Талтаңбайдың тәртібі
Бейімбет Майлин
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Бейімбет Майлиннің сатиралық шеберлігін танытатын туындысы. Жаңа заманның мансапқор, тоғышар белсенділерін өткір мысқылмен әшкерелейтін әңгімелер шоғыры.
Үш перделі, төрт суретті драма
ҚАТЫСУШЫЛАР:
Шапшаңбай – басқарма ағасы.
Күнжан – оның әйелі.
Сүндет – есепші (счетовод).
Парыз – өтірік «белсенді».
Бәкен – колхозшы.
Ақсүйрік– оның әйелі.
Қамза – комсомол ұясының бұрынғы хатшысы, мұғалім.
Жұпар – соңғы хатшы.
Xайдар – комсомол.
Өтеміс – комсомол.
Қарғабай – колхозшы, жас бала жігіт.
Дәурен – колхозшы.
Талтаңбаев – өкіл.
Жақсылық–райкомның жаңа хатшысы.
БІРІНІШ ПЕРДЕ
БІРІНШІСУРЕТ
Екі есік: бірі бірінші бөлмеде, екіншісі тысқа шығады, ұзын үстел, орындықтар. Үстел үсті бұрқыраған қағаз. Бұрышта шкаф. Есік жақ шашылған түрлі ыдыстар. Үстел, орындықтардың арқалықтарына баланың жаялықтары жайылған. Шымылдық ашылған кезде Сүндет үстелге төсін тірей, шот қағумен отыр. Сүндет (ашулы). Ал, құдай атты да қалды: бір шыққан емес есебім. Маған керек сан мың төрт жүз отыз, былай салсам да жетпейді оған, олай салсам да... Күнжан (көрші бөлмеден басын шығарып). Сенбісің салып жатқан? Сонша даурығып... Баламды шошыттың.
Күнжан. Дауысыңнан.
Сүндет. Айналсам-ау қасыңнан... (Есікке жүре берем дегенде.) Күнжан (безеріп). Қой, қой... Масқара-ау, тапа-тал түсте... (Сүндет тұрып қалады.) Осы елдің жігіті қызық, өй... Басқа елде де болып көрдік қой... (Сүндет томсарып, есебіне шұғылады. Күнжан күлімсірей түсіп.) Дүкенге бардың ба, әй? Сүндет. Бардым.
Сүндет (салқын). Келіпті.
Күнжан (елең етіп, жақындай түседі). Келіпті дейсің бе, ей? Түсі қандай? Тұмсығы қандай, жайпақ па, сүйір ме?.. (Үстелге сүйеніп, күлімсірей қарап.) Уәдең есінде ме? Сүндет. Мына есебімді ұмытсам да, оны ұмытпаспын. Сенесің бе, мына шотты қағып отырғанда соның әрбір тасы сен болып күлімсірейді маған. Сенесің бе?.. (Елеуреп ұмтылам дегенде, Күнжан ыршып есікке барады. Сүндет үстелдегі қағазын шашып алады.) Күнжан. Бетім-ай, осы елдің жігіті қызық, тал түсте... Басқа елдің жігіті бүйтпейді. Қарабас елінде тұрдық қой, сонда бір шотавот болды.
Күнжан. Сендей ме? (Күлімсіреген күйі бөлмесіне кетеді.) Сүндет (аз-кем тұрып шашылған қағазын жияды). Қап, иттің қатыны есебімді былықтырып кетті-ау. Мейлі, қай бір дұрыс есеп, қондыра салармын бір цифрды. Тыстан жүген ұстап Жанбол кіреді. Жанбол (кейіген түрде) Әй, басқарма қайда? (Сүндет Жанболды елемей, шот қағуға кіріседі.) Жанбол. Қақ, қақ! Сартылдат! «Құлқу-құлқу деп қорадағы қойды құрттың» деген екен... (Отырып.) Басқарма қайда еді?
Жанбол (ұнатпай қарап). Уа, тоба, осыған да тәлкек болғаным ба? (Күрсініп.) Тәлкек болдым. Бірдеме айтайын десем «ал, контр болдың» деп, шақ ететін болыпты. Айналып кетейін-ау, аспан айналып жерге түссе, мен контр болармын ба? Бірінші – кеңес үкіметін өз қолымнан орнатыссам, екінші – Әлібиге отряд болып алаштың азу тісін сындырған болсам... (Уһлеп.) Әй, басқарма қайда деймін? Сүндет (шатынап). Маған жұмыс істетпейсің ғой, сірә. Ал құрысын есеп. Ал іздейін басқарманы. Жанбол. Уа, тоба... Сөйлесіп көр бұларменен? Жеке басымның қамы үшін мазаласам екен-ау бұларды. Бірінші – Есберген құдасына барамын деп ат сұрап мініп, оны зорықтырып, жолға тастап келіп отыр; екінші – сиыр біткен сықырлап қорада тұр, не шөбі жоқ, не су ішкен жоқ; үшінші – осы үйдегі адырақ көз келін... Әй, тыңдашы, осы үйдегі адырақ көз келін... (Күнжан есікті ашып тыңдап тұрады, Жанбол оны сезбейді.) Көрер көзімше бір машинаның қалғанын қиратып әлгіде ғана үйіне әкелді. Осы келіндікін бөлек қағазға түрте салшы.
Жанбол (жалт қарап). Түрткіземін, келін!
Күнжан. Түрткізе алмассыз! Ерегісемін деп, ел ақтап кетіп жүрерсіз. (Кенет құшырлана ұмтылады.) Не деген адам едіңіз, баланың жаялығына отырып... (Жанболды арқадан итеріп, жаялықты алып кетеді.) Жанбол (басын шайқап). Әттегене!.. Сүндет (мысқылдап күліп). Бөлек түртіп қойдым, совсем бөлек... Жанбол (шіміркеніп). Әй, қоямысың? (Кіжініп, ұшып тұрады.) Сүндет (шотты сүйрей қашып). Кеңседе қол жұмсаған үшін бес жыл түрме.
Тыстан Шапшаңбай кіреді. Шапшаңбай.Бұ не?Әй?
Сүндет (шотты үстелге алып ұрып). Шорт знает, жұмыс істеуден қалдым, шығармаймын есепті. Шапшаңбай. Неге шықпайсың қуып? Тұра қал: тыңдаттың ба жоспарын? Тыңдат. Түскі тауық шақырды ма? Жаз: «желтоқсанның жиырма төрті күні, бесін кезінде, Жанбол Жауқашар ұлына тыңдатады, үдетпелі жоспардың он бес пұты» де. (Күнжан есіктен қарап тұрады.) «Сүндет Сүгіралы ұлының жарысқа шақыруы бойынша міндеттелген он бес пұты де... Дедің бе? Көрейін сосын... Күнжан. Әбден қиратарсың.
Күнжан.Әне, қоқандады маған, ей албасты! Жүр бері, баланы көтер. (Кетеді.) Шапшаңбай (есікке бара беріп бұрылып). Әй, әзілдеп түсінбе. Бұл Талтаңбайдың тәртібі... (Сүндетке.) Төлеймін дегізіп, бармағын басқызып ал. (Кетеді. Жанбол есікке қарап басын шайқаумен отырады.) Сүндет (бір қағазды асығыс жазып. Жанболға ұсынады). Бармағыңды бас мынаған!
Сүндет. Менімен жарысасың.
Сүндет. Қонтыр боласың онда.
Жанбол. Мен қонтыр болам ба? Мен, мен...
Тыстан Талтаңбаев кіреді. Шляпа, ақ жаға, көзілдірік, білегінде таяқ. Көзі жанарында – үй қабырғасындағы ұрандарға үңіледі. Жанбол (оған бірсыпыра қарап алып). Әлгі Талтаңбаев тап осы болар ма, ә?
Сүндет (жағынып). Үйде, әм сізді күтіп отырған болар.
Талтаңбаев көрші бөлмеге кіреді. Жанбол басын шайқап, шығады.
Сүндет (есікке бірсыпыра қарап отырып, күрсініп, шотты сарт еткізеді). Осы да қабаттасып... (Тағы сарт еткізіп.) Жаңа ғана үйірілтіп келе жатқанда... (Қағазын қобыратып, өлең айтады.) Текті байдың баласы ем уыз емген. Кез болып қара күнге басқа төнген.
Қаңғырып кетші едім шығып елден.
Счетовояттық қызметті сағаладым
Кез бояуға жарайтын өнерім бар,
Сарт та сұрт мына шотты қаға аламын.
Шапшаңбай көрші бөлмеден бала көтеріп шығады.
Шапшанбай.
Айналады әкесі-ау.
Ашуланшақ мамасы-ау.
Сүндет. Сені түрмеге тығам деп кетті.
Шапшанбай (шошьшып). Қой-әй, үрейін алмашы кісінің. Онсыз да зәрем жоқ... Әй, Сүндет, мен неге қорқа беремін осы, ә? (Далада шаң-шу, бұлар елеңдеседі.) Әйел даусы.Көрермін өлтіргеніңді! Сенен бұрын өлсек... Тыстан Бәкен, Ақсүйрік, Парыз кіреді. Парыз (ашулы.) Пұртоколде мына иттерді. (Тымағын үстелге алып ұрып.) Уһ... Осы иттермен ырылдасам деп-ақ...
Парыз. Тыңда, үйіне бардым. Егізектің Ембергені қасымда. Былай дедім: «Жолдас Бәкен Шөмішбаев, мен сені жарысқа шақырамын жиырма бес пұт астыққа», – дедім. (Бәкенге.) Осылай дедім ғой, ә?
Парыз. Тоқта. Сонсын айтқаным: «Жарыспасаң большевик емессің», – дедім. Дедім бе? Кончин! Калакайтыңды білмеймін, менің «имением темпуді күшейту, мен темпудің адамымын»,–дедім. Дедім бе? Қош... Ал жолдас Шөмішбаев большевик бола алмады. Постой, қалақайтынды білмеймін, большевик емес екен. «Астығым жоқ», – деді, осылай дедің ғой, ә?
Парыз. Ә... Тұрып тұр, жеңге, сенің сыбаған кейін? Қош... «Ендеше үйіңді тінтемін», – дедім. Тінтіп келіп кеттік. Абырой болғанда суырып алмайын ба...
Парыз (ойланып). Үш пұттан асар ма екен, ә, Бәкен?
Ақсүйрік. Бетім-ай, екі табақ астықты...
Шапшаңбай. Табылды, болды, тәртіп солай. Жаз, Сүндет! (Сүндет дереу жазады.) Ақсүйрік. Бетім-ау, аштан өл деймісіңдер, қуырып жеп отырған астығымыз. Шапшаңбай.Үкімет астығын неге қуырасың, ә? Ол тәртіпті кім берді, ә?
Бәкен (сасып). Жоқ... Сатып алған емес, масақтың бидайы.
Сүндет. Социальный положениенді айт деймін.
Бәкен. Жоқ, жоқ, сатып алған емес.
Сүндет. Ендеше, құлақ деп жазам.
Парыз. Жаз, құлақ деп.
Сүндет (жазып отырып). Біреуді личный аскарбит еткен үшін бес жыл түрме. Ақсүйрік. Әдіра қал, сенен бұрын түспеспіз. Қалқоздың мал-мүлкін құртып сен де бос жүрсің ғой. Сүндет. Үкімет адамын қаралаған үшін он жыл түрме. Бәкен. Тыныш тұршы, қатын. Ақсүйрік. Қой әрі, осылардан қорқып... Тамақ ішу қылмыс болса, алдымен басқарма айдалсын. Қатыны күніне он таба нан пісіреді, біз он күнде бір таба нан таба алмаймыз... Көрші бөлмеден Талтаңбаев шығады. Шапшаңбайлар әбігерленіп, үстелдің төрінен орын береді.
Парыз. Құқ қылып жатырмыз, үйінен астық шығып.
Ақсүйрік. О ненің ақысы?
Талтаңбаев.О ненің ақысы! Білгіңіз келе ме? Ол ақысы астық тыққаныңыздың. Оның үшін айдатамын Темірхан Шораға., Білемісің Темірхан Шораны? Ақсүйрік. Сіздей білекті емеспіз. Талтаңбаев Ақсүйрікке түйліге қарап, теңселіп жүреді. Көрші бөлмеден Күнжан қарап тұрады. Талтаңбаев (Ақсүйрікке түйліге қарай түсіп). Ым-м... сөзін көрдің бе? Отызыншы жылы бес жүз үйден қалқоз құрып, қыс ішінде киіз үйден қала салдыратынымда тап осы сықылдай бір әйел шапылдап...
Шапшаңбай. Алған шығар жазасын,ә?
Талтаңбаев (үстелге сүйене тұрып). Жолдастар! Тығыз тәртіп беремін, үдетпелі жоспар жиырма төрт сағат ішінде орындалады, понятно? Оның үшін не істеу керек? Вот, былай істеу керек. Мәселенки, үй салса, оның алдымен төрт аяғын тұрғыза ма? Төрт аяғын тұрғызады, яғни қадайды. Понятно? Сосын стенасын қалайды. Сонан кришасын покрывать қылады... Понятно? Бұ да сол: алдымен төрт аяқтан бастау керек. Орысша айтқанда низ дейді. Нағыз апасность низда жатыр, понятно? Бір кітаптан оқығаны бар... Ымм... да вот былай: «капиталистическое хозяйство өрбиді, дейді, – низдан», понятно? Парыз. Пай, пай, пай, пайым-ай!.. Сүндет. Құйып-ақ жіберді-ау. Талтанбаев (қызып). Соның үшін мұның низін қопарып, тамырын жұлып, е... сүйтіп кетпесе, е... Бұл қаулап жанған өрт болып, өрт пожар... Бұл солай болады, понятно? Шапшаңбай (елеуреп). Әбден панатнай. Талтаңбаев. Ендеше мына кісілерді қамай салыңдар, суық сарайға!
Парыз (ұшып тұрып). Жұмысың бітті, жеңге, жүресің!
Парыз итермелеп шығармақшы болады. Ақсүйрік қарсыласады. Бәкен Ақсүйрікті тартқылап есіктен шығарады. Жаң-жұңмен кетеді. Шапшаңбай (олар кеткен соң басын шайқап тұрып). Әй-әй, әй, скандал қатын екен тә... (Сүндетке.) Пұртоколінді мықтап жаз, бұдан босанатын болмасын.
Шапшаңбай.Әй,әй, қайдасың! (Күнжанға.) Саған айтады, саған.
Талтаңбаев (Шапшаңбайды иықтан қағып). Дарагой Шапшаңбай! Жеңгеммен өзім ұғынысам, ты не мешай. Күнжан (Шапшаңбайға). Саған айтады, саған, саған... Талтаңбаев. Великолепно, ха, ха, ха ... Интересно... (Күнжанға.) Қолыңызды сағынып...
Күнжан. Қой деймін, түсінбейсің.
Талтаңбаев. Правильно...Түсіндіріп жіберіңізші, жеңге.
Күнжан (есікті жамылып). Ол ма? Ол қою шай.
Шапшаңбай. Мә, мамасы, ала кет.
Күнжанға баланы ұстатады. Күнжан тыржың етіп, баланы алып кетеді. Талтаңбав (есікте тұрып). Әй, шатавот! Тұмсығыңды салбыратып, кешегі ципрды әлі дайын қылған жоқсың. Ертеңге дайын қылмасаң, кеңірдегіңді жұлып аламын, понятно?.. (Сүндет басын шұлғып, кеңірдегін ұстайды.) Дарогой Шапшаңбай! Жалпы айтқанда, ты не мешай... Бөлмеге кетеді. Сүндет ауыз ашып есікке қараумен бір сыпыра отырады. Шапшаңбай (оның, жанына отырып, шынтағымен түртіп). Кеңірдегің керек болса, ципрынды шығар. Сүндет. Е... айта береді мұндайлар. Былтырғы бір өкіл Жанболға: «Шекеңді шағып, миыңды аламын» деп еді, Жанболдың миы әзір өзінде. Шапшаңбай.Оның орнына сенің миыңды шақсын. Ми жоқ сенде, неге шықпайды есеп? Сүндет. Нағыз мисызсың. Шын есепті көрмейсің, өтірік, есеп бер дейсің; қалқоздағы үйің қырық, оны жүзге жеткіз дейсің; барлық малың қырық бес, оны мыңға жеткіз дейсің.
Сүндет. Өкілдін мисызы болмайды деп пе ең?
Шапшаңбай (шошып). Ой, ант ұрып кеткен... Аман құтылайық, аузыңа ие бол. (Ақырын барып есіктен тыңдап, орнына келеді. Күрсініп.) Әй, Сүндет, осы мен неге қорқа берем, ә? Біреуге қызуланып қатты сөз айтып қалсам, артынан сол кісінің көңілін тапқанша асығам. Асығатыным – қорқам, неге олай, ә? Сүндет. Адамшылығыңның жоқ болғаны. Шапшаңбай. Қой, адамшылығым жоқ болса, үш жылдан, бері қалқозға бастық болар ма ем? Ойының келмесін... (Сүндеттің жанына отырып.) Қане, мен де шығарысайын есебіңді. Сүндет. Сал шотқа: жүз қырық бес.
Сүндет. Мал саны.
Шапшаңбай. Жоқ, жоқ... Көнбеймін, мың қырық бес деп салайық.
Сүндет. Болмайды.
Шапшаңбай. Салайық деймін.
Сүндет. Болмайды, талай есеп беріп жүрмін ғой.
Шапшаңбай. Шын цифр беріп жүрген боларсың.
Сүндет. Атама, өмірге шын цифр беріп көргем жоқ. Өтірікке де еп керек: бар малың қырық бес, оған жүзден артық қалай қосасың? Шапшаңбай (басын сипап). Тым аз... Тыстан Қамза кіреді. Бұлар ым қағысып, Сүндет қағазын бүркейді. Қамзa. Ау, басқарма отағасы, жұртқа жағалай жоспар беріп жатқаның қалай? Шапшаңбай. Талтаңбаевтың тәртібі.
Сүндет. Астық тығып отырса ше?
Қамза. Ә, ондайды көпшіліктің жиылысымен ашып, талқысына салу керек. Қайда өкілің? Шапшаңбай.Тыс... Тынығып жатыр. Қамза. Тыныққандай тас қазбаған шығар. (Көрші бөлмеге кетеді.) Шапшаңбай. Шатақ болды ма? Қамза неқып үндемей қалады деп ем-ау! Сүндет. Осының кеңірдегін жұлса екен. Шапшаңбай. Мынаның ба? Мұның кеңірдегін құдай да жұла алмас... Мен басқарма болған жерде партия мен комсомол ұйымы болмаса екен деп, құдайдан жатсам да тілеймін, тұрсам да тілеймін. (Басын шайқап.) Әй, енді... (Кенет елеңдеп, есікке барып тыңдайды.)
Шапшаңбай (ақырын басып орнына келеді, басын шайқап). Шошындым: шақ-шақ етеді. Талтаңбаевтың миын шағып жатыр ма дерсін. Сүндет. Шын ба, әй? Онда Парызға шамала деу керек екен, Талтанбаевты тентекке шығарып жүрсе... Шапшаңбай. Шығарады, шығарады. Комсомол бір шуламасын де... Талай талқысына түскем. Ойбай, Сүндет-ай... Сүндет. Жүр, Парызға жолығайық. Екеуі кетеді. Аз тыныс. Күнжан самаурын көтеріп шығып, тұтатады, өлең айтады. Күнжан.
Сен, қалқатай, түсесің ылғи еске.
Келе ғой деп мен айтсам бүгін кешке.
Мен жеңілген жан емен бірме-бірге.
Көзді қадап, беу қалқам, күлме-күлме...
Күнжан (күлімсіреп). Өкілді айтам-ау, көзін қадайды келіп, қадайды келіп... «Аудандарында тәуір бәтеңке бар ма?»–десем, «Нешеуі керек өзіңе?» – дейді. Мен айттым сосын: «Ылаулап тасымай-ақ, біреу болса да», –дедім. «Біреуге қанағат қыларсыз ба?»– дейді де күледі, күледі де күледі. Тыстан Жұпар кіреді. Күнжан түсін өзгертіп, қырын қарайды.
Күнжан. Ешкімнің күзетшісі емеспін.
Күнжан. Сендей төре емеспін, үй түйтігі.
Күнжан. қой әрі, қыз басыңнан тепсінбей, үлгірерсің...
Көрші бөлмеден Талтаңбаев пен Қамза шығады.
Талтаңбаев (сөйлей шығып). Да... да... Мен айтамын саған. Комсомол ұясының хатшысы болсаң, міндетіңді дұрыс ұғын, понятно? Үдетпелі жоспарды орындатуға өкіл керек пе? Керек. Сол өкіліңіз мына пақырыңыз. Пожалуйста, мандатты көрсетуге де болады. Ым-мм... (Қалтасынан мандатын алып, пенсне киіп, оқиды). Мәселенки, былай деген: «Ковсем партийным и комсомольским организациям оказывать тов. Талтанбаеву» (Бармағымен нұсқап.) «Тал-таңбаеву всемерное содействие» – понятно? Талтаңбаев мына пақырыңыз болады, таныс болыңыз. (Қолын ұсынады.) «Всемерное содействиеге» түсінесіз бе? Ол былай. Ыммм... Яғни, дүние жүзіндегі болуы мүмкін, болған мүмкіншіліктің бәрін Талтаңбаев жолдасқа болдырып, бәрін соған үйіп, сүйтіп бәрін болдырып шығуға деген, понятно?.. Есінде болсын, бұл ең ақырғы, ең күшті, яғни, әмменің участиесі керек болған ең решительный бой. Бұл саған сын. Орындап шықсаң, деймін: «молодец!» Орындамасаң, деймін: «Даешь билетті». Жұпар. Билетті бере қойсақ... Талтаңбаев (Жұпарға түнере қарап). Мадам,ғапу етіңіз, кіммен сөйлесіп тұрмын мен? Қамза (күлімсіреп). Бұл кісі комсомол мүшесі, Жұпар дейтін белсендіміз. Талтаңбаев. Очень приятно, молодой кадр... (Үстелді нұсқап.) Пожалуйста... (Жұпар күлімдеп отырады.) Қамза. Тағы да айтайын сізге: билетті біз бермеспіз де, сіз ала алмассыз. Астық дайындау жөнінде партия директивін мүлтіксіз орындап келдік. Бұдан былай да орындаймыз. Негізгі астық жоспары артығымен орындалды. Үдетпелі жоспарды әбден қабыл аламыз. Соның үшін айтатыным: осыдан он шақырым жерде партия ұясы бар, хабар тигізейік. Қалқозшылардың жалпы жиылысына салып, қабылдалық. Түсінік берейік, көпшілік арасындағы жұмысты күшейтейік. Соны істесек, астық тығып отырғанды қалқозшылар көпшілігі ортасынан шығарып береді. Мұның бірін істемей, кеңседе отырып үй басына жоспар беруіңізге мен қарсымын! Қайда барсам да осыны айтам... Парыз дейтінді біз қалқоздан аластағанбыз. Ол белгілі содырлы сойқан. Ол кәдімгі Көкжалдың баласы. Оны әкеліп белсенді қылғаныңызға көнбейміз. Бұл партия жолына қайшы. Бұл қаскүнемдердің істейтін жұмысы. Біз, комсомолдар, партия жолы үшін күресеміз. Қамза осылай бастағаннан Талтаңбаев шалқайып, екі қолын желкесіне қойып, Күнжанға қарап, ысқырып өлең айтқан секілденіп отырады.
Қамза (кенет топтап). Е, мына Талтаңбаев жолдасқа.
Жұпар. О кісінің сөз тыңдайтын уақыты жоқ көрінеді ғой.
Талтаңбаев. Ғапу етіңіз, қарындас... (Үстелді ұрып.) Вот что, қазіргі сағаттан комсомолдар мобилизован, понятно. Сондықтан... (Күнжанға телміріп.) Шайың әзір ме, жеңгей? Күнжан. Сөзіңіз бітсе, шай әзір. Талтаңбаев.Сөз бітті... (Бөлмеге кетіп бара жатып.) Трай-рай-рам, рай-рай-рам... Күнжан Жұпарға қарап тыржың етіп, самаурынды көтеріп о да кетеді. Аз тыныс.
Жұпар. Оны қой, мені тыңда. Ақсүйрік пен Бәкеннің сарайға қамалғанын естідің бе?
Жұпар. Парыз.
Қамза. Парыз? Ымм... Ақырында келіп қалкозшыларды қамауға кірісті ме ол? Енді қайттік? ( Үй ішінде аз-кем жүріп.) Жұпар, кешегіңді анықтадың ба? Жұпар. Бекер білем ол. Қамза. Кім айтты бекер деп? Сенің жұмсаған адамың Өтеміс қой, иә? Тез-ақ анықтарсың. Жұпар. Өтемісте жазық жоқ, комсомол атынан тапсырылған жұмысты өтеп-ақ келеді. Қамза. Білем қалай өтейтінін. Өтеміс сияқтыларға сеніп жұмыс тапсырамыз деп ұрынып жүрміз біз. Тыстан таяқ сүйреп Жанбол кіреді. Жанбол (есікте тұрып). Е, бәсе, өзім де ойлап ем, түбінде тіреліп отырған шығар Қамза деп. Қамза (күлімдеп). Түбекке тірелуден алыспыз. Жанбол. Ендеше не күтіп отырсыз? Бірінші – Бәкен жазықсыз сарайға қамалды; екінші – «Бәрінді де құқ қылады, одан да қашып құтылыңдар» деген елді өсек қаптады; үшінші – Парыз бір топ адамды соңына ертіп, жұрттың сандығына шейін қиратып тінтіп жүр; төртінші – астық тығып отырған адамды білдім, жиылысыңды шақыр; бесінші... Қамза. Тоқтаңыз. Дереу атқа мініңіз де ячейканың хатшысын шақыртып келіңіз. Партия мен комсомол ұйымының жалпы жиылысын істеп, мәселені сонда талқылайық. Жанбол (жайраңдап). Е, дұрыс, ә, бәсе, міне, бұған түсінем. Міне, бұған түсінем. Жанболдың сөзі аяқталмай Өтеміс елеусіз түрде кіріп, есікте тұрады. Жанбол мен Қамза шығады.
Жұпар (ашулы қарап). Сөйлеспеймін сенімен. Неге анықтамадың кешегіні? Өтеміс. Не деген қызықсың: астық тықпаған болса, мен қалай анықтаймын? Жұпар (Өтеміске қадала қарап). Тыққан астығы жоқ дейсің ғой,ә? Өтеміс (апалақтап). Апыр-ау енді... (Жұпар үндемей шығып кетеді. Өтеміс аңырып.) Ой, қызық осылар. Осыншама бұлданғандай не өткізіп қойып еді маған? Е, тіпті... (Үстел жанына келгенде, жерде жұмарланып жатқан қағазды көріп, алып оқиды.) Еһе, Сүндеттің қолы, өлең жазыпты, тұра қал... (Отырып оқиды.)
Болғанмен көзі қара, ісі сара.
Бұл дертім не болады бара-бара?!
Мәссаған, бұл соғылғанның күймей жүретін күні болсайшы... (Кенет ойланып, күлімдеп, қағазды бүктеп қойнына тығады.) Тоқтай қал, бір керек қағазың қолыма түсті, түнеугі олжадан ортақ қылмасаң, бермеймін, – дейін оған... Көрші бөлменің есігіне барып сығалап тұрады, әйел мен еркектің қосылып сажан әні естіледі:
Саған құрбан мал мен бас.
Ағар көзден ыстық жас.
Туса туар артылмас,
Бір өзіңнен басқаға
Ынтықтығым айтылмас.
Өтеміс (жайнаңдап). Уа, қызық мұнда екен...
Көрші бөлмеге кетеді. Бірсыпыра бос. Тыстан дабырласып Шапшаңбай мен Сүндет кіреді. Шапшаңбай (қызып сөйлеп). Әлгі, әлгі... Сен білесің оны... Әлгі ферманың майын қазынаға жөнелтеміз деп, кеспекке салып қойғанымызда соны бұздырып, он кило май әкетіп еді ғой біреу. Сүндет. Білдім, «Торытай» де оны, былтыр соның соғымына торы тайды сойып беріп ек қой. Шапшаңбай. Ие, ие, сол, сол жігіт те біздің қатынды мақтап... біздің үйде жатып еді ғой. Сүндет. Менің таңданатыным – өзің бұрын батырақ болдым дейсің, осындай байдың қызын алудың... Шапшаңбай (жымыңдап). Тым сорлы батырақ емес ем. Сүндет. Е, е... Көже тоғым бар еді десеңші. Көрші бөлмеде қосылып салған ән.
Ынтықтығын айтылмас.
Сүндет (күлімдеп.) Үй сенікі, өзің білмесең... Әлде жеңгейді мақтап жатыр ма екен? Шапшаңбай сұрланып, көрші бөлменің есігіне барады: Сүндет қағазын қопсытып, шотты қолына алады. Сүндет. Түрт, шайтан, түрт! (Шотты сарт еткізіп қағады Шапшаңбай ашулы түрде бөлмесіне кіреді. Сүндет оған қарай қалып). Нағыз ақымақ-ау, ә... қырып тастайтындай болып құшырлануын, көрерсің, баласын көтеріп қазір қайта шығады... (Керіліп) есінеп, жамбастай жатып, аяғын екінші орындыққа салады? Газетті жыртып махоркадан үлкен ғып шылым орайды. Сүйтіп жатып өлең айтады.)
Колхоздың малын құрттым болып індет.
Ақ тілеу оны тағы маған міндет.
Күніне он-он бестен акт жаздым.
Әлі де дәм бұйырып тұрсам аз күн...
Тыстан Парыз кіреді.
Парыз. Бұйырар дәм. Өзіңнің жаназаң шығарылмасын. Сүндет (басын көтеріп алып). Қой, әй... Парыз. Сарайға қамаған Бәкенді шығарып алды. Үйін тінтіп жүрген менің бригадамды еріксіз таратты. Сүндет. Кімдер ол? Парыз. Комсомолдар. Сүндет. Құдай атыпты ғой. Көрші бөлмеден Шапшаңбай бала көтеріп шығады. Шапшаңбай.
Айналады әкесі-ау,
Айналады әкесі-ау,
Өзіне тартқан баласы-ау.
Парыз (ойланып). Дайында қағазыңды.
Парыз Жаз. (Парыз сөзін үзіп айтады. Сүндет жазғанын дауыстап оқып отырады.) «Комсомол ұясының хатшысы Қамза Қауғабаев... Үкімет нұсқауын бұзып... партия тәртібін қиғаштатып... Оңшыл-солшыл болып... бай-құлақтың агенті болып... үкімет дұшпаны, яғни жауы... астығын сандыққа тыққан... қуырып жеген Бәкен Шөмішбай ұлын сарайдан шығарып алды рұқсатсыз...» Жаздың ба? Менің қолымды қой. «Парыз Пайғамбарын». Қойдың ба? Тағы қағаз ал. (Сүндет қағаз дайындайды. Парыз ойланып сөзін бастайды.) «Жанбол Жауғашар ұлы... Тәртіпке бағынбай... Жарысқа қарсы шығып... үдетпелі жоспардың жауы болғандықтан... қалқоздан аластатылсын». Жаздың ба? Бұған үшеуіміздің де қолымыз қойылсын! Шапшаңбай! «Бәу-бәу» деп балаңмен бола берме, бұғалық мойынға түсуге жақын. «Парыз бен Сүндет жұртты жарысқа шақырғанда, сол берем деген астықтарын өздері берді ме екен, соны тез анықтау керек» деп комсомолдар бригада құрғалы жатыр дейді, ұқтың ба? Сүндет. Ой, «берілді» деп мен әтмет соғып қойдым, міне, міне. (Қағазын қопсытады.)
Сүндет. Ондама, онда... (Желкесін қасиды.)
Парыз. Жүріңдер, мына арызбен Талтаңбаевқа кіреміз. «Аристовать» дегізіп, тәртіп соққызып алсақ, сосынғысын өзім білемін. Парыз алдыңда, Шапшаңбай соңыңда үшеуі көрші бөлмеге кіреді. Шымылдық.
ЕКІНШІ ПЕРДЕ
БІРІНШІ СУРЕТ
Алыста жыртылған жер, соқа, қостардың суреті. Сахна түбінде қапшықпен үйген тұқым, қасында күзетші. Сахнаның бір жағында қостың есігі, оның алдыңда от жағылып, мосыға шәйнек ілулі. Сахна ортасында дінгектің басында қызыл-қара тақта. Орта белдегі жалпақ тақтайға Жұпар қабырға газетін жапсырып жатыр. Ақсүйрік от басында іс тігіп отыр Шымылдық шашылған соң аздан кейін біреудің барылдаған даусы естіледі. Бірінші дауыс. Ay, күзетші қайда? Уа, Ермағамбет, неге суғармайсың көлікті.
Бірінші дауыс. Heгe суғармайсың деймін көлікті?
Екінші дауыс. Не жұмысың бар, суғарайын, суғармайын, мое дело.
Бірінші дауыс. Ә, құдай атып кеткеннің сөзі! Ертең соқаны мойнымызбен сүйремек шығармыз, ә?А Жұпар (қағазын жапсырып алып, алысырақ тұрып қарайды). Жеңеше, әу жеңеше! Ақсүйрік. Әу, шырайлым. Жұпар. Мына газетіме Талтаңбаев тағы байланысар ма екен?
Жұпар.Жоқ тыңдашы, мынау бас мақалам. «Егіннің санымен бірге сапасын қуу» деген. Дұрыс емес пе? Ақсүйрік. Дұрыс болар. Жұпар. Мынау Парыз бригадирдің соқа айдаған түрі. Жеңеше, суретін көрші келіп. Ақсүйрік (тұрып). Салып та қойдың ба? (Үңіліп қарап.) Бәтір-ау... Жұпap. Мынау жыртқан жерлерінің түрі ғой: соқа әр жерден бір тиген. Ақсүйрік. Шырайлым-ау, мынаны естідің бе сен? Есберген бақа бар ғой, құдайдың жалмауызы, сол кеше қалаға апарып бір қап астық сатыпты.
Ақсүйрік. Рас.
Астық күзетіп отырған Хайдар домбыра шертіп ән салады.
Мен баласы ем кедейдің жалба жеңді.
Кеңес орнап, басыма бақыт келді.
Қас дұшпанға түйлігіп қандасатын.
Бұл майдан мың дал санар мендей ерді.
Тайталаста қатардан қалған емен.
Өмірде жаман атақ алған емен.
Ақсүйрік. Өй, айналып кетейін... Хайдарды айтам-ау, түн бойына өлең айтумен шығады. (Ақ сүйрік от басына барып, ісіне кіріседі).
Xайдар. Әу? (Бір қолында домбыра, бір қолында саяси сауат штабы, Жұпардың қасына келеді.) Келдік, тақсыр. Жұпар (оның қолынан кітапты алып қарап). Саяси сауат кітабы ма? Оқып жүрмісің? Хайдар. Қол тисе, оқығандаймын-ау... (Газетке үңіліп.) Пай-пай, біздің салған сурет қалай? Жұпар, дұрыстығыңды айтшы, нағыз суретші емеспін бе? Әй, мына бір жерің бос тұр ғой, мен өлең жазып берейін, ә. Жұпаp. Түнеугідей ғып қызға ғашық болады. Хайдар.Қой-ә, ене бойы деп пе ең мені? (Отырып жазбақшы болады.) Жұпар. Сабыр ет. Есберген ғой тұқым себуші. Соны бақылауға Өтемісті белгіледік. Есберген кеше бір қап астықты қалаға сатып келіпті, бұл қалай? Xайдар (шошына қарап). Ә, солай ма? Айтпап па ем: «Өтеміс нағыз өртеп жіберетін адам, комсомолдан он шақырым алыс қуу керек» деп. Жұпар. Былай етсек... (Ойланып.) Өтемісті сол соқадан алмастырып, оның орнына Салықты жіберсек, қарсы болмайсың ба? Xайдар (жүгініп алып). Бюро мүшесі деп менімен санастың бар ғой, Өтеміске жұмыс тапсыруыңа ұдай қарсымын. Жаным- ау, өзің ойлашы: осы тұқымның жалғыз дәнін жатқа жем қылмаймыз деп, жан ұшырып біз жүреміз. Қайдағы соғылғандармен ауыз жаласып ол жүреді... комсомолда жоқ Қарғабай құрлы септігі тиді ме соның? Көрген, білген, сезгенін Қарғабай бізге келіп айтады... (Сахна түбіне көтеріле қарап.) Қарғабай, әй Қарғабай! Келе кет мұнда. Сахна түбінен бата жігіт Қарғабай келе жатады. Xайдар. Есберген әңгімесін осыған сұрайықшы, сезген болса, жасырмайды. (Хайдар оған бұрылып.) Әй, сен мынаны сездің бе, Есберген бір қап астықты сатты деген сыбыс бар. Қарғабай (ойланып тұрып). Сездім.
Жұпар (ойланып). Дұрыс. Ертең мына Қарғабай мен Салықты жаныңа алып, осы жұмысты сен анықтап шыққанша тұқым ұрланды екен, ұрлаушылар кімдер екен. Содан кейін... Хайдар. Е, осылай десейші маған. Жанбол сахнаға таяқ сүйретіп шығып, Ақсүйрікке кідіреді.
Ақсүйрік. Газет жазып жатыр білем.
Жұпар (жалт бұрылып). Ағай-ау, неғып көрінбей кеттіңіз?
Жанбол. Е, көрінгенде мен не істеймін? Газет жаза алмаймын.
Жанбол. Ақыл бар ма менде? Ақылым болса, қалқоздан шығып қалып, қаңғырып жүрер ме едім? Ақыл сендерде. Газет жазып, оны тақтайға жапсырып, жауды мұқатып-ақ жатырмысыңдар. Мұқап-ақ қалыпты, ха-ха-ха... Жұпар. Ағай-ау, енді... Жанбол. Айналып кетейін-ау, сен газет жазған екен деп, жау мұқар ма? Бірінші – жауың тамырланып шайқы болып алса; екіншісі – жегі құрттай ішіңді кеулеп жеп жатса...
Жанбол (қатуланып таяғын көтеріп). Оның емі міне! Желкесін үзсең ғана үні өшеді оның. Ақсүйрік. Дарылдақ-ау, соғыстан басқа білерің бар ма сенің? Жанбол. Майдан болған сон, соғыс керек! Басқанды мен білмеймін. (Жұпарға.) Жаза бер, қарағым, жаза бер. (Жанбол кетеді.) Хайдар (жайраңдап). Жұпар, Жұпар, шығып қалды, шығып қалды. (Оқиды.)
Жыбырлаған көп адам соқа маңы.
Қалқанын төзеді екен неғып жаны?
Сахнаға дәбдірлеп Шапшаңбай шығады.
Шапшаңбай.Келіп қалды, ойбай, келіп қалды. Талтаңбаев. Доклад, соқа. Уай, жиналыңдар, жинал, жинал!.. (Дәурен, Өтеміс, тағы біреулердің басы қылтиып, қостың жанында отырады. Жұпарлар да сонда барады. Шапшаңбай аптығып.) Отыра қалыңдар. Соқа туралы жаңа тәртіп. Талтаңбаевтың тәртібі... Бәкен, сандығың болса, бері шығар. Қап, қазақшылығымыз-ай, сыпайы қонаққа орындығымыз да жоқ. Сандықтан үстел істейді. Парыз бен Сүндетті ертіп сахнаға Талтаңбаев шығады, ақ жаға, білегінде таяқ. Талтаңбаев (сандыққа отырып, жағалай қарап). Бәрің де амансыңдар ғой, ә? Шапшаңбай.Аман-ақ, өте күйлі... Ал жиылыс ашық. Сөз алды Талтаңбаев жолдас. Талтаңбаев шылымын тұтатады. Көзілдірігін киеді. Парыз бен Сүндет газетке үңіледі. Ақсүйрік (Бәкенге). Басынды қағып алмас, батыра-батыра айт: «тұқым ұрланбасын» де, «тұқымды басқарма маңындағылар ұрлайды» де, «егінді бабына келтіріп, дұрыстап себеміз» де.
Сүндет. Жау болған соң.
Сүндет. Баяғының қызы деме, қыз өзгерген.
Парыз. Өзгерген жоқ.
Сүндет. Өзгермесе, мынау не? (Газетті нұсқайды.) Кімнің құлманың ашып отыр? Баяғының қызы осыны істей алып па еді? Талтаңбаев. Товарищи! Мен түн ішінде келдім. Неге? Тәртіп бере келдім, понятно? Темпі жоқ соқада. Саботаждық, содырлық күшейді... (Ақсүйрік Бәкенді түрткілеп отырады.) Бәкен. Не айт дейсің, бір сөзіне түсінгем жоқ.
Талтаңбаев. Массаның арасында жұмыс жоқ. Қайда біздің комсомолдарымыз. Парыз. Комсомолдар бізді қаралап газет шығарады, осыны баса өтіңіз. Талтаңбаев. Правильно, біздің ударнигімізді, преданный активімізді қаралап, массаның көзінде аптариқасын түсіріп... Понятно? Жұпар. Қылмысын бүркей алмаспыз. Талтаңбаев. Ғапу етіңіз, қарындас, мүмкін болса докладты перевивать қылмасаңыз... Сүндет (Парызды түртіп). Қадалып келеді, қадалып келеді... Өшіктіре түс. Талтаңбаев. Комсомолдың бұл ісін срыв деп түсінеміз. Бұған жол берілмейді. Соқа бітіріледі. Бұл менің тәртібім, понятно? Бұған жауапты болады Парыз Пайғамбаров. Товарищ Пайғамбаров, понятно? Парыз. Понятно...
Парыз. Срок не, срок?.. (Ойланып.) Он бес күн.
Талтаңбаев.Маладец! Міне социалды құрылыстың екпінді ері. Басқарма, дауысқа сал! Шапшаңбай.Ал понятный болды. Ay, жамағат, Талтаңбаев тәртібін дауысқа салам, ал көтеріңдер бірің қалмай!
Шапшаңбай.Не айтпақшы ең? Эй, эй, скандал қатын екенсің, ә.
Парыз. Сөз берме, постой, калакайттың орны бұл емес.
Шапшаңбай.Ал, бітті, бітті. Бәрі понятнай. Бәрің де енді. Парыздың қарамағындасыңдар... Жұрт даурығады. Парыз Талтаңбаевқа бірдеме айтады.
Парыз. Міне. (Газетті нұсқайды.)
Талтаңбаев. Сыпыр!
Сүндет газетке ұмтылғанда Хайдар тіреп тура қалады.
Хайдар.Так... Так. Көзіңді ашып қара.
Парыз. Салып жібер жаққа.
Талтаңбаев. Тыс-с... Тәртіппен... (Тақтайға барып Сүндетке.) Сыпыр, алып жүр. Жұпар (сұрланып). Мұныңызды не деп түсінеміз? Талтаңбаев (ара қарап). Комсомолдарды жинап ертең кеңсеге келіңіз, сол жерде тәртіп берем, понятно? Хайдар. Ә, болмайды, ағай. Мәселен мен тұқым күзетшісімін. Талтаңбаев (оған жалт қарап). Не дейсің? Қайта айтшы. Xайдар (аңырып). Мен тұқым күзетшісімін. Талтаңбаев (Шапшаңбайға қадалып). Сен бе сайлап жүрген? Шапшаңбай. Жоқ, жоқ... комсомолдар, мынау Жұпар... Талтаңбаев (күлімдеп). Сіз балаңызды әлдилеу мен болсаңыз... (Парызға.) Тұқымға сен жауаптысың. Парыз. Мақұл. Ертеңнен бастап күзетші өзгеріледі. Жұпар (селт етіп). Өзгерілмейді. Талтаңбаев. Aпy етіңіз, қарындас... Жұпаp. Тұқым күзетін басқаға бере алмаймыз! Хайдар. Аман сақтауға міндеттіміз. Сүндет. Әм және ұрлаймыз деңіз. Хайдар. Жұпар. Кім ұрлайды? Талтаңбаев.Тыс-с.Тәртіп берілді. Жүр, басқарма... Талтаңбаев пен Шапшанбай шығады. Парыз бен Сүндет сыбырласып, күлімдесіп, сахнаның шетінде тоқтайды. Парыз. Ойлап тұрмын.
Парыз.Талтаңбаевқа айтып, мына қарындасты ала жүрсек.
Парыз.Сен ет астырсаң, арақ дайындасаң.
Сүндет. Уһ, шіркін, қызды құшақтап отырып, мен ән салсам...
Парыз (Сүндетті иықтан ұстап). Тоқта, мына Өтеміске тапсырдық ба, «Бүгін түнде Хайдардың қайтсең де қапысын тап!»– дедің бе? Сүндет. Дедім, әм және... Парыз. Ендеше... Қарындасты ептеп қонақ қыламыз. Сүндет. Әй, бүгін болсын. Мен өзіне қызығып бара жатқан сияқтымын, ғашық болып жүрмейін. Парыз. Тоқта. Бүгін түндегі біздің бітіретін жұмысымыз сондай күші болады... Сеземісің? (Күлімдеп.) Асау қарындас ертең құрықсыз колға тұратын болады...
Ақсүйрік (от басында отырып Бәкенге). Әдіра қал-ау, еркек болғаның құрысын! Бәкен (қосқа арқасын сүйеп отырып). Орынсызға кірісесің. Ақсүйрік. Орынды ғып сен айтшы, мен кіріспейін. (Бұл, екеуі өзара сөйлеседі.) Хайдар(тақтайды оралып). Вот газет... Өтеміс. Әй, неге жырта береді газетімізді, ә? Қолында елу керек еді жаңа.
Өтеміс. Сендер ұрса бересіңдер, ұнатпайсыңдар менің ісімді.
Жұпар (Өтеміске). Бара тұр, кейін сөйлесерміз.
Хайдар.Айтылды,тыңда. Кетемісің? (Хайдар ұмтыла түседі.) Өтеміс (сұрланып шегіншектеп). Әне, ылғи осы... Қуғын... Тізе... (Кетеді.)
Xайдар.Өлеңімді көремісің? (Қойнынан книжка шығарады.) Сен тым қатты сынайсың. (Книжканы беріп.) Қыз туралы жазғанда мен оны еңбекке байланыстырам, осы жағын ескер. Жұпар. Книжканың қағазын алам. Әлгі газетті түн бойы қайта жазып шығам. Таңертең. сен суретін саласың... Сонсын, түскі демалыста комсомолдардың жиылысын өткіземіз.
Ақсүйрік (дауыстап). Шырайлым-ау, түсіндірші мына ағаңа... (Жұпар оларға бұрылады.) Еркекпен әйел жұмысты бірдей істесе, үлесті бірдей алады ғой, иә? Жұпар. Бірдей алады. Бәкен. Аларсың!.. Ақсүйрік. Айтпақшы, ие, шырайлым-ау, бұдан менің еңбек күнім артық, бұл соқа ұстаумен отырады, мен үш пар өгізді жалғыз айдаймын. Менікін бөлек жазғайсың. Жұпар. Бөлек жазулы.
Жұпар. Аздап артық.
Ақсүйрік. Сен жеңіл жұмыстасың.
Дәурен келеді.
Дәурен. Ау, Жұпар-ау, әлгі Талтаңбай не мыжып кетті, тәртіп деп? Енді қалай айдамақшымыз соқаны? Жұпаp. Бұрынғыша айдайсың, бабына келтіріп себесің. Бірақ тездету керек. Дәурен. Тездетіп бағамыз ғой. Сен, Жұпар, сонау Мырзабек деген баланы менің жаныма қосшы, Парызға қарсы тұруға жақсы болсын. (Күлімдеп.) Комсомолдарға риза болып жүрмін. Бетің бар, жүзің бар демей, айтады да шығады. Біз какой адам... Ә, Ақсүйрік, бірдеме деймісің? Ақсүйрік. Еркек емессің, ебелексің, – деймін. Дәурен. Рас, ебелекпіз. Пу десе ұшып кетеміз, ә?Жаман адамбыз. Бәкен екеумізден менің соқамда жүрген көк ат артық. Шөлдесе, суға шабады, қайырсаң да бой бермейді. Біз керегімізді айта аламыз ба? Какой шорт адам. Мақұл деп, шұлғи береміз. Қояндай жүрегіміз жоқ. Әлгі Талтаңбайға Жұпардан басқамыз ауыз аша алдық па? Аша алмаймыз. Қой, көзімнің шырымын алайын. (Кете беріп оралып.) Жатып ем, көзім ілінбеді, ойладым келіп, тағы не пәле болды, шыныменен осы егін дұрыс себілмей ме деп... Енді тынышталдым. Кетеді. Оның артынан Жұпар кетеді. Хайдар. Ay, Жұпар, книжкемді бере кет. Жұпар (тоқтап). Газет шықпасын дейсің бе? Басқармадан сұрасам бермейді, мен қағазды жерден қазбақшымын ба? Жұпар кетеді. Хайдар жабыңқы, үйген тұқымның үстіне отырып, домбыра шертеді. Бәкен қосыла кетеді. Ақсүйрік (Бәкенге). Бас жақта менің кітабым бар еді, әй, бері тасташы. (Қостан лақтырылған кітап далбаланып шашылып, от басына түседі.) Не көріңді, сорлы, жөндеп әперсең бірдемең кете ме? Бәкен (қостан). Молда бола қаларсың. Ақсүйрік. Сенен бұрын хат танып шықсам, не жұмысың бар? (Ақсүйрік кітап оқиды, Хайдар ән салады.) Хайдар.
Әркімнің өзіне ыстық замандасы.
Жеткізіп енбек құнын екі жүзге.
Екпінді бригаданың болды басы.
Бүйрек бет біздің қалқа, орта бойлы.
Сөйлесе сөзі мырдай терең ойлы.
Уәдесін өзімізге беріп қойды...
Мойнында құс мылтық Жанбол келе жатады.
Жанбол. Уа, пәлі, комсомолым, қиратып жатырмысың? (Ақсүйрікке келіп.) Байың қайда? Ақсүйрік. Ұйқыда. Жанбол. Оятшы. Ақсүйрік. Керек болса оятып ал.
Бәкен. Не бар?
Жанбол. Бері шық. (Ақсүйрікке.) Молда болып жатырмысың?
Ақсүйрік. Сені оқытуға жараймын.
Жанбол. Құдай сенен оқытпасын.
Ақсүйрік. Оқығаныңды сезбей де қаларсың. Еркекпін деп құр едірендейсің, не келіп жүр қолыңнан? Жанбол. Ағыз, ағыз... Кеңес үкіметін сен орнатқан шығарсың? Ақсүйрік. Жалғыз сен де емес орнатқан. Соғыста болғаныңды пұлдай берме. «Майданға бірге барайық» деп сен айтыпсыңда, мен ермей қалып па ем? Бәкен (қостан шығып). Мұның былшылын қайтесің, жұмысыңды айт.
Бәкен. Неге? Қайда барамыз?
Жанбол. Бірінші – қайда баратынымызды сұрама; екінші – тез киін. (Бәкен аңырып қасына келеді.)
Бәкен (қостан). Жұмысың болмасын. Әйел деген от басымен бола бермес пе? Ақсүйрік. От басынан шығамын десе, арқандап қоймақпысың. Бәкен (қостап). Шынжырлап қоярмын. Ақсүйрік. Адыра қал... Баяғыдай «тамағымды асыра» деп, қолыңа қарап отырған мен жоқ, еңбек қылсам, өзім де табам. Жанбол. Бірақ бай табылмай жүрмесе... Ақсүйрік. Адыра қал, адам құрып қалды деген. (Бәкен киініп шығады.) Айт деймін, әй?
Жанбол екеуі кетеді. Ақсүйрік дереу бұлардың өкше ізін аңдып, сахнадан кетеді. Хайдар ән салады. Хайдар.
Шатабот еңбек күнін есеп қылған.
Жан бар ма комсомолды өсек қылған?
Жан қалқа, мені сүйсең жарысқа түс,
Енбектің майданында көрінсін күш.
Дегенін қосылайық, тым асығыс.
Жұпарды ертіп Ақсүйрік шығады.
Ақсүйрік. Так осылай қарай.
Жұпар. Жай жұмыс боп жүрсе...
Ақсүйрік. Қой әрі, бозбалашылық істейді дейтін жас емес, бір сұмдығы бар. Тез жүр...
Ақсүйрік (Хайдарға). Орныңа біреуді қой да, жүре ғой.
Хайдар. Болмайды, жолдас, біреуге тапсыру үшін мына астықтың бәрін өлшеп, актымен беру керек. Ақсүйрік. Құдай ұрсын. Жұпарды жеңінен сүйрелеп әкетеді. Аз тыныс. Xайдар (орнынан тұрып, есінеп). Тұқым күзетуді оңай дейді-ау, мұның бір мысқалын кем шығарсам, комсомол болғаным қайсы? (Есінеп.) Қап, өлең жазатын книжкемнен айрылдым-ау. Алдыңғы жағына шұқшияды. Бұған қарсы Өтеміс келе жатады. Өтеміс. Әй, Хайдар-ау... Хайдар. Жақындама. Өтеміс. Уа, қойшы... Сөйлесейікші бір. Хайдар. Күндіз кел. Хайдардың арт жағынан екі адам еңкеңдеп қапшыққа жақындады. Өтеміс. Әй, осы ғой мен комсомолмын...
Өтеміс Кетпеймін, сөзім бар.
Хайдар. Бар, бар... Аулақ. Енді бірдеме көрерсің.
Хайдар төне түседі. Өтеміс шегіне береді. Белгісіз екі кісі екі қап тұқымды арқалап кетеді. Сахна сыртыңда Өтемістің даусы. Өтеміс. Бұларың зорлық, асыра сілтеу. Мен де комсомолмын, мен де кедейдің баласымын... Хайдар. Бар, бар... Кейін сөйлесерміз... Сахна Қарғабай келіп, үйілген астыққа қарап тұрады. Хайдар оралып келеді. Хайдар. Әлгі бір ит. Түнге қарай маңыма жолатқым келмейді өзін. Жұпарға әлдеқашан айттым, осыны комсомолдан аластайық деп. Қарғабай. Ay, астығың түгел ме осы? Хайдар (астыққа қарап, үрейлене түceді). Ay...Ay... Қарғабай-ау...
Xайдар. Апырм-ау.. Жана ғана... (Астықтың үстіне отыра кетеді.) Енді қайттім? Қарғабай.Шошыма, ізін сездім.
Шымылдық.
ЕКІНШІ СУРЕТ
Дала Қала сахнасын да ағаштың іші қып көрсетуге болады. Қара көлеңке. Парыз сахна ортасыңда үрейленіп қараумен тұрады. Парыз (ышқынып). Сүндет деймін... Сүндет деймін... Келші, бірдеме қарая ма? Сүндет (шыға келіп). Қане, қане?.. (Ода қарайды.) Сона біреу ме, қой, бұта болар. Қорқыта бермеші, жалғыз істеген ұрлығымыз ба... (Насыбай атып.) Әй, ертең кешке жиямыз ғой, ә? Жұматайдың қызын алдырайық. Несіптің келінін алдырайық... Ембергенді жіберсек, қуып келеді ғой. (Қарқылдап күліп.) Әй, Ембергенге «еңбеккүніңді арттырып жазам» десең болғаны. Парыз. Таста деймін, постой қала қайтты. Сүндет. Қазір, қазір... Емберген ашып жатыр... (Дауыстап.) Емберген, тездет! Топырағын алысырақ тастағайсың. (Парызға.) Әй, Жұпар арақ ішпей жүрмес пе екен? Парыз. Апырм-ау, баршы. Сүндет. Қазір, қазір... (Кете беріп.) Жұпар жүрегіме тікен сияқты қадалып...
Сүндет (сахнаның сыртынан). Жүрекпен ойнама, әй.
Сүндет. Ұраны аштық. Немен бөлеміз, әй?
Парыз. Бөрікпен бел. Мә, менің қалпағыммен. (Қалпағын лақтырады.) Ембергенге баса сал, еңбегі бар ғой. (Сүндеттің «бір, екі, үш» – деп санаған даусы естіледі.) Парыз. Бүгін түнде біраз тұқымның көзін жойсам, ертең «түгендеп бер», –деп комсомолға салмаймын ба әлекті. (Насыбай атып жымыңдайды.) Құдайға шүкір, белсендісі болып алдық. Керегінің өзі де осы еді. Сүндет (дауыстап). Кел, әй, болдық. Парыз дереу кетіп, аздан кейін Сүндет екеуі қап арқалап шығады.
Сүндет. Малшыға кездесіп жүрерміз, мына басымен кетейік.
Ұмтылып жүре берем дегенде, мылтығын кезеп Жанбол мен Бәкен шығады.
Парыз (шалқалақтап қапты тастап жіберіп). Әй, әй, мыналарға не жоқ? Ә, бай-құлақ, тұқым ұрлағалы жүрсіңдер-ау, ә? Жанбол. Астапыралдай, мына итте дін жоқ екен ғой! Парыз (баспалатып). Е, тұқым ұрламасаң неғып жүрсің? Білем сендерді. Сүндет, протоколде! Жаз деймін: «социалдық тұқымға қол салды жаулар» де. Постой калакайт ненады. Жаз тез... Жанбол мен Бәкен аңырайысады. Парыз сөйлеп тұрып, Сүндетпен ымдасып, екеуі кенет тұра қашады. Жанбол сасып қалып, мылтығын оқтағанда, от алмайды. Сахна сыртында Парыздардың даусы: Аттан, аттан!», «Тұқым ұрланды, тұқым ұрланды... Аттан!..» Жанбол (аңырып, мылтықты жерге алып ұрады). Ішіңді ұрайын, осы мылтықты құрал деп... (Отырады.) Бәкен (сасып). Сорладық, біттік. Құдайдың зарын қылдым ғой саған: қорқақтау адаммын ғой, осындайға мені әуре қылма деп... Қап! Апырм-ау, енді. (Жалтақтап.) Мен былайырақ барып, тың тыңдайын... (Сырылып кете бастайды.) Жанбол. Бәкен! Бәкен (сахна сыртынан). Қазір, қазір...
Жанбол (басын көтеріп). Ал көре қалдым, пәле салатындары келсін!
Сахна сыртында шаң-шұң дауыс.
Бәкеннің даусы. Қазір келем деймін,қатын,апырм-ау саған... Саған... Сахнаға Жұпар шығады. Бәкенді етегінен сүйрелеп, Ақсүйрік келеді. Ақсүйрік (сөйлей келеді). Қорқарың бар,неге ересің оған? Жолдас болған соң неге өлмейсің бірге? Жанбол (жалт қарап). Ау, ау, е... Ақсүйрігім апырмау, жігіт екенсің ғой, ұға алмай жүр екем ғой.
Жанбол. Қорықпаңдар, ұры емеспіз, мынау Парыз бен Сүндеттің ұрлаған астығы.
Жұпар. Ұры ұстадық деп, олар даурығып жүр ғой.
Жанбол. Енді әрине, біз қараланамыз. Мынау мылтық бірде атылады, бірде атылмайды. Жаңағы жерде табанда жатқызайын деп ем, от алмады. «Ұстағаның рас болса, мылтығың бар бола тұрып, неге айрылдың?» – дейді ғой.
Ақсүйрік. Бәсе... Ойлары бұзық бұлардың.
Жанбол. Олай деме, Ақсүйрік, қате болды. Өзім-ақ ұстармын деп ем. Бастан айтайын, Жұпар, Талтаңбай келді де, тас-талқанымызды шығарды ғой: бірінші – Қамзаны ауданға айдап жіберді; екінші–мені бұзықсың деп қалқоздан шығарды; үшінші– сендер үгіт деген бірдемені тауып алып, тым уақсып кеттіңдер. Бәріне де өкпеледім. Содан бері солардың ізін бағатын да жүретінмін ғой, кеше тап осы жерде бір ұра астықтың тығылғанын сездім. Мұны тығушының ішінде Өтеміс комсомол да бар, қалай өкпелемейін сендерге?
Жанбол.Тұрмандар, пәлесін жеке көрейін, Бәкен, сен де жүре бер.
Бәкен.Өте дұрыс... (Сырыла жөнелгенде, Ақсүйрік оны етегінен ұстай алады.) Бәкен (шошынып). Әй, қатын-ай, ойыңның басқалығын істедің-ау.
Жұпаp. Сүйтіңдер, қосқа апарайық.
Жанбол. Құрып қалғыр Ақсүйрік, осы жерде бір мүдірттің-ау... Бәкен, арқала қапты. Комсомолмен қанаттаспасақ, біз енді өлеміз. (Өзі бір қапты арқалайды.) Бәкен (қапты көтере алмай). Қатын... Салып жіберші. Ақсүйрік (қатуланып). Бері әкел! (Қапшықты жұлып алып, арқалай жөнеледі.) Жолдастыққа жарамайтын жарым! Бәрінің соңынан Бәкен шығады. Шымылдық.
ҮШІНШІ ПЕРДЕ
БІРІНШІ СУРЕТ
Бірінші перденің сахнасы. Пеш алдыңда Күнжан нан илеп отыр. Маңы шашылған ыдыс. Сүндет (шотты тарс еткізіп, басын көтеріп). Жеңгей, ау жеңгей!
Сүндет. Әй, жеңгем-ай, іш өртеніп барады, соның сыртқа тесіп шыққан лебі ғой. (Күрсінеді.) Күнжан. Ішің күйсе, тұз жала. Сүндет. Солай дейтініңізді білем. Күнжан (күле қарап). Соған ашулана қалғаның. Сүндет. Жүрек жара, жүрек, жүрек. Күнжан. Қой әрі... Әй, дүкенге бардың ба? Сүндет. Бардым.
Сүндет. Келіпті.
Күнжан (қарай қалып). Келіпті дейсің бе, ей? Түсі қандай? Тұмсығы қандай, сүйір ме, жалпақ па? Тыстан Шапшаңбай кіреді. Шапшаңбай.Осы үйге нан илемей-ақ қойсаң да...кеңсе болған соң, біреу келеді, біреу кетеді. Күнжан. Керегі жоқ кісіңнің. Балаға бар, жылап жатыр. Шапшаңбай көрші бөлмеге кетеді. Сүндет. Жеңгей, ау жеңгей.
Сүндет. Ақшаң бар ма десейші.
Күнжан. Қой әрі, осы қалқоздың бар малын өз қолыңнан бітіріп шығарыпсың, сенде ақша болмаса, суда балық та болмас.
Күнжан. Мен емес, жұрт айтады.
Күнжан.Бәрі де айтады. Былтырғы келген райком де, райисполком де, Талтаңбаев та... Сүндет (үрейлене түсіп). Не дейді сонда? «Сотқа беру керек» дей ме? Күнжан.Қой әрі, соған бола соттап... (Күле қарап.) Епті жігіт деп мақтасып отырады. Сүндет (жайланып). Мені мақтағанын жеккөрмейтін шығарсың? Күнжан. Неге жек көрейін.
Күнжан. Белім-ау, тапа-тал түсте.
Сүндет үстелді оралып жүре берем дегенде, тыстан кірген Талтаңбаевқа соқтығысады. Сүндет. Ә, ғапу етіңіз, ғапу етіңіз. Көрші бөлмеден бала көтеріп Шапшаңбай шығады. Шапшаңбай.
Әлдилейді әкесі-ау,
Бәу-бәу-бәу.
Талтаңбаев (үстелдің төріне отырып, жымыңдап). Е, бәсе, жеңгейге сүйтіп көмектес. Сен бар той, әй. (Күліп.) Мен байқап жүрмін, бала бағуға олақсың. Шапшаңбай (жайраңдап). Айналдық баласынан... Әкесінің баласы, әкетайының баласы... Талтаңбаев.Это еще вопрос. Шапшаңбай. Сүйеді әкесі. Өсіреді әкесі. Оқуға береді әкесі. Әкесі құсап колхозды басқарады баласы... Талтаңбаев.Тоже вопрос.
Күнжан. Аулақ.
Шапшаңбай (Талтаңбаевқа). Жеңгең скандал...Тәртіпке бағынбайды... Талтаңбаев. Это да. Жұмыс езеді, жұмыс – әйелдің жауы, особенно қазақ әйелдерін. Кент әйелдерін көрсеңіз...
Талтаңбаев (көзін қадап). Тырай-тырай, рай-рай, там- там-там... Да... Солай, жеңге.
Шапшаңбай. Мына балаңды емізуің керек.
Шапшаңбай.
Шешен алмайды-ау,
Бәу-бәу-бәу.
Бәкенді ертіп Парыз кіреді.
Парыз (даурыға кіріп). Талтаңбаев жолдас, Бәкен большевик екен. «Большевик болсаң, комсомолдардың ұрлығына куә бол» дедім бұған. Осылай дедім ғой, ә? «Болайын», – деді сабаз.
Сүндет.Отыра қалыңыз, Бәке. (Орындық ұсынады.)
Талтаңбаев (Парызға). Ол,шырақ, мына пақырыңыздың басшылығының арқасында. Дұрыс басшылықтың арқасында шығып отырған белсенді бұл. Сүндет. Әм және көтермелеуіңіздің арқасында... Парыз.Жолдас Талтаңбаев! Сіз тәртіп берсеңіз, мен сонау айыптыларды... Талтаңбаев.Да... (Керіліп.) Алдымен райкомға рапорт жазу керек. Жаңа хатшы келген дейме-ау. Жаңа кісіге жұмыс жағдайын таныстырып қоймасақ. Тәртібі қандай болады... Шапшаңбай. Сүйтіңіз, сүйтіңіз, большевиктік қарқынмен жұмыс атқарып жатқанымызды айтып қойсаңыз... Талтанбаев (көтеріңкі). Өздеріңе бәйге алып берейін бе, ә? Шығарайын ба аудандағы бірінші колхоз ғып? Парыз. Сүндет. Шапшаңбай. Шығарыңыз, шығарыңыз!.. Талтаңбаев (Күнжанға). Сіз айтыңыз,жеңгей, тұрама сүйтуге? (Күнжан қылымсып бетін сызып отырады, Парыздар оған телміріп) Шапшаңбай. Айтшы, қатын, «тұрады» деші. Күнжан (күліп). Тұрады, тұрады. Талтаңбаев.Ендеше кірістік. (Қалам-қағазын дұрыстап жазады, жазғанын оқып отырады.) Рапорт. Большевикше күресе білуіміз арқылы... Сонымен байланысты... Әм және тап жауының шаңырағын ортасына түсіріп ұстауымыз арқылы... әм және тонын айналдырып киген комсомолдардың... Парыз (күлімдеп, Сүндетке). Комсомол қорықпайды дегенің қайда, қалай састырдым Жұпарыңды түнде. Сүндет. Рас, жаман састы. Парыз. Дінінің берігі-ай кәпірдің. Сонша сасқанда да жалына білмеді-ау.
Парыз. Қырқармын тілін, мына дудар басым аман болсын. Мұның қаламы – менің қаламым, мына жазып жатқан сөзінің бәрі – менің жүрегімдегі сөз. Сүндет. Әй, айтшы құдайшылығыңды! Бүгін тойлаймыз ғой, иә? Соқадан пар атты дотартып алтын, мен Палтауға араққа жібердім. Парыз (Сүндетті иықтан ұстап). Тойлаймыз! Ембергенге тапсырдым, көпке қарай қыз-келіншекті топырлатып қуып кел деп. Сүндет. Айтшы құдайшылығыңды, Жұпар менікі болады ғой, ә? Парыз (тасып). Сенікі, не сұрасаң да берем бүгін. Көп уақыттан бергі жанталасқан жұмыстың бүгін ұшығына шыққандай болдым. Сүндет. УҺ, тасты жүрек! Мен бақыттымын.Жырлаймын. (Сүндет бастап, Парыз қосылады.)
Байлық, атақ –
Бәрін тықтық қалтаға.
Мына мүше алқаға.
Жұрт көзінде сүттей ақ.
Талтаңбаев бізге жақ.
Талтаңбаев (басын көтеріп). Вот что, бәріңде мына үйге шығыңдар. Ато мешайт етесіңдер. Шапшаңбай.Сүйтейік,сүйтейік... Жүріңдер... Шапшаңбай, Парыз, Сүндет, Бәкен, Өтеміс кетеді.
Талтаңбаев. Алда сақтасын, сізді не деген адам қуар? (Күлімсіреп қарап отырып.) Жеңгей! Великий океан толқындап, көбігі аспанға атып, жиегіне лықсып, шапшып жатады. Понятно?.. Менің жүрегім де сол, сіз бір оңнан соққан жібек жел болдыңыз да, оңаша қалған сайын ой теңізін толқындатып, лықсытып, алқымға әкеп тығып, булықтырып... Понятно? Күнжан (қылымсып). Тым қатты айттыңыз-ау.
Күнжан. Бетім-ай, ылғи ұят сөз...
Күнжан (күліп). Кешегі бір айтқаныңыз.
Күнжан. Әйеліңізді қайтесіз?
Талтаңбаев.Әйел дегенін маған першатке алмастырғанмен бір, ескісін тастаймын, жаңасын киемін... Уағада ғой, ә? Күнжан. Болсын... Талтаңбаев (орындығын сүйрете келіп Күнжанның жанына отырады). Қашан кетеміз сонда?
Көрші бөлмеден бала көтеріп Шапшаңбай шығады.
Шапшаңбай. Бәу-бәу-бәу, әлдилейді... (Сыбырласып отырған Талтаңбаев пен Күнжанға қадала қарап.) Ым-м... Тым срочный жұмыс екен, понатно болды. (Қақырынады.) Талтаңбаев (бұрылып). Ну, ты... (Тұрып қағазына барады.) прямо не знаю. (Қағазын сүйреп көрші бөлменің есігін ашады.) Әй, шығындар бері, мен барам онда. Бөлмедегілер шығады. Талтаңбаев сол бөлмеге кіреді. Парыз бен Сүндет сыбырласып, күліп тұрады. Бәкен мен Өтеміс тысқа шығады. Аз тыныс. Күнжан бұртиып көрші бөлмеге беттейді. Шапшаңбай (баланы Күнжанға ұсынып). Ала кет мынаны. Күнжан. Әй пері! (Кетеді.)
Сүндет (мәз боп күліп). Әй, жынды өзі, осы күнге шейін дым сезбей келді.
Сыртқы есіктен гармон көтеріп Емберген кіреді.
Парыз. Ә, Емберген...
Сүндет. Ойбай, әкел!
Емберген сыртқы есікті ашады, бір қыз, екі жас әйел кіреді. Бұлар есік алдыңда ұялып тұрады. Емберген Сүндеттерге барып сыбырласады.
Бірінші әйел (күрсініп). Жұрт бетіне қараудан қалдық қой!
Екінші әйел. Қойыңдаршы,замандас құрбылар...
Бірінші әйел. Қой әрі...
Сүндет (жазу үстеліне шығып отырып). Емберген, баста! (Әйелдерге.) Әй, бері келіндер. Е, адам көрмеп пе едіңдер?.. (Емберген гармон тартады. Екінші әйел оларға жақындайды, анау екеуі қозғалмайды. Ән.)
Алдында алтын басым идіресің.
Қайғырсаң қабағымды түйдіресің.
Күлмегенің күнә ғой,
Қанша айтқанмен, замандас,
Қадрімді біле ғой
Соңғы тақпақ қайталап айтылады. Сүндет орындықтан қарғып түсіп, шапанын жырып тастап, тапырлап билеген болады. Сыртқы есіктен Жұпар, оған таяу Хайдар кіреді. Хайдардың басы ақ шүберекпен таңулы. Гармон, өлең кенет тоқталады. Сүндет (ентігіп, күлімдеп, төсін ашып,Жұпарға). Сізге ынтық жүрек. Жұпар (сұрланып). Тарт тілінді. Малғұн! Кет былай алдымнан! (Сүндет шошынып шегіншектей береді.) Қыз (ұмтыла түсіп). Жұпар, құтқар бізді! Жұпар (оған бұрылып). Қайта бер. Бірінші әйел мен қыз қуанысып шыға жөнеледі. Екінші әйел жалтақтап, о да шығады. Жұпар мен Хайдар көрші бөлмеге кіреді. Аз тыныс. Парыз (Ембергенге). Әй, әлгілер кетіп қалмасын, шақыр. Сендердің үрейлене қалатындарың-ай... Емберген кетеді. Сүндет (үстел үстіне шығып отырып). Парыз, мен Жұпарыңнан бездім. Парыз. Таласып жүрерсің. Сүндет. Атама, көзі ту сыртыңнан шықты ма екен деп едім. Но кез!.. Әлгі Хайдарды тым қатты ұрғызыппыз-ау! Сүндет махоркеден үлкен ғып шылым орайды. Парыз екі аяғын үстелге салып, басып қабырғаға тіреп отырады. Парыз. Сүндет, бұдан бір-екі жыл бұрын не ойлап ең, шыныңды айтшы. Сүндет. Мен бе? Кәмпескеге ұшырап, жер ауып кетем ғой деп ойлап ем.
Сүндет. Әм және бұдан былай да басармыз!
Тыстан Жақсылық пен Қамза кіріп, есікте аңғарылып тұрады.
Жақсылық. Бұл не көрініс? Біз қайда келіп тұрмыз осы? Қамза. Бұл кенсе. Мынау счетавод. (Сүндет үстелден түсе бастайды.) Анау Парыз дейтін белсенді. Парыз басын көтеріп дұрысталып отырады. Жақсылық үстелге жақындайды. Сүндет шегіншектеп шкаф жаққа ығысады. Бірсыпыра уақыт біріне-бірі қараумен отырады. Жақсылық (Сүндетке). Басқарма ағасын көруге болар ма екен? Сүндет. Әм және өкіл жолдасты да ма? (Көрші бөлменің есігін ашып.) Басқарма, өкілге керек болдыңыздар. Ірі адымдап Талтаңбаев, баласын көтеріп басқарма шығады. Жұпар мен Хайдар шыға келіп Қамзаға жүгіреді. Жұпар. Хайдар. Қамза! Келдің бе? (Қамзаны екі жақтан құшақтайды. Мәз болысады.) Талтаңбаев (Сүндетке). Aпy етіңіз, мен кімді көрем? (Жақсылық оған тіксіне бірсыпыра қарап). Райком хатшысын көріп тұрсыз. Талтаңбаев (селт етіп, сасып). Ойбай-ау, туу... (Сасқалақтап қолын ұсынады.) Талтаңбаев болам. (Парыздар үрейленіседі, Күнжан да шығады.) Жақсылық (салқын ғана қолын беріп). Сізді кім жіберді мұнда? Талтаңбаев (апалақтап). Ә, пожалуйста, мандат. (Мандатын береді. Жақсылық алып оқиды.) Сүндет (Ларыздың құлағына сыбырлап). Сұмдық болмаса игі еді деймін. Парыз (оған сыбырлап). Мен де ойлап тұрмын. (Екеуі бірінің құлағына бірі кезек сыбырлап тұрады.) Жұпар (Қамзаға). Сұрама, сұмдық деймін. Қамза. Бәрін де жаңа есіттім.
Қамза. Қалқозшыларды шақыра келдік, қазір жиналыс ашамыз. (Терезеге қарап.) Ә, Жанбол келіпті, жүр, соған барайық. Үшеуі шығып кетеді. Талтаңбаев (қалбаңдап). Пожалуйста, пожалуйста, Сүндет, шығар есебіңді. Шапшаңбай (ұмтылып). Шығар, шығар... Үй үстелге. Сүндет дереу тартпасынан құшақ-құшақ қағаз шығарып, үстелге үйеді.
Талтаңбаев.Басқарма. Есеп,есеп... Колхоздың жұмысы.
Жақсылық (салқын, орнынан тұрып). Мұны тексеруге бригада келеді. Жүр, басқарма, алдыма түс, көрсет жұмысыңды. Қазір колхозшылардың жиылысы болады, есебіңді бер. Талтаңбаев. Пожалуйста, пожалуйста. Басқарма, таста баланды. Шапшаңбай. Мә, мамасы, мә, мә... (Баланы Күнжан алып, бөлмеге тастап шығады. Есіктен Жақсылық шығады.) Шапшаңбай ( Талтаңбаевқа есік алдында). Мақтай көріңіз мені, мақтай көріңіз... Сөзіңіз ем ғой... Бұлар да шықты. Парыз (есікке барып қайта келіп, Сүндетке). Есіттің бе? Қазір жиылыс істейді бұлар. Сүндет (шошынып ұшып тұрады). Қой-әй... Құрыппыз онда!.. (Парыз кетеді, Сүндет қағазға сүйеніп отырып қалады.) Күнжан (терезеден сыртқа қарап, күлімсіреп). Туу... келе береді, келе береді, бірінен екіншісі тәуір. Келгенде ақыра, жекіре келетіні несі екен? Шай қайнатымға бармай, жайылып түсіп, «жеңгейлеп» асты-үстіңе түсе бастайды-ау. Талтанбаев та сүйтті. Былтырғы райсполком да сүйтті. «Районо» дейтін біреуі де... Е... тарғыл өгіз сықылданған тағы біреуі... Аты кім еді соның? Сүндет, Сүндет, былтырғы біздің үйден сені қуып шығатын жігіттің аты кім еді?.. Әлгі сені де, басқарманы да үйден қуып шығып.. Туу, қызық екен-ау... (Жырқылдап күледі. Үстелде сүйеніп.) Әй, райком не айтты? Тым қысып кетті ме? Басқарманы соттап жүрмей ме? Сүндет. Он жылға жер аударады.
Сүндет. Қылмысына қарасаң атып та жіберер. Менің қайта, жеңілдетіп отырғаным.
Сүндет. Сегіз жылға түрме.
Күнжан. Қойшы, періштенің құлағына шалынып жүрер... Саған тимейді ғой, ә? Сүндет (басын салбыратып). Ағылу.
Сүндет (қатты). Ағылу!..
Күнжан. Сұмдық-ай! (Кейін кетеді.) Құрысын, бәрінде қыл үстінде екенсіңдер ғой, ойнасаң да ойындағыңды айтасың. (Терезеден қарап.) Ой, Ақсүйрік, Ақсүйрікпісің? Ақсүйрік деймін, келіп кетші мұнда.. Ақсүйрік, Ақсүйрік! (Аз тұрып бұрылады. Ашулы.) Салдақы! Кекірейе қалыпты. Қысты күні жуындымды сұрап маза бермеп еді, жетісе қалуын. Сүндет (басын көтеріп). Жол анықталды, ендігі жол бір ғана. (Кенет орнынан тұрып.) Күнжан, Күнжан! (Жүгіріп Күнжан келеді.) Кел, кетеміз!
Сүндет. Түсте емес, түнде. Бүгінгі түннен қалмаймыз. Бұйымыңды буып-түй, түсіндің бе, буып-түй. Керекті затыңның бірін қалдырма Сенің жаққан отың ішті алып-жалап барады. Жүректің алқынғанын көрсең... Тыңдаймысың дүрсілін? Күнжан (бетін сызып). Бетім-ай, қайсысына жетем бұлардың. Талтаңбаев тақ үйіп барады, буда...
Күнжан. Бетім-ау, тапа-тал түсте ме?
Сүндет. Түнде кетеміз, түнде... (Шетке қарап.) Шын меңіреу болмаса игі еді осы ит... Тыста қатты сөйлеген біреудің даусы. Сүндет пен Күнжан тыңдай қалады. Дауыс. Өлкелік партия комитетінің жаңа басшылығы бұл сияқты қата жұмыстардың бәрін ашып, соны түзетудің шарасына кірісті.
Сүндет (ақырын басып, терезеге жетіп.) Райком.
Сүндет (терезеден қарап). Калқозшыларға. Біз үйде отыра беріппіз, тыста жиылыс болып жатыр екен. Күнжан. Бәтір-ау,не дейді осы... (Бұ да терезеге үңіледі.) Дауыс. Өтірік белсенділерді, түсін бояған, қалқозға жетік күрт болған тап жауларын бүгіннен бастап аластау керек!
Сүндет (құлағын тігіп). Тоқта.
Дауыс. Колхозшыны ауқатты, колхозды шын болышевиктік колхоз етеміз! (Дүрілдеген алақан даусы.) Күнжан. Бәрі де мәз, жүздері жайраң. Біз де қуанамыз ба, шатавот? Сүндет. Олардың сүйініші бізге күйініш.
Шапшаңбай асығыс кіреді.
Шапшаңбай. Қатын,тез жина, болдыр,қазір келеді.
Шапшаңбай. Бригад келеді, бригад... Ауданнан бригад жіберіпті. Талтаңбаев кететін болды. Ит еді өзі, ә, тәртіп, тәртіп деп тауымды шағып болып еді. Сенің ше, қатын, ә? Мынау райком жігіттің сырбазын байқадың ба, қатын, ә? Жігіт-ақ-ау, ә? Күнжан. «Түсі тәуірден түңілме» деген ғой. Шапшаңбай.Түсі де тәуір, ісі де тәуір. Талтаңбаевқа «Сені ату керек!» дегенде, айызымның қанып кеткені-ай.
Шапшаңбай (кіргеннен ішін жинаумен болады). «Орныңнан алып, сотқа берем», – деп жатты. Ойын ғой, бол, қатын! Бірер күн үйінді тәуір ұста, үйрене келе опыртасың ғой, үйренеді ғой. Адамның баласы. Өзіміздің бала. Салбырап Талтаңбаев келеді. Талтаңбаев. Жеңгей, менің заттарымды әперші.
Талтаңбаев. Кетем.
Талтаңбаев. Күттірме,жеңгей.
Күнжан (тыржың етіп). Керек болса, өзің ал.
Күнжан (Сүндетке жақындай түсіп, сыбырлап). Әй, әй, көндім. Қашан кетеміз? Талтаңбаев (көрші бөлмеден шабаданын сүйреп). Қош, жеңге. Ал, басқарма, е, шатавот жолдас, сіздермен ұзамай кездесерміз... Кездесерміз.
Талтаңбаев. Әзірге Парыз қосақталды.
Талтаңбаев кетеді. Шапшаңбай әйелімен сыбырласып, күліседі.
Сүндет (басын шайқап). Кездесерміз дейді, ә?.. Кездесерміз... Әм және Парызда кетеді.... (Шапшаңбайға қарап). Осы несіне мәз боп тұр жаным-ау?. . Қамза кіреді. Көтеріңкі. Шапшаңбай (апалақтап). Қамза, Қамза... Қашан келеді бригад? Қамза (жағалай қаранып). Келіп тұр. (Терезеге барып.) Кіріңдер. (Тыстағы біреумен сөйлескен болады.) Шапшаңбай. Дұрыстал, қатын, шеттен келгендерді қарсылай білуші ең ғой. Бұл ауданнан келген бригад, ұмытпа. Күнжан (қылымсып, бой-басын дұрыстап). Қойшы, осы бойыммен қарсылаймын да. Замандастар, құрбылар шығар, айыптамас, әзілге келсе... (Күлімдейді.) Шапшаңбай (арсалаңдап). Айналайын қатын-ай, сенің орның басқа-ау... (Шапшаңбаймен Күнжан есік алдында.) Тыстан Жанбол, Ақсүйрік, Жұпар кіреді. Жанбол үстелдің теріне, Ақсүйрік пен Жұпар екі жағына отырады. Шапшаңбай, Сүңдет, Күнжандар бұған түсіне алмай, ауыздарын ашып қалады. Қамза. Ал, қалқозшылар бригадасы, жұмысты бақайшағына шейін талдап, тексеріп алындар.
Шапшаңбай (аңырып). Қалайша, ә?.. О кімнің тәртібі?
Жанбол. Жанболдың тәртібі! Шатавот, шығар бері жұмысты! Төрт жылдай шотты тарсылдатып ең, енді қалтылдатармын бәлем!.. (Сүндет салбырап шкафты ашады.) Күнжан (ауыр күрсініп, көпке). Құрысын, құрысын... Қалқозшыға қатын болған әйелдің де арманы бар ма екен?.. Шымылдық.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру