Поэмалар
Мағжан Жұмабаев
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Алаштың сыршыл ақыны Мағжан Жұмабаевтың әлемдік деңгейдегі кесек туындылары: «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіп хан» және басқа да классикалық поэмалары.
ЕРТЕГІ
Бүгін жаным өртке оранған жанға ұқсап,
Бүгін жаным тым аңсады от құшақ.
Тілім-тілім тілсе келіп у пышақ...
Бүгін жүрек күшті арақ іздейді.
Құшар едім... ішер едім... жылар ем... «Сен» деуші жоқ, Бәрі де шет: «Сіз» дейді...
Қарақ керек. Арақ керек! He керек!
Бәрі де жоқ, жалғыз жолдас - қиялым,
Жұбатады айтып маған тәтгі ертек...
Ерте күнде ешкі жүні бөрте екен...
Аспанға өрлеп заулап жанған өрт екен.
Түн жағында ел бар екен орыс дер.
Жас Кененің жүрегінде қалың шер.
Жеткіншегі Ер Наурызбай баланы
Ертіп алып, қорғамақ боп қазағын,
Абылайдың ала туын алады.
Ер талмайды, аста тұлпар талады.
Өз бауыры қырғыздан қаза табады...
Есіл Кене заулап жанған өрт екен.
Алты алаштың жүрегінде дерт екен.
Хан Кене өлді, Науан да өлді ақбөкен.
Тартып туған артында ұлы жоқ па екен?!
Кене артында жас арыстан Сыздық бар,
Төс үстінде желкілдеген қара жал.
Ер иманы - ел, айнымайтын елім - жар.
Ту көтеріп, қарға ілді садағын.
Құтты қадам болғай еді, қарағым!
Сыздық батыр тұлпар атын ерттеген,
«Алты алашым, енді маған ер!»- деген.
Алты алаштан алты адам да ермеген.
Алты алаштан алты адам да ермеген...
Алаш сорлы келешегін көрмеген.
Қайран Сыздық құса болды шерменен.
Жап-жас Сыздық елден, үйден безеді.
Түркістанның бетпақ шөлін кезеді...
Сыздық ердің жүрегі шер, дерт екен...
Келген кезде - қас қарайған, ымырт екен.
Қонайын деп Сыздық аттан түседі.
Қанжығадан қос қоржынын шешеді.
Қалта толған мейіздейін малта бар.
Жел-ау, жел-ау, алты алашқа айта бар!»
Мойынға алса, адам көнбек қиынға,
Жалғыз өзі қалың қопа бойында
Отыр еді, ешнәрсе жоқ ойында.
Ұшқын шашып, от ойнап тұр көзінде.
Тікенектей түк шығып тұр жүзіне.
Тегі, ойда ғой батыр жаны күйінген...
Жел ме әлде қамысты құшып иірген...
Жел білінбейд, сылдыр... сылдыр... көп қамыс.
Сылдыр... сылдыр... жақындады жат дыбыс.
Әлде ерге шапқалы тұр жолбарыс?
Сол мезетте қамыс ақырын ашылды,
Әлдекімге тәжім қылып, бас ұрды.
Шыға келді, балқып нұры шашылды.
Кім екенін, не болғанын ұға алмай.
Амандасты қолын жеңнен шығармай.
Тал шыбықтай жүзге иіліп бұраңдап,
Сызылып қана жанған оттың басына
Отырды ақырын жұлдыздайын жымыңдап.
Сұлу келіншек босатпады жүйені.
Бір көз салып, кім екенін түйеді.
Сынамаққа бір малта алып тастады.
Малтаны алды, жеңін тағы ашпады.
Сыздық батыр қабағынан қар жауып,
Келіншекке қаһарменен: «Кет!»- деді,
Беліндегі садағын шешіп қолға алып.
Дыбысы шықпай, ішегі қатып өлгендей,
Былқ-сылқ етіп түрегелді судырап,
Судыр-судыр жансыз жібек жүргендей.
Тек тұрмайтын, жыбырлайтын желауыз.
Сыбыр тынды. Жыбыр қалды. Жоқ дыбыс...
Қарасады, арбасады от пен от.
Күбірлейтін, жыбырлайтын жел де жоқ.
Сұлу келіншек - жезтырнақ қой қанішер.
Жеңнен қолын шығармаған мәні сол.
Алып, күшті, жүгіріп кетсе, желден тез.
Пері менен диюдың ойнас баласы...
Бола алады аң да, құс та, шал да, қыз.
Алдап-арбап батпақшы ғой қызыққа.
Ер жүрегін малып-малып тұздыққа.
«Heгe әлі мен «Кет!» деп соған ақырдым?
Күлген болып, көнген болып, әурелеп,
Ойынын көру керек еді пақырдың.
Кетті ыза боп: «Қап, бәлем!..»- деп қарғанып.
Келмес пе екен дауылданып, кәрленіп»,-
Деді-дағы ер қараңды жан-жаққа,
Маң-маң басып жүріп біраз ар жақта,
Ер қолына дөңбек тасың қаңбақ та!
Дем шығарма, салса да тас салмағын,
Қары түгіл, ауыртады бармағын.
Сыздық батыр жапты қара қапталын.
Сескеніп бір жан-жағына қарамай.
Бұғып қана қонған қойшы баладай.
Ол үзгені тырбық-тырбық баялыш.
Естіледі жалғыз ғана дем алыс.
Әлде пері әпсүн оқып түкірді?
Бетпақ шөлдің көгі де бір сұр кебік,
Айы нұрсыз, жұлдызы үнсіз сықылды.
Тым болмаса, сылдырласа қамыстар!..
Шулаған аң, шұбырған мал, шалқар көл,
Мұнарлы тау, балдай бұлақ, ағаш бар.
Сыздық мынау елден безген ел үшін...
Сыздық мынау шөлге көмген жас күшін...
Бетпақ шөлде Сыздық өлер, құм көшер...
Жүректе у... жарып қарар кім ішін...
Өлер батыр... тастар оны құм көміп...
Қарға-құзғын үстінде жүрер үңіліп...
Сыздық өлер... алаш құрыр... есіл ер...
Бір мезгілде кетті ме көзі ілініп.
Бір мезгілде жындай ойнап жел шықты.
Сыбырлады, жыбырлады жорғалап,
Шөл шулатып, құм аузына құм тықты. «Фию-фию, фию-фию» есті жел.
Бұғып жатқан баялышты құшты жел.
Селк-селк күліп, селкілдеді сексеуіл.
Жел сүйсе оны, жан кіреді құрғырға.
Еркі қалып, салған «қойшы, кұрғырға».
Көкке қою қара бұлттар байланды.
Серпілді де, ер садағын қолға алды.
Көз тігілді, қолда садақ құруы.
Дию ашулы, пері жүріс, жын шулы.
Жындай, түндей қап-қара бір албасты
Жымып қана келді дөңбек жанына,
Сол секундта батыр көзін қан басты.
Сонда албасты: «Ә-ә, Сыздық қарағым,
Жатырмысың ұйықтап қаннен-қаперсіз?!
Мына маған қалай кәрмен қарадың?!
Кім ұмытар сенің тұқымың қылғанын.
Балам, сенің құрытайын ұрпағың!»-
Деді де ол, көзі оттай жайнады,
Жез тырнағын өз тісіне қайрады.
Қайрады да көмді тасқа тырнағын...
Ессіз шіркін қайдан білсін айланы.
Сол арада «дәл жүректің басы» деп,
Көзі қан боп, қарт бурадай қалшылдап,
Дәлдеп тұрып тартып қалды ер Сыздық.
Сол секундта тартылды садақ -«тақ!» деді.
Жезтырнағым «аһ» деді де, «қап!» деді.
Ордың да сен тындың. Болды тілегің.
Бір оғыңмен азаптанып өлемін».
Екі атса ғой Тырнаққа Құдай береді!
Біраз тұрып, тәлтіректеп жезтырнақ,
Сүйретіліп қопаға қарай жөнелді.
Намысы жоқ қамыс тағы бас ұрды.
Біраз сыбыр. Біраз жыбыр. Дыбыс жоқ.
Көк айықты, жел де енді басылды.
Жыбыр-жыбыр. Жанын берді, өлді жел.
Қатып қалған, селкілдемейд сексеуіл.
Айнала өлім, шеті-шексіз шөл де шөл...
Шөл мен өлім арасында бір-ақ жол.
Иекте тұр жаңа садақ тартқан қол.
Әлдеқайда, Қырда, Сырда алаш бар...
Мұнарлы тау, балдай бұлақ, ағаш бар...
Есіл елді, есіл жерді жат алды...
Ойлы ұлына бұл кең дүние болды тар.
Ойлар басты, жүйрік жанға ой батты...
Ұзамады, ағарып ақырын таң атты.
Тарам-тарам алма беттен жас ақты...
Ақылы кең, алты алаштың ағасы,
Шын хан еді-ау, қорғаны еді-ау қазақтың,
Өлді Абылай, солды қазақ даласы.
Заулаған өрт, ойнаған от, Күн еді.
Қаза тапты, қазағым, күнің түн еді!..
Кім біледі, көмер оны құм кезген.
Кене, Науан салып кеткен қанды ізбен?
Өлім іздеп адам белін бусын да,
Ерден туған ердің жолын қусын да.
Жаспен емес, қанмен бетін жусын да!..
Шөлден безіп, қанды жолға кіргелі,
Алаш елі, сары сайран жері үшін,
Жапанда емес, жау қолында өлгелі.
Тап сол кезде ер жүрегі өрт екен...
Заман озды, адам тозды, ерлер жоқ...
Заман озды, ер заманы ерте екен...
Ерте күнде ерлер екпінді өрт екен.
Алты алаштың жүрегінде дерт екен!
Ертек, ертек, ертек, ертек - ерте екен,
Хан заманы, ер заманы ерте екен.
Ерте заман, алаш аман - айбынды ел...
Ерте күнде ешкі жүні бөрте екен...
Ерте күнде ешкі жүні бөрте екен.
Ертегі айтад дертті балаң Жөжекең.
Қарақ па әлде? Арақ па әлде? He керек?
Арағы да, қарағы да құрысын!
Қиялтайым, айтшы тағы, тағы ертек!..
ЖҮСІП ХАН
Аш екен де, тоқ екен,
Ертек, ертек, ертекте:
Ала қарға - азаншы,
Шымшық терген шөпшекті.
Жапалағы жалбаңдап,
Көрсетіпті көмегін.
Болыпты бәрі әбігер,
Мен білем бе себебін?!
Сөз бұл емес, сөз кейін,
Кеуде кернеп дем алыс.
Бұл - бастапқы бүлкілім,
Болғаннан соң жол алыс.
Жазбақ емен сендерге
Құстардың не қылғанын.
Даярланып домбыра алып,
Тамағымды қырғаным.
Бөрікті жерге ұралық,
Кіріселік кеңеске.
Жер жүзінде тамаша
Талай жер бар емес пе?
Оңтүстікте алыста,
Иран дейтін бір жер бар.
Жердің құты - серке жер,
He керегің табылар.
Жері гүлге көмілген,
Бір гүл сайын бір бұлбұл.
Үсті бұлбұл сайраған,
Мейлің жыла, мейлің күл.
Бұйра-бұйра бауы бар,
Бауы толған жеміске.
Бір жемісі ақықтай,
Бір жемісі күміс пе?!
Бір жақ беті қандай боп,
Үйіліп жатқан алмасы.
Саусағыңды бірге жеп
Қоятындай алуасы.
Елі жейтін үймелей
Әсіресе шапталы.
Талайының жібек дейд
Еру киген қапталы.
Жеміс, бұлбұл, гүл, жібек,
Төрт түлегі сай бопты.
Елінің дені қу кедей,
Бір уыс-ақ бай бопты.
Бір уыс байға беттемей,
Құл боп қызмет қылмай ма?
Желіккен байлар құл айдап,
Әңгіме-Дүкен құрмай ма?
Иранда сонау құт қонған,
Байға ғана құт болған
Жасын тақта жасаған,
Күшігенге ұқсаған,
Құлқы бұзық қақпас хан.
Бар жұмысы - тек жатқан
Алтын сарай ішінде.
«Әйел!» деген күбірлеп
Өңінде де түсінде.
Тажындағы тізген тас
Гауһар, күннің көзіндей...
Өз құлқына тап басқан,
Уәзір жиған өзіндей.
Хан керегін әзірлер
Шауып, шаншып, ел талап.
Табанда ылғи тепкі жер,
Құл боп құрдай жорғалап.
Тістесіп құйрық ай мен ай,
Жылдың ізін жыл басып,
Күндерде бір күн хан Аббас,
Өзімен өзі сырласып
Отыр екен сарайда,
Тірі жан жоқ маңайда.
Кіріп кепті бас уәзір.
Дорба сақал, құйрық мұрт,
Депті уәзір: «Иә, тақсыр!
Ұзақ болсын жасыңыз,
Сізге құрбан басымыз.
Бас балшысы түскірі
Балына не түскенін
Сізге айтқалы келіп тұр».
Сонда оқтай зырлаған
Балшы ұшып кіріпті.
Құлдық ұрып үш қабат,
Тұрып сөйлей беріпті.
Жұлдыз қарап, бал ашқан
Тәуіп екені тағы бар.
Сізге құрбан жанымыз!
Келдім алып сұм хабар.
Жұлдыз жақсы демеді,
Қатер айтты ханыма.
Ханға қаза қатасыз
Оныншы күн таңында».
«He? He?»- деді, қысты ашу,
Қалшылдады, кақалды.
«И-и-и-и-еет!»- деді,
Сапсаңдатты сақалды.
Бұл былшылың қай былшыл! ?
Кет! Көрінбе! Шық! Жоғал!
Мен тіліңді қырқайын!
Жендет! Жендет! Басын ал!».
Жетіп келіп жендеті,
Жалаңдатып қылышын,
Апыл-ғұпыл, әп-сәтте
Тап береді шаппаққа.
Балшыда үрей қала ма,
Көзі сыймай шараға,
Кемсең қағып, жандәрмен:
Бір қасықтай қи қаным!
Аллаға аян, сөзім шын.
Жұлдыз сөзі сөз болар,
He пайда өліп мен төбет?..
Ақылдассақ, айламен
Жұлдызды алдап ұрмас па ек?»
Хан бетіне қан жүрді,
Арағы бар, қарағы!
Көзі сәуле шалғандай,
Дереу жұлып алғандай
Жендетіне қарады.
Жаны біраз жай тапты.
Машайығын, молдасын,
Уәзір, қазы, қолбасын,
Бірін қоймай жиғызды.
Аббас былай бұйырған:
«Тез ақылға салыңдар!
Жұлдызды алдау жөні не?
Қалап, затымды алыңдар!»
Бәрі жерге үңілді,
Бәрі ойға көмілді,
Сақалдары салбырап.
Молдалары мөлиіп,
Бере алмады бір жауап.
Хан бетінен қан қашты.
Жұрт та жым-жырт. Хан састы.
Алақ-жұлақ екі көз.
Құлдық ұрып, бас ұрған
«Ханым!» деген шықты сөз.
Қайғырмаңыз, үміт бар,
Ойдан айла табылар.
Қасық қаным тілегім,
Мен дәметпен дүние-мал».
«Сөйле!-деді хан зекіп,-
Сөйле! Күнәң кешілер!»
Балшы сонда тоқтап аз:
Жұмбақ былай шешілер:
Оныншы күн таңында
Иран елі ханына
Қаза жетпек қатасыз.
Тап қазіргі сағаттан
Тақты тастап кетесіз.
Он күн біреу уақытша
Хандық құрсын тағыңда.
Тақта отырған хан өлер
Оныншы күн таңында».
Қоразданып қоқаңдап,
Жалт қарады уәзірге:
«Қанатым сен, құйрығым,
Сен хандық құр әзірге.
Қарсы келсең, мынау бас
Осы жерде кесілер!»
Уәзір сонда сабазың,
Судай ішкен есіл ер,
Жүзіне қуаң әр кіріп,
Көзді тоқсан төңкеріп.
Бейне маймыл маймаңдап,
Біресе бейне жайнаңдап,
Біресе бейне түнеріп:
Сізге құрбан жан-тәнім.
Бірақ... Алла, ханым-ай,
Мендей сордың ойы сай,
Келмес хандық қолынан!
Оқымысты-дария
Қазы лайық болар-ау!..»
Енді қазың қақалды,
Желпілдетіп қос танау:
«Астапыралда... әзірмін.
Бір қата бар болмашы:
Аюға ақыл қонар ма?
Келтексіз тентек оңар ма?
Екі беті шиқандай,
Дәл қораздай қойқаңдай,
Басып, жаншып, қиратып
Қызарып, ісіп, бір тынып,
Едірей мұртын ширатып,
Барқылдады қолбасы.
Басқаға о да сілтеді.
Жүзі қара немесі -
Жендетке барып жетеді.
Оған да дереу ой түсті:
Хан болсын қалай жан қиып
Өзі кетті ырбиып,
Қолы қалды тырбиып:
«Е! Құрмалдық мен бе екем?
Он күн деген күн бе екен?
Адыра қалсын бұл хандық!..
Сөз тоқталды. Жұрт жым-жырт.
Айтысты іштен кұрмалдық.
Сөйлегенде бүй деді:
«Бұған да амал табылар.
Бұл он күнге лайық
Жүсіп деген бір сұм бар.
Өзі шебер мініскер,
Нағыз найсап, шаян тіл.
Жазаласа ханымды,
Ұры-қары дейтін ол!
«Хан, ханшасы, қолбасы,
Өңшең ұры обырлар.
Кедей қылып күңіренткен
Солар»,-дейтін ол мұңдар!
Мен ойлаймын, падишам,
Хандық құрсын тағында.
Жүсіп жанмен қоштасар
Оныншы күн таңында».
«Мұндай итті, кесірді
Жермен-жексен қылмас па?!
Дұрыс, дұрыс! Сол сұмнан
Таққа лайық кім басқа?!»-
Десті осылай, сөз тынды.
Жөнелтелік Жүсіпке.
Қайда болушы ед? Базарда ол
Қақталып, қасқа, ыстыққа.
Шаңқай түс. Шым-шым шағыл күн.
Базар ызың, ың да жың.
Жабыр-дабыр сансыз жұрт.
Шиқан бетті, жүн сақал,
Сатқан, алған шартпа-шұрт.
Ардаңдаған арбалар.
Есек, молда мөңіреген.
Ақсақ-тоқсақ, қайыршы,
Жетім бала еңіреген.
Доп-домалақ бірдеңе.
Бұл - әйелі Иранның.
Отырды Жүсіп шай ішіп
Жолдасы біраз адаммен.
«Біз көреміз, не керек,
Хан, қазы, әкім, байлардан.
Кедей сорлы жұбанар
Осы деп бізге жазған заң.
Сол заңды өзі кім жазған?
Хан емес пе қазымен?..»-
Дей бергенде осылай,
Сырнай-керней сазымен.
Сұп-сұр болды реңі:
Кімге жаққан тура айтқан.
Деп күбірлеп, жым болып,
Жүсіп көзін қаша атқан.
Қол келеді бұл жаққа.
Самсаған қол. Сары дала.
Қызыл-жасыл, ақ-ала.
Арғымақ, Сырнай. Дабыл. Ту.
Сәлде. Сақал. Дулыға.
Кілем төсеп қайқаңдап,
Уәзір, қари, молдасы,
Қоразданған қолбасы
Қол алдында қойқаңдап.
Енді жым-жырт... жығылу.
Бәрінің тілі байланып...
Демін алмай, мысықтай
Болып, басы айналып,
Көзін жұмып, енді ашса,
Уәзір оған бүйдеп тұр:
«О, сұңқарым, сұлтаным,
Саған құрбан жан-тәнім,
Ханға құр су ұнай ма!
Саған даяр сарайда
Шербет, шарап, не тамақ...»
Бізге арам ғой ол сарай,
Қылмаңызшы ақымақ!»
Сумаңдады уәзір сұм:
Иран ханы енді сіз.
Сен хандық құр, іш те же.
Түсі ме, бұл өңі ме?
Күдік кіріп көңіліне,
Жүкең ұртын шымшиды.
Зырлап кетті ойы - оқ...
Қонды атқа, құнтиды.
Мен енді - хан, сендер - құл.
Кетті. Ызғытты арғымақ,
Жетті. Жауһар асты тақ.
Үлде-бүлде киінді,
Сімірді, жеді, тойынды.
Үйренді тақтың тәртібін.
Біраз күн сөйтіп ләм демей,
Басқаннан соң қарқынын,
Бастады Жүкең бір істі:
Жақтап жарлы, жалшыны.
Өңшең залым-кезептен
Еңбекші елді аршыды.
Уәзірді жер аудырды.
Қазының басын алдырды.
Қойқаңдаған қолбасын
Абақтыға салдырды.
Елді сорған сұмдардың
Қырықтырды басын түймедей.
Тұмылдырық кигізді. «Уһ!» деді көп кедей.
Бай мен бекті соқты жын.
Оны Жүкең не қылсын?
Оның ойы: ел көрсін
Бір күн де болса әділдік.
Залымның қанын жосылтып,
Сорлының сорын ашқандай.
Бәрі жуас, бәрі әсем,
Аяқты байқап басқандай.
Бұқара байтақ халықтың
Болды Жүсіп қалқаны.
«Мың жаса, Жүсіп, мың жаса!»-
Деп шуылдап алқады.
Тірі қалған төбеттер
Есін жия бастады.
Кірісті олар күбірге:
«Мынау Жүсіп шошқаны
Қойғанымыз ба осылай,
Қара табан, тексіз ит
He бекзатты боздатты,
Байды, бекті, боздақты
Байлап қойды жіпсіз, ит.
Кедей итті көкітті,
Құтырған мынау мұндар құл.
Шейіт кетті-ау не серке...
Келмесіне кім кепіл?..
Заттың ісі жат еді-ау:
Жұмысы жоқ бір істе,
Жатушы еді сарайда,
Арақ, қарақ, маңайда...
He тілесең, соны істе...
Бауыздалып өлерміз.
Жер бастырмас Жүсіп сұм.
Құтырған ол мұңдарға
Жалғыз қанжар жалынсын!..»
Кеңес тынды, таң атты,
Күн де батты, ел жатты.
Отыр еді қатерсіз,
Балға түскен қатесіз
Оныншы күн таңында.
Кіріп, басып біртелеп,
Қадап қалды қанжарды.
Хан кілемі бүлк етті,
Ханды жұтты, олжа алды.
Жүсіп сордың денесі
Кескіленді, көмілді.
Жұртқа жарлық шашылды:
«Қаза жетті, хан өлді».
Бектер бұлай күйінді:
«Алда, дүние-ай! Күн қараң!
Біз қалдық-ау сорменен!
Кетті-ау сұңқар Жүсіп хан!
Татып ажал шербетін,
Өлді Жүсіп. Ел - жетім!
Жәрдем берсін бір Құдай...
Аббас келді! Хан Аббас!»
Сол арада бұрыштан
Құжырайған, құрысқан
Шыға келді, о, қасқа!
Жүрген екен тау-таста,
Қашып-зытып Жүкеңнен.
Көтерісіп Аббасты,
Тағына алып барады.
«Қап!»- деп санын ұрды да,
Үн-түні жоқ тарады.
Қол тоқпағы қоңқиды:
«Шүкір, шүкір, Алла!-деп.-
Енді тілден тыймайын,
Балшым қайда, бар ма?»- деп...
Өңшең сұмның бағына,
Тағы отырды Аббас хан -
Жасын тақта жасаған,
Құлқы бұзық қақпас хан.
Бар жұмысы - тек жатты
Алтын сарай ішінде.
«Әйел!»деді күбірлеп
Өңінде де түсінде.
Шараптан ылғи шала мас.
Гауһар Күннің көзіндей.
Өз құлқына тап басқан
Уәзір жиды өзіндей.
Хан керегін әзірлеп,
Шапты, шанышты, ел талап.
Табанда ылғи тепкі жеп,
Жүрді жасы сорғалап.
ОҚЖЕТПЕСТІҢ ҚИЯСЫНДА
Басқа жер ойды ондай тербетпейді.
Көрмесең, көкіректен шер кетпейді.
Басқа тау ойды аспанға өрлетпейді.
Алашта Кенекеме ер жетпейді.
Дариға, жүрегімді дерт өртейді.
Қап-қара бұлттармен құшақтасқан.
Көкшеге қосылмаққа қойнын ашқан.
Жел ойнап, ақ бетіне меруерт шашқан.
Жасаған мұнарадай құйып тастан.
Жалғыз-ақ Кенекем ғой қадам басқан.
Ерлерде Кенекеме кім бар жеткен?
Сүйремей елін ерге, көрге сүйреп,
Ер емес, «ершіктер» ол елді еңіреткен.
Қазақты құтқарам деп қалың өрттен...
Бір өзі Бурабайды кезіп кеткен,
Артында Оқжетпестің үңгір тау бар,
Сол тауда бірнеше күн мекен еткен.
Жынды жел қатты сақ-сақ күле ойнайды.
Көбіктеніп күлегеш көл ойнайды.
Қабағын қарс жауып Кене ойлайды.
Жүрегін тілім-тілім тіле ойлайды.
Сен үшін жаным құрбан»,- деп ойлайды.
Бұлдыртқан бұлдыр заман қыран көзін.
Ойлардың «уһ» деген у лебізін.
Құмдарға жолбарыстай тастап ізін.
Ойлайды жоғарыға жөндеп жүзін.
Жіберсе көзін ашып, көреді өзін.
Қараңғы, көз көрмейді ешбір затты...
Қарағай, сыпсың біткен шулап жатты.
Толқындар тасты сабап, тулап жатты.
Кенекем аузына алды аруақты.
Көреді қарсы алдында әппақ қартты.
Қолыменен көтерді түкті қасын.
Жасаған бұлт ішінде барлық жасын.
Жуғандай әппақ қылып сақал-шашын.
Төменде судың шуы болды басым.
Кенежан, елдің ері жолбарысым!
Кенежан, берірек кел, сырттан балам,
Ел үшін елсіз жерде жортқан балам.
Ата пір қасиетті мен қарт бабаң.
Өз қолыммен төменнен тартып алдым.
Қияда күтіп сені сансыз заман.
Білемін, жүрегіңде бар бір жараң.
Дариға, қазағыңның күні қараң.
Мынау орыс обыр ол еміп жатқан.
Көп ерлер жаумен бірге елін шапқан.
Уәли анау қарт қатынмен басы қатқан.
Орыстың шекпеніне елін сатқан.
Алып кет алашыңды осы жақтан.
Арсыға дұға асырар мен қарт бабаң.
Балауса жас жолбарыс - інің Науан.
Болғай ед аруақ жар, Құдай панаң.
Сол сағат мен осы жерде тасқа айналам.
Төбеде тас боп шөгіп күтіп қалам».
Таудың үсті тамаша нұрға толды.
Жер мен көк қасиетті жырға толды.
Ерке жел тасты құшып сақ-сақ күлді.
Төменде тулай-тулай толқын өлді.
Көзін ашып, Кене өзін жерде көрді.
Жанына жас жолбарыс Науанды алды.
Орысқа аш бөрідей ойран салды.
Қытаймен қатынаспаққа ой ойланды.
Сорлы қырғыз мерт қылды арыстанды.
Оқжетпесте тұрған қарт тасқа айналды.
Алашты улай-улай жаман өтті.
Сарыарқа сайран жердің сәні кетті.
Қорсылдаған доңыздар мекен етті.
Шөккен қарт күншығысқа түзеп бетті,
Көп заман талмай-тозбай тау басында,
Алаштан Кенекемдей бір ер күтті.
Алашта Кенекемдей ер болмайды.
Алашқа бұдан да зор шер болмайды.
Күңіреніп біздей бейбақ жыр толғайды.
Кенедей енді неге ер тумайды?!
Кене жоқ, ізін басар іні де жоқ,
Дариға, жүрегімді дерт улайды.
ӨТІРІК ЕРТЕК
Гүл, бұлбұлға мол Шираз,
Гүлі қызыл лағылдай.
Бұлбұлының бал үні
Жазғы сұлу сағымдай.
Ертегідей ертеде
Болған талай ақындар.
Сөзі Шираз гүліндей,
Қайда олардай ақын бар?
Жырлап кетсе жорғадай,
Төгілгені - шекер, бал.
Көзіне ыстық жас толар,
Бойың балқып, шымырлар.
Тамашасы мол Шираз,
Баулары бар бұйра бұлт.
Адам үзбей үзілген
Қандай-қандай жеміс жоқ!..
Айналасы бау қала,
Бауы жеміс сыңсыған.
Тәтті дәмі тіліңді
Шымырлатып шымшыған.
Шираз елі үзімді
Бауырсақтай асайды.
Көп құрмай олар тұрмайды,
Үзімнен арақ жасайды.
Молдалары сәлделі
Арақты шарап деседі.
«Шарап - шипа»- деп тақсыр,
Кеу-кеулесіп ішеді.
Екі-үш күннің бірінде
Құмыршаға құюлы
Шарап тұрад быжылдап,
Әшекейлі,оюлы.
Тақсырларға тимейін,
Кезек келер бір күні.
Мысық-тышқан кеңесін
Айтпақшымын бұл жолы.
Сықси көзді сұр тышқан
Кіріп келді бір үйге.
Тізілген қаздай құмырша,
Таң болды тышқан бұл күйге.
Жылти көзі сықсиып,
Жалт-жұлт етті, қараңды.
Тамсанды да жаланды,
Тыя алмады араңды.
Шықты жылжып жорғалап,
Болар-болмас жалады.
Тәтті у бойға тарады,
Бойы балқып барады.
Тәтті суы - тәтті у,
Жылти көзі жайнады.
Мысық түсті есіне,
Тышқан тілді шайнады.
Үйдің іші түнерді,
Күңгірт тартты көз алды.
«Тоқта, тоқта, тоқ!»- деді,
Өзінен өзі сөз алды:
«Ай, дүние жалған-ай,
He көрмедік мысықтан?!
Қанымызды ішті ғой,
Баста қайғы күшті ғой,
Өтті-ау өмір құсып қан!..
Тап бергенде шап беред,
Талайға ол сұм салды ауыз.
He қылмады жалмауыз?!
He қылмады ол жауыз?!
Әттең, дүние-ай, не керек,
Десіп жүр ғой ол жаман!..
Көрсетер ем өзіне,
Қалмас еді ол да аман!
Мынау батыр жүрекпен,
Алып ұрып, байлар ем!
Танытар ем әкесін!
Шағар едім шекесін!
Тышқан солай көпірді,
Көпірді де кекірді,
Ықылық атты, «ық» деді.
Тыңдап тұрған болып жым:
«Тоқта, тоқта, тоқ!»- деді.
Тап бергенде, шап берді,
Тап сауырдан салды ауыз.
Құйрығынан сүліктей
Тістеп қатып қалды ауыз.
Шағатұғын шекемді
Сен екенсің, көрейін!..
Мұнша сөйлеп кесірді...
«Алди, алди, алдияр!
Бір-ақ ауыз сөзім бар,
Тыңдап, басым кесіңіз.
Жастық емес, мастық ит,
Қасық қаным кешіңіз!
Айық болсам, сізге мен
Тіл тигізіп, жынды емен...
Патшасына әлемнің.
Су емес-ау, у қылды,
Түк жазықсыз өлем мен...»
Сөйдеп тышқан зарлап тұр,
Жерге мөлт-мөлт тамады.
Қиқылдады қақалып,
Бүйірі бүлкіл қағады.
Жан ұшырды, жұлқынды,
Күлді мысық мұртынан.
Бес босатты, бас салды.
Сілекей шұбырды ұртынан.
Шегір көзі шікиді,
Бір «ап» деді, жеп қойды.
Бір мырс етті мұртынан,
«Құтырған құл!..»- деп қойды.
Қылғыды да қалғыды,
Пысылдады, кекірді.
Баспалатты мырылдап
«Шүкір, шүкір, шүкір-ді».
Түн де өтті, күн де өтті,
Тышқан бойға тарады.
He кез келер бағына?..
Мысық жалт-жұлт қарады.
Алақтады, жалақтап,
Татарға түк көрінбей.
Тышқан заты жытыпты,
Ешбір тықыр білінбей.
Мысық оймен мұңдасты...
«Қой, бүлісті тастайын,
Мен бір істі бастайын,
Тек таң атсын сібірлеп».
Жетті мысық жалма-жан,
Тартты тура мешітке.
Мінді ақырын мінбеге,
Кірісті бір кәсіпке.
Сәлде салды қазандай,
Тасбиық алды қолына.
Тап молдадай мүлиді,
Кірді тәубе жолына.
Кіргені оның былайша:
Қазан сәлде қаңқиды.
Қос құлағы салпиды,
Бір момын боп маңқиды.
«Күй, күй, жаным, күй!-дейді,-
Асты бастан күнәйім.
Мейірімі мол Құдайым,
Бір өзіңе жылайын!..
Талай тышқанды асағам,
Сенен қалай жасырам?!
Мейіріміңді түсір деп,
Дәрғаһыңа бас ұрам.
Мынау мешіт үйінде
Ант ішемін атыңмен:
Тіпті арамдық етпен деп,
Енді тышқан затының!
Сүттей аппақ ниетпен
Бір өзіңе ант берем:
Ұшыраса аш тышқан,
Тәжірибесіз жас тышқан,
Етімнен кесіп ет берем».
Көзді қойып бір қысып,
Күңірентті үйді сөзімен.
Қарап қояд бағанға
Құйрығымен көзінің.
Қарап отыр тағамға,
Тағамымыз - бір тышқан:
Құжырайып, құнтиып,
Сүлік құйрық сұр тышқан.
Естіп антын-тәубесін,
Ұйып мысық - молдаға,
Қос құлағы ербиіп,
Тартты тышқан ордаға.
Осылай да осылай.
Мысық зарлап жас төкті,
Бізге тимеске ант етті,-
Тышқан маған бауыр деп».
Бәрінің көзі жыртиды,
Ә дегенде таң болды.
Бастады у-шу той, мейрам,
Үйдің іші даң болды.
Бәрі де айғай, алақай,
Бәрі ордаға ағылды.
Сырнай, керней, домбыра,
Дабыл даң-дұң қағылды.
Безілдеді сыбызғы,
Бұрқылдады қорқоры.
Өрік, анар қан қызыл,
Шаптал, інжір, алқоры.
Опыр-опыр топ тышқан
Ию-қию тойда отыр.
Өзінше ойы дария,
Тойда отырып ойда отыр.
Құтты болсын қаниет!»
(Күңгірт көзін көтерді). «Соныкі сұмдық болмасын!..
Сол сұм алдап ұрмасын!..
Малданбалық бекерді».
Есі шала өңшең жас,
Дүрсе қоя берісті:
«Көр көрінед көзіңе,
Сен бүйдеме игі істі.
Етек басу - бар ісің,
Қой сөзіңді, оттамай!
Қүй шарапты көпіртіп!
Тарт, күрілдет, тоқтама!»
Ойшыл қария жүдеді,
Шиқыл-қиқыл үдеді,
Ию-қию бар халық.
Бүгін бізге бауыр ғой,
Оған тарту тарталық!»-
Деді еліріп бір тышқан,
Сүлік құйрық сұр тышқан.
Қабылды қалың жұрт.
Сағым ішіп семірді
Сыры ежелден мәлім жұрт.
Сөз біткенде, тез бітіп,
Кеңес тынды, тарады.
Тартты тура мешітке
Алып тарту-таралғы.
Сұмдық болар десіп пе?!
Ентелесті молдаға.
Оң жақ көзін бір қысып,
Басты «Алла! Аллаға».
Сөз бастады бір елші:
«Тақсыр, мұнда келіпсіз.
Тышқан маған бауыр»,- деп,
Антпен уәде беріпсіз.
Өзіңізге мәлім ғой
Бейбақ біздің халіміз.
Асымызды, алдияр,
Көптей көріп алыңыз.
Енді бізбен сіз бауыр.
Тарту - достық белгісі.
Үзім, анар қан қызыл»,-
Келді мысық күлкісі.
Сілекей шұбырды ұртынан,
Көзін қызыл қан жапты.
Тап бергенде, шап берді,
Топыр қылды жан-жақты.
Сәлде қалды адыра,
Ұшты тәубе тәсбімен.
Қанды жұтты қырылдап,
Toп тышқанды қылды жем.
Екі-ақ тышқан құтылды,
Зытты екеуі жорғалап.
Ордасына ханының
Жетті жасы сорғалап.
Жетті екеуі, жығылды:
«Осылай да осылай».
Қабақ қарын екі дүр
Десті: «Апырм-ай, бұл қалай?!»
Хан бүйірді таянды:
«Осылай болу аян-ды...
Ойла жылдам, әй, уәзір!
Осыған ақыл тап қазір,
Басыңды алам, әйтпесе!»
Уәзір көзі ақиды,
Беті күлдей болды қу.
Терлеп кетті, қызарды,
Айтты: «Амал - соғысу.
Ерлігімен мәлім ел,
Алты әлемге даңқы бар.
Ойы - дария, данышпан
Сіздей дана ханы бар.
Қол болғанда, мол болып,
Жауға соғыс ашалық.
Мысық жынын басалық,
Ұстап, дарға асалық!»
Хан бүйірді таянды:
«Осылай болу аян-ды...
Жауға аттансын ел тегіс!
Қанын төксін көл-теңіз,
Басын алам, әйтпесе!»
Түн түнерді, таң атты,
Қол қозғалды, ағылды.
Сырнай, керней гүрілдеп,
Дабыл даң-дұң қағылды.
Күнде ойнады көк найза,
Алдаспандар жарқылдап.
Желпілдеді танаулар,
Хан қақалды қарқылдап.
Ханмен біраз жан қалды:
Ақсүйектер, төрелер -
Қалың елді құл қылып,
Жатып ішер немелер.
Қалың қолы - қалың ел.
Көбі - ойлы, азы - мәз.
Талайы барад қанжылап,
Көбі - жаяу, аттысы - аз.
Қол кеткенде, мол кетті.
Барды, кірді соғысқа.
Күңіренді көк пен жер,
Өзге соғыс соғыс па?!
Будақ-будақ бу шықты,
Шыпқылдаған шықты шу.
Дал-дұл болды денелер,
Айқай-ұйқай, ызы-шу.
Шәйіт болды көп тышқан,
Мысықты ұстап ,байлады.
Басқа, көзге төпелеп,
Ханға, ордаға айдады.
«Осылай болу аян-ды...
Жап зынданға қараңғы!
Қатыр аштан арамды,
Қыл бұрау сал өзіне!
Сот құрармыз ордада,
Бүгін пәлен демелік.
Қаза тапқан майданда
Шәйіттерді көмелік!»
Айтты да хан тоқтады,
Шақырылды елге азан.
Сопы келді сүмиіп
Сәлделері бір қазан.
Білектерін сыбанды,
Аруланды өліктер.
Сілекейі сорғалар,
Өтірік десең, өліп көр.
Қара тулар алынды,
Көшті молда бастады.
Бір әннен соң бір әнді
Түйдек-түйдек тастады.
«Жасыңды» ашып сыпыртып,
Суылдатып келеді.
«Қанша түсер қойынға?..
Жетті табыт бейітке,
Түсіріліп шейіттер,
Көрге дереу көмілді.
Жұртты алдағыш жорғаның
Өтірік жасы төгілді.
Дамылдады, ел жатты,
Хан түн бойы қылды той.
Талай халық жаралы,
Хан үйі - той, елде - ой...
Таң білінді, дүние - тын.
Зындандағы мысықты
Қарғылап ап күшіктей,
Жендет ордаға ап жүрді.
Қабақ қарны бұлтиып,
Тақта жатыр жантайып.
Тақсырлауға әзір-ді
Қос құлағы қалқайып.
Алдында айбалталы
Жендеттер тұр қақиып.
Қарады оған мысық та
Ашулы көзі ақиып.
Кеңескенде не десті:
«Тұқымын мұның құрталық!
Жалпы жұртқа жар қылып,
Дереу дарға тарталық!»
Дереу жарлық берілді,
Майданға дар құрылды,
Мысықта алып барылды.
Ырс-ырс етіп, қолымен
Сипап қабақ қарынды.
«Осылай болу аян-ды...
Жендет, енді жақында!
Көм қылышты батырға!
Ал! Ал басын! Ал!»-деді.
Жан ұшырды, жұлқынды,
Көзі шоқтай жайнады.
Қыл арқанды тісімен
Бытыр-бытыр шайнады.
Тап бергенде, шап берді,
Бірді белден тістеді.
Тышқан тырым-тырақай...
Хан ауызға түспеді.
Ерсіл-қарсыл орғыды,
Шиқылдатты талайды.
Қылды мысық әп сәтте-ақ
Жып-жылмағай маңайды.
Демін алып отырды.
«Жүрсейші иттер тек босып,
Олар - тышқан, мен - мысық,
Жеңеді олар қалайша?!
Ажалына асықтар,
Көрді көрмей қазулы!..
Бұл - Құдайдың жазуы,
Өзгертпек пе жазуды?!
«Анау көрім қазылған,
Де де, үндемей жүре бер!
А, құтырған құлдар-ай!
Иесін қапқан мұндар-ай!
Деді мысық, демікті,
Демін алды, тынықты,
Тұрды, кетті жайына.
Таққа тағы мінді хан,
Хан кірісті тойына.
Шарапқа сусын қандырды,
Сырнай-керней ойнатты.
Ханның осынау иттігі
Елді ауыр ойлатты...
Елдің қамын жегендер
Біріне бірі сөз салды.
Ортаға үстел қойылды,
Дереу мәжіліс басталды.
Қоңырау қақты топ аға,
Бүйірі бүлкіл қақты кеп.
Жырти көзі жылтиды,
Сөз аузынан ақты кеп...
Мысық - бізге ата жау,
Бұл туралы қысқа сөз.
Арақ ішкен хан мынау,
Осыны ойлар келді кез.
Ханды асқар тау деуші ек,
Кімге пана болды хан?!
Даналығы осы ма?!
Елді жалмап, сорды қан.
Хан тағында ылғи мас,
Бар білгені - бас алад.
Бұқара қасқа қан жұтып,
Өз қанына шашалад.
Қарқылдады, қайрады,
Өзі қалды ордада.
Хан тағында тағы мас,
Баққа ма осы? Сорға ма?
Күні кеше мысықты
Керек еді дарға асу.
Тынықтырып,жатқызды!
Ақымақ ханда жоқ сасу...
Ханның тілін алам деп,
Қырылды ғой ел бейбақ!
Ау, әлеумет, ойлаңдар!
Қырыламыз ба хан деп-ақ?!
Қой, хан деуді қоялық!
Ханның көзін жоялық!
Мысық та жау, хан да жау.
Біреуі оның іштен жау.
Кеңесті осылай көсемдер,
Шерді ағытты шешендер,
Сөз бір жерге құйылды.
Бүгежеңдеп, қараңдап,
Жұрт майданға жиылды.
Кеңескенде не десті:
«Ханды қазір байлалық?!
Онсын ұстап мысықты ап,
Қаңғырталық, айдалық!»-
Десті осылай дүркіреп,
Көшкен бұлттай жөңкіліп,
Жұрт жөнелді ордаға.
Өзінен өзі ыржыңдап,
Хан отыр ед ордада.
Азалы ел - ызалы,
Қылды орданы күл-талқан.
Қол-аяғы маталып,
Домаланып қалды хан.
Жалаулары желкілдеп,
Аттан салып қиқулап.
Бу ішінен ту шықты,
Шуылдады шиқылдап.
Атып тұрып мысық та
Тап-тап берді маңайға.
Талай жері тілінді,
Ажал жетті талайға.
Ә дегенде тым қатты
Сұм мысықтың карқыны.
Қалың тышқан қырылып,
Қара қанға қалқыды.
Айдап ап кеп ордаға,
Мысықты ұстап, байлады.
Ханды қосып, ордадан
Екі сұмды айдады.
Екеуі де қан құсып,
Түннен бетер түнерді.
Алақайлап ел енді,
Қуанышқа кенелді.
Тырбық бұты талтиып,
Сөз сөйледі қаптесер:
«Бірің сенің - тыстан жау,
Кет, қанішер! Баскесер!
Кет, екі жау! Қаңғып өл!
Еркін қалдың, қалың ел!
Енді сені талау жоқ!
Енді құл ғып қанау жоқ!
Өзіңе өзің болдың би!»
Кетті қаңғып қан құсып,
Қуанышта қалың жұрт.
«Жасасын,- деп,- бостандық!»
Қол соғылды шарт та шұрт.
Біреу керней күйледі,
Дабыл даң-дұң қағылды.
Тыңдаушы енді демесін:
«Онсын тышқан не қылды?..»
Енді ертегім байыды,
Кемі - өтірік, көбі шын.
Керек болды аз ғана
Өтірік қосу көп үшін.
Қайта оқышы, бәрі шын.
Шыны мынау - бұл мысал.
Бала біткенге ашына
Жұмбағымды есіңе ал.
Екі десем - егеу ғой,
Үш дегенім - үскі ғой.
Ханның - қанаушы екені
Енді есіңе түсті ғой.
Қылған кейін ханталау
Қалың тышқан - қалың ел.
Бесімді енді бесік деп,
Өзің енді тарта бер.
Сегізімді - серке де,
Жетімді - енді желке де.
Ешкі жүні бөртеде,
Құйрығы оның келте де!
Бір дегенім - білеу ғой,
Үш дегенім - үскі ғой,
Төрт дегенім - төсек қой,
Бес дегенім - бесік қой,
Алтыны - асық десіп қой.
Сегізім - серке емес пе,
Тоғызым - торқа болмай ма?
Он дегенім - оймақ қой,
Он бір қара жұмбақ қой.
Иә, жұмбақты тасталық,
Басқа кеңес басталық.
Алқа-қотан отырып,
Шуды қойып, жым болып,
Кіріселік кеңеске.
Ешкі жүні бөрте екен.
Сөз бастайын ертеден.
Бірақ сөзді созбайын,
Қайырайын келтеден.
Құба қырдың шетінде
Талай бетпақ дала бар.
Таулы жерде жоғары,
Шираз дейтін қала бар.
Тамашасы мол Шираз:
Көгіне алтын себілген.
Күні күліп жеріне,
Жерге жауһар төгілген.
БАТЫР БАЯН
БІРІНШІ ТАРАУ
Сұм өмір абақты ғой саналыға.
Сондықтан жаным күйіп жанады да.
Толғанып қарауым сол баяғыға.
Әдемі ертегідей баяғыда.
Сұм өмір күшті уын аяды ма?
Ертегі уатпай ма баланы да,
Сөз сиқыр той, жазбай ма жараны да?
Еркімен өзі ақ отқа барады да.
Қанды ор боп ақын жолы қалады да.
Күрсініп көзіне жас алады да.
Жалғыз-ақ сырын сөйлер қаламына.
Арқаның көз жіберсем алабына:
Сарыарқа - сары дария, қиыры жоқ,
Көз болсын қандай қыран, талады да.
Көкшетау - Сарыарқаның аралы да.
Түрлі аң: бөрі, бұғы, маралы да.
Көкшенің тас жүрегі жаралы да!
Арқада жер жетпейді Бурабайға,
Бөленген бұйра сыпсың қарағайға.
Бөлектеу: «Ой, бауырым!»- дер анадайда.
Қарасаң, жанның шері тарамай ма?
Солардың ортасында Бурабай көл
Мөп-мөлдір, дөп-дөңгелек ұқсайды Айға.
Ертеде қоныс болған Абылайға.
Көкшенің жалыменен біткен жалғас.
Қарағай, қызыл қайың, тал аралас.
Дариға, бұл күндерде жап-жалаңаш!
Қабірінен әулиенің алашқа артық,
Ертеде Абылайға орда болған ағаш.
Меккедей тәуеп қылған тамам алаш.
Шұбырып жапанның сар даласында,
Кез болған, жаудан үркіп, «Ақтабанға»,
Дұшпанның қалғандай боп табасына.
Екі оттың — орыс, қытай арасына.
Тағдырын Абылайдай данасына.
Қылсаң да аз қанша тәуеп моласына.
Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ.
Дағдарған алаш енді қайда бармақ?
Сол кезде елге қорған болған Абылай,
Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап.
Қалмаққа (ойына алды) ойран салмақ.
Ордаға батыр, билер келді андап.
Байжігіт, Тасболат пен би Толыбай,
Ту баста Абылайды хан көтерген
Қамқоры Қарауылдың шешен Қанай,
Қарт қыран Қанжығалы қарт Бөгенбай,
Бөкеннің жас жолбарыс жеткіншегі
Аузынан жалын шашқан жас Жанатай,
Жас барыс бәсентиін Сарымалай.
Сырғалы, шапшаң оқтан ер Елшібек,
Өзіне тірі жанды тең көрмейтін
Тәкаппар Қошқар ұлы ер Жәнібек,
Жолдасы Абылайдың батыр Жібек,
Майданда от шашқандай оқ шашатын
Сырттаны Бәсентиін ер Сырымбет —
Күңіреніп жолбарыстай: «Жау қайда?»- деп.
Айтатын өрлеп барып аспанға сыр.
Толқынды тұңғиық боп төгілер жыр.
Батырлар ерікті енді жатқанға құр.
Көкжалдар дей бастады:«Жүр енді, жүр!»
Алайда Абылайдан сөз болмады,
Сондықтан бұғып, бықсып туды күбір.
Алаштың, Кебесіндей ізгі жайға.
Абылай тұңғиық бір терең ойда.
Аттанбай тек жатудан таппай пайда:
«Жүрелік, жау басынар!» деген сөзбен
Салады Қанай биді Абылайға.
Абылай сұрайды одан: «Баян қайда?
«Қанайым, ойың удай, тілің шаян,
Амал не, келген жоқ қой батыр Баян.
Баянның батырлығы алашқа аян.
Көп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ қоян?
Наркескен, өрттей ескен, қайтпас болат
Баянсыз қанатымды қалай жаям?!
Келмесе қандыбалақ батыр Баян!»—
Деген соң ойы теңіз хан Абылай,
Аяңдап батырларға қайтты Қанай.
Кестелеп, сөзбен сипап айтты Қанай.
Батырлар десті жалғыз: «Баян бала-ай!»
Көкшенің бауырында өңшең көкжал
Күңіреніп күтіп жатты күндер талай.
Апырм-ай, келмеуінің мәні қалай?
Жас Баян жауды талай көрмеп пе еді,
Сорғалап сұңқардайын төнбеп пе еді,
Сан қолға аш бөрідей көрмеп пе еді?!
Жебесі көбе бұзып, жүректі үзбей,
Найзасын, сірә, шалғай сермеп пе еді?
Баяндай «алашым!» деп еңіреп пе еді?
Бұл жолы кешігуі жай емес қой,
Тұлпарым кез болды ғой орға, тегі!
Сол жерде аз ғана Уақ қоныс қылған.
Ер Көкше, Ер Қосайдай ері болған.
Нәсілінен қайтпас алмас Баян туған.
Қос қыран тізе қосып жауын қуған.
Ер Баян алашының бетін жуған.
Қыран мен қара құстай алысқан шақ.
Астында ақ туының табысқан шақ.
Сонда да бір батыр жоқ Баяндай тап.
Ер Баян алып қайтқан артына сап.
Балдырған бөбек дерлік, он төрт жаста-ақ.
Бір соған бар сұлулық жиылғандай.
Сөздері — су сылдырлап құйылғандай.
Жұлдыздай еркелеген сөнбей-жанбай.
Кәусардай татқан адам қалар қанбай.
Еліне сол сұлуды, естен танбай.
Сұңқардай бабындағы сұқсыр көрген.
Ілмекке қоңыр қазды көңіл бөлген.
Кезеңде кез келсе де қандай мерген.
Ер Баян қарындас қып, ерік берген.
Теңізде алысқандай күшті сеңмен.
Болаттай жасу білмей, майрылмаған.
Жандай-ақ ойдан аулақ қайғырмаған.
Жанымен өз жұртынан айрылмаған.
Баянда жан қоймаған жандырмаған.
Жастық қып жанын естен тандырмаған.
Баянның, батырлары алашқа аян.
Бөрінің бөлтірігі — бала Ноян.
Билеген асау жүрек, қайнаған қан.
Ноянның жүрегінде ұшқын туған.
Алысып жүрегімен, аласұрған.
Баладай өксіп жылап, күйген қандай!
Көрмесең жан-жарыңды өлгендей боп,
Қайғырып күлден кебін киген қандай!
Өмірін жаңа ағарып атқан таңдай.
Жүрегің сол минутте жарылғандай.
Өгіздей өмір сүрген сүймей-жанбай!
Ноян да сол сұлуға — тәтті балдай,
Мөлдіреп қараушы еді көзі талмай.
Жұтқандай сол сәулені демін алмай.
Сұлуға Тәңірі көріп табынғандай.
Көп заман жүрді бірақ көз де салмай.
Бір нәрсе жүгіруші ед ыстық қандай.
Шалқыған махаббат-от аспанға өрлеп.
Оятпақ тас болса да, зарлап тербеп.
Біраздан бола бастар күлкі кермек.
Күйдіріп жас жүрегін жалын кернеп.
Екеуі бір іңірде сайда кез кеп...
Сылдырлап сылқ-сылқ күлген терең сайда
Ерке өзен жанын өртеп, жармен ойнап,
Сүйгізген ақ бетінен күміс Айға.
Екеуі «әй!» дескендей барған сайға.
Еріксіз тамырларға у тарамай ма?!
Анттасып, айрылмасқа сөз байласып,
Бастық деп Арсыға адым санамай ма?
Көздері қызыл жалын шоқ боп кетті,
Жер мен көк, ай, жұлдызды тұман басып,
Бір қыздан басқа нәрсе жоқ боп кетті.
Шығарды жан ұшырып іштегі өртті.
Біресе жас баладай жасын төкті.
Тақады сұлу қыз да бетке бетті.
Мен сенің сүйгеніңе сенем,— деді —
Сүйемін мен де сені, Тәңірі куә,
Тән түгіл, жаным саған берем!—деді.—
Деді де, сұлу ойға тереңдеді.
Бетінде ешбір толқын көрінбеді.
Жас сұлу жылап тұрып күлімдеді.
Адасқан аққу құстай мен бір пақыр.
Алыста туған, өскен жерім жатыр.
Барқыттай белес-белес белім жатыр.
Күңіреніп қалың қалмақ елім жатыр.
Ата-анам - айым менен күнім жатыр.
Көп қойға көкжал ойран салған еді.
Ата-анам жылап-зарлап қалған еді.
Қан жылап менен бір ант алған еді.
Бір көрмей, қозым, ерге барма!»— деді.
Жас Ноян, жүгінемін ер деп сені.
Ер Баян неге батқан терең ойға?
Мен сорды көргеннен-ақ сүйген Баян,
Қосылсақ, Баянға ауыр дерт болмай ма?
Ашулы арыстанға мерт болмай ма?
Екеуміз Сарыарқадан сапар қылсақ,
Қатерсіз қосылуымыз берік болмай ма?
О да бір саған туған жұрт болмай ма?!» —
Деп сұлу сыбырлады сиқыр сөзін,
Толтырып меруерттей жасқа көзін,
Ноянға тақап тұрып жалын жүзін.
Ұмытпай тұрсын қалай өзі өзін!
«Жарайды, даярмын!»- деп айтып салды,
Ойланып бір минут та қылмай төзім.
Екеуі аймаласты ыстық жүзін.
Төзім қып албырт Ноян күтпей таңды,
Жүгіріп жан ұшырып жаяу барып,
Жылқыдан екі жүйрік таңдап алды.
Жүйрікке әсем әбзел тұрман салды.
Екеуі ескен желдей кетіп қалды.
Алдымен Ер Баянға хабар барды.
Керілген күнге еркелеп жас жолбарыс.
Деп бастап: «Баян-айым, бір масқара іс
Өткен түн болып қапты...»,— деп шұбыртып,
Жаудырды екі жасқа нәлет-қарғыс.
Дей берді: «Қылды-ау бізге қалмақ қар қыз!»
Ер Баян сұп-сұр болып, деді бірақ:
«Жарайды... Бар, ақсақал. Ойланармыз».
Жаралы жолбарыстай күңіренді.
Ақылға алғыр құстай ашу төнді
Бір көк сұр түс енгізіп бар денеге,
Сұм жүрек қанды өзіне жинай берді.
Жалп етіп сөнген шамдай ақыл өлді.
Боз үйден оқ жыландай шыға келді.
Мініп ап белдеудегі көк тұлпарды.
Белінде жалғыз-ақ бір садақ бар-ды.
Арыстан айдалада дүбір салды.
Түс ауа Жолдыөзекке жетіп қалды.
Алыстан екі қараны көзі шалды.
Құнарсыз, ащы татыр сорлы өзекке.
Алдымен жау да салған қолды өзекке.
Көз жасы Атығайдың, толды өзекке.
Кетпеген «Қанды өзек» деп тіпті текке.
Қайғылы бір іс болды сол өзекте.
Кілегей қара бұлттай төнді Баян.
Сұңқардай сорғалаған келді Баян.
Танымай қалғандай да болды Баян.
Қалшылдап қалды салып қолды Баян.
Майысып тұра қалды жап-жас Ноян.
Жас Ноян Ер Баянға қарсы жүрді.
Түсінен шошыды да, тоқтап тұрды.
Алып кел көз алдыңа Ай мен Күнді.
Түнерген қара бұлттай қара түнді.
Ашулы ағасына қарап күлді.
Ашылған шешек жарып гүлдей жаңа,
Еріксіз сотқарлығын кешіретін
Еркелеп ерке ұландай күліп қана.
Ер Баян арыстандай жаны жара,
Қалшылдап, көзі қан боп, қолын алмай
Байланған садағынан белде сала.
Сұлу да жетіп келіп: «Баян аға!»-
Дегенше, қалды тартып батыр Баян,
Баянның батырлығы алашқа аян.
Атынан бүктетіліп бөбек Ноян.
«Жан көке, аға!» деген сөзді Баян.
Бір ашып, бір жұмбай да көзді Баян.
Түсірді тағы ұшырып қызды Баян.
Түскенде бірін бірі құшып түсті.
Жалғыз-ақ, «Аһ» десті де, «Жаным!» десті.
Асығып екі жастың қанын ішті.
Жия алмай, құр теңселіп, ақыл-есті,
Тұрды да, біраздан соң батыр Баян
Атынан есі ауғандай құлап түсті.
Тұңғиық көмескі көп ойға батып,
Ер Баян есін жиып, екі жасқа
Бір қарап, қара тастай қалды қатып.
Еңкейіп бара жатты күн де батып.
Өзінің қасірет жырын қоңырлатып.
Көзінен ыстық жасты сорғалатып.
«Уһ-уһ!» деп үзілгендей есіл өзек.
Алдында бүлдіргендей екі бөбек.
Ер Баян сүйді құшып кезек-кезек.
Әлгіде ойды улаған ашу кезеп.
Күбірлей бастады енді: «Мұның не?»— деп.
Мезгілде күңгірт тартқан кешке таман:
«Кең ақыл, отты қайрат, сырттаным» деп
Ер едім еркелеткен алаш тамам.
Елімнен кетіп, елді қайдан табам?
Жейтұғын өз күшігін болдым бөрі,
Ісімді мынау ағат немен жабам?
Ер дер ме енді мені Абылай данам?!
Жорыққа қу қалмаққа жүрдім неге?
Тобына көк бөрідей кірдім неге?
Көр болғыр екі көзім, көрдің неге?
Садақпен жүрегінен тартып кетпей,
Жыландай бауырыма сап келдім неге?
Есалаң жүрекке ерік бердім неге?
Буынып сол боз уйден шықпай өлмей,
Атылып оқ жыландай тұрдым неге?!
Қозымды қас дұшпандай қудым неге?
Майысып Ноян қалқам, ерке марқам,
Қасқиып қарсы алдымда тұрдың неге?
Бір ата, бір анадан тудым неге?
Салдырап шіріп қалғыр саусақтарым,
Қанымен өз қозымның жудым неге?
Өлмедім ішіп уын удың неге?!
Сұлу-ай, қалмай маған ердің неге,
Жыландай бауырыма кірдің неге?
Жүрегім тілім-тілім тілдің неге?
Жұлдыздай аспанда алыс жымыңдаған
Алыстан «ағатайлап» күлдің неге?
Сұм сұлу, қармағына ілдің неге?
Тірлікте бетіңнен бір сүйе алмадым,
Тіл тартып, ерке тотым, өлдің неге?!
Алдымда айнам жатыр бөбек пішін.
Жойған жоқ құлыншағым ерке түсін.
Иіскейді енді зарлап аппақ төсін.
Қайтейін, арымадың, арда күшім!
Жоқ, әлде, жоқ, жоқ... Әлде... өлтірдім бе
Інімді алты алаштың намысы үшін?!
Айбынды алашымдай ел бола ма?
Алашта ертеде өткен екі арыстан:
Ер Көкше, Ер Қосайдай ер бола ма?
Барыстай ойын салған сар далада.
Атадан азып туған дер болар ма?
Құл болса бір қыз үшін балдырғаны
Алашқа бұдан да ауыр шер бола ма?!
Тартпадым сұм садақты бұл ойменен.
Бір тынбай сұр жыландай жаным жеген.
Болар ма, сірә, сорлы адам менен?!
Алдымда «Көкежан!» деп күліп тұрған
Садаға кетпедім ғой, қозым, сенен.
Алашым, аттанамын, жауында өлем!»—
Деп зарлап, күңіренді жаралы ер,
Айрылған екі жаннан қаралы ер.
Тұңғиық жанды жеген қап-қара шер.
Қамығып, қайғы басып, күрсінді жер.
Жанында өксіп-өксіп жылады жел.
Соққыдан сенделгендей тұрады ер.
Сәуле мен қараңғылық араласты.
Жеңіліп қараңғылық жылжып қашты!
Сол кезде жаны жара батыр Баян
Үңгір ғып қара жердің бетін ашты.
Көтеріп көмді әкеліп екі жасты.
Ер Баян тағы көл ғып төкті жасты.
Түсірмей бір топырақ ортасына.
Ноянның көмді бәрін өз қасына.
Шомылып қанды ыстық көз жасына.
Сыйынып бір жаратқан Алласына.
Шаңдатып Абылайдың ордасына.
Сорғалап сұңқардайын төнген еді.
Сан қолға аш бөрідей кірген еді.
Найзасын ылғи дәлдеп сермеп еді.
Туғаннан «Алашым!» деп еңіреп еді.
Осындай тұлпар орға кез кеп еді.
ЕКІНШІ ТАРАУ
Ерлері ертегінің өрт еді ғой.
Алаштың жанында ауыр дерт еді ғой.
Дариға, жүрегімді ертегі ғой!
Ер көрмей көрден басқа сұр өмірде,
Шерлі жан шерлі кеңес шертеді ғой.
Кеңесім тыңдаушыға сала алса ой.
Жанымды орай берсе улы уайым,
Кеудеме күннің нұры толғандай боп,
Жырлаймын алты алаштың Абылайын.
Кебедей Абылайдың Бурабайын.
Алаштың жоқтай білсем Баян-айын.
Кеудеме улы уайым толған сайын.
Ер Баян жөнелді енді Жолдыөзектен.
Ашуын алатындай тұлпар көктен.
Жынды жел сақ-сақ күліп сүйіп беттен.
Иіліп әдеппенен сәлем еткен.
Көкшені бал алысқан аспан-көкпен.
Қырандар қанаттарын жая алмаған,
Ханына Абылайдай: «Болады!»— деп,
Бір берген сөзден елдер тая алмаған.
Қанішер Болат жайын баяндаған.
Алыста қара көрді аяңдаған.
Шықты айқай топтан шулап «Баяндаған!»
Аяңдап топқа тура келді Баян,
Келді де көпке сәлем берді Баян,
Отырған Абылайды көрді Баян.
Абылайға балпаң басып жүрді Баян.
Алдында қол қусырып тұрды Баян.
Екенім менің Баян алашқа аян.
Алашқа ауыр күнде болған пана.
Келді ерің іші жалын, жаны жара.
Болмаса шыққанда «Аттан!» ер тұра ма?
Талқыға жан жарасын сала алмаймын,
Мәнімді мен айтпайын, сен сұрама.
Қан көрсе, қас қыранда шер тұра ма?!»
Абылай ерін күткен көптен зарығып,
Қолынан Баян-айын алды тартып.
Керсеннен көкжалына берді сарқыт.
Асқардай ой билеген мәңгі қалғып.
Қарады жер-жиһанның, бәрін тар ғып.
«Таң ата жүреміз!»- деп берді жарлық.
Сөз шықты: «Болады!»— деп, тарады топ.
Біраздан дамылдады ел, мезгіл түн боп.
Бұлтымен құшақтады Көкшені көк.
«Сәулеңді, сәулем, көбірек төкші-төк!»— деп.
Бір тынбай, күліп жарды сүйді шөп-шөп.
Жорғалап, жүз бұралып, жел қарсы алды.
Абылай қолға: «Аттан!»— деп хабар салды.
Батырлар қатар түзеп келіп қалды.
Қап-қара, ортасы ой боп, қол қозғалды.
Қара нар қайыспайтын — жер шайқалды.
Кейде қол түнерген тау қайғысы мол.
Шу қойып, шабуылдап алады қол.
Атаған ерлер жолын деп «Шаңды жол».
Тартты қол. Қалды өрлер. Қалды белдер.
Бастаған Бұғыбай басшы қол көрмес шөл.
Қол енді жүрді бойлап бір айдын көл.
Балқаштың бетін мәңгі меруерт жапқан.
Еркесі — Іле өзені ұзын аққан.
Тәңірінің! тентек Текес дәмін татқан.
Абайлап Абылайды күтіп жатқан.
Көрген соң көп қазақты ойға батқан.
Батырды көп қалмақты ойға терең.
Кеңесті қос қоңтайшы: Ұса, Серен.
Сөздері: «Абылайдан бар да тілен!
Ағаттық бізде болды, кешсін Абылай.
Ақ отау, айдаған мал — бәрін берем.
Қара нар — айыбымыз, қалы кілем».
Қаратып өз жауабын ертең тайға,
Салады мынау сөзді хан Абылай
Би-батыр, қасындағы көп қыранға.
«Түспеспіз, тірі болсақ, алдағанға!
Күні ертең не бергенін жолдан алып,
Қалғанын алсақ қолдан арғы таңда.
Бұл ойды теріс дейтін адам бар ма?»
Абылай айта қалса істің жайын,
Би-батыр теріс дей ме Абылайын.
Дегендей: «Ерік иеде, біздер дайын!» -
Ерлігі алашқа аян батыр Баян
Тұрды да, деді: «Алдияр Абылайым,
Қырдағы адам түгіл, құандайын.
Ойыңды теріс дейді Баян-айың!
Талқыға салмай шындық табылмайды,
Құл ғана қожаны ылғи қабылдайды.
Шоңқитып Ой қытай мен Өр қытайды?
Қытайды күні бүгін жалғаспаса,
Қытайға қалмақ неге қанат жайды?
Қазаққа қалмақ сыры аяндай-ды.
Алдатпас, алдап кетер Абылайды!»—
Тоқтады Баян. Абылай тағы өз сөзін
Қайта айтты, біраз шытып қарлы жүзін.
Алмастан бір-біріне тіккен көзін.
Қалса да, сыр беріспей, қылды төзім.
Ағытты «әрине» деп сөздің бөзін.
Елшінің ертеңінде келер кезін.
Алаштың аруағына пар қылатын.
Келуді алты алашқа ар қылатын.
Деп жырау, жауырыншылар жар қылатын.
Ішінен ерін аяп: «А шырағым! —
Десті де күрсінісіп, кесіп қойды:
Қайтад,- деп,- осы жолы, Баян, бағың!»
Қол күтіп жатып қалды келер күнді.
Таң құлан күн шығыста иектенді.
Жарқырап шығып жерге сәлем берді.
Ерлердің еріккені аңға жүрді.
Ауыр ой биледі Абылай кемеңгерді.
Жерде еді қой көшіндей қалың қалмақ.
Қу қалмақ кеткені ме шын-ақ алдап?!
Күн кірді арайына, шапақ батты
Қап-қара толқындарға толды жан-жақ.
Мүшкіл боп, Абылайға бір сөз салмақ.
Серпіліп, ерлеріне қылды жарлық.
(М. Жұмабаевтың ескертпесі).
Сұрайды: «Мынау істің не шарасы?»
Қырандар әрі-бері толқысқан соң,
Қанайы Қарауылдың - топтың басы
«Қытайдың қол ұсыным шекарасы.
Қазақтың бірі қалмай мерт боласы!..»
Тұнжырай қалса-дағы хан Абылай:
«Қайту» — деп сөздің болды бітуанасы.
Ұрылған көңілі қаяу хан Абылай.
Жалғыз-ақ жатқан ояу Баян бала-ай:
«Апрым-ай, алаш арын жоқтамастан,
Жөңкіліп бұл қайтудың мәні қалай?» -
Ерлерден от екпінді, жолбарыстай
Жүз жасты жолдас қылып, тарта берді
Таң ата: «Қайдасың, - деп, - қалың Қытай!»
Тартады шабуылмен Іле бойлап.
Екпіні қауға тиген өрттей ойнап,
Бедеулер болат тұяқ желден ұшқыр
Алысып, ауыздықты қарш-қарш шайнап.
Көп қалмақ Іле бойын жатқан жайлап.
Ат қойды қалың жауға «Абылайлап».
Орғыған асқар таудан судай тасты.
Қалмақты ә дегенде қара басты.
Қару ап, қара құрттай құжынасты.
Ат қойып, қиқу салып, қамаласты.
Шаң, түтін будақ-будақ аспанға асты.
Көк аспан қара түтін шаңға тойды.
Қанішер қайқы қара қанға тойды.
Қуалап жылжи берді ойдан-ойды.
Жыртқызды ерлер дал-дұл тұла бойды.
Қуыршақ құдайына қасқа сойды.
Зәндем от, әуе айналып жерге түскен.
Аспанда жоқ бір жапырақ бұлт та көшкен.
Қажытты жүз қыранды жаннан кешкен.
Қалмақтың қуаныш пен қиқуы өскен.
Шықты шу: «Мұнда Баян! Баян!»—дескен.
Баянның, батырлығы алашқа аян.
Аузынан көбік болып бұрқырап қан.
Бұлақтай қалмақ қанын бұрқыратқан.
Қансырап, зорға ғана кірпік қаққан.
Қисайып бара жатты құлап аттан.
Жан беріп жолдасы үшін алдаспанға,
Еңкейіп сүйемек боп батыр Баян
Жолдасы Жанатайға айналғанда,
Білмеген, сірә, тою қызыл қанға, —
Қапыда қайран ердің сүбесіне
Бойлатып сұғып тұрып бұлғағанда,
«Қыларың, қатын қалмақ, тағы бар ма?» —
Деді де, суырып ап жау найзасын;
«Алаштың әруағы, - деп,— қайдасың?!» —
Түсірді топ еткізіп қалмақ басын.
Жараға тығып тұрып бармақ басын,
Қасқиып қан майданда тұрып қалды
Қайран ер, қайсар Баян жолбарысым!
Құшақтап Жанатайдай жан жолдасын.
Көз алдын қара түтін тұман басты.
Ер көзін оқтың-оқтың жұмып ашты.
Қалың қол: «Әне, Абылай!»— деп шуласты.
Алдында жас ұлан мен Толқыншашты.
Басымен ишара етіп амандасты.
Ерніне әлде болса күлкі алғандай.
«Ағалап» жан ұшырып жалбарғандай.
Алыста екі қара көз шалғандай...
Кезерген ердің ерні қозғалғандай:
«Көзімнен неге ақпайды қан боп жасым,
Жан беріп, жазғаным ғой жан жарасын.
Дариға, жазамнан да күнәм басым!
Күнәмді Тәңірі кешпес, кешер бірақ
Жауыңда жан берген соң алты алашым!» -
Көтеріп, көз жұмулы, алып басын,
Жан бауыры жас Ноянға ым қағып ед,
Жас Ноян құша түсті Толқыншашын.
Екеуі құр қарап тұр алмай көзді.
Тұрғаны мәні қалай құшып қызды?
Дариға, беті қара сорлы Баян
Шығарған өз қолымен екі көзді:
Қоштасып, айтысалық соңғы сөзді!
«Келіңдер, қарақтарым, кешіріңдер!»- деп,
Ер Баян әлсіз ғана қолын созды.
Жабырлап жан-жағына қалмақ толды.
Бір қалмақ қалды теуіп созған қолды.
Жүзінің бірте-бірте нұры солды.
Бұлғады найзаға іліп оңды-солды.
Алғысқа көмді елірген қалың қолды.
Қуанып, сырнай-керней қылды сауық.
Жөнелді ертеңіне Қытайға ауып.
Бір қырда қала берді топырақ қауып.
Күңіреніп ер денесін құммен жауып.
Айтады ерге жырау ауық-ауық...
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.
Ерлерді ұмытса да ел, шел ұмытпас.
Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас.
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.
Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!
ҚОРҚЫТ
Алтайға бетегедей алтын біткен.
Ертеде алаш елі мекен еткен.
Ерте күн — ертегідей ерке күн ғой.
Жалғыз-ақ желден жүйрік жетеді ой.
Уа, дүние, ол күндерде алаш қандай?!
Ой-қырдан орғып-қарғып еріккенде,
Алтайда ойнақ салып жүрген аңдай.
Қаны бір қалың елмен, жаны - басқа.
Өзіндей үйірілмеген албырт жасқа.
Оңған ел ер деп атар азаматын.
Қорқыттың мінезінің тым-ақ жатын.
Айнымас сол ойымен күнде у ішкен.
Жұрт оны әуезі ғып жынды дескен.
Боласың, көптей болсаң, көптің ері.
Күмән жоқ, кім болсаң да соғар «пері».
Қорқыттың жан болмады жайын ұққан.
Айырған дос, туыстан, елден, жұрттан?
Қорқыттың мынау ой ед есін алған,
Жанына ерте күннен жара салған:
Өміріміз неге шолақ тәтті балдан?
Әншейін өмір деген ермек үшін,
Күні ертең соғар жүрек сенбек үшін.
Берілсе адамға өмір өлмек үшін?
Бір кезде көл тасады құрымақ үшін,
Күні ертең гүл гүлденед солмақ үшін.
Құртқа жем, шіріп, сасып болмақ үшін.
Ой менен тіл берілген байланбаққа,
Әлпештеп, ардақтаған денең шіріп,
Желменен топырақ боп айдалмаққа.
Алдынды көз ашсаң-ақ ажал қамап.
От-үміт, ойын-күлкі, таудай талап?
Әлдекім адам деген ермек үшін,
Жүректе от ойнайды сенбек үшін.
Берілсе адамға өмір өлмек үшін».
Жанышқан осы ойлар ед қорғасындай,
Паршалап тілім-тілім, ерте өртеп,
Кіршіксіз жас жүрегін көз жасындай.
Түгел ол ойын-күлкі, қойды сөзді.
Алтайдың алаптарын жалғыз көзді.
Ешкімге ұқтыра алмай жанның зарын,
Ата-ана, дос-туысқан бәрін тастап,
Талақ қып қара көзді қарақтарын.
Жүйрік жан қажу білмес, қуар сағым.
Қорқыт та шешпек болды жан жұмбағын.
Асқарға: «Өмір не?» деп сұрау берді.
Өзінен: «Өмір не?»-деп сұрады енді.
Оған да: «Өмір не?»- деп сұрау салды.
Қақиып қарағайы аң-таң қалды.
Беті құр соғылғаннан жыбыр-жыбыр.
Басы жоқ, аяғы жоқ сыбыр-сыбыр.
Ай да бір - егіз де бір аузын буған.
Жұлдыздар тазарта ма жүректі удан?!
Не керек, Қорқыт кезді тынып жатпай,
Ешбір зат тастамады зарын шақпай.
Өртенді ер жұмбағына жауап таппай.
Есалаң ескен желдей өмір өтер.
Дүниеде талаптану, тұру бекер.
Тағы да өз өмірің соққандай сең.
Жоқ па екен шыныменен ажалға ем?
Кім білед, өлмейтұғын ел бар шығар,
Кім білед, ажалға да ем бар шығар.
Кім білед, өлтірмейтін жер бар шығар.
Сөз де жоқ, өлу түгіл, «өлем» деген,
Адамзат таппаса егер ажалға айла,
Не қылмақ пайдасы жоқ білімменен?!—
Ажалдан қашып шығып құтылмаққа,
Айрылып Алтайынан кетті Қорқыт,
Өлімнен аман-есен жер таппаққа.
Адамға жаяу, жалғыз жол тым шетін.
Сонда да ол үзбеді еш үмітін.
Бетпақ шөл өтті талай қырды, өрді
Қажыған, қаны кепкен мезгілінде
Алыстан мұнарланған қара көрді.
Жасаған Қорқыт жанын тындырмаған...
Қорқытты қайғы басты түннен жаман.
Жапанда қағулы бір қара тақтай.
Тастаған үңірейтіп, бетін жаппай.
Басына тақтай қойып, сөздер жазған:
«Өлімнен құтылмайсың қашқанменен,
Мынау көр — сенің көрің, Қорқыт жазған!»
Басқандай жүрегіне болды шоқты.
Заулаған баса ала ма ол жандағы өртті?!
Ой өсті, қалың өрттей уын шашты,
Ауыр ой қорғасындай жанды жанышты.
Бұрылып Қорқыт кейін қадам басты.
Қайғылы, қажу бар ма, ол бейбаққа?!
Жапанда жалғыз өзі күбірлейді,
Сөздерді тақтайдағы алған жатқа.
Өмірден, табылмаса, қандай пайда?!
Жүрістен дене түгіл, жан шаршады,
Өлімнен аман ел мен жері қайда?
Бір жан жоқ қыбырлаған, дала, дала...
Келеді Қорқыт сорлы жаны жара.
Алыстан бұлдырлайды тағы қара.
Қараға баяу басып келді таяу:
Тағы көр, тағы тақтай, тағы жазу,
Тәңір ие-ау, тегі, сенде бар ма аяу?!
Басына тақтай қағып, жазу жазған:
«Өлімнен құтылмайсың қашқанменен,
Мынау көр - сенің көрің, Қорқыт жазған!»
Жаздың не, жазбадың не жан жарасын?!
Есі ауып байтақ уақыт жатқаннан соң,
Көтеріп бір мезгілде алды басын.
Мерт болған ессіз жүрек айға ұмтылып:
Кеудеде құр әншейін шықпа ғана жан,
Тұрды да кетті Қорқыт сүйретіліп.
Сұм тағдыр қатты қақты созған қолды.
Дүниенің төрт бұрышын кезбек болды.
Қорқыттың қанды жасы тамбаған жер.
Алдынан қарсы шығады қазылған көр.
Қазылған, солға барса, солда да көр.
Көресің, қара тақтай қағулы тұр.
Басына тақтай қағып, жазу жазған:
«Өлімнен құтылмайсың қашқанменен,
Мынау көр — сенің көрің, Қорқыт жазған !»
Жерде бір өлік көрмес болу қайда?!
Алдыңнан, қайда барса, көр шығады,
Өлімге, сорлы Қорқыт, белін байла!
Не пайда басты ұрғанмен тау мен тасқа?!
Дүниеде ажалдан еш күшті болмас,
Көрмеспін кезгенінде көрден басқа.
Қасықтай кеуіп, бітіп қалған қаны:
Аяңдап, аруақ боп Алтайына
Күңірентіп қайтты Қорқыт жерді зары.
Асқарға аспан төніп еміренген.
Еркенің не ісі бар ой-шерменен?!
Мелшиген баяғыдай меңіреу орман,
Ойнаған асау бұлақ шапшып ордан.
Жар таппай жаны бірге «мәңгі» оң ұрған.
Малындай алдындағы жусап жатқан:
Қайғысы, қуанышы бәрі де ойсыз...
Сиырдай бәрі өкіріп, бәрі шапқан.
Ләм-мим деп бір сөз қатпай тірі жанға,
Күңіреніп жер бауырлап жатып алып
Ұйқысыз қосты Қорқыт таңды таңға.
Кесіп ап қарағайдан қылды қобыз.
Алтайды күңірентіп шықты лебіз.
Майпаңдап ә дегенде жорғалады;
Біресе асау тайдай ойнақ салды,
Біресе сары нардай ырғалады.
Долданып дауыл құмды үйіргендей,
Басылып біраздан соң сылқ-сылқ күлед,
Дұшпанын мұқатқанға сүйінгендей.
Асқарды аттап өтті, дария кешіп.
Желменен жапырақтай күбірлесіп.
Жоқ әлде ор қоян ба орғып қашқан?!
Біресе күрсінгендей, күңіренгендей,
Жандай-ақ қап-қараңғы қайғы басқан.
Қан шашып әлдекімді қарғағандай.
Күйініп көзінен жас парлағандай.
Жанды өртеді толқынды, мұңды лебіз.
Жан жыласа, жыламай қала ма көз?!
Қобыздан осылайша шықты сарын,
Бірде мұз, бірде дауыл, бірде жалын...
Шығарды сарынменен Қорқыт зарын.
Дариға, ажалға айла болу қайда?!
Азырақ улы ойларын бөлмес үшін,
Жабысты шерлі Қорқыт қарағайға.
Ерініп, еркеленіп таң атқанда,
Қарны тоқ, қайғысы жоқ, жаны тыныш
Малдай-ақ қор-қор ұйықтап ел жатқанда.
Батырлар балпаң-балпаң ел шапқанда,
Ішкені — мас, жегені — тоқ, бәрі де мәз,
Кедейлер көк есектей зыр қаққанда...
Қолынан тастамайды қарағайын.
Зымырап өмір шіркін озған сайын.
Шеше алмай жан жұмбағын шерлі Қорқыт,
Жұбанды қолындағы қобызымен,
Көрге де қобызымен кірді Қорқыт.
Ойласаң өткен күнді, жұбанар жан.
Қорқыттай атасынан бата алмаған?
Ақын — жел, есер, гулер жүйрік желдей,
Ақын - от, лаулап жанар аспанға өрлей.
Ақынды аласұртар тыныштық бермей.
Ақынға аз нәрсе ауыр ой бермей ме?!
Қиялмен арманға ұшқан, сағым құшқан
Жүйрік жан алдында ылғи көр көрмей ме?!
Көрсе көр, ақын жаны күңіренбей ме?!
Көргенін кеңес қылып күңіренсе ақын,
Тыңдаған тірі жанға шер бермей ме?!
Толғанып, жасы төгіп, зарланса ақын,
Шеткерек тұрып біраз тыңдағайсың,
Баспалап, төніп, жаншып келме жақын.
Шер-сиқыр, алыстан-ақ тарамай ма?
Ақынды алыс тыңда, көп тілейтін
Қағылып кете көрме қарағайға!
Ата-ана, малы-мүлкі, жаны да сол.
Ақынның жүрегіне жалғанған ол.
Шықпақшы ішектен емес, үн жүректен.
Сондықтан, сұрағаным, тыңда шеттен.
Серпілмес терең жанда қалың уайым...
Түсірмес қолдан ақын қарағайын.
Зымырап өмір шіркін өткен сайын.
Өмірде жүрген жерін қанды ор қып...
Кұшақтап қарағайын жатыр Қорқыт.
Ол күндер көз жетпейтін ерте күн ғой,
Ерте күн — ертегідей ерке күн ғой ...
Жалғыз-ақ желден жүйрік жетеді ой...
Ойыңды Алтай бойына өрлеткендей.
Қорқыттың сарыны, әні күңіренткендей...
Сар дала күңіренеді сарынменен.
Мен сорлы көптен әуре зарыңменен.
Жете алмай, бетті талай жаспен жуып.
Артымда — ор, алдымда — көр, өтеді өмір.
Дариға, бесігімнен көрім жуық.
Ойладым: «Жүрек жетер, ой не керек?!»
Тәтті у еді, сол удан неге айныдым?
Дариға, үміті өлмек, жүрек сөнбек...
Өмірді алмақ болдым ойынменен,
Ойын тынды, жолдасым жоқ боп кетті,
Бұл күнде уланамын ойымменен.
Сарна, қобыз, мұң-зарлы шығар лебіз!
Сен жыласаң, жылармын мен де бірге,
Жан жыласа, жыламай қала ма көз?!
Қорқыттай жанды жаспен жуа білсем.
Құшақтап қобызымды көрге кірсем!..
ҚОЙЛЫБАЙДЫҢ ҚОБЫЗЫ
Қытайға қалың Найман қанат жайған.
Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан.
Алдында жорғалаған шашты шайтан.
Қақаман жалғыз көзді жынның ері,
Ерегіссе тау-тасқа салған ойран.
Ардақтап оған Шолақ деп ат қойған.
Шайтанның шу асауы батыр Шайлан.
Жынменен жолдас болған бала жастан.
Қалың Найман жиылған бір зор астан.
Бай, биі, батырлары балпаң басқан.
Аузынан арыстандай жалын шашқан.
Күрес сап жиылған жұрт ұрандасқан.
«Бәйгеге қобызың қос», — деп сұрасқан.
Қойлыбайың бәйгеге қобыз қосқан.
Әлеумет алқа-қотан дөң басында.
Қойлыбай қобызымен ортасында.
Бәйгеге бақсы қобыз қоспасын ба?!
Қойлыбай сонда айтады шақырып ап
Ыңғайлы бір бозбаланы өз қасына:
Жарып өскен жапанның жартасына.
Мен сенем жын Қақаман жолдасыма».
Шуласып отырысты дөң басында.
Бозбала ат алдынан шауып кетті.
Аруақ қалшылдатып, дірілдетті.
Жап-жалаңаш қылышты қобыз етті.
Сарыны сар даланы күңірентті.
Бір мезгіл жыны буып күбірлетті.
Қызыл жел құйындатып дүрілдетті.
Шапқылап жын-перілер дүбірлетті.
Қалжырады, қап-қара терге батты.
Түгіндей будақ-будақ бір шаң жапты.
Ербеңдеп ойнақ салып келе жатты.
Сабалап қырды жол ғып жаралапты.
Көз ашқанша жиынға келіп қапты.
Қақаман жұбатады ерке қартты.
Қалың ел тамашадан тас боп қатты...
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру