Қазақтың ұлттық санасындағы жеке тұлғаның қалыптасуы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Қ.Қабдрахманов — «Қазақтың ұлттық санасындағы жеке тұлғаның қалыптасуы». /uploads/705c867e-c1ac-5bff-a262-f407a2ae707d/cover.png
/uploads/705c867e-c1ac-5bff-a262-f407a2ae707d/cover.png
ӘЛЕМДІК МӘДЕНИЕТТАНУ ОЙ-САНАСЫ
ҚАНАТ ҚАБДРАХМАНОВ
(Эссе түріндегі зерттеу)
БІЗДІҢ АРАМЫЗДАҒЫ (ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ) ЖӘНЕ ЗАМАНЫМЫЗДАҒЫ КЕРЕМЕТ АДАМ
Құдайдың бұйыртқан әр күнінде шамаң келгенше еңбектенгенің жөн. "Мен асып туған асылмын, мен сондай керемет адаммын" деп ешкімге айта көрме, бірақ оның дәл солай екендігін іштей жақсы білгін. Өзің туралы білгенде ешқандайда өркөкіректік, мақтаншылық жоқ, қайта адамзатқа тән жаратушының күшін сезіне білудің орны тіптен бөлек.
Әрбір жер басып, жеке тіршілік етіп, өзін-өзі ұстап жүрген адам өз жолын білетін Колумбының каравелласы екені анық. Бұл арада мен каравелла деп дене мен ақыл-ойды айтып отырмын, ал оны қозғалысқа келтіретін желкен — тіршілік ету. Ал тіршілік ету дегеннің өзі іс-қимылды білдіретін ұғым ғана, ал өмір айдынында кеменің барлық құралдарын — корпусын, желкенін, шоқжұлдыздарды пайдалана отырып, нағыз ерлерше өмір сүру дегеніңіз мүлдем бөлек нәрсе. Теңізде жүзетін құрал-саймандарға өмір сүрудің құрал-саймандарын метафора етіп теңеуге болар, әзірге оны қозғамай қоя тұралық, өйткені, ақыл-ой (сана) мен тәжірибе тізгінін ұстау оңайға соқпайды, олар бейнелі нәрселерге сенгіш келеді. Әр адамның өмірін қайда және не үшін кетіп бара жатқаны белгісіз теңіздегі жалғыз кемеге теңейтін болсақ, ол сырттан қарағанда ғана бәрі дұрыс сияқты болып көрінеді, ал оның алдында қандай қауіп-қатер, түнек, болжап болмайтын тұман тұрғанын ешкім білмейді.
Жолға шыққанда ештеңеге де арқа сүйей алмайсың, кеменің корпусына да, желкеніне де сенім артуға болмайды, ондайда тек маңдайға жазған жазмышқа ғана сенесің, күш иіні әрқашан өз орнында болуы тиіс. Ал ол кеменің сыртында емес, оның ішінде болуы керек. Егер күш иіні кеменің корпусына ауып кетсе, онда кеменің суға батқаны дей беріңіз. Мұндай жағдай теңіздің тыныш кезінде, жақсы ауа райында да болуы ғажап емес.
Мен "Рухтың үрейден, елестен, көнеліктен арылуы" ("Освобождение духа от страха, иллюзий, архаики") деген бұдан бұрынғы кітабымды жазған кезде тағдырды теңіз жорығына теңеуді білген жоқ едім, ержүректік туралы ойлағанымда, ержүректік дегеніміздің өзі адамның өзіне-өзі сенуі, өзінің күшін, қабілетін, түсінігін, ақыл-ойын, бәрін-бәрін ішкі әлемінде басқара білу екендігін түсіндім. Сол кітапта мен тағдырдың жазуы (жекелеген өмірдің бақыты) дегеніміз жинақылық, бар күш-мүмкіндікті жұмылдыру, мақсатты айқын қою екендігін түсіндім. Қорқыныштан, елестен және көнеліктен олардың байыбына бару арқылы арылу керек. Егер ақыл-ой құр елеске берілген болса, онда менің тағдырымның күш иіні менің өмірімнен тыс болатындығына көзім жетті, мұндай жағдайда менің өмірімнің шаруасы бітеді. Мен бұдан бұрынғы кітабымда тағдырыма төнген қауіп-қатердің алдын алып, оны күйреуден құтқаруға күш салдым.
Мен онда күш иінін қалыпқа келтіргеннен кейін, менің каравеллам орнықты болғаннан соң, мен енді адам деген керемет атқа лайықты болу жағын ойлай бастадым. Өзінің шамасын білетін адам, барлық заттардың шын мәніндегі өлшеміне сай келетін адам дүниеде өзінің түсінігі бойынша әрекет етеді және дүниені түсінуіне сәйкес өзінің жолдағы ұстанған бағытын сағат сайын нақтылап әрі түзетіп отырады.
Кеңістікті сыртқы және ішкі деп бөлу
Қауымдық немесе ұжымдық дәуірде болсын, қай дәуірде де бұл кеңістік бір кеңістік болды, өмір дегеннің өзін адам демалатын ауамен салыстыруға болады. Оның ішіндегі де, сыртындағы да бір ауа. Өмірдің ішкі және сыртқы ауасының бірлігі ұжымдық моральді дүниеге келтірді, бұл мораль әлі күнге дейін өз дегенін істемекші. Бірақ оның өзі елес сияқты әсер етеді. Ұжымдық моральдің әлсіреуі ештеңемен салыстыруға болмайтын қорқыныштың күшеюіне әкеп соқтырады. Ұжымдық қуат бірлікте болып, күшейіп тұрған кезде қорқыныш бұғауланып жатты, ал ұжымдық көнерген кезде қорқыныш ұжымдық моральды баса көктеп кетті. Зұлымдық қайырымдылықты ығыстыратындай болып көрінеді, ал шын мәнінде Қайырымдылықты тұқыртатын Зұлымдық емес, сенімді бұғалықтайтын қорқыныш болып табылады. Сондықтан сенім де ұжымдық артықшылыққа ие, бірақ оның қайда кеткені тағы белгісіз.
Дәуірдің алмасуы кеңістікті ішкі және сыртқы деп бөлуден көрінеді. Енді сыртқысы дүние деп, ал ішкісі өмір деп аталатын болды. Ендігі жерде өмір сыртқы кеңістікте жаратылмайды, онда тек пәні мен нысаны ғана қалды. Мен бұрынғы кітабымда сыртқы кеңістікті Болмыстың пәні деп атадым, ал мына жерде мен оны түпсіз тұңғиық және шексіз иірімге теңеймін. Сондықтан иірімнен аман-есен шыққан "Санта Мария" каравелласының жүріп өткен жолын көзге елестету қиын емес. Күн артынан күн, ай артынан ай өтіп, жыл артынан жыл өтіп, теңізді, мұхитты, кесіп өтіп, штормдар мен тымықтарды бастан кешкен желкенді кеменің артында адам өмірі болуы мүмкін емес. Өмір кеменің ішінде, сол кеменің ішінде сенім, білім, ерлік қана басқарады. Кеменің ішінде қорқынышқа орын жоқ, тек команда ғана иірімнен алып шығады, иірімнің оны қалай жұтатындығын команда ғана біледі.
Енді тап сондай жағдай жағада да жалғасады. Енді жан сақтап, тірі қалған адамды "Санта Мария" каравелласы деп атаса болады. Иірімге өз еркімен кетпегендерден басқасының табаны жерге тиеді.
Мына бір көрініс көз алдыма келеді: түн, кеменің желкені де, сұлбасы да көрінбейді, төрт бұрышты иллюминатордың сары түсті жарығы ғана көзге шалынады. Ал оның ішіндегі жағдай қалай?
Христофор Колумб картаға үңілген, бұл картаға онша үңілуге болмайды, өйткені, оған континенттердің бәрі бірдей ене қоймаған, ол өзі сене қоймайтын картаға қайтадан үңіледі, "апырау-осы мен осы қайдамын?" деп өзіне-өзі сұрақ қояды. Мен ертең қай жерге баруым керек? Желкенді кеменің жүріп өткен жолындағы түсірілген карта ғана дұрыс, ал алдағы жол бұлдыр.
Осы қараңғы түнде терезесінен от әрең көрінген кеме капитанның ғана ақыл-ойы және ерік-жігерімен ілгері жылжуда. Айнала қара түнек, жоғары да, төмен де тастай қараңғы, тек кемеден көрінген оттар ғана адамзаттың тіршілігінен хабар бергендей.
Осы бір көріністе мені Колумбтың сенімі таңғалтады. Басқа бір еркі күшті қандай адам болмасын осындай қиын сәтте күмәнға бой алдыруы әбден мүмкін. Айнала тастай қараңғы. Тап осынау қиын сәттегі көріністе тек Колумб ғана адамзатқа деген сенім күшіне сене білді.
Қазіргі жоғалып кетпей, тіршілік етіп жүрген адам драмасының көрінісі, міне, осындай. Қараңғы түнектегі жарық сәуле өзінің не өзгенің адасуын, қорқынышын білдіретіндей. "Санта Мария" тәрізді жарық сәуле болды делік, бірақ өзінің жандүниесін басқаратын жарық өзіне деген сенімнің аздығынан жолынан адасып, жететін жеріне жете алмайды.
Жеке дербестік — бұл түнгі мұхиттағы "Санта Мария". Жеке дербестіктің әмірі маған тыныштық бермеді, "осы өз ғұмырымда нағыз, лайықты адам болу маған бұйырмаған ба?" деген сауал мені үнемі мазалаумен болды.
Мақсатқа қол жеткізу — бұл жетілгендік дәрежесін білдіреді. "Санта Мария" каравелласы — жетілгендік белгісі. Христофор Колумб — жетілгендік белгісі. Тіршілік етіп, жер басып жүрген адам — өз тағдырының шағын не ауқымды кеңістігіндегі абсолюттік шама, ал тағдыр жалғыз әрі дара билік ететін менің өмірімнің қандайда бір кеңістігі десе болады.
Сыртқы дүниенің иірімі
Ендігі жерде сырттай моральдық жағынан топтасқан ұжым жоқ. Ал адамдарды баяғы кездегідей бір топқа шырқ үйіруге қойылған ескі нанымның қарақшысы да жоқ. Ұжымдық бірігудің күні өтті, жеке жарық сәулелердің күні туды, оны Жаратушы өзінің жаратқандарының бойына қалыптастырады. Бұрынғы өзгеріске түспейді дегендер өзгерді, соларға сәйкес немесе сәйкес болмайтын бақыт немесе қайғы-қасірет адам жанынан орын алады. Жаңа заманның түсініп болмайтын жақтарынан қорыққан мен өзімнің маңайымнан ұжымдық моральдің константтарын іздеп әуре болдым, тек сөзбен ғана құрылған бос әурешілік константтың қауызын ғана таптым. Сыртқы дүниеден арқа сүйейтін әрі сенімді ештеңені де таба алған жоқпын.
Қазіргі кезде ешкім де ешкімге ешқашан қол ұшын бермейді, демек бұл өмір топтық құбылыс болудан қалды деген сөз, өміршеңдіктің бір-бірінен айырып болмайтын, бірін қуаттандырып, екіншісінің құр сүлдері қалатын бір денеден екіншісіне еркін ауысуы тыйылды.
Сонда бұл қалай таусылады? Оның себебі не? Оған жауап әлі жоқ тәрізді. Таусылды, сонымен іс бітті. Ал қайбір кезде таусылған нәрсе басқа бір нәрсемен ауысады. Таусылды деп ешкім де айтқан емес.
Маған тіршілік ету қиын болған кезде өз өмірімді кемсіткен мен емес. Мен өз тіршілігіме қиянат жасаған емеспін, оған уақыттың өзі әмір етті, демек енді басқаша өмір сүру керек. Қалай өмір сүру керектігін айта қоятын уақыт шіркінде тіл жоқ, уақыт жағдайды өзгертеді, оны біз қиналатын кез не дабыл ретінде қабылдаймыз. Оған толыққанды жауап беру жауап берушіге байланысты және жауап беруге одан әрі қарай қалай тіршілік ету сапасы байланысты болады.
Ендігі жағдай мынадай сипат алады, жеке тірлік еткен әрбір адам өзін мән-мағынасы жағынан Марспен, Плутонмен, барлық құдірет атаулымен салыстыруы тиіс. Енді жеке рухани субстанция материалдық түрдің тасасында өзін кемсітпеуі керек. Адам тұтастықтың бөлігі болды, адам өзінің шама- шарқын қоршаған ортаның ауқымымен де, бойындағы күш-қуатымен де өлшеді. Сондықтан топқа енуіне тура келді.
Қазір біздің заманымызда сыртқы дүниеде бұрынғыдай жылы алақан табының сезілмеуі жанға ауыр тиеді. Ендігі жерде сыртқы дүние — иірім, онда біздің арман еткеніміздің бәрі бар, бірақ ол алдамшы үміт; иірім бізді еміксіте түседі, бірақ оның өзі құр далбаса, жаныңыз жақсылықты күтумен құлазиды; бұл елестер шақыратын иірім.
Бір қарағанда күтуге, елеске, үмітке сенушілікте тұрған ештеңе жоқ сияқты. Тіпті одан қауіптенудің де қажеті шамалы делік. Бірақ біздің заманымызда күту, үміт, елес ұжымдық уақыттың күтуіне, үміті мен елесіне мүлдем қарама-қарсы құбылыс. Оларда тек атауы ғана бір, әйтпесе мән-мағынасы оір бірінен мүлдем алшақ жатыр. Біздің заманымызда үміт пен күту ешқашан жүзеге аспайды, бұлар бізді көрер көзге мойытып, біздің тірлігімізді мүжи береді. Олар өмірдің бәрін жалмап қоюға дайын, ал одан ешкімге келіп-кетер қайыр жоқ.
Шындығында бұл қажеттілік емес. Қазіргі кезде ұжымдық моральдан жұрдай болған сыртқы кеңістікте қасиетті ештеңе қалмады, онда тек бірыңғай материалдық қалқиған қарақшы кейпіндегілер ғана тіршілік етеді.
Дербестік мораль күші әлі әлсіз, ол әзірге берік қалқан бола алған жоқ — сондықтан оған сыртқы дүние әрекеті жарақатын салады. Енді тіршілік атаулының бәріне өмір сүру оңайға тимейді, бірақ сол ауыртпалық әділеттік тұрғыдан болмаса қайтесіз. Бұл дәуір алмасуы, сыртқы дүние ала-қанына салып аялаудан қалған кезде біз басқаша өмір сүруге бейімделе алмай дал боламыз.
Адамның қазіргі болмысы
Қазіргі болмыстың өзіне тартатын күші бар. Қазіргі болмыс оның белгілері бар адамды жұмбақ етіп керсетеді. Қазіргі болмыс белгілері бар, бірақ олар мүлдем түсіндіруге болмайтын нәрсе. Басқа адамның қазіргі болмысын түсіне қою қиын, өйткені, ол адамның ішіне үңіліп, оның ішінде не жатқандығын білу мүмкін емес.
Қазіргі болмыс — жеке рухани жарықпен жан-жақты жарықтандырылған жеке өмірдің шағын немесе үлкен кеңістігінен басқа ештеңе емес.
Қандайда бір адам өмірінің қазіргі болмысын жай көзбен де байқауға болады, нағыз адамның өмірі түсінікті, оның істеген әрекеттері бөтен адамның көзқарасы тұрғысынан көңілге қонымды келеді. Нағыз адамның ертең не істейтіндігін, қойылған сұрақтарға қалай жауап беретіндігін алдын ала болжап айтуға болады. Нағыз адамның өзге жаратылыстан ерекшелігі жер мен көктей, ол тиісті қатаң қажеттілікке орай өмірден өз орнын табады, ол жарық сәуле және көктің денесі ретінде пайда болады. Бір адам көк әлеміндегі Юпитер сияқты көктің бір денесі, олардың шын мәнінде мән-мағынасы бірдей. Юпитердің идеясы оның бет-бейнесінің артында жасырынып тұрады, ал нағыз адамның идеясы басқа адамдарға жұмбақ. Нағыз адамның ішке бүгілген идеясы, сонымен бірге өзгеге берілетін идеясы сол нағыз адамды Юпитер сияқты өзіне тартып, өзін зорайтып, сенімді әрі тартымды етіп көрсетеді.
Қазіргі болмыс — бұл нағыз қол жеткен жетістік. Әрбір қазіргі болмыс бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Гандидің қазіргі заманғы болмысы және Че Геараның қазіргі заманғы болмысы мән жағынан өзара салыстыруға келер, бірақ олардың шатыстыруға болмайды. Өйткені, қазіргі болмыс — табиғаттың берген сыйы емес, жеке тұлғаның жеткен жетістігі.
Қазіргі болмыс - осы адамға Жаратушының ұсынған өмір сүру салты идеясымен нақты өмірдің үйлесімдігі пайда болатын жетістіктің бір түрі. Нағыз адам Жаратушының қалағанын жүзеге асырады. Міне, сондықтан да нағыз адам өзінің іс-әрекеті мен сөздерінің біле отырып, мейілінше жұмбақ, сиқырлы және түсініксіз әлем болып көрінеді.
Жаратушы ешқашан да адаммен бірге жұмыс істемейді. Қазіргі болмыс — бұл жеке жетістік, бұл жеке ерлік. Жаратушының табиғатпен ғана ісі бар, Жаратушы адамды жаратты, бірақ Жаратушы — ұжымдық дәуір дербестікке алмасқаннан бері қарай басқаша сипат алды: табиғатынан адамға тән нәрсе адамзат жетістіктерін біздің өзімізге кері берді (әрине, бұл күні кеше болған жоқ, дәуірде аумақтағы сияқты шекара болмайды; дәуір — бұл жаңа үрдістер, оны біреулер қабылдай алады, ал екінші біреулердің оған шамасы жетпейді; дәуір шекарасы иректелген әрі көзге көрінбейтін нәрсе.) Талай надан прозашылар Чехов сияқты жазғысы келіп талпынды, бірақ онысынан ештеңе шыққан жоқ, өйткені, Чеховтың әр әңгімесі оның өзінің сол сәттегі болмысына, барлық заттардың нақты өлшемінің жай-күйіне баратын жолдағы өзінің жеке іс-әрекеті. Қазіргі болмысты сол күйінде айна-қатесіз қайталай қою кімнің болсын қолынан келе қоймайды, өйткені, Жаратушыда кездейсоқ ойлау болмайды, қайталау да оған жат. Біз бір жерде тұрып, бір құбылысты не жағдайды әртүрлі сезінеміз, себебі біздің әрқайсысымыздағы ішкі ми әртүрлі, өзіндік ерекшелікке ие. Осыған байланысты бір және сол кезеңнің шығармаларын бір-бірімен салыстыра қаруға мүлдем болмайды. Жағдайға қатысты ерлік шын болуы мүмкін, өмірдің бетіне тура қарау — міне, осылар ғана қазіргі болмысқа баратын жол үшін ортақ болып есептеледі.
Енді біз, Жаратушы және тірі адамдар, қатар тұрып еңбектенеміз, біздің атқаратын міндеттеріміз қиылыспақ емес. Жетілу ендігі жерде жеке адамның өзінен басқа ешкімнің де ісі емес. Дарвинизм заңы бойынша өзгерістер, әдетте оның артында әрқашан Жаратушының қамқорлығы тұрады, жекеленгендер арасында бола қоймайды. Бұрын ұжымдық дәуір кезеңінде дарвинизм адамзат табиғатында болғандай көрінді, бірақ жағдай өзгергеннен кейін ұжымдық табиғат шет қалды, міне, сондықтан да шарасыз қалғандар қатары көбейіп кеткен секілді. Енді ырық бермейтін дилема күшіне енді: не адам, не тотальды ешкім емес. Ұжымдасуда ешкім бола алмауың мүмкін, бірақ бақыттың пұшпағын иеленуге болады; енді тағы да ешкім бола алмайсың, сонымен қатар бақытқа да қолың жетпейді. Бақыттың құны шарықтап кетті, ал бақыттың мәні бұрынғыдан да асып түсті.
Қазіргі болмыс бір орында тұрмайды, қазіргі болмыс қана дәуірлер арасындағы ирелеңдеген шекараны сызып береді; иректің шығыңқы жері — нағыз адамдардың іс-әрекеті, бұл адамзатқа жатпайтын ортадан адамзаттың жарып шығуы. Адамзат табиғатының батылдығы, шалт қимылы, шексіз берілгендігі иректің шығыңқы тұсында — алғы шепте шоғырланады. Нағыз адамдар әрқашан Бүгін мен Ертеңнің арасындағы көзге шалынбайтын қырларында жүреді, үнемі тәуекелге барады, және Ертең бір жерден жарып шығады.
Нақты адам: нағыз және керемет
Қазіргі болмыс туралы сәл көтеріңкілеу айтсақ керек, қазіргі болмыс дегеніміз кейін біреулерге ескерткіш қоятындай тағдыры сияқты болып көрінетін шығар. Бұл қазіргі болмысты біздің тіршілік аямыздан алшақтатып жібереді, жалындаған жас кезімдегі бағыт-бағдар ұстай алмайтын жағдайды еске түсіреді. Қазіргі болмыс онда еліктеу құралына айналды: ол кітаптарда, суреттерде, пластинкаларда болды; қазіргі болмыс қолға түспей, оның бейнелері жастық шақты азапқа салып, өзін төмен санауға әкеп соқтырды. Бұл өте сұмдық нәрсе. "Освобождение духа от страха, иллюзий, архаики" атты кітабымда жазғандықтан оны қайталап жату артық болар, одан тек мына жағдайларды еске сала кетсем деймін: мен осыншама жасқа келгенімше адамды кемсітудің, оны төмендетудің небір түрлерін көрдім, нағыз, керемет адамды үлгі тұтып, тірі адам оған әрқашан төменнен жоғары қарау керек болды, кітаптағы адамдарға қарағанда тірі адам әрқашан өзін тобырдың бірі сезінді.
Күнделікті нақты адам ешқашан лайықты идеал бола алмайды — ұжымдасушылық және жалған ұжымдасушылық мәдениеттің тірі адамға деген көзқарасы, міне, осындай. Тірі адам өзіне деген ондай қатынасты өзінің қарапайымдылығынан көреді.
Қарапайымдылық келмеске кетті. Бұрынғы басқа да ұжымдасушылықпен бірге иірімнің бөлігіне айналды. Уақыт аралығында адамға деген ешқандай да, жақсыға да, жаманға да жатпайтын ұжымдық қатынас болды. Уақыт аралығында қатынас принципті ұжымдық қатынас, адам үстінен қарайтын ұжымдық сот жоқ жерге бастайды, тек өзіңе ғана қатысты қатынас бар бар, оның қарапайымдылықпен ешқандай байланысы да жоқ. Мен осы идеяны жан-жақты саралай келіп, оны жақтаймын, бұл екіге екі қосқанда төрт болады дегендей қолға ұстап, көзбен көретіндей идея болып табылады.
Адам өзінің қадірін білмей өмір сүруі мүмкін емес. Біртұтас, алғашқы қауымдық ұжымда қатынас әрқашан да игілік атаулыға бағытталды. Жалған ұжымдасушылықта игілік ұжымға тиесілі болып көрінеді, бірақ оны сыбайластық арқылы иеленеді және бөліске салады. Жалған ұжымдасушылықта игілік — қоғамдық қатынастарды емес, оның суррагаттарын байыту.
Тұғырдағы емес жария қатынас маған жөн тәрізді; егер адаммен ұжым (жалған ұжым) арасында арақатынас болса, онда олардың арасында тұратын белгі — бұл тепе-теңдік, көп немесе аз дегенді білдіреді.
Мен = (лайықтымын), өзімнің ұжымыма тең боламын.
Мен жай ғана орындаушымын < Ұжымнан төмен
Мен - өз халқымның батырымын! > Ұжымнан жоғары
Ұжым бар жерде, адам бар, демек әркез олардың ара-қатынастары туралы белгілер болады, бірақ қатынас болмаған кезде, ұжымдасушылық арақатынас та болмайды. Енді адамның немесе ұжымның ондай арақатынасын жасауға бірдеңе жетіспейді. Міне, осының өзі менің басымның әңкі-тәңкісін шығарды, иірімге батып кетпес үшін неден қарману керектігін ойлаумен болдым.
Бұл арада қателесуге болмайды. Жарық бар кезде ғана жарық. Жарық болмаса, қараңғы. Айналасындағылар жеке адамның өмір сүруіне көмектессе, жарықтың болғаны деп есептеу керек. Мен өзіммен өзім қалған кезде жарық та болмайды. Ал жарық болмаса дүниенің мәні болмайды. Бұлар ұжымдық елестер емес пе еді, олар ішкі күшті билей алмайды. Ол көрген түстей күнмен бірге кете салмайды. Өмір емес, барып тұрған сандырақ.
Сандырақтап тұрып керемет адам боламын деу мүмкін нәрсе емес. Елес қуған адамдар арасында да керемет адам боламын деу бекершілік. Елес кезген дүниеде кез келген адам "керемет" адам бола алмайды. "Адам-ұжым" қатынасына басқа бір нәрсе енгізу керек.
Бұл "Санта Мария" каравелласының төрт бұрышты иллюминаторындағы жарық.
Мен осы бір көрініс туралы ойлағанды жақсы көремін: түн, тымық, көрінбейтін кеме. Тек сары түсті жарық қана мұқит бетінен көрінеді. Артта қалған көрінбейтін жол, алда бұлдыр жол, ертең жүріп өтетін жолды қазірден бастап ойластыру. Ал келесі түнде бүгінгі күн туралы ұмытып, ертеңді ойлау.
Мен осындай сәтті күн сайын басымнан кешіремін. Менің сыртқы кеңістігімде ешқандай гравитация жоқ, барып қону бақыты бұйыратын ешқандай континент те жоқ, яғни Америка да жоқ. Дегенмен ол Колумбының саяхатына, жеке адам-жарық саяхатына өте ұқсайды. Мен өзімді каравелламен салыстырамын, өйткені, менің жолым да ерік-жігеріммен ғана айқындалады, басқалай сүйенер ештеңе жоқ. Колумб өз жолында жұлдызға да, теңізде жүзу құрал-саймандарына да сенбеді, онда ешқандай бағыт-бағдар болмады, оның алға жүруіне тек ерік-жігері ғана көмектесті. Егер Колумбының жағдайына қарап "адам-ұжым" (ұжым бұл арада — сыртқы дүние) арақатынасын қоятын болсақ, онда мынадай көрініс шығады:
Колумб > (басым) Индияға жол іздеу және соған байланысты бәрі
Мен ойға берілемін: мен ертең қайда боламын және қайда барамын, мен де Колумб сияқты өз қабырғаммен кеңесемін. Сонда.
мен, адам = (тең) менің жанымның жарығы.
Жан жарығын ұжымдасушылық жоққа шығарады, мен ұжымдасушылықта жан жарығынан тек ар-намыс талап етілгеннен басқасын есіме түсіре алар емеспін. Онда бәрін сыртқы жағдай айқындайды. Ұжымдасушылықта бір ауыздан "Адамның бір тал шашы Құдайдың әмірінсіз түспейді" делінді.
Мен = (тең) өзімнің жарығым тең түскенде, мендегі Мен (әлі де каравелламен теңестіру) маған берілген жарықты басқарады. Мен өзімнің жарығыма тең болған кезде, мен жағдайдың ағымына орай емес, заңды түрде кереметке айналамын. Өйткені, менің жарығым менің ойлап тапқаным емес қой, оны маған Жаратушы тарту етті және бұл — менің жарығымның өмірлік мәні — мен оны өзіме берілген жеке тапсырма ретінде орындаймын. Мен жарыққа сенгендіктен Жаратушының өзіне де сенемін.
Кереметтілік — бұл дүниедегі пендешілікке көнбейтін берілгендік. Кімде-кім өзінің өмір-жарығын батыл түрде жалғаса, сол кереметке айналады.
Иірім
Мұрагерлік патрицийлік (ақсүйектік) ғажап құбылыс болып есептеледі. Дүниенің нақты бөлшегі дүниеде таңғаларлық бір тіршілік иесінің болуына жол берсе, бұл дүниенің бір жарылқағаны деуге болады. Сондықтан өзге дүние өзінің патрицийлеріне күйдіріп таңба басты. Мәселен зиянсыз ғажайып бейнені жапсыру немесе темірді қыздырып таңба басу адамдықтан айыратын иірім күшін көрсетеді.
Мен Дон Кихотты неге алаңғасар етіп көрсетілгеніне көпке дейін түсіне алмай жүрдім. Мәнісін енді түсіндім: өйткені, Сервантес қалайша Дон Кихотқа өмірлік плебейлік иірім сирағынан келетіндігіне жауап таба алмады. Иірім оны плебейлендіре де, дөрекілендіре де алмады. Мұңды Бейнедегі рыцарь ең алдымен өзінің айналасындағылардан жоғары тұрады; бұл тіптен мүмкін емес нәрседей болып көрінеді — Адам > Айналасындағылардан (басым). Ондай күйді сезіну үшін біздің заманымыздағы бірден-бір лайықты нәрсе, осы жұмыспен айналысу деп білдім.
Айнала орта — бұл иірім, ал Адам — жан баспаған континентті ашатын жалғыз каравелла. Иірім — бұл плебс, жағдайдың құлы. "Оның бірден-бір мақсаты — жарық дүниеде өмір сүретіндер санын көбейту, және олардың көп болуы не даңққа, не мақтауға тұрмайды". Дон Кихоттың бұл айтқаны халықтың сенген ұжымдасушылығына түбірімен қарсы келеді. Дон Кихот халықтың маңызын мойындамайды. Дон Кихот нағыз дербес адам: өзінің жеке гравитациясы бар адам болса, Дон Кихот оған қолдан келген құрметін көрсетеді, кедейлікті көзге ілмейді.
Плебейлер — жағдайдың құлы. Ол онысыз-ақ жаратылған, онысыз да күнін көреді. Мәселен, тышқандар — егін даласының плебсі, егеуқұйрықтар — қасапхананың плебсі. Оның құрылымын, орналасуын інге теңеуге болар еді, ерлік іс-әрекет жасаған адам-плебей оған жұтылады, ондай ерлікке оның ішкі шын берілген патрицийлігі итермелейді. Осы тұрғыдан алғанда Санчо - плебейліктің нағыз көрінісі; оның даналық сөздері — плебейліктің тап-таза күйінде қайталануы.
Плебей мемлекеттік кеңесті басқара алады, өлең кітаптарын шығарып, алқалы мәжілістерде шешендік сөздерімен тәнті етеді. Солай болған және солай бола да береді. Дүниеде "плебей! патриций!" деп үкім шығаратын жоғары тұрған прокурор жоқ — өйткені, кім плебейленді, кім өзінде патрицийлікті сақтап қалды, онда Жаратқанның шаруасы жоқ; плебейлену болмай қоймайтын құбылыс — жер бетіндегі материалдық игілікке ұмтылыс та Жаратушының шаруасы емес.
Плебейлік — плебейлік тілеу иірімі. Мен иірім туралы көп ойландым, плебейліктің мәні — сол тілеуден туындайды. Патриций тілеуді білмейді, ол қажеттілікке орай әрекет етеді. Қажеттілікті орындау игілікті іс, әмбебап ерік-жігердің орнын бағалауға үндеу.
Иірім тек судағы қауіп қана емес, тіршілік атаулыға тіршілік иесі еместерге де қауіп-қатер төндіретін тас түнек. Бұл заттық дүниенің зұлымдығы. Түнек қатыгездік пен зұлымдық ғана емес, ол анталаған қорқынышқа негізделген түсініксіз құбылыс. Бұл Бердяевтің термині бойынша объективтендіру. Адам кез келген жағдайда тұтас механизмнің әрекет ететін бөлігіне айналуы мүмкін. Кез келген объективтендіруде адамның зұлымдықтың қолшоқпары болмау қолынан келмейді, бұл арада зұлым күштен қашып құтыла алмай, соның шырмауында қалады. "Бастық — бағынышты" объективтендірілген қатынастарда адам әрқашан қорқынышпен, үреймен өмір сүреді.
Мен қызметте болған кезімде айналамның бәрі "бастық-бағынышты" деп аталатын тікелей бағыныстағы қатынастарда болды. Ал өкшелеп қуған сыртқы күштің ықпалынан қызметттен кетпей құтылу мүмкін еместігін түсіндім. Мен ол кезде объективтендірілген қатынастарды ой елегінен өткізуге шамам келмеді, сондықтан объективтендірілген қатынастарды бұзып-жарып, әрең сытылып шықтым, яғни жұмысыммен қоштастым. Кәсіпорын механизмінде, сол механизмнің ішінде бола тұрып, горизонтальды тең құқықты қатынаста болу ақылға сыймайды. Одан күдерді үзу керек. Мынау дүниенің мәні "бар" және "жоқ" деген ұғымнан тұрады, не сен сол механизмнің ішіндесің, онда тамағың тоқ, киімің көк болады, бірақ үнемі үрейден арыла алмайсың, не сен механизмнің шырмауынан құтылдың делік, онда сен кедейлік қамытын киесің, бірақ енді ешқандай бастықтан қорықпайсың.
Бұл Қайырымдылық пен Зұлымдықтың абстракциясын түйіндеу болып табылады. Мен сол механизмнің ішінде болғанымда менің денем мен бар ақыл-ойым менің еркімнен тыс құрал болуға бейімделеді, өзімнің үрейленуім арқылы аспан астындағы зұлымдық атаулының қатарын көбейтуге қатысамын; зұлымдық нақты емес, түсініп болмайтын әрі көзге көрінбейтін бірдеңе, ол тек қауіп-қатер туғызады, ал оның өзі қорқыныштың сілтеуімен жүзеге асады; қорқыныштың айдауымен адам қолымен жасалатынның бәрі зұлымдықты көбейтуге көмектеседі.
Бұл иірім. Механизмдегі адам күн өткен сайын кішірейіп, ал ондағы қорқыныш сезім ұлғая түседі. Ал қорқыныштың жетегіндегі адамның іс-әрекет жасауға қабілеті болады деуге cенy қиын.
Іс-әрекеттің деңгейі
Егер Одиссейдің басынан кешкен оқиғаларға метафора ретінде қарайтын болсақ, біздің күнделікті Болмыста жиі кездесетін құбыжықтар және дәулермен жекпе-жек шыққан жеке адамның нақты өмірін көреміз. Сондықтан да өте қорқынышты циклоптар (жалғыз көзді дәулер), сирендер, Сцилла мен Харибдалар ертегі әлемінде ғана өмір сүрмейді.
Одиссей үнемі іс-әрекет етеді, ешқашанда іс-әрекетіне баға беріп жатпайды. Мына менімен тағдырлас адамдарға өзінің іс-әрекетіне есеп бермеу таңғаларлық нәрсе. Ол тек ерік-жігердің осалдығынан ғана емес деп ойлаймын.
Іс-әрекет — бұл есік. Оған кіру үшін етек-жеңіңді жинап, бар ой-санаңды соған діттеп алу керек. Ерік-жігер, идея бір арнада тоғысады. Идеяның жинақы болатындығы сондай, ол өзгеріске бейім келеді, тіпті түк болмағандай күйге де түсе алады.
Менің үнемі талмай тірлік етуімнің арқасында ғана менің өмірім аянышты халдерден айналып өтеді. Мен өз өмірімнің лайықты, тамағым тоқ, көйлегім көк болуына, басымда баспанам болуына алаңдай бермеймін, өйткені, оның бәрі адамның өзіне байланысты, жеке адам өмірінде сырттан ешқандай көмек келмейді, бәрі де ішкі жан-дүниеңе байланысты. Құдай дүниені қалай жаратса, адам да сол сияқты өз өмірін өзі құра білуі тиіс.
Іс-әрекет — идеяларды жүзеге асыру, идеяны материалдандыруды күшейту және іс-әрекет нәтижесі. Менің іс-әрекетіме қатысты одан әрі қарай ештеңе жоқ. Онда тек бос кеңістік. Мен іс-әрекетті бастарда Сол Сәтте — Осы Жерде — Барлық Күшіммен кірісемін. Іс-әрекетке кірісерде мен әдеттен тыс тұтастыққа айналамын. Алдыма қойған мақсатқа жететініме сенемін. Бір нәрсені бастайтын болсам, "жоқ" деген сөз болмайды. Алғашқыда мен оны бақытты жағдай, бақытты күн деп ойлағанмын, ешқандай бақытты жағдай болмайды, болуы да мүмкін емес. Іс-әрекетке кірісерде ешқандай нәрсеге үміт артуға болмайды. Егер нәтижеге жететін жолды батпақпен салыстырар болсаңыз, онда үміт дегеніңіз ұйық, онда малтығып, үмітпен ілгері ұмтыласыз.
Іс-әрекетте өзіндік мәдениет бар. Бұл іс-әрекетті күшейте түседі. Бұл орайда Чеховтың әңгімелері мен оған еліктегендердің шығармасымақтарын еске түседі. Чехов әңгімелерінде ерлік қуатты сезінемін, ал оған еліктеушілердің шығармаларынан тек қызмет етушілікті ғана көремін; іс-әрекет мәдениетінде жарқырап тұрған жарық сәуле бар, ал алда тас түнек тұр. Іс-әрекетті жүзеге асыру кезінде жарық пен түнекті көру мүмкін емес, бірақ іс-әрекет күшейген сайын идея кедергіні ығыстыра түседі.
Іс-әрекет идеясы идеалдан келіп шығады, сондықтан оны арман деп атайды. Әрбір іс-әрекет — арманның бөлігін жүзеге асыру, және әрбір іс-әрекет оны жасаушыны жігерлендіреді және қуат береді. Идеалдың идеясын жүзеге асыру идеалды толықтырып, оны бұрынғыдан да тартымды ете түседі. Идеал іс-әрекеттердің көп идеясы ретінде іс-әрекет жасауға итермелейді, ал жасалған іс-әрекеттер оны жасаушыға қуат бере отырып, оны идеал рухтандырып жібереді.
Үнемі ілгері бастаушы идеал — адамның жеке түрде жетілуінің бейнесі, қоғамдық қатынаста іс-әрекет екінші орынға шығады, өйткені, іс-әрекет ол жеке адамның ісі, бұл арада мен қоғамдық идея тұрғысынан айтып отырмын. Мен жекелеген адамның іс-әрекетіне ұжымдық берілген бағаға сенбеймін, іс-әрекет жұртшылықтың берген бағасынан әлдеқайда жоғары тұрады, оны шын мәнінде бағалай қою мүмкін емес, ол да жетілу деңгейін бағалауға болмайтындығы тәрізді; іс-әрекет жаңа өмірлік кеңістік жасайды - кешегі бос жатқан кеңістік пен түнек, кешегі жыртқыш аң кезген жер бүгін қауіпсіз әрі адамға қолайлы орынға айналады. Адам қолынан келетін нәрсенің бәрі онда үйлестірілген. Жасампаз іс-әрекет Колумб тақылеттес адамдармен жасалады, тас түнекті ығыстырып, орнына жарық әкелетін іс-әрекет Жаңа Дүние мәнінен бір де кем емес десем артық айтқаным емес.
Адамға айналу әлемінің контуры иректеліп келеді, оның шығыңқы өткір ұшы жекелеген адамдардың әрекеті болады, онда Бүгін мен Ертең арасындағы нағыз шекара жатыр. Өмірдің ирек кеңістігінің ортасында ештеңе жоқ, ол озық адамдар жер асты жұмысшылары сияқты ілгері қарай жылжыған сайын Түнек ығысып, бос кеңістік ұлғая береді; ортасында тарих қалады, атқарылған іс-әрекеттер туралы аңыздар қалады. Онда өздігінен іс-әрекет ете алмайтындар үшін дайын идеялар болады. Бұл өмірдің иірімі, желкенін керіп жөңкіліп бара жатқан кеме ізінде қалатын көбікті жол; оның ізіне плебейлер жармасумен болады.
Мен бұл параграфты белсенді адамның жолын Одиссей жолымен салыстырудан бастаған едім, өйткені, Одиссейдің басынан кешкендерін кітаптың соңынан бастап қарасақ, оның әу бастан жолын бастаған кезде-ақ жеңіске жеткендігін байқау қиын емес. Одиссей әрбір қауіп төнген жағдайда өзінен бір тылсым күш тауып, жаудан басым түсіп, өзін жоғары көтерумен болды. Ол жеңіс әкелген қару емес, керісінше Одиссей өмірінің өлшемі — Одиссейдің нақты өмірде қолынан келетін іс еді. Бұл аңызда арман туралы, іс-әрекетті күшейту мәдениеті туралы, адамның жеке тұлғасын жетілдіру туралы айтқандарды кездестіре алмайсыз, өйткені көне мәдениет ішкі қозғалыс туралы білмегендігін түсіндім. Міне, сондықтан да Одиссей өзінің жеңістеріне және өзінің жетілуіне бірден тең түседі. Ал рух басқаратын жерде қозғалыс мәдениеті, идеал қозғалыста болады.
Шын мәнінде идеал жүректе болады, ол іс-қимылға байланысты өрбиді. Идеал адамның өзі бола алмайтын жерден көрінеді. Бұл жетілген моральдың өзіне қарағанда ауқымды келеді. Ол тарихи да, әлеуметтік те құбылыс емес, ол сыртқы дүниемен де айқындалмайды. Идеал — бұл мистикалық нәрсе.
Өмірдің шын мәнінде ғажайып нәрсе екендігін іс-әрекет көрсетеді. Маған бұрын-соңды таныс емес өмірімнің кеңістігіне есік ашылады.
Таңылған мәдениет
Таңылған мәдениет негізіндегі іс-әрекет қарсылығы іс-қимыл кеңістігі ғана емес, сонымен бірге өзіңе және дүниеге залал келтіретін қызмет. Мен Таңылған мәдениетті қызметте жүргенімде байқадым. Жұмысқа келе жатқанда арқанды резеңке қысып тұрғандай сезінесің, жұмысқа жақындаған сайын әлгі резеңке бұрынғыдан да тартыла түседі. Жұмысқа келе жатқанымда бұрынғы батылдығым, өзіме өзімнің сенімділігім жайына қалды.
Таңылған мәдениет өмірдің қалыпты ортасы болып көрінеді. 1989-98 жылдары мен "Человеческие последствия испытаний ядерного оружия в Казахстане" кітабын жаздым. Бұл өте қиын жұмыс болатын: бэр, рем, беккерель, кюри, экспозициялық доза, астеникалық синдром, созылмалы сәуле ауруы, қалыпты антропологиялық көрсеткіштер, салыстырмалы статистика — бұның бәрі менің тоғыз жыл бойы зерттеген ақпарат материалым еді. Мен ауада және жер астындағы ядролық сынақтардың адам мен табиғатқа тигізген әсері туралы мәселелерді жүйеледім. Сол жылдардағы құпия медициналық есептерде адам шошитын мәліметтер кездеседі. Мен атом бомбасының аспанда таралған саңырауқұлағын көрген емеспін, аяғымның астындағы жердің дірілдегенін де бастан кешкен жоқпын, бар болғаны арада 40 жыл өткеннен кейін оқиғалар туралы есепті оқыдым. Сол кезде болған, адамдар көзімен көрген оқиғалармен арамызда 40 жыл жатты, осы уақыт кеңістігіне қарап мен Мәдениет шындығының болатындығына күмәндана бастадым.
Таңылған мәдениетті кітаптардан оқыдым — бұл тіршілік атаулыны тіршілік емес нәрселердің басқару ортасының мәдениеті. Бұл адамдардың тіршілік иесі болып саналмайтындармен теңесуі және басқаша болуы да мүмкін емес деп есептеледі. Мен жергілікті жердегі шындық көз алдынан өткен ондаған адамдармен сөйлестім, олар өздерін діңкелеткен мәліметтер туралы әңгімелеп берді, олар ол кезде болған оқиғаны ой елегінен өткізбей, оны тек суреттеумен ғана шектелді. Таңылған мәдениет те тірі адам мен тіршілік иесі еместер теңдеуіндегі сандар тәрізді болып көрінді. Адамның денесі + радиация = сәуле ауруы. Бұл арада ақыл-ой таңылған нәрсенің шекарасынан аттап кете алмайды. Бұл таңылған мәдениетті игеру өте күрделі мәселе. Ондай таңылған мәдениеттерде адам бәрімен де ауырады, денесі мен жаны азаптанады, бірақ ақыл-ой оған ешқандай ақыл бере алмайды, өйткені, біріншіден, ядролық физика мен биологияның таңылған болмысының тәжірибесін ұғына алмайды, екіншіден, оған таңылғандарды түсінбегеннің өзінде оған қарсы шыға алмайды, бірақ таңылғанның шекарасына қатысыты болады, өйткені, адам денесі + радиация — бұл құбылыс, ол өзінің геометриялық жағдайы бойынша ақылмен жақын тұрады.
Мен таңылған мәдениетті бірден байқағаным жоқ, адамдар таңылған нәрсені елемеді. Мен бұл жерге (полигон өңіріне) жолым түсіп бір тойға келген болсам, мұндағы аспанда тіршілік атаулыны жоятын жарқыраған жарық болатындығын білмес едім; тіпті поселкадағы атом сәулесіне ұшыраған ментальды және физикалық жағынан мүгедек болған балаларды көрсем де оған онша мән бермеген болар едім, себебі мүгедек балалар қай жерде де кездеседі ғой. Мен өткенді еске түсірейін деп поселкені араладым. Таңылған мәдениетке жұрттың көндіккенін көрдім.
1998 жылы мен кітапты жазып бітірдім. Оның тақырыбын қойып, алғы сөзін жазып болғаннан кейін жан дүнием қаңырап бос қалғандай көрінді. Мен түңіліп кеттім. Мен осы кітапқа барымды салып, терімді төктім, ал кітап маған ештеңе үйретпеген тәрізді. Сол күндерінен өмірден баз кешіп, өзімді бұл дүниемен қоштастырмақта болдым, бірақ менің кеудемде берік қалқан тұрды, ол менің жүрегімді қорғайтындығын білдірді, бірақ жүректе қанша дегенмен үрей жоқ емес.
Келесі шығармамды 1999 жылдың көктемінде бастадым. Онда кеңестік дәуір туралы "Тазик баланды" деп аталатын тарау бар. Мен кеңес кезіндегі өмірді балалар классикасымен салыстырдым, өйткені, кеңес дәуірінде тірлік етудің өзі нұсқаулы болумен жүзеге асты. Егер курортқа баруға нұсқаулы болу жоқ болса, онда курортта демала алмайсың. Жоғарыдан нұсқау болмаса жаңа лауазымға да ауыса алмайсың.
Ал классикада болу — таңылғандарда болу деген сөз, ол былайша құрылған:
Адам < өзінің Бастығынан әрқашан қорқады (аз да болса);
Адам < өзінің жұмыс орнынан әрқашанда маңызды емес;
Адам < әрқашан ертеңгі күннің бос абстракциясынан қорқады;.
Адам < адам қатты ауырып қалудан қорқады — сауығуға әлі жетпейді;.
Адам < өзінің жақындарының қамқор көмегінен айырылып қалудан қорқады;.
Адам < жиналыста өзінің ренішін айтудан қорқады;
Адам < өзін қоршағандардың бәрін арамза көріп, олардан қорқады және жек көреді.
Бұл теңсіздікті қысқаша былайша сипаттауға болады: "Адам < өзі тірлік ететін (аз) Дүние. Таңылған мәдениеттегі таңылған нәрсе берік келеді; Таңылған мәдениетте кез келген сырттан айтылған ұсыныс ақымақтың ісіндей көрінеді, оған "бұл шешіліп қойылған! регламентте бәрі көрсетілген!" сонымен іс бітті.
Сонда мынау теңсіздік дүниесінде ұжымшылдыққа орын қайсы? Рухпен емес, ақылмен әрекет ететін жерде ұжымшылдық та болмайды. Бұл таза объектившілдік, онда адам әрқашан күні түсетіннен төменшектеп тұрады.
Таңылған мәдениетте барлығы бар: тау-кен карьері, металлургиялық зауыттар, фабрикалар, әкімшілік, ғылыми және мәдени мекемелер, ауруханалар, кітаптар, телевидение, театр, көпшілік серуен, мерекелер, — мәдениет атаулыға қатыстының бәрі кездеседі, бірақ оның бәрі таңылған түрде болады. Бұл мәдени нысандардың әлемі, олар іштей сандармен бекітілген; бұл дүние сол өзіндей қатынастардың бос нысандары, онда адам сол жағында, ал нысандар оң жағында болады, онда адам әрқашан кішкентай, ал нысандар әрқашан үлкен.
Таңулар өзін қаншалықты жоғары дәрежеде көрсеткенімен, онда мистикалық ештеңе жоқ. Таңылған мәдениет кәдімгі мәдениетте болатынның бәрін иеленеді.
Таңылған мәдениеттің қатерлі күші
40-50 жасқа келген ер адамдар өмірінде өзгерістер неге орын алады деп ойлаушы едім: олардың арасында біреулері ерте дүниеден озады, енді бірі маскүнемдікке салынады, тіпті адам кейпінен айырылатындар кездеседі. Ұйқысынан оянбай инфаркт болып қайтыс болыпты, сөйлесіп тұрғанда аяқ астынан өліп кетіпті, мас болып терезеден құлапты... тәрізді оларға қатысты жайсыз хабарларды естіп жатамыз. Сонда оларға не болды деген сұрақ мені мазалады. Байқасам, 40-50 жаста ер адамдар кемеліне келіп, енді бұрынғысыша балаң күйде болып өмір сүре алмайтын дәрежеге жетеді. Ал ол қалыптасқан балаң жастың өмір салтын өзгерте алмаса, әлдебір түйсік оны жарға итермелейді...
Бала дүниеден қорықпайды, Жаратушы оны дүние алдында қорғаштайды, ал кемеліне келген ер адам қорқады, өйткені, Жаратушы оған енді жауап бермейді, Ол біздің өмірімізге жеке рухыңды жоғары көтеруге аз ғана мүмкіндік береді. Ал көз өзіне көрінбеген нәрсеге сенбейді, оған дәлелдеме керек, ал ондай дәлелдемені өзің құрмайынша ол болуы да мүмкін емес.
Ұжымда бәрі көз алдында, бұл бір жағынан сандық мәдениет: жүздеген таныс отандастарың, ондаған достарың және т.б. болады, олардың арасында көңілің өседі. Персонализм мәдениеті сапалық тұрғыдан көрінеді: бұйырғанын аласың, бұйырмағаны қолға түспейді.
Ұжымшылдықтың күні өткенде, ұжымшылдықты аңсау басталады, ештеңе қолынан келмей, абдырап қалған адамдар ұлттық топтардан пана іздейді, ол бойын үрейге алдырған еркектердің паналайтын жері болады.
Балалық қуат дегеніміздің өзі не нәрсе?
Сірә, Жаратушымен бірге болатын өмір шығар. Бала дилемманы білмейді, бүкіл тұрмыстық дилемманы ол үшін Жаратушы шешеді. Бала өзінің жаны-дүниесі-жеке рухымен емес, Жаратушының айтқанымен әрекет етеді; баланың жанында жауапкершілік болмайды, бала үшін Жаратушының өзі бәріне жауап береді. Бала ерекше құдыретті әрі өзіне-өзі сенімді. Жаратушы қасында болғасын ол ештеңеге алаңдамайды: ол не істемесін бәрі дұрыс болып шығады, не айтса да жөн, не ойласа да шындыққа жанасады.
Біз сөйтіп өмір сүруге дағдыланамыз, Жаратушы — құдыретті тәрбиеші. Сонымен қатар ұжымдағы ересектер өмірі балаң өмірден көп ерекшелене қоймайды: онда бағыт-бағдар айқын, көппен бірге жүргенде адасу мүмкін емес. Енді бірақ ұжым бұзылды, бағыт бұлдырланды, рухани жолбасшының дауысы күңгірттеніп естіледі. Сырттан берілетін нұсқауға сүйеніп қалған ақыл-ой жолбасшының белгілерінен толықтай айырылады. Жалған ұжымдық елеспен ұжымдық емес дәуірде өмір сүруден асқан қиын нәрсе жоқ. Елес бәрін жойып, елеске берілген адамзатта ештеңе қалмайды. Маскүнемдікке салынған адамның денесі алкогольдік метаболиттермен суарылған сияқты рухани жағынан елеске берілген адамның да шындыққа жанаспайтын нәрселерге берілетіндігі белгілі. Елес адамды түгелдей баураған кезде өше бастаған pyx оның өзін-өзі жоюына белгі береді. Сөйтіп адам кенеттен қайтыс болады немесе есін жимастан басы айналып бұлдыр өмір кешеді.
Рухани тіректен айрылғанымен тіршілік ететін адам хайуанға айналады. Ол адамдардың арасында тірі өлік болып жүреді. Оның айналасында түнек орнайды. Оларда балалыққа тән негіздер болады, қартайған ер адамдар бала кезіндегі достарымен кездесуден қашқақтайды. Досының бала кезіндегі бейнесін айнадан көріп, өзінің қазіргі халіне қарап жаны ауырып қорқынышқа бөленеді. Ал хайуанға айналғандар да ондай жан ауырғанды, қорқынышты үрейді біледі. Бірақ жаратушының іс-әрекеттері басқарып, оны хайуанға айналған адам тек сезінеді. Оны осындай халге жеткізген кім? Адам үшін жеке жауапкершіліктен тыс болатын ұжымдардан сұрап білмек болу әрқашанда кездесті.
Бәлкім, дәуірдің алмасуы бишаралық халге түсірген шығар. Нақтылап айтсақ, дәуір алмасуының кінәсі жауынды күні киімнің су болғанындай, аязды күні беттің үсігеніндей ғана дәрежеде болады.
Іс-әрекет етушіге қазіргі шыдамдылығын ешкім сыйға тартқан жоқ.
Таңылған мәдениет — бұл материяның өмірге енуі, өмірді жансыздандыруы, өтіп жатқан құбылыстарды ескершеушілік. Табиғат: дала, тау, теңіз, орман, хайуанаттар әлемі, — Жаратушының еркімен мәдениеттелген, материяның өзі мәдениетсіздік статикаға ұмтылады. Ай — материяның қалыпты жағдайы деген осы. Жаратушының еркінсіз Жер айға айналмақшы. Термодинамиканың екінші заңы — Жаратушы мен адамға қарсы әрекет етеді. Ол зұлым күш дегеніміздің өзі осы болып шығады.
Адам материяны тірілтеді. Тірі және өлі. Ерік және еріксіз. Жан жағы жарыққа бөленген адамзат әлемін қоршаған материя түнегі онша қауіпті емес, ол жақындап келгенімен, адамзаттың жарық сәулесін жоя алмайды. Ол тек жарықтан гөрі ауқымды, бейнелеп айтсақ, ол кастрюльден ашытылған нанның көтерілгенін еске түсіреді. Ол қалыпсыз әрі жөн-жосықсыз кеңейе түсуден басқаны білмейді. Бізді мағынасыз және еріксіз материя қоршап тұр.
Афина Паллада
Мен бұдан бұрынғы кітабымда құтқарушыны жеке ерік-жігердің универсум ерік-жігерімен сәйкес келуі деп атаған едім. Бірақ универсумның жаратушы еркін адам өміріндегі сәтті құбылыспен, адамның сәттік толқынысымен қалай сәйкестендіруге болады?
Универсумның жаратушы еркі біздің әлемімізде мәдениеттен көрінеді. Бірақ "Мәдениет" "Халық" сияқты фикция (Ойдан шығарылған); мәдениет те халық сияқты нақты, мәдениет әрқашан жүзеге асады.
"Одиссеяны" оқығанда, мен қатты толқыдым: менің өмірімдегі Афина Паллада қайда? Өйткені, мен де Одиссей сияқты саяхатшы емеспін бе. Одиссейдің жолдағы көрген қиындығына метафора ретінде қарадым. Біздің өміріміздің ақиқатындағы Одиссей туралы ойладым, менің сонда жаным күйзелді. Мен өзімнің саяхатымда Афина Палладаны кездестіре алмадым, сонда қазіргі заманғы адамның құтқарушы афинасы кім екендігіне ақылым жетпеді. Содан мынадай тоқтамға келдім:
Универсумның өзін-өзі айқындау еркі Әмбебап мәдениеті
Әмбебап мәдениеттің өзін-өзі айқындауы! Адам — шырақтың өмірі мен іс-әрекеті.
Афина Паллада өзінің бейнесін өзгертті. Ол сыртқы дүниенің құбылысы ретінде көрінбейтін болды, бірақ ол жоғалған жоқ. Афина — бұл мәдениет. Көне дәуірдегі Одиссей үшін Афина ең алдымен мәдениет, ал қазіргі заманғы Одиссей үшін жан дүниенің мәдениетіне айналды. Ол басқа ештеңе құтқара алмаған кезде құтқарушы құрал болды. Таныс адамыңмен әңгімелеспегенде, бір іспен айналыспағанда, дем алмаған кезде, яғни қолың бос болған күннің өзінде жаның жай таппайды.
Қоршаған орта (көп) < Дон Кихот үшін не істеді? Мен бұл сұраққа жауап таба алмадым. Өзім және дүние менің түсінігімде Мен = (тең) менің жан-дүниемнің жарығы теңдігінен әрі аса алмаймын, Мен дегеннің сол жағында сыртқы дүниенің түнегімен менің күш-қуатымын тең келетін белгі тұратындығын түсінуге болады. Мен өз күшіме, өзімнің жарығыма сенген кезде, адамзатқа тән емес күштердің жебесінен қорғана алатындығымды жақсы білемін. Бірақ "Одиссеяны" оқи отырып, менің тепе-теңдігім сыртқы күшке тең еместігіне көзім жетті. Біздің жағдайда Одиссейдің басынан кешкен қиындықтарға кездесер болсам, онда мен құрып кететінім анық.
Мен — менің тұлабойым, менің ақыл-ойым, білімім, тәжірибем. Менің жан дүниемнің жарығы — маған берілгені. Олар бірігіп өмір сүре алады, іс-әрекет жасайды, бірақ олар бәрін бірдей жеңуге қабілетті емес.
Менің өмірлік жарығымды, әрбір тірі адамның өмірлік жарығын қыспаққа алатын түнекті, өлі дүниені, таңылған мәдениетті мен қара түтінмен салыстырған болар едім. Түтін сіңіп кетеді. Мен абыржығаным ішкі кеңістігімді түтін алып кетті деген сөз, ал оны өзім тұншыға бастағанымда барып сеземін. Мен өзіме атылған жебені қағып жібере аламын, жаулық әрекеттің бетін тойтара аламын, бірақ түтіннен қорғанамын деп менің етек-жеңімді жинап, қымтанып, әрқашан сақадай сай болуым тағы қиын. Ал бастан-аяқ қымтану — адамның өзін өзі тұмшалауы, өзіне-өзі көр қазуы.
Христофор Колубының, Дон Кихоттың, Одиссейдің құдыреттілігі сонда, осы барлық сахатшылардың бәрі маған етене таныстай көрінеді. Бұл адамдар адамзат универсиумының тәңірі болмайды, мен олар туралы ойлана келіп, ер құдыреттінің не екендігін түсіне бастадым. Атақты ерлер ешқашанда табиғи болмайды. Олардың құдыреттілігінің айуанға тән құдыреттілікпен ешқандай байланысы жоқ.
Ерлердің құдыреттілігі әрқашанда ақыл-оймен, жан-дүниесімен бірлікте болады, яғни ішкі тұтастығы мен қуатты мәдениетке ие. Колумб, Дон Кихот, Одиссей тәрізді өзінің лайықты өмірін сүру үшін мәдениеттен артық маңызды әрі құнды, оны алмастыратын ештеңе жоқ. Мен "Одиссея" мен "Дон Кихотты" бірінен кейін бірін оқығанымда өзімде үлкен өзгеріс бар екендігін сезіндім. Мұндай ішкі өзгерісті пубертатты жастағы, яғни жас бала бозбала жасына жеткенде болатын өзгерістермен салыстыруға болады. Ол кезде бала бой түзейді. Мен "Одиссея" мен "Дон Кихотты" әдейілеп оқығанымда мендегі қалғып жатқан мәдениет ояна бастады. Мәдениеттен тіршілік нышаны сезілгенде ол ішкі кеңістікте қандайда бір күш туғызады, бұл түтіннің онда кіруіне жол бермейді. Мәдениет қозғалысқа келгенде қасиетті Афина Паллада да бар. Мына теңдік болғанда:
Мен = (тең) өз жанымның жарығы;
Мен (өз жанымның жарығымен бірлескен) = (тең) Таңылған мәдениет шақыруының бәрі.
Оған тірілген мәдениет қосылады, сонда
Мен > (артық) Таңылған мәдениет.
Бұл шын мәнінде жақсы, өйткені, мен сонда Таңылған мәдениеттен еркін ғана болып ғана қоймаймын, сонымен қатар таңылғанның өзі универсиумның шығармашылық еркін білдіретін менің қабілетіме тәуелді болып қалады.
Керемет адам
Керемет адамсыз Өмір де жоқ. Керемет адамсыз өмірдің мәні де болмайды. Бірақ Өмір әрқашан керемет және Дүниеде әрқашан және барлық жерде Өмірдің кереметтілігін сүйе білетін Керемет адам бар.
Кереметтілік — біздің әрқайсысымыздың адалдығымыз; өзін және Дүниені құрметтей алатын шамаға дейін әр тағдырдағы от лаулата алатын ұшқын.
Керемет адам
• универсумның түгел қамтылатын еркінің жасаушы сипаты туралы жақсы біледі.
АҚИҚАТ ЖӘНЕ ОТАН
"Үшінші әлемді" жеңудегі біздің орнымыз бен уақыт
Ескінің күйреуі
Біздің Ақиқатымызда ізгілік қатынастардың мистикасы жоқ. Ал басқа мистикалар дін және діни нанымға қатысты пайда болды. Мистикалық ізгілік қатынастар деп абсолюттік мәні бар қатынастарды айтар едім. Олар жүз пайыз абсолютті ме, әлде мүлдем абсолютсіз бе, онда тұрған ештеңе жоқ, ең бастысы әңгімелескен екі адам өздерінің жалпы ұғымының абсолютті екендігіне сенеді. Екі мұсылман сөйлескен кезде олардың этникалық шығу тегіне мән берілмейді. Ал Еуропада бір-біріне мүлдем таныс емес екі араб кездесе қалса, олардың сословиелік жағдайы жайына қалады. Абсолюттік ұғым оның мазмұнына қарамастан бұл адамдардың қатынасын көп немесе аз түрде абсолютті етеді: абсолютті адамның сенімі арқасында қарама-қайшы ой-пікірлер кез келген абсолюттік түзулікті иеленеді. Арабтың, қытайдың немесе ағылшынның абсолюттік сенімдері бірдей емес, бірақ олар сенімі жоқ адамдарға қарағанда бір-бірін тез түсінеді.
Мен кеңестік құндылықтардың шындығына сене бермеймін және кеңес адамдарының қатынастарының сенімді екендігіне де ешқашан сенген емеспін. Дейтұрғанмен, онда аз да болса өзіндік абсолюттік болды; оларда кеңестік ізгілік ұғымдар орнықты. Енді ондай негіздер жойылып, тек идеалдар қалды. Бірақ негіздердің жойылуына орай олар енді елеске айналды.
Мен елес ұғымдарын күйреумен салыстырамын. Кеңес идеалдары күйреді. Кеңес идеалына сенген кеңес адамдары сол күйреудің құрбаны болды. Ізгілікті кеңес адамдарының қатынастары ақыр соңында ешқандай қатынас түрі болып қала алмады: оларда ішкі негіз болмады, адамдарды жасампаз іс-әрекет жасауға жетелейтін тірі мәдени қайнар көзі жоқ болды. Тірі қоғамдық идеалдардың болмауы Ортаны материалдық етіп жібереді — тірілер өлгендерден биік тұра алмады, тірілер мен өлілер мәнсіздік жағынан тең түсті.
Ұжымшылдық идеалы да күйреді. Кез келген ұжымшылдықта адам тұтас бола алмайды, тек бөлігіне ғана айналады. Кеңестік негіздер ұжымшылдыққа бағытталды. Кенеттен компастың тілі бекітпесін алып тастағандай мүлдем басқа жақты көрсетті. Өзінің жеке компасы болғандар бағытын сақтап, ал жалпы компасқа сенгендер қалың тұманға бет қойды.
Біздің өмірімізде идеалдар мен материалдық қайта қалпына келу қиын емес, бұл электронның құрылымын еске түсіреді. Ол біресе электронның идеясы, біресе электронның материясы болып, ал ондай ауысушылық еркін электронның өмірін білдіреді.
Идеалдар бізді іс-әрекетке итермелейді, идеялардағы іс-әрекеттер материалдық болады. Идеяларда әлде бір нәрсе бар. Онда көзге көрінетін әлде бір нәрсе байқалады.
Идея ескірген кезде онда әлдеқандай күйреу орын алады. Ал идея көне дәрежеге жеткенде оны ұстанатын адам тірі өлікке айналады.
Заттардың еркі жоқ. Заттардағы еріктің болмауы оның ішкі құрылымына байланысты, қатты, икемге келмейді. Ал идея құрып біткен кезде адам да заттың кейпін киеді. Біз танымайтын адаммен кездескен кезде оның адам не зат екендігін айыра алмаймыз, ал оның заттан айырмасын көрмесек, онда өзіміз қорланып қаламыз. Бұл өмірге құрметпен қарау. Біздің өмірге деген иррационалдық көзқарасымыз, тиісінше жалпы өмір өзін алдамшы сезінеді.
Күйреудің адамдары затқа айналмай тұра алмайды. Бұл арада ол заттана ма, жоқ па, оған таңдау жоқ. Өйткені, күйреген ұғымдармен өмір кешетін адамдардың өзі күйрелген болып есептеледі.
Ынтымақтастық рухы
Адам кейіпті болғанымен жан дүниесі күйреген, адамдықтан кеткен адамдар ешқашан да ынтымақтастыққа, бірлесіп әрекет етуге ұмтылмайды. Ынтымақтастық рухы болмаған жерде қоғамдық ахуал да жоқ. Дүние бос кеңістікке aйналады. Ондайда тірі адам үшін өмірлік ресурсын тауысқан адамға жеке планета болып қалуынан басқа жол қалмайды. Meн бұл идеяны "Освобождение духа от страха, иллюзий, архаики" кітабымда айтқан болатынмын, мен сол кітапта дербестік түрлерін толық диалектикалық емес, толық заңдылық түрінде емес келтірген болатынмын.
Ынтымақтастық рухы қоршаған кеңістіктің мәдениетін жасайды. Ынтымақтастық рухы болмаған жерде қоршаған кеңістік қатыгездікке дейін материалданады: қатыгездік нәрселерге жеке адамның (индивидуумның) зұлымдығы қосылады.
"Үшінші дүниедегі" мәдениет
Ынтымақтастық жазушыға жол көрсетеді. Мен еңбегімді ынтымақтастық рухының "үшінші әлемінде" деген ұғымға қатысты оймен аяқтап едім. Үкімет ақшасын беріп кітап шығарған адамдар ынтымақтастық рухын түсінбейді, "Ақшасын төлеңіз, бір аптаның ішінде кітабыңызды шығарамыз!" деген дайын жауап алдынан шығады. Олар жазушыны қолында билігі бар мансап иесі ретінде көреді, басылып шыққан беттердің ендігі жерде жазушының еркінен шығып кеткендігін ұғына алмайды. Ол өзінің күресін аяқтады, оның кітап беттері енді жеке толғаныс шеңберінен шығып кеткенімен оның айтары болып қалады. Бірақ ол ретсіздік емес, мәдениеттің үніне айналады. Қолжазбаға енгізілген мәдеинеттің өмірі енді кітап арқылы жалғасады.
Бұрын белгісіз болған мәдениет енді белгілі мәдениет болғысы келеді. Бірақ мәдениетте жанкешті жауапкершілік болмайды. Жазушы өзінің кітабын жазып болғаннан кейін қолжазбасының тағдырына жауап беруден қалады. Ол бұл туралы айтпағанымен бірақ іштей сезеді: қолжазбасының соңғы нүктесіне дейін қорғап шыға алмайды. Одан кейінгісі оның ісі емес. Егер ол өзінің қолжазбасын шығаруға орынсыз тықпалайтын болса, онда ол шығармашылықтың қуаты емес, мансапқорлықтың сорақы сойқандығы болып табылады. Қолжазба жазылып біткеннен кейін оның соңғы нүктесінен бастап мүлдем басқа әлем басталады, онда жазушы белсенді бола алмайды. Жазушы өзінің кеңістігінде ғана құдіретті және өзінің кеңістігінде ғана қалады. Бұл томаға тұйықтық емес, жалғыздық жай-күйі. Ол жалғыз болған сайын шығармашылығы жақсара түседі.
Қолжазба күйіндегі кітап сол автордың жеке рухы сапасының шындықты көрсетуі, қолдан қолға өткен қолжазба қоғамдық өмірдің меншігіне айналады. Жазушы қолжазбаны жарыққа шығарғаннан бастап қолжазбаның өмірі жергілікті мәдениеттің бөлшегіне айналады.
Жергілікті мәдениет әрқашанда бола береді, ол үй-үйді аралап, ойға ой түсіріп тыным бермейді; сондықтан мәдениет жанданған сайын, оны бағалау да түсіну де қиын; мәдениет бұл адамзат дүниесіндегі универсиумның еркін өздігінен айқындау. Ондай өзін-өзі айқындау көктемгі шығатын көк шөптей қаулайды. Мәдениетті адамдар қалауы бойынша жасамайды, ол адамдардан өзін құруын талап етеді, өзін жасай алатындарды да табады және қай жерде, қай кезде қажет екенін де біледі.
Ертедегі мәдениетте материалдық жағы мардымсыз болды, ол тіпті көрінбейтін, арман күйінде, ізденісте, толқыныста болады. Жергілікті мәдениетті қолданушылар қатты азаптанады; ол жаңа адамды өзінің мәдениет қалыбына сай дүниеге келтіруге тырысады.
Ертедегі мәдениетте табан тірейтін ештеңе жоқ, оның өзіндік ережесі де болмайды, онда жол көрсететін құралдар да кездеспейді. Ертедегі мәдениет қолайсыз мәдениет болғандықтан ғана мәдениет, онда шығармашылық күш мейілінше көп. Бірақ ертедегі мәдениетте өзіне деген сенім жоқ. Ертедегі мәдениетті жасаған адамдар оның толыққанды болмауына байланысты басқа мәдениеттерге сүйенді.
Сенім аспанннан түспейді, осы тұрғыдан алғанда сенім талант деуге де келмейді. Сенім табандылық арқасында пайда болады, сенім — ерліктің кейінгі жемісі. Қалыптасқан мәдениет өзінің атланттары иығында тұрғызылған; бірде-бір шетелдің нұсқаушы жергілікті өзін-өзі басқаратын мәдениетті қалай құру керектігін айта алмайды. Бұл шын мәнінде драмалық уақыт жаңа мәдениеттің бастапқы кезеңі — ешкім де осы кезеңде жаратушыға көмектесе алмайды, оның табысқа жетуіне ештеңе жәрдемдеспейді. Жазушыға жаңа кітабын басудан кім бас тартса, оны түсініп қана қоймай, оған кешіріммен қарауға болады, өйткені, олар ынтымақтастық рухын, нақты ақиқатты, оның қаншалықты бар-жоғын жазушыдан жақсы біледі. Яғни адамдар жергілікті жазушының кітабын оқи ма, жоқ па деген сауалға жауап іздеп, оны оқымайтындығына көздері жетеді. Олар ешкімге де, ештеңеге де сенбейді; олар жергілікті жазушыны көзге ілмейді, өздерінше ешкім жергілікті жазушыны білмейді деп күлкі етеді.
Осындай жағдайдан "үшінші дүние" пайда болады. Содан дұшпандық пиғылдағы сенімсіздік туындайды. Ол адал адамды жан-жақтан қыспаққа алып, оны жан-жақтан қыса түседі. "Үшінші дүниенің" сенімін жақтайтын адамды бала кезінде оның өз ата-аналары сенбеуі қыспаққа ала бастайды. Жасөспірім кезінде өзінің құрдастарының арсыздығы көлденең тұрады. Ал есейген кезде Ақиқаттың үшінші сорты оны тұншықтыруға күш салады.
"Үшінші дүние" сенім атаулыдан жұрдай. Ол сондықтан да мәдениеттен тыс болады. Мәдениетке қарағанда сенім әрқашан алда жүреді.
"Үшінші дүниенің" жеккөрушілігі
"Үшінші дүниенің" кездеспейтін жері жоқ, ол әсіресе тоғышар адамдарды алдымен табады. Дейтұрғанмен "үшінші дүниенің" құбылысын географиялық жағынан сипаттайтын жақтары бар. Бұл тұрғыдан алғанда "үшінші дүниеде" бос жатқан жер, жабайы табиғат басым, "үшінші дүниеде" жеккөрушілік көп. Бұл "үшінші дүниенің" сыртқы кеңістігінде болады, бұл орайда оған тап сол жерде адам бар ма, жоқ па, оған бәрі-бір.
Жеккөрушілік. Оны не екендігін түсіндірудің ең оңай жолы нашар ортамен салыстыру. Шұқыр-шұқыр болып қалған баспалдақтар мен жолдарды, лас көшелерді, жан-жақтан естілген ашулы сөздерді осы "үшінші дүниеге" жатқызға болады, Адамдар бұл арада нені жеккөретіндіктерін талмастан әңгімелейді. Тіпті мұндай реніш тыңдай келе тіпті айтқандарының бәрі дұрыс болып көрінеді. Біздің айналамыз адам төзуге болмайды деген сөзге сене қою көп қиындық келтірмейді. Тіпті әңгіме қызығына әбден берілгенде Канадаға немесе Австралияға кетуге жылу жинаған адамды құрметтей бастайсың. Сөйтіп, Австралияға кетіп, онда австралиялық қамсыздандыру бөлімінен күн көріп жүрген бір адамды жақсы білемін.
"Үшінші дүние" ортасына жек көре қараушылығы бар адамды жақсы жағынан бағалауға болады. Өйткені, толыққанды жан-дүниесі бар адам әрқашанда бірінші сортқа жатады, ол үшінші сортпен келісе алмайды. Ал бұл арада қандай келісім болуы мүмкін? "Үшінші дүниенің" сорақылығына қарағанда табиғи нәрсе не болу мүмкін?
Бұл жерде табиғи ештеңе де жоқ. Тіпті хайуанаттардың өзі жаман ортадан қашады, лайланған судан балықтың кететіндігі бәрімізге белгілі. Кез келген дұрыс адам үшінші сортты Ақиқаттан қашып құтылғысы келеді, Америкаға кеткісі келетіндерді жазғыруға болмаса керек.
Бірақ мен неге осындай қарапайым идеяны ұстана алмаймын? Чикагоға кетіп, қалтамды ақшаға толтырып, жаным жай тауып сонда жүрмеймін бе?
Мен Чикагода бұл туралы ойландым, мен Америкада керемет өмір сүруге болады деп көз алдыма елестеткенмін. Мен ол кезде, яғни 1995 жылы қазіргі білгенімді білмейтін едім, адам алдымен өзінің бойындағы ауырпалық атаулыдан өзін-өзі құтқаруы тиіс, ал олай істемей тұрып Чикагоға барған адам саяси мәнмен тіршілікке қолайлы жағдай жасалмаса, онда сол жерде құрыды дей беріңіз.
"Үшінші дүниедегі" жеккөрушілік рефлекс сияқты қарапайым ғана реакция. Адамда жеккөрушілік көп болған сайын онда адамшылық азая түседі. Ал білімді адамда жеккөрушілік неге біртүрлі адам таңғаларлық болады екен? Жеккөрушілік адамды жан-дүниесін бос қалдырып, хайуанға айналдыра бастайды.
Жеккөрушілік - қарапайым ғана реакция; ол күткені болмаған түңілген реніш. Ол қоршаған Ақиқатқа келіп, одан тілегін орындауды өтінеді, ал Ақиқат оған ештеңе бермей қояды. Жеккөруші затқа айналған "үшінші дүние", ол заттық Ақиқатқа жатады және оның бір бөлшегі болып табылады: "бірінші дүниенің адамы" өзін қоршаған ортаға тәуелді емес; "бірінші дүние" - бұл бас еркі өзіндегі еркін адам, ол "үшінші дүниенің" адамы сияқты айналасындағы Қоршағандардың айтқанымен жүрмейді, ол өзінің рухымен өмір сүретін адам.
Қоршаған ортаның айтқанымен өмір сүру - бұл "үшінші дүниеге" тән нәрсе. Ал сол "үшінші дүниедегінің" бәрі адамзатқа жат, қалыпты жағдай емес, тіпті ақымақтың ісіндей көрінеді.
Адам және үшінші сортты Ақиқат, қоршаған ортаға жеккөрушілік бір-бірімен салыстыруға келмейді. Жеккөрушіліктің болу себебі сыртқы әсерге емес, ішкі жағдайға қатысты. Ол өзін-өзін құртатын ешқандай бағалауға жатпайтын құндылық болып есептеледі.
Өмір сырт жағынан қарағанда жұмбақ болып көрінеді; оның кеңістігіне енуге болмайды, Өмір де атом сияқты, оны көзбен көріп, қолмен ұстай алмайсың. Ал сол бір атомда қандайда бір себеппен бүлінушілік болса, тізбек реакция барысы бұзылады. Өмір де сол тәрізді: қандайда бір себеппен біp Өмірдің бір тізбегі бүліне қалса, автоматты түрде реакция пайда болады, ол қоршаған дүние тәртібін бұзады.
Өмірде рухтың материяға, материяның рухқа оңай айналуын көзбен көру мүмкін емес. Материя - бұл адам қолымен жасалатын іс. Бірақ идеяның өзінде өзгерістер болады.
Идеяның мәні. Егер идеялық дүниеде мән-мағына мен ештеңемен алмастыруға келмейтін нәрсе жоқ болса, онда идея өкпедегі ауа тәрізді оңай алмасып отырады. Бірақ идеяны өзгерте қою қиын шаруа. Айталық, басқа тілге көшу үшін сол тілдің сөздік қорын игеру қажет қой. Бірақта идеялардың мәні бәрібір өзгеріссіз қала береді.
Кеңестік қайта кұру басталған кезде адамдар ымырашылдық сөздерді қолдана бастады. Содан кейін қайта құру кеңес өкіметімен бірге тарих сахнасынан кеткенде, әлгі ымырашылдық сөздер қолдану аясынан шығып қалды, ал кеңестік болған адамдар сол кеңестік күйінде қалды.
Олардың идеялық дүниесінің мәні жылдар бойы өзгермеді. Идеяны оның салмақты мәнін құрайтын негізгі нәрсені өзгертпей тұрып өзгеріске түсіру мүмкін емес. Өзінің салмақты мәні жоқ сөздер түк те емес, ал сөзі жоқ кеңістік — "үшінші дүние".
Бұл идеялық мағынасыздық. Оны қайта тәрбиелеуге болмайды. Ол не тірі, не өлі күйде болады. Идеялық мағынасыздық қандайда бір себептермен тарихи немесе жеке түрде көрінгенде ол күйреп, зұлымдыққа айналады.
Адамның жанында үрей, қалтыратқан қорқыныш, қауіп, жүгенсіздікке ұмтылыс орын алған кезде ол өзін сыйлауы мүмкін емес. Өзінің рухани жағынан азғындағанын білдірмеуге тырысып бағады. Бірақ біздің қатынас құралдарымыз бірдей: сол құралдар арқылы біз өзімізге де, қоршаған дүниеге де қарым-қатынас жасаймыз. Бұл сол құрал, сол өлшем, сол толқыныс, ол қас қағым сәтте өзінің ішкі жан-дүниесіне бағытталады, ал келесіде оны қоршаған ортаға бағыттайды.
Олар өздерімен бірге жеккөрушіліктің эманациясын алып жүреді. Ол ешқайдан келмейді, ол вирус тәрізді жұқпалы нәрсе емес. Ол әркімнің өзінде бар. Бізге адамдардың қарым-қатынасынан жеккөрушілікті байқау онша қиынға түспейді. Сондықтан да біздің "үшінші дүниедегі" адам жанын қандай жетібасты айдаһарлардың жұлмалайтындығын түсінуге болатын шығар. Мен осы мәселелерге мән бере келіп, жеккөрушіліктің "үшінші дүниеге" тән нәрсе екендігін білдім. "Үшінші дүниеде" бірінші сортты ештеңе жоқ, "үшінші дүниеде" жеккөрушілік, ал "бірінші дүниеде" жасампаз еңбектен қуаныш, қанағат орын алады.
Жеккөрушілік — түйсіктің алдауы емес, сырттан таңылған құбылыс. Бұл да мүләйімсу, екіжүзділік тәрізді, сол арқылы жеккөрушілікті адам сездірмеуге тырысады.
Өмірде жеккөрушілікке жол беруге болмайды. "Үшінші дүниенің" тіршілік иелері оны түсінеді, олар жалғыздықты бастан кешіреді, жек көретіндер саңырау, соқыр және сақау. Жеккөрушіліктің ми батпағында тіршілік ету оңай емес.
Отан
Отан дегеніміз барлық тарихи дәуірде әрбір ұрпақ үшін олардан ажыратып қарауға болмайтын ұғым. Отан бізге кез келген сәтте ол үшін шайқасып жанынды қиюға болатын құбылыс болып көрінеді. Біздің ұрпақ отанды қорғаған тарихи шайқастарды бастан кешірген емес, ондай жанпидалықпен қорғау біздің қолымыздан келе ме, біз оны жанымыздай сүйе аламыз ба деген сұрақтар туындайды. Сондықтан да "отан" сөзінің бізге артар жүгі ауыр, оны зерделеп, ой елегінен өткізуге тиіспіз.
"Отан" — өте ауқымды ұғым, өйткені, ұжымшылдық болып табылады. Ұжымшылдықта адам "отанға" деген қатынаста ешкім емес, ал "отан" адам үшін бәрін істейді. Сондықтан олар тең дәрежеде бола алмайды. Біздің кезімізде, біздің жағдайымызда еркін адамға дүниенің бәрі отан деген космополиттік ұран пайда болуда.
Космополизм — жалғандық. Әрі өте қауіпті, біреулерді еліктіретін жалғандық. Космополиттер үшін отан барлық жерде бар және еш жерде жоқ та. Біз кітаби космополиттерге қарағанда өзіміздің туған жерімізде космополитизмнің өлі нәрсе екендігіне көз жеткізе түсудеміз.
Отансыз өмір сүруге болмайды, Отан да жер тәрізді гравитация жасайды, біз Отанымыз болғандықтан жерді нық баса аламыз. "Отан" ұғымын қазіргі заманға лайықтау керек.
Адамзат үшін жердің жақсы не жаманы жоқ. Сондықтан қай жерде туып-өстің, сол сенің Отаның, ол сенің тағдырың.
Ал жақсы жер, өзге орта іздеп, Отанынан қол үзгендер қандай күйге ұшырайтындығын сезінуге болады. Ол онда барғанда өзінің "орнынан" адасып қалады. Германияға иммигрант болып барған қазақстандық "Тоңазытқышта не керектің бәрі бар, арақ-шарап та жеткілікті, бірақ бірге отырып, әңгімелесіп, шер тарқататын ешкім жоқ" деп қамығады.
Жеккөрушілікке әбден мойынсұнған апатридтер өзінің барған жерін өзіне берілген жазмыштың жазасындай сезінеді.
Бұрынғы отанынан қол үзген ондайлар жаңа жерге бейімделе алады. Ол өздерінің қара басының қамы үшін небір космополиттік сандырақтарды айтады. Апатридтер өзінің бойындағы жеккөрушілікті жоғары қояды.
Жеккөрушілік — арсыздық сезім, ал арсыздық — жеккөрушілік философиясы. Апатридтің арсыздықтан бас тартуға тәуекелі қайдан жетсін? Бұл мүмкін емес, өйткені, ондай адам өзінің арсыздығымен ардан аттап, адами болмыстың құлына айналады.
Отансыз адам "айдалада қалып", дүниеде "ешкім емес" күй кешеді. Адам болу идеясы өте маңызды идея, ол нық идея екендігін түсінемін.
Ақиқатта табан тіреп, Отанмен бірге болу керек. Мен нағыз адамның өмірлік ұстанымын осылай түсінемін.
Отанның "үшінші дүниесінен" құтылу
Апатрид, немесе "айдалада қалған" "ешкім де емес", адами жолдан тайған адам. Ол өзінің бағытынан айырылып, ертеңгі күнге деген сенімнен айырылады. Мұндай жағдай қорқыныш пен жамандықтың жүгенсіздігін білдіреді.
Адами қасиет — бұл ішкі күш. Ол пайда болады. Ол ешқашан таңылған болып есептелмейді. Тәжірибе болмай тұрып, өзіңді қалыптастыру ішкі күшке жатпайды. Ішкі күш еркіндіктен бастау алады. "Үшінші дүние" — еркі жоқ адамдардың дүниесі. "Үшінші дүние" — еріксіздікгі езіп-жаншып тастау. Мен оны бұрын кітаптан білетінмін, ал бұл білімнің пайдасы шамалы болып шықты. Кітапта айтылған еркіндік және еріксіздік туралы айтылғандар бар болғаны білім ғана, ол спортшы жаттығуларындағы күш тәрізді, ал өзің ондай күшті иелене алмайсың.
Апатридтің еріксіздігі туралы, "айдалада қалған" "ешкім де еместіктің" не екендігін мен өзімнің тәжірибемнен білемін. Мұндай білім — жергілікті жердегі көңде өсіп шыққан гүл тәрізді. Оны қалай десеңізде, ол өз жеріңіздің аясында, тәжірибесінде, біздің нақты уақытымыз бен орнымызда өсіп шыққан идеялық гүл болғандықтан өзінің тазалығымен, алғашқы бүр жарғанымен қымбат. Біздің уақытымыз бен орнымызға қатысы бар әрбір адамның еркіндікке ұмтылуға мүмкіндігі бар, үрей мен жамандықтан құтылуға мүмкіндігі бар, ішкі күші бар, құдыретті адам болуға алғышарттарды иеленеді.
Отанды гүлдендірудің өзі Ақиқатты қазіргі күнге айналдыру екендігін білемін, оның қалыптастыру кезінде көптеген адам айналысса, ол адам танымастай өзгеретіні анық. Отанды гүлдендіру адам жанының жеке өзі үшін емес дүниеге қарай мақсатты түрде қозғалуына күш салуын білдіреді.
Отанды ұғыну — неге қызмет етуіңді ұғыну. Еркін адамдар қызмет ететін тұтас нәрсе Отан деп аталады.
Отан — еркін адамның жолы мен мақсаты.
Отан — бұл дүниеге бірге келіп, олармен бірге кететін адамдар.
Отан — ол біздің бірлесе табан тіреп тұрған негізіміз, өзіміз құрған негізді бірлесе құруымыздың арқасында бір-бірімізді сүйеп тұрамыз, бұл отандастық сезімі болып табылады.
Отан — бұл өзінің адамын шығармашылыққа үндейтін Отан Ақиқатының шақыруы. Отан Ақиқатының шақыруында бөтен ниет жоқ; Өз адамынан үміт күткен Отан одан өз адамының сенімі мен лайықты мойындауын көреді.
Біздің дәуірімізде Отан құрылады, қалыптасады, Отан өзінің адамының мәртебесін жоғары көтерді, өз Отаныңды ұғыну адамды қоқысты провинциализмнен аршып, тазартып алады. Отан — адамның мәртебесі, оны көкке көтеретін қанаты іспетті.
ДАЛА МӘДЕНИЕТІНЕН СОҢ
Біздің орнымыз бен уақытымыздағы бақыт, бақыттың болмауы, және бақытсыздық.
Бақыт мәнінің өзгеруі.
Біздің өміріміздің тәжірибесі мен шындығын бөлшектенген түрінде елестетемін, айталық, қанша адам болса, сонша өмірлік тәжірибе, соншама өмір шындығы бар. Ондай жағдай далалық, рулық, қауымдық, ұжымдық дәуірде болған емес. Онда өмір шындығы бір арнаға тоғысты, екіншісінде адамның еркінен тыс мәжбүрлеу, соттау орын алды, рулық-қоғамдық шындық бір адамға жүгінген шындықтан әлдеқайда әділ болды. Енді ұлы қауымдық шындық жоқ. Қыспаққа алатын кезең келмеске кетті. Ал сол кезде жылдар жылыстап өтіп, жас ұлғайғанымен адамдар ойлана алмады. Өзіңнің ойыңа алғаныңды жүзеге асыра алмай, әрекетсіздікке бой алдыру орын алды. Бұл кезең тек бақытсыздық емес, бақыттың мүлдем болмағанын көрсетеді. Бос өткен уақыт демеске амалық жоқ. Солай өмір текке өте беретін бе еді деп те ойлайсың. Мені сонда ештеңе істеуге болмайтындығы таңғалдырған, тіпті сол кеңістікте өз өміріңнің басқа кезеңіне де өте алмай қор болдың.
Бақыт, бақыттың болмауы, бақытсыздық жағдайларын су қоймасының көлденең қимасындағы көріністің жай-күйімен салыстыруға болатын сияқты: бақыт — судың күн тиетін бет жағы; бақыттың болмауы — лайланған, мұнартқан тұсы, бақытсыздық — күкіртті сутегі сіңген түбіндегі қара түскен боялған шөгінді. Біздің көбіміз өз өмірімізді сол бақыттың болмайтын кеңістігінде өткіземіз, лайланған суда ештеңені көрместен, бей-берекет алға ұмтыламыз, онда өткір бір нәрсеге соқтығысамыз не шортанның шабуылына ұшыраймыз.
Бақыт деген болмысты сезіну, өзінде шындықтың барын білу. Бақыттың болмауы - өз бағыт-бағдарың болмауы, Бақытсыздық — тірі өліктің жай-күйі. Бақыт болмысты білдіреді, бақытсыздық болмысқа қарсы құбылыс, олардың арасында өздеріне ортақ ештеңе де жоқ, оларды бақыттың болмауы — ақыл-ойдың бос кеңістігі ғана бөліп жатыр.
Бақыт, бақыттың болмауы, бақытсыздық - тұрақты таңылатын нәрсе емес, бірақ оны өткінші деп те айта алмайсың. Бақыттың болмауы рухты төмендетпей қоймайды, ол жеке түрінде көрінбегенімен әрқашан да әлдебір нәрсені көлденең тартады; бақыттың болмауында қандайда бір кемшілік орын алады, ол — тәуелділік, екіжүзділік. Бақыттың болмауынан кемшілігін кесіп өтпей, лайдан жүзіп өте алмайсың. Бақыт, бақыттың болмауы, бақытсыздық әрқашан сапалық күйдің өзін-өзі сипаттауы. Бақытпен қоса кейде торығушылық, қажушылық та қоса жүреді, ал бақытсыздық жеңіл түрде болуы мүмкін, яғни қарын тойғызып, тоғышарлыққа ұрындырады.
Бақыттың болмауы — бұл метафизикалық кеңістік, оны "ешқайда" деп атайды; бақыттың болмауы — "ешкім де емес" деген адамға берілетін метафизикалық атау.
Бақытсыз болса, тіршілік етпейді, тас салынған қап тәрізді жерде домалай береді, Ол қанша өмір сүрсем, соншама осындай ауырлықтан арыла алмаймын деп ақталады. Бірақ ондай жүк шын мәнінде жоқ, яғни тіптен жалған нәрсе, ол өзінің дүниеде жоқ арқалаған тасына деген шын берілгендік шайтанның жетегінде жүргенмен бірдей.
Менің бақытым немесе бақытсыздығым дүниеден толықтай тәуелсіз болуы мүмкін емес, дегенмен ол менің еңбегіме немесе жалқаулығыма байланысты айқындалады.
Бақыт: өз бетіңше әрекет ету, рухыңның мықты болуы, өжеттік, демек бұл жеке қасиеттерден туындайды, ал бақыттың болмауы - бұлдыр нәрсе. Өзінде бақыттың болмағанына дүниені кінәлі санайтындар бұл әлдекімнің зұлым күшінің әсерінен деп біледі.
Ұжымшылдық дәуір аяқталғаннан бастап дүниені бақыттың болмауы билеп алды. Дәуірлер арасындағы шекара ирек тәрізді: екі адам қатар тұр делік, оның бірі ұжымшылдық елесімен өмір сүреді, оның тамағы тоқ, көйлегі көк, бәрін қанағат тұтады, ал екіншісінің ұйқысы қашқан, мазасы жоқ, баспанасыз, қалтасында ақшасы болмайды, бірақ бұл туралы ол ешкімге тіс жармастан ішкі дербестігін бекем ұстайды. Олар бір тілде сөйлейді, бір мәселені талқылайды, сыртынан қарап оларды бір-бірінен ажырата алмайсың, бірақ олардың арасында иректеліп жатқан шекара бар, бұл адамдар әр тарихи дәуірдің адамдары, олар бір-біріне қарама-қарсы бағытта бара жатыр: толық адам елес жойылмай қоймайтын өмірдің теріс ағымына қарай, ал мазасыз үміт күткен өмірге қарай жүруде. Оның біріне өмір сүру жеңіл әрі жақсы болып көрінеді, ал екіншісі үшін өмір қиын да азапты.
Дәуірлер арасындағы ирек шекараны жасайтын біздің өздеріміз, әрбір адам өзінің әрбір жасаған әрекетімен тарихи ирек шекараны жасайды. Міне, біздің әрқайсысымыз өз бетімізше шекара жүргіземіз, бірақ біз оны географиялық шекара ретінде көре алмаймыз, оның үстіне қай адамның көне заманға, кімнің жаңасына жататындығын ажырата білмейміз.
Бақыт болмайтын аумақ
Бақыт, бақыттың болмауы, бақытсыздық туралы ой-толғамдар, егер осылар арқылы үнемі болатын жеке ұмтылысқа — айқындық пен ішкі реттілікке бастамаған болса, онда құр білгішсінуден әрі аса алмас еді, ал оны буддизмде нұрлану деп атайды. Мынау дүниеде бірде-бір адам, бірде-бір ханзада адамзатқа тән нұрға бөлену бақытының бұйыратындығын не бұйырмайтындығын алдын ала біле алмайды, ал біздің орнымыз бен уақытымызда адамдардың көбінде бақыттың болмауы күні бұрын айқындалып та қойған. Сондықтан біздің орнымыз бен уақытымыз дегеннің өзі өркениеттің алмасуы, яғни ұжымшылдықтың жеке дербестікке орын мен уақыт бойынша ауысуы, біздің бәріміз, бұрын ұжымшылдық елесінің жетегінде жүргендер осы орайда бақыттың болмайтын аумағында болды.
"Халықтың тағдырын тірілерге қарағанда өлгендер әлдеқайда көбірек басқарады", "Өлгендер тірілердің бірден-бір тіршілік ету негізі". Біз олардың жіберген қателіктерінің зардабын шегеміз, біз олардың қол жеткізген игіліктерінен өз еншімізді аламыз".
Біздің рухани негізіміз болып табылатын ата-бабаларымыз рулық, және қауымдық ұжымда өмір сүрді. Біздің әрқайсысымызда ата-бабалар өмір-салты мен діни сенімдерінің белгілер сақталған. Ата-бабаларымыз атпен жүрсе, ал қазіргі жігіттер машинамен ойқастайды. Жаз жайлауы, күздігі, қыс қыстауы әр жерде болып, ондаған жүздеген шақырым қашықтарда үнемі көшіп-қонып жүретіндер ұрпағына тапжылмай бір орында тұратын қала тірлігіне үйрену оңай емес шығар? Дала табиғаты мен дала мінезі қанымен бойына сіңген адамға бұл торға түскен торғайдың кейпін елестетіні анық.
Бақыттың болмауы -әрине, ақылға сыйымсыз нәрсе.
Мен ойымды ұштай түсу үшін метафизикалық құбылыстарды геометриялық сұлбалар арқылы бейнелеуге тырысамын. Жерде табаны дөңгеленген пирамида тұр делік. Бақыттың болмайтын дүниесі оның осы табанында жатыр. Біз бәріміз пирамиданың табанын таптап, жартыкеш шындықтың бақыт болмайтын аумағында жүреміз. Бұл әділдік еместей болып көрінеді, өмір бойы сол бақыт болмайтын аланда болу дұрыс емес. Бірақ дүние солай құрылса, одан қашып құтыла алмайсың. Ақиқат пен бақыттың әділдігі жайдан-жай келе қоймайды.
Пирамида көкке шаншыла орналасқан. Оның ұшар басы Құдай деп аталады. Терең білім де, толық түсіністік те, зор құдырет те сонда болады. Пирамиданың ұшар басында Будданың, Сократтың, Христостың, Мұхаммедтің, Канттың рухтары бар. Құдай идеясы — адамзат ұлыларының жиынтық иедеясы, Құдай идеясында өмірдің адамзаттан тыс шындығы, адамзаттан тыс күші және жекелеген адами даналық бірігеді, жазу мәдениеті пайда болғанға дейін адамдар осы байланыс құдыретін мойындады, олар Құдайға қорыққаннан немесе тілегін күту үшін табынған жоқ, Құдайда адамның ақыл-санасына жұмбақ болатын құдыреттің көптігіне, адамның Құдайды өзіне жақын көретіндігіне байланысты табынды.
Бақыттың болмауы құдайсыздықты білдіреді. Біз бақыттың болмайтын кезеңінде бақыттың болмайтын су қоймаларындағы амеба мен инфузорияларға (микроскоппен қарағанда ғана көрінетін жалғыз клеткалы жәндіктер) ұқсап кетеміз. Бірақ әрбір амебада әмбебап өмір екпіні бар, осы тұрғыдан алғанда әрбір бақыт болмайтын аумаққа әмбебап шындықтан әлдебір нәрсе жеткендей болады. Бақыт болмайтындағы шындық пен бақыттың шындығында іштей бір ұқсастық бар, ал оның айырмашылығына келетін болсақ, бақыттың болмайтындығының шындығы өмір сүруге күш бере алмайтын шындық болса, ал бақытты шындық өмірдің қайнар күші, олар сырт қарағанда бір-бірінен ажыратылмайды.
Амебалар мен инфузориялар құдайсыз. Бақыттың болмауы өзінің құдайсыздығымен бақыт болмайтынды қинай түседі. Судың лайлануы, бағыт-бағдарда айырылу, аяқ астынан болатын қауіп-қатер, жойылмайтын қорқыныш — әркімге де жақсы таныс, сол әркім де Жаратушы о баста әділетсіздік көрсетті, ол адамды алмайды деп түсінеді. Ал бақыттың болмауы не екендігін, бақыттың болмауына малтығудың не екендігін мен өте жақсы білемін.
Бұл құлдыққа айналудың жай-күйі. Біз мынау дүниеге періште күйінде келеміз, алғашқыда адамзатқа сыйға берілген бостандықта тыныстап, сосын біртіндеп құлдыққа айналдыратын бақыттың болмауы алаңына өте бастаймыз. Жаңа адамның құлдыққа мойынсұнуы — ауыр затты жерге тастағанда төмен құлайтындығы сияқты бұл да алдын ала кесіліп-пішіліп қойылған құбылыс.
Бізді табиғи түйсіктер, ата-анамен қатынастар, жұбайлар, заттар, ақшалар құлдық жағдайға итермелейді. Дүниеде не болса соның бәрі (жақсы кітаптан басқасы) осындай күйге түсіреді. Мен дүниенің құлы ететін заттардың күшін жиі кездестіремін, сондықтан мен заттың саналы түрдегі жауымын, сондықтан затты әбден тозғанша пайдаланамын. Тек өзіңнің қадіріңді өзің білу ғана адамды бақыттың болмайтын лайынан суырып шығарады. Бірде бір адам екінші біреуге "сен бақытты болуға лайықтысың" деп айтпайды. Қайта керісінше пікір білдіреді. Жақын адамың сенің бақытты болғың келетіндігіне өзінің көзқарасын сыпайы түрде немесе тұспалдап жеткізеді. Дүние солай жаратылған, бір адам екінші адамның қадірін біле бермейді. Ешкімде де басқа адамның қадіріне жетуге көмектесетін құрал жоқ. Ал біздің қарым-қатынас — тіршілік ету құралы, оның өзі бақыттың болмайтын аумағындағы сияқты азаптанушылықтан көрінеді.
Бақыттың болмауында шындық бар, бірақ сол шындықтың өзі жоқ та екендігі анық. Маған айтқандардың бәріне сенемін, қарым-қатынастарға да сеніммен қараймын, бірақ мен ешкімнен ешқашан жүрекжарды сөзді күтпеймін.
Бақыттың болмайтын кеңістігі. Біздің денеміз өмір бойы сонда болу тағдыры жазылған. Ал бақыт болмайтынның тұнығы — бесік, үй және көр. Дүниенің қалай құрылғанын түсіну үшін өмірдің 2/3-ін сүру керек деп реніш білдіргім келгені бар! Енді ондай реніш білдіретін райымнан қайттым, өйткені, бақыттың болмауы маған үй де емес, көр де емес екен.
Мәдениет екпінінің күші
Дала мәдениеті, қауымдық мәдениеттің күні өтіп мәдениетке дейінгі кеңістікке айналады. Егер мәдениеттердің гүлденген бақытты кезіне және көпшілік-діни нанымдардың бақыттың болмау кезіне қарайтын болсақ, онда біз мәдениет қабаттарының арасында жатқан мәдениеттің бос кеңістігін көреміз. Бірақта мәдениеттер кезеңдері арасында көзге көрінбейтін байланыс бары байқалады. Дала мәдениеті мен дала мәдениетінен кейінгі кезең арасында көзге ілінбейтін байланыс бар, мұндай байланысқа осы шығарманы жатқызсақ та болар еді. Дала мәдениетінен кейінгі мәдениет әлі бола қойған жоқ, ал қазір дала мәдениеті болса жоқ, бірақ мен мәдени болмыс ретінде аралық кезеңді зерделеп қараймын: дала мәдениетінен кейінгі кезең ақиқатқа айналған кезеңде осы жолдар туралы біреулер әлі айтатын болады: сондай-ақ осы мәтіннің дала мәдениетінен кейінгі талпыныстардың бірі болып табылатыны анық.
Мәдениет — бұл ешқандай формальды бірлестік емес, бірақта адамдардың адам болуға бір жерден бір уақытта басталатын біріккен ұмтылысы; бұл ұмтылыс ішкі табиғаты жағынан үйлесімді, сондықтан да ол заңды құбылыс. Ол адамдар қолынан жасалған ғажайып туындылардан көрінеді, бірақта мәлімет түсінігінде керемет адамға айналудың қиын екендігін түсіне білу керек. Өзінің кереметтігіне қарай ұмтылыстағы екпін жеке адамнан тыс болады, бірақта ол ой-санада әбден пісіп-жетілмейінше ілгері қарай қозғала алмайды.
Қолдан шыққан керемет дүние болып көрінетін мәдениет жеке дербестік екпінен тыс құрылады, бұл бұйымдар тау мен көлдің керемет болуы себепті кереметке айналады, ал сөз арқылы жасалатын мәдениет шын мәнінде нағыз адамзат мәдениеті. Сөзбен көмкерілген ақиқат сұлулығын жасайтын адам шындығында ұлы құбылыс. Сөзден құрылған сұлулық тау мен өзеннің сұлулығынан бір де кем түспейді, адам сөзбен өрнектейтін шығармасында құдаймен теңеседі.
Өмір болмысын ішіне жинаған құмыра бейнесін көз алдымызға елестетіп көрелікші. Бейнелеп айтсақ, оның мойнына топтан жеке бөлініп шыққысы келген, өзіндік идеясы бар адамдар тектен тек жиналмайды. Ал құмыраның мойнына жету өте азапты жол, тіпті оған баратын жол жоқтай көрінеді, бірақ осыншама қиындықтан сытылып шығатын уақыт келеді. Өмірдің мәнін ашып көрсететін бір отандасымызды кездестірудің өзі неге тұрады. Біздің өмірімізді бір-бірімен салыстыруға болмай, әрқайсысымызды әртүрлі зат қызықтырады, бірақ бізді уақытты бірлесіп өткізуге деген ұмтылысымыздың тәжірибесі біріктіреді. Құмыраның ұзын мойнын қалыптастыратын мына біздер, бізсіз, біздің тәжірибемізсіз ешқандай құмыра болуы мүмкін емес; құмыра бейнесі — біздің дербес уақытымыз қалыбының бейнесі.
Біз бақыт болмайтын аумақтан шықтық, бізге тағдыр одан шығуға жазды. Басқалар туралы ештеңе айта алмаймын, "көпшілік дәуірі" деп аталатын орын мен уақыттан, көпшіліктен сытылып шықтым, Егер мен бұрын ақсүйек болып тусам, "көпшілік психологиясын" тастап шыққан болар едім, мұның өзіндік мәнісі бар екендігі сөзсіз. Қалыпты өмір ағымында бәрі де қалыпты болады, ешқандай кездейсоқ оқиға кездеспейді. Егер мен көптің бөлігі болсам, енді оны бөлігі емеспін, мен енді жекеше тірлік етуге бет бұрдым, мен бұдан былай көпшілік тәрізді тіршілік етуді қоюға міндеттімін, менің тәжірибем әлі орнықпаған, ол "көпшілік дәуірінің" принципті түрде аяқталғанынан көрінеді, көпшілік біртекті бола алмайтын дәрежеге жетті, көпшілік бақыт, бақыттың болмауы, бақытсыздық деп аталатын қабаттарға бөлінді, бұрынғы көпшілік енді көпшілікке жатпайды.
Енді мені құмыра мойнына итермелеген күшке қайта оралайын — қайда, не үшін бара жатқаным өзіме белгісіз — мен тек оның өзімнің ғана күшім еместігін, қозғалысқа түсуге бел буған батылдығым ғана еместігін білемін. Бірақ, егер көпшілік көпшілік болудан қалған жағдайда (көптің бөлігі елеулі айырмашылықтарға ие бола алмайды), жоғары қозғалу төменге қарай қозғалуды да білдіруі тиіс; жоғары қарай қозғалу — жарқын өмір идеясына ұмтылу (оптимизм), төменге қарай қозғалу — өмірдің мәнін теріске шығару (арсыздық), бұл адамзаттың тіршілігінде біздің көз алдымызда болып жататын үйреншікті құбылыс екендігі белгілі.
Өзім сыйлайтын өзге адамдар бір-біріне ұқсас келеді. Мен де оларға ұқсаймын. Олардың бірде-біреуі құмыра мойнының дербес уақыттың бейнесі ретінде, құмыра мойынының жарқын өмірдің идеясын ұстанғандар жиналатын оқшау түс екендігі ретінде әңгіме айтқан емес. Мен ескі танысымның өзін ұзақ жылдар бойы танып-біле алмадым, өйткені, бостандық идеясын білмеген болатынмын.
Біздің өмірлеріміз бір-біріне мүлдем ұқсамайды, біздің көз алдымыздағы түсініктер біздің еркіндіктеріміздің қаншалықты ұқсас екендігін көруге кедергі жасайды. Ал біздің сол еркіндіктеріміз де бір-біріне ұқсамайды, салыстырмалы түрде айтсақ, Азияның, Еуропаның, Африканың музыкаларының бір-біріне ұқсамайтындығы сияқты болады. Ондай музыкалар бір-біріне ұқсамағанымен, бәрібір музыканың аты музыка. Біздің еркіндіктер шын мәнінде әмбебап еркіндік болып табылады.
Мен өзім құрметтейтін адамдармен пікір таластырмаймын. Өйткені, жекелеген еркіндіктер бір-біріне қарама-қайшы келе алмайды. Ал жекелеген еркіндіктер ортақ әмбебап қасиетке тез беріледі. Еркіндік идеясы — қызмет ету идеясы, ол баяғыдан белгілі болғанымен мен оны жақында түсіндім. Мен адал дәстүрлі тәрбиеленген адаммен сөйлескенімде айтысуға уәж таппаймын. Әңгімемізде біздің еркіндіктер бір-бірінен басым түспейді.
Қазіргі дәстүрлі тәрбиеде қызмет ету идеясы жоқ, онда адамның еркі өте төмен. Қызмет етуге адамның еркін дәстүр алмастырады — біздің ата-бабаларымыз әрқашанда солай істеген. Оны басқалардың орындауын қалады. Дәстүр адамды елей алмайды. Қазіргі дәстүрлі тәрбиеде таңдау жоқ: яғни, дәстүрге қызмет ету керек пе, жоқ па, ол арасы ажыратылмайды. Қазіргі заманғы дәстүрлі тәрбие алушы дәстүрлілік идеясына қызмет етеді. Бірақ оған қызмет етуді дәстүр талап етпейді, керісінше бұл жеке еріктің ісіне айналады. Қазіргі заманғы дәстүрлі тәрбие алушы дәстүрлілікте қызмет ету идеясын ұстанады. Бірақ дәстүрліліктің өзіне қарағанда кем түсіп жатады. Бұрын мен кейбір дәстүрлі ұстанушылармен қалай жеңіл тіл табатындығымды түсінбеген болатынмын, енді түсіне бастадым.
Бұл еркіндіктің басым күші.
Еркіндікті философияға айналдырудың қажеті жоқ. Егер олай істейтін болсақ, онда еркіндік жоғалады. Сол себепті еркіндік өмірден, күнделікті тіршілік етуден бөлінбейтін құбылыс. Еркіндік өзіңнің пайымдауыңа байланысты әртүрлі болады, бірақ еркіндікке еркіндік тән. Ол оны бір тамшы сумен, шелектегі сумен, теңіздегі сумен салыстыруға болады, өйткені, оның ішкі мәні бір.
Күнделікті тіршіліктің ақиқаты
Мен қазір басымнан кешіп отырған интеллектуалдық қозғалыс дүниенің ақиқаты екендігін және ол жеке нақты адамнан тыс болатындығын білдіреді. Сонымен қатар кез келген парасатты адамның көзі жетпейтіннің бәрі шындық. Мәселе бұл әмбебап шындықтың қай бөлігі екендігінде. Адамдардың көпшілік ортасынан жаңа ғана шыққан біздер алғашқыда шындық жолына бағыт аламыз, бірақта бұл орайда біздің сөздеріміз бен идеяларымыз Конфуцийдің сөзіндей шындыққа жанасады.
Бірақ шындық үнемі даму үстінде болады. Конфуцийдің сөздері көшедегі ақылгөйсіген адамның сөзінен ерекшеленеді — олар бізге алыс қиырдан шындық ағыны ретінде келсе, ал көше ақылгөйшісі табалдырықта тұрып білгішсінеді. Өмірдің барлық шындығын білу мүмкін емес, бірақ шындық жолымен жүруге болады. Шындықтың көшбасшысынан кейін қалғанның өзінде де шындық жолының аты шындық.
Шындық үздіксіз дамитындығын тағы да қайталаймыз. Шындықтың ауылы алыс деуге болмайды, оның жолын іздеуге мүмкіндік бар. Көпшіліктен бөлінген адамның дамуы шындық қозғалысының даму аясы бойынша жүреді. Адам тағдыры экзотика емес, тағдыр не ақиқат шындық, не азды-көпті дәрежедегі тура жолдан ауытқушылық. Мендегі шындықтың даму барысы аялдау дегенді білмейді. Кез келген аялдау шындық идеясын бірден кері тартады. Бұл өзі кино тәрізді, кинотаспалардың қозғалысы тоқталмауы тиіс қой. Сол таспа айналып тұрғанда ғана ол кино болады. Ал таспа айналмай қалса, бұл кино емес фотосурет. Жағдайдың құлы болатын адамдарды сыйлаудың өзі қиын, ол өзінің жағдайына бейімделуі арқылы ешқандай өзгеріс әкеле алмайды.
Біздің шындық, біздің еркіндік. Ол қазіргі батыс адамның шындығы мен еркіндігінен айтарлықтай ерекшеленбейді.
Біздің шындық балапан ұясында дүниеге келіп, өсіп-жетілді. Біздің ата-аналарымыз рулық мәдениеттің елестерінсіз өмір сүрді, бірақ тоталитарлық қатал дүние жағдайында тіршілік етті, олар иіні өте жұмсақ, айтқанға көнгіш болды. Темірдей қатаң дүниеде оларда өзінің еркі болған жоқ. Біздің ата-аналарымыз екі өмірді қатар сүрді. Олар үйден тыс жерде Ақиқаттың құлы болды, ал үйде мейірімді ата-анаға айналды.
Біз, қазіргі қазақ зиялыларының көбі кешегі кеңестік басшылардың балаларымыз. Үлкенді-кішілі бастықтарды бір ғана идея біріктірді, ол балаларға білім беру, сол арқылы өмірге жол ашу. Олар темірдей қатаң дүниенің құрылымын түсіне бермеді, бірақ өздерінің түсінбегендерін сезді. Олар білім арқылы темірдей қатаң дүниенің құрылымын білуге болатындығын аңғарды, бірақ осы темірдей қатаң дүние ескі дүние танымындағы, ескі дүниелік қарым-қатынастағы дала адамына қаншалықты бөтен екендігін түсіне алмады.
Олар бізді қорғады. Өздерінің әлсіз беделдерімен қорғаштады. Біздің ата-аналарымыздың осал беделінің өзі біздің темір қалқанымыз болды. Сонымен қорғанып отырып біз рулық елестен және көне дүниетанымдық қарым-қатынастан арылған бірінші қазақ ұрпағының өзіндік шындығы мен еркіндігін қалыптастырдық.
Біз өзіміздің ата-аналарымызды теріске шығардық, яғни олардың көзқарастарымен, пікірлерімен келісе алмадық. Дүниетанымдық тұрғыдан алғанда олардың әлсіз беделдері біздің құрметтеуге лайық мойындата алмайды. Бірақ олардың беделдері жалған ұжымшылдық дүние құрылымы арасындағы сенімді бөліктерге-қабаттарға қызмет етті. Біз сол ата-аналарымыздың темірдей қатаң дүниедегі беделдерінің арқасында жаңаша ойлайғын болдық. Уақытты мәдени қабаттарға бөлетін қабат бейнесі біздің кезеңімізде ата-аналарымыздың беделдерімен жүзеге асырылды. Біздің еркіндігіміз бен біздің ата-аналарымыздың еріксіздігі арасында ортақ ештеңе жоқ. Өйткені, еркіндік пен еріксіздік арасында ортақ ештеңе болуы мүмкін емес, бірақ біздің еркіндігіміздің негізінде ата-аналарымыздың көлеңкесі көрінеді. Ол біздің еркіндігімізді тұрақсыздандырып, айтқанға көнуге, ыңғайға жүруге бейім етеді. Сондықтан біздің еркіндік "Өзгеріске бейім еркіндік".
Шындық пен еркіндік күнделікті өмірде қатар жүреді. Күнделікті өмірдегі шындық еместі және еріксіздікті мен жақсы білемін. Бұл басым түскен кезде адамды кемсіту, азапқа салу орын алады. Әділетсіздік пен еріксіздік дүниеде болғандықтан өзің оның алдында төмендемеуге және оған бейімделуге болмайтындығын жақсы түсінуің керек. Әділетсіздікпен және еріксіздікпен өмір сүрудің еш мағынасы жоқ. Өйткені, әрбір күн, әрбір апта, ай, тіпті бүкіл ғұмыр мән-мағынасыз өтеді. Өмірде шындық пен еркіндікке жетуге енді-енді жол ашылып келеді.
Өмірдің жаңа мәні алғашқыда оғаштау көрінеді. Айталық, өзіңді, өзіңнің еңбектеріңді және өміріңді мақтан ету қарапайымдылыққа жатпайды. Біз бұрын тап осылай ойлап келдік. Ал шындықтың бетіне тура қарап, шындықты ашық айтқанда не тұр, сонда ғана сен өзінді шындыққа бір табан жақындатып, дүниеге деген көзқарасың, қарым-қатынасың жақсара түседі.
Дала мәдениетінен соң
Біз дала мәдениетінен кейінгі кезеңде көптен бері өмір сүреміз, бірақ өз өмір салтымызды дала мәдениетінен кейінгі кезең деп айтпаймыз, өйткені, біздің өмірімізді солай немесе басқаша атау жауабы табылмайтын сұрақтарды туындатады. Біз дала мәдениетінен кейінгі кезеңнің бас кезінде өмір сүрудеміз, біз әлі жаңа мәдениет мәтініндегі алғашқы бетте, алғашқы азат жолдарда ғана кездесеміз. Біздің ойымыз біресе қосылып, біресе шашырап, кейде үрейге беріліп жалғасуда. Бірақ бұл қанша дегенмен жаңа мәтіннің басы ғана. Бұл бұрын елес жетегінде жүрген ересектердің, ауылда өсіп, баяғыша өмір сүруге бейімделе бастаған жастардың басқа жолды таңдау кезеңі, дала мәдениетінің — елестердің соңғы қалдықтарының күйреу кезеңі. Біздің дүниеде бұрын-соңды мұндай жан ауыртатын жағдай болған емес, біздің дүниеде тап осындай өмір сүру соншалықты қиын болып көрген емес. Кезінде халық басына түскен қолдан жасалған аштық, жоңғар шапқыншылығы тәрізді зауалдар түсінікті. Ал бұл жолғы жан ауруының себебін ешкім түсіндіріп бере алмайды, бұл өзі қашан ақырына жетеді, жалпы ол ақырына жетуі мүмкін бе, бұл өзі басқа мәдениеттің басы емес, ақырзаман басталуының басы емес пе екен. Бұл шындығында да қайырымсыз қатыгез кезең: ол біздің бәрімізді, бала-шаға ма, мүгедек пе, жүйкесі ауыратын адам ба, трансформация жасауға қабылетсіз қарттар ма, ештеңеге қарамай қыспаққа алуда; біздің уақытымыз соншалықты қысымшылыққа төзе аламыз ба, жоқ па, оны сұрамайды, шамадан тыс күш жұмсайтын, өмірде тым жоғары қабілетті болатын шақ келгенін сездіреді. Мәдениет дәуірлерінің ауысуы соңғы онжылдықтардағы саяси трансформациялардың орын алуына да байланысты, оның бастауы мәдениет ретінде рулықтың ыдырай бастағанда абдырап қалған сонау "зар заман" аталған XIX ғасырда жатыр, ол XX ғасырда жалғасты, жасына қарамай кеңестік бала бақшаға тоғытылғандар бір ізбен жүрді.
Ешкім ешкімге көмектеспейді!!! Жарық дүниеде ешкім ешкімге керек емес!!! Әркім өз бетінше тырбанып өмір сүреді!!! Біздің уақытымыздағы жағдай осындай. Және бұл — шындық. Уақыт біз жүзе білеміз бе, жоқ па, оны сұрамастан бізді суға лақтырып жіберді.
Мұндай жан ауруы (азап) барып тұрған әділетсіздік. Бұл қағидада әрқашанда біздің дүниетанымымыз ғана қарсы тұрады.
Азап — бұл жай-күйді білдірмейді, ол бар болғаны берілетін белгі. Менің дүнием түгелдей азапқа түссе, демек менің дүниемде қандайда бір қиындық бар бар деген сөз.
Азап дүниесі және бақыт дүниесі. Тарихи мерзімі шолақ болғанымен тұйықтан шығармайтын азап әлемінің не екендігін біз жақсы білеміз. Көзге шалынбайтын азап мерзімі біздің жер бетінде өмір сүрген кезімізде болады. Бақыт бейнесі біздің санамыздан жойылып, оны материалдық қоқыстар ауыстырды. Кез келген адамнан бақыт деген не деп сұрап көріңізші, ұжымшылдық шекпенінен шығатын небір сандырақтарды естисіз. Өйткені, біз өмір сүретін орнымыз бен уақытымызда бақыт бейнесі деген атымен жоқ, оны дала мәдениетінен соң деп аталатын кезеңнен кейін оны жасауға тура келеді. Біздің орнымыз бен уақытымыздың бақыты дегеннің не екендігін ойлануға шамам жетпейді — ол дерексіз, ойдан шығарылған, кітапта айтылған тәрізді; бақыт қақпасына қарай ұмтылған біздердің ішкі жан-дүниелеріміз бір-бірімізге мүлдем ұқсамайды, бақыттың болмау аралында тұрған кезімізде бізге бақыт шындыққа жанаспайтын, даланың сағымы сияқты болып көрінеді.
Бақыт, бақыттың болмауы, бақытсыздық — әрқайсысы өз бетінше жеке дара жағдай, бұл тиісінше жағдайда болатын әртүрлі адамдар. Ұжымшылдық рухани өлікке айналды, ұжымшылдық қасірет, ұжымшылдық елестер тобырдың философиясына айналды. Тобыр мән-мағынасыз және бақыттың болмау жағдайында тірлік етеді, тобырдан, яғни ондай "адамдардан" алыстаған сайын өзіңнің парасатыңа жақындай түсесің. Бақыттың болмауы моральмен сыйыспайды, тобырда мораль болмайды, болуы да мүмкін емес; күні өткен ұжымдық мораль залалды нәрсеге айналды. Дала мәдениетінен соң ұжымдық мәдениет болуы болуы мүмкін емес, жалған ұжымшылдық та бола алмайды, олар тобырдан және жеке адамнан тұрады, ақ пен қара, салқын мен ыстық, өлі мен тірі тәрізді күй кешеді. Тіршілік мораль бар жерде болады. Бұрын мораль адамнан тыс еді. Адам құрып кетуі мүмкін, бірақ адамзат мораліне түк те зиян келмейді. Ұжымшылдық моральға менің қатысуым міндетті емес. Бір адамға көп, бір адамға аз болуынан моральге келіп-кетер ештеңе жоқ. Мораль ендігі жерде менің еркіме тәуелді. Бұл дүниенің принципті түрде өзге жай-күйі, дүниенің басқаша құрылымы. Демек әркім жеке дара өзі үшін өзі жауап беретін құрылым.
Менің өмірім — дүниенің аясында. Мен өз өмірімді сүре отырып, дүниеге тән нәрселерді бастан кешіремін.
Адамның ұлылығында шек жоқ.
ЖАЛҒЫЗДЫҚТЫ СЕЗІНГЕН ДАЛА ҚАЗАҒЫНЫҢ ДАРАЛЫҒЫ
Қазақтың руханилығына үңілу
Мен кесенеге тағы да келіп тұрмын. Қақпада құлып салынған. Кесене қызметшісінің үйінде екендігін де білемін, егер оған барып жолықсам, оның ішке кіргізетіндігі сөзсіз. Мен осы ұлы Абайдың зиратына, қасындағы тас үйдегі мұражайына 1989 жылы келіп, суретке қалай түсіргенім есімде. Онда мен қазіргідей екі күн бойы жол жүріп, әбден шаршап келген жоқ едім. Осыдан он бес жыл бұрынғы сапарымды есіме алдым, сондықтан шаршағаныма, айналамдағы көңілсіз көрініске онша мән берген жоқпын.
Бұл дала жалғыздығының даралығын іздеу болатын. Мен ол кезде ол сапарымды солай атаған да емеспін, бірақ мені осы дала төсіне бастап келген де сол мақсат еді. Мен өмір бойы жалғызбын, дала рухындағы жалғыздықтың қандай болатындығын іздеумен болдым. Мен жалғыздықтың сан түрімен салыстырып көрдім, жалаң мәдениетсіз өмір сүруді жалғастырдым.
Кесенеден онша алыс емес жерде өзек бар. Мен оның жағасында тұрмын. Бір кездері осы жерде, айталық осыдан жүз жыл бұрын ұлы Абай жетілген мәдениет туралы ойланғаны анық. Мен оның жалғыздығын өзімнің жалғыз — оқшаулана алмайтын кезімде түсіне бастадым; бұл басқа адамның жалғыздығын көруге қабілетті маңызды трансформация болып есептеледі: оқшауланған жалғыздық өзге жалғыздықты көруге қабілетсіз. Абайдың жалғыздығын сезінгенде Абайдың азаптанғанын, Абайдың рухын көргендей болдым. Сол кездегі дала жалғыздығының даралығы да тап қазіргідей. Мен бұл арада нағыз жалғыздық туралы айтып отырмын. Жалғыздық дегенді былайша түсінуге болады: арман ешқашан орындалмайды, жағдай ешқашан ойдағыдай болмайды, қиындықты қабілетті дүниеде ештеңе сезілмейді. Бұл табиғат берген өмірдің нақты көрінісіндегі адамның жалғыздығы: су тасқыны, үскірік аяз, жабайы адамдардың шабуылы. Бұл ақиқат өмірді танып, ілгері қарай ұмтылатын жалғыздық. Бұл алдағы күнге деген үрей туғызатын жалғыздықтың салдарынан әлсіздікке ұрынатын жалғыздық. Бұл феноменді адам — ілгері қарай жүргенде арқасынан ызғар сезінетін саяхатшы. Бұл ойдан шығарылған адам емес, менің түсінігімше ол сол даралыққа, сол шындыққа сай келетін бірден бір адам. Жұмбақ дүние, арман, бейнелер ең нағыз мәдени жетістіктер деген осы.
Мен өзен жағасында тұрып Абайдың өмірінің соңғы жылдары өткен үйге қараймын. 1989 жылғы алған әсерім еске түседі, бұл қазақтың үйі, мен ондай үйлерді көп көрдім. Бұл бір жағынан қарағанда тұрғын үй ғана емес, мәдени жетістік болып көрінеді. Мені дәстүрлі қазақ әлемінен белгілі бір қашықтық бөліп тұр, бұл қалаға тән елес емес, нағыз шындық. Сол екі аралықтағы тік жарды көргенде мен қорқынышқа бой алдырғандай боламын.
Бұл менің сол кездегі саяхатымның басы болатын, 36 жасымның ішінде алғашқы рет дала төсін аралауға шықтым. Мен "Человеческие последствия ядерного оружия в Казахстане" ("Қазақстанда ядролық қаруды сынаудың адамзатқа тигізетін зардаптары") деген кітабымды жаза бастадым. Кететін күні ядролық радиацияның адамға қалай әсер ететіндігі туралы көп оқыдым. Сол саяхат кезінде ядролық сәулеге адамның физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік жағынан адамның реакциясы қандай болатындығын көруге, түсінуге және ой елегінен өткізуге тура келді. Сонымен бір мезгілде өзімнің туған халқыммен арада жатқан қашықтықты айқындайтын адам даралығын іздеуге талпындым. Ауылдағы адамдардың бірде-бірі мұндай кітапты жазуға шамасы келмеді, мүмкін оған білімдері жетпеген шығар, бірақ біліммен қатар бұл орайда рухани жағынан оқшауланған қашықтықта болу керек тәрізді, сонда ол құбылысты нақты көре береді. Мен дала төсіне келгенімде хал-қадірімше қазақша сөйлеуге тырыстым, ауыл адамдарына уақытша болса да өздерінің адамындай көруіне күш салдым. Дала адамымен алғашқы кездескен сәтте-ақ абыржып қалғаным рас: бұл әлем маған таныс, бірақ бөтен де. Оны басқа елдің бөтендігімен салыстыруға болмайды. Адамдардың әрбір іс-қимылы, маған етене таныс. Сол ауылда болған күндерімде абыржып, қапаланып кеткендей әсер алдым. Демек, туыс туысқандікі, бөтен бөтендікі; мен алдыма рухани маргинализмнің проблемаларын философия тұрғысынан шешуді мақсат еткен емеспін, өзімнің өмірімді енжарлықтан құтқардым.
Абай дәуірінің адамы мен менің дәуірімнің адамын ерекшелендіретін жағдай мынадай, 19-шы ғасырда қазақ өмірінде тәуелсіз адам өмірінің құбылысы болған жоқ, ал менің дәуірімде өмір тәуелсіздікте болуға мүмкіндік алды. Ұжымшылдықта (қауым, ру, тайпа) жеке өмір (тәуелсіз) болмайды, онда ұжыммен бірге өмір сүре отырып жеке өмір таба қою қиын. Онда жеке өмір кеңістігін отбасы, туған-туысқандар, басқаның жағдайлары тұмшалап тастайды. Дәуірдің алмасуы кенеттен жеке өмірдің бар екендігін білдіреді, ал жеке өмір азаптану, бишаралық халге түсуді көрсетеді. Жалған ұжымшылдықта "Өз өміріңді сүр" деген таныс сөздер кездесетіндігін өзімнің тәжірибемнен білемін, бұл сөздің мазмұнына сай келмейтін бос әңгіме.
Жалғыздық тәуелсіз өмірдің кеңістігі. Ол белгілі бір уақытқа дейін бос кеңістік күйінде болады. Ал бос кеңістік үрейлендіреді және бас сауғалап қашуға итермелейді. Біз сол кеңістіктен қашамыз, сонда өзіміздің жеке өмірімізден қашатындығымызды сезбейміз.
Жеке өмірдің қайырымды кеңістігі.
1989 жылы дала адамдарымен әңгімелескенімде жалғыздықтың сакральдығы (қадір-қасиеті) туралы көп сұрадым, мен сол кезде-ақ сакральді нысандарын іздеп өзімнің экология жөніндегі кітабыма материалдар жинадым. Далалық ұжымшылдықта қайта қалпына келтіруге болмайтын бүлінушіліктің бар екендігін жақсы түсіндім. Менің алыс арғы аталарымның ұжымшылдығы бүлінді, олар маған дейін өзінің тіршілік ету нысандарының сакральдығын жеткізе алған жоқ. Менің алыс арғы аталарымда сакральдықтың болуы мен өмір сүретін кезде ғайып болды. Бұл тарихи процестің басталған кезін Абай байқаған болатын; сондықтан маған рухани қожыраудың байқаушысы болуға ерекше қажеттілік жоқ. Шын мәнінде мен маргинальды болған емеспін, өйткені, менің ата-анам рулық мәдениеттен тыс өмір сүрді, олардың тұрмыс-тіршілігі нағыз рулық ұжымшылдықпен сакральданған жоқ, маған дейін дәстүрлі рулық қатынастардың ыдырағандықтан оған қатысты менің маргинальды болатын жөнім жоқ. Өйткені, елеске қатысты маргинальды болуға болмайды. Сондықтан да менің тағдырымдағы адамның жалғыздықты сезінуі заңды құбылыс деп ессптеймін. Бұл басқа жалғыздықтарға қарағанда бұл жалғыздықта оқшаулану дәрежесі аз көрінеді, бұл жеке өмірдің қайырымды кеңістігі деген осы.
Бірде мен өзімнің жалғыздығымнан қатты қорықтым. Бұл түс болатын. Поезда келе жатқанымда купеге екі адам келіп кірді, олар маған ақша беруді талап етті, мен қалтамнан ақшамды шығаруға асықпадым, сол кезде арамыздағы әңгіме басқаша сипат алды: олар мені тамбурға шақырып жеке сөйлеспекші болды, ал мен тамбурға шықсам поездан лақтыратындығын білдім, сондықтан тамбурға шықпаудың амалын іздеп әбігерге түстім.
Мен ұйқыдан оянып ойға кеттім: мені бұл өмірдің тамбурына кім, не үшін сүйреп шығармақшы? Біздің арамызда болған әңгімені естігендердің ішінен неге бірде бір адам үн қатпайды? Менде осы оқиғаға қатысты жеккөрушілік пайда болды. Содан бері жеккөрушілік туралы көп ойландым. Ал одан қалай құтылуға болатындығына мән бердім, сондықтан да ойлана келіп жүрегімнің еркіне бағындым.
Әлгіндей жағдайда ешкім де көмекке келмейді. Ал қорғаған күнде өзінің ұжымшылдық бөлігін, өзінің рухани денесінің бөлігін ғана қорғайды. Қорғану еріксіз реакция ретінде ұжымшылдық реакция түрінде көрінеді. Бұл орайда ұжымшылдық рухтың сыртқы белгілерімен ғана қорғайды. Оларда рухтан гөрі бос сөз басым келеді. Мені талай жоюға жасалған әрекеттер болды. Бірақта зұлым күштердің белгілі бір мақсатқа жұмыла алмауы құтқарды, зұлым күш байлаулы тұрған иттің үргені тәрізді. Зұлымдық өзінің дегеніне жетсе, тыйыла қалады, ол ойлану дегенді білмейді.
Зұлымдық еркі — күйреу еркі. Біреулер күйрегендерді қайта қалпына келтіру керек деп әлек, ал жалғыздықты ұстанатындар оның жаңасын құруды ұсынады. Бұл қақтығыста күйрелген үйіндіден шыққандар бір тамбурға әкеліп қамалады. Маған сол түн өте үрейлі болып көрінді. Мен содан кейін адамзаттың құдіреттілігінің құрылымын сипаттап бердім (Мен құдіретті > (артық) Ақиқат), өйткені маған адамзаттың құдіреттілігі туралы ұмыту қорқынышты тәрізді. Адам әлемі нені тірек етеді?
Абай дүниенің тірегі бай, мырза, әділ би деп білді. Бұл байлар, билер, мырзалар дүниенің арқа сүйейтін бағанасы іспетті. Дүниеде әрқашанда көктің әмірімен болатын шағын топтағы адамдар болады. Солардың арқасында дүниеде тәртіп орнап, мән-мағынаға орнығады. Ал сол байлар, билер, мырзалар қандай да бір себептермен іргесі шайқала бастаса, онда тәртіп пен мән-мағына ғана емес, жалпы дүние күйрейді. Меніңше Абайдың дүние танымындағы басты нәрсе адамдардың тәртіп сақтауы дүниеде таңдаулылар арқылы жүзеге асады.
Абай бала кезінде байлардың, билердің және мырзалардың тәртіп сақтаудағы лайықты орнын көрді. Абай оны қазақтар өміріндегі жақсы кезең деп түсінді.
Мен Абай сынамады деп айта алмаймын. Абай кемшілікті сынады. Енді Абаймен бірге ойланып көрелікші.
Бұл идея: адамдардың сақтауға тиісті тәртібі мен мән-мағынаның сақталуы — енді керісінше сипат алды. Көсемдер идеясын насихаттайтындар өздерінің не насихаттайтындарын түсінбейді. Абай рулық мәдениетте нық тұрды, ол өзінің туған мәдениетінің жыршысы болуы үшін туды; рулық мәдениеттің ыдырауы Абайдың жан дүниесіне күрт өзгерістер әкелді. Ол рулықтан басқа қазақ мәдениетінің өзге нысандары туралы батыл ойға беріліп, жан күйзелісін поэзия тілінде білдірді, біз оны сол үшінде құрметтейміз. Олжаны күйзеле отырып, алыс болашаққа көз тікті. Абай қазақ әлемінің арқа сүйейтін діңгегі. Ол ескі тәртіпті сақтауға тырысқан жоқ, тіпті ол туралы ойламады да.
Абай қазақ әлемінің діңгегі. Ол дәстүрлі дүниенің тұтастығының идеясына жаңалықтарды қосу принципін жақтады. Ұлттық көсемдерді насихаттайтын қазіргі ақсақалдарда поэтикалық алысты болжаушылық көп байқала бермейді. Абай ескі дәстүрлердің құндылығы туралы көп айтқанымен, дәстүрде бір орында тұрып қалуды жақтамайды.
Мен өз өмірімде жүздеген адамдармен жүздестім. Оның жүзінің 99-ы тамақ ішу мен ұйықтауды ғана біледі. Олар eштеңе жасауға тырыспайды. Сол 99-дың әрқайсысында өзіндік арман бар екендігіне сенімдімін. Оларда адамзатқа тән қасиеттердің бәрі бар, бірақ олар күн-көрісі үшін күндізгі тамағын тауып жеп, кешке ұйықтайды. Сонда өмірдің өзі ішіп-жеу мен ұйықтаудан тұра ма? Әрине, маған олардың ішкен-жегені мен ұйықтағанына келіп-кетер ештеңе жоқ. Бірақта витальді күшті болу принципін білуге қол жеткізген жөн.
Витальді күш — батыл қадамдарды, батыл ойларды жүзеге асыратын күш. Мен күн сайын 100 адамның 99- ынан біздің орнымыз бен уақытымыздағы витальді күш қайда деп сұрай алмаймын.
Рулық қатынастағы адам жетілген адам болды, ол өзінің ата-бабаларының өсиеттерін орындады, және оны орындауға ол тиіс болды. Ата-бабалардың өсиеттеріне сүйенген рулық адам зұлымдыққа бара қоймайды, ол өзінше тұтас құбылыс. Ішкі жан дүниесі кең, яғни ол Жаратушының өзіне жақын адам болды. Онда Мен деген жеке ұғым аз болғанымен әрбір рулық қатынастағы адам жеке күйінде емес біріккен түрінде дүниенің тірегі болды. Батыл қадамдар мен батыл ойлардың витальдік күші өзара тең дәрежеде бөлінді, ал айрықша жағдай туындаған кезде рулық қатынастағы адамның витальдік күші бір адамның басына шоғырланды (Қобыланды батыр). Бұл адам небір батырлық әрекеттер жасап аты аңызға айналды, Мен дегені сол ерліктерден кейін төмендеп, рудың мақтанышына айналды.
Жалған ұжымда витальді күш бір адамнан екіншісіне еркін ауыса алмайды. Жалған ұжымдағы адамдар көзге көрінбейтін жіппен бір-біріне байланған, жалған ұжымдағы адамдардың мінез-құлқы сырт жағынан негізделеді. Ал бұл Мәдениет емес, руханилық, Таңылған мәдениет емес, материалдық. Сондықтан мен жалған ұжымдағы жалған мәдениетке қарағанда рулық мәденнеттегі адамдармен арадағы айырма жер мен көктей дей аламын.
Рулық қатынас ыдырағаннан кейін витальді күш қайда кетті? Мен витальді күшті ешқашан арнасы кеппейтін өзенмен салыстырамын. Өзен ешқашан жоғалып кетпейді, ол ағысын тоқтатпайды, кейде шөл даланы кесіп өтемін деп жерге сіңіп кетуі мүмкін, сондай-ақ буланып көкке көтеріледі. Өзеннің осындай күйге түсуі туралы сопылық өсиетте айтылады.
Біздің витальді күшіміз сол өзен тәрізді.
Бу — қайнаған судың күйін өзгерту заңдылығы; іс-әрекет — айтылған сөзді іске асуы. Витальді күш сөздермен жұмбақ түрде байланысып жатыр. Мен жазған сөздерім менің өмірімді менің витальдік күшіммен байланыстырады.
Абай үйінде
Біз Абайдың өмірінің соңғы жылдары өткен үйге кірдік. Есік алдына аяқ киімімді шешіп, төрге оздым. Үйдің ішіне киіз бен кілемдер төселген. Мен ас үй жабдығына көз салдым, май жинайтын торсық, май айыратын ыдыс, диаметрі 1 метрдей қазан және самаурын тұр, мен оны өзімнің әжемнің үйінен де көрген болатынмын. Ол 19-шы ғасырда туылып, осы заттарды өмір бойы пайдаланған еді. Әжем тек қана 19-шы ғасырдың заттарын бақилық болған 1965 жылға дейін әкеліп қойған жоқ, сонымен бірге ол өзінің өнегелілігін қоса әкелді. Ол менің анама осы өнегені беріп, мен есім кіргенше сол өнегемен өмір сүрдім, ал есім кіргеннен кейін мен сол ұлттық мәдениеттің өнегесі ыстық көрінді.
Көптеген адамдар қазіргі кезде ұлттық мәдениетті өздерінің туысқандары арқылы естіп біледі. Біздің отанымызда мәдениетті жалғастырудың тәсілі болған жоқ. Ежелгі Грециядан батыс мәдениетіне және рулық мәдениеттен біздің кезеңгі мәдениеттердің берілуінде қандай айырмашылықтар бар? Бұл кітаппен берілгенде, адам тыс қалады, ал адам арқылы берілгенде кітап қолданылмайды.
"Освобождение духа" ("Рухтың азат болуы") кітабымды жазған кезде мен қазақ мәдениетіне, тарихы мен этнографиясына қатысты 20 шақты кітап оқыдым. Онда жасалған сілтемелердің бәрін де қарап шықтым. Абай өлеңдерінен басқасын екі топқа болуге болады, оның бірі өзге мамандардың еңбектеріне сүйеніп жазылған кеңес мамандарының шығармалары, ал екіншісі дала адамдарына отарлық көзқараспен қараған ХІХ-шы ғасырдағы Ресей мамандарының кітаптары. Бірақта қазақтың ұлттық өміріне терең ой жүгірткен кітаптарды кездестіре алмадым. Мәдени дәстүрлердің ішкі иірімдерін білмеген, әрі оны білуге тырыспаған авторлардың жүздеген кітаптары оның қыр-сырын жеткізе алмайды. Менің дәстүрлі мәдениет туралы ой түйгенім мен дәстүрлі мәдениеттің арасындағы патша өкіметінің отарлау саясатын қолдағандар мен кеңес идеалогиясының қызметшісі ұсынған дәстүрлі мәдениет туралы білімдер екі ортаны бөліп тұрған қамал тәрізді. Менің ата-бабамның мәдениетінсіз қалған осындағы өзімді жалғыз сезінетін дала адамымын, ал дала мәдениеті менің қатысуымсыз басқа жерде тәрізді.
Мәдениет кітап арқылы емес адамдармен берілген кезде мәдениетті зерделеу сапасы төмендейді, мен оны қазір түсініп отырмын. Дала мәдениетінің заңды мұрагері ретінде, мен мәдениеттегі үзіліп қалған тұстан өте алмауыма байланысты мына мәдениетінің даралығы туралы емес дала адамының жалғыздығына қатысты даралығымды жаздым.
Дала мәдениетіне деген селқос көзқарастың, нақты білімнің болмауының салдарынан бірнеше ұрпақ ата-бабасының мәдениетінен қол үзген бойы тәрбиеленді. Біз өз таңдауымыз бойынша басқа адам болған жоқпыз. Бізбен және біздің ата-бабаларымыздың арасында тек алынбас қамал ғана тұрған жоқ, сонымен қатар туған мәдениетіміз туралы жалған білім де жатыр. Біздің жалпы рулық мұрамызды озбырлықпен иеленіп алғандар біздерді, яғни дәстүрден қол үзгендерді азғын, сатқын деп атады. Олар рулық қатынасты қолданбайтын адамдар, сондықтан рулық мәдениет принцип түрде уақытымызбен үйлеспейді — олар тек рулық мәдениетті киімін жамылып алғандар. Бірақ олардың рухы рулық қатынастар мәдениетінен тысқары жатыр. Маған олардан келіп-кетер ештеңе жоқ, мен осы жолдар арқылы менімен тағдырлас адамдармен ата-бабамыздың мәдени мұрасы арасындағы тірілтуге болмайтын көрінетін қатынастарды жолға қойғым келеді. Рулық мәдениетінен мәңгілікке айрылған мен сияқтылар миллиондап саналады, тіпті тұтас халық десе болады. Рулық мәдениеттен біржолата айырылған біздер өзгелердің пікірімен жүретіндерден әлдеқайда көппіз.
Мен осы жолдарды өзім сенгендіктен, өзімнің жүрегімнің әмірін тыңдағандықтан жазып отырмын. Мен бұл кітапты басқаша жаза алмас едім. Рулық мәдениеттерге қатысты идеяларды ой елегінен өткізе отырып менде жоқ (рулық мәдениет), бірақ менің тарихи отанымда бар жағдайларды салыстырамын. Менің отаным ешқандай мәдени және құжаттық өзіндік аргументтерді ұсына алмайды, бірақ отандық мәдениетпен мен тілдесе аламын. Отандық мәдениеттің сөзі мендегі анық сезілетін құбылыс. Ал анық әрі дәлме-дәл сезіну — ақиқаттың идеалды нысаны,бұл ойды Декарт айтқан болатын. Мен Декартты құрметтеймін, өйткені, ол маған, ең бастысы адамзатқа — өзіңе-өзің сенуді үйретті.
Менің мәдениетім рулық мәдениет бола алмайды, бірақ витальді күшті ілгері жылжытатын менің мәдениетім рулық мәдениет пен мағыналы қарым-қатынаста бола алады. Менің қаладағы замандастарым рулық мәдениетті шатыстырып түсіне білмейді. Дала мәдениетінен соң және рулық мәдениет салыстырмалы түрде алсақ, бірінен біріне өтетін екі бөлме тәрізді. Біз жарық, қолайлы, басқа елдердің адамдары мен мәдениеттері жасаған мүлікке толған кең бөлмеде болуды ұнатамыз; бұл орайда біздер, дала мәдениетінен кейінгі адамдар, орыс тілінде сөйлесеміз, қысқаша айтқанда, бұл бөлмеде қазіргі өркениетке тән өмір бар. Бірақ бәріміз де екінші бөлме бар екенін білеміз, оның есігі ашылыңқырап тұр. Іші қара көлеңке, одан ешқандай дыбыс естілмейді. Бірақта осы үнсіздік орнаған бөлменің барлығын ұмыта алмайсың. Жиһаз қойылған жарық бөлмеде біз өзімізді ерекше сезінеміз. Шын мәнінде екінші бөлмемен шаруамыз да болмайды. Оған бірнәрсе қоймақшы болған кезімізде ғана есімізге түседі, демек, ол бөлме бізді мазаламайды. Өркениетті өмірге бізді онымен ештеңе байланыстыра алмайды, ондағының бәрін біз өз қолымыздан жасаған жоқпыз. Біз өркениетті өмірден келген қонақтар тәріздіміз. Менің айналамда кітаптар, нәрселер, пластинкалар, сызулар, кесетін, аралайтын, бұрғылайтын құралдар, пианиноның ақ-қара клавиштері және т.б. қоршап тұр. Ал мәдениеттің осы саласына менің ата-бабаларым не қосты, сонда мен өнердің, техниканың, спорттың жемістерін пайдалануға құқығым бар ма? Бір күні мені өз орталарынан қуып шықпай ма? Жарайды, қуып шықпады делік, сонда өркениетті өмірден маған орын көрсете ме?
Қара көлеңке бөлме біздің рулық мәдениетіміз болып табылады. Бөлме қараңғы, оған ешкімнің кіргісі жоқ. Бөлме бар ма — бар, жарайды. Осы рулық мәдениеттің қараңғы бөлмесінде біздің арамыздан ешкім болған жоқ. Жер басып жүрген біздер тексіз емеспіз! Егер бізден "Батыстың мәдениетінде неғып жүрсіңдер, достар", деп сұрай қалса, онда рулық мәдениет бізді құтқарып қалады, сонда біз өзіміздің қараңғы бөлмемізге қалай еніп кеткенімізді білмейміз. Біздің бірде-біреуіміз, миллиондардың бірде-біреуі (батыс мәдениетіне неге бас иесіздер, онда біз не істеп жүрміз?) деген сұраққа жауап бере алмайды.
Халықтың бәрі бір бөлмеге жүгіріп кіруі дегеніміз бейнелі мағынада ғана айтылған. Ондайда сұрақ жекелеп қойылатын болады. Әртүрлі мәдени жағдайдың болуы маған оңайға тимейді, ал батыстың азаматын қуантады. Неге еуропалық көпірдің сәулелері жүйкеңе әсер етеді? Өйткені, мен өзімнің қараңғы бөлмеммен қатынас орнатқан жоқпын, ал онда менің ата-бабаларымның мәдени мұрасы бар еді ғой. Ол да батыстың мәдениетінен қалыспайтын жағдайда емес пе еді. Мен Абайдың өсиеттерін орындап, ата-бабаларымның мәдениетімен, сондай-ақ қазіргі әлемнің мәдениетімен міндетті түрде қарым-қатынас орнатудамын, бұл орайда мұраны беру жүзеге асуы тиіс. Менің өмірімнің кезеңінде ата-бабаларымның мәдениеті Декарт мәдениетімен тең түседі — мұрагерлік міндеттемені қабылдамайынша заңды мұрагерлік құқығын алу мүмкін емес.
Менің мәдени жағдайымда не мұрагер болу керек, не бастаушы болу керек. Мен өзімнің әңгімелерімде оның екіншісін байқап көрдім. Онда өмірдің маңызды тұстарын анық көруге, айқын сезінуге, нақты бедерлеуге тырыстым. Әңгімемде өмірдің өлшемдерін дұрыс қолдандым. Витальдік күш туралы ойлай келе, мен ішкі қайнар көзімді көремін, ол витальдік күшімнің бастауы тәрізді. Жанары өткір, сенімді және онда ешқандай қатыгездік болмауы керек. Ондай кеңістікке тіке қарай алатын отты көз жанары бар адам күн өткен сайын күшті бола түседі. Қасиетті судың бұлағы ағып қана қоймайды, витальді күшпен күшейе түседі.
Витальді күш өлшеуге болмайтын энергия көзі. Ол жаңа қадамдарға бастайды.
Мен Абай үйінің ауласында тұрмын. Міне, ХІХ ғасырдың арбасы тұр. Оның дөңгелегінің жерге тимегеніне 30 немесе 300 мың күн өткен шығар. Әне, қолдан егілген гүлдер шоғы көрінеді. Гүлдер мәдени өмірдің тынысын білдіреді. Бірақта дала шөбінің бұрқыраған иісі оның пысын басқандай. Мен бұл көрініске қарап тұрғанымда қасымдағы жол көрсетуші үйіне кетті.
Мүлгіген тыныштық. Егер қала өмірінің әдеті болмаса, мен де машинамның қасындағы көлеңкеде кешке дейін ұйқымды қандырып алған болар едім. Мүлгіген тыныштық. Сонау Абайдың кезінде мына қыраттан аттың дүбірі естіліп мүлгіген тыныштықты жігіттердің көңілді дауыстары бұзып жіберер еді. Ал қазір салт аттылар да, олардың жарқын дауыстары да естілмейді. Мен 1989 жылы мүлгіген тыныштыққа оранған қазақ ауылын көргенмін. Бірақ сол кезде мен оны өмірдің көлеңкелі тұсы деп ойламаған едім. Енді қарап тұрсам, мүлгіген тыныштық мәдениеттер арасындағы бос уақыттың аралығы екен, яғни рулық мәдениет пен дала мәдениетінен кейінгі аралықтағы бос кеңістік тәрізді. Мүлгіген тыныштықтың бос кеңістйінде ескі ұмытылады және жаңасы елестейді.
Ауыл ұйқыда, қалада сергектік. Қаладағы сергектік тек өмірдің ағымы ғана емес, өзіңді сергек ұстайтын уақыттың келгендігін білдіреді.
Енді жолға шығу керек. Мен заттарымды жинай бастадым, бірақ мәдениет туралы — қатынас орнату туралы мәселе ойымнан кетер емес. Рулық мәдениет баяғыда-ақ кеткендей болғанымен, енді мен арқылы көрінетіндей. Рулық мәдениетпен қатынас орната отырып, мен қандай да бір менен тыс болатын феноменмен сырттай қатынас орнатамын. Ал мен арқылы іштей болмысыммен қатынас орнатамын. Азия және еуропалық құрамдас рухымды өзара татуластырып, арасындағы қарым-қатынасты жолға қойдым. Батыс (дербестік) және шығыс ұжымшылдық менде қатар көрініс берді.
Мен жалғыздыққа үйренгенмін, мен қай мәдениеттен болсын жаныма тыныштық таба алмаймын. Мүмкін мен өз тағдырымның еріксіз гамлетизмнен бас тартуым керек шығар, бірақ ол мүмкін емес: мүмкін мен бір нәрсені қолға алып жасағым келер, ал бұның жөні бір басқа. Жалғыздықта тұрған ешқандай өрескелдік жоқ, менің жалғыздығым арқылы менің тағдырымның принципті түрде бөлінбейтіндігі көрінеді. Менің рухым еуропалық мәдениетке де, азиялық мәдениетке де принципті түрде сіңісіп кете алмайды. Өзімде екі мәдениеттің арасында қатынас орнатқаннан кейін, мен нағыз адамға айналдым. Менің адамзаттық тегім рулық дәуірдің ержүрек адамына да, батыстың адамына да (Сантьяго, "Шал және теңіз", Хемингуэй) ұқсамайды, бұл бұрын соңды болмаған құбылыс. Менің алдымда орасан зор жұмыстар күтіп тұр. Мәдениеттің қозғалысы мен арқылы жүзеге асады.
Менің жалғыздығым — қазақи жалғыздық, бұл жаңадан туындаған феномен емес, бірақ ой елегінен өткізілмеген. Өзінің жалғыздығының мәдениет оқшаулығын бірінші болып айтқан мәдениетті қазақ Абай болса, сол Абайдың ұрпақтарының ішінен кім оның мәдени жалғыздығының себептерін зерттеді? ХІХ ғасырдың басында болған жалғыздық әрбір қазақ үйінде, әрбір жеке қазақтың санасында орын алған құбылыс. Бірақ біздің сол жалғыздығымыз туралы кім тайға таңба басқандай етіп айтты? Жалғыздықты қарғайтын және оған қарсы болғаннан басқа қазақтың жалғыздыққа қатысты басқа қатынасын көргенім жоқ. Мен осы жұмысты жазған кезде мәдениет туралы барлық мәселелерді ой елегінен жалғыздап өткіздім. Жалғыздық арқылы мәдениеттің жаңа қатынастары пайда болады, ал мәдениет жалғыздықты жеңетін еңбек арқылы туындайды. Менің жалғыздығымның мәні мен мақсаты дала мәдениетінен кейінгі мәдениетті құру. Мен тәрізді жалғыздық көрген адамдар азапқа түсіп, жалған эпикалық маргинализмге душар болып, өзінің көрген азабы арқылы рулық мәдениеттің көнелік пен елесінен арылып, оны жаңғыртады. Мен тәрізді жалғыздықты басынан кешкендер дала мәдениетінен соң кездегі мәдениеттің бастапқы нысаны болып табылады. Анық әрі айқын дала мәдениетінен кейінгі кез ертеңгі дала адамының ақиқат болмысы саналады.
Бұл туралы алғанда біздің кезеңде бақытты, яғни ішкі жағы нан үйлесімді адамдар қазіргі далалық адамдардың арасында жоқ және болуы да мүмкін емес. Біздің кезіміздегі қазақ мәдениетінде — Гамлеттердің драмалық кезеңі. Дала мәдениетінен соң болатын мәдениет әлі жоқ, бірақ отандық Гамлеттердің айқын мәдени ұмтылыстары бар. Мәдени жалғыздық дала мәдениетінен соңғы авангард әрі витальді күш.
Мәдениетті Еуропа мен мәдениетті Азия арасында дербес мәдени кеңістік ішінде дұрыс қарым-қатынас орнату — мен тәрізді адамды рухани жетілдіру мәселесі. Менің отандасымның қазіргі болмысын мен жарық жиһазды бөлмеге, есіктес қараңғы рулық өмірдің бөлмесіне кірумен салыстырар едім. Біздің тәжірибеміз көрсеткендей, өркениеттегі өмір заттардың арасындағы жағдайдың аз зерттелетіндігін көрсетеді. Өмір айрықша түрде физикалық, заттық түрде болса, өркениеттегі біздің рухымыз қысылған, бақытсыз күйде болады. Біз әзірге Еуропаның да, Азияның да мәдениетке ие емеспіз. Еуропалықтармен қатынастарда өзімізді еуропалық ретінде ұстаймыз, ал арабтармен сөйлескенде азиялық болып шыға келеміз. Бұндай жағдайда не Азия мәдениетіне (ұжымшылдық), не Еуропа мәдениетіне (жекешілдік) жатпаймыз. Біз бір жағадан жүзіп шығып, екіншісіне жеткен жоқпыз. Бұл орайда біз өзімізді еуропалықпыз деп ашық айтуға жасқанамыз, өйткені, Еуропа мұндай еуропалықтарды көргеніміз жоқ деп күлуі мүмкін.
Ал азияның мәдениетіне кері орала қою тағы қиын; біз бүкіл халық, жеке адамдар болдық, біз Құс Жолы тәрізді жолға түсіп алып белгісіз бағытқа зор жылдамдықпен ілгері ұмтыламыз. Орынды тез алмастырғандықтан өзімізбен не болып жатқанын да түсіне бермейміз. Көптеген ғасырлар бойы көшпенділік, көшпенді мәдениет біздің мәдени потенциямызға өзіндік із қалдырды. Біздің қазіргі заманғы мәдениетіміз белгілі бір қалыпты түрде болмағанымен мәдениет мәдениетсіздік кеңістігіне жатпайды. Оның өзіндік түрі бар. Біздің ұлттық рухымыздың жай-күйін жақсы сезіне аласыз, біз тығырықта емеспіз, біз жол үстіндеміз.
ХІХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың басында рулық мәдениет ыдырағаннан кейін қазақ мәдениетінен тек қана қазақтың жалаң түрдегі жан дүниесі қалды. Отандық мәдениеттің болмауынан біз құрып кетуге тиіс едік, басқа халықтармен сіңісіп, ұлт ретінде жер бетінен жоғалып кетуіміз мүмкін еді, бірақ олай болған жоқ, керісінше халықтың жүздеген мың индивидуумдары мәдениетаралық, этникааралық шекараларды аттап өтіп басқа елде тұрып өзінің мәдениетін этникалық ерекшелігін сақтай білді, біз рухымызды түсірген жоқпыз, витальдік күшіміз сарқылмады. Менің өмірім типтік өмір саналады: менің және менен кейінгілер ұрпақтардан жүздеген мың қазақтар менің өміріме ұқсас өмірді сүруде; мен бұл адамдардың өмірін жақсы түсінемін. Біздердің интеллектуалдық және рухани ой-пікірлеріміз де тез үйлесім табады, бұл шын мәнінде нағыз отандастықтың белгілерін көрсетеді. Ой-пікірлеріміздің бір жерден шығуы менің өмірімнің мағынасыз емес екендігін білдіреді. Өзімнің өмірім туралы білімді мен белгілі бір дәрежеде жинақтауға құқылымын. Біздің орнымыз бен уақытымыздың мендегі мәдениет қозғалысын жалпы мәдениет қозғалысын салыстыра бақылауға құқылымын. Біз мәдениет жағынан бос кеңістікті құрамаймыз. Бірақ біздің дүние-танымымыздың арасындағы байланыс маған түсінікті. Өйткені, біз отандық мәдениетпен қоштасқан жоқпыз. Дала мәдениетінен кейінгі басқа мәдениет отандық мәдениетке келіп кірікті. Отандық мәдениетпен біздің байланысымызды тамыры тереңге жайылған бәйтерекпен салыстыруға болады, оның тамырының қаншалықты терең екендігін біз біле бермейміз. Сол тамырлы бәйтерек өсіп тұрған кезде біз де тамыр жаямыз. Дала мәдениетінен кейінгі кезең біздің тарихи мәдениетпен бәйтеректің діңгегі арқылы ғана емес, көзге көрінетін және көрінбейтін желілермен бір арнаға келіп тоғысады. Сөйтіп бірнеше діңгекті тармақтар пайда болады. Өз болмысымызда біз ата-бабаларымыздың дәстүрінен қол үзбей, жаңа мәдениет аясында боламыз.
Осыдан біраз жыл бұрын дала мәдениетінен соң деген ұғым мүлдем болған жоқ. Ал одан әріректе мен, сол сияқты менің замандастарым мәдени феномен ретінде өзі туралы ойлана алған жоқ. Осыдан біраз жыл бұрын мен өзіме бақытсыз уникум ретінде қарадым. Басқа адамдардың дала мәдениетінен соң болатын мәдениетке қалай жол тапқанын білмеймін, маған бұл ой "Освобождение духа от страха иллюзий архаики" кітабын жазу арқылы келді. Онда мен әрбір жеке өмірдің жарығы болатын идеяны келтірдім. "Мен — дүние" өзара қарым-қатынасы туралы көп әдебиеттерді оқуға болады. Бірақ мен және менің өмірлік жарығым — тіршіліктің қайнар көзіне философиялық тұрғыдан жақындау мүмкін емес; философиялық кітаптар жарықтың сезімінен, тіршіліктің сезімінен іргесі аулақ жатыр.
...Мен мінген машина сағатына 90 км жылдамдықпен келе жатыр, бұл кез келген жағдайда асып-саспастан тежеуге мүмкіндік бар деген сөз. Әрі мұндай жылдамдықпен келе жатқан кезде ойлануға да мүмкіндік бар. Тіпті кейде қойын дәптеріме де есіме түскендерді түртіп қоямын.
Мен осыдан біраз жыл бұрын 4 мың шақырымдық жолмен өткенім бар: Кельн — Варшава, Минск, Мәскеу, Самара, Қазақстан. Жолда кездейсоқ жағдайлар аз болған жоқ, сондықтан жол жүру маған үйреншікті нәрсе. Дала жолында қауіп-қатер жоқ, анда-санда жол жиегінен саршұнақтар кездеседі, өтіп бара жатқан машинаға қарап, енді неге қарасам екен деп ойланып тұрғандай әсер қалдырады.
Мен даланың бос кеңістігін ұнатпаймын, бірақ даланың ұшы-қиырсыздығын жақсы көремін. Бұл екі ұғымның арасында айырмашылық та бар. Бос кеңістік — ештеңе де жоқ, ал алыстық — мүмкіндік, бос кеңістік — материалдық, алыстық — идеалдық ұғым. Мен даланың бос кеңістігін ұнатпағаныммен оны теріске шығармаймын, өйткені, мен дала адамымын. Даланың бос кеңістігі менің өмірімнің бір бөлігі болып табылады. Егер даланың бос кеңістігін білмеген болсам, даламның ұшы-қиырсыз екендігін де сезінбеген болар едім. Ол — дала адамының, яғни менің өмірім!
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру