Аққудың айырылуы
Сәкен Сейфуллин
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Сәкеннің ерекше лирикалық поэмасы. Аққулардың махаббатқа адалдығы мен дала табиғатының көркем сұлулығын суреттейтін мәңгілік ән.
АҚҚУДЫҢ АЙРЫЛУЫ
Арқада бір жер бар еді,
Жібек самал саясы:
Саяда бір көл бар еді.
Сырлы кесе аясы.
Көл еді кең айнадай:
Мұнарытқан торғын буы,
Көк кестелі айнала.
Жасыл қамыс дестесі:
Бейне қолмен салған ирек
Көлдің жасыл кестесі.
Айна көлдің көрнегі;
Су бетінде елбіреген
Ақ шашақтар өрнегі.
Қалың біткен ту құрақ.
Шымылдыққа судырап.
Бір-екі аққу бар еді.
Екі ғашық жар еді.
Жұбай аққу көркі еді,
Көрсе көзін алар тыныс,
Екі сәулем ерке еді.
Мың құбылған ән еді.
Көлдің көркі — сәні еді.
Ешкімді ертпей қасыма,
Кетуші едім көлге келіп,
Біраз жатып басында.
Жағасында жатушы ем;
Төсімді ашып жібек желге,
Рахатына батушы ем.
Саясатсыз тұрмысқа;
Біраз тыныштық беріп жанға,
Демалуға — тынысқа.
Күйін тыңдап, жағалап;
Бір ғажабын және көрдім,
Қарап жатып жағада.
Құстар билеп, ойнайды:
Су түбінен маржан теріп,
Сүңгіп терең бойлайды.
Қыңқылдайды жағалап:
Қанатымен жерді сызғыш,
Төңкеріліп сабалап.
Тау құдірет қалықтайды.
Сорлы жыршы жалықпайды,
Көл сағасын барлайды.
Шаңқылдайды шағала;
Бірде жылап, бірде күліп,
Жарқылдайды жағалап.
Сұқсыр менен қасқалдақ.
Кегер, үйрек, баспалдақ.
Олқысынды жүрегім;
Іздедім мен аққу әнін —
Жүрегімнің тілегін.
Жұбай аққу көрінбей;
Сәулемді іздеп жаттым қаңғып
Көл басында ерінбей.
Сыңқылдады алыстан;
Және бірі шыға келді
Жақындағы қамыстан.
Шыққан аққу жырлады.
Бері жүзіп зырлады.
Әнге салды «келем» деп.
Тұрды күтіп, көлеңдеп.
Жұпар майын жағынып;
Жұбайына аққу келді
Алыс жерден сағынып.
Жайқынға кеп түйісті;
Сыпайы ойнап, сыңқылдасып,
Тәтті айқасып, сүйісті.
Екі сұлу сыланды;
Сылдырлатып моншақ тізіп,
Ақ көбікке бұланды.
Дөңгеленіп, сәнін түзеп.
Екі сұлу әнін түзеп,
Жуынды да таранды.
Көлдің келді шетіне:
Көлдегі аппақ шашақты үзіп,
Иіскей басты бетіне.
Иіскеп нәзік иісін жұтып.
Ақ шашақты талдап түтіп,
Шашты мөлдір айнаға.
Алып аппақ жұпарын;
Ақ тәніне сылап жақты
Қандыруға құмарын.
Бір-біріне жарасып;
Тағы нәзік «не-не? десті,
Бір-біріне қарасып.
Екі ғашық сүйісті;
Сүйісіп боп, мойындарын
Мұңайысып иісті.
Шын сүйіскен жар еді;
Мұңайысты неге бұлай,
Не қасіреті бар еді?
Қосылысқан жар еді;
Ертегідей еркелескен,
Тағы неге зар еді?
Неге бүгін мұңайды?
Бірін-бірі елжіресіп.
Дауыстары қалтырасып,
Неге нәзік жылайды?
Қосылысқан екі ғашық
Көл ортасы кең жайқыннан
Келген аққу бұрылып,
Қасіреті іште тынған,
Жөнеп берді сырылып.
Көздің жасын тыя алмай.
Кетер ғашық қия алмай.
Қайта-қайта қайрылып;
Екі ғашық әрең тірі,
Тағы кетті айрылып.
Қанбаса да құмары.
Тағы кетіп сыңары.
Бір мезгілде қалт етті.
Үндемеске ант етті!
Шоқ қамысты жыбыр еткен
Аққу кербез елер ме?
Көл шетіне келер ме?
Кешікпеді, шоқ қамыстан
Жасыл ұшқын жарқ етті:
Бұрқ атылды, шаң кетті!
Кім бүйтті екен көлді жарып?
Суық жүрек шіркін-ай!
Соққандай ғып көктен жай!
Аһ!. деді де көл селк етті,
Аһ!.. деді аққу: «жаным-ай!»
Неге бүйттің зәлім-ай?!
Дәл көздеді сұрша мерген
Шын сұлудың нақ төсін;
Басып қалды ақ төсін.
Жатты жайып құшағын;
Шоқ қамыстан тұра ұмтылды
Мерген алып пышағын.
Тағдыр-минут кеп жетті.
Көлді сызып оқ кетті.
Шулады көл гүрілдеп.
Ағып қаны, дірілдеп.
Аппақ төстен қызыл қан;
«Хош, жаным!» деп қанат қақты
Үзілді тез шыбын жан.
Ақ қанатты қайырды:
Еш күнәсыз шашақ терген
Екі ғашықты айырды!
Сұрша мерген кенелді;
Ұры шіркін келген бұғып,
Енді алшаңдап жөнелді.
Сол мезгілде аққу ұшты.
Суды сабап келіп түсті
Түтін шыққан құраққа.
Бір пәленің келгенін;
Ғашығының ұшып оққа,
Жау қолында өлгенін!
Жалғыз қалған жарына;
Жығылды кеп суды құшып,
Сұр мергеннің жанына.
Моншақтаған жасына;
Шықты даусы іші күйе,
Мергеннің кеп қасына.
Шырық айналды зәлімді,
Сұр мергенге төсін ашып,
«Мені де ат!» — деп жалынды.
Ақ сұлудың қанына;
Мерген кетті шыдай алмай,
Күйіктінің зарына.
Көкке шықты күйініп;
Сұр мергенді қоймай қуды
Көктен жерге түйіліп.
Тағы келіп құлады;
«Атшы жылдам мені де!» — деп,
Бауырын басып жылады.
Енді атуға батпады;
«Мені де ат!» — деп жылап келген
Сорлы жарды атпады.
Жылап аққу қалмады;
Өзегі өрттей күйіп-жанып,
Қаққан қанат талмады.
Алды-артына қарамай;
Аққуды аңдып атқан батыр
Тағы атуға жарамай.
Көкке жылап зарлады;
Біресе кеп жерге тиіп,
Көзден жасы парлады.
Жер бауырлап ыңқылдап;
Біресе ұшып желді сабап,
Назаланды сұңқылдап.
Тастауға енді қимады;
Мөлдіреген көздің жасын
Моншақтатты, тыймады.
Неге керек еңіреу?
Кімге мұнша қыласың зар?
Жер менен көк меңіреу!
Сен тәрізді жылаған;
Көздің жасын төгіп текке,
«Мені де ал!» — деп сұраған.
Енді мұны атпасын;
Қанға бояп төсін керген
Жұбайымен жатпасын.
Шыдамады күйікке;
«Жұбайымнан қалмаймын» деп,
Шықты шырқап биікке.
Жұбайынан қалмасқа;
Серт қылғандай, айқайлады
Көлге қайтып бармасқа.
Аққу кетті бұлдырап;
Бір мезгілде төмен ағып,
Төңкерілді судырап.
Найзадай боп шаншылып.
Жығылды аққу жаншылып
Күйікті жар құлап елді,
Ақ төсінен қан ақты;
Бірақ серіпті қанатты.
Сүйгенімен бір көрді;
Жан күйігін мәңгі басып,
Жұбайымен бірге өлді!
1925 жыл.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру