитеттің басшысы ретінде әрекет ете бастадым. Осы сын сағаты соққан қиын-қыстау күндері Түркиядан Мұстафа Кемал тарапынан жіберілген осы бір депутаттың, қазақтың Алаш - Ордасының өкілдерінің, әсіресе Діншенің және Ауған елшісі Абдурресул Ханның Түркістан үшін бір ұлт-азаттық орталығының құрылуына үлкен ықпалы болды. Бұл оқиғаны жан дүниесімен сезіне білген Мырза Абдулқадыр маған әдемі жазулармен әдіптелген әсем жайнамаз бен алтын сағат сыйлады. Осман Хожаев Ширабад қаласынан хат жолдап, менің комитет төрағасы болып сайланғаным үшін бақытты екенін жеткізіпті. Осман Хожаев орыстарға қарсы қарулы күресті еш күмәнсіз мақұлдайтынын хатында айта кетіпті. Ол "шығыс Бұхараның төраға орынбасары" болатын. 2-5 шілде күндер арасында "Ұлттық Орталықтың Құрылтайы" жиналды. Бұл Мәскеуде жиналған құрылтайларды қосқанда бесінші құрылтай болатын. Комитетке "Орта Азия ұлттық халықтық мұсылман комитеттері Одағы" деген атау қойылды. Комитет мүшелерінен бір тәжік досымыз комитеттің орталық бюросы үшін мөр жасатқан екен. Әлі есімде, "Орта" деген сөз "Отар" деп жазылып кетіпті, бәріміз бір күліп алдық, ол да солай қала берді. Комитеттің бағдарламасының жалпы жобасы дереу сол мәжілістердің өзінде қабылданды. Қыркүйек айында Самарқантта жаңа құрылтай шақыру және басмашы топтармен байланыс орнату, оларға саяси кеңесшілер жіберу туралы шешім қабылданды. Маусым айының ішінде шытыс Бұхара Һасмашыларына жіберілген Мұстафа Шахқулидің жанына екі көмекші тағы жіберілді. Бұлар Қулаб жағындағы басмашылардың қорбашысы Дәулетмендтің жанына барып комитеттің өкілдігін ашты және Әмірге әсіре жақтас болып жүрген Лақай руының көсемдерімен байланыс орнатты.
ЕСТЕЛІКТЕРІМНЕН
Мүнаууар Қари Абдурашитхан
Менің саяси басқармаға берген уәдем
Бұл 1928 жылдың басында болып еді. Мені бастық (СССР Бас саяси басқарма бөлімінің Орта Азия өкілдігі бастығы) жолдас Бельский шақырып, жәдит қозғалысы пайда болғаннан бергі оқиғаларды кең көлемде және нақты құжаттарға сүйене отырып жазып шығуымды тапсырып, маған сұрақтар тізілген парақ берді. Ондағы сұрақтардың бір бөлігіне өзім жауап бере алсам да, екінші бөлігіне басқалардың көмегінсіз жауап беруім тіпті мүшкіл көрінді. Оның ұсынысын қуана қабыл алдым, себебі осы арқылы болып өткен оқиғаларды зерттеу, таразылау және келер ұрпаққа, тарихқа пайдалы бірер нәрсе қалдыру мүмкіндігі туды. Сонымен бірге "осы істі орындасам, бәлкім менің осымен алдындағы саяси дәрежем арта түсер" деген үміт те пайда болды. Ауғанстанға кетпеуіме, біріншіден Бачи Сақов көтерілісі, екіншіден осы ұсыныс себеп болған еді. Не жазатынымның жоспарын құрып, жолдас Бельскийге көрсеттім. Бельский мен Агидуллин қарап шытып, жоспарымды мақсатқа сай деп мақұлдады. Жоспарда жазатын естеліктерді үш кезеңге бөліп қарастырдым: біріншісі - жәдитшілдік пайда болғаннан Ақпан төңкерісіне дейін; екіншісі - Ақпан төңкерісінен Қазан төңкерісіне дейін, үшіншісі - Қазан төңкерісінен естелік жазылып біткен күнге дейін. Осындай жоспармен өз естелігімді жазуға кірістім. 1929 жылдың басында бірінші бөлімді, яғни 1917 жылға дейінгі естелігімді жазып тапсырдым. Бірақ менде жазу үшін уақыт тапшылығын, себебі сол уақытта жұмыссыз болатынмын. Менің отбасымда өзімнен басқа ақша табатын ешбір кісі жоқ еді, жұбайым (Лазизахан) дәрігер мамандығы бойынша оқитын. Күнде үйде 9-10 сағаттап отырып байпақ пен қолғап тоқып, 2-3 сом ақша тауып, отбасын асырауға мәжбүр болдым. Осы қарқынмен жұмыс істеген жағдайда естелікті жылдам жазып бітіре алмайтыным айдай анық сді. Сондықтан (1929 жыл болса керек) бұл туралы Саяси басқарманың Шығыс бөлімінің бастығы Агидуллинге хабарлап, өзімнің отбасылық жағдайым жайлы ашық айттым. Егер естелікті тез арада жазып бітіру зәру болса, маған көмектесулері керектігін айттым. Сонда ол: "Сізге қандай көмек керек?" - деп сұрады. Мен болсам былай дедім: "Маған рухани және материалдық қолдау керек. Мен күнкөріс үшін өтініш берген едім. Егер сіздер біраз қолдау көрсетіп, жәрдем берсеңіздер, нәпақа аламын. Соның арқасында менің отбасыма аздап болса да жеңілдік жасар едіңіздер". Жолдас бастық көмектесуге уәде беріп, жазғандарымды аз-аздап болса да көрсетіп тұруымды талап етті. Бұл кезде мен естеліктерімнің екінші бөлімін аяқтауға таяу едім. Бастықтың бұйрығы бойынша аяқталмағанына қарамай, мен бұл бөлімді оған тапсырдым. Жолдас бастықтың көмегін күтіп жүріп, мен үшінші бөлім үшін материал іздей бастадым. Бірақ менің абақтыға жабылуыма байланысты, бұл ойым іске аспай қалды. Мен Қазан төңкерісі қарсаңында ұйымдастырылған "Иттихад-и тараққий" (Тараққипарварлар жамиғаты - Дамушылар ұйымы) жайындағы жадымда қалғандарды осының алдында ғана жазып берген едім. Ұйымның бағдарламасын Осман бек пен Хайдар әфенді 27.7 түзген еді. Мен оны түрікшеден өзбек тіліне аударғанмын. 1917 жылы тамыздың соңы болса керек, менің үйімде қоғам мүшелерінің Осман бек төрағалығымен өткен жиналысында осы бағдарлама қабылданды. Жиналыста үш кісіден тұратын төралқа сайланды. Оған төраға болып Осман бек, жетекшілікке Хайдар әфенді сайланды. Үшіншісі жергілікті кісі болуы шарт еді, оны таңдау Осман бек пен Хайдар әфендге тапсырылды. Мен қазан төңкерісіне дейін осы ұйымның жұмыстарына атсалысып келдім. Бұл ұйым мен діндарлар арасында түрлі келіспеушіліктер болып тұратын. Қалалық Дума сайлауына біз эсер және социал - демократтармен одақтасқандығымызға қарамай, оған діндарлардың өкілдері көбірек өтті. Ұйым қазан төңкерісінен кейін де өз жұмысын жалғастыра берді. Оның мүшелері, бағдарламада көрсетілгендей, ұйымның мүддесіне қарсы келмейтін барлық партияларға кіру құқығына ие еді. Сондықтан да кейбіреулер большевик, енді бірі эсер партиясына мүше болды. Мен де қандай да бір партияға кіруді қалап, Хайдар әфенді арқылы төралқадан руқсат сұрадым. Төралқа маған өкіметтің әлі орнықпағандығын және оның өмір сүруінің өзі екіталай екендігін айтып, біраз шыдай тұруға кеңес берді. Бұл кезде мен ағарту саласында қызмет атқаратын едім. Сонымен, мен 1919 жылға, яғни қаңтар оқиғасына 28 дейін осы ұйымға басшылық жасадым. Ұйым осыған дейін Кеңес өкіметіне қарсы келген жоқ, тіпті, керісінше өз мақсатын жүзеге асыру үшін Кеңес өкіметін ең лайықты одақтас деп білді. Ұйым мақсаты мен бағдарламасы төмендегідей еді: 1) жастарды мүшелікке тарту; 2) керітартпа күштермен күрес жүргізу; 3) ақтарды әшкерелеу, мүмкіндігінше оларды өкіметке тапсыру; 4) мектеп, ағарту істерін реттеу, жүйелеу; 5) түрік әскери тұтқындарына көмектесіп, оларды мектептерге жұмысқа орналастыру; Бакуды түріктер басып алғаннан кейін "Иттихад-и тараққийпарвар" ұйымымыз "Иттихад-и тараққи" деп өзгертілді. Соңындағы "парвар" сөзі алынып тасталды. Енді ұйым "даму" мағынасын алды, бұрын "дамушылар" ұйымы еді. Сол үшін көпшілік бұған аса назар аудармады, себебі әуелде "парвар" сөзі қосылып айтылуы керек болса да, енді "Иттихад-и тараққи" деп аталынатын еді. Бұл өзгеріс себебін сұрағанымда, Хайдар әфенді былай түсіндірді: "Бакуды "Иттихад-и тараққи" ұйымын басқарушы түріктер иеленді. Солармен байланысты жеңілдету мақсатында ұйымды "Иттихад-и тараққи" деп атадық". Ол әуелгі төраға Осман бектің кетіп қалғандығын, оның орнына "Иттихад-и тараққи" жақтаушысы болған Зиябектің келгенін де айтты. Менің ақтарға қарсы істеген әрекеттерімнің бірі: 1918 жылы бір күні маған С.Назаров есімді орыс келіп, бірнеше күнге үйіңізден орын бере тұрыңыз деп өтінді. Мен келістім. Ол менде екі күн тұрды. Сол күндері оның Кеңестерге қарсы екендігі мәлім болды. Өкіметтің қолданыстағы заңы негізінде ол туралы кеңес өкіліне хабарладым. Бұл кезде Ескішахар отрядының бастығы Низамиддин Хожаев болатын. Оны басқа орынға көшіремін деп, бір күзетшімен қалаға жөнелттім. Хадрада оларды Низамиддин Хожаевтың адамдар күтіп тұрды. Күзетшінің ишарасымен Назаров тұтқындалды. Бірнеше оқиғалардан кейін барлық адамдарда Кеңес өкіметінің орнығып, беки түсетініне сенім пайда болып, ұйым өмірі мен оның болашақ жұмыс барысы бізді қызықтырмай қойды. Бұған қажеттілік те жоқ еді. Мен большевиктер партиясына кіруді ұйғардым. Ұйым төралқасы қарсы болмады, керісінше мынадай мазмұнда шешім қабылдады: "Кеңес өкіметіне қарсы күдіктен арылғаны әрі қоғамдық қызметтерді (сауатсыздыққа қарсы мәдени күрес) өкіметпен бірге атқару оңай және мақсатқа сай екендігіне байланысты жоғарыдағы ұйым жабылсын, оның мүшелері Мұнаууар Қари мен өзге мүшелеріне басталған істі жалғастыру үшін большевиктер партиясына кіруге рұқсат етілсін". Содан бері ұйымнан шығып, партияға мүше болып кірдім. Ұйымның тарап кетуінің мынадай себептері де болды: 1) Мүшелері арасындағы тәртіптің босаңсып кетуі; 2) Түркия жеңілгеннен кейін "Иттихад-и тараккд" жақтастарының билігі әлсіреді; 3) Қаржы тапшылығы; 4) Ұйым жетекшілері мен мүшелері арасында өзара сенімсіздіктің күшеюі. Қазіргі кезде оның алғашқы құрушы кісілерінен менен басқа ешкім қалмады. Отан кейін кіргендерден мыналарды білемін: Садулла Хожа, Атахон, Убайдулла Хожаев. Ұйымның Ташкенттегі мүшелері көп емес еді. Олардың саны елуге жетпесе де, абыройлары биік болатын. Ұйымның таратылғанынан тек мүшелері тана хабардар болып, көпшілік бейхабар еді.
Қаңтар оқиғалары және "Бірлік" ұйымы Қаңтар оқиғалары кезінде ғұламалар қоғамы бірнеше сағат өкіметті өз қолдарына алып, уақытша жеңіске жетті. Бұл мүмкіндікті олар "тараққишілерден" өш алуға барынша пайдаланды. "Тараққишілер" большевик партиясына мүше ме, мүше емес пе сұрап -сұрастырмай, іздеп, табылғанының жағасына жармасты. Бұдан байқайтынымыз, "тараққишілер" мен большевиктердің мақсаттарының бір-біріне жақындығы. Сондықтан "Бирлик" ұйымын құру қажет деп табылды. Мұндағы мақсат -"тараққишілердің" партияға кіргендері мен кірмегендерінің бастарын біріктіруі еді. Ескі шахардағы баспахана ғимаратында үш жүз шамасында адам, партия мүшелері, партияда жоқ қызметшілер және "тараққишілер" жиналып, "Бірлік" ұйымын құрды . Бұл жиналыста бір-бірімізге жәрдем беруге келістік. Бірігудегі мақсат - жастарды большевик партиясына тарту және оларды түрлі күтпеген оқиғаларға дайындау еді. Ұйым 2-3 жыл өмір сүрді. Жастардың көпшілігі партияға кіргеннен кейін ол өз-өзінен тарап кетті. Сол кезде Мәскеуден Мұстафа Субхий, Мавлавий және Габировтар келді. Олар Шайхантохурда үлкен митинг ұйымдастырып, "Шарқ азаттығы" ұйымын құрды. Бұған партия мүшелері де, партияда жоқтар да мүше болды. Бұл ұйым Кеңес өкіметін қолдап - қуаттайтын бағытта жұмыстар жүргізе отырып, оны халықпен жақындастыру және Иран, Ауғанстан, Үндістан мұсылмандарының алдындағы беделін көтеруге тырысты. Ұйым бағдарламасын оқыған емеспін, сондықтан да онда не жазылғанын білмеймін. Ұйымға Мұстафа Субхий басшылық етті.
VІІІ Құрылтай және "ұлттық топ" "Иттихад-и тараққи" таратылғаннан кейін тараққишілердің көпшілігі большевик партиясына кіріп, шын пейілдерімен жұмыс істей бастады. Ол уақытта қазіргідей таптық сана онша дамымаған еді. Орыстардың өзі белгілі дәрежеде отарлаушылықтан айықпаған болатын. Жергілікті коммунистерге орталықтан жіберілген Кобозев жетекшілік етті. Сол кезде VІІІ құрылтай шақырылды. Құрылтайда жергілікті халық өкілдері мен еуропалықтар арасында дұшпандық орнады. Белсенділер мен "ұлтшылдардан" тұратын екі топ пайда болды. Бірінші топты Казаков, екіншісін Кобозев басқарды. Әр топ жеке - жеке мәжіліс шақырды. Кобозев жергілікті халыққа, Казаков еуропалықтарға жетекшілік етті. Сол тұста Орынбор темір жолы тазартылып, өкімет өкілдері келе бастады. Кобозев жеңіске жетіп, мемлекет төрағасы болды. Орталықтан Элиава басшылығымен Түрккомиссия келді. Жергілікті коммунистердің рухы біраз көтеріліп, іске кірісіп кетті. Дегенмен де, бұл айтылған ұлттық топтың "ұлттық" деген атауы Мәскеудің "жаңа өкімет ұлтшылдардан құралған" деген тоқтамға келуіне сылтау болды. Сондықтан көп ұзамай оған шабуылдап, нәтижесінде таратып жіберді. "Рысқұловшылар" деп аталған бір топ коммунистер қуғындала бастады. Іссапарға жіберуді сылтауратып жұмыстан қуу белең алды. Мен ол кезде Білім беру Халық комиссарлығы мүшесі және түрік бөлімінің басшысы қызметінде едім. Басқалар сияқты мен де қызметтен алындым. Меніңше, "жетекшіліктегі ұйымдар" деген пәлсапаның мағынасы осыны білдірсе керек. Негізі, бұл тұста коммунист жөне коммунист емес қызметшілер арасында ешқандай ортақ "ұйым" жоқ-тын. Барлығы шын пейілмен жұмысын істеп жатқан. Жоғарыда аталған өкіметті таратып жібергеннен кейін жергілікті коммунистердің орыстармен қатынасы нашарлады. Енді олардың орталықтан келетін Түріккомиссияға бар үмітін артудан басқа амал қалмады.
Шығыс халықтарының құрылтайы және Әнуар Пашамен болған оқиға Осы уақытта Шығыс халықтарының құрылтайы 319 шақырылды. Оған түрлі ұлттан партия мүшесі, партияда жоқ көптеген делегаттар сайланып, Гиллердің жетекшілігімен Бакуға жіберілді. Гиллер жолда өзін нашар жағынан көрсетті. Ол хатшысымен жеке купені иеленіп, 3-4 түрлі тағамнан тұратын таңғы ас пен түстік ішті. Басқа делегаттарға тек бір ғана тағам берілді. Сол себепті барлық делегаттар оған жек көрушілікпен қарайтын болды. Бакуда құрылтай ашуға дайындық көріле бастады. Барлық мемлекет делегаттарына өз араларынан төралқа мен фракция мүшелерін сайлау тапсырылды. Екінші күні Зиновьев құрылтайға өзімен бірге Әнуар Пашаны 3210 1922 жылы Басмашылық қозғалысына жетекшілік жасап жүріп Бұхарада шейіт болды. алып келді. Құрылтайда Түркия, Иран, Ауғанстан, Үндістан және басқа мемлекеттердің өкілдері де қатысты. Делегаттардың көңіл-күйі өте жоғары болды. Иран, Ауғанстан және Түркия елдері Кеңес өкіметінің келешегіне сенді. Зиновьевті қарсы алу үшін шет ел делегаттарынан басқа барша жұрт вокзалға шықты. Ол мінген отарба салтанатты жағдайда күтіп алынып, барша халық онымен кездесу және пікір алмасу үшін ұмтылды. Бірақ ол ұзақтан амандасқан соң автокөлікке отырып, қалаға жөнелді. Бұған көпшілік наразы болып қалды. Екінші күні фракциялардың мәжілісі болды. Құрылтай төралқасына Рысқұлов және мен кірдім. Сол себепті құрылтай біткенге дейін Зиновьевпен жиі-жиі кездесіп тұруға тура келді. Құрылтайдың бірінші мәжілісі қызу өтті. Делегаттар Англияға наразылық жариялады. Құрылтайда Әнуар Пашаның орны ерекше сезіліп тұрды. Құрылтайдың баяндама уақытында да делегаттар кезекпен оның алдына кіріп, қолын сүйіп, құрмет көрсетті. Әнуар Паша төралқаға айтарым бар деп, сөз сұрады. Бұл мәселе екі күн талқыланды. Құрылтай мен фракция кеңестері Әнуар Пашаның сұранысын қабылдамады. Содан кейін ол жазбаша өтініш жіберді. Әфендизаде Әнуар Пашаның өтінішін құрылтай қауымына оқып берді. Осыдан келіп Зиновьев пен төралқа арасында қайшылық туындады. Зиновьевтің өзі Әнуарды құрылтайға шақырып әкеліп, оған сөз бермей үлкен қателікке ұрынды. Содан кейін делегаттармен кездесуде де олармен достық қарым - қатынаста болмады. Бұл жағдай шет ел және кеңес делегаттарының отан деген қатынасын өзгертіп жіберді. Сый-құрмет бүтіндей жоғалды. Түркістан делегаттары да Зиновьевке наразы болды. Құрылтай өз ісін Шығыс халықтары кеңесіне өкілдер сайлаумен аяқтады. Мен де бұл кеңес құрамына кірдім. Құрылтай жабылған соң Түркістан коммунистері Рысқұловтан не себепті жұмысын тастағаны туралы жауап беруін талап етті. Рысқұлов мүны Зиновьев қатысқан мәжілісте талқылап, ол айтылған сөздерді негізді деп мойындады. Осы жиналыста Мәскеуге делегация жіберілетін болды. Делегация құрамына Рысқұлов пен Жорабаев кірді. Олар Мәскеуге кетіп, біз Ташкентке қайттық. Бакуда Әнуар Пашамен екі рет жолықтым. Бірінші рет, құрылтай мәжілісінде төралқадағы екі-үш кісімен отырғанымда Әнуар үнсіз келіп, маған өтініш хатын берді. Тілдескен жоқпыз. Оның хатын Зиновьевке бердім. Екінші ретте, оны Дағыстан өкілдері мен бірнеше түркістандықтар орналасқан теңіз жағасындағы үйде көрдім. Бір күні Әнуар Паша келіп араб тілінде сұхбат өткізеді деген хабарды естіп, оны екінші қабатта күтіп тұрдық. Біраздан соң Әнуар Паша келіп, бізбен 15 минут сөйлесті. Ол Кеңес өкіметінің Шығыс халықтарының пайдасына көптеген игі істер істеп жатқанын айтты. Сондықтан құрметтеп, қолдап - қуаттау керектігін жеткізіп, "Кеңес өкіметін пайдаланып, өз балаларыңызды оқытыңыз" деп ақылын да айтты. Зәки Валидимен (Тоған) бір рет кезіктім. Ол құрылтайға жіберуін сұраған өтінішті Зиновьевке беруімді өтінді. Мен қабыл алмадым, кейін ол мұны Жанұзақов арқылы жүзеге асырды. Естуімше, Зиновьев хатты жауапсыз қалдырған. Біз Ташкентке қайтып келдік. Мұнда партия құрылтайы болып жатқан. Мен бұл құрылтайға Шығыс халықтары кеңесінен делегат ретінде сайланған едім. Бұл жөнінде партия құрылтайына телеграф арқылы хабар берілген. Партия құрылтайында біздің өкіл Гиллер Шытыс Халықтары құрылтайының қорытындыларынан баяндама жасады. Ол Баку жолында делегеттарымен арада туындаған келіспеушіліктерге де тоқталды. Бар кінәні делегаттарға жауып, оларды ұлтшылдықпен айыптады. Сол үшін болса керек, партия құрылтайында маған Шығыс халықтары жіберген телеграмма туралы хабар берілмеді. Телеграмманы мен құрылтайдан кейін Бұхарада алдым.
Бұхара оқиғалары Біз Бакуда жүргенде Бұхарада төңкеріс болды. Әмір қашып кетті. Әкімшілік жас бұхаралықтардың қолына өтті. Бұл кезде Түркістанда түрлі топтарға бөліну күшті болатын. Бірде бірі, бірде екіншісі үстемдікке жетіп, жеңгендер жеңілгендерді Хорезм яки сол сияқты өлкелерге қуатын. ІX құрылтайдан соң Рысқұлов тобы біржола жеңілді. Төреқұлов тобы жеңіске жетті. Біз (Рысқұловтың жақтастары) тізе бүккендер қатарында "іссапарға" кетуге тиісті едік. Сол себепті Бакудан қайтқаннан кейін мені Шахид Ахмадиев Білім беру Халық комиссарлығына шақырып, Бұхара Халық Ағартушысы Қари Иолдашдың қарамағына жіберді. Ол мені коллегия мүшесі етіп тағайындады. Сонымен бірге маған Бұхараны азық-түлікпен қамтамасыз ету тапсырмасы да жүктелді. Тапсырмам анық болғасын, Ташкенттен отбасымды көшіріп алып келіп, іске кірісіп кеттім. Арадан төрт ай өткесін, жаңылыспасам, 20 наурыз болса керек, Түркістан мені Ташкентке қайта шақырып алып, ғылыми кеңес мүшесі етіп тағайындады. Бірнеше күннен кейін, 30 наурыз күні Ташкентте өзгелермен бірге мен де қамауға алындым.
Бұхара оқиғалары туралы 1920 жылы Бұхарадағы аланда Қазан төңкерісі мерекесіне арналған үлкен митинг болып өтті. Орталық өкілі (Куйбышев болса керек) сөз сөйлеп, Мәскеудің Бұхара Халық Республикасын мойындайтынын салтанатты түрде жария етті. Одан кейін сөз алған Мырза Қари Мұхиддинов митинг өтіп жатқан алаңның "Бұхараның тәуелсіздік алаңы" деп аталғанын хабарлады. Файзулла Хожаев Қазан мерекесі мен Бұхараның тәуелсіздігімен құттықтады. Сол күннен бастап жас бұхаралықтар "тәуелсіздік" сөзін жиі жырлайтын болды жөне оған жетуге ұмтылды. Бүұхаралықтар арасында наразылықтың күшеюіне байланысты Түріккомиссия Бұхараның ішкі істеріне араласпайын болды. Бұхаралықтар "бұл төңкеріс пе яки басып алу ма?" деп сұрайтын. Бұл наразылық шарықтау шегіне жетті. Біраз уақыттан соң Бұхараға Түріккомиссия мүшесі Сафаров келді. Ол мені ревкомға шақырып, бұхаралықтар арасындағы мәселені сұрады. Ол жерде бас қолбасшы Зиновьев пен аудармашы Еникеев те болатын. Сафаров менен бұхаралықтардың төңкеріске қалай қарайтынын және Шығыс Бұхаралықтардың неліктен әмірді жақтап жатқандарының себебін сұрады. Мен еш нәрсе жасырмай, бұхаралықтардың азаттыққа ұмтылуда екенін және олардың қазіргі жағдайға көңілі көншімейтінін, сондықтан олардың "бұл төңкеріс пе яки басып алу ма?" деген сұрақты көп қоятынын айттым. Бұған қоса Шығыс Бұхарада (Қызыл Армия) бөлімшелері мінген аттарын мешітке байлап қойып, өздері үйме-үй жүріп, тонаушылықпен айналысып жатқанын да атап айттым. Содан Сафаров Ревком мәжілісін шақырып, өкімет өкілдерін балағаттады. Сафаров қайтып кеткесін өкімет өкілдері өзара жиналыс өткізіп, Мәскеуге хат жазды. Онда егер Сафаров көзқарасын өзгертпесе, біз бәріміз жұмыстан бас тартамыз деп ескертті. Мәскеу бұл ескертуді алғасын, Сафаровтың Бұхара ішкі істеріне араласуына тыйым салды. Аталған оқиғалардан соң Бұхарада түріктердің жетекшілігімен "Бұхара истиқдалы" қауымы құрылды. Бұл қауымның негізгі мақсаты оның қайраткерлерінің бірі Хашим Шаиқтың сөздерінен мәлім болғандай, мыналардан туратын еді: Бұхара егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау, екіншіден, Шығыс Бұхара мен ауылдардың арасын жақындастыру, себебі Бұхарада коммунизм атынан іс жүргізу мүмкін емес еді. Мен Хашимнен қауымға кімдер кіретінін сұрағанымда, ол былай жауап берді: "Бұхара егемендігі мен тәуелсіздігіне мейірмахаббаты бар барлық бұхаралықтар".
1929 жыл 18 желтоқсан 1925 жылдан бастап бөспасөзде менің жазған кітаптарым мен ондағы идеяларыма қарсы жаппай сыни шабуыл басталды. Олардың қайсыларында аздап шындық болса да, көпшілігі негізсіз еді. Әрине, оларға шыдап тұра алмадым. Сол себепті Ташкентті бір жола тәрк етіп, Мәскеуге барып, ол жерде орыс тілін үйреніп, әйтеуір бір іспен шұғылдануды дұрыс көрдім. 1926 жылдың соңына қарай өз отбасымнан ресми қатынасымды үзіп, Мәскеуге аттандым. Жол-жөнекей Қызылордаға тоқтадым. Ол жерде жолдас Рысқұловты кезіктіріп, оған өз мақсатымды айттым. Ол менің мақсатымды мақұлдады, көмектесуге уәде етті. Содан соң Қазан, Төменгі Новгород арқылы Мәскеуге келдім. Мұнда Төреқұловпен кездестім. Ол да менің Мәскеуде өмір сүруімді қолдады. Сол арада (Түркістан) Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Рысқұлов Мәскеуге келді. Олардың жәрдемімен мен Шығыстану комитетінде жұмыс істеп, соның институтында оқуды жөн деп шештім. Комитет басшылығы мені жылы қабылдады. Мені Өзбекстанға бөлінген үш жердің біріне ресми жолдамамен қабылдамақ болды. Комитет бастығы сол кезде Мәскеуде жүрген Акмал Икрамовқа хат жазып, маған арнайы жолдама жіберуін өтінді. Мен Акмалдың өзімен де кездесіп, жәрдемдесуін сұрадым. Акмал Икрамовқа Отаннан тыс жерде тұруға түбегейлі шешім қабылдағанымды, келешекте Өзбекстан жеріне мүлде аяқ баспайтынымды айттым. А. Икрамов болса былай деді: "Егер сіздің Өзбекстаннан біржола кетуіңіз қажет болса, оны біз іске асырар едік. Сіз Өзбекстанға қайтыңыз. Мен өзім сізге жолдама табамын". Ол уақытта мені "ұлтшылдықпен" айыптаған соң Отан мен ұлттан базкешіп, коммунисттік өкіметтің астанасында өмір сүріп, қолдан келгенше ғылыми іспен шұғылданып, тіпті осында қаза болмаққа үзілді-кесілді қарар еттім. Осы мақсатта отбасымнан ресми ажырап, үй - жерімді отбасым мүшелеріне бөліп, оның бір бөлігін білім беру саласына қайырымдылыққа өткіздім. Икрамов кеңесімен Ташкентке қайтып, одан Самарқанға еттім. Шығыстану комитеті (немесе Шығыс халықтарын үйрену комитеті) берген хатты Білім беру халық комиссариятына қалдырдым да, қайта Ташкентке барып өз істеріммен айналыстым. Бір ай өтіп Білім беру халық комиссариятынан хабарлама алдым, онда мына сөздер жазылған еді: "Сіздің өтінішіңіз қанағаттандырылмады, орныңызға басқа адам жіберіледі". Бұл жауап мені бар үмітімнен айырды. Бұл кез оқу маусымы басталған болатын. Мен қайта мұғалімдікке оралуға мәжбүр болдым. Алайда мен үшін Ташкентте өмір сүру күннен -күнге ауырлап, маған көрсетілген озбырлық бұрынғы жәбірлік пен рухани езушіліктен әлде қайда асып түсті. Оларға қарсы жазған мақалаларым баспаға жетпейтін де еді. Бұл сыни мақалалар тіпті отбасымды аяқ асты ете бастады. Менің шығармашылығым мен жеке тұрмыстық өміріме деген ғайбаттар мүлде өршіп кетті. Осылар мені қалай да Өзбекстаннан кету пікіріне итермелей берді. Бұл пікірім соншалықты күшейе түсті. Менің бар болмысымды бас ауған жаққа кетіп қалу ойы жаулап алды. Егер еш бір жолдамасыз Мәскеуге барсам, онда өмір сүру өте қиын болмақ. Ал егер Қазақстан мен Түркменстанға кетсем, бәрі - бір тыныштық бермес еді. Татарстан мен Әзірбайжанда мен сияқтыларға жұмыс табу екі талай. Мен ойлай-ойлай, болған жағдаяттан шығудың ең оңтайлы жолы Ауғанстанға өтіп, ондағы ауған өзбектерінің мешеу мектептерінде жұмыс істеу деген пікірге келдім. Менің ең сүйікті ісім - мұғалімдік еді. Ауғанстанда мен сияқты мұғалімдерге сұраныс жоғары екендігін білгендіктен, сонда тұру орынды деп таптым. Тек ол жаққа қалай баруға болады? Қашып кетуге болмайды, себебі осындағыдай онда да ұстап алуы ықтимал. Өзім қашқындықты қаламаймын да. Сондықтан ауған елшісімен танысуды, мүмкін болса оның өтінішімен ресми түрде Ауғанстанға кетуді қарастырдым. 1927 жылы қараша не желтоқсанда Мазари Шарифтік Мансұр Хан деген бір ауғанды кездейсоқ көшеде кездестіріп қалдым, оның ауған елшісімен жақын байланысы бар еді. Жергілікті саудагерлермен көптен қатынасы бар бұл жас ауған жігіті маған да таныс болатын. Одан ауған елшісімен таныстыруын сұрадым. 10-15 күннен кейін тағы да Мансұр Ханды Ордадағы Қызыл шайханада кезіктірдім. Оны бір кесе шайға шақырып, өтінішімнің нәтижесін сұрадым. Мансұр Хан менің өтінішімді елшіге жеткізгендігін, оның келіскенін айтты. Әрі елші мен мені үйіне шақырып, сонда таныстыру жоспары барын да айтты. 3-4 күннен соң Мансұр Хан менің үйіме келіп, хат қалдырып кетіпті. Хатта ол қайсы бір күн кешкі сағат 7-8 шамасында үйінде болуымды жазыпты. Белгіленген уақытта мен Мансұрды үйінде күтіп отырдым. Ол сағат сегіздерде келіп, мені 1-Қият көшесіне алып барды. Онда кішкене бір бөлмеде өте жүдеу бір кісі отырған екен. Мансур Хан онымен таныстырды. Амандық сұрасып отырдық. Кейін оған өз мақсатымды білдірдім. Ол маған қазіргі кезде Ауғанстанда өзбек оқытушыларының өте қажеттілігін, жақында Қабылдан хат алғандығын, онда мұғалім іздестірілгенін, егер табылып жатса бір емес бірнешеуін жіберуге әзірлігін айтты. Кейін менен "бұл жерде ол жаққа баруды қалайтын мұғалімдер шыға ма?" деп сұрады. Мен егер ресми шақырылса бір емес, бірнешеуін табу мүмкіндігін, бейресми ешкім бармайтынын, бейресми барса, олардың осында қалған отбасыларына қайта алмайтындарын айттым. Ол және мұндағы мәдени даму жайын сұрады. Мәдениет күтілген деңгейден артық дәрежеде, тез дамып жатқанын айттым. Ол пікірімді мақұлдаумен бірге әмір басшылығындағы Ауғанстанда да ағартуға көп мән беріліп жатқанын айтты. Ауғанстанға мұғалімдер жіберу мәселесінде ең әуелі Қабылға хат жазып, жауап алғаннан соң арнайы рұқсатнама алу әрекетін жасау керектігін білдірді. Мен бейресми кетуге келіссем, көмектесе алатынын түсіндірді. Мен рұқсатсыз бара алмаймын, жүрексінемін дедім. Сонымен мұғалімдерді жіберу тақырыбы Қабылдан жауап келмейінше тоқтап қалды. Кейін екінші мәрте болған Бачи Сақов толқуы бастырылғанға дейін кешіктірілді. Бачи Сақов жеңіске жеткеннен кейін бұл мәселеден күдер үзіп, нәпақа алуға әрекеттене бастадым. Мен нәпақа алғанымнан соң, үйден шықпай, жамағаттан тыныштықта, өз естеліктерімді жазып бітірем деп ойлап едім. Бірақ бұл жоспарым іске аспады. Наманган ұйымының өкілі екінші рет келгенде жергілікті және еуропалықтардан құралған қандайда бір ұйым адамдары үгіт жүргізіп жатқанын айтты жөне олармен байланысу керек пе деп сұрады. Мен мыналарды есепке ала отырып, олармен байланысудың қажет еместігін ескерттім: егер ол ұйым арасында еуропалықтар бар болса, бұл - ақ гвардия ұйымы, жергілікті адамдардың сенгіштігін пайдаланып, олардың ақшасын жымқыруы не алдап, көтеріліске тартуы мүмкін. Фарғана халқы өте қызуқанды келеді, ашуы жылдам, сондықтан да жеңіл қармаққа ілінуі, енді ғана тіктеліп келе жатқан Ферғана шаруашылығын бұзуы және оны қанға бояуы мүмкін. Осындай қауіптерді ескеріп, оған жоғарыдағы кеңестерімді бердім. Оны тағы да қорқыту үшін ГПУ (Бас Саяси Басқарма) деген ұйым бар екенін және оның бұлардан бейхабар еместігін де айттым. Көпшіліктің реакциясын сынау мақсатында бұл хабарды тәжірибе үшін ГПУ - дың өзі шығаруы да мүмкін, сондықтан сақтанғанға қорлық жоқтығын ескерттім. 1917-1918 жылдары әрекет еткен "Иттихад-и тараққи" ұйымының басқа жерлерде де бөлімшелері болып еді, мысалы Наманганда. Оның мүшелері кімдер болғанын білмеймін, бірақ олардың арасында маған Зайнудцин Қари мен Ғафуржанов мөлім еді. Есімде, сол кездері Ташкент, Фергана және Наманган ортасындағы байланыс Сиражиддин хан мен Нәби арқылы іске асатын. Бірақ "Милий иттихад" ұйымы кезеңінде кім арқылы қатынас жүргізілгені есімде жоқ, тек ұйымның бар екенін, Ташкентпен байланыста болғандығын естігенмін. Өзім 1917 жылы автономия жарияланғаннан кейін Ферғанада болмадым. Зайнуддин Қариді соңғы рет 1920 жылы Бакудағы құрылтайда көрдім. Арадан 6-7 жыл өткесін бір кісі Зайнуддин Қаридің хатымен алдыма келді. Ол менен мыналарды сұрады: "Бұрынғы ұйым жұмыс істеп жатыр ма? Оның орталығы қайда? Ауғанстан арқылы қажылыққа ауған елшісі рұқсатнама (виза) алуға көмектесе ала ма?" және т.б. Жалпы ол ұйымға қатысты сұрақтар қойды. Мен бұл сұрақтар кімнен, бір Қари ағамнан емес пе деп сұрадым. Ол бұл сұрақтар тек бір Қариден емес, бүтін ұйымның мүшелеріне, яғни 5-6 кісіден деді. Одан қажы ағамның мақсатын сұрадым. Қажы ағамыз Үндістанда, кейін Меккеде болыпты. Үндістанда тұрып, мұғалімдік еткен ғалымдардың бірі, қазіргі қиын жағдайда шетке кетуді ойластырып жүр екен. Бұл уақытта мен мұғалімдік мәселесімен Ауғанстан елшісімен әңгімелесіп қалған едім. Қазір Ауғанстан мұғалімдерге мұқтаж, рұқсатнама алу мүмкін, қажы маған келсе көмектесуге уәде еттім. Ұйым мәселесінен әлдеқашан қол үзгем, соған қарамай, егер өте қажет болса бұл туралы келесі кездескенде бірер нәрсе айтуым мүмкін дедім. Мен оларды үмітсіздендірмеу үшін және келесі мәселелерге қарай ұйымның тарап кеткенін айтпадым: оның әңгімесінен Наманганда ұйымның әлі жұмыс істеп жатқандығы мәлім болды. Егер мен мұндағы ұйым жабылған десем де, бәрібір Наманган ұйымы әрекетін тоқтатпай, өзінің жұмысын жалғастырып, оған жаңадан кісілер тарта беруі мүмкін еді. Бүл ұйым маған ұнамады. Ол ишан, молда, саудагерлерден құралған болуы мүмкін, себебі оның басында Зайнуддин Қари тұр. Мен олармен, ол ұйыммен жақын танысу, оның құрамындағы зиялыларды түрлі бақытсыздықтардан құтқару және ГПУ алдында әшкерелеу, осы арқылы ГПУ сеніміне кіруді көңілге түйдім. Мен 1904 жылдан 1921 жылға дейін, яғни қамауға алынғанға дейін жергілікті халық арасында ұйым ісінің белсендісі болдым. Олардың көпшілігіне жетекшілік еттім, 1921 жылдан Орта Азияда ұлттық межелеу жүргізілгенге дейін ұйымдардың ешқайсысына қатыспадым. Ұйымдардың бар екендігінен және олардың істерінен хабардар болсам да, олардың істеріне араласпадым. Сонымен қатар, ұйымдарға қатысуға ешкімге рұқсат етілмеген еді. Жалпы ұйым дегенде менің құлағым керең, көзім көр болды. Ұлттық қайта межелеуден кейін кеңестерге қарсы құпия әрекеттерге мән бермедім. Меніңше, сол кезде құпия ұйым құрудың ешқандай қажеттігі болмаған, себебі ешбір жасырын ұйымның ГПУ назарынан тыс қалуы мүмкін емес еді.
1929 жыл 20 желтоқсан Маған Бұхарада жүргенде Ташкенттегі әуелгі "Иттихад-и тараққи" орнына "Иттихад-и миллий" ұйымы құрылғандығы туралы хабар жетті. Ол түрік тілінде жазылып, Хайдар әфендіге тиесілі емес еді, маған оның қолы өте жақсы таныс. Бұл хабарды Садулла Хожа, Құшбегиев және Әли Расуловтарға жеткіздім, олар да мұнан хабардар екендіктерін айтты. Бұл ұйымның жетекшісі кім, қандай бағдарлама негізінде жұмыс істейді, өз ережелері бар ма не бұрынғы "Иттихад-и тараққи" ережесімен істей ме, маған жіберілген хатты түрік тілінде кім жіберген - бұлардың бірін де білмес едік. Мен бұл ұйым басында Хайдар әфенді мен Садриддинхан тұруы мүмкін деп топшыладым және Хайдарға "Иттихад-и миллийдің" бағдарламасы мен ережесін жіберуін, оның орталық комитетіне кімдер кіргендігі туралы мәлімет беруін сұрап хат жаздым. Хайдар әфенді жауап хатында Ташкентте осындай ұйым құртқандығын растап, бірақ орталық комитеті кімдерден туратынын білмейтінін, тек ұйым айналасында бұрынғы "Иттихад-и тараққи" мүшелерінің топтасқандығы себепті оның орталық комитетіне Садриддинхан мен Мұса Бигиев кірген болуы мүмкін деген жорамалын да жазып, хабар берді. Бұл уақытта Бұхарадағы түркістандықтар "Иттихад-и миллий" ұйымының орталығын мәжіліске салып, орталықты Ташкенттен Бұқараға көшірген дұрыс па, әлде Ташкентке мойынсұнып, онда тек бөлімшесін ашқан қолайлы ма деген сұрақты талқылады. Ұзақ тартыстан кейін Орталық комитетті Ташкенттен Бұхараға көшіруге, Ташкентте оның бөлімшесін қалдыруға қаулы етті. Бұқарада Орталық бөлім құрылады. Оған Садриддинхан мен Мұса Битиев кіреді. Мен Садридцинханға хат жазып, біздің қаулымызды орындауын және ұйым мөрі мен ережесін жіберуін сұрадым. Садриддиннен жауап болмады, Бұхара Орталық комитеті мөрді де, ережені де ала алмады. Бұл жағдай Ташкент бөліміне деген сенімсіздікті оятты. Бұхара Орталық бөлімі 2-3 мәжіліс өткізіп, ұйым мөрі мен ережесін жасау мәселесін көтерді. Осыдан бұхаралықтар мен ташкенттіктер арасы шиеленісіп, бұхаралықтар "Бұхара истиқлалы", түркістандықтар "Иттихад-и миллий" туы астында әрекеттенеді, сонымен қатар екі жақты да коммунистік партия мүшелері құрады. Біз партияға кіру еш уақытта ұлт-азаттық әрекетіне кедергі болмайды деген ойда едік. Бір күні мені Хашим Шаиқ үйіне шақырды, Зәки Валиди сонда екен. Әдеттегі амандық сұрасқан соң ол Бұхараға 20 күн бұрын келгенін, көпшілікпен танысып үлгергенін, ішкі істер комиссары Хамит Арипов оның турар орнын, азық-түлігін қамтамасыз етіп жатқанын айтты. Ол Бакудағы Шығыс халықтар құрылтайында хатын Зиновьевке бермегеніме ренжігенін жасырмады. Келесі әңгіме барысы ұйым тақырыбына ауды. Зәки Хашим Шаиқ арқылы "Бұхара тәуелсіздігі" туралы толық мәліметтер алғанын айтты. Мені "Иттихад-и миллий" хақында сұрау үшін шақыртыпты. Мен "Иттихад-и миллий" жақында Бұхарада құрылғанын, қазір Бұхара мен Ташкент арасында орталық үшін күрес жүріп жатқанын, бізге Ташкенттегі орталықта кім жетекшілік ететінін, мөр мен ереже жіберілмегендіктен оларды өздері жасаумен айналысып жатқанын айттым. Ташкенттіктер мен бұхаралықтар арасындағы қатынастың нашарлығын Хашим Шаиқ та растады. Зәки Бұхарада біраз уақыт қалатынын, егер Бұхара өкіметі Мәскеуден оны кешіруді өтінсе, тәубеге келіп, ашық жұмыс істейтінін, ал керісінше болса, шетел асып кететінін баяндады. Әрі ол "Бұхара истиқлалы" мен "Иттихад-и миллий" орталықтарының мүшелері кіретін "Марказлар маркази" (Орталықтар орталығын) құрып, екеуін біріктіріп, бұхаралықтар мен ташкеттіктердің арасындағы араздықты жарастыру ниетін де білдірді. Оның сөзіне қарағанда, бұхаралықтар мен түркістандықтарды мәмілеге келтіру және екі ұйымды біріктіру мүмкін еді. Хашим Шаиқ Зәки Валидидің бұл пікірін бұхаралықтар толық қолдап - қуаттайтынын білдірді. Мен де келісімімді бердім. Осыдан кейін "Иттихад-и миллий" үшін арнайы бағдарлама жасау қажеттілігі қалмады. Бір апта, он күннен кейін бей Зәки бұхаралықтар мен түркістандықтардың бірлескен жиналысын шақырды. Оған қатысқандар: Файзулла Хожаев, Садулла Хожа, Тұрсын Хожаев, Мырза Қадыр (Әбдіқадыр - Ж.А.), мен, Хашим Шаиқ, Зәки Валиди және Кушбегиев болды, басқаларын есіме түсіре алмадым. Арипов шақырылмады, өйткені оған Зәки Валидиден басқа ешкім сенбейтін. Осы жиналыста Зәки Валиди өзі жазған бағдарламаны оқыды. Оның толық мазмұны қазір есімде емес, тек онда Мәскеуден Бұхара тәуелсіздігі, Түркістан болса шынай автономияға ие болуы, халықпен байланыс мәселесі коммунистік рухта көрсетілген еді. Бірақ Зәки Валидидің бағдарламасын жиналыс қабылдамады. Барлығы бұл жалпы мазмұнға ие бағдарламамен жұмыс істеудің әлі уақыты келмегенін айтты. Валидиге Түркістан мен Бұхараның шынайы мәдени мүмкіндігі мен екі мемлекеттің жағдайын түбегейлі есепке алған басқа бағдарлама құру ұсынылды. 2-3 күннен кейін Зәки мен Хашим Шаиқ мені Мырза Қари Мұхитдинов үйіне шақырды. Қонақта бізден басқа және 2-3 адам бар еді. Қонақасының кейін олар мен Мырза Қадыр кетіп, үшеуіміз қалдық. Зәки өз бағдарламасынан сөз қозғап, оны қабылдамағандарына наразылығын білдірді. Жамал Пашадан "Халас-и Ислам" ұйымының бағдарламасын сұрап алу ниеті барын айтты. Жамал Паша бұл кезде Ауғанстанда болатын. Бағдарлама Шығыстың мәдениеті төмен мемлекеттері Арабстан мен Үндістанға жобалап жасалған еді. Зәки бұл бағдарлама негізінде "Марказлар маркази" бағдарламасын құруды жоспарлады. Оның пікірінше, Түркістан мен Бұхара Арабстан мен Үндістан дәрежесінде. Сондықтан бағдарлама Түркістан мен Бұхараға сай келеді. Біз оның пікірін мақұлдадық. Болып өткен жиналыстан Хашим Шаиққа Жамал Пашаға хат жолдау үшін Ауғанстанның Бұхарадағы елшілігімен келісу тапсырмасы жүктелді. Валиди хатты сандармен жазуды тапсырды. Хашим Шаиқ екеуіміз үйге қайттық. Заки болса сонда түнеп қалды. Келесі күні ақшамда Хашим Шаиқ Заки қолымен сандар арқылы жазылған хатты алып келіп, былай деді. "Бұл хатта Жамал Пашадан "Халас-и Ислам" ұйымының бағдарламасын жіберуі сұралған, бұған сіз де қол қойыңыз". Хатқа Заки Валиди қол қойған екен. Мен де қолымды қойып, Хашим Шаиққа қайтардым. Өзінің хатқа қол қойған - қоймағанын білмедім, мен қол қойғанда оның қолы жоқ еді. Хашим Шаиқ бүгін ол жаққа бір кісі жүреді, хатты содан беріп жіберем деді. Мені 10-15 күннен кейін Түркістан Орталық атқару комитеті шақырды. Бұхарадан кеттім. Бұхарадағы кезімде жоғарыда айтылғандардан тыс "Иттихад-и миллий" ұйымының таты 2-3 мәжілісі болды. Оларда салмақты мәселе көтерілмеді. "Иттихад-и миллий" орталық бөліміне жоғарыда көрсетілген үш кісі кірген болса да, оның барлық мәжілісінде Садулла Хожа, Қушбегиев, Юсупалиев, Атахон және Әли Расулов қатысатын. Мәжіліс ресми сипатқа ие емес, бәлкім түстік не кешкі ас түрінде өтетін. Қаулылар да жазбаша қабылданбайтын. Ұйымға жаңа мүшелер де қабылдамаған, оның мүшелері Бұхараға келген бұрынғы "Иттихад-и тараққи" мүшелерінен тұрды.
1929 жыл 22 желтоқсан Ташкентке 1921 жылы наурыздың 17-сі я 20-сы күні қайтып келдім. Келесі күні-ақ Түркістан Орталық атқару комитетіне бардым. Ол жерде мені Халық ағарту комиссарлығы құзырындағы Ғылыми кеңеске тағайындады. 3-4 күн өткесін, Мұса Бигиев пен Садриддинханды кездестіріп қалдым. Садриддинхан Бұхараға ұйым ережесі мен мөрінің жіберілмегенін есіне алып, былай деді: "Менде ұйымның мөрі мен ережесі жоқ. Олар басқа кісіде еді. Сондықтан оларды сізге жібере алмадым". Содан соң Мұса Бигиевке қарап күліп қойды. Бұл маған күдікті көрінді. Мен оған мынадай кеңес айттым: "Әлі де кеш емес, оларды тауып, Бұхараға, Садулла Хожаға жіберу керек. Ташкент өз ісін бөлімше ретінде жалғастыра береді". Садриддинхан келісті. Садриддинхан төңірегінде күдікті адамдар - ЧК тыңшылары топтасып қалғандықтан, қайта кездесудің мүмкіндігі болмады. Оған баруға сескендім. Бірнеше күннен соң, 30 наурыз болса керек, мені қамауға алды. Тұтқындалуымның себебін мен бір жарым айдан соң Юсуфбек Құрманбаев пен Ариф Каримовтан білдім. 1921 жылы 1 желтоқсан мені босатты. 23 желтоқсан басқалар (Ж.Құрманбаев, О.Каримов, Садриддин хан) сотқа тартылды. Түрмеден шыққасын Халық ағартудың Ескі шахар бөлімінде коллегия мүшесі және Әлеуметтік)тәрбие бөлімінің басшысы болып жұмыс істедім. 3-4 ай ішінде маған ешкім ұйым жайлы тіс жармады. 1922 жылдың сәуір айында не мамыр айында Акбар Шомансұр келіп, ұйымның әлі өз жұмысын жалғастырып жатқандығын, менің де оның қатарында болуымның қажеттігін айтты. Мен былай дедім: "Болып өткен оқиғалардан кейін ынтам қалмады, сондықтан мені ұйым ісіне араластырмауларыңызды өтінемін". Кейінірек дәл осындай ұсыныспен Саиднасыр Миржалилов те келді. Отан да теріс жауап бердім. Одан ұйымға Акбар Шомансур жетекшілік етіп жатқандығын білдім. Жұмыс жасайтын адамдарының болмауы және қаржы тапшылығынан оның қызметі тек жәбір көрген ұйым мүшелерінің отбасына кейбір көмек көрсетумен шектеліп қалыпты. Осылай ұлттық межелеу жүргізілгенге дейін ұйым жұмысынан аулақ болдым. Сондықтан да бұл кезеңдегі ұйым қызметі туралы бір нәрсе айта алмаймын. Мен оның өзім қатысқан кей тұстарына ғана тоқтала аламын. 1) 1922 жылы зиялылар арасында әліппе мен емле туралы мәселе көтеріліп, олардың бір бөлігі қолданыстағы әліппені жалғастыруды ұсынса, екінші бөлігі орталықтың ықтиярына жүгінуді, басқалары латын әліппесіне көшу дұрыстығын айтып жатты. Бұл үш топ арасындағы қайшылық олардың бір келісім - шартқа келуімен шешілді. Сол кездің артта қалған ағарту саласын жалпы қамқорлықпен жақсы жолға салуға барлық топ келісті (келісімшарт нұсқасы менде сақталатын, ол тінту кезінде тәркіленген қағаздар арасында болса керек). Ортақ мәселемізді әшкере етпей, үйдегі сөзді көшеге шығармай "Нашри маориф" (Ағарту басылымы) қауымдастығын құрдық 3511. Бұл қауымдастықтың негізін салушылар арасында Шолпан да болып еді. Бұрын құрылған "Көмек" осы қауымдастықтың бөлімшесіне айналды. Өз ортамыздан біраз мөлшерде қаржы жиып, оны көбейту мақсатында "Түркістан" серіктестігіне бердік. Кейінгі түскен барлық қаржы сонда құйылып отырды. Шакиржон Рахими "Нашри маорифтың" төрағасы болды. Мен -орынбасары едім. Саиднасыр Миржалилов қазынашы, Камил Әлиев хатшы болды. Қауымдастық мүшелерінің көпшілігі Ишан Хожаев, Маннан Рамзи, Ахунов сияқты коммунистер болған, Мухитдин Османов, Саиднасыр Миржалилов және Талибжон Мұсабаев қауымдастықтың материалдық саласында қызмет етуі үшін қабылданды. Біраз уақыт өткесін қауымдастық күдікке алынып, анду күннен-күнге күшейе түсті. Осы қауымдастық ішінде қандай да бір құпия ұйым жасырылған деген қауесет жайылды. Осыдан барып "Нашри маорифты" жабуға тура келді. Расында "Нашри маорифтың" ескі ұйыммен еш байланысы жоқ еді. Меніңше, оның Саиднасыр Миржалиловтен басқа бірде-бір мүшесі "Нашри маориф" жұмысына қатыспаған. Сонымен не керек, "Нашри маориф" өз қызметінің бірінші күнінен бастап мәдени-ағартушылық ұстанымына қарамай, ескі ұйымға байланысты құрбан болды. 2) 1922-1923 жылдары оқушылар арасында Мәскеу, Түркия және Германияға оқуға баруды қалаушылар саны ұдайы артып отырды. Олардың бір бөлігі Түрік шақыруымен түрлі оқуға жіберіліп, қалғандары ата-анасына қайтып жатты. Өз қалтасы жөне мемлекет қаржысымен кете алмағандар түрлі тұлғалар мен ұйымдарға көмек сұрап келе бастады. Бұл тұста оларға қол ұшын бере алатын "Нашри маориф" пен "Көмек" қауымдастықтары таратылып жіберілген еді. Бірнеше оқушы менен де жәрдем сұрады. Бұхарада жүрген кезімде Түркістан мен Бұхара оқушыларына көмектесетін ұйым бар болатын. Сол мақсат үшін әжептеуір қазынасы да қалың - тын. Оқушылар менен көмек сұрағаннан кейін 1922 немесе 1923 жылы осы ұйым арқылы бірнеше оқушыны қаржылай қамтамасыз ету үмітімен Осмон әфендіге хат жазып, ақша сұрадым. Хатты оған Лазиз Азиззода арқылы жібердім. Ол жолда ұсталып, хат Осмон әфендіге жетпей қалды. 3) 1923 жылы мамыр не маусым айында мен жолдас Орджаникидзе және Элиаваның Ташкентке келіп, менімен көрісуге ынталы екендігін білдірген хабарлама алдым. Белгіленген уақытта көрсетілген мекенге бардым. Онда жолдас Орджаникидзе, Элиава және Абиджан Махмудов, Саиднасыр Миржалилов сұхбаттасып отыр екен, мен де сұхбатқа араластым. Абиджан Махмудов белгілі сықақшы еді. Оның әзілдерімен Орджаникидзе, Элиава өте көңілді, тынымсыз күліп отырды. Жолдас Орджаникидзе мынадай сұрақ қойды:
− Сөздерге қарағанда Ташкентте ұлттық ұйым бар, бұл рас па?
Махмудов жауап берді:
− ГПУ - дың ізкесерлері бізді болмаған, жоқ нәрселерді мойындауға мәжбүр етеді. Қазіргі кезде ұлттық ұйым жоқ, бар болғаны тек ұлттық топ қана.
− Оның қанша мүшесі бар?
− Жергілікті тұрғындар мен өкіметтің барша азаматы есептелінеді.
Махмудовтың бұл жауабына, әрине барлығы күлді. Сұхбатта барлық сұрақтарға Махмудов жауап берді. Сондықтан да жиын әзіл-қалжыңмен өтті. Үйге қайтарда мәскеулік жолдастарды Ташкент қаласы шетіндегі бақтардың біріне қонаққа шақырдым. Олар бұл ұсынысты тек бір шартпен, яғни ұлттық топ мүшелерімен таныстырған жағдайда қабылдай алатынын білдірді. Кездесу күні, уақыты келісілді. Бұл -менің кезекті еңбек демалыста Қыбырайдағы бұрынғы Куринов бағында отбасыммен бірте демалып жүрген кезім еді. Бұл бақты "Түркістан" ұжымы сатып алған - тын. Жолдастарды сол баққа шақырдым. Аталғандардан тыс Төреқұлов пен Рахымбаев та бар еді. Бірінші болып Махмудов пен Миржалилов келді. Қонақтарға қызмет көрсету үшін Асадулла Қажы Хони, Нажмиддин Ш. Мирахметбай Убайдулла Қари Ертазиев және Салимхан Тиллаханов шақырылды... Орджаникидзе мен Төреқұлов бізге бейтаныс біреумен келді. Орджаникидзе көліктен түсе сала Махмудовтан: "ұлттық топ мүшелері топталды ма?" - деп сұрады. Махмудов: "Иә, жиналуда. Төрағасын өзіңіз алып келіпсіз" - деді. Орджаникидзенің барлық мүшелері жиналды ма дегеніне, ең белсенділері мыналар деп, өзін, Төреқұловты, Рахымбаевты, Миржалилов және мені көрсетті. Осылай әзілмен басталған сұхбат бес сағатқа жалғасты. Махмудов пен Орджаникидзе арасындағы диалог төмендегідей өрбіді:
Орджаникидзе: - Сіз Ферғанада басмашылық қашан бітеді деп ойлайсыз? Махмудов: - Сіз мені уәзір етіп тағайындаған күні. Әйтпесе ешқашан тарамайды. Орджаникидзе: - Егер бітпесе біз бір дивизия жібереміз, ол бүтін Ферғананы тас-талқан етеді. Махмудов: - Сіз бір дивизия жіберсеңіз, мен басмашылар санын екі дивизияға жеткіземін. Орджаникидзе кетер алдында ризашылық білдірді. Махмудов тағы да: "Бізде мынадай мақал бар, "Біреуден түйе сұрасаң, ол қорыққанынан бие береді". Біз де сізден көп сұрамаймыз, азғана берсеңіз де соған риза боламыз". Орджаникидзе оның желкесінен қағып, былай деді: "Не керек өзі? Қанша керек болса да, тартынбай сұрай беріңіз". Қонақтар кеткесін бақта Төреқұлов, Рахымбаев, Махмудов және Саиднасыр қалдық. Олар бірге сұраныс хат жазды. Оны Рахымбаев жазып, Төреқұлов тексерді. Келесі күні хатты Махмудов ұлттық топ атынан Элиеваға бергенін білдім. Оның мазмұны есімде жоқ. Жалпы, сұраныс хат жақсы ойланбай, сол кездесу әсерімен асығыс - үсігіс, Абид Махмудов айтып отырып жаздырған еді. Сол кездері Махмудов пен Саиднасырдың уайымнан көңілі суып, одан алыстай бастаған. Сол үшін кездеуде уайым туралы сөз қозғалмады.
1929 жыл 24 желтоқсан 1923 жылдың аяғына қарай, бір күні Бас мүлік (вақф) басқармасынан қалаға бара жатқанымда қысқа бойлы жас жігіттің жол көрсетуімен келе жатқан Мансұрхан Ауғанстан елшілігінен шыға келді. Мансұрханмен амандық сұрастым. Ол маған жас жігітті ауған елшісінің уақытша орынбасары деп таныстырды. Ол жігіттің айтуынша, ол мұнда елші кетпей тұрып хатшы болып істепті. Олармен бірге Орда жаққа ат басын бұрдым. Жол-жөнекей ол жігітпен білім, вақф саласында әңгімелестік. Ол маған Ауғанстандағы жағдай, жақында сонда Миән Бузрук, Жамал Пашалармен танысқаны туралы әңгімеледі. Ол да менен жергілікті ұйым жайында сұрады. Бұл кезде ұйым ісі бітіп еді. Ол мұның себебін сұрады. Мен, мұны біріншіден іскер, екіншіден қабілетті адамдардың тапшылығымен түсіндірдім. Сонымен қатар қаржылай демейтін көрші мемлекеттердің де жоқтығын қоса айттым. Мұныма ол өкпелеп, аздап қызарып, мынаны айтты: "Егер жергілікті зиялылар ұлттық ұйым істерін жалғастыру мақсатында елшіліктен қаржы сұраса, олардың тілегін Қабылға жіберер едік, ол жақтан қаржы келуі мүмкін. Қазірше елшіге мұндай бірде-бір өтініш түскен жоқ. Мұнда көрші мемлекеттер емес, мүмкін өздеріңіз кінәлісіз. Оларды орынсыз жазғырасыз". Содан кейін ол жігітті кезіктірмедім. Ұйымның өз қызметінде Ауғанстаннан көк тиын алмағанын сенімді айта аламын. 1924 жылы Убайдулла Хожа келгеннен кейін екі рет жиналыс болды... Бұл жиналыстарда Убайдулла Хожа Ресей тұрмысын әңгімеледі. Содан соң қуғын-сүргінге ұшырағандарға көмектесуге қор ұйымдастыру үшін комиссия жасақталды. Бұл комиссия саудагерлерден қаражат жинады. Мұхитдиновтар айтарлықтай атсалысты. Жиналған ақша қуғын-сүргінге ұшырағандарға көмектесіп тұру шартымен "Түркістан" серіктестігіне тапсырылды. Бірақ маған жалпы жиналған қаржы мөлшері, одан жәбірленушілерге қаншасы бөлінгені мәлім емес. Сондай-ақ, Садирхон мен сол сияқты қашқындарға қанша пұл берілгенін де білмеймін. Дегенмен де Садирхон мен Лазиз Азиззодаға қаржының бір бөлігі жіберілгенін анық білемін. 1924 жылы болған жиналыстарға "тараққишілер" ұйымының ең сенімділері ғана шақырылды. Садирхон тарапынан "Иттихад-и миллийге" тартылғандардың бірде біреуі шақырылмады. Бұл жиналыстарда, меніңше, ұйымды қайта құру, бастамасын жалғастыру мәселесі көтерілмеді. Себебі, жиналғандардың бәрі де ұйымның жеңісіне сенімін жоғалтқан, тауы шағылып, үмітсіздікке салынған адамдар еді. 1924 жылғы газеттерде ұлттық қайта межелеу туралы сыбыстар таралысымен бұл мәселе одан хабардар, хабарсыз адамдар арасында пікірталас көзіне айналды. Екі-үш адамнан топ-топ болып ұлттық қайта межелеу мәселесі қызу талқыланды. Олар өз пікір -тұжырымдары мен қорытындыларын жариялай бастады. Жергілікті зиялылардың көпшілігі, партия мүшесі болуы яки болмауына қарамастан, ұлттық қайта межелеуге оң көзбен қарамады. Қайсылары мұны Бұхара мен Хорезмді ажыратуды мақсат еткен Мәскеу саясаты десе, қайсылары бұл саясаттың Англияның Үндістанды басқару үшін оның халқын кіші бөлшектерге бөліп тастаған айласымен ұқсастығын айтып жатты. Бұхара зиялылары арасында Бұхара мен Хорезм егемендігін жоғалта ма деп қайғырғандар көп болды. Қазақ зиялылары да келешекте Қазақстан мен Қырғызстанның бос жерлеріне орыс келімсектерін орналастыра ма деп күйзеліске түсті. Өзбек зиялылары жергілікті қолөнершілер завод пен фабрикаларға төтеп бере алмай, қолөнерді тастап, диқаншылықпен шұғылдануға мәжбүр болудан, Түркістандағы барлық диқандарды шұрайлы жерлермен қамтамасыз ете алмау және жұмыссыздық белең алуынан қауіптенетіндіктерін білдірді. Мұнан тыс, олар саудагерлер үшін базар керектігін де айтты. Алқапты суаруды дамыту, жаңа завод пен фабрикаларды құру арқылы жұмыссыздықты тоқтатуға болатынмен келіссе де, бұл жоспардың жақын арада іске аса қоюына сенбейтін. Сонымен бірге олардың кейбіреулері қайта межелеу мақташылықпен айналысатын Өзбекстан диқандарының Түрікменстан мен Қазақстанға қарағанда экономикалық тез дамуға жетелейтінін айтып, бір-бірін тыныштандырды жөне Ол ұлттық қайта межелеуді қажет деп тапса, мұны ешқандай қарсылықсыз іске асыруы анық еді. Сондықтан да қарсылық пайдасыз деп есептелінді. Ең дұрысы, мұны қабылдап, амалға асыруға ұмтылудан басқа амал жоқ-тын. Зиялылардың басым бөлігі осындай ойда болатын. Осындай жағдайда бір күні мені Бельский (ОГПУ бастығы) шақырып бірнеше сұрақтар қойды. Еш нәрсені жасырмай, отан зиялылар ұлттық қайта межелеуді мақұлдамай жатқандарын және оның себептерін түсіндірдім. Сонда ол менен "зиялылар ұлттық қайта межелеуге қарсы наразылық ұйымдастырмай ма?" деп сұрады. Мен толық сеніммен наразылыққа шығу мүмкін еместігін айттым. Мен бұл жауапта жоғарыда айтылған зиялылар пікіріне сүйендім. Өз пікірім де дәл солай болатын. Менің пікірім расталды: зиялылар ешқандай қарсылық көрсетпеді, өкімет осындай ауқымды шаруаны еш алаңсыз іске асырды. Сұхбат барысында жолдас Бельский маған жер жетіспеушілігін суару жұмысын дамытумен, жұмыссыздықты завод, фабрикалар құрумен шешетінін айтқан еді. Шынын айтсам, менде бұған сенім пайда болды. Міне осы 1924 жылдан мен өзімнің саяси және ұйымдастырушылық қабілетімнің жоқтығын сезіп, бұл істерден баз кешіп, оқытушылық пен кітап жазуға кірістім.
Ұйымның қурылуы, оның мақсаты мен міндеттері 1. "Иттихад-и тараққи" ұйымы өз алдына жергілікті халықтың надандығына қарсы күресу мақсаты мен ақпан төңкерісінен кейін руханилардан жәбір көрген тараққишілерді біріктіру міндетін қойды. Бакуды түріктер иеленуіне байланысты "парвар" сөзі алынып тасталынды. Ол "Иттихад-и таракқи" деп атала бастады. 1919 жылты қаңтар оқиғасынан кейін бұл ұйымға деген қажеттілік қалмады және таратылды. Бұл жөнінде сізге алдыңғы жазғандарымда мәлімет беріп едім. Егер бұл сізге жеткіліксіз болса, онда қосымша ретінде мыналарды көрсетуім мүмкін: 1) "Иттихад-и тараққи" құрылғанда оған жеті адам кірген еді. Солардың екеуі Осман бек пен Хайдар әфенді деген түріктер, тағы екеуі ташкенттіктерден мен және Садирхон, бірі самарқандық Бехбуди, бірі түрікмен зиялыларынан Хан Ямудский, бірі қазақтардан "Алаш" атты қазақ газетінің редакторы (Көлбай Тоғысов) еді... 2) Ұйымның құрылуы туралы: Низамға (ереже) сәйкес ұйым мынадай бөлімдерден тұрады: Ташкент Орталық бөлімі, аудандарда аудан - бөлімдері, кіші қала - бөлімдері, ауылдарда - бөлімшелер. Әрбір бөлім мен бөлімшелер үш кісі - төраға, жетекші және қазынашыдан тұратын. Төраға барлық жұмыстарға жауапты, әрі жетекші мен қазынашыны белгілеу оның құзырында болатын. Мүшелердің бәрі тек жетекшімен жұмыс жасайтын. Оларға төраға мен қазынашының кім екені айтылмайтын. Жалпы, бөлімге төраға болып Осман бек, жетекшілікке Хайдар әфенді сайланған. Жұмысымның көптігін сылтауратып қазынашы болуға келіспедім. Кейін төрағадан мәжбүр етіл болса да мені не Садриддинханды қазынашы етіп таңдау өтінілді. Ол Садритдинханды таңдады. Ұйым (бөлімшелерін) құру Самарқанда Бехбудиге, Ферғанада Мирзохидке, Түрікменстанда Хан Ямудскийға, Жетісуда қазақ газетінің редакторына тапсырылды. Бұл кезде (Файзулла) Хожаев Ленинградта еді. Бұл жиналыстан аз уақыт өткесін Қазан төңкерісі болды. Кейін автономияға байланысты оқиғалар өрбіді, нәтижесінде мамандарымыздан айырылып қалдық. Сол үшін Осман бек жиналыс шақырды, онда Убайдулла Хожаев, Садулла Хожа, Атахон Садирхан, мен, Хайдар және үш кісі қатынасты. Барлығы да ұйым мүшелігіне жазылады. Бұл 17 я 18 жылдың соңында болып еді. Содан ұйым жанданып, саны жағынан да өсе бастады. 3. Ұйымға кірушілерден тараққишілерге сенуін және қандай жағдайда да жанын да, малын да аямай тапсырманы орындау талап етілді. Мүшелікке алынушылар қолына Құран Көрім мен револьверді алып тұрып ант береді. Арадан 3-4 ай өткесін Осман бек қамауға алынып, оның орнына төраға болып Юсуф Зиябек тағайындалды. Сол уақытта руханилардің екі өкілі - Нуритдинбек пен Құдаярхановты Түркияға жіберіп жатыр деген сөз тарады. Бұл хабар Юсуф Зиябекке жетісімен ол асығыс жиналыс ашты. Оған мен және Сағидола Хожа және басқа бірнеше кісі қатыстық. Жиналыста Юсуф Зиябек өз жорамалдарын айтты. Оның ойынша руханилардың Англиямен байланысы бар. Егер бұрын болмаған болса, олар енді өз делегаттары арқылы байланыс орнатпақ. Англия болса Түркістанға көз қырын салып тұр. Сондықтан да делегаттар құрамына ескі хан ұрығынан Нуритдинбекті кіргізген. Юсуф Зиябектің түсіндіруінше, егер Түркістан Англия қолына өтіп кетсе, онда азаттық үшін еш бір үміт қалмайды. Сол үшін ол руханилар делегаттарына қарсы шұғыл "Таракқишілер" атынан Түркияға өз делегаттарымызды жіберуді ұсынды. Ол бұл істі тез арада жүзеге асырмасақ, уақыттан ұтылатынымызды қайталады. Садирхан мен Саиднасыр (Миржалидов) өкіл етіп таңдалды. Төраға ақылдасып алғаннан кейін руханилар делегатына қарсы жоспарын жария етуге уәде етті. Сонымен қатар төрағаға Түркістан мұхтариятына жәрдем беру, Түркістанға оқытушылар жіберу туралы Түркиядан қалай сұрауға болатынын да ойластыру тапсырылды. Содан соң, көп өтпей, руханилар делегаты артынан "тараққишілер" делегаты да жолға шықты. Сонда, шынымен де, Түркістанда Англия әсерінің қауіпі күшті еді. Делегаттар Стамбулға "тараққишілер" өкіметі құлаған және Стамбулда еуропалық империялистер дүрбелең салып жатқан тұста барады. "Иттихад-и тараққи" басшылары болса қашып кеткен еді. Сол себепті біздің делегаттар Юсуф Зиябек айтқан адамдарды таба алмай, ешбір нәтижесіз қайтып келді. Руханилардың делегаттары туралы еш хабарым жоқ. 4. "Тараққишілер" ұйымының негізгі міндеті Түркістан халқын құлдықтан, надандықтан құтқару болатын. Жалпы, ұйым және оның жетекшілері бұл міндетті Кеңес өкіметі билікке келсе, сол арқылы амалға асыруға болатындығынан еш күдіктенбейтін. Сондықтан да олардың билікке келуін шын жүректен қалады. Тіпті ұйым мүшелері міндеттеріне Кеңес өкіметін қорғау да жүктелген еді. Бұған байланысты кезінде пікір екіге жарылды де болды, себебі ол жан-жақтан дұшпандар қоршауында болатын. Кеңестер қуылып, орнына ақтар келеді, Түркістан тағы да надандықта қалады деген күмән да бар еді. Түркістан Англия қармауына түсуі мүмкін деген үрей де жоқ емес - тін. Бұлардың бәрі бізді уайымға салды. Сондықтан да ұйым қызметін күшейту, кеңес өкіметін пайдаланып қалуға шешім қабылдадық. Кеңес өкіметін ұлттық мұхтарият жақтаушысы деп, Түркістанды басқару аппаратымен қамтамасыз етеді және мұны көрші мемлекеттерге мойындатады деген сенімде едік. Егер де, кеңес өкіметі құлайтын болса, оның орнына келуі мүмкін меньшевиктер не ақтармен күресуге дайын болып, Түркістан мұхариятын құтқару керек еді. Егер кеңес өкіметі сөзінде тұрса, ұйымның мақсаты Түркістанды жоғары мәдени дамуға көтеру, халқының құқығын еуропалықтармен теңестіру, сонымен қатар отаршылдық қалдықтарымен және олардың жақтаушылары ескі байлар мен руханилармен күресу керек еді. Келешекте жергілікті халықтың мәдениетін дамыту, кеңес өкіметі берген сол еркіндікті кеңейтуге, басқару аппаратын жергіліктілерге бейімдеуге әрекет ету. "Иттихад-и тараққийдің" басты мақсаттары мен міндеттері болатын. Меніңше, мұны "Итгихад-и тараққи" мүшелерінің партияда барлары да, партияда жоқтары да растайды. 5. Садырхан ешқандай нәтижесіз қайтып келгеннен кейін Зиябек сол баяғы мақсатпен Стамбулға мықты өкілдерден тұратын арнайы өкілдер тобын жіберу мәселесін алға тартты. Оған ташкенттіктерден Убайдулла хожа (Ассадулла Хожаев), Сайднасыр (Миржалилов), самарқандықтардан Бехбуди, Марданқұл және бірнеше кісі кірді. Соңғы үш самарқандық жолда Бұхара әмірі адамдарының қолынан шәйіт болды. Убайдулла Мәскеуде, Саиднасыр болса Тифлисьте жасырынып қалды. Кейін олардың екеуі де қайтып келді. Айтылғандардың бірі де Түркияға бара алмады . 1919 қаңтар оқиғасынан кейін большевиктер партиясы орнығып алғасын, ұйымның көптеген мүшелерінде бөлімге бағынбау байқалды. Партия барлық істі қолына ала бастады, ұйымның қолында еш нәрсе қалмады. Жергілікті зиялылардың дені кеңес ісімен шұғылданып, нәтижесінде ұйым өз мамандарынан айырылып қалды. Оның үстіне Түркиядағы "Иттихад-и тараққий" ұйымы да тарап кетті. Бұлардың бәрі Зиябекті ұйымды таратып жіберуге мәжбүрледі. Бұл ұйымның орнына "Бірлік" ұйымы құрылды. Оның мақсаты жастарды партияға баулу болды.
1930 жыл 3 қаңтар
Қандай өкімет құру туралы мәселе
Түркістан жәдиттері арасында ақпан төңкерісіне дейін мынадай бірлестіктер бар еді: Оқытушылар қауымы; Әскери қызметшілер қауымы; "Тұран" деп аталатын өнер бірлестігі мен "Сөз" атты қауымдастық. Олар туралы алдыңғы естеліктерімде айтқанмын. Олардың еш қайсысы да саяси сипатта болған жоқ. Ақпан төңкерісінен кейін бұл бірлестіктер жұмысшылар мен әскер депутаттығына тіпті өкілдерін де жібере алмады. Бұл жөнінде де бұрын жазғанмын. Жәдиттердің бұл тобы саяси және мәдени танымы жағынан көш кейін болғандықтан ақпан төңкерісіне дейін Түркістанды автономды басқару мәселесін көтере алмаған. Тіпті ойлаған да емес. Олардың бар үміті Ресейдегі төңкеріс кезінде жергілікті халықты ұлттық, діни шектеу мен жәбірлеуден азат ету, олардың құқығын еуропалықтармен теңестіру, түрлі мектептер, баспаханалар мен ұйымдар құруға кең мүмкіндік беру сияқтыларға бағытталған еді. Олардың сүйікті ұраны Азаттық, Тендік және Әділдік еді. Ақпан төңкерісінен кейін жәдиттер орыстармен бірге бірталай саяси мәселеде жиналыстар мен құрылтайлар өткізді. Бұдан тыс, олар Кавказ бен Татарстаннан келген зиялылармен түркістандықтарға мәдени көмек беру мәселесінде де бірнеше сұхбаттар ұйымдастырды. Осы кезеңде жергілікті зиялылар ұлттық мұхтарият, жергілікті мұхтарият, федератив - демократиялық мемлекет және басқа да мұхтарияттар туралы пікірталас жүргізе бастады. Бұл мәселелер Түркістан мұсылмандарының құрылтайында талқылады. Есімде, ұзақ талқылау мен тартыстан соң делегаттар демократиялық федеративтік мемлекет үшін қол көтерді. Мынаны да айта өткен жөн болар, талқылауға қатысқандардың көпшілігі, соның ішінде мен де мемлекет пен мұхтарияттың айырмашылығын түсінбейтін едік. Ақпан төңкерісінің соңына дейін жергілікті зиялылар осы құрылтайдың қаулы, шешімін талап етті. Бұл талап мекеме мәжілісінен қанағаттанарлықтай қабылданса, олар мемлекет басқару әдісін таңдауда еуропалық социалистердің кеңесіне сүйенбек еді. Жергілікті зиялылар қарамағында үлкен мәдени күш болмағандықтан, еуропалық социалистердің көмегіне зәру - тін. Басқа түріктерден жәрдем сұрау туралы пікірлер де бар еді. Төңкеріс басында жергіліктілер мен социалистер арасында айтарлықтай жақын қарым-қатынас болмаған, ғұламалар жеңіске жеткен соң олардың байланысы өзгергені сезілді. Қазан төңкерісінен кейін жағдай бірден өзгеріп кетті, социалистер (меньшевиктер) басында жергілікті тұрғындардан қала кеңесіне делегат жіберуге қарсы еді. Содан Түркістан пайдасына дәріптеулер басталды. Бұл кезде Орталық атқару комитеті Қоқанда құрылтай шақырды . Құрылтай кезінде мен өзім мынаның куәсі болдым, бірнеше меньшевик Шоқаев, Хожаев, Тынышбаевқа Ленинградтың Шығыс халықтарының өз өкіметін басқаруды қолға алуы туралы жазбаша жіберген ұсынысын көрсетіп, Лениннің де мұхтарият жариялауға қарсы еместігін, сондықтан бүл құрылтайда мұхтарият жариялауға бар күшті жұмылдыру керектігін айтты. Нәтижесінде құрылтай мұхтарият жариялады. Жеке басым бұған қарсы едім. Меніңше, мұхтарият уақытсыз жарияланды. Меньшевиктер мұхтариятты, жергілікті халықты кеңестерге қарсы құрал ретінде пайдаланып, өкіметтің жоғары лауазымдарын иеленуге әрекет етеді деп ойлаған еді. Шынында да солай болды. Бұл мұхтарият көптеген қанды оқиғаларға себеп болды. Мұхтарият салдарынан Ташкентте желтоқсан толқуы болып, ол талай адамның құрбан болуымен бітті. Бұл жерде мен Ескі шахар тұрғындарын Жаңа шахарға өткізбеуге тырыстым. Дегенмен де Шайхантохурдан Ордаға дейін созылған толқу жетекшісі Низамиддин Хожаевты көндірудің амалы болмады... Мұхарияттың қызметі мен бағдарламасы сізге мәлім. Сондықтан мен оны жазбады. Бірақ сонымен қатар кеңестердің мұхтарият өкіметін буржуазия мен меньшевиктер өкіметі деп санауына қосыла алмайтынымды да жасырмай айтамын. Бұған көп айғақтар бар. "Иттихад-и тараққи" ұйымы өз алдына негізгі мақсат етіп Түркістан халқын надандық пен құлдықтан құтқаруды қойған болса да, ол қандай өкімет құру және оны қандай әдіспен басқару мәселесімен шұғылданбайтын. Оның бағдарламасы да, тіпті жобасы да жоқ еді. Олар бар күшті кертартпаларға қарсы күресу және мектептерді жақсарту мен көбейтуге арнады. Зиябек төрағаның маңызды мәселерді шешу үшін ұйым жетекшілері кеңесін шақыру әдеті бар еді. Баку түріктерге өткеннен кейін Зиябек мені, Садулла Хожа және басқа бірнеше адамдарды шақырып, Түркия әскері Түркістан табалдырығында тұр, Әзірбайжан Түркияға қосылды, тез арада түрік әскері Түркістанға кіруі мүмкін, Түркістан Түркияға қосылады, осыған байланысты ұйым атынан қаулы шығаруымыз қажет деді. Бұл кезде жергілікті халық арасында пантюркистік көңіл - күй айтарлықтай күшейген еді. Зиябек төмендегідей қаулыларды қабылдауды ұсынды: "Иттихад-и тараққи" ұйымы Түркістанның Түркияға қосылуына қарсылық білдірмейді. Қаулының мынадай қосымшасы да болды: "Егер де Түркістанды түрік әскері иеленіп алса". Бұл қаулы қабылданғаннан 3-4 күн өткесін түрік әскері Бакуден шегінді. Әзірбайжанда мұсаватшылар өкіметі құрылды, ал түркістандықтар түріктер туралы армандауды ұмытты. Енді Англия жақтан қауіп туды. "Иттихад-и тараққий" кеңестермен бірге оған қарсы күрес жүргізді және мына ұранды басшылыққа алды: "Күресеміз, қан төгеміз, бірақ Англия қармағына ілінбейміз және оған Отанымызды бермейміз!.." Түріктер Бакудан кеткеннен кейін оларды ешкім есіне алмады. Содан соң "Иттихад-и тараққи" кеңес өкіметі жасап берген мынадай жеңілдіктер мен жәрдемнен пайдалануды көздеді.
а) оқу орындарының санын көбейту; ә) мектептер жанынан ересектердің сауатын ашу үшін курстар мен ұйымдар құру;
б) биліктегі кеңес өкіметін әрі қарай орнықтыра түсу; в) кеңес өкіметі құлаған жағдайда Түркістан мұхтариятын сақтап қалу мақсатында тараққишілердің жаңа күшін әзірлеу. Кеңес өкіметінің орнығып қалуына сенім пайда болғаннан кейін тараққишілер ұйымы таратылып, оның кейбір мүшелері коммунисттік партияға кіріп, мұхтариятты нығайту және кеңес аппаратын жергілікті халыққа бейімдеу сияқты негізгі істерді жалғастырады. Орталықтан Кобозев келіп жетекшілік еткеннен кейін бұл идея тағы да күшейеді, сонымен бірге Мәскеу жәрдеміне де үміт пайда болды. Бұған қарсылық көрсеткендерге отарлаушы ретінде қаралды. Бұл отаршылдар құрылтай мен конференция көмегімен жеңіске жетуге талпынды. Мәскеуге жол ашылғаннан кейін олардың үстінен өтініш жасап, ол жерден (Мәскеуден) жәрдем алумен Түркістанда толық құқықты автономды билік орнату мүмкіндігіне деген сенім туындады. Бұл сенім VІІІ құрылтайдан кейін тіпті нығая түсті. Себебі Орталық атқару комитеті, өлке комиссарияты және басқа да комиссариаттарда жетекшілер жергілікті мамандардан тағайындала бастады. Бұл шара жергіліктілердің ең қанағаттанған талаптарының бірі еді деп айтуға болады. Бұл талаптар ресми сипатқа ие болмаса да, Мәскеумен жартылай не толық байланыстағы комиссариаттар, мәселен әскери комиссариат, қаржы комиссарияты, шетел істері комиссариаты тәуелсіздігін білдірер еді... Сездің қысқасы, сол уақыттарда жергілікті мамандар да, "тараққишілер" де орталықтың ұлттық, таптық және партиялық саясатын анық түсінбейтін еді...
1930 жыл 12 маусым Біздің таптық көзқарасымыз негізінде таптарды терістеу жатты. Біз таптық жіктелуді білмейтінбіз, егер ірі буржуазия саналатын кең көлемді жер иелері мен саудагерлердің өте аз бөлігі есепке алынбаса, біздің көз алдымызда барша халық тең еді. Буржуазия жөнінен сөйлегенде, кең көлемді жер иелері мен ірі саудагерлерді назарға алатынбыз. Біз кеңес өкіметінің осыларға емес, орта қол, тіпті ұсақ топтарға жүргізген әрекеттеріне қарсы болдық. Сондай-ақ, біз негізінен ұсақ буржуазия игілігін жақтадық. Міне осыдан біздің қазан төңкерісінен кейінгі мемлекеттің саяси өмірінен алған орнымыз, кеңес өкіметі, пролетариат диктатурасына қарсы жүргізген күресіміз түсінікті болса керек. Біздің азаттық туралы ұранымыз, әуелі буржуа - демократиялық Түркістанды, одан кейін Өзбекстанды құру. Әкімшілікті ұсақ және орта буржуазия қолына беру әрекетіміз осыдан келіп шықты. Пан - түріктік ұмтылулардың да әсері болды. Біздіңше, олардың жалпы көрінісі Орта Азиядағы түркі халықтарының барлығы үшін ортақ тіл қолданудан тұруы керек-ті. Біз ортақ тіл арқылы осы халықтарды оңай бірлестіреміз деп ойлап едік. Біздің пантуркизм Орта Азия шеңберінен шықпайтын, сонда да біз оны бүгінгі күннің салмақты тапсырмасы деп түсінгенбіз. Пантуркизм идеясын бүкіл түрік халықтарымен іске асыруға ("Ұлы Тұран" идеясына) сенбейтінбіз. Тек түрік әскери жасақтары келіп жұмыс істей бастағанда біздерде оған ынта пайда болды. Өзбек пен қазақ ауылдары тілінің ұқсастығына байланысты олармен ортақ тіл жасамақ болып едік. Осылай ортақ тіл негізінде ортақ әдебиет жасауды да ойлаған едік... "Чиғатой гурунги" бірлесіп Фитратқа ілескен жастар жаңа өзбек әдеби тіліне қайнар көз етіп Науаи, Шағатай түріктерінің тілін алды, ескі атаулардың (араб және парсы кірмелері) барлығы түрік тілінен, тіпті өлі Шағатай тілінен алынғаннан кейін, жаңа атаулармен ауыстырылды. Міне осылардың ізімен, өз кезегінде, әліппе мәселесінде фитратшылармен ортамызда келіспеушіліктер туды. Бірақ мұның саяси ұстанымдарға қатысы жоқ еді. Мен ауған елшісі Ғұлам Жайланидің алдына барғаным, онымен Ауғанстанға кетуім туралы әңгімелескенімді Миән Бузрук Салиховқа айтып едім. Миән Өзбекстанға қайтқанына өкінетінін, мүмкіндік туса қайта Ауғанстанға өтіп кететінін айтты. Оның айтуынша, ол ауған өкіметінің рұқсатымен Үндістанға барып, одан Түркияға, Стамбулға өтпек екен... Ауған елшісімен сөйлесудегі мақсатым өзім мен өзіме жақындарды, мысалы Салимхон, Миән Бузрук, Мурат Хожа, Саидкамалхан, Мирсат Мирзакиров, Мухаммадрасул ұстаз, жалпы 10-15 кісінің Ауғанстанға кету мақсатын іске асыру болатын. Елшімен әңгімемде тек Салимхан мен Миән Бузрукты тілге тиек еттім. Басқалар туралы еш нәрсе айтпадым, себебі олар ерте ме, кеш пе сол жаққа кетуге мәжбүр болатын еді. Елші Қабылға хат жазып, тіпті Ауғанстанда оқытушы бола алатындарға жасырын түрде рұқсатнама беруге уәде етті. Елшімен сұхбатымның нәтижесін мен тек қана Миәнта айттым. Қабылдан жауап күтуді мақұл көрдік. Бачи Сақов көтерілісіне байланысты бізде Ауғанстанға кету туралы арманымыз жоғалды, бірақ Аманулла өкіметі қайта аяқ басысымен өз ниетімізге жетеміз деп үміттендік... Елшінің қаржылай қолдап - қуаттау туралы айтсам, соңғы кездері ешқандай көмек болмады. Тек елші қызметкері Мансұрхан таныстырған елші орнына келген жаңа елші 1923 жылдың соңында менен ұлттық қызмет жайын сұрады және Ауғанстаннан қаржылай көмек келуі мүмкіндігін мәлімдеді. Мен оған қызмет жалғасуы үшін енді адамдар да, қаражат та жоқтығын, көрші мемлекеттердің ешбірінен қолдау болмайтынын айтып, жымиып қойдым. Сонда ол егер өтініш білдірсе, Қабыл қаржы жібере алатынын баяндады. Бұл сұхбат пен ауғандардың көмек беруге уәдесі туралы мен Саиднасыр Миржалиловқа (мүмкін Толибжан Мұсабаевқа да) айттым, Саидуали семіздің үйінде 1924 жылы Убайдулла Хожаев, Толибжан, Шахап Нысан т.б. қатысуымен болған жиналыста да айттым, қатысқандар тізімі сізде де бар...
1930 жыл 4 қаңтар
"Иттихад-и миллий" ұйымы
1) 1919 жылы қаңтар оқиғасынан кейін жергілікті зиялылардың бір тобында кеңес өкіметінің билікте тұрақталып қалуына сенім пайда бола бастады. Олар Түркістан халқын құлдық пен надандықтан тек коммунистер партиясы көмегімен құтқара аламыз деп түйді. Зиялылар арасында осындай сенім болғандықтан "Иттихад-и тараққи" және оның орнын басқан "Бірлік" те шашырап кетті. Сонымен қатар жергілікті зиялылар арасында айтылған сенімге қосылмай, қандай да бір жасырын ұйым құру қалауында жүргендер де бар болатын. Зиялылардың бұл тобының басында Садритдинхан мен бірнеше түрік офицерлері болып, олар мені талай рет компартиядан бас тартып, жаңа ұйым құру әрекеттеріне қатысуға шақырды. Мен ол кезде барымды салып компартияға қызмет істеуде едім. Сондықтан да олардың ұсыныстарына мыналар сияқты жауап бердім: "Егер сіздер мені ұлтшыл деп мойындасаңыз, айтарым мынау, коммунизм меніңше ұлт пен халықтың қажеттілігін толық өтей алады. Мен мұнан былай ұлт пен халықтың басым бөлігін қамтитын кедей мен жұмысшылар пайдасына қызмет етуді абзал көремін. Осы мақсатпен компартияға кірдім. Басқа ешқандай ұйымға қызығушылығым жоқ деп білемін". Оларға осылай жауап бердім және бірнеше митингілерде осы мағынада баяндама оқыдым. Осы кезде "Шығысты азат ету" ұйымына да онша атсалыспадым, тек оның бір- екі жиналысына ғана қатыстым. Сол уақытта менің маңызды қызметім Халыққа білім беру комиссарлығында еді. Сонымен де Мұсылман бюросы және өлке комитеті (крайком) жиналыстарына белсенді қатысар едім. Жергілікті коммунистерге П.А. Кобозев жетекшілік етті. Ол ылғи да бізге мынаны айтар еді: Түркістан Шығыс қақпасы, сол арқылы басқа шығыс елдеріне төңкерістік көңіл-күй енгізуге болады. Сондықтан да Орталық Түркістанда жеке шығыстық саясат деп аталынатын жоба қарастыруда және қажет болса, бұл жерде үлкен құрылтай шақыруы мүмкін. Осы мәселеде Кобозев VІІІ құрылтайда жергілікті тұрғындардан ұлттық топ құрып, оны өзі басқарған еді. Жолдас Кобозевтің бұл жетекшілігінен жергілікті зиялыларда Түркістанда автономды мемлекет құру мен оның басқа шығыс елдеріне үлгі болуына белгілі дәрежеде сенім туды. Бұған қарсы болған (Казаков пен Успенский) еуропалықтарды ұлт зиялылары "отарлаушылар" деп айыптады. Құрылтайдан соң Рысқұлов пен Садуллахожа Тұрсынхожаев өкімет жетекшілері болды. Орталықтан жолдас Элиава торағалығында Түркістан ісі бойынша арнайы комиссия келді. Біздің қызметіміз кейін Түркістанды Түрік мемлекеті деп атап, мұхтариятты кеңейтуге, билікті бейімдеуге, басқаша айтқанда Кобозев тапсырмаларын өмірде пайдалануға бағытталды. Бірақ рысқұловшыларға шабуыл басталысымен бұл ұйым да бітті. Шабуыл Казаков, Успенский сияқты отарлаушылардың қызметімен байланысты еді. Нәтижесінде Рысқұлов лауазымын тастап, Орталыққа шағымданды. Рысқұлов пен Низамидцин Хожаев Мәскеуге барып, ол жақтан әжептеуір жеңілдеп қайтты. Бакудағы Шығыс халықтары құрылтайында Рысқұлов осы мәселе жөнінде Зиноньевке арызданды. Ол мұны қарастыруды Мәскеуге жүктеді. Рысқұловтар өз лауазымынан кеткесін мен де Бакудан қайта сала істен қуылдым, Бұхараға іссапар етілдім. Бұларды ұлт зиялылары еуропалық отаршылдардың жеңісі деп бағалады. Осыдан келіп, күннен-күнге жергілікті зиялылар "Иттихад-и тараққи" ұйымын құрып, еуропалықтардың отаршылдығына қарсы күресу қажеттігін сезіне бастады. Бакудағы кезімізде Ташкентке Түрккомиссияның жаңа төрағасы Сафаров келді. Ол да Рысқұлов пен оның жақтаушыларына деген қырғиқабақтылықты өзгертпеді. Бұл жайт ұлт зиялыларының коммунисттер мен коммунизмге деген көңілдерін суытты. Дәл осы кезеңде Бұхарада, Ташкентте "Иттихад-и миллий" ұйымы құрылғандығы туралы сөз тарады. Бұл жөнінде Ташкент орталығынан көптеген хаттар келді. Біз, Бұхарадағы түркістандықтар ұйым орталығын Ташкенттен Бұхараға көшіруге тырыстық. Осыдан ташкенттіктермен келіспеушілік туды. (Бұл туралы жоғарыда толық жаздым). Мен "Иттихад-и миллий" қашан, қалай құрылғандығы туралы қамаудан шыққанымнан кейін кейбір мәліметтерге ие болдым. "Иттихад-и тараққий" мен "Бірлік" қызметтері тоқтағасын олардың жетекшілері бізден бөлек кетті. Біз VІІІ құрылтайда ұлттық топты құрып, Казаковтармен күресіп жатқанымызда олардың өздері "Иттихад-и миллийді" құрды. Оның орталығында әуелі Мұхаметбей, Сүлеймен Сами мен Садритдинхан болған. Бұл ұйым жарғысы бұрынғы "Иттихад-и тараққи" жарғысының өзі болатын. Бар болғаны оның аты ғана өзгерді. (Бұрынғы "Иттихад-и тараққи" жарғысы, қаулылары мен тізімі Садритдинханда еді). Олар жаңа ұйым мүшелері қатарына бұрынғы "Иттихад- и тараққи" адамдары, VІІІ құрылтайда ұлттық топқа кірген делегаттар, тіпті Рысқұлов пен Кобозев те кіреді деп айтатын. Ұйым мүшелерінің саны мыңнан артып кетті. Рысқұлов өкіметтен кеткенге дейін ұйым осындай күйде жұмыс істеді. Оның қызметі негізінен мүшелерін көбейту болатын. Рысқұловтан кейін олар ұйым жарғысына аздап өзгерістер енгізді. Орталық бөлім мүшелерінің саны бесеуге дейін, аудандарда жетеуге дейін көбейтті. Мүшелік қатарына тек тараққишілер ғана емес, барлық қалаулылар қабылданды. Бізді Бұхараға іссапарман жібергеннен кейін олар бізге мәліметтерін беріп тұруды дұрыс көріп, біз арқылы Бұхарада бөлімшелер ашуға әрекеттенді. Мұндағылардың бөлімше ашу емес, орталықтың өзін Ташкенттен Бұхараға көшіру ниетінде болғаны белгілі, мөр мен жарғы туралы айқай-шу да шықты. Біздің ұйым орталығын Бұхараға көшіру туралы ұсынысымыз ташкенттіктермен қарама -қайшылықтарға себеп болды. Түріктер орталықты Бұхараға көшіруді жақтаса, Садритдинхан қарсы еді. Мұның соңы екіге жарылуға алып келді. Сүлеймен Сами мен Мұхаметбей ұйымнан шықты. Содан соң ұйым басында жалғыз Садритдинхан қалып, ол өзінше іс жүргізді. Басмашылармен байланысты жақсартып, Кәримовпен атақты хатты жазды. Басқаша айтқанда контрреволюциялық жолға түсті. Төңірегіндегілер бар мәселені еш талқысыз бұлжытпай орындайтын. Мұны ол Мәскеу мен Бұхарадағы орталық мекеме атынан іске асырып отырды. Бұхарада орталық бөлім бой көтергесін ол (бөлім) Ташкент орталығын Бұхараға көшіру ұсынысын көтерді. Бірақ ол мұны мақұлдамады, жарғы мен мөрді ұйым ісі әшкере болып, жарты жолда қалып кете ме деп үрейленіп Бұхараға жібермеді... 1921 жылы жазалау кезінде ол (Садритдинхан) өзі жасақтаған басмашыларға қашып кетті. Содан кейін ол қамауға алынды. Ол жерден қайта басмашыларға, одан шетелге, Иранға өтіп кетті. Қазір одан ешкім де ешқандай, өлі не тірі екендігі туралы анық мәліметке ие емес. "Иттихад-и тараққийде" тек жарты болып, ал бағдарламасы жоқ еді. "Иттихад-и тараққийдің" арнайы бағдарламасы болмаса да, жартыға сүйенетін. Оның орталық бөлімінде түріктер де болған. Жеке арнайы дәптерге берілген тапсырмалар тіркелсе, екінші дәптерге ұйым мүшелерінің аты жазылып, олар сандармен белгіленді. Түріктер кеткеннен кейін барлық іс оның (Садрит - динханның) қолына өтті. Содан бастап дәптерді сол толтырды ма, жоқ па ешкім білмейді. Сондай-ақ, ол қашып жүргенде ұйым дәптері мен мөрін не істегені әлі де белгісіз. "Иттихад-и тараққи" неліктен "Иттихад-и миллий" болып өзгергенін осы күнге дейін ойлап көрмеппін. Енді ойласам оның төмендегідей себептері болуы мүмкін: 1. Сол ұйым құрылар алдында ұлттық топ жасақталған еді. Осы топ атымен атауды және өздері де оларға ұйымның құрылтайдағы өкілдері деп түсінік беру мақсатымен "Иттихад-и миллий" деген атауды алған болулары мүмкін. 2. Садритдинхан діншіл, исламшыл еді. Бәлкім, оның әсерінде болған өзбек, қазақ, қырғыз, түрікмен және тәжіктерді біріктіру мақсатымен "Иттихад-и миллий" деп аталған болуы да ықтимал. 3. Мұхаммед бей Түркиядағы османшылдар ағымының жақтаушысы еді. Естуімше, ол түрікшілдер мен тұраншылдарға наразы болып, бірнеше түркі емес ұлттарды, яғни яһуди, армян, араб және грек ұлттарын біріктіруші османлылар елін Түркия атымен атау дұрыс болмайды деген. Осы себеппен де ол кісінің әсерімен Түркістанда тұратын қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, тәжік, орыс және яһудилерді топтастыру үшін ұйым "Иттихад-и миллий" деп аталуы да жорамалдан тыс емес. Негізінен, "Иттихад-и миллийді" "Иттихад-и тарақ-қийге" ұқсату үшін, тек жергілікті тараққишілерді ғана қамтыған, ескі надан тұрмысқа, отаршылдарға қарсы ұйым болған деп айту да дұрыс емес. Ақиқатында ол өте кең мақсатты көздеген...
1930 жыл 6 қаңтар
"Иттихад-и тараққий" ұйымының мүшелері туралы
"Иттихад-и миллийде" бірге істеген не басқалар арқылы білген мүшелері туралы мыналарды көрсете аламын: бұл ұйымның бас орталық мүшелері Осман бек, Хайдар әфенді, Сабырхан еді. Усмонбектен кейін отан Юсуфбек пен мен кірдім. СадуллаХожа, Атахон, Саидәкрам, Миән Бузрук және Убайдулла Хожаев ұйымның белсенді мүшелері еді. Олардың ішінде Убайдулла Хожаев Ташкентте аз тұрғаны үшін ұйым істеріне жиі қатыса алмады. Миән Бузрук та шетке кетуді көбірек ойлап, ұйым жұмысынан аздап аулақ болды. Бірақ ұйым қандай тапсырма берсе де, орындап тұрғаны есімде. Бұл көрсетілгендерден тыс Зиябек я Хайдар әфендінің айтуынша, мыналарды мүшелікке қабылдау қарастырылған еді: Мухитдин Шарафутдинов, Файзулла Хожаев, Лазиз Азиззода, Зухур Хожа, Шамси Хожаев, Сайд Кемелхан домла (ұстаз), Фарид Таиров, Мусахан Миразизов, Тантирқул Хожа (Махсудов), Әбдіқадыр Қушбегиев, Нарботабеков, Юсуф Әлиев, Саиднасыр Миржалилов, Шахабитдинхан, Эртеш Нурмухаммедов, Саидвали Семіз, Қудратилла Қари Махзумов, Қайым Рамазанов, Салимхон Тиллахонов, Абдулла Авлони, Сайд Ахраров, Башируллахан Хожаев, Нәжмутдин Шерахметбаев, Мирхабиб Махсудов, Абдул-лахан Тәжиев, Салахитдин Асамутдин Хожаев, Эшан Хожа Хани, Илхом Ёкубов және Зоиржон. Бірақ мен бұл аталғандардың бәрі ұйым мүшесі болды деп айта алмаймын.
"Бірлік" ұйымының мүшелері хақында "Бірлік" ұйымы ескі қаладағы баспахана ғимаратында өткен үлкен ортақ жиналыста құрылып еді. Жиналысқа үш жүзден аса жергілікті коммунистер, кеңес мамандары және тараққишілер қатысты. Олардың барлығы ұйым мүшелігіне жазылды. Меніңше, "Иттихад-и тараққи" мүшелерінің барлығы болмаса да, дені "Бірлікке" мүше болды. Сонымен осы кезеңдегі коммунист, кеңес мамандарының көпшілігі "Бірлікке" кірген еді. Қазір олардың аты-жөні есімде жоқ.
"Иттихад-и миллийдің" мүшелері жөнінде "Иттихад-и миллий" басшылары "Иттихад-и тараққийдің" бүкіл мүшелерін, VІІІ құрылтайдағы ұлттық топ делегаттарының барлығын ұйым мүшесі деп есептеді. Қазір мен олардан басқа ұйымға жаңадан кімдерді қабылдағандары туралы ештеңе айта алмаймын. Мүмкін Садриддинхан Абид Хожа, Мансур Хожа, Қаюм Хожа, Юсуф бек, Асадулла және басқаларды ұйымға тартқан болуы ықтимал. Ұйым ісін жүргізуде мүше болмағандарды да пайдаланған.
1930 жыл 15 мамыр
ТҮРКІСТАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КҮРЕСІНЕ КІРІСПЕ "БАСМАШЫЛЫҚ"
Абдуллазада Тәуеккел
Басмашылық
Түркістан аумағында қалың бұқара халықтың қолдауымен тұтас аймаққа жайылған ұлт-азаттық қозғалыстың ең үлкені - 1916-1926 жылдары арасында болған "Басмашылық" қозғалысы. Бұл қозғалыс бүкіл Түркістанға тін сипат алды. Алғашында "басмашылық" -соғыс техникасын меңгермеген, жете қаруланбаған, құрал - жабдықсыз халықтың ауыл арасындағы барымта соғысына көбірек ұқсайтын. Көршілес мемлекеттер Марокко мен Сирия мұсылмандарына жәрдем бергендей көмектеспегені үшін түркістандықтар тек өз күштерімен шама-шарқынша күресті. Жаңа қаруларды жеңілген жаудан тартып алды немесе сатып алды. Қолдарындағы қарулар өте қарапайым. Орыс солдаттарының мылтықтарымен қаруланған олар кейбір қалаларды азат еткенімен, қолда көп ұстап тұра алмайтын. Зеңбірек атаулы мүлдем жоқ, аздаған пулеметтері бар. Кейде оларды сатып алғандықтан, көтерілісшілердің ақшары да жаудың қалтасына барып түседі. Жергілікті жерді жақсы білгендіктен жақсы соғысып, орыстарға қарағанда аз шығынға ұшырағанымен, дәрігерлер мен дәрігерлік көмек болмағандықтан, ауыр жаралылар көбіне шейіт болып кетеді. Ресей басқыншылығына төзбеген жергілікті халық тауға шығып кетіп, өз жерінің қожайынына айналды. Түріктердің болмысы құлдыққа төзбейді, сондықтан олар құл болғаннан қарақшы болғанды артық санайды. Мұндай топтар башқұрттар, қазақтар және қырғыздар арасынан да көп шықты. Бұлар орыстарға шабуыл жасап, халыққа тимейтін. Кубан мен Қырымда да осындай топтар бар. Бұлардың арасында Қырымнан шыққан "басмашы" Алим Адамақ пен Самарқандық Намаз бек атақты болды. Әуелі қарақшылықпен айналысқан бұл жаужүректердің Түркістандағы топтары Темір, Бабыр және Шайбанқ анның да әу баста қарақшылы болғанын біледі һәм соларға қатысты әңгімелерді қызыға тыңдайды. 1918 жылдың бас жағында Қоқан ұлттық үкіметінің қарамағында болған, үкімет талқандалғаннан кейін тауға шығып кеткен өзбек басмашыларының қозғалысы бүкіл халықтық қолдауға ие болды. Көне Қоқандағы әскери терминге сүйеніп, өздерін "Қорбашы" деп атаған бандылық топтардың басшылары жақсы ұйымдастырған әскерін дұрыс басқарып, халыққа қамқор болған жағдайда, халық та оларды қолдап, қуаттап отырды. Халық ақындары, бақсылар мен жыршылар олардың ерлік істеріне жыр арнады. Батырларына "Көроғлы", "Әуез" дастандарын, қорқақтарына "Төлек батыр" мысалын айтатын. Ферғаналық Мехмедемин Бек бұл қозғалысты заман талабына сай жасақтап, құрамына жастарды тартып, жасақтарын үлкейте түсті. Бұған керісінше, қаланың зиялы қауымы "басмашылық" қозғалысына оң қабақ танытпады. Өйткені бастапқыда басмашы топтардың жетекшілері керітартпа молдалардың ықпалында болатын. Ол керітартпалар зиялыларға алдыңғы сайлаудағы реттік санына қарай һәм мазақ ретінде "төртінші" деп ат қойған еді. Сондықтан басмашылық қозғалысына қатысқысы келетін және бұл қозғалыстың шын мәнінде ұлт-азаттық қозғалысқа айналуын тілейтін көптеген зиялылар Бұхара Әмірі мен керітартпа молдалардың қолында уақытша болса да ойыншыққа айналып кетуден қорқатын. 1921 жылы Бұхара Әмірі Ауғаныстанға қашқаннан кейін зиялылар басмашылық қозғалысына ықпал ету үшін түрлі әрекеттер жасай бастады. Бұл қозғалыстың жетекшілерінің көпшілігі, әсіресе, Самарқанд пен Ферғанада "Түркістан Ұлттық Бірлігі" саяси ұйымына мүшелікке өтіп, зиялылардың айтқандарына ден қоя бастады. Осыған сәйкес көптеген зиялылар да басмашылық қозғалысына қатыса бастады. Міне, дәл осы уақыттан бастап басмашылық қозғалысы толық ұлттық қозғалысқа айналды. Алайда бұл жаңа қозғалыс орыстардың сыртқы дүниемен көп араласпай тұрған кезіне дөп келгендіктен һәм 1922 жылы Ферғанада болған аштыққа байланысты жарымжан қалды. Соған қарамастан бұл қозғалыс Түркістан халқында өте күшті, қуатты ұлттық рухтың оянуына жол ашты. Қатары күннен-күнге азая түскен басмашы жетекшілері де бұл ұлттық қозғалыстың бұдан әрі жүйелі түрде әрі жаңа заманның әскери талаптарына сай жүргізілуі керек екенін түсінген еді. Осылайша көтеріліске шыққан өзбек, қазақ, түркімен бұқарасы мен қалалық жас зиялылар арасында Пір жарасымды үйлесім пайда болды. Түркістандағы ұлттық көтерілістер мен ұлттық қозғалыстардың келешекте қалай болып, қалай өрбуі керектігі де айқындала түсті. Бұл үлкен қозғалыстың тарихы әлі жазылған жоқ. Кастагин мырзаның 1925 жылы Парижде жарық көрген "Les Basmatchіs" деп аталатын 88 беттік көлемі шағын кітабы бар. Сонымен қатар тек большевиктердің және ресми Мәскеудің мәліметтеріне ғана сүйеніп жазылған. Ферғана мен Ташкентте бұл қозғалысқа байланысты дерек жинауға тыйым салынған. Сондықтан, қазіргі кезде әрбір түркістандық ұлтшыл зиялының бір міндетінің де осы қозғалысқа қатысты мәлімет пен дерек жинау екендігі дау тудырмаса керек. Біз де қолымызға түскен мәліметтерді жинастырып, бүгін тарихқа жазып қалдырудан басқа маңызы қалмаған тұстарын журналда жариялауға шешім қабылдадық. Бұл қозғалысқа қатысқан көптеген адамдардың естеліктері Зәки Уәлиди мырзаның қолында. Бұлардың арасында Ширмехмед Бектің (Көр Ширмет), Хемраһкүл Бектің, Бұхара, Ферғана және Хиуада болған кейбір офицерлердің естеліктері бар. Осы жолы Ташкенттік молда Тәуеккел Бабырдан Зәки Уәлиди мырзаға жіберілген қысқа бір тізімді жариялаймыз. Ширмұхаммед бек 23 жасында бүкіл Ферғана басмашыларының басшысы әрі қолбасшысы болды. Маргилан аймағындағы Гербаба ауылында туып-өскен. Әкесі қажы Кошак деген момын адам болатын. Ширмұхаммед бек орыс отаршыларына қарсы күресте көзге түсіп, батырлығы мен жанқиярлығының арқасында мұжахеттердің басшысы яғни Қорбашы дәрежесіне көтеріліп, даңққа бөленді. Ферғанада басталған ұлт-азаттық қозғалысына 21 жасынан бастап қатыса бастаған. Жеті жыл соғысқаннан кейін 1923 жылы Ауғаныстанға қоныс аударды. Қол астындағы әскерін сегіз топқа бөліп, қарамағындағыларды сегіз қорбашы арқылы басқаратын. Олар: 1. Ергеш бек - 35 жаста еді. Қоқан қаласындағы қанды қырғында шейіт болды, қол астында 1200 адам болды; 2. Мехмедемин бек - 23 жасар еді. Маргилан қаласынан. Орыстарға қарсы бес жыл соғысқаннан кейін шейіт болды, қол астында 5000 адам болды; 3. Хал қожа - 43 жаста болатын. Ош қаласынан. Күші басым басқыншылардан кері шегініп келе жатып, Ферғана тауларында қардың астында қалды. 3000-нан астам әскері болды. 4. Фарпы бек - 30 жасар еді. Андижаннан. Бес жыл соғыстан кейін шейіт болды, қарамағында 3400 әскер болды. 5. Мұхиддин бек - 30 жаста болатын. Көкжарлы. Жеті жыл соғысқаннан кейін 1923 жылы шейіт болды. Қол астында 3500 адамы бар еді. 6. Аман палуан - 50 жаста еді. Наманғандық. Жеті жыл соғыстан кейін опат болды. 1800 әскері бар еді. 7. Нұрмұхаммед бек - Иекетұттық. Басмашылар сапына 18 жасында қосылған. Басқыншыларға қарсы жеті жыл соғысқаннан кейін 1923 жылы Ауғаныстанға өтіп кетті. 3900 кісілік топқа жетекшілік жасайтын. 8. Жәнібек - 50 жаста. Өзгендік. Қол астында 5700 әскер болатын.
РЫСҚҰЛОВТЫҢ КАЗАКОВҚА ХАТЫ
Жолдас Казаков, Сізге біздің барлығымызды үрейлендірген Ферғана жағдайы туралы мынадай өте қысқаша өсерімізді жеткіземіз. Ташкенттен Ферғанаға келген барлық делегаттардың пікірі, бұдан арғы күрес жолдары туралы біздің пікіріміз дұрыс болып шықты: майдан Қоқан оқиғаларынан бергі уақыттағы кеңес қайраткерлерінің теріс іс-әрекеті негізінде туған. Ферғана облысындағы барлық оқиғалар желісінен армяндардың "Дашнакцютун" партиясының арандатушылық жұмысы қызыл жіппен өтіп отырады. Қызыл Армия бөлімдері қарақшыларымен күресудің орнына, жаппай маскүнемдікпен айналысқан, қару мен патрондарды сол қарақшылардың өзіне сатқан (әсіресе, армяндар), уездерден өткенде қарақшыларды жасырды деп кінәлап, бейбіт қышлақтарды тонаған. Армяндар жаппай сарт қыздарын зорлап, әйелдер мен балаларды кескілеген. Осының барлығы мұсылмандардың діни фанатизмі мен сезіміне әсер етіп, олар қашып қарақшылар тобына қосылған. 11-мамырда Әндіжанда біз Плотников отрядының екі қызыләскері (бірі - орыс, екіншісі - армян) қышлақта сарттың лашығына баса-көктеп еніп, ата-аналарының көзінше қыздарын зорлағаны туралы мәліметтер алдық. Қылмыс үстінде оларды қарулы теміржолшылар ұстап, тұтқындап, Плотниковке хабарлаған, бірақ (ол) соңғыларды ату туралы бұйрық берген кезде, армян бөлімі (бұл) тіпті сотты қажет етпейтін, түкке тұрғысыз іс дегенді айтып қарсыласқан. Олардың бірі босатылған, Борисовтың бөлімшесінде жүр, ал басқасы тұтқында ұсталуда, біз оларды табан астында тұтқындау туралы бұйырдық. Әндіжанда армяндар қышлақтардан көптеген сарт қыздарын алып келіп, жеке меншік затқа айналдырғанын білдік. Бұл бөлімшенің іс-қимылында басқа да көптеген арандатушылық жақтары бар, одан бүкіл мұсылмандар қауымы көтерілуі мүмкін. Тағы бір сипатты дерек. Скоблев (Ферғана) қаласы мұсылман коммунистерінің жалпы жиналысында армяндардың бірнеше дүркін соққысына ұшыраған мұсылманның бірі жылап тұрып, армяндардың қорғанда кінәсіз мұсылмандарды оқтарын аяп, қалай кескілегендерін, әйелдерді жәбірлегендерін, "егер Алла күшті болса, көмектессін сендерге" деп қасақана айтқандарын мәлімдеген кезде, бүкіл жиналыс шын мәнінде еңіреп жылады. Бір сөзбен айтқанда, біздің Қызыл Армия өте сорақы рөл атқарған. Сафонов жолдас келген соң армия ішінде үлкен өзгерістер болғанымен де, арандатушы элементтер қалып қойған. Мысалы, бір ғана Әндіжанда 600 адамға дейін қаруланған армяндар әлі күнге қарусыздандырылмаған. Жолдас Сафоновпен өткізілген кеңесте анықталғанындай, қазірше қарсы тұратын үлкен күштер болмайынша, оларды бірден қарусыздандыруға болмайды-мыс. (Біз) қалай армяндар қарусыздандырылатын болса барлығының тынышталатынын ескертеміз. Жолдас Сафоновтың айтуынша шаруа (орыс) отрядтары қарақшыларға қарсы уақытша ғана серік, бірақ Ферғанада, бір ғана Әндіжан мен Наманган уездерінде 90-ға дейін есептелінетін поселкелер - бұлар кулак поселкелері - олар большевиктерге ашық қарсы ниетте. Біздің партия мен адал жұмысшылар шын мәнінде қаруланбаған. Мысалы, Скоблевте күзетте "барлық азаматтардан" құралған "азаматтық гвардия" құрды, оның құрамына шенеуніктер мен прокурорлар кірген (өзіміз кеңес жиналысында көрдік). Тек уездерде ғана емес, тіпті қалаларда да шын мәнінде Кеңес өкіметі жоқ. Скоблевте атқару комитеттері мен мекемелер тұтасымен маскүнемдікке салынған. Біз уездік атқару комитетін таратып және революциялық комитет ұйымдастырдық. Армия ішіндегі насихатқа, тұрғындарды ұйымдастыруға байланысты ешқандай шара қолданылмаған. Мұсылман коммунистерін Иргаш пен Мадаминнің жансыздары деп атап, оларға сенбей, қуғындаған, партиялас мұсылмандарды қаруландыруды айтпағанның өзінде, депутаттардың аудандық кеңесі, одақтар мен ұйымдар қуып таратылған. Бақытсыз мұсылман коммунистері екі оттың - кеңестердегі жолдастары мен өздерін ерекше қатігездікпен жазалайтын қарақшы топтарының ортасында қалған. Біз барлық жерде мұсылман коммунистерін біріктіріп, ұйымдастырып, орасан зор жиындар өткізудеміз, кешірімді (амнистия) түсіндірудеміз. Бұл жиындардың барлығы да шетінен еңіреп жылаумен өтуде. Мысалы, ескі Маргеландағы жиында, айтуларына қарағанда, (қарақшы) топтарының көбі (300 адамға) дейін қатынасқаннан соң, олардың жағдайы түсінікті. Тұрғындар бостандықты сезіне бастады және әсіресе жолдас Сафонов пен оның бөлімшесіне өте риза, олардың айтуынша ешкімге тиіспейді (мысалы, Саленовтың бөлімшесі). Жан түршігерлік жағдайларды баяндайтын шағымдар буда -будасымен түсуде. Көптеген ескі қызметкерлердің, мысалы Крутковтың, Саховтың, Салаевтың және негізінен армяндардың іс-әрекеті ешқандай сын көтермейді - бұл дегеніміз қалыптасқан жағдайға (жеткізген) тұтасқан қателер. Партия ұйымдары өте көп залал келтірген (маскүнемдік, парақорлық, күнделікті құбылысқа айналған) алуан түрлі лайықсыз элементтермен былғанған. Бізге Кеңес өкіметі қымбатқа түсіп тұр, жолдас Казаков! Осынау барлық оңбағандықты көріп, жүрек қысылып, жаның ауырады. Ферғанада нағыз Кеңес өкіметін орнату үшін орасан зор жұмыс күтіп тұр. Көптеген қызметкерлер мен басшы - коммунистер қажет, ал бұрын Кеңес өкіметінің басында отырғандар жарамайды, оларды Ферғанада емес, басқа облыстарда пайдалану керек. Кейде Сорокинмен келіспеушіліктерді айтпағанда, біздің комиссия тату жұмыс істеуде. Барлығын (хабарды) қашан істеген кезде естірсіз, ал қазірше сау болыңыз. ТҰРАР РЫСҚҰЛОВТЫҢ 1921 ЖЫЛЫ МӘСКЕУДЕ ӨТКЕН ТҮРІК ХАЛЫҚТАРЫ КОММУНИСТЕРІНІҢ ІІ ЖАЛПЫРЕСЕЙЛІК КЕҢЕСІНДЕ СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ Жолдастар, бұл кеңесте ұлт мәселесі де тұр. Ұлт мәселесін әр түрлі көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады. Ұлт мәселесі, біздің партия съезімізде қарастырылатын қырынан алғанда, әрине жалпы мәселе болып табылады. Мұнда, түрік коммунистерінің қеңесінде біз ұлт мәселесінің шығыс бөлігін қарастырамыз, әрі десеңіз баяндамашы негізінен осы бөлігін қамтыды. Жалпы ұлт мәселесінің шығыс бөлігін қарастыруға мен де ынталымын және осы бағытта өз ойымды білдірем. РСФСР ішіндегі ұлт мәселелері, әсіресе, езілген шығыс халқына деген қатынас және осымен байланысты кеңірек түрдегі шығыс мәселесі біз үшін қазіргі таңда ерекше үлкен мәні бар мәселе. Шығыс коммунистері арасында, азды-көпті белсендірек болып жүрген біз түрік коммунистері, әлемдік революция көсемдері мен әлемдік революцияның басқарушы органдарының қазіргі таңда Шығыста қалыптасқан жағдайды түсініп, Шығыс ісі мен Шығыстағы міндеттерді жүзеге асыру жолында бізге тосқауыл келтіріп отырған кедергілерді жою үшін сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де қолғабыс жасап, тірек болуына мүдделіміз. Мұнда баяндаманы кеңестік шет аймақтардың Түркістан сияқты үлкен де маңызды аймағында жұмыс істеп, жарты жылдық тәжірибе жинаған түріккомиссия мүшесі жолдас Сафаров жасады. Бұхара мен Хиуаны қоса қамтығанда құрамында 12 миллион халқы бар Түркістанды өздерінің тұрмысы, экономикалық және мәдени дамуы жағынан Ауғанстан, Персия және тағы басқа да көршілес елдермен белгілі бір қауымдастық жасайтын түрліше ұлттар мекендейді. Осындай үлкен өлкенің тәжірибесін жинақтаудың біз үшін зор маңызы бар, бірақ жолдас Сафаров бұл мәселені өте тар дәрежеде қамтыды. Ол Түркістан тәжірибесі жалпы барлық шығыс аймақтары үшін даяр тәжірибе болуы мүмкін деп ойлайды. Мен бұл қате деймін. Шығыс бөліктегі ұлт мәселесіне Түркістан тұрғысынан қарау мүмкін емес. Егер Түркістанның жарасы отарлық мәселе, яғни, жергілікті қаналушыларды келімсек орыс қанаушыларымен теңестіру болса, ал, Азияда бұл мәселе басқаша жағдайда. Онда біз отаршыларға қарсы күресті емес, армяндар мен мұсылмандар арасындағы қайшылықты көріп тұрмыз (Бұл жерде Т.Рысқұлов Түркияны мысалға алып отыр) Осы бір қарғыс атқан армян мәселесі әлі күнге жойылмай отыр, жалпы бұл мәселе осы қырымен алдыңғы Азияда да, РСФСР мен Лондон конференциясы алдында да тұр және қазіргі таңда бұл мәселеде Шығыстың жарты тағдыры шешіліп жатыр. Сондықтан да Түркістан тәжірибесі барлық аймақтар үшін үлгі бола алмайды. Түркістанда Түріккомисия бір жатынан, отаршылармен, қоныс аударушы кулактармен, Ресей капиталының қалдықтарымен және шенеуніктермен, екінші жатынан, феодалдық қатынастармен, яғни жергілікті қанаушылармен күрес саясатын жүргізгенге дейін-ақ жолдас Сафаров Түркістан мәселесіне шектен тыс көп тоқталды. Бірінші кезекте жергілікті коммунистерге түздіктерге қарсы күрес жүргізілді. Жолдас Сафаров өзінің бір жылдық қызметімен Түріккомиссия жұмақ орнатты деп ойлайды. Мен Түркістан үлгісі мен тәжірибесі нағыз жағымсыз тәжірибе, нағыз жағымсыз мәселе болды деп айтамын, ол тек Мәскеудің алдында, партияның Орталық Комитетінің күн тәртібінде тана тұрған жоқ, сондай-ақ РСФСР - дің жағымсыз саясаты ретінде, қызыл империализм ретінде өз шешімін күтіп Лондон конференциясында да және біздің Түркиямен келіссөздерімізде де тұр. Түркістан мәселесі жалпы шығыс мәселесінің құрамына кіретіндіктен, біз сол тұрғыдан қарастыруымыз керек. Мен отарлау мәселесіне тоқталып өтем. Мен Қазан революциясының басынан - ақ жауапты орындарда жұмыс істегенімді мақтаныш етем. Мен Жетісу облысында туылдым, кедей қазақтар ортасынан шықтым, кулактардың талай зорлығын көрдім. Және соған қарамай-ақ жергілікті коммунистер осы отарлаушы элементтермен отарлаушылардың езгісімен күрес жүргіздік, бірақ оларды құрта алғанымыз жоқ, барлық үмітті орталық өкілдеріне, Түріккомиссиясының алғашқы құрамына арттық. Түріккомиссияның алғашқы құрамы отарлаушылармен күрес мәселесі және келімсектер мен жергілікті халықтың жағдайын теңестіру мәселесінде орыс кулактары кеңес өкіметіне қарсы бой көтерген қазақ қызыл әскерлерін тарату туралы бақандай бес қаулы қабылдаумен тынды, бірақ бұл қаулылардың бәрі де қағаз жүзінде қалды. Сондықтан да жергілікті коммунистер Түріккомиссиямен келісе алмай, партияның Орталық Комитеті алдында Түріккомиссия жергілікті кулактарға арқа сүйеп, соларды пайдаланады деп мәлімдеуге тура келді. Орасан зор Түркістан майданы кулактарға қарсы іс жүзінде ешқандай шара қолданбады. Түріккомиссияның алғашқы құрамына тағылған айыптау - ұлт мәселесі бойынша тағылған айыптау болатын. Ал енді біз Түріккомиссияның екінші құрамынан нені көріп отырмыз. Жолдас Сафаров Жетісу облысында отарлау мәселесі ерекше көрініп тұр дейді. Осыдан 6 ай бұрын, партия мен кеңес съездерінде кулактарды талқандау, олардың артық байлығын тартып алып қазақтар арасында тарату туралы қаулы қабылданған болатын. Бұл қаулы шыққан кезде, Сіз, Жетісу кулактарына, кеңес өкіметі сендерге қарсы келе жатыр, даярланыңдар деп айттыңыз. Егер қаруларың болса, онда оны тығып тастаңдар дедіңіз. Сіз оларды секемдендіріп және солар арқылы практикалық шараларды жүзеге асыртпай, кулактарды даярлай отырып Верныйдағы көтеріліске жеткіздіңіз, 5 ай өтті. Кулактарды талқандаймыз, жер мәселесін теңестіреміз деп Түркістан газеттері жазып, қаулылар қабылданып жатқанмен де, іс жүзінде ештеңе атқарылған жоқ. Сіздерде енді ғана индустриялар әзірленіп жатыр, ал кулактарға ұлт қайшылығы жойылды, қазақтар бір-бірімен арпалысып кетті деп 6 ай бойы ескерттіңіздер және мүмкін Қашқарда жұмыс істеп жатқан орыс ақгвардияшылары әлсіздікті пайдаланып тек Түркістанда ғана емес, сондай-ақ Ресейдің орталығында да көтерілуді күтіп отырған болар. Біз жолдас Сафаровтың қазақтарға бір адым да жер қайтармағанын жақсы білеміз. Мен неліктен қару пайдаланылмайды, неліктен қазақтардан олардың өз құқтарын өздері қорғай алатынын дәлелдеу үшін армия жасақталынбайды деп сұраймын. Өйткені, отарлау мәселесі ұлттық кемсітушілікке айналды. Мен басқа аймақтарға бұл жолмен жүруге болмайды деп кеңес берем. Солтүстік Кавказда отарлау мәселесі басқаша жолмен шешілді. Онда жергілікті халықтардың қолында қару болды және олар қазақтардың революцияға қарсы бас көтерулерінің тас-талқанын шығарды. Ал біздің жолдастар (Түркістан майданы басшылары) қолында 100 мыңдық армиясы болса да отарлау мәселесін жоя алмай отыр. Әскери мәселені алайық. Мен тек бір тана мысал келтіремін. Ұзақ арпалыстан соң Түркістан қайраткерлері Қызыл Армияға 30. 000 мұсылманның шақырылуына қол жеткізді. Мәскеудің мұсылмандардың ешқандай міндеткерлік атқармауы туралы ескертілді және шақыру орталықтың қыспағымен жүргізілді. Шақыру тіпті тамаша орындалды, 30. 000 адам шақырылды, олар лагерьлерге орналастырылды. Бірақ кейінірек біз нені көрдік, осы армиядан не шықты. Біз жалаңаш тобырды, өлесі ашыққандарды көрдік және осы 30.000 адамның жартысы өз ауылдарына қашып барып, қарапайым қара жұмысшыға айналып жатыр. Ал қағаз жүзінде бізде қазақ бөлімшесі, өзбек бөлімшесі дегендер бар. Міне, әскери мөселенің жағдайы. Егер мен қанша курс ұйымдастырылды деп сұрар болсам, онда жолдас Сафаров, жазып бере алмайды. Халық ағарту мәселесін, үкіметті алайық. Барлық осы мәселелерде тоқырау жайлаған. Жолдас Сафаров орыс тілінің орнына жергілікті халықтардың тілін дамытып жатырмыз деп айтқанымен де, біз керісінше, жергілікті халықтар үшін керегі шамалы декреттердің Лениннің суреті салынған барлық қаулылар мен деректердің орыс тілінде шығарылып жатқанын және оларға өзін-өзі жарнамалау үшін Кагановичтің қол қоятынын көріп отырмыз. Мен ұзақ уақыт тоқтай алмаймын, мен Түркістанда таптық азаттықтың орнына кері жағдай орнағанын атап көрсетсем, біз бір жағынан, қазақтардың орыс кулактарының шапқыншылығына ұшырау қаупінде тұрғанын екінші жағынан кеңестік Ресей үшін, Түркістан үшін аса бағалы мақта шаруашылығының толығымен күйрегенін көріп отырмыз. Түркіккомиссиясының өмір сүріп отырғанына бір жылдан асты, ол мылжыңдықпен айналысып бірақ мақта шаруашылығын толығымен күйретті. Мақта шаруашылығы толығымен күйреді, жолдастар, енді Түркістан Мәскеуден нан сұрауға мәжбүр. Астық салығы орталықта 70-80 процентке орындалған кезде ал Түркістанда не бәрі 20 процентке жетер-жетпес орындалды және бұл астық тек Түркістанда өмір сүріп отырған армияны асырауға ғана жетеді. Мұндай мақсатпен айналысуға және тіпті Түркістанды үлгі етіп көрсетуге болмайды. Ал енді маған өзімнің тезистерімді оқуыма рұқсат етіңіздер. (Оқиды). Менің пантюркизм мәселесіне тоқталып өткім келіп тұр. Көптеген адамдардың оны панисламизммен діни бірлестіктермен салыстырғысы келгендерімен де, сонда да бұл мәселенің біз үшін орасан зор маңызы бар екенін айтуымыз керек. Еуропалық импералистер суреттегендей пантюркизм өмірде болған емес, оның басқа формасы бар. Біздің айтайын дегеніміз Түркия империалистік Түркия, ол енді жоқ. Шығыстың орасан зор халқын соңынан ертетін жаңа Түркия бар. Біздің қолымызда Кавказда, Азияда Түркістанда бұқараны кеңес құрылысына тартуда орасан зор маңызы болған қозғалыстың тәжірибесі бар. Бұған көз жұмуға болмайды, әрі пантюркизмді ескі көзқарас тұрғысынан қарастырудың қажеті жоқ. Қазір кемалдық Түркия түрік халықтарының қозғалысына басшылықты Кеңестік Ресей жасай алмайды деп мәлімдегісі келіп отыр. Және олардың айтқаны дұрыс екенін мойындауымыз керек. Мұсылмандық Азияда халықтың көпшілігі болып табылатын шаруалардың көпшілігі кеңес өкіметіне тартылмаған. Біз кеңес өкіметінің пайдалы екенін іс жүзінде дәлелдеген жоқпыз. Біз оларға өзіміздің салықтарымызбен, монополияларымызбен, Ерекше Бөлімдерімізбен барамыз, бірақ қажетті тұрғыда тарта алмаймыз. Олар кемалдық қозғалысты күтіп отыр. Тіпті Бакудің өзіндегі қызыл әскерлер бөлімдері арасында түріктерді күтіп отырғандар бар. Мұнда ол жайлы қызыл сөзбен тамаша айтылған Түркістанда түріктерді Түріккомиссия емес, жергілікті халық бұқарасы күтіп отыр. Түріккомиссия Түркия өкілдеріне барлық қалаларды аралауға мүмкіндік береді және кемалистердің өкілдері мұнда өздерін Шығыстағы діни қозғалыстың өкілдері ретінде танытып, бұқара оларды құшақ жая қарсы алуда. Бұл уақытта Грузия туралы мәселе қалай шешіліп жатыр. Шығыс мәселесі Антанта алдына қойылған уақытта, Антанта Шығыста бізге қарсы контрреволюциялық қозғалыстың жоспарын жасап жатқан кезде біз әрдайым қырағы болуымыз керек. Біз өзіміздің шет аймақтардағы жағдайымызды нығайтуымыз керек, бірақ бұқараны қатынастырып жатырмыз деп ойлап жолдас Сафаровтың жүргізіп отырған отарлау саясатымен емес... (Сафаров: Жалған). ...Мен партия съезінен соң саясатты өзгерту керек деймін. Егер саясатты өзгертпесек, онда біз жолдас Сафаровтың арайлы көздеріне қарсы отыратын боламыз, бірақ біз бұқараның арайлы көздерін жоғалтып аламыз.
ОРТА АЗИЯ БІРЛІГІ ҺӘМ ҚАЗАҚ ҰЛТЫ
Сұлтанбек Қожанұлы Осы күнге дейін болып келген сөздер дәлелденіп, кезекті істерде қазақ ұлтын, Қазақстан мемлекетін Орта Азиядан тысқары санап жүргендер көп. Бұл туралы осы күнге дейін ресми келісім болмаса да, Жетісу мен Сырдария облысы Қазақстанға қосылуымен бұл түсінік теріс болып шығатыны анық. Қазақ халқының саны Сырдария облысында бір миллионнан асады, Жетісуда алты жүз мыңнан асады. Екі облыста да қазақ барлық халықтың 80 процентке дейін жететін көпшілігі. Әзіргі Түркістан мемлекетінен түрлі салықтардың 43 процентін қазақ төлейді екен. Былтырғы жылғы жиналған 14 миллион сом салықтың 6 миллионнан асығы қазақтан жиналған. Түркістаннан шығып жатқан мал терісі, аң терісі, жүн - жабағы, түрлі малдың ащы шегі, жылқының құйрықжал қылы - барлығы десе болғандай қазақ шаруасынан жиналады екен. Мал шаруасының кіндігі Жетісу облысындағы Қарқара жәрмеңкесі бүкіл Орта Азияға, әсіресе Ферғанаға мал жеткізіп тұратын базар болатын. 1916 жылды бұл жәрмеңкенің саудасы бір миллион сомға жеткен болса, әзіргі шарттарда онан да үлкен мәнісі барлығы анық. Әзіргі Түркістандағы Орта Азия міндетін атқарып тұрған мемлекет шаруа мекемелерінің қазақ арасында 16 жерде бөлімдері бар, 16 жерде зауыт-фабрикасы бар екен. Бұл орындарда миллиондаған капитал жұмсалып, миллиондаған капитал аударыспағы болып тұрады екен. Мұнан басқа, тағы басталып келе жатқан әзіргі жергілікті қазына меншігінде өсе келе жатқан шаруаға негіз болатын шаруа ұйымдары көп. Қазақ мал шаруасы күйзеліп, әлі оңала алмай тұрған 1922 жылда Түркістан мемлекетінің ішкі қажетіне керек болып һәм Түркістаннан шетке жіберілген 26 мың жылқы, 100 мыңдай қара мал, 3 мыңнан асық түйе, жарым миллиондай уақ мал, 55 мың жылқы терісі, 42 мың сиыр терісі, бір миллионнан асық уақ мал терісі, 34 мың түйе терісі, 4 мындай қаракөл елтірісі һәм басқа мал һәм аң шикі тауарлары қазақ ауданынан жиналған екен. Мал шаруасы көтеріліп, жол шарты жеңілденсе, өнім шексіз көбеймек. Қазақ халқы Сырдария облысында да, Жетісу облысында да отырықшылық, диқаншылыққа жабыла кіріскеніне көп болған. Ташкент уезінде Шыршық, Келес арнасы, Мырзашөл уезінде үлкен каналдың бойы, Шымкент, Түркістан, Ақмешіт, Қазалы, Әулиеата уездерінде арық қазып, жер сулап, егіншілік қылу - қазақтың ең үлкен кәсібі. Шымкент, Мырзашөл, Түркістан уездерінде лайықты жерлердің бәріне қазақ мақта егеді. Әулиеата уезі һәм Жетісу облысында астық егеді, Мырзашөл даласына, Шардара даласына, Түркістан, Ақмешіт, Қазалы уездерінде арық қазылып, су шығарудың әрекеті істеліп жатыр. Тексерген білгіштердің айтуынша, қазақ жерінде жаңадан 600000 десятина сулауға болады. Оның барлығы орындалғанда, қазақ жерінде бірнеше жүз мың десятина мақта егілетін болмақ. Астыққа келгенде, жол жөнделіп, шаруа түзеліп кетсе, жалаң Жетісу облысында 7-8 миллион пұт астық өзінен артылып, саудаға түспек. Осы күнге дейін мақта егіп, диқаншылық қылып келген Түркістан облыстары қазақ малының етін жеп келген болса, темір жол жүргеннен кейін мақта сауданы Жетісудың астығымен жасаса керек. Бүкіл Орта Азиядағы орманның үштен екі есесі қазақ жерінде. Қалың сексеуіл Сырдария облысында революциядан бұрын жылына 7 миллион пұт сатылатын еді һәм оны алатын қазақ жерінен тысқары Орта Азияның қалалары еді. Сауда қозып, шаруа ұласса, қазақ ауданының өнімі бұл айтқандардан, әрине, көп артық болмақ. Тағы әзірге дейін жоқ болып келген шаруа түрлері пайда болмақ. Мәселен, соғыстан ілгері Жетісу облысындағы 3 жарым мың десятина темекі егіліп, Жетісу темекісі аты шыққан, бүкіл Түркістанға жайылған темекі болушы еді. Дәрі істеуге жұмсалатын, бағасы қымбат апиын Жетісуда әзір де көп егіледі. Америкадан басқа жерде мысалы болмаған дермене жусаны Шымкент уезінде бар һәм Шымкент қаласында дерменені һәм апиынды дәріге айналдыратын зауыт бар. Бұлардың үстіне малдың етін, сүтін істейтін зауыттар ашылса, неше түрлі кәсіпшілер пайда болып, неше түрлі шаруа түрі пайда болатыны анық. Бұл табиғат байлығын былай қойып, әзіргі ел шаруасын ескергенде ғана бұл келтірілген үстіртін мағлұматтың өзі-ақ, бірінші, Сырдария мен Жетісу облысынан шаруа жағынан көпті күтіп, әзірде де көп байлыққа ие болуға болатынын, екінші, шаруасы Орта Азиямен мықты байланысқан осындай екі облысы бар Қазақстан мемлекеті Орта Азия бірлігінен тысқары бола алмайтынын, қазақты Орта Азиядан шет санап жүрудің үлкен қателігін көрсетеді. Орта Азияның жарымынан көбін қоныс қылған екі жарым миллионнан асық халқы бар, әлгі айтылғандай байлығы бар, әлгі айтылғандай Орта Азиямен шаруа байланысы бар қазақ ауданы (Сырдария, Жетісу) Орта Азиядағы енші алыста ақы иесі екеу болса, бірі санға кіретіннің ең үлкені болуы керек. Олай болмағанда, ұлт шегін ажырату тура жолмен жүргізілмеген болады.
ТҰРАН МЕМЛЕКЕТІ ХАҚЫНДА
Мұстафа Шоқайұлы Большевиктер кері төңкерісшілдердің соңынан жүргенде, жаңадан пайда болған дұшпан тауып алды. Бұл дұшпан - Тұран мемлекетін құру туралы жобаның авторлары. Бізді, яғни тұраншылдарды пантюркизммен айыптау өте оңай шаруа. Осы орайда мұғажырлықтағы өмірімде өз басымнан өткен бір оқиға есіме түсіп отыр. Бұдан бірнеше жыл бұрын эмиграциядағы орыс газеттерінің біріне хат жазып, көне Мысырдағы әйгілі Александрия кітапханасын тарих кітаптарында жазылып жүргендей Әзіреті Омар емес, епископ Феофилдің басшылығындағы христиандардың өртегенін жай-жапсарымен түсіндірген едім. Басылым басшылығы мен жазған жайтты қабылдай отырып, алайда, әжуалы кекесінмен, аңызда айтылғандай Александрия кітапханасын Әзіреті Омардың ертегіні рас екенін, бірақ бұл ақпарды жеткізу арқылы пантюраншылдық сезімін ренжітуді ойларына да алмағанын жазыпты. Қараңызшы, Александрия кітапханасын халифа Омар емес, арабтар ол жерге келместен 340 жыл бұрын христиандардың отқа орағанын айту - пантұраншыл болумен һәм пантұраншылдықтың бағдарламасын жазумен бірдей екен. Орыстар пантұраншылдықтан әрдайым қорқады. Олар түп-тұқияны Тұран тайпаларынан шығатын Түркістан түріктері мен Еділ бойы түріктерінің этникалық табиғи жақындасуын Ресей билігіне жасалған сатқындық ретінде қабылдайтын еді. Тіпті көшпелі қазақ елінің балалары мен отырықшы өзбек жұртының балаларын бір мектепте бірге оқытпау туралы арнайы жоба да әзірленген еді. Қазақ балаларының Қазан, Уфа және Оренбург сияқты ірі қалалардағы татар мектептерінде білім алуы қылмысқа пара - пар болатын. Татар оқу орындарында білім алып жатқан Түркістандық шәкірттердің есімдері патшалық биліктің арнаулы құпия полициясында тіркеуде тұратын. Осылайша 12-15 жасар балалар Ресейдің дұшпаны болып саналатын. Қарапайым тілмен айтқанда, тұрандық болып туылғандықтан, Ресей бізге қас дұшпан ретінде қарайтын. Кеңестік кезеңде де бұл жағдай өзгермеген қалпы қала берді. Түркістан, Тұран, түріктер. Бұл сөздер жүйені мойындамайтын, төңкеріске қарсы, аттарын атауға тыйым салынған қылмыскерлердің есімдері іспетті. Большевиктер бізді жеке тайпаларға бөліп, жіктеуде. Татарлар, башқұрттар, қазақтар, қырғыздар, өзбектер, қарақалпақтар тағысын тағы... Бұлардың барлығы да Тұранның перзенттері һәм түріктер. Алайда оларға түрік және өзгелерімен бауыр екенін айтуға тыйым салынған. Тыйым салынғанына қарамастан, халық ішкі түйсігімен туыстықты түсініп, бірлікті ұғына білуде. 1919 жылдың жаз айында Ташкентте өткен ІІІ Түркістан коммунистік партиясының өлкелік сиезінде туыс елдердің өкілдері тайпалық атаулардың алынып тасталуын және бәрінің бір ғана түрік деген атаумен аталуын жақтап бірауыздан келісімге келді һәм Тұранның ұлдарын Түркістанда жинауға құлшына кірісті. Билік түрік халықтарының бұл шынайы бірігуіне кедергі келтіру мақсатында түрлі тосқауылдар қойып, бұлардың саяси тұтастыққа қол жеткізбеуі үшін қолдарынан келгенін істеп бақты. Міне осы кезде большевиктер Түркістанды бөліп, бөлшектеп, түрлі атаулармен жеке-жеке ұлыстар ұйымдастыруды ойлап тапты. Сырт көзге қарағанда большевиктер бұл мақсаттарына жеткен де сияқты. Алайда ұлт, халық рухани тұрғыдан тұтастығын сақтап қалды, қала береді һәм келешекте де оның саяси бірігуіне ешкім кедергі бола алмайды. Кеңес өкіметі түріктер арасында қолдан жасалған жасанды түсініспеушіліктерді өршіте түсіп, елдің арасын одан әрі шиеленістіруді көздеп отыр. Оған керісінше, түріктер де ірге ажыратпай, біріге түсуде. Большевиктер біздің ұлттың арасында таптық қайшылықты қаузап, қоздыра түсуде. Бұған қарсылық ретінде Түркістан мен Еділ бойында түрік ұлтшылдығы оянып, бел ала түсуде. Міне, осыдан келіп Тұран мемлекеті жобасы туындады. Бүгінде "Қызыл Татарстан" және "Красная Татария" басылымдары түгелдей дерлік большевиктердің Тұран ұлтшылдығына, кері тоң - керісшілдікке қарсы жазған үрейге толы мақалаларын жариялауда. Бұл жобаның авторы Сұлтанғалиев деген татар. Бұл адам орыс коммунистеріне алғаш болып қосылғандардың бірі. Алайда 1923 жылы партия қатарынан қуылды. Өйткені ол большевиктерден ұлттар мәселесінде берген уәделерін орындауды талап етті. Тұран мемлекеті жобасы туралы большевиктік басылымдар түрлі мәліметтер ұсынуда. "Правда" және "Вечерный Москва" газеттерінде жарияланған бұлғар коммунисті Тоболовтың мақаласына сенсек, бұл жобаның аясында Тұран мемлекеті Қырым, Әзірбайжан, Түркістан, Башқұртстан мен Татарстанды толық қамтитын бүкіл түрік мемлекеттерін біріктіреді екен. "Қызыл Татарстан" газетінің айтуынша, Тұран мемлекеті Әзірбайжан мен Қырымды қамтымайтын көрінеді. Қалай болған күнде де бір шындық бар - Тұран мемлекеті туралы жоба жасалған! Кеңестік басылымдардың (Красная Татария, 31.10.) жазуынша, бұл жоба Мәскеуде жасалған және оның авторы Сұлтанғалиев те Мәскеуде тұрады. Олардың айтуынша, Тұран мемлекетін құру туралы арман әйгілі Әнуар пашадан қалған - мыс. Аталмыш басылымның тілшісі Есперин "Тұран идеялы 1920 жылы Бакуде болып өткен Шығыс халықтарының құрылтайында туған" деп жазыпты. Оның айтуынша осы құрылтайда Әнуар паша, Сұлтанғалиев және Қоқан автономияшылары арасында құпия келісім болыпты-мыс. Біз бұл жерде Еспериннің жазғандарына түсінік беріп жатпаймыз. Бұл мәселеге басқа бір уақытта орайын тауып, қайта айналып соғармыз. Қазірше "Красная Татария" басылымында Разумов тарапынан берілген Сұлтанғалиевтің сөздеріне құлақ түрейік. Сұлтанғалиев былай дейді: "Біріншісі, мен Ресейде Кеңестік биліктің жойылуы үшін екі жол көрдім. Әуелі, коммунистік партияның және Кеңес өкіметінің оңшыл бағытқа ауып, демократиялық - буржуазиялық дамуды таңдауы. Екіншіден, биліктің құлап, Кеңес өкіметінің буржуазиялық күштермен қарулы қақтығысқа түсуі. Осындай таным тұрғысынан мен Тұран мемлекетін демократиялық халық республикасы ретінде құруды жоспарлаған едім". Төмендегі сөздерге иек артсақ, Сұлтанғалиевтің болашақ партиясының саяси бағдарламасы да дайын екен. Сұлтанғалиев сөзін былайша жалғастырады: "біздің болашақ саяси партиямыздың негізгі тіректері жұмысшылар, шаруалар және ұсақ буржуазия өкілдері болады. Тактикалық тұрғыдан ірі буржуазиялық топтардан да пайдалануды теріс көрмейміз". Міне, осылай Кеңестік биліктің көп ұзамай күйрейтінін болжаған Сұлтанғалиев, халықты алдағы сындарлы кезең үшін даярлауға ұмтылады. Десе де, Тұран мемлекеті идеясы Кеңес өкіметінің болашақта құлауына алаңдаушылықтан ғана туған жоқ, бәлкім, оның ең негізгі себептерінің бірі, Кеңес өкіметінің түрік елдеріне жасаған түрлі қысымдары мен сыңаржақ саясаты болса керек. Сондықтан, Сұлтанғалиев пен оның идеялас серіктері жоғарыда аталған кері төңкерісшіл, өкіметке қарсы ұйымды құруға мәжбүр болған. Жоғарыда Сұлтанғалиевтің алғашқылардың бірі болып коммунистік партия мүшесі болғанын айтып өткен едік. Ол тіпті, қолына қару алып Кеңес өкіметінің жауларымен күресті. Жұрттан бұрын мұсылмандар арасында дінге қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Қорытып айтқанда, бұл кісі большевиктермен тағдырлас болған адам. Енді келіп оның Мәскеулік коммунистерден ірге ажыратуына жол болсын. Мұның астарында өте маңызды себеп жатса керек. Ол қандай себептер болуы мүмкін? Бүл түйткіл мәселеге байланысты "Красная Татария" газеті қысқаша мәлімет беріп өтіп, Сұлтанғалиевтің себептерге қатысты сөздерінен жұлмаланған үзінді берумен ғана шектеледі. Әйтсе де, осы қысқаша тана үзіндіде "Иені Түркістан" журналының оқырмандары үшін өте қызық мәлімет бар. Сұлтанғалиев коммунизмді теориялық һәм практикалық тұрғыдан талдай отырып, социалистік - коммунистік империализм арқылы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын құрған панрусшылдардың, дәлірек айтқанда орыс коммунистерінің іс жүзінде біріккен Ресей империясын қайта құрғанын алға тартады. Сұлтанғалиев Кеңес өкіметінің Түркістанда жүргізіп жатқан солақай саясатын Кеңестік империализмнің нақты айғағы ретінде әшкерелейді. Бұдан шығатын қорытынды, Түркістан ұлтшылдары мен түрік коммунистерінің арасында ешқандай танымдық айырмашылық пен титтей пікір қайшылығы жоқ. Біз коммунизмді сынап, бұл жүйенің біздің ұлттық болмысымызға келмейтінін, ұлттық қажеттілігімізге жауап бермейтінін айтсақ, олар да Кеңестік билік пен жүйенің ішінде жүріп, көз жеткізген тәжірибелеріне сүйене отырып сын айтады. Сұлтанғалиевтің Түркістан туралы айтқан сөздеріне құлақ салыңыз. Ол "Мәскеу өкіметі бүтін Түркістанды экономикалық және саяси жағынан әлсірете түсу үшін Тұран халықтарын жеке ұсақ тайпаларға жіктеуде" дейді (Красная Татария. 10.10.1929.).
Бұл сөздер "Иені Түркістан" беттерінде де бірнеше мәрте қайталанған еді. Тұран мемлекеті мәселесі панрусшылар арасында үлкен абыржушылық тудырды. Бұлғар коммунисі Коста Тоболов Мәскеудеті Кеңес академиясында осы тақырыпқа орайлас баяндама жасады. Құт деген біреу "Вечерный Москва" атты газетте арнайы мақала жариялады. Татарстан Коммунистік партиясының аймақтағы басшылығы 25 қыркүйек күні шұғыл кеңес өткізіп, онда "Тұраншылдармен күресу" жөнінде шешімдер қабылданды. Қазанда жөне бүкіл Татарстанда кеудесінде "намысы бар коммунистер" атқа қонды... Партия қатарында тазалау науқаны жүріп жатыр. Тұраншы деген айып тағылғандардың барлығы тексерусіз партия қатарынан шығарылуда. Әйгілі коммунист Бұдайли, Вали Исхаки және Бурундуков партиядан қуылды. Сағидуллин күмәнділер қатарында. Айдалып кетуі де мүмкін. Тұран елдерінен басқа бір жерге кету туралы ұсыныс жасалыпты. Мәскеулік коммунист, панрусшыл Құттың айтуына қарағанда, құрметке лайық кейбір татар коммунистері де Сұлтанғалиевтің "отар елдердің интернационализмі" туралы жобасына құлақ асып, оны қолдаған көрінеді. Мұндай әрекетке бару коммунизмге, Кеңес империализміне және панрусизмге қарсы күрес деген сөз. Сұлтанғалиев мәселесі осыдан үш жыл бұрын империализмге қарсы шыққан Рахым Енғамов оқиғасын жаңартып отыр. Рахым Енғамовтың бар кінәсі - Өзбекстанның халық ағарту комиссары болып тұрғанда ол Түркістандық бүлдіршіндерді оқыту үшін орыс мұғалімдерді емес, жергілікті түркістандық мұғалімдерді тартқан еді. Панрусистер, яғни Мәскеулік коммунистер Сұлтанғалиев, Енғамов және басқа да түрік коммунистері арасында "тұтас Ресей идеясына" қарсы күреске шыққандарды, ұлттық ұждандары арқылы кеңестік жүйеге қарсылық білдіргендерді әруақытта эмиграциядағы Түркістан мұғажырларымен байланыстырып қарауға дайын турады. Олардың ойынша біз осында жүріп оларға тапсырма береді екенбіз. Жоқ, біз ешқандай тапсырма бермейміз. Алайда біздің барлығымыз да бір ғана бұлақтан бастау аламыз. Бұл бұлақ көзі де - біздің өлтірілмейтін ұлттық бірлік идеямыз. Біз - Тұрандықпыз. Біздің ортақ отанымыз -Түркістан. Біз сол жерден өсіп өндік, өйткені жатжұрттыққа бойсұнғымыз келген жоқ. Ол жердегілер болса "панрусистердің" біртұтас Ресей орнату үшін жасалып жатқан әрекеттерді көріп, күреске шықты. Біздің дертіміздің ортақ бастауының қайда жатқанын біліп қойсын. Міне, осы ортақ бастаудан біз ұлт-азаттық күресі үшін тапсырмалар аламыз.
Біз Тұрандықпыз. Иә.
Түркістан біздің атамекен, отанымыз. Иә. Міне, біздің барлығымыз осы атамекен -бесігіміздің империализмнің бұғауынан босауы үшін күресіп жүрміз.
ҚЫРҒЫЗ-ҚАЗАҚ БІРЛІГІ
Сұлтанбек Қожанұлы Түркістан кіндік атқару комитеті /ТурЦИК/ атына, копиясы - біздің басқармамызға Орынбордан мынадай телеграмм алынып отыр: "Жақында Қазақстан кіндік атқару комитетінің жалпы жиылысы болмақ. КирЦИК - тің бастығы жолдас Меңдешовтың айтуынша, бұл жиылыста Қазақстанға Сырдария мен Жетісу облыстарын қосу мәселесі қаралып, һәм бір ыңғайлы болып шешілмекші. Жиылыс артынша бұл облыстарды тез арада қосып алудың әрекеттері істелмекші. Жолдас Меңдешовтың сөзіне қарағанда, Қазақстанда бұл талап туып, тез іске асып, жарыққа шығуы керек болып отыруға себеп мынау: жалпы қырғыз-қазақ арасының саяси істерін, әсіресе басқару істерін бір жөнге салып, тәртіпті қылып түзеу. Бұл туралы Қазақстан хүкіметіне мен ТурЦИК назарын толық ашып айта алғаным жоқ. Бірақ бұл мәселені шешуде қосылуы һәм қашан қосылуы сөз болып отырған екі облыстың еңбекші жұртының тілегі анықталуы керек һәм мәселе соған қарап шешілуі керек шығар дедім. Бұл туралы ТурЦИК - тің назарын сымсыз телеграммен яки тура қатынас телеграммен білдірмегіңізді өтінемін. КирЦИК жанындағы ТурЦИК һәм Түркістан халық комиссарлары кеңесінің уәкілі: Тоқтыбаев". Мұның артынша тағы екінші телеграм келді: "27-ші февральда біткен аймақтық партия конференциясы облыстық комитетке мынау адамдарды сайлап кетті: Мурен, Юдовский, Нүрмақов, Григорьев, Атаниязов, Жангелдин, Полозов, Меңдешов, Мырзағалиев һәм Асылбеков. Соңғы бесеуі - облыстық комитеттің бастық ұйымы /президиумы/. Облыстық комитеттің адамдарына қарағанда, әсіресе бастық ұйымына қарағанда, Қазақстанда саясат өзгереді, түзеледі деп айту қиын. 28-ші февральда КирЦИК - тің жалпы жиылысы ашылды. Жолдас Меңдешовтың докладының соңында Сырдария һәм Жетісу облыстарын Қазақстанға қосу мәселесін сөйлеп өтіп, бұл жұмыс КирЦИК бастық ұйымының мұнан былайғы керекті істерінің ең үлкені, ең керектісі екенін әсіресе ескертіп өтті. КирЦИК жалпы жиылысы Меңдешовтың бұл мәселе туралы пікірін толық мақұлдайтынға ұқсайды". Осы екі хабарға һәм басқа Қазақстаннан алған хабарларымызға қарағанда, Қазақстанда біздің екі облыстың қосылуы шынымен болып, сөз жүзінде ғана емес, іс үшін ескеріліп жатса керек. Сондықтан бұл мәселе туралы сөз ашып, жep жағынан баға беріп, іс назарынан тексеріп өтуді өте керекті һәм уақыты жеткен деп білеміз. Сөзді ұзаққа сілтеп, жұрты түгелімен қырғыз-қазақ екі облыс түпкілікті Қазақстанмен қосылуы керек пе, керек емес пе деп отырудың орны жоқ. Қырғыз-қазақ халқы бірігіп, бір республика болып, Русия федерациясына басқа ұлт мемлекеттері қатарында бірі болып кіруі тиіс екеніне тұрмыс-тіршілігі жағынан да, мәдениет жағынан да, тіл жағынан да, нарық жағынан да - қай жағынан да болса дәлел көп. Бұған һешкім дауласып, есеңгіреудің орны жоқ. Сондықтан Қазақстан республикасын жары халқын кіндік кеңес хүкіметі Сырдария мен Жетісу облыстары жұрты қалаған күні Қазақстанға қосылсын деп һәм соған әзірлену үшін екі республикада да қырғыз-қазақ істері бір жолмен жүргізілуі үшін екі жатың хүкіметінің жанында да қырғыз-қазақ уәкілдері қойылсын деген. Сөйтіп, нашарлардың тендікте жасауын, hop ұлттың еркімен көз ашып, ілгері басуын көздеген, ұлттар теңдігін орнату жолымен ұлт айырмасын жоймақшы кеңестер жолында бұл - түсінікті һәм ашық шешілген мәселе. һәм алдын алып, күні бұрын закон арқылы жария болған. Сондықтан біз болайық, Қазақстан болсын, сөз қылсақ, іс жағын тана сөз қылуымыз тиіс. Жалпы, қырғыз-қазақ бір кеңес мемлекетін жасау керек, бір болу керек. Бірақ қашан бірігу керек, қайтіп бірігу керек? Міне, шешуге тиіс жұмбақтың шын аты. Бұған жауап беру үшін екі республикадағы қырғыз-қазақ халқының тұрмысына, халық арасындағы саяси ағымға һәм тап осы кездегі болып жатқан істерге қысқаша баяндама һәм баға беріп отыруымыз керек.
Қазақстанға жеті түбірге, екі аудан кіреді.
Республика болып жария болғанына екі жылдан асып, өткен қыста екінші кеңестер сиезі болып өтті.
Бас үкіметі орнаған қаласы - Орынбор.
Күншығыс шеті - Қытаймен шектес Семей гүбірнесі, күнбатысы - Еділ бойында Бөкей гүбірнесі, ішінде қазақ атаулыдан нышан жоқ Орынбор қаласы мен Орынбор гүбірнесін алып тастасақ, халқының көбі - қазақ. Ішкі істерін, саяси қалпын, мемлекет билеу түрін түгел айтып отырудың орны жоқ. "Ақ жол" газеті шыққалы Қазақстан тіршілігінен нөмір сау қалмай жазылып келеді. Көргенінен жазбай, ескі қу мен сұмдар ескі қалыбында халықты көз ашырмай билеуде. Орыстары - құрық көрмеген асау, тыюсыз колонизаторлар.
Үкімет иелері - сұрапталмаған сары ала тұздық.
Үкімет басында күні кеше бас қамы үшін шоқынып жүргендер, назначениемен болыс болып жүргендер, тілмаштар һәм онан да гөрі "тазарақ" азаматтар әлі отыр. Бір пристав бұрынғы қызмет қылған орнында исполком бастығы болып, жұртты да, өзін де приставтықтан жақында өліп құтқарды. Бір қазақтан шоқынып поп болған азамат бұрынғы поп болған қаласында үкімет бастығы болып көп тұрып, күтпеген жерден қазақшыл болып кеткен соң, жақында ғана хүкіметтіктен босанды. "Орыс үстем, қазақ қорлықта" деп айтқанды Қазақстанда жазғырып тастайды. Онда ұлт айырмасын жоюда "тапқан алды, шапқан озды" жолы қолданылған. Бірақ ұлт айырмасы күн санап ұлғайып бара жатыр. Ілгері патша үкіметіне тыңшы болғандар, цензура болғандар һәм басқа жолмен "тәуір жігіт" саналып қалғандар өлі тағынан таймастан келеді. Соңғы коммунист партиясын сұрыптауда шығып қалмаса, көбісі партияға да кіріп кеткен еді. Қара бұқара арасында кедейлер ұйымы, еңбекшілер бірлігі дегеннен жоқ. Ел ішінде еңбекшілер кеңестері һәм оның атқару комитеттері жоқ. Гүбірне исполкомына кіре қалған қазақ жігіттері жан-жағын түгел жалмап, жанның барлығын бетіне қаратып, шетте жүргенін, жек көргенін айдатып, зардабын өткізіп тұрады. Ел ішінің жанның барлығына бірдей ығыты бары бар күшті, зор хүкімет -милиция. Айдап кету, байлап кету, атып кету сол "жанаптардың" еркінде. Қысқасы, өзгерістің бастапқы жылдары һәркімнің қолында болып лаңдалған, шаңы шыққан жерлерді қурап, жаңада жарияланып отырған жас Қазақстан республикасы өлі ретке алынған жоқ, кеңестерін жөндеп орната алған жоқ, тәртіпті бола алған жоқ. Сондықтан ол жерде әуелі тендік орнатып, кейін талап тудырып, һәм соларды жарыққа шығаруға жол салынып, жөн белгіленіп, іс істеліп жатқан жоқ. "Құдайдың құдіретін көрем десең, тауға бар" дегендей, біздің Түркістанның өзгеріс басында болған уақыттарынан да артық ғажайыптарды көрем деген Қазақстанда табады. Патша заманында болыстар қазақ жерін приговорлап, орыс келгендеріне түк көрмегенсіп тиесін алып, жым-жырт бере салушы еді. Қазақстанда хүкімет басындағы бір болыс өзгеріс арқасында: "Қазақ еріншек, жерді қор қылады, орыс еңбекшіл, үлгі көрсетеді һәм байлықты молайтып, коммунизмге жетекші болады", - деген жаңа "теория" тауып алыпты. һәм беті шылп етпей, реті келген жерде самбырлап оқып шығады. Коммунист партиясы қан төгу тоқтасын деп, соғысқа қарсы болып, бейнетақы кісіге жем болмасын деп, кедейлердің қаны түгіл, теріне ара түсіп, дүние капиталистеріне қарсы шығып отырғанда, қазақтан шыққан бір ұйқылы-ояу коммунист өзгеріс жолына жалпы қазақты бірдей құрбан қылуға, һәркімге бір уағда беріп, һәр жерде бір ұйқысырап жүр. Тағы, тағы... таңғаларлықтар толып жатыр. "Зер қадірін зергер білер" деген рас шығып, адамзаттың ең терең мәдениетінің ұраны, шын тендіктің төте жолы - кеңестер билегелі - коммунизм жолы әлгі айтылған сабаздардың ықыласының арқасында халық алдында қадірі кетіп, теріс ағымдар, теріс түсініктер көбейіп бара жатыр. Коммунист партиясының терең ұраны, кеңестердің кең жолы рухына халық арасында ауыл арасының түртінегі, от басының ойбайшылдығы, келтеден қайтқан өтірік ұлтшылдық күшейіп бара жатыр. Әрине, көш жүре түзеледі. Мұның барлығы жөнделеді. Бірақ бүгінгі қалып солай. Басқа түрлі деп өзімізді өзіміз алдауға болмайды. Бұл қалыптың түзелу шартының үлкендері: ұлт теңдігін орнату, колонизаторлықты жою, орыс үстемдігін сөзбен ғана емес, іс жүзінде жою, дүние байлығын, мүлік иелігін һәм басқа реттердің барлығын да жою. Ел арасы еңбекшілерін ұйымдастырып, пайдасын түсіндіріп, көпшіліктің дұшпаны - поп, тілмаш, пристав, атқамінер һәм басқа түрлі, санай берсең таусылмайтын жалмауыздарды зиянсыз қылып тауысу, хүкімет басынан, ел ұйымдарынан қуып шығу. "Қазақстанның ол шеті мен бұл шеті - алты айшылық жол" деп жалпақтығына мәз болмай, Орынбор гүбірнесіне ұсаған бір қазағы жоқ гүбірнелердің қаласын да, даласын да билей алмайтын болған соң, бөліп шығарып, тұрмыс салты, қалпы бір, қоңсы республикаларға қосып беру. Мұның барлығы осы уақытқа дейін неге істелмеді деп біреуді айыптауға болмайды. Бірақ мұнан былай осыларды кезекті істердің ең үлкені, ең керектісі деп санау тиіс. Осылар жарыққа шыққанда, Қазақстан үлгілі кеңес республикасы болмақ Ондай республикаға кеңестер жасап, билікке ие болудың мәнісін түсініп қалған Түркістан қазағы былай тұрсын, Қытай қырғыз-қазақтары шұбырып келіп қосылуға құмар болса керек. Сондықтан қазақ бірлігін сөз қылғанда, барлық қырғыз - қазақты бір республикаға бас біріктірмек болғанда, құр "алаш" дегенге ұсаған өтірік дақпырт, желөкпе айқайшылдыққа кетпей, жұрт пайдасын, қырғыз-қазақ халқының кеңестер арқасында тез қатарға ілініп, тендікке жетіп, жұрт болып кетуін ойлау керек. Түркістан қырғыз - қазақ бірігуі туралы қара бұқараларының жұрт болып жиналған 1921-інші жыл Әулиеатада болған сиезінде ашып айтты. Бірлік, бірігу - жалпы талабы. Бірақ кіммен бірігетінін байқамай, ұранға қызып, айқайға еріп, аңғырттануды тіршілік көтермейді. Жер-су мәселесі туралы саясат һәм басқа жағынан Түркістан республикасында басқадан айырықша Жетісу, Сырдария облыстарының кезекке қойған ісіне кіріспекші дәлдеген мәселелері бар. Ол мәселелерді Қазақстанның болыстардан шыққан өтірік молдаларының қолына шешіп бер деп сеніп бере алмайды. Түркістан қырғыз-қазағының өзінің де аман болуын, басқаның да аман болуын, һешкімнің жаман болмауын түсінетін көпшілік ұйымдары бар. Көре - біле тұрып, тағдырын Қазақстанда адам қатарында саналып, саясат иесі болып жүрген, ұйқысырап сандырақтап жүрген "құрбаншылдардың" қолына бере алмайды. Өлдім-талдым дегенде, қолына азды-көпті жер алып, егін егіп, тағы жер реформасын жүргізіп, еңбек майданын кеңейту талабындағы Жетісудың жарлы -жалшылары "қадірін білетін орыстан басқаға жер керегі жоқ" дегенге көне алмайды. Сондықтан Қазақстанда көтерілген мәселе құр күп алу мәнісіне қарамай, тереңірек тексерілуі керек. Түркістанда қырғыз-қазақ кедейлерінің керегі түгел табылып, талабы жарыққа шығып, жалпы жетісіп отырған жоқ. Бірақ жол белгіленіп, жөн дайындалып, азды-көпті іске кірісіп жатыр. Сондықтан қосылуда солардан айырылып қалмай, бәлки, топ көбейіп, күш көбейіп, жол кеңейіп, дәлдегендердің тез жарыққа шығуы тиіс. Түбінде ертелі-кеш екі облыс басқа қырғыз-қазақ облыстарымен бірге болуы түзу, бірақ әдісін тауып, уақытын біліп, қолдағы түгел, жолы кең, талап, үміт көп қылып бірігу керек. Сол айтылғанға лайықты уақыт - осы уақыт па? Әзір бірігіп кеткенде әлгі айтылғандардың шарттары түгел табыла ма? Бұған жауап беру үшін Қазақстанның әзіргі қалпын бір ескерсек, жақын арада боларлық істерінің шарттарын айырықша ескеруіміз керек. Облыстық комитетке,әсіресе бастық ұйымына қарағанда, Қазақстанда саясат өзгереді, түзеледі деп айту қиын. Онда да болса, әзір болмайды, пәлен уақытта ғана бірігуге болады деп сәуегейлік қыла қоймайық. Түркістан қырғыз-қазағының еңбекшілдері мұндағы игіліктер, тіршілік әрекеттерінен қалмай аңдысып, аңдап, көзінің қырын Қазақстандағы бауырлас жолдастарының тіршілігіне сала жүруі керек. Қазақстан бас хүкіметі жалғыз бірігуден басқа, тағы ішкі істерін қарап, түйіндерін, жүйесін тауып шешер. Ішкі шарттары оңалып кетіп, қосылып кету саясат жатынан һәм шаруа жағынан оңай бола қалса, қосылғанға не жетсін?! Әзіргі бар жаңалықтарды, һәм бар шарттарды баяндауды осымен тоқтату, алдымызда болатындарды уақытын өткізбей ортаға салып, ойласып тұру ниеттеміз.
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ЖОБАСЫ
Мұстафа Шоқайұлы Түркістан басылымдары жақында құрылатын Орталық Азия Республикалары Федерациясы туралы сөз қозғай бастады. Большевиктердің жобалары бойынша, бұл федерацияның құрамына Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан республикалары мен Қарақалпақ автономиялы республикасы кіреді екен. Ал бұл өз кезегінде Түркістанның ең үлкен, ең маңызды бөлшегін қурайтын қазақтардың (бұрындары оларды қазақ-қырғыз деп атайтын) федерацияның тысында қалуы деген сөз. Соз болып отырған Орталық Азия Федерациясы мәселесі жаңа ғана туындап отырған жоқ. 1919 жылы Ташкент конференциясында қабылданған шешімнің бағыттауымен, бүкіл Түркістан мен Еділ - Оралды жайлаған түрік халқының біртұтас Түркістан мемлекетіне бірігуі жолында жасалған қадамнан кейін Түркістанның ұлтшыл коммунистері бүкіл түрік халқын бір ұлт ретінде топтастырудың амалдарын қарастырып, тиісті шаралар қолдана бастаған еді. Бұған мына жайды да қосымша айта кеткен жөн. Каспий теңізінің арғы жағындағы бүкіл түрік халқын біртұтас Түркістанның төңірегіне тоқтағысы келіп, осы мақсатты жүзеге асыру үшін жоба әзірлегендер бұл әрекеті арқылы Кеңестік биліктің ықпалынан шығуды көздеген жоқ, олар тәуелсіз федерацияны Кеңестік Ресейдің құрамындағы республика ретінде қарастырды. Отан дейін тек түрік халқы ғана емес, бүкіл Орталық Азия мен Таяу Шығыс мұсылмандарын "Шығыс мұсылмандары кеңесі" деп аталатын жалғыз бір шаңырақтың астына жинағысы келген большевиктер, көтерілген федерация жобасын кері қайтарып қана қойған жоқ, сонымен бірге, "жалынды шәкірттерінің", "әлі піce қоймаған тәжірибесіз кеңес белсенділерінің" бұл ұмтылысын "төңкеріске қарсы керітартпа тірлік" ретінде қабылдап, олардың мұндай "таза түрікшілдіктерін" бір қасық суда тұншықтыру үшін шұғыл шаралар қолданды. "Орта Азиядағы төңкерістік қозғалыстар тарихын" жазған кеңес тарихшысы Муравейский (шын аты-жөні Лопухов) кеңестік мектептер үшін даярлаған кітапшасында "мұсылман коммунистер Кеңестік қоғамнан ірге ажырату және түрік халқын ұлттық үкіметтің төңірегінде біріктіру мақсатымен Кеңестер Одағының ұлттық саясатын пайдалануға тырысты" деп атап көрсетті. Бұл жағдайда ұлттарға ұлттық үкімет құруға рұқсат бермеген ұлттық билік (auto-determіnatіon natіonal) жүйесі туралы не айтуға болады? Большевиктердің бұл тақырыпқа қатысты бізге беретін жауаптарын жақсы білгендіктен, бұл жерде оларды қайталап, уақыт өлтіргіміз жоқ. Жалғыз мынаны ғана айтумен шектелмекпіз. Мәскеу большевиктері пантүрікшілдік және панисламшылдық деген сөздерді алға тарту арқылы Кеңестік биліктің сыртында жатқан бүкіл түрік һәм мұсылмандарды бір байрақтың төңірегінде және Кеңестік Ресейдің қол астында топтастыруды көздеген болатын. Екінші жақтан, большевиктер Ресейдегі түрік халқын басқару үшін бұған керісінше, "бөлшекте де, билей бер" саясатын ұстанған еді. Міне, осы жағдай, Түркістандағы тәжірибесіз коммунистер жобасы пайда бола салысымен, бұдан бұрын бұл мәселені орталықтың, дәлірек айтқанда Мәскеудің өзі қозғағанына қарамастан, халықтың өзін-өзі басқару талабына жанұшыра қарсылық көрсетуін нақты түсіндіріп береді. Бұдан кейін Каспий теңізінің шығысын жайлаған түрік халықтарының бірігуі мәселесі күн тәртібінен түскені аздай-ақ, сонымен қатар, түрік халқының (қазақтардың, қырғыздардың, өзбектердің, түрікмендердің) ортақ отаны болып келген Түркістан да Мәскеуде қол қойылған бір қаулымен "ұлттық республикалар" деп аталатын бірнеше ірілі - ұсақты аймақтарға бөлшектеніп кетті. Осыған қарамастан Түркістанның ұлтшыл коммунистері Түркістанның ұлттық тұтастығын сақтап қалу үшін жұмыла күресіп, Түркістанда тұратын бүкіл халықты біріктіретін "Орталық Азия Федерациясы" жобасын дүниеге әкелді. Алайда түркістандықтардың қалауы Мәскеу тарапынан сол қалпында қабылдана салған жоқ. Міне сол кезеңде Мәскеудің Түркістан туралы саясатын айқындағандардың бірі, шыққан тегі белгісіз М. Варейкистің куәлігі біздің сөзімізді қуаттай түседі: "Түркістанға тиесілі бір ұйымның құрсағында Орталық Азия Федерациясының құрылуы мәселесі заң мен ережелерге сәйкес келетіні сияқты, халықтың тілегі мен қалауына да қайшы келмейді. Алайда саяси тақырыптардың негізгі һәм шешуші маңызға ие болып, керісінше экономикалық мәселелер маңызы төмен екінші дәрежеде қалып қойған бұл кезеңде..." деп жазды ол. Міне осылайша Варейкис ұлттық шекаралардың айқындалуын (delіmіtatіon natіonale) түгелдей дерлік саяси кезеңнен туындағанын қайталай һәм мойындайды. Орайы келгенде мына жайтты да естеріңізге сала кетейік, Түркістандағы ұлттық шекаралар айқындалардың аз алдында Түркістанның экономикалық мәжілісі Түркістанның экономикалық тұтастығын дәлелдейтін көптеген бұлтартпас құжаттарға сүйенген өте маңызды еңбек жарыққа шығарды және кітаптағы құжаттарды басшылыққа ала отырып Бұхара, Хорезм (Хиуа) Халық Республикалары мен Түркістанның өзге аймақтары арасындағы мәселелерді түбірімен жоюға шешім қабылдады. Бірақ осы экономикалық тұжырымдар түркістандықтар тарапынан айтыла бастаған кезде -бұлар Түркістан бірлігінің қаншалықты пайдалы екенін көрсетсе керек - жоғарыда аты аталған Варейкис сияқтылар экономикалық мәселелерді ысырып қойып, енді саяси тақырыптарды қозғай бастады. Тіпті, Мәскеу большевиктері осы Орталық Азия Федерациясы жобасына қарсы буржуазиялық ілімнен алынған құқықтық негіз де тауып алды. Міне, сол Варейкистің осы мәселеге қатысты жазғандары: "Қазір бір Орталық Азия Федерациясын құру ісі тек жобаны іске асырудың қауіптілігіне ғана тіреліп тұрған жоқ, сонымен бірге бұл Одақтың құрылуы тұр, форма тұрғысынан да мүмкін емес. Федерация дегеніміз түрлі өкіметтердің бірлігінен тұрады. Алайда жиылып, бірігетін өкіметтердің өзі жоқ болып тұрып, мұндай Одақ туралы сөз етуге болады ма екен?" (Варейкис және Зелинский. Орталық Азияда ұлттық үкіметтердің шекараларының айқындалуы. Ташкент. 1924, 50-54 б). Міне, осыған қарап большевиктердің өз мақсаттарына қол жеткізу үшін марксизм сияқты буржуазияның ғылыми шындықтарына да қарама-қайшы келетін тұжырымдарды оңай пайдаға асыратынын көру қиынға соқпайды. Өйткені, Түркістан Одағын талқандау үшін большевиктер марксизмнің негізгі қағидаттарын қаперлеріне де алған жоқ. Бұл жерде ерекше тоқталарлық тағы бір жайт, буржуазиялық танымдағы үкімет жүйесінің құқықтық негізін большевиктердің дереу көре қойғандары және осыдан туындаған мүмкіндікті өз мақсаттарына шебер пайдаланып кетулері. Бұған сенсек, Орталық Азия Федерациясының құрылуы үшін ең әуелі толық қалыптасқан һәм одақ құруға әбден лайық өкіметтердің пайда болуы керек екен - міс. Нәтижеде, осыған қарсы бір сұрақ туындайды. Большевиктер Түркістанды Кеңестік Федерациясының бір мүшесі деп жариялаған сәтте Түркістанда толық қалыптасып біткен өкімет бар ма еді? Сол сияқты Өзбекстан мен Түркіменстан Кеңестер Одағының құрамына кіргізілген уақыт олар өз алдына дербес, тәуелсіз республика ма еді? Осы сияқты сұрақтар ұятсыз екіжүзділікті аймандай етіп, әшкерелеп беруге жетуші еді, әйтсе де, біз большевик мырзалардың мына төмендегі алдарқатушы сөздерін де бере кетуді жөн көріп отырмыз. Орыс большевиктер Түркістандағы аштыққа көмек беруден бас тартқанда, өздерінің осы ерсі әрекеттерін ақтап алу үшін: "Түркістан қырғыздары (қазақтары) Марксизм тұрғысынан алғанда, экономикалық әлжуаз және сондықтан олар қалай болғанда да құрып кетуге тиіс. Міне, сондықтан оларға көмек берудің орнына..." деуден арланбайды (Тұрар Рысқұлов. Төңкеріс және Түркістанның тұрғылықты халқы. Ташкент, 1925). Басқаша айтқанда, Маркс тарапынан экономикалық идеология, Мәскеу большевиктерінің Түркістанда жүзеге асырған аштыққа ұрындыру саясатын ақтап алуға жарады. Ал бұған қарама-қарсы тұрғыда Түркістан идеясын тұншықтыру саясатын ақтап алу үшін де Маркстің экономикалық идеологиясын көрмей өте шықты. Оның үстіне, Кеңестік Ресей мәселесі сөз болғанда кезде буржуазиялық үкімет құру құқығының құны көк тиын болып қалады. Ал керісінше, бұл құқық Түркістанның тарихи, ұлттық және экономикалық бірлігін балталау мақсатында Мәскеу большевиктеріне таптырмас, керемет құрал болады. Орыс большевиктерінің мұндай арсыздықтарды өздері "құтқарушы" деп атаған төңкеріс байрағымен бірге жасауларын ерекше ескеру қажет. Міне, осылайша большевиктер Түркістанды бірнеше автономды және "тәуелсіз!" республикаға бөлшектеп, оның әрқайсысында Мәскеудің тыңшылары ұлтшылдықпен күрес жүргізу деген саясатты іске асыруға құшына кірісті. Қазіргі кезде мектептерде балаларға өздерінің Түркістандық түрік отбасының емес, қазақ, қырғыз, өзбек сияқты жеке-жеке ұлттардың мүшесі екені насихатталуда. Большевиктер сепкен ұлт саясатының осындай ұрықтары шынында да улы жеміске айналуда. Ұлттық деп аталатын бұл республикалардың әрқайсысында пролетар мәдениетінің ұлттық ошақтар, ұлттық деп аталатын ұйымдар мен ұлттық үкіметтік мекемелер пайда болуда және түрлі республикалардың ұлттық мекемелері мен ұйымдары арасында келіспеушіліктер пайда болып, өшпенділік алауы тұтануда. Түркістандағы өр ұлттық республика Мәскеуге тамыр тартқан және міндеттері ұлт мәселесіндегі әрбір жайтты Мәскеу белгілеген жолмен шешуге бағытталған тыңшыларға толы. Сондықтан Қазақстанда қандай болмасын бір өзбек қазақ үшін жат болып есептеледі. Бұған керісінше, бір орысты туған бауырындай көреді. Мәскеу өзінің саясатын осылай жүргізеді. Мысалы үшін, Қазақстанда бір өзбек яки Өзбекстанда бір қазақ диаспора болып есептелгенімен, бір орыс, Түркістандағы кез-келген республикада ұлттық диаспора болып саналмайды. Өйткені ол Түркістанның сатылған тыңшылары тамыр тартқан орыс пролетар диктатурасы билігінің өкілі болған бір еурпалық. Орталық Азия Федерациясы жобасы туралы әлі жалпы тартыс басталған жоқ. Алайда Түркістан газеттері қазірден бастап тиісті орындардың бұл жобаға деген табанды қарсылығы туралы сөз ете бастады. Десе де, Түркістанда ұлттардың шеңберін айқындау туралы дау, тартыс басталғанда, түрлі топтар арасындағы қарсы пікірлер мен туындаған үлкен наразылықтарға Кеңестік басылымдардың көз жұмып өте шыққаны да әлі жадымыздан шыға қойған жоқ. Кеңестердің Түркістандағы ұйымы тарапынан толық және құқықтық тұрғыдан қолдауы мен ықыласына ие болтаны сол Варейкистің куәлігінен түсінікті болған Орталық Азия Федерациясын құру туралы идея күшейе түскен осы күндері Кеңестік басылымдар "түрлі ұлттық республикалардағы ұйымдар тарапынан көтерілген наразылықтар мен қарсылықтарға тойтарыс беруде тым асығыстық жасады". Біз, қалай болғанда да Орталық Азия Федерациясы жобасының іске асуын мақұлдаймыз және қызу қолдаймыз. Бұл мәселеде біздің ішімізде бір-біріне сәйкес келмейтін екі түрлі көзқарастың болуы мүмкін емес. Бүкіл түркістандықтар, мейлі коммунист яки антикоммунист болсын, ол қандай көзқараста болса да, толықтай жүзеге асуы мүмкін болмаған жағдайдың өзінде Түркістан Федерациясын қолдайды. Қазақ жағы тысқарыда қалтаны үшін біз Түркістан жобасын толық емес деп қабылдаймыз. Сонымен қатар бұл жоба бәлкім, бүкіл Түркістанның толық және соңғы бірлігіне қатысты жұмыстарға түрткі болып және бүкіл түркістандықтардың шынайы сезімдерін қанағаттандыратын тұтас Түркістан үкіметінің пайда болуына маңызды үлесін қосады деп сенеміз. Осылардың бәріне қарамастан, большевиктердің ұлттардың санасында түрлі келіспеушіліктер туғызу үшін жан аямасы анық. Алайда біз большевиктердің түрлі арандатулары мен Мәскеудің ойлаған ойлары жүзеге аспай, Орталық Азия Федерациясы өзенінің ағып келіп, аяғында азат әрі тәуелсіз Түркістан деген диірменге құярына шын жүректен сенеміз.
ОРТА АЗИЯ ӨМІРІНДЕГІ ЖАҢА ДӘУІР
Смағұл Садуақасұлы
І
Осы күні алдымызда тұрған мәселенің ең үлкені Орта Азиядағы республикалардың шекарасын бөлу туралы. Бұл мәселе туралы жұрттың көбі қараңғыда. Қазақстан республикасында бұл әңгімеге жуырда ғана кірісті. Орта Азия деген қай жер? Онда қандай халықтар, қандай мемлекеттер бар? Қазақстан республикасына болып жатқан әңгіменің қаншама қажеттігі бар? Орта Азияның ұлттарының шекараларын бөлгеннен Қазақстан өміріне қаншама өзгерістер кіреді? Қандай жаңалықтар бар? Орта Азияда осы күнгі болғалы жатқан өзгерістерді ойлағанда өзінен-өзі жоғарғы сұраулар келіп туады. Орта Азияның мәселесін шешерден бұрын, біздің ойымызша, ең әуелі әлгі сұрақтарға жауап беріп алу керек. Адам алдында тұрған нысананы алу үшін, оны анықтап кәріп алуы қажет. Болашақтағы біздің мақсат қандай - бұны әбден біліп алу керек. Мұндай "білім" осы күні іс басында жүрген азаматтарға бір есе керек болса, жалпы бұқара елге екі есе керек. Қазақтың ауылдағы кедей асса өзінің болысын, қалса өзінің ауылын біледі. Одан әрі қараңғы дүние оған. "Басқа жақ", "шет ел", жұрттың бәрі жағрапия, шаруашылық ғылымын оқыған жоқ. Сондықтан болып жатқан әңгіме жалпы елге ұғымсыз, түсініксіз қалуы мүмкін. Совет үкіметінің басқа үкіметтерден көп айырмашылығының ішінде ең үлкен айырмасының бірі: көпшілікке қатынасы бар сөздерді сол көпшіліктің өз ортасында шешетіндігі. Баяғыда патша өкіметі қазақтың жерін алды. Еш қазақтан сұраған жоқ. Столыпин деген министрдің қаулысы "қаулы" болды. Баяғыда, (баяғы дегеніміз болмаса күні кеше) патша үкіметі "окопқа" деп қазақтың жігітін алды. Бір қазаққа барасың ба деген жоқ. Сухомлинов деген министрдің әмірі барлық жұрттың, "әмірі" болды. Біздің үкімет мұндай тәртіпті білмейді. Мұндай тәртіп біздің заңымызда жоқ. Мұндай жолға осы күнде жоба жоқ. Осы күнгі жөн-жоба жалпы еңбекші елдің жөн-жобасы. Осы күнгі заң - көптің заңы. Сондықтан алдымыздағы болғалы тұрған Орта Азия мәселесі Қазақстанның жалпы еңбекші табының танысатын, білетін мәселесі. Бұл мәселені шешетін баяғыдай Николайша "жалғыз" емес, осы күнгідей, советше - жалпы. Бұл былай болса, жалпы халық Орта Азияның осы күнгі хал-жайын білуі керек. Болып жатқан уақиғалармен танысуы керек. Әшейін ғана емес, жақсылап тұрып танысуы керек. Сонда ғана нысана анықталады. Нысана анықталса ғана алдымызды болжай аламыз. Алдымызды болжаумен ғана тілеген мақсатқа жете аламыз. Осы күнгі Орта Азияда совет өкіметіне қараған төрт патшалық бар. Олар мынау: Бұхара, Хиуа, Түркістан һәм Қазақстан. Бұл төрт патшалықтың отырған жері 3 миллион 565 мың шаршы шақырым. Осыншама үлкен жер күн батыста Каспий теңізінен басталып, күн шығыста Қытай шекарасына жетеді. Солтүстіктен Орал тауынан басталып, оңтүстікте қырғыздың Алатауымен шектеліп, ауған шекарасына дейін келеді. Бұхара, Хиуа, Түркістан, Қазақстанның түпкілікті халқы үш түрлі ұлттан құралады: өзбек (бұрынғы уақытта олар сарт аталатын), түрікпен, қазақ. Өзбектердің тұратын жері Бұхара һәм Түркістанның күнбатыс жақ бөлімі. Түрікпендер Түркістанның солтүстік жағында һәм осы күнгі Хиуада болады. Қазақ халқы осы күнгі Қазақстан һәм Түркістанның күншығыс бөлімінде. Орта Азияда орын алған осы үш ірі ұлт қазірде өз алдына үш республика болып бөлінгелі отыр. Бұхарадағы өзбек пен Түркістандағы өзбектер (бұрынғы сарт) қосылып Өзбекстан деген республика жасалмақшы. Хиуадағы түрікпендер мен Түркістандағы түрікпендер жиылып Түркменстан деген бір республика болмақшы. Түркістандағы қазақтар осы күнгі Қазақстан республикасына қосылмақшы. Осы үш үлкен республикадан басқа қырғыздар өз алдына жеке автономиялы бір облыс жасамақшы. Қазіргі жоба бойынша автономиялы қырғыз облысы Қазақстанға қосылмай, жеке, Мәскеуге бағынбақ. Әйткенмен бұл мәселенің болашақта өзгеруі мүмкін. Бәлки, қырғыздар Қазақстанның бір бөлімі болып бізге кіруі де ықтимал. Қазақстан мен Түрікменстанның екі ортасында қарақалпақ деген аз ғана халық бар. Бұлардың қай республикаға кіру мәселесі өлі шешілген жоқ. Қарақалпақ жұрты тілі, тұрмыс шаруашылығы жағынан басқалардан қазаққа жуық. Сондықтан болашақта олар да Қазақстанға қосылуы мүмкін нәрсе. Сонымен Орта Азияда ірі үш республика жасалмақшы отыр. Біздің Қазақстанға Түркістаннан кіретін екі облыс. Ол: Жетісу, Сырдария облыстары. Мақаламыздың ең басында қойған сұрауларға енді жауап берейік. Ол жауаптың біріншісі: қосылатын жердің түрін білу.
ІІ
Жетісу Жетісу облысының үлкендігі 360 мың шаршы шақырым. Қазіргі Италия, Швейцария деген патшалықтардың жерін қосқанда Жетісудан көлемі кішкене болып шығады. Жетісудың жерінің қыртысы әртүрлі. Мұнда заңғар биік таулар да бар, үлкен адыр белдер де бар. Таудың басы толған ағаш болады. Төмен қарай өскен қалың шөп, одан төмен - кең дала. Жадағай жайдақ жазылған ұзын дала. Жетісу облысының ауасы, қазақшалап айтқанда, құбылмалы. Жаз - өте ыстық, қысы өте аяз болады. Жетісуда өзендер көп болады. Бірақ өзендері кішкене, көбінесе көлге жете алмай қамыс, құмның арасында жоғалып қалады. Белгілі үлкен өзендер мыналар: Нарын, Шу, Қаратал һәм басқалар. Жетісуда көлдер де аз емес, үлкен көлден жеті көл бар. Олардың ішінде ең үлкені ЬІстықкөл. Ыстықкөлдің көлемі 4600 шаршы шақырым. Ыстықкөл қыстыкүні қатпайды. Жер байлығы да Жетісуда аз емес. Жер астынан көбінесе шығатын заттар: көмір, қорғасын, мыс, темір, мрамор тас. Кей жерлерде тас көмір де бар. Жер үстіндегі байлықтың ішінде балық пен құсты айтуға болады. Әсіресе, құс көп. Жетісу облысының шаруасы, көбінесе мал бағу. Одан соң егін салу. Бұрынғы кезде бұндай егін салу, тіпті болмаған. Ресейден келімсек мұжықтар келгеннен былай егін шаруасы туа бастады. Соғыстан бұрын Жетісуда 600 мың десятинаға жуық егін салынған. Егін салу шаруашылығының бұрынғы уақытта аса тез ілгері баспауының себебі: халықтың тұтынған аспап, саймандарының жамандығынан. Алматыда ауыл шаруасына керек машиналарды сататын склад 1902 жылы ғана ашылды. Мал бағушылық шаруасы Жетісуда бұрыннан жақсы болатын. Өзгерістен бұрынғы есепке қарағанда Жетісудың мал саны мынадай.
Қой - 5 миллион қара
Жылқы - 1 миллион қара
Сиыр - 700 мың қара
Түйе - 70 мың
Мал бағушылық шаруасы да Жетісуда жақсы тәртіпке қойылмаған. Саны көп болса да, сапасы жоқ мал толып жатыр. Боран-шашыннан Жетісу малды жұтамайды дей алмаймын. Бірақ соңғы жылдарда Жетісуда да жалпы шаруашылық еңбек негізіне тұрақтап келеді. Қазақ халқы жылдан-жылға машиналар алып, шаруасын, баяғыдай басқа жөнмен жүргізуге айналды. Кәсіп жағынан Жетісу онша ілгергі қатарға қосылмайды. Соғыстан бұрын түз табу кәсібінен басқа ауызға аларлық ірі кәсіптер жоқ еді. Сауда жұмысы Жетісуда үлкен орын алады. Алғашқы кезде Түркістан жаңа Ресейге қараған уақытта сауданың көбі айырбас ретінде болушы еді. Европадан барған нәрселер сол бойымен азия бұйымдарына сатылушы еді. Бертін келе, шамалап айтқанда, өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан былай қарай Жетісудың саудасы жәрмеңкеге айналды. Үстіміздегі ғасырдың бас кезінен былай жәрмеңке сиректеле бастады. Сауданың көбі базар ретіне түсті. Жетісуда базарлардың көбеюіне себеп болған соғыс алдында келе бастаған келімсектер де боды. Келімсектер келісімен үлкен қалалар туды. Әйткенмен келімсектердің келуі Түркістан қазақтарының шаруасы өте күйзелтті. Келімсектер қазақтың онды жерін, жақсы суын ала бастады. Шаруашылық беталысы теріске айналды. Келімсек мәселесі жалпы Қазақстанда өз алдына жеке бір мәселе. Бұл туралы әлденеше кітаптар жазуға болады. Сондықтан бұл жерде бұл әңгіменің түбіне біз жете алмаймыз. Әйткенмен сауда - саттық туралы айтқанда келімсектер мәселесінен де аттап кете алмаймыз. Сол себепті бұл әңгімені жанап өту қажет болды. Жетісудың бұрынғы кезде (һәм осы уақытта да) ішкі саудасынан сыртқы саудасы күшті болды. Сыртқы сауданың жалпы ауданы 9 миллион сомға дейін барған жылдар болды. Бұл 9 миллионның 3 миллионы бізден Қытайға баратын нәрселердің құны. Ол нәрселер көбінесе кездеме (мата), сіріңке (оттық), керосин, ауыл шаруасының керек-жарақ аспаптары - машиналар. Қытайдан бізге келетін нәрселердің бағасы 6 миллион. Оның ішінде көбінесе: шай, мал, әртүрлі аң терісі, ыдыс - аяқ, һәм қатайдың кездемелері. Жетісу облысының халқы Қазақстанның басқа жерлеріндегі сықылды көбінесе ауылда, қалада болады. Шаһар халқы аз. Жетісудың ең үлкен шаһары - Алматы. Алматыда соңғы жылдардың есебіне қарағанда 45 мындай жан бар.
ІІІ
Сырдария Сырдария облысының да үлкендігі Жетісудай болады. Бұл облыстың күнбатыс жағының жері көбінесе тегіс келеді. Анда-санда араларында үлкен құмдар бар. Мысалы: Сырдария мен Ақмола губерниясының астасқан жеріндегі Бетпақдала құмдары, Қызылқұм һәм басқалар.
Сырдарияның күншығыс жағы таулы-тасты болады.
Ең үлкен өзен - Сырдария.
Көлдердің ішінде ең үлкені - Арал теңізі. Арал теңізінің жалпақтығы 64 мың шаршы шақырым. Соғыстан бұрынғы Сырдарияның халқының саны (Әмудария бөлімін де қосқанда) 2 миллионға жуық бар. Бұл халықтың 6 процентке жуығы орыс болады, 21 проценті өзбек, қалғаны қазақ пен қарақалпақ болады. Түпкілікті халықтың шаруасы егін салу, мал бағу. Егін салатын көбінесе орыс, мал бағатын қазақ. Соғыстан бұрын Сырдарияда бір миллион десятинаға жуық егін салынушы еді. Шашатын астықтар: бидай, ячмень, мак, күрйп. Сырдария облысында мақта да шашылады. Осы күнгі кездеме (мата) мақтадан тоқылады. Сондықтан мақта шашу жылдан-жылға ілгері басып келеді.
Сырдарияда әртүрлі жемістер де көп өседі.
Егінді едәуір шашқанмен де Сырдарияға өз бидайы жыл уақытына жетпейді. Сондықтан бұл облысқа 2 миллиондай пут астық шет жерден әкелінеді.
Мал бағушының шаруасы Сырдарияда бұрынғы кезде өте үлкен түрде болған. Соғыстан бұрын облыста сегіз жарым миллион мал бар еді. Бұл малдың жартысынан көбі қой мен ешкі. Сырдарияның сауда-саттығында да мал бірінші орын алады. Жалпы мал саудасының мөлшері 20 миллион сомға шейін болып жүрді. Кәсіп жағынан Сырдария облысы Жетісудан анағұрлым артық. Сырдарияда балық аулау шаруасы өте жақсы. Балық көбінесе Әмудария, Сырдарияда ауланады. Көп балық Арал теңізінде алынады һәм Қазалы уезінің кейбір көлдерінен шығады. Бұрынғы есеп бойынша жылында ауланған балықтың құны 5 миллион сомға дейін баратын. Бұдан соңғы Сырдариядағы үлкен көсіп - қол кәсібі. Сырдарияда едәуір жерлерде көбінесе қол кәсібімен ғана күн көреді деуге болады. Ірі көсіп Сырдарияда әлі жөнді туған жоқ. Фабрик, зауыт әлі нашар хәлде. Түбінде Сырдарияда ірі кәсіп жақсы орын алуға тиісті. Жер астынан шығатын заттар: тас көмір, қорғасын, қалайы, мыс, тұз, ақ балшық, алебастр һәм басқалар. Сауда жөнінде бұрынғы кезде Сырдария ілгергі қатардағы облыстың бірі еді. Жалпы сауданың мөлшері жылында 50 миллион сом болып жүрді. Бұл 50 миллионның ішінде Сырдарияға басқа жерден келетін нәрселер: 40 миллиондық, Сырдариядан шығатын нәрселер (көбінесе мал) 10 миллион теңгелік. Бұрынғы Сырдария облысындағы ең үлкен жәрмеңке (Ташкентті есептемегенде) -Әулиеата жәрмеңкесі. Бұл жәрмеңкенің саудасы - 5 миллион теңгеге шейін болып жүрді.
ІV
Соғыс уақытында жалпы шаруа күйзелді. Түркістан облыстары да жалпы күйзелістен аман қалған жоқ: 1917- ші жылы күз Жетісуда ашаршылық болды. Оның алдында 16-шы жылы Жетісу қазақтары Николайдың "окопқа" шақырғандығы туралы қарсы көтеріліс жасады. Соңғы жылдары Жетісу жері әр түрлі әскерлердің майданы болды. Бұл секілді себептер Түркістан қазағының жан санын да, мал санын да азайтпай тұра келмеді (алмады). 1923-ші жылғы есеп бойынша Жетісуда 974 мың жан, Сырдария облысында 1 миллион 375 мың жан қалған. Бұрынғы есеппен салыстырғанда екі облыстан жан есебі 20 проценттей кеміген. Сол 1923 жылғы есеп бойынша мал есебі мынадай: Жетісуда: 2 миллион 140 мың қара, Сырдарияда: 2 миллион 700 мың қара.
Мал есебі бұрынғысына қарағанда екі есеге жуық кеміген.
Әйткенменен Түркістан облыстарының қосылғандығы Қазақстан республикасының шаруасында үлкен өзгерістер кіргізуі сөзсіз. Халық жағынан келгенде біздің халық бұрынғысынан 50 процент көбейеді. Бұрынғы 4 миллион халықтың орнында енді 6 миллион болмақшы. Мал байлығы да бұрынғысынан ұлғаяды. Мысалы: бұрынғы 7 миллион қараның орнына енді 12 миллион қара болуға тиіс. Әрине, бұл секілді өзгерістер Қазақстан шаруасының ілгері басуына үлкен себеп. Қазақстан республикасы бұдан былай Орта Азиядағы мемлекеттердің ішінде өте қадірлі орын алуы шексіз. Қай жағынан болса да Қазақстан кейін қалмайды. Орта Азияның басқа республикаларын Қазақстанмен салыстырғанда мынадай болып шығады. Жалпы Қазақстанда (Түркістан облыстарын қосқанда) 2 миллион 700 мың шаршы шақырым жер бар, 6 миллион жан халық бар, 12 миллион қара бар, екі жарым миллион десятина егін бар. Орта Азияның басқа республикаларын алғанда (Өзбекстан, Түрікменстан) жердің ауданы 860 мың шаршы шақырым, халықтың саны 5 миллион жарым, малы жеті жарым миллион, егіні 4 миллион десятина. Жер жағынан Қазақстан аналардан үш есе үлкен. Адам жағынан да, мал жағынан да анағұрлым артық жатыр. Өзбекстан мен Түрікменстанның бізге қарағанда салатын егіні артықтау. Бірақ біздің ойымызша егін туралы санақтың азырақ қаталығы болуы мүмкін. Соңғы жылғы шаруашылық кітаптарында басылған хабар бойынша Бұхарада 3 миллион 100 мың десятина егін шашылған. Бұхара секілді халқы аз, жері кішкентай республика мұндай көп егін салуға шамасы жоқ. Қазақстанның барлық облыстары бір республика болып қосылғаннан кейін біздің алдымызда зор мақсаттар туады, мойнымызға үлкен міндеттер артылады. Халықтың өмірі шаруасында. Шаруасы күйлі болса, халық та күйлі. Шаруашылық адам баласының өмірінің арқауы. Бұл былай болса, Қазақстанның үлкеюі ең әуелі шаруаның пайдасы. Біздің Қазақстанда осы күні жол мәселесі ең қиын мәселенің бірі. Қазақстанның жері үлкен, жолы жоқ. Жолы жоқтықтың есебінен қатынас кем. Біздің алдымызда тұрған үлкен мақсұттың бірі - шойын жол салу жұмысы. Бірақ соңғы уақытқа дейін шойын жолдың салынбай келген мәнісі, ақшаның жоқтығы. Көлемі аздың өнері аз деген сықылды Қазақстан бұрынғы қалпында тұрғанда түскен түсім мекемені асыраудан шықпаушы еді. Бұдан былай Қазақстан шойын жол салу жұмысына дұрыстап тұрып кірісуі керек. Ең бірінші салынатын шойын жол осы күнгі Алматы мен Семейді қосатын жол. Одан кейін қазіргі Қызылжардан Көкшетауды басып, Ақмолаға қарай салынып жатқан жолды Түркістан жеріне шейін жеткізу керек. Одан соң осы күнгі салынып жатқан Жетісу шойын жолы Пішпектен әрі қарай Алматыға шейін тез арада салынып бітуі керек. Әрине, бұл жолдар арзанға түспейді. Бұлардың салынуына неше миллион кетуіне сөз жоқ. Әйткенмен шығыннан қорықпай бұл жұмысқа осы бастан кірісу жөн. Шаруашылықтың басқа жағынан қарағанда Түркістанның қосылуымен келетін пайда толып жатыр. Мысалы: Түркістанда мақта өседі. Мақтадан мата тоқылады. Мата тоқитын фабриктер түбінде Түркістан жерінде көп болуы мүмкін. Мата тоқитын фабрик отпен жүреді. Бірақ Түркістанда отын аз. Біздің Семей мен Ақмоланың оңтүстігі толған тас көмір. Жалғыз Қарағандының өзінен 30 миллион пұттай тас көмір шығады. Болашақта тас көмірді Түркістанға Қазақстаннан тасуға болады. Екінші мысал: Сырдария облысының халқы осы күнге дейін астыққа жарымай келеді... Жылында Сырдарияға ішкі Россиядан 2 миллион пұттай астық тартылады. Біздің Қостанай губерниясы, Ақмола, Семей губерниялары жылында неше миллион пұтты ішкі Россияға сатуға айдайды. Шойын жол арқылы Сырдарияға астықты Қазақстаннан жеткізіп тұруға болады. Қанша пайда біздің өз жанымызда қалады. Айта берсе, шаруашылық жағына бұдан басқа да біздің пайдамыз толып жатыр. Бірақ жоғарғы айтылған мысалдардың өзі де көпке мәлім.
V
Ал енді халық ағарту жұмысы һәм басқа жалпы заң, тұрып жағынан келейік. Осы күні қазақтың ұлт мектебі жаңа туып келеді. Ана тіліндегі оқу құралдар жаңа шығып жатыр. Қазақ халқы екі жерде отырып, бір кітапты екі кісіге жаздырып қойса, бір кітап екі жерде басылып шығатын болса, әрине, бұның, бәріне шығын анағұрлым көп кетеді. Мысалы бастауыш мектепке әліппе керек екен. Ол әліппені бір жерден жазып, басып шығарса. Қазірде біздің тілімізге жаңадан көп көне сөздері кіргелі отыр. Қазақ халқының бір жағы бір сөзді қолданып, екінші жағы басқа бір сөзді қолданса, одан артық шатақ болмайды. Бұл секілді хәлмен қазақ болашақта бірінің тілін бірі түсінбей кетуі де мүмкін. Сондықтан тілімізге жаңадан пән сөздерін қосқанда да жұмысты бір жерден істеу қолайлы. Оқу жұмысынан басқа да мысалдар толып жатыр. Осы күнгі қазақтың сот ісін алайық, кооперация жұмысы, партия жұмыстары, кедейлерді ұйымдастыру, жұмыскерлерді тәрбиелеу мәселелері, осының бәрі қосылмағанда екі жерден істелетін жұмыстар. Бұл жұмыстардың көбі қазақ ішінде жаңа. Барлық негіз, барлық жоба жаңадан жасалғалы отыр. Орыс ішіндегі жасалған үлгілер бізге не шақ келмейді, не болмаса басқаша әдіс, басқаша тәртіп тұтынуды керек қылады. Сондықтан қазаққа деген жұмыстың бәрінің жобасы да, жоні де бір болуға тиісті. Олай ету қосылғанда ғана біздің қолымыздан келеді. Қазақ жұртының бірігуі біздің ішкі жұмыстарымыздың көбін ілгері бастырады. Біз бұрын өзбек (сарт) һәм басқа сондай ұлттармен аралас отырғанда күшіміздің бір қатары ұлт тартысының жолында кетуші еді. Бір ұлт күшті болады, біреу әлсіз болады. Ия болмаса екеуі бірдей өлді болады. Күнделік өмірдің талқысы бір ұлтқа қолайлы, біреуіне қолайсыз істер туғызуға мүмкін. Екі ұлт біреуіне бірі қырғи - қабақ болады. Сөйтіп бұлар өздерінің ішіндегі жұмыстардың көбін артқы планға қалдыруы мүмкін. Оз ішіндегі біріне - бірі қым-қиғаш қарсы келіп жатқан таптардың арасы ұмытылып, әңгіме ұлт арасына түсіп кетуі мүмкін. Қашанда болса, екі ұлт бір-бірімен күресіп, адам бола алмайды. Әрбір ұлттың ілгері бастауын шарты - өз ішінің жөнделуі. Бір ұлттың ішінде зорлық-зомбылық жойылсын, екінші ұлттар да сондай болса, сонда ғана барлық адам баласы бірігіп әділдік өмір туғызуына жол ашық.
VІ
Сонымен қай дәлелді алсақ та, барлық қазақ жұрты бір республикаға қосылуы керек деген пікірге келеміз. Қазақ халқы бірігеді, бір республиканың туының астына жиналады. Енді болашақта Қазақстанның қай жер болар екен? Біздің законымызды жасайтын, шаруамызды түзететін, халқымызды ағартатын, бізге жол-жоба көрсететін Қазақстаның қай жері болар екен?!
Алдымызда тұрған мәселенің қазіргі сағатта ең үлкені осы мәселе. Төрт жылғы өмірдің тәжірибесінің арқасында Орынбор бізге түпкілікті астана бола алмайтынына көзіміз жетті. Ең әуелі Орынбордың тұрған жері қолайсыз. Түркістан қазақтары шетте жатыр. Семей мен Ақмола одан да алыс. Орынборға жан-жақтан келіп жатқан шойын жолдар жоқ. Соңдықтан қатынасу мәселесі өте қиын. Оның бер жатында Орынборда қазақ жоқ. Қазағы болмағандықтан оның өмірі басқаша, қазаққа ұқсамайды. Сол себепті біздің Орынбордан алып отырған тәрбиеміз жоқ. Жақсы өнеге, дұрыс тәжірибеміз жоқ. Орынбор оз өмірімен жүріп жатыр. Қазақстанның cap даласы оның көбін білмейді. Сондықтан Орынбор өгей шеше сияқты. Бұл былай болса, бізге жаңадан астана керек. Қазақстанның үкіметі Орынбордан көшуі керек. Орынбордан көшкендегі баратын жеріміз әлі анық белгіленген жоқ. Бірақ әзірге көптің аузында тұрған шаһар - Ташкент қаласы. Ташкент қаласы екіге бөлінген. Бірін жаңа қала дейді. Онда тұратындар көбінесе орыс халқы. Бір бөлімін ескі қала дейді. Ескі қалада жүз мыңнан артық өзбек (сарт) бар. Өзбектің (сарттың) болашақ астанасы Самарқанға көшкелі отыр. Ташкент жай ғана қала болып қалмақшы. Әйткенмен біздің өзбек туысқандарымыз Ташкентті бермейміз деп айтады дейді. Өзбектердің Ташкентті бізге бермейміз дегендегі айтатын ең үлкен дәлелінің бірі: Ташкенттің өткендегі тарихы өзбектердің айтуынша Ташкент баяғыдан бері өзбектің қаласы. Ташкентті жасаған өзбек, Ташкентті құрған, сақтаған өзбек халқы. Әрине, соңғы ғасырларда Ташкент өзбектердің қолында болды. Әйткенмен бұл қаланы қазақ жұрты билеген де заман болған. 1598-ші жылдан бастап, 1798-ші жылға дейін 200 жыл Ташкент қазақтың қол астында болған. Бірақ біздің ойымызша Ташкентті кім аламын десе де тарихқа жүгінудің жөні жоқ. Өткенде кім кім болмаған, оның бәрін тексеріп отырған заман жоқ. Өмір бүгінгінікі, тұрмыс үстіміздегі дәуірдікі. Сондықтан, біздіңше, Ташкенттің осы күнгі халқын қарау керек. Ташкенттің қазіргі қалпына келсек, Ташкент әрине, сөзсіз қазақтың қаласы. Ташкенттің айналасы жағалай қазақ. Ташкенттің базарында сатылатын ет, май, сүт - бәрі маңайдағы қазақтың әкелгені. Егерде Ташкенттің маңайындағы қазақтар қалаға малын әкелмей қойса, Ташкенттің күн көру мәселесі екі талайға айналар еді.
Олай болса Ташкенттің қазақсыз күні жоқ.
Маңайдағы көп қазаққа жалғыз қала болғандықтан жүрт киім мен шай, былғары һәм басқа сондай фабрикте істеліп былығатын нәрселерді Ташкенттен алады. Ташкент болмағанда маңайдағы қазақтардың тұрмысы да нашарлыққа айналар еді. Сондықтан Ташкент пен оның маңайындағы халықтың арасы ана мен баланың арасындай. Сол себепті Ташкент Қазақстанға берілуі керек. Ташкенттің басқа Қазақстанға да керек жері толып жатыр. Ташкентте университет бар. Ол университеттің оқушыларының бірсыпырасы осы күнде қазақ. Болашақта Ташкент университеті Орта Азияның кіндік мектебі болуы керек. Қазақстанда осы күні бір университет жоқ. Сондықтан бұл жағынан қарағанда Ташкенттің үлкен пайдасы көрінеді. Осы соңғы айтылатын сөз: Қазақстан үкіметі - үлкен үкімет. Біздің кіндік мекемелерімізде қызмет еткен адамдардың өзі мыңға жуық. Мекемелер тұратын үй керек, қызметшілер жататын үй керек. Мұның бәрі Ташкенттен ғана табылады. Кішкене қалаға біз симаймыз.
Сонымен Ташкентке қайткенде де Қазақстан көшу керек.
Екі облыстың қосылуы Қазақстан тарихында үлкен жұмыс. 18-ші ғасырдан бері қазақ жұрты бірінші рет қосылып өмір сүргелі тұр. Біздің ішкі істеріміз де, сыртқы істеріміз де бұдан былай басқаша қалыпқа түседі. Қазақстанның жалпы еңбекші табы белсеніп іске кірісетін ыңғайы жаңа туып келеді. Біздің санауымызша бізге көршілес болған Өзбекстан мен Түрікменстан қолынан келген көмегін Қазақстанға көрсетер. Біз де оларға жәрдемдесуді өзіміздің үлкен борышымыздың бірі деп тануымыз керек. Орта Азияның баяғыдан бері қорлықта - зорлықта келген ұлттары Октябрь төңкерісінің арқасында тендік, бостандық алды. Өз тұрмысын өзі жайлап, өзін-өзі меңгеріп өмір сүруге бостандық алды. Орта Азияның өмірінде жаңа дәуір басталды.
ТҮРКІСТАНДА ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КҮРЕС
Мұстафа Шоқайұлы Түркістандағы кеңестік басылымдардың беттерінде ұлтшылдық ағымының қайтадан бас көтере бастауы туралы хабарлар өріп жүр. Түркістанның өзбек аймағында кеңестік қызметкерлер мен партия мүшелерінің өлтірілу оқиғаларының артып отырғанын жеке ақпарат көздерінен де, ресми басылымдардан да білуге болады. Түркістанның түрікмен аймағындағы Ашхабад шаһарында түрікмен әскерлері мен орыс әскерлері арасында қанды қақтығыс орын алған. Сондай-ақ Түркістанның қырғыз аймағындағы Ош ауданында қырғыздар мен қызыл әскерлер арасында кескілескен шайқастар болған. Түркістанның қазақ аймағында Қызылорда маңайында қазақтар орыс коммунистерін өлтіріп кеткен. Мұндай оқиғалар Түркістанның тәжік аймағында да тіркелген. Міне, осындай оқиғалар арқылы Түркістанның төрткүл бұрышында большевиктік билікке қарсы жергілікті халықтың бас имей, кектеніп күресуіне куә боламыз. Соңғы ақпаратқа қарағанда, Самарқант пен Шехри себе қалаларының арасында Ақ ишан деген кісінің қарулы тобы пайда болғанға ұқсайды. Түрікменстан үкіметі түрікмендер арасында туындаған үлкен наразылық қозғалысын басу үшін, көтеріліске шыққан түрікмен дихан және орта шаруларды шақырып, оларға жерлері мен малдарын қайтарып беру жөнінде "Манифест" жариялады. Бүкіл бұл оқиғалар таяуда ғана большевиктердің басын ауыртқан жайттар. "Идеология майданында күрес", "Партия ішіндегі ұлтшылдық ағымға қарсы күрес" сияқты тақырыптар мен "алаулаған", "алып-қашпа" сөздерді қатар қойып, салыстырып қарасақ, күмәнсіз, Мәскеудің "Ұлы Октябрьдің 13-інші жылдығын тойлап жатқанда" өздерін Түркістанда жау қолында сезіне бастаганы анық байқалады. Большевиктер қандықол қарақшылар мен ГПУ (Чека) агенттері бейкүнә жандар мен бишараларды атып жатқанда мылтықтың дауысын мотор үнімен бүркемелеуге тырысқаны сияқты, Түркістандағы ұлттық күрестің жалынын да сондай айқай-шу мен мағынасыз сөздер арқылы тұншықтырмақ болады. Алайда мұнымен большевиктер көздеген мақсаттарына жете алады ма?
Біздің ойымызша, бұл түпкілікті мүмкін емес.
Кеңестік Ресей қол астындағы өлкелер рух пен қан жағынан Ресейден қаншалықты алшақ жатса, сол өлкелерде Кеңес өкіметіне қарсы ұлттық қозғалыс пен ұлт-азаттық күрес те соғұрлым лаулай түспек. Ұлт және мәдениет тұрғысынан Ресей мемлекеті мен орыс халқына бүтіндей жат Түркістан, осы ойды қуаттайтын ең жарқын мысал бола алады. Большевизм үстемдігі созыла түскен сайын орыс большевиктік отаршылдықтың патшалық Ресей отаршылдығынан әлдеқайда қауіпті екені айқындалып келеді. Бұл жайтты тек "кері төңкерісшіл!" "Иені Түркістан" мен "Яш Түркістан" журналдарының төңірегіне топтасқандар ғана емес, тіпті елдегі Мәскеу большевиктерінің сеніміне кірген жергілікті коммунистер де мойындай бастады. Қыркүйек айының орта тұсында Өзбекстан Коммунист партиясы Орталық комитетінің Бірінші Хатшысы Акмал Икрамұлының Самарканд партия мүшелерімен өткізген жиындағы сөзі мен Қоқанда Орталық комитеттің жауапты хатшысы Осман Юсуфұлының оқыған баяндамасына қатысты туындаған сұрақтар біздің сөзімізді қуаттай түсуде. Партия мүшелерінің бірі Акмал Икрамұлына: "Өзбек коммунист партиясы отаршылдар тәрбиелеп шығаратын "инкубатор" емес пе? Ел басында отырған бүгінгі өзбек басшыларының Мәскеудің қолында ойнайтын тірі ойыншық екені өтірік емес қой?" деген сияқты "кері төңкерісшіл" сауалдар қойыпты.
Қоқанда Осман Юсуфұлына дәл осындай сауалдар қойылған.
Алайда осы орынды сұрақтарға екі жауапты хатшының берген жауаптары қаншалықты қайшылыққа толы. Акмал сұраққа: "Мұндай сұрақтардың ұлтшыл Мұстафа Шоқайұлының кері төңкерісшіл журналында жарияланғанын білеміз" деп жауап берсе, Осман: "Әлемдік империялардың әскери топтарына тәуелді Шоқайұлы сияқтылардың жазып, айтып жүргендері де осындай сүрақтар" деп жауап қайтарыпты. Егер біз мысалы үшін, Үндістанда ағылшын үстемдігіне қарсы ұйымдасқан соңғы қарсылық көрсету оқиғалары шетте жүрген бірнеше үнді ұлтшылы яки "КомИнтерн" тапсырмалары бойынша жүзеге асып жатыр десек, бізді "ақымақ" деп айыптап шыға келетін большевиктердің алдыңғы сапында Акмал Икрамұлы мен Осман Юсуфұлы тұрар еді! Алайда Түркістандағы орыс отаршылдығы үстемдігіне қарсы шыққан ұлттық қозғалыстар сөз болған кезде "ақылды" большевиктер мүлдем надандық танытып, осындай құқықтық негізі бар заңды қозғалыстарды жеке тұлғалардың әсерімен туындаған деген мағынасыз сөздер айтқысы келеді. Түркістандағы ұлт-азаттық күрес еш уақытта жекелеген тұлғалар арқылы өрбіген емес. Бұл күрестің объективті себептері бар. Олар: 1. Түркістан ұлттық мүддесінің Ресей мемлекеті мүддесімен үйлеспеуі; 2. Халықтың осы кереғар екі мүддені жақсы түсініп, ұғына білуі. Орыс большевиктердің отарлық саясаты мен "төңкеріс шовенизмі" нәтижесінде бұл ұлт-азаттық күрес күн өткен сайын өрши түспек. Түркістандағы орыс отаршылдығы жойылғанға дейін бұл ұлттық қозғалыс пен күрес тоқтамайды, жалғаса береді. Біз бұған сенімдіміз.
Большевиктер де осыған сенсін!
ТҮРКІСТАНДА КЕШЕ ЖӘНЕ БҮГІН
Ахмет Наим Осыдан алпыс жыл бұрын Түркістан алғаш рет Ресейдің табанына түскен кездегі жергілікті халықтың көңіл-күйі мен әлеуметтік жағдайын, сенімін 1920 жылы қызыл орыстар қайта басып алған тұстағы ұлттық намыс пен ұлттық сезіммен салыстыра қарап, зерттеп, сол арқылы осы екі кезеңде түркістандықтардың ұлт және тәуелсіздік ұғымдарын қалай пайымдағанын әрі кеше мен бүгіннің арасындағы айырмашылықты аңғаруға болады. Түркістанның оңтүстігінде жарты тасыр, ал солтүстігінде екі жүз жылдан бері жалғасып келе жатқан Ресей басқыншылығы бұл өлкені басып-жаншуда. Барлық жерді зұлымдық жайлап алған. Ол дәуірде ұлтымыз біріккен, бірлескен жағдайда емес еді. Алладан басқа сыйынары жоқ болатын. "Алла бұл күші басым басқыншы дұшпанға ынсап берсін" дегеннен басқаны білмейтін еді. Соған қарамастан сол кездің өзінде біздің ұлтымыз қорлық пен зорлыққа шыдап тұра алмады, тек алақан жайып отыра берген жоқ, қолына қару алып, бірнеше рет күреске шықты. 1898 жылы Андижанда "Дүкші Ишан" көтерілісі мен І.Дүниежүзілік соғыс кезінде шыққан Түркістан ұлт-азаттық қозғалысында қазақтардың бірнеше хан, өзбектердің бірнеше тәуелсіз бек сайлап алуы, Түркістанда тұрып жатқан ру - тайпалардың бірігіп, тұтас һәм тәуелсіз Түркістан мемлекетін құруға талпыныс жасаулары осы күрестің жарқын көріністері. Түркістанның ең құнарлы жерлеріне келімсектерді орналастыру, ұлттық мәдениет пен ұлттық байлықтың дамуына тосқауыл қою және орыстандыру арқылы жойып жіберу саясатын аңғарған түркістандықтар Ресейге қарсы наразылық танытып, көтеріліске дайындала бастады. Бұл күрестің бастауы да бүкіл Ресей қол астындағы түріктердің жат жерліктердің басқыншылығына қарсы бірге күресу керектігін түсінуіне түрткі болған 1905 жылғы орыс төңкерісі еді. Осы жылдан бастап бүкіл Ресейдегі түріктер сияқты Түркістан халқының да ояна бастағанын және өздерін ендігі жерде "мұсылман түрік" деп атай бастығынын аңғарамыз. Бұл ояну жылдар Түркістанда жаңа зиялы қауым өкілдері пайда болды. Зиялы қауым өкілдерінің жетекшілері Түркістандағы ағарту және саясат салаларында отаршылдыққа қарсы күресті бастап кетті. Ұлттық сипаттағы жаңа мектептер ашып һәм ұлттық баспасөздің негізін қалап халықтың көзін ашуға және ұлттық күштердің нығая түсуіне талпынған мұндай зиялыларға қарсы шыққан және патшалық билікке санасыз түрде көмек берген керітартпалар да бар еді. 1905 жылдан 1917 жылға дейін Түркістанда осындай таным мен ұстаным арасында қақтығыстар болды. Халық қақтығысқан екі түрлі көзқарасқа әуел баста араласпағанымен, кейінірек, медресе молдаларының зиялы қауымды "орысшылдар" деп айыптауынан кейін, қалың бұқара да керітартпалардың ықпалына түсе бастады. Ұлттық мақсат жолында жанқиярлық көрсеткен зиялылар екі оттың, яғни керітартпалар мен ресми биліктің арасында қалып, осылайша екі майданда соғысуына тура келді. 1917 жылы Ресейде патша өкіметінің құлауы - Туркестан үшін күтпеген жағдайда азаттық мүмкіншілігін ұсынды. Халықтың көне заманнан қалған ұстанымнан бірте-бірте бас тартып, өзгерістерді қабылдай бастауы мен үлкен дұшпанның опырыла құлауы ұлттық мақсатты жүзеге асыру жолында жылылық лебін естірді. Бұл жағдай түркістандық зиялылардың иық теңестіріп, бас біріктіріп "Түркістанның тәуелсіздігі" туралы нақты саяси жоспарлар жасауына түрткі болды. Десе де, бұқара халық арасында "міллет", "ұлт" деген сөздер кең тарай бастағанымен, әлі біріккен үлкен ұлт туралы ұғым орныға қоймаған еді. Жағрафиялық және әкімшілік жағынан бөлек өмір сүрген Бұхара мен Хиуа хандықтары тәуелсіздік алу жолында күресу туралы ойламайтын да. Ресейде патшалық билік құлағанымен, Бұхара мен Хиуа хандықтары әлі сол патшаның адал құлдары сияқты өмір сүріп жатқан. 1918 жылдың бас жағында пайда болған Сібірде Колчак, Орынбор маңайында Дутов және Жетісуда казачилер қозғалысы мен Ресейде пайда болған ішкі қақтығыстар, биліктің қолдан-қолға өтуі нәтижесінде Ресейдің сыртқа қарауға мұршасы болмай, орталықтың Түркістанмен саяси һәм экономикалық байланысы үзіліп қалды. Осындай оңтайлы сәтте Түркістанда тәуелсіз мемлекет құру идеясы сол кездегі Түркістандағы түрлі көзқарастар арасындағы қайшылықтар мен аштық бәлекетінің кесірінен кешіге берді. Әйтсе де, жағдайды пайдаланған түркістандықтар 1917 жылың соңына таман Түркістан Қоқан ұлттық автономиясын жариялады. Тәуелсіз һәм ұлттық үкіметтің құрылуы отаршылдық езгіде қалған халықтың рухын көтеріп, келешекке деген үмітін оятты. Осылайша Ресейден түгелдей тәуелсіз өмір сүрудің мүмкін екенін және бір ұлттың болашағының сол ұлттың өзінің айқындауымен һәм ұлттық басшылық арқылы ғана жарқын болатынын жете сезінді. Алайда қуаныш ұзаққа созылмады, большевиктердің тұтқиылдан жасаған шабуылынан кейін ұлттық үкімет құлады. Қоқандағы ұлттық үкіметтің бұлайша құлатылуы түркістандықтарды өздерінің ұлттық болашақтарын өздері қорғауға итермеледі. Осылайша ұлт - азаттық қозғалыс пайда болды. Жариялаған ресми мәлімдемелерінде Шығыстың езілген халықтарының болашақ тағдырларын өздері қалауынша айқындай алатынын айтқан Кеңес өкіметі, шын мәнінде түркістандықтардың ұлттық қозғалыстарына тарихта теңдесі жоқ зұлымдықпен қарсы шығып, барынша қатал саясат қолданды және қолдан аштық жасады. Ресейдің осындай шайтандық әрекеттеріне Ташкент пен Қоқанда болған қанды қырғын, Ферғанадағы оқиғалар қосылып, оған қарсылық ретінде басмашылық пайда болды, отаршылдыққа қарсы Түркістан халқы қасиетін-қастерін қорғау үшін жұмыла көтерілді. Большевиктердің уәделері мен қолдаулары нәтижесінде құрылған Түркістан және Башқұртстан Кеңестік Республикаларына һәм 1920 жылы жойылған Хиуа және Бұхара хандықтарының орнына құрылған Хиуа және Бухара Халық Республикаларына төнген большевиктердің түрлі айла-шарғылары мен пәлекеттері Лениннің өтірікші, алаяқ екенін айғақтай түсті. Большевиктер сыртқы жауларымен келісімге келіп, өздерін еркін сезіне бастаған сәттен - ақ бұрынғы Ресейдің шекарасын сақтап қалу үшін отаршылдық, империалистік саясаттың мұрагері болып шыға келді. Соның нәтижесінде Башқұртстан, Түркістан, Әзірбайжан, Гүржістаннан кейін 1924 жылы Бұхара және Хиуа Халық Республикалары да құлады. Бүл тарихи оқиғалар тәуелсіздік жолында жүрген барлық ұлттар үшін үлкен сабақ боларлық жайт. Бір ұлт тәуелсіздікті өзгеден сұрап алмайды. Тәуелсіздік - ұлттың табиғи құқы, сондықтан әрбір ұлт тәуелсіздікті алудың өзінің еркі мен қалауында екенін білуі тиіс. Тәуелсіздік пен еркіндік ұғымын білетін, ұлттық мақтанышы бар, ұйымдасқан әрбір ұлт біріккен жағдайда өз тәуелсіздігін алып, өз тағдырының иесі бола алады. Содан бастап Түркістан түріктерінде тәуелсіздік идеясы мен ұлтқа деген сүйіспеншілік қуатты күшке айналды. Пайда болған идея тек мықты тамыр байлағаннан кейін ғана алдына шыққан бүкіл тосқауылдарды талқандай алады. Міне, мақаланың басында айтылған "кеше" ақ орыстардың отарына айналған Түркістан тұтас ұлт болып ұйыса алмай, өз тағдыры мен тәуелсіздігін "қожайынның мейірімі мен жомарттығына" байланыстырып жүрген еді, "бүгін" қызыл орыстардың отарына айналған Түркістанның "ұлттық тұтастық" пен "тәуелсіздік" сияқты ұғымдардың қадір - қасиеті мен маңызын түсініп, өз болашағының өз қанымен жазылғанда ғана жарқын болатынына сенгенін көріп отырмыз. Тарихи оқиғалар мен тәжірибелер Түркістан түріктерінің - мейлі, ол қандай көзқараста болса да - танымдық тұрғыда үлкен өзгеріске ұшырап, жаңарғанын байқауға болады. Кешегі керітартпалар патшалық биліктің арандатуымен зиялыларға қарсы күресіп жүрсе, бүгін Қоқан, Ташкент және Шығыс Бұхарадағы ұлт-азаттық қозғалысында молдалар мен зиялылар қатар жүріп, қолдарына қару алып, азаттық жолында бірге шейіт болуда. Большевиктердің алдамшы сөздеріне иланып қалған жастардың үлкен шоғыры да ұлт-азаттық қозғалыста халықпен бірге отаршылдыққа қарсы күреске шықты. Бүгін Орта Азияда құрылған түрлі республикалардың мекемелерінде, мектептерінде, тіпті, басшылығында да ұлттық майдан мен ұлттық тәуелсіздікке тілектес көптеген топтар бар. Өзбек, қазақ, қырғыз, түркмен елдерін қосқанда жалпы төрт миллион шаршы шақырым болатын Түркістанда түбі бір ұлттың саны он үш миллион. Табиғи қазба байлықтары мен әлемдік экономикада үшінші орын алатын мақта өндірісі бар, Еуропа мен Азияның тарихында маңызды орын алатын һәм коне мәдениет, өрісті өркениет пен ұланғайыр тарихы бар бұл байтақ өлке бұдан былай Ресейдің отары болып қала алмайды. Түркістан халқы қазір Еуропа өркениеті деп те аталып жүрген адамзат өркениетін ендігі жерде Ресей арқылы алғысы келмейді, сол өркениетпен тікелей байланысып, ешқандай делдалсыз, қоян-қолтық араласқысы келеді. Міне, сондықтан Түркістан халқы мен азаттық жауынгерлері Түркістанның тәуелсіздігін бәрінен артық қастерлі ұғым ретінде қабылдайды және оған қол жеткізуді өздерінің абыройлы міндеті деп санайды. Түркістанның тәуелсіздігі мен тұтастығын аңсайтындардың ой-арманы мен мақсаты Түркістанды Ресей отаршылдығынан толық құтқару және Түркістан халқының қасиетті құқы болып табылатын тәуелсіздікке қол жеткізу һәм соны қорғау! Украина азаттық күрескерлері үшін 23 миллиондық Украина халқының тәуелсіздігі, Әзірбайжан, Гүржістан және Солтүстік Кавказ азаттық жауынгерлері үшін 16 миллиондық Кавказдың тәуелсіздігі қаншалықты қасиетті һәм ұлы идея болса, біз түркістандықтар үшін де 13 миллион халқы бар тұтас Түркістанның азаттығы жолында күресу де соншалықты улы һәм қасиетті ұлттық идеал! Міне, сондықтан біз, түркістандықтар, Ресейдің отаршылдығынан құтылғысы келетін Әзірбайжан, Украина, Гүржістан және Солтүстік Кавказдың азаттық күрескерлерімен біріге, ынтымақтаса отырып әрекет жасаймыз және ұлттық арманымызды жүзеге асыру жолында бір майданда, бір идея үшін күресеміз. Біз, түркістандықтар да өзімізге тиесілі тәуелсіздігімізді Украина және Кавказдың азаттық жауынгерлерімен бірге іздейміз және Ресей империясының Түркістанға шөккен қара түнегінің сейілуін тілейміз һәм бұғаулық шынжырдың талқандалуын қалаймыз! Жасасын Түркістанның тәуелсіздігі! Жойылсын Ресей отаршылдығы!
ВОПРОС О МЕЖНАЦИОНАЛЬНЫХ ВЗАИМООТНОШЕНИЯХ В ТУРКЕСТАНЕ
(по советским материалам)
Жанай
Настоящая статья была напечатана в журнале "Прометей". Мы печатаем ее в переводе с французского языка, причем старались держаться ближе к тексту. Ознакомить с ней читателей "Горцев Кавказа" не безынтересно, так как русская национальная политика из Туркестане мало чем отличалась и отличается от таковой же на Кавказе.
Редакция Я бы хотел просить редакцию разрешить мне вновь вернуться к вопросу о межнациональных отношениях н Туркестане. На эту тему писалось немал на страницах ПРОМЕТЕЯ, но с каждой туркестанской почтой, получаемой нашими эмигрантскими кругами, мы знакомимся с чем-то новым, вносящим существенные коррективы в наше старое представление о русском народе,о его демократических и революционных кругах. Наши прежние лидеры крепко верили в присущую русскому народу особенность -отсутствие национального эгоизма и национальной исключительности. В особенности в этомъ были убеждены те из нас, кто прошел русскую школу, кто познал внешний мир (под русским влиянием. Свои убеждения они передавали другим и увлекали за собою массы. Период февральской революции весь прошел под знаком исключительного, слепого, я бы сказал, доверия к русской демократии и особенно к ее революционной части. И когда украинцы первые выступили с программой национального самоутверждения, нами, туркестянчами, это было воспринято, как первое предостережение, и как первая брешь в нашем доверии к русскому народу. Февраль сменился октябрем. Народ, точно по приказу свыше, оставался совершенно равнодушным к факту исчезновения Временного Правительства, но и доверия своего к новому советскому правительству не выражал. В этом есть своя причина. Движущими элементами революции и февральской и октябрьской в Туркестане были одни и те же силы, что составляли опору старой русской колонизаторской монархии. Солдаты, которые при царизме привыкли расправляться с "туземцами" по своему усмотрению, при революциях получили еще большую возможность проявления "своей власти". Русские рабочие, поставленные царским правительством в исключительно привилегированное положение по сравнению с "туземцами", были заражены, по свидетельству большевиков же, "духом русского империалистического колонизаторства". Не приходятся и говорить о русских крестьянах - переселенцах. Один туркестанец, собравший богатый материал по революционной эпохе в Туркестане, нам сообщает следующую выписку из книги большевика Сафарова (стр.62): "Русский крестьянин-переселенец, начиная с февральской революции, стал хозяйничать в кишлаках и аулах), как в своем собственном кармане". Таковы три основных элемента революции в их отношениях к коренному населению Туркестана. И не было ничего удивительного в том,, что одна ташкентская газета "ТУРКЕСТАНСКИЙ КУРЬЕР", 5-го сентября 1917 года, т. е. в то время, когда советы раб. и солд. депутатов были в зените своей революционной славы, могла писать:
- По существу, на революционных солдатах и рабочих ныне лежит та роль, что прежде выполняли царские пушки в Туркестане...
Каково должно было быть удивление и разочарование туркестанцев, проповедыва ваших веру в освободительную миссию русской революции, когда они оказались перед молчаливым признанием травоты ташкентской газеты со стороны сов. раб. и солдат, депутатов! С тех пор прошло десять с половиною лет. Большевики пережили и осилили эпоху так называемого "военного коммунизма", когда каждая советская ячейка, как бы мала она ни была, сама ставила себе пути революционного строительства и позволяла безнаказанно истреблять всех и каждого. То было время, когда центральная власть не отвечала за действия "власти на местах", когда, по свидетельству советских руководителей, советский и партийный аппараты (как будто это не одно и тоже), были если ее заполнены, то, во всяком случае, достаточно обременены "колонизаторскими элементами". Это была весьма удобная форма - изналить ответственность с "русского революционного народа" на "проходимцев", на "переменивших шкуру" буржуев и националистов. Ныне советская власть вступила за порог двенадцатилетия своего существования. Партия и власть на местах считаются очищенными от всех нежелательных элементов. Иностранным гостям рассказывается сказка о царстве межнационального братства. Осуществлены на деле какие - то там "национальные советские республики", где вся полнота власти, весь "революционный суверенитет" находится в руках представителей бывших угнетенных "туземцев".
Слозом, царство земного рая для бывтпих национальных меньшинств России. Но стоит просмотреть советские же газеты, как от этого рая вы получите впечатление настоящего ада, где роль "карающих ангелов" выпала "а русских, а грешными, испытывающими "муки ада", оказались все те же "туземцы". Нам доставлены данные о национальных взаимоотношениях в Туркестане. Из них мы остановимся только на тех, которые имеют официальное советское происхождение. Можно быть вполне уверенным, что клеветать на себя 'большевики не станут. Говоря о росте национализма в средне - азиатских республиках, советский официальный орган "ЗА ПАРТИЮ" (октябрь 1928 г.) пишет: "Одним из условий роста национализма здесь, где живы еще воспоминания о царской политике русского самодержавия, является великорусский шовинизм". Чрезвычайно интересно сопоставить это признание большевистского журнала с тем, что пишет парижский журнал г. Керенского ДНИ (№ 10) по этому же поводу. Согласно информации органа г. Керенского, "шовинистические настроения в России являются ответом на русофобский шовинизм в школах" республики... с магометанским населением (!). Другими словами, г. Керенский хочет сказать, что русские защищаются от магометанского населения Кавказа и Туркестана.
Есть люди и вещи, с которыми и о которых не спорят.
Мы вынуждены причислить г. Керенского к той категории русских людей, с которыми по вопросу о межнациональных отношениях спорить не следует. Большевики, стоящие у кормила правления, утверждают, что "великорусский шовинизм" вызывает ответный русофобский национализм на местах, а г. Керенский, сидя в Париже, доказывает как раз противоположное. Конечно, будущая политика подавления национального движения в пределах России, если только суждено ей восстановиться в желательных для г. Керенского границах, может быть оправдана только вот такими наизнанку перевернутыми утверждениями.
Но мы пойдем по следам советских данных.
Названный большевистский журнал ЗА ПАРТИЮ сообщает следующие формы проявления "великорусского шовинизма" в Туркестане: обеспечение вновь построенными жилищами исключительно рабочих - европейцев; никуда негодное обслуживание культурных запросов и нужд национальных меньшинств; случаи противодействия со стороны администрации, технического персонала и даже рабочих - европейцев в деле повышения квалификации рабочих - неевропейцев; случаи прямого издевательства над рабочими националами (т. е. туркестанцами)... Этот же журнал приводит клички, которые дают русские дети детям туркестанцев в школах.
- От этих кличек, пишет ЗА ПАРТИЮ, смердит старой зоологической национальной политикой...
Так, например, детей коренных туркестанцев их русские товарищи в советских школах называют "азиатскими дикарями". Вот где причина и корень "русофобства в школах", а не в том, что будто "значительное количество преподавательских мест в советских школах в Туркестане занято бывшими офицерами турецкой армии. ("ДНИ", Лв 10). Информатор г. Керенского просто солгал: в Туркестане нет ни одного учителя - турка. Советское правительство уже давно изгнало оттуда всех вообще турок. Разрешение туркам на выезд в Туркестан выдается в исключительных случаях. Знает ли г. Керенский, что советское правительство не согласилось на учреждение турецких консульств в пределах Туркестана? Я приведу теперь данные об отношении русских рабочих к рабочим туркестанцам. При этом буду придерживаться официального органа ср. аз. бюро ЦК ВКП в Ташкенте -журнала "ЗА ПАРТИЮ" (сентябрь 1928).
- "Нередко на предприятиях рабочие местных национальностей подвергаются со стороны отдельных рабочих-русских различным насмешкам и издевательствам....
"В общежитиях КЗЫЛКИЯ (каменно - угольные копи), рабочие - русские намазывали кровати и посуду свиным салом, с тем, чтобы выжить киргиз из общежития. Киргизы коллективно покидали казармы... "Из-за "шуток" товарищей русских, рабочие туркмены на шелкомотальной фабрике вынуждены отказаться от посещения столовой и завтракать располагаются вокруг -фабричного здания на засоренной разными отбросами земле... "В Байрам - Али (Туркменистан) во время спектаклей на туркменском языке нередко появляются группы залихватского молодня капьяной ватагой сопровождают спектакль хулиганским смехом-гоготанием... "В Красноводске, зная, что рабочие-тюрки с презрением относятся к вину, для питьевой воды использовали винные бочки и тем оставляли их без воды на работе при жаре в 50 тр... А вот свидетельство делегата VІ Конгресса Коминтерна Домбаля, объезжавшего Туркестан, о положении рабочих - туркестанцев на рудниках КЗЫЛКИЯ. "Насколько плохи условия жизни рабочих коренной национальности, пишет Домбаль, (см. ташк. "ПРАВДА ВОСТОКА" ном. от 31 окт. 1928 г.), говорит хотя бы имевшееся в одном из бараков объявление, грозящее всем (русским - рабочим), не соблюдающим правил о чистоте, отправкой на жительство в "таджикский" барак... И Домбаль вынужден констатировать, что "предпосылкой к росту национального шовинизма" среди туркестанцев служат именно подобные отношения с ним со стороны русских. О насмешках над туркестанцами со стороны русских говорят и секретарь ср. - аз. бюро ЦК ВКП Зеленский, и отв. редактор журнала ЗА ПАРТИЮ и газеты ПРАВДА ВОСТОКА Нодель. И все они, Домбаль, Зеленский, Нодель и ряд др. самых ответственных работников сов. власти и большевистской партии в один голос твердят; "Рост русофобского национализма среди туркестанцев объясняется неумеренным проявлением русского великодержавного шовинизма". - И в это самое время осведомитель г. Керенского, одного из людей, воплощающих в себе идеалы февральской революции, пытается перекрасить истину и сообщает совершенно ложные данные о каких-то турецких учителях в Туркестане и проявление русского великодержавного шовинизма перекрашивает в невинный цвет национальной самозащиты русских. Всем известно наше отношение к этой власти: мы ее начисто отвергаем. Но при всем том, мы должны уметь отличить ответственность власти, как таковой, от ответственности отдельных элементов, работающих под флагом этой власти. Так, например, привсем нашем отрицании советской власти, мы не можем сказать, что за издевательство русских рабочих над рабочими туземцами ответственность ложится всецело на Сталина. Нет, в этих издевательствах, в этих кличках "азиатский дикарь" границы ответственности выходят далеко за личности и политику Сталиных, Рыковых и др. Среди туркестанцев никогда не было разногласий относительно будущего своей страны. Все, "без исключения, были вначале автономистами, а после стали самостинами. Были разногласия относительно распределения ответственности за выпавшие на долю Туркестана национальные несчастья. Одни считали ответственными русских вообще, другие старались, больше по соображениям тактики, чем ли существ", ограничить ответственность правящими кругами и партиями. Вести, идущие из Туркестана и подтверждаемые почти полностью самой же советской прессой о межнациональных взаимоотношениях и их причинах с одной стороны, попытки журнала г. Керенского перекрасить истину и ответственность за межнациональный ад в Туркестане, за развитие там русофобства перевести "с больной головы на здоровую" - с другой, все это вместе взятое стирает и эту тонкую тактическую грань между группировками туркестанцев. Ну а там, где детей туркестанцев обзывают "азиатскими дикарями", где на страницах "научного" журнала ("Медицинская мысль Узбекистана"), редактируемого профессорами Ср. - Аз, Университета гг. Грековым, Крюковым и Ситковским, доказывается, что туркестанцы созданы дикарями; там, где рабочий туркестанец подвергается издевательствам только потому, что он туркестанец; там, где жилище рабочего туркестанца является карцером для провинившихся русских; где русские отрицают "равноправие национальностей", когда речь заходит о туркестанцах; где даже смеются над "правительствами основных национальностей" (см. "ЗА ПАРТИЮ", июль 1928 г.), там, я го-ворю, никаких тактических тонкостей не знают и не поймут. Там говорят просто:
- Это русские издеваются над нами. И больше ничего. Там русофобство оправдано. Это факт весьма прискорбный, но факт. Тысячи турецких учителей, если бы они и были в Туркестане, не в состоянии развить русофобство до такой степени, как эта кличка, данная русскими детьми туркестанским детям, как эта плаката о "таджикском бараке"...
ТҮРКІСТАНДА ПОГРОМ
Мұстафа Шоқайұлы Бұрынғы орыс саяси жүйесінің билік түрлері мен тәсілдері арасында өркениетті әлемнің өзге елдерінде кездеспейтін жағдаяттар көптеп ұшырасады. Соның бірі - төменде баяндалатын погром мәселесі. Әлемнің өзге тілдерінде погромға балама болатын сөз жоқ. Бұл сөздің мағынасы "жаппай қырып жою" дегенге саяды. Алайда орыс монархизмі арқылы бұл сөз саяси астарға ие болған. Бұл саяси ұғым бойынша, погром - яхудилерді қырыш - жою және оларды талан-таражға ұшырату деген магына береді. Орыс монархизмі тарихында қанмен жазылған Одесса погромы, Кишинев погромы және тағы басқа ірілі - ұсақты погромдарды көруге болады. Погромды патшалық жүйеге тән нәрсе ретінде қабылдаған біз сияқты аңғал адамдар, патшалық биліктің құлауымен бірге погром да келмеске кетеді деп ойлаушы едік. Алайда бұл болжам бізді жаңылдырыпты. Кеңестік биліктің орнауымен погром қайтадан тірілді. Кеңестік биліктің алғашқы кезеңінде төңкерісшіл орыс шаруалары мен әскерлерінің (Маркстік көзқарас тұрғысынан) "Түркістанда әлеуметтік жағынан әлсіз болғандықтан көздерін құрту керек" деп, саналы және мақсатты түрде мыңдаған Түркістандық бауырларымызды талап, тонап, қырып-жойған погром туралы айтып отырғаным жоқ. Большевиктер бұл погромдар жасалған кезеңді "төңкерістің ессіз, масаң кезі" деп атап, өздерін алдарқатуға тырысып бағады. Алайда бұл "төңкеріс әкелген масаңдық" кезеңінде жалғыз Түркістан түріктерінің ғана қорлық, зорлық – зомбылық көргенін, қырылғанын, оған керісінше елді билеп төстеген орыс шаруалары мен кулактардың әбден байып алғанын ақыр соңында жынданып өлген Ленин де, бүгін Стамбул маңайындағы аралда "қонақ" боп жасырынып жатқан Троцкий де білгісі, түсінгісі келмеді. Бүгін Кеңестер Одағының тізгінін ұстап отырған Сталин ғана қанды оқиғалардан бірнеше жыл өткеннен және қырылған адамдардың саны екі миллионнан асқаннан кейін барып бұл погромға идеологиялық сипат беру керек деп шешті. Ресейлік большевиктер тарапынан Түркістанда ұйымдастырылған және әлемде теңдесі жоқ бұл қанды қырғынға Сталин "дүниежүзілік пролетар төңкерісінің байрағын алғаш рет көтерген ұлы орыс халқы өкілдерінің заңды һәм орынды мақтанышының белгісі" деп баға берді. Алайда бұл жерде таң қаларлық екі жайт бар. Погром Сталин билік басында тұрған тұста, Сталиннің өз сөзімен айтар болсақ "Кеңестер Одағында ұлттар туыстығының социалистік жұмағы орнаған" және төңкерістің балаң масаңдығы тарқаған кезеңде жасалып отыр. Бұл жағдайда біз погром жасалған жердің Түркістан, ал өлтірілгендердің Түркістандық түріктер екеніне тіпті таң қалмаймыз. Орыс қызыл армиясының қаруына сүйенген және орыс пролетар диктаторлығынан қуат алатын Түркістандағы Кеңес үкіметі тек погром жасау арқылы ғана өмір сүре алады. Керкинск каналының құрылыс алаңында түрікмен жұмысшыларының, Бұхарада өзбек жұмысшыларының, жаңа Түркістан - Сібір темір жолы бойындағы Арыс бекетінде қазақ жұмысшыларының жаппай таяққа жығылуы сияқты кішігірім погромдарды тізбектеп отырсақ, Түркістан тарихының бүкіл беттерін осымен - ақ толтыруға әбден болады. Бірақ біз тағдыр тәлегіне ұшырағандықтан, ұлы орыс халқының заңды һәм орынды мақтанышына етіміз үйреніп кеткені соншалық, жұмысшылардың таяққа жығылуы, сабақ өтіп жатқан тұста ұлты өзбек мұғалімді бір комсомолдың терезеден лақтырып жіберуі сияқты "ұсақ - түйек" мәселелерге назар аудармаймыз да. Алайда біздің де сабырымыз бен шыдамымыздың бір шегі бар. 1919 жылдың алғашқы екі айында Түркістанда екі погром жасалды және оқиғаның екеуі де Қазақстанда болды. Алгашқы погром Аягөз (Сергиополь), екіншісі Павлодар қаласында жасалды. Бұл погромдардың өрбіп, өрістеуін зерттеп, оқиғаның астарына үңілген адамның есіне еркінен тыс бұрынғы яхуди погромдары түсері анық. Тап сондай, жігіттігі ұстап қопаңдаған орыстың масаң тобы құтырына күліп, екінші жақтан "тезірек көздерін құрту керек" деген дарақы сөз, балағатқа аралас айқай естіледі. Бұрындары мұндай есерсоқтар орыс халқының бірлігіне арқа сүйейтін, ал бүгіндері оларды Ресей коммунистік партиясы өз қамқорлығына алып отыр. Аягөзде погром жасағандар Түркістан-Сібір теміржолында жұмыс істейтін орыс жұмысшылары. Санаулы ғана қазақтың теміржолда жұмыс істегені бұлардың шымбайына қатты батса керек. Погром жасағандар партия мүшелері болғандықтан, парияның жергілікті бөлімшесі оларды қолдап, қорғап қалды. Погромды ұйымдастырған Соловков, Рыбин және Калкин дегендер. Бұлардың бірі аласапыран уақытта ақ гвардияшылар сапында болғаны үшін кейінірек ату жазасына кесілді. Қалған екеуін тергеген Кеңестік сот бұлардың іс-әрекеттерін "дүниежүзілік пролетар төңкерісінің байрағын алғаш көтерген великорус ұлтының заңды һәм орынды мақтаныштың" көрінісі ретінде бағалап, қандықол айыптылар пролетар болғаны үшін дар ағашынан құтылып кетті. Кереку қаласында жасалған екінші погром Қазақстан басылымдары беттерінде "великорустық шовенизмнің нәтижесі" деп беріліпті. "Иені Түркістанның" оқырмандары, бұл сөздердің астарын түсініп отырған боларсыз?! Кеңестік Қазақстанда великорустық шовенизм погромға себеп болып отыр. Осыдан кейін Қазақстан үкіметінің шын мәнінде қазақтардың үкіметі екеніне сенуге болады ма? Большевиктер билігі орнағаннан кейін великорустық шовенизм жойылды деген қайтіп иланбақсың? Кеңестік билік пен жүйе ұлттар теңдігін шынайы қолдайды дегенге кім сенеді? Жоқ. Жоқ. Жоқ! Мүлдем сенуге болмайды! Большевиктердің шімірікпей айтқан сұмпайы өтіріктеріне ешқашан сенбеңіз! Мынаны біліңіз және ешқашан естен шығармаңыз: Түркістан және маңайындағы халқымыз бұрынғысынша, тіпті, одан да бетер жағдайда, великорустық шовенизмнің тепкісіне түсіп, тұншыға егілуде. Түркістандағы Кеңес үкіметі - погром жасағандардың үкіметі. Түркістандағы кеңестік жүйе - погром жасағандардың жүйесі. Елімізде аяусыз жүріп жатқан қаніпезерлікке қарсылықтың, наразылықтың дәл баламасы болатын сөз таба алмай отырмыз. Погром... Бұл қандай жабайылық, тағылық! Бейшара халқымыз осы тағылықты сезіне отырып, тағылықтың қоластында өмір кешуде. Великорустық сезімге мастанған өкілдерін қанағаттандыратын бұл погромдардан біз тек қана ұлттық азаттық пен тәуелсіздікке қол жеткізгенде ғана құтыла аламыз. Түркістандықтар, мұны ешуақытта ұмытпаңыз!
ТҮРКІСТАННЫҢ БАҚЫТСЫЗДЫҒЫ ЖӘНЕ ОДАН ҚҰТЫЛУДЫҢ ЖОЛЫ
Мұстафа Шоқайұлы
Біз төменде Түркістан хақында жазылған екі дерек көзіне тоқталамыз. Бұл дерек көздерінің бірі большевиктер тарапынан Түркістанға жер аударылған, кейін сол арадан қашып шыққан бір армянның, таты бірі ұзақ уақыт Ашхабатта "ағарту мен медицина саласында қызмет атқарған", кейін сол жерден қашып шыққан бір түркістандықтың жазғандары. Армян өз естеліктерін Керенскийдің "Дініне" жолдаса, түркістандық, әлбетте бізге жіберіпті. Осы екі адамның екеуі де Кеңес баспасөздері мен Иран тілшілерінің ақпараттарына сүйеніп, "Яш Түркістан" беттерінде мейлінше кеп жазылған нәрселер хақында, яғни Түркістанда көтерілістер бұрынғыша тоқтаусыз болып жатқанын тілге тиек етеді. Түркістан көтерілісі Қоқан үкіметі большевиктер тарапынан құлатылған күннің ертесі, яғни бұдан тұп-тура 14 жыл бұрын басталған болатын. Содан бері тоқтаусыз жүріп жатыр. Көтеріліс ұлттық және саяси себептерге байланысты басталды. Кеңес үкіметі Түркістанға жат және жау еді. Ол болашақта да солай болып қала береді. Бұл үстемдіктің ұлттық идеяларымызға қарсы бағытталған мақсаттары және пролетариат диктатурасы түрінде көрінген формасы халқымыздың саяси-әлеуметтік ұғым түсініктеріне сәйкес келмейді. Тіпті оның өмірлік мүдделеріне ашықтан - ашық дұшпан. Кеңес үкіметінің "әскери коммунизмнен" жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) көшуінен соң, оның талаптары мен түркістандықтардың ұлттық мүдделері арасында пайда болған кереғарлықтар Мәскеу үкіметінің Түркістандағы ең жақын жақтарына да белгілі болып қалды. "Әскери коммунизм" аяқталар кезде Мәскеу большевиктерінің Түркістанға біршама саяси, экономикалық бостандық беру жөніндегі "төңкерісшіл уағдаларына" сенетіндер шыға бастаған. Олар өздерінің сол сенім - үміттерімен большевиктер партиясына кіргенін айтатын. Және солай айтуға хақылы да еді. Іс жүзінде жағдай мұндай үміттердің бос елес екенін дәлелдеді. Кеңес үкіметінің жаңа экономикалық саясаты түркістандық отаршылдық езгіні бұрынғыдан бетер ауырлата түсті. Түркістанды орыс астығына тәуелді етіп қойған мақта саясаты, Түркістан шаруашылығын Мәскеу үкіметі мүдделеріне құрбан етіп жіберген колхоздар, орыс шаруалары мен Түркістан шаруалары арасындағы экономикалық, мәдени қайшылықтарды тым асқындырып, Түркістанда орыстарды патша заманындағыдан әлденеше есе көбейтіп жіберген мұғажыр саясаты, Түркістандағы мемлекет аппараттарының "ұлттандырылмауы", Түркістанның ұлттық мүдделерін орыс пролетариаты диктатурасының талаптарына сәйкестендіретін большевиктік саясаттың "ұлы орыс державалық" рухы - міне, осылардың бәрі Түркістандағы "ұлттық большевиктердің" көзін ашты. Ленинизмнің кешегі мүриттері бүтін партияның "сара жолынан" тайып, оппозиция түрінде көріне бастады... Сұлтанбек Қожанұлы, Рахым Антамұлы, Қыңырталиұлы, Қасымұлы, Маннан Рамиз, Бату, Сматұл Садуақасұлы және басқа да ондаған, жүздеген "коне коммунистер" Мәскеу саясатының Түркістандағы өткір қарсысына айналып отыр. Шын мәнінде бұл да "басмашылықтың" басқа бір түрдегі көрінісі. Алайда бұл ұлттық дәстүрге адалдықтан, соны жақтағандықтан емес, коммунистік үкіметтің "төңкерістік ақиқаттарына" сенімін жоғалту нәтижесінде пайда болған "идеологиялық басмашылық" болып табылады. Соз болып отырған "идеологиялық басмашылық" Қызыл армия көтерілісшілдерді рақымсыз жаныштаған кезде көріне бастап, төңкеріс әлсіреген кезде күшейе түскен өте-мөте көңіл аударарлық жәйт... 1931 жылды большевиктер партия ішіндегі ұлттық оппозициямен есеп айырысқан жыл деп есептейді. Ал біз дәл осы жылы қарсыласу қозғалысының өрті лаулай түскенін көріп отырмыз... Түркістан көтерілісінің аса күшті тегеурін көрсеткен дәуірі де болған. Ол кезде Түркістаннан біржола айырылып қалу қаупін сезген Кеңес үкіметі кейбір жерлерде саудаға бостандық беруге, шариғат бойынша үкім шығаруға, мекемелер басына беделді азаматтарды тартуға және осылар сияқты басқа да "кері төңкерістік әрекеттерге" баруға мәжбүр болған еді. Амал не, көтерілісшілер осы қол жеткен жеңістерді ұстап қала алмады. Түркістанның бақытсыздығы - көтерілісшілер ұйымының әлсіздігінде, басшылықтың күшті бір саясатты орталыққа ие бола алмауында еді. Большевиктердің қол астында өмір сүргісі келмеген соң, халық алды-артына қарамай бас көтеруге мәжбүр болды. Біраз кейін көтеріліске басшылық ететін бір орталық пайда болғанымен, бірақ бәрі бір оңалмады... Жалпы ұлттық істер мүддесінен өзінің жеке басының мүддесін жоғары қойып "атағын" шығаруға тырысатын кейбір интригандар көтерілісшілерді ұлттық бірлікке шақырудың орнына, социализм мен большевизмнен өздерінің шексіз ақымақтығы арқылы ғана өзгешеленетін солшыл социалистер жөнінде уағыз айтумен ғана шұғылданды. Ол аз болғандай, осы суайт, ақымақ социалистер көтерілісшілер сапында тұрып,-большевиктердің басшыларымен хат жазысатын. Мұндай ақымақтықтардың нәтижелері де таң қаларлықтай емес еді. Сондайлардың қызметі арқасында "ұлттық орталықтың" саяси күресте піспеген кейбір мүшелерінде және жалпы көтерілісшілер қатарында Ресей большевиктерімен тіл табысу мүмкін деген алдамшы үміт пайда бола бастаған. Большевиктер көтеріліске басшылық етіп отырған орталықта 1) әсіресе, солшыл социалист және 2) ұлтшыл ағымдар қатар жүріп жатқанын біліп алған болатын. Сол себепті большевиктер қозғалысты іштен іріту үшін емін-еркін маневр жасауына мүмкіндік тапты...Түркістанға келгенде тіпті асқына түскен. Әнуар пашаның келуі өте маңызды оқиға еді. Түркістандағы көзі ашық күштерді Әнуар пашаның төңірегіне жинап және оны барлық ұйымдардың көмегімен аяғынан тік тұрғызуға асығу керек еді. Әнуар паша Түркістанда көп іс тындыру мүмкіндігі бар адам еді. Біріншіден, ол түрік еді. Түркиядағы түріктерге Түркістан халқының сүйіспеншілігі ежелден күшті еді. Екіншіден, Әнуар пашаның өз басы біздің халқымыз арасында өте сыйлы еді. Үшіншіден, Әнуар паша мол тәжірибесі бар әскери адам еді... Осындай жағдайда барлық күштерді бір адамның маңына шоғырландырып дұшпанға қарсы қуатты сап құрудың орнына, "лидерлік" орынға кездейсоқ келіп қалған интригандар ұлттық қозғалыс ішінде қызмет бөлісу және социализм хақында уағыз айтумен әуре болды. Өздерін "социализмнің нағыз күрескерлеріміз" деп есептейтін осы білгіштер большевиктерге қарсы күресте қан төгіп жатқан Түркістан күрескерлеріне социализм туралы уағыз айтып, ұлттық шептің нығаюына кесірін тигізгеннен басқа ештеңе де тындырған жоқ. Біз Әнуар бастаған кең ауқымды қозғалыстың қайғысы нәтижесін жақсы білеміз. Әнуардың жеке басы тап болған қайғылы оқиға жалпы Түркістан қасіретінің бір көрінісі... Түркістан қасіреті жалғасуда. Біздің халқымыз өзінің ұлттық міндеттерінің маңызын терең түсінді. Ресей большевиктері Кеңес Одағының ешбір жерінде біздегідей қарсылыққа душар болған жоқ. Түркістанның бақытсыздығы сол - большевиктік төңкеріс біздің әлі ұйымдасып үлгермеген балаң кезімізде шарпыды. Орыстың патшалық мекемелері біздің ұлттық дамуымызды тежеп келген болса, большевиктер басқаруы халқымызды ұлттық сезімнен жұрдай етуге, мұндай сезімді көкірегінен біржола шығып тастауға тырысып отыр. Олар халқымызды орыс пролетариатының тепкісіне салды. Халқымыз мұндай қорлыққа төзбей, көтеріліске аттануда. Алайда күшті ұйымы, тәжірибелі әскери басшысы болмаған қарусыз халық мұздай қаруланған, кемелді мемлекетке қарсы күрескенде, мұндай күрес немен тынбақ?... Манжуриядағы жапон - қытай қақтығысының мысалы көз алдымызда тұр. 420 миллион тұрғыны бар Қытайдан 30 миллион тұрғыны бар Манжурияны тартып алу үшін Жапонияның 15-20 мың әскері жеткілікті болды... Кеңес үкіметіне қарсы күресте түркістандықтардың жеке-дара күресі ойдағыдай нәтижелерге жете алмайды. Оны ашық айтуымыз керек. Алайда біз өз кезінде түркістандықтардың көтеріліс жасамауға мүмкін болмағанын да жақсы білеміз. Біздің қасіретіміз осында. Біз көтеріліске шықпау мүмкін еместігін және ондай көтерілістердің нәтижесіз аяқталатынын күні бұрын болжап біле тұрып, шарасыз қалдық. Тығырықтан шығудың қандай жолы бар? Дұшпанға қарсы қарулы күресті партия, үкімет аппараттары ішіндегі күрестермен байланыстыру керек. Оған мүмкіндік бар ма? Біздің жауап беруге қиналатынымыз да дәл осы мәселе. Мемлекеттің іштей біріккен күштерін өздерінің ұлттық тәуелсіздігі жолында Ресейге қарсы күресіп жатқан басқа да халықтардың күресімен үйлестіру ләзім. Тығырықтан шығудың бұдан басқа жолы жоқ. Тек осылай еткенде ғана бостандыққа және тәуелсіздікке жету мүмкін болады.
ТҮРКІСТАННЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ - АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ
Есен Тұрсын Түрік халықтары әдебиеті ішіндегі ең бай әдебиет қазақ әдебиеті десек, ешқандай артық айтпаған болар едік. Қазақ халқында ақындық өнер мен философиялық ой - танымның күшті дамығаны жайында ел аралап, қазақтар арасында болған көптеген шет елдік ғалымдар да айтып кеткен. Кең дала, заңғар таулар мен жанға жайлы жайлаулар және табиғи тұрмыс салты сыйлаған кең мүмкіншілік пен мұңсыз өмір сияқты алғышарттардың халық өнерінің дамуына үлкен үлес қосқаны анық. Қазақ халық әдебиеті сарқылмас, шексіз қазына. Сондай-ақ ол басқа халықтар әдебиеті сияқты біржақты ғана емес. Ол табиғи құбылыс пен қоғамдық өмірдің бар саласына тамыр тартқан. Тарихи оқиғаларды керемет шеберлікпен суреттейтін қазақ халық әдебиетінің ішінде кептеген философиялық, дүниетанымдық туындыларды ұшыратуға болады. Өйткені, көне заманнан бері қазақ әдебиеті халықтың тел туындыларымен бірге атақты ақын-жыраулар шығармаларымен де ерекшеленеді. Қазақтардың көшпелі өмір салты жазуды етене меңгеруді белгілі дәрежеде кешіктірген. Сондықтан, халық өмірінің елеулі оқиғалары ұзақ уақыт ауызша айтылып, ел арасына тараған. Бұл жағдай көптеген құнды шығармалардың тар шеңберде қалуына яки тіпті, ұмытылып кетуіне әкеп соқтырған. Сонымен қатар, қазіргі қазақ әдебиетінің өзі орасан байлық ретінде көрсетуге әбден жеткілікті. Халық ауыз әдебиетінің ішінде "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Қыз Жібек", "Айман - Шолпан", "Бозжігіт" және тағы басқа туындылар ерекше атап өтерлік. Жоғарыда айтылған жайтқа қарап, қазақ әдебиетінде жазба әдебиет жоқ екен деп ойлап қалмаңыз. Сонау ислам дінін қабылдаған кезден бастап-ақ қазақ арасында жазба әдебиет кездеседі. Алайда, бұл әдебиет ислам діні және сол арқылы келген ислам мәдениетінің әсерімен тілдік және өзіндік ерекшеліктерінен айырыла бастады. Бұл әсер көбіне исламдық таным мен арабша, парсыша сөздерде көрініс тапты. Халық әдеби тіліндегі тазалық жойыла бастады, тұрмыс салты өзгеріп, дамыған сайын әдебиет түрлі тармаққа бөлініп, түрлене берді. Алғашқы кезеңде тек діни сипатта болған әдебиеттің бұл түрі де уақыт өте - келе сан салалы бағытта дамуға көшті. Сонымен қатар, ерекше ескерте кетерлік жайт, сырттан келген әсерге қарамастан, қазақ халық әдебиетінде ауыз әдебиеті үстем болып қала берді. Ауыз әдебиетінде дәстүрлі қазақ халық әдебиетінің рухы басым болса, жазба әдебиетінде сыртқы дүниенің әсері айқын еді. Әртүрлі тармақтарға бөлінгеніне қарамастан бұл XІX ғасырдың орта тұсына дейін жалғасын тапты. Осы кезеңнен бастап ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбайұлы әдебиетке үлкен өзгеріс әкеліп, халық әдебиетіне жаңа бағыт берді. Ол заманауи сипатта, ұлттық рухта өлеңдер жаза бастады. Абай орыс әдебиеті және сол арқылы Еуропа әдебиетін жетік білетін. Дегенмен, бұл таныстық оны қазақ ауылынан, кең даласынан және дала төсінде еркін жайлаған халқынан айырған жоқ. Ол дәстүрлі қазақ әдебиетіндегі халықшылдықты заманауи ұлтшылдыққа айналдырды. Абай өз өлеңдерін халықты тануға һәм танытуға арнады. Халықтың кемшіліктерін көрсетіп, одан тиылуға шақырды. Ол халықты, елін және оның табиғатын суреттеді, өткен күндердің жарқын беттерін сағынды, өз дәуіріндегі халықтың жағдайына жаны ауырып, қайғырды. Халықты келешек үшін дайындық жасауға, оқу-білім мен мәдениетке шақырды. Абай қазақ жастарын, жалпы қазақ жұртшылығын елін танып, білуге, оны сүюге және оған қызмет етуге үндеді. Орыс зерттеуші ғалымдары Абайды орыс әдебиетінің алыптары Пушкин мен Лермонтовты оқып, олардың шығармаларымен жақын таныс болған деп жазады. Ал, большевиктер оны "дала аристократы" ретінде қарап, "феодализм мен байшылдықтың жыршысы, ұлтшыл" деп қаралауда. Біздің пайымдауымыз бойынша, Абай қазақ әдебиетіне жаңа заманға сай ұлттық рух пен сипат берген ұлттық әдебиеттің шынайы реформаторы еді. Ол мұндай қызметті атқару үшін жеткілікті қабілет пен мүмкіншілікке ие еді. Абайдың жолын қуған кейінгі буын әдебиет өкілдері оның әсерімен һәм салған дара жолымен жүрді. Қазақ әдебиетінде бірден жаңашылдық рухы басым болып шыға келді. Ахмет Байтұрсын, Міржақып Дулат, Сұлтанмахмұт, Ғұмар Қарашұлы және тағы басқалары Абай қалыптастырған әдеби мектептің өкілдері. Соның ішінде, әсіресе, Ахмет Байтұрсын мен Міржақып Дулат тек қазақ әдебиетінің ғана емес, тұтас Түркістанның қалыптасып, құрылуына, одан кейін 1925-1930 жылдары кезеңінде маңызды қызметтер атқарған ерекше тұлғалар. Бұл екі азамат қазіргі кезде кеңестік Ресей өкіметі тарапынан "ұлтшыл" деп айыпталып, мұзға оранған солтүстік өлкеге айдауға жіберілген. Абай туған халқының ауыл тұрмысынан қол үзбеді. Ол шығармаларын қалың қазақ арасында, өз ауылында отырып жазды. Сондықтан, ол кісі тірісінде үлкен Түркістанның түкпір-түкпіріне танылып, өзіне лайықты бағасын ала алмады. Оның даңқы 1908 жылы "Абай өлеңдері" деген атпен жарық көрген шығармалары арқылы шығып, жалпақ жұртқа кеңінен белгілі болды. Алайда, өкінішке қарай, бұл кезде ұлы ақын өмірден озып кеткен еді. Сонымен бірге, ол артына мол мұра, мықты негіз қалдырып кетті, қазақ әдебиетінде оның әсері тез көрініп, Абай мектебі қалыптасты. Міне, еліне, халқына өлшеусіз қызмет жасаған ұлы ақынның өмірден өткеніне отыз жыл толып отыр. Өкініш сол, оның құнды шығармаларын халқымыз өз қажетіне жарата алмай отыр. Өйткені, елімізде үстемдік құрып отырған қызыл диктатура Түркістан ұлттық әдебиетінің өзге өкілдері сияқты Абай және оның шығармаларын Түркістан халқынан мейлінше жырақ ұстауға тырысуда. Төңкерістің алгашқы жылдарында қайта жарық көрген Абай өлеңдері бұл күндері мектептерден, кітапханалардан және кітап дүкендерінің сөрелерінен алынып тасталған. Бұл күндері орыстың кез-келген ұлтшыл ақын-жазушысының еңбегін табуға болатын Түркістанда Абайдың шығармаларын кездестіре алмайсыз. Мұның себебі де белгілі: орыс ұлтшылдығы! Алайда, бұл әрекеттер пайдасыз әрі нәтижесіз болады. Өйткені, Абай сияқты ұлттық ақындардың еңбектері мен Түркістан халқы арасында "Қытай қорғаны" орната алмайсыз. Қаншалықты шектеу қойылғанымен, халық рухының туындысы болған шығармалар оның жүрегінен берік орын алып, жасампаздығы арта бермек!
V ТАРАУ. ЭМИГРАЦИЯДА ЖАЛҒАСҚАН КҮРЕС
ТҮРКІСТАН ТҮРІКШІЛДІГІ
Бас мақала Біз Түркістанды бөлшектеуді қабылдамайтын, Түркістан және түркістаншылдық сезімін жоғалтпаған жерлестерімізбен бір пікірдеміз. Түркістан біртұтас ұлттық бірлікте жөне ол сол тұрғыдан көрініп те отыр. Түркістанның рухани, саяси болашағы Түркістан түріктерінің бірлігінде жатыр. Түркістандағы қазақ түріктері 1918 жылы Түркістан қаласындағы шақырылған құрылтай атынан Арқа қазақтарына үндеу жолдап, Ұлы Түркістан астына жиналуға шақырғаны осы тұтастықтың мән-маңызын әйгілей түскен еді. Түркістан түрікмендері де 1919 жылы өздерінің кейбір басшылары тарапынан жеке түрікмен хандығын құру хақында жасалған ұсыныстарды қабылдаудан үзілді-кесілді бас тартып, Түркістан тұтастығына шын берілгендерін ашық көрсеткен болатын. 1919 жылы Ташкентте шақырылған Мұсылман коммунистері ұйымдарының құрылтайына Тұрар Рысқұлов бастаған Түркістан коммунистері де өзбек, қазақ, қырғыз, түркімен, татар, башқұрт деп бөлінуді доғарып, олардың бәрін бір ғана Кеңестік республикасы етіп құру жөнінде қаулы қабылдағаны да осы бірліктің қадір-қасиетін терең сезінудің нақтылы көрініс еді. Осы бірліктің қайда бастайтынын бұрынғы орыс өкіметі де жақсы білген. Ол түркістандықтарды ру, ұлыстарға бөліп тастау үшін, әсіресе, өзбектер мен қазақтарды (ол кезде "қырғыз", "сарт" деп аталатын) айырып тастау үшін қолдарынан келгеннің бәрін істеп баққан еді. Түркістанды бүгін "ұлттық" республикаларға бөлшектеп жатқан большевиктер де бұл бірліктің қайда апаратынын жақсы біледі. Түркістанның біртұтас ұлттық мемлекет құруынан олар да өлердей қорқады. Сол себепті оны болғызбау үшін бүкіл күш-қуатын жұмсап бағуда. Кезінде орыс миссионері Остроумовтың ермегіне айналған Түркістан көшпенділерін "сарттарға" қарсы айдап салудай арандатқыш тәсілдің Ыстамбұлдан шығатын "Атсыз журналда" төбе көрсетіп қалуы себепті (12-сан) біз бұл мәселеге арнайы тоқталып, түркістандықтардың назарын аударуға мәжбүр болып отырмыз. А.К. деп қол қойған біреу бас редакторымыз тарапынан Заки Валидидің кітабы жөнінде жазылған мақалаға орай қайтарған жауабында "Түркістанның болашағын құрып жатқандар және құратындар Түркияның қала тұрғындары мен Түркістанның сарттары емес, Түркияның ауылдықтары мен Түркістанның көшпенділері екенін бауырымыздың біліп алғаны жөн болар еді" дейді. Ол өзінің осы сөздерінің астын сызып бадырайтып көрсетуге тырысыпты. Ең алдымен біз А.К. - мен бұл мәселеде бір пікірде бола алмайтынымызды мәлімдегіміз келеді. Түркияның болашағы хақында сәуегейлік жасау түркістандықтардың міндетіне жатпайды. Түркия бүгін өз тарихының бір жаңа дәуіріне аяқ басты. Бұрынғы Осман империясының орнына жаңа Түркия Республикасы құрылды. Елдің саяси, рухани, әлеуметтік, экономикалық салаларының бәрінде түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Қашанда осындай өзгерістер кезінде оған ықпал етіп, оны жүзеге асырып отырған топтардың да өзгеретіні табиғи. Бұл тұрғыдан келгенде, Түркия қалаларынан гөрі Түркия ауылдарының көбірек рөл атқаратыны да заңды. Біз жаңа Түркия дүние жүзіне бір ұлттық үлгі-өнеге болып көрінуін шын жүректен тілейміз және оған сенеміз. Алайда ғасырлардан бері ұлттық тәуелсіз мемлекет болып өмір сүріп келе жатқан Түркия өлшемдері мен тәуелсіздігін күреспен алмақ болып жатқан Түркістанның келешек өмірін жоспарлауға бола қояр ма екен? Түркістан көшпенділердің "отырғаны" мен өзбектердің "отырған" түрінде сөйлеген сөздерінен саяси нәтижелер шығарып, Түркістанның болашағы "отырған" деп сөйлеушілердің қолында болады деп пайымдау тек күлкілі ғана емес, саяси көрсоқырлық, тіпті ұлттық мүддеміз тұрғысынан қарағанда, қылмысқа пара-пар дер едік. Бізді "қылмыс" сөзін қолдануға мәжбүр еткен нәрсеге келсек, Түркістан қазақтарын өзбектерге қарсы айдап салу үрдісі күні кешеге дейін кейбір жекелеген адамдардың хаттарында ғана қолданылып келген болса, енді оның А.К. мырза тарапынан баспа бетіне шығарылуы еді. Бұрын жекелеген адамдардың хаттарында ғана төбе көрсетіп, одан ары бармағаны себепті, біз бұл мәселеге онша мән де бермей келген болатынбыз. Енді, міне, ол Ыстамбұл басылымдарына шыққан соң, қарап отыра алмадық. Оның үстіне төңкерістен кейін қолданудан біржола қалған "сарт" атауын А.К. мырзаның қайта жаңғыртуы өзбек бауырларымыз тарапынан қалай қабылданарын жақсы білетіндігіміз себепті де үнсіз қалуға хақымыз жоқ болды. А.К. мырзаның орынсыз жерден ортаға шыққанына орай "Яш Түркістан" басқармасына келіп түскен наразылық хаттарын жариялау жеткілікті болар еді. Бірақ біз бұл жолы оларды қоя тұрамыз. Бұл жолы біз тек түркістандықтар мен Түркістан ұлтшылдығының қас жауы болған остроумовшылдықтың Ыстамбұл басылымы беттерінде көрінуіне орай наразылық білдірумен шектелеміз. Түркістанның болашағы "тәуелсіз Түркістан" ұраны астында ресейден бөлініп шығып Түркістан мемлекетін құратын халық бұқарасының қолында. Татарлар мен башқұрт бауырларымыз Түркістан түрік мемлекетімен қойындасып, қолтықтасып кете алса, түрікшілдік пен түрік рухы үшін ұлы табыс болар еді. Біз бүгін ұлтты құтқару күресімізде, ұлттық құрылысымызда түркістандықтарды ру, ұлыстарға бөліп, іштен іріткі салатындарды Түркістан ұлтшылдық идеясы мен мұраттарының жауы деп есептейміз. Қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен... - бәрі бір кісідей жұмылып Түркістанның ұлттық ұраны астына топтаспайынша, Түркістанның болашағын қамтамасыз ету мүмкін емес. Олай болса, халқымыз мемлекеті мен қоғамдық өмірін өз қалауынша құру құқығына ие бола алмай отырған кезде, сыртқы ортақ жауға қарсы бірлікте күрес жүргізіп жатқан шақта, Түркістанның болашағы анадай немесе мынадай тайпаның қолында деп пайымдауға алынып жүрсек, мұның өзі ұлттық жауымыздың диірменіне су құйып, нанына май жағып беруден басқа ештеңе де болмас еді.
ВОСПОМИНАНИЯ
Мустафа Чокай-оглу Перед самым моим отъездом в Берлин, в середине июля этого года, мне было предложено в Париже произнести перед микрофоном небольшую речь, обращенную к Туркестану. Я не решился на столь ответственное, в особенности в переживаемое нами время, выступление по двум, с моей точки зрения, весьма важным причинам. Одной из них я считаю почти полную оторванность в течение двух последних десятилетии от страны. Я опасался возможности психологической ошибки в своем обращении к стране, в которой московские большевики за эти годы истребили буквально всех более или менее видных представителей национальной интеллигенции, большей частью советской же формации. На их места большевики выдвинули и поставили других, молодых - правда, тоже туркестанцев, но людей, совершенно не связанных с нашим добольшевистским прошлым и внешний внесоветский мир познавших по большевистским источникам. И разница в этом, произведенном кровавой рукой красной Москвы, изменении в советском и партийном руководстве в так называемых "национальных республиках" Туркестана стала очевидной даже для "невооруженного глаза". В то время как московское правительство не могло заставить расстрелянных им впоследствии, например, Акмаля Икрама, Файзулла Ходжа, Турара Рыскула и др. "правивших" Туркестаном по воле самой же Москвы людей, признать благотворность для Туркестана переселения русских крестьян и "благодеявий русского культуртрегерства", - новых своих ставленников сталинские молодцы выпустили - одного, председателя совнаркома Казахстана, со статьей в "Известиях", приглашающей в Туркестан русских переселенцев, и другого - секретаря ЦК узбекской компартии Османа Юсупова - со статьей, восхваляющей культурную роль "великого русского народа" и призывающей учителей так называемых "национальных школ" обучать детей туркестанских тюрок русскому языку, предпочтительно даже перед своим родным языком. И за ним последовал декрет о введении в принудительном порядке русского алфавита в школах Туркестана. Что народ наш в массе своей относится и не может не относиться отрицательно и враждебно ко всем этим советским "благодеяниям", как враждебен он и к самому большевизму вообще, в этом мы не хотели сомневаться. Но все же, что означают и могут означать эти перемены в персонале и, даже на советский масштаб, резкие изменения в политике? Может ли Москва, не имея некоторой "моральной опоры" в стране и в народе, взяться, после опытов многолетних восстаний, за такие крутые изменения? Неужели народ наш уже смирился и поник главой перед "несокрушимой мощью" красной Москвы? Как он воспримет при новых, созданных этими изменениями, условиях наш новый призыв к продолжению борьбы?
Вот целый ряд вопросов, которые тревожили меня?
И, с другой стороны, нам было хорошо известно, какое потрясающе глубокое впечатление произвело на нашу страну в целом германо-советское соглашение от 23 августа 1939 года и как использовали его московские большевики в своих целях. Ведь девять десятых из расстрелянных московскими большевиками представителей туркестанской национальной интеллигенции (и "национал - большевиков", в том числе) были обвинены московским правительством в том, что они будто были тесно связаны с заграничным Туркестанским Национальным Центром и, через его посредничество, "являлись агентами германского фашизма". И вот, невозможность проверки, из-за перерыва связей, действительности или, точнее, меры действительности воздействия на моих соотечественников моего радиовыступления при этих условиях - вынудила меня отклонить весьма дружественное для нашей страны и лестное для меня лично предложение - говорить перед микрофоном... Но война против Советского Союза началась. Ее начал 3-й Рейх, т.е. государство, считавшее себя единственно способным материально и идеологически на ведение этой войны и на ее победоносное завершение. Мы не хотели сомневаться в том, что в этой войне мы вместе с нашим народом находимся на одной стороне, разумеется - на противоположной Советам. А, между тем, сообщения с фронта говорят о "до последнего бойца дерущихся узбекских частях", о "киргизах, с какой-то дикой яростью кидающихся в атаку" ... Что это? Туркестанцы, еще не так давно ожидавшие войны против Советской власти, как единственного средства избавления и от, большевизма, и от "русского империализма", вдруг стали советскими патриотами? Откуда взялись вдруг все эти "узбекские, киргизские" и др. воинские "национальные" части, которых, как мы знали, не было вовсе? Неужели московским большевикам удалось таки привить и туркестанцам "яд советолюбия"? Только встреча с военнопленными туркестанцами могла бы ориентировать нас относительно действительного положения в стране и настроений нашего народа и разрешить закрадывавшееся в душу и тревожившее совесть сомнение, вызванное указанными выше сообщениями с театра войны. И я, не выезжая еще из Парижа, высказал пожелание, чтобы германское верховное командование разрешило нам повидать наших соотечественнков - военнопленных. Просьба эта была уважена. Разрешение посетить лагери военнопленных получили не только мы, туркестанцы, но и другие ... Посещение лагерей началось в конце августа, и до начала ноября мы успели побывать во многих лагерях и перевидать много десятков тысяч натних соотечественников Не без некоторой тревоги я шел на встречу со своими туркестанцами. И то сказать! 22 года отделяют меня от Туркестана, от живой встречи с туркестанцами! За все эти долгие годы, исключая два последних, мы сохраняли связь со страной только через посредство печати и изредка доходивших до нас писем. По ним мы изучали подсоветскую жизнь нашего народа, сами писали в своих собственных журналах (из них издававшийся в Берлине до этой войны в течение почти 10 лет "Яш Туркестан" занимает" совершенно особое место) и давали информации в иностранные издания. По реакции советской прессы на нашу деятельность можно было судить, что мы довольно хорошо знали происходившее в стране и правильно ориентировались в, настроении народа. Оправдается ли этот наш "прогноз издалека", т.е., найдем ли мы в показаниях военнопленных подтверждение правильности нашей позиции и относительно Советов, и относительно СССР вообще, и, наконец, относительно будущего самого Национального Туркестана? Ведь мы шли к молодым людям, большинство которых родилось уже при советской власти, и, если они и слышали о нас что - либо, то только в изображении кривого зеркала большевизма. Найдем ли мы с ними общий язык понимания действительности? Вот вопросы, которые прежде и больше всего занимали меня лично, когда во вторник, 26 августа, в составе комиссии под руководством немецкого штурмбанфюрера я выезжал из Берлина по направлению к Ганноверу. Не скрою, вопрос об устройстве военнопленных в лагерях был для меня на втором месте, ибо я полагал, что в Германии они должны быть устроены вполне нормально. И первая же встреча с военнопленными рассеяла мои сомнения относительно первой категории вопросов и обнаружила всю неудовлетворительность положения военнопленных в лагерях. Пленные туркестанцы делились на две категории: военнопленные красноармейцы, т.е. военнопленные в собственном смысле слова, и попавшие в плен сосланные советским правительством на принудительные работы туркестанцы, осужденные советским судом за разного рода антисоветские деяния и преступления, т.е. гражданские пленные. Те и другие жили совершенно в одинаковых условиях. Ни в режиме, ни в праве на работу никакой разницы между ними не было. Живут люди обеих этих категорий в тесной дружбе. Видно по всему, и сами они говорят, что дружба эта не результат общности их судьбы в плену, так сказать "товарищей по временному несчастью", а того, что все они - и те, кто взят в плен в форме красноармейца, и те, кто захвачен в своем цивильном одеянии "советского невольника" - считают себя в одинаковой мере жертвами большевистского пленения Туркестана. 62-летний "гражданский пленный" в Просткене и молодой красно - армеец в Сувалках, точно сговорившись между собою, говорят, что и в Туркестане между осужденными за антисоветские деяния туркестанцами и всей массой даже партийцев народ никакой разницы не делает, ибо и партийцы туркестанцы почитаются "кандидатами на осуждение", и что партийный билет для туркестанцев - лишь временная защита. С трогательной заботливостью друг о друге говорили туркестанцы. Пожилые "гражданские пленные" просили меня проявить больше заботы о молодых военнопленных красноармейцах, ибо они нужнее для будущего строительства Туркестана, а красноармейцы проявляли много тревоги за судьбу "гражданских пленных" как невинно страдаютцих. - Просите, чтобы их или отпустили, или поставили на работу, - говорили военнопленные красноармейцы. Подобное отношение друг к другу открытых врагов и официально долженствующих быть защитниками советской власти туркестанцев говорит о настроении нашего народа и его отношение к большевизму гораздо больше, чем листы их показаний. Во всех почти лагерях, в особенности в лагерях большого скопления военнопленных туркестанцев (Просткен, Сувалки, Понеген, Дебица, Деба и др.) меня узнавали очень скоро. Одна узнавали меня по фотографиям в советских изданиях, другие читали обо мне в большевистских изданиях. Находилась и такие, которые меня видели в детстве и "запомнили крепко" из-за советской кампании против меня и против деятельности организации, которую я имею честь представлять и возглавлять. Среди пленных оказалось даже двое моих близких родственников. Благодаря этому между нами создавалась атмосфера близости и даже интимности, которая развязывает языки и раскрывает сердца. Эти, как будто лишенные общего интереса, личные моменты я привожу здесь в подкрепление моего доверия к тому, что говорили военнопленные красноармейцы -туркестанцы о жизни нашего народа под советский властью и о себе. И, думается мне, что в своем доверии к словам и показаниям военно - пленных туркестанцев я не ошибаюсь. Военнопленные туркестанцы состояла из уже находившихся в рядах Красной Армии (от нескольких недель до двух лет) до начала этой (германо - советской) войны и из попавших на фронт по общей мобилизации уже после объявления войны. В осмотренных мною лично лагерях вторые составляла большинство. Девять из десяти, по крайней мере, из этих последних не умеют обращаться с винтовкой. Не умеет хорошо обращаться с винтовкой и значительно больший процент кадровых красноармейцев - туркестанцев. Многие и многие туркестанцы - красноармейцы проходили воинскую службу во внестроевом порядке: в обозах, в качестве конюхов, поваров, на интендантских складах. "Какие мы солдаты, если за полтора года пребывания в Красной Армии ни разу не держали в руках винтовки!" - говорят многие. Многие туркестанцы, даже из среды уже состоявших в рядах армии год и больше, не знают и не понимают русского языка, т.е. языка команды. Среди взятых в армию по мобилизации уже после начала войны очень много учащихся (низших, средних и высших учебных заведений), учителей начальных и средних школ. Есть инженеры, доктора медицины и артисты, причем последние не имели даже возможности переодеться и грим с лица снимали во время посадки их в вагоны, что свидетельствует, с какой поспешностью советское правительство проводило мобилизацию и отправляло на фронт, на передовые позиции людей, совершенно не обученных воинскому строю.
- "Нас было в одном классе педагогического института всего 15 человек - туркестанцев. 26 июня в класс явился директор, велел нам выстроиться отдельно и ждать указаний военных властей. Через час нас прямо повели на вокзал, посадили в вагон и отправили "для обучения воинскому строю". Куда именно нас везут, мы не знали... В Самаре нам роздали солдатские шинели и выдали винтовки. В Харькове винтовки эти отобрали, якобы, для русских, отправляющихся на передовые позиции. Прошло еще несколько дней, и нас высадили из поезда возле какого - то леса. Здесь нас обучали в течении трех дней; на четвертый мы узнали, что командир наш сбежал, что мы находимся в немецком окружении. Нас всех, вместе с присоединившимися в дороге, оказалось несколько сот туркестанцев. Собрались и решили - всем вместе отдаться в плен".
Вот почти дословный перевод рассказа группы военнопленных туркестанцев. Весьма много среди туркестанцев, взятых по мобилизации - детей и родственников сосланных или уже расстрелянных "буржуев и кулаков", которые считаются лишенными права защищать "социалистическое отечество международного пролетариата". Они-то, эти молодые люди, узе, безусловно, не сражались за советскую власть и за чужую родину. У них-то, у этих детей и родственников сосланных или расстрелянных врагов советской власти, вне всякого сомнения, нет и не могло быть желания приноравливать свои показания к обстоятельствам нынешнего своего положения в плену. И то, что показания и других красноармейцев с удивительной точностью совпадают с их показаниями, утверждает меня в мысли о единстве отношения туркестанцев, всех туркестанцев (исключения, конечно, возможны) к большевизму вообще и к его исполнительному органу - советской власти, в частности. И отношение это не только отрицательное, но чрезвычайно враждебное. Нет надобности входить в подробности этого отношения. Нет буквально ни одной области, в которой политика советской власти не вызывала бы к себе резкой вражды со стороны туркестанцев.
- При советах мы потеряли право называть свою страну ее историческим именем, -говорит один педагог. - Туркестан теперь называется "Средняя Азия и Казахстан", Средняя Азия, в свою очередь, поделена на четыре "самостоятельных республики" (Узбекистан, Киргизстан, Туркменистан и Таджикистан). За наименование "Туркестан" преследуют, как за националистическую "фашистскую" контрреволюцию.
- Переселения русских крестьян в Туркестан, в особенности в казахскую его часть (Казахстан), приняло размеры, о которых царское правительство едва ли и мечтало, -говорит военнопленный агроном.
- Плодородные районы по новым железнодорожным линиям - продолжает его слова другой агроном, - заселены исключительно русскими. Русским же переселенцам отведены вновь орошенные долины пор. Чу. Еще десять лет советского господства и - Казахстан почти наполовину был бы заселен русскими ...
Многое мы знали о советской политике и об отношении к ней нашего народа, но то, что передают нам военнопленные туркестанцы, переходит за пределы всякой фантазии. Увы, такова советская действительность. Обычно почти все военнопленные начинают свой рассказ с 1928 года, начала первой "сталинской пятилетки" и, так называемых "конфискаций и раскулачивания"; с жутью останавливаются на 1933-34 годах, когда голод у вес миллионы туркестанцев, и с нескрываемой злобой говорят о "сталинской конституции", с которой, по словам туркестанцев, начинается самая страшная последняя стадия национальной трагедии Туркестана.
- К 1928 году, - говорят военнопленные, - Туркестан как будто совсем излечился от последствий бедствий 1918 - 1922 годов. Количество скота приближалось к норме до большевистского времени. Грянули конфискации и раскулачивание. Началось бегство. Кто мог, "тот откочевывал, куда глаза глядят: кто в Восточный Туркестан, кто в Монголию, кто в Афганистан. Чекисты и вооруженные красноармейцы рыскали по аулам и производили раздачу скота богатых - беднякам. Богатые, не успевшие или не имевшие возможности откочевать, и те, у которых скота было больше "революционной нормы" -начали резать скот.
Резали и бедняки переданный им от богатых скот, ибо они не были уверены в прочности своего владения. Количество скота катастрофически пало: вместо, приблизительно, 50 млн. голов скота в Казахстане, через год два после "конфискаций и раскулачивания" осталось едва-ли 6-7 млн. голов... Богатые разорились и бедные не стали богатыми.
- Вызвало ли это мероприятие советской власти "классовую вражду" в среде туркестанцев? - спрашиваю я.
- Нет, не вызвало, - отвечают все, кому я задаю этот вопрос.
- Вот мы, - говорят двое военнопленных, стоящих передо мною, - один - сын "раскулаченного богача" и другой - сын бедняка, которому при разделе нашего скота досталось несколько голов, - встретились на фронте. Он - "кадровый солдат рабоче -крестьянской Красной Армии", а я - не имевший права на защиту "социалистической родины". Мы одинаково охотно бежали из армии и сдались в плен, ибо мы одинаково ненавидим большевизм и его советское правительство.
О голоде 1933-34 гг. нигде как будто не писалось. Когда об этом мы сообщили в своем журнале "Яш Туркестан", советская пресса обозвала нас "наймитами фашизма", клевещущими на советскую власть. И, оказывается, голод в те годы в Туркестане унес миллионы человеческих жертв. Всюду, во всех частях Туркестана, - рассказывают военнопленные, - образовались "плешины", пустыри, охватывающие иногда районы очень значительного радиуса. Там раньше были аулы и селения, жители которых поголовно вымерли от голода. Я расспрашиваю своих родственников о родных местах, при воспоминании о которых слезы выступают на глазах у них, еле сдерживаю себя и я.
- Там (следует название места) теперь никто не живет. Большая часть народа вымерла, некоторые куда-то бежали и лишь немногие переселены по другую сторону железной дороги, километрах в 20-30 от прежнего нашего жилья.
В подробностях рассказывают мне о том, кто из моих ближайших родственников, когда и при каких обстоятельствах погиб: кто от голода, кто убит большевиками. Узнаю, что мой младший брат, вернувшийся из ссылки в 1936 году, был снова схвачен в 1938 году, как "агент", и с тех пор о нем ничего не слышно. Та же участь постигла и трех моих двоюродных братьев, тоже, оказывается, зачисленных в "германские агенты". Передаю эти "семейные обстоятельства" потому, что они очень характерны, я бы сказал, типичны в советском Туркестане. Не у меня одного, конечно, погибли родственники. Погибли от рук большевиков родственники и просто близкие у всех тех, кто со мною вместе или отдельно, но под тем же знаменем национального освобождения Туркестана вел и ведет борьбу против советской власти и московского большевизма. Опустел и опустошен не один только наш уголок. Таких "плешин" в Туркестане, во всех частях его, многое множество. Там, где до большевиков были цветущие аулы, где паслись тучные стада, теперь пусто - и рыщут шакалы да хрюкают дикие кабаны...
- Степь наша наполовину вымерла, - рассказывает военнопленный писатель и приводит давно нам знакомые официальные цифры "советских достижений": вместо 6 млн. 600 тыс. до начала советской диктатуры казахского (степного) населения, в Туркестане ныне осталось немногим только более 3 млн. душ... - И, перед этой невиданной в истории национальной трагедией, какое имеет и может иметь значение гибель моей семьи, моих родных? Разве только то, что эти отдельные семьи составляют незаметные слагаемые той страшной суммы - свыше 3-х миллионов, что является даныо крови, наложенной большевизмом на степной Туркестан.
А сколько погибло других туркестанских тюрок: киргизов, узбеков, туркмен! Вот военнопленный узбек, молодой человек высокой интеллектуальной квалификации. Он хорошо знает свою Фергану. Хлопковая житница Туркестана, следовательно, и всего Советского Союза, плодороднейшая долина Фергана, населена чрезвычайно плотно. Местами плотность эта достигает плотности населения Бельгии. И в этой Фергане встречаются опустевшие районы. Он называет селения, по которым автор этих печальных строк в феврале 1918 года проходил пешком неделями, от преследовавших его по пятам большевиков. Он называет, между прочим, одно селение, при упоминании которого перед моим мысленным взором встает... виселица, на которой я должен был висеть. Все эти места ныне опустели... Куда же делись жители этих селений? Может быть, они вместе с жителями других туркестанских, главным образом, узбекских селений, в поисках работы нахлынули в города и там увеличили число их жителей? Ведь вот сообщают же советские данные о чрезвычайном росте городов Туркестана.
- Только очень немногие ушли в города. Большей частью погибли от голода и от карательных экспедиций во время восстаний. Сравнительно немногие ушли в другие страны, главным образом, в Афганистан.
- Увеличение городов и их населения идет, главным образом, за счет русских, - вставляет другой военнопленный, "квалифицированный рабочий". - Вот, к примеру, Ташкент. До революции, как вы знаете, в нем было около 250 тыс. населения, из которого русских было всего около 60 тыс. Ныне в Ташкенте насчитывается 603 тыс., и русских в нем добрая половина.
- Если не больше, - прибавляет тут же стоящий другой рабочий, узбек. - И увеличение это идет, как можете догадаться, не за счет конечно, естественного роста населения, а за счет переселения извне, из России... То же самое с Кокандом. Самаркандом и даже с Бухарой, где, как вы знаете, русских была горсточка.
- А как же с Карагандой? - спрашиваю я рабочего казаха, с карагандинских каменноугольных копей.
- Город Караганда возник почти на пустом месте вокруг каменноугольных шахт. Теперь он - второй, после столицы Казахстана Алма-Ата, город у нас. Большинство жителей там -русские. Им отведены лучшие квартиры, лучшие дома. Мы - казахи, так называемые "хозяева", живем на окраинах, в домах, плохо отстроенных, и ютимся в маленьких квартирах, если вообще можно назвать квартирами редко - редко две комнаты без всякой обстановки и удобств...
Подходят другие военнопленные туркестанцы и, прерывая другого, начинают рассказывать о разных городах - старых и новых - в тех же самых выражениях, что и предыдущие. Я терпеливо слушаю их всех, ибо им хочется высказаться. Об опустошенных местах и бежавших тысячами рассказывают и туркмены, и киргизы. Одна и та же картина всенародного бедствия. Становится страшно от их рассказов. Хочется переменить тему беседы, и я перехожу ко вновь открытым при советской власти оросительным каналам и орошенным местам.
- Советские оросительные каналы? Советское орошение? - волнуясь, начинает узбек -гидротехник. - Каналов этих вырыто, действительно, довольно значительное количество. И они большие. Иные тянутся на сотни километров. Но не думайте, что прорыты они по новым местам, по пустырям каким-нибудь, как это выходит по советским описаниям. Большей частью эти новые каналы являются лишь соединением прежних, за время советской власти и востаний заброшенных каналов. Если сравнить длину новых "каналов - гигантов" с длиной брошенных, то еще вопрос: что больше - длина ли вновь открытых или длина заброшенных, до сих пор еще остающихся сухими, каналов. И количество орошенной земли, по сравнению с теми заданиями которые предъявляет советская власть Туркестану, значительно меньше, чем это было до большевиков.
И гидротехник выкладывает передо мной цифры: сколько гектаров орошенной земли было до большевиков, что засевалось на ней, что получало население за свой труд и какова, приблизительно, величина орошенной площади ныне, что заставляет на ней сеять советское правительство и что остается у самого населения от плодов его каторжного колхозного труда.
- Советское правительство теперь все нажимает на хлопок, - продолжает гидротехник. -Спросите здесь, сколько найдется среди военнопленных туркестанцев - колхозников - не хлопководов? Вероятно, только горсточка. Все или почти все хлопководы. Засевать хлопок стало как бы принудительной обязанностыо каждого туркестанца, в особенности узбека. Сперва большевики решили перейти к хлопковой "монокультуре". До крайнего предела были уменьшены посевы хлебных злаков. Нам говорили, советские спецы читали убеждатощие доклады, в которых рябило в глазах от цифр, доказывали, как "дважды два четыре" (и ссылками на письма Энгельса к Марксу и Маркса к Энгельсу, - иронизирует гидротехник), как Турксиб будет сильно снабжать Туркестан дешевым сибирским хлебом, в особенности Узбекистан (Фергана, в частности) должен быть превращен в сплошную хлопковую плантацию...
- Советское правительство добилось своего: Узбекистан стал сплошной хлопковой плантацией, но "планового" результата все - таки не получилось. Несмотря на ненормальное увеличение площади против прежнего хлопкосеяния, большевики все-таки не получили нужного им "планового" количества хлопкового волокна. Меры же к сбору хлопка были приняты суровые. Раньше у нас хлопком подбивали зимнее верхнее одеяние, подбивали одеяла, значительное количество хлопка оставалось для выделки кустарным путем разного рода материи. И т.д. Теперь советское правительство распорядилось отобрать у населения все, весь хлопок без остатка. В Ташкенте, например, за сохранение у себя для домашних потребностей пяти килограмм хлопка приговаривали к расстрелу. Под страхом расстрела за "кражу социалистической собственности" было запрещено делать нитки и домотканые материи из хлопка. И все - таки "планового" количества советское правительство получить не могло: саботировали. Саботировали все: колхозник -хлопковод, женщины и дети сборщика хлопка; возчики, доставлявшие хлопок на хлопкоочистительные заводы, приемщики хлопка на заводе. Саботаж шел сверху, от партийного руководства и правительства в Ташкенте. Оттуда, из Ташкента шли "плановые директивы" и вслед за ними летели "секретные разъяснения". По "плановым директивам" выполнялись требования о количестве засеваемой площади, по "секретным разъяснениям" - вода то заливала посевы, то ее нехватало. На складах при хлопкоочистительных заводах хлопок оставался под открытым небом (для постройки навесов, видите - ли, не было необходимого материала) - и хлопок мок и гнил под дождем...
- Турксиб никакого почти хлеба сибирского не доставлял. Ни дешевого, ни дорогого. Из-за недостатка же своего хлеба в Туркестане начался голод. Положение стало как-будто безвыходным: правительство не получает "планового урожая" хлопка и не доставляет населению тоже "планового количества" сибирского и вообще хлеба. Надо было найти какой-то выход. Тогда-то вот большевики "взялись за ум" и приступили к чистке и ремонту старых каналов, а также к соединению нескольких отдельных каналов между собой системой промежуточных каналов. Таким образом и получился знаменитый "Большой Ферганский канал", а также несколько других каналов в Узбекистане и Туркменистане. Инициатива этих работ исходит не от советской власти, а от самого населения, самих колхозников, которые думали не о советских "плановых достижениях", а о собственном желудке и желудке своих семей...
- Я старый хлопкороб, - рассказывает один "граж-данский пленный" лет под 50. - Вначале я был собственником нескольких гектаров земли, которые засевал своими средствами. Потом, после одного неудачного года, попал в лапы крупных хлопковых фирм. Влез в долги. Через несколько лет землю эту продал с торгов. Стал я наемным рабочим фирмы и стал обрабатывать свою же землю уже в качестве чужого рабочего. Пришла революция. Я и многие мне подобные надеялись получить обратно свои земельные клочки. Напрасная надежда. Вслед за громкими кричащими обещаниями у большевиков последовали жуткие и кошмарные дела. Отобрали земли у богачей и передали беднякам. То же самое сделали со скотом и хозяйственным инвентарем вообще. Потом придумали и навязали нам "колхозы". Мы и не заметили, что "добровольно вступаем" в эти колхозы. Нам объяснили потом, что мы свободны войти или не войти в колхозы, но предупредили, что, в случае несогласия "добровольно стать колхозниками, у нас отберут землю и право на работу. Прищлось, конечно, "добровольно" согласиться быть колхозниками .
- Я не скажу, что прежде было хорошо, что русские банки, фирмы разные и их посредники поступали хорошо с нами. Нет и нет. Было очень скверно. Но советские колхозы и большевистские колхозные порядки хуже. Прежде за невыполнение обязательства, т.е. за невыплату долга, я лишался земли, из мелкого собственника становился наемным рабочим, которого, конечно, эксплуатировали. Все это отвратительно. А вот теперь, в так называемом советском раю, я был разве свободен? Разве я был хозяином своей земли? Нисколько. Теперь я собственность советского государства, обязанный делать то, что мне укажут и прикажут московские большевики. И за невыполнение наложенных на меня ими обязанностей, за малейшее уклонение от предуказанных ими правил "социалистического поведения" меня бросают в тюрьму, судят, как самого последнего уголовного преступника, преследуют семью, близких и друзей и если не расстреляют, то высылают в далекие места.
— Знаете, как я попал в плен? - продолжает этот "гражданский пленный" (он узбек из Ферганы). - Я сдал наложенный на меня "планом" урожай на один центнер меньше и на два дня позже. У меня двое детей были больны корью. Жена оставалась с ними дома и при сборе хлопка ни она, ни дети помогать мне не могли. Был у меня еще клочек отведенной мне в личную собственность земли (0,15 га), на которой я разводил огород. Нужно было работать и там, ибо ведь этот клочек земли и кормит нас. Конечно, при этих обстоятельствах я и не мог выполнить "плановое задание"... И, что же? Меня приговорили к трем годам принудительных работ. Полтора года я работал где-то на севере, а потом меня, вместе со многими другими, перебросили на германскую границу. Там я работал по прокладке дороги и попал в плен.
- Что с моей семьей, не знаю. Может быть, она вся погибла или тоже выслана куда-нибудь, как семья врага "социалистического отечества". - При этих последних словах рассказчик не выдерживает и заливается горькими слезами.
- Проклятые большевики! Когда они только сгинут с лица земли? Увижу ли я вновь свою Фергану, свой уголок, семью свою? - глотая слезы говорит несчастная жертва большевистской тирании, оказавшаяся в плен в Германии.
Длинной вереницей тянутся передо мной военнопленные туркестанцы и, один другого дополняя, воссоздают трагическую картину страданий родной страны. Для нас, все эти двадцать с лишним лет непрестанно работавших под знаменем освобождения Туркестана, и, в частности, для меня лично сообщаемые военнопленными сведения не представляют новости. Достаточно было бы прочитать несколько номеров нашего, в течение почти десятка лет и до конца августа 1939 г. издававшегося журнала "Яш Туркестан", чтобы убедиться в этом. Ново то, что разоблачение советской лжи - правда о Туркестане есть всегда разоблачение советской лжи - исходит из уст туркестанцев, именем которых московские большевики и их наемные и добровольные агенты в разных странах Европы, не только коммунисты, но и из среды буржуазных снобов, прикрывали все преступления кремлевских палачей. Я останавливался здесь с некоторыми, может быть, кажущимися лишними подробностями на показаниях военнопленных относительно некоторых известных нам - туркестанцам сторон советских "достижений" в Туркестане только ввиду такого характера их новизны.
ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫҢ БІРІГУ ЖОЛЫНДАҒЫ ӘРЕКЕТТЕРІ
Зәки Уәлиди Тоған
Бүгін Ресейден тысқары жерде өмір сүріп жатқан түркістандықтар арасында өзін түрік емес деп санайтын адам жоқ шығар. Әйтсе де, қалай болған күнде де бір орталыққа топтасудың қажеттілігі жөнінде Пәкістан, Кешмир, Америка, Түркия, Мекке, Иран және Еуропада өмір сүретін түркістандықтар бір-бірімен келісіп, өзара хат алысып тұрғанымен, осындай бір орталыққа әлі біріге алмай-ақ келеді. 1917-1918 жылдары Ташкентте шыққан "Ұлығ Түркістан" газеті бұл атауды Ресей қол астындағы Түркістанның жалпы атауы һәм Қытай қол астындағы Шығыс Түркістан (яки кіші Түркістан) ұғымына балама ретінде қолданған еді. Мен де сол кезден бастап барлық еңбектерімде Ресей боданындағы Түркістан үшін осы атауды пайдаландым, өйткені патшалық тұсында "Түркістан" атауы тек "генерал - губернаторлықтың" шекарасымен шектеулі қалатын еді және ол да үнемі өзгеріп отыратын. Шығыс Түркістанда осыдан екі жыл бұрын орыстар талқандаған ұлттық үкімет мүшелері тұтастықты сақтап қалды. Ал Ұлығ Түркістанда Ресейдегі соңғы төңкерістен кейін мұндай тұтас ұлттық үкімет құрыла алмағандықтан, ортақ үкіметтің жалғасы да болған жоқ. Ұлығ Түркістан түріктері кезінде Әнуар паша да қатысқан ұлттық басмашылық қозғалысына араласқан, яғни Түркістан азаттығы жолында қолына қару алып күрескен, кейіннен Ауғанстан, Түркия мен Пәкістанға келген азаттық жауынгерлері ескі күндерді естеріне алып, бір идея төңірегіне топтасып, ешкімді ру - тайпасына қарай бөле-жармағанына қарамастан, бұл соғысқа қатыспаған, Кеңестер Одағынан қашып келген яки Алманияда Гитлердің жаңылыс саясаты арқылы аралары ашылып кеткен топтар арасында тайпалық, ұлыстық айырмашылықтар айқын байқалып тұрады. Міне осы жайт та түркістандықтардың бірігуіне кедергі келтіруде. Алманиядағы түркістандықтардың бір тобы "Мілли Түркістан" деп аталатын өзбекше, екінші тобы "Түркелі" деп аталатын қазақша, өзбекше, тәжікше һәм түрікменше басылымдар шығарып, екі топ та "Түркістанды азат ету комитеті" деген атты иеленгеніне қарамастан, бір-бірінен мүлдем бөлек жұмыстар атқаруда. өз араларында кейде қақтығыстар да болып тұрады. Мұндай қажетсіз қақтығыстар мен пікір қайшылықтары ағылшын және орыс тілдері арқылы жария болғандықтан, Түркістан туралы құлақтары түрік жүретіндер де бұған мән беріп, нәтижеде осы қажетсіз ұсақ ұрыс-керістер Түркістан және түркістандықтар туралы бір-бірімен түсінісе алмайтын тобыр деген ұтым қалыптастыруда. Уақыт өте келе бұл мәселе де оң шешімін табар, әйтсе де қазіргі жағдайдың осылай өрбуі тілектес жандарды үмітсіздікке жетелеуде. Бұл пікір қайшылықтарының астарында 1917 жылты тайпа - ұлыстардың басшылық, жетекшілікке таласы жатыр. Бұл жайында мен "Түркістан тарихы" деген кітабымда (66, 377, 610-11 беттер) жан-жақты тоқталған едім. Бүгін тұтас Түркістан ретінде біріккісі келетін шығыс түріктері арасында Түркістанның қазақтар өмір сүретін аймағын бір жақтан өзбектер, бір жақтан татарлар, екіге бөліп алтысы келетін пиғыл байқалады. Қазақтар, түрікмендер және башқұрттар сол баяғы 1917 жылғы құрылтайларда - ақ Түркістанда ешбір тайпа - ұлыстың өзгелердің артықшылығын, ағалығын қабылдамайтын, терезесі тең жағдайда өмір сүретін өлкелердің федерациясы туралы пікірді ұсынған еді. Башқұрттар қазақтардың жетекшілерімен келісіп, сол 1917 жылдың шілде айында Орынборда баспадан "Мұсылман - түрік республикалары Бірлігі" деген карта басып шығарған еді, әлі күнге дейін менің кітапханамда сақтаулы тұр. Бұл картаның 1918 жылы жарық көрген нұсқасы менің "Түркістан - Түркелі тарихы" атты кітабымның 371 бетінде берілген. Шығыс түркістандықтар арасында "Түркістан" және "түркістандық" деген атты өздері иеленгісі келетін бір топ өзбектің Қазақстанның тек жартысын ғана Түркістанның аумағы ретінде көрсеткен картасының бірі Абдулла Режеп Байсұнның "Түркістан ұлттық қозғалысы" деген кітабының соңында; Татарлардың Башқұртстан мен Қазақстанның батыс аймағын өздері "Еділ - Орал" деп атаған мемлекеттің құрамында көрсеткен картасы Аяз Исхакидің орыс һәм француз тілдерінде Берлинде жарық көрген "Еділ - Орал" деген кітаптың соңында қосымша ретінде берілген. Бұл екі жоспар да халқының саны сегіз миллионды құрайтын қазақтардың өлкесін екіге бөлетін болғандықтан һәм бұл мәселе қысылып-қымтырылмай, ашық түрде жазылғандықтан, қазақтар бұған қатты қарсы болды. Башқұрттар мен қазақтардың 1917 жылы өз алдына жеке-жеке автономиялар жариялауын жөне әскер құруын Аяз Исхаки бастаған топ көрші туысқандардың татарлардың жетекшілігінен бас тарту, тіпті, олардың құқығына қол сұғу деп санап, қазақтар мен башқұрттардың саяси жетекшілеріне өшпенділікпен қарады. Осы топтың кейбір керітартпалары маған 30 жылдан бері қол беріп амандаспайды. Мұндай керітартпалардың осындай мағынасыз ұстанымдары кейбір елдердің саясатына дейін әсер етіп жатқанын "17 Құм астында қалған қала" атты еңбегімде жазған едім. Бұл өшпенділік түрлі бет - перде жамылып алып, өкінішке қарай, ғылым саласына да әсер етіп жатыр. Кеңестік Ресейден келген өзбектер арасында мұндай керітартпа пікір Мұстафа Шоқай қайтыс болғаннан кейін кең тарай бастады. Өзі қазақ Мұстафа Шоқай тірі тұрғанда Ресей мен Алмания соғысы тұсында түркістандықтар арасында жарасымды бірлік пайда болар еді. Алайда Ресей қол астындағы мұсылман - түріктердің ішкі жағдайын дұрыс аңғара алмаған алмандар тұтқынға түскен түріктер арасында өзбектер мен татарларды алға шығарып, тайпалар арасында осы екеуін таңдап алып, қателікке ұрынды. Араға бақталастық кірді. Өзбектердің жетекшілігін қабылдағысы келмеген қазақтар мен татарлардың жетегіне көнгісі келмеген башқұрттар әлгілер тарапынан "большевик" деп айыпталып, Гитлер өкіметінің қаһарына ұшырады. Бұл жағдай қазақтар мен өзбектер арасында бәсекелестік пен іштей қарсылық туғызды. Сталинград майданы тұсында өзбектердің жетекшісі Уәли Қаюмға өкпелеп, орыс әскеріне қайтып оралған қазақ офицерінен Кеңестер Одағы көп пайдаланды. Оның айтқандары ақындар арқылы насихатқа айналып кетті. Әйгілі қазақ жырауы Жамбылдың алмандар туралы айтқан өлең жолдары да осы Алманиядан қашып келген офицердің айтқандарына негізделген еді. Қазір Мюнхенде қазақ, қырғыз, өзбек және түркімен тілдерінде "Түркелі" журналын шығарып тұрған қазақ инженер Қарыс Қанатбайға қарсы "Мілли Түркістан" журналын шығаратын Уәли Қаюм "орыстың тыңшысы" деген айып тағуда. Мұның бәрі сол баяғы көне әуеннің жалғасы. "Түркелі", "Түрк міллеті" деген сөздер де "Түркістан" ұғымына балама ретінде қолданылуда. 1917 жылы Ташкент пен Қоқанда "Түркелі" деген газет шыққан еді. Мен де ол кезде "Түркелі" деген сөзді "Түркістан" сөзіне балама ретінде қолдануды жақтайтынмын. Ағылшын мемлекеті латын және ағылшын тілдеріне екі түрлі айтылатын сияқты, Түркістанды да парсы және түрік тілдерінде "Түркістан" һәм "Түркелі" деп атауға әбден болады. Мюнхенде журнал шығарып жатқандар "Түркелі" деген сөзді журналдың және ұйымның аты ретінде қолданып жүр. Олар "Түркелі" деген сөзді "Түркістан" емес, "Ұлы Түркістан" сөзінің баламасы ретінде пайдаланады. Эмиграндта жүрген түріктер өздеріне кім қаржылық көмек көрсетсе, соның ықпалына түседі. Уәли Қаюм тобы Алманиядағы ағылшындардың тілін тауып, солармен ынтымақтасып жұмыс істеді. Қарыс Қанатбай мен жолдастары Американдықтармен байланысқа түсті. Америка Құрама Штаттарында Ресей мәселесін тек қана Ресей боданындағы ұлттар мәселесі ретінде қарастырудың қате екенін, сондықтан Кеңес Одағына қарсы жүйеге наразы орыстар мен бодан ұлттарды бірге пайдалану қажет екенін алға тартып жүргендер бұрыннан бар. Алмандардың осы мәселеде үлкен қателікке ұрынып, эмиграциядағы бүкіл орыстарды большевиктерге тапсырғанын тілге тиек етіп, Американдықтар Ресейден келген барлық топтармен жұмыс істеп, осы істі үйлестіретін арнайы комитет құрды. Бұл комитетті бұрынғы Мәскеу елшісі Киркпатрик басқарады. Соған орай осы комитеттің көмегі арқылы журнал шығарып отырған Қанатбай, Керенский және Мелгунов сияқты "біртұтас, бөлінбейтін Ресей идеясын" жақтайтындармен бір майданда бола алмайтынын Америка өкіметіне ашық мәлімдеді. Қанатбайдың журналы түрікшіл, ұлтшыл, Ресейге қарсы бағытты ұстанады. Қыркүйек айында шыққан алғашқы санның бас мақаласы орыстармен келісімге келудің мүмкін еместігін аңғартып, "ол немесе біз" деген атпен жарияланды. Бұл мақалада Қанатбай былай дейді: "Біз бүкіл тарихымыз бойынша өзімізді сақтап келдік, осы уақыт аралығында бізге жалғыз бір дұшпан ғана пәлекет пен апат уын түбіне дейін ішкізе білді. Бұл дұшпан әскерлік, ерлік, ар мен намыстан жұрдай еді. Ол тек жерімізді, алтынымызды, байлығымызды тонаумен шектеліп қалған жоқ, біздің қанымызды да сұрады. Ол қолында арағы бар алқаш мұжық бейнесінде біздің қанымызды қалағанынша төкті. Ол әлемге үстемдік жүргізуді ойлағандықтан, бұған біздің кедергі келтіретінімізді біліп, бізді жүйелі түрде құртып тынудың жолдарын қарастырды. Ол біздің тарих бойынша иеленген жетістіктерімізді жоққа шығарды, қасиетімізді қорлады. Өткеніміздің өтеуі, келешегіміздің кепілі болған өлкелеріміз бен жерлерімізді тартып алды. Ол өз ойын оңай жүзеге асырып, үстемдігін сақтау үшін бізді алты республикаға бөліп тастады. Ол біздің арамызға жат элементтерді кіргізу арқылы бізді бір-бірімізден ажыратып, аластатудың амалын ойлады. Бұл дұшпан оңай жау емес. Ол өтірікші һәм ұждансыз. Ол бәлкім, қуатты һәм күшті шығар, бірақ адам емес, бізге тіпті ұқсамайды. Ол өзінің қияли ойларын жүзеге асырамын деп соншалық есіріп кетті, бізге енді барар жер қалмады. Бұл дүниеде ол немесе біз қаламыз. Ол тек ұлттар үшін қауіп қана емес, нақ пәлекеттің өзі әрі қалағанын алып тынбайтын нағыз қызыл көз. Ол қай жерге қолын созса, әуелі ұлттардың жүрегін жұлып жеп, олардың тамырларынан қан емді". Дәл осы басылымның 2-3 сандарында Бұрма деген бүркеншік атпен жазған біреу өзбек тілінде жариялаған мақаласында былай дейді: "Біз большевизмге қарсы күресте бір орталықтың төңірегіне топтасқымыз келеді, алайда ол орталық Ресей бола алмайды. Біз бүкіл империализмге қарсы тұратын Біріккен Ұлттар Ұйымының төңірегіне бірігеміз. Біз Керенский мен Мелгуновтардың Ресей боданындағы халықтардың азаттық тілегін "Құрушы мәжілістер" арқылы тұншықтырғысы келген әрекеттеріне қарсы, бұл күресті әрбір ұлт өзінше жүргізетінін жария еттік. Ресей деп аталатын шеңберде өмір сүріп жатқан халықтар арасында бір ауру бар болса, ол да шовинист орыстардың шектен шыққан қияли армандары. "Ресей" деген қазіргі кезде көптеген тұтқын ұлттардың түрмесі болғандықтан, оның төңірегіне ешкімнің де топтасқысы келмейді". Осы мақаласы арқылы Бұрма большевизмге қарсы терезесі тең ұлттар арасында ортақ майданның болуы мүмкін екендігін, алайда олардың "Ресей халықтарының азаттығы" деген жалаң ұранға елікпейтінін айтып, эмиграциядағы орыс ұлтшылдарына тойтарыс береді. Эмиграциядағы Ресей қол астындағы түрік жетекшілері арасында Америкадағы аталған комитеттің де ықпалымен, өздеріне құрметпен қарайтын әрі болашақ тәуелсіздіктерін қабылдауға даяр, еркін ойлы эмигрант орыстармен ортақ дұшпанға қарсы ымыраға келіп жұмыс істеуді қабылдағандар болса да, Ресейдің қол астына қайта кіруді қалайтын бірде-бір адамды кездестіру мүмкін емес. Бұл мәселеде түркістандық ұлтшылдар арасында ешқандай келіспеушілік жоқ. ...Түркістандықтар бұл күнде негізінен алғанда төрт топтың маңайына топтасқан. Олар 1) Шығыс Түркістандықтар тобы - бұлар ұлттық Қытай үкіметімен ымыраға келуде. Ұлы Түркістанда 2) Өзбектерді топтастырған Уәли Қаюм тобы, 3) Қазақтар, қырғыздар және түркімендер басым болғанымен, құрамында өзбектер де бар Түркелі, яғни Қанатбай тобы, 4) Пәкістан мен ауғанстанда және бірнеше ислам мемлекеттерінде өмір сүріп жатқан бұрынғы басмашы - мұжахеттер тобы. Бұлардың арасында алғашқы және соңғы топ бірігуді жақтайды. Алайда өзбектер тобы Қанатбай тобындағы өзбектерді өздеріне қосып алып, Түркелі комитетін тек қазақ-қырғыз ұйымына айналдыртысы келеді. Сондықтан бұл әрекет ақыр аяғында тайпалық қақтығысқа апарып соғуы мүмкін. Қазақтар болса бір жақтан түрікмендер, екінші жақтан башқұрттармен біріккен жағдайда халқының саны 10 миллион болып, үш жарым миллион шаршы шақырыммен аймақтың үлкендігі жағынан да Өзбекстан мен Тәжікстанның 550 мың шаршы шақырымдық шекарасынан әлдеқайда ауқымды болып шығады. Алтай тауларынан Памирге, Волгадан Батыс Моңғолияға дейінгі аралықты алып жататын алып мемлекет. Егер осылайша тайпалық араздық қоза беретін болса, Шығыс Түркістандағы ұйғырлармен бірге жүрген қазақтар да өз туысқандарына бөлініп шығады. Кеңестер Одағының да қалауы осы емес пе, Орта Азиядағы түріктер бір-бірімен араздасып, тіпті жауласып, тайпалық ерекшелікке қарай бөлініп, жатса, олар да қуанбақ...
ЖАУ ҚОЛЫНДА ҚАЛҒАН ЖАЗУШЫЛАР
Хамза Абдуллин Бұл екеуін де мен Еуропа жерінде кездестірдім. Ол былай болған еді. 1941 жылы тамыз айының екінші жартысында неміс қарулы күшінің құрамындағы генерал Боктың армиясы киев бағытында шұғыл шабуылға шықты. Бокқа қарсы соғысқан үш армия (51, 21, 26) аш қасқырдай құтырған Бокқа төтеп беруге мұршасы келмей, тек кейін қарай жылжудан басқа әрекет жасай алмады. Дегенмен, біздің үш армияның үшеуі де жаяулап - жалпылап 23-тамызда Днепрден бері қарай аман-сау өтті де, өзенді жағалай өскен қопа мен шіліктердің арасына жасырынып, Украинаның астанасын қорғауға кірісті. Дәл осы кезде ұлы Сталиннің. "Өлсек те, тірілсек те Киевті жауға қолдан бермейміз" деген бұйрығы шықты. Сталиннің осы бір ойланбай берген бұйрығына қарсы шыққаны үшін армия генералы Жуковтың "таяқ жегенін" - тағы естідік. Ақыры не керек, біз сол Днепр жағасында шілікке тығылып жата бердік. Боктың әскерінің жартысы Кременчуктен, жартысы Черниговтан өтіп кетіп, Харьковта түйісті. Орыстың көркем тілімен айтқанда, біздің үш армия "қаптың ішінде" қалды да қойды. Бұл 1941 жылдың 18- қыркүйегі еді. Сөзді қысқартып айтқанда, немістің осы қоршауында советтің 650 мыңнан аса адамы қолға түсті... Менің жүрген жолым: ең бірінші - Полтава облысындағы Хорол деген қаладағы лагерьге қамалдым. Одан соң Ковель - Алтенбург - Демблин - Веньямино лагерьлерінде өле жаздап өмір сүрдім. Міне, осы бір сандалу сапарымда сонау Еуропа даласында қазақтың қобызын сарнатқан "Қорқыты" мен желмаясын жүйткіткен "Асанына" кездестім. Ол былай еді. "Веньямино" лагерінде 40 мың тұтқын тұрдық. Барлығы Орта Азия мен Қазақстанның мұсылмандары. Бір күні, дәлдеп айтқанда, қарашаның 10-ы күні біздің лагерьде әдемі киінген екі адам пайда болды. Біреуі - қазақ Біләл, екіншісі - өзбек Мирахмет. Екеуі көптеген журнал көтеріп келді. Әр 100 кісіге бір журналдан таратты. Алып оқи бастадық. Негізінен журнал барлық түркі халықтарына түсінікті, баяғы "Қиссасы ул Әмбия" кітабының тілі сияқты жалпыға бірдей тілмен жазылыпты. Журналдың аты - "Мілли Түркістан". Редакторы - профессор Иохан Бензинг. Бірінші бетінде әдемі етіп салынған Мұстафа би Шоқайұлының суреті бар. Ашып оқи бастадық. Алгашқы бетінде "Түркістан" деген өлең бар. Астында "Қобызшы Қорқыт" деп қол қойылыпты. Өлең былай басталады екен: Көркі көркем кереметті, Күн келбетті көрер кезге, Сұлу сәуле нұр сәулетті, Сапасы мол сөйлер сөзге - Түркістаным, топырағында Тұруыма таппай тағат, Сандалып мен дүние кездім, Сәтсіз бір күн соғып сағат... Осыдан соң: "Асан Қайты" деген біреудің үлкен мақаласын оқыдық. Мақала өте күшті жазылған. Соңғы 25 жылдағы келімсектердің елімізге әкелген әрекетіне талдау жасапты. Мағжан, Сәкен, Бейімбет, Жүсіпбек, Ілияс, Ахмет, Әлихан, Әлімхандарды айтып, шерге шомады. Жазғандарын қызығып оқығанымен, олардың нағыз аттарының кім екенін біле алмадық. Бірақ Біләл мен Мирахмет Қорқыттың - Мәжит Айтбаев, ал Асанның - Мәулікеш Қайбалдин екенін бізге айтып берді. 1943 жылдың май айында бізге Берлиннен Расулов дейтін өзбек келді. Ол кісі маған: "Берлинде газет шығаратын болдық. Бірақ тұтқынға түскендердің ішінде түркістандықтардан бір де журналист жоқ екен. Берлиндегі татар комитетінде Мұса Гумеров (Мұса Жәлел) дейтін бір журналист бар. Олар қазір "Идел - Орал" деген газет шығарып жатыр. Сол Мұсаның жолдасы Ғайнан Құрмашев сені жақсы біледі екен, сол арқылы мен сені тауып отырмын. Мен сені Берлинге алып кетемін" деді. Расул менімен қосы Абдулхақ Оразов (түрікмен) және Жұматай Мамедов (қырғыз) дейтін жігіттерді бірге әкетті. "Түркістан комитеті" Нойенбургштрассенің он төртінші үйінде, екінші қабатта, ал татар комитеті осы үйдің үшінші қабатында екен. Мен комитетке кіре сала Қорқытты көргім келді. "Қобызшы Қорқыт қай бөлмеде?" деп сұрадым. "Мынау!" деді бір жігіт. Есігін аштым да, кіріп келдім. Оң жақ бұрыштағы столдың жанында отыр екен. Тани кеттім. 1939 жылы Қазақстан жазушыларының құрылтайында көрген едім. "Қорқытпен" қол ұстасып амандасып жатыр едім, қарсы столда отырған біреу: "Әй, мынау біздің жаман Хамза қайдан жүр?" деді. Жалт қарасам, өзіміздің Мәулікеш Қайбалдин. Бардым да қүшақтадым. Екеуіміз бір-бірімізді мейірлене сүйдік. "Қорқыт" қуана күліп отыр: "Әй, сендер бір-біріңді жақсы біледі екенсіңдер ғой" дейді ол бізге қарап.
Үшеуіміз қуанышқа бөленіп, әңгімеге кірістік.
- Атыңызды Асан Қайғы деп неге өзгерттіңіз? - деп сұрадым мен Мәулікештен. Мәулікеш күліп жіберді де: "Мына Қубастан сұра!" - деді "Қорқытты" көрсетіп.
- Қубасыңыз не сіздің? - дедім мен Мәулікешке қарап.
- Ойбай-ау, сен немене, Хамза, неміске тұтқынға түсіп, бәрін ұмытып қалғансың ба? Алматыда шығатын жазушылардың "Әдебиет майданы" атты журналдың 1940 жылғы 12-санында өзіңнің бірінші бәйге алған "Шойын жолда" атты дастаныңмен қатар менің "Қубас" деген новелламды оқымап па едің?
- Иә, оқығанмын, оның Мәкеңе қандай қатысы бар? - дедім мен күліп.
- Қатысы бар, - деді Мәулікеш те қарқылдай күліп, - Көрмейсің бе, әне ағаңның басын, жалт-жұлт етеді. Желкесінде ғана оншақты қыл қалыпты. Содан мен мұның басына қызықтым да, өзімнің новелламның "Қубас" деген атын осы сенің Мәжит ағаңа қойдым. Бұл екеуіміз құрдаспыз ғой, - деді.
Үшеуміз де қарқылдап күлдік.
- Өзің білесің ғой, Хамза, - деді Мәжит, - бұл сұмырайдың Алматыда да оңған қылығы болмайтын. Иса агай мен Қасым екеуіне қосылып алып, кім көрінгенді келеке етіп көшеде селтеңдеумен жүретін. Енді мұнда келгеннен соң, маған еліктеп, сен "Қобызшы Қорқыт" болсаң, мен "Асан Қайғы" боламын деп, данышпан атамыздың атын иемденіп алды.
- Олай болса, - дедім мен екеуіне, - біреуің қазақ елін сағынып, күңірентіп қобыз тартыңыз, екіншің қайғырып өлең жазыңыз. Ал екеуіңіздің ортаңда мен сайрандап жүре берейін, атымды "Сайран" деп өзгертейін, - дедім.
- О, бұл әдемі ат. Ағаң Мағжанның жолын алға апарушы өзің бол. Дананың атын әйгіле барлық түркістандықтарға, - деді екеуі бірдей қосылып. Мен: "Тілектеріңізді орындаймын" - деп ант іштім. Шынында да редакциядағы өмірімді Мағжаннан бастадым. Екі бетке толтырып Мағжанның оншақты өлеңдерін бердім де, бір бетке ақынның өмірбаянын жаздым.
"Асан Қайғы" өзінің Берлин университетінің дайындық курсында оқып жүргенін, күнде келіп тұратынын айтып, пәтер үйінің адресін беріп кетіп қалды. Ал мен болсам "Қорқытпен" жеке қалдым. "Қорқыт" ағамыз көп насихаттар айтты. Кеңес өкіметінің таяуда немісті жеңетінін, сол үшін өз елімізге қарсы ештеме жазбау керектігін, таза да адал қалпымызда елге оралудың қажеттігін түсіндірді. Мен өзіміздің комитетке келіп, Кеңес өкіметінің нағыз жауы болғанымызды, енді еш уақытты Сталин оны кешірмейтінін айтып, қарсыласып едім "Қорқыт": "Сен түк білмейсің. Бәрі өзіміздің қолда. Мына маған сен, мен тірі болсам, ешқайсың да қор болмайсың" деп, әңгімесін тұжырымды етіп айтты. Бұдан кейін мен комитетте істейтіндермен түгелдей таныстым. Қазақтан Хакім Тыныбеков, Қарыс Қанатбаев сияқты жігіттермен жолықтым. Үшінші этаждағы татар жігіттерімен де жолдас болдық. Әсіресе, Мұса Жәлел "Қорқыттың" бөлмесіне жиі келетін. Екеуі сондағы бастықтарды мазақтап, анекдоттар айтып, бізді күлдіретін. Мені туған інісіндей жақсы көрді. Мұса Жәлел қазақша жақсы сөйлейді, қазақтың әдемі әндерін шырқағанда, біз оған қайран қалатынбыз. Ал енді Мәулікеш пен Қарыс бізге: "Елге енді бара алмайсыңдар. Жол ел жаққа жабық. Бұл жақта тұрып, елің үшін қанша жақсылық істесең де, оны Сталин кешірмейді. Барысымен ұстап алады да атады, болмаса он жыл беріп, "барса келмеске" жібереді" - деп айтатын бізге. Соғыс біткен соң бұл екеуінің данышпандығына көзіміз жетті. Бірақ біз ол жақта ол екеуін тыңдамадық: "Қорқыт" пен Мұсаның айтқанын істедік. "Асан Қайғы" ағамыз өзінің енді қайтіп елге оралмайтынын даналықпен болжап, бір өлең жазды. Бірақ бұл өзінің өлеңі емес, немістің XІX ғасырда өткен бір Уланд деген ақынының өлеңі еді. Сол өлеңді тікелей неміс тілінен былай аударды:
Мен сұрасам жолаушыдан,
"Барасың қайда жол шегіп?"
"Үйге барам, үйге барам!"
Дейді ол ауыр күрсініп.
Мен сұрасам жолаушыдан:
"Барасың қайда тартып жол?"
"Үйге барам, үйге барам!"
Жайдарланып дейді ол.
Мен сұрасам жолаушыдан:
"Бақытың қайда гүлдейді?"
"Үйімде менің, үйімде!" –
Жайдарланып ол дейді.
Жолаушы менен сұраса:
"Жүрегіңде қандай шоқ?"
"Қайта алмаймын үйіме,
Енді менде Отан жоқ!"
Ал енді мен Еуропаның жерінде мұң мен зарға шомып, "елім!" деп еңіресе де, сол елін көре алмай, арманда кеткен өз заманымыздың қобызшы "Қорқыты" мен "Асан Қайғысын" сіздерге таныстырып өтейін. "Қобызшы Қорқыт" деп отырғанымыз - қазақтың ақыны Мәжит Айтбаев. 1913 жылы Қызылорда облысында туған. 1937 жылы Мәлік Ғабдуллинмен бірге Алматыдағы Қазақтың педагогикалық институтын бітірген. Кейіннен Қызылордада екі жылдық мұғалімдер институтында әдебиеттен сабақ берген. Берлин қаласында Мәжит 1943 жылдың басынан бастап "Милли Әдебиет" дейтін журналдың редакторы болып істеді. Люба дейтін бір латыш қызына үйленді. Түркістан Комитетінің президенті Вели Кдюм хан дейтін кісі болды. Ол кісіні осы комитетте істейтін 60 адам "Ата" деп атаушы едік. Ал Мәжит президент "Ата" демей, тек өзінің атымен "Вели" деп атайтын. Кейде Вели Мәжитке: "Сен неге мені "Ата" деп айтпайсың?" - деп ренжісе, Мәжит оған: "Сіз немене, жындандыңыз ба, қазақта өзінен он жас қана үлкен адамды "Ата" деп атаса, сол адамды жындылардың қатарына қосып қояды" деп күлетін. Мәжит үздіксіз өлең жазатын. Өлеңнен қалған уақытын Берлиндегі кітапханада өткізетін. Оның ұлттық бөлімшесін Берлин университетінің түркі тілдерінің факультетін бітірген Мариям дейтін кісі басқаратын. Ол кісі қазақ, өзбек, татар тілдеріне судай. Ол кісіні бәріміз "Мәриям тәтей" дейміз. Міне, біздің Мәжит осы кісіден қазақ тарихына байланысты не ғажап кітаптарды алып келетін. Шоқан Уәлихановтың 1904 жылы шыққан кітабын да Мәжит осы Мәриям апайдан алып келді. Содан соң Шоқанның суретіне қарап отырып, Абылайханның суретін салды. Бір күні Мәжит Мәриям апайдан бір құшақ қазақ жазушыларының суретін алып келді. Мұнда Мағжан мен Жүсіпбектің суреттерін ғана таба алмадық. Қалғандары түгел десе де болғандай. Жазушыларға қосымша осы көп суреттің ішінен Шара мен Құрманбектің және кішкентай Болаттың суреттерін де кездестірдік. Болат Шара мен Құрманбектің мойнына асылып тұр. Міне, Мәжит осы суретті, содан соң Ахмет Байтұрсынов пен Сәкен Сейфуллиннің суреттерін фотостудияға апарып, үлкейтіп түсіріп, әдемі рамаларға салып, өзінің бөлмесіне іліп қойды. Осы суреттерді көріп, жалпы белімде істейтін неміс қыздары: "Түркістанда тұратын халықтардың ең сұлуы қазақтар екен" деген шешімге келді. Туған елін, өскен өлкесін әлемге паш етуге бар күшін аямай салған ақылды да білімпаз ағамыз, бабасы Қорқыттай күңіреніп жүрген шағында 1945 жылдың ақпанында (әйелі екеуі) американ әскерінің әуе шабуылы кезінде қайтыс болды. Неміс кітапханасында XІX ғасырда қазақ өмірінен алынып, немісше жазылған кітаптар өте көп екен. Әсіресе, Кенесары - Наурызбай жөнінде жазылған бір кітапты көріп, біз қайран қалдық. Мәулікеш неміс тілін еркін игерген еді. Сондықтан ол қазақ өмірінен жазылған көп кітаптардың мазмұнын айтып, бізді таңқалдыратын. Ал енді Мәулікешке келейік. Мәулікеш те 1913 жылы туған. Мәжитпен құрдас: Сондықтан кездесе қалса болды: "Қубас" деп Мәжитті мазақтайды да отырады. Мәулікеш 21 жасында Мәскеу университетінің тіл әдебиет факультетін ылғи "беспен" бітіріп келіп, Алматы университетіне орыс әдебиетінен сабақ берген. Шығарманы екі тілде бірдей жазатын. Өзі өте бауырмал, оның үстіне қалжыңшыл, жүрген жерін күлдіріп жүретін. Иса Байзақов, Қасым Аманжолов, Несіпбай Манашев, Ғабдол Сланов, Абдолло Жұмағалиевтермен достас болатын. Берлинде Мәулікеш сегіз айлық аудармашылар құрсын екі айда бітіріп кетті де, Майндағы Франкфурт университетінің неміс философиясы бойынша ағылшын факультетіне барып түсті. Барлық пәннен беске оқышы. 1944-1945 жылдары берлинге жиі келіп тұрды. Келген сайын қонақ үйде екі орынды бір бөлме алады да, мені жанына жатқызады. Екі-үш күндей бірге боламыз. Түріктердің клубына барамыз. Онда түрік достарымыз бар. Солармен сыра ішеміз, түрлі әңгімелер айтамыз. Мәулікеш түрікше сөйлегенде түріктердің өздері қайран қалатын. Мәулікеш келген сайын екеуіміз қазақ тілінің профессоры Иохан Бензингтің үйіне міндетті түрде барамыз. Профессор біз барсақ қатты қуанады. Қазақ өмірінен көп әңгімелер айтады. Мағжанның өлеңдерін бізге немісше оқиды. Мәулікеш қазақтың "қырық өтірігін" немісше өлеңге айналдырған, соны Иохан ағайға оқыса, ол кісі шек-сілесі қатып күледі. Ол кісі Мәулікешке: "Сен қазіргі дәуірдегі ешбір немістің ақынынан кем емессің" деп тұжырымдайтын. Міне, Мәулікеш ағай - "Асан Қайғы" осындай еді. Турасын айтсақ, Мәулікеш бойына адам баласының барлық жақсы қасиеттерін түгел жиған, ересен білімпаз, асқан ақылды, өз халқының керемет мақтанышы болардай адам еді. Амал не, қазақтың барлық даналары да Мәулікеш сияқты тағдырдың тәлкегіне душар болып, туған халқымен дұрыстап қоштаса алмай, көз жұмды ғой.
Естуімше, Мәулікеш алпысыншы жылдары Германия жерінде қайтыс болған сияқты.
МҰСТАФА ШОҚАЙ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЕТЕЛДЕРДЕГІ ІЗБАСАРЛАРЫ
Хасан Оралтай
Саналы өмірін жеке қазақ халқының ғана емес, бүкіл түрік тектес халықтардың бәріне бірдей қамқоршы болу жолындағы арпалыс күреспен өткізген Мұстафа шоқайдың еңбектері мен өмір жолы қазіргі түрік тұқымды тәуелсіз республикалар басшылары үшін де өнеге боларлық сара жол десек артық болмайды. Оны Мұстафа Шоқай еңбектерін зерттегендер толық аңғарады. Мұстафа Шоқайдың 1890 жылы Ақмешітте дүниеге келгені, гимназияны Ташкентте, университетті Петербургте үздік бағамен бітіргені және осыдан діл 55 жыл бұрын, осы желтоқсан айының 27-сі күні (27.12.1941) Берлинде қайтыс болтаны сияқты мәліметтер жұртшылыққа көптен таныс. Ол жөніндегі егжей-тегжейлі деректерді кезінде батыстық елдерде, атап айтқанда Германия мен Түркияда шыққан бірқатар кітаптардан, сондай-ақ тәуелсіздіктен кейінгі кезеңде Қазақстанда жарияланған мақала - материалдардан табуға болады.
Мұстафа Шоқайдың ерекшелігі Мұстафа Шоқайдың ұлттық жауларына, яғни отаршылық - қанаушы саясат жүргізуші шетелдік басқыншылармен, олардың өзімізден шыққан сойыл соғарларына ұнамай, орынсыз шабуылдалған, ал барлық адал ниетті шетелдік талым зерттеушілермен ұлттық сана-сезім иесі өз елдестері жағынан құрметтеліп, пір тұтынған қасиет ерекшелігі, оның асқақ мұраты, асыл мақсаты, яғни ұлтшылдық идеясы. Оның өзгелерінен басты ерекшелігі де сол. Мұстафа Шоқайдың ұлтшылдық идеясы дегеннен үрейленудің оны "ұлтжанды" дегендер сияқтандырып бұрмалаудың қисыны жоқ. Демек, Мұстафа Шоқай және оның елде қаза болған үзеңгілес аға-інілерінің ұлтшылдық идеясы кезінде, орыс пен қытай коммунистері өздерінің шовинистік ұлтшылдық - отаршылдық саясатының мүддесіне сай, саналы түрде, әдейі бұрмалап, теріс түсіндіріп келгендей құбыжық емес. Ол шындықты Мұстафа Шоқайдың еңбектері мен өмір жолынан да анық көруге болады. Өзі бір орыс әйелімен үйленген, көптеген орыс достары да болған. Шетелдерде де белгілі дәрежеде бірқатар орыс саясатшыларымен істес болған Мұстафа Шоқай өз елінің (жалпы Түркістан республикасының) сол орыстың отаршылдық езгі - қанауынан құтылып, дербес те толық тәуелсіз ел болуын армандап, сол жолда күресуден басқа ешбір өзге халыққа қастандық ойлап, жайсыздық жасаған емес. Мұстафа Шоқай туған елін жат жұрттық отаршылық езгі - қанаудан құтқарып, өз халқының жат жұрттық талан - таражға түскен жер-суына қайтадан өз халқын иелендіруді, сондай – ақ туған халқын оқу-ағарту мен жалпы шаруашылық саласында да алға бастырып, оның аянышты ауыр жағдайын жеңілдетіп, жақсартуды сонау өзінің студенттік кезінде-ақ басты арманына айналдырған. Сол арманына жету жөніндегі ізденістерін ол Петербургтегі өзі сияқты басқа мақсаттас түрік тұқымды мұсылман халықтар жастарымен жиі кездесіп әңгімелесу арқылы бастаған. Солардың қатарында кейін Башқұртстанның ұлттық үкіметінің бастығы жөне әлемге әйгілі тарихшы ғалым болған профессор Ахмет Зәки Уәлиди Тоған да бар-ды . Мұстафа Шоқай өзінің сол бағытын Әлихан Бөкейханның демеуімен өзі орналасқан Ресей Мемлекеттік Думасының мұсылман фракциясы хатшылығы қызметін атқарған кезінде де нықтай түсті. Кейін Мұстафа Шоқайдың өзі "Жас Түркістан" журналында жариялаған бір мақаласында да жазғанындай, оның ұлттық идея тұрғысынан шыңдалуына Әлихан Бөкейханның тікелей ықпалы болған. Аталған мақаласында Мұстафа Шоқай: "Әлихан Бөкейхан бізге ұдайы Түркістан мәселесін жете түсіну үшін қазақтың жер-су мәселесін толық білу керек деп ескертетін-ді" - деп келтірген. Мұстафа Шоқайдың сол бағыты 1917 жылдың көктемінде құрылған және башқұрт Ахмет Зәки Уәлиди Тоған хатшы, өзбек Мүнәууар қари, Махмұт қожа Бехбуди, Убейдуллаһ Қожо сияқты кісілер мүше болған "Түркістан мұсылмандары Орталық Кеңесі" (Түркістан мұсылмандары меркези шурасы) төрағасы болып сайланумен ұласты . Баршаға белгілі болғанындай сол 1917 жылдың желтоқсан айының оны (10.12.1917) күні Мұстафа Шоқай Қоқан аутономиясы үкіметінің мүшесі, кейін басшысы, ал 13-ші желтоқсан күні (13.12.1917) Алашорда ұлттық үкіметінің мүшесі болып сайланды . Мұстафа Шоқай өзінің пікір, көзқарастарын сол жылдары баспасөз беттерінде де баяндай бастады. Мәселен, 1917 жылы Ташкентте жарияланған "Ұлығ Түркістан" газетінің басты ауторларының бірі де Мұстафа Шоқай болды. Ал дәл сол жылы Ташкентте шыға бастаған "Бірлік туы" газетінің шығарушыларының бірі де Мұстафа Шоқай еді. 1918 жылы тағы Ташкентте басылған орыс тіліндегі "Свободный Туркестан" газеті де Мұстафа Шоқай жинаған қаржымен жарияланған. Сол газеттің ізбасары саналатын "Новый Туркестан" газетінде де Мұстафа Шоқайдың мақалалары жарияланған . 1918 жылдың ақпанында Қоқан аутономиясы советтік қызыл қосындар жағынан қару күшімен құлатылғаннан кейін Мұстафа Шоқай жан сауғалап қашуға мәжбүр болды. 1919 жылдың басында Кауказияға барды. Ол кездегі тәуелсіз Грузияның астанасы Тифлись қаласында тұрып, туған елінің ұлттық тәуелсіздігі үшін күресін жалғастырды. Баспасөзге өз айтуы бойынша "Біртұтас Түркістан Республикалары" туралы көптеген мақалалар жазды. Мұстафа Шоқайдың ол мақалалары "Вольные горцы" (Еркін таулықтар) апталығында және түркістандықтар мен украиндықтар бірлесе отырып сонда шығарған "На рубеже" (Тарихи кезеңде) атты орысша журналда басылды. Ол мақалаларын Мұстафа Шоқай деген тіке өз атымен және "М.Жанай", "Жәлел" деген басқа аттармен жариялады . Ал 1920 жылы Солтүстік Кауказияның ұлттық ұйымы мен Түркістанның ұлттық орталығы бірлесе отырып, Тифлись қаласында "Жаңа дүние" деген газет шығарды. Онда да Мұстафа Шоқайдың құнды мақалалары басылды . Тағы сол Тифлись қаласында Мұстафа Шоқайдың Бас редакторлығымен "Шафак -Таңсәрі" деген басқа бір газет те шығарылды. Ол газетте жеке Түркістан және Кауказия мәселесі ғана емес, сол кезде жан-жақтан жасалған шетелдік басқыншылардың шабуылына қарсы күресуші Түркиядағы Мұстафа Кемал Ататүрік жетекшілік еткен "Куртулуш - Құтылу соғысына" да тілектестік білдіріліп тұрған-ды. Советтік басқыншы қызыл қосындардың Тифлись қаласына кіруіне байланысты 1921 жылдың ақпан айында Мұстафа Шоқай кемемен Түркияға барды . Ол туысқан Түркияның да аса бір ауыр жағдай астындағы кезеңі еді. Түркияның сол кездегі ел астанасы Ыстанбұл қаласы Англияның, елдің басқа жақтары да Франция мен Италияның басқыншылығы астында еді. Греция болса Англияның тіке қолдап, қостауымен бүкіл Түркияның Егей теңізі жағалауындағы Ізмір қаласынан тартып, елдің қазіргі астанасы Анкараның 60 километр қашықтығындағы Полатлы қалашығына дейінгі Түркияның барлық жерін басып алған-ды. Яғни ол Түркия түріктерінің марқұм Мағжан Жұмабайдың әйгілі "Алыстағы бауырыма" дейтін толғауында:
Алыста ауыр азап шеккен бауырым!
Қуарған бәйшешектей кепкен бауырым!
Қамаған қалың жаудың ортасында,
Көл қылып кездің жасын төккен бауырым! –
деп сипатталған, өте қиын жағдай астында тұрған кезеңі еді. Сол үшін де Мұстафа Шоқай Түркияда көп аялдамай, Францияға өтті. Франция астанасы Парижде тұрып Мұстафа Шоқай 1927 жылдың маусым айынан 1931 жылдың қыркүйек айына дейін Ахмет Зәки Уәлиді Тоғанның редакторлығымен Ыстанбұлда шығып тұрған "Жаңа Түркістан" журналына атсалысты. Өте құнды мақалалар жазып тұрды. Мұстафа Шоқай 1929 жылдың желтоқсан айында өзі Францияның астанасы Парижде отырып, Германияның астанасы Берлинде әйгілі "Жас Түркістан" журналын шығара бастады. Мұстафа Шоқайдың қыруар тақырыпта жазылған әлі де құндылығын жоймаған көптеген мақалалары басылып тұрды. Ол оны тіке өз атымен және басқа аттармен де жазды. Мұстафа Шоқай сонымен қатар дәл сол кезде де Францияның "Ориент ет Оксиденд", Англияның "Азиатик ревиев", Полыпаның "Вошход" журналдарында, сондай - ақ Парижде шығатын "Лә ревви де Прометее" журналында да мақалалар жазып тұрды . Мұстафа Шоқай сонымен қатар кейбір шетелдіктердің Түркістан жөнінде жазған кітаптарына да көмектескен. Мәселен, неміс тілінде 1942 жылы "Түркістан" деген атпен шыққан Р.Олзша мен Ж.Клеинов бірлесе отырып жазған 434 беттік кітаптың 363-беттен 409-бетке дейінгі бөлігін Мұстафа Шоқай жазған . Мұстафа Шоқай соншама мақалалар жазумен де шектелмей 1928 жылы Парижде "Шез лес Совиете ен Азие Сентрале" деген французша кітапты 1935 жылында да "Түркістан Советтік әкімшілік астында" деген кітапты, сондай-ақ 1937 жылы "1917 жыл естеліктерінен үзінділер" деген кітапты жазды53. Мұстафа Шоқай мақалалар және кітаптар жазу, журналдар шығару ісімен де шектелмей, туған халқының ұлттық тәуелсіздігі жолындағы күресін басқа тәсілдермен де жүргізудің шарасын қарастырады. Мысалы, халықаралық конференцияларға барып қатысу, тым болмағанда оларға хаттар жіберудің, және өзі де сөз сөйлейтін жиналыстар ұйымдастырудың да мүмкіншіліктерін табуға тырысты. Халықаралық жиналыстарға жіберген хаттары мен меморандумдарға ол жеке Түркістан халқының ғана емес, бүкіл түрік тұқымды барлық халықтардың дауын даулап, жоғын жоқтайды. Өзінің сол бағыттағы ісінің алғашқысы ретінде Мұстафа Шоқай дүниежүзілік бірінші соғыстан кейін соғыс туғызған әлемдік проблемаларды реттеу мақсатымен Версаль -Францияда жиналған Халықаралық бейбітшілік конференциясына үндеу хат жібереді. Ондай үндеу хаттарды Мұстафа Шоқай Швейцарияның Лозанна қаласында, сол дүниежүзілік бірінші соғыстан кейінгі кезеңде жиналған Түркияның тағдырына байланысты Халықаралық бейбітшілік конференциясына, сондай-ақ, сол кездегі БҮҮ болып есептелетін "Жамиат Аквамға" да, сонымен бірге түрлі елдердің саяси басшыларына және халықаралық журналистер одағына да жібереді . Оларға хаттар жіберумен де шектелмеген Мұстафа Шоқай Париж, Лондон және Берлин мен Варшава қалаларындағы түрлі жиналыстарда орыс пен Қытай қол астындағы батыс және шығыс Түркістан жөнінде лекциялар оқиды .
Мұстафа Шоқайдың түрікшілдігі Мұстафа Шоқай қайда және қандай ауыр жағдай астында жүрсе де бүкіл түрік тектес халықтардың бәрінің қамқоршысы болуға тырысты. Ол "Жас Түркістан" журналының 33-жылты қазан айындағы ғ47 санының 20-24 беттерінде Петербургтағы студенттердің Түркияға көмектесу үшін көрген құпия даярлығы туралы тоқталған. Сонымен бірге Түркістан қаласы тұрғындарынан кейін Сталиндік террор кезінде жазғырылған Садық Өтеген екеуінің Петербургтағы Түркияның бас елшісі Тұрхан пашаға Түркия мемлекетіне туыстық көмек ретінде нақ алтын ақша апарып бергенін, бас елші Тұрхан пашаның сонда көзіне жас алғанын да журналдың сол санында Мұстафа Шоқайдың өзі ашып жазған. Мұстафа Шоқайдың түрік тектес халықтарды бөле қарамай, олардың қайсібірінің жәйінің өзінің де жәйі санайтындығына оны өзі де бір қашқын болып Грузия астанасы Тифлисьте тұрған кезінде Армения астанасы Ереванда аялдаушы бір американдық генералдың жүгенсіз түрде Түркияны сынға алып, шабуылдаған мәлімдеме жасауына баспасөз бетінде (Мұстафа Шоқайдың) қатал тойтарыс берген жауап жариялауы көптеген айғақтардың бірінен саналады . Мұстафа Шоқай Түркістан мәселесін түрлі төңіректердің түрлі мақсатпен "Батыс Түркістан", "Шығыс Түркістан" немесе "орыс Түркістаны", "Қытай Түркістаны" деп бөле қарауына да қосылмады. Ол сонау отызыншы жылдардың басындағы қарбалас кезеңдерде Қытай қол астындағы Шығыс Түркістан мәселесімен ұдайы шұғылданды. 1930 жылдардың басында Шығыс Түркістанда болған көтеріліске байланысты "Жас Түркістан" журналы сандарында құндылығын әлі жоймаған шығыс Түркістан жөнінде көптеген мақала - материал жариялады. Сонымен бірге Шығыс Түркістандағы жағдай туралы Еуропаның Лондон, Париж, Берлин және Варшава сияқты ірі қалаларында лекциялар оқыды. Міне, осының бәрі Мұстафа Шоқайдың ұлы идеясын, дара тұлғасын айқындай түсетін көптеген деректердің ұшқыны саналады. Мұстафа Шоқайды толық түсіну және келер ұрпаққа толық түсіндіру үшін оның еңбектерін көлемді зерттеп, қосымша түсініктер мен бұрмаламай томдар ретінде қайта басып шығару керек. Жоғарыда Мұстафа Шоқайдың саналы өмірін барлық түрік тектестердің қамқоршысы болуға тырысуымен өткізгендігі ерекше ескертілді. Ол расында да солай болған. Ал сол кездің өзінде де Мұстафа Шоқай түрік тектес туысқандарының бірқатарымен баспасөз беттерінде айтысқан кездері де болған. Мәселен, ол өзінің 1917 жылдан досы Ахмет Зәки Уәлиди Тоғанмен және Қазан татарлары жетекшілерімен бірқатар мәселелер жөнінде пікірін таластырып айтысты. Бұл да Шоқайтанушылар үңіле қарауы тиіс бір тақырып. Мұстафа Шоқайдың 1919 жылдан кейінгі шетелдердегі өмірі мен еңбектері, ұстаған саяси бағыты, мақалалар шеңберінде ғана емес, кітаптар көлемінде толық зерттеуді қажет ететін үлкен тақырып екені аян. Өткен 1995 жылдың қараша айының 16,17,18 күндері Түркістан қаласында өткен "Қазақ диаспорасының бүгіні мен ертеңі" атты конференцияда атап ескерткенімдей, оны қазақ ғалым - зерттеушілерінің әзі қолға алғаны дұрыс (Менің ол баяндамам Алматыда аптасына бір шығатын "Қазақ елі" газеті мен "Шалқар" газетінде жарияланған болатын). Менің сонда Мұстафа Шоқайды басқасы емес, қазақтың өзінен шыққан ғалымдар зерттесін деген сөздерімнің негізсіз еместігін биылғы жылдың шілде айының 12-сі күні (12.07.1995) Түркияның астанасы Анкара қаласында түрік тілінде шығатын бір газетте басылған "Еуропадағы түріктік және түрік ұлтшылдығын зерттеу тарихы" деген сөз басымен жарияланған мақала айқындай түсуде . Кезінде Мұстафа Шоқай еңбектерінен мол пайдаланған, қазір Германияның Кельн қаласында тұратын Баймырза Хаит ол мақаласында Мұстафа Шоқайды Бұхарадан Германияға оқуға барған қарапайым студенттер қатарында сипаттаған. Мәселен, былай деген: "Еуропада түрік ұлтшылдығын өмір сүрдіру тақырыбында 1922 жылы Бұхара мемлекетінің берген қаржысымен Германияға оқуға барған студенттер әрекеттері маңызды болды. Ол студенттер "Түркістан студенттер бірлігі ұйымын" құрды. Студенттердің бір бөлігі неміс газеттері мен журналдарында Түркістан мәселесіне байланысты мағыналы мақалалар да Мұстафа Шоқай жағынан жазылды. Ол ағылшын, француз, орыс және поляк тілдерінде жазған мақалалары және "Түркістан советтік әкімшілік астында" деген кітабымен танылды..." . Мұстафа Шоқайдың Германияға, Бұхара үкіметінің қаржысымен оқуға жіберілген қарапайым студенттер арасында бармағаны, оның қарапайым студенттердің бірі емес, Қоқан аутономиясы үкіметінің басшысы, Алашорда ұлттық үкіметі мүшелерінің бірі, үлкен саяси қайраткер екендігіне назар аудармаған Баймырза Хаит, әлгі Бұхарадан Германияға барған қарапайым студенттердің бірі, өзбек Уәли Қайымды "хан" деп дәріптеген. Алайда, Уәли қайым "хан" емес-ті. Оның "хан" еместігін өзімен бірте оқуға барған студенттер және басқалары да жақсы білуде. Баймырза Хаит оны "хан" етіп көрсете отырып, аталған мақаласын былай жалғастырған: "Туркестан лидері Уәли Қайым хан (!) "Мілли Туркестан" журналын шығарды..." . Қоқан аутономиясы үкіметінің басшысының бірі болып сайланған, жоғарыда баяндалған ерен еңбектердің иесі Мұстафа Шоқайға Баймырза Хаит "Түркістан лидері" демегенде, өзінің жерлесі және сыбайласы Уәли Қайымды "лидер" деп дабырайтуда. Сонымен бірге Баймырза Хаит соғыс кезінде Берлинде өзімен бірге болған Қарес Қанатбайды ол төрағасы болған "Түркелі" комитеті мен "Түркелі" журналын да аталған мақаласында атаусыз аттап өткен. Алайда Баймырза Хаит өзі отырған Кельн қаласына 576 километр қашықтықтағы Мюнхен қаласындағы "Түркелі комитеті" және оның органы "Түркелі" журналы жөнінде жақсы мәліметке ие. Дегені, оның өзі де ішінде ағылшын және неміс ақшасымен бір бөлім өзбектер жалғастырған әлгі "Мілли Түркістан" журналы да, елуінші жылдары Түркелі комитеті, оның органы "Түркелі" журналы мен "Түркелішілер" болса адал Мұстафа Шоқайшылдар болатын.
Мұстафа Шоқайдың шетелдердегі ізбасарлары Мұстафа Шоқайдың шетелдердегі ізбасарлары туралы тоқталғанда, "оның елдегі 1919 жылға дейін үзеңгілес серіктері жайында егжей-тегжейлі зерттеулер жасалып, олардың есімдері мен күрес мақсаттағы душарласқан трагедиялы тағдырлары жұртшылыққа неге толық таныстырылмайды?" деген заңды сауал ойға оралады. Иә, Мұстафа Шоқайдың мұраттас - мақсаттас ағаларынан, үзеңгілес серіктерінен Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын, Міржақып Дулат, Халил Досмұхамед, Мағжан Жұмабай, Мұхамеджан Тынышбай сияқты кейбір "Алаш ардагерлері жөніндегі еске алулар, шеттен көзге түсуінше, кезінде оларға аяусыз шабуылдан Мәскеудің сойылын көтеріп: "социализм мен коммунизм", "Ленин мен Сталин жасасын!" деп арпалысып жүргенде, өмірлері сол Сталиннің жендеттері жағынан өшірілген, бұрынғы белсенділерді еске алу салтанаттарымен салыстырғанда, анағұрлым нәрсіз болды. Ондай айырмашылық сондай-ақ Қошке Кемеңгер, Жаһанша Досмұхамед, Раймжан Марсек, Жақып Ақбай, Садық Өтеген, Ахмет Бірімжан, Әзілхан Кенесары, Айдархан Тұрлыбай, Сейітазым Қағырбай, Уәлихан Танаш, Алпысбай Құлман, Әбдірахман Оразай, Елдос Омар, отыншы Әлжан, Сағындық Досжан және жүздеген басқалары сияқты Мұстафа Шоқайдың мұраттас - мақсаттас ардагер аға-інілерінің тәуелсіз Қазақстанда әлі лайықты түрде аттары аталып, жас ұрпаққа таныстырылмай отырылуы шетте өмір сүретін саналы қазақтарды бұрынғы коммунистер, яғни қазіргі басшылық орындарда отырған азаматтар сол баяғы бұрмалаушы теріс үгіт-насихаттың шырмауынан әлі арыла алмауда ма? - деп абыржуға жетелеуде. Әлі күнге дейін Қазақстанның астанасында бір даңғыл, бір үлкен алаңға Әлихан Бөкейханның атының берілмеу себебін шеттегі қазақтар да, қазақ халқының адал достары да түсіне алмауда. Сонымен бірге Алаш атының да, алаш идеясының да тәуелсіз Қазақстанның астанасында, сондай-ақ, басқа қалаларында лайықты түрде құрметтеліп отырғанын айту қиын деуге негіз бар. Олай дейтініміз, Алматы қаласында да Алаш атындағы алаңдар мен көшелер даңқы естілмеуде. "Жетім бала кекшіл" дегендей, шеттегі шоқайшылдарды, яғни Алашордашыларды ойландырған тағы бір жайт, барлық саналы қазақтар үшін құрметті де қасиетті ұғым саналатын Алаш атындағы 1996 жылғы сыйлықтың Алаш партиясы мен Алашорда ұлттық үкіметі жөнінде 1995 жылы Алматыда жарық көрген Мәмбет Қойгелдінің "Алаш қозғалысы" кітабы мен Кеңес Нұрпейістің "Алаш және Алашорда" кітабына берілмегендігі. Міне, бұл да әлгінде айтылған "әкеу, әлі де Қазақстанда Алаш қимылына шетелдердің көзімен қараушылар бар ма?" деп кеюге негіз болуда. 1995 жылдың ақпан айының басында Қазақстан Жазушылар одағында, маған "Алаш сыйлығы" берілген күні де мен езімнің 1973 жылы Ыстанбұлда басылған "Алаш Түркістан түріктерінің ұлт азаттық ұраны" деген кітабыма меңзей отырып, сол кезде "Қазақ әдебиеті" газеті мен "Шалқар" газетінде де жарияланғандай, "Алаш" атындағы сыйлық басқа саладағы еңбектерден гөрі Алаш қозғалысымен тіке қатынасы бар кітаптарға берілген, солай етіліп Алаш идеясының дәріптелгені жөн деген пікір баяндаған әдемі. Соған орай шетелдерден кей мысалдар да келтіргенмін. Мұстафа Шоқайды, оның ардагер аға-інілерін құрметтейтін болсақ, онда олардың идеясын құрметтеп, заман талабына сай жетілдіре отырып, жас ұрпаққа түсіндіру керек. Алаш идеясы Әлиханның, Ахаңның, Жақанның, Шоқайдың, бүкіл қазақтың идеясы. Ұлттық идеясыз халық болмайды. Алаш идеясын дамыта отырып жас ұрпаққа дәріптеу халқының қамын ойлаған барлық қазақтың міндеті деп сенеміз. Ал енді Мұстафа Шоқайдың шетелдердегі ізбасарлары туралы әңгіме қозғағанда алдымен профессор, доктор Тахир Шағатай мен доктор Әбдулуаһан Оқтайдың атын атамай өту мүмкін емес. Ол екеуі де өзбек. 1922 жылы Бұхара Халық Республикасы үкіметі жағынан Германияға оқуға жіберілген студенттерден. Профессор, доктор Тахир Шағатай мен доктор Әбдулаһап Оқтай, Парижде отыратын Мұстафа Шоқайдың нұсқауына сай Берлинде "Жас Түркістан" журналын шығарып тұрған. Дүниежүзілік екінші соғыстың салдарынан олар Германиядан Түркияға қоныс аударды. Жоғарыда ескертілгендей, профессор, доктор Тахир Шағатай Анкара университетінде істеді. Ол жетпісінші жылдардың аяғында Анкарада қайтыс болды. Ал доктор Әбдулаһан Оқтай да жекеменшікті орын ашып, Ыстанбұлда дәрігер болып істеді. Алпысыншы жылдары сонда қайтыс болды. Ол екеуі Мұстафа Шоқай қайтыс болғаннан кейін "Жас Түркістан басылымдары" атымен Түркияда 22 кітап шығарды. Ол кітаптардың көбінен Мұстафа Шоқай жөнінде маңызды деректер табуға болады. Мәселен, тахир Шағатай мен Әбулаһан Оқтай селбесе отырып Мұстафа Шоқайдың қайтыс болуына "бір жыл толуына" арнап, 1942 жылы Ыстанбұлда "Мұстафа Шоқай альбомын" шы,арды. 1950 жылы да Мұстафа Шоқайдың туғанына 60 жыл толуына арнап "Түркістан милли харекети ве Мұстафа Шоқай" деген кітапты шығарды. Абай Құнанбай, Ахмет Байтұрсын мен Міржақып Дулаттың суреттері басылған оның екіншісінде, суреттері басыла отырып Мұстафа Шоқай жөнінде ерекше тоқталған. Аталған "Жас Түркістан басылымдары тізбегінен" 1959 жылы Ыстанбұлда басылған және доцент, доктор Тахир Шағатай жағынан жазылған "Түркістан құртулыш харекетиле илгили олайлардан сахнелер" деген кітапта дүниежүзілік екінші соғыс кезіндегі және одан кейінгі бірқатар оқиғалар жөнінде назар аударарлық мәліметтер бар. Әсіресе, онда "Мерхум Мұстафа Шоқайын сон языларындан бир парша" (марқұм Мұстафа Шоқайдың соңғы жазғандарынан бір үзінді) деген бөлім бар. Онда марқұмның соғыс тұтқындарымен болған әңгімелесулері, елдегі жалпы жағдай және інісінің 1936 жылы тұтқыннан босатылып, 1938 жылы "неміс фашистерінің шпионы" деген жаламен қайта тұтқындалғаны, содан кейін хабар-ошарсыз кеткені жайында да, соғыс тұтқындарынан мәлімет алғаны жөнінде жазылған. Тахир Шағатай жағынан жазылған ол кітапта Мұстафа Шоқайға "у беріліп өлтірілді, өз ажалымен өлген жоқ" деген дауға да орын берілген. Аталған кітабында Тахир Шағатайдың Мұстафа Шоқайдың "соңғы жазғандарынан" үзінділер беруі және "сонда бірқатар маңызды жәйттер туралы баяндалғаннан кейін" "әмірінде ұзақ жылдар істеген және бүгінгі біз аманатына күзетшілік етіп отырған Түркістанның ұлт бірлігі мен құтылу қимылының көсемі марқұм Мұстафа Шоқайға сілтеме жасалғандар, бізді осылайша түзету жасауға мәжбүр етті" деп көрсетілуі, Тахир Шағатай мен Әбдулаһан Оқтай Оқтайдың Мұстафа Шоқайдың жеке архивтерінің бір бөлегіне, әсіресе соңғы кезде жазғандарына иеленгендігін аңғартады. Профессор, доктор Тахир Шағатай Қазан татарларының ұлттық қайраткерлерінен Аяз ЬІсхакидің қызы, профессор, доктор Сағадат Шағатайға үйленген. Ол екеуінен қалған мол архив пен Анкарадағы үлкен үйлер "Жас Түркістан" идеясы мен Қазан татарларына арналган бір қорға берілуі өсиет етілген. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Анкарада ондай бір қор құрылған. Енді ол қор өзінің алғашқы ісі ретінде "Жас Түркістан" журналын үлкен төрт томдық кітап етіп, 1500 тиражбен шығаруды жобалауда. Өткен апта мен Ыстанбұлда соны басқаратын бір кісімен сойлестім. Оның айтуынша "Жас Түркістан" журналын кітап етіп шығару ісіне басталған.
Мұстафа Шоқайдың дүниежүзілік екінші соғыстан кейінгі өзге ізбасарлары Әлгінде айтылған өзбек тұқымды Тахир Шағатай мен Әбдулаһан Оқтай, Мұстафа Шоқайды көрген өз айтулары бойынша "әмірінде ұзақ істеген" ізбасарлары. Олардан басқа шетелдерде Мустафа Шоқайды көрген ізбасары қазақ Қарес Қанатбай. Дүниежүзілік екінші соғыстың кезінде Берлиндегі "Милли Түркістан" комитетінің секретары (хатшысы), соғыстан кейін Мюнхенде құрылған "Түркелі - Түркістан ұлт – азаттық комитетінің" төрағасы болған Қарес Қанатбай, соғыс кезінде, дәлірек айтқанда, қайтыс болуынан бір ай бұрын Мұстафа Шоқайды көріп, сөйлескенбіз. Қарес Қанатбайдың ез айтуынша 1941 жылдың қараша айында бір күні Мұстафа Шоқай соғыс тұтқындары лагерлерін аралап жүрген сапарында кіші лейтенант Қарес Қанатбайдың иығына қолын қойып тұрып сөйлеседі. Одан жөн сұрайды. Берлинге кел дейді. Жанына ертіп жүрген кісілердің біріне Қарестің атын Берлинге жедел жеткізетін кісілер тізіміне жаз деп тапсырады... Өкінішке қарай, Қарес Қанатбай түрлі тексерулерден өтіп Берлинге барғанда Мұстафа ағасы қайтыс болған-ды. Әлгінде де айтылғандай, Берлинде Қарес Қанатбай "Милли Түркістан" комитетінің бас хатшысы болып істейді. Бірақ, түрлі себептермен ол сол комитеттің бастығы Уәли Қайыммен шығыса алмайды. Соның салдарынан ол соғыстың аса қарбалас кезеңінде Берлиндегі антикоммунист орыстардың генерал Власов басқарған тобымен байланысқа енеді. Қанатбайдың өз айтуынша, ол кезде олар ондай бір топпен ымыраласуға мәжбүр - ді. Дегені өздері (яғни қазақ, қарақалпақ, қырғыз және бір бөлім өзбек болып Уәли Қайымға қарсы шыққандар) кілең соғыс тұтқындарынан іріктелген кісілер болғаны үшін, немістер оларға күдіктене қарайтын-ды. Сол себепті Уәли Қайымның шағымына орай, Қарес Қанатбай комитет бас хатшылығы қызметінен босатылып, отарба аялдамасындағы аяқжол (туалет) тазалап, жер сыпыратын жұмысқа салынады. Одан кейін де соғыс майданына жіберіледі. Соғыс майданында ол ауыр жараланады. Соның нәтижесінде ол жүз процент соғыс мүгедегі болып өмір сүрді. Патрик Вон зур Мухлен деген немістің 1971 жылы Дусселдорф (Дюсселдорф) қаласында басылған, кейін түрікшеге де аударылған "Свастика мен Қызыл жұлдыздың арасында" деген кітабында немістің ресми архивтеріне сілтеме жасай отырып білдіруіне қарағанда, Уәли Қайым Қарес Қанатбайды сол кезде немістерге "совет шпионы" деп шағымданған. "Түркелі" журналының 1952 жылғы мамыр айындағы 9 санының 17 бетінде басылған С.Ғайратидің мақаласында келтіруінше, Уәли Қайым мен қайымшылар "Түркелі" комитеті тобын - "сатылғандар, опасыздар, власовшылар, Вишневскийдің пайдасына жұмыс істеушілер" деп қаралауын соғыстан кейін де ұластырған. Қарес Қанатбай жетекшілік еткен "Түркелі" тобының бәрі соғыс тұтқындарынан іріктелген кісілерден тұратындығынан, Уәли Қайым оларды әлемдік салқын соғыстың салдарынан да пайдаланып, "сенімсіз адамдар" ретінде көрсету жағын қарастырған. Әне сол кезде қазақ, қырғыз, қарақалпақ, сондай-ақ бір бөлім өзбек пен тәжіктерден қуралған "Түркелі" тобына көне эмигрант, әйгілі антикоммунист, профессор, доктор Зәки Уәлиди Тоған қол ұшын беріп, көмектесуге тырысады. Оларды қостап Түркия баспасөзде мақала жазады. Тағдырдың тәлкегіне қараңыз, Уәли Қайым жағынан соғыс кезінде "советтің шпионы" делініп, немістерге шағымдалған Қарес Қанатбай, соғыстан кейін Американдықтар жағынан "Гитлершіл" делініп, ұсталып, Мюнхен қаласы жанындағы дахау концлагерінде қамалады. Кейін босатылады. Сол Американдықтардың қостауымен Қарес Қанатбай "Түркелі -Түркістан ұлт - азаттық комитетін" құрып, бастығы болады. Оның және "Түркелі" комитетінің құрамында болғандардың бәрінің тұтқан пірі, ұстаған жолы Мұстафа Шоқайдың бағыты болды. Оны, сол комитеттің екі тілде ай сайын шығарыла бастаған "Түркелі" журналында Қарес Қанатбай ерекше атап көрсеткен. Журналдың сол бірінші санына, кезінде Мұстафа Шоқай жағынан жазылған "Түркістан деген Түркелі еді" (Түркістан демек Түркелі демек) деп басталатын Түркістан деген мақаланың қойылуы да Түркелі тобының Мұстафа Шоқайдың адал ізбасарлары болуға тырысқан кісілер екендігін байқатады. "Түркелі" журналының 1952 жылдың ақпан айындағы 5-6 сандарының 7-8 беттерінде басылған "Біздің одақтастарымыз" деген тақырыпты басқа бір мақаласына да сілтеме жасай отырып, түркістандықтарды орыс отаршылдығы мен большевиктерге қарсы күресте тізе қосуға шақырған. Дүниежүзілік екінші соғыстан кейінгі кезеңде Германияның Мюнхен қаласында "Түркелі" комитеті төңірегінде шоғырланған топтың адал Мұстафа Шоқайшылдар болғандығына елуінші жылдардағы "Түркелі" журналына басылған мақалалар айғақ етуде. Мәселен, "Түркелі" журналының 1952 жылғы аталған санында (27.12.1951) Мұстафа Шоқайдың қайтыс болуына он жыл толуын атап өту жөніндегі жиналыста "Түркелі" комитетінің бастығы Қарес Қанатбайдың сөйлеген сөзі жарияланған. "Түркелі" журналының басқа бір санында басылған "Күресіміз хақ, жолымыз - бабалар жолы" деген мақалада "Біз үшін Түркістанның ұлы күресшісі, ұлтшыл, марқұм Мұстафа Шоқайдың ажырамас, бөлінбес бір Түркістан бар деген сөзі күресіміздің тек идеясы ғана емес, бұлжымайтын заңы" делінген. Ал "Түркелі журналы бір жасқа толды" деген айдармен жарияланған басқа бір мақалада "Түркелі" журналының Мұстафа Шоқай 1927-31 жылдары мақалалар жазған "Жаңа Түркістан" және Мұстафа Шоқайдың өзі шығарған "Жас Түркістан" журналының ізбасары екендігі атап айтылған . 1952 жылдың желтоқсан айындағы 16 саны толығымен Мұстафа Шоқайға арналған. Барлық мақалалар сол жөнінде жазылған. Сонымен, қорыта айтқанда, дүниежүзілік екінші соғыстан кейінгі кезеңдегі Мұстафа Шоқайдың Батыс Еуропадағы ізбасарлары американдықтардың көмегімен Мюнхен қаласында құрылған "Түркелі" комитеті мен оның айына екі тілде, екі бөлек болып шығатын органы "Түркелі" журналында шоғырланған. "Түркелі" комитеті мен "Түркелі" журналы жабылғаннан кейін олардың кейбіреулері Азаттық радиосының Түркістан бөлімінде істеді. Олар және оларға Түркиядан барып ізбасар болған жаңа буын Мұстафа Шоқайшылдар 1953 жылынан 1994 жылдың желтоқсан айының жиырма жетісі, яғни Мұстафа Шоқайдың қазасының 53-жылына дейін толық 42 жыл бойы оны Азаттық радиосы арқылы арнайы программалармен үздіксіз еске алып отырды. Мұстафа Шоқайдың шеттегі "туысымыз, баласымыз, ізбасарымыз" дегендер соңғы жылдары жиі кездесе бастады. Олардың бірқатары өздері жөнінде Қазақстан баспасөзінде жаздырып та үлгерді. Кезінде біз Азаттық радиосы арқылы да айтқанымыздай, Мұстафа Шоқайдың шетте баласы да, басқа туысы да жоқ. Ал "ізбасарымыз" деушілердің сылдырлаған сөздеріне қарап емес, Қазақстанның тәуелсіздігіне дейін Мұстафа Шоқайшыл ретінде істеген ісіне қарап бағалаған жөн. Мұстафа Шоқай жөнінде, Түркиядағы қазақтардың тындырғаны "Бүйік Түркелі" басылымдарымен ғана шектеледі . Оны да ауызша сылдыр сөз негізінде емес, кезінде істелген істерді аңғартатын еңбектерге сүйене отырып зерттеу тиіс.
Тыңдағандарыңызға рахмет.
TYPКІCTAH TYPКІЛEPІ ТАРИХЫНАН
Насрулла Мубашир ат-Тарази
Бисмиллаһир-Рахманир-Рахим!
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы мен оның Президентіне ізгі тілектерімді жолдаймын. Кезінде 15 республикадан тұратын, 22 миллион шаршы километр аумақты алып жатқан, 250 миллионнан астам халқы болған Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аяқ астынан күйрейтінін, оның Президенті Михаил Горбачевтің орнынан кетуін және 2001 жылғы 25 желтоқсанда 11 Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құратынын жалпақ дүние күтпек түгілі, қиялдап та көз алдына елестете алмайтын еді. Жаңадан пайда болған мемлекеттерді АҚШ та, Еуропа елдері де, өзге мемлекеттер де, сондай-ақ БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдар тез танып үлгерді. 1985 жылғы сәуірде Горбачев ұсынған қайта құру жөне демократиялық саясатының салдары дүние жүзіндегі алып мемлекеттің, халықтарды орыс патшалығының езгісі мен тепкісінен құтқарып, теңдік алып береді деп коммунизмді өзінің саяси жүйесіне айналдырған, оны бүкіл жер бетіндегі адамзатты гүлденген бақытты өмірге жеткізетін бірден-бір тура жол деп білген мемлекеттің, аз ғана уақыт ішінде масқара болып құлауына алып барып соқтыратынын шынында да ешкім күтпеген еді. Қайта құру саясатын ұсынған кезде Горбачев коммунизмді демократиялық социализмге айналдырамын деп дәмеленген-ді. Бірақ мұның өзі тіпті басқаша болып шықты -коммунизм мен марксизм идеологиясы Кеңес Одағында ғана емес, бүкіл дүние жүзінде абырой-беделден жұрдай болып шыға келді. Шығыс Еуропа елдері Мәскеуге тәуелді болудан арылды. Кеңес Одағының құлауы оның құрамында болып келген Кіндік (Орта -Д.Қ.) Азия мен Кавказдағы ұлт республикаларының тәуелсіздік алуына мүмкіндік берді. Солардың қатарында Қазақстан да өз тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсіз мемлекеттер Мәскеуге бағынбайтын өз парламенттеріне ие болды. Сөйтіп коммунизмнің 70 жыл бойғы өктемдігі мен диктаторлық қатыгез билігінің тепкісінен құтылды. Тарихтан жақсы мәлім, Кіндік (Орта - Д.Қ.) Азия - бүкіл түркі халықтарының Түркістан деген атпен белгілі болып келген байырғы атажұрты. Оны 1918-1920 жылдары коммунистер қарудың күшімен қанға бөктіріп басып алды да, бе одақтас республикаға бөліп-бөліп жіберді. Қарақалпақтар Өзбекстанның құрамындағы автономиялы республикаға айналды. Лениннің бұйрығымен Компартия Орталық Комитетінің 1923 жылғы шешімі бойынша олар КСРО құрамына күшпен енгізілді. Сөйтіп, 1924 жылдан бастап оның Түркістан деген атпен аталуына біржола тыйым салынды. Түркістан түркілері этнологиялық және тарихи тұрғыдан алғанда мынадай топтар мен тайпаларға бөлінеді:
- қыпшақтар (бұлардың құрамына қазақтар, өзбектер, ұйғырлар, маңғыттар, қарақалпақтар, Солтүстік Кавказдағы түркі тектес халықтар, татарлар, башқұрттар, дағыстандықтар кіреді);
- чигилдер (бұлардың құрамына қалалар мен қышлақтарда тұратын отырықшы түркілер, сондай-ақ қашқарлықтар мен қырғыздар кіреді);
- түркімен - оғыздар (бұлардың құрамына түркімендер, Әзірбайжандағы, Анатолиядағы, Балқан мемлекеттеріндегі түркілер мен сахалар кіреді).
Түркістанда түркілерден өзге тайпалар да тұрған. Олар: иран тобына жататын, парсы тілінде сөйлейтін тәжіктер (Қазір олар тұратын аймақ Тәжікстан деп аталады), сондай – ақ дұңғандар, қалмақтар, еврейлер және басқалары. Түркістанда сан мыңдаған арабтар да бар. Олар сонау жетінші ғасырдан бастап ислам дінін тарату үшін барып, сонда тұрып қалған және жергілікті түркілермен әбден араласып, сіңісіп кеткен. Шағатай және парсы тілдерінде сөйлейді. Ислам дінін тоғызыншы ғасырда қабылдаған қазақтар - Орта Азиядағы (Түркістандағы) ең бірінші топ. Олар көшпелі өмір салтын басынан кешірген, жауынгерлігімен, ержүрек батырлығымен, өз отанын жанындай сүйетіндігімен, бостандыққа құштарлығымен ерекше көзге түскен халық. Ертедегі араб тарихшылары мен жиһангездері қазақтардың тамаша қасиеттерін - жүрек жұтқан батырлығын, ант пен сертке мейлінше адалдығын, дастарханы мол меймандостығын, қолы ашық жомарттығын өте жоғары бағалаған. Сондай ғұламалардың бірі - жиһангез Абу аль-Фад Имад Ад-Дин Исмаил Бен Hyp Ад-Дин Али Бен Махмұд Шахин-шах (Салах Ад-Дин аль Аийюбидің бауыры). Ол 1321 жылы жазылған "Такуим аль-Булдан" ("Әр елдер туралы жинақ") атты еңбектің авторы. Осы еңбегінде ол қазақтардың жүрек жұтқан батыр халық екенін жазады. Бір жауынгер қазақтың жалғыз өзі қарсы жақтың мықты деген он батырына бой бермей, ақырында жеңіп шыққанын сүйсіне суреттейді. Тарихта бірнеше ғасыр бойы, әсіресе ислам дінін қабылдағаннан кейінгі кезеңде, қазақтар Азияның кең байтақ даласында, сондай-ақ Шығыс Еуропаның едәуір бөлігінде ұзақ уақыт бойы билік еткен күшті мемлекеттерді бірнеше рет құрғаны мәлім. Солардың бірі ретінде Алтын Орда мемлекетін (1224-1502 жылдары) айтуға болады. Қыпшақ даласының батысынан шығысына дейінгі орасан зор аумақты алып жатқан осы мұсылман мемлекетін, үлкен өкінішке қарай, 1502 жылы орыстар жаулап алды. Мемлекеттің құлауына ондағы түрлі тайпалар арасында болған алты бақан алауыздық пен билікке таласып, өзара қырқысқан соғыстар себеп болды. Орыстар олардың осы бір осал тұсын қатты пайдаланды. Ресейде 1917 жылы өкімет билігін қолына алған коммунистер қазақ халқының жартысынан астамын қырып салды және өз Отанынан бездіріп жіберді. Ал Қазақстан Кеңес Одағының құрамындағы одақтас республика болып құрылғаннан кейін оған алуан түрлі ұлттардың өкілдері, әсіресе орыстар ағыла көшіп барумен болды. Қазақтар патша өкіметі мен коммунистік үстемдік кезеңінің тұсында орыстардың басқыншылық саясатына қарсы ұзақ уақыт бойы табандылықпен күресіп келді. 1917 жылы, Керенскийдің Уақытша өкіметі билеп тұрған кезде, олар Әлихан Бөкейхановтың басшылығымен Алаш Орда үкіметін құрды. Бірақ бұл үкімет орыстар тарапынан -қызылдардың да, ақтардың да тарапынан өлердей өшпенділікке душар болды. Өйткені, бұл жас мемлекет тап сол кезде Бұхарада, Қоқанда, Хиуада пайда болған басқа да бірқатар мемлекеттер сияқты Ресейге қатты қатер туғызды. Өздерін Ресейге ендігі жерде тәуелді емеспіз деп жариялаған ол мемлекеттерің бәрін де орыстар 1917 жылы қанға бөктіріп, қайтадан басып алды. Қазақстан Республикасы КСРО тарағаннан кейін жаңа достастық құрамындағы басқа да барлық мемлекеттер сияқты Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен өз тәуелсіздігіне ие болды. Орта Азия халықтары содан кейін ғана орыстандыру саясатынан арылып, өздерінің құқықтарын өздері қорғауға көшті. Қазақстанның ислам діні қабылдағаннан бергі 1200 жылдық тамаша тарихы мен бай мәдени мұрасы бар. Ол дүние жүзіне терең ойшыл ғұлама ғалымдардың тұтас бір дарынды шоғырын берді, тек ислам мәдениеті үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл адамзат өркениеті үшін мәңгі жасайтын тарихи құнды ескерткіштер де сыйлады. Қасиетті қазақ топырағында дүниеге келген ғалымдардың есімдері бүкіл әлемге әйгілі. Олардың бөрінің бірдей аттарын атап, еңбектерін тізіп шығу бұл шағын мақалада тіпті мүмкін емес. Дегенмен, кейбіреулеріне тоқтала кетуге болады. Атақты Аристотельден кейінгі әлемнің "екінші ұстазы" атанған Абу-ан-Наср Мұхаммед бен Тархан әл-Фарабидің 870 жылы Отырар қаласында туғаны белгілі. Ол - ислам әлеміндегі тұңғыш ғұлама философ. Арабтардың арасында Фараби деген атпен кеңінен танымал. Оның ғылыми еңбектері латын тіліне, Еуропа мен Шығыс елдерінің көптеген тілдеріне аударылған. Фарабидің мәңгі жасайтын еңбектерінің маңызы орасан зор. Сондықтан да Батыс пен Шығыстың ғұламалары оның еңбектеріне күні бүгінге дейін қайта-қайта назар аударып, сілтеме жасап келеді. Әл - Фараби ұлы философ болуымен қатар ислам музыкасының да атасы саналады. Ол "Үлкен музыка кітабы" атты трактат жазып қалдырды. Сондай-ақ ұлы әл - Фарабидің туған жиені Абу - Наср Исмаил бен Халид аль Джаухари әл - Фараби (1102 жылы қайтыс болған) туралы да айта кеткен жен. Ол - лингвистика саласындағы ғұлама болған кісі. Оның қаламынан адамзат тарихындағы тұңғыш сөздік -"Сихах аль Джаухари" ("Аль Джаухари етістіктері") атты еңбек туған. Өзінен бұрын өткен ұстазының бұл еңбегін Имам Мұхаммед бен Аби Баир ибн Абдель Надир ар-Ради одан әрі жетілдіре түсіп, "Мұхаммед аль - Сихах" ("Таңдамалы етістіктер") деген еңбек жазды. Оның бұл еңбегінің араб тілін оқып үйренушілер үшін күні бүгінге дейін зор маңызы бар. Ұлы ақын Қожа Ахмет Иассауиді (1166 жылы қайтыс болған) суфизмнің аса көрнекті өкілі деуге әбден болады. Ол - әлемге әйгілі "Диуани аль-Хикмет" ("Даналық кітабы") атты өлеңдер жинағының авторы. Бұл туынды - түркі поэзиясының алғашқы інжу-маржаны әрі суфизмнің негізін қалаған шығарма. Иассауи шығармалары Румидің "Маснауи аль-Фарси" ("Парсы өлеңінің егіз жолдары"), "Шамс Табризи" ("Тебризидің шуақты күні") атты туындыларына орасан зор игі ықпалын тигізді. Ислам әлемінің қай түкпірінде болсын суфизм өкілдерінің Иассауи талантына таңырқамайтыны жоқ. Әсіресе, Осман империясының тұсындағы ақындар оны ерекше құрмет тұтып өтті. Қазақ топырағында дүниеге келген өзге де көптеген көрнекті тұлғалардың қатарында Шейх Хибатулла ат-тарази да бар. Ол тарихи Тараз қаласында дүниеге келген. Осы қалада 1922 жылы мен де туылыппын. Түркістан халықтарының өз бостандығы жолындағы күресі қанға боялып, сәтсіздікке ұшыраған кезде әке-шешем Ауғанстан асып кеткен екен. Содан бері мен жат жұрттамын. Ежелгі Мысыр жерінде 1950 жылдан бері тұрып келемін. Осы елдің азаматымын. Бірақ өзімнің қазақ екенімді ұмытпаймын және әрқашан мақтаныш етемін. Қазақ әдебиеті қайта өрлеп, түркі тілдес әдебиеттер арасында көрнекті орын алған жаңа дәуірде қазақтың ұлы ақыны Абайды ауызға алмай болмайды. Оның әдеби -философиялық шығармаларының орасан зор маңызы бар. Абайдың туғанына 150 жыл толуына ЮНЕСКО-ның шешіміне орай бүкіл дүниежүзі жайдан-жай атап өткен жоқ. Қазақстанда және одан тыс жерлерде есімдері кеңінен мәшһүр болған басқа да көптеген адамдарды мысалға келтіруге болады. Олардың кейбіреулері елді орыс коммунистері басып алғаннан кейін Отанын тастап кетуге мәжбүр болды. Сөйтіп, Ауғанстаннан, Пәкстаннан, Үндістаннан, Сауд Арабиясынан, Египеттен және басқа елдерден саяси баспана тапты. Солардың бірі - Махмұд бен Назир ат-Тарази. Ол - қасиетті "Құран Кәрімге" өзбек тілінде түсініктеме жазған адам. Оның араб және парсы тілдерінде жазған басқа да кітаптары бар. Aнт аса көрнекті ғұлама Абу ан-Наср Мубашир аль-Тарази (1977 жылғы ақпанда Каир қаласында қайтыс болған) әдебиет, тарих, дін және этика салаларында 40-тан астам шығарманы өзбек, парсы, араб тілдерінде жазып қалдырды. Осы тілдерде ол өлеңдер де шығарды. 1987 жылы Айн Шам университеті оның қайтыс болғанына 10 жыл толуын арнайы атап өтіп, ғалым туралы көлемді кітап шығарды. Тараз - ежелден келе жатқан ескі қала. Бір кездері ол монғол әскерлерінің шапқыншылығына қарсы табандылықпен күресті. Қала несториандық бағыттағы христиан дінін таратудың орталығы да болған. Қалада ислам діні қабылданғанға дейінгі кезеңде салынған ғибадатханалардың қалдықтары осы уақытқа дейін сақталған. Ол дәуір Түркістан аумағында манихейзмнің, заростризмнің және пұтқа табынушылықтың күшті кезі еді. Ол дәуірден қазір Талас деген ат қана сақталған. Бұл қаланы қақ жарып аққан Талас өзенінің аты. Өзінің ғажайып тарихы мен бай мәдени мұрасы бар Қазақстан, міне, осындай. Қазір Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет. Ол өзіне дүние жүзінің назарын қатты аударып отыр. Өйткені, бұ елдің орасан зор экономикалық бай мүмкіндігі, дамыған ғылымы мен технологиясы бар. Оның аумағында ядролық полигондар мен ғарыш аймағы орналасқан. Ол полигондар Ресейдің ғана меншігі емес. Өйткені оларды салуға қазақ халқы да қатысты. Ал, патшалық Ресейдің, одан соң коммунистік тәртіптің тұсында Түркістан халықтарының табиғи байлықтарын барып тұрған тағылықпен таран - таражға салып иемденген үстемдіктің күні әлдеқашан өтті. Енді қазақ халқы Алланың бұйрығымен өзі иеленген аумақта толық тәуелсіздікті жүзеге асыруы тиіс. Ол өзінің екі құрлық арасында жатқан стратегиялық жағдайын ұтымды пайдалануы керек. Бұл ретте Президент Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп отырған ақылды саясатын барынша қолдау лазым. Өйткені, бұл саясат елдің тәуелсіздігін сақтауға және нығайтуға, интеграцияны, әлеуметтік экономикалық реформаларды жүзеге асыруға, елді қайта дәуірлетіп, гүлдендіре түсуге бағытталған. Бостандық пен тәуелсіздік жолындағы, қазақтардың ежелгі дәстүрлерін, дінін, әдет -ғұрпын, тілі мен әдебиетін сақтау жолындағы күресте оларды Орта Азияның, Кавказдың, Түркияның және басқа да мұсылман елдерінің халықтары әрқашан барынша қолдайды. Сындарлы сыртқы саясат жүргізудің нәтижесінде Қазақстан қазір Батыстың да, Шығыстың да көптеген мемлекеттерімен достық және ынтымақтастық қарым-қатынастарын барған сайын нығайтып келеді. Бұл ретте араб әлемінің, соның ішінде Египет Араб Республикасының да алатын орны ерекше маңызды. Қазақстан араб елдерімен және Түркиямен экономикалық, мәдени және ғылыми-техникалық қарым -қатынасты нығайтуға және арттыра түсуге барған сайын көп күш-жігер жұмсап келеді. Өз басым мұндай қарым - қатынастың мейлінше нығая түскеніне қуаныштымын. Қазақ халқы өзінің ұлттық ерекшелігін сақтап, нығайта түсуі тиіс. Бұл ретте мемлекеттік тіл - қазақ тілінің қолдану аясын барынша күшейту қажет деп білемін. Өйткені, өзінің ұлттық тілі болмайынша ешқандай халық шын мәніндегі толық тәуелсіздікке қол жеткізе алмайды. Осы мүмкіндігімді пайдаланып, Қазақстан Республикасының Президентінен өтініп сұрайтыным – жат жерде жүрген барлық қазақтардың өз ата - жұртына қайта оралуына неғұрлым ықпалды көмек тигізсе екен. Өйткені, бір кезде өз Отанынан кетуге мәжбүр болған олар атажұртқа жетуге әбден ынтызар. Мен оларды бостандық сүйгіш ержүрек қазақ халқының қатарында өздерінің атажұртында емін-еркін өмір сүретініне, өз ұлтының қадір-қасиетін және тамаша тарихын мақтаныш ететініне кәміл сенемін.
VІ ТАРАУ. ТҮРКІСТАН ТУРАЛЫ ЖЫР - ТОЛҒАУЛАР
ТҮРКІСТАН
Мағжан Жұмабайұлы
Түркістан - екі дүние есігі ғой,
Түркістан - ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған,
Түріктің тәңірі берген несібі ғой.
Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып-өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы
Басынан көп тамаша күндер кешкен.
Тұранның таулары бар аспанға асқан,
Мәңгіге басын аппақ шаштар басқан.
Баурында ерке бұлақ салады ойнақ,
Жаралып таудан аққан салқын жастан.
Ертеде Оқыс, Яксарт - Жейхун, Сейхун,
Түріктер бұл екеуін дария дейтін.
Киелі сол екі су жағасында
Табасың қасиетті бабаң бейтін.
Тұранның Тянь - Шаньдай тауы қалай,
Пар келмес Тянь - Шаньға таулар талай!
Еріксіз ер түрікті ойға аларсың,
Көкке асқан Хантәңіріге қарай-қарай.
Балқашты бауырына алған Тарбағатай,
Жоталы, жер кіндігі - Памир, Алтай.
Қазығұрт қасиетті тау болмаса, Топанда
Нұқ кемесі тоқтар қалай?
Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?
Түрікке адамзатта ел жеткен бе?
Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял,
Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?
Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер,
Данышпан тұңғиық ой, болат жігер.
Шыңғыстай арыстанның құр аты да
Адамның жүрегіне жігер берер.
Тұранның билері бар Тарағайдай,
Сол биден Темір туған от боп ойнай.
От шашып жер жүзіне Ақсақ Темір,
Жарқ етіп өте шыққан найзағайдай.
Асыл қан - қасиетті түрік қаны,
Сол қаннан - Ибн-Сина Әбуғали.
Молдығы білімінің сиқыр дерлік,
Дүниеге мұндай адам туды ма әлі?
Тұранда түрік ойнаған ұқсап отқа,
Түріктен басқа от боп жан туып па?
Көп түрік енші алысып тарасқанда,
Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?
Шер батса кім іздемес туған елін,
Тұлпар да көксемей ме туған жерін?
Арқаның ардагері - қалың алаш,
Тұран да біле білсең сенің жерің!
Қырағы Тянь-Шань мен Памир, Алтай,
Күтеді көптен сені қарай-қарай.
Кене мен Абылайдың жолын қумай,
Жапанда жабығудың мәні қалай?!
ГӨЗАЛ ТҮРКІСТАН
Шолпан
Гөзал Түркістан, саған не болды?
Себеп, уақытсыз гүлдерің солды.
Бақшамыз ойран, бұлбұлдар тынған,
Арылар ма екен, жүректер мұңнан?
Білмеймін, не үшін құстар ұшпайды бақшаларында?!
Бірлігіміздің мызғымас тағы,
Үмітіміздің сөнбес шырағы.
Бірлес, ей, халқым, келді ғой шағы,
Түрленсін енді Түркістан бағы.
Көтеріл, халқым, жетер енді, көрген қорлық, азабың.
Қолыңа ал туды - жүрегің оянсын,
Құлдық, бодандық - баршасы жансын.
Егемен ел бол, жауларың өртенсін,
Өсіп Түркістан, еңсесін көтеріп.
Жасап, жайнат өз Отаныңды гүл бақшаларында.
ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫНЫҢ АХУАЛЫ
Молда Мәди Меркішұлы
Уәлаят халқына мәшһүр болған бұл Түркістан,
Болып өткен бұл халыққа неше бір хан.
Кейінгі Құдияр хан заманында,
Көп болып ұрыс, жанжал, өлім, талан.
Нашарларға залымдар жәбірі өтті,
Сол себепті патшалық дәулет кетті.
Бұзылған халықтың ісі мен құлқы үшін,
Ғайри дін патшалардың үкімі жетті.
Ислах-дүр кәбир ахбарлардың айтқандары,
Мұсылман мұсылманға берсе азар.
Үстінен падишалық дәулет кетіп,
Басқа дәулет үстінен қарар табар.
...Романов әулеті халыққа мәшһүр,
313 жыл патшалық болды мәнзүр.
Әуелі Михаил деген таққа мініп,
Кім - кімі бола берді зор император.
...Зор мустақил патшалық болып қалды,
Кім райын қайтарса ойран салды.
Сәнеде мың сегіз жүз алпыс жеті,
Түркістан уәлаятын келіп алды.
...Шығарып Түркістаннан бес облыс,
Қойып әр мың үйіне бір-бір болыс.
Ескі дәулет жәбірмен жерін алып,
Қазақтарға тарылды сулы қоныс.
Көшпелі ел қазаққа жер жоқ десіп,
Қазақ жерін мұжыққа берді кесіп.
Шариғатсыз, низамсыз зорлықпенен,
Ауыр тауды мойнына ілді тесіп.
Адам атадан бері әууел - ақыр,
Әрбір халық иеленген жерде жатыр.
Переселенка деген ұры шығып,
Айырылды жақсы жерден қазақ пақыр.
Олардың ұрлығы мен өтірігі,
Әуелі жерді тартып алды құры.
Артынан арзымайтын шақа беріп,
Болады мұнан артық қандай ұры.
...Біз көрдік мұжықтардан мұндай жәбір,
Арыз етсек ескі дәулет қылды қаһар.
Мінәжат қылып, зарлап, Хаққа жылап,
Не ылаж, бұл пәлеге қылдық сабыр.
...Және бір сайлау деген шығарды заң,
Түркістанның еліне салды ылаң.
Жұлын тастап, ит таластырғандай ғып,
Жүргенге қалушы еді ақылымыз таң.
Тынымсыз ғып шаһар, дала, дария, шөлді,
Берекесін кетіріп елді бөлді.
Сайлау қылып жеңіліп қалған жағы,
Тауға, тасқа бас ұрып, тірі өлді.
Мұсылмандар адасып жүрер жолын,
Сайлауға қойды дәйім зейін, қолын.
Адвокат, залымдарға пара беріп,
Әр итке сарып қылды тапқан пұлын.
...Түркістанда болыпты осы қалып,
Амалдарды сайласты пұлын алып.
Сайлау өтіп, знак, мөр тигеннен соң,
Амалдар да көп алды төрге шығып.
АВТОНОМИЯ ДАУЫСЫ
Атты таң - нұрлы таң елімізге,
Күннің көзі балқыды.
Мейрам болып келді бізге,
Жаңарған дүние шалқыды.
Бітсін, қоқыс ескі дүние,
Ағарып атсын жарық күн.
Бізге патша керек емес,
Тиылсын жасы халықтың.
Алға, алға ей, бауырлар,
Бірлесейік, мұсылмандар.
Жарқын шықсын енді дауысың,
Жасасын, автономия, жасасын!
Ізгілік уақыты келді ме,
Автономия байрағы желбіре.
Ерік қолда, ұранда алға ұмтылып,
Дауысымыз шықсын жаңғырығып.
1917
ТҮРКІСТАН МҰХТАРИЯТЫНА
Хамза Хакимзада Ниязи
Төрт жүз жылдық Романовтың әулеті,
Құлады да, құрыды барлық дәулеті.
Азат күннің ағарады сәулеті.
Құтты болсын Түркістан мұхтарияты,
Жасасын енді біріккен ислам міллеті!
Қандай көңіл қуанышты ұқпасын?
Бұлбүл құсым сөзімдерімді құптасын.
Енді еркіндік уысыңнан шықпасын!
Құтты болсын Түркістан мұхтарияты,
Жасасын енді біріккен ислам міллеті!
Шыңғыс хан мен әмір Темір ұрпағы,
Бостандықтың әнін бірге шырқады.
Азаттықтың арайлансын нұр таңы!
Құтты болсын Түркістан мұхтарияты,
Жасасын енді біріккен ислам міллеті!
Ұлылыққа лайықсың сен Түркістан!
Өткенімді еске салар қабірстан.
Бірігіңіз араб, түрік, Үндістан!
Құтты болсын Түркістан мұхтарияты,
Жасасын енді біріккен ислам міллеті!
Пайғамбар да шақырады үмбетін,
Өсиетті ұғып алмаса кімде-кім,
Тыс қалады шапағаттан, міллетім.
Құтты болсын Түркістан мұхтарияты,
Жасасын енді біріккен ислам міллеті!
1918
ТҰРАН МАРШЫ
Садреддин Айни
Оян! Тұран елі, оян!
Жаңғырықты жер-жаһан.
Басталды жаңа дәуір
Басқа дәуір - басқа заман.
Өзбек, қазақ, түрікмен, татар,
Азаттықтың ақ таңы атар.
Бөлінгеннен сақтанамыз,
Айырылысқан жанға батар!
1918
ТІЛ
Елбек
Мұңлы құсым, сайрай түсші, іркілме,
Айтшы маған, қалай келдік бүл күнге?
Түрік тілін қорлаған кім ұялмай,
Кім қиянат жасады екен бұл тілге?!
Балдан тәтті һәм қылыштай қайраған
Түрік тілін кімдер екен лайлаған?
Сезінбестен тереңдігін, тұнығын,
Ана тілін менсінбеген қай надан?
Мұңлы құсым, оларды қой, сайраған,
Түрік тілінің желбіретіп байрағын.
Олар сатсын, азғындасын, қайтейін,
Болашақта тауып алар айғағын...
КЕГІҢДІ AЛ
Осман Қожаұлы
Түрік елі дұшпаннан қорлық көрді,
Ұлдары мен қыздары зорлық көрді.
Азаттықты алам деп Әнуар паша,
Шейіт болды, жауының қолында өлді.
Кегіңді ал!
Отан үшін ерлердің тұрысы анық,
Міллет үшін дұшпанмен ұрысалық.
Майданға шық Шыңғыс хан ұрпақтары,
Ат ойнатып, қолыңа қылыш алып!
Кегінді ал!
Ұлт ретінде келмесе құрып кеткің,
Алдыңа сап дұшпанды қуып кеткің.
Есіңе алып даңқты Темір бекті,
Бала оқыт жолымен Ұлықбектің.
Кегінді ал!
Көресің бе түркілік қанды мына –
Алауланды байрағым таң нұрына!
Күллі әлем біздерден елші сұрап,
Даусым шығар сол уақыт жаңғырыға!
Кегінді ал!
Рахат таппай ұлтымыз - ұлысымыз,
Жарамайды бұлайша тұрысымыз.
Тәуелсіздік алғанша түрік баласы,
Жер жүзінде жалғасар ұлы ісіміз!
Кегінді ал!
АЛАШҚА
Қасым Тыныстанұлы
Бір уақыт көштің алаш етіп сайран,
Сапырып сары қымыз, қою айран.
Кең жайлау үйді тігіл жатқан шақта,
Бар ма еді ер алашым, сенде арман?!
Малың көп, еш қайғың жоқ, төрт түлік сай,
Шалғынды майсаға да жатушы ең жай.
"Сені алаш, сені ме!" деп түрткен жау жоқ,
Жүруші ең ой ойламай, қасірет болмай.
Батырың жауға қарсы найза ұстаған,
Көсемің жұртын жиып, жол бастаған.
Шешенің сөйлейтұғын бұлбұл құсап,
Артына өлгеннен соң із тастаған.
Бұл кезде жүрегіңе жарылған тас,
Алдына билеріңнің жұрт иген бас.
Бәрі де салтанатың түгел шақта,
Арманың сол күндерде бар ма еді алаш?!
Бір уақыт қара тұман алды орап,
Өткенге жете алмадық қолды бұлғап.
Көзден жас, жондан таяқ арылған жоқ,
Сағындық замананы өткен жырғап.
Орнады заман келіп мындай басқа,
Дейді ол: "өткен күнді ойдан таста".
Сен жаман, мен жақсымын деген сөз жоқ,
Біп - бірдей мына дәурен кәрі-жасқа.
ДОМБЫРАМА ҚҰЛАҚ САЛ
Тайлақ Ахмет
Домбырамның құлағын бұрай алмаймын,
Бұрай алмасам, ширығып, тұра алмаймын.
"Бай мен кедей тең" деген тентек орыс,
Тең болғанды дүниеде көре алмаймын.
Құрғақ отты қайнатсаң ас болмайды,
Қара балшық, құрғатсаң, тас болмайды.
Жұрттың биі өзінен болмақ керек,
Қызыл орыс қырғызға бас болмайды.
Түкті жерді жайлаған байлар қайда?
Кісінеген, тебісіп тайлар қайда?
Жылқыдағы торының жалын тұғып,
Құла дүзде ойнаған айлар қайда?
Қазақ түйе көрмейді ауылдарда,
Қырғыз бие көрмейді қияларда.
Түрік баласы қалмады, қанқор
Орыс өрмекшідей ау құрды ұяларда!
"Коммунистік" дегенің тұзақ екен,
Айтқан сөзің өзіңнен ұзақ екен.
"Тауариш" деп алдадың туғаныңды,
"Азаттық" деп айтқаның - тұзақ екен.
Жоғарыдан келемін, жолаушымын,
Бабалардың жолын мен құраушымын.
Қызылдардың қырғынын күні келіп,
Құнын қайтып өзінен сұраушымын.
Алыс екен келген жол, жете алмаймын,
Ел есіме түскенде жата алмаймын.
"Кеткен енді келмес" деп айтпа ақымақ,
Жаным құрбан, жұртымды сата алмаймын.
"Қызыл көшіп келеді Алматыға,
Кім көнбейді тағдырдың салғанына".
Түркістанның түріктігін білмек керек,
Мен сенбеймін орыстың қалмағына.
Қара торы атыммен есе алмаймын,
Ақ қымызды сіміріп іше алмаймын.
"Жұрттан кетті" демеңіз қызыл қорқау,
Өлгенімше елімнен кете алмаймын.
Домбырамның айтқанын тыңдадың ба?
Құлақ салып, жақсылап түсіндің бе?
Болмағанға болар деп таң қалмаңыз,
Түркістанның түрік болғанын білмедің бе?
ЖҰРТ ОЙЛАРЫ
Тайлақ Ахмет
Жыл айналып етпейді,
Жүректен ауру кетпейді.
Ай айналып өтпейді,
Ауыздан айту кетпейді.
Ұзақта қалған Түркістан
Ұзатсам қолым жетпейді.
Тауларда киік оттайды,
Мергендер мылтық оқтайды.
Жүректе жауһар болмаған
Жұртында жауды сақтайды.
Тауында қырғыз биесі,
Шөлінде қазақ түйесі.
Жүректен күйген Түркістан
Жаулардың болды ұясы.
Ой тиме таудың басына,
Келгенде самал ұшырар.
Кіргізбе жауды жұртыңа,
Соңында сені көшірер.
Жирен атым баулаймын,
Жеті атамды ойлаймын.
Жау болып келген жаманды,
Жеткенде жұрқа қоймаймын.
Қиядан қыңыр ұшпайды,
Қырылғыр орыс көшпейді.
Жауларға қалған жамандар,
Жақсыға құшақ ашпайды.
Көкте жұлдыз жәудірер,
Жамандар жаудан қалтырар.
Жоғалтып жұрттың шырағын,
Кімдерге көзі мөлдірер?
Түркістанның даласы,
Жылама жұрттың баласы.
Ерттеп атты мінгенде,
Қанасын жаудың жарасы!
ТҮРКІСТАН ҚОРБАШЫЛАРЫНА
Илтер
Елімнің еркі үшін өлімге бел байлап,
Арыстан ерлерге болды олар жолбасшы.
Паң қылған Каспий мен Алтайдың арасын,
Түріктің ұрпағы - қаһарман қолбасшы.
Ұлы Отан - анамыз, жетелер жеңіске,
Еркіндік әніміз, азаттық салтымыз.
Тікенек тапталып, жаншылар аяққа,
Құзғыннан қаймығып, айнымас антымыз!
Бұл Отан біздікі, қымбатты ұлысым.
Біз оның иесі, сол үшін улы ісің!
Жат жұрттық жаулардан қалғанша тазарып,
Қынына кірмейді серттескен қылышым!
ТҮРКІСТАН
Қобызшы Қорқыт
Көркі көркем кереметті, күн келбетті көрер көзге,
Сұлу сәуле тым сәулетті, сапасы зор сөйлер сөзге,
Түркістаным, топырағыңда тұруыма таппай тағат,
Сандалдым сан сапар шегіп, сағат соғып, болмай санап.
Қала менен қырға қаһар, кенет келіп кесір салып,
Жанды жаншып, жайды жайпай, есіртті тым есімді алып.
Алтын Алтай, аялы Алтай, балаусалы Балқаш көлмен,
Қарағанды, Қаратаудай, Орда ордам болған жермен, Ертіс,
Еділ, Ембі, Есіл, сусасам сүт Сыр суымен, Қарқаралы,
Қарқарадай, Көкшетаудың кең нуымен,
Сән-салтанат, сұлу сарай, Алматыдай астанаммен,
Қол алысып қоштастым да, көз жасымды көлдей қылып.
Айырылыстым, ажырастым да, жас жанымды жердей қылып.
Анам артта аңырай - аңырай, жарым - жаным қалды жылап.
Соныменен сапар шектім, көз жасымды көл қып бұлап.
Енді сені Түркістаным, қайта оралып көремін бе,
Қатты жапқан қақпамды ашып, ішіне енді енемін бе?
Ата-ана, ел-жұртымды көріп, қолды беремін бе?
Туған жерден тағамымды тағы барып теремін бе?
Не болмаса жат қойнына күңіренемін де, көнемін бе?
Күнім жетсе жас жанымды жат жеріне көмемін бе?
Ен далада, ессіз жерде молам менің жатса құлап,
Мені ескеріп кімдер келіп, бас жағымда тұрар жылап?
Алтын отан алыста әлі, ата-анам жанымда жоқ,
Шет жерлерде шерлі жаспын, басқа қонған бағым да жоқ.
Жаншы жаным жалындана, жырла жүрек жырларыңды,
Жаны жара жақын достар, ұқсын сенің сырларыңды!
Мен әлі жас, көргенім аз, қажет емес өлім маған,
Түркістандай, гүлістандай, өте қымбат жерім маған!
МҰСТАФА-БЕЙ
(Дүниеден қайтқанына 8 жыл толуына арналады)
Жұма-ұлы
Күн жексенбі. Берлинде алты жарым,
Соққан тамыр тоқтады, аққан қаның.
Түрік елінің басына қайғы түсіп,
"Елім!" деген өртеніп кетті жаның.
Қара бұлыт жамылып мына далаң,
Қызыл-Орда өксіді - сенің қалаң.
"Сенің салған жолыңмен жүреміз" деп,
Серт беруде артыңнан жетім балаң.
Бейуақытта ұлынан айырылған,
Жыла, түрік, қанатың қайырылған.
Түндігі - орыс, түстігі - Ауғанстан,
Шығыс - моңғол, батыста - Астрахан.
Жазы - ыстық, азынар қысында жел,
Түркістанның барлығы - мұсылман ел.
Түрік елі үшін жағылған шам жоғалып,
Атпай кетті іңірде таң бозарып.
Жетпей кетті жолбасшы тілегіне,
Ауыр салмақ түсті ме жүрегіне.
Байтақ өлкең - Түркістан, құшқаны анық,
Мәңгілікке тоқтадың алыстан барып...
Шыққан еді күреске Мұстафа бек,
Азаттыққа елімді шығарам деп.
Қатарына қосылып күрескерлер,
Әпермекке еліне дұспаннан кек.
Мұстафаны ұмытпа аға - інішек,
Ол ұсынды біздерге көп келешек.
Түрік түгел жұмылсын бұл күреске,
Майдандарда білінер еткен еңбек!
Париж, 1949
ТҮСІНІКТЕР
І тарау. Түркістан және түрікшілдік төңірегінде Мұстафа Шоқайұлы. "Түркістан" - Мұстафа Шоқайдың бұл мақаласы орыс тілінде жарық көрген. Байбота Серікбайұлы Қошым-Ноғайдың құрастыруымен 1992 жылы шыққан жинақта алғаш рет қазақ тіліне аударылып басылды. Қараңыз: Түркістанның қилы тағдыры. Құрастырған Б.Серікбайұлы Қошым-Ноғай. - Алматы: Жалын, 1992, 49- 60 беттер. Материалды түпнұсқамен салыстырылып, өңдеген: Дархан Қыдырәли. Абдулазиз Шыңғыс. "Түркістан туралы" - 1939 жылы 15 тамыз күні Мысырда өткен ислам бауырластық кеңесінде оқылған лекция. Қолжазба күйінде. Алғаш рет жарық көруде. Шағатай-түрік жазуынан қазіргі қазақ тіліне аударған: Әбілхан Әбіласан. Қолжазбамен салыстырып, редакциялаған: Дархан Қыдырәли. Абдулла Режеп Байсұн. "Түркістан" - Басмашылық қозғалысына қатысып, кейін Түркияға келген Түркістандық Абдулла Режеп Байсұнның Стамбул қаласында 1943 жылы жарық көрген "Түркістан милли харекетлері" (Түркістан ұлттық қозғалыстары) атты еңбегінен үзінді. Қазақ тіліне аударып, баспаға дайындаған: Дархан Қыдырәли. Баймырза Хайит. "Түркістандағы ұлттық мемлекеттердің XX ғасырдағы тағдыры" - Әйгілі тарихшының 1986 жылы Анкара қаласында өткен Түрік Тарих Құрылымының X құрылтайында оқыған баяндамасы. "XX Жүз жылда Түркістандаки милли ве Совиет девлетлерінің карактері" деп аталатын бұл баяндама автордың 1987 жылы Стамбул қаласында жарық көрген "Совиетлер Бирлигіндеки түрклүгін ве исламын базы меселелері" атты жинағына енген. Материал Фадли Әлидің аудармасы негізінде беріліп отыр. Қараңыз: "Ақиқат", №б, маусым, 1999. 36-42 беттер. Юсуф Акчура. "Жаңа түрік мемлекетінің жолбасшылары" - Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, түрікшілдік қозғалысының жетекшілерінің бірі Юсуф Акчураның бұл еңбегі 1928 жылы жазылып, 1981 жылы Анкара қаласында жарық көрген "Иені түрік девлетінің өнжілері" (Жаңа түрік мемлекетінің жолбасшылары) атты кітабынан үзінді. Қазақ тіліне аударып, баспаға әзірлеген Дархан Қыдырәли. Зия Гөкалп. "Түрікшілдіктің негіздері" - Түрікшілдік идеясының көрнекті өкілдерінің бірі Зия Гөкалптың Анкара қаласында 1923 жылы жарық көрген "Түркчүлігін есаслары" (Түрікшілдіктің негіздері) атты кітабынан үзінді. Фадли Әлидің аудармасы негізге алынып, берілді. Қараңыз: Зия Көкалып. Түрікшілдіктің негіздері. Аударған: Фадли Әли. Алматы, 2000. Исмил Ғаспыралы. "Тағы да тіл мәселесіне орай" - "Дала Уәлаяты газетінің" №23 санында жарық көрген Мәшһүр Жүсіп Көпеев пен Зайсандық молда Закир Рамазановтың мақалаларына орай 1890 жылы "Тәржіман" газетінің 24 санында жарияланған. Қазақ тіліне аударған: Дархан Қыдырәли. Абдурауф Фитрат. "Қайран тіл" - Алғаш "Иштракиюн" газетінде жарық көрген ("Иштракиюн". №32. 15.06.1919). Материал ф.ғ.д., профессор М. Мырзахметұлының аудармасы негізінде беріліп отыр. Қараңыз: М.Мырзахметұлы. Түркістан Тараз арасы. Астана, 2002. 253- 259 беттер.
ІІ тарау. Түркістан уәлаяты Духовский. "Түркістандағы ислам" - Материалдың "Доклад Духовского царю и предварительные доклады Духовского" деп аталатын түпнұсқасы Өзбекстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағат қорында сақталған. "Жалын" журналында Есенқұл Сапуановтың аударуымен жарияланған материал 2007 жылы "Қазақэтнографиясының кітапханасы" сериясымен шыққан "Религиозные верования и обряды казах" деген кітаптың 46 томында (176-211 б) жарық көрді. Алайда кітаптағы нұсқада аудармашы көрсетілмеген. Осы аударма негізге алынғанымен, түп - нұсқамен салыстырылып, өңделіп берілді. Редакциялаған: Дархан Қыдырәли. Исмаил Ғаспыралы. "Түркістан газетіне жауап" - 1897 жылы 6 желтоқсан күні "Тәржіман" газетінде жарық көрген мақала. Аударып, баспаға әзірлеген: Дархан Қыдырәли. Хайретдин Болғанбаев. "Түркістан өлкесі" - "Сарыарқа" газетінің 1917 жылғы 29 шілдедегі санында жарияланған мақала. Алаш қайраткерінің 2005 жылы Астана қаласынан шыққан жинағы бойынша беріліп отыр. Қараңыз: Хайретдин Болганбаев. Шығармалы. Тағылымы. Құрастырып, түсініктерін жазған: Дихан Қамзабекұлы. Астана, 2005. 67-69 беттер. Ысмағұл Макин. "Піспек уезінен" - "Айқап" басылымында жарық көрген материал 1995 жылы жарық көрген кітап бойынша беріліп отыр. Қараңыз: "Айқап". Құрастырушылар: Ү.Сұбханбердина, С.Дәуітов. Алматы, 1995. 283 б. Шаһмұрат Нәзіри. "Қазақ-қырғыз-түрікмен" - "Айқап" басылымында жарық көрген материал 1995 жылы жарық көрген жинақ бойынша беріліп отыр. Қараңыз: "Айқап". Құрастырушылар: Ү.Сұбханбердина, С.Дәуітов. Алматы, 1995. 263 б. Абдулқадир Инан. "Түркістандағы 1916 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс" - Белгілі башқұрт ғалымы Абдулқадир Инанның 1928 жылы "Иені Түркістан" басылымында жарық көрген "Түркістандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс" атты мақаласы. Қараңыз: Abdulkadіr. 1916 senesі Turkіstan genel іsyanі. Yenі Turkіstan. S.14-15, 1928. s.17-20. Түрік тілінен аударған: Дархан Қыдырәли. Қыр баласы. "Түркістан" - Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі Әлихан Бөкейхановтың 1917 жылы "Қазақ" газетінде (1917, ғ 226) жарияланған мақаласы. "Әлихан Бөкейханов. Шығармалар" (Алматы: Қазақстан. 1994. - 384 б.) атты кітаптың 236-237 беттерінен алынды (құрастырып, кіріспесін және өмірбаяндық ғылыми мақаласын жазған М. Қойгелдиев) "Мұстафа мырза Шоқайдың хаты" - "Мұстафа әпенді Чокаевнің мектубы" деп аталатын хат 1917 жылы қараша айында "Ұлығ Түркістан" газетінің №40 санында жарық көрген. Аударып, баспаға дайындаған: Дархан Қыдырәли.
ІІІ тарау. Түркістан мұхтарияты "Түркістан автономиясының мәлімдемесі" - 1917 жылы желтоқсан айында Қоқан шаһарында Түркістан автономиясын жариялаған ресми мәлімдеме. Бұл мәлімдемені мәжіліс төрағасы ретінде Мұстафа Шоқай жасаған. Қазақ тіліне аударып, баспаға дайындаған: Дархан Қыдырәлі. Абдурауф Фитрат. "Мұхтарият" - 1917 жылы желтоқсан айында "Хұррият" газетінде басылған. Фитраттың 2003 жылы Ташкентте шыққан Таңдамалы шығармалар жинағының 3 томына енген. Қараңыз. Афитрат. Танланған асарлар. Таярлаушы: Х.Болтабоев. 3 жилд. Тошкент 2003.
198-199 б. Өзбек тілінен аударып, баспаға дайындаған: Дархан Қыдырәлі.
Хайретдин Болғанбаев. "Қокэвд съезі һәм қазақ - қырғыз"
- "Қазақ" газетінде 1917 жылы 31 желтоқсан күні жарияланған. 2005 жылы Астана қаласынан шыққан жинақ бойынша беріліп отыр. Қараңыз: Хайретдин Болғанбаев. Шығармалы. Тағылымы. Құрастырып, түсініктерін жазған: Дихан Қамзабекұлы. Астана, 2005.74-76 беттер.
Махмұт Хожа Бехбуди. "Қазақ қандастарымызға ашық хат" - Түркістан жәдитшілерінің жолбасшысы, көрнекті ағартушы, мүфти Махмұт Хожа Бехбудидің бұл ашық хаты "Қазақ қарындашларимизға ачық хат" деген атпен 1918 жылы қаңтар айында "Хуррият" газетінде жарияланған. Шағатайшадан аударып, баспаға дайындаған: Дархан Қыдырәлі. Тілші. "Ырғыздан" - 1918 жылдың басында "Қазақ" газетінде жарияланған мақала. Авторы белгісіз. "Қазақ энциклопедиясы" Бас редакциясы тарапынан 1998 жылы Алматы қаласында жарық көрген (Құрастырушылар Ү.Сұбханбердина, С.Дәуітов, Қ.Сахов) "Қазақ газеті" жинағының 423-424 беттерінен беріліп отыр. Мұстафа Шоқайұлы. "Қоқан Мұхтарияты жайында" - Мақала 1927 жылы "Иени Түркістан" журналының №7 санында жарық көрген. Түрік тілінен аударып, баспаға дайындаған: Дархан Қыдырәлі. Қараңыз: Д.Қыдырәлі. Мұстафа Шоқайұлы Қоқан Мұхтарияты жайында//Ақиқат, №4, Сәуір 2005, 53-56 б. "Мұхтарият Үкіметінің уәзипасы" - Бұл мақала алғаш рет 1917 жылдың 10 желтоқсан күні "Ұлығ Түркістан" газетінде жарық көрді. Авторы белгісіз. Аударып, баспаға дайындаған: Дархан Қыдырәлі. Сұлтанбек Қожанұлы. "Түркістанда орыс сиездері" - "Бірлік туы" газетінде 1918 жылы 29 қаңтар күні (№21) жарық көрген мақаланы баспаға даярлаған: Амантай Шәріп. Хайретдин Болғанбаев. "Тұла бойлары қан сасиды" - Қоқан қырғынын көзімен көрген Болғанбаевтың мақаласы "Бірлік туы" газетінде 1918 жылы 15 наурызда жарық көрген. 2005 жылы Астана қаласынан шыққан жинақ бойынша беріліп отыр. Қараңыз: Хайретдин Болғанбаев. Шығармалы. Тағылымы. Құрастырып, түсініктерін жазған: Дихан Қамзабекұлы. Астана, 2005. 82-83 беттер. Мұстафа. "Мұстафаның хаты" - Алғаш 1918 жылы 7 март күні "Бірлік туы" басылымының №24 санында жарық көрді. Бұл хат "Ана тілі" газетінде Д.Қамзабекұлы мен А.Шәріптің дайындауымен жарық көрді. (Қараңыз: "Ана тілі". "Тау арасы". 1993 ақпан). Сондай-ақ, Шоқайдың аталмыш хаты өзгертілмеген қалпында "Ұлығ Түркістан" газетіне де көшіріліп басылған еді. Қараңыз: "Ұлығ Түркістан". "Мұстафа Чоқаевтің хаты". №74. 26 март 1918 жыл. "Бүгінгі уәзипамыз" - "Бүгін күн уазифеміз" деп аталатын мақала 1918 жылы 7 наурыз күні "Ұлығ Түркістан" газетінің №67 санында жарық көрген. Авторы белгісіз. Айта кетерлік жайт, бүл басылымды Бекир Кебир мен Мұстафа Шоқай шығарып тұрған. Қазақ тіліне аударып, баспаға дайындаған: Дархан Қыдырәлі. Назыр Тюрякулов. "Кокандская автономия" - Алғаш рет 1920 жылы "Сборник к Октябрьской годовщине" деп аталатын жинақта жарық көрген. Материал Нәзір Төреқұловтың 1996 жылы "Нәзір қоры" тарапынан Шымкент қаласынан шығарылған "Шығармалары" атты кітаптың 2- кітабынан беріліп отыр.
ІҮ тарау. Түркістан Кеңестер билігінде Тұрар Рысқұлов. "Түркістан мұсылмандары орталық бюросының үндеуі" - "Түркістан мұсылмандарының меркез бюросындан" деп аталатын материал 1919 жылы сәуір айында "Иштракиюн" газетінің№94 санында жарық көрген. Үндеудің соңына Тұрар Рысқұлов қол қойған. Шағатайшадан аударып, баспаға әзірлеген: Дархан Қыдырәлі. Зәки Уәлиди Тоған. "Естеліктер" - Материал 1917 жылы құрылған Башқұртстан ұлттық мемлекетінің негізін қалаушылардың бірі, Түркістан ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысқан, кейін эмиграцияға кеткен әйгілі ғалым, қоғам қайраткері, профессор Ахмет Зәки Уәлиди Тоғанның 1969 жылы Стамбулда жарық көрген "Хатыралар" (Естеліктер) атты кітабынан үзінді. Түрік тілінен аударып, баспаға дайындаған: Дархан Қыдырәлі. Мұнаууар Қари. "Естеліктерімнен" - Туркестан ұлт - азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, көрнекті жәдитшіл, ағартушы Мұнаууар Қари Абдурашитхановтың "Хотираларимдан" деп аталатын кітабынан үзінді. С.Халбаевтың құрастыруымен 2001 жылы Ташкент қаласында жарық көрген бұл естелік 1929-1930 жылдары жазылған. Өзбек тілінен аударғандар: Дархан Қыдырәлі, Айдын Асылбекқызы. Абдуллазада Тәуеккел. "Түркістан ұлт-азаттық күресіне кіріспе. Басмашылық" -Ташкенттік Абдуллазада Тәуеккелдің бұл мақаласы "Иені Түркістан" журналында жарық көрген. Қараңыз: Abdullahzade Tevekkel. Turkіstan Mіllі Mucadelesі Tarіhіne Gіrіs. "Basmacіlіk". // Иені Түркістан. № 8. 1928. 11-17 беттер. Қысқартылып беріліп отыр. Түрік тілінен аударған: Дархан Қыдырәлі. "Рысқұловтың Казаковқа хаты" - Өзбекстан Республикасы Орталық Мемлекеттік архивінен алынған хатты аударып, басылымға даярлаған: Ордалы Қоңыратбаев "Тұрар Рысқұловтың сөйлеген сөзі" - Тұрар Рысқұловтың 1921 жылы наурыз айында Мәскеу қаласында өткен Түрік халықтары коммунистерінің ІІ Жалпыресейлік съезінде сөйлеген сөзі. Аударып, басылымға даярлаған: Ордалы Қоңыратбаев. Сұлтанбек Қожанұлы. "Орта Азия бірлігі һәм қазақ ұлты"
- 1924 жылы 17 тамыз күні "Ақжол" газетінің№471 санында басылған материалды баспаға даярлаған: Амантай Шәріп.
Мұстафа Шоқайұлы. "Тұран мемлекеті хақында" - Мақала 1930 жылы "Иени Түркістан" журналының №26 (14) санында түрік тілінде жарық көрген. Аударып, баспаға дайындаған: Дархан Қыдырәлі. Сұлтанбек Қожанұлы. "Қырғыз-қазақ бірлігі" - 1922 жылы 12 наурыз күні "Ақ жол" газетінің №150 санында жарияланған мақаланы баспаға даярлаған: Амантай Шәріп. Мұстафа Шоқайұлы. "Орталық Азия федерациясы жобасы" - Түрікше атауы "Меркези Асия Федерасионы прожесі" деп аталатын мақала 1931 жылы "Иени Түркістан" журналының №35 санында жарық көрген. Түрік тілінен аударып, баспаға дайындаған: Дархан Қыдырәлі.
Смағұл Садуақасұлы. "Орта Азия өміріндегі жаңа дәуір"
- Алғаш рет "Қызыл Қазақстан" журналының 1924 жылғы 7-8-9 сандарында, "Еңбекші қазақ" газетінің 1924 жылғы 14-22 қазан күнгі нөмірлерінде басылған екен. Материал С.Садуақасұлының "Екі томдық шығармалар жинағынан" алынып, беріліп отыр. Қараңыз: Смағұл Садуақасұлы. Екі томдық шығармалар жинағы. Құрастырып, алғысөзі мен түсініктерін жазған: Д.Қамзабекұлы. Алматы, "Алаш" баспасы, 2003. 2 том, 101-112 беттер.
Мұстафа Шоқайұлы. "Түркістанда ұлт-азаттық күрес" - Түрікше "Түркістанда милли мұжаделе" деп аталатын мақала 1930 жылы "Иени Түркістан" журналының №29 санында жарық көрген. Түрік тілінен аударған: Дархан Қыдырәлі. Ахмет Наим. "Түркістанда кеше және бүгін" - Ахмет Наимның "Түркістанда дүние бүгін" деп аталатын мақаласы 1930 жылы "Иени Түркістан" журналының №5-6 санында жарық көрген. Түрік тілінен аударған: Дархан Қыдырәлі. Жанай. "Вопрос о межнациональных взаимоотношениях в Туркестане" - Мұстафа Шоқайдың бүркеншік атпен жариялаған бұл мақаласы 1929 жылы Парижде "Горцы Кавказа" басылымының №2-3 санында басылған. Сол қалпында жарияланып отыр. Баспаға даярлаған Дархан Қыдырәлі. Мұстафа Шоқайұлы. "Түркістанда Погром" - Түрік тілінде "Түркістанда пагром" деп аталатын мақала 1929 жылы "Иени Түркістан" журналының №23 (11) санында жарық көрген. Түрік тілінен аударған: Дархан Қыдырәлі. Мұстафа Шоқайұлы. "Түркістанның бақытсыздығы және одан құтылудың жолы" -Мұстафа Шоқайдың "Түркістанның бақытсыздығы ве ондан құртылыш иолы" деп аталатын бұл мақаласы "Яш Түркістан" журналының г27 санында жарияланған. Айтан Нүсіпханның аудармасымен жарық көрді. Қараңыз: Мұстафа Шоқай. Таңдамалы. 1 том. Алматы, 1998. 246-250 б. Есен Тұрсын. "Түркістанның ұлы ақыны — Абай Құнанбайұлы" - Мұстафа Шоқайдың сенімді серіктерінің бірі болған Тахир Шағатайдың бұл мақаласы 1934 жылы "Яш Түркістан" журналында жарияланған. Аударып, баспаға даярлаған - Дархан Қыдырәлі. Қараңыз. Түркістанның бас ақыны - Абай // Ақжол. №77. 22.06.2004; Түркістанның ұлы ақыны - Абай // Түркістан. г29. 15.07.2004.
V тарау. Эмиграцияда жалғасқан күрес Бас мақала. "Түркістан түрікшілдігі" - "Яш Түркістан" басылымының №32 санында "Бас мақала" ретінде басылған бұл мақала Мұстафа Шоқайға телініп келді. Шоқайдың 1998 жылы жарық көрген Таңдамалысына да солай еніп кетті. Әйтсе де, біздің ойымызша, бұл мақала сол кезде журналдың жауапты хатшысы болған Тахир Шағатайға тиесілі. Мұстафа Чокай-оглу. "Воспоминания" - Мұстафа Шоқай тарапынан 1941 жылы жазылған қолжазба күйіндегі бұл естелік 1951 жылы "Түркелі" журналында жарық көрді. Сол қалпында беріліп отыр. Баспаға даярлаған: Дархан Қыдырәлі Зәки Уолидн Тоғай. "Түркістандықтардың бірігу жолындағы әрекеттері" Профессор Зәки Уәлиди Тоғанның "Түркістанлыларын бирлешме давалары" деп аталатын бұл мақаласы 1952 жылы "Серденгечті" журналының №15-16 санында жарияланған. Кейін автордың 1971 жылы Стамбул қаласында жарық көрген "Түрклүгін мукадқераты үзеріне" деген кітабына енгізілген. Қараңыз: Зәки Уәлиди Тоған. Түрклүгін Мукаддераты Үзеріне. Стамбул, 1971. 113-127 б. Мақаланың осы кітапта жарияланған нұсқасынан үзінді. Түрік тілінен аударған: Дархан Қыдырәлі. Хамза Абдуллин. "Жау қолында қалған жазушылар" - Материал автордың 1993 жылы Алматы қаласында жарық көрген "Мұстафа мен Мағжан - Тұран елінің даналары" атты кітабынан беріліп отыр. Қараңыз: Мұстафа мен Мағжан - Тұран елінің даналары. Құрастырып, баспаға әзірлеген: Х.Абдуллин, Қ.Қасенов. Алматы, 1993. 69-75 беттер. Хасан Оралтай. "Мұстафа Шоқай және оның шетелдердегі ізбасарлары" - Эмиграциядағы "Алашшыл" топтың соңғы өкілдерінің бірі Хасан Оралтайдың 1996 жылы Алматы қаласында Мұстафа Шоқайға арнап өткізілген конференцияда жасаған баяндамасы. Баяндама 1996 жылы желтоқсан айында және 1997 жылы қаңтар айында мақала түрінде "Қазақ елі" газетінде жарияланды. Насрулла Мубашир ат-Тарази. "Түркістан түркілері тарихынан" - Египет еліндегі әйгілі қандасымыздың мақаласы "Егемен Қазақстан" газетінде 1995 жылы 27 қыркүйек күні сол кездегі Қазақстан Республикасының Мысыр еліндегі уақытша сенімді өкілі Сайлау Батыршаұлының хатымен бірге жарияланған.
VІ тарау. Түркістан туралы жыр - толғаулар Мағжан Жұмабайұлы. "Түркістан" - Түркістанның ұлы шайыры Мағжанның Түркістан туралы бұл әйгілі жыры 1923 жылы Ташкент қаласында Сұлтанбек Қожановтың алғысөзімен шыққан жыр жинағына енген. "Яш Түркістан" журналының 1929 жылы желтоқсан айында шыққан алгашқы саны осы өлеңмен ашылған. Өлең "Яш Түркістан" басылымында шыққан нұсқа бойынша беріліп отыр. Шолпан. "Гөзал Түркістан" - Өзбек әдебиетінің көрнекті өкілі, азаттық шайыры Абдухамит Сүлеймен Шолпанның 1919 жылы жазылған бұл өлеңі "Гөзал Ферғана" деп аталады. Эмиграциядағы түркістандықтар өлеңнің аты мен кейбір жолдарын өзгертіп, Түркістан легионының маршы ретінде қабылдаған. Түпнұсқадан біршама ауытқып кеткенімен, тарихи маңызы болғандықтан, осы нұсқаны беріп отырмыз. Өзбек тілінен аударған: Дархан Қыдырәлі. Молла Мәди Меркішұлы. "Түркістан халқының ахуалы" - Өлең алғаш рет автордың 1917 жылы Ташкент қаласында басылып шыққан "Республикаға сый" атты жыр жинағына енген. Кітап профессор М.Мырзахметұлының дайындауымен 1995 жылы Түркістан қаласында қайта жарық көрді. Қараңыз: Молла Мәди Меркішұлы. Республикаға сый. Баспаға даярлаған: М.Мырзахметұлы. Түркістан, 1995. 3-5 беттер. Марш. "Автономия дауысы" - Қоқанда жарияланған Түркістан автономиясына арнап шығарылған бұл марш "Ұлығ Түркістан" газетінде 1917 жылдың 13 желтоқсан күні жарық көрген. Авторы белгісіз. Татар тілінен аударып, баспаға даярлаған: Дархан Қыдырәлі. Хамза Хакимзада Ниязи. "Түркістан мұхтариятына" - Көрнекті өзбек ақыны, жәдитшіл Хамза Хакимзаденің Түркістан атономиясына арнаған бұл өлеңі 1918 жылы 11 қаңтар күні "Ұлығ Түркістан" газетінде жарияланған. Өзбек - шағатай тілінен аударып, баспаға даярлаған: Дархан Қыдырәлі. Садреддин Айни. "Тұран маршы" - Әйгілі тәжік және өзбек жазушысы, жәдитшілдік ағымының көрнекті өкілі Айнидің өлеңін өзбек тілінен аударған: Дархан Қыдырәлі. Елбек. "Тіл" - Өзбектің көрнекті ұлтшыл ақыны Елбектің (Машриқ Юнусов) бұл өлеңі 1920 жылы жазылған. Өлең ақынның 1999 жылы Ташкент қаласында жарық көрген "Таланған асарлар" атты кітабынан беріліп отыр. Өзбек тілінен аударған: Дархан Қыдырәлі. Осман Қожаұлы. "Кегіңді ал" - Бұхара Халық Республикасының үкімет басшысы, кейінірек Стамбулда шыққан "Иені Түркістан" журналының бас редакторы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Осман Қожаұлының "Ал интикам!" деп аталатын түрік тілінде жазылған бұл өлеңі алғаш рет "Түркістан милли харакетлері" атты кітапта жарық көрген. Қараңыз: Turkіstan тШі hareketlerі. Іstanbul, 1943, 114 s. Түрік тілінен аударған: Дархан Қыдырәлі. Қасым Тыныстан. "Алашқа" - Қырғыздың талантты ұлтшыл ақыны Қасым Тыныстанның бұл өлеңі 1925 жылы жарық көрген жыр жинағына енген. Өлең 2001 жылы Бішкек қаласында жарық көрген "Қасым жырларының жинағы" (Құр.: А.Ч.Какеев, В.И. Шаповалов. Бішкек, 2001. 16 б.) атты кітаптан беріліп отыр. Қазақ тіліне аударған: Дархан Қыдырәлі. Тайлақ Ахмет. "Домбырама құлақ сал" - Өлең 1932 жылы "Яш Түркістан" журналында жарық көрген. Авторы бүркеншік ат қолданған. Біздіңше, өлең авторы - Мұстафа Шоқай. Қараңыз: Дархан Қыдырәлі. "Эмиграциядағы Түркістан әдебиеті" // Қазақ әдебиеті. №43-44. 29.10.2004. Өлеңді қазіргі қазақ тіліне өңдеген: Дархан Қыдырәлі Тайлақ Ахмет. "Жұрт ойлары" - Өлең 1932 жылы "Яш Түркістан" журналының ғ26 санында жарық көрген. Қазіргі қазақ тіліне өңдеген: Дархан Қыдырәлі. Илтер. "Түркістан қорбашыларына" - 1928 жылы "Иені Түркістан" журналында түрік тілінде жарияланған бұл өлең "Түркістан қорбашыларға" деп аталады. Авторы -Түркістаннан Түркияға оқуға барған Салих Еркинкол. Түрік тілінен аударған: Дархан Қыдырәлі. Қобызшы Қорқыт. "Түркістан" - Көрнекті қазақ ақыны, ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында тұтқынға түсіп, Түркістан легионында болған Мәжит Айтбайдың бұл өлеңі 1971 жылы Мюнхенде латын әрпімен басылған "Абылай хан дастаны" атты кітаптың 68 бетінде жарық көрген. Жұма-ұлы. "Мұстафа-Бей" - Мұстафа Шоқайдың опат болғанына 8 толуына арналып жазылған бұл өлең Түркістан көсемінің 60 жылдығына орай 1949-1950 жылы Парижде жарық көрген "Яш Туркестан" атты жинақтың 30-32 беттерінде жарияланған. Қырғыз тілінен аударған: Дархан Қыдырәлі.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру