Мендегі үнсіздік
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Құралай Омар
Құралай ОМАР МЕНДЕГІ ҮНСІЗДІК Өлеңдер Алматы УДК 821. 512. 122 ББК 84 (5 Қаз) - 44 О-58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді ОМАР Қ. МЕНДЕГІ ҮНСІЗДІК. Өлеңдер/ Қ.Омар. – Алматы, «Хантәңірі», 2014. – 108 бет. ISBN 978-601-03-0270-9 Жинаққа ақын жүрегінің түкпірінде жатқан сарғайған сағыныш пен мөлдір сезімге толы нәзік жырлары енген. УДК 821. 512. 122 ББК 84(5 Қаз) - 44 ISBN 978-601-03-0270-9 © «Хантәңірі», 2014 О-58
Мендегі үнсіздік * Жолымды бөгеді, білмеймін, неше ырым? Өзіме тиді-ау қырсығым, кесірім. Айтылмай не мұңым, не сырым, Телефон көзімнің жасына тұншықты. Сіздегі үнсіздік – ақталу, Мендегі үнсіздік – кешірім. Солай-ау шамасы... Жазмыштың жазуы – Маңдайға сызғанға көндігу, бағыну. Тыныштық тағы өлді ауыр дем арқалап, Сіздегі күрсініс – жалғыздық, Мендегі күрсініс – сағыну. Аязға, мұзға да бергісіз, Жүрекке сұп-суық ерді сыз. Толқындар жеткізген үніңіз жауратты. Сіздегі салқындық – үмітті жылату, Мендегі салқындық... белгісіз...
Құралай ОМАР * Шамын жағып, жарқ-жұрқ етіп көзді алдайды Астанам. Жатсынамын, жүдетеді жалдап алған баспанам. Көше кезген аяқтарым, жел тербеген шаштарым, Мүлкіндей боп көрінеді басқаның. Қала шуын көкірегіме жеткізетін құлағым, Шынымен-ақ менікі ме? Жанарымнан сұрадым. Түніменен жаңа жырдың сөздерін һәм жолдарын Жазып берер жүрегім мен қолдарым, Менікі емес сияқтанып жүремін, Солай бәлкім, тек бір нәрсе білемін: Өлең ғана өзімдікі, қалғанын Елу жылға Тәңірден жалға сұрап алғанмын.
Мендегі үнсіздік * Жеткізбей арманыма іркеді күн, Сағыныш торлап жанды, бүркеді мұң. Жанарым мөлдір тамшы төккенінде Жүрегін орамал қып сүртеді кім... сенен басқа. Сөздерің сенің ғана жылытады, Көңілдің өзіңе аян сыры тағы. Күнтізбе бетін санап отырамын, Жылжымай ол да дымды құрытады. Сергелдеңге салады күнім, түнім. Уысында уақыттың үгітілдім. Күтуден талып кетті қарашығым, Көзінен өпші келіп үмітімнің.
Құралай ОМАР * Жол неткен бұралаң, Жолыға алмадым. Өзімді күн сайын алдадым Келер деп, Жанымды бақытқа бөлер деп. Содан соң... тістелді бармағым. Көтере алам ба салмағын? Мың батпан сағыныш, күдік пен үмітті... Түсімде жолығып, өңімде жете алмай Жүргенім жігерді үгітті. Іздедім... Көшелер... халді ұқпас біздегі «Күдерді үз» деді. Тек жаңбыр аймалап жүзімді Мен болсам, өзіңді өлгенше күтетін Жапырақ боп кеттім күздегі.
Мендегі үнсіздік * Жүдедім... Сағыныш әнін сап жүрегім. Жаныңа жете алмай, таң алды Түсімде жолығып жүремін Үнемі. Білемін, Сенде де осы күй, жарығым, Хаттарың... сезімің мөлдіреп, Телефон пернесін сүюмен саусағың Тересің әрібін. Жаныңның жұпары әр сөзден сезіліп, Жылынам... Қиялда кезігіп. Содан соң сен жайлы тәп-тәтті түс көрем Көз іліп.
Құралай ОМАР * Тырналды тағы аузы жараның, Өткелден қалдым өте алмай. Өз жүрегіме батып барамын, Жағалауыма жете алмай. Асау толқындар ұрып жанымды, Тұншықтым кермек жасыма. Желдерден естіп мұңлы әнімді, Жетпейсің неге қасыма? Тағдырым енді артады нені? Қажыдым мұңнан... арыдым. Түпсіз тұңғиық тартады мені, Қолыңды созшы, жарығым.
Мендегі үнсіздік * Неге сенен алыспын? Сағынышқа шарпылып, Түні бойы өз-өзіммен алыстым. Түпсізіне сүңгітіп ең қиялдың, Сыйлаймын деп бір бөлшегін ғарыштың. Енді неге... Неге сенен жырақпын? Күрсіндіріп күп-күрең күн, Өксітеді жылап түн. Арманыма қанат байлап Құс жолымен самғап ем. Құлаттың. Күз бояған жапырақтай Жерге келіп жығылдым. Қолыңа алып аялашы... Сенен өзге жылыта алмас Жас жауратқан жанымды... Ұғындым.
Құралай ОМАР *** Тағы да мұңымды төгемін. Не үшін жылаймын? Білмеймін себебін. Еңсемді езгенде өксіктің салмағы Өзің кеп жұбатсаң деп едім. Жоқсың сен... көнемін, Жазмыш қой... көңілдің дегені болмаған. Хат жазып жіберші... Халімді сұрасаң, жетеді сол маған. Үйренгем өзіңсіз өмірге – Үнсіздік ұғады жанымды, Қара түн сүртеді жасымды. ...Дәрменсіз екенмін, Жанамын, күйемін... Неліктен өзіңнің алдыңда иемін Тәңірден өзгеге имеген басымды?
Мендегі үнсіздік *** Көз жасымнан дымқыл тартқан күз демі, Халімізден хабарсыз-ау біздегі. Сен келердей терезеге қадалып, Қарашығым неге сені іздеді? Өмір неге бізді осылай сынайды? Бөлмеде мен, далада күз жылайды. Үмітімдей жүрегімнен үзілген, Жанды ауыртып, жапырақтар құлайды. Жанарымда дірдектейді дана күз, Жетім көңіл, жоқ сияқты панамыз. Адасатын бір-бірінен жел тұрса, Біз екеуміз жапырақтар ғанамыз.
Құралай ОМАР КҮЗ Қабағы түскен сары күз, Халіңіз қалай, халіңіз? Жайымды несін сұрайсыз, Жаншылып жатыр жанымыз. Тағдырдың тиіп салқыны Тұмауратқанбыз бәріміз. Дертімді менің емдеуге Табылар ма екен дәріңіз? Өзімнен өзім үркідім, Ауырлап кетті кірпігім. Дәрменім жетпей, жүректің Жамай алмадым жыртығын. Тұманда қалған қалпымның Ішінде дауыл, сырты – күн. Сап-сары мұңды қайың боп Санадан келді сілкігім. Сағыныш жұтқан сары күз, Халіміз осы, халіміз.
Мендегі үнсіздік Аялдаңызшы, тоқтаңыз. «Жаз өткен» – дейсіз, – «жоқ тамыз». Жапырақтарды жел жұтқан, Менімен бірге жоқтаңыз. Мұңыма ортақ мұнар күз, Тоқтасаңызшы, тоқтаңыз. Көңілі күннің түспейді, Ұшса да кетіп құс мейлі. Қаңтардың ертең аязы Жүректі келіп тістейді. Тоңдырып алып, содан соң «Тағдыр дегенің – түс» дейді. Келеді бәрін түзегім, Айта аласыз ба сіз емін? Сізбенен жаны туыстас, Сарғайып жүрген қыз едім.
Құралай ОМАР * Тағдыр бәлкім ендігі сәт Мұңдарымды шаттықпен алмастырар? Жапырағы жер құшқан тал-теректер Аппақ жаулық жамылып, Күздің әнін басқаша жалғастырар. Армандарым сияқты кіршіксіз, пәк, Жерге аман жеттің бе, алғашқы қар? Жауа түсші, ақ қарым, Аспан жасын тыймасын. Аяз қысып, мейлі, мейлі қинасын. Мұзды ерітіп, тасты да балқытатын Жүрегімде бір сезім бар, Көңілімде күдік емес, күй басым... Асығамын соған қарай, Бақытыма жетер жолда аппақ ұлпа – үмітіңді сыйлашы.
Мендегі үнсіздік * Неліктен жетпеді үнім? Келеріне сенсем де көктемімнің, Бүгін жүрек жабырқау, көктеді мұң. Өзіңді күтер жанның бар екенін Ұмытып жүргеніңе өкпелімін. Хабарсызсың, бармады хаттарым да, Себеп тауып белгілі ақтарым да. Саған деген сырымды айға ақтарып, Қағазға жасым төгіп жатқанымда Жұбатшы кеп. Күткенім осы дейін. Күн сәулесін көзіме көшірейін. Жалт-жұлт еткен бақытты уыстап ап, Күлімдейін, тағы да кешірейін.
Құралай ОМАР * Тыншымадым, Түйсігімді тістелеп шымшыма мұң. Хат жазысқан тәп-тәтті сәттерді аңсап, Еріксіз өксігіме тұншығамын. Амалымның Жоқтығынан жүзіме жамалды мұң. Сағындым ғой, сағындым, ерініңмен Жасын сүртіп берсеңші жанарымның. Біледі не? Жете алмай жүрген жанмын тілегіне. Мына аяз жауратты, жылытсаңшы Жүрегімді орап ап жүрегіңе.
Мендегі үнсіздік * Күйдірді өксік өзекті, Хатыңды күтіп қалжырап кеттім кезекті. Өлеңімде емес, өмірімде болшы, жарығым, Жалғыздығым әбден мезі етті. Сергелдең сәттер өзіңді ойлап сенделген, Шыға алмай жүрмін шырмалып қалып шеңгелден. Қанатым сынып, құлап барамын құлдилап, Жолығып қалып, жарамды жазып емдер ме ең? Қансырап көңіл, асқынып дертім үдепті. Қайдасың, жаным? Өзіңсіз өмір жүдетті. Алақаныңа сап, әлдилеп бір сәт жұбатшы Тек сені сүйер жүректі.
Құралай ОМАР * Сезіліп сырлы сөзімнен демім, Бақытым жалғыз өзіңмен дедім. Үңілсең егер көретін едің Өзіңді ғана көзімнен менің. Өшпейді мәңгі үміт – шырағым, Ұмытшы мұңды, ұмытшы бәрін. Өзіңсіз өксіп, жаураған жанды Жүрегіңе орап жылытшы, жаным. Күтемін десем жанарым талмай, Неліктен мұңға жамалын малды ай? Сағындым сені, сағындым, жаным, Төзімім кеміп, амалым қалмай. Жылжымас сәтке өкпелі екенмін, Уақытты бекер сөккен екенмін. Жолығыр болсақ ұғатын едің Жүректе әлі көктем екенін.
Мендегі үнсіздік *** Ұмыта алмаймын, Ұмыта алмайсың, соны ұқтым. Сен жайлы тәп-тәтті түс көріп, Аспанға жорыттым. Сағынып жүрсің бе, бейнемді серік қып, Бал сәтке ынтығып, келді ме жолыққың? Тоңыппын, Жүректі мұз қарып... Бар емім Өзіңсің, Және де тек сенің сәлемің. Өмірде алыссың, қиялда қауышып, Кеземіз мөп-мөлдір арманның әлемін. Әлегін Сезімнің түсініп, Дәл сендей сүйе алмас мені ешкім. Санамнан бір сәт те шықпайсың, Ойыңнан кетпейтін елеспін. Тәңірім о баста сыңар қып жаратқан, Сеземін, Сен бөтен емессің.
Құралай ОМАР *** Өз-өзіммен күні бойы егесем, Іште – дауыл, сыртта көктем демесең. Тыныш жатқан жүрегімді тулатып, Сабырымды ұрлап кеттің неге сен? Сезімімнің тартып жүрмін азабын, Сенсіз күндер бекер екен, қаза – күн. Саусақтарым телефонның пернесін Сүйіп жатып, тағы да хат жазамын: «Ғашық болып қалдым саған, кешірші...»
Мендегі үнсіздік *** Торлады ма жанарымды әлде мұң, Үздігемін, үзілердей әл-демім. Түсінші деп кімге айтамын, жаным-ау, Өз-өзімді ұға алмайтын халдемін. Күдік күліп, үміттерім көз ілді. Мөлдір тамшы мекендеді көзімді. Аласұрып, сыймай барам әлемге, Жолыққалы жоғалттым-ау төзімді. Мазасызбын, бермеді ғой кеш тыным, Көз алдымнан кетер емес кескінің. Қара түнде хат жазамын қамығып, Сені сүю кінәм болса, кеш, күнім.
Құралай ОМАР *** Бақытгүл Бабашқа Бағдаршамның жасылы жаңылысып өше ме? Кісі толы көлікте, Көлік толы көшеде Көкірекке кептелген күрсіністі көтеріп, Қайтып барам бүгін де, Солай болған кеше де. Өмір деген осы ма? Маңдайыма сызылған осы ма еді пешене? Жүрегімде қатқан мұң жанарымнан сырғиды, Үміт кейде жұбатып, «бір бақытың тұр», – дейді. Аппақ бұлтқа айналған арманыма жетем деп, Байқамаппын орды да, аңдамаппын ылдиды. Құлап едім, қаңтар кеп: «тағы, – деді, – тайыңыз». Қашан туар оңынан адастырмас Айымыз? Топ ішінен өзімді таба алатын емеспін. Қалай сіздің жайыңыз?
Мендегі үнсіздік СЕНСІЗ Қара түн құшағы, Қамығып тағы да жалғыздық жастадым. Келген ед жаңа өмір бастағым. Жылытсаң деп едім жанымды, Күйдіріп тастадың. Өрт шалған қанатым ұшуға жарамай, Қанша рет құладым биіктен. Жыладым, Жүрегім шырылдап күйіктен. Қош дедім қия алмай, қасыңда қалу мұң. Дәл бұлай өртеніп сүйіп пе ем. Ақ боран, адасып қалдым ба елсізде? Білмеймін, бұл дертім емсіз бе? Реңсіз күндерім... сүре алар емеспін Сенімен бірге де... сенсіз де.
Құралай ОМАР *** Саумал түннен аппақ арман сауамын, Қара жерге ақ қар болып жауамын. Кетсем деймін аспан жаққа, жыраққа, Мен білмеймін себебін, Сен білмейсің жауабын. Сұрамашы, жерден, сенен жерісем, Нәзік қар боп қолдарыңда ерісем Деп едім ғой... Неліктен мұз қып қойдың мені сен? Суық әлем, қызуымды тонадың. Қалжырап кеп, алақаныңа қонамын. Жылытам деп, күйдіресің, содан соң Дір-дір етіп тоңамын. Мұндай сезім аңсаған да жоқ едім, Мұздай жасты жанарымнан төгемін. Қажыдым ғой. Қашып кеткім келеді, Сұрамашы себебін.
Мендегі үнсіздік ОТЫЗ БІРІНШІ КӨКТЕМ Жылымық сәттің бейнесін қарашығыма қамайын, Соңғы қар болып қалықтап, тамшы боп әлде тамайын. Қанатымен жылдардың тағы келді бір көктем Бусандырып әлемді, жібітіп жердің самайын. Алғашқы күні наурыздың, үміт пен арман бүрлейді. Ақшулан аспан есінеп, жып-жылы желін үрлейді. Қолымды созсам ғарышқа қиялыма алданып, «Бақыт деген көкте емес, жер бетінде жүр» дейді. Ұмытылып азабым, тарқаса ғой өкпе-мұң, Еріп кетсе қар болып өкінішті өткенім. Не күтеді алдымда, ештеңе де білмеймін, Қандай тағдыр сыйлайсың, отыз бірінші көктемім?
Құралай ОМАР ҚҰРАЛАЙДЫҢ САЛҚЫНЫ Қиялымда жүрем енді тербетіп, Жүрек жатыр ақ жауынын селдетіп. Аспанның да түнеріп тұр қабағы, Астана да суық тартты сен кетіп. Күңгірт мекен, көңіл бордай үгіліп, Сүріндім бе? Сезім қалды жығылып. Жылу таппай қаңыраған қаладан, Амалсыздан өз-өзіме тығылып: “Құралайдың салқыны” деп алдадым, Сұр тұмандай бұлыңғырлау алдағым. Өзіңсіз күн, кеш те, түн де меңіреу. Сенің жайың қалай екен, ардағым?
Мендегі үнсіздік *** Табылмай жанымның тұрағы, Таусылмай тағдырдың сұрағы, Жып-жылы сәттерді қия алмай, Көзіме ыстық жас тұнады. Мен үнсіз күрсіндім. Көлеңкем «Кетпе» деп жолыңа құлады. Жата қап жылады иегі кемсеңдеп, Мың мәрте оқталды өзіңе ерсем деп. Аяққа жығылып, жалынды содан соң «Қайтадан айналып келсең» деп. Көрсем деп тағы да... Өзгерді мекенің. Қай кезде, қай күні, қалайша жетемін? Кеткелі күй осы... Сездің бе, Құлаған көлеңкем жылаған жүрегім екенін?
Құралай ОМАР *** Сені күтіп сағынышым басылмай, Мені күтіп... отырасың төзімсіз. Сенсіз сәттер... секундтар да ғасырдай, Бұрын қалай өмір сүргем өзіңсіз. Менің жаным сезіміңнің үнімен Үндесті де... үміттерім үкілі. Білесің бе, сезіледі шынымен Әр әріптен жүрегіңнің лүпілі.
Мендегі үнсіздік *** Шимайланған алақан – шиыр-шиыр жолдарым, Бақытым деп күтіп ем, сен де бақыт болмадың. Жанардағы бір сезім жылай-жылай суалып, Көрмейсің бе көңілім бірте-бірте солғанын. Тағы алдымда шұбылып тарам-тарам жол жатыр, Ұстай алмай үмітті қарманады қол да құр. Жетегіңе ілессем, түнекке енбес деп едім, Күздің басып тұманы, адастырды ол да ақыр. Жасқа толы жүректің ішінде Жан тұншығып, Батып кетіп барады, көзім отыр мұң сығып. Тұманын-ай даланың, тұманын-ай сананың, Қуантады қай күні көкжиектен Күн шығып. Құралай ОМАР ЖАУЫП ТҰР АҚ ҚАР
Жауып тұр ақ қар... Ақ қарға сырды ақтардым. Құлдилап төмен Құлады жерге ақ қар – мұң. Аппақ қар болу арманым, Бiрақ Келмейдi табандарға тапталғым. Жауып тұр ақ қар... Көз жасы мүмкiн аспанның? (Мен неге одан жасқандым?!) Перiште болар кеудесiнен жиренiп ұшқан Тәңiрден қорықпай тасқанның. Жауып тұр ақ қар – Ақ үмiт, аппақ армандар, Орындалмай ақ парақ болып қалғандар. Қар көңiл берсең жетедi маған, жаратқан, Аппақ қардың тағдырын басқа салмаңдар! Аппақ қар – көңiл, Таусылмас, сiрә сұрағым. Кеуденi керiп жыр – ағын. Дәл өзiң құсап келедi менiң жылағым, Келмейдi бiрақ қап-қара жерге құлағым!
Мендегі үнсіздік ЖАСТЫҚ Түнімен айтылып сырларым, Көңілдің көбесі сөгілді. Жасыма жазылған жырларым, Жастығым, өзіңе төгілді. Үзілген мөп-мөлдір тамшымен Жуамын үміттің көйлегін. Үнсіз ән салатын әншің ем, Дәл бүгін келіп тұр сөйлегім. Түсінер досымсың, білемін, Бас сүйеп, сан мәрте жылағам. Неше рет (жоқ мейлі жүрегің) Өзіңді құшақтап құлағам. Сүртеді көздегі жасты кім, Даусымды естиді қай керең? Тек сені табамын, Жастығым, Түндерде, Жоқ болсаң қайтер ем?!
Құралай ОМАР Салмағын өлшер ме еді сағыныш көлемінің, Мазалап түніменен сөйледі бөле – мұңым. Жаңарып келе жатқан кешегі таңды көріп, Ой қосып өріп бердім бұрымын өлеңімнің. Ауысты дөңгеленіп, айналды ұршық – күнім. “Тағы ояу өткіздің” деп жөнелді ұрсып түнім. “Кедергі келтірмеші, ақ таңды күтемін” деп, Ұйқымды қуып шықты бөлмемнен қырсықтығым. Жанымды түсінбесең – мінімді көтермес ең. Жастығым, жыр оқиын, тыңдашы, кетер ме есең? Тастайын сызып бәрін, аяусыз шимайлайын, “Мынауың ұнамады, жазыпсың бекер” десең. Алғашқы сыншым өзіңсің.
Мендегі үнсіздік * Көрiнермiн жұмбақ тым... Қиял – теңiз, тереңiне шым баттым. Өзiңiздi аңсадым. “Сiз” деп соққан жүрегiмнiң лүпiлiн Келiп едi тыңдатқым, Қымбаттым. Жоқсыз. Өзiмдi-өзiм алдадым. Тек күтумен күндерiмдi жалғадым. Келсеңiзшi... Құлақ тосшы... көкiректi жарған үн Сiзге арналған, ардағым. Естiмейсiз... жүрегiңiз құлақсыз... Көрiнбейсiз, бiр қалада жүрсек тағы, жырақсыз. Сiрә, менi ұмытқан да боларсыз ...Алтыннан да бағалысыз бiрақ сiз.
Құралай ОМАР * Аспан бүгiн ағыл-тегiл жылады, Мөлдiр тамшы қара жерге төгiлiп. Жанарымның моншақтары құлады, Көңiлiмнiң қабырғасы сөгiлiп. Келмес сәттi ойладым да, ерiдiм, Аңсағанмен оралмайды алайда. Жаңбыр – тамшы жүздi жуды, серiгiм, Аспан болсам көрер едiң қалайда. Көкiрегiмнен күмбiр-күмбiр күй ақты, Ақша бұлт боп қайда көштiң, тұрақта. Аспан шексiз, қиялдарым сияқты, Ол да жалғыз бiрақ та...
Мендегі үнсіздік * Жазмыштың құлымыз, салғанына көндiгемiз шарасыз. Күн дөңгелеп, ай жылжыды жаңасыз. Жалғыздығым жабықтырды iздедiм, Сiздi қайдан табамын?! Менi қайдан табасыз?.. ...Тоқыраған көңiлiмдi толтырып, Тым алыстан Қиялымның терезесiн қағасыз, Жанарымда үмiт болып жанасыз... Кiм бiледi, Бәлкiм сiз арманымда ғанасыз.
Құралай ОМАР * Сап-сары көше кезгенiм... Iздеп ем сенi iлестi тағы кезбе – мұң. Iлгерi басқан қадамым кейiн кетедi, Жолықпассың сiрә, сезгенiм. “Көрмессiң, – дедi, – көн, естi!” Жазмышым ғой, өртесе де өксiк өңештi. Сағымдай болып бұлдырап бара жатырсың, Қол жетпес және көмескi. Күлкi де қашты жамалдан. Дейсiң бе әлде: “жалған осы, жан, алдан!” ...Сағынышқа боялған жапырақ – жас Үзiлiп түстi жанардан...
Мендегі үнсіздік * Көзсiз сезiм күйдiрдi, Күйiп келем... Есiм кетiп егiлдiм, сүйiп керең. Тәп-тәттi қиял деген әлемiмнiң Сүйкiмдi кейiпкерi ең. Биiктер ем... Өзiңсiз қайдан бiрақ. Жүрсiң-ау бiздегi күй, жайдан жырақ. Көңiлiм көкте едi, қалды бүгiн Аппақ-аппақ арманым Айдан құлап. Қайдан бiрақ... Көрмессiң... Бұл түн егес – Мазамды алды мазақтап сылқым елес. Күп-күрең күндерiмдi жайнатпақ боп Күлiп келем... (Алайда күлкiм емес) ...Мүмкiн емес...
Құралай ОМАР * Кейiпкерi – өзiңiз, Тәп-тәттi түс көрiп жатқам тамсанып, Сағынышын төгiп бойға сары нұр, Әйнегiмнен сығалады жан салып. Ақ әлемiм сарғыш тартты, жоғалды... Сiздi сүйем бәрiбiр. Айқастырып кiрпiгiмдi iздедiм, Аппақ түсiм сiңiп кеттi ғайыпқа. Өмiрiм де, өлеңiм де “сiз” дедiм. Таудан биiк тұлғаңызды Жұдырықтай жүрегiме сыйғызғаным айып па? Аспан түстес қиялымның Балап сiздi Күнiне. Жылынып ем, аңсауменен ауырдым. Бағынам деп көкiректiң үнiне, Арқаладым тәттi және ауыр мұң.
Мендегі үнсіздік * Өлара түнiн жек көрiп, Сырлас Айым жерге жетпей, көкте өлiп. Қиялымнан Ай мен сiздi тапқан ем, Әлемiмнен алып кеттi көп көлiк. Тәттi ойымды шуы бөлiп көшенiң, Ұсынады “iше ғой” деп кесе мұң. Жаным жасып жүргенде жалғыздықтан Жұбатады дауысыңыз... кешегi үн. Алданышым, арманымсыз, ығымсыз ...Жанарыма қонақтады шық үнсiз. Сағынышпен тағы да бiр күн өттi... Түсiмiзге енiңiзшi бүгiн сiз.
Құралай ОМАР * Тәкаппарлау талғамым... Содан ба екен, тек жалғыздық жалғаным. Арманым... Телефонмен... Үнсiздiкке ұйыдық. Сездiңiз бе, Айтарымның езуiмде қалғанын. Тыныштықпен жасырдым... Төзiм – сары, жүрегiмде жасыл мұң... Алматының нөсерiндей Жаудым дағы басылдым. Сынығы деп асылдың, Сүйкiмдi өмiр – қиялымда тасылдым. Жоқ бақытты iздесiп, Әлемiмде сiз жүресiз жүздесiп. ...Күз кешiп, Жапырақтар сабағынан үзiлдi “Сағынышым сiз” десiп.
Мендегі үнсіздік * “Амансың ба, қалай, – деп, – көңiл-күйiң?” Сұрамады сүйгенiм... жыр көшедi. Қоңыр күздей киiп ап қоңыр киiм, Кезiп келем жабырқау сұр көшенi. Сұр көшеден, күп-күрең бақ iшiнен Таба алмадым жанымның жарасымын. Мөлдiреген сезiмнен тағы iшiп ем, Қуантпады... Суланды қарашығым. Бал ма деп ем, бәрi де бекер ме едi? Қоңыр үнiн естiгiм кеп тұр едiм ғой. Телефонды, қайтейiн, көтермедi, Шырылдаған, бiлмедi ме, жүрегiм ғой... Қоңыр даусын естiмедiм қоңыр күзде...
Құралай ОМАР * Телефон мүлде соқпаймын, Сағынсам дағы, бiлiңiз. Бар болсам да ендi жоқтаймын, Өлсе де iшiм – тiрiмiз. Көрсем... Өзiмдi соттаймын. Түсiме ғана кiрiңiз. Өзiммен өзiм егестiм, Өмiрiмнiң деп ем жырысыз. Аспанмен, Аймен теңестiм, Таппадым ба екен дұрыс iз? Мен сiзге ешкiм емеспiн, Сiз – жүрегiмдi алған ұрысыз. Сол ғана...
Мендегі үнсіздік * Көз жасыммен тұншықтырып күлкімді, Өтті күнім, өткіземін бұл түнді Жалғыз өзім, Сезбедіңіз, Кеудемдегі кесек ет қызғаныштан бұлқынды. Жанар атты бұлтымды Ағыл-тегіл селдетіп, Оңашада отырам, айта алмай елге түк. Өмірімді енді мен өзгертемін деп едім, Жалғыздыққа оралдым, басқан ізім кер кетіп. Қайтадан сол тіршілік, Бас шайқаймын “текке” деп. Жүрегімнің моншағын шашып алдым көкке кеп. Сүйенішім – қаламым, Аппақ қағаз – достарым, Тек солармен жұбанып, мұңайып һәм өкпелеп Жыр жазамын түнімен.
Құралай ОМАР * Мазалайсыз түске кеп! Ұмытар ем. Ұмытуға күш керек! Сағыныштан өксігіме тұншығып, Енді өзіңіз сүймейтін ерінімді тістелеп, Жатам жалғыз, Жалға алған үйімде. Тіріге ұқсап, ішім өлген күйімде. Қоштасқалы осылай. “Қош” деу әлде сезіміме қойылатын түйін бе? Сенбедім! Сенделдім, бір отырып, бір шығып, Жүрегімнен жас орнына жыр сығып. Ең соңғы рет “сүйемін” деп айтпақ болып тоқтатып, Сөз таба алмай тұрып қалдым қырсығып.
Мендегі үнсіздік * Тағдырға бағынып, көнеміз, Десек те “өмірге иеміз”. Бір ысып, бір суып денеміз, Мұздаймыз, жанамыз, күйеміз. Қайдасыз, қай жерде кемеңіз? Қай қырдан көрінер төбеңіз? Ақылшым, “ақымақ” демеңіз, Шашымнан сипалап, басымды сүйеңіз. Жұбатар деп сізге сенеміз, Және де тек сізді сүйеміз Жүрек екеуіміз.
Құралай ОМАР * Хабарсыз кеттіңіз шынымен, Ұстатпай. Ұқсайсыз қашқанға. Хат жаздым сізге арнап түнімен Сағыныш жайында аспанға. Әсемдеп Айменен, жұлдызбен Жүректің сөздерін көкке ілдім. Сіз ұйықтап жаттыңыз бір қызбен, Көруге шамаңыз жоқ, білдім. Таң жақын, жұлдыздар маужырап барады, Хаттарым тағы да оқылмай қалады.
Мендегі үнсіздік * Ағысымен ағып келед сең денем, Ойламаймын не болар деп ертеңім. Сіздің жақта бақыт бар деп сенген ем, Жеңіліспен аяқталды ертегім. Сіз жеңдіңіз! Құттықтағым келеді. Жарық әлем сізге төксін шуағын. Елеуішпен өмір бізді еледі, Жақсы күнге алып кетті уағын. Қалдым сыртта – жалғыздықтың мекені, Сорым және мұңым ауыр болғасын. Түсінер жан табылмады жекені, Өлең ғана сырласым һәм жолдасым.
Құралай ОМАР 22 ҚАҢТАР. 2007 ЖЫЛ Мұң мені жатты қамап, Көзде шық жылтылдайды. Көрмеген сәтті санап, Тек сағат сыртылдайды. Сағыныш сіңіп қалған Жүрегім тоқтар ма еді. Қанатым сынып, талған, Ұшуға жоқ дәрменім. Бес күндік жалғанымның Өртеді күйіктері. Бұлттай ақ арманымның Ең асқақ кейіпкері, Маржан сөз төске теріп, (Белгілі, ұтыларым) Сізге арнап тост көтеріп, Жасымды жұтып алдым. Туған күніңізбен!!!
Мендегі үнсіздік * Бауыржан Қарағызұлына Достым, Мені жалғыздық қой қинаған. Мұңым күліп, жүрегімді жүр қанап. Сыр айтпақ ем, Тұла бойға сыймаған Сағынышым жанарымнан сырғанап, Іштен тындым. Жоқ тіпті үн. Көкірегімді күйдіреді бір ащы. Дауысыма дірілі еріп өксіктің, Көп сөздерім күрсініске ұласты. Ауыр демім кеңістікке жұтылып, Ауыр ойым жүк түсірді алқымға. Қолын беріп, “қош” деп менен құтылып, Есіне алмай алыста жүр жартым да. Асығамын, кеткім келіп мәңгіге, Жүдеткенде бұл тіршілік – қыбырлақ. Таппаған соң жөні түзу әңгіме, “Оған сәлем айтшы” дедім сыбырлап. Сәлемімді жеткізші, достым, оған.
Құралай ОМАР * Миды жаншып, ой салмақтап еңсеге, Күйкі өмірден көңіл кейде жығылып. Күнді көрмей отырамыз кеңседе Күнкөрістің қамы үшін тығылып. Жіпсіз байлап, жібермейді тіршілік, Тұтқынымын бостандық пен өзімнің. Қарай берем құбылаға түршігіп, Қадап қойып қарашығын көзімнің. Сұп-сұр қала сұр тастарды төсеген. Асығыстау жұрт тобына ерем де, Кешке қарай ию-қию көшеден Ұйқас іздеп келе жатам өлеңге.
Мендегі үнсіздік ЖАЛҒЫЗДЫҚ Жігерді жасытып, бордай боп үгілем... Қажыдым өмірдің сынынан, жүгінен. Жырларым тамшылап жанардың түбінен, Түнімен Жыртылған жүректі жамаймын Үзілген үміттің жібімен. Күрмеуге келмеді қып-қысқа, шолтаңдап, Тынысым тарылды, ащы өксік қолқамды ап. Алыста түсінер достарым, ортам қап, Сіз жайлы мөп-мөлдір армандар шақырып, Асыққам... Нем бар ед жол таңдап?! Кеттіңіз таусылмас қиялды келтелеп. “Бірге енді боламыз” деп сізге еркелеп, Вокзалда аяусыз жылатқан жалғыздық, Бұл жаққа жетіпті менен сәл ертерек. Тағы да күйдірді, өртемек... Ұзаққа бармады бақытты күйім де, Жалғыздық жүр екен сіңілімнің үйінде...
Құралай ОМАР ӨЛЕҢІМДІ ІЗДЕСІН Көтеремiн Дей берiңiз: “Сезiмiңнiң отына түс, күй, жасы.” Мұңлы тағдыр ұсын, мейлi қинашы. Өтiнемiн, өзiме емес, Тәңiрiм, Өлеңiме өлмес өмiр сыйлашы. Бұралаң жол. Уақыт сүйреп замананың арбасын, Көштi таңдар түннен тауып жалғасын. Жалғыздықты жар етейiн, тек қана Сәби жырым жетiмсiреп қалмасын. Құлап көңiл, Құлазыдым күзде шын, Сенгендерiм үмiтiмдi үзгесiн. Күн өтсе де күтумен күрсiндiрiп, Жаратқаннан сұрадым, Өзiмдi емес, бiреулер өлеңiмдi iздесiн.
Мендегі үнсіздік * Бәрiмiз нүктемiз түбiнде. Бақытты сұраймыз бүгiнге. Керек пе?! Жалғанның қызығын, байлығын Ол жаққа апара алмаймыз, түгiн де – Қабiрге қойылған ең соңғы гүлiн де. Жаныммен аттанар тек қана өлеңiм, Жазылған мөп-мөлдiр тамшының үнiнде. Сұрақшы тiзгенде қатемдi, Жыр оқып беремiн, Перiште түсiнер жүректiң тiлiнде. Жұмаққа жол алып жырларым, жаным да. Дос қылған адамын, құсын да, аңын да, Мен сосын оянам пейiштiң таңында. Алланың қардай ақ сенiмiн арқалап, Әзiрге жүрмiн-ау сол сәттiң қамында. Күндерiм жоғалды, таң ұмыт, кеш ұмыт. Қол бұлғап алыста неше арман, неше үмiт Жетелеп жүрiп-ақ есейттi, өсiрiп. Құдайын ұмытқан жандарды Адам деп түсiнiп, Пенде деп кешiрiп, Қаламға құйылған Тәңiрдiң жолдарын Кей-кейде отырам қағазға көшiрiп.
Құралай ОМАР * Перi кiм?! Сөздерiңе ме? От шашқан әлде көздерiңе ме? Ерiдiм... Қиялымда тербетiп, Жанарымның ақша бұлтын селдетiп, Серiгiм, Сенi ойладым, тек сеншi. Жылусыз жыл жауратты, нұр төксеңшi Берi, Күн! Жарқыным, Сол қайғы ғой – Жаяуда шаң болмайды ғой, Жалқыда үн. Оранғанда қала шыққа, Сыр түйiп ап қарашыққа, Шарпыдың. Бұлыңғырлау ертең мүлде. Жасыныңмен өртедiң де – Балқыдым. ...Арты мұң...
Мендегі үнсіздік * Жанға сая таптырмады саябақ. Мен мұңайдым, ағаш та мұң, тас та мұң. Сiзге деген сезiмiмдей аялап, Ерiп жатқан аппақ қарды баспадым. Баса алмадым, жылап жатыр нәзiктер, Күн көзiнен қорғанады – Қорғансыз... Менiң ақ қар көңiлiмдi жазып көр. Сiз де маған күн сияқты болғансыз. Қауқары жоқ қар боп мен де ерiгем, Сiзден өзге Күн болмаған көңiлде. Сосын... Сосын барлығынан жерiгем... Өкпелiмiн сiзге және өмiрге.
Құралай ОМАР * Күбiр-күбiр, күбiр-дi... Күз жаңбырын құшақтап, Жапырақтар қара жерге жығылды. Мынау аспан көңiлiме ұқсап қап, Жүрегiмнiң тамшылары көмейiме тығылды. Мөлдiр-дi Жамалымды айғыздаған кермегiм. Жасыл бақты сап-сары күн солдырды. Тырналарға жете алмадым, ермедiм, Айтқаныммен құстан қалған сол жырды. Құс әнiн Қимастықпен қош айтысқан... мұң дедiм... Ей, тiршiлiк, аяғымнан тұса мың, Қанатсыз деп мейлi менi күндегiн! Бәрiбiр де түсiмде тарналардың тiзбегiне қосылып, Түпсiз көкке ұшамын!
Мендегі үнсіздік * Өкiнiштiң оты өртедi өңештi, Үңiлгенде дәптерiме өңi ескi. Ақ қағазда есiмiң – мәңгi өшпес, Жадымдағы бейнең бiрақ көмескi. Тек есiмде... ұмытпадым күлкiңдi, Жанарыма сансыз маржан iркiлдi. Жүрегiмде астаң-кестең ақ боран, Жадыратып қойғаныммен сыртымды. Сағынсам да жете алмадым, қайдасың? Әлде айналып кеткенбiсiң Айға шын. Әлде менен өзге сұлу жолығып, Баурап алып асырды ма айласын. Бақытыңды тапсаң бастан таймасын. Көзiме тек бiр көрiншi... Қайдасың?!
Құралай ОМАР * Қуанышым әрі мұңым ең... Бақыттысыз ба шынымен?! Бақытсыз бір жан сізді ойлап, Жыр жазып шықты түнімен. Үмітімді тағы сөндіріп, Кірпігіме маржан қондырып. Араласты діріл үніме, Салқын сөзіңіз тоңдырып. Жаурады жаным, күй осы. (Басымды деп ем сүйеші) Алыстап қайда барасыз, Армандарымның иесі? Қаңырап қалған жұрттаймын. Жүректі жаншып бұлт – қайғым, Жүзімді жуған ап-ащы Көзімнің жасын ұрттаймын, Сізге бақыт тілеп тұрып...
Мендегі үнсіздік * Көктемнен көп үміт күткенмін... Аңқылдақ ағаштар бүрледі. Мөп-мөлдір арманым бүршікке қонақтап, Жайқалған... Күз желі үрледі. Қара жер құшарын жапырақ білмеді. Буылдыр бұлттарда жүргендей бақытым, Қарағам тамсана. Олар да сөгілді, Төгілді Сызылта ән сала. Жерге кеп жығылды тамшылар қаншама. Тапқандай сап-сары күзге де ем, Ақ қардан адалдық іздегем. Көктеме шапағын шашқанда, Қап-қара топырақ жұтты да, Жоғалды ұлпалар Жаратқан жазған бір ізбенен. Тіршілік өтеді жүз жылай, жүз күле, Әлдене күтумен тағдырдан үздіге. Арман мен үміттің мәңгілік мекені – Жер ана қарсы алар бір күні бізді де.
Құралай ОМАР * Талып кетті қанатым. Төзім кеміп, түгесілді тағатым. Шыр айналып аппақ дәке іздедім, Жүрегімнің жарақатын таңатын. Таба алмадым. Білмейді екен күз емді. Күдерімді күтір-күтір үзем-ді. Жанарымен жанымды емдер тәуібім, Оралмайсыз сіз енді.
Мендегі үнсіздік * Теңіз – ой, мың шығып, мың баттым. Біреуге – сырсандық, біреуге жұмбақпын. Жанымды жанардан оқыған өзіңіз едіңіз, қымбаттым. Сырымды ұрлаттым. Дәрменсіз қарашық. Арманым Ай, Күнмен таласып, Жұлдызбен жарасып... Болжаусыз күндерге отырам бал ашып. Зарығу, ынтығу, Сағыну... ұмтылу... Иектеп неше мұң, Төзімді тауысу, Тәп-тәтті қауышу, Ал сосын бақыттан масайрау... кешегім. Кешемін Өзімді, сізді де ақтаймын. Тәңірім ұсынған тағдырға тақпай мін. Өткеннің әдемі елесін Бақиға жеткенше жүректе сақтаймын.
Құралай ОМАР * Сезімді Бұғаулай алмаған кезім-ді. Тауысып сабырды, төзімді. Ауысып... Ес – бүтін, жүректің үніне ілесіп, Сағынып қауышып, Бақыттан ұмытқам өзімді. Күй кешіп өзгеше, ұнамды, Еңсені езетін тұманды Таратқан Қас-қағым, Балдан да тәп-тәтті сәттерді – күнәмді, Күнәсін Кеше көр, Жаратқан!
Мендегі үнсіздік * (Анна Ахматовадан) Мен күлуді доғардым, Мұздай боп ернім тоңған ем. Бір үміт тағы жоғалды, Бір өлең артық болғанмен. Еріксіз беріп әнімді, Келемеж бенен мазаққа. Отырам сосын жанымды Үнсіздігіммен азаптап.
Құралай ОМАР * (Анна Ахматовадан) Құлашын жайып сары кеш, Сәуірдің есті салқыны. Болса да, жаным, бәрі кеш, Қуандым көңіл алқынып. Отыршы келіп қасыма, Қарашы нұрлы көзіңмен: Шыланған дәптер жасыма – Естелік балғын кезімен. Күн кештім мұңмен төзімсіз, Алмадым және жұбана. Кешірші, кешір өзіңіз, Қателестім көп, сынама.
Мендегі үнсіздік * Сізден хабар үзілді... Кеше көктем тарту еткен Үмітімді күз ілді. Өзіңізсіз өтіп жатқан Сәтті санап тамшылар Кірпігіме тізілді. Мөлдір-мөлдір сағынышым Жанарымнан сырғанап, Сүйіп жатыр Сіз сүйетін жүзімді. Бәрі бекер екен тек... «Аңсарыма-ау, саған қарай Құс боп ұшып жетем» деп, Серт беріп ап, Жоқ болдыңыз... Есіміңіз ғана қалды Жүрегімде мекендеп.
Құралай ОМАР *** Тапқандай боп ем бағымды. Аңсаумен сізді күні-түн. Жараладыңыз нәп-нәзік менің жанымды, Көз ілді жылап үмітім. Тамшылар неге мекендеп алды жанарды? Өксікке қалдым тұншығып. Өзіңізсіз тағы да бір күн жаңарды, Қуантпақ болып күн шығып. Күрсініп алам, Қоңыр күз жұтып демімді, Жүректің нәрі сығылып. Аппақ армандар күдіктерімнен жеңілді, Сезімнің туы жығылып.
Мендегі үнсіздік * Жылап тұрған аспан емес, мен едiм, Жанарыңның жасын отын сағынып. Аңсағанда тамшыларды төгемiн, Көкке барып, бұлт жейдемдi жамылып. Тұнжыраған аспан емес, мен едiм, Жар бола алмас жалғыздықтан жабығып. Айтшы, неге елесiңдi өбемiн, Тәңiр берген тағдырыма бағынып? Күрсiнген де аспан емес, мен едiм, Көкiрегiме көзсiз көп мұң қамалып. Әлде, жаным, “Сенi сүйем” дегенiм Қалды ма екен жүрегiңе жамалып. Жайнаған да аспан емес, мен едiм, Қиялымда құшағыңа жылынып. Перiште боп келiп едi жебегiм, Көрiнбей-ақ, иығыңа iлiнiп.
Құралай ОМАР * Ақ қарыңды сағындың ба, қара жер, Өткен күнге жете алмай өкiнiп. Аяп сенi ағаш дедi: “Ала бер, Мамығым – қар” ...Қона алмады... ... Өтiрiк... Ол алдады ұсынып көп ұлпаны, Тұрақсыздар арман жырын төкпедi. Көрiнедi бұйра-бұйра бұлт, әнi, Олардан да әлде қайыр жоқ па едi?! Шашын жайып аспан сақ-сақ күледi, Ақ қар емес, тамшыларын лақтырып. Лайсаң кешiп менiң тәнiм жүр едi, Өңсiз жаңбыр арсында бақ құрып. Түссiзденiп барамын ба, Жер – Ана? Қар сияқты ақ едiм ғой (сұрағым) Ақ мамықты қашты тағы жел ала, Дәл мен сынды таппады ол тұрағын...
Мендегі үнсіздік * Жасын ойнап, жаңбыр жауды, саналым, Сенi ойлаған бұл менiң жабығысым. Анау жасын – жарқылдаған жанарың, Ал тамшылар – мөп-мөлдiр сағынышым. Жасын ойнап, жаңбыр жауды. Бөлмем мұң. Кезiп кеттiм су көшенi ертемен. Анау отты көздерiңнен көргенмiн, Сол от саған ғашық еткен, өртеген. Жасын ойнап, жаңбыр жауды. Шөлдедiм. Сусын емес, жылы сөз бен сезiмге. Толтыра алмай күтудiң көк шөлмегiн, Аласұрдым! Таусылды ғой төзiм де!
Құралай ОМАР * Бiр күн елес – Сағынышым пәнилiк, Жанмен бiрге аттанатын жұмаққа. Сенi ғана таниды, ұқ. Ұмыта алман бiрақ та! Мүмкiн емес! Жүрегiме жоқ әмiр, Көп iшiнен iздеп келем өзiңдi. Маужырайды қоға гүл Жоғалтып ап төзiмдi. Үн тiлемес Ұйып қалған қиялым. Екеумiздi алып кеттi аспанға. Көзiмдi ашсам, ұя – мұң, Жас тамады тастан да. Күркiремес, Жасыны бар жанарың, Тұла бойды жылытады, өртемек. Алдың жанның қамалын! ...Жүрмегенiмдi еркелеп Күлкi демес...
Мендегі үнсіздік * “Мен келемiн тайғанақтап Сол маңда...” Г. Салықбай Ара қашық... Болмаған соң жүз қадам, Сезiм әлде мұздаған – Дауысың сап-салқын, Далада шық. Жанымыз болған қайық, Перiште жолдан тайып, Тапты алтын, Ала қашып... Ұсынды жүрекке кеп, Бұл күнде тiлек те көп, Сақтар түн Араласып. Көзiмде бұлт жауады, Көңiлiм сыртқа ауады, Жақтар кiм?! ... “Бала – ғашық”... Сен бе едiң? Мазалап түсiме енген, “Сыртым – сау, iшiм өлген” Құр сүлдерi. ...Сенбедiң
Құралай ОМАР Ой iшiп түнiменен, Ояудың бiрi мен ем. ...Күрсiнгенi... Төнбе күн Маған ғана, аспанға шық, Өтiнем, жасқанба түк. Күлсiн жерi. Өң бе мұң?! “Шаттықты жамап жанға, Сезiмдi қамап таңға Жүрсiң”, – дедi ...Жеңбедiм...
Мендегі үнсіздік * Далада дауыл емес, сұйық жел естi, Жанымды мұң торыды, күйiк емес-тi. Түсiмде көрiп сенi жете алмай, Оянып кеттiм тағы сүйiп елестi. Iздедiм елесiңдi қуып сағымды, Жеңгендей болып едiм жуықта мұңды. Көңiлiм жер боп қалды көкте жүрген, Көрген соң сенсiз тұрған суық тағымды. Сен жоқсың, кеткiм келдi кезiп даланы, (Қалайша жақсы көргем төзiп қаланы?) Саған деген сағыныш жүрегiмдi, Сеземiсiң, жаным-ау, езiп барады.
Құралай ОМАР * Жанарыңнан жаз күтiп ем, Күз бе едiң? Жүрегiме үңiлмедiң, жүзбедiң. Жылап тұрдым жүзiм шыққа малынып, Ал сен болсаң: “Үмiтiңдi үз” дедiң. Үзу қайда... Iздедiм. Қиялымда қауышып, Тiл қатамын сұлу сөздiң барлығын да тауысып. Күбiрлеймiн... Ауысып. Көрмедiң. (Қыраттардан мен үшiн қызғалдақ та термедiң) Не келедi қолымнан? Тоқи бердiм толассыз Бiр өзiңе арналған өлеңiмнiң өрмегiн.
Мендегі үнсіздік * Ендi қашан жүздесем? Тап болып ең тағдырыма күзде сен. “Сағыныштан сарғайттың ғой бар ма едi бiзде есең” Деп тәңiрге тiл қатып ем түндерде. Салқындапсың. Егер сүйсең, арамызды үзбес ең. ...Аппақ қарда iзiм жатыр – iздесең... Ендi қашан кездесем? (Көп iшiнен түсiп едiң көзге сен) Алқымыңа тығылған айтарыңды сезбесем, Кешiр менi... “Жыр оқышы” ...Үнсiздiк... Түсiнбедiм, бұрындары өзгеше ең. ...Аппақ қарда кетiп барам – өз көшем... Ендi қашан жетемiн? Жанарымның моншағына толып кеттi етегiм. “Жұлдыздарға сыр шертiп отырады жеке кiм?” Деп сұрама. ...Аппақ-аппақ әлемде қар қызы ән салады, Құлағыңа жете ме үн?..
Құралай ОМАР * Айтшы, түндер, жазығым не? Ояттың жұлқып жағамнан. Бұл өмiрдiң жазы кiмде, Қайда ұшып кеткен ақ арман? Айтшы, түндер, жалқылығым ба, Нелiктен жатам өртенiп? Мiнезiм менен бар қылығымда Болмады ма әлде еркелiк? Айтшы, түндер, кiнәлiмiн бе, Алдаса менi сағымдар. Жоқ болса егер күмәнiң мүлде, Айыптап, күйе жағыңдар.
Мендегі үнсіздік * Не дейiн саған, қоңыр жел, жапырақты үз, жылат. Алғашқы қар қылаулады, орынынан күз құлап. Жауа салып ерiп жатқан қарды жақсы көргенмен, Мұңлық қардың мұң тағдырын түсiнбейсiз сiз бiрақ. Әйнектердi сызғылап... Хабары жоқ түк Күннен Қауқарсыз ақ ұлпаларға қарап тұрып бұқтым дем. Сағыну мен аңсауды сап-сары деп жүр едiм, Ақ түсте де зарығу бар екенiн ұқтым мен. Тосу, төзу – Қорқыт көрi құтылмайтын қашқаннан, Жанарымнан, бәлкiм, бәлкiм жүрегiмнен жас тамған. Қар дегенiм – күтулерден көкiрекке жиналған Көз жасының суретi екен суып түскен аспаннан.
Құралай ОМАР * Жылдар бойы бәлкім сізді іздегем?! Сезімімді жеткізем деп Сөз қалмады тізбеген. Жүз сөзге де сыймайды сағынышым, “Хат жаз” дейсіз. Қалай және не жазамын сізге мен? Тағы, тағы жанарыма қонақтады шық арсыз, Жылы сөзге мен сияқты сіз де зәру шығарсыз. Жүрегімнің тілінде ғой айтпағым, Үнсіз қалсам, ұғарсыз.
Мендегі үнсіздік * Сен менiң жүрегiмдесiң, жыр елiмдесiң. Адасқанда өмiрдiң түнегiнде шын. Жол көрсетер бағдаршым, тiрегiм де-сiң. Әйтеуiр ең iзгi тiлегiмдесiң. Сен менiң арманымдасың, ар, қанымдасың. Нәп-нәзiк кiрбiңi жоқ қар – жанымдасың. Жарқ етiп сөнгенiнше жалғаным – жасын, Тәкаппар талғамымдасың. Сен менiң сөздерiмдесiң, кездерiмдесiң. Белгiлi, басқа жанды көзге де iлмесiм. Өзiң ғана сыр тұнған көздерiмдесiң ...Түсiме өзге кiрмесiн...
Құралай ОМАР * Жалғыздан жалғыз аппақ түндерде Аспанда аймен сырласам, Жалғыздан жалғыз аппақ гүлдерге Сағынышымды айтып мұңдасам. Жалғыздан жалғыз жабырқап жүрiп, Қар кешем және құм басам... Жолықпас едiм өзiңе, жаным, Сыңарың болып тумасам. Естисiң, күнiм, есiмiңдi ғана Жүрегiмдi егер тыңдасаң. Жалғыздан жалғыз аппақ әлемде Қар қызы болып ән салам. Жалғыздан жалғыз ұйықтап жатып, Түсiмде көрiп тамсанам. Жалғыздан жалғыз жүрсем де, жаным, Күтуден сенi шаршаман. Жетемiз қашан, қыраным менiң, Күндерiмiзге аңсаған...
Мендегі үнсіздік * Тәттi ұйқымды бөлiп түн, Маза бермей азаптап. “Жалғызсың, – деп – көрiктiм” Ай күледi мазақтап. Жұлдыздар да жамырап, Көзiн қысып тұр маған. Жел соғып, суық аңырап, Жалқылығымды бұлдаған. Жалғызбын. Ояу. Түн iшi. Алайда екеу жүрегiм. Тарылып ол да тынысы, Менi ойлап отыр, бiлемiн. Көрсем деп шығар жүрген де, Сағынып, аңсап серiгiм. Мына аспан, мына түндерге Жалғыз деп айтты менi кiм?!
Құралай ОМАР * Мұң басып кеттi... Мұнда қыс өттi. Аппақ қар бүркеп тәнiмдi, Сыңсыта салған әнiмдi Жеткiзе алмадым өзiңе. Күлгенде көктем, Гүлге үмiт еткем. Iздедiм сенi жасыннан бiрақ. Өрмелеп шыққан тасымнан құлап Жете алмай қалдым өзiңе. Жайнады жаз да. Жайларым аз ба Сағыныш тұнған кiрпiкте? Қанатым сынған... үркiтпе... Жете алмай келем өзiңе. Кiмдерге күлем?! Күндерде күрең Ұшамын самғап құспенен. Кей кезде таң қап түс көрем ... Жетермiн бәлкiм өзiңе...
Мендегі үнсіздік * Тағы да ұшындым... Жанарымнан жас сырғыттым қателігім үшін мың. Адамның емес, Алланың махаббатының Шексіз екенін түсіндім. Жалған сезім алдады да, құладым. Пенде ішінен сүйеу таппай жыладым. Жалғыздықта Жаратқанға жүз бұрып, Жанымның парағын жайдым да, Алдында кешірім сұрадым. Жылулық іздеумен жүр едім. Бір нұрды сіңірді жүрегім. Енді мен ғашық боп жазылған хаттарға Сенбеймін – күлемін! Сіз мені Тәңірдей сүймейсіз, Мен сізді Тәңірдей сүймеймін, білемін.
Құралай ОМАР *** Өкпемді жаза алмай кеткенмін, Өкпеңді айта алмай кектендің. Жаныңды ауыртар, білемін, «Қош бол» деп кеткені көктемнің. Бәрін де, бәрін де сеземін, Таппады жүрек пен көз емін. Өткенге оралғым келмейді, Өртеніп жатса да өзегім. Төземін, мейлі мұң меңдесін, Бар ойым, болса да сенде есім. Көрмеуге бекіндім, жаныңды Мен емес, күрең күз емдесін.
Мендегі үнсіздік *** Бауыржан Қарағызұлына А нүктесі – алданған ақ арманым, Ә нүктесі – әттеңі көп жалғаным. Б нүктесі... бақытымды іздеумен, Ғ нүктесі... ғарыш жаққа самғадым. Д нүктесі – дөңгеленген дүние, Е нүктесі... еркімізге кім ие? Ж нүктесі жолықтырмай бір жанға, К нүктесі көкірекке мұң үйе кете барды. Қ нүктесі. Құладым. Л нүктесі... лағыл жасты бұладым. М нүктесі... мән таба алмай өмірден, Н нүктесі... «неге?» болды сұрағым. О нүктесі... ойым онға бөлінді, Ө нүктесі өлшегенде сорымды. П нүктесі – пәнидегі өкініш... Р нүктесі... Рахымды Алла оңғара ма жолымды? С нүктесі – сабыры бар жүрегім, Т нүктесі – ақ таңдағы тілегім: «Ү нүктесі... үзілмейтін үміт пен Ш нүктесі, шыдам бер» деп жүремін.
Құралай ОМАР ...Көңілдегі күдігім мен секемім, Мендік ғұмыр – тек менікі – жеке мұң. Минут сайын қалтыратар жанымды Алып ғалам алдында нүкте ғана екенім.
Мендегі үнсіздік СОҢҒЫ ХАТ Өтті тағы күз міне... Жолықтырған екеумізді Тіл қаттырған үздіге. Жыл көшсе де көмескі тартпасын деп, Жүрегімнің түбіне жерлегенмін сізді мен. Ұмытқам жоқ, бәрі әлі есімде, Өзіңізсіз таңдарым да, өзіңізсіз кешім де. Қайта айналып келмесіңіз мәлім болған күні мен, Өлілердің қатарына қосқанмын, сосын сізді кешіргем. Тірілмейсіз мен үшін, мейлі қанша ақтасам, Өшпес тағы кеудемде күйе жағып, даттасам. Кешіңізші, көргенде жылы қабақ танытып, Жадырап тіл қатпасам, Кешіріңіз және де бейнеңізді көңілімде сақтасам.
Құралай ОМАР * Қалдыңыз кезігіп, Жанардан жылулық сезіліп. Өкініш таптаған жүректе бүр жарып тез үміт. Таңдайға дәмі кеп бақыттың Тамсанып, кетуші ем көз іліп. Ал қазір бірі жоқ. Тек қана қимастық қинайды Кеудемде езіліп. Алданыш іздейміз. Азаптап. Келемін сүйретіп сүлдемді Құлауға аз-ақ қап. Күйімді түсінбей қаңтардың аязы Сақылдап күледі мазақтап.
Мендегі үнсіздік * Жабықтырып күрең тiрлiк, күрең күн, Таба алмадым сезiмiмнiң бiр емiн. Аспан жақта болғаннан соң тiлегiм, Солай қарай сандалады жұдырықтай жүрегiм. Алайда мен тiрi едiм! Елдiң сөзiн естiп қалдым: “Аман-есен жүр” деген. Естiп алып езу жимай, күлген ем. Жан аспанда, жұмыр жерде құр денем, Жүргендiгiн ешқайсың да бiлмеп ең. Бiлмегенiң дұрыс болар – Үндемен. Ұшып барад бiрдемем, анау түпсiз ғарышқа. Ей, ақша бұлт, менiменен жарыспа. Қиялымнан жүйрiк емес шығарсың, Бара алмайсың алысқа. Адастырар мен баратын тұңғиық, Бiрi жатыр тым төменде, Ал бiреуi тым биiк. Одан да бұл ақылыма бағынбайтын жүрекке Берсеңдершi үн құйып. Өтiнемiн, ақша бұлт...
Құралай ОМАР * Сары сезiм қойғаннан соң ағармай, Көпшiлiктен саяқ кетiп, жекелеп, Баққа келдiм жаным дауа табардай, Өзiмдi өзiм... сосын үмiт жетелеп. Бүтiн көңiл жарты болған, жарылып. Ауыр екен сағыныштың салмағы. Аңсағаным, күтем деймiн сарылып, Сөкпеңiзшi, төзiм мүлде қалмады. Таусылдым-ау, тауым қоса шағылып, Саябақтан жылап қайттым, түнерiп. Жалғыз... жалғыз жүрек отыр тағы ұлып, Жанарыма, жамалыма мұң ерiп.
Мендегі үнсіздік * Асыққан ем, арман саған шақырып, Жете алмадым, адастырды соқыр ән... Жұрт көзiнен өзiмдi өзiм жасырып, Жолданбайтын хаттар жазып отырам. Құрай алмай үзiк-үзiк үмiттi, Құлазимын, кете жаздап құрдымға. Сен ғана ма, Ай да менi ұмытты... Жан сырымды түсiнбедi құрбым да. Алыс кезде көрiнушi ең Күн сынды, Жақындап ем, ұстатпадың, сағымсың. Көзсiз жүрек алып болды тыншымды, Дедiң бе әлде “Сағынсыншы, сағынсын”.
Құралай ОМАР * Сенi iздеп сандалады жүрек, Қайтадан жолықтырдым неге? Тiлегiм таңда қалды түлеп, Тағдырдан қорық, құрбым, деме. Сен болып iзгi арманым бүгiн, Бейнеңдi елес қылып мүлде. Сезiм де бiздi арбады, бүрiн Ағаштың теңестiрiп гүлге. Аспан да моншақтарын сол күн, Көк бұлтқа байламады, үздi. Өзiмiз тоңсақтағы, торғын Самал кеп аймалады жүздi. Бiлгенмен бөгет барын, шiркiн, Жүрегiм тыңдамайды ойды. Бесiкке бөлеп бәрiн күлкiм (Төбемнен түн қарайды) Қойды.
Мендегі үнсіздік * Төселдiк-ау қала, шерге. Жылжытпай жүр алға мұң. Жауды талай қара жерге Менiң аппақ арманым. “Қапаланба, елiк тектiм” Деп уатты өз үнiм. Сiздi көрiп ерiп кеттiм – Ерiдi аппақ сезiмiм. Жанарымнан шық ұрлады... Қырда өскен гүл едiм. “Сүйемiн” деп сыбырлады, Жапырақтай жүрегiм.
Құралай ОМАР * Арманымның ақ жейдесi шешiлiп, Ақ үмiттiң қолаң шашы кесiлiп Қалғанына кiм кiнәлi? Әлде өзiм... Жолыққаным үшiн саған кешiгiп. Тағдырымның берген маған сыйы осы. Құлазыдым. Құлатпашы, сүйешi. Жұмағыма жеткiзген сен ғанасың, Сен ғанасың – жүрегiмнiң иесi. Деушi едiң ғой: “Жанарыңнан сыр ұғам” Сағынышым саған қарап ұлыған Күйде жүрмiн. Көзiмдегi алау да Күте-күте шоққа айналып құрыған.
Мендегі үнсіздік * Дәрменсіздің бірі мен, Жан өксиді дәмесіз. Бұрынғыдай сағыныштың тілімен Хат жазбайсыз және сіз. Күңгірт бөлме, тек жалғыздық қасымда, Жүрегімді түтеді кеп түбіттей. Алыстадық. Хабарымыз расында Үзілді ме үміттей? Күн өтеді еңсені езіп зілдей мұң, Сорлы сезім мөлтілдейді ішімде. Түнге неге асығамын, білмеймін. Өзіңізді көрем әлде түсімде...
Құралай ОМАР * Қол ұстасып, бiрге кешiп махаббаттың бал шағын, Жүрсек тағы, қуана алмай, жанарымнан тамса мұң. Кешiр менi... Сездiң бе екен... Құшып тұрып сағынып, Сүйiп тұрып өзiңдi аласұра аңсадым. Жанымдасың... тәттi сөздiң бәрiн маған арнадың. Бiрақ, бiрақ ұша алмады қанаты жоқ арманым. Не iстей алам? Кеш жолықтық, тағдыр бәлкiм осылай, Өкiнемiн. Тiстелетiн тағы өзiмнiң бармағым. Айтшы, неге сорлы жүрек соны ұқпайды адасып? Бағдары жоқ болашаққа отырамын бал ашып. Сенi көру, саған жету бақыт болса қаншалық, Сонша қайғы шаттығыма көз алартар таласып.
Мендегі үнсіздік * “Махаббатта көз болмайды” деп едi. Жаным жылып, жадырадым... Ызғарсыз. Ойламауым мүмкiн емес, себебi, Жүрегiмнiң лүпiлiнде сiз барсыз. Сағынамыз... Асығамыз жетуге... Жанарымда мөп-мөлдiр боп тұндыңыз. Күндер күлiп, сәттер сырғып өтуде, Содан берi бақыттымыз... мұңдымыз. Тағдырыма ойда жоқта тап болып, Орадыңыз бiр өзiңiз санамды. Жеткiзе алмай сезiмiмдi жақ толып, Тек өртенiп, жанам-ды...
Құралай ОМАР * Ағыл-тегiл ерiдiм, жылып қар – мұң. Тiл қатпадым, тыныштық. Тынып, талды үн. (Сезiмiмнiң алдында дәрменсiзбiн, Жүрегiн ақылымен құлыптар кiм?!) Қарашыққа қиялдағы тұнып бал күн Жүрген едiм... Қайтейiн, жолыққанда Қолымды ұсына алмай тұрып қалдым. Көзiңiзге құрықталдым. Бұғаулады жанымды... Мұң демедiм. Күндiз – арман, түсiмсiз түнде менiң. Жағымды ашсам, сөздерiм жоғалардай, Жаныңызда отырдым, үндемедiм. Түсiнiстiк тiлсiз-ақ, үн шығармай, Лүпiлдейдi тек жүрек тыншы қалмай. Айтары көмейiнен шықпай қалып, Дәл мендей, Күндi көрсе тұншығар ма Ай?..
Мендегі үнсіздік * Сезiмiмдi тоңдыра алмас салқын да, Кеудемдегi бәйшешегiм солмаса... Қымбаттым-ау ауыстырмас алтынға, Көп толқындар жалғаған телефонмен Хал сұрайсыз... Күндер, түндер өзгерiссiз қалпында, Өзiңiздi сағынғаным болмаса. Аңсағаным, сарғайғаным ғана мұң, Ал қуаныш еншiсiнде сәттердiң. Тыным таппай толғанады сана мың. Елесiңiз еркiмнен тыс естi орап, Еримiн де... От боп денем, жанамын Парағындай дәптердiң. Жүрегiмнiң жасын үзiп қағазға, Тiзбек-тiзбек жолдар етiп төгемiн. Жеке басқа шаттық сұрап тағы азға, Не қыламын, Жер бетiнде онсыз да Жеңiлiс көп, құлазу көп, бақ азда. Сосын... Сiздi қайтiп сөгемiн?..
Құралай ОМАР * Өзiң болдың қалауым, таңдағаным, Жүрегiме жанардан отың ұшты. Бозторғайдың арайлы таңдағы әнiн, Бiрге тыңдай алмаймыз, өкiнiштi. Сағым сәтке созамыз қолымызды, Ақ жауындай сағынышты төкпелеп. Наз айтамын ешқашан жолымызды Тоғыстырмас тағдырыма өкпелеп. Өмiрiм мұң, өксiтедi қала мұң, Жүдеу халмен өткiземiн түндi аппақ. Жалғыз өзiм тағы кетiп барамын, Жүрегiме елесiңдi құндақтап.
Мендегі үнсіздік * Түнерiп аспан, көктемнiң сәнiн кетiрдi, Төгiлiп моншақ, құтырық жел де лепiрдi. Нелiктен мына қайыңдар бүгiн көңiлсiз? Жаз келмей жатып, күз болып қойған секiлдi. Нелiктен аспан сәулесiн күннiң жасырды? Сұрланып дала көктемнiң реңiн қашырды. Тiршiлiк бiткен маужырап мүлде қалған ба, Сайрауық құстың әндерi неге басылды? Көңiлсiз дала, көз жасын төгiп тұрғандай, Тыныштық келiп әлемге билiк құрғандай. Ойлана алмай, мең-зең боп мен де отырмын, Оңдырмай бiреу төбемнен қатты ұрғандай.
Құралай ОМАР *** Менің хатым ерке желмен жарысқан, Сенің хатың жетті маған ғарыштан. Кеудемдегі күрсіністен арылдым, Жүрегіңнің әнін естіп алыстан. Жанарымнан жүрген кезде тайып мұң, Жолықтың ба жолдауымен ғайыптың? Үніңді естіп, үмітіме жан бітіп, Тоң боп қатқан өкісігімнен айықтым.
Мендегі үнсіздік * Бiр сезiм бүршiгiн жарды, Қойдың-ау көзiмнен сыр ап. Сезетiн гүл, шырын, балды – Әлемнен, өзiмнен жырақ – Түсiмде едiң. Ай тартып тым ақ сәлде, Сәнi артқан белес-белдiң. Сағым ба, жұмақ па әлде, Әйтеуiр елестердiң Iшiндемiн... Жанымда өзiң бар ең... Жалғыздық түнде менi Оятты. Сөзiмдi әрең Айтып ем, үндемедi ...Iшiмде мұң... Ақ жауын жұбатады, Өткенде түнiм жылап. Тырс-тырс деп сыбырлаған Жаңбырдың тiлiн бiрақ Түсiнбедiм...
Құралай ОМАР * Сұрқы қашқан сұр аспан, нелiктен күрсiнесiң? Ойымда менiң құрасқан Оқиық жыр – сүресiн. Жабыққан кейбiр сәттерде Жаныма серiк болдың. Ашылған жүрек – дәптерге Жыр жолы келiп қонды. Сұр аспан қайрат бердiң, Мұңайып, торыққанда. Тағдырдың тәлкегiмен Бетпе-бет жолыққанда. Жасыңды төкшi, аспан, Тұнжырап тұрмай, Менен де мөлдiр тамшылар Ағылсын тынбай. Екеуiмiз де жеңiлдеп Ашылайық. Тек қана тасымайық!
Мазмұны «Жолымды бөгеді, білмеймін, неше ырым?».......3 «Шамын жағып, жарқ-жұрқ етіп көзді алдайды Астанам».........................................................4 «Жеткізбей арманыма іркеді күн»..........................5 «Жол неткен бұралаң»................................................6 «Жүдедім...».....................................................................7 «Тырналды тағы аузы жараның».............................8 «Неге сенен алыспын?»..............................................9 «Тағы да мұңымды төгемін»...................................10 «Көз жасымнан дымқыл тартқан күз демі»........11 Күз....................................................................................12 «Тағдыр бәлкім ендігі сәт»......................................14 «Неліктен жетпеді үнім?»........................................15 «Тыншымадым»...........................................................16 «Күйдірді өксік өзекті».............................................17 «Сезіліп сырлы сөзімнен демім»............................18 «Ұмыта алмаймын»....................................................19 «Өз-өзіммен күні бойы егесем»..............................20 «Торлады ма жанарымды әлде мұң»....................21 «Бағдаршамның жасылы жаңылысып өше ме?»................................................22 Сенсіз..............................................................................23 «Саумал түннен аппақ арман сауамын».............24 Отыз бірінші көктем..................................................25 Құралайдың салқыны...............................................26 «Табылмай жанымның тұрағы»............................27 «Сені күтіп сағынышым басылмай».....................28 «Шимайланған алақан...».........................................29 Жауып тұр ақ қар........................................................30 Жастық............................................................................31 «Көрiнермiн жұмбақ тым...»....................................33
«Аспан бүгiн ағыл-тегiл жылады»........................34 «Жазмыштың құлымыз»..........................................35 «Сап-сары көше кезгенiм...»....................................36 «Көзсiз сезiм күйдiрдi».............................................37 «Кейiпкерi – өзiңiз»...................................................38 «Өлара түнiн жек көрiп»..........................................39 «Тәкаппарлау талғамым...».....................................40 «Амансың ба, қалай, – деп, – көңiл-күйiң?»......41 «Телефон мүлде соқпаймын».................................42 «Көз жасыммен тұншықтырып күлкімді».........43 «Мазалайсыз түске кеп!».........................................44 «Тағдырға бағынып, көнеміз»................................45 «Хабарсыз кеттіңіз шынымен»..............................46 «Ағысымен ағып келед сең денем».......................47 22 қаңтар. 2007 жыл...................................................48 «Достым...»....................................................................49 «Миды жаншып, ой салмақтап еңсеге»...............50 Жалғыздық....................................................................51 Өлеңімді іздесін...........................................................52 «Бәрiмiз нүктемiз түбiнде»......................................53 «Перi кiм?!»..................................................................54 «Жанға сая таптырмады саябақ»..........................55 «Күбiр-күбiр, күбiр-дi...»..........................................56 «Өкiнiштiң оты өртедi өңештi»..............................57 «Қуанышым әрі мұңым ең...»..................................58 «Көктемнен көп үміт күткенмін...».......................59 «Талып кетті қанатым».............................................60 «Теңіз – ой, мың шығып, мың баттым»...............61 «Сезімді»........................................................................62 «Мен күлуді доғардым»............................................63 «Құлашын жайып сары кеш»..................................64 «Сізден хабар үзілді...»..............................................65 «Тапқандай боп ем бағымды».................................66 «Жылап тұрған аспан емес, мен едiм».................67 «Ақ қарыңды сағындың ба, қара жер».................68 «Жасын ойнап, жаңбыр жауды, саналым»........69
«Бiр күн елес»..............................................................70 «Ара қашық...»..............................................................71 «Далада дауыл емес, сұйық жел естi»..................73 «Жанарыңнан жаз күтiп ем»...................................74 «Ендi қашан жүздесем?»..........................................75 «Айтшы, түндер, жазығым не?».............................76 «Не дейiн саған, қоңыр жел...»................................77 «Жылдар бойы бәлкім сізді іздегем?!»................78 «Сен менiң жүрегiмдесiң, жыр елiмдесiң».........79 «Жалғыздан жалғыз аппақ түндерде».................80 «Тәттi ұйқымды бөлiп түн».....................................81 «Мұң басып кеттi...»...................................................82 «Тағы да ұшындым...»...............................................83 «Өкпемді жаза алмай кеткенмін».........................84 «А нүктесі – алданған ақ арманым».....................85 Соңғы хат.......................................................................87 «Қалдыңыз кезігіп»....................................................88 «Жабықтырып күрең тiрлiк, күрең күн»............89 «Сары сезiм қойғаннан соң ағармай»..................90 «Асыққан ем, арман саған шақырып»..................91 «Сенi iздеп сандалады жүрек»...............................92 «Төселдік-ау қала, шерге».......................................93 «Арманымның ақ жейдесi шешiлiп»....................94 «Дәрменсіздің бірі мен»...........................................95 «Қол ұстасып, бiрге кешiп...»..................................96 «Махаббатта көз болмайды» деп еді....................97 «Ағыл-тегіл ерідім...».................................................98 «Сезімімді тоңдыра алмас салқын да».................99 «Өзің болдың қалауым, таңдағаным»................100 «Түнеріп аспан, көктемнің сәнін кетірді»........101 «Менің хатым ерке желмен жарысқан»............102 «Бір сезім бүршік жарды».....................................103 «Сұрқы қашқан сұр аспан»...................................104
Құралай ОМАР МЕНДЕГІ ҮНСІЗДІК Редакторы Алмагүл Ниязбекова Қате түзеуші Назерке Кәкен Көркемдеуші редакторы Айкерім Бақбергенқызы Техникалық сарапшы Ержан Жамалбаев ISBN 978-601-03-0270-9 ИБ № 67 Басуға 15.10.2014 ж. қол қойылды. Пішімі 80х100 1/32. Офсеттік басылым. Қаріп түрі “MM Academy”. Көлем 5,0 шартты баспа табақ. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № 67 «ҚАЗақпарат» баспа корпорациясының баспаханасы
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру