Әдебиет тарихының қолданатын жолы
Мұхтар Әуезов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Қазақтың заңғар жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы XX ғасырдың қайталанбас құбылысына айналды. М.Әуезов шығармаларында халықтың тыныс-тіршілігін, арман-мақсатын, тарихи болмысы мен бүгінгі келбетін көрсетіп берді. Алғашқы жылдары жазылған көркем туындыларында елдің тұрмыс-т...
1) Ақынның өмірбаянымен танысып, тексеріп келіп, жазған нәрсесі мен екі арадағы байланысын айырады. 2) Әрбір ақын жеке-дара адам емес: оны туғызған елі бар. Өзінің үлгісі, салты, жақсылық, жаманшылығы бар. Сондықтан ақын өмірін соңы туғызған елінің өмірімен қоса қарастырады. 3) Ақын өмірін жалғыз ғана туғызған елін алмай, барлық, сол ел мен ақынды түгел туғызып отырған ұлтымен алып қарастырады. 4) Әрбір ұлттың табиғатпен қатынасын қарастырады. Тіршілігі қалай құралған, табиғаттан тегін тамақ ала ма, жоқ еңбекпен ала ма? Еңбек көп болса, өнер артады, өнер артса, тап-таптың халы да жоғары-төмен болып, жіктеле бастайды. Әдебиет тарихы мұны да қарастыру керек. 5) Көрші халықтың берген үлесін, көрші жұрттың өнерінен келген әсерін айырады.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру