Мазмұнға өту
Home

Әділ патша

Рабғузи

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Әділ патша

«Әділ патша» — Рабғузидің ел билеудегі әділдік, даналық пен халыққа қамқорлықты арқау еткен өнегелі хикаясы.

Жұрт «бұйрықты орындамайын» десе, жас патшаның айбатынан қорықты. Бірақ қолдарын қанға былғағасын, өкініп қатты торықты. Күн мен түн толассыз өте берді. Қариялар ажалынан бұрын өліп, о дүниеге кете берді. Ол патшаның малын бағатын бір қойшы бала бар еді. Жан дүниесі былғанбаған, нәрестедей пәк жан еді. Мұның да әкесінің жасы алпыстан асқан кезі екен. Кеудесі толған қазына, бұрынғы жақсылардың көзі екен. Баланы ардың жолымен жүруге жетелеген сол кісінің сөзі екен. Сондықтан қойшының әкесін өлтіруге қолы бармады. Әміршісіне мойынсұнғанымен, оның бұйрығын қабыл алмады. Мұны естіген патшаның ашу-ызасы оянып кетті. Қойшысын дәргейіне алдырып, қаһарын төкті:

– Шарлығымды неге орындамайсын? Жанашыр сөзімді неге қабылдамайсын? Қартайған әкенді қашанғы бағып-қағып жүресің? Масыл қылып, мойныңа мінгізіп, соған кетер бар тапқан үлесің. Сондықтан оның көзін құртқын, енді асырамағын. ОӚмірімді тағы екі етсен, сенің басыңды аламын, – деді. Бала үйіне келгесін, қатты қиналды. Бірақ бір амал тауып, әкесін сандықта жасырып сақтауды ұйғарды.

Бірде патша аң аулауға шықты. Тазысы мен бүркіті қырдан қасқыр мен түлкіні қоймады. Қаршыға мен лашыны қаз-үйрек іліп, қанжығасын майлады.

Олжасы мен сауғасы барған сайын молайды. Кеудесін қуаныш кернеп, көңілі тоғайды. Біраздан соң бір көлдің жағасына аялдады. Дем алмақшы болып, көкорай шалғынын саялады. Көлдің суы мұнтаздай мөлдір, түбі айнадай тақыр екен. Жуынып жатып қараса, түбінде ат басындай алтын жатыр екен.

Нөкерлері жарыса сүңгіп, алтынды іздеді. Қанша су қармап шықса да, аламыз деп үміт үзбеді. «Бірінші кім алса, соның бағы өседі» деп жарыса жанұшырды. Бірақ ақырында бәрінің де сағы сынды. Алтынды алудың амалын таппай шаршады. Хан қол астындағы бұқараға былай деп жар салды:

– Уа, жарандар, жарандар! Бәрің бері қараңдар! Айна көлден алтын көрдім. Алтын шашқан жарқыл көрдім. Кімде кім алып берсе, не сұраса да қолын қақпаймын. Арман тілегіне жеткіземін, жолын жаппаймын, – деді.

Мұны естіген жұрт жапа-тармағай көлге ағылды. Небір сүңгуірлер су астындағы алтынды іздеп сабылды. Бірақ бұл олжа ешкімге де бұйырмады. Сонда да алтын іздеушілер легі бір сәт тыйылмады. Қойшы бала да мұны естігесін, үйіне қарай аяндады. Бұл жағдайды әкесіне келіп баяндады:

– Әке, ханнан тағы бір жарлық келген екен. Ол көлдің түбінен бір алтын көрген екен. Алтынды кім алып берсе, соның өтінішін орындаймын дейді. Сұрағанын беремін, тарылмаймын дейді. Менің де бақ сынағым келеді. Алтынды тауып, сізге сауға сұрағым келеді, – деді.

Бұл сөзді әкесі де құп көрді. Баласына ақыл-кеңес берді:

– Ендеше былай істе, балам! Алдымен, аулада жатқан темір сүйменді қолыңа ал! Одан жақсылап төрт қырлы қазық жонып ал! Содан кейін қазықты алтын жатқан жердің тұсына барып қақ! Алтынның жарқылы қазықтың қай қырынан шыққанын қарап ал, анықтап. Сол жерді белгіле де, үйге қайт! Сосын жауабын маған айт! – деді. Жігіттің көңілі үмітке толды. Алдымен, төрт қырлы қазық жонды. Сосын алтын жатқан жерге апарып қақты. Қазықтың батыс жағы сәулемен құбылып, жарқыл шашты. Бала дереу үйіне қайтып келді. Көргенін қаз-қалпында әкесіне айтып берді.

Әкесі:

– Олай болса, алтын көлдің астында емес. Батыс жақтағы таудың ұшар қиясында. Шыңырау деген құстың ұясында. Сонда жатыр ат басындай алтыны. Көлге түсер көз шыдатпас жарқылы. Сезбес оны еш талапкер. Сен барып, сол ұядан қарап көр! – деді.

Бала әкесі нұсқаған тауға барды. Қияға өрмелеп, ұяны тауып.

Ішінде жатқан ат басындай алтынды көрді. Бірден көтеріп алып, ханға әкеліп берді. Патша:

– Ой, бәрекелді, ұланым! Қияны кезген қыраным! Екенсің шын қайратты ер. Қалауынды айта бер! Бірақ сен алтынды қалай таптың? Небір мықты жігіттер, сүңгуірлер көл түбін түгел шарлады. Сонда да ешқайсысы алтынға қол жеткізе алмады. Су астын кезіп, иненің жасуындай жер қалдырмай сүзді. «Алтын түгіл, тас та жоқ екен» деп түңіліп, үміттерін үзді. Сенің айла-амалыңа шынымен де қайран қалдым. Шыныңды айт, бұл ақылды қайдан алдың? – деді.

Датым бар, тақсырым! Құпиям бар, нақ сырым! Алтынды тапқан адамның өтінішін орындаймын дегенсіз. Сырымды айтсам, тілегімді берерсіз, – деді бала.

– Болсын! – деді хан.

– «Әкеме адал болу – өмірлік сертім!» деген ем. Сондықтан оны әлі де өлтірмеген ем. Жарлықтан жалтарудың жолын таптым. Әкемді сандықта жасырып бақтым. Алтынның көлде емес, батыс бетіндегі тау үстінде екенін сол кісі айтты. Алтын күнге шағылысып, көлге сәулесін шашыпты. Оның ақылымен көлге төрт қырлы қазық қақтым. Күн шұғыласы қай жағынан түсер екен деп кірпік қақпай бақтым. Алтынның жарқылын қазықтың батыс тұсынан көрдім. Қияға өрмелеп, ұядан алып, сізге әкеп бердім, – деп ағынан жарылды.

Патша балаға ілесіп, таудың төбесіне өрледі. Қараса тау бөктерін тегіс алтын жапқан екен. Қалағанынша теріп, олжаға әбден батқан екен. Қойны-қонышына толтырып, еліне алып келді. Балаға риза болып, әкесіне сауға берді. Ел ішіне қайтадан жарлық шығарып:

– Алпыстан асқаннан ақыл сұраңдар! Оларды бағып-қағып, тауқыметіне шыдандар. Қарттар тірі болсын! Олардың ақылы өмірлеріне береке боп қонсын! Қарияларды өлгенше мәпелеңдер! Қызметіне жарап, әлпештеп жетелеңдер! Қариясы бардың қазынасы бар, – депті.

Осыдан бастап «Алпыстан асқан қариядан ақыл сұра» деген тәмсіл сөз қалыпты.

Бегайдардың ырысы

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, Сарайшық деген өлкеде Бегайдар деген жігіт өмір сүріпті. Сан түрлі өнердің тілін біліпті. Бар білігін саудаға салып, бақ сынапты. Тиыннан сом, құлыннан үйір-үйір жылқы құрапты. Керуен жүргізіп, кіре тартуға да көңілі ауыпты. Ойдан орып, қырдан қырып, қыруар табыс тауыпты. Баюды мұрат етіп, шаңырақ та көтермеді. «Байлық бітпей тұрып үйлену – бекер» деді. Бірақ қанша пайдаға кенелсе де, берекесі болмапты. Сәулеті шалқып, дәулеті артқанмен, табысына құт қонбапты. Малын бірде жұт, кейде ұры алды. Дүниені қанша үйгенмен, қардың суындай тез суалды. Содан мұның жұмбағын шеше алмай діңкеледі. Өміріне мұн, көңіліне дерт енеді.

Бегайдардың бір көршісі бар екен. Үйлі-баранды, шағын шаруалы ғана жан екен. Аз уақытта жұпыны үйі қыз бен ұлға толыпты. Алайда малдан бес-алты ғана ешкісі болыпты. Сонда да тұрмысы күннен-күнге түрлене берді. Шанырағына бақ кіріп гүлдене берді. Көршісінің бұл хәлін Бегайдар да аңғарды. Бірақ сырын таппай таңғалды. Қанша ойланса да, құпиясына жетпей іштен тынады. Ақыры бірде сабыры сарқылып, былай деп сұрады:

– Әй, көршім. Құдай, екеумізді қоңсы еткен екен. Бірақ саған берекені мол төккен екен. Мал дегенде бес-алты ғана ешкі айдайсың. Сауып ішерге екеуін ғана байлайсың. Шиеттей бала-шағаң бар. Конторғай ғана шамаң бар. Бірақ қарның тоқ, қайғың жоқ. Басқаларға тигізер қайырың көп. Ал мен жалғыз тұрамын. Саудамен жүріп, дүние құрадым. Түйе, сиыр, жылқым да болды. Жинаған жиһаз мүлкім де болды. Бәрінің де баяны болмады. Тапқан малымнан жаярым қалмады. Мұның сыры неде? Осыны маған түсіндірші, – деді. Көршісі:

– Иә, көршім. Сенің жайынды білемін. Мен де мұны байқап жүремін. Бірақ мұның сырын саған айта алмаймын. Сонда да талабыңды қайтармайын. Қаратаудың басында мың жасаған данышпан бар. Қазына теріп, даналықпен табысқан бар. Ақылы – дария, бейне бір кен. Содан кеңес сұрағаның жөн, – деді. Бегайдар ертесіне жолға шықты.

Мойнына ала дорба асыпты. Бетегелі белден өтті, құлан жортпас шөлден өтті. Талай ауыл елден өтті, аққу-қазды көлден өтті. Темір етік теңгедей, темір таяқ тебендей болды. Табаны қатып, емендей болды. Шаршап-шалдығып келе жатып бір лашыққа тап келді. Бімырт үйіріліп, көз байланар тұста нақ келді. Ішке кірсе шал-кемпір мен бойжеткен ақсақ қыз отыр екен.

Бұлар да бір шері көп шерменде пақыр екен. Бегайдар сусын ішіп, дәм татуға аялдады. Оларға мән-жайын баяндады. Шал:

– Балам, талабың оң болсын! Табарың мол болсын! Құдайдың бергенін қанағат еткін. Мен де саған бір өтінішімді аманат еттім. Қызым бойжетті, міне көргің! Оны кімге ұзатқаным жөнӘ – деді. Бегайдар:

– Жарайды, ақсақал! Данышпанға сөзіңізді жеткізем. Еш қапа болмаңыз. Тек тілегімді тілеп, бата жолдаңыз! – деді. Ақсақал ақ батасын төкті. Бегайдар алғысын айтып, аттанып кетті. Ұзақ жол жүріп, бір бәйтеректің түбіне келіп демалды. Ол жиған соң, орнынан тұрып, кетуге жи-

Сол кезде бәйтерекке тіл бітіп:

– Ой, Бегайдар, жақсы жігіт ар таңдар. Жаман жігіт мал таңдар. Өзіңдей жомарт, дархан бар. Саған да бір қолқам бар! Айтсам егер – мол қайғым. Тамырымды тереңге жайдым. Судың асылын таттым, құнарлы топыраққа баттым. Бірақ бедеу дінімнен ештене өнбейді. Бұтақтарым жеміс бермейді. Мұның қандай жұмбағы бар? Өшті ме әлде шын бағым, ал? – деді. Бегайдар «Құп» деді. Оның да аманатын мойнына жүктеді. Сөйтіп, арып-ашып әрең дегенде данышпанға келді. Данаға жетісімен, алдымен, сәлем берді. Данышпан жөн сұрасып:

– Иә, балам, өзің бір мақсатың бар жандайсың. Талабыңа жетуден бір танбайсың. «Құсты қанаты ұшырады, жігітті талабы ұшырады». Қадамынды Құдай қолдапты. Ғайып Ерен- Қырық Шілтен сапарынды оңдапты. Ал ендеше, айта отыр! Қандай мұратпен келдің? Жолда кіммен жолықтың, кімді көрдің? – деді.

Бегайдар:

Мен талпынып табыс табамын. Сауда-саттықтың нарқын бағамын. Терлеп-тепшіп, табанымнан таусылдым. Еңбек етіп, бейнетіне жаншылдым. Бірақ береке дарымады. Қорам, бәрібір түлікке жарымады. Көршімнің шағын тұрмысы ғана бар. Бірақ жұртқа берер үлгісі бар. Бес-алты ғана ешкі айдайды. Сүтімен күнкөрісін сайлайды. Шиеттей бала-шағалы. Бәрін өзі ғана бағады. Сонда да жадырап жүреді. Күн өткен сайын бағы да түледі. Соның сырын білгім келеді. Ақылыңызды діліме түйгім келеді. Сол себептен сапар шектім. Шал мен кемпірге, бәйтерекке кездестім. Олардың да тілегін әкелдім. Аманатын жүктеп, мойныммен көтердім, – деді.

Данышпан басын шайқады. Мынау еді айтқаны:

– Ай, балам-ай, балам-ай, бас екеу болмай, мал төртеу болмайды. Ақ жаулықсыз шаңырағына бақ пенен құт қонбайды. Әділетсіз болса, би оңбас. Әйелсіз болса, үй оңбас. Құдай үйдің берекесін әйелдің алақанына жасырған. Жақсы әйел жаман үйдің де мерейін асырған. Көршіңнің ақылды әйелі отбасын ырысқа бөледі.

Әулеті мол отауға сәулет пен дәулет те енеді. Енді кейін қайт! Аманат иелеріне мынаны айт!

Бәйтеректің түбіне ат басындай алтын көмілген. Алтынның буы тамырдың нәрін кемірген. Соны қазып шығар да, шалдың үйіне бар! Алтынды қалыңына беріп, қызын ал! Қыз баланың қимасы – әдебі мен ибасы. Ол қыздың ибасы – иманының шұғыласы еді. Қайырым мен мейірім – жүрегінің құбыласы еді. Аяғы ақсақ болса да, ақылы мол.

Ақылды жар алғанның, бағы да зор, – деді.

Бегайдар данышпанның айтқанын орындады. Бәйтеректің түбінен алтынды қазып алды.

Оны қыздың қалыңмалына табыстады. Сөйтіп ризалығын алып, ақсақ қызға үйленді. Ол еріне алтын қасықтай үш қыз бен алтын асықтай үш ұл туып берді. Ұзамай отбасына береке кіріп, ырысы тұрақтады. Тілектері орындалып, мұраттарына жетті. Осылайша алыстан іздегенін қасынан тауыпты.

«Бас екеу болмай, мал төртеу болмайды» деген сөз осыдан

Жамандық неден болады?

Ертеде орманда бір кісі оңаша өмір сүріпті. Өзі бір дана екен, аң-құстың тілін үйреніп біліпті. Олармен сырласып, мұңдасып, әрқайсынан ғибрат алып, сөйлесіп жүріпті. Пейілі мен мейірі кен, зейіні мен бейілі кең екен. Қандай нәрсе көрсе де, мәнін аңдап, кеудесіне тоқыр еді. Бір күні жырақта көлеңке сағалап, ой бағып отыр еді. Бір тұстан аңдардың жамыраған даусын естіді. Бұл не кенес, бұл не дау деп жақындап барып, құлағын түріпті. Сөйтсе аң мен құс жиналып, «Осы дүниеде жамандық неден болады?» – деп таласып жатыр екен.

Қарға:

– Дүниедегі жамандық кедейлік пен аштықтан болады. Асқазандағы бостықтан болады. Қарның шұрылдап, ішегін аш қасқырдай ұлыған кезде оң мен терісті ажыратудан қаласың. Сөйтіп бек адасып, басыңа сан бәле табасың. Жер бетін топан су басқанда Нұх пайғамбар маған сенім артып, «ЙЗайлы жер тауып кел!» деп жіберіп еді. Қу құлқын шыдатпай, өлексеге ауыз салдым. Жей беріппін тойына, уәдем қалды жайына. Ол заманда сұлулығым тауыстан, өңім аққудан әппақ құс едім. Бір мезетте даусым зорайып, қауырсыным қарайып ұсқынсыз мақұлыққа айналып шыға келдім, – деді.

Көгершін:

– Әй, қарға мен сенімен келіспеймін. Бұл сөзінді орынсыз деп терістеймін. Жамандық аштықтан болмайды. Оның түбірі сүЙіспеншілікте жатыр. Махаббат соқыр сезім тудырады. Содан барып әр бәлеге ұрынады. Озалда Адам ата мен Хауа ананың жалғыз ұлы болыпты. Екеуі сол бір ұлдың құлы болыпты. Сәбиін жақсы көргендері сонша, екеуі «бала менікі, мен ұстаймын» деп таласып қалатын. Қызғанышы күйдіріп ұрысып алатын. Сөйтіп махаббатына селкеу түсті, сезімдеріне бүркеу түсті. Үйде мәнсіз жанжал көбейді. Бір күні Гәңірсі оларға ренжіп, балаларын көгершінге айналдырып жіберді, – деді.

Жылан:

– Әу, көгершін, сен не білесің? Қайдағы мен жайдағыны айтып, болмашыға егілесің. Жерге түспей, жел қуалап ұшасың. Жердегі тіршіліктің мәнін қайдан ұғасың?! Мен сияқты аң біткеннің аяғының астында ирелеңдеп өмір сүрсен көрер едің. Жамандық ашу мен ыза, кектен туады. Озалда басымда бағым, астымда тағым болды. Ақ дегенім алғыс, қара дегенім қарғыс еді. Пейіште шалқып жүр едім. Бір күні Ібіліс келіп азғырды.

Мақтауымды асырып, нашарымды жасырып, нәпсімді әбден қоздырды. Майда тілмен үгіттеп, ақылымды жылы сөзбен тоздырды. Адам ата мен Хауа анадан кек алуға көндірді. Залымның тіліне ердім. Адамның мінін тердім. Алдауға тез түстім. Әзәзіл әзелден туысым еді. Адамның кесірінен жұмақтан қуылып еді. Сол үшін бірге кек алмаққа сөз байластым. Ақырында Құдайдың жазасына ұшырап, өмірім осындай кіріптар болды. Не қолым, не аяғым жоқ, сүйенер таяғым жоқ. Біреу басымды не құйрығымды баспасын деп ирелеңдеп қашып жүремін. Кеудемдегі сол кекті әлі өшіре алмай өзіммен бірге тасып жүремін. Міне, көрдіңдер ме, жамандық ызақорлықтан туады)! – деді.

Бұғы айтты:

– Әй, жылан! Мен ызақор да, кекшіл де емеспін. Аштан қатып өлсем де, қарғаға ұқсап арам ас пен өлексені жемеспін.

Дүниеге қарасам, жан-жағымды барласам, жамандық қорқақтықтан болады. Жүрегінің түгі жоқ, батылдыққа шорқақтықтан болады. Ағаштың бұтағы сыбдырласа, жапырағы суылдаса болды, жүрегім дір етеді. Сақтығым үрейімді үдетеді. Жан-жағыма қарамай, аялдап бір барламай зыта жөнелемін. Өмірім үрейден, қашудан тұрады. Қашып келе жатып бір күні жардан құлап өлесін, не ит-құсқа жем боласың. Жамандық осыдан туады деп білемін, – деді.

Бәрінің сөзін тыңдап жатқан адам, орнынан тұрып:

– Біз адам баласы жамандықты да, жақсылықты да көп істейміз. Бәрің дұрыс айттындар! Жамандықтың себебін дұрыс көрсетіп, байламын қате түйдіңдер! Қарға, сен бәленің бәрін кедейлік пен аштықтан көресің. Бірақ ол бәленің өзі емес, керісінше жақсылықтың таразысы болатын. Жоқтық пен аштық – кімнің кім екенін, ниетінің шын екенін көрсететін сын сағат. Тоқ кезінде бәрі жомарт, мырзалықты кедейлікте көрсетеді. Нұх пайғамбар саған сенім артып, шаруа жүктеді. Бірақ сен жауапкершілік арқалай алмадың. Оған аштық емес, нәпсінді тежей алмаған өзің кінәлісің. Бойында мінезің мен жігердің болмауы, ақылың тұралап, ойыңның толмауы осыған алып келді. Көгершін, егер сүйіспеншілік таза болса, махаббат пенделіктен ада болса, ол жамандық әкелмейді. Керісінше, махаббаттан жасампаздық туады. Адам ата мен Хауа ана балаға таласқанда пенделік сезім танытты. Ондай құштарлықтан қызғаныш туады. Құдай оларды сәбиін жақсы көргені үшін емес, қызғаныш тудырып, жанжал сөз қудырып, берекелерін қашырғаны үшін жазалады. Сәбилері көгершінге айналған соң олар өз ісіне өкініп, кешірім сұрап, татуласқан еді. Содан бастап жанжалдасқан ерлі-зайыпты көгершінге қарап тәлім алсын деген тәмсіл қалды. Сол сияқты ашу мен ыза, қорқақтық пен жалтақтық жамандықтың өзі емес, ол – жүректің кірлеуінен, надандықтың сүрлеуінен, ойсыздық үстемдік құрып, арзан сөздің бүрлеуінен туатын салдары ғана, – деді.

Ертеде Түркістан шаһарында Бектұр деген патша өтіпті. Туралығы талай жұртқа аңыз болып жетіпті. Момынның ақысын жеп, қиянат қылмапты. Дау-дамайда тізесін қисық бұрмапты. Шоқ-жітіктің бәріне бауыр екен. Ор сөзі қорғасындай ауыр екен. Адалдығы мен жомарттығы да халқына білінді. Бір күні оған екі шаруа арызын айтып жүгінді. Патша да көп қарап тұрмады. Екеуінің дауын ықылас қойып тыңдады. Істің аңысын аңдады, мәнісіне ой жүгіртіп барлады. Бұл пақырлар жердің төсін еміп, кәсіп қылар-ды. Еңбегінің есесін егін егумен сынар-ды. Бірі екіншісінің алқабын сатып алыпты. Көктем туа сайманын сайлап, жер жыртуға барыпты. Көп өтпей, соқаның түрені бір нәрсеге тіреліпті. Қос өгізі тарта алмай, әбден шіреніпті. Содан топырақты қазып кеп жіберген екен. Ат басындай алтын көз қарықтырып шыға келген екен. Кедей байғұс басында қуана ұмтылыпты. «Құдайым жоқ жерден берді ғой!» деп есі шығыпты. Бірақ ішінен бір үн бүй деп тіл қатыпты: «ОЙ, ол алтынның иесі сен емессің. Оны иемденіп алғанмен, бақытқа кенелмессің. Ұқсан ойдың өресін егер! Мұны өзінің егесіне бер!».

Содан кедей жердің бұрынғы қожасына барыпты. Ат басындай алтынды алдына қойыпты. Алдымен, аз-кем аялдапты. Мән-жайын сосын баяндапты:

– Шерді сатып алғаныммен, алтынға ақы төлемеп едім. Басыбайлы сініріп кетуге ұятым жібермеді. Бұл, негізі сіздің үлесіңіз еді. Сондықтан алтынды алыңыз, қажетіңізге жаратыңыз, – деді.

Бірақ жерін сатқан адам оған келіспеді.

– Ниетің түзу болғанымен, сөздерің теріс! – деді. – Сауданың адал заңын бұлжытпай сақтадым. Мен саған жерді басы бүтін сатқамын.

Тәңірім алтынды өзіне бұйыртыпты. Болсын енді сыйың құтты! Алтын – алдамшы, бір сағым. Жоғалмай тұрғанда, мұқтажыңа жұмсағын!

Бірақ ол да мұны қабыл алмады. Алтынды ала салуға ары бармады. Содан не керек, патшадан төрелік сұрай келген беті екен.

Патша олардың кіршіксіз көңіліне разы болды. Жүрегі шаттық пен қуанышқа толды.

Уәзірін шақырып: «Сен не дейсің?» деп сұрады. Онныың да ақылын тезге салып сынады. Уәзірі:

– Уа, патшам! Бұл істің айтсам билігін.

Әміршінің екі етер кім бұйрығын? Ақыры екеуі де алмаймыз дейді. Қанша иландырсаң да ниетімізден танбаймыз дейді. Онда алтын қазынанызды толықтырсын. Салтанатыңызды арттырып, дәулетіңізді молықтырсын. Біз оны сарайдың кәдесіне жаратайық. Патшалықтың қажеті үшін қарыштап таратайық, – деді. Патша қаһарланып:

– Ей, ұятсыз! Мен саған әділ шешім айтар деп сеніп едім. Сол үшін де билік айтуды еркіңе беріп едім. Біреудің несібесін қалай тегін малда-насын? Ақ адал олжасын алып, қалайша жан бағасың? Әділет – Хақтың адамға бұйыртқан көркі еді. Сенің зымиян пиғылың өзегімді өртеді, – деп күйінді.

Сосын екеуіне бұрылды:

– Бала-шағаларың бар ма еді Перзент қой – дүние дәрмені. Ең болмаса, соларға тисін жәрдемі. Болса егер, алтынды бөліп бер! – деді. Жерді сатқан дихан:

– Тақсыр, менің ержеткен ұлым бар! – деді. Сатып алған дихан:

– Тақсыр, менің бойжеткен қызым бар! – деді. Патша қуанып:

– Ендеше бұл дау шешілді. Айтайын соңғы кесімді! Ұл мен қызың отау құрып үйленсін! Тойын тойлап, шат-шадыман күйге енсін! Екеуің де перзенттеріннің қызығын көріндер! Алтынды жастардың еншісіне беріндер! – деді.

Содан патша екеуінің ұл-қызын сарайға алдырды. РБизалықтарын берген сон, некесін қиып, бір-біріне жар қылды. Отыз күн ойын, қырық күн тойын қылды. Аш-арық пен пақыр-міскінді де тойындырды. Ақ отаудың ішінде бақыт пен шаттық күйі шалқыпты. Әкелері ат басындай алтынды әкеп сыйға тартыпты.

Жігіттің аты – Арсылан, қыздың аты – Айшешек екен. Көркі бір бейне – көктемде шыққан бәйшешек екен. Қуанышта күн өтті, апта мен ай, жыл өтті. Айшешек бір күні күйеуіне:

– Уа, әзизім, бір датым бар! Көкейде жүрген ақыл бар! Мақұл көрсен, айтайын. Сенің де ойынды байқайын, – деді.

– Айта ғой, – деді Арсылан. Сонда Айшешек:

– Бұл пәниде қанша күн ғұмыр барын кім білер?!

Қамшының сабындай қысқа өмірде кім мақсатына жетіп үлгерер? Еңбексіз келген алтын бізге құт болмас? Оны кемтар не кедейге берсек, бәле де бізге сұқтанбас, – деді. Бұл ақылды жан-жары да құптай кетті:

– Ей, асылым, менің де қалауымды дөп бастың! Сендей жарды жер-жаһаннан таппаспын. Дереу барып патшаға білдірейік. Алтынды шын мұқтаж адам алсын деп тілейік, – деді.

Екеуі дереу патшаның дәргейіне келді. Мән-жайды тегіс айтып берді. Патша екі жастың таза пейіліне қатты таңданды. Олардың баянсыз байлықты қаламайтынын біліп, ұзақ толғанды. Тағы да уәзірін шақырып: «Бұған не айтасынд» деп, сыр ашты. Уәзірі бұрынғы әуеніне қайта басты:

– Тақсыр патшам! Асыл – тастан, ақыл – жастан. Екеуі де алтынды қаламапты. Меніңше, бұл істері жарамапты. Олай болса, алтындары қазынаға құйылсын! Салтанатыныз артып, дос сүйініп, дұшпан күйінсін! – деді.

Патша оны ала көзімен атып:

– Сен тағы да бұрынғы сарыныңа бастың. Сыннан тайып, әділдіктің жөнінен адастың. Біреудің қақысын жеуден ұялмайсың баӘ Әлде бұл алтынды игілікті іске жұмсауға қия алмайсың ба? – деді. Уәзірі жым болды. Патша сосын екеуіне:

– Ендеше, қарақтарым, бұл алтынды сатайық. Түскен пұлына жеміс-жидек көшетін алайық. Баршаға ортақ бау-бақша егейік. Миуалы дарақтарды баптап, тер төгейік. Жемісін бүкіл ел жесін, қызығына кенелсін! – деді.

Халайық бұл шешімге қайран қалды. Елдің қамын ойлаған жақсы бір жайды аңғарды. Арсылан мен Айшешек алтынды сатып, ақшасын патшаға әкелді.

Патша, бір жақсысы, жаңсақ басқан уәзіріне жаза бермейді екен. Оны түзету үшін дертінен «емдейді» екен. Одан артық нәрсе күтпейді. Жаңа бір міндет жүктейді. Уәзірін шақырып:

– Осы істің өзің атқар! Орындасаң, басыңа қонар бақ бар. Өзекті жанға – бір өлім. Мәлім емес өмір-сүргенің. Тәңірі алдында таза бол, арамдықтан ада бол! Әділдік пен адалдық қос қанатың болсын! Ақылың мен қайратынды ар-ұятың басқаратын болсын! Қанаты қайрылған құс алысқа ұша алушы ма еді?! Көңілін кір басқан пенденің ісі онушы ма еді?.. Ақшаны ал да, көшет сатып әкел! Әділ болсаң, бақшан гүлденіп, көркейіп кетер, – деп жұмсады.

Өзіне сенім жүктелген соң уәзір де қарап қалмады. Адал еңбекті бағына балап, талмады. Жеміс ағашының көшетін аямай сатып алды. Бір көшетке бір мысқал алтын жұмсады. Тоқсан мың көшетті көгертті. Оларды отыз бағбан баптап, сақтап, өсірді. Күнде бір мезгіл келіп, бау-бақшаны бақылап жүрді. Адал қызмет еткен сайын уәзірдің көңілі кірден тазарып, жүрегі жұмсара берді. Көп өтпей көкөрім көшеттер түйнек тастады. Үш жылдан соң жемісін беріп бастады. Күзде патша да бау-бақшаға келді. Балбырай піскен жемістерді көрді. Шоқтанып пісіп тұрған бір жүзімнен ауыз тимек боп жұла бергені сол еді, уәзірі:

– Тақсыр, жаман ырым бастамаңыз, кейінгі жұртқа теріс үлгі тастамаңыз! Бұл жеміс бақшасы, әуелден, жетім-жесір мен кедей-міскіннің несібесі үшін егіліп еді. Бұларды баптау үшін отыз бағбанның тері төгіліп еді. Сіз қазір бір түйірін жесеңіз, қырық нөкерініз жүзімді арбалап тасиды. Содан кейін бұл бауға жолай алмай, міскін-пақырдың кеуілі жасиды. Дұрысы, ақысын төлеп алыңыз! – деді. Патша уәзіріне қарап:

– Ақысыз жеу ойымда жоқ. Сені тағы бір сынаған едім. Сынақтан сүрінбей өттің, ерім! Ділің ағарған екен, көңілің тазарған екен. Бәрекелді, жарайсың! – деді. Сөйтті де пұлын төлеп, жүзімнен дәм татты. Нөкерлері де жапырласып, жемістерді сатып алып жатты.

Патша сосын уәзірін шақырып:

– Есіңде ме, үш жыл бұрын сенен бір кенес сұрадым. Бірақ ол кезде сыннан өте алмай құладың. «Алтын қазынаға құйылсын, сарайдың игілігіне бұйырсын!» дедің. Ол орданың олжасы болғанда, мұндай бау-бақша болмас еді. ? Вер бетінде бірде-бір әділ патша қалмас еді. Пайдасыз байлық малдың тезегіне ұқсайды. Үйіп тастасаң шіріп кетеді. Топыраққа шашсаң, өсімдікке азық болып, тәтті жеміс береді. Осыны ұқпай жаза бастың. Екінші рет сынағанда тағы адастың. Өйткені онда адал еңбек, маңдай тер дегенді білмейтінсің. Біреудің дәулеті мен сәулетін күндейтінсін. Көңіліңде қара перде бар-тұғын. Күншілдік қысқан кеудең де тар-тұғын. Сені қуып жібергенмен, орныңды өзіндей біреу басар еді. Ақырында сарайымнан кие кетіп, құты қашар еді. Саған сенім артып, міндет жүктедім. Сен де адал қызмет етіп, мақтау күтпедің. Көңліңдегі қара перде жыртылды. Көкірегін кеңіп, жарық сәулеге ұмтылды. Әділеттің нұры діліңе дарыды. Енді сенің бағынды барша жұрт таныды. Әлі де еселі еңбек ет, бізге сендей ер керек! – деп, арқасынан қағыпты.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙