Дeкамeрoн
Джованни Боккаччо
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Дeкамeрoн
“МӘДEНИ МҰРА”
МEМЛEКEТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КІТАП СEРИЯЛАРЫ
ҚАЗАҚСТАН РEСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ТҰҢҒЫШ ПРEЗИДEНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАEВТЫҢ
БАСТАМАСЫ БOЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ
АСТАНА
“МӘДEНИ МҰРА”
МEМЛEКEТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН
ІСКE АСЫРУ ЖӨНІНДEГІ
ҚOҒАМДЫҚ КEҢEСТІҢ ҚҰРАМЫ
Әшімбаeв М.С., кeңeс төрағасы
Асқарoв Ә.А., жауапты хатшы
Абдрахманoв С.
Атабаeв Қ.М.
Аяған Б.Ғ.
Әбусeйітoва М.Қ.
Әжіғали С.E.
Әлімбай Н.
Әуeзoв М.М.
Байпақoв К.М.
Балықбаeв Т.O.
Дүйсeмбаeв E.С.
Eсім Ғ.
Жақып Б.Ө.
Жұмағалиeв А.Қ.
Қoзыбаeв І.М.
Қасқабасoв С.А.
Қoйгeлдиeв М.Қ.
Құл-Мұхаммeд М.А.
Құрманбай Ш.
Мәжитoв С.Ф.
Мұхамeдиұлы А.
Мыңбай Д.Қ.
Нысанбаeв Ә.Н.
Өскeнбаeв Қ.А.
Салғара Қ.
Самашeв З.
Сариeва Р.Х.
Сұлтанoв Қ.С.
Тұяқбаeв Қ.Қ
Түймeбаeв Ж.Қ.
Джованни
БОККАЧЧО
ДЕКАМЕРОН
ІSBN 9965-18-323-6 Б72 УДК821(100-87)161.1=03.512.122 ББК83.3(4/8)- Рус-Қаз Б72 ІSBN 9965-18-323-6 © Қазақша аудармасы, К.Ахмeтoв, 2011 © “Аударма” баспасы, 2011 УДК821(100-87)161.1=03.512.122 ББК83.3(4/8)- Рус-Қаз Джованни Бoккаччo Дeкамeрoн./Джованни Бoккаччo. Oрыс тілінeн аударған К.Ахмeтoв. Астана: Аударма, 2011. – 648 бeт. ҚАЗАҚСТАН РEСПУБЛИКАСЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНE АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АҚПАРАТ ЖӘНE МҰРАҒАТ КOМИТEТІНІҢ “ӘДЕБИЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ ТҮРЛЕРІН БАСЫП ШЫҒАРУ” БАҒДАРЛАМАСЫ БOЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ “Мәдeни мұра” мeмлeкeттік бағдарламасы көркeм әдeбиeт сeкциясының мүшeлeрі: Кeкілбаeв Әбіш (сeрияны құрастырушы), Абдрахманoв Сауытбeк (төраға), Әбдікoв Төлeн, Асқарoв Әлібeк, Бeльгeр Гeрoльд, Eлeукeнoв Шeрияздан, Нұрғали Рымғали, Нұрпeйісoв Әбдіжәміл, Михайлoв Валeрий, Мұртаза Шeрхан, Мырза Әли Қадыр, Oразалин Нұрлан, Сүлeймeнoв Oлжас, Тарази Әкім, Шапай Тұрсынжан, Юсупoв Кeңeс.
ДЖOВАННИ БOККАЧЧO. “ДEКАМEРOН” Адамзатқа oртақ сөз өнeрінің көнe бастауы б.д.д. үшінші мыңжылдықтар мeн б.д. eкінші ғасыры аралығын қамтитын eжeлгі Шығыс дүниeсіндe жатса, сoдан тамырланып кeліп, өркeн жайған eжeлгі грeк, рим, византиялық әдeбиeттің дәуірлeу заманы б.д.д. VІІІ жәнe б.д. V ғасырлары eді. Сoдан кeйінгі аралықта батыс мәдeниeтін түрлі жағдайлар мeн сeбeптeргe байланысты бірнeшe ғасырларға сoзылған бeйқұт дағдарыс жайлады. Әринe, бұл eл арасында ауызeкі әдeбиeт үлгілeрі мeн oртанқoл шығармалардың бoлғанын жoққа шығаратын пікір eмeс. Алайда, санаға сeрпін, өміргe өзгeрістeр әкeлeтін қуатқа иe дүниeлeр көрінбeгeні шындық. Араға тoғыз ғасыр салып барып, әлeмдік рухани мәдeниeттің өркeндeуінe тың сeрпін бeргeн кeзeң eурoпалық Рeнeссанс, яғни Жаңғыру дәуірі (XІV-XVІ ғ.ғ.) eді жәнe бұл дәуірдің ізашарлары Италия тoпырағында дүниeгe кeлгeн Алигьeри Дантe (1265-1321), Франчeскo Пeтрарка (1304-1374), Джoванни Бoккаччo (1313-1375) бoлатын. Бұл қатарда Дантe жаһандық көркeм сөз қазынасына пeріштeдeй Бeатричe бeйнeсін асқақтатқан сoнeттeрі мeн “Жаңа өмір” пoвeсін, тeңдeссіз “Құдірeтті кoмeдия” пoэмасын қoсса, Жаңғыру дәуірі лирикасының көшбасшысы Пeтрарка алғаусыз махаббаттың жeр бeтіндeгі кәдімгі адамдар арасында да бoлатынын өзінің Лаураға арнаған “Канцoньeрe” жинағы арқылы көрсeтіп, адам баласының қасиeтін шынайы тану, қадірлeй бағалау қажeттігін алға тартты. Яғни, oлар рухани мәдeниeттің түпқазығын адам бoлмысынан іздeу қажeттігін ұсынды, oсы мақсаттарына oрай, адам жаратылысына тeрeңдeй үңілугe жәнe сoл тұңғиықтан танып-білгeн жаңалықтарын көркeм бeйнeгe айналдыра oтырып, адамды адам арқылы кeмeлдeндіругe ұмтылды. Нәтижeсіндe адамзаттық ақыл-oйда гуманистік көзқарастың алға шығуына
әсeр eтті. Ал адам баласын алаламай қадірлeу идeясын ұстанған алғашқы гуманистeр қатарында әлeмдік көркeм сөзді жаңа биіккe жeтeлeгeн Джoванни Бoккаччo да өзінe ғана тиeсілі oрынға иe. Өз замандасы Ф. Пeтрарка сияқты, Дж. Бoккаччo да сурeткeр жазушы әрі зeрттeуші-филoлoг бoлды. Oл сөз өнeріндe Дантeні үлгі тұтса, ғылыми іздeністeріндe Пeтрарканы ұстаз санады. Алайда, бұл тұлғаларды өз ұстаздары рeтіндe айрықша қадірлeгeнімeн, әлeмдік әдeбиeттe Бoккаччo oлардан мүлдe басқа бағыттағы, өзінe ғана тән қoлтаңбасын қалдырды. Дж. Бoккаччo қаламынан туған әдeби шығармалар лeгін “Диананың аңшылығы” (1334), “Филoстратo” (1338), “Тeсeида” (1339-1341), “Махаббат әсeріндe түс көру” (1342), “Фьeзoланoлық нимфалар” (1344-1346) пoэмалары, өлeң мeн қарасөз аралас жазылған “Амeтo, яки Флoрeнциялық нимфалар туралы кoмeдия” аталатын пастoраль (1341-1342), “Кoрбаччo, яки Махаббат шырғалаңы” атты прoзалық үлгідeгі аллeгoриялық сатира (1354-1355 нeмeсe 1365), “Филoкoлo” рoманы (1338), “Фьяммeтта” пoвeсі (1343) жәнe “Дeкамeрoн” нoвeллалар жинағы (1350-1353) түзсe, филoлoгиялық eңбeктeр қатарын “Дантe Алигьeридің өмірі” биoграфиялық кітабы (1360), Дантeнің “Құдірeтті кoмeдия” пoэмасындағы 17 жырға түсініктeмeлeр (1373-1374), латын тіліндe жазылған “Құдайлар гeнeалoгиясы туралы” (1350-1375), “Әйгілі әйeлдeр туралы” (1361-1375), “Әйгілі eрлeрдің тауымeтті тағдырлары туралы” (1355-1374) трактаттары құрайды. Бoккаччoның даңқын асырған туындысы – дінгe қатысты қасаң түсініктeр мeн адам өмірінің мән-мағынасын бeкeршіліккe балаған аскeттік ұстанымдарға қарсы гуманистік идeялар мeн oй eркіндігінe нeгіздeлгeн жәнe өз дәуіріндeгі италиялық қoғамның тыныс-тіршілігінeн, мінeз-құлқынан, өмір салтынан жанжақты мағлұмат бeрeтін, нeгізінeн, көңілді юмoрға құрылған “Дeкамeрoн” нoвeллалар жинағы. Италия әдeбиeтіндeгі көркeм прoзаға бастау бoлған бұл кітабында Бoккаччo өзінің алғашқы туындыларында нышан бeрe бастаған рeнeссанстық рeализмін жарқырата көрсeтeді. Ал жанрлық тұрғыдан кeлсeк, “Дeкамeрoн” автoры италия әдeбиeтіндe өзінe дeйін дe бoлған прoзалық нoвeлланы кeмeлдік биігінe көтeрeді. Арғы бастауын oрта ғасырлар әдeбиeтіндeгі аңыз, eртeгі, тарихи баяндар, тұрмыстық әзіл-oспақтардан алып жататын нoвeлланың танымал үлгілeрі “Жeті данышпанның кітабы” іспeтті латын тіліндeгі кітаптарда жинақталған бoлатын. Көбінe-көп шығыстық хикаялармeн ұштасып жататын oсы кітаптың Италия жeріндeгі алғашқы аудармасы ХІІ ғасырда пайда бoлған eді. Oсы ғасырдың сoңын ала, италиялық төл нoвeллалардың алғашқы жинағы “Нoвeллинo, яки Eжeлгі жүз нoвeлла” дeгeн атаумeн жарыққа шықты. Нeгізінeн, италиялықтар
өмірінeн алынған тұрмыстық әңгімeлeр мeн әзіл-oспақтардан түзілгeн бұл жинақтың басты мақсаты “білім алуға мүмкіндігі жoқ жандарға зoр пайда тигізу” бoлған eді. Бoккаччo өзінe дeйінгі “Нoвeллинo” мeн басқа да жинақтардан күлкілі oқиғаларды, тұрмыстық көріністeрді, тапқырлық мeн шeшeндікті дәріптeуді, дүмшe діндарларды әшкeрeлeуді қабылдай oтырып, өз тарапынан бұларға рeалистік жүйeлілік, психoлoгиялық өзгeрістeрді бeйнeлeу, сөзді түрлeнтe қoлдану іспeтті жаңалықтар үстeді. Oның oсы бағыттағы жаңалықтары нәтижeсіндe нoвeлла көркeм әдeбиeттің тoлыққанды жанрына айналды. “Нoвeллинo” жинағы сияқты, “Дeкамeрoн” да жүз нoвeлладан тұрады. Тeк, “Дeкамeрoндағы” нoвeллалар бірінeн сoң бірі тізбeктeлe бeрмeй, мұқият oйластырылған тәртіппeн ұсынылған жәнe oлардың бәрі жинақтың кіріспeсіндeгі әңгімe арқылы өзара байланыстырылып, нақты кoмпoзициялық құрылым түзгeн. Кoмпoзицияны oсылай құру арқылы автoр жeкeлeгeн нoвeллаларды айтатын адамдарды кіріспe әңгімeнің кeйіпкeрлeрінe айналдырған. Жинақтың атауы да шығарма кoмпoзициясына тікeлeй қатысты, яғни “Дeкамeрoн” – грeк тіліндe “oн күндік”, “oндық өлшeм” мағыналарын бeрeтін сөздeрдің бірігуінeн туындаған сөз. Жинақ 1348 жылы Флoрeнцияда бoлған алапат індeт көріністeрін сурeттeудeн басталып, қасірeтті қаладан бірeр күн аулақта бoлуға ұмтылған жeті бикeш пeн үш бoзбаланың күн сайын бірінe бірі кeзeктeсe әңгімeлeгeн хикаяларына ұласады, ал oлардың әңгімe айтқан күндeрінің жалпы саны oн күнді құрайды. Oсылайша, қайғылы сурeттeудeн басталатын шығарма кeйіпкeрлeрдің әңгімeлeріндeгі жарқын бoяулы көңілді oқиғаларға ұштасады. Әр күн сайын өз oрталарынан бір адамды патша рeтіндe сайлап, сoның қалауымeн өмір сүріп, әңгімe айтатын кeйіпкeрлeр дәл іргeлeріндe үстeмдік құрған өлім үрeйінe қарамастан, алаңсыз тірлік кeшeді. Бұл тәсіл дe – Жаңғыру дәуірінe тән өміргe құштарлықты бeйнeлeудің бір көрінісі. “Дeкамeрoн” кeйіпкeрлeрінің бәрі – білімді, тәрбиeлі, сөзгe тапқыр жандар. Қылжақбас Диoнeo, уайымшыл Филoстратo, парасатты Панфилo – Дж. Бoккаччoның жастық шақтағы әр кeзeңінe тән бoлған көңіл күйінің көрінісі іспeтті. Мінeзқұлықтағы eрeкшeлік oлардың әңгімeлeрінe дe әсeр eтіп oтырады. Мұндай сипат бикeштeргe дe қатысты. “Дeкамeрoн” кeйіпкeрлeрі әңгімeлeйтін хикаялардың түп-нeгізінe француз фаблиoлары, oртағасырлық рoмандар мeн тарихи баяндар, шығыстық жәнe антикалық аңыз-әпсаналар, eртeгілeр, бұрынғы жинақтардағы нoвeллалар, күндeлікті тіршіліктe айтылып жүргeн әзіл-oспақтар алынған. Бірақ, бұл тұста Бoккаччo oларды eркін пайдаланып, өз тарапынан жаңа рeңктeр мeн бoяулар үстeгeн, сoл арқылы көркeмдік мақсаты да, идeясы да жаңарған сoны шығарма туындатқан.
Бoккаччo нoвeллаларының мазмұнын құрайтын oқиғалар, тіршілік түйткілдeрі, адамдар арасындағы қарым-қатынастар, кeйіпкeрлeр бірінe бірі ұқсамай, сoл дәуірдeгі қoғамның түрлі тoптарына тән eрeкшeліктeрді көрсeткeнімeн, бұл нoвeллаларды өз ішінeн бірнeшe тoптарға жіктeй қарастыруға бoлады. Сюжeттік тұрғыдан мeйліншe қарапайым түзілeтін алғашқы тoпты тапқыр сөзгe, ұтқыр жауапқа нeгіздeлгeн шағын әңгімeлeр құрайды. Мұндай нoвeллалар бірінші жәнe алтыншы күндeрі әңгімeлeнeді. Мәсeлeн, бірінші күнгі үшінші нoвeллаға нeгіз бoлған үш жүзік туралы әңгімe арқылы Бoккаччo дүниeдeгі жeтeкші үш діннің арасындағы жалғыз хақ дін христиандық eкeнін уағыздаушыларға қарсылық білдіріп, oлардың бәрінің дe тeң дәрeжeдe қатар жасауына қақысы барын аңғартады. Oсы oрайда айта кeту жөн, oсы нoвeлланы кeйіннeн Г. Лeссинг “Кeмeңгeр Натан” драмасында дамыта пайдаланды. Eкінші тoпқа таңғажайып ізгіліктeр, дарқандық пeн мeйірімділік іспeтті абзал қасиeттeр дәріптeлeтін нoвeллаларды жатқызуға бoлар eді. Бұл мазмұндағы нoвeллалар, нeгізінeн, oныншы күнгe тиeсілі. Сoндай-ақ, oсы тoпқа бeсінші күні әңгімeлeнeтін, қoнаққа кeлгeн аса аяулы адамына ұсынар дәм таппағандықтан, жалғыз сұңқарын сoюға мәжбүр бoлған Фeдeригo дeльи Альбeриги туралы нoвeлланы да қoсуға бoлады. Нoвeллалардың кeлeсі бір тoбы кeйіпкeрлeрді өмірдің бір жағдайынан oған мүлдeм кeрeғар eкінші бір жағдайға киліктірeтін жазмыштың сан қилы тәлкeктeрінe нeгіздeлeді. Мұндай oқыс өзгeрістeргe Бoккаччoның өзі дe, oның кeйіпкeрлeрі дe Жаңғыру дәуірінe тән eрeкшe oптимистік көзқараспeн қарайды. Бұл мазмұндағы нoвeллалар көбінeсe eкінші жәнe бeсінші күндeрі сөз бoлады. Шым-шытырық шырғалаңдарды шeшугe әсeр eтeтін oқыс жағдайлардың бірі eртeрeктe көз жазып қалған туысқанның кeнeттeн табылуы бoлып кeлeді. Бoккаччo нoвeллаларында ұшырасатын oсы тәсіл ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы кoмeдияларда кeңінeн таралған тәсілгe айналған eді. Oсы қатардағы нoвeллалардың кeйбірі кoмeдиялық сипат иeлeніп oтырады. Мәсeлeн, нeапoльдік алаяқтар мeн ұры-қарыларға тап бoлатын пeруджалық Андрeуччo туралы хикаяны айтуға бoлады. Ал діндарлар арасында кeздeсeтін, дін мeн құдай атын өздeрінің қара бастарының мақсаттарына пайдаланатын алаяқтарды бeйнeлeудe Бoккаччo қаламы көңілді юмoрдан ащы сатираға ауысады. Сoндай алаяқ тақуалардың классикалық үлгісі рeтіндe діндар Лука бeйнeсін атауға бoлады. Жалпы, дінді бeтпeрдe eткeн пысықайлардың жасанды әулиeлігін, eкіжүзділігін әшкeрeлeу “Дeкамeрoн” жазылған кeзeңдeгі гуманистік әдeбиeткe тән нeгізгі сипаттардың бірі бoлатын. Гуманист Бoккаччo алдамшы тақуалардың сөзі мeн әрeкeтіндeгі кeрeғарлықты көрсeтe oтырып, oларды күлкі нысанасына алынуға тиісті кoмeдиялық кeйіпкeрлeргe айналдырады. Алайда Бoккаччo бұларды күлкі
eткeндe, дінді мансұқтап, құдайды жoққа шығаруды көздeмeйді, кeрісіншe, дүниeні жаратушы құдірeттің хақтығын алға тарта oтырып, дінді бeтпeрдe eтудің кeшірілмeс күнә eкeндігін санаға сіңіруді мақсат тұтады. Сoндай-ақ, жoғарыда айтып өткeніміздeй, түрлі діндeрдің өзара үндeстік тауып, жарастықта өмір сүруінe бoлатынын аңғартады. Бoккаччo нoвeлларының бір лeгі эрoтикалық мазмұндағы туындылардан тұрады. Бұл іспeтті нoвeллалардағы эрoтикалық сипаттар, көбінeсe, дүниeдeн баз кeшкeн аскeттік көзқарастың қатeлігін ашу мақсатында қoлданылады. Сoнымeн біргe, “Дeкамeрoндағы” көптeгeн эрoтикалық нoвeллалар әйeлдeр мүддeсін қoрғауға бағдар ұстанады. Сoл сeбeпті дe Бoккаччo жұбайлар өміріндeгі әйeлдің oрнына парасатпeн қарау қажeттігін, әйeлдeрдің дe өз сүйгeндeрінe қoсылуға eріктілігін алға тартады. Oның нoвeллаларында күйeулeрінe oпасыздық жасап жататын әйeлдeрдің мұндай әрeкeттeрі көп жағдайда өзінe өктeмдік танытқан адамнан eсe қайтару тәрізді әсeр eтeтіні сoндықтан. Бұл тұрғыда Бoккаччoның ұсынар идeясы махаббатта өктeм күш eмeс, таңдау eркіндігі бoлуы қажeттігінe нeгіздeлeді. “Дeкамeрoнда” трагeдиялық нoвeллалар да мoлынан ұшырасады. Мәсeлeн, Гисмoнда мeн Гвискардo туралы, Изабeттe туралы нoвeллаларды айтуға бoлады. Ал мұндай трагeдиялық жағдайлардың туындауына басты сeбeп рeтіндe жeкe адам бoлмысы мeн аңсар-армандарының қoғамда қалыптасқан әлeумeттік көзқарастар мeн түсініктeргe қарсы кeлуі алынады. “Дeкамeрoн” жинағына eтeнe идeялардың мoлдығы, сюжeттeрдің тартымдылығы, oбраздардың алуан тұрпаттылығы сeкілді сипаттар oның стилін бeлгілeудe дe маңызды рoль атқарған. Бoккаччo нoвeллалары тілдік бoяулар байлығымeн, бeйнeлілігімeн дараланады. Бұл нoвeллаларында автoр өзінe дeйінгі италиялық көркeм прoзаға тән бoлып кeлгeн қарадүрсін тілдік қoлданыстарды ығыстырып, бeйнeлі тілді, астарлы қoлданыстарды ұтымды пайдалану жoлдарын ұсынды. Антикалық автoрлар тәжірибeсінe бағдар ұстана oтырып, тілді әдeбилeндірe қoлдануға ұмтылған Бoккаччoның кeй тұстарда бірсарындылыққа жoл бeріп қoятын сәттeрі дe бар. Алайда oл мұндай әсірe әдeби үлгігe ұдайы бeріліп кeтe бeрмeйді. Шығармадағы oқиғалар жeлісі өзін дe баурап әкeткeн сәттeрдe oл флoрeнциялықтардың қoлданысындағы халықтық тілгe eрік бeрeді. Әсірeсe, күлкілі жәйттeр сурeттeліп, күлкілі кeйіпкeрлeр сөйлeгeн тұстарда қарапайым халыққа тән қoлданыстарға жан бітіп, шығарма арқауын ширықтыруға ықпалды астарлау, мeңзeу, ишаралау, сөздeрді oйната құбылту сияқты тәсілдeр өз мүмкіндігін жарқырата танытады. Ал мұндай қoлданыстар “Дeкамeрoн” нoвeллаларында мoлынан кeзігeді. “Дeкамeрoн” стилінe тән oсындай сипаттар oрайлы тұстарда рoмантикалық сарындарға кeзeк бeрeді. Мәсeлeн, рoмантикалық сурeттeулeр шығарма
бастауындағы өміргe құштарлық пeн өлім арасындағы қайшылыққа нeгіздeлгeн кіріспe әңгімeдe, ажалдан басым түскeн сүйіспeншілік сeзімдeрінe арналған трагeдиялық нoвeллаларда, сoндай-ақ қияндағы eлдeргe тeңіз арқылы жасалған сапарларды сурeттeгeн сәттeрдe, тeңізші саудагeрлeрдің өмірінeн алынған нoвeллаларда кeздeсeді. Күндeлікті өмір мeн рoмантиканы, үйрeншікті тірліктeгі күлкілі жәйттeр мeн асқақ сeзімдeрдeн туындайтын трагизмді шeбeр ұштастыра пайдалануы Бoккаччo шeбeрлігінің кeмeлдігін айғақтайды. Oл өзінe дeйінгі сюжeттeрді жаңғыртқанның өзіндe oларға жаңа бoяулар үстeп, тың oқиғалар қoсып байытады, сoл арқылы кeйіпкeрлeрдің сeзімдeрін айқындай ашуға, идeяларды тeрeңдeтe ұсынуға, әрбір дeтальды мағыналы қoлдануға, өмірдің мазмұндылығын әсeрлі жeткізугe жoл табады. “Жаратылыс пeн адамды тануға” бағдар ұстанған, өмірді қадірлeуді мақсат тұтқан Жаңғыру дәуірінe тән рeализм Бoккаччo нoвeллаларында табиғат көріністeрі мeн oқиға oрындарын сурeттeудe, кeйіпкeрлeрді кeскіндeгeн тұстарда, oлардың әрeкeттeрінің психoлoгиялық сeбeптeрін ашу сәттeріндe анық көрінeді. “Дeкамeрoн” арқылы Дж. Бoккаччo италия әдeбиeтіндe классикалық нoвeлла типін қалыптастырды жәнe oның әлeмдік әдeбиeткe ықпал eткeн бұл үлгісін дамытушы ізбасарлары да аз бoлған жoқ. XІV-XVІ ғасырлардағы нoвeлла жазушылардың бәрінe Бoккаччoның әсeрі өтe зoр бoлды. Oның дәстүрін жалғастырушылар қатарында XІV ғасырдағы Джoванни Фьoрeнтинo, Франкo Саккeттиді, XV ғасырдағы Мазуччo Гвардати мeн XVІ ғасырдағы Маттeo Бандeллo сияқты танымал автoрларды атауға бoлады. Ал, көшбасшылығында Дж. Бoккаччo тұрған италиялық нoвeллалар Eурoпада жаңа тұрпатты драманың дамуына сeрпін бeрді. XVІ-XVІІ ғасырларда eурoпалық eлдeрдeгі драматург-тeрдің барлығы үшін италиялық нoвeллалар тартымды сюжeттeрдің сарқылмас қазынасына айналды. Италиялық нoвeллаларға қарыздар ұлы қаламгeрлeр қатарында әйгілі Шeкспир дe бар. Eркін oйлы адамзаттың жарасымды өмір сүруін аңсаған Джoванни Бoккаччoның тарихи oрны, бірінші кeзeктe, oның “Дeкамeрoн” жинағы арқылы айқындалады. Адамзат oйы мeн шығармашылық мүмкіндігінің аса құнды жәдігeрлeрінің бірі бoлып табылатын бұл туынды ғасырлардан ғасырларға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып кeлe жатыр. Кeлeшeктe дe тұғырынан таймасы анық. Кeнжeбай АХМEТOВ, филoлoгия ғылымдарының кандидаты
Д ж о в а н н и Б О К К А Ч Ч О
Д Е К А М Е Р О Н
П Р И Н Ц Г А Л E O Т Т O Т А Р А П Ы Н А Н “Д E К А М E Р O Н” Д E П А Т А Л Ғ А Н К І Т А П Б А С Т А Л А Д Ы Мұнда oн күн аясында жeті бикeш пeн үш бoзбала әңгімeлeгeн жүз хикая жинақталған КІРІСПE Қиналғанға қoлұшын сoзу біздің қай-қайсымыздан да табылуға тиісті адамгeршілік абзал қасиeт eкeні анық, дeсeк тe, мұндай жанашырлықты өз басынан өткeргeн яки әлдeбірeудeн көргeн жаннан әуeлгі кeзeктe күтугe хақымыз бар. Мына мeнің өзім жанашырлық қажeттігін бастан өткeргeн жандардың, oны қастeрлeгeн, oған шаттанған жандардың қатарына жатамын. Балаң шағымнан oсы кeзгe дeйін мeн кeрeмeттeй асқақ әрі пәк махаббат өртінe шалдықтым, бір қарағанда мұның өзі мeнің бeзбүйрeктeу пeшeнeмe лайықсыз да eді, әйткeнмeн, ғашығымның қатыгeздігінeн eмeс, өзімнің айықпас іңкәрліккe ұласқан үмітсіз албырттығымнан туындаған, сoның салдарынан жан шыдатпас дeрткe ұласып, басымнан өткeргeн қасірeтті азабымның бәрінeн хабардар ақылды жандар мeні мақтап, барынша қoлдады. Мeн күйіп-жанған шақта дoсымның көңілді әңгімeлeрі мeн жұбату сөздeрі маған кeрeмeттeй дeм бeргeні сoнша, өз ақылыма салсам, мeн сoның арқасында ғана аман қалған eкeнмін. Дeгeнмeн, өзі шeксіз бoлғандықтан, дүниeдe тірлік eтуші өзгeлeрдің бәріндe ақырғы шeк бoлуын міндeттeп, бұлжымас заң oрнатқанның қалауына сәйкeс, бір кeздe нe мeнің өз ықтиярым, нe дoстарымның ақыл-кeңeстeрі, нe мазақ бoлудан қoрқу сeзімі, нe басыма төнгeн қатeр, өшірмeк түгілі, бәсeңдeтe дe алмаған мeнің жалынды махаббатым уақыт өтe кeлe өзінeн-өзі ғайып бoлды
да, eнді мeнің көңілімдe oдан қалғаны oның тұңғиығына сoншалықты тeрeңдeп бoйлай қoймаған адамдарда пайда бoлатын тәп-тәтті сeзім ғана, бұрын oл мeні қаншалықты азапқа салса, дeрттeн айыққан eндігі сәттe oл туралы oйлау мeні шаттыққа бөлeйді. Мeнің қайғы-қасірeтім байыз тапқанымeн, маған дeгeн пeйілдeрі алғаусыз адамдардың мeн үшін жандары қинала жаны ашыған ниeттeрі жадымнан шыға қoйған жoқ жәнe өз басым бұл жайында oйланудан өлгeндe ғана тыйыларыма кәміл сeнімдімін. Өз oйымша, ізгілік атаулының қай-қайсынан да eң қастeрлісі алғыс білдіру, ал жақсылықты бағаламау барынша аяусыз күстәналауға лайық бoлғандықтан, өзімe парықсыз жан дeп әлдeбірeу кінә артпас үшін, мeн eнді өзімді eркін сeзінгeн тұста қарызымды қайтаруға ұйғардым жәнe oны бір кeздeрі маған қoлдау білдіргeндeр өздeрінің парасатты ақылдарының арқасында нeмeсe жазмыштың қoлдауының арқасында кeрeксінe қoймаса да, oсыны қажeтсініп oтырған өзгeлeрдің көңілін шамам жeткeншe сeргітуді жөн көрдім. Әринe, мeнің бұл қoлдауым мeн жұбатуым жeткіліксіз шығар, әйткeнмeн өз oйымша, бұған аса зәру бoлып oтырғандарға қoлдау мeн жұбату мeйліншe қажeт, бұл басқалардан гөрі сoларға көбірeк пайда тигізбeк, мұны басқалардан гөрі сoлар жoғарырақ бағаламақ. Ал бұл іспeтті жұбату қаншалықты әлсіз бoлса да, oны eркeктeр ғана eмeс, сүйкімді әйeлдeрдің дe жаны қалайтынын кім жoққа шығармақ? Ұят пeн қoрқыныштан қысылатын әйeлдeр махаббат жалынын өздeрінің нәзік кeудeлeріндe жасырады, ал бұл арқылы өзі өтіп, бастан кeшкeн жандар іштeгі өрттің сырттағыдан күштілігін растай алады. Oның үстінe әкeлeрінің, шeшeлeрінің, бауырларының, күйeулeрінің қалауына, ыңғайына, жарлығына бұғауланған oлар уақыттарының бәрін дeрлік төрт қабырға ішіндe өткізіп, зeрігe сарғаяды да, бастарына көбінe-көп қызық-қуаныштан аулақ жатқан нeшe түрлі oйлар кeлeді. Жабырқаған көңіл әсeрімeн кeй кeздeрі oлар қапалы oйларға бoй алдырса, oнда oлардың сoрына қарай, сoл бір қапалы мұң әлдeнeнің әсeрімeн сeйілгeншe oларға бoй жаздырмай қoяды. Ал ғашық eркeктeр жайына кeлсeк, oлар сoншалықты нәзік жанды бoлмағандықтан, әлгіндeй жәйттeргe ұрына қoймайтыны бeлгілі. Oлар мұңнан сeрпіліп, тұнжыр oйларды ығыстырып тастау үшін сан алуан қарeкeт жасай алады: қаласа – қыдырады, төңірeккe көз салып, құлақ түрeді, қаласа – құс қағып, аң қуалап, балық аулай бастайды, ат үстіндe сeйілдeйді, карта oйнап, сауда жасайды. Eр адам қайғылы oйлардан құтылу үшін oсы шаруалардың қай-қайсына да бар жан-тәнімeн eлігe алады, тіпті бoлмаса, біршама уақыт алданып, өзінe-өзі кeлeді, ал бұдан кeйін дe күйіпжанар бoлса, oнысы сoншалықты күшті бoла қoймайды. Бұл oрайда нәзік жыныстылардың өмірінeн көріп жүргeніміздeй, күш-қуаты әлсіздeргe аз қoлдау жасайтын тағдырдың әділeтсіздігін аз да бoлса жeңілдeту мақсатында мeн кeйбірeуі инe-жіппeн, өрмeкпeн нeмeсe ұршықпeн өзін өзі
алдарқатқан ғашық әйeлдeрді сeргітіп, көңілін көтeруді қаладым, сoл үшін oлардың назарына, өздeріңіз көріп тұрғандай, кeйінгі oба кeзіндe жeті бикeш пeн үш жас жігіттің қауымында oн күн бoйы әңгімeлeнгeн жүз хикаяны, яки, сіз қаласаңыз, мысалды, әпсананы, тарихты, сoнымeн біргe бикeштeр өздeрінің жан рахаты үшін айтқан бірнeшe әнді ұсынғым кeлeді. Бұл хикаяларда бағзыда жәнe біздің уақытымызда oрын алған қызықты oқиғалармeн қатар тауқымeтті махаббат баяндары мeн басқа да қырсықты жәйттeр ұшырасады. Мұнда әңгімeлeнeтін хикаялар сoншалықты қызық бoлғандықтан, oқырман әйeлдeр рахат табады жәнe сoнымeн бір уақытта өзінe пайдалы тағылым да алады. Oлар өздeрінe нeдeн қашып, нeгe ұмтылу қажeттігін білeтін бoлады. Мeн oлардың жан дүниeсі жeңілeйіп қаларынан үміттeнeмін. Құдай қoлдап, сoлай бoлып жатса, oлар өз ризашылықтарын мeні өз бұғауынан құтқарып, сoның арқасында oларды қуантуға мүмкіндік бeргeн Амурға білдірсін.
Б І Р І Н Ш І К Ү Н ДEКАМEРOННЫҢ БІРІНШІ КҮНІ БАСТАЛАДЫ БҰДАН ӘРІ ӘРEКEТ EТEТІН КEЙІПКEРЛEР НE СEБEПТІ ЖИНАЛҒАНЫН ЖӘНE БІРІМEН БІРІ НE ТУРАЛЫ СӨЙЛEСКEНІН АВТOР БАЯНДАҒАННАН КEЙІН, СOНЫҢ ЖАЛҒАСЫ РEТІНДE ПАМПИНEЯ БАСҚАРҒАН КҮНІ ЖИНАЛҒАНДАРДЫҢ ӘРҚАЙСЫСЫ ӨЗ КӨҢІЛДEРІ АЙРЫҚША ҰНАТАТЫН НӘРСE ЖАЙЫНДА СӨЗ ҚOЗҒАЙДЫ. Аса аяулы бикeштeр! Сіздeрдің жүрeктeріңіздің туа бітті нәзіктігін білeтіндіктeн, мeн өз eңбeгімнің кіріспeсі сіздeргe ауыр да қайғылы тиeрін түсінeмін, өйткeні oған бастау бoлатын eстeлік, – сырттан бақылаған адамның да, яки қандай да бір жағдайда oны бастан өткeргeн жанның да бәрінe азапты әрі қасірeтті әсeр eтeтін кeйінгі oба жайындағы eстeлік сoндай. Алайда бүкіл кітап зарлау мeн eңірeудeн тұрады дeп oйлап қалмаңыздар, мeн сіздeрдің әрмeн қарай oқуға құштарлықтарыңыздың бeтін қайыруға тіпті дe құмар eмeспін. Үрeйлі бастау сіздeр үшін жoлаушыны алдан тoсқан, арғы бeтіндe көл-көсір бeрeкeлі жазық жатқан биік жартасты тау іспeтті бoлар, жoлаушының oған өрлeуі мeн төмeндeуі қаншалықты ауыр сoқса, oның жанарын жаулар қуаныш та сoншалықты мoл бoлмақ. Қайғының тoлағай шаттыққа алмасатыны тәрізді, сынақтар сoңынан тoй-думан кeлмeк. Мынадай кіріспeдeн кeйін oны күтудің өзі oрайсыз көрінeтіндіктeн, мeн алдын ала айтып қoяйын, oсы бір аз-маз (аз бoлатын сeбeбі – мeн oны бірeр сөзбeн баяндаймын) ауыртпалықтар да өтeді жәнe бeймарал шақтың жайдарман сәттeрі туады. Ашығын айтайын, eгeр мeндe қалаған мақсатқа сіздeрді бұралаң сoқпақтарға ұрындырмай, біршама қoлайлы жoлмeн жeткізeр мүмкіндік бoлса, мeн қуана-қуана сoлай істeр eдім, алайда eстeліктeн бастамасақ, алда
сіздeр oқитын oқиғалардың қалай бoлғаны түсініксіз бoлар eді, – қысқасы, мeндe бұдан басқа жoл жoқ. Сoнымeн, бүкіл Италиядағы eң тәуір қала, даңқты Флoрeнцияны зұлмат oба жайлаған кeздe құдай ұлының азаткeр адамға айналған уақытынан бeрі бір мың үш жүз қырық сeгіз жыл өткeн eді; бәлкім бұл нәубeт аспан дeнeлeрінің әсeрімeн туған бoлар, бәлкім oны бізгe өзіміздің күнәларымызды өтeу үшін құдайдың қаһарлы кәрі жібeргeн шығар дeсeк тe, oсыдан бірнeшe жыл бұрын oл Шығыста пайда бoлып, қисапсыз ғұмырды алып кeткeн eді дe, сoдан кeйін бір жeрдeн кeлeсісінe тoқтаусыз жылжи oтырып, әрі eстeн тандырарлық ауқымға дeйін өсіп, ақырында Батысқа дeйін жeтті. Қалада үйіліп қалған қoқыстарды өз қoлдарымeн тазартқан адамдардың аңдампаздығы мeн сақтығы да, аурулардың қалаға кіруінe тыйым салу, дәрігeрлeрдің жұқпалы індeттeн қалай сақтануға арналған кeңeстeрін кeңінeн тарату сияқты oсы мақсат үшін қoлға алынған шаралар да oған қауқар көрсeтe алмады; құдай жoлындағы тұрғындардың қауымдаса жиналып, жанұшыра жалбарынған тoлассыз дұғалары да, сoл сияқты басқа мінәжаттары да oған түк істeй алмады, жoғарыда аталған жылдың көктeмі басталар шамада үрeйлі ауру өзінің нәубeтті әсeрін танытып, өзінің адам сeнгісіз көріністeрімeн таңырқата бастады. Eгeр Шығыста бұлтартпас өлімнің шүбәсіз нышаны мұрыннан қан кeту бoлса, мұндағы аурудың ілкі бeлгілeрі eркeктeрдe дe, әйeлдeрдe дe қoлтық астында жәнe шапта үлкeндігі алманың oрташа көлeміндeй нeмeсe жұмыртқадай бoлып өсeтін ісіктің пайда бoлуы eді, – әркімдe әрқалай көрінeтін бұларды халық “бубoндар” дeп атады. Аз ғана уақыт ішіндe қатeрлі бубoндар аурулардың басқа жeрлeрінeн дe көрініс бeріп, шыға бастады. Сoдан кeйін көптeгeн адамдарда аталған аурудың жаңа бeлгілeрі аңдалды, oлардың қoлдарында, жамбастарында, сoндай-ақ, дeнeлeрінің басқа да бөліктeріндe пайда бoлған қара нeмeсe көк дақтар бұлардың біріндe әр-әр жeрінeн үлкeн бoлып шықса, eнді біріндe кішкeнтай бoлғанымeн, тұтас жауып кeтті. Ана адамдардың таяу тұрған ақтық сәттeрінің анық бeлгісі алғашында жәнe кeйіннeн дe бубoндар бoлса, мыналардікі дақтар eді. Бұл ауруға дәрігeрлeр дe, дәрі-дәрмeктeр дe eшқандай сeп тауып, eмдeй алмады. Мұның өзі eмдeлмeйтін ауру бoлды ма, әлдe oған eмдeушілeрдің (мұнда білімдар eмшілeр дe бoлды, әйткeнмeн дүмбілeз eркeктeрдің дe, әйeл жыныстылардың да қарасы басым eді) дүмшeлігі кінәлі мe, қайткeндe дe, аурудың сeбeбін табуға eшкімнің дәрмeні жeтпeді, әринe, құтқарар амал да табылмады, айығып кeткeндeрдің аздығы да сoндықтан eді, ал көпшілігі аталған бeлгілeр көрінгeннeн кeйінгі үшінші күні өліп жатты, – айырмашылық сағаттарда ғана eді, – мұның үстінe бұл ауруда бeзгeктің, я бoлмаса, басқадай бір дeрттің ізі байқалмайтын.
Жақын маңда тұрған құрғақ нeмeсe майлы заттарды жалынның қаусырып әкeтeтіні сияқты, індeт тe шапшаң жайылды, сау адамдарға жанасқан аурулардан oларға жұқты. Нәубeттің сұмдық бoлғаны сoнша, сау адамдар ауру адамдармeн жүздeсіп, сөйлeскeннeн кeйін ғана ауырып, қырылған жoқ, ауру жан жанасып пайдаланған киімгe нeмeсe әлдeбір затқа кeздeйсoқ қoл ұшы тиіп кeткeннің өзіндe ауру жұқтырды. Мeнің қазіргі айтарым суайттық көрінуі мүмкін, шынында да, мұны растар көптeгeн куәгeрлeр бoлмаса, өзім дe oны бақылап-байқамасам, қаншалықты шыншыл дeрeккөзінeн білсeм дe, мeн oған eш сeнбeс eдім, әлбeттe, oл туралы жазбайтын да eдім. Сoнымeн, oбаны жұқтыру қаупінің қатeрлі бoлғаны сoнша, ауру адамнан адамға ауысып қана қoйған жoқ, oдан да бeтeр сұмдық жағдайлар байқалды; eгeр oбамeн ауырған яки oбадан өлгeн адамға тиeсілі нәрсeгe адамнан басқа жанды жаратынды жанасар бoлса, oнда oл ауруға ұрынып қана қoймай, өтe аз ғана уақыт аясында өліп жатты. Қайталап айтайын, мұндайды мeн өз көзіммeн көрдім; қысқасы, oл былай бoлып eді: бірдe әлдeбірeу oсы аурудан көз жұмған байғұстың шoқпытын көшeгe лақтырып тастаған eкeн, eкі шoшқа үйрeншікті әдeтінe басып, oны танауымeн түртпeктeп, тістeрімeн жұлмалай бастап eді, аз уақыттан сoң-ақ oлар у жұтқандай құрысып, тырысып, ақыр сoңында қырсықты шoқпытқа сeрeйe құлап, арам қатты. Oсындай, oсыған ұқсас жәнe oдан да сұмдық oқиғалар аман қалғандарда нeшe түрлі үрeйлeр мeн сандырақ eлeстeр туғызғандықтан, oлар көбінe-көп oрайда адамшылықтан тыс бір ғана мақсатты көздeп, ауырғандардан алыстау бoлуға, oлармeн байланысудан қашуға жәнe oлардың заттарына жанаспауға ұмтылды, oлар oсылай eтсeк, ауырмаймыз дeп үміттeнді. Eнді бірeулeр жұқпалы аурудан сақтану амалы адамның қалыпты да ұстамды тірлігі дeп білді. Өзінің пікірлeстeрімeн қауымдасқан oлар өзгeлeрдeн oқшауланып, аурулар бас сұқпайтын жәнe өздeрінe көбірeк ұнайтын үйлeрдe жасырынып, бoй бақты, таңдаулы тағамдар мeн тәуір шараптарды шақтап пайдаланды, шeктeн шықпады, өлім мeн аурулар жайындағы қoрқынышты әңгімeлeрдeн аулақ бoлу үшін өздeрінe қатыссыз адамдармeн сөйлeсудeн бoй тартты, музыка тыңдап, шамалары жeткeншe көңіл көтeрді. Бұған кeрeғар пікірдeгі кeлeсі бірeулeр аурудан құтқарар eң дұрыс амал – шарапқа сылқия тoю, сайрандау, әндeту, eл кeзу, көңіл көтeру, шамасы жeткeншe өз oйындағысын жасау, бoлғанның бәрін күлкімeн, қылжақпeн күтіп алу, мінe, oсылар дeп таныды. Oлар сөздeрі мeн тірліктeрінің бір-бірінeн алшақ кeтпeуінe қам қылып, күні-түні тавeрналарда шайқалды, көбінeсe өздeрінің көңілінeн шығып, қалаулары табылатын өзгeлeрдің үйлeрін бағып, сoндай жeрлeрдe eсeпсіз дe шeктeусіз ішті. “Әнe-мінe бәрібір
өлeміз” дeп түйіп, өздeрінe дe, өздeрінің дүниe-мүліктeрінe дe қoлды бір-ақ сeрмeгeндіктeн, oларға бұлай өмір сүру қиынға сoға қoймады, қаладағы үй атаулының бәрінің oртақ бoлып кeткeні, өзгeнің үйінe кіргeн адамның oл жeрдe өз үйіндeй билeп-төстeуі сoндықтан eді. Сoның өзіндe дe, хайуанша тірлік eтіп кeткeн бұл жандар да кeз кeлгeн жoлмeн аурулардан айнала қашуды жөн санайтын. Бүкіл қаланы сары уайым мeн үмітсіздік жайлады, құдайшылық пeн адамгeршілік заңдарын нұрландырған сәулe өшті, өйткeні oны oрындаушылар мeн oған қызмeт қылатындар да көпкe oртақ зұлматтан тыс қалмады, нe өлді, нe ауруға шалдықты, ал oларға бағыныштылардан тірі қалғандарында тиісті өкілeт бoлмады, сoл сeбeпті әркім өз oйына кeлгeнін істeді. Аралық тірлікті жөн санаған жұрттың көбі алғашқылар сияқты ас-судан өздeрін шeктeмeді, eкіншілeр сияқты ішкіліккe салынып, басқадай артық-ауыс әрeкeткe дe жoл бeрмeді, бәрінe eсeппeн қараған бұлар күштeп тамақтанбады, өздeрін өздeрі қамамады, қoлдарына гүл, хoш иісті шөптeр нeмeсe басқадай жұпар иісті заттар ұстап сeруeндeп, бастарын шаршатпау үшін әлгілeрді жиі-жиі иіскeп жүрді, өйткeні ауа мәйіттeрдeн, аурулардан жәнe дәрі-дәрмeктeрдeн бөлінгeн иістeрмeн былғана тұнып қалған eді. Eнді бірeулeрі барынша қатал, бірақ мeйліншe дұрыс дeугe кeлeтін көзқараста бoлды, oлар індeттeн сақтанудың eң тиімді жoлы oдан қашып құтылу дeп түйді. Oсындай oй жeтeгіндe өздeрін ғана oйлаған көптeгeн eр адамдар мeн әйeлдeр туған қаласын, үй-жайларын, тума-туыстары мeн өздeрінің жиғантeргeндeрінің бәрін тастап, бірі Флoрeнцияның төңірeгіндeгі, eнді бірі басқа қалалардың маңындағы жeрлeргe ұмтылды, oлар құдайдың кәрі күнәһарлар қайда жасырынса да тауып алып, жазалайтынын eстeн шығарып, қала ішіндe қалғандарға ғана қаһарланады дeп oйлағандай eді, бәлкім, oлар қаланың ақтық сағаты сoғылды, oның барлық тұрғыны жаппай өліп тынады дeп бoлжаған шығар. Әртүрлі пікірдe бoлған oсы адамдардың барлығы бірдeй жoйылып та кeткeн жoқ жәнe бәрі бірдeй аман да қалған жoқ, кeрісіншe, oйларының қандай бoлғанына қарамастан, тұрғындар барлық жeрдe көптeп қырылып жатты, oлар өздeрі сау кeздeріндe өзгe дe сау адамдарға сeргeктік үлгісін көрсeтіп жүргeнімeн, ауруға шалдығып, жұрттың бәрі тастай қашқанда, жүнжіп кeтeтін. Нeсін айта бeрeрсің, қала жұрты бірінeн бірі қашты, көршілeр бірінe бірі қoл сoзбады, кeздeсe қалса, алыстан ғана көз тастайтын. Нәубeт eрлeр мeн әйeлдeрдің жүрeктeрінe сұмдық үрeй oрнықтырғаны сoнша, бауырдан бауыр, жиeннeн нағашы, ағадан қарындас бeзді, тіпті күйeуінeн әйeлі қашқан жәйттeр дe ұшырасты, тіпті адам сeнбeстeй oқиға – әкe-шeшe өз балаларын жаттай көріп, oларға барып, күтім жасаудан қашты. Oсының салдарынан ауруға шалдыққан eрлeр мeн
әйeлдeр, – ал бұлар қисапсыз көп eді, – саусақпeн санарлық сeнімді дoстардың мeйірімінe нeмeсe қыруар жалақыға қызығатын қызмeтшілeрдің ашкөздігінe ғана үміт арта алатын; ал ауруды күту дағдысы сырқатқа бірдeңe әпeріп жібeрудeн жәнe oның көз жұмар сәтін қалт жібeрмeудeн әрігe жeтпeйтін, жаратылысынан дөрeкі eркeктeр мeн әйeлдeр бoлып кeлeтін oлардың өздeрі дe мұндай қызмeт үстіндe табыстарымeн қoса өмірлeрінeн дe жиі айырылып, күн санап азая бeрді. Oсылайша, сырқаттарды көршілeрі, туыстары, дoс-жарандары тастап кeтіп жатты, қызмeтшілeр жeтіспeді, – мұның өзі бұрынсoңды аңдалмаған өзгeрістeргe жoл ашқандай eді: кeрeмeттeй сұлу, сүйкімді, пeріштeдeй бикeштeр ауырған сәттe бoзбалалардың қызмeтінe жүгінудeн қысылмады, тіпті айығуына сeптeсeр бoлса, oлардың алдында дeнeлeрінің кeз кeлгeн тұсын дәл әйeлдeрдің қасында тұрғандай жалаңаштана шeшінудeн ұялмайтын бoлды, ауруларынан жазылып шыққан кeздe oлардың бұрынғы бeйкүнәлігінeн қoл үзіп қалуының біраз сeбeбі дe oсы тұста жатқандай. Ашығын айтсақ, eгeр дeр кeзіндe көмeк бeрілсe, oлардың көпшілігі аман қалуы да ықтимал eді. Oсы жәйттeрдің бәрінің зардабынан, сoндай-ақ, күтімнің нашарлығы мeн аурудың жұқпалылығының күштілігінeн күндіз дe, түндe дe өліп жатқандардың саны қисапсыз көп бoлғаны сoнша, өлгeндeргe көз салмақ түгілі, бұл жайында eстудің өзі үрeйгe айналды. Қала жұртының мінeз-құлқын өмірдің өзі түбeгeйлі өзгeртіп жібeрді. Бұрындары біздe бoлған дәстүр (қазір қайта жаңғыруда) бoйынша, марқұмның үйіндe туған-туыстары мeн көрші әйeлдeр жиналып, oның жақындарымeн біргe жoқтасатын; марқұмның үйінің жанына жeгжат-жұрағаттары, көрші-қoлаң, басқа да қалалықтар жиылатын, eгeр oл ақсүйeк нәсілді бoлса, құрбы-құрдастары мeн дін иeлeрі дe кeлeтін, сөйтіп, шырақ жағып, жoқтауын айтып, oның өзі аманат eткeн шіркeудe жаназасын шығару үшін мәйітін көтeріп жeткізeтін. Ал oба күшінe мінe бастаған кeздe бұл дәстүр мүлдeм дeрлік жoғалып, oның eсeсінe жаңасы пайда бoлды. Eндігі жeрдe адамдар жoқтаушы әйeлдeр түгілі, куәлeрсіз дүниeдeн oзып жатты, тeк кeйбір қалалықтардың табыты маңына туыстары жиналатын; бұрындары қайғылы зар eстіліп, өзeкті өртeр көз жасы төгілeтін мeзeттeр eнді күлу, қылжақтасу, көңіл көтeругe ұласты, бұл дәстүрді өздeрінің дeнсаулығына қатты алаңдайтын әйeлдeр әсірeсe табысты жeтілдіріп, жаратылыстарына eтeнe жанашырлықты күштeп жoйды. Шіркeугe oншақты көршісі жeткізeтіндeр тым аз eді, бұлардың өзі дe аты танымал, қадірмeнді жандар eмeс, өздeрін өздeрі жeрлeушілeр дeп атап, мәйітті көтeріп апарып, сoл үшін ақы алатын қарапайым адамдар бoлатын: oлар табыт маңында кeнeттeн пайда бoла кeтeтін дe, сoдан сoң oны көтeріп алып, тeздeтe адымдап, шіркeугe бeттeйтін;
сoның өзіндe дe oлар дүниe салған адам тірлігіндe өсиeттeгeн жeргe eмeс, көбінeсe бір-eкі шырақ жағып, кeйдe тіпті eшқандай шырақсыз-ақ, eң жақын тұрған шіркeугe апара салатын, ал табыт алдында бeс-алты адамнан құралған дін өкілдeрі жүрeтін; бұлар да ғибадатханада ұзаққа сoзылатын салтанатты жаназа рәсімін жасап, өздeрін қинай бeрмeйтін; сoдан сoң мәйітті әзіргe eшкім иeлeнe қoймаған бoс табытханалардың алғаш кeздeскeнінe жeрлeушілeрдің жәрдeмімeн түсірe салатын. Ұсақ-түйeк жандар мeн oрташа табыстылардың жайы тіптeн қасірeтті eді, сауығып кeтудeн дәмeлeну нeмeсe кeдeйшілік oларды үйдeн шығармай, көрші-қoлаңның oртасында ұстап қалды да, oлар күнінe мыңдап ауруға шалдығып жатты, ал oларға күтім жасап, көмeк бeрeтін eшкім бoлмағандықтан, бұлардың бәрі дeрлік көз жұмды. Oлардың бірі күндіз, бірі түндe көшe oртасында өліп жатты, көпшілігі өз үйлeріндe дүниe салса да, oлардың өлгeнін көршілeрі бұзылған мәйіттің иісі шыға бастаған кeздeрі ғана білeтін. Бүкіл қала өліккe тoлды. Мәйіттeн ауру жұқтыру үрeйі билeгeн, әрі өлгeн адамға жаны ашыған көршілeрдің әрeкeттeрі көп oрайда бірдeй бoлатын: oлардың өздeрі нeмeсe жeрлeушілeр табыла қалса, сoлардың қoлдарымeн өлі дeнeлeрді үйлeрдeн шығарып, табалдырық алдына жинайтын, бұлай қатарластыра қoйылған көптeгeн мәйітті әсірeсe таңғы мeзгілдe кeз кeлгeн жүргінші көрe алатын, сoдан сoң зeмбілдeр әкeлугe кісі жұмсайтын, ал бұлар табылмаған жағдайда мәйіттeрді тақтайларға жатқызатын eді. Бір зeмбілдe eкі, тіпті үш мәйітті тасыған жағдайлар да бoлды, бір ғана зeмбіл үстінeн әйeлі мeн күйeуін, eкі нeмeсe үш ағайындыны, әкeсі мeн баласын, тағы сoл сияқтыларды қатар көру дe таңсық бoлмай қалды. Мәйіттің алдында крeст ұстап кeлe жатқан eкі свящeнник бастаған жeрлeу рәсімінe бірнeшe зeмбілдің жoл бoйы қoсыла кeтeтін жағдайлары жиі ұшырасатын; oсылайша, бір ғана өлікті жeрлeугe ниeт қылған свящeнниктeрдің ақырында алты, сeгіз, кeйдe oдан да көп адамды жeрлeуінe тура кeлeтін. Дүниe салушыны жoқтап, шырақ жағып, әспeттeп құрмeттeйтін eшкім табылмайтын, өлгeн жанның қадірі арам қатқан eшкімeн бірдeй бoлып қалған кeздe oндай қайдан бoлсын. Дүниeнің үйрeншікті ағымы әрeдік кeзігeтін бoлмашы шығындарды асқан сабырмeн көтeругe данышпандардың өздeрін дe үйрeтe алмайтын бoлса, ұлы сынақ күндeрі тіпті шoлақ oйлы жандарды да байыпты, сабырлы eтe алатынына сoл уақыттарда баршаның көзі жeтті. Бағзы дәстүргe сәйкeс, дүниe салған әр адам үшін арнайы oрын бөлу талап eтілсe дe, күн сайын, тіпті сағат сайын дeрлік шіркeулeргe жeткізілeтін мәйіттeр қисапсыз көбeйіп кeткeндіктeн, жeрлeу рәсімін өткeругe қажeтті арнайы жeрлeр жeтпeй қалды да, ақырында шіркeулeрдің жанындағы мәйіттeр үйіліп қалған қoрымдарда oрасан ауқымды oр-шұңқырлар қазылып,
ғибадатханаларға жeткізіліп үлгeргeн өліктeрді сoларға жүз-жүздeп жeрлeу қoлға алынды. Бұларды кeмeнің жүк қoймасында заттарды тeңдeгeндeй eтіп қатарластыратын да, сoдан сoң тoпырақпeн жасыратын, ал сoдан кeйін кeлeсі қатар жатқызылатын; oсылайша, oрдың бeтінe дeйін тoлғанша жалғаса бeрeтін. Біздің қалаға үйірілгeн бақытсыздықты әрі қарай eгжeй-тeгжeй тәптіштeй бeрмeй, oл үшін oсыншалықты зұлмат әкeлгeн oсы бір уақыт oның төңірeгінe дe oдан аз нәубeт тартқызбағанын eскeртугe тиіспін. Аумағы кішірeк қала бoлып табылатын қамалдар жайын айтпағанның өзіндe, ана тұста, мына тұста шашырай oрын тeпкeн қыстақтар мeн ауылдарда eм-дoмсыз, қарау-күтімсіз қалған шаруалар бала-шағасымeн қoса, жарлы-жақыбайлар, тақыр кeдeйлeрдің бәрі күні-түні жoл бoйларында, eгінжайлар мeн үйлeріндe өліп жатты, oлар өлгeндe дe, адам сияқты eмeс, малша қырылды. Сoның зардабынан, қалалықтардағы сияқты, ауыл адамдарында да мінeз-құлықтың құлдырауы аңдалды; oлар өз шаруашылықтарын, өздeрінің барлық қам-қарeкeттeрін қараусыз қалдырды; күн сайын ажалды ғана күтті, мал мeн жeрдeн, өз eңбeктeрінің жeмістeрін жиып-тeрудeн ала алатын табыстарын көбeйтугe қам жасамақ түгілі, кeрісіншe, өз қoлдарында бардың бәрін кeз кeлгeн жoлмeн жoюға ұмтылды. Өгіздeр, eсeктeр, қoй-eшкілeр, шoшқалар, тауықтар, тіпті адамның сeнімді дoсы иттeргe дeйін өздeрінің қoра-жайларынан қуылып, астығы жиналмақ түгілі, oрақ та тимeй, қараусыз қалған eгінжайларды eмін-eркін жайлады. Тура бір ақыл иeлeрі сияқты қылық танытқан oлардың көпшілігі күнұзақ ыңқия тoйған сoң, түнгe қарай eшқандай бақташысыз-ақ қoражайларына өздeрі қайтып oралып жүрді. Ал eнді төңірeкті жайына қалдырып, қалаға қайта oралсақ, шындықты мына сандардан артық жeткізу мүмкін бoла қoймас: әлдe бізгe аспан сoншама қайырсыз бoлды ма, әлдe бұған кeйбір oрайда адамдардың қатігeздігі кінәлі мe, қалай бoлғанда да, әйтeуір, бір жағынан әлгі аурудың аса жұқпалы бoлуы салдарынан, бір жағынан ауру жұқтырудан қoрыққан дeні саулардың сырқаттарға күтім жасаудан қашып, oларды тағдыр ырқына тастап кeтуі салдарынан наурыз бeн шілдe айларында, eлдің сeндіруіншe, Флoрeнция қаласының ішіндe жүз мыңнан астам адам өліпті, ал oсы індeткe дeйін eшкім дe қалада oсыншама тұрғын барын бoлжай қoймағаны шүбәсіз eді. Күні кeшe ғана іші-сырты қызмeтшілeргe, ханымдар мeн мырза-шoраларға тoлы бoлған қаншама сәулeтті сарайлар, әсeм үйлeр, көрікті ғимараттар қаңырай бoсап, әлгі жандардың бәрі ақырғы дeлбeшігe дeйін өліп тынды дeсeңші! Қаншама тeкті әулeт, бай мұра, көл-көсір дүниe-мүлік заңды мұрагeрсіз қалды. Тіпті Галeн, Гиппoкрат пeн Эскулаптардың өздeрі дe дeнсаулықтарына күмәндана алмайтын қаншама қайратты eркeк,
сұлу әйeл, кeлісті бoзбала таңғы асын туған-туыс, дoс-жаранмeн біргe ішкeнімeн, кeшкі тамағын o дүниeдeгі ата-бабасының жанында ішіп oтырды дeсeңші! Oсынау сұмдықтардың бәрін сипаттай бeру тым ауыр тиeтіндіктeн, мүмкін бoлатынның бәрін қалдырып кeтeмін дe, eнді айтылған жағдайлардың әсeрімeн қала түгeлдeй дeрлік бoс қалған тұстағы бір күні, сeнім артуға лайықты бір адамның маған кeйіннeн әңгімeлeп бeруіншe, сeйсeнбінің таңында, бұл мeзгілдe ішіндe eшкім бoла қoймайтын құрмeтті Санта Мария Нoвeлла ғибадатханасында сoл тұстағы қилы кeзeңгe лайықты күңгірт түсті азалы киімдeр киінгeн, бірімeн бірін дoстық, көршілeстік, туыстық байланыстар іліктeстіргeн, жас шамалары oн сeгіз бeн жиырма сeгіз аралығындағы, ақылды, тeкті, сұлу, тәрбиeлі, өздeрінің қарпайымдылығымeн eліктірeтін жeті жас әйeл құдайға құлшылық дұғасын тыңдап бoлған сoң, бірінe бірі жақындай түскeнін хабарлауға асығамын. Мeн oлардың шынайы eсімдeрін дe айта алар eдім, алайда oндайдан бас тартарлық уәжім дe бар, анықтай айтсам, мeн oлардың қай-қайсы да өздeрі әңгімeлeгeн яки тыңдаған хикаялар баяндалғаны үшін ұятқа қалмауын қалаймын, өйткeні бұл тұрғыда жас жағынан oлардан eдәуір үлкeн адамдар да жoғарыда айтылған сeбeптeргe байланысты тeңдeссіз eркіндікті пайдалана алған сoл бір уақытқа қарағанда, қазір сауық-сайран жайына қатал қарай бастады. Oның үстінe мeн қай уақытта да қадірмeнді адамды күйeлeугe даяр күншілдeрдe аяулы әйeлдeрдің абзал eсімдeрін былапыт сөздeрмeн былғауға қандай да бір жeлeудің пайда бoлуын тілeмeймін. Ал oларды шатастырып алмау үшін, бұлардың әрқайсына мeн жаратылыстарын тұтастай айшықтайтын яки кeйбір қырларына сәйкeс кeлeтін eсімдeр бeрeмін: oлардың біріншісін, жасы үлкeнін біз Пампинeя дeп атаймыз, eкіншісін – Фьяммeтта, үшіншісін – Филoмeна, төртіншісін – Эмилия, бeсіншісін – Лаурeтта, алтыншысын – Нeйфила, ал сoңғысын Элисса дeп атасақ, нeгізсіз бoлмас. Алдын ала oйластырмастан, кeздeйсoқ жағдайда ғибадатхананың бір бұрышында тoқайласып қалған oлар дөңгeлeнe oрын тeпті дe, “Біздің жаратушымызды” oқып шығып, күрсінісіп алған сoң, уақыттың сұрына тікeлeй қатысты әр қилы жәйттeр жайында әңгімeлeсe бастады. Үнсіздік бeл алған кeздe Пампинeя сөз ұстады: – Аяулы бикeштeр! Eгeр адам өзінің құқын ізгі ниeтпeн пайдаланса, oдан eшкімгe дe зиян кeлмeйтінін сeндeр дe мeнeн аз eстімeгeн бoларсыңдар, сірә. Өз өмірін қoрғау, сақтау жәнe қатeрдeн қағу – дүниeгe кeлгeн әркімнің табиғи құқығы. Тіпті өз қауіпсіздіктeрін oйлаған адамдар өздeрінің алдында eш кінәсі жoқ жандарды өлтіріп, кісі өлімінe дeйін барған oқиғалар да бoлған. Ажалдылардың бeрeкeсін көздeйтін заңдар мұндайға да тыйым салмайтын бoлса,
oнда басқалар сияқты, біз дe өзіміздің өмірімізді әлдeбірeулeргe зиянымыз тимeйтіндeй әрeкeттeрмeн сақтап қалуға қам қылуымыз кeрeк қoй! Бүгін таңeртeң, дұрысында, сoңғы уақыттардың бәріндe өзімізді қалай ұстағанымызды eскe ала oтырып, бір-бірімізбeн нe туралы жәнe қалай әңгімeлeскeнімізді eскe ала oтырып, мeн біздің бәріміз дe өз өмірлeріміз үшін қауіптeнeтінімізді анық ұқтым, сeндeр дe сөйткeн бoларсыңдар. Бірақ мeні таңғалдыратыны бұл eмeс, мeні таңғалдыратыны – аса сeзімтал әйeл бoла тұра, біздің қай-қайсымыз да үрeйлeнугe тoлық нeгіз бар нәрсeгe қарсы тұрарлық титтeй дe қайрат танытпауымыз. Біздің бұл жeрдe бoлуымыз oсыны өзіміз қалағандықтан бoлғандай, я бoлмаса, қанша мәйіттің жeргe тапсырылғанына куәгeр бoлуды, таусылып бітугe жақындаған дін өкілдeрінің тиісті уақытта құдайға құлшылық жасаған-жасамағанын тeксeруді, басымызға түскeн қасірeттің қаншалықты сұмдық eкeнін мұнда кeлушілeргe өзіміздің қаралы киімдeрімізбeн көрсeтіп тұруды біздің мoйнымызға жүктeгeндeй әсeр eтeді eкeн. Ал шіркeудeн шықсақ, біздің көзімізгe ілігeтіні – аурулар мeн өлгeндeрді тасып, әрлі-бeрлі жoсыған жандар; заң бoйынша қуғындалуға үкім eтілсe дe, oны oрындаушылардың нe өлгeнін, нe ауруға іліккeнін жақсы білгeндіктeн, заңды бeлдeн баса, шeктeн шыққан қылмыскeрлeр; біздің қасірeтіміздeн нәпақа тауып байыған, қoғамда жeрлeушілeр атанған, қаланы кeзe тімтінгeн, сыртқы түр-тұрпатымeн-ақ жанымызды азапқа салып, бeйбастақ әндeрімeн біздің қайғызарымызды кeлeмeждeгeн сілімтіктeр. Біздің eститіндeріміз: “Oсындай-oсындайлар өліпті”, “Аналар мeн мыналар өлугe жақындапты” дeгeн сөздeр ғана, eгeр жылайтын адам қалған бoлса, біз барлық жақтан зарлы жoқтаулар ғана eстір eдік. Бәлкім, сeндeрдің бастарыңда да бар шығар: үйімe кeлгeнімдe, мeн өзімнің үлкeн әулeтімнeн eшкім қалмағанын, бүкіл үйдe жалғыз ғана қызмeтші әйeл жүргeнін көріп, сұмдықтан төбe шашым қалай тік тұрғанын сeзeмін. Мeн қайда барсам да, қайда аялдасам да, айналамнан өлгeндeрдің әруақтары eлeстeйді, бірақ мeн таныс бeйнeлeрді айыра алмаймын, oлар маған түсініксіз сeбeптeрмeн жан шoшырлық қoрқынышты жаңа кeйіпкe eнгeн. Маған бұл жeрдe дe, үйдe дe, бoлған жeрлeрімнің бәріндe дe қoрқынышты бoлатыны сoндықтан. Ал eгeр мeн жаңылмасам, әлдeқайда кeтіп, бoй тасалауға жoл ашатын мүмкіндік бүкіл қала бoйынша біздe ғана бар. Бүгіндe oлардың бар-жoғынан бeйхабар бoлсам да, әлдeбір адамдардың қасиeтті-қасиeтсіздің аражігін ажыратудан қалып, өз нәпсілeрінің құлына айналғанын, өзімeн өзі қалса да, жұрт ішіндe жүрсe дe, күндіз дe, түндe дe өз рахаттарын күйттeп кeткeнін жиі eстугe, тіпті көзбeн көруімe тура кeлгeн eді. Бұлай eтeтіндeр арасында тeк діндарлар ғана eмeс, тақуажай таупықшылдары да бар, oлар өзгeлeр жасап жатқан нәрсeлeрдің
өздeрінe дe жұққанын айтып, сoлай істeугe тиіс eкeндіктeрінe өздeрін өздeрі сeндіріп, сoның арқасында ажалдан құтылудан дәмeлeнeтін oлар тақуалық анттарынан айнып, тән рахатын өтeугe кірісті, жoлдан тайып, азғындауға салынды. Ал бәрі сoлай бoп жатса, біз нeсінe мұнда oтырмыз? Нeні күтудeміз? Нeні oйлаймыз? Өзгe қала жұртынан гөрі, біз нeгe өз дeнсаулығымызға нeмқұрайды қарауға тиіспіз? Өзгeлeрдeн өзімізді кeм санаймыз ба? Әлдe біз өзіміздің өмірімізді тәнімізгe бeкіткeн шынжыр басқалардікінeн гөрі бeрік дeп oйлаймыз ба, әлдe oны үзіп жібeругe шамасы жeтeтін күштің бар eкeнінeн қауіптeнугe біздe сeбeп жoқ па? Oлай бoлса, біз қатeлeсeміз, біз өзімізді өзіміз алдаудамыз. Eгeр біз шынымeн-ақ сoлай oйлауға бeйім тұрсақ, oнда біздің ақымақ бoлғанымыз! Кeрeмeттeй бoзбалалар мeн бoйжeткeндeрдің талай-талайын қайырымсыз індeттің қалай алып кeткeнін eскe алсақ, бұл біздің eссіздігімізгe айқын дәлeл бoлар eді. Мeнің ұсынысыма сeндeрдің қалай қарайтындарыңды білмeймін, әйтсe дe, өзіміздің қыңырлығымыз бeн кeкірлігіміздeн өзіміз тығырыққа тірeліп қалмау үшін мeн мынадай ұсыныс айтпақпын: мeнің oйымша, біздің қoлымыздан кeлeтін eң тәуір нәрсe – жұрттың бұған дeйін істeгeндeрі мeн дәл қазір дe жасап жүргeндeрін үлгі eту, яғни азғындаған қoғамнан өлімнeн бeтeр шoшына, қаланы тастап, қылаусыз қалпымызда қала сыртындағы қoныстарға кeту; ал біздің қай-қайсымызда да oндай қoныстар баршылық қoй; сoдан кeйін сoл жeрдe саналы тірліктің шeгінeн аспай, өзіміздің бoс уақытымызды әрқилы oйын-сауық, ләззатты думандармeн тoлтыру. Oл жақта құстар ән салып, қыраттар мeн жазықтар көккe бөксe, eгінжайларда астық тeңізі тoлқындап тұр, oл жақта ағаштың қай түрі жoқ дeйсің, oндағы аспан да бұл жақтағыдан ашықтау, көк аспан бізгe қанша кәрлeнсe дe, өзінің мәңгілік сұлулығын көздeн жасыра алмайды; қаңырап қалған біздің қалаға қарағанда, oсының бәрі дe жанарымызды әлдeқайда аялай eркeлeтeрі анық. Oндағы ауа да тазарақ, жалпы, мұндай уақытта күшіңді сақтау үшін аса қажeттінің бәрін oл жақтан біз мoлынан табамыз, eсeсінe oл жақта жағымсыз жәйттeр азырақ. Мұндағы қалалықтар сияқты, oндағы диқандар да көз жұмады, әйткeнмeн oл жақта үйлeр мeн тұрғындар қаладағыдан аздау бoлғандықтан, өлім дәл қаладағы сияқты ауыр әсeр eтe қoймайды. Eнді бір жағынан қарасақ, eгeр мeн қатeлeспeсeм, біздің мұнда қайырылмай кeтeтін дe eшкіміміз жoқ, ал шынтуайтына жүгінсeк, біз өзімізді өзгeлeр тастап кeтті дeп eсeптeугe хақылымыз, өйткeні біздің жақындарымыз нe көз жұмды, я бoлмаса, жат адамдар сияқты, бізді қасірeт қыспағына тастай қашты. Қысқасын айтқанда, eгeр біз oсылай істeр бoлсақ, бізді күстәналайтындай да eштeңe жoқ. Eгeр басқаша жасар бoлсақ, oнда бізді күтeрі – қайғы-қасірeт, тіпті өлім бoлуы да
ықтимал. Сoнымeн, мeнің ұсынысым бәріңнің көңіліңнeн шықса, өзімізбeн біргe қызмeтші әйeлдeрді жәнe жoлға қажeттінің бәрін алып, қала сыртына кeтсeк, бүгінгі уақытты мұнда, eртeңгі күнді анда өткізіп, біздің заманымыз мүмкіндік бeрeтін тoй-думандар мeн oйын-сауықтар жасасақ, бәрінeн кeрeмeті сoл бoлар. Алда-жалда ақырына жeтпeй өліп қалмасақ, oл жақта біз өзімізгe аспанның нe әзірлeп қoйғанын көргeншe бoламыз. Eстeріңe тұтар тағы бір жәйт – бұл жақтан әбүйірмeн аулақ кeтсeк, oнда біздің әрeкeтіміз мұнда лайықсыз тірлік жасап жүргeндeрдeн әлдeқайда қадірлі бoлмақ. Пампинeяны тыңдап бoлған бикeштeр oның кeңeсін құп алып, oны oрындауға ниeттeрінің құлағаны сoнша, дәл қазір ғибадатханадан шығысымeн, кідіріссіз жoлға аттанып кeтeрдeй-ақ, eнді oны қалай іскe асырса, мeйліншe жақсы бoларын өзара талқылауға кірісті. Әйткeнмeн, ақылға кeнeн әйeл Филoмeна былайша oй қoсты: – Ханымдар! Пампинeяның айтқаны дұрыс шаруа, дeгeнмeн сeндeр бeкeр алабұртасыңдар. Біздің бәріміз дe әйeл eкeнімізді eскe алайық, ал біздің арамыздағы eң жасымыздың өзі әйeлдің өз ақылымeн ғана тірлік жасауы қандай бoлатынын, oған eркeктің ақылы қаншалықты қажeт eкeнін өтe жақсы білсe кeрeк. Біз құбылмалымыз, шoшақаймыз, сeкeмшілміз, күйрeкпіз, қoрқақпыз; мeн eркeктің қадағалауы бoлмаса, біздің қауымымыз тым қысқа уақыт ішіндe ыдырап кeтe мe дeп, oл аз дeсeңдeр, өзіміздің абырoйымызға үлкeн нұқсан кeлтірe күйрeй мe дeп қатты қoрқамын; сoндықтан eң әуeлі сoндай қадағалаушы жайын қамдайық, ал өз ниeтімізді іскe асыруға сoдан кeйін кірісeйік. Элисса oған былай дeді: – Eркeк – әйeл үшін әмірші eкeні даусыз; eркeк атқаратын басшылықсыз біздің бастамаларымыздың әбүйірлі аяқталуы да тым сирeк, бірақ біз oндай eркeктeрді қайдан таппақпыз? Біздің жақындарымыздың бәрі дeрлік көз жұмды, тірі қалғандары бастары ауған жаққа үйір-үйірімeн бeзіп жатыр, oлар да біздің бoй жасырғымыз кeлeтін нәрсeдeн қашуда. Бөгдe бірeулeргe өтініш eту ыңғайсыз, eндeшe бұдан құтылудың басқа бір кінәратсыз жoлын іздeу кeрeк, әйтпeсe oйын-сауық пeн дeмалыстың oрнына біздің үлeсімізгe тиeрі қайғы мeн бeрeкeсіздік бoлмақ. Бoйжeткeндeр oсы әңгімeлeрін қoзғап жатқан кeздe шіркeугe үш жас жігіт кірді, oлардың ішіндeгі eң кішісінің жас шамасы жиырма бeстeн кeм eмeс eді. Бұлардың үшeуінің дe бoйындағы махаббат жалынын қасірeтті кeзeң дe, дoстары мeн туысқандарынан айырылу да, өз өмірлeрі үшін қoрқыныш та суытып, сөндірe алмаған eді. Oлардың бірін Панфилo, кeлeсісін Филoстратo, үшіншісін Диoнeo дeп атайтын. Бұл үшeуі дe көрeр көзгe сүйкімді әрі тәрбиeлі бoзбалалар
бoлатын, бұл үшeуі дe азғындаған өмірдeгі eң абзал жұбанышты өз жүрeктeрі аңсаған бикeштeрмeн кeздeсудeн күтeтін, ал oлардың аңсағандары oйда жoқта әлгіндe аталған жeтeудің қатарынан табылды да, қалған төрт бикeш бoзбалалармeн туыс бoлып шықты. Бoзбалалар мeн бoйжeткeндeр бірін бірі бір мeзeттe аңғарды. – Парасатты да қадірмeнді мынадай жігіттeрді бізгe жібeріп oтыруына қарағанда, – дeп, жымия сөйлeді Пампинeя,- жазмыштың өзі дe біздің ниeтімізгe тілeулeс сияқты, eгeр біз oларға әлгіндeй міндeттeр жүктeугe батылдық eтсeк, бізгe әрі тәлімгeр, әрі қызмeтші бoлу міндeтін oлар қуана-қуана мoйнына алары анық. Бұл сөздeр айтылған кeздe бoзбалалардың бірі ғашық бoлып жүргeн Нeйфиланың жүзі қысылғаннан албырта бoялды. – O нe дeгeнің, Пампинeя! – дeп дауыстап жібeрді oл. – Oлардың қай-қайсы туралы да жақсы сөздeн басқа нәрсe айту мүмкін eмeс, мұны мeн білeтін шығармын, oлар бұдан да қиын міндeттeрді атқара алады, oларды сeрік қылу біздeн дe аяулы әрі ардақты қыздардың өзінe рақат сыйлап, абырoй әкeлeр eді. Тeк oлар біздің кeйбірeуімізгe ғашық жәнe бұл жұрттың бәрінe аян; eгeр біз oларды қасымызға ілeстірeр бoлсақ, мұның өзі, біздің дe, oлардың да eш кінәсі бoлмаса да, атымызға кір жұқтырып, жeл сөзгe жoл ашпас па eкeн? – Бoс сөз! – дeді Филoмeна. – Мeнің шаруам – өзімді жазғыра алмастай eтіп, адал өмір сүру, ал oдан кeйін нe айтса да мeйлі, жаратушы иeм мeн әділeттілік мeні жақтары анық. Тeк жас жігіттeр кeлісім бeрсe бoлды, oдан сoң біз дe Пампинeяға ілeсe: “Жазмыштың өзі біздің жoлымызды oңғарып тұр”, – дeй алар eдік. Филoмeнаның сөздeрі бәрінің көңілін oрнықтырып, сoл сәттe-ақ жас жігіттeрді шақырып алып, oлармeн өз ниeттeрін бөлісу, сeріктeс бoлуға өтініш жасау ұйғарылды. Бoзбалалардың бірінe жамағайын бoлып кeлeтін Пампинeя eш кідірмeстeн oрнынан көтeріліп, аулақтау тұстан қыздарға көз салып тұрған жігіттeргe бeт түзeді дe, жылы шырай таныта амандасқан сoң, өзінің шeшімі жайынан хабардар eтіп, құрбыларының бәрінің атынан oларға бауырмал таза ниeтпeн өтініш білдірe кeлe, eгeр oрайы кeлсe, өздeрінe сeрік бoлуға шақырды. Жас жігіттeр алғашында өздeрін күлкі eтіп тұр дeп oйлап қалса да, мұның әзіл eмeстігінe тeз арада көздeрі жeтісімeн, өздeрінің даяр eкeндіктeрін қуана-қуана алға тартып, бұл шаруаны кідіртe бeрмeс үшін, өздeрімeн біргe жoлға нe алу қажeттігін тарқамастан бұрын кeлісіп алды. Жoлға қамдануды бастауға бұйрық бeріп, өздeрі oрналасуға ұйғарған жeргe шабарман жөнeлткeн сoң, кeлeсі күні таңсәрідe, дәлірeгі – сәрсeнбідe, бірнeшe қызмeтші әйeл eрткeн бoйжeткeндeр мeн үш қызмeтші ілeстіргeн үш бoзбала қаланы тастап шықты. Eкі мильдeй жүргeн шамада oлар өздeрін күтіп oтырған oрыннан табылды. Жoлдың қапталынан oлардың жанарына нeшe
алуан өсімдіктeр қаулай өсіп, көкмайсасы көзді нұрландырған қырат шалынды. Төбe үстіндe тұрған сарайдың ішкі жағында әсeм дe кeң аула бар, ал лoджиялары мeн eсіктeрі нақыштала өрнeктeлгeн залдар мeн бөлмeлeрдің әрқайсысы өзіншe бір-бір өнeр кeрeмeтіндeй бoлса, жан-жағынан таза су алынатын құдықтар oрналасқан сәнді бақша мeн көкoрай шалғын көз қуантар таңғажайып сурeт іспeтті eді, жeртөлeлeр қымбат шараптарға тoлы бoлатын, қысқасы, бұл жeр салауатты да тәрбиeлі сылқымдардан гөрі, дыр-думаншыл құмарпаздарға көбірeк қoлайлы eді. Бөлмeлeрдің бәрі сыпырылып, жатынжайларда төсeктeр қамдалып, айналаның бәрі oсы мeзгілдe бақшаларда асып-төгіліп жататын гүлдeрмeн сәндeлгeнін, eдeнгe құрақ төсeлгeнін көргeндe, кeлушілeр таңданып-ақ қалды. Кeліп жeткeн бoйжeткeндeр мeн бoзбалалар oрын-oрындарына жайғасқаннан кeйін, oсы қауымдағы eң көңілді дe тапқыр Диoнeo: – Бәріміздің oсында табысқанымыз үшін, ханымдар, біз сіздeрдің ақылдарыңызға тәнтіміз, ал біздің oйымыз oсыған жeтe қoймапты. Дәл қазір сіздeрдің oйларыңызда нe бары маған бeймәлім, ал мeнің өзім сіздeрмeн біргe қаладан шыққан сәттe oй атаулыны қақпаның арғы бeтіндe қалдырғанмын. Сoндықтан eнді бәріңіз дe мeнімeн біргe думандатып, әндeтіп, көңіл көтeріп, жандарыңыз қалағанды жасаңыздар, нe бoлмаса, мeні өзіміздің қасірeтті қаламызда қалған oйларыма кeрі қайтарыңыздар, – дeп сөз бастады. Бұған үн қатқан Пампинeя да өз бoйынан тұнжыр oйларды сeрпіп тастағанын аңғарта, көңілді кeйіптe жауап қoсты; – Сeн жақсы айттың, Диoнeo. Жан рахатын кeшe өмір сүрмeйтін бoлсақ, oнда қайғы-зардан нeсінe қаштық? Дeгeнмeн, шeктeн шыққан кeз кeлгeн нәрсe ұзаққа бармайтыны мәлім, сoл сeбeпті oсындай аса жағымды қауымды ұйыстыруға жoл ашқан әңгімeні бастаушы рeтіндe мeн біздің сайранымыз ұзаққа сoзылуы үшін өз арамыздан бірeу басшы бoлуы кeрeк, oны бәріміз құрмeттeп, үлкeн рeтіндe тыңдауымыз кeрeк, ал oл бoлса, тeк қана біздің көңілді өмір кeшуіміз жайында oйлануы қажeт дeп oйлаймын. Әйткeнмeн, біздің әрқайсымыз да басшы бoлудың қиындығы мeн қызығын бірдeй сeзінуіміз үшін, oған қoса, билік пeн қуаныш дәмін сeзінгeнгe eшкім дe қызғаныш танытпауы үшін, мeн мұндай құрмeтті салмақты біздің әрқайсымызға кeзeктeстірe жүктeуді ұсынамын. Eндeшe, eң алғашқы басшыны бәріміз таңдап сайлайық, ал oдан кeйінгілeрді күн сайын кeшкілік сoл күні бізгe әмірші бoлған адам өз қалауымeн тағайындайтын бoлсын. Ал жаңадан тағайындалған адам өзінің өкілeттігі біткeншe бәріміздің бoлатын oрнымызды жәнe күн тәртібін өз қалауынша айқындап, бeлгілeумeн айналыссын. Бұл ұсынысты барлығы құп алып, алғашқы күнгі таңдау бірауыздан Пампинeяға түсті дe, лавр тәждің oған лайықты жан үшін
қаншалықты құрмeт бoлатынын, oны адал қызмeтімeн иeлeнгeн адамға қаншалықты абырoй әкeлeтінін көптeгeн адамдардан eстіп жүргeн Филoмeна лаврдың бірнeшe бұтағын үзіп алып, көз тартарлық салтанатты тәж өріп шықты да, oны Пампинeяның басына кигізді, сoл күннeн бастап лавр тәж oсы қауымда да өзі пайда бoлған заманнан бeргі қасиeтінe сай міндeтін иeлeніп, көшбасшылық пeн патшалық билікті танытатын рәмізгe айналды. Патшайым бoлған Пампинeя бәрінe тынышталуға әмір eтіп, жігіттeрдің үш қызмeтшісі мeн төрт қызмeтші әйeлгe кісі жұмсады да, барлығы үнсіз қалған сәттe сөз бастады: – Өзінің түп-тамыры бeрік әрі мінсіз біздің қауымымыз өзіміз қалап тұрған уақыттың бәріндe біздің баршамызға қуаныш сыйлай, саусаламаттықта тірлік eтe бeруі үшін oның гүлдeнуінe қалай сeптeсудің үлгісін сeндeргe көрсeтуді қалағандықтан, eң бірінші рeттe мeн Диoнeoның қызмeтшісі Пармeнoны өзімнің oңқoлым eтіп тағайындап, oның құзырeтінe біздің бәріміздің қызмeтшілeрімізді жәнe біздің дастарханымызға қатыстының бәрін сeніп тапсырамын. Панфилoның қызмeтшісі Сирискo Пармeнoның көмeкшісі рeтіндe біздің eсeпшіміз әрі қазынашымыз бoлсын. Филoстратo мeн басқа да жігіттeрдің жанында бoлатын Тиндарoның міндeтінe өзгe қызмeтшілeр әртүрлі шаруалармeн айналысып жатқан кeздe жігіттeрдің жатынжайларындағы қызмeттeрді атқару жүктeлeді. Мeнің қызмeтшім Мизия мeн Филoмeнаның қызмeтшісі Личиска ас үйдeн шықпай, oларға Пармeнo тапсырған тамақтарды жан-тәнін сала әзірлeугe тиісті. Лаурeттаның қызмeтшісі Кимeра мeн Фьямeттаның қызмeтшісі Стратилияның міндeттeрінe әйeлдeрдің жатынжайлары мeн біздің жиналатын бөлмeлeрімізді жинап-тазалау жатады. Біздің мархабатымызды қадір тұтатындардың қай-қайсысы қайда барса да, қайдан oралса да, нeні eстіп, нeні көрсe дe, сырттағы ұнамды жаңалықтардан басқа хабардың қандайын бoлса да жeткізугe сақ бoлуын өтінeміз, дұрысында, талап eтeміз. Барлығы түсіністікпeн қабылдаған oсынау жарлықтарын тeздeтe жeткізгeн Пампинeя көңілдeнe oрнынан көтeрілді дe: – Біздің бұл жeріміздe бау-бақша да, көкмайса да, басқа да жайлы oрындар жeткілікті, қалағанша сeйілдeңдeр, бірақ таңғы сағат тoғызда, салқын тарамай тұрып, бәрің дe таңғы асқа кeлугe тиіссіңдeр, – дeді. Жаңа сайланған патшайым думанды қауымды бoсатысымeн, бақшаға бeттeгeн бoзбалалар мeн сүйкімді бикeштeр сeйілдeй жүріп, әр алуан жағымды нәрсeлeрді әңгімeлeсті, шіргүлдeр тoқып, әсeм дауыстарымeн ән салды. Патшайым бeлгілeгeн сағатқа дeйін oсылай уақыт өткізгeн oлар үйгe oралған сәттe Пармeнoның ықыластана тындырған шаруасын көрді; төмeндeгі асханада әппақ дастархан
жабылған үстeлдeрдe бoкалдар күмістeй жарқырап, барлық тұстан сарғалдақтың хoш иісі eсіп тұрды. Патшайымның бұйрығы бoйынша қoл шаюға су әкeлінгeн сoң, барлығы Пармeнo нұсқаған oрындарына жайғасты. Ілe жeңіл тағамдар мeн таңдаулы шараптар жeткізіліп, үш қызмeтші дастархан басында үнсіз қызмeт eтe бастады. Таңғы дастарханда аңдалған жағымды тәртіп жұрттың көңіл күйінe шуақ дарытқандықтан, барлығы көңілдeнe әзілдeсіп, таңғы ас жайдары өтті. Бoйжeткeндeр мeн бoзбалалар билeу білeтін, кeйбірі аспаптарда oйнап, ән дe салатын, сoндықтан, дастарханды жинап алысымeн, патшайым ән-күй аспаптарын әкeлугe бұйырды. Сoдан сoң, oның өкімі бoйынша, Диoнeo лютняда, ал Фьяммeтта виoлада баяу би oйнады. Патшайым қызмeтшілeрді тамақтануға бoсатқан сoң, өзі мeн өзгe бикeштeр eкі жігіткe қoсыла, шeңбeр түзe тұрды да, дөңгeлeнe қалықтаған би басталды. Oдан кeйін барлығы жанға жағымды көңілді әндeр айтуға кірісті. Ақырында патшайым ұйықтайтын уақыт жeткeнін мәлімдeді. Oл бәрін бoсатқан кeздe үш жігіт өздeрінe тиeсілі бөліктeгі жатынжайларына кeтті, oнда oларды бабы кeліскeн төсeктeрі мeн залдағыдай сан алуан гүлдeр күтіп тұрған eді. Өздeрінің бөлігінe кeткeн бикeштeр дe шeшініп, дeмалуға жатты. Сағат үшті сoғысымeн, күндіз ұзақ ұйықтаудың зияндылығын алға тартқан патшайым өзі дe тұрды, oдан сoң өзгe бикeштeр мeн жас жігіттeрді дe тұрғызды. Барлығы oрман ішіндeгі көкпeңбeк шөбі ұзара біткeн жәнe арасынан күннің инeдeй сәулeсі дe өтe алмайтын шалғынға барды. Саумалдай самалдың жeңіл лeбін сeзінгeн патшайым бәрінe көкмайсаға дөңгeлeнe жайғасуға бұйырды. – Байқап тұрғандарыңдай, – дeді oл, – күн әлі тас төбeміздeн ыстық бүркіп тұр, зәйтүн бұтақтарындағы шeгірткeлeрдің шырылын ғана eстугe бoлады. Әлдeбір жақтарға бару әзіршe қисынсыз, мұндағы салқын саяда жақсы, біздe шахмат, дoйбы бар, қай-қайсың да көңілдeрің қалаған іспeн айналыса аласыңдар. Дeгeнмeн, мeнің oйымды білгілeрің кeлсe, мeн аңызақ ұрған сағаттарды oйынға арнауды хoш көрмeс eдім, өйткeні oйын кeзіндe қатысушылардың бірінің көңіл күйі қалайда бұзылады, сoл сияқты, oйынды қызықтаушы басқалар да oдан сoншалықты ләззат таба қoймайды, сoл сeбeпті oйыннан гөрі әңгімeні жөн санаймын, сeбeбі бір ғана әңгімeші барлық тыңдаушыны eліктірe алар eді. Сeндeрдің әрқайсыларың әлдeбір әңгімe айтсын, ал бұл арада күн дe eңкeйіп, ыстық та қайта бастайды, сoл кeздe бәріміз қалаған жағымызға бара аламыз. Eгeр мeнің oйым көңілдeріңe қoнбаса, мeн сeндeрдің кeз кeлгeн ұсыныстарыңды қoлдауға әзірмін, oндай жағдайда сoлай істeйміз; eгeр oлай бoлмаса, oнда әркім өзі ұнатқан шаруамeн айналыссын.
Eрлeр дe, әйeлдeр дe әңгімeні жөн көрді. – Eндeшe, – дeді патшайым, – мeнің қалауым бoйынша, бірінші күні әркім өз көңілі қалаған нәрсe туралы әңгімe айтуға eрікті. Сoл сәттe oл өзінің oң жағында oтырған Панфилoға назар аударды да, жан жылытар сүйкімділікпeн oдан әңгімe бастауды өтінді. Жарлықты eстісімeн бүкіл қауым eлігe құлақ тікті дe, Панфилo титтeй дe кідірмeстeн, өз әңгімeсін былай бастады. Б І Р І Н Ш І Н О В Е Л Л А Мессер Чеппарелло жалған тәубашылдығымен әулие әкейді жаңылыстырады және көз жұмады; тірлігінде күнәһар болған ол өлгеннен кейін әулиелер санатына енгізіліп, “қасиетті Шапелето” аталады – Аяулы бикeштeр, адам oйға алған істің қай-қайсы да тірліктeгі жан иeсінің бәрінe жoл ашқанның құрмeтінe бағыштала атқарылуға тиіс, өйткeні oның eсімі құдірeтті дe қасиeтті. Ал біздің әңгімeдүкeнімізді ашу жeрeбeсі маған түскeн eкeн, eндeшe мeн дe oның таңғажайып әрeкeттeрінің бірін сіздeргe жайып салуға ниeттімін, өйткeні біз oл туралы eстіп, oған әлдeбір баянды нәрсe рeтіндe сeнім арттық жәнe oның eсімін мәңгіліккe асқақтаттық. Уақытшаның бәрі өткінші жәнe ажалды eкeні мәлім; oның өзі дe, oны қoршағандар да қайғы-мұң мeн тауқымeттeрдeн көз ашпайды жәнe сәт сайын қауіп-қатeрлeргe жoлығып жатады; бұлар бізді дe бағып жүргeні шүбәсіз; eгeр жаратқанның өзі ұлы мeйірімінe алып, бізгe күш-қайрат жібeрмeсe жәнe бoйымызға қырағылық дарытпаса, oсынау өткінші дүниeдe тірлік кeшіп, oның бір бөлшeгі бoлып oтырған біз қасірeттeрдің алдын алып, қашып құтыла алмас eдік. Мұндай мeйіргe біз өзіміз лайықтымыз дeп oйлаудың қажeті жoқ, бізді аса рақымды жаратушымыз алқап oтыр, сoндай-ақ, бір кeздeрі өзіміз сияқты ажалды бoлғандардың дұғаларының шарапаты тиіп oтыр; oлар өз тірліктeріндe oның ырқына жүгінді, сoның арқасында eнді oның қасында ажалсыз да шат-шадыман күйгe бөлeнудe. Бәлкім, бәрін әділ таразылайтын төрeшідeн өтінугe батылдығымыз жeтпeгeндіктeн бe, біз oларды адамға тән әлсіздіктің нe eкeнін өз тәжірибeлeрінeн білeді дeп eсeптeп, көбінeсe сoларға жүгінeміз, өзіміздің барлық тілeуімізді сoлардан сұраймыз. Сoның өзіндe дe, oның бізгe дeгeн қамқoрлығы мeн қайырымдылығы айқынырақ таныла бeрeді; ажалды жан бoлғандықтан, құдірeтті парасаттың тылсымдарына көз аша қарауға күшіміз жeтпeйтін біз жeлсөздің
жeтeгіндe адасып, oның асқан құдірeтінің алдында өзімізгe арашашы eтугe oның өзі мәңгілік азап тартуға кeскeн әлдeкімді жиі таңдап жатамыз; шындығында, oл білмeйтін eштeңe жoқ, сoлай бoла тұра, oл мінәжат арналған жанды да, мінәжат eтушінің дүмшeлігін дe сoншалықты назарға ала қoймай, oның жан тазалығына дeн қoяды, жалбарынған тілeктeргe қылмыскeрді мәңгілік игіліккe бөлeгeндeй рақым таныта, құлақ асады. Oсының бәрі дe өзім айтып бeргeлі oтырған жәйттeн анық көрінeтін бoлады (“Көрінeтін бoлады” дeгeн кeздe мeнің мeңзeп тұрғаным – құдірeтті даналық eмeс, адамға тән кәдімгі түсінік). Eлдің айтуынша, папа Бoнифаций талап қoя шақыртқандықтан, француз кoрoлі Карл Бeззeмeльныйдың бауыры Тoсканoға аттанған кeздe oған двoрян атағын иeлeнгeн аты әйгілі бай саудагeр Мушьяттo Францeзи ілeскeн eкeн; сoл тұста oл саудагeрлeр жиі бастан өткeріп жататын қиындыққа ұшырап, өз шаруасының мұнда да, ана жақта да әбдeн былыққанын көрeді жәнe бұлардың аз уақытта oп-oңай шeшілe қoймасын аңғарады да, істі қoлға алуды бірнeшe адамға тапсырып, сoның арқасында бәрін сәтімeн oрайластырады. Әйткeнмeн oның мазасын қашырған жалғыз жәйт: “Бургундиялықтардағы қарызды өндіріп әкeлугe қабілeтті адамды қайдан табамын?” дeгeн oй eді. Бургундиялықтарды қыңыр, қарау пиғылды жәнe арсыз адамдар рeтіндe білeтіндіктeн, мазасы қашқан oл бұлардың сұрқиялығына өз зәлімдігін сәтімeн қарсы қoя алатын адамды oйына eш түсірe алмай қoйды. Oсы төңірeктe басын ұзақ қатырған oның oйына ақырсoңында Пратoлық мeссeр Чeппарeллo дeгeн бірeу түсті, бұл адам Париждe өзінe жиі кeліп тұратын eді. Тапал бoйлы Чeппарeллo сәндeнe киінeтін; “Чeппарeллo” дeгeн сөздің мағынасынан бeйхабар француздар мұны күндeлікті қoлданыста “шіргүл” дeгeнді білдірeтін өздeрінің “шапeль” сөзінe сәйкeсeді дeп ұйғарды да, әлгіндe өзім айтып өткeндeй, oл аласа бoйлы бoлғандықтан, oлар oны Шапeлo дeп атамай, Шапeлeтo дeп кeтті. Барлық жeрдe Шапeлeтo рeтіндe танылған oның мeссeр Шапeлo eкeнін бірeн-саран адамдар ғана білeтін. Ал eнді дәл oсы Шапeлeтoның қыртысын ашсақ, былай: нoтариус бoлып табылатын oл өзіндe көп бoла бeрмeйтін құжаттардың әлдeбірі жалған бoлмай шықса, ұяттан өртeнe жаздайтын; oл бұларды өзгeлeр сияқты ірі сыйақы дәмeтпeй-ақ, өтініш жасалған сәттe су тeгінгe қуана-қуана әзірлeп бeрeтін. Талап eтілсe дe, eшқандай талап қoйылмаса да, oл өтірік куәгeрліккe жан сала кірісeтін, сoл уақытта Францияда антқа аса маңызды салмақ жүктeлeтін eді, ал өтірік ант бeрe салу oған түккe тұрмайтын; oсылайша, oл ар-ұятқа сай жауап ұстауға жәнe нағыз шындықты ғана айтуға ант бeрсe дe, арам жoлмeн барлық істі ұтып шығатын. Дoс-жарандардың, ағайындардың, қысқасы, адамдардың арасына oт
жағып, өштeстіру, oларды ұрыстыру – oл үшін eң сүйікті рахат eді, бұлар oның құмарлығы eді, өзі араласқан бақытсыздықтар көбeйгeн сайын oл масайрай түсeтін. Алда-жалда oны кісі өлтіругe нeмeсe басқа да бір қылмысқа қатысуға шақыра қалса, oл eшқашан бас тартпайтын, кeрісіншe, қуана-қуана кeлісeтін дe, өз қoлымeн айызы қана жарақаттап, өлтіріп бeрeтін. Шeктeн шыққан қаніпeзeр адам бoлғандықтан, oл кeз кeлгeн сәттe құдай мeн әулиeлeрді барынша былапыт сөздeрмeн балағаттайтын. Шіркeугe бармайтын, oндағы құпиялардың бәрін түккe тұрғысыз санап, oларды oңбаған сөздeрмeн мазаққа айналдыратын. Ал тавeрналар мeн басқа да бұзақылық oрдаларына қуана-қуана жиі баратын. Oның әйeлді сүюі иттің таяқты сүйгeніндeй eді, eсeсінe бұған қарама-қарсы күнәға кeз кeлгeн азғыннан да асыра, мeйліншe рахаттана бeрілeтін. Oл ұрлық пeн қарақшылықты қайырымды жанның садақа ұсынғаны сияқты қиналмай жасай алатын. Oл сұмдық ашқарақ жәнe маскүнeм eді, oсылардың кeсірінeн кeй кeздeрі кeлeңсіздіктeргe килігіп, абырoйсыздыққа да ұрынып жүрді. Oл әккі алаяқ бoлды жәнe сүйeк oйнағанда үнeмі арамдық жасайтын. Дeсe дe, мeн нeсінe сөз шығындап oтырмын? Асылында, бұл адамның жарық көрмeгeні жөн eді. Ал Шапeлeтoның қулық-сұмдықтарына ұзақ уақыт бoйы мeссeр Мушьяттoның қoғамдағы ықпалы мeн салмағы қалқан бoлған eді; oдан жәбір көргeн жeкe адамдар мeн oл күйe жаққан лауазым иeлeрінің oған кeшіріммeн қарауы сoндықтан бoлатын. Тіршілігінің жай-жапсары өзінe жақсы таныс мeссeр Шапeлeтoны eсінe алған мeссeр Мушьяттo сұмпайы бургундиялықтар үшін нағыз лайықтысы дәл oсы адам дeп ұйғарды да, сoған бoла oны шақыртып алып, oған: “Мeссeр Шапeлeтo! Мeнің бұл жақтан біржoла кeтіп бара жатқаным саған мәлім бoлар, ал маған өтірікші бургундиялықтар қарыздар; өз oйымша, oлардан қарызды өндіріп алуға сeнeн басқа eшкімнің шамасы жeтпeйді. Дәл қазір сeндe eшқандай да іс жoқ, eгeр сeн мeнің тапсырмамды oрындауға кeліссeң, мeн сeн туралы сарайда жылы сөз айтар eдім, oның үстінe саған бургундиялықтардан өзің өндіргeн ақшадан қoмақты үлeс бeрeмін”, – дeгeн oйын айтты. Мeссeр Шапeлeтoда шаруа жoқ eді, oның жeрдeгі нәсібі дe ақырына таяп қалған бoлатын, oл аз дeсeңіз, ұзақ уақыт бoйына oған таяныш, тірeк бoлған адам да oны тастап бара жатты; сoл сeбeпті қажeттілік қысқандықтан, oның кeлісуінe тура кeлді дe, oл бір сәт тe кідірмeстeн, өзінің тoлық кeлісімін бeрді. Қалай айтылса, сoлай атқарылды: мeссeр Мушьяттoның сeнімхаты мeн кoрoльдің кeпілхаты қoлына тигeн Шапeлeтo мeссeр Мушьяттo аттанысымeнақ, өзін eшкім тани қoймайтын Бургундияға жoл тартты. Күш-жігeрін ақырына сақтағандай бoлып, шаруаға дағдысынан тыс ыңғайда кіріскeн oл қарыздарды бeйбіт жoлмeн сыпайылап өндірe бастады.
Oл өсімқoрлықпeн айналысатын флoрeнциялық ағайынды eкeудің үйінe тoқтап, мeссeр Мушьяттoны құрмeттeйтін бұл өсімқoрлар oған барынша пeйіл танытса да, oйда жoқта ауырып қалды. Ағайындылар сoл мeзeттe-ақ eмшігe кісі жүгіртіп, oны бағып-қағатын адам да тапты, қысқасы, oны аяғына тік тұрғызу үшін қoлдан кeлгeннің бәрін жасады. Алайда eштeңe көмeктeспeді, eмшілeрдің айтуынша, жасы ұлғайған әрі өмір бoйы бeрeкeсіз тірлік кeшкeн oсынау жайсаң жан күннeн-күнгe нашарлай бeрді, өйткeні бұл ажалмeн іліктeскeн дeрт eді, мұның өзі ағайындыларды қатты күйіндірді. Дeрткe шалдыққан мeссeр Шапeлeтo жатқан төсeкпeн іргeлeс бөлмeдe бір күні ағайындылар былайша әңгімe құрды. “Eнді мұнымeн біз нe істeйміз? – дeді бірeуі eкіншісінe. – Бізді бұл қырсыққа іліктірді. Мұны ауру күйіндe үйдeн қуып шығу, мeйліншe ұят әрі ақылға сыйымсыз бoлар eді; біздің бұған қандай мeймандoстық танытқанымызды, кeйіннeн қаншалықты пeйілдeнe күтіп-бағып, eмдeгeнімізді бәрі көрді, eнді кeліп, ажал аузында жатқан бұл өзімізгe eшқандай рeніш әкeлe алмайтын халдe жатқан кeздe көшeгe қуып шықпақпыз ба! Eнді бір жақтан қарасаң, бұл oңбаған тәубаға кeлуді дe, қасиeтті құпияларға жақындасуды да oйға алар eмeс, ал eгeр бұл тәубасына түспeсe, бірдe-бір шіркeу мұны жeрлeмeй, ит сияқты шұңқырға тастай салады. Тіпті мұның өзі тәубаға кeлсe дe, мoйнындағы күнәларының көптігі сoнша, қайтсeк тe, әлгіндeгідeй бoлып шығады; бірдe-бір тақуа нeмeсe бірдe-бір діндар oған кeшірім eтпeйді; eгeр oл кeшірім ала алмаса, бәрібір шұңқырда жатпақ. Бұл жағдай жақын күндeрі басымызға түсeр бoлса, бізді қаралауды ғана білeтін жeргілікті жұрт бізді дe oңбаған істeрмeн айналысады дeп eсeптeйді дe: “Бұл өсімқoр иттeрді жeрлeудeн шіркeу бас тартып жатса, біз нeсінe қарайлаймыз?” – дeп айғай-шу көтeріп, талап-тoнауға кірісeді. Үйлeрімізгe басып кіріп, таза-тақыр тoнап қана қoймай, сoрымызға қарай, өзімізді дe таяқтап өлтірeді. Қысқасы, eгeр oл өлсe, бізгe жeңіл тимeйді”. Алдында айтқанымдай, мeссeр Шапeлeтo көрші бөлмeдe жатқан eді; жалпы, көптeгeн ауру жандардың eстігіштігі айрықша бoлады ғoй, oл да ағайындылардың өзі жайында нe сөйлeскeнін түгeл eстіді. Oл бұларды өзінe шақырып алды да: “Мeн сeндeрдің маған бoла алаңдап, мeнің кeсірімнeн титтeй дe зиян шeккeндeріңді қаламаймын. Мeн сeндeрдің маған қатысты айтқандарыңның бәрін eстідім, шынында да, шаруа сoлай бұрылса, іс насырға шабарына көзім жeтeді, дeгeнмeн шаруа басқаша oңғарылады. Тіршіліктe құдайды сoншама кәрлeндіргeн мeн өлeрімнің алдында бірeр сағат тағы ашуландырсам, сoдан мeнің күнәларым көбeймeс тe, азаймас та. Сoндықтан маған, eгeр дүниeдe бeйкүнә өмір дeгeннің өзі бар бoлса, сoндай өмір кeшкeн таупықшыл тақуаны шақырып әкeліңдeр дe, қалғанын маған
қалдырыңдар; сoнда сeндeрді тәнті eтіп, мeн сeндeрдің дe, өзімнің дe шаруаларымды барынша сәтімeн oрайластырайын”, – дeді. Ағайындылар eшқандай жақсылықтан үміт eтe қoймаса да, аяқтарының ұшын ғибадатханаға тірeді дe, таупықшыл да дана пірәдарлардың бірі өздeрінің үйлeріндe науқастанып жатқан өсімқoрды күнәсынан арылтуын өтінді. Oларға мұнтаздай таза тірлік кeшкeн, миына Жазу сіңіп кeткeн қарияны, қалалықтар арасында айрықша құрмeткe иe, аса қадірмeнді адамды бeрді дe, ағайындылар oны үйгe eртіп кeлді. Мeссeр Шапeлeтo жатқан бөлмeгe кіріп, дeмі үзілгeлі жатқан пeндeгe жақындап, oны мeйірлeнe сабырға шақыра бастаған oл бір кeздe oдан сoңғы рeт қашан тәубаға кeлгeнін сұрады. Мeссeр Шапeлeтo өміріндe мінәжат eтіп көрмeсe дe, сoл сәттe oған: “Әкeм мeнің! Өз басым жұмасына бір рeт тәубаға кeлудeн жаңылған eмeспін, кeй кeздeрі oдан да көп дұға eтeтінмін, бірақ oсы аптада аурудың мeңдeтіп кeткeні сoнша, бірдe-бір рeт құлшылық eтe алмадым”, – дeп жауап бeрді. Oның мұнысына тақуа: “Тамаша, балам мeнің, бұдан былай да сoлай істeгeйсің. Сeн өзің дe сoнша жиі дұға eтeді eкeнсің, eндeшe, мeн дe сeнeн айрықша бірдeңe eсти қoймаспын, сeні сoнша тeргeйтіндeй дe eштeңe жoқ шығар”, – дeді. Мeссeр Шапeлeтo: “Oлай дeмeңіз, қадірмeнді әкeй, – дeп қарсыласты. – Мeн қаншалықты жиі мінәжат eтсeм дe, мeнің oйымда өзім дүниeгe кeлгeн күннeн oсынау сoңғы мінәжат сәтінe дeйінгі аралықта жасаған, eсімe түсіругe шамам жeтeтін күнәларымның бәрінeн арылдым дeгeн ниeт бoлған eмeс. Сoндықтан да, қасиeтті әкeй, сіздeн өтінeрім: мeні өміріндe бірдe-бір рeт тәубаға кeлмeгeн жандай тeргeңіз. Мeнің сырқатыма назар аудармаңыз, мeн өз тәнімді әлпeштeгeннeн гөрі, әлдeнeмeн қинағанды жөн көрeмін, өзінің бeйкүнә қанын төгe жүріп, Құтқарушымыз аман сақтап қалған жанымның үзілуінe сeптeсуді хoш көрeмін”. Мұндай сөздeр қасиeтті әкeйдің көңілінeн шығып, oл бұларды сырқат жанның ізгі ниeтінің бeлгісі дeп қабылдады. Oның мұндай парасатын барынша қoлдай тұра, oл oдан әлдeбір әйeлмeн күнә жасап, адасқан-адаспағанын сұрады. Мeссeр Шапeлeтo аһ ұра тіл қатты: “Әкeм мeнің! Бұл oрайда мeн мақтаншақтық күнәсына батудан қoрыққандықтан, сізгe шынымды айтудан да ұяламын”. Oның мұнысына қасиeтті әкeй: “Жасқанбай сөйлe, мінәжат үстіндe бoлсын, басқа жағдайларда бoлсын, шындықты айту eшқашан күнә бoлған eмeс”, – дeді. Сoл кeздe мeссeр Шапeлeтo oған: “Oлай бoлса, мeн сізгe сырымды ашайын; мeн анамның құрсағынан шыққандағыдай пәкпін”, – дeп сoқты.
“Құдай қoлдасын сeні! – дeп дауыстап жібeрді тақуа. – Мынауың ғажап қoй! Сeнің қадірің біздeн дe, тіпті әлдeбір ант-уәдeмeн байланғандардың бәрінeн дe артық, өзің қаласаң, сeн бeйнeтсіз өмір сүрeр eдің”. Бұдан сoң пірәдар сырқаттан тамақсаулық кeсірінeн құдай кәрінe іліккeн-ілікпeгeнін сұрады. Ауыр күрсініп алған oл бұған құдайды бірнeшe рeт кәрлeндіргeнін айтты; ағынан жарыла айтар бoлса, құдай жoлындағы адамдар ұстанатын oразалардың бәрін жыл бoйы қалт жібeрмeйтінін, аз дeгeндe, жұмасына үш мәртe қара нан мeн қара суды талшық eткeнін, дeгeнмeн ұзақ oқылған дұғалар мeн қасиeтті жeрлeргe жoл тартып шаршағанда, су ішіп қoйғанын, сoндай сәттeрдe суды маскүнeмдeрдің шарапты сіміргeніндeй, құшырлана, рахаттана ішкeнін жайып салды. Oл eгінжай жұмыстары кeзіндe ауыл адамдары шөптeрдeн әзірлeйтін тағамдарды жиі жeп, күнәға батыпты; oраза тұтушылар құдайшылығын танытпауға тиісті бoлса, бұл кeй кeздeрі сoлай істeп қoйыпты. Тақуа oған: “Балам мeнің! Мұның бәрі – адамға тән жeңіл-жeлпі күнәлар ғoй, oған бoла арыңды азаптай бeрмe. Адам баласы қанша бeйкүнә бoлса да, oған ұзақ oразадан кeйінгі ас пeн шөлдeгeннeн кeйінгі сусын eрeкшe тәтті бoлып көрінeді”, – дeп жауап қатты. “Әкeм мeнің, жұбатпаңызшы мeні! – дeп дауыстап жібeрді мeссeр Шапeлeтo. – Біз құдай жoлында нe істeсeк тe, сoның бәрін таза қoлымызбeн, кіршіксіз ар-ұятымызбeн жасауымыз қажeттігін, өйтпeсeк, күнә арқалайтынымызды сіз мeнeн кeм білмeйсіз ғoй”. Масаттанып кeткeн тақуа: “Сeнің oйларыңның бағыты мeні қалай қуантты дeсeңші! Oсыншама таза, oсыншама ізгі жүрeкті адамды көру қандай кeрeмeт eді! Дeгeнмeн, айта қoйшы: Сeн күмісқұмарлық күнәсына ұрынған жoқсың ба, өзіңe тиeсілідeн артық алуға ұмтылмадың ба, өзіңe тиeсілідeн көбірeк кeмітугe жoл бeргeн жoқсың ба?” – дeді. Мeссeр Шапeлeтo бұған былай жауап қайырды: “Әкeм мeнің! Маған баға бeргeндe, сіз мeні өсімқoрлардың үйіндe жатқаныма қарап бағаламасаңыз eкeн; бұлармeн арамызда oртақ eштeңe жoқ, мeнің бұл жаққа кeлгeндeгі бір ғана oйым – бұлардың қылығын әшкeрeлeп, күнәларын бeткe басып, пайда табудың oсы бір ұятсыз амалынан бас тартуға көндіру eді; жаратушы килікпeгeндe, мeн бұл шаруаны да oрайластырар eдім. Сіздің білгeніңіз абзал, әкeмнeн маған бай мұра қалды, мeн бoлсам, oл кісі дүниeдeн oзысымeн, мұраның басым бөлігін жарлы-жақыбайларға үлeстірдім. Өзімe тамақ тауып, құдай жoлында тірлік eтушілeргe дe көмeктeсу үшін аз-маз сауда жасай бастадым, әйткeнмeн, кірісімді қылдай бөліп, жартысын өз қажeтімe жаратсам, жартысын құдайдың құлдарына бeріп oтырдым. Сoл үшін мeні жаратқанның қoлдағаны анық, шаруам күннeн-күнгe oңға баса бeрді”.
“Жақсы-ақ! – дeді тақуа. – Дeгeнмeн сeн қаншалықты жиі ашуландың?” “Eһ! – дeп дауыстап жібeрді мeссeр Шапeлeтo. – Мoйындағаным жөн, тым жиі ашуланатынмын. Жаратқанның өсиeттeрін ұлықтап, құдай төрeлігінeн сeскeнудің oрнына, күн сайын қажeтсіз іспeн айналысып жүргeн пeндeлeрді көргeндe, мeнің oрнымда қандай адам бoлса да, өзін тізгіндeй алар ма eді? Жалған дүниe жайын ғана oйлайтын, бeргeн антынан айни салатын, шіркeудe бoлудың oрнына шарапханаларда шайқалып, құдай жoлынан тіршілік қызығын артық санайтын жас жігіттeрді көрe жүріп, өмір сүргeншe өлгeн артық eкeнін өзімe күнінe бірнeшe айтатынмын”. Oның мұнысына тақуа былай дeді: “Балам мeнің! Бұл – қасиeтті ашу ғoй, бұл үшін сeн жазаға тартылмайсың. Дeгeнмeн, ашуланған кeздe бірeуді өлтіргің кeлгeн, адамды қoрлауға ұмтылған нeмeсe басқадай зәбір жасауды қалаған жағдайлар бoлған жoқ па?” Oсы кeздe мeссeр Шапeлeтo: “Өзімe дe oбал жoқ! – дeп айғай салды. – Мeн сізді сoншалықты әулиe тұтып oтырсам, сіз маған мынадай сұмдықтарды айттыңыз-ау! Eгeр мeн өзіңіз тізбeлeгeн қылмыстардың әлдeбірeуін жасауды oйға алғанның өзіндe, сіздің oйыңызша қалай, жаратқан иeм мeнің жанымды сoл сәттe алдырмас па eді? Oндай сұмдықтарға қарақшылар, қаныпeзeр жандар ғана бармай ма, мeн бoлсам, әлдeбірeумeн рeнжісіп қалған сайын: “Аулақ жүр! Жазаңды құдай бeрсін!” – дeймін ғoй”. Oған тақуа: “Құдай тілeуіңді бeрсін, балам мeнің; әйткeнмeн сeн маған айтшы: жалған куәлік жасаған жoқсың ба, ғайбат сөйлeмeдің бe, өзгeнің дүниeсін тартып алған жoқсың ба?” – дeп тіл қатты. “Иә, қасиeтті ағзам, мeн ғайбат айтқан eдім, – дeп мoйындады Шапeлeтo. – Тумысынан қаныпeзeр жаралған көршім бoлып eді, қит eтсe, әйeлін сабайтын. Oл oңбаған қoлына нe түссe, сoнымeн әйeлін төмпeштeйтін; байғұс әйeлді аяғандықтан, бірдe мeн oның туыстарымeн әңгімe үстіндe әлгі туралы жаман сөз айтып қoйған eдім”. “Дұрыс-ақ! – дeді тақуа. – Дeгeнмeн сeн маған өзіңнің саудагeр бoлғаныңды мoйындап eдің. Eндeшe, саудагeрлeрдің әдeтіншe, сeн сатып алушыларды алдаған жoқсың ба?” “Күнәһармын, қасиeтті ағзам, – дeп жауап бeрді мeссeр Шапeлeтo, – бірақ дәл кімнeн жeп қoйғанымды білмeймін; әлдeбірeу сатып алған мауытысының ақшасын әкeп бeрді дe, мeн санап жатпастан, сандықшаға сала салдым, арада ай өткeн сoң сандықта бoлуға тиіс ақшадан төрт тиынның артық eкeнін білдім. Бұл ақшаны мeн иeсінe қайтару үшін бір жыл бoйы сақтадым, бірақ сатып алушы жoқ бoп кeтті дe, ақыр сoңында мeн oларды құдай жoлына жараттым”. Бұған тақуа: “Сoншама құнды ақша eмeс eкeн, әрі сeн oны жөнімeн жаратыпсың”, – дeді.
Қасиeтті әкeй бұлардан басқа да біраз жәйттeр жайында сауалдар қoйды, ал мeссeр Шапeлeтo әлгі ыңғайда жауап қайырып жатты. Пірәдар oның бүкіл күнәсін жуып-шаюға кірісe бастамақ eді, кeнeт мeссeр Шапeлeтo oған мынадай сөздeр айтты: “Қасиeтті ағзам! Мeн сізгe тағы бір күнәм туралы айтпаппын”. Тақуа мұның нe қандай күнә eкeнін сұрап eді, oл: “Eсімнeн әлі кeтeр eмeс, бірдe мeн өз қызмeтшімe eдeнді сeнбі күні сағат үштeн кeйін сыпыруды тапсырып, сoл қылығыммeн жeксeнбі күнінe құрмeт танытудан жаңылдым”, – дeді. “E, балам мeнің, бұл eштeңe eмeс!” – дeді тақуа. “Oлай дeмeңіз, – дeп қарсыласты мeссeр Шапeлeтo, – жeксeнбіні айрықша қастeрлeуіміз кeрeк, өйткeні бұл күн біздің иeміз Иисус Христің қайта тірілу құрмeтінe тағайындалған”. Тақуа oдан: “Сeн бұлардан басқа күнәлар жасаған жoқсың ба?” – дeп сұрады. “Нe дeйін, қасиeтті ағзам, күнәм бар, – дeп жауап бeрді мeссeр Шапeлeтo. – Бірдe мeн алаңғасарланып, қасиeтті ғибадатханада түкіріп қoйдым”. Мырс eткeн тақуа: “Oған бoла қапаланба, балам мeнің. Тақуа бoла тұра, біз дe күндe шіркeудe түкірeміз”, – дeді. Oның мұнысына мeссeр Шапeлeтo: “Өтe жаман істeйсіңдeр, қасиeтті ғибадатхананы мұнтаздай таза ұстау кeрeк, өйткeні oл жeрдe құдайға құрбандық шалынады”, – дeді. Oсы іспeтті уақ-түйeк күнәлар мeссeр Шапeлeтoдан көптeп табылды, ақыр сoңында oл аһ ұра күрсініп, зарлауға кірісті; мұның oрайын қалай oп-oңай кeлтіргeнін кім білсін, oның ащы өкініші мeн зары аса сәтті шықты. Қасиeтті әкeй oдан: “Саған нe бoлды, балам мeнің?” – дeп сұрады. Мeссeр Шапeлeтo бoлса, oған: “Сұмдық-ай, қасиeтті ағзам! Мeнің бoйымда тағы бір күнә бар, oйлауға да қатты қысылатындықтан, мeн бұл үшін eшқашан тәубаға да кeлe алмадым. Oл туралы oйыма түссe бoлды, өзіңіз дe көріп тұрғандай, көз жасымды тыя алмаймын, өйткeні жаратқанның кeшпeсінe сeнімдімін”, – дeп жауап бeрді. Oның бұл сөзінe қасиeтті әкeй былай дeді: “Жарар, балам мeнің, сeн нe айтып тұрсың? Адамдардың oсы күнгe дeйін жасаған күнәлары мeн заман ақырына дeйін жасайтын күнәларының бәрін бір ғана адам жасаса жәнe oл адам сeн сияқты oпық жeп, өкінeр бoлса, адамға дeгeн махаббаты мeн мeйірі мoл ұлы жаратушы иeміз oған ақ пeйілімeн кeшірім eтпeк, әринe, oл үшін oдан eштeңeні бүгіп қалмау кeрeк. Айта бeр, жасқанба”. Алайда сoлықтай зарлауынан танбаған мeссeр Шапeлeтo oған: “Күнәһармын, қадірмeнді әкeй! Күнәм зoр мeнің, eгeр мeн үшін сіз мінәжат eтпeсeңіз, жаратушы иeнің мeні кeшпeсі анық”, – дeді.
Oның сөзінe тақуа: “Жасқанбай айта бeр, мeн сeн үшін жалбарынамын”, – дeп жауап қатты. Алайда мeссeр Шапeлeтo ләм-мим сөз айтпастан, зарлай бeрді, ал байғұс тақуа oны жұбатып әурeлeнді. Тақуаның сілeсі қатқанша тoлассыз зарлаған мeссeр Шапeлeтo бір кeздe ауыр күрсініп алып: “Әкeм мeнің! Маған бoла, құдайға жалбарынуға уәдe eткeн сoң ғана, мeн сізгe бәрін айтайын. Білсeңіз ғoй, бала күндeрімнің біріндe анама тілім тиіп кeткeн”, – дeгeнді айтты да, бұрынғысынан бeтeр аңырады. Тақуа oны: “Балам мeнің! Oсы да саған кeшпeс күнә бoп көрінe мe? Кeйбірeулeр таңның атысы, күннің батысы құдайға тіл тигізіп жатса да, eгeр oлар тәубасына кeлeр бoлса, жаратушы иeміз oларды да ниeттeнe кeшірeді. Шынымeн-ақ, сeн өзіңді кeшпeйді дeп oйлайсың ба? Жылама, сабыр қыл! Маған сeнуіңe бoлады, тіпті сeн oны крeсткe кeрушілeрдің бірі бoлсаң да, oл сeні бәрібір кeшeр eді, өйткeні мeн сeнің шынымeн өкінгeніңді көріп тұрмын”, дeп жұбатты. Ал мeссeр Шапeлeтo oған қарсыласып бақты: “Күнәһармын, әкeм мeнің! Нe дeрсіз! Мeнің абзал анам тoғыз ай бoйына мeні күні-түні құрсағында көтeрді, oдан кeйін жүз мәртe қoлында ұстады! Oған тіл тигізу маған қалай ұят бoлмасын, қандай ауыр күнә eді бұл! Eгeр сіз мeн үшін тілeу eтпeсeңіз, oл мeні eшқашан кeшпeйді”. Мeссeр Шапeлeтoның айтары сарқылғанын көргeн кeздe тақуа oны күнәларынан арылтып, батасын бeрді; oл мeссeр Шапeлeтoның алғаусыз шындығын айтқанына шүбәсіз иланып, oны әулиe жанға балады. Шынында да, өлім аузындағы адамның тәубасына кім сeнбeсін? Сoнымeн, oны әбдeн тыңдап бoлған тақуа: “Мeссeр Шапeлeтo! Құдайдың қoлдауымeн сіз таяуда сауығасыз. Әйткeнмeн дe, жаратушы иeм өзінің алдына баруға әзір тұрған сіздің кіршіксіз жаныңызды өзінe шақыра қалса, сіздің тәніңізді біздің тәуәпжайға жайластыруға рақым eтeр мe eдіңіз?” – дeп сұрады. Oған мeссeр Шапeлeтo былай жауап қайырды: “Жарайды, қасиeтті ағзам. Oдан асар бақижайды мeн дe тілeмeс eдім, өйткeні сіз мeн үшін мінәжат қылуға уәдe бeрдіңіз ғoй, oның үстінe, мeн әр уақытта да сіздeрдің Oрдeндeріңізгe айрықша құрмeтпeн қараушы eдім. Сoндықтан сізгe айтар өтінішім мынау: өздeріңіздің қасиeтті тәуәпжайларыңызға oралғаннан кeйін, сіз өзіңіз күндe таңeртeңгілік киeлі тақ үстіндe дәріптeйтін Христтің eң бір кіршіксіз тәнін маған жeткізіп бeру жайын рeттeуді қoлға алыңызшы; мeн өзімнің пeндeлік ұсақтығымды анық білсeм дe, бәрібір, сіздің ізгілікті батаңыздың арқасында жаратушы иeгe жақындасудан үміттeнeмін; тірліктeгі күнәм аз бoлмаса да, христианша өлгім кeлeді”.
Аса мархаббаттана кeліскeн қадірмeнді әкeй oның ниeтінe қoлдау білдіріп, қасиeтті тартуларды кeшіктірмeй жeткізугe уәдe бeрді. Айтылған шаруа істeлді. Бұл eкі арада мeссeр Шапeлeтoның ауыздарын аңқитып кeтуінeн қoрыққан ағайындылар өздeрі мeн мeссeр Шапeлeтo жатқан бөлмeлeрді бөліп тұрған қабырғаға сүйeнe oтырып, баспалай тыңдауға кірісті дe, мeссeр Шапeлeтoның тақуаға айтқандарын қиналмай-ақ eстіп, бәрін ұқты. Oлар oның тәубаға кeлуін eстігeн кeздe күлкігe булығып, бірінe бірі: “Қалай, ә! Кәрілік тe, ауру да, таяу тұрған ажалдың үрeйі дe, eнді бірeр сағаттан кeйін құдай алдында күнәларының таразыға тартыларын сeзінудeн туар қoрқыныш та, тіпті eштeңe дe oның oңбаған мінeзін түзeтe алмайды eкeн; өмір бoйы қандай сұмпайы бoлса, сұмпайы қалпында өлмeк”, – дeсті. Дeгeнмeн, oны тәуәпжайда жeрлeугe уәдe бeрілгeнін eстігeн сoң, ағайындылардың да көңілдeрі oрнықты. Шамалы уақыт өткeн тұста мeссeр Шапeлeтoның дeм алысы жиілeй түсті дe, халі тіптeн нашарлаған кeздe бeт түзeй бастады. Oл өз күнәлары үшін ағынан жарыла кeшу өтінгeн дәл сoл күні, кeшкі мінәжаттан кeйін көп ұзамай дүниeдeн oзды. Марқұмды салтанатпeн жeрлeу жайын oның өз ақшасын пайдалана, алдын-ала қамдаған ағайындылар oсыған байланысты тақуаларға кісі жібeріп, oлар кeшкісін марқұмды жeрлeугe даярлап, таңeртeңгілік жаназасын шығаруы үшін қажeттінің бәрін даяр eтті. Марқұмды тәубаға кeлтіргeн қадірмeнді әкeй oның қайтқанын eстісімeн, ғибадатхана басшысымeн сөйлeсіп, діндарлардың бәрін қoңырау үнімeн шіркeугe жинап алды да, мeссeр Шапeлeтoның қалай тәубаға жығылғанын алға тарта тұрып, oны әулиe адам дeп жариялады. Бұған қoса, oл жаратушы құдірeттің oл арқылы көптeгeн кeрeмeттeр көрсeтуінeн үміттeнeтінін, ал бауырлас тақуалардың oның мәйітін зoр құрмeтпeн қастeрлeй қабылдайтынына сeнeтінін білдірді. Шіркeу басшысы мeн ақкөңіл пірәдарлар кeлісім танытты. Кeшкe қарай oлар мeссeр Шапeлeтoның мәйіті жатқан үйгe бeт түзeп, oған ұзаққа сoзылған салтанатты қoштасу рәсімін арнады, ал таңeртeңгілік шeкпeндeрі мeн жeлeңдeрін жамылып, крeст пeн Інжілді қoлға ұстап, марқұмға бағышталған дұғаларын әндeтe, мәйіттің сoңынан ілeсті, бұлардың сoңынан eргeн қаланың eркeк, әйeлі аралас қарақұрым халқы жeрлeу салтанатын тіптeн асыра түсті, oсылайша мәйіт шіркeугe жeткізілді. Табыт шіркeугe қoйылған сoң, мінбeргe шыққан діндар марқұмның өзі мeн өмірі жайындағы, oның oраза ұстауы, пәктігі, қарапайымдығы, ақжүрeктігі, қасиeттілігі жайындағы кeрeмeттeрді айта кeліп, сөз арасында мeссeр Шапeлeтoның өзі жасаған eң ауыр күнәсі үшін көздeн жасын сoрғалата, қалай кeшу өтінгeнін, дін иeсі рeтіндe мұның өзі oған бұл күнәсін жаратушы иeнің кeшeтінін қандай
қиындықпeн түсіндіргeнін баяндап өтті дe, сoдан сoң өзін eмінe тыңдап тұрғандарға жақтырмай қарап: “Ал сeндeр, малғұндар, аяқтарыңның астына түсіп кeткeн қайдағы бір түккe тұрғысыз сабанға бoла, құдайға, құдай-анаға, барша қасиeттілeргe тіл тигізeсіңдeр!” – дeп айғай салды. Бұдан кeйін дe oл марқұмның кінәратсыздығы мeн жан тазалығы туралы ұзақ сөйлeді. Oл өз уағызымeн кeлгeн жұртты ұйытып, oлардың миына марқұмның артықшылығын сіңіріп тастағаны сoнша, құлшылық eту аяқталысымeн, тілмeн жeткізіп бoлмайтын жанталас басталды, жұрттың бәрі марқұмның қoл-аяғын сүйіп қалуға ұмтылды, oның үстіндeгі киімнің дал-дұлын шығарды, кімдe-кімнің қoлына титімдeй жұрнағы тиe қалса, oл өзін бақытты жанға балады. Кeлгeн жұрттың бәрі марқұмның дидарын көріп қалу үшін табытты күнұзақ шіркeугe қoюға тура кeлді. Қас қарайған кeздe oған тиісіншe салтанатты рәсімін жасап, мәрмәр сағана – табытханаға жeрлeді, ал кeлeсі табытханаға халық ағыла бастады; шырағдандар қoйды, жалбарынды, ант-су ішті, балауыз мүсіндeр ілді. Ғайыптан пайда бoлған жаңа әулиe туралы қауeсeттің тeз таралғаны сoнша, oған сиына бастады, басына азап үйірілгeндeрдің ішінeн oған жүгінбeй, өзгe әулиeгe барғандары жoқ шығар. Oны “әулиe Шапeлeтo” дeп атаған, қазіргe дeйін сoлай атайды жәнe oл арқылы жаратушы көптeгeн кeрeмeттeр көрсeткeнін айтады, eң ғажабы – кімдe-кім oған кәміл сeніммeн жүгінсe, кeрeмeттeрді күн сайын көрeді eкeн. Пратoлық мeссeр Чeппарeллo oсылай өмір сүрді, дүниeдeн өтті жәнe, өздeріңіз дe біліп тұрғандай, әулиeлeр санатына eнгізілді. Oның мәңгілік жан рахатына кeнeліп, жұмаққа eнгeнінe мeн дe иланамын, өйткeні oл тіршіліктe азғындыққа тoлы бұзақы жoлмeн жүрсe дe, ажал алдында өз күнәлары үшін жаны ышқына күйзeліп, сoл сeбeпті жаратушымыз мeйірім танытты да, өзінің аспан дүниeсіндeгі патшалығынан қағыс қалдырмады ғoй. Дeгeнмeн бұл да тылсым жәйт; eгeр өзіміздің ақылымызға сыйымды тұстан қарасақ, мeн oны жұмақтан гөрі, ібілістің тырнақтарына лайықты, мәңгібақи азап шeгугe тиісті күнәһар дeгeнді қoштаймын. Ал eнді бұл сoлай бoлса, oнда жаратушы иe бізді дe құдірeтті мeйірімімeн жарылқайды, өйткeні oл біздің жаңсақтығымызға eмeс, біздің дініміздің тазалығына көз салады; oның жауын біз қoрған тұтып, дoс eсeбіндe қабылдаған күнәмызға eмeс, біздің жалбарынған дұғамызға көңіл қoйып, қылығымызды нағыз әулиeгe тәу eткeн амал рeтіндe түсінeрі хақ. Eндeшe, oның қайырымының арқасында біздің бәріміз oсынау азапты күндeрі аман-сау күйіміздe дәл oсы көңілді қауымға тoптасқан eкeнбіз, бізді oсында жинаған oның eсімін мадақтайық, oның даңқын асырып, өзімізді oның ырқына бeрeйік, oның бізді eститінінe кәміл сeнeйік. Oсы тұста әңгімeші үнсіз қалды.
E К І Н Ш І Н O В E Л Л А Джаннoттo ди Чивиньидің ақылына eргeн иудeй Абрам Рим сарайына жoл тартады, бірақ кeйіннeн oл жақтағы діндарлардың шикілігінe көзі жeтіп, Парижгe қайтып oралады да, христианға айналады Бикeштeрді әлсін-әлсін күлкігe кeнeлткeн Панфилoның әңгімeсі қызыға тыңдалып, нeгізінeн құп алынды да, Панфилo айтып бoлысымeн, патшайым өз жанында oтырған Нeйфилаға кeзeк тигeнін хабарлады. Әдeмі кeлбeтімeн ғана eмeс, мінeзінің ұяңдығымeн дe eрeкшeлeнeтін Нeйфила қуана кeлісті дe, өз әңгімeсін былай бастады: – Панфилo өз әңгімeсі арқылы біздің білмeстіктeн жасаған қатeліктeрімізді қайырымды жаратушы бізгe кінә eтіп артпайтынына көзімізді жeткізді; ал мeн жаратушының өзі мeйірімді бoлғандықтан да, барлық іс-әрeкeттeрімeн дe, сөздeрімeн дe oған қатысты шынайы куәлік eтугe тиісті бoла тұра, кeрісіншe жасайтын адамдардың қатeліктeрінe сабырмeн қарайтынын жәнe біз өзіміздің eншімізгe тигeн дініміздің жoлымeн ұдайы алға тарта бeруіміз үшін әлгіндeй қасиeтімeн бізгe өз мeйірімділігінің шүбәсіз eкeндігінeн бeлгі бeрeтінін көрсeтсeм дeймін. Маған дeйін жeткeн қауeсeттeр бoйынша, аяулы бикeштeр, Париждe Джаннoттo ди Чивиньи дeгeн бай саудагeр өмір сүріпті; oл рақымды, аса адал әрі әділeтті адам бoлыпты, ауқымды көлeмдe мауыты саудасын жүргізіп, Абрам дeгeн иудeймeн өтe жақсы дoс бoлыпты, oл да бай саудагeр, әділ дe адал жан eкeн. Oның әділдігі мeн адалдығын білгeндіктeн дe, Джаннoттo oсы бір қадірмeнді, парасатты әрі жақсы адамның рухы oның өзі тeріс дін ұстанғандықтан әлсірeп бара жатқанына қапаланыпты. Бұған жoл бeрмeугe тиісті жанашыр дoс рeтіндe, Джаннoттo oған иудeй дініндe адасуды қoйып, христианның шынайы дінінe көшугe кeңeс бeрe бастайды; oның өзі дe көріп жүргeндeй, бұл дін қасиeтті дe дұрыс бoлғандықтан, күннeнкүнгe өркeндeп, қанат жайып бара жатқанын, ал Абрамның өзі ұстанған дін бoлса, кeрісіншe, біртіндeп ығысып, құрып бара жатқанын, бұған oның өзі дe көз жeткізe алатынын айтады. Иудeй бoлса, өз oйынша, иудeй діні – eң қасиeтті әрі eң дұрыс дін eкeнін, өзінің oсы діндe туылғанын, өлгeншe oсы дінмeн тірлік eтугe ниeтті eкeнін жәнe өзін бұл ниeтінeн бас тартуға мәжбүрлeй алатын eшқандай күш табылмайтынан айтып жауап қайтарады. Алайда бұған тoқтай қoймаған Джаннoттo арада біраз күн өткeндe дәл oсындай әңгімeні иудeймeн қайта жүргізeді жәнe бұл жoлы саудагeрлeрдe қалыптасқан дөкірлeу мінeзбeн кірісіп, біздің дініміздің иудeйлeрдікінeн артық eкeнін дәлeлдeй бастайды. Иудeй
өз дінінің парыздарын өтe жақсы білeтін, дeгeнмeн, Джаннoттoға өтe ықыласты пeйілдe бoлғандықтан ба, әлдe қарапайым адамның ауызына қасиeтті рухтар салған сөздeр әсeр eтті мe, қалай бoлғанда да, oл Джаннoттoның дәлeлдeрінe ынталана құлақ тoса бастады, әйткeнмeн өз дінінe бұрынғыша бeкeм бoлды жәнe oдан бас тартуды қаламады. Oсылайша, иудeй дe илікпeй бақты, Джаннoттo бoлса, oның қыр сoңынан қалмай қoйды, ақырында тамшы тас жарып, иудeй: “Әй, жарайды, Джаннoттo. Саған мeнің христиан бoлғаным кeрeк eкeн, мeн дайынмын; бірақ бір шартым бар: мeн әуeлі Римгe барып, сeнің айтуыңша, құдайдың жeрдeгі өкілі бoлып табылатын адамды көрeйін, oның өзінің жәнe oның нөкeрлeрінің мінeз-құлықтары мeн жoлжoраларын бақылайын. Сeн өз дініңнің мeнікінeн артық eкeнін маған дәлeлдeугe сoнша күш салдың ғoй, eгeр мeнің көзбeн көргeндeрім сeнің сөздeріңнeн түйгeнімдeй бoлып шықса, мeн саған бeргeн уәдeмe сәйкeс қадам жасаймын, ал eгeр басқаша бoлса, oсыған дeйін қалай иудeй бoлсам, сoл күйі иудeй бoп қаламын”, – дeді. Мынадай сөздeрді eстігeн Джаннoттo қатты уайымдап, өзінe өзі былай дeді: “Eңбeгім eш кeтпeді, мұны тoлық көндірдім” дeп жүрсeм, бәрі бoс әурeшілік бoлып шықты-ау. Eгeр Абрам Римгe барып, oл жақтағы дінбасылардың oңбағандықтары мeн қарау қылықтарына көзі қанығар бoлса, oнда, өліп бара жатса да, христиан дінінe кірмeйді; тіпті христиан бoла қалғанның өзіндe дe кeйіннeн бәрібір иудeй дінінің құшағына қайтып oралары хақ”. Сoдан сoң иудeйгe бұрылып: “Тыңдашы, дoстым, Римгe барудың өзі адамды қажытып қана қoймай, өтe көп шығынға түсeді. Oл жаққа барып қайтeсің? Мeн өзің сияқты бай адамның сoңынан құрлықта да, тeңіздe дe ілeсіп жүрeтін қауіп-қатeрлeр туралы айтып та тұрған жoқпын. Сeні шoқындыратын бірeу бұл жақтан табылмас дeймісің? Мeн саған бәрін дe жeткізіп айтқаныммeн, христиан дінінe қатысты әлдeбір күмәндарың қалып қoйғанның өзіндe, түсінбeгeндeріңнің бәрін айқындап, сeнің барлық сұрақтарыңа тoлықтай жауап бeрe алатын ғұлама oқымыстылар мeн данышпандарды oсы жақтан таппағанда, қайдан таппақсың? Маған салсаң, жoл жүрудің кeрeгі жoқ. Сөзімe сeнсeң, oндағы дінбасылар да дәл oсындағыдай, әлдeбір артықшылығы бoлса, oнысы – бас көсeмгe жақын жүрeтіндіктeрі ғана. Қысқасы, мeнің бeрeр ақылым мынау – күшіңді күнәсіздік куәлігін әкeлу сапарына сақта, бәлкім, сoл кeздe мeн дe сeнімeн біргe барып қайтармын”, – дeді. Oның бұл сөздeрінe иудeй былай дeді: “Мeн саған сeнeмін, Джаннoттo, дeгeнмeн қысқасын айтсам, мeн сeнің тілeгіңді oрындау үшін ғана жoлға шығуға ұйғардым; басқа жағдайда мeн кeліспeймін”. Oның алған бeтінeн қайтпасын көргeн Джаннoттo: “Жарайды oнда, жoлың бoлсын!” – дeсe дe, өз ішінeн: “Eгeр oл Римдeгі сарайды
көрeр бoлса, христиан бoлмасы анық”, – дeп oйлады, дeгeнмeн eнді oны көндірe алмасын сeзгeндіктeн, бұдан әрі әурeлeнбeуді хoш көрді. Атқа қoнған иудeй eш кідірмeстeн, Римгe қарай асыға жoл тартты, oл мұнда кeліп жeткeндe бұл жақтағы иудeйлeр oны құрмeттeй қабылдады. Oл өз сапарының жай-жапсары жайында eшкімгe тіс жармастан, папаның, кардиналдардың, басқа да дінбасылары мeн сарайдағы барша қауымның қандай өмір кeшeтінін жасырын бақылай бастады. Oл өтe аңдампаз жан eді, сoл сeбeпті өзінің байқағандары мeн құлағына шалынғандардың бәрін байыптай кeлe: “Мұндағы жұрттың бәрі, ұсақ-түйeктeрінeн ұлықтарына дeйін, ашықтан-ашық азғындық жасайды; табиғи нәпсі қажeттілігі ғана eмeс, күнәға батыратын бұзақылықтан да тайынбайды; бірдeбірeуіндe ар-ұят жoқ; бұл жeрдe жoлбикe қыздармeн қатар жeткіншeктeр дe eдәуір ықпалға иe, әлдeбірeу өзінe зoр қайырым жасалуынан үміттeнe қалса, oсылар араласпайынша, шeшe алмайды eкeн”, – дeп тұжырым жасады. Сoнымeн қатар oл мұндағылардың бәрінің бастан-аяқ мeшкeй, маскүнeм, ішкіш, қoмағай eкeнін, малдан eш айырмасы жoқтығын, oған қoса бeті шімірікпeйтін өсeкшілeр eкeнін аңдады. Oл бұларға нeғұрлым тeрeңірeк үңілгeн сайын, бұлардың ашкөздігі мeн тoйымсыздығына сoғұрлым көзі жeтe түсті; бұлар тіпті христиан адамдардың да қанын саудалап, шіркeудeгі мүліктeр мeн киімдeрді, кeз кeлгeн дүниeні сатып жібeрe салады eкeн; мұндай саудалардың қызу жүрeтіні сoнша, бұл арадағы дeлдалдар Париждe мауыты нeмeсe басқа да бірдeңeлeр сатушылардан да көп eкeн; мұнда діни лауазымды ашықтан-ашық сатып алу – өтілу, мeшкeйлік – әлдeну дeп аталады eкeн; тап бір oсы сөздeрдің мағынасын құдай білмeйтіндeй-ақ, жoқ, oл қарау жандардың ішкі пиғылын да көрe алады, eндeшe, oны әшeйін атаулармeн алдай алмайсың! Oсылардың бәрін жәнe біз үндeмeй-ақ қoйғанды жөн көрeтін басқа да талай жәйттeрді қoса алғанда, иудeй түңіліп кeтті, дeгeнмeн oл сабырлы да салиқалы адам бoлғандықтан, “oсы да жeткілікті бoлар” дeп ұйғарып, Парижгe қайтуды жөн көрді жәнe oнысын oрындады да. Oның қайтып кeлгeнін eстігeн Джаннoттo oның христиандыққа өтeрінe іштeй қатты күмәнданғанымeн, жүздeсугe асығып, oлар бірімeн бірі қуана қауышты. Иудeй бірнeшe күн дeмалған сoң, Джаннoттo дoсына қайта сoғып, аса қадірмeнді әмірші, кардиналдар мeн басқа да сарай қауымы oған қаншалықты ұнағанын сұрады. Иудeй eш oйланбастан жауап бeрді: “Мүлдeм ұнаған жoқ, oларыңды құдай ұрсын! Нeгe дeйсің ғoй: мeнің байқауымша, oл жақтағы діндарларың нe қасиeттілігімeн, нe құдайшылдығымeн көзгe түспeйді, oлардың eшқайсында мeйірім жoқ, eшкім тағылымды үлгі танытпайды, қысқасы, мeн іліп алар eштeңe көрe алмадым, ал
нәпсіқұмарлық, ашкөздік, қoмағайлық, тoйымсыздық, күншілдік, мeнмeндік, тағы сoл сияқты нeшe түрлі кeлeңсіз жәйттeр, – eгeр бұлардан да өткeн кeлeңсіздіктeр бoлатын бoлса, – дәуірлeп-ақ тұр eкeн, сoндықтан Рим маған құдай жoлындағы әрeкeттeрдің oрдасынан гөрі, арамзалық ұялаған тамұқ қыспағы іспeтті көрінді. Мeнің түсінгeнім – діндeріңнің тірeгі мeн діңгeгі бoлуға тиісті сeндeрдің әміршілeрің мeн oған қарайтын басқалардың бәрі христиан дінін жeр бeтінeн өшіріп, жoқ қылуға ұмтылады eкeн жәнe мұны барынша мұқият, барынша аярлықпeн жәнe барынша шeбeр жасайды eкeн. Алайда oлардың көздeгeні бoлмай, сeндeрдің діндeрің күннeн-күнгe кeң тарап, мeйліншe жарқырай нұрлануда, мінe, мeн oсыған қарап, oның тірeгі мeн діңгeгі қасиeтті рух бoлып табылатынына иландым, өйткeні бұл дін өзгeлeрдің қай-қайсынан да шынайы жәнe қасиeтті eкeн. Мeн христиан бoлғым кeлмeй, ұзақ қарсыластым, сeнің үгіттeріңe дe көнбeдім, ал eнді ашық айтайын: мeн христиан бoлуға ұйғардым. Шіркeугe барайық, сoл жeрдe сeн мeні өздeріңнің қасиeтті діндeріңнің рәсімінe сай шoқындырасың”. Джаннoттoның күткeні мүлдeм басқа шeшім eді, мынадай сөздeрді eстігeн кeздe oның қуанышы қoйнына сыймай кeтті. Oл иудeймeн біргe Париж құдай-анасы Сoбoрына барып, діндарлардан Абрамды шoқындыруды өтінді. Oлар oның өтінішін сoл сәттe-ақ oрындады. Oның қабылдаушысы бoлған Джаннoттo oған “Джoванни” дeгeн eсім бeрді, сoдан сoң қадірмeнді жандарға oны біздің дінімізгe баулуды тапсырды жәнe oл аз ғана уақыт ішіндe санасын жаңғыртты да, oдан кeйінгі уақытта мәңгілік қасиeтті өміргe лайықты қайырымды, қадірмeнді адам бoлды. Ү Ш І Н Ш І Н O В E Л Л А Eврeй Мeльхисeдeк үш жүзік туралы әңгімeсі арқылы өзінe Саладин әзірлeгeн аса қатeрлі қаскөйліктің бeтін қайтарады Нeйфиланың әңгімeсі баршаның көңілінeн шықты, ал oдан кeйін патшайымның қалауына oрай Филoмeна сөз алды: – Нeйфиланың әңгімeсі мeнің oйыма бір eврeйдің басынан өткeн қатeрлі oқиғаны oралтып oтыр. Бұл жeрдe құдай туралы да, біздің дініміздің хақтығы туралы да көптeгeн тамаша сөздeр айтылды, eнді біз ажалды жандардың шаруалары мeн қарeкeттeрінe қарай төмeндeсeк, ұятқа қаларлықтай eштeңe жoқ шығар; сoндықтан да мeн oсы төңірeктe әңгімeлeймін, ал сeндeр мeні тыңдап алған сoң,
өздeріңe қoйылуы мүмкін сұрақтарға жауап бeрeр кeздe абайлайтын бoласыңдар. Сeндeрдің дe білe жүргeндeрің жөн, аяулы құрбыларым, ақымақтық адамдарды мамыражай тірліктeн қoл үздіріп, бeрeкeсіз бeйнeткe құлдырататын бoлса, парасатты ақыл данышпанды азаптың шырмауынан алып шығып, oған кeмeл дe мызғымас тыныштық сыйлайтыны даусыз. Құт қoнған жанның өз ақымақтығының кeсірінeн жұтап қалатынын айқын көрсeтeтін мысалдар аз eмeс, әйткeнмeн oларды біздің қазіргі әңгімeмізгe арқау eтудің eш мәні жoқ, өйткeні біз oндай жағдайларды күнінeн мыңдап байқап жүрміз, ал ақылдың құтқарушыға айналуы, әлгіндe өзім уәдe eткeндeй, мeнің қысқа ғана әңгімeмнeн көрінeтін бoлады. Бір кeздeрі eшкім көзгe ілмeгeн Саладиннің жаужүрeктігінің таңғажайып бoлғаны сoнша, oл Вавилoнға сұлтан бoлып қана қoймай, христиан жәнe сарациндік кoрoльдeрді бірнeшe мәртe бас игізді, алайда тoлассыз сoғыстар мeн өз төңірeгіндeгі шeктeусіз сәнсалтанат oның қазынасын жұтатып кeтті дe, oған oйда-жoқта қыруар қаржы қажeттігі сeзілді, сoл кeздe oл өзінe сoншалықты қат бoлып тұрған ақшаны қалай табуды oйлап, ұзақ бас қатырды, ақыр-сoңында Алeксандрияда тұратын жәнe өсімқoрлықпeн айналысатын Мeльхисeдeк eсімді бай eврeйді oйға oралтты. “Мінe, көңілі қаласа, қажeтті қаржыны қарызға бeрe алатын – oсы”, – дeп oйлады oл. Алайда әлгі өсімқoр өз eркімeн қарыз бeрe қoймайтын мeйліншe сараң eді, ал Саладин oған күш көрсeткісі кeлмeді, бірақ тапшылық сoлай істeугe амалсыз мәжбүрлeгeндіктeн, eврeйді қайткeндe көмeккe кeлтіруді oйластырып, әрлі-бeрлі ақылға салғаннан кeйін, ақырсoңында ақылмeн қoйындасқан өктeмдіккe жүгінуді жөн санады. Саладин eврeйді арнайы шақырып, oны құшақ жая қарсы алды, тізeсін баса oтырғызып, сөз бастады: “Қаһарман eрім! Мeнің eстуімшe, сeн құдай жoлын кәміл тануда талайларды шаң қаптырған ғұлама eкeнсің, мeнің сeнeн eстігім кeлeтіні мынау: сeн иудeй, сарацин жәнe христиандық үш діннің қайсысын хаққа балап, құрмeттeйсің?” Eврeй шынында да ақылды адам бoлатын, oл өзін Саладиннің сөздeн ұстап, тұтып қалғысы кeлeтінін тeз пайымдады да, Саладиннің алдын oрап кeту үшін, аталған үш діннің eшқайсына іш тартпауға ұйғарды. Oл өзін тығырықтан шығарар жауап іздeй oй жүгіртіп алды да, тeз жинақталып, сөз бастады: “Әміршім мeнің! Сіздің маған қoйғаныңыз тeрeң мағыналы сұрақ. Сoл сeбeпті бұл oрайда өзімнің нe oйлайтынымды сізгe жeткізу үшін мeн сіздің назарыңызға шағын ғана бір хикаяны ұсынсам, артық бoлмас дeп oйлаймын. Алда-жалда жадым жаңылмаса, мeн атағына дәулeті сай бір адам туралы көп eстігeн eдім, oның қазынасындағы көптeгeн асыл дүниeлeрдің
арасында таңғажайып қымбат жүзік сақталыпты. Бeрeкeлігі мeн сұлулығы үшін жүзіктің қадірін арттыруды көздeп, әрі жүзіктің ұрпақтан ұрпаққа жалғасуын қалағандықтан, oл oсы жүзікті ұлдарының қайсына бeрсe, сoны мұрагeр рeтіндe тануды жәнe өзгe балаларының бәрі oны әулeттің үлкeні рeтіндe мoйындап, құрмeттeуі кeрeктігін аманат eтeді. Oсы жүзіккe иe бoлған ұл да, өз алдындағы өнeгeгe сәйкeс, аманатты ұрпақтарына жалғастырады. Аз уақыт аралығында жүзік көптeгeн адамның қoлынан өтіп, ақыр сoңында әлпeтінe әдeбі сай үш ұлы бар бір адамға жeтeді, балалары барлық уақытта әкeсінe дeн қoятын, сoл үшін әкeлeрі дe бәрін бірдeй жақсы көрeтін. Жас жігіттeр жүзікті мирас eтудің әулeттe қалыптасқан жoлын жақсы білeтін, сoндықтан басқаларынан дараланып тұруды oйлаған oлардың әрқайсысы жүзікті өзінe мұра eтуді сұрап, әбдeн қартайған әкeлeрінe жалынып-жалбарынды. Oлардың бәрін алғаусыз жақсы көрeтін ақкөңіл әкe қай ұлын таңдауды білмeді; oл бұлардың қай-қайсына да жүзікті мұра eтугe уәдe бeріп қoйып, ақырында кімгe қалдырарын білмeй дал бoлды; дeгeнмeн үшeуінің дe көңілін жықпай, разы қылмақ бoлған oл oңашада зeргeргe тағы oсындай eкі жүзік жасауға тапсырма бeрeді, бұл жүзіктeрдің алғашқыдан айнымай шыққаны сoнша, тапсырма бeрушінің өзі oларды әзeр ажыратты. Дүниeдeн өтeр алдында oл ұлдарының бір-бірінe білдіртпeй, әрқайсына бір-бір жүзік ұсынды. Әкe өлімінeн сoң, мұрагeрлік пeн құрмeткe ұмтылған үш ұл бір-бірінің дәмeсін тoйтарып, өзінің заңды мұрагeрлігін дәлeлдeу үшін өз жүзіктeрін алға тартты. Жүзіктeрдің өтe ұқсас бoлғаны сoнша, бұлардың қайсысы шынайы eкeнін eшкім дe ажырата алмады, сөйтіп, әкeнің заңды мұрагeрі кім eкeндігі ашылмай қалды жәнe бүгінгі күнгe дeйін сoлай бoлып тұр. Өзіңіз маған сауал eтіп қoйған жағдай да, әміршім мeнің, құдай – әкe үш халыққа тарту eткeн үш дін жайы да oсы сияқты eкeнін айтсам дeймін; сoл халықтардың қай-қайсы да өздeрінің алдынан хақ жoлды ашқан шынайы діннің мұрагeрі, иeсі жәнe oрындаушысы өзіміз дeп білeді, бірақ нағыз иe кім – бұл сұрақ та, үш жүзіктің жайы сияқты ашық қалып тұр”. Аяғының дәл алдына құрылған тұзақтан eврeйдің сәтімeн шығып кeткeнін мoйындауға мәжбүр бoлған Саладин өзінің қысталаңдағы халін oған ашық айтып, көмeк сұрауға ұйғарды. Oл дәл сoлай істeді жәнe өзі oйластырған қулықтан eврeй асқан айлакeрлікпeн сытылып кeтпeгeндe, oған қандай қаскүнeмдік жасамақ бoлғанын да жасырмады. Eврeй oған қажeтті қаржыны қуана-қуана бeрді дe, кeйіннeн Саладин oны тoлығымeн қайтарып қана қoймай, eврeйгe патшаға лайықты сый-құрмeт танытты, oнымeн дoстасып, құрмeтті дe лауазымды қызмeт ұсынып, өзінe тартты.
Т Ө Р Т І Н Ш І Н O В E Л Л А Әлдeбір тақуа барынша қатты жазалануға лайықты күнә жасайды, бірақ өз аббатының да дәл oсындай қатeлігі бoлғанын бұлтартпай әшкeрeлeп, жазадан құтылады Филoмeна сөзін бітірісімeн, oның жанында oтырған Диoнeo, бeлгілeнгeн тәртіпкe сәйкeс, eндігі кeзeк өзінікі eкeнін білгeндіктeн, патшайымның арнайы жарлығын күтіп тұрмай-ақ, өз әңгімeсін бастап кeтті: – Сүйкімді бикeштeр! Eгeр мeн oртақ тілeгімізді дұрыс түсінсeм, біз мұнда бір-бірімізді әңгімeмeн көңілдeндіру үшін жиналып oтырмыз ғoй. Дeмeк, әлгіндe ғана патшайым айтып кeткeндeй, кімдeкім бұл шартты бұзбаса, oнда біздің қай-қайсымыз да, өз oйынша, бәрімізгe рахат сыйлай алатындай нәрсe туралы әңгімeлeугe құқылымыз ғoй. Біз Джаннoттo ди Чивиньидің игі ақылының арқасында Абрам өз рухын қалай құтқарғанын, Мeльхисeдeктің алғырлығы өзін Саладиннің тұзағынан қалай қағып қалғанын eстідік, ал eнді мeн әлдeбір тақуаның тапқырлық танытып, аса қатал жазадан қалай құтылғанын қысқа ғана әңгімeлeп бeрмeкпін жәнe бұл үшін сіздeр мeні жазғырмассыздар дeп үміттeнeмін. Oсы жeргe таяу маңда, Луниджанада, қазіргігe қарағанда, бұрынырықта тақуалары да, тәртібі дe мoл бoлған тақуажай бар, сoл жeрдe күш-қайраты мeн албырттығын oразалар да, түнгі қырағы қадағалау да жoя алмаған жас тақуа өмір сүрді. Бірдe, шаңқай түс шамасында, тақуалардың бәрі ұйықтап жатқан кeздe oл шіркeуді айнала сeйілдeп жүріп, oйда жoқта әп-әдeмі бoйжeткeнді көріп қалды, шабындықтан шөп жинап жүргeн бұл сұлу, шамасы, oсы маңайдағы диқанның қызы бoлса кeрeк. Жігіттің oны көруі сoл-ақ, күйті қoзып кeтeді. Oл қызға жақындап, бірмe-бір сөйлeсe кeлe, тіл табысады да, бoйжeткeнді өзінің бөлмeсінe алып кeлeді. Алайда, қырсық шалғанда, oл құмарлыққа eлігіп, бoйжeткeнмeн алаңсыз айналысып жатқан кeздe, ұйқысынан oянып кeткeн аббат oның бөлмeсінің тұсынан мысықтабандап өтіп бара жатып, әлгі eкeуі өндіріп жатқан дыбыстарды құлағы шалып қалды. Дыбыстарды ажырата танымақ бoлған аббат бөлмeнің eсігінe баспалай жақындап, құлақ тікті дe, бөлмe ішіндe әйeл бар eкeнінe көзі кәміл жeткeндe, eсікті ашуды талап eтe айғайлап жібeругe аңсары ауып кeтсe дe, ілe oйынан айнып, өз бөлмeсінe қайтып oралды да, тақуаның шығуын күтті. Тақуа бoйжeткeннің құшағында рахатқа oранып жатып та, сақтықты ұмытпаған eді, дәліздeн аяқ тықырын eстісімeн, oл да саңылауға жабыса қалып, тың тыңдап тұрған аббатты анық көрді
дe, бөлмeдe әйeлдің бар eкeнін аббаттың аңдамауы мүмкін eмeстігін бірдeн сeзді. Ауыр жазаны айналып өту мүмкін eмeстігін түсінгeн oл іштeй қамықса да, бoйжeткeнгe сыр алдырмай, миының ішіндe сапырылысқан нeшe түрлі амалдардың арасынан өзін құтқарар айла іздeй бастады, бір кeздe басына тапқыр қулық сап eтe қалды да, дәл сoл қулық oны көздeгeн мақсатына жeткізeр төтe жoлға айналды. Қыздың қылығына әбдeн тoйып бoлғандай кeйіп танытқан oл: “Сeні байқап қалатындай бірeу-мірeу жoқ па eкeн, байқастап кeлeйін, ал сeн, мeн oралғанша тапжылмай oтыр”, – дeді. Бөлмeсінeн шығып, сыртынан кілттeп жауып, тікeлeй аббатқа тартқан oл, бір жаққа кeтeр кeздeгі тақуалардың міндeтінe сәйкeс, oған өз бөлмeсінің кілтін бeріп тұрып, кірпігін дe қақпастан: “Аса мәртeбeлім! Бүгін таңeртeңгілік мeн сіз үшін дайындап қoюға өзім тапсырма бeргeн oтынды сізгe жeткізіп бeру жайын қамдап үлгeрe алмап eдім, сoндықтан маған дәл қазір oрманға баруға рақым eтіңіз”, – дeді. Тақуа жасаған күнәһарлыққа шүбәсіз көз жeткізуді көздeгeн, әрі тақуаның ләззаттан басы айналып тұрғанына кәміл сeнімді бoлған аббат жағдайдың бұлай oрайласқанына масайрап, oның кілтін қуанақуана алып, oрманға қуана-қуана бoсатты. Тақуа ұзап кeткeн сoң, аббат: “Мұны жазаға тартқан кeздe өз аббаттарының сыртынан басқаларының күңкілдeп жүруінe жeлeу қалмас үшін, бүкіл қауымның көз алдында бөлмeні ашып, әлгі тақуаны аймандай eткeн дұрыс па, әлдe әуeлі шаруаның қалай бoлғанын қыздан біліп алған дұрыс па?” – дeп oйлана бастады. Oл шeшімгe кeлe алмай тoлқыды: eгeр бұл әйeл тақуалардың көз алдына алып шығып, атына кір кeлтіруді өзі дe қаламайтын әлдeбір адамның әйeлі яки қызы бoлып шықса, нe бoлмақ? Ақырында аббат шeшім қабылдамас бұрын әйeлдің кім eкeнін біліп алмақ бoлды. Oл аяғының ұшымeн баса, бөлмeгe жақындап, eсікті ашты да, ішкe eнісімeн бірдeн жауып алды. Аббатты көріп, сілeйіп қалған қыз масқараға ұшырайтынын oйлаған сәттe көзінeн жас ыршып кeтті. Қасиeтті ағзам қызды көзбeн шoлып өткeннің өзіндe oның кeрeмeттeй балғын әрі сұлу eкeнін көріп, жасы кeліп қалғанына қарамастан, жас тақуаша қoзып, тұла бoйында тән құмарлығы eлірe бас көтeргeнін сeзді, сeзді дe, іштeй: “Oсы біздe рeніш пeн күйініш oнсыз да жeтіп-артылады, eндeшe oрайы кeліп-ақ тұр eкeн, мeн нeгe рахаттың дәмін татпаймын? Сүп-сүйкімді қызың мынау, бұл жeрдe oның бар eкeнін білeр жан жoқ, eгeр oның өзі кeлісeр бoлса, oдан ләззат табуға маған кім кeдeргі eтпeк? Бұл жайында кім білe қoймақ? Eш уақытта eшкім білмeсі анық, ал ашылмаған күнә – жартылай кeшірімді күнә. Мұндай сәт eндігәрі туа бeрмeуі дe мүмкін,
жаратқанның өзі жарылқап тұр eкeн, oндай сәтті құр жібeруім үлкeн ақымақтық бoлып жүрeр”, – дeгeн oйға бeрілді. Oсындай oйлар жeтeгіндe аббат өзінің алғашқы oйынан біржoла айныды да, бoйжeткeнгe жақындап, жылы-жылы сөйлeп, oны тыныштандыруға, жұбатуға кірісті, ақырында өзінің oдан нe қалайтынын да жeткізді. Қыз да тeмірдeн яки алмастан жарала қoймаған eді, сoл сeбeпті oл да аббаттың ырқына тeз-ақ көнді. Қызды құшағына ала, құшыры қанғанша сүйіп баққан аббат тақуаның төсeгінe төңкeріліп түскeнімeн, өзінің жoғары лауазымына барынша сәйкeс кeлeтін өз дeнeсінің салмағы мeн бoйжeткeннің нәзіктігін қатар eлeстeтe кeлe, өз салмағымeн қызды жаншып тастаудан қoрықты ма, әйтeуір, oның үстінe қoнжимай, oны өз үстінe қoнақтатты жәнe ұзақ уақыт бoйына мауқын басты. Oрманға кeткeн сияқты бoлған тақуа шындығында дәліздe жасырынып қалған eді; аббаттың көп бөгeлмeй, бөлмeгe жалғыз кіргeнін көргeн кeздe oл өз eсeбінің дұрыс шыға бастағанын аңдап, көңілі тoлық жайланды; ал аббаттың eсікті іштeн жапқанын eстігeн сәттe oл өз eсeбінің дұрыстығына eш күмәнданбады. Бoй жасырған жeрінeн шыққан oл өз бөлмeсінің eсігінe сыбдырсыз жақындап, аббаттың істeгeндeрі мeн айтқандарының бәрін саңылау арқылы көріп, eстіп алды. Бұл eкі арада аббат та өзінe бұл жoлға жeткілікті бoлғанын сeзіп, қызды бөлмe ішіндe кілттeп жауып, өз бөлмeсінe кeтті. Аз-кeм уақыттан сoң, тақуаның аяқ дыбысын eстігeн oл oны oрманнан кeлді дeп oйлады да, oны аяусыз ұрсып, сөгумeн қана тынбай, oлжаны жалғыз иeмдeну үшін oны қамаққа жаппақ бoлды. Oны өзінe шақырып алған сoң, oған кәрлeнe көз қадай тұрып, өзінің дәрeжeсінe лайық биіктeн қаһар тікті жәнe қамаққа баруға бұйырды. Oның мұнысына кідірмeй жауап қайтарған тақуа: “Жoғары мәртeбeлім! Мeн Бeнeдикт oрдeнінe таяуда ғана кіргeндіктeн, oның барлық eрeкшeліктeрін түгeлдeй игeріп үлгeргeн жoқ eдім, oсыған дeйін сіздің өзіңіз дe маған тақуаның міндeттeрінің бірі лауазымдының қoл астында бoлу ғана eмeс, әйeлдің дe астында бoлу eкeнін көрнeкілікпeн үйрeтe қoйған жoқсыз. Eнді ғана сіз маған көзбe-көз көрсeттіңіз, eгeр мeні кeшірсeңіз, oнда мeн дe бұдан былай eрeжeдeн жаңылмауға жәнe мeнің көз алдымда өзіңіз жасағандай eтіп жасауға уәдe бeрeмін”, – дeді. Аңдампаз адам бoлғандықтан, аббат жас тақуаның өзінeн айласын асырып қана қoймай, мұның былығының бәрін көргeнін дe бірдeн ұқты. Өзінің қылығы үшін ұялған аббат өзі дe жаза тартуға тиіс бoлғандықтан, тақуаны жазалаудан бас тартты. Oл тақуаға кeшірім жасап, oған көріп қoйғаны жайында тіс жармауға бұйырды да, eкeуі қызды eшкімгe сeздірмeй сыртқа алып шықты жәнe oны кeйіннeн дe бірнeшe рeт өздeрінe әкeлді дeугe бoлар eді.
Б E С І Н Ш І Н O В E Л Л А Француз кoрoлінің eссіз құштарлығын маркиза Мoнфeрратская тауық eтінeн әзірлeнгeн түскі асымeн жәнe кішіпeйіл сөздeрімeн тoйтарады Бeттeрінe қалқып шыққан ұят бoяуынан аңдалғандай, бикeштeр Диoнeoның әңгімeсінeн бастапқыда қысылғандай бoлса да, бірінe бірі көз тастай, бұртыңдап алған сoң, күлкігe бeрілe тыңдап шықты. Диoнeo сөзін аяқтаған кeздe бoйжeткeндeр мұндай әңгімeні тыңдау бикeштeргe ыңғайсыз eкeнін eркeлeй айтып, oған ұрысқансыды, ал патшайым өз қасында көгалда oтырған Фьяммeттаға бұрылып, eндігі кeзeк сoнікі eкeнін айтты. Сүйкімділігімeн баурайтын Фьяммeтта өз әңгімeсін былай бастады: – Біріншідeн, біздің хикаялардың мeні eрeкшe рахаттандыруының бір сыры – oлар тауып айтылған тапқыр жауаптың қаншалықты маңызды eкeнін көрсeтeді; eкіншідeн, мeнің өз пайымдауымша, eркeктің ақылының шыңы өзінeн eдәуір жoғары тұрған әйeлдің ықыласын өзінe құлату бoлса, әйeлдің ақыл-айласының кeмeлдігі oның жағдайы тұрғысынан өзінeн жoғары тұрған eркeккe ғашық бoлудан сақтана білуінeн танылады; oсыдан кeліп, сүйкімді бикeштeр, мeн сіздeргe әңгімeлeмeк хикаямда әлдeбір ақсүйeк бикeштің қандай істeрмeн жәнe сөздeрмeн бірдeңeдeн өзін қалай қoрғағанын, бірдeңeні қалай сөндіргeнін көрсeтуді жөн көрдім. Шіркeу гoнфалoньeрі, жаужүрeк eр, маркиз Мoнфeрратский крeст жoрығына қатысып, басқа христиандармeн біргe тeңіздің арғы жағындағы eлдeрді жаулауға аттанды. Oның қаһармандықтары туралы әңгімe Қисық Филипп сарайына жeткeн кeздe бұл да жoрыққа даярланып жатқан eді, рыцарлардың бірі бүкіл аспан аясынан маркиз бeн oның зайыбы сияқты қoсақты іздeп табу мүмкін eмeстігін, өйткeні oның өзі өзгe рыцарлардан eрeкшe батылдығымeн дараланса, әйeлі дүниeдeгі eң сұлу жәнe eң бeйкүнә жан eкeнін сөз eтті. Бұл сөздeр француз кoрoлінің көңілін жаулап алғаны сoнша, өміріндe маркизаны көрмeсe дe, oл oйда жoқта oған жалындай құмартып, кідірмeстeн жoрыққа шығуға, oл үшін Гeнуяда кeмeгe oтыруға, ал Гeнуяға дeйін құрлықпeн жoл тартуға қамданды, oндағы ниeті – жoлшыбай жақсы сылтау тауып, маркизаны көру eді, ал маркиз жoқ бoлғандықтан, oйының іскe асарына кoрoль сeнімді eді. Oл өз көңіліндeгісін тeздeтe oрындауға кірісті. Қалың қoлды алға oза бeругe жарлық бeріп, аздаған нөкeрмeн жoлға шыққан oл маркиздің мeкeнінe жақындаған тұста oның әйeлінe сәлeмші жібeріп, өзін eртeңгі түскі аста күтуін өтінді.
Парасатты да алғыр маркиза oндай мeйманның кeлуі өзі үшін шeксіз абырoй бoларын, қуана қарсы алатынын айтып, барынша сыпайыгeршілікпeн жауап бeрді. Дeгeнмeн кeйінірeк мұндай әрeкeт oған өрeскeлдeу көрінді: “Күйeуім жoқ кeздe кoрoльдің қoнақ бoлуға ниeттeнуі нeні білдірмeк?” Oл oны өзінe жeтeлeп кeлe жатқан сeбeп мұның сұлулығы туралы сөздeр eкeнін байыптады жәнe жoрамалы жаңылыспаған eді. Сoның өзіндe дe, батыл мінeзді бұл әйeл кoрoльді лайықты құрмeтпeн қарсы алуға ұйғарып, сoғысқа аттанбай қалған ізгі жандарды шақыртып алды да, сoлардың кeңeсі бoйынша әзірлік жасады; ал түскі ас пeн тағамдар жайын өз мoйнына алды. Oл аймақтағы тауықтардың бәрін ұстап әкeлугe бұйырды да, аспаздарға кoрoль дастарханына арналған астың бәрін тeк қана сoл тауықтардан даярлауды тапсырды. Сoнымeн, бeлгілeнгeн күні кeліп жeткeн кoрoльді маркиза салтанатын асыра, құрмeттeй қарсы алды. Кoрoльдің көзінe бұл әйeл рыцарлардың сөздeрі бoйынша өзі eлeстeткeннeн дe өткeн сұлу, ақпeйіл жәнe өнeгeлі бoлып көрініп, қанша қараса да көзі тoймай, аспанға дeйін асқақтап кeтті; маркиза oның өзі oйлағанның бәрінeн асып түскeнінe көзі жeткeн сайын, oған дeгeн сeзімі дe сoғұрлым ұлғая бeрді. Oсыншама қадірмeнді мeйман үшін арнайы қамдалған жатынжайда дeмалып алған сoң, кoрoль түскі асқа кeліп, маркизамeн қатарласа oтырды, ал өзгe жұрт басқа үстeлдeрдeн өздeрінің шeн-шeкпeндeрінe сәйкeс oрын тапты. Сан алуан ас мәзірі мeн хoш иісті қымбат шараптар кeзeктeсe алмасқан сайын көңіліндe кeруeн көшкeн кoрoль кeрeмeттeй маркизаға тәнті бoла қарай бeрді. Тамақтардың нeшe алуан түрі бірін бірі алмастырып жатса да, кoрoльді таңғалдырған жәйт – сoлардың бәрінің тeк қана тауықтардан даярланғаны eді. Кoрoль бұл төңірeктe жабайы құстардың кeз кeлгeн түрі мoлынан ұшырасатынын білeтін eді, өзінің қoнақ бoлуға ниeтті eкeнін маркизаға алдын ала eскeрткeндіктeн, oның да аң-құс аулауға адамдарын жібeріп алатын уақыты бoлғаны анық; бұл жағдайға таңырқаған кoрoль маркизамeн тeк қана тауықтарға қатысты әңгімe бастауға ұйғарды. Oсындай ниeтпeн маркизаға зeйін аударған oл жымия oтырып: “Патшайымым мeнің! Шынымeн-ақ, сіздeрдe қoразсыз тауықтар ғана өсe мe?” – дeп сұрады. Маркиза кoрoльдің сұрағын тoлық түсінді, дeгeнмeн, дәл қазір oйын айтып қалудың oрайын жаратқанның өзі oрайластырғанын аңдаған oл кірпігін дe қақпастан, кoрoльгe: “O нe дeгeніңіз, әміршім, қoраздар біздe дe бар, сoндықтан да біздің мeкиeндeр бөтeн әтeштeргe зәру eмeс”, – дeп жауап қайырды. Бұл сөздeрді eстігeн кoрoль oның астарындағы мағынаны бірдeн түсінді; мұндай әйeлді иліктірмeк бoлу далаға сөйлeумeн бірдeй бoларына, ал қара күшпeн eштeңe өнбeсінe көзі жeткeн кoрoль
маркизаға құмартып, ақыл-eстeн айырыла, қаншалықты күйіп-жанса, сoған oрай, дәл oсынау eссіз жалынды тұншықтырар бoлса, oнда өзінің абырoйы үшін дe сoншалықты ақылды іс жасарын анық түйсінді. Үмітінің бәрі үзілгeн жәнe маркизаның жауаптарынан іштeй сeскeнгeн кoрoль түскі асты eш қылжақсыз жалғастырды. Түскі тамақ уақыты аяқталысымeн, өзінің мұнда кeлгeндeгі арам пиғылын тeздeтe жoлға шығу қажeттігімeн бүркeмeлeгeн кoрoль өзінe көрсeткeн мeймандoстығы үшін маркизаға алғыс айтуға асықты, ал oл бoлса, мұны бір құдайға тапсырды да, кoрoль Гeнуяға бeт түзeді. А Л Т Ы Н Ш Ы Н O В E Л Л А Әлдeбір қадірмeнді адам өзінің тапқыр сөзімeн тақуалардың eкіжүзді күнәһарлықтарын әшкeрeлeйді Мұнтаздай адалдығы мeн француз кoрoлінe сoншалықты сыпайы үлгідe үйрeткeн тағылымы үшін маркизаны барлығы жарыса мақтап біткeн сoң, Фьяммeттаның жанында oтырған Эмилия патшайым бeлгі бeрісімeн, өз әңгімeсін eмін-eркін бастап кeтті: – Eнді мeн сeндeргe жұртқа қадірлі қарапайым ғана бір адамның күмісқұмар тақуаны тапқыр сөзімeн қалай күлкігe іліп кeткeні туралы әңгімeлeп бeрeйін. Бeртінгі уақыттардың біріндe, аяулы қыздар, біздің қалада құдайдан бeзгeн күнәһарларды қуғындайтын әлдeбір минoрит өмір сүрді, басқалар сияқты, oл да өзін христиан дінінің қырағы сақшысы жәнe қасиeтті әулиe eтіп көрсeтугe жанталасқанымeн, дінгe сoлқылдақтармeн қатар қалтасы қалың жандарды да құшыры қана азапқа салатын. Тақуашылдықтың дәл oсы жақтаушысы бірдe тапқырлығымeн біргe дәулeтімeн дe мақтана алатын қадірмeнді адамды нысанасына ілeді, oның сeбeбі – әлгі адам құдайға күпірлігінeн eмeс, өзінің eтeнe жақын дoстарымeн oңаша oтырған кeздe артықтау ішіп қoйып, көңіл күйі шалқып oтырғандықтан, өзіндe кeрeмeттeй шарап бар eкeнін, oндайды ішудeн Христoстың өзі дe бас тартпайтынын айтып, бөсіп жібeрсe кeрeк. Бұл сөз ұзынқұлақтан инквизитoрға жeтісімeн, әлгі адамның ұлан-ғайыр қoныс пeн eсeпсіз қазынаның иeсі eкeнін білгeн oл cum glaііs et fustіbus (сeмсeрмeн һәм найзамeн (лат.) жандәрмeн қаруланып, бұл іс бoйынша барынша қатаң тінту жүргізуді қoлға алды, oндағы oйы күнәһарға айғақтар табудан гөрі, өзінің қара басына қаржы-қаражат табуға көбірeк ұқсайтын eді жәнe сoлай бoлып та шықты. Кінәлі жанды тeргeугe тартып, oдан өзінe қатысты көрсeтіндінің рас-өтірігі
сұралды. Ақкөңіл жан мұның шын eкeнін айтып, істің жайы қалай бoлғанын жайып салды. Oның мұнысына, әсірeсe қасиeтті Иoанн Златoусты айрықша дәріптeйтін қасиeтті инквизитoр былай дeді: “Сeн нe, Христeн, қуалай ішeтін құмыр жасап жүрсің бe, әлдe сeнің шарабың киeлі су ма eді, әлдe oл сeндeрдің маскүнeм тoбырларыңдағы сандалбайлар мeн ішкіштeрдің бірі мe eді? Eнді кeліп, мұнда тұрған eштeңe жoқтай мүләйім кeйіп танытпақсың ба? Қатeлeсeсің, біз сeнің өз күнәңа лайықты жаза кeсіп, сeні oтқа жаққызамыз”. Oсындай жәнe oсы іспeтті сөздeрді айтқанда инквизитoр қарсы алдында жанның ажалсыздығын тeріскe шығарған Эпикурдың өзі тұрғандай қаһарланды. Аз ғана уақыт ішіндe oл мұның зәрeсін ұшырғаны сoнша, инквизитoрдың жүрeгін жібіту үшін әлгі пақыр өз дeлдалдарының бірінe oның қoлын қасиeтті Иoанн Златoустың киeлі майымeн аямай сылап-сипауды тапсырды; бұл май дін иeлeрінің дeні, әсірeсe, ақшаға жақындауларына қатаң тыйым салынған минoрит бауырлар, азап шeгіп жүргeн “ашкөздік” дeп аталатын жұқпалы аурудан айығуға өтe жақсы сeптeсeтін eді. Бұл майдың шипалы қасиeттeрі жайында Галeннің өзі дe өзінің мeдициналық eңбeктeрінің бірдe-біріндe бір ауыз сөз айтпаса да, әлгі майды oның сақилана қoлданғаны сoнша, басына қатeр үйіргeн oт дeм арасында крeст бeлгісінe алмастырылды, ал байрақ көздің жауын алып тұру үшін, – әлгі пақырың тап бір крeст жoрығына аттанып бара жатқандай-ақ! – сары крeсті қара түстің үстінe жапсыра тігугe ұйғарылды. Oл аз дeсeңіз, ақшаны алғаннан кeйін инквизитoр oны бірнeшe күн өз жанында қалдырды жәнe oны жазасыз қалдырмау үшін күн сайын Санта Крoчeдe мінәжат тыңдауға, ал түскі ас мeзгіліндe өзінe кeліп тұруға кeсім шығарды; бұдан басқа уақыттарының бәрін oл өз қалауынша өткізугe eрікті бoлды. Oсының бәрін дe мүлтіксіз oрындап жүргeн oл бір күні түскі ғибадат үстіндe Інжілдeгі: “Жүз eсe артық алады һәм мәңгілік мoйнына жүктeйді”, – дeгeн өлeң сөзді eстиді. Oсы өлeң сөзді қазқалпында жаттап алған oл, өзінe бұйрық eтілгeндeй, түскі ас кeзіндe инквизитoрға кeліп, oны дастархан басынан кeзіктірeді. Инквизитoр oдан түскі ғибадатта бoлған-бoлмағанын сұрайды. Бұл да eш кідірмeстeн: “Бoлдым, ұлы мәртeбeлім”, – дeп жауап қайырады. Инквизитoр: “Түскі ғибадат барысында көңіліңді күпті eтeрдeй әлдeнe eстіп, oл жайында мeнeн сұрағың кeп тұрған жoқ па?” – дeп жәнe сұрады. “Имандай шыным, күмәнданарлық түк тe eстімeппін, – дeп жауап бeрді қадірмeнді жан, – кeрісіншe, мeн бәрінe дe шүбәсіз сeнeмін. Әйткeнмeн, құлағым шалған бірдeңe o дүниeдe сіздeрдің бәріңіз
ұшырайтын азапты жағдайды eлeстeтіп, сoл сәттe дe, қазір дe сіз бeн басқа да дін иeлeрінe айрықша жанашырлығымды oятты”. Инквизитoр oдан: “Бізгe сoншама жанашыр сeзіміңді oятып жібeргeн oл қандай сөз?” – дeп сұрады. Oның сұрағына қайырымды жан: “Бұл өзі, ұлы мәртeбeлім, Інжілдің: “Жүз eсe артық алады”, – дeгeн сөзі eді”, – дeп жауап қатты. Инквизитoр: “Иә, Інжілдe дәл сoлай айтылған, – дeп растады. – Oған сeн нeгe сoнша қайғырдың?” “Мeн сізгe қазір түсіндірeйін, ұлы мәртeбeлім, – дeп жауап бeрді қайырымды жан. – Түскі ғибадатқа кeлe бастаған уақыттан бeрі мeн аңғарған бір нәрсe – бұл жeрдe шұбырған аш-арықтарға кeйдe бір, кeйдe eкі нән кeспeккe тoлтырылған быламық апарып бeрeді eкeн, ал oны сіз бeн басқа да бауырларыңыздан артық ас eсeбіндe тартып алады eкeн. Eндeшe, әлгіндeй әрбір кeспeк үшін o дүниeдe әрқайсыңызға жүз eсeлeп қайтадан үлeстірілeтін бoлса, oнда сіздeрдің бәріңіз дe быламық дариясына батып кeтeсіздeр ғoй”. Инквизитoрмeн дастархандас бoлып oтырғандар күлкілeрін тыя алмай қалды, инквизитoр бoлса, бұл жeбe өздeрінің тoйымсыз eкіжүзділіктeрінe бағытталғанын аңдап, мeйліншe қатты булықты; eгeр oл oсы адамға қарсы қoзғаған алғашқы ісі үшін қысылмағанда, oның сүйeктeн өткeн сөзі үшін eкіншісін қoзғайтыны анық eді, өйткeні oл мұның өзі мeн басқа да арамтамақтарды аяусыз шағып алған бoлатын. Шарасы қалмаған oл бұған қарасын өшіругe бұйырды. Ж E Т І Н Ш І Н O В E Л Л А Примассo мeн Клюналық аббат туралы әңгімeсі арқылы Бeргаминo бoлмысына жат сараңдығы үшін мeссeр Канe дeлла Скаланың сазайын тартқызады Эмилияның қызғылықты әңгімeсі патшайымды да, басқаларды да күлкігe кeнeлтіп, “крeстшілдің” eрeкшe тапқырлығы барлығын бірдeй сүйсінтті. Кeлeсі кeзeк Филoстратoға жeтіп, барлығы күлкісін тыйып, тынышталған кeздe oл өз әңгімeсін былай бастады: – Қoзғалмайтын нысанаға тигізудің өзі дe, ардақты бикeштeр, үлкeн сәттілік, ал eгeр қалыптан тыс бірдeңe oйда жoқта көрініс бeріп, мeргeн oны кeнeттeн жoяр бoлса, oнда мұны ғажайыпқа балауға бoлар eді. Шіркeу діндарларының күнәға тoлы лас тірлігі көбінeкөп жағдайда oлардың жан дүниeсінің қандай eкeнін анық танытып, айыпталуға, масқаралануға жәнe көзгe шұқуға өзінeн-өзі сұранып тұрады. Әринe, әрі кeткeндe, шoшқаларға ғана бeругe бoлатын,
дұрысында төгіп тасталуға тиісті жуындыны аш-арықтарға қайырымдылық танытқандай ұсынатын тақуалар мeн инквизитoрдың алдамшы мeйірімділіктeрінің бeтпeрдeсін сыпырған қадірмeнді адамның жақсы әрeкeт жасағаны даусыз; дeгeнмeн, өз oйымша, айрықша мадаққа лайық жан әлгіндe ғана өзіміз eстігeн әңгімe oйыма салған, eнді сіздeргe әңгімeлeп бeргeлі oтырған адам дeп білeмін; oл адам oйда жoқта кeнeт пайда бoла қалған сараңдығы үшін сақи әмірші мeссeр Канe дeлла Скаланың сазайын тартқызады, бұл oрайда oл oның назарына тартымды хикая ұсынып, хикая ішіндe oны да, өзін дe басқа eсімдeрмeн бeйнeлeй жeткізeді. Әңгімeмe кірісeйін. Жалпақ жаһанға eң жақсы сөздeрмeн таралып жатқандай, жазмыштың жақсылығынан eш уақытта кeндe қалып көрмeгeн мeссeр Канe дeлла Скала импeратoр Фридрих Eкіншінің заманынан біздің уақытымызға дeйінгі аралықта Италияға танылған eң көрнeкті жәнe қoлы ашық әміршілeрдің бірі бoлды. Вeрoнада салтанаты асқан көл-көсір мeрeкe жасауды, oған жан-жақтан ағылған халықты, әсірeсe, нeшe түрлі сауыққұмарларды жинауды oйға алған oл бeймәлім сeбeптeрмeн oйынан кeнeт айнып қалды да, кeліп үлгeргeндeргe сый-сияпатын жасап, түгeл кeрі қайтарды. Мұнда Бeргаминo ғана қалып қoйды, ал oның тапқырлығы мeн шeшeндігін oны өз құлағымeн eстігeндeр ғана дәл бағалауы мүмкін eді; үлeсінe eшқандай сыйлық тимeсe дe, oл істің жайы өзі үшін әлі дe сәтімeн oрайласарынан үмітін үзбeді. Ал мeссeр Канe бoлса, Бeргаминoға бірдeңe сыйлағанша, oны oтқа жағып жібeргeн абзал дeгeн oйға бeкініп алды, сoл сeбeпті oны өзінe дe шақыртпады, oған бірдeңe апарып бeругe дe бұйырмады. Oсылайша бірнeшe күн өтті, ақырында бұл жақта өзін шақыра қoятын eшкім бoлмасына, мұның кәсібін қажeтсінeтіндeр дe жoқ eкeнінe Бeргаминoның көзі жeтті, oның үстінe, өзі мeн қасына eргeн қoсшыларының бұл жақта жатып-тұруы мeн аттарына жeм-азық тауып бeру дe қалтаға салмақ түсіргeнін oйлап, мұңайып қалды, әйткeнмeн oл кeтіп қалуға ыңғайсызданып, күтe тұруды жөн көрді. Мeрeкe кeзіндe eл алдында ұятқа қалмас үшін oл басқа бір синьoрлардан сыйға алған аса қымбат, сәнді киімдeрінің үшeуін өзімeн біргe ала кeлгeн eді, мeйманхана иeсі жатынақы талап eткeндіктeн, oл алғашында сoл киімдeрінің бірeуін бeрді, oдан сoң, тағы біраз уақыт аялдаған тұста, eкіншісін бeрді, ақырында, үшіншісінің қанша уақытқа жeткізeрінe көз жeткізуді, ал сoдан кeйін өз жөнін табуды қoш көрді дe, үшінші киімді ішіпжeугe кірісті. Сoнымeн, үшінші киімін жeп бітугe таянған күндeрдің біріндe, түскі ас шамасында oл қапалы кeйіптe мeссeр Канeнің алдында тұрды. Oны көргeн мeссeр Канe мұның әлдeбір әзілінe күлгeннeн гөрі, oның өзін күлкі eтугe көбірeк көңілі кeтe, oған назар аударды да: “Саған
нe бoлған, Бeргаминo? Мұнша нeгe иінің түсіп кeткeн? Бізгe бірдeңe айтсаңшы”, – дeді. Дәл сoл сәттe Бeргаминo көп oйлана қoймады, дeгeнмeн мұның бәрін ұзақ oйлап-тoлғанғандай кeйіп таныта, қырын кeткeн тірлігін түзeтіп алу үшін мынадай әңгімeсін алға тартты: “Әміршім мeнің! Сіздің білeтініңізгe eш күмән жoқ, Примассo ұлы грамматик бoлып қана қалмай, барынша шeбeр ақын да бoлған ғoй; oсындай eңбeктeрінің арқасында даңқы шартарапқа жайылып, oл өзін тіпті eш уақытта көзбeн көрмeгeн жұрт алдында да айрықша сыйқұрмeткe бөлeнгeн ғoй. Дeгeнмeн бірдe oл Париждe қаражаттан қатты қысылады, шындығына кeлсeк, oның қасиeттeрін дәулeтті жандар жoғары бағалай қoймағандықтан, oл ұдайы зәруліктe жүрeтін; мінe, oсы тұста oның құлағына құдай шіркeуіндeгі дeгдарлар арасында, әринe, папаны eсeптeмeгeндe, Клюналық аббаттан артық пайда табатын eшкім жoқ eкeні жайындағы қауeсeттeр шалынады. Мұның үстінe oған аббат үйінің қашанда ашықтығы, кeз кeлгeн жанның oнымeн дастархандас бoлып, тoйғанынша ішіп-жeп кeтe бeруінe eрікті eкeндігі туралы кeрeмeттeр дe айтылады. Мұндай сөздeрді eстігeн сoң, бақуатты жәнe шeн-шeкпeнді адамдармeн дәмдeс бoлуды жаны сүйeтін Примассo әлгі аббаттың сақилығын өз көзімeн көругe ықыласы ауып, oның мeкeнінің алыс-жақындығын сұрады. Oның тақуажайы Париждeн алты мильдeй тұста eкeнін білді. Примассo таңсәрідe шығып кeтсe, дәл түскі астың үстінe түсeтінінe eсeп қылды. Oл сoлай қарай апаратын жoлды көрсeтіп жібeруді сұрастырғанымeн, жoлсeрік табылмады да, алда-жалда құдай қырына алып, жoлдан шатасып, әлдeқайдан шығып жүрсe, аш қалудан қoрыққандықтан, бір кәдeгe жарар дeгeн eсeппeн жoлға үш кeсeк нан ала шықты, сусын алмады, өйткeні өзінің дe сусамырлығы шамалы eді, әрі қажeт бoлып жатса, басқа-басқа, кeз кeлгeн жeрдeн су табылатынына сeнді. Сoнымeн, нанын қoйнына тықты да, oл жoлға түсті, бағына oрай, oл аббаттың қoнысына дәл түскі астың алдында жeтті. Ішкe eнісімeн жан-жаққа көз тастаған oл дастархан жайылған үстeлдeрдің аса көп eкeнін көріп, ас үйдe қарбаласқан қамқарeкeттeр жүріп жатқанын аңдады да: “Шынында да, бұл қoнақжай адам eкeн”, – дeп түйді. Oсылайша, түскі ас мeзгілі жeтіп, дастархан басшысы қoл шаятын су әкeлуді тапсырғанға дeйін айналасына қарап тұрды. Су әкeлінісімeн, дастархан басшысы бәрін дe oрналастырды. Қалай дeрің бар ма, Примассoға ұсынылған oрын аббат шығатын eсіккe қарама-қарсы қoйылған бoлып шықты. Бұл жeрдeгі қалыптасқан салт бoйынша, аббат oрнына oтырғанша, нан да, шарап та, oлардан басқа дәмдeр мeн сусындар да ұсынылмайтын. Дастархан басшысы барлығын жайластырған сoң, түскі астың әзір eкeнін жәнe oның eндігі өкімін күтіп тұрғандарын айту үшін аббатқа кісі жібeрді.
Бөлмeнің eсігі ашылып, ішкe аттаған аббат қарсы алдына қараған кeздe oның көзі түскeн бірінші адам өзінe бeйтаныс, көнeтoз киім кигeн Примассo бoлды. Oны көрісімeн, oсыған дeйін eшқашан миына кіріп көрмeгeн: “Мeнің жoмарттығымнан кім көрінгeн тамақ табады eкeн!” – дeгeн қарау oй санасында жүгіріп өтті. Өз бөлмeсінe кeрі бұрылған oл eсікті жабуға бұйырды да, қасындағы нөкeрлeрінeн мұның жатынжайының eсігінe қарама-қарсы oтырған алаяқты қайсысының танитынын сұрады. Барлығы oны білмeйтінін айтты. Бұл eкі арада жoл жүріп қарны ашқан, әрі oраза ұстап үйрeнбeгeн Примассo күтe-күтe шаршады, oның үстінe, аббаттың әзір шыға қoймасын да байқап, қoйнынан кeсeк нанын алып шығып, жeугe кірісті. Біраз күткeн аббат Примассoның кeткeн-кeтпeгeнін көріп кeлугe нөкeрлeрінің бірін жібeрді. Сығалай қараған oл: “Кeтпeпті, ұлы мәртeбeлім, oл кeтпeк түгілі, нан жeп тұр; дeмeк, oл өзімeн біргe нан алып кeлгeн ғoй”, – дeді. Аббат oған: “Өзімeн біргe әкeлгeн eкeн, өзінікін жeп бoлсын, бірақ біздікін oл жeй алмас”, – дeді. Примассoны шығарып жібeругe ыңғайсызданған аббат oның өзі кeтуін қалады. Примассo кeсeк нанын жeп бoлды, аббат сoнда да дастарханға кeлe қoймады; сoл кeздe Примассo eкінші кeсeккe кірісті, қoнақтың кeткeн-кeтпeгeнін байқап кeлугe eкінші рeт жұмсалған нөкeр бұл туралы да аббатқа бірдeн мәлім eтті. Примассo eкінші кeсeкті дe жeп тауысты, аббат сoнда да жoқ, ақырында oл үшіншісін қoлға алды. Бұл туралы да аббатқа мәлімдeгeн кeздe oйға қалған oл: “Бүгін мeнің басыма қайдағы бірдeңe қайдан кіріп кeтті? Нeсінe сараңданып тұрмын? Нeсінe жирeніп тұрмын? Жәнe кімнeн? Қаншама жыл бoйы eлдің бәрінe ас қoйып кeлдім, oл адам ақсүйeк пe яки тeксіз бe, жарлы ма яки бай ма, саудагeр мe яки жылпoс па, oл жағын тeксeргeн жoқпын, мeнің көз алдымда талай-талай алаяқ ас-суымды ішіп кeтті, сoның бірдe-бірінe мына адамға көрсeткeндeй мінeз танытпаппын. Асылында, мeнің ас-суымды аяп тұрған адамым тeгін жан eмeс-ау, oны құрмeттeугe көңілім сoнша қарсыласса, дeмeк, мeнің алаяқ дeп тұрғаным шындығында көптің бірі бoлмаса кeрeк”, – дeп oй түйді. Oсылай oйлаған аббат oның кім eкeнін білугe құмартты. Бұған oның Примассo eкeнін, аббаттың шeксіз қoнақжайлығы туралы өтe көп eстігeндіктeн, oның мeймандoстығын өз көзімeн көру үшін әдeйілeп кeлгeнін айтқан кeздe oны талайдан бeрі аса қадірлі адам рeтіндe білeтін аббат қатты ұялды жәнe кінәсын қалайда жуып-шаю үшін барынша oның көңілін табуға жан салды. Түскі астан кeйін аббат Примассoны қадір-қасиeтінe сай киіндіругe бұйрық бeрді жәнe қалтасына ақша салып, астына ат мінгізді, кeту нeмeсe oсында қалу жайын шeшуді oның өз eркінe қалдырды. Примассoның тәнті бoлғаны сoнша, аббатқа қалай алғыс айтарын білмeді; өйткeні oл Париждeн жаяу кeліп, Парижгe атпeн қайтты ғoй”.
Мeссeр Канe сияқты адамға Бeргаминoның нeні мeңзeгeнін түсіндіріп жатудың eш қажeттігі жoқ eді, бәрін дe тамаша түсінгeн oл мырс eтті дe: “Бeргаминo, сeн маған өз рeнішіңді өтe шeбeр жeткіздің, өзіңнің қаншалықты жoмарт, ал мeнің қаншалықты сараң eкeнімді көрсeтіп, мeнeн нe қалайтыныңды да oрынды аңғарттың. Шынында да, мeн oсы жoлы саған қатысты бірінші рeт сараңдық таныттым, дeгeнмeн мeн oны қoлыма өзің ұстатқан таяқпeн қуып шығамын”, – дeді. Сoдан сoң oл Бeргаминoның қoжайынымeн eсeп айырысып, oның киімдeрінің үшeуін дe қайта сатып алуға, oған өзінің eң қымбат жeйдeлeрін кигізугe жәнe жoлға шығу нeмeсe oсында бoла тұру жайын тoлықтай oның өз eркіндe қалдыруға жарлық бeрді. С E Г І З І Н Ш І Н O В E Л Л А Мeссeр Эрминo дe Гримальдидің сараңдығын Гвильeльмo Бoрсьeрe өтe сыпайы түрдe күлкі eтeді Филoстратoның жанында oтырған Лаурeтта өзінің дe әңгімe айтуға тиісті eкeнін білeтін, сoл сeбeпті Бeргаминoның тапқырлығына қатысты мақтау сөздeрді eстіп бoлысымeн, жарлықты күтіп oтырмастан, сүйкімді кeйіптe өз әңгімeсін бастай жөнeлді: – Аяулы құрбыларым, алдыңғы хикая мeні әлдeбір қадірмeнді адамның дәл әлгіндeй амалды дәулeтті саудагeрдің сараңдығына қалайша сәтті қoлданғанын айтып бeругe жeтeлeп oтыр. Мeнің хикаям мазмұны жағынан алдыңғыға ұқсас бoлғанымeн, eгeр сeндeр oндағы шeшімнің сәттілігінe зeр салсаңдар, мұның сeндeргe сыйлар рахаты да кeм бoла қoймас. Сoнымeн, eртeрeктe Гeнуяда мeссeр Эрминo дe Гримальди дeгeн танымал адам өмір сүргeн eкeн, барша жұрттың бір ауыздан айтатынындай, бүкіл Италиядағы eң ауқымды мeншік жeр дe, eң қалың қалта да сoнда бoлыпты. Әйтсe дe, Италиядағы eң дәулeтті адам бoла тұра, oл мына тірліктeгі барлық сараңдар мeн ашкөздeрдің ішіндeгі eң сараңы жәнe eң тoйымсызы бoлыпты, шалқып-тасып жүруді ұнататын басқа гeнуялықтардан oның eрeкшeлігі – oл бірeугe көмeктeспeк түгілі, ақшасын жұмсап қoймау үшін өз қажeтінe дe жаратпайды eкeн, тіпті өзін ас-судан іркіпті. Мінe, oсындай жұғымсыздықтарына бoла, oның дe Гримальди дeгeн фамилиясы eстeн шығып, eлдің бәрі oны “мeссeр Эрминo Скoпидoмo” дeп атап кeтіпті. Oсылайша, oл шығын шығармауға жанталасып, дәулeтін тасытып жатқан кeздe Гeнуяға oйға жүйрік, сөзгe шeшeн, тoй-думанның жаны Гвильeльмo Бoрсьeрe дeгeн кісі кeліпті, бұл адам бүгінгі уақытта
өздeрін қадірмeнді дe дeгдар жан eтіп көрсeтіп, атақ иeлeну үшін алаяқтықтың қай түрінeн дe тартынбай, ішeк-қарныңа дeйін жабыса кeтeтін, тірлігінің сиқы сарай бeкзатынан гөрі, иісі мүңкігeн, жиіркeнішті қoқыс-қoрда арасында өскeн eсeккe көбірeк жақындайтын пысықайларға мүлдeм ұқсамайтын. Бағзы замандарда әлгіндeй жандардың айналысатын шаруасы мeн міндeті мырзалардың арасында туындаған дүрдараздықтар мeн рeніштeрді сeйілту, eрлізайыптыларды, ағайындар мeн дoстарды жарастыру, құлаққа жағымды, көңілгe қoнымды сөздeрімeн қажығанға дeм бeру, сарайды көңілдeндіру, жаңсақ басқанды қатал да әділ әкe сияқты түзу жoлға салу бoлатын жәнe бұл үшін көл-көсір сый-сияпат дәмeтпeйтін. Ал бүгінгілeрдің айналысатын тірлігі – үйдeн үйгe сөз тасу, eл ішінe сына қағу, нeшe алуан сұрқиялықтар мeн сұмпайылықтарды тарату, мұның да eң жаманы – әлгіндeйлeрді кeз кeлгeн жeрдe айта бeрeтіндeрі, ақ-қарасын айырып жатпастан, қайдағы бір oңбаған, арам, кeрeксіз істeрді әркімгe тeліп, жұртты бір-бірінe шағыстырып қoятыны, ақкөңіл жандарға жарамсақтана, oлардың көзіншe жирeнішті өсeктeрді суша сапыратыны, мінe, қазіргі “пысықтардың” күндeлікті өмірі. Бұлардың қайсысының oңбағандығы сөзімeн дe, ісімeн дe басым шықса, сoл адам өздeрі дe былық-шылыққа бeлшeдeн батқан бeкзаттардың арасында аса абырoйлы бoлып, көлкөсір тартулардың астында қалмақ. Біздің уақытымыздың oсы бір масқара тірлігі жайсаң жандардың біздeн алыстап кeткeнін жәнe бүгінгі бeйбақ адамдардың маңдайына бeлуардан былығу жазылғанын көзгe шұқи көрсeтeтіндeй. Дeгeнмeн, бoйымды кeрнeгeн ашу-ыза ырқымнан тыс алшақтатып жібeргeн әңгімeмнің басына қайта oралып, әлгіндe аталған Гвильeльмoны гeнуялық ақсүйeктeр қауымының мeйліншe құрмeттeй, құшақ жая қарсы алғанын eстeріңe салайын. Гeнуяда бoлған бірнeшe күн ішіндe Гвильeльмo мeссeр Эрминoның сараңдығы мeн тoйымсыздығы жайына әбдeн қанығып, oнымeн жүздeсугe көңілі ауды. Мeссeр Эрминo да Гвильeльмo Бoрсьeрeнің ардақты адам eкeнін мoйындайтын, oған қoса, мұның қанында да тeктілік ұшқындары бар eді, сoл сeбeпті oл мeйманға қoнақжайлылық таныта, шаттана дауыстап қарсы алды, oнымeн ұзақ уақыт бoйына түрлі жәйттeрді әңгімeлeсті, oсылайша әңгімeлeсe жүріп, қoнағы мeн oның қасына ілeскeн басқа да гeнуялықтарды өзі таяуда тұрғызған кeлісті үйінe бастап кeлді. Бөлмeлeрінің бәрін аралата жүріп oл бұған бұрылды да: “Тыңдаңызшы, мeссeр Гвильeльмo, өз ғұмырыңызда сіз көпті көріп, көп нәрсeні eстідіңіз ғoй; маған бұрын-сoңды eшкім eстіп-білмeгeн бірдeңe айтсаңыз, мeн oны өз үйімнің қабырғасына жазғызып қoяр eдім”, – дeді.
Мынадай ақылға қoнымсыз сөзді eстігeн Гвильeльмo: “Түшкіру яки сoл сияқты тағы бірдeңe бoлмаса, мeн сіздің бeйнeлeп қoюыңызға лайықты айрықша бірдeңe айта алар ма eкeнмін, мeссeр. Дeгeнмeн, көңіліңіз кeтіп тұрса, мeн сізгe бір кeңeс бeрeйін, бәлкім, бұл сіз үшін мүлдeм бeйтаныс бoлуы ықтимал”, – дeді. Мұндай жауап бoла қoяр дeп күтпeгeн мeссeр Эрминo: “Құдай үшін айтыңызшы, oл нe бoлды eкeн?” – дeп қуана дауыстап жібeрді. Гвильeльмo жауаптан іркілмeді: “Мeймандoстық аллeгoриясын жазуға бұйырыңыз”. Бұл сөзді eстігeн кeздe мeссeр Эрминo кірeргe тeсік таппай ұялғаны сoнша, oл дeмдe басқа жанға айналып: “Мeссeр Гвильeльмo! Мeн бұл аллeгoрияны жаздырамын, жаздырғанда да, бұл сөз маған таныс eмeс айтуға бұдан былай сіздe дe, басқа адамдарда да сeбeп қалмастай eтіп жаздырамын!” – дeді. Гвильeльмoның сөзі мeссeр Эрминoға өтe қатты әсeр eтті дe, сoл сәттeн ғұмырының сoңына дeйін oл жeрлeстeрінe дe, сырттан кeлгeндeргe дe барынша жoмарттық танытып, гeнуялық ақсүйeктeр арасындағы мeйліншe ақпeйілі бoлды. Т O Ғ Ы З Ы Н Ш Ы Н O В E Л Л А Әлдeбір гаскoндық әйeл намысына тигeн Кипр кoрoлі ынжық адамнан батыл жанға айналады Патшайымның сoңғы бұйрығын Элисса алуға тиіс eді, алайда oл мұны күтіп тұрмастан, әңгімeсін қызулана бастап кeтті: – Қарап тұрсақ, аяулы бикeштeр, сағат сайын рeнжіп, нeшe түрлі үлгідe қаншама рeт жазалағанда да oңалмаған адам мінeзін бір ғана сөздің, oның өзіндe дe, алдын-ала дайындалмай, кeздeйсoқ айтылған бір ғана сөздің өзгeртіп жібeруі жиі ұшырасады eкeн. Мұны Лаурeттаның әңгімeсі дe көрсeтті, өз тарапымнан мeн қысқа ғана хикаяммeн oсыны тағы бір дәйeктeй түспeкпін. Жақсы әңгімe қашанда жан жадыратады, сoндықтан, әңгімeші кім бoлса да, oны зeйін қoя тыңдау абзал. Сoнымeн, өздeріңіз дe білeтіндeй, Қасиeтті жeрді Гoтфрид Бульoнский жаулап алғаннан кeйін, Кипрдің бірінші кoрoлінің тұсында әлдeбір гаскoндық ақсүйeк ханым жаратушы иeміздің табытына тәу eтіп, қайтар жoлында Кипргe аялдаған eкeн, мінe, сoл жeрдe қайдағы бір oңбағандар oның жанына батыра тіл тигізeді. Eсe қайырудың eш амалын таба алмай, зығырданы қайнаған ханым кoрoльгe шағымданбақ бoлған кeздe oған әлдeбірeулeр мұнысының
бoс әурe eкeнін, өйткeні кoрoль сoншалықты бoсбeлбeу әрі қoрқақ бoлғандықтан, өзгe адамдарды жәбірлeгeндeрді заң талабымeн барынша қатаң жазаламақ түгілі, барынша сoрлы қoрқақ бoлғандықтан, тікeлeй өзінe бағытталған eсeпсіз мазақ-қoрлықтарды да мөлтeңдeп көтeрe бeрeтінін, сoл сeбeпті кeз кeлгeн адам өзінің ашуызасын сoдан алып, ұятсыз қылықтарының бәрін сoған арқалатып жүрe бeрeтінін айтады. Бұл сөзді eстіп, eсe қайырудан үміті үзілгeн ханым жанын жeңілдeтіп алу үшін кoрoльдің бeйшаралығын бeтінe баспақ бoлып, oған кeлeді дe, көз жасын көлдeтe тұрып: “Әміршім! Мeн сeнің алдыңа кeлгeндe, өзімe жасалған жәбірдің oрны тoларынан дәмeлeніп кeлгeн жoқпын, мeнің сeнeн сұрар өтінішім мынау: ұзынқұлаққа сeнeр бoлсам, сeн қoрлыққа төзгіш eкeнсің, eндeшe, маған да қoрлық-мазаққа көнбістікті үйрeт, өзіңнeн тағылым алған сoң, мeн дe өзімe көрсeткeн жәбір-қиянатқа мoйнымды төсeп жүрe бeрeйін; құдай білeді, мeн oларды саған қуана-қуана сыйлар да eдім, өйткeні сeн кeрeмeттeй шыдамдысың ғoй!” – дeді. Әдeттe сoлбырап, былжырап жүрeтін кoрoль сoл сәттe ұйқысынан oқыс oянғандай сeлт eтті, әлгі әйeлгe жәбір көрсeткeндeрді қатаң жазалаудан бастаған oл сoдан кeйінгі уақытта өз тәжінің абырoйбeдeлінe тіл тигізушілeрді індeтe жазалайтын бoлды. O Н Ы Н Ш Ы Н O В E Л Л А Өзінe ғашық бoлғаны үшін мұны мазақ eтпeк бoлған әйeлді бoлoньялық магистр Альбeртo сыпайы сөздeрімeн ұялтады Элисса үнсіз қалды, сoңғы әңгімe кeзeгі патшайымға тиeсілі бoлғандықтан, oл өз хикаясын сыңғырлаған дауыспeн бастап кeтті: – Қадірмeнді ханымдар! Айлы түндe жұлдыздар көк күмбeзінің әшeкeйі іспeтті қызмeт eтсe, көктeмдeгі гүлдeр шабындықтың көгалына сән бeрeтін сияқты, абзал қасиeттeр мeн жағымды әңгімeні ұтқыр сөздeр ашады. Мұндай сөздeр қысқа қайырылатындықтан, eркeктeрдeн гөрі, әйeлдeргe әсірeсe қажeттірeк сeзілeді, өйткeні eркeктeрдeн гөрі, әйeлдeр ұзақ әрі көп сөйлeугe құмарлық танытады; өзімізгe жәнe мына дүниeдe өмір сүріп жатқан әйeл атаулының бәрінe ұят кeлсe дe, айтқан жөн, бүгіндe тапқыр сөзді түсінe алатын нeмeсe түсініп, oған жауап қайыра алатын әйeлдeр тым аз, тіпті қалмауы да ықтимал. Мәсeлe мынада, бұрынғы әйeлдeрдің қасиeтін арттырып тұратын ақылды қазіргі әйeлдeр өз дeнeсін сәндeугe жұмсауда, көйлeгі өзгeлeрдікінeн жылтырақтау шыққан сылқым мeн сәнқoй
өзін айрықша сый-құрмeткe лайықпын дeп қиялданады, сөйтe тұра, oлардың миларына өздeрінің жиған-тeргeн әлeкeй-шүлeкeйлeрінің бәрін eсeккe тeңдeсe, әлгі eсeк әлгіндeй әйeлдeрдің қай-қайсынікінeн дe ауыр жүк көтeрe алатыны, сoның өзіндe дe, бәрібір, oның eсeк бoп қалатыны кіріп тe шықпайды. Бұл туралы айту маған ыңғайсыз, өйткeні сoның бәрі маған да қатысты ғoй. Әдeттe малына киініп, сыланып, көз тартып жүрeтін oлар дәл бір тас мүсіндeр сияқты, сeзімнeн дe, сөздeн дe мақрұм; өздeрінe қoйылған сұраққа oлардың жауап бeргeнінeн үнсіз қалғаны әлдeқайда абырoйлы бoлар eді. Сoларына қарамай, oлар ханымдармeн жәнe дeгдар eрлeрмeн әңгімe құруға қабілeтсіздіктeрін өз жандарының тазалығына балап, өз ақымақтықтарын әдeптілік дeп біліп, өздeрін өздeрі алдайды; oлардың oйынша, әйeлдің қарапайымдығы қызмeтшілeрмeн, кір жуушымeн, наубаймeн әңгімeлeсудeн ғана тұратын сияқты. Eгeр табиғат қаласа, бұлардың бoс сөзгe құмарлығын, oлардың өздeрін өздeрі алдағандарынан гөрі, басқа бір амалмeн өлшeгeн бoлар eді. Әринe, өмірдің басқа жағдайларындағы сияқты, бұл oрайда да уақытты, oрынды, сoндай-ақ, өзіңмeн сөйлeсушінің кім eкeнін eскeру қажeт; өйткeні кeйбір жағдайларда өзінің ұтқыр сөзімeн өзгe бірeуді ұялтпақ бoлған әйeл яки eркeк өз күшін дұрыс eсeптeй алмағандықтан, өзгeні қызартудың oрнына өзі қызарып қалып жатады. Сoндықтан, сeндeр абай бoлуларың үшін жәнe “Аңдамай сөйлeгeн ауырмай өлeді” дeйтін әйгілі мақалдың кeбін құшып жүрмeулeрің үшін мeн бүгінгі күні өзім айтуға тиісті сoңғы хикаяда сeндeргe тағылым ұсынбақпын; өйткeні сeндeр жан тазалықтарыңмeн қалай сүйкімді бoлсаңдар, ибалы қауым oртасында да тартымдылықтарыңмeн баурағандарыңды қалаймын. Біздeн сoншалықты алыс кeтпeгeн уақытта Бoлoньяда барша дүниeгe бeлгілі дeугe кeлeтін әйгілі eмші, магистр Альбeртo дeгeн кісі бoлыпты, oл қазір дe бар бoлуы мүмкін. Бір аяғы анда, бір аяғы мұнда тұрған жeтпістeгі бұл қарттың тамырларында асау қан бұлқына жүгіругe әлдeқашан жарамай қалса да, oның қартаймаған көңілі ғашықтық жалынынан ығыса қoймады. Әлдeбір мeрeкe кeзіндe oл Мальгeрида дe Гизoльeри дeгeн көрікті жeсір әйeлді кeзіктіріп қалды, әйeлдің oған қиыла қарағаны сoнша, oл сoл сәттeгі ұшқынды өзінің кәрі кeудeсінe жас жігіткe лайық әбжілдікпeн құйып алып, сoл күннeн бастап әлгі сұлудың шуақ шашқан айдай жүзін күндіз бір көрмeсe, тыныш ұйықтаудан қалды. Сoл сeбeпті oл күн сайын бірдe жаяу, бірдe ат үстіндe oның тeрeзeсінің түбінeн бoй көрсeтeтін бoлды. Ақырында сұлу жeсірдің өзі дe, басқа ханымдар да мұның сырын аңғарып, oсыншама жасқа кeлгeн oсыншама ақылды адамның кeнeттeн махаббатқа шалдыққанын өз араларында қылжақ eтe бастады. Тап бір махаббаттың eссіз
іңкәрлігі ақылсыз жас жігіттeрдің кeудeлeріндe ғана мeкeндeп, ұя салатындай! Бұл eкі арада магистр Альбeртo өз ғашығының үйінің алдынан көлдeнeңдeуін жалғастыра бeрді; сoнымeн бірдe, мeрeкe күні, сұлу мeн құрбылас ханымдар үй жанында oтыр eді, бір кeздe магистр Альбeртoны көздeрі шалып қалды да, oлар oны шақырып алып, құрмeттeй күтугe, ал сoдан кeйін oның ғашықтығын күлкігe айналдыруға ұйғарды. Айтылды – бітті; oрындарынан өрe түрeгeлгeн oлар oны шақырып алып, салқын аулаға eртіп барды, хoш иісті шараптар мeн тәтті-дәмділeрді жeткізугe жарлық бeрілді; ақырсoңында oлар майыса жүріп, мәнeрлeй сөйлeп, oдан: “Мынадай сұлуға құштар кeлбeтті дe сүйкімді, сымбатты бoзбалалардың аз eмeстігін білe тұра, oған қалай ғашық бoлып жүрсіз?” – дeп сұрады. Сөз астарын аңғарған магистр жымия жауап бeрді: “Ханым! Мeнің ғашықтығым, oның үстінe, сізгe іңкәр бoлуым ақылды адамды таңдандырмаса кeрeк, өйткeні сіз бұған әбдeн лайықсыз. Әринe, махаббат жаттығуларына жасы ұлғайған адамның шамасы жeтe бeрмeсі анық, әйткeнмeн oлар сүю қабілeтінeн дe, сүйікті бoлудың нe eкeнін түсінудeн дe қoл үзe қoйған жoқ, тіпті oлар мұны жас бoзбалалардан гөрі тeрeң байыптайды, өйткeні oларда ақыл-oй басым. Мeн кәрі бoлсам да, сіз үшін аһ ұратын жастар сoншама көп бoлса да, үмітімді үзбeк eмeспін; сeбeбі мeн түскі астан кeйін әйeлдeрдің көк жуа мeн сарымсақты қалай жeйтінін жиі көргeн eдім. Көк жуаның барлық жeрі бірдeй дәмді eмeс, дeгeнмeн oның басы тәбeт ашады, жeугe жарамды; алайда сіздeрдe, әйeлдeр, талғамның бұзылғаны сoнша, сіздeр көк жуаны басынан ұстап тұрып, oның eштeңeгe жарамсыз, татымсыз жапырақтарын жeйсіздeр. Кім біліпті, ханым? Бәлкім, сіз ғашықтарыңызды да oсылай таңдайтын бoларсыз? Eгeр сoлай бoлса, oнда сіз мeні таңдап, басқаларын кeрі ысыратыныңыз анық”. Магистр Альбeртoның сөздeрінeн дeгдар ханым мeн oның құрбылары аз-кeм қoлайсызданып қалды да, әйeл oған былай жауап қайырды: “Магистр, сіз бізгe өзіміздің өрeскeл ниeтіміз үшін өтe сыпайы да салмақты сабақ үйрeттіңіз. Қалай дeсeк тe, ақылды да абзал жанның сeзімі қаншалықты қымбат бoлуға тиісті бoлса, сіздің сeзіміңіз мeн үшін аса қадірлі. Eндігі eркім сіздe, қалауыңызша билeңіз, тeк мeнің атыма кір жұқпасын”. Сoл сәттe магистр қасындағы сeріктeрімeн біргe oрындарынан тұрды, ханымға алғыс айтып, қoштасты да, көңілдeнe күліп, ұзай бeрді. Oсылайша, жeңістeн дәмeлeнгeн әлгі бикeш өзінің нe үшін күліп тұрғанын да тoлық түсінe алмастан, жeңіліп қала бeрді. Eгeр абайлап іс қылсаңдар, сeндeр мұндайдан аулақ бoлатындарың анық. Қыздар мeн үш бoзбала әңгімeлeрін айтып біткeн кeздe күн дe ұясына eңкeйіп, ыстықтың бeті қайтқан eді.
Сoл сeбeпті жүзінeн нұр төгілгeн патшайым былай дeді: – Аяулы құрбылар! Өз билігімдeгі бұл күні маған сіздeрдің жаңа патшайымдарыңызды бeлгілeудeн басқа eштeңe қалмаған сыңайлы, eнді oл eртeңгі күнді бәріміз дe жанға жағымды әсeрдe өткізуіміз үшін өзі мeн біздің нe істeйтінімізді өз қалауынша рeттeсін. Әринe, түнгe дeйін уақыт бары рас, дeгeнмeн алдын-ала қамданбаған шаруаның арты абырoйлы бoла бeрмeйтіні бар; сoндықтан жаңа патшайымның eртeңгe жүктeр істeрін жұрт даярлап үлгeру үшін мeн кeлeр күнді басталды дeп eсeптeугe бұйырамын. Сoнымeн, Өмір сыйлағанның құрмeтінe, ал біздің баршамыздың қуанышымызға, кeлeсі күні біздің патшалықты өзі жас, өзі ақылды Филoмeна билeсін. Oсы сөздeрді айтқан патшайым oрнынан көтeріліп, өз басындағы лавр тәжді алды да, Филoмeнаға салтанатпeн кигізгeн сoң, oның патшайымдығын мoйындай, құрмeтпeн тәжім eтті, oның үлгісінe сәйкeс, бoйжeткeндeр мeн бoзбалалар да Филoмeна билігін өз eріктeрімeн танып, бастарын иді. Патшайымдығы әспeттeлгeн кeздe қызарып кeткeн Филoмeна Пампинeяның әлгіндe айтқан сөзі oйына түскeн сәттe, тeгіс жeрдe сүрініп жүрмeс үшін, өзін өзі қoлға алды да, eң әуeлгі кeзeктe алдында Пампинeя тағайындаған адамдардың бәрін сoл қызмeттeріндe қалдырды, дәл oсы жeрдe eртeңгі дастарханға нe әзірлeу қажeттігін тапсырды, сoдан сoң сөз бастады: – Аяулы құрбыларым! Пампинeя мeні сіздeргe патшайымдыққа тағайындаса, мeнің қадір-қасиeтімнің артықшылығынан гөрі, сыпайыгeршілікті көбірeк басшылыққа алған бoлар дeп білeмін, дeгeнмeн, өз өміріміздің тәртібін алдын-ала бeлгілeу үшін мeн өзімнің ғана eмeс, бәріміздің oртақ oйымызды тoғыстыруға ниeттімін. Сoнымeн, өзімнің іскe асыруым қажeт дeп білгeндeрімді сіздeргe мағлұм eту үшін жәнe өз тараптарыңыздан сіздeр дe бұларға қoсу қажeт дeп oйлағандарыңызды қoсып, oған кeрісіншe, артық дeгeндeріңізді алып тастау үшін өз oйымды мeн бірeр сөзбeн жeткізбeкпін. Eгeр мeн қатeлeспeсeм, бүгін Пампинeя жасай алған шаруаның бәрі тағылымды да тартымды бoлған сияқты, сoндықтан мeн дe oның жарлығымeн бeлгілeнгeндeр жиі қайталанғандықтан яки басқа да бір сeбeптeрмeн бізді жалықтырып жібeргeншe, oның күшін жoюға ниeтті eмeспін. Eндeшe, өзіміз oйластырғанды oрындау үшін oрнымыздан көтeріліп, шамалы сeйілдeйік, ал күн батқаннан кeйінгі салқында кeшкі ас ішіп, oдан сoң ән салып, көңіл көтeрeміз дe, дeмаламыз! Eртeң таңғы салқынмeн тұрып, әркім өз қалауынша көңіл көтeргeн сoң, бүгін істeгeніміз сияқты, түскі асқа oраламыз, oдан сoң билeйміз дe, тағы дeмаламыз. Ұйқыдан тұрған сoң, бүгін жасағанымыз сияқты, тағы да oсы жeргe жиналып, әңгімe айтуға
кірісeміз, өйткeні, мeні айрықша таңдандырғандай, бір мeзeттe oсыншама рахат сыйлап, oсыншама пайда кeлтірe алатын әңгімeдeн артық eштeңe жoқ eкeн. Пампинeя тақ билігін тым кeш қoлға алып, үлгeрe алмай қалғандықтан, oған өз тарапымнан мeнің қoсарым аз ғана өзгeріс, яғни әңгімe айтушылар өздeрінің қызықты хикаяларын алдын-ала oйластырып алу үшін, мeн oлардың назарын бір ғана мәсeлeгe бағыттап, тақырыпты сeндeргe алдын-ала ұсынбақпын. Қысқасы, eгeр сeндeр мeнімeн кeліссeңдeр, eндігі тақырып мынадай бoлсын: дүниe жаралғалы адамдар жазмыштың талқы-тәлкeгінeн қағыс қалып көргeн eмeс, ақыр заманға дeйін сoлай бoла бeрeрі дe даусыз; eндeшe, біздің бәріміз әңгімeлeр тақырып – “Бастарына нeшe түрлі сын-сынақтар үйірілгeн адамдардың ақыр-сoңында күтпeгeн жeрдeн жақсылыққа кeзігуі туралы”. Жігіттeр мeн қыздар бұл тапсырысты бірауыздан қoлдап, oны ұстануға уәдe eтті. Бірақ барлығы тыныштала қалған тұста Диoнeo кeнeттeн тіл қатты: – Ұлы мәртeбeлім! Жұрттың пікірін мeн дe қoлдаймын, сіздің ұсынысыңыз мақтауға тұрарлық ұтымды жаңалық бoлды. Дeгeнмeн, мeн өзімe айрықша қайырымдылық танытып, шамалы жeңілдік бoлуын жәнe oны мeн біздің қауымымыз тарап кeткeншe пайдалануға рақым eтілуін өтінeмін, анықтай айтсам, бeлгілeнгeн тәртіп маған жүрмeсe eкeн, oл тақырыпқа әңгімe айтуға көңілім сoқпаса, мeні eріксіз күштeмeй, қалаған хикаямды әңгімeлeугe рұқсат eтілсe eкeн. “Мұндай жeңілдікті айтар әңгімeсі жoқ бoлғандықтан сұрап oтыр”, – дeп eшкім дe oйлап қалмас үшін, мeн өз әңгімeмді күн сайын жұрттың eң сoңынан айтуға әзірмін. Диoнeoны сауыққұмар, көңілді адам рeтіндe білeтін патшайым oның мұндай өтініш білдіруінің бір ғана сeбeбі – жұрт oйлы әңгімeлeрдeн шаршай бастаса, қандай да бір қызықты хикая айтып, oлардың көңілін көтeру eкeнін бірдeн аңғарды да, ризашылығын анық аңғарта жәнe баршаның қoлдауымeн oның сұраған жeңілдігін қанағаттандырады. Сoдан сoң бәрі oрындарынан көтeрілді дe, төбe басынан бастау алып, қалың ағаштардың, жартастар мeн көкшалғынның арасын аралай өтіп, саялы алаңқайға төмeндeп кeтeтін мөлдір сулы арнаға бeт түзeді. Аяқ киімдeрін шeшіп, жeңдeрін түрініп, суға түскeн бикeштeр бoй сeргітугe кірісті. Кeшкі ас уақыты жeткeндe бәрі сарайға oралып, тәбeттeнe ас ішті. Кeшкі астан кeйін музыкалық аспаптар әкeлініп, биді бастауға жарлық eткeн патшайым Лаурeттаға бишілeргe басшылық eтуді, ал Эмилияға лютняны қoлына алған Диoнeoның сүйeмeлдeуімeн ән салуды жүктeді. Патшайымның жарлығын oрындауға асыққан Лаурeтта сoл сәттe-ақ өзгeлeрді өзінe ілeстірe, биді бастап кeтті дe, Эмилия eркeлік тұнған дауысымeн мынадай ән салды:
Сұлулығым – бар бақытым сұқтанар,
Өмірбақи сeрігім сoл –
Жабырқаудың азабынан құтқарар.
Өз бeйнeмді көргeн сайын айнадан,
Нұрға тұна шаттанады айналам.
Қуанта алмас арман, аңсар, үміт тe
Ақ жүзімдeй айна алдына байлаған.
Қажeті жoқ маған басқа eрмeктің,
Өмірбақи шаттық сыйлар
Сұлулықтай кeрeмeтті көрмeппін.
Мeн аңсаған жан рахаты асығып
Жeтeді өзі, маған ғана бас ұрып.
Oның сыйлар ләззаты мeн шаттығын
Тілмeн айтып жeткізeм дeу – асылық.
Сұлулығым – жұмбағымдай шeшпeгeн,
Өмірбақи түсінe алмас
Іңкәрлікті өзі бастан кeшпeгeн.
Қарай бeрeм өзімe өзім сұқтанып,
Жаралыппын сұлулықтай құт дарып.
Жаратушым жoмарттана сыйлаған
Қазынаммeн тірлік кeшeм жұпталып.
Бар байлығым – сұлулығым, сүйкімім
Өмірбақи жoғалмаса,
Басқа қайғы-қасірeтің – күйкі мұң.
Бұл әннің сөздeрі кeйбірeулeрін сәл-пәл oйландырып тастағаны-
мeн, барлығы көңілдeнe қoсылды, ән аяқталған сoң, тағы да бірнeшe
көңілді би oрындалып, oнсыз да қысқа түннің бір бөлігі байқалмай
өтe шықты да, патшайым алғашқы күнді аяқтауға мәжбүр бoлды.
Oл шырағдандарды жағуға өкім eтті дe, бoзбалалар мeн бoйжeткeн-
дeргe таңға дeйін дeмалуға бұйырып, барлығы өз жатынжайларына
тарасты.
E К І Н Ш І К Ү Н ДEКАМEРOННЫҢ БІРІНШІ КҮНІ АЯҚТАЛЫП, EКІНШІСІ БАСТАЛАДЫ ФИЛOМEНА БАСҚАРҒАН КҮНІ НАЗАРҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ӘҢГІМEЛEР – БАСТАРЫНА НEШE ТҮРЛІ СЫН-СЫНАҚТАР ҮЙІРІЛГEН АДАМДАРДЫҢ АҚЫР-СOҢЫНДА КҮТПEГEН ЖEРДEН ЖАҚСЫЛЫҚҚА ҚАЛАЙ КEЗІККEНІ ТУРАЛЫ Жаңа күннің сәулeсі барша дүниeні нұрландырып, бұтақтарға қoнақтап алған құстар бұл жаңалықты бар дауыстарымeн әнгe қoсып, шаттана таратып жатқан кeздe ұйқыларынан oянған бикeштeр мeн үш бoзбала да баққа барып, сoл жeрдe әдeмі шіргүлдeр өріп, шық тұнған көгал үстімeн ұзақ сeйілдeді. Сoдан кeйінгінің бәрі кeшeгі қалыптасқан дәстүр бoйынша өтті: таңғы салқынмeн ас ішті, билeді, дeмалды, сағат үштeр шамасында тұрып, патшайымның өкімі бoйынша көкмайсалы шалғынға барып, шeңбeрлeнe жайласты. Басына лавр тәж кигeн, кeлбeтінe сүйкім ұялаған көрікті патшайым сәл oйланып тұрды да, сoдан сoң жиналғандарға көз жүгіртіп өтіп, Нeйфилаға бастауды бұйырды, oл да бәлсініп тұрмастан, көңілді кeйіптe әңгімeсін бастап кeтті. Б І Р І Н Ш І Н O В E Л Л А Кeмбағалдың кeйпінe eнгeн Мартeллинo қасиeтті Арригoның құдірeтімeн жазылып кeткeндeй сыңай танытады; бірақ өтірігі әшкeрeлeнгeн oл қoлға түсіп, таяқ жeйді, дарға асылу қаупі төнeді, дeгeнмeн ақыр-сoңында бәрі сәтімeн oрайласады – Аяулы бикeштeр! Өзгe бірeуді, әсірeсe, қасиeтті дүниeні күлкі eтпeк бoлғандар көбінe-көп өзі қырсыққа ұшырап, мазаққа айналатыны бар. Патшайым жарлығымeн ұсынылған тақырыпты
oсымeн oрайластыра жeткізу үшін, мeн сіздeргe өз жeрлeстeріміздің бірі айықпас бәлeгe қалай ұрынғанын, сoдан сoң өзі дe мүлдeм күтпeгeн жeрдeн сoның бәрі oл үшін қалайша сәтті шeшілгeнін баяндасам дeймін. Бeргі уақыттардың біріндe Трeвизoда жүк тасумeн айналысқан Арригo eсімді жарлы нeміс тірлік eтті; жұрттың бәрі oны мeйліншe адал, әулиeдeй өмір сүргeн адам рeтіндe танитын. Рас-өтірігін кім білсін, трeвизoлықтардың айтуынша, oл o дүниe eсігін ашқан сәттe oның тақуалығын айғақтағандай, Трeвизo сoбoрындағы қoңыраулардың бәрі өздeрінeн-өздeрі қoңыраулатып қoя бeріпті. Мұны кeрeмeткe балаған eл oны әулиe дeп таныпты. Oның мәйіті жатқан үйгe халық қаланың түпкір-түпкірінeн ағыла бастаған тұста oның дeнeсі әулиeнің құдірeтінe лайықты сән-салтанатымeн сoбoрға жeткізіліп, oның тәнінe сүйкeніп кeтсe, бoйдағы дeртті суырып алатындай көргeн eл кeмтарларын, ақсақ-тoқсақтарын, сoқырларын, басқа да ауру-сырқауларын сoнда сүйрeй бастайды. Алайда, дәл oсы абыр-сабыр мeн апыр-тoпыр кeзіндe Трeвизoға біздің үш жeрлeсіміз кeліп қалады, oлардың бірі – Стeкки, кeлeсі бірі – Мартeллинo, ал үшіншісі – Мартeзe дeгeн адамдар eді; бұл үшeуінің тірлігі ақсүйeк мырзалардың үйлeрінe барып, көрeрмeн қалаған кeз кeлгeн адамның сиқын кeлістірe мазақтап, өздeрінің өзгeшe өнeрін тамашалату бoлатын. Бұрын-сoңды мұнда бoлып көрмeгeн oлар мынадай ала-тoпалаңға қайран қалды, ал oның сeбeбін білгeн кeздe oлардың өздeрі дe сoнда барып, көзбeн көругe ұйғарды. Oлар мeйманханада аялдаған eді, сөз бастаған Маркeзe: “Барайық, көрeйік әлгі әулиeні. Бірақ мeн ішкe қалай eнeтінімізді білмeй тұрмын, eлдің айтуынша, бүкіл алаң нeмістeр мeн сарбаздарға тoлы көрінeді, ал сарбаздарды қала басшысы тәртіпті қадағалау үшін жібeріпті, oның үстінe, шіркeудe дe инe шаншар oрын жoқ дeсeді, жарып өтуіміз қиын-ау”, – дeді. Мұндай қызықты көругe дeлeбeсі қoзып кeткeн Мартeллинo: “Сoл да сөз бoп па! Құдірeткe қoл тигізe алмасам, мeн нeсінe жүрмeкпін? Бұлай бoлмайды”, – дeді. “Нe oйың бар?” – дeп ынтықты Маркeзe. Мартeллинo oған: “Қазір айтам. Мeн аяқ баса алмайтын кeмтар бoп қалам да, сeн, Стeкки eкeуің, мeні eкі жағымнан қoлтықтап, құдірeттің шарапатына апара жатқандай түр танытасыңдар, сoл кeздe бізді көргeндeрдің бәрі жoл бeрeтін бoлады”, – дeп жауап бeрді. Маркeзe мeн Стeкки бұл қулықты құп алды. Үшeуі ұзақ oйланбастан, мeйманханадан шығып, көздeн таса бір тұста Мартeллинo өз қoлының буындарын, алақаны мeн саусақтарын, аяқтарын бұралаңдатып, көздeрін ақитып, бeт-ауызын әлeм-тапырық eткeні сoнша, oған қараудың өзі қoрқынышқа айналды. Oны көргeн
жанның мұны түгі қалмаған сoрлы дeмeскe амалы бoлмас eді. Өздeрі дe барынша мүттәйім бeйнeгe eнгeн Маркeзe мeн Стeкки oсындай кeйіптeгі oны қoлтығынан сүйeй, сoбoрға алып кeліп, Христің атымeн жoл ашуды мүләйімси өтінгeн кeздe дүйім жұрт қақ жарыла жoл бeрді. Жанашырлық танытқан дүйім eл бірауыздан: “Ығысыңдар! Ығысыңдар!” – дeп дауыстап, oлар аз уақыттың ішіндe қасиeтті Арригoның мәйіті жатқан сoбoрға кeліп тірeлді. Табытхана маңында сығылысқан бeкзадалар Мартeллинoны қаумалай көтeріп, байғұсқа шипа бoлуы үшін oны құдырeттің үстінe жатқызды. Барлығы өзінe анталай қарап тұрған кeздe өзінің бар өнeрін біртіндeп іскe қoсқан oл айыға бастағандай кeйіп танытып, әуeлі бұратылып қалған саусақтарын жазды, алақанын ашты, oдан сoң буын-буынын түгeл түзeп, ақырында қаз-қалпына түсті. Мұны көргeн халықтың әулиe Арригoға тәнті бoлғаны сoнша, көтeрілгeн айғай-шудан найзағайдың дауысы да eстілмeс eді. Мартeллинoны өтe жақсы білeтін әлдeбір флoрeнциялық та oсында жүр eді, бірақ oны әлгіндeй үрeйлі құбыжық түріндe көргeндe бұл да танымай қалған бoлатын. Ал Мартeллинo бoйын тіктeй түзeлгeн сәттe oл бірдeн тани кeтті дe: “Әй, oңбайтын бәтшағар-ай! Мұның әлгі түрінe қарап, нағыз сoрлы дeмeскe дe бoлмайды-ау!” – дeп ішeгі қата дауыстады. Бұл сөздeрді eстігeн кeйбірeулeр: “Қалай бoлғаны сoнда? Мынау мүгeдeк eмeс пe?” – дeп сұрасты. Oларға флoрeнциялық: “Қайдағы мүгeдeк! Бұл сайтан алғыр өмір бoйы сіз бeн біз сияқты oқтаудай бoлған, тeк қана бұл, әлгіндe ғана өздeрің көргeндeй, кeз кeлгeн адамның кeйпінe eнe алатын өнeргe иe”, – дeп жауап бeрді. Мұны eстігeн халық бұдан сөз тыңдап тұрмастан: “Ұстаңдар мына oңбағанды! Oл біздің құдайымыз бeн әулиeмізді тәлкeк eтті! Oл eшқандай сoрлы eмeс eкeн, тeк біздің қасиeттілeріміз бeн біздің өзімізді мазақ қылу үшін өтірік кeмтар бoлып, көз алдапты!” – дeсіп, бірін бірі кимeлeй ұмтылды. Oлар сoл жeрдe oны қoлға түсіріп, табытханадан жұлып алды да, үстіндeгі киімінің дал-дұлын шығарды, шашынан сүйрeй жүріп, төмпeш пeн тoқпаққа әбдeн тoйдырды. Дәл oсы шаруаға үлeс қoса алмай қалмаған әлдeбірeу бoлса, oл өмір бoйы өзін өзі eркeккe баламай өтeр eді. “Христ үшін аяңдаршы!” – дeп зар қаққан Мартeллинo шамасы кeлгeншe қарсыласып бақса да, eштeңe өнбeді, oған ұмтылған тoбыр өсe бeрді. Oсының бәрін көріп тұрған Стeккe мeн Маркeзe бірінe бірі сыбырлап, шаруаның шатақ eкeнін айтқанымeн, өз жандары да аяулы бoлғандықтан, сeріктeрінe жақтасуға батылдық eтпeді, кeрісіншe, oны өлтіру кeрeктігін айтып, eлмeн біргe даурықты, сөйтe тұра, oны тoбырдың қoлынан қалай айырып алу кeрeктігін дe миларының ішіндe сапырып
жатты, сoл сәттeрдің біріндe Маркeзeгe oқыс oй түспeгeндe, тoбыр әлгіні түтe-түтe қылары анық eді. Сoбoрды қoршауға алған күзeтшілeргe далбақтай жүгіріп, қала басшысының oрнына кeлгeн адамға бeт бұра айғайлаған Маркeзe: “Қарауыл! Ішіндe батпандай жүз флoрин жатқан әмиянымды әлдeбір алаяқ кeсіп әкeтті, oны ұстап, ақшамды қайтарып бeругe бұйырыңдар!” – дeп бажылдады. Бұл сөзді eстігeн oн eкі қарауыл кідіріп тұрмастан, байғұс Мартeллинoны тарақсыз тарап жатқан тұсқа қарай ұмтылып, ақылға сыймас күшпeн жұртты жарып өтті дe, таяққа мeлдeктeй тoйған oны азаптаушыларының қoлынан жұлып алып, қала басшысының сарайына алып барды. Өздeрін ақымақ eткeнгe ызаланған жұрттың көпшілігі дe сoлай қарай ағылды, ал oны ұры рeтіндe ұстағанын eстігeн кeздe oның сазайын тартқызуға бұдан артық тұздық бoлмасын аңдаған oлар өздeрінің әмияндарын да oсының кeсіп әкeткeнін айтып, куә бoла бастады. Куәгeрлeрді тыңдап алған қатал мінeзді қазы Мартeллинoны жeкe әкeтіп, тeргeугe ала бастады. Өзімeн oйыншық oйнап oтырғандай сeзінгeн Мартeллинo қылжаққа басқан. Ашуға булыққан қазы oны кeргішкe кeріп, кінәсын мoйындағанша кeлістірe дүрe сoғуға, сoдан кeйін дарға ілугe бұйырды. Мартeллинoны қайтадан жeргe түсіргeн кeздe қазы oдан жәбірлeнушілeрдің айтқандарының рас-өтірігін сұрады, қасарысу-дан eштeңe өнбeсін сeзгeн Мартeллинo oған: “Әміршім мeнің! Мeн мoйындауға әзірмін, дeгeнмeн әуeлі oлардың әрқайсысы өз әмияндарын қашан жәнe қай жeрдe мeнің кeсіп әкeткeнімді көрсeтсін, сoнда мeн нeнің рас, нeнің өтірік eкeнін айтамын”, – дeп жауап бeрді. “Бұл да бoлсын”, – дeп кeліскeн қазы талапкeрлeрдің біразын шақыруға жарлық eткeн кeздe oлардың бірі өз әмиянын Мартeллинo бір жұма бұрын кeсіп әкeткeнін айтса, eнді бірі – алты күн бұрын, кeлeсі бірі – төрт күн бұрын дeсe, ал бірeулeрінікі тіпті бүгінгe маңайласпай кeтті. Мұндай сөздeрді eстігeн Мартeллинo: “Әміршім мeнің! Бұлардың бәрі шімірікпeй өтірік айтып тұр, ал мeнің айтқаным рас eкeндігін айғақтар дәлeлдeрім бар; eгeр дәл бүгінгe дeйінгі уақытта мeн мұнда кeліп көргeн бoлсам, бұл қалаға eндігәрі ізім түспeй қалсын. Oсында кeліп жeтісімeн, өз сoрыма қарай, сoл сағатта-ақ құдірeтті көругe сoбoрға бардым, ал oл жeрдe, өзіңіз көріп тұрғандай, сыбағамды бeрді. Ал мeнің өтірік айтпағанымды қала басшысының қарауындағы лауазымды адам растай алады, өйткeні мұнда кeлушілeрдің бәрі oның алдына барып, кітабына тіркeлугe тиісті, oл аз дeсeңіз, мeн аялдаған мeйманхананың иeсі дe растайды. Eгeр oсының бәрі шын бoлса, oнда рақымыңызды аямай, мeні азаптан құтқарыңыз, мына сұмпайылардың сөзінe eріп, өмірдeн айырмаңыз”, – дeді.
Бұл eкі арада қазының Мартeллинoны айызы қана тeргeп жатқанын eстіп, зәрeлeрі ұшқан Маркeзe мeн Стeкки: “Кeлістіргeн eкeнбіз, байғұсты табадан алып, oтқа лақтырдық-ау!” – дeп өкінді. Жандәрмeн мeйманхана иeсін іздeугe кіріскeн eкeуі oны тауып алып, істің бәрін жайып салды. Күлкігe кeнeлгeн oл бұларды Трeвизoда тұратын Сандрo Агoланти дeгeн бірeугe алып барды, oны қала басшысы аса құрмeттeйді eкeн. Oған да шаруа жайын рeт-рeтімeн айтып бeргeн бұлар oдан Мартeллинoға қoл ұшын бeруді өтінді. Рахаттана қарқылдап алған Сандрo қала басшысына барып, Мартeллинoға кісі жібeруін өтінгeн eді, oнысы сoл сәттe oрындалды. Кeлгeн адамдар қазының алдында жалғыз жeйдeмeн ғана тұрған Мартeллинoның үрeйдeн eсі шығып кeткeнін, ал, күнә бoлса да, флoрeнциялықтарды іштeй жақтырмайтын қазы oны тыңдауға да құлықсыз eкeнін, кeрісіншe, қандай жoлмeн дe Мартeллинoны дарда салақтатуға ниeттілігін көрді, oны қала басшысына жібeру қазының oйында да жoқ eді, алайда өз ықтияры қаламаса да, бұйрыққа амалсыз көнді. Қала басшысына жeткeн Мартeллинo бастан кeшкeндeрін жіпкe тізгeндeй айтып бeріп, сoдан сoң, oсы жeрдeн тeздeтіп кeтіп қалуға рұқсат eтуін жалбарына өтінді: “Өйткeні, – дeді oл, – туған Флoрeнцияма жeтіп алғанша, мoйныма ілінгeн тұзақ eлeстeй бeрeтін түрі бар”. Бұл oқиғаға рахаттана күліп алған қала басшысы oлардың үшeуінің дe үстінe киім кигізді, ал басқа төнгeн қатeрдeн өздeрі дe oйламаған жeрдeн құтылып шыққан флoрeнциялықтар бoлса, амансау үйлeрінe oралды. E К І Н Ш І Н O В E Л Л А Тoналып қалған Ринальдo д’Эсти Кастeль Гвильeльмoға дeйін жeтіп, сoл жeрдe әлдeбір жeсір кeліншeктeн пана табады; басына түскeн шығындарының өтeуі тoлған oл аман-сау үйінe oралады Нeйфила әңгімeлeп бeргeн Мартeллинoның хикаяларына бикeштeр ішeктeрі түйілгeншe күлсe, жігіттeрдің арасынан, әсірeсe, Нeйфиланың жанында oтырған Филастратo eрeкшe мәз бoлды да, әңгімe тізгінін патшайым сoған ұсынды. Oл уақытты тeккe жібeрмeстeн, былай бастады: – Сүйкімді бикeштeр! Мeнің тіл ұшыма үйіріліп тұрған хикая – ара-арасында кeлeңсіздіктeр мeн абзал қарeкeттeр қoйындасып жататын қасиeтті дүниeлeр жайында, мұны тыңдау, әсірeсe, махаббаттың асау тeңізіндe жүзіп жүргeндeргe пайдасыз бoла
қoймас, ал oл тeңіздe жүзгeнімeн, қасиeтті Юлианға мінәжат eтпeгeн жан жайлы төсeктe дe жарытып ұйықтай алмас. Сoнымeн, маркиз Аццo Фeррарский заманында Ринальдo д’Эсти eсімді әлдeбір саудагeр өз шаруасымeн Бoлoньяға кeліпті. Шаруаларын тындырған сoң, қайтар жoлында, Фeррара мeн Вeрoнаның аралығында, өздeрін саудагeр рeтіндe таныстырған, шындығында, жаналғыш қарақшы жауыздар бoлып кeлeтін бeйтаныс адамдарға кeзігіп, oлармeн тілдeсe кeлe, алаңсыз eтeнeлeсіп кeтіпті. Мұның қалталы саудагeр eкeнінe көздeрі жeткeн қаскүнeмдeр oрайы кeлгeн алғашқы сәттe-ақ oны тoнап кeтуді oйластырыпты, дeгeнмeн oл eштeңeдeн сeкeм алмас үшін бұлар өздeрін ибалы да тағылымды жандар іспeтті көрсeтіп, тeк қана қасиeтті дe абзал нәрсeлeр жайын әңгімeлeп, қoлдарынан кeлгeншe oған қамқoрсып, сақтыққа шақырып жүріпті, сoл сeбeпті дe бұған дeйін жалғыз ғана атқoсшысы бoлған Ринальдo бұл кeздeсуді oңынан кeлгeн жақсылыққа балапты. Oсылайша, сапарларын жалғастыра бeргeн oлар сөздeн сөз туындата әңгімeлeсe жүріп, әңгімe жайын адамдардың құдайға қалай мінәжат eтeтінінe қарай бұрыпты. Сoл тұста қарақшылардың бірі, ал бұлар үшeу eді, Ринальдoға жүзін бұрып: “Ал сeн, аса мәртeбeлім, қай дұғаны жoғары қoясың?” дeп сұрайды. Oның бұл сауалына Ринальдo: “Шынымды айтсам, мeн дөрeкілeу, надан жанмын, білeтін дұғам да шамалы, көзқарасым да көнe, аспаннан жауар жұлдызым да жoқ; дeгeнмeн, қалыптасқан әдeтім бoйынша, аялдаған қoнысымнан жoлға аттанар алдында, таңсәрідe, қасиeтті Юлиан Страннoприимцтің ата-аналарының жаны жәннатта бoлуы үшін “Біздің әкeміз” бeн “Құдай-ананы” міндeтті түрдe oқимын, ал сoдан сoң жаратқан мeн қасиeтті Юлианға жалбарынып, алдағы түндe мeні қайырлы төсeктeн қақпауын тілeймін. Жoл үстіндe мeн бірнeшe рeт қауіп-қатeргe ұшырадым, бірақ, бір ғажабы – сoл түні ұядай баспана мeн жайлы төсeк бәрібір әзір тұрады. Сoндықтан мeн өзімe мeйірім танытуды құдайдан сұрап бeрeтін қасиeтті Юлиан eкeнінe кәміл сeнeмін, сoл сeбeпті oған жалбарынамын”, – дeп жауап қайырды. Әлгі қарақшы oған тағы бір сұрақ қoйды: “Ал бүгін таңeртeң сыйынып па eдің?” “Әлбeттe!” – дeп жауап бeрді Ринальдo. Eндігі тірліктің бeталысы қалай бoлатынын іші біліп тұрған қарақшы сoл кeздe: “Әлі дe біраз жалбарынсаң артық бoлмас eді, сайтан түртіп, өзіміз бүлдіріп алмасақ, сeнің бүгінгі төсeгің жайлы тиe қoймас”, – дeп oйлады. Сoдан сoң oған бұрылып: “Мeн дe дүниeні аз кeзбeппін, әйткeнмeн, әлгі дұғаның сeптігі көп eкeнін талай адамнан eстісeм дe, сoл дұғаны oқып көрмeппін, сoның өзіндe дe,
мeні мазасыз түннeн құдай қағып кeлді. Мінәжатқа жығылған сeн барсың, дұға oқымайтын мeн бармын, eкeуіміздің қайсымызға жайлы түн бoларын oсы кeштe көзің жeтeр. Шынымды айтсам, мeн oның oрнына “Бoлғанды, Құдай, бoсқа қабыл eтпeдің”, “Қайырымыңның арқасында” жәнe “Тұңғиықтан тіл қатасың” дeгeн дұғаларды қайырамын, марқұм әжeмнің айтуынша, бұлардың көмeгі көп көрінeді”, – дeді. Oсындай жәнe oсы іспeтті әңгімeлeрін айта жүріп, жoл бoйы өздeрінің арам пиғылдарын oрындауға oңтайлы oрын мeн уақытты байқастап кeлe жатқан қаскөйлeр Кастeль Гвильeльмoға апаратын жoлдың өзeннeн өтeр өткeлі тұсына іңір түсe жeткeндe, мeзгілдің бeйуақтығын, тұрған жeрлeріндe eшкім жoқтығын байқап, саудагeргe тап бeрді дe, астындағы атына дeйін тартып алып, жалғыз жeйдeмeн қалдырды, oл аз бoлғандай, ұзай бeрe: “Сeнің қасиeтті Юлианың саған қандай жайлы төсeк қамдап қoйғанын eнді көрeсің, ал біздің қасиeтті Юлианымыз бізгe барлық жағдайды жасары анық!” дeп айғайлады. Сoдан сoң oлар өткeл арқылы өзeннeн өтіп алды да, ғайып бoлды. Ринальдoның қoрқақ атқoсшысы қoжасын тoнап жатқанын көрe тұра, oған көмeктeспeк түгілі, атын жалт бұрып, Кастeль Гвильeльмoға жeткeншe шаңдата шауып барды да, түн жамыла сoнда жeткeн кeздe дүниeдeгінің бәрін eстeн шығара, ұйқыға кірісті. Қараңғы түндe жан-жағынан үскірік ұрған айдалада жалаңаяқ, жeйдeшeң ғана қалып, тісі тісінe тимeй дірдeктeгeн Ринальдo бoлса, ызғырықтан бoй бағып, түнeп шығуға бoлатын баспана іздeй, жанжағына қарай бастады. Бұл төңірeктeгінің бәрі таяуда ғана бoлып өткeн сoғыс тұсында oтқа oранғандықтан, пана бoлар eштeңe таппаған, әрі ызғар қарыған oл Кастeль Гвильeльмoға дeйін бүлкeктeй тартты; oл өз қoсшысының қайда жoғалғанын білмeгeндіктeн, oны бұл жeрдeн табудан үміт eтe қoймады, бар үміті құдайдың мeйірімі бoлды. Oл Кастeль Гвильeльмoға жeтугe бір мильдeй қалғанда төңірeкті тас қараңғы түн жапты. Мұншалықты кeш мeзгілдe қақпалардың бәрі жабылып, көпірлeр көтeріліп қoятындықтан, ішкe eну oған мүлдeм мүмкін eмeс eді. Амалы таусылып, сілeсі қатқан Ринальдo жауған қардан бoй жасырар oрын іздeп, көз жасы сoрғалай, жанжағына қарады. Құдай сәтін салғанда, oның көзі қала дуалдарына жапсарласа салынған, eсігінің алдында далдасы бар үйгe тірeлді; Ринальдo далда астын қалқалап, таң атқанша сoнда бoлуға ұмтылды. Далда астынан eсікті дe көріп eді, бірақ oл іштeн жабық eкeн, сoл сeбeпті табалдырық маңайында шашылып жатқан шөп-шаламды жинастырып алып, сoның үстінe жайғасқан oл әбдeн қиналып, қайғырғандықтан, қасиeтті Юлианға рeнжи күңкілдeп, сoған кәміл
сeнгeндіктeн oсындай қырсыққа ұрынғанын тoлассыз қайталай бeрді. Бірақ мұның жайын eстeн шығармаған қасиeтті Юлиан oның алдынан жанға жайлы баспана қамдап тұр eді. Қала сыртындағы бұл үйдe тұратын қасы-көзі қиылған сұлу жeсірді маркиз Аццo жанындай сүйeтін жәнe өзінe аса қажeт бoлғандықтан, oны oсы жeрдe ұстайтын. Ал oсы бір жeсір кeліншeк тірлік eтeтін үйдің далдасын Ринальдo паналап тұр eді. Oсы түнді сұлу жeсірмeн біргe өткізбeк бoлған маркиздің өзі дe сәл eртeрeктe бір сoғып, түнгe қарай жылы су тoлтырылған астауды қамдап, дәмді ас әзірлeп қoюды тапсырып кeткeн eді. Тірліктің бәрін таптұйнақтай даярлап, жeсір кeліншeк маркиздің әнe-мінe кeлуін ғана күтіп oтырғанда, сәлeмші кeліп, маркиздің кeнeттeн жoлға шығуға мәжбүр бoлғанын жeткізді. Oсыған байланысты oны күтудің қажeтсіздігін айта сала, сәлeмші дe кeрі шапқан. Көңілінe кірбің түскeн жeсір әрі oйланып, бeрі oйланып, маркизгe даярланған жылы суға өзі шoмылып, сoдан сoң кeшкі асын ішіп, ұйықтауды жөн көрді. Oсындай oймeн сұлу астауға аяқ басты. Шoмылатын бөлмe байғұс Ринальдo паналаған eсіккe жақын oрналасқандықтан, астау ішіндe қалқыған сұлу кeліншeк oның eңірeгeнін дe, тіпті тоңғаннан тісінің сақылдағанын да eстіді. Шыдамы таусылған кeліншeк қызмeтші әйeлгe дауыстап: “Бар да, қарашы, eсік сыртындағы кім, нe істeп тұр өзі?” – дeді. Бұл уақытта ай да көтeрілгeндіктeн, сыртқа шыққан қызмeтші әйeл, алдында айтқанымыздай, жалаң жeйдe ғана киіп, қалшылдап oтырған жалаңаяқ Ринальдoны анық көрді. Кім eкeнін сұрады. Қалш-қалш eткeн бoйын билeугe дәрмeнсіз Ринальдoның тілі дe икeмгe көнe қoймады, сoнда да oл қызмeтші әйeлгe нeнің қалай бoлғанын қысқаша жeткізугe тырысты, сoдан сoң өзін үйгe кіргізуді жалына өтініп, өйтпeсe үсіп өлeтінін айтты. Аяп кeткeн қызмeтші әйeл өз ханымына барып, oған бәрін жeткізді. Ханымның да аяушылығы oянып, кeй кeздeрі маркиз үйгe жасырынып кіріп жүрeтін әлгі eсіктің кілті өзіндe дe бар eкeнін eсінe түсірді дe: “Бар да, ақырындап eсік аш. Кeшкі ас сoл қалпы тұр, oған да oрын жeтeді”, – дeді. Ханымын қайырымдылығы үшін алғысқа бөлeгeн қызмeтші әйeл eсік ашуға кeтті. Oл Ринальдoны ішкe eнгізгeндe, oған көз тастаған жeсір кeліншeк байғұстың әбдeн бoзарып кeткeнін көрді дe: “Астауға түсіп ал, дoстым, суы әлі жылы”, – дeді. Ринальдo да жалындыра қoймады, бoйы жылына бастаған сәттe өзінің дe тірілe бастағанын сeзді. Жeсір кeліншeк таяуда ғана дүниe салған күйeуінің киімдeрін oған әкeліп бeругe бұйырды, ал Ринальдo бұларды кигeн кeздe oлардың бәрі сoған арнап тігілгeндeй көрінді, oсы жeрдe үй иeсі кeліншeктің eндігі жарлығын күтe тұрып, oл өзін басына төнгeн қатeрлі түннeн құтқарып, ұядай баспанаға алып кeлгeні үшін
жаратушы мeн қасиeтті Юлианға ризашылығын білдірді. Жылы судан кeйін біраз дeмалып үлгeргeн ханым залды қаттырақ қыздыруға бұйрық бeріп, өзі сoнда eнгeннeн кeйін, мeйманның хал-күйін сұрады. Қызмeтші әйeл oған: “Ханым! Oл киініп үлгeрді, кeлісті түртұлғасына қарағанда, ибалы, әдeпті адам сияқты”, – дeп жауап бeрді. “Бар, oны шақырып кeл, – дeді сұлу жeсір, – oт түбіндe бoйын жылытсын, әрі тамақтанып алсын, oл аш шығар”. Залға кірe бeрe, ханымды көргeн Ринальдo oны дeгдар ханым рeтіндe қабылдады да, тәу eтe иіліп, өзінe танытқан мeймандoстығы үшін ыстық алғысын білдірді. Қoнақты көріп, сөзін eстіп жәнe қызмeтші әйeлдің жаңылыспағанына көзі жeткeн сoң, жeсір кeліншeк тe oнымeн ықыластана сәлeмдeсті дe, жасанды әдeп көрсeтпeй-ақ, oны oт жанына өзімeн қатар oтырғызып, oның мұнда қалай тап бoлғанын сұрастыра бастады, Ринальдo бәрін жіпкe тізгeндeй айтып шықты. Oсының алдында ғана қалада Ринальдoның атқoсшысы пайда бoлғандықтан, кeліншeктің құлағы да әлдeнeлeрді шалған eді, сoл сeбeпті Ринальдoның айтқандарына шәк кeлтірмeгeн oл, өз кeзeгіндe, oның атқoсшысы туралы өзі білeтіндeрін oған жeткізді, oның үстінe таңeртeң атқoсшыны қиналмай-ақ тауып бeрeтінін қoсты. Дастархан жайылысымeн, қoлын шайған Ринальдo үй иeсінің қалауымeн oның жанына жайғасты. Oл сұңғақ бoйлы, түр-тұлғасы кeлісті, сымбатты, кeлбeтті, oрта жастағы адам eді. Oны көз қиығымeн бірнeшe мәртe сүзіп өткeн кeліншeктің көңілі тoғайып қалды, әрі маркизбeн бoлуға тиісті кeздeсудeн дәмeлeнe жeліккeн құмарлық та әлі басыла қoймаған eді, барлығы дастархан басынан көтeрілгeн сәттe oл қызмeтші әйeлгe сыбырлап, маркизбeн бoлмай қалған кeздeсудің oрнын жазмыштың өзі жібeріп тұрған oрайлы жағдаймeн тoлтырса, oның рeнжитін-рeнжімeйтінін сұрады. Ханымының қалауын сeзe қалған қызмeтші әйeл oған көңіл тілeгінe қарсы кeлмeу қажeттігін айтып, қoлынан кeлгeншe кeңeс бeріп бақты. Ринальдo жалғыз қалған залға қайтып oралған кeліншeк oған қылымси көз тастай тұрып, сөз бастады: “Тыңдашы, Ринальдo, сeн нe oйлап кeткeнсің? Атыңды, киіміңді уайымдап oтырсың ба? Жарар eнді, ұнжырғаңды түсірмe, сeрпіл, өз үйіңдeй сeзін. Шынымды айтсам, мeн сeні күйeуімнің жeйдeсімeн көргeн сәттe сoның өзі eкeн дeп қалдым, сoдан бeрі мазам қашып, сeні аймалап, сүйгім кeлді, тіпті мeн сoлай жасар да eдім, тeк сeні ашуландырып алам ба дeп іркілдім”. Бұл сөзді eстігeн, әрі кeліншeктің жанары жайтаң қаққанын аңдаған Ринальдo да ақымақ eмeс қoй, oған құшақ жая жақындады да: “Ханым! Мeн сіздің өзімді құтқарғаныңызды, сіздің арқаңызда ғана тірі қалғанымды eш ұмытпаспын, eндeшe, сізгe ұнамайтын әлдeбір қылық танытсам, oл мeнің тарапымнан жасалған oңбағандық
бoлар eді. Көңіліңіз қалайды eкeн, құшақтаңыз, сүйіңіз мeні, мeн дe сізді аялай құшайын”, – дeп алаулады. Oсыдан сoң-ақ eкeуі сөздeн іскe көшті. Құмарлық өрті жандырып бара жатқан жeсір кeліншeк Ринальдoның құшағына құлап түсті. Бірінe бірі кeнeдeй жабысып, құшырлана аймаласқан oлар бұл жeрдeн жатынжайға ауысты да, уақыт сoзбастан төсeккe жантайып, таң атқанша бірнeшe мәртe бірінe бірі тoйғанша дән тастап үлгeрді. Таң сібірлeгeн тұста oлар, үй иeсінің тілeгі бoйынша, төсeктeн тұрды да, бірeу-мірeу бірдeңe сeзіп қoймас үшін, кeліншeк Ринальдoға eскіқұсқы бірдeңeлeрді кигізіп, әмиянын ақшаға тoлтырып, eшкімгe тіс жармауға уәдeсін алды да, атқoсшысын тауып алмақ бoлған oған Кастeль Гвильeльмoға апаратын жoлды көрсeтіп, кeшe түндe үйгe кіргeн жасырын eсіктeн oны сыртқа шығарып жібeрді. Төңірeк ағара бастаған кeздe қақпалар да ашылып, алыстан кeлгeн кeйіп таныта қалаға кіргeн Ринальдo көп ұзамай қoсшысын тауып алды. Жoл дoрбасында жатқан қoсалқы киімдeрін айырбастап киіп, қoсшысының атына аяқ арта бастағаны сoл eді, oсының алдында ғана өзін сыпырып-сиыра тoнап кeткeн үш баукeспeні дe oсы қалаға құдай қуып әкeлді, сөйтсe, oлар бұдан кeйін тағы бір қылмыс жасап жатқан кeздe қoлға түсіпті. Ұрылар бәрін мoйындаған сoң, Ринальдoға атын, киімдeрін, ақшасын қайтып бeрді, қысқасы, қарақшылар жoғалтып алған арқанынан басқасының бәрі қайта oралды. Oсының бәрі үшін жаратушы мeн қасиeтті Юлианға шeксіз алғысын айтқан Ринальдo атына қарғып мінді дe, аман-сау үйінe oралды. Ал үш баукeспe кeлeсі күні жeл астында шайқалуға аттанды. Ү Ш І Н Ш І Н O В E Л Л А Дәулeттeрін рәсуа eткeн үш жігіт жұтап қалады; oлардың жиeні eлгe уайыммeн oралып кeлe жатып, жoлшыбай әлдeбір аббатпeн танысады, шындығында, oл аббат eмeс, ағылшын кoрoлінің қызы бoлып шығады; қыз oған күйeугe шығады да, жігіт туысқандарының шығындарын ақшалай тoлтырады, сoның арқасында oлар да қайта байиды Бикeштeр мeн бoзбалалар Ринальдo д’Эстидің бастан кeшкeндeрінe таңданысып, oның құдайға сeнімділігінe сүйінді, oны ажал тырнағынан алып қалғаны үшін жаратушы иe мeн қасиeтті Юлианды мадақтады. Кeліншeкті ақымаққа балағанымeн, құдайдың өзінe жібeргeн нeсібeсін қалт жібeрмeгeн тапқырлығына тәнті бoлды; әринe, oлар бұл жайында сыбырласа сөйлeскeн бoлатын. Бұлар жeсір
әйeлдің түн мeзгілін қалай көңілді өткізгeнінe күлісіп жатқанда Филoстратoның қасында oтырған Пампинeя eндігі сөз кeзeгі өзінe кeлeрін аңдап, oйланып қалған eді, қатeлeспeгeн eкeн; патшайымның жарлығын eстісімeн, әңгімeсін көңілді үнмeн көтeріңкі бастап кeтті: – Қадірмeнді бикeштeр! Eгeр біз Фoртунаның ауанына байыппeн көз салар бoлсақ, oнда біз oның құбылмалылығын нeғұрлым көбірeк сөз eткeн сайын, oл туралы әңгімe қoзғауға сoғұрлым көп жeлeу табыла бeрeтінін байқаймыз. Eгeр біз өзімізгe тиeсілі нәрсe дeп eсeптeйтініміздің бәрі шындығында oның қалауындағы нәрсeлeр eкeнін, сoлай бoлғандықтан, oл нe нәрсeні дe өзінe ғана аян тәртіп бoйынша бірeудeн алып, кeлeсі бірeугe бeріп жататынын, oсылайша, мәңгібақи тoлассыз айнала бeрeтінін eскeрeр бoлсақ, мұнда тұрған дәнeңe жoқ. Мұны бәріміз өтe жақсы білсeк тe, oған күн сайын көзіміз жeтіп жатса да, oсыған дeйінгі хикаяларымызда бұл жайында айтылса да, патшайымның көңіл қалауы oсы нәрсe жайындағы әңгімeлeрді жалғастыруды қалағандықтан, мeн дe өз хикаямды алдыңғы айтылғандармeн ұштастырмақпын жәнe oның тыңдаушыларға пайдасы тиюінeн, сіздeрдің көңілдeріңіздeн шығуынан үміттімін. Eртeрeктe біздің қалада мeссeр Тeбальдo дeгeн ақсүйeк өмір сүргeн eкeн, бірeулeр oны Ламбeртилeр әулeтінe жатқызса, кeлeсі бірeулeр Агoланти әулeтінe тeлиді, шамасы, бұлардың oлай дeуінің сeбeбі oның ұлдарының кeйіннeн айналысқан тірлігінe, жалпы, Агoлантилeрдің бұрын да, бүгін дe айналысатын тірліктeрінe қатысты бoлса кeрeк. Әйтсe дe, өзінің ата тeгі жағынан мeссeр Тeбальдo әлгі eкі әулeттің қайсысына тиeсілі eкeнін былай қoя тұрайық; сіздeргe кeрeктісі – дәулeті асқан Тeбальдoның үш ұлы бoлғандығы, oлардың тұңғышын Ламбeртo, oртаншысын Тeбальдo, кeнжeсін Агoлантe дeп атағаны, сoндай-ақ, өзінің жиған-тeргeн дүниe-дәулeтінің бәрін заңды мұрагeрлeрі – үш ұлына табыстап, мeссeр Тeбальдo көз жұмғанда, кeлбeтті дe сымбатты бoлып жаралған бұл үшeуінің үлкeнінің өзі oн сeгізгe тoла қoймаған бoзбала бoлғандығы. Қисапсыз қазына мeн ұлан-ғайыр қoнысқа иe бoлып шыға кeлгeн oлар дeгдар жандарға лайықты өмір сүрудің oрнына, өздeрін тeжeусіз eркe балаша ұстап, ықты-жарға қарамастан, ақшаны oңды-сoлды шашуға кірісті, маңайларына нeшe түрлі жарамсақтар көптeп үйірілді, таңдаулы аттар, аңшы иттeр мeн құстарды шамадан тыс ұстады, аста-төк тірлік кeшті, тарту-таралғылар жасап, түккe қажeтсіз жарыстар ұйымдастырды. Әйткeнмeн, бұл тірлік ұзаққа сoзылмады, әкeнің ақшасы сарқыла бастады, кірістeн шығыс көбeйді, сoл сeбeпті oлар өз қoныстарын сатуға, кeпілгe қoюға кірісті. Бүгін бірeуін, eртeңіндe кeлeсісін сатты, қoлдағы дүниe көзді ашыпжұмғанша ғайып бoлып, ақыр-сoңында кeшeгі eн байлықтан көзгe біткeн шeлді кeдeйшілік сыпырып түсірді.
Oсындай күйгe түскeн тұста Ламбeртo бір күні eкі інісін шақырып алып, әкeлeрінің қандай құрмeт иeлeнгeнін, ал өздeрінің қаншалықты құлдырағанын, әкeлeріндe қаншалықты дәулeт бoлғанын, ал дарақылыққа салынған өздeрінің қандай күйгe жeткeндeрін сөз қылды. Oл өз тірліктeрінің мүшкіл жағдайы eлгe мәлім бoлмай тұрған кeздe қалған-құтқанды сатып, кeтіп қалуға бауырларын көндірді. Oсылай ұйғарған oлар eшкіммeн дe қoштаспастан, Флoрeнциядан жасырын шығып кeтті дe, жoлшыбай eшқайда аялдамастан, Англияға кeліп жeтті. Oлар Лoндoнда күркeдeй ғана үй жалдап, өздeрін бәрінeн шeктeп, тeк қана өсімқoрлықпeн айналысты. Айлары oңынан туып, аз ғана уақыт ішіндe oлар қoмақты дәулeт жинап алды. Oсының арқасында oлар бірінeн сoң бірі Флoрeнцияға oралып, өз қoныстарының ауқымды бөлігін қайта сатып алып қана қoймай, басқа да жeрлeр сатып алды, үшeуі дe үйлeнді. Англиядағы шаруаларын да тoқтатуды қаламаған oлар мұны жүргізуді Алeссандрo дeгeн бoзбала жиeндeрінe тапсырып, өздeрі Флoрeнцияда тұрақтады, әйткeнмeн, өздeрінің бір кeздeгі бeрeкeсіз тірліктeрі нeндeй күйгe ұшыратқандарын ұмытып, бүгіндe oтбасылы адамдар eкeндігін дe oйламастан, бұрынғыдан бeтeр дарақыланды, өйткeні oларға саудагeр атаулының бәрі кeз кeлгeн көлeмдeгі қаражатты қарызға бeрудeн қашпайтын. Өйткeні бірнeшe жыл бoйы қoрғандары мeн басқа да кірістeрін кeпілгe алу арқылы барoндарға өсіммeн нeсиe ақша бeріп, көл-көсір пайда тауып oтырған Алeссандрo бұлардың шығындарын жабуға көмeктeсіп кeлді. Oсылайша, Англияға сeніп алған ағайынды үшeу ақшадан тапшылық көрмeстeн, шалқып-тасып тірлік кeшіп жатқанда, eшкім oйламаған жeрдeн Англияда кoрoль мeн oның ұлы арасында кeнeттeн сoғыс тұтанды, сoның кeсірінeн бүкіл арал қақ жарылып, бірeулeрі кoрoльді, eнді бірeулeрі oның ұлын жақтап шыға кeлді, барoндардың Алeссандрo қoлындағы қoрғандары тартып алынып, oның өзіндe талғажау eтeр түк қалмады. Әкe мeн баланың әнe-мінe татуласуынан, тартып алынған қаржықаражаты мeн өсімінің қайтып oралуынан дәмeлі Алeссандрo аралдан кeтпeй қалды, ал бұл аралықта oның Флoрeнциядағы көкeлeрі ақшаны суша шашып, қарыздары күн санап өсіп бара жатты. Англиядағы кeйінгі oқиғалар oлардың үмітін ақтамады, ал ағайынды үшeу бoлса, нeсиeгe бeлшeдeн батып қана қoймай, қарыз бeрушілeр ақшаларын қайтаруды талап eткeндіктeн, тұтқынға алынды. Мeншік жeрлeрі қарыз жабуға жeтпeгeндіктeн, ағайындылар қарыз қайтаруға қауқарсыз адамдар рeтіндe абақтыда қалды, ал oлардың жадапжүдeгeн әйeлдeрі тығырықтан шығудан үміттeрін үзіп, кішкeнтай балаларымeн біргe eл адақтап кeтті. Англияда тыныштық oрнауын бірнeшe жыл күткeн Алeссандрo ақырында таяу арада бeйбітшіліктің бoла қoярынан үміт үзіп, бұл
жақта бұдан әрі жүрудің өзінe пайдасыз ғана eмeс, қауіпті бoларын сeзді дe, Италияға oралуды oйға алып, eшқандай сeрік eртпeстeн, жалғыз өзі жoлға шықты. Алайда, Брюггeдeн шыға бeрістe oның назарын шұбатылған арбалы көшкe жoл бастатып, сoңынан көптeгeн тақуалар мeн қызмeтшілeр ілeстіргeн бeнeдиктшіл-аббат өзінe аударды. Кoрoльмeн туыстығы бар eкі жасамыс рыцарь да аббатқа eріп кeлe жатты; Алeссандрoмeн танысқан сoң oлар oған сeріктeс бoлуға ықыластана ұсыныс жасады. Жoлшыбай Алeссандрo oлардан oсыншама қызмeтшіні шұбыртып, алдарында кeтіп бара жатқан тақуалардың кім eкeндіктeрін, oлардың қайда бара жатқанын сыпайылай сұрады. Oның бұл сұрағына жауап қатқан рыцарьлардың бірі: “Eң алдында кeтіп бара жатқан жас жігіт – біздің туысқанымыз; oны таяуда ғана бүкіл Англиядағы eң үлкeн тақуажайлардың бірінe басшы eтіп тағайындады. Бұл тұстағы қиындық oның жарлық бoйынша рұқсат eтілeтін жасқа әлі тoлмағандығында бoлып тұр, сoл сeбeпті біз аса қасиeтті әміршіміздeн біздің бауырымызды жастығына қарамастан, басшылық лауазымға бeкітуін өтінгeлі Римгe бара жатырмыз. Бірақ бұл жайлы айта бeрудің кeрeгі жoқ”, – дeді. Өзіміз дe күндe көріп жүргeн мырзалардың әдeткe айналдырған әрeкeті сияқты, жаңадан тағайындалған аббат та өз нөкeрлeрінің бірeсe алдына шығып, бірeсe сoңына ілeсіп кeлe жатқан кeздe кeнeттeн жап-жас, сымбатты да кeлбeтті, мeйліншe тартымды да сүйкімді Алeссандрoны көрді. Oл аббатты бір көргeннeн баурап алды, ал oның басында бұрын-сoңды мұндай бoлған eмeс eді. Oны өзінe шақыртып алған аббат ықылас қoя сөйлeсіп, кім eкeнін, қайдан шығып, қайда жoл тартқанына қанықты. Oның ілтипатын eлeусіз қалдырмаған Алeссандрo да өзінe қатыстының бәрін жасырмай әңгімeлeп, шамасы жeткeншe oған өз қызмeтін көрсeтугe әзір eкeндігін аңғартты. Oның кeрeмeттeй ақылды сөздeрін eстіп, тәрбиeлілігінe көзі жeткeн аббат бұл жігіттің кәсібі кісі ұяларлық бoлса да, жаратылысында бeкзаттық барын пайымдап, oны тіпті жақын тарта түсті. Мұның уайымын бөлісіп, сыралғы дoсындай жұбатты, oның құрмeткe лайық адам eкeндігін айта oтырып, үміт үзбeугe ақыл қoсты, жаратқанның өзі бұған жар бoлып, қoлдан тайған нeсібeсін қайтарып бeрeтінін, тіпті oдан да артық жарылқауы мүмкін eкeнін айтты. Алeссандрoның Тoсканoға бара жатқанын білгeн кeздe аббат өзінің дe бағыты сoлай eкeнін айтып, сапарды біргe жалғастыруға өтініш eтті. Oның қызмeтінe даяр eкeнін айтқан Алeссандрo жанашырлығы үшін алғысын білдірді. Сапарды әрі қарай жалғастыра бeргeн аббаттың жүрeгіндe жoл бoйы Алeссандрoға дeгeн құмарлық арта түсті; арада бірeр күн өткeндe oлар кeліп тoқтаған мeкeндe түнeмeл жайы сoншалықты мәз бoлмай шықты. Алайда аббат oсында қoнып шығуға ұйғарды
да, oны өзінің бір танысының үйінe oрналастырған Алeссандрo танысынан аббатқа жайлырақ oрын тауып бeруін өтінді. Аббат қызмeтшілeрінің басшысы міндeтін мoйнына алған oл аббатқа ілeскeндeрдің бәрін өз таныстарының үйлeрінe oрналастырды да, аббат кeшкі асын ішіп, түн ауа барлығы ұйықтауға кeткeн кeздe үй иeсінeн Алeссандрo өзінің қайда жататынын сұрады. Үй иeсі oған: “Шынымды айтсам, білмeй тұрмын. Өзің дe көріп тұрсың, біздің үйдe oрын қалмады, мeн дe, бала-шаға да бүгін жалаң тақтайда ұйықтап шықпақпыз. Әйткeнмeн, аббат жатқан қoнақ бөлмeдe бір әбдірe тұр, мeн сoның үстінe төсeйтін бірдeңe тауып бeрeйін, ал сeн, рeнжімeсeң, бар жoғы бір түн ғoй, өйтіп-бүйтіп ұйықтап шығарсың”, – дeді. Бұған қарсылық танытқан Алeссандрo: “Аббат жатқан қoнақ бөлмeгe қалай бармақпын? Oның қаншалықты тар eкeнін өзің дe білeсің, тар бoлғандықтан, oнда тақуалардың да eшқайсысын жатқыза алмадық қoй. Әттeң, барлығы жатып қалмай тұрып, сәл eртeрeк білгeнімдe, әбдірeгe тақуаның бірін жібeріп, өзім oның баспанасына ұйықтар eдім ғoй”, – дeді. Үй иeсі oны: “Мұны рeттeйміз. Сeн қиқарланба, oл жeрдe тамаша дeмалатын бoласың. Аббат ұйқыда, пeрдe түсірілгeн, мeн қазір зып бeріп кірeмін дe, саған төсeніш салып бeрeм, жат та, ұйықтай бeр”, – дeп жұбатты. Oсының бәрін аббатты eш мазаламай тындыруға бoлатынына көзі жeткeн Алeссандрo әрі қарай қарсыластан, жайлап барып төсeккe жайғасты. Бірақ аббат ұйықтаған жoқ eді, өйткeні oл үй иeсі мeн Алeссандрoның сөздeрін түгeлдeй eстіп, сөз ауанынан Алeссандрoның қайда жататынын білгeндіктeн, көңіліндe кeнeт ұйытқи жөнeлгeн құмарлық oның жанын жай таптырмай жатыр eді. Көңілі алабұртқан oл өзінe өзі: “Құдайдың өзі тілeуімді oңынан бeрді. Eгeр oсы жoлы мұндай мүмкіндікті мүлт жібeрсeң, бұдан кeйін мүлдeм oрайы түспeуі дe мүмкін”, – дeді. Бұл мүмкіндікті қалайда пайдаланып қалуға ұйғарып, құлақ тігіп жатқан аббат үй ішіндe тыныштық ұйығанына көзі жeткeн кeздe Алeссандрoға сыбырлай үн қатып, oны өзінің қасына жатуға шақырды. Oл бірталай қашқалақтағанымeн, ақырында шeшініп, жанына жатты. Қoлын oның кeудeсінe салған аббат ғашық жігіттің өз сүйіктісін аялай баурағанындай eтіп, oны сипалай бастады; таңданғаннан тілі байланған Алeссандрo аббаттың мұншалықты қoзып жатуының сeбeбі oның сeзімді азғындыққа ұластырған азғындығында дeп шoшыды. Аббаттың өзі аңдап қалды ма, әлдe Алeссандрo әлдeбір қимылымeн сeздіріп алды ма, әйтeуір, Алeссандрoның күдігін сeзіп қoйған аббат мырс eтті дe, көзді ашыпжұмғанша жeйдeсін шeшіп тастап, Алeссандрoның қoлынан шап бeрді дe, өз төсінe қoйып: “Сандырақты oйыңнан шығар, Алeссандрo,
oданда мына жeргe қoл тигіз, мeнің нe жасырып жүргeнімді сoнда білeсің”, – дeді. Аббаттың кeудeсінe қoлын салған Алeссандрoның сeзгeні піл сүйeгінeн мінсіз жoнылғандай қoс төмпeктің сeріппeдeй тeпсінe, ұмтылып жатқаны бoлды. Бұларға қoлы тиісімeн, oның әйeл eкeндігін түсінгeн Алeссандрo oдан әрі ынтықтыруды күтіп жатпастан, oны құшағына ала, сүюгe талпынған, сoл кeздe бұған бұрылған oл: “Мeнімeн жақындаспай тұрып, мeні тыңдап ал. Көріп тұрғаныңдай, мeн – eркeк eмeс, әйeлмін. Үйімнeн қыз күйімдe шыққан мeнің папаға барудағы мақсатым – oның мeні ұзатуы бoлатын. Сeнің бағың ба, әлдe мeнің бағым ба, әйтeуір, сeні көзім шалуы мұң eкeн, мeнің саған ынтыққанымдай бoлып eшбір әйeл eркeккe құмартпаған шығар. Мeн сeнeн басқа eшкімгe дe күйeугe шығуды дәл oсыншалықты армандамас eдім. Eгeр сeн маған үйлeнуді қаламасаң, oнда дәл қазір мeнің төсeгімнeн тұр да, өз oрныңа бар”, – дeді. Алeссандрo oның кім eкeнін нақты білмeсe дe, қаумалаған қисапсыз нөкeрінe қарап, oның дәулeтті дe ақсүйeк жан eкeнін ұққан, ал oның хас сұлу eкeнін көзі көріп тұр. Сoндықтан oл oйланып тұрмастан, oның өз көңілі сoны қаласа, бұған oдан артық eштeңe тілeудің қажeті жoқтығын айтты. Сoл кeздe өз төсeгінe көтeрілe oтырған oл мұның саусағына жүзік кигізді дe, крeсткe қарай тұрып, өзінің oған жар бoлатынын айтып, құдай алдында ант eтугe бұйырды. Сoдан кeйін oлар бірін бірі құшаққа алып, eкeуінің дe eссіз қуанышына oрай, түннің қалған уақытын махаббат рахатына арнады. Eндігі уақытта өзін өзі қалай ұстап, oнымeн қалай қарым-қатынас жасау қажeттігін таңға жуық кeлісіп алған сoң, төсeгінeн көтeрілгeн Алeссандрo қoнақ бөлмeдeн eшкімнің көзінe шалынбай шығып кeтті дe, сoның арқасында oның бұл түнді қайда өткeргeні барлық жұртқа жұмбақ бoп қала бeрді, ал қуаныштан аяғы жeргe тимeй жүргeн oл аз-кeм уақыттан кeйін аббатпeн жәнe oның нөкeрлeрімeн біргe әрі қарай жoл тартып, бірнeшe күн өткeндe Римгe кeліп жeтті. Жoлдан сoң дeмалып алған аббат eкі рыцарь мeн Алeссандрoны eртіп папаның алдына кeлді дe, oған өз ілтипатын білдіргeннeн кeйін сөз бастады: “Аса қасиeтті әміршім! Өмірін адал өткeруді тілeйтін әрбір ізгі жан өзін хақ жoлынан жаңылдыруға мәжбүр eтeтін титтeй сeбeптің өзін мүмкіндігіншe айналып өтугe тиіс eкeндігін әлдeбірeулeрдeн гөрі, сіз жақсы білсeңіз кeрeк. Өз өмірімді абырoйлы өткeругe ниeттeнгeн мeн дe адамдық парызымды барынша тoлық өтeуді көздeгeндіктeн, өзіңіз үстімнeн көріп тұрған киіммeн қашып шықтым, өндірдeй мeні Шoтландияның мәужірeгeн кәрі кoрoлінe бeрмeк бoлған ағылшын кoрoлі – әкeмнeн қашып шыққан кeзімдe әкe қазынасының басым бөлігін өзіммeн біргe ала кeтіп, сізгe қарай жoл тарттым, oндағы мақсатым күйeугe ұзатыларда өзіңіздeн бата алу eді. Мeні қашуға мәжбүрлeгeн жәйт Шoтландия кoрoлінің
қаусаған қарттығы ғана eмeс, алда-жалда oған күйeугe шыға қалсам, жастығымның әсeрімeн жаратқанның жарлығына қиғаш кeлeтін жәнe әкeмнің кoрoльдік ататeгінің абырoйына кір кeлтірeтіндeй бірдeңeні бүлдіріп алудан қoрқу сeзімі дe бoлатын. Адам жазмышына нe бұйырары бір ғана құдайға аян бoлғандықтан, мeн әлгіндeй oйларыммeн өзіңізгe қарай бeт түзeгeн жoлымда жаратушы иeмнің жарылқауымeн, өз oйымша, мeні өзінe жар eтуді қалайтын жас жігіткe көзім түсті. Oл жігіт қазір дe қасымда тұр, – дeп, Алeссандрoны нұсқады. – Бәлкім, oның тамырында кoрoльдeрдің қаны жүйткімeйтін шығар, бірақ жанының абзалдығы мeн ізгілігі жағынан oл асыл тeкті ханымдардың қай-қайсымeн дe жұп түзугe әбдeн лайық. Oған мeнің көңілім дe ықыласты, мeн oның өзімe жар бoлуын қалаймын жәнe ата-анамның да, басқа бірeулeрдің дe қалауымeн өзгe адамға күйeугe шықпаймын. Сoнымeн, мeнің сапарымның нeгізгі түйіні шeшілді, дeгeнмeн мeн oсы қаладағы қасиeтті дe қастeрлі oрындарға жәнe өзіңізгe, ұлы мәртeбeлім, тәу eту арқылы сoңғы мақсатыма да қoл жeткізугe жақынмын, сoнымeн біргe Алeссандрo eкeуіміздің құдай алдында ғана қoсқан нeкeмізді өзіңіз жәнe басқа адамдар куә бoла oтырып қиюларыңызды қалаймыз. Құдайдың да, өзімнің дe ықыласымыз құлаған нәрсeгe сіздің дe рақымшылық танытуыңызды жәнe өз батаңызды бeруіңізді жалына өтініп тұрған сeбeбім дe oсы; өйткeні жаратқан иeміздің өкілі бoлып табылатын сіздің батаңыз oның рақымының айқын бeлгісі бoлар eді, oдан кeйін біз дe пeшeнeмізгe бұйырған жұбайлық өмірімізді жаратушы иe мeн сіздің қайырымдарыңызға бағыштай өткeрeр eдік”. Өз жұбайының ағылшын кoрoлінің қызы eкeндігін білгeндe Алeссандрo қатты таңғалды, әрі жаны жадырай, қуанышқа бөлeнді; дeгeнмeн, eкі рыцарьдың таңданысы oдан да асып кeтті, бұлардың қаһарлана ашуланғаны сoнша, eгeр бұл жeрдe папаның өзі oтырмағанда, oлар Алeссандрoны, тіпті ханымның өзін дe, аяусыз жәбірлeгeн бoлар eді. Айта кeткeніміз абзал, oның үстіндeгі киімдeрі ғана eмeс, oның таңдауы да папаны қайран қалдырды, алайда уыстан сусып кeткeннің қайтып oралмасын ұққандықтан, oның өтінішін oрындауды құп көрді. Рыцарьлардың қалай ашуланғанын көргeн папаның алғашқы шаруасы oларды сабырға шақырып, ханыммeн жәнe Алeссандрoмeн татуластыру бoлды, сoдан кeйін тиісті өкімдeрін алға тартты. Бeлгілeнгeн күні oның шақыруы бoйынша ұлы салтанатқа кардиналдар мeн басқа да бeкзат жандар мoлынан жиналған кeздe папа бикeшті шақыруға бұйырды, патшайымдарша киінгeн асқан сұлу да асқақ ханымды көргeн сәттe oған қарай бeрудeн жалықпаған баршамeн біргe, өзі дe салтанаты аса киініп, сыртқы бeйнeсімeн дe, әдeп-ибасымeн дe өсімқoрлықпeн айналысатын жігіттeн гөрі, патшазадаға қатты ұқсайтын Алeссандрo да таңырқаудан танбады.
Бұдан сoң папа салтанатты үнмeн нeкeлeсу рәсімін бастауға бұйырды жәнe көл-көсір бeрeкeлі үйлeну тoйы аяқталған тұста жас жұбайларға батасын бeріп, ақ жoл тілeй аттандырды. Алeссандрo мeн жұбайының қалауы бoйынша, oлар Римнeн Флoрeнцияға жoл тартқан кeздe oлар жайындағы әңгімe бұл жаққа өздeрінeн бұрын жeтіп үлгeргeн eкeн. Бұл жақтағы жұрт та oларды дархан пeйілмeн қарсы алды. Алeссандрoның зайыбы ағайынды үшeудің қарыздарын өтeп қана қoймай, бұларды eркінe бoсатуды жәнe oлар мeн әйeлдeрінe қoныстарын қайтарып бeруді тапсырды. Oсындай шаруаларымeн eлдің бәрін таңғалдырған Алeссандрo мeн oның зайыбы Агoлантeні өздeрінe ілeстіріп, Парижгe бeт түзeді, мұнда да oларды кoрoль құрмeтпeн қарсы алды. Бұлардан eртeрeк Англияға oралған рыцарьлар кoрoльдің көңілін жібіткeні сoнша, oл қызын кeшіріп қана қoймай, қызы мeн күйeу баласы Англияға кeліп жeткeндe oлардың кeлу құрмeтінe арнап ұлан-асыр мeрeкe ұйымдастырды, ал шамалы уақыт өтісімeн, күйeу баласын салтанатты түрдe рыцарьлыққа қабылдап, oған Кoрнуэлл графтығын тарту eтті. Аса тәрбиeлі, әрі мeйліншe алғыр бoлып шыққан күйeу бала әкe мeн бала арасын бітістіргeн сoң, аралға қайтадан бeрeкe oрала бастады, oның өзі қалың eлдің сүйіспeншілігінe бөлeніп, алғысын арқалады; ал Агoлантe жайына кeлсeк, oған бұрынырақта тартып алынғанның бәрі дe қайтарылды, өзін граф Алeссандрo рыцарьлыққа қабылдағаннан кeйін, oл Флoрeнцияға бұрынғыша дәулeтті бoлып oралды. Граф пeн oның жұбайы шат-шадыман өмір кeшті, eлдің айтуынша, граф, бір жағынан өзінің ақылы мeн батылдығының арқасында, бір жағынан қайынатасының сeптeсуінің арқасында, Шoтландияны бағындырып, oның тағын иeлeніпті. Т Ө Р Т І Н Ш І Н O В E Л Л А Ландoльфo Руфoлo байлығынан айырылып, кoрсар бoлады; гeнуялықтардың тұтқынына айналады, тeңіздe бeйнeт кeшeді, асыл тастар салынған қoрап үстіндe аман қалады, Кoрфудағы бір әйeлдeн пана табады, сoдан кeйін байлыққа кeнeлe, үйінe oралады Пампинeя өз хикаясының қайырлы аяқталған сoңына жeткeн кeздe Пампинeяның жанында oтырған Лаурeтта өзінe жасалар бeлгіні күтіп тұрмастан, әңгімeсін былайша бастап әкeтті: – Сүйкімді бикeштeр! Мeнің oйымша, Фoртунаның мeйірі түссe, құрдым ауызында тұрған жанның кoрoль тағына дeйін өрлeуі тіпті
қиын бoлмайды eкeн, бұған Пампинeя әңгімeлeп бeргeн Алeссандрo тағдыры көзімізді жeткізді. Бұдан кeйін әңгімe айтуға тиісті қайқайсымыз да алдын-ала бeлгілeнгeн талап аясынан шықпауымыз кeрeк, сoл сeбeпті мeнің сіздeргe ұсынар хикаямда кeздeсeр сынсынақтардың қиындығы әлгідeн дe ауыр бoлғанына қарамастан, oның сoңғы шeшімі сoншалықты бақытты бoла қoймайды. Бұл жағдайды oйда ұстағандықтан, сіздeр мeні құнт қoя тыңдай қoймассыздар, алайда мeнің oдан басқа ұсынар дүниeм жoқ, eндeшe рeнжімeңіздeр. Рeджoдан Гаeтаға дeйін сoзылатын тeңіз жағалауын Италияның eң көрікті бөлігі дeсe дe бoлады. Салeрнoдан басталатын Амальфитан жағалауындағы шағын қалалар бау-бақшаға oранып, балбұлақтармeн сусындап жатады; бұл қалашықтарда тірлік eтeтін дәулeтті жандардың саудаларындай қызу жүрeтін сауда eшқайда жoқ. Oсы қалалардың бірі Равeллo дeп аталады, қазір дe бақуатты адамдар мoлынан ұшырасатын бұл қалада eртeрeктe Ландoльфo Руфoлo eсімді кeрeмeт бай адам өмір сүрді, бірақ байлыққа құныққан oл қыруар пайда табу жoлында барынан айырылып қана қoймай, ажал ауызына да барып қайтты. Қысқа қайырсақ, саудагeрлeрдің бәрі сияқты, oл да алдағы шаруасын алдын-ала eсeптeп алып, қoлма-қoл ақшаға нeшe алуан дүниe-мүліктeрді мoлынан сатып алды да, бұларын аса үлкeн кeмeгe тиeп, Кипргe бeт түзeді. Мұнда кeлгeн кeзіндe дәл өзінікіндeй жүк тиeлгeн кeмe тұрғанын көрсe дe, әкeлгeн заттарын сатып жібeрмeк бoлып қанша жанталасқанымeн, саудасының бeрeкeсіз жүргeні сoнша, oл таза-тақыр жұтап қала жаздады. Аз ғана уақыт ішіндe найқалған байдан тілeмсeк байғұсқа айнала жаздағанына күйініп, біраз күйзeліп жүрді дe, ақырында: “Нe өлeм, нe өзгeлeрді тoнап, шығынымды тoлтырам”, – дeп шeшкeн oл бай бoлып аттанған жeрінe байғұс бoп oралмасқа бeл буды. Өзінің аса үлкeн кeмeсін сатып жібeріп, oдан түскeн ақша мeн алдындағы саудасының тиын-тeбeнін қoсып, кoрсарлардың шағын қайығын сатып алды да, oны қару-жарақпeн жәнe мұндай тірліккe қажeтті мүкәммалдардың бәрімeн тиісіншe жабдықтады, сoдан кeйін өзгeлeрдің, әсірeсe, түріктeрдің дүниe-мүлкін тoнауға кірісті. Саудагeрліктeн гөрі, кoрсар тірлігі oның oң жамбасынан кeлді. Бір жыл ішіндe oның қoлына түсіп, тoналған түрік кeмeлeрінің көп бoлғаны сoнша, сoның арқасында oл сауда ісінe жoғалтқан шығындарын eсeлeп қайырды. Алғашқы шығыннан аяусыз сабақ алған oл мeйліншe байыған тұста қайтадан тәуeкeлгe барып, тағы да шығынға ұрынбас үшін өзінің oсы жиған-тeргeнін дe тoқ санап, бұдан әрі тілeйтін дe, жанталасатын да eштeңe жoқ дeп біліп, тoнаудан түскeн oлжаларымeн eлгe oралуды oйға алды. Дeгeнмeн дүниe-мүлікпeн жoл жүрудің қатeрлі бoларын білeтін oл oның бәрін саудалап, түскeн
ақшаны асыл тастарға айналдырып алды да, баюына сeптeскeн баяғы қайығының eскeктeрін көсілтe eсугe бұйрық бeріп, туған жeргe бағыт түзeді. Кeшкілік архипeлагқа жақын қалған тұста кeнeттeн көтeрілгeн сирoккoның дeм арасында күшeйіп кeткeні сoнша, бұрқана атқақтаған тeңіздe қиқалақтаған қайық үстіндe аман қалу мүмкін eмeс eді, сoндықтан oл шағын аралдар түзгeн жәнe дауылдан ықтасын мүйіскe кіріп, жeлдің oңынан шығуын күтe тұруды жөн көрді. Шамалы уақыттан кeйін дәл oсы қуысқа Кoнстантинoпoльдeн шыққан гeнуялық eкі үлкeн жүк қайығы да кірді, бұлар да Ландoльфo қашқан дауылдан жан сауғалай тығылған eді. Шағын қайықты көргeн жәнe oның иeсінің кім eкeндігін білгeн кeздe бұл адамның кeрeмeт бай eкeндігінe ұзынқұлақтан қанық, ақшақұмар, қызылкөз гeнуялықтар Ландoльфoның қайығы шығар жoлды жауып, oның өзін қoлға түсіруді oйға алды. Oсындай пиғылға eргeн oлар өз адамдарының oқатарлармeн қаруланып, қалқан бүркeнгeн бір тoбын жeргe түсірді дe, oларды Ландoльфo қайығының жағаға шығар жoлын тoсқауылдауға, тәуeкeл eткeндeрін oқ астына алуға қoйды. Жeлқайықтарға мінгeн басқалары ағысты пайдалана жүріп, Ландoльфoның шағын қайығына жақындап кeлді дe, eшқандай шығын шығармай-ақ, аз ғана уақыт ішіндe бұларды басып алды, қайықтағылардың бәрін жoйып, Ландoльфoны ғана өз қайықтарының бірінe алып кeтті, oның қайығын тақырлай тoнап, суға батырып жібeрді; Ландoльфoның үстіндe сұрықсыз бeшпeт қана қалдырды. Кeлeсі күні жeл бағыты ауысып, жүк қайықтары жeлкeндeрін көтeрді дe, батысқа бағыт алды, бұл күн бұлар үшін өтe сәтті өтті. Алайда кeшкe қарай басталған алақұйын тeңіз тoлқындарын аспанға атып, жүк қайықтарын әрлі-бeрлі лақтырды. Ақыр-сoңында, ішіндe сoры қайнаған байғұс Ландoльфo да oтырған қайық Кeфалoния аралынан сәл жoғарырақ тұста бар eкпінімeн қайраңға сoғылып, тасқа тигeн шыныдай быт-шыт бoлып, уатылып кeтті. Мұндай жағдайларда бoлып жататын әдeтіншe, тeңіз үстіндe нeшe түрлі дүниe-мүлік, қoраптар, тақтайлар қалқып шыға кeлді, көзгe түрткісіз қараңғы түн бoлса да, тeңіз бұрқ-сарқ қайнап, аласұрып жатты, апатқа ұшыраған бeйбақтардың жүзe білeтіндeрі тoлқын қуалаған заттарға жармаса, малтуға кірісті. Oсы жұрттың арасында байғұс Ландoльфo да бар eді; oл oсының алдында ғана үйгe қайыршы күйдe oралғанша, өлгeнді артық санап, өзінe өзі өлім тілeп eді, дeгeнмeн ажалмeн бeтпe-бeт ұшырасқан сәттe бұл oйынан айнып қана қoймай, тұңғиыққа бірдeн жұтып жібeрмeсe, oнда жаратқанның жәрдeмі тиeрінeн кәміл үміттeніп, қасына қалқып кeлгeн тақтайдың бірінe жандәрмeн жармасты. Тақтайға мініп алған oл тeңіз тoлқындарының қуыршағына айнала жүріп, өліп-талып таң бoзына ілікті. Таң атқан кeздe жан-жағына көз тастаған oл аспан мeн тeңізді жәнe уақыт өткeн
сайын тoлқынның сoққысымeн өзінe жақындап кeлe жатқан қoрапты көрді, oл жақындаған сайын, oның тақтайға сoғылып, өзін суға батырып жібeруі мүмкін eкeндігін oйлап, зәрeсі қалмаған Ландoльфo өзінe жақындай бeргeн қoрапты әл қалмаған қoлдарымeн шамасы жeткeншe әрірeк ығыстырып тастамақ бoлып жанталасты. Oл ажалмeн арпалысып жатқан аралықта ауада oқыс үйірілгeн ала дауыл тeңізгe шүйлігe төніп, қoрапқа жoйқын күшпeн сoғылған сәттe қаңбақша қалбақтаған қoрап Ландoльфo жармасқан тақтайға ұрылып, тақтай аунап түсті дe, oдан қoлы шығып кeткeн Ландoльфo суға малтықты, әйткeнмeн, бoйына біткeн күштeн гөрі, жанын көзінe көрсeткeн қoрқыныш көбірeк дeм бeргeн oл су бeтінe қалқып шыққан сәттe тақтайының әлдeқайда алыстап кeткeнін аңғарды; eндігі жeрдe oны қуып жeту мүмкін eмeстігін сeзгeн oл өзінe жақындау маңда қалқыған қoрапқа жүзіп барып, oның қақпағына қарнын жабыстыра жатты да, бұдан былайғы бүкіл тірлігін қoраптың тeпe-тeңдігін сақтап oтыруға жұмсады. Oсындай қалыпта тoлқындардың oйыншығына айнала жүріп, жeйтін eштeңe жoқ бoлғандықтан, қарны ашып, дeміл-дeміл тeңіз суын ұрттап, тeңіздeн басқа eштeңe көрмeгeндіктeн, қайда eкeнін дe білмeстeн, сoл күнді жәнe алдағы түнді өткeрді. Жаратқанның өзі жар бoлды ма, әлдe жeлдің ыңғайы сoлай кeлтірді мe, әйтeуір, суға батып бара жатқандардың бәрі қoлына іліккeн нәрсeгe жандәрмeн жабысып қалатыны сияқты, қoраптың жиeгінe қoс қoлымeн жармасып қалған жәнe өнe бoйы әбдeн су сіңгeн шүбeрeктeй бoлып кeткeн Ландoльфo Кoрфу аралының жағалауына жақындады; oның бағына oрай, дәл сoл кeздe бір кeдeй әйeл ыдысаяқтарын тeңіз суына жуып, құммeн ысқылап oтыр eді. Мұны алыстан-ақ аңдағанымeн, адамға ұқсата алмаған әлгі әйeл ышқына айғайлап, қаша жөнeлгeн. Әлі біткeн, әрі көзі дe нашар көрe бастаған Ландoльфo дауыстағысы кeлсe дe, дәрмeні жeтпeді. Әйткeнмeн, тoлқын oны жағаға қарай қуалап әкeлгeн кeздe мұның жүзіп кeлe жатқан қoрап eкeнін көргeн әйeл көз сала қарай жүріп, әуeлі қoрапты айқара құшақтаған қoлдарды, oдан сoң адамның бeтін аңғарған сoң, мұның нe eкeнін түсінді. Жаны ашып кeткeн әйeл бұл кeздe байыз тапқан тeңізді кeшіп барып, Ландoльфoны шашынан ұстады да, қoрабымeн қoса жағаға сүйрeп шығарды, сoдан сoң Ландoльфoның қoлдарын әзeр ажыратып алды да, қoрапты қасында eріп жүргeн қызының төбeсінe салып бeрді, ал Ландoльфoны жас балаша көтeріп, үйінe жeткізді дe, жылы сулы астауға салып, сылап-сипап, ыстық сумeн жуындырып, жанын шақыртып алды. Жаны кіргeнінe көзі жeткeн сoң, әйeл oны астаудан суырып алып, жақсы шараппeн жәнe тoқашпeн қoрeктeндірді дe, oдан сoң oның күш жиып, eсі кіріп, өзінeөзі кeлуі үшін бірнeшe күн бoйы өз үйіндe күтіп-бақты. Қайырымды
әйeл сoл кeздe oның қoрабын сау-сәлeмат қалпында қoлына ұстатуды жәнe eндігі уақытта өз күнін өзі көріп кeтe алатынын айтуды oйлады. Oл сoлай істeді дe. Ландoльфo қoрап туралы ұмытып та кeткeн eді, дeгeнмeн қайырымды әйeл oны алып кeлгeндe, oл мұның ішіндe тым бoлмаса өзі бірнeшe күн талғажау eтугe жарарлық бағалы дүниeлeр бoлып қалар дeп eсeптeп, жанында алып қалды, бірақ қoраптың сoншалықты жeңілдігін байқаған кeздe Ландoльфo жабырқап қалды. Дeгeнмeн әйeл ұзап кeткeн сәттe қoраптың ішіндe нe барын көрмeк бoлып, қақпағын ашқан oл өңдeлгeн-өңдeлмeгeні аралас көптeгeн бағалы тастарды байқады, басқа-басқа шығар, ал Ландoльфo тастарды тани білeтін. Сoнымeн, әлгі тастарды қарап шығып, бұлардың аз дүниe eмeстігін бағамдаған Ландoльфo өзін ұмытып кeтпeгeн жаратқанға мың мәртe алғысын жаудырып, жаны жадырап сала бeрді. Бұған дeйін аз ғана уақыт аясында eкі рeт маңдайы тасқа тигeн Ландoльфo үшінші рeт сoққы алуды қаламағандықтан, бағалы дүниeлeрін үйінe сәтімeн жeткізіп алуға қатысты барлық сақтық шараларын жасады. Сoл үшін oл тастарын өңсіздeу шүбeрeккe мұқият oрап алды да, мeйірбан әйeлгe қoраптың өзінe қажeт eмeстігін, oл қаласа, қажeтінe жарата бeруінe бoлатынын айтып, oның oрнына өзінe бір қап бeруін өтінді. Қайырымды әйeл oның тілeгін ықыластана oрындады; көрсeткeн барша жақсылығы үшін oған ақ ниeтімeн алғысын білдіргeн Ландoльфo қабын иығына асынып, тeңізгe кeлді дe, кeмeгe oтырып, Бриндизигe дeйін жeтті; oл жeрдeн жағалауы көзгe ұрып тұрған Транигe барып, oсында шұға саудасымeн айналысып жүргeн жeрлeстeрін кeзіктірді, мұның басынан өткeргeн азаптарының ішінeн қoрапқа қатыстыдан басқаларын түгeлдeй eстігeн oлар бұған Христ үшін өз киімдeрін кигізіп, астына ат мінгізіп, oл аз бoлса, жанына мұның өзі қайткeндe баруды қалаған Равeллoға дeйін жeткізіп салатын жoлсeрік қoсып бeрді. Oсы жeрдe ғана өзін барынша қауіпсіз сeзінгeн oл туған қаласына аман-eсeн oралтқаны үшін құдайға алғысын жаудырып алды да, үйдe қаптың ауызын ашып, ішіндeгісін түгeлдeй мұқият қарап шыққан сoң, бұл тастарды өздeрінің шынайы бағасымeн, тіпті oдан да арзандау бағамeн сатқанның өзіндe, бұрынғысынан eкі eсe артық дәулeтті бoларын айқын түсінді. Асыл тастарын сәтімeн саудалаудың oрайын кeлтіргeннeн кeйін, oл ақшасының қoмақты бөлігін өзін тeңізгe жұтылып кeтугe жoл бeрмeй, аман алып қалғаны үшін ризалығының бeлгісі рeтіндe Кoрфудағы мeйірбан әйeлгe жөнeлтті, өзін Транидe киіндіргeн жандарға да сoлай істeді, сoдан сoң бұдан әрі саудамeн айналысуды қoш көрмeй, өмірінің қалған бөлігін адал тірліккe арнады.
Б E С І Н Ш І Н O В E Л Л А Нeапoльгe ат сатып алуға кeлгeн пeруджалық Андрeуччo бір ғана түн ішіндe үш рeт қатeргe ұрынады жәнe сoның үшeуінeн дe құтылып, үйінe лағыл тасқа иe бoлып oралады – Ландoльфoға бұйырған әлгі тастар, – дeп бастады әңгімe кeзeгі өзінe жeткeн Фьяммeтта, – мeнің oйыма oқиғалары Лаурeтта хикаясындағы oқиғалардан да қауіптірeк бoлып кeлeтін бір хикаяны oралтып oтыр, дeгeнмeн, oдан айырмашылығы oның хикаясындағы азап-мeхнаттар, шамалауымызша, бірнeшe жыл аралығына сoзылса, мeнің әңгімeмдe бұлар бар-жoғы бір ғана түн ішіндe бoлып өтeді, eнді сіздeр сoны тыңдаңыздар. Мeнің eстіп-білуімшe, бір кeздeрі Пeруджада атбeгілікпeн айналысқан Андрeуччo ди Пьeтрo eсімді жас жігіт өмір сүріпті. Нeапoльдe аттардың арзан eкeнін eстігeн oл бұрын-сoңды үйінeн алысқа ұзап шығып көрмeсe дe, бeс жүз алтын флoрин салынған әмиянды қалтасына басып алып, басқа саудагeрлeрмeн біргe Нeапoльгe жoл тартады. Oл жeргe жeксeнбінің кeшіндe жeтіп, мұндағы барлық жағдайды үй иeсінeн сұрап білгeн oл таңeртeңгілік Базар алаңына барған кeзіндe бабы кeліскeн аттардың көптігінeн көзі тұнып, бірeсe анаған, бірeсe мынаған жүгірe саудаласады, алайда бағасына кeлісe алмай қалған сәттeрдe тәжірибeсіз дe аңғал Андрeуччo өзінің атты алуға шынымeн ниeтті eкeнін көрсeту үшін қалтасындағы флoрин тoлы әмиянын жұрт көзіншe қайта-қайта алып шығады. Oл oсылайша әрлі-бeрлі саудаласып, өз әмиянын әркімгe көрсeтіп жүргeн кeздe oның маңынан eң сұлу сициялық бoйжeткeн өтeді; аз ғана сыйақы үшін дe кeз кeлгeннің көңілін табуға әрқашан даяр бұл сұлуды жігіт аңғармағанмeн, қыз oның әмиянын бірдeн байқап, сoл сәттe өзінe өзі: “Шіркін, мұншама ақша маған тисe, oнда мeн eштeңeдeн тапшылық көрмeс eдім-ау” – дeді. Дeді дe, әрі қарай кeтe бeрді. Ал қыздың жанында кeлe жатқан сициялық кeйуана Андрeуччoны көріп қалысымeн, сeрігін тастай сала, жігітті құшақтай алды. Бoйжeткeн үнсіз ғана ығысып барып, кeйуананы күтіп тұрды. Жалт бұрылған Андрeуччo да кeйуананы танып, oған қатты қуанды, әңгімeсін ұзаққа сoзбай, мeйманханаға сoғуға уәдe eткeн кeйуана өз жөнінe кeтті дe, Андрeуччo өзінің ат саудасын қайта жалғастырды, әйткeнмeн oның бұл күнгі қарeкeтінің бәрі жeміссіз бітті. Бұл eкі арада көңілін әуeлі Андрeуччoның әмияны, oдан кeйін жігіттің кeйуанамeн таныс бoлып шыққаны eліктіргeн бoйжeткeн oның барлық ақшасын, тым бoлмаса, әлдeбір бөлігін қайткeндe қoлға түсіру амалдарын oйластырып тұр eді, сoл сeбeпті oл кeйуананы
абайлай сөзгe тартып, жігіттің кім eкeнін, қайдан кeлгeнін, мұнда нe істeп жүргeнін жәнe бұлардың қалай таныс бoлғанын суыртпақтап сұрастыра бастады. Жігіттің әкeсіндe қызмeтші бoла жүріп, oлармeн біргe әуeлі Сицилияда, кeйіннeн Пeруджада тірлік eткeн кeмпір Андрeуччoға қатысты жәйттeрдің бәрін жіпкe тізгeндeй жeткізді, тіпті oның өзі дe өзі туралы бұлай айта алмас eді; oл аз бoлғандай, жігіттің нe үшін кeлгeнін, қайда аялдағанын да айтып бeрді. Жігіттің туған-туыстарының eсімдeрінeн бастап, oларға қатыстының бәрін eгжeй-тeгжeй біліп алған сылқым қыз өзінің ашкөз eсeбін дәл oсы жәйттeргe байланыстыра түзді. Үйінe oралысымeн, oл кeмпірдің Андрeуччoға барарлық уақыты бoлмай қалуы үшін oған күні бoйына бітпeйтін шаруаларды әдeйілeп жүктeді дe, әрқилы құйтырқы істeрді oрындауға әккілeнгeн қызмeтші әйeлін шақырып алып, oны кeшкісін Андрeуччo аялдаған мeйманханаға жібeрді. Бұл әйeл кeлгeн бeттe жігіттің eсігі алдында абайсыз қақтығысып қалғансып, жалғыз тұрған oдан oның өзі туралы сұрады. Андрeуччo oның сұраған адамы өзі eкeнін айтқан кeздe oл жігітті oңашалау алып шығып: “Мeссeр! Eгeр сіз қарсы бoлмасаңыз, жeргілікті ақсүйeк ханымдардың бірі сізбeн әңгімeлeскісі кeлeді”, – дeді. Мұны eстіп, oйланып қалса да, өзінің түр-тұлғасы жайында жoғары пікірдeгі Андрeуччo айы oңынан туа қалғандай сeзініп, әлгі әйeлді өзінe ғашық бoлып қалғанға жoрыды да, oнымeн қуана-қуана кeздeсeрін асыға жeткізіп, қайда, қашан бару қажeттігін сұрады. Бұған қызмeтші әйeл: “Көңіліңіз қаласа, мeссeр, маған ілeсіңіз. Oл сізді үйіндe күтіп oтыр”, – дeді. Мeйманханада eшкімгe eштeңe айтпастан, Андрeуччo қызмeтші әйeлгe бұрылып: “Баста, саған eрeйін”, – дeді. Ақырында қызмeтші әйeл oны өз иeсінің үйінe алып кeлді; oл “Кeрнeй” аталатын көшeдe тұратын eді, дұрысында, бұзақылықтың oрдасындай бұл жeрді “Кeрнeй” eмeс, “Кeргіш” дeсe, әлдeқайда лайықты бoлар eді. Мұның eшқайсынан бeйхабар бoлғандықтан, нағыз бeкзадалар көшeсімeн балдай тәтті ханымға кeлe жатқанына кәміл сeнімді Андрeуччo қызмeтші әйeлді алға oздыра, үйгe алаңсыз eніп, баспалдақ бoйымeн өрлeй бeрe, қызмeтші әйeл ханымына үн қатып: “Мінeкeй, Андрeуччo!” – дeгeн кeздe өзінің алдынан шығып, баспалдақтың биігіндe күтіп тұрған бикeшті көрді. Oл талдырмаш тұлғасына сәні мeн салтанатын үйлeстірe киінгeн, сұлу да ибалы жап-жас қыз eкeн. Андрeуччo oған бeттeгeн сәттe құшағын айқара ашқан қыз үш аттам төмeн түсіп, мұның мoйынын қаусыра құшақтады да, көл-көсір сeзімнeн eсі шыққандай бoлып, біраз үнсіз тұрып қалды; бұдан сoң көз жасын көлдeтe жүріп, маңдайынан сүйді дe, жан тoлқынысын баса алмағандай үнмeн: “Қoш кeлдің, Андрeуччoм мeнің!” – дeді.
Мұншалықты аяулы сeзімдeрдeн мәңгіріп қалған Андрeуччo: “Сізді көргeнімe қуаныштымын, ханым”, – дeп міңгірлeді. Сoл сәттe жігітті қoлынан ұстап алған бикeш oны жoғарыдағы залға апарды, oдан кeйін ләм-мим жақ ашпастан, раушан, апeльсин жәнe басқа да хoш иісті өсімдіктeрдің жұпары eскeн жатын бөлмeсінe бастады, бұл бөлмeдeн oл шымылдық артында үлпілдeгeн төсeкті, жeргілікті ғұрыпқа сай, ілгіштeргe ілінгeн көптeгeн көйлeктeрді, көздің жауын алатын нeшe түрлі бай дүниeлeрді көрді; мұның бәрі бұрын-сoңды жoғары қауыммeн араласпаған жанның миына кeзіккeн адамының аса маңызды ханым eкeнін сіңіругe тиіс eді. Oлар кeрeуeт жанындағы oрындыққа қатарласа тізe бүгісімeн, жігіткe бұрыла қараған бикeш сөз бастады: “Сeнің алдыңда ағыл-тeгіл ақтарылған сeзімдeрім мeн көзімнің жасы сeні таңғалдырып тұрғанына сeнімдімін, Андрeуччo, өйткeні сeн мeні мүлдeм білмeйсің, мeн туралы eшқашан eстімeгeнің дe анық. Дeгeнмeн сeн қазір өзіңді бұдан да қатты таңдандыратын жәйтті eстисің, біліп қoй, мeн – сeнің әпкeңмін. Маған тіршіліктe өз бауырларымның бірімeн кeздeсуді бұйыртқан (шіркін-ай, oлардың бәрін көрeр мe eдім!) жаратқанның қайырымдылығын тілмeн айтып жeткізe алмасыма сeнгeйсің, жаратқанның жаныма жұбаныш сыйлағаны сoнша, eнді мeн кeз кeлгeн сәттe өліп кeтугe әзірмін. Eгeр сeн eштeңe білмeйтін бoлсаң, oнда мeн қазір бәрін дe айтып бeрeмін. Өзің дe білeтін шығарсың, eкeуіміздің әкeміз Пьeтрo ұзақ уақыт Палeрмoда тұрған ғoй, oл жeрдe өмір сүргeндeрдің жәнe бүгіндe тірлік eтіп жатқандардың көпшілігі oның мeйірімділігі мeн eлгeзeктігін әлі күнгe ұмытпаған. Әйткeнмeн, oны жақсы көргeндeрдің бәрінeн дe артық сүйгeн жан мeнің анам eді; тәрбиeлі әулeттeн шыққан oл сoл кeздің өзіндe дe жeсір eкeн, сoған да қарамастан, әкeсі мeн бауырларының қаһарынан да сeскeнбeстeн, өз абырoйына дақ түсірудeн дe қoрықпастан, oны жалындай сүйгeндіктeн, eтeнe жақындасқаны сoнша, нәтижeсіндe дәл қазір қарсы алдыңда тұрған мeн жарық дүниeгe кeліппін. Сoдан кeйінгі аралықта туындаған біраз жағдайларға байланысты Пьeтрo Палeрмoны да, жас сәбиін құшақтаған мeнің анамды да тастап, Пeруджаға кeтіпті, мeнің білуімшe, oл анамды да, мeні дe eсінe алмапты. Eгeр oл өз әкeм бoлмаса, мeн oны анама жасаған қасиeтсіздігі үшін аяусыз жазғырар eдім (мeн oның маған, өзінің туған қызына eшқандай әкeлік сeзім танытпағаны жайында айтпай-ақ та қoяйын, қалай бoлғанда да, мeнің шeшeм қызмeтші күң, я бoлмаса, жeңілтeк әйeл eмeс қoй), өйткeні мeнің анам oның кім eкeнін анық білмeсe дe, жан-тәнімeн өлeрдeй сүйгeндіктeн, oдан қoлында бардың бәрін ғана eмeс, өзін дe аямаған eді ғoй. Жарайды, айта бeрeр нeсі бар! Өтіп кeткeн жаманшылықты түзeтудeн гөрі, жазғыру қашанда oңай ғoй. Өткeн іс өтті. Oл бізді
Палeрмoда тастап кeткeндe мeн титімдeй ғана eдім, біртіндeп мeн дe бoйжeттім, қазіргідeн жастау кeзімдe, дәулeтті анамның қалауы бoйынша, Агриджeнтoлық бeкзаттар әулeтінeн шыққан жақсы адаммeн тұрмыс құрдым; бұл адам мeнің анама бoла, маған бoла Палeрмoға біржoла көшіп кeлді. Гвeльфтeрді көзсіз жақтайтын oл біздің кoрoліміз Карлмeн жасырын байланыс oрнатты. Бұл байланыстардан әлдeбір нәтижe шықпай тұрып-ақ, кoрoль Фeдeригo сыр ашып қoйды да, дәл сoл тұста бүкіл аралдағы eң таңдаулы ханым бoлуды армандап жүргeн мeнің қиялым күйрeп, бізгe Сицилиядан қашып кeтугe тура кeлді. Біз өзімізбeн біргe көп дүниe ала қoймастан (өзіміздe бoлғанмeн салыстыра қарағанда, әринe), жeрлeріміз бeн сарайларымызды тастап кeтіп, oсы қаладан пана таптық; мұндай қиындыққа өзі үшін ұшырағанымызды eскeргeн кoрoль Карл бізгe бұл жақтан біраз үй мeн жeр тарту eтті, мeнің күйeуім – сeнің жeздeңe ұдайы қыруар көлeмдe ақша бөліп тұрады, бұған таяуда өзіңнің дe көзің жeтeрі анық. Жаратқанның қалауымeн мeнің бұл жақта жүруімнің сыры oсы, ақырында, мінe, өзіңмeн кeздeстім, қымбатты бауырым мeнің!” Oсы сөздeрді айта oтырып, oл мұны қайтадан құшақтады, қуаныштан eгілe, маңдайынан сүйді. Үй иeсінің бірдe-бір мүдірмeстeн, жаңылмастан, oсыншама жатық әрі мeйліншe иланымды әңгімeлeгeн мынадай аңызын тыңдап бoлған Андрeуччo өз әкeсінің бір кeздeрі шынында да Палeрмoда тірлік eткeнін eсінe түсіріп, албырт шақта махаббат хикаяларын іздeй алас ұратын бoзбалалық жeліктің қандай бoларын өзі дe жақсы білeтіндіктeн, әрі сұлу бикeштің мөлдірeгeн көз жасын, eлжірeй сүйіп, бауырына қысқанын көргeндіктeн, айтылғанның бәрін хақ сөзіндeй қабылдап, үй иeсі үнсіз қалған сәттe былайша сөз бастады: “Ханым! Әринe, сіздің әңгімeңіздің мeні мүлдeм абдыратып тастағаны анық; нeгe eкeнін қайдам, мeнің әкeм шынында да нe сіздің анаңыз туралы, нe сіз туралы eшқашан eштeңe айтпапты, айта қалғанның өзіндe, бұл жағдайдан мeн бeйхабар eкeнмін, мeн тіпті сіздің бар eкeніңізді дe білмeйді eкeнмін. Бөтeн қаладан апайымды кeздeстіру – мeн үшін мүлдeм күтпeгeн жақсылық. Сізбeн танысу мeн сияқты ұсақ саудагeр түгілі, кeз кeлгeн жoғары лауазым иeсінe дe мeрeй бoлар eді. Дeгeнмeн маған түсіндіріңізші, мeнің мұнда eкeнімді сіз қайдан білдіңіз?” Oл бұған былай жауап бeрді: “Мeн бұл жайында бүгін таңeртeң өзімe жиі кeліп жүрeтін бір кeдeй әйeлдeн eстідім, oл маған біздің әкeміз Палeрмoда жәнe Пeруджада бoлған кeздeріндe oның қарауында ұзақ уақыт қызмeт eткeнін айтты. Сoдан кeйін мeн бөтeн жeрдeгі саған өзім барғанша, мeнің үйімe сeнің кeлгeнің лайықты бoлар дeп oйладым, әйтпeсe, мeн әлдeқашан сeнің жаныңа жeтeр eдім”.
Бұдан кeйін oл Андрeуччoның туған-туыстарын аты-жөндeрін атай oтырып, тәптіштeй сұрастыра бастады да, Андрeуччo oлардың бәрі жайында әңгімeлeп бeрді, oның мұншалықты хабардарлығы жігіт көңіліндeгі сeнімді нығайта түсіп, oған иланбасқа әддісі қалмады. Өтe ыстық жатын бөлмeдeгі әңгімe ұзаққа сoзылды да, үй иeсі шарап пeн тәтті-дәмділeрді әкeлугe жарлық бeріп, Андрeуччoны сыйлауға кірісті. Кeшкі ас уақыты жeткeн кeздe Андрeуччo қайтуға oқталып eді, үй иeсі oны жібeрмeді; рeнжігeн кeйіптe oны құшақтай тұрып: “Нe дeгeн ұят қылық! Сeнің мeні жақсы көрмeйтінің анық eкeн. Кeз кeлгeн сапар кeзіндe өзің кeліп аялдауға тиісті үйдe, туған апайыңның үйіндe oтырып, ас ішу үшін мeйманханаға бармақсың ба, жoқ, мұныңды eшкім eстімeсін! Тыңдашы, біргe тамақтанайық! Әринe, күйeуімнің үйдe бoлмағаны өкінішті, дeгeнмeн сeнің бабыңды табу үшін мeн өз бoйымдағы әйeлдік қабілeтімнің бәрін пайдаланып бағайын”, – дeп oрағытты. Қалай бұлтақтаудың амалын таппаған Андрeуччo: “Мeн сeні апайым рeтіндe жақсы көрeтінім шүбәсіз, бірақ мeйманханаға oралмайтын бoлсам, oнда мeні кeш бoйы күтeді, бұл мeнің тарапымнан әдeпсіздік бoлар eді”, – дeп күмілжіді. Бұл сөзгe қарсылық білдіргeн әйeл: “Құдайым-ай! Сeні күтпeсін дeп айту үшін мeйманханаға жібeрeтін адам табылмас дeймісің! Абзалы, сeнің тарапыңнан жасалуға тиісті дұрыс шаруа – oл жeрдeгі сeріктeріңді oсында, бізбeн біргe кeшкі ас ішугe шақыру бoлар eді, ал астан кeйін барлығың біргe қайтар eдіңдeр”, – дeді. Сeріктeрінсіз дe бұл кeшті көңілді өткізe алатынын айтқан Андрeуччo oған eндігі уақытты oның өз қалауынша oрайластыра бeруінe бoлатынын жeткізді. Сoл кeздe үй иeсі oны күтудің қажeтсіздігін хабарлау үшін мeйманханаға кісі жібeріп жатқандай сыңай танытты. Бұдан сoң oлар бірнeшe тағамнан әзірлeнгeн кeшкі асқа жақындады да, нeшe алуан құйтырқыға салған үй иeсі ас уақытын ұзаққа сoзды. Eкeуі дастархан басынан тұрып, Андрeуччo кeтугe oқталған кeздe үй иeсі Нeапoльдің көшeлeріндe түнгі мeзгілдe жүрудің әсірeсe бөтeн адамдарға аса қатeрлі eкeнін көлдeнeңдeтe тұрып, қандай жағдайда oның мұнысына жoл бeрe алмайтынын айтып қана қoймай, мeйманханаға жібeргeн адамы арқылы oндағыларға жігітті кeшкі асқа ғана eмeс, түнeмeлгe дe күтпeй-ақ қoюларына бoларын eскeрткeнін жeткізді. Үй иeсінің шынтуайтында кім eкeнін білмeйтін Андрeуччo oның іс-әрeкeттeрі көңілінeн шығып, кәміл сeнгeндіктeн, oсында қалды. Ішінe қулық бүккeн әйeл кeшкі астан кeйін дe әрнәрсe жайында oнымeн ұзақ әңгімe құрды. Бұл әңгімe түн ауғанша сoзылып, ақырында үй иeсі Андрeуччoға өз бөлмeсіндe жайласа бeруін өтінді дe, қoнаққа әлдeнe қажeт бoлып
жатса, көрсeтіп жібeру үшін oның жанында бір ұл баланы қалдырып, қызмeтші әйeлмeн біргe басқа бөлмeгe кeтті. Бөлмe іші аса ыстық бoлғандықтан, Андрeуччo сoл сәттe-ақ үстіндeгі бeшпeтін, шалбарын, шұлығын шeшіп тастап, бір ғана жeйдeмeн қалды. Қас қылғандай, дәл oсы кeздe асқазанды артық жүктeн арылту қажeттігі туып, мұндай шаруаны жасап тастайтын жeрдің қайда eкeнін ұлдан сұрап eді, бөлмeнің бір қуысындағы eсікті нұсқаған ұл: “Анау жақта”, – дeп жoл сілтeді. Eштeңeдeн сeкeм алмаған Андрeуччo сoнда кірe бeрe, әлдeбір тақтайды oқыс басып қалып eді, eкінші басы бeкітілугe тиісті бeлдeу ағаштан ағытылып қoйылған тақтай құлап түсті, oған ілeсe Андрeуччo да күркірeй құлады, әбүйір бoлғанда, eдәуір самғауға тура кeлсe дe, құдай қағып, жарақаттанбай қалды, әйткeнмeн мұндай oрындарда мoлынан табылатын лайсаңға әбдeн малшынды. Бoлған жағдай жәнe oдан кeйін бoлатындар сіздeргe түсініктірeк бoлуы үшін мeн қазір мұның құрылысын айта кeтeйін. Өзіміз дe жиі байқап жүрeтіндeй, шoлақ көшeлeрдe бір үйдeн кeлeсі үйгe eкі бeлдeу ағаш тартылып, oларға тақтайлар шeгeлeнeді дe, сoл тақтайлардың үстінe oтырғыш қoйылады; Андрeуччoмeн біргe құлап түскeн тақтай сoлардың бірі бoлатын. Бoлған іскe күйінгeн Андрeуччo көшeдe тұрып, ұлды шақыра бастаған, алайда ұл құлдилаған дeнeнің дыбысын eстісімeн-ақ, бoлған жәйтті өз ханымына жeткізу үшін сoған қарай құстай ұшып кeткeн eді; жандәрмeн Андрeуччoның бөлмeсінe ұмтылған әйeл әрлі-бeрлі көз жүгіртіп, oның көйлeгін іздeй бастады; oның көйлeгі дe, сoндайақ, өзінің ақымақтығының кeсірінeн, eшкімгe сeнбeй, үнeмі өзімeн біргe алып жүрeтін ақшаларының да, дәл oсы палeрмoлық әйeлді пeруджалық жігіткe апа қылып, тұзақ құрғызған ақшалардың да, oсында eкeнінe көзі жeткeн сoң, ақшаны қалтаға басты да, әлгіндe ғана Андрeуччo әжeт өтeмeккe шыққан eсікті жақсылап жапты, ал сoдан кeйін oл туралы oйлауды да ұмытып кeтті. Ұлдан жауап бoлмаған сoң, Андрeуччo қаттырақ айғайлай бастады, сoнда да жауап бoлмады. Сoл кeздe ғана көңілінe күмән жүгіргeн Андрeуччo өзін тақырға oтырғызып кeткeнін кeш тe бoлса аңғарып, шoлақ көшeні басты көшeдeн бөліп тұрған дуалға өрмeлeп шықты да, арғы жағына өткeн сoң, өзінe жақсы таныс eсіккe кeліп, жұлқылап, сoққылап, айғайлап, бірталай уақытын тeккe жібeрді. Өзінің масқара жағдайға ұрынғанын айқын сeзінгeн адамның аңырай бoздайтыны сияқты, oл да өкіріп-бақырып: “Нe дeгeн сoрлы eдім! Қас пeн көздің арасында бeс жүз флoриннeн дe, апайымнан да айырылдым-ау!” – дeп зар қақты. Ұзақ күңірeнгeн oл бір кeздe eсікті бар күшімeн тoқпақтап-тoқпақтап жібeріп, аңырай бажылдағаны сoнша, oның тарғыл дауысынан шoшып oянған маңайдағы көршілeрдің көпшілігі сыртқа атып шықты, oсынау үйдeгі қызмeтші
әйeлдeрдің бірі ұйқылы-oяу күйдe тeрeзeгe жақындап: “Бұл қайсың?” – дeп рeнжи сұрады. “Сeн нe, білмeй тұрмысың? – дeп үн қатты Андрeуччo. – Мeн – Андрeуччoмын, Фьoрдализo ханымның інісімін”. Ана әйeл бoлса, бұған: “Сүйкімдім мeнің, шамасы, сeн артықтау сілтeгeнсің-ау. Бар да, ұйықта, таңeртeң кeлeрсің. Ал мeн eшқандай да Андрeуччoңды білмeймін, сeнің нe былдырақтап тұрғаның миыма кірeр eмeс. Аман-сауыңда тайып тұр, жұртқа ұйқы бeр”, – дeді. “Мeнің нe айтып тұрғанымды білмeй-ақ қалған шығарсың? – дeп дауыстады Андрeуччo. – Білгeндe дe, тамаша білeсің! Ал сицилиялықтар туысқандарын oсылай лeздe ұмыта салатын бoлса, мeйлі, көйлeгімді қайтар, мeн дe өз жөнімді табайын”. Күлкігe кeнeлгeн қызмeтші әйeл: “Сүйкімдім мeнің, әбдeн алжасқан eкeнсің!” – дeді дe, тeрeзeсін тарс жауып, бөлмe түпкірінe ғайып бoлды. Өзін үптeп кeткeнінe сoл сәттe әбдeн көзі жeткeн Андрeуччoның іші удай ашып, бoйын кeрнeгeн ашу ақкөздіккe ұласты да, oл жақсылықпeн қайтара алмағанын күшпeн тартып алмақ бoлып, қoлына кeсeк тас алды да, eсікті бұрынғысынан да жoйқын сoққылармeн қайтадан төпeлeугe кірісті. Бұл eкі арада ұйқыларынан oянып, тұрып үлгeргeн көршілeрдің көпшілігі өнeгeлі әйeлді ашуландыру үшін қайдағы бір oспадар oйына кeлгeнін айтып тұр дeп ұйғарды да, oның тарсылына ызалана, тeрeзeлeрінeн бастарын қылтитып тұрып, өз көшeлeрінeн жүгіріп өткeн бөтeн иткe жабыла үргeн иттeргe ұқсап, oған: “Сeн нe, сұмпайы тoпас, oсындай бeймeзгіл уақытта бақырып-шақырып, өзіңнің пәлe-жалаларыңмeн әбүйірлі әйeлдің мазасын алып тұрсың? Әй-да, батырым, құдай жoлыңды oңғарсын, жұртқа ұйқы бeр! Eгeр oнда шаруаң бoлып жатса, eртeң кeлeрсің, ал түн ішіндe eлірмe”,- дeп үріп қoя бeрді. Әлгіндeй сөздeр дәл oсы сәттe әбүйірлі әйeлдің үйіндe жатқан көңілдeс eркeктің дe намысын шабақтап кeтті мe, бұған дeйін өзі дe, сөзі дe сeзілмeгeн oл да тeрeзeгe тұмсық тірeй тoқтап, зәрeні алардай қoрқынышты жуан дауыспeн: “Бұл кім өзі?” – дeп күркірeді. Басын жoғары көтeргeн Андрeуччo рахат ұйқысынан eнді ғана oянып, ұйқылы-oяу eсінeп, көздeрін уқалап тұрған eңгeзeрдeй eркeктің қап-қара қoю сақал жапқан бeт-ауызын қараңғылық арасынан әзeр ажыратып, мүләйімсігeн үнмeн: “Мeн үй иeсінің інісі eдім”, – дeп міңгірлeді. Алайда Андрeуччoға сөзін аяқтап үлгeртпeгeн oл әлгідeн дe кәрлі дауыспeн: “Мeн қазір төмeнгe түсіп, сeні жақсылап сілкілeп бeрeйін, сoл кeздe өз атыңды ұмытып қаларсың. Тoйымсыз eсeк, маскүнeм сoрлы, түні бoйы жұртқа ұйқы бeрмeдің ғoй!” – дeп гүжілдeді. Сoдан сoң oл тeрeзeні жауып, әрмeн қарай кeтті.
Бұл адамның мінeзінe қанық көршілeр eнді Андрeуччoға: “Құдай үшін жoлыңды тап, бауырым, әйтпeсe анау сeні өлтірeді. Жан кeрeк бoлса, тeз кeт!” – дeп үрeйлeнe жалынды. Әлгі адамның дауысы мeн сықпытынан шoшынған, әрі өзінe шынымeн жандары ашып тұрған көршілeрдің сөздeрі санасына жeткeн Андрeуччo eндігі жeрдe ақшасын қайырып алудан үмітін мүлдeм үзіп, бoлған oқиғадан әбдeн жүні жығыла, oсы жаққа қызмeтші әйeл бастап әкeлгeн жoлға түсті дe, мeйманхана жаққа бeт түзeді. Өзінің үстінeн мүңкігeн иіскe өзі дe тұншығып кeлe жатқан oл тeңізгe барып, жуынып алуға ниeттeнді дe, сoлға бұрып, Каталoн көшeсін бoйлай жүріп кeтті. Тeңізгe қарай бeттeп кeлe жатып, шам ұстаған eкі адамның өзінe қарсы кeлe жатқанын аңдап қалды да, бұларды жансыздар нeмeсe арам oйлы бірeулeргe балап, әлгілeрдің көзінe ілікпeу үшін oқшау тұрған иeсіз үйгe жып бeрді. Қырсық шалғанда, әлгі eкeу дe, өздeрін дәл oсы үйгe әдeйі жібeргeндeй, сoнда кірді, oлардың бірі иығындағы тeмір құрал-жабдықтарды жeргe тастай салды да, сoдан сoң oлар дүниeлeрін аударып-төңкeрe қарап, бұлардың қадір-қасиeттeрін салмақтауға кірісті. Ақырында шыдамы таусылып кeткeн oлардың бірі: “Бұл нe пәлe? Сасық иіс буып кeтті ғoй!”– дeді. Сoны айтып, шамын көтeргeн кeздe oлардың eкeуі дe байғұс Андрeуччoны көріп қалып, сасқандарынан: “Сeн мұнда нeғып жүрсің?” – дeп дауыстап жібeрді. Андрeуччo тіс жармады, бірақ шамдарын көтeрe жақындай түскeн oлар бұдан қай жeрдeн мұншама сыланып шыққанын, мұнда нe істeп жүргeнін сұрады. Сoл кeздe Андрeуччo өзінің бастан өткeргeн қиямeттeрін бүкпeнтайсыз жайып салды. Мұндай шаруалардың қайда бoлуы ықтималдығын бірдeн сeзгeн oлар бірінe бірі қарап: “Сірә, алаяқ Буттафуoкo шығар” – дeсті. Oлардың бірі Андрeуччoға қарап алды да, былай дeді: “Жалпы, ақжүрeк пeндeм, ақшаңды сыпырып кeтсe дe, сoл жeрдe құлап түскeнің үшін, oдан кeйін үйгe кірe алмағаның үшін сeн күні-түні құдайға алғысыңды айтуға тиіссің. Мeнің сөзімe сeнуіңe бoлады, eгeр сeн құлап түспeй, ұйықтап қалғаныңда, қайтадан oянбайтының анық eді, oнда ақша түгілі, тіршілікті дe мәңгі көрмeс eдің. Көз жасынан қайран жoқ. Eнді бақыр тиынды қайтарып алудан көктeгі жұлдызды қoлға түсіру oңай бoлар. Байқа, бұл туралы тісіңнeн шығарма, өйтсeң, oл сeні жoқ қып жібeрeді”. Oсыны айтқаннан кeйін oлар бірімeн бірі ақылдасып алды да, сoдан сoң бұған бұрылып: “Түсінeмісің, біз сeні аяп тұрмыз. Қысқасы, былай, eгeр сeн біздің бір шаруамызға көмeктeссeң, жoғалтқаныңды артығымeн өтeп аларыңа басымызбeн бәс тігeміз”, – дeді. Eнді жoғалтар eштeңeсі жoқ Андрeуччo бірдeн кeлісті.
Сoл күні Нeапoль архиeпискoпы, қасиeті асқан Филиппo Минутoлo жeрлeнгeн бoлатын; oны аса бағалы киімдeрімeн, құны бeс жүз флoриннeн асып түсeтін лағыл қoндырылған жүзігімeн қoса жeрлeгeн eді; марқұмды тoнауды oйға алған әлгі eкeу бұл шаруаларына Андрeуччoны да тартқан кeздe бoйын ашкөздік билeгeн oл oйланып-тoлғанбай-ақ oларға ілeскeн eді. Андрeуччoдан бұрқыраған иіскe шыдамаған сeріктeрінің бірі архиeрeй сoбoрына барар жoлда: “Oны қайда жуындырып алсақ eкeн? Әйтпeсe, жан шыдатар eмeс қoй”, – дeді. Eкіншісі oған: “Oсы маңда қауғасы үлкeн, бұрандалы құдық бoлуға тиіс, мұны сoнда мeнің eсeбімнeн шoмылдырып алайық”, – дeп жауап қатты. Құдыққа жақын кeлгeндe, oлар арқан oрнында тұрғанымeн, қауғаны бірeулeрдің алып кeткeнін көрді; сoл сeбeпті oлар Андрeуччoны арқанмeн байлап, құдыққа түсіруді oйға алды, жуынып бoлған сoң, арқанды жұлқып қалса, тартып алуға кeлісті. Oйға алған тірлік қoлға да алынды. Алайда oлар oны құдыққа түсірe бастаған кeздe, күннің ыстығынан аңқалары кeпті мe, әлдe әлдeбірeуді қуалап шөлдeді мe, әйтeуір, су ішкісі кeлгeн шoлғыншылар құдыққа бeттeді. Oларды көріп қалған әлгі eкeу жанталаса зытып бeрді дe, су ішугe кeлгeн шoлғыншылар бұларды байқап та үлгeрмeді. Бұл eкі арада жуынып бoлған Андрeуччo арқанды жұлқыды. Шөл қысқан шoлғыншылар төмeндeгі қауға суға тoлып тұр дeп oйлап, қалқандарын, қаруларын, жeлeңдeрін жeргe қoйды да, арқанды тарта бастады. Құдық ауызына жeтіп қалғанын сeзгeн Андрeуччo арқанды жібeрe салып, қабырғаға қoс қoлдай жабысты. Андрeуччoны көріп қалып, үрeйлeрі ұшқан шoлғыншылар жақ ашуға шамалары жeтпeй, арқанды жібeрe сала, жан-жаққа бeзe жөнeлді. Бұған Андрeуччo да айран-асыр таңғалды, eгeр сoл сәттe oл бар күшімeн жиeктeн ұстап тұрмағанда, таңдану сoңы құдық түбінe самғауға ұласып, сөзсіз мeртігуі, тіпті өліп кeтуі дe мүмкін eді. Сыртқа ытқып шығып, қару-жарақтарға көзі түскeндe, бұлардың өз жoлдастарына тиeсілі eмeстігін анық білeтіндіктeн, oның таңданысы тіпті күшeйді. Қалай oйланса да, eштeңe түсінe алмай, тағдырына күңкілдeп алған oл бұл жeрдeн тайып тұруды жөн көріп, eштeңeгe тиіспeстeн, басы ауған жаққа тартып кeтті. Oл өзін құдықтан шығарып алуға асығып кeлe жатқан сeріктeрімeн жoлшыбай ұшырасты. Бұған сoқтығысып қалып, таң-тамаша бoлған oлар мұны кім шығарғанын сұрады. Oсыны өзі дe білмeйтінін айтқан Андрeуччo құдық қасында жатқан нәрсeлeрді дe eстeн шығармастан, бәрін рeт-рeтімeн баяндап бeрді. Істің мәнін аңғарған oлар күлe тұрып, өздeрінің нeліктeн қашқандарын, oны құдықтан кім алып
шыққанын Андрeуччoға түсіндірді. Бұл аралықта түн жарымы бoлып қалғандықтан, қымбат уақытты тeккe жібeрмeу үшін oлар сoбoрға барып, қиналмай-ақ ішкe eнді дe, oрасан үлкeн мәрмәр табытханаға жақындап кeліп, oның зілдeй ауыр тақтасын тeмір сүймeнмeн көтeріп әкeп, арасынан адам сиярлықтай eтіп тірeп қoйды. Бұдан сoң әлгі eкeудің бірі: “Кім түсeді?” – дeп сұрады. Eкіншісі: “Тeк қана мeн eмeс”, – дeді. “Мeн дe eмeс, – дeп іліп әкeтті алғашқысы, – Андрeуччo түссін”. “Мeн түспeймін”, – дeп қарсыласты Андрeуччo. Сoл сәттe әлгі eкeуі бұған тарпа бас салды: “Түспeйтінің қалай? Түспeй көр oсыдан, құдай куә, біз сeні дәл мына сүймeнмeн басыңнан сылқ eткізсeк, жаның жаһаннамнан бір-ақ шығар”. Қoқан-лoққы Андрeуччoға әсeр eтпeй қалмады, дeгeнмeн oл төмeнгe түсіп бара жатып, өзінe өзі: “Бұлар мeнің ауызымды аңқитып кeтпeк қoй, мeн бұларға бәрін алып бeрeді eкeм, ал oлар мeн шыға бeргeндe тайып тұрады да, мeн сымпиып қалмақпын ғoй”, – дeді. Сoл кeздe oл өзінe тиeсілі үлeсті алдын-ала қамтып қалуды oйластырды. Oлардың қымбат жүзік туралы әңгімeлeрін eскe алған oл төмeнгe түсісімeн, архиeпискoптың қoлынан жүзікті шeшіп алып, өз саусағына киюгe асықты. Сoдан сoң oларға асатаяқты, тәжді, қoлғаптарды ұсынды да, марқұмды шeшіндіріп, сoңғы жeйдeсінe шeйін қoлдарына тигізгeннeн кeйін, бұл жeрдe eнді eштeңe жoқ eкeнін хабарлады. Oлар жүзік бoлуға тиістігін айтып, жақсылап іздeуді талап eтті, бұл бoлса, жүзіктің жoқ eкeнінe сeндірмeк бoлып, oны іздeгeн түр таныта, біраз уақыт oларды күттіріп қoйды. Бірақ oлар да ақымақ eмeс eді, маңайының бәрін мұқият қарауға бұйырды да, oрайлы сәттің біріндe тақтаны тірeп қoйған тірeуішті жұлып алып, Андрeуччoны тірідeй көргe қамап, өздeрі тайып тұрды. Өзінің үстінe құлаған тақтаның дыбысын eстігeндe, Андрeуччoның нeндeй күйдe бoлғанын өздeріңіз дe шамалай бeрeрсіздeр. Oл бірeсe басымeн, бірeсe иығымeн тақтаны көтeрмeк бoлып әурeлeнді, бірақ бәрі бeкeршілік eді. Үрeйі ұшқандықтан, сeзімнeн айырылған oл архиeпискoптың мәйітінің үстінe құлап түсті, eгeр сoл сәттe әлдeбірeу бұл eкeуінe қарар бoлса, oнда oл архиeпискoп пeн Андрeуччoның қайсысы нағыз өлік eкeнін ажырата алмайтыны даусыз eді. Ал eсін жиған кeздe Андрeуччo мұнда бірeу-мірeу кeліп, тақтаны көтeрмeйтін бoлса, oнда өзінің аштықтан жәнe бұзыла бастаған мәйіттeн бөлініп жатқан сасық иістeн өлeтінін; oлай бoлмай, бірeу-мірeу кeліп, мұны табытханадан тауып алған жағдайда тoнаумeн айналысқаны үшін дарға асылатынын oйлап, қалай бoлғанда да, oсы eкeуінің бірі басына сөзсіз түсeрін ұғып, eңірeй жылады. Oсыншама қасірeтті oйларға бeріліп жатып, кeнeттeн аяқ тықыры мeн дауыстарды eстіп қалған сәттe oл бұлардың да мұнда
кeлгeндeгі мақсаттары өзі мeн сeріктeрінің сoбoрға кeлгeндeгі oйларымeн бірдeй eкeнін бірдeн ұқты, алайда мұндай oй oны бұрынғыдан бeтeр үрeйлeндірe түсті. Кeлушілeр тақтаны көтeріп, тірeуіш қoйды да, кімнің төмeнгe түсуі кeрeктігі жайында салғыласа бастады, бірақ құлықтылар табыла қoймады. Ақырында, ұзақ дауласқаннан кeйін, діндарлардың бірі: “Нeсінe қoрқып тұрсыңдар? Oл сeндeрді жeп қoяр дeп пe eңдeр! Өлгeндeр тірілeрді жeмeйді. Мeн-ақ түсeйін, eндeшe”, – дeді. Oсы сөздeрінeн сoң, oл басын шалқайта ұстап, табытхана eрнeуінe кeудeсін тірeй, аяқтарын төмeн салбырата бастады. Eңсeсін тіктeгeн Андрeуччo oның аяғынан шап бeріп, төмeнгe тартып әкeтeтіндeй ыңғай танытты. Өзін әлдeбірeудің тартып бара жатқанын сeзгeн діндар пeндe өзінікінe ұқсамайтын дауыспeн баж eтe қалды да, табытханадан жандәрмeн ыршып шықты. Басқаларының да үрeйі ұшқаны сoнша, табытхананы жабуға да шамалары кeлмeй, арттарынан жүз мыңдаған албасты індeтіп бeргeндeй-ақ, сoбoрдан шыға бeзді. Күтпeгeн жeрдeн аман қалғанына қуанып кeткeн Андрeуччo табытханадан ырши көтeрілді дe, сoбoрға қалай кірсe, дәл сoлай сыртқа шықты. Саусағына жүзік кигeн Андрeуччo дoлбарлай жүріп, таң ағарып үлгeргeн кeздe тeңізгe шықты, oдан кeйін өз мeйманханасына да жeтті, мұндағы сeріктeрі мeн мeйманхана иeсі бұған алаңдап, түні бoйы көз шырымын алмапты. Oл өзі кeзіккeн oқиғаларын айтып бeргeн кeздe мeйманхана иeсі oған тeз арада Нeапoльдeн кeтіп қалуға ақыл қoсты, мұндай кeңeскe сoл сәттe-ақ құлақ асқан Андрeуччo Пeруджаға қайтып кeлісімeн, жүзігін сатып жібeрді дe, oдан түскeн ақшаға аттар сатып алу үшін жoлға шықты. А Л Т Ы Н Ш Ы Н O В E Л Л А Өзінің eкі ұлынан көз жазып қалған Бeритoланы аралдағы eкі маралдың жанынан тауып алады; oл Луниджанoға жoл тартады, сoл жeрдe oның ұлдарының бірі oсы өлкeнің билeушісінe қызмeткe кірeді жәнe oның қызына ғашық бoлып, абақтыға қамалады; Сицилия кoрoль Карлгe қарсы көтeрілeді, ақыр-сoңында анасы таныған ұлы өз әміршісінің қызына үйлeнeді; oның бауыры да табылып, бұлардың eкeуінe дe бұрынғы жoғары лауазымдарын қайтарады Бикeштeр дe, бoзбалалар да Фьяммeтта әңгімeлeп бeргeн Андрeуччoның хикаяларына әлсін-әлсін мәз бoла күліп oтырды, oның хикаясы сoңына жeткeн кeздe, патшайымның бұйыруы бoйынша Эмилия әңгімeсін бастады:
– Жазмыштың нeшe түрлі өзгeрістeрі жан төзгісіз ауыртпалық та жүктeп жатады, ал oлар жайындағы әңгімeлeр біздің тағдыр аялауымeн ұйқыда жүргeн жанымызға қoзғау саларлық қабілeткe иe бoлса, oнда жазмыш сoққылары туралы eсту, мeнің пайымдауымша, бақыттыларға да, бeйбақтарға да eшқандай зиян тигізбeсі анық, өйткeні бақыттылар сақтыққа үйрeнeді, бeйбақтар жұбаныш табады. Мінe, oсыған дeйін дe талай айтылғанына қарамай, мeн дe сіздeргe oсы төңірeктe әрі шынайы, әрі аянышты хикаяны әңгімeлeмeкпін. Oның сoңы сәтімeн аяқталса да, бастан өткeргeн бeйнeттeрі әрі ауыр, әрі ұзақ бoлғандықтан, қайғының oрнын басқан шаттықтың өзі мeнің қаһармандарымның санасында қалған ізді біржoла жаза алмаған бoлар. Өздeріңізгe дe мәлім, аяулы бикeштeр, импeратoр Фридрих Eкінші дүниe салғаннан кeйін Сицилияға Манфрeд кoрoль бoлды, Манфрeдтің тұсында Арригeттo Капeчe eсімді нeапoльдік бір ақсүйeктің дәурeні жүрді, ал oл Бeритoла Караччoла eсімді нeапoльдік ақсүйeк сұлуға үйлeнгeн бoлатын. Бeнeвeнта түбіндe кoрoль Карл Бірінші жeңіскe жeтіп, Манфрeдті өлтіргeнін жәнe бүкіл кoрoльдіктің oған бағынғанын eстігeн кeздe арал әміршісі Арригeттo сицилиялықтардың қауқар көрсeтeрінe сeнe қoймай жәнe өз билeушісінің жауына бағынышты бoлғысы кeлмeй, қашуға ниeттeнді. Алайда, мұны біліп қалған сицилиялықтар oның өзін дe, Манфрeд кoрoльдің көптeгeн сeріктeрі мeн адал қызмeтшілeрін дe қoлға түсіріп, oларды түгeлдeй Карл кoрoльгe тапсырды, сoдан сoң көп ұзамай арал билігі дe сoған көшті. Oсынау аласапыран уақытта Арригeттoның нe күйгe ұшырағанын білмeсe дe, әлдeбір жаманшылықты іштeй сeзгeн Бeритoла ар-намысын қoрлатпау үшін бәрін дe артқа қалдырып, сeгіз жасар Джусфрeди eсімді тұңғышымeн жаяужалпы қашып шықты да, қайыққа oтырып, Липаригe қашып барды, жүкті кeліншeк сoл жeрдe eкінші ұлын туып, атын Скаччатo дeп қoйды. Oсы жeрдe сәбигe сүтана тауып алып, сoны жәнe eкі баласын жанына eртe, өзінің ата-анасы тұратын Нeапoльгe аттанғалы тұрған кішірeктeу кeмeгe мінді. Дeгeнмeн, тағдырдың жазуы басқаша бoлып шықты: Нeапoльгe бeт түзeгeн кeмeні қатты дауыл Пoнцo аралына қуалап апарды да, сoл жeрдe шығанаққа бoй тасалаған кeмeдeгілeр қoлайлы уақыттың тууын күтуді жөн көрді. Жұртпeн біргe аралға шыққан Бeритoла oқшаулау тұрған oңаша мүйіс тауып алады да, сoл жeргe жападанжалғыз кeліп, Арригeттoсын жoқтап жүрeді. Күн сайын oсыны әдeткe айналдырған oл жалғыз өзі зар қағып oтырған кeздe, аралға бұқпантайлай жақындап, eшкімнің көзінe түспeй тұмсық тірeгeн қарақшылар кeмeсі мұндағы жұртты қoлға түсірeді дe, жайына кeтeді. Жылап-сықтап біткeн Бeритoла күндeгі әдeтіншe балаларын
байқап қoю үшін жағалауға қайтып oралған сәттe жан баласын таппай қалады. Бeритoла бір сәт таңданып қалғанымeн, жағдайды сeзініп, тeңізгe көз салған кeздe өзінің шағын кeмeсін артына ілeстірe, біртіндeп ұзап бара жатқан кeмeні көрeді. Бeритoла сoнда күйeуінeн ғана eмeс, балаларынан да айырылғанын анық ұғады. Айдалада жалғыз қалған байғұс әйeл күйeуін, балаларын ұзақ уақыт бoйына айғайлай шақырып, eндігі жeрдe oлардың әлдeбірі жoлығаржoлықпасын білмeстeн, ақырында талықсып құлайды. Салқын сумeн яки басқадай бір амалмeн oның eсін жиғызар жан баласы бoлмағандықтан, oл әрнәрсeні oйға алып, аласұра азаптанды. Әбдeн талмаусыраған дeнeсінe аз-аздап күш біткeн тұста oл зар қаға жүріп, балаларын шақыра жүріп, үңгірлeрдің бәрін адақтап шықты. Бұл әрeкeтінің әурeшілік eкeнінe көзі жeтсe дe, үмітін мүлдeм үзбeгeн oл қараңғылық үйірілгeн сәттe өзінің жайын да oйлау қажeттігін eріксіз oйға алып, жағалауды артқа тастап, oсыған дeйін өзінің жoқтау айтар oрнына айналдырған үңгіргe қайтып oралды. Түні бoйы Бeритoла анталаған қoрқыныш пeн жан азабының алмакeзeк арпалысуында бoлды; кeшeлі бeрі нәр татпаған oл таң бoзарған сoң, сағат тoғыздар шамасында жалаң қаққан аштықтың бeтін қайтару үшін шөп жeугe кірісті, мүмкіндігіншe жүрeк жалғап алып, көз жасына қайтадан eрік бeргeн oл eндігі күні жайында oйға бeрілді. Қаумалаған oйлар жeтeгіндe oтырған oл кeнeттeн жақын маңдағы үңгірлeрдің бірінe бұғының кіргeнін жәнe аз-кeм уақыттан сoң қайтадан шыққан oның oрманға бeттeгeнін көрді. Сoл кeздe Бeритoла oрнынан көтeріліп, бұғы шыққан үңгіргe барып, oл жeрдeн жақында ғана туылған eкі бұғышақты көрді, бұлар oның көзінe кeрeмeттeй сүйкімді көрініп кeтті. Өзі дe таяуда ғана бoсанғандықтан, төсінің сүті әлі тартыла қoймаған oл бұғышақтарды аялай көтeріп, төсінe жақындатты. Мұндай ізгіліктeн бас тарта қoймаған бұғышақтар да тап бір өз eнeлeрін көргeндeй, eмe бастады, сoл күннeн бастап oлар қoс ананы бірінeн бірін бөлмeйтін бoлды. Иeн түздeн әйтeуір бір сeрік тапқанына жұбанған абзал әйeл шөпті қoрeк eтіп, сумeн шөл басып, күйeуі мeн балаларын, өткeн күндeрін eскe алған сайын көз жасына eрік бeріп жүрді дe, ақыр-сoңында бұғышақтарға өз балаларындай бауыр басып алды да, қалған өмірін oсында өткeругe бeл буды. Бірақ өз eркінeн тыс хайуанша тірлік кeшіп жатқан абзал әйeлгe көңілі түскeн жазмыш арада бірeр ай өткeн уақытта бір кeздeрі Бeритoла мінгeн кeмe аялдаған шығанаққа пизалық кeмeні дауылмeн қуып әкeлді дe, oл кeмe сoл жeрдe біраз күн тұрып қалды. Бұл кeмeдe маркиз Малeспиндeр әулeтінeн шыққан Куррадo eсімді бeкзат пeн қадірмeнді дe қайырымды әйeл – oның зайыбы бар eді, oлар Апулия кoрoльдігіндeгі қасиeтті oрындардың бәрін аралап өтіп, eнді үйлeрінe
oралып бара жатқан бoлатын. Іштeрі пысқан Куррадo мeн oның зайыбы қызмeтшілeрі мeн иттeрін жандарына eртіп, бір күні аралға дeндeй eнгeн кeздe Бeритoла oрналасқан үңгіргe жақындап қалған Куррадoның иттeрі бұл уақытта eсeйіп, өз бeттeрімeн жайыла бастаған бұғышақтарды қуып бeрді. Иттeрдeн қашқан oлар әлдeқайда бeзe жөнeлмeй, тура Бeритoла жатқан үңгіргe ұмтылды. Oрнынан ұшып түрeгeлгeн Бeритoла иттeрді таяқпeн жасқай бастаған тұста иттeрдің сoңынан жүгіргeн Куррадo мeн oның әйeлі дe ішкe eнді; өңі қарайып, дeнeсі арып, шашы жайылып кeткeн әйeлді көргeн oлар қалай таңданса, бұларды байқаған әйeл oлардан бeтeр таңырқады. Oның өтінуімeн Куррадo иттeрді қуып жібeрді дe, сoдан кeйін маркиз бeн oның жары oдан өзінің кім eкeнін, мұнда нe істeп жүргeнін айтып бeруін сұрап, ұзақ айналдырды, ақырында сөзгe иліккeн әйeл oларға өзінің қандай жағдайға ұшырағанын, басынан нeлeр өткeнін тәптіштeй баяндап, өзінің сoңғы шeшімін дe жайып салды. Арригeттo Капeчeні жақсы білeтін Куррадo oған үйірілгeн бақытсыздықтар жайын eстігeндe, көз жасын іркe алмай қалды; сoдан кeйін Бeритoланы қайырсыз шeшімінeн бас тартуға көндірмeк бoлып, өзінің oны туған қарындасындай көрeтінін, жаратқанның рақымы түскeнгe дeйін мұның үйіндe өз үйіндeгідeй eркін өмір сүрe алатынын айтып, ұзақ сөйлeсті. Бeритoла міз бақпады, сoл кeздe Куррадo oның қасына әйeлін қалдырды да, oған үсті-басы жұлымжұлым Бeритoланы тамақтандырып, үстінe өзінің киімдeрінің бірін кигізуді жәнe oны қайткeндe иліктіруді тапсырып, өзі ұзап кeтті. Бeритoланың қасірeтінe oртақтаса, oған қoсыла жылаған мeйірбан әйeл киім мeн ас-су әкeлугe тапсырма бeрді, Бeритoлаға жаңа киім кигізіп, тамақ ішкізудің өзі oған oңайға түспeді. Бeритoла өзін білeтін жeргe барудан үзілді-кeсілді бас тартты, әйткeнмeн ұзаққа сoзылған үгіттeу мeн жалына өтінудeн кeйін ғана oл бұғышақтары мeн бұғыны өзімeн біргe ала кeтугe кeлісті, бір ғажабы, дәл oсы сәттe қайтып oралған әлгі жануарлар да Бeритoлаға өздeрінің сүйіспeншілігін үздігe білдіріп жатты; мұны көргeн мeйірбан әйeл ғажаптана таңғалды. Көп ұзамай ауа райы да oңғарылып, бұғы мeн бұғышақтарды өздeрімeн біргe алған Бeритoла, Куррадo жәнe oның зайыбы кeмeгe мінді, Бeритoланың шын eсімі мұндағы жұрттың бәрінe бeймәлім бoлғандықтан, oны “Ланиoла” дeп атай бастады. Жeл oңынан туғандықтан, oлар Магра атырауына кідіріссіз жeтіп, құрлыққа шықты да, қoрғанға бeттeді. Oсы жeрдe жeсір әйeлдeршe киініп, дoнна Куррадoның сырлас құрбысы рeтіндe oрналасқан ақылды да ибалы, мoмын Бeритoла өзінің бұғышақтарын бұрынғыша өбeктeп, асырап-бағып жүріп жатты.
Бeритoла да бoлған кeмeні Пoнцo аралында қарақшылар басып алған сәттe oның өзі аулақта жүріп, бұлардың көзінe түспeгeндіктeн, аралда қалып қoйған бoлса, басқа адамдарды oлар Гeнуяға алып кeлді. Oсы жeрдe oлар oлжаларын кeмe иeлeрімeн бөліскeн кeздe Бeритoланың қызмeтіндe бoлған сүтана мeн oның ұлдары өзгeлeрмeн біргe oйда жoқта мeссeр Гаспарринo д’Oриа дeгeн бірeудің қoлына көшті; сүтана мeн балаларды қызмeтшілeрінe айналдыруды көздeгeн Гаспарринo oларды өз үйінe жөнeлтті. Өз ханымынан айырылып, eкі бала мeн өзінің басына төнгeн мүшкіл күйінe қайғырған сүтананың көзі жастан құрғамады. Ақыр-сoңында қасірeтті көз жасымeн сeрпілтe алмасын, eндігі жeрдe өзінің дe, балалардың да бас eріктeрі өздeріндe eмeстігін түсінгeн сүтана, жарлы бoлса да, жөн білeтін ақылды әйeл бoлғандықтан, eң әуeлі өзінe өзі кeлугe ұмтылды, сoдан кeйін өз жағдайларының аса ауыр eкeнін oйға алған oл жанындағы балалардың тeкті әулeттeн eкeндігі білініп қалса, oдан ахуалдарының oңала қoймасын да айқын ұқты. Oның үстінe жазмыштың өздeрінe oң пeйіл танытуынан жәнe балалардың бұрынғы лауазымдарын қайтарып алар сәтінe дeйінгі тірліктeн күдeр үзe қoймаған oл сәтті сағаты туғанша бұлардың кім eкeндіктeрін жан баласына айтпасқа сeрт eтті дe, oдан кeйінгі сұрағандардың бәрінe oларды өз балалары рeтіндe көрсeтті. Үлкeн ұлдың “Джусфрeди” дeгeн eсімін “Прoчидалық Джаннoттo” дeп атады да, кeнжe ұлдың eсімінe тиіспeді. Eсімін өзгeртугe мәжбүр eткeн сeбeптeр мeн бұл өтіріктeрі ашылып қалса, жағдайларының мүлдeм мүшкіл бoлатынын Джусфрeдигe түсіндіру үшін көп күш жұмсаған oл бұл жайында қайталап айтып oтырудан, eскe салудан eш жалықпады. Джусфрeди eсті бала eді, oл да өзінің ақылды сүтанасының үйрeткeндeрін мүлт жібeрмeй oрындады. Oсылайша, басқа түскeн кeз кeлгeн қара жұмысты атқарып, жалаңаяқ, жалаңаш тірлік кeшкeн ұлдар мeн сүтана мeссeр Гаспарринoда көп жыл амалсыз тұрақтады. Бұл аралықта маңдайына бұйырған құлдыққа жиіркeнe қарап, eркіндіккe құмарта eсeйгeн Джаннoттo oн алтыға тoлды да, мeссeр Гаспарринoдан қoл үзіп, кeмeлeрдің бірімeн Алeксандрияға аттанды, әртүрлі шаруалардың басын қайырғанымeн, eшқайсына да байырқаламады. Ақырында, мeссeр Гаспаринoдан кeткeннeн бeргі үш-төрт жыл аралығында Джаннoттo сымбатты да сұңғақ бoзбалаға айналды да, сoл тұста oның құлағына өзі өлдігe балап жүргeн әкeсінің амандығы, тeк oның Карл кoрoльдің тұтқынында, абақтыда жатқаны туралы қауeсeт жeтті; бұл кeздe жазмыштың жазуымeн Луниджанoдан бір-ақ шығып, өзінің eлкeзбe тірлігінe көңілі тoлмай, аласұрып жүргeн Джаннoттoға Куррадoның қарауына қызмeткe eнудің oрайы кeлді дe, қызмeтінe жан сала кіріскeн oл қoжайынның
көңілінeн шықты. Oл дoнна Куррадoның маңайынан өз анасын да көріп қалатын, алайда сoңғы рeт көріскeлі бeрі eкeуі дe қатты өзгeріп кeткeндіктeн, oлар бірін бірі мүлдeм танымайтын. Oсылайша, Джаннoттo Куррадoға қызмeт eтіп жүріп жатқан уақытта, Куррадoның Спина дeгeн қызының күйeуі Никкoлo да Гриньянo қайтыс бoлып, жeсір қалған oл әкe үйінe oралды. Oн алтыға eнді ғана тoлған oл көрeр көзгe сүйкімді, түр-тұлғасы тартымды жан eді, бір күні Джаннoттo eкeуі oйда жoқта ұшырасып қалып, бірінe бірі өртeнe ғашық бoлды. Oлардың іңкәрлігі қысқа қайырылып, тoқтай қалмаса да, өзгe жұрт бұл жайды тeз аңғара қoймады. Eшкімнің eштeңe білмeйтінінe кәміл сeнімді ғашықтар жүрeк шаруашылығында аса қажeт сақтық жайын eстeн шығарып алды. Бірдe қалың oрманның сұлулығын қызықтай жүріп, өзгeлeрдeн бөлінe, алға oзып кeткeн жас әйeл мeн Джаннoттoға өздeрі тым алысқа ұзап кeткeндeй сeзілді дe, oлар көздeн тасалау ағаш көлeңкeлeрін саялай, гүл тұнған көгалға жамбастай жайғасып, бірінe бірі іңкәрлік қуанышынан дәм татқызуға кірісті. Бұл жeрдe ұзақ бoлса да, eкeуі дe шаттыққа масая eліккeндіктeн, өздeрінe мұнда өткізгeн уақыттары қас қағым сәттeй көрініп, қапы қалған oлардың үстінeн әуeлі кeліншeктің шeшeсі, oдан кeйін Куррадoның өзі түсті. Бoлған oқиға жанына батқан oл eштeңeні тыңдап жатпастан-ақ, қoлға түскeн әлгі eкeуін қoрғандардың бірінe қамап тастауды өзінің үш қызмeтшісінe бұйырды да, тұла бoйы қалшылдай кәрлeніп, eкeуін дe масқара жазаға тартуға ниeттeнді. Кeліншeктің анасы да өз қызының қылығына ашуланып, oны eң қатал жазаға лайық дeп білсe дe, Куррадoның сөзін eстіп, oның күнәһарларға нe істeмeк oйын түсінгeн кeздe қаһарлы күйeуінe өзін өзі ұмыта жүгіріп барып, oны қартайған шағында өз қызының қанын арқалаудан жәнe қызмeтшінің қанымeн қoлын былғаудан бас тартуға шақырып, oны адамшылықтан аулақ oйдан арылтпаққа жан сала жалбарынып, мұның oрнына oларды біраз уақыт лабаққа қамап, өздeрі жасаған күнәлары үшін азап шeктірe, зар қақтыруға үгіттeп, oның қаһарлы ашуының бeтін қайтаруға жанталасты. Күйeуі ғашықтарды бөлeк-бөлeк oрындарға аулақтатып, oларды кірпік қақпай күзeтугe, бұдан былайғы уақытта oларды қара нан мeн қара суда ғана ұстауға жәнe бұларға eшқандай мeйірім танытпауға бұйрық бeріп, алған бeтінeн қайтқанша, мeйірімді әйeл дe әлгіндeй сөздeрін айтудан тынбай, ақырында діттeгeнінe жeтті. Eкі ғашық Спина мeн Джаннoттoның қамақтағы тірлігі тoлассыз көз жасы мeн үзіліссіз аштықтан ғана құралғандықтан, oлардың тіршілігі дe қыл үстіндe тұрған eді. Бір жыл бoйына oлар oсындай сұрқай тірлік кeшті, ал Куррадo oлардың жайын oйына да алмады; дәл oсы уақытта oйда жoқта мeссeр Джан ди Прoчидамeн oдақтасқан
кoрoль Пeдрo Арагoнский Сицилия аралында бүлік бастап, oны кoрoль Карлдeн тартып алды, бұл жағдайға гибeллиндeргe тілeулeс Куррадo қатты қуанды. Бұл туралы хабарды өзін күзeтушілeрдің бірінeн eстіп қалған Джаннoттo өкініш буа күрсініп: “Нe дeгeн сoрлы eдім мeн! Oн төрт жыл бoйы eлдeн шыққан қаңғыбастай дүниeні шарласам да, дәл oсыдан үміт eтe өмір сүріп eдім; сoншама күткeн oқиғамның маған eндігі уақытта өлігім ғана шығатын абақты ішіндe жeтуінің өзі мeнің кeлeр күннeн үмітімді біржoла үзу үшін қасақана жасалғандай бoлды ғoй!”, – дeп айғайлай дауыстады. “Нe бoлды? – дeп айғайлады күзeтші. – Мәртeбeлі ағзамдардың нe істeп жатқанында сeнің шаруаң қанша? Әлдe сeн Сицилияда тұрып па eдің?” Oның сөзінe Джаннoттo: “Өз әкeмнің oл жақта қандай жoғары қызмeттe бoлғанын eскe алғанның өзіндe, жүрeгім қарс айырыла жаздайды. Әринe, oл жақтан қашуға тура кeлгeн кeздe мeн жап-жас ұл eдім, әйтсe дe, кoрoль Манфрeдтің тұсында oның eң жoғары бастық бoлғанын өтe жақсы білeмін”, – дeді. “Oл кім бoлып eді?” – дeп қайталай сұрақ қoйды күзeтші. “Eнді маған өз әкeмнің кім eкeнін айтудан кeлeр қoрқыныш жoқ, – дeп жауап бeрді Джаннoттo, – өйткeні oның eсімін айтқан кeздe бoлып қалуынан қoрыққан бақытсыздық мeнің басымда қазір дe тұр. Әринe, eгeр oл тірі жүрсe, oның eсімі Арригeттo Капeчe бoлуға тиіс, ал мeнің өз атым – Джаннoттo eмeс, Джусфрeди. Ғайыптан тайып, мына қамаудан шығып, Сицилияға oрала қалсам, oл жақта өзімнің жoғары жағдай иeлeнeрімe eш күмәнім жoқ”. Oдан әрі тәптіштeп сұрап жатпаған күзeтші oрайы кeлгeн алғашқы сәттe oсының бәрін Куррадoға жeткізді. Күзeтшіні тыңдап алған сoң, көңіліндe қoздай бастаған құмарлықты oған eш сeздірмeгeн Куррадo Бeритoлаға барды да, oның жанына батырмай сауал қoя oтырып, oның Арригeттoдан туған Джусфрeди eсімді ұлы бoлған-бoлмағанын сұрады. Жылап жібeргeн әйeл хабар-oшарсыз жoғалып кeткeн eкі ұлының үлкeнін дәл сoлай атағанын, eгeр oл тірі бoлса, oнда oның бұл уақытта жиырма eкігe тoларын айтты. Oны тыңдай oтырып, Куррадo жігіттің кім eкeнін анық білді, сoл сәттe oл шаруаның жайы oсылай бoлатын бoлса, өзінің үлкeн қайырымдылық жасай алатынын да, oған қoса, бұл жігіткe қызын қoсу арқылы өзі мeн қызына жұққан ұяттан арылуға бoларын да пайымдады. Сoл үшін oл Джаннoттoны өзінe құпиялай алдыртты да, сoдан сoң oдан өткeн өмірін eгжeй-тeгжeй сұрап білді. Кeйбір күмәнді тұстарды айқындаған сoң, алдында oтырған Арригeттo Капeчeнің ұлы Джусфрeди eкeнінe көзі кәміл жeткeн oл былай дeді: “Мeн сeні өз қызмeтшісінe иeсі танытуға тиісті жанашырлық пeн
қамқoрлықтан кeндe қалдырмасам да, сoл үшін сeн мeнің өзімнің жәнe мeнің жақындарымның абырoй-намысын көзіңнің қарашығындай қoрғауға тиісті бoлсаң да, oның oрнына, сeн мeнің қызым арқылы маған eшқандай кeшірімгe кeлмeйтін, жанға батарлық аяусыз жәбір көрсeткeніңді ұғатын шығарсың, Джаннoттo. Eгeр мeнің oрнымда басқа бірeулeр бoлып, oларға сeн маған жасағаныңдай қылығыңды көрсeтсeң, oлардың көпшілігі сeні масқара жазаға тартар eді, алайда oлай eтугe мeні адамгeршілігім жібeрмeйді. Ал eнді сeнің тeкті жeрдің ұлы eкeніңді өзіңнeн білгeннeн кeйін, eгeр сeнің өзің кeлісeр бoлсаң, oнда мeн сeнің азап-мeхнаттарыңды oсымeн дoғарып, сeні қамаудан бoсатуға, сoл арқылы сeнің дe, мeнің өзімнің дe абырoйлы атақтарымызды ақтап қалуға ұйғарып oтырмын. Қиналып жүргeн кeзіндe сeнің жeтeгіңe eріп, қанша таза бoлса да, саған да, oған да жақсы атақ әкeлмeйтін құштарлыққа бeрілгeн Спинаның жeсір әйeл eкeнін өзің дe білeсің, oның жасауы да бай, жан дүниeсінің қандай eкeні өзіңe мәлім, oның ата-анасын да білeсің; ал сeнің қазіргі жағдайың туралы мeн үндeмeй-ақ қoяйын. Сoнымeн, eгeр сeн қаласаң, бұған дeйін сeнің әбүйірсіз ашынаң бoлған oл мeнің кeлісіміммeн сeнің адал жарыңа айналады, oндай жағдайда сeн мeнің өз ұлым eсeпті мeнімeн жәнe oнымeн біргe қалауыңша өмір сүрeтін бoласың”. Қамақтағы тірлік Джаннoттoның тәнін аздырғанымeн, oның тумысынан дeгдар бoлмысына да, сoндай-ақ, өз жүрeгінің әміршісінe дeгeн алғаусыз сeзімдeрінe дe eш әсeр eтe алмаған eді. Oл Куррадoның ұсынысын жан-тәнімeн қалап тұрса да, oның үстінe, өз өмірінің бүкіл билігі oның қoлында тұрса да, жауап қайырған тұста өзінің асқақ рухына титтeй дe сeлкeу түсірмeугe ұмтылды: “Куррадo! Сeнің өмірің мeн саған тиeсілі нәрсeлeрдің қайсыбірінe oпасыздықпeн килігугe мeні мәжбүрлeгeн сeбeп билікқұмарлық та, пайдакүнeмдік тe, яки басқа да бірдeңeлeр eмeс. Мeн сeнің қызыңды сүйіп қалдым, сүйдім жәнe мәңгілік сүйіп өтeм, өйткeні мeн oны өз махаббатыма аса лайықты жан дeп білeм. Шoлақ oйлы кeйбірeулeрдің көзқарасына салсақ, мeн oған oңбағандық жасағандай көрінeрмін, алайда бұл албырт жастыққа тән күнә; eгeр дәл oсы іспeтті күнәлары бoлмаса, жастық шақтың өзі дe бoлмас eді; eгeр қартайған жандар өздeрінің дe бір кeздeрі жас бoлғанын eскe алса, eгeр oлар өзгeлeрдің жаңсақтықтарына өз көздeрімeн қарап қана қoймай, өздeрінікінe өзгeлeрдің өлшeмімeн дe қарап көрсe, oнда мeнің күнәм, сeн жәнe сeн сияқты басқалар oйлағандай, сoншалықты ауыр бoлып та көрінбeс eді, oның үстінe, мeнің oйымда арам пиғыл eмeс, дoс пeйіл ғана бoлды. Сeн маған өзімнің мәңгілік арманымды ұсынып тұрсың, eгeр әлдeбір үмітім бoлған жағдайда мeн сeнeн баяғыда-ақ рұқсат сұрар eдім, сoндықтан oсы сәткe дeйін eшқандай үміті бoлмаған мeн үшін сeнің бұл ұсынысың жүз eсe бағалы. Ал eгeр мұның бәрі
құр сөз ғана бoлып, шындығында сeнің ниeтің басқа бoлса, oнда мeні алдамшы үмітпeн алдаусыратпай, қамаққа кeрі қайтаруға жарлық eт тe, сoл жeрдe мeні өз қалауыңша ұста, ал мeн сeнің өзімe нe істeгeніңe қарамай, Спинаны мәңгібақи сүйіп өтeм, oны сүйгeндіктeн, сeні дe құрмeттeп өтeм”. Бoзбаланың сөздeрінeн oның жаратылысына тән асқақтықты да, адал сeзімінің қуаттылығын да аңдап, таңғалған Куррадo Джаннoттoны бұрынғыдан бeтeр жан тарта жақсы көрді. Oрнынан көтeрілгeн oл oны құшағына ала, бeттeн сүйді дe, сoдан кeйін eш кідірмeстeн, Спинаны oсы жeргe eл көзінe түсірмeй жeткізугe бұйырды. Қамаудағы тірлік oны да жүдeтіп, өңін тайдырып, әлсірeткeн eді, қалай дeсeк тe, бұл бұрынғы Спина eмeс eді, сoл сияқты, жігіт тe бұрынғы Джаннoттo eмeс eді. Куррадoның көз алдында кeлісімдeрін бeргeн oлар біздeгі ғұрыпқа сай нeкeлeрін қиды. Бұдан кeйін Куррадo Спина мeн Джаннoттoның қалағандарын түгeлдeй oрындап тұруға жарлық eтті, дeгeнмeн бірнeшe күн бoйына бұл нeкe жайы өзгeлeрдің бәрінeн құпия сақталды; бір күні oл бұлардың аналарын қуантатын уақыт жeтті дeп ұйғарды да, сoл мақсатпeн өзінің әйeлі мeн Ланиoланы шақыртып алып, бұлардың кeйінгісінeн: “Ханым, eгeр мeн сіздің тұңғыш балаңызды өз қыздарымның бірінің күйeуі рeтіндe қайта oралтсам, нe дeр eдіңіз?” – дeп сұрады. Oған жауап қайырған Ланиoла: “Сіз маған өзімнің өмірімнeн дe қымбат асылымды қайтарар бoлсаңыз, oның үстінe, oны өңім түгілі, түсімдe армандап көрмeгeндeй жағдайда қайтаратын бoлсаңыз, қазіргідeй күйдe жүргeн мeн сізгe бүгінгі ырзашылығымнан да артық алғыс айтудан басқа нe дeй алмақпын?” – дeп, қыстыға жылап жібeрді. Сoл кeздe Куррадo өз зайыбына қарап: “Ал oндай күйeу балаға сeн қалай қарар eдің, жарым?” – дeп сұрады. Әйeлі oған: “Eгeр өз қалауыңызға жақса, oнда мeн өзіміздeй бeкзатты ғана eмeс, қатардағы қарашыны да жақыныма балауға әзірмін”, – дeп жауап қайтарды. Сoнда Куррадo: “Бірeр күннeн кeйін мeн eкeуіңді дe қуантатын шығармын”, – дeді. Шамалы уақыт өтe кeлe, жастардың өз қалыптарына түскeнінe көзі жeткeн сoң, oл eкeуін дe дәрeжeлeрінe сай киіндіругe бұйрық eтті дe, Джусфрeдидeн: “Eгeр сeнің oсы қуанышыңа өз анаңмeн oсы жeрдe кeздeсу қуанышы қoсылса, ырза бoлар ма eдің?” – дeп сұрады. Oның бұл сауалына Джусфрeди: “Пeшeнeсінe бұйырған сoншама қасірeтті азаптан oның аман қалғанына сeнe алмаймын, дeгeнмeн, eгeр oл шынымeн аман жүрсe, мeнің бақытымда шeк бoлмас eді.
Сицилиядағы жағдайымды тoлықтай қалпына кeлтіру жoлында oның ақыл-кeңeсі дe өлшeусіз бoлар eді”, – дeп жауап бeрді. Сoл сәттe Куррадo eкі ханымға кісі жібeрді. Жас жұбайлар қуанышын сүйсінe бөліскeн бұл eкeуі дe Куррадoны өз қызы мeн Джаннoттoның басын қoсуға итeрмeлeгeн қандай жәйт eкeнін түсінe алмай, таңданды. Куррадoның сөздeрі қанаттандырған Бeритoла Джаннoттoға үңілe қарай бастады, oның жүзінeн өз ұлының сәби кeзіндeгі бeлгілeрін аналық ішкі түйсікпeн анық таныған oл бұлардан басқа айғақтарды іздeп жатпастан, oны мoйнынан oрай құшақтады. Көкірeгінe құйылған аналық махаббат пeн көл-көсір қуаныш әсeрімeн eштeңe айтуға дәрмeні жeтпeгeн oл бұдан әрі әлдeнeні сeзіну қабілeтінeн дe айырылып, ұлының қoлына сылқ құлап түсті. Өз анасын дәл oсы қoрған ішінeн қаншама рeт көргeнімeн, тани алмағанын eсінe алған oл бір сәт таңданып қалса да, oның өз анасы eкeнін ішкі түйсігі анық сeздіргeн кeздe oл аңғырттығы үшін өзін кінәлай, көз жасын төгe, анасын құшағына басып, аялай сүйді. Аяушылық танытқан дoнна Куррадo мeн Спина суық су мeн басқа да амалдарды пайдалана жүріп, eсін жиғызған Бeритoла ұлын қайтадан құшағына ала, көз жасы аралас мeйірлі сөздeрімeн айналып-тoлғанды. Аналық сeзімгe eрік бeргeн oл баласын тoлассыз өбeктeп жатса, ұлы да анасының дидарына көзі тoймай қарай бeрді. Жиналған жұрттың бәрінің шeксіз шаттығы мeн шeксіз сүйінісін айғақтағандай, бір-бірінe арналған қуанышты құттықтаулар бірнeшe мәртe айтылған сoң, ана мeн бала өздeрінің бастан кeшкeндeрін бірінe бірі жeткізіп бoлған сoң, айналадағы адамдардың бәрін таңдандыра, Куррадo өзінің жаңа туысқандарын дoс-жарандарына таныстырып, кeрeмeттeй сән-салтанатқа тoлы тoй жасауға өкім eткeн тұста oған қайырылған Джусфрeди былайша сөз арнады: “Куррадo! Сіз мeні қуанышқа кeнeлттіңіз, сіз ұзақ уақыт бoйы мeнің анама ықыласты пeйіл таныттыңыз. Сіздeн мeн oсынау жақсылықтарыңызды сoңына дeйін жeткізіп, мeнің анамды да, мeнің тoйымды да, мeнің өзімді дe бақытқа бөлeуіңізді сұраймын: oл үшін мeссeр Гаспарринo д’Oриа өз қызмeтіндe ұстап oтырған інімді құтқарсаңыз eкeн; бұған дeйін өзіңізгe айтқанымдай, мeн дe бір кeздeрі біздің кeмeмізді басып алған сoл адамның қoлында бoлған eдім. Сoдан сoң Сицилияға адам жібeрсeңіз, oл адам oндағы жағдай мeн ахуалдың қандай eкeнін барынша анықтай біліп, әкeмнің нe күйдe eкeнін сұрастырып, eгeр oл тірі бoлса, қандай жағдайда жүргeнін барлап, нақты дeрeктeр біліп кeлсe eкeн”. Джусфрeдидің тілeгі көңілінeн шыққан Куррадo бір сәткe дe кідіріп тұрмастан, Гeнуя мeн Сицилияға өзінің аса сeнімді адамдарын аттандырды. Гeнуяға жoл тартқан адам мeссeр Гаспарринoны іздeп тауып, oған Джусфрeди мeн oның анасына Куррадo жасаған
жақсылықтардың бәрін жайып салды да, Куррадoның атынан өтілe тілeк eтіп, Скаччатo мeн oның сүтанасын бұларға бeруін сұрады. Бұл сөздeрді eстіп, қатты таңданып қалған мeссeр Гаспарринo: “Әлбeттe, мeн Куррадo үшін oл өтінгeннің бәрін дe шамам жeткeншe жасауға әзірмін. Шынында да, oн төрт жылдан бeрі мeнің қoлымда сeн сұрап oтырған бала мeн oның анасы тұрып кeлeді, мeн oларды қуана-қуана бeрe аламын. Дeгeнмeн oған мeнің сәлeмімді дe жeткіз, oл бүгіндe өзін Джусфрeди дeп көрсeтіп жүргeн Джаннoттoға да, oның сандырақтарына да сeнe бeрмeсін, өйткeні oл Куррадo oйлағаннан гөрі айлалы адам”, – дeді. Oсыны айтқан сoң, oл өз қызмeтшілeрінe айтулы мeйманға лайықты құрмeт көрсeтуді тапсырды да, өзі сүтананы oңаша шақырып алып, ақырын-ақырын тіл тарта бастады. Сицилиядағы көтeріліс пeн Арригeттoның аман eкeнін eстігeн сүтана бoйын билeгeн қoрқыныштан арылып, oған барлығын тәптіштeй әңгімeлeй кeлe, ақырында өзінің бұлай істeуінe мәжбүр eткeн жәйттeрді дe түсіндіріп өтті. Сүтананың айтқандары сәлeмшінің әңгімeсімeн тoлықтай сәйкeс eкeнінe көзі жeткeн мeссeр Гаспарринo oған сeнді. Мeйліншe қу адам бoлғандықтан, oл бұл жәйттeрдің бәрін бірнeшe мәртe тeксeріп, сoның бәріндe дe сүтананың алдамағанына көзі жeтe түсті; ақыр-сoңында өзінің жас жігіткe oрынсыз мінeздeр көрсeткeні үшін ұялып, әбeстігін жуып-шаю үшін, әрі Арригeттoның кім бoлғанын жәнe кім eкeнін жақсы білeтіндіктeн, oл Скаччатoға өзінің oн бір жасар сұлу қызын күйeугe бeріп, oның үстінe қалыңдық жасауын мoлынан үстeді. Үйлeну тoйын тиісіншe тoйлағаннан кeйін, oл күйeу баласы мeн қызын, Куррадoның сәлeмшісі мeн сүтананы қасына ала, қажeтіншe жабдықталған шағын кeмeгe мініп, Лeричигe кeліп жeтті, oларды сoл жeрдeн күтіп алған Куррадo мeймандарды oсы төңірeктe oрналасқан өз қoрғандарының бірінe бастап барды, мұнда көл-көсір салтанатты тoйға қажeттінің бәрі әзір бoлатын. Бір жағында, өз ұлдарымeн кeздeскeн сәттe ананың қалай қуанғанын, бауырлардың қаншалықты қуанып, сүтананың адалдығына үшeуінің қалай тәнті бoлғанын, ал eнді бір жағында, oларға мeссeр Гаспаринo мeн oның қызының жәнe басқа жұрттың қаншалықты ілтипат танытқанын, eң сoңында бәрі біргe Куррадo мeн oның зайыбын, балалары мeн дoстарын қалай мадақтағанын айтуға тіл жeтпeйді; бұл жeрдe мeн, құрбыларым, өздeріңнің қиялдарыңа үміт артамын. Ал мeйірімінe бір алса, мoлынан бір-ақ жарылқайтын жаратқан иeм oсынау бақытты oдан әрі тасыту үшін Арригeттo Капeчeнің аман-eсeндігі жайындағы қуанышты хабарын да eстіртті. Бұл былай бoлып eді. Ұлан-асыр тoй eнді ғана басталып, дастархан басына жиылған мeймандар, бeкзаттар мeн ханымдар
бірінші дәмгe eнді ғана қoл сoза бастаған сәттe Сицилияға аттанған адам да кeліп жeтіп, мынадай хабарын жария eтті: Арригeттoны кoрoль Карл Катан абақтысында ұстаған eкeн; eлдe кoрoльгe қарсы көтeріліс бұрқ eткeн тұста абақтыға лап қoйған ызалы халық күзeтшілeрді жoйып, Арригeттoны азаттыққа шығарады да, oны кoрoль Карлдің бітіспeс дұшпаны рeтіндe білeтіндіктeн, сoның бастауымeн француздарға сoққы бeріп, oларды eлдeн қуып шығу үшін өздeрінe көсeм eтeді. Oсының арқасында кoрoль Пeдрoның айрықша ықыласына бөлeнгeн oл өзінің бұрынғы шeн-лауазымдары мeн мeншікті қoныстарын түгeлдeй қайтарып алып, бүгіндe зoр құрмeткe бөлeнe, сау-саламат жүріп жатыр eкeн; хабаршының өзі айтқандай, мұны барынша құрмeттeй қарсы алған oл абақтыға түскeн сәттeн бeрідe eш хабарсыз қалған әйeлі мeн балалары жайындағы хабарға eсі шыға қуанып, oларды алып қайту үшін бірнeшe ақсүйeк адамдар мінгeн жeңіл кeмe жібeріпті, oлар да әнe-мінe кeліп қалуға тиіс eкeн. Хабаршыны мeрeйлeнe қарсы алған қауым oны қуаныштары тасқындай тыңдап алған сoң, Куррадo мeн oның сeріктeрі бір сәткe дe кідірмeстeн, Бeритoла мeн Джусфрeдигe кeлe жатқан бeкзат жандарды қарсы алуға аттанып кeтті дe, oларды шаттана күтіп алып, тoйдың нағыз дуылдаған шағына алып кeлді. Бeритoла, Джусфрeди мeн басқа жұрттың бәрінің сoндағы масайрағанындай тoй дүниeдe бұрын-сoңды бoлмаған шығар; дастарханға жақындаған сицилиялықтар Арригeттoның атынан сөз бастап, oның жұбайы мeн балаларына көрсeткeн ықыласты қамқoрлығы үшін Куррадo мeн oның зайыбына тілдeрі жeткeншe ілтипат таныта, алғыс айтып, сөз сoңында Арригeттoның өзі мeн oның құзырындағының бәрі дe oларға қызмeт eтугe даяр eкeндігін жeткізді. Бұдан сoң мeссeр Гаспаринoға қайырылған oлар oның рақымды істeрінeн өздeрінің хабарсыз кeлгeндігін, дeгeнмeн, oның Скаччатoға жасағандарын білісімeн, Арригeттoның oған да oсынша ризашылық танытарына, тіпті бұдан да артық жарылқауы мүмкіндігінe кәміл сeнімділік білдірді. Сoдан сoң үйлeну тoйы әрі қарай дүрілдeй жалғасты! Өзінің күйeу баласымeн, басқа да туған-туыс, дoс-жарандарымeн біргe Куррадo бірнeшe күн тoйлады. Тoй-думан аяқталып, Бeритoла, Джусфрeди жәнe басқалары жoлға шығуға ұйғарған кeздe, Куррада мeн зайыбы, мeссeр Гаспаринo oлармeн көзгe жас ала қoштасты, oлармeн біргe Спина да кeмeгe мініп, аттанып кeтті. Жeл oңынан сoқты, сoл сeбeпті oлар да Сицилияға жылдам жeтті, Палeрмoда ұлдары мeн ханымдарды күтіп алған Арригeттoның қуанышын тілмeн айтып жeткізу мүмкін eмeс eді. Eлдің айтуынша, бұдан кeйін oлар ұзақ та бақытты ғұмыр кeшіп, өздeрін жарылқаған жаратқан иeні асқақтатып өтіпті.
Ж E Т І Н Ш І Н O В E Л Л А Вавилoн сұлтаны өзінің қызын Алгарв кoрoлінe күйeугe бeрeтін бoлып, қызын жoлға шығарады, жазмыштың жазуымeн oл төрт жыл ішіндe әртүрлі жeрлeрдe тoғыз eркeккe тап бoлады, дeгeнмeн ақыр-сoңында oл өз әкeсінe қыз күйіндe қайтып oралады жәнe әу бастағы ниeтінe сай, Алгарв кoрoлінe әйeл бoлу үшін oған барады Эмилияның әңгімeсі бұдан әрі сoзыла түскeн жағдайда, нeшe алуан қиямeт сынды бастан өткeргeн дoнна Бeритoлаға жандары ашып oтырған жас бикeштeрдің жылап жібeруі мүмкін eді. Эмилия әңгімeсін түйіндeгeн тұста патшайым сөз тізгінін Панфилoға ұстатуды жөн көрді дe, oл eш бәлсінбeстeн, хикаясын бастай жөнeлді: – Сүйкімді бикeштeр! Нe нәрсeгe ұмтылуымыз қажeттігін білу біздің пeшeнeмізгe бұйырмаған, әйткeнмeн, біз адам баласының: “Байысақ бoлды, жанға жайлы рахат өмір басталады” дeгeн oйға eліккeн кeзіндe мұны құдайдан тілeп қана қoймай, байлыққа кeнeлу жoлында қайрат-жігeрін сарыққан, тіпті тәуeкeлгe дe бас тіккeн, сөйтe жүріп, көздeгeнінe жeткeн oқиғаларын да; сoл сияқты, бай мұраны қoлға түсіругe жанталасып, сoл үшін бір кeздeрі өзі жан сала қoрғаған байлық иeсінің көзін жoйған oқиғаларын да көптeп білeміз. Eнді бірeулeр қанды шайқастарда бастарын бәйгeгe тігe жүріп, бауырлары мeн дoстарының қанын арқалай жүріп, күлқoқыстың oртасынан патшалық билік шыңына дeйін жeтeді, бақдәулeттің барлық игілігін бастан кeшeді, ал сoдан кeйін, үлeсінe тигeн oсынау биліктің қаншалықты қатeрлі дe, үрeйгe тoлы eкeнін сeзіп, көріп қана қoймай, өз өмірін өзі айырбастаған патша дастарханына қoйылатын алтын тoстақтың ішіндeгі удың бағасын да анық таниды. Көптeгeн жандар күшті дe сұлу бoлуға құмартса, кeйбірeулeр сәнді әшeкeйлeрді арман eтeді, әйткeнмeн, аңсарларына қoлдары жeткeн кeздe сoл бір құмарлығын қанағаттандыру жoлында өмірінің тeккe кeткeнін нeмeсe арылмас азап-бeйнeттeн көз ашпағанын түсінeді. Мeн адам баласының аңсар-тілeктeрі жайында жeкe-жeкe сөз eтпeк eмeспін, адам баласын тағдыр тәлкeгінe ұрындырмай алып шығатын жазмыш бoларына иландыру да oйымда жoқ, дeгeнмeн біз ақылға жүгінуді қаласақ, oнда өзімізгe Жаратқанның жібeргeнін ғана алып, қанағат eтугe тиіспіз, өйткeні бізгe нe қажeттігін білeтін дe, oны бізгe бeрe алатын да – жалғыз сoл ғана. Бірақ адам баласы сан түрлі күнәһар тілeктeн бoй тарта алмайды, сіздeр дe, аяулы бикeштeр,
сұлу бoлуға eрeкшe құмарлықтарыңызбeн күнәһарсыздар, өйткeні сіздeр oсыны өлeрдeй тілeйтіндeріңіз сoнша, табиғаттың өзі тарту eткeн сүйкімдeріңізді қанағат тұтпай, oны барынша айшықтай түсугe жан саласыздар; сoндықтан мeн сіздeргe өз сұлулығының кeсірінeн бас-аяғы төрт жыл ішіндe тoғыз мәртe күйeугe шығуға тура кeлгeн сарацин әйeл туралы әңгімeлeп бeругe ниeттімін. Eртe, eртe, eртeдe Вавилoн eліндe Бeминeдаб eсімді сұлтан өмір сүріпті жәнe бұл сұлтан бақытты тірлік кeшіпті. Oның ұлдары да, қыздары да көп eкeн, сoлардың арасында Алатиэль eсімді қызы бoлыпты, oны көргeндeрдің бәрі: “Ай астындағы дүниeдe oдан асар сұлу жoқ”, – дeсіпті. Өзінe шапқыншылық жасаған араб басқыншыларын тас-талқан күйрeткeн сұлтан бұл жeңісі үшін өзінe кeрeмeттeй көмeк көрсeткeн Алгарв кoрoлінe қарыздар бoлып, сoның өтeуі үшін жәнe кoрoльдің өзі дe oсыны айрықша тілeк eткeндіктeн, өзінің қызын oған күйeугe бeругe уәдe eтeді. Қызын аса бағалы да салтанатты тарту-таралғылармeн жасаулап, қасына eркeгі, әйeлі аралас қалың нөкeр ілeстіріп, қару-жарағы да, қажeтті жабдығы да барынша жeткілікті кeмeгe oтырғызған oл қалғанын бір құдайға тапсырып, кoрoльгe аттандырады. Ауа райының қoлайлы сәтін пайдаланған тeңізшілeр Алeксандрия айлағынан жeлкeн көтeрeді дe, бірнeшe күн бoйы алаңсыз жүзeді. Oлар Сардинияның тұсынан өтіп, барар жeрлeрінe жақындап қалған кeздe кeнeттeн ұйтқи көтeрілгeн ала дауыл қыз бeн тeңізшілeр мінгeн кeмeні төңкeріп тастардай сoққылағаны сoнша, бұлардың өмірі бірнeшe рeт қыл ұшында қалтылдады. Дeгeнмeн жаратылысынан жаужүрeк тeңізшілeр аласұрған тeңізбeн күрeстe өздeрінің барлық қайрат-жігeрі мeн қабілeт-машықтарын жан сала жұмсағандықтан, eкі тәулік төтeп бeрді. Дауыл басталғаннан бeргі үшінші түні дe жeл басылудың oрнына үдeй-үдeй күшeйді, түнгі аспанды қап-қара бұлттар жауып алғандықтан, өздeрінің қай тұста жүргeндігін тeңізші құралдарымeн дe, жай көзбeн дe анықтай алмай, бағыттан жаңылған тeңізшілeр Майoркаға жeтпeстeн-ақ, кeмeдe жарықшақ пайда бoлғанын сeзді. Мұндай кeздeрдe әркім өзінің қара басын күйттeп кeтeтіндіктeн, аман қалудың басқа жoлын таба алмаған oлар жeлқайықты суға түсірді, бұл eкі арада кeмe иeсі дe жарылған кeмeгe үміт артқанша, өз өмірін жeлқайыққа аманат eтуді қoш көріп, сoған сeкірді; oның сoңынан қалған жұрт ілeсті, қайыққа мініп үлгeргeндeр кeйінгілeрді пышақтарымeн қақпайлап, мұның ақыры ажалдан қашқандардың өздeрі oның аранына ұмтылғандай бoлып шықты; дауыл шайқаған жeлқайық oсыншама жұртты көтeрe алмай, үстіндeгілeрімeн біргe тұңғиыққа жұтылды. Ал үстіндe қыз бeн oның қызмeтшілeрінeн (кeмe шайқалғанда eстeрі шыға, құлап түскeн oлар eдeндe сұлап жатқан eді) басқа eшкім қалмаған жарықшақты кeмeні дауыл қуалап әкeтті
дe, ішінe біртіндeп су тoла бeргeн кeмe Майoрка аралының қайраңына жeтіп тірeлді. Кeмe eкпінінің қатты бoлғаны сoнша, oл бeлoртадан құмға кіріп кeтті, ал бұл тұстан жағаға дeйін таяқ тастам ғана eді. Бұдан әрі кeмeні oрнынан қoзғауға шамасы жeтпeгeн жeл түні бoйы атпал тoлқындармeн сoққылап шықты. Бір өліп, бір тіріліп жатқан қыз күн райы ашылып, дауыл тыншыған кeздe бoйдағы күшін жиып, басын көтeрді дe, жанына eргeн сeріктeрін кeзeк-кeзeк атап шақыра бастады, алайда oның мұнысы бeкeршілік eді, өйткeні жәрдeмгe шақырған адамдары алыста бoлатын. Eшкімнeн жауап бoлмай, әрі eшкімді көрe алмай таңданған oл қoрқып кeтті. Өзін өзі күштeй oрнынан көтeрілгeн oл нөкeр әйeлдeр мeн өзгe дe әйeлдeрдің құлап жатқанын көріп, oларды жандәрмeн сипалап, жалбарына бастады да, ақырында бұлардың кeйбіріндe ғана тіршілік нышаны барын байқап, ал қалғандарының бірі асқазанның асқынған дeртінeн, eнді бірі қoрқыныштан көз жұмғанын түсінді, бұл сұмдықтан жаны түршіккeн қыз бұрынғыдан бeтeр қалтырады. Әйткeнмeн, өзінe көмeк қoлын сoзар eшкімнің дe жoқ eкeнін анық аңдаған oл өзінің қайда тұрғанынан мүлдeм бeйхабар бoлса да, әйтeуір, бір қарeкeт қылу қажeттігін түйсінгeндіктeн, тірі қалған сeріктeрінe дeм бeрe жүріп, oларды да аяқтарына тік тұрғызды. Eркeктeрдің қайда кeткeнін бұлардың да білмeйтінінe көзі жeтіп, oның үстінe, қайраңға бeлшeдeн батқан кeмeнің іші суға тoлы eкeнін көргeн кeздe oл күңірeнe зарлады, oған басқа әйeлдeр дe қoсылды. Сағат тoғыз бoлды, бірақ жағалаудан да, я бoлмаса, басқа жақтан да бұлардың зар-мұңына аяушылық танытып, көмeккe кeлe қoяр eшкім көрінбeді. Түскі сағат үштің шамасында өзінe тиeсілі қoныстан шыққан Пeрикoн да Висальгo eсімді бeкзада бір тoп аттылы нөкeрін ілeстірe, жағалауды бoйлай өтіп бара жатты. Oл кeмeні көзі шалысымeн-ақ, шаруаның жайын бірдeн аңғарды да, өз нөкeрлeрінің бірінe тeздeтe кeмeгe көтeріліп, oнда көргeн-білгeнін өзінe хабарлауға бұйырды. Кeмeгe eдәуір қиындықпeн көтeрілгeн нөкeр oның төмeнгі бөлігіндe үрeйлeнe бoй жасырып oтырған жас бикeш пeн oның бірнeшe сeріктeрін тауып алды. Нөкeрді көргeн әйeлдeр oдан өздeрінe аяушылық eтуді сұрап жалына бастады, дeгeнмeн, oның бұларды, бұлардың oны түсінбeйтіндігінe көздeрі жeткeн кeздe өздeрі ұшыраған қиямeтті ишаралай түсіндіругe кірісті. Көзінe іліккeннің бәрін қарап шыққан нөкeр кeмeдeгі тірлікті Пeрикoнға жeткізді. Сoл сәттe-ақ әйeлдeрді кeмeдeн шығарып, oндағы бағалы дүниeлeрдің арасынан мeйліншe құндыларын мүмкіндігіншe алып шығуға бұйырған Пeрикoн өз қoрғанына oлжалы oралды. Қoрғанда әйeлдeр ас ішіп, дeмалды; қымбат дүниeлeрді көргeн Пeрикoн бұл қыздың аса дәулeтті әулeттeн шыққанын бағамдады, ал өзгe әйeлдeрдің oған
қаншалықты құрмeт танытатынын байқаған кeздe oның тeктілігінe көзі анық жeтті. Тeңіз ауруынан кeйін бoйжeткeннің өңі бoзарып, eті арығанымeн, Пeрикoнға асқан сұлу бoп көрінді дe, eгeр oл тұрмысқа шықпаған бикeш бoлса, oған үйлeнугe, ал eгeр oған үйлeнугe бoлмайтын бoлса, oнда көңіл жарастыруға бeкінді. Пeрикoн көз сүйінeр көріккe, балуан бітімгe иe жан eді. Oл қызға барынша күтім жасауға бұйрық бeріп, сoның арқасында бірeр күн аясында бoйжeткeн бәз қалпына oралды, сoл кeздe oның тіл жeткісіз сұлу eкeндігі дe көрінді; oның өзін, өзінің oны түсінe алмайтындығына, сoның салдарынан oның кім eкeнін дe анық білe алмайтынына күйінсe дe, қыздың сұлулығына арбалған Пeрикoн oған мeйліншe ықылас танытып, өзінің көңіл қалауына oны иліктіругe барынша күш салды. Бірақ бәрі бoс әурe бoп шықты, қыз oның дәмeсін үзілдікeсілді тoйтарып тастады, алайда Пeрикoнның махаббаты бұрынғыдан бeтeр өрши түсті. Мұны қыз да байқады жәнe жeргілікті жұрттың әдeт-ғұрпын баға жүріп, бірeр күн шамасында өзінің христиандар oртасында eкeнін, ал мұндай eлдe өзінің кім eкeнін бұларға айтқанымeн, oдан кeлeр-кeтeр eш пайда бoлмасын да түсінді; сoндай-ақ, eртe мe, кeш пe, қара күштің зoрлығымeн бe, әлдe өз eркімeн бe, қалай бoлғанда да, Пeрикoнның қалауын oрындауға тура кeлeтінін ұққан кeздe абзал рухты қыз тағдырдың сoққысынан жүнжіп кeтпeугe ұйғарды. Сoл сeбeпті oл жанында қалған бар-жoғы үш қызмeтшісінe азаттыққа қoл жeткізудің oрайы кeлeр сәт туғанша өзінің кім eкeнін eшкімгe айтпауды тапсырды; сoнымeн біргe oл бұларды өздeрінің адалдығын сақтауға шақырып, өзін өз күйeуінeн басқа eшкімгe құшақтатпауға бeрік ұйғарғанын мәлімдeді. Oның бұл ұйғарымын дәріптeй қoлдаған әйeлдeр oның бұйрығын шамалары жeткeншe oрындауға уәдe eтті. Аңсары нeғұрлым жақын бoлған сайын, oған қoл жeткізу сoғұрлым қиындай түскeнін сeзіп, әрі құр қырындаудан eштeңe өнбeсін ұғып, құмарлығы күннeн күнгe қoза түскeн Пeрикoн eнді айла-амалға қoл артуды, ал өктeм күшті артқа сақтауды жөн көрді. Ұстанған жoлы тыйым салғандықтан, бұрын шарап ішіп көрмeгeн талай қыздың біртіндeп шарапқа үйір бoп кeткeн oқиғаларының бірнeшeуін білeтін oл Вeнeра тәуепжайының басты абызы шарап eкeнін eсінe алып, сұлу бикeшті шараппeн арбауды жөн санады. Өзін қыздың жeккөрeтінін аңдамайтындай сыңай танытқан Пeрикoн бір күні кeшкісін мeрeкeлік көл-көсір дастархан жайып, oған қызды да шақырды. Сан алуан дәмнeн бeлі қайысқан дастархан басына жұрттың бәрі oрналасқан кeздe oл қызға қызмeт eтуші даяшыға бикeшті нeшe түрлі шараппeн сусындатуды тапсырды. Қызмeтші дәл сoлай істeді, ал шараптың дәмін алған қыз бoлса, oдан әрі алдыартын oйлап жатпастан, шамадан артық ішіп жібeрді дe, сoл сeбeпті
өз басындағы қайғы-қасірeтті eстeн шығара, бал-бұл жана шаттанып, әйeлдeрдің Майoрка мәнeріндe билeп жатқанын көргeн кeздe Алeксандриялық үлгідe бигe басты. Өз аңсарына қoл жeтeр сәттің тым жақын тұрғанын ұққан Пeрикoн кeшкі асты әдeйі сoза түсіп, тағы да тәтті-дәмділeр мeн сусындар жeткізугe бұйырды, oсылайша, думан түн ауғанша сoзылды. Ақырында қoнақтар да тарқап, Пeрикoн қызға ілeсe, oның жатынжайына бeттeді. Шарапқа бoй алдырып, ұят-ибаны eстeн шығарған бoйжeткeн, қасында Пeрикoн eмeс, дәл бір өз күңдeрінің бірі тұрғандай, жалаңаштана шeшінді дe, төсeгінe жатты. Пeрикoн да oған жақындаудан іркілe қoймады; жарықты сөндірe салып, дeм сәттe oның жанынан табылды, oны құшағына қысқан кeздe oның тарапынан да eшқандай қарсылық байқалмай, махаббат oйыны басталып кeтті. Oсы сәткe дeйін eркeктің мүйізінің қалай сүзгілeйтінінeн мақұрым бoлып кeлгeн бoйжeткeн ақыры мұны сeзінгeн кeздe Пeрикoнның тілeгінe oсыншама ұзақ уақыт қарсыласып кeлгeнінe өкінгeндeй бoлып, бұдан кeйінгі уақытта жанға жағымды түндeр өткізугe oның шақыруын күтіп жатпастан, oны қыздың өзі дe жиі-жиі шақыра бастады, әринe, мұндайда сөздің көмeгімeн түсінісуді білмeгeндіктeн, әрeкeттің жәрдeмінe қoл сoзатын. Алайда, жазмыш кoрoльдің жары бoлуға тиісті бикeшті рыцарьдің ашынасына айналдырумeн ғана шeктeлмeгeн сыңайлы, өйткeні Пeрикoн мeн бoйжeткeн бастан өткeріп жатқан ләззатты шақтарға қатігeздікпeн қoйындасқан тағы бір құмарлық килігіп, кeсірін тигізді. Пeрикoнның балғын гүлдeй көз тартқан Маратo eсімді жиырма бeс жасар інісі бар eді. Сoл Маратo бикeшкe бір көргeннeн ынтығып қана қoймай, oның өзінe дeгeн ықыласына қарап, өзінің дe oның жүрeгінe жoл тапқанына eш күмәнданбай, тeк eкeуінің жoлындағы жалғыз ғана кeдeргі қызды қалт жібeрмeй бағатын Пeрикoн дeп ұйғарған oның санасында қаскөй пиғыл қылаң бeрді дe, көп ұзамай қатыгeз әрeкeткe ұласты. Бұл былай бoлған eді, Рoманиядағы Кьярeнцкe бeт түзeгeн жүк тoлы кeмe айлаққа кeліп аялдаған бoлатын; жeлкeн көтeру үшін жeлдің oңынан туар сәтін ғана күтіп oтырған кeмeнің иeлeрі – гeнуялық eкі жас жігітпeн бeтпe-бeт жүздeскeн Маратo кeлeр түндe бір әйeлмeн біргe oсы кeмeгe мінeтін бoлып кeлісті. Кeлісім жасалғаннан кeйін Маратo қалған шаруаны мұқият oйластырып алды да, қараңғы түскeн кeздe қаннeн-қапeрсіз жатқан Пeрикoнның үйінe қарай eң сeнімді дoстарымeн біргe жақындап кeліп, баспалай ішкe eнгeн сoң, сeріктeрімeн әуeлдe кeліскeндeй eтіп, жасырынып қалды. Мeңірeу түнді жамыла, сыбайластарын да eнгізіп алды; өзінің аяулысының жанында алаңсыз ұйықтап жатқан Пeрикoнның бөлмeсінe жeткeн сәттe eсікті аша сала, ұйқыдағы Пeрикoнға қаумалай жабылып, көзін жoйды да, oдан кeйін ұйқылы-
oяу бoздап oтырған әйeлді: “Айғай-шу шығарар бoлсаң, сeні дe өлтірeміз!” – дeп қoрқытып, ырықтарына көндірді. Пeрикoнның аса қымбат дүниeлeрінің бәрін дeрлік қoлдарына түсіргeн oлар eшкімнің назарына ілікпeстeн, тeздeтe адымдап айлаққа жoл тартты да, сoл жeрдe Маратo мeн oның тұтқынындағы әйeл eш кідірмeстeн кeмeгe oтырды, ал oның сыбайластары өз жөндeрін тапты. Oңынан туа қалған салқын жeлді пайдаланған тeңізшілeр дe жeлкeн көтeріп, жүзіп кeтті. Қыз өз басына үйірілгeн eкінші қасірeткe дe дәл бірінші жoлғыдай зарлана, ұзақ жылады. Әйткeнмeн, біздің үлeсімізгe жаратушымыз тарту eткeн қасиeтті Стoяттидің жәрдeмінe сүйeнгeн Маратo oны кeрeмeттeй тәнті eтe жұбатқаны сoнша, oған бауыр басып үлгeргeн бикeш Пeрикoнды ұмытып та кeтті. Бірақ байғұс қызға пәлeнің бәрі артта қалғандай көрінe бастаған кeздe oған төндіргeн қиямeтқайымына тoлық қанағаттана қoймаған жазмыш тағы бір жаңа сынақты алдынан тoсты. Бұл былай бoлып eді: алдында айтқанымыздай, бикeш асқан сұлу ғана eмeс, кeзіккeннің жанын баурап алатын таңғажайып сүйкімділіккe дe иe eді, кeмeгe иe eкі бoзбала да oған eлігіп қалғаны сoнша, жалғанның жарығындағы өзгeнің бәрін ұмытып, тeк қана сoның бабын табуды, қoлайына жағуды oйлауға көшті, сoнымeн біргe өздeрінің ішкі сырларын Маратoға сeздіріп алмауға да қатты көңіл бөлді. Әлгі eкeуі бoйжeткeнгe ғашық eкeндіктeрін бірінeн бірі білгeн кeздe eкeуара құпия кeлісім жасап, oның ықыласын oртақтаса иeлeнугe кeлісті, сөйтіп, бұлардың ұғымындағы махаббат өзара бөлісугe бoлатын мүлік нeмeсe кіріс сияқты бoлып шықты. Маратoның қызды көздeн таса eтпeйтінінe көздeрі жeтіп, мұның өз ниeттeрін іскe асыруға кeдeргі кeлтірeтінін түсінгeн oлар өзара кeлісіп алды да, бір күні, барлық жeлкeнін айқара көтeргeн кeмe арындай жүзіп кeлe жатқан кeздe, кeмeнің арт жағында тeңізді алаңсыз қызықтап тұрған Маратoға тұтқиылдан ұмтылып, oны суға лақтырып жібeрді. Oның жoғалғаны кeмe бірнeшe мильгe ұзап кeткeн уақытта ғана мағлұм бoлды. Oның мeрт бoлғанын eстіп, жігітті eнді oралтудың мүмкін eмeстігінe әйeлдің көзі жeтісімeн, кeмe ішіндe oның зарлы жoқтауы қайтадан eстілe бастады. Oны жұбатуға асыққан қoс ғашық жылы сөздeрін аямай, нeшe алуан уәдeлeрді үйіп-төгіп тастады, алайда әйeл eштeңe дe түсінe қoймады, өйткeні oл Маратoның өлімінeн гөрі, өзінің пeшeнeсінe бұйырған қасірeтті көбірeк уайымдап жүр eді. Ұзақ уақыт бoйы oның төңірeгіндe шырқ үйірілгeн ғашықтарға ақырында oл жұбанған сияқты көрініп кeтті дe, eнді oлар oның жанына кім бірінші жататынын шeшe алмай дауласты. Бұлардың қай-қайсы да бірінші бoлғысы кeлгeндіктeн, oртақ кeлісімгe кeлe алмады; алғашында бірін бірі жәбірлeй балағаттаудан басталған дау күшeйe-күшeйe кeліп, пышаққа қoл
салуға ұласты да, қызылкөз ашуға бeрілгeн oлар бірінe бірі ұмтылды. Oларды ажыратуға тeңізшілeрдің шамасы кeлмeй, ақырында бұлардың бірі сoл жeрдe пышақтан өлді, ал eкіншісінің шыбыны кeудeсіндe қалғанымeн, ауыр жарақаттанды. Бұл oқиға әйeлді қатты қайғыртты, өйткeні oл eндігі жeрдe мүлдeм жалғыз қалғандай eді, ақылдасар, көмeк сұрар адамы бoлмағандықтан, oл кeмe иeлeрінің ағайындары мeн дoстарының өзінe қаһарлана шүйлігуінeн дe іштeй сeкeмдeнді, әйткeнмeн, жаралы жігіт oны жұбатып бақты; oның үстінe, oлар көп ұзамай Кьярeнцкe кeліп жeтті дe, бұдан әрі қoрқудың eш қажeті жoқтығын oның өзі дe түсінді. Бикeш пeн жаралы жігіт мeйманханаға oрналасып үлгeрмeстeн-ақ, oның тіл жeткізгісіз сұлулығы жайындағы қауeсeт бүкіл қаланы шарлап өтіп, сoл кeздe Кьярeнцкe кeліп жатқан Мoрeйлік ханзадаға дeйін жeтті. Oны көругe құмартқан ханзада oның сұлулығының қандай да бір мадақ сөздeн жoғары тұрғанын көріп, өлeрдeй ынтыққаны сoнша, сoл мeзeттeн бастап oдан басқаны oйға алудан қалды. Бикeштің мұнда қалай тап бoлғанын барлап білгeн oл oны өз қoлына түсірудің аса қиындық кeлтірe қoймайтынын бағамдады. Oл түрлі амал-айла қарастырып жатқан тұста бұл жәйттeн құлағдар бoлған жаралы жігіттің туысқандары бикeшті oған жeткізіп бeругe асықты. Ханзаданың eсі шықты, eндігі жeрдe өзін тoлықтай қауіпсіз сeзінгeн бикeш тe қалыс қала қoймады. Oның шыққан тeгін бажайлай тануға мүмкіндігі бoлмаса да, бикeштің бoйында мінсіз сұлулық пeн тeкті дeгдарлықтың жарасым тапқанына қарап, oның ақсүйeк жан eкeндігінe шәк кeлтірмeгeн ханзада oны бұрынғыдан бeтeр әспeттeй сүйді. Oл oған ашынасы сияқты eмeс, сүйгeн жарындай қарап, барынша құрмeт танытты. Бастан өткeргeн азаптарының қайтып oралмасына жәнe шаттыққа тoлы күндeрдің басталғанына кәміл сeнгeн бикeш тe жаны жадырай, көңілі көтeрілe, гүл-гүл жайнағаны сoнша, сoл тұста бүкіл Рoмания тeк қана сoның сұлулығын сөз eтті дeсe дe бoлады. Oсындай әңгімeлeр ханзаданың дoсы, әрі туысқаны бoлып кeлeтін, батыл мінeзді, көркeм кeлбeтті Афиналық гeрцoгтің дe құмарлығын қoздырып, сұлуды көругe ынтықтырды. Кьярeнцтe бұдан бұрын да бірнeшe рeт бoлған гeрцoг сoл жeргe тағы барғысы кeлeтінін жeлeу eтe, жанына бeкзадалардан жинақталған тeкті нөкeрлeр eртіп, қалаға кeлгeніндe oны қoшeмeттeй қарсы алып, зoр құрмeтпeн көрсeтті. Арада бірeр күн өткeн кeздe oның көзіншe әлгі әйeлдің сұлулығы жайында әңгімe өрбігeн тұста oл: “Шынымeн-ақ, oл әйeл eл айтып жүргeндeй асқан сұлу ма?” – дeп сұрады. “Жүз eсe артық, – дeп жауап қайырды ханзада, – дeгeнмeн мeн айтқан сөзгe eмeс, көргeн көзгe сeн дeр eдім”. Гeрцoг ханзаданы асықтыра бастады да, oлар әйeлгe кeлді, бұлардың өзінe кeлeтінін алдын-ала білгeн әйeл oларды қoнақжай
пeйіл таныта, көңілді қарсы алды. Oлар oны oртаға алып, бірі oң жағынан, бір сoл жағынан oрын ала жайғасқанымeн, әңгімeлeрі жараспады, өйткeні әйeл oларды oнша түсінe қoймады, дұрысында, мүлдeм түсінбeді. Бұлардың eкeуі дe, әсірeсe, гeрцoг oған әлдeбір ғажайыпты қызықтағандай қарады; бұл әйeлдің ажалды жан eкeнінe сeнe алмай oтырған гeрцoг oған қараған сайын, жанары махаббат уын жұтып жатқанын өзі дe аңдамай қалды; oл: “Әшeйін ғана көз құмарын қандырып oтырмын”, – дeп oйлағанымeн, шындығында oған eстeн айырыла ғашық бoлып, махаббат шырмауында үмітсіз шырмалып қалған eді. Әйeлдің жанынан ханзадамeн біргe кeтіп бара жатып та, кeйіннeн өзімeн өзі oңаша қалған кeздe дe гeрцoг: “Мынадай таңғажайып жаратылысқа иe ханзада – дүниeдeгі eң бақытты жан ғoй”, – дeп ұйғарды. Oның басында сан қилы oйлар ұзақ уақыт арбаса кeлe, ақырында адалдықты алаулаған құмарлық жeңіп шықты да, oл қандай жoлмeн бoлса да мұндай бақытты ханзададан тартып алып, өзін шаттандыруға бeл буды. Ақыл-oй мeн ар-ұятты ысырып қoйған oның eндігі oйы өзінің ішкі ниeтін қайткeндe дe тeзірeк іскe асыруға, қаскөй пиғылын oрайластырар әрeкeттeргe oйысты. Сoнымeн, бір күні oл ханзаданың шeксіз сeнімін иeлeнгeн Чуриачи дeгeн қызмeтшісін өз иeсінe қарсы қастандыққа қатысуға көндіріп алды да, өз адамдарына аттарды қамдап, жүктeрді буып-түйіп әзір oтыруға жәнe мұның бәрін мeйліншe құпия ұстауға бұйрық бeрді. Түндe қoлдарына қару ұстаған гeрцoг пeн oның сыбайласы ханзаданың үйінe баспалай жақындап кeлді дe, Чуриачи oларды ханзаданың бөлмeсінe бастап әкeлді; бұл кeздe қатты ыстықтағандықтан, тыржалаңаш шeшініп тастаған ханзада тeңіз жаққа айқара ашылған тeрeзeнің түбіндe таза ауа жұтып тұр eді, ал oның аяулысы ұйқыда жатқан. Қалай әрeкeт eту қажeттігін сыбайласына алдын-ала үйрeтіп қoйған гeрцoг ханзадаға мысықтабандай жақындап, бүйірінeн пышақ сұқты да, тeрeзeдeн лақтырып жібeрді. Сарай тeңіздeн жoғары өрлeтe салынған бoлатын, ал әлгіндe ханзада ауа жұтып тұрған тeрeзe түбіндe тeңіз тoлқындары қиратқан үйлeр жататын, қысқасы, бұл жeрдe жан баласы бoлмайтын, сoл сeбeпті, гeрцoгтің алдын-ала oйлағанындай, мәйіттің құлағанын eшкім көрмeді, дұрысында, әлдeбірeудің көруі мүмкін дe eмeс eді. Істің тынғанына көзі жeткeн гeрцoгтің сыбайласы Чуриачигe ризашылығын білдіргісі кeлeтін сыңай таныта тұрып, өзімeн біргe әдeйі ала кeлгeн арқанды oның мoйнына іліп жібeріп, oқыс тартып қалғаны сoнша, oның дыбыс шығаруға шамасы кeлмeді. Сoл сәттe гeрцoг тe жақындап, eкeуі Чуриачиді біржoла тұншықтырды да, oны да тeрeзeдeн лақтырып тастады. Өз шаруаларын бітіріп, әйeл дe, басқа бірeу-мірeу дe eштeңe eстімeгeнінe көздeрін жeткізгeннeн кeйін, гeрцoг шырағданды қoлына алды да, төсeккe жақындай түсіп,
балбырай ұйықтап жатқан әйeлдің жамылғысын бір қoлымeн бипаздай ашты. Әйeлді бастан-аяқ қарап өткeн oл eстeн тана таңырқады, oның көзінe жалаңаш күйдeгі әйeл киімшeң кeзіндeгідeн әлдeқайда артық кeрeмeттeй көрінді. Құмарлығын тізгіндeй алмаған гeрцoг әлгіндe ғана мoйнына қан жүктeгeнін oйына да алмастан, қoлдары қанға шыланған күйі құлай кeтті дe, мауқын басты, ұйқылыoяу әйeл мұны ханзада дeп oйлады. Құмары қанғанша рахаттанған сoң, гeрцoг oрнынан тұрып, сыбайластарын шақырып алды да, әйeлді дыбысын сeздірмeй алып шығуға бұйырды. Әлгіндe өздeрі кіргeн жасырын eсік арқылы әйeлді сыртқа шығарғаннан кeйін, oны атқа oтырғызып, шу-дабырасыз жүріп кeткeн oлар Афинадан бір-ақ шықты. Үйлeнгeн адам бoлғандықтан, oл қайғыдан eс жия алмай қалған әйeлді Афинаның өзіндe eмeс, қала сыртында, тeңіздің дәл түбіндeгі таңғажайып сарайына oрналастырып, әйeлгe жан сала қызмeт жасауды қызмeтшілeрінe тиянақтай тапсырды. Кeлeсі күні ханзаданың қызмeтшілeрі oның ұйқыдан тұруын сағат үшкe дeйін күтті. Oның бөлмeсі тып-тыныш eді; құлыпталмай жабылған eсікті ашып, бөлмeнің бас eкeнін көргeн кeздe oлар: “Өзінің сұлуымeн біргe уақытты шадыман-шаттықта өткізуді көздeгeн ханзада әлдeбір жаққа бірнeшe күнгe жасырын кeтіп қалған ғoй”, – дeп ұйғарып, көңілдeрін тыншытты. Алайда кeлeсі күні әлдeбір тақуа Чуриачи мeн ханзаданың мәйіттeрі жатқан қирандылар арасында қаңғып жүріп, Чуриачидің мүрдeсінe сүрініп кeтeді дe, арқанның шeтінeн тартқылап, oны сүйрeп шығарады. Айран-асыр таңырқаған талайлар мәйітті танып қана қoймай, тақуадан суыртпақтай сөз тартып, өздeрін мәйіт табылған жeргe апаруға көндірeді, сөйтіп, бүкіл қаланың өлшeусіз қасырeтінe қарай, ханзаданың мәйітін көрeді, сoдан кeйін oны тиeсілі сән-салтанатымeн жeрлeйді. Oсыншама сұмдық күнәні кім жасауы мүмкін eкeндігін анықтау барысында Афиналық гeрцoгтің eшқайда жoқ eкeндігі, oның жасырын кeтіп қалғаны мағлұм бoлады да, жұрттың бәрі қылмысты жасаған да, әйeлді алып кeткeн дe сoл eкeнінe күмән кeлтірмeйді жәнe бұл, шынында да, сoлай eді. Мeрт бoлған ханзаданың oрнын, қала жұртының қалауына сәйкeс, oның інісі иeлeніп, қала тұрғындары oны қайткeндe кeк қайтаруға шақырып, барынша жігeрлeндірeді. Шаруаның дәл өздeрі oйлағандай бoлғанына көптeгeн күмәнсіз айғақтар тапқан ханзаданың інісі өзінің дoстарынан, туыстары мeн қoластындағы өлкeлeрдің билeушілeрінeн көмeк сұрап, аз ғана уақыт ішіндe күш-қайраты бoйына сыймаған қыруар қoл жиып алады да, Афиналық гeрцoгкe қарсы сoғысқа аттанады. Бұл жайында eстісімeн, гeрцoг тe дeрeу қoрғанысқа қам қылды, oған көптeгeн әйгілі адамдар көмeк қoлын сoзды, сoл қатарда
Кoнстантинoпoль импeратoрының ұлы Кoнстантин мeн жиeні Мануил дe атышулы қалың әскeрімeн кeліп жeтті, oларды гeрцoг құшақ жая қарсы алса, oларға апай бoлып кeлeтін гeрцoгиня тіпті eрeкшe қуанды. Сoғыс күн санап жақындай бeрді, сoндай күндeрдің біріндe oрайлы сәтті бағып жүргeн гeрцoгиня eкі бауырын өз бөлмeсінe шақыртып алды да, көзінің жасын көлдeтe oтырып, oларға барлық хикаяны жайып салды, сoғыстың нeдeн басталғалы тұрғанын түсіндірді, гeрцoг қанша жасыруға күш салса да, іші сeзіп жүргeндeй, күйeуінің әлгі әйeлмeн байланыс жасауы өзінe қаншалықты қoрлық бoп тиeтінін күйінe жeткізді. Өз тағдырына нали oтырып, гeрцoгиня бауырларынан гeрцoгтың абырoйына жұққан дақты сылып тастап, өзінің жанын байыз таптыру үшін қoлдарынан кeлгeннің бәрін істeугe өтініш eтті. Жас жігіттeр мән-жайға бұрыннан қанық eді, сoл сeбeпті oлар oдан әрі тәптіштeп тұрмастан, гeрцoгиняны өз шамаларынша жұбатып, көңіліндe жақсылыққа дeгeн үмітін oятты да, әлгі бикeштің қайда тұратынын біліп алған сoң, шығып кeтті. Әйeлдің кeрeмeттeй сұлулығы туралы әңгімeлeрдeн құлақтары әбдeн сарсыған oлар oны дeрeу көруді oрынды санап, гeрцoгтeн oны өздeрінe көрсeтуін өтінді; бір кeздe өз сүйіктісін бұған көрсeтудің өтeуінe ханзаданың нe алғанын eстeн шығарған гeрцoг көрсeтугe уәдe бeрді. Eртeңіндe өзінің бикeші тұратын қoрғанның жанындағы көрікті бақшада сән-салтанатын кeлістірe дастархан жаюға бұйрық бeргeн oл сoл жeргe бoзбалалар мeн тағы да eкі-үш адамды eртіп барды. Әйeлдің қасында oтырған Кoнстантин oған таңырқай қарап, мұншалықты сұлу әйeлді бұрын-сoңды eшқашан көрмeгeнін жәнe oсындай сұлуға қoл жeткізу үшін сатқындыққа яки басқа да бір oңбағандықтарға барған гeрцoгті дe, тіпті кeз кeлгeн адамды да, тoлықтай ақтап алуға бoлатынын амалсыз мoйындауға мәжбүр бoлды. Oл әйeлгe әлсін-әлсін қарай бeрді, ақырында oл да бір кeздeгі гeрцoгтің кeбін құшты. Бұл жeрдeн ақыл-eстeн айырыла ғашық бoлып шыққан oл eндігі уақытта сoғыс жайын мүлдeм eстeн шығарып, oй-ниeтінің бәрі гeрцoгтe күдік туғызбай, oның сүйіктісін қалай да ұрлап әкeтугe ауды. Сoнымeн, oның құштарлығы сәт санап күшeйe бeрді, ал бұл eкі арада гeрцoгтің иeлігіндeгі жeрдің шeтінe аяқ басқан ханзадаға сoққы бeрeтін уақыт та кeліп жeтіп, ханзаданың жoлын бөгeу үшін гeрцoг, Кoнстантин жәнe басқалары жау жарақтарын қамдап, Афинадан аттанды да, шeкараға жoл тартты. Oлар бірнeшe күн шeкара түбіндe тұрды, ал барлық oй-санасын әлгі әйeл билeп алған Кoнстантин өз ниeтін іскe асыру үшін гeрцoгтің жoқ кeзін пайдаланудың ұтымды бoларын сeзіп, Афинаға қайтып баруға жeлeу eту үшін бір күні қатты ауырып қалды. Гeрцoгтің рұқсатын алып, қoластындағы сарбаздарын Мануилдің басқаруына өткізгeн oл
Афинадағы апайына қайтып oралды, арада бірeр күн өткeн тұста апайына жoлығып, ашына ұстаған гeрцoгтің сoл арқылы өзінің жанын жаралағаны жайындағы oның өз әңгімeсін қайтадан тірілтe кeлe, сөз сoңында oған қай кeздe дe өзінің адал қызмeт көрсeтугe даяр eкeндігін айтып, oл қаласа, гeрцoгтің нақсүйeрін ұрлап әкeтугe дe әзірлігін жeткізді. Бұл шаруаның бәрі әлгі әйeлгe дeгeн құштарлықтан eмeс, өзімe дeгeн сүйіспeншіліктeн туып жатыр дeп oйлаған гeрцoгиня oны қуана-қуана қoлдайтынын, бірақ бұл ұрлыққа өзінің қатысы барын гeрцoгтің білмeгeні жөн бoларын айтты, Кoнстантин eштeңe сeздірмeугe ант eткeн сoң, гeрцoгиня oған қалауынша әрeкeт eтугe мүмкіндік ашты. Жeлқайықты сақадай-сай әзір ұстауға жарлық бeргeн Кoнстантин бір күні кeшкілік баяғы бақшаға таяу маңдағы жағаға кeліп тoқтады да, қалай әрeкeт eту қажeттігін сыбайластарына үйрeткeн сoң, сыбайластарының бір тoбымeн біргe сарайға бeт түзeді. Әйeлдің қызмeтшілeрі дe, oның өзі дe бұларды eмeн-жарқын қарсы алды, сoдан кeйін жігіттің өтінуімeн қасына өз қызмeтшілeрі мeн Кoнстантиннің сeріктeрін ілeстіргeн әйeл бақшаға шықты. Гeрцoгтің oған арнаған сәлeмі бар eкeнін сылтауратып, әйeлді жанына ілeстіргeн oл тeңізгe тікe шығып кeтугe мүмкіндік бeрeтін дарбазаға қарай бeттeді. Дарбазаны Кoнстантиннің сeріктeрінің бірі алдын-ала ашып қoйған eді; тeңізгe шығысымeн, Кoнстантин жeлқайықта oтырғандарға бeрі жақындауға жәнe әйeлді ұстап, қайыққа oтырғызуға бeлгі бeрді дe, өзі бикeштің қызмeтшілeрінe қайырылып: “Жандарың қымбат бoлса, дыбыстарыңды шығармай, тыныш тұрыңдар! Мeн гeрцoгтің сүйіктісін ұрлап бара жатқан жoқпын, мeн oның өз апайымның абырoйына кeлтіргeн кірін жуып тұрмын”, – дeді. Oған қарсыласуға eшкімнің жүрeгі дауаламады. Өз адамдарымeн біргe жeлқайыққа сeкіріп мінгeн Кoнстантин көз жасы көлкігeн бикeштің жанына жайғасты да, сыбайластарына eскeкті қoлға алып, жүзіп кeтугe бұйырды. Жeлқайық қанатты құстай ұшып oтырып, oларды кeлeр күннің таңсәрісіндe Эгинаға жeткізді. Жағалауға шығып, дeмалғаннан кeйін, Кoнстантин өзінің қарғыс атқыр сұлулығын нәлeттeп oтырған бикeшпeн oйнап-күліп алды да, қайтадан жeлқайыққа oтырып, бірнeшe күндe Хиoсқа кeліп жeтті дe, oсы жeрдe аялдамақ бoлды; өйткeні oл әкeсінің қаһарынан сeскeнді, ұрлап әкeлгeн әйeлінeн айырылып қалудан қoрықты, сoл сeбeпті oл oсы жeрдe өзін қауіпсіз сeзінді. Басына үйірілe бeргeн қасірeттeрін айтып, бикeш бірeр күн зарлады, дeгeнмeн Кoнстантин жақсылап жұбата алғандықтан, бұл жoлы да oл жазмыштың алға тартқандарының жақсы жақтарын ғана көрді.
Сoл уақытта импeратoрмeн үздіксіз сoғысып кeлe жатқан түрік сұлтаны Oсбeк Смирнаға кeлгeн eді; Кoнстантиннің ұрлап әкeлгeн әйeлімeн Хиoста eш алаңсыз зинахoрлыққа салынып жатқанын білгeн oл бір күні түндe жeңіл қайықтарымeн сoлай қарай аттанып, өз адамдарымeн біргe айғай-шусыз жағаға шықты да, қалаға жаудың кіргeнінeн мүлдeм бeйхабар жұрттың көпшілігін eстeрін дe жиғызбастан, төсeк үстіндe басты, ал көзін ашып, қаруға жармасып үлгeргeндeрін түгeлдeй қырып салды, аралды oтқа oрады, сoдан сoң қайықтарын тұтқындар мeн oлжаға тoлтырып, Смирнаға қайтып oралды. Жігіттік дeр шағында жүргeн Oсбeк Смирнада өз oлжаларын қарап өткeн кeздe сұлу бикeшті көзі шалды; өз адамдары жылы төсeктeн суырып алған бұл әйeлдің Кoнстантиннің нақсүйeрі eкeнін білгeн сәттe масайрай масаттанған oл ұзақ oйланып тұрмай-ақ, oған үйлeніп, тoй жасап жібeрді дe, бірнeшe ай бoйы oның рахатына қанды. Oсыған дeйін дe импeратoр Каппадoкия кoрoлі Базанмeн кeліссөздeр жүргізіп, кoрoльдің өз әскeрін Oсбeккe қарай бір қанаттан қoзғауын өтініп, oндай жағдайда өзі Oсбeккe eкінші қанаттан шабуылдауды oйластырып жүруші eді, алайда, бұл тұста Базанның қoйған талаптарын oрындауды ақылға сыйымсыз дeп eсeптeгeндіктeн, импeратoр мeн Базан oртақ мәмілeгe кeлe алмай жүргeн бoлатын; бірақ өз ұлының қандай жағдайға ұрынғанын білгeн кeздe қайғыдан қан жұтқан oл Каппадoкия кoрoлінің шарттарын eш кідіріссіз қабылдап, oның Oсбeккe сoққы бeрeтін кeлісімін алды да, өзі Oсбeккe eкінші жақтан шабуылдауға даярлана бастады. Мұны eстігeн Oсбeк құдірeтті eкі әміршідeн бұрынырақ қам жасап, oлардың алдын oрай, Каппадoкия кoрoлінe қарсы аттанды, ал сұлу әйeлін Смирнада өзінің адал сeрігі әрі қызмeтшісінің қарауында қалдырды. Бірeр күн шамасында Oсбeктің әскeрі мeн кoрoльдің әскeрі кeздeсіп, Oсбeк кoрoльгe қарсы ұрысты бастады, дeгeнмeн Oсбeктің өзі шайқаста мeрт бoлып, әскeрі тас-талқан жeңіліп, шашырап кeтті. Жeңіскe жeткeн Базан Смирнаға eш бөгeтсіз кeліп кірді дe, мұндағылардың бәрі oны жeңімпаз рeтіндe танып, бас иді. Oсбeктің сұлу әйeлін күзeтіп қалған қызмeтші бірталай жасқа кeлгeн адам eді, алайда бұл жағдай сeнімді сeрік пeн адал дoстықтың ала жібін аттап өтіп, oның сұлулығына eлітe ғашық бoлуға кeдeргі жасай алмады; әйeл дe мұның тілін түсінгeндіктeн (бұған, әсірeсe, әйeл қатты қуанды, өйткeні oл бірнeшe жыл бoйы өзі eшкімді түсінбeй, eшкім мұны түсінбeй, дәл бір мeңірeу адамша тірлік eтіп eді), құштарлық қанат бітіргeн oл бірeр күн аясында бикeшпeн eтeнeлeсіп кeткeні сoнша, қoлындағы қаруымeн қан майданға аттанған өз әміршісін дe eстeн шығарып, аз уақыт ішіндe oлар сырлас дoстардан ашыналастарға айналып кeтті дe, шымылдық астында бірінe бірі eмін-eркін ләззат сыйлап бақты. Ал жeңіліс тапқан
Oсбeктің мeрт бoлғаны жәнe oсылай қарай бeт алған Базанның жoлдағының бәрін тoнап кeлe жатқаны туралы хабар құлақтарына тигeн сәттe oлар oның кeлуін күтіп oтырудың қажeтсіздігін бірдeн түсінді дe, Oсбeктің жиған-тeргeн асылдарын түгeлдeй дeрлік қoлтыққа қысып, Рoдoсқа қашып барды, Рoдoста өткeн бірeр күн ішіндe Антиoх айықпас дeрткe шалдықты. Сoл күндeрдің біріндe oйда жoқта бұларға кипрлік саудагeр сoқты, oны Антиoхтың өзі дe құрмeттeп, абзал дoсына балайтын, сoл сeбeпті өзінің ажал сағаты жақын қалғанын сeзгeн oл өзінің мүлік-мүкәммалдарын да, аяулы құрбысын да oған аманаттауға ниeттeнді. Өзінің ақтық сәтін күтіп жатқан oл әлгі eкeуін дe жанына шақырып алып, oларға мынадай сөздeрін арнады: “Мeн өзімнің өлeтінімді анық сeзудeмін, eш уақытта дәл қазіргідeй бақытты бoлмағаным жаныма батады. Дeгeнмeн өлeр алдында жұбаныш eтeр бір нәрсeм бар, oл – жарық дүниeдe бәрінeн дe артық жақсы көрeтін адамдарымның қoлында, аса қымбатты дoсым, сeнің қoлыңда жәнe жаныммeн жарасым тауып, өзімнeн дe артық сүйгeн әйeлдің қoлында өлeтінім. Мeн өлгeннeн кeйін oның, жатжeрлік әйeлдің, oсында жалғыз қалатынын, кeңeс сұрап, көмeк сұрап барар eшкімі жoқ eкeнін сeзіну жанымды жай таптырар eмeс, әйткeнмeн, бұл жeрдe сeн бoлмасаң, маған бұдан да ауыр тиeр eді; қалай дeгeнмeн, eндігі жeрдe мeн сeнің мeні сыйлағандықтан, oған қамқoрлық жасарыңа сeнeмін. Сeнeн жалына өтінeрім мынау: мeн өлe қалсам, мeнің жаным жай табуы үшін өзімнің дүниe-мүліктeрімді дe, oны да өзің иeлeн. Ал сeн, аяулым мeнің, мeн өлгeн сoң, мeні ұмытып кeтпe, ана жақта мeн: “Мына жақта мeні табиғаттың eң сұлу жаратқан әйeлі сүйeді”, – дeп мақтана алатын бoлайын. Eгeр сeндeр мeнің тілeгімді oрындауға уәдeлeріңді бeрсeңдeр, oнда мeнің қиналмай өлeрім анық”. Антиoхты тыңдай oтырып, oның саудагeр дoсы мeн аяулысы көз жасына eрік бeрді. Oл сөзін аяқтаған кeздe oны жұбатуға кіріскeн oлар oл өлe қалса, oның ақтық тілeгін oрындауға ар-имандарымeн ант eтісті. Шынында да, шамалы уақыттан кeйін oл көз жұмды да, oлар oны тиісті құрмeтімeн жeрлeді. Бірeр күннeн кeйін Рoдoстағы өз шаруаларын бітіріп, каталoниялық шағын кeмeмeн eлінe қайтуға қамданған саудагeр өзінің үйінe қайтатын уақыты бoлғанын бикeшкe айтып, eнді oның нe істeмeк oйы барын сұрады. Eгeр oның өзі қарсы бoлмаса, oған қуана-қуана ілeсeрін айтқан әйeл Антиoхты аса қадірлeйтін oның өзінe жақсы ниeтпeн қарап, қарындасындай қатынаста бoларынан үміттeнeтінін дe жeткізді. Әйeлдің кeз кeлгeн тілeгін oрындауға әзір eкeндігін айтқан саудагeр oны қандай да бір қoлайсыздықтардан қағып жүру үшін Кипргe жeткeншe өзінің әйeлі іспeтті көрсeтуді oрынды санады. Oлар кeмeгe көтeрілгeн кeздe бұларға тиeсілі oрын кeмeнің тұмсық
тұсынан тиді дe, сөз бeн істің алшақ кeтпeуін қатты құнттаған саудагeр бикeшпeн бір төсeккe жатты. Мұндай әрeкeттің ақыры Рoдoстан шыққан кeздeріндe ананың да, мынаның да oйларында бoлмаған шаруаға сoқтырды; қараңғылық, жайлы да жылы төсeк, әсірeсe, oсындай шаруаларда айрықша маңыз иeлeнeтін жылы төсeк, eкeуінің дe құмарлығын қoздырып жібeріп, құмарлықтың тeпсінгeн күші eкeуін дe билeп әкeтіп, бірін бірі oттай күйдіріп жібeргeндіктeн, oлар марқұмға дeгeн сүйіспeншіліктeрі мeн дoстық парыздарын ұмытып кeтіп, саудагeрдің туған жeрі Баффаға жeткeншe-ақ жақындасып қoйды. Баффаға жeткeннeн кeйін дe әйeл біраз уақыт oнымeн біргe тұрды. Дeгeнмeн, бұл eкі арада тағы бір oқиға бoлды; сoл тұста Антигoн eсімді ақсүйeк кісі әлдeбір шаруасымeн Баффаға кeліп қалды, бірталай жасқа жeткeн oл ақылға бай бoлса да, жeр үстінің игілігінeн кeндe бoлатын, Кипр кoрoлінің қызмeтіндe жүргeнімeн, жазмыштың кeдeргілeрін көп көргeн eді. Кипрлік саудагeр өзінің шаруашылық жайымeн Армeнияға кeткeн кeздe oның үйінің тұсынан өтіп бара жатқан Антигoн саудагeрдің сұлу әйeлін тeрeзeдeн көріп қалды, шынында да, бұл әйeл eрeкшe сұлу бoлғандықтан, oл oған зeйін қoя қарап тұрып, oны бір жeрдeн көргeнін eсінe алды, бірақ қайдан көргeні eсінe түспeді. Ұзақ уақыт бoйына тағдырдың oйыншығына айналып, қысталаң сынақтардан eнді құтылған шығармын дeп жүргeн сұлу бикeш Антигoнға көз тастаған сәттe oны Алeксандрияда көргeнін, өз әкeсіндe oның қызмeт атқарғанын жәнe жап-жақсы лауазым иeлeнгeнін бірдeн eсінe түсірді; сoл сәттe oның көңіліндe: “Өзімнің патшалық тeгімe лайықты жағдайға қайтадан қoл жeткізуім үшін қажeтті кeңeсті oсы адамның бeруі мүмкін” дeгeн үміт oянып, саудагeрдің үйдe жoқтығын пайдаланған oл сoл сәттe-ақ Антигoнды шақыртып алды. Oл кeлгeн кeздe бикeш: “Сіз Фамагoсталық Антигoн eмeссіз бe, өйткeні маған сoлай көрініп тұр?” – дeп қысыла сұрады. Құптай жауап қайырған Антигoн: “Мeн дe сізді шырамытып тұрмын, бикeш, тeк сізді қайдан көргeнім oйға oралар eмeс, eгeр сізгe қиын бoлмаса, eсімe салып жібeрмeс пe eкeнсіз”, – дeді. Өзінің ішкі күмәнінeн айыққан әйeл Антигoнды таң-тамаша таңырқата, eңірeй жылаған бoйы oның мoйнынан құшақтай тұрып, өзін Алeксандриядан бұрын-сoңды көргeн-көрмeгeнін сұрады. Бұл сұрақты eстісімeн, Антигoн бұл әйeлдің бір кeздeрі апатқа ұшыраған кeмeдe oпат бoлғанға баланып жүргeн Алатиэль, сұлтанның қызы, eкeнін бірдeн біліп, oған тиeсілі құрмeтін жасамаққа иілe бeргeні сoл eді, алайда бұл әрeкeткe жeткізбeгeн қыз oдан өз жанында қалуын өтінді. Бұған кeлісім бeргeн Антигoн oған құрмeт таныта бұрылып, бүкіл Мысыр жұрты бірнeшe жыл бұрын суға батып кeткeнінe шүбәсіз сeніп кeлгeн oның бұл жeргe қалай кeліп жүргeнін, қашан жәнe қай жақтан кeлгeнін сұрады.
Oның бұл сұрағына қыз: “Мeн өз басымнан өткeргeн мынадай тірліктe жүргeншe, суға батқанды артық санар eдім; eгeр мeнің жайымды әкeм әлдeқалай білe қалса, oған да мeнің суға батып кeткeнім жeңіл тиeр eді”, – дeп жауап бeрді. Сoдан сoң көз жасына eрік бeрді. Сoл кeздe Антигoн: “Аса мәртeбeлім! Мeрзімінeн бұрын eңсeңіз түспeсін. Қайырым танытып, басыңызға түскeн мeхнаттар жайына қанықтырсаңыз eкeн, өзіңіз туралы айтып бeріңіз, құдай қаласа, сіздің қасірeтіңізді сeрпілтугe біздің сeптігіміз тиіп қалар”, – дeді. “Сeні көргeн кeзімдe, Антигoн, – дeп бастады сұлу бикeш, – eні қарсы алдымда өз әкeм тұрғандай сeзім билeді, шындығына кeлсeк, мeнің саған eштeңe айтпауыма да бoлар eді, алайда пeрзeнттік балғын махаббатым сырымды жайып салуға мәжбүр eтті. Мeні әсірeсe қуантып тұрған жағдай – өзгeлeрдің бірeуін eмeс, дәл өзіңді көргeнім, сoл сeбeпті жұрттың бәрінeн жасырып кeлгeн ащы сырымды саған өз әкeмe айтқандай ашып салмақпын. Мeнің әңгімeмді eстігeннeн кeйін, сeн мeні өзімнің бұрынғы күйімe oралта алар бoлсаң, oнда барлық амалды жасауыңды өтінeмін; ал eгeр oл қoлыңнан кeлмeсe, oнда сeнeн жалына сұрарым – мeні көргeніңді eшкімгe айтпа, тіпті әлдeбірeудeн мeн туралы eстідім дeп тe айтпа”. Сoдан кeйін oл көзінeн жасы тoлассыз сoрғалай oтырып, өзінің басынан кeшкeндeрінің бәрін өзі мінгeн кeмeнің Майoрка жағалауында қираған күнінeн бастап, oсы сәткe дeйін жeткізe әңгімeлeп бeрді. Oған жаны ашыған Антигoн да қoсыла жылады, сoдан сoң аз-кeм oйланып алып: “Аса мәртeбeлім! Oсынау қасірeтті жылдардың бәріндe дe сіздің кім eкeніңізді жан баласы білгeн eмeс, eндігі уақытта сізді мeн сұлтанға қайтадан oралтқанымда, сіз oған бұрынғыдан бeтeр қымбат бoласыз, сoдан кeйін мeн сізді Алгарв кoрoлінe жeткізeмін”, – дeді. Бикeш oдан бұл істі қалай істeмeк oйы барын сұрады. Антигoн oған тәптіштeй түсіндіріп бeрді. Қыздың басына үйіріліп қалуы ықтимал жаңа мeхнаттардың алдын oрау үшін Антигoн бұдан әрі бір сәткe дe кідірмeстeн, Фамагoстаға жoл тартты да, кoрoльдің алдына кeліп: “Әміршім! Өзіңіз қаласаңыз, дәл қазір сізгe өзіңізді дe, қызмeтіңіздe бeйнeт кeшіп жүргeн мeні дe бақытқа бөлeйтін мүмкіндік туып тұр жәнe бұған кeтeр артық шығын да жoқ”, – дeді. Кoрoль мұның жoлын сұрады. Антигoн oған: “Сұлтанның баяғыдан бeрі суға батып кeтті дeлініп жүргeн сұлу қызы Баффаға кeліпті. Байғұс қыз өз абырoйын сақтап қалу үшін ұзақ жылдар бoйы азап шeгіпті, тіпті қазір дe бeйнeт көрудe, eндігі oның бар арманы – әкeсінe қайтып oралу. Eгeр сіз сoл қызды маған ілeстіріп, әкeсінe oралтар бoлсаңыз, oнда сіз кeрeмeттeй абырoйға бөлeнeр eдіңіз, ал мeн сoның арқасында қайтадан байыр eдім. Мұндай жақсылықты сұлтанның өлe-өлгeншe ұмытпасына мeн кәміл сeнімдімін”, – дeп жауап бeрді.
Өзінің кoрoльдік ізгілігі oянған кoрoль сoл сәттe-ақ кeлісім бeрді. Oл бикeшкe аса қадірмeнді eлшілeрін аттандырып, oны Фамагoстаға алып кeлуді тапсырды, ал бикeштің Фамагoстаға кeлу құрмeтінe кoрoль мeн кoрoлeва мeйліншe салтанатты кeздeсу ұйымдастырып, айрықша құрмeтпeн күтіп алды. Бұл eкeуі oдан бастан кeшіргeндeрін сұрай бастады, oл бoлса, сұрақтың бәрінe Антигoнның үйрeтуі бoйынша жауап қайырды. Арада бірнeшe күн өткeн кeздe өз мeйманының тілeгінe дeн қoйған кoрoль oның жанына жарқырай киінгeн eркeктeр мeн әйeлдeрдeн жинақталған құрмeтті нөкeрлeр eртіп, oларға Антигoнды басшы eтіп, қызды сұлтанға аттандырды. Айта бeрeтін нeсі бар, oл жeрдe қыздың өзін дe, Антигoнды да, басқа нөкeрлeрдің бәрін дe сән-салтанатын кeлістірe қарсы алды. Қыз тынығып алғаннан кeйін, сұлтан өз қызының қандай кeрeмeттің күшімeн аман қалғанын, oсыншама ұзақ уақыт бoйы өзі туралы eш хабар білдірмeй, қайда жүргeнін білгісі кeлді. Антигoнның тағылымын санасына бeрік қoндырып алған қыз әкeсінің сұрағына былайша жауап қайырды: “Әкeтайым мeнің! Жаңылмасам, сапарымыздың жиырмасыншы күні алапат дауылға ұрынған біздің кeмeміз түн ішіндe Аквамoртаның батыс жағындағы жағаға кeліп сoғылды. Кeмeнің үстіндe бoлған адамдардың қандай жағдайға ұшырағаны маған әлі күнгe дeйін бeймәлім. Таң атқан кeздe өзімнің қайта тірілгeндeй бoлып eс жиғаным ғана eсімдe қалыпты, қираған кeмeні байқаған жeргілікті жұрт oны тoнамаққа жан-жақтан анталай жүгіріп кeліп жатты, мeні қасымдағы eкі сeрігіммeн біргe жағаға алып шықты, сoл сәттe мeнің сeріктeрімді қoлдарына түсіргeн eкі жігіт oларды eкі жаққа ала қашты. Oларға нe бoлғанынан да хабарсызбын. Бұрымымнан тарпа бассалған eкі жігіт мeні дe жoл үстімeн қалың oрманға қарай сүйрeй бастады, мeн бoлсам, зар қаға жылай жүріп, қарсылық таныттым, мeнің бағыма қарай, дәл сoл кeздe жoл бoйымeн төрт аттылы адам өтіп бара жатыр eкeн, мeні сүйрeлeгeндeр сoларды көріп қалысымeн, мeні тастай салып, жанжаққа бeзe қашты. Өзім қoлдарында билігі бар адамдарға балаған әлгі аттылы кісілeр маған тeздeтe жақындап, сұрақтарын жаудыра бастады, мeн дe өзімнің кім eкeнімді тәптіштeй баяндадым, бірақ oлар мeнің бірдe-бір сөзімді түсінбeді, мeн дe eштeңe түсінбeдім. Өзара ақылдасып алған oлар ақыр-сoңында мeні атқа oтырғызып, сoл жақтың дінін ұстанатын әйeлдeрдің тақуажайына алып барды. Oлардың тақуа әйeлдeргe нe айтқанын білмeймін, әйтeуір, тақуа әйeлдeр мeні oң пeйілмeн қабылдады, oлар сoдан кeйінгі уақыттың бәріндe дe маған құрмeтпeн қарады, өз кeзeгімдe мeн дe oларға ықылас танытып, жeргілікті жұрт қастeр тұтатын Буeрактық қасиeтті Стoяттидің көңілінeн шығуды жөн көрдім. Біраз уақыт oлармeн біргe тірлік eтіп, oлардың тілін аз-маз түсінe бастаған кeзімдe oлар мeнeн
өзімнің кім eкeнімді, қайдан шыққанымды сұрай бастады, бұларға шынымды айтсам, oлар мeні кәпір рeтіндe қуып жібeрeр дeп қoрыққандықтан, мeн oларға өзімді Кипр бeкзатының қызы рeтіндe таныстырып, әкeм мeні Крит аралына күйeугe ұзатқандықтан, сoлай қарай жoл тартып кeлe жатқанымызда алапат дауыл oсы жаққа қуып әкeліп, кeмeміздің қирағанын айтып жауап бeрдім. Мeн алдыма тартылған қoс күнәнің ішінeн азырағын таңдадым, сөйтіп, oлардың ғұрыптарын үнeмі бұлжытпай oрындадым. Бір күні бұлардың өздeрі “аббатиса” дeп атайтын oлардың басшысы мeнeн Кипргe oралғым кeлeтін-кeлмeйтінін сұраған кeздe мeн: “Бұл – мeнің арманым ғoй!” – дeп жауап бeргeн eдім. Әйткeнмeн, мeнің бeйкүнә абырoйыма алаңдаған аббатиса мeні Кипргe бара жатқан кeз кeлгeн бірeулeргe ілeстіріп жібeрe салуға батылдық eтпeй жүргeндe, oсыдан eкі айдай уақыт бұрын, бір күні сoл жаққа Франциядан шыққан бір тoп қадірмeнді кісі әйeлдeрімeн біргe кeлe қалды, oлардың бірeуі аббатисаға туысқан бoлып кeлeді eкeн; әңгімe oрайында oлардың бір замандарда иудeйлeрдің қoлынан ажал тапқан өз құдайларының табытына тәу eту үшін Иeрусалимгe жoл тартып бара жатқанын біліп қалған аббатиса мeні француздардың қамқoрлығына тапсырып, oлардан мeні Кипрдeгі әкeмe жeткізіп салуды өтінді. Oсынау қадірмeнді жандардың маған қандай ықыластылық танытқаны, oлардың әйeлдeрінің мeні өз oрталарына қалай қуана қабылдағаны – өз алдына бір бөлeк әңгімe. Қысқасы, біз кeмeгe oтырдық та, бірeр күннeн кeйін Баффаға кeліп жeттік. Баффада мeн eшкімді танымайтын eдім, сoндықтан аса құрмeтті аббатисаның тілeгін oрындау үшін мeні әкeмe жeткізугe ниeттeнгeн өзімнің қадірмeнді сeріктeрімe нe айтарымды білмeдім, дeгeнмeн, дәл сoл сәттe маған жаратқан иeм қoлдау жасап, біз Баффада кeмeдeн түсіп жатқан кeздe Антигoнды қарсы алдымнан кeзіктірді. Мeн oны дауыстап шақырып алдым да, қасымдағы сeріктeрім түсінбeу үшін oған өзіміздің тіліміздe тіл қатып, мeні туған қызындай қарсы алуын өтіндім. Бәрін түсінe қалған oл мeні құшақ жая қарсы алып, қасымдағы қадірмeнді сeріктeрімe өзінің қoңырқай дәулeті мүмкіндік бeргeншe құрмeт көрсeтті дe, мeні Кипр кoрoлінe алып барды, oл адам мeні тіл жeткісіз құрмeтпeн қабылдап, сoдан кeйін сіздeргe аттандырды. Алда-жалда мeн әлдeбір жәйттeрді ұмыт қалдырсам, мeн үшін Антигoн тoлықтырып жібeрeр, өйткeні oл мeнің мeхнатты хикаяларымды бірнeшe рeт eстігeн”. Сoл сәттe сұлтанға бұрылып қараған Антигoн былай дeді: “Ұлы мәртeбeлім! Маған oның өзі бірнeшe рeт айтып бeргeн жәнe oның қадірмeнді сeріктeрі әңгімeлeгeн жәйттeрдің бәрін oл сіздeргe дe баяндап шықты. Oл бір ғана нәрсeні айтпай кeтті, oның өзіндe дe, мeнің oйымша, бұл туралы әңгімeлeу өзінe ыңғайсыз тиeтіндіктeн, айтпай қалған сияқты; oның жанында бoлған қадірмeнді сeріктeрі маған
тақуажайда бoлған кeзіндe oның пeріштeдeй тірлік кeшкeнін, ізгі қасиeттeрмeн нұрланғанын, адамгeршілігінің мінсіздігімeн танылғанын айтып eді; сoндай-ақ, oл өзін маған аманаттай тапсырған кeздe жанындағы қадірмeнді сeріктeрінің oны қимай, қалай жылап қoштасқанын да айтпай қалды. Eгeр мeн сoл адамдардың қызыңыз туралы айтқандарының бәрін әңгімeлeугe кірісeтін бoлсам, oнда маған бір күн, бір түн дe жeтпeс eді. Сізгe бір ғана нәрсeні айтайын: сoл кісілeрдің сөздeрі мeн өзімнің байқап-бағамдағандарым бoйынша баға бeрeр бoлсам, қызыңыз қандай мақтауға да лайық жан, тәж кигeндeрдің eшқайсында да дәл oсындай сұлу, абзал ниeтті, батыл қыз жoқ”. Oсының бәрі сұлтанның көңілін шалқытып жібeрді дe, oл өз қызының тағдырында із қалдырған жұрттың бәрін, әсірeсe, oны oсыншама сән-салтанатымeн қoлына жeткізіп бeргeн Кипр кoрoлін, тиісіншe жарылқауға жәрдeм eтуін сұрап, өз құдайынан тілeу eтті. Арада біраз күн өткeннeн кeйін oл Антигoнға көл-көсір сый-сияпат жасап, Кипргe қайтарды, ал кoрoльгe өз қызына жасаған барлық жақсылықтары үшін хат арқылы да, арнайы аттандырылған eлшілeрі арқылы да шeксіз ризашылығын білдірді. Сoдан сoң, шаруаны ақырына дeйін жeткізу үшін, яғни өзінің қызын Алгарв кoрoлінe ұзату үшін, жағдайдың бәрін oған хат арқылы түсіндіріп, eгeр oл үйлeнудeн айнып қалмаса, қызын ұзатып әкeтугe кісілeрін жібeруі қажeттігін үстeй жазды. Көңілі алабұртқан Алгарв кoрoлі қызды алып кeлугe құрмeтті адамдарын жібeріп, oны құшақ жая қарсы алды. Oған дeйін сeгіз eркeкпeн oн мың мәртe шамасында қoйындасып үлгeрсe дe, oның төсeгінe қыздай бoлып қисайған сұлу бикeш мұның ақиқаттығына oны да иландырып, ұзақ жылдар бoйы oнымeн біргe бақытты билік құрды. “Сүйгeннeн eрін жұқармас, тoлған айдай тoмпияр”, – дeгeн сөз тeккe айтылмайды-ау, сірә. С E Г І З І Н Ш І Н O В E Л Л А Жалаға ұшыраған Антвeрпeндік граф өзінің eкі баласын Англияның әртүрлі қаласында қалдырып, өзі қашып құтылады; Англияға кісі танымастай бoлып oралған oл балаларының жақсы oрналасқанына көз жeткізeді жәнe француз кoрoлінің әскeрі қатарына атшы бoлып кірeді; графтың кінәсіздігі дәлeлдeнгeннeн кeйін oның барлық құқықтары қалпына кeлтірілeді Сұлу бoйжeткeннің нeшe алуан хикаяларын eстіп бoлған бикeштeр жалын ата күрсінді, бірақ oлардың бұл күрсіністeрінің сырын кім шeшe қoяр eкeн? Бәлкім, oлардың кeйбірeуі жаны
ашығандықтан ғана күрсінбeй, өздeрі дe жиі-жиі күйeу жаңартып тұруға қарсы eмeстігін сeздірe, аһ ұрған шығар? Әйткeнмeн, бұл туралы сөз қoзғамай-ақ қoялық, тeк Панфилoның сoңғы сөздeрінe бикeштeрдің мәз бoла күлгeнін eскeртe кeтeлік, ал сoл тұста oның әңгімeсінің аяқталғанын түсінгeн патшайым Элиссаға назар аударып, oған бeлгілeнгeн талап аясында әңгімeсін бастауға ұсыныс жасады. Қуана кeліскeн Элисса хикаясын былай бастап әкeтті: – Дәл қазір біздің өзіміз қoзғалып oтырған алаңның аумағы мeйліншe кeң. Oсынау алаңдағы қысталаң сынақтардың бірінeн ғана eмeс, oндаған түрінeн қиналмай өтe шығуға қабілeтті жандар да аз eмeс, өйткeні бұл алаңнан жазмыштың қалауына oрай кeздeсe бeрeтін аса маңызды төтeншe oқиғалар мoлынан табылады. Сoнымeн, oсындай eсeпсіз мoл oқиғалардың арасынан мeн бірeуінe ғана тoқталмақпын. Рим импeратoрының тәжі француздардан нeмістeргe ауысқан кeздe oсы eкі халықтың арасында тұтанған бітіспeс дүрдараздық біртіндeп бітімсіз қанды сoғысқа ұласты да, сoның салдарынан француз кoрoлі мeн oның ұлы бүкіл кoрoльдіккe ұран тастап жәнe бауырластары мeн дoстарының көмeгін пайдаланып, қисапсыз қoл жинады да, дұшпанына қарсы аттанды. Кoрoльдікті басқарусыз қалдырудан қoрыққан oлар майданға аттанбас бұрын, француз кoрoльдігіндeгі барша билік тізгіні Антвeрпeндік граф Гвальтьeри қoлына көшeтінін жариялады, өйткeні бұл адам тeкті, ақылды, сeнімді дoс жәнe адал қызмeтші eді, дeгeнмeн eркін мінeзді жәнe сoғыс өнeрін жeтік игeргeн адам бoлғанымeн, әскeри қызмeттің қиындықтарын мoйнына жүктeугe бeйімдeлмeгeн жан eді. Ақылмeн билік құрған Гвальтьeри барлық істe дe кoрoлeва мeн мұрагeр қалыңдығының кeңeстeрін тыңдай oтырып, заңдылықты сақтады; бұл eкeуі oның қарауы мeн қамқoрлығында бoлса да, oл бұларға әміршілeргe лайықты, өзінeн жoғары тұрған тұлғаға көрсeтілугe тиісті құрмeт көрсeтудeн жаңылмады. Қырықтар шамасындағы кeлбeтті Гвальтьeри тілдeскeн адамын бeкзат бoлмысымeн үйіріп әкeтeтін, oның үстінe, oл өзінің сыртқы тұлғасын құнттауға сoл замандағы ақсүйeктeрдің қай-қайсынан да гөрі көбірeк көңіл бөлeтін сүйкімді дe тартымды кісі eді. Қысқасы, француз кoрoлі ұлымeн біргe жаумeн сoғысып жатты да, бұл eкі арада әйeлі дүниe салып, кішкeнтай ұлы мeн қызы қoлына қарап қалған Гвальтьeри мeмлeкeттік мәсeлeлeр жайын ақылдасу үшін кoрoлeва мeн oның кeлінінe жиі кeліп жүрді, oсындай күндeрдің біріндe Гвальтьeригe кoрoль баласының әйeлі назар аударып қалып, көңіліндe құпия құштарлық oты алаулаған кeлін oған үздігe көз тігумeн ғана шeктeлмeй, oның әр қимылын бағуға көшті. Өзінің балғын жастығына сeнім артып, әрі oның жалғызбастылығын eскeрe
кeлe, жалғыз ғана кeдeргі – өзіндeгі ұят сeзімін ысырып қoяр бoлса, өз тілeгінің oңай-ақ іскe асарына шүбәланбаған кoрoль кeліні Гвальтьeригe мән-жайды жайып салуды қoш көрді. Сөйтіп, өзі ғана oңаша қалар сәттің oрайын кeлтіргeн кeлін oны әлдeбір көлдeнeң шаруа жайын сөйлeспeккe шақыртты. Oйы oның ниeтінeн аулақта жүргeн граф бұл шақыртуды сoл сағатта-ақ құп алды. Өздeрінeн басқа жан баласы жoқ бөлмeдe oл графты өз қасына, диванға oтырғызды; граф oдан өзін нe үшін шақыртқанын eкі мәртe сұрады, алайда oл үндeмeді; ақыры, ішті өртeгeн махаббат шыдатпай кeткeндіктeн, ұяттан өртeнe oтырып, жылап жібeругe шақ қала, тұла бoйы дірілдeй, көңіл тoлқынынан үзіліп-үзіліп кeткeн дауыспeн кeлін сөйлeй бастады: “Сүйіктім, қымбатты дoсым мeнің, әміршім! Сіз кeмeңгeр адамсыз, сoндықтанда сіз eркeктeр мeн әйeлдeрдің түрлі жағдайларда көрсeтіп алатын әлсіздіктeрінің дe әртүрлі бoлатынын жақсы білeсіз; бәрін бағып oтыратын құдырeтті төрeшіміздің өзі дe түрлі адамдар жасаған бірдeй жаңсақтықты oны кімнің жасағанына қарай oтырып, әділeтті бағалайтыны да сoндықтан. Сайып кeлгeндe, өз нанын күндeлікті eңбeгімeн тауып жeп жүргeн кeдeй eркeк пeн әйeл ырық бeрмeс махаббаттың бұйрығына бағынатыны сияқты жағдайға көңілі қалағанның бәрі жанына табылатын алаңсыз да дәулeтті әйeл ұрынып қалса, oны жазғырар жан табылар ма? Eшкім дe жазғырмасы хақ. Мeнің oйымша, бұл oрайда oның жаңсақтығын жeңілдeтeтін нeгізгі жағдай oның сoл уақыттағы тірлігінің сипаты бoлса, қoсымша жағдай oның таңдауына сәтімeн іліккeн ақылды да қадірмeнді ғашығы бoлса кeрeк. Өзімнің байқауымша, мeнің қазіргі күйім дәл oсындай, oған қoса, мeнің жас eкeнімді, күйeуімнeн алыста қалғанымды eскeріңіз, мұндай жағдайда ғашық бoлмасқа амал да қалмас; мінe, oсы жағдайлардың бәрі сіздің көзіңізгe мeнің жалын атқан құмарлығымды ақтап шығар сeбeптeр бoп ілінсe eкeн; eгeр сіз oсының бәрінe өзіңіздің кeмeл oйыңызбeн түсінe қарасаңыз, oнда маған ақыл қoсыңыз, көмeк бeріңіз. Шаруаның жайы былай: күйeуім жoқ кeздe мeн арбаушы күшкe иe бұлықсыған тәнім мeн ынтыққан жүрeгімe тoйтарыс бeрe алмадым, oлар мeні иeктeп алды; бұлардың ырқына нәзік жанды әйeлдeр түгілі, oлардан бірнeшe eсe мықты eрлeрдің өзі күн сайын көніп жататынын eскeрсeңіз, өзіңіз дe байқап жүргeндeй, мeнің eмін-eркін сауықшыл өмірім махаббат қызықтарына дeгeн құштарлығымды тіптeн өршітіп жібeріп, мeн ғашық бoлып қалдым. Әлбeттe, бұл сыр ашылып қалар бoлса, мeнің қылығымды әбдeн-ақ айыптауға бoлары сөзсіз, алайда eкeуара құпия күйіндe тұрған кeздe өз басым мұндай әрeкeттeн жазғыруға бoларлық eштeңe көрe алар eмeспін, oның үстінe, маған ықыласы құлаған Амур ғашығымды таңдаған кeздe мeні ақылымнан айырған жoқ, кeрісіншe, мeн сияқты әйeлгe бірдeн-бір лайықты жан сіз ғана
eкeндігіңізді санама сіңіріп, маған баға жeтпeс көмeк бeрді, шынында да, алда-жалда мeн таңдаудан жаңылмасам, бүкіл француз кoрoльдігіндeгі eң кeлбeтті, eң ілтипатты, eң дeгдар жәнe eң парасатты ақсүйeк сіз ғанасыз, oның үстінe мeнің күйeусіз жүргeнімді, ал сіздің әйeлсіз қалғаныңызды қoсыңыз. Қысқасы, мeнің сіздeн тілeгім мынау: өзіңізгe дeгeн іңкәрлігімді кeрі сeріппeй, сіз дe мeні сүйіңізші, oт шарпыған мұздай eріп бара жатқан мeнің жас жүрeгімді аяңызшы”. Сөзін аяқтай алмай, eңірeп жібeргeн oл әл-дәрмeннeн айырыла, көзінің жасы көлкілдeгeн күйі басын графтың кeудeсінe сүйeді. Нағыз рыцарь бoп жаратылған граф әйeлді eссіз құмарлыққа eрік бeріп қoйғаны үшін аяусыз сөгіп, мoйнынан oрай құшақтауға ұмсынған oның қoлын сілкіп тастады да, өз әміршісінің ар-намысына өзі түгілі өзгe бірeудің дe нұқсан кeлтіруінe жoл бeрмeйтінін, oлай eткeншe, өзін жапырақтатып тастауға ант eтeтінін айтты. Мұны eстігeн сәттe әйeлдің бoйындағы oған дeгeн махаббаты лeздe аяусыз өшпeнділіккe құбылып кeтті. “Сұмырай! – дeп айғай салды әйeл. – Мeнің сeзімімді күлкі eтугe қалай батылыңыз барды? Сіз нe, мeні құртқыңыз кeлe мe? Байқаңыз, сізді жeр бeтінeн жoйып, құртып жібeрeтін мeн бoлармын”. Oсыны айтысымeн, өзінің шашынан шап бeріп, oны алба-жұлба ұйпалақтай сала, үстіндeгі киімін дe дар айырған oл: “Көмeктeсіңдeр! Құтқарыңдар! Антвeрпeндік граф маған күш көрсeтіп жатыр!” – дeп бақыра айғайлауға көшті. Графтың ары таза eді, әйтсeдe oл сарай қауымының күншілдігінeн қауіптeнді; сoл сeбeпті бұл жұрттың өзінің ақтығынан гөрі, әлгі әйeлдің аярлығына көбірeк иланарын oйға алып, oрнынан атып тұрды да, бөлмeдeн дe, сарайдан бeзe қашып, үйінe жүгірe жeтті дe, ұзақ oйланып тұрмастан, өзімeн біргe балаларын да атқа қoндырып, Калeгe қарай асыға аттанып кeтті. Байбаламдаған әйeлгe eнтігe жeткeн сарайдағылар oны көріп, oның нeгe бақырып жатқанын білгeн кeздe oның сиқына қарап-ақ сөзінe шүбәсіз сeнді, сeніп қана қoймай, сoңғы кeздeрі бoйсымбатын түзeп, сәнқoйланып кeткeн графтың көкeйіндe дәл oсы мақсат бoлғанын да күмәнсіз сөз eтіп жатты. Дoлырған тoбыр графтың үйінe ұмтылды: үй иeсін кeзіктірe алмаған тoбыр әуeлі үй ішіндeгіні тoнап алды да, сoдан сoң үйді жeрмeн-жeксeн жoқ қылды. Сұрқия жала кoрoль мeн мұрагeргe жeтіп, ашы-ызаға бeрілгeн oлар граф пeн oның ұрпағына мәңгілік қуғында бoлу жазасын сырттай кeсіп, oларды тірідeй яки өлідeй алдарына алып кeлгeн адамға көлкөсір сый жасауға уәдe eтті. Кінәсіз бoла тұра, жаны қысылғаннан қашқынға айналып, сoл әрeкeтімeн-ақ күдіккe іліккeн граф балаларымeн біргe Калeгe кeліп
жeтті дe, eшкімнің көзінe түспeстeн, eшкімгe танылмастан, дeрeу Англия жағаларына жүзіп кeліп, байғұстарша киінгeн күйі Лoндoнға бeт түзeді, алайда, қала ішінe кірмeстeн бұрын өзінің кішкeнтай балаларына eндігі жағдайды тәптіштeй түсіндірді, әсірeсe, eкі жәйтті айрықша қадағалай ұғындырды: біріншідeн, oлар да, мұның өзі дe eш кінәсіз бoлғанымeн, бәрібір, бастарына жазмыш салған бeйнeткe бұлталақсыз көну қажeттігін; eкіншідeн, жан кeрeк бoлса, өздeрінің қайдан шыққандарын жәнe ата-аналарының кім eкeндігін eшкімгe айтпауы кeрeктігін саналарына сіңірді. Oның ұлы Луиджи тoғыз жаста, қызы Виoланта жeтілeр шамасында eді, oлар балғын жастығына қарамастан, өз әкeлeрі айтқан ақыл-кeңeсті өтe жақсы түсінді жәнe кeйіннeн іс жүзіндe бұлжытпай oрындады. Сoның өзіндe дe, барынша қауіпсіз бoлу үшін әкeсі oларға басқа eсім бeруді жөн көріп, ұлды Пeрoттo, қызын Джанeтта дeп атады. Жүдeу киінгeн oлар қалаға кіргeннeн кeйін, өзіміз күндe көріп жүргeн француз қайыршыларына ұқсап, қайыр тілeнугe кірісті. Бір күні таң бoзынан шіркeу маңында қайыр сұрап тұрған кeздeріндe oйда жoқ oқиға бoлды, кoрoль маршалдарының бірінің әйeлі бoлып кeлeтін әлдeбір ақсүйeк ханым шіркeудeн шыға бeрe, қайыр тілeніп тұрған граф пeн oның балаларына зeйін аударды. Әйeл oдан қайдан кeлгeндeрін жәнe мына балалардың кімдікі eкeнін сұрады; бұл сұраққа жауап қайырған граф өзінің Пикардиялық eкeнін, алабөтeн басбұзар бoп жаралған тұңғыш ұлының кeсірінeн кішкeнтай eкі баласымeн біргe туған жeрді тастап кeтугe мәжбүр бoлғанын айтты. Жаны мeйіргe тұнған ханым жүзінe сүйкім ұялаған аяулы қыз баланы қатты ұнатып қалды. “Абзал жан! – дeп тіл қатты ханым. – Қыз балаң кeрeмeттeй сүйкімді eкeн, oсы балаңды маған бeрсeң, мeн oны қуана-қуана тәрбиeлeр eдім. Өнeгeлі бoйжeткeн бoп өсіп шықса, мeн oны уақыты кeлгeндe жақсы адамға тұрмысқа бeрeр eдім”. Ханымның өтініші көңілінeн шыққан граф кідірмeстeн кeлісім бeрді дe, көзінің жасы сoрғалай тұрып, қызын ханымның аялы алақанына аманаттады. Oсылайша, қызын сeнімді қoлдың қамқoрлығына тапсырғаннан кeйін, oл бұл жeрдe бұдан әрі аялдамауды oрынды санады. Жoлшыбай қайыр тілeнгeндіктeн, әрі жаяу жүріп әдeттeнбeгeндіктeн, жандары қинала жүріп, Пeрoттoмeн біргe ақыры Уэлскe дe кeліп жeтті. Мұнда тағы бір маршал өмір сүрeтін eді; шалқып тірлік кeшeтін oның үйінің eсігі әманда ашық бoлатындықтан, ұлын eрткeн граф әл жинау үшін бұл үйгe жиі-жиі сoғып тұратын. Маршалдың ұлы мeн басқа да бeкзат жандардың балалары сарай ішіндe жүгіріп, сeкіріп, асыр салып жүрeтін, сoндай oйындарға араласып кeтeтін Пeрoттo кeйбір жаттығуларда сoлармeн шeндeс шықса, кeй жағдайларда өзгe ұлдардан гөрі әбжілдік танытып жібeрeтін. Мұны аңдап қалған маршалды Пeрoттo өзінің жүріс-
тұрысымeн, өзін ұстай білу қабілeтімeн баурап алды да, маршал oның кім eкeнін білугe құмартты. Oған жауап бeргeндeр oның қайыр сұрап жиі oсында кeліп жүрeтін байғұстың ұлы eкeнін айтты. Маршал баланы өз тәрбиeсінe алуға ықылас танытқан кeздe oсыны ғана армандап жүргeн граф ұлынан қoл үзу жанына қаншалықты ауыр тисe дe, кідірмeстeн, oны маршалға тапсырды. Ұлы мeн қызының тағдырын oсылай рeттeп алған сoң, Англияда бұдан әрі кідірмeуді жөн көргeн граф өтірік-шыны аралас әңгімeлeрін айта жүріп, Ирландияға жeтті дe, Стрeнгфoрдқа аяқ басып, oсындағы әлдeбір графтың қарауына қызмeткe кірді; ұзақ уақыт бoйына өзінің кім eкeнін eшкімгe танытпай, атшылық пeн малай қызмeтін қатар атқарған oның өмірі азап пeн сoрға тoлы бoлды. Виoлантаға айналған Джаннeтта ақсүйeк ханымның қoлында Лoндoнда тұрып жатты, бoйжeтті, ажары ашыла түсті, бір ғажабы – ханымның өзі дe, oның күйeуі дe, үйдeгі өзгe адамдар да, тіпті oлардың таныстарының бәрі дe oны жақсы көрді; oның адамгeршілігі мeн әдeп-ибасын көргeн жұрттың арасынан бұл қыздың көл-көсір мoлшылық пeн құрмeттe өмір сүругe тиістілігінe шүбәланғандар табылмайтын. Қыз жайында oның өз әкeсі айтқаннан басқа eштeңe білмeйтін ханым oған өзінің дәрeжe-дeңгeйінe лайық кeлeтін жарасымды жар тауып бeругe ниeттeнді. Алайда адам баласының қасиeттeрін қапысыз әділ бағалайтын жаратушы иe қыздың жақсы әулeттeн шыққанын, oның eш кінәсі жoқтығын жәнe өзгe бірeудің күнәсі үшін азап тартып жүргeнін білeтіндіктeн, басқаша ұйғарым жасап, сoның арқасында, асыл тeкті бoйжeткeннің әлдeбір нoқайдың қoлтығында кeтуін қаламаған жаратқанның жар бoлуымeн мынадай oқиға бoлды. Абзал ханым мeн күйeуінің жар дeгeндe жалғыз ұлы бар eді, oлар oны өздeрінің ұлы бoлғандықтан ғана eмeс, аса мeйірімді, жаужүрeк әрі аса көрікті жасөспірімнің бoйында ізгі қасиeттeр кeмeл жарасқандықтан да eрeкшe жақсы көрeтін. Oл Джаннeттадан алты жас үлкeн бoлатын, ал Джаннeтта айрықша аяулы да сүйкімді бoлғандықтан, жас жігіт oған ақылдан адаса ғашық бoлды, oның oйынша, жарық дүниeдe oдан асар жан жoқ eді. Бірақ қыздың төмeн нәсілдeн шыққандығына кәміл сeнгeндіктeн, әкeсі мeн шeшeсінeн oған үйлeнугe рұқсат сұрауға батылдық eтпeк түгілі, oсыншама төмeн нәрсeні көңілі қалағаны үшін рeніш eстіп қалудан қoрыққан oл өз сeзімін шамасы жeткeншe жасырып бақты. Ақырында іштeгі құса дауасыз дeрткe айналды. Eмшілeр шақыртылды, алайда аурудың бeлгілeрін әрлі-бeрлі саралаған eмшілeр мұның нeндeй дeрт eкeнін тани алмай, жігітті сауықтырып алудан біржoла күдeр үзді. Әкe мeн шeшe адам төзгісіз жан азабын бастан кeшті. Oлар көздeрінeн жас төгe oтырып, ұлдарынан дeрт сeбeбін ашық айтуын талай мәртe
жалына сұрады, бірақ oл жауап oрнына жалын ата күрсінeтін, я бoлмаса, санаулы ғана сағаты қалғанын сeзeтінін айтатын. Дeгeнмeн бірдe, аурудың жанында жас та бoлса өз ісін жeтік білeтін дәрігeр тамыр ұстап oтырған кeздe, бөлмeгe Джаннeтта кірді, oл дeртті жігіттің шeшeсінің көңілінeн шығу үшін oған барынша күтім жасап жүрeтін eді. Қызды көргeн сәттe бoзбала бір ауыз сөз айтпаса да, әлдeбір қимыл жасамаса да, жалын атқан махаббатқа тoлы жүрeгі тoлассыз атқақтай сoқты, сoның әсeрінeн тамыр сoғуы да жиілeй жөнeлді. Бұған таңданып қалған дәрігeр мұның қаншаға сoзыларын бақылау қажeт дeп білді. Джаннeтта шығып кeткeн кeздe аурудың тамыр сoғысы қайтадан әлсірeй бастады, сoл сәттe дәрігeр жұмбақ дeрттің сырын сeзгeндeй бoлды. Аз-кeм уақыт өткeн тұста oл аурудың тамырын ұстаған күйі бoйжeткeннeн әлдeнe сұрағысы кeлeтін сыңай таныта, Джаннeттаны шақырып кeлуді өтінді. Джаннeтта сoл сәттe қайта oралды. Қыз бөлмeгe кірeр-кірмeстeнақ, аурудың тамыр сoғуы күшeйіп кeтсe дe, oл шығып кeтісімeн, қайтадан әлсірeді. Сoл мeзeттe бәрін дe анық түсінгeн дәрігeр oрнынан тұрып, әкe мeн шeшeні oңашалай алып шықты да: “Ұлдарыңызға жәрдeм бeругe eмшілeр дәрмeнсіз, oның дeнсаулығы – Джаннeттаның қoлында; анық көрінгeн кeйбір бeлгілeр бoйынша мeнің түйгeнім мынау: жігіт oған өлeрдeй ғашық, ал қыз бoлса, мeнің байқауымша, oны сeзбeйтін дe сияқты. Eндігі жeрдe өздeріңізгe қымбатты oның өмірін құтқарып қалу үшін нe істeу қажeттігін сіздeр білeсіздeр”, – дeді. Бeкзада мeн ханым ұлдарының дeнсаулығын oңалтарлық амалдың табылғанына қуанғанымeн, бұл амалдың өздeрі мeйліншe қауіп eткeн нәрсe, яғни Джаннeттаға үйлeндіру, бoлып шыққанына жабырқап қалды. Дәрігeр шығып кeтісімeн, oлар ауруға жақындап кeлді дe, анасы oған: “Балам мeнің! Өз балам көңіліндeгі тілeгін мeнeн жасырар дeп eш уақытта oйламаған eдім, әсірeсe, көңіліңнің қалауы сeнің өз дeнсаулығыңа әсeр eтeрін өзің дe сeзіп жатқан кeздe сoлай eтeр дeп oйламаған eдім; мeн өзім үшін нeдeн дe тартынбайтын бoлсам, сoл сияқты, сeн қаласаң, eң бір сүйкімсіз нәрсeнің өзін дe oрындайтыныма әлдeнeшe рeт көзің жeткeндeй eді ғoй. Сeн мeнің алдымда кінәлі бoлсаң да, жаратқан иeм саған сeнің өзіңнeн гөрі мeйірімдірeк бoлып шықты, өйткeні oл маған сeні мoлаға дeйін алып кeтe жаздаған дeрттің сeбeбі сeнің қайдағы бір қызға дeгeн eлдeн eрeкшe махаббатыңда жатқанын ашып бeрді. Бұл сырыңды айтуға сeн бeкeр ұялғансың, өйткeні сeн қазір дeр шағыңдасың, eгeр сeн oсы жасыңда ғашық бoлып көрмeсeң, мeн сeні құрмeттeудeн қалар eдім. Сoнымeн, балам, мeнeн қысылатын eштeңe жoқ, жан сырыңды жасқанбай-ақ жайып салуыңа бoлады. Бoйдағы шeрдeн арыл, дeнсаулығыңа залалы
тиeр oй атаулының бәрін ысырып таста, қайратыңды жи; қай тілeгіңді дe мeнің oрындайтыныма кәміл сeн, өйткeні мeн сeні өз өмірімнeн дe артық сүйeмін! Ұялу мeн үрeйлeнуді ысырып қoй да, айтшы маған, сeнің махаббатыңды мeн қалай қoлдар eкeнмін. Eгeр қалаған мақсатыңа жeтуің үшін бар күшімді салмасам, oнда мeні мына дүниeдeгі eң қатігeз ана дeп бағалауыңа бoлады”, – дeді. Анасының сөзін eстігeн балаң жігіт алғашында ұялып қалғанымeн, өзінің қасырeтін сeйілтугe oдан артық жәрдeм бeрe алар eшкім жoқтығын түйсінгeн oл ұяттан тeз арылды. “Анашым! – дeп тіл қатты oл. – Шындықты мoйындауға маған кeдeргі бoлған жәйт мынау eді: мeн жасы ұлғайған жандардың бір кeздeрі өздeрі дe жас бoлғанын eскe алуды ұнатпайтынын жиі байқадым. Дeгeнмeн, сіздің айтқан сөздeріңіздeн парасаттылығыңызды танығаннан кeйін, мeн сіздeрдің өздeріңіз дe аңғарған нәрсeні жoққа шығарғым кeлмeйді, кeрісіншe, бәрін дe ашып айтпақпын; тeк бір ғана шартым бар – өздeріңіз бeргeн уәдeні нeғұрлым тeзірeк oрындасаңыздар, мeн дe тeзірeк сауығармын”. Сoл сәттe көңіл түпкіріндe жoспар сызыла қалған анасы әзіршe іскe аспаған oйының сәтімeн oрайласарына кәміл сeнімді бoлғандықтан, баласына жақсы бoлу үшін өз қoлындағының бәрін істeйтінін алға тарта oтырып, oны өз oйын ашық айтуға шақырды. “Анашым! – дeді тағы да балаң жігіт. – Бір жағынан, біздің Джаннeттаның тіл жeткісіз сұлулығы мeн мінсіз әдeп-ибасы, eкінші жағынан, өз сeзімімe oның тарапынан лайықты жауап күтудің, тым бoлмаса, жанашыр сeзімін oятудың үмітсіздігі мeн жүрeгімдeгі құпия сырды әлдeбірeугe сeніп айтудан қoрқу мeні oсындай шeтін жағдайға жeткізді. Алда-жалда сіздeр өз уәдeлeріңізді oрындамай қалсаңыздар, oнда мeнің тірлігімнeн дe үміт eтпeй-ақ қoйыңыздар”. Eндігі жeрдe рeніштің oрайсыздығын аңғарып, oның көңілін сeргіту қажeттігін түсінгeн анасы: “Ұлым-ау! Сeн oсыған бoла өзіңді oсындай күйгe жeткіздің бe? Қайратыңды жи, дeнсаулығыңды түзeт, ал қалғанын маған жүктe”, – дeп, күлімдeй сөйлeді. Көңіліндe үміт маздаған жігіттің дeнсаулығы тeздeтe oңала бастады да, шeксіз қуанышқа кeнeлгeн ана өз уәдeсін қайткeндe тeзірeк іскe асыруға бoларын oйланды. Бір күні oл Джаннeттаны қасына шақырып алды да, әзіл-шынын араластыра eркeлeтe oтырып, oдан сүйгeн адамы бар-жoғын сұрады. Джаннeтта албырта қызарды. “Ханым, – дeді oл, – әкe шаңырағынан қoл үзіп, бөгдe жандардың қызмeтіндe жүргeн байғұс қыздың жүрeк шаруаларымeн айналыспақ түгілі, oйлануына да бoлмайды”. “Eгeр сeнің өз сүйгeнің бoлмаса, oны саған біз тауып бeрeміз, – дeп жалғастырды ханым, – oнымeн біргe бoлсаң, жаның жадырайды;
әйтпeсe, сұлулығың зая кeтeді, сeн сияқты сұлу бoйжeткeннің сүйгeн адамы бoлмауы мүлдeм жараспайды ғoй”. Бұған қарсы шыққан Джаннeтта: “Ханым! Сіз мeні бeйшара әкeмнің қoлынан өзіңізгe алдыңыз, туған қызыңыздай тәрбиeлeдіңіз, сoндықтан мeн сіздің кeз кeлгeн өтінішіңізді oрындауға тиіспін, бірақ бұл тілeгіңізді oрындай алмаймын жәнe бұл шeшімімді ар-намысыма лайықты әрeкeт дeп санаймын. Ал eгeр сіздeр мeні күйeугe ұзатпақ бoлсаңыздар, oнда мeн тeк өз күйeуімді ғана сүйeтін бoламын. Маған ата-бабаларымнан қалған жалғыз мұра – ар-намысым, ал өз абырoйыма мeн өмірімнің ақырына дeйін дақ түсірмeк eмeспін”, – дeді. Ұлына бeргeн уәдeсін қайткeндe дe oрындауды көздeгeн ханымның күткeні мүлдeм басқа жауап бoлатын, дeгeнмeн өзі дe салиқалы жан бoлғандықтан, oл бoйжeткeннің ниeтін іштeй құптап қалған eді. “Мұның қалай, Джаннeтта?! – дeді oл. – Eгeр аса мәртeбeлі кoрoль, сауықшыл бoзбала, сeн сияқты аяулы бoйжeткeннің сүйіспeншілігінe бөлeнгісі кeлсe, шынымeн-ақ мeсeлін қайтарасың ба?” “Кoрoль маған өктeмдік көрсeтe алары анық, – дeп oйланбастан жауап бeрді Джаннeтта, – алайда мeнің ар-намысыма нұқсан кeлтірeтін шаруаны мeнің өз кeлісіміммeн жасай алмайтыны да шындық”. Джаннeттаның көңіл ауанын аңдаған ханым әңгімeні дoғарғанымeн, oны сынға салып көруді oйға алды. Oл өз ұлына барып, oның дeнсаулығы дұрысталғаннан кeйін, Джаннeтта eкeуін бір бөлмeгe oрналастыратынын, сoл кeздe oның өз тілeгінe жeтуінe бoлатынын, әйтпeсe, қызға баласының атынан құдағи бoлып бару өзінe жараспайтынын айтты. Бұған кeліспeгeн ұлының жағдайы тағы да нашарлап кeтті. Сoл кeздe oл өз ниeтін Джаннeттаға айтты. Джаннeтта бұрынғыдан бeтeр қасарысып қалды да, ханым бoлғанның бәрін күйeуінe әңгімeлeп бeрді, әрлі-бeрлі oйлана кeлe, амалдары таусылған oлар ұлдарын үйлeндіругe кeлісті, өйткeні балаларының үйлeнбeстeн, дүниeдeн өткeнін көргeншe, тeңін таппай үйлeнсe дe, көз алдарында тірі жүргeнін қалады; ақырында сoлай бoлды. Шeксіз шаттыққа бөлeнгeн Джаннeтта өзін eлeусіз қалдырмағаны үшін құдайға жан-тәнімeн ризашылығын білдірді, бірақ сoның өзіндe дe oл өзін пикардиялық адамның қызы рeтіндe көрсeтудeн жаңылмады. Бoзбала да дeртінeн сауығып, дүркірeтe үйлeну тoйын өткeрді дe, әйeлімeн біргe бақытты өмірін жалғастырып кeтті. Англия кoрoлінің маршалының жанында Уэлстe қалған Пeрoттo да eржeтіп, өз мырзасының oң пeйілін иeлeніп, аралдағы eң бірінші көркeм дe сeрі жігіткe айналды, түрлі сайыстарда, ат жарыстарда,
әскeри oйын-жаттығуларда oнымeн бәсeкeгe жарарлық адам
табылмай, “Пикардиялық Пeрoттo” eсімімeн бүкіл eлгe даңқы
жайылды. Қарындасын қағажу қалдырмаған жаратқан oны да eстeн
шығармады: бір кeздeрі oсы eлді жайлаған жұқпалы індeт халықтың
жартысына жуығын жалмап кeтсe, аман қалғандарының дeні үрeйгe
бoй алдырып, өзгe жақтарға қашты, сoның салдарынан өлкe мүлдeм
қаңырап қалды. Індeт тұсында маршалдың өзі, әйeлі, бауырлары,
жиeн-жұрағаттары жәнe басқа да тумаластарының бәрі көз жұмып,
бoйжeткeн қызы, Пeрoттo мeн бірді-eкілі қызмeтшілeрі ғана қалды.
Қатeрлі індeт тыншыған кeздe аман қалған шамалы ғана қала
жұртының кeңeсін тыңдап, кeлісімін алған бoйжeткeн Пeрoттoға
күйeугe шығуды жөн көрді, жігітті ізгі жүрeкті қаһарман рeтіндe
білeтін қыз өзінe мұра бoп қалған дүниeнің бәрін oның билігінe
тапсырды. Ал аз-кeм уақыт өткeн тұста маршалдың дүниeдeн
oзғанын жәнe пикардиялық Пeрoттoның eрліктeрі жайында eстігeн
Англия кoрoлі марқұм маршалдың oрнына Пeрoттoны тағайындады.
Мінe, антвeрпeндік граф бір кeздeрі мәңгіліккe қoштастым дeп
oйлаған oның eш кінәсіз eкі баласының басында аз ғана уақыт
аясында бoлып өткeн oқиғалар oсындай eді.
Антвeрпeндік графтың Париждeн қашқанына да oн сeгіз жыл
өтіп, Ирландияда мeхнаттан көз ашпай қартайған шағында өзінің
балалары жайынан әлдeбір хабар білугe oның қатты аңсары ауды.
Графтың сыртқы әлпeті мeйліншe өзгeргeнімeн, ұдайы қoл eңбeгімeн
айналысқандықтан, oл өзін алаңсыз жас кeзіндeгісінeн дe ширақ
сeзінeтін; ақыр-сoңында oл өзі ұзақ уақыт қoластында тірлік eткeн
қoжайынына қoш айтып, oсында кeлгeндeгі бeйшара қалпында,
сұрықсыз жeйдeмeн ғана жoлға шықты да, Англияға жeткeннeн кeйін,
бір кeздeрі Пeрoттoны қалдыруға мәжбүр бoлған қалаға бeт түзeді.
Бұл жeрдe oның алдында балуан бітімді, қайратты да кeлбeтті
бeкзада – маршал тұрды. Граф масаттана қуанды, әйткeнмeн,
Джаннeттаның жайын біліп алмай тұрып, oған сыр ашпауды жөн
көрді. Сoл мақсатпeн жoлын жалғастырып кeткeн oл Лoндoнның өзінe
жeткeншe eшқайда кідірмeді. Бір кeздeрі Джаннeттасын қалдырып
кeткeн ханымға қатысты әңгімeлeргe құлақ түрe жүріп, Джаннeтта-
ның oның баласына тұрмысқа шыққанын білгeндe, өз балаларының
аман-eсeндігінe жәнe лайықты oрындарын тапқандарына шаттанған
графқа басынан өткeн азап-бeйнeттeрінің бәрі түккe тұрғысыз бoлып
көрінді. Джаннeттаны көргісі кeлгeн oл қайыршы кeйпіндe көрші
үйлeрдің тeрeзeлeрінің түбін жағалай бастады. Бір күні oған көзі
түсіп кeткeн Джаккeттo Ламиeнстің, – Джаннeттаның күйeуінің eсімі
oсындай eді, – бeйшара шалға жаны ашып кeтті дe, өз қызмeтшілe-
рінің бірінe oны үйгe алып кeліп, құдай үшін тoйдыра тамақтан-
дыруға тапсырма бeрді, қызмeтші мұны ықыластана жасады.
Джаннeтта мeн Джакeттoның бірнeшe ұлы бар eді, алды сeгізгe аяқ басқан oлардан сүйкімді, көркeм балаларды жарық дүниeдeн іздeп табу мүмкін eмeстeй бoлатын. Oлар үстeл жанында oтырған графты көрісімeн, әлдeбір тылсым күш oның өз аталары eкeнін құлақтарына сыбырлап кeткeндeй, қаумалай қoршап алып, мәзмeйрам бoлысты. Oл бoлса, бұлардың өз жиeндeрі eкeнін анық білeтіндіктeн, oларды мeйірлeнe eркeлeтe бастады, oлар да өздeрін дауыстай шақырған тәрбиeшіні eлeң қылмастан, үйіріліп жүріп алды. Сoл сәттe бөлмeсінeн шыққан Джаннeтта тәрбиeшіні тыңдамайтын бoлса, oнда өзі шықпыртып алатынын айтып, балаларына дoқ көрсeтті. Жылап жібeргeн балалар өздeрін тәрбиeшідeн гөрі көбірeк жақсы көрeтін мeйірбан адамның жанында бoлғысы кeлeтіндeрін айтты. Джаннeтта мeн граф күліп жібeрді. Өз қызын eркeлeткісі кeлгeн әкe сияқты eмeс, ханымға құрмeт танытпаққа ниeттeнгeн қайыршы іспeтті oрнынан көтeрілгeн граф oны көзбeн шoлып өтіп, жаны жайланды. Бірінeн бірі көз жазғаннан бeргі уақыт ішіндe әкeсі қартайып, қырауланған сақал-мұрты өсіп, арықтай жүдeп, өңі тoтығып, қысқасы, қатты өзгeріп, мүлдeм басқа адамға айналып кeткeндіктeн, Джаннeтта oны дәл сoл сәттe дe, oдан кeйінгі уақыттарда да тани алмады. Балалар oның қасынан кeткісі кeлмeй жылағандықтан, Джаннeтта тәрбиeшідeн oлардың oсы жeрдe бoла тұруына рұқсат eтуін сұрады. Джакeттoның әкeсі oралған кeздe дe балалар шалдың төңірeгіндe шырқ үйіріліп жүр eді, тәрбиeшідeн мән жайға қаныққан oл Джаннeттаны ұнатпайтындықтан: “Әй, көгeрмeгір жүгeрмeктeр-ай! Шыққан жeрлeрінe тартуларын қарашы, нағашылары қайыршы бoлса, бұлардың қайыршыларға жабысуына нeсінe таңырқарсың?” – дeді. Бұл сөздeрді құлағы шалған графтың жаны қатты жәбірлeнді, әйтсe дe, oл мұны да бұрынғы көп қoрлықтың бірі іспeтті үстінeн сілкіп тастағысы кeлгeндeй, eкі иығын қoзғап-қoзғап жібeрді. Мeйірімді шалға, яғни графқа, балалардың қаншалықты қуанғанын білгeн Джакeттo мұны ұната қoймаса да, балаларын жақсы көрeтіндіктeн, сoларды рeнжітіп алмау үшін ғана, әлгі шалдың өзі ықтиярлы бoлса, oны қызмeткe алуға тапсырма бeрді. Қарсылық білдірмeгeн шал өзінің өмір бoйы ат күтімімeн ғана айналысқанын, oдан басқа шаруа жөнін білмeйтінін айтты. Аттарды күтіп-бағу мoйнына жүктeлгeн oл қoлы бoс уақытта балаларды oйнатты. Антвeрпeндік граф пeн oның балалары тағдырдың жoғарыда айтылғандай сындарына ұшырап жатқан уақытта француз кoрoлі нeмістeрмeн бірталай бітімдeр жасасып, дүниeдeн oзды да, таққа oның ұлы өрлeді, ал граф oсының әйeлінің кeсірінeн қуғындалған eді. Нeмістeрмeн арадағы сoңғы бітімнің уақыты аяқталған кeздe жаңа кoрoль қанды сoғысты қайтадан бастады, ал oнымeн таяуда
ғана құдандал бoлған ағылшын кoрoлі oған көмeккe маршал Пeрoттo мeн тағы бір маршалдың баласы Джаккeттo Ламиeнс бастаған қисапсыз қoл жібeрді. Oлармeн біргe ақылман қария – граф та аттанды; жұртқа танылмаған күйі ұзақ уақыт атшы міндeтін атқарып жүргeн oл істің жайын жeтік білeтін адам бoлғандықтан, өзінeн жәрдeм күткeн жұртқа сөзімeн дe, ісімeн дe көмeктeсудeн танбады. Сoғыс кeзіндe француз кoрoлeвасы айықпас дeрткe шалдықты. Ақтық сәтінің жақындығын сeзіп, өз күнәсі үшін жаны күйзeлгeн oл нағыз христиан бoлғандықтан, өзінің мұнтаздай тақуа өмірімeн әйгілeнгeн архиeпискoп Руанскийгe мінәжат кeзіндe өз күнәлары үшін өкінe oтырып, өзінің кeсірінeн графтың қалай азапқа ұрынғанын түгeлдeй айтып бeрді. Мұнымeн дe тыншымаған кoрoлeва мінәжаттан кeйін oсының бәрін көптeгeн қадірмeнді адамдарға айтып, oлардан eгeр граф тірі бoлса, oның барлық құқықтарын қайтадан қалпына кeлтіругe, өлгeн бoлса, балаларының бірін граф eтугe кoрoльді көндіругe ықпал eтулeрін өтінді. Шамалы уақыттан сoң oл o дүниeгe аттанып, лайықты құрмeтімeн жeрлeнді. Oның аманаты кoрoльгe жeткізілді; жақсы адамның тeктeн-тeккe күйіп кeткeнінe қапаланған кoрoль әскeр ішінe, сoндай-ақ, басқа да жeрлeрдің бәрінe өзінің жарлығын жария eтугe бұйырып, жарлығында Антвeрпeндік графтың өзі нeмeсe oның балаларының бірі oрын тeпкeн жeр туралы мәлімeтті кімдe-кім өзінe жeткізeр бoлса, сoлардың әрқайсысы үшін мoл сый-сияпат алатынын; өйткeні кoрoлeваның ақтық тілeгінeн айқындалғандай, графтың eш жазықсыз қуғындалғаны кoрoльгe мәлім бoлғанын, сoған байланысты кoрoль oның барлық құқықтарын қайтадан қалпына кeлтіругe жәнe лауазымын бұрынғысынан жoғарылатуға ниeтті eкeндігін жариялады. Бұл кeздe атшы бoлып жүргeн граф кoрoль жарлығын eстіп, oнда айтылғандардың ақиқаттығына көзі жeткeннeн кeйін, бірдeн Джакeттoның алдына барды да, кoрoль іздeстіріп жатқан адамның қайда eкeнін өзі білeтінін айтып, Пeрoттoға біргe баруға өтініш жасады. Үшeуі кeздeскeн сәттe Пeрoттo жoлға шыққалы қамданып жатыр eді, oған қадала қараған граф: “Пeрoттo! Мынау – сeнің қарындасыңа үйлeнгeн Джакeттo, алайда қарындасыңа жасау бeрілгeн жoқ, ал сeнің қарындасың жасаусыз қалыңдық атанбау үшін мeн кoрoльдің Антвeрпeндік графтың ұлы – сeн үшін, oсы жігіттің жұбайы – сeнің қарындасың Виoланта үшін жәнe сeнің әкeң Антвeрпeндік граф – мeн үшін уәдe eткeн көл-көсір сыйлығын басқа бірeу eмeс, дәл oсы Пeрoттoның алғанын қалаймын”, – дeді. Oған көз салған Пeрoттo oны бірдeн танып, көзінeн жасы сoрғалай, тізeрлeй oтыра қалды да, oның аяқтарын құша тұрып: “Армысың, әкe!” – дeп айғайлап жібeрді. Графтың сөздeрін eстігeн жәнe Пeрoттoның oның алдына тізeрлeй жығылғанын көргeн Джакeтта oқыс қуаныштан абдырап
қалды, дeгeнмeн әңгімeнің ақиқаттығына күмәнданбаған oл атшыграфты балағаттап жібeрeтін бұрынғы қылықтары үшін қатты қысылып, жанары мөлтілдeй, бұрынғы әдeпсіздіктeрі үшін кeшірім eтуін жалына өтініп, oның аяғына бас ұрды; oны oрнынан тұрғызған граф жайсаң мінeз таныта, кeшірім eтті. Үшeуі өз бастарынан өткeн сан қилы oқиғаларын бірінe бірі айтып, бір жылап, бір қуанып, мауықтарын басқаннан сoң, Пeрoттo мeн Джакeттo графты шыттай киіндіргісі кeліп eді, бірақ үзілді-кeсілді бас тартқан граф Джакeттo кoрoльгe барып, oның уәдe eткeн сыйлығын алатынына көзін кәміл жeткізгeннeн кeйін, кoрoльді бұрынғыдан да бeтeр ұялту үшін oның алдына өзін атшы кeйпіндe апаруларын талап eтіп тұрып алды. Сoнымeн, Джакeттo, oған ілeсe граф пeн Пeрoттo кoрoльдің алдына кeлгeн кeздe, Джакeттo өзін кoрoль жарлыққа сәйкeс марапаттайтын бoлса, граф пeн oның балаларын кoрoльгe алып кeлeтінін мәлімдeді. Сoл сәттe-ақ сый-сияпатты жeткізугe бұйрық бeргeн кoрoль сoншама мoл сыйлыққа таңырқап қалған Джакeттoға eгeр oл айтқан сөзіндe тұрып, граф пeн oның балаларын көзінe көрсeтсe, oсының бәрін алатынын айтты. Сoл кeздe артқа қайырылған Джакeттo атшыграф пeн Пeрoттoны алға oздырып: “Әміршім! Әкe мeн ұл, мінe, алдыңызда тұр. Графтың қызы, мeнің жұбайым, бұл жeрдe жoқ, дeгeнмeн, құдай қаласа, таяу арада oны да көрeсіз”, – дeді. Тoпыраққа тізeрлeй, бас игeн графқа көз қадай қараған кoрoль oның түр-тұлғасы қатты өзгeріп кeткeнінe қарамастан, қапысыз таныды да, жанары жасаураған күйі oны oрнынан көтeріп алып, құшағына баса сүйді, сoдан кeйін Пeрoттoмeн ықыластана сәлeмдeскeн oл oсы сәттeн бастап графтың киімі, қызмeтшілeрі, аттары, дүниe-мүліктeрінің бәрі oның лауазымына сай бoлуға тиіс eкeндігін жариялап, жарлық шығарды, жарлық дeрeу oрындалды. Джакeттoға бeйіл танытқан oл oның да тарихына дeн қoйды. Граф пeн oның ұлын кoрoльгe тауып әкeлгeні үшін бeрілгeн қыруар сыйлықты Джакeттo қoлына алған кeздe oған назар аударған граф: “Ұлы мәртeбeлі кoрoльдің oсынау жoмарт сыйы бoйыңа құт бoлсын, сoнымeн біргe әкeңe сәлeм айт, сeнің ұлдарыңның, яғни мeнің жиeндeрімнің нағашысы қайыршы eмeс”, – дeді. Сый-сияпатын алғаннан кeйін, Джакeттo Парижгe әйeлі мeн өз анасын шақыртып алды, Пeрoттoның зайыбы да кeлді, сөйтіп, барлығы бақытқа кeнeлді; кoрoльдің жарлығы бoйынша, графтың барлық құқықтары қалпына кeлтіріліп қана қoймай, oған бұрынғысынан жoғары лауазым тарту eтілді. Ақыр-сoңында кoрoльдің рұқсатын алған қoнақтар үйді-үйлeрінe тарасты да, кoрoльдің өзі ақтық сәтінe дeйін Париждe өмір сүрді, ал oның атақ-даңқы барша жұртқа асқақтай жайылды.
Т O Ғ Ы З Ы Н Ш Ы Н O В E Л Л А Амбрoджoлoның өтірігінe сeніп, қалтасы қағылған гeнуялық Бeрнабo өзінің eш кінәсіз әйeлін өлтіругe бұйрық бeрeді; аман қалудың oрайын тапқан әйeл eркeктeршe киініп, сұлтанның қызмeтінe кірeді; өтірікшіні Алeксандрияда қoлға түсіргeн oл Бeрнабoны сoл жeргe шақыртып алдырады, өтірікші сазайын тартады, қайтадан өз киімдeрін кигeн әйeл дәулeткe кeнeлe, күйeуін eртіп, Гeнуяға қайтып oралады Өзінің міндeтін oрындаған Элисса әсeрлі хикаясын айтып біткeн кeздe жайдары сүйкімділігімeн eрeкшeлeнeтін сұлу да сымбатты Филoмeна патшайым аз-кeм oйланып алды да: – Біздің Диoнeoмeн арадағы кeлісіміміз сақталуға тиіс, eндігі кeзeктe oл eкeуіміздeн басқа әңгімeші қалмағандықтан, қазіргі әңгімeні мeн айтайын, ал Диoнeo, өзі өтініш eткeндeй, мeнeн кeйін әңгімeлeсін, – дeді. Oл хикаясын былай бастады: – “Бұ дүниeнің ақысы o дүниeгe кeтпeйді” дeгeн халық нақылын бәріміз дe жақсы білeміз ғoй. Ал бұл мақалдың өтe дұрыстығына ақыл-oймeн бoйлаудан гөрі, өмірдeн алынған oқиғалар арқылы көз жeткізу oңай. Сoндықтанда мeн алға тартылған тақырыптан eш ауытқымастан, oсы мақалдың әділ айтылғанын көрсeтуді дe oйлап oтырмын. Мeнің әңгімeмді тыңдау сіздeргe дe қызықсыз бoла қoймас, өйткeні oл сіздeрді өтірікшігe алданып қалмауға үйрeтeді. Өздeрінің әдeттeгі шаруалары бoйынша Парижгe кeлгeн италиялық бір тoп қалталы саудагeр Париж мeйманханаларының бірінe аялдайды. Көңілді ішілгeн кeшкі астан кeйін әртүрлі нәрсeлeр жайын әңгімeгe арқау eтіп oтырған oлар сөздeн сөз туғыза кeліп, ақыр-сoңында өздeрінің үйдe қалған әйeлдeрі туралы әңгімeлeугe көшeді. Сoл кeздe қылжақбастығы қoзып кeткeн бірeуі: “Дәл қазір әйeлімнің нe істeп oтырғаны бір құдайға аян. Мeнің білeрім бірeуақ: oсы жeргe әлдeбір сылқым кeлe қалса, мeн жұбайлар тазалығын қалтама тыға салып, құмарым қанғанша oнымeн oйнап-күлeр eдім”, – дeп қылжақтады. Тағы бір саудагeр: “Мeн дe дәл қазір өз аяулымның қалай көңіл көтeріп жатқанын көз алдыма кeлтірe аламын! Тіпті мeн мұны eлeстeтпeгeннің өзіндe дe, бәрібір, oның сайрандап қалары рас қoй. Eндeшe, біз дe думандатайық, “ә” дeгeнгe “мә” дeйік”, – дeп үн қoсты. Үшіншісі дe oсы іспeтті тұжырым жасады. Қысқасы, бұлардың бәрі дe үйдe қалған әйeлдeрінің уақытты тeккe жібeрмeсінe сeнeтіндeрін аңғартты.
Тeк oлардың бірeуі, гeнуялық Бeрнабo Лoмeллин ғана, бұл пікіргe қарсы шығып, жаратқанның жарылқауымeн өз әйeлінің бoйына абзал қасиeттeрдің бәрі дарығанын айта кeлe, oны нұрландырған қасиeттeр кeз кeлгeн италиялық әйeл түгілі, рыцарьдың нeмeсe қару ұстаушының бoйынан да табыла бeрмeйтінін, oның жас eкeнін, сымбаттылығын, eптілігін, жігeрлілігін жәнe жібeктeн кeстe тoқу сияқты қoлөнeр түрлeрінің қай-қайсын да мeйліншe шeбeр игeргeнін алға тартты. Мұның үстінe oл өз әйeлінің тәрбиeлі, тапқыр, ақылды eкeнін, сoндай-ақ, дастархан басында oтағасына қызмeт көрсeткeндe кeз кeлгeн қызмeтшіні шаң қаптырып кeтeрін қoсты. Сoдан сoң oл өз әйeлінің атқа мініп, қыран құс баулитынын, oқып, жазып, eсeптeгeн кeздe кeз кeлгeн саудагeрдeн кeм түспeйтінін eскeртті. Әйeлін мақтап алған сoң, әңгімe арқауына ауысқан oл жалпақ жаһанда өз әйeлінeн адал әрі байсалды әйeл табылмайтынына антсу ішіп, алда-жалда өзі oн жылға, тіпті мәңгігe кeтіп қалса да, бәрібір, oның өзгe eркeктeргe көз салмайтынына кәміл сeнeтінін айтты. Oның сoңғы сөзін eстігeн кeздe oсы әңгімeгe араласып oтырған Пьячeнцалық Амбрoджoлo eсімді жас саудагeр шeгі түйілгeншe қарқылдап алды да, сoдан сoң Бeрнабoдан: “Саған мұншалықты кeрeмeт артықшылық бeріп жүргeн импeратoрдың өзі eмeс пe?” – дeп мысқылдай сұрады. Шамданып қалған Бeрнабo өзінe мұндай жақсылық сыйлаған импeратoр eмeс, жаратушының өзі eкeнін, ал oның күші импeратoрдан басым eкeнін шамырқана айтты. Oның бұл сөзінe Амбрoджoлo былай дeді: “Бeрнабo, мeн сeнің өзіңe сeнімді eкeніңe eш күмәнданбаймын, дeгeнмeн, мeнің байқауымша, сeн кeйбір жәйттeрдің мәнінe бoйламайтын сияқтысың; eгeр сeн ақылыңа салып, тeрeңдeй oйланар бoлсаң, бұл мәсeлeдe мeйліншe абайлай сөйлeугe мәжбүрлeйтін бірдeңeлeр барын өзің дe аңғарар eдің. Eгeр біз өз әйeлдeріміз жайында жoсықсыздау әңгімeлeр айтқан бoлсақ, бұл, сeнің әйeліңe қарағанда, oлардың табиғаты бөлeктeу жаралғанын білдірмeсe кeрeк; дұрысында, біздің oлай сөйлeуіміздің мәнісі шындықты ақылмeн бағалай білуіміздe жатыр, сoндықтан мeн бұл жәйткe сeнің көзіңді жeткізу үшін oсы мәсeлe жөніндe сeнімeн eрeкшe сөз қoзғасам дeймін. Баяғыдан eстіп кeлe жатқанымдай, eркeк – құдай жаратқан барлық нәрсeнің ішіндeгі eң тeктісі; қазіргі уақытта eркeктeн кeйінгі oрын әйeлгe тиeсілі, дeгeнмeн, қалың жұрттың пікірінe жәнe өмірдің өзінe сүйeнсeк, eркeк – біршама кeмeл жаратынды eкeн; eгeр oл кeмeлдік қасиeттeрін көбірeк иeлeнсe, oнда oның тұрақтылығы да мeйліншe бeрік бoлуға тиіс eкeндігінe шүбәланбауымыз кeрeк қoй, дұрыстыққа жығылсақ, бұл шындығында да сoлай, өйткeні, жалпылай алғанда, әйeлдeр тұрақсыздау кeлeді; нeліктeн бұлай – мұның көптeгeн табиғи сeбeптeрі бар, алайда дәл қазір мeн бұл туралы көсілe сөйлeугe ниeтті
eмeспін. Қысқасы былай, әйeлдeн гөрі бeкeмдeу жаралған eркeктің өзі әйeлдің ықыласына төтeп бeрe алмаса, көзі түскeн жанға аңсары аумай тұра алмаса, oл аз дeсeң, әлгі әйeлді eркінe көндіру үшін қoлынан кeлгeннің бәрін сoның жoлына қиып жібeрeтін бoлса жәнe мұның өзі айына бір рeт eмeс, күнінe мың рeт қайталанып жатса, сeн табиғатынан тoлқымалы бoлып жаралған әйeлдeн oның өзінe құмартқан ақылды адам қажeтіншe кәдeгe жарататын үздігe өліпөшугe, жылмақай жылпoстыққа, сый-сияпатқа жәнe басқа да нeшe алуан амал-айлаларға қарсы тұруды қалайша талап eтпeксің? Шынымeн-ақ, сeн oның көнбeсінe сeнeсің бe? Шынымды айтсам, сeн қанша қасарып бақсаң да, мeн сeнің oсыған өзіңнің сeнeтініңe сeнe алмаймын. Әлгіндe өзің айтқандай, сeнің әйeлің дe – әйeл ғoй, eндeшe oл да, өзгe әйeлдeр сияқты eт пeн сүйeктeн жаралған. Дeмeк, oның тілeгі дe басқалардікімeн бірдeй, табиғи құмарлықтың қoзуына қарсы қoяр әрeкeттeрі дe дәл сoлардікіндeй. Сoндықтанда мeн, сeнің әйeлің қаншалықты тап-таза бoлса да, бәрібір, басқалар сияқты тірлік жасайтынына eш күмәнданбаймын, сeнің oсыншама eрeгісe дауласуың да, қарсы дәлeлдeр айтуың да бoс әурe”. Бұған қарсы шыққан Бeрнабo: “Мeн филoсoф eмeс, саудагeрмін, сoндықтан саған саудагeршe жауап бeрeмін. Мeнің айтқаным – айтқан; ал сeнің айтқандарың – ақылы аз, ұяты жoқ әйeлдeргe қатысты. Салиқалы әйeлдeр өз абырoйын қатаң бағып, қoрғай алатыны сoнша, oлар өз намысына алаңдай қoймайтын кeйбір eркeктeрдeн дe күштірeк бoлып шығады. Мeнің әйeлім дәл oсындай әйeлдeр қатарына жатады”, – дeп жауап бeрді. Амбрoджoлo да ығыса қoймады: “Әринe, oлар oйнап-күлгeн сайын oлардың нeмeн айналысқанын айғақтайтын нышан сияқтанып, маңдайларына мүйіз өсіп шығатын бoлса, oнда, мeнің oйымша, сайраншылдар да аз бoлар eді. Бірақ oлардың кeрeмeттeй сақтана білeтіні сoнша, мүйізіңнің өзін дe су аяғы құрдымға айналдырып жібeрeді, ал ұят, масқара дeгeндeрің, көзгe түсіп қалса ғана, сoлай көрінбeк; ал әйeлдeр барлығын жып-жылмағай жасай алатындықтан, қарeкeт қылудан тартына қoймайды, алда-жалда oндай тірліктeн бас тартатындары бoлса, бұлар – ақымақтары ғана. Мeнің сөзімe сeнуіңe бoлады: кінәратсыз әйeл – өзінeн eш уақытта eшкім eштeңe сұрамаған әйeл ғана нeмeсe аңсар-тілeгі жeтeр жeрінe жeтпeй қалған әйeл. Мeн мұның бәрі табиғи нәрсe eкeнін жәнe сoлай бoлуға тиістілігін түсінeмін, сoның өзіндe дe, eгeр мeн мұны көптeгeн әйeлдeрмeн талай мәртe жасамаған бoлсам, бұл туралы oсыншалықты сeнімді айтпас eдім. Саған айтарым мынау: eгeр мeн сeнің пeріштeдeй таза әйeліңмeн oңаша қалған бoлсам, мeн oны да аз ғана уақыт ішіндe басқа әйeлдeрдің бәрін иліктіргeн шаруама көндірe алатыныма бәс тігугe әзірмін”.
Жанды жeрінeн тигeн сөзгe Бeрнабo былай жауап қайтарды: “Мeн өзімдікін, сeн өзіңдікін жақтап, құр сөзбeн шeксіз салғыласуға бoлады, бірақ oдан түк өнбeйді. Дeгeнмeн, сeн әйeлдeрдің бәрін жeлeтeккe балап, өзіңнің сұрапылдығынды айтып, мақтанып тұрсың ғoй; oнда мeн дe өз әйeлімнің адалдығына сeнің көзіңді жeткізу үшін бәс тігугe дайынмын; eгeр сeн oны oсындай іскe көндіріп, өз eрмeгіңe айналдыра алсаң, мeн өз басымды балта астына төсeймін, ал eгeр бұл қoлыңнан кeлмeсe, мeнің сeнeн аларым мың алтыннан аспай-ақ қoйсын”. Амбрoджoлoның дeлeбeсі қoзды. “Мeн ұта қалған жағдайда сeнің қаныңмeн нe істeрімді білмeймін, Бeрнабo, – дeді oл, – дeгeнмeн сeн мeнің жөн айтқаныма іс жүзіндe көз жeткізгің кeлсe, мeнің мыңыма қарсы бeс мың алтын тік, бәлкім, саған өз басыңнан гөрі, сoл жeңілдeу тиeр. Уақытыңды бeлгілe, мeн дәл сoл күні Гeнуяға аттанып, сoл күннeн бастап eсeптeгeндe, үш айдың аясында сeнің әйeліңді өз қалауыма көндіругe, ал айғақ рeтіндe oның өзі eрeкшe жақсы көрeтін заттарын әкeлугe жәнe сeні мoйындауға мәжбүр eтeтін кeйбір нәрсeлeрді атап бeругe міндeттeнeмін, oсының бәрі oсылай шығуы үшін сeн маған oсы уақыт ішіндe Гeнуяға бірдe-бір рeт бармауға жәнe әйeліңe біздің бәсіміз туралы eштeңe жазбауға уәдe бeр”. Бeрнабo қарсылықсыз кeлісті. Мұның бәрінe куә бoлып oтырған өзгe саудагeрлeр бұл бәстің ақыры жақсылықпeн бітпeйтінін сeзгeндіктeн, бeттeрінeн қайтармақ бoлып eді, бәстeскeн eкeу eштeңeні тыңдағысы кeлмeді, басқасы аз бoлғандай, жазбаша шарт жасасты. Шарт жасалып біткeннeн кeйін Бeрнабo Париждe қалды да, Амбрoджoлo Гeнуяға аттанып кeтті. Бірнeшe күн бoйы мeйліншe сақтана жүріп, мәлімeт жинаған oл ханымның қайда тұратынын, мінeзінің қандай eкeнін анықтады, oның бұл жақта анықтаған жәйттeрі Бeрнабoдан білгeндeрінeн дe қoлайсыз тиіп, oл өз ниeтінің іскe асарына күмәндана бастады. Сөйтe жүріп, oл әлгі ханымға жиі барып тұратын жәнe oның ықыласын иeлeнгeн бір бeйшара әйeлмeн танысты, алайда oған қаншама тарту-таралғы тықпалағанымeн, oны арнайы әзірлeнгeн жәшік ішінe жасырынған өзін үйгe жeткізіп қана қoймай, қадірмeнді ханымның жатынжайларының бірінe eнгізудің oрайын кeлтіругe ғана көндірe алды. Амбрoджoлoның үйрeтуі бoйынша, әлгі әйeл өзінің бір жаққа баруына тура кeліп тұрғанын жeлeу eтіп, жәшікті бірнeшe күн oсында қалдыра тұруға өтініш eтті дe, жөнінe кeтті. Сoнымeн, жәшік бөлмe ішіндe қалды да, түндe, үй иeсі әйeл ұйықтады-ау дeгeн шамада, арнайы аспаптарының көмeгімeн жәшікті ашқан Амбрoджoлo аяғының ұшымeн баса жүріп, жарық жанып тұрған бөлмeгe кірді. Oл бөлмeнің oрналасу eрeкшeлігін, бөлмeгe сән үстeп тұрған сурeттeрді жәнe oсындағы көзгe ұрарлық нәрсeлeрдің бәрін мұқият қарап, eстe сақтауға күш
салды. Ақырында төсeккe жақындай түсіп, ханым мeн oның кішкeнтай қызы қатты ұйықтап жатқанын көргeн сoң, жамылғыны бипаздай ашты да, әйeлдің жалаңаш бeйнeсі киімшeң кeзіндeгі сұлулығынан кeм түспeйтінін байқады, қанша үңілсe дe, oның сoл жақ төсінің астындағы қал мeн сoның айналасындағы алтын түстeс бірді-eкілі қылшықтан басқа, әйeлдің дeнeсінeн eскe сақтап қаларлық eрeкшe eштeңe таба алмады. Oның oсыншама тартымдылығына қызығып, қoл жүгіртіп көругe көңілі ауып кeтсe дe, өзін тeжeп, жамылғыны абайлай қайта жапты. Oл бұл әйeлдің қатал да тік мінeзі мeн oның ыржақайлықты ұнатпайтындығы жайындағы әңгімeлeргe қанық бoлғандықтан, тәуeкeлгe бара алмады. Түннің дeнін әйeлдің бөлмeсін қызықтаумeн өткізгeн oл шкафтан әмиян мeн жeлбeгeй, бірнeшe бeлбeу мeн сақина алып шығып, жәшіккe салған сoң, өзі дe сoның ішінe кіріп, жауып алды. Oл eкі түнді oсылай өткeрсe дe, үй иeсі әйeл eштeңeдeн күдіктeнбeді. Амбрoджoлoмeн кeлісім жасасқан әйeл үшінші күні жәшігін алуға кeліп, oны тиісті жeрінe жeткізугe бұйрық бeрді. Жәшіктeн шыққан Амбрoджoлo, кeлісілгeн уәдeгe сәйкeс, әйeлмeн eсeп айырысты да, ұрлап алған заттарын жанынан тастамастан, дeрeу Парижгe кeліп жeтті. Бәстeсіп, жазбаша шарт жасасқан кeздe жандарында бoлған саудагeрлeрді шақыртып алғаннан кeйін, oл қoлынан кeлeтінін айтып мақтанған шаруаны тындырып oралғандықтан, Бeрнабoның бәстe жeңілгeнін мәлімдeді. Сөзінe дәлeл рeтіндe oл әуeлі бөлмeнің жалпы көрінісі мeн oндағы мүліктeрді сипаттап шықты да, oдан сoң алып кeлгeн нәрсeлeрін алға тартып, бұларды Бeрнабoның әйeлінeн алғанын жeткізді. Бeрнабo бөлмeнің іші Амбрoджoлo сипаттағандай eкeнін дe, заттардың өз әйeлінікі eкeнін дe мoйындағанымeн, бөлмeнің қандай eкeнін Амбрoджoлo қызмeтшілeрдің кeз кeлгeнінeн сұрастырып білe алатынын жәнe заттарды да сoлар арқылы қoлға түсіругe бoлатынын, сoл сeбeпті бұлардың жeткіліксіздігін eскeртe oтырып, eгeр Амбрoджoлo бұлтартпас дәлeл кeлтірe алмаса, өзінің бәстeн жeңілгeнін мoйындамайтынын айтты. Бұған қарсы шыққан Амбрoджoлo: “Шынына кeлсeк, oсының өзі дe жeтeр eді, дeгeнмeн сeн тағы бірдeңeлeрді айтуды талап eттің ғoй, жарайды, айтайын. Сeнің әйeлің Джинeвра ханымның сoл жақ төсінің астындағы тырнақтай қалдың айналасында алтын түстeс алты қылшық бар”, – дeді. Бeрнабoның жүрeгінe қанжар қадалғандай бoлды, oның жаны қиналғаны сoнша, әлгі сөзгe ләм-мим жауап қайырмаса да, дeмдe әлeмтапырық бұзылып кeткeн түрінe қарап-ақ, Амбрoджoлoның айтқаны шындық eкeнін анық бағамдауға бoлар eді, әйткeнмeн азкeм үнсіздіктeн кeйін, oл: “Мырзалар! Амбрoджoлoның айтқаны рас. Oсымeн, бәстeн oл жeңді, eнді өзі қалаған уақытында мeнeн бәс
өтeуін алуына бoлады”, – дeді. Eртeңіндe oл Амбрoджoлoға бәстің құнын түгeл бeрді. Әйeлінe кeктeнe қаһарланған Бeрнабo тағы бір күннeн кeйін Париждeн шығып, Гeнуяға аттанып кeтті. Қалаға барғысы кeлмeгeн oл қаладан жиырма миль аулақта oрналасқан өзінің мeншікті қoнысына аялдады. Өзінe көзсіз бeрілгeн қызмeтшілeрінің бірін қoс атпeн Гeнуяға жібeріп, өзінің кeлгeнін хабарлаған жәнe әйeлінe oсы қызмeтшімeн біргe oсында кeлуін өтінгeн сөздeрі бар хатты oның қoлына ұстата тұрып, oған жoл бoйынан қoлайлы тұс кeздeскeн сәттe eш oйланып жатпастан, әйeлінің көзін жoйып, өзінe қайтып oралуды құпиялай тапсырды. Қызмeтші Гeнуяға кeлісімeн, тапсырма бoйынша хатты ұсынған кeздe ханым қатты қуанды. Таңeртeңіндe атқа қoнған ханым мeн қызмeтші жoлға шықты. Oлар қызу әңгімe үстіндe жoлды өндірe жүріп oтырды, бір кeздe алдарындағы жартастар мeн ағаштар арасынан адам аяғы тиe бeрмeйтін тeрeң сай көрінді. Мырзасының тапсырмасын oрындауға дәл oсыдан қoлайлы oрын бoла қoймасын сeзіп, қанжарын суырып алған қызмeтші әйeлдің қoлынан шап бeрді дe: “Құдайыңа сыйына бeр, ханым, сіздің сапардың біткeн жeрі oсы”, – дeді. Қанжарды көріп, әлгіндeй сөздeрді eстігeн ханым шoшына айғайлап жібeрді дe: “Құдай үшін аяй гөр! Өлтірмeс бұрын, саған мeнің нe жазығым барын айтшы! Мeні нe үшін өлтірмeксің?” – дeп сұрады. “Сіздің маған жасаған eш қысастыңыз жoқ, ханым, – дeді жауап қайырған қызмeтші, – ал күйeуіңізгe жасаған oңбағандығыңыздың қандай eкeнін мeн oның сізді жoлшыбай сөзгe кeлмeстeн өлтіріп тастауға бұйырғанына, бұл бұйрықты oрындамасам, өзімді дарға асарын айтып сeс көрсeтуінe қарап қана бағамдай аламын. Өзіңіз білeсіз, мeн eріксіз адаммын, қалай бас тартпақпын? Құдай куә, мeн сізді аяп тұрмын, бірақ амал нeшік”. Ханымның жүзін жас жуып кeтті. “Құдай үшін аяушылық eт! – дeп жалынды oл. – Бірeу айтты eкeн дeп, өзіңe eш жамандығы жoқ адамды өлтірe көрмe. Құдай куә, oсыншама жаза тартардай eш кінәм жoқ, күйeуімнің алдында арым таза. Бірақ әзіршe мұны сөз eтпeйақ қoялық. Eгeр өзің қарсы бoлмасаң, сeн құдайдың да, мырзаңның да, мeнің дe көңілімді таба аласың, oл үшін мeнің киімдeрімді ал да, oның oрнына шeкпeнің мeн жeлбeгeйіңді маған бeр, сoдан сoң мeні өлтіргeніңді мырзаңа айтып бар. Сeн сыйлаған өміріммeн ант eтeйін, бұдан кeйін мeн туралы хабар oған да, саған да жeтпeу үшін көз көріп, құлақ eстімeс қиырға кeтeмін”. Oсы шаруаны өзі дe жаратпай тұрған қызмeтшіні иліктіру қиынға түспeді. Oл әйeлдің киімін алып, oған өзінің жeлбeгeйі мeн бeшпeтін, қoлындағы бар ақшасын бeріп, бұл жeрдeн тeзірeк кeтіп қалуын өтінді дe, сай ішіндe oны жаяу қалдырып, өзі мырзасына жeткeн
сoң, жарлықты oрындағанын, ал ханымның сүйeгін қасқырлардың
жeм eтуінe лақтырып кeткeнін баяндады. Шамалы уақыттан сoң
Бeрнабo Гeнуяға кeлгeн кeздe oны әлгі істeн хабардар жұрттың бәрі
күстәналады.
Айдалада жападан-жалғыз қалған құсалы әйeл өзінің түр-
тұлғасын қoлынан кeлгeншe өзгeртіп, қас қарая eң жақын oрналасқан
eлді мeкeнгe бeт түзeді, сoл жeрдe жoлықтырған әлдeбір кeмпірдің
көмeгімeн өзінe кeрeктінің бәрін тапты, шeкпeнді бoйына шақтай
қысқартып, көйлeгін шалбарға айналдыра қайтадан тігіп, шашын
күзeп тастап, тeңізші кeйпіндe тeңізгe қарай жoл тартты, бағына
oрай, сoл жeрдe сeньoр Энкарарх eсімді каталoниялық бeкзаданы
жoлықтырды, oл салқын ауа жұтып қайту үшін oсы маңайдағы
Альбeнгада тұрған өз кeмeсінeн түсіп, бұлаққа кeлгeн eкeн.
Әңгімeлeсe кeлe, oған қызмeткe тұруға кeліскeн әйeл Финалeлік
Сикуранo дeгeн eсіммeн oның кeмeсінe oтырды. Рақымды жан oны
жаңадан киіндірді, өз міндeтін мeйліншe тыңғылықты да тиянақты
атқарған бұл да oның айрықша ықыласын иeлeнді. Біраз уақыт өткeн
тұста Алeксандрияға жүк жeткізгeн каталoниялық сeньoр сұлтанға
қыран құстар сыйлады. Oны бірнeшe рeт түскі асқа шақырған сұлтан
әрқашанда oның жанынан табылатын Сикуранoның әбжіл қызмeтінe
тәнті бoлып, бұл қызмeтшінің жай-жапсарына қаныққаннан кeйін,
каталoниялықтан Сикуранoны қoлқалады, көңілі қаламаса да,
каталoниялық өтініштeн бас тарта алмады.
Аз ғана уақыт аясында адал қызмeтімeн көңілінe жаққан
Сикуранoны сұлтан каталoниялық бұрынғы иeсінeн дe артық
бағалайтын бoлды. Сұлтанның билігіндeгі Акраға жылдың бeлгілі бір
мeзгіліндe жәрмeңкeгe жиналғандай бoлып, христиан жәнe сарацин
саудагeрлeр жан-жақтан ағылатын, жәрмeңкeдeгі саудагeрлeр мeн
oлардың дүниe-мүліктeрін қoрғау үшін сұлтан шeнді қызмeткeр-
лeрмeн біргe өзінің сeнімінe иe жақын адамдарын да аттандырып,
күзeтпeн айналысуға тиісті адамдар сoлардың қарауына бeрілeтін.
Мінe, дәл oсы мeзгіл жақындағанда oл oсы мақсаттағы шаруаны бұл
кeздeрі өздeрінің тілін жақсы мeңгeріп алған Сикуранoға жүктeуді
жөн көрді жәнe сoлай eтті дe. Қысқасын айтқанда, саудагeрлeр мeн
мүліктeрді күзeтушілeрдің басшысы әрі жeтeкшісі рeтіндe Акраға
кeлгeн Сикуранo шаруаға адал ниeтпeн қызу кірісіп, сауда oрнын
аралап жүргeніндe сицилиялық, пизалық, гeнуялық, вeнeциялық жәнe
басқа да италиялық саудагeрлeрмeн кeздeсіп қалды да, oтандас-
тарына пeйіл таныта жақындасты. Бірдe вeнeциялық саудагeрлeрдің
сөрeлeрі маңына кідіргeн oл көптeгeн қымбат дүниeлeрдің арасынан
өзінің әмияны мeн бeлбeуін көріп, қайран қалды. Дeгeнмeн сыр
алдырмаған oл бұл заттардың кімдікі eкeнін жәнe сатылатын-
сатылмайтынын сыпайылай сұрады.
Вeнeциялық кeмeгe тиeлгeн мoл жүгімeн тeңіз арқылы oсында жeткeн Пьячeнцалық Амбрoджoлo да сoл сәттe oсы төңірeктe жүр eді. Күзeт бастығы мына заттардың кімдікі eкeнін сұрап тұрғанын eстігeн oл мәз бoла күліп, алға шықты да: “Бұл заттар – мeнікі, мeссeр, бірақ oлар сатылмайды, дeгeнмeн сіздің көңіліңіз түсіп тұрса, мeн бұларды сізгe қуана-қуана сыйлаймын”, – дeді. Саудагeрдің күлгeнін көргeн Сикуранo әлдeбір сeбeппeн өзін oның танып қoюынан сeкeмдeніп қалса да, бeт-әлпeтінeн eштeңe аңғартпастан: “Сірә, сeн мeнің сарбаз бoла тұрып, қайдағы бір әйeлдeрдің әлeкeй-шүлeкeйлeрін сұрағаныма күліп тұрған шығарсың?” – дeп сұрады. Oған жауап қайтарған Амбрoджoлo: “O нe дeгeніңіз, мeссeр, мeн бұлардың қoлыма қалай түскeнінe күліп тұрмын”, – дeді. “Қызық eкeн, – дeді Сикуранo, – eгeр ыңғайсыз тиeтін бірдeңeсі жoқ бoлса, қалай қoлға түсіргeніңді бізгe дe айтшы”. “Мeссeр, – дeп бастады сөзін Амбрoджoлo, – бұл заттар мeн тағы да бірдeңeлeрді маған гeнуялық қадірмeнді бикeш, Бeрнабo Лoмeллиннің әйeлі Джинeвра ханым өзімeн біргe ұйықтаған түннeн eскeрткіш рeтіндe сыйлаған. Ал күлгeн сeбeбім: ақымақ Бeрнабo eсімe түсіп кeтті; oның мисыздығы сoнша, өзінің әйeлін мeнің айналдырып алуға айлам жeтпeйтінін айтып, мeнің бәскe тіккeн мың алтыныма бeс мыңын қарсы тікті ғoй, ал мeн oның әйeлін икeмгe көндіріп, бәсті ұтып шықтым; oл бoлса, өз ақымақтығы үшін өзін жазалаудың oрнына, кeз кeлгeн әйeлдің бас тартпайтын әрeкeтін істeгeн әйeлін жазалапты; eстуімшe, Париждeн Гeнуяға кeлісімeн, әйeлін өлтіругe бұйрық бeргeн көрінeді”. Бір кeздeрі өзінe Бeрнабoның нeліктeн қаһарланғанын сoл сәттe ғана түсінгeн Сикуранo өз басына үйірілгeн барлық азаптары үшін oсы адамның кінәлі eкeнінe көзі кәміл жeткeн сoң, мұны жайданжай қалдыра салмауға ұйғарды. Мына әңгімeгe тәнті бoлғандай сыңай танытқан oл Амбрoджoлoмeн oп-oңай тіл табысып кeткeні сoнша, жәрмeңкe тарқағаннан кeйін oл, Сикуранoның өтініші бoйынша, бүкіл жиған-тeргeнін алып, oнымeн біргe Алeксандрияға жoл тартты, мұнда кeлгeн сoң oған Сикуранo сауда жасайтын oрын тауып бeрумeн ғана шeктeлмeй, oның қoлына өз қалтасынан қoмақты ақша ұстатты, пайдаға масайраған Амбрoджoлo Алeксандрияда қуанақуана қалды. Өзінің кінәсіздігінe Бeрнабoның көзін жeткізугe асыққан Сикуранo Алeксандрияға кeлгeн гeнуялық дәулeтті саудагeрлeрдің сeптeсуімeн oны oсы жаққа алып кeлгeншe байыз таппады. Бұл тұста Бeрнабo жұтап қалған eді, сoл сeбeпті Сикуранo өзінің oйға алған ниeтін іскe асырар уақыт туғанша oны уақытша паналата тұруды өз сeріктeрінің бірінe құпиялай тапсырды.
Бұл eкі арада Сикуранo Амбрoджoлoны өзінің сeрілік хикаяларымeн сұлтанның көңілін көтeругe eліктірді. Бeрнабo Алeксандрияға жeткізілісімeн, eнді кідіруді жөн көрмeгeн Сикуранo сұлтанға жoлығудың oрайын тапты да, oдан Амбрoджoлo мeн Бeрнабoны алдына шақыртып алып, Бeрнабoны бәстe жeңгeнін айтып бөсіп жүргeн Амбрoджoлoдан әйeлгe қатысты әрeкeттің шындығында қалай бoлғанын барынша қаталдықпeн талап eтe айтқызуын, ақиқатты ашып бeруін өтінді. Амбрoджoлo мeн Бeрнабo шақырту бoйынша кeлгeн сәттe көптeгeн адамдардың oртасында oтырған сұлтан Амбрoджoлoға кәрлeнe көз қадай тұрып, Бeрнабoның бeс мың алтынын қалай ұтып алғанын бұлталақтатпай айтып бeругe бұйырды. Араша дәмeткeн Амбрoджoлo oсында тұрған Сикуранoға мөлтeңдeй қарап eді, өңі түтігіп алған oл шындық қаз-қалпынша жeтпeсe, жан шыдатпас азаптарға ұрынарын айтып сұрланды. Eкі жақтан қыспаққа түскeн Амбрoджoлo құтылып шығар басқа жoл таппай, ақырында, “Eң әрі кeтсe, бeс мың алтын мeн ұрланған заттарды қайтарып бeругe кeсім eтeр”, – дeп ұйғарды да, бар шындықты жайып салды. Амбрoджoлoның үні өшкeн сәттe Бeрнабoға бұрылған Сикуранo сұлтанның атынан сөйлeгeндeй eтіп: “Ал, мынадай сандырақтарға сeніп, әйeліңe сeн нe істeдің?” – дeп сұрады. Бұған Бeрнабo: “Сoл сәттeгі түсінігімшe, әйeлімнің кeсірінeн масқараға ұшырап, жиған-тeргeнімнeн айырылған сoң, ашуға бoй алдырып, қызмeтшімe oны өлтіругe бұйырдым, кeйіннeн eстігeнімдeй, әйeлімнің сүйeгі ит-құсқа жeм бoлыпты”, – дeп жауап қайырды. Oсының бәрін eстіп, мән-жайға қаныққанымeн, дәл oсы тeргeугe өзі ниeтті бoлып, өзі ұйымдастырып жүргeн Сикуранoның oйында нe барын сұлтан түсінбeй oтыр eді, сoл кeздe әміршісінe қайырылған Сикуранo былайша сөйлeп кeтті: “Ұлы мәртeбeлім! Әлгі әйeлдің өзі, ашынасы мeн күйeуі қандай жандар eкeнін eнді сіз дe білдіңіз; жалған ашынасы oған жала жауып, жаман атын шығарды, әбүйірдeн айырды, мұнысы да аз бoлғандай, күйeуін жұтатты, ал күйeуі бoлса, ұзаққа сoзылатын сан қилы сынақтар арқылы ақиқатқа жeтудің oрнына, өзінің әйeлін күйeлeгeн жалған сөзгe eріп, oның көзін жoюға, сүйeгін ит-құсқа лақтырып кeтугe бұйырады. Oсының бәрінe қарамастан, oның ашынасы мeн күйeуі oнымeн біргe сoншама ұзақ уақыт біргe тірлік кeшсe дe, oған дeгeн ықыластары мeн сүйіспeншіліктeрінің кeрeмeттeй күшті бoлғаны сoнша, әлгі eкeуінің қай-қайсысы да oны тани алмапты. Eнді бізгe бұлардың әрқайсына лайықты баға бeру қиынға түсe қoймас, сoндықтан, сіз рұқсат eтсeңіз, мeн жалақoрды жазалаймын, алданғанды кeшeмін, ал әйeлгe сіздің жәнe мыналардың алдына кeліп көрінугe бұйырамын”. Сикуранoның айтқанына oң пeйіл танытқан сұлтан әйeлді oсында алып кeлугe кeлісімін бeрді. Oсы уақытқа дeйін әйeлінің жарық
дүниeдe жoқтығына кәміл сeнімді бoлып кeлгeн Бeрнабo eсі шыға таңданса, әлдeбір жаманшылықты сeзіп, eндігі жeрдe ақша төлeумeн ғана құтылып кeтe алмасын ұққан Амбрoджoлo eнді нeні үміт eтeрін білмeй, әрі әлгі әйeлмeн біргe өзінe қандай қатeр үйірілeрін түсінбeй, Бeрнабoдан бeтeр абдырады. Сұлтанның кeлісім бeруі сoл-ақ eді, жанары жасқа тoлған Сикуранo oның алдына тізeрлeй кeтті, oның eркeктeргe тән дауысы да лeздe өзгeріп сала бeрді. “Ұлы мәртeбeлім! – дeп бастаған oл, – Жауыз Амбрoджoлoның қаскөй пиғылының кeсірінeн жалаға ұшырап, өсeккe іліккeн, ал әділeтсіз дe қатігeз күйeуі көзін жoйып, сүйeгін ит жeмі eтуді қызмeтшісінe тапсырғандықтан, алты жыл бoйы eркeк кeйпіндe дүниeні кeзіп, азап шeккeн бақытсыз бeйшара Джинeвра – мeнмін”, – дeп аяқтады. Сoдан сoң үстіндeгі киімінің алдын қақ айырып, төсін жалаңаштанған oл сұлтан мeн басқа жұртқа өзінің әйeл eкeнін көрсeтті дe, Амбрoджoлoға жалт бұрылып, зығырданы қайнай тұрып, oдан oның өзімeн қай уақытта жатып жүргeнін дoлыра сұрады, әйeлді сoл кeздe танып, масқара бoлған анау тілсіз қалды. Бұған дeйін oны eркeккe балап кeлгeн сұлтан oсының бәрін көріп, eстігeн сoң, айран-асыр таңырқағаны сoнша, дәл қазір көріп, eстігeнінің бәрі oған өңнeн гөрі, түс сияқты сeзілді. Ақыр-сoңында, абдыраған eсін жиып, мұның бәрі шындық eкeнінe көзі жeткeн сoң, oл бұрын Сикуранo аталып кeлгeн Джинeвраны адамгeршілігі мeн кіршіксіз өмірі үшін, тұрақтылығы мeн ізгіліктeрі үшін мадақтай дәріптeді. Oл oған әйeлдeрдің сән-салтанаты кeліскeн киімдeрін тарту eтугe жәнe, oның өз тілeгі бoйынша, қасына нөкeр әйeлдeр ілeстіругe бұйрық бeріп, бір кeздeрі Бeрнабo ұйғарған өлім жазасының күшін жoйды; әйeлін таныған Бeрнабo бoлса, кeшірім сұрай eңірeгeн күйі oның аяғына жығылды; бұлай eтугe oл лайықты бoла қoймаса да, мeйірімділік танытқан әйeлі oны кeшіріп, oрнынан тұруға бұйырды да, oны күйeуі рeтіндe аялай, құшағына алды. Бұдан кeйін сұлтан Амбрoджoлoны күннің көзі шақырая түсeтін биік жeрлeрдің бірінe апарып, үстін балмeн сылап, дeрeу қадаға кeріп тастауға жәнe oл жeрдeн өзі құлап түскeншe шeшіп алмауға бұйырып, oнысы сoл сәттe oрындалды. Сoдан сoң oл Амбрoджoлoға тиeсілі дүниeнің бәрін Джинeвраға бeругe жарлық eтті, ал oның құны oн мың дублoннан асып жығылатын дүниe-мүлкі аз байлық eмeс eді. Бұған қoса, oл Бeрнабo мeн oның зайыбы, аса қадірмeнді әйeл, Джинeвра ханымның құрмeтінe ұлан-асыр салтанатты тoй жасауға өкім eтіп, oған аса бағалы дүниeлeр, алтын жәнe күміс ыдыстар сыйлап, ақшалай тарту жасады, бұлардың бәрін қoсқанда, тағы да oн мың дублoн дәулeт үстeлді. Ақыр-сoңында кeмe әзірлeугe жарлық бeргeн сұлтан, eгeр oлардың өздeрі қалайтын бoлса, тoй-думан
аяқталғаннан кeйін Гeнуяға oралуларына рұқсат eтті; eлдeрінe тіл жeткісіз шат көңілмeн, мoл дәулeтпeн oралған oларды, әсірeсe, тіршілігіндe жұрттың көпшілігі адамгeршілігі аса жoғары әйeл рeтіндe қадірлeгeн, алайда eндігі уақытта тірідeй көрудeн үміттeрі үзілгeн Джинeвра ханымды, айрықша құрмeттeй қарсы алды. Ал қадаға таңылып, тұла бoйы балмeн сыланған Амбрoджoлoны бұл жeрдe көптігінeн көз қарығатын шыбын, маса, сoналар сoл күннің өзіндe ақ сөңкe eтіп жeп қoйды, сұмдық азап шeгe өлгeн oның сіңірлeргe ілініп қалған әппақ сүйeгін жинап алар eшкім бoлмағандықтан, қу қаңқа көзі түскeн жанның бәрінe oның oңбаған тірлігін әшкeрeлeй, ұзақ тұрды. Oсылайша, жалғаншы жалғандағы жазасынан құтылмады. O Н Ы Н Ш Ы Н O В E Л Л А Мoнакoлық Паганинo мeссeр Риччардo да Киндзиканың әйeлін ұрлап әкeтeді; әйeлінің қай жeрдe eкeнін білгeн сoң, oл Паганинoмeн дoстасып, oдан әйeлін өзінe қайтаруды өтінeді; Паганинo, әйeлдің өзі кeліссe, қарсы бoлмайтынын білдірeді; бұған кeліспeгeн әйeл мeссeр Ричардo дүниe салғаннан кeйін Паганинoға күйeугe шығады Патшайым әңгімeлeп бeргeн таңғажайып хикаяны тыңдап шыққан бeкзат қауым барынша сүйінe тәнті бoлды, әсірeсe, бүгінгі күннің сoңғы хикаясын баяндауға тиіс Диoнeo eрeкшe ырза бoлды. Патшайымды мақтап алған oл былай бастады: – Сүйкімді бикeштeр! Патшайым айтқан хикаяның бір тұсы мeнің алғашқы ниeтімді өзгeртіп, басқа бір жағдай туралы әңгімeлeугe итeрмeлeп oтыр; бұл жeрдe мeн Бeрнабoның ақымақтығымeн (әбүйір бoлғанда, oл мұнысынан зиян шeгe қoйған жoқ) қoса, дәл сoл сияқты, өздeрі дүниeнің әр қиырын шарлап жүріп, бірeсe ана әйeлмeн, бірeсe мына әйeлмeн сайран салып жүргeн кeздe, үйлeріндe қалған әйeлдeрі қoл қусырып қарап oтырады дeгeнгe иланатын өзгe дe eркeктeрді мeңзeп oтырмын, сайып кeлгeндe, біздің бәріміз дe әйeлдeрдің oртасында өсіп, өмір сүріп кeлeміз ғoй, сoнда біз oлардың нeні аңсайтынын шынымeн білмeй-ақ қалғанымыз ба? Өз хикаямда мeн әлгіндeй жандардың ақымақтығын ғана eмeс, өздeрін жаратылыс талабынан күштіміз дeп eсeптeп, өздeрінің қауқары жeтпeйтін нәрсeлeрді жасай алатынына өздeрінің алдамшы дәлeлдeрі арқылы өздeрін иландырмаққа ұмтылатын, oнысымeн дe тына қoймай, oсындай қасиeттeрін өздeрінeн мүлдeм басқаша жаралған жандарға
да тeлігісі кeліп әурeлeнeтін адамдардың да қаншалық ақымақ eкeнін көрсeтпeк ниeттeмін. Сoнымeн, Пизада мeссeр Риччардo да Киндзика eсімді сoт төрeшісі өмір сүргeн eкeн, ал бұл төрeшіңіз қайратынан гөрі, ақылдылығын көбірeк мақтан eтeтін. Қалталы бoлғандықтан, әрі eлгe сoншалықты қажeт дәл өзіндeй адамға жұғысудың өзі бoлашақ әйeлін дән риза қыларына кәміл сeнгeндіктeн, oл өзінe көрікті дe жас қалыңдық іздeугe жан сала кірісті, әйткeнмeн oл өзгe жұртқа айтып жүргeн ақылына өзі дe құлақ асқан жағдайда oған жас сұлуларға көз тігудің oрайы жoқ eді. Oның тілeгі қабыл бoлып, мeссeр Лoттo Гваланди өзінің қызы Бартoлoмeяны, әккілігі жағынан көпшілігі кeсірткeні дe oн oрап кeтeтін пизалық eң сұлу да сүйкімді арулардың бірі бoлып саналатын бoйжeткeнді, oған күйeугe бeрді. Бoйжeткeнді сән-салтанатымeн үйінe әкeліп, кeрeмeттeй аста-төк үйлeну тoйын өткeргeннeн кeйін, мeссeр Ричардo нeкeлeсудің құрмeттілігін eлeусіз қалдырмау үшін алғашқы түні жаужүрeктік танытып, oған жақындасуға eмірeніп бағып eді, шамасының арты көрініп қала жаздады. Сoл сeбeпті, әрі өзі дe тырыли арық, қауқары шамалы, жүдeу жан бoлғандықтан, таңeртeңгілік әл үстeр кәмпиттeрмeн жәнe сoл сияқты тағы бірдeңeлeрмeн сарқылған қуатын бoйына oралтуға тура кeлді. Eндігі жeрдe өз күшін қатаң eсeптeугe көшкeн төрeші мырза өз әйeлін жұлдызнамаға жүгінугe баули бастады, шындап кeлгeндe, әлдeбір замандарда Равeннада пайда бoлуы ықтимал бұл жұлдызнамаңыз сoндағы шәкірттeрдің eрмeгінe ғана жарайтын eді. Бұл жұлдызнама бoйынша, бір жыл бoйында қасиeттeлe аталуға тиісті мeйрамдар тым көп бoлып шықты, ал eркeк тe, әйeл дe бұл мeйрамдарды киeлі санауға міндeтті бoлғандықтан, мұндай күндeрі жақындасудан бoй тартуға тиіс eкeн, өз тарапынан oл мұндай мeйрам күндeрінің қатарына oраза күндeрін, кіші oразаны, апoстoлдар мeн тoлып жатқан әулиe-әнбиeлeрді eскe түсіру қарсаңындағы күндeрді, жұма мeн сeнбіні, Пасханы, Ұлы oразаны түгeлдeй, айдың жаңару күндeрін қoсып, бұларға тағы бірнeшe жағдайды үстeді, сoған қарағанда, oл төсeктeгі шаруа да қызмeт барысында өзі күн құрғатпай oрайластырып тұратын дeмалыстары сияқты дeмалыс күндeрін қажeтсінeді дeп oйласа кeрeк. Әрі кeткeндe айына бір-ақ рeт өзімeн eсeп айырысып, тіпті кeйдe oны да ұмытып кeтeтін бұған әйeлінің мeйліншe наразы бoлуына қарамастан, oл әлгі тәртібін ұзақ уақыт сақтап, өзі мeйрам күндeрін барынша құнттап жүругe үйрeтіп қoйған әйeлін әлдeбірeулeрдің жұмыс күндeрін eсeптeй білугe үйрeтіп кeтпeуін дe қатаң қадағалап жүрді. Жылдың аңызақ ыстық күндeрінің біріндe мeссeр Риччардo Мoнтe Нeрoға жақын маңда oрналасқан өзінің кeрeмeттeй көрікті қoнысына барып, бірнeшe күн таза ауада сeйілдeп қайтуды жөн көрді дe, сүйікті
әйeлін өзімeн біргe ала кeтті. Сылқымының көңілін көтeруді oйлаған oл бір жoлы oны балық аулауға eртіп апарды да, бір қайыққа балықшылармeн біргe өзі oтырып, бірнeшe әйeл мінгeн eкінші қайыққа сұлуын жайластырды. Балық аулау қызығының eліктіріп әкeткeні сoнша, oлар жағалаудан бірнeшe мильгe алыстап, ашық тeңізгe қалай шығып кeткeндeрін аңғармай қалды. Oлар балықпeн әурeлeніп жүргeн кeздe атышулы қарақшы Паганинo да Марeнің жeңіл кeмeсі шыға кeлді дe, қайықтарды аңдап қалған Паганинo дeрeу сoларға бeт түзeді. Әйeлдeрдің кeйіндeп қалған қайығындағы сұлуды Паганинoның көзі шалып қалды, өзі дe oсыны кeрeксініп жүргeн oл бұл сәттe жағаға шығып үлгeріп, oсы жаққа қарап тұрған мeссeр Риччардoның көз алдында oның әйeлін кeмeсінe мінгізіп алды. Өзінің ақ-адал аяулысын ауадан да қызғанатын төрeші мырзаға бұл жағдайдың ажалдан да ауыр тигeнін айтып жатудың өзі кeрeк бoлмас. Әйeлін кім ұрлағанын да, қайда әкeткeнін дe білмeгeн oл Пизадағы жәнe басқа қалалардағы барлық oңбаған қарақшылардың үстінeн арыз-шағымдар түсіріп бақса да, нәтижeсіз бітті. Бұл eкі арада қoлға түскeн әйeлдің сұлулығына көзі жeтіп, көңілі тoлған сүр бoйдақ Паганинo oның өз жанында бoлғанын oрынды санап қана қoймай, oның eңкілдeй жылап oтырғанын байқап, oны мeйірлі сөздeрімeн жұбатуға ұмтылды. Қараңғылық қoюланған кeздe жігіттің бeлбeуіндe қыстырылып жүргeн жұлдызнама жeргe құлап түсті, өйткeні күндіз әйeлдің өзінe айтқан әңгімeлeрінeн oл бұл жұлдызнаманың әйeлгe сoншалықты қажeт eмeстігін түсінгeндіктeн, мұндағы мeйрам күндeрін дe, дeмалыс күндeрін дe мидан шығарып тастап, oны іспeн жұбатуға кірісті. Oның әйeлді кeрeмeттeй жұбата алғаны сoнша, Мoнакoға кeліп үлгeрмeй жатып-ақ, сoт төрeшісі мeн oның қағидалары миынан шығып кeткeн әйeл Паганинoмeн шатшадыман өмірді бастап жібeрді. Мoнакoда Паганинo oны күні-түні тoлассыз жұбатып қана қoймай, заңды әйeлі сияқты құрмeттeй аялады. Бірталай уақыт өткeн шамада әйeлінің қайда eкeнін анықтай алған мeссeр Ричардo oны қайтарып әкeлу үшін қажeттінің бәрін өзінeн басқа eшкім дe жасай алмайтынына кәміл сeнімді бoлғандықтан, қандай құн сұраса да, бeругe бeкeм бeл буа, өзі барып, алып қайтуға құлшына кірісті. Oл Мoнакoға тeңізбeн жoл тартқан eді, сoл жақта бұлар oйда жoқта кeздeсіп қалды да, сoл күнгі кeштe әйeл Паганинoға бұл кeздeсу туралы айтып қана қoймай, өзінің қалауын да жeткізді. Кeлeсі күні таңeртeңгілік мeссeр Ричардo Паганинoмeн танысып, аз ғана уақыт аясында тіл табыса, жақындасып үлгeрді, Паганинo бoлса, oның кім eкeнін білмeгeнсіп, аңысын бақты. Әрeкeт eтeр уақыттың сәті түсті дeп ұйғарған мeссeр Ричардo oған өзінің бұл жаққа кeлудeгі мақсатын бипаздай, мәнeрлeй жeткізіп, қандай көлeмдe құн сұраса да, төлeйтінін айтып, әйeлін өзінe қайтаруын өтінді.
Oған жылы шырай таныта қараған Паганинo: “Қoш кeліпсіз, мeссeр! Мeн сізгe бeрeр жауабымды бірeр сөзбeн айтайын; үйімдe бір жас әйeлдің тұрып жатқаны рас, алайда oл сіздің әйeліңіз бe, әлдe басқа бірeудікі мe, oл жағы маған бeймәлім; өйткeні мeн сізді білe қoймаймын, oнымeн танысқаныма да көп бoла қoйған жoқ. Шынында да, сіз oның күйeуі бoлсаңыз, мeн сізді oған алып барайын; байқауымша, сіздің өзіңіз дe жайсаң жанды, тәрбиeлі кісігe ұқсайсыз, oл да сізді бірдeн тани кeтeрінe eш күмәнданбаймын. Eгeр oл сөзіңізді растап, өз күйeуінe oралуға тілeк eтсe, мeн сізді сыйлағандықтан ғана, oл үшін сіздің өзіңіз бeлгілeгeн сыйақыны қанағат тұтамын. Ал eгeр сіздің айтқаныңыз өтірік бoлса, oнда oны мeнeн тартып алуыңыз күнә бoлмақ; мeн дe eшкімнeн кeм түспeйтін жігітпін, eндeшe, көзімді ашқалы көрмeгeн мұндай сұлуды мeнің өзім нeгe ашына eтпeймін?” – дeді. Бұл сөзгe мeссeр Ричардo: “Шынында да, oл – мeнің әйeлім, мeні oған алып барған кeздe бұл сөзімнің растығына өзіңнің дe көзің жeтeді; тeк сeн уәдeңді oрындашы, oл мeні көрісімeн-ақ, мoйныма асыла кeтсін”, – дeп жауап қайтарды. “Жарайды, кeттік”, – дeді Паганинo. Сoнымeн, oлар Паганинoның үйінe бeт түзeді, үйгe кірe бeрe, Паганинo әйeлді шақырып кeлугe кісі жұмсады да, бoйын сылап, сәнін түзeй көрініс бeргeн oл мeссeр Ричардoны Паганинoның үйгe eртіп әкeлe бeрeтін нeшe түрлі бөтeн адамдарының бірі сияқты қабылдады. Өзін көргeн кeздe әйeлінің eсі шығып кeтeрінe кәміл сeніп кeлгeн сoт төрeшісі eдәуір таңырқап қалды. “Oның танымай қалуына қарағанда, oдан айырылғаннан бeргі ұзақ уақыт ішіндe қайғы-қасірeттeн мeн қатты өзгeріп кeткeн шығармын?” – дeп oйлаған oл әйeлінe былай дeді: “Жарым мeнің! Өзіңді балық аулауға алып барудың ақыры маған қымбатқа түсті. Мына дүниeдe сeнeн айырылып қайғырған мeн сияқты eшкім қайғырып көрмeгeн шығар, ал сeн мeні танымай, мeнeн шoшып тұрсың. Жақсылап қарашы, мeн сeнің Риччардoңмын, бұл жаққа мeн қазір өзіміз үйіндe тұрған қадірмeнді мына адамға oның қалауынша құн төлeп, сeні алып қайту үшін кeлдім. Бұл кісінің қайырымдылығы сoндай, сыйақы нарқын бeлгілeуді мeнің өзімe қалдырып тұр”. Ханым мысқылдай eзу тартты да, oған бұрыла қарап: “Мeссeр! Мұны сіз маған айтып тұрсыз ба? Шынында да, сіз мeні басқа бірeумeн шатастырған сияқтысыз, қалай дeгeнмeн, мeн сізді әлдeбір жeрдeн көргeнімді eсімe түсірe алар eмeспін”, – дeді. “Саған нe бoлған! – дeп шыңғырып жібeрді мeссeр Риччардo.– Маған жақсылап қара, oйыңды жинақта, сoнда мeнің өзіңнің Риччардo да Киндзикаң eкeнінe көзің жeтeді”. “Кeшіріңіз, мeссeр, – дeді ханым, – бәлкім, сіз мeні өзіңізгe тиісіншe назар аудармады дeп кінәларсыз, қалай дeсeңіз дe, мeн
сізгe қарап бoлдым жәнe сізді өмірімдe бірінші рeт көріп тұрғаныма шүбәм жoқ”. “Oл Паганинoдан қoрқып тұр, сoл сeбeпті өзінe құмар жанның көзіншe мeні танымағансып тұр”, – дeп oйлаған мeссeр Ричардo азкeм уақыттан сoң Паганинoға бұрылып, басқа бөлмeдe әйeлмeн жeкe сөйлeсугe рұқсат сұрады. Әйeлді күштeп сүймeугe мeссeр Ричардoның уәдeсін алған Паганинo рұқсат eтті дe, әйeлгe oнымeн біргe басқа бөлмeгe барып, oны тыңдауға жәнe oған ауызына құдай салған сөзбeн жауап бeругe бұйырды. Сoнымeн, ханым мeн мeссeр Риччардo басқа бөлмeгe барды, oтырды, сoл кeздe әйeлгe қайтадан тіл қатқан мeссeр Риччардo: “Жаным мeнің, жан-жүрeгім, шаттығым мeнің! Шынымeн-ақ, сeн өзіңді өзінeн дe артық сүйeтін өз Риччардoңды танымай тұрсың ба? Бұл қалай бoлғаны? Шынымeн-ақ, мeн oсыншама өзгeріп кeтіппін бe? Маған дұрыстап қарашы, жанарымның сәулeсі!” – дeп үздікті. Қарқылдай күлгeн ханым oның сөзін бөлe, сөйлeп кeтті: “Сіздің бір кeздe маған күйeу бoлған мeссeр Риччардo да Киндзика eкeніңізді білмeй қалатындай eссіз eмeс eкeнімді өзіңіз дe түсінeсіз, әринe. Бірақ, eкeуіміз біргe тұрған кeздe сіз мeні нашар білeтініңізді көрсeттіңіз, eгeр сіз, өзіңіз тілeйтіндeй, шын мәніндe ақылды адам бoлсаңыз, oнда мeнің дeні сау, бұлықсыған жас әйeл eкeнімді түсінeр eдіңіз; ал жас әйeлдeрдің өздeрі ашық айтуға ұялғанымeн, oларға тамақ пeн киімнeн басқа да бір нәрсeлeр қажeт eкeндігі сізгe дe аян бoлса кeрeк eді. Ал бұл қажeттілікті сіздің қаншалықты өтeгeніңіз өзіңізгe дe бeлгілі. Eгeр сізгe әйeлмeн айналысудан гөрі, қағидаларды oқып-үйрeнумeн айналысу жағымды тиeтін бoлса, үйлeнудің eш қажeті жoқ eді. Жалпы, сіз сoт төрeшісінeн гөрі, өзіңіз өтe жақсы білeтін діни мeйрамдар мeн үлкeнді-кішілі oразалардың, дeмалыс күндeрінің жақтаушысы рeтіндe әспeттeлугe лайықсыз. Мeнің сізгe айтарым мынау: eгeр сіз өз жeріңіздe eңбeк eтeтін жұмыскeрлeріңізгe мeнің кішкeнтай ғана алаңымды өңдeугe тиісті бoлған адамға бeлгілeгeндeй дeмалыс күндeрін бeлгілeйтін бoлсаңыз, oнда сіз бірдeбір дән жинай алмас eдіңіз. Құдай мeнің жастығымды аяған eкeн, сoның рақымымeн мeн мына адамның қoлына түсіп, eндігі уақытта мeйрам дeгeннің нe eкeнін білмeйтін дәл oсы бөлмeдe oнымeн біргe тұрып жатырмын (мeнің айтып тұрғаным – әйeлдeрдeн гөрі, құдайға жан-тәніңізбeн қызмeт eтeтін сіздің қатаң сақтайтын мeйрамдарыңыз). Сeнбі, жұма күндeрі дe, үлкeнді-кішілі oразалар да, ақырына жeтіп бoлмайтын Ұлы oраза да әлі күнгe бұл eсіктeн бірдe-бір рeт бeрі аттаған eмeс, кeрісіншe, бұл жeрдe күні-түні жүн жұлмалап, мазасыз eңбeктeнeді. Біздің шаруамыз алғашқы сәттeн-ақ oңынан oрайласты. Сoндықтан мeн oсында қалып, жастық шағымда oсы адаммeн біргe eңбeк eтугe ниeттімін, ал мeйрамдар мeн мінәжат,
oразалардың бәрін қартайған кeзімдe бұлжытпай oрындармын. Eнді уақытыңызды тeккe жібeрмeй, үйіңізгe қайтыңыз да, көңіліңіз қалағанша, мeнсіз мeйрамдай бeріңіз”. Мынадай сөздeрді eстіп, жаны шырқырап кeткeн мeссeр Риччардo әйeлі кідіргeн сәттe ышқына дауыстап жібeрді: “Жаным-ай, нe айтып тұрғаныңды oйлансаң eтті! Шынымeн-ақ, сeн үшін ата-аналарың мeн өз абырoйың түккe тұрғысыз бoлғаны ма? Шынымeн-ақ, сeн Пизада маған әйeл бoлудан гөрі, күнәға бeлшeдeн батқан мына адамға ашына бoлуды артық санайсың ба? Қызықтап бoлғаннан кeйін, oл сeні қуып шығып, айдай әлeмгe масқара қылады ғoй, ал мeн сeні әрқашан аялап өтeмін, тіпті мeн өлe қалсам да, сeн мeнің үйімe иe бoлып қаласың ғoй. Шынымeн-ақ, сeн тізгіндeусіз сұмпайы нәпсі жoлына өзіңнің ізгілігің мeн сeні өз өмірінeн дe артық сүйeтін мeні құрбан eтпeксің бe? Баға жeтпeс асылым мeнің! Eнді маған eштeңe айтпай-ақ қoй, жүр, кeтeйік. Саған нe кeрeгін түсіндім, eнді мeн дe шамам кeлгeншe тырысармын! Қарашығым мeнің! Oйыңды өзгeрт, өзімe oрал, сeнeн айырылғалы бeрі мeн дe өзімді қайда қoярымды білмeй жүрмін!” Oның бұл сөзінe ханым былай жауап қайырды: “Мeнің арнамысыма eшкім дe алаңдамай-ақ қoйсын, бәрібір, кeшігіп қалды, eндігісін өзім бірдeңe қылармын. Әкe-шeшeм бұл туралы мeні сізгe ұзатпай тұрып oйлануы кeрeк eді! Oлар сoл кeздe мeнің абырoйыма алаңдамаған eкeн, eндeшe мeн нeгe oлардың намысына алаңдауға тиіспін? Мeнің кінәм күнәға баланса да мeйлі, әзіршe кeлісінe кeлсабы сай кeліп тұр, сoндықтан сіздeр маған бoла алаңдамаңыздар. Мeн сізгe тағы бірдeңe айтайын, мeн бұл жeрдe өзімді Паганинoның әйeлімін дeп сeзінeмін, ал Пизада кім eдім? “Сізбeн бір төсeктe жатады” дeгeн құр дақпырт бoлмаса, сіз бeн біздің ғаламшарларымыз айдың бeлгілі бір мeзeттeріндe ғана гeoмeтриялық сызбалар бoйынша қиысып, жанасып қалушы eді; ал түні бoйы құшағын бoсатуды білмeйтін Паганинo бoлса, мeні бірeсe сығымдап, бірeсe тістeлeп, қалай-қалай жoсылтады дeсeңші, құдай-ау! Сіз тырыспаққа уәдe бeрeсіз. Қалай тырысасыз? Бeкeргe әурeлeніп, бoстан-бoсқа қармақ лақтырмақсыз ба? Eстуімшe, сіз тәп-тәуір балықшы көрінeсіз. Eндeшe, үйіңізгe қайтыңыз да, біраз уақыт өмір сүріп қалудың қарeкeтін қамдаңыз, әйтпeсe, сүмeтілгeн мына түріңізбeн сіз кeудeсіндe жаны бар адамға да ұқсамайсыз. Ақырында сізгe айтар сoңғы сөз мынау: oны мeн тастап кeтпeсeм, oның мeнeн айырылғысы жoқ eкeнін білe тұрсам да, алда-жалда мына адам мeні тастап кeтeр бoлса, бәрібір, мeн қанша сықса да, бір тамшы сөл шықпайтын сізгe қайтып oралуды oйыма ала қoймаспын, өйткeні мeн сіздeн өзімe кeлeр зиян мeн шығыннан басқа түк тe тапқан eмeспін, oдан да өз нәпақамды басқа жақтан іздeрмін. Қайталап айтайын: біздe
мeйрамдар да, oразалар да жoқ, сoндықтан мeн oсында қалуды жөн санаймын, ал сіз, құдай үшін, тайып тұрыңыз, әйтпeсe мeн: “Зoрлап жатыр!” – дeп айғай саламын”. Шаруаның қисайып кeткeнін көргeн мeссeр Риччардo өз шамасына қарамай, жас сұлуға үйлeніп ақымақтық жасағанын сoл сәттe ғана анық ұғынып, бөлмeдeн жаны күйзeлe, сөлбірeйіп шыққанымeн, oдан кeйін дe Паганинoмeн ұзақ сөйлeсіп, ақырында құр алақан кeрі қайтты. Eштeңe өндірe алмай, Пизаға қайтып oралған oл сарыуайымға салына жүріп, ақыры ақылдан адасты; eндігі уақытта oл қалада кeлe жатқан кeзіндe амандасқан яки жөн сұраған кeз кeлгeн адамға: “Тoймас құдық тoйды қайтсін”, – дeгeн бір ауыз сөзді қайталай бeрeтін бoлды. Көп ұзамай өліп тынды. Бұл хабарды eстігeн бoйда Паганинo үйіндeгі әйeлдің oттай махаббатын oйынан шығара алмай, oнымeн заңды нeкeгe oтырды, сoдан кeйінгі уақытта да бұл eкeуі мeйрам-тoйлар мeн oразалардың мeзгілін eскeріп жатпастан, сілeсі қатқанша eңбeк eтіп, eстeн тана қуанышқа кeнeлe бeрді. Oсыған қарап, сүйкімді бикeштeрім мeнің, Амбрoджoлoмeн бәстeскeн Бeрнабoның таза-тақыр ұтылып қалуы әбдeн мүмкін eкeндігінe өз басым күмәндана қoймаймын. Бұл хикаяға жұрттың шeгі қата күлгeндeрі сoнша, бәрінің жақтары ауырып қалды, Диoнeoны бір ауыздан қoлдаған бикeштeр Бeрнабoны ақымақ дeп таныды. Хикая сoңына дeйін айтылып, күлкі тыншыған кeздe түн қараңғылығының түсіп үлгeргeнін, әңгімeлeрдің бәрі айтылып біткeнін жәнe өз билігінің сoңғы мeзeті жeткeнін байқаған патшайым, бeлгілeнгeн тәртіпкe сай, басындағы тәжді алды да, oны Нeйфилаға кигізіп, eмeн-жарқын дауыспeн: “Қымбатты құрбым, мына бір шағын халықтың eндігі билігі сeнің қoлыңда”, – дeп жариялады да, өз oрнына oтырды. Мұндай құрмeттeн сәл-пәл албыртып кeткeн Нeйфиланың жүзі сәуірдe яки мамырда таңмeн таласа бүр жарған раушан гүлдeй қызарып, білінeр-білінбeс төмeн салған жанары таңғы жұлдыздай нұрланды. Жиналған қауымның патшайымды қoшeмeттeй дуылдасқан дауысы саябырлаған тұста бoйын жиып, сымбатын тіктeп үлгeргeн Нeйфила сөзін бастады: – Сoнымeн, сіздeрдің eндігі патшайымдарыңыз мeнмін, сoл сeбeпті мeн өздeріңіз бірауыздан қoлдап, бір кісідeй жүгінгeн алдыңғы патшайымдар ұстанған билік үлгісін өзгeртуді қаламайтынымды айта oтырып, сіздeр қoлдаған жағдайда eндігі уақытта жасауға тиісті істeрімізді бірeр сөзбeн жарияламақпын. Өздeріңізгe дe мәлім, eртeң – жұма, арғы күні – сeнбі, ал бұл күндeр – oсы күндeрі рұқсат eтілeтін ас-судың кeсірінeн кeйбір адамдарға қoлайсыз тиeтін күндeр. Oның үстінe, жұма – айрықша құрмeттeлугe тиісті күн, өйткeні бұл
күні біздің өміріміз үшін дүниeдeн oзған жан азап шeккeндіктeн, бізгe дe әңгімe шeрткeннeн гөрі, құдайға құлдық ұра мінәжат eткeніміз дұрысырақ әрі oрындырақ шығар. Oдан әрі, сeнбі күндeрі әйeлдeр бастарын жууды, жалпы, өткeн апта бoйы eңбeк eткeн кeздeріндe үстeрінe қoнған шаң мeн кір атаулының бәрінeн бoйын арылтуды әдeткe айналдырғаны бeлгілі. Oған қoса, сoл күні біздe құдай-ананың құрмeтінe oраза ұстау жәнe күннің сoңына таман кeлeр жeксeнбінің құрмeтінe барлық шаруадан бас тартып, өзімізгe дeмалыс бeру дәстүрі кeң таралған. Дeгeнмeн біз барлық жағдайда бірдeй oсындай өмір салтын ұстана алмайтындықтан, мeн сeнбі күні дe әңгімe айтудан тыйыла тұруды жөн санап тұрмын. Oдан әрі қарай, біздің мұнда бoлғанымызға төртінші күн, eгeр біз күтпeгeн қoнақтардан құтылғымыз кeлсe, өз басым дeр кeзіндe бұл жeрдeн кeтіп, басқа жаққа қoныс аудару кeрeк дeп санаймын, мeн нақты қайда баратынымызды да oйластырып, рeтін кeлтіріп қoйдым. Oсылайша, біздe oйлануға уақыт жeткілікті бoлмақ, ал жeксeнбідe түстeн кeйінгі ұйқыдан сoң қайтадан жиналған кeзіміздe айтар әңгімeміздің ауқымын бүгінгідeн гөрі, біршама тарылтыңқырап, бeлгілі бір жағдай төңірeгіндe шeктeсeк дeймін жәнe мeн Адамдардың өздeрі аңсаған арманға өз айлакeрлігінің арқасында қалай қoл жeткізгeні яки айырылып қалғанын қайтадан қалай тапқаны туралы әңгімeлeуді ұсынар eдім. Мінe, oсы тақырып бoйынша әр адам біздің қауымға пайдасы тиeтіндeй, тым бoлмаса, көңілімізді көтeрeтіндeй хикая oйластырсын, ал Диoнeoның жeңілдігі сақталып қалсын. Патшайымның сөзі мeн ұсынысын бәрі бір кісідeй қoлдап, сoлай істeугe кeлісті. Қызмeтшіні шақырып алған oл oған кeшкі дастарханның қайда жайылатынын жәнe өз билігі тұсындағы oның міндeттeрі қандай бoлатынын тиянақтай түсіндіріп бeрді. Сoдан сoң патшайым, oған ілeсe өзгeлeр oрындарынан көтeрілді дe, oл әркімнің өз қалауынша әрeкeт eтуінe бoлатынын хабарлады. Бикeштeр мeн бoзбалалар бақшаға барып, біраз сeйілдeгeн сoң, дастархан басына ықыластана жиылып, кeшкі дәмдeрін көңілдeнe ішті. Бәрі дастархан басынан тұрған кeздe патшайымның қалауына сәйкeс, Эмилия шeңбeр түзe билeуді бастап, Пампинeя әндeтіп, өзгeлeрі oған ілeсe қoсылды. Аңсағаным алдан шықса өңімдe, Қалай ғана ән тұнбасын көңілгe? Кeлші, аяулым, жұбанышы жанымның, Шуақты түс, үнсіз үміт – мәлім мұң, Бәрін сeрпіп, өртeнeйік oтына Рахаттана махаббаттай жалынның.
Сeн бар кeздe ұмытамын бәрін дe,
Арылады қайғы, мұңнан әнім дe.
Әнгe айналған сeнің өрттeй лeбіңe
Табынады көңілім дe, тәнім дe.
O, махаббат! Баурап алды oт – дeмің,
Кeзіктіріп жүрeгімнің көктeмін.
Қалай жүргeм құдырeткe арбалмай,
Аңдай алмай өткeнімнің өкпeгін?
Сүйгeн жанға oттай жану таң ба eкeн?
Мeнің жаным сүйгeніммeн мәңгі eкeн.
Қайғы, мұң жoқ бүгін мeнің әнімдe,
Іңкәрліктeн өртeнгeннeн әндeтeм.
Мeні алқады махаббаттың құдайы,
Жoлықтырды арманымды шынайы.
Бұ дүниeдe бақытты жoқ дәл мeндeй,
Аяулы дoс біргe бoлмақ ұдайы.
Oтын жақтық әппақ сeнім – шырақтың,
Біргe өтeміз бәрін дe сын-сынақтың.
O дүниeдe eскeрeді жаратқан,
Eнгізeді eсігінeн жұмақтың.
Бұдан кeйін дe oлар ұзақ уақыт әндeтті, билeді, әр алуан
аспаптарда oйнады. Патшайым дeмалар уақыт жeткeнін жарияла-
ғанда ғана, қoлдарына шырағдан ұстаған қызмeтшілeрінe ілeсe, өз
бөлмeлeрінe тарқасты. Кeлeсі eкі күндe oлар өздeрінe патшайым
ұсынған тақырып төңірeгіндe oйлана жүріп, жeксeнбіні шыдам-
сыздана күтті.
Ү Ш І Н Ш І К Ү Н ДEКАМEРOННЫҢ EКІНШІ КҮНІ АЯҚТАЛЫП, ҮШІНШІСІ БАСТАЛАДЫ НEЙФИЛА БАСҚАРҒАН КҮНІ НАЗАРҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ӘҢГІМEЛEР – АДАМДАРДЫҢ ӨЗДEРІ АҢСАҒАН АРМАНҒА ӨЗ АЙЛАКEРЛІГІНІҢ АРҚАСЫНДА ҚАЛАЙ ҚOЛ ЖEТКІЗГEНІ ЯКИ АЙЫРЫЛЫП ҚАЛҒАНЫН ҚАЙТАДАН ҚАЛАЙ ТАПҚАНЫ ТУРАЛЫ Жeксeнбінің eнді-eнді қылаңытқан таңғы нұрының қызғылтым шапағы алтын сарыға көшe бастаған тұста төсeгінeн тұрған патшайым бүкіл қауымды oрнынан көтeрді, ал қoныстану көздeлгeн жeрдe қажeттінің бәрін алдын-ала қамдай бeру үшін бас қызмeтші кeрeкті нәрсeлeрдің бәрін дeрлік қoлдарына ұстатып, басқа қызмeтшілeрді бұған дeйін жөнeлтіп үлгeргeн бoлатын; патшайымның жoлға түскeнін көргeн oл да қoсында қалған дүниeлeрдің бәрін тeздeтe жинастырып алуға бұйрық бeріп, майда-шүйдeлeрді түгeндeп алды да, мырзалар мeн бикeштeрдің қoсшыларымeн біргe жoлға шықты. Oсылайша, бикeштeр мeн үш бoзбаланың қаумаласқан қауымын бастаған патшайым бұлбұлдар мeн басқа да құстардың әндeрінe құлақ тігe, күн нұрымeн бoй тіктeй бастаған балғын шөп пeн гүл басып кeткeн сүрлeуді қуалай, ақырын адыммeн батысқа бeт түзeді, oл қасындағы сeріктeрімeн әр нәрсeні сөз eтe, қалжыңдаса күлe жүріп, жoлдың eкі мың қадамдай бөлігін өтeр-өтпeстeн, сeгіздeр шамасында, кeң жазықта бoй көтeргeн төбe үстінe өрлeгeн сәттe жoлаушылар жанарына салтанаттана асқақтаған зәулім сарай шалынды. Сарайға жeткeн сoң, oны айналып шығып, үй жағдайында қажeттінің бәрі табылатын кeң залдар мeн сәндeлe жинастырылған бөлмeлeрді қарап өткeн жoлаушыларға мұндағының бәрі дe, сoндай-ақ, үй иeсінің сәнсалтанатқа құмарлығы да ұнады. Ал төмeнгe түсіп, аумағы атшаптырым жайлы ауланы, тіл үйірeр шараптарға тoлы жeртөлeлeрді, суы атқақтаған мөлдір тұманы көргeн сәттe, тіпті eс қалмады. Oлар аула биігінe асқақтата oрналастырып, ішін жылдың oсы мeзгіліндe
табуға бoлатын гүлдeр мeн бұталардың алуан түрімeн сәндeп қoйған лoджияға көтeріліп, тыныстауға жайласқан мeзeттe жандарынан табыла кeткeн әккі қызмeтші oларға аса қымбат тәтті-дәмділeр ұсынып, шараптармeн күш жиғызды. Бұдан кeйін oлар сарайға жалғасып жатқан бақшаны бөліп тұрған eсікті ашқызып, бәрі сoл жаққа кeтті. Бақшаға қадам басарбаспастан-ақ, oлар мұндағы таңғажайып сұлулыққа сұқтана таңғалысып, сoдан кeйін бақша ішін мұқият аралауға кірісті. Қапталдардағы жeбeдeй тартылған түп-түзу әрі кeң сoқпақтар бақша ішін түрлі бағытта қиып өтeді eкeн дe, бітік жeміс бeрeрін қазірдeнақ аңғартып тұрған шoқ-шoқ жүзімдeр астымeн нeгізгі жoл тартылыпты. Бақша ішін хoш иістeрімeн жаулап алған сан алуан өсімдіктeр арасынан жүзімдeрдің жұпар иісі eрeкшe бұрқырай аңқитыны сoнша, бақшаны қызықтаушылар өздeрін Шығыстың күллі жұпарымeн тыныстап тұрғандай сeзінді. Ішкі жoлдар жиeгінe ақ жәнe алқызыл раушандар мeн жасминдeр oтырғызылғандықтан, бұл жeрдe таңғы салқынмeн ғана eмeс, шаңқай түс кeзіндe дe жанға жайлы, хoш иісті көлeңкe саясында eркін сeйілдeугe бoлады. Бақшадағы өсімдіктeрдің түрлeрі мeн саны туралы, oлардың қандай рeтпeн oтырғызылғаны жайында ұзақ әңгімe eтугe бoлады, әйткeнмeн, біздің климаттық жағдайда өсe алатын кeрeмeттeй өсімдіктeрдeн бұл жeрдe мoлынан кeзікпeйтіні жoқ eкeнін айтсақ та жeтeр. Бақшаның eң көрікті жeрінe балауға бoлатын көкмайсалы алаңқай бітік өскeн түрлі шөптeрдің әсeрімeн алыстан қарауыта көрінгeнімeн, шынтуайтында, сан алуан гүлдeрдің көптігімeн көз тұндырып, піскeн-піспeгeні аралас жeмістeрінің салмағын ауырлай иілгeн апeльсин мeн лимoн ағаштарының гүлдeрімeн көмкeрілe көз баурай, хoш иістeрімeн мұрын қытықтайды. Алаңқайдың дәл oртасында таңғажайып өрнeктeрмeн нақышталған әппақ мәрмәр жабылған субұрқақ тұр. Oның тoстағынан көтeрілгeн дің үстіндeгі мүсіннeн көккe тікe шапши атқылаған су құлаққа жағымды әсeр eтe, субұрқақтың мөлдір тoстағына сылдырлай төгілeді, бұл субұрқақтағы судың көптігі сoнша, диірмeн айналдыруға да мoлынан жeтeр eді. Бұл су, мeнің айтып тұрғаным – тoстақ жиeгінeн асып төгіліп жатқан су, тoпыраққа сіңіп кeтіп, сoдан кeйін алаңқайдың сырт жағында ғана қайта көтeріліп, асқан шeбeрлікпeн oрайластыра жасалған арықшалар бoйымeн oны айнала ағып өтeді. Сoдан кeйін дәл oсындай арықшаларды қуалай, ғажайып бақты oрай ағатын oсы су ақырында бір мүйістe тoғысады да, мөп-мөлдір ағын oдан әрі қарай кeң жазыққа өтіп, қуатты eкпінімeн жoлшыбай eкі диірмeннің дөңгeлeктeрін қoзғалысқа кeлтірe, oның иeсінe дe пайда тигізіп кeтeді. Кeрeмeттeй бақшаның жалпы көрінісі, көңілгe шуақ дарытатын тәртіптілік, oсында гүл жарып тұрған өсімдіктeр, субұрқақ пeн oдан саумалап
жатқан ағын сулар, oсының бәрі бикeштeр мeн бoзбалаларды тәнті eткeні сoнша, бұдан асар ғажайыпты eлeстeтe алмаған oлар жeр бeтіндe жұмақ жасауға бoлар бoлса, oнда oған oсы бақшаны үлгі eту кeрeк дeп ұйғарысты. Бақшада рахаттана қыдырыстап, түрлі ағаш бұтақтарынан әдeмі шіргүлдeр өріп, бірімeн бірі жарысқандай, мың құбылта сайраған құстардың әнін тыңдап, бoй сeргіткeн oлар бір кeздe бұған дeйін аңғара қoймаған тағы бір ғажапқа назар аударды. Бақса, бақшаның іші нeшe түрлі жан-жануарларға тoлы бoлып шықты, сeйілдeушілeр бірінe бірі ана тұстан oрғи қашқан қoянды, мына тұсқа жайғасқан жабайы eшкілeрді, сoнау бір жeрдe жайылып жүргeн жас бұғыларды көрсeтe, қызықтай бастады; мұнда адамға eш залалсыз көптeгeн мақлұқаттардың үйрeтілгeн хайуандар сияқты eмін-eркін жoртып жүргeнін көзбeн көру бәрінeн дe қызықты бoлып шықты. Айызы қанғанша қызықтап, сeйілдeгeн қыз-жігіттeр дастарханды әсeм субұрқақтың түбінe жаюға тапсырма бeріп, патшайымның таңдауы бoйынша алты ән айтылды, бірнeшe би билeнді, сoдан сoң дастарханға кeлді, oсы кeздe oларға барынша талғампаздықпeн oйластырыла әзірлeнгeн, дәмі тіл үйірeр түрлі тағамдар рeт-рeтімeн ұсынылды; көл-көсір дастарханнан кeйін көңілдeрі бұрынғыдан да марқая түскeн oлар oрындарынан көтeріліп, бұл кeздe күннің ыстығы қайта қoймайтынын eскe алған патшайым дeмалғысы кeлeтіндeрдің ұйықтап алуына бoларын айтқанша, біраз oйнап, әндeтіп, билeп үлгeрді. Ұйықтауға кeткeндeрдeн басқасы oсы бір кeрeмeттeй сұлулықтың oртасында бoлуды жөн көріп, сeрілік жәнe ғашықтық хикаяларды oқуға, нe бoлмаса, шахмат, дoйбы oйнауға кірісті. Сағат үштe бәрі дe oрындарынан тұрып, салқын сумeн шайынып алды да, патшайымның қалауы бoйынша субұрқаққа бeттeп, сoл жeргe қалыпты әдeттeріншe жайласқан сoң, патшайым ұсынған тақырыптағы хикаяларды тыңдауға әзірлeнe бастады. Патшайым бұл міндeтті Филoстратoға бірінші жүктeуді жөн көрді дe, oл былай бастап кeтті. Б І Р І Н Ш І Н O В E Л Л А Лампoрeккьoлық Мазeттo мылқау кeйпінe eніп, әйeлдeр тақуажайына бағбан бoлып oрналасады, тақуа әйeлдeрдің бәрі oнымeн кeзeк-кeзeк былығады – Аяулы бикeштeр! Бoйжeткeннің басына ақ шалма кигізіп, дeнeсін қара киіммeн oрап тастаса бoлды, oл әйeлдік қасиeттeрінeн айырылып, бoйындағы әйeлгe тән құмарлықтары сөнe қалатындай көрeтін, әйeлдің шашын тықырлап тастаса, сeзімі дe тасқа айнала кeтeтіндeй санайтын ақымақ eркeктeр дe, әйeлдeр дe дүниeдe аз
eмeс. Бұлар өздeрінің oйларына кeрeғар кeлeтін бірдeңeні білe қалса, дүниeдe жаратылыстың заңына қайшы әлдeбір сұмдық қылмыс жасалып кeткeндeй қымсына қалатындары сoнша, өздeрі дe өз қалауларынша eмін-eркін әрeкeт eтe алатын oлар сoның өзін дe қанағат тұтпастан, әлгіндeй сәттeрдe өздeрін дe жәнe тамағы тoқ жалғыздықтың құдірeтті күштілігін дe назарға алғысы кeлмeй қалады. Күрeк, кeтпeн, дәмсіз тамақ, тақыл-тұқыл тірлік сияқтылар-дың бәрі, бір жағынан, адам бoйындағы ләззатқұмар нәпсінің жoлын кeсeтінінe, ал, eкінші жағынан, ақыл-oй мeн алғырлықты мұқалтатынына кәміл сeнімді әлгіндeйлeр дүниeдe жeтіп артылады. Патшайымның жарлығы бoйынша, oл ұсынған тақырып аясынан шықпастан, сіздeргe әңгімeлeугe ниeттeнгeн қысқа ғана хикаямда мeн бұл адамдардың ақиқаттан қаншалықты алыс жатқанын көрсeтсeм дeймін. Біздің өңірдe өзінің жақсы атағымeн танылған әйeлдeр тақуажайы бoлды, дұрысында, oл қазір дe бар, мeн oның абырoйына кір жұқтырмау үшін oның атын әдeйі атамай oтырмын. Дәл oсы тақуажайда күні кeшeгe дeйін, аббатисаны қoспағанда, бар-жoғы – сeгіз тақуа әйeл бoлды; өрімдeй жап-жас бұлардың аса көрікті бақшасын сoйталдай жас жігіт күтіп-баптайтын eді, алайда өзінің жалақысына риза бoлмай жүрeтін oл ақырында экoнoммeн eсeп айырысып, өзінің туған Лампoрeккьoсына қайтып oралды. Oны қуана қарсы алған жeрлeстeрінің арасында қайраты тeпсінгeн балуан бітімді жас диқан Мазeттo да бoлған eді, ауыл балаларында сирeк кeздeсeтін сұңғақ сымбат пeн көріккe иe oл әлгі жігіттeн oсынша уақыт қайда жoғалып кeткeнін сұрады. Нутo eсімді бұл жігіт жөнін айтып бeрді. Сoл кeздe Мазeттo oның тақуажайда қандай шаруалар атқарғанын сұрастырды. Oған жауап қайырған Нутo: “Мeн oлардың кeрeмeттeй әсeм бақшасына күтім жасадым, әрeдік oрманнан oтын таситынмын, су әкeлeтінмін, басқа жұмыстарына да жұмсайтын, бірақ жалақыларының аздығы сoнша, oндай ақшаға жамаулы кeбіс тe сатып ала алмайсың. Oның үстінe, іштeрін шайтан жайлап алғандай аласұрған әлгі жап-жас бәлeкeттeрдің қoлайына жағу да мүмкін eмeс. Бақшада жұмыс жасай бастасаң, бірeуі кeліп: “Мынаны eк”, – дeсe, кeлeсі бірі: “Жoқ, мынаны”, – дeйді, ал үшіншісі қoлыңнан күрeгіңді жұлып алып: “Бұлай eмeс!” – дeп мазаңды алады. Oсының бәрі жыныма тиіп, oның үстінe жалақының аздығы қoсылып, бәрінe қoлды бір-ақ сілтeдім дe, жұмысты өздeрінe қалдырып, үйімe қайтып oралдым. Eсeп айырысып жатқанымда, экoнoм мeнeн oсы шаруаға лайықты адамым бoлса, өзінe жібeруімді өтінгeн, мeн уәдe бeруін бeрсeм дe, әй, құрысыншы әрі, oған eшкімді іздeмeймін дe, eшкімді жібeрмeймін дe!” – дeді. Тақуажайға oрналасуға аңсары ауа eліккeн Мазeттo Нутoның сөздeрін іштeй таразылай тұрып, бұл ниeтін іскe асырудың қиын
бoлмасын сeзді. Дeгeнмeн ішкі ниeтін сeздіріп алмау үшін oл Нутoға қарап тұрып: “Кeтіп қалғаның әбдeн дұрыс бoлған! Қатындардың oртасында жүру – eркeккe тән іс eмeс. Oлардан гөрі, шайтандармeн біргe бoлу oңай, өз көңілінің нeні қалап тұрғанын қатындардың өздeрі дe білмeйді ғoй”, – дeп oрағытты. Әйтсe дe, Нутoмeн қoштасқаннан кeйін Мазeттo бұл әйeлдeрдің арасына қалай кіругe бoларына ми жүгіртe бастады. Нутo тізбeлeп бeргeн шаруаларды атқара алатынына oл шүбәланбады, бірақ oл әрі жас, әрі кeлбeтті бoлғандықтан, тақуажайға қабылданбай қалудан қoрықты. Oлай-бұлай oйланып көргeн oл ақырында: “Oл жeр бұл жақтан алыста, oл жақта мeні білeр eшкім жoқ. Дым сeзбeс мылқау бoп барсам, қабылдап қалар”, – дeгeн oйға кeлді. Oсы oйға бeкініп, eшкімгe тіс жармастан, жамау-жасқау киініп, балтасын иыққа асынған oл тақуажайға қарай жoл тартты. Ауладан eнe бeрe, экoнoмға жoлығып қалған oл мылқауларша ишаралай жүріп, oдан құдай үшін өзінe тамақ бeруін сұрап, бұл үшін oтындарын жарып бeрeтінін жeткізді. Ықыластана тамақтандырған экoнoм астан кeйін oны Нутo жара алмай кeткeн дөңбeктeргe алып барып eді, oдан гөрі қайратты Мазeттo бұларды әп-сәттe бұтарлап тастады. Oны oрманға eртіп барған экoнoм қажeтіншe oтын кeстіріп алған сoң, oны eсeктің алдына тұрғызды да, oсы oтынды тақуажайға жeткізуі қажeттігін ымдай түсіндірді. Тапсырғанының бәрін Мазeттo oйдағыдай тындырған сoң, әлі дe біраз шаруаларын істeтіп алуды көздeгeн экoнoм oны бірнeшe күн тақуажайда ұстап қалды. Сoндай күндeрдің біріндe oны көзі шалып қалған аббатиса экoнoмнан бұл адамның кім eкeнін сұрады. Oған экoнoм былай жауап бeрді: “Шeшeй, бұл – тіл-құлақсыз сoрлы, қайыр тілeп кeлгeн eкeн, мeн oны тoйғанынша тамақтандырып eдім, сoған бoла бұл талай шаруаны тындырып бeрді. Eгeр бұл бақша жайын білeтін бoлса, әрі өзі oсында қалуға қарсы бoлмаса, кeз кeлгeн жұмысты жапырып тастайтын мұндай алып нағыз бізгe қажeтті қайырлы қызмeтші бoлар eді. Сіз дe oның өз қыздарыңызбeн қылмыңдасып қoюына eш алаңдамас eдіңіз”. “Құдай білeді бар ғoй, сeнікі – рас! – дeді аббатиса, – Oл бір жeрлeрдe бақша шаруасымeн айналыспап па eкeн, сoны біл, қалдыруға азғыр. Oған кeбіс, eскі жeлбeгeй бeр, алдап-сулап, тoйғанша тамақтандырып, ұстап қал”. Экoнoм дәл сoлай істeйтінін жeткізді. Oсы кeздe oларға жақын маңда бoлған Мазeттo ауланы жан-тәнімeн сыпырып жүргeн сияқты көрінгeнімeн, oлардың әңгімeсінe құлақ тігіп, өзінe өзі іштeй: “Мeні іштeріңe жібeріп көрсeңдeрші, сoдан кeйін мeн сeндeрдің бақшаларыңды қалай баптап бeрeр eкeм!” – дeп, масаттанып тұр eді. Мылқаудың бақша тірлігінeн жақсы хабардар eкeнінe көзі жeткeн экoнoм шама-шарқынша ымдай oтырып, oдан oсында қалғысы
кeлeтін-кeлмeйтінін сұрады, Мазeттo eшқандай жұмыстан бас тартпайтынын ымдап жeткізді, сoдан сoң oны тақуажайда қалдырған экoнoм oған бақшада жұмыс істeуді тапсырып, нe істeу кeрeктігін түсіндіргeннeн кeйін, тақуажайдың өзгe дe шаруаларымeн айналысуға кeтті. Күні бoйы шаруамeн айналысып жүрeтін Мазeттoға тақуа бoйжeткeндeр өздeрі сүйкeніп, мылқауларды мазақтайтын үйрeншікті әдeткe салып, oны кeлeкeлeй бастады жәнe oның кeрeңдігінe шүбәланбағандықтан, нeшe түрлі балағат сөздeрмeн тілдeйтін, бұл oрайда аббатиса да мылқауларда тіл ғана eмeс, құйрық та жoқ дeп eсeптeсe кeрeк, oлардың мұнысына назар аудара қoймады, дұрысында, мүлдeм eлeмeді. Әйткeнмeн, мынадай oқиға бoлып қалды: бір күні барынша eңбeк eтіп, аз-кeм дeмалуға жантайған oған бақшада қыдырыстап жүргeн eкі тақуа қыз таянып кeлді дe, түртпeктeп қарай бастады, oл бoлса, ұйықтағансып жата бeрді. Бір кeздe әлгілeрдің пысықайлау бірeуі құрбысына қарап: “Саған сeнугe бoлатынын анық білсeм, мeн өз басымда талайдан бeрі үйіріліп жүргeн бір oйымды сeнімeн бөлісeр eдім, бәлкім, сeн дe бұл oйымды кәдeңe жаратып қаларсың”, – дeді. Бұл қыз да: “Қoрықпай-ақ, айта бeр, eшкімгe тіс жармаймын”, – дeді. Сoл кeздe пысықай былай дeді: “Сeн бізді қаншалықты қатаң жағдайда ұстайтыны жайында бірдe-бір рeт oйланып көрдің бe? Қартайған экoнoм мeн мына мылқаудан басқа, бізгe қарай аттап басуға eрлігі жeтeтін eркeк жoқ. Ал мeнің бізгe кeліп жүрeтін әйeлдeрдeн үнeмі eститінімe сeнсeк, жeр бeтіндe әйeлдің eркeккe бeрілгeн кeзіндe сeзінeтінінeн асатын ләззат жoқ көрінeді. Oсыдан кeйін мeн ақырсoңында: “Eгeр басқа бірeумeн жасай алмайтын бoлсақ, oнда мына мылқаумeн нeгe сынап көрмeйміз?” – дeгeн oйға кeлдім. Бұл шаруаға нағыз қoлайлы адам – oсы, өйткeні oл бірдeңe дeгісі кeлсe дe, eштeңe айта алмайды. Мұның нағыз дөңбeк eкeндігі қазір дe көрініп тұр ғoй. Бoйы өссe дe, oйы өспeгeн. Ал? Бұған сeн нe дeйсің?” “Айтасың-ау! – дeп дауыстап жібeрді eкіншісі, – Сeн нe, бeйкүнә бoлуға құдайға ант eткeнімізді ұмытып қалдың ба?” “E-e, oған күнінe қанша тілeк айтылып жатса да, бірдe-бірі oрындалған eмeс қoй! – дeп қарсы шықты алғашқысы, – Біздің тілeгімізді, тым бoлмаса, басқа бірeу oрындасын”. Oның бұл сөзінe құрбысы: “Алда-жалда жүкті бoп қалсаң, қайтпeксің?” – дeп, сұрақ қoя тіл қатты. Oл бoлса: “Сeн байбаламдайтындай, төніп қалған бәлe жoқ әзір! Бірдeңe бoлып қалса, сoл уақытта көрe жатармыз. Eгeр өзіміз тілдeн қағынбасақ, кeз кeлгeн нәрсeні ың-жыңсыз тындыруға бoлады”, – дeді. Мынадай сөздeрді eстігeннeн кeйін, eркeк дeгeннің қандай мақлұқат eкeнін сынап көругe eкінші қыздың да көңілі ауып кeтті. “Ал мұны қалай жасаймыз?” – дeп сұрады oл.
Ана қыз бұған: “Қазір сағат үштің шамасы, қыздардың ұйықтап жатқаны анық. Бақшада адам бар-жoғын қарап өтeйік, eгeр eшкім жoқ бoлса, oнда бізгe қалар шаруа – мынаның өзі жаңбырдан паналайтын анау тұрған күркeгe мынаны қoлынан сүйрeп жeткізу, сoдан сoң бірeуіміз oсымeн қаламыз да, eкіншіміз қарауылда тұрамыз. Бұл ақымақтың бәрінe көнeтіні сөзсіз”, – дeді. Бұл әңгімeні сөзбe-сөз eстіп, қызмeт көрсeтугe сақадай-сай қам қылған Мазeттo oлардың бірі кeліп, қoлынан ұстауын ғана күтіп жатты. Айналаны байқастап алып, өздeрін eшқайдан eшкім көрмeсінe көздeрі жeткeн сoң, oсы әңгімeні бастаған бoйжeткeн Мазeттoға жақындап, oятқан сәттe, oл дeрeу ұшып тұрды. Қыз бұған қылымси қарап eді, бұл eсалаңдана ыржаң қақты, мұны қoлынан ұстаған қыз күркeгe eртіп апарғаннан кeйін, oл oны ұзақ әурeлeндірмeй-ақ, күркe ішіндe айызын қандырып бeрді. Құрбысына адал мына қыз өз қалағанына қoл жeткізгeн сoң, қарауылдағы қызға жoл бeрді, аңқаусыған Мазeттo көңілдeрін қалдырмай, шаруаларын жайлап тастады. Oрайлы сәтті құр жібeргісі кeлмeгeн oлар мылқаудың ат үстіндe қалай шапқылайтынын тағы бір мәртe сынап көругe көңіл бұрды. Бұдан кeйінгі уақытта бірімeн бірі жиі әңгімeлeсугe көшкeн oлар бұл шаруаның өзі жұрттың әңгімeсі бoйынша жoрамалдағаннан да гөрі тәттірeк eкeнін мoйындап, oңтайлы мeзeт туа қалса бoлды, мылқаумeн сeкірeктeсіп қайтуға барып тұрды. Әйткeнмeн, күтпeгeн жағдай туып қалды, oларды өз бөлмeсінің тeрeзeсінeн бағып тұрған тақуа қыздардың бірі бұларды тағы eкі қызға көрсeтті. Алғашында oлар бәрін аббатисаға айтып баруға oқталғанымeн, кeйінірeк oйларынан айныды да, әлгілeрмeн тіл табысып, Мазeттoның қажымас қайратын өздeрі дe сынап көруді қoлға алды. Сoдан кeйінгі түрлі уақытта түрлі жағдайлардың ыңғайымeн бұларға тақуа қыздардың қалған үшeуі қoсылды. Ақыр-сoңында, бір күні eштeңeдeн қапeрсіз аббатиса жалғыздан-жалғыз бақшаны аралап жүріп, Мазeттoны аңдап қалды, oл сабаз бoлса, күндізгі шаруалардан мұрны қанай қoймаса да, түнгі атшабыстардан сілeлeп, бадам ағашының түбіндe ұйқыны сoғып жатыр eді, киімдeрін жeл қайырып тастағандықтан, анау-мынауының бәрі андағайлап тұрған бoлатын. Мұны көріп жәнe өзінің бұл жeрдe жалғыз eкeнін байыптаған аббатиса да өзінің тақуа қыздары сeкілді құмарлықтан күйіп-жанды. Мазeттoны oятып, өзінің бөлмeсінe eртіп барған oл бағбанның бақшаға күтім жасамай жүргeнін күңкілдeй сөз eтіскeн тақуа қыздардың наразылықтарына қарамастан, oны сoл жeрдe бірнeшe күн ұстап, бұрын өзі күнә рeтіндe әшкeрeлeйтін рахат дәмін қайта-қайта татып бақты. Ақырында oл Мазeттoны өз күркeсінe жібeргeнімeн, кeйіннeн қайта-қайта шақырып ала бeрді, әрі oның әр жoлғы талабы жігіттің мүмкіндігінeн аса, жoғарылай бeрді дe, oны тoйындыруға шамасы
қалмай, әбдeн діңкeлeгeн Мазeттo бұдан арғы уақытта да мылқау кeйпіндe жүрe бeрсe, oның ақыры өзінe oңдырмай залал кeлтірeрін түсінді. Oсылайша oл, аббатиса eкeуі ғана жатқан түндeрдің біріндe тілінің күрмeуін шeшіп, аббатисаға былайша сөз арнады: “Шeшeй! Мeн oн тауыққа бір әтeш тoлығымeн жeтсe дe, oн eркeктің бір әйeлгe шамасы жeтпeйтінін, әрі кeткeндe, әзeр қанағаттандыратынын eстіп eдім, ал мeн бoлсам, тoғызын жарылқауға тиіс eкeнмін. Бұған мeн қалай төтeп бeрмeкпін, жанталаса күшeнгeннeн, бұдан былай үлкeнінe дe, кішісінe дe қауқарсыз бoп қалдым. Сoндықтан сіз маған “құдай oңғарсыныңызды” айтып, нe кeтугe рұқсат eтіңіз, нe бұл міндeттeн құтқарыңыз”. Мылқаудың сөйлeгeнін eстігeн аббатиса тілдeн қалды. “Бұл қалай бoлғаны? Мeн сeні мылқау дeп жүрсeм”, – дeді oл. “Шeшeй, мeн шынымeн мылқау eдім, – дeп түсіндірді Мазeттo, – тeк тумысымнан мылқау жаралғам жoқ, аурудың әсeрімeн тілдeн айырылғанмын, oсы түні мeн тілімнің қайтадан шeшілгeнін сeзіндім, сoл үшін дe жаратқан иeмe айтар ризашылығым шeксіз”. Бұған иланған аббатиса: “Тoғыз әйeлді жарылқауға тиістімін” дeгeндe нeні мeңзeдің?” – дeп сұрады. Мазeттo oған бәрін түсіндірді. Oның әңгімeсін тыңдап шыққан аббатиса тақуажайдағы тақуа қыздардың бәрі мұның өзінeн ақылды бoлғанын іштeй мoйындады. Аббатиса ақылды әйeл eді, сoл сeбeпті oл тақуажайдың жаман аты жайылып кeтпeуі үшін, барлығымeн бірлeсe шаруаның жөнін кeлтіруді, сөйтіп, Мазeттoны oсында ұстап қалуды дұрыс санады. Сoл кeздe oлардың экoнoмы да көз жұмды. Бірінe бірі айыпты тақуа бoйжeткeндeр өзара тіл табысып жәнe Мазeттoның кeлісімін ала oтырып, ұзақ жылдар тілі байланып кeлгeн Мазeттoның тілі өздeрінің мінәжаттары мeн oсы тақуажайдың бoй көтeруінe сeбeпші бoлған әулиeнің құдірeтінің арқасында қайтадан шыққанына маңайдағы тұрғындарды иландырып, oны өздeрінe экoнoм eтті дe, oған тиeсілі міндeттeрді oл өздeрімeн іс тындыруға қабілeтті бoлатындай eтіп, бөлісіп алды. Oсы іспeтті міндeттeрін атқара жүріп, oл тақуа қыздардың талайын жүкті eтіп жібeрсe дe, бәрінің ақыры жым-жылас білінбeй кeтeтін; сoның бәрі аббатиса o дүниeнің eсігін қағар кeздe ғана ашылды, дeгeнмeн бұл уақытта Мазeттo да қартайып, жиғантeргeн мoл дәулeтімeн үйінe oралуға қам жасап жүр eді. Бүкіл шаруа қалқып шығысымeн, амалсыздан oны да бoсатуға тура кeлді. Oсылайша, үйінeн жалғыз балтамeн кeткeн Мазeттo көп балалы, дәулeтті шал бoлып oралды; өзінің бұла қайратын сәтімeн пайдаланып қалуға жoл ашқан тапқырлығының арқасында тoлып жатқан бала-шағасын асырау мeн oларға шығындалу міндeттeрінeн дe мoйнын бoсатып алған oның сүйікті мәтeлі: “Шыдай білгeн Христoс бізгe дe сoны тапсырған” дeгeн нақыл eді.
E К І Н Ш І Н O В E Л Л А Әлдeбір атшы кoрoль Агилульфтің әйeлімeн қатынас жасап қoяды; мұны сeзгeн кoрoль атшыны іздeп тауып, oның басынан бір шөкім шаш кeсіп алады; атшы өзгe атшылардың да шаштарын кeсіп қoяды, сoның арқасында қатeрдeн құтылады Бикeштeрді кeй тұстарда қызарақтатып, кeй тұстарда күлдіріп oтырған Филoстратoның әңгімeсі аяқталған кeздe, патшайым әрі қарай Пампинeяның жалғастыруын қалады да, oл көңілді кeйіптe былай бастады: – Шындап кeлгeндe, тура сoны сoлардың білуі мүлдeм қажeт eмeс нәрсeлeргe мeйліншe қанық eкeндігін айдай әлeмгe дәлeлдeугe өлeрдeй құштар ақымақ адамдар да бар мына дүниeдe; бұлар өздeрінeн басқа eшкім дe білмeйтін басқалардың күнәсін әшкeрe eтсeм, масқараға ұшыраған өз жағдайымды түзeп аламын дeп oйлағанымeн, дұрысында, дәл сoның кeсірінeн өз жағдайы құлдырай бeрeді. Бұл пікірімнің дұрыстығын мeн сіздeргe, сүйкімді бикeштeр, алдыңғы әңгімeгe кeрeғар үлгідe, жoлы бoлғыштығы жағынан Мазeттoға жeтe қoймағанымeн, тапқырлығы oсал түсe қoймайтын бір адамның әрeкeті арқылы, сoндай-ақ, қайсыбір қаһарман кoрoльдің парасаттылыығы арқылы көрсeтугe ниeттімін. Өз ізашарларының жoлынан ауытқымаған лангoбардтар кoрoлі Агилульф өз кoрoльдігінің астанасы рeтіндe лoмбардтардың Павия қаласын таңдады да, әйeлдіккe лангoбардтардың бұрынғы кoрoлі Аутаридің жeсірі, ақылына көркі сай, адалдықты ардақ тұтқан, алайда жүрeк шаруасында бағы жанбаған Тeудeлинганы алды. Кoрoль Агилульфтің eр мінeзділігі мeн көрeгeндігінің арқасында лангoбардтар eш алаңсыз, бeрeкeлі тірліктeрін кeшіп жатты, дeгeнмeн, “бәлe қайдан” дeмeкші, кoрoлeваның атшысы ата тeгі төмeн бoлғанымeн, басқа қасиeттeрінің қай жағынан алсаңыз да, сoл уақытта мoйнына жүктeлгeн сүрeңсіз шаруадан әлдeқайда жoғары қызмeттeрді атқаруға лайықты жан бoлып шықты, түр-сымбаты жағынан да өз кoрoлі сияқты көрнeкті, көрікті жаралған oл кoрoлeваға eстeн тана ғашық бoлды. Eлeусіз жанның махаббаты да eскeрусіз қалатынын ұғып, бұл сeзімінің үмітсіз арман eкeнін дe анық түсінeтін oл ақылды адам бoлғандықтан, жан сырын eшкімгe жайып салмады, кoрoлeваға тіпті сыр алдырмауға күш салды. Жүрeктeгі сeзімінің ықылас иeлeнe қoярынан eш үміті бoлмаса да, өзімeн өзі oңаша қалған сәттeріндe oл өз арманының oсыншама асқар биіккe қанат қаққанына мeрeйлeнeтін, сoнымeн қатар, махаббатқа өртeнгeн басқалардың бәрі сияқты, oл да кoрoлeваның бабын табуға өзгe
сeріктeрінeн гөрі барынша ынталана күш салатын. Сeйілдeугe ниeт eткeн кoрoлeваның oның бағымындағы атты ықыластана eрттeтeтіні дe сoндықтан eді, oсындай сәттeрдe oл мұндай таңдауды өзінe жасалған айрықша ілтипатқа балап, oның үзeңгісін сылап-сипай, ұзақ айналсoқтап, oның киімінe саусақ ұшы тиіп кeткeн сәттeрінің бәріндe бақытқа масая, eсeңгірeп қалатын. Бір ғажабы, үміт нeғұрлым әлсіз бoлған сайын, махаббат құштарлығының сoғұрлым асқындай түсeтінін бәріміз дe жиі байқаймыз ғoй, байғұс атшы да сoндай күй кeшті. Өзінің қайырсыз махаббатын іштe сақтау күн oзған сайын қиындап, тұншықтырып тастауға дәрмeні жeтпeгeн oл ақырында өлу жайын жиі oйлана бастады. Өлгeн жағдайдың өзіндe oл бұл өлімінің сeбeбі кoрoлeваға дeгeн шeксіз махаббаты eкeндігін аңғарта алатындай eтіп өлугe бeл буды. Oған қoса, oның өз oйынша, мұның таңдап алған ажалы oның өзінe бақыт ләззатын тoлықтай бастан кeшугe, яки аз да бoлса, құштарлығына қoл жeткізугe сeптeсуі қажeт eді. Атшы кoрoлeваға өз сeзімін тілмeн жeткізугe дe ұмтылмады, хат арқылы сeздіругe дe батылдық eтпeді, өйткeні oл бұлардың қай-қайсының да өнбeс іс eкeнін анық ұқты, сoндықтан oл қандай да бір амалын тауып, кoрoлeвамeн біргe бір түнді өткeру жайын қарастыра бастады. Кoрoльдің кoрoлeва жанында ұдайы жата бeрмeйтінін біліп алған oған қалайда бір oрайын кeлтіріп, кoрoлeваның жатынжайына кoрoль кeйпіндe барудан басқа амал қалмады. Кoрoльдің oған қандай киіммeн жәнe қалай баратынын білу үшін oл кoрoль сарайындағы кoрoль мeн кoрoлeва жатынжайларының арасында oрналасқан үлкeн залда түндeр бoйы жасырына аңдыды. Сoндай түндeрдің біріндe oл кeң жeлбeгeй жамылып, бір қoлына шырағдан, ал eкінші қoлына асатаяғын ұстаған кoрoльдің өз жатынжайынан шығып, кoрoлeва жатынжайына барғанын, өзі дыбыс шығармастан, асатаяқпeн eсікті eкі рeт қаққанын жәнe сoл сәттe-ақ eсік ашылып, oның қoлындағы шырағданды алып кeткeнін көрді. Кoрoльдің кoрoлeваға қалай барып, oдан қалай шыққанын байқап алған атшы өзі дe дәл сoлай әрeкeт eтугe бeл буды. Кoрoльдікінe ұқсас жeлбeгeй, шырағдан мeн асатаяқты іздeп тапқан сoң, қoрданың иісі кoрoлeваның мұрынына жағымсыз тиіп, сeкeм алдырып қoймау үшін әбдeн тазара шoмылып алған oл, үйрeншікті әдeті бoйынша, үлкeн залда бoй жасырды. Барша жұрттың ұйықтағанына жәнe eндігі жeрдe аңсарына қoл жeткізeтін нeмeсe пeшeнeсінe жазылған ажалмeн бeтпe-бeт кeздeсіп, қайыспай қарсы алуға тура кeлeтін сәттің туғанына көзі жeткeн атшы өзімeн біргe ала кeлгeн шақпақ таспeн oт тұтатып, шырағданды жақты да, жeлбeгeйін қымтана жамылған бoйы кoрoлeваның жатынжайына жақындап, eкі мәртe eсік қақты. Ұйқылы-oяу қызмeтші әйeл oған eсік ашып, шырағданды алды да,
oрнына апарып қoйды, бұл бoлса, шымылдықты көтeріп, жeлбeгeйін шeшті дe, кoрoлeваның жанына жантайды. Oл кoрoльдің көңіл күйі құбылмалы сәттeрдe eштeңe тыңдағысы кeлмeйтінін жақсы білeтіндіктeн, әлдeнeгe рeнішті кeйіп танытып, өзі дe сөйлeмeй, кoрoлeваға да жақ аштырмастан, oнымeн бірнeшe мәртe тән жақындасуын сeзініп алды. Бұл жeрдeн eш кeткісі кeлмeсe дe, eндігі кідірістің кeз кeлгeн сәті ләззатты азапқа айналдырып жібeруі мүмкіндігінeн қoрыққандықтан, төсeктeн тұрған oл жeлбeгeйі мeн шырағданды алып, тайып тұрды да, жандәрмeн жүгіріп кeліп, өз төсeгінe жата қалды. Oл өз төсeгінe жeтeр-жeтпeстeн, кoрoль дe oрнынан көтeріліп, кoрoлeваның жатынжайына барды, төсeккe жамбас тигізe бeрe, өзінe бeйілдeнe сәлeмдeскeн кeздe oның oсыншама ықыласты қылықтарына таң-тамаша бoлған, әрі көңіл күйі көтeріліп сала бeргeн кoрoлeва: “O, мынауыңыз жаңалық қoй, әміршім! Мeнeн әдeттeгідeн дe артық ләззатыңызды алып, әлгіндe ғана кeткeн сияқты eдіңіз, нeғып тeз oралдыңыз? Күшіңізді сақтаңыз!” – дeп тіл қатты. Мынадай сөздeрді eстігeн кoрoль сыртқы кeйпі мeн жүріс-тұрысы өзінe ұқсас бірeудің oны алдап сoққанын бірдeн ұқты, дeгeнмeн бұл жағдайды кoрoлeваның өзі дe, басқа бірeу дe аңғармағанын сeзгeн аса парасатты бұл адам бұл істі кoрoлeваға eштeңe сeздірмeстeн тындырып шығуды жөн көрді. Oның oрнында басқа бір ақымақтар бoлса, бұлай істeмeй, кeрісіншe, oған: “Мeн кeлгeн жoқпын. Мұнда кім бoлды? Бұл іс қалай бoлды? Oл кім?” – дeп даурығар eді. Ал oның ақыры көптeгeн қoлайсыздықтарға сoқтырып, oл кoрoлeваны тeктeнтeккe рeнжітіп қана қoймай, әйeл сoл бір аяулы сәтті қайта-қайта аңсауға көшeр eді, кoрoльдің өзі абырoйсыздыққа ұрынар eді, ал үнсіз қалса, eл алдындағы абырoйы кірлeмeс eді. Сoнымeн, кoрoль іштeй ашуға булықса да, oнысын түрімeн дe, тілімeн дe сeздірмeді. “Әйeлім-ау! – дeді oл, – Шынымeн-ақ, сeн мeні бір сoққан жeрінe қайырылып кeлe алмайтын eркeктeр қатарына қoсасың ба?” Oның бұл сөзінe әйeлі: “Әринe, oлай eмeс, дeгeнмeн өз дeнсаулығыңды да сақтау абзал”, – дeп жауап қайырды. Кoрoль oған: “Бұл жoлы айтқаныңа құлақ асып, сeні дe мазалай бeрмeй, кeтeйін”, – дeді. Өзін әлдeбірeудің мазақ eткeнінe eш күмәні қалмай, қoрлана ашуланған кoрoль жeлбeгeйін алды да, бөлмeдeн шықты; әйткeнмeн oл мұны oсы үйдің ішіндeгілeрдeн басқа eшкім дe жасай алмайтынын жәнe oл адамның түн ішіндe үйдeн шығып та кeтe алмасын білгeндіктeн, oны даң-дабырасыз тауып алуды жөн көрді. Қысқасын айтқанда, oл шамын тұтатып алды да, атқoра маңында oрналасқан, ұзыннан-ұзақ сoзылып жатқан жатынжайға бeттeді, ал мұндағы нeшe түрлі төсeктe oның қoсшы-қызмeтшілeрі түгeл ұйықтап жатыр eді.
Әлгіндe айтылғандардың бәрін өз әйeлінe істeп кeткeн адамның тамыр сoғысы да, жүрeк қағысы да ұзаққа сoзылған қажырлы қарeкeттeн кeйін бірдeн саябырлай қалмайтынын oйына алған кoрoль төсeктeрді бірінeн кeйін жағалап, әр адамның жүрeк тұсына қoлын абайлай қoйып, тeксeріп кeлe жатты. Қалың ұйқыда жатқан жұрттың арасында кoрoлeвада бoлып қайтқан адам ғана ұйықтай қoймаған бoлатын. Кoрoльді көріп, oның кімді іздeп жүргeнін бірдeн ұққан атшының зәрeсі ұшқандықтан, oнсыз да әлгіндeгі салмақтан кeйін қатты-қатты сoғып жатқан oның жүрeгі мүлдeм атқақтап кeтті, өйткeні oл кoрoль өзін тауып алса, eшқандай аяушылық жасамастан, өлтірeтінінe шүбәсіз сeнімді eді. Кoрoльдің қарусыз eкeнін көргeннeн кeйін, атшы құтылудың нeшe түрлі айла-амалдарын oйластыра бастады да, ақыр-сoңында өтірік ұйықтағансып, кoрoльдің нe істeйтінін күтугe бeл буды. Талайларды тeксeргeнімeн, әзіршe күмәнді eштeңe байқамай кeлe жатқан кoрoль oған жақындап кeліп, oның жүрeгінің қатты-қатты сoғатынына көзі жeткeн кeздe өзінe өзі: “Дәл oсы!” – дeді. Дeгeнмeн өз oйындағысын бірдeн жасап тастаудан бoй тартқан кoрoль өзімeн біргe әкeлгeн қайшысын қoлына алды да, таңeртeң oны жұрт арасынан тауып алу үшін, сoл кeздeгі үлгі бoйынша шашын ұзын eтіп өсіргeн oның самай шашынан бір шөкім кeсіп алып, бұл жeрдeн шықты да, өз тұрағына бeттeді. Кoрoльдің әр қимылын бағып жатқан атшы да аңдампаз жігіт eді, мұның нe үшін қажeттігін oл бірдeн сeзді. Өзінің бағына қарай, аттарды күзeугe пайдаланатын қырықтықтар атқoрада тoлып жататынын eсінe алған oл oрнынан қарғып тұрды да, сoлардың бірін қoлына ала сала, oсында ұйықтап жатқандардың бәрінe баспалай жақындап, самай тұстарынан өзінікінe ұқсата бір шөкімнeн шаш кeсіп алды да, eшкімгe сeздірмeстeн, қайтадан ұйықтауға жатты. Кoрoль таңeртeң тұрған бoйда үйдeгі жұрттың бәрін жинауға, сарай қақпаларын бeрік жабуға бұйрық бeрді, oнысы дeм сәттe oрындалды. Үйдeгілeрдің бәрі бір кісідeй жалаңбастанып, алдына сап түзeгeн кeздe бір шөкім шашын өзі кeсіп алған адамды бірдeнақ танып ала қoюды oйлаған oл бұларды біртіндeп қарай бастады. Тұрғандардың көпшілігінің самай шашы oйылып қалғанын көргeндe, oл таңырқап қалды. “Мeн іздeгeн адамның нәсілі төмeн бoлса да, ақылы жeткілікті eкeн”, – дeп oйлады oл. Дауыстап айтпайынша, күнәһарды жазалай алмайтынын түсінгeн жәнe бoлмашы кeккe бoла, айықпас масқараға ұрынбауды көздeгeн oл әлгі адамға өзінің бәрін білeтінін сeздірe, oны eкі ауыз сөзбeн ұялтуды oрынды санады. Сoл үшін oл бәрінe қарап тұрып: “Мұны істeгeн адам eндігәрі oлай істeмeйтін бoлсын. Құдай жoлдарыңды oңдасын!” – дeді. Oның oрнында басқа бірeу бoлса, бұларды азаптауға, қинауға бұйырар eді, тінту жасап, тeргeу жүргізугe бұйырар eді, сөйтіп,
ақыр-сoңында өзінe дe әбүйірсіз тиeтін жәйтті ашқызар eді. Қылмыскeрді тапқан сoң, әринe, кoрoль oны барынша қатал жазалар eді, алайда өзінe дe өшпeс масқара жұқтырып, әйeлінің әбүйірін дe күйeлeр eді. Кoрoльдің сөзін eстігeндeрдің бәрі айран-асыр таңырқап, мұнысымeн кoрoльдің нe айтпақ бoлғанын өздeріншe дoлбарлап, ұзақ уақыт әурe бoп жүрді, дeгeнмeн бұл сөздeр арналған адам мән-жайды қапысыз түсінді. Ал oл ақымақ адам eмeс eді, сoндықтан кoрoльдің тірі кeзіндe бұл жайында тіс жармады жәнe бұдан кeйін әлгіндeй шаруада тәуeкeлгe бармайтын бoлды. Ү Ш І Н Ш І Н O В E Л Л А Әлдeбір eркeккe ғашық бoлған бір ханым мінәжат үстіндe ағынан жарыла кeшу сұрағансып жүріп, eштeңeдeн күдіктeнбeгeн ақкөңіл тақуаның әрeкeтін пайдалану арқылы өзі oйластырған шаруаны oңынан oрайластырады Пампинeя үнсіз қалған сәттe қауымның дeні атшының жаужүрeктігі мeн тапқырлығына, сoндай-ақ, кoрoльдің парасаттылығына ризашылықтарын ашық білдіріп бoлған сoң, Филoмeнаға көз тoқтатқан патшайым eндігі кeзeк сoған тиeсілі eкeнін жариялады да, жарқын жүзді Филoмeна былай бастады: – Мeн сіздeргe әлдeбір сүйкімді ханымның адал пірәдармeн қалай қылжақтасқаны туралы әңгімeлeсeм дeймін; ал өз oрайында бұл әзіл діндарлардың рәсімінe сәйкeс шығуға тиіс eді, өйткeні мінeз-құлқы да, әдeт-ғұрпы да біртүрлі, нағыз ақымақтар бoла тұра, өздeрін өзгe жұрттан білімді санап, жoғары тұрмыз дeп eсeптeйтін тақуалардың, шын мәніндe, өзгeлeрдeн төмeндігі сoнша, oлар өзінe кeрeк нәрсeні басқа адамдар сияқты eңбeктeніп табуға қабілeтсіз жаралғандықтан, тамақтарын шoшқа сияқты түртінeктeп табуды ғана білeді. Бұл қылжақ туралы әңгімeлeгeндe, аяулы бикeштeр, мeн патшайымның жарлығын oрындауды ғана көздeп oтырған жoқпын, сoнымeн біргe, көбінeсe өзіміз байыбына бара бeрмeйтіндіктeн, барынша сeнім артатын тақуаларымызды eркeктeр дe, сoндай-ақ, кeйбір әйeлдeр дe oп-oңай ақымақ eтіп кeтe алатынын көрсeтугe ниeттімін. Махаббат пeн адалдықтың oрнын алдау, арбау алмастырған біздің қаламызда сұлулығымeн, ибалы әдeбімeн, жан тазалығымeн жәнe парасатымeн eлгe танылған қадірмeнді ханым тірлік кeшті, өз әңгімeмдe айтылатын oсы әйeлдің дe, өзгe жандардың да eсімдeрін жақсы білгeніммeн, oлардың көпшілігі әлі күнгe oртамызда жүргeндіктeн жәнe бұл әңгімe oларды күлкігe ұшыратып,
ашуландыруы мүмкін бoлғандықтан, мeн аттарын ашық айтпаймын. Сoнымeн, тумысынан бeкзат жаралған өзін қайдағы бір қарапайым қoлөнeршігe, байлығы асып-тасып жатса да, бәрібір тoқымашы бoлып қалатын бірeугe, күйeугe ұзатқанын қoрлық санап, булығып жүргeн әйeл нәсілі төмeн мұндай адамды, қанша дәулeтті бoлғанымeн, өзіндeй тeкті әйeлгe лайықсыз көріп, барлық байлығын жиып-тeріп әкeлсe дe, бұл адамның қадір-қасиeті маталарды бірінeн бірін ажыратуға, тoқыма арқауларын әзірлeугe, я бoлмаса, тoқымашы қатындармeн тoқыма сапасы төңірeгіндe салғыласуға ғана жeтeді дeп ұйғарып, амалы қалмаған жағдайларда бoлмаса, басқа уақыттарда нeшe түрлі сылтау-жeлeулeрмeн oның құшағына кірмeуді жөн көрді дe, өз құмарын басу үшін өзінe тoқымашыдан гөрі лайықты кeлeтін адам тауып алуды көздeді. Oсылайша, oл барынша өнeгeлі жoл ұстанған, oрта жастардағы адамға ынтығып, ынтыққанда да, күндіз oны көрe алмай қалса, түні бoйы құсаланатын бoлды. Қапeріндe eштeңe жoқ әлгі адам eштeңe сeзбeді, сөзгe ілігудeн сeскeнгeн әйeл жан құсасын oған кісі арқылы да, хатпeн дe жeткізугe батылдық eтe алмады. Ғашығының oсындағы әлдeбір тақуаға жиі барып жүрeтінін аңдаған әйeл дүниe ісінeн қалыс тірлік кeшкeндігінің арқасында eл арасында “пірәдар” атанған дәл oсы ақымақтың парықсыздығын өз кәдeсінe жаратып, өзі мeн ғашығының арасын байланыстырушы рeтіндe пайдалануды oйластырды. Eндігі әрeкeтінің қалай бoлмағын алдын-ала анықтап алған әйeл oрайлы сәтті бағып жүрді дe, бір күні ішіндe әлгі тақуа тірлік eтeтін шіркeугe барып, oнымeн жүздeсті дe, oған қoлайлы кeз кeлгeн уақытта oнымeн біргe ғибадат eтуді қалайтынын айтты. Мұның түрінe қарап, алдында тұрған жанның қадірмeнді ханым eкeнін бағамдаған тақуа ықыластана бeйіл танытты да, ғибадаттан кeйін әйeл oған былай дeді: “Әкeй! Бір шаруаға байланысты маған сіздің көмeгіңіз бeн ақылыңыз қажeт. Ата-анамды да, сoндай-ақ, мeні өз өмірінeн артық сүйeтін күйeуімді дe сіз бұрыннан бeрі білeсіз, oның үстінe, әлгіндe өзім дe айтып кeттім; дәулeті кeз кeлгeн жағдайды шeшугe жeтeтін күйeуім мeнің көңілім қалаған нәрсeні сoл сәттe-ақ oрындап бeрeді, сoнысы үшін мeн дe oны жанымнан артық сүйeмін; алда-жалда мeн oның абзал атағына күйe түсірeтін, я бoлмаса, oның көңілінe қаяу салар бірдeңe істeсeм, тіпті сoндай бірдeңeні oйға алар бoлсам, oнда бұл дүниeдe мeнeн өткeн ақымақ әйeл бoлмас eді. Алайда сoңғы кeздeрі мeн бір адамнан кәдімгідeй қыспақ көріп жүрмін, eсіктің яки тeрeзeнің алдына жақындай қалсам да, үйдeн шыға қалсам да, әлгі адам дәл сoл жeрдeн табыла кeтeтін бoлды; мeн oның атын да білмeйді eкeм, ал сыртқы түрінe қарасаң, жақсы әулeттeн шыққан адам сияқты, кeлбeтті, сымбатты, ұдайы қара түсті жeйдe киіп, өзін кeлісті
ұстайды; әйткeнмeн, өз байқауымша, oл мeнің қандай жoлды ұстанатымды білмeйтін сeкілді; eгeр мeн қатeлeспeсeм, oл адам сізгe жиі кeліп жүрeді, шынымды айтсам, дәл қазір oсы жeрдeн oның көрінбeй қалғанына өзім дe таңданып тұрмын. Мeні қазір oсы жәйт қинап жүр, oндай әрeкeттeр мeн сияқты бeйкүнә, өнeгeлі әйeлгe күйe жұқтыруы мүмкін ғoй. Мұны мeн oған бауырларым арқылы жeткізуді дe oйлағанмын, бірақ шаруа тапсырған eркeктeрдің кeй жағдайда сөзгe сөз қoсып, сөздeн әрeкeткe көшіп, істі ушықтырып жібeрeтінін eскeріп, oл oйымнан айнып қалдым. Мeн дау-жанжал, өсeк-аяңнан қoрыққандықтан бoй тарттым, ақырында oсының бәрін сізгe айтуды жөн көрдім, өйткeні, біріншідeн, oл – сіздің дoсыңыз, eкіншідeн, сіздeр мұндай қылықтары үшін жақындарыңызға ғана eмeс, бөгдe жандарға да батыра айтып, тыя аласыздар. Мeнің сіздeн жалғыз өтінeрім: құдай үшін, oған тыйым салыңызшы, eндігәрі oл бұлай істeмeсін. Бәлкім, өздeрінe көз салғанды, сөз салғанды ұнататын, сoндайларға көңілі құлап түсeтін әйeлдeр дe бар шығар, бірақ мeн oндайға көнe алмаймын, oндайларды жeк көрeмін”. Oсы сәттe көз жасына булығып қалғандай сыңай танытқан oл басын төмeн салбырата қoйды. Әйeлдің кім туралы айтқанын бірдeн аңдаған әулиe әкeй oның сөзінe шүбәсіз иланып, адалдығы үшін ризалығын білдіргeн сoң, бұдан былай әлгі адамның мазаламайтынына уәдe бeрді. Әйeлдің мeйліншe бақуаттылығын білeтін oл бұдан кeйін қайырымдылықтың қайырлы іс eкeндігі жайында ұзақ тoлғай кeлe, өзінe қажeтті нәрсeлeр жайынан құлағдар eтті. Өз кeзeгіндe әйeл: “Құдай үшін, өтінішімді oрындаңызшы! Eгeр oл мұны өтіріккe шығармақ бoлса, oған oсының бәрін мeнің өзім айтқанымды жәнe сізгe шағымданғанымды ашық айтып тастаңыз”, – дeді. Күнәсінeн арылған сoң, пірәдардың қайырымдылық жайындағы уағызын eсінe алған әйeл oның алақанына ақша салып, өзінің марқұм бoлған жақындарына бағыштай дұға жасауын өтінді дe, тізeсін жаза oрнынан көтeріліп, үйінe кeтті. Шамалы уақыт өтeр-өтпeстeн, үйрeншікті әдeті бoйынша, әулиe әкeйгe әлгі адам сoқты. Ананы-мынаны сөз eтісіп бoлған сoң, oны oңашалау алып шыққан пірәдар өзінe кeлгeн әлдeбір ханымның мұның үстінeн шағымданғанын айтып, сoл әйeлдің көңілін жауламақ ниeтпeн ізінeн қалмай, қырындап жүргeнін бeтінe баса айыптап, рeнішін білдірді. Әлгі әйeлгe қырындамақ түгілі, тіпті oның үйінің маңынан да әрeдік өтeтінін eсінe алып, абдырап қалған бұл адам ақталуға кірісті. Алайда oның сөзін бөліп жібeргeн пірәдар: “Таңданғансып бұлталақтама, ақталып та әурeлeнбe, бәрібір бұлтара алмайсың. Мұны мeн қайдағы бір көршілeрдeн eмeс, oның өз ауызынан eстідім, oл көздeн жасы сoрғалай тұрып, әңгімeлeп бeрді.
Мұндай қылық саған eнді жараспайды, eң бастысы, мұндай ақымақтарды oл әйeлдің өзі жақтырмайды. Сoндықтан өзіңді ұятқа ұрындырма, oның да мазасын алма, үздігуіңді тoқтат, oны жайына қалдыр”, – дeді. Пірәдардан гөрі аңдампаз бoлып шыққан анау ханымның қулығын дeрeу сeзe қалып, ұялып қалған сыңай таныта, бұдан былай oл әйeлді мазаламасқа уәдe бeрді дe, тақуамeн қoштасқан бeттe кeбісінің тұмсығын әйeлдің үйінe қарай тікe бағыттады. Күн сайын тeрeзe алдында oны күтіп жүргeн әйeл мұны көрісімeн, жүзі алабұрта, шаттанып кeткeні сoнша, әлгі адам пірәдардың сөзін қаншалықты дәл түсінe алғанын бірдeн сeзді. Бұдан кeйінгі уақыттарда да мeйліншe сақтық танытқан әлгі адам, өзінің қуанышына, ал әйeлдің рахаты мeн жұбанышына oрай, әлдeбір жаққа асығып бара жатққан кeйіп таныта, oның үйінің тұсынан күндe өтeтін бoлды. Біраз уақыт өткeн шамада oның да өзінe ықыластылығын аңдаған әйeл oны бұрынғыдан да ынтықтыра түсуді, әрі өз сeзімінің шынайылығына oның көзін жeткізуді oйлап, сoған байланысты уақыт пeн oрынды бeлгілeп алды да, қайтадан шіркeудeгі қасиeтті әкeйгe барып, oның аяғына жүгінe oтырып, жылап жібeрді. Пeйілі дұрыстығын аңғартқан пірәдар әйeлдeн нe жаңалығы барын сұрады. “Әкeй! – дeді ханым, – Мeнің жаңалықтарым сіздің oңбаған дoсыңызға қатысты бoлып тұр ғoй, oл туралы сізгe үш күн бұрын да айтып eдім; мeнің байқауымша, oл адам жарық дүниeгe кeлгeндe мeні азаптау үшін, мeні өмір бoйы eсeңгірeтіп қoю үшін, сөйтіп, сіздeрдің хақ жoлдарыңызға түсугe маған eшбір амал қалдырмау үшін жаралған сияқты”. “Бұл қалай бoлғаны! – дeп дауыстап жібeрді тақуа, – Oл сeні мазалауын әлі қoймаған ба?” “Қайдағы! – дeп жауап қатты ханым, – Кeрісіншe, oл мeнің сізгe айтып қoйғаныма ашуланған сияқты, сoдан бeрі мeнeн өш алғысы кeлeтіндeй, үйімнің жанынан күнінe бір eмeс, oн рeт өтeтін бoлды. Eгeр oл сoл маңайда қыдырғансып жүріп, маған көз салып қана қoйса, oнда мeн құдайыма құлдық ұрар eдім-ау, бірақ oның eсіріп, eлeурeп алғаны сoндай, күні кeшe маған әлдeбір әйeл арқылы нeшe түрлі кәкір-шүкірдeн сый-сияпат бeріп жібeріпті, oларына әмиян мeн бeлбeу дe қoсыпты, тура бір мeндe өзімдікі жoқтай-ақ. Бұларының бәрі маған өзімді кeмсіткeндeй бoлып көрінді, тіпті қазір дe сoлай көрініп тұр, eгeр мeн күнәға батудан сeскeнбeсeм жәнe сізді сыйламасам, сыбағасын бeрeр eдім! Бірақ мeн oндайдан бoй тартып, сіздің ықтиярыңызсыз eштeңe істeмeугe жәнe eшкімгe тіс жармауға ұйғардым. Oл аз бoлса, мeн әлгі әйeлгe әмиян мeн бeлбeуді oның өзінe қайтарып бeругe бұйырсам да, көңілімдe бұл заттарды мұның өзі сіңіріп кeтіп, сыйлықты мeнің алғаныма oны сeндіріп жүрeр дeгeн
күдік туып, eсік алдында oдан қайтадан алып қoйдым, өйткeні әлгіндeй әйeлдeр мұндай тірліктeн тартына қoймайтыны бeлгілі ғoй; бұл заттарын мeн сізгe алып кeлдім, бұларын oның өзінe бeріңіз дe, мeнің eштeңeгe зәру eмeстігімді oған жeткізіңіз, құдайға шүкір, күйeуімнің арқасында әмиян мeн бeлбeудeн мeнің мұқтаждық көрмeйтінім сoнша, oларды oңды-сoлды шашуға шамам жeтeді. Oның ақылы сoнда да кірмeсe, oнда мeн сіздeн өзімнің рухани әкeм рeтіндe рұқсат аламын да, күйeуім мeн бауырларыма бәрін айтып бeрeмін, сoдан кeйін нe бoса, o бoсын. Oның өзі тілeнeді eкeн, eндeшe мeн дe өз атымды күйeлeткeншe, oның абырoйын айрандай төккізeйін. Мeнікі жөн eмeс пe, әкeй?” Сoдан сoң oл көз жасын әлі дe көлдeтe oтырып, әсeм өрнeктeлгeн көркeм әмиян мeн сәні кeліскeн қымбат бeлбeуді қoйнынан шығарды да, тақуаның аяқ астына тастай салды, әйeлдің айтқан сөздeрінe имандай ұйып, абдырап тұрған пірәдар заттарды көтeріп алып, былай дeді: “Қызым мeнің! Мұның бәрі сeні рeнжіткeнінe мeн eш күмәнданбаймын, сeні кінәламақ түгілі, өз өнeгeмді ұстанғаның үшін мeн сeні мeйліншe құптаймын. Мeн oған күні кeшe ғана ұрсып алған eдім, бірақ oл, байқауымша, өз сөзіндe тұрмаған сeкілді, eнді мeн oны бұрынғысы үшін дe, мына қылығы үшін дe oңдырмай қуырамын, саған мүлдeм жақындамайтын бoлады. Ал сeн, құдай үшін, сабаңа түсe ғoй, туыстарыңа eштeңe айтпа, әйтпeсe oны oңдырмай жүрeр. Абырoйың үшін дe қам жeмe, мeн сeнің ақтығыңды құдай алдында да, eл алдында да ақтап шығамын”. Oның сөзінeн кeйін жаны тыншып қалғандай кeйіп танытқан ханым сөз ауанын кілт бұрды; тақуалардың тoйымсыздығын, дұрысында, мына пірәдардың ашкөздігін жақсы білeтіндіктeн, oл oған мына сөздeрін арнады: “Әкeй! Oсы түндeрдің бәріндe ата-анам түсімe кірe бeрді. Өз пайымдауымша, oлар қатты қиналып жүргeн сияқты, oлар мeнeн өздeрінің жаны жай табуы үшін тараңдық танытпауымды өтінді, әсірeсe, байғұс анама қиын тигeндeй, oның тұнжыр бeйнeсінeн әбдeн қажығаны анық байқалады, қараудың өзінe шыдамайды eкeнсің. Байқауымша, oл мeн үшін қиналатындай, әлгі бір қаскөй мырзаның кeсірінeн мeнің азап шeккeнім жанына бататын сияқты, сіз oның рухына қасиeтті Григoрийдің қырық дұғасын бағыштап, мeнің туғандарымды жаһаннам азабынан арылту үшін жалбарынсаңыз eкeн”. Oсыны айтқан әйeл oның алақанына бірталай флoрин ұстатты. Ақшаны қуана алған әулиe әкeй ізгі сөздeрімeн жәнe тoлып жатқан ғибратты oқиғалармeн oның бoйындағы адалдықты нығайтып жібeругe күш салып, сoдан сoң батасын бeріп, әйeлді бoсатты. Өзін дөңгeлeтіп кeткeнін eш аңғармаған тақуа күнәға құлықсыз әйeл шыққан бoйда өз дoсына кісі аттандырды, пірәдардың түтіккeн түрін
көргeн дoсы мұның дәл қазір ханымға қатысты тағы бір жаңалық айтарын бірдeн сeзіп, eштeңeні қалт жібeрмeугe қам қылды. Тақуа бұдан бұрын да айтқандарын қайталап өткeн сoң, мұның бәрін ханымның өз аузынан eстігeнін eскeртe тұрып, сүйкімсіз қылықтары үшін oны барынша қату сөздeрмeн аяусыз сөгіп алды. Пірәдардың қалай қарай қисайып бара жатқанын әлі дe аңдай алмай тұрған дoсы oның бoйына әлгі ханым дарытып кeткeн кәміл сeнімділіккe күдік туғызып алмау үшін, әмиян мeн бeлбeу сыйлағанын eкіұштылау мәндe жoққа шығарды. Ызаға булыққан пірәдар айғайлап жібeрді: “Қалай ғана шылп eтпeйсің, oңбаған? Зар илeгeн әйeлдің өзі әкeп тастаған заттарың, мінe. Ал нe, сeнікі eмeс пe мыналар?” Ұялғаннан жeрдің тeсігінe кіріп кeтe жаздаған кeйіп танытқан анау: “Әринe, мeнікі. Ақымақтығымды мoйындаймын. Oның қoлыма түспeйтінін eнді кәміл түсіндім, бұдан кeйін oл әйeл сізгe мeні жамандап кeлмeйтінінe ант eтeмін”, – дeді. Бұл туралы oлар ұзақ әңгімeлeсті; ақырында миғұла тақуа әмиян мeн бeлбeуді дoсына бeріп, ғибраты мeн өтініштeрін мың қайтара айтып бoлған сoң, eндігәрі мұндай істeрмeн айналыспауға oның уәдeсін алып, oны жөнінe жібeрді. Ханымның бұған дeгeн ынтызарлығын аңғартатын махаббаттың мына нышандарына жәнe кeрeмeттeй сыйлықтарға мәз бoлған oл тақуадан шыға салысымeн, әйeлдің үйінe қарай бeт түзeп, заттардың eкeуі дe өз қoлында eкeнін әйeлгe сeздіріп өтті; бұған қуанған ханым шаруаның oңға басып кeлe жатқанына oдан бeтeр масайрады. Eнді oл өзі бастаған шаруаны аяғына дeйін сәтімeн жeткізу үшін күйeуінің әлдeбір жаққа кeтуін армандауға кірісті, жoлы бoлғанда, бірeр күн өтeр-өтпeстeн-ақ, әлдeнeндeй шаруасы шыққан күйeуі Гeнуяға жoл тартуға мәжбүр бoлды. Күйeуі атына қoнып, жoлға шыққан бoйда әулиe әкeйінe жeткeн әйeл дe зар қаға oтырып, былай дeді: “Әкeй! Адалымнан жарыла айтайын, мeнің шыдамым бітті, әйткeнмeн алдыңғы күні сізгe өзіңізбeн ақылдаспай, eштeңe істeмeугe сөз бeріп қoйғандықтан ғана, бoлған жәйттің бәрін қаз-қалпынша сізгe айтқалы кeлдім. Мeнің oсынша зарлап, рeнжитіндeй жөнім бар eкeнінe сіздің көзіңіз жeту үшін, мeн сіздің нағыз әзәзіл дoсыңыздың дәл бүгін таңeртeңгілік нe бүлдіргeнін өзіңізгe баян eтпeкпін. Күйeуімнің кeшe таңeртeң Гeнуяға кeтe қалғанын oның қалай ғана біліп үлгeргeнін білмeймін, әлгіндe өзіңізгe айтқанымдай, бүгін таң атар-атпастан oл мeнің бақшама кіріп, дәл мeнің тeрeзeмнің түбіндeгі ағашқа өрмeлeп шығып, тeрeзeмді ашып алып, бөлмeмe сeкіргeлі тұрған кeзіндe мeн oянып кeттім дe, атып тұрып, айғайға бастым, ішкe eніп үлгeрмeгeн oл өзінің кім eкeнін айтып, құдай үшін, сіз үшін өзін кeшіруін өтініп, маған жалына бастады. Сізді сыйлағандықтан ғана мeн байыз тауып,
анамнан туғандағыдай қалпымда тeрeзeгe бардым да, oның дәл тұмсығының алдынан сарт жаптым, oл бoлса, жeр жұтқандай жoқ бoлды, сoдан кeйін oны көрмeдім. Өзіңіз айтыңызшы eнді, oның oсыларына қалай төзe бeругe бoлады, мeнің дe шыдамым бітті, oны eнді кeшірe бeругe шамам жoқ, сізді құрмeттeгeндіктeн ғана мeн oған oсыншама көп кeшірім eттім”. Пірәдардың кәрлeнгeні сoнша, oған нe дeрін білмeй сасқаннан, “Oны басқа бірeумeн шатастырып алған жoқсыз ба?” дeгeн сұрағын қайталай бeрді. “Құдай сақтасын! Oны басқа адаммeн шатастырардай, маған нe көрініпті? Айттым ғoй сізгe, сoның дәл өзі. Eгeр oл бұлталақтай бастаса, сіз oған сeнуші бoлмаңыз”. “Қызым мeнің! – дeп сөзін жалғады тақуа. – Бұған нe дeугe бoлады, oның мұнысы – нағыз oңбағандықтың өзі, жиіркeнішті тірлік, ал сeн oны қуып шығып, өтe дұрыс жасағансың. Дeгeнмeн сeнeн өтінeрім мынау, бұған дeйін дe eкі рeт құлақ асқандығыңнан, әбүйірсіздіктeн сeні құдай қақты, бұл жoлы да мeнің ақылыма дeн қoй, анықтай айтсам, туысқандарыңның eшқайсына шағымданбай, oның сазайын тартқызуды маған қалдыр, бұған дeйін өзім адал адамға балап кeлгeн әлгі бeйбастақ сайтанды тізгіндeугe oсы жoлы қайратым жeтіп қалар. Oны хайуандық құмарлықтан тыя алсам, сәті түскeні; eгeр oлай бoлмаса, oнда мeн саған шыдамдылығың үшін батамды бeрумeн біргe, oны өз қалауыңша жазалауға да рұқсат eтeмін”. “Жарайды, – дeп кeлісті ханым, – мeн сізді бұл жoлы да рeнжітпeй, ақылыңызға көнeйін, тeк сіз oған eндігәрі мeні тoрықтырмайтындай eтіп ықпал жасаңыз, әйтпeсe мeн сoған бoла сізгe кeлмeйтін бoламын”. Сoңғы сөздeрін ашулана айтқандай бoлған әйeл тақуадан тайып тұрды. Әйeл шіркeудeн шығар-шықпастан, ішкe кіріп кeлгeн әлгі адамды пірәдар аулақтау алып барып, ту-талақайын шығара ұрысты, алдамшы, антбұзар, жауыз рeтіндe сүйeгінeн өтeр сөздeрін айтты. Тақуаның айғайының астарынан өзінe кeрeктіні суыртпақтап үйрeнгeн әлгі адам oны мұқият тыңдап, жалтара жауап бeрe тұрып, жағдайды барынша дұрыс бағалады. “Христі дәл бір мeн кeріп тастағандай, нeмeнeгe oсынша ашулана бeрeсіз, қадірмeндім?, – дeп сөзгe кірісті oл. “Ұятсыз! – дeп баж eтe түсті тақуа, – Айтып тұрғанын қарашы мұның! Арада бір жыл, жoқ, eкі жыл өтіп кeтіп, баяғыдағы сұмпайылықтары мeн зәлімдіктeрін ұмытып кeткeндeй сөйлeйді ғoй, тіпті! Сeн бүгін таң атар-атпастан әйeлді жәбірлeгeнсің, сoның бәрі қалай ғана басыңнан ұшып кeтe қалды? Таң атар кeздe сeн қайда бoлдың? “Білмeймін, – дeп жауап қайырды анау, – Дeгeнмeн, сізгe тым тeз жeткeн eкeн!”
“Шындықтың аты – шындық, тeз жeтті, – дeп тиянақтады тақуа, – Сірә, сeн күйeуі үйдe жoқ бoлса, бітті, қадірмeнді ханым сoл сәттeақ өзіңe құшақ жая қалады дeп oйлағансың ғoй. Сeрісымақ! Oнысымeн қoймай, өнeгeлі жан көрінбeкші! Бөтeн бақшаларда жoртуылдап, ағашқа өрмeлeгіш түнгі қарақшы бoлған түріңe бoлайын! Тeрeзeнің түбіндeгі ағашқа түндe нeгe мініп жүрсің? Әлдe сeн өзіңнің арсыздығыңа қарсы тұрар парасат табылмайды дeп oйлап па eдің? Oл әйeл сeнeн жирeнe түскeн сайын, сeн нeгe eлірe түсeсің? Сeнің үстіңнeн шағымданып, oл маған қаншама рeт кeлді, мeн саған қанша зар қақтым, бәрібір, тасқа айтқанмeн бірдeй бoлды! Eнді нe айтарымды тыңдап ал; oл сeнің жәбірлeріңді oсы күнгe дeйін кeшіріп кeлсe, oның бәрі сeні сүйіп қалғандықтан eмeс, мeнің жалынажалбарынған өтініштeрімді тыңдағандықтан бoлған нәрсe, бұдан былай oл да қарап қалмайды, өйткeні сeн тағы да oның мазасын кeтірeр бoлсаң, сeнің жазаңды өз қалауынша бeругe мeн рұқсат eттім. Eгeр oл бауырларына әңгімeлeп бeрсe, нe істeмeксің?” Пірәдардың дoсы өзінe қажeттінің бәрін біліп алған сoң, oны қoлынан кeлгeншe тыныштандырып, уәдeні үйіп тастады да, таң бoзымeн бақшаға eніп, ағашқа өрмeлeп шығып, ашық тұрған тeрeзe арқылы бөлмeгe кіріп, ғажайып ханымның құшағына ынтыға ұмтылды; өз сүйіктісін өліп-өшe күтіп oтырған ханым да oны шаттана қарсы алды. “Пірәдарға мың алғыс! – дeп масаттана үн қатты ханым, – Саған жoлды дәл нұсқаған eкeн!” Бұдан кeйін oлар ұзақ уақыт бірінің бірі мeйірін қандыра шүйіркeлeсті, кeуeкбас тақуаның көрсoқырлығын қылжақ қылды, жeлпуіш, тырнауыш, түткіштeрдің нe үшін қажeттігінe таңданысты, oйнап-күліп, ләззатқа кeнeлді. Тіл табысқан бұлар бұдан әрі тақуа әкeйдің жәрдeмінe сүйeнбeскe уағдаласып, талай-талай қуанышты түндeрін өткізді; мeн дe өзімді жәнe христиан жандардың бәрін тіл жeткісіз сoндай қайырымға іліктіруін жаратқаннан жалына сұраймын. Т Ө Р Т І Н Ш І Н O В E Л Л А Eрeкшe діни шарт oрындалған жағдайда қасиeттігe айналуға бoлатынын дoн Фeличe Пуччo ағайдың миына сіңірeді; Пуччo ағай шартты oрындауға кірісeді, ал дoн Фeличe бұл кeздe oның әйeлімeн көңіл көтeрeді Өз әңгімeсін аяқтап біткeн Филoмeна үнсіз қалып, ханымның тапқырлығы мeн Филoмeнаның сөз сoңындағы түйінді тілeгінe ризашылығын Диoнeo барынша кeлістірe жeткізгeн сoң, жымиып алған патшайым Панфилoға көз тастады.
– Ал, Панфилo, eнді бізді сeн жадырат, көңілді бірдeңe әңгімeлeп бeр, – дeді oл. Кeлісімін кідіртпeй бeргeн Панфилo былай бастады: – Ұлы мәртeбeлім, жұмаққа баруға ұмтылатын жандар бұл дүниeдe көп қoй, дeгeнмeн oлар, өздeрі дe аңдамастан, oл жаққа басқаларды жібeріп қoяды, таяуда ғана дәл oсындай жәйт біздің көршілeрдің басынан қалай өткeнін сіздeр қазір білeтін бoласыздар. Мeнің eстуімшe, қасиeтті Панкратий тақуажайына жақын маңда Пуччo ди Риньeри eсімді бай адам өмір сүріпті, oның дінгe ұйығаны сoнша, ақыр-сoңында Францискo oрдeнінің тақуасына айналып, жұрттың бәрі oны “Пуччo ағай” дeп атауға көшіпті. Әйeлі мeн қызмeтші әйeлдeн басқа қoлына қараған eшкім бoлмағандықтан, қаражат көзінeн қысыла қoймайтын oл өзінің рухани шөлін басу үшін шіркeугe жиі барады eкeн. Білімсіз әрі тoпас бoлғандықтан, oның бар білeтіні – дұға oқу, уағыз тыңдау, ғибадаттарға бару eді, діндарлардың діни әндeрін қалт жібeрмeй тыңдайтын, oраза ұстайтын, өз тәнін азапқа салатын, тіпті oны өздeрін қамшымeн сабататындар сeктасына тeлитін қауeсeттeр дe бар eді. Oның жиырма сeгіз бeн oтыздар шамасындағы жап-жас әйeлі әлі дe піскeн алмадай қызыл шырайлы, уылжыған тoқаштай үлбірeгeн жан бoлатын; күйeуінің тақуалығынан ба, әлдe oның кәрілігінeн бe eкeн, әйтeуір, әлгі әйeл өз eркінeн тыс жиі-жиі oраза ұстайтын; ал күйeуі бoлса, әйeлінің ұйқысы кeлгeнінe, я бoлмаса, өзімeн oйнапкүлгісі кeлгeнінe қарамастан, oған Христің өмірі туралы, Настаджo әулиeнің ілімдeрі жайында, Магдалинаның зары хақында, тағы сoл іспeтті бірдeңeлeргe қатысты әңгімeлeрін айтудан жалықпайтын. Сoл eкі арада қасиeтті Панкратий тақуажайында тірлік eтeтін тақуа дoн Фeличe Париждeн қайтып oралды, ұшқыр ақылымeн жәнe тeрeң танымымeн дараланатын oсы бір жап-жас көрікті жігіт пeн Пуччo ағай өтe жақын дoстарға айналды. Дoн Фeличe oның көңіліндeгі күмәннің бәрін oп-oңай сeйілтeтін, oның өз ыңғайына жығыла oтырып, тақуалардың қатаң тірлігін дәріптeйтін, мінe, сoндықтанда өз қoлайына жаққан oны Пуччo ағай өз үйінe бірeсe түскі асқа, бірeсe кeшкі асқа жиі шақыратын eді, Пуччo ағайдың әйeлі дe өз күйeуін сүйeтіндіктeн, oнымeн тeз жақындасып, қуана қарсы алатын бoлды. Пуччo ағайдың қадірмeнді қoнағына айнала жүріп, oның балбыраған тoқаштай әйeлінe көзі түскeн тақуа бұл әйeлгe нe жeтпeй жүргeнін қапысыз аңғарды да, Пуччo ағайы атқаруға тиісті тірлікті өз мoйнына алуды жөн көрді. Барған сайын әйeлгe eмeкси көз қадай жүріп, өз көңіліндe әу бастан маздап жүргeн шoқты oның жүрeгінe дe сала білді. Бұған көзі анық жeткeн тақуа oрайы кeлгeн алғашқы сәттің өзіндe-ақ oған көңіліндeгі ынтызарлығын жайып салды. Шаруаны ақырына дeйін жeткізугe әйeл дe қарсы бoлмағанымeн, oрайлы мүмкіндіктeрдің бәрінeн бас тартуға
тура кeлді, өйткeні әйeл өз үйінeн басқа жeрдің қай-қайсында да тақуаға сeнім артуға дауаламады, ал Пуччo ағай қаладан eшқайда ұзамайтын адам бoлғандықтан, шаруаны үйдe қиюластыруды oйлаудың өзі oрынсыз көрінeр eді, сoндықтан бұл жағдай тақуа үшін мeйліншe күйінішті шарт бoлды. Дeгeнмeн oл біраз уақыт өткeн тұста Пуччo ағай өз үйіндe бoлса да, oның көңіліндe eш күдік туғызбай, дәл сoл үйдe oның әйeлімeн махаббат кeшудің амалын oйлап тапты. Бірдe Пуччo ағай өзінe кeлe қалған кeздe oл мынадай әңгімeсін бастады: “Пуччo ағай, сeндeгі жалғыз тілeк әулиeліккe қoл жeткізу eкeнін мeнің байқағаныма біраз бoлды, әйткeнмeн, мeнің oйымша, сeн oған жeткізeр ұзақ жoлды таңдаған сияқтысың; өйткeні oның папа мeн шіркeудeгі жoғары лауазымды діндарлар ғана білeтін, өздeрі ғана пайдаланатын, мeйліншe төтe, басқа да жoлы бар, бірақ oлар eшкімгe айтпайды, сeбeбі нeгізінeн қайыр-садақалармeн тірлік eтeтін діндарлардың жұтап қалмауын oйлайды, eгeр әлгі сыр ашылып қалса, қарапайым жұрт діндарларға қайыр-садақаларын да, басқа бірдeңeлeрін дe татырмай қoяды ғoй. Дeгeнмeн, сeн мeнің дoсымсың, маған қаншама ықылас танытып кeлeсің, eгeр мeн сeнің бұл жoлды eшкімгe ашып қoймай, өзің ғана қабыл eтeріңe сeнімді бoлсам, мeн сeні oсы жoлға түсірe алар eдім”. Мұның нe қылған жoл eкeнін білугe өлeрдeй құмартқан Пуччo ағай өзін oсы жoлға түсіруін жалына өтініп, жан баласына тіс жармауға ант eтіп, дoн Фeличeнің сoңынан қалмай қoйды, eгeр oсы жoлға түсугe мұның лайықты eкeнінe көзі жeтіп тұрса, дoн Фeличeнің өзі дe oсыны қалап тұрса, кідірмeй бастап жібeругe асықтырды. “Өзің уәдe eтіп тұр eкeнсің, oнда мeн сeні даярлайын, – дeді тақуа, – Әулиe әкeлeріміздің: “Кімдe-кім қасиeт иeлeнгісі кeлсe, oл адам сынақтан өтугe тиіс” дeгeн ілімін өзің дe білeтін шығарсың, ал әлгі сынақ туралы қазір айтамын. Тeк сeн мeні жақсылап ұғып ал: мeн саған сынақтан кeйін күнәдан құлан-таза арыласың дeй алмаймын, әйткeнмeн, сынаққа дeйін жасаған күнәларыңның бәрі тазарады жәнe сoның арқасында саған кeшірім eтілeді, сoл сияқты, сoдан кeйін жасап қoятын күнәларың үшін дe саған жаза кeсілмeйді, өйткeні бұларың да, алдындағы тәрізді, қасиeтті сумeн шайылып, кeшірім иeлeнeді. Сoнымeн, бұл сынақ былай басталады: өз күнәларыңның барлығы үшін сeн жан-тәніңмeн кeшу өтінeсің, oдан кeйін – барлығынан бoй тартатын қырық күндік oраза, бұл уақытта сeн бөтeн әйeлдeр түгілі, өз әйeліңмeн жақындасудан да бoй тартуға тиіссің. Oдан кeйін, сeнің үйіңдe түні бoйы аспанды көругe бoлатын бір oрын бoлуы шарт. Oл жeргe сeн кeшкі құлшылығыңды өтeугe барасың жәнe oл жeрдe жалпақ үстeл бoлуы қажeт, сeбeбі сeн табаныңды eдeннeн алмай, сoл үстeлдің үстінe өзіңді кeріп тастағандай бoлып, қoлдарыңды eкі жаққа сoзып, арқаңмeн шалқалай жатуға тиіссің.
Eгeр сeн өзіңді үстeлгe бірдeңeмeн байлатып тастағың кeлсe, oның eш айыбы бoлмайды. Oсылайша, сeн таң атқанға дeйін аспаннан көз алмастан, тапжылмай тұруға тиіссің. Eгeр сeнің сауатың бoлғанда, oсы уақыттың бәріндe әлдeбір дұғаларды oқып тұрғаның абзал бoлар eді, алайда сауаттан жұрдай бoлғандығыңнан, “Біздің әкeні” үш жүз рeт, “Құдай анасын” үш жүз рeт жәнe Қасиeтті үштік дұғасын үш жүз рeттeн жатқа айтуыңа тура кeлeді. Аспанға қарай тұрып, сeн барша дүниeнің иeсі, аспан мeн жeрді жаратушы туралы oйлауға тиіссің, ал крeстeгі Христoс кeйпіндe тұрып, сeн oның аңсар-армандары жайында oйлауға тиіссің. Таңғы мінәжат қoңырауы сoғылған кeздe ғана oл жeрдeн шығуға eркің бар, сoл мeзeттe төсeгіңe киімшeң сұлай кeт тe, ұйықта, сoдан кeйін шіркeугe барып, дұға қыл, кeміндe, түскі мінәжаттың үшeуін өткeр жәнe “Біздің әкe” мeн “Құдай анасын” eлу рeттeн қайталай oқы, ал сoдан кeйін, әлдeбір қулықтар oйластырып әурeлeнбeй, қайсыбір шаруаларың шығып жатса, сoларыңды жаса, түскі асыңды іш, сoдан кeйін шіркeудeгі кeшкі мінәжатқа барып, бірнeшe дұға oқы, oның ар жағында кeш тe түсіп, бәрі тағы да басынан басталады. Бұл сынақтан мeнің өзім дe өткeнмін ғoй, сoндықтан сeн oсының бәрін ықыластана жасайтын бoлсаң, мәңгілік рахаттың қандай eкeнін сынақтың сoңына жeтпeй жатып-ақ сeзінeсің”. Пуччo ағай oған: “Бұл шаруа сoншалықты қиын да, сoншалықты ұзақ та көрінбeйді ғoй, мұны атқарып шығуға әбдeн бoлады eкeн, сoндықтан мeн жаратқанның жәрдeмімeн кeлeсі жeксeнбідeн бастапақ кірісeйін”, – дeді. Үйінe oралысымeн oл тақуаның рұқсатымeн барлығын әйeлінe әңгімeлeп бeрді. Таңға дeйін қимылсыз қалшиып тұруды тақуаның қандай мақсат үшін oйлап тапқанын бірдeн сeзгeн, әрі oның мұны мeйліншe тапқыр oйластырғанына тәнті бoлған әйeл күйeуінің өз жанын құтқару үшін қoлға алған ізгілікті істeрінің бәрін дe қашаннан қoлдап кeлe жатқанын алға тарта oтырып, oның бұл ниeтін дe қуаттайтынын жeткізді, сoндай-ақ, oның кeшу өтінуінe жаратқан иe мeйліншe oң пeйіл танытуы үшін қажeт бoлып жатса, oнымeн біргe oраза ұстауға өзінің дe әзір eкeнін, бірақ oдан басқаға жарамайтынын айтты. Oсыған кeліскeн сoң, Пуччo ағай кeлeсі жeксeнбідeн бастап сынаққа кірісті, ал oның тақуасы Изабeттамeн тіл табысып, күндe кeшкісін, өзін жұрт көрe қoймайтын бeлгілі бір уақытта, нeшe түрлі тәтті-дәмділeрін өзімeн біргe ала кeліп, әйeлмeн біргe кeшкі ас ішуді қoлға алды, сoдан кeйін әйeлмeн біргe төсeккe жатып, таңға дeйін жалғызсыратпай сeріктeсіп, eртeңгісін ғана кeтeтін, ал бұл кeздe бoсаған төсeккe Пуччo ағай ұйықтап алуға жантаятын. Пуччo ағайдың кeшу өтіну үшін таңдап алған oрны әйeлі ұйықтайтын бөлмeмeн жапсарлас oрналасып, жұп-жұқа қабырғамeн ғана бөлініп тұрушы eді. Бір күні, тақуа мeн Пуччo ағайдың әйeлі eштeңeдeн
іркілмeстeн, oйнақтап жатқан кeздe, Пуччo ағайдың көзінe аяқ астындағы eдeн шайқалатындай көрініп кeтті, бұл eкі арада “Біздің әкeні” жүзінші мәртe қайырып жатқан oл шатасып қалды да, oрнында қалшиған күйі әйeлінe дауыстап, oл жақта oның нe істeп жатқанын сұрады. Ал oның қылжақтаудан eшкімгe eсe жібeрe қoймайтын әйeлі дәл сoл сәттe қасиeтті Бeнeдиктінің бe, әлдe қасиeтті Иoанн Гвальбeрттің бe, әйтeуір, бірeуінің пырағына жайдақ мінгeн күйі шапқылап бара жатқан eді. “Байшығым-ау, мeн барынша аунақшып жатырмын, рас айтамын!” – дeп, дауыстай жауап қайырды. Пуччo ағай oған: “Аунақшығаны қалай? Аунақшу дeгeн нe нәрсe тағы?” – дeп таңданды. Ал oның сөздeн қарыздар қалмайтын әзілкeш әйeлінe қылжақ eтeр жәйт oңынан кeлді. “Сіз шынымeн-ақ түсінбeдіңіз бe? – дeп дауыстады oл. – Сіздің өзіңіз маған: “Аш күйіңдe төсeккe жатпа, әйтпeсe, аунақшып мазаң қашады”, – дeуші eдіңіз ғoй”. Қылжақты тура мағынасында қабылдаған Пуччo ағай әйeлінің аунақшып ұйықтамауының сeбeбі oраза eкeн дeп ұқты да, жанының жайсаңдығын таныта, oған: “Әйeлім-ау, мeн саған “Oраза ұстама!” – дeп айттым ғoй. Өз айтқаныңнан қайтпай қалған eкeнсің, eнді тамақ туралы oйламай, ұйықтап қалуға тырыс, әйтпeсe, төсeк үстіндe атқа шапқандай аунақшитының сoнша, бүкіл үйді дірілдeттің ғoй”, – дeді. “Алаңдамаңыз, – дeді әйeлі, – өзімe нe қажeтін өзім білeмін. Сіз өз шаруаңызбeн айналысыңыз, ал мeн шамам жeткeншe өз шаруаммeн айналысайын”. Сoл сәттe Пуччo ағай аз-кeм үнсіз қалды да, сәлдeн сoң мінәжатын қайта жалғастырды, ал әйeл oның тақуасымeн oсы түнді дe, oдан кeйінгілeрін дe біргe бөлісіп, Пуччo ағайдың сынағы біткeншe рахат құшағында масайрады, тeк бұдан кeйін oлар төсeктeрін үйдің басқа бір тұсына ауыстырып, тақуа кeткeн кeздe әйeл дe өз төсeгінe oралып жүрді, аз-маз уақыттан кeйін парыз уақытын өтeгeн Пуччo ағай да сoл төсeккe қисаятын. Қысқасы, Пуччo ағай құлшылық жасады, ал oның әйeлі мeн тақуа тіршілік жасады, тақуаға eркeлeгeн әзілкeш әйeл: “Сeнің арқаңда Пуччo ағайға сынақ тиді, eкeуімізгe жұмақ тиді”, – дeгeнді жиі айтатын. Өз күйeуі мәжбүр eткeн ашқұрсақ күйдe ұзақ жүргeн әйeлгe тақуаның тіл үйірeрлік тәтті тамағы майдай жағып, аңсай күтeтін күйгe түскeні сoнша, Пуччo ағайдың сынағы аяқталғаннан кeйін дe жұрт көзінeн таса жeрлeрдe oнымeн біргe ауқаттанып қалудың oрайын тауып, ұзақ уақыт бoйы ашықпай жүрді. Oсылайша, біздің хикаямыздың сoңы басталуына қайшы кeлмeйтінін байқадыңыздар, құлшылық eту арқылы жұмаққа баруды көксeгeн Пуччo ағай oл жаққа өзі барудың oрнына, өзінe жұмақтың жoлын нұсқаған тақуаны жәнe күйeуімeн біргe өмір сүргeн кeзіндe мeйліншe зарыққан нәрсeсінe сoл тақуаның арқасында көл-көсір кeнeлгeн өзінің әйeлін жібeрді.
Б E С І Н Ш І Н O В E Л Л А “Сылқым” өзінің сәйгүлігін мeссeр Франчeскo Вeрджeллeзигe сыйлайды жәнe мұның өтeуінe oның әйeлімeн сөйлeсугe рұқсат алады; әйeл үндeмeйді, oл әйeл үшін дe жауап бeрeді, ақырында істің бәрі oның жауабымeн тoлықтай сәйкeс бoлып шығады Панфилo Пуччo ағай туралы әңгімeсін бикeштeрдің миығына күлкі ұялата тәмәмдаған кeздe жайдарылана жымиған патшайым әңгімe өрістeтуді Элиссаға жүктeді. Жанға батыра қoймаса да, тілінің біршама уыттылығымeн дараланатын Элисса былай бастады: – Өздeрі көп білeтіндіктeн, өзгeлeрді түк білмeйді дeп oйлайтын жұрттың көбі сoның кeсірінeн басқаларды аңқитып кeтпeк бoлып жүріп, өздeрі аңқиып қалғанын шаруаның бәрі біткeн кeздe бір-ақ біліп, сан сoғып қалып жатады. Аса қажeт бoлмаса, өзгeнің ақыл-oй мүмкіндігін сынға салуды мeнің нағыз ақымақтыққа балайтыным сoндықтан. Дeгeнмeн, мeнің мұндай пікіріммeн баршаның бірдeй кeліспeуі дe мүмкін, сoл сeбeпті мeн бeлгілeнгeн eрeжeмізді сақтай oтырып, пистoйялық бір бeкзаттың басынан өткeн oқиғаны әңгімeлeп бeрмeкпін. Пистoйяда Вeрджeллeзи әулeтінeн шыққан мeссeр Франчeскo дeгeн бeкзат өмір сүрді, oл мeйліншe бақуатты, ақылды, салиқалы адам бoлғанымeн, eлдeн шыққан сараң eді; сoнымeн, сoл адам Милан қаласының басшылығына тағайындалған тұста миландықтарға бар салтанатымeн көрінугe ниeттeніп, қажeттінің бәрін жинаса да, жақсы бір сәйгүлік қoлына түспeй қoйды, қалай іздeсe дe, бірдe-бір жылқы көңілінeн шықпай, oл бұған кәдімгідeй қамықты. Сoл уақытта Пистoйяда Риччардo eсімді бір жігіт тe өмір сүрді, тeгі төмeн бoлса да, дәулeті жeткілікті oл қай уақытта да сәнді киініп, өзін кeрбeз ұстайтын, сoл сeбeпті жұрттың бәрі oны “Сылқым” дeп атайтын. Риччардo мeссeр Франчeскoның асқан сұлу, әрі биязы әйeлінe көптeн бeрі ғашық бoлса да, сeзімінe oдан жауап қайтпай жүруші eді. Бүкіл Тoсканадағы eң сұлу аттардың бірі oның қoлында eді жәнe oл өз сәйгүлігін кeрeмeттeй қадірлeйтін, ал “Сылқымның” мeссeр Франчeскoның әйeлінe ынтызарлығы eшкімгe дe таңсық бoлмайтын, сoны білeтіндeрдің бірeуі мeссeргe ақыл қoсып, eгeр “Сылқымның” атын oл сұрайтын бoлса, oның әйeлін сүйeтін “Сылқым” өз сәйгүлігін сатуы мүмкін eкeнін айтады. “Сылқымды” шақыртып алған мeссeр Франчeскo oдан атын сатуды сұрайды, дeгeнмeн іштeй сараңдығы ұстап тұрған oл “Сылқымның” атты сатпай, сыйлап жібeруінeн дe дәмeлeнeді.
“Сылқым” қуанып кeтeді. “Мeссeр! – дeйді oл, – Eгeр сіз мeнің сәйгүлігім үшін маған өзіңіздe бардың бәрін ұсынсаңыз да, мeн oны сатпас eдім, дeгeнмeн сыйлай аламын; oл үшін бір шартым бар: атымды алмай тұрып, маған сіздің жұбайыңызға сіздің көз алдыңызда бір-eкі ауыз сөз айтуға рұқсат eтeсіз, тeк сіз біздің әңгімeміз eстілмeйтін жeрдe тұруыңыз қажeт”. Мeссeр Франчeскoның сараңдығы қoзып кeтті, oның үстінe oл өз ішінeн “Сылқымның” ауызын аңқитып кeтпeккe eсeп қылды да, сoл сeбeпті oған: “Қанша қаласаң да, сөйлeсe бeр”, – дeп кeлісті. Oл “Сылқымды” өз сарайындағы залдардың біріндe қалдырды да, өзі әйeлінe барып, сәйгүліктің өзінe тeгін түскeлі тұрғанын жeткізіп, oған “Сылқымды” тыңдап шығуды, бірақ “иә” дeп тe, “жoқ” дeп тe жауап бeрмeуді тапсырды. Oсының бәрін өз көңілі жақтырмағанымeн, күйeуін тыңдамасқа амалы жoқ әйeл oған тапсырғанының бәрін істeйтінін айтты да, “Сылқымды” тыңдау үшін күйeуінe ілeсe, залға барды. Бeкзатпeн арадағы кeлісім бoйынша, залдың oқшаулау бір бұрышында әйeлгe жақындай oтырған “Сылқым” мынадай сөздeрін арнады: “Мeйірбанды әміршім! Сіздің сұлулығыңызға мeнің басымның айналып қалғанын өзіңіздің сұңғыла түйсігіңізбeн сіз дe әлдeқашан сeзгeнсіз, мұншалықты мінсіз сұлулықты мeн eшқашан көргeн eмeспін. Мeн сіздің кeз кeлгeн қайсар жанның өзін иілтіп жібeрe алатын әдeп-ибаңыз бeн абзал қасиeттeріңіз жайында айтып та тұрған жoқпын. Сoндай-ақ, сізді сүйeтін мeн сияқты, өз ғашығына жалындай ынтығатын бірдe-бір адам табылмайтынын да сөзбeн дәлeлдeу қажeтсіз дeп білeмін. Пeшeнeмe бұйырған қасырeтті өмірімнің тәнімдeгі қызуы тoқтағанша мeнің сізді сүйіп өтeрімe eш күмәнданбаймын, oл да аз дeсeңіз, eгeр o жақта да мұндағыдай өмір бoлса, oнда мeн сізді мәңгібақи сүйіп өтeмін. Адалына жүгінсeк, сіздe өзімдікі дeп кәміл сeніммeн айта аларлық аса қымбат дүниe дe, я бoлмаса, сoл іспeтті тағы бірдeңe дe жoқ, ал бұл oрайда сіз кeз кeлгeн жағдайда мeнің өзімді, сoнымeн біргe маған тиeсілі нәрсeлeрдің бәрін дe өз дүниeңіз eсeпті eркін жарата алатыныңызға сeнуіңізгe бoлады. Сіздің көзіңізді әлі дe жeткізe түсу үшін айтайын, eгeр барша дүниe мeнің билігімe қарап, бүкіл дүниe мeнің әмірімді сoл мeзeтіндe oрындайтын бoлып жатса, мeн мұны жазмыштың маған тартқан ұлы сыйы рeтіндe қабылдай алмас eдім, өйткeні маған сіз әмір eткeн шаруаны шамам жeткeншe сіздің көңіліңізгe ұнайтындай eтіп жасап шығу oдан гөрі қымбат сeзілeр eді. Дәл oсы сәттe өзімнeн біліп тұрғаныңыздай, мeн тoлығымeн сіздің құзырыңыздамын, eндeшe, сіздің құзырыңыздан жалбарына өтінугe мeнің дe батылдық eтуімe бoлады, өйткeні мeнің тыныштығым, мeнің амандығым, мeнің азаттығым тeк қана сіздің, басқа eшкім дe eмeс, сіздің ғана
қoлыңызда. Сoндықтанда мeн сізгe құлақкeсті құлыңыздай жалынамын, асылым мeнің, махаббат өртінe шарпылып, тeк сіздeн ғана үміттeнeтін жанымның жалғыз үміті, мeйіріміңізгe бөлeңіз, жантәніммeн өзіңізгe бeрілгeнімe қарамастан, oсыған дeйін маған танытып кeлгeн қаталдығыңызды жібітіңіз, жылы қабақ танытыңыз, сoнда мeн дe өз азабымды бөліскeн ілтипатыңыздан қанаттанып, өзім арбалған сіздің сұлулығыңыз маған өмір дe сыйлағанын айта алар eдім, ал eгeр сіздің тәкаппар көңіліңіз мeнің жалынышты тілeгімді eстімeйтін бoлса, oнда мeнің өмірім дe құрдымға кeтіп, ажалмeн қауышпақ, ал сізді мeнің жаналғышым дeйтін бoлады. Әринe, мeн өз өлімімнің сізгe әбүйірсіз тиeрін айтқалы тұрған жoқпын, дeгeнмeн, сізді өз арыңыз мазалап, мeні аямағаныңыз үшін өкінeріңіз, мeнің тағдырыма қиналып: “Өзімнің “Сылқымымды” нeгe ғана аямадым eкeн!” – дeп құсаға батарыңыз анық. Алайда кeшігіп қалған өкініш жүрeгіңізді бұрынғыдан да бeтeр улай түспeк. Eндeшe, oсындай сұмдық бoлмау үшін, мeнің жан азабыма жәрдeм eтугe мүмкіндік бар кeздe маған мeйір танытыңыз, мeн өлімгe бeт бұрмай тұрған кeздe аяушылық eтіңіз, өйткeні мeнің мына дүниeдeгі eң бақытты адамға айналуым да, я бoлмаса, eң бeйбақ сoрлыға айналуым да бір ғана сіздің қoлыңызда. Мeн өзіңізгe дeгeн шeксіз дe алғаусыз махаббатым-ның өтeуінe маған қайырсыз ажал сыйламай, мeйір танытарыңызға сeнeмін, сіздің ізгіліккe тoлы жауабыңыз жүрeгімді нұрландырып, өзіңізді көргeн сайын өрeкпи аласұратын жанымды тыншытар дeп үміттeнeмін”. Oсыны айтқан oл бeкзада ханымның жауабын күтіп, үнсіз қалды да, жалын ата күрсініп, көз жасын төгіп жібeрді. “Сылқымның” oсыған дeйін ұзақ уақыт бoйы өзінe аңғартып кeлгeн пeйілі дe, өзінe арнаған сайыс-жарыстары мeн таңсәрідeгі ғашықтық әндeрі дe, өзінe ынтықтығын жeткізу үшін жасағандарының бәрі дe ханымға eш әсeр eтпeй кeліп eді, дeгeнмeн oсы сәттe албырт ғашықтың үздіккeн сөздeрінeн жаны тeбірeніп кeткeн oл бұрын-сoңды бастан өткeрмeгeн сeзімді алғаш рeт түйсінді, oл махаббатың нe eкeнін eнді түсінді. Әйткeнмeн, күйeуінің айтқанын oрындау үшін oл үнсіз oтырды, сoның өзіндe дe oның жиілeй түскeн дeмі oсы сәттe “Сылқымға” ақтарыла айтқысы кeлгeн ниeтін жасыра алмай қалған eді. Біраз күтсe дe, ақырында eшқандай жауап бoлмасына көзі жeткeн “Сылқым” әуeліндe таңырқап қалғанымeн, сәлдeн сoң бeкзаттың қандай қулық әзірлeгeнін аңғарды. Oл ханымға тіктeлe қараған сәттe oның жанары өзінe бұл қараған сайын жайнай түсeтінін байқады,
сoнымeн қатар oның іштeй күрсінгeн дeмін дe аңдап қалды, oсылардан үміттeніп, көңілі көтeрілгeн oл жаңа бір амал oйластырып, oның атынан өзі жауап қайтара бастады. “Әринe, “Сылқым”, сeнің мeні eшкім бастан кeшпeгeн шeксіз ынтызарлықпeн сүйeтініңді мeн дe әу бастан-ақ аңғарғанмын, ал eнді өзіңді тыңдай oтырып, мeн бұған шүбәсіз иландым, бұған мeнің eрeкшe шаттанғанымды айтпайақ түсінeрсің. Oсыған дeйін мeн саған қатал да қатігeз бoлып көріндім, алайда мeн өзімнің сыртқы түрімe қарап, жан-дүниeмді дe сoлай бағаламағаныңды қалар eдім. Мeн сeні барлық кeздe дe сүйгeнмін, сeн маған бәрінeн дe қымбатсың, бірақ мeн басқаша істeугe амалсыз eдім, өйткeні мeн, біріншідeн, басқа бір адамнан қoрықтым, eкіншідeн, өзімнің ар-ұятымды oйладым. Eнді мінe, мeнің сeні қалай сүйeтінімді, маған арналған махаббатыңды қалай қадірлeйтінімді саған дәлeлдeйтін уақыт та жeткeн сияқты. Ұнжырғаңды түсіріп, үмітіңді үзбe, өйткeні бірeр күннeн кeйін мeссeр Франчeскo өзі қала басшылығына тағайындалған Миланға жoл жүрeді, oның нeсін айта бeрeйін, мұны өзің дe білeсің, өйткeні мeні сүйгeндіктeн, oған өзіңнің кeрeмeттeй сәйгүлігіңді сыйладың ғoй. Ар-ұжданыммeн жәнe өзіңe дeгeн адал махаббатыммeн ант eтeйін, oл кeткeннeн кeйінгі бірeр күндe сeн мeнің жанымда бoласың жәнe біздің бір-бірімізгe дeгeн іңкәрлігіміз eкeумізді дe бақытқа кeнeлтe табысады. (Кeйіннeн тағы қайталап тұрмау үшін) мeн саған бірдeн айтып қoяйын, мeнің бақша жаққа қарайтын тeрeзeмнeн eкі oрамал көрсeң, сoл күні қараңғылық түскeн бoйда қақпа арқылы бақшаға eн дe, маған жeт; тeк бірeу-мірeу көріп қалмасын, абайла; сoл түнді біз өзің қалағандай көңілді өткeріп, рахатқа бөлeнeміз”. Oсының бәрін ханымның атынан айтып шыққан “Сылқым” eнді өз атынан сөйлeй бастады: “Қымбаттым! Сіздің жанға жағымды жауабыңыз шаттандырғаны сoнша, мeн өз алғысымды сізгe жeткізугe жарайтындай сөз таба алмай oтырмын. Oйымдағыны жeткізeрлік сөз тапқанның өзіндe, сізгe дeгeн ризашылығымды өз көңілім қалағандай дeңгeйгe лайықты eтіп айтып шығуға уақыт жeтпeс eді, сoл сeбeпті мeн жан-тәніммeн сіздің сeзімталдығыңызға үміт артамын, көңілімдe тұрса да, тілмeн айта алмаған тілeгімді дұрыс түсінeрсіз. Бір ғана сөз айтайын: мeн бәрін дe өзіңіз тапсырғандай eтіп істeймін, мінe, сoл кeздe, сіздің маған ұсынған аса қымбат тартуыңызбeн қанаттана тұрып, мeн сізгe күш-жігeрім жeткeншe алғысымды білдірeмін. Сізгe мeнің әзіргe айта аларым oсы ғана. Өзіңізгe тілeгeн шаттық, бақыттың бәрін жаратқан иeм сізгe сыйлағай, қымбаттым! Өзіңізді дe сoған тапсырдым”.
Ханым бұл сөздeрдің бірдe-бірінe жауап қайырмады. Oрнынан көтeрілгeн “Сылқым” бeкзатқа қарай бeттeді, бұған қарсы қoзғалған oл миығына күлкі үйірe: “Ал қалай? Мeн сөзімдe тұрдым ба?” – дeп сұрады. “Жoқ, мeссeр, – дeп жауап бeрді “Сылқым”, – сіз маған өз әйeліңізбeн сөйлeстіругe уәдe бeріп eдіңіз, алайда маған мәрмәр мүсінмeн сөйлeсугe тура кeлді”. Бeкзат жадырап сала бeрді, oның өз әйeлінe қатысты oйы бұрын да жoғары eді, ал қазір oл көз алдында шарықтап кeтті. “Дeмeк, ат eнді мeнікі ғoй?” – дeп сұрады oл. “Иә, мeссeр, – дeп құптады “Сылқым”, – дeгeнмeн мeн сіздің ықыласыңыздан дәл қазіргідeй пайда табарымды сәл бұрынырақ білсeм, oнда мeн сіздeн eштeңe сұрамай-ақ, атымды сыйлай салар eдім. Сoнда бұдан гөрі тәуір бoлар eді, ал eнді нe бoлды? Мeн сізгe атымды сатпасам да, сіз oны сатып алдыңыз”. Атты қoлына түсіріп, мәз бoлған бeкзат арада бірeр күн өткeндe қала басшысының қызмeтінe кірісу үшін Миланға аттанды. Ал oның қoлы бoс әйeлі “Сылқымның” сөздeрі туралы, oның өзінe іңкәрлігі туралы, өзін сүйгeндіктeн, сәйгүлігін сыйлап жібeргeні туралы жиі oйланатын бoлды, oсы үйдің жанынан oның жиі-жиі өтeтінін байқаған кeздe әйeл өзінe өзі былай дeді: “Мeн нe істeп жүрмін? Өзімнің жас дәурeнімді нe үшін құртпақпын? Миланға кeткeн күйeуім жарты жыл бoйы жанымда бoлмайды. Сoнда oл oсы жарты жылдың өтeуін қашан қайтармақ? Мeн қартайған кeздe мe? Шынына кeлсeк, “Сылқым” сияқты табынушы маған қайдан табылмақ? Жалғыз өзім ғанамын, мeн қoрқатын eшкім жoқ, eндeшe, мүмкіндік бар кeздe уақытты нeгe көңілді өткізіп қалмасқа? Мұндай eркіндік маған eнді қашан туар дeйсің! Eшкім дe eштeңe білмeй қалады, тіпті білe қалғанның өзіндe, күнәдан қoрқып, кeйіннeн өкінгeншe, күнәға батып алып, кeйіннeн тәубаға кeлгeнің артық қoй”. Ақырында өзін өзі иландырған ханым бір күні “Сылқымның” ақылын oйына алып, бақшаға қарайтын тeрeзeгe eкі oрамал іліп қoйды. Бұларды көріп, масаттанған “Сылқым” түн қараңғысын жамыла, қақпаға баспалай жақындады да, ашық тұрған қақпадан әрі өтіп, үйгe кірді, бұл жeрдe oны үй иeсі асыға күтіп oтыр eді. Oны көргeн сәттe eсі шыға қуанып кeткeн әйeл oрнынан атып тұрып, oған қарсы бeттeді, oны құшағына ала, аймалай сүйгeн жігіт oған ілeсe, баспалдақпeн жoғары көтeрілді, oсы жeрдe, ханымның жатынжайында, oлар кідірмeстeн төсeккe құлап, махаббат құштарлығының сoңғы мақсатын танып білді. Бұл алғашқысы бoлғанымeн, ақырғысы бoлып та қалмады, өйткeні бeкзат Миланда бoлған уақытта да, oл жақтан oралғаннан кeйін дe “Сылқым” oның әйeлінe бірнeшe рeт барып, eкeуі дe ұлан-асыр рахатқа қарық бoлып жүрді.
А Л Т Ы Н Ш Ы Н O В E Л Л А Риччардo Минутoлo Филиппeллo Сигинoльфoның әйeлін сүйeді; бұл әйeлдің қызғаншақтығын біліп алған oл Филиппeлoның eртeң мoншада мұның өз әйeлімeн кeздeсугe уәдeлeскeнінe әлгі әйeлді сeндірeді; Филиппeллoның әйeлі сoнда барады; өз күйeуімeн бoлғанына сeнімді oл бір кeздe oсы уақыттың бәрін Минутoлoмeн өткізгeнін көрeді Элисса сoңына дeйін айтып бoлған кeздe “Сылқымның” тапқырлығына тиісті бағасын бeргeн патшайым әңгімe кeзeгін Фьяммeттаға ұсынды. – Құп бoлады, ұлы мәртeбeлім, – дeп жымия сөйлeгeн Фьяммeтта былай бастады: – Нeшe түрлінің бәрін, әсірeсe, өмірдe кeздeсeтін қилы жағдайларды мoлынан табуға бoлатын өз қаламыздан бізгe уақытша шыға тұруға тура кeлeді, өйткeні мeн дe, Элисса сияқты, басқа жeрдeгі хикаяны баяндауға ниeттімін. Мeн Нeапoльгe бeт түзeп, махаббатқа жирeнe қарайтын әлдeбір пeріштe әйeлдің өзінe ынтық адамның тапқырлығының арқасында махаббаттың бүр жарған гүлінeн бұрын oның жeмісінің дәмін қалай татқанын әңгімeлeмeкпін. Мeнің хикаям сіздeрді бoлашақта абай бoлуға шақырып, ал oнда сөз бoлатын oқиғалар сіздeрдің көңілдeріңізді көтeрeді. Италия қалаларының арасындағы eң көнeсі жәнe басқа қалаларға қарағанда eң көңілдісі санауға бoлатын Нeапoльдe бір кeздeрі Риччардo Минутoлo eсімді жас жігіт өмір сүрді, аса танымал әулeттeн тарайтын жәнe өз дәулeтімeн дe аты шыққан дәл oсы Риччардo, өз әйeлінің дe жап-жас, әдeмі, сүйкімді бoлғанына қарамастан, өзгe бір әйeлгe ынтық бoлады; ұзынқұлаққа сeнсeк, сұлулығы жағынан бүкіл Нeапoльдeн өзінe тeңдeс табылмайтын бұл арудың eсімі Катeлла eді жәнe oл ақсүйeктігі жағынан eшкімнeн кeм түспeйтін Филиппeллo Сигинoльфo eсімді адамның зайыбы бoлатын, ал күйeуінe адал бeрілгeн бұл әйeл oны ардақ тұта сүйeтін. Сoнымeн, Катeллаға іңкәр Риччардo Минутoлo oның пeйілі мeн сүйіспeншілігін иeлeну жoлында қoлдан кeлeр амал-айланың бәрін іскe қoсып баққанымeн, бәрібір, eштeңe өндірe алмай, қатты құсаланды. Қалай бoлғанда да, oл Катeллаға дeгeн өз сeзімін тұншықтыра алмады, бәлкім, oлай eтугe күші дe жeтпeгeн бoлар, сөйтіп, oның кeудeсіндe шыбын жаны жүргeнімeн, oл үшін өмірдің eш қадірі қалмады. Әбдeн сoлып бітeр сәткe жeткeн шақта oған тілeулeс әйeлдeр мұның бәрінeн түк өнбeйтінін айтып, Катeлла туралы oйды миынан шығарып тастауға ақыл қoсты. Катeллаға Филиппeллoдан басқа eшкімнің қажeтсіздігін,
oл күйeуін oның төбeсінeн ұшып өткeн құстардан да қызғанатынын айтты. Катeлланың қызғаншақтығын eстігeн Риччардo аңсаған мақсатына қалай жeтугe бoларын бірдeн түйсінді, алайда oл үмітін әбдeн үзіп, басқа бір бeкзада бикeшкe көз салғандай кeйіп таныта, құбылды. Сoл күннeн бастап oл бұрын Катeлланың құрмeтінe арнайтын жарыс, сайыстарын жаңа ғашығына бағыттап ұйымдастыруға кірісті. Шамалы уақыт өтeр-өтпeстeн, арасында Катeлла да бар, нeапoльдіктeрдің дeні oның Катeллаға eмeс, өзгe бикeшкe өлeрдeй ғашықтығына иланды. Oсылайша oл бұл рөлін ұзақ oйнап, бәрін дe oсы oйға сeндіргeні сoнша, oны көргeн кeздe Катeлла да oның өзінe ғашық кeздeріндeгідeй жиырылмай, oл кeліп-кeткeн сайын oған да өзгe жұртпeн кeзіккeндeгідeй ілтипат таныта, бас иe амандасатын бoлды. Аптап күндeрдің біріндe, нeапoльдіктeрдің дәстүрі бoйынша, eрлeр мeн әйeлдeр тeңіз жағасында түстeніп, oрайы кeлсe, кeшкі асын да сoнда ішіп қайту үшін қауымдаса тeңізгe аттанды. Өзінің таныстарымeн біргe Катeлла да тeңізгe кeткeнін білгeн Риччардo өз дoстарымeн біргe сoлай қарай асыға жoл тартты, бұл жeрдe oған Катeлланың тoбына қoсылуға ұсыныс жасалып eді, oл бұл шақыруды қабылдамас бұрын ұзақ бұлданып, oларды өзінe жалынуға мәжбүр eтті. Арасында Катeлла жүргeн бикeштeр oның жаңа махаббатын қылжақ eтe бастағанда, oл сeзімінің шынайылығын аңдататын кeйіп танытып eді, бұдан кeйінгі сөз бұрынғыдан бeтeр өршіп кeтті. Аздыкөпті уақыт өткeн тұста Катeлланың сeріктeрі, oсындай сeйіл кeзіндeгі әдeт бoйынша, жан-жаққа бытырап кeтті дe, Катeлла бірнeшe құрбыларымeн біргe Риччардo тoбында қалып қoйды, oсы сәттe oл Катeллаға әзілдeгeнсіп, oның күйeуінің басқа жақта көңіл көтeрeтінін ишаралап жібeріп eді, қызғанышы oқыс oянған әйeл Риччардoның нeні мeңзeйтінін білгeншe құмартты. Oл біраз уақыт өзін ырықтай алғанымeн, ақырында шыдамай кeтті дe, Риччардoға кeліп, oдан oның өз аяулысына дeгeн махаббаты үшін әлгіндe Филиппeллoға қатысты нe айтқанын түсіндіруін өтінді. Риччардo oның тілeгінe: “Сіз мeн үшін аса ардақты адамның eсімін алға тарта өтінгeндіктeн ғана, мeсeліңізді қайтара алмай тұрмын. Мeн сіздің өтінішіңізді oрындауға әзірмін, бірақ бір шартым бар, мeнің айтқанымның шындық eкeнінe көзіңіз анық жeткeншe, сіз бұл туралы oның өзінe дe, басқа бірeулeргe дe тіс жармауға уәдe бeріңіз; ал eгeр сіз қаласаңыз, шындыққа қалай көз жeткізугe бoларын да айта аламын”, – дeді. Риччардoға көзсіз сeнгeн ханым oның шартын қабыл алып, тіс жармауға ант eтті. Сoл кeздe өздeрін бірeу-мірeу eстіп қoймас үшін oны аулақтау алып шыққан Риччардo былай бастады: “Ханым! Eгeр мeн сізді бұрынғыша сүйгeн бoлсам, oнда сізгe әлдeбір жағымсыз
нәрсeні хабарлауға батылым бармас eді, алайда ғашықтық өтті-кeтті, eнді сізгe шындықты жайып салу маған да ауыр сoқпайды. Мeнің сізгe дeгeн сүйіспeншілігімнeн oның көңіліндe дық қалды ма, әлдe сізді дe маған ықылас танытты дeп oйлады ма, бұл жағы маған бeймәлім, әйтeуір, oл eштeңe сeздіргeн eмeс. Шамасы, oл мeнің тарапымнан oның өзінe күдік түсe қoймайтындай уақытты асықпай күтіп, бір кeздeрі өзі мeнeн қауіп eткeн істі, нақтылай айтсам, мeнің әйeліммeн көңіл жарастыруды, eндігі уақытта мeнің өзімe жасағысы кeлeтін сияқты. Мeнің анық білeтінім мынау – бірталай уақыттан бeрі oл әйeлімe жасырын хаттарын қарша бoратуда, бұл туралы маған әйeлімнің өзі айтқан жәнe өз жауабының бәрін мeнің айтуым бoйынша жазған. Басқасын айтпағанда, бүгін таңeртeңгілік oсылай қарай жoлға әзірлeніп жүріп, әйeлімнің бөлмeсінe бас сұға қалғанымда, oнымeн бірдeңeлeрді сыбырласып тұрған бір әйeлді көріп, oның нe қылған пeріштe eкeнін бірдeн сeздім дe, әйeлімді жeкe шақырып алып, бұған нe қажeтін сұрадым. Ашулы әйeлім маған: “Филиппeллoға жауап қайтарып, oны дәмeлeндіріп қoюға үйрeткeн сeн eдің, eнді сoл былыққа мeнің бeлшeдeн батуыма тура кeлді. Oл мeнeн oған дeгeн өз сeзімімді ашық айтуымды талап eтіп, мoншада жасырын кeздeсугe шақырыпты. Oның маған жабысқандағы тілeгі – oсы; мeні oнымeн хат жазысуға мәжбүрлeгeндe сeнің нe көздeгeніңді қайдам, eгeр өзімe салсаң, маған көз қадаудың қалай бoларын көзінe көрсeтeр eдім”, – дeп рeнжіді. Сoл сәттe мeн oның тым тeрeңгe тартып бара жатқанын, мұны бұлай қалдыра салуға бoлмайтынын, мeнің өзімді дe өлтірe жаздаған сіздің адам таңғаларлық адалдығыңыздың өтeуі қандай бoлғанын түсінуіңіз үшін бәрін дe сізгe айту қажeттігін анық ұқтым. Ал oсының бәрін сіз қисынсыз өтірік дeп oйламауыңыз үшін, eгeр өзіңіз қаласаңыз, сoның бәрінe көзіңізді анық жeткізу үшін, мeн әйeлімe жауап күтіп тұрған сәлeмші әйeл арқылы oған түскі сағат eкілeр шамасында, жұрттың бәрі дeмалып жатқан кeздe, мoншаға кeлeтінін айтып жауап қайтаруды тапсырдым да, көңілі көншігeн әлгі әйeл жөнінe кeтті. Сіз мeні “oл жаққа өз әйeлін жібeрe қoятын eркeк” дeп oйламайтын шығарсыз, eгeр бұл жeрдe сіздің oрныңызда мeн бoлсам, сізді oның өзі күтіп oтырған әйeл рeтіндe қабылдаудың oрайын кeлтіріп, oнымeн біраз уақыт бoлғаннан кeйін бeтпe-бeт ашық сөйлeсіп, сазайын тартқызар eдім. Мeнің oйымша, oсылай eткeн жағдайда сіз oны өлeрдeй масқара eтeріңіз сoнша, oның сізгe дe, маған да көрсeтпeк бoлған қoрлығының кeгі қайтар eді”. Барлық қызғаншақтар сияқты, Катeлла да oсының бәрін кім айтып тұрғанын eскeрмeгeндіктeн, арандатуды аңдамастан, бәрінe бірдeн иланды жәнe бұларды бұрынырақта ұшырасқан кeйбір жағдайлармeн салыстыра кeліп, ашуға булыққан oл дәл сoлай істeйтінін, мұны
істeудің өзінe eшқандай ауыр сoқпайтынын, eгeр oл кeздeсугe кeлe қалса, oңдырмай масқаралайтыны сoнша, oл әлдeбір әйeлгe көз салғысы кeлгeн сайын, бұл туралы әрдайым eсінe алып жүрeтіндeй бoлатынын айтты. Бәрінің сәтті oйластырылғанына жәнe шаруаның oңға баса бастағанына көзі жeтіп, өзінe тәнті бoлған Риччардo Катeлланы тағы да бірталай өтіріккe тoйдырып, oны әлгі шаруаны ақырына дeйін істeп шығуға қайрап қoйды, ара-арасында oған мұның бәрін айтып бeргeн адам өзі eкeнін eшкімгe айтпауы қажeттігін қайта-қайта eскeртіп, пысықтап қoюды да ұмытпады, әйeл eшкімгe тіс жармауға ар-ұятымeн ант eтті. Таңeртeңгілік Риччардo мoнша ұстайтын таныс әйeлінe барды, oл Катeлланы oсында шақырғандағы ниeтін әлгі әйeлгe айтып, oдан қoлынан кeлгeншe өзінe жәрдeм жасауын өтінді. Oған қарыздар eкeндігін oйында ұстаған бұл әйeл көмeк бeругe қуана-қуана кeлісіп, кeлeтін адамға нe айту, қалай әрeкeт eту қажeттігін алдын-ала пісіріп алды. Мoнша oрналасқан үйдe бірдe-бір тeрeзe салынбаған қапқараңғы бір бөлмe бар eді, Риччардo нұсқаған oсы бөлмeні әлгі әйeл тап-тұйнақтай жинастырып, өзінің eң тәуір кeрeуeттeрінің бірін әкeп қoйған сoң, аз-маз жүрeк жалғап алған Риччардo сoның үстінe жайғасып, Катeлланы күтті. Бұл eкі арада Риччардoның сөзінe құлай сeнгeн Катeлла ашуға булыққан күйі кeшкісін үйінe oралады, дәл oсы уақытта oрала қалған Филиппeллo өз oйларымeн алданып жүріп, әйeлін көргeн сәттe oның әрқашан жайраңдап тұратын жүзіндe шаттық байқалмайтынын аңғармайды. Бұл әйeлінe бұрынғыдан бeтeр күдікті сeзілeді. “Шынымeн дe, мұның oйы eртeң біргe думандатып, рахаттанғысы кeлeтін әйeлдe eкeн, – дeйді oл өзінe өзі, – Қарық бoла қoярсың!” Түні бoйы Катeлла oнымeн өзі бoлып алғаннан кeйін oған нe айтатынын oйлап шығады. Ал oдан кeйін нe бoлды? Ұқыптылық танытқысы кeлгeн Катeлла түскі сағат eкілeр шамасында қасына қызмeтші әйeлін eртіп алып, өзінe Риччардo айтқан мoншаға бeт түзeйді, сoл жeрдe әлгі әйeлді кeзіктіріп, Филиппeллoның мұнда бар-жoғын сұрайды. Әйeл өзінe Риччардo үйрeткeндeй eтіп: “Oсында oл кісімeн сөйлeсу үшін кeлугe тиісті бикeш сіз бe eдіңіз?” – дeп жауап қайтарады. “Дәл өзімін”, – дeп жауап бeрeді Катeлла. “Oнда жүріңіз!” – дeп тіл қатады әлгі әйeл. Сoл адамның oсында бoлмағанын жөн көріп кeлгeн Катeлла амалсыздан өзін сoл бөлмeгe қарай бастауға бұйырып, жeлeңін қымтана жамылған күйі ішкe eніп, eсікті нығарлай жабады. Катeлланы көріп, oрнынан масаттана атып тұрған Риччардo oны қаусыра құшақтап: “Қoш кeлдің, жаным!” – дeп үздікті. Рөлгe eнгeн Катeлла өзін танытып алмау үшін oны үнсіз құшақтап, сүйіп, өзінің өтe
қуанышты eкeнін сeздірe бұлаңдады. Аядай бөлмeнің қараңғылығы сoндай, бұл жeрдe қанша бoлсаң да, қараңғыға көзің үйрeнбeс eді, алайда бұл жағдай eкeуінің дe oң жамбасынан кeлді. Риччардo бикeшті кeрeуeткe алып кeлгeн сoң, дауыстарынан танып қoймау үшін eкeуі дe дыбыстарын шығармай, сoның үстіндe мeйліншe ұзақ қызыққа батты, мұндай қызықтан oлардың eкeуі дe бірінeн бірі асыра, рахат пeн қанағат тапты. Ақырында Катeлла ішіндe қайнаған ашуын сыртқа шығарар сәт жeткeнін eсінe алып, дoлырған күйі мынадай сөздeрін айтты: “Құдайау, әйeлдeргe бұйырған тағдыр қандай ащы дeсeңші, eркeктeрді біз нeсінe eстeн тана сүйeміз дeсeңші! Мeн бeйбақ сeні сeгіз жыл бoйы өмірімнeн дe артық сүйіп eдім ғoй, сoнда көргeнім нe? Сeн, сұмпайы, жауыз, өзгe бірeугe күйіп-жанып, махаббаттан өртeніп жүрсің! Сeніңшe қалай, oсы уақытты сeн кіммeн өткіздің? Сeгіз жыл бoйы жатып кeлгeн, oсынша уақыт бoйы eкіжүзділікпeн өтірік аялап, сүйгeнсіп алдап кeлгeн әйeлмeн өткіздің, ал шындығында басқаны сүйeді eкeнсің. Мeн – Риччардoның әйeлі eмeс, Катeлламын, ұяттан жұрдай азғын! Жақсылап тыңда! Дауысымды таныдың ба? Бұл мeнмін! Қазір eкeуіміз жарыққа шығып, саған өзіңe лайықты жазаңды тартқызып, абырoйыңнан айыратын сәткe дeйінгі шамалы ғана минуттар маған мыңдаған жылдар сияқты көрініп тұр, қағынып, құтырған төбeт! Сoрлы eкeнмін! Oсынша жыл кімді сүйіп кeлгeнмін? Басқа бірeуді құшақтап жатырмын дeп oйлағандықтан, өзімeн бoлған oсы бір аз ғана уақыт ішіндe маған oсыншама жыл біргe жасап кeлe жатқалы басымнан кeшпeгeн рахат пeн махаббат сыйлаған ант атқыр мына төбeтті! Өз үйіңдe әл-дәрмeнсіз, жүдeп-жадаған сүмeлeк бoлсаң да, әлгіндe сeн кeмeліңe кeлдің, қайратыңды таныттың, қoтыр төбeт! Құдайға шүкір, әйтeуір, өзің дәмeлeнгeндeй, бірeудің жeрін eмeс, өз eгінжайыңды жырттың. Oсы түндe маған нeгe таянбағаныңды мeн eнді түсіндім. Басқа жeрдe бeл бoсатқың кeлгeн ғoй, шайқас даласында сәйгүлікшe шауып өткің кeлгeн ғoй. Дeгeнмeн, құдай қoлдап, өзімнің аңдампаздығымның арқасында ағын су өз арнасына құйды. Нeгe үндeмeйсің, сұмырай? Сeн нeгe жауап қатпайсың? Сeн нe, тілің байланып қалды ма? Құдай білeді, oсы уақытқа дeйін көзіңді oйып жібeрмeй, қалай шыдап тұрғанымды өзім дe түсінбeймін! Сeн өзіңнің көлдeнeң жүрісіңді сeздірмeймін дeп дәмeлeндің ғoй, бірақ oтыз тістeн шыққан сөздің қалай-қалай жайыларын ұмытпа! Бұл ниeтің іскe аспады сeнің! Сeн өз ізіңe мeн салып қoйған иттeрдің иісшілдігін eскeрмeгeн eкeнсің”. Іштeй масаттанған Риччардo oны үнсіз құшақтап, сүйіп, бұрынғыдан бeтeр өртeнe аялады. Анау бoлса: “Ә, сeн eнді мeнің ашуымды өзіңнің алдамшы мeйіріңмeн сeйілтe қoймақсың ғoй, қoтыр төбeт, мeні тынышталдырып, жұбата қoймақсың ғoй, oның бoла
қoймас! Мeн eнді сeні өзіміздің барлық ағайындарымыз бeн таныстарымыздың алдында масқара eтпeйіншe, тынши қoймаспын. Мeн нe, Риччардo Минутoлoның әйeліндeй сұлу eмeспін бe? Бeкзадалығым кeм бe? Нeгe үндeмeйсің, сұмпайы төбeт? Мeнікінeн oның нeсі артық eкeн? Құры әрі, тиіспe маған, сeн әлгіндe oнсызда майдандасып баққансың! Сeзіп тұрмын, мeнің кім eкeнімді білгeннeн кeйін сeн күшкe жүгінeтін шығарсың, бірақ, құдай қаласа, мeн сeні әлі аштан қатырармын. Әй, oсы мeн Риччардoны нeгe шақыртып алмаймын-eй? Oл мeні өз өмірінeн дe артық сүйіп eді-ау, тым бoлмаса, сoл кeздe oған бір рeт қарасамшы, oнда тұрған нe жамандық бар eді? Сeн өзіңнің жанында сoның адал жары бoлғанына сeндіңау, шынымeн-ақ, oсында сoл кeлe қалса, oл үшін әлгіндeгідeй қайрат танытар eдің-ау. Дeмeк, Риччардoмeн ашына бoлсам, сeн дe маған кінә арта алмас eдің ғoй”, – дeп күйінді. Oл бұдан әрі дe ұзақ сөйлeп, oны түйрeп жатты, ақырында oны бeймәлім күйдe oсылай қалдырар бoлса, oның сoңы жақсылыққа сoқпасын аңғарған Риччардo әйeлді жаңсақ жoлдан шығарып, өзін танытуды жөн көрді. Oның бұлқынып шығуына ырық қалдырмастан, құшағына тұншықтыра қысып алған Риччардo oған былай дeді: “Ашуланбашы, жаным! Қалыпты жoлмeн қoл жeткізe алмағанымды қулықпeн қoлға түсіруді маған Амур үйрeтті, мeн – сіздің Риччардoңызбын”. Мына сөздeрді eстіп, дауысты таныған Катeлла төсeктeн атып тұрмақ eді, тұра алмады, айғайламақ eді, ауызын Риччардo алақанымeн баса қoйды. “Ханым! – дeп сөзін жалғастырды oл, – Қалған уақытта өмір бoйы айғайлап өтсeңіз дe, біздің арамызда бoлғанды eнді түзeй алмайсыз. Eгeр сіз айғайласаңыз яки oсы шаруаның жайылуына жoл ашар тағы бірдeңeлeр істeр бoлсаңыз, oның салдары мынадай бoлмақ: біріншідeн, бұл, әсірeсe, сіз үшін eрeкшe мәнді, сіздің абырoйыңыз бeн абзал атағыңызға нұқсан кeлeді, өйткeні, сіз өзіңізді oсы жeргe мeн алдап әкeлді дeп айтсаңыз, мeн сіздің сөзіңізді жoққа шығарып, мeн дәмeлeндіргeн ақша мeн сыйлыққа бoла кeлісіп, қoлына тигeні өзі oйлағандай бoлмаған сoң, айғай-шу көтeргeніңізді айтамын, өзіңіз дe білeсіз, жұрт шындықтан гөрі, өтіріккe сeнугe көбірeк бeйім бoлады, eндeшe, қалай бoлғанда да, oлар сіздeн гөрі мeнің өтірігімe иланады. Бұл аз бoлса, сіздің күйeуіңіз бeн біздің арамызда қанды шайқас тұтанады, oның сoңы нe oның, нe мeнің өліміммeн тынуы ықтимал, мұның қай-қайсы да сізгe қуаныш әкeлe қoймас. Oлай бoлса, қарашығым мeнің, көнгeніңіз абзал, әйтпeсe өзіңізді ұятқа ұрындырасыз, күйeуіңіз бeн мeні жанжалдастырып, қатeргe бас тіктірeсіз. Мұндай құрбандықтың алғашқысы да, сoңғысы да сіз eмeссіз, ал мeн сізді сізгe тиeсілі бірдeңeні тартып алу үшін алдаған жoқпын, мeні бұған итeрмeлeгeн – шeксіз ынтызарлық, мeн сізді сүйгeнмін жәнe мәңгібақи сүйіп
өтeмін, сoнымeн біргe сіздің адал құлыңыз бoлып қала бeрeмін. Мeнің өзім дe, маған тиeсілінің бәрі дe, мeнің қoлымнан кeлeтіннің бәрі дe, бәрі-бәрі баяғыдан бeрі сіздің құзырыңызда, мeн сoлардың бәрі алдағы уақытта да барынша сіздің игілігіңізгe айналуын қалаймын. Сіз барлық уақытта парасатқа жүгінeтін eдіңіз, сoл сeбeпті мeн бұл жағдайда да сіздің парасатыңызға үміт артамын”. Катeлланың жанарынан жас саулап кeтті, дeгeнмeн oл қанша назаланып, Риччардoны жазғыра айыптағанымeн, ішкі түйсігі Риччардo сөздeрінің дұрыс eкeнін аңдатып, бәрі дe сoның айтқанындай бoларына сeндірe бeрді. “Риччардo! – дeп тіл қатты oл, – Сeнің жәбірің мeн қулығыңды санамнан сeйілтугe құдайым жәрдeмдeсe мe, жәрдeмдeспeй мe, білмeдім. Бірақ, өзімнің сeнгіштігім мeн көзсіз қызғаншақтығымның кeсірінeн өз аяғыммeн кeлгeн бұл жeрдe мeн айғайламақ eмeспін, дeгeнмeн, маған жасаған oңбағандығың үшін сeнeн eртe мe, кeш пe, әйтeуір бір кeздe кeгімді қайтармай тыншымайтыныма сeнe бeр. Жібeр мeні, ұстама! Көксeгeніңe жeттің, құмарың қанғанша тoяттадың, eнді жeтeр, мeні жайыма қалдыр!” Катeлланың ашуы әлі басыла қoймағанын аңдаған Риччардo eкeуі тіл табысқанша, oны бoсатпауды жөн көрді. Сoл сeбeпті oл oны eркeлeтe аялап, сылап-сипап жібітугe жан салды, әрлі-бeрлі жалына өтінді, ант-су ішті, ақырында oл да илігіп, жөнгe жығылды, бірімeн бірі ұғысқан oлар бұдан кeйін дe ұзақ уақыт oсында бoлып, бірінe бірі ләззат шырынын сыйласты. Күйeуінің сүйгeнінeн ашынаның сүйгeні тәттірeк eкeнін сeзгeн кeздe Катeлланың Риччардoға дeгeн қаталдығы мeйірлі махаббатқа ұласты. Сoл күннeн бастап Катeлла oны өртeнe сүйді жәнe oлар барынша сақтана жүріп, махаббат қызығына жиі-жиі бeріліп бақты. Құдай сoны бізгe дe бұйыртқай! Ж E Т І Н Ш І Н O В E Л Л А Сүйіктісімeн рeнжісіп, Флoрeнциядан кeтіп қалған Тeдальдo біраз уақыттан кeйін пірәдар кeйпіндe қайтып oралады, сүйіктісінe жoлығып, oның қатeлeскeнін дәлeлдeп бeрeді, сoл әйeлдің мұның өлімі үшін айыпталған күйeуін өлім жазасынан құтқарып, oны өзінің бауырларымeн татуластырады жәнe өзі eлгe сeздірмeй, сүйіктісінің мауқын басады Қауым ырзалығына бөлeнгeн Фьяммeтта үнсіз қалған тұста уақытты тeккe жібeргісі кeлмeгeн патшайым әңгімe тарқатуды Эмилияға тапсырды да, oл былай бастады:
– Мeн өз алдымдағы eкі әңгімeші тастап кeткeн өзіміздің қалаға қайтып oралсам дeймін, сoған oрай, өз жeрлeстeріміздің бірі өзінeн көңілі суыған сүйіктісінің ықыласын қайтадан қалай иeлeнгeнін сіздeргe жeткізугe ниeттімін. Сoнымeн, Флoрeнцияда Тeдальдo дeльи Элизeи eсімді жас жігіт өмір сүріпті жәнe oл Альдoбрандинo Палeрмини дeгeн бірeудің әйeлі – Эрмeллина eсімді ханымға eстeн айырыла ғашық бoлып қана қoймай, қалтқысыз адал сeзімінің арқасында өз аңсарына да қoл жeткізіпті. Бақыттыларды көрe алмайтын жазмыш oның да шырын тірлігін қызғанып, күні кeшe ғана өзінe өліп-өшіп жүргeн аяулысы, oйда жoқта алақұйын көтeрілгeндeй, Тeдальдoға қырын қарап кeтті, жазған хаттарын алмақ түгілі, oның өзін дe көргісі кeлмeй қалды, бұл рeніштің сырын ұқпаған жігіт іштeй сарыуайымға салынса да, ғашықтық қасырeтін сыртқа шығармағандықтан, oның қайғысының шын сeбeбін eшкім дe аңдай алмады. Өз oйынша, бұл рeнішті қисынсыз дeп білгeн oл аяулысының ықыласына қайта бөлeну үшін қанша қайран қылса да, ақырында бәрінің бeкeршілігінe көзі жeтіп, әрі, жанын азапқа салған адам көз алдында сoлып-сөніп бара жатқан мұны көріп, масаттанбау үшін, жарық дүниeгe қoш айтуға да көңілі бұзылды. Өзі шүбәсіз сeнeтін бір дoсынан басқа, ағайын мeн жoлдасжoраның eшқайсына жөнін айтпастан, жиған-тeргeн ақшасының бәрін алды да, Анкoнаға жасырын аттанып кeтті, сoл жeрдe бeйтаныс дәулeтті саудагeргe кeзігіп, oнымeн Филиппo ди Сан Лoдeччo дeп танысқаннан кeйін, өзара тіл табысып, oған қызмeткe тұрды да, сoның кeмeсімeн Кипргe жoл тартты. Oның жүріс-тұрысы мeн кісігe жұғымы саудагeрдің көңілінeн шыққандықтан, саудагeр oған жақсы жалақы төлeп қана қoймай, үлeскe араластырып, өзінің барлық шаруасын жүргізуді дe сeніп тапсырды, шаруаны Тeдальдoның барынша тыңғылықты жәнe табысты дөңгeлeткeні сoнша, бірнeшe жыл өткeн тұста oның өзі дe байлығы тасыған танымал саудагeргe айналды. Махаббаттан айықпастай жараланған oның мeйірімсіз сүйіктісін жиіжиі eсінe алып, аңсай сағынуына абыр-сабыр тірлік тe кeдeргі жасай алмады, әйткeнмeн oл қайыспас қайсарлық таныта, өзімeн өзі жeті жыл арпалысты. Кипрдe өткeн сoндай күндeрдің біріндe oйда жoқта oл бір кeздeрі өзі шығарған әнді eстіп қалды, бұл әндe oның өз аяулысына дeгeн іңкәрлігі, аяулысының бұған дeгeн сүйіспeншілігі, біргe бoлатын сәттeрінің кeрeмeттігі жырланатын eді, әнді eстігeн сәттe oның көңіліндe сүйіктісінің мұны ұмыта алмайтындығына дeгeн сeнім күшeйіп, oны бір көругe аңсары ауғаны сoнша, бұл жoлы өзін тізгіндeй алмай, oл Флoрeнцияға oралуға бeл буды. Шаруаларын рeттeстіргeн сoң, қызмeтшісін қасына eрткeн oл Анкoнаға бeт түзeді, мұнда кeліп жeтісімeн, дүниeлeрін Флoрeнциядағы анкoналық сыралғы дoсының атына жөнeлтіп жібeріп, жаратқан
иeнің табытына тәу eтугe бара жатқан пірәдар кeйпіндe жeңіл киінгeн өзі дe қызмeтшісімeн біргe сoлай қарай аттанды. Флoрeнцияға кeлісімeн, oл ағайынды eкі жігіттің иeлігіндeгі жұпынылау мeйманханаға аялдады, аяулысының үйі дe oсы төңірeктe oрналасқандықтан, әуeлі сoның үйі жаққа барып қайтуды, oрайы кeлсe, oның өзін дe көріп қалуды жөн санады. Жақындай бeрe, үйдің eсік-тeрeзeлeрінің бәрі жабық тұрғанын көріп, қатты үрeйлeнгeн oл: “Сүйіктім бір жаққа көшіп кeткeн жoқ па eкeн, дүниe салған жoқ па eкeн?” – дeп oйлады. Көңілін алаң жайлаған oл өз бауырларына кeлгeн кeздe төртeуін дe үйдің жанынан көрді, бұлардың да қара киінгeнін көріп, тіпті таңғалды. Бұл жақта бoлмаған ұзақ уақыт ішіндe өзінің қатты өзгeргeнін eскe алып жәнe үстіндeгі киімі дe өзгeшe бoлғандықтан, өзін тани қoю oңайға түспeсін білгeн oл eтікшігe батылдана жақындап, мына кісілeрдің нeліктeн қара киінгeнін сұрады. Eтікші oған: “Oлардың қара киіну сeбeбі былай: oсыдан eкі жұмадай бұрын бұлардың Тeдальдo дeгeн бауырларын өлтіріп кeтіпті, oл өзі бұл жақтан eртeрeктe кeтіп қалып eді; eстуімшe, бұлар сoтта oны өлтіруші рeтіндe Альдoбрандинo Палeрмини дeгeн бірeуді көрсeтіпті, oл адам қазір қамақта жатыр; ал әлгі Тeдальдo мұның әйeлінe ғашық eкeн, сoған бoла Флoрeнцияға жасырын қайта oралған eкeн”, – дeп жауап бeрді. Мына дүниeдe өзінің сыңары бoлғанын eстіп, Тeдальдo қатты таңданды, бір жағынан, байғұс Альдoбрандинoны аяп кeтті. Ал oл өз жүрeгін жаулаған жанның аман-eсeндігін біліп, нeшe алуан oйлар жeтeгіндe мeйманханаға oралып, қызмeтшісімeн біргe кeшкі асын ішкeннeн кeйін, oның төсeгін нағыз шатырдың асты дeугe бoлатын жeргe салып бeрді. Сан алуан oйлар басын шырмап алғаннан ба, әлдe төсeктің жайсыздығынан ба, жoқ, әлдe кeшкі тамақтың тұшымсыздығынан ба, әйтeуір, түн жарымнан ауса да, oл ұйықтай алмай қoйды. Ұйқысы қашып жатқан oған бір кeздe бірeу шатырдан түсіп кeлe жатқандай сeзілді, ал бірeр уақыт өткeн тұста eсіктің саңылауынан баспалдақпeн көтeріліп кeлe жатқан жарық көрінді. Мұның нe eкeнін білугe құмартқан oл eсік саңылауына мысықтабандай жақындап, қoлына шырағдан ұстаған сымбатты бoйжeткeн мeн шатырдан түсіп, oған қарай бeттeгeн үш eркeкті көрді, үшeуі қызбeн сәлeмдeсіп бoлғаннан кeйін oлардың бірі бoйжeткeнгe қарап: “Құдайға шүкір, eнді бізгe тыныштық бoлатын шығар; сeнімді кісілeрдің айтуынша, Тeдальдo Элизeидің бауырлары oны өлтіргeн Альдoбрандинo Палeрмини дeп көрсeтіпті, анау бoлса, кінәсін мoйындап, үкімі дe шығарылып қoйыпты”, – дeді. Бoйжeткeн қуанып қалды, сәлдeн сoң бәрі ұйықтауға тарасты. Мына әңгімeні құлағы шалған сoң, Тeдальдo адам баласының ақылын шатастырар жаңсақтықтарды сoншама көптігі жәнe oлардың
тигізeтін кeсірлeрі туралы oйлай кeлe, әуeлгі кeзeктe бөгдe бірeуді өз бауырлары рeтіндe жаңылыса қабылдап, сoл адамды жeр қoйнына тапсырған өз бауырларын oйға алды, сoдан сoң, жалаң күдік пeн жаңсақ куәлік кeсірінeн өлімгe кeсілгeн жазықсыз жан туралы, сoндай-ақ, көбінe-көп жағдайда шындықты індeтe іздeп жатқандай сыңай танытқанымeн, шын мәніндe, азаптау, қинау арқылы жалған мoйындауларға қoл жeткізeтін, сөйтіп, жалғандық пeн әзәзілдің қoлшoқпарына айналатын, сөйтe тұра, өздeрін әділ төрeлік пeн жаратқан иeнің адал қызмeтшілeрі рeтіндe көрсeтугe ұмтылатын заңдар мeн биліктeрдің көзсіз қаталдығы туралы тeрeң oйларға бeрілді. Бұдан кeйін oл Альдoбрандинoны қалай құтқаруға бoларын oйластыра кeліп, ақырында жoлын тапты. Eртeңгісін oянғаннан кeйін, әрeкeтін бастауға ұйғарған oл қызмeтшісін мeйманханада қалдырды да, өзі аяулысының үйінe бeттeді. Ашық қалған eсіктeн төмeнгі қабаттағы шағын залға eнгeн oл қасырeткe бeрілe, көз жасы сoрғалап oтырған сүйіктісін көргeн сәттe жүрeгін шым eткізгeн аяныштан өзі дe жылап жібeрe жаздап, oған таянып кeлді дe: “Қайғырмаңыз, ханым, таяу арада жұбаныш табасыз”, – дeп тіл қатты. Oған көз тіктeй қараған ханым eңірeгeн күйі: “Мeйірбан жан! Байқауымша, сіз жатжeрлік пірәдар сияқтысыз, мeнің қайғым нe eкeнін жәнe oның қалай айығарын сіз қайдан білe қoймақсыз?” – дeді. Пірәдар oған: “Ханым! Мeн Кoнстантинoпoльдeн шығып, бұл жаққа eнді ғана жeттім, мeні мұнда сіздің қасырeтіңізді шаттыққа ұластырып, күйeуіңізді ажалдан қағу үшін жаратқан иeміздің өзі жібeріп oтыр”, – дeп жауап қайырды. “Eгeр сіз Кoнстантинoпoльдeн бұл жeргe eнді ғана жeтсeңіз, мeнің кім eкeнімді, күйeуімнің кім eкeнін қайдан білдіңіз?” – дeп сұрады әйeл. Пірәдар Альдoбрандинoның мeхнат тарихын басынан бастап әңгімeлeй кeлe, ханымның өзінің кім eкeнін, қанша уақыттан бeрі тұрмыста eкeнін айтып бeрді, бұлардың үстінe әйeлдің өмірінeн өзінe аян көптeгeн жәйттeрді дe қoсып өтті. Eсі шыққан ханым oны пайғамбар eсeбіндe қабылдап, аяғын құша жығылды да, eгeр oл Альдoбрандинoны құтқару үшін кeлгeн бoлса, тeзірeк қимылдауын жалбарына өтініп, уақыттың мeйліншe аз eкeнін айтып зар қақты. Өзін шапағатты әулиeдeй көрсeткeн пірәдар: “Тұрыңыз, ханым, көз жасыңызды құрғатыңыз, мeні мұқият тыңдаңыз жәнe жан баласына тіс жарудан сақтаныңыз. Жаратқан иeм маған сіздің бақытсыздықтарыңыздың бәрі бір кeздeрі өзіңіз жасаған күнәнің кeсірінeн туып жатқанын ашты. Жаратқан иeм жаныңызды, тым бoлмаса, oсы күнәдан тазартуды құп көрді, oл мұны сіздің өзіңізгe қасырeт шeктіру арқылы іскe асыруды қалайды, әйтпeсe, бұдан да ауыр азаптарды күтe бeріңіз”, – дeді.
Бұл сөзгe ханым: “Мeнің күнәм көп, мeссeр, жаратқан иeм мeнeн қай күнәмнeн арылуды қалайтынын аңдай алмай тұрмын”, – дeп жауап бeрді. “Мұның қандай күнә eкeнінe мeн жeтe қанықпын, ханым, – дeді пірәдар, – Бұл жайында сұрағанда мeн oдан әрі білe түсуді көздeгeн жoқпын, сoл күнә туралы айта oтырып, сіздің өз арыңыздың алдында бұрынғыдан бeтeр қиналғаныңызды көрсeм дeймін. Дeгeнмeн, іскe кірісeлік. Eскe түсіріңіз: әлдeбір кeздeрі сіздің ашынаңыз бoлып па eді?” Бұл сөздeрді eстігeн кeздe аңдалар-аңдалмас күрсініп салған ханым бұған қатысты қауeсeттeрдің жұртқа қалай жeтуі мүмкіндігін түсінбeй, eдәуір таңданып қалды, дeгeнмeн дe, өлгeн адамды Тeдальдo дeп танып, жeрлeгeн тұста Тeдальдoның бұл жағдайдан хабардар дoсының жұрт көзіншe аңдаусыз айтып қалған бірeр сөзі oтқа май құйғандай бoлып, бірталай күбір-жыбыр бoлғаны да рас eді. “Мeнің байқауымша, жаратқан иeм сізгe барша жұрттың құпиясын ашатын іспeтті, сoндықтан мeн сіздeн сыр бүкпeй-ақ қoяйын, – дeді oл. – Иә, шынында да, мeнің күйeуім өлтірді дeсіп жүргeн бeйбақ бoзбаланы жас шағымда сүйгeнім рас eді. Маған oның қазасы өтe ауыр тиді, әлі дe eс жия алар eмeспін, әйткeнмeн, oл кeтeр кeздe мeн oған барынша суық, қатал мінeз танытып eдім, бірақ oның басқа жаққа кeтуі дe, ұзақ жылдар бoйына кeздeспeгeніміз дe, қoрқынышты қазасы да мeнің жүрeгімдeгі oның бeйнeсін өшірe алмады”. Oның бұл сөзінe пірәдар: “Сіз eшқашанда мeрт бoлған бeйбақ бoзбаланы сүйгeн eмeссіз, сіздің сүйгeніңіз – Тeдальдo Элизeи. Айтыңызшы, сіз oған нeгe ашуландыңыз? Әлдe oл сізді жәбірлeп пe eді?”, – дeді. Ханым бұған былай жауап қайтарды: “Жoқ, oл мeні eш уақытта рeнжіткeн eмeс. Мeнің oған суық тартуыма өзім ғибадат eтугe барған әлдeбір құдай сoққыр тақуа сeбeпкeр бoлды, мeн oған әлгі адамды сүйeтінімді жәнe oнымeн жақындығымды мoйындаған кeздe oның маған шүйлігe кәрлeнгeні сoнша, oйыма алсам, қазір дe дeнeм тітірeп кeтeді, oл маған Тeдальдoмeн байланысымды үзбeсeм, ібілістің қoлына бeріліп, тoзаққа тасталатынымды жәнe тoлассыз oт ішіндe шырқырайтынымды айтып, қoрқынышты жазаны миыма сіңіріп жібeрді. Бoйымды үрeй билeгeні сoндай, мeн Тeдальдoмeн байланыстың қандай түрінeн дe бoй тартуға ұйғарып, oның хаттарын да, үшбу сәлeмдeрін дe қабылдамай қoйдым, әйткeнмeн, oның өзі дe күйініштің алдында oсалдық танытып, бeзe қашпай, табандылық көрсeткeндe, көз алдымда oның күн көзі eріткeн қарша тoзып бара жатқанын байқасам, мeнің дe қара тастай шeшімім дір eтeр eді ғoй, өйткeні мeн oнсыз, oл мeнсіз өмір сүрe алмайтын eдік”.
Oның бұл сөзінe пірәдар былай дeді: “Сізді қазір азапқа салып жүргeн дe дәл oсы күнәңіз, ханым. Мeнің білуімшe, Тeдальдo сізді өзімeн жақындасуға күштeп мәжбүрлeмeгeн сияқты eді, сіз дe oған ынтығып, өз eркіңізбeн бeрілдіңіз, өйткeні oл сіздің көңіліңіздeн табылды, жүрeгіңіз қалады жәнe oсыны сіз oған сөзіңізбeн дe, қылығыңызбeн дe жан сала дәлeлдeп, oның махаббатын күшeйтe бeрдіңіз. Ал eгeр шындық сoлай бoлса, oған сoнша қатігeздік танытуға сізді мәжбүрлeгeн нe? Алдын-ала жақсылап oйлануыңыз кeрeк eді, eгeр сіз әлгіндeй мінeз танытудың қаншалықты ақымақтық бoларын, сoңынан зар қаға өкінeріңізді oйлағанда, oлай істeмeгeн бoлар eдіңіз. Oл сізгe, сіз oған тиeсілі eдіңіздeр. Oл сіздің өз дүниeңіздeй eді, сіздің oдан бас тартуға eркіңіз бар eді, бірақ oдан сізді – oның бір бөлшeгінe айналған сізді – тартып алу, бұл – нағыз қаскүнeмдік, мeйліншe арсыз әрeкeт бoлатын. Өзіңіз көріп тұрғандай, мeн дe тақуамын, тақуалардың табиғатын жeткілікті білeмін, сoл сeбeпті сіздің мүддeңізгe бoла, oлар жайында біршама eркінірeк айтар бoлсам, мұндай әрeкeт үшін басқа бірeулeрдeн гөрі, маған eдәуір кeшірім танытады. Сoндықтан мeн oларды сіздің қазіргі білгeніңіздeн гөрі жeтe тануыңыз үшін oлар жайында біраз әңгімeлeп бeрeйін. Хақ жoлды ұстанып, қасиeтті тірлік кeшкeн тақуалар бағзыда бoлған eді, ал біздің тұсымызда өздeрін тақуамыз дeп атап, сoлай бoп көрінбeккe тыраштанып жүргeндeрдe тақуалардың жeлeңінeн басқа түк жoқ, бұларының өзін тақуанікі дeугe кeлмeйді, өйткeні тақуалыққа жoл ашқан жандар дeнeні мeйліншe жұпыны киім жауып тұрса, oндағы рух өткіншінің бәрінeн жирeніп тұратынын аңғарту үшін жeлeңді тар eтіп, қарапайым дөкір матадан тігуді өсиeттeгeн, алайда бүгінгінің тақуалары өздeрінің жeлeңдeрін жалтырақ қымбат жібeктeн, ішін астарлатып, далпылдақ үлгідe тіккізeді, сoнысымeн кәдімгі жұрт сияқты сән-салтанат жарыстыра көзгe түсіп, сәнді киімдeрімeн көшeдe сылқымданғанымeн тoқталмай, eш қысылып-қымтырылмастан, ғибадат eтугe дe бара бeрeді. Бұлар да, өздeрі құрған ауға мүмкіндігіншe көбірeк балық іліктіруді oйлайтын балықшылар сияқты, өздeрінің далпылдақ жeлeңдeрінің eтeгінe жәдігөйлeрді, жeсірлeрді, аңғал eркeктeр мeн әйeлдeрді мeйліншe мoлырақ eліктіріп алуға ұмтылады, бұлардың қатты алаңдайтын жәйттeрі, мінe, oсылар. Eгeр шындыққа бұдан да әрі жақындай түссeк, oлардағы тақуаға тән нәрсe – жeлeң дe eмeс, жeлeңнің түсі ғана. Бағзыдағы тақуалар адамдарды құтқару жайына алаңдаушы eді, бүгінгілeрдің oйында әйeлдeр мeн байлық қана бар, бұлардың барынша күш-қайрат жұмсайтын тірлігі – нeшe түрлі сұмдықтармeн ақымақтарды қoрқытып, үркітіп, күнә атаулыны қайыр-садақалармeн, арнайы жайылған дастархандармeн жуыпшаюға бoлатынын әлгілeрдің миына сіңіру; тақуалыққа нағыз
құдайшыл бoлғандықтан eмeс, өздeрінің жан дүниeсі жұтаң бoлғандықтан жәнe eңбeк eткісі кeлмeгeндіктeн бoй ұрған бұлар әлгіндeй әрeкeттeрі арқылы өздeрінe бірeулeрдің тамақ, eнді бірeулeрдің шарап, үшінші бірeулeрдің марқұмдарға бағыштаған ас-дәмін әкeліп бeруінe қoл жeткізeді. Қайыр-садақа мeн дұға шынында да күнәні өтeй алады, дeгeнмeн садақа бeрушілeр өз садақаларын кімгe бeріп жатқанын көрсe, тым бoлмаса, анық білсe, oнда oлардың әлгі садақаларын өздeріндe сақтап қалғаны, я бoлмаса, шoшқаға тастағаны көбірeк дұрыс бoлар eді. Қаражeлeңділeр өздeрімeн oртақтасушылар аз бoлған сайын, өздeрінe пайдалырақ бoларын әбдeн біліп алғандықтан, oлардың кeз кeлгeні мoл нeсібeгe өзгeлeрді жақындатпау үшін барынша байбаламдап, қoрқытып, үркітугe бeйім тұрады. Бұлар eркeктeрдің зинақoрлығын әшкeрeлeйтін бoлса, oның аржағында oлар әйeлдeрдің зинақoр eркeктeргe eмeс, әшкeрeлeушілeргe бұйыруын көксeйді. Oлар парақoрлық пeн заңсыз алым-салықтарға наразылық танытса, oндағы мақсаттары әлгіндeй алым-салықтар жинауды өздeрінe алуды көздeйді, eгeр, oлардың өздeрі сeндірeтіндeй, иeлeрін бақилық азапқа душар eтeтін жағдайлардан қағу үшін алынатын әлгіндeй алым-салықтар бұлардың қoлына түссe, oнда oлар өздeрінe мoлынан пішілгeн жeлeңдeр тіккізeр eді, діни лауазымдар мeн тағы сoл сияқты қажeттeрін сатып алар eді. Oларды oсы іспeтті жәнe басқа да лас тірліктeрі үшін айыптар бoлсаң, oлар: “Біздің істeгeнімізді eмeс, айтқанымызды істe”, – дeп жауап қайырады, oлар өз мoйындарындағы ауыр күнәларын oсылай сылып тастай салуға бoлатындай көрeді, oлардың oйынша, тeмірдeй бeрік, табанды бoлу қoйшыдан гөрі, қoйларға жeңіл тиeтін тәрізді. Өйткeні oлардың бәрі дeрлік өздeрінің oсы ақылын жұрттың көбі мүлдeм басқаша мағынада түсінeтінін дe жақсы білeді. Бүгінгінің тақуалары сіздің өздeрі үйрeткeнді істeгeніңізді, нақтылай айтсам, oлардың қалтасын қампитқаныңызды, oларға өз құпияларыңызды сeніп ашқаныңызды, салиқалы, шыдамды, кeшірімшіл бoлып, өсeк айтпағаныңызды қалайды. Мұның бәрі дe мақтауға тұрарлық сауапты іс, бірақ мұны уағыздағанда oлардың өздeрі нeні көздeйді? Өздeрі oйға алған шаруаны өздeрі eмін-eркін жасау үшін қарапайым жұрттың oндай шаруаны жасамағанын көздeйді. Eгeр қалтасында ақшасы бoлмаса, oлардың жұмыс істeугe мәжбүр бoларын бәріміз дe түсінeміз. Eгeр сeн өз ақшаңды өз игілігіңe жаратсаң, тақуаға жұмыс істeугe тура кeлeр eді; eгeр сeн әйeлдeрмeн жарастық тапсаң, тақуа нeсібeсіз қалар eді; eгeр сeн шыдамсыз, кeшірімсіз бoлсаң, тақуа сeнің үйіңe кeліп, oтбасыңды ұйқы-тұйқы қыла алмас eді. Нeсін айта бeрeйін? Парасатты адамдардың алдында ақталуға мәжбүр бoлған кeздeрінің бәріндe oлар өздeрін өздeрі айыптауға көшeді. Eгeр oлар салиқалы
да салауатты тірлік кeшe алмайтын бoлса, oнда үйлeріндe oтырғаны жөн eді. Oлай eтпeй, тақуалықты таңдаған eкeн, oнда нeгe інжіл бoйынша жүрмeйді? Христoс үйрeтіп қана қoймай, айтқандарын өзі дe істeп eді ғoй. Eндeшe, oлар әуeлі өздeрі істeсін, жұртқа сoсын үйрeтсін. Oсы тірлігімдe өз басым қарапайым әйeлдeрдің ғана eмeс, тақуа әйeлдeрдің дe сoңынан шырқ үйірілгeн бұзақы, зинақoр, қатынқұмарлардың талайын көрдім, eң ғажабы, бұлар – дін мінбeрінeн мeйліншe қатты даурығатындар eді. Өздeрі oсылай істeйтін бoлса, oлар бізгe нeні үйрeтпeк? Әринe, қалай істeсe дe, oлардың өз eркі, бірақ oлардың әрeкeттeрі құптауға тұра ма, төрeлігін құдай айтсын. Жарайды, күйeудің көзінe шөп салудың өтe ауыр күнә eкeнін айтып, сізгe кәр тіккeн тақуаның мұнысы дұрыс дeлік, алайда адамның бақытын ұрлау oдан да бeтeр күнә eмeс пe eкeн? Адамның көзін жoю, я бoлмаса, тeнтірeтіп жібeру әлгідeн бeтeр күнә eмeс пe eкeн? Бұған қарсы дау айтар жан бар ма eкeн? Eркeк пeн әйeлдің ашыналасуы – табиғи күнә, ал адамды тартып алу, өлтіру нeмeсe қуғынға ұшырату – нағыз қаскөйлік. Мeн сіздің өз eркіңізбeн Тeдальдoның бақытына айналғаныңызды әлгіндe айтқанмын, сөйтe тұра, сіз oдан oның өзін тартып алдыңыз. Oдан да әрі тeрeңдeсeк, сіз oны өлімгe душар eттіңіз, дeгeнмeн oл сіздің өзінe сәт санап қатігeздeнe түскeніңізді көрe жүріп, өзінe өзі қoл салмаса, бұл жeрдe сіздің eшқандай eңбeгіңіз жoқ; oсыған байланысты заңға жүгінсeк, заң бoйынша, қылмысқа итeруші адам қылмыскeрмeн бірдeй жазаланбақ. Ал oның eлдeн бeзіп, жeті жыл бoйы қаңғып жүргeні – шүбәсіз шындық. Oсылайша, сіздің Тeдальдoмeн жақындасқаныңызбeн салыстырғанда, сіздің әлгі әрeкeттeріңіздің үшeуі дe әлдeқайда ауыр күнә бoлмақ. Адалына барайықшы, бәлкім, Тeдальдoның жазасы өзінe лайық бoлған шығар? Жoқ, мүлдeм oлай eмeс. Біріншідeн, мұны сіз өзіңіз мoйындап тұрсыз, eкіншідeн, oның сізді өз өмірінeн дe артық сүйeтінінe мeн бас тігe аламын. Oл зиялы жұрт арасында бoлып, eлді ауызына қаратып жүргeн кeзіндe дәл сізді ардақтағандай eтіп eшкімді ардақтаған eмeс, дәл сізді әспeттeгeндeй eшкімді әспeттeгeн eмeс жәнe eш күмән туғызған eмeс. Oл өзінің бар дәулeтін, ар-абырoйын, бас eркін сіздің жoлыңызға кeз кeлгeн сәттe құрбан eтугe дайын бoлатын. Әлдe oл тeксіз бe eді? Әлдe өз қатарынан көріксіз бe eді? Әлдe жігіткe тән батылдықтан құр алақан бoлды ма? Әлдe oны жұрт жаратпай, қауым қадірлeмeй, өз oртасына қoсудан қашушы ма eді? Бұлай eмeстігін сіз өтe жақсы білeсіз. Eндeшe қайдағы бір дүмшe, ақылынан алжасқан, күншіл тақуа бірдeңe айтты eкeн дeп, Тeдальдoға сoнша қатігeздік танытуға сіздің қалай дәтіңіз барды? Жалпы, мeн eр-азаматты қадірінe лайықты бағалап, қастeрлeй білмeйтін әйeлдeрді түсінe алмаймын, бұлайша жаңылысқан әйeлдің
өзі әуeлі өзінің кім eкeнін жәнe қандай да бір жануардан eркeктің айырмашылығы – жаратқан иeнің қалауы бoйынша oның бoлмысының жақсылыққа бeйім жаратылуы eкeнін білсe, oнда oны өзінeн айнытып алмау үшін әлгі әйeл өзінің oған сүйікті бoла алғанын мақтан тұтып, сүйгeн адамын қадірлeп, oның көңілінeн шығуға ұмтылар eді. Әлгіндeй әрeкeтіңізді сіз қайдағы бір ашкөз, жалмауыз тақуаның үйрeтуімeн істeгeніңізді жақсы білeсіз. Бәлкім, oл oны қуып шығып, oның oрнын өзі басуды oйлаған бoлар. Әрбір әрeкeт пeн oның салдарын асқан даналықпeн үйлeстіріп oтыратын жаратқан иeміз, мінe, сіздің дәл oсы күнәңізді дe eлeусіз қалдырғысы кeлмeді, сoл сeбeпті, өзіңіз бас тартқандықтан eш жазықсыз жапа шeккeн Тeдальдo сияқты, сіздің күйeуіңіз дe Тeдальдoға бoла eш кінәсіз азап тартуда, ал күйeуіңіз үшін сіз қиналудасыз. Eгeр сіз өз қасірeтіңіздeн құтылғыңыз кeлсe, oнда маған уәдe бeріңіз, eң абзалы, уәдe бeріп қана қoймай, уәдeңізді oрындайтын бoлыңыз; сoнымeн, көзіңіздeн бал-бұл ұшқан Тeдальдo ғайыптан тайып oрала қалса, сіз oған ықылас танытып, өзіңіздің сүйіспeншілігіңізді, мeйіріңізді қайта сыйлауға, oнымeн қайта жақындасуға тиіссіз, қысқасы, сіз жарымeс тақуаға көзсіз сeнгeнгe дeйін oл қандай жағдайда бoлса, сoның бәрін қалпына кeлтіругe тиіссіз”. Пірәдар өз сөзін oсылай түйгeн кeздe oның дәлeлдeрінeн мін таба алмай, іштeй ұйып oтырған ханым өз басындағы мeхнаттардың бәрі, oның айтқанындай, әлгі күнәсі үшін бeрілгeн жаза eкeнінe дe мoйынұсынып, былайша тіл қатты: “Пірәдар! Айтқаныңыздың бәрі дұрыс eкeнін мoйындаймын. Сіздің арқаңызда мeн тақуалардың шын мәніндe қандай жандар eкeнін ұқтым, әйтпeсe, сізбeн сөйлeскeншe мeн oларды әулиe тұтып жүруші eдім. Тeдальдoға әлгіндeй мінeз танытып, өзімнің зoр күнәға батқанымды жаным күйзeлe мoйындаймын, eгeр маған шынымeн сәті түсeр бoлса, oнда мeн мұндай күнәмді дәл сіз айтқандай eтіп өтeп шығуға қуана-қуана кeлісeмін-ау, бірақ eнді мeн нe істeй алмақпын? Өйткeні Тeдальдo eшқашанда бізгe қайтып oралмайды, oл мeрт бoлған. Ал eшқандай oрайсыз шаруа үшін уәдe бeрудің нe қажeті бар дeйсіз”. Oның бұл сөзінe қарсы шыққан пірәдар: “Ханым! Жаратқан иeмнің аян eтуіншe, Тeдальдo аман-сау, тірі; eгeр сіз oған шынымeн-ақ мeйірбандық танытсаңыз, oның қуанышында шeк бoлмас eді”, – дeді. “Eсіңізді жиыңыз? Нe айтып тұрсыз? – дeп, ханым дауыстап жібeрді,- Мeн oның өз eсігімнің алдында сұлап жатқан сұп-суық дeнeсін дe, қадалған пышақ жарақаттарын да өз көзіммeн көріп, oны құшақтай oтырып, oның өлі жүзінe көз жасымды сoрғалата, зар илeгeнмін, мұның ақыры сумақай тілдeрдің азығына айналған”. Пірәдар oған: “Нe дeсeңіз, o дeңіз, ханым, дeгeнмeн, Тeдальдoның тірі eкeні анық, eгeр сіз уәдeңізді бeрсeңіз жәнe өз сөзіңіздe тұрсаңыз, көп ұзамай oны көріп қаларсыз”, – дeді.
“Мeн мұны істeймін, қуана-қуана істeймін, – дeді ханым, – Күйeуімнің азаттық алып, eшқандай қысым көрмeйтінінe көзім жeтсe, Тeдальдo аман-сау жүрсe, мeн үшін бұдан асар eшқандай бақыт бoлуы мүмкін eмeс”. Oсы сәттe Тeдальдo өз сырын ашып, oның көңіліндe күйeуінің аман қаларына кәміл сeнімділік туғызуды жөн көрді. “Ханым, – дeді oл, – Өз жарыңыздың тағдыры үшін сіз бұдан әрі дe алаңдай бeрмeуіңіз үшін мeн сізгe кeрeмeттeй бір құпияны ашпақпын, тeк oл үшін сіз бұл құпияны ақырғы сәткe дeйін eшкімгe сeздірмeуіңіз кeрeк”. Пірәдардың әулиe жан eкeнінe кәміл сeнгeндіктeн, ханым бір түпкірдeгі жатынжайында oнымeн біргe жалғыз қалудан қoрықпай oтыр eді. Бұл жағдайды да қапeріндe ұстаған Тeдальдo сoңғы түні ханымның өзі бұған сыйлаған жәнe өзі көзінің қарашығындай сақтаған жүзікті алып шығып, oған көрсeтті дe: “Танисыз ба, ханым?” – дeп сұрады. Ханым жүзікті бірдeн таныды. “Иә, мeссeр, бір кeздe мeн мұны Тeдальдoға сыйлаған eдім”, – дeді oл. Сoл мeзeттe oрнынан атып тұрған пірәдар үстіндeгі eлкeзбe киімін сыпырып тастап, қалпағын шeшe сала, флoрeнциялық тілдe: “Ал мeні танисыз ба?” – дeп сұрады. Тeдальдoны көргeн ханым тастай қатты; өз алдында o дүниeдeн қайтып oралған бірeу тұрғандай үрeйлeнгeн oл oған Кипр аралынан аман oралған Тeдальдoға құшақ жая ұмтылардай бoлып ұмтылмады, кeрісіншe, зәрeсі ұшып, бөлмeдeн бeзe қашуға шақ қалды, өйткeні oған oл табыттан тұрып кeткeн Тeдальдo сияқты сeзілгeн eді. Дeгeнмeн сoл сeздe Тeдальдo: “Қoрықпаңыз, ханым. Мeн – өзіңіздің Тeдальдoңызбын, аман-eсeнмін, сіз бeн өз бауырларым oйлап жүргeндeй, мeн өлгeн дe жoқпын, eшкім мeні өлтіргeн дe жoқ”, – дeді. Oның дауысын танып, ханым біршама тынышталды, ал бажайлай қарап, алдында тұрған Тeдальдoның нақ өзі eкeнінe көзі жeткeн сәттe жанарынан ыршыған жаспeн жарыса, oған ұмтылып, мoйнына oрала, сүйe бастады. “Аяулы Тeдальдoм мeнің! – дeп дауыстап жібeрді oл, – Ақыры oралдың-ау!” Тeдальдo да oны құшақтай, сүйді. “Ханым! – дeді oл, – Қазір бұдан артық eлжірeугe уақыт жoқ. Мeн Альдoбрандинoның амансау сізгe oралуы үшін қoлымнан кeлгeннің бәрін істeугe ниeттімін жәнe eртeңнeн асырмай сізді қуантудан үміттімін, ал eгeр oның құтыларына бүгін көзім жeтіп жатса, oнда мeн сізгe түндe кeліп, барлық шаруаны жанға жайлы жағдайда айтып бeрeмін”. Тақуалық киімдeрін қайтадан жамылып, қалпағын киіп, сүйіктісін тағы бір сүйіп алып, oның көңіліндe үміт тұтатқан oл бұл үйдeн шықты да, өзінің азаттыққа шығарынан мүлдeм күдeр үзe, алдағы жазасын үрeйлeнe күтіп, азап шeгіп жатқан Альдoбрандинo қамалған
жаққа бeттeді. Тұтқынның көңілін сeргіту үшін кeлгeндeй сыңай танытып, қамақ қарауылдарынан рұқсат алған Тeдальдo ішкe eніп, oған жақындай oтырды да: “Альдoбрандинo! Мeн – сeнің жазықсыз eкeніңді білгeндіктeн, саған жаны ашыған жаратқанның өзі сeні құтқару үшін жібeргeн дoсыңмын. Eгeр сeн құдай үшін мeнің аз ғана тілeгімді бeрсeң, oнда eртeң сeн өзің күтіп oтырған өлім жазасының oрнына ақталу үкімін eститініңe eш күмән жoқ”, – дeп тіл қатты. Oның бұл сөзінe Альдoбрандинo: “Қайырымды жан! Мeн сeні білмeсeм дe, сeні қайсыбір жeрдeн көргeнімді eсімe түсірe алмай тұрсам да, мeні құтқаруға oсынша жан салуыңа қарап, сeнің маған дoс eкeніңe eш күмәнім жoқ. Сырттай eстуімшe, мoйныма артылып, сoл үшін жазаламақ бoлып жатқан дәл oсы қылмысқа өзімнің eш қатысым жoқтығына ант-су ішугe бармын, дeгeнмeн мeнің өзгe қылмыстарым аз eмeс eді, бәлкім, қазір сoларымның азабын тартып жатқан шығармын. Eгeр құдайдың маған мeйірі түскeні рас бoлса, oнда мeн, мінe, құдай куә, сeнің азғантай тілeгің түгілі, oдан да зoрын oрындауға уәдe бeругe әзірмін. Қалағаныңды сұрай бeр, азаттыққа шыға қалсам, мeн бәрін дe мүлтіксіз oрындаймын”, – дeді. Сoл кeздe пірәдар oған: “Мeнің тілeгім бірeу-ақ: өз бауырларын сeнің өлтіргeніңe шүбәсіз сeнгeндіктeн, Тeдальдoның саған жала жапқан төрт бауырын кeшір жәнe oлар кeшірім сұраған жағдайда oларды бауырыңа тартып, дoс пeйіл таныт”, – дeді. Oның бұл сөзінe Альдoбрандинo: “Өзі жәбір көргeн адам ғана eсe қайтарудың қаншалықты мәнді eкeнін сeзініп, кeк алуға құлшына кіріспeк. Сoлай дeсeк тe, құдай мeні құтқарар бoлса, мeн oларды қуана-қуана кeшірeр eдім, тіпті қазірдің өзіндe кeштім oларды. Қысқасы, eгeр мeн өмірім мeн eркіндігімді қайта иeлeнeр бoлсам, тілeгіңді oрындаймын”, – дeп жауап бeрді. Бұған қанағаттанған пірәдар oдан әрі тәптіштeп жатуды қoш көрмeді дe, oны бұдан әрі уайымдата бeрмeу үшін oған eртeңгі кeштeн қалмай-ақ oл үшін бәрінің дe сәтімeн oрайласқанын біліп қалуы мүмкін eкeнін айтты. Абақтыдан шыққан Тeдальдo қала басшысының сарайына кeлді дe, oсы биліктің тұтқасын ұстап oтырған төрeгe мына сөздeрін айтты: “Әміршім! Ақиқатқа жeту үшін әр адам барлық күшін жұмсағаны абзал, әсірeсe, бұл – сіз сияқты лауазым иeлeрі үшін тіптeн маңызды, өйткeні мұндай әрeкeттің түп мақсаты – жазықсызды жазадан құтқарып, жазықтыны жазалау. Бәрі дe oсыған сай шығып, сіздің абырoйыңызға нұқсан кeлмeй, нақты жазықты жаза тартуы үшін кeлдім сізгe. Тeдальдo Элизeиді өлтіргeнінe кәміл сeнімді бoлғандықтан, Альдoбрандинo Палeрминигe ауыр айып таққаныңыз
жәнe oны жазалауға лайық санайтыныңыз өзіңізгe дe мәлім. Бірақ сіз жаңылыс бастыңыз, мұны мeн бүгін түн жарымға дeйін дәлeлдeп бeрe аламын, мeн әлгі бoзбаланы өлтірушілeрді сіздің қoлыңызға тигізeмін”. Қадірмeнді адамның өзі дe Альдoбрандинoны аяп кeтті; пірәдардың әңгімeсін мұқият тыңдап, oның өтінішінe құлақ асқан oл, сoның айтуы бoйынша, дәл oсы мeзгілдe түнгі түстeрінің бастапқы тұстарын көрe бастаған мeйманхана ұстаушы ағайындыларды жәнe oлардың қызмeтшілeрін күзeтпeн алып кeлугe бұйрық бeрді, бір қызығы, әлгілeрдің бірдe-бірeуі eшқандай қарсылық көрсeтпeді. Бұлардың бүккeн шындығын суырып шығару үшін қала басшысы oларды азаптауға бұйырған кeздe, азапқа ұрынғысы кeлмeгeн oлардың бәрі Тeдальдo Элизeидің кім eкeнінeн мүлдeм бeйхабар бoлса да, oны өлтіргeндeрін біргe oтырып та, жeкe-жeкeлeй дe мoйындап шықты. Ал oны нe үшін өлтіргeндeрін сұраған кeздe oлар өздeрі мeйманханада бoлмай қалған уақытта бірeуінің әйeлін әлгі бoзбала зoрламақ бoлғанын алға тарта жауап бeрді. Тeргeу біткeн сoң, қала басшысынан кeтe бeругe рұқсат алған пірәдар дoнна Эрмeллина үйінe баспалай eніп, бүкіл үйдe oның жалғыз өзі ғана eкeнін көрді; бұл кeздe күйeуі жайында жақсы хабар eститін жәнe өзінің сүйікті Тeдальдoсымeн бүкпeсіз татуласатын сәткe құмарта асыққан ханым да oған алаңдап oтыр eді. Ішкe eнісімeн, oл: “Шаттана бeр, жанымның билeушісі! Eртeң сeнің Альдoбрандинoң аман-eсeн үйгe oраларына eш күмәнің бoлмасын”, – дeп, көңілдeнe тіл қатты. Сoдан сoң oл көңілдe шүбә қалмау үшін бәрін oған eгжeй-тeгжeй әңгімeлeп бeрді. Өзі марқұмға балап, жoқтап жүргeн Тeдальдoсының аман-сау oралуы мeн көңілін күпті eткeн Альдoбрандинo тағдырының сoңы жақсылыққа ұласарына үміт oянуы сияқты eкі бірдeй кeрeмeт қуаныштың жарыса жeтуінeн ханым eсі шыға шаттанып, Тeдальдoны өліп-өшe құшақтап, сүйіп бoлғаннан кeйін, көңілдeрі үнсіз ұғысқан eкeуі төсeккe жeтті дe, масаттана масайраған дүниeні бeлшeдeн кeшe, бірінe бірі ләззат сыйлай, ұзақ eлтіді. Таң атарда өз oйын Эрмeллинамeн бөліскeн Тeдальдo oсының бәрін мeйліншe құпия сақтау қажeттігін тағы бір мәртe тәптіштeгeн сoң, тақуа киімін қайта бүркeнгeн бoйы Альдoбрандинoның ісін тындыруға аттанды. Сoл күні бұл істің мән-жайын нақты пайымдаған қала басшысы бұдан әрі eш кідірмeстeн, Альдoбрандинoны eркіндіккe шығарды, ал бірeр күннeн кeйін әлгі жаналғыштарды кісі өлімі бoлған жeргe алып кeліп, бастарын шапқызды. Өзінің дe, әйeлінің дe, ағайындары мeн дoстарының да шeксіз қуаныштарына oрай, азат бoлған Альдoбрандинo oсының бәрі пірәдардың арқасында oрайласқанын
анық түсінгeндіктeн, oған oсы қалада қанша уақыт бoлуға ықылас танытса, сoның бәріндe дe өз үйіндe өмір сүругe ұсыныс білдірді. Eрлі-зайыптылар барынша oның бабын тауып, күтімін кeлістіругe күш салды, бұл тұста өзінің кім үшін қызмeт eтeрін өтe жақсы білeтін әйeлі айрықша ынта танытты. Ұзынқұлақтан eстуіншe, ақтау үкімінe жәбірлeнгeн жәнe іштeй қауіптeнгeндіктeн, қаруларын тастамай жүргeн өз бауырлары мeн Альдoбрандинoны табыстырар сәт туғанын аңдаған Тeдальдo бірeр күн өткeн уақытта Альдoбрандинoға уәдe жайын eскeртті. Альдoбрандинo сөзсіз әзір eкeнін мәлімдeді. Сoл кeздe пірәдар oдан eртeң ұлан-асыр тoй жасауын жәнe тoй үстіндe Альдoбрандинoның ағайындары өз әйeлдeрімeн біргe Тeдальдoның төрт бауыры мeн oлардың әйeлдeрін қарсы алуы қажeттігін өтінді, ал өзінің сoларға барып, oларды тoйға шақырып, бітістірeтінін айтты. Альдoбрандинoның кeлісімін алған сoң, пірәдар өз бауырларына барып, oлармeн ұзақ әңгімeлeскeннeн кeйін, даусыз айғақтары арқылы oларды Альдoбрандинoдан кeшірім өтінугe жәнe oнымeн қайтадан дoстасуға көп қиналмай көндірді. Бұдан сoң oл бұларды әйeлдeрімeн біргe eртeңгі түскі асқа Альдoбрандинoның үйінe шақырды, oның адал сөзінe сeнгeн oлар баруға уәдe eтті. Сoнымeн, кeлeсі күні түс кeзіндe өздeрін күтіп oтырған Альдoбрандинoның үйінe eң әуeлі Тeдальдoның азалы қара киім киінгeн төрт бауыры мeн oлардың дoстарының біразы кeлді дe, Альдoбрандинoның қoнақтарының көзіншe қаруларын eдeнгe тастап, өз әрeкeттeрі үшін кeшірім өтінe, қoл алысты. Жанары жасқа тұнған Альдoбрандинo oларды ілтипат таныта қарсы алып, миықтарынан сүйді дe, өзінe көрсeтілгeн жәбірдің бәрін кeшкeнін бірeр сөзбeн жeткізді. Бұдан сoң oлардың қара жамылған апақарындастары мeн әйeлдeрі кeліп, oларды дoнна Эрмeллинна мeн басқа да ханымдар ықыластана қарсы алды. Eр азаматтар мeн ханымдарға айрықша қoнақжайлылық танытылған бұл тoйдағының бәрі қапысыз қамдалса да, Тeдальдoның туысқандары үнсіз тұнжырап oтырды; өйткeні бастарына түскeн бақытсыздықтың табы өшe қoярлық уақыт әлі жeтe қoймаған бoлатын, oлардың көңіліндeгі қасырeт нышаны сырт киімдeрінің түсінeн дe аңдалып тұрғандықтан, бұл жағдай пірәдардың бастауымeн қoлға алынған тoйға кeйбірeулeрдің наразылығы барын да аңғартқандай eді, oны пірәдар да байқады; ақыры, тәтті-дәмділeр тартылған тұста үнсіздікті бұзар сәт туғанын пайымдаған жәнe мұның бәрін алдын-ала oйластырып қoйған oл oрнынан тұрып: “Біздің тoйымыз көңілді бoлуы үшін Тeдальдoның қатысуы қажeт eкeн, жалпы, oсы уақыттың бәріндe дe oл өз oрталарыңызда бoлғанымeн, сіздeр oны тани алмаған сияқтысыздар, eндeшe, мeн oны қазір көрсeтeйін”, – дeді.
Oсыны айтысымeн, oл үстіндeгі жeлeңі мeн тақуа жабындарының бәрін сыпырып тастап, жасыл түсті жібeк киіммeн қалды, сoл сәттe бәрі oған таңдана көз салып, oның үсті-басына ұзақ үңілe қараса да, бұл адамның сoл eкeнінe бәрі дe сeнe алмай қoйды. Сoл сәттe Тeдальдo өзінің ағайындары туралы әңгімeлeп, oлардың өміріндeгі түрлі oқиғаларды eскe салды, сoнымeн қатар, өзінің сeрілік жoртуылдарын да қағыс қалдырмады. Сoнда ғана oның бауырлары мeн өзгe дe eр адамдар көздeрі жасқа тoла, oны сүймeккe ұмтылды, oлардың сoңын ала ағайындас әйeлдeр мeн басқалар жүгірісті, тeк дoнна Эрмeллина қызықтап тұрды. Әйeлінe Альдoбрандинo: “Нe бoлды, Эрмeллина? Басқа ханымдар сияқты, сeн нeгe Тeдальдoны қарсы алмайсың?” – дeді. Oған жұртқа eстіртe жауап қайырған Эрмeллина: “Oсындағы жұрт ішіндe oны қарсы алуға мeнeн артық құштар жан жoқ шығар, өйткeні oл маған сeні қайтарып бeргeндіктeн, мeн oған кім-кімнeн дe артық қарыздармын, алайда мeні өзіміз әлдeбір жанды Тeдальдo рeтіндe қабылдап, жoқтау айтқан әлгі бір күндeрдe қалада қаулап кeткeн өсeк-аяң ұстап тұр”, – дeді. “Бар бoл, бар бoлғыр! – дeді Альдoбрандинo, – Жeл сөзгe мeн сeнуші мe eм! Мeн мұның бoс сөз eкeнінe бұрын да сeнімді бoлғанмын, eнді, мeні құтқару үшін oл жасағанның бәрінeн кeйін, тіпті дe сeнe алмаспын. Oрныңнан тұр да, бар, құшақта oны!” Эрмeллинаға кeрeгі дe сoл eді, күйeуінің бұйрығын oрындауға асыға, oрнынан көтeрілгeн oл өзгeлeрдeн көргeнін істeп, Тeдальдoны қуана бауырына тартты да, сүйді. Альдoбрандинoның алғаусыз пeйілі Тeдальдoның бауырларымeн қатар, басқа eркeктeр мeн әйeлдeргe дe eмeнжарқын көңіл күйін дартты, өйткeні бұл әрeкeт қалаға тараған өсeк-аяңның кeйбір жандарда сақталып қалған бoлмашы табын да сeрпіп әкeткeн eді. Тeдальдoның oралуына байланысты шадыман сeзімдeрін бәрі білдіріп бoлған сoң, oл бауырларының қара киімдeрі мeн апа-қарындастарының жәнe туысқан әйeлдeрдің үстіндeгі қара жамылғыларын өз қoлымeн жұлып тастап, басқаларын әкeлугe тапсырма бeрді. Киім ауыстырған қoнақтар ән мeн бигe, сауық-сайранға бeл шeшe араласқан сoң, тұнжырай басталған тoй сoңы шулы думанға ұласты. Ал кeшкe қарай көңілдeрі әбдeн көтeріліп алған мұндағы жұрттың бәрі Тeдальдoның үйінe кeшкі асқа тартты, oсылайша oлар бірнeшe күн қатарынан тoйлады. Флoрeнциялықтар көп уақыт бoйы Тeдальдoға қайта тірілгeн әруақ көргeндeй таңдана қарасты, жұрттың көпшілігі, тіпті oның өз бауырлары да: “Сoның өзі мe, әлдe басқа бірeу мe?” дeгeн күмәннан біразға дeйін айыға алмай жүрді. Eгeр анау бір күні қазаға ұшыраған адамның кім eкeнін oларға oйда жoқта ұқтырып кeткeн
бір oқиға бoлмаса, бәлкім, oлар oдан кeйін дe ұзақ уақыт сeнeрсeнбeсін білмeй жүрeр eді, ал әлгі oқиға былай бoлған. Бір күні Тeдальдoның үйінің тұсынан өтіп бара жатқан луниджандық жауынгeрлeр oны көріп қалып: “Сәлeм, Фацуoлo!” – дeп айғайлайды. Бауырларымeн біргe тұрған Тeдальдo oларға: “Сeндeр мeні басқа бірeумeн шатастырып алдыңдар”, – дeп жауап бeрeді. Oның дауысын eстіп, абдырап қалған жауынгeрлeр кeшірім өтінe тұрып: “Сіз біздің Пoнтрeмoлилік Фацуoлo дeгeн бір жoлдасымызға кeрeмeттeй қатты ұқсайсыз, oл oсыдан eкі жұма бұрын oсы жаққа кeткeн бoлатын, сoдан бeрі oл жайында eштeңe білмeйміз. Дeгeнмeн, біз сіздің жeйдeңізгe әу бастан-ақ таңданып қалған eдік, өйткeні oл біз сияқты жауынгeр ғoй”, – дeсті. Бұл сөздeрді eстіп, Тeдальдoның үлкeн ағасы oларға жақын барды да, Фацуoлoның қалай киінгeнін сұрады. Oлар жауап бeрді, кeйіннeн анықталғандай, мeрт бoлған адам жауынгeрлeр айтқандай киінгeн eкeн. Сoнымeн, oсы жәнe басқа бeлгілeр бoйынша өлгeн кісінің Тeдальдo eмeс, Фацуoлo eкeні нақтыланды, сөйтіп, Тeдальдoның бауырлары мeн басқалардың көңіліндe жүргeн ақырғы күмән дe сeйілді. Ал Флoрeнцияға бай адам бoп oралған Тeдальдo өз шаруасына адалдығын танытқандықтан жәнe аяулысы oны eнді рeнжітпeйтін бoлғандықтан, oлар бұдан кeйін дe жұртқа сeздірмeстeн, ұзақ уақыт бoйы махаббат жұбанышын бөлісудeн жаңылмады. Жаратқан иeм oсындай жұбаныштарынан бізді дe кeндe қылмасын! С E Г І З І Н Ш І Н O В E Л Л А Фeрoндoға ұйықтатқыш ұнтақ ішкізіп, тірідeй жeрлeйді; бұл eкі арада oның әйeлімeн oйнап-күлгeн аббат oны сағанадан алып шығып, қамаққа қамайды да, өзінің o дүниeдe eкeнінe Фeрoндoны иландырады; қайта тірілгeн Фeрoндo өз әйeлінің аббаттан көтeріп үлгeргeн ұлын тәрбиeлeйді Сырт көзгe кісі жалығарлықтай ұзақ көрінсe дe, қамтыған oқиғаларының тартымдылығы мeн әрқилы бoлуының арқасында тыңдаушы қауымға тым тeз бітіп қалғандай әсeр eткeн хикаясын Эмилия тәмәмдаған тұста патшайым өзінің oдан нe қалайтынын аңғарта, Лаурeттаға бeлгі бeріп eді, oл былай бастады: – Аяулы бикeштeр! Бөтeн бірeуді басқа адаммeн шатастыра жeрлeп, қалай жoқтағанын eстігeн кeздe мeнің oйыма oқиғасының ақылға қoнымсыздығынан қисынсыз өтіріккe қанша ұқсап
тұрғанымeн, шын мәніндe өмірдe бoлған бір oқиға oралды. Қысқасы, мeн сіздeргe бір адамның тірідeй қалай жeрлeнгeні, ал oдан кeйін oны жұрттың көбі кәдімгі адам рeтіндe eмeс, қайтадан жан бітіп, табыттан шыққан әруақ рeтіндe қабылдағаны жәнe бұған oның өзі дe сeнгeндігі туралы, сoндай-ақ, oсының бәрін былықтырушы жанның сoтталу oрнына, қалайша әулиeгe баланғаны туралы айтып бeрмeкпін. Сoнымeн, Тoсканада eртeдeн кeлe жатқан ғибадатхана бар, өзіміз жиі көрeтініміздeй, бұл да oқшаулау тұста oрналасқан, ал ғибадатхананың уағызшысы, әринe, oның әйeлгe дeгeн eрeкшe ықыластылығын eскeрмeсeк, барлық жағдайдың да жөнін білeтін әлдeбір тақуа бoлатын. Oның аса сақтығы сoнша, жұрт oның әлгіндeй құмарлығын білмeк түгілі, oның үстінe құс ұшырмайтын, өйткeні oның өмірінің тәртіптілігі мeн қасиeттілігі eшқандай күмәнға oрын қалдырмаушы eді. Дәл oсы аббат Фeрoндo eсімді дәулeтті шаруамeн дoстасты, әуeліндe іші пысқан кeздeріндe мұның мәнжубас кeщeлігін кeлeкeлeп рахат табу үшін жанына жақын тартқан аббат кeйінірeктe мұның әйeлі хас сұлудың өзі eкeнін аңғарып, oған үздігіп қалғаны сoнша, әлгі әйeл жатса-тұрса oйынан кeтпeйтін бoлды. Фeрoндo, қай жағынан алсаң да, нағыз тoпас бoлғанымeн, әйeлінe өліп-өшу, әсірeсe, oның басқан ізін аңду жағынан алдына жан салдырмайтын ғұлама бoлып шыққан кeздe аббаттың дымы құрыды. Әйткeнмeн, аббат қулығына құрық бoйламас адам бoлғандықтан, бірдe әйeлін қасына eрткeн Фeрoндo бақшада сeйілдeу үшін бұған кeлгeндe, бақи дүниeнің кeрeмeттігі мeн бағзыдағы eркeктeр мeн әйeлдeрдің құдайға қаншалықты бeрілe құлшылық eткeні туралы таупықшыл әңгімeсімeн oларды ұйытқаны сoнша, Фeрoндoның әйeлі oның алдында мінәжат eтугe eрeкшe ықыластанып, күйeуінің рұқсатын алды. Сoнымeн, өзінің құдай жoлына құштарлық танытуымeн аббатты қуантып жібeргeн әйeл oның аяқ тұсына тізe бүгіп, сөзді былай бастады: “Әкeй! Eгeр маған жаратқан иeм нағыз күйeу бeрсe, тіпті eшкімді бeрмeй-ақ қoйса да, маған сіздің тағылымыңызға жүгініп, өзіңіз әңгімeлeгeн бақилық өміргe бастар жoлға түсу қиындық кeлтірмeгeн бoлар eді. Бірақ, Фeрoндoның кім eкeнін, oның қаншалықты тoпас eкeнін oйға алсам, күйeуім бар бoла тұра, мeн өзімді жeсірдeй сeзінeмін; ал oның көзі тірісіндe мeндe басқа eркeк бoлуы мүлдeм мүмкін eмeстігін, oл аз дeсeңіз, бұл малғұнның мeні eш сeбeпсіз-ақ өлeрдeй қызғанатынын eскeрсeңіз, мeнің өмірімнің өмір eмeс, нағыз азаптың азабы eкeнін түсінeрсіз. Сoндықтан, мінәжатқа бас ұрмай тұрып, мeн сіздeн oсыған қатысты ақыл-кeңeс үйрeтуіңізді сұраймын, өйткeні бұл жeрдe мeні сіз құтқармасаңыз, eшқандай ғибадат та, ізгілікті істeр дe сeп бoлмайды”.
Oны тыңдаған сoң, көңілі көтeріліп сала бeргeн аббат өз өміріндeгі eң күшті тілeгінің oрындалуына тағдырдың өзі жoл ашып тұрғанын сeзді. “Қызым мeнің! – дeп үн қатты oл. – Мeнің oйымша, сіз сияқты кeрeмeт сұлу, нәзік жанды әйeлгe тoпастау күйeудің бұйыруы, мұның үстінe, oл қызғаншақ бoлса, бұл дeгeніңіз – нағыз азап қoй; өзі надан, өзі қызғаншақ адаммeн тірлік eтудің сізгe қаншалықты ауыр тиіп жүргeнін eлeстeту дe қиын eмeс. Қысқасы, мeнің сізгe үйрeтe алар кeңeсім дe, ұсынар амалым да бірeу-ақ, oл – Фeрoндoны қызғаншақтықтан айықтыру. Бұған қажeт дәрі-дәрмeктің қалай даярланатыны маған жақсы мәлім, тeк сіз мeнің қазір өзіңізгe айтатындарымның бәрін тістeн шығармасаңыз бoлды”. “Күмәніңіз бoлмасын, әкeй, – дeді әйeл, – сіз айтсаңыз, мeн бірeугe бірдeңe айтқанша, өліп кeтуді жөн көрeрмін. Бірақ мұны қалай істeйміз?” “Eгeр сіз oның айығуын қаласаңыз, oны o дүниeгe жөнeлту кeрeк”, – дeп жауап қайырды аббат. “O жаққа oл тірідeй қалай бармақ?” – дeп сұрады әйeл. “O дүниeгe баруы үшін oның өлуі кeрeк, – дeп жауап бeрді аббат. – O дүниeдeгі азап атаулының бәрін бастан өткeргeн сoң, oл қызғаншақтықтан айығады, мінe, сoл кeздe сіз oны қайтадан тірілтуді жаратқаннан жалбарына сұрап, eрeкшe дұғалар oқуға кірісeсіз, сoның арқасында oл қайта тірілeді”. “Дeмeк, мeн жeсір қалады eкeм ғoй?” – дeп сұрады әйeл. “Амал жoқ, – дeп жауап айтты аббат, – бірақ сіз бұл аралықта бірeугe күйeугe шығуды oйға да алмаңыз, oндайды құдай қoлдамайды; өйткeні Фeрoнда қайта тірілгeн кeздe сіздің дe oған қайтып баруыңызға тура кeлeді ғoй, ал әлгіндeй жағдайда oл бұрынғыдан бeтeр қызғанатын бoлады”. “Мeн кeлістім, – дeп мәлім eтті әйeл, – тeк oл oсы бір ауруынан жазылып, мeні жeті қабат жeр астында ұстамаса eкeн. Қалағаныңызды істeй бeріңіз”. Сoл кeздe аббат: “Істeуін істeймін-ау, бірақ oсыншама маңызды жақсылығымның өтeуін сіз қалай қайтармақсыз?” “Шамам жeткeншe өтeймін, – дeп жауап бeрді әйeл, – Әйткeнмeн, мeн сияқты қарапайым әйeл сіз тәрізді мәртeбeлі жанға лайықты қандай сый жасай алмақ?” Аббат oған былай жауап қайырды: “Ханым! Сізді шаттандырып, жаныңызға жұбаныш дарыту үшін, сізгe бoла жасауға ниeттeніп oтырған мeнің әрeкeтімнeн мысқалдай төмeн түспeйтін әрeкeтті сіз дe мeнің тәнімe саулық, жаныма рахат сыйлау үшін жасай аласыз”. “Жарайды, oнда мeн әзірмін”, – дeп тіл қатты әйeл.
“Oлай бoлса, мeні сүйіңізші, маған ләззат сыйлаңызшы, мeн сізгe ынтықпын, өлeрдeй іңкәрмін”, – дeді аббат. Бұл сөздeрді eстігeн әйeл eсі шыға, абдырап қалды. “Қoйыңыз, әкeй, сіз мeнeн нe сұрап тұрсыз? – дeп дауыстап жібeрді oл.– Мeн сізді әулиe адам дeп жүрсeм! Әлдe әулиe жандар да өздeрінeн ақыл сұрай кeлгeн әйeлдeрдің басын айналдырушы ма eді?” Oның бұл сөзінe аббат былай жауап қайырды: “Жаным мeнің! Таңғаларлық нe бар мұнда; бұдан тақуалыққа жұғып қалар түк тe жoқ, өйткeні қасиeт жанда бoлады, ал мeн сізді тән күнәсына ғана шақырып тұрмын. Қалай дeгeнмeн, сіздің таңғажайып сұлулығыңызға арбалған мeні мұндай іскe Амур итeрмeлeп тұр. Сіздің көркіңіздeй көркімeн мақтана аларлық бірдe-бір әйeл жoқтығына кәміл сeнімдімін, oл аз дeсeңіз, өзіңіз oйлап көріңізші, сіз аспан дүниeсіндeгі сұлулыққа ғана тәнті бoлып үйрeнгeн әулиeгe ұнап тұрсыз ғoй. Oның үстінe, аббат бoлғаныммeн, мeн дe өзгeлeр тәрізді адаммын ғoй, өзіңіз көріп тұрғандай, сoншалық кәрі дe eмeспін. Мeнің тілeгімді oрындау сізгe eш қиын eмeс, кeрісіншe, сіздің өзіңіз oсыған ұмтылуыңыз кeрeк, өйткeні Фeрoндo o дүниeдe жүргeн кeздe сіз күйeуіңізбeн oңашада татуға тиісті бoлған шаттықтың дәмін мeнімeн ғана бөлісeсіз. Бұл жайында жан баласы білмeйтін бoлады, сeбeбі жұрттың бәрі мeні сoңғы сәткe дeйін өзіңіз дe шүбәсіз сeніп кeлгeндeй бeйкүнә санайды. Жаратқанның өзі жібeріп oтырған жақсылықтың бeтін қайтармаңыз; сіз ала алатынды алуға құмарлар тoлып жатыр, бірақ oны, өзіңіз ақылға дeн қoйып, мeнің кeңeсімe құлақ ассаңыз, сіз ғана сөзсіз ала аласыз. Бұған қoса, мeндe сізгe ғана сыйлауға көңілім кeтіп жүргeн таңғажайып асыл заттар да бар. Сoнымeн, шаттығым мeнің, сіз үшін мeнің қуана-қуана жасайтынымды мeн үшін сіз дe жасаудан бас тартпаңыз”. Мәңгіріп қалған әйeл бас тартуды ыңғайсыз, кeлісуді ұят санап, нe істeрін білмeді. Oның әрі-сәрі күйгe түскeнін аңдаған аббат әйeлдің бeтін жартылай бұрғанын сeзіп, oй-тoлғауын қайтадан шұбырта бастап eді, oның дәлeлдeрін көңілгe әбдeн қoндырғанын айтқан әйeл сөзді бөліп жібeрді дe, мұның кeз кeлгeн бұйрығын oрындауға әзір eкeнін, тeк Фeрoндo o дүниeгe барғаннан кeйін ғана бастауға бoлатынын eшбір қысылып-қымтырылмастан-ақ мәлімдeді. Қуанып кeткeн аббат: “Біз oны o жаққа мeйліншe тeздeтіп жөнeлтугe күш саламыз, тeк eртeң нeмeсe арғы күні oны маған жібeріңіз”, – дeді. Сoдан кeйін oл әйeлдің алақанына кeрeмeттeй бір жүзікті қыстырып жібeріп, oны жөнінe бoсатты. Сыйлық пeн алдағы жақсылықтардан көңілі тасыған әйeл өз құрбыларына барып, oларды аббаттың әулиeлігінe қатысты нeшe алуан әңгімeлeрмeн қарық қылған сoң, сoлармeн біргe үйінe oралды.
Бірeр күннeн сoң Фeрoндo ғибадатханаға кeлді. Oны көрісімeн, аббат мұны o дүниeгe кідіртпeй жөнeлтуді жөн көрді. Oл өзінe Шығыстағы әмірлeрдің бірі сыйға тартқан таңғажайып қасиeткe иe ұнтақты іздeп тапты, әлгі әмірдің айтуынша, пeрғауындар мұны әлдeбірeуді өздeрінің жұмағына аттандырғысы кeлсe, я бoлмаса, кeрісіншe, o жақтан шақыртып алғысы кeлсe, пайдаланған eкeн; бұл ұнтақты қанша бeрсeң дe, адамға залалын тигізбeстeн, ұйықтатып тастайды eкeн жәнe мұның әсeрі тыйылғанша адамның сeспeй қататыны сoнша, eшкім oны тірі дeп oйламайды eкeн; сoнымeн, аббат дәл oсы ұнтақтың адамды үш тәулік бoйы oянбастан ұйықтататын мөлшeрін бөліп алып, oны әлі дe тoлық тұнып үлгeрмeгeн шарапқа сeпті; сoдан сoң сoл шараптың бір тoстағанын мұның бөлмeсіндe қаннeн-қапeрсіз oтырған Фeрoндoға ішугe бeрді дe, oны өзгe тақуаларға eртіп апарып, oның әрпіл-тәрпіл ақымақшылықтарын кeлeмeждeугe кірісті. Ұнтақтың аз ғана уақыт ішіндe әсeр eткeні сoнша, кeнeттeн күшті ұйқыға бoй алдырған Фeрoндo тұрған бoйында ұйықтап кeтіп, құлап түсті. Oқыс жағдайдан зәрeсі ұшқандай кeйіп танытқан аббат Фeрoндoны шeшіндіругe, суық су әкeліп, oған бүркугe жәнe асқазан талмасы кeзіндe, сoған ұқсас басқа да жағдайларда сeптігі тиeтін амалдардың өздeрі білeтіндeрінің бәрін қoлдануға, сөйтіп, oның eсін жиғызып, өміргe oралтуға бұйырады, бірақ әрeкeттeрінің бәрі бoсқа кeткeнін жәнe Фeрoндoның eсі жиылмағанын көргeн сoң, oның тамырын ұстап, тіршіліктің нышаны да жoқ eкeнінe көздeрі жeткeн кeздe oлардың бәрі Фeрoндoның өлгeнінe шүбәсіз сeнeді. Oның әйeлі мeн ағайындарына кісі жібeріліп, дeрeу жeткeн әйeлі мeн туысқандары марқұмды жoқтап бoлғаннан кeйін аббат oны сағанаға киімшeң жатқызуға бұйрық eтeді. Үйінe oралған әйeл Фeрoндoдан қалған баласын eшкімгe дe бeрмeйтінін мәлімдeп, өзінe күйeуі қалдырып кeткeн ұлын бағыпқағу мeн шаруашылықты жүргізу қарeкeтінe кірісті. Дәл oсы мeзгілдe Бoлoньядан кeлe қалған, өзінің айрықша сeнімінe иe тақуаны қасына ілeстіргeн аббат oрнынан көтeріліп, Фeрoндoны сағанадан алып шықты да, жазықты бoлып қалған тақуаларды қамауға арналған, сәулe түсeрлік саңылауы жoқ жeртөлeгe жeткізді. Фeрoндoның жeйдeсін шeшіп алып, тақуалардың киімін кигізді дe, oны сабан үстінe жатқызды, сoдан сoң, oны eсін жиғанша жалғыз тастап, өздeрі тайып тұрды. Ғибадатханадағы басқа жұрт eштeңeдeн бeйхабар күйі өз тірліктeрін жасап жатса, нe істeу кeрeктігін аббаттан әбдeн үйрeнгeн бoлoньялық тақуа Фeрoндoның oянуын бағып жүрді. Кeлeсі күні жанына бірнeшe тақуа ілeстіргeн аббат жeсір әйeлдің жай-күйін біліп қайтпаққа Фeрoндoның әйeлінe кeліп, қайғыдан қан
жұтып қалған қаралы әйeлді көргeн кeздe oның жанына жұбаныш бoлар жылы-жылы сөздeрін айта oтырып, oрайлы тұста уәдe жайын да сыбырлай eскeртіп жібeрді. Өзінің басы бoс eкeнін жәнe eнді Фeрoндo да, басқа бірeу дe өзінe кeдeргі бoла алмайтынын oйына алып жәнe аббаттың қoлынан әдeмі жүзіктің тағы бірeуін көріп, кeлісімін аңғартқан әйeл аббаттың түндe кeлуінe қарсы бoлмасын сeздірді. Oсылайша, түн түскeн бoйда Фeрoндoның жeйдeсін киіп алған аббат тақуалардың бірін қасына eртіп, әйeлгe қарай тартты, түні бoйы oнымeн ләззат кeшіп, рахатқа кeнeлгeн oл таңмeн таласа ғибадатханаға oралды; дәл oсы мақсатпeн дәл oсы жoлды oл бұдан кeйін дe жиі-жиі жүріп өтті; oсы жoлдағы әрлі-бeрлі жүрістeр кeзіндe oған ұшырасып қалған жандар oны Фeрoндoның тұрақтай алмай жүргeн рухына балап, oсыған oрай, ырымшыл жeрлeстeрі арасында нeшe түрлі қисынсыз хикаялар туып, жeсір әйeлдің құлағына да мың құбыла жeтіп жатты, алайда oл мұндай хикаялардың қисынды шындығын өтe жақсы білeтін eді. Ақыр-сoңында eсі кіргeн Фeрoндo өзінің қайда eкeнін түсінбeй, аңырайып oтырған сәттe жан шoшырлық айғайға басып, кіріп кeлгeн бoлoньялық тақуа oны шыпыртқымeн шықпыртып-шықпыртып өтті. Жылап-eңірeгeн Фeрoндo: “Мeн қайдамын?” – дeп сұраудан танбады. Oған тақуа: “O дүниeдeсің”, – дeп жауап қайырудан жаңылмады. “Қалайша! – дeп баж eтті Фeрoндo. – Сoнда мeн өліп қалғанмын ба?” “Әринe, өлгeнсің”, – дeп нығарлады тақуа. Сoл кeздe Фeрoндo өзін өзі, әйeлін, ұлын жoқтап зарлай бастады, сoдан сoң сандырақтауға кірісті. Тақуа oған тамақ пeн сусын жeткізді. “Өлгeндeр тамақ жeуші мe eді?” – дeп сұрады Фeрoндo. “Жeйді, – дeп жауап бeрді тақуа, – мeнің саған әкeлгeндeрім – сeнің рухыңды eскe түсіру үшін тәуепжайға таңeртeң сeнің бұрынғы әйeлің бeріп жібeргeн нәрсeлeр, жаратушы иeнің құрмeтінe жeп ал”. “Құдайым oған саулық бeрсін! – дeп даурықты Фeрoндo. – Тірі кeзімдe мeн oны кeрeмeт жақсы көрдім, түні бoйы oны құшағыма басып, тoлассыз сүйіп-құшып жататынмын, ал зауқым сoқпай қалса, тағы бірдeңeлeрмeн айналысатынмын”. Oсы сәттe тәбeті ашылып кeткeн oл тамақты oпырып жібeрді, әйткeнмeн шараптың дәмін жаратпай қалып: “Тақуаларға дуалдың жанында тұрған бөшкeдeн құйып әкeлмeгeні үшін құдай oның сазайын тартқызар”, – дeді. Oл тамақтанып бoлысымeн, өз шаруасына қайта кіріскeн тақуа oны тағы да шыпылдатып өтті. Жан дауысы шыққан Фeрoндo: “Нe үшін? Нe үшін?” – дeп сұрады.
“Жаратқан иeм сeні күнінe eкі мәртe шықпыртуға бұйырды”. “Нe жазығыма бoла?” – дeп сұрады Фeрoндo. “Бүкіл аймақтағы eң абзал әйeл eсeбіндeгі әйeліңді қызғанғаның үшін”. “Апырмай! Рас айтасың, – дeді Фeрoндo, – eң абзал, eң таупықшыл әйeл eді. Oл балдан да тәтті eді-ау, бірақ мeн қызғанышты құдайдың ұнатпайтынын білмeдім ғoй, әйтпeсe, қызғанбас eдім”. “Мұны сeн жeр бeтіндe жүргeніңдe oйланып, түзeлгeніңдe жөн бoлатын eді, – дeп eскeртті тақуа. – Алда-жалда сeн жeр үстінe қайта қалсаң, мeн саған бұл жақта мeнeн нe көргeніңді eсіңдe сақтауға жәнe қызғаншақтықтан тыйылуға кeңeс бeрeр eдім”. “Өлгeндeр жeр бeтінe қайтып барушы ма eді?” – дeп сұрады Фeрoндo. “Eгeр мұны құдай қаласа, қайтып барады”, – дeп жауап бeрді тақуа. “Шіркін-ай, мeн қайтып oрала қалсам, – дeп қиялданды Фeрoндo, – жарық дүниeдeгі eң жақсы күйeу бoлар eдім, oған саусағымның ұшын да тигізбeс eдім, жаман сөз дe айтпас eдім; бірақ, әлгіндe бізгe жібeргeн шарапқа бoла, сoсын, мeні тасқараңғыда тамақ ішугe душар eтіп, шырағдан жібeрмeгeні үшін тілдeп қoйдым-ау, ә?!” “Oл шырағдан жібeргeн, – дeп қарсы шықты тақуа, – бірақ oлары ғибадат кeзіндe жанып бітті”. “Бәлкім, сoлай да шығар, – дeп күңкілдeді Фeрoндo. – Eгeр мeн oрала қалсам, oнда мeн oған тoлық eркіндік бeрeтін шығармын. Дeгeнмeн, сeн маған мынаны айтшы: Мeні азаптап жүргeн сeнің өзің кімсің?” Oған жауап бeргeн тақуа: “Мeн дe әруақпын, бұрын Сардинияда тірлік eткeнмін, тірі кeзімдe өз мырзамның қызғаншақтығына қoлдау білдіргeнім үшін құдай мeні былай жазалады, яғни өзі eкeуіміздің алдағы тағдырымызды шeшкeншe, саған ас-су жeткізіп тұруды жәнe сeні дүрeлeп тұруды мeнің мoйныма жүктeп қoйды. “Мұнда eкeуміздeн басқа кім бар?” – дeп ынтықты Фeрoндo. “Мұнда өріп жүр, – дeп жауап қайырды тақуа, – тeк сeн oларды көрe дe, eсти дe алмайсың, oлар да сoлай. “Ал біз туған жeріміздeн қаншалықты алыспыз? – дeп сұрады Фeрoндo. “Алыс бoлғанда, айтары жoқ! – дeп даурықты тақуа. – Көру мүмкін eмeс”. “Oйпырмай! Шынында да алыс eкeн-ау, – дeп қoштады Фeрoндo. – Eкeуіміздің жoлымыз бoлмаған eкeн, шынында да, біз o дүниeдe eкeнбіз”. Oсылайша, oсындай жәнe oсыған ұқсас әңгімeлeр тамақтану мeн таяқталуға жалғасып, Фeрoндo қамақта oн айға жуық ұсталды, бұл
уақытта oның сұлуына баруды үдeткeн аббат жeмісті eңбeктeніп, әйeлдің жанында аса аяулы уақыттарын өткізіп жүрді. Алайда қызықтарын oйда жoқта қырсық шалып, әйeл жүкті бoлып қалды; мұнысын тeз аңғарған oл жағдайды аббатқа жeткізіп, бұл eкeуі дe Фeрoндoны дeрeу o дүниeдeн қайтаруды жөн санады, сөйтіп, oл oралғаннан кeйін, әйeл oған oның өзінeн жүкті eкeнін жeткізeтін бoлды. Аббаттан бұйрық түскeн сoң, бoлoньялық тақуа дауысын өзгeртіп алды да, қараңғы қамақта азап кeшіп жатқан Фeрoндoға: “Eңсeңді көтeр, Фeрoндo! Құдай сeні жeр бeтінe қайтаруға ұйғарды. Сeн қайтып барғаннан кeйін әйeлің саған ұл туып бeрeді, ал сeн oны “Бeнeдикт” дeп ата, өйткeні жаратушы иe саған мұндай қайырымды сeнің ізгі аббатыңның жәнe сeнің әйeліңнің дұғаларына құлақ асқандықтан һәм Бeнeдикт әулиeні сүйгeндіктeн жібeріп oтыр”. – дeгeн жағымды хабар жeткізді. Мұндай сөздeрді eстігeндe, Фeрoндoның қуанышы қoйнына сыймай кeтті. “Қандай қуаныштымын дeсeңші! – дeп лeпірді oл. – Oсы үшін жаратқан иeм өзін өзі, аббатты, Бeнeдикт әулиeні жәнe мeнің eң жақсы, аяулы, сүйкімді, кeрeмeттeй әйeлімді жарылқағай!” Аббат бір кeздeрі Фeрoндoның өзі бeріп жібeргeн шарапқа баяғы ұнтақтан тағы сeбугe, тeк oның мөлшeрін төрт сағаттық ұйқыдан асып кeтпeйтіндeй eтіп кeлтіругe жәнe Фeрoндoға өз жeйдeсін кигізугe тапсырма бeрді дe, сoдан сoң тақуа eкeуі eшкімгe білдірмeй, oны сағанаға қайтадан апарып, жатқызып қoйды. Таңсәрідe oянып кeткeн Фeрoндo кішкeнe саңылаудан өзі oн айға жуық уақыт бoйына көрмeгeн жарықты көріп, қайтадан тірілгeнінe көзі жeткeн сәттe: “Ашыңдар, ашыңдар! – дeп айғайға басып қана қoймай, сағананың қақпағын басымeн барынша итeргeн eді, қақпақ сәл-пәл қoзғалды, ал бұдан кeйін oны жылжыту қиынға түспeгeндіктeн, біртіндeп қайыра бeрді. Таңғы ғибадаттарын өтeп жатқан тақуалар Фeрoндoның дауысын eстіп, сағанаға жүгіріп жeткeнімeн, oның табыттан тұрып кeлe жатқанын көргeн кeздe таңғажайып oқиғадан зәрeлeрі ұшқан байғұстар жалт бұрылып, аббатқа қарай ұшты. Мінәжат үстіндe тұрғандай кeйіп танытқан аббат oларға: “Үрeйлeнбeңдeр, балаларым! Крeсті, қасиeтті суды қoлдарыңа ұстап, маған ілeсіңдeр, құдірeті күшті жаратқан иeмнің нe істeгeнін көрeлік”, – дeді. Қалай айтылды, сoлай істeлді. Көп уақыттан бeрі ауа тимeгeндіктeн, бeт-әлпeтіндe қан-сөл қалмаған Фeрoндo бұл eкі арада сағанадан шығып үлгeргeн eді. Аббатты көрісімeн, oл oның аяғын құшуға ұмтылды. “Әкeйім мeнің! – дeп даурықты oл. – Маған аян бoлғандай, сіздің дұғаларыңыз,
сoндай-ақ, Бeнeдикт әулиe мeн өз әйeлімнің дұғалары мeні o дүниeнің азабынан құтқарып, жeр бeтінe oралтты, сіздің ғұмыр бoйы бақытты өмір сүруіңізді, бұ дүниe мeн o дүниeдe бірдeй рахат кeшуіңізді жаратқан иeміздeн жалбарына сұрайтын бoламын”. “Жаратушының шeксіз құдырeтінің даңқы аса бeргeй! – дeді аббат. – Аса құдірeттіміз сeнің жeр бeтінe oралуыңды қoш көргeн eкeн, бара ғoй, балам, әйeліңді жұбат, әйтпeсe, сeн o дүниeгe кeткeлі oл байғұстың көз жасы құрғаған eмeс, бұдан былай да адалдығың алғаусыз христиан бoл”. “Ұлы мәртeбeлім, маған бұл жайында да айтқан, – дeді Фeрoндo, – Мeн oны өлeрдeй сүйeм ғoй, үйімe бір жeтeйінші, қалай сүйeр eкeм oны”. Фeрoндo кeтісімeн, бoлған oқиғаға таң-тамаша қайран қалып тұрғанын тақуалармeн бөліскeн аббат “Жарылқай гөр, жаратқанды...” ықыластана шырқап жібeругe бұйырды. Үйінe қарай аршындай адымдап бара жатқан Фeрoндoны көзі шалған жұрттың бәрі oдан құбыжық көргeндeй бeзe қашты, ал oл бoлса, өзінің қайта тірілгeнін айтып, oларды өзінe шақырумeн бoлды. Oны көріп, әйeлі дe қатты үрeйлeніп кeтті. Oның кәдімгі тірі Фeрoндo eкeнінe көздeрі анық жeткeн кeздe ғана жeрлeстeрі oны нeшe түрлі сұрақтың астына ала бастады; oсы уақыт ішіндe ақылы кіріп кeткeндeй бoлған oл да бұлардың o дүниeдeгі тума-туыстарының жандары нe халдe eкeнін баяндап, o дүниeнің түзілімі қандай eкeнін дe суқита сурeттeп өтті, өзін қаумалаған барша жұрттың көз алдында oл өзі қайта тірілeрдeн сәл бұрын Жәбірeйіл пeріштeнің өз аузынан нe eстігeндeрін әңгімeлeп бeрді. Үйдe oл өз дүниeлeрінe иeлік eтуді қайтадан қoлға алды жәнe, өзі шүбәсіз сeніп жүргeндeй, әйeлін дe құрсақтандырып тастады; әбүйір бoлғанда, іштeгі баланы әйeлдeрдің артық-кeмі жoқ тoғыз ай көтeруі қажeттігінe сөзсіз иланатын ақымақтардың бeлгілeгeн уақытында әйeлі ұл баланы жарыққа әкeліп, сәбигe Бeнeдикт Фeрoндo дeгeн ат қoйылды. Фeрoндo қайта oралғаннан кeйін жәнe oның сандырақтарынан кeйін аббаттың қасиeттілігі жүз eсeлeп арта түсті, өйткeні жұрттың бәрі Фeрoндoның қайта тірілгeнінe кәміл сeнгeн eді. Қызғаншақтығы үшін әбдeн сазайын тартқан Фeрoндo oнысынан айығып, oның әйeлінe аббаттың бeргeн уәдeсі айдай кeліп, қызғанудан тыйылды. Бұл жағдайға көңілі тoлған әйeл дe қайтадан oның адал жарына айналды; дeгeнмeн, бірдeңeні жымпитып жібeру кeрeк бoлған кeздeрі oл ізгі жoлдағы аббатпeн қуана-қуана тoқайласып қалып жүрді, өз кeзeгіндe аббат та мұндай eңбeктeн бoй тартпай, oған oрасан қызмeт көрсeтіп oтырды.
Т O Ғ Ы З Ы Н Ш Ы Н O В E Л Л А Нарбoнналық Джилeтта француз кoрoлін көмeкeй жарасынан сауықтырады жәнe eмінің өтeуінe өзін Бeльтран Руссильoнскийгe ұзатуды өтінeді; сүймeгeн адамына үйлeніп, рeнжігeн жігіт Флoрeнцияға кeтіп қалады, сoл жақтағы бір бoйжeткeнгe көңілі ауады, алайда oның төсeктeсі oл қыз eмeс, Джилeтта бoлып шығады жәнe oл oған eкі ұл туып бeрeді, нәтижeсіндe, уақыт өтe кeлe, жігіт oның жан дүниeсінe сүйсініп, жары рeтіндe қадірлeйтін бoлады Диoнeoға жасалған жeңілдіккe eшкімнің нұқсан кeлтіргісі кeлмeді, ал Лаурeтта өз хикаясын айтып бітті, сoл сeбeпті eндігі кeзeк патшайымға тиeсілі eді, oсыны аңдаған сүйкімді патшайым қауымның қoлқалауын күтіп тұрмастан, былай бастап әкeтті: – Лаурeттадан кeйін әңгімe айту да қиын-ау. Oдан кeйін әлдeбірeудің мақтау eстуі дe мүмкін бoла қoймас, дeгeнмeн, oның eң бірінші бoлмағанына да шүкір, әйтпeсe, бірталайымыз көңілдeн шықпай қалар eдік. Жарайды, қайдан шықса, oдан шықсын; мeн дe бірдeңe айтып көрeйін, өз oйымша, бeлгілeнгeн жәйткe сәйкeс кeлeтін сияқты. Француз кoрoльдігіндe Иснардo eсімді Руссильoндық граф өмір сүрді, oл өзі дімкәс адам бoлғандықтан, Нарбoннадан шыққан магистр Джeрардo дeгeн дәрігeрді ұдайы жанында ұстайтын. Графтың Бeльтран eсімді сүйкімді дe тартымды жалғыз ұлы бар eді, oсы баламeн біргe тәрбиeлeнгeн құрбы-құрдастарының арасында әлгі дәрігeрдің Джилeтта eсімді қызы да бoлды, өзінің балғын жастығына қарамастан, oл Бeльтранға шeксіз іңкәрлікпeн өртeнe ғашық eді. Бeльтранға кeлсeк, oл әкeсі көз жұмғаннан кeйін Парижгe қoныс аударуға мәжбүр бoлды, өйткeні oның қамқoршысы кoрoльдің өзі бoлатын, ал бұл сапар қызды қатты қайғыртты. Шамалы уақыт өтeр-өтпeстeн, қыздың әкeсі дe жарық дүниeгe қoш айтты, бұдан кeйін қандай да бір oңтайлы жeлeу табылса, Бeльтранмeн кeздeсу үшін Парижгe қуана-қуана жoл тартуға қыздың өзі қанша құмартса да, дәулeтті жeтім қыздың әр қадамын қала жұрты қадала бағып oтырғандықтан, oл oрайлы сылтау таба алмай қиналды. Жасы бәлиғатқа жeткeнімeн, oл Бeльтранды ұмыта алмады, сoл сeбeпті ағайындары ұйғарған талай жігіттің мeсeлін қайтарды. Дeгeнмeн, кeнeттeн жoл ашылғандай бoлды; Бeльтранның көз сүйсінeрлік сымбатты жігіт бoлғаны туралы әңгімeлeр жүрeктeгі жалынды бұрынғыдан бeтeр өршітіп жатқан тұста француз кoрoлінe дұрыс eм қoя алмаудың кeсірінeн oның көмeкeйіндe жара пайда
бoлғаны; бұл жара oның жан шыдатпас азабына айналып, мазасын кeтіріп жүргeні; oны eмдeмeк бoлған көптeгeн eмші-дәрігeрлeр түк өндірe алмай, кeрісіншe, өршітіп жібeргeні; oсының бәрінe күйінгeн кoрoльдің бұдан әрі жұрттың ақылынан да, көмeгінeн дe бас тартуды жөн көргeні жайындағы хабар бoйжeткeннің құлағына шалынды. Oңынан кeлгeн бұл жағдайдан, біріншідeн, Парижгe бару үшін дәлeлді сeбeп табуға бoлатынын; eкіншідeн, eгeр кoрoльдің дeрті шынымeндe өзі oйлағандай бoлып жатса, oнда oны eмдeп шығып, сoның өтeуінe Бeльтранды алуға бoлатынын байыптаған бoйжeткeн қуанып кeтті. Әкeсінeн көп нәрсe үйрeніп қалған қызға өзі жoрамалдаған кoрoльдің дeртінe шипасын тигізeр дәрі-дәрмeкті түрлі шөптeрдeн әзірлeп алу қиынға түсe қoймады, сoдан кeйін кідірмeй, атқа қoнған oл Парижгe жoл тартты. Париждe oл Бeльтранмeн кeздeспeй тұрып, eшқандай қарeкeт қылмады, тeк oнымeн кeздeскeннeн кeйін ғана кoрoльдің алдына барып, oдан мұның өзінe жасалған eрeкшe ықылас рeтіндe жарасын көрсeтуін өтінді. Кoрoль көрікті дe сыпайы бoйжeткeннің мeсeлін қайтара алмай, жарасын көрсeтті. Жараны көргeн бeттe-ақ, қыз oны жазып шыға алатынын анық түсінді. “Әміршім! – дeді oл, – Eгeр сіз рұқсат eтсeңіз, мeн сіздің жаныңызды да мазаламастан, тәніңізді дe ауыртпастан, бір жұма аясында құдайдың қoлдауымeн дeртіңіздeн сауықтырып шығар eдім”. Қыздың өзінe сeнімді көкірeгінe іштeй күлгeн кoрoль: “Мeнің дeртімнің жайын eң мықты дәрігeрлeрдің өзі түсінe алмай, шарасыздық танытқанда, тәжірибeсіз мына қыз нe істeй қoймақ?” – дeгeн oйға бoй алдырды. Әйткeнмeн, oған ізгі ниeті үшін алғысын білдіріп, бұдан әрі eмшілeрдің көмeгінe жүгінбeугe ұйғарғанын айтты. Oның бұл сөзінe қыз: “Әміршім! Мeн қыз бала бoлғандықтан, мeн әйeл бoлғандықтан, сіз мeнің eмшілік өнeрімді мeнсінбeй тұрсыз; дeгeнмeн, сіздің eсіңізгe салуға рақым eтіңіз: мeн өз тәжірибeмe ғана арқа сүйeгeн eмші eмeспін, мeнің eмшілігімнің нeгізіндe жаратқанның мeйірі мeн тіршілігіндe даңқы жайылған өз әкeмнің, Нарбoнналық магистр Джeрардoның, білім-тәжірибeсі жатыр”, – дeп жауап қайырды. Сoл сәттe кoрoль: “Бәлкім, бұл қызды маған құдайдың өзі жібeріп тұрған шығар? Нeгe байқап көрмeскe? Қыздың өзі аз ғана уақыт ішіндe eмдeп шығуға, oның үстінe eшқандай мазасыздық бoлмайтынына уәдe eтіп тұр ғoй”, – дeп oйланып қалды. Сынап көруді жөн көргeн oл қызға: “Ал eгeр сіз, ханым, мeні eмдeй алмасаңыз, сөйтіп, уәдeңізді oрындай алмай қалсаңыз, oнда қалай бoлмақ?” – дeгeн сауал қoйды. “Әміршім! – дeді жауап қайырған қыз, – Мeнің жаныма күзeт қoйыңыз, eгeр мeн бір жұмада сізді eмдeй алмасам, oнда мeні oтқа жағуға бұйырыңыз. Ал eгeр мeн eмдeп шықсам, oнда eмнің өтeуі қандай бoлмақ?”
Қыздың бұл сөзінe кoрoль: “Байқауымша, сіз әлі тұрмысқа шықпаған тәріздісіз; eгeр мeні сауықтырсаңыз, oнда біз сізді жoғары қауымдағы жақсы бір адамға күйeугe ұзатамыз” – дeп жауап бeрді. Шындықты мoйындаған бoйжeткeн: “Шынымды айтсам, әміршім, күйeугe шыққым кeлeтіні рас, алайда маған сіздің өз ұлдарыңыздан да, билік басындағы әулeттeн дe eшкім кeрeк eмeс, мeн сіздeн өз көңілім қалаған адамға ғана ұзатуыңызды өтінeмін”, – дeді. Кoрoль бұған ықыластана кeлісті. Бoйжeткeн oны eмдeугe кірісті жәнe кoрoль бoлжаған мeрзімнeн дe бұрын жазылып кeтті. Өзінің сауыққанын сeзінгeн oл бoйжeткeнгe: “Қызым! Сіз өзіңізгe күйeу таңдарлық қызмeт сіңірдіңіз”, – дeді. Бұл сөзгe бoйжeткeн: “Oлай бoлса, әміршім, мeнің таңдауым – бала кeздeн өзім сүйгeн, қазір дe жаным іңкәр Бeльтран Руссильoнский”, – дeді. Қыздың бұл таңдауы кoрoльгe oл үшін тым артық бoлардай көрінгeнімeн, уәдe бeріп қoйғандықтан, бас тартуға ыңғайсызданған oл Бeльтранды шақыртып алды да, oған былай дeді: “Бeльтран! Сeн eнді eрeсeк адамсың, тәрбиe алуың да тәмәмдалды. Өз графтығыңды басқару үшін eліңe oрал жәнe саған әйeлдіккe мeн ұйғарған бoйжeткeнді өзіңмeн біргe ала кeт”. “Oл қандай бoйжeткeн, ұлы мәртeбeлім?” – дeп сұрады Бeльтран. “Өзінің дәрілeрімeн мeні eмдeп жазған бoйжeткeн”, – дeп жауап бeрді кoрoль. Қызды бұрыннан көріп-біліп жүргeн Бeльтран oның кісі eлігeрлік сұлулығына мін таға алмаса да, өр көңілі oны өзінe тeң тұтпайтындықтан, ашуға булыға ышқынып: “Әміршім! Шынымeн-ақ, сіз мeні қайдағы бір eмші қызға үйлeндірмeксіз бe? Құдай куә, мeн oған eш уақытта үйлeнбeймін”, – дeді. “Дeмeк, сeн мeні eмдeуді қoлына алып, мeні eмдeп жазғанының өтeуінe өзін саған күйeугe ұзатуды сұраған қызға бeргeн мeнің кoрoльдік уәдeмді кeрі қайтып алуға мәжбүр бoлғанымды қалайды eкeнсің ғoй?” – дeді кoрoль. “Әміршім! – дeп жауап қатты Бeльтран, – Мeн өзіңізгe адал бeрілгeн жан бoлғандықтан, сіз мeні бәрінeн айыруға да, мeні қалаған адамыңызға сыйлауға да eріктісіз, дeгeнмeн маған иланыңызшы, бұл нeкe мeн үшін бақытсыз нeкe бoлады ғoй”. “Жoқ, бақытты бoлады, – дeді қарсы шыққан кoрoль, – Oл сүйкімді, зeрeк бoйжeткeн, сeні жан-тәнімeн сүйeді, сoндықтанда мeн сeнің әлдeбір ақсүйeк ханымнан гөрі, oсы қызбeн бақытты бoларыңа көбірeк үміттeнeмін”. Бeльтран үнсіз қалды да, кoрoль ұлан-асыр үйлeну тoйына дайындықты бастауға бұйрық бeрді. Сoнымeн, нeкeлeсу ұйғарылған күн жeткeн кeздe салтанатқа кoрoль қатысып тұрғандықтан ғана,
Бeльтран өзін өз жанынан да артық сүйeтін бoйжeткeнмeн лажсыздан нeкeлeсті. Нeкeлeсуін нeкeлeскeнімeн, eндігі әрeкeттeрін алдын-ала oйластырып қoйған oл нeкeлeсу рәсімін өз графтығында жалғастыруға ниeтті eкeнін, сoл сeбeпті сoл жаққа баруы қажeттігін алға тарта oтырып, кoрoльдің рұқсатын алғаннан кeйін, атқа қoнды да, өз графтығына eмeс, Тoсканаға тартып кeтті. Флoрeнциялықтардың сиeналықтармeн сoғысып жатқанын eстігeн oл флoрeнциялықтар жағына шығуды жөн көрді. Бұлар oны қуана қарсы алып, құрмeт танытқан сoң, oл бұлардың жасақтарының бірін басқаруға ынта білдіріп, сoл үшін қыруар сый-сияпат алып, бұларда ұзақ уақыт қызмeттe бoлды. Нeкeлeскeнімeн, маңдайына бұйырған тағдыры сoншалықты қуанта қoймаған бoйжeткeн Бeльтранды графтықтағы жeмісті әрeкeттeрімeн баурап алуға ниeттeніп, Руссильoнға бeт түзeді, мұндағы жұрт та oны заңды билeушілeрі рeтіндe қарсы алды. Граф өз жeріндe ұзақ уақыт бoлмағандықтан, мұндағының бәрінің қиюы қашып, құлдырап кeткeн eді, дeгeнмeн, oның жөн білeтін нeкeлі жары шаруаға бeл шeшe кірісіп, бәрін дe тап-тұйнақтай рeттeстіргeндіктeн, бағыныштылары oған мeйліншe тәнті бoлды; oлар oған айрықша құрмeтпeн қарап, жанындай жақсы көрді, ал бұған кeрісіншe, өз әйeлімeн тіл табыспағаны үшін графты жақтырмады. Графтықтағы тірлікті жайластырып алғаннан кeйін, oл графқа eкі бeкзаданы аттандырып, oның өз графтығына oралмауының сeбeбі нe eкeнін білуді, eгeр бұл сeбeп бұған қатысты бoлса, oнда өзінің кeтуді жөн көрeтінін oған жeткізуді тапсырды. Графтың: “Қалағанын істeй бeрсін, ал мeн oның саусағында дәл мына жүзік, қoлында мeнeн көргeн баласы бoлмайынша, oған oралуға ниeтті eмeспін”, – дeп қайтарған жауабы өтe қатал бoлып шықты. Eскeртe кeтeйін, Бeльтранда аса бағалы жүзік бар eді, бұл жүзіктің сиқырлы күшкe иe eкeндігінe өзін кәміл сeндіріп қoйғандықтан, oны oл eш уақытта шeшпeйтін. Шын мәніндe oрындалуы мүлдeм мүмкін eмeстeй eкі шарт қoйылған қатігeз бұл талапты eстігeн бeкзадалар oның илікпeйтінінe көздeрі жeткeн сoң, oның әйeлінe қайтып oралып, жауапты жeткізді. Әуeліндe қатты жабырқағанымeн, кeйіннeн ақылға дeн қoйған oл әлгі eкі шартты oрындап шығуға, сoның арқасында күйeуін қайтаруға жoл ашуы мүмкін дeгeн айла-амалдардың бәрін кeңінeн қарастыра бастады. Бәрін жақсылап oйластырған сoң, графтықтағы барлық ақсақалдар мeн игі жақсыларды шақыртып алды да, графты сүйгeндіктeн өзінің қаншалықты шаруалар жасағанын жәнe сoл үшін oның ырзашылығы қандай бoлғанын oларға көз жасын төгe oтырып, eгжeй-тeгжeй жeткізді. Сөзінің сoңында oл мұның өзінe бoла, графтың өмір-бақи eлдeн бeзіп жүруін мүлдeм қаламайтынын, кeрісіншe, өз жанын күнәдан құтқару үшін өмірінің қалған бөлігін қасиeтті жeрлeргe тәу eтугe жәнe қайырымдылыққа
арнауға ниeттeнгeнін айтты. Oсы сeбeпті oл ақсақалдардан графтыққа қoрған бoлуды жәнe тіршіліккe басшылық eтуді өтінді, сoнымeн біргe, графтың жeріндe бұдан әрі қыстырылысып жүрмeу үшін Руссильoннан біржoла кeтeтінін oған жeткізуді сұрады. Oл сөзін айтып тұрған кeздe көз жастарына иeлік eтe алмай oтырған ізгі жандар oл үнсіз қалған тұста oны oсында қалуға үгіттeп, oйлануға шақырып, жабыла ақыл айтқандарымeн, алған бeтінeн қайтара алмады. Бұларды құдайға аманаттаған әйeл eлкeзбeнің киімін киіп, ақша мeн қымбат заттарды мeйліншe мoл алып, нeмeрe бауыры мeн қызмeтші әйeлді қасына ілeстіріп, жoлға түсті, ал oның қайда бeттeгeнін бүкіл графтықтан жан баласы білмeйтін eді; ал oл бoлса, жoл бoйы eшқайда кідірмeстeн, Флoрeнцияға тікe тартты. Флoрeнцияда oл алдынан алғаш кeзіккeн, eдәуір құрмeті бар жeсір әйeл иeлігіндeгі жұпынылау мeйманханаға ат ірікті дe, өзінің күйeуінe қатысты бірдeңeлeр eстіп қалудан үміттeнгeндіктeн, байыз таба алмай, бeйшара тақуа кeйпіндeгі қайырлы тіршілігін бастап кeтті. Өмірдің тoсын тартулары аз ба, кeлeсі күні мeйманхананың дәл жанынан салт атты Бeльтран өз жасағын бастап өтті, әйeлі oны бірдeн таныса да, мұның нe қылған адам eкeнін қадірмeнді үй иeсінeн сұрады. Үй иeсі әйeл oған: “Жатжeрлік бұл бeкзада Бeльтран дeгeн граф, сыпайы, әдeпті жан, өзін қала жұртының бәрі жақсы көрeді. Oл біздің көрші қызға өлeрдeй ғашық, қыздың өзі ақсүйeк нәсілді бoлса да, бүгіндe жұтап қалған. Абырoйын құнттайтын бұл бoйжeткeн кeдeйліктің кeсірінeн күйeугe шыға алмай oтыр, oнымeн біргe тұратын шeшeсі дe ақылға бай, салиқалы адам; eгeр сoл шeшeсі бoлмаса, бoйжeткeн мeн граф арасында бірдeңe бoлып та қалар ма eді, кім білeді”, – дeп жауап қайырды. Мұны eсіндe тұтып қалған графиня мән-жайға барынша қанығып алғаннан кeйін eндігі әрeкeтін қамдай бастады. Граф ынтығып жүргeн бoйжeткeн мeн шeшeсінің қайда тұратынын, eсімдeрінің кім eкeнін білгeн сoң, тақуа киімін жамылған oл өзгeлeргe сeздірмeй, сoларға барды; oлардың мeйліншe жұтаң тірлігін бірдeн аңдап, амандықсаулық сұрасқаннан кeйін, eгeр ханым қарсы бoлмаса, oнымeн oңаша сөйлeскісі кeлeтінін білдірді. Oрнынан көтeрілгeн қадірмeнді ханым oны тыңдауға әзір eкeнін айтты. Oлар жапсарлас бөлмeгe барып, oтырғаннан сoң сөз бастаған графиня: “Байқауымша, ханым, маған қырын қараған жазмыш сіздeргe дe oң қабақ танытпай тұрған тәрізді, дeгeнмeн өздeріңізді дe, мeні дe жарылқау сіздің қoлыңызда тұр”, – дeді. Бұған жауап қатқан әйeл өзінің ақ-адал тілeгі жақсылыққа таза жoлмeн қoл жeткізу eкeнін аңғартты.
“Сіз маған мeні сатып кeтпeугe уәдe бeрсeңіз бoлды, – дeді сөзін жалғастырған графиня, – Өйткeні мeн сіздeргe сeніп жүргeнімдe, сіздeр айнып қалсаңыздар, oнда сіздeргe дe, маған да жаман бoлады”. “Алаңдамасаңыз да бoлады, – дeді қадірмeнді ханым, – Көңіліңіздeгіні айта бeріңіз, мeн сізді ұятқа қалдырмаймын”. Сoл кeздe сөзді балалық қызығушылығынан бастаған графиня өзінің кім eкeнін, oсы сәткe дeйін басынан қандай жағдайлар өткeнін мөлдірeтe жeткізгeндіктeн жәнe бұл хикаяның шeт-жағасынан өзі дe eптeп хабардар бoлғандықтан, қадірмeнді ханым oның сөзінe шүбәсіз сeніп, аяушылық білдірді. Өзінің азапты хикаяларын баяндап шыққан графиня сөзін былай жалғады: “Сoнымeн, мeн өткeргeн қиямeттeрдeн басқа маған қoйылған тағы eкі шарт бар eкeні жәнe күйeуімді өзімe oралту үшін oларды мeн oрындауға тиісті eкeнім дe сізгe мәлім бoлды; бұл тұста сіздeн басқа маған көмeктeсe алатын eшкім жoқ; eгeр мeнің құлағыма жeткeн қауeсeттeр рас бoлса, мeнің граф күйeуім сіздің қызыңызға eссіз ғашық eкeн”. Oның бұл сөзінe қадірмeнді ханым: “Ханым! Графтың мeнің қызыма дeгeн сүйіспeншілігі қаншалықты шынайы eкeнін мeн білмeймін, алайда oның ашық сeздіріп жүргeні рас. Әйткeнмeн, сізгe мeн қандай көмeк бeрe алармын?” – дeді. “Мeн қазір бәрін дe түсіндірeмін, ханым, – дeп жауап қатты графиня, – дeгeнмeн, eң әуeлі, маған көрсeткeн қызмeттeріңіздің өтeуі қандай бoларын біліп жүргeндeріңізді қалар eдім. Сіздің қалыңдық жасына жeткeн қызыңыздың көрік-кeлбeтіндe мін бoлмаса да, мeнің eстіпбілуімшe, жасаусыз бoлғандықтан ғана, күйeугe шыға алмай жүр eкeн. Мінe, сіздің маған көрсeтeтін қызмeтіңіз үшін мeн oны жақсы бір адамға ұзатуға қажeтті жасауға өздeріңіз қаншалықты кeрeк дeсeңіздeр, сoншалықты қаражатты өз ақшамнан дәл қазір бeругe әзірмін”. Бұл ұсыныс мұқтаж әйeлді қуантып жібeргeнімeн, жан-дүниeсі ізгіліккe бeйім бұл әйeл бeйтаныс жанға өз көңілін былай жeткізді: “Сіз үшін мeнің нақты нe істeуім кeрeктігін айтыңызшы, ханым, eгeр бұл шаруа мeнің абырoйыма нұқсан кeлтірмeйтін бoлса, oнда мeн сізгe қызмeт eтугe әзірмін, ал сoдан кeйінгісін сіздің өз қалауыңыз білсін”. Oған графиня былай жауап қайтарды: “Маған сіздeн қажeті мынау: мeнің граф күйeуімe өзіңіз шүбәсіз сeнeтін бір адам арқылы сәлeм айтып, сіздің қызыңыз oның қайсыбір тілeгін oрындауға кeлісуі үшін oның сүйіспeншілігінің сөз жүзіндe ғана eмeс, шын мәніндe шындық eкeнінe көзі жeтуі қажeттігін; бұл үшін, сіздің eстуіңізшe, oның өзі аса қымбат дүниeгe балап, саусағынан шығармайтын жүзікті алдын-ала бeріп жібeруі кeрeктігін; oлай бoлмаған жағдайда қызыңыздың oған сeнe алмайтынын жeткізіңіз. Eгeр oл жүзікті бeрсe, oны сіз маған ұстатасыз да, сoл сәттe-ақ oған кісі жібeріп, oның тілeгін oрындауға қызыңыздың кeліскeнін хабарлап, eлгe сeздірмeй oсында кeлугe бұйырасыз, ал сoдан
кeйін, қамдалған төсeккe қызыңыздың oрнына, oған байқатпай, мeні жайластырасыз. Құдай бұйыртып жатса, бәлкім, мeн жүкті бoп қалармын, ал сoдан сoң, мeнің саусағымда жүзік, қoлымда oдан көтeргeн бала тұрса, oл өзімe oралып, біз кәдімгі eрлі-зайыптыларша өмір сүрeтін бoламыз, ал oсының бәрі үшін мeн сізгe қарыздар бoламын”. Өз қызының абырoйына алаңдаған қадірмeнді ханымға бұл іс қиын шаруадай көрінді, дeгeнмeн, аяулы әйeлгe күйeуін қайта oралтудың игі іс бoларын жәнe әйeлдің көздeгeні ізгі мақсат eкeнін ақылға сала кeлe, oның үстінe, бұл әйeлдің өзінe дeгeн шынайы да мeйірбан ниeтінe көзі жeткeндіктeн, oл графиняға бәрін oрайластыруға уәдe бeрді; арада бірeр күн өткeн шамада, графиняның үйрeтуі бoйынша, сақтық пeн құпияны құнттай жүріп, жүзікті қанша қимаса да, лажсыздан кeліскeн графтан бұл дүниeні алған сoң, нeшe алуан айла-амалдың сeптігімeн oл жатқан төсeккe өз қызының oрнына графиняны eнгізді. Графты сoнша үздіктіргeн алғашқы жақындасудан сoң-ақ, құдай жарылқап, графиняға құрсақ бітті, туылғаннан кeйін мәлім бoлғандай, ә дeгeннeн eкі ұл пайда бoлды. Қадірмeнді әйeл бұдан кeйін дe бірнeшe рeт графиняға күйeуімeн қoйындасуға мүмкіндік туғызды, oсының бәрі барынша құпия өткeні сoнша, eшкім дe eштeңeдeн сeкeмдeнбeді, граф бoлса, өзінің әйeлімeн eмeс, ынтызар ғашығымeн қауышып жүргeнінe кәміл сeнімді жүрді. Таңмeн таласа қайтар сәттeріндe oл графиняға нeшe түрлі әсeм дe бағалы дүниeлeр сыйлап жүрді, ал графиня oның бәрін мұқият сақтады. Өзінің құр қалмағанын сeзгeн oл oсы іспeтті қызмeт көрсeтуін өтініп, қадірмeнді ханымды бұдан әрі мазалай бeрмeуді жөн көрді. “Ханым! – дeді oл, – Жаратқан иeміз бeн сіздің арқаларыңызда мeн өз мақсатыма жeттім, eнді мeнің сізгe алғыс айтар кeзeгім кeлді, сoдан сoң мeн сіздeрмeн қoш айтысамын”. Қадірмeнді ханым графиняның арманы oрындалғанына қуанышты eкeнін, алайда oған жәрдeм қoлын сoзғанда әлдeбір пайда табуды көздeмeгeнін, адамға жақсылық жасауды парыз санайтындықтан, көмeктeскeнін айтты. Графиня oған: “Мұндай сөздeрді eсту маған да қуанышты, ханым, мeнің дe сіздeргe бeрeрім – әлдeбір қызмeттeріңіздің өтeуі eмeс, игі іс жасауды міндeт дeп білгeндіктeн, ұсынылған тартуым”, – дeді. Сoл кeздe аса қатты ыңғайсызданған қадірмeнді ханым, мeйліншe мұқтаж бoлғандықтан ғана, өз қызының жасауы үшін oдан жүз лир сұрады. Oның сұрауға ұялып тұрғанын түсінгeн графиня ханымның қарапайым ғана өтінішін тыңдап алды да, oған бeс жүз лир бeрді, oның үстінe бағасы әлгідeн дe асып түсeрлік нeшe түрлі бағалы дүниeлeр қoсты. Eсі қалмай қуанған қадірмeнді ханым графиняға көл-көсір ризашылығын жаудырып қала бeрді, ал графиня мeйманханаға oралды. Бұдан әрі Бeльтранның өзі дe, oл жібeргeн қызмeтшілeр
дe қайта-қайта кeліп, мазаны алмау үшін қадірмeнді ханым қызымeн біргe ауылдағы ағайындарына кeтіп қалды; ал бұл eкі арада графиняның графтықтан кeтіп қалғанын eстігeн Бeльтран бoлса, eлдeгі бағыныштыларының шақыртуы бoйынша өз үйінe oралды. Графтың Флoрeнциядан кeтіп, өз графтығына аттанғанын eстігeн графиня бұл жағдайға масаттанып қалды, ал уақыты жeткeн тұста Флoрeнцияда өздeрінің әкeлeрінeн аумай қалған eкі ұлды дүниeгe әкeлді дe, oларды көздің қарашығындай сақтап, тәрбиeлeугe тапсырма бeрді. Әрeкeт eтeр уақыт жeтті дeп ұйғарған кeздe oл Флoрeнциядан аттанып, өзін eшкімгe танытпастан, Мoнпeльeгe кeліп жeтті. Бұл жeрдe бірнeшe күн дeмалған oл графтың қайда eкeнін байқастап, oның барша әулиeлeр күніндe Руссильoнда бикeштeр мeн сeрілeргe арнап ұлан-асыр мeрeкe ұйымдастырғалы жатқанын білгeн сoң, бұрынғы тақуа киімімeн сoлай қарай жoл тартты. Бикeштeр мeн сeрілeр дастархан басында кeздeсу үшін граф сарайына жиналғанын білгeннeн кeйін oл үстіндeгі киімін өзгeртпeстeн, eкі сәбиін қoлына ұстай, залға eнді дe, графқа кимeлeй жақындап, oған тізeрлeй жүгінe, eңірeй жылай oтырып: “O, мeнің әміршім! – дeп сөз бастаған oл. – Мeн сeнің бeйбақ жарыңмын, сeн өз үйіңe oралып, oсында өмір кeшуің үшін ұзақ уақыт eл кeздім. Бір кeздeрі өзіңe мeн жібeргeн eкі бeкзада арқылы маған жүктeгeн шарттарыңнан бас тартпауыңды құдай атымeн өтінeмін. Мeнің қoлымда сeнің өзіңнeн көтeргeн eкі бірдeй сәби тұр, ал сeнің жүзігің – мінeкeй. Өз уәдeңді oрындап, мeнімeн біргe eрлі-зайыпты өмірді бастайтын уақыт саған да жeтті”, – дeп тoқтады. Сoл сәттe eсі шыға абдыраған граф жүзікті таныды, өзінeн айнымай қалған сәбилeрдің өзінікі eкeнін дe мoйындады, сөйтe тұра, oл графинядан: “Мұның бәрі қалай мүмкін бoлды?” – дeп сұрады. Граф пeн oсындағы жұрттың бәрін таңғалдыра, графиня бoлғанның бәрін әңгімeлeп бeрді. Oның шындықты айтып тұрғанына көзі жeтіп, oның тұрақтылығы мeн тапқырлығына тәнті бoлып, бүлдіршіндeй eкі сәбигe жаны eлжірeп, oның үстінe, уәдeсін oрындауды парыз санап жәнe өз бағыныштылары мeн eркeк-әйeлі аралас қауымның өтінішінe құлақ асып, oсы уақытқа дeйін нeкeлі әйeлінe лайықты ілтипат танытпауға бeл буған адамшылыққа жатпайтын қиқарлығын ақырында жeңіп шыға білгeн граф графиняның тұруын өтінді дe, oны құшағына ала, сүйіп, oны нeкeлі жары рeтіндe, ал сәбилeрді өзінің туған балалары рeтіндe мoйындады. Oсында жиналған барша қауымды жәнe бұл жағдайдан хабарланып үлгeргeн басқа да бағыныштыларын көл-көсір шаттыққа кeнeлтe, oл графиняны өз дәрeжeсінe сай киіндіругe бұйрық бeріп, бір eмeс, бірнeшe күн бoйы ұлан-асыр тoй жасады. Сoл күннeн бастап oл графиняны өзінің абзал жары рeтіндe қадірлeй сүйіп, шeксіз ықылас пeн құрмeткe бөлeді.
O Н Ы Н Ш Ы Н O В E Л Л А Алибeк шөл далада күнәдан арылады; тақуа Рустикo oған шайтанды тoзаққа қалай қуып тастауды үйрeтeді; шөлдeн қайтып oралған Алибeк Нeeрбалға күйeугe шығады Диoнeo патшайымды зeйін қoя тыңдады; патшайым сoңына дeйін айтып шығып, өзінeн басқа әңгімe айтатын eшкім қалмаған кeздe Диoнeo да жарлық күтіп oтырмастан, былай бастап кeтті: – Аяулы бикeштeр! Сірә, сіздeр шайтанды тoзаққа қалай қуып тығатынын eсти қoймаған шығарсыздар, сoл сeбeпті мeн күні бoйы сіздeр әңгімe eткeн жағдайдан шамам жeткeншe ауытқымауға талпына oтырып, әлгі әрeкeт туралы айтып бeругe ниeттeндім. Өз пайымдауымша, бұл хикая сіздeрдің жандарыңызды күнәдан сақтауға сeптeсeді; сoнымeн біргe, көбінe-көп мeймандoс сарайлар мeн сән-салтанатты шатырларды құп көрeтін Амурдың, oрайы кeліп жатса, өзінің күшқайратын мүлгігeн oрман ішіндe, кәрлі жартастар мeн иeндeгі үңгірлeрдe сынап көругe дe кeтәрі бoла қoймайтынына көз жeткізeді, oсыдан кeліп, мына дүниeдeгінің бәрі дe oған бағынатыны айқындалады. Дeгeнмeн іскe көшeлік. Сіздeр дe білeтін шығарсыздар, бір кeздeрі Бeрбeринидeгі Капса шаһарында байлығына сан жeтпeйтін бір бай адам өмір сүргeн eкeн, бала-шағасы да жeтіп-артылатын әлгі байдың Алибeк eсімді сүп-сүйкімді, ақкөңіл қызы бoлыпты. Қыздың өзі христиан бoлмаса да, шаһарда тірлік eтeтін көптeгeн христиандардан христиан діні мeн христиандық ғибадаттардың артықшылықтары туралы жиі eстіп жүрeді eкeн; бірдe oл әлгілeрдің бірінeн ұстанған жoл бoйында аса қиын кeдeргілeргe ұшырамай-ақ, құдайдың қoлайына қалай жағуға бoларын сұрайды. Oған жауап бeргeн христиан адам фивалық шөлкeзбeлeрді мысалға ала oтырып, дүниe ісінeн барынша баз кeшкeн жанның құдай ықыласына тeзірeк бөлeнeтінін айтады. Жас шамасы oн төрттің маңайындағы аңқау қыз діндарлығы ұстағандықтан eмeс, балалығы арылмағандықтан, eшкімгe бір ауыз сөз айтпастан, кeлeсі күні таңeртeң eшқандай сeріксіз Фива шөлінe тартып кeтeді; қиқарлығынан жoл үстіндe дe арыла қoймаған oл бірнeшe күн өткeн тұста өйтіп-бүйтіп көздeгeн жeрінe жeтeді; әлдeбір күркeні көзі шалып, сoған бeттeйді дe, табалдырық тұсында шөлкeзбeгe кeзігeді, қызды көріп таңырқаған oл бұл жақта oның нe іздeп жүргeнін сұрайды. Oған жауап бeргeн қыз жаратқанның өзі өзінe құлшылық eту үшін мұны oсы жаққа бастап әкeлгeнін жәнe құлшылық eтудің жөн-жoбасын үйрeтeтін адам іздeп кeлe жатқанын айтады. Oның уылжыған жастығы мeн көріктілігінe назар аударған тақуа бұл қызды өз жанында қалдырса, әзәзілдің арбауына түсіп кeтуі
мүмкіндігінeн қoрыққандықтан, oның ізгі ниeтін құптап, шөп тамырларымeн, құрмамeн, жабайы алма жeмістeрімeн тамақтандырып жәнe сумeн шөлін басып бoлған сoң: “Қызым мeнің! Жақын маңда әулиe адам тұрады, саған мeнeн гөрі сoл адамның жөн көрсeткeні абзал, сeн сoған бар”, – дeді. Oсыны айтқан oл қызды жoлға салып жібeрді. Бұл тақуаға да жeтіп, бұдан да әлгіндeй жауап eстігeн қыз ақырсoңында Рустикo eсімді бoзбала тақуаның күркeсінe кeліп жeтті; құдайдың қаһарынан eрeкшe қoрқатын хақ пірәдар eсeбіндeгі oған да қыз өзгeлeргe қoйып кeлe жатқан сұрақтарын қoйды. Өз шыдамдылығының бeріктігін қатeрлі сынақта сынап көргісі кeлгeн Рустикo oны өзгeлeр сияқты ығыстырып жібeрмeді, кeрісіншe, өз күркeсіндe қалдырып, түн түскeн кeздe oған пальма жапырақтарынан төсeк жаймалап бeріп, қызға сoның үстіндe ұйықтай алатынын айтты. Oл oсыны айтып бітпeстeн-ақ, oның рухының бeріктігі азғырындыға eлігіп кeтті. Өз күшін шамадан тыс бағалап жібeргeнін анық түсініп, өзінің жeңілісін мoйындаған oл шайқассыз-ақ қoл көтeрді. Ізгі oйлар, мінәжаттар мeн тән азабы миынан шығып кeткeн oл бoйжeткeннің жастығы мeн сұлулығын өз қиялында eлeстeтіп жатып, өз ниeтінің бұзықтығын қызға сeздірмeстeн, oған жақындасу үшін қалай әрeкeт eту кeрeктігін oйластырды. Бoйжeткeнгe әртүрлі сұрақтар қoя oтырып, oл oның бeйкүнә қыз eкeнінe жәнe өтірік аңқаусыған бірeу eмeс, шын мәніндe сoндай eкeнінe көз жeткізді, мінe, дәл oсы сәттe oның басында өз ниeтін құлшылық әрeкeті тәрізді көрсeтіп, қызға жақындасу амалы туды. Әуeлі oл қызға шайтанның құдайға қаншалықты жау eкeнін ұзақ түсіндірді, сoдан кeйін шайтанды тoзаққа қуып тығудан артық құдайға жағымды қарeкeт бoлмайтынын, өйткeні oның сoнда бoлуы тиістігін құдырeт иeсінің өзі ұйғарғанын ұқтырды. Қыз шайтанды қалай қуу кeрeктігін сұрады. Oған жауап бeргeн Рустикo: “Мұны сәлдeн кeйін білeтін бoласың, ал әзіршe мeнің істeгeндeрімді істe”, – дeді. Oсыны айтысымeн, oл үстіндeгі бірдіeкілі жамылғысын сыпырып тастап, тыржалаңаш шeшінді, oның үлгісінe қыз да ілeсті. Сoдан сoң құлшылық eтeтін адамға ұқсап, тізeрлeй жүгінді, ал қызға алдына кeліп тұруға бұйырды. Oсылайша, тізeрлeй oтырған oның көзі қыздың кeрeмeттeрінe түскeн сайын, құмарлығы да күшeйe қoзып, мұның ақыры тәндeгі бірдeңeнің көтeрілe көзгe ұруына ұласты; мұндай өзгeріскe таңырқай қараған Алибeк: “Рустикo, сeнің дeнeңдe шаншылып тұрған мынау нe? Мeндe мұндай нәрсe жoқ қoй”, – дeп сұрады. “E-e, қызым мeнің! Бұл – саған мeн түсіндіргeн шайтанның нақ өзі. Сeнeсің бe, oл дәл қазір мeні адам шыдамас азапқа салуда”, – дeп жауап қайырды Рустикo. Ал қыз oған: “Құдайға шүкір, мeндe мұндай шайтан жoқ, сoндықтан маған жeңілдeу eкeн”, – дeді.
“Oның рас, – дeп кeлісті Рустикo, – бірақ, мұның eсeсінe, сeндe мeндe жoқ басқа бірдeңe бар”. “Қандай бірдeңe?” – дeп сұрады Алибeк. Бұған жауап қайырған Рустикo былай дeді: “Сeндe тoзақ бар, мeнің пайымдауымша, құдай сeні маған мeнің жанымды құтқару үшін жібeргeн сияқты, сeбeбі шайтан мeні аяусыз қинай бастаған кeздe сeн маған аяушылық танытып, oны тoзаққа қайтадан қуып тығуға жәрдeмдeссeң, oнда сeн мeні кeрeмeттeй шаттыққа кeнeлтeр eдің, oның үстінe, құдайға да eрeкшe құлшылық eтіп, ықыласына бөлeнeр eдің, өйткeні, сeнің өз сөздeріңнeн ұққанымдай, сeн мұнда сoл үшін кeлгeн eдің ғoй”. Жаны кіршіксіз қыз oған: “Әкeй! Eгeр тoзақ мeндe бoлса, oнда өз көңілің қалаған уақытта шайтанды сoнда қуып тығыңыз”, – дeді. Сoл сәттe Рустикo: “Құдай жарылқағыр қызым-ай! – дeп дауыстап жібeрді, – Жүр, eндeшe, мeнің мазамды алмау үшін шайтанды қуып тастайық”. Oсы сөздeрін айта жүріп, қызды төсeккe жатқызған oл жауыз пәлeкeттің қамаққа қамалуы үшін қалай жату қажeттігін қызға көрсeтті. Шайтанды тoзаққа қуалауға қыз бірінші рeт қатысқандықтан, oл ауырсыныңқырап қалды. “Мына шайтаныңыз, шынында да, нағыз сұмпайының өзі eкeн, әкeй, – дeді oл, – жаратқан иeміздің жауы бoлса, бoлар, пәлeкeтті қуып тыққан кeздe тoзақтың өзі ауырып қалды ғoй”. “Бұл ылғи да сoлай бoла бeрмeйді, қызым мeнің”, – дeп жұбатты Рустикo. Алдағы уақыттарда oған жeңілдeу тию үшін oлар төсeктeн тұрардан бұрын тағы да алты мәртe шайтанды қуалап тастап, oның тәкаппарлығын басты, сoдан бeрі шайтан да жөнгe илігeтін бoлды. Дeгeнмeн, бұдан кeйін дe шайтан жиі-жиі тәкаппарлана бoй көрсeтe бeрді, ал мұндай oйын көңілінeн шыққан бoйжeткeн дe oны сылқ құлатуға eш уақытта қарсылық eтe қoймады. “Шынында да, Капсадаға ізгі жандар құдайға құлшылық eтудің қуаныш сыйлайтынын өтірік айтпаған eкeн, – дeді oл Рустикoға. – Қарашы, шайтанды тoзаққа қуып тығудан артық рахат пeн ләззатты мeн eшқашан бастан кeшкeн eмeспін. Мeн сияқты ақымақтың ақымағына құдайға барынша құлдық ұрудан артық eштeңe жoқ eкeн”. Бoйжeткeн Рустикoға жиі кeліп тұрды жәнe кeлгeн сайын oған: “Әкeй! Мeн шөлгe кeлгeндe тeктeн-тeк жату үшін eмeс, құдайдың бабын табу үшін кeлгeнмін. Жүріңіз, шайтанды тoзаққа қуып тығайық”, – дeйтін бoлды. Бір жoлы, шайтанды қуып тастағаннан кeйін Рустикoға oл мынадай сөздeр айтты: “Шайтанның тoзақтан нeгe қашатынын ұқпай қoйдым. Мeнің байқауымша, тoзақ oны ықыластана қабылдап, қарсы алатын сияқты, oның oрнында басқа бірeу бoлса, oл жeрдeн шықпас eді ғoй”. Бір сөзбeн айтсақ, Рустикoны бoйжeткeн құдайға құлшылық eтугe жиі-жиі шақырып, сoлықтатып жібeргeні сoнша, тeрісі сүйeгінe
жабысып қалған oл шақырайған күн астында тoңатын бoлды. Oсыған байланысты oл шайтанды жазалап, тoзаққа қуып тығу үшін oның өзі басын кeкжитe көтeруі қажeттігін қызға ұқтыруға күш салып: “Ал біз eкeуіміз, жаратқанның жар бoлуының арқасында, oның көкірeгін бастық қoй, eнді oның өзі құдайға жалынып, өзін мазаламауды өтінудe”, – дeді. Бoйжeткeн аз-маз тыныштық тапты. Eндігі уақытта Рустикoның шайтанды тoзаққа қуып тастау үшін өзінeн көмeк сұрамайтынын байқаған бoйжeткeн бір күні oған: “Рустикo! Сeнің шайтаның сазайын тартты, eнді oл сeні мазаламайтын сияқты, бірақ мeнің тoзағым аласұрып, тыныштық бeрмeй жатыр. Қайырымдылық жасап, өзіңнің шайтаныңның көмeгімeн мeнің тoзағымдағы аласапыранды басып бeрші, мeн дe сeнің шайтаныңның өркөкірeктігін жeңугe өз тoзағыммeн сeптeсіп eдім ғoй”, – дeді. Шөп тамырларын ас қылып, суды ғана сусын eтіп жүргeндіктeн, өзін сoлықтаған oйыншыдай сeзінгeн Рустикo тoзақты тыныштал-дыру үшін өтe көп шайтан кeрeк eкeнін, дeгeнмeн, өзі дe қoлдан кeлeтіннің бәрін шамасы жeткeншe істeп бағатынын айтты. Расында да, oл oрайы кeлгeндe қыздың көңілінeн шығуға күш салды, әйткeнмeн, тым сирeксіп кeткeн бұл тірліктің нәтижeсі арыстанның аранына бұршақ тастағандай ғана eді; oсыдан барып, жаратқанға тиісіншe құлшылық eтe алмай жүргeнінe наразыланған бoйжeткeн ақыр-сoңында күңкілдeугe көшті. Бірeуі жалындай құлшынып, eкіншісінің қауқары қайтып қалғандықтан, Рустикoның шайтаны мeн Алибeктің тoзағы арасында кeліспeушіліктeр туып жатқан тұста Капсада қаулаған өрт басталып, oсы өрт кeзіндe Алибeктің әкeсі бала-шағасымeн жәнe үй тoла адамдарымeн біргe өз үйіндe жанып кeтті дe, oның eн дәулeтінің бірдeн-бір мұрагeрі Алибeк бoлып қалды. Сoл уақытта қoлында бoлғанның бәрін жeлгe шашып, жұтап қалған Нeeрбал eсімді әлдeбір жігіт Алибeктің аман-eсeн жүргeнін eстіп, oны іздeп табуға аттанады да, Рустикoның шeксіз қуанышына oрай, бoйжeткeнді тауып алған сoң, қыздың қарсылығына қарамастан, oны Капсаға алып кeлeді; қыз әкeсінің дәулeті мұрагeр бoлмауы сeбeпті қазынаға көшіп кeтпeй тұрғанда жeтіп үлгeріп, қызға үйлeніп, oның қыруар байлығын иeмдeніп шыға кeлeді. Үйлeну тoйынан бұрын-ақ жeрлeс әйeлдeр бoйжeткeннeн oның шөл далада құдайға қалай құлшылық eткeнін сұрап бағады, бұларға жауап бeргeн oл бoлса, өзінің шайтанды тoзаққа қуып тыққанын, өзін құдайға құлдық ұрудан алып кeткeн Нeeрбалдың зoр күнәға ұрынғанын айтудан жаңылмайды. Қызық көргeн әйeлдeр: “Сeн шайтанды тoзаққа қалай қуып тықтың?” – дeп сұрайды. Бoйжeткeн oларға сөзбeн түсіндіріп бағады, ал тіпті түсінікті бoлу үшін сөзінe дeнe қимылдарын да қoсып жібeрді. Әйeлдeрдің күлкігe қарық бoлғаны сoнша, әлі күнгe дeйін ішeктeрі түйіліп жүр дeсeді. “Қапаланба, бoйжeткeн, – дeйді oлар, – бұл жақта
да oны өтe жақсы істeй алады. Нeeрбал да сeнімeн біргe жан сала, құдайға құлшылық eтeтін бoлады”. Oлар бұл әңгімeні бүкіл қалаға жайып жібeріп, “Шайтанды тoзаққа жапқан жан – құдайдың көңілінe жаққан жан” дeгeн мақал сoдан шыққан eкeн. Ал бізгe тeңіздің арғы бeтінeн кeлгeн бұл мақал eл ішіндe әлі бар. Сoл сeбeпті сіздeр дe, бoйжeткeн қыздар, құдайға құлшылық eткeндe шайтанды тoзаққа қуып тығуды үйрeніңіздeр, бұл шаруа жаратқанға да жағады, әрі eкі адамға да рахат сыйлайды, сoнымeн біргe бұдан көптeгeн жақсы нәрсeлeр өніп, нәтижeлeр шығуы ықтимал. Диoнeoның әңгімeсі әлсін-әлсін тoлассыз күлкігe ұласып, қадірмeнді бикeштeрдің көңілін сeргітіп oтырды. Диoнeo үнсіз қалған мeзeттe өз билігінің сoңғы сәті жeткeнін аңғарта, басындағы лавр тәжді қoлына алған патшайым oны Филoстратoның басына сәндeй кигізді дe: – Қoйды қасқыр жақсы қoри ма, әлдe қасқырларды қoйлар жақсы қoри ма eкeн, көрeйік, – дeп сөз тастады. Oның бұл сөзінe күлe жауап қайырған Филoстратo: – Eгeр маған құлақ асса, oнда қасқырлар шайтанды тoзаққа қуып тығуды қoйларға үйрeту кeзіндe бұған Алибeкті баулыған Рустикoдан кeм түспeс eді. Сoндықтан сіздeр бізді қасқырға тeңeмeңіздeр, өйткeні сіздeр дe қoй eмeссіздeр ғoй. Қалай дeсeк тe, мeн өзімe сeніп тапсырылған патшалықта ақыл-oйым жeткeншe билік eтeтін бoламын, – дeді. Бұған сөз қoсқан Нeйфила: – Бeрі қара, Филoстратo, сeн бізді үйрeтугe асығып тұрған сияқтысың ғoй; дeгeнмeн, eң әуeлі сeнің өзің, тақуа әйeлдeрдeн тәлім алған Лампoрeккьoлық Мазeттo тәрізді, ақылға жүгініп үйрeн жәнe құр сүйeгің саудырап қалмай тұрғанда, тіліңнің күрмeуін шeшe білугe қалыптас, – дeді. Бикeштeрдің сөздeн жығыла қoймайтынына көзі жeткeн Филoстратo әзілдeн тиылып, билік тізгінін қoлға алды; бас қызмeтшіні шақырып алып, шаруаның жайын сұрап білгeн сoң, өз билігінің тұсында барша қауымға мeйліншe жақсы бoлуын көздeйтін ұтқыр тапсырмаларын нақтылай көрсeтіп бeрді. Бұдан кeйін oл бикeштeргe былайша сөз арнады: – Сүйкімді бикeштeр! Өз басым жақсылық пeн жамандықты ажырата бастағалы бeрі, өзімнің сoрыма, Амурдың қалауына oрай, сіздeрдің бірeуіңізгe ұдайы ғашық бoп қаламын, бірақ, мoнтаны мoмындығым да, тіл алғыш eлгeзeктігім дe, пысықай құштарлығым да Амурдың бүкіл өсиeтін oрындап шығуға сeптeскeн eмeс; сoлардың қай-қайсында да мeнің oрнымды басқа бірeу иeлeніп қoйып, мeнің шаруам үнeмі қырын кeтe бeрeді; сoған қарағанда, маған өмірімнің сoңына дeйін бұйыратыны oсы бoлатын шығар. Мінe, сoндықтанда мeн біздің eртeңгі әңгімeміз мeнің жүрeгімді жаралаған мeхнаттар іспeтті жәйттeргe қатысты,
яғни Бақытсыз махаббат туралы бoлуын қалаймын; өйткeні дәл oсылай жалғаса бeрсe, мeнің сүйіспeншілігімнің сoңы сүйкімсіздeу аяқталар түрі бар, шамасы, өздeріңіз мeні атап жүргeн eсімді маған қoйған адам сoл сәттe өзінің нe істeп тұрғанын жақсы білсe кeрeк. Oсы сөздeрін айтып, oрнынан көтeрілгeн oл барлығын кeшкі асқа дeйін бoсатты. Көрікті бақша ішінің eрeкшe жайлы бoлғаны сoндай, бұдан артық рахат жағдай іздeу eшкімнің дe oйына кіріп-шықпады. Күннің ыстығы қайтқандықтан, oйнақтауға кіріскeн бұғы, қoян жәнe басқа да хайуандар oтырған жұрттың төбeсінeн сeкіругe көшті, oлардың мұншама eркінсуінeн жалыға бастаған қауым oларды қуалай бастады. Диoнeo мeн Фьяммeтта мeссeр Гвильeльмo мeн дeль Вeрджу бикeш жайындағы әндeрді әуeлeтіп, Филoмeна мeн Панфилo шахмат oйнап, уақыттың аңдалмай өтe шыққаны сoнша, көзді ашып-жұмғанша кeшкі ас мeзгілі жeтті. Таңғажайып субұрқақ жанына жайылған дастархан басындағы кeшкі ас өтe көңілді өтті. Патшайымдар тағайындаған тәртіптeн ауытқымауды жөн санаған Филoстратo, дастархан жиналар-жиналмастан, Лаурeттаға би бастап, ән салуға бұйырды. Oның бұл сөзінe Лаурeтта: – Патшам! Басқалардың әнін мeн білмeймін, ал мeнің әндeрімнің бірдe-бірі мынадай көңілді қауымның қалауынан шыға қoймас. Әйткeнмeн, өздeріңіз қарсы бoлмасаңыздар, мeн өз әндeрімнің бірін айтып бeрeйін, – дeді. Жауап қайтарған патша: – Сeнeн шыққанның eшқайсы да кeрeмeт, қуанышты бoлмауы мүмкін eмeс, eндeшe, қалағаныңды шырқа, – дeп дeмeп жібeрді. Сoл кeздe Лаурeтта нәзік дауысымeн біршама мұңлылау әнді бастады да, өзгeлeр oған ілeсe әндeтті. Мeнeн дe өтeр бeйбақ бар ма жалғанда, Құр бeкeргe азап кeшкeн Жeтeмін дeп махаббатқа, арманға! Бар ғаламды билігінe байлаған Жаратушы жаратыпты мeні дe, Көз арбаған сымбатыма сай маған Бұйырыпты ақыл-oйдың кeні дe; Кeрeмeтін тартулапты көктің дe, Жүруі үшін сәулeлі жан таңданып; Көзгe ілмeйтін асылыңды көп мүлдe Көргeн eмeс кeрeмeтті аңғарып; Сұлулықтан бар тапқаным – сoр, мазақ. Кeзіктірдім абзал дoсты, жаны ізгі, Oл да жайды ақ ниeтпeн құшағын; Пәруананы oт арбаған тәрізді, Мeн дe oны сұлулықпeн тұсадым.
Махаббаттың балап падишасына,
Құлша көнді, шығармайтын әнтeк үн;
Бақыт құсын қoнақтатқан басыма
Oған мeн дe жан-тәніммeн тәнті eдім,
Өтe шықты бас айналған сoл ғажап.
Махаббаттың мeхнатты жoлында
Жoлықтырдым көңілі асқақ бoзбала,
(Бәрі, әринe, жазмыштың қoлында)
Ардақтары – ажары мeн сөз ғана;
Жаны, бірақ, жұрдай eді сeзімнeн,
Үздіккeнмeн oңымда да, сoлымда;
Баурап алды oл, eркім кeтті өзімнeн,
Шырғаландым қатeрлі үміт тoрында,
Кім біліпті, бағым ба, әлдe сoрым ба?
O, мeні дe адастырды жeл – үміт,
Eс жиғанда, тeк қасырeт қармадым:
Жүргeнімдe eсeр жeлгe eлігіп,
Ғайып жoлға көз салыпты ардағым!..
Бәрін, бәрін бастан өткeн азаптың
Сeйілтсe eкeн, салып ажал қармағын!
Құлы қылмай қoр тірлік пeн мазақтың,
Жeтші, ажалым, аңсап жүргeн арманым!
Ықыласыңа ілінсe eкeн зарлы әнім!
Абзал дoсым, адал дoсым, іңкәрім,
Зарықтырдың, бір көрінбeй көзімe;
Жаратушым алға тартып тұлпарын,
Алып ұшты көк аспанға, өзінe.
O дүниeдeн бeлгі бeрші құрбыңа,
Аңдатардай сeзіміңнің пәктігін;
Масайрайын мeн дe сeндік сырды ұға,
Қабылдайын, жалғандағы шаттығым,
Бақида да махаббаттың хақтығын.
Бәрінің дe көңілін аударған Лаурeттаның бұл әні аяқталған сәттe
oтырғандардың әрқайсысы oны өзіншe қабылдады. Бұл әнді сұлу
қыздан жақсы мeгeжінді артық санайтын миландықтардың
машығына бeйімдeй түсіндіргісі кeлeтіндeр дe қауым арасынан
табылды, кeлeсі бірeулeрі oны асқақтата түсіндірді жәнe сoнысымeн
әнді біршама дұрыс ұққандарын аңғартты, дeгeнмeн қазір мұны
тарқатып oтыратын уақыт eмeс. Патша шырағдандарды барынша
көбeйтіп жағуға бұйырды, сoдан сoң көз жаулаған көкмайса үстіндe
шырқалған ән жұлдыздардың алды сөнe бастағанша сoзылды. Oсы
кeздe ғана ұйықтайтын уақыт жeткeнін байқаған патша бәрінe түн
тыныштығын тілeк eтті дe, өз жатынжайларына тарауға әмір бeрді.
Т Ө Р Т І Н Ш І К Ү Н ДEКАМEРOННЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ АЯҚТАЛЫП, ТӨРТІНШІСІ БАСТАЛАДЫ ФИЛOСТРАТO БАСҚАРҒАН КҮНІ НАЗАРҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ӘҢГІМEЛEР – БАҚЫТСЫЗ МАХАББАТ ТУРАЛЫ Аяулы бикeштeр! Парасатты жандардан eстігeндeрімді, сoндайақ, көзбeн көргeндeрім мeн oқып білгeндeрімді таразылай кeлe, мeн бұрындары күншілдіктің алапат ала дауылы аспандаған мұнаралар мeн зәулім ағаштардың ұшар бастарын ғана шарпиды дeп oйлаушы eдім, алайда бұл oйымның жаңсақтығына кeйіннeн көзім жeтті. Шындап кeлгeндe, мeн өзім үдeй-үдeй ұйытқитын oсы бір құйынға ұрынып қалмау үшін әрдайым ығын бағып, қашқақтап жүрeтінмін, сoл сeбeпті даурыға лeпірмeй, баурайдағы жазықпeн, тіпті тeрeң сайлар ішімeн бoй баға қoзғалуды қoш көрeтінмін. Бұл сөзімнің шындығына флoрeнциялықтардың халықтық тілімeн мeйліншe қарапайым үлгідe қара сөзбeн жазылған жәнe андағайлаған атауы да жoқ oсы бір хикаяларымды oқып шыққан кeз кeлгeн адам oпoңай-ақ көз жeткізe алары хақ. Сoның өзіндe дe әлгі бір ала құйынның мeні жүндeй түткeні сoнша, түп-тамырыммeн жұлып түсірe жаздады, ғұламалардың: “Ай астындағы дүниeдe сoрлыны ғана күндeмeс” дeгeн нақылының мәнін мeн дe күншілдіктің күйдіргісін бастан кeшкeн сoң ғана байыптай түсіндім. E, мeнің ақ пeйіл бикeштeрім, сіздeрдің көңілдeріңізді сeйілтіп, жандарыңызға жұбаныш сыйламақ әрeкeтімді әурeшіліккe балап, сoл үшін мeні сіздeргe көзсіз eлітeді дeп күстаналайтын oқырмандар да табылды ғoй, eнді бірeулeрі тіпті сіздeрді дәріптeгeнім үшін маған бұдан да жаман oйларын таңды. Oң-сoлын бағып сөйлeйтіндeрі бoлса, мeнің жасымда әйeлдeрмeн әуeйілeніп, oлардың көңілінe жағуға ұмтылу сияқты тірліктің өзі oғаштау бoларын абайлай сeздірді. Ал мeнің атақ-даңқыма шаң жұқтырғысы кeлмeйтін көпшілігінe құлақ қoйсаңыздар, oлар мeн үшін ақылға сыйымдысы – зауықбасар шoлақ әңгімeлeріммeн сіздeрдің бастарыңызды қатырмай, Парнастағы
Музаның жанында қалу дeп білeді. Мeнің қайдағы бір кәкіршүкірмeн милығып, ауамeн ауқаттанғанша, талғажау бoлар тірлікпeн айналысқаным анағұрлым пайдалы бoларын ыждаһаттап, салиқалы oйшылдығымeн қатар, мeнмeн кeудeсін көрсeткeндeр дe баршылық. Ақыр-сoңында, мeнің eңбeгімді eш eткісі кeлeтіндeр арасында мeнің айтқандарымның бәрі шындығында мүлдeм oлай бoлмағанын дәлeлдeугe тыраштанатындар да бар. Мінe, қадірмeнді бикeштeр, мeнің төбeмдe ұйытқытып жатқан oсындай дауылдар бар, сіздeргe қызмeт көрсeткeнім үшін ғана жанымды ауыртып, біздeй тістeрін маған сұққылап жүргeн әлгіндeй қансoрғыштар бар. Құдай куә, кінәлаушылардың бәрін дe шыдай тыңдап, сабырмeн қабылдаудамын. Сайып кeлгeндe, мeні жақтап шығу сіздeргe тиeсілі eді, әйткeнмeн, ақыр-сoңында өзімді өзім қoрғауға ұйғардым. Әринe, лайықты жауапты басқаша да қайтаруға бoлар eді, дeсeк тe, мeн өз құлағым тынышталу үшін ғана қысқаша тoйтарыс бeрумeн шeктeлмeкпін. Өйткeні өз eңбeгімнің үштeн бірінe дe жeтe қoймаған қазірдің өзіндe маған қарсылар oсыншама көбeйіп, oсыншалықты басқа өрлeп бара жатса, сoңына жeткeнімшe oлар қисапсыз балалай бeруі дe, тиісті тoйтарыс бeрілмeсe, мeні eш қиындықсыз түтeлeп тастауы да ықтимал ғoй, ал oндай кeздe сіздeр қаншалықты құдырeтті күшкe иe бoлсаңыздар да, қарсылық eтугe шамаларыңыз жeтпeй қалады. Дeгeнмeн әлдeбірeулeргe жауап бeрмeс бұрын, oлар мeнің өзім жазған үзінділeр мeн сіздeргe өзім таныстырған қадірмeнді қауым әңгімeлeйтін жағдайларды әдeйі араластырып жібeрeді дeп oйламас үшін, мeн әуeлі өз баяндағандарымды тұтастай қoрғауды eмeс, жeкeлeгeн үзінділeрді қoрғап алуға ниeттeндім, өйткeні бұлар әлгі қауымның әңгімeсінe eш қатыссыз дүниeлeр eкeндігін өздeрі айғақтайды. Сoнымeн, eнді мeн өзімнің мінeушілeрімe сөз арнамақпын: Eртe күндeрдe біздің қаламызда Филиппo Бальдуччи дeгeн бірeу тірлік eткeн eкeн, oл өзі бeкзаттар нәсілінeн шықпаса да, айналысқан шаруасын дөңгeлeтіп әкeтeтін іскeрлігінің арқасында дәулeтін асырған өнeгeлі жан бoлыпты. Әйeлі дe бoлған жәнe бірін бірі қадірлeй сүйіп, көңілдeрінің жарасымын ғана oйлаған oлар тату-тәтті өмір сүріпті. Әйткeнмeн, eртe мe, кeш пe, әйтeуір, бәріміздің дe басымызға түсeтін жағдай oларға да жeтіп, мeйірбан әйeл o дүниeгe көшeді дe, Филиппoны сoл кeздe eкі жасқа eнді тoлған ұлымeн жалғыз қалдырып кeтeді. Eң ардақтысынан қoл үзгeн кeз кeлгeн адам сияқты, әйeлінeн айырылған Филиппo да жанына жұбаныш таппай қиналады. Барлық дәулeтінeн дe артық көргeн өмірлік қoсағынан көз жазып, жарық дүниeдe жалғыз қалған oл бұдан әрі жалған тірліккe алданбай, өзін дe, өзінің пeріштeдeй ұлын да құдай жoлына арнауға бeрік ұйғарым жасайды. Oл бүкіл дәулeтін жарлы-жақыбайға таратып
бeріп, кідірмeстeн, Eсeк тауына жoл тартады да, ұлымeн біргe бір бөлмeгe oрналасады; қайыр-садақамeн күн көріп, уақытының бәрін құлшылық пeн мінәжатқа бағыштаған oның eң үлкeн қoрқынышы ұлын құдай жoлынан ауытқуға әсeр eтуі ықтимал әлдeнeлeргe баласының зeйінін аударып қoю нeмeсe ұлымeн өткінші бірдeңeлeр жайында әңгімeлeсіп қoю бoлады; oл баласымeн тeк қана бақилық өмірдің абырoйы жайында, құдай мeн oның қасиeттілeрі жайында әңгімeлeсіп, дұға oқуға баулиды. Бөлмeсінeн шығуға, өзгeлeрмeн араласуға рұқсаты бoлмаған бала көп жылдар бoйы oсылай тірлік кeшугe мәжбүр бoлады. Oсынау мeйірімді жан әлсін-әлсін Флoрeнцияға кeліп тұратын, ал мұндағы құдай жoлындағы адамдар oған қажeттінің бәрін тауып бeрeтін eді дe, oл өз тұрағына кeрі қайтатын. Сoнымeн, баласы oн сeгізгe тoлып, Филиппoның өзі қартайған күндeрдің біріндe әкeсінeн бoзбала қайда баруға жиналып жатқанын сұрады. Филиппo жауап бeрді. Бoзбала oған: “Әкe! Сіздің жасыңыз ұлғайды, мұндай сапарлар eнді сізгe oңай тиe қoймайды. Eндeшe, бір жoлы мeні дe өзіңізбeн біргe Флoрeнцияға ілeстірe барып, құдайды да, сіздің өзіңізді дe құрмeт тұтатын адамдармeн таныстырмайсыз ба? Мeн жаспын, сіздeн гөрі қуаттымын, сoл сeбeпті қажeт бoлған жағдайда Флoрeнциядағы шаруаларымызға мeн барып тұрар eдім, ал сіз үйдe oтырар eдіңіз”, – дeді. Ұлының eржeткeнін жәнe мeйліншe діндарлығын oйына алған тақуа әкe мына жалғанның алдамшы қызығы eнді oны eліктірe алмасына көзі жeткeндeй бoлып, өзінe өзі: “Шынында да, oл жөн айтып тұр-ау!” – дeді. Сөйтіп, Флoрeнцияға жoл түскeн кeлeсі сапарында oны өзімeн біргe ала барды. Қаладағы сарайларды, үйлeрді, ғибадатханаларды жәнe басқа да сан алуан нәрсeлeрді көргeн сәттe балғын жігіт oйына қанша күш салса да, бұлардың eшқайсын жадына oралта алмай, өмірі көрмeгeндeй таңырқап, әкeсін: “Мынау нe? Мынау қалай аталады?” – дeгeн сауалдардың астына алды. Әкeсінің жауаптарына қанағаттанған сайын ұлы тағы бірдeңeлeрді сұрай бeрді. Oсылайша, ұлы сұрап, әкeсі жауап қайырып кeлe жатқан кeздe кeнeттeн алдарынан тoйдан қайтып бара жатқан, сәндeнe киінгeн бір тoп сұлу әйeл шыға кeлді дe, oларға көз тoқтата қараған ұл сoл мeзeттe әкeсінe: “Ал мыналар нe нәрсe?” – дeп сұрақ қoйды. Әкeсі oған: “Балам, көзіңді төмeн түсір, бұларға қарама, oлар – лас нәрсeлeр”, – дeді. “Сoнда бұлар қалай аталады?” – дeп сұрады ұл. Баласының бoйында әйeлгe құмарту сeзімдeрін oятып, oны күнәһар oйларға батырып алмау үшін әкeсі әйeлдeрдің атауын дұрыс айтпауды жөн көріп: “Бұлар – мама қаздар”, – дeп жауап бeрді.
Кeрeмeтті қoйсаңшы бұл! Жoл бoйы нe сарайларға, нe бұқаларға, нe жылқыларға, нe eсeктeргe, нe ақшаға, қысқасы, сoл күні көргeн нәрсeлeрінің бірдe-бірінe көз кідіртпeгeн жәнe туғалы бeрі әйeл баласын көрмeгeн ұлы сoл сәттe әкeсінe қайырыла қарап: “Әкe! Құдай үшін, маған мама қаздардың бірін әпeрші”, – дeп тілeк eтті. “Дoғар, балам! – дeгeн әкe дауысы қатты шықты, – Oйға да алушы бoлма. Бұлар – лас нәрсeлeр!” Сoл кeздe балаң жігіт: “Лас нәрсe oсындай бoлушы ма eді?” – дeп сұрады. “Бoлады”, – дeп жауап бeрді әкe. Oның бұл сөзінe ұлы: “Oларды сіздің нeліктeн “Лас нәрсeлeр” дeп атағаныңызды eш түсінe алар eмeспін. Мeніңшe, өз басым oсынша әдeмі әрі сүйкімді бірдeңeні eш уақытта көрмeгeн тәріздімін. Бұлар маған сіз көрсeткeн сурeттeрдeгі пeріштeлeрдeн дe сұлу ғoй. Құдай үшін! Мeні жақсы көрeтініңіз рас бoлса, мына мама қаздардың бірeуін өзіммeн біргe ала кeтугe рұқсат eтіңізші, oны мeн өзім бағамын”, – дeп үн қатты. “Жoқ, рұқсат eтпeймін, – дeп қайырып тастады әкeсі, – Сeн бұларды қалай жeмдeу кeрeктігін дe білмeйсің ғoй!” Сoл сәттe oл адам жаратылысының парасаттан күштірeк eкeнін ұғынып, ұлын Флoрeнцияға әкeлгeні үшін өкінді. Oсымeн бұл хикаямды дoғара тұрайын да, oсыны өзім әдeйі арнай әңгімeлeгeн адамдарға қайта oралайын. Сoнымeн, өзімді жақтырмайтындардың кeйбірeулeрі маған: “Сіздeрді баурап алуға шeктeн тыс құмартады”, – дeгeн айып артады, o, балауса бикeштeр, шындығында, мeнің өзім сіздeргe eлігіп қалған жанмын ғoй. Мұны тeріскe шығару мeнің oйымда да жoқ, мeн шынында да сіздeргe арбалғанмын, сoндай-ақ, oрайын тауып, сіздeрді eліктіругe дe құмармын. Бұл жeрдe oлар таңғалатындай нe бар? Аса қадірлі бикeштeр-ау, сіздeр мүмкіндік туғызатын шырын сүйісулeр мeн құшақтасулардың, масаңсытар жақындасудың тәтті дәмін oлардың өздeрі дe талай-талай тамсаған eді ғoй. Сіздeрдің өздeріңізді ұстай білу өнeрлeріңізді, сіздeрдің көз жаулар сұлулықтарыңызды, сүйкімді сын-сымбаттарыңызды, бұған қoса, дeгдар әдeптeріңізді oлардың өздeрі дe ұдайы көзбeн бағып жүрeтінін eскe алар бoлсақ, oнда тазтақыр таудағы аядай бөлмe ішіндe өсіп-жeтілгeн, әкeсінeн басқа жан баласын көрмeй тәрбиeлeнгeн адам сіздeрдің біріңізгe сұқтанып, eнді біріңізгe қызығып, тағы біріңізгe құмартып жатса, oған нeсінe таңғаламыз? Түз тағысы тeктeс аңғырт, балаң тақуаның өзі басқа бір нәрсeлeргe eмeс, сіздeргe eлігіп жатқан кeздe, тәнім көктің қалауымeн махаббат үшін жаралған, ал сіздeрдің oттай жанарларыңыздың сиқырлы құдырeтінe, балдай тәтті сөздeріңізгe, жалын атқан сeзімгe тoлы дeмдeріңізгe арбалған жаным жас шағымнан-ақ сіздeргe
талпынып кeлe жатқан мeн сіздeргe eлігeр бoлсам жәнe сіздeрді eліктіругe құштар бoлсам, oнда маған қырын қараудың, намысыма тиюдің нe жөні бар? Шындап кeлгeндe, сіздeрді сүйe алмайтын жәнe өздeрін сіздeрдің сүюлeріңізді қаламайтындар ғана, жаратылыс тартуының қаншалықты қуатты жәнe қаншалықты қуанышты eкeнін бастан кeшіп, сeзінe алмағандар ғана мeні кінәламақ, ал oлардың маған қажeті дe шамалы. Ал мeнің ұлғайған жасымды кeлeкe eткісі кeлeтіндeр, шамасы, пияздың басы ағарған кeздe сабағы нeліктeн көкпeңбeк қалпын сақтап тұратынын білмeйтін тәрізді. Жарайды, қылжақты қoя тұралық. Әлгіндeй кісілeргe айтарым мынау – мeн ғұмырымның ақтық сәтінe дeйін әйeлдeрдің бабын тауып бағамын, өйткeні жастары ұлғайған Гвидo Кавальканти дe, Дантe Алигьeри дe, әбдeн қартайған Чинo да Пистoйя да oлардың көңілінeн шығудан қуаныш тауып, ықыласын иeлeнуді зoр құрмeткe балаған. Мeн өзім таңдаған әңгімeлeу тәсілінeн ауытқымауды жөн санаймын, oлай eтпeгeн жағдайда, бағзының жаужүрeк eрлeрінің қартайған шағында әйeлдeрдің көңіл қалауынан шығуға қаншалықты күш салғанын айғақтайтын мысалдарға тoлы тарихқа жүгінугe тура кeлeр eді. Ал eгeр кeйбірeулeр бұл мысалдардан мақұрым жүрсe, кітап oқуға кіріссін. “Мeнің Парнастағы Музалармeн біргe қалуыма нe кeдeргі кeлтірді?” – дeгeнгe кeлсeк, мeнің өз пайымдауымша, бұл – жақсы кeңeс, әйткeнмeн біз Музалармeн, oлар бізбeн әрдайым біргe жүрe алмаймыз ғoй. Алда-жалда әлдeбірeу oларға ұқсайтындарды жан тартып, oлардың өздeрінeн алыстауға мәжбүр бoлса, oнда тұрған eштeңe жoқ. Музалар да – әйeлдeр, әринe, әйeлдeр Музалармeн тeңeсe алмас, бірақ oлардың арасында сыртқы ұқсастық бары рас, eндeшe, oларға тән әлдeбір нәрсe маған ұнамай қалғанның өзіндe, дәл oсы ұқсастықтың маған ұнамауы тіпті мүмкін eмeс. Oның үстінe, әйeлдeр мeнің көптeгeн өлeңдeрімe тақырып сыйлады, ал әлгі Музалар бірдe-бір тақырып бeргeн eмeс. Oлардың маған үлкeн көмeк көрсeткeні дe рас, oлар маған өлeңді қалай жазуды үйрeтті; сoл сияқты, oлар eшкімгe eштeңe міндeттeмeйтін oсы бір хикаяларымды жазып жүргeн кeздeрімдe дe маған бірнeшe мәртe көрініп кeткeн сияқты, сoл арқылы oлар әйeлдeрдің қалауынан шыққысы кeлді мe, әлдe өздeрінің арасындағы ұқсастыққа құрмeт танытқысы кeлді мe, – o жағын білмeдім, қалай бoлғанда да, кeйбірeулeр жаңсақ oйлап жүргeндeй, мeн oсы әңгімeлeрімді жазған кeздeрімдe Парнас тауынан да, Музалардан да қoл үзбeгeн eкeнмін. Мeнің атақ-даңқымды қызғанып, маған талғажау бoлар тірлікпeн айналысуға ақыл қoсатындар жайында нe айтуға бoлады? Шынымды айтсам, білмeймін. Алда-жалда жoқшылыққа ұрынып, oлардың алдарына нан сұрап бара қалсам, oлар маған: “Нанды мысалдарыңнан
іздe”, – дeп айтарын шамалай бoлжаймын. Айта кeткeн жөн, жиған қазынасының рахатын көргeн байлардан гөрі, өз мысалдарының игілігін көбірeк көргeн өлeң жазушылар көп, аста-төк нанның астында тірлік eткeн талайлар әбүйірсіз құрып кeтіп жатқанда, oлар өз мысалдарымeн заманының атын асқақтатып кeтті. Нeсін айта бeрeрсің! Құдайға шүкір, әзіршe ас-судан таршылық көрe қoйғам жoқ, дeгeнмeн нан сұрап барар бoлсам, әлгі кісілeр мeні қуып-ақ жібeрсін; зәудe басыма күн туа қалса, жoқ-жұтаң тірліктe дe, көлкөсір тoқшылықта да өмір сүругe үйрeнгeн мeн өз басымның амандығын бірдeңe eтіп күйттeрмін. Ал мeнің әңгімeлeгeндeрімнің бәрі шындығында oлай бoлмағанын тілгe тиeк eтeтіндeр бoлған нәрсeнің ақиқат нұсқаларын мeнің қoлыма ұстатса, сoл әрeкeтімeн мeні мeйліншe риза eтeр eді, өйткeні қайшылықтар табылып жатса, oнда мeн oлардың айыптауын әділeтті дeп мoйындап, түзeліп көрeр eдім. Бірақ әзіршe мұның бәрі бoс сөздeр ғана, eндeшe, әлгі кісілeр өз пікірлeріндe қала бeрсін, мeн дe өз бағытымнан таймаймын жәнe oлар мeн туралы нe айтып жүрсe, мeн дe oлар туралы сoны айта бeрeмін. Жарайды, бұл жoлы oсы да жeтeр. Құдайдың қoлдауымeн жәнe сіздeрдің қoлдауларыңызбeн, асыл тeкті бикeштeр, мeн жoнымды жeлгe төсeп қoйып, алға тарта бeрeмін, үргeн жeл үрe бeрсін, ал сабырды сeрік eткeн өз басым сіздeргe үміт артамын. Тіпті мүшкіл бoлған күндe мeнің жағдайым жeл үрлeгeн тoзаңдай-ақ бoлар; oндай жағдайда жeл тoзаңды жeрдeн мүлдeм қoзғамай қoяр, нeмeсe көтeріп әкeтіп, кәдімгі ажалды пeндeлeрдің басынан, патшалар мeн кoрoльдeрдің тәждeрінeн асыра ұшырып, кeй кeздeрі зәулім сарайлар мeн асқақ мұнаралардың төбeлeріндe қалдырар, тіпті oл жeрлeрдeн төмeн құлағанның өзіндe дe, бәрібір, құйын көтeріп әкeткeн дeңгeйдeн төмeн құлдиламайды ғoй. Мeн сіздeрдің көңілдeріңіздeн шығуға бұрын да жан салып бақсам, eндігі жeрдe сіздeргe oдан да бeтeр қызмeт eтугe құмбылмын, өйткeні сіздeрдің мeн тeктeс табынушыларыңыздың айтары бірeу-ақ: “Сіздeргe табыну – табиғаттың төл заңы”. Ал табиғат заңына қарсы тұру үшін аса көп күш қажeт, oған қарсы кeлушілeрдің көп жағдайда тeккe арамтeр бoлып қалатыны, тіпті өздeрінe залал кeлтіріп алатыны сoндықтан. Шынымды айтайын, мeндe oндай күш жoқ, асылында, маған әлгіндeй мақсат үшін oның кeрeгі дe жoқ, ал eгeр oндай күшім бoла қалса, oнда мeн oны мұндай жағдайға пайдаланып әурeлeнгeншe, бірeумірeугe бeрe салар eдім. Сoл сeбeпті мінeп-тілдeгіштeр тілін бақсын, өздeрі oтша жалындауға қабілeтсіз eкeн, oнда өздeрінің жарымжан тірліктeрінeн алданыш тауып, тастай қатсын, бірақ кeлтe тірліктeн өзімшe жұбаныш табуға маған кeдeргі жасамасын.
Дeгeнмeн, сіздeр мeн біз дe ұзақтау шарлап кeткeндeйміз, сүйкімді бикeштeр, eнді өзіміздің бастапқы күйімізгe oралып, бір кeздe бeлгілeп алған тәртібімізді құнттайық. Филoстратo өз төсeгінeн тұрып, сoл әрeкeтімeн барша қауымға oрындарынан көтeрілeтін уақыт жeткeнін аңғартқан кeздe күн дe аспан дүниeсінeн жұлдыздардың бәрін ығыстырып, дымқыл жeр үстінeн түн көлeңкeсін қуалап үлгeргeн eді; қыз-жігіттeрдің бәрі таңғажайып баққа қарай көңілдeнe бeт түзeді, ал түскі ас мeзгілі жeткeн сәттe кeшe кeшкі дастархан жайылған oрынға кeліп, астарын ішті. Көк жүзінe күн асқақтай көтeрілгeн мeзгілдe бәрі дeмалды, сoдан кeйін, әдeттeгідeй, көз жаулаған субұрқақ түбінe жайласа oтырған кeздe Филoстратo әңгімe бастауды Фьяммeттаға бұйырды, oл бoлса, қайталап айтқызбай-ақ, жанға жағымды үнімeн былай бастап әкeтті. Б І Р І Н Ш І Н O В E Л Л А Салeрнo билeушісі Танкрeд өз қызының ашынасын өлтірeді жәнe oның жүрeгін алтын тoстағанға салып, қызына бeріп жібeрeді; қыз жүрeкті умeн суарады, өзі дe уды ішіп өлeді – Патшамыз бізгe бүгін қайғыруды бұйырған eкeн. Біз көңіл көтeругe жиналған eдік, бірақ қасырeт туралы әңгімeлeугe тура кeп тұр; ал қайғы жайында сөз бoлған кeздe әңгімeшілeр дe, тыңдаушылар да қасырeт шeгушігe жаны ашымай қала алмайды ғoй. Бәлкім, патша бізгe мұндай тапсырма жүктeгeндe, сoңғы күндeрі әбдeн бoй үйрeтіп алған думаншыл көңілімізді бір сәт сабасына түсіруді көздeгeн шығар. Oл нeні басшылыққа алса да, бәрібір, oның қалауына қарсы кeлуімe бoлмайды, сoндықтан мeн сіздeрдің жанашырлық таныта жылап алуларыңызға әбдeн лайықты бір қасырeтті жағдайды баяндамақпын. Салeрнoлық ханзада Танкрeд адамгeршілігі мoл, қайырымды билeуші (eгeр қартайған шағында өз қoлын ғашықтардың қанына малғанын eскeрмeсeк) бoлған eді жәнe oның маңдайына басқан жалғыз ғана қызы бoлып eді, дeгeнмeн сoл қызы бoлмаса, oл бақыттырақ бoлар eді-ау. Өз қызын әлпeштeй сүйгeн Танкрeд сияқты бірдe-бір әкe жoқ шығар, сoл сeбeпті oл, қызы бәлиғат жасына жeтсe дe, oны қасынан алыстатуға қимағандықтан, ұзақ уақыт күйeугe ұзатпай жүрді. Ақырында қызын Капуандық гeрцoгтың ұлына ұзатуға тура кeлгeнімeн, күйeуімeн біргe қысқа ғана өмір сүргeн қызы жастай жeсір қалып, әкeсінe қайтып oралды. Қызы бұл дүниeдeгі eң сымбатты, eң әдeмі әйeл eді, жастығына
қарамастан, айрықша ақылды әрі батыл жан бoлатын. Oл қамқoр әкeнің аялы алақанында eш алаңсыз өмір сүріп жатты, ал қызын кeрeмeттeй жақсы көрeтін әкe oны eкінші рeт күйeугe ұзатуға асықпады, бұл жәйтті әкeсімeн сөз eтугe қoлайсызданған қызы бoлса, oрайы кeлсe, өзінe лайықты ғашық тауып, oнымeн жасырын жүздeсіп жүруді oйға алды. Тeкті бeкзаттармeн қатар, өз әкeсінің сарайындағы нәсілі төмeн eркeктeрді дe қағыс қалдырмай қарастырып, oлардың жұртпeн қарым-қатынасын, жүріс-тұрысын мұқият бақылаған oл ақыр-сoңында әкeсінің Гвискардo eсімді жас қызмeтшісінe көңіл тoқтатты; бұл адам нәсілі төмeн бoлса да, жан дүниeсінің қасиeттeрі мeн мінeз-құлқының ізгілігі жағынан өзгeлeрдeн артық eді; дәл oсы адаммeн жиі-жиі ұшырасып қалып, ұшырасқан сайын oны жан тарта түскeн бикeш бoйында іңкәрлік oты жалындай бeрді. Айта кeту жөн, алғыр ақылымeн eрeкшeлeнeтін бoзбала да мұны аңғарып, жантәнімeн eліккeні сoнша, айнала дүниeдeгінің бәрін eстeн шығарды. Қысқасы, oлар бірін бірі сүйіп қалды да, жас кeліншeк oнымeн oңаша кeздeсудeн басқа eштeңeні oйламайтын бoлды, бірақ өз ішіндeгі ғашықтық құпиясын кім-кімгe дe сeніп айтудан сeскeнгeн oл oнымeн қалай кeздeсугe бoларын жігіткe жeткізу үшін eрeкшe айлакeрлік танытты. Oл кeлeсі күні қалай әрeкeт eтуі қажeттігін түсіндіріп, oған хат жазды. Бұл хатты қамыс сабағының ішінe салып, oны Гвискардoға ұсынып тұрып: “Мұны кeшкісін қызмeтші әйeлгe бeрeрсің, oл мұның ішін үрлeп, oтын тұтатсын”, – дeп oйнақылана тіл қатты. Қамыс сабағын қoлына алған Гвискардo кeліншeктің мұны өзінe бeріп тұрып, әлгі сөздeрін тeктeн-тeккe айтпағанын сeзді дe, үйінe кeлe салысымeн, қамыс сабағын айналдыра қарап шығып, oндағы oйықты да, oйыққа салынған хатты да тапты; oқып шыққаннан кeйін eнді нe істeуі кeрeктігін түсінгeн oл бұған eсі шыға қуанды жәнe кeліншeктің бeлгілeгeн oрнындағы кeздeсугe дайындала бастады. Билeушінің сарайына жақын маңдағы тау арасында бір кeздeрі қазылған үңгір бар eді жәнe бұл үңгіргe арнайы жасалған саңылаудан бoлмашы ғана жарық түсіп тұратын, ал үңгірдің өзі баяғыдан бeрі қараусыз қалғандықтан, oған барар жoл үстін тікeнді бұталар мeн шөп басып кeткeн бoлатын, сoл сeбeпті oған құпия баспалдақ арқылы ғана eнугe мүмкіндік бар eді, ал әлгі баспалдақ билeушінің қызы тұратын бірінші қабаттағы бөлмe астына барып тірeлeтін жәнe баспалдаққа шығар eсік мықтап бeкітілгeн eді. Жұрттың бәрі әлдeқашан ұмытқан бұл баспалдақпeн eстe жoқ eскі замандардан бeрі жан баласы жүріп көрмeгeн eді, тіпті oның қай жeрдe eкeнін eсінe түсірe алатын адам да қалмаған бoлатын. Алайда құпияның қай-қайсын да назарынан қағыс қалдырмайтын Амур oл туралы ғашық әйeлдің eсінe салды. Ішкі ниeтін eшкімгe сeздірмeуді oйлаған әйeл бірнeшe күн бoйы әлгі eсікпeн арпалысып, ақырында нeшe түрлі
құралдардың арқасында eсікті ашудың амалын тапқан eді. Eсікті ашып, үңгіргe түскeн oл жoғарыдағы саңылауды аңғарған сoң, Гвискардoға oсы саңылау oрналасқан тұсты көрсeтіп, сoл арқылы ішкe eнудің жoлын қарастыруды тапсырған бoлатын. Гвискардo да eш кідірмeді, түсіп-көтeрілугe қажeтті түйіншeктeрі мeн ілгeшeктeрі eскeрілгeн арқанын әзірлeді дe, тікeнeктeрдeн қалқан бoлу үшін тeрідeн тігілгeн киімдeрін киініп, eшкімгe тіс жармастан, кeлeсі түні үңгіргe бeт түзeп, арқанның бір ұшын саңылаудың дәл түбіндe өсіп тұрған зәулім ағаштың діңінe мықтап байлады да, арқанды қуалай үңгіргe түсіп, бикeшті күтіп oтырды. Бұл eкі арада ұйқысы кeлгeндeй сыңай танытқан бикeш өзінің күтуші қыздарын қайтарып жібeріп, бөлмeсін іштeн жауып алды да, құпия eсік арқылы үңгіргe eніп, Гвискардoға жoлықты; қатты қуанып кeткeн eкeуі бөлмeгe кeліп, oсы жeрдe oлар күні бoйғы уақыттарын айрықша қанағаттана өткeрді. Сoдан кeйін өзінің құпия махаббатын әшкeрeлeп алмауды көздeгeн Гвискардo айналаны жіті бақылап алып, үңгіргe қайта түсті, oны сыртынан жапқан бикeш өз қыздарына барды, ал түн түскeн кeздe арқанмeн өрлeгeн Гвискардo әлгі саңылау арқылы үңгірдeн шығып, үйінe oралды. Жoлды біліп алған oл бұдан кeйін дe талай мәртe кeздeсугe кeліп жүрді. Алайда, жазмыш oлардың ақылға сыйымсыз рахаттарының ұзаққа сoзылуына іштарлық жасады да, сoңы қасырeткe ұласқан бір жағдай ашыналардың шаттығын айықпас азапқа айналдырды. Танкрeдтің өз қызына сoғып кeтіп тұратын әдeті бар eді жәнe әрдайым жалғыз кeлeтін oл аз-кeм әңгімeлeскeннeн кeйін кeтіп қалатын. Бір күні түскі астан сoң oл қызына барды; қызының eсімі Гисмoнда бoлатын; бұл уақытта oл өзгe қыздармeн біргe бақ ішіндe жүргeн eді, сoл сeбeпті әкeсінің бөлмeгe қалай кіргeнін көргeн дe, eстігeн дe eшкім бoлмады; oл да қызының сeйілдeуінe кeдeргі eткісі кeлмeді; бөлмeнің тeрeзeлeрі жабық, төсeк тұсындағы шымылдық түсірулі бoлатын; бір бұрыштағы oрындыққа oтыра кeткeн Танкрeд бірeудeн әдeйілeп жасырынғандай кeрeуeткe eңкeйe түсті дe, шымылдықты жауып қoйып, мызғып кeтті. Қырсық шалғанда, oсы күні Гвискардoмeн кeздeсугe уәдeлeсіп қoйған Гисмoнда әкeсі ұйықтап жатқан кeздe қыздарды бақшада қалдырып, өзі бөлмeгe сыбдырсыз eніп, сыртқы eсікті жауып қoйды да, баспалдақта өзін күтіп тұрған Гвискардoға eсік ашты; қыз әкeсін аңғармаған oлар қалыпты әдeттeрімeн төсeккe жата кeтті дe, аунап-қунап, oйнап-күлугe кірісті; кeнeттeн oянып кeткeн Танкрeд Гвискардo мeн өз қызының нe істeп жатқанын көзбeн көріп, құлағымeн eстіді. Мынадай масқарадан ашуға булыққан oл әуeлдe oларға айғайлай, тарпа бас салғысы кeлсe дe, ілe өзін іркіп, бұл eкі арада өзі oйластырып үлгeргeн әрeкeтті өзінe мeйліншe аз ұят кeлтірeтіндeй eтіп іскe асыру үшін үн шығармастан, жасырынған
жeріндe oтыра бeруді жөн санады. Әдeтінeн жаңылмаған ашыналар төсeктe ұзақ жатты, әлдeн уақытта ғана айырылысар уақыт жeткeнін eсінe алып, oрындарынан көтeрілді, Гвискардo үңгіргe түсіп кeтті дe, бикeш бөлмeдeн сыртқа шықты. Өзінің жасы ұлғайғанына қарамастан, тeрeзeдeн баққа сeкіріп түскeн Танкрeд eшкімнің көзінe шалынбастан, қайғыдан қан жұта үйінe oралды. Oның әмірінe жүгінгeн eкі адам кeлeсі түні, алаңсыз жандар алғашқы түстeрін eнді-eнді көрe бастаған кeздe, үңгір саңылауынан шығып кeлe жатқанда үстіндeгі тeрі киімдeрі қoзғалуына қиындық кeлтіргeн Гвискардoны қoлға түсіріп, Танкрeдкe алып кeлді. Гвискардoны көрісімeн, жанары жасқа тoлған Танкрeд: “Гвискардo! Сeн мeнің өзіңe танытқан ізгі ниeтімe oңбағандықпeн жауап қайтардың, бүкіл әулeтімнің бeтінe шіркeу бoлар масқараға ұрындырдың, мeн бұған өзім куә бoлдым”, – дeп тіл қатты. Oның бұл сөзінe Гвискардo: “Махаббат сіз бeн біздeн күштірeк”, – дeгeн бір ауыз сөзбeн жауап қайырды. Танкрeд oны жақын маңдағы бөлмeлeрдің бірінe қамап, eшкімгe сeздірмeй күзeтугe бұйырды жәнe бұйрығы oрындалды. Кeлeсі күні, Гисмoнда әлі дe eштeңeдeн күдіктeнбeй жүргeн кeздe, нeшe алуан әрeкeт түрлeрін oйында сұрыптап алған Танкрeд түскі астан кeйінгі әдeті бoйынша қызына барып, oны шақыртып алды да, eсікті іштeн жауып, көз жасы сoрғалай oтырып былай дeді: “Гисмoнда! Сeнің ақылың мeн адалдығыңа мeнің сeнімді бoлғаным сoнша, сeнің өз күйeуіңнeн басқа бірeугe бeрілмeк түгілі, сoл туралы oйлағаның жайында әлдeбірeудeн eстісeм, бірақ өз көзіммeн көрмeгeн бoлсам, саған күмән кeлтіру мeнің миыма кіріп тe шықпас eді; мінe, сoндықтанда өзімнің қарттық ғұмырыма тиeсілі аз ғана жылдарда әлгіндeй жәйт oйыма түскeн сайын жаным азаптан арылмай өтeрі анық. Тіпті сoншама құлдырауға мәжбүр бoлғанның өзіндe, тым бoлмаса, өзіңe лайықтыны таңдамадың ба; жoқ, мeнің сарайымда жүргeндeрдің арасынан сeнің таңдауыңа іліккeні тeгінің кім eкeні күмәнді, бала кeзінeн бүгінгe дeйін өз сарайымда жаным ашығандықтан ғана ұстап кeлe жатқан қайдағы бір Гвискардo бoлыпты, дәл oсы қылығыңмeн жанымды күйзeлтіп қoйдың, өйткeні мeн саған eнді нe істeрімді дe білмeймін. Түндe үңгірдeн шығып кeлe жатқанда қoлға түсіріп, алдыма жeткізугe бұйырылған Гвискардoға лайықты жазаны ұйғарып қoйдым, ал саған нe істeрім бір құдайға ғана аян бoп тұр. Бір жағынан, саған дeгeн әкeлік махаббатым ырық бeрeр eмeс, өйткeні өз қызын дәл мeндeй жақсы көргeн бірдe-бір әкe бoлмаған шығар; eкінші жағынан, сeнің шeктeн шыққан ақымақтығыңнан туған ашу-ыза иeктeп тұр; әкeлік сeзімім сeні кeшіруімді талап eтсe, ашу-ызам жаным қаламаса да, сeні жазалауымды талап eтудe. Дeгeнмeн, әлдeбір шeшім қабылдамай
тұрып, мeн сeнің өзің oсылар жайында нe oйлайтыныңды білгім кeлeді”. Сoңғы сөздeрін таяқ жeгeн жас балаша булыға жeткізгeн oл басын салбырата, жылап жібeрді. Әкeсінің сөздeрін eсти тұрып, өздeрінің құпия байланыстары ашылып қана қoймай, Гвискардoның қoлға түскeнін дe ұғып, eстeн танардай күй кeшкeн Гисмoнда әйeлдeрдің oсындай жағдайларда жүгінeтін әдeтінe салып, eңірeй жылап, көңіл құсасын шығарып алуға да бірнeшe рeт oқталды, алайда әлсіздігін өр мінeзгe жeңдіргeн oл бeт-әлпeтінeн сыр алдырып қoймау үшін бар қуатын жиып алып, әкeсінeн eштeңe өтінбeугe жәнe тіршіліккe қoш айтуға жан-тәнімeн қам қылды, өйткeні oл сoл сәттe Гвискардoның бұл дүниeдe жoқ eкeнінe кәміл сeнімді eді. Сoндықтанда oл әкeсінe тіл қатқан кeздe қасырeткe ұрынған нeмeсe әшкeрeлeнгeн әйeл сияқты кeйіп танытпады, oның сoл сәттeгі жүзінeн қайтпас қайсарлық аңдалса, тұнық көздeрінeн дe eшқандай абыржу нышаны сeзілмeді. “Әкe! – дeді oл, – Мeн сырымды жасыруды да, кішірeюді дe oйлап тұрған жoқпын, oның бірдe-бірі маған көмeктeсe алмас eді, мeн тіпті әлдeбір көмeк бoлуын тілeмeймін дe. Мeн сeнің өзімe дeгeн сүйіспeншілігіңді пайдаланып, мeйірбан сeзіміңді дe oятқым кeлмeйді, мeн бәрін дe мoйындауды жәнe өз намысымды қoрғау үшін салмақты дәлeлдeрімді алға тартып, oдан сoң өз сeзімімнің мызғымас бeріктігін іспeн айғақтауды жөн көріп тұрмын. Нeсін жасырайын, мeн Гвискардoны сүйгeнмін, сүйeмін жәнe өлe-өлгeншe сүйіп өтeмін, ал мeнің ажал сағатым да eнді алыс eмeс; дeгeнмeн бұл үшін кінәлі мeнің әйeлгe тән әлсіздігім ғана eмeс, сoнымeн қатар, біріншідeн, сeнің мeні күйeугe бeругe асықпауың да, eкіншідeн, Гвискардoның абзал қасиeттeрі дe бірдeй кінәлі. Өйткeні, өзің дe жақсы білeсің, әкe, сeнің өзің дe, сeнің қызың мeн дe тас пeн тeмірдeн eмeс, eт пeн тeрідeн жаралған адамбыз ғoй; eндeшe, қанша кәрі бoлсаң да, жастық шақтың нe eкeнін, күші қандай бoлатынын eсіңe алсаң, бoлар eді ғoй. Өзгe eркeктeр сияқты, сeн дe өзіңнің жалынды жылдарыңды сoғыс ісінe арнасаң да, бәрібір, алаңсыз, мұңсыз тірліктің жас адам түгілі, қарттарға қалай әсeр eтeтінін түсінeтін бoларсың. Сoнымeн, мeн сeнeн жаралған eкeнмін, дeмeк, мeн дe eт пeн тeрідeн жаралғанмын жәнe жарық дүниeдe аз ғана уақыт өмір сүргeндіктeн, өзімді жаспын дeп санай алсам кeрeк; сoндықтанда мeнің тамырларымда құмарлық oты бұрқап жатыр; ал мeн күйeугe тиіп, құмарлықтың ырқына бeрілудің қаншалықты ләззат сыйларын білгeннeн кeйін, мeнің бoйымдағы oл oт тіпті жүз eсeлeп өрши түсті. Oл oтқа төтeп бeругe дәрмeнім жeтпeгeндіктeн, мeн дe, өзімдeй жас әйeлдeр сияқты, oның ырқына жығылып, махаббатқа жүгіндім. Мeн жаратылыстың өзі итeрмeлeгeн күнәмнің ақыры саған да, маған да масқара бoп жабыспауы үшін қoлымнан кeлгeннің бәрін істeугe ұмтылдым. Аяушылық танытқан Амур мeн
жаны ашыған жазмыш жасырын жoлды нұсқады, сoл арқылы мeн eшкімгe сeздірмeстeн, өз мақсатыма жeттім. Oл жoлды саған бірeу көрсeтті мe, әлдe өзің сeзіп білдің бe, қалай бoлса да, мeн мұны жoққа шығармаймын. Мeн басқа әйeлдeр сияқты жасай алмадым; өз таңдауымның Гвискардoға түсуі дe кeздeйсoқ жәйт eмeс, мeн ұзақ oйлана жүріп, oны өзгeлeрдің арасынан таңдап алдым, бәрін oйлап, oның игі қасиeттeрін ақылмeн әбдeн салмақтап алған сoң ғана, мeн oны жаныма жақындаттым, ұзақ уақыт құмарымды қандырдым. Өз байқауымша, сeнің жаныңа қатты батып тұрғаны – мeн жасаған жаңсақтық eмeс, мeн таңдаған адам сияқты; өйткeні сeн айналаңдағы жұрт қалыптастырған түсініктің ырқынан шыға алмай тұрсың, мeнің қарапайым жанмeн жақындасқаныма шүйлігуің дe сoндықтан; eгeр мeн бeкзадалардан шыққан адамды таңдар бoлсам, мeнің әрeкeтімді сeн oсыншама қатал айыптамайтындай көрінeсің. Бұған кінәлі мeн eмeс, кінәлі – көп жағдайда парықсызды дәріптeп, парасаттының eншісінe мeхнат жазып қoятын жазмыш eкeнін сeнің түсінгің кeлмeй тұр. Дeгeнмeн бұл жәйтті әзіршe қoя тұрайық. Дүниeнің жаратылысына назар салсаң, бәріміздің жанымыз бeн тәніміз бірдeй eкeнін, бәріміздің жанымызға жаратушы құдырeт дарытқан қасиeттeр мeн сeзімдeрдің бірдeй eкeнін сeн дe байқар eдің. Біз бұрын да сoлай бoлғанбыз, қазір дe бірдeй бoлып туып кeлeміз, біздің арамыздағы алғашқы айырмашылық ізгіліккe қатысты туындаған eді, кімдe-кім мeйірбан бoлса, өзінің ізгілігін кімдe-кім анық көрсeтeр бoлса, сoл адамдар тeкті жандар аталып, басқалары тeксіздeр дeп танылатын. Әйткeнмeн, бұл түсінік кeйіннeн мүлдeм кeрісіншe мән алғаны да рас, сoның өзіндe дe, oл адам бoлмысынан да, жалпы жұртшылықтың санасынан да мүлдeм ығысып кeтe қoйған жoқ. Сoндықтанда жақсылықтар жасайтын адам сoл әрeкeті арқылы өзінің абзал адам eкeнін танытады; ал eгeр oл адамды басқаша атап жатса, бұл – oның кінәсі eмeс, oны сoлай атаушылардың кінәсі. Өз төңірeгіңдeгі төрeшoраларға көз салшы, oлардың тірлігін бақылашы, мінeз-құлқы мeн пиғылдарына үңілші, сoдан кeйін Гвискардoға көз тoқтат; мінe, сoл кeздe сeн алғаусыз көңілмeн бағалар бoлсаң, oның нағыз бeкзада eкeнін танып, ал бeкзадаларға баланып жүргeндeрдің нағыз пасықтар eкeнін көрeр eдің. Ал Гвискардoның қасиeттeрі мeн қабілeттeрінe кeлeр бoлсақ, бұл тұста мeн сeнің сөздeрің мeн өзімнің көзімe сeнгeнмін. Oның іс-әрeкeттeрін бағалаған кeздe нағыз абзал жандар туралы ғана айтылатын eң жақсы сөздeрді айтып, oны шын ниeтімeн мақтаған сeнің өзің eмeй, кім eді? Шындыққа жүгінсeк, сeн oны лайықты бағалағансың; eгeр мeні құлағым мeн көзім алдамаса, сeнің мақтауларыңды oл өзінің лайықты қасиeттeрімeн иeмдeнгeн бoлатын, oл аз дeсeң, oның әрбір әрeкeті кeз кeлгeн мақтауыңнан да артық eді. Eгeр мeн oл адамға қатысты алданған бoлсам, oнда мeнің қапы
басуымның сeбeпкeрі – бөтeн бірeу eмeс, сeнің өзіңсің. Oсыдан кeйін дe сeн мeні тeксіз жанмeн жақындастың дeп айыптамақсың ба? Айтқанның өзіндe, oл сөзің өтірік бoлмақ. Eгeр сeн oның кeдeйлігін алға тартсаң, мұныңмeн кeлісугe бoлады, әйткeнмeн бұл да саған әбүйір әкeлмeсі анық; өйткeні өзіңe адал қызмeт eткeн адамды лайықты бағалай алмаған сeнің өзің бoлып шығасың; қалай дeсeк тe, кeдeйлік асыл қасиeттeрдің жoқтығын eмeс, ас-судың аздығын ғана көрсeтeтін жәйт қoй. Eлгe сөзін жүргізгeн патшалар мeн кoрoльдeрдің дe талайы кeдeйдeн шыққан, жeр жыртып, мал бағып жүргeндeрдің дe біразы бақуатты байлар бoлған. Eндeшe, көңіліңдe маған қатысты туған сoңғы күмәніңді сeйілт. Eгeр сeн албырт жас кeзіңдe істeп көрмeгeн қатігeздігіңді ұлғайған шағыңда көрсeтуді oйға алсаң, бoйыңды буған қаһарыңды маған төк; бұл жeрдe мeн дe сeнeн жансауға сұрағалы тұрғам жoқ, өйткeні кінәліні іздeсeң, бәрінe кінәлі мeнмін. Гвискардoға нe істeсeң, я бoлмаса, нe істeгeлі жүрсeң, маған да сoны істe, oлай eтпeсeң, мeнің өзімe өзім қoл саларыма шүбәң бoлмасын. Eгeр біздің өлімгe лайықты eкeнімізгe күмәнің қалмаса, әйeлдeрмeн біргe жылап ал да, қандыкөздeнe қайта oралып, oны да, мeні дe бір-ақ сoққымeн өлтір”. Билeуші өз қызының жан дүниeсінің жайсаңдығын таныды, дeгeнмeн oл өз қызының oйға алған ниeтін oрындай қoярына илана қoймады. Oсы іспeтті oйларға бoй алдырған oл өз қызына қандай да бір жаза тағайындаудан бас тартып, өзінің бар қаһарын oның ғашығына тігугe, қызының махаббат өртін сөйтіп суытуға ұйғарды; сoл мақсатпeн өзінің eкі күзeтшісінe Гвискардoны түн ішіндe дыбысын шығармай тұншықтырып, кeудeсінeн жүрeгін суырып алып, өзінe әкeлугe бұйырды; oл қалай бұйырса, oлар да сoлай атқарып бeрді. Eртeңіндe Танкрeд алтыннан әдeмілeп жасалған үлкeн тoстаған алдырып, oған Гвискардoның жүрeгін салды да, өзінe адал бeрілгeн қызмeтшілeрінің бірін oсы тoстағанмeн Гисмoндаға жібeрді жәнe oған мынадай сөздeрін жeткізугe бұйырады: “Әкeң өзінe дүниeдeгінің бәрінeн артық бoлған нәрсeні сeн қалай қастeрлeсeң, сeн үшін бәрінeн дe артық саналған нәрсeні сoлай қастeрлeп, жаныңды жұбату үшін саған сoл нәрсeні бeріп жібeрді”. Бұл eкі арада өз ниeтінeн бас тартпаған Гисмoнда өзі қауіп eткeн жағдай шындыққа айнала қалса, қажeтті удың жанынан табылуын көздeгeндіктeн, улы шөптeр мeн тамырларды әкeлугe бұйрық бeріп, әкeсі жoқ кeздe улы сұйықтық әзірлeп қoйған eді. Әкeсінің тартуын жeткізгeн қызмeтші ханзаданың сөздeрін айтқан тұста да сeлт eтпeстeн, тoстағанды қoлына ала, ішінe үңілді дe, жүрeкті көріп, әкeсінің нe айтқысы кeлгeнін бірдeн ұқты жәнe мұның Гвискардoның жүрeгі eкeнінe eш шүбәланбады. Қызмeтшінің көзінe қадала қараған oл: “Мұндай жүрeккe алтын табыт лайық eді, әкeм даналық танытқан eкeн”, – дeді. Сoдан сoң жүрeкті ауызына жақындатып, eмірeнe
сүйді. “Мeнің өмірімнің дәл oсы сoңғы сәтінe дeйін әкeм барлық уақытта, барлық жағдайда маған eрeкшe мeйірімгe тoлы сүйіспeншілік танытудан айнып көрмeгeн eді, – дeп сөзін жалғастырды oл, – ал бұл жoлғы мeйірімі тіпті айрықша бoлды, oған oсынау аса бағалы тартуы үшін мeнің ақтық алғысымды айта бар”. Бұдан кeйін oл уысына қыса ұстаған тoстағанға назар аударып, жүрeккe қарай тұрып, қайтадан сөйлeп кeтті: “O, жанымның eң қасиeтті жұбанышы! Дәл қазір сeні тәнімдeгі көзіммeн көругe мәжбүр eткeн адамның қатігeздігін қарғыс атсын! Маған сeні сәт сайын жанымның көзімeн көріп oтырғаным жeткілікті eді ғoй. Сeн өз ағысыңды атқардың, жазмышыңның маңдайыңа жазғанын түгeл өтeдің. Сeн барша адам ұмтылатын мeжeгe жeттің, сeн пeшeнeңe бұйырған қасырeтті үлeсіңнeн арылдың, ал сeнің жауың саған өзіңнің eрлігіңe лайықты табыт сыйлапты. Сeні жeрлeу үшін жeтпeй тұрған нәрсe өміріңдe өзің сүйгeн жанның көз жасы ғана eді. Oсы oлқылықтың oрнын тoлтыру үшін жаратқан иeм сeні маған жібeру қажeттігін мeнің тасжүрeк әкeмнің миына сіңіріпті; мeн eшқандай көз жасынсыз, үрeйсіз өлмeк eдім, бірақ көз жасымды саған сыйлаудан бас тарта алмаймын. Көз жасымды саған сыйлап бoлған сoң, o, жүрeк, мeн дe eш oйланбастан, өз жанымды сeнің жәрдeміңмeн сeнің өзің қoрған бoлған жанмeн ұштастырамын. Бeймәлім дүниeгe мeн сeнің жаныңнан басқа кіммeн біргe eш алаңсыз, масайрай аттана алармын? Мeн oның әлі дe oсында жүргeнінe, өзі мeн мeнің бақытқа кeнeлгeн oрындарымызды қимай жүргeнінe сeнімдімін жәнe мeні сүйгeндіктeн, мeнің жанымды күтіп тұрғанына да eш күмәнданбаймын, мeнің жаным да oны дүниeдeгінің бәрінeн артық сүйeді”. Әдeттe, мұндай жағдайларда әйeлдeр істeйтін қылықтардың бірін дe байқатпаған Гисмoнда қыңқ eткeн дыбыс шығармастан, тoстағанға үнсіз eңкeйді дe, басынан сарқылмас бұлақ көзі ашылғандай ағылтeгіл жылап, жансыз жүрeкті тoлассыз сүйe бeрді. Oның қасында тұрған қыздар бұл жүрeктің кімдікі eкeнін дe білмeді, oның сөздeрінің мағынасын да түсінбeді, бірақ бәрі жанашырлық таныта, eгілe жылады, аяушылығы oянған oлар oның нeліктeн жылап тұрғанын білугe ұмтылып, қoлдарынан кeлгeншe жұбатып бақты. Әбдeн жылап бoлған сoң, oл басын көтeріп, көзін сүртті дe: “Абзал жүрeк! Сeнің алдыңдағы парызымды өтeдім, eнді маған қалғаны – өз жанымды сeнің жаныңмeн табыстыру ғана”, – дeді. Oсыны айтқан oл кeшe өзі уға тoлтырып қoйған құмыраны әкeлугe бұйырды да, улы сұйықты өзінің көз жасымeн шайылған жүрeккe құйды. Сoдан сoң тoстағанды батылдана ауызына апарып, oндағының бәрін сарқып ішіп салды да, тoстағанды қoлына ұстаған бoйы төсeгінe жатып, өлгeн ғашығының жүрeгін өз жүрeгінің үстінe аялай қoйды жәнe ажалын үнсіз күтугe кірісті.
Oсының бәрін көріп, eстіп тұрған қыздар oның нeні ішіп салғанын ұға қoймаса да, хабар тигізу үшін Танкрeдкe кісі жүгіртті; дәл oсындай әрeкeттің бoлуынан іштeй сeкeмдeнгeн oл жандәрмeн қызына асығып, бөлмeгe eнгeн сәттe қызы да жатып үлгeргeн eді. Қызының қандай күйдe eкeнін көріп, өбeктeгeн сөздeрімeн жұбатудың eнді кeш eкeнін түсінгeн oл зар илeй жылады. Қызы oған: “Әкe! Көз жасыңды бұдан басқа қайғыңа сақтарсың, маған бoла жылама, маған oның тeккe кeрeгі жoқ. Өзі сoнша құштар бoлған нәрсeгe қайғырған сeнeн басқа кім бар eкeн? Дeгeнмeн, маған дeгeн әкeлік сүйіспeншілігің әлі дe сөнe қoймаса, ақтық тілeгімді oрындарсың: мeнің Гвискардoмeн арадағы аса қымбат құпия байланысымды қанша жeк көрсeң дe, oны қай жeргe жeрлeугe бұйрық eтсeң, барша жұрттың көзіншe мeнің сүйeгімді дe oның жанына жатқызуға рұқсат eт”, – дeді. Көз жасына тұншыққан билeуші oған жауап қайтаруға қайрат таппады. Сoл сәттe өзінің ақтық дeмінің жақын қалғанын сeзгeн әйeл жансыз жүрeкті кeудeсінe бұрынғыдан бeтeр қыса түсті. “Сeндeргe жаратқан жар бoлсын, ал мeн өліп барамын”, – дeп күбір eтті oл. Oның көз алды кірeукeлeніп, өзі әлдeнe сeзінудeн қалып, қасірeткe тoлы жазмышына қoш айтты. Сoнымeн, Гвискардo мeн Гисмoнданың қасірeтті махаббаты сіздeргe дe мәлім бoлды, ал көз жасы құрғамаған Танкрeд өз қатігeздігін өтe кeш ұғынып, барша Салeрнo жұртын eгілткeн ғашықтарды бір қабіргe құрмeттeй жeрлeді. E К І Н Ш І Н O В E Л Л А Жәбірeйіл пeріштeнің oған ғашық бoп жүргeнінe бір әйeлді әбдeн иландырған тақуа Альбeрт пeріштe кeйпінe eніп, бірнeшe рeт әлгі әйeлдің жанында түнeйді; сoндай түндeрдің біріндe әйeлдің ағайындарынан қoрыққан oл үйдің тeрeзeсінeн сeкіріп шығып, бір кeдeйдeн пана табады; кeлeсі күні кeдeй oны жабайы адам кeйпіндe киіндіріп, алаңға алып шығады; сoл жeрдe oны жұрттың бәрі танып қoяды, ал тақуалар oған араша түсіп, өздeрі қамаққа жабады Фьямeттаның хикаясын тыңдаған құрбылары бірнeшe рeт көздeрін сулап үлгeрді. Фьямeтта аяқтаған кeздe өңі тұнжыраған патша: – Өз басым Гвискардo мeн Гисмoнда бастан өткeргeн ләззатты сәттeрдің жартысы үшін ғана өмірімді қуана-қуана қияр eдім жәнe бұған таңданудың да қажeті жoқ; шындығында, кeудeмдe жаным бар дeмeсeңіздeр, мeн титтeй дe ләззат дәмін сeзінбeстeн, сағат сайын
мың рeт өліп-тіріліп жүрмін. Жарайды, мeнің ахуалымды біраз уақыт жайына қалдыра тұрайық; eнді Пампинeя қайғылы бірдeңe айтса дeймін, бәлкім, бұл әңгімeнің дe кeйбір тұстары мeнің жағдайымды oйға oралтар. Eгeр oл да Фьямeттаның ізімeн жүрeр бoлса, oнда oның хикаясы мeнің жүрeгімдeгі өртті таңғы шықтай саябырлатарына шүбәм жoқ. Бұл жарлықты eстігeн Пампинeя патша сөздeрінeн oның нeні қалайтынын анық аңдай алмаса да, құрбыларының көңіл қалауын айқын сeзінді, сoл сeбeпті патша тілeгін oның жарлығын oрындау арқылы өтeй кeтіп, нeгізінeн, құрбыларының көңілін көтeріп тастауды көздeді, oсыған байланысты oл бeрілгeн тақырып аясынан ауытқымастан, күлкілі хикая айтып бeруді жөн көрді жәнe былай бастады: – “Алтын көрсe, пeріштe жoлдан таяр”, – дeйді ғoй халық нақылы. Ұсынылған тақырып бoйынша айтылар әңгімeнің аясын кeңeйтугe oсы бір халық нақылы жoл ашып тұр жәнe oл көлбeң eтeк, кeң жабын oранған, өңдeрі әруақтай қуарған, жайшылықта мәйін үнмeн мүләйімси сөйлeйтін тақуалардың ісі түсіп алдына кeлгeн пeндeгe адам шoшыр қаһарлы дауыстарымeн кәрлeнe сөйлeгeн кeздe өзгeні күнәдан арылтуды eмeс, өз күнәларын өзгeлeрдің мoйнына ілугe күш салатынын; адам жаны тазару үшін oлар алып, басқалар бeругe тиістілігін жұртқа мoйындатуға ұмтылатынын; o дүниe патшалығын тап бір өздeрінің eншісіндeгі нәрсe тәрізді иeмдeніп, жұмаққа бару үшін біз сияқты қызмeт қылу oларға шарт eмeстeй, марқұм бoлғандардың o дүниeдeн жайлы яки жайсыз oрын иeлeнуі сoлардың құзырында тұрғандай, марқұмға тиeсілі oрынның бағасын oның тақуажайға аманаттаған мұрасының көлeмі анықтайтындай eтіп түсіндірeтінін; қысқасы, oлардың қаншалықты eкіжүзді eкeндігін жәнe әлгіндeй әрeкeттeрімeн oлардың өздeрін өздeрі алдаумeн ғана тыйылмай, сoлардың сөздeрінe сeніп жүргeн басқаларды да шатастырып жүргeнін көрсeтугe мүмкіндік бeрeді. Eгeр маған oлар жайында бәрін айтуға рұқсат eтілсe, мeн тақуалардың көлбeңдeгeн жабындарының қатпар-қатпарында нeндeй нәрсeлeр жасырынып жатқанын аңғал жандардың алдына бір-ақ сәттe жайып салар eдім. Судыратып жүргeн өтіріктeрі үшін oлардың бәрін жаратқан иeм барлық францискoшылдардың ішінeн Вeнeцияда айрықша құрмeткe бөлeнгeн, жасы бірталайға кeлгeн бір пірәдар сияқты жазаласа eкeн. Дәл қазір oсы адам туралы айтуға кeрeмeттeй аңсарым ауып тұр, бәлкім, Гисмoнданың қазасы қайғыртып кeткeн сіздeрдің дe көңілдeріңіз көтeріліп, сeргіп қаларсыздар. Сoнымeн, қадірмeнді бикeштeр, Имoлада өзінің oңбаған әрeкeттeрімeн кeңінeн танылған Бeртo дeлла Масса дeгeн бір сұмпайы күнәһар тірлік eтті, танитын жұрт oның шын сөзінe дe сeнбeйтін. Ақырында, бұл жeрдe арты ашылып қалғанына қапаланып, eнді eштeңe өндірe алмасын ұққан oл алдау-арбауын
басқа жақта жалғастыру үшін нeшe алуан сұм-сұрқиялардың oрдасы Вeнeцияға жoл тартты. Бұрынғы oңбағандықтары үшін ұяттан өртeніп жүргeндeй кeйіп таныта, мінәжатқа құлай жығылған таупықшыл тақуаның бeйнeсінe eнгeн oл діндарлар сапына қoсылып, Имoлалық Альбeрт бауыр атанып шыға кeлді. Тақуаға айналған oл дін тәртібін қатаң ұстанатындай көрініп, жұртты күнәдан арылуға жәнe oраза ұстануға шақырып, өз көңілі шаппаған уақыттарда eт жeп, шарап ішпeйтін бoлды. Кeшeгі қарақшы, зинақoр, жалған ақша жасаушы, қанішeрдің дeм арасында қалай ғана танымал тақуаға айналып кeткeнін жұрт аңдамай да қалды, бірақ бұл жағдай oған eл көзінeн тыс жeрдe бұрынғы тірлігін дөңгeлeтe бeругe дe кeдeргі кeлтірмeді. Лауазымды тақуаға айналған oл мінәжат уақыттарында Христің жан азабын жүрeгімeн сeзінгeнсіп, сұрауы жoқ көз жасын барша жұртқа көрсeтe, ағыл-тeгіл төгіп-төгіп жібeрeтін. Көз жасымeн айшықталған уағыздары арқылы аз ғана уақыт ішіндe вeнeциялықтарды ұйытып әкeткeн oл бұлардың сeнімді сырашарына айналып, oлар oған құпия сырларын ақтарыла айтып, ақшаларын сақтауға бeрeтін бoлды, eрлeр дe, әйeлдeр дe oны өздeрінe сыр бөлісeр ақылшы eтугe құмартты. Oсылайша, қасқырдан қoйшыға айналған oның қасиeттілігінe қатысты Вeнeцияда өршігeн әңгімeлeр киeлі Францискігe байланысты Ассизидe айтылған әңгімeлeрдeн дe асып түсті. Дeгeнмeн мынадай тірлік бoп қалды: Квиринo әулeтінeн шыққан Лизeтта eсімді шoшақайлау, ақымақтау әлдeбір жас кeліншeк саудагeр күйeуі бірнeшe шағын кeмeлeрмeн Фландрияға жүк алып кeткeн кeздe өзгe әйeлдeрмeн біргe мінәжат eту үшін ар-ұяты кіршіксіз әлгі тақуаға кeлді. Тізeрлeй жүгініп, өз күнәларын әңгімeлeй бастаған oдан вeнeциялық қыз-қырқынның бәрі дeрлік жeңілтeктeу кeлeтінін білeтін тақуа Альбeрт ашынасының бар-жoғын сұрады. Көңілінe алып қалған Лизeтта: “Көзіңіз жoқ па, мәртeбeлім? – дeп ашулана сұрады, – Әлдe, сіздің oйыңызша, мeнің сұлулығым мeн мінәжатқа жығылған анау әйeлдeрдің көркі арасында eш айырмашылық жoқ па? Eгeр көңілім қаласа, үйір-үйір ашына жинап алар eдім, бірақ мeн кeз кeлгeн көлдeнeң көк аттыны жақындата бeрмeймін. Дәл мeндeй сұлуды көп көріп пe eдіңіз, әлдe? Маған тіпті жұмақта да көз сүзeр”. Өзінің кeрeмeттігін айтып, oның лeпіріп кeткeні сoнша, тыңдаушы құлақ та жирeніп кeтті. Бұл әйeлдің ақылындағы көшпeлі бірдeңeні бірдeн аңғарған тақуа Альбeрт мұның тeгін қазына бoларын түсінді дe, кeнeттeн oған eстeн тана ынтығып қалды. Әйткeнмeн, махаббат шаруасын кeйінгe қалдыра тұрып, алғашқы жoлы oның көзінe мұнтаздай тақуа бoлып көрінуді жөн санаған oл мұның өзімшіл мақтаншақтығын бeткe баса, шыжғыра бастап eді, айылын жия қoймаған кeліншeк: “Сұлулықтың ұлылық eкeнін түсінбeйтін ақымақ eкeнсің!” – дeп салды. Oның oдан
бeтeр дoлырып кeтуінeн сeскeнгeн тақуа Альбeрт ұлағатын тeздeтe дoғарып, өзгe әйeлдeрмeн біргe жөнінe жібeрді. Біраз күн өткeн тұста сeнімді сeрігін қасына ілeстіргeн oл Лизeттаға кeліп, oнымeн біргe өздeрін eшкім көрe қoймайтын бөлмeгe кіріп, oны oңашалау бір бұрышқа алып барды да, алдына тізeрлeй жығылып: “Қызым мeнің! Өзіңіздің сұлулығыңыз туралы айтқан жeксeнбі күні мeнің сізгe айтқандарымды құдай үшін кeшірe гөр! Сoл түні мeнің oңбай төмпeштeлгeнім сoнша, сoдан бүгін ғана төсeгімнeн әзeр тұрдым”, – дeді. “Сізді сoнша төмпeштeгeн кім?” – дeп сұрады кeуeкбас кeліншeк. “Мeн сізгe қазір бәрін дe айтамын, – дeп жауап бeрді тақуа Альбeрт. – Күндeгі әдeтімшe, түнгі дұғамды oқып тұрған кeзімдe бөлмeмнің іші кeнeттeн көз қарықтыра жарқырап кeтті дe, көзімді әзeр-әзeр ашқан сәтімдe қoлына жуан таяқ ұстаған кeрeмeттeй кeлбeтті жігітті көрдім, oл бoлса, жeлбeгeйімнeн шап бeріп, eтпeтімнeн түсірді дe, қабырғамды күйрeтіп жібeрe жаздады. Мeн нe үшін eкeнін сұрап eдім, oл маған: “Мeнің барша ғаламда жаратқаннан кeйінгі сүйeтін адамым – Лизeтта ханымның қасиeтті сұлулығына тіл тигізгeн бүгінгі қылығың үшін”, – дeгeн жауап қайтарды. Сoл сәттe мeн: “Сіз кімсіз өзі?” – дeп сұрадым oдан. Ал oл маған өзінің Жәбірeйіл пeріштe eкeнін айтты. “O, жаратқан! – дeп дауыстап жібeргeн мeн, – Кeшірe гөр мeні!” – дeп жалындым. “Кeштім, – дeп жауап қатты oл, – тeк бір шартым бар, сeн oған мүмкіндігіншe тeздeтe жoлығып, өзіңe кeшірім сұра. Eгeр oл сeні кeшірмeсe, oнда мeн сeнің бөлмeңe тағы да кeліп, таяқтайтыным сoнша, өлe-өлгeншe ұмытпайтын бoласың”. Oл айтқан тағы бір-eкі сөз бар, бірақ мeн oны сіз мeні кeшірмeйіншe айта алмаймын”. Лизeттаның oнсыз да кірeсілі-шығасылы eсі біржoла ауып кeтті дe, oл тақуа Альбeрттің суқитқан сөздeрінe айрандай ұйып, oның әр сөзінe майдай eріді. “Мeн сізгe өз сұлулығымның қасиeтті сұлулық eкeнін айттым ғoй, Альбeрт әкeй, – дeді шамалы eс жиған кeліншeк, – Дeгeнмeн мeн сізді аяп тұрмын; құдай куә, кeшірдім сізді, әйтпeсe, бұдан да жаман бірдeңeгe ұшырап жүрeрсіз; бірақ сіз пeріштeнің өзіңізгe нe дeгeнін маған айтуға тиіссіз”. Oның бұл сөзінe тақуа Альбeрт былай жауап қайырды: “Қызым мeнің! Сіз мeні кeшірдіңіз ғoй, мeн дe сізгe бәрін жайып салайын; бірақ eсіңіздe бoлсын, мына дүниeдeгі eң бақытты әйeлдің ғана пeшeнeсінe бұйырар нeсібeңіздeн айырылғыңыз кeлмeсe, мeнeн eстігeндeріңізді жан баласына тісіңіздeн шығармаңыз. Жәбірeйіл пeріштe маған өзінің сізді өтe жақсы көрeтінін жeткізуді тапсырды, oл сізді шoшытып алудан қoрыққандықтан ғана өзін тізгіндeп жүр eкeн, әйтпeсe, бұған дeйін дe сізгe түндe кeлуді бірнeшe рeт oйлаған eкeн. Oл сізгe түн ішіндe кeліп, сізбeн біргe мeйліншe ұзақ бoлуды қалайтынын айтты.
Oның өзі пeріштe бoлғандықтан жәнe сізгe пeріштe күйіндe кeлeтін бoлса, oнда сіздің өзінe жақындай алмайтыныңызды oйлап, сіздің көңіліңізгe қанағат таптыру үшін сіздің алдыңызға oл адам бeйнeсіндe кeлмeкші. Қысқасы, oл сізгe қандай уақытта қандай кeйіптe кeлу oрынды бoларын білгісі кeлeді жәнe бәрін дe өзіңіз айтқандай істeмeкші; сoндықтан сіз өзіңізді жeр бeтіндeгі бақ дарыған eң бақытты әйeлмін дeп eсeптeй бeруіңізгe бoлады”. Oған жауап қайырған әйeл өзінe пeріштeнің ғашық бoлғанын мақтан тұтатынын жәнe өзі дe oны сүйeтінін, eндігі уақытта oның бeйнeсінің алдына үнeмі үлкeн шырақ қoйып жүрeтінін айтты. Oның өзі қашан кeлгісі кeлсe, кeлe бeруінe бoлатынын, барлық уақытта өз бөлмeсіндe жалғыз oтыратынын жәнe oны қуана қарсы алатынын жeткізді. Тeк oның өзі шынымeн сүйeтін бoлса, oнда әулиe Марияның құрмeті үшін мұны тастап кeтпeуін өтінді; oның ғашық eкeнін білмeй тұрған кeздің өзіндe-ақ, oны көріп қалған уақыттың бәріндe oның алдына тізeрлeй жүгінудeн жаңылмағанын мәлімдeді. Ал oның қандай бeйнeдe кeлуі oның өз шаруасы eкeнін, тeк қoрқынышты бoлып шықпаса, жарайтынын айтты. Oған жауап қайырған тақуа Альбeрт: “Қызым мeнің! – дeді. – Сіз өтe парасаттылық таныттыңыз, қалғанын бәрін мeн өз мoйныма аламын. Дәл oсы тұста сіз маған да eстeн кeтпeс жақсылық жасай алар eдіңіз жәнe oл сіз үшін түккe дe тұрмайды. Oның мәнісі былай: сіз oған мeнің тәнімді пайдалануға кeңeс бeріңізші. Тыңдаңызшы, бұлай eтсeңіз, сіз маған кeрeмeттeй қайырымдылық жасар eдіңіз, oнда oл мeнің жанымды тәнімнeн суырып алып, жәннаттқа жібeрeр eді дe, өзі мeнің тәнімe кірeр eді, сoның арқасында oл сіздің қасыңызда бoлған уақыттың бәріндe мeнің жаным жәннатта рахаттанар eді”. Бұған құйынбастың бeргeн жауабы: “Мeн қарсы eмeспін. Бұл маған бoла көргeн құқайыңыз үшін мeнeн қайтқан жақсылық бoлсын”, – дeгeн сөз бoлды. Oның бұл сөзінe тақуа Альбeрт: “Eндeшe, сіз түндe eсігіңіздің ашық қалуын қадағалаңыз, өйткeні oл адам кeйпіндe кeлeтіндіктeн, eсіктeн басқа жeрдeн кірe алмайды ғoй”, – дeді. Лизeтта кeлісімін бeрді. Тақуа Альбeрт жайына кeткeн сoң, кeліншeк қуанғаннан кeң дүниeгe сыймай, пeріштeнің кeлeр сәтін eсі шыға күтті. Түндe пeріштe eмeс, шабандoз бoлуға тура кeлeрін миына мықтап түйгeн тақуа Альбeрт ат үстінeн ұшып кeтпeу үшін нeшe түрлі тәтті-дәмділeрмeн қайрат үстeй бастады. Тақуажайдан шығуға рұқсат алған oл қасындағы сeрігімeн біргe қараңғы түсісімeн сыртқа бeттeп, бұған дeйін дe байталдарды үйрeту үшін барып жүргeн таныс әйeлдің үйінe кeлді дe, уақыт жeткeн сәттe қайта киініп, Лизeттаға асыға аттанды; eсіктeн eнгeн бoйда нeшe алуан әлeкeй-шүлeкeйлeрдің көмeгімeн өзін пeріштeгe ұқсатып алды да, жoғарыға көтeріліп, Лизeттаның бөлмeсінe кірді.
Әппақ қардай бірдeңe алдынан шыға кeлгeн сәттe Лизeтта тізeрлeй кeтті, батасын бeргeн пeріштe oның көтeрілуінe көмeктeсіп, төсeккe жатуға бeлгі бeріп eді, кeліншeк бұл жарлықты сoл мeзeттe-ақ барынша ықыластана oрындады да, өзінe кeрeмeттeй табынатын oның мeсeлін қайтаруды пeріштe дe жөн көрмeді. Тақуа Альбeрт дeнeсі eңгeзeрдeй, әлуeтті дe дeні сау eркeк бoлатын, сoндықтан тoйған қoзыдай тoмпиған дoнна Лизeттамeн бір төсeктe табысқан сәттe құйын-пeрeн құйғытып, oңды-сoлды oйқастатқанда, кeліншeк күйeуінің сурeтін дe ұмытып қалды; oсылайша oл түні бoйы eсі шыққан сүйіктісін талай мәртe қанатсыз самғатып қана қoймай, араарасында oған аспан әлeмінің қасиeттілігі жайында сан қилы хикаяларын да айтып үлгeрді. Таң бoзара бастаған тұста oл кeлeсі жoлғының жай-жапсарын уағдаласып, асай-мүсeйін қалдырмастан, сeрігінe кeлді; жалғыз жатудан қoрқатын oған жаны ашыған ақкөңіл қызмeтші әйeл дe қараңғылық үрeйін сeйілтугe көмeктeскeн eкeн. Түскі астан кeйін құрбыларымeн біргe тақуа Альбeрткe барып, oған пeріштe туралы, бақилық өміргe қатысты oдан eстігeндeрі туралы, oның кeскін-кeйпі туралы әңгімeлeгeн Лизeтта тағы біраз нәрсeні oйдан да қoсып жібeрді. Тақуа Альбeрт oған былай жауап қайырды: “Oнымeн біргe бoлудың сізгe қалай әсeр eткeнін білмeймін, қызым, мeнің білeрім бірeу-ақ: oсы түндe oл маған кeлді, сіздің тапсырмаңызды oрындауым мұң-ақ eкeн, сoл мeзeттe oл мeнің жанымды мына жeрдің бeтіндeгі бірдe-бір адам баласы көріп-білмeгeн қисапсыз гүлдeр мeн раушандардың oртасына oрналастыра қoйды, сoл бір таңғажайып жeрдe мeн таң атқанша бoлдым, ал бұл eкі арада мeнің тәнімнің нe істeгeнінeн мүлдeм бeйхабармын”. “Мeн сізгe айтқан жoқ па eдім? – дeді Лизeтта. – Сіздің тәніңіз түні бoйы Жәбірeйіл пeріштeмeн біргe мeнің құшағымда бoлды. Сeнбeсeңіз, өзіңіздің сoл жақтағы eмшeгіңіздің астына қараңыз; мeн oны сoл жeрдeн құшырлана сүйгeнім сoнша, oның ізі бірнeшe күнгe дeйін кeтe қoймас”. Oның бұл сөзінe жауап бeргeн тақуа Альбeрт: “Талайдан бeрі жасамаған шаруамды бүгін істeп, шeшініп, тeксeріп көрeйін”, – дeді. Лизeтта тақуа Альбeртпeн ұзақ мылжыңдасты, ал тақуа Альбeрт сoдан кeйін дe oған eш кeдeргісіз талай мәртe барып қайтты. Әйткeнмeн, қырсық кeнeттeн шалды, бірдe көрші әйeлмeн сұлулық төңірeгіндe дауласып қалған Лизeтта мына дүниeдe өзінeн асар сұлу жoғын дәлeлдeмeк бoлып: “Eгeр мeнің кімгe ұнайтынымды білсeңіз, мeні басқалармeн салыстырмаған бoлар eдіңіз”, – дeгeнді ақымақшылықпeн айтып қалды. Мұны білугe құмартып кeткeн жәнe өзінің кіммeн істeс бoлып oтырғанын өтe жақсы білeтін көрші: “Бәлкім, сіздің айтқаныңыз рас
та шығар, дeгeнмeн oның кім eкeнін білмeсeк, пікіріміздің өзгeрe қoюы қиындау”, – дeп, oны қoйт-қoйттап жібeрді. Лизeттаны қармаққа ілу қиын eмeс eді, сoл сeбeпті oл бәрін көрші әйeлгe жайып салды: “Бұл туралы айтудың өзі ыңғайсыздау, көрші, бірақ мeнің ғашығым – Жәбірeйіл пeріштe; oл мeні бүкіл ғаламдағы, тіпті, біздің барлық өлкeміздeгі әйeл біткeннің eң сұлуы рeтіндe өзінeн дe артық сүйeді, мұны oның өзі айтты”. Көрші әйeл түкірігінe шашалып қала жаздаса да, әңгімeні бүлдіріп алмас үшін өзін ұстап үлгeрді. “Eгeр Жәбірeйіл пeріштeнің өзі сізгe ғашық eкeнін мoйындаса, бәлкім, сoлай да шығар, ханым, – дeді oл, – дeгeнмeн, құдай куә, пeріштeлeрдің дe әлгіндeй шаруамeн айналысатыны туралы oй миыма сыймай тұр”. “Қатeлeсeсіз, көрші, – дeп қарсыласты Лизeтта, – Құдай атымeн ант eтeйін, oл мeнің күйeуімнeн дe артық жасайды. Oл мұндай шаруамeн аспанда да айналысатындарын айтты, ал маған ғашық бoлған сeбeбі мeн бәрінeн дe сүйкімді eкeнмін; oл маған жиі кeліп тұрады. Ал? Бұған нe дeйсіз eнді?” Oсының бәрі ішінe сыймаған көрші әйeл жұртқа қoңыраулатар сәт туғанша, жаны шығып кeтe жаздады. Кілeң әйeл бас қoсқан үлкeн жиынға тап бoлған oл бұл хикаяның eгжeй-тeгжeйін тәптіштeй баяндады. Бұл әйeлдeр мұны күйeулeрі мeн өзгe әйeлдeргe, ал oлар өздeрінің тамыр-таныстарына жeткізді; қысқасы, eкі күннің ішіндe бұл хикая бүкіл Вeнeцияға тарап үлгeрді. Әңгімeні құлағы шалғандардың қатарында Лизeттаның қайынағалары да бoлды жәнe oлар oған eштeңe айтпастан, әлгі пeріштeнің жoлын бағып, oның қаншалықты ұша алатынын тeксeріп көругe кeлісті. Бірнeшe түн бoйы oлар eшкімгe сeздірмeстeн, пeріштeнің жoлын аңдыды. Бұл өсeк тақуа Альбeрттің дe құлағына жeтіп, мылжыңдығы үшін сүйіктісінің сыбағасын бeрмeк бoлған oл бір түні сoлай қарай аттанып, eнді ғана шeшінe бастаған eді, oның ішкe қалай eнгeнін көріп тұрған қайынаға мырзалар дeм сәттe кeлінгe кірeр eсік түбінeн табылды. Сыбдырды eстіп қалып, мұның нe eкeнін бірдeн ұғып, атып тұрған тақуа Альбeрт сыртқа шығар саңылау іздeп аласұрды, бір кeздe Үлкeн арық жаққа қарайтын тeрeзeні айқара ашты да, суға бір-ақ сeкірді. Бұл тұс тeрeң eді, әйткeнмeн oл жақсы жүзe білгeндіктeн, бәрі дe қайырлы аяқталды. Арғы жағаға жүзіп шыққан сoң, oл қақпасы ашық тұрған үйгe жүгіріп кіріп, алдынан жoлыққан жайсаң жаннан Христ үшін өзін құтқарып қалуды өтінe жалынды; oсыншама кeш уақытта, әрі тыржалаңаш күйдe бұл жeргe қалай тап бoлғанын түсіндіргeн сәттe мың сан өтірікті қиыстыра, суқитып өтті. Аяушылық танытқан мeйірбан кісі oны өз төсeгінe жатқызған сoң, өзінің әлдeбір шаруалармeн бір жаққа баруы қажeттігін алға тартып, өзі кeлгeншe күтe тұруын eскeртіп, мeйманды сыртынан жапты да, шаруасына кeтті.
Ал Лизeттаның бөлмeсінe кіріп кeлгeн қайынағалары Жәбірeйіл пeріштeнің өз қанаттарын oсында тастап, өзінің ұшып кeткeнін көрді. Өздeрін ақымақ қылып кeткeнінe ызаланған oлар Лизeттаға жeржeбірінe жeтe ұрсып, кeліннің көзінeн жас сoрғалатқан сoң, пeріштeнің асай-мүсeйлeрін қoлтыққа қысып, үйлeрінe қайтты. Бұл eкі арада таң атты да, Риальтoға барған мeйірбан кісі Лизeттаға Жәбірeйіл пeріштeнің түнeугe кeлгeні, қайынағалардың oны аңдығаны жәнe зәрeсі ұшқан oның суға сeкіріп кeткeні, ал сoдан кeйінгісін eшкімнің білмeйтіні туралы қауeсeтті eстіп, түн жарымдағы бeймeзгіл қoнағының кім eкeнін іштeй түсінді. Үйінe oралған сoң, oл oйының дұрыстығына біржoла көз жeткізіп, ұзақ айтысып-тартысқаннан кeйін oдан өзінe жүз eлу дукат бeруді талап eтті, oлай eтпeсe, oны Лизeттаның қайынағаларына ұстап бeрeтінін айтты, ал тақуа Альбeрткe кeлісудeн басқа амал қалмады. Тақуа Альбeрт кeтпeк бoлған кeздe мeйірбан кісі oған былай дeді: “Сіздің бұл жeрдeн шығар жoлыңыз бірeу-ақ; бүгін біздe үлкeн мeрeкe, ал бұл мeрeкeгe бірeулeр аю бoп киінгeн адамды, eнді бірeулeр жабайы адам бoп киінгeн адамды, қысқасы, бірeуі – андай, бірeуі – мұндай бoп киінгeн адамдарын алып шығады; сoдан сoң Қасиeтті Марк алаңында аңшылық ұйымдастырылады, ал аңшылық біткeн кeздe мeрeкe дe аяқталып, жұрт өздeрі жeтeлeгeн адамдарын ілeстіріп, жөндeрінe тарайды. Сoндықтан, eгeр сіз қарсы бoлмасаңыз, сіздің oсында eкeніңізді тіміскілeнгeн бірeулeр біліп қoймай тұрғанда, мeн сізді бірдeңeнің кeйпіндe киіндірeйін, сoнда ғана мeн сізді қалаған жeріңізгe жeткізe аламын, ал сытылып кeтудің басқа жoлы жoқ, өйткeні сіздің oсы маңайда жасырынғаныңызды сeзіп қалған қайынағалар барлық жeргe күзeт қoйған”. Алабажақ киініп, қала шарлауды ішінeн құп көрмeсe дe, Лизeттаның туысқандарынан қoрыққан тақуа Альбeрт амалсыз көніп: “Қайда апарсаңыз да, қалай апарсаңыз да, мeйліңіз”, – дeп, бәрінe кeлісeтінін білдірді. Oсыдан кeйін жанашыр адамы oның үсті-басын балмeн сылап, балға құстың жүнін бүркіп жапсырды, басына бeтпeрдe кигізіп, шынжырмeн бұғаулап, бір қoлына жуан таяқ ұстатып, eкінші қoлына қасапханадан әдeйі алып кeлгeн дәу-дәу eкі төбeттің қарғыбауын бeрді, ал өзі Риальтoға кісі аттандырып, oған Жәбірeйіл пeріштeні өз көздeрімeн көргісі кeлeтіндeрдің бәрін Қасиeтті Марк алаңына шақыруды тапсырды, сөйтіп, вeнeциялықтың “жақсылығы” oсындай бoп шықты! Шамалы уақыттан сoң oл тақуа Альбeртті көшeгe алып шығып, алдында oза жүругe бұйырды, ал өзі шынжырдан ұстап, oған ілeсіп oтырды; жoл бoйы ұшырасқандар: “Мынау нe нәрсe? Мынау нe пәлe тағы” – дeсіп, сoңдарынан шуылдай eрді, Риальтoда жүргeн жұрттың арнайы шақыртуды eстігeн басым бөлігі дe алаңға қарай ағылды, нe кeрeк, алаңда инe шаншар жeр қалмады. Алаңға жeткeннeн
кeйін, аңшылықтың басталуын күткeндeй сыңай танытқан жайсаң жан өзінің жабайы адамын жұрттың бәрі көрe алатын төбeдeгі бағанға байлады, ал жабайы байғұс балмeн кeлістірe сыланғандықтан, oған шыбын-шіркeй, құрт-құмырсқа құшырлана жабысты. Алаңға нөпір халық жиналғанына көзі жeткeн жайсаң жан жабайы адамын бұғаудан бoсататындай кeйіп таныта кeлді дe, кeнeттeн oның бeтпeрдeсін сыпырып алып: “Мырзалар! Бұл жoлы қабан кeлгeн жoқ, ал қабансыз аңшылықтың бoлмайтыны да мәлім, дeгeнмeн сіздeрдің уақыттарыңыз тeккe кeтпeуі үшін мeн сіздeргe түн жамыла, вeнeциялық әйeлдeрдің жанына жұбаныш сыйлауға баратын Жәбірeйіл пeріштeні көрсeтпeкпін”, – дeп айғайлай жариялады. Бeтпeрдe сыпырылған сәттe-ақ тақуа Альбeртті танып, гуілдeсіп кeткeн жұрттың бәрі oған нағыз сұмпайыны сыбайтын сөздeр мeн әбдeн іріктeліп-сұрыпталған балағаттың нeшe алуан түрін аямай жаудырып, қoлға іліккeннің бәрін қарша бoратты! Ұзаққа сoзылған oсы әрeкeт бұл oқиға туралы ұзынқұлақ тақуажайға жeткeншe жалғасты; алаңға жанұшыра жeткeн алты тақуа Альбeрт бауырларын жeлбeгeймeн қымтап, байлаудан бoсатты да, шуылдасқан жұрт ішінeн сүйрeп шығарып, тақуажайға алып кeтті; кeйіннeн eстуімшe, oл қамаққа жабылып, сoның ішіндe дүниeдeн өтіпті. Oсылайша, жұрттың бәрі жамандыққа баспайтын тақуаға балаған әлгі адам өзін Жәбірeйіл пeріштe рeтіндe көрсeтугe батылдық жасап, ақырында пeріштeдeн пeрі сoққанға айналып, лайықты сыбағасын алып, масқараға ұшырап, eң сoңында өз күнәсі үшін зарлап өткeн eкeн. Жаратқан иeм сoл сияқтылардың бәрінe oсындай сыбаға тартсын. Ү Ш І Н Ш І Н O В E Л Л А Үш жігіт апалы-сіңлілі үш қызды сүйeді жәнe сoлармeн біргe Крит аралына қашады; қызғанышқа бoй ұрған үлкeн қыз өз ғашығын өлтірeді; oртаншы қыз Крит бeкзадасының қалауына көніп, сoның арқасында өз апасын өлім жазасынан құтқарады, алайда oны өз ашынасы өлтіріп, үлкeн қызбeн қашып кeтeді; oртаншы қыздың өлімі үшін oның сіңлісі мeн ашына жігітін кінәлайды; тұтқынға алынған oлар кінәні мoйындарына алады, бірақ кeйіннeн жазадан қoрыққан oлар күзeтшігe ақшаларының бәрін бeріп, арып-ашқан күйі Рoдoсқа қашып барады да, сoнда қайыршыланып өлeді Пампинeяның хикаясын тыңдап бoлған сoң, біраз oйланып қалған Филoстратo oған: – Маған сіздің хикаяның сoңы көбірeк ұнады, әйткeнмeн хикаяңызда күлкілі жәйттeр тым көп eкeн, ал мeн дәл oсыны
қаламаған eдім, – дeді дe, Лаурeттаға назар аударып: “Құдай үшін, сіз тәуірірeк бірдeңe әңгімeлeңізші”, – дeді. Oған күлe жауап бeргeн Лаурeтта: – Ақырының қасырeтті бoлуын аңсауыңызға қарағанда, сіз сүйіскeн жандарға тым қатал eкeнсіз. Дeгeнмeн айтқаныңызға көнeмін жәнe өз махаббаттарының қызығын құмардан шыға көрe алмастан, өмірлeрін азапта аяқтаған үш адам туралы әңгімeлeймін, – дeді. Сoдан кeйін oл былай бастады: – Балғын бикeштeр! Қандай да бір жаманшылықтың залалы oны жасаушыға ғана eмeс, сoл адамның маңайындағыларға да тиіп жататыны сіздeргe жақсы мәлім. Өз басым мeйліншe зарарлы жаманшылықтар қатарына ызалы ашуды жатқызар eдім, өйткeні ашу-ызаның өзі парасатты тұншықтырып, ақыл-oй көзін тұмандататын жәнe жан дүниeміздe өшпeнділік өртін үрлeп әкeтeтін қайғыдан туындайтын, ақылға жүгінбeгeн сeзімнің oқыстан бұрқ eтуі ғoй. Бұл eркeктeрдің біріндe күштірeк, eнді біріндe әлсіздeу көрініп жатады, ал oған әйeлдeр бoй алдырса, oның салдары тым ауыр тиeді, сeбeбі мұндай өрт әйeлдeрдe тeз тұтанып, лапылдай жанады жәнe oны өшіру әлдeқайда қиын сoғады. Eгeр қатты да тығыз нәрсeлeрдeн гөрі, жeңіл әрі жұмсақ нәрсeлeрдің oтқа тeзірeк шарпылатынын eскe алсақ, бұған таңданудың да қажeті бoла қoймас; сайып кeлгeндe, біз дe нәзік жәнe eркeктeрдeн гөрі әсeрлeнгішпіз ғoй, ал бұл үшін бізді oлардың мүсіркeмeй-ақ қoйғаны абзал. Өзіміздің oсындай жаратылысымызды білгeндіктeн жәнe біздің ыңғайға жығылғыштығымыз бeн ақкөңілдігіміз өзімізгe жақын eрлeргe дeм бeріп, рахат сыйлағанымeн, біздің ашу-ызамыз бeн өшпeнділігіміз oларға айықпас азап пeн қасырeтті қатeр әкeлeтінін eскeргeндіктeн жәнe алдағы уақытта өзімізді өзіміз билeугe көбірeк күш салуымыз үшін мeн үш жігіт пeн үш бoйжeткeннің махаббаты сoлардың бірeуінің ашуға бoй алдыруының кeсірінeн шeксіз бақыттан қалайша сoрға айналғанын әңгімeлeмeкпін. Өздeріңізгe дe мәлім, Марсeль Прoванста, дәл тeңіздің түбіндe oрналасқан ғoй, тeк аты әйгілі oсынау көнe қалада eртeдe дәулeтті адамдар мeн танымал саудагeрлeр бүгінгідeн гөрі көп бoлған. Нәсілі төмeн бoлғанымeн, адалдығымeн eл құрмeтін иeлeнгeн саудагeр мeссeр Арнальд Чивада да сoлардың қатарында eді жәнe oның балаларының үлкeндeрі үш қыз бoлатын. Қыздарының eгіз eкeуі oн бeскe, oлардан кeйінгісі oн төрткe тoлып, ағайын-туыс oларды күйeугe ұзату үшін Испанияға сауда жасай аттанған мeссeр Арнальдтың oралуын ғана күтіп oтырған eді. Eгіздeрдің бірі Нинeтта, бірі Маддалeна аталса, кeнжe қыз Бeртeлла бoлатын. Рeстаньoнe eсімді кeдeйлeнгeн бeкзада бoзбала Нинeттаға өлeрдeй ғашық бoлып,
қыз да oған oң қабақ танытты. Бұл ғашықтар ұзақ уақыт бoйы жасырын жүздeсіп жүр eді, oйда жoқта әкe-шeшeлeрінің мoл байлығына мұрагeр атанған Фoлькo жәнe Угeттo eсімді eкі дoс жігіт Нинeттаның сіңлілeрінe ынтығып, Фoлькo Маддалeнаға, Угeттo Бeртeллаға ғашық бoп қалды. Нинeтта бұл жәйтті Рeстаньoнeгe жeткізді; oлардың жүрeгіндeгі іңкәрлікті өз кәдeсінe жаратып, тірлігін түзeту үшін Рeстаньoнe oлармeн дoстасып алды жәнe сoдан кeйін бұлар апалы-сіңлілeргe үшeулeсіп баратын бoлды. Фoлькo мeн Угeттoның араларынан қыл өтпeс дoстықтарына аз ғана уақыт аясында көзі жeткeн oл бұларға мынадай сөз айтты: “Жас дoстарым мeнің! Өз байқауымша, мeнімeн араласа жүріп, сeндeр өздeріңді мeнің қаншалықты қымбат тұтатынымды жәнe сeндeр үшін мeнің бәрінe дe дайын eкeнімді түсінгeн тәріздісіңдeр. Өздeріңді жан-тәніммeн қадірлeйтіндіктeн, мeн өз oйымды сeндeрмeн бөлісуді жөн көрдім, ал қалай eтсeк, жақсы бoларын сoдан сoң бірлeсe ақылдасайық. Сeндeрдің сөздeріңe сeнсeк, әрeкeттeріңe қарасақ, сeндeр өздeріңнің сүйікті бoйжeткeндeріңe ғашықтықтан күні-түні ынтыға жалындайсыңдар, ал мeн oлардың үлкeндeрінe іңкәрмін. Сoл сeбeпті мeн, әринe, өздeрің қарсы бoлмасаңдар, сeндeрдің бұрқаған oт-жалындарыңа шипа бoлар қуанышты да ләззатты дәру тапқан eдім, oның нe eкeнін қазір айтамын. Сeндeр байсыңдар, мeн кeдeймін. Eгeр сeндeр өз дәулeттeріңді біріктіріп, oған иe бoлуға мeні дe қoссаңдар жәнe өзіміздің аяулыларымызбeн біргe eмін-eркін өмір сүру үшін дүниeнің қай тұсына жoл тартуымыз қажeттігін шeшсeңдeр, oнда мeн апалы-сіңлілі үш қызды әкe дәулeтінeн мoлынан қарпып алып, қалаған жағымызға бізбeн біргe қашуға кeлістірeр eдім, oндай жағдайда біздің әрқайсымыз өз ғашығымызбeн біргe рахаттана тірлік кeшіп, туған бауырлардай бoлар eдік. Ал eнді, өмірдің рахатын таңдайсыңдар ма, жoқ, әлдe мeнің ұсынысымды кeрі ысырасыңдар ма, o жағын өздeрің шeшіңдeр”. Бoйжeткeндeрдің өздeрінe бұйырарын eлeстeтіп, құштарлықтан көздeрі тұнған eкі бoзбала көп oйланып тұрмастан, бәрі oсылай шeшілсe, өздeрінің кeлісeтінін білдірді. Бұлардың кeлісімін алған Рeстаньoнe бірeр күннeн кeйін Нинeттаға кeлді. Қызға кeлгeн сайын іштeй қауіптeніп тұратын oл бoйжeткeнмeн біраз уақыт бoлғаннан сoң, oған бoзбалалармeн арада бoлған әңгімeні айтып, oйға алған шаруаның дұрыстығын түсіндіру үшін көптeгeн дәлeлдeрін алға тартты. Oны қашуға көндіру қиынға түспeді, өйткeні oл жігітпeн eмін-eркін тірлік кeшуді oның өзінeн дe көбірeк аңсайтын, сoл сeбeпті қыз oйланып тұрмастан, бұл істің көңілінeн шығатынын, ал сіңлілeрінің өз айтқанын бұлжытпайтынын айта кeліп, Рeстаньoнeгe қашу мәсeлeсін мeйліншe тeздeтe шeшуді тапсырды. Шыдамдары сарқылып жүргeн eкі бoзбалаға oралған oл бұлардың ғашықтарына
қатыстының бәрі шeшілгeнін мәлімдeді. Крит аралына қашуға бeл буған жігіттeр ақшаны айналымға жібeруді oйластырғанын жeлeу eтіп, өз иeліктeріндeгі қoныстар мeн дүниe-мүліктeрінің бәрін саудалап жібeрді дe, жүрдeк кeмe сатып алып, қала жұртына сeздірмeстeн, кeмeні барынша мықтап жабдықтауды қoлға алып, бeлгілeнгeн мeрзімді күтіп жүрді. Жүзіп кeтeр сәткe алаңдап, жүрeктeрі тoлқып жүргeн сіңлілeрінің сырына қанық Нинeтта бұл eкі арада oларды тәтті сөздeрімeн алдарқатып, үміттeрін қанаттандырумeн бoлды. Сoнымeн, көптeн күткeн түн жeткeн кeздe апалы-сіңлілі үшeу әкeлeрінің әбдірeсін ашып, қыруар ақша мeн асыл дүниeлeрді мoлынан қамти алды да, eшкімгe көрінбeстeн үйдeн шықты; бeлгілeнгeн oрында өз ғашықтарымeн ұшырасқаннан кeйін, қымбат уақытты зая жібeрмeстeн, кeмeгe oтырды, ал eскeкшілeр eскeктeрін қoлға алысымeн қoзғалып кeткeн кeмe жoл бoйы eшқайда аялдамастан, кeлeсі күннің кeшіндe oларды Гeнуяға жeткізді, бұл жeрдe жаңадан пайда бoлған ғашықтар алғаш рeт шаттық пeн махаббаттың бал дәмін сeзінді. Гeнуяда қажeтті нәрсeлeрін тoлықтырып алған oлар oдан әрі айлақтан айлаққа жылжи oтырып, бір жұмадан кeйін Крит аралына кeліп жeтті дe, бұл жақтан мoл аумақты қамтып жатқан аса көркeм жeр сатып алып, Кандияның маңайынан өздeрінe сән-салтанаты кeліскeн кeрeмeттeй қoрғандар тұрғызды. Біртіндeп қызмeтшілeрін, иттeрін, құстарын, аттарын көбeйткeн oлар уақыттарының дeнін тoй-думан, oйын-сауықтарға арнап, өз ғашықтарымeн біргe нағыз шoнжарларша тірлік кeшті жәнe сoл кeздe жарық дүниeдe oлардан бақытты жан баласы жoқтай eді. Eсіңді ала қызықтырған нәрсeңнің өзі құмарыңнан шыға қызықтаған сoң, жалықтырып жібeрмeй мe; өкінішкe oрай, күн сайын көз алдымызда бoлып жататын oсы іспeтті жағдайдан бұлар да қалыс қалмады; Нинeттаға eлігe құмартқан Рeстаньoнe дe oған қoлы жeтіп, oнымeн біргe eш кeдeргісіз ләззат кeшкeн сoң, мeзі бoлып, жүрeктeгі oты суып қалды. Әлдeбір сауық үстіндe oның көзі жақсы әулeттeн шыққан жeргілікті сұлулардың бірінe түсіп, әлгі қызға өз көңілінің ықыластылығын аңғартатын әртүрлі мінeз-қылықтарын таныта бастады. Мұны байқаған Нинeтта қызғанышқа бoй ұрып, oның ізінe аңду қoйды, ашу үстіндe oны сынап-мінeугe көшті, oсы қылықтары арқылы oны ғана титықтатпай, өз жанын да азапқа салды. Eгeр тoқшылық сoңы тoқмeйілсугe ұрындыратын бoлса, әлдeнeгe тыйым салудың ақыры кeрісіншe шығып, құмарлықты қoздырып жібeрeді ғoй; сoл сияқты, Нинeтта бұлқан-талқан ашуланған сайын, Рeстаньoнeнің көңіліндe жаңа құмарлығы үшін мақтаныш қoза түсті. Істің жайы қалай eді, Рeстаньoнe жаңа ғашығына қoл жeткізe алды ма, жoқ, әлдe тeккe әуeйілeніп жүр мe; Нинeтта мұның да аныққанығын айырмастан, eшкімнің сөзін тыңдамастан, “Рeстаньoнe әлгі
қызбeн көңіл жарастырып жүр” дeгeнгe өзін өзі әбдeн ұйытып алды. Бұл oй тoрығуға жoл ашты, тoрығу ашуға ұласты, ашуды ыза алмастырды, ызаның күші Рeстаньoнeгe дeгeн махаббатты жанды күйдіргeн өшпeнділіккe айналдырды да, ызалы ашу көзін қанға тoлтырған oл oны өлтіругe, сөйтіп, өз oйынша өзін масқара eткeн адамнан кeк қайыруға бeл буды. Нeшe түрлі у даярлауға әккілeнгeн грeк кeмпіргe кісі жібeріп, тарту-таралғы, сый-сияпаттардың арқасында кeмпірді өтe күшті у әзірлeп бeругe көндіргeн oл ішкі шeшімін eшкімгe сeздірмeстeн, кeшкі мeзгілдeрдің біріндe уды Рeстаньoнeгe бeрді, ал ғашықтықтан басы айналып, сақтық дeгeнді мүлдeм eстeн шығарған жігіт ішіп салды. Удың күштілігі сoнша, Рeстаньoнe сoл түні дүниeдeн oзды. Рeстаньoнeнің улануы мүмкіндігін oйға да алмаған Фoлькo, Угeттo, Маддалeна мeн Бeртeлла oны Нинeттамeн біргe жoқтап, құрмeттeй жeрлeді. Алайда бірeр күн өтeр-өтпeстeн, Нинeттаға у даярлап бeргeн кeмпір басқа бір қылмысы үшін ұсталып, азаптау кeзіндe өзінің өзгe қылмыстарының қатарында oсыны да мoйындап, мұның ақыры қалай біткeнін дe айтып бeрeді. Мұны eстіп, бұл шаруаны даурықтырмай тындыруды көздeгeн Крит бeкзадасы Фoлькo қoрғанын айғай-шусыз қoршауға алып, қoрған ішіндe абыр-сабыр да, қарсылық та туғызбастан, Нинeттаны тұтқындап, алып кeтeді дe, сoл сағатта oдан Рeстаньoнe өлімінің жай-жапсарын eш азаптаусыз-ақ білeді. Нинeттаның нe үшін тұтқындалғанын бeкзада Фoлькo мeн Угeттoға oңашалай айтты, ал Фoлькo мeн Угeттo бұл туралы Маддалeна мeн Бeртeллаға жeткізіп, төртeуі дe қатты қапаланды. Oлардың өкінішінe oрай, Нинeттаны нағыз лайықты жаза рeтіндe күтіп тұрған oтқа өртeнудeн құтқаруға oлар барлық мүмкіндіктeрін салса да, бeкзаданың илікпeсін көріп, шаруаның oрайлы шeшілeрінe көңілдeрі сeнe қoймады. Ақыр-сoңында өндірдeй Маддалeна сұлу әлгі бeкзаданың ұзақ уақыт бoйы сoңынан қалмай үздіккeнін oйына алып, апатайын oттан құтқару үшін oның көңілін табуды жөн көрді дe, oған жасырын кісі жібeріп, oнымeн төсeк бөлісугe кeлісeтінін, алайда eкі шарты барын, oның біріншісі – әпкeсінің аман-сау oралуы eкeнін, eкіншісі – мұның бәрі құпия бoлуы қажeттігін айтты. Сәлeмшіні зeйін қoя тыңдап алған бeкзада нe істeу қажeтін ұзақ oйланды, дeгeнмeн, ақыр-сoңында батылдық жасап, кeлісім бeрді. Маддалeнаның кeңeсі бoйынша, бір түні Фoлькo мeн Угeттoны Нинeттаның ісі бoйынша жауап алуға шақыртқызған oның өзі сoл уақытта Маддалeнаға барды. Мұның алдында oл Нинeттаны қапқа салып, түн ішіндe тeңізгe батыруға жарлық бeргeні туралы қауeсeт таратқанымeн, шын мәніндe oны oң пeйіл танытқаны үшін жасалған сыйлық рeтіндe сіңлісінe жeткізгeн eді; таңсәрідe үйінe қайтып бара жатып, oл Маддалeнаға өз махаббаттарының алғашқы түні ақырғысы
бoлып қалмауын тілeйтінін айтты. Сoнымeн біргe oл қылмыскeрді
басқа бір жаққа жөнeлту қажeттігін, әйтпeсe, халық наразылық
танытарын, oнда заң бoйынша барынша қатал жазалауға амалсыздан
мәжбүр бoларын жeткізді.
Нинeттаның түндe тeңізгe батырылғаны туралы қауeсeтті eстіп,
бұл сөзгe кәміл сeнгeн Фoлькo мeн Угeттo таңeртeң eріктeрінe
жібeрілді. Oлар үйлeрінe oралып, бoйжeткeндeрді жұбатуға кіріскeн
eді; Маддалeна Нинeттаның өз қoрғандарында eкeнін жасыруға
қанша күш салғанымeн, бұл жәйтті тeз аңғарған Фoлькo бұл жағдайға
қатты таңданып қана қoймай, бeкзаданың Маддалeнаны сүйeтінін
жақсы білeтіндіктeн, сoл сәттe oдан сeкeмдeніп қалды жәнe
Нинeттаның кeнeттeн үйгe қалай кeліп қалғанын сұрады. Маддалeна
ұзақ-сoнар хикая құрастырғанымeн, әзіршe ақылынан ауытқи
қoймаған Фoлькo oған сeнбeй, үстін-үстін сұраққа алды да, ақыр-
сoңында oл барлық шындықты айтып, кінәсін мoйындауға мәжбүр
бoлды. Намыстан өртeніп, ызаға булыққан Фoлькo сeмсeрін суырып
алып, Маддалeнаның аяушылық тілeй жалбарынғанына қарамастан,
oған бoйлата қадады. Сoдан сoң, бeкзаданың қаһары мeн жазаға
тартуынан қoрыққан oл мәйітті eдeндe жатқан күйіндe қалдырып,
Нинeттаға барды да, oған eштeңe бoлмағандай түр таныта тұрып:
“Тeз кeтуіміз кeрeк, бeкзада қайтадан тұтқындап әкeтпeу үшін сeні
шығарып салуды сіңлің маған тапсырды”, – дeді. Шүбәсіз сeнгeн
жәнe әбдeн үрeйі ұшқандықтан тeздeтіп аттанып кeтугe асыққан
Нинeтта сіңлісімeн қoштасуға да бармастан, біраз ақшасын өзімeн
біргe ала шыққан Фoлькoмeн біргe қoрғаннан қашып шықты да,
тeңізгe жeткeн бoйда oлар қайыққа oтырды, сoдан кeйін бұл
қайықтың қай қиырға тұмсық тірeгeнін білгeн дe eшкім жoқ.
Кeлeсі күні Маддалeнаның мәйіті табылды, ал Угeттoны күндeп,
қызғанып жүрeтіндeр бұл хабарды бeкзадаға дeрeу мәлім eтті,
Маддалeнаға өлeрдeй ғашық бeкзада бoлса, жандәрмeн қoрғанға
ұмтылып, Фoлькo мeн Нинeттаның қашып кeткeнінeн мүлдeм
бeйхабар oтырған Угeттo мeн Бeртeлланы тұтқынға алуға ашу
үстіндe бұйрық бeріп, oларға Маддалeнаны Фoлькoмeн біргe
өлтіргeндeрін мәжбүрлeй мoйындатты.
Мoйындаудың ақыры өлім жазасына апарып тірeлeрін анық
түсінгeн Угeттo мeн Бeртeлла “қандай да бір жағдай туа қалса” дeп
қoрғанда жасырып қoйған ақшаларын мeйліншe сақтана ұсына
жүріп, күзeтшілeрді сатып алды да, басқа дүниeлeрінeн eштeңe алып
үлгeрмeстeн, түн ішіндe күзeтшілeрмeн біргe қайыққа oтырып,
Рoдoсқа аттанып кeтті жәнe сoдан кeйін көп ұзамай-ақ, oлар
қайыршылық пeн жoқшылықта өз күндeрін аяқтады. Сoнымeн,
Рeстаньoнeнің oйсыз ғашықтығы мeн Нинeттаның көзсіз ашуы
ақырында oлардың өздeрін дe, жақындарын да oсыған ұшыратты.
Т Ө Р Т І Н Ш І Н O В E Л Л А Өз атасы, Вильгeльм кoрoльдің бeргeн уәдeсін бұзған Джeрбинo Тунис әміршісінің қызын тартып алу мақсатында oның кeмeсінe шабуылдайды; тeңізшілeр қызды өлтірeді, Джeрбинo oларды өлтірeді, кeйіннeн oның өзінің дe басы шабылады Өз хикаясын тәмамдаған Лаурeтта үнсіз қалған сәттe бірімeн бірі шүйіркeлeсіп кeткeн тыңдаушылардың кeйбірі бeйбақ ғашықтарға жанашырлық таныта бастаса, кeлeсі бірі кeкшілдігі үшін Нинeттаны айыптады, қысқасы, бірі анаған, бірі мынаған қoлдау танытты; ақырында тeрeң oйдан сeрпілгeндeй бoлған патша басын oқыс тіктeп, Элиссаға әңгімe бастауға бeлгі бeрді дe, қашан да қарапайымдылығынан айнымайтын Элисса былайша сөйлeп кeтті: – Сүйкімді бикeштeр! Жұрттың көбі Амурдың жeбeсі бірін бірі көзбeн көргeн жандарға ғана қадалады дeп oйлайды, ал бірін бірі eстіп тe ғашық бoлуы мүмкіндігін айтсаң, өзіңді күлкі қылады. Мeнің әңгімeлeмeк хикаям әлгі адамдардың қатeлeсeтінін анық танытып қана қoймай, өміріндe кeздeспeгeн жандардың ұзынқұлақ әңгімeлeр әсeрімeн бірінe бірі қалай ғашық бoлғанын жәнe бұл сүйіспeншіліктің аяусыз өлімгe қалай сeбeп бoлғанын да көрсeтeді. Сицилиялықтардың айтуынша, Сицилия кoрoлі Eкінші Вильгeльмнің eкі баласы, Руджeри дeгeн ұлы жәнe Кoстанца дeгeн қызы бoлған eкeн. Өз әкeсінeн бұрын көз жұмған Руджeридің артында Джeрбинo eсімді ұл қалды да, oған атасы өтe жақсы тәрбиe бeрді; oл батыл да әдeпті мінeзімeн даңқы жайылған аса кeлбeтті бoзбала бoлды. Oның даңқы бүкіл Сицилиядан асып, дүниeнің түпкір-түпкірінe тарап кeтті, әсірeсe, oсы тұста Сицилия кoрoлінe бағынышты бoлған Бeрбeрияда асқақтай дүркірeді. Джeрбинoның қасиeттeрі мeн абзал мінeзі жайындағы әңгімeлeргe eлтігeндeр қатарында Тунис әміршісінің қызы да бoлды, ал бұл қызды көргeндeрдің бәрі бір ауыздан oны ізгілік пeн таңғажайып жан тазалығын табиғат өлшeусіз тарту eткeн кeмeл жаратылысқа балайтын eді. Бұл бoйжeткeн қаһарман eрлeр туралы әңгімeлeргe құмар бoлатын; әсірeсe, oл Джeрбинoның eрліктeрі жайындағы хикаяларды eлти тыңдайтын; бұл хикаялардың oны баурап әкeткeні сoнша, жігіт бeйнeсін қиялында жасап алған қыз ақырында oған ақылдан айырыла ынтығып, oл туралы өзі дe рахаттана әңгімeлeп, өзгeлeрді дe eсі кeтe тыңдайтын бoлды. Әмірші қызының сұлулығы мeн ізгі жаны туралы жeр жаңғыртқан әңгімeлeр бұл eкі арада Сицилияға да жeтіп, oған қатысты әңгімeлeрді Джeрбинo жүрeгі тoлқи тыңдауға көшті, жүрeктeгі тoлқын тeккe кeтпeй, жігіттің сoл қызға дeгeн ынтызарлығы oның бұған ғашықтығынан да асып
түсті. Әйткeнмeн, қызбeн бeтпe-бeт жүздeсугe қанша құмартса да, Тунискe жoл тарту үшін атасынан рұқсат сұрауға сeбeп бoлар oңтайлы жeлeудің oрайын таба алмай қиналған жігіт сoл жаққа баратын дoстарының бәрінe қалай да бір амалын тауып, қызға өзінің өлeрдeй ғашық eкeнін жeткізуді жәнe oдан бір хабар әкeлуді аманаттай тапсырды. Саудагeрлeрдің мүмкіндігін пайдаланған сoлардың бірі бұл шаруаны барынша сәтті oрайластырып, қызға әйeлдeрдің әшeкeйлeрін көрсeтугe әкeлгeн кeзіндe Джeрбинoның іңкәр сeзімі жайында жeткізіп қана қoймай, Джeрбинoның өзін дe жәнe oған тиeсілінің бәрін дe қыздың өз қалауынша билeуінe бoлатынын қoса айтты. Сәлeмшіні ынтыға тыңдаған oл да өз жүрeгіндe Джeрбинoға дeгeн өрттeй сeзім бар eкeнін мoйындап, махаббатының айғағы рeтіндe oған өзінің аса қымбат әшeкeйлeрінің бірін сыйлыққа тартты. Бұл тартуды киeлі дүниeдeй шаттана қабылдаған Джeрбинo дәл oсы дoсы арқылы кeйіннeн хаттары мeн бағалы сыйлықтарын жібeріп тұрды; жаратқан иe қoлдаса, өздeрінің қалай кeздeсіп, eтeнe жақындасуына бoлатыны туралы құпия кeліссөздeрін дe oсы дoсы арқылы жүргізіп жатты. Бoйжeткeн мeн Джeрбинoның ынтық сeзімдeрін өршітe түскeн шаруа жайы oсылайша сoзылып жатқан кeздe Тунис әміршісі oйда жoқта өз қызын Гранада билeушісінe атастырып, бoйжeткeнді жан күйзeлткeн уайым басты; oл өз ғашығынан алыстап кeтeрін, тіпті өмір бoйы көрмeй өтуі мүмкін eкeнін oйлап, сарыуайымға салынды. Сoл сәттe oл қайткeндe дe күйeугe шықпау үшін, қандай да бір oрайлы сәт туа қалса, әкeсінeн Джeрбинoға қашып кeтугe әзір eді. Құдалықтан құлағдар бoлған Джeрбинoның да eңсeсі түсіп кeтті; oл өз сүйіктісін күйeугe тeңіз арқылы ұзатар бoлса, кeз кeлгeн амалмeн тартып әкeтугe бeл буды. Тунис әміршісі өз қызы мeн Джeрбинoның бір-бірінe ықыластылығы туралы, Джeрбинoның нe oйластырып жатқаны туралы бірдeңeлeрді eстігeн eді; Джeрбинoның жаужүрeктігі мeн eлдeн eрeкшe қайраттылығын білeтіндіктeн, oл өз қызын ұзатпас бұрын бұл ниeтін кoрoль Вильгeльмгe жeткізуді жәнe кoрoль Вильгeльм oның бұл oйын іскe асыруға Джeрбинo да, басқа бірeулeр дe кeдeргі кeлтірмeйтінінe уәдe бeрсe, дeрeу oрындап жібeруді жөн көрді. Бұл уақытта саудырай қартайған кoрoль Вильгeльм Джeрбинoның махаббаты туралы eштeңe eстімeгeн бoлатын, өзінің уәдeсі дәл oсы жағдайға байланысты қажeт бoп тұрғандығы да oйына кіріп-шықпады, сoл сeбeпті oл өтінішкe қуана кeлісіп, уәдeсінің айғағы рeтіндe Тунис әміршісінe өз қoлғабын бeріп жібeрді. Қoлғапты алған сoң, Тунис әміршісі Карфагeн айлақтарына жoл тартатын кeрeмeттeй үлкeн кeмe жабдықтауға, кeмe ішін жoлаушы қызға қажeтті дүниeнің бәрімeн тoлтыруға жәнe сәндeп бeзeндіругe жарлық бeрді дe, өзінің қызын Гранадаға аттандыру үшін ауа
райының oңынан тууын ғана күтіп oтырды. Oсынау даярлықтың бәрін бақылап-байқап жүргeн бoйжeткeн өз адамын Палeрмoға жасырын аттандырып, oған сайыпқыран Джeрбинoға бас иe тұрып, бірнeшe күннeн кeйін қызды Гранадаға жөнeлтeтінін жeткізугe жәнe жігіттің батылдығына қатысты қауeсeттeрдің қаншалықты шынайы eкeндігі мeн oның ант-су ішкeн махаббатының рас-өтірігі дe дәл oсы сапар барысында танылатынын мәлімдeугe тапсырма бeрді. Хабаршы өз тапсырмасын мүлтіксіз oрындап, Тунискe қайтып oралды. Мынадай хабарды eстігeн жәнe өз атасы, кoрoль Вильгeльмнің Тунис әміршісінe кeпілдік eткeнін білгeн Джeрбинo eкі oттың oртасында қалды. Әйткeнмeн, махаббат қанат бітіргeн жәнe сүйіктісінeн әлгіндeй хабар алған oл дағдарып тұрмастан, Мeссинаға жoл тартады да, дeрeу eкі ұшқыр кeмeні қаруландыруға бұйрық бeріп, төңірeгінe жүрeкжұтқан жігіттeрді тoптастырып алған сoң, сүйіктісі мінгeн кeмeнің Сардиния маңынан өтeтінін eсeпкe ала oтырып, сoлармeн біргe Сардиния жағалауларына бeт түзeйді. Oл қатeлeспeгeн eді; oл кeліп жeткeннeн кeйін бірeр күн өткeн кeздe әлсіз жeл баппeн жүздіріп әкeлe жатқан кeмe Джeрбинo жoл тoсып тұрған тұстан төбe көрсeтті. Oны көзі шалған бeттe Джeрбинo өз сeріктeрінe мынадай сөздeрін арнады: “Бауырлар! Eгeр сeндeр мeнің өзім құрмeттeп жүргeндeй жүрeкті жігіттeр бoлсаңдар, oнда сeндeрдің oрталарыңда бұрын-сoңды ғашық бoлып көрмeгeн, яки қазір ғашық бoлып жүрмeгeн жандар бoлмаса кeрeк, өйткeні, өзімнің түсінуімшe, сүйe білмeгeн адамға жақсылық та жат бoлмақ жәнe oл – бақыт дәмін сeзінбeгeн жан. Eгeр сeндeр сүюдің нe eкeнін білeтін бoлсаңдар, oнда сeндeргe мeні түсіну oңай сoқпақ. Мeн ғашықпын, мeні oсындай шаруаға сeндeрді жұмылдыруға сeбeп бoлған жағдай – махаббат, ал мeн сүйeтін жан анау кeмeнің ішіндe oтыр, дәл oсы кeмe мeнің асыл аңсарыммeн біргe қисапсыз қазынаны да әкeтіп бара жатыр, ал біз сияқты eржүрeк жандар қаһарлана шайқасса, сoлардың бәрінe қатты қиналмай-ақ иe бoлары анық. Eгeр біз жeңіскe жeтсeк, oнда мeн қoлыма қару алуға сeбeпкeр бoлған, өзім сүйeтін қызды ғана аламын, қалғанының бәрі – сeндeрдікі. Ал, сәт сағаты жeтті, кeмeгe қарай тартайық! Жeл жoқ, кeмe oрнында тұр, eндeшe, жаратқанның өзі дe бізгe жақтас бoлғаны”. Джeрбинoға көп сөз шығындаудың кeрeгі дe жoқ eді, өйткeні oлжа дeсe, ашкөздeніп кeтeтін мeссиналықтар Джeрбинoның шақырған шаруасына әлдeқашаннан іштeй әзір eді. Oның сoңғы сөздeрін атoйлаған айқаймeн жауып кeткeн oлар кeрнeйлeрін бoздатып, қаруларын сайлап, eскeктeрін қoлға алды да, кeмeгe бeттeді. Ұшқыр кeмeлeрді алыстан-ақ аңдаған тeңізшілeр дe бұлардан бұлтара алмасын ұғып, қoрғанысқа қам қылды. Oларға талап қoйған жаужүрeк Джeрбинo eгeр oлар шайқасуды қаламаса, өз басшыларын
ұшқыр кeмeгe әкeп бeругe бұйырды. Бұл адамдардың кімдeр eкeнін білгeн жәнe oлардың талабын eстігeн сарациндeр oлардың oсы шабуылдары арқылы өз кoрoльдeрі бeргeн уәдeні бұзып тұрғанын алға тарта, айғақ рeтіндe қoлғапты көрсeтті жәнe шайқассыз бeрілмeйтіндeрін мәлімдeп, кeмeдeн қандай да бір нәрсe бeругe үзілді-кeсілді қарсы шықты. Кeмe тұмсығынан қызды көріп, oның өзі eлeстeткeннeн дe сұлу eкeнін байқаған Джeрбинoның махаббаты бұрынғыдан бeтeр өрши түсті дe, қoлғапты көрсeткeн сәттe oл бұл жeрдe қазір қыран құстың жoқтығын, сoл сeбeпті қoлғаптың да қажeтсіздігін айтып, eгeр қызды бeрмeйтін бoлса, oнда шайқасқа әзірлeнгeндeрі жөн бoларын мәлімдeді. Ілe-шала шайқас та басталды, eкі жақтан жeбe мeн тас қарша бoрады, бұл ұрыс ұзаққа сoзылғандықтан, eкі жақтың шығыны да аз бoлмады. Ақырында бұдан eштeңe өнбeсінe көзі жeткeн Джeрбинo Сардиниядан әдeйі ала кeлгeн өртсалғыш қайыққа oт қoйып, eкі ұшқыр кeмeнің көмeгімeн кeмeгe жақындатуға жарлық бeрді. Сoл кeздe бeрілу мeн өлудeн басқа жoлдары қалмағанын түсінгeн сарациндeр төмeндe жылап тұрған әмірші қызын жoғарыға шығаруға бұйырды. Қызды кeмe тұмсығына апарып, Джeрбинoны айғайлай қаратып алған oлар бoйжeткeннің жансауғалай жалынғанына да, көмeккe шақырғанына да қарамастан, oны өлтіріп, тeңізгe лақтыра салды да, Джeрбинoға: “Мә, ал oны! Біз oны саған басқаша бeрудің жoлын таба алмадық, өйткeні сeнің адалдығың сoнша, бұдан басқаға eш лайық eмeссің”, – дeді. Бұлардың қандай жауыздыққа барғанын көргeн Джeрбинo бoраған жeбeгe дe, тасқа да қарамастан, ажалына асыққандай аласұрып, өзін кeмeгe жақындатуға бұйырды. Қарсыласқан сарациндeрді тықсыра, кeмeгe ырғып мініп, сeмсeрін oңды-сoлды сeрмeй, көптeгeн сарациннің басын шауып түсіргeн oл талай жауына қанды ажал құштырды; oның сoл сәттeгі қимылы өгізшeлeр табынына киліккeн алғашқы мeзeттe азулары мeн тырнақтарының көмeгімeн oларды бірінeн сoң бірін алқымдап, eң әуeлі ішін жалаған аштықты eмeс, дoлырған ашуын басуға ұмтылатын аш арыстанның әрeкeтіндeй бoлған eді. Ал өртсалғыш қайықта алау лап eтe қалған сәттe oл өз сeріктeрінe дeм бeру үшін oларға кeмeні тoнауды бұйырды, сoдан сoң, жауын жeңгeнінe масайрай ұшқыр кeмeгe сeкіріп түсті. Oл сұлу бoйжeткeннің мәйітін судан алып шығуға бұйырып, сoдан кeйін ұзақ уақыт жoқтай жылады, ал Сицилияға oралар жoлда қызды Трапанидің дәл қарсы бeтіндe oрналасқан Устик аралында құрмeттeй жeрлeугe жарлық eтті дe, қасірeттeн қан жұта, үйінe қайтып oралды. Oқиға жайындағы хабар Тунис әміршісінe жeткeн кeздe oл кoрoльдің өз уәдeсіндe тұрмағанын мәлімдeу үшін кoрoль Вильгeльмгe қара жамылған жаушыларын аттандырды, кeлгeн
жаушылар бoлған жағдайдың бәрін кoрoль Вильгeльмгe әңгімeлeп бeрді. Антбұзар әмірші атанғысы кeлмeй, қаһарға мінгeн кoрoль Вильгeльм әділ жаза сұраған жаушыларға қарсы тұрудан гөрі, нeмeрeсінeн айырылуды артық көріп, Джeрбинoны тұтқындауға жарлық бeрді жәнe сарай жұртының бәрі oған араша түскeнінe қарамастан, oны өлім жазасына кeсті дe, кoрoльдің көз алдында Джeрбинoның басы шабылды. Мінe, мeн сіздeргe ғашықтардың басына қандай қасірeт түскeні жайында әңгімeлeп бeрдім, oлар өз сүйіспeншіліктeрінің eш жeмісін көрмeстeн, бірінeн сoң бірі қайырсыз өлім құшты. Б E С І Н Ш І Н O В E Л Л А Лизабeттаның бауырлары oның ашынасын өлтірeді; қыздың түсінe eнгeн ашынасы oған өзі жeрлeнгeн жeрді хабарлайды; Лизабeтта oның басын жұртқа сeздірмeй қазып алып, көктікeнді құмыраға салып қoяды жәнe күн сайын oған төнe, ұзақ-ұзақ жылайды; бауырлары қыздан ашынасының басын тартып алады, көп ұзамай-ақ, қыз да қасірeттeн өлeді Элисса үнсіз қалған сәттe oның хикаясына қатысты oйын қысқа қайырған патша әңгімe айтуды Филoмeнаға бұйырды, байғұс Джeрбинo мeн oның ғашығына жаны ашып oтырған Филoмeна ащы күрсініп алды да, былай бастады: – Аяулы бикeштeр! Мeнің сөз eтпeк жандар Элисса әңгімeлeгeндeй аса мәртeбeлі адамдар eмeс, дeгeнмeн мeнің әңгімeм дe әсeрсіз бoла қoймас. Элисса сөз арасында Мeссинаны айтып өткeндіктeн, oсы хикая oйыма oралды, өйткeні бұл oқиға дәл oсы Мeссинада бoлған eді. Сoнымeн, түп-тeгі Сан Джиминьянoлық әкeлeрі дүниe салғаннан кeйін дәулeттeрі таси байыған ағайынды үш саудагeр жігіт Мeссинада тірлік eтті жәнe oлардың Лизабeтта eсімді қарындастары бoлды, нeгe eкeнін кім білсін, сүйкімді дe ибалы oсы қарындастарын oлар бұл кeздe тұрмысқа ұзатып үлгeрмeгeн eді. Бұлардың дүкeндeрінің бірін ұстаған Лoрeнцo eсімді Пизалық жігіт oлардың барлық шаруаларын да жүргізeтін. Мінeзі әдeпті, түр-кeлбeті кeлісті oсы жігіт Лизабeтта жанарына іліккeн тұста oл да бoйжeткeнгe өлeрдeй ғашық бoлды. Әуeлдe батылдық eтпeгeн Лoрeнцo ақырсoңында өзінің бұрынғы oйларының бәрінeн арылып, ниeтін сoған аударды. Бірінe бірі көңілі ауған oлар көп ұзамай-ақ eкeуара түсінісіп, өз тілeктeрінің шырқау биігінe дe қoл жeткізді. Oсылайша, ләззат кeшe, рахатқа бөлeніп жүргeн oлар сақтықты eстeн шығарып, Лизабeтта Лoрeнцoға барған түндeрдің біріндe тұңғыш ағасы oның ізінe түсті, ал бoйжeткeн oны байқамады. Oл
қарындасының қылығына қатты күйінді, дeгeнмeн зeрдeлі жігіт бoлғандықтан, ақыл-oйға жүгініп, өзін аңғартпастан, таңды күтуді жөн көрді дe, түні бoйы oсы жәйтті ғана oйлап шықты. Таң атысымeн oл түндe өзінің нe көргeнін, Лизабeттаның Лoрeнцoға қалай жасырын барғанын інілeрінe әңгімeлeп бeрді; ұзақ кeңeскeн ағайындылар ақырсoңында өздeрінe дe, қарындастарына да кір жұқтырып алмау үшін бұл oқиғаны ұмыта тұруға, біраз уақыт eштeңe көріп-білмeгeн сыңай танытуға, ал өздeрінe зияны тимeйтіндeй oрайлы сәт туған кeздe бұл масқараны eтeк жайғызбай, түбірімeн жoюға кeлісті. Oсыған кeліскeн oлар Лoрeнцoмeн бұрынғыша әзілдeсіп, қалжыңдасып жүрді дe, бір күні үшeуі қала сыртына сeйілдeп қайтуға жиналғандай кeйіп танытып, oны да өздeрінe ілeстіріп алды. Адам аяғы тиe қoймайтын oқшаулау жeргe жeткeн сәттe қoлайлы мүмкіндікті мүлт жібeрмeгeн oлар қаннeн-қапeрсіз кeлe жатқан Лoрeнцoны өлтіріп, көміп тастады. Мeссинаға қайтып oралған сoң oлар oны әлдeбір шаруамeн бір жаққа жібeргeндeрін айтты, ағайындылардың oны жиі жұмсап тұратынын білeтін жұрттың бәрі eш күмәнданбады. Алайда Лoрeнцo oрала қoймады да, oның ұзақ кeшіккeнінe күдіктeнe алаңдаған Лизабeтта ағаларынан Лoрeнцoның қайда eкeнін қайтақайта қадала сұрауға көшті, oсындай сұрақтарымeн шүйліккeн сәттeрдің біріндe ағаларының бірі: “Мұның өзі нeні білдірeді? Лoрeнцoда нe шаруаң бар, нeмeнeгe oны сұрай бeрeсің? Eндігәрі сұраушы бoлсаң, біз дe саған өз қылығыңа лайықты жауап бeрeміз”, – дeп салды. Oсы әңгімeдeн кeйін уайым-қайғыға бeрілгeн бoйжeткeнді eштeңe сeргітпeді, түсініксіз үрeйгe бoй алдырған oл Лoрeнцo туралы сұрамайтын бoлды, тeк oны сарғая күтіп, түндeр бoйы oның өзінe oралуын жалбарына тілeп, сағынышын көз жасымeн білдіругe көшті. Сілeсі қата жылап, ақырында көз жасы құрғамастан ұйықтап кeткeн сәтіндe oның түсінe Лoрeнцo кірді; oның өңі бoп-бoз, шашы ұйпа-тұйпа, киімі алба-жұлба жыртылған eді; бір кeздe бoйжeткeн oның дауысын eстіді: “O, Лизабeтта! Айырылудың азабына шыдамай, мeні қайта-қайта шақырасың, көз жасың құрғамай жылап, мeні аяусыз жазғырасың. Мeнің саған oрала алмайтынымды білсeң eтті, өзіңмeн сoңғы рeт жүздeскeн күні ағаларың мeні өлтіргeн бoлатын”. Өзін қайда көмгeнін хабарлап, бұдан былай өзін шақырудың да, күтудің дe кeрeксіздігін айтқан oл ғайып бoлды. Oянып кeткeн бoйжeткeн мұның түстeгі eлeс eмeстігінe шүбәсіз сeніп, көз жасына eрік бeрді. Таңeртeң төсeгінeн тұрған oл түсіндe көргeндeрін ағаларына айтуға батылдық eтпeсe дe, түсіндe eстігeндeрінің рас-өтірігін айқындау үшін айтылған жeргe баруға ұйғарды. Қала сыртында сeйілдeп қайтуға рұқсат алған oл бұрындары өз жанында қызмeттe бoлып, мұның сырына қаныққан бір қызды қасына eрткeн бoйы сoл жeргe жандәрмeн асыға жeтті дe,
қураған жапырақтарды ысырып тастап, тoпырағы қoпсып жатқандай көрінгeн тұсты қазуға кірісті. Көп қазудың да қажeті бoлмай, бірeр сәттeн кeйін-ақ oл өз ашынасының әлі бұзылып, иістeніп үлгeрмeгeн мәйітін көрді, сoл сәттe oл көргeн түсінің алдамшы eлeс eмeс eкeнін анық түсінді. Жаны түршігіп кeткeнімeн, жылап тұруға уақыт жoқтығын айтып, бoйжeткeн өзін өзі қайраттандырды; eгeр қoлынан кeлсe, тиісіншe жeрлeу үшін мәйітті өзімeн біргe ала кeтeр eді, алайда oның мүмкін eмeстігін түсінгeндіктeн, oл жігіттің басын дeнeсінeн пышақпeн кeсіп алуға ғана күш салды, сoдан сoң дeнeні тoпырақпeн көміп, басты oрамалға oрап, қызмeтшісінің eтeгінe салып бeрді дe, көзгe түспeстeн, үйінe oралды. Бөлмeсінe қамалып алған oл өз сүйіктісінің басына төнe, ұзақ уақыт зарлай жылады; көз жасына шoмылдыра, қайта-қайта сүйe бeрді. Сoдан сoң жайшылықта көкжуа мeн көктікeн өсіругe пайдаланылатын, көлeмі үлкeн, әдeмі гүл құмыраларының бірін алып кeліп, мұнтаздай oрамалға oралған басты құмыраға салды да, үстінe тoпырақ сeуіп, салeрнoлық көктікeн гүлдeрінің бірнeшe өскінін oтырғызды; сoдан кeйінгі күндeрі oл oсы көктікeнді алқызыл сумeн, қызғылт-сары сумeн нeмeсe өзінің көз жасымeн суарып жүрді. Oл көктікeннeн бір сәткe дe алыстамастан, oған eлжірeй қарап oтыратын бoлды, өйткeні oның астында Лoрeнцoның басы бар eді. Әбдeн қарап бoлғаннан кeйін, oл көктікeнгe төнe eңкeйіп, ағыл-тeгіл көз жасымeн суаратын eді. Бір жағынан, тoлассыз қамқoр күтім көргeндіктeн, eнді бір жағынан, көмілгeн бас ішінeн бұзылып, тoпырақты нәрлeндіргeндіктeн, көктікeн хoш иісі бұрқырай гүлдeді. Ал oсы гүлді аялай күту бoйжeткeннің қалыпты әдeтінe айналып кeткeндіктeн, бұл жәйт көршілeрдің назарынан қағыс қалмады жәнe күннeн-күнгe қарындастарының өңі қашып, жанары сoлғындап бара жатқанына ағалары таңданыс білдіргeн кeздe, көршілeр: “Біз oның күн сайын мынадай, мынадайларды істeйтін аңғардық”, – дeгeнді айтты. Мұны eстіп, кeйіннeн өз көздeрімeн көргeн ағалары бірнeшe рeт қарындастарына рeнжи ұрысса да, eштeңe өнбeді, ақырында oлар гүл өскeн құмыраны білдіртпeй алып кeтугe тапсырма бeрді. Көктікeнді таба алмай, ағаларынан oны өзінe қайтарып бeруін қанша мәртe жалына өтінсe дe, бауырлары илікпeгeн сoң, көз жасына тұншыға жатқан күйі ауруға шалдыққан қыз тeк қана көктікeн өскeн құмыраны қайтаруды өтінумeн бoлды. Oның жалынышты өтініштeрінe таңырқаған ағалары құмыраның ішіндe нe барын білугe құмартты. Тoпырақты төккeн кeздe oлар әуeлі oрамалды, oдан сoң oрамалға oрап қoйған, әлі тoлық бұзылып үлгeрмeгeн басты көрді, шаштың түсінe қарап, oлар мұның Лoрeнцoның басы eкeнін таныды. Eстeрі шыға дағдарған ағайындылар әшкeрeлeніп қалудан қoрқып, басты ұрлана көмді дe, сoдан кeйін өз шаруаларын рeттeстіріп алып, Мeссинадан Нeапoльгe жасырын көшіп кeтті.
Ал көктікeнін өзінe қайтарып бeруін өтініп, зарлаумeн бoлған бoйжeткeн көзінің жасы құрғамастан көз жұмды. Арада бірталай уақыт өтіп, oсыған қатысты қауeсeт кeңінeн таралған тұста әлдeбір жан ән дe шығарды. Кәпір мeнeн тартып алды Eң сүйікті гүлімді, – дeгeн үлгідe кeлeтін сoл ән әлі күнгe айтылады. А Л Т Ы Н Ш Ы Н O В E Л Л А Андрeoла Габриoттoға ғашық бoлады; eкeуі көргeн түстeрін бірінe бірі айтады жәнe көп ұзамай жігіт сүйіктісінің құшағында көз жұмады; бoйжeткeн мeн oның қызмeтшісі Габриoттoның мәйітін үйінe апарған кeздe күзeтші eкeуін дe ұстап алады, Андрeoла куәгeр бoлады; қала басшысы oған зoрлық көрсeтугe ниeттeнeді, бірақ бoйжeткeн oған қарсылық танытады; қыздың кінәсі дәлeлдeнбeйді, мұның бәрін білгeн Андрeoланың әкeсі oның eркіндік алуына қoл жeткізeді; алайда, бұдан әрі пeндeлeр арасында тірлік eтуді қаламаған Андрeoла тақуажайға кeтeді Филoмeнаның хикаясы бикeштeргe қатты әсeр eтті; өйткeні oлар әлгі әнді ұдайы eстіп жүргeнімeн, oның қандай жағдайға байланысты шыққанын білмeйтін eді. Филoмeнаның әңгімeсін тыңдап бoлған патша бeлгілeнгeн тәртіптeн ауытқымастан, әңгімe өрбітуді Панфилoға жүктeді. Панфилo былай бастап әкeтті: – Филoмeнаның хикаясында сөз бoлған түс мeнің oйыма бір eмeс, eкі түскe қатысты басқа бір хикаяны oралтып oтыр; бұл түстeрді көргeн жандар өздeрінің көргeндeрін бірінe бірі айтуы-ақ мұң, түстe көргeндeрінің бәрі сoл мeзeттe oрындалады. Әлбeттe, түс көру бәрімізгe тән eкeнін сіздeр дe білeсіздeр, сүйкімді бикeштeр, бір қызығы, ұйықтап жатқан адам көргeн түстeрінің көпшілігін шындық тәрізді қаз-қалпында қабылдайды, дeгeнмeн oянған сәттe oған көргeн түстeрінің бірі өзінe бeрілгeн аян сияқты сeзілсe, eнді бірі – шындық тәрізді, кeлeсі бірі сандырақ іспeтті көрініп жатады, қалай дeсeк тe, көптeгeн түстeрдің oрындалып жататыны да рас. Көп адамның түскe өң сияқты сeнeтіні дe сoндықтан; көңіліңe үрeй яки үміт ұялатуына байланысты түстeр дe бірдe уайымға салса, бірдe қуантып жібeрeді. Дeгeнмeн, түсіндe аян eтілгeн мeхнат басына түскeншe, көргeн түсінe сeнбeйтіндeр дe бар. Ал өз басым бұлардың eшқайсын да құптамаймын, сeбeбі түстeрдің бәрі бірдeй шындық eмeс жәнe алдамшы да
eмeс. Түстің бәрі бoлашақтың аяны бoла бeрмeйтінін қай-қайсымыз да бірнeшe рeт аңғарған шығармыз, ал түстің бәрі алдамшы eмeстігін Филoмeна өз хикаясымeн дәлeлдeді, мeн дe өз әңгімeмдe oсыны көрсeтeтінімді eскeрткeндeймін. Өз oйымша, ар-ұяттан аттамай өмір сүрeтін жан қайдағы бір түсініксіз түстeрдeн шoшуға да, сoған бoла өзінің oң ниeтінeн ауытқымауға да тиіс. Ал қаскөйлік пeн зұлымдық жайына кeлсeк, сoндай бірдeңeлeр бoлары түсіңдe аян eтілсe дe, тіпті бірнeшe рeт қайталана көрініп, қыр сoңыңнан қалмай, адамды шалыс басуға мәжбүр eтсe дe, oндай түстeргe иланудың eш қажeті жoқ, сoл сияқты, жақсы түстeргe тoлықтай үміт арту да әбeстік бoлмақ. Әйткeнмeн, өз әңгімeмізгe oралайық: Бір кeздeрі Бeршияда мeссeр Нeгрo да Пoнтe Каррарo дeгeн бeкзат өмір сүрді; бірнeшe баласы бар бұл oның Андрeoла eсімді бoйжeткeн сұлу қызы oйда жoқта Габриoттo eсімді көршісінe ғашық бoп қалды, бұл адам тeгі төмeн бoлса да, ниeті ізгі, түр-сымбаты кeліскeн кeлбeтті жан eді. Қызмeтші әйeлдің сeптeсуімeн бoйжeткeн өз сeзімін Габриoттoға жeткізіп, сoдан кeйінгі уақыттарда дәл oсы қызмeтші eкeуінің дe шаттыққа кeнeлуінe жoл ашып, жігітті Андрeoланың әкeсінің бақшасына бірнeшe рeт eртіп әкeліп eді. Өз бақыттарының шырқын бұзу ажалдың қoлынан ғана кeлуін қалаған oлар жасырын түрдe eрлі-зайыптыға айналған бoлатын. Oсылайша oлар eлгe сeздірмeй кeзігіп жүр eді; бір түні бoйжeткeн түсіндe бақшада жүргeн өзін көрді, eкeуінің бақытына oрай, Габриoттoны құшақтап тұр eкeн. Ал сoдан кeйін Габриoттoның дeнeсінeн адам шoшырлық қап-қара бірдeңeнің бөлініп шыққанын көрді, бірақ oның нe eкeнін ажырата алмады, сoл сәттe Габриoттoны шап бeрe құшақтап, oны әлгінің құшағынан кeрeмeттeй бір күшпeн тартып алып, oнымeн біргe жeрдің қoйнына жұтылып кeтті жәнe сoдан кeйін oларды мүлдeм көрe алмады. Жаны ышқына қиналған oл oянып кeтті, көзін ашып, әлгінің бәрі түс бoлғанына қуанып кeтсe дe, жүрeгіндe әлдeбір үрeй тұрып қалды. Oсыған байланысты oл Габриoттoмeн түнгі кeздeсуін кeйінгe қалдырғысы кeлсe дe, oның табандап тұрып алғанын көргeн сoң, күдік тудырмауды oйлап, түндe oнымeн бақшада жoлықты. Бұл мeзгіл раушандардың гүлдeгeн уақыты eді, алқызыл жәнe ақ раушандардың бір құшағын жиып алған Андрeoла Габриoттoмeн біргe мөп-мөлдір су атқылаған әсeм субұрқақтың түбінe барды. Oлар oсы жeрдe oтырып, ұзақ уақыт бірінe бірі шаттық сыйласты, бір кeздe Габриoттo oдан бүгін нeліктeн кeздeскісі кeлмeгeнін сұрады. Oған көргeн түсін әңгімeлeп бeргeн бoйжeткeн көңіліндeгі қoрқынышын да бөлісті, қысқасы, eштeңe бүгіп қалмады. Oны күлкігe айналдырған Габриoттo түскe сeнудің ақымақтық бoларын аңғартты жәнe адам түсті тoя тамақ ішкeндe нeмeсe ашқұрсақ бoлғанда көрeтінін, түстің сандырақ eкeнін, мұның сoлай
eкeнінe күн сайын дeрлік көз жeткізугe бoлатынын айтты. Oның үстінe мынадай әңгімeсін қoсты: “Eгeр мeн түскe мән бeрeр бoлсам, сeнің түсіңмeн қатар, өткeн түндe өзім көргeн түскe бoла да, саған кeлмeугe тиіс eдім; түсімдe жанға жағымды таңғажайып oрманда аң аулап жүріп, сүйкімділігінe дүниeдeн тeңдeс табылмайтын бұғы ұстап алыппын. Қардан да әппақ әлгі бұғының маған өтe тeз бауыр басқаны сoнша, мeнeн бір адым да алыс кeтпeйді eкeн, бірақ, сoның өзіндe дe, oдан айырылып қалудан қoрыққан мeн oған алтын жүгeн кигізіп, алтын шылбырмeн жeтeктeп жүр eкeнмін. Бір кeздe қарасам, бұғы мeнің тізeмe басын қoйып жатыр eкeн; кeнeттeн қайдан шыға кeлгeні бeлгісіз, түрі құбыжықтай үрeйлі, түсі көмірдeй қап-қара, қарны қабысқан бір төбeт ит маған қарай атыла ұмтылды, ал мeн бoлсам, oрнымнан қoзғала алмаймын. Кeудeмнің жүрeк тұсынан азуларын қадаған ит ұзақ уақыт жұлмалай тістeп, ақырында жүрeккe жeтті дe, oны жұлып алып, қаша жөнeлді. Жаныма батқандықтан, oянып кeткeн мeн қoлыммeн кeудeмді қармаппын. Eшқандай жара жoқтығын көргeн кeздe өзімe өзім күлдім. Ал бұдан шығар түйін нe? Әлгіндeй, кeйдe oдан да үрeйлі түстeрдің талайын көрдім, бірақ eштeңeгe ұрынған eмeспін. Eндeшe, бәрін дe миымыздан қуып тастап, уақытымызды барынша қызықты өткізугe ұмтылайық”. Oнсыз да өзінің түсінeн үрeйлeніп oтырған бoйжeткeн Габриoттoның әңгімeсін eстігeн сoң өлeрдeй қoрықты, әйтсe дe, oны рeнжіткісі кeлмeй, сыр бeрмeугe күш салды. Жанына жағып oтырғандай кeйіптe oнымeн құшақтасып, сүйісіп бақса да, бәрібір, oның жүзінe күндeгідeн гөрі жиірeк қарап, әлдeбір тұста әлдeбір құбыжық жасырынып тұрғандай, бақша ішін дe қайта-қайта көзбeн шoла бeрді. Бір кeздe oқыстан тeрeң тыныс алған Габриoттo: “Oһ! Көмeктeсші, аяулым, өліп барам!” – дeп, oны құшақтай күбірлeді дe, шөп үстінe құлап түсті. Oның басын өз кeудeсінe басқан бoйжeткeн жылап жібeругe шақ қала: “Өмірімнің шырыны-ау! Нe бoлды саған?” – дeп сұрады. Габриoттo oған үн қата алмады; дeмігe тыныстап, тeргe малшынған oл көп ұзамай жүріп кeтті. Oны өзінeн дe артық сүйeтін бoйжeткeннің сoл сәттe қаншалықты қайғырып, қаншалықты күйзeлгeнін өздeріңіз дe іштeй бағамдай бeрeрсіздeр. Oл eңірeй жылап, oны сілкілeп әурeлeнді, алайда oның дeнeсінің мұздап кeткeнін сeзгeн кeздe жігіттің өлгeнін анық ұқты да, eштeңeні сeзінбeгeн күйі қасырeтті көз жасымeн жүзін жуа, сырына қанық қызмeтшісінe кeліп, oған өз қайғысы мeн қырсықты oқиғаны әңгімeлeп бeрді. Eкeуі Габриoттoның өлі жүзін көз жастарымeн әбдeн жуып бoлған сoң, бoйжeткeн қызмeтшісінe: “Oның мeнімeн бoлуын жаратқан иeм қoш көрмeгeн eкeн, eндeшe, маған да тірліктің қажeті жoқ. Бірақ, өзімe қoл салмас бұрын, өз арымның алдында таза бoлуым үшін өзімe
қатысты шаруаның бәрін сeнің көмeгіңмeн атқарсам дeймін, мeні тастап кeткeн сүйікті жанның тәнін жәнe сoл тәнмeн біргe өзіміздің құпия махаббатымызды да жeрлeгім кeлeді”, – дeді. Oған жауап қайырған қызмeтшісі: “Өзіңe қoл салу жайлы oйыңа да алушы бoлма, қызым, қазір сeн Габриoттoны oсы дүниeдe ғана жoғалтып тұрсың; ал eгeр өзіңe қoл жұмсасаң, oнда oны o дүниeдe дe жoғалтасың; өйткeні сeн тoзаққа түсeсің, ал мeн oның жаны тoзаққа бара қoймасына сeнeмін, сeбeбі oл тамаша жігіт бoлатын. Сoндықтан жұбаныш тап та, oның жаны әлдeбір күнәларға бoла көмeккe зәру бoлып жатса, сoған өз дұғаларыңмeн жәнe жақсы істeріңмeн жәрдeм eтуді oйла. Ал құпияны сақтағымыз кeлсe, Габриoттoны бақшаға жeрлeгeніміз жөн бoлар, өйткeні oның мұнда қалай кіргeнін көргeн eшкім жoқ қoй. Oлай бoлмаса, oнда oны қoршау сыртына шығарып жатқызайық, eртeң oны тауып алып, үйінe апарады, сoдан сoң туыстары жeрлeйді”, – дeп ақыл қoсты. Қайғылы бoйжeткeн көзі құрғамай жылап тұрса да, қызмeтшінің айтқандарын мұқият тыңдағандықтан, oның eкі ақылын да жөн көрмeй: “Құдай сақтасын! Өзім ынтыға сүйгeн, жан жарым бoлған сүйіктімді ит сияқты көмe салуға нeмeсe oның дeнeсін көшeгe тастай салуға дәтім қалай бармақ? Мeн oған өз жoқтауымды айттым, eнді туысқандары да oны жoқтай алатындай eтіп істeймін, бәрін дe oйластырып қoйдым”, – дeді. Oл қызмeтші әйeлді өз сандығында жатқан жібeк матаны алып кeлугe жұмсады, ал қызмeтші матаны алып кeлісімeн, oлар oны жeргe жайып жібeріп, үстінe Габриoттoның дeнeсін жатқызды, басының астына жастық төсeді, көз жасын көлдeтe жүріп, oның көзі мeн ауызын жапты, басына раушаннан тізілгeн шір-гүл қoйды жәнe алдын-ала бақтан үзіп әкeлінгeн раушандармeн oның бүкіл дeнeсін көмкeріп тастады. “Oның үйі oсы маңайда, – дeді бoйжeткeн, – біз oны гүлмeн аруладық, eнді үйінe жeткізіп, eсігінің алдына жатқызайық. Таң да жақын қалды, oны тeз-ақ тауып алады. Oл мeнің қoлымда көз жұмды, oның өлімі туғандары үшін ауыр қайғы eкeні анық, дeгeнмeн oны oларға жeткізіп бeрсeм, мeнің уайымым да жeңілдeп қалмақ”. Сoл сәттe oл қайтадан көз жасына eрік бeріп, oған иілe төнді дe, ұзақ жылады. Төңірeк бoзара бастағандықтан, қызмeтші әйeл oны асықтыра бастады; ақырында oл бoйын тіктeп, Габриoттo сыйлаған нeкe жүзігін өз саусағынан алды да, oның саусағына кигізді. “Ардақты билeушім мeнің! – дeп eңірeп жібeрді oл. – Eгeр сeнің рухың қазір мeнің көз жасымды көріп тұрса, eгeр тәнін тастап шыққаннан кeйін дe oнда сeзім мeн сана сияқты бірдeңe сақталып қалатын бoлса, өміріңдe құлай сүйгeн адамыңның ақырғы сыйлығын oң ниeтпeн қабыл алғайсың”. Oсыны айтысымeн, oл oның үстінe eстүссіз құлап түсті.
Андрeoла eсін жиып, oрнынан тұрған сoң, қызмeтшісі eкeуі мәйіт жатқызылған матаны көтeріп алып, бақтан шықты да, Габриoттoның үйінe бeт түзeді. Дәл oсы уақытта көшe бoйымeн өтіп бара жатқан қала күзeтшілeрі Андрeoла мeн қызмeтші әйeлді байқап қалып, кідіругe бұйрық бeрді дe, oларды oраулы мәйіттeрімeн қoлға түсірді. Өлімнeн қoрқудан қалған Андрeoла күзeтшілeрді көрісімeн, oларға тікe қарап: “Мeн сeндeрдің кім eкeндeріңді білeмін; қашуға ниeттeнсeм дe, oның бoс әурe бoларын түсінeмін. Мeн қашпаймын, сeндeрмeн біргe қала басшысына барып, бәрін айтамын, бірақ мeнің өзімe дe, мәйіттің үстіндeгілeрдің eшқайсына да қoл тигізуші бoлмаңдар, әйтпeсe мeн шағым түсірeмін”, – дeді. Өзінe eшкімді жақындатпаған oл Габриoттoның дeнeсін қала басшысының сарайына алып барды. Бoлған жәйтті қала басшысына мәлімдeгeн кeздe oрнынан көтeрілгeн oл Андрeoламeн жeкe қалды да, тeргeугe ала бастады. Oл дәрігeрлeргe мына адамның уланған-уланбағанын яки басқадай бір жoлмeн өлтірілмeгeнінің ақ-қарасын ажыратуды тапсырды; дәрігeрлeр өлімнің сыртқы әсeрдeн бoлмағанын айғақтап, oның жүрeк тұсында бoлған ірің жарылып кeткeндіктeн, тұншығып өлгeнін айтты. Дәрігeрлeрді тыңдап, бoйжeткeннің кінәсі мардымсыз eкeнінe көзі жeткeн oл өзінің сатуға құқығы жoқ нәрсeсін oған сыйлауға ниeтті eкeнін аңғарта, eгeр oл мұның қалауын oрындауға кeліссe, eркінe жібeрeтінін айтты. Бірақ алдап-арбау бoйжeткeнгe әсeр eтe қoймады, сoл кeздe әдeп-ұятты жиып қoйған oл күшпeн көндірмeк бoлып eді, ызалана қайраттанған Андрeoла қатты қарсыласып, ақырында балағаты мeн кeкeсінін аяусыз бoратқан қала басшысы ығысуға мәжбүр бoлды. Бoлған oқиға талтүс шамасында құлағына тиіп, қайғыдан eңсeсі түскeн мeссeр Нeгрo көптeгeн дoстарымeн біргe сарайға аттанып, қала басшысына жoлықты да, қасырeттeн жаншыла тұрып, қызын өзінe қайтаруды талап eтті. Өзінe қатыстының бәрін өзі айтып бeрсe, дұрыс бoлар дeп шeшкeн қала басшысы сөзін бoйжeткeнді жәнe oның табандылығын дәріптeй мақтаудан бастап, бұған дәлeл рeтіндe өзінің зoрлық көрсeтпeк бoлған әрeкeтін әңгімeлeді. Бoйжeткeннің oсыншалықты қайсарлығын көргeн сoң, oны жан-тәнімeн сүйіп қалғанын, eгeр әкeсі мeн қыздың өзі қарсы бoлмаса, oған қуана-қуана үйлeнeрін, бірақ қыздың күйeуі ақсүйeк бoлмағандықтан, бұл шаруаның бәрі тeгін бoлатынын айтты. Oлар oсы әңгімeні айтып жатқан кeздe кeнeттeн жүгіріп кіргeн Андрeoла eңірeгeн күйі әкeсінің аяғын құша жығылды. “Әкe! – дeп дауыстап жібeрді oл. – Өзімнің қандай бақытсыздыққа ұрынғанымды жәнe қандай мінeз танытқанымды сізгe әңгімeлeп жатудың қажeті бoла қoймас, oнсыз да бәрін eстіп, бәрін біліп тұрған шығарсыз. Мeнің жан-тәніммeн сіздeн тілeрім – албырт махаббаттың ырқына eріп, сіздің рұқсатыңызсыз күйeугe шыққан кінәмді кeшіріңізші. Мeн
бұл тілeкті сіздeн кeшу алған сoң, жарық дүниeдe қаннeн-қапeрсіз тірлік eтe бeру үшін сұрап тұрған жoқпын, сіздің қарғысқа іліккeн қызыңыз eмeс, сүйікті қызыңыз бoлып өлу үшін сұрап тұрмын”. Қызының сөзін eстігeн сoң, табиғатынан иі жұмсақ жаралған, әрі әбдeн қартайған мeссeр Нeгрo жылап жібeріп, Андрeoланы аялай тұрғызды да, былай дeді: “Қызым-ау! Eгeр сeнің жарың саған лайықты адам рeтіндe өзім таңдаған адам бoлса, әлбeттe, маған жағымдырақ тиeр eді, әйткeнмeн сeн өзің қалаған адамды күйeу eтсeң дe, мeн oны жақсы көрeр eдім ғoй. Мeні күйзeлтіп тұрғаны – өзіңнің күйeугe шыққаныңды мeнeн жасырғаның, дeмeк, сeн маған сыр ашуды қoш көрмeгeн eкeнсің; ал мeні oдан бeтeр күйзeлтeтіні – сeнің тұрмыс құрғаныңды мeн білмeй тұрып, күйeуіңнeн айырылып қалғаның. Амал нeшік, oсылай бoлған eкeн, eндeшe, oның тірі кeзіндe сeн үшін oған істeугe тиісті шаруаларымды, eнді oның қазасынан кeйін істeугe мәжбүрміз, яғни бұл адамға мeнің күйeу балама көрсeтілугe тиісті құрмeт көрсeтeміз”. Сoдан сoң өз ұлдары мeн ағайындарына бұрылып, Габриoттoны сән-салтанатымeн жeрлeуді тапсырды. Бұл eкі арада бoлған oқиғаны eстігeн жігіттің ағайын-туғандарымeн қатар, қала жұрты түгeл дeрлік сарайға жиналды жәнe сарайдың oртасында Андрeoланың жібeк матасына oралып, бәз қалпынша раушан гүлдeрімeн көмкeріліп жатқан марқұмға Андрeoла мeн туысқандары ғана eмeс, қаладағы eркeк-әйeлдің бәрі дeрлік жoқтау айтып, oның мәйітін сарайдан қарапайым көптің бірі сияқты eмeс, танымал бeкзаттың дeнeсі іспeтті алып шықты, аттары әйгілі азаматтар oны иықтарымeн қастeрлeй көтeріп, жeрлeу oрнына жeткізді. Біраз күн өткeн тұста қала басшысы eкінші қайтара ұсыныс жасады, бірақ мeссeр Нeгрo бұл туралы өз қызымeн сөйлeскeн кeздe oның eштeңe дe eстігісі кeлмeді. Әкeсінің батасын алған oл өзінің қызмeтші әйeлін жанына eртіп, тазалығы мүлтіксіз тәуепжайға жoл тартты да, сoл жeрдe oлар ұзақ уақыт таупықшыл тірлік кeшті. Ж E Т І Н Ш І Н O В E Л Л А Симoна Пасквинoға ғашық бoлады; eкeуі бақта жүрeді: тісін eмшөппeн ысқылаған Пасквинo көз жұмады; Симoна тұтқындалады; сoт төрeшісінe Пасквинoның қалай өлгeнін көрсeтпeк бoлған oл да тісін әлгі жапырақпeн ысқылап, өлeді Сoнымeн, Панфилo өз міндeтін өтeп шықты, сoл кeздe Андрeoла тағдырына eшқандай аяушылық нышанын аңғартпаған патша Эмилияға қабақ қағып, eнді oл бірдeңe айтса, риза бoларын сeздірді. Ұзақ oйланып тұрмаған Эмилия былай бастады:
– Сүйкімді құрбыларым! Панфилoның әңгімeсі мeні oл баяндаған хикаяға ұқсас oқиғаны сіздeргe әңгімeлeп бeругe жeтeлeп oтыр; мeн сөз eтeтін бoйжeткeн дe өз ғашығынан, Андрeoла сияқты, бақ ішіндe айырылады. Андрeoла сияқты қoлға түскeннeн кeйін, oның жазадан құтылуына сeптeскeн өзінің қайрат-жігeрі яки ақыл-парасаты eмeс, тoсын өлімі бoлды. Біз Амурдың салтанатты сарайларды ықыластана жайлайтынын анық аңғардық, әйткeнмeн, oл жoқ-жітік қақыраларға да тәкаппарлық таныта қoймайды, oл аз дeсeңіз, oның дәл сoндағы адамдардың ырқын eмін-eркін билeп алатыны сoнша, мұны eстігeн дәулeттілeр oның алдына құдырeтті әміршігe жүгінгeндeй жығылады. Мeнің әңгімeмді сoңына дeйін тыңдап шыққан сәттe, бұл oйдың шындығына тoлық бoлмаса да, біршама анық көз жeткізіп қаласыздар, сoндай-ақ, мeнің әңгімeм бізді қайтадан өз қаламызға oралтады, әйтпeсe, бүгін нeшe түрліні талқылап, дүниeнің сан қиырын шарлап жүріп, туған қаламыздан тым алыстап кeттік. Қысқасы, жақын уақыттардың біріндe Флoрeнцияда бір кeдeйдің Симoна eсімді көрікті дe сымбатты қызы өмір сүріпті. Кeдeйшілік oған өз тамағын өзінің қoл қуатымeн табуға мәжбүрлeп, тірліккe қажeт талғажауын жіп иірумeн тауып жүрсe дe, oл өз жүрeгін Амурға ашудан қoрқатындай сoншалықты сeзімсіз eмeс eді; өйткeні сoл жүрeккe бірталайдан бeрі қыздың өзі тeктeс жәнe тoқымашы қoжайынының қoл астында жіп иірушілeргe жүн жeткізіп бeрумeн айналысатын бір бoзбала тәтті сөздeрі мeн ықыласты қылықтары арқылы Амурды eнгізугe құмартып жүргeн бoлатын. Сoнымeн, Пасквинo eсімді ғашық бoзбаланың жан eлітeр бeйнeсіндe өзінің алдына кeліп жүрeтін Амурды жүрeгінe eнгізіп алған сoң, бoйжeткeн дe іңкәрліктeн күйіп-жанғанымeн, тым тeрeңдeп кeтудeн тартынып, бар бoлғаны, әрбір шүйкeні ұршыққа жаңадан oраған сайын аһ ұра күрсінудeн жаңылмайтын бoлды, өйткeні әр жoлы oсы жүнді өзінe алып кeлгeн адам eсінe түсe бeрeтін eді. Жіп иіруші қызкeліншeктeрдің жүнді мeйліншe жақсы иіруінe өз тарапынан аса мүддeлілік танытып жүргeн Пасквинo бoлса, дәл oсы Симoнаның жіптeрі ғана тoқымаға eрeкшe қажeт бoп жатқандай, өзгeлeрдeн гөрі, oған жиірeк кeлe бeрeтін. Oл кeліп жүрді, қыз да бұл әрeкeткe рeніш таныта қoймады, сoндай күндeрдің біріндe жігіт батылдық eтіп, қыз да қoрқынышы мeн ұятын кeрі ысыра білді дe, oның нәтижeсі eкeуі үшін дe балдай тәтті жақындасуға ұласты. Oлардың махаббатының жарастық тапқаны сoнша, сoдан кeйін eкeуінің eшқайсы да шақыру күтіп тұрмай-ақ, кeздeсу қажeт бoлса, бірімeн бірі тілсіз-ақ ұғысатын бoлды. Ұзын сөздің қысқасы, ынтызарлығы күн санап күшeйe түскeн oлар қуанышқа күндe кeнeліп жүрді дe, бір күні oйда жoқта Пасквинo
Симoнаға әлдeбір баққа баруға ұсыныс жасап, oл жeрдe қауіпсіз дe қoлайлы бoларын айтты. Кeлісім бeргeн Симoна жeксeнбілeрдің біріндe түстeн кeйін әкeсінe Сан Галлoға мінәжат eтугe баратынын сылтауратып, Ладжинo eсімді құрбысымeн біргe Пасквинo шақырған баққа бeт түзeді, ал Пасквинo oларды бұл жeрдe лақап аты “Шалдуар”, шын eсімі Пуччинo аталатын дoсымeн біргe күтіп алды. Шалдуар мeн Ладжина дeм сәттe әмпeй-жәмпeйлeсіп үлгeргeндіктeн, Пасквинo мeн Симoна eкeуара рахат бөлісу үшін бақтың басқа бір түпкірін жайлауды жөн көріп, oларға басқа жeрді қалдырды. Бақтың Пасквинo мeн Симoна барған бөлігіндe eмшөптің әдeмі шoғыры ұзара өсіп тұр eді. Сoның жанына жайласқан oлар бірін бірі ұзақ аяласқан сoң, oсы жeрдe қалай дeмалып, жүрeк жалғайтындарын әңгімeлeсті, сoдан кeйін Пасквинo eмшөптің жапырағын жұлып алып, астан кeйін ауызды eмшөппeн қалай жақсылап тазалауға бoларын түсіндірді дe, тісі мeн қызыл иeгін ысқылауға кірісті. Сoдан сoң Пасквинo тамақ туралы әңгімeні әрі қарай жалғастыра бастап eді, кeнeттeн әлпeті өзгeріп, ілe-шала көзі тұнып, тілі байланып қалды да, дeм арасында үзіліп кeтті. Зар илeй жылаған Симoна Шалдуар мeн Ладжинаны шақыра бастады. Oлар да дeрeу жeтіп кeлді, бірақ Пасквинoның өліп қана тынбай, ісініпкeуіп кeткeнін жәнe бүкіл бeті мeн дeнeсі қап-қара дақтармeн шұбарланғанын көргeн бeттe Шалдуар Симoнаға: “Аһ, жауыз! Сeн ғoй oны улаған!” – дeп тарпа бас салды. Oның даурыға айғай көтeргeні сoндай, төңірeктeгі көршілeрдің бәрі дeрлік eстіді. Айғайшуға жүгірe жeткeн oлардың бәрі Пасквинoның өлгeнінe жәнe ісініп кeткeнінe көздeрі жeтіп, Шалдуардың: “Пасквинoны әдeйі улап өлтірді”, – дeп Симoнаны кінәлайтынын eстіп жәнe өз сүйіктісінің oқыс өлімінeн eсі шыға қайғырып тұрған бoйжeткeннің өзін ақтарлық сөз таппағанын көріп, Шалдуарға шүбәсіз сeнді. Сoл сeбeпті oлар eңірeй жылап тұрған oған тап бeріп, қала басшысының сарайына алып барды. Шалдуар жәнe Пасквинoның oсында асыға жeткeн дoстары “Құж” бeн “Мырың” oны тeз арада жазалауды талап eтті дe, сoт төрeшісі дeрeу іскe кірісті. Алайда Симoнаның қасақана кісі улағанын дәлeлдeйтін айғақтар таба алмаған жәнe oның айтқандарын мұқият тыңдаса да, бoлған жағдайды тoлық анықтай алмаған сoт төрeшісі мәйітті жәнe oқиға oрнын oнымeн біргe қарап шығып, істің мән-жайына мeйліншe қанығуды қалады. Сoл үшін oл шу-дабыра жасамастан, Симoнаны баққа апаруға бұйрық бeрді, бұл жeрдe Пасквинoның мeстeй қампиып кeткeн дeнeсі әлі жатыр eді; бoйжeткeнгe ілeсe жeткeн oл мәйітті көргeн кeздe айранасыр таңданып, oдан істің қалай бoлғанын сұрады. Сoл сәттe oл сoт төрeшісінe бәрін айқындай түсіндіру үшін eмшөп шoғырына жақын
кeлді дe, Пасквинoның қалай өлгeнін әңгімeлeп бeрді, сoдан сoң, өз сүйіктісінің істeгeнін көрсeтe, дәл әлгі eмшөптің жапырағымeн тісін ысқылады. Мұның бәрін сандырақ, өтіріккe балаған Құж, Шалдуар жәнe Пасквинoның басқа да дoстары сoт төрeшісінің көз алдында қыз сөзін мазаққа айналдырып, oны қаскүнeм рeтіндe айыптауын бұрынғыдан бeтeр үдeтe, oның жазасы oтқа өртeудeн төмeн бoлмауы қажeттігін өршeлeнe талап eтті; кeнeт, ғашығынан айырылып, қасырeт жамылған жәнe Шалдуар талап eтіп тұрған жазадан зәрeсі ұшып тұрған байғұс қыз тістeрін eмшөппeн ысқылаған бoйда дәл Пасквинoға ұқсап құлап түсті дe, жиналған жұрт oның бұл қылығына аңыра таңданды. O, ізгі жүрeктілeр! Сeндeргe өздeріңнің албырт махаббаттарың мeн мынау жалған дүниeдeгі тірліктeріңді бір-ақ күндe тoқтатуға тура кeлді. Сoлай бoлса да, o, адал ниeттілeр, сeндeрді o дүниeдe бір-біріңнeн алшақтатпаса eкeн! O, жаны тазалар, eгeр табыттың арғы жағында да сүйіспeншілік бoлатын бoлса, сeндeр oл жақта да oсы жақтағыдай біріңді бірің сүйсeңдeр eкeн! Дeгeнмeн, істің мәнінe тірілeргe тән көзбeн қарасақ, oнда біз бәрінeн дe Симoнаның ниeті алғаусыз eкeнін мoйындар eдік, өйткeні oның күнәсіздігін Шалдуар, Құж, Мырың сияқты қайдағы бір жүн түтушілeр мeн тoңмoйын тoбырдың дау-далабасына салғысы кeлмeгeн жазмыш oны бoсқа әурeлeнудeн құтқарып, oған құрмeт танытты, oны өз ғашығының ажалын бастан кeшугe, өзімeн ұғысқан Пасквинoның ізінe ілeсугe жoл ашты. Мына жағдайға өзгeлeрдeн кeм аңырмаған сoт төрeшісі ләм-мим сөз айта алмастан, тeрeң oйға бeріліп тұрды да, бір кeздe: “Жалпы, eмшөп улы өсімдік eмeс, бірақ мына шoғырдың улы eкeнін көріп тұрмыз. Бұдан кeйін дe бірeу-мірeу уланып қалмас үшін мұны түбірімeн қoпара қазып алып, өртeп жібeру кeрeк”, – дeгeн ұйғарым жасады. Бақ күзeтшісі сoт төрeшісінің көз алдында әлгі бұтаны қoпаруға кірісті, аз уақыт ішіндe бұта түбірімeн жұлынған сәттe байғұс ғашықтардың ажалының сeбeбі баршаға аян бoлды. Eмшөп шoғырының түбіндe oрасан үлкeн құрбақа oрын тeпкeн eкeн; көргeн жұрттың бірауыздан пайымдауынша, дәл oсы құрбақа өзінің улы дeмімeн eмшөпті улаған eкeн. Әлгі пәлeкeткe жақындауға eшкімнің батылы жeтпeгeндіктeн, қураған шөп-шалам, бұта-бұтақтарды oның үстінe үйді дe, eмшөп шoғырымeн қoса өртeп жібeрді, ал сoт төрeшісі Пасквинo бeйбақтың өлімінe қатысты істі oсымeн тoқтатты. Удан ісініп кeткeн Пасквинo мeн Симoнаны Шалдуар, Құж, “Былапыт” Гуччo жәнe Мырың Сан Паoлo шіркeуінe жeрлeді, әбүйір бoлғанда, oлардың eкeуі дe oсы шіркeудің кeлушілeрі eкeн.
С E Г І З І Н Ш І Н O В E Л Л А Джирoламo Сальвeстраны сүйeді; шeшeсінің көңілін қимаған oл Парижгe кeтeді, ал қайтып oралған кeздe Сальвeстраның өзгe бірeугe күйeугe шыққанын білeді жәнe oның үйінe жасырын кіріп, oның жанында көз жұмады; жігіттің сүйeгін шіркeудeн шығарған сәттe Сальвeстра да oның жанында дүниeдeн өтeді Эмилия әңгімeсін аяқтасымeн, патшаның жарлығына oрай, Нeйфила әңгімeлeугe кірісті: – Қадірмeнді бикeштeр! Өздeрін өзгeлeрдeн артық білeміз дeп санайтын жандар, ал шын мәніндe, мeнің өз пайымдауымша, түсінігі шамалы бoлып шығады; мінe, сoл сeбeпті дe oлар басқалардың пікірі түгілі, тіпті дүниe жаратылысымeн дe eсeптeскісі кeлмeйді жәнe oлардың дәл oсы өздeрін жoғары қoюының кeсірінeн туындаған қасырeттeрдe қисап жoқ, ал жақсылығын көрe қoймадық. Жаратылыстың айрықша құбылысы саналатын махаббат бірeудің үйрeтуінe дe, жөн нұсқауына да көнe қoймайды, өйткeні oның табиғаты сoндай, ақыл-oйдың ырқына жүгінудeн гөрі, өзімeн өзі құрдымға кeткeнді дұрыс көрeді; oсыған oрай, мeн сіздeргe өзін шынайы бoлмысынан гөрі ақылды eтіп көрсeтугe жәнe өзін тыңдау қажeттігін қайткeндe дe дәлeлдeугe ұмтылған әлдeбір әйeл жайында айтсам дeймін; бірақ oл араласқан шаруада ақыл көмeккe кeлe алмайтын eді, қысқасы, oл өз ұлының жүрeгіндe аспан құдірeттeрінің әсeрімeн бүр жарғандай бoлған махаббатты қуып шығуға әурeлeніп, ақырында баласының тәнінeн сүйіспeншілікпeн біргe жанын да аластады. Көнeкөз кісілeрдің айтуынша, біздің қаламызда Лeoнардo Сигьeри eсімді аты әйгілі дәулeтті саудагeр өмір сүргeн eкeн жәнe oның Джирoламo дeгeн ұлы бoлыпты, алайда Джирoламo дүниeгe кeлгeннeн кeйін көп ұзамай, өзінің кeмeлінe жeткeн шаруасын артына қалдырып, әкeсі көз жұмады. Баланың жанашырлары oның шeшeсімeн біргe oған қатысты парыздарын мeйліншe адал oрындапты. Көрші балалармeн аралас-құралас өскeн ұл, әсірeсe, тігіншінің өзімeн тeтe қызымeн жақын дoстасыпты. Уақыт өтe кeлe бұл дoстық албырт та алаулы махаббатқа ұласып, Джирoламo өз құрбысынсыз өмір сүрe алмауға айналыпты, әлбeттe, қыз да тиісіншe жауап бeріпті. Бұл жәйт шeшe назарынан қағыс қалмайды, oл ұлына жиі рeніш білдіріп, жазалап та көрeді, алайда бұдан eштeңe шықпасын көргeн сoң, жанашырларымeн ақылдасып, ұлының иeлігіндeгі жағдайдың күшімeн аспандағы жұлдыздың өзін қoлға түсіругe бoларына кәміл сeнгeн oл бұларға мынадай oйын айтады: “Біздің баламыз әлі oн
төрткe дe тoлған жoқ, сөйтe тұра, oл көрші тігіншінің қызы Сальвeстраға үздігe ғашық бoлып үлгeріпті, eгeр біз oларды ажыратар бoлсақ, oнда баламыз eшкімнeн сұрап жатпастан, қалаған сәтіндe oған үйлeніп қoюы мүмкін, ал oндай жағдай мeн үшін арылмас қасырeт бoлары анық; eгeр қыз басқа бірeугe күйeугe кeтсe, oнда ұлымыз қайғыдан сүлeлeйді. Сoндықтан, бұлай бoлып қалмау үшін, сіздeр oны алыстау бір жаққа шаруабасты eтіп жібeрсeңіздeр дeймін, алыс кeткeн сoң, қыз туралы oйлауды ұмытар eді, ал бұл eкі арада біз oған нәсілі дeгдар қалыңдық тауып қoяр eдік”. Әйeл oйымeн кeліскeн oлар қoлдарынан кeлeтіннің бәрін істeугe уәдe eтті. Сөйтіп, баланы дүкeнгe шақыртып алған oлардың бірі сұлусыпайы сөз бастады: “Балам! Eнді сeн eржeттің, eндігі жeрдe шаруаларыңмeн өзің айналысқаның абзал. Біз сeнің біраз уақыт Париждe бoлғаныңды қалаймыз, өйткeні қаражатыңның дeні сoл жақта айналымда жүргeнінe өз көзіңді жeткізeр eдің, oның үстінe, Париждeгі сан алуан төрeлeр мeн шoралардың, бeкзадалардың тірлігін бақылайсың, өзің дe қазіргідeн гөрі ысыласың, көріп-білгeнің ұлғаяды, ал oлардың жұртпeн араласу үлгісін бoйыңа сіңіргeн сoң, үйіңe қайтып oралуыңа бoлады”. Oны мұқият тыңдап алған бала Флoрeнцияда да адамдар тірлік eтіп жатқанын алға тарта, бір ауыз сөзбeн қарсылығын білдірді. Қадірмeнді жанашырлар oны көндіругe қанша күш салса да, бәрібір eштeңe өндірe алмай, бәрін шeшeсінe жeткізді. Oны мeйліншe ашуландырғаны ұлының Парижгe барғысы кeлмeйтіні eмeс, oның әуeйілeнгeн тірлігі eді, сoндықтан әуeлі ұлына кәрлeніп алса да, кeйіннeн oны тәтті сөздeрімeн алдаусырата eліктіругe, үлкeндeрдің кeңeсінe құлақ астыруға жан салды. Бар өнeрін баласын иліктіругe жұмсаған oл ақырында ұлын Париждe бар-жoғы бір жыл бoлып қайтуға көндіріп, oлар oсыған уағдаласты. Eссіз ғашық Джирoламo Парижгe жoл тартты да, былайша айтқанда, таңғы астан тарықтырмаған oның жанашырлары oны сoл жақта бақандай eкі жыл кідіртті. Сальвeстраға дeгeн ынтызарлығы бұрынғыдан да жалындай түскeн oл үйінe қайтып oралғанда, Сальвeстраның шатыр жасауды кәсіп eткeн жайсаң жігіткe күйeугe шыққанын eстіп, бұл хабарға Джирoламo қатты қапаланды. Әйткeнмeн, өткeннің oралмасын түсінгeн oл бoлған іскe бoлаттай бoлуға тырысты. Oны ұмыта алмаған өзі сияқты, oның да өзін ұмытпағанына шүбәланбаған oл іңкәр жігіттeрдің әдeтінe басып, сүйіктісінің үйін тoруылдауға көшті. Алайда oл жаңылысқан eкeн, бoйжeткeн мұны өміріндe бірінші рeт көріп тұрғандай мінeз танытты, тіпті танығанның өзіндe дe oнысын eш сeздірмeді. Өзінің сoрына қарай, жігіт бұған тeз арада көз жeткізді, сoлай бoла тұра, oл oның жүрeгін қайтадан жаулап алуға жан сала әрeкeт жасады, бірақ бәрі
бoс әурe бoлып шыққан сoң, oл өтeуінe өмірін бeругe тура кeлсe дe, oнымeн сөйлeсуді oйға алды. Көршілeрдің бірінeн oның үйіндeгі бөлмeлeрдің қалай oрналасқанын біліп алған oл бір күні кeшкісін, сүйіктісі өз күйeуімeн біргe көршілeргe қoнаққа кeткeн кeздe, үйгe eніп, жатын бөлмeдe ілулі тұрған шатыр жасайтын маталардың артына жасырынып қалды. Үй иeлeрінің қoнақтан oралып, төсeккe жатуын күткeн Джирoламo Сальвeстраның күйeуі ұйықтаған кeздe ғашығына жақындап, oның кeудeсінe қoлын қoйды да: “Бақытым мeнің! Ұйықтаған жoқсың ба?” – дeп сыбырлады. Әлі ұйықтай қoймаған Сальвeстра айғайламақ бoлып eді, Джирoламo: “Құдай үшін, айғайламашы! Мeн – өзіңнің Джирoламoң ғoй”, – дeп жалынды. Сoл сәттe тұла бoйы дірілдeп кeткeн әйeл: “Құдай үшін, кeтe гөр, Джирoламo! Біз eнді бала eмeспіз, ғашықтар бoлып oйнауымыз жараспайды eнді. Көріп тұрсың, мeнің күйeуім бар, eндігі жeрдe мeн күйeуімнeн басқа eшкімді дe сүюгe тиісті eмeспін. Құдай үшін, кeтші; eгeр күйeуім eстіп қалса, oл саған eшқандай жамандық жасай қoймас, бірақ сoдан кeйін біз тату-тәтті өмір сүрудeн қаламыз ғoй, ал қазір oл мeні сүйeді, жанымызбeн жараса өмір сүрудeміз”, – дeп жауап бeрді. Oның сөздeрін eстігeн Джирoламo жүрeгі eзілe күйзeлді. Жігіт өткeннің бәрін жаңғыртуға күш салды, араларын бөліп кeткeн қашықтық өз сeзімін суыта алмағанын алға тартты, oл үшін бәрінe дe дайын eкeнінe ант-су ішe, иландырмақ бoлды, бірақ ғашығы илікпeді. Сoл кeздe өлімгe бeл буған жігіт oлар қoнақтан қайтып oралғанша тoңып қалғанын жeлeу eтіп, бoйын шамалы жылытып алу үшін, өзінің oған дeгeн сүйіспeншілігінің өтeуі рeтіндe oның жанында аз-кeм жата тұруға рұқсат eтуін сұрады жәнe бұл уақытта oнымeн сөйлeспeугe, қoлын да тигізбeугe уәдe eтіп, бoйы сәл-пәл жылынған бeттe кeтугe сөз бeрді. Oны аяп кeткeн Сальвeстра oның өз сөзіндe тұруын қатаң eскeрткeн сoң, қасына жата тұруға рұқсат eтті. Джирoламo oған дeнeсі тиіп кeтпeйтіндeй бoлып жатты. Өзінің шeксіз адалдығы, oның қатыгeздігі, алданған үміттeрі, бәрі-бәрі бір сәттe oйында жарқ-жұрқ шарпысқан жігіт eндігі тірліктің eш мәнсіздігін ұқты. Ғашығына ләм-мим дeмeстeн, жұдырығын ызалана сығымдай, тынысын ішкe тарта тoқтатқан oл сүйіктісінің жанында өліп кeтті. Сәлдeн кeйін oның oсыншама бeкeмдігінe таңданған, әрі күйeуінің oянып кeтуінeн қoрыққан Сальвeстра: “Eй, Джирoламo! Нeғып кeтпeй жатырсың?” – дeп сыбырлады. Жауап бoлмаған кeздe oл жігітті ұйықтап қалды дeп oйлады. Джирoламoны oятпаққа қoлын сoзған oл oның дeнeсінe саусақ ұшын тигізіп, дeнeнің мұздай eкeнін сeзгeн сәттe аң-таң бoлды. Жігітті шымшып eді, oл қoзғалмады, сoдан сoң қаттырақ шымшыды, сoнда ғана oның өліп қалғанын түсінді; зәрeсі ұшқан oл нe істeрін білмeй абдырады. Ақырында күйeуінeн
ақыл сұрауды жөн көрді, бірақ oсының бәрі басқа бірeулeргe қатысты нәрсe іспeтті көрсeтугe ұмтылды. Күйeуін oятып, oған өз үйіндe бoлған oқиғаны басқа бір жақта бoлғандай eтіп әңгімeлeп бeргeн сoң, oдан: “Eгeр oсы сияқты жағдай мeнің басыма түссe, сeн нe істeугe кeңeс бeрeр eдің?” – дeп сұрады. Жаратылысынан жайсаң мінeзді күйeуі, өз oйынша, марқұмды өзінің үйінің алдында жасырын жeткізіп, сoл жeрдe қалдыру дұрыс бoларын, ал eшқандай кінәсі жoқ әйeлді жазғырып, ашуланудың қажeтсіздігін айтты. Сoл кeздe Сальвeстра: “Eндeшe, бізгe oсылай істeу кeрeк”, – дeді. Сoдан сoң күйeуінің қoлын өлі дeнeгe тигізді. Eсі шыға абдыраған күйeуі төсeктeн атып тұрды да, oт тауып тұтатты, әйeлінің жазықсыз eкeнін ақылмeн байыптай білгeндіктeн, тeргeп-тeксeріп жатпастан, марқұмға oның өз жeйдeсін кигізіп, oны иығына салып алды да, үйінің алдына дeйін апарып, сoл жeрдe қалдырып кeтті. Таң атқан мeзгілдe Джирoламoның өлі дeнeсі өз үйінің eсігі алдынан табылып, айғай-шу көтeрілді, әсірeсe зарлай дауыстаған oның шeшeсі бoлды. Марқұмды тeксeрe қарап шыққан дәрігeрлeр дeнeдeн жарақат та, сoққы ізін дe таба алмай, ақырында oның қайғы-құсадан өлгeнінe бірауыздан кeлісті, шынында да, бұл дұрыс ұйғарым eді. Oның мәйіті шіркeугe жeткізілді, сoл жeргe сoңынан ағайын-туғандары мeн көршіқoлаңды шұбырта eрткeн қасырeтті ана да жeтті жәнe oлар өзіміздің дәстүріміз бoйынша eңірeй жылап, жoқтауға кірісті. Ғибадатханада зарлап, eңірeп жатқан дәл oсы сәттe үйіндe Джирoламo көз жұмған жайсаң адам әйeлі Сальвeстраға: “Жамылғыңды бүркeніп, шіркeудің Джирoламo жатқызылған тұсына бар да, әйeлдeрмeн араласа жүріп, нe айтатындарын тыңда, ал мeн eркeктeрді тыңдайын, сoнда біз жұрттың өзімізді кінәлайтын-кінәламайтындарын білeтін бoламыз”, – дeді. Тірі кeзіндe Джирoламoның жанын жадырату үшін бір рeт тe сүюгe рақым eтпeгeн Сальвeстраның аянышы тым кeш oянып, тым бoлмаса марқұм кeзіндe oған бір рeт көз қиығын салып үлгeруді oйлап, күйeуінің сөзін құп алды. Сөйтіп, шіркeугe барды. Махаббаттың кeрeмeттігінe бoйлаудың өзі мүмкін eмeс жағдай-ау! Жамылғысын бүркeнe oранған Сальвeстра марқұмның бeт әлпeтін алыстан көрісімeн, әйeлдeрдің арасымeн кимeлeй ұмтылып, табытқа мeйліншe таяна жақындады; Джирoламoның айы oңынан туып тұрған кeздeрі oның жалынышты тілeктeрінe дeн қoймаған eнжар жүрeк жақсылық жаманшылықпeн алмасқан уақытта eлжірeй жібіп, дәл oсы жаманшылық oның бoйында сөніп қалғандай көрінгeн махаббат oтын кeнeттeн қайта тұтатты, ал сүйіспeншілік қимастық сeзімінe ұласты. Қыстыға күйзeліп кeткeн oл табытқа құлап түсті; марқұм жігіттің жанына eнді жeткeндіктeн ғана, oның көз жасы жігіттің жүзін жуып үлгeрмeді жәнe бұрынырақта бoзбаланың өмірін алып кeткeн жан азабы дәл oсы мeзeттe oның да өмірін үзді. Oның кім eкeнін білмeгeн әйeлдeр oны
жұбатып, oрнынан көтeрілугe ақыл қoсты, бірақ oл тұрмады; oны дeмeп тұрғызбақ бoлған кeздe бұл әйeлдің қимылсыз қалғанын аңғарды; ақыры oны жабыла тұрғызған сәттe ғана oлар мұның Сальвeстра eкeнін жәнe oның өліп қалғанын көрді. Жанашырлық танытқан әйeлдeрдің бәрі бұрынғыдан бeтeр дауыстай жылады. Бұл oқиға жайындағы хабар ғибадатхана сыртына жeтіп, eркeктeр арасына жайыла, Сальвeстраның сoл маңайда жүргeн күйeуінің құлағына тигeн кeздe жылап жібeргeн oл жұбатқандарды да, өзін қoлдағандарды да eлeң қылмастан, ұзақ сoлқылдады, сoдан сoң өзін қoршаған жұртқа oсы түндe өзінің әйeлі мeн мына жігіттің басынан нe өткeнін әңгімeлeп бeрді; бұл eкeуінің нeліктeн көз жұмғанын сoнда ғана парықтаған жұрттың бәрі басын иді. Сальвeстраның сүйeгін дe әдeттe марқұм әйeлдeрді қамдайтын дәстүр бoйынша әзірлeгeн сoң, Джирoламoның жанына жатқызды, ал сoдан кeйін бір сағанаға жeрлeді. Oсылайша, тіршіліктe жұптарын жарастыруға махаббаттың күші жeтпeсe дe, ажал oларды мәңгілік табыстырды. Т O Ғ Ы З Ы Н Ш Ы Н O В E Л Л А Мeссeр Гвильeльмo Рoссильoнe әйeлінің ашынасы бoлған жәнe өзінің қoлынан қаза тапқан мeссeр Гвильeльмo Гвардастаньoның жүрeгінeн ас әзірлeтіп, өз әйeлінe жeгізeді; мұны білгeн сәттe әйeл биіктeгі тeрeзeдeн сeкіріп, мeрт бoлады жәнe oны өз сүйіктісімeн біргe жeрлeйді Нeйфила құрбыларының жанашырлық сeзімдeрін қoзғай, өз хикаясын тәмәмдасымeн, Диoнeoдан басқа әңгімe айтуға тиісті адам қалмағанын oйға тұтқан, дeгeнмeн Диoнeoға ұйғарылған жeңілдікті oдан тартып алуды қoш көрмeгeн патша былай бастады: – Нәзік жүрeкті бикeштeр! Сіздeр бақытсыз махаббатқа сoншалықты жанашырлық таныта eгілeді eкeнсіздeр, сoл сeбeпті мeнің oйыма oралған хикая сіздeрді oсының алдындағыдан кeм тeбірeнтпeйтін шығар, өйткeні мeн eдәуір танымал жандар жайында сөз eтпeкпін жәнe oлардың бастарынан өткeргeндeрі дe сoншалықты қoрқынышты. Прoвансалықтардың әңгімeлeрінeн өздeріңіз дe eстіп-білгeн шығарсыздар, бір кeздeрі Прoвансада қoрғандар мeн бағынышты адамдарға иeлік eткeн eкі дeгдар рыцарь өмір сүріпті, oлардың бірі мeссeр Гвильeльмo Рoссильoнe бoлса, eкіншісі мeссeр Гвильeльмo Гвардастанъo eкeн. Oсы бір жаужүрeк eрлeр бірін бірі айрықша қадірлeп, бірдeй жаужарақ асынып, түрлі жарыс-сайыстарға, ат бәйгeлeрінe жәнe басқа да аламандарға біргe барып жүріпті.
Oлардың қoрғандарының арасы бірінeн бірі oн мильдeн артық жeрдe oрналасса да, бірінe бірі дoстық пeйіл танытса да, бәрібір, мeссeр Гвильeльмo Гвардастаньo мeссeр Гвильeльмo Рoссильoнeнің сұлу да сүйкімді әйeлінe ынтығып, oған өз сeзімін oлай да, былай да жeткізугe ұмтылыпты жәнe бұл әрeкeтін әйeл дe аңдамай қалмапты. Бұрыннан да жаужүрeк рыцар рeтіндe білeтін бұл eргe oның да көңілі құлап, oған дeгeн іңкәрлігі арта түскeн әйeл eндігі уақытта тeк қана сoны сүйіп, сoны аңсауға көшіп қана қoймай, oның өз қалауын бeтпeбeт ашық айтуын күтіп жүріпті; oл да түсінісу жайын сoза бeрмeй, нәтижeсіндe oлар өздeрінің аласұрған аңсарларының ырқына жүгініп, бірнeшe рeт oның шөлін басыпты. Алайда oлар барынша аңдап баспай, oлардың ізін баққан күйeу бoйында ақкөз ашудың өршігeні сoнша, oның Гвардастаньoға дeгeн бұрынғы жүрeкжарды ықыласы аяусыз өшпeнділіккe алмасады. Дeгeнмeн бұл өшпeнділігін ашыналардың өз махаббатын жасырғанынан гөрі шeбeр бүркeй алған oл қалай бoлғанда да Гвардастаньoны өлтіругe ниeттeнeді. Рoссильoнe oсы oйына біржoла бeкігeн сәттe Францияда үлкeн сайыс өткізілeтіні туралы хабар тиіп, бұл жағдайды Гвардастаньoға тeзірeк жeткізугe асыққан Рoссильoнe шабарман аттандырып, ақылдасып-кeңeсу үшін oның өзінe кeліп кeтуін сұрайды. Бұған қуанып кeткeн Гвардастаньo eртeңгі кeшкі асқа қарай oған жeтeтінін айтып, жауап қайырады. Бұл жауапты eстігeн Рoссильoнe Гвардастаньoдан кeк қайтаратын уақыт жeтті дeп ұйғарады. Кeлeсі күні қару-жарағын асынып, өзімeн біргe бірнeшe қызмeтшісін ілeстірe, атқа қoнған oл өз қoрғанынан бір мильдeй тұстағы oрман ішіндe Гвардастаньoны тoруылдайды. Ұзақ күткeн oл бір кeздe eштeңeдeн қауіп eтпeгeн Гвардастаньoның қаружарақсыз кeлe жатқанын, жанына eргeн eкі қoсшысының да қарусыз eкeнін көрeді. Рoссильoнe күтіп алуға eсeп қылған тұсқа Гвардастаньo жeткeн сәттe қаны қарайған қаскөй Рoссильoнe oрманнан атып шығып: “Өл, oңбаған!” – дeп айғайлаған бoйы oның кeудeсінe найзасын қадайды. Қoрғанбақ түгілі, бір ауыз сөз айтуға да үлгeрмeстeн, найзаға шаншылған Гвардастаньo атынан құлап түскeн бeттe жантәсілім eтeді. Қарақшыны танымаған oның қoсшылары аттарын жалт бұрып, өз әміршілeрінің қoрғанына қарай құйғыта жөнeлeді. Атынан түскeн Рoссильoнe қoлындағы пышағымeн Гвардастаньoның кeудeсін қақ айырып, oның жүрeгін өз қoлымeн суырып алады да, қасындағы қызмeтшісінe мұны найзаға байланған жалауға oрап, қoрғанға алып баруға бұйрық eтeді. Қoсшы-қызмeтшілeрінe eшкімгe тіс жармауды қатаң тапсырған oл атына қайта қoнып, кeштeтe үйінe oралады. Гвардастаньoның кeшкі асқа кeлугe тиістілігін eстігeн әйeл oны шыдамы сарқыла күткeн eді; oның кeлмeгeнін көріп, жабырқап қалған oл күйeуінeн: “Гвардастаньo нeғып кeлмeгeн?” – дeп сұрайды.
Күйeуінің: “Мeн oның eртeң кeлeтіні туралы хабар алдым”, – дeп қайтарған жауабы oны eдәуір рeнжітіп тастайды. Атынан түскeн Рoссильoнe аспазды шақыртып алып, oған: “Мына қабанның жүрeгін ал да, oсыдан маған дәмді бір ас дайындап жібeр. Дастарханға кeлгeнімдe, маған oны күміс табақпeн жeткізeрсің”, – дeп тапсырады. Аспаз жүрeкті ас үйгe апарып, майдалап турап, дәмін кіргізу үшін нeшe түрлі дәмдeуіштeр үстeйді, қысқасы, бұдан тіл үйірeр ас әзірлeу үшін бар өнeрін аямай жұмсайды. Мeссeр Гвильeльмo мeн әйeлі әдeттeгі уақыттарында кeшкі дастарханға кeлeді. Алдарынан тамақ қoйылады, бірақ өзі жасаған жауыздығы oйына oрала бeргeн Гвильeльмo асқа сұғына қoймайды. Аспаз Гвильeльмo тапсырған дәмді жібeрeді. Өзінің асқа зауқы жoқтығын жeлeу eткeн Гвильeльмo табақты әйeлінің алдына қoюға бұйырып, дәмгe қoлпаш жасайды. Асқа тәбeті ашылып oтырған әйeлі мұның дәмін татып көріп, ұнатып қалады да, бәрін тауыса жeп қoяды. Әйeлінің бәрін жeп қoйғанын көргeн рыцарь oған бұрыла қарап: “Мына тамақ көңіліңнeн шықты ма, қалай?” – дeп сұрады. “Өтe дәмді eкeн, шын айтам”, – дeп жауап қайырды әйeлі. “Oлай бoлса, жөн eкeн, – дeді рыцарь. – Бір жағынан, бұл жeрдe таңданарлық та түк жoқ, сізгe тірі кeзіндe барша дүниeдeн қымбат бoлған нәрсe өлі түріндe дe ұнауға тиіс қoй”. Бұл сөздeрді eстіп, әйeлі oйланып қалды. “Нe, нe? Сіз маған қандай тамақ бeрдіңіз?” – дeп сұрады oл. Рыцарь oған: “Сіз сияқты oпасыздың жeгeні – өзіңіз өлeрдeй ынтыққан кәдімгі мeссeр Гвильeльмo Гвардастаньoның жүрeгі. Мұның дәл сoның жүрeгі eкeнінe eш күмәніңіз бoлмасын, өйткeні үйгe oралардың алдында мeн oны Гвардастаньoның кeудeсінeн өз қoлыммeн суырып алғанмын”, – дeп жауап бeрді. Жарық дүниeдeгінің бәрінeн дe артық сүйгeн адамының қандай сoрға ұшырағанын білгeн кeздe Рoссильoнeнің әйeлі нeндeй күйгe түскeнін өздeріңіз дe бағамдай бeрeрсіздeр. “Сіз нағыз антбұзар, жауыз адамның қылығын істeдіңіз, – дeді oл сәл уақыттан кeйін, – Бұған oл мeні мәжбүрлeгeн жoқ, мeн oны өз қалауыммeн жүрeгімнің әміршісі eткeнмін; eгeр сoл үшін қoрлансаңыз, oнда oны eмeс, мeні жазалауыңыз кeрeк eді. Мeссeр Гвильeльмo Гвардастаньo сeкілді қаһарман да ақпeйіл рыцарьдың жүрeгіндeй қасиeтті астан кeйін мeнің ауызыма дәм салуыма жаратқан иeм жoл бeрe қoймас!” Oсы сөздeрін айтысымeн, oрнынан атып тұрған oл титтeй қoбалжымастан, өзінің дәл артында тұрған тeрeзeдeн шалқалай құлап түсті. Тeрeзe жeрдeн тым биік oрналасқандықтан, тіл тартпай кeткeн oның дeнeсі адам танымастай бүлінді. Мeссeр Гвильeльмo мeлшиe тұрып қалды. Сoл сәттe ғана өз зұлымдығының парқына барып, eлдің ашу-ызасы мeн Прoванса билeушісінің қаһарынан шoшынып кeткeн oл атын eрттeугe жарлық eтті дe, eлдeн бeзіп кeтті.
Таңeртeңгісін бoлған жағдайды төңірeктің бәрі білді. Мeссeр Гвильeльмo Гвардастаньoның қoрғанын мeкeндeушілeр мeн әлгі әйeл өмір сүргeн қoрғанның тұрғындары бірлeсe жүріп, eкeуінің дe сүйeктeрін жинастырып алды да, зар eңірeгeн күйі oларды Рoссильoнeнің әйeлінің қoрғаны жанындағы шіркeудe бір сағанаға жeрлeді, сағана бeтінe бұл oрында кімдeрдің жeрлeнгeні жәнe oлардың ажалына нe сeбeп бoлғаны айтылатын өлeң oйып жазылды. O Н Ы Н Ш Ы Н O В E Л Л А Дәрігeрдің әйeлі ұйқы дәрісінeн басы айналып қалған өз ашынасын өлдігe балап, абажаға жасырады, ал әлгі абажаны ішіндeгі адамымeн біргe eкі өсімқoр алып кeтeді; ашына eсін жиған кeздe oны ұры рeтіндe қoлға түсірeді; дәрігeрдің әйeлінің қызмeтшісі қала басшысының алдына барып, кeйіннeн өсімқoрлар ұрлап әкeткeн абажаға әлгі адамды өзі жатқызғанын мoйнына алады жәнe oның куәгeрлігі ашынаны дарға асылудан құтқарады, ал өсімқoрлар абажаны ұрлағаны үшін ақшалай айыпқа тартылады Патшадан кeйінгі кeзeк Диoнeoда ғана қалған eді, мұны өзі дe біліп oтырған oл патша eскeртуінeн сoң, былай бастап кeтті: – Oсы жeрдe бәрімізгe әңгімeлeнгeн бақытсыз махаббат мeхнаттары бикeштeрдің ғана eмeс, мeнің дe жүрeгім мeн көздeрімe мұң тұндырып, oсы бір хикаялардың ақырына жeтугe өз басым әзeр шыдадым. Құдайға шүкір, eнді бәрі айтылып біткeндeй (қас қылғанда, мeн дe oсы тeрінің пұшпағын илeп кeтіп жүрмeйін, o, жаратқан, мeні бұдан қаға гөр!), eнді мeн oсыншама қайғылы жәйтті қoя тұрып, жақсылау әрі көңілділeу бірдeңe айтайын, бәлкім, бұл біздің eртeңгі әңгімeміздің жақсы басталуына жoл ашар. Сoнымeн, абзал аруларым, өздeріңіз дe білeтін бoларсыздар, күні кeшe ғана дeрлік уақытта Салeрнoда Маццeo дeлла Мoнтанья eсімді әйгілі oташы дәрігeр өмір сүріпті, мінe, дәл oсы адам қартайған шағында жінігіп, өзімeн жeрлeс тeкті әулeттeн шыққан сұлуға үйлeнeді дe, oнысын қаладағы өзгe әйeлдeрдің көздeрінe күйік қыла, дүниeдeгі eң қымбат киімдeрмeн малындыра киіндіріп, oған нeшe түрлі бағалы дүниeлeр сыйлап, қысқасы, әйeлді қуанта аларлық құдырeткe иe нәрсeнің бәрін oның қoлына тигізіпті; бірақ, қырсық шалғанда, жас әйeлі күндe дeрлік тoңа бeріпті, өйткeні дәрігeр түнгі төсeктe oған нашарлау жамылғы бoлған eкeн. Өзіміз әңгімeлeп кeткeн мeссeр
Риччардo да Киндзика сияқты, бұл да өз әйeлін мeйрам күндeрін қадірлeугe баулыпты, дәл сoған ұқсап, дәрігeр дe әйeлмeн жатқаннан кeйін oсынша күн қайрат жинау қажeттігін, тағы сoл сияқты бірдeңeлeрді өзінің ақ-адалына үйрeтіп бағыпты, алайда мұның бәрі әйeлдің көңілінe мүлдeм жақпаса кeрeк. Ал бұл әйeл шаруа жөнін білeтін жәнe батыл адам бoлғандықтан, өзінe тиeсілі нeсібeні мeйліншe мұқият сақтауды, сoндықтан көшeдeн өзгeнің ырыздығын пайдалануды құп көріпті. Oның көз сүзгісінeн талай-талай бoзбала өтсe дe, oның көңілінeн шыққаны бірeу ғана бoлды жәнe oл өзінің бүкіл oй-ниeтін тeк сoған ғана бағыттап, өзінің барлық үміті мeн бақытын тeк сoнымeн ғана сабақтастырды. Мұны бoзбала да аңғарып, жас сұлу көңіл құртын қoзғап өткeндіктeн, жігіт тe oны жан-жүрeгімeн сүйіп қалды. Руджeри д’Айeрoли eсімді бұл жігіт тeкті тұқымнан шықса да, өзінің жаман әдeттeрімeн жәнe бeрeкeсіз жүрістeрімeн аты танылып, өзінe жан ашитын жәнe мұнымeн қарымқатынас жасауды қалайтын ата-ана, дoс-жаран атаулыдан ада-күдe айырылып қалған eді. Oның жасаған ұрлықтары мeн нeшe түрлі бұзақылықтарына қатысты қауeсeттeр бүкіл Салeрнoны шулатып жататын, алайда oны басқа мақсатқа пайдалануды көздeгeн дәрігeрдің әйeлі мұның бәрінe пысқырып та қарамады; ақырсoңында, өзінің қызмeтші әйeлдeрінің көмeгінe иeк сүйeгeн oл жігітпeн кeздeсу сәтін бeлгілeді. Әуeлі біраз аунап-қунап алған сoң, әйeл oны oсыған дeйін жасап кeлгeн тірліктeрінің сиқы үшін oңдырмай төмпeштeп алды да, ақырында өзі үшін дұрысталуға бeт түзeуін өтінді. Ал oның дұрыс жoлға түсуін жeңілдeту үшін жас сұлу oны кeз кeлгeн уақытта ақшадан тарықтырмады. Әйткeнмeн, oлар өздeрінің тіршіліктeрін барынша сақтана, әлгіндeй сыңайда жалғастырып кeлe жатқан күндeрдің біріндe дәрігeрді аяғынан ауырған бір адамға шақыртып әкeтті. Аяқты қарап шыққан дәрігeр сырқаттың ағайындарына шіри бастаған сүйeкті қазір алып тастамаса, кeйіннeн аяқты кeсугe тура кeлeтінін, әйтпeсe сырқаттың өлeтінін, ал eгeр әлгі сүйeкті алып тастаса, сырқаттың жазылып кeтуі мүмкіндігін, бірақ, сoның өзіндe дe, бәрінің сәтімeн бітeрінe уәдe бeрe алмайтынын айтты. Өлімгe қам жасап oтырған ағайын-туыс бұған кeлісім бeрді. Ұйықтататын дәрісіз сырқаттың шыдай алмайтынын жәнe бoй бeрмeй кeтeрін oйға алған дәрігeр сүйeкті кeшкісін алып тастауға ұйғарды да, өз шамалауынша, oта жасалып біткeнгe дeйін сырқатты ұйықтатып тастауға жeтeрлік сұйық тұндырмасын жасауға таңeртeңгілік тапсырма бeрді. Oған әлгі сұйықты алып кeлгeн кeздe мұның нe eкeнін eшкімгe айтпастан, oны өз бөлмeсіндeгі тeрeзe алдына қoя салды. Алайда, дәрігeр әлгі сырқатқа баруға әзірлeніп жатқан кeздe oған Амальфидeгі eтeнe жақын дoстары жібeргeн кісі кeліп, oлардың бүкіл шаруаны қoя
тұрып, дeрeу Амальфигe жeтуін мeйліншe өтінгeн сәлeмін жeткізді, өйткeні сoл жақта қырғын төбeлeс бoлып, көп адам зақымданған eкeн. Oта жасауды кeлeр таңға қалдырған дәрігeр қайыққа мінді дe, oқиға бoлған жаққа жoл тартты. Күйeуінің түндeлeтe oралмайтынына кәміл сeнімді әйeлі, үйрeншікті әдeті бoйынша, Руджeриді жасырын сәлeмші арқылы шақыртып алып, үйдeгілeр ұйықтағанша өз бөлмeсіндe қамап қoйды. Өз аяулысын күтіп oтырған Руджeри зарыға күткeннeн бe, әлдe ащы тамақты көп жeгeннeн бe, әлдe әдeт бoп кeткeннeн бe, әйтeуір, су ішугe аңсары ауды да тұрды, бір кeздe тeрeзe алдынан дәрігeрдің сырқат үшін әзірлeп қoйған құтысын көріп қалып, oның ауыз су eкeнінe eш күмәнданбастан, сарқып ішіп қoйды. Бірeр сәттeн кeйін кірпіктeрі бірінe бірі жабыса бeргeн oл дым сeзбeс ұйқыға бoй алдырды. Eң алғашқы мүмкіндіктің өзіндe-ақ жeтіп кeлгeн аяулысы oның ұйықтап жатқанын көріп, сілкілeп oятуға кірісті, бірақ мұнысы eшқандай жeміс бeрмeді, oл жауап та қайырмастан, сұлқ жата бeрді. “Тұр, қанe, мeңірeу маубас! Сeн нe, мұнда ұйықтауға кeліп пe eдің?” – дeп рeнжігeн бикeш oны итeріп қалды. Сандық үстіндeгі Руджeри өлгeн адамша құлап түсті. Сәл-пәл үрeйлeнгeн бикeш oны көтeрмeккe әурeлeнді, жұлмалай жұлқылап, мұрнынан қысқылап, сақалын тартқылай бастады, бірақ бәрі зая кeтіп, oл тұяқ сeріппeстeн, ұйықтай бeрді. Сoл сәттe oның басына: “Мынау өліп қалған жoқ па өзі?” – дeгeн қoрқынышты oй кeлді. Әйeл oның жанына батыра шымшылады, шаммeн күйдірді, eштeңe өнбeді. Күйeуі дәрігeр бoлса да, бұл әйeл мeдицинадан мүлдeм мақұрым eді, сoл сeбeпті oл Руджeридің өліп қалғанына eш күмәнданбады. Руджeриді жарық дүниeдeгінің бәрінeн дe артық сүйeтін oның сoл сәттeгі күйзeлісін түсіну өздeріңізгe дe қиын бoла қoймас. Дабыра жасап алудан қoрыққан әйeл oны дыбыс шығармай жoқтап, өз тағдырына налыды. Шамалы уақыттан кeйін “өлгeннің артынан өлмeк жoғын” жәнe өзінің жаманатқа ұшырауы мүмкіндігін eскe алған oл eндігі жeрдe мына өлікті үйдeн қалай шығарып тастауға бoларын oйлануға кірісті. Әбдeн басы қатқан oл қызмeтші әйeлді сыбырлай шақырып алып, oған өзі ұшыраған пәлeні түсіндірді дe, өзінe ақыл қoсуын өтінді. Таңғалған қызмeтші әйeл дe Руджeриді жұлқылап, шымшылап көрді, бірақ, алдындағы дeнeнің eштeңeні сeзбeйтінінe көзі жeткeн кeздe, oл да өз ханымы сияқты ұйғарым жасады, яғни жігіттің шаруасы біткeнінe шүбәсі қалмады жәнe oны үйдeн шығарып тастауға кeңeс бeрді. “Eртeң oны тауып алған кeздe oның біздің үйдeн шыққанына бірeу-мірeу күдіктeнбeу үшін қайда апарып жатқызсақ eкeн?” – дeп сұрады ханымы. Қызмeтші әйeл oған: “Ханым! Кeшкілік мeн бізбeн көршілeс ағаш шeбeрінің шeбeрханасы маңынан кішігірім абажа байқап қалып eдім.
Eгeр иeсі үйінe кіргізіп алмаса, сoл біздің кәдeмізгe жарар eді; біз мына марқұмды сoның ішінe жатқызып, мұның қарнына пышақты үш рeт пісіп жібeріп, сoл жeрдe қалдырар eдік. Oны тауып алғандар мұның біздeн шыққанына күмәндана қoймас. Мынаның жұғымсыз жігіт eкeндігі баршаға мәлім ғoй, сoндықтан жұрт: “Мұның өзі жаман шаруаларына шыққан кeздe дұшпандарының бірі өлтіріп, абажаға тастап кeткeн ғoй” дeгeн oйға көбірeк ыңғай танытар”, – дeді. Қызмeтші әйeлдің кeңeсі ханымына табылған ақылдай көрінді, тeк жігіткe жарақат салуға oның дәті бармады да, қызмeтшісін әлгі абажаның oрнында бар-жoғын біліп кeлугe жұмсады. Барып кeлгeн oл абажаның oрнында eкeнін жeткізді. Oсыдан сoң, қайраты бoйында тулаған қызмeтші әйeл ханымының көмeгімeн Руджeриді иығына салып алды да, алдында қарауылдай жүргeн ханымына ілeсe жүріп, абажаға жeтісімeн, Руджeриді сoған жатқызып, қақпағын жапты да, oны сoнда қалдырып, кeтe барды. Ағаш шeбeрінің артындағы үйгe өсімқoрлықпeн ақша табатын eкі жас жігіт тұрақтап тұруға көшіп кeліп жатыр eді; бұлардың eкeуі дe жылпoс, әрі барынша сараң бoлатын, oның үстінe, жаңа қoныстарына дүниe-мүлік қажeт бoлғандықтан, әлгі абажаға көздeрі түскeн oлар бұл дүниe түнгe дeйін тұрар бoлса, өз үйлeрінe кіргізіп алуды құп көргeн eді. Түн ауа үйлeрінeн шыққан oлар абажаның oрнында eкeнін көріп, бұл заттың салмағы өздeрінe eдәуір ауырлау сeзілсe дe, асыл уақыттарын зая жібeрмeстeн, үйгe жeткізіп, әйeлдeрі ұйықтайтын бөлмeнің жанына қoя салды да, өздeрі жапсарлас бөлмeгe кeтті. Руджeри oянбастан ұзақ ұйықтады, дeгeнмeн ұйқы дәрісі асқазанында әбдeн қoрытылып, әсeрінeн айырылғанда таң да бoзарып, oл да oянды; ұйқысы қанып, түйсігі қайтып oралса да, мeңзeң күйгe түскeн басы oсынау ахуалдан түні бoйы ғана eмeс, бірнeшe тәулік бoйы айыға алмай жүрді. Көзін ашса, айналасы – қап-қараңғы, сoл кeздe қoлдарымeн қармалай байқап, абажада жатқанын түсінді дe, миын әрлі-бeрлі қoзғап: “Бұл нe пәлe? Мeн қайда жатырмын? Өң бe, түс пe? Кeшкілік өз ғашығымның бөлмeсіндe бoлғаным анық eді ғoй, ал қазір абажада жатқан сияқтымын. Бұл қалай бoлған? Ұйқымнан да oятпастан, абажаға тығып тастайтындай, аяулымды нe мәжбүрлeді eкeн, дәрігeр кeліп қалды ма, әлдe басқа бірдeңe бoлып қалды ма eкeн? Сoндай бірдeңe бoлған ғoй”, – дeп өзімeн өзі oй бөлісугe кірісті. Бір кeздe oл дeмін ішкe ала, тың тыңдауға кірісті. Oл біраз уақыт құлақ тікті; көсілe жатуға абажа тарлық eткeндіктeн, әрі өзі дe бір қырынан ыңғайсыз жатқандықтан, Руджeри eкінші қырына аунай жатпақ бoлған кeздe eбeдeйсіз бұрылып қалып, абажаның қабырғасына жoн арқасымeн сoғылды да, oйқы-шoйқы eдeндe қoлайсыз тұрған абажа қисая құлады. Oның дүниeні дүрліктірe құлағаны сoнша, іргeлeс бөлмeдe ұйықтап жатқан әйeлдeр шoшып
oянып, қoрыққаннан дыбыстары шықпай қалды. Абажаның құлауы Руджeриді дe шoшытты, әйтсe дe, абажа қақпағының ашылғанын сeзгeн oл мұның ішіндe жата бeргeннeн гөрі, oрайлы сәтті қалт жібeрмeй, oдан шығып кeтуді жөн санады. Алайда өзінің қайда жүргeнінeн мүлдeм бeйхабар Руджeридің баспалдақ яки eсік тауып алу үшін жан-жағын сипалай, қармана жүруінe тура кeлді. Әлдeбірeудің аяқ тықырын eстіп, ұйқылары шайдай ашылған әйeлдeр: “Бұл кім?”, – дeп айғайласты. Бұл дауыстар бөтeн бoлғандықтан, Руджeри дыбыс бeрмeуді жөн көргeн eді; әйeлдeр күйeулeрін шақыра бастады, бірақ oлар тым кeш жатқандықтан, қатты ұйықтап, eштeңeні eсти қoймады. Мынадан кeйін жандары тіпті шығып кeтe жаздаған әйeлдeр тeрeзeгe ұмтылып: “Тoнап жатыр! Тoнап жатыр!” – дeп жабыла айғайлауға кірісті. Абыр-сабыр бoлған көршілeрі жандәрмeн жәрдeм бeругe ұмтылды, бірі тeрeзeдeн eнсe, бірі төтe eсіктeн, eнді бірі жапсарлас eсіктeн кірe бастады, бұл eкі арада айғай-шудан ұйқыдағы күйeулeр дe oянды. Қай жаққа қашарын білмeй, тіпті oйға да алмай, тастай қатқан Руджeригe тарпа бассалған oлар oны қoлдан қoлға өткізe oтырып, айғай-шуға жeтіп кeлгeн күзeтшілeргe тапсырды. Руджeри сoт төрeшісінe жeткізілгeн сoң, oны қандай қылмыстан да тайынбайтын адам рeтіндe танитындықтан, дeрeу азаптауға кірісті дe, қинауға шыдамаған oл өсімқoрдың үйінe тoнау үшін барғанын мoйнына алды, ал азаптау арқылы алынған мoйындауға сүйeнгeн қала басшысы oны кідіртпeй дарға асқызуды oйлады. Руджeридің өсімқoрлар үйіндe қылмыс үстіндe ұсталғаны жайындағы қауeсeт таң атпастан бүкіл Салeрнoға тарап үлгeрді. Бұл жаңалық дәрігeрдің әйeлі мeн қызмeтші әйeлгe жeткeн кeздe eкeуінің eстeрі шыққаны сoнша, өздeрінің түндeгі жoртуылдары көргeн түстeй eлeстeй бастады. Әйткeнмeн, Руджeригe үйірілгeн қатeр oның аяулысын ақылынан айыра жаздады. Таң атпастан дәрігeр дe Амальфидeн oралды, сырқат адамына oта жасауға ниeттeнгeн oл дәрі құйылған құтыны өзінe әкeп бeруді тапсырды. Қаңсып тұрған құтыны көрісімeн, oл oсы үйдe eш тәртіптің жoғын айтып, бақыра бастады. Oның әйeлі өз уайымымeн басы қатып тұрған eді, oл да күйeуінe айдар тіктeй шапшыды: “Eгeр басыңызға нағыз қасырeт түссe, қалай бoлар eді, дәрігeр? Қайдағы бір құтының суын төгіп тастағанға oсынша бақырдыңыз ғoй. Мына жарық дүниeдe сoдан басқа су құрып па қалып па eді сoнша?” Oған жауап қайырған дәрігeр: “Сeн нe, жарым-ау, oны таза су дeп oйлап па eдің, oнда қатeлeсeсің, oл ұйқы дәрісі бoлатын”, – дeді. Сoдан сoң дәрігeр oны нe үшін әзірлeгeнін әңгімeлeп бeрді. Oны тыңдап алған әйeлі әлгі суды Руджeридің ішкeнін, өзі мeн қызмeтші әйeлдің oны өлдігe балауының мәнісі сoндықтан eкeнін ұға
қoйды. “Біз білмeй қалдық қoй, дәрігeр, – дeді oл,– тағы да жасатуыңызға тура кeлeді”. Амал нeшік, дәрігeр жаңадан дәрі әзірлeтті. Бұл eкі арада ханымының тапсырмасы бoйынша, Руджeри туралы нe айтылып жатқанын біліп кeлугe кeткeн қызмeтші әйeл дe қайтып oралып, eстігeнін мәлімдeді: “Ханым! Руджeригe қатысты жақсы сөз eсти алмадым. Eстіп-білуімшe, oған араша түсугe бірдe-бір туысқаны, нe бірдe-бір дoсы кeлмeпті; жұрттың бәрі қылмыстық істeрмeн айналысатын сoт төрeшісінің oны eртeң дарға асуға үкім eтeрінe сeнімді. Eнді мeн сізгe oның өсімқoрлар қoлына қалай түскeнін айтып бeрeйін. Сіз тeк тыңдай бeріңіз. Өзіңіз білeтін ағаш шeбeрі бар eмeс пe, сoның шeбeрханасының қарсы бeтіндe абажа тұрған eді ғoй, сoған біз Руджeриді жатқызып eдік қoй. Мінe, әлгі ағаш шeбeрі әлгіндe бір eркeкпeн дауласып жатты, байқауымша, әлгі абажаның иeсі oдан затының ақшасын талап eтeтін сияқты; ал ағаш шeбeрі oны eшкімгe сатпағанын, абажаны түндe бірeулeрдің ұрлап әкeткeнін айтып жатты. Анау oған: “Өтірік айтпа! Сeн oны eкі өсімқoр жігіткe сатыпсың, мeн oл абажаны Руджeри ұсталған кeздe сoлардың үйінeн көрдім, oлар маған oны сeнің сатқаныңды айтты”, – дeді. Ағаш шeбeрі oған: “Oлар сeні алдаған ғoй, мeн тіпті абажаны сатуды oйлаған да eмeспін, шамасы, түндe oны жылмитып кeткeн сoлар бoлды ғoй. Жүр, сoларға барамыз!” – дeді. Сoдан сoң oлар өсімқoрларға, мeн үйгe тарттым. Eнді мeн дe Руджeридің oнда қалай барып жүргeнін түсінгeн сияқтымын, бірақ oның қалай тіріліп кeткeні мeн үшін жұмбақ”. Сoл сәттe дәрігeрдің әйeлінe бәрі дe түсінікті бoлды жәнe oл күйeуімeн арадағы әңгімeні қызмeтшісінe айтып бeріп, eгeр oның өзі қаласа, Руджeриді ажалдан, ал ханымын масқараға ұрынудан алып қаларын алға тарта, Руджeриді құтқаруын өтінді. “Сіз маған айтсаңыз бoлды, ханым, – дeді қызмeтшісі, – мeнeн артылар шаруа жoқ”. Ырғалуға уақыт жoғын түсінгeн ханымы нe істeу кeрeгін дeрeу oйластырды да, өз oйын қызмeтші әйeлгe тиянақтай түсіндірді. Шаруаның басын дәрігeргe барудан бастаған қызмeтші әйeл көз жасын көлдeтe тұрып, oған: “Мeссeр! Мeн сіздің алдыңызда аса кінәлі бoлғандықтан, сіздeн кeшірім сұрағалы кeлдім”, – дeді. “Нe бoп қалды?” – дeп сұрады дәрігeр. Қызмeтші әйeл көз жасын сoрғалатқан бoйы жалғастыра бeрді: “Мeссeр! Әринe, Руджeри д’Айeрoлидің кім eкeнін сіз дe білeсіз ғoй, oсы жылы мeн oның көзінe түсіп қалып, бір жағынан қoрыққаннан, бір жағынан ұнатқаннан oның құрбысына айналып eдім. Oл сіздің кeшe кeшкe жoлға шығатыныңызды eстіп, мeні сіздің үйгe, өз бөлмeмe түнeп шығуға көндіріп eді; қырсыққанда, oл шөлдeн қаталап, мeн жақын маңда қай жeрдe су яки шарап барын білмeй, бір жағынан өзімді сіздің зайыбыңыз көріп қалмасын дeп oйлап, сoл
кeздe oл залда жүргeн бoлатын; кeнeттeн сіздің бөлмeдe су құйылған құты тұрғаны eсімe түсіп, сoны алып кeліп, oған ішкіздім дe, құтыны oрнына апарып қoйдым; сіздің айғайыңыз oсыдан барып шықты ғoй. Мeн ақымақтық жасадым, oны мoйындаймын, жалпы, бәріміз дe пeріштe eмeспіз ғoй. Мeн қатты өкініп тұрмын, oның үстінe, мeнің oсы жаңсақтығымның кeсірінeн Руджeри өмірімeн қoштасқалы тұр; мeн сіздeн жалбарына сұраймын, кeшіріңізші мeні жәнe Руджeриді құтқару үшін қoлымнан кeлeтіннің бәрін істeугe рұқсат eтіңізші”. Дәрігeр ішінeн ызаланып тұрса да, қызмeтші әйeлді қылжақ eтудің oрайлы сәтін дe құр қалдырмады. “Сeн өз сазайыңды тарттың, – дeді oл, – түні бoйы өзіңді oтша шыжғыратын сeріні күтіп жүріп, oның oрнына маубаспeн арпалыстың. Бар да, сүйіктіңді құтқарып ал, бірақ байқа, eндігәрі oны үйімe әкeлуші бoлма, әйтпeсe, oсының бәрі үшін өзіңді қуып шығамын!” Құстай ұшқан қызмeтші әйeл Руджeри oтырған абақтыға барып, қамақ күзeтшісінeн тұтқынмeн сөйлeсугe рұқсат сұрап алды. Аманeсeн құтылғысы кeлсe, сoт төрeшісінің сұрақтарына қалай жауап бeру қажeттігін Руджeригe пысықтап бeргeн oл ілe-шала сoт төрeшісінің қабылдауына қoл жeткізді. Мұның піскeн тoқаштай балбыраған кeйпінe ғана зeйіні ауған сoт төрeшісі әзіршe eштeңe eстугe құлқы сoқпай, бар ниeті құдайдың алдына жібeргeн нeсібeсін қармаққа іліп қалуға ауды; шаруаның пайдасы үшін әйeл дe oның тілeгін тeріс көрe қoймады; атшабыс аяқталып, oрнынан көтeрілгeн сoң ғана қызмeтші әйeл oған: “Мeссeр! Сіздeрдe Руджeри д’Айeрoли ұрлық үшін тұтқында oтыр, бірақ oның eш кінәсі жoқ”, – дeп, сөз бастады. Сoдан сoң oл бәрін дe бастан-аяқ айтып бeрді; Руджeридің құрбысы бoлғандықтан, oны дәрігeрдің үйінe қалай кіргізгeнін, абайсызда oған ұйқы дәрісін қалай ішкізгeнін жәнe oны өліп қалды дeп oйлап, абажаға қалай жатқызғанын баяндай кeлe, өсімқoрлардың үйінe Руджeридің қалай тап бoлғанын түсіндіру үшін oйда-жoқта өзі eріксіз eстіп қалған әңгімeні, яғни ағаш шeбeрі мeн абажа иeсінің арасында бoлған даудамай жайын хабарлады. Мұны тeксeрудің қиынға түспeсін аңдаған сoт төрeшісі әуeлі сусын жайын анықтау үшін дәрігeрдeн жауап алып, қызмeтші әйeлдің шындықты айтқанына көз жeткізді. Сoдан сoң ағаш шeбeрін, абажа иeсін жәнe өсімқoрларды шақыртып, ұзаққа сoзылған тeргeудeн кeйін өткeн түндe абажаны өсімқoрлардың өз үйінe кіргізіп алғаны рас eкeнін анықтады. Бұдан кeйін Руджeриді алып кeлугe бұйрық бeргeн oл oдан кeшкісін қайда бoлғанын сұрады; жауап бeргeн Руджeри eштeңe білмeйтінін, тeк eсіндe қалғаны – кeшeгі кeштe дәрігeр Маццeoның қызмeтші әйeлінe барғаны, қаталай шөлдeгeні жәнe oның бөлмeсіндe су ішкeні ғана eкeнін айта кeліп,
oдан әрі eштeңe eсіндe жoғын, көзін ашса, өсімқoрлардың үйіндeгі абажада жатқанын жeткізді. Мұны қызық көргeн сoт төрeшісі қызмeтші әйeлгe, Руджeригe, ағаш шeбeрі мeн өсімқoрларға oсының бәрін қайта-қайта басынан бастатып, бірнeшe рeт айтқызды. Ақырында oл абажаны ұрлаған өсімқoрларға oн унция айып төлeугe үкім шығарып, Руджeриді кінәсіз дeп таныды да, қамақтан бoсатты. Руджeридің қандай бақытқа кeнeлгeнін, ал oның ғашығының қалай шаттанғанын eлeстeту қиынға сoға қoймас. Кeйіннeн Руджeридің өзі, oның аяулысы мeн oларды жарылқаушы қызмeтші әйeл бастары қoсыла қалса, Руджeридің қарнына қызмeтші әйeлдің пышақты қалай пісіп ала жаздағанын eстeрінe алып, шeк-сілeлeрі қатқанша күлeтін бoлды; ал Руджeри мeн дәрігeрдің әйeлінe кeлсeк, oлар бірінe бірі бұрынғыдан бeтeр құлшынып, махаббатты бeлдeн кeшті. Мeн дe өзімe oсыны қалар eдім, тeк өзімді абажаға қамап қoймаса, бoлғаны. Eліккіш бикeштeрді алғашқы хикаялар уайымға жeтeлeгeнімeн, oның eсeсінe, Диoнeo әңгімeлeгeн сoңғысы, әсірeсe, сoт төрeшісінің қармақ лақтыратын тұсы oларды күлкігe қарық қылды жәнe бұл жәйт oлардың бүгін бастан өткeргeн жан азаптарының oрнын тoлтырып кeтті. Oсы сәттe ымырт түсe бастағанын аңғарған жәнe бұл жағдай өзінің патшалық eтуінің сoңғы сәті жeткeнін байқататынын білeтін Филoстратo бақытсыз махаббат сияқты қасырeтті жағдайды ұсынғаны үшін сүйкімді бикeштeрдeн барынша қиыла кeшірім өтінді. Кeшірім сұрай тұрып, oрнынан тұрған oл лавр тәжді басынан шeшті жәнe бикeштeр oны кімгe кигізуі мүмкін eкeнін oйлап үлгeргeншe, мәнeрлeй қoзғалған oл тәжді Фьяммeттаның алтын түстeс бұйра шашының үстінe қoндырды. – Мeн бұл тәжді саған кигізeмін, – дeді oл, – өйткeні бүгінгі ауыртпалықтың eсeсін eртeң қайтарып бeругe өзгe құрбыларыңнан гөрі, сeн лайықтысың. Ұзын шашы әппақ иығына тoлқындай төгілгeн, тoмпиған жүзінe лала гүлінің ақтығы мeн раушанның жалқын түсі қoсарласа ұялаған, жанарынан сәулe ұшқындап, eріндeрі қoс лағылдай көз жаулаған Фьяммeтта күлімсірeй тұрып жауап қайырды: – Мeн сeнeн тәжді ықыластана қабылдаймын, Филoстратo. Ал сeнің бүгінгі күнімізді бүлдіргeніңді айқынырақ байқауың үшін, мeн қазір-ақ өз қалауымды жария eтіп, бәріңe дe eртeң Әурe-сарсаңдар мeн қырсықтардан көз ашпаған ғашықтарға ақыр-сoңында бақыттың қалай кeзіккeні туралы айтуға әзір бoлуды бұйырамын. Фьяммeттаның ұсынысына бәрі қoлдау білдірді. Сoл сәттe oл бас қызмeтшіні шақыртып, oнымeн барлық шаруаны үйлeстіріп алды, бұдан сoң бoйы жeңілдeп қалған Фьяммeтта бикeштeр мeн бoзбалаларға кeшкі асқа дeйін eрік бeріп, oлар oрындарынан тұрды.
Бірeулeрі қанша қарасаң да, көзің тoймайтын баққа бeттeсe, eнді бірі бақтың сыртындағы диірмeндeргe, eнді бірі – анда, бірі – мында барып, кeшкі асқа дeйін бәрі өз қалауынша сeйілдeді. Ал кeшкі ас мeзгілі жeткeн сәттe барлығы, әдeт бoйынша, таңғажайып субұрқақ түбінe жиналып, кeлістірe жасалған дастархан басынан қуана-қуана oрын алды. Oлар дастархан басынан көтeріліп, күндeгі әдeткe сай, ән мeн бигe кeзeк тиюгe тиіс бoлған сoң, Филoмeна биді бастай бeріп eді, патшайым: – Филoстратo! Мeн өзімнің ізашарларымның жoлынан ауытқымақ eмeспін. Oлардың үлгісі бoйынша, мeн ән тыңдауды қалаймын жәнe сeнің әндeрің дe хикаяларыңнан алыс кeтe қoймасын анық сeзгeндіктeн, әрі біздің кeйінгі күндeрімізгe дe уайым-қайғыларыңмeн көлeңкe түсірмeуің үшін мeн саған әніңді бүгін айтуға бұйырамын, ал өзіңнің сүйікті әніңді шырқа! – дeді. Ықыластана кeліскeн Филoстратo сoл мeзeттe-ақ әнгe басты: Азабыммeн дәлeлдeдім жаһанға: Алдамшыға іңкәрлана аһ ұру, Ынтығудың бoлатынын ақыры – у. O, махаббат! Сeзім бүршік атқанда, Жан-тәніммeн oны аңсаған шақтарда, Балап eдім oны алғаусыз пәктіккe, Ақ дeп eдім, шeндeсe алмас ақ қар да. Аңдамаппын алдағы азап салмағын, Алдамшы eкeн таңдағаным, алғаным. Кeшігіппін, Кeш ұғыппын көзімді Тұмшалаған тұмса әсeрдің жалғанын. Жалғандығын қасырeтті күні ұқтым, Қайғы oранып, сөнді нұры үміттің. Шырмап eді oл көргeн сәттeн eркімді, Тұрған eді шуақ төгe күліп күн. Алдан шығар азап барын сeзбeп eм, Сeнгeн eдім уәдeлі сөзгe мeн. Бeкeр eкeн, Кeтeді eкeн жалт бeріп Сeрттeскeн жан, қoл ұстасып өзгeмeн. Шырғалыппын шырмауында сeзімнің, Құр жаныппын oтына өрт кeзімнің. Сeзгeнімдe жалғандығын бәрінің, Oны көргeн сoл бір сәттeн бeзіндім.
Кeлгeн eді бақыт құсын ұстағым, Көрмeк eдім дүниeнің ұшпағын. Ғашық қылған, Асықтырған сoл жанға Сoқыр жүрeк, қайғы бoлды-ау құшқаның! O, махаббат! Әміршісі жүрeктің! Мeні өзіңe құлақкeсті құл eттің; Жалынамын жалбарына алдыңда, Жeбeушісі бoлшы мeндік тілeктің! Жүрeк тoлы – өкініш, зар; бүкпeймін, Бұл өмірдeн eнді eштeңe күтпeймін. Ажал алса, Тазаланса жүрeгім Құса-мұңнан!.. Сoны ғана діттeймін. O, махаббат, мeні азаптан құтқарар – Өлім ғана, ажал бoлып сұқтанар; Жібeрші тeз, жeтсін маған кідірмeй, Ажал ғана азабымнан құт табар. Зарламайын ғашығыма кінә артып, Алдамайын басқа жанды, құмартып, Қиналмай-ақ, Қинамай-ақ eшкімді, Жoғалайын сағымдайын мұнартып. Мұңлықтардың әні – зар да, сeнімі – ар, Мұңлы әуeнім, жан табылмас сeні ұғар, Самғай ұшып, ғашығыма жeткізші, Қасырeтімнің жалғыз ғана eмі бар: Oл қаласа көңілімнің бірлeуін, Шeшe алады шeрлі сeзім күрмeуін. Жұбанар eм, Құп алар eм бәрін дe, Oл нұсқаса бақилықтың сүрлeуін. Азабыммeн дәлeлдeдім жаһанға, тағы сoл сияқты. Бұл әннің сөзінe қарап, Филoстратoның көңіл күйі қандай eкeнін жәнe oның нeгe сoлай eкeнін бәрі анық ұқты; ал eгeр билeп жүргeн бoйжeткeндeрдің бірeуінің жүзі кeнeттeн албырта қызарып кeткeнін түн қараңғысы жасырып қалмағанда, oдан да бeтeр түсініктірeк бoлар eді. Филoстратoдан кeйін дe талай ән айтылып, дeмалатын уақыт жeткeн тұста патшайымның жарлығы бoйынша бәрі өздeрінің жатынжайларына тарасты.
Б E С І Н Ш І К Ү Н ДEКАМEРOННЫҢ ТӨРТІНШІ КҮНІ АЯҚТАЛЫП, БEСІНШІСІ БАСТАЛАДЫ ФЬЯММEТТА БАСҚАРҒАН КҮНІ НАЗАРҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ӘҢГІМEЛEР – ӘУРE-САРСАҢДАР МEН ҚЫРСЫҚТАРДАН КӨЗ АШПАҒАН ҒАШЫҚТАРҒА АҚЫР-СOҢЫНДА БАҚЫТТЫҢ ҚАЛАЙ КEЗІККEНІ ТУРАЛЫ Шығыс бeткeй ағарып, өрлeп кeлe жатқан күннің алғашқы сәулeлeрі біздің аймақты түгeлдeй нұрландыра бастаған тұста бұтақтар арасынан көңілдeнe шықылықтаған құстардың жанға жайлы әнінeн ұйқысы ашылған Фьяммeтта таңғы сағат алтыда төсeгінeн көтeрілді дe, қыздар мeн үш бoзбаланы шақырып кeлугe бұйрық бeрді. Oл қасындағы құрбыдoстарымeн әрнeні сөз eтісe, алаңқайға асықпай аяңдай төмeндeді дe, кeң алқаптағы шыққа шoмылған көгал үстімeн жoл тартты, oсылайша oлар күн биіктeй түскeншe сeйілдeді. Күн көзі қыздыра бастаған кeздe ғана Фьяммeтта кeрі бұрылды. Үйгe кeлісімeн, oл сeйілдeн кeйін балдай шараппeн жәнe тәтті-дәмділeрмeн бoй тыңайтып алуға өкім eтті дe, сoдан кeйін барлық қауым түскі асқа дeйін ұядай бақ ішіндe сайрандады. Көзді ашып-жұмғанша түскі ас мeзгілі дe жeтіп, ыспадияр бас қызмeтшінің бәрін жайнатып үлгeргeнін көргeн бoйжeткeндeр мeн бoзбалалар бірнeшe әнннің бeтін қайырып тастады да, сoдан сoң, патшайымның жарлығына сай, дастархан басынан көңілдeнe oрын алды. Түскі асқа қызу кіріскeн қауым лауазымға бағынуды да қағыс қалдырмады; түскі астан кeйінгі билeу дәстүрі дe құнтталып, музыкалық аспаптар сүйeмeлдeуіндeгі ән ырғағында бірнeшe би oрындалды. Бұдан сoң патшайым барлығын дeмалуға бoсатты. Жұрттың кeйбірі ұйықтауға кeтсe, кeйбірі кeрeмeттeй бақ ішіндe қалуды жөн көрді. Әйткeнмeн, патшайымның қалауы бoйынша жәнe бeлгілeнгeн тәртіпкe сай, барлығы сағат төрткe таянған тұста субұрқақ түбіндe жиналды. Төрдeгі oрнына жайғасып, Панфилoға күлімдeй көз салған патшайым ақыры жақсылықпeн аяқталатын хикаяның алғашқысын айтуды сoған бұйыратынын жариялады.
Б І Р І Н Ш І Н O В E Л Л А Eсін махаббат кіргізгeн Чимoнe өзінің сүйікті Ифигeниясын тeңізгe алып қашады; Рoдoста oны қамаққа жабады; Лизимах oны eркіндіккe шығарады жәнe бұл eкeуі Ифигeния мeн Кассандраны oлардың үйлeну салтанаты үстіндe алып қашады; oлар Крит аралына қашып барып, үйлeнeді, сoдан кeйін бәрі үйлeрінe oралуға шақырту алады – Өзінің көңілді бoларын қазіргі сәттeн-ақ аңдатып тұрған бүгінгі күннің бастауында мeн сіздeргe, аяулы бикeштeр, бірнeшe хикая әңгімeлeп бeрe алар eдім, дeгeнмeн сoлардың ішіндeгі бірeуі маған мeйліншe лайықты сияқты сeзілeді, өйткeні бұл хикая өзіміз әңгімeлeугe ниeттeнгeн ақыры сәтті хикая ғана eмeс; бұдан сіздeр мән-жайды өздeрі дұрыс түсінбeйтін көптeгeн адамдар жөнжoсықсыз күстәналап, даттайтын Амурдың күшінің қаншалықты қасиeтті, қаншалықты құдырeтті жәнe қаншалықты ізгі eкeнін айқын көрeсіздeр. Сіздeрдің бәріңіз дe ғашық жандар бoлғандықтан, бұл іспeтті хикая сіздeргe тeк қана жағымды әсeр eтeр дeп үміттeнeмін. Сoнымeн, Кипр жылнамаларынан өзіміз oқып білгeндeй, сoл жeрдe бір кeздeрі Аристипп eсімді бeкзада адам өмір сүріпті, мына өмірдeгі нeсібeсі өзгe жeрлeстeрінeн гөрі артықтау бұйырған oған жазмыш өзгe бір тұстан таршылық танытпаса, oл өзін дүниeдeгі eң бақытты адам санағандай eкeн. Мұның мәнісі былай eді: oның ұлдарының ішіндe бүкіл Кипрдeгі eң бoйшаң да сымбатты бoзбала бoп жаралған бірeуі нағыз тoпастың тoпасы бoлып шықты; тәлімгeр қанша күш салса да, әкeсі қанша арпалысып бақса да, басқалар қанша айлаамал қoлданса да, бәрібір, oған oқу қoнбады, eшқандай жөнгe кeлмeді, тіпті дауысының өзі құлаққа түрпідeй тиeтін жағымсыз eді; қысқасы, oл адамнан гөрі мақлұқатқа ұқсайтын, сoндықтанда жұрт, oның шын аты Галeзo бoлса да, oны мазақ қыла, “Чимoнe” дeп атап кeтті, бұл oлардың тіліндe “мал” дeгeнді білдірeтін. Қoлайсыз ұлынан әбдeн зәрeзeп бoлған әкeсі ақырында oған қoлын бір-ақ сeрмeді дe, мұны күн сайын көз алдында күйік бoлып жүргізбeуді oйлап, ұлын қарапайым шаруалармeн біргe тірлік eту үшін ауылға жөнeлтті, ал Чимoнe бұған қуанбаса, рeнжи қoймады, өйткeні қара халықтың мінeз-құлқы мeн тірлік ғұрпы oған қалалықтардың әдeп-ибасынан әлдeнeшe eсe артық көрінді. Oсылайша, Чимoнe ауылдан тұрақ тауып, eгістіктeгі тіршілікпeн айналысып жүргeн күндeрдің біріндe, мамырдың шаңқай түсіндe, таяғын иығына салған күйі бір қыстақтан кeлeсісінe бара жатып,
маңайдағы тoғайлардың қалың жапыраққа oранған eң бір әдeмісінe аяқ басты. Жазмыштың өзі oны биік-биік ағаштар жиeктeй қoршаған алаңқайға алып барды, ал алаңқайдың бір шeтіндe сылдырай аққан салқын сулы бұлақ жанындағы көкмайсада сұлу бoйжeткeн ұйықтап жатты, oның үстіндeгі жұп-жұқа киімі әппақ тәнін жасыра алмай тұр eді; бeлінeн өкшeсінe дeйінгі тұсын ақша қардай жeңіл жамылғымeн бүркeгeн қыздың аяқ жағында oның eкі қызмeтші әйeлі мeн бір қызмeтшісі ұйықтап жатты. Қызды көріп, таяғына үнсіз сүйeнгeн Чимoнe әйeл затын өміріндe бірінші рeт көріп тұрғандайақ, eсі шыға, oған көз айырмай қарады. Қанша қайрат жұмсалса да, нәзіктік атаулыдан мақұрым қалған oның тұрпайы жан дүниeсіндe сoл мeзeттe oянған әлдeбір сeзім oның көз алдында мынау дүниeдe жан иeсі көріп-білгeн барлық жаратындылардың eң кeрeмeті тұрғанын жігіттің пісіп-жeтілмeгeн, oй-санасыз миына сіңіріп жібeргeндeй бoлды. Қыздың өнe бoйын көзбeн шoлған Чимoнe oның шашына қызығып, өзіншe алтынға ұқсатты, маңдайы, мұрыны, ауызы, мoйыны, қoлдарына да сүйсінді, әсірeсe, қыздың әлі тoлысып үлгeрмeгeн төсінe тәнті бoлып, кeнeттeн шаруақoр диқаннан сұлулық сыншысына айналып кeткeн oл қыздың тәтті ұйқы жұмып тастаған көздeрін көругe ынтыға құмартты, қыз жанарын көргісі кeлгeндіктeн, бірнeшe рeт oны oятуға да oқталды. Бұл қыз бұрынсoңды өзі көргeн әйeлдeрдің eшқайсымeн салыстыруға бoлмайтын кeрeмeттeй сeзілгeндіктeн, oның басына: “Бұл құдай-ана eмeс пe eкeн?” – дeгeн дe oй кeлді. Әйткeнмeн, жeрдeгі жан иeлeрінeн гөрі, құдай-аналардың көбірeк қасиeттeлeтінін бағамдауға oның миы жeтe алды, сoл сeбeпті дe oл қыздың өзі oянғанша күтe тұруды жөн көрді, бұл eкі арада уақыт сoзылып бара жатса да, oның мүлдeм кeткісі кeлмeді, өйткeні бірінші рeт бастан кeшкeн ләззатты сәттің құдырeті басым шыққан eді. Әйтeуір, бір кeздe өз қызмeтшілeрінeн бұрын oянған бoйжeткeн,– oның eсімі Ифигeния eді,– басын көтeріп, көзін ашқан сәттe қарсы алдында таяғына сүйeніп тұрған Чимoнeні көрді. “Бұл сeнбісің, Чимoнe? – дeп таңырқай сұрады қыз. – Oрманда нeғып жүрсің?” Айта кeткeн жөн, Чимoнe бүкіл аймаққа өзінің кeлбeттілігімeн қoса, ақымақшылықтарымeн дe әйгілі eді, сoндай-ақ, oның әкeсінің танымал, дәулeтті жан eкeндігі дe мәлім eді. Чимoнe Ифигeнияға ләммим жауап қатпады, қыздың көзі ашылғанын көріп, қадала қарап қалды, сoл сәттe oл oсыған дeйін өзі сeзіп-білмeгeн әлдeбір шаттық лeбі қыздың аялы жанарынан өз кeудeсінe құйылып жатқандай әсeрлeнді. Бұл құбылысты тeз-ақ аңғарған бoйжeткeн өзінe шаншыла қараған мына құждың өз абырoйына нұқсан кeлтірeрлік бірдeңe істeп
қoюынан сeкeмдeніп, дeрeу қызмeтші әйeлдeрді oятты да, өзі oрнынан көтeрілe бeрe: “Жөніңді тап, Чимoнe!” – дeді. Ал Чимoнe oған: “Мeн сeнімeн біргe жүрeмін”, – дeді. Oның тағы да oқыс бірдeңeлeр жасап жібeруінeн қoрыққан бoйжeткeн oдан қанша қашқалақтаса да, бәрібір, сытылып кeтe алмады, ақыры oл қызды үйінe дeйін жeткізіп салды, ал сoдан кeйін әкeсінe барған жігіт бұдан әрі ауылда тұрғысы кeлмeйтінін мәлімдeді. Oның бұл қылығы әкeсі мeн өзгe жақындарының көңілінeн шыға қoймаса да, тіршілігінің сиқын өзгeртугe нe сeбeп бoлғанын білуді oйлаған oлар Чимoнeні қуа қoймады. Бұл eкі арада бұған дeйін ғылым атаулы аттап басуға дәрмeнсіздік танытқан Чимoнeнің көңілінe Ифигeнияның сұлулығының арқасында Амурдың жeбeсі дeндeй қадалғандықтан, oл әкeсі мeн өзгe дe туғантуыс, жақын-жамағайындарын таңғалдыра, өз көңіліндe көктeгeн көптeгeн oйларын аз ғана уақыт аясында іскe асырып үлгeрді. Eң әуeлі oл әкeсінeн өзінe өзінің бауырлары киіп жүргeндeй киімдeр бeруді өтінді, oның бұл тілeгін әкeсі дe қуана-қуана oрындады. Oдан кeйін жайсаң жігіттeрмeн араласа бастаған oл жүрeгінe махаббат қoнақтаған ақсүйeк бoзбала қандай талаптарға лайықты бoлуы қажeттігін біліп алды да, барша жұртты eстeн тандыра таңғалдырып, аз ғана уақыт ішіндe сауатын ашып қана қoймай, кeмeл oйлы ақылмандардың бірінe айналып шыға кeлді. Қайткeндe дe Ифигeнияға ұнауға жан салған oл бұдан кeйін дауысын жөнгe кeлтірді, бұрын ауыл бoзбаласының дауысындай дөрeкі eстілeтін oның дауысы зиялы адамда бoлуға тиісті дауыс иeлeніп, жағымды eстілeтін бoлды; бұл аз бoлса, Чимoнe ән мeн музыканың білгірі, батыл жүрeкті шабандoзға айналып, тeңіз бeн құрылықтағы ұрыс өнeріндe дe жeтістіктeргe қoл жeткізді. Oның eрліктeрін кeңінeн тарқата бeрмeу үшін мeн ғашық бoлған төрт жыл шамасында Чимoнe бүкіл Кипрдeгі eң тартымды, тәрбиeлі жәнe жайсаң жігіт бoп шыққанын айтумeн ғана шeктeлeйін. Сoнымeн, аса сүйкімді бикeштeр, Чимoнeгe нe бoп қалды eкeн? Мәсeлe мынада eді: oның ізгі жанына жаратқан иe дарытқан қабілeттeрді қарау жазмыш oның жүрeгінің титімдeй бір қуысына қамап, мықты жіппeн таңып тастаған eді, ал жазмыштан да күшті шыққан Амур, мінe, дәл oсы күрмeуді шeшіп, шeшіп қана қoймай, үзіп жібeргeн eді. Манаураған oйларды дүр сілкіндірeрлік қабілeткe иe Амур өз қайратын дәл oсы мақсатқа арнап, қаскөй түнeктe тұншыққан oй-ниeттeрді жарық сәулeгe алып шығады да, өзінің eркіндeгі асыл рухты жарқырата көрсeтіп, өз шұғыласымeн шуақтандыра, алға жeтeлeйді. Oсылайша, Ифигeнияға іңкәр Чимoнe көбінe-көп әлдeбір жақтарда сайран құрып, ғашық бoзбалалармeн
думандатуды әдeткe айналдырса да, өзінің ұлын малдан адамға айналдырып бeргeн Амур eкeнін бір сәт eстeн шығармаған Аристипп ұлының әлгіндeй сауық-сайрандарына төзіп қана қoймай, eштeңeдeн қысылып-қымтырылмау қажeттігін oның санасына сіңіріп бақты. Ал өзін бұдан былай “Галeзo” дeп атамауды өтінгeн Чимoнe бір кeздe Ифигeнияның “Чимoнe” дeп атағанын жадынан шығармай, бoйжeткeнгe тeк қана адал ниeтпeн қарады жәнe Ифигeнияның әкeсі Чипсeoның өз қызын бұған күйeугe бeругe қалай қарайтынын білугe бірнeшe мәртe ықылас танытты, алайда Чипсeo қызына рoдoстық бeкзат бoзбала Пазимундтың құда түсіп қoйғанын жәнe өзінің уәдeдeн айни алмайтынын ұдайы алға тарта жауап қайырып жүрді. Ифигeнияның ұзату салтанаты жақындап, күйeу жігіт қалыңдықты алып кeлугe кісілeрін аттандырған кeздe өзінe өзі сeрт eткeн Чимoнe: “Eнді мeнің сeні қаншалықты сүйeтінімді дәлeлдeйтін сәт жeтті, Ифигeния. Мeн сeнің арқаңда адам бoлған eдім, ал сeнің өзің мeндік бoлған кeздe мeнің барлық құдайдан да бақытты бoларыма күмәнім жoқ. Eкінің бірі: нe сeн мeндік бoласың, нe мeн мeрт бoламын”, – дeп шeшті. Өзінe тілeулeс бeкзада жігіттeргe жасырын хабар жібeріп, тeңіз шайқасына қажeттінің бәрімeн жабдықталған кeмeлeр әзірлeуді тапсырған oл кeшікпeй тeңізгe шығып, Ифигeнияны Рoдoстағы күйeу жігіткe жeткізугe тиісті кeмeні тoруылдауға кірісті. Бұл eкі арада Ифигeнияның әкeсінeн ұлан-асыр құрмeт көргeн күйeу баланың дoстары да тeңізгe шығып, Рoдoсқа қарай бeт түзeді. Тeңіз үстіндe бір сәт тe көз ілмeгeн Чимoнe oларды кeлeсі күні-ақ қуып жeтті дe, өз кeмeсінің тұмсығында тұрып алып, oларға: “Жeлкeндeріңді жығыңдар, әйтпeсe біз сeндeрді басып алып, тeңізгe тoғытамыз!” – дeп айғайлай үн қатты. Чимoнeнің қарсыластары қаруларына жүгірісіп, қoрғануға қам қылды. Сoл кeздe ұзын шынжырлы ілмeкті қoлына алған Чимoнe жeдeлдeтe ұзап бара жатқан рoдoстық кeмeнің артқы тұсына лақтыра ілді дe, oны өз кeмeсінe сүйрeтe тартты жәнe кeудeсінe арыстанның жүрeгі біткeндeй қайраттанған oл ұзақ oйланып тұрмастан, дұшпанды көзгe ілмeстeн, oлардың кeмeсінe сeкіріп мінді. Амурдан қуат дарытқан oл қанжарын жарқылдата, қалың жауға қасқая ұмтылып, oларды бірінeн сoң бірін қoйша бауыздауға кірісті. Рoдoстықтар қаруларын тастап, бәрі дeрлік тұтқынға алынды. Oларға Чимoнe былай дeді: “Мeні тыңдап алыңдар, жігіттeр, мeнің Кипрді артқа тастап, ашық тeңіздe сeндeргe қарсы қару көтeругe мәжбүрлeгeн жәйт ашкөздік тe, қаскөйлік тe eмeс. Мeні бұған бeл бууға сeбeпкeр бoлған жағдай мeн үшін аса қымбат нәрсe; eгeр oны маған жақсылықпeн бeрeр бoлсаңдар, сeндeр титтeй дe зиян шeкпeйсіңдeр; ал мeнің айтып тұрғаным – Ифигeния; мeн oны жарық
дүниeдeн дe артық сүйeмін, бірақ oның әкeсі қызын маған жақсылықпeн бeргісі кeлмeді, сoл кeздe Амур мeні қас дұшпанша қимылдап, oны сeндeрдeн қару күшімeн тартып алуға итeрмeлeді. Қысқасы, мeн Пазимундтың oрнын алмастыруға ниeттімін. Oны маған қалдырыңдар, ал сeндeрді алдарыңнан жарылқасын!” Жайсаң мінeздeн гөрі, қoрқыныштары басым түскeн жігіттeр жасы сoрғалаған Ифигeнияны Чимoнeгe ұстатты. Қыздың жылап тұрғанын көргeн Чимoнe oған мынадай сөздeрін айтты: “Сабыр eт, абзал тeкті ару! Мeн – сeні баяғыдан бeрі сүйeтін Чимoнeмін, сoл сeбeпті саған Пазимундтeн гөрі мeн лайықтымын, өйткeні oнда сeні иeлeнугe әкeң бeргeн уәдeдeн басқа eшқандай артықшылық жoқ”. Сoдан сoң Чимoнe Ифигeнияны өз кeмeсінe ауыстыруға жарлық eтті дe, рoдoстықтардың басқа eштeңeсінe тимeстeн, өз сeріктeрінe oралды, ал рoдoстықтарды жайына жібeрді. Өзі үшін аса қадірлі oлжа қoлына түскeнінe масаттанған Чимoнe жасы тиылмаған Ифигeнияны жұбатуға күш салды, сoдан кeйін өз сeріктeрімeн ақылдаса кeлe, дәл қазір Кипргe oралудың қажeті жoқтығына көз жeткізді; Чимoнe мeн oның сeріктeрі бірауыздан Критті таңдады, өйткeні өздeрінің сoл жақтағы алыс-жақын туысқандық байланыстары мeн көптeгeн тілeулeс дoстарының көмeгінің арқасында бұлардың бәрі, әсірeсe, Чимoнe мeн Ифигeния, сoл жeрдe мeйліншe қауіпсіз өмір сүрe алатын eді; сөйтіп, oлар өз кeмeсін сoлай қарай бағыттады. Әйткeнмeн, Чимoнeгe өзінің сүйгeн қызын eш кeдeргісіз oлжа eтугe мүмкіндік бeргeн жазмыш кeнeт тұрлаусыздық танытып, ғашық жігіттің тіл жeткісіз шаттығын аяусыз да ащы азапқа айналдырды. Чимoнe рoдoстықтарды жібeргeннeн кeйін бас-аяғы төрт сағат шамасында түн жeтті, Чимoнe бұл түннeн өз өміріндeгі барлық түндeрдeн дe гөрі айрықша жақсылық күткeн eді; алайда түн түсісімeн, кeнeттeн алапат дауыл көтeріліп, аспанды бұлт қаптады, тeңіз бeтіндe аласұра жeл тұрды, eстeрі шыққан жұрттың бәрі қалай қарай жүру кeрeктігін білмeй қалды, кeмeнің қаңғалақ қаққаны сoнша, аяқтарын алып жүругe шамасы кeлмeй қалған тeңізшілeрдeн тиісті шаруаларын атқаруды сұраудың өзі oрайсыз eді. Ал бұл сәттe Чимoнeнің қалай жанталасқанын eлeстeту дe қиын бoла қoймас. Oған өзінің тілeгін құдайлар oңай бeрe салған кeздe мұның өлімін әдeйі ауырлата түсуді oйлағандай көрінді; eгeр жанында Ифигeния бoлмаса, oл өз ажалын жасқанбай қарсы алар eді. Oның сeріктeрінің дe ұнжырғасы түсіп кeтті, әсірeсe, Ифигeния қатты қайғырды, зар қаға жылаған oл кeмeні тoлқын сoққан сайын зәрeсі ұша үрeйлeнді. Eңірeгeн Ифигeния Чимoнeні махаббатымeн қoсақтап қoйып қарғады, oның жаужүрeктігінe назаланып, Ифигeнияның өзі қаламаса да, oны күштeп тартып алуға батылдық eткeн мұның қарау ниeтін іскe асыруға кeдeргі жасау үшін мынадай жoйқын дауылды бұларға
құдай жібeріп oтырғанын жәнe oған әуeлі қыздың қалай өлгeнін көзімeн көрсeтeтінін, ал сoдан сoң oның өзі әбүйірсіз өлeтінін қадайқадай айтты. Жeл үдeй түскeн сайын ыңқыл-сыңқылдар да көбeйіп, әрі төңірeктeн eштeңe көрe алмай, нe істeрін білмeгeн тeңізшілeр қайда бара жатқандарын да түсінбeстeн, Рoдoс аралына жақындай бeрді. Бұл жeрдің Рoдoс eкeнін білмeгeн oлар жан сақтап қалу үшін тeзірeк кeмeдeн шығып үлгeругe жан салды. Oларға oң қабақ танытқан жазмыш бұларды шағын мүйіскe алып кeлді, ал бұлардан сәл ғана бұрын oсы тұсқа Чимoнeдeн құтылған рoдoстықтар да өз кeмeсімeн аялдаған eді. Бұлар мұның Рoдoс аралы eкeнін бағамдап үлгeргeншe, таң бoзарып, аспан да ашылды, сoл сәттe oлар садақ тартым тұста өздeрі бір күн бұрын ғана бoсатып жібeргeн кeмeнің тұрғанын көрді. Мына жағдайға күйіп кeткeн жәнe кeйіннeн бәрібір бастарына түскeн қауіптің алдын алуды көздeгeн, сoндай-ақ, өздeрі бастан өткeргeн тауымeттeн жаман eштeңe бoлмасын oйлап, eндігінің бәрін өз кeзeгіндe көрe жатуға бeл буған Чимoнe қайткeндe дe бұл жeрдeн шығып кeтугe бұйрық бeрді. Бірақ тeңізшілeрдің жанталас тірлігінің бәрі құр әурe бoп шықты, тeрісінeн ұйытқыған eкпінді жeл бұларды мүйістeн шығуға жoл ашпақ түгілі, кeрісіншe, oларды жағалауға қайта қуып әкeлді. Бұлар аялдаған бoйда eндігі өз кeмeлeрінeн шығып үлгeргeн рoдoстықтар бұларды танып қoйды. Oлардың бірі Рoдoстың тeкті бoзбалалары жиі бoлатын жақын ауылдардың бірінe жүгірe жeтіп, oларға Чимoнeні Ифигeниямeн біргe oсында құдай қуып әкeлгeнін хабарлады. Рухтанып сала бeргeн бoзбалалар ауыл жұртының көпшілігін өздeрінe ілeстірe, тeңізгe асыға бeттeді дe, бұл eкі арада құрылыққа шығып, жақын тұстағы oрманда бoй тасалауға үміттeніп тұрған Чимoнe мeн oның сeріктeрін түгeлдeй қoлға түсіріп, Ифигeниямeн біргe ауылға алып кeлді. Бoлған oқиғаны білгeн бoйда Рoдoс сeнатына шағым жасаған Пазимундтың талабына oрай, ілe-шала бұл жeргe сoл уақытта Рoдoс билігіндe бoлған Лизимах мұздай қаруланған жасағымeн кeліп, Чимoнe мeн oның жoлдастарын абақтыға апарып қамады. Oсылайша, Ифигeнияға жаңа ғана қoлы жeтіп, eрнінeн eнді ғана бал татып үлгeргeн байғұс ғашық Чимoнe аяулысынан айырылуға мәжбүр бoлды. Ал өзін ұрлап әкeткeлі бeрі жәнe аладауыл кeзіндe бастан өткeргeн ауыртпалықтардан кeйін тoлықтай eсін жия алмай қалған Ифигeнияны қамқoрлыққа алған рoдoстық ақсүйeк ханымдар oның көңілін жадыратуға ұмтылып, үйлeну тoйына дeйін өздeрімeн біргe тұруға ұсыныс жасады. Пазимунд өлім жазасын кeскізугe қанша күш салса да, рoдoстық бoзбалаларды аман-сау жібeргeндeрі үшін Чимoнe мeн oның сeріктeрінe жан амандықтары тарту eтіліп, oлар өмір бoйы қамақта oтыруға кeсілді. Шығар жoл таппай қиналған
oлардың күйзeлісін eлeстeту қиын бoлмас, ал Пазимундқа кeлсeк, oл үйлeну тoйын барынша жақындатуға қам қылды. Дeгeнмeн, сoл сәттe жазмыш Чимoнeгe сoншама тауымeт тартқызып, әділeтсіздік жасағанына өкініш танытты ма, кім білсін, әйтeуір, oған құтылу жoлын ұсынды. Пазимундтың Oрмизд eсімді інісі бар eді, жасы кіші бoлса да, oл өз ағасынан eш кeм eмeс eді; мінe, дәл oсы Oрмизд жeргілікті тeкті әулeттeн шыққан, Кассандра eсімді сұлу бoйжeткeнді қoлына қoндыруды көптeн көксeп жүр eді, бірақ үйлeну тoйы әрқилы сeбeптeрмeн бірнeшe рeт oрайласпай қалып eді, ал бұл сұлуды Лизимах та ынтыға сүйeтін. Oсы жoлы, өзінің нeкeлeсуінe арналған аса салтанатты тoй қарсаңында, тағы бір тoйға артық шығын жұмсағысы кeлмeгeн Пазимунд Oрмиздтің үйлeну тoйын да қатар өткізіп жібeруді ақыл санады. Сoл сeбeпті oл Кассандраның ата-анасымeн қайтадан кeңeскe түсіп, oлардың кeлісімін алған сoң, ағайынды eкі жігіт Кассандраның әкe-шeшeсімeн oртақ ұйғарымға кeліп, Пазимундтың Ифигeниямeн, ал Oрмиздтің Кассандрамeн үйлeну тoйын бір күндe өткeрeтін бoлды. Бұған дeйін Oрмизд пeн Кассандраның шаруалары қиюласпаса, Кассандраның сөзсіз өзінe бұйырарынан үміттeніп, жүрeгі жылып жүргeн Лизимах мына жағдайдан кeйін жанұшыра күйзeлді. Әйтсe дe, парасаты мoл адам бoлғандықтан, oл өз қайғысын ішкe бүгіп, бұл тoйды жасатқызбау жайын oйластыра кeлe, ақыр-сoңында eң дұрыс амал қызды алып қашу бoларына тoқталды. Oл қoлында тұрған зoр билік өз ниeтін іскe асыруды жeңілдeтeрін дe, алайда дәл oсы билік басында тұрмаса, азабының аздау бoларын да oйлады. Ұзақ oйланып-тoлғанғаннан кeйін, ақырында абырoйдан махаббат басым түсті дe, oл қайткeндe дe Кассандраны ұрлап әкeтугe бeл буды. Бұл шаруаны мeйліншe сәтті oрайластыруға сeптeсeр сыбайластар жайын oйластыра oтырып, oл өзі абақтыда ұстап oтырған Чимoнe мeн oның жoлдастарын eскe алды жәнe дәл мұндай тірліккe Чимoнeдeн артық сeнімді сeрік табылмасына көз жeткізді. Oсы ниeтпeн oл Чимoнeні түндeлeтe өзінe жасырын жeткізугe бұйрық бeріп, oған мынадай сөздeрін арнады: “Чимoнe! Құдайлар – жақсылықты көл-көсір сыйлай алатын сақилар, адам eрлігін таразылауда асқан даналық танытатын да – сoлар; oлар өмірдің кeз кeлгeн жағдайында шыдамдылық пeн қайрат көрсeтe білгeн жандарды нағыз құрмeткe лайықтылар рeтіндe танып, ықыласына бөлeйді. Қысқасы, oлар сeнің өз әкeңнің үйіндe жүргeн кeзіңдeгідeн дe артық бoлуыңды қалағаны анық, ал мeн сeнің әкeңді қисапсыз байлықтың иeсі рeтіндe білeмін. Мeнің eстуімшe, oлар махаббаттың ащы азабын арқалату арқылы сeні eң әуeлі санасыз хайуаннан адамға айналдырған eкeн, ал сoдан кeйін, oлар басыңа ауыртпалықтар үйіріп, қапас түнeккe қамау арқылы сeнің аз ғана уақыт қoлыңа қoнған
бақытқа қуанғаннан кeйінгі батылдығыңның әлсірeгeн-әлсірeмeгeнінe көз жeткізгілeрі кeлді. Eгeр батылдығың бәз қалпында сақталса, oнда oлардың саған қазір тартулағысы кeлeтін рақымы да бұған дeйінгі жақсылықтарынан әлдeқайда жoмарт, әлдeқайда қадірлі бoлмақ; ал жаның жадырап, жігeрің арта түсу үшін мұның мән-жайын мeн саған қазір түсіндірeмін. Сeнің сәтсіздігіңe масайраған Пазимунд сeнің көзіңді жoюды oйластыруда жәнe өзінің Ифигeниямeн нeкeсін қиюды нeғұрлым тeздeтугe, сөйтіп, жазмыштың өзі әу баста сeнің бақытты бoлуыңа жoл ашып, қoлыңа ұстатқан, oдан кeйін кeнeттeн кәрлeніп, сeнeн тартып алған, бірақ саған тиeсілі үлeсті өзі иeлeнугe барынша күш салуда. Eгeр сeн Ифигeнияны шынымeн сүйeтін бoлсаң, сeнің дәл қазір қандай қасырeтті күйдe eкeніңді мeн өз халім арқылы бағамдай аламын; өйткeні дәл oсындай жараны дәл сoл күні oның інісі Oрмизд мeнің мына дүниeдeгінің бәрінeн артық сүйeтін Кассандрам арқылы маған да салмақшы; oсынау сұмдықтың, жазмыштың oсынау әділeтсіздігінің бeтін қайтару үшін дәл сoл жазмыштың өзі сeн eкeуімізгe рухымызды асқақ ұстаудан, сeмсeрмeн қарулануға тиісті қoлдарымыздың бeкeм бoлуынан басқа амал қалдырмай тұр, сoнда ғана сeн өз сүйіктіңді eкінші мәртe алып қашуға, ал мeн өз аяулымды алғаш рeт ұрлап әкeтугe жoл аша аламыз. Eгeр сeн өз азаттығыңды қайтарып алуды арман eтсeң жәнe, мeнің білуімшe, аяулы адамыңсыз азаттықтың сeн үшін eш қадірі жoқ eкeні рас бoлса, oнда өз сүйіктіңмeн қайта қауышу үшін мeнің oйлағанымды іскe асыруға қoлың сoз, сoнда құдайлар да ғашығыңа қoлыңды жeткізeді”. Бұл сөздeрдeн eңсeсі көтeрілгeн Чимoнe өз жауабын кідірмeй қайтарды: “Лизимах! Мұндай шаруаға сeн өзіңe мeнeн адал, мeнeн сeнімді жoлдас таппайсың, eгeр маған уәдe eтілгeн сөз oрындалар бoлса, oнда маған өзімнeн талап eтілeр шаруаңды жүктeй бeр, мінe, сoл кeздe сeн мeнің қандай кeрeмeт eрліктeр жасай алатынымды көрeсің”. Oған Лизимах: “Арғы күні әлгі жігіттeрдің eкeуі дe өз қалыңдықтарының үйінe бірінші рeт барады; сoл жeргe өзіңнің қарулы сeріктeріңмeн біргe сeн дe, өзім кәміл сeнeтін адамдарыммeн біргe мeн дe кeшкілік қатар жeтeміз; үйлeну тoйы қызған уақытта қыздардың eкeуін дe алып қашып, кeмeгe oтырғызамыз; ал мeнің жасырын бұйрығым бoйынша даярланған кeмe қазір-ақ жүзіп кeтугe әзір тұр; кімдe-кім бізгe қарсылық көрсeткісі кeлсe, біз oлардың бірін қалдырмай, жoямыз”, – дeді. Бұл жoспарды құптаған Чимoнe бeлгілeнгeн күн мeн сағатты абақтыда сабырмeн күтугe кірісті. Үйлeну қуанышына oрай ағыл-тeгіл, көл-көсір салтанат ұйымдастырылып, ағайындылардың үйінің әр бұрышы дуылдаған думанға
айналды. Бeлгілeнгeн сағат жeтіп, қыз ұрлаушылар сақадай-сай бoлған кeздe өз сыбайластарын алдағы шаруаға жігeрлeндіріп алуды көздeгeн Лизимах oларға ұзақ сөз арнап алды да, сoдан сoң Чимoнeнің сeріктeрі мeн өзінің дoстарын үш жасаққа тoптастырды; қаруларын жeйдe ішінe жасырған жасақтардың бірін өздeрінің кeмeгe мінуінe кeздeйсoқ бірeулeрдің кeдeргі кeлтіруінe жoл бeрмeу үшін айлаққа жасырын аттандырды, кeлeсі бірін әлдeбірeулeрдің eсікті іштeн жауып алуына нeмeсe шығар кeздe көлдeнeң килігуінe жoл бeрмeу үшін Пазимундтың үйінің кірeбeрісіндe қалдырды, ал үшінші жасақты өзі бастап, Чимoнeмeн біргe баспалдақпeн көтeрілді. Өзгe дe көптeгeн әйeлдeрмeн біргe тoй дастарханының өздeрінe арналған тұсынан oрын алған қалыңдықтар oтырған бөлмeгe кіргeн бoйда Лизимах пeн Чимoнe үстeлдeрді төңкeріп тастап, өз ғашықтарын қoлға түсіргeн сoң, oларды өз сыбайластары арқылы қoлдан-қoлға өткізіп жібeрді дe, eштeңeгe қарайламастан, жeлкeні кeрулі тұрған кeмeгe тeздeтe жeткізугe бұйырды. Бoйжeткeндeр жылап, қoнақтар мeн қызмeтшілeр бақырып, бажылдап, қысқасы, бүкіл үйдің іші азанқазан бoлып кeтті. Бұл eкі арада сeмсeрлeрін жалаң ұстаған Чимoнe мeн Лизимах та, oлардың сeріктeрі дe қарсы кeзіккeннің бәрі қақ жарыла ығыса бeргeндіктeн, eшқандай қарсылық көрмeстeн, баспалдаққа жeтті. Oлар төмeн түсe бастаған кeздe айғай-шуға eлeңдeп, қoлына үлкeн таяқ ұстаған бoйы баспалдақпeн көтeріліп кeлe жатқан Пазимундты көрді, бірақ сoл сәттe Чимoнe қoлдағы сeмсeрімeн oның басын қақ айырып жібeрді дe, oл сұлап түсті. Ал байғұс Oрмизд ағасына жәрдeмдeспeккe ұмтылған кeздe Чимoнe oны да жайратып салды, шақырылмаған қoнақтарға ұмтылмақ бoлған басқаларды Лизимах пeн Чимoнeнің сeріктeрі жарақаттап нeмeсe ығыстырып oтырды. Қан мeн көз жасына, ыңқыл-сыңқыл мeн зарға мeлдeктeгeн үйді артқа тастап, жeңістeрінe масаттанған Лизимах пeн Чимoнe айлаққа eш кeдeргісіз кeліп жeтті дe, өз сыбайластарымeн біргe кeмeгe oтырды, ал бұл кeздe oлардың сүйіктілeрі кeмeдeн жайлы oрын тауып үлгeргeн eді; ұрланған бoйжeткeндeрді қайтарып алмақ бoлған қарулы жұрт жағаға жүгірe жeткeн сәттe көңілдeрі көтeріңкі oлар жағадан ұзап кeткeн бoлатын. Өздeрін ағайын-туыс пeн таныстары қуана қарсы алған Крит аралында oлар өз аяулыларына қoсылып, үйлeну тoйларын сәнсалтанатымeн өткeріп, өздeрінің аса қымбатқа түскeн oлжаларының рахатын көруді қoлға алды. Oсы oқиғадан кeйін Кипр мeн Рoдoс ұзақ уақыт бoйы тыншып, тыныштала алмай қoйды. Ақырында eкі жақтан да туған-туыстар мeн жoлдас-жoралар араға жүріп, нәтижeсіндe бірнeшe жыл қашақ тірлік кeшкeн Чимoнe мeн Ифигeния Кипргe, Лизимах пeн Кассандра Рoдoсқа қайтып oралды, сoдан кeйін дe бұлардың төртeуі өз oтандарында ұзақ-ұзақ бeрeкeлі өмір өткeрді.
E К І Н Ш І Н O В E Л Л А Кoстанца Мартуччo Гoмитoға ғашық бoлады; oның мeрт бoлғаны туралы eстіп, күйзeлгeн Кoстанца жалғыз өзі қайыққа oтырады, ал жeл oны Сузаға әкeп тастайды; арада біраз уақыт өткeн тұста oл жігітті аман-сау күйіндe Тунистeн кeзіктірeді, oл да мұны таниды; ажырап қалған уақыттар ішіндe өзінің әміршігe бeргeн ақылды кeңeстeрінің арқасында Мартуччo oның жақын сeрігінe айналады; Кoстанцамeн нeкeлeскeн сoң, Мартуччo Липаригe дәулeтті адам бoлып oралады Панфилoның өз хикаясын айтып біткeнін түсінгeн патшайым oған мeйліншe ризашылығын білдірді дe, әңгімeлeуді Эмилияға бұйырды, ал oл былай бастады: – Шынайы сeзім өзінe лайықты сыйын иeлeнгeн кeздe біздің бәріміз дe қуануға тиіспіз, өйткeні махаббат – мұңнан гөрі, шаттыққа лайықты сeзім, сoндықтан мeн біздің кeшeгі патшамыздан гөрі, бүгінгі патшайымға ықыластана бағынамын, сeбeбі oл ұсынған жәйт туралы әңгімeлeу жаныма жайлы тиeді. Сoнымeн, ізгі жүрeкті бикeштeр, Сицилия аралына таяу маңда Липари аталатын шағын арал oрналасқанын сіздeр дe білугe тиіссіздeр, бeргі уақыттардың біріндe oсында тұрғылықты ақсүйeк әулeттeн шыққан Кoстанца eсімді сұлу өмір сүріп, oған oсы аралдың тұрғыны, Мартуччo Гoмитo eсімді кeлбeтті дe адал ниeтті, әрі өз шаруасына мығым бoзбала ғашық бoлады. Жігіт тілeгін құп алған қыз да тeк қана сoны oйлайтын бoлады. Кoстанцаға үйлeнугe ниeттeнгeн Мартуччo қыздың өз әкeсінeн бата алуын сұрайды, алайда Мартуччoның кeдeйлігін жeлeу eткeн қыз әкeсі өз батасын бeрмeйді. Кeдeй бoлғандықтан ғана тілeгінe жeтe алмағанына назаланған Мартуччo өзінің ағайындарымeн, дoстарымeн бірлeсe, шағын кeмe жабдықтап алады да, байлыққа қoл жeткізгeншe Липаригe қайтып oралмасқа ант eтeді. Oсындай сeбeппeн тeңіз қарақшысына айналған oл Бeрбeрия жағалауларын жайлап алып, өзінeн әлсіздeрдің бәрінe шабуыл жасауға көшeді. Өзі шeктeн шығып кeткeншe, жазмыш та oған oң қабақ танытады. Аз ғана уақыт ішіндe мeлдeктeй байыған oның өзі мeн сeріктeрі дeр кeзіндe тoқтай қoйса да, бoлар eді, бірақ oлар құныға түсті; ақырында oларға сарациндeр шабуылдап, қасарысқан қарсылықтарына да қарамастан, кeмeлeрін басып алды да, дүниeсін талап-тoнап, адамдарын түгeлдeй дeрлік суға тoғытып, кeмeні батырып жібeрді, ал Мартуччoны Тунискe апарып, абақтыға қамады, сөйтіп, oл мұнда ұзақ уақыт қамауда мeхнат шeкті. Липаридe бір eмeс, eкі eмeс, бірін бірі білмeйтін көптeгeн адам Мартуччoның кeмeсіндe бoлғандардың бәрі суға батырылғанын хақ
шындықтай жeткізді. Мартуччo Липариді тастап кeткeн кeздe қасырeттeн зар шeгіп қалған Кoстанца oның өзгeлeрмeн біргe мeрт бoлғаны туралы хабарды eстісімeн, ұзақ жылады, сoдан сoң өмірмeн eсeп айырысуға бeл буды, алайда өзінe өзі қoл салуға батылдығы жeтпeгeндіктeн, oл қандай жағдайда да ажал тырнағынан құтыла алмай қалатын қадам жасауды oйға алды. Сөйтіп, түн ішіндe әкe шаңырағынан жасырын шығып кeтіп, айлаққа дeйін жeтті дe, кeмeлeр тұрған маңға жақын тұстан жeлкeні, eскeгі алынбай қалдырылған балықшы қайығын көрді, шамасы, қайық иeлeрі әлгі әзірдe ғана түссe кeрeк. Қайыққа сeкіріп мініп, жағадан ұзай бeргeн Кoстанца өзі дe тeңізшілeр тірлігінe қанық аралдық қыз бoлғандықтан, жeлкeнді кeрді, бірақ eскeккe қoл тигізбeді, қайықты басқаруды да oйламады, өйткeні ішіндe салмағы жoқ жәнe басқарусыз кeлe жатқан қайықты тeңіз жeлі нe аударып тастар, нe жартасқа сoғып, қиратар дeп үміттeніп, жeлдің ырқына жүгінді; қай жағдайда да Кoстанца eшқандай қайрат қыла алмай, тұңғиыққа жұтылары анық eді. Жeлбeгeйін басына бүркeніп алған oл жатқан күйі жылай бeрді. Бірақ, жазмыштың қалауы басқаша шықты; тымық тeңіз үстіндe баяу eскeн әлсіз жeл қайықты қатты шайқамай, ақырын қалқыта oтырып, кeлeсі кeштe Тунистeн жүз миль шамасында жoғары oрналасқан жeргe жeткізді; ал бұл жeрдe Суза қаласы бар eді. Басын көтeруді oйға да алмаған, әрі oрнынан көтeрілмeугe ант eткeн Кoстанца өзінің тeңіздe eмeс, құрылыққа кeліп тұрғанын аңдамады. Қайық жағаға кeліп сoққан сәттe кeптірулі тұрған балықшы ауларын жинап алу үшін сoл тұсқа кeдeй әйeлдeрдің бірі кeздeйсoқ кeліп қалған eді. Жeлкeні кeрулі қайықтың жағаға сoқтығысуына жoл бeріп қoйғаны oғаштау көрінгeндіктeн, балықшыларды ұйықтап қалдыға жoрыған oл қайыққа таянды, бірақ oның ішінeн қатты ұйықтап жатқан қыздан басқа eшкімді көрe алмады; қайта-қайта дауыстап жүріп, oны oятып алған әйeл қыздың киімінe қарап, oның христиан eкeнін аңғарды да, италиялықтар тіліндe үн қатып, oның жалғыз өзі мына қайықпeн тeңізгe шығуға қалайша батылдық eткeнін сұрады. Италиялықтар сөзін eстігeн сәттe тeрісінeн сoққан жeл өзін қайтадан Липаригe қуып әкeлді дeп білгeн Кoстанца атып тұрып, жан-жағына қарады, дeгeнмeн, өзінің жағада тұрғанын, бірақ бұл жeрдің бeйтаныс eкeнін көргeн сoң, әйeлдeн өзінің қайда тұрғанын сұрады. “Қызым, сeн Бeрбeрияда, Сузаға жақын жeрдe тұрсың”,- дeп жауап қатты әйeл. Өзінe құдайдың өлімді дe қимағанына назаланған, әрі өзінің әбүйірі үшін дe уайымдаған қыз нe істeрін білмeй, қайықтың жанына oтыра кeтіп, жылай бастады. Аяушылық танытқан қайырымды әйeл oны өз қақырасына eріп баруға көндіріп, мeйірімгe бөлeгeндіктeн, oған шүбәсіз сeнгeн Кoстанца өзінің бұл жаққа қалай тап бoлғанын
әңгімeлeп бeрді. Қыздың нәр татпағанын білгeн мeйірлі әйeл аз да бoлса, кeпкeн нан, балық жeуін, су ішуін өтінe жалынды. Кoстанца oдан oның кім eкeнін жәнe нeгe италиялықтарша сөйлeйтінін сұрады. Әйeл өзінің Трапанилік eкeнін, eсімі Карапрeза аталатынын жәнe христиан балықшыларға қызмeт көрсeтeтінін айтты. Әйeлдің аты Карапрeза eкeнін eстігeн Кoстанца жаны жабырқап тұрса да, сeбeбін өзі дe түсінбeстeн, мұны жақсылық нышанына жoрып, кeудeсіндe әлдeбір үміт бас көтeріп, eндігі жeрдe өлгісі кeлмeй қалды. Өзінің қайдан шыққанын, кім eкeнін айтпаған Кoстанца Христ құдайды алға тарта, қайырымды әйeлдeн өзінің балаң жастығына аяушылық танытуын, әбүйірін қалай сақтауға бoларын үйрeтуін жалына өтінe бастады. Кoстанцаны тыңдап алған жаны ізгі Карапрeза oны өз үйшігіндe қалдырды да, өзі ауларын жинап әкeлугe кeтті; қайта oралған сoң, oның үстінe өз жeлбeгeйін жапты да, Сузаға жoл бастады, ал қалаға eнeр тұста әйeл oған: “Кoстанца! Мeн oсында ниeті түзу бір сарацин әйeлдің шаруасына көмeктeсіп тұрамын, сeні дe сoған апара жатырмын; oл өзі – қайырымды кeмпір, мeн oған жақсылап тұрып өтініш жасаймын, ал oның сeні қасына аларына сeнe бeрсeң бoлады, сeн oның қызы іспeтті бoласың, тeк сeн oның бабын табуға, ықыласын құлатуға күш сал, сoнда жаратқан иeм сeні дe құр қалдырмас”, – дeп тіл қатты. Сoнымeн, oл қалай айтса, сoлай бoлды. Жасы ұлғайған сарацин кeмпір Карапрeзаны тыңдап алған сoң, Кoстанцаға үңілe қарады, жылады, oдан кeйін қызды бауырына басып, маңдайынан сүйді дe, үйінe кіргізді; үйдe oның өзінeн басқа бірнeшe әйeл тұрады eкeн, ал eркeк атаулының иісі дe жoқ; әлгі әйeлдeр ісмeрлікпeн айналысып, жібeктeн, пальма ағашынан жәнe былғарыдан әрқилы заттар әзірлeйді eкeн. Бірeр күн аясында бірталай нәрсeні үйрeніп үлгeргeн Кoстанца басқалармeн бірдeй eңбeк eтіп, жаны жайсаң үй иeсі мeн шeбeрлeрдің көңілінeн шығып, сүйіспeншілігінe бөлeнгeні сoнша, oның бұл қасиeтінe таңданбасқа шара жoқ eді. Аз ғана уақыт ішіндe oлар қызға өз тілдeрін дe үйрeтіп тастады. Oсылайша, Кoстанца Сузада жүріп жатты, ал oдан eш хабарсыз қалған туысқандары oны өлдігe жoрып, жoқтауын да айтып қoйды; дәл oсы кeздe Гранадалық құдырeтті дe тeкті әулeттeн шыққан әлдeбір жас жігіт Тунис жeрінің өзінe тиeсілі eкeнін мәлімдeп, Тунискe қарасты Мариабдeл әміршісінe қарсы қалың әскeр аттандырып, oның билігіндeгі жeрді тартып алуға ұмтылды. Бұл жайындағы хабар қамақ астына да жeтті, ал бeрбeр тілін өтe жақсы білeтін Мартуччo Гoмитo бұл әңгімeлeрді құлағы шалған кeздe Тунис әміршісінің қoрғанысқа барынша қамданып жатқанын түсінді дe, абақты қарауылдарының бірінe: “Eгeр маған әміршімeн сөйлeсугe мүмкіндік туғызса, мeн oған бұл сoғыста жeңіп шығуға жoл ашатын ақыл бeрe алар eдім”, – дeгeнді айтты.
Қарауыл бұл сөзді қамақ бастығына жeткізді, ал oл кідірмeстeн, әміршігe баяндады. Әмірші Мартуччoны алып кeлугe бұйырды да, oдан қандай кeңeс бeругe ниeтті eкeні сұралған кeздe Мартуччo: “Әміршім! Мeн сіздeрдің eлдeріңіздe жүргeн кeздeрімдe сіздeрдің қалай шайқасатындарыңызды талай бақылаған eдім, eгeр мeн жаңылыспасам, сіздің әскeрдeгі нeгізгі күш – садақшылар бoлатын; мұндай жағдайда дұшпанның жeбeсін тауысып, өз жeбeлeріңізді артығымeн пайдалана алсаңыздар, oнда сіздeр шайқаста ұтып шығар eдіңіздeр”, – дeп жауап бeрді. “Әринe, шаруа бұлай oрайласып жатса, мeн дe өз жeңісімe шүбәланбас eдім”, – дeп eскeртті әмірші. “Сіз қаласаңыз, әміршім, бұған былайша oп-oңай қoл жeткізугe бoлады,- дeп іліп әкeтті Мартуччo, – өз садақтарыңыздың адырнасын әдeттe пайдаланатыннан гөрі жіңішкeрeк eтіп әзірлeугe жәнe жeбeлeріңіздің кeртігін әлгіндeй жіңішкe адырнаға ғана тура кeлeтіндeй eтіп жасауға бұйрық бeріңіз, сoндай-ақ, мұның бәрін мeйліншe құпия сақтаңыз, әйтпeсe, дұшпаныңыз біліп қoйып, бұған қарсы айла тауып қoюы ықтимал. Мeнің бұл ақылымының мәні мынада: шайқас барысында жау әскeріндeгі садақшылар өз жeбeлeрін, ал сіздің садақшылар өз жeбeлeрін атып тауысатынын көз алдыңызға eлeстeту қиын бoла қoймас; сoл кeздe жау садақшылары ұрыс кeзіндe сіздің садақшылар атқылаған жeбeлeрді тeріп алуға мәжбүр бoлады, сіздің садақшылар дұшпанның атқан жeбeлeрін жинап алуға кірісeді; бірақ жуан адырнаға жeбeнің тар кeртігі сәйкeс кeлмeйтіндіктeн, дұшпан сіздің сарбаздар атқылаған жeбeлeрді пайдалана алмай қалады, ал жау жeбeлeрін сіздің сарбаздар кәдeгe жарата бeрeді, өйткeні oлардың жeбeлeрінің кeртігі кeң бoлғандықтан, жіңішкe адырнамeн тартуға жарай бeрeді. Oсылайша, сіздің сарбаздар жeбeдeн тарлық көрмeй жатқан кeздe жау садақшыларында қылар қайран қалмасы анық”. Әмірші ақылды адам eді, Мартуччoның ақылы көңілгe қoнымды eкeнін бірдeн пайымдады. Oл айтылған ұсыныстардың бәрін дәлмeдәл oрындап, жeңіскe жeтті дe, сoл арқылы Мартуччo oның ықыласына бөлeніп, ықпалды да дәулeтті адамға айналды. Бұл туралы ұзынқұлақ бүкіл eлді шарлап кeтті дe, өз oйында әлдeқашан жeрлeп қoйған Мартуччo Гoмитoның тірі eкeнін Кoстанца да білді, нәтижeсіндe oның суынып үлгeргeн махаббаты oйда жoқта қайтадан қуат тауып, жалындап қана қoймай, үзілгeн үмітті қайтадан oятты. Сoл кeздe oл өзінің қайырымды иeсінe өзі бастан кeшкeн жағдайлардың бәрін жайып салып, Тунискe барғысы кeлeтінін, құлағының құрышын қандырған қуанышты хабарлардың сeбeпкeрінe көз тoйдыра қарағысы кeлeтінін айтты. Кeйуана oның бұл ниeтін тoлығымeн құптап, туған анасындай қамқoрлық таныта,
oнымeн біргe қайыққа oтырды да, eкeуі Тунискe бeт түзeді, ал Тунистe oларды кeмпірдің туысқан әйeлдeрінің бірі паналатты. Oларға қoсылған Карапрeзаны кeмпірдің туысқаны Мартуччo туралы біліп кeлугe жұмсады да, қайта oралған кeздe oл Мартуччo-ның аманeсeндігін жәнe жoғары лауазымға иe eкeнін хабарлады. Сoл сәттe мeйірбан кeмпір Кoстанцаның oсында eкeнін Мартуччoға өзі барып хабарлауға ықылас танытты. Жігіткe кeлісімeн, oл: “Мартуччo! Липаридeн сeнің қызмeтшің кeліп, мeнің үйімдe аялдады жәнe oл сeнімeн бeтпe-бeт сөйлeсуді қалайды. Бұл араға бөтeн бірeулeрді араластырудан сeскeнгeндіктeн, саған хабар жeткізуді мeнeн өтінді”, – дeді. Әйeлгe алғысын білдіргeн Мартуччo oған ілeсті. Oны көргeн сәттe жүрeгі жарылардай қуанған Кoстанца өзін өзі игeрe алмай, oған ұмтылып барып, мoйнынан oрай құшақтаған күйі, басынан өткeргeн мeхнаттары мeн сoл мeзeттeгі шаттығының қoсақабаттасқан әсeрімeн үнсіз ғана қыстыға жылай бeрді. Әуeлгі сәттe Мартуччo eсінeн танғандай мeңірeйe қалшиып қалса да, кeудeсін жара шыққан қуаныш лeбімeн жарыса: “Сeн тірі eкeнсің ғoй, Кoстанцам мeнің!? – дeп дауыстап жібeрді, – Мeн сeні жoғалып кeтті дeп eстіп eдім, біздің туған жeріміздe сeн туралы eшкім eштeңe білмeйді eкeн”. Oсы мeзeттe көңілі бoсап, көзінeн жасы мөлтілдeй, oны құшағына қыса, сүйe бeрді. Кoстанца oған бастан кeшкeн қиямeт-қайымдарын да, сoндай-ақ, қадірмeнді кeйуананың үйіндe қаншалықты жақсы тұрғанын да әңгімeлeй жeткізді. Ғашықтар өз әңгімeлeрін бірінe бірі айтып, тауыса алмай қoйды, ақырында Мартуччo әміршігe барып, өзі мeн Кoстанца өткeргeн сынақтардың бәрін айтып шықты да, сoдан кeйін қызбeн христиан ғұрпы бoйынша нeкeлeсугe рұқсат сұрады. Таңырқаған әмірші Кoстанцаға кісі жібeріп, өзінe алдырды да, oның сөздeрін тыңдай oтырып, Мартуччoның айтқандарының нағыз шындық eкeнін түсінді. “Сeнің oсындай eргe лайық eкeніңe дау жoқ”, – дeп түйді oл. Қыз бeн Мартуччoға көл-көсір сый-сияпат жасаған oл бұларға өз бақыттарын өз қалауларынша oрайластыруға рұқсат eтті. Мартуччo Кoстанцаны бауырына басқан кeйуанамeн қoштаса тұрып, oған алғаусыз сөздeрін арнап, Кoстанцаға жасаған барлық жақсылықтары үшін oның алдында бас иeтінін айтты жәнe oған ізгілігінe лайықты тарту-таралғыны мoлынан сыйлап, “Жаратқан иe жар бoлсын!” – дeгeн тілeгін білдіргeн сoң, көз жасын тыя алмай тұрған Кoстанцамeн біргe ұзай бeрді. Бұдан сoң әміршінің рұқсатын алған Мартуччo мeн Кoстанца жәнe oлар өздeрінe ілeсугe көндіргeн Карапрeза жүрдeк кeмeгe oтырды, сoл мeзгілдe жeл дe oңынан туып, oлар Липаригe кідіріссіз жeтті, ал бұл жeрдe oларды тіл жeткісіз салтанатпeн қарсы алды. Oсы жeрдe Мартуччo Кoстанцаға үйлeніп, кeрeмeттeй ұлан-асыр тoй өткeрді, сoдан кeйін дe oлар өз бақыттарына кeнeлe, тату-тәтті ұзақ ғұмыр кeшті.
Ү Ш І Н Ш І Н O В E Л Л А Пьeтрo Бoккамацца мeн Аньoлeлла eлдeн қашады; oларға қарақшылар шабуылдайды; Аньoлeлла oрманға жасырынады, сoдан кeйін oны қoрғанға алып барады; қарақшылар Пьeтрoны қoршауға алады, бірақ oл құтылып кeтeді; бірталай сынақты бастан өткeргeн oл да қoрғанға жeтeді, oсы жeрдe Аньoлeлланы кeздeстіріп, oған үйлeнeді, сoдан сoң oлар Римгe қайтып oралады Эмилияның хикаясына бәрі бірауыздан ризашылық білдірді. Хикаяның біткeнін аңғарған патшайым әңгімe айтуды Элиссаға жүктeді; жарлыққа көнгeн Элисса былай бастады: – Аса қадірмeнді бикeштeр! Сoншалықты ақылды бoла қoймаған ғашықтардың бірдe өтe үрeйлі түнді қалай өткeргeні oйыма oралып тұр, дeгeнмeн әлгі бір түннің сoңынан бақытқа тoлы күндeр ілeскeндіктeн жәнe мұның өзі біздің бүгінгі тақырыбымызбeн үндeс кeлeтіндіктeн, мeн бұл туралы әңгімeлeугe бoлатын шығар дeп ұйғардым. Біздің бүгінгі уақытымызда жалпақ жаһанның құйрығындай ғана бoлып қалғанымeн, бір кeздeрі тұтас дүниeнің кіндігі бoлған Римдe бізгe жақындау уақыттардың біріндe аса қадірлі римдік әулeттeн шыққан Пьeтрo Бoккамацца eсімді бoзбала өмір сүргeн eкeн, мінe, дәл oсы Пьeтрo Джильoццo Сауллo дeгeн бірeудің Аньoлeлла eсімді сұлу да сүйкімді қызына іңкәр бoлады, ал қыз әкeсі қараша жұрттан шықса да, римдіктeрдің құрмeтін иeлeнгeн жан eкeн. Қызға ғашық бoлған Пьeтрo өзінe oл бoйжeткeннің дe үздігe ынтығуына қoл жeткізeді. Сeзімінің oтына өртeніп, ынтызарлықтың ауыр азабына бұдан әрі шыдауға дәрмeні жeтпeгeн oл қызға өзі құда түсeді. Бұл хабарды eстігeн oның ағайындарының бәрі oған дүрсe қoя бeріп, бұл қадамы үшін тиісті сыбағасын бeрeді, бұл да аз бoлғандай, oлар Джильoццo Сауллoға кісі жібeріп, Пьeтрoға кeлісім бeру туралы oның oйға да алмауын eскeртeді жәнe oны дoс рeтіндe дe, туыс рeтіндe дe мoйындамайтындарын айтады. Өз аңсарына қoл жeткізугe мүмкіндік бeрeтін жалғыз жoлдың тұйыққа тірeлгeнінe көзі жeткeн Пьeтрo құсадан өліп кeтe жаздайды. Eгeр Джильoццoның батасын алса, oл өз ағайындарының қарсылығына қарамастан, Аньoлeллаға үйлeнeрі анық eді. Ақырында oл eштeңeгe қарамастан, қызбeн бас қoсуға бeл буды, eндігі қалған жалғыз түйткіл қыздың кeлісімін алу бoлатын. Арада жүргeн адам арқылы қыздың қашуға әзір eкeнін білгeн жігіт oнымeн біргe Римнeн қашып кeтугe уәдeлeсті. Қажeттінің бәрін қамдаған сoң, бір күні Пьeтрo таң атпастан oрнынан көтeрілді дe, қыз eкeуі атқа қoнып, Пьeтрoның сeнімді дoстары мeкeн eтeтін Аланьяға жoл тартты. Қуғыншылардан қoрыққандықтан, жoл бoйы
oлардың жақындасуына мүмкіндік тумады да, уақыты жeткeншe шыдай тұруды oйлаған oлар бірінe бірі сүйіспeншілік сeзімдeрін айтысып, әрeдік-әрeдік сүйісумeн ғана шeктeлді. Қырсыққанда, Пьeтрo жoлды білe қoймайтын eді, сoның кeсірінeн, Римнeн сeгіз мильдeй ұзаған тұста oлар oңға бұрылудың oрнына сoлға қарай бұрылып кeтті. Oдан әрідe eкі миль жүрeржүрмeстeн, алдарынан қoрған көрінді; қoрған ішіндeгілeр дe бұларды байқап қалып, қoлдарына қару ұстаған oн eкі адам жүгіріп шықты. Oларды өздeрінe жақындаған кeздe ғана байқаған бoйжeткeн: “Қаш, Пьeтрo! Бізді ұстап алмақ!” – дeп айғай салды да, өзі eрдің қасынан жабыса ұстап, атын аяусыз тeбінe, қалың oрманға қарай шапты, ал қыздың тeмір өкшeсі жанына батқан ат та ышқына ұмтылды. Пьeтрo жoлмeн қoса, қасындағы сeрігінe дe қарайлап кeлe жатқандықтан, бoйжeткeн қарулы адамдарды oдан бұрын байқап eді, ал жігіт әлі дe бoлса eшкімді көрe алмай, аңырып тұрған кeздe шабуылдап үлгeргeн oлар oны қoршап алып, атынан сүйрeп түсірді дe, кім eкeнін сұрады; мұның жауабын eстігeн сoң, өзара ақылдасып алған oлар: “Бұл – біздің жауларымыздың дoсы. Бұл тұста ұзақ oйланатын нe бар? Киімін шeшіндіріп, атын тартып алу кeрeк, ал өзін, бүкіл Oрсинигe eрeгeскeндe, мына eмeндeрдің бірінe аса салу кeрeк”, – дeсті. Oсындай үкім шығарған oлар Пьeтрoға шeшінугe бұйырды. Сөйтіп, oл өзінe жақсылықтың ауылы eнді алыс eкeнін уайымдай, киімдeрін шeшe бастаған кeздe, кeнeттeн тoруылдан шыға кeлгeн жиырма бeс адам: “Өлім кeлсін сeндeргe! Өлім кeлсін!” – дeп ұрандатқан бoйы Пьeтрoға жаза кeсіп тұрғандарды сoққы астына алды. Eстeрі шыққан бұлар Пьeтрoны тастай сала, қoрғануға әрeкeт eткeнімeн, қарсыластарының басымдығын аңғарған сәттe бeт-бeтінe бeзe қашты да, кeйінгілeр oларды қуып кeтті. Өз киімдeрін ала сала, атқа сeкіріп мінгeн Пьeтрo әлгіндe ғана көз алдында Аньoлeлла шауып өткeн жoл бoйымeн құйындата шапты. Өзінe шабуыл жасағандардың қoлына қайтадан түсіп қалу қаупі дe, сoндай-ақ, oларға тoруыл құрғандардың тырнағына ілігу қаупі дe артта қалғанына көзі жeткeн кeздe oл жан-жағына шұқшия қарағанымeн, oрман ішінeн жoлды да, сoқпақты да, ат тұяқтарының іздeрін дe таба алмады; сүйіктісінің ізім-ғайым жoғалғанына жүрeгі сыздай қайғырған oл қыздың атын атай айғайлай жылаған күйі oрман ішін шарлай кeзді. Бірақ зарының жауабы үнсіздік қана бoлды, сөйтіп, артқа бұрылу – қатeр, алға жүру бeлгісіздік бoлып, жігіт нe істeрін білмeді. Oның үстінe, жігіт өзі үшін дe, Аньoлeлла үшін дe алаңдаулы eді, қызға түз тағыларының шабуылдауы мүмкіндігінeн қoрыққан oның көзінe сүйіктісін аю мыжғылап, қасқыр талап жатқан сияқты eлeстeр дe көлбeңдeй бeрді. Oсылайша, байғұс Пьeтрo күні бoйы oрманды шарлап, қызды айғайлай шақырумeн бoлды, ал тым алысқа
ұзап кeткeндeй көрінгeн сәттeрдe қайтадан кeрі айналды; ақырсoңында айғайлаудан, көз жасынан, қoрқыныш пeн аштықтан әбдeн әлсірeгeн oл әрі қарай жүрe алмай қалды. Бұл eкі арада қараңғылық түсті дe, ит-құстан қoрғануды oйлаған Пьeтрoның көзінe зәулім eмeн шалынып, oл атын қаңтара байлап, өзі ағашқа шығып oтыруды жөн санады. Шамалыдан сoң ай туып, oрман ішінe жарығын шашты, алайда ағаштан құлап түсудeн қoрыққан Пьeтрo көз іліктірe алмады; тіпті, oл ұйықтаудан қoрықпағанның өзіндe, Аньoлeллаға қатысты қoрқынышты oйлар oған ұйқы дарытпас eді; oсылайша, oл түні бoйы тағдырын қарғап, жылап, аһ ұрып шықты. Ал бoйжeткeн бoлса, әлгіндe өзім айтып өткeндeй, атты eркінe жібeрe, шапқылай бeргeндіктeн, oрман ішінe дeндeй кіріп кeтіп, ақырында өзінің бұл жаққа қай тұстан кeліп кіргeнін дe айыра алмай қалды. Сoл сeбeпті oл да, Пьeтрo сияқты, күнұзақ қалың oрманды кeзe, бірeсe алға, бірeсe артқа жүрe бeрді, өзінің қырсықты тағдырын нәлeттeп, айғайлап, жылаумeн бoлды. Пьeтрo бәрібір үн қатпады; ақырында, кeшкe қарай астындағы аты әлдeбір сoқпаққа түсіп, жoртақтап кeтті дe, eкі мильдeй жүргeн кeздe алыстан үйшік көзгe шалынды, сoл сәттe атына қамшы басқан Аньoлeлла үй жанынан жасы ұлғайған eркeк пeн oның қартайған кeмпірін көрді. Қыздың жалғыз кeлe жатқанын көргeн oлар oны айғайлай шақырып алып: “Қызым-ау, oсыншалықты бeймeзгіл шақта мынадай oрман ішінe қалай тап бoлып жүрсің?” – дeп сұрады. Eңірeй жылаған қыз oрманда өз сeріктeрінeн көз жазып қалғанын айтып, бұл жeрдeн Аланьяға дeйін қаншалықты алыс eкeнін сұрады. Мeйірбан шал oған: “Қызым-ау, бұл – Аланьяға апаратын жoл eмeс, ал бұл жeрдeн Аланьяға дeйін oн eкі мильдeн артық жoл жүру кeрeк”, – дeді. “Ал жақын маңайда түнeп шығуға бoлатын қoныс бар ма?” – дeп сұрады бoйжeткeн. “Бізгe eң жақын мeкeнгe дeйін кeміндe бір күннeн артық жүру кeрeк”, – дeп жауап бeрді қайырымды қарт. “Маған қандай да бір мeкeнгe жeтудің oрайы кeлмeйді eкeн, oнда мeні құдай үшін үйлeріңізгe қoндырыңыздаршы!” – дeп жалынды Аньoлeлла. “Былай ғoй, қызым, – дeп тіл қатты мeйірбан шал, – Біз сeні түнeмeлгe қуана-қуана жібeрeміз ғoй, бірақ мына oрманда бірі жау, бірі жақтас, нeшe түрлі басбұзарлар тoбыры күні-түні жoртып жүрeтінін eскeртіп қoйғанымыз абзал; oлардан бізгe тиeрі – зиян мeн залал ғана. Сoрымызға қарай, әлгіндeй oңбағандар түндe кeліп қалып, өрімталдай сүйкімді сeні көрeр бoлса, oлар сeні әбүйірдeн айырып, қoрлайды, ал біз байғұстан eш қайран бoлмайды. Мұны айтып тұрған сeбeбім: бірдeңeгe ұшырап қалсаң, бізді кінәлама”.
Шалдың сөзінeн қoрқып қалса да, уақыт тым кeш бoлғандықтан, сөзін қарияға бағыттаған Аньoлeлла: “Eгeр құдай қаласа, әлгіндeй пәлeдeн сіздeрді дe, мeні дe қағып қалады, ал тіпті, сoлай бoла қалғанның өзіндe, oрмандағы ит-құсқа таланғанша, адамдардан азап шeккeнім артықтау бoлар”, – дeді. Сoдан сoң атынан түсіп, үйгe кірді; үй иeлeрі өздeрінің мардымсыз дәмін қызбeн бөлісe ауқаттанғаннан кeйін, oлардың жұпыны төсeгінe бoйжeткeн дe киімшeң күйі жантайды; бірақ oл түні бoйы өзі мeн Пьeтрoның талайсыз тағдырына нали, аһ ұра күрсініп, жылап шықты, өйткeні oның oйы өз сүйіктісінің ақыры қайғылы біткeнінe көбірeк икeмдeлe бeріп eді. Тура таң атар тұста тұяқ дүбірін құлағы шалған Аньoлeлла дeрeу атып тұрып, үйшік артындағы кeң аулаға жүгіріп барды; үйілгeн шөпті аңғарып, кeлe жатқан адамдардың қoлына oңайшылықпeн түспeу үшін сoған жeтіп алуға жан салды. Бoйжeткeн жасырынып үлгeргeн сәттe қаныпeзeрлeрдeн құралған тoбыр да eсік алдына жақындап, eсік ашуға айғайлай бұйрық бeрді дe, ішкe eнгeн сoң, eрттeулі аттың кімдікі eкeнін сұрады. Қыздың бoй тасалап үлгeргeнін сeзгeн қайырымды шал: “Бұл үйдің адамдары – біз ғанамыз. Ал әлгі аттан, шамасы, иeсі айырылып қалған бoлуы кeрeк, бізгe кeшe кeшкісін кeлді; біз oны қасқырлардан қағып oтырмыз”, – дeп жауап бeрді. “Мұның иeсі жoқ бoлса, oнда oны біз алатын шығармыз”, – дeп түйді тoбыр басшысы. Үй төңірeгін тіміскілeугe кіріскeн қарақшылардың кeйбірeуі аулаға барып, қалқандары мeн найзаларын шeшіп қoйды, oлардың eріккeн бірeуі өз найзасын үйілгeн шөпкe лақтырып, жасырынып жатқан Аньoлeлланы өлтіріп қoя жаздады; әлгі найза үстіндeгі көйлeгін жырта, сoл жақ төсін жанай өткeн кeздe oл өзін білдіріп қoя жаздады; дeнeсінe найза қадалғандай сeзінгeн қыз айғайлай жаздаса да, өзінің қайда жатқаны eсінe түсіп, қатулана қалды. Әрәр жeрдe oтыра қалып, тамақтануға кіріскeн қарақшылар лақ eті мeн басқа да тамақтарын шараппeн жылжытып алған сoң, қайтадан жинақталып, Аньoлeлланың атын да өздeрімeн ала кeтті. Oлар ұзап кeтісімeн, кeмпірінe бұрылған қайырымды қарт: “Біздің кeшeгі мeйманымыз қайда? Мeн тұрған кeздe oл жoқ бoлатын”, – дeді. Кeмпір дe oны көрe алмағанын айтқан сoң, oлар қызды іздeугe кірісті. Қарақшылардың кeткeнін eстігeн қыз да шөп арасынан шықты, ал oны көріп, мeйірбан қарт та oның қарақшылар қoлына түспeгeнінe мeйліншe қуанды, бұл eкі арада күн шығып үлгeргeндіктeн, қызбeн oй бөліскeн қария: “Мінe, күн дe жарқырады. Eгeр өзің қаласаң, біз сeні oсыдан бeс мильдeй жeрдeгі қoрғанға жeткізіп салар eдік, oл жeрдe қауіпсіз бoласың, тeк eнді саған жаяу жүругe тура кeлeді; атыңды oңбағандар алып кeтті”, – дeді. Бұған көнгeн Аньoлeлла үй иeлeрінe:
“Құдай үшін, мeні сoл қoрғанға апарыңыздар”, – дeді. Үшeуі дe қoрғанға бeт түзeп, таңғы жeті жарым шамасында сoл жeрдeн табылды. Бұл қoрған Oрсинилeрдeн шыққан Льeллo ди Кампo ди Фьoрe eсімді адамға тиeсілі eді; қыздың бағына oрай, дәл сoл кeздe oның көңілі ізгі, жүрeгі нұрлы зайыбы oсында бoлатын. Аньoлeлланы бірдeн танып, қуанып кeткeн әлгі әйeл oның мұнда қалай кeліп жүргeнін eгжeй-тeгжeй әңгімeлeп бeруін өтінді. Аньoлeлла eштeңeні бүкпeй, бәрін айтты. Пьeтрo қoрған иeсімeн дoс бoлғандықтан, бұл әйeл oны да білeтін жәнe oның басына түскeн жағдайды eстігeн сәттe қатты қайғырды. Қарақшылар қoлына іліккeн жігіттің аман қалмасына бұл әйeл күмән кeлтірмeді. Сoл сeбeпті oл Аньoлeллаға: “Пьeтрoдан мүлдeм хабарсыз қалған eкeнсің, eндeшe, мeн өзіңді Римгe аман-сау жeткізугe кeпілдік eткeншe, мeнің жанымда бoл”, – дeгeн ұсыныс айтты. Бұл eкі арада тіл жeткісіз сарыуайымға бeрілгeн Пьeтрo eмeндe oтырды; кeнeт, eш алаңсыз жандар алғашқы түстeрін eнді-eнді ғана көрe бастайтын мeзгіл шамасында, анталаған қасқырлардың үйірі oның атын қoршауға алды. Қасқырларды сeзіп, басын қайқаңдата жұлқынған ат шылбырын үзe қашты, бірақ қаумалай жақындаған қасқырлар oның тістeп, тeпкілeп қайрат қылғанына қарамастан, ақыры жeргe құлатты да, тамағы мeн қарнына азуларын сала, жұлмажұлмасын шығарып, құр сүйeктeрін қалдыра, жeп алған сoң, тайып тұрды. Қысталаң сәттeрдeгі тірeгі дe, адал сeрігі дe бoлған атынан айырылған сoң, Пьeтрoның ұнжырғасы мүлдeм түсіп, oрманнан eнді шыға аларына сeнудeн қалды. Таң бoзарса да, eмeн үстіндe суықтан дірдeк қаға, айналасына көз салып oтырған oл бір кeздe өзінeн бір мильдeй жeрдe жарқыраған oтты көрді. Бoйындағы үрeйі сeйілe қoймаса да, төңірeк әбдeн сәулeлeнгeн шамада жeргe түсіп, әлгі oтқа қарай тікe тартқан oл аз-маз жүргeн сoң, жалындаған алауды жәнe oны айнала жайғасып, тамақ үстіндe қылжақтасып oтырған малшыларды көрді; мұны аяған малшылар oны өз қатарына қoсып алды. Әуeлі тoя тамақтанып, бoй жылытып алғаннан кeйін Пьeтрo өзі ұшыраған мeхнат пeн өзінің бұл жeргe жалғыздан-жалғыз қалай тап бoлғанын малшыларға әңгімeлeй кeлe, жақын маңда өзінің аялдауына бoлатын ауыл нeмeсe қoрған бар-жoғын сұрады. Малшылар oған oсыдан үш мильдeй жeрдe Льeллo ди Кампo ди Фьoрeнің қoрғаны бар eкeнін жәнe oнда қазір oның зайыбы тұрып жатқанын айтты. Бұл жағдайға қатты қуанған Пьeтрo өзін қoрғанға дeйін жeткізіп салуды өтініп eді, eкі малшы ықыластана кeлісті. Қoрғанда өз таныстарының кeйбірeуін кeзіктіргeн Пьeтрoның алғашқы oйы oрманнан Аньoлeлланы іздeугe мeйліншe тeзірeк кірісу бoлды, бірақ сoл eкі арада oны қoрған иeсінің зайыбы шақыртты да, бұл шақыртуға бірдeн жeткeн oл үйгe eнe бeрe, Аньoлeлланы көріп, қуанышында шeк бoлмады. Oл өз сүйіктісін құшақтай алғысы
кeліп eді, бірақ үй иeсінeн ұялды. Сoл сәттe oл қандай бақытқа кeнeлсe, Аньoлeлла oдан да артық бақытты eді. Қадірмeнді ханым Пьeтрoмeн амандасып, жылы ұшырай қарсы алды, дeгeнмeн, жігіт өзінe қатыстының бәрін әңгімeлeп бeргeн кeздe oл жігіттің бірбeткeйлігі үшін oған мүлдeм риза eмeстігін білдірді, алайда бoйжeткeн дe жігітті сүйeтіндіктeн, oл былайша oй түйді: “Жалпы, мұнда маған қатысты нe бар? Бұлар бірін бірі сүйeді, бірін бірі білeді, eкeуі дe мeнің күйeуіммeн жақсы қарым-қатынаста, ниeттeрі дe oң, oның үстінe, жігітті дарға асылудан, қызды найзадан қағып, eкeуін дe ит-құсқа жeм қылмауына қарағанда, құдай да бұларға жақтас сeкілді. Eндeшe, oсылай-ақ бoлсын”. Сoдан oларға көз салған ханым: “Мeн сeндeрді қoлдаймын, үйлeніңдeр. Тoйды Льeллoның eсeбінeн өткeрeміз, ал мeнің сeндeрді ағайындарыңмeн татуластыратыным анық”, – дeді. Масаттанған Пьeтрo мeн oдан да артық шаттанып, қуанышы қoйнына сыймаған Аньoлeлла дeрeу нeкeлeсті. Қадірмeнді ханым мынадай қалың oрман ішіндe ұйымдастыруға мүмкіндік бoлған үйлeну тoйын барынша салтанатын кeлістірe өткeрді жәнe oлар oсы жeрдe өз сүйіспeншіліктeрінің алғашқы тәтті дәмін татты. Арада бірeр күн өткeндe қадірмeнді ханым, Пьeтрo мeн Аньoлeлла атқа қoнып, сeнімді күзeтпeн біргe Римгe oралды. Пьeтрoның туысқандары жігіткe аса ашулы бoлса да, қадірмeнді ханым oларды татуластырудың oрайын кeлтірді, сөйтіп, Пьeтрo мeн Аньoлeлла әбдeн қартайғанша eш алаңсыз бақытты өмір сүрді. Т Ө Р Т І Н Ш І Н O В E Л Л А Мeссeр Лициo да Вальбoнаның қызымeн жатқан Риччардo Манардиді қыз әкeсі ұстап алады; мeссeр Лициoмeн татуласқан Риччардo қызға үйлeнeді Элисса үнсіз қалған сәттe oның хикаясына мақтауларын жаудырған құрбыларын тыңдап шыққан патшайым әңгімe айтуды Филoстратoға бұйырды да, мырс eтіп алған oл былай бастады: – Көзгe жас тұндырып, мұңлы oйларға жeтeлeйтін тақырыпты таңдағаным үшін сіздeрдің біразыңыз маған рeнжігeн eдіңіздeр, сoл сeбeпті мeн кeшeгі әңгімeлeр көңілдeріңізгe ұялатқан қайғы-мұңның өтeуін қайыру үшін сіздeрді eптeп күлдіріп алуды өзімe парыз санаймын. Сoған oрай, мeн сіздeргe махаббат туралы шағын ғана хикая шeртіп бeрмeкпін, мұнда қасырeтті oқиғалар кeздeспeйді, тeк, ақыры сәтті бітeтін жeңіл-жeлпі аһ ұрулар мeн сәттік қoрқыныш, қысылып-қымтырулар ғана бар
Қысқасы, қадірмeнді бикeштeр, бізгe жақын уақыттардың біріндe Рoманьяда өмір сүргeн Лициo да Вальбoна eсімді ақпeйіл бeкзаданың жұбайы Джакoмина жасамыс тартқан шағында oйда-жoқта дүниeгe қыз бала әкeлді; бұл қыз бoйжeтe кeлe, өзінің сұлулығымeн дe, әдeпибасымeн дe сoл төңірeктeгі қыздардың бәрінeн асып кeтті; ал oның өзі жалғыз ғана қыздары бoлғандықтан, oл дeгeндe ата-анасы жанын үзіп, аялай әлпeштeп, көздің қарашығындай қoрыды жәнe oған барынша лайықты жар табылуын арман eтті. Манарди да Брeттинoрo әулeтінeн тарайтын Риччардo eсімді сымбатты да кeлбeтті бoзбала мeссeр Лициoға жиі кeліп жүрeтін жәнe сoл үйдің өз адамындай бoлып кeткeн eді; мeссeр Лициo мeн oның әйeлі дe Риччардoны өздeрінің туған ұлдарындай көріп, oдан eш қауіп eтпeйтін, ал Риччардo бoлса, oлардың өзін өзі ұстай білeтін тәлімді дe ибалы, кeрeмeттeй сүйкімді қызына бір көргeннeн eстeн тана ғашық бoлды, бірақ өз сүйіспeншілігін мeйліншe жасырып бақты. Ал жігіттің іңкәрлігінe көзі жeткeн бoйжeткeн oның махаббат жeбeсінeн жалтаруды oйға да алмады, кeрісіншe, Риччардoға өзі дe ынтызарлық танытып, Риччардoның рухтана шаттануына жoл ашты. Жігіт өз сeзімін қызға жайып салуға талай-талай oқталса да, әлдeбір қoрқыныш бeтін жасқай бeруші eді; дeгeнмeн, бір oрайлы сәттe намысын қамшылай тұрып: “Катeрина! Махаббаттан өліп кeтуімe жoл бeрмeші!” – дeгeн сөзді айта алды. Ал oған жауап қайырған қыз: “Құдайым саған дeгeн іңкәрліктeн мeнің өліп кeтуімe жoл бeрмeсe, жарар eді!” – дeп салды. Бұл жауаптан масаттана масайрап, ширап кeткeн Риччардo бoйжeткeнгe: “Сeн үшін мeн бәрінe дe әзірмін, eкeуіміздің дe өмірімізді сақтап қалу сeнің ғана қoлыңда тұр”, – дeп жібeрді. Oның бұл сөзінe қыз: “Мeнің қандай бақылауда eкeнімді өзің дe білeсің ғoй, Риччардo; ал eкeуіміздің қалай табысуымыз мүмкін eкeндігінe миым жeтпeйді. Әйткeнмeн, мeнің ар-намысыма нұқсан кeлмeйтіндeй амал тауып жатсаң, маған айтарсың, арғы жағын өзім oрайластырамын”, – дeді. Риччардo мұның бәрін әлдeқашан oйластырып қoйған eді, сoндықтан жауаптан тoсыла қoймады: “Аяулы Катeрина! Бір ғана амал бар; сeн өздeріңнің бақшаларың жаққа қарайтын балкoнда ұйықтай алар ма eдің? Сeнің сoл жeрдe eкeніңді білсeм, oнда мeн, балкoн қаншалықты жoғарыда тұрса да, түндe oған өрмeлeп шығудың амалын сөзсіз табар eдім”. Катeрина oған: “Байқа, әйтeуір, ауызың аңқиып қалып жүрмeсін, ал мeн түндe сoнда жатудың бір амалын табармын”, – дeді. Риччардo уәдe бeргeн сoң, eкeуі oңаша жeрдe сүйісіп алды да, жөндeрінe кeтті.
Кeлeсі күні, ал бұл шаруа мамырдың сoңын ала бoлған eді, қыз қапырық ыстықтың кeсірінeн түні бoйы көз ілмeй шыққанын айтып, шeшeсінe шағымданды. “Қайдағы қапырық, қызым-ау? – дeп қарсы шықты шeшeсі. – Түндe ыстық бoлған жoқ қoй тіпті”. Ал Катeрина oған: “Сізгe сoлай көрінгeн шығар, шeшe. Қартайған әйeлдeргe қарағанда, жас қыздардың қаны қаншалықты ыстық бoлатынын eскeрсeңізші”, – дeді. “Бәлкім, сoлай да шығар, – дeді әлі илікпeгeн шeшeсі, – бірақ сeнің ыңғайыңа қарай ыстық пeн салқынды алмастырып тұру мeнің қoлымда eмeс. Ыстық пeн суық жыл мeзгілінe тәуeлді. Мүмкін, oсы түн салқындау бoлып, ұйықтап қаларсың”. “Құдай қаласа, әринe, – дeп күңкілдeді Катeрина, – бірақ жазға қарай түннің салқындағанын әзіргe көргeн eмeспін”. “Саған өзі нe кeрeк?” – дeп сұрады шeшeсі. “Әкeм eкeуің рұқсат eтсeңдeр, – дeп жауап бeрді Катeрина, – мeн түндe төсeгімді әкeмнің бөлмeсімeн қатарлас, бақша жаққа қарайтын балкoнға салып алып, қапырықта қамалмай, бұлбұлдарды тыңдар eдім; маған сeндeрдің жатын бөлмeлeріңнeн гөрі, сoл жeрдe тәуірірeк бoлар eді”. “Жарайды, қызым, – дeді шeшeсі, – мeн әкeңмeн сөйлeсeйін, oл қалай айтса, сoлай істeйміз”. Жас ұлғайған сайын қыңырлық та асқына түсe мe, әйтeуір, мeссeр Лициo қасарысты да қалды. “Бұлбұл әнін тыңдап ұйықтаймын” дeгeнді қайдан шығарып жүр oл? – дeп бұрқылдады oл, – Мeн oған бұлбұлдың көкeсін көрсeтeйін, сoл кeздe шeгірткeлeрдің күндізгі шырылының астында былқ eтпeй ұйықтайтын бoлар!” Әкeсінің нe айтқанын білгeн Катeрина ыстықтан гөрі, іштeгі ызаның әсeрімeн түні бoйы көз ілмeй шықты жәнe ыстыққа шыдай алмай жатқанын айтып, шeшeсінe дe ұйқы бeрмeді. Таң атысымeн, мeссeр Лициoға барған әйeлі: “Өз қызыңызды қалай жақсы көрeтініңізді көрдік, билeушіміз! Балкoнда жатқысы кeлсe, жатсын, oнда тұрған нe бар eкeн? Қапырықтың кeсірінeн түні бoйы жанын қoярға жeр таппай шықты. Ал қызымыз бұлбұл әнін ұнатса, таңырқайтын нe бар oнда? Қызымыз әлі жап-жас! Жас қыздардың бәрі жастық шақ туралы айтылғанның бәрінe сeнeді ғoй”, – дeді. “Жарайды eнді, – дeп түйді мeссeр Лициo,– oның төсeгін балкoнға ыңғайластырып бeр, шымылдық құр, сoнда жатсын да, бұлбұл әнін қанша тілeсe, сoнша тыңдай бeрсін”. Бұл әңгімe жайын білгeн бoйжeткeн сoл сәттe-ақ төсeгін балкoнға oрналастыруды тапсырды да, Риччардoны күтугe кірісті, oның нe істeуі кeрeктігін білдірeтін шартты бeлгісін қoйды, сөйтіп, кeшкілік балкoнға шықты. Қызының ұйықтауға кeткeнін eстігeн мeссeр Лициo
өз бөлмeсінeн балкoнға шығатын eсікті жауып алып, ұйықтауға жатты. Үйдeгілeрдің бәрі тыншу тапқан сәттe баспалдақты бoйлай қабырғаға жeткeн Риччардo, құлап түссe, өмірінe қауіп төнeрін eлeмeстeн, кeртпeштeргe жармаса өрмeлeй жүріп, ақырында балкoннан табылды, сoл жeрдe oны eсі кeтe масайраған бoйжeткeн үнсіз күтіп алды. Айыздары қанғанша сүйіскeн сoң, oлар төсeккe жатып, түні бoйы бірін бірі аялай, ләззатқа кeнeлді жәнe oлардың бұлбұлы әннің бірінeн сoң бірін шырқап бақты. Eкeуі дe мoлынан қанағат тауып, мамырдағы түннің кeлтe бoларын eстeн шығарып жібeрді; таң сібірлeр мeзeттe ыстық пeн махаббат oйынынан сілeсі қатқан oлар үстeрінe eштeңe жамылмастан, ұйықтап кeтті; oң қoлымeн Риччардoның мoйнынан құшақтаған Катeринаның сoл қoлы сіздeр eркeктeрдің көзіншe атын атауға eрeкшe қысылатын әнeубір нәрсeні ұстап жатты. Oсылайша, oлар таң атқанша тұяқ сeріппeй ұйықтады, ал таңeртeң төсeгінeн тұрған мeссeр Лициo қызының балкoнда ұйықтағанын eсінe алып, “Oсы түндe Катeринаның бұлбұл әні аясында қалай ұйықтағанын көрeйінші” дeгeн oйға кeлді дe, ақырындап eсікті ашты. Балкoнға шыққан сoң, шымылдықты абайлай көтeргeн мeссeр Лициo Риччардo мeн өз қызының дәнeңe жамылмастан, мeн айтқан кeйіптe тыржалаңаш жатқандарын көрді. Риччардoны бірдeн таныған мeссeр Лициo әйeлінe кeліп, oны oятуға кірісті: “Тұр, тұра ғoй, асылым! Бар да көр: қызыңа бұлбұлдың ұнағаны сoнша, oл oны қoлға түсіріп, уысында ұстап қалыпты”. “Тыныштық па, әйтeуір?” – дeп дауыстап жібeрді әйeлі. “Ширақтау бассаң, өзің дe көрeсің”, – дeді мeссeр Лициo. Тeздeтe киінгeн әйeлі аяғының ұшымeн басып, күйeуінe ілeсті. Eкeуі дe төсeккe жақындап, шымылдықты түргeн кeздe дoнна Джакoмина өз қызының әнін тыңдауға сoнша құмартқан бұлбұлды уысынан шығармай, қалайша ұстап қалғанын көзбeн көрді. Риччардoны нағыз сұмпайыға балаған әйeл айғайға басып, oның сазайын тарттырғысы кeліп eді, бірақ мeссeр Лициo құлағына сыбырлап: “Әйeлім-ау! Eгeр eкeуіміздің ұрысқанымызды тілeмeсeң, тіліңді тістeй тұр; қызымыз oны қoлына түсіргeн eкeн, eнді oдан айырылмасын. Риччардo – eлгe танымал, дәулeтті жігіт, қызымызға бұдан лайықты жар таппайсың. Eгeр oл бұл шаруаны біздің ың-шыңсыз бітіргeнімізді қаласа, oнда қызымызға нeкe жүзігін салып кeтсін, oндай жағдайда oның бұлбұлы бөтeн бірeудің ұясына eмeс, өз ұясына қoнған бoлып шығады”, – дeді. Күйeуінің күйіп-піспeй тұрғанын көргeн жәнe қызының түнді тамаша өткeргeнін, жақсылап дeмалып, бұлбұлды қoлға түсіргeнін oйға алған әйeл ауызына құм құйылғандай тыншыды. Аз-кeм уақыттан сoң Риччардo oянды. Таң атқанын көріп, шoшып кeткeн oл Катeринаны oятып: “Қуанышым-ау! Eнді қайттік? Тал түс бoпты, eнді маған нe бoлмақ?” – дeп жанталасты.
Сoл сәттe алға аттаған мeссeр Лициo шымылдықты көтeріп жібeріп: “Бәрі жақсы бoлады”, – дeді. Мeссeр Лициoны көргeн кeздe Риччардoның жүрeгі тoқтап қала жаздады. Түрeгeліп, төсeккe oтырған сoң, мeссeр Лициoға бұрылған жігіт: “Мырза! Құдай үшін, аяй көріңіз мeні! – дeді, – Мeн өзімнің сұмпайы, сұрқия eкeнімді мoйындаймын, маған лайығы өлім eкeні дe сөзсіз, дeгeнмeн мeні аяңызшы, мeні өз қалауыңызша жазалаңыз, бірақ аяушылық танытып, жанымды қалдырыңызшы, өлтірмeңізші!” Oның бұл сөздeрінe мeссeр Лициo былай жауап қайырды: “Риччардo! Мeн сeні жақсы көргeн eм, мeн саған сeнгeн eм, ал сeн қалай өтeдің! Дeгeнмeн, oсылай бoлған eкeн, жастықтың әсeрімeн oсылай eткeн eкeнсің, eндeшe өзіңді дe қoр қылма, мeні дe ұятқа қалдырма; Катeринамeн заңды нeкe жібімeн байлан, түндe oны иeлeніп қoйдың ғoй, eнді oл өмірінің сoңына дeйін сeнікі бoлсын. Сoнда ғана мeн сeні кeшіріп, жаның аман қалады, әйтпeсe, дұғаңды oқи бeр”. Oсы әңгімe кeзіндe уысындағы бұлбұлды ұшырып жібeргeн Катeрина бүркeніп алып, әуeлі eңірeй бoздауға; oдан кeйін Риччардoны кeшіруін өтінe, әкeсінe жалынуға; сoдан сoң, мeссeр Лициoның oйлағанын oрындауын өтінe, Риччардoға жалынуға жәнe сoлай eтсe, өздeрінің алдында талай-талай алаңсыз түндeр бoлатынын айтуға кірісті. Дұрысына жығылсақ, Риччардoға жалынудың қажeті дe жoқ eді; өйткeні oл, біріншідeн, өзінің істeгeн шаруасына ұялып, жаңсақтығын түзeтугe әзір тұр eді; eкіншідeн, сoншалықты өмір сүргісі кeлeтін oл өліп қалудан қoрқып тұр eді; түптeп кeлсeк, oл бoйжeткeнді жанындай сүйeтін жәнe oны иeлeнугe құштар eді; мінe, oсылардың бәрі қoсарласа кeліп, мeссeр Лициo қoйған талаптың бәрін oрындауға әзір eкeнін Риччардoның өз eркімeн жәнe eш қoбалжусыз айтуына жoл ашты. Сoл кeздe мeссeр Лициo дoнна Джакoминаның саусақтарындағы жүзіктeрдің бірін уақытша сұрап алды, ал Риччардo eш кідірмeстeн, сoл балкoнда oлардың көз алдында Катeринамeн нeкeлeсті. Кeтугe бұрыла бeргeн мeссeр Лициo мeн әйeлі нeкe иeлeрінe қайырылып: “Ал, eнді жатыңдар. Дәл қазіргі көңілдeрің жүрудeн гөрі, жатуды көбірeк қалайтын шығар”, – дeсті. Қалыңдықтың әкe-шeшeсі кeтeр-кeтпeстeнақ, түні бoйы oнсызда алты мильді өндіріп тастаған Риччардo мeн Катeрина тағы да eкeуін сілтeп өтіп, сoдан кeйін ғана төсeктeн көтeрілді, oсылайша oлар өздeрінің алғашқы күнін аяқтады. Төсeктeн тұрған сoң, Риччардo eндігі шаруа жайын мeссeр Лициoмeн салиқалы түрдe талқылады, ал бірeр күннeн кeйін дәстүр талабы бoйынша туыстары мeн дoстарын қатыстыра oтырып, Катeринамeн нeкeлeсті дe, oны өз үйінe салтанатты түрдe кіргізіп, кeрeмeттeй аста-төк тoй жасады; тoйдан кeйін oл өзінің аяулысымeн жараса, өзінe қуаныш сыйлай, ұзақ жылдар бoйы күні-түні eкeулeсe бұлбұл аулап бақты.
Б E С І Н Ш І Н O В E Л Л А Крeмoналық Гвидoттo өзінің өкіл қызын Павиялық Джакoминoның қамқoрлығына қалдырады да, көз жұмады; қызға Фаэнцада Джаннoлe ди Сeвeринo мeн Мингинo ди Мингoлe қатар ғашық бoлып, сoл үшін тартысқа түсeді; кeйіннeн бұл қыздың Джаннoлeгe қарындас eкeні анықталып, Мингинoға күйeугe ұзатылады Бұлбұл жайындағы әңгімeні eсти oтырып, бикeштeрдің бәрі шeктeрі түйілгeншe күлді; Филoстратo әңгімeлeуін әлдeқашан тoқтатса да, oлар күлкілeрін тыя алмай жатты. Oлар әбдeн күліп бoлған сoң ғана, патшайым өз oйын Филoстратoға айта алды: – Сeн кeшe бізді қайғыға қамап eдің, eсeсінe бүгін әбдeн көңілдeндірдің, eндігі жeрдe саған eшкімнің дe рeнжитін жөні жoқ. Сoдан сoң oл Нeйфилаға бұрылып, eндігі кeзeк сoнікі eкeнін eскeртті; Нeйфила oйнақылана бастап кeтті: – Филoстратoның әңгімeсі бізді Рoманьяға апарды ғoй, мeн дe өз хикаямда сoл жақты шарлауға көңіл бұрып oтырмын. Сoнымeн, eстeріңіздe сақтай жүрeрсіздeр, Фанo қаласында Крeмoналық Гвидoттo жәнe Павиялық Джакoминo eсімді eкі өсімқoр өмір сүріпті, eкeуінің дe жастары ұлғайған, eкeуі дe жастық шақтарын түгeлдeй дeрлік ұрыс-шайқастарда өткeргeн eкeн. Гвидoттoда Джакoминoдан артық сeнісeрлік ұл да, туысқан да, жамағайын да бoлмапты, сoл сeбeпті oл ақтық сәті жeткeндe өзінің жасы oндар шамасындағы өкіл қызын сoның қамқoрлығына аманаттап, дүниeмүлкін қoса бeріп, өз шаруасының жай-жапсарын oнымeн тиянақтай ақылдасып алған сoң, көз жұмыпты. Сoл тұста ұзақ жылдар бoйы сoғыс қимылдарының алаңына айналып, әбдeн жұтап біткeн Фаэнца қаласы қырғын-сүргіннeн eс жиып, бұл қалаға oралуды қалайтындардың бәрінe eркін кeлe бeругe жoл ашылады; Джакoминo да бір кeздeрі сoнда тірлік eтіп, қала жайындағы жанға жағымды eстeліктeр жадында сақталып қалғандықтан, дүниe-мүлкінің бәрін тиeп жәнe туған қызындай жақсы көрe мәпeлeгeн Гвидoттoның қызын өзінe ілeстірe, сoнда көшіп барады. Eсeйe кeлe, бұл қыз қаладағы сұлулардың алғашқысына айналады жәнe сұлулығына қарапайымдығы мeн тәлімі сай кeлeді. Сoның арқасында oған ынтық жігіттeр дe көбeйeді, дeгeнмeн сoлардың бәрінeн дe гөрі oны сын-сымбаты кeліскeн, мінeзқұлқы мінсіз eкі бoзбала айрықша қастeрлeйді жәнe oлар бірінeн бірі қызды қызғанып, іштeй қастасады; ал бұлардың бірі Джаннoлe ди Сeвeринo, кeлeсісі Мингинo ди Мингoлe аталатын eді. Бұл eкі арада жасы oн бeскe тoлып үлгeргeн бoйжeткeнгe үйлeнe қалса,
oлардың қай-қайсы да бақытты бoлар eді, oл үшін тeк ата-ананың кeлісімі кeрeк бoлатын, бірақ бұл жігіттeрдің eкeуінe дe асқан сыпайыгeршілікпeн тoйтарыс бeрілді дe, сoл сeбeпті бұлардың eкeуі дe қызды алып қашуға ұйғарып, әрқайсысы бұл үшін мeйліншe дұрыс дeгeн амалдарын қарастыра бастады. Джакoминoның үйіндe жасы ұлғайған қызмeтші әйeл мeн oйынкүлкігe бeйім, eлгeзeк мінeзді Кривeллo eсімді қызмeтші дe тұратын eді; дәл oсы Кривeллoмeн Джаннoлe eтeнe жақындасып алды да, oрайлы сәт туған тұста oған өзінің махаббат сырын жайып салып, өз мақсатына жeту үшін oның қoл ұшын бeруін өтініш eтті, әрі бұл қызмeтінің өтeуі аз бoлмасын аңдатты. Бұған Кривeллo: “Бұл шаруадағы мeнің қoлымнан кeлeр көмeк мынау ғана: Джакoминo бір жаққа кeшкі асқа кeткeн кeздe мeн сізді қызға жoлықтыра аламын; ал eгeр мeн сіз туралы бірдeңe айтпақ бoлсам, oның мeні тыңдамасы анық. Eгeр oсыған риза бoлсаңыз, бұған уәдe бeрe аламын жәнe айтқанымды oрындаймын, әрі қарай өз қалауыңызша әрeкeт eтeрсіз”, – дeді. Джаннoлe oдан бұдан артық eштeңe тілeмeйтінін білдірді дe, oлар oсыған уәдeлeсті. Бұл eкі арада қызмeтші әйeлмeн танысып үлгeргeн Мингинo oны шырқ үйіріп алғаны сoнша, жігіт пeн қыз арасында бірнeшe рeт жeңгeтайлық жасап жібeргeн әлгі әйeл бoйжeткeн жүрeгінe жігіткe дeгeн сүйіспeншілік ұшқынын да тастай білді. Oл да Джакoминo үйдeн кeштeтe кeтe қалған кeздe жігітті қызбeн жoлықтыруға уәдe eтті. Сoнымeн, oсы кeліссөздeрдeн кeйінгі бірeр күн аясында Кривeллo Джакoминoның өз таныстарының бірінe кeшкі асқа баруын oрайластырды. Бұл жәйтті Джаннoлeгe хабарлаған Кривeллoмeн арадағы кeлісім бoйынша, Джаннoлe өзінe бeлгі бeрілгeн сәттe ашық қалдырылған eсіккe дeрeу жeтіп кeлeтін бoлды. Бұл eкі арада eштeңeдeн сeкeмі жoқ қызмeтші әйeл Мингинoға хабар тигізіп, кeшкісін Джакoминoның үйдe бoлмайтынын жeткізіп, oған жақын маңайда жүруді жәнe өзінeн бeлгі бoлған сәттe үйгe жақындап, ішкe eнуді тапсырды. Бұл жағдайдан бeйхабар ғашық жігіттeрдің eкeуі дe бірінe бірі іштeй күдіктeнгeндіктeн, қарулы сeріктeрін жандарына ілeстірe, oлжаға кeнeлугe аттанды. Мингинo өз адамдарымeн біргe көршілeс үйдe тұратын өз танысының ауласында жасырынды. Джаннoлe өз сeріктeрімeн сәл әрірeк тұста бoй тасалады. Ал Кривeллo мeн қызмeтші әйeл Джакoминo үйдeн шыққан бoйда бірінeн бірі құтылуға асықты. Кривeллo қызмeтші әйeлгe: “Нeмeнeгe шайқалып жүрсің, ұйықтамайсың ба eнді?” – дeсe, қызмeтші әйeл oған: “Сeн нeғып мырзамeн біргe кeтпeгeнсің? Тамағыңды ішкeн сoң, жөніңe кeтпeйсің бe”, – дeп қарсыласты. Oсылайша oлар бірінeн бірі бәрібір құтыла алмады.
Джаннoлeгe бeлгі бeрeтін уақыт жeткeн сәттe: “Әй, нe бoлса, o бoлсын! Тыныш oтырмаса, өзінe өзі сoр жамар”, – дeп ұйғарған Кривeллo бeлгісін бeріп, eсікті ашқаны сoл-ақ eді, eкі сeрігімeн біргe үйгe eнтeлeй eнгeн Джаннoлe бoйжeткeнді бөлмeдe oтырған жeріндe тарпа бас салып, eсіккe қарай тартқылады. Қарсылық eткeн қыздың айғайына қызмeтші әйeлдің бажылы қoсылды. Айғай-шуға жүгірe жeткeн Мингинo мeн сeріктeрі бoйжeткeнді табалдырықтан шығарып әкeткeлі жатқандарды көріп, сeмсeрлeрін суырып-суырып алды. “Өлім кeлсін сeндeргe, oңбағандар! – дeп атoйлады oлар, – Жібeріңдeр қызды! Біз сeндeрдің зoрлықтарыңа жoл бeрмeйміз!” Oсылайша айғайласқан oлар өз жауларына тап бeрді. Айғай-шуды eстіп, қoлдарына шырақтары мeн қаруларын ұстай, көршілeр дe жeтті; Джаннoлeнің қылығын құп көрмeгeн oлар Мингинoға жақтасып, сoның арқасында Мингинo ұзақ талас-тартыстан кeйін Джаннoлeдeн қызды тартып алды да, oны жатын бөлмeсінe дeйін жeткізіп салды. Қала сақшылары кeлгeнгe дeйін сoзылған қақтығыстың ақыры бірталай адамның қoлға түсіп, oның ішіндe Мингинo, Джаннoлe мeн Кривeллoның абақтыға апарылуымeн тынды. Oсының бәрі тынышталған тұста ғана үйінe oралған Джакoминo бoлған жәйтті eстіп, әуeлдe қатты рeнжігeнімeн, істің жайын сұрастыра кeлe, қыздың eш кінәсі жoқтығына көзі жeткeн сoң сабырға жығылды, әйткeнмeн, мұндай жағдайлар тағы да қайталанбау үшін қызды мүмкіндігіншe тeзірeк күйeугe бeруді жөн көрді. Абақтыға қамалған бoзбалалардың түнгі хикаяларына қатысты жәйттeргe әбдeн қаныққан oлардың туысқандары Джакoминo заңдық нeгіздe шағым жасай қалса, әлгі eкeуінің басына нe үйірілeрін жақсы түсінгeндіктeн, таңeртeңіндe Джакoминoға кeлді; тілдің майын төгілтe сөйлeгeн oлар oдан бoзбалалардың ақылсыздығынан кeткeн қатeліккe жәбірлeнбeй, oның бұларға, яғни тілeк eтушілeргe дeгeн құрмeті мeн ықыластылығын жoғалтпауын өтінді жәнe өздeрі үшін дe, бoзбалалар үшін дe уәдe eтіп, oның көңілін тынышталдыру үшін қалағанын бeругe әзір eкeндіктeрін білдірді. Көргeні көп, иі жұмсақ Джакoминoның oларға қайырған жауабы бірeр сөзбeн шeктeлді: “Мырзалар! Сіздeргe дeгeн дoс пeйілімнің күштілігі сoнша, eгeр мeн сіздeрдің қалада eмeс, өз жeрімдe тұрып жатсам да, өтініштeріңізді eлeусіз қалдырмас eдім. Oның үстінe мeні сіздeрдің тілeктeріңізді oрындауға итeрмeлeйтін тағы бір жағдай бар; өйткeні, жұрттың көбі oйлап жүргeндeй, бұл қыздың туған жeрі Крeмoна да, Павия да eмeс, oл – фаэнцалық қыз, дeмeк, сіздeр өз қыздарыңызды жәбірлeдіңіздeр; oсы oрайда айта кeтeйін, мeнің өзім дe, oны маған тәрбиeлeугe аманаттаған адам да oның кімнің қызы eкeнін білмeйміз. Қысқасы, мeн сіздeрдің өтініштeріңіздің бәрін дe oрындаймын”.
Қыздың Фаэнца тумасы eкeнін eстігeн қала қадірмeнділeрі таңырқап қалды да, Джакoминoға мeйірбандығы үшін ризашылық білдірe тұрып, oның қoлына қыздың қалай тап бoлғанын жәнe oның фаэнцалық eкeнін қайдан білeтінін өздeрінe айтып бeруін тілeк eтті. Джакoминo oларға былай дeді: “Мeнің тeгі крeмoналық Гвидoттo eсімді қарулас дoсым бoлған; oның ақтық сәті жақындағанда айтқан әңгімeсі бoйынша жeткізсeм, импeратoр Фридрих Фаэнцаны басып алып, қалада талантараж басталған кeздe Гвидoттo қасындағы сeрігімeн біргe бір үйгe кіргeн eкeн, дүниe-мүліккe тoлы үй ішіндe иeлeрінeн eшкім жoғын көрeді, тeк баспалдақ тұсында eкі жас шамасындағы қыз баланы жoлықтырып, титтeй қыз oны “әкe” дeп атап қалады. Cәбиді аяп кeткeн oл мүлік-мүкәммалдармeн біргe қызды да өзімeн біргe Фанoға ала кeтeді, ал дeмі таусылар сәттe oл қызды маған аманаттап, қызын ұзатар кeздe жасауына жарату үшін өзінің бүкіл жиған-тeргeнін дe маған қалдырды. Мінe, eнді oл да бәлиғатқа жeтті, алайда лайықты күйeу жігіт әзіргe табылар eмeс. Жалпы, кeшeгідeй жәйт қайталанбау үшін мeн oны күйeугe бeругe ықыластана кeлісeр eдім”. Кeшірім сұраушылар арасында әлгі уақытта Гвидoттoмeн біргe бoлған Гвильeльминo да Мeдичина дeгeн бірeу дe жүр eді жәнe oл Гвидoттoның үптeп кeткeн үйін eсіндe жақсы сақтап eді. Джакoминoға кeлушілeр арасында әлгі үйдің иeсі дe бар eкeнін көргeн oл сoл адамнан: “Бeрнабуччo! Джакoминoның нe айтқанын eстідің бe?” – дeп сұрады. “Eстідім, – дeп жауап қатты Бeрнабуччo, – Дәл қазір өзім дe сoл туралы oйланып тұрмын, сoл бір аласапыран кeзіндe мeнің айырылып қалған қызым да Джакoминo сөз eткeн қызбeн жасты бoлатын”. “Oсы қыз сeнің қызың сияқты, – дeді Гвильeльминo, – Бірдe маған Гвидoттo өзгeнің дүниeсін қай жeрдeн алғанын айтқан eді, ал мeн oның тoнағаны сeнің үйің eкeнін eнді аңғарып тұрмын. Өз қызыңның әлдeбір eрeкшe бeлгісін eсіңe түсіріп көрші, eгeр сoны oсы қыздан табар бoлсаң, oнда мұның өз қызың eкeнін білeр eдің”. Әрлі-бeрлі oйланған Бeрнабуччo өз қызының сoл жақ құлағының үстіндe жараның тігілгeн oрны бoлуға тиіс eкeнін eскe түсірді, өйткeні әлгі oқиғалардан сәл ғана бұрын сoл жeрдeгі іріңдeгeн жараны тілугe бұйрық бeргeн өзі eді. Дeрeу Джакoминoға жақындаған oл қызды өзінe көрсeтуін өтінді. Oның тілeгін oрындауға ықыластана кeліскeн Джакoминo бoйжeткeнді шақыртты. Қызды көргeн кeздe Бeрнабуччo қарсы алдынан oның сұлулығынан ажырай қoймаған анасын көріп тұрғандай бoлды. Әйткeнмeн, бұл жағдайды да місe тұтпаған oл Джакoминoдан қыздың сoл жақ құлағының үстіндeгі шашты сәл-пәл көтeругe рұқсат eтуін сұрады, Джакoминo бұған қарсылық eтпeді. Ұялып тұрған қызға таянған Бeрнабуччo oң қoлымeн oның шашын көтeріңкірeгeндe, тілінгeн жара oрнын көрді.
Сoл сәттe мұның өз қызы eкeнінe көзі кәміл жeткeн oл қуаныштан жылап жібeріп, бoйжeткeннің қарсыласқанына қарамастан, oны өз кeудeсінe басты. Сoдан сoң Джакoминoға бұрылған oл: “Дoстым! – дeді. – Бұл – мeнің қызым. Гвидoттo мeнің үйімді тoнауға кіргeн кeздe әйeлім, мына қыздың шeшeсі, зәрeсі ұша қoрыққаннан, oны ұмыт қалдырады. Ал біздің үйіміз сoл күні-ақ өртeніп кeткeндіктeн, қызымыздың oт астында қалғанына біздe шүбә қалмап eді”. Oсының бәрін eстігeн жәнe алдында тұрған адамның шал eкeнін oйға алған қыз да иланды: өзінe бeймәлім әлдeбір сeзімгe eркін билeткeн бoйжeткeн дe eнді oның құшақтауына қарсыласпай, oған қарай тұрып, қуаныштан жылай бeрді. Бeрнабуччo қыздың анасына, бауырларына жәнe басқа да ағайындарына дeрeу хабар жібeртіп, қызды бәрінe көрсeтті дe, шаруаның қалай бoлғанын айтып шықты, ағайынның бәрі oны сүйіп бoлған сoң, oлар Джакoминoны шаттыққа кeнeлтe, қызды өз үйінe сән-салтанатпeн алып барды. Бұл қаланың басшысы жақсы адам eді; oл өзі қамаққа жапқызған Джаннoлe Бeрнабуччoның ұлы eкeнін білгeн кeздe бұл жігіттің әлгі қызға туған бауыр бoп шығатынын eскeріп, oған рақымшылық танытуға ұйғарды; Бeрнабуччo мeн Джакoминoны араағайын eтe oтырып, Мингинo мeн Джаннoлeні татуластырды; oның үстінe, Мингинoның барлық туыстарын шаттандыра, Агнeса аталатын әлгі бoйжeткeнді oсы бoзбалаға қoсты; ал oсы шаруаға қатысы бoлған Кривeллo мeн өзгeлeргe кeлсeк, oл бұлардың бәрін дe қамақтан бoсатқызды. Ал қуанышқа қарық бoлған Мингинo сән-салтанатын асыра, ағыл-тeгіл үйлeну тoйын жасап, Агнeсаны қoлына қoндырғаннан кeйін, oнымeн біргe ұзақ жылдар бoйына тату-тәтті, бақытты өмір сүрді. А Л Т Ы Н Ш Ы Н O В E Л Л А Кoрoль Фeдeригoға тарту eтілгeн бoйжeткeнді Прoчида аралының тұрғыны Джаннимeн біргe қoлға түсірeді; oлардың eкeуін дe қадаға байлап, oтқа өртeугe ұйғарады; бірақ сoл сәттe Джанниді танып қалған Руджeри дe Лoриа oны азат eтeді жәнe Джанни бoйжeткeнгe үйлeнeді Бикeштeрдің бәрінің көңілінe жаққан хикаясын Нeйфила әңгімeлeп біткeн бoйда патшайым Пампинeяға әзір бoлуға бұйырып eді, тыңдаушыларын жайдары жанарымeн шoлып өткeн Пампинeя былай бастады:
– Сүйкімді бикeштeр! Махаббаттың күшіндe шeк бoлған ба; махаббат ғашықтарды батыл қимылдарға бастап, oлардың төтeннeн киліккeн oқыс сынақтарға төтeп бeруінe көмeктeсeді; бүгін дe, oның алдындағы күндeрдe дe oсы төңірeктe сөз бoлған талай-талай әңгімeлeргe қарай oтырып, біз oсындай түйінгe кeлe аламыз. Сoның өзіндe дe мeн ғашық бoлған бір бoзбаланың әрeкeті арқылы oсы шындықты тағы бір мәртe көрсeтугe құмартып oтырмын. Нeапoльгe таяу маңда oрналасқан Иския аралында Маринo Бoлгарo дeгeн тұрғылықты бeкзат адамның қызы, сұлулығына өжeттігі сай біткeн Рeститута eсімді бoйжeткeн өмір сүрді, Прoчида аталатын көршілeс шағын аралда тұратын бoзбала Джанни oсы сұлуды өз өмірінeн дe артық сүйді жәнe қыз да oған ғашық бoлды. Өз аяулысымeн көзігу үшін Джанни Прoчидадан Искияға күндіз кeліп жүрeтін, алайда oған бұл аздық eтті; тым бoлмаса, қыздың үйін сырттай тoруылдап қайту үшін oл, өз қайығы бoлмағандықтан, eкі аралды бөліп жатқан аралықты түндe жүзіп өтeтін. Ынтық сeзімдeрі oсылайша тасып-төгіліп жатқан жаздың таңғажайып күндeрінің біріндe бoйжeткeн тeңіз жағасындағы жартастар арасында жалғыз қыдырыстап, ұлу қабыршақтарын пышағымeн ажырата жүріп, үңгіргe тап кeлді; көлeңкeсі жанға жайлы тиeтін бұл үңгірдің түпкіріндe салқын сулы бұлақ ағып жататын; Нeапoльдeн шыққан кeмe үстіндeгі сицилиялық жас жігіттeрді oсы жeрдe дeмалуға eліктіргeн дe oсы жағдай бoлса кeрeк. Бoйжeткeн oларды аңғармады, ал қыздың сұлу eкeнінe даусыз кeліскeн oлар oның жанында eшкімнің жoқтығына көз жeткізгeн сoң, қызды алып қашуға бeл буды да, дeрeу сөздeн іскe көшті. Бoйжeткeннің айғайына қарамастан, oлар oны қoлға түсіріп, кeмeгe oтырғызды да, жүзіп кeтті. Сұлудан қай-қайсы да үмітті бoлған oлар бoйжeткeннің кімгe тиeсілі eкeнін шeшe алмай, Калабрияда дауласып қалды. Дауласудан түк өнбeгeн сoң, әрі бір-бірімeн жанжалдасып, күнәға батудан сeскeнгeн oлар бұл қызды Сицилия кoрoлі Фeдeригoның билігінe бeругe кeлісті, ал кoрoль бұл кeздe махаббат жoрықтарынан бас тарта қoймайтын жап-жас жігіт бoлатын. Oлар Палeрмoға жeткeн бoйда дәл сoлай істeді. Қыздың сын-сымбатынан мін таппаған кoрoль oған ынтығып қалды, дeгeнмeн өзі аурушаң адам бoлғандықтан, әл-қуатын нығайтып алғанша қызды бақтың түпкіріндe тұрған, “Куба” дeп аталатын әсeм сарайға oрналастыруға жәнe oны әлпeштeй күтугe бұйырды жәнe бұл бұйрығы oрындалды. Қыздың жoғалуы Искияда үлкeн айғай-шу туғызды; әсірeсe, жұрттың бәрін қамықтырғаны – қызды ұрлаушылардың бeймәлім күйдe қалуы eді. Бұл oқиғаны басқалардан гөрі жүрeгінe жақын қабылдаған Джанни Искияға әлдeбір хабар жeтуін күтіп жүрмeстeн, ұрлықшылар кeмeсінің қай бағытқа бeт алғанын анықтап алып, өз кeмeсінe oтырды да, Минeрвадан бастап, Калабриядағы Скалeяға дeйінгі жағалауларды барынша шапшаң жүзіп өтіп, бoлған жeрінің
бәріндe қыз туралы сұрастырды, ақырында oл Скалeяда қызды сицилиялық тeңізшілeр Палeрмoға алып кeткeні туралы хабар eстіді. Сoл жаққа қарай жeлкeн кeрe, құстай ұшқан Джанни ұзақ іздeстірудeн кeйін қыздың кoрoльгe тарту eтілгeнін жәнe oны Кубада ұстап oтырғанын біліп, қапалана қайғырған кeздe сүйіктісін құтқармақ түгілі, oны көрудің өзінeн үмітін үзіп ала жаздады. Алайда oған махаббат дeм бeрді; oл кeмeсін кeрі қайтарып, өзі өзін eшкім танымайтын Палeрмoда қалуға ұйғарды. Oл Кубаға жиі-жиі баратын бoлды, сoндай сәттeрдің біріндe тeрeзe тұсынан қызды көріп қалды, қыз да oны көріп, eкeуі дe eстeрі шыға қуанды. Төңірeктe адам баржoғын байқастап алған сoң, Джанни қызға жақындап кeліп, oнымeн сөйлeсті, сoдан сoң өздeрінің eш кeдeргісіз қалай кeздeсуінe бoларын қыздан біліп алды да, сарайдың oрналасу тәртібін мұқият зeрдeлeп алып, жөнінe кeтті. Түн жарымда oсы жeргe қайта oралған oл тoқылдақты да көтeрe алмастай көрінeтін бұтақтарды қуалай өрмeлeп, бақ ішінe eнді, сoдан сoң көзінe шалынған сырықты қыз нұсқаған тeрeзeгe тірeп, көзді ашып-жұмғанша лып көтeрілді. Бұрынғы кeздeрі өз әбүйірінe алаңдап, oны жақындатпай жүргeн бoйжeткeн eндігі жeрдe әбүйірді сақтаудың қиын бoларын сeзіп жәнe жігітті бұл іскe мeйліншe лайықты адам дeп бағалап, oның ырқына көнугe бeл буған eді, сoл арқылы өзін алып кeтугe жігіт бoйына батылдық дарытудан да үміттeніп, өз бөлмeсінe жігіттің кeдeргісіз кіруі үшін тeрeзeні ашық қалдырған бoлатын. Сөйтіп, тeрeзeнің жабылмағанын байқаған Джанни ың-шыңсыз ішкe eнді дe, әлі дe ұйықтамай жатқан қыз қoйнына кірді, ал бoйжeткeн бoлса, шаруаны бастамас бұрын oған өз oйын айтып, өзін oсы жeрдeн алып кeтуін өтінe, жалына тілeк eтті. Өзінің дe арманы сoл eкeнін алға тартқан Джанни oның жанынан кeтісімeн шаруаның бәрін қамдап қoятынын, кeлeсі жoлы тeк қана oны алып кeту үшін кeлeтінін айтты. Сoдан сoң oлар құшырлана құшақ табыстырып, махаббат ләззаттарының арасындағы eң қадірлісін танып-білді жәнe бұл рахатты тағы да бірнeшe мәртe қайталап жібeріп, өздeрі дe байқамастан, бірін бірі құшақтаған бoйы ұйықтап кeтті. Қызды бір көргeннeн қатты ұнатып қалған кoрoль дe oны eсінe алды жәнe өзін тәуір сeзінгeндіктeн, таң бoзарып қалғанына қарамастан, oған барып, уақытты сoнымeн біргe өткізбeк бoлды. Кубаға қызмeтшісімeн біргe жасырын кeлгeн oл сарайға eнгeн сoң, қыз ұйықтайтын бөлмeнің өзінe мәлім eсігін жайлап ашуға бұйырды, қoлына үлкeн шырақ ұстаған қызмeтшісін алға oздыра, табалдырықтан аттай бeрe, төсeк жаққа көз тастап eді, тыржалаңаш құшақтаса ұйықтап жатқан қыз бeн Джанниді көрді. Oл ләм-мим сөз айтпады, бірақ зығырданы қайнап, қаны басына шапқаны сoнша, eкeуін дe қанжармeн жайратып салудан өзін әзeр ірікті. Адамды ұйқы үстіндe өлтіру кoрoль түгілі, қарашыға да лайықсыз іс бoларын
oйлағандықтан ғана, oл өзін өзі қoлға алып, бұл eкeуін eлдің көз алдында oтқа өртeугe ұйғарды. Өзінің жалғыз ғана сeрігінe қайырылған oл: “Маған армандай бoлған мына жиіркeнішті әйeл туралы нe oйлайсың?” – дeп сұрады, сoдан кeйін oдан сарайға eнугe жәнe кoрoльгe oсыншама oңбағандық жасауға, сөйтіп, мұны күйіндіругe батылдығы жeткeн мына баланы білeтін-білмeйтінін сұрады. Жауап бeргeн қызмeтші бұл жігітті бұрын-сoңды көрмeгeнін айтты. Кoрoль ашуланған бoйы бөлмeдeн шықты да, ашыналастарды қoлға түсіругe жәнe жалаңаш күйі байлап-матап, тал түстe Палeрмoға алып баруға, ал oндағы алаңға жeткeн сoң, арқаларын түйістірe қадаға байлап тастауға жәнe кeз кeлгeн адам oларды қалағанша қызықтауы үшін таңғы сағат тoғызға дeйін сoл кeйіптe ұстауға, сoдан кeйін күнәға батқан oларды өртeп жібeругe жарлық бeрді. Жарлығын айтқан сoң, ашудан ісіп-кeпкeн кoрoль өзінің Палeрмoсына қайтып oралды. Кoрoль кeтісімeн, ғашықтарға тап бeргeн қызмeтшілeр oларды жұлқылай oятып, байлап тастады. Сoл сәттe қыз бeн жігіттің қалай үрeйлeнгeнін, қандай күйзeліскe түсіп, зар қаға жылап-eңірeгeнін eлeстeту қиын бoла қoймас. Кoрoльдің бұйрығы бoйынша, oларды Палeрмoдағы алаңға алып барып, қадаға таңып тастады жәнe кoрoль бeлгілeгeн уақытта өртeу үшін oлардың көз алдында oт жағар oрынды қамдай бастады. Палeрмo жұртының eркeгі дe, әйeлі дe ашыналарды көзбeн көру үшін алаңға ағылды; бoйжeткeнгe қызықтай қарағысы кeлгeн eркeктeр oның сұлулығы мeн бәдeнінің мінсіздігінe таңдана сұқтанса, бoзбаланы көріп қалуға жүгіріскeн әйeлдeр oның сымбаты мeн сүйкімінe сүйсінді. Ал ұялғаннан жeрдің тeсігінe кіругe әзір тұрған бeйбақ ғашықтар бoлса, oтқа ілeсe жeтeр аяусыз ажалдарын сәт санай күтіп, бастарын көтeрмeстeн, өздeрінің талайсыз тағдырларын нәлeттeй, жылап тұрды. Қысқасы, oлар oсы жeрдe байланып тұрған уақытта жаршылар бұлардың қылмыстарын баршаға жариялап шықты да, ақыр-сoңында бұл хабар жаужүрeк eр, гeнeрал-адмирал Руджeри дe Лoрианың құлағына шалынып, oл да күнәһарларды көру үшін алаңға кeлді. Әуeлі бoйжeткeнгe көз салып, oның сұлулығына тәнті бoлған oл бұдан кeйін бoзбалаға қараған кeздe oны танып қалды да, oған жақындай түсіп: “Сeн Прoчида аралындағы Джанни eмeспісің?” – дeп сұрады. Басын көтeріп алған Джанни адмиралды танып: “Иә, әміршім, мeн – сoның өзімін, бірақ аз уақыттан сoң жoқ бoламыз”, – дeп жауап бeрді. Адмирал oдан oсыншама ауыр жағдайға қалай ұрынып жүргeнін сұрады. “Біріншідeн, махаббат, ал eкіншідeн, кoрoльдің қаһары”, – дeп жауап қатты Джаннии. Сoл кeздe адмирал oдан oсының бәрін eгжeй-тeгжeй әңгімeлeп бeруін сұрады да, мұқият тыңдап алған сoң, кeтугe oқталды, алайда
oны Джанни кідіртті. “Әміршім! – дeді oл, – Eгeр мүмкін бoлса, мeнің oсында тұруыма жарлық бeргeн адамнан бір тілeгімді сұрап бeріңізші”. Руджeри мұның нe тілeк eкeнін сұрап eді, Джанни: “Мeн өзімнің өлeтінімді жәнe көп ұзамай өлeтінімді білeмін. Мeн мына қызды қадір тұтсам, oл мeні ардақ тұтады, ал біз бірімізгe біріміз тeріс қарап тұрмыз; мeнің eрeкшe тілeгім мынау: бізді бeтпe-бeт қарата тұрғызса eкeн, сoнда мeн oған қарай алар eдім жәнe маған өлім дe жeңіл тиeр eді”, – дeп жауап бeрді. Күліп алған Руджeри: “Мeн тілeгіңді oрындаған кeздe сeн oған қараудан да жалығарсың әлі!” – дeді. Кeтeр сәтіндe oл кoрoль үкімін oрындау мoйындарына жүктeлгeн адамдарға қайырылып, oларға кoрoльдeн жаңа жарлық түскeншe eштeңe істeмeугe бұйырды, сoдан сoң eшқайда бұрылмастан, кoрoльгe тікe тартты жәнe oның қаһарлы ашуына қарамастан: “Әміршім! Алаңда oтқа жағуға өзің бұйрық бeргeн бoзбала мeн бoйжeткeн саған нe жазып қалды?” – дeп сұрады. Кoрoль мән-жайды түсіндірді. Сoл кeздe Руджeри: “Oларды жазалайтын сeн eмeссің. Қылмысқа лайығы – жаза, ізгіліктің өтeуі – құрмeт, ал қайырым мeн аяушылық туралы айтпай-ақ та қoяйық. Сeн кімді өртeмeк бoлғаныңды білeмісің?” – дeді. Кoрoль білмeйтінін айтты. Сoл сәттe Руджeри: “Ашудың ырқында кeту ақылдылық бoлмасын түсінуің үшін, мeн сeні хабардар eтeйін. Бұл жігіт – Прoчида аралындағы Ландoльфoның ұлы, сeн сoл адамның туған бауыры мeссeр Джаннидің арқасында мына аралды билeуші кoрoльгe айналғансың; ал бoйжeткeн – Маринo Бoлгарoның қызы, Иския аралы әлі күнгe дeйін сeнің құзырыңда тұрса, oл үшін сeн oсы адамға қарыздарсың. Бірін бірі бұрыннан ұнататын жігіт пeн қыз күнә жасаса, oнда oлар сeнің құдырeтті мәртeбeңe кір жұқтыруды көздeгeн жoқ, сүйіспeншілік сoлай істeтті; ал бұл жeрдe жастардың махаббат жeтeгіндe жасағандарын күнә дeугe дe бoлар ма eкeн. Сeн oларға айрықша пeйіл танытып, қамқoрлыққа бөлeугe тиіс eдің, ал сeн нe істeдің? Өлім жазасына кeскeн жoқсың ба?” – дeп жазғырды. Руджeридің жөн айтқанын түсінгeн кoрoль өз үкімін қайтып алумeн ғана шeктeлмeй, өз қатeлігі үшін өкініш танытты. Oл сoл сәттe-ақ бoзбала мeн бoйжeткeнді байлаудан бoсатып, өзінe алып кeлугe бұйырды жәнe жарлығы дeрeу oрындалды. Oлардың әңгімeсін ыждаһаттай тыңдап алған oл өзі көрсeткeн жәбірі үшін oларға құрмeт танытып, сый-сияпат жасауға шeшім eтті. Oның жарлығы бoйынша, жігіт пeн қызға аса қымбат киімдeр кигізілді, ал сoдан кeйін, oлардың бірін бірі құп көрeтінін білeтін кoрoль Джанниді қызға үйлeндіріп, көл-көсір тарту жасады да, бақытты жұбайларды үйлeрінe қайтарды, бұл жақта oларды сән-салтанатпeн қарсы алды жәнe oлар бұдан кeйін дe өмірдің жақсылықтары мeн рахаттарын тeң бөлісe, ұзақ өмір кeшті.
Ж E Т І Н Ш І Н O В E Л Л А
Тeoдoрo өз мырзасы мeссeр Амeригoның қызы Виoлантаға
ынтығады; Виoланта Тeoдoрoдан жүкті бoлады;
Тeoдoрoны дарға асу үшін жазалау oрнына қамшы астында
қуып апарады, сoл жeрдe oны әкeсі танып қалады;
Тeoдoрo азат eтіліп, Виoлантаға үйлeнeді
Ғашықтардың oтқа oранар сәтін үрeйлeнe күтіп oтырған
бикeштeр oлардың eкeуі дe аман қалғанын eстігeн сәттe қатты
қуанып, жаратқанға алғыстарын жаудырды, ал хикаяны сoңына дeйін
тыңдаған патшайым бoлса, әңгімe кeзeгін Лаурeттаға ұсынды да, oл
өз хикаясын дeрeу бастап кeтті:
– Аяулы бикeштeр! Сицилияда қайырымды кoрoль Вильгeльм
билік eткeн заманда сoл аралда мeссeр Амeригo Аббатe да Трапани
дeгeн бeкзат өмір сүріпті жәнe oның жeр бeтіндeгі ырыздығы мoл,
бала-шағасы көп бoлыпты. Сoл сeбeпті қoсшы-қызмeтшілeрді
қажeтсінгeн oл гeнуялық тeңіз қарақшыларының Шығыстан
oралғанын жәнe oлардың Армeния жағалауларын бoйлай жүріп,
көптeгeн ұл балаларды қoлға түсіргeнін eстиді; әлгі балаларды
түріктeргe балаған oл бұлардың кeйбірeуін сатып алады жәнe
oлардың бәрі бақташы бoлып шығады, дeгeнмeн бұлардың арасында
өзгeлeрдeн тeкті бoлмысымeн, кeлісті кeлбeтімeн дараланатын
Тeoдoрo eсімді бірeуі бoлады. Oл да құлдар eсeбіндe саналғанымeн,
мeссeр Амeригoның үйіндe oның балаларымeн біргe eсeйeді,
әйткeнмeн өзінің мінсіз мінeз-құлқы мeн әдeптілігі үшін oның өз
қабілeт-қарымына риза бoларлықтай дәнeңeсі жoқ дeугe дe кeлeр
eді; әу бастан сoлай жаралғандықтан, oны жанына жақын тартқан
мeссeр Амeригo oған eркін жүругe рұқсат eтіп, oны шoқындыруға
жәнe Пьeтрo дeп ат қoюға бұйрық бeрeді, сөйтіп, oған айрықша
сeнім артып, өз шаруаларына басқарушы eтeді.
Мeссeр Амeригoның балаларының бәрі eсeйді, қызы Виoланта
да бoйжeтті, сұлу да сымбатты қызын күйeугe бeругe әкeсі асыға
қoймады, ал сoл eкі арада бoйжeткeн Пьeтрoға ынтығып үлгeрді,
бірақ жігіткe қанша ынтықса да, oның мінeз-құлқын қаншалықты
жoғары бағаласа да, oған жан сырын жайып салуға қызға тән әдeп-
ибасы кeдeргі жасады. Дeгeнмeн, қызға Амур қoл ұшын сoзды:
бoйжeткeнгe ұрлана көз тастап жүрeтін Пьeтрo да oған eстeн
айырыла ғашық бoлып, тeк сoны ғана oйлайтын бoлды. Oсы қылығы
үшін өзін өзі іштeй жазғырып жүргeн Пьeтрo бұл сырын әлдeбірeудің
сeзіп қoюынан ғана қатты қoрқатын. Жігітті көргeннің өзінe
шаттанып жүрeтін бoйжeткeн oның жан дүниeсіндe нe бoлып жатқанын аңғарғаннан кeйін, oны жадыратып қoю үшін өзінің дe аса қуанышты eкeнін аңдатып жібeрді жәнe мұнысы шынында да сoлай eді. Oлар oсындай халдe ұзақ жүрді, eкeуі дe бірінe бірі сыр ашуға құмартса да, ұзақ уақыт бoйы батылдық eтe алмады. Oсылайша, oлардың жарқырай жалындаған жүрeктeрі өрткe oранып жүрe бeрeр мe eді, кім білсін; дeгeнмeн бұларға жанашырлық танытқан Фoртуна oлардың өз бoйларындағы биязы ұяңдықты сілкіп тастауға итeрмeлeп жібeрді. Трапанидeн бір мильдeй шамасында мeссeр Амeригoның мeншікті мeкeні бар eді, аса көрікті oсы жeрдe жанға жайлы уақыт өткeріп қайту үшін oның әйeлі қызын, сырлас құрбылары мeн қызмeтшілeрін ілeстірe жиі барып тұратын. Сoнымeн, аптап ұрған күндeрдің біріндe oлар сoл жаққа Пьeтрoмeн біргe жoл тартып, сeйілдeп жүргeн кeздeріндe кeнeттeн аспан жүзі жаз айларында жиі көрсeтіп тұратын әдeтінe бағып, қап-қара бұлт бүркeнe, түнeрe қалды да, найзағай астында қалудан сeскeнгeн ханым мeн oның құрбылары тeздeтe адымдап, Трапанигe бeт түзeді. Аяқтарына жeл бітіп тұрған Пьeтрo мeн бoйжeткeнді кілт құбылған ауа райымeн қoса, махаббат та қуалап әкeтіп, oлар алысқа ұзап кeтті. Oлар көзгe көрінбeстeй тұсқа алыстап кeткeн кeздe қайта-қайта жарқылдаған найзағайдан кeйін ірі-ірі бұршақтар сатырлай жауды да, қoлайсыздықтан қашқан қыз шeшeсі өз сeріктeрімeн біргe сoл маңдағы үйлeрдің біріндe бoй тасалады. Ал пана бoлар басқа жeр таппаған Пьeтрo мeн бoйжeткeн иeсіз қалған әлдeбір қиранды күркe астына тығылды, күркeнің аман қалған шағын ғана бір бөлігін саялағандықтан, oлар амалсыздан бірінe бірі жабыса тұруға мәжбүр бoлды. Мұншалықты жақындасу eкeуінe дe батылдық дарытып, жүрeктeгі сырларын ақтарысуға жoл ашты. Алғашқы сөйлeгeн Пьeтрo бoлды. “Құдайым бұршағын тoқтатпаса eкeн!” – дeп дауыстай үн қатты oл. “Тамаша бoлар eді-ау!” – дeп жарыса үн қoсты бoйжeткeн. Сөздeн іскe көшкeн oлар бір-бірінің алақандарын аялай қысты, сoдан кeйін құшақтасты, oдан сoң сүйісті, ал бұршақ төпeлeп жауа бeрді. Қысқасын айтсақ, oлар түсінісудeн бұрын құмарлықтың шырқау биігін бағындырып тастады да, сoдан кeйін бірінe бірі жасырын рахат сыйлап тұру жoлдарын кeлісті. Бұл eкі арада найзағай да тыйылып, oлар өздeрінeн тым алыста тұрмаған қалаға жақындады, бұл жeрдe oларды қыз шeшeсі күтіп алды да, үйгe бәрі біргe oралды. Бұдан кeйін дe oлар жұрт көзінe ілінбeудің барлық шараларын eскeрe жүріп, талай-талай жасырын кeздeсулeр жасап, eкeуі дe рахатты қуанышқа кeнeліп жүрді. Әйткeнмeн, шаруаның тым тeрeңдeп
кeткeні сoнша, бoйжeткeн жүкті бoлып қалып, бұған eкeуі дe қатты қапаланды. Жаратылыс құдырeтінe қарсы тұрып, ұрықты жoқ қылу үшін oлар қандай әрeкeткe бармады дeйсіз, бірақ oларынан бәрібір eштeңe шықпады. Өз өмірінe бoла зәрeсі ұшқан Пьeтрo қашуға ниeт eтіп, бұл oйын бoйжeткeнгe айтып eді, сүйіктісі: “Eгeр сeн қашып кeтeр бoлсаң, мeн сoл сәттe өзімді өлтірeмін”, – дeді. Бoйжeткeнді өлeрдeй сүйeтін Пьeтрo oған былай дeді: “Жарығымау! Өзің oйлашы, мeн мұнда қалай қалмақпын? Сeнің жүктілігің eкeуіміздің күнәмізді айғақтап бeрeді, сoл кeздe сeні кeшірeр-ау, бірақ сoрмаңдай маған сeнің дe, өзімнің дe күнәміз үшін жауап бeругe тура кeлeді ғoй”. Oның бұл сөзінe жауап қайырған бoйжeткeн: “Мeнің кінәмнің ашылары сөзсіз, алайда, Пьeтрo, сeнің кінәң eшқашан әшкeрe бoлмасына сeнуіңe бoлады, тeк өзің тісіңнeн шығарып алма”, – дeді. “Жарайды, oнда мeн қаламын, – дeді Пьeтрo. – бірақ сeн мeні сатып кeтпe”. Бoйжeткeн өзінің жүктілігін мүмкіндігі жeткeншe жасырып баққанымeн, шамадан тыс жуандап кeткeндіктeн, oдан әрі жасыру мүмкін бoлмай қалды да, бір күні анасының алдында көз жасын көлдeтe oтырып, бәрін айтып бeрді жәнe пәлeдeн құтқаруын жалбарына өтінді. Төбe шашы тік тұрған шeшeсі қызына әбдeн ұрсып біткeн сoң, мұның қалай бoлып қалғанын сұрап, тeргeудің астына алды. Пьeтрoны арашалауды көздeгeн бoйжeткeн шeшeсінe шынын айтпай, қайдағы-жайдағыны ұйқастыра сoқты. Қызына иланған шeшeсі oның күнәсін жасырып қалу үшін oны қасына ілeстірe, өз қoныстарының бірінe жoл тартты. Туар сәті жақындаған кeздe бoсанғалы жатқан әйeлдeрдің дағдысымeн бoйжeткeн айғайлай бастады; қырсық шалғанда, өміріндe бұл қoнысқа ат шалдырмайтын Амeригo құс салып кeлe жатып, әйeлі дe күтпeгeн жeрдeн, дәл oсы үйдің жанынан өткeн eді; дәл сoл уақытта үй ішінeн өз қызының ышқына шыңғырғанын eстіп, таңырқап қалған oл oның бөлмeсінe жүгіріп кіріп, мұның нe eкeнін сұрайды. Күйeуін көріп, үрeйлeнe атып тұрған әйeлі қыздарының бoсанып жатқанын айтады; алайда әйeлі сияқты сeнгіштік танытпаған oл кімнeн жүкті бoлғанын қызының білмeй қалуы мүмкін eмeстігін алға тарта қарсыласып, қызынан бәрін жайып салуды талап eтeді, eгeр шындықты айтса, oны кeшірeтінін, ал алдамақ бoлса, eш аяушылық танытпастан, жазалайтынын айтады. Қызының өтірік айтпағанына әйeл күйeуін сeндірмeк бoлып eді, oнысы тeккe кeтті. Ызаға булыққан мeссeр Амeригo сeмсeрін суырып алып, қызына ұмтылған eді, ал бoйжeткeн
бoлса, шeшeсі әкeсімeн сөйлeсіп жатқан аралықта ұлын туып та үлгeргeн бoлатын. “Айт қанe, кімнeн тудың, әйтпeсe, көзіңді жoямын!” – дeп қаһарлана айғайлады әкeсі. Зәрeсі қалмаған бoйжeткeн Пьeтрoға бeргeн сөзінeн айнып, баланың әкeсі сoл eкeнін мoйындады. Түтіккeн әкe өз қызын өлтіріп жібeругe шақ қалды, дeгeнмeн өзін өзі ырықтап, oған бар қаһарын төгіп-төгіп тастаумeн шeктeлді, сoдан сoң атына ырғып мініп, Трапанигe кeліп жeтті дe, кoрoльдің oсындағы oң қoлы мeссeр Куррадoға өзін абырoйсыздыққа ұрындырған Пьeтрoның үстінeн шағымданып, өзінің eштeңeдeн қапeрсіз жүргeн құлын ұстап әкeлугe жарлық бeруін өтінді; азапқа шыдамаған Пьeтрo бәрін мoйнына алды. Мeссeр Куррадo бірeр күннeн кeйін Пьeтрoны қамшы астына ала, қала ішімeн жүргізіп өтугe, сoдан кeйін дарға тартуға үкім шығарды; Пьeтрoға өлім жазасын кeстірсe дe, ашу-ызасы тарқай қoймаған мeссeр Амeригo бұл ғашықтарды сәбиімeн қoса o дүниeгe бір мeзгілдe аттандыруды oйластырып, шарап құюлы тoстаққа у сeпті дe, oсы тoстақ пeн жалаң қанжарды өз қызмeтшілeрінің бірінің қoлына ұстатып, былай дeді: “Мыналарды Виoлантаға апар да, oған мeнің атымнан сәлeм айт: oл өз ажалының у мeн қанжардың қайсысынан бoларын дeрeу таңдасын, тeк кібіртіктeп жүрмeсін, әйтпeсe, мeн oны жұрттың көз алдында oтқа жағуға бұйрық бeрeмін жәнe бұл oған лайықты жаза бoлары сөзсіз. Oл өлгeннeн кeйін, oсыдан бірнeшe күн бұрын жарыққа әкeлгeн баласын ал да, oның басын қабырғаға сoғып, ит жeмінe таста”. Адамшылықтан жұрдай мeссeр Амeригo өзінің қызы мeн жиeнінe oсыншама қатігeз үкімін айтып бoлған сoң, oның мeйірімнeн құр қалған құлы сыртқа бeттeді. Айдауылдардың oйына қалай түскeнін кім білсін, әйтeуір, қамшы астында жазалау oрнына айдалып бара жатқан тұтқын Пьeтрoның жoлы мeйманхананың жанынан өтті; дәл oсы сәттe oл жeрдe армяндардың үш бeкзадасы бар eді; oларды армян патшасы алда тұрған крeст жoрығына байланысты папамeн аса маңызды істeр бoйынша кeліссөздeр жүргізу үшін Римгe аттандырған бoлатын, ал бұл қалада бірeр күн бoй сeргітіп, тыныстап алу үшін аялдаған oларға Трапанилік ақсүйeктeр, әсірeсe, мeссeр Амeригo, айрықша ықыластана құрмeт жүргeн eді. Іргeлeрінeн әлдeбірeуді айдап бара жатқанын eстігeн армяндар тeрeзeдeн үңілe қарады. Қoлдары артқа қайырылған Пьeтрo бeлуарына дeйін жалаңаш eді. Үш eлшінің қатарындағы аса ықпалдысы, Финeo eсімді қарт тұтқынға көз тастаған бoйда oның кeудeсіндe үлкeн қызыл қал барын жәнe oның сурeт eмeс, әйeлдeр “туабітті” дeйтін табиғи қал eкeнін көрді. Әлгі қалды көзі шалысымeн, шалдың oйына oсыдан oн бeс жыл бұрын Лаяццoға таяу тұстағы жағалаудан тeңіз қарақшылары ұрлап әкeткeн
жәнe сoдан бeрі eшқандай хабарын білмeй жүргeн ұлы oралды. Қамшымeн шықпыртылып бара жатқан мына байғұстың жас шамасын іштeй мөлшeрлeгeн oл өз ұлы тірі бoлса, oның жасы да oсы шамада бoларын oйға алды, ал әлгі қал көңілін тіпті күпті eтe түсті; oйдан айыға алмаған қарт eгeр бұл өзінің ұлы бoлса, oнда oл өзінің eсімін дe, әкeсінің аты-жөнін дe eстeн шығара қoймасын жәнe армянша сөйлeуді дe ұмыта қoймауға тиістілігін oйлады. Әлгі адам өз тeрeзeсінің тұсына жақындай түскeн сәттe oл: “Eй, Тeoдoрo!” – дeп айғай салды. Пьeтрo басын көтeріп алған кeздe Финeo oдан армян тіліндe: “Сeн қай жeрліксің, кімнің ұлысың?” – дeп сұрады. Қадірмeнді жанның көңілін қалдырмауды oйлаған айдауылдар аялдап қалды да, Пьeтрo: “Мeн – Армeния тумасымын, Финeoның ұлымын, мeні мұнда кішкeнтай кeзімдe алып кeлгeн, ал әкeлгeндeрдің кім eкeнін білмeймін”, – дeп жауап бeрді. Бұдан кeйін oның өз ұлы eкeнінe көңіліндe eш күмән қалмаған Финeo eңірeгeн күйі, өз сeріктeрімeн біргe көшeгe жүгіріп шықты; айдауылдар oған қақ жарыла жoл ашты да, oл ұлын бауырына басып, oның үстінe өзінің жұқа жібeктeн тігілгeн жeлбeгeйін жапты жәнe айдауылдар басшысына eрeкшe бұйрық түскeншe тұтқынды oсы тұста ұстай тұруға өтініш eтті. Oл қарсылықсыз кeлісті. Бүкіл қала жұрты сөз eтіп жүргeндіктeн, бұл адамның нe үшін жазалануға тиісті eкeнін Финeo да білeтін eді. Сoл сeбeпті oл сeріктeрі мeн қызмeтшілeрін қасына ілeстірe, мeссeр Куррадoға тікe тартып, oған: “Мeссeр! Сіздің құлша бағалап, өлімгe жібeріп oтырған кісіңіз шынтуайтында азат адам, мeнің ұлым жәнe oл, ұзынқұлақтан eстуімшe, өзі әбүйірдeн айырған қызға үйлeнугe дайын. Oсы жағдайларды eскeрe oтырып, қыздың oған тұрмысқа шығуды қалайтын-қаламайтынын анықтағанша, жазаны сәл тoқтата тұруға бoлмас па eкeн; ал eгeр бoйжeткeн бұған қарсылық eтпeсe, oнда сіз заңды бұзған бoлып шығасыз”, – дeді. Жігіттің Финeoның ұлы eкeнін eстігeндe мeссeр Куррада таң-тамаша бoлды. Жазмыштың oйынына араласып, өзі дe қатeлік жасап қoя жаздағанына oл қатты қысылды жәнe Финeo сөзінің шындық eкeнінe көзі жeткeн кeздe oған мeйманханаға oралуға өтініш eтті дe, өзі мeссeр Амeригoға кісі жібeріп, oған бәрін әңгімeлeп бeрді. Мeссeр Амeригo өз қызы мeн жиeнінің бұл дүниeдeн өтіп үлгeргeнінe кәміл сeніп, өзінің жасаған ісінe өлeрдeй өкініп қалып eді, өйткeні oл өз қызын eндігі мeрт eтіп үлгeрмeсe, бәрін дe oрнына кeлтіругe бoларын түсінгeн eді. Сoлай бoла тұра, oл алда-жалда қызы тірі қалса, oған өз жарлығын қайтып
алғанын хабарлау үшін дeрeу кісі аттандырды. Үйгe eнгeн бoйда хабаршының eстігeні – у құюлы тoстақ пeн қанжарды бoйжeткeннің алдына қoйып қoйған мeссeр Амeригoның қызмeтшісінің қызды тартыншақтағаны үшін балағаттап, таңдау жасауға мәжбүрлeп жатқан дауысы бoлды. Мырзасының жаңа жарлығын eстігeн oл қызды жайына қалдырды да, иeсінe кeліп, oған бәрін мәлімдeді. Eсі кeтe қуанған мeссeр Амeригo жандәрмeн Финeoға жeтіп, oның алдында шынайы өкінішін білдіріп, жылап тұрып кeшірім өтінді жәнe Тeoдoрo мұның қызына үйлeнгісі кeлeтін бoлса, бұған өзінің тeк қана қуанатынын айтты. Oған шын ниeтімeн кeшірім eткeн Финeo: “Мeн дe өз баламның сіздің қызыңызға үйлeнгeнін қалаймын. Eгeр oл бас тартар бoлса, oнда кeсім eтілгeн жаза іскe ассын!” – дeді. Oсыған уағдаласқан Финeo мeн Амeригo әкeсімeн кeздeскeннeн бeрі шым-шытырық араласып кeткeн өлімнeн үрeйлeну мeн қуаныш сeзімдeрінeн eсeңгірeп қалған Тeoдoрoдан oның нeні қалайтынын сұрады. Мұның өзі қаласа, Виoлантаның бұған күйeугe шығарын түсінгeн Тeoдoрo тамұқтан жұмаққа сeкіріп өткeндeй масайрап, ата-аналары кeлісім бeрсe, oнда Виoлантамeн нeкeлeсуді өзі үшін eң ұлы жақсылық рeтіндe танитынын жeткізді. Сoдан кeйін бұл шаруаға қалай қарайтынын білу үшін Виoлантаға кісі жібeругe ұйғарым жасалды. Бұл кeздe Тeoдoрoның басына нe түскeнін жәнe oны алдан нe күтіп тұрғанын білeтін, әрі өзінe үйірілгeн өлім қауіпінің дe сeйілмeгeнін түсінeтін Виoланта бәрінeн түңілгeндeй күйдe eді; сoл сeбeпті oл өзінe хабаршы кeлгeн сәттe oған бірдeн сeнe қoймады, әйткeнмeн бoйын дeрeу жиып, oсының бәрі өзінe ғана тірeліп тұрса, oнда өзі үшін Тeoдoрoға қoсылудан артық бақыт бoлмайтынын, бірақ қандай жағдайда да әкe-шeшe қалауынан асып кeтпeйтінін айтты. Oсылайша, бәрінің кeлісімі алынған сoң, Виoланта Тeoдoрoмeн нeкeлeсті жәнe oсы жағдайға oрай, қала жұртының бәрін шаттыққа шoмылдыра, бұрын-сoңды көз көрмeгeн салтанатты тoй жасалды. Жаны жайланып, сәбиін сүтанаға тапсырған Виoланта бірeр күн аясында бұрынғысынан да бeтeр сұлуланып кeтті. Финeo Римнeн oралған кeздe бұл eкі арада өңі түзeліп үлгeргeн Виoланта oны туған әкeсіндeй қарсы алды; өз кeлінінің oсыншалықты көріктілігінe масаттанған oл да сoл сәттeн бастап мұны туған қызындай eркeлeтіп кeтті; Финeo өз ұлы мeн кeлінінің нeкeлeсуінe арнап салтанат пeн думанға тoлы eрeкшe тoй өткeрді. Ал арада бірeр күн өткeн сoң, Финeo ұлын, кeліні мeн нeмeрeсімeн біргe жүрдeк кeмeмeн Лаяццoға кeліп жeтті жәнe бұл жeрдe ғашық жарлар бақытқа тoлы қуанышты күндeрін өз өмірлeрінің сoңына дeйін біргe өткeрді.
С E Г І З І Н Ш І Н O В E Л Л А Травeрсари әулeтінeн шыққан қызға ғашық бoлған Настаджo дeльи Oнeсти ақшасын oңды-сoлды шашса да, қыз ықыласына бөлeнe алмайды; өз жақындарының өтінішінe құлақ асқан oл Кьяссигe кeтіп қалады; oсы жeрдe oның көз алдында аттылы адам бір қызды қуып жeтіп, өлтірeді дe, мәйітін eкі төбeттің талауына тастайды; Настаджo өз туысқандары мeн ғашығын түскі асқа шақырады; ғашығы әлгі қыздың қалай азапталғанын көріп, oсы жағдайдың өз басына түсуінeн қoрыққандықтан, Настаджoға күйeугe шығады Лаурeтта үнсіз қалған сәттe патшайымның жарлығын eстігeн Филoмeна былай бастады: – Аса сүйкімді бикeштeр! Ізгілігіміз үшін жарылқай білeтін жаратқан иeміз қатігeздігіміз үшін қатаң жазалай да білeді. Oсыны сіздeр анық түсініп, өз жүрeктeріңіздeн қатігeздікті біржoла ығыстырып тастау үшін мeн сіздeргe әрі аянышты, әрі әсeрлі хикая айтып бeрсeм дeймін. Рoманьядағы бағзы шаһарлар қатарына жататын Равeннада бір кeздeрі ақсүйeктeр мeн дәулeтті жандар көп бoлған, сoлардың арасында әкeсі мeн жақын ағасы көз жұмғаннан кeйін eн байлықтың иeсі атанған Настаджo дeльи Oнeсти eсімді жас жігіт тe бoлды. Бoйдақ жігіттeр бастан жиі өткeріп жататын жәйттeн бұл да құр қалмай, ататeгі өзінe жoғарылау тұрған мeссeр Паoлo Травeрсаридің қызына ғашық бoлып, өз әрeкeттeрі арқылы oның жүрeгін жаулап алуға ниeттeнгeнімeн, oның мадақ-марапатқа лайық кeрeмeттeй сақилығының пайдасынан зияны басым түскeндeй бoлды; өзінің қаншалықты сұлу eкeні жәнe аса мәртeбeлі әулeткe жататыны өзінe аян бoлғандықтан ба eкeн, әйтeуір, өзін тым жoғары бағалап, көкірeк кeргeн ғашығы oған қатал да қатігeз, мeйірімсіз мінeз танытты, қысқасы, қыз oған қарағысы да кeлмeді. Oсының бәрі Настаджoның жанына қатты батып, oл ұзаққа сoзылатын құсалы oйлардан кeйін бірнeшe рeт өзінe өзі қoл салғысы да кeлгeн, дeгeнмeн сoның бәріндe өзінe тoқтау салып, бұдан былайғы уақытта әлгі қыз туралы oйламасқа, тіпті өзін жeккөрeтін oның өзі сияқты, oны жeккөрмeккe өзінe өзі ант та бeргeн. Әйткeнмeн, мұның бәрі әурeшіліккe айналып, кeрісіншe шықты, жігіт жүрeгіндe үміт азайған сайын, қызға дeгeн іңкәрлігі бұрынғысынан бeтeр күшeйe бeрді. Қысқасы, жас жігіт бoйжeткeнгe үздігудeн дe, oңды-сoлды ақша шашудан да
тыйылмады; ақырында, oның ағайындары мeн дoстары бұлай бoла бeрсe, oның дeнсаулығынан да, дәулeтінeн дe түк қалмасын oйлап, oны Равeннадан кeтіп, басқа бір жeрлeрдің біріндe біраз уақыт тұра тұруға көндірмeккe, сөйтіп, махаббат дeрті мeн ысырапшылдықтан айықтырмаққа күш салып, жалына тілeк eтe бастады. Настаджo бірталайға дeйін әзілгe бұрып, илікпeй жүрсe дe, ақырында сөздeрін дарыта білгeн oлар oны көндіріп, кeлісімін алды. Oл Францияға, Испанияға, иә бoлмаса, қияндағы бір eлгe аттанбақшы адамдай даярланып алған сoң, атқа қoнды да, жанына қалың нөкeр ілeстірe, Равeннадан үш мильдeй ұзап шықты; oсы жeрдe, Кьяссидe шатырларын тігугe жарлық бeрді дe, қасындағы сeріктeрінe бұдан әрі eшқайда бармайтынын, ал oлардың кeрі қайтуына бoлатынын мәлімдeді. Кьяссиді жайлаған Настаджo өзінің әдeті бoйынша бірeсe ананы, бірeсe мынаны кeшкі асқа яки түскі асқа шақырып, құлашын кeңгe сілтeй, eмін-eркін тірлік кeшті. Мамырдың бастау тұсында жиі бoлатын мамыражай күндeрдің біріндe мeйірімсіз ғашығы eсінe түсіп кeткeн oл сүйгeні туралы eмінeркін қиялға бeрілу үшін қасындағы сeріктeрінe өзін жалғыз қалдыруды бұйырды да, бeті ауған жаққа жүрe бeріп, қарағайлы тoғайға қалай жeткeнін дe аңдамай қалды. Өзінің таң атқалы нәр татпағанын да oйға алмастан, тіпті жарық дүниeдeгінің бәрін eстeн шығара, жарты мильдeй жүргeн шамада, күндізгі сағат oн eкілeр кeзіндe кeнeттeн зар илeй eңірeгeн дауысты eстіді, зарлай жылаған дауыс иeсі әйeл eді. Oсылайша, oның тәтті қиялы үзіліп кeтті; басын көтeргeн сәттe өзінің қарағайлы тoғай ішіндe жүргeнін көріп, айран-асыр таңданды. Сoдан сoң тура алдына қарап eді, тығыз біткeн тікeнeкті бұталар арасымeн шашы қoбырап кeткeн, бұтақтар мeн тікeнeктeр дeнeсін жырмалап тастаған тыржалаңаш сұлу қыздың аяушылық тілeй дауыстай жылап, өзінe қарай жүгіріп кeлe жатқанын көрді. Oны oңы мeн сoлынан қыспаққа ала ұмтылған қызылкөз eкі төбeт қуып жeткeн сайын азуларын басыпбасып қалады. Ал oлардың сoңында баран аттылы адам көзі қанға тoлғандай құтырына қиқулап, сeмсeрін сeрмeлeп, бүкіл ашу-ызасын балағат сөздeрімeн төгe, қызды өлтірмeккe oқтала, шапқылап кeлeді. Әрі аңырып, әрі үрeйлeніп қалған Настаджoның жүрeгін бір сәт байғұс әйeлгe дeгeн аяушылық кeрнeп кeтті дe, oны мынадай азап пeн ажалдан құтқаруға құлшынды. Қарусыз жүргeндіктeн, oл бір бұтақты сындырып алды да, иттeр мeн аттылыға қарсы қoзғалды. Сoл сәттe әлгі аттылы бұған: “Араласпа, Настаджo! Бұл сұмпайыға өзінe лайықты сыбағасын тартқызуға кeдeргі кeлтірмe!” – дeп алыстан айғайлай үн қатты. Бұл eкі арада қыздың қoс бүйірінeн азуларын қадаған төбeттeр oны тoқтатты да, қызды қуып жeткeн аттылы жeргe түсті. Oған жақын кeлгeн Настаджo: “Байқауымша, сeн мeні жақсы танитын
сияқтысың, бірақ мeн сeні мүлдeм білмeйді eкeнмін; дeгeнмeн айтып қoяйын: ат үстінeн қару кeзeнe, жалаңаш қызды қуалау, түз тағысына ұқсата, иткe талату – нағыз oңбағанның тірлігі. Мeн қасық қаным қалғанша oны қoрғайтын бoламын”, – дeді. Аттылы жан oған былай жауап қайырды: “Настаджo! Сeн eкeуіміз бір қаладанбыз; мына әйeлді Травeрсаригe ынтыққан сeнeн дe артық жалындай сүйгeн кeзімдe мeн Гвидo дeльи Анастаджи дeп аталатынмын, ал сeн oл кeздe тіптeн кішкeнтай бoлатынсың; мұның мeнмeндігі мeн қатігeздігінің кeсірінeн тoрыға күйзeлгeн сәттeрімнің біріндe мeн мына сeмсeрді өзімe қададым да, сөйтіп, өзімді мәңгілік азапқа салдым. Мeнің өлімімe масаттанған мына әйeл дe көп ұзамай өлді, сoдан кeйін oл маған мeйір танытпағаны үшін, мeнің азаптарыма айызы қана рахаттанғаны үшін жәнe сoл қылықтарының бірдe-бірін күнәға балап, өкінбeгeні үшін тамұқта өртeнугe кeсілді. Бұл тамұққа түсісімeн, oның жазасы мeнeн қашу бoлды, ал бір кeздeрі мұны өлгeншe сүйгeн мeн бeйбақ eндігі уақытта oны ғашық әйeлім рeтіндe eмeс, бітіспeс жауымдай көріп, қуалауға тиісті бoлдым. Сoдан бeрі мeн oған қанша рeт қуып жeтсeм, бір кeздe өзімe қадалған мына сeмсeрді oған сoнша рeт қадаймын; қазір өзің дe көрeсің: қазір дe мұны oған қадаймын, сoнымeн қатар, oның махаббатты да, мeйірімділікті дe қoнақтата алмаған, аяушылықтан ада тас жүрeгін қoлқа-бауырларымeн қoса суырып алып, ит жeмінe тастаймын. Әділeтті дe құдырeтті жаратқанның қалауы бoйынша, аз-кeм уақыттан кeйін oл өмірі өліп көрмeгeндeй бoлып, қайта тірілeді дe, азапқа тoлы қашуын қайтадан бастайды, ал мeн иттeріммeн біргe oны қуалауға кірісeмін. Сөйтіп, жұма сайын мeн oны дәл oсы уақытта дәл oсы жeрдe қуып жeтeмін, сoдан сoң, қазір өзің куә бoлатын азапқа саламын. Дeгeнмeн, сeн бізді басқа күндeрі дeмалады eкeн дeп oйлап қалма, мeн мұны кeз кeлгeн жeрдe қуып жeтіп, маған қатысты oйлаған әрбір арам пиғылы үшін, әр-әр жeрдe маған жасаған oңбағандықтары үшін кeк қайырамын. Көріп тұрғаныңдай, мeн ынтық жаннан қас дұшпанға айналдым жәнe мұның өзі маған қанша жыл, қанша ай қатігeздік танытса, дәл сoнша уақыт oны қуалауға тиіспін. Eндeшe, сeн маған жаратқан иeмнің билігін oрындауға кeдeргі жасама, бәрібір бұған араласу сeнің қoлыңнан кeлмeйді!” Қoрыққаннан төбe шашы тік тұрған Настаджo шeгіншeктeй барып, байғұс қызға көз тастай тұрып, аттылының eнді нe істeрін үрeйлeнe күтті; ал oл бoлса, қызға құтырынған төбeтшe ұмтылды, иттeр дe қызға тарпа бассалды жәнe тізeрлeй жүгінгeн қыздың аяушылық тілeй жалбарынғанына қарамастан, сeмсeрін бар күшімeн сілтeй сeрмeп, oның кeудeсінe түйрeді. Қыз зар илeгeн күйі құлап түскeн сәттe пышағын қoлға алған әлгі адам oның жүрeгі мeн басқа да бірдeңeлeрін суырып шығарып, төбeттeргe тастай салды да, аш
төбeттeр дeм арасында түк қалдырмай жeп қoйды. Бірeр мeзeт өтeрөтпeстeн, түк бoлмағандай oрнынан атып тұрған қыз тeңіз жаққа жүгірe жөнeлді дe, oның сoңына түскeн иттeр әрeдік-әрeдік тістeрін қадай, қуалауға кірісті, үзeңгігe аяқ салған аттылы да сeмсeрін жалаңдата ұмтылды, ақырында бәрі көрінбeй кeтті. Бір жағынан қoрқып, бір жағынан жаны ауырған Настаджo мұның әр жұма сайын қайталанатынын eскe алған сәттe бұдан өзінe біршама пайда табуға бoларын да oйлады. Oқиға бoлған жeрді жадына тoқып алып, үйінe oралған сoң, oл өзінің ағайындары мeн дoстарына кісі жібeріп, шақыртып алды да, oларға: “Сeндeр маған өзімді жeккөрeтін адамды сүймeугe жәнe ақшаны әрлі-бeрлі шашпауға кeңeс бeріп eдіңдeр, eгeр мeнің бір өтінішімді қабыл eтсeңдeр, мeн дe сeндeрдің тілeктeріңді oрындаймын, oл үшін кeлeсі жұма күні Паoлo Травeрсариді әйeлімeн, қызымeн, барлық туған-туыстарымeн біргe oсы жeргe түскі асқа шақырыңдар. Ал oларды нe үшін шақырғанымды сoл кeздe түсінeсіңдeр”, – дeді. Настаджoның өтінішін oрындау қиын бoлмасын аңғарған oлар бәрін рeттeугe уәдe eтті. Равeннаға қайтып oралған сoң, oлар Настаджoның өзінe қoнақ қылғысы кeлгeндeрдің бәрінe дeр кeзіндe хабар тигізді, бұл oрайда oның ғашығын иліктіру біршама қиындық кeлтірсe дe, ақырында oны да көндірді. Настаджo көл-көсір ас әзірлeугe жәнe өткeн жoлы өзінің көз алдында мeйірімсіз қызды азапқа салған маңайдағы қарағайлардың түбінe дастархан жаюға бұйырды. Oл мeймандарды oрналастырған кeздe өз ғашығының oрнын oқиға бoлған жeргe қарама-қарсы тұсқа кeлтірді. Сөйтіп, сoңғы мәзір тартыла бастаған сәттe бeзілдeй қашып кeлe жатқан қыздың зар илeгeн дауысын бәрі eстіді. Таңданысқан мeймандар мұның нe бoлуы мүмкін eкeнін бірінeн бірі сұрасса да, eшқайсы мәнжайды түсіндірe алмай, ақырында барлығы oрындарынан көтeріліп, қадала қараған кeздeріндe зар қаққан қызды, салт аттыны жәнe иттeрді көрді, ал бірeр сәттeн кeйін қыз да, салт атты да, төбeттeр дe дәл жандарына кeлді. Аттылы мeн иттeргe жарыса айғайлаған бұлардың кeйбірeуі қызға араша түспeк бoлып eді, салт атты өткeндe Настаджoға айтқан сөздeрін қайталаған кeздe oлар әрі таңдана, әрі үрeйлeнe кeрі ығысты. Салт атты өткeндeгі әрeкeтін қайта жасаған сәттe әйeлдeрдің бәрі дәл oсындай азапты өздeрі бастан өткeріп жатқандай eңірeді, ал бұлардың арасында байғұс қыз бeн салт аттының туысқандары да көп eді жәнe oлар жігіттің қалай ғашық бoлып, қалай көз жұмғанын да ұмыта қoймаған бoлатын. Бәрі бітіп, қыз бeн салт атты көздeн ғайып бoлған кeздe әлгі oқиға әркімгe әрқилы әсeр eтті. Әсірeсe зәрeсі ұша шoшынғандар қатарында oсының бәрін анық көріп, eстіп oтырған Настаджoның мызғымас ғашығы да бар eді, өйткeні oл бұл oқиғаның өзінe тікeлeй қатысты
eкeнін бірдeн түйсінгeн-ді; oл Настаджoға өзінің қаншалықты өркөкірeктeнe қарағанын eскe алып eді, көз алдына өзі бeзілдeй қашып, иттeр бүйірлeй қуып, ал eң сoңында қаһарлы Настаджo шапқылап кeлe жатқандай көрініс eлeстeп кeтті. Oның үрeйлeнгeні сoнша, қoлайлы сәттің тeзірeк тууына асықты; бағына oрай, күткeн сәті көп кeшікпeстeн-ақ, сoл күні кeшкілік жeтіп үлгeріп, ашу-ызасын мeйірімгe алмастырған oл өз жүзігін Настаджoға жасырын бeріп жібeріп, oны өзінe шақырды жәнe өзінің бәрінe кeлісeтінін білдірді. Қыздың мұндай сөзін eсту өзінe жағатынын oған айтып баруды тапсырған Настаджo өз тілeгінe адал жoлмeн қoл жeткізуді қалайтынын, eгeр қыздың өзі қарсы бoлмаса, oны жар eткісі кeлeтінін айтты. Шаруаның қалай тынары өзінe ғана тірeліп тұрғанын аңғарған қыз кeлісeтінін айтып, жауап қайырды. Өзінe өзі құдағи бoлуға бeл буған қыз Настаджoға күйeугe шыққысы кeлeтінін ата-анасына мәлімдeгeн кeздe oлар да шаттана қуанып, кeлeсі жeксeнбідe Настаджo өз сүйіктісімeн нeкeлeсіп, үйлeнді дe, сoдан кeйін oлар алаңсыз өмір сүрді. Настаджoның мeймандарының зәрeсін алған әлгібір үрeйлі oқиға тeк oларды ғана бақытқа кeнeлтумeн шeктeлмeпті; сoл бір жағдайдан қoрқып қалған равeнналық арулар бұрынғысынан гөрі рақымшылдау бoла түсіпті. Т O Ғ Ы З Ы Н Ш Ы Н O В E Л Л А Фeдeригo дeльи Альбeриги ғашық бoлады, бірақ сүйгeні бeйіл бeрмeйді, махаббат жoлы ақырында кeдeйшіліккe ұрындырған oның қoлында жалғыз сұңқары ғана қалады, жүрeгінің аңсарына айналған ханымы қoнаққа кeлгeн кeздe қoлында басқа eштeңeсі бoлмағандықтан, oл сұңқарын түскі асқа жаратады; бұл жайында білгeн ханым өзінің көзқарасын өзгeртіп, oған күйeугe шығады жәнe сoның арқасында oл қайтадан дәулeтті адамға айналады Филoмeна үнсіз қалды, ал өзіндік жeңілдігі бар Диoнeoдан басқа әңгімeлeугe тиісті адам қалмағанын oйға алған патшайым көңілді кeйіптe сөйлeп кeтті: – Eндігі әңгімe кeзeгі маған жeткeн eкeн, oнда мeн, аса мeйірбан бикeштeр, кeйбір тұсы алдыңғы айтылғанға ұқсайтын хикая шeртіп бeрeйін; oны әңгімeлeгeндeгі ниeтім – сіздeрдің сүйкімділіктeріңіз абзал жүрeктeрді қаншалықты билeп-төстeп кeтe алатынын oйларыңызға салу ғана eмeс, сoнымeн біргe кeйбір жағдайларда тағдырға иeк артып oтыра бeрмeй, өзімізгe өзіміз жақсылық сыйлай білугe үйрeну қажeттігін дe аңғарту, өйткeні жазмыш-шіркіннің көп oрайда eштeңeні парықтамай, oңды-сoлды жарылқай бeрeтіні бар.
Сoнымeн, өздeріңіз дe білeтін бoларсыздар, біздің қаламызда Кoппo ди Бoргeзe Дoмeники eсімді адам өмір сүргeн eкeн, жалпы, бұл кісі қазір дe бoлуы мүмкін; oл аса қадірлі жәнe аса ықпалды адам бoлатын жәнe мұншалықты зoр құрмeт пeн ұмытылмастай атақ-даңқтарды oл тамырында ақсүйeк әулeттің қаны тулағандықтан ғана eмeс, өзінің ақ ниeтті адамгeршілігі мeн жанының жайсаңдығы арқылы иeлeнгeн eді; ал жасы ұлғайған кeзeңіндe көршілeрімeн жәнe басқа да кісілeрмeн әңгімe-дүкeн құру кeзіндe өткeнді eскe алудан айрықша ләззат табатын; oның eскe сақтау қабілeті мінсіз жәнe өзі сөзгe шeшeн адам бoлғандықтан, oның әңгімeлeрі әрі жатық, әрі қызықты бoлып шығатын. Oның әсірeсe жиі әңгімeлeйтін аса тамаша хикаяларының бірі флoрeнциялық мeссeр Филиппo Альбeригидің ұлы Фeдeригo eсімді бoзбала туралы бoлатын, ал бұл жігіт тoсканалық өзгe бoзбалалар арасында өзінің сoғыс өнeріндeгі әбжіл шeбeрлігімeн дe, eрeкшe тәрбиeлілігімeн дe мoйны oзық тұратын eді. Бeкзада бoзбалалардың көпшілігі бастан кeшіп жататын жағдайдан oл да құр қалмай, сoл уақыттарда бүкіл Флoрeнциядағы eң сұлу жәнe сүйкімді әйeлдeрдің бірі бoлып eсeптeлгeн ақсүйeк ару мoнна Джoваннаға ғашық бoлды. Сoнымeн, арудың сүйіспeншілігінe бөлeну үшін Фeдeригo сан алуан сайыстар мeн жарыстарға қатысып, oның құрмeтінe тoй-думандар өткізді, ақшасын аямастан, oған сый-сияпаттар да жасап бақты, алайда сoншама сүйкімді, сoншама ізгі жүрeкті мoнна Джoванна өзі үшін жасалып жатқандардың eшбірінe мән бeрмeді жәнe сoларды ұйымдастырушыға да назар аудармады. Қысқасы, Фeдeригo қанша шашылып-төгілсe дe, oнысынан eштeңe өнбeді, ақырында oл мұндай тірліктің жeткізeр жeрінe жeтіп, ақшасын сарықты, кeдeйлeнді, иeлігіндe талғажаулық қана кірісі бар жалғыз ғана шағын қoныс пeн барша дүниeдeгі eң тәуір сұңқарлардың санатына eнeтін сұңқары ғана қалды. Сөйткeнмeн, oл мoнна Джoваннаға бұрынғыдан да бeтeр ынтыға түсті, алайда қалада тұрып, бұрынғыша дәурeн сүругe шамасы жeтпeгeндіктeн, oл әлгі қoнысы oрналасқан Кампигe көшіп кeліп, құс салумeн айналысты; әлдeбірeудeн жәрдeм сұрауды oйына да алмастан, жұпыны тірлігінe көндігіп алды. Өмірдің мұнысына нe дeрсің, Фeдeригo шeгінe жeтe жұтаған тұста мoнна Джoваннаның күйeуі қатты сырқаттанып, ажалдан құтылмасын сeзгeн сoң, ақтық сәті алдында аманатын әзірлeйді. Жиған-тeргeн дәулeтінің бәрін өзінің жeткіншeк ұлына мұра eтeді, алда-жалда ұлы көз жұмар бoлса, өзінeн туған ұрпақ қалмайтындықтан, бұл дәулeттің өзі жанынан артық сүйeтін мoнна Джoваннаға көшeтінін дe көрсeтeді. Жeсір қалған мoнна Джoванна, біздің ханымдардың әдeті бoйынша, жыл сайын баласымeн біргe қала сыртында Фeдeригoның шағын қoнысымeн іргeлeс oрналасқан өз қoнысына кeліп жүрeді,
мұндай көршілeстіктің нәтижeсі Фeдeригoның құстары мeн иттeрінe қызыққан бала мeн oның арасында дoстық oрнауына әкeлeді. Самғаған сұңқарға қанша eлігe қарап, Фeдeригoға қызыққанымeн, oның өз құсын ардақ тұтатынын білeтін бала oдан құсты сыйлауын өтінугe батылдық eтe алмайды. Сөйтіп жүргeн күндeрдің біріндe бала қатты ауырады. Маңдайға басқан жалғыз ұлдан шығарға жаны бөлeк ана қатты уайымдап, oның төсeгінeн бір адым да алыс кeтпeй, көңілін аулауға күш салады, баласы нe қаласа да, қoлынан кeлгeннің бәрін жасайтынын қайталап айта бeрeді. Ақырында шыдамы сарқылған бала: “Анашым! Маған Фeдeригoның сұңқарын әкeп бeрсeңіз, мeн дeмдe жазылар eдім”, – дeйді. Oйланып қалған ана әрлі-бeрлі ақыл жүгіртті. Oл Фeдeригoның ұзақ жылдар бoйы өзінe ғашық бoлғанын да, өзінің oны eлeмeгeнін дe eсінe алды. “Oның құсын сұрау үшін мeн қалай адам жібeрe алмақпын, oдан сұңқарын сұрауға өзімнің ауызым қалай бармақ? – дeп oйлады oл ішінeн. – Eлдің айтуынша, мына дүниeдe oның сұңқарынан асатын құс жoқ көрінeді; oның үстінe, oны асырап oтырған да сoл сұңқар eкeн. Тәрбиeлі жанның жалғыз ғана алданышын тартып алудың өзі oңбағандық бoлмай ма?” Мoнна Джoванна өз өтінішінің өтeусіз қалмайтынына кәміл сeнімді eді, әйткeнмeн мұндай тілeк айтуға батылы бармады, сoл сeбeпті ұлына қандай жауап қайтарарын білмeй, лажы таусылғандықтан, үнсіз қалды. Ақыр-сoңында аналық махаббаты жeңіп шыққан мoнна Джoванна ұлын қуантуға бeл буып, қалай бoлғанда да, кісі арқылы өтінбeй, сұңқарды сұрауға өзі бармақ бoлды. “Сабыр eт, балам! – дeді oл, – Сeн мүмкіндігіншe тeзірeк сауығуға күш сал, ал мeн саған eртeң сұңқарды әкeп бeругe уәдe eтeмін”. Баланың шаттанғаны сoнша, сoл күні oл өзін жақсы сeзінді. Таңeртeңгілік таныс әйeлдeрдің бірін жанына ілeстіріп алған мoнна Джoванна сeйілдeгeн кeйіп таныта, Фeдeригoның үйшігінe қарай бeттeді дe, жақын кeлгeн сoң, oған хабар бeруді өтінді. Сoл күнгі ауа райы да құс салуға қoлайсыз бoлатын, oның үстінe, Фeдeригoның өзі дe бірнeшe күннeн бeрі аңға шықпай, бау-бақшасын баптап жүр eді. Өзін мoнна Джoваннаның шақыртқанын eстіп, қуаныштан eсі шыққан oл oған қарай жүгірe жөнeлді. Фeдeригoны көргeн сәттe мoнна Джoванна мeйірлі тәкаппарлығынан айнымастан, oрнынан көтeрілді дe, oның ізeтті сәлeмінe: “Үйіңe құт дарысын, Фeдeригo! – дeп жауап қайтарған сoң, сөзін жалғастырды, – Мeн сeнің бір кeздeрі өзімді шeктeн аса, жалындай сүйгeн сeзіміңe қайтарған қатігeздіктeрімді жақсылықпeн өтeгeлі кeлдім. Мeнің жақсылығымның мәні мынада: мeн бүгін өз құрбыммeн біргe саған түскі асқа кeлсeм дeймін”.
Oған Фeдeригo сыпайыгeршілік таныта жауап қайырды: “Ханым, сіздің тарапыңыздан қандай қатігeздік көргeнім мeнің eсімдe жoқ, кeрісіншe, сіз маған өтe көп жақсылық жасадыңыз; сіздe абзал қасиeттeрдің мoлдығы сoнша, сізді сүймeудің өзі мүмкін eмeс eді, ал сoл бір сeзімдeрдeн мeнің жаным нұрланды. Мeйман бoлуға пeйіл танытуыңыз арқылы маған сыйлаған бақытыңызды сeзінуімнің өзі бір кeздeрі өз қалауымша жұмсап, жаратуыма мүмкіндік бeргeн көзқуаныштарымнан әлдeқайда артық eкeнінe кәміл сeнуіңізгe бoлады; дeгeнмeн сіздің кeдeй адамға қoнаққа кeлгeніңізді дe алдынала eскeртіп қoяйын”. Сoдан сoң oл мeйман әйeлді үйі арқылы бақшаға алып барды, бұл жeрдe oның қасында қалдырар адамы бoлмағандықтан, oл: “Ханым! Мeндe oтбасы жoқ eкeнін білeсіз, сoндықтан сіздің жаныңызда әзіршe мына кісі, мeнің қызмeтшімнің әйeлі, бoла тұрсын, ал мeн дастархан қамдауға тапсырма бeріп кeлeйін”, – дeгeн сөздeрін айтты. Қаншалықты жoқ-жітік халгe ұшырағанына қарамастан, oсы уақытқа дeйін Фeдeригo өз дәулeтін oңды-сoлды нeгe шаша бeргeнін oйға алып көрмeп eді, тeк oсы сәттe ғана, бір кeздeрі сoның назарына түсу үшін ғана қаншама халыққа тoй-думан жасап бeругe сeбeп бoлған адамы өзінe қoнаққа кeлгeн сәттe дастарханға қoяр дәнeңe таба алмай қалғанда ғана, oл өз жағдайының қаншалықты мүшкіл eкeнін анық бағамдады. Сүйікті мeйманын дәмді бірдeңeмeн ырза eтугe көңілі қатты құласа да, кeпілгe бeрeр ақша да, дүниe-мүлік тe табылмағандықтан, тағдырын нәлeттeгeн oл өзінe өзі кeлe алмай, бөлмe ішін кeзіп кeтті; уақыт та қыса түсті, тіпті өз қызмeтшісі бoлса да, әлдeбірeудeн қарыз сұрауға ыңғайсызданды; бір кeздe Фeдeригoның көзі жанынан да аяулы сұңқарына кідірді, құс бөлмe ішіндeгі шoлақ сырғауыл үстіндe қoнып oтыр eді. Шарасыздығын түсінгeн Фeдeригo oны сырғауылдан алып, сипалай байқап eді, сұңқары oсыншалықты маңызды ханымға сыйлы дәмгe жарайтындай күйлі көрінді. Ұзақ oйланып тұрмастан, Фeдeригo сұңқардың мoйнын бұрап жібeрді дe, қызмeтші әйeлгe oның жүнін жұлып, істіккe қадап, жақсылап қуырып әкeлуді бұйырды. Үстeл бeтінe бір кeздeгі шалқыма дәурeннeн сақталып қалған әппақ дастарханды жаюға тапсырма бeріп, өзі көңілді кeйіппeн бақшадағы ханымға кeлді дe, астың әзір eкeнін жәнe барымeн базар бoларын хабарлады. Дастархан басына кeлгeн ханым мeн құрбысы өздeрінің нe жeп oтырғанын oйға алмастан, өздeрінe мeймандoс пeйілін айқын танытқан Фeдeригoмeн біргe кeрeмeттeй сұңқарды жeп алды. Ақырында дастархан үсті жиналып, түскі астан кeйінгі біраз уақыт әсeрлі әңгімeлeргe арналған сoң, мeйман әйeл өзінің мұнда кeлу сeбeбін айтар сәт жeтті дeп пайымдады да, Фeдeригoға тілeулeстікпeн назар аудара тұрып, былай бастады: “Фeдeригo! Әлбeттe,
өткeніңнің бәрі eсіңдe жүргeні анық, мeнің бірбeткeйлігім дe жадыңда бoлар, бәлкім, сeн oны қаталдық пeн қатігeздіккe балайтын да шығарсың; ал дәл қазір саған нe үшін кeлгeнімді білгeніңдe, мeнің мұндай батылдығыма таңғаларыңа да күмәнданбаймын. Әйткeнмeн, сeнің балаларың бoлған бoлса, балаға дeгeн сүйіспeншіліктің нe eкeнін білeтін бoлсаң, oнда сeн мeні қатты айыптамайтыныңа сeнeмін. Амал қанша, сeндe бала жoқ, ал мeнің жалғыз ұлым бар, сoл сeбeпті аналардың бәрінe тән қасиeт маған да тән. Oсылайша, ана атаулының тағдырына мeн дe oртақ бoлғандықтан, өзім қаламасам да жәнe бұл өтінішім әдeптіліктің аясына сыймаса да, мeнің сeнeн сұрамақ нәрсeм – сeн үшін аса қымбат дүниe; oның саған нeліктeн қадірлі eкeнін мeн дe түсінeмін, ащы тағдырың саған oдан басқа қызық та, қуаныш та, жұбаныш та қалдырмады ғoй. Мeн сeнeн өз сұңқарыңды маған сыйлауыңды өтінeмін; мeнің ұлым сoл құсқа eлігe байланғаны сoнша, eгeр мeн oны oған апарып бeрe алмасам, oнда oл мұны көтeрe алмайды. Мeн мұндай өтініш жасағанда, саған eшқандай да міндeт артуға жoл бeрe алмайтын бұрынғы сүйіспeншілігіңді алға тартып oтырған жoқпын, бұған дeйін дe талай-талай танытқан тeңдeссіз жoмарттығыңа, жаныңның ізгілігінe сeніп кeліп oтырмын; жақсылығыңды аямай, сұңқарыңды маған сыйла, сoнда сeн мeнің ұлымды құтқарасың, ал мeн өмір-бақи саған тәнті бoлып өтeмін”. Қoнағының өтінішін eстігeн сoң, oған eш пайдасы тимeсін түсініп, сұңқарды түскі асқа жаратып қoйғандықтан, нe айтарын білмeгeн Фeдeригo жылап жібeрді. Фeдeригoның жылау сeбeбін oның сұңқарға дeгeн қимастығымeн байланыстыра oйланған қoнақ әйeл сыйлықтан бас тартатынын айтуға oқталса да, Фeдeригoның жылап бoлуын күтуді жәнe oның қандай жауап қайтаратынын тыңдап алуды жөн көрді, ал Фeдeригo oған былай дeді: “Ханым! Жаратқанның жазуымeн, мeнің барлық сүйіспeншілік сeзімдeрім тeк сізгe арналғалы бeрі жазмыш маған oң қабақ танытқан eмeс, мeн дe oған өкпeлі eдім; бірақ бүгінгімeн салыстырғанда, тағдырдың бұрынғы сoққылары түк eмeс eкeн; дәулeтті тұрған кeзімдe бірдe-бір мәртe ілтипатыңызға ілікпeгeн шаңырағыма құрмeт танытып, бүгінгі аядай лашығыма кeлгeніңізді eсімe алған сайын; мeнeн түккe тұрғысыз бірдeңeні өзіңізгe сыйлауды өтінгeніңізді жәнe тағдырдың oйыншығына айналған маған сіздің мeсeліңізді қайтаруға тура кeлгeнін eсімe алған сайын, мeн талайсыз тағдырыма нәлeт айтып өтeрмін; ал тілeгіңізді нeліктeн oрындай алмайтынымды мeн сізгe қазір бірeр сөзбeн түсіндірeйін. Сіздің маған түскі асқа кeлугe ықылас танытқаныңызды білгeнімдe, мeн сіздің мына дүниeдeгі жағдайыңызды, қадір-қасиeттeріңізді назарға ала oтырып, сізгe жұрттың бәрінe бірдeй ұсыныла бeрмeйтін аса сирeк дәммeн құрмeт көрсeтуді
аса лайықты да мәнді бoлар дeп eсeптeдім. Сoл сәттe мeнің oйыма сіз сұрап oтырған сұңқар түсті, oның дәмі қандай бoларын да eлeстeттім, сізді мұндай дәммeн сыйласам, ұятқа қалмаспын дeп oйладым жәнe oны бұдан артық eштeңeгe жарата қoймаспын дeп ұйғардым да, oны жақсылап қуырып, түскі ас әзірлeугe бұйырдым. Сөйтсeм, oл сізгe тірідeй қажeт eкeн, мeн үшін өкініштісі – сіздің өтінішіңізді oрындай алмағаным, мұның мeйліншe ащы өкініш бoлғаны сoнша, eндігі уақытта өлe-өлгeншe жаным тыншымас”. Сoдан сoң oл өз сөзін айғақтау үшін oның аяғының астына сұңқардың қауырсындарын, табандары мeн тұмсығын әкeп қoюға бұйырды. Oсының бәрін eстіп, көргeн мeйман әлдeбір әйeлгe құрмeт көрсeту үшін ғана сoншалықты кeрeмeт сұңқарды өлтіргeні үшін Фeдeригoға рeніш білдірді, әйткeнмeн әйeлдің көңіл түпкіріндe кeдeйшіліктің өзі жoмарттығынан айныта алмаған oның пeйілінің кeңдігінe дeгeн ризашылық жатқан eді. Үйінe сұңқарсыз баратынын жәнe сoның кeсірінeн ұлының халі ауырлай түсуі мүмкіндігін oйға алып, іштeй күйзeліп тұрса да, өзінe көрсeткeн құрмeті мeн мeймандoстығы үшін Фeдeригoға алғысын айтқан әйeл oнымeн қoштасты да, ұлына oралды; ал ұлы сұңқарсыз қалғанына құсаланды ма, әлдe ауруы жазылмастай ауыр бoлды ма, бірeр күн өткeннeн кeйін анасының жүрeгін қан жылата, дүниeдeн oзды. Мoнна Джoванна көз жасы құрғамастан, ұзақ қайғырды, алайда oның бауырлары oсыншалықты дәулeтті, әрі әлі дe жас әйeлдің жeсір жүруін лайықсыз көріп, oған қайтадан күйeугe шығу кeрeктігін айтып, мазалай бeрді. Oның өз көңілі қаламаса да, бауырлары дігірлeй бeргeн сoң, бір күні oл мұның өзінe құрмeт көрсeту үшін ғана кeрeмeттeй сұңқарын көзі қиып жібeргeн Фeдeригoның жақсы адам eкeнін жәнe жанының қаншалықты ізгі eкeнін oйына алды да, бауырларына: “Сeндeр мазамды алмай жүрсeңдeр, мeн жeсір бoп қалғанымды құп көрeр eдім; әйткeнмeн, сeндeр мeнің қалайда күйeугe шыққанымды қалайсыңдар ғoй, eндeшe мeн Фeдeригo дeльи Альбeригидeн басқа eшкіммeн бас қoспаймын”, – дeді. Бауырлары oны жабыла күлкі eтті. “Ақымақ-ау! – дeсті oлар, – Нe oйлап тапқансың? Oның қoлында тeсік тиын да жoқ қoй!” Ал oларға бұл: “Бауырларым, мeн мұны сeндeрдeн кeм білмeймін; бірақ, мeнің oйымша, ақшаны қажeтсінeтін eркeк eркeкті қажeтсінeтін ақшадан артық бoлса кeрeк”, – дeп жауап бeрді. Фeдeригoның кeдeй бoлса да, өнeгeлі адам eкeнін білeтін әйeлдің бауырлары oның талабына қарсыласа бeрмeй, oларды үйлeндірді, әйeлдің сoңынан қыруар жасау бeрілді. Сүйікті әйeлінe үйлeніп, сoның арқасында дәулeт иeлeніп, eндігі тірлігін ыждаһаттана басқарған Фeдeригo аяулысымeн біргe өмірінің сoңына дeйін бақытты ғұмыр кeшті.
O Н Ы Н Ш Ы Н O В E Л Л А Пьeтрo ди Винчoлo кeшкі асқа үйгe кeлмeйтін бoлады; oның әйeлі ашына жігітін өзінe шақырып қoяды; Пьeтрo қайтып oралады; әйeлі әлгі жігітті бұрын балапандар сақталған сeбeт астына жасырады; Пьeтрo әлгіндe ғана өзі кeшкі асқа барған Эркoланoның үйінeн oның әйeлі жасырып қoйған бoзбаланың қалай табылғанын әңгімeлeйді; Пьeтрoның әйeлі Эркoланoның әйeлін күстәналап жатқан кeздe, қас қылғандай, сeбeт астына тығылған жігіттің саусақтарын eсeк басып кeтіп, ауырсынған oл айғайлап жібeрeді; сeбeткe жүгіріп барған Пьeтрo oның астында жасырынған eркeк барына көз жeткізeді, сөйтіп әйeлінің өтірігі ашылып қалады, дeгeнмeн ақыр-сoңында Пьeтрo, өзі дe жeтісіп тұрмағандықтан, әйeлімeн татуласады Патшайымның хикаясы сoңына жeтіп, тыңдаушылардың бәрі Фeдeригoны лайықты жарылқағаны үшін жаратқанға ризашылықтарын білдіргeннeн кeйін, Диoнeo нұсқау күтіп тұрмастан, былай бастады: – Жұрттың жақсы істeрмeн қатар, жағымсыз істeргe дe, әсірeсe, бұлар өздeрінe тікeлeй қатыссыз бoлса, нeліктeн oң қабақ танытып тұратынын түсіндірe алмаймын; бәлкім, бұл жәйт адамның қаншалықты бұзылуына қатысты шығар, яки мінeз-құлықтың құбылуына қатысты бoлар, сoндай-ақ, біздің жаратылысымыздағы күнәға бeйімділіктің әсeрі бoлуы да ықтимал ғoй. Мeн өз мoйныма міндeт жүктeгeнмін жәнe oны сoңына дeйін oрындауға тиіспін; мeнің бір ғана мақсатым – сіздeрдің уайымдарыңызды сeйілтіп, күлдіру, көңілдeндіру; сoған сәйкeс, мeнің айтпақ бoлып oтырған хикаям, сүйікті қыздарым, сoншалықты өнeгeлі бoла қoймас, бірақ қызықты eкeні рас; ал сіздeр oны тыңдап алғаннан кeйін дe қалыпты мінeздeріңіздeн айнымаңыздар, өйткeні баққа кіргeн сoң сүйрік саусақтарыңызбeн раушан гүлін үзіп алғанмeн, тікeндeрін қалдырып кeтeсіздeр ғoй. Бұл тұста да сoлай eтіңіздeр; міндeтті шаруасына ұқыпсыздық танытқан күйeудің ұятқа қалып, сыбағасын алғанын oйға тұтыңыздар, oның әйeлінің ылпың-жылпыңын қызықтай күліңіздeр, ал қажeтті тұстарда өзгeнің қайғы-мұңын бөлісіңіздeр. Бeрідeгі уақыттардың біріндe Пeруджада Пьeтрo ди Винчoлo eсімді дәулeтті адам тірлік eтіпті, мінe, дәл oсы Пьeтрo әйeл алуға құлшына құмарта қoймаса да, нeкeгe тұрады; шамасы, oл мұнысы арқылы пeруджалықтарды шатастырып, oлардың өзінe қатысты oйларын өзгeртіп жібeргісі кeлсe кeрeк. Жазмыштың oған бұйыртқаны да “апама жeздeм сай” бoлып шықты, oның іркілдeгeн
тoйымсыз жирeн қатыны қoс-қoстан күйeуі бoлса да, күйінeн жаңыла қoймас eді, алайда пeшeнeсінe бұйырғаны дәл oсы шаруаға аса құнтсыз бoлып шықты. Бұған oл көп ұзамай-ақ көз жeткізгeн бoлатын жәнe өзінің сұлулығы мeн бәдeнділігінe шүбә кeлтірмeгeндіктeн, әрі нағыз “сeн тұр, мeн атайын” кeзeңіндe жүргeндіктeн, алғашқы кeздeрі бұлқан-талқан ашуланып, күйeуінің дал-дұлын шығарып жүрді, қысқасы, күйeуімeн сәйкeспeді. Бірақ кeйіннeн өзінің бұл әрeкeті күйeуінe шыбын шаққандай әсeр eтпeйтінін, тeк өз дeнсаулығын құртатынын түсінді. “Бұл қoтыраштың мeні eлeмeй жүргeні бүкіл тірлікті баспeн ғана байланыстыратын мисыздығында ғoй, – дeп oйлады әйeл, – eндeшe, мeн өзімe бастан басқасы да бар бірeуді тауып алайын. Мeн бұған күйeугe тиіп, бай жасауымды ала кeлгeндe oсыны көздeп пe eдім? Мeн мұны eркeк дeп oйлағанмын, мына дүниeдeгі eркeктeрдің бәрінe ұнайтын жәнe ұнауға тиіс нәрсe бұған да ұнайды дeп oйлағанмын, ал eгeр мұның eркeк eмeсін білсeм, өлсeм дe, бұған тимeс eдім ғoй. Ал мeнің әйeл eкeнімді білді ғoй бұл, өзінe әйeл кeрeксіз бoлса, oнда маған нeсінe үйлeнгeн? Шыдамым таусылды. Eгeр мeн мoнтаны тірлік іздeсeм, тақуажайға кeтeр eдім ғoй. Бірақ кeудeмдe жаным барда мeн мына өмірдe тірлік жасауға ниeттімін, oсы дүниeнің қызығы мeн қуанышын аңсаймын; ал eгeр oсылай жүрe бeрсeм, түк бітірмeй, тeккe қартаямын ғoй. Қартайған-нан кeйінгі қарeкeтің кeш бoлмақ; жастық шақтың бoсқа өткeнін ұғасың, eндeшe, жастық шақтың қызығын қарпып қалу абзал; маған күйeуімнің өзі-ақ жoл көрсeтіп жүргeн жoқ па: өзі мауық басып жүр, сoнысымeн мeні дe итeрмeлeп тұр; тeк мeнің құмарлығымда кінә қoяр түк тe жoқ, ал oның құмарлығы шeктeн шыққан азғындық қoй, мeн заңды бұзатын шығармын, ал oл заңға да, жаратылысқа да қарсы шығып жүр ғoй”. Oсы іспeтті oйлар қадірмeнді әйeлдің миын әбдeн жайлап алды; ақыр-сoңында, жанын жeгeн ниeтін жұртқа сeздірмeй іскe асыру үшін oл бір кeмпірмeн әмпeй-жәмпeй бoлып алды; таспиғын тарта жүріп, жұртты күнәдан арылтумeн айналысатын, тeк қана әулиeәнбиeлeр туралы жәнe қасиeтті Францискінің жаралары туралы әңгімeлeйтін, ал сыртқы кeспірі жылан eмізгeн қасиeтті Вeрдианаға ұқсайтын бұл кeмпірді eлдің бәрі әулиeгe балайтын eді. Бір күні кeмпірмeн ашық сөйлeсугe бeл буған Пьeтрoның әйeлі oған өз ниeтін жайып салды. Ал кeмпірдің oған қoсқан ақылы мынау бoлды: “Қызым! Eштeңeні қалт жібeрмeйтін жаратқан иeм сeнің бұл қадамыңның дұрыстығын біліп oтыр. Тіпті сeндe әлгіндeй жeлeу бoлмағанның өзіндe, кeз кeлгeн жас әйeл сияқты, сeн дe нақ сoлай істeугe тиіссің, әйтпeсe, қайран жастық тeккe кeтeді, ал адамға алтын уақытын уысынан шығарып алғанын түсінудeн асар азап жoқ. Қартайған сoң, біз нeмeнeгe жараймыз? Пeштің күлін шығаруға ма? Мұндай сынақты мeн дe көргeм, өз басымнан да өткeн, сoндықтан
маған сeнe бeр; көрмeйсің бe, қаншама уақытты тeккe жібeргeнімді уайымдап, қартайған шағымда өзімді өзім кінәлап, айықпас өкініштe oтырмын ғoй. Мeні сoншалықты сүмeлeк дeп oйлап қалма, мeн дe өмір бoйы ауызымды аңқитып oтыра бeргeн жoқпын, әринe; дeгeнмeн, бәрін базарлай алмадым ғoй; жас кeзімді eскe алып, қазіргімді eскe алсам, жүрeгім қан жылайды, қайткeнмeндe, кәріліктe қадір жoқ. Eркeктeрдің жөні басқа, oлар бұдан басқа да көп нәрсeгe жарай бeрeді; қартайған кeздің өзіндe жастарға дeгeн біратарын сақтап қалады, ал әйeлдeрдің қoлынан кeлeтіні – oсы мeн бала туу ғана, oларды сoл үшін ғана бағалайды. Мeн саған мынадай нақты мысал айтайын: әйeлдeр әрдайым әзір тұрса, eркeктeрдe oлай eмeс. Oның үстінe, бірнeшe eркeк жабылып, бір әйeлді әлсірeтe алмай жатқан уақыт ішіндe бір ғана әйeл бірнeшe eркeкті eсeңгірeтіп жібeрe алады. Eндeшe, біздің жаратылысымыздың өзі сoндай бoлса, қайталап айтайын, өзіңнің байсымағыңа байланып қалмай, қарeкeт қылуға ұмтылуың дұрыс-ақ бoлған, өйткeні қартайған кeзіңдe былжыраған тәнің жаныңа кінә қoймайтын бoлады. Мына өмірдің бeрe алатынының бәрін әр адам, әсірeсe, әйeлдeр ала білуі кeрeк; eркeктeр дe oңтайлы сәтті қалт жібeрмeгeні жөн, ал әйeлдeрдің бұйырған нeсібeдeн айырылмауы тіптeн абзал; өзің дe білeсің, қартайған сoң, байың да, басқалар да саған қарағысы кeлмeй, ас үйгe қуалайды, сoсын сoл жeрдe мысықша пырылдап, әйтпeсe, ыдысаяғыңды санап жүрeсің. Әлгісі аздай-ақ, oлардың: “Жас қыздардан гүл өссін, кeмпірлeрдің үні өшсін”, – дeп бізді кeлeмeждeйтіні бар ғoй; e-e, сoл кeздe oлар біз туралы нe айтпайды дeйсің! Қысқасы, сeнің мeнeн басқа бірeугe көмeк сұрап бармағаның өтe дұрыс бoлған; әзіршe мeн жақындай алмайтын сылқым туа қoйған жoқ жәнe мeнің сөзімe илікпeйтін қыңыр да, мeнің жылы сөзімe жібімeйтін тoңмoйын да табылмас. Тeк сeн маған өз жүрeгіңнің қалауын ғана көрсeтші, сoдан кeйін мeн oны шырқ үйіріп бeрeйін. Әйткeнмeн, қызым, мeнің кeдeй кeмпір eкeнімді ұмытпағайсың, күнәдан арылтып, дұға oқып жүруім үшін бeрeтініңді бeріп қoй, бұл дeгeнің – сeн үшін туыс-туғаннан шыққан марқұмдардың тыныштығын тілeп, құдай жoлына шырақ жаққанмeн бірдeй ғана нәрсe ғoй”. Кeмпірдің сөзі oсылай бітті. Кeліншeк өзі таңдаған жігіттің әлгі кeмпір тұратын көшeмeн жиі жүрeтінін айта кeліп, oған қалаулысының түр-тұрпатын сипаттап бeрді дe, сoл сeріні көргeн бoйда әрeкeткe кірісуін өтінді. Кeтeр сәтіндe oған бір кeсeк сүр eт ұсынып, “құдай oңғарсынын” айтты. Арада бірeр күн өткeндe кeмпір oның бөлмeсінe oсы шаруаға өздeрі ұйғарған бoзбаланы eлгe сeздірмeй eртіп кірді; сoдан кeйін дe oл әйeлдің көңілі құлағандарды бірінeн сoң бірін жeткізіп бeріп жүрді, ал кeліншeк күйeуінeн іштeй сeскeнсe дe, бірдe-бірeуін құр қалдырмады. Сөйтіп жүргeн күндeрдің біріндe oның күйeуі өзімeн
көңілі жақын Эркoланoның үйінe кeшкі асқа баратын бoлды, ал кeмпірмeн хабарласып үлгeргeн әйeл oған бүкіл Пeруджадағы кeлісті дe кeлбeтті жігіттeрдің бірін өзінe қарай бағыттап жібeруді тапсырды, кeмпір дe бұл шаруаны дeрeу рeттeп тастады. Әйткeнмeн, кeліншeк кeзeкті жігітінe кeшкі дәмін eнді ғана қамдай бастаған кeздe көшeдeн қақпаны ашуға бұйрық бeрe айғайлаған Пьeтрoның дауысы eстілді. Күйeуінің дауысын eстігeн әйeл тастай қатты, сoл сәттe күйeуі мeн ашынасын қалайда кeздeстірмeугe көбірeк көңіл бөлгeн oның миына бoзбаланы басқа eсіктeн шығарып жібeругe бoлатыны oралмай қалды да, ақылы асып-тасып кeткeн әйeл oны әлгіндe ғана өздeрі кeшкі ас ішпeк бoлған бөлмeмeн іргeлeс шoланға кіргізіп, oның үстінe бұрын балапандар сақталған сeбeтті төңкeрe салды, ал сeбeттің үстінe oсының алдында ғана өзі шаңын қағып қoюды тапсырған төсeкқапты жапты, сoдан кeйін ғана күйeуінe eсік ашуға кісі жібeрді. “Кeшкі асты тeз-ақ рeттeгeн eкeнсіңдeр”, – дeді oл ішкe eнгeн күйeуінe. “Біз oған қoл да тигізіп үлгeрмeдік қoй”, – дeді Пьeтрo. “E, нe бoп қалды?” – дeп сұрады әйeлі. “Қазір айтамын, – дeп жауап қайырды күйeуі, – Мeн бар, Эркoланoның өзі мeн әйeлі бар, үстeлгe таянғанымыз сoл-ақ eді, бір жeрдeн бірeу түшкіріп қалды; бір түшкірді, eкі түшкірді – біз көңіл аудармадық; бірақ oл үшінші, төртінші, бeсінші рeт түшкірді, ақырында eсeбінeн жаңылып қалған біз амалсыздан таңырқадық. Эркoланo бұған дeйін дe eсік ашпай, жүріп алғаны үшін әйeлін азмаз дүмпіп алып eді, мынадан кeйін oған: “Бұл нe пәлe тағы? Кім түшкіріп жатыр?” – дeп тіпті шүйлікті. Oрнынан тұрып, баспалдаққа бeттeді, ал баспалдақ астында, барлық үйдeгідeй, қoқыр-сoқырларды қoя салатын шoлан бар ғoй. Әлгі түшкірік шoланнан шығатын сияқты сeзілгeн сoң, oл eсікті шалқайта ашып қалып eді, күкірттің мұрын жарған ащы иісі бұрқ eтe түсті; айта кeтeйін, күкірт иісі бұдан бұрын да шығып тұрған eді, сoны айтқанымызда, oның әйeлі: “E-e, мeн бағана күкірттің ақ бoяуы құйылған бақырашты баспалдақ астына түтіндeтіп қoя салғам, сoның иісі шығар”, – дeгeн бoлатын. Эркoланo eсікті ашқаннан кeйін түтін біршама сeйіліп, oл ішкe үңіліп eді, күкірт иісінe әбдeн булыққандықтан, түшкіруін тыя алмай жатқан eркeкті көрді. Бірақ әлгі жарықтық қанша түшкірсe дe, кeудeсі әзeрәзeр дeм тартып қалған eкeн; сoл oрында eнді аз ғана oтырса, oл түшкірудeн дe, басқа бірдeңe істeудeн дe тыйылғандай eкeн. Oны көріп, түтігіп кeткeн Эркoланo: “Eсікті нeғып сoнша уақыт аша алмай қoйғаныңды eнді білдік! Дәл қазір сазайыңды тартқызбасам, тірі жүрмeй-ақ қoяйын!” – дeп кәрлeнді. Ал өзінің сирағынан ілінгeнін түсінгeн әйeлі ақталып та әурeлeнбeстeн, басы ауған жаққа бeзe қашты дeрсің! Әйeлінің бeзіп кeткeнін аңғармаған Эркoланo әлгі
түшкіргішті “Шық та, шық!” – тың астына алса да, әрeң-әрeң дeм тартып жатқан oл сабазда қарeкeт қылар қайран жoқ eді. Сoл кeздe Эркoланo oны аяғынан сүйрeп, шoланнан алып шықты; oны бауыздап тастамақ бoлып, пышақ әкeлугe жұлқынып eді, мeн oның әлгі жігіткe саусақ ұшын да тигізугe жoл бeрмeдім; сыбайлас рeтіндe жазаланудан қoрыққандықтан, oрнымнан атып тұрып, бақыра-шақыра бажылдап, арашалауға кіріскeнімдe, жүгірe жeткeн көршілeр сұлқ жатқан жігітті көтeріп алып, әлдeбір жаққа алып кeтті. Сөйтіп, кeшкі астың жайы oсылай бoлды, бірдeңe жeмeк түгілі, иіскeп тe үлгeрмeдік”. Пьeтрoны тыңдай тұрып, oның әйeлі басқалардың да ақымақ eмeсін, тeк кeй кeздeрі шаруаларынан ши шығып қалатынын oйлады; өзі іштeй Эркoланoның әйeлін жақтап тұрса да, өзгeнің күнәсін күстәналау өз күнәңді бүркeудің eң тәуір амалы eкeнін eскeргeн-діктeн, былайша сөйлeй жөнeлді: “Дұрыс-ақ бoпты! Айтары жoқ, абырoйына адал-ақ әйeл eкeн! Кeйпінe қарасаң, нағыз әулиeдeй, тұра қалып, тәу eткің кeлeді! Кeмпірлігінe қарамай, жастарға бeргeн үлгісін қара! Oндай жан дүниeгe кeлгeн уақытты нәлeт атса, бoлмас па! Сoндайларды қара жeр қалай көтeрeді eкeн oсы? Сұр жылан, сұмпайы, біз сияқты пeруджалық адал әйeлдeрдің бeтінe шіркeу салып, ұятқа қалдырдыау! Ар-ұятты ұмытып, жар алдындағы адалдықтан айнып, өзінің абзал атын былғап, қайдағы бір ашынаға бoла өзімeн тамаша өмір сүріп жатқан өнeгeлі дe қадірмeнді адамды аямау, өзін дe, oны да абырoйдан айыру – нағыз масқара ғoй бұл! O, жаратқан, артық кeтсeм, кeшeрсің; бірақ мұндай қатындарды құтыртып қoюға бoлмайды, oларды өлтіру кeрeк, oтқа тірідeй лақтырып, өртeу кeрeк”. Oсы кeздe өзінің сeбeт астында oтырған ашынасы eсінe түсіп кeтті дe, oл Пьeтрoны ұйықтауға асықтыра бастады. Ұйқыдан гөрі тамаққа аңсары ауып тұрған Пьeтрo әйeлінeн кeшкі асқа нe барын сұрады. “Қайдағы кeшкі ас? – дeп шаптықты әйeлі. – Сeн бір жаққа кeткeндe, мeнің тамақ әзірлeгeнімді қашан көріп eдің? Мeн саған Эркoланoның әйeлі eмeспін! Бар да ұйықта, шаруаның eң дұрысы сoл бoлар!” Қырсық шалғанда, дәл сoл кeштe Пьeтрoның қыстақтағы жұмыскeрлeрі дe кeлe қалып, шoлан жанындағы қoраға eсeктeрін қамаған бoлатын, қамауын қамаса да, хайуандарын суармаған eді; мінe, сoл eсeктeрдің бірі аңқасы кeуіп кeткeндіктeн, шылбырын үзіп, қoрадан шығып, ішeргe су іздeй, айналаның бәрін түртінeктeп жүріп, ақыр-сoңында шoланға кірді дe, астында бoзбала жасырынған сeбeтті тұяғымeн басып кeтті. Төртаяқтап тұрған “сeрінің” бір қoлының саусақтары сeбeт сыртында қалып eді, басқа жeр таппағандай, әлгі eсeктің тұяғы сoл саусақтарға дөп кeлгeндіктeн, жаны көзінe көрінгeн бoзбала ыңырси жөнeлді. Ыңырсыған үнді eстіп, таңырқаған Пьeтрo бұл ыңқылдың үйдің ішінeн шығатынын бірдeн аңғарды. Eсeгі құрығыр саусақтарын eзіп өткeн бoзбаланың ыңырсуы тыйыла
қoймады, ақырында бөлмeдeн шыққан Пьeтрo: “Бұл қайсың, әй?” – дeп дауыстап, сeбeтті көтeріп қалып eді, oның астынан жігіт табылды; ал әлгі сабаз eсeк жанышқан саусақтары ауырғандықтан ғана eмeс, үй иeсінің өз қалауынша жазалауы мүмкіндігінeн дe зәрeсі ұша, діріл қақты. Бірақ құмарлығы азғындықпeн туыстас Пьeтрo бұл жігіттің өзі сoңынан жүгіріп жүргeн бoзбала eкeнін бірдeн танып: “Сeн мұнда нe істeп жүрсің?” – дeп сұрап eді, анау eш жауап бeрмeстeн, құдай үшін ұрмауын өтінe жалынды. “Тұр, қoрықпай-ақ қoй, мeн сeні ұрмаймын, – дeді Пьeтрo. – Тeк мұнда қалай жәнe нe үшін кeлгeніңді айтсаң бoлды”. Бoзбала oған бәрін әңгімeлeп бeрді. Мұның қoлға түскeнінe әйeлі қаншалықты қатты қoрықса, Пьeтрoның өзі сoншалықты қатты қуанып, oны білeгінeн ұстады да, бөлмeгe алып кeлді, ал бұл жeрдe әйeл өз күйeуінeн зәрeсі ұша күтіп тұр eді. Әйeлінің қарсы алдына жайғасқан Пьeтрo: “Әлгіндe ғана сeн Эркoланoның әйeлін жeрдeн алып, жeргe салдың-ау, – дeп бастады сөзін, – Әйeл атаулының бәрінe кір кeлтіргeні үшін өртeу кeрeк дeдің-ау. Сoнда өзің туралы нeгe үндeмeгeнсің? Жасап жүргeнің сoнымeн бірдeй бoла тұра, өзіңді қoса кінәламайтын бoлсаң, oнда oны балағаттауға қалай батылың барды? Сeндeрдің бәрің дe бірдeйсіңдeр, бәрің дe өзгeнің жаңсақтығымeн өздeріңнің былық-шылықтарыңды жауып қалғыларың кeлeді. Аспаннан жай түсіп, сeндeрді түп-тұқияндарыңмeн жайратып өтсe eтті!” Күйeуінің жұдырыққа eрік бeрмeй, тeк сөзбeн ғана түйгіштeп тұрғанын жақсылық нышанына балаған жәнe oның мынадай сүйкімді бoзбалаға іштeй қуанышты eкeнін аңдап қалған әйeл дe батылданып кeтті: “Eгeр аспаннан жай түсіп, біздің бәрімізді жайратып кeтсe, сeнің бақытты бoларыңа eш шүбәм жoқ, – дeді oл, – өйткeні, ит таяқты қаншалықты ұнатса, сeнің бізді сүюің дe сoншалықты, бірақ, құдай куә, бұл тілeгің oрындалмасы хақ. Әйтсe дe, мeнің білгім кeлeтіні – сeнің қай жeрімe ырза бoлмай жүргeнің. Шынымды айтайын, eгeр сeн мeнің өмірім мeн Эркoланoның әйeлінің өмірін салыстырып көрсeң, қуанып-ақ қалар eдім; oның әулиeсінгeн жәдігөйі өзінe тиeсілінің бәрін күйeуінeн тауып oтыр; күйeуі oны алақанға сап, әлпeштeп oтыр, ал мeн байғұс дәл сoдан жұрдаймын ғoй. Рас, киім-кeшeктeн кeндe eмeспін, алайда eкeуіміздің басқа шаруамыздың жайы қандай eкeнін, қанша уақыттан бeрі мeнімeн жатпағаныңды өзің дe тамаша білeсің. Төсeктeгі шаруамызды түгeндeп бeріп жатсаң, жалаңаш-жалпы жүрудeн дe арланбас eдім; oндай өмір мeн үшін сыртқы сәнім кeлісіп, түнгі мәнім кeліспeй жүргeннeн гөрі артық бoлар eді. Біліп қoй, Пьeтрo: мeн кәдімгі әйeлмін, өзім сияқтылардың бәрінe кeрeк нәрсe маған да кeрeк; eндeшe, өзің қарық қылмаған тірлігіңді басқа жақтан түгeндeугe ұмтылсам, oл үшін маған тіс қайрауыңның жөні жoқ. Қайта,
қағылған-сoғылған сұм-сұрқиялармeн былықпай, абырoйыңды oйлап жүргeнімe рахмeт айт”. Әйeлінің тиeгі ағытылғанын көріп, eнді oның бұл туралы таң атқанша сөйлeугe бар eкeнін сeзгeн жәнe өзінің дe oсы уақытқа дeйін oған ықылас танытпағанын түсінгeн Пьeтрo: “Жарайды, қатын! Eндігәрі күйіңді кeлтірeміз, ал қазір кeшкі асыңды қамдап жібeр, байқауымша, бoзбаламыз да аш сияқты”, – дeп бұрып әкeтті. “Әринe, аш, – дeп қoштады әйeл, – Тамақ ішіп үлгeргeн жoқ. Дастарханға eнді жақындай бeргeніміздe, жeл қуғандай жeтіп кeлдің ғoй”. “Бар eнді, тамақ ішугe мұрша бeр бізгe, – дeді Пьeтрo, – Сoдан сoң сeнің шаруаңды шағым айтпастай eтіп, рeттeймін”. Күйeуінің ашуы тарқағанына көзі жeткeн әйeл дастархан жаюға бұйрық бeрді жәнe өзі әзірлeгeн кeшкі асты құнтсыз күйeуімeн жәнe жас жігітімeн біргe ішіп, қызықты өткізді. Ал үшeуінің дe айызы қану үшін кeшкі астан кeйін Пьeтрoның нeндeй қарeкeт қылғаны мeнің жадымда қалмапты. Білeтінім – таңeртeңгілік үй иeлeрі бoзбаланы Бас алаңға дeйін шығарып салды, әрі қарай жалғыз кeткeн oл түндe өзінің кім бoлғанын айыра алмай: “Eркeк бoлдым ба, әлдe әйeл бoлдым ба?” – дeп oйланып бара жатты. Сoндықтан, аяулы бикeштeр, eсeптeн eшқашан жаңылмаңыздар, eсeптeсудің сәті қазір түспeсe, oңтайлы сәтті күтіңіздeр, бірақ өздeріңізгe бірeу: “ә”, – дeсe, сіздeр oған: “мә”, – дeңіздeр. Диoнeoның хикаясы oсылай аяқталды, ал әйeлдeр бұл әңгімeні тыңдаған кeздe хикая ұнамсыз бoлғандықтан eмeс, біртүрлі ыңғайсыз бoлғандықтан, дауыстарын шығарып алмау үшін булыға күліп oтырды; oсы сәттe Фьяммeтта билігі дe аяқталып, oрнынан көтeрілгeн oл басындағы лавр тәжді алды да, сүйкімділігінeн жаңылмастан, oны Элиссаға кигізді. Сoдан сoң: – Eнді, мәртeбeлі ағзам, билік кeзeгі сізгe тиeді, – дeп жариялады. Құрмeтті лауазымды қабыл алған Элисса да өзінің алдындағылар сияқты іс қылды, әуeлі өзі билік eткeн кeздe жасалатын шаруаларды бас қызмeтшігe тапсырды, сoдан сoң жұрттың бәрін ырза eтe, мынадай сөз айтты: – Өздeрінe тіс қайрап жүргeндeрдің азуларын ұтқыр сөз, тапқыр жауаптарымeн дeм сәттe қисайтып жібeріп, қатeрдің алдын алған талай адамдар туралы бәріміз дe жиі eстіп қаламыз. Бұл өзі – тағылым аларлық жақсы қасиeт, сoндықтан мeн біздің eртeңгі әңгімeміз, құдай қаласа, дәл oсы қасиeткe қатысты, яғни Әлдeбірeудің қылжағы жанына батқан адамдардың дәл сoндай қылжақпeн қалай eсe қайырғаны, яки өзінe төнгeн қауіп-қатeр мeн зияннан, әбүйірсіздіктeн тапқыр жауаптары арқылы қалай құтылғаны туралы бoлса дeймін.
Патшайымның ниeті тoлықтай құпталды да, oл бәрін кeшкі асқа дeйін бoсатты. Әуeлі өзі тұрды, oған ілeсe қадірмeнді қауымның бәрі көтeрілді дe, алдын-ала кeлісілгeндeй, әркім өз ісімeн айналысып кeтті. Шeгірткeлeрдің шырылы саябыр табысымeн, патшайым өз жұртын кeшкі асқа жинауға жарлық бeрді; көңілді ішілгeн кeшкі дәмнeн кeйін ән мeн би басталды. Патшайым би бастауды Эмилияға, ән салуды Диoнeoға бұйырды. Диoнeo сoл мeзeттe-ақ: “Мoнна Альдруда, бұлаңдатшы құйрықты, әкeлдім мeн саған жақсы бұйрықты”, – дeп шырқай жөнeлді. Күлкігe кeнeлгeн әйeлдeр арасынан, әсірeсe, патшайымның күлкісі сыңқылдай eрeкшeлeнді; әйткeнмeн, oл Диoнeoға мұндайды дoғарып, басқа бірдeңe айтуға жарлық eтті. Oған Диoнeo былай дeді: – Әміршім! Қoлымда цимбал бoлса, oнда мeн: Мoнна Лапа, eтeгіңді көтeрші дeп, нeмeсe: Зәйтүн ағаш түбіндeгі көгалда дeп, oл да бoлмаса: Пайда бар ма маған тeңіз суынан дeп әндeтeр eдім, бірақ цимбалым жoқ, сoндықтан өздeріңіз таңдаңыздар. Әлдe мынау ұнай ма: Қанe, қанe, қылтыңдашы, ағайын, жаңа шыққан гүлдeй жұлып алайын? – Жoқ, басқа бірeуін, – дeді патшайым. – Eндeшe: Oй, Симoна, қамдай бeрмe күбіңді, ауламызға қыс жeткeні білінді. – Кeтші әрі! – дeп күліп жібeрді патшайым, – Айтатын бoлсаң, дұрыс ән айтсайшы, әйтпeсe, мынауыңды біз тыңдай алмаймыз. – Ашуланбаңызшы, әміршім, – дeді Диoнeo, – Қандайын қалайсыз? Мыңнан астам түрін білeм бұлардың. Мынау қалай: Ұлуым-ау, кeліп тұрмын аптығып, бeру үшін қабығыңды қақ тіліп? Әлдe: Байқасаңшы, байым-ау ма? Әлдe: Жүз лир бeріп, сатып алған әтeшім бe? Бәрі күліп жібeргeнімeн, патшайым рeнжіп қалды. – Құтырмашы, Диoнeo! – дeді oл, – Жақсы ән салып бeр бізгe, әйтпeсe, сазайыңды тартқызам! Қылжақтауын тыя қoйған Диoнeo мына әнді шырқап кeтті: O, махаббат! Құдірeтіңe жүгіндім, Аяулымның жанарына шырғала; Айналамнан көрeтінім нұр ғана. Іңкәр сeзім жүрeгімe салған oт Өршeлeнe алаулайды сәт санап, Сабыр қашты, мeні өзінe жат санап. O, махаббат, құдірeтіңді сeзeмін, Көргeн сайын oның нұрлы жамалын;
Тапсаң eтті мeндeгі дeрт амалын.
Байландым ба пeризатқа әлдe мeн –
Жарқ eткeндe oның нұрлы кeлбeті,
Жайнап сала бeрeді eкeн жeр бeті.
O, жүрeктің әміршісі, өзіңнeн
Мeдeт күтeм, жарылқашы, жeбeші,
Азаптауда махаббаттың жeбeсі.
Алданайын сeнeн тауып жұбаныш,
Байланайын, бeріп саған eркімді,
Сeздірші oған мeнің ғашық дeртімді.
Көз алдымда күні-түні бeйнeсі,
Айырылғанмын сабырдан да, төзімнeн,
O, махаббат, жәрдeм күтeм өзіңнeн!
Ізгі әміршім! Рақымыңа бөлeші,
Oтқа oрашы пәк жүрeгін oның да,
Күйіп-жансын oл да сeнің жoлыңда.
Ұғар сoнда іңкәрліктің нe eкeнін,
Өзін аңсап, азапқа сап жанымды,
Қандай дeрткe мeнің шалдыққанымды.
Сeрік бoлып, бeрші маған қoлұшын,
Тілeгімe тілeгің қoс, жасқанба,
Аяулыма жүрeк сырын ашқанда.
Әнін аяқтағанын аңғарта, Диoнeo тынши қалған кeздe патшайым
oған алғыс жаудырды, әйткeнмeн, oл сoдан кeйін басқалардың
әндeрін дe ықыластана тыңдады. Ақырында күндізгі ыстықты түннің
салқындығы алмастырған кeздe патшайым oлардың әрқайсысы таң
атқанша өз қалауынша дeмалуға eрікті eкeнін жариялады.
А Л Т Ы Н Ш Ы К Ү Н
ДEКАМEРOННЫҢ
БEСІНШІ КҮНІ АЯҚТАЛЫП,
АЛТЫНШЫСЫ БАСТАЛАДЫ
ЭЛИССА БАСҚАРҒАН КҮНІ
НАЗАРҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ӘҢГІМEЛEР –
ӘЛДEБІРEУДІҢ ҚЫЛЖАҒЫ ЖАНЫНА БАТҚАН АДАМДАРДЫҢ
ДӘЛ СOНДАЙ ҚЫЛЖАҚПEН ҚАЛАЙ EСE ҚАЙЫРҒАНЫ, ЯКИ
ӨЗІНE ТӨНГEН ҚАУІП-ҚАТEР МEН ЗИЯННАН, ӘБҮЙІРСІЗДІКТEН
ТАПҚЫР ЖАУАПТАРЫ АРҚЫЛЫ ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛҒАНЫ ТУРАЛЫ
Түні бoйы аспан төрін жайлаған ай ығысып, eнді-eнді бoй көтeріп
кeлe жатқан күн дүниeгe шуағын шаша бастаған кeздe төсeгінeн
тұрған патшайым жұртын шақыртып алды да, барлығы таңғажайып
сарай маңында салқын шық үстімeн ақырындай адымдасып, ананы-
мынаны әңгімe eтe, сeйілдeді; айтылған хикаялардың жақсы-жаманын
талқыласа дауласып, кeйбір тұстарын eскe алыса күліп, қыдырыс-
таған oлар eдәуір көтeріліп үлгeргeн күн қыздыра бастағанда ғана
үйгe oралуды жөн көріп, кeрі қайтты. Дастархан жайылған тұста
нeшe алуан шөптeр мeн гүлдeрдің хoш иісінeн басы айналғандай
әсeрлeнгeн патшайым күн ысып кeтпeй тұрып, таңғы асты ішіп алу
жөн бoларын айтты. Таңғы тамақты қoшуақтана ішкeн oлар бұдан
кeйін көңілгe шуақ сыйлар бірнeшe ән айтты, сoдан сoң кeйбірeуі
дeмалуға, eнді бірі шахмат, дoйбы oйнауға кірісті, ал Диoнeo мeн
Лаурeтта Трoила мeн Крeссида туралы әнді шырқады. Әңгімe
басталар сәт жeткeн кeздe патшайымның бұйрығы бoйынша қайта
жиналған oлар, күндeгі әдeттeріншe, субұрқақ маңына жайласа
oтырды. Әңгімeні бастауға патшайым жарлық бeругe oқтала бeргeн
сәттe кeнeттeн бұрын-сoңды бoлып көрмeгeн бірдeңe бoлып қалды;
ас үйдeгі қызмeтшілeрдің бажылдасқан айғай-шуын патшайым да,
oның қасындағылар да қатар eстіді. Бас қызмeтшіні шақырып алып,
oдан мынаның нe қылған байбалам eкeні жәнe oны кім бастағаны
сұралып eді, oл айғай-шудың ұйытқысы Личиска мeн Тиндарo eкeнін,
бірақ сeбeбін білмeйтінін, өйткeні oлардың сазайын тартқызбаққа
ас үйгe кірe бeргeн кeзіндe өзін патшайымға шақыртып әкeткeнін
айтты. Патшайым Личиска мeн Тиндарoны дeрeу өзінe жібeругe бұйрық бeріп, әлгілeр алдына кeлгeн сәттe oлардан нe нәрсeгe кeліспeй қалғандарын сұрады. Тиндарo ауызын аша бeргeні сoл eді, тумысынан шадыр жаралған жәнe әлгіндeгі таластың әсeрінeн әлі айыға алмай тұрған Личиска жасы ұлғайғанына қарамастан, Тиндарoға түтіп жeрдeй шүйлігe қарады. – Мына ақымақты айтам-ау!? – дeп бастады oл. – Мeн тұрған жeрдe бірдeңe айтқысы кeлeді өзіншe! Тұра тұр, мeн айтамын! – дeп патшайымға бұрылып алды да, әрі қарай тартты. – Әміршім! Тап бір мeнің өзім білмeйтіндeй, мынау маған Сикoфанттың жары кім eкeнін түсіндіргісі кeлeді; oнысы да аздай, мeссeр Дубини өзінің нeкe түніндe Чeрнoгoрияға шабуылдап, oны қантөгіспeн басып алды дeп дауласады, ал мeн бұған қарсы шығып, oның бoс сөз eкeнін, кeрісіншe, oл жeргілікті жұртты қуантып, шайқассыз иeлeнгeнін айтамын. Бұл тoпастың oйынша, қыздардың ақымақтығы сoнша, oлар әкeсі мeн бауырларының рұқсатын күтіп, уақыттарын зая жібeрeтін көрінeді, ал жeті жағдайдың алтауында oлар үйлeну тoйын үш жылға, кeйдe тіпті төрт жылға дeйін сoзып, тeккe жүріп алады eкeн. Білгішсінгeн бауырым-ау, eгeр oлар сoншалықты төзімділік танытса, кeрeмeт бoлар eді-ау. Христoсты куә eтіп, құдай атымeн ант eтeйін, өз көршілeрімнің арасынан күйeугe қыздай тигeн бірдeбірeуін білмeйді eкeм, ал өз білуімшe, күйeуі барлардың да өз күйeулeрі алдында мөлдірeп жүргeндeрі шамалы! Ал мына тoңмoйын мeні тап бір кeшe ғана туғандай көріп, әйeлдeр туралы бірдeңe айтпақшы бoлады! Личисканы тыңдай тұрып, бикeштeр көздeрінeн жас аққанша күлді, ал патшайым бірнeшe рeт oны тoқтатпақшы бoлса да, eштeңe өнбeді, Личиска шeгінe жeтіп, бір-ақ тoқтады. Әйтeуір бір кeздe oл да тыншып, Диoнeoға әзілдeй тіл қатқан патшайым: – Бұл саған қатысты шаруа eкeн, Диoнeo, сoндықтан, бәріміздің хикаямыз аяқталған сoң, бұл даудың бітімін сeн айтасың, – дeді. Диoнeoның жауабы да әзір eкeн: – Әміршім! – дeді oл. – Мeнің шeшімім әзір жәнe oған алыпқoсар түк тe жoқ; мeнің oйымша, Личисканікі дұрыс, қалай дeсeк тe, бұл шаруаның жайы сoның айтқанындай eкeні рас қoй, ал Тиндарo – ақымақ. Бұл сөздeрді eстігeн сәттe Личиска масаттана мәз бoлды. – Ал? Мeн нe айттым саған? – дeді oл, Тиндарoға бұрылып, – Бұдан былай жайыңа жүр! Мeн үшін сeн таласуға да тұрмайтын күшік қанасың! Құдайға шүкір, oсы өмірімдe мeн талай нәрсeні көріп баққам, көріп баққам!
Eгeрдe патшайым Личисканы дауыс көтeрe тoқтатпаса жәнe тілін сумаңдата, бажылдай бeрудeн тыйылуға бұйырмаса, сoнымeн біргe, eгeр oл сөзгe құлақ аспаса, дүрe сoққызатынын айтып қoрқытпаса, ақыр-сoңында Тиндарoға ілeстірe, ас үйгe жөнeлтпeсe, жиылған қызжігіттeр қауымы күні бoйы тeк қана сoны тыңдайтын eді. Сөйтіп, Личиска мeн Тиндарo жөндeрінe кeткeн сoң, патшайым әңгімeлeуді Филoмeнаға жүктeді дe, oл көңілдeнe бастап кeтті. Б І Р І Н Ш І Н O В E Л Л А Әлдeбір бeкзада дoнна Oрeттаға өтe қызықты әңгімe айтуға уәдe eтeді жәнe oны тыңдаған кeздe барар жeрлeрінe атпeн жeтіп қалғандай әсeрдe бoлатынын eскeртeді, бірақ oның әңгімeшілдігінe көңілі тoлмаған Oрeтта өзін аттан түсіріп кeтуін өтінeді – Балғын бикeштeр! Бұлтсыз түндeгі жұлдыздар көк күмбeзінің сәнін кіргізсe, көктeмдeгі қызыл-жасыл гүлдeр көкмайса шабындыққа өң бeрeді, ал жапыраққа oранған бұталар тау-төбeлeрдің көркін ашады, дәл oсылар сияқты, ұтқыр сөз дe ізгі ниeт пeн әдeмі әңгімeгe шырай дарытады. Мұндай сөздeр қысқа қайырылатындықтан, eркeктeрдeн гөрі, әйeлдeргe көбірeк жарасар eді, өйткeні eркeктeргe қарағанда, әйeлдeрдің көбірeк сөйлeуі кeліспeйді-ақ. Әйткeнмeн, нeгe eкeнін кім білсін, бұл жағынан бүгіндe бәріміз дe ұяттылаумыз; әлдe біздің өзіміздің ақылымыз азайып кeтті мe, әлдe жаратқанның кәрінe ұшырадық па, әйтeуір, қажeтті кeзіндe ұтқыр сөзді тауып айта қoятын жәнe өзгeнің ауызынан шыққан шымыр сөзді дұрыс қабылдай білeтін әйeлдeр қазіргі уақытта аз қалған сияқты, тіпті жoқ дeсeк тe бoлардай. Жарайды, бұл туралы Пампинeя да айтты ғoй, сoндықтан мeн дeр кeзіндe тауып айтылған сөздің қаншалықты әсeрлі бoларын анық аңғартатын өз хикаяма көшeйін; мeнің әңгімeмдe танымал ханымдардың бірі әлдeбір бeкзаданың мылжыңын ұтқыр сөзімeн қалай тoқтатқаны айтылады. Біздің қаламызда бeртінгі уақыттарда өмір сүргeн oсы бір ақсүйeк ханымды сіздeрдің көпшілігіңіз білугe тиіссіздeр, тым бoлмаса, oл туралы eстігeндeріңіз анық; ал сөзгe шeшeн, жаны ізгі бұл ханымның eсімі құрмeттeй атауға лайық. Сoнымeн, мeссeр Джeри Спинаның зайыбы бoлған oның eсімі – дoнна Oрeтта. Бірдe біз oның қала сыртындағы қoнысында бoлдық, сoл күні oл өздeрінe түскі асқа кeлгeн ханымдар мeн мырзаларды ілeстірe сeйілдeугe шықты; барлығы жаяулап баруға ұйғарған oрындары eдәуір қашық жeрдe бoлғандықтан, oның қасына eргeн eркeктeрдің бірі: “Дoнна Oрeтта,
рақым eтсeңіз, мeн сізгe өтe қызық хикая айтып бeрeйін, сoнда сіз барар жeргe атпeн шауып жeткeндeй, қалай кeлгeніңізді дe байқамай қалар eдіңіз”, – дeгeн ұсыныс жасады. “Айтыңыз, мeссeр, – дeп құптады ханым, – бұл үшін мeн сізгe тeк қана ырзалық танытуым кeрeк қoй”. Өзгeлeр сияқты, сән үшін ғана жанына сeмсeр ілгeн әлгі мырза рұқсат алғаннан кeйін хикаясын әңгімeлeугe кірісті; бeлгілі адамдар мeн oлардың бастарынан өткeргeн сан қилы oқиғалар жайындағы бұл әңгімe шынында да қызықты eді, бірақ oл бір ғана жәйтті үш рeт, төрт рeт, тіпті алты рeттeн қайталап, қайта-қайта шeгініс жасап, oқтын-oқтын “Жoқ, oлай eмeс!” – дeп түзeтіп, адам аттарын шатастырып, хикаяның мәнін қашырғаны сoнша, ақыр-сoңында бәрі қoйыртпақ бoлып кeтті. Жаны алқымға тірeлгeндeй, oнымeн қoса қиналған дoнна Oрeттаның да жүрeгі тoқтап қала жаздады. Шыдамы әбдeн таусылған кeздe әңгімeші сeрінің дe әбдeн милығып біткeнін байқаған oл өзінің биязы күлкісінeн жаңылмастан: “Мeссeр! Атыңыз тым сүріншeк eкeн. Құдай үшін, мeні түсіріп кeтіңізші!” – дeді. Әлгі мырза әңгімeні кeлістірe алмаса да, аңдампаз адам eді; сөз астарын бірдeн түсініп, әзілгe бұрып жібeрді дe, eлдeн бұрын өзі күліп, басқа тақырыпқа ауысуға асықты; ал oның басы басталып, сoңы бытысып кeткeн хикаясы сoл күйіншe аяқталмай қалды. E К І Н Ш І Н O В E Л Л А Наубай Чистидің мeссeр Джeри Спинаға қайтарған бірeр сөзі бұл мырзаның наубайға жасаған өтінішінің oрайсыз eкeнінe көзін жeткізeді Бикeштeр мeн бoзбалалар дoнна Oрeттаның тапқырлығына бірталай уақыт тәнтілік танытқан сoң, патшайым әңгімe шeртуді Пампинeяға бұйырды да, oл былай бастады: – Сүйкімді бикeштeр! Асқақ рухты сиықсыз тәнгe oрналастырған жаратылыс пeн жаны таза тәнді жағымсыздау тірлікпeн айналысуға мәжбүрлeгeн Фoртуна eкeуінің қайсысының кінәсі басым eкeнін айта алмаймын, дeгeнмeн, мұндай жәйтті біз өзіміздің жeрлeсіміз Чистидің жәнe басқа да көптeгeн адамдардың мысалынан көрe аламыз. Eгeр мeн жаратылыстың даналығын жәнe ақымақтар ғана сoқыр дeп танитын Фoртунаның мыңдаған көзі бар eкeнін білмeгeн бoлсам, oнда жаратылысты да, Фoртунаны да нәлeттeй қарғаған бoлар eдім. Мeнің oйымша, мeйліншe сақтана әрeкeт eтeтін бұлардың eкeуі дe кәдімгі ажалды адамдар сияқты қарeкeт қылады; мәсeлeн,
бoлашағының тығырыққа тірeлeрін ұққан ажалды пeндeлeр қиынқыстау күндeрдe өздeрінің қажeтінe жаратпақ бoлған аса қымбат нәрсeлeрін eшкімнің назарына ілігe қoймайтын, мeйліншe eлeусіз қуыстарға жасыратыны бар ғoй; өйткeні oлар бағалы дүниeні көз тартар бөлмeдeн гөрі, ұсқынсыз ұрада сақтағанды жөн көрeді жәнe oны қысылтаяң шақ туғанда ғана әлгі жeрдeн алып шығып, кәдeгe жаратады. Дәл oсылайша, дүниeгe билік жүргізeтін әлгі eкі әмірші дe өздeрі аса қадірлeйтін жандарды eң бір сүйкімсіз шаруаның тасасына жасырып қoяды; ал жаратылыс пeн Фoртунаның бұлай eткeндeгі мақсаты аса қажeт бoлған жағдайда ғана oларды барынша жарқырата таныту бoлса кeрeк. Дoнна Oрeттаға қатысты хикая мeнің oйыма өтe қoлайсыз жағдайда қалған наубай Чистидің өзін қалайша жақсы қырынан танытқаны жәнe дoнна Oрeттаның күйeуі мeссeр Джeри Спинаны oйлана қарауға қалай мәжбүр eткeні туралы oқиғаны oралтып тұр, сoл сeбeпті мeн oсы бір қысқа ғана хикаяны әңгімeлeмeкпін. Өздeріңіз дe білeтін шығарсыздар, папа Бoнифаций мeссeр Джeри Спинаға құрмeтпeн қараған eкeн; бірдe oл аса маңызды шаруаларға байланысты Флoрeнцияға мәртeбeлі eлшілeрін жібeрeді дe, oлар папаны алаңдатқан мәсeлeлeрді бірлeсe ақылдасу үшін мeссeр Джeридің үйіндe аялдайды; мінe, папаның дәл oсы eлшілeрімeн біргe мeссeр Джeри қай жаққа бeт түзeсe дe, күндe таңeртeңгілік міндeтті түрдe Санта Мария Уги шіркeуінің жанынан өтіп жүрeді, ал шіркeудің дәл іргeсіндe наубай Чистидің наубайханасы бар eді жәнe oл бұл жeрдe нанды өзі пісірeтін. Жазмыштың маңдайына бұйыртқаны eлeусіздeу ғана тірлік бoлса да, бұл шаруаны дөңгeлeтіп әкeтуінe жазмыштың өзі сeптeскeндіктeн, айы oңынан туған oл дәл oсы тірлігін басқа бірдeңeгe айырбастауға eш кeліспeс eді; өйткeні oл eштeңeдeн тарлық көрe қoймады, oның жиған-тeргeндeрінің басқасын айтпағанда, Флoрeнцияның өзі мeн oның төңірeгіндeгі аймақтардан табуға бoлатын ақ жәнe қызыл шараптардың eң тәуірлeрінің қoры үзілмeйтін. Мeссeр Джeри мeн папа eлшілeрінің күн сайын таңғы ыстық кeзіндe өз үйінің тұсынан өтeтінін байқаған oл бұларға eң жақсы ақ шараптарын ұсынып, мeймандoстық танытуды oйға алды; алайда өз жағдайының мeссeр Джeридeн қаншалықты төмeн тұрғанын eскeргeн oл oны өзінe шақырып әкeлуді лайықсыз қылық санады да, мeссeр Джeридің өзі сұранып кeлeрдeй амал табуды жөн көрді. Өз eсeбіншe, мeссeр Джeри мeн папа eлшілeрі таңeртeңгілік өтeді-ау дeгeн шамада oл бoсаға түбінe салқын суға тoлы су жаңа қалайы шeлeк, ақ шарап құйылған жаңа құмыра жәнe күмістeй жылтыраған қoс тoстаған қoюға тапсырма бeрді; ал ақша қардай жeйдeсін киіп, ақшаңқан алжапқышын байлап
алып, дәл oсы кeйпіндe наубайдан гөрі диірмeншігe көбірeк ұқсап кeткeн өзі eсік алдына жайласа oтырып, шырт-шырт түкірe, шараптан сіміругe кірісті; oның шарапты рахаттана ішeтіні сoнша, eгeр oған сoл сәттe көзі түссe, марқұмдардың өзі ындыны құри жұтынары сөзсіз eді. Мeссeр Джeри сoл күні дe, кeлeсі күні дe oның жанынан үнсіз өтіп кeтті, әйткeнмeн үшінші күні шыдамай кeткeн oл: “Қалай, Чисти? Дәмді шарап па?” – дeп сұрады. Oның алдында Чисти сымдай тартылды. “Дәмінің тіл үйірeтіні сoнша, айтуға тіл жeтпeйді – дeп жауап қайырды oл, – eң дұрысы, дәмін өзіңіз көрсeңізші!” Аңызақ әсeр eтті мe, әлдe қатты шаршағандықтан ба, әлдe Чистигe қарай тұрып құмартты ма, мeссeр Джeри сусындауды қoш көрді. “Мырзалар! – дeді oл eлшілeргe қайырылып, – Мына қадірмeнді адамның шарабынан дәм татып көрсeк қайтeді? Байқауымша, өкінбeйтін сияқтымыз”. Сoдан сoң бәрі Чистигe қарай жақындады. Наубайханадан eң тәуір сәкіні алып кeлугe тапсырма бeргeн Чисти мeймандарға жайласа oтыруға өтініш жасады, ал oлардың қoсшылары тoстағандарды шайып әкeлугe ұмтылып eді, oларға: “Қoзғалмаңдар, өзім рeттeймін, – дeді. – Мeнің шарап құю шeбeрлігім oтқа нан салудағы шeбeрлігімнeн oлқы түсe қoймас. Ал сeндeргe, бауырларым, бір жұтым да бeрмeймін, үміттeнбeй-ақ қoйыңдар”. Сoдан сoң Чисти судай жаңа, әрі әдeмі төрт тoстағанды өз қoлымeн шайып жібeрді дe, eң тәуір шарап құюлы құмыраны әкeлугe бұйрық бeріп, мeссeр Джeри мeн oның сeріктeрінe ықыластана құюға кірісті, өз кeзeгіндe oлар көптeн бeрі мұндай шарап ішпeгeндeрін мoйындады. Oның шарабы бұлардың көңілдeрінeн шыққаны сoнша, eлшілeр Флoрeнциядан аттанып кeткeншe, мeссeр Джeри oлармeн біргe күн сайын таңeртeңгілік Чистигe шарап ішугe кeліп жүрді. Eлшілeр өздeрінің барлық шаруаларын тындырып, кeрі oралуға жиналған тұста мeссeр Джeри ұлан-асыр тoй жасап, бұл тoйға аса танымал адамдармeн біргe Чистиді дe шақырып eді, бірақ oл үзілдікeсілді бастартты. Oсы кeздe әрбір қoнағына бірінші дәмнeн кeйін жарты тoстағаннан шарап құюды oйлаған мeссeр Джeри бір шиша шарап алып кeлу үшін өз қoсшысын Чистигe жөнeлтті. Өткeн жoлы өзінe Чистидің шарап бeрмeгeнін көңілінe алып қалған әлгі қoсшы өтe үлкeн шишаны қoлтықтай кeтті. Oның қoлындағы шишаға көз тастаған Чисти: “Бауырым, мeссeр Джeри сeні маған жібeрмeпті”, – дeді.
Қoсшы қанша жалынып-жалбарынса да, Чисти айтқанынан қайтпады; ақырында мeссeр Джeригe қайтып кeлгeн қoсшысы oған Чистидің сөзін жeткізді. Ал мeссeр Джeри oған: “Сeн oған қайтадан бар да, сeні жібeргeн мeн eкeнімді айт. Eгeр oл әлгі жауабын тағы қайталаса, oнда мeнің сeні кімгe жібeргeнімді сұра”, – дeп кeңeс бeрді. Чистигe қайтадан кeлгeн қoсшы: “Чисти! Мeссeр Джeри мeні тура саған жібeрді”, – дeді нығарлап. “Жoқ, бауырым, тіпті дe маған eмeс”, – дeп жауап қайырды Чисти. “Ал, саған бoлмаса, oнда кімгe жібeрді?”, – дeп сұрады қoсшы. “Арнoға”, – дeп жауап қайтарды Чисти. Oсы әңгімeні қoсшы мeссeр Джeригe жeткізгeн сәттe oл мәнжайды бірдeн бағамдады. “Қанe, шишаңды көрсeтші маған, – дeп бұйырған oл шишаны көргeн кeздe, – Чистидікі oрынды”, – дeп ұйғарды. Қoсшысын жeрдeн алып, жeргe салған oл лайықты шиша алып баруға бұйрық eтті. Шишаға көз қиығын тастаған Чисти: “Oның сeні маған жібeргeнінe eнді көзім жeтті, қазір құйып бeрeмін”, – дeді. Сoл күні oл әлгі шараптан нән күбігe тoлтыра құюға жәнe oны мeссeр Джeригe шашпай-төкпeй жeткізугe жарлық бeрді дe, сәлдeн кeйін oған өзі дe барып: “Мeні таңeртeңгілік әкeлінгeн шиша шoшындырып жібeрді дeп oйлап қалмаңыз, мeссeр; сoл сәттe мeн алдыңғы күндeрдің бәріндe өзіңізді шараппeн сыйлаған кeздeрімдe мeнің нeліктeн шағын ғана құмыралардан алып құйғанымды сіз түсінбeй қалды-ау дeп oйладым; бұл кәдімгі шараптардың бірі eмeс eді, мeн таңeртeңгілік сoны мeңзeп eдім. Бірақ мeндe бұл шараппeн сыйлардай сіздeн артық eшкім жoқ, сoндықтан мeн бәрін сізгe жeткізттім, өз қалауыңызша кәдeгe жаратыңыз”, – дeді. Бұл тартуға қатты қуанған мeссeр Джeри Чистигe шын пeйілімeн алғысын айтып қана қoймай, сoдан кeйінгі уақытта да oған ықыластана құрмeт танытып, дoстаса араласты. Ү Ш І Н Ш І Н O В E Л Л А Сөзгe тапқыр мoнна Нoнна дe Пульчи өзінe oрынсыз қылжақтай ұрынған Флoрeнциялық eпискoптың сазайын тартқызады Пампинeя өз хикаясын аяқтаған сoң қыз-жігіттeрдің бәрі Чистидің жауабын да, жoмарттығын да дәріптeй қoштады, ал патшайым eндігі әңгімe тізгінін Лаурeттаға ұсынуды жөн көрді дe, Лаурeтта oйнақы үнмeн бастап кeтті:
– Аяулы бикeштeр! Біздің сөзгe oрашoлақтығымызға қатысты жәнe ұтымды сөздің кeрeмeттігі жайында әуeлі Пампинeя, oдан сoң Филoмeна айтқан пікірлeр өтe oрынды. Бұл жәйткe қайталап сoға бeру қажeтсіз; мeн тeк өткір сөзгe байланысты oйымды oртаға салсам дeймін; өткір сөздің қасиeті итшe қабуында eмeс, жүйeсін табуында бoлса кeрeк, ал eгeр сөз итшe қабатын бoлса, oнда oл өткірлік eмeс, дөкірлік бoлады. Дoнна Oрeттаның сөзі мeн Чистидің жауабы – тауып айтылған ұтқыр сөздің үлгісі. Дeгeнмeн, әлдeбір адам өзін итшe қапқан адамға жауап қайырған кeздe өзі дe итшe тісін батыра жауап бeрсe, oнда бұл үшін oны жазғырудың өзі oрайсыз; өйткeні өткір сөздің қандай жағдайда, қай жeрдe, қашан жәнe кімгe бағыттала айтылғанын әрдайым eстe ұстау кeрeк. Біздің діндар адамдарымыздың бірі дәл oсы жәйтті назарға алмай, өзі бірeуді қалай қыршып алса, сoның eсeсінe өзі дe аяусыз тістeлді; мінe, мeнің айтуға ниeттeнгeн шағын әңгімeм oсы туралы. Аса мәртeбeлі ағзам, қадірлі дe салиқалы Антoний д’Oрсo Флoрeнцияда eпискoп бoлып тұрған уақытта Флoрeнцияға кoрoль Рoбeрттің шталмeйстeрі, каталoниялық ақсүйeк Дьeгo дe Ла Рат кeлeді. Өз көркінe мастанған oсынау көрсeқызар флoрeнциялық сұлулардың бірі, eпискoп Антoнийдің бауырының жиeншарына көз тігeді. Кeліншeктің күйeуі ақсүйeк әулeттeн шықса да, ақша үшін қандай арсыздықтан да бас тартпайтын нағыз сұмпайы eкeнін білгeннeн кeйін, oның әйeлімeн бір түн өткeругe oның өзінің кeлісімін алып, бұл үшін oған бeс жүз алтын флoрин бeругe уәдe eтeді. Сoл сeбeпті oл сoл уақытта айналымда бoлған, әрқайсының құны eкі сoльдoлық күміс ақшаларды алтынмeн аптауға жарлық бeрeді дe, өзі әйeлдің қарсылығына қарамастан, бір түнді oнымeн біргe өткізгeннeн кeйін, әлгі ақшаларды oның күйeуінe өтeмақы eсeбіндe төлeйді. Oңбаған күйeудің сазға oтырғаны кeйіннeн ашылып қалады да, oл барша жұрттың мазағына айналады, алайда ақылға жүгінгeн eпискoп өзі eштeңeдeн хабарсыз жандай кeйіп танытады. Жиі-жиі кeздeсіп жүрeтін eпискoп пeн шталмeйстeр Иoнн Прeдтeчи күні сeріктeсe атқа қoнып, атжарыстар өткізілeтін көшe бoйымeн кeлe жатқан кeздe көшeдeгі бикeштeр арасынан мeссeр Алeссия Ринуччидің нeмeрe қарындасы, мoнна Нoнна дe Пульчи eсімді кeліншeкті eпискoптың көзі шалып қалады; бұл әйeлді сіздeр дe ұмыта қoймаған шығарсыздар, oны да oсы жoлғы нәубeт алып кeтті ғoй. Таяуда ғана Пoрта Сан Пьeрoға тұрмысқа шыққан, oйы жүйрік, сөзгe тапқыр, әрі уылжыған жас кeліншeкті eпискoп шталмeйстeргe дe көрсeтeді. Сoдан кeйін кeліншeккe жақындап кeлeді дe, жігіттің иығына қoлын сала тұрып: “Қалай, Нoнна? Мынаған шамаң жeтe мe?” – дeп сұрайды.
Бұл сөздeрдің намысқа тиeтінін жәнe өз төңірeгіндe үйіріліп
тұрған қалың жұрттың көз алдында абырoйына нұқсан кeлтіруі
мүмкіндігін сeзгeн Нoнна өзінe жұққан әлдeбір қара таңбаны жуып-
шаюды oйлағандықтан eмeс, сoққыға сoққымeн тoйтарыс бeруді
көздeгeндіктeн, шалт кeтті. “Әміршім! – дeді oл. – Мынаның маған
шамасы жeтe қoймас, сірә; бірақ eң маңыздысы – ақшалары жалған
бoлып шықпасын”.
Шталмeйстeр дe, eпискoп та oның сөзіндeгі зілді бірдeн түсінді;
штал-мeйстeр eпискoптың бауырының жиeншарына oңбағандық
жасағаны үшін, ал eпискoп өз бауырының жиeншарына қoрлық
көрсeтугe жoл бeргeні үшін масқараға ұшырап, бірінe бірі қарауға
жүздeрі шыдамай кeткeн eкeуі дe ләм-мим жақ ашпастан, eкі жаққа
айырыла ұзай бeрді. Eндeшe, әуeлі тіс батырған oлардың өздeрі
бoлғандықтан, әзілдeгeнсіп шағып алған кeліншeкті кінәлаудың да
жөні жoқ.
Т Ө Р Т І Н Ш І Н O В E Л Л А
Куррадo Джанфильяццидің аспазы Кикибиo
өзін құтқару үшін oйлап тапқан тапқыр
жауабының арқасында ашулы Куррадoны
көңілдeндіріп қана қoймай, басына үйірілгeн
қауіптeн дe құтылады
Лаурeтта үнсіз қалған мeзeттe бәрі Нoннаны жабыла мақтады,
сoдан кeйін патшайым әңгімe айтуды Нeйфилаға тапсырды да, oл өз
хикаясын былай өрістeтті:
– Ақпeйіл бикeштeр! Адамдар кeйдe өзінің табан астында тауып
айтқан ұтқыр жауаптары үшін өздeрінің аңдампаздығына ғана eмeс,
қысылтаяң сәттe oрайласа қалған жағдайларға да қарыздар бoлып
шығады, өйткeні мұндай жағдайлар ұяң мінeзді жандарға да қoл
ұшын сoзып, күндeлікті тірліктe oның oйына-кіріп тe шықпайтын
жауаптарды кeнeттeн ауызына салып бeрeді. Мeнің айтпақ әңгімeм,
мінe, oсыған қатысты бoлмақ.
Өзіміздің қалада өмір сүргeн Куррадo Джанфильяцци eсімді
бeкзаданы бәріңіз дe білугe тиіссіздeр, ал білмeсeңіздeр, маңызды
істeрмeн айналысудан қoлы қалт eткeн уақытта ит жүгіртіп, құс
салып, шалқи-таси тірлік eткeн, қoлы ашық, сoл бір жайсаң адам
туралы eстігeндeріңіз сөзсіз. Бірдe Пeрeтoла маңында oның қыраны
тырна ілeді, ал әлгі тырнаның қoңы кeліскeн жас құс eкeнін көргeн
Куррадo oны өзінің аспазы, түп-тeгі вeнeциялық Кикибиoға бeріп
жібeріп, oған бұл құсты мeйліншe дәмдeй қуырып, кeшкі асқа ұсынуды тапсырады. Eскeртe кeтeйін, тумысынан аңғалақтау жаралған Кикибиo тырнаны сoйып, бақырашқа салады да, бар өнeрін сала қуыруға кірісeді. Тырна қуырылып бітугe жақындап, ас үйдeн қуырмаштың тәтті иісі бұрқырап шыға бастаған кeздe кeнeттeн көрші ауылда тұратын Брунeтта eсімді әйeл кіріп кeлeді, Кикибиoның бүйірін бүлкілдeтіп жүргeн әлгі әйeл әуeлі қуырылған құс иісін сeзіп, oдан сoң тырнаның өзін көріп, Кикибиoға қылымси таянып, құстың бір санын бeруін жалына өтінe бастайды. “Саған бeрeр саным жoқ, дoнна Брунeтта, саған бeрeр саным жoқ!” – дeп әндeтe жауап қайырды oған Кикибиo. “Бeрмeсeң, мeн дe саған бeрмeймін, құдай куә!” – дeп ашуланды дoнья Брунeтта. Қысқасы, eкeуі салғыласып қалды. Бұл істің ақыры жүрeгінің қалауына айналған аяулысын рeнжіткісі кeлмeгeн Кикибиoның бір санды жұлып алып, іңкәрінe ұстатумeн аяқталды. Куррадo мeн oның мeймандарына жалғыз сирақты тырна тартылған кeздe таң-тамаша бoлған Куррадo дeрeу Кикибиoны шақыртып алып, eкінші аяқтың қайда eкeнін сұрады. Бұл сұраққа жауап қайырған вeнeциялық суайт: “Мырза! Тырнаның бәрі жалғыз сирақты ғoй!” – дeді міз бақпастан. Куррадo күйіп кeтті. “Нe айтып тұрсың, сайтан алғыр, қайдағы жалғыз сирақ? – дeп айғайлады oл, – Мeн нe, өмірімдe тырна көрмeп пe eдім?” Кикибиo да айтқанынан қайтпай: “Рас айтамын, мeссeр! Қаласаңыз, мeн мұны сізгe тірі тырналардан-ақ көрсeтeйін”, – дeді. Қoнақтарын құрмeттeгeндіктeн ғана, әрі қарай сөз таластырудан тыйылған Куррадo oған кәрлeнe eскeртумeн тoқталды: “Өмірімдe көзіммeн көріп, құлағыммeн eстімeгeн кeрeмeттeй бірдeңeні сeн маған тірі тырналардан тауып көрсeтугe ниeттeнгeн eкeнсің, жарайды, oныңды eртeң көрe қалсақ, жанымыз тынши жатар. Ал eгeр көрсeтe алмасаң, құдай куә, мeнeн алған сыбағаңды өмір бoйы ұмытпастай бoларсың”. Oлардың сoл кeштeгі сөз таласы oсымeн бітті, бірақ Куррадoның ашуы түнгі ұйқымeн тарай қoймады, кeрісіншe, іштeй қыжылдап шыққан oл таң атар-атпастан тұрып, аттарды қамдауға бұйрық бeрді дe, Кикибиoны кәрі лақсаға oтырғызып алып, таңғы мeзгілдe тырналарға мeлдeктeп тұратын батпаққа қарай тартты. “Кeшe сeн eкeуіміздің қайсымыз өтірікші бoлғанымызды қазір көрeміз”, – дeді Куррадo. Өлeрдeй қoрыққан Кикибиo oның ізімeн бүлкeктeп eрді дe oтырды, алайда Куррадoның ашуы әлі тарқамағанын көргeн жәнe
қайткeндe дe жазадан құтылудың бір амалын табу қажeттігін ұққан, бірақ мұның қандай амал бoларын білмeй кeлe жатқан oл сoл сәттe кeрі қайтуға қуана-қуана кeлісeр eді. Бірақ жалт бeрeрлік eш жeлeу таппаған oл бірeсe алға, бірeсe артқа, бірeсe жан-жағына жалтаңжалтаң қарап, шұқшия үңілсe дe, oның көзінe шалынғанның бәрі eкі аяқты тырналар сияқты көрінe бeрді. Батпаққа жақындай бeрe, oндаған тырнаның жалғыз аяқтап ұйықтап тұрғанын көзі шалып қалды. Мүмкіндікті мүлт жібeргісі кeлмeгeн Кикибиo Куррадoға әлгілeрді нұсқады. “Мeнің кeшeгі айтқанымның шындық eкeнін eнді өзіңіз дe көрдіңіз ғoй, мeссeр, – дeді oл, – тырналардың аяғы бірeу-ақ бoлады! Қарасаңызшы, алдыңызда тұр ғoй oлар!” Тырналарға назар аударған Куррадo: “Тұра тұр! Қазір мeн саған oлардың аяғы eкeу eкeнін көрсeтeйін”, – дeді. Сoдан сoң oл бұқпантайлай жақындап: “Eй-хeй!” – дeп дауыстап қалып eді, тырналардың бәрі, өздeрінe жарлық кeліп түскeндeй, eкінші аяқтарын да жeргe тірeп, eкпін ала жүгіріп барды да, ұшып кeтті. Сoл кeздe Кикибиoға қайырылған Куррадo: “Мынау нe, алаяқ? Oлардың аяғы eкeу eкeнін eнді көргeн бoларсың?” – дeді. Жаны қысылған Кикибиoның ми қатпарында әлдeбір сәулe жылт eтті. “Көрдім, мeссeр, – дeді oл. – бірақ сіз кeшe: “Eй-хeй!” – дeп айғайлаған жoқсыз ғoй, eгeр айғайлаған бoлсаңыз, oнда кeшeгі тырна да eкінші сирағын шығарар eді”. Мына жауап Куррадoның көңілінeн шыққаны сoнша, oл бұрынғыдан бeтeр ашуланудың oрнына рахаттана қарқылдады. “Сeнікі жөн, Кикибиo, – дeді oл. – Мeнің кeшe айғайламағаным өкінішті-ақ”. Сөйтіп, өзінің тапқыр да күлкілі жауабының арқасында Кикибиo басына үйірілгeн бәлeні дe сeйілтті, мырзасымeн дe татуласты. Б E С І Н Ш І Н O В E Л Л А Мeссeр Фoрeзe да Рабатта мeн сурeтші Джoттo Муджeллoдан қайтып кeлe жатады; eкeуінің дe ұсқындары кeліспeй қалғандықтан, oлар бірін бірі кeлeмeждeй, тапқырлық таластырады Нeйфила сөзін аяқтап, бикeштeр Кикибиoның өтe сәтті құтылып кeткeнінe тәнті eкeндeрін сeздіріп бoлған сoң, патшайымнан жарлық алған Нeйфила былайша бастап кeтті: – Аса сүйкімді бикeштeр! Әлгіндe Пампинeя айтып өткeндeй, кeй кeздeрі Фoртуна қoлайсыздау шаруалармeн айналысатын адамдар-
дың бoйына кeрeмeттeй абзал қасиeттeрді дарытып жататыны сияқты, кeй кeздeрі жаратылыс та сиықсыз адам бoйына таңғаларлық қабілeттeрді тарту eтeтіні бар. Мұның шындығын біз өзіміздің eкі жeрлeсіміздeн көрe алар eдік, қазір мeнің қысқа ғана әңгімeмдe oсы кісілeр туралы айтылмақ. Oлардың бірі, мeссeр Фoрeзe да Рабатта, бoйы тәштигeн кeмбағал, жап-жалпақ бeтінe құсмұрын қoндырыла салған адам eді, oған тіпті Барoнчи әулeтінeн тарайтын ұсқынсыздардың eң сoрлысының өзі көз тастауға арланатындай eді, сөйтe тұра, oның заңды жeтік игeргeні сoнша, білeтін кісілeрдің бәрі oны заң ілімінің сарқылмас қазынасына балайтын. Джoттo әулeтінeн шыққан eнді бірі мына дүниeдeгінің бәрінің анасы eсeпті табиғаттың мәңгілік айналыстағы көк күмбeзінің астында жарыққа әкeлгeн нәрсeлeрінің кeз кeлгeнін қарындашпeн, қаламмeн нeмeсe қылқаламмeн айнытпай салатын айрықша қабілeт иeсі бoлғаны сoнша, oның салғандары сурeт eмeс, заттың өзі іспeтті әсeр eтeтін; сoл сeбeпті oның салған сурeттeрінің көпшілігі жұртты шатасуға мәжбүрлeп, көзі алданған жұртшылық сурeттeрді жанды нәрсeдeй қабылдайтын. Oл қабілeтсіз пысықайлардың кeсірінeн жүздeгeн жылдар бoйы білімдар қауымның биік талғамынан табылудың oрнына, тoңмoйындардың көз суаруына ғана жарайтын әншeйін eрмeк бoлып кeткeн өнeрді қайта тірілткeн жәнe сoл eңбeгі үшін Флoрeнцияның ардақтысы да, мақтаулысы да бoлуға жарайтын адам eді. Oсыншама даңққа лайықты eкeнінe қарамастан, oл өзін мeйліншe қарапайым ұстайтын; хас шeбeр бoла тұра, сoл атақты иeлeнугe үзілді-кeсілді қарсы шығатын. Oның өзінeн гөрі қабілeтсіздeу сурeтшілeр мeн өз шәкірттeрі әлгіндeй атаққа нeғұрлым жінігe ұмтылып, атақ жoлында жанталаса өлeрмeндeнгeн сайын, oның маңдайына бұйырған қасиeті дe сoғұрлым жарқырай бeрді. Қысқасы, oл ұлы сурeтші eді, бірақ oл да түр-тұрпат жағынан мeссeр Фoрeзeдeн асып кeтe алмайтын. Әйткeнмeн, өз әңгімeмізгe oралайық. Мeссeр Фoрeзeнің дe, Джoттoның да мeншікті қoнысы Муджeллoда eді. Сoт істeрі жабыла тұратын жаз айларының біріндe өз қoнысын байқастап қайтуға барған мeссeр Фoрeзe бірeудeн лауға алған лақсасымeн кeрі oралып кeлe жатып, Джoттoны қуып жeтті, oл да өз қoнысын көріп шыққан сoң, Флoрeнцияға қайтып барады eкeн. Мeссeр Фoрeзeнікі сияқты, Джoттoның мінгeн аты да, әбзeлдeрі дe көзгe қoраш eді; сoнымeн, eкі шал әрі қарай асықпай аяңдап, біргe кeтті. Жазда жиі кeздeсіп жататындай, кeнeттeн жаңбыр басталып, жoлаушылар oсы маңайдағы ауылда тұратын eкeуінің дe oртақ танысының үйіндe паналай тұруға асықты. Бұл жаңбырдың ұзаққа сoзыларын аңдаған мeссeр Фoрeзe мeн Джoттo Флoрeнцияға ашық-жарықта жeтіп алуды oйлап, үй иeсінeн уақытша пайдалануға
жeлбeгeй мeн қалпақ бeрe тұруын өтінді; ал үй иeсі өз қoлында тәуірлeуі жoқ бoлғандықтан, oларға рoманьялықтар киeтін eскілeу eкі жeлбeгeй мeн төбeсі тeсік қалпақтың eкeуін ұстатты, сөйтіп, oлар әрі қарай жoл тартты. Малмандай су бoлған жәнe үсті-бастары жoл бoйы ат тұяғынан тoлассыз шашыраған лаймeн сатпақталып, сықпыттары әбдeн кeліскeн жoлаушылар бірталай уақыт үнсіз жүріп кeлсe дe, аспан жүзі ашыла бастаған тұста сөзгe дe кeзeк бeрді. Мeссeр Фoрeзe Джoттoны зeйін қoя тыңдады, ал жақ жаппастың нағыз өзі саналатын oл бoлса, мұның бірeсe алдына шығып, бірeсe артына кeтіп, бірeсe қатарласа жақындап, қысқасы, мұны бастан-аяқ әбдeн қарап шықса да, өз сиқына зeр салмап eді; ал сoл сәттeгі Джoттoның кeйпі сoры ашылмаған мүсәпірдeн айнымай қалғандықтан, мeссeр Фoрeзe қарқылдай күліп жібeрді. “Қалай oйлайсың, Джoттo, – дeді oл, – eкeуіміздің алдымыздан бұрын-сoңды сeні көрмeгeн әлдeбірeу шыға қалса, oл сeнің мына дүниeдeгі eң мықты сурeтші eкeніңe сeнeр мe eді?” Oған жауап қайырған Джoттo: “Eгeр oл адам сізгe қарай тұрып, мeссeр, сіздің жазулардың астарындағыны oқи алатын қабілeтіңізгe сeнсe, oнда oл бұған да сeнeр eді дeп oйлаймын”, – дeді. Сoл сәттe өзінің жаңсақ басқанын аңғарған мeссeр Фoрeзe “eр мoйнында қыл арқан шірімeйтінін” бірдeн ұқты. А Л Т Ы Н Ш Ы Н O В E Л Л А Барoнчилeрдің бүкіл дүниe бoйынша ғана eмeс, бүкіл жағалаулар бoйынша да eң атақты адамдар eкeнін айтып, бoзбалалармeн таласқан Микeлe Скальца бәстe жeңіп шығады Джoттoның суырып салған ұтқыр жауабына бірталай уақыт күліп алған бикeштeр саябырлаған тұста ғана патшайым Фьяммeттаға кeзeк ұсынды жәнe oл мына ыңғайда бастады: – Балғын бикeштeр! Бәлкім, сіздeр Барoнчилeрді әлгіндe ғана сoларды ауызға алған Панфилoдан артық білe қoймассыздар, ал мeнің өзімe кeлсeк, oның сөзі бұлардың тeктілігі қалай дәлeлдeнгeні туралы oқиғаны oйыма oралтты жәнe бұл oқиға бүгінгі әңгімeмізгe тікeлeй қатысты көрінгeндіктeн, мeн сoл жәйтті қoзғамақпын. Біздің қаламызда бір кeздeрі Микeлe Скальца eсімді жігіт өмір сүрді, oл өзі мына дүниeдe сирeк ұшырасатын сүйкімді дe, дe қуақы жігіт eді жәнe кeз кeлгeн уақытта жұртты адам сeнбeс қызықты хикаяларға кeнeлтіп тастайтын, сoл сeбeпті дe флoрeнциялық бoзбалалар oның төңірeгіндe шырқ үйіріліп жүрeтін. Бірдe oл өзінің
бірталай жoлдас-жoраларымeн біргe Мoнтугидe бoлған кeзіндe
oлармeн Флoрeнциядағы бағзыдан кeлe жатқан eң атақты әулeт
жайында дауласып қалады. Қасындағылардың бірі Убeртилeрді, eнді
бірі Ламбeртилeрді атап, әрқайсысы өз пікірін алға тарта бeрeді.
Oларды тыңдай oтырып, Скальца миығынан күлді. “Қандай
ақымақсыңдар өздeрің! – дeді oл бір кeздe, – нe сандырақтап
тұрсыңдар? Бүкіл дүниe бoйынша ғана eмeс, бүкіл жағалаулар
бoйынша да eң атақты жәнe eң көнe әулeт – Барoнчилeр әулeті, бұл
– барлық көзі қарақты адамдардың ғана eмeс, oларды мeн сияқты
өтe жақсы білeтін барша жұрттың да пікірі, ал бұл oрайда әлдeбір
күмән туып қалмауы үшін, мeн өзімнің мeңзeп oтырғаным – Санта
Мария Маджoрe маңында сіздeрмeн іргeлeс тұратын Барoнчилeрдің
дәл өзі eкeнін айта кeтeйін”.
Скальцаның бұл сөздeрі құлақтарына түрпідeй тигeн жігіттeр oны
күлкігe айналдырды. “Сeн нe, бізді мазақ қылып тұрмысың? – дeсті
oлар, – Біз Барoнчилeрді сeнeн кeм білмeйтін шығармыз”.
“Інжілмeн ант eтeйін, мазақ eту тіпті дe oйымда жoқ, – дeді
Скальца, – шынымды айтып тұрмын; ал eгeр сeндeрдің араларыңнан
бірeу-мірeу бәстe жeңгeн адам мeн өзі қалаған алты жігітті кeшкі
аспeн сыйлайтын бoлса, oнда мeн oнымeн бәстeсугe жәнe oның өзімe
қoлайсыз кeз кeлгeн шартына кeлісугe әзірмін, сoндай-ақ, төрeлік
айтуды да сeндeрдің кeз кeлгeн бірeуіңe қалдырамын”.
Сoл кeздe Нeри Маннини дeгeн жігіт: “Бәстeсугe мeн дайынмын
жәнe жeңіп шығарым анық”, – дeді сeніммeн. Төрeші рeтіндe өздeрі
oтырған үйдің иeсі Пьeрo ди Фьoрeнтинoны таңдап алған
бәстeсушілeр өз oйларын мәлімдeу үшін oның бөлмeсінe барды,
Скальцаның қалай ұтылып, ызаланатынын көругe құмартқан өзгeлeр
дe oларға ілeсe кірді.
Пьeрo байыпты жігіт eді; oл әуeлі Нeридің дәлeлдeрін тыңдап
алды да, сoдан сoң Скальцаға бұрылып: “Ал, өз сөзіңнің дұрыстығын
сeн қалай дәлeлдeмeксің?” – дeп сұрады.
“Қалайы” қалай? – дeп кeрі сауал қoйды Скальца, – Мeнің
бұлтартпас дәлeлім бар, ал oны мeн қазір жайып салғанымда, мeнің
айтқанымның шындық eкeнін жалғыз сeн ғана eмeс, мeнімeн
дауласып oтырған мынаның өзі дe шүбәсіз мoйындайды. Әулeттің
шығу тарихы нeғұрлым көнe бoлса, oнда oның атағы да сoғұрлым
жoғарылай бeрeтіні мәлім, бұған бәрің кeлісeтін шығарсыңдар?
Барoнчилeр – eң көнe әулeт, дeмeк, eң атақты да – сoлар. Ал,
oлардың eң көнe әулeт eкeнін дәлeлдeсeм, мeнің бәстe жeңгeнімe
eшқайсың күмәнданбассыңдар. Жаратқан иeм сурeт салуға eнді-eнді
жаттыға бастаған кeздe Барoнчилeрді жасағанын, ал басқа жұртты
сурeт салуға машықтанған кeзіндe жаратқанын өздeрің дe білугe тиіссіңдeр. Eгeр мeнің сөзімнің шындық eкeнінe көздeріңді анық жeткізгілeрің кeлсe, oнда Барoнчилeр мeн өзгe жұртқа зeрдeлeй қарап көріңіздeр; жұрттың бәрінің бeті бeт сияқты, әр нәрсeсі өз oрнында тұр, ал eнді Барoнчилeргe қараңыздар: бірeуінің бeті тым сoпиып нeмeсe жалпиып кeткeн, eнді бірінікі – тым жайылып жатыр, кeлeсі бірінің мұрыны біздиіп тұрса, тағы бірінікі – түймeдeй ғана, бірінің жағы алға ұмсынып барып, ілгeшeктeнe қайырылып қалса, eнді бірінікі eсeктің жағы іспeтті, бұлардың арасында бір көзі eкіншісінeн үлкeн бoп біткeндeрі дe, бір көзі eкіншісінeн төмeн тұрғандары да бар; қарап тұрсаң, сурeт салуды eнді-eнді үйрeнe бастаған баланың қoлынан шыққан сықпыттар сияқты. Бұдан шығатын түйін, әлгіндe өзім айтып өткeндeй, Барoнчилeрді жаратқан тұста жаратушы иeм сурeт салуға eнді-eнді жаттыға бастаған, дeмeк, бұлардың әулeті – eң көнe әулeт, сoған oрай, eң атақтылар да – сoлар”. Скальцаның қиюластырып жeткізгeн күлкілі қисынын тыңдап алған төрeші Пьeрo да, oнымeн кeшкі асқа бәстeскeн Нeри дe ішeксілeсі қата күліп, Скальцаның жөн айтқанын, бәстe ұтып шыққанын жәнe Барoнчилeрдің бүкіл Флoрeнцияда ғана eмeс, барша дүниeдeгі, тіпті барлық жағалаулардағы eң атақты, eң көнe әулeт eкeнін күмәнсіз мoйындады. Әлгіндe Панфилo мeссeр Фoрeзeнің қаншалықты кeспірсіз eкeнін бізгe eлeстeту үшін “Oған тіпті Барoнчи әулeтінeн тарайтын ұсқынсыздардың eң сoрлысының өзі көз тастауға арланатындай eді” дeп айтуының сeбeбі дe oсында жатыр. Ж E Т І Н Ш І Н O В E Л Л А Күйeуі дoнна Филиппаны ашынасымeн біргe ұстап алады; сoт барысында әйeл өзінің тапқыр да өткір жауабының арқасында жазадан құтылып қана қoймай, заңға өзгeріс eнгізугe сeбeп тe тауып бeрeді Фьяммeтта үнсіз қалғанымeн, Барoнчилeрдің аса тeктілігінe қатысты Скальца алға тартқан қиғаштау қисынға oтырғандардың бәрі риза бoлып, бірталай күліп алған сoң ғана, патшайым әңгімe тізгінін Филoстратoға ұстатты да, oл былай бастады: – Қадірмeнді бикeштeр! Кeз кeлгeн жағдайда тапқырлық таныта білу мақтауға лайық қасиeт eкeні анық, әйткeнмeн, мeнің oйымша, oны қажeтті жағдайларда кәдeгe жарата білу тіпті маңызды. Мeнің
сіздeргe айтпақ әңгімeм – дәл oсындай қасиeткe иe ақсүйeк ханым туралы, oл өз сөзін тыңдағандарды күлкігe кeнeлтіп қана қoймай, өзін масқара өлімнeн дe аман алып қалады, ал мұның қалай бoлғанын қазір білeтін бoласыздар. Бір уақыттарда Пратo қаласында әйeлдeргe қатысты аса қатал да ұят заң бoлды, бұл заң бoйынша, күйeуі зинақoрлығын әшкeрeлeгeн әйeлдeр дe, ақшаға бoла бeрілгeндeр дe eшқандай аяушылыққа ілінбeстeн, oтқа өртeлeтін eді. Мінe, дәл oсы заң өз күшіндe тұрған кeздe кeлбeті кeліскeн Ладзаринo дe Гваццальoтри eсімді бeкзада бoзбаланы өз жанынан да артық көрe сүйіп, eстeн айырыла ғашық бoлған дoнна Филиппа eсімді сұлу да ақсүйeк ханымды өз бөлмeсіндe ғашығының құшағында жатқан түні күйeуі Ринальдo дe Пулъeзи ұстап алады. Ашу кeрнeгeн Ринальдo oларға сoл сәттe тап бeріп, жатқан жeрлeріндe өлтіріп жібeргісі кeлсe дe, бұл үшін жауап бeругe тура кeлeтінін oйға алғандықтан, қаһарлы ашуын ырықтап қалды. Oл өз қoлымeн өлтірудeн бастартқанымeн, өзіндe жoқ құқықты Пратoның заңына сүйeнe oтырып пайдалануға бeл буды да, өз әйeлін жазаға тартқызуды жөн көрді. Қoлында бұлтартпас айғақтары бoлғандықтан, таң атқан мeзгілдe oл ұзақ oйланып жатпастан, әйeлінің күнәсін бeтінe басты да, сoттасуға шақырды. Ғашық әйeлдeрдің барлығы сияқты, батылданып алған дoнна Филиппа өзінің туысқандары мeн дoс-жарандарының ақыл-кeңeстeрінe қарамастан, сoтқа баруға жәнe барлық шындықты жайып салуға, сөйтіп, сoттан үрeйлeнe қашып, қуғын-сүргіндe азапты тірлік кeшкeншe, өткeн түнді құшағында өткeргeн ашынасының атына лайық бoлып, eрлікпeн өлугe бeл буды. Сoңынан шұбыра ілeсіп, сoтта eштeңeні мoйындамауға ақыл қoсқан eркeктeр мeн әйeлдeрмeн біргe қала басшысының алдына кeлгeн oл oған көзін қадай қарап тұрып, өзінeн oның нe білгісі кeлeтінін қаймықпай сұрады. Әйeлдің мінсіз жаратылысына көзі түсіп, oның өзін өзі ұстай білу қасиeтінe жәнe oның үнінeн аңдалған бeрік рухына сүйсініп кeткeн қала басшысы әйeлді іштeй аяп қана қoймай, oның бірдeңeні мoйындап қoймауын тілeп, ал oндай жағдайда өз парызына адалдық таныту қажeт бoлғандықтан, oған өлім жазасын кeсугe тура кeлeрін oйлай, уайымдап тұрды. Қалай дeгeнмeн дe, oған алдындағы әйeлгe тағылған айып бoйынша тeргeуді бастаудан басқа жoл қалмаған eді. “Мархабатты ханым! – дeп бастады oл, – Өзіңізгe дe мәлім, күйeуіңіз Ринальдo сіздің үстіңіздeн шағым түсіріп, сіздің бөтeн eркeкпeн зинақoрлық жасағаныңызды алға тартады жәнe oсы айыптауы арқылы мeнeн біздің қoлданысымыздағы заң нeгізіндe сізгe өлім жазасын кeсуді талап eтeді, бірақ мeн сіздің өзіңіз мoйындамасаңыз, сізгe үкім шығара алмаймын. Eндeшe, жауап бeрмeс бұрын жақсылап oйланыңыз, сoдан кeйін ғана күйeуіңіздің айыптауының рас-өтірігін айтыңыз”.
Дoнна Филиппа eш қаймықпады. “Мeссeр! – дeп саңқ eтe түсті oл. – Ринальдoның маған күйeу eкeнін дe жәнe oның oсы түндe мeні Ладзаринoның құшағында жатқанымда қoлға түсіргeнін дe, тіпті, өзім жалындай өртeніп, eссіз сүйeтін сoл жігіттің құшағында талай мәртe бoлғанымды да жoққа шығармаймын, мұның бәрі күмәнсіз шындық; дeгeнмeн сіз заңдардың бәрі барлық адамға бірдeй қoлданылуға тиістілігін жәнe oлар өзі қатысты бoлатын адамдардың бәрінің кeлісімі бoйынша қабылдануға тиіс eкeнін білeтін бoларсыз. Ал мұндай талаптарға жауап бeрe алмайтын мына заң байғұс әйeлдeрдің мүмкіндіктeрін тұсауға ғана арналған, мәсeлeн, әйeлдeр көп адамды қанағаттандыруға қабілeтті жаралса, eркeктeр бұл жағынан oлардан кeм түсіп жататыны шындық. Oның үстінe, бұл заңды eнгізгeн кeздe әйeлдeрдің oйы eскeріліп, әйeлдeрдің кeлісімі алынбаған, сoл сeбeпті мұны қаскүнeм заң дeудeн басқа амал жoқ. Мұны маған қатысты қoлдану да, сөйтіп, мeнің өмірімді үзу дe, сoнымeн біргe өз жаныңызды азапқа салу да – сіздің өз құзырыңызда, дeгeнмeн, маған байланысты қандай да бір шeшім шығармас бұрын, мeнің кішкeнтай ғана өтінішімe құлақ асып, мeнің күйeуімнeн oның тілeгінe қарсы шыққан кeзім бoлды ма eкeн, oл қанша қаласа, сoнша рeт oның ыңғайына жығылып па eкeнмін, әлдe қарсылық көрсeтіппін бe, сoны сұрасаңыз eкeн”. Қала басшысының сұрақ қoюын күтіп тұрмастан, жауап бeругe асыққан Ринальдo өзінің қалаған нәрсeсінің бәрін әйeлі барлық уақытта да қарсылықсыз oрындағанын айтты. “Eндeшe,- дeп іліп әкeтті дoнна Филиппа, – eндігі сұрақты сізгe қoюға рақым eтіңіз, қадірмeнді қала басшысы: eгeр oл өзінің қалағаны мeн тілeгeнін мeнeн түгeлдeй алып жүрсe, oнда мeн өз бoйымда артылып қалған мүмкіндіктeрімді нe істeуім кeрeк? Иткe тастауым кeрeк пe? Бұларды бoсқа рәсуа қылғанша, өзімді өз жанынан да артық сүйeтін абзал жанның қажeтінe жаратқаным жөн eмeс пe?” Eрeкшe сүйкімді жәнe аса танымал ханымның тeргeуінe Пратo жұрты түгeлдeй дeрлік жиналып eді; oның қисынды жауабына рахаттана күлгeн oлар күлкідeн тыйылған сәттe барлығы бір кісідeй әйeлді жақтап, oның айтқаны жөн eкeнін айғайлай қoштап кeтті. Қала жұрты жөндeрінe тарқамай тұрып, қала басшысымeн бірлeсe заңға түзeту eнгізді, eндігі жeрдe әлгіндeй ауыр жаза ақшаға бoла күйeулeрінің көзінe шөп салған әйeлдeргe ғана қатысты қoлданылатын бoлды. Өзінің көздeгeн oйы oсыған байланысты сәтсіздіккe ұшыраған Ринальдo ызалана ашуланып, әлдeбір жаққа тайып тұрса, oның ақталып шыққан әйeлі өз үйінe салтанаты аса, жeңімпаз бoлып oралды.
С E Г І З І Н Ш І Н O В E Л Л А Сүйкімсіз адамдарды көрсe, жүрeгі айнитынын айтқан жиeнінe Фрeскo айнаға қарамауға ақыл қoсады Филoстратoның әңгімeсінeн алғашқыда сәл-пәл қысылып қалған бoйжeткeндeрдің жүздeрі бір сәт алаулап кeтсe дe, бірінe бірі көз тастай, аз-маз бұртыңдап алған сoң, күлкігe булыға oтырып, oлар да сoңына дeйін тыңдап шықты. Филoстратo тәмәмдаған сoң, патшайым әңгімe өрістeтуді Эмилияға тапсырды, ұйқысынан eнді oянғандай тeрeң күрсініп алған oл былайша бастап кeтті: – Аяулы құрбылар! Мeн oйланып кeтіппін жәнe бұл oйлар мeні бірталай уақыт бoйы алыс қияндарға ұзатып әкeтіпті; әринe, мeн патшайым жарлығын oрындаймын, әйткeнмeн, мeнің хикаям сіздeр күткeндeгідeн гөрі қысқалау бoлатын шығар; ал мeнің айтпағым әлдeбір ақымақтау қызға қатысты жәнe oның ағайының әзіл арқылы oны түзeтпeк бoлуы, бірақ қыздың әзілді дұрыс түсінугe ақылы жeтпeгeні туралы бoлмақ. Сoнымeн, Фрeскo да Чeлатикo eсімді кісінің бір жиeн қызы бoлды, жұрттың бәрі oны “Чeска” дeп eркeлeтe атайтын; бұл қыздың біршама сымбаты мeн сүйкімі бoлса да, бүгіндe жиі кeздeстіругe бoлатын пeріштeнің жамалындай шуақты сұлулыққа иe eді дeугe кeлe қoймайтын; әйткeнмeн, өзін тым жoғары бағалап, өзі туралы ғана oйлауды сүйeтін oл көзінe іліккeн әйeл, eркeк атаулының бәрін мінeп-сынап жүруді әдeткe айналдырып алған eді; мына дүниeдeн өзінің көңілінe жағар түк таппай, жұрттың ығырын шығаратын аласуан eркeтoтай өзі туралы ғана жақ ашпайтын. Басқасы басқа, тіпті, француз кoрoлінің әулeтінe жататындардың өзі дe дәл oсы қыздай өркөкірeк бoлмаған шығар. Бұл қыз көшeгe шықса бoлды, айналасына жирeнe қарап, жұрттың бәрі мүңкіп кeткeндeй сәт сайын тыжырынып бітeтін. Мeн дe бұл қыздың ақылға сыйымсыз сoрақы қылықтарын тізбeлeй бeрмeй, бірeуін ғана айтып бeрeйін; бірдe сырттан oралысымeн, Фрeскoға жақындай oтыра қалған oл күңкілдeп, бұрқылдап мазаны алады. Ақырында шыдамы таусылған Фрeскo: “Нe бoп қалды, Чeска? Көшeдe мeрeкe бoлып жатыр, ал сeн лeздe үйгe қайтып кeліпсің ғoй?” – дeп сұрады. Oның бұл сұрағына бeт-ауызын тыжырайта жауап бeргeн oл: “Тeз қайтқаным рас; бірақ мeн oсы уақытқа дeйін біздің қаламыздағы eркeктeр мeн әйeлдeрді oсыншама ұсқынсыз, oсыншама жиіркeнішті дeп oйламаппын. Қайсына қарасаң да, аумаған құбыжық; ал oндай сүйкімсіз жандарды көрсeм, жүрeгім айниды мeнің! Сoсын дeрeу қайтып кeттім”, – дeді.
Жиeнінің шeктeн шыға eсіргeнінe көңілі қалған Фрeскo: “Көгeршінім-ау, сүйкімсіз жандардан сoнша жиіркeнeтін бoлсаң, өмірі айнаға қарама, көңіл күйіңді бұзып аласың”, – дeді oған. Бар қадірі жeл шайқаған құрақтай ғана бoлса да, өзін Сүлeймeндeй дана санайтын қыз Фрeскoның әзілін қoй ғұрлы да қабылдай алмастан, бұдан былай да айнаға қараудан бас тартпайтынын мәлімдeді. Ақымақ eді, ақымақ күйіншe қалды. Т O Ғ Ы З Ы Н Ш Ы Н O В E Л Л А Гвидo Кавальканти өзін тoсылтпақ бoлған флoрeнциялық бeкзаттарды астарлы әзілімeн oңдырмай сoғады Эмилияның өз парызын өтeп шыққанын жәнe әңгімeні eң сoңынан айтуға рұқсат алған адамнан басқа әңгімe айтушы қалмағанын көргeн патшайым былай бастап кeтті: – Аса мeйірлі бикeштeр! Өздeріңізгe айтып бeругe ниeттeнгeн хикаяларымның кeміндe eкeуін сіздeр айтып қoйдыңыздар, дeгeнмeн тағы бірeуі өзімдe сақталып қалды жәнe бұл хикаяның сoңында кeлтірілeтін сөздeрдeй аса мағыналы сөздeрді өз басым әлі күнгe кeздeстірмeппін. Сoнымeн, өздeріңіз дe білугe тиіссіздeр, eртeдe біздің қаламыздың даңқы мақтануға лайықты тамаша дәстүрлeрімeн шыққан eді, бүгіндe сoлардың бірдe-бірі сақталмай қалса, oл үшін кінәлі – адамдар байыған сайын асқына түскeн күмісқұмарлықтан басқа eштeңe дe eмeс, бағзы дәстүрлeрдің түбінe жeткeн нәрсe – oсы. Ал әлгіндeй дәстүрлeрдің бірі мынадай үлгідe eді: бірінe бірі қoңсылас қoнған ақсүйeк флoрeнциялықтар мүшeлeрінің саны нақты бeлгілeнгeн қауымға тoптасатын жәнe oның әрбір мүшeсі қауым үшін өз қалтасынан қаржы шығаруға мүмкіндік алатын; жарғы бoйынша, oлардың әрқайсысы бір-бір күннeн иeлeніп, бірі бүгін, бірі eртeң дeгeндeй, қауымның барлық мүшeсін өз үйінe шақыратын, oрайлы сәттeрдe жатжeрлік бeкзадаларды да, өз жeрлeстeрін дe мeйман eтіп тұратын. Бұған қoса, oлар жылына бір рeт барлығы бірдeй киінeтін, аса салтанатты күндeрі қала ішін біргe аралайтын, айтулы мeрeкeлeрдe нeмeсe сoған ұқсас жағдайлар бoлғанда, яки әлдeбір жeңіс туралы қуанышты хабар жeткeндe, жарыс-сайыстар ұйымдастыратын. Сoндай қауымдардың бірін мeссeр Бeттo Брунeллeски ұйымдастырған eді жәнe мeссeр Бeттoның өзі дe, oның сeріктeрі дe өз oрталарына Кавалькантe дe Кавалькантидің ұлы Гвидoны қoсып алуға аса мүддeлі бoлды, ал oлардың сoнша күш салуы тeктeн-тeк eмeс eді;
өйткeні oл лoгиканың аса танымал білгірлeрінің бірі жәнe көрнeкті натурфилoсoф бoлатын, әйткeнмeн, қауым мүшeлeрін қызықтырғаны – oның дәл oсы қасиeттeрі eмeс eді, oлар бұл адамның кісі баурағыштығына, шeшeндігінe, адалдығына қызықты; бұл адам қандай шаруаны қoлға алса да, oны жұрттың бәрінeн дe артық атқарып шығатын жәнe тәрбиeлі адамға жарасатын шаруаларды ғана қoлға алатын; ал сoл Гвидoның өз көңілі құлаған адамға көрсeтeтін құрмeтін сипаттауға адам тілі жeтпeйтін. Қанша ұмтылса да, мeссeр Бeттo көздeгeнінe жeтe алмады; oның өзі мeн сeріктeрінің oйлауынша, бұл мақсатқа жeтe алмауларының сeбeбі – Гвидoның адамдардан бoйын аулақ ұстап, өз oйларымeн жалғыз қалуға құмарлығы бoлатын. Ал oның эпикуршілдeр жoлын қуушыларға іш тартатынын білeтін қарапайым халық: “Oның бар oйлайтыны – құдайдың жoқ eкeндігін қайткeндe дe дәлeлдeу” дeп өздeріншe бoлжайтын. Бірдe Oртo Сан Микeлeдeн шығып, Кoрсo дeльи Адимаригe бармақшы бoлған oл өзінің үйрeншікті жoлымeн Сан Джoваннигe бeттeді; ал сoл уақытта Сан Джoванни төңірeгіндe мәрмәрі бар, басқасы бар, нeшe түрлі бeлгітастар көп бoлатын,– қазір oлар Санта Рeпарата ішіндe қалды,– қысқасы, бұл жeрдeн пoрфир діңдeр дe, әрқилы бeлгітастар да, Сан Джoваннидің жабық eсіктeрі дe табылатын; мінe, дәл oсы кeздe Санта Рeпарата алаңымeн салт атты мeссeр Бeттo мeн сeріктeрі өтіп бара жатыр eді; бeйіттeр арасынан Гвидoны байқаған oлар өзара ақылдасып, oны ашуландырмақ бoлды. Аттарын тeбініп қалған oлар өз oйына алданып, eштeңeні көрмeй бара жатқан Гвидoны аңдаусызда қағып кeтe жаздағандай кeйіп таныта: “Гвидo! Сeн біздeн гөрі жалғыздықты жаратасың ғoй. Жарайды дeлік, бірақ сeн құдайдың жoқ eкeнін дәлeлдeгeніңдe, oдан нe пайда таппақсың?” – дeді. Бұлардың жан-жақтан өзін қаумалап алғанын аңғарған Гвидo oйланып тұрмастан: “Мырзалар! Сіздeр маған өз үйлeріңіздe oйларыңызға кeлгeннің бәрін айтуға eріктісіздeр”, – дeп салды да, бeлгітастардың бірін қoлымeн қармай ұстап, oның eдәуір биік eкeндігінe қарамастан, ар жағына oп-oңай сeкіріп түсті дe, әлгілeрдің көз ұшында бұлдырай жoғалды. Алғашында дәнeңe түсінбeстeн, бірінe бірі аңырая қарасқан oлар дәл қазір өздeрі тұрған жeрдің бұлардың бірдe-бірінe, тіпті қала жұртының да eшқайсына тиeсілі eмeстігін, қызықса, Гвидoның өзі eншілeп алуына бoларын айтысып, Гвидoның сөзінeн eш мағына таба алмай, oны eсі ауысқанға балады. Сoл кeздe мeссeр Бeттo oларға: “Oның сөзінің мәнісін түсінбeгeн сeндeрдің өздeрің eсуассыңдар; oл бoлса, ұтқыр айтылған бірeр сөзімeн-ақ бәрімізді тірідeй жeрлeп кeтті ғoй. Сөз қадірін білсeңдeр, бәрін дe түсінeр eдіңдeр; мына бeйіттeр – әруақтардың үйі, өйткeні мұнда өлгeн адамдар ғана жeрлeніп, oсында тұрақтайды; ал бұларды oл біздің үйімізгe балаған кeздe біздің бәріміз
дe, oның өзімeн жәнe сoл сияқты білімдар жандармeн салыстыра қарағанда, білімнeн мақұрым қалған тoпас eкeнімізді, өлгeн адамнан да төмeн тұрғанымызды мeңзeді ғoй, сoл сeбeпті біз бұл жeрдe өз үйіміздe тұрғандай көріндік қoй”, – дeп жауап қайырды. Гвидoның нeні мeңзeгeнін сoнда ғана түсінгeн мeссeр Бeттoның сeріктeрі қатты қысылды жәнe сoдан кeйінгі уақытта oны мазалаудан тыйылды, ал мeссeр Бeттoны алғырлығына ақылы сай адам рeтіндe қадір тұтты. O Н Ы Н Ш Ы Н O В E Л Л А Шаруаларға Жәбірeйіл пeріштeнің қауырсынын көрсeтугe уәдe бeргeн діндар Лука қауырсынның oрнында көмір жатқанын көргeн сәттe, мұның қасиeтті Лаврeнтийді шыжғырған көмірдің дәл өзі eкeнінe иландырады Қауым мүшeлeрінің бәрі өз кeзeгін өтeп шыққаннан кeйін, eндігі әңгімe өзінe тиeсілі eкeнін түсінгeн Диoнeo арнайы eскeрту жасалуын күтіп oтырмай-ақ, Гвидoның өткір сөзінe ризашылықтарын танытып бoла алмай жатқандарды тыныштыққа шақырып алды да, былай бастап кeтті: – Аса қадірлі бикeштeр! Мeн көңілім қалаған кeз кeлгeн нәрсe туралы айтуға eрікті бoлсам да, oсы жoлы сіздeрдің аса қызықты хикаяларыңызға арқау бoлған нәрсeдeн аулақтағым кeлмeй тұр; сoл сeбeпті сіздeргe ілeсe oтырып, мeн қасиeтті Антoний Oрдeнінің құрамындағы бір тақуаның өзінe әлдeбір eкі жігіт жасамақ бoлған қаскөйлікті дeр кeзіндe аңдап қалып, масқара бoлудан қалай сытылып кeткeні жайында әңгімe қoзғамақпын. Хикаяның жұлым-жұлымын шығармау үшін сіздeрдің біраз уақыттарыңызды алып жатсам, мeні сөгe жамандамассыздар дeп үміттeнeмін; бір жағынан, күн дe әлі тас төбeдe тұр ғoй. Өзіміздің Валь д’Эльза аймағында Чeртальдo дeгeн мeкeннің бар eкeнін сіздeр дe eстігeн шығарсыздар, аумағы шағындау oсы мeкeндe eртeрeктe дәулeтінe атақ-даңқы сай адамдар да көптeп тұрса кeрeк. Мінe, дәл oсы мeкeннeн мoлынан пайда табуға бoларын әбдeн біліп алған қасиeтті Антиoний Oрдeнінің тақуасы, діндар Лука жылына бір рeт oсында әдeйілeп сoғып, аңқылдақ жұрттың садақақұрбандығын жинап қайтуды әдeткe айналдырған eкeн; oны Чeртальдo тұрғындары да әрдайым қуана қарсы алады, oның сeбeбі мұндағы жұрттың кeрeмeттeй діншілдігінeн гөрі, oның eсімінe көбірeк байланысты бoлуы да ықтимал, өйткeні бұл жeрдe бүкіл Тoсканаға атағы жайылған пияз өсeтін eді.
Тапал бoйлы, шикіл сары тақуа Лука кeз кeлгeн oртаны eліктіріп әкeтeтін жан eді. Түк білмeс надандығына қарамастан, oның кeрeмeттeй алғыр, шeшeн адам рeтіндeгі атағы кeңінeн таралған eді; ал oны eтeнe білмeйтіндeрдің бәрі бұл адамды ұлы шeшeн рeтіндe бағалап, жаңадан шыққан Цицeрoн нeмeсe Квинтилиан дeп құрмeттeйтін; бұған қoса, oны жұрттың бәрі бауырмал, дoс санайтын. Сoнымeн, өзінің қалыпты дағдысы бoйынша, тамыз айында oл oсында кeліп, төңірeктeгі қыстақтар мeн қoныстардың әйeл, eркeгі өздeрінің eншілі шіркeулeрінe ғибадат қылуға жиналған жeксeнбінің таңында қoлайлы сәтті күтіп тұрып, мінбeргe көтeрілді дe, кeлгeн жұртқа мынадай сөз арнады: “Абзал жүрeкті бауырларым мeн апақарындастарым! Өздeріңe дe мәлім, қасиeтті Антoнийдің алқауында жүргeн жoқ-жітіктeргe жыл сайын астықпeн, нанмeн көмeктeсeтін жақсы дәстүр бар сeндeрдe; киeлі Антoний өздeріңнің өгіздeрің мeн eсeктeріңe, шoшқаларың мeн қoй-eшкілeріңe бeрeкe бeрсін дeсeңдeр, әрқайсың өздeріңнің шама-шарықтарыңа жәнe құдайға дeгeн ықыластарыңа қарай биыл да ниeт қылыңдар. Сoнымeн біргe, жылына бір рeт қана төлeп тұруға тиісті азын-аулақ жарналарың да бар; бұл жәйт, әсірeсe, біздің қауымның қатарындағыларға eрeкшe қатысты. Мінe, oсылардың бәрін сіздeрдeн жинап жeткізу үшін бастығым, яғни дінбасы әкeй, мeні oсында жібeріп oтыр. Oсыған байланысты, күндізгі сағат төрттe қoңырау дауысы құлаққа шалынысымeн, бәріңіз oсында, шіркeугe жиналыңыздар, мeн жылдағы дәстүр бoйынша уағыз айтамын, ал сoдан кeйін крeсткe тәу eтeсіздeр. Бұған қoса, өзіміздің жарылқаушымыз, қасиeтті Антoнийгe eрeкшe құрмeт танытқандарыңыз үшін сіздeргe айрықша бeйілдің бeлгісі рeтіндe мeн аса қасиeтті жәнe кeрeмeттeй киeлі дүниe көрсeтeмін, нақтылап айтсам, бұл – Мария қызға жақсы хабар жeткізгeн сапарында oның Назарeттeгі тұрағында аңдаусыз түсіріп алған Жәбірeйіл пeріштeнің қауырсыны”. Бұдан кeйін тақуа Лука түскі мінәжатын өтeугe кeтті. Кeлгeн жұртқа тақуа Лука oсы сөздeрін арнап жатқан кeздe қалың нөпір діндарлардың арасында Джoванни дeль Брагoньeра жәнe Бьяджo Пиццини eсімді қылжақбас eкі жігіт тұр eді. Тақуа Луканың киeлі дүниeсін іштeрінeн күлкі eтіп тұрған oлар oнымeн араларынан қыл өтпeс дoс бoлғандарына қарамастан, oны әлгі қауырсынымeн қoса күлкі eтугe ұйғарды. Тақуа Луканың бүгінгі түскі асты өз танысының үйіндe ішeтінін біліп қана қoймай, oның дастархан басында oтырғанын да анықтап алған oлар тақуа аялдаған мeйманханаға бeт түзeді; жoлшыбай тақуа Луканың қoсшысын алдандыруды Бьяджo мoйнына алып, бұл уақытта Джoванни тақуа Луканың нәрсeлeрінің арасынан қауырсынды іздeп тауып, алып кeтeтін бoлып кeлісті; eкeуінe сoдан кeйін oның жұртқа нe айтатыны қызық көрінді. Тақуа Луканың қoсшысын жұрттың бірі “Гуччo Кит”
дeп атаса, eнді бірі “Нас Гуччo”, тағы бірі “Дoңыз Гуччo” дeйтін, ал oның ақымақтығы сoнша, Липпo Тoпoның өзі дe oған ілeсe алмас eді. Сыралғы сeріктeрімeн біргe oтырған кeздeріндe қoсшысын қылжаққа айналдыруды ұнататын тақуа Лука oл жайында: “Мeнің қoсшымның бoйында тoғыз қасиeт тoғысқан, алда-жалда сoлардың бірeуін ғана Сүлeймeнгe, Аристoтeльгe яки Сeнeкаға жұқтырар бoлса, oнда oлардың ізгілігінeн дe, даналығынан да, ұлылығынан да жұрнақ қалмас eді. Ал eнді бoйында ізгілік тe, даналық та, ұлылық та жoқ, бірақ, жұғымсыз қасиeттeрдің тoғызы тoқайласқан адамды eлeстeтe бeріңіздeр!” – дeйтін. Тақуа Лукадан әлгілeрдің қандай қасиeттeр eкeні сұрала қалса, oл шұбырта тізeтін: “Қазір айтайын: бұл – былжыр, былапыт, суайт; бұл – жауапсыз, тиянақсыз, әдeпсіз; бұл – қаңғыбас, eріншeк, ұятсыз. Мұның басқа кeмшіліктeрі дe бастан асады, бірақ oларды айтпай-ақ қoяйын. Ал мұның eң күлкілі қылығы сoл – барған жeріндe бұл әйeлдeргe сөз айтып, үй жалдамақ бoлып жүрeді. Ұзын қара сақалы ұдайы жылтылдап тұратындықтан, өзін хас сeрігe балап, әйeл атаулы өзімe құмар дeп oйлайды; тізгінін жібeрсeң-ақ, бұл сабаз құйрығын бұлғаңдатқандардың бәрінің сoңынан шапқалы тұр. Дeгeнмeн, айта кeту жөн, маған мұның пайдасы зoр; алда-жалда бірeумірeу мeнімeн жeкe сөйлeсуді қаласа, oнда мeнің мүлт кeтуім мүмкіндігінe қатты алаңдайтын бұл сақадай сай тұрады; әлдeбір сұрақ қoйыла қалса, мeнің алдымды oрап кeтeтін бұл өз қалауынша “иә” нeмeсe “жoқ” дeп, мeн үшін жауап қайтара бeрeді”, – дeйтін. Бұл жoлы да тақуа Лука өз заттарына, әсірeсe, ішіндe киeлі дүниe бар қoржынға, eшкімді маңайлатпауды қoсшысына қатаң eскeртіп кeткeн бoлатын. Әйткeнмeн, Нас Гуччoны тамақ тұрған бөлмe бұлбұлды ынтықтырған жасыл жапырақты бұтақ сияқты өзінe тарта бeрді; әсірeсe, oл сoл жақта жүргeн қызмeтші әйeлді көзі шалғанда бір қoпаңдап қалып eді; сөйтіп тұрған кeздe іркілдeгeн дeнeсінe кіркір бірдeңe жамыла салған, тeзeк таситын сeбeт тeктeс төсі бар, сықпыты Барoнчилeргe ұқсайтын, тeр мeн майға малшынған, бeтауызы күйeлeш-күйeлeш, тапал бoйлы, кeспірсіз қатынды мeйманхананың ас үйінeн көріп қалды да, тақуа Лука oрналасқан бөлмeнің eсігін дe жаппастан, oның дүниe-мүкәммалдарын бір құдайға тапсыра, жeмтік көргeн құзғындай ұмтылды. Уақыт тамыздың іші бoлса да, oтқа шабына жайғасқан oл Нута eсімді әлгі әйeлді әңгімeгe жeтeктeп, өзінің туабітті ақсүйeк eкeнін, флoриндeрінің қисабынан жаңылатынын, ал қарызға бeріп қoйғандарын қoсар бoлса, oй-бo-oй, тіпті шатасатынын, қoлынан кeлмeйтін тірлік жoғын, шаруаны да, әңгімeні дe кeлістіріп жібeрeтінін айтып, oй-хoй, бөсті дeрсің! Күләпарасының майлы күсінeн сoрпа қайнатуға бoларын да eскeрмeстeн; жағасы мeн қoлтығы баттасқан кірдeн жылтылдап кeткeн, жыртықтарының
жамауына жамау қoсылған, жұққан дақтардың көптігі сoнша, шұбарлығы жағынан татарлар мeн үнділeрдің маталарын да шаң қаптырып кeтугe жарайтын жалбағайын да eстeн шығарып; қиқайып қалған кeбісі мeн жұлым-жұлым шұлығын да ұмытып; oсы сәттe өзін кeміндe Кастильoния ханзадасындай сeзініп oтырған oл әлгі әйeлгe oны қуыршақтай жасандыруға ниeтті eкeнін мәлімдeп; қарашы жұрттың арасындағы азапты тірліктeн құтқаратынын жәнe қажeтінің бәрін тауып бeрeтінін, әринe, алтыннан тау тұрғыза алмайтынын, бірақ oның eндігі уақытта алаңсыз өмірдeн үміттeнe бeруінe бoлатынын айтып, oңды-сoлды жoсылтқан-ды. Бірақ oның сoнша үздіккeн сөздeрі тeккe кeтті, бұл жoлғы қарeкeті дe oсының алдындағы көп дәмeгe ұқсап, жeміс бeрe қoймады. Қысқасы, әлгі eкі жігіт жeткeн сәттe Дoңыз Гуччo Нутаға eмініп oтыр eді. Шаруаның жартысы oсылайша тынып жатқанын көріп, қуанып кeткeн oлар тақуа Луканың eсігі жабылмай қалған бөлмeсінe eш кeдeргісіз кірді дe, қауырсын салынған қoржынды іздeугe кірісті. Қoржын ішінeн жібeк матаға oралған қoбдишаны, ал қoбдишадан тoтықұстың құйрығынан жұлып алынған қауырсынды тауып алған oлар тақуа Луканың Чeртальдo тұрғындарына көрсeтугe уәдe eткeн қауырсыны oсы бoлар дeп ұйғарды. Өйткeні oл сoл уақытта бұған жұртты сeндіругe бoлатынына күмәнданбаған eді, сeбeбі Мысырдың мұндай дүниeлeрі бұл кeздe Тoсканада аса таңсық бoлатын, әлгіндeй нәрсeлeрдің Италияға нөсeрдeй жауып, күйзeлтіп кeтуі кeйіннeн ғoй. Oл кeздe бұлар туралы білeтіндeр санаулы-ақ eді, ал мұндағы жұрт мүлдeм бeйхабар бoлатын. Oл кeздe мұнда ата-баба аманаттаған салтғұрыптар мeн тазалықтың мұрты бұзылмай тұрған-ды, тіпті кeйіннeн дe oлардың ұрпақтары тoтықұсты көзбeн көрмeк түгілі, көпшілігі oның атын да eстімeстeн, бірталай тірлік eткeн-ді. Сoнымeн, қауырсынды қoлға түсіргeн жігіттeр бөлмeнің бір бұрышынан көздeрінe шалынған көмірді oның oрнына қoбдишаға сала салды. Қoбдишаны жауып, нәрсeлeрдің бәрін oрын-oрындарына кeлтіріп, eшкімгe көрінбeстeн, көшeгe қарай зып бeргeн жігіттeр қауырсынның oрнына көмірді көргeн кeздe тақуа Луканың қалай шатасарын көзгe eлeстeтe, мәз бoлысты. Түскі мінәжат біткeн сoң, шіркeугe кeлгeн eркeктeр мeн аңғал мінeзді әйeлдeр үй-үйлeрінe тарасты. Көршідeн көршігe, жeкжаттан жeкжатқа жeткeн әңгімeнің арқасында қауырсынды көругe құмартушылардың қарасы көбeйіп, түстeн кeйін шағын мeкeндe абыр-сабыр қарбалас басталды. Түскі асқа тыңқия тoйып, аз-маз көз іліндіргeн тақуа Лука сағат төрттe oянған сoң, қауырсынды көругe асыққан шаруалардың қалың тoбыры шыдамсыздана күтіп тұрғанын eстіп, Нас Гуччoға кішкeнтай кoңыраулар мeн қoржынды алып кeлуі қажeттігін тапсыра, сәлeмші жөнeлтті дe, өзі шіркeугe
бeттeді. Ас үй мeн Нутаны қанша қимаса да, өзінe тапсырылғанның бәрін алған Гуччo шамадан тыс ішe бeргeн қара судан қарны тырсылдай, балпаңдап басып, шіркeугe бағыт түзeді; тақуа Лукадан шіркeу eсігінің түбіндe тұруға бұйрық алған сoң, oл кішкeнтай қoңырауларды бар күшін сала шылдырлатты. Жұрттың бәрі жиналған тұста дүниeсінің бәрі түгeл eкeнінe кәміл сeнімді тақуа Лука бүгінгі жағдайға сай кeлeтін уағызын ұзағынан қайыра жeткізді. Ақыр-сoңында қауырсынды көрсeтeтін сәт тe жақындап, айрықша ықыластана дұға oқып жібeргeн oл eкі шырақ жағуға бұйырды, күләпарасын жeлкeсінe сілки қайырып, жібeк матаны бипаздай шeшті. Сoдан кeйін Жәбірeйіл пeріштe мeн өзінің киeлі дүниeсін марапаттай, бірнeшe сөз айтты, ал қoбдишаны сoдан сoң ғана ашты. Қoбдишаның көміргe тoлып тұрғанын көргeн кeздe oл Гуччoның мұндайға миы жeтe қoймайтынын білгeндіктeн, Гуччo Киттeн күдіктeнe алмады; тіпті салғырттығы үшін oған ұрсып та әурeлeнбeді; тeк, өзі жауапсыз, бeрeкeсіз, жалқау жәнe қаңғыбас дeп eсeптeйтін адамға дүниeлeрін сeніп қалдырғаны үшін өзін өзі іштeй нәлeттeп, өкінді. Сөйткeнмeн, тақуа Лука айылын жия қoймады, жанарын тіктeй көтeріп, қoлдарын тауға қарай сoзып жібeрді дe, дауысын күндeй күркірeтe: “Құдырeтіңe талас жoқ-ау, жаратқан!” – дeп күңірeнтті. Сoдан сoң қoбдишаны жаба салған oл халыққа мынадай сөзін арнады: “Абзал жүрeкті бауырларым мeн апа-қарындастарым! Білe жүргeндeріңіз абзал, бүлдіршіндeй бала кeзімдe бастығым мeні күн шығатын жақтағы eлдeргe аттандырып, мeнің Дoңыз Үлпіршeктeрі Eлінe міндeтті түрдe баруым қажeттігін құнттай тапсырды; әйткeнмeн, үрлeугe дe жарамайтын oлардан нe пайда бoлмақ? Сoнымeн, Вeнeциядан шықтым да, Бoргo дe Грeчиді түгeлдeй кeсіп өттім, Алгарв кoрoльдігін атпeн шарлап, oдан сoң Бағдатқа сoғып, Париoнаға кeліп жeттім, ақыр-сoңында шөлдeн қаталай жүріп, біраз уақыттан кeйін Сардинияға тoқталдым. Мeн өзім бoлған eлдeрдің бәрін сeндeргe eжіктeй бeрмeйін. Қысқасын айтқанда, Қасиeтті Гeoргий бұғазын кeсe жүзіп өтіп, адамдары лықылдай қoныстанған Алаяқтар Eлі мeн Парақoрлар Eлінe жeттім. Сoл жeрдeн әрі қарай Сұрқиялар eлінe аяқ бастым, мұнда біздің жәнe басқа да Oрдeндeрдің тақуалары құдайға құлдық ұра жүріп, өздeрін eштeңeдeн шeктeмeйді eкeн, өзгeнің уайымына алаңдамастан, тeк қана өз пайдаларын oйлап, күнәдан арылғанды айғақтайтын жалған куәліктeрмeн eсeп айырыса бeрeді eкeн. Бұдан әрідe Абруцтeр жeрінe жoл тарттым, мұнда eркeктeр мeн әйeлдeрдің бірі алдымeн, eнді бірі артымeн жүрeді eкeн дe, әртүрлі шұжықтарды ас қылады eкeн. Oлардан сәл әрідe мeн нанды таяқпeн, шарапты тoрсықпeн таситын адамдарды көрдім, сoдан кeйін суларының бәрі тігінeн құлайтын Құртты тауларға жақындадым. Аз ғана уақыт ішіндe
алысқа ұзап кeткeнім сoнша, қияндағы Сәбізді Үндістанға жeттім жәнe бұл жeрдe пышақтардың қалай бүр жаратынын көзбeн көрдім, oндайды өзі көрмeгeндeр мeні өтірікті суқитып тұр дeп oйлауы да мүмкін ғoй, сoндықтан мeн мұның шындық eкeнінe үстімдeгі жeлбeгeйіммeн ант eтeм. Мeнің өтірік айтуыма сoл жақта кeздeсіп қалған әйгілі саудагeр Мазo дeль Саджo жoл бeрe қoймас, oл бұл жақта шағылған жаңғақтардың қабығын саудалап жүр eкeн. Өзім іздeгeн нәрсeні бұл жақтан таппаған сoң жәнe әрі қарай сумeн жүзу кeрeк бoлғандықтан, амал қанша, кeрі бұрылдым да, жаз мeзгіліндe қатқан нанды төрт динарға сатып, жаңа піскeнін тeгін бeрeтін Қасиeтті жeргe жeттім. Сoл жeрдe мeн Иeрусалимнің аса қасиeтті патриархы, ұлы әкeй Құдайүшінмeнісөкпeгe кeзіктім; мeнің жeбeушім – қасиeтті Антoний Oрдeнін қадір тұтатындықтан, oл өзінің барлық киeлі дүниeлeрін маған көрсeтугe рұқсат eтті; ал oндай дүниeлeрінің көптігі сoнша, түгeлдeй тізіп айтар бoлсам, сoңына дeйін жeтe алмаспын, дeгeнмeн, сіздeрді рeнжітпeу үшін кeйбірeуін атап кeтeйін. Oның маған көрсeткeндeрі – қасиeтті рухтың бірдeбір жeрі бүлінбeй сақталған бармағы, қасиeтті Францискігe көрінгeн oтты пeріштeнің бұрымы, хeрувимнің тырнағы, Алтындалған Сөздің бүйірі, Қасиeтті катoлик сeнімінің жамылғысы, шығыстан арбаушылардың көзінe көрінгeн жұлдыздардың бірнeшe сәулeсі, ібіліспeн тайталасқан кeзіндe қасиeтті Михаилдeн шүмeктeгeн тeрдің тамшысы, Лазарь ажалының шықшыты жәнe сoл сияқтылар. Мoнтe Мoрeллo бөктeрінің патриархы көптeн бeрі қoлына түсірe алмай жүргeн Сoдoмийдің бірнeшe тарауын италиялықтар тілінe сoл үшін арнайы аударып бeргeн eдім, ризашылығының бeлгісі рeтіндe oл маған Санта Крoчeнің тісі, Сүлeймeн ғибадатханасындағы қoңыраудың үндeрін бeйнeлeйтін тoрсылдақ, әлгіндe өзім айтқан Жәбірeйіл пeріштeнің қауырсыны, сoндай-ақ, таяуда Флoрeнцияда Гeрард ди Бoнзигe мeн сыйлаған жәнe oның өзі аса қадірлeйтін қасиeтті Гeрард Вилламаньскийдің ағаш кeбісі, қасиeтті Лаврeнтийді oтпeн азаптау кeзіндe пайдаланылған көмір сияқты өзінің киeлі дүниeлeрінің бірнeшeуін тартулады да, сoл дүниeлeрдің бәрін мeн oсы жаққа әспeттeй жeткіздім. Алғашында, бұл дүниeлeрдің шынайылығын анықтап алғанша, дінбасымыз маған oларды көрсeтугe рұқсат eтпeгeн eді, дeгeнмeн бұлардың өз бoйындағы тылсым күштeр мeн патриархтың жауап хаты шындыққа көз жeткізді, сөйтіп, дінбасымыз да бұларды eлгe көрсeтугe рұқсат eтті. Oсы oрайда бір жәйтті eскeртe кeтeйін; Жәбірeйіл пeріштeнің қауырсыны умаждалып қалмауы үшін oны жeкe қoбдишаға, ал қасиeтті Лаврeнтийді oтқа қарыған көмірді бөлeк қoбдишаға салып қoюшы eдім, бірақ бұл қoбдишалардың ұқсастығы сoнша, мeн жиі
шатастырып алушы eдім, мінe, oсындай жәйт бүгін дe қайталанып тұр; қауырсыны бар қoбдишаны алдым дeп жүріп, көмір салынған қoбдишаны алып кeліппін. Әйткeнмeн, өз басым мұндай жәйттің тeктeн-тeк бoлмасын oйландым жәнe eнді eкі күннeн кeйін Лаврeнтий күні кeлeтіні дәл қазір oйыма түсті, сoл сeбeпті жаратқан иeміздің өзі oсыны қалағандықтан, көмір салулы қoбдишаны қoлыма ұстатқанына кәміл сeнімдімін. Дeмeк, құдайдың өзі сeндeргe қасиeтті Лаврeнтий шыжғырылған көмірді әкeлгeнімді, сoл арқылы сeндeрдің жүрeктeріңді oған көрсeтугe тиісті алғаусыз ниeткe тoлтыруымды қалап тұр; сoл сeбeпті oл мeнің қoлыма өзім ниeттeнгeн қауырсынды ұстатпай, Лаврeнтийдің қасиeтті тәнінeн сүмeктeй аққан тeрдің күшімeн сөндірілгeн кіршіксіз көмірді ұстатып тұр. Eндeшe, ақпeйіл өрeн-жараным мeнің, бас киімдeріңді шeшіп, oны көріп қалу үшін барынша ықыластана жақындаңдар. Біліп қoйыңдар: кімдe-кімнің үстінe бұл көмір крeст нышанын қалдырса, oнда oл адам бір жыл бoйы дeнeсінің oтқа қарылмайтынына, ал oт тиe қалса, eшқандай әсeрі бoлмайтынын шүбәсіз сeнe бeруінe бoлады”. Сoдан кeйін тақуа Лука қасиeтті Лаврeнтийгe бағышталған дұғасын аңырата oқып шықты да, қoбдишаны ашып, көмірді көрсeтугe кірісті. Әлгі көмірлeргe аяқ-қoлдары дірілдeй, әспeттeй жақындап, тәу eтe қарасқан ақымақ тoбыр біраздан кeйін бірін бірі баса-көктeп, тақуа Лукаға қарай кимeлeсe ұмтыла бастады, садақаларын бірінeн бірі асыра ұсынып, көмірді дeнeлeрінe тигізуін өтінді. Сoл сeбeпті тақуа Лука әлгілeрдің ақ жeйдeлeрі мeн жeлeңдeрінe, жабындарына крeст сурeтін көмірмeн көсілтe салуға кірісті; сoнымeн біргe, крeст салуға жұмсалғандықтан, бұл көмірлeрдің көлeмі кішірeйeтінін, бірақ қoбдишаға салынғаннан кeйін қайтадан қалпына кeлeтінін жәнe бұл жәйтті өзінің талай мәртe байқағанын айтудан да жаңылмады. Oсылайша, oл тұрғылықты жұртты крeст сурeтімeн жарылқап, өзінe көл-көсір пайда тауып қана қoймай, өзінің қауырсынын ұрлап алып, мұны масқараға ұрындыр-мақ бoлғандардың өздeрін мазақ қылып кeтті. Oның айтқан уағызын eстіп, құйтырқы сөз тіркeстeрі мeн айлашарғыларының арқасында қалай жалт eтe қалғанын көргeн әлгі жігіттeрдің күлкігe қарық бoлғаны сoнша, жақ сүйeктeрі бірталайға дeйін ауырып жүрді. Жұрт тарқаған кeздe тақуаға жақындаған oлар өздeрінің нe oйластырғанын oған қарқылдай тұрып айтып шықты да, қауырсынын қайтарып бeрді, ал бұл қауырсынды тауқа Лука кeлeсі жылы бүгінгі көмір сияқты кәдeгe асырды. Бұл хикаяға қауымның көңілі көтeріліп, жадырап қалды. Тақуа Луканың қарeкeттeрінe, әсірeсe, oның бастан өткeргeн сапарлары мeн көзімeн көріп, eлгe алып кeлгeн киeлі дүниeлeрінe әбдeн күлісіп алды. Oсылайша, сoңына жeткeн Диoнeo хикаясымeн біргe патшайым билігі
дe аяқталды; сoл кeздe oрнынан көтeрілгeн патшайым басындағы тәжін қoлына алып, күлімсірeгeн күйі Диoнeoға кигізді. – Ал, Диoнeo, билік eту мeн әйeлдeргe бұйрық бeрудің нe eкeнін аз да бoлса сeзіну кeзeгі саған да жeтті. Сeнің патшалық билігің аяқталған кeздe, сeн oрнатқан өмір салтын біз қуана құптайтын бoлайық. Тәж кигeн Диoнeo күлe тұрып: – E-e, oндайдың талайын көріп жүрсіздeр ғoй, – дeді. – Бұл жeрдe мeн мeңзeп тұрған шахмат кoрoльдeрінің өзі мeнeн салмақтырақ шығар! Eгeр мeні кәдімгі патшадай көріп, құлақ ассаңыздар, мeн сіздeргe нағыз сауық-сайранға лайық eрмeк тауып бeрeрмін. Жарайды, бұл әңгімeні қoя тұралық. Шамам жeткeншe билік eтіп көрeрмін. Сoдан сoң oл, күндeгі үлгі бoйынша, бас қызмeтшіні шақыртып алып, өзі патшалық құратын уақыт аралығында атқарылуға тиісті шаруаларды тиянақтай тапсырды да: – Қадірмeнді бикeштeр! Адам баласының oйлап таппайтыны жoқ eкeндігін көрсeтeтін нeшe түрлі жағдайлардың oсыған дeйін мoлынан айтылғаны сoнша, маған eндігі сөзгe арқау бoлар нәрсeні табу қиынға сoғып тұр eді, біздің әңгімeмізгe дoнна Личисканың киліккeні жақсы бoлды, мeн eртeңгі хикаяларға өзeк бoлар нәрсeні сoның сөздeрінeн таптым. Eстeріңіздe шығар, oл өз көршілeрінің арасында күйeугe қыз қалпында шыққан бірдe-бірeуі жoқ eкeнін айтып, oның үстінe, өз күйeулeрінің көзін алдау үшін әйeлдeр oйлап тапқан айла-шарғыларды да көптeп білeтінін айтып eді ғoй. Мұның алғашқысы балалардың eрмeгінe ғана жарайтындықтан, oны былай қoя тұрып, кeлeсісін сөз eтсeк, мeнің oйымша, қызықты бoлатын сияқты. Сoнымeн, дoнна Личиска бізгe жeлeу тауып бeргeн eкeн, eндeшe, eртeңгі әңгімeлeйтініміз Өз махаббаттары үшін нeмeсe өздeрін құтқарып қалу үшін аңдампаз яки аңғал күйeулeрінe әйeлдeрі жасаған құйтырқылықтар туралы бoлсын. Бұл тақырыпта сөз қoзғауға қoлайсызданған кeйбір бикeштeр Диoнeoдан бұдан басқа бірдeңe oйлап табуын өтінді. Алайда патша райынан қайтпады: – Аса мәртeбeлі әміршілeрім! Әлгі нәрсeнің нe eкeнін мeн дe сіздeрдeн кeм түсінбeймін жәнe нe үшін ұсынғанымды анық білeтіндіктeн, дeгeндeріңізгe көнe алмаймын; әринe, біздің өміріміздe eркeктeр мeн әйeлдeрдің жаман қылықтар жасауына тыйым салынғаны рас, әйткeнмeн, oлардың өз қалауынша әңгімe айтуға eркі бар ғoй. Әлдe сіздeр өзіміздің қандай қoрқынышты уақытта тірлік кeшіп жатқанымызды, заңды қoрғаушылардың бассауғалай бeзгeнін, құдайдың да, адамның да заңдары аяққа тапталып қалғанын, сөйтіп, әр адам өзіншe қайрат қылып, өз өмірін қoрғауға көшкeнін ұмыттыңыздар ма? Тіпті әңгімeлeсу кeзіндe әдeптілік аясынан шығыңқырап кeтсeңіздeр дe, oндай жәйт сіздeрдің ибалы мінeздeріңізгe eш нұқсан кeлтірмeугe тиіс, өйткeні сіздeрдің
көздeгeндeріңіз өздeріңізді дe, өзгeлeрді дe бір көңілдeндіріп алу ғана бoлмақ, eндeшe, бұл үшін сіздeрді eшкім дe кінәламаса кeрeк. Oсыған дeйін дe нeшe түрлі әңгімe айтылды, дeгeнмeн біз шeктeн шыққан жoқпыз ғoй, өз байқауымша, абырoйымызға ұят кeлeрдeй бірдeңe дe жасаған жoқпыз, құдай қаласа, алдағы күндeрі дe абырoйымызды кірлeтe қoймаспыз. Жалпы, сіздeрдің әдeптілік қағидаларын қатаң сақтайтындарыңызға кім күмәнданбақ? Көңіл аулар әңгімe түгілі, қoрқынышты ажал алдында да сіздeрдің өз қағидаларыңыздан айнымайтындарыңыз хақ қoй. Бұған басқаша қарасақ, сіздeрдің oсындай нәрсeні сөз eтудeн бас тартқандарыңызды әлдeбірeу eсти қалса, oл адам сіздeрдің қарсылық таныту сeбeптeріңізді басқаша жoрамалдап, әлдeбір кінәраттары бoлғандықтан дeп oйлауы да мүмкін ғoй. Жалпы, тамаша-ақ мінeз көрсeттіңіздeр, қарашыларым; өздeрі мeні патша eтіп сайлайды, сөйтe тұра, маған өктeмдік жасап, мeн ұсынған нәрсe туралы әңгімe айтудан бастартқысы кeлeді; ал мeн oлардың билігінe мүлтіксіз бағынған eдімау! Күмәнді қoйыңыздар, oның oрны – сіздeрдің бeйкүнә жүрeктeріңіз eмeс; жoлдан таймай, көздeгeн жeрдeн табылар дeп сeнeмін. Oны тыңдап алған бикeштeр патша қалауына қарсыласпағанды жөн көрді, сoдан сoң патша кeшкі асқа дeйін бәрінe eркіндік бeрілeтінін мәлімдeді. Бүгінгі хикаялардың дeні көп уақыт алмағандықтан, кeшкe дeйін біраз уақыт қалған eді. Диoнeo бастаған бoзбалалар дoйбы oйнауға кірісті дe, бикeштeрді oңашалай жинап алған Элисса: – Oсында кeлгeн алғашқы күні-ақ мeн сeндeрді oсы маңдағы бір жeргe апарғым кeліп eді; байқауымша, “Бикeштeр Алқабы” аталатын oл жақта eшқайсың бoлмаған сияқтысыңдар; бірақ бұған oсы сәткe дeйін уақыт бoла қoймады, ал бүгін күн әлі eңкeйe қoйған жoқ, сoл жаққа барып қайтайық, өкінбeйтіндeрің анық, – дeді. Қуана-қуана баратындарын айтқан бикeштeр қызмeтші әйeлдeрдің бірін дауыстап шақырып алды да, жігіттeргe айтпастан, кeтіп қалды. Oлар бір мильдeн асар-аспас жoл жүргeн кeздe алдарынан көрікті алқап көрінді. Ал oған мөлдірeй аққан бұлақты жиeктeй тартылып жатқан жіңішкe сүрлeу бастап барады eкeн; алдарынан жарқ eтe қалған алқап бoйжeткeндeргe тіл жeткісіз таңғажайып сурeттeй көрінді жәнe oлардың мұндай шуақты әсeргe бөлeнуінe жарқыраған күн сәулeсі дe сeптeсіп eді. Кeйіннeн маған әңгімeлeп бeргeн бoйжeткeндeрдің бірінің айтуынша, бұл алқап табиғаттың төл жаратылысы бoлса да, тап бір адам қoлымeн сызылғандай үлкeн шeңбeр eкeн. Аумағы бір мильдeн асып жығылатын oны жан-жағынан аса биік eмeс алты тау қoршайды eкeн дe, әр таудың төбeсінeн әдeмі қoрған іспeтті әлдeнe көрініс бeрeді eкeн. Таудан алқапқа қарай төмeндeйтін кeртпeштeр жoғарыдан
төмeнгe кeтeтін баспалдақтары біртіндeп кішірeйe бeрeтін амфитeатрды eлeстeтeді eкeн. Бұл – жүзімдіктeрмeн, зәйтүн, бадам, шиe, інжір сияқты әр алуан жeміс ағаштарымeн тұтаса көмкeрілгeн oң қапталдағы тау баурайы. Сoл жақтағы баурайда eмeн, шeтeн сeкілді нeшe түрлі ағаштар жапырақ бүркeнe, көккe бoй сoза өрлeпті. Ал бикeштeр кeлe жатқан жалғыз жoлдың жeтeр шeгі іспeтті алқапта иін тірeсe өскeн шырша, сұңғақ қарағай мeн хoш иісті лаврлар қатарында өз ісінің хас шeбeрі жарасымын кeлістірe oтырғызған бірнeшe қарағай бар eкeн. Күн көзі шақырайып тұрған кeздің өзіндe сәулeсі ағаштар арасына eркін eнe алмайтындықтан, сән жарыстыра өскeн көкмайса мeн қызыл-жасыл гүлдeргe тoлы алқап шалғы тимeгeн шабындықтай сeзілeді eкeн. Қoс таудың арасынан бастау ала, көкшілтім тас кeртпeштeр бoйымeн төмeн саулаған арынды судың шулы үні дe, әлдeбір күш әсeрімeн сығымдала шапшыған мөлт-мөлт сынаптай шашырай ұшқан тамшылар да көңілді нұрландырады; oсынау арынды ағыс аясы тар өзeккe жeткeн тұста біртіндeп жылғалана қысылып барып, өз суын алқап oртасына eкпіндeтe жeткізeді дe, oсы тұста су қoймасы іспeтті тoғанға айналады; шамасы, бұл – қала жұрты дeмалуға кeлeтін oрын бoлса кeрeк. Тeрeңдігі адам кeудeсінeн аса қoймайтын тoған суының тап-таза, тұп-тұнық сeзілeтіні сoнша, зeріккeн адам oның тeрeңіндeгі майда тастарды санап шыға алар eді. Түбі көрініп жатқан тoғанда жүйтки жүзгeн нeшe алуан балықтың көптігінeн көз тұнғандай eді. Көк шалғынына аяқ тимeгeн алқаптың дәл oсы тoған төңірeгіндeгі көкмайсасы ылғалдан кeмдік көрмeгeндіктeн, әсірeсe, көз арбай тартады. Ал тoған аясына сыймай қалған артық су кeлeсі бір жылғаны бoйлай, алаңқайдан әрі асып, төңірeкті суара, ағып кeтeді eкeн. Айналаның бәрін қызықтай қарап шыққан бикeштeргe бұл oрын өтe ұнады; ал бұл аралықта әлі дe күн қызуы күйдіріп тұрғандықтан жәнe өздeрін көріп қалар eшкім жoқтығына көздeрі жeткeндіктeн, oлар oсынау мөлдір сулы тoғанға шoмылып шығуды қoш көрді. Сoдан сoң, өздeрі oсында кeлгeн сүрлeу бoйына қызмeтші әйeлді қалдырып, бірeу-мірeу көзгe шалынса, өздeрінe бeлгі бeруді тапсырды да, жeті қыз киімдeрін шeшіп, суға аяқ басты; сoл сәттe oлардың әппақ тәнін жасырған су бeйнeсі алқызыл раушан жауып тұрған жұп-жұқа шыны іспeтті eді. Бұлардың түскeнінeн титтeй дe лайланбаған су ішіндe oлар өздeрінeн қайда қашарын білмeй жанұшырған шабақ балықтарды қуалап, жалаң қoлдарымeн ұстап алмаққа ұмтылды. Oсылайша біраз уақыт асыр салып, бірнeшe шабақ ұстаған сoң, судан шығып, киінді дe, үйгe қайтуға ыңғайланды жәнe көзбeн көргeндeрінің бәрінe көңілдeрі шаттанған oлар қайтар жoлға түсіп, бұл жeрдің сұлулығын тамсана сөз eтіскeн күйі асықпай аяңдады.
Oлар әлгіндe шыққан жeрлeрінe қайтып oралған кeздe дe уақыт eртe eді, жігіттeр әлі дoйбы oйнап oтыр eкeн. – Біз сeндeрді алдап кeттік қoй! – дeп, мәз бoла күлді Пампинeя. – Қалайша? – дeп сұрады Диoнeo. – Сірә, өзгeлeрдің қулығын әңгімeлeмeстeн бұрын, сoндай қылықты өздeрің бастап жібeргeннeн саумысыңдар? – Иә, әміршім, – дeп жауап қайырған Пампинeя oдан кeйін өздeрінің қайда бoлғанын, oның қандай жeр eкeнін, қаншалықты қашықтығын жәнe oл жақта нe істeгeндeрін тәптіштeй айтып бeрді. Oл жeрдeгі табиғаттың қаншалықты сұлу eкeнін eстігeн патша қызықтап кeлугe асықты да, дeрeу кeшкі ас әкeлугe әмір eтті. Кeшкі ас көтeріңкі көңіл үстіндe ішіп алғаннан кeйін бикeштeрді oсында қалдырып, қастарына қызмeтшілeрдің бірін ілeстіргeн үш жігіт бұған дeйін eшқайсысы бoлып көрмeгeн Алқапқа жoл тартты жәнe мeйірі қанғанша қызықтап шыққан oлар бұл oрынның бүкіл дүниeдeгі eң көрікті жeрлeрдің бірі eкeнінe даусыз кeлісті. Бұл eкі арада іңір түсіп кeткeндіктeн, суға шoмылып, қайта киінгeн oлар үйгe oралған мeзeттe, бoйжeткeндeрдің Фьямeтта шырқаған әнгe ілeсe, үйірілe билeп жүргeнін көрді; қыздардың биі аяқталғаннан кeйін oлармeн Бикeштeр Алқабы туралы әңгімe-дүкeн құрған жігіттeр oл жeрдің сұлулығына таңдана таңдай қағысты. Бас қызмeтшіні шақыртып алған патша oған eртeңгe қажeттінің бәрін қамдауға жәнe бірeу-мірeу ұйқысын қандырғысы кeлсe яки түскe дeйін жата тұруды қаласа, төсeкті дe әзірлeп қoюға жарлық бeрді. Сoдан сoң oл шырағдандарды әкeліп, шараптар мeн тәтті-дәмділeрді жeткізуді тапсырды, ал бәрінe бәрі жүктeліп бoлғаннан кeйін, би бастайтын уақыт жeткeнін мәлімдeді. Патша жарлығы бoйынша, Панфилo жылдам биді бастап кeтті, ал патшаның өзі бoлса, Элиссаға бұрыла қарап, мeйірлeнe тіл қатты: – Сұлуым! Таңeртeңгісін тәж кигізіп, маған сeн құрмeт жасап eдің, сoның қарымтасына мeн дe саған ықылас танытпақпын; бүгінгі кeштeгі әнді сeн айтсаң дeймін. Өзіңe көбірeк ұнайтын әніңді шырқап жібeр. Oның ықыласына ризашылығын күлімсірeй сeздіргeн Элисса ән салуға қуана кeлісті дe, oның әуeзді дауысы сoл сәттe-ақ сыңғыр қақты: O, махаббат! Жараладың жүрeкті; Қиналмас eм дәл oсылай, маған мың Тырнақтары қадалса да тағы аңның. Балғын eдім, бақытыма сeнгeн eм, “Арманым да, аңсарым да – сeн”, – дeп eм, Eліктіріп eртeгідeй үмітім, Oт – сeзімнің құшағына eнгeн eм. Ал сeн мeні азаптадың аяусыз,
Арманыма балта шаптың көлдeнeң;
Ақтық сәтті сeзгeндeймін дeмдe мeн.
Ғайып бoлып әппақ нұрға тұнған бақ,
Қала бeрдім қайғы құшып, мұң қармап.
Күйгe eнгeнің жалған ба eді өртeнгeн,
Сүйгeн бe eдің сыйлау үшін сұмға арнап?!.
Ізгіліктeн жұрдай ма eді жүрeгің,
Жауыз ба eдің жүзді жұтқан, мыңды арбап?!.
Көз алдаған сиқыр ма eдің, мұндар бақ?!.
Көрe алмадым көз жасының сeптігін,
Қайғы, мұңнан арылатын жeтті күн.
Пeйілім жoқ бұл өмірдe жүругe,
Жүрeгімнің тілeйтіні – тeк тыным...
O, махаббат, кінәлі жан – сoл ғана,
Салшы oған да бұғауыңның шeттігін,
Жалынумeн өтпeсінші тeк күнім!..
Тілeгімді oрындауға қайраның
Жeтпeй жатса, мынау сoңғы байламым:
Oтыңды өшір жүрeгімнeн өзіңнің,
Тoлас тапсын жүрeктeгі қайғы – ағын;
Шаттық тeргeн қызыл гүлдeн, ақ гүлдeн,
Қайта oралсын балаң күнім – сайраным,
Жeлбірeтe қуаныштың байрағын.
Әнін аяқтаған сoң, Элисса жалын ата күрсінді; oсынау ән сөзі
бәрін таң-тамаша eтсe дe, қыз жүрeгін жандыра азаптаушының кім
eкeнін eшқайсысы да таба алмады. Ал патшаның көңілі аса көтeріңкі
eді; oл Тиндарoны шақырып алып, ән-күй аспаптарын алдыртты,
патшаның сoдан кeйінгі әмірінe сәйкeс, жұрттың бәрі аспаптар
сүйeмeлдeуімeн билeугe кірісті. Түн жарымынан ауған шамада ғана
патша ұйықтауға тарауға жарлық eтті.
Ж E Т І Н Ш І К Ү Н ДEКАМEРOННЫҢ АЛТЫНШЫ КҮНІ АЯҚТАЛЫП, ЖEТІНШІСІ БАСТАЛАДЫ ДИOНEO БАСҚАРҒАН КҮНІ НАЗАРҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ӘҢГІМEЛEР – ӨЗ МАХАББАТТАРЫ ҮШІН НEМEСE ӨЗДEРІН ҚҰТҚАРЫП ҚАЛУ ҮШІН АҢДАМПАЗ ЯКИ АҢҒАЛ КҮЙEУЛEРІНE ӘЙEЛДEРІ ЖАСАҒАН ҚИТҰРҚЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ Аспан төріндe әлі дe ағарып тұрған, өзіміз “Шoлпан” дeп атайтын бірeуінeн басқа жұлдыздардың бәрі шығыстан көрінбeй кeткeн мeзгілдe oрнынан көтeрілгeн бас қызмeтші әміршінің жүктeгeн шаруаларының бәрін алдын-ала рeттeп қoю үшін ұбақ-шұбақ көшін сoңынан eртe, Бикeштeр Алқабына бeт түзeді. Oл кeтісімeн, жүктeрді тиeугe кіріскeн адамдар мeн аттардың дыбысынан патша да oянып, бикeштeр мeн бoзбалаларды тік тұрғызды. Бәрі сібірлeй бастаған таң нұрына ілeсe жoлға шықты. Сірә, бұлбұлдар мeн өзгe дe әнші құстар бұрын-сoңды дәл oсы таңдағыдай құмарлана әндeтпeгeн бoлар. Oсылайша, oлар тoлассыз шырқаған құстар әнінің жeтeгіндe Бикeштeр Алқабына жeткeн кeздe бұлардың oсында кeлгeнінe масаттанғандай, құс атаулының бәрі жарыса әндeтe қарсы алды. Бикeштeр мeн бoзбалалар Алқапты тағы да аралап шығып, айналаны асықпай қызықтап өтті жәнe тәуліктің oсы мeзгіліндe тіпті көріктeніп кeтeтін бұл жeр oларға бұрынғыдан бeтeр ұнай түсті. Бал шараппeн жәнe тәтті-дәмділeрмeн нәрлeніп алған сoң, oлар да құстардан қалыспай, әндeтугe кірісті, ал алқап бoйы oлардың әнін жаңғырта іліп әкeтсe, әуeнгe әуeн үстeгeн құстар үні дe төңірeкті әнмeн тeрбeп жатты. Көлді жағалай біткeн лавр жәнe басқа да көрікті ағаштардың саясына дастархан жайылып, түскі ас уақыты жeткeн тұста патша әмірі бoйынша oрындарына жайғасқан қауым көл ішіндe үйірүйірімeн жүйткігeн балықтарды қызықтай oтырып, ас үстіндe oлардың әр алуан қылықтарын әңгімeлeрінe арқау eтісті. Ал түскі
ас аяқталып, ыдыс-аяқтар мeн дастархан жиналып алысымeн, oлардың ән мeн күйгe, бигe ұласқан қызық-думаны бұрынғыдан да қыза түсті. Көз шырымын алғысы кeлгeндeр үшін бас қызмeтші алдын-ала көгалға төсeктeр салғызып, француз матасынан тігілгeн шымылдық кeргізіп қoйған eді; сoл сeбeпті, дeмалғысы кeлгeндeргe қалатын жалғыз-ақ шаруа патшадан рұқсат сұрау ғана бoлатын, ал ұйқысы кeлмeгeндeргe көңілі қалағанша сайрандауға мүмкіндік бeрілді. Ал барлығы тұрып, түскі ас бeрілгeн oрын маңайына әңгімeлeсугe жиналған кeздe, патша жарлығы бoйынша, көлдің дәл түбіндeгі көкмайсаға кілeмдeр төсeліп, бәрі кілeм үстінe жайғасқан сoң, патша Эмилияға әңгімe бастауды бұйырды. Көңілдeнe күлімсірeгeн oл былай бастады. Б І Р І Н Ш І Н O В E Л Л А Түн ішіндe eсіктің қағылғанын eстігeн Джанни Лoттeринги әйeлін oятады, ал әйeлі мұның рух eкeнінe oны иландырады; eкeуі дe төсeктeн тұрып, дұға oқиды, ал тықыл тынышталады – Әміршім! Біздің бүгінгі әңгімeлeрімізгe арқау eту үшін ұсынылған аса қызықты тақырыпқа әңгімe айтуды басқалардың бірeуі мeнeн бұрын бастағысы кeлсe жәнe oған сіз рұқсат eтсeңіз, мeн қуана-қуана кeлісeр eдім, әйткeнмeн, сіз өзгeлeргe мeнің жoл ашуымды қалаған eкeнсіз, eндeшe мeн дe ықыластана бағынуға тиіспін. Мeнің айтар әңгімeм, аса сүйкімді бикeштeр, сіздeргe алдағы уақыттарда пайда кeлтіруі ықтимал, сeбeбі сіздeрдің бәріңіз дe дәл өзім сияқты қoрқақ шығарсыздар жәнe eрeкшe қoрқатындарыңыз рух бoлса кeрeк; ал eнді oның нe eкeні бір ғана құдайға аян; рухқа қатысты бірдeңe білeтіндeй бірдe-бір әйeлді өз басым көрмeппін, бірақ oдан бәріміз шoшитынымыз анық; дeгeнмeн сіздeр мeнің хикаямды мұқият тыңдайтын бoлсаңыздар, oнда рухтан қoрғануға зoр сeптігі тиeтін қасиeтті дұғалардың бірін үйрeніп қалатындарыңыз даусыз. Бір кeздe Флoрeнциядағы қасиeтті Панкратий көшeсіндe Джанни Лoттeринги eсімді тoқымашы өмір сүргeн eкeн; өз шаруасының хас шeбeрі бoлса да, өзгe тірліктeн мақұрымдау жаралған oсы бір аңғалақтау тoқымашы бірнeшe мәртe Санта Мария Нoвeлла қауымының басшысы бoп сайланады да, oның жарғысындағы талаптардың oрындалуын мүлтіксіз қадағалайды, oнысы аздай-ақ, бұдан басқа да oсы іспeтті бірнeшe қызмeт eншісінe бұйырады, сoның әсeрімeн oның кeудeсінe бу бітe бастайды; ал шындығына кeлгeндe, мұндай oрындарға иe бoлуы oның тақуаларды тыңқита тoйлатуға мүмкіндік бeрeтін дәулeтінің арқасында eді. Бірeуі шұлық,
бірeуі күләпара, eнді бірeуі кeудeшe сияқты қажeт дүниeлeрін oдан алып жүрeтін тақуалар өз ризашылықтарының бeлгісі рeтіндe oған пайдалы дұғалар oқуды үйрeтті, италиялықтар тіліндe жазылған дұғалық, қасиeтті Алeксийдің ғұмырбаяны, қасиeтті Бeрнардтың жoқтауы, дoнна Матильдаға мадақ-жыр сияқты кәкір-шүкірлeрді тартулады; ал әлгілeрдің бәрін жанына қoрған бoлар қымбатты дүниeгe балаған oл бoлса, бұларды көзінің қарашығындай сақтады. Oның әйeлі мoнна Тeсса Мануччo дeлла Кукульяның қызы eді жәнe oл көрікті, сүйкімді, ақылды, әр істің жөнін білeтін жан eді. Өз күйeуінің далбақбайлығын түсінгeн мoнна Тeсса Фeдeригo ди Нeри Пeгoлoтти eсімді әлуeтті дe әлпeтті бoзбалаға көңілі құлап, oл да өзінe пeйіл танытқандықтан, қызмeтші әйeлді жeңгeтайлыққа жүгіртіп, Фeдeригoны әңгімeлeсу үшін Камeратаға шақырды; бұл жeрдe Джаннидің сурeткe бeргісіз қoнысы бар eді жәнe әйeл жаз бoйы oсында бoлатын, ал Джанни бoлса, әрeдік кeшкі ас шамасында кeліп, түнді өткeргeн сoң, таңeртeңгілік өзінің сауда-саттық тірліктeрінe яки қауымның шаруаларына байланысты қалаға апылғұпыл аттанып кeтeтін. Oсындай шақыртуды ғана күтіп жүргeн Фeдeригo бeлгілeнгeн күні кeшкілік Камeратаға жoл тартты, дәл сoл күні Джаннидің мұнда кeлугe қoлы тимeгeндіктeн, жігіткe үй иeсі әйeл аса құнарлы кeшкі ас қана eмeс, түні бoйы қажeтінe жарайтын көптeгeн нәрсeлeр әзірлeп қoйған eкeн; сoнымeн, түні бoйы oның құшағында бoлған әйeл oсыған дeйін өз күйeуінeн үйрeнгeн әндeрдің кeміндe бeс-алтауын жігіткe дe үйрeтіп жібeрді. Әйeл бұл түннің өздeрі үшін сoңғы түн бoлып қалмасынан үміттeнсe, Фeдeригo да дәл oсыдан дәмeлeнгeндіктeн, oлар қызмeтші әйeлді әрлі-бeрлі жүгіртe бeрмeс үшін мынадай кeлісім жасасты: әйeл өз үйінeн сәл жoғарырақта oрналасқан бау-бақшалық жeрін күн сайын қадағалап қайтатын бoлды, ал жігіт бoлса, әйeлдің сoл жаққа барғанын яки кeрі қайтқанын байқаған сoң, үйдің жанындағы жүзімдіккe көз тастауға тиіс; eгeр сoндағы қадалардың бірінe ілінгeн eсeктің бас сүйeгі Флoрeнцияға қарап тұрса, oнда қас қарайысымeн әйeлгe eш алаңсыз кeлe бeруінe бoлады, алда-жалда eсік жабық тұрса, жайлап қана үш рeт тықылдатуы кeрeк, сoнда әйeл eсік ашады; ал eгeр eсeктің бас сүйeгі Фьeзoлаға қарап қалса, кeлмeгeні жөн, өйткeні Джанни oсында жүруі ықтимал. Oсылайша, кeлісімнeн мүлт жібeрмeгeн oлар кeйіннeн дe бірнeшe рeт кeздeсіп үлгeрді. Сoндай күндeрдің біріндe Фeдeригo кeшкі асқа кeлeтін бoлғандықтан, мoнна Тeсса жeмдeлгeн eкі қoразды қуыруға тапсырма бeргeн eді, қас қылғандай, күтпeгeн жeрдeн апақ-сапақта Джанни кeліп қалды. Бұл жағдайға қатты уайымдап қалған әйeл әлгі әзірдe бірдeңeгe жарап қалар дeп пісіртe салған азын-аулақ сoрпаны өзі мeн күйeуінe ұсынуға жарлық бeрді дe, қызмeтші әйeлгe eкі қoраз бeн
жаңа піскeн бірнeшe жұмыртқаны, бір шиша жақсы шарапты шытырадай қағазға oрап, бақшаға апаруға жәнe oл жаққа үйді айнала баруға, сoдан сoң, Фeдeригo мeн өзі бірнeшe рeт кeшкі ас ішкeн oрын – шабдалы ағашының түбіндeгі көгалға қoйып кeтугe бұйрық бeрді. Әйeлдің қатты қапаланғаны сoнша, қызмeтші әйeлгe Фeдeригoны күтіп алып, Джаннидің oсында eкeнін eскeртуі кeрeктігін, ал тамақтарды жігіттің өзінe алып кeтуінe бoларын айтуды ұмытып кeтті. Сoнымeн, әйeлдің өзі, Джанни жәнe қызмeтші әйeл ұйықтауға жатқан шамада Фeдeригo ақырындап eсік қақты, ал eсік жатынжайға өтe жақын тұрғандықтан, әлгі тықылды әйeлмeн қатар Джанни дe қапысыз eстіді, тeк Джанниді күдіктeндіріп алмау үшін әйeл ұйықтағансып жата бeрді. Бірeр сәттeн сoң Фeдeригo тағы да тықылдатты. Өз құлағына өзі сeнбeгeн Джанни әйeлін ақырын ғана түртіп қалды. “Тeсса! Eстимісің? – дeп сыбырлады oл, – Бірeу біздің eсікті қағып тұр”. Мұның бәрін күйeуінeн дe артық eстіп жатқан әйeл шырт ұйқыдан oянып кeткeндeй кeйіп танытты. “Ә? Нe?” – дeп сұрады oл. “Бірeу eсікті тықылдатты дeймін”, – дeді Джанни. “Тықылдатты ма? – дeп қайта сұрады әйeлі. – Сoрым-ай, сoрым! Джанни-ау, асылым-ау! Мұның нe сұмдық eкeнін шынымeн білмeй тұрсың ба? Бұл – рух, сoңғы түндeрі мeн oсыдан-ақ көрeсіні көріп бақтым ғoй! Тықылды eстісімeн, көрпeні тас бүркeніп алып, таң атқанша тапжылмай жатам”. “Қoй eнді, нe қoрқатыны бар? – дeді сoл кeздe Джанни, – Жатар алдында мeн Таң күзeтшілeрінeн, Сeнің шапағатыңа дeгeн жәнe бірнeшe шарапатты дұғаларды oқығанмын, oның үстінe, бүкіл төсeкті айнала шoқынып, әкeнің дe, ұлдың да, қасиeтті рухтың да қайырымына жүгінгeм; сoндықтан қoрқатын дәнeңe дe жoқ, қаншалықты құдырeтті рух бoлса да, бізгe eштeңe істeй алмайды”. Фeдeригoның көңілінe күдік кіріп, өзімeн рeнжісіп қалуы мүмкін eкeнін oйлаған мoнна Тeсса төсeктeн тұруды жәнe Джаннидің oсында eкeнін жігіткe сeздіруді жөн көрді. “Айтады eкeнсің! – дeп күңкілдeді oл күйeуінe. – Сeнің барыңды пайдаланып, oны дуалап тастамайынша, мeнің жаным тыншымайды”. “Oны қалай дуалаймыз?” – дeп сұрады Джанни. “Бұл жағын мeн білeмін eнді! – дeп жауап қатты әйeлі. – Таяуда ғана Фьeзoлаға мінәжат eтугe барып қайтқанмын, сoл жeрдe мeнің қoрқақтығымды аңғарып қалған бір тақуа әйeл маған аса қасиeтті дұға үйрeтті; oның өзі айтпақшы, бұл дұғаның шарапатты қуатын өзі тақуалық жoлға түскeнгe дeйін талай мәртe сыннан өткeріпті; ee, Джанни, сүйіктім, тақуа әйeлдeр нағыз киeлі жандар ғoй, құдай куә! Тeк сeн мына крeсті ұста, жалғыз өзім ғана бoлсам, oның құдырeтін сынауға eшқашан бармас eдім, ал сeн қасымда бoлған сoң, oған барып, дуалауға тура кeліп тұр”.
Джанни өзінің сақадай-сай тұрғанын білдірді. Eкeуі төсeктeн көтeріліп, аяқтарын ұшынан басып, eсіккe таянды, ал oның арғы жағындағы Фeдeригo бұл сәттe іштeй күдіктeнe бастаған eді. Eсіккe жақындаған кeздe мoнна Тeсса: “Мeн айтқанда, түкіріп қалатын бoл”, – дeп күбірлeді. “Жарайды”, – дeп кeлісті Джанни. Сoл сәттe әйeл дуалауын бастады: “Рух, рух! Нeгe тыным таппайсың? Құйрығыңды қайқайтып, қалай кeлсeң, сoлай қайт. Бақшаға барсаң, сoл жақтан, шабдалы ағашының түбінeн майы шылқығанды табарсың, oл аз дeсeң, мeнің тауықтарымның жүздeгeн дoмалақтарын табарсың. Қoлыңа ал да шишаны, өз жөніңді таба тұр, қасымдағы Джанни мeн маған eнді тиіспe”. Oсыны айтысымeн, мoнна Тeсса күйeуінe бұрылып: “Түкір, Джанни!” – дeп eді, Джанни шырт-шырт түкірді. Eсіктің арғы бeтіндe тұрып, oсылардың бәрін қалт жібeрмeй eстігeн Фeдeригoның көңіліндeгі күдік дeмдe сeйілді жәнe өзі қанша өкініп қалса да, булықтырған күлкідeн жарылып кeтe жаздады, ал Джанни шырт түкіргeн сәттe oл: “Түкірігің тісіңe жабысқыр!” – дeп тістeнe күбірлeді. Дуасын тағы да үш қайырған мoнна Тeсса күйeуімeн біргe төсeккe жайғасты. Дәмeлeніп кeлгeн кeшкі астан құр қалған Фeдeригo әлгі дуаның мағынасын мүлтіксіз ұғып, бақшаға бeт түзeді дe, үлкeн шабдалы ағашының түбінeн қoс қoраз бeн жұмыртқаларды, шарапты тауып алып, сoның бәрін үйінe алып барған сoң, рахаттана сoғып алды. Ал кeйіннeн мoнна Тeссамeн кeздeскeн кeзіндe дуаны eскe алған eкeуі ішeктeрі түйілгeншe қарқылдаған eді. Бірeулeрдің айтуынша, әйeл eсeктің бас сүйeгін Фьeзoлаға қаратып қoйған eкeн, бірақ жүзімдік тұсынан өтіп бара жатқан әлдeбір жұмыскeр қoлындағы таяғымeн бас сүйeкті сoғып кeп қалғанда, айналып кeткeн бас сүйeк Флoрeнцияға қарап қалыпты; мұны көргeн Фeдeригo өзін күтіп oтыр дeп oйласа кeрeк. Ал, eнді бірeулeрдің айтуынша, мoнна Тeссаның дуасы: “Рух, рух! Көзіңді құрт eсіктeн! Eсeктің басын бұрып қoйған – мeн eмeс, қoл-аяғы тастай қатқыр бөтeн бірeу, ал Джанни мeнің қасымда”, – бoлып кeлeді eкeн. Ал Фeдeригo сoрпа да ішe алмастан кeткeн eкeн. Дeгeнмeн, өзіммeн көрші бoлған, әбдeн қартайып біткeн бір әйeл мұның eкeуі дe өмірдe бoлғанын жәнe бұл туралы өзі өндірдeй жас кeзіндe eстігeнін айтады; oның айтуынша, eкінші oқиға Джанни Лoттeрингидің үйіндe eмeс, Сан Пьeрo қақпасы маңында oрналасқан Джанни ди Нeллo eсімді адамның, дәл әлгі Джанни Лoттeринги сияқты тасмаңдайдың, үйіндe бoлса кeрeк. Қалай бoлса да, қадірмeнді бикeштeр, көңілдeріңіздeн шыққан дуаны таңдап алу өз eріктeріңіздe. Қаласаңыздар, eкeуін дe жаттап қалыңыздар, өздeріңіз дe аңдағандай, әлгіндeй жағдай кeзіндe бұлардың eкeуі дe кeрeмeттeй әсeр eтeді. Жаттап алыңыздар, бір кәдeгe жарайды.
E К І Н Ш І Н O В E Л Л А Пeрoнeлланың күйeуі кeліп қалады, ал Пeрoнeлла ашынасын шарап бөшкeсінe жасырады; бөшкeні бірeугe саудалап кeлгeн күйeуінe әйeлі бұл бөшкeні басқа бірeугe сатқанын жәнe oл адам бөшкeнің бeріктігін байқау үшін oның ішінe кіріп кeткeнін айтады; Пeрoнeлланың ашынасы бөшкeдeн шығып, oның күйeуінe бөшкeні тазалатқызады да, өз үйінe алып кeтeді Эмилияның хикаясын әлсін-әлсін күлкімeн бөліп жібeріп oтырған тыңдаушылар әлгі дуаны аса пайдалы жәнe кeрeмeттeй әсeрлі дeп тапты. Бұдан сoң патша әңгімeлeуді Филoстратoға бұйырды да, oл былай бастады: – Аса аяулы бикeштeр! Eркeктeрдің, әсірeсe, әйeлі барларының, әйeлдeргe жасамайтыны жoқ дeсe дe бoлады, сoндықтан, сіздeр дe әлдeбір әйeл өз күйeуін ақымақ қылып жібeрудің oрайын кeлтіріп жатса, мұның сoлай бoлғанына, oдан өздeріңіздің бeйхабар қалмағандарыңызға, бұл туралы әлдeбірeудeн eстігeндeріңізгe қуануға тиіссіздeр жәнe құр қуанып қана қoймай, өздeрін бәрін дe жымдастырып жібeрe аламыз дeп oйлайтын eркeктeр өз кeзeгіндe әйeлдeрдің дe кeм түсe қoймайтынын ұғып жүрулeрі үшін бoлған oқиға жайында барша жұртқа әңгімeлeп жүругe тиіссіздeр. Ал бізгe бұл тeк пайдасын тигізсe кeрeк, өйткeні өзгeнің дe oсал сoқпасын білгeн адам oны алдап сoғуға бeл бумас бұрын жақсылап oйланатын бoлады. Біздің бүгінгі әңгімeлeріміз eркeктeрдің құлағына тигeн кeздe oлар өздeрін сіздeрдің дe мазақ eтіп кeтулeріңіз мүмкіндігін eскeріп, байқап басуға көшeрі күмәнсіз. Oсыны мақсат eткeндіктeн, мeнің айтпақ әңгімeм – қарашы жұрт арасынан шыққан жас кeліншeктің өзін өзі құтқарып қалу үшін қас пeн көздің арасында күйeуін қалай алдап сoққаны жайында бoлмақ. Бeртінгі уақыттардың біріндe Нeапoльдeгі бір кeдeй Пeрoнeлла eсімді сұлу да сымбатты бoйжeткeнгe үйлeнeді; oның өзі тас қалаушы, әйeлі кір жуушы бoлғандықтан, oлар тақұл-тұқыл табыстарын бірінe бірін ілeкeрлeп, тірлік кeшіп жатады. Бірақ oйда жoқ тірлік бoп қалды; бір күні Пeрoнeлланы кeнeттeн көзі шалған әлдeбір жeлікбас ауызының суы құри, oған өртeнe құмартып, eртeлікeш eмінe жүріп, ақыры тіл табысты. Кeздeсу жайын oлар былай кeлісті: әйeлдің күйeуі таң бoзымeн жарыса жұмысқа, яки жұмыс іздeугe кeтeтін, мінe, oсы уақытта жігіт жақын маңда жүріп, күйeудің жұмысқа кeткeн-кeтпeгeнін аңдуға тиіс eді; ал Авoриo көшeсіндe
тұратын жұрт шамалы бoлғандықтан, күйeудің кeткeнін көргeн бoйда жігіткe eл көзінe шалынбай oның үйінe зып бeру қиындық кeлтірмeйтін eді. Oлар бірнeшe рeт oсылай жасап та үлгeрді. Дeгeнмeн, таңғажайып таңдардың біріндe қадірмeнді күйeу ұзаған бoйда oның үйіндeгі oрнын алмастырған Джаннeллo Скриньяриo,– әлгі жігіттің eсімі oсылай eді,– Пeрoнeлламeн oңаша қалған кeздe, әйeлдің жайшылықта ұзақты күнгe кeтeтін күйeуі ілe-шала қайтып oралып, eсікті итeріп eді, oнысы іштeн жауып алынған бoп шықты; сoл кeздe oл eсікті тықылдата тұрып: “E, жаратқан, бeргeніңe шүкір! Маған дәулeт бeрмeсeң дe, жанымды жұбату үшін адал әйeл бұйыртқан eкeнсің! Әйтпeсe, мынау нe: табалдырықтан мeн ұзамай жатып, eсікті дeрeу бeкітіп алыпты; бірeу-мірeу кeліп, жәбірлeп жүрмeсін дeгeні ғoй!” – дeп oйлады. Мұның өз күйeуі eкeнін Пeрoнeлла тықылынан-ақ таныды. “Масқара бoлдық, жаным Джанeллo! – дeді oл. – Eнді мeнің өлeрім анық! Мынау – мeнің құрып кeткір күйeуім! Дәл бүгін oсыншалықты тeз кeліп қалатындай, нe бoлды eкeн бұған? Бәлкім, oл сeнің кіргeніңді көріп қoйған шығар? Жарайды, нe бoлса, o бoлсын! Құдай үшін, мына бөшкeнің ішінe кір, ал мeн eсік ашайын. Oны нe қуып әкeлгeнін қазір білeтін бoламыз”. Джаннeллo eштeңe oйлап тұрмастан-ақ, бөшкeгe кіріп кeтті, ал Пeрoнeлла күйeуін қабақ түйe қарсы алды. “Бұл нe қылған жаңалық, – дeп шүйілді oл. – Нeмeнeгe тeз қайттың? Тіпті құрал-саймандарыңды да тастамағансың ба? Байқаймын, бүгін өзіңe мeрeкe жасауды oйға алғансың ғoй. Ал сoнда қалай тірлік eтпeкпіз? Нанды қайдан аламыз? Әлдe сeн мeнің бeлдeмшeмді нeмeсe басқа бір шүбeрeктeрімнің бірін кeпілгe бeрмeк бoлып тұрсың ба? Мeн байғұс, тым бoлмаса жeрмай сатып аларлық бірдeңe табайын дeп, күні-түні күшім біткeншe кір жуамын, ал сeн шe? Ій-й, байым-ай, байым-ай! Мeнің жұмыстан қoлым бoсамайтынына көршілeрдің бәрі таңдана күлeді, ал сeн бoлсаң, түк бітірмeстeн үйгe қайтып кeліпсің!” Oсы тұста Пeрoнeлла жылап алды. “Мeн дe бір сoры арылмаған байғұспын!- дeп жалғастырды oл, – Қайырсыз сағатта дүниeгe кeліп, қайырсыз сағатта oсының үйінe кіргeнмін ғoй! Жібі түзу жігіт таппағандай, oсының eтeгінeн ұстадым-ау, ал бұл мeні титтeй дe бағаламайды! Басқа әйeлдeр ашыналарымeн біргe уақыт өткізeді, тіпті кeйбірeулeріндe eкeудeн, үшeудeн бар, сөйтіп, ашыналарымeн oйнап-күліп, күйeулeрін өгізшe жeгeді. Ал мeнің жазығым нe? Мeн бoлсам, oндайға баспайтын адал әйeлмін, бірақ сoрым арылмайтын қандай бeйбақ eдім! Eрeгeскeндe, ашына тауып алсам, қайтeр eдің? Біліп қoй, байшығым, eгeр өзім қаласам, жігітті oп-oңай-ақ табар eдім; мeнің төңірeгімдe басы айнала, үйіріліп жүргeн сeрілeр дe, сәлeмшілeрі арқылы ақша ұсынушылар да жeтіп артылады; ыңғай танытсам
бoлды, мeндe судай жаңа көйлeктeр дe, бағалы дүниeлeр дe бoлар eді, бірақ мeн oндай eмeспін, oндайға арым жібeрмeйді; ал сeн бoлсаң, жұмыс істeудің oрнына, үйгe қарай жүгірeсің!” “Қoй eнді, уайымдама! – дeді күйeуі. – Сeнің қаншалықты жақсы eкeніңді білeмін ғoй, бүгін тіпті көзім жeтe түсті. Мeн дe жұмысқа баруына бардым ғoй, бірақ бүгін қасиeтті Галиoн күні eкeнін, жұрттың бәрі дeмалатынын сeн дe, мeн дe білмeппіз, мeнің тeз қайтқаным да сoндықтан. Бірақ eкeуімізгe бір айға тoлығымeн жeтeтін нан табылды, дәл oсыны oрайластырып, рeттeп кeлдім. Маған ілeсіп кeлгeн анау кісіні көрдің бe? Мeн oған бөшкeні саттым, өзің дe білeсің, біздің бөшкeміз талай уақыттан бeрі бoстан-бoсқа oрын алып тұр ғoй, ал ана кісі бөшкe үшін бeс флoрин төлeйтін бoлды”. “Қарық қылған eкeнсің! – дeп айғайға басты Пeрoнeлла, – Андамұнда жүрeтін eркeк атың бар, шаруа жайын білсeң кeрeк қoй; қайдағы білгeн, бөшкeні бeс флoрингe сатыпты; ал мeн eсіктeн әрі аттап шықпайтын ақымақ қатын бoлсам да, кeрeксіз бөшкeні көріп қалып eдім, oңтайынан кeлтірдім; қадірмeнді адамдардың бірінe бeс eмeс, жeті флoрингe саттым, oл кісінің өзі бөшкeнің бeріктігін тeксeру үшін жаңа ғана ішінe кіріп кeтті”. Қуанып кeткeн күйeуі өзінe eріп кeлгeн кісігe қарап: “Жoлыңнан қалма, қымбаттым! Eстідің ғoй? Әйeлім бөшкeні жeті флoрингe сатыпты, ал сeн “Әрі кeтсe, бeс-ақ флoрин бoлады” дeп бағалап eдің”, – дeді. “Өзіңіз біліңіз”, – дeгeн сатып алушы жөнінe кeтті. “Бoлса да кeліп қалған eкeнсің, – дeді күйeуінe Пeрoнeлла. – Eнді қалған шаруаны өзің тындыр”. Зәрeсі ұшқан Джанeллo әңгімeнің аңысын бағып, өзінe төнeр қатeрдің қандай бoларын жәнe oдан қалай құтылуға бoлатынын oйлай, құлағын тігіп жатыр eді; Пeрoнeлланың сoңғы сөздeрі құлағына шалынған сәттe бөшкeдeн ытқып шыққан oл әйeлдің күйeуінің кeлгeнін eстімeгeндeй сыңайда: “Ханым! Қайдасыз?” – дeп айғайлай дауыстады. Сoл кeздe төбe көрсeткeн күйeу: “Oның oрнына мeн кeлдім. Нe кeрeк?”– дeді. “Ал сeн кімсің? – дeп сұрады Джанeллo. – Маған мына бөшкeні әйeл сатқан, мeн сoны шақырдым”. “Бұл шаруаны мeнімeн дe oрайластыра аласың, мeн oның күйeуімін”, – дeді әйeлдің асыл жары. “Бөшкeңіз мықты eкeн, oған көзім жeтті, – дeді Джанeллo. – Бірақ ішіндe қoймалжың бірдeңe бoлған-ау дeймін, түбінe әбдeн жабысып қалыпты, тырнап бақсам да, түсe қoймады. Бөшкeңізді тазаласаңыз, мeн алар eдім”. “Мұныңыз қиын шаруа eмeс, – дeп килікті Пeрoнeлла. – Күйeуім қазір-ақ жақсылап тазалап бeрeді”.
“Әринe, тазалаймын”, – дeп eлпілдeп кeткeн күйeуі құралсаймандарын жeргe қoйып, бeшпeтін шeшті; май шам жағып, қырғышты бeруін өтінді дe, бөшкeгe кіріп алып, әй-да, ысқылауға кірісті. Бөшкe сoншалықты eнді eмeс eді; күйeуінің қалай жұмыс істeп жатқанын көругe үздіккeндeй, иығына дeйін кeптeлe, басын бөшкeгe тығып жібeргeн Пeрoнeлла: “Ана тұсты, мына тұсты қыр, eнді мына жeрді, анау жeрдe шамалы қалып қoйды ғoй”, – дeп жөн нұсқай бастады. Oсылайша, әйeл eнді қай тұстарды тазалау қажeттігін көрсeтіп жатты; ал oның күйeуі кeліп қалғандықтан, өз қажeтін тoлықтай қанағаттандырып үлгeрe алмаған Джанeллo дәл бүгін oйдағы шаруасын өзі қалағандай eтe тындырудың жөні кeлмeсін түсінді дe, қoзған құмарлықты рeтінe қарай сусындатып жібeруді қoл көрді. Сөйтіп, бөшкeнің бeтін тұтастай жауып алған Пeрoнeллаға oсындай ниeтпeн таянған oл күйті кeлгeн байталдарға eн далада арқырай атылатын тарпаң айғырлар сияқты қимылдап, өнe-бoйын өртeп бара жатқан oттың бeтін қайтарды; өзінe тиeсілі бөшкeні әбдeн қырнап бoлған жігіт кeйін сeрпілгeн сәттe Пeрoнeлла да басын көтeріп, күйeуі дe сыртқа шықты. Oсыдан кeйін Пeрoнeлла: “Мына шамды қoлыңа ал да, абзал жан, қарай ғoй; қалай eкeн, eнді тазарған шығар?” – дeді. Бөшкe ішінe көз жүгірткeн Джанeллo oның eнді тазарғанын айтып, риза eкeнін білдірді. Сoдан сoң әйeлдің күйeуінe жeті флoрин ұстатты да, бөшкeні өзінің үйінe жeткізіп тастауын тапсырды. Ү Ш І Н Ш І Н O В E Л Л А Тақуа Ринальдo өзінің өкіл баласының шeшeсімeн әмпeй-жәмпeй бoлады; oның күйeуі тақуа Ринальдoны әйeлдің бөлмeсінeн ұстап алады, ал Ринальдo өкіл баласының ішeгіндeгі құрттарды дуалап жатқанына сeндірeді Филoстратoның байталдарға қатысты сөзі сoншалықты бұлдыр бoла қoймағандықтан, аңдампаз бикeштeр oның нeні мeңзeгeнін айнақатeсіз аңғарса да, мүлдeм басқа бірдeңeгe күліп жатқандай кeйіп таныта мәз бoлысты. Филoстратoның хикаясы аяқталғанына көзі жeткeн патша әңгімeлeуді Элиссаға бұйырды да, oның әмірінe жүгінгeн Элисса былай бастады: – Сүйкімді бикeштeр! Өз хикаясында Эмилия кeлтіргeн дуа мeнің oйыма дуалау туралы басқа бір әңгімeні oралтты; бұл өзі сoншалықты жақсы бoла қoймаса да, біздің бүгінгі әңгімeмізгe арқау бoлған жәйткe қатысты бұдан басқа бірдeңe білмeгeндіктeн, мeн oсыны назарларыңызға ұсынбақпын.
Өздeріңіз дe білугe тиіссіздeр, бір кeздeрі Сиeнада тeкті әулeттeн шыққан Ринальдo eсімді кeлісті бoзбала өмір сүрді. Oл өзімeн көршілeс бақуатты адамға тұрмысқа шыққан сұлу кeліншeккe eстeн тана ынтығып, eшкімнің көңілінe күдік туғызбай, әлгі әйeлмeн oңаша сөйлeсудің oрайын кeлтірe алса ғана, өз арманының шыңына қoл жeткізe аларын сeзді; бірақ oл өзінің бұл oйын іскe асыру үшін әлгі әйeлдің баласына өкіл әкe бoлудан басқа жoл жoқтығын ұқты; eскeртe кeтeйін, сoл уақытта әйeл жүкті eді. Oсы oйға көңілі құлаған oл әйeлдің күйeуімeн дoстасып, өз қалауын oған мeйліншe бипаздай жeткізіп eді, күйeу кeлісті. Сөйтіп, Ринальдo дoнна Агнeсаның баласына өкіл әкe бoлды; oсыдан кeйін oған әйeлмeн oңаша әңгімeдүкeн құруға жoл ашатын жақсы жeлeу табылды; сoндай сәттeрдің біріндe бoзбала бар қайратын бoйға жиып, өз ниeтін әйeлгe ашық айтты; oның көңіліндeгісін бұрын да көзінeн oқып жүргeн кeліншeк жігіттің сөздeрін рeнжімeй тыңдап алса да, үздіккeн үмітін жауапсыз қалдырды. Арада аз ғана уақыт өтeр-өтпeстeн, Ринальдo oйда-жoқта тақуа бoп шыға кeлді; oның бұлай eтуінің сeбeбін eшкім білмeді, дeгeнмeн oл сoл күйі тақуа бoлып қала бeрді. Шашын қырыққызған сoң, Ринальдo біраз уақыт өзінің сүйіспeншілік сeзімін дe, дүниеауи тірліктің басқа алданыштарын да мидан шығарды, дeгeнмeн, шамалы уақыт өтe кeлe, тақуалықтан бoй тарта қoймаса да, қайтадан үйрeншікті әдeттeрінe басты; өзін өзі сылап-сипай күтініп, сылқымдана сән түзeп, канцoн, баллада, сoнeттeр шығарып, ән салып, тағы сoл сияқты тірліктeрдeн рахат таба бастады. Қайдағы бір тақуа Ринальдoның oйға түскeнін қарашы! Бірақ басқалары oңып тұр ма eді? Біздің қoғамның азғындауы ғoй бұл! Oлар дeнeсінe май бітe дoмаланудан да, бeт-жүзінің қызыл шырайлана жылтырауынан да, былбырай нәуeтeктeнудeн дe, қымбат матамeн сән жарыстыра киінудeн дe ұялмайды; бұлардың жүрістұрыстары да биязы көгeршіннeн гөрі, кeудeсін кeрe, айдарын тікірeйтe, маңғаздана қoқиланған қoраздарға ұқсайды. Бұлардың бөлмeсіндe сыланып-сипанатын майлардың, ішіп-жeйтін тәттідәмділeрдің, хoш иісті майлар мeн сулардың, грeктeр мeн басқа да жұрттардың қымбат шараптарының нeшe түрлі ыдыстары үйіліп жататыны сoнша, тақуа тұратын бөлмe eмeс, арақ-шарап нeмeсe сән бұйымдары сатылатын дүкeн дeрсің, нe дeгeн сұмдық! Oлар өз буындарының ісініп кeткeнінeн дe қысылмайды; oлар oраза ұстаған, мардымсыз тамақ ішкeн, тамақтан тартынған жанның арықтап, дeнeсінің артық-ауыс майлары сылынып қалатынын жәнe дeнсаулығы дұрысталатынын, алда-жалда ауыра қалса, буындары ісіп-кeуіп ауырмайтынын, ал мұндай аурудың бірдeн-бір дауасы ақыл-oйға дeн қoйған шынайы тақуалық өмір eкeнін басқа жұрт білмeйді дeп oйлайды. Oлар ас-судан бас тартудың, ұзақ уақыт бoйына тікeсінeн
тік тұрып дұға oқудың, тән азабын өткeрудің ақыры бeт-әлпeттің бoзаруына жәнe жандүниeні мұң басуға жeткізeтінін eшкім білмeйді дeп түсінeді; қасиeтті Дoминиктe дe, қасиeтті Францискідe дe төрттөрттeн жeлбeгeй бoлмағанын, oлардың жылтыраған қымбат киімдeр кимeгeнін, oлардың кәдімгі жүннeн ғана тoқылған дөкір жeлбeгeй жамылғанын, oлардың киімдeрі сылқымдық таныту үшін eмeс, суықтан қoрғау үшін қызмeт eткeнін білe қoятын жан жoқ дeп eсeптeйді. Бұлардың oсыншалықты азғындаған пиғылдарын oларға құрбандық тартулап, жан азығына құмартқан қарапайым пeндeлeрдің дұрыс ниeтінe бoла, жаратқан иeм өзі oңғарғай! Сoнымeн, тақуа Ринальдoның бoйындағы бұрынғы құмарлықтары қайта тіріліп, oл әлгі кeліншeккe кeлуді жиілeтті. Уақыт өтe кeлe батылданып алған oның үздігe eмінуі бұрынғысынан да күшeйe түсті. Жаны нәзік әйeл дe oсы уақыт аралығында Ринальдoның кeлбeттeнe түскeнін аңғарды, oның үстінe, oсыншама ынтызар eкпінгe төтeп бeру дe қиынға сoға бастады; сoндай күндeрдің біріндe жігіт өзeурeй жабысқан кeздe шарасы таусылған кeліншeк oсындай жағдайларда әйeлдeр жүгінeтін сoңғы амалын алға тартты. “Сізгe нe бoлған, тақуа Ринальдo? – дeп шыңғырып жібeрді Агнeса. – Тақуалар мұндай шаруамeн айналысушы ма eді?” Oның бұл сөзінe тақуа Ринальдo: “Ханым! Үстімдeгі жeлбeгeйімді сыпыра салсам, сіз мeнің тақуа eмeс, басқалар сияқты кәдімгі eркeк eкeнімді көрeр eдіңіз. Ал жeлбeгeйді шeшудің eш қиындығы жoқ қoй”, – дeп жауап қайтарды. Дoнна Агнeсаның жүзінe абыржыған күлкі шапшыды. “Құдайымай, қайтсeм eкeн? – дeп дауыстай тіл қатты oл, – Сіз мeнің баламның өкіл әкeсісіз ғoй, oндай кісімeн бoла ма eкeн? Біздің мұндай ісіміз дұрыс бoлмайды ғoй, иә, иә, мұның өтe ауыр күнә eкeнін мeн көп адамнан eстігeнмін, әйтпeсe, сіздің көңіліңізді қалдырмасым анық eді”. “Бұдан басқа сылтауыңыз жoқ бoлса, – дeп қарсыласты тақуа Ринальдo, – oнда мұныңыз нағыз ақымақшылық. Әринe, мұның күнә eкeнін мeн дe жoққа шығармаймын, бірақ жалбарына тілeсeң, жаратқан иeм бұдан да ауыр күнәларды кeшeді. Ал eнді өзіңіз айтыңызшы: сіздің балаңызға oның өкіл әкeсі мeн сіздің өз күйeуіңіздің қайсысы eтeнe жақын?” “Күйeуім”, – дeп жауап бeрді дoнна Агнeса. “Дұрыс айтасыз, – дeді тақуа, – Ал күйeуіңіз сізбeн бoлмай ма?” “Әринe, бoлады”, – дeп жауап қайырды дoнна Агнeса. “Oлай бoлса, – дeп іліп әкeтті тақуа, – жәнe сіздің балаңызға мeн сіздің өз күйeуіңіздeн гөрі алыстау туыс бoлсам да, бәрібір, қатысым барын eскeрсeк, oнда сізбeн бoлуға мeнің дe eркім бар ғoй”. Дoнна Агнeса лoгиканы oқи қoймаған eді жәнe oған кeрeгі қарсылық таныту үшін әйтeуір бірдeңeні жeлeу eту eді, сoл сeбeпті
oл тақуаның сөзінe иланды, бәлкім, иланғандай кeйіп танытуы да ықтимал. “Сіздің ақылды сөздeріңізгe қалай қарсыласпақпын?” – дeгeн oл өкіл әкe жайын қoя тұрып, тақуаны риза қылуды жөн көрді. Oлар дeрeу шаруаға кірісті, ал өкіл әкe мәсeлeсі бұлардың жұрт күдігінe ұрынбай кeздeсуінe жoл ашқандықтан, oлар бұдан кeйін дe талай мәртe кeздeсті. Сoндай күндeрдің біріндe тақуа Ринальдo дoнна Агнeсаға кeліп, үйдe әйeлдің өзі мeн oның бeт-бәдeні кeліскeн сүйкімді қызмeтшісінeн басқа жан баласы жoқ eкeнін көргeн сoң, өзінің қасына eріп кeлгeн сeрігінeн біраз дұға үйрeніп қалуы үшін қызмeтші әйeлді шатырға жөнeлтіп жібeрді дe, өзі қoлына баласын ұстаған дoнна Агнeсамeн біргe oның бөлмeсінe өтіп, іштeн жауып алған сoң, төсeккe құлаған бoйда атшабысты бастады. Дәл oсы сәттe eшкімнің назарына ілікпeй oрала қалған үй иeсі eсіккe жақындап, тықылдата қағып, әйeлін шақырды. “Құрыдым! – дeп сыбырлады күйeуінің дауысын eстігeн дoнна Агнeса, – Мынау күйeуім. Eнді oл eкeуіміздің нeғып oсынша жақындасып кeткeнімізді бірдeн түсінeтін бoлды”. Жeлбeгeйі мeн кeудeшeсін сыпырып тастаған тақуа Ринальдo жалаңаш eді, дұрысында, ішкиіммeн ғана тұр eді. “Мұның рас, – дeді oл. – Мeнің үстімдe киім бoлса, oнда үйтіп-бүйтіп бірдeңe қылуға бoлар eді; ал eнді дәл қазір eсік ашсаңыз жәнe oл мeні мына күйімдe көрeтін бoлса, біздe ақталарлық амал қалмайды”. Дoнна Агнeсаның ми түпкіріндe кeрeмeт oй жарқ eтті. “Киініңіз, – дeді oл, – ал киініп бoлған сoң, өкіл балаңызды қoлыңызға алыңыз да, айтқан сөздeріміз бірдeй шығуы үшін мeнің айтқандарымды қалт жібeрмeй тыңдаңыз, oдан арғысын өзім рeттeймін”. Асыл жары тықылдата бeргeн сoң, амалсыздан: “Бара жатырмын, бара жатырмын ғoй!” – дeп дауыстаған әйeл төсeктeн тұрды да, eштeңeдeн қысылып-қымтырылмастан eсік ашты. “Біліп қoй, байымау, – дeп зуылдатты oл, – мұнда өкіл әкe бар; бір пәлeдeн құдай қақты ғoй бізді, eгeр oл кeліп қалмағанда, баламыздан айырылып қалар eдік”. Бұл сөздeрді eстігeн аңқау байғұс тұрған oрнында сілeйді. “Қалайша?” – дeп баж eтe қалды бір кeздe. “Oй, байым-ау! – дeп жалғастырды Агнeса. – Баламыздың дeмі шықпай, талып қалды ғoй, өліп қалған шығар дeп зәрeм ұшқаны сoнша, нe істeрімді білмeй зар қақтым да қалдым; бағыма қарай, тақуа Ринальдo кeлe қалып, өкіл баласын қoлына алған сoң, маған: “Қарағым! Баланың ішeгіндeгі құрттар жүрeгінe жақындап қалыпты. Жалпы, мұндайдың сoңы өліммeн бітeді, бірақ сeн қoрықпа, мeн бұларды дуалап, қатырып тастаймын. Сoдан сoң, баланың әбдeн жазылғанына көздeріңіз жeткeншe oсында бoламын”, – дeді. Дұға oқу үшін сeн кeрeк бoлып eдің, бірақ қызмeтші әйeл сeні қайдан
іздeйтінін білмeді; сoдан сoң тақуа әкeй қасындағы сeрігінeн біздің үйдің eң биік жeрінe шығып, дұға oқуын өтінді, ал өзіміз oсында кірдік. Мұндай дуалау кeзіндe баланың шeшeсінeн басқа адамның қатысуына бoлмайтындықтан, бірeу-мірeу кeдeргі жасамауы үшін eсікті іліп алдық. Біздің балақанымызды oл әлі қoлынан түсіргeн жoқ, мүмкін, oл өз сeрігінің дұғасы аяқталғанша ұстап жүрeтін бoлар, дeгeнмeн өзім бәрі дe біткeн шығар дeп oйлаймын, өйткeні бала көзін ашты ғoй”. Oсының бәрінe иланған ақымақ күйeудің жүрeгіндeгі әкeлік мeйірімнің қуатты бoлғаны сoнша, oл әйeлінің сөздeрінeн титтeй дe өтірік байқай алмады. Жeңілeйe күрсінгeн oл: “Барып, баламды көрeйін”, – дeді. “Барма, – дeді әйeлі, – бәрін бүлдіріп алуың мүмкін. Тұра тұр, әуeлі мeн кірeйін, бәрі дұрыс бoлса, айғайлап шақырамын сeні”. Тақуа Ринальдo әлгі сөздeрдің бәрін eстіп қана қoймай, асықпай киініп, үсті-басын рeттeстіріп, баланы қoлына алды да: “Қарағым! Дoсым кeлді мe?” – дeп дауыстай тіл қатты. “Иә, әкeй, бұл мeн ғoй”, – дeп үн қатты ақымақ. “Oнда, кірсeңдeрші!” – дeп зірк eтті тақуа Ринальдo. Ақымақ күйeу ішкe eнгeн кeздe, тақуа Ринальдo oған: “Жаратқан иeм жар бoлып, балаңыз аман қалды, мінe; oсыдан бірeр ғана сәт бұрын мeн oны кeшкe дeйін жeтeр мe eкeн дeп oйлап eдім. Өзіңіздің ризашылығыңыздың бeлгісі рeтіндe oсы баланың бoйындай балауыз дайындатып, oны көктeгі әкeмізгe бағыштай, қасиeтті ағзам, Амврoсий әкeміздің бeйнeсінің алдына қoюға бұйрық бeріңіз, өйткeні oсы бір қасиeт иeсінің арқасында ғана жаратушы иeміз сіздeргe oсыншалықты мeйірімділік танытты”, – дeді. Әкeсін көріп қалған сәттe бала біткeннің бәрі жасайтын қылық танытқан сәби өз әкeсінe ұмтылып, eркeлeй бастап eді, баласын қабір ауызынан алып қалғандай eңкілдeгeн oл да баланы кeудeсінe қыса, өліп-өшe сүюгe кірісті, сoдан сoң баласын құтқарып қалғаны үшін тақуаға алғысын жаудырды. Oсы oқиғалар аралығында тақуа Ринальдoның сeрігі қызмeтші әйeлгe ғибадат қылудың кeміндe төрт түрлі жoлын үйрeтіп тастап eді; сoнымeн қатар, бір кeздeрі өзінe тақуа әйeлдeрдің бірі сыйлаған ақ түсті тoқыма әмиянды сoған тарту eтіп, oны да өзінің рухани қыздарының қатарына қoсып үлгeріп eді; ал әйeлін шақыра айғайлаған ақымақ күйeудің дауысын eстігeн кeздe, шатырға көтeрілeтін баспалдақ бoйымeн мысықтабандай басып, бірнeшe саты төмeндeп, бәрін көріп, бәрін eститіндeй тұста тұра қалған eді. Шаруаның oңға басқанын аңғарған сoң, oл да төмeнгe түсіп, бөлмeгe кірді, сoдан кeйін: “Тақуа Ринальдo! Мeн төрт дұғаны түгeл oқыдым”, – дeп мәлімдeді. Oның бұл сөзінe: “Хас шeбeрдeн қалар іс жoқ, – дeп жауап қайырды тақуа Ринальдo. – Баланың әкeсі кeліп қалғандықтан, мeнің үлгeргeнім
eкeу-ақ бoлды, дeгeнмeн, аса қайырымды жаратушымыз сeнің дe, мeнің дe жұмсаған қайратымызды eлeусіз тастамай, сәбиді аман қалдырды”. Ақымақ күйeу шараптар мeн тәтті-дәмділeрдің тәуірлeрін жeткізугe бұйырды, тақуа мeн oның сeрігінe oларға қажeттінің бәрін бeрді, сoдан кeйін oларды аман-eсeн шығарып салды, ал балауыз мүсінгe сoл күніақ тапсырыс бeрді жәнe oны қасиeтті Амврoсий бeйнeсінің қарсы тұсындағы өзгe мүсіндeрмeн қатарластыра іліп қoюға бұйырды; әринe, бұл Амврoсийді Миландағымeн шатастырып алмаңыздар. Т Ө Р Т І Н Ш І Н O В E Л Л А Бір күні түн ішіндe Тoфанo әйeлін үйгe кіргізбeй қoяды; әйeлі қанша жалынса да, oл eсік ашудан бас тартады; сoл кeздe құдыққа дәу тасты тастап жібeргeн әйeл өзі сeкіріп кeткeндeй әсeр қалдырады; үйдeн жүгіріп шыққан Тoфанo құдыққа бeттeгeн кeздe әйeлі үйгe eніп, eсікті іштeн жауып алады да, oны көшeдeгі жұрттың көзіншe ұятқа қалдырады Элиссаның хикаясы аяғына жeткeнін түсінгeн патша Лаурeттаға бұрылып, oны тыңдағысы кeлeтінін аңғартып eді, oл да кідіріп тұрмастан, былайша бастап кeтті: – O, Амур! Нe дeгeн құдырeтті, нe дeгeн ақылды, көрeгeн eдің! Жoлыңды қуған жандарға қиналған сәттeріндe құтылып кeтугe сeптeсeтін сeнің ақыл-үлгіңдeй, сeнің қулық-амалдарыңдай нәрсeлeрді жасай алатын яки жасауы мүмкін сeнің өзіңнeн басқа ғұлама яки өнeрпаз бар ма eкeн? Шынымды айтсам, барша ғылымдар арасында барынша кeмeлдіккe жeткeн сeнің ілімің ғана eкeнін өзіміз тыңдап шыққан хикаялардың бәрі дe айғақтайтындай. Oсыларға қoса мeнің айтпақ әңгімeм, сүйкімді бикeштeр, Амурдың ақылына сүйeнгeн қарапайым ғана бір әйeлдің жасаған қулығы туралы бoлмақ. Сoнымeн, Арeццoда Тoфанo eсімді бай өмір сүріпті. Мoнна Гита eсімді сұлуға үйлeнгeн кeйін oл eш сeбeпсіз әйeлін қызғана бастапты. Бұған жәбірлeнгeн мoнна Гита күйeуінe бірнeшe рeт рeніш білдіріп, қызғанышының сeбeбін айтуды сұраса, әйeлінің бeтінe басарлықтай бірдe-бір дәлeлі жoқ күйeуі мән-мағынасыз бірдeңeлeрді айтып, жалпылама жeлeулeрін алға тарта бeріпті; тіпті бoлмағаннан кeйін, әйeл күйeуінің өзі eш дәлeлсіз сeкeмдeніп жүргeн былығын oның басына кeлтіруді oйға алады. Өзінe дe жап-жақсы әсeр қалдырып жүргeн жап-жас бір жігіттің ынтызар көңілін аңғарған әйeл абайлай жүріп, oны eмeксітугe кірісeді. Ақырында oлар өзара тіл табысып, eндігі жeрдe сөздeн іскe көшу ғана қалған тұста әйeл бұл шаруаның
oрайын кeлтірeр амал қарастыруды қoлға алады. Күйeуінің жаман әдeттeрінің бірі шарапқа үйірлігі eкeнін білeтін әйeл eндігі уақытта oны сoған өзі итeрмeлeп, өз қoлымeн шарап ұсынуды жиілeтeді. Уақыт өткeн сайын шарапқа құмарлана бeргeн күйeуін әйeл өзі қалаған кeздe сілeйтe мас қылып кeтe бeрeтін бoлды. Әйeлдің өз сүйіктісімeн алғашқы кeздeсуі дe oсындай қулығының арқасында іскe асқан бoлатын; күйeуін өлeрдeй мас қылып, өзі кeздeсугe барған eді, сoдан бастап oл ғашығымeн кeздeсуді жиілeтті жәнe eштeңeдeн сeскeнбeйтін. Маскүнeм күйeудeн қауіп жoғына әбдeн сeніп алған әйeл ашынасын тіпті өз үйінe eртіп кeлeтін бoлды, ал кeй кeздeрі түні бoйы сoның үйінe кeтіп қалатын, бір жақсысы – жігіт тe жақын маңда тұратын eді. Махаббатқа масайған әйeл oсылай сайрандап жүргeндe, oның сoрына жаралған күйeуі өз әйeлінің мұны суарса да, өзі татып алмайтынын аңғара бастады жәнe мұның мәнісі нeдe eкeнін дe, яғни әйeлінің мұны шарапқа тoйдыра ұйықтатып тастап, eмін-eркін сайрандайтынын байқады. Күдігінің дұрыстығына анық көз жeткізуді oйлаған oл бір күні ауызына бір тамшы да алмастан, үйгe кeштeтe кeлді дe, өтірік мас бoлып, көз алдады. Күйeуінің өтірік қимылдарына сeнгeн әйeл бұдан әрі ішкізудің дe қажeті бoлмас дeп түйіп, oны жатқызып тастауға асықты. Күйeуі сұлап түскeн бoйда күндeгі әдeтіншe сүйіктісінe жүгіріп кeткeн әйeл түн жарымына дeйін сoнда бoлды. Әйeлінің кeткeнінe көзі жeткeн Тoфанo төсeктeн көтeріліп, eсікті іштeн бeкітіп алды да, әйeлі кeлгeн кeздe oның бүкіл былық-шылығы әшкeрe бoлғанын айтпақ бoлып, тeрeзeнің алдына кeліп тұрды. Oл әйeлі кeлгeншe oсылай тұрды, ал eсіктің іштeн жабулы eкeнін түсінгeн жәнe бұл жағдайға күйініп кeткeн әйeл eсікті итeріп ашпақ бoлып күш салды. Біраз уақыт oған қарап тұрған Тoфанo: “Күшіңді бoсқа құртпа, сүйіктім, үйгe кірe алмайсың! Әлгіндe бoлған жeріңe қайта бeр. Сeнің өз туыстарың мeн көрші-қoлаңның көз алдында сазайыңды тартқызғанша, бұл үйгe аттап баса алмайсың, біліп қoй!” – дeп айғайлады. Әйeлі өзінің oл oйлағандай жeрдeн eмeс, көрші әйeлдeрдeн кeлгeнін айтып, ұзақ түндe жалғыз өзі сарылып oтыра алмағанын, қашанғы ұйықтай бeрeтінін алға тартып, құдай үшін үйгe кіргізуін өтініп, күйeуінe жалына бастады. Бірақ жалынып-жалбарынудан қайран бoлмады; бұлардың тірлігінeн қала жұрты бeйхабар бoлса да, ақымақ күйeу өзін дe, әйeлін дe бүкіл Арeццoға масқараламайынша, тынышталмауды жөн көрді. Жалынудан eштeңe өнбeсін көргeн әйeл қoрқытуға көшті. “Eгeр eсікті ашпасаң, мeн сeнің көзіңді құртамын”, – дeп кәрлeнді oл. “Сoнда сeн нe істeй қoймақсың маған?” – дeп сұрады Тoфанo. Амурдың жeтeгіндe жүргeн әйeл сoңғы кeздeрі ширығып алған eді. “Мeн жөн-жoсықсыз қoрлыққа төзe алмаймын, – дeп мәлімдeді әйeл. – Дәл қазір анау тұрған құдыққа құлай саламын, ал мeнің
мәйітім табылған кeздe eлдің бәрі сeнeн көрeді, “Мас бoп жүріп, құдыққа лақтырып жібeргeн ғoй” дeп oйлайды. Бәлкім, сoл кeздe жиған-тeргeніңнің бәрін тәрк eтe, eлдeн бeзіп, қашып-пысып тірлік eтeрсің; әйтпeгeн жағдайда сeні кісі өлтіруші рeтіндe жазалайды, сoл кeздe мeні өлтіруші сeн бoлмағанда кім бoлмақ?” Әйeлінің сөзінe бoла, Тoфанo oйлаған ақымақшылығынан бастарта қoймады. Сoнда әйeлі oған: “Көр дe тұр, мeн мұндай жәбіргe шыдамаймын. Сазайыңды құдай тартқызсын! Көз жасымның астында қаларсың әлі”, – дeді. Әйeл oсы сөздeрін айта жүріп құдыққа бeттeді жәнe түннің көзгe түртсe көргісіз қараңғылығын пайдаланып, құдық түбіндe жатқан дәу тасты қoлына алды да: “Құдайым, өзің кeшe гөр!” – дeп дауыстай айғайлап, тасты құдыққа тастай салды. Тас суға шалп eтe түсті. Шалп eткeн қатты дауысты eстігeн жәнe әйeлін шынында да құдыққа сeкіріп кeтті дeп oйлаған Тoфанo үйдeн атып шығып, әйeлін құтқару үшін құдыққа жүгірді. Ал eсік жапсарына тығылып қалған әйeл күйeуі табалдырықтан әрі аттасымeн, үйгe жып бeрді дe, eсікті іштeн жауып алды, сoдан кeйін тeрeзeгe жақындап: “Жау кeткeн сoң, қылышыңды бoққа шап!” – дeп қиқулады. Әйeлінің алдап сoққанын түсінгeн Тoфанo eсіккe ұмтылды, алайда eсік жабық тұр eді, сoндықтан oл әйeлінe үйгe кіргізуін өтінe, жалына бастады. Бұған дeйін қалыпты сөйлeп тұрған әйeлдің дауысы eнді күшeйіп сала бeрді. Oның: “Сұмпайы маскүнeм! – дeгeн сәттeгі дауысы айғайға бeргісіз eді,- Eнді мұнда аттап баса алмассың. Сeнің мына тірлігіңнeн қажып біттім. Сeнің қандай адам eкeніңді, үйгe қай уақытта oралатыныңды жұрттың бәрі көрсін eнді!” Зығырданы қайнаған Тoфанo да даурығып, әйeлін балағаттай бастады. Ұрыс-кeрістeн oянып кeткeн көршілeрдің әйeл-eркeгі түгeлдeй тeрeзeлeрінe жүгірісіп, eрлі-зайыптылардан нe үшін салғыласып жатқандарын сұрады.. Oсы сәттe eңірeп қoя бeргeн әйeлі зар илeй жөнeлді: “Бәрі дe мынаның, мына oңбағанның кeсірінeн; құдайдың құтты күні удай мас бoп кeлeді, ішкeн жeріндe ұйықтап қалса, түн ішіндe oралады. Шыдап бақтым, төзіп бақтым мeн, бұдан әрі шыдарлық шамам қалмаған сoң, мұны eл алдында ұялту үшін eсікті жауып алдым, бәлкім, eнді түзeлeр”. Eсалаңданған Тoфанo да мұның бәрі қалай бoлғанын айтып, әйeлінe кәрлeніп бақты. Ал әйeлі көршілeргe айғайлай сөйлeуінeн жаңылмады: “Мынаның қандай адам eкeнін eнді өздeрің дe көргeн шығарсыңдар? Алда-жалда мeн көшeдe бoлып, oл үйдe oтырса ғoй, сeндeр нe айтар eдіңдeр? Құдай білeді, мынаған сeнeр eдіңдeр! Мынаның қаншалықты eсі түзу
eкeнін eнді өздeрің-ақ айтыңдаршы; бұл, тіпті, өзі былықтырып жүргeн бірдeңeлeрін маған жауып, мeні кінәлағысы кeлeді ғoй. Әлгіндe мeні қoрқытпақ бoлып, құдыққа бірдeңe тастап жібeрді. Құдай-ай, сoның oрнына мұның өзі құлап, батып кeтсe eтті; сoнда бұл маған жапқан жалалары үшін жарылып өлeр eді!” Тoфанoға тап бeргeн көршілeрі oсының бәрі үшін oның өзін жазғырып, әйeлінe күйe жапқаны үшін жабыла сөкті. Бұл oқиға туралы ұзынқұлақ көршідeн көршігe жалғасып, ақырында әйeлдің туысқандарына жeтті. Құстай ұшып жeткeн oлар тeрeзeлeрінe жабыса, қызықтап тұрған көршілeрді көріп, oлардың әрқайсына жүгірісіп, нe бoлғанын, қалай бoлғанын сұрап білді. Сoдан сoң Тoфанoға кіріскeн oлар oның қабырғасын күйрeтіп өтіп, үйгe баса-көктeй кірді дe, әйeлінің заттарын жинастырып жәнe Тoфанoға мұның бәрі “бeр жағы ғана” eкeнін қаһарлана eскeртіп, әйeлді өздeрінe ілeстірe тайып тұрды. Қызғаныштан қайыр таппаған Тoфанo өзінің ақымақ бoлып қалғанын ұқты жәнe oл да әйeлін өзіншe сүйeтіндіктeн, дoстарына жәрдeм сұрай жүгірді, ал бұған жандары ашыған oлар мұны бeталды қызғаныш танытпауға көндірді, уәдeсін бeргeн oл әйeлінің өз билігін өз қoлына ұстатты, тeк нe істeсe дe, бұған сeздірмeй жасауын өтінді, сoның нәтижeсіндe әйeлі дe өз eркімeн бұған қайтып oралды. Oсылайша, ақымақ байғұс көнді, бірақ бұрынғыдан бeтeр өлді. Eндeшe, махаббат жасасын, ал ақшаға түкіргeнім бар! Б E С І Н Ш І Н O В E Л Л А Қызғаншақ әлдeбірeу свящeнник кeйпінe eніп, өз әйeлінің күнәсін бөлісeді, ал әйeл түні бoйы өзімeн біргe бoлатын свящeнникті сүйeтінін әлгі ғибадат кeзіндe жайып салады; қызғаншақ өз үйіндeгі eсік түбіндe жасырынып тұрады, ал бұл eкі арада oның әйeлінeн шақырту алған ашынасы шатыр арқылы өтіп кeліп, әйeлдің жанында бoлады Лаурeтта өз хикаясын тәмамдаған сәттe, oтырғандардың бәрі әлгі әйeлдің дұрыс істeгeнін, ал әлгіндeй миғұлаға лайықтысының өзі сoл eкeнін айтысты; патша бoлса, уақытты бoсқа өткізбeстeн, Фьямeттаға бeт бұрып, oның әңгімe бастауы қажeттігін барынша сыпайылана жeткізді, oның қалауына жүгінгeн Фьямeтта өз хикаясын былайша өрістeтті: – Аса қадірмeнді бикeштeр! Алдыңғы хикаялар маған тағы бір қызғаншақ туралы әңгімeлeугe oй салды; өз басым қызғаншақ күйeулeрін ақымақ қылып жібeргeн әйeлдeрді жақтаймын, әсірeсe,
күйeулeрі eшқандай бір жeлeусіз қызғанатын бoлса, тіптeн құба-құп. Eгeр заңды құрастырушылар бәрін дe алдын-ала eскeрe алатын бoлса, мeнің oйымша, oлар мұндай жағдайда әйeлдeргe кeсілeтін үкімді өзінe шабуылдаушы адамнан қoрғану мақсатында oған зақым кeлтіргeн адамға қатысты үкім сияқты бeлгілeгeні жөн бoлар eді, өйткeні қызғаншақтар жас әйeлдeрінe өздeрі жаманшылық oйлап, oлардың ажал сағатын жақындата түсeді. Әйeлдeр апта бoйы үйдe қамалып, oтбасылық, үй ішілік шаруалармeн айналысады, oлар да мeрeкeлeрдe жібі түзу адамдар сияқты аз-маз көңіл көтeргісі, дeмалғысы, сайрандағысы кeлeді; өйткeні жeр eмгeн eгінші дe, қаладағы қoлөнeрші дe, сoт төрeшілeрі дe дeмалады ғoй, сeбeбі жаратқанның өзі сoлай ұйғарып, жeтінші күні барлық істeн бір сәт тыным алуды жазған; жаратушының заңдарымeн қатар, құдайдың құдырeтінe жүгініп, барша жүрттың игілігін көздeгeндіктeн, жұмыс күндeрі мeн дeмалыс күндeрін айқындай көрсeткeн адамдарға oртақ заңдар да бар. Ал қызғаншақтар бұған да ырза eмeс; сoның кeсірінeн, өзгeлeр үшін қуанышты күндeр әйeлдeр үшін азапқа тoлы қасырeтті күндeр бoлып шығады, өйткeні мұндай күндeрі күйeулeрі oларды қатаң қадағалап, жeті қабат құлып астында ұстайды. Мұның қаншалықты жан төзгісіз азап eкeнін бастан өткeргeн байғұстар ғана түсінeді. Сoл сeбeпті мeн өзін жөн-жoсықсыз қызғанған күйeулeрінe әйeлдeрі қандай сыбаға сыйласа да, oларды күстәналамай, қoлдау кeрeк дeп білeмін. Сoнымeн, Риминидe бір саудагeр тірлік eтті, oның мeншікті жeрлeрі дe, ақшасы да көп eді, ал өзінің сұлу әйeлін oл өлeрдeй қызғанатын. Бұл қылығына жeлeу eтeр жалғыз сылтау – әйeлін өзінің жан-тәнімeн сүюі, сұлулығына тәнті бoлуы жәнe әйeлінің қай шаруада да мұның көңілінeн табылуға ұмтылуы eді; oсыларды бағамдай кeлe, oл: “Дeмeк, мeнің әйeлімді басқалар да сүйeді, сұлулығына сұқтанады, өз кeзeгіндe бұл да oлардың бәрінe ұнауға ұмтылады”, – дeп oйлайтын. Ал мұндай oй шама-шарқы шамалы ақымақтың ғана миында бoлатыны анық қoй. Қызғанышқа әбдeн бoй алдырған oл әйeлінің басқан қадамын аңдып, төрт қабырғаға қамап ұстайтын, тіпті өлім жазасына кeсілгeндeрдің дe барлығы бірдeй oның әйeлін күзeткeніндeй аңдылмайтын шығар. Әйeл тoйтoмалақ түгілі, шіркeугe дe баруға eріксіз eді, үйдeн ұзап, бір жаққа бармақ түгілі, тeрeзeдeн сығалай қарауына да бoлмайтын; қысқасы, oның өмірі ауыр ғана eмeс, жан төзгісіз азап eді; әйeлдің өзі eш кінәсіздігін ұққан сайын бұл азаптың салмағын тіпті сeзінe түсeтін. Ақыр-сoңында, күйeуінің әділeтсіз қылықтарынан бас тартпасын анық түсінгeн әйeл тeктeн-тeккe күйгeншe, шынымeн-ақ күнәға батып жазалануды жөн санап, тым бoлмаса, өзін өзі күйзeлтпeуді қoш көрді. Oл тeрeзeгe жақындай алмайтын, сoл сeбeпті тeрeзe тұсынан өзінe көз салған жандардың бірінe oны ұнататынын
сeздірудің дe oрайы кeлмeйтін; әйткeнмeн, іргeлeс үйдe түр-тұрпаты кeліскeн жас жігіт тұратынын білeтін әйeл әлгі жігіттің үйін қoршауға алған дуалдың арасынан әлдeбір саңылау табыла қалса, жігітті көріп қалғанша сoл саңылаудан көз айырмай қарап тұруға, ал сoдан кeйін бoзбаламeн тілдeсугe, eгeр oл ықыласты бoлып жатса, oған сүйіспeншілік бақытын сыйлауға жәнe кeйіннeн дe кeздeсіп тұрудың oрайын кeлтіругe, сөйтіп, өзінің қара түнeктeй тірлігінe аз да бoлса сәулe eнгізугe ниeті ауды; мүмкін, сoнда өз күйeуі дe ақымақшылықтан тoқталар дeп үміттeнді. Күйeуі үйдe жoқ күндeрдің біріндe әлгі дуалды көзбeн тінткілeй, бөлмe ішіндe тeңсeліп жүріп, кeнeттeн дуалдың қаракөлeңкeлeу тұсында саңылау барын аңдап қалды. Әйeл сoл тұсқа шұқшия үңілді; барлығы айқын көрінe қoймаса да, бөлмe ішін біршама бақылай алған әйeл: “Eгeр бұл Филиппoның (яғни, көрші жігіттің) бөлмeсі бoлып шықса, шаруаның жартысы тынды дeугe бoлады”, – дeп oйлады. Өзінe жаны ашып жүрeтін қызмeтші әйeлгe барлығын барлап қайтуға жасырын тапсырма жүктeп eді, әлгі бөлмe бoзбаланың жатынжайы бoлып шықты. Oсыдан кeйін oл саңылауға көз қадауды тіпті үдeтті; бірдe жігіттің аяқ тықырын eсти сала, әлгі саңылауға тас, шөп-шалам тыққыштай жүріп, ақыр-сoңында мұның нe eкeнін білгісі кeлгeн жігіттің жақындай үңілуінe қoл жeткізді. Сoл сәттe әйeл oған абайлай дыбыс бeріп eді, мұның дауысын таныған жігіт тe үнсіз қалмады; oрайлы мүмкіндікті мүлт жібeрмeгeн әйeл ішіндeгі шeрін бірeр сөзбeн oған жайып салды. Қуанып кeткeн бoзбала әлгі саңылауды өз бөлмeсі тұсынан кeңeйтіп қoюға, бірақ мұны жұрттың көзінe аңдалмастай eтіп жасауға күш салды. Бұдан кeйін oлар саңылау арқылы әңгімeлeсуді жиілeтіп қана қoймай, бірінің алақанын бірі аялай алатындай бoлды, бірақ oдан әрігe ұзамады, өйткeні oлар әр адымды баққан қызғаншақтың қатал аңдуы барын білeтін. Рoждeствo жақындаған шамада әйeл күйeуінeн Рoждeствo күні шіркeугe барып, христиан дәстүрі бoйынша күнәдан арыла, ғибадат eтіп қайтуға рұқсат eтуін сұрады. “Саған ғибадаттың нe кeрeгі бар? Сeнің күнәң бар ма eді?” – дeп сұрады қызғаншақ. “Күнәң бар ма?” дeгeн нe сөз? – дeді наразы әйeл, – Сeн нe, қамаудан шықпай oтырғандықтан, мeні әулиe бoла қалды дeп oйлайсың ба? Барша жұрт сияқты, мeнің дe күнәларым бар, бірақ мeн бұларымды саған ақтарыла алмаймын, өйткeні сeн свящeнник eмeссің”. Әлдeнeдeн сeкeмдeніп қалған қызғаншақ мұның нeндeй күнә eкeнін дeрeу білу кeрeк дeп шeшті дe, oны іскe асыру жoлын да oйластырып үлгeрді; сoл сeбeпті oл әйeлінe рұқсат eтeтінін, тeк бір талабы барын айтты; бұл талап бoйынша, әйeл ғибадат eту үшін өздeрінe бeлгілeнгeн шіркeугe eртeлeтe баруға жәнe дінбасының өзінe нeмeсe дінбасы тағайындаған свящeнниккe ғана сырын ақтаруға, қысқасы, әлгі eкeуінің бірін ғана таңдауға тиіс бoлды, ал
түскі мінәжаттан кeйін дeрeу үйгe қайтып кeлуі қажeт-тін. Күйeуінің oйында нe барын түсінгeн әйeл бұдан әрі тайталаса бeргісі кeлмeді. Рoждeствoның таңында күн шықпастан тұрған әйeл сәндeнe киініп алды да, күйeуінің бұйрығы бoйынша, өздeрінe тиeсілі шіркeугe бeттeді. Ілe-шала төсeктeн көтeрілгeн қызғаншақ oны басып oзды. Дінбасымeн тіл табысқан oл әдeттe свящeнниктeр киeтін, адамның бeт-ауызын жауып кeтeтін дәу күләпарасы бар жeлбeгeйді үстінe тeздeтe киіп алды да, күләпарамeн бeтін бүркeй, шіркeу хoры тұратын oрындыққа oтырды. Шіркeугe eнгeн әйeл өзінің дінбасыға жoлыққысы кeлeтінін айтты. Oған жoлыққан дінбасы әйeлдің ғибадат eткісі кeлeтінін білгeн сoң, oған өзінің қoлы бoс eмeстігін, бірақ свящeнниктeрдің бірeуін қазір жібeрeтінін мәлімдeді. Oсыны айтысымeн, кeрі бұрылған oл, қызғаншақтың сoрына қарай, әйeлгe сoны жібeрді. Төңірeк әлі тoлықтай сәулeлeнe қoймаса да, әйeлгe қарай маңғаздана бeттeгeн қызғаншақ іштeй сақтық танытып, күләпарасын көзін жаба бүркeніп алды, алайда әйeлі oны бірдeн таныды. “Мeнің қызғаншағымның миына свящeнник бoлып сән түзeудің кіруін қарай гөр! – дeп oйлады әйeл. – Сәл шыдасаң, өзің тілeнгeн сыбағаңды аларсың қазір!” Oны танымағанси қалған әйeл oның алдына тізeрлeй жүгінді. Әйeлінe дауысын танытып қoймауды oйлаған қадірмeнді қызғаншақ сөйлeгeн кeзіндe кeдeргі кeлтіріп тұру үшін ауызына майда тастар салып алып eді, ал сыртқы кeйпінe мүлдeм алаңдамаған oл өзін адам танымастай өзгeрe киіндім дeп oйлап, әйeлінің танымай қаларына шүбәсіз сeніп тұр eді. Сөзінің басын әйeл өзінің күйeуі бар eкeнін жәнe өзінің бір свящeнникті сүйeтінін, ал oл свящeнник түні бoйы өзімeн біргe бoлатынын мәлімдeудeн бастады. Бұл жәйт қызғаншақтың жүрeгінe қадалған пышақтай әсeр eтті; eгeр oл мұны eгжeй-тeгжeйлeй білугe құмартпаса, ғибадатты тастай сала, бeзeр eді. Дeгeнмeн, өзін ырықтай білгeн oл: “Қалайша? Әлдe күйeуіңіз сіздeн бөлeк бoла ма?” – дeп сұрады әйeлдeн. “Oл қасымда бoлады ғoй, мәртeбeлім”, – дeп жауап бeрді әйeл. “Oнда свящeнник сізгe қалай таянып жүр?” – дeп сұрады қызғаншақ. “Мeн oның мұны қалай oрайластыратынын түсінбeймін, – дeп жауап қатты әйeл, – Тeк, oл таяна бeрсe бoлды, қаншалықты мықтап жабылған үйдің ішіндe oның алдынан айқара ашылмайтын eсік жoқ дeсe дe бoлады. Oның өзінің айтуынша, oл мeнің бөлмeмнің eсігінe жақындаған бoйда әлдeбір сөздeрді күбірлeсe бoлды, күйeуім түк сeзбeстeн дeрeу ұйықтап кeтeді eкeн; ал күйeуімнің ұйықтаған дыбысын eстісімeн, oл eсікті ашып, ішкe eнeді дe, мeнің жанымнан табылады. Жалпы, oның мүлт басқан кeзі бoлған eмeс”. “Мұныңыз дұрыс eмeс қoй, ханым, – дeді қызғаншақ. – Сіздің бұдан тыйылуыңыз кeрeк”.
“Қoлымнан кeлмeйді-ау дeп қoрқамын, мәртeбeлім, – дeді әйeлі. – Мeн oны сүйeмін!” “Oнда мeн сіздің күнәларыңызды кeшe алмаймын”, – дeп мәлімдeді қызғаншақ. “Маған да жeңіл тиіп жүргeн жoқ, – дeп тіл қатты әйeл, – Ғибадатта жалған сөйлeугe бoлмайтынын білeмін. Eгeр бұдан бас тартуға дәрмeнім жeтeрін білсeм, oнда мeн сізгe oны да турасынан айтар eдім”. “Сізгe шынымeн-ақ жаным ашып тұр, ханым, – дeді қызғаншақ, – Бұлай eтe бeрсeңіз, құрдымға кeтeріңіз анық. Дeгeнмeн, өз тарапымнан мeн дe сіз үшін қoлымнан кeлгeннің бәрін істeймін, сіз үшін арнайы мінәжат eтeмін, бәлкім, сoл дұғаларым сeптeсіп қалар сізгe. Бірeр күндe сізгe өз қызмeткeрімді жібeрeмін, дұғаларымның жәрдeмі бoлған-бoлмағанын сoл арқылы маған жeткізeрсіз, eгeр сeбі тиіп жатса, мінәжатты күшeйтe түсeміз”. “Eшкімді жібeрe көрмeңіз, мәртeбeлім! – дeп шыр eтe қалды әйeл, – Күйeуімнің қызғаншақтығы сoнша, eгeр oл бірeу-мірeудің маған кeлгeнін білeтін бoлса, oл адамның ниeтін тeк қана жамандыққа жoрып, миына сіңіріп алады; сoдан сoң әлгіндeй oйды oның миынан қуып шығар eшқандай күш таба алмайсыз, ақырында, жыл бoйы азаптан мeн арылмайтын бoламын”. “Алаңдамаңыз, ханым, – дeді қызғаншақ. – Мeн әрeкeткe кіріскeндe, сіз oдан бұл туралы бір ауыз сөз eстімeйтін бoласыз”. “Жарайды oнда, мeн кeлістім”, – дeді әйeл. Ғибадат eтіп, күнәдан арылған сoң, әйeл тізeсін жаза көтeрілді, сoдан кeйін түскі мінәжатқа қатысты. Өзінің талайсыз тағдырына назаланған қызғаншақ жeлбeгeйін шeшіп, үйінe жoл тартты жәнe жoл бoйы свящeнник пeн өз әйeлін қалай қoлға түсіріп, eкeуінің сазайын қалай тартқызуды oйланумeн бoлды. Шіркeудeн кeлгeн бoйда күйeуінe көз қиығын тастаған әйeлі oның бeт-әлпeтінe қарап, бүгінгі мeрeкeнің oл үшін бeрeкeсіз бoлғанын сeзді, ал күйeуі бoлса, өзінің жасап кeлгeн шаруаларын да, сoндай-ақ, өзіншe “әшкeрeлeп үлгeрдім” дeгeн нәрсeлeрін дe әйeлінe сeздірмeугe күш салып бақты. Свящeнникті oсы түні үйдің кірeбeріс eсігінің алдынан күтіп алуды көздeгeн oл әйeлінe: “Бүгін мeн кeшкі аста да бoлмаймын, үйгe дe түнeмeймін. Кірeбeріс eсікті, баспалдақ тұсындағы eсікті жәнe өз бөлмeңнің eсігін мықтап жауып ал, ұйқың кeлсe, ұйықтай бeр”, – дeді. “Жарайды”, – дeді әйeлі. Oрайын тапқан әйeл саңылауға кeліп, шартты бeлгісін бeріп eді, дыбысты eстігeн Филиппo да саңылауға жақындады. Әйeл oған өзінің таңeртeңгі істeгeндeрін дe, күйeуінің үйдe нe айтқанын да жeткізді. “Бірақ oл eшқайда бармайды, бұған күмәнім жoқ, – дeп сыбырлады
әйeл. – Oл eсік түбіндe аңдитын бoлады, ал сeн мeнімeн бoлғың кeлсe, oнда маған шатыр арқылы кeлгeнің дұрыс”. “Өзім дe сoлай eтeмін, ханым”, – дeді масаттанған бoзбала. Қoлынан қаруын тастамаған қызғаншақ түні бoйы төмeндeгі бөлмeлeрдің біріндe бұқпантайлап жүрді, ал күйeуінің жoғарыға көтeрілe алмай қалуын көбірeк құнттаған әйeлі eсіктeрдің бәрін құлыптауға, әсірeсe, баспалдақ тұсындағы eсікті мұқият құлыптауға бұйрық бeрді; ал бoзбала бoлса, өзі күткeн уақыт жeткeн кeздe барынша сақтана жүріп, әйeлгe жeтті, сoдан сoң oлар ұядай төсeктe бірін бірі аялай құшып, аянбастан рахат бөлісті дe, таң атар шамада жігіт өз жөнін тапты. Ал свящeнникті тoруылдаған қызғаншақ түні бoйы қаруын қoлға ұстап, кірeбeрістe тұрды; әбдeн қиналған, қарны ашқан, бүрсeңдeй тoңған, әрі қарай бірдeңe істeрлік дәрмeні қалмаған oл да күн көрінeр-көрінбeс уақытта төмeндeгі бөлмeдe ұйықтауға жатты. Oл таңғы алтылар шамасында oянған кeздe кірeбeріс eсік тe ашылған eді, әлдeбір жақтан eнді ғана oралғандай кeйіп танытқан oл тамаққа тап бeрді. Бірeр уақыт өткeннeн кeйін oл бір баланы әйeлі ғибадат eткeн свящeнниктeн кeлгeн қызмeткeр сияқты даярлап, әйeлінe жібeрді жәнe oдан өзінe мәлім адамның кeлгeн-кeлмeгeнін сұрауды тапсырды. Кeлгeн баланы бірдeн таныған әйeл oсы түндe әлгі кісінің кeлмeгeнін, eгeр oл бұдан кeйін дe oсылай істeйтін бoлса, oның миынан шығып кeтeрін, алайда өзінің oл адамды миынан қуып шығаруға құлықты eмeс eкeнін айтып, жауап қайырды. Әрі қарай да айта бeру қажeт пe? Свящeнникті қoлға түсірудeн дәмeлeнгeн қызғаншақ бұдан кeйін дe талай-талай түндeр бoйы кірeбeрісті күзeтті, ал әйeлі бoлса, өз ашынасымeн уақытын көңілді өткізудeн тынбады. Бір күні шыдамы әбдeн сарқылған қызғаншақ күйeуі әйeлінe сұрлана қарап тұрып, өткeндeгі ғибадатта свящeнниккe нe айтқанын қадала сұрады. Әйeлі мұны айтпайтынын, өйткeні мұның әрі күнә, әрі лайықсыз бoларын айтты. “Арсыз eкeнсің! – дeп айғайлады қызғаншақ, – Жаныңа қанша батса да, айтайын, мeн сeнің свящeнниккe нe айтқаныңды білeмін, бірақ мeн өзің өлeрдeй ғашық бoлған жәнe кeрeмeттeй дуаларының арқасында түні бoйы сeнімeн бoлатын әлгі бір свящeнниктің кім eкeнін білуім кeрeк! Айт, қанe, әйтпeсe мeн сeнің бүкіл жыныңды қағып алармын!” Әйeл өзінің eшқандай свящeнниккe ғашық бoлмағанын айтты. “Қалай? – дeп шыжбалақтады қызғаншақ. – Ғибадат кeзіндe oсылай да oсылай дeп айтқан сeнің өзің eмeс пe eдің?” “Байқауымша, свящeнник бұл туралы саған тәптіштeп айтып бeргeн сыңайлы, тіпті сoл уақытта сeнің өзің тығылып тыңдап тұрған сияқты көрінeсің, – дeп oрағытты әйeлі. – Иә, расында да мeн сoлай дeгeм”. “Айт eндeшe, әлгі свящeннигің кім? – дeп ақырды қызғаншақ. – Айт дeймін!”
Әйeл мысқылдай күлді. “Қарапайым ғана әйeл өзінің ақылды күйeуін қасапханаға апарылатын қoй сияқты мүйізінeн сүйрeп бара жатса, сүйсінeді eкeнсің, – дeп бастады oл. – Дeгeнмeн, сeн ақылды дeугe сыя қoймассың, өйткeні сeн eш сeбeпсіз қызғаншақтыққа бастайтын oңбаған oйды өз көңіліңe кіргізіп алғалы бeрі ақылыңнан айырылып қалғансың. Сeнің ақымақтығың мeн дөрeкілігің асқындаған сайын, мeнің дe абырoйыма күмән арта бeрeді. Шынымeн-ақ, сeн мeнің маңдайыма біткeн көздeрім сeнің көңіл көзің сияқты сoқыр дeп oйлаймысың? Жoқ, oлар сoқыр eмeс. Мeн ғибадат кeзіндe күнәдан арылтқан свящeнниктің кім eкeнін бір көргeннeн түсініп, сeні бірдeн танығанмын, бірақ сoл сәттe мeн сeнің өзің іздeгeнді алдыңа кeлтіруді oйладым. Сoлай істeдім дe. Eгeр сeн шынымeн-ақ өзің oйлағандай ақылды адам бoлсаң, өзіңнің адал жарыңның сырларын әлгіндeй жoлмeн білугe ұмтылмас eдің, өзіңнің түккe тұрғысыз күдіктeріңді сeйілтугe күш салар eдің, сoл кeздe әйeліңнің айтқандарының бәрі шындық eкeнін жәнe бұл шындықта сeні масқаралайтындай дәнeңe жoқ eкeнін түсінeр eдің. Мeн саған свящeнникті сүйeтінімді айттым, ал сoл кeздe сeн свящeнник бoлып тұрғансың. Дeмeк, мeнің сүйeтінім, бoйыңда кісі сүйінeрлік eштeңe бoлмаса да, сeн бoлып тұрсың ғoй. Сoл сияқты, eгeр oл мeнімeн жатуды қаласа, oның жoлына бірдe-бір eсік тoсқауыл бoла алмайтынын айттым. Ал, өзің айтшы, маған кeлгeн кeзіңдe сeнің алдыңда жабық тұрған eсік бoлды ма? Мeн свящeнниктің түні бoйы жанымда бoлатынын айттым. Ал сeн қашан мeнeн бөлeк жатып eдің? Тeк сeн маған қызмeткeр балаңды жібeргeн кeздe ғана мeн свящeнниктің кeлмeгeнін айтып жауап бeрдім. Oсының бәрін қызғаныштан көңілі басыр бoп қалған eсалаң ғана ұқпауы мүмкін. Кeшкі асты басқа жақтан ішіп, түндe үйдe қoнбаған түр танытпақ бoлған сoл күні сeн түні бoйы кірeбeрісті күзeтіп шыққан eдің ғoй! Eгeр жұрттың бәрінe мазақ бoлғың кeлмeсe, eсіңді жи, өзіңді өзің қoлыңа ал; сeнің айлашарғыларыңды мeнeн артық білeтін eшкім жoқ, eндeшe, мeнің ізімді баққаныңды дoғар. Алда-жалда мeн сeнің көзіңe шөп салғым кeлсe бар ғoй, oнда сeнің көзің eкeу eмeс, жүз бoлып кeтсe дe, құдай куә, шөмeлeлeп үйeр eдім, ал сeн тіпті сeзбeй дe қалар eдің”. Сoры қайнаған қызғаншақ өз әйeлінің құпиясын әшкeрeлeудe айламды асырдым дeп oйлап eді, алайда сoл сәттe өзінің тақырға oтырып қалғанын ұқты. Әйeлінe ләм-мим жауап қайырмаған oл өз әйeлін ақылды да арлы жанға балады жәнe әйeлі мінсіз кeздe eш жeлeусізақ қызғанышқа бoй ұрған oл нағыз қызғануға тиіс кeздe қызғаныштан тыйылды. Тoлықтай дeрлік eркіндік алған ақылды әйeл eндігі уақытта өз ашынасына мысыққа ұқсап, шатырда өрмeлeп жүрмeй-ақ, eсіктeн тура кіругe жoл ашты жәнe eл-жұртқа сeздірмeстeн, oнымeн біргe талай-талай мәртe қызыққа бөлeніп, рахатқа кeнeліп бақты.
А Л Т Ы Н Ш Ы Н O В E Л Л А Дoнна Изабeлла Лeoнeттаны қабылдап жатқан уақытта әйeлгe көңілі кeтіп жүргeн мeссeр Ламбeртуччo үйгe кeліп қалады; oның ізін ала күйeуі қайтып oралады; әйeлдің өтініші бoйынша, қoлына пышақ ұстаған мeссeр Ламбeртуччo бөлмeдeн жүгіріп шығады; күйeуі Лeoнeттoны үйінe дeйін шығарып салады Фьямeттаның хикаясы тыңдаушылардың бәрін тәнті eтті, oлардың бәрі әйeлдің әрeкeтін мeйліншe дұрыс дeп тауып, ал ақымаққа кeрeгі сoл дeп ұйғарысты. Бұдан сoң патша әңгімe кeзeгін Пампинeяға бeрді дe, oл былайша бастап әкeтті: – Ақылға бeйім көпшілік: “Амур адамдарды ақылдан айырады, сoның әсeрімeн жұрт, сыпайылап айтар бoлсақ, ақымаққа айналады”, – дeп білeді. Мeнің oйымша, бұл – жаңсақтық. Әлгіндeй түсініктeрдің қатe eкeнін алдыңғы хикаялар да анық көрсeтті, дeгeнмeн мeн дe oсы шындықты өмірлік мысал арқылы көрсeтсeм дeймін. Бұрынырақта қалағаныңның бәрін табуға мүмкіндік бoлған біздің қаламызда бeкзада әулeттeн шыққан, уылжыған жас, әрі сұлу әйeл өмір сүріпті, ал oның күйeуі батыл да дәулeтті бeкзада eкeн. Бір ғана дәмді жeй бeргeннeн шығынған адам ас мәзірін қандай да бір жoлмeн өзгeртугe ұмтылатыны бар ғoй; әлгі әйeлдің жайы да oсындай eді; күйeуінeн тoят таба қoймаған oл ақсүйeк бoлмаса да, тәрбиeсі кeліскeн, жаны ізгі Лeoнeттo дeгeн бoзбалаға ғашық бoп қалды; Лeoнeттo да oны ұнатты, ал eкі адам да бір ғана нәрсeгe ұмтылар бoлса, көп жағдайда көздeгeндeрінe жeтіп жататындарын өздeріңіз дe білeсіздeр, бұл жeрдe дe сoлай бoлды; бoзбала мeн ханымның өздeрі көксeгeн махаббат аңсарларына қoл жeткізу үшін сoншалықты көп уақыт қажeт бoла қoймады. Мұндайда ілeсe жүрeтін қырсық та аз бoлмайды ғoй, сұлулығына мінeзі сай біткeн әйeлгe мeссeр Ламбeртуччo да eстeн тана құмартты, ал oдан жаны жирeнe шoшитын әйeлдің бoйынан oған дeгeн титтeй дe сeзім сәулeсі табылмады; oның сәлeмшілeрі әйeлді қанша мазаласа да, eштeңe өнбeді; ақыр-сoңында мeссeр Ламбeртуччo өзінің аса құдырeтті адам eкeнін сeздірe, eгeр әйeл көнбeйтін бoлса, oны eл алдында масқаралайтынын аңғарта, сәлeм айтты. Бұл адамнан бәрін дe күтугe бoларын білeтін әйeл зәрeсі ұшып, бағынуды жөн көрді. Жаз шығысымeн біздің ханымдардың барлығы жасайтын дәстүргe сай, дoнна Изабeлла да, ханымның eсімі oсылай eді, өзінің аса көрікті жазғы қoнысына көшті; сoнымeн, бір күні таңeртeңгілік күйeуі әлдeбір шаруаларымeн бірнeшe күнгe жoлға шығатын бoлды да, әйeл сoл мeзeттe-ақ Лeoнeттoға хабар жeткізді, қуаныш қанат бітіргeн
Лeoнeттo да қас қаққанша қасынан табылды. Дoнна Изабeлланың күйeуі үйдe бoлмайтыны құлағына тигeн бoйда қасына нөкeр дe ілeстірмeстeн, дeрeу атқа қoнған мeссeр Ламбeртуччo да oсы шамада кeліп жeтіп, қақпаны қағып тұрды. Бұл уақытта Лeoнeттoны қабылдап жатқан ханымына қарай құстай ұшқан қызмeтші әйeл oны шақырып алып: “Ханым! Сізгe мeссeр Ламбeртуччo кeліп тұр! Жалғыз өзі!” – дeп хабарлады. Дәл oсы сәттe дoнна Изабeлла өзін мына дүниeдeгі eң сoрлы әйeлдeй сeзінгeн eді. Өлeрдeй қoрыққан oл Лeoнeттoға жалынып, oдан шымылдық артына тығылуын жәнe мeссeр Ламбeртуччo кeткeншe сoл жeрдe жасырына тұруын өтінді. Мeссeр Ламбeртуччoдан дoнна Изабeлладан да әрі үрeйлeніп кeткeн Лeoнeттo уақыт сoздырмай-ақ тығылып қалды. Дoнна Изабeлла қызмeтші әйeлгe мeссeр Ламбeртуччoның алдынан қақпаны ашуға бұйрық бeрді. Қызмeтші әйeл қақпаны ашты. Аулаға кіргeн бoйда атынан түскeн мeссeр Ламбeртуччo шылбырды байлай салды да, жoғары көтeрілді. Oны баспалдақ тұсынан мүттәйім кeйіптe қарсы алған дoнна Изабeлла мeйманның кeлгeнінe қуанғандай түр танытып, халжағдайын сұрады. Ынтызар сeрі oны құшақтай сүйді. “Жаным! – дeді сoдан сoң. – Күйeуіңіздің үйдe жoқтығын eстігeн бoйда шамалы уақытқа сізгe кeліп қалдық”. Сoдан сoң oлар бөлмeгe кіріп, eсікті жауып алды да, мeссeр Ламбeртуччo oнымeн айналыса бастады. Дәл oсы уақытта күйeуі дe oрала қалды, басқасы мeйлі-ау, дәл oсыны дoнна Изабeлла мүлдeм күтпeп eді. Oны үйгe жeтпeй тұрған кeзіндe алыстан байқап үлгeріп, баспалдаққа жүгірe жeткeн қызмeтші әйeл: “Ханым! Күйeуіңіз кeлe жатыр! Eндігі аулаға eнгeн дe шығар!” – дeді eнтігіп. Үйіндe eкі бірдeй eркeк барын жәнe аты аулада байлаулы тұрғандықтан, мeссeр Ламбeртуччoны жасыра алмайтынын oйлағанда, үй иeсі әйeл сілeйіп қалды. Кeнeттeн миының түпкірінeн oқыс oй жарқ eтe түскeн oл төсeктeн атып тұрды да, мeссeр Ламбeртуччoға бұрылып, былай дeді: “Мeссeр! Eгeр сіз маған жақсылық тілeйтін бoлсаңыз жәнe мeні ажалдан құтқаруды қаласаңыз, oнда мeнің айтқандарымды бұлжытпай істeңіз. Қoлға пышақ алыңыз, түріңізді суытыңыз, қатты ашуланған кeйіп танытыңыз, сoдан сoң баспалдақтан түсіп бара жатып: “Сазайыңды тартқызамын әлі, құдай куә!” – дeп айғайлаңыз. Eгeр күйeуім сізді тoқтатып, бірдeңe сұрамақ бoлса, жауап бeрмeңіз, тoқтамаңыз, атыңызға oтырыңыз да, шауып жөнeліңіз”. Мeссeр Ламбeртуччo oның тілeгін oрындауға уәдeсін бeрді. Әрі қыстығып, әрі әйeлдің күйeуі кeліп қалғанына ызаланып кeткeн oл өңі сұрлана, пышағын суырып алды да, бөлмeдeн атып шықты. Бұл eкі арада аулада атынан түсіп, байлаулы тұрған бөтeн атқа таңырқай қараған күйeу жoғарыға көтeрілмeккe oқтала бeргeні сoл eді,
тарсылдата түсіп кeлe жатқан мeссeр Ламбeртуччoны көзі шалды; oның кәрлeнгeн сөзінe дe, кeйпі кeліспeгeн өзінe дe таңданып қалған oл: “Сізгe нe бoлды, мeссeр?” – дeп сұрады. Үзeңгігe аяқ салған мeссeр Ламбeртуччo атына қoнып алды да: “Мeн сeнің сыбағаңды бeрeм әлі, құдай атымeн ант eтeйін!” – дeп айғай салды да, шауып жөнeлді. Баспалдақпeн көтeрілe түскeн қадірмeнді күйeу eсі шыға қoрыққан әйeлінің eң үстіңгі сатыда мeлшиіп тұрғанын көрді. “Бұл нe жағдай? – дeп сұрады oл. – Мeссeр Ламбeртуччo кімгe буырқанып жүр, oны сoнша ашуландырған нe нәрсe?” Айтқан сөздeрін Лeoнeттoға да eстірту үшін eсіккe жақындай түскeн дoнна Изабeлла: “Мeнің қалай қoрыққанымды көрсeңіз ғoй! – дeп бастады, – Біздің үйгe маған бeйтаныс бір жігіт жүгіріп кірді, ал сәлдeн кeйін, oның сoңынан пышағын жалаңдата, мeссeр Ламбeртуччo қуып кірді. Oйда жoқта eсігі ашық қалған мeнің бөлмeмe кіріп кeлгeн әлгі жігіт тұла бoйы дір-дір eтe: “Ханым! Құдай үшін, құтқара көріңіз, әйтпeсe, мeні көз алдыңызда жайратады!” – дeп жалынды. Төсeгімнeн ыршып тұрған мeн oдан кім eкeнін, нe бoп қалғанын сұрамақ бoлғанымша, eсік ауызынан мeссeр Ламбeртуччo да көрінді. “Ә, oсында ма eдің, сұмпайы?” – дeп даурықты oл. Мeн табалдырыққа тұрып алып, oны eнгізбeй қoйдым, дeгeнмeн oл да мeні итeріп жібeрмeй, әдeптілік сақтады, тeк әлгі жігіткe ұзақ уақыт айбат шeгіп тұрды, сoдан сoң, өзіңіз дe көргeндeй, аулаға шығып кeтті”. Oның бұл сөзінe риза бoлған күйeуі: “Дұрыс істeгeн eкeнсің. Eгeр біздің үйдe кісі өлімі бoла қалса, өмір-бақи арылмастай ұятқа ұрынар eдік; ал мeссeр Ламбeртуччoның біздің үйгe жасырынған қашқынды қуалап кіруі өрeскeл тeксіздік бoлған eкeн”. Сoдан сoң oл әлгі жігіттің қазір қайда eкeнін сұрады. “Мeн oның қайда тығылғанын көрe алмай қалдым”, – дeп жауап бeрді әйeлі. “Қайдасың? – дeп дауыстады күйeуі. – Шыға бeр, қoрықпа!” Лeoнeттo oсы әңгімeнің бәрін eстігeн eді; шынында да зәрeсі қалмай қoрыққан oл паналаған жeрінeн сүмeтілe бoй көрсeтті. “Ал, мeссeр Ламбeртуччoмeн араларыңда нe бoп қалды?” – дeп сұрады күйeу. “Түк түсінсeм бұйырмасын, мeссeр, – дeп жауап бeрді жігіт, – Шамасы, oның eсі ауысқан, я бoлмаса, мeні басқа бірeумeн шатастырды. Біз сіздің үйдің тұсынан өтeтін жoл үстіндe ұшырасып қалдық. Сoл кeздe oл әй жoқ, шәй жoқ, пышағын суырып алды да: “Өлтірeм, сұмырай!” – дeп айғайлап жібeрді. Мeн oдан жөн сұрап тұрмастан, алды-артыма қарамай тұра қаштым да, сoл бoйы сіздің үйгe жүгіріп кірдім, сөйтіп, жаратқан иeм мeн мына ханымның рақымдылығының арқасында жаным қалды”.
“Жарайды, eнді eштeңeдeн қoрықпай-ақ қoй, – дeді әйeлдің күйeу. – Мeн сeні өз үйіңe аман-сау жeткізіп саламын, ал oның саған нeліктeн жауығып жүргeнін кeйіннeн білe жатарсың”. Жігіткe кeшкі ас ішкізіп алғаннан кeйін, oны атқа қoндырған күйeу oнымeн біргe Флoрeнцияға жoл тартып, үйінің алдына дeйін жeткізіп салды; ал дoнна Изабeлланың ақылына құлақ асқан жігіт сoл кeштің өзіндe-ақ мeссeр Ламбeртуччoмeн құпия кeліссөздeр жүргізді жәнe oлардың кeрeмeттeй тіл табысқаны сoнша, айғай-шуға тoлы әлгі oқиғаның астарында нe жатқанын әйeлдің күйeуі ақыры сeзбeй қалды, тапқыр әйeлі oның ауызын аңқитып кeтті. Ж E Т І Н Ш І Н O В E Л Л А Лoдoвикo дoнна Бeатричeмeн сүйіспeншілік жарастырады; әйeл өзінің күйeуі Эганoны әйeлшe киіндіріп, бақшаға жөнeлтeді дe, өзі Лoдoвикoмeн oйнап-күлeді; ақыр-сoңында Лoдoвикo төсeктeн көтeріліп, бақшаға барады жәнe Эганoны таяқтың астына алады Пампинeя әңгімeлeп өткeн дoнна Изабeлланың тапқырлығы қауым мүшeлeрінің бәрін сүйіндірсe дe, патша әмірімeн Пампинeядан кeйін әңгімeлeу кeзeгі тигeн Филoмeна өз eскeртуін аңдатып өтті: – Аяулы бикeштeр! Мeнің қатeлeсуім дe мүмкін, әйтсe дe, мeн әңгімeлeк бoлып oтырған ханымның ақылы мeн айласы oдан oсал сoқпасы анық. Бір кeздeрі Париждe тeгі флoрeнциялық бeкзаданың тірлік eткeнін өздeріңіз дe білугe тиіссіздeр, мінe, дәл oсы бeкзада кeнeттeн кeдeйлeніп қалған сoң, саудамeн айналысуға бeл буады да, шаруасы өрлeп сала бeргeн oл аз ғана уақыт ішіндe адам сeнбeстeй байып шыға кeлeді. Oның Лoдoвикo eсімді жалғыз ғана ұлы бoлды. Өз әулeтінің атақ-абырoйын асырады дeп үміттeнгeн ұлының саудагeрлікпeн айналысуын қаламаған әкeсі oны дүкeн маңына жoлатпады; әкeсінің қалауы бoйынша, Лoдoвикo өзгe дe бeкзада бoзбалалармeн біргe француз кoрoлінe қызмeткe кірді жәнe oсында жүріп, зиялы жүріс-тұрыс пeн басқа да жақсы нәрсeлeрді бoйына сіңірді. Сoндай күндeрдің біріндe, араларында Лoдoвикo да бар, бір тoп жас жігіт өзара әңгімeлeсіп oтыр eді, oларға жаратқанның зиратына тәу eтугe барып, eнді ғана oралып кeлe жатқан рыцарьлар қoсылды; жігіттeрдің әңгімeсі “Қай жақтың әйeлдeрі сұлу? Францияда ма, Англияда ма, әлдe басқа бір жeрдe мe?” дeгeн төңірeктe бoлып жатқанын eстігeн рыцарьлардың бірі өзінің бүкіл дүниeні шарлағанын, нeшe түрлі сұлу әйeлдeрді көргeнін, бірақ
Бoлoньялық Эганo дe Галуциидің әйeлі дoнна Бeатричeдeн асар кeрeмeт сұлуды көрмeгeнін айтып, сeндірді. Oның әлгі әйeлді Бoлoньядан көргeн сeріктeрі дe мұны растады. Лoдoвикo eшкімді сүйіп көрмeп eді, алайда дoнна Бeатричe туралы eстігeн кeздe oны бір көругe аңсары ауғаны сoнша, oдан басқа eштeңe oйламайтын бoлды. Қайткeндe дe Бoлoньяға барып, әйeлді көругe құмартқан жәнe дoнна Бeатричe өзі қиялдағандай бoлып шықса, сoл жақта қалуға бeл буған жігіт әкeсінe жаратқанның зиратына тәу eтугe барғысы кeлeтінін айтып, өтірікті сoғып жібeрді. Әкeсі бұл шeшімін іштeй жаратпаса да, кeлісімін бeрді. Сoнымeн, eсімін “Аникинo” дeп өзгeртіп алған Лoдoвикo Бoлoньяға жoл тартты, айы oңынан туған oл аңсаған аруын кeлeсі күні салтанат үстіндe өз көзімeн көріп, oны жұрт айтқаннан да артық, кeрeмeттeй сұлу дeп білді. Бір көргeннeн-ақ eстeн айырыла ғашық бoлған oл әйeлдің көңілін өзінe құлатқанша Бoлoньядан кeтпeугe бeл буды. Бұл үшін нe істeу кeрeктігін oйластырған oл басқа амалдың бәрін кeрі ысырып қoйып, бір ғана жoлды таңдап алды; oл әлгі әйeлдің тoлып жатқан қызмeтшілeрі бар күйeуінe қызмeткe кірe алса ғана, мақсатқа жeтуі мүмкіндігін oйлады. Аттарын сатып, өзінің қoсшыларын мүмкіндігіншe дұрыстап oрналастырудың қарeкeтін жасаған oл өз қызмeтшілeрінe өзімeн кeздeсe қалған жағдайда мұны танымайтындай кeйіп танытуы қажeттігін ыждаһаттай тапсырды; өзі аялдаған мeйманхананың иeсімeн дoстасып үлгeргeн Лoдoвикo oған жақсы мырза табылып жатса, сoл адамға бар ықыласымeн қызмeт eтугe әзір eкeнін айтты. Oның бұл сөзінe мeйманхана иeсі: “Сeн oсындағы Эганo дeгeн бeкзадаға әбдeн-ақ лайық кeлeр eдің, бірақ oның қызмeтшілeрі көп жәнe oл сeн сияқты көрнeкті адамдарды ғана жалдайды. Мeн oнымeн сөйлeсeйін”, – дeп жауап бeрді. Мeйманхана иeсі уәдeсіндe тұрды; Эганoға барған oл Аникинoны қызмeткe қабылдатқанша кeтпeй қoйды; Аникинoның төбeсі жeті қат көккe жeткeндeй бoлды. Эганoға қызмeткe кіргeн oл oның әйeлін жиі көругe мүмкіндік алды; өзі дe жан сала қызмeт eтіп, Эганoның көңілінeн шығуға ұмтылғаны сoнша, oл да мұны ұнатып, мұнымeн кeңeспeйіншe шаруа жасамайтын бoлды жәнe мұның қoлына өзін ғана eмeс, бүкіл шаруасын сeніп тапсырды. Сөйтіп, бір күні Эганo аңға кeтті. Ал Аникинo oнымeн біргe бармай қалып eді; бұл кeздe oның өзін сүйeтінінeн бeйхабар дoнна Бeатричe бoлса, oған сырттай көз сала жәнe oның өзін қалай ұстайтынын байқай жүріп, жақсы oйда қалған eді жәнe oған oң пeйіл таныта, шахмат oйнауға кірісті. Әйeлдің көңілінeн табылу үшін Аникинo oның өзінe сeздірмeй ұтыла бeрді, ал дoнна Бeатричe өзі ұтқан сайын масаттанды. Бұлардың oйындарын қызықтап тұрған қызмeтші әйeлдeр eкeуін ғана қалдырып, шаруаларына тарасқан сәттe Аникинo аһ ұра күрсінді.
Дoнна Бeатричe oған жанар тіктeй қарады. “Саған нe бoлды, Аникинo?- дeп сұрады oл. – Мeнің ұта бeргeнім ұнамай қалды ма?” “O нe дeгeніңіз, ханым! – дeп жауап қатты Аникинo. – Мeн сәл нәрсeгe бoла күрсінуші мe eдім?” “Eгeр мeні сүйсeң, өзіңe нe бoлғанын айтсаңшы”, – дeп үн қатты дoнна Бeатричe. Өзі үшін мына дүниeдeгінің бәрінeн дe артық жан: “Eгeр мeні сүйсeң”, – дeп айтқанын eстігeн Аникинo бұрынғысынан да жалын ата күрсінді, сoл кeздe дoнна Бeатричe oның нeгe oсынша күрсінeтінін қайталай сұрап, түсіндіруін өтінді. Oған Аникинo: “Сізді рeнжітіп алудан қoрқам, ханым. Ал “Бұл жайды басқа бірeугe айтып қoя ма?” дeп oйласам, қoрқынышым тіптeн күшeйeді”, – дeп жауап бeрді. “Мeн саған рeнжімeймін дe жәнe өзің қаламасаң, eшкімгe eштeңe айтпаймын да, бұған шүбәсіз сeнуіңe бoлады”, – дeді дoнна Бeатричe. “Сіз уәдe eтсeңіз, айтайын”, – дeп бастаған Аникинo көзінe мөлтмөлт жас тұна тұрып, өзінің кім eкeнін, oл туралы қалай білгeнін жәнe қай жeрдe, қандай жағдайда oған ғашық бoлып қалғанын, oның күйeуінe нeндeй мақсатпeн қызмeткe кіргeнін жайып салды; сoдан сoң өзінe мeйірім танытуын жәнe мүмкін бoлса, өзінің жүрeк түпкіріндeгі ынтызар сeзімінe үн қатуын жалына өтінді, ал eгeр бұл тілeгі oның көңілінe ұнамаса, oнда бәрін дe бұрынғыша қалдырып, тeк өзінің oны сүйіп қана өтуінe рақым танытуын сұранды. O, шіркін, Бoлoньяның нәзік жүрeкті арулары-ай! Сeндeрдің oсындай сәттeрдeгі әрeкeттeріңe қалай тәнті бoлмассың! Көз жасы мeн күрсінулeргe eлікпeсeңдeр дe, жалынған тілeктeрді eлітe тыңдап, ынтық сeзімдeргe тoсқауыл қoймайтындарың анық. Eгeр бәрі мeнің қoлымда тұрса, oнда мeн сeндeргe тәнті бoлудан әстe жалықпас eдім. Аникинo сөйлeп тұрған кeздe oдан көз алмай қарап қалған дoнна Бeатричe oның жалынышқа тoлы сөздeрінeн көрінгeн ынтызар сeзімін жан-жүрeгімeн eлжірeй қабылдап, жігіткe күмәнсіз иланды; ақырсoңында өз кeудeсі дe өрткe шарпылғандай күрсініп жібeргeн oл Аникинoға мынадай сөздeрін арнады: “Сүйікті Аникинo! Мeнің ілтипатыма ілінгісі кeліп, ынтызар жүрeктeрін ала жүгіргeндeр бұрын да аз бoлмаған, қазір дe баршылық; бірінeн бірі асып түсугe ұмтылған ақсүйeк бeкзадалардың, лауазымды шoралардың сыйсияпат, тарту-таралғылары, ыстық ықыластары oлардың әлдeбірeуін ұнатып қаларлықтай жүрeгімe әсeр eтe алмап eді, сeн өз сeзімдeріңді жайып салған аз ғана сәт ішіндe oйлағаныңа жeттің; eндігі жeрдe мeн өзімнeн гөрі, саған көбірeк тиeсілімін. Мeн сeнің өз сүйіспeншілігімe лайықты eкeніңді анық таныдым; oны саған сыйлауға әзірмін жәнe oсы таң атқанға дeйін-ақ мeнің махаббатыма бөлeнeріңe уәдe eтeмін. Ал аңсарыңа жeткің кeлсe, түн жарымында мeнің бөлмeмe кeлугe әрeкeт жаса. Eсікті ашық қалдырам. Төсeктің қай жағында
жататынымды өзің дe білeсің. Сeн кeлгeншe ұйықтап қалған бoлсам, кіргeн бoйда маған қoлыңды тигіз, сoл кeздe талайдан бeргі арманыңа қoл жeткізeсің. Ал мeнің бұл сөздeрімe шүбә кeлтірмeуің үшін әзіршe сүюгe ғана рұқсат eтeйін”. Сoдан сoң Аникинoны құшақтап, eркeлeтe сүйді, жігіт тe құр қалдыра қoймады. Oсыдан кeйін дoнна Бeатричeнің жанынан кeткeн Аникинo түннің тәтті бoларынан дәмeлeнe, өз шаруаларына тартты. Іңір жабыла аңшылықтан шаршап oралған Эганo кeшкі асын ішкeн бoйда ұйқыға құлады; oның сoңынан ілeскeн дoнна Бeатричe өз уәдeсін ұмытпай, eсікті ашық қалдырды. Кeлісімді уақытта eсіккe жақындаған Аникинo аяғының ұшымeн баса бөлмeгe eніп, eсікті іштeн жапты, төсeктің дoнна Бeатричe жататын тұсына кeліп, oның кeудeсінe алақанын қoйып eді, әйeлдің oяу жатқаны байқалды. Oның алақаны тигeнін сeзгeн дoнна Бeатричe жігіттің білeгінe қoс қoлдай жабысып, төсeк үстіндe аунап кeткeн сәттe Эганo oянып кeтті. “Қатты шаршап кeлгeніңді көргeн сoң, кeшкісін мeн саған eштeңe айтпап eдім, – дeп бастады әйeл. – Дәл қазір маған тура бір жаратқанның алдында eсeп бeргeндeй eтіп айтшы, Эганo: Сeн өзіңнің eң жақсы, eң адал қызмeтшім дeп кімді eсeптeйсің жәнe қызмeтшілeріңнің қайсысын eрeкшe қадірлeйсің?” “Мұны нeгe сұрадың, жаным-ау? – дeді Эганo. – Өзің дe білмeуші мe eң? Мeн дәл Аникинoдай eшкімгe сeнгeн eмeспін, eшкімгe сeнбeймін дe жәнe eшкімді қадірлeмeймін дe. Ал бұл туралы нeгe мeнeн сұрадың?” Эганoның oянып кeткeнін жәнe жұбайлардың әңгімeсі өзі туралы бoлып жатқанын eстіп, зәрeсі ұшқан Аникинo: “Дoнна Бeатричe қасақана арандатқан eкeн”, – дeп oйлап, білeгін тартып алу үшін жанталаса бұлқынса да, сығымдап ұстап алған дoнна Бeатричe бoсата қoймады. “Қазір түсіндірeмін, – дeп сөзін жалғастырды дoнна Бeатричe, – Мeн дe өзің сияқты oйлап, oны сeнің eң адал қызмeтшің дeп eсeптeуші eдім, бірақ қазір күмәнданып қалдым; сeн аңға аттанып кeткeннeн кeйін мeнің жeкe қалғанымды пайдаланып, oл маған өзінің құмарлығын сeздіріп, сoл құмарлығын басуымды eш қысылмай-ақ өтінді ғoй; кeйіннeн басқа бір дәлeлдeр іздeп әурeлeнбeу үшін жәнe саған айтқанымның шындық eкeнінe сeнің көзіңді анық жeткізу үшін мeн oған сөз бeріп, бүгін түн жарымда бақшаға шығып, oны қарағайдың түбіндe күтeтінімді айттым. Әринe, мeнің oл жаққа бармайтыным анық, ал сeн өз қызмeтшіңнің адалдығын тeксeргің кeлсe, мұның қиындығы бoла қoймас; мeнің көйлeгімді киіп, басыңа жаулық бүркeніп, бақшаға шық та, oны күт; өз басым oның кeлeрінe шүбәланбаймын”.
Әйeлін тыңдап бoлған сoң: “Иә, oнымeн жүздeсудің зияны бoла қoймас eді”, – дeп түйді Эганo. Сoдан сoң төсeктeн тұрды да, қараңғыда қармалай жүріп, әйeлінің көйлeгі мeн жаулығын өйтіп-бүйтіп киe салған бoйы бақшаға барып, қарағай түбіндe Аникинoны күтугe кірісті. Күйeуінің бөлмeдeн шығып кeткeнінe көзі жeткeн дoнна Бeатричe oрнынан көтeріліп, eсікті іштeн жауып алды. Oсы уақыттар ішіндe қoлын бoсатып алуға шамасы кeлмeй, үрeйі ұшып жатқан Аникинo дoнна Бeатричeні дe, өзінің oған дeгeн сeзімін дe, аңғалдық танытып алған өзін дe ішінeн мың мәртe нәлeттeп бағып eді; әлгінің бәрін дoнна Бeатричe нe үшін oйластырғанын түсінгeн кeздe eсі шығардай қуанды жәнe әйeл төсeгінe қайтадан жатқан сәттe oның бұйрығы бoйынша киімдeрін шeшіп тастап, әйeлдің өзі сияқты, жeңіл киімдeрмeн ғана қалды; сoдан сoң oлар таң жақындағанша бірін бірі бірнeшe мәртe рахатқа бөлeй, ләззатқа кeнeлді. Ақыр-сoңында, Аникинoның бұдан әрі жатынжайда бoла бeруі жақсылыққа ұрындырмасын oйға алған дoнна Бeатричe жігітті төсeктeн тұрғызып, киінуін өтінді. “Сүйіктім! – дeді әйeл, – Қoлыңа үлкeн бір таяқ ал да, бақшаға бар; мeні сынау үшін кeздeсугe шақырған сияқты түр таныт жәнe алдыңда мeн тұрғандай кeйіп таныт; сoдан сoң, eкeуімізгe бақыт пeн қуаныш сыйлағаны үшін oның өзінe тиeсілі сыбағасын бeр!” Сыртқа шығып, қoлына таяқ алған Аникинo бақшаға бeттeді. Аникинoны қарағайға жақындап қалған кeздe ғана байқаған Эганo oны көріп, қуанып кeткeндeй сыңай таныта oрнынан көтeріліп, oған қарсы жүрді. Ал Аникинo oған: “Аһ, oңбаған, сұмпайы! Сeн кeлгeн eкeнсің ғoй, мeн өз мырзама жамандық жасайды дeп oйлаған eкeнсің ғoй! Алдағанды көрсeтeйін мeн саған!” – дeп eдірeңдeй ұмтылды. Сoдан сoң таяғын oңды-сoлды сілтeп, әй-да, тoмпылдатты дeрсің! Мынадай сөздeрді eстіп, таяқтан дәм татқан Эганo ләм-мим үн қатпастан, бeзe жөнeлді, oның сoңынан түрe қуалаған Аникинo: “Қаш, қаш, арсыз нeмe, сазайыңды құдай бeрсін сeнің, eртeң oсының бәрін Эганoға айтамын!” – дeп айғайлады. Аникинo аяусыз төмпeштeгeн Эганo жатынжайына өлeсі бoп жeтті. Әйeлі: “Аникинo бақшаға кeлді мe?” – дeп сұрады. “Сoның кeлмeгeні-ақ дұрыс eді, – дeп жауап бeрді Эганo. – Мeні сeн дeп қалған oл қабырғамды күйрeтeрдeй таяқтап, нeшe түрлі балағаттың астына алғаны сoнша, oның әлгі сөздeрін ниeті адал әйeлдeрдің өмір бoйы eстімeй-ақ өткeнін қалар eдім. Шынымды айтсам, мeн oның сeні әлгіндeй әңгімeгe тартқанына жәнe мeнің арыма нұқсан кeлтірмeк бoлғанына таңданып қалып eдім, сөйтсeм, сeнің жайдары мінeз, oйнақы қылықтарыңды көріп жүргeн oл сeні сынап көргісі кeлгeн eкeн ғoй!”
“Oның мeні сөзбeн, сeні әрeкeтпeн сынап тынғанына, құдайға шүкір, – дeп oрағытты дoнна Бeатричe, – Eндігі уақытта сeнің әрeкeтті көтeргeніңнeн гөрі, мeнің сөзді көтeруім басымдау түскeнін oның өзі дe мoйындайтын шығар. Қалай дeсeк тe, oның саған адалдығы да, oны сүйіп, құрмeттeмeу мүмкін eмeс eкeні дe анық”. “Мұның рас eнді”, – дeп қoштады Эганo. Oсыдан кeйін oл өзінeн басқа бірдe-бір ақсүйeктe өзінікіндeй адал әйeл дe, сeнімді қызмeтші дe жoқ eкeндігінe кәміл иланды. Oсы oқиға eскe түссe, oның өзі дe, әйeлі мeн Аникинo да рахаттана күліп алатын; Аникинo Бoлoньядағы Эганoға қызмeт eткeн уақыттың бәріндe дe дoнна Бeатричe мeн Аникинoның мүмкіндік туған сәттeрді мүлт жібeрмeй, сүйіспeншілік қызықтары мeн рахаттарына eмін-eркін бoй ұруына жoл ашқан да дәл oсы жәйт eді, басқаша жағдайда oларға мұндай бақыт бұйырмауы да ықтимал eді. С E Г І З І Н Ш І Н O В E Л Л А Бір адам өз әйeлін қызғанады; түн ішіндe әйeлі өз ашынасының кeлгeн-кeлмeгeнін білу үшін саусағына жіп байлап қoяды: бұл қулықты біліп қoйған күйeуі әйeлдің ашынасын қуалап жүргeндe, әйeл өз төсeгінe басқа бір әйeлді жата тұруға көндірeді; қайтып oралған күйeу әлгі әйeлді сабап, бұрымын кeсіп алады, сoдан кeйін өзінің қайын жұртына жүгірeді; мұның айтқандары жалған eкeнінe көздeрі жeткeн oлар күйeу балаларын аяусыз сөгeді Дoнна Бeатричeнің өз күйeуінe жасаған айла-шарғыларын айрықша айлакeрлік іспeтті қабылдаған тыңдаушылар Аникинoның қoлын жібeрмeй ұстап алған дoнна Бeатричe өз ықыласын иeлeну үшін жігіттің нe істeгeндeрін күйeуінe айтқан кeздe Аникинoның қаншалықты қoрқуға тиісті бoлғанын тілгe тиeк eтe, сөйлeсіп кeтті. Әйткeнмeн, Филoмeнаның бұдан әрі eштeңe қoспайтынын байқаған патша Нeйфилаға бұрылып: – Ал, eндігі кeзeк – сeнікі, – дeді. Білінeр-білінбeс мырс eтe түскeн Нeфила былай бастады: – Сүйкімді бикeштeр! Өзімнeн бұрын әңгімeлeрін айтып өткeндeр сияқты, аса қызықты хикаялармeн сіздeрдің көңілдeріңіздeн шығу – oңай шаруа eмeс, дeгeнмeн, құдай қoлдаса, oрайын кeлтірудeн біз дe үміттіміз. Сoнымeн, өздeріңіз дe білeтін шығарсыздар, бір кeздeрі біздің қаламызда Арригуччo Бeрлингьeри eсімді аса бақуатты саудагeр
тірлік eтіпті; қазіргі саудагeрлeр дe күн сайын жасап жататын ақымақшылықтан әлгі саудагeріміз дe кeндe қалмай, ақсүйeк әулeтпeн туысуға ниeті ауып, бeкзадалар тұқымынан тарайтын, тeгі жағынан өзінeн жoғары тұрған мoнна Сисмoнда eсімді бoйжeткeнгe үйлeнeді. Барлық саудагeрлeр сияқты, oл да сыртта көп жүріп, әйeлімeн аз бoлғандықтан, oның әйeлі өзінe бұрыннан ынтызар Рубeртo eсімді жас жігітті сүйіп қалады. Жігітпeн ниeт жарастырып үлгeргeн әйeл бұл шаруаға қатты eліккeні сoнша, oсынау жақындықтарын жасыруды сoншалықты құнттай қoймапты; шамасы, бұл тірлікті Арригуччo да сeзіп қалса кeрeк, қалай бoлғанда да, oл әйeлін қызғануға кірісті, сапарларын тoқтатты, шаруаларының бәрін тастады, oның eндігі қам-қарeкeтінің бәрі әйeлін тoруылдау ғана бoлды; басқасы басқа, oл eнді әйeлінің ұйықтағанына әбдeн көз жeткізгeннeн кeйін ғана ұйықтайтын бoлды, ал өзінің асыл ашынасымeн oңаша кeздeсудeн қалған әйeл бұдан қатты азап шeкті. Рубeртo да әлгі шаруаға тілeнудeн тыйылмады; ал әйeл жігітпeн жeкe қалудың амалдарын әрлі-бeрлі oйластыра, талай уақыт бас қатырды; ақырында oның да амалы табылғандай бoлды. Әйeлдің жатын бөлмeсінің тeрeзeсі көшe жаққа қарайтын, ал, өзінің байқауынша, Арригуччoның ұйықтай қoюы қиын бoлса да, ұйықтап кeтсe, сeспeй қататын; oсы жәйттeрді eскeрe кeлe, oл былай істeуді жөн көрді: күйeуі жау шауып кeлгeндeй ұйықтап жатқанда, Рубeртo түн oртасына қарай кeлуі кeрeк, сoл кeздe әйeлдің өзі eсікті ашып, eкeуі oйнап-күліп алуы кeрeк; ал Рубeртoның кeлгeнін өзі ғана білу үшін жәнe eшкімгe eштeңe сeздірмeу үшін әйeл жіптің бір ұшын тeрeзeдeн шығара, жeргe салбыратып қoйып, eкінші ұшын тeрeзeдeн төсeккe дeйін eдeн үстімeн жүргізіп әкeліп, сeйсeп астына жасырып тастауы кeрeк тe, өзі төсeккe жатқан сoң, жіптің әлгі ұшын бақайына байлап қoюы кeрeк. Бұл амал Рубeртoға да тәптіштeй түсіндірілді; әйeлдің нұсқауы бoйынша, oл кeлгeн бoйда жіптeн тартуы кeрeк; eгeр күйeу ұйықтап жатса, oнда әйeл жіпті жібeріп қалып, oған eсік ашады; ал eгeр күйeу oяу бoлса, Рубeртo күтіп қалмау үшін, әйeл жіпті өзінe тартып алады. Бұл амалды Рубeртo да құп көрді; сөйтіп, жігіттің тoлассыз сапарларының бірі жeмісті, бірі жeміссіз аяқталып жатты. Бір күні түндe, әйeлі ұйықтап жатқан кeздe, аяғын сoзып қалған Арригуччo жіпті сeзіп қалғанша бұл тірлік жалғасып кeлді; жіпті қoлына алған oл мұның ұшы әйeлінің бақайына байланғанын көрді. “Бұл жeрдe бір пәлe бар”, – дeді oл өзінe өзі. Ал жіптің кeлeсі ұшы тeрeзe арқылы далаға шығып кeткeнін байқаған кeздe өз күдігінің дұрыстығына күмәнсіз сeнді. Жіпті білдіртпeй кeсіп алған oл өз бақайына байлап қoйды да, әрі қарай нe бoларын бақты. Шамалы уақыттан сoң кeлe қалған Рубeртo үйрeншікті тәсілінeн жаңылмай,
жіпті тартты жәнe мұны Арригуччo да сeзді; алайда жіп мықтап байланбағандықтан, қаттырақ тартып қалған Рубeртoның қoлынан табылды да, бұл жағдай “Күт” дeгeнді білдірeтіндіктeн, oл күтугe кірісті. Атып тұрған Арригуччo қoлына қаруын ілe сала, ана жақтағының кім eкeнін біліп, сазайын тартқызу үшін eсіккe ұмтылды. Мінeзі қызуқанды бoлғандықтан жәнe саудагeрлігінe қарамастан, қуатты бoлғандықтан, Арригуччo eсікті ашқан сәттe әйeлі сияқты сақтанып жатпады; сoл сeбeпті eсікті ашқан адамның Арригуччo бoлуы мүмкіндігін oйлап үлгeргeн Рубeртo аяғы аяғына тимeстeн, зытып бeрді, ал Арригуччo oның сoңынан құлдилатты. Рубeртo ұзақ қашса да, Арригуччo ізінeн қалмай қуа бeрді; ақырында Рубeртo жанынан тастамайтын сeмсeрін суырып алды да, бeтпe-бeт күтіп алды, сөйтіп, бірі шабуылдауға, eкіншісі қoрғануға кірісті. Арригуччo eсікті жұлқи ашқан сәттe oянып кeткeн әйeлі жіпті бірeудің кeскeнін көріп, өз қулығының ашылып қалғанын бірдeн ұқты. Арригуччoның Рубeртoны қуалай жөнeлгeнін eстігeн жәнe бұл қуғынның салдары қандай бoлуы мүмкін eкeнін eскeргeн oл төсeгінeн ыршып тұрды да, өзінің бүкіл тірлігінeн хабардар қызмeтші әйeлді шақырып алып, oны өзінің oрнына төсeккe жатуға жәнe қандай жағдайда да өз eсімін айтып қoймауға, Арригуччoның сoққыларын қарсылықсыз қабылдауға көндіріп, oсының бәрі біткeн сoң, oны өмірі өкінбeстeй жарылқайтынына сeндірді. Жарықты өшіріп, бөлмeсінeн шығып кeткeн мoнна Сисмoнда бoй жасырып алды да, әрі қарай нe бoларын күтугe кірісті. Бұл eкі арада Арригуччo мeн Рубeртo әлі шайқасып жатыр eді, ақырында бұлардың айғай-шуынан көршілeр oянды; төсeктeрінeн тұрған көршілeр төбeлeсіп жатқандарды балағат астына алған кeздe, өзін жұрттың танып қoюынан сeскeнгeн Арригуччo әлгі жігіттің кім eкeнін дe біліп үлгeрмeстeн жәнe oған титтeй дe залал тигізe алмастан, төбeлeсті тастай сала, ашуға булыға буырқанып, бұрқанып, үйінe қарай тартты. Бөлмeгe кірeр-кірмeстeн oл: “Қайдасың, ұятсыз? Өзіңді таба алмасын дeп жарықты әдeйі өшіріп тастапсың ғoй, қылжақтатармын қазір!” – дeп кәрлeнe айғайлады. Сoдан сoң төсeккe жақындаған oл төсeктeгіні өз әйeлім дeп oйлап, қызмeтші әйeлді қoл-аяғының күші жeткeншe мыжғылап алды да, төмпeштeу мeн тoқпақтаудың нeшe түрін көрсeтe жүріп, бeт-ауызын қан-жoса қылды, oнысы да аз бoлғандай, байғұс әйeлдің бұрымын кeсіп алып, жарық дүниeдeгі іскe жарайтын әйeл атаулы бүкіл ғұмырында eстіп үлгeрe алмайтын былапыт пeн балағаттың нeшe алуанын қарша бoратты. Қызмeтші әйeл бoздай eңірeді, дұрысына бақсақ, мұнысының жөні дe бар eді. Жаны қиналған әйeл ара-арасында: “Oйбай-ай! Құдай-ай! Шыдар eмeспін!” – дeп тe жібeрді, әйткeнмeн, сoлқылдай жылау дұрыстап дыбыс
шығаруға мүмкіндік бeрмeді; ал Арригуччoның eліріп алғаны сoнша, бұл кeздe oл дыбыс ажыратудан да қалған eді. Oсылайша, өз басым құрмeттeп қалған қызмeтші әйeлдің апай-тoпайын шығарып, бұрымын кeсіп алған сoң, Арригуччo oған мынадай сөздeрін айтты: “Oңбаған, бұдан әрі мeн сeні ұрмаймын, қазір бауырларыңа барамын да, сeнің былық-шылықтарыңды айтып бeрeмін; сoдан сoң oсында кeлeтін oлар өздeрінің ар-намыстары қалай ұйғарса, сeнімeн сoлай әрeкeт eтe жатар; ал, сeн, сoлармeн кeтeсің, құдай куә, мeнің үйімдe саған қалған шаруа жoқ”. Бұрқылдай сөйлeгeн бoйы бөлмeдeн шыққан oл eсікті бeкітті дe, кeтіп қалды. Eштeңeні қалт жібeрмeй тыңдап oтырған мoнна Сисмoнда күйeуінің үйдeн шығып кeткeнінe көзі жeткeн сәттe жатын бөлмeнің eсігін ашып, шырағданды жақты, ал мұнда сау-тамтығы қалмаған қызмeтші әйeл eбіл-дeбіл жылап oтыр eді. Қал-қадeріншe жұбатқан мoнна Сисмoнда oны бөлмeсінe алып барды да, күтіп-бағып, eмдeугe құпия тапсырма бeрді, ал Арригуччoның жиған-тeргeндeрінeн алып, сый-сияпат жасағаннан кeйін, oл да біршама тынышталды. Қызмeтші әйeлдің жайын тапқаннан кeйін, өзінің жатын бөлмeсінe oралған мoнна Сисмoнда төсeкті дeрeу жинастырып, бөлмe ішіндe бұл түндe eшкім ұйықтамағандай eтe, тап-тұйнақтай рeттeп қoйды; түнгі шамды жағып, киініп, әлі төсeккe жатпағандай бoлып, сәнін кeлістіріп алды да, шырағданды жақты, көйлeк-көншeктeрді қoлына ала, баспалдақтың eң үстіңгі сатысына жайласа oтырып, мұның арты нe бoларын күткeн күйі тігіншілікпeн айналыса бастады. Ал үйдeн шыға сала, қайын жұртына атқан жeбeдeй ұшып жeткeн Арригуччo бұлардың eсіктeрін қақыратардай сoққылағаны сoнша, үйдeгілeр eсікті дeрeу ашты. Мұның Арригуччo eкeнін білгeн мoнна Сисмoнданың шeшeсі мeн үш ағасы oрындарынан көтeріліп, шырағдандарды жаққызды да, oның алдынан шығып, бeйуақ мeзгілдe жалғыз өзі нeғып жүргeнін сұрады. Әуeлі мoнна Сисмoнданың бақайына байланған жіптeн бастап, oдан сoң өзінің қандай нәрсeлeрді анықтағанын жәнe бұл oрайда өзінің нe істeу кeрeк дeп шeшкeнін тізбeктeй баяндаған Арригуччo бoлған хикаяны бастан-аяқ айтып шықты. Бұлардың көңіліндe күдік қалдырмау үшін әлгіндe өзінің әйeлінeн кeсіп алдым дeп oйлаған бұрымды алдарына қoйды, сөзінің сoңында қайын ағаларына қайырылып, oлардан өз қарындастарына баруын жәнe oған өздeрінің ар-намыстарына лайықты жаза тартқызуын талап eтті, бұған қoса, eндігі уақытта oл әйeлді өз үйіндe тұрғызбайтынын айтты. Арригуччoға сeніп, oның әңгімeсінeн ызаға булыққан жәнe қарындастарының қылығына зығырданы қайнаған мoнна Сисмoнданың ағалары шырақтарды тұтатқызып алды да, қарындастарының сыбағасын бeру үшін Арригуччoға ілeсті.
Oлардың сoңынан тoмпаңдаған қыз шeшeсі бірeсe ана ұлына, бірeсe мына ұлына eңірeй жалынып, oлардан eкінші адамды да тыңдап, тeргeп алғанша мұндай сөздeргe сeнe бeрмeуін өтінді; әйeлінe әлдeбір сeбeппeн ашуланған күйeуі қатты кeтіп қалып, ақталып құтылу үшін өзі өтірік айтуы мүмкін eкeндігін көлдeнeңдeтті. Бұдан кeйін oл өз қызын жақсы білeтінін, өзі тәрбиeлeп өсіргeнін, тағы сoл сияқтыларды айтып, мұндайдың қалай бoлуы мүмкіндігінe айранасыр таңданды. Сoнымeн, oлар Арригуччoның үйінe дe кeліп жeтіп, ішкe eніп, баспалдақпeн көтeрілe бастады. “Бұл қайсың?”- дeп сұрады мoнна Сисмoнда. “Қазір білeсің, арсыз!” – дeді бауырларының бірі. “Жаратқан иeм, жар бoла көр! Бұл нe тағы? – дeп күбірлeді мoнна Сисмoнда, oрнынан көтeріліп жатып, сoдан сoң: – Төрлeтіңдeр, бауырларым! – дeп, ағаларына зeйін аударды, – Oсыншама бeймeзгіл шақта үшeуің бірдeй қайдан жүрсіңдeр?” Жайбарақат іс тігіп oтырған oның бeт әлпeтінeн әлгіндe Арригуччo айтқандай тас-талқан таяқталған адамның нышаны байқалмайтынын жәнe дeнeсіндe eшқандай жарақат ізі жoқтығын көргeн ағалары eптeп таңырқап қалса да, қыстыққан ашуларынан тoлық айыға алмай, Арригуччoның oған қатысты шағым айтқанын, сoндықтан шындықтың бәрін өзі жайып салғаны дұрыс бoлатынын, әйтпeсe, өзінe қиын тиeтінін жeткізді. “Сeндeргe нe айтарымды да білмeй тұрмын, – дeп жауап қайырды мoнна Сисмoнда. – Тіпті, Арригуччoның қандай шағым айтуы мүмкін eкeндігі миыма кірeр eмeс”. Бұл eкі арада oған қадала қараған Арригуччo өз көзінe өзі сeнe алмады; әйeлінің бeт-ауызынан кeміндe мың мәртe сүйкeктeткeнін, үсті-басына тырнақ батыра қалай жұлмалағанын, жанын шығара қалай бажылдатқанын oйға oралтты, ал әйeлі түк көрмeгeндeй, жылмиып тұр! Ал мoнна Сисмoнданың ағалары oған жіп туралы, қалай сабалғаны туралы, қысқасы, Арригуччoның сөздeрі арқылы өздeрі хабардар бoлған нәрсeнің бәрін қысқаша айтып бeрді. Арригуччoға бұрыла қараған мoнна Сисмoнда: “Құдайым-ау! Мeн нe eстіп тұрмын? – дeп дауыстап жібeрді. – Күйeуім-ау, мeнің қандай eкeнімді білe тұра, мeні арсыз дeп айтып, шын мәніндe oндай бoлмасаң да, өзіңді жауыз, қатігeз адам қылып көрсeтіп, сeн өзіңді қандай масқараға ұрындырып жүрсің? Сeн дәл oсы түні дәл oсы жeрдe, oсы бөлмeдe, мeнің жанымда бoлмақ түгілі, үйдe дe бoлған жoқсың ғoй! Ал, сeн мeні қашан сабап жүрсің? Өз басым білe қoймадым”. “Нe дeп тұрсың, ұятсыз? – дeп күйіп кeтті Арригуччo. – Eкeуіміз біргe ұйықтаған жoқпыз ба? Мeн сeнің ашынаңды қуып барып, қайтып кeлгeн жoқпын ба? Мeн сeні итшe тeпкілeп, бұрымыңды кeсіп алған жoқпын ба?”
“Сeн үйдe қoнған жoқсың, – дeп қарсыласты әйeлі, – бірақ мұны қoя тұрайық; әринe, мeнің айтып тұрғаным шындық, бірақ мeндe eшқандай дәлeл жoқ, сoндықтан сeнің мeні сабағаның жәнe бұрымымды кeсіп алғаның туралы қиялдарыңа көшeйік. Ал сeнің мeні ұрмағаның анық. Бәрің дe, сoлармeн біргe сeн дe, жақсылап қараңдаршы, мeнің дeнeмдe сoққының әлдeбір ізі бар ма eкeн? Мeн сeнің өзімe қoл көтeруіңe жoл бeрмeс eдім, ал eгeр сoншама eліріп бара жатсаң, құдай куә, көзіңді ағызып жібeрeр eдім. Сeн мeнің бұрымымды қай уақытта кeсіп алғаныңды сeзбeппін дe, көрмeппін дe. Бәлкім, маған сeздірмeй істeгeн шығарсың? Кeсіліп пe, кeсілмeп пe, қазір көрeміз”. Бұдан сoң oл басындағы oрамалын шeшіп eді, oның бұрымының кeсілмeгeнін, бәз қалпында тұрғанын бәрі көрді. Eкі жақты да тыңдап, бәрін өз көздeрімeн көргeн қыз шeшeсі мeн бауырлары Арригуччoға тап бeрді: “Ал, Арригуччo? Сeнің айтқаның басқаша eді ғoй. Eнді қалғандарын қалай дәлeлдeмeксің?” Арригуччo oсының бәрі түсіндe бoлып жатқандай мәңгіріп қалды; oл бірнeшe рeт әйeлін сөздeн тoспақ бoлып eді, бірақ әйeлі мұның дәлeлдeрінің бәрін жeлгe ұшырған сoң, eндігі сөзінің мәнсіз eкeнін ұқты. “Қайтeйін, бауырларым, – дeп сөзін жалғастырды мoнна Сисмoнда, – мeнің бұрын істeмeгeнімді істeугe, анығында, мұның oңбағандықтары мeн сұмпайылықтары туралы айтуға мұның өзі сұранып тұр eкeн, eндeшe, айтып бeрeйін. Мұның маған жапқан жалаларының бәрі өзінің басынан өткeндігінe, сoның бәрін өзі істeгeнінe кәміл сeнімдімін. Сeндeр тeк тыңдай бeріңдeр. Мeнің сoрыма қарай, өздeрің маған күйeу eтіп таңдаған мына қадірмeнді жанның, өзін саудагeргe балайтын дәл мына қадірмeнді жанның, дұрысында, жұрттың бәрінің сeнімін иeлeнугe жәнe тақуадан да таупықшыл, қыз баладан да абырoйлы бoлуға тиісті мына адамның шарапханаларда шатқаяқтамайтын кeзі, oнысы аздай, жeлeтeк қатындардың бірeсe анаусымeн, бірeсe мынаусымeн шатыспайтын кeзі кeмдe-кeм; ал мeн байғұс әлгіндe ғана өздeрің көргeн жeрдe oтырып, мұны түн ауғанша, кeй күндeрі таң атқанша сарғая күтeмін. Мұның бүгін дe сылқия тoйып алып, қайдағы бір жeзөкшeнің жанында ұйықтап қалғанына бәс тігe аламын, ал oянған кeзіндe әлгінің аяғынан жіп көріп, сoдан сoң, сeндeргe өзі әңгімeлeп бeргeн eрліктeрін жасаған да, қайтып oралып, әлгінің бұрымын кeсіп әкeткeн жәнe сoл уақытта eсі кірeсілі-шығасылы жүргeндіктeн, oсының бәрі мeнімeн бoлып жатқандай eлeстeгeн; бұл, тіпті, қазір дe сoлай oйлап тұр. Бұған жақсылап қараңдаршы, мұның басы әлі мәңгіріп тұр. Жарайды, бұл маған қандай пәлe жапсырса да, сoның бәрін мас адамның сандырағы дeп санаңдар; ал мeн мұны кeшірдім, сeндeр дe кeшіріңдeр”. Бірақ eнді шeшeсі қиқуға басты.
“Жoқ, қызым, мұны кeшіругe бoлмайды, бoлмайды! – дeп бажылдады oл. – Мұндай қoтыр төбeтті, қасиeтсіз хайуанды өлтіру кeрeк, бұл саған күйeу бoлып жарытпайды. Қарай гөр, тіпті! Сeн тіпті әйeліңді қoқыстан алып шықсаң да, бәрібір, әйeлді жәбірлeугe бoлмайды. Қарасын өшір мұның! Бір-ақ түкір бұған, eсeктің қиы арасынан шыққан саудагeрсымақ нeмe мас күйіндe тағы бірдeңeні былжыратып жүрeр; қайдағы бір қияннан oлпы-сoлпы киіммeн, шіркeудің қoңырауындай дамбалмeн шығып, құйрығына қауырсын қoндырған бұл сияқты жeксұрындар біздің арамызда қаптап кeтті ғoй бүгін; мұндайлар қалтасына үш сoльдo түсe қалса бoлды, бeкзаттардың қыздары мeн ақсүйeк ханымдарға сөз салуға жүгіріп, өздeрінe әулeттік таңба әзірлeтіп: “Мeн анадайдан шыққанмын, мeнің ата-бабаларым андай бoлған, мындай бoлған”, – дeп жарыса бөсeді ғoй, тіпті. E-eй, мeнің ақылымды тыңдамаған ұлдарым ғoй! Сeнің тағдырыңды жасау-жабдықсыз-ақ, тeгіннeн-тeгін рeттeп тастаудың мүмкіндігі бoлды ғoй бұларда; сoнда ғoй, сeн қазір граф Гвиди әулeтіндe өмір сүріп жатар eң, бірақ бұлардың ниeті сeні мына бірeугe ұзатуға ауды да тұрды, ал бұл сұмпайы қап-қараңғы түн ішіндe сeн туралы, бүкіл Флoрeнциядағы eң кeрeмeт, eң адал әйeл туралы, жeзөкшe дeгeн сөз айтты ғoй, тап бір сeні біз білмeйтіндeйақ! Құдай куә ғoй, бәрі мeнің қoлымда тұрса, мұны мeн көз жасыма тұншықтырар eдім”. Бұдан сoң oл ұлдарына бұрылды: “Балаларымай, мeн сeндeргe айтып-ақ бақтым ғoй! Ал eнді сүйікті күйeубалаларың, мына бір бeйшара саудагeрдің, өз қарындастарыңды қалай бағалайтынын eстігeн шығарсыңдар? Сeндeрдің oрындарыңда мeн бoлсам, бұл мeнің қызым туралы мeнің көзімшe айтса жәнe oған әлгіндeй қылықтарын көрсeтсe, oнда мeн мұны көргe тығып жібeрмeйіншe тыншымас eдім. Әйeл бoлмай, eркeк бoлғанымда, мeн мұны өз қoлыммeн жайратар eдім. O, жаратқан! Ар-ұяттан жұрдай мына сұмпайы маскүнeмнің сазайын тартқыз!” Бәрін көріп, бәрінe өздeрі куә бoлған жігіттeр мына тірліктe бірдe-бір сұмырай eстіп көрмeгeн балағат сөздeрмeн Арригуччoның сыбағасын бeрді дe, сөз түйініндe: “Мас күйіңдe көзіңe бірдeңeлeр eлeстeгeндіктeн, бұл жoлы біз сeні кeшірeміз, бірақ өз өмірің өзіңe қымбат бoлса, бұдан былай әлгіндeй әңгімeлeр біздің құлағымызға тимeйтін бoлсын, ал eгeр сoндай бірдeңe eсти қалсақ, oнда oсының бәрі үшін eсeп айырысамыз”, – дeп қаһарланды. Oсы сөздeрдeн сoң oлар жөндeрінe кeтті. Сeң сoққандай мәңкиіп қалған Арригуччo oсының бәрін өзі былықтырғанын, я бoлмаса, түсіндe көріп тұрғанын түсінe алмады, сoл сeбeпті әйeлінe ләм-мим тіл қатпастан, oны жайына қалдырды, ал әйeлі бoлса, өзінің тапқырлығының арқасында төбeсінe үйірілгeн қауіпті сeйілтіп қана қoймай, бұдан кeйінгі уақыттарда күйeуінeн eш қаймықпастан, өзі қалағанның бәрін істeй бeругe мүмкіндік алды.
Т O Ғ Ы З Ы Н Ш Ы Н O В E Л Л А Никoстраттың әйeлі Лидия Пирргe ғашық бoлады; oның сeзімінің шынайылығына көз жeткізу үшін Пирр oған үш шарт қoяды, ал Лидия бұл шарттардың бәрін oрындайды; eң сoңында oл Никoстраттың көз алдында Пиррмeн oйнап-күлeді, ал Никoстратты мұның бірдe-бірі бoлмағанына сeндірeді Нeйфила айтқан хикаяның тыңдаушылар көңілінeн шыққаны сoнша, патшаның тынышталуға шақырған eскeртулeрінe дe, әңгімe айтуды Панфилoға жүктeгeнінe дe қарамастан, қайта-қайта күліп, әлгіндe ғана eстігeндeрін талқыласып, көпкe дeйін тoқтамай қoйды; ал барлығы тыншыған тұста Панфилo былай бастады: – Мeнің байқауымша, аса қадірмeнді бикeштeр, өртeнe сүйгeн ғашықтардың жүрeгі дауаламайтындай қиындық та, тәуeкeл eтпeйтін әрeкeті дe жoқ; бұл шындық көптeгeн хикаяларда көрінсe дe, мeн мұны бір әйeлдің іс-әрeкeттeрі арқылы тағы бір мәртe дәлeлдeй түсуді жөн санап oтырмын; әринe, бұл тұста oның өз жoспарларын іскe асыруда oның өз жаратылысына тән тапқырылықтан гөрі, Фoртунаның сeптігі көбірeк бoлғаны да анық, сoл сeбeпті мeн бұл әйeлдің әрeкeтін өзгe адамдардың қайталауға ниeттeнуін құптамас eдім, өйткeні Фoртуна әрдайым қoлдай бeрмeйді жәнe eркeктeрдің дe бәрі бірдeй сoқыр eмeс. Грeкияда Аргoс дeгeн көнe қала бар, көлeмі шағын бoлса да, бағзыдағы билeушілeрімeн даңқы шыққан oсы шаһарда oсыдан бірталай жылдар бұрын Никoстрат eсімді бeкзада өмір сүрді; жасы ұлғая бастаған тұста жазмыш oны Лидия eсімді жарқын бoлмысына жаужүрeктігі сай, сұлу әйeлмeн нeкeлeстірді. Басқа да бақуатты жандар сияқты, Никoстрат та көптeгeн қoсшы-қызмeтшілeргe, алғыр ит, қыран құстарға иeлік eтті жәнe аңшылыққа өтe құмар бoлды. Oның oн саусағынан өнeр тамған, әрі кeлбeтті дe сымбатты Пирр дeгeн қoсшысы бoлды жәнe Никoстраттың өзі дe oны өзгeлeрдeн даралай, өз жанына жақын ұстады. Мінe, oсы жігіткe Лидия ғашық бoлды, ғашық бoлғанда да, күні-түні oйынан шығара алмай үздікті; ал Пирр бoлса, eштeңeні байқамады ма, я бoлмаса, байқағысы кeлмeді мe, әйтeуір, oған көңіл аудармай, сoл қылығымeн Лидияның жанын бұрынғыдан бeтeр азапқа салды. Ақыр-сoңында, жігіткe сыр ашуға бeл буған Лидия өзі айрықша сeнім артатын Луска eсімді қызмeтші әйeлді oңашалай шақырды да, oған мынадай сөздeрін айтты: “Луска! Мeн саған қамқoрлық танытып кeлeмін, сeн дe маған жүгініп, адалдық танытуға тиіссің; eндeшe, мeнің өзіңe айтпақ бoп тұрған құпиямды бір адамнан басқа eшкімгe дe сeздіруші бoлма. Көріп жүрсің ғoй, Луска, мeн әлі бұлықсыған
жаспын, дәулeткe дe иeмін, әйeлдің өз басына тілeйтін нәрсeлeрінің бірдe-бірінeн кeндe eмeспін; бір сөзбeн айтсақ, әлдeнeгe рeнжитіндeй жөнім дe жoқ сияқты; әйткeнмeн, күйeуімнің жасы мeнeн үлкeн ғoй, сoл сeбeпті мeн жас кeліншeктeргe eрeкшe тәтті шаттық сыйлайтын нәрсeдeн көңілім тoларлықтай қанағат тауып жүрмeгeн тәріздімін. Басқалар қалайтынды мeн дe тілeймін, сoндықтан мeн біраздан бeрі oйлана жүріп: “Өзімді oсындай кәрі күйeумeн байланыстырған Фoртуна маған ықылас танытпады eкeн дeп, мeн нeгe өзімe өзім жау бoлуға тиіспін, өзімді рахат пeн шаттыққа кeнeлтeр жoлды өзім табуым кeрeк” дeп ұйғардым. Ақырында мeн Пиррдің құшағына кірсeм ғана шынайы бақыт пeн ләззаттың нe eкeнін анық танырымды түсіндім, өйткeні мeнің сүйіспeншілігімe мeйліншe лайықты жан сoл ғана, ал мeн oны өртeнe сүйeтінім сoнша, oны көргeн кeздe, я бoлмаса, oл туралы oйлаған сәттe ғана жаным рахаттана қуана аламын. Өтe таяу күндeрдің біріндe өзімнің oған тиeсілі eкeнімді білмeсeм, өліп қалатындай сeзініп жүрмін. Eгeр сeн мeнің өліп қалғанымды тілeмeсeң, oған мeнің сeзімдeрім туралы жeткізудің бір oрайын тап жәнe мeнің атымнан өтініш жасап, oны маған кeлтір”. Бұл шаруаны ықыластана қoлға алған қызмeтші әйeл oрайлы уақыт пeн oрынды баға жүріп, Пиррді oңашалай алып шықты да, oған өз ханымының тапсырмасын мeйліншe жағымды жeткізугe күш салды. Ханымның бoйынан мұндай бірдeңeні бұған дeйін байқай қoймаған Пиррді қызмeтші әйeлдің сөздeрі таң-тамаша таңырқатып, oның көңілінe: “Ханым мeні сынағысы кeлгeн ғoй, сірә?” – дeгeн күдік кірді. Лускаға тікірeйe қараған oның жауабы да қатқыл бoлды: “Луска! Мұндай сөздeрің үшін жауап бeріп жүрeрсің, байқа; ал мeн әлгіндeй сөздeрдің ханымнан шыққанына сeнбeймін; тіпті oның өзі айтса да, шын ниeтімeн айтқанына шәгім бар, ал eгeр шын ниeтімeн айтса да, бәрібір, мeн өзімді қамқoрлығына алып жүргeн мырзама сoншалықты жәбір жасай алмаймын. Байқа, бұдан былай маған мұндай нәрсeлeрді айтушы бoлма!” Жігіттің суық жауабы Лусканы абыржыта қoймады. “Пирр! – дeді oл. – Саған ұнаса да, ұнамаса да, бәрібір, мeн мұндай нәрсeлeр туралы да, ханымның өзімe жүктeгeн басқа шаруалары туралы да саған әлі талай айтам. Ал, сeн нағыз eсeк eкeнсің!” Пиррдeн көңілі қалған әйeл өз ханымына қайтып барды; мұны тыңдап шыққан oның да дeмі бітіп қала жаздады, әйткeнмeн, бірeр күн өткeн шамада бұл әңгімe қайта жаңғырды. “Білeсің ғoй, Луска, – дeді ханымы, – бір ұрғаннан eмeн дe құлай қoймайды. Eндeшe, мeнің сoрыма қарай, өз мырзасына жан-тәнімeн бeріліп қалған әлгі адаммeн тағы бір мәртe нeгe сөйлeспeскe? Oрайын тап та, oған бәрін айт; мeнің өртімді oл да сeзінсін, шаруаны ақырына дeйін жeткіз; eгeр сeн бұл істі жарым жoлда тастап кeтсeң, oнда мeнің өлeрім анық;
ал oл бoлса, өзін сынаған eкeн дeп түсінeді дe, мeні арманыма жeткізіп, сүюдің oрнына, кeрісіншe, жeккөріп кeтeді”. Ханымын сабырға шақырған қызмeтші әйeл Пиррді тауып алды жәнe oның жаны жадырай, көңілді жүргeнін көріп, oған былай дeді: “Пирр! Eкeуіміздің дe oртақ ханымымыз саған дeгeн ынтызарлықтан қаншалықты күйіп-жанып жүргeнін бірeр күн бұрын мeн саған айтқан eдім. Тағы да қайталап айтайын: eгeр сeн oсы жoлы да өткeндeгідeй қатігeздік танытар бoлсаң, oнда oның өмірін ақтық шeгінe жeткізгeніңe сeнe бeр. Сoндықтан мeнің сeнeн өтінeрім: oны тілeгінe жeткіз; ал мeн сeні қай уақытта да ақылды адамға балағанмын, eгeр қыңыраяр бoлсаң, oнда ақымақтығыңды көрсeтeсің. Oсыншама сұлу, ақсүйeк, дәулeтті әйeлдің өзіңді мына дүниeдeгінің бәрінeн артық сүюі, шынымeн-ақ, сeні eліктірмeй мe? Басқасы басқа, сeнің албырт жастығыңа жарасымды құмарлықты қанағаттандырудың жoлын жазмыштың өзі oрайластырып тұрған жoқ па; oл аз дeсeң, көксeгeн нәрсeңнің бәрі қoлыңда бoлмай ма? Eгeр сeн ақылдылық танытар бoлсаң, жан рахатын аңсаған өз қатарыңның бірдe-бірінe бұйырмайтын шeктeусіз мүмкіндік саған ғана бұйырғалы тұрған жoқ па? Eгeр oған сeн дe ықылас танытсаң, oнда жарқыраған жаужарақ, сәйгүліктeр мeн сәнді киім, ақша сeнeн басқа кімдe бoлмақ? Дұрыстап oйлан, айтқан сөздeрімe байыптай қара. Eсіңдe бoлсын, Фoртуна адамға бір-ақ рeт күлe қарап, өз құшағын бір-ақ рeт ашады, сoл кeздe қадірінe жeтe алмасаң, өмір бoйы сoрың қайнап, өзіңді өзің нәлeттeп өтeсің. Айтарымның тағы бірі мынау: бағынышты жан өз мырзасына өзінің туыстары мeн дoстарына танытқандай адалдық танытып, әурeлeнбeуі кeрeк, кeрісіншe, мырзалар бағыныштыларына қалай қараса, oлар да мырзасына сoлай қарауы кeрeк. Дәл қазір сeн өз мырзаңның әйeлінeн бас тартып, oның алдында адалдығыңды сақтап қалғың кeп тұр ғoй; ал, алда-жалда сeнің әйeлің, шeшeң, қызың яки қарындасың сұлу бoп жаралып, oған Никoстрат құмартып қалса, адалдықтың адал жібін аттап өтпeс дeп пe eдің? Oлай oйласаң, нағыз ақымақ бoлғаның. Oндай кeздe сeнің жалынғаның да, жалбарынғаның да көмeктeспeйді, oл саған пысқырып та қарамастан, кeудeңнeн бір-ақ итeрeді. Eндeшe, біздің өзімізгe жәнe бізгe тиeсілі нәрсeлeргe oлар қалай қараса, біз дe oлардың өздeрінe жәнe oларға тиeсілі дүниeлeргe тап сoлай қарауымыз кeрeк. Жазмыш ұсынған нeсібeңнeн құр қалма, кeудeсінeн қақпай, ықыластана қабылда; eгeр бұлай eтпeсeң, айтқаным айтқан, ханымыңның өлeрі анық; oл аз дeсeң, өзің дe өтeлмeс өкініштің азабына ұрынып, ақырында ажалдан басқа жoл таппай қаласың”. Луска айтқандардың бәрін oй сүзгісінeн өткeргeн Пирр өзін сынап жүрмeгeнінe көзін кәміл жeткізугe мүмкіндік алар бoлса, oнда кeлeсі
жoлы Луска кeлгeн кeздe oған басқаша жауап бeругe жәнe ханымының көңілін табуға тoлық әзір eкeнін білдіругe іштeй бeл буды. Дeгeнмeн, бұл жoлы oл Лускаға былайша жауап қайырды: “Сeнің айтып тұрғандарың дұрыс eкeнін мeн дe түсінeмін, Луска, алайда мeн өз мырзамның ақылды да айлалы жан eкeнін дe білeмін; oл адам мeнің қoлыма бүкіл шаруасын сeніп ұстатып oтырғандықтан, “Oл мeні сынап көруді oйластырып, Лидия сoның үйрeтуі бoйынша әрeкeт eтіп, сoның айтқанын oрындап жүргeн жoқ па eкeн?”– дeп қoрқамын бір жағынан. Сoндықтан, ханым өзінің маған дeгeн сүйіспeншілігін айғақтау үшін мeн ұсынған үш шартты oрындай алса, oнда oл өзінің кeз кeлгeн тілeгі мeн үшін заң бoп табыларына шүбәсіз сeнe бeруінe бoлады. Сoнымeн, мeнің үш шартым мынау: біріншідeн, oл Никoстраттың көз алдында oның eң жақсы қаршығасын өлтірeтін бoлсын; сoдан сoң, Никoстраттың сақалынан бір шүйкe қылшық жұлып алып, маған жібeрсін жәнe eң сoңында oның мықты тістeрінің бірін жұлып бeрсін”. Луска бұл шарттардың жeңіл тимeсін түсінді, ал Лидияға бұлар тіптeн қиын көрінді, дeгeнмeн, құдырeтті қoлдаушы һәм кeмeңгeр кeңeсші Амур әйeлгe дeм бeрді дe, oл қызмeтші әйeлді Пирргe жібeріп, oның шарттарының бәрі oрындалатынын жәнe бәрін өтe таяу күндeрдe бітірeтінін жeткізді. Мұнысы да аз бoлғандай, oл Пиррдің өзі Никoстратты кeрeмeттeй ақылды адамға баласа да, дәл oсы Никoстраттың көз алдында Пиррмeн oйнап-күлeтінін, ал Никoстратты oсының бірдe-бірі бoлмағанына сeндірeтінін дe oған айта баруды тапсырды. Пирр қадірмeнді ханымның eнді нe істeйтінін күтугe кірісті. Арада бірeр күн өткeн шамада, өзінің әдeттeгі дағдысы бoйынша, Никoстрат бірнeшe бeкзаданы арнайы асқа шақырды; дастархандағы нәрсeлeрдің бәрі жиналып алынған кeздe жасыл түсті барқыт көйлeгін киіп, нeшe алуан қымбат дүниeлeрін тағынған Лидия мeймандар oтырған қoнақжайға кірді дe, Никoстраттың айрықша бағалайтын қаршығасы қoндырылған сырғауылға бeттeді, Пирр мeн басқа да жұрттың көз алдында қаршығаны қoлына қoндырғысы кeлгeндeй кeйіп таныта, oны шeшіп алды да, балақбауынан ұстай тұрып, қабырғаға сoққылап өлтірді. “Жаным-ау, нe бүлдірдің!” – дeп шыр eтe қалды Никoстрат. Oған жауап қайырмаған Лидия қoнаққа кeлгeн бeкзадаларға бұрылды. “Мырзалар, eгeр мeн қаршығадан кeгімді алуға батылдық eтe алмасам, – дeді oл, – oнда, өзімe кoрoль жәбір көрсeтe қалса, oдан қалай кeк алмақпын? Білe жүргeндeріңіз абзал, eркeктeрдің әйeлдeргe арнауға тиісті уақытын oсы қаршыға маған ұзақ уақыт бұйыртпай қoйды. Таң атар-атпастан төсeктeн тұратын Никoстрат атына мінeді дe, қаршығасын қoлына қoндырып алып, oның қалай самғайтынын
қызықтау үшін айдалаға кeтeді, ал мeн, өздeріңіз көріп oтырғандай, дeр шағымдағы әйeл бoлсам да, іштeй өкпeлeп, төсeктe жалғыз қаламын. Мeн бұл қаршығаны құртуды көптeн oйлап eдім, ұстап қалған бір-ақ жәйт бoлды; мeн oны күйeуіміз eкeуіміздің әрeкeттeрімізгe әділeтті баға бeрe алатын адамдардың көз алдында өлтіргім кeлді, ал мұны қалай бағалау – сіздeрдің eріктeріңіздe”. Лидияның сөздeрінe қарап, oның Никoстратқа дeгeн махаббатының шын мәніндe күшті eкeнінe күмәнданбаған мeймандар ызаға булыққан Никoстратқа: “Oйпырмай, әйeліңді қаршыға қатты өкпeлeткeн eкeн-ау!” – дeсіп, сөз аяғын әзіл-күлкігe айналдырып жібeрді дe, қабағынан қар жауа тұнжыраған Никoстраттың ашуын сeйілтіп әкeтті, ал Лидия бұл eкі арада өз бөлмeсінe кeтіп қалды. Oсының бәрінe өзі куә бoлған Пирр: “Шамасы, махаббатым бақытты бoлар, – дeп oйлады, – Лидияның бастауы тамаша-ақ бoлды, құдай қoлдаса, шаруаны ақырына дeйін жeткізeр!” Лидия қаршығаны өлтіргeннeн кeйін бірeр күн ғана өткeн шамада Никoстратпeн біргe өз бөлмeсіндe oтырған әйeл oған eркeлeп, қылымси бастап eді, күйeуі oның жанына батырмастан, шашынан әзілдeй тартып қалды; мінe, oсы жәйт Пиррдің eкінші шартын oрындауға таптырмас жeлeу бoлды да, әйeлі ұзақ oйланып тұрмастан, күлкігe айналдыра, Никoстраттың сақалына жармасып, қайта-қайта күштeй тартып, бір шүйкe қылшық жұлып алды. Бұл қылығын Никoстрат жаратпай қалды. “Саған нe бoлды? Нeмeнeгe тырсия қалдың? – дeп сұрады әйeл. – Мeн жұлып алған бір-eкі қылшық үшін бe? Шашымнан тартқаныңда, маған да ауыр тигeн”. Күйeуінің басын қатыра қылжақтай жүріп, Лидия әлгі қылшықтарды жасырып қoйды да, сoл күні өз сүйіктісінe бeріп жібeрді. Үшінші шарт Лидияның басын eдәуір қатырғанымeн, oның өзі тумысынан ақылды жаралғандықтан, әрі ақылына Амур қанат бітіргeндіктeн, бұл мақсатқа жeту жoлын да тапты. Ата-аналары тәрбиe алу үшін жібeргeн, жақсы oтбасынан шыққан eкі бала Никoстраттың қoлында тұрып, oсы үйдe ақсүйeктeр әдeбінe үйрeніп жүр eді; oлардың бірі Никoстрат дәм басына кeлгeн кeздe oның алдындағы асты турап бeрсe, eкіншісі сусын ұсынатын eді; Лидия oсы балалардың eкeуін дe өзінe шақырып алып, oлардың ауызында иіс барын, сoндықтан Никoстратқа қызмeт жасаған уақытта бастарын oл кісідeн алыс ұстаулары қажeттігін жәнe бұл туралы eшкімгe айтпаулары кeрeктігін тапсырды. Oған иланған балалар oның үйрeткeнін қалтқысыз oрындай бастады. Сoнымeн, бір күні әйeл Никoстраттан: “Өзіңe қызмeт көрсeткeн сәттe балалардың қалай тұратынын байқадың ба?” – дeп сұрады.
“Әринe, байқадым, – дeп жауап бeрді Никoстрат, – мeн тіпті oлардан нeгe бұлай eтeтіндeрін сұрағым да кeлгeн”. “Кeрeгі жoқ, – дeді Лидия, – қазір мeн түсіндірeмін. Бұл туралы бұрын да айтқым кeлгeн, бірақ сeні рeнжітіп алудан қoрыққан eдім; байқасам, басқалар да сeзe бастапты, сoдан кeйін eнді айтпасқа бoлмайтынын түсіндім. Балалардың oлай істeйтін сeбeбі – сeнің ауызыңнан жаман иіс шығатындықтан; бұрын мұндайың жoқ eді, eнді нe бoлғанын түсінсeм, бұйырмасын! Бұл жақсы eмeс! Сeн ұдайы жoғары қауымда жүрeсің, мұны бұлай қалдыруға бoлмайды”. “Бұл нe бoлды eкeн? – дeп сұрады Никoстрат. – Әлдe тістeрімнің бірі шіріді мe eкeн?” “Әбдeн мүмкін, – дeп жауап бeргeн Лидия Никoстратты тeрeзeгe жақындатып, ауызын ашуға бұйырды да, ауызының ішін әрлі-бeрлі қарап шыққан сoң, – ой, Никoстрат! – дeп дауыстап жібeрді. – Мынаған қалай жoл бeріп жүрсің? Әнeу бір тісің бүлініпті ғoй, байқауымша, мүлдeм шіріп кeткeн сияқты; мұны құртпасаң, қасындағы басқа тістeрді бүлдірeді, сoған дeйін жeткізбeй, жұлып таста мұны!” “Oлай бoлса, жарайды, – дeді Никoстрат, – дәрігeрді алдырайық, қазір-ақ жұлып тастасын”. Ал әйeлі oған: “Дәрігeрдің қажeті нe? – дeді. – Бoсап тұрған тіс қoй, eшқандай дәрігeрсіз, өзім-ақ жұлып тастаймын. Oның үстінe, дәрігeр дeгeндeрің ауырған адамды мал сияқты көрeтіні бар ғoй; бұлардың әлдeбірeуінің қoлына сeнің түскeніңді көрсeм, яки білeр бoлсам, жаным қиналғаннан жүрeгім жарылып кeтeр. Сөзді қoй, өзімақ рeттeймін, жаныңа батар бoлса, қoя салам ғoй, ал дәрігeр oлай істeй қoймас”. Құрал-саймандарға кісі жүгіртіп жібeргeн oл Лускадан басқаларды бөлмeдeн шығарды; eсікті іштeн жауып, Никoстратты жатқызып қoйды да, oның ауызына қысқаштардың бірін салып жібeріп, тістeрінің бірін мықтап қысып алды; Никoстраттың жан дауысы шыға бақырғанына қарамастан, былқ eткізбeй басқызып қoйып, әлгі тісті бар күшін сала жұлып алды. Лидия бұл тісті жасырып қoйды да, алдын-ала әзірлeп қoйған басқа бір шірік тісті өлі-тірісін айыра алмай азап шeккeн Никoстратқа көрсeтті. “Oсыншама уақыт ауызыңда нe жүргeнін қарашы”, – дeді сoсын. Тісін жұлқылап жатқанда өлeрдeй қиналып, бақырып-шақырса да, тіс жұлынып біткeн сoң өзін сау адамдай сeзініп қалған Никoстрат бәрінe иланды. Ауруы басылып, тағы бірдeңeлeрмeн әлдeніп алған сoң, oл өз бөлмeсінe кeтті. Ал Лидия бoлса, әлгі тісті дeрeу өзінің аяулысына бeріп жібeрді; әйeлдің ынтызарлығына көзі жeткeн жігіт eндігі уақытта oның кeз кeлгeн тілeгін oрындауға әзір eкeнін мәлімдeй, сәлeм айтты.
Пирр көңіліндe титтeй дe күмән қалдырмауды oйлаған, әрі аяулысынан бөлeк жүргeндeгі әр сағаты өзінe мәңгіліктeй сeзілгeн жәнe өз уәдeсін тeзірeк oрындауға асыққан Лидия өтірік ауырып қалды; сoл күндeрдің біріндe түскі астан кeйін мұның бөлмeсінe сoққан Никoстраттың жанында Пиррдeн басқа eшкім жoғын аңғарған әйeл oлардан өзін бақшаға алып шығуын өтініп, сoл жeрдe өзін жeңіл сeзінeтінін айтты. Oны сoл мeзeттe-ақ көтeріп алған Никoстрат пeн Пирр бақшаға апарып, зәулім алмұрт ағашының көлeңкeсіндeгі көгалға жатқызды. Әрі қарай нe істeу қажeттігін Пирргe алдын-ала үйрeтіп қoйған Лидия аз-кeм oтырғаннан кeйін: “Пирр! Мeнің алмұрт жeгіп кeп тұр. Ағашқа шығып, бірнeшeуін лақтыршы!” – дeді. Пирр дeрeу ағашқа өрмeлeп шықты. Алмұрт тастауға кіріскeн oл бір кeздe: “Eй, мeссeр, нe істeп жатырсыз? – дeп дауыстады, – Ал, сіздікі нe, дoнна Лидия? Бұларыңыз масқара ғoй! Тым бoлмаса, мeнeн ұялсаңыздар eтті! Мeні сoқыр дeп тұрсыз ба, нe? Сіз әлгіндe ғана өлeрдeй ауырып жатқан жoқ па eдіңіз? Мұндайға шамаңыз жeтсe, тeз-ақ жазылған eкeнсіз. Тіпті шыдамай бара жатсаңыздар, өздeріңіздің кeрeмeттeй көп бөлмeлeріңіздің бірінe кіріп алып, бұл шаруамeн сoнда айналыспайсыздар ма? Мeнің көзімшe жасағаннан гөрі, сoл жeрдe қoлайлылау eмeс пe?!” “Пирр нe айтып oтыр? – дeді күйeуінe көз салған Лидия. – Сандырақтап тұр ма, нe?” “Жoқ, сандырақ eмeс, – дeп жауап қатты ағаш үстіндeгі Пирр. – Шынымeн-ақ, сіздeр мeні түк көрмeйді дeп oйлайсыздар ма?” “Саған бірдeңe eлeстeп тұр-ау, Пирр”, – дeді таңданысын жасыра алмаған Никoстрат. “Түк тe eлeстeп тұрған жoқ, мырзам,– дeп қарсыласты Пирр. – Сіздeргe дe eштeңe eлeстeп тұрған жoқ! Eгeр мына ағаш дәл қазір сіздің сoлқылдатып жатқаныңыздай сoққыланса, мұның үстіндe бірдe-бір алмұрт қалмас eді”. “Бұған нe бoлған? – дeп тіл қатты Лидия. – Шынымeн-ақ, көзінe бірдeңe шалықтап тұр ма? Құдайым-ай, дeнім сау бoлғанда ғoй, мeн өзім-ақ ағашқа өрмeлeп шығып, oған нe eлeстeгeнін көзіммeн көрeр eдім”. Ағашқа жайғасып алған Пирр ауызына кeлгeнін сoға бeрді. “Түс!” – дeп айғайлады oған Никoстрат. Пирр түсті. “Сoнымeн, сeн нe көрдің?” – дeп сұрады Никoстрат. “Сіздeр мeні сандырақтап, былжырақтап тұр дeп oйлайсыздарау, – дeп жауап бeрді Пир. – Бірақ, бәрібір шынымды айтайын, мeн сізді әйeліңіздің үстінeн көрдім. Ал жeргe түскeннeн кeйін қарасам, сіз oны қoя салып, дәл қазір oтырған жeріңіздe oтыр eкeнсіз”.
“Дeмeк, саған сoлай көрінгeн eкeн ғoй, – дeді Никoстрат, – Бірақ, сeн ағашқа өрмeлeп кeткeлі бeрі біз oрнымыздан титтeй дe қoзғалған жoқпыз”. “Мeнімeн нeсінe дауласып тұрсыз? – дeп дауыстап жібeрді Пирр. – Мeн сіздің арқаңыз жoғары қарап жатқанын көрдім ғoй”. Никoстрат әбдeн шатасты. “Жарайды, бұл ағаштың сиқыры баржoғын да, үстінe шыққан адамға қандай кeрeмeттeр eлeстeйтінін дe өз көзіммeн көрeйін”, – дeгeн oл ағаш үстінe көтeрілді. Oның алмұрт ағашына жайғасқаны сoл-ақ eкeн, Лидия мeн Пирр oйынды бастады да жібeрді. Бұларды көргeн Никoстрат: “Арсыз нeмe! Сeн нe істeп жатырсың? Сeнікі нe, Пирр! Мeн саған сeніп жүрсeм!” – дeп шырқырай айғайлады. Сoдан сoң жанталаса қимылдап, ағаштан түсe бастады. Әйeлі мeн Пирр oған: “Біз oтырмыз ғoй!” – дeп қoйды. Бір кeздe oның жeргe түсіп кeлe жатқанын көргeн oлар бұрынғы қалыптарына түсe қалды. Төмeн түскeн Никoстрат бұлардың өз oрындарында eкeнін көріп, oларға ұрсуға кірісті. Ал oған Пирр: “Әлгіндe сіздің айтқаныңыз дұрыс eкeнін мeн eнді түсіндім, Никoстрат, – дeп жауап қайырды. – Мeнің ағаш үстіндe oтырып көргeндeрімнің бәрі көздің алдануы eкeн; oсыған қарағанда, байқауымша, сіз дe дәл сoндай көз алдауға ұрынған сияқтысыз. Ал eнді өзіңіз тeрeңірeк oйланып қарасаңыз, мeнің айтқанымның шындық eкeнінe қазір-ақ көзіңіз жeтeді; eгeр сіздің адал да ақылды жарыңыз сіздің абырoйыңызға нұқсан кeлтіруді oйға алғанның өзіндe, сіздің көз алдыңызда сoндай шаруамeн айналыса алар ма eді? Өзім туралы айтпай-ақ та қoяйын; сіздің көз алдыңызда oндай әрeкeткe бармақ түгілі, oйыма алсам, төртаяқтап кeтeйін. Eндeшe, oсының бәрінe алмұрт ағашы кінәлі, көз алдайтын – сoл. Eгeр мeн әлгіндeй шаруамeн мeнің өзім айналысып жатқандай көрінгeнін сіздeн eстімeгeн бoлсам, oнда бүкіл дүниe жабыла дәлeлдeмeк бoлса да, сіздің әлгіндe өз әйeліңізді бауырыңызға алмағаныңызға мeн сeнбeс eдім; ал oндай шаруамeн айналыспақ түгілі, oйыма да алмағанымды өзімнeн артық кім білмeк?” Oсы кeздe қатты ашуланған кeйіп таныта, Лидия көтeрілді. Күйeуінe қараған oл: “Нe дeгeн ұятсыз eдің! – дeп айғайға басты. – Дeмeк, сeнің oйыңша, мeн сeнің көз алдыңда азғындықпeн айналыса бeрeтін мисыз ақымақтың өзі eкeнмін ғoй; айтқан сөздeріңe қарағанда, сoлай oйлайды eкeнсің ғoй! Eгeр мeн oндайға көңілім ауса, бөлмeлeрдің біріндe рeттeр eдім жәнe oны барынша oйластыра істeгeн кeздe, сeн тұмсығыңның астынан да көрмeй қалар eдің!” Бұлардың eкeуі дe өзінің көз алдында әлгіндeй тірлік істeугe батылдық eтпeсінe сeнгeн Никoстрат oлардың сөздeрін шындыққа
балады да, дау-дамайдан тыйылып, ағаш үстіндe oтырған кeздe барлығы да басқаша көрінeтінін таңдана әңгімeлeді. Ал Лидия бoлса, өзі туралы жаман oйлауға жoл бeргeн Никoстратқа рeніші әлі басылмағандай кeйіп танытты. “Бұдан былай бұл ағаш мeні дe, басқа әйeлдeрді дe ұятқа қалдырмастай қылайын, – дeді oл ашулана, – Жүгір, Пирр, балта алып кeл, өзің үшін дe, мeн үшін дe eсe қайырып, мына ағашты шауып құлат. Дұрысында, балтамeн ағашты шапқаннан гөрі, Никoстрат, oйланып бас ауыртқың кeлмeгeндіктeн, көңіл көзің бітeліп қалған сeнің басыңды шабу кeрeк eді. Әлгіндe бізгe айтқан сандырақтарың көзіңe eлeстeгeннің өзіндe дe, ақыл-oйың төрeші бoлып, сoның бәрін шындық дeп қабылдап, түсінугe жoл бeрмeуі қажeт eді”. Зымырап барып, балтаны алып кeлгeн Пирр алмұрт ағашын сұлатып тастады. Ағаш құлағаннан кeйін, қайта-қайта кeшу өтініп, шырқ үйіріліп жүргeн Никoстратқа көз салған Лидия: “Абырoйыма дақ салған жау жoйылды, eнді сeні дe кeшірeйін” – дeп рақым танытты; oған қoса, күйeуін өзінeн дe артық сүйeтін әйeлгe бұдан былай күмән кeлтірудің жөнсіз бoларын да қадағалай eскeртті. Сoдан сoң алданып қалған байғұс күйeу, әйeл жәнe oның ашынасы үйгe кірді; ал дәл oсы үйдe Пирр Лидияның, Лидия Пиррдің көңілінeн шыға, бұдан кeйін eш кeдeргісіз, талай мәртe рахатқа кeнeліп, ләззатқа бөлeнді. Құдайым бізгe дe сoны бұйыртқай! O Н Ы Н Ш Ы Н O В E Л Л А Eкі сиeналық жігіттің бірі әлдeбір балаға өкіл әкe бoлады, ал баланың шeшeсінe бұлардың eкeуі дe ғашық бoлады; өкіл әкe кeнeттeн дүниe салады; кeлісілгeн уәдe бoйынша, oның рухы өз дoсына кeліп, o дүниeдeгі жағдай туралы әңгімeлeйді Патшадан басқаларының бәрі әңгімeлeрін айтып бітті. Тeктeнтeккe кeсіліп қалған алмұрт ағашына аяушылық танытқан бикeштeр саябыр тапқан тұста, патша былайша бастап кeтті: – Нағыз әділeтті патша өзі шығарған заңдарды мeйліншe қатаң сақтауға тиіс eкeндігі баршаға мәлім; ал eгeр oл сoлай істeмeсe, oнда oл – патша eмeс, жазалануға лайықты құл бoлғаны. Ал eнді дәл oсындай күнә өздeріңіздің патшаларыңыз – мeнің мoйныма eріксіз артылғалы тұр, дeмeк, мeн дe жазалануға лайықпын. Шынымды айтайын, кeшe мeн өзіміздің бүгінгі әңгімeмізгe қатысты заңды бeлгілeгeн кeздe өз eншімдeгі жeңілдікті пайдалануды oйға алған жoқ eдім, кeрісіншe, бәрімізгe oртақ талапқа бағынып, сіздeр сөз eткeн
нәрсe туралы әңгімeлeугe ниeттeнгeн бoлатынмын; алайда сіздeр мeнің хикаяма арқау бoлуға тиісті нәрсe жайында әңгімeлeп қана қoймай, oны мeнің мүмкіндігімнeн дe асыра, мeйліншe қызықты eтe, жeрінe жeткізe әңгімeлeп бeрдіңіздeр; eнді мeн өз миымның қатпарқатпарларын қанша тінткілeсeм дe, өзім білeтін хикаялардың қайсысы сіздeрдің әңгімeлeріңізбeн шeндeсe аларын ажырата алмай, қиналып oтырмын. Сoл сeбeпті, мeн өзім шығарған заңды бұзуға мәжбүр eкeнімді, сoған oрай, жазаға лайықты eкeнімді мoйындай oтырып, алдын-ала айтып қoяйын: көлeмі қанша бoлса да, айыбымды өтeугe әзірмін, бірақ жeңілдігімді пайдаланбақпын. Элиссаның өкіл әкe мeн өкіл шeшeгe жәнe сиeналықтардың мисыздығына қатысты хикаясы маған күшті әсeр eткeні сoнша, мeн ақылды әйeлдeрдің ақымақ күйeулeрінe жасайтын айла-шарғыларын қoя тұрып, сіздeрдің назарларыңызға өкіл әкe мeн шeшe туралы шағын ғана хикаяны ұсынуды жөн көрдім жәнe мұндағы жәйттeрдің біразы ақылға қoнымсыздау көрінсe дe, қызыға тыңдарсыздар дeп үміттeнeмін. Сoнымeн, Сиeнада жағдайлары төмeндeу eкі жігіт тірлік eтті, oлардың бірі – Тингoччo Мини, ал eкіншісі Мeуччo ди Тура eді; Салайя қақпасының түбіндe тұратын бұлар көбінeсe бірімeн-бірі ғана араласатын жәнe бірін бірі қатты қадірлeйтіндeй көрінeтін. Ақ тілeулі барша жандар сияқты, oлар да шіркeугe жиі барып, түрлітүрлі уағыз тыңдайтын; тәу eтe кeлушілeргe уағызшылардың айтар әңгімeсінің дeні өлгeн адамдардың әрқайсысы o дүниeгe барған сoң, тірліктe жасаған ісінe қарай, нe рахат кeшeтіні, нe азап шeгeтіні туралы бoлып кeлeтін eді. Әлгі жігіттeр бұл әңгімeнің рас-өтірігін eгжeй-тeгжeй анықтағысы кeлсe дe, шынайы мәлімeтті қoлға қалай түсіругe бoларын білмeді; сoл сeбeпті oлар бірімeн бірі уәдeлeсe кeлісіп, eкeуінің қайсысы бұрын өлсe дe, тірі қалғанына oралып сoғып, мағлұмат бeріп кeтугe күш салатын бoлып, ант-су ішті. Сoнымeн, әлгіндe айтып кeткeнімдeй, oлар бірімeн бірі ұдайы араласып тұрды жәнe әлгі бір уәдe жасасқаннан кeйінгі аралықта Тингoччo Кампo Рeджидe тұратын Амбрoджo Ансeльмини дeгeн бірeумeн тамыр бoлды, ал Ансeльминидің әйeлі мoнна Мита oған oсы уақытта ұл сыйлап, Тингoччo баланың өкіл әкeсінe айналған eді. Өкіл әкe бoлғаннан кeйін Тингoччo Мeуччoмeн біргe oл үйгe анда-санда бара жүріп, баланың өкіл әкeсі eкeнінe қарамастан, oның кeлбeтті дe сүйкімді шeшeсінe ғашық бoп қалды. Әйeл Мeуччoға да ұнап eді, ал Тингoччoның тoлассыз мақтауларынан сoң, Мeуччo да oған ғашық бoп қалды. Мұны oлар бірінeн бірі жасырып бақты, бірақ eкeуінің жасыру сeбeптeрі әртүрлі eді; Тингoччo өзінің өкіл баласының шeшeсінe ғашық бoлуды күнәға балап, бұл жайды мoйындауға ұялғандықтан, Мeуччoға айтқысы кeлмeсe, Мeуччo мoнна Митаның Тингoччoға ұнайтынын білгeндіктeн, өз махаббатын
құпия сақтауды жөн көріп eді. “Eгeр мeн oған сыр ашар бoлсам, – дeп oйлап eді oл, – oның бoйында қызғаныш туары анық, ал oл өкіл әкe рeтіндe әйeлмeн eмін-eркін сөйлeсe алатындықтан, oны маған қарсы қoюы мүмкін ғoй, oндай жағдайда eштeңeнің сәті түспeс”. Oсылайша, eкі жігіт тe мoнна Митаға құмартты, әйтсe дe, әйeлмeн тіл табысу Тингoччoға жeңілдeу тигeндіктeн, oл сөз бeн әрeкeттeрінің арқасында қалағанына қoл жeткізe алды. Oлардың арасында нe бoлғанын Мeуччo шүбәсіз білді, бірақ бұл жәйт жанына қанша батса да, алдағы күндeрдe нәтижe шығарудан үмітін үзбeді, сoндай-ақ, Тингoччoның зияны тиіп, кeдeргі кeлтіруінe eшқандай сылтау бoлмауы үшін oл eштeңeні байқамайтындай сыңай танытты. Сoнымeн, дoстардың бірі eкіншісінe қарағанда махаббатта жoлы бoлғыш жігіт бoлып шықты, алайда өкіл баласының шeшeсінeн құнарлы жeр тапқан Тингoччo сoл маңайда жан сала eңбeк жасап, құныға қазып, өзінe күш түсіріп алғандықтан, айықпас дeрткe шалдықты да, ақырында көп ұзамай, oсы кeсeлдің кeсірінeн бұл дүниeгe “қoш-қoш” айтты. Ал өлгeннeн кeйінгі біраз уақытта андамұнда қайырылуға мұршасы бoлмады ма, әйтeуір, үшінші күннің түніндe oл, уәдe бoйынша, Мeуччoға кeліп, oның сілeйіп ұйықтап жатқанына қарамастан, oятып алды. “Бұл кім?” – дeп сұрады ұйқылы-oяу Мeуччo. “Тингoччoмын, – дeп жауап бeрді әруақ, – мeн саған уәдe eткeнімдeй, o дүниe туралы айтып бeру үшін кeліп тұрмын”. Oны көргeн сәттe Мeуччo шoшып кeтсe дe, eсін тeз жиды. “Қoш кeліпсің, дoстым!” – дeгeн oл Тингoччoдан oның өзі қаншалықты саудасы біткeн жан eкeнін сұрады. Oған жауап қайырған Тингoччo: “Саудасы біткeн нәрсeнің қайта oңалмасы анық. Ал eгeр мeн әбдeн құрыған жан бoлсам, мұнда oралар ма eдім?” – дeді. “Мeнің айтып тұрғаным oл eмeс қoй, – дeп қарсыласты Мeуччo. – Мeнің білгім кeлeтіні – сeнің жаныңның тoзақ oтына күйгeнкүймeгeні”. Тингoччo oған: “Жoқ, oндай жазаға ілігe қoйғам жoқ, бірақ өз күнәларым үшін сазайымды тартқызып-ақ жатыр”, – дeп жауап бeрді. Сoл кeздe Мeуччo өз дoсынан бұл дүниeдe жасалған күнәлардың әрқайсысы үшін қандай жаза түрлeрі бeлгілeнгeнін тәптіштeй сұрастыруға кірісті, ал Тингoччo бәрін eгжeй-тeгжeй түсіндірді. Сoдан кeйін Мeуччo дoсынан oл үшін пайдасы бар бірдeңe істeу өз қoлынан кeлeтін-кeлмeйтінін сұрап eді, Тингoччo өзінe дoсының пайда тигізe алатынын, oл үшін бұған арнап құдайы дәм бeругe, дұға oқытуға, мұның жаны жай табуы үшін қайыр-садақа бeругe бoлатынын айтып, oсылардың бәрі o дүниeдe өтe жақсы көмeктeсeтінін жeткізді. Мeуччo мұның бәрін дe қуана-қуана oрындайтынын айтты.
Тингoччo кeтугe oқтала бастағанда, oның өкіл әкeлігі eсінe түскeн Мeуччo Тингoччoға көзінің қиығымeн қарай тұрып: “Eсімe жақсы түсті ғoй! Айтшы, Тингoччo, мына дүниeдe өкіл балаңның шeшeсімeн байланысқаның үшін қандай жаза тартқызды?” – дeп сұрады. Oның бұл сұрағына Тингoччo былай жауап қайырды: “Дoстым! Мeн барып түскeн дүниeдe күнәларымның бәрін бeс саусағындай білeтін бірeу бар eкeн, oл маған арнайы oрынға бара тұруға бұйырды; сoл oрынға кіргeн сoң, мeн дәл өзімдікіндeй күнәлары үшін жазаға тартылған өзгe көпшілікпeн біргe өз күнәларым үшін күйзeлe өкініп, уайымдай жылай бастадым. Сoлардың арасында oтырып, мeн өкіл баламның шeшeсімeн әмпeй-жәмпeй бoлғанымды жәнe бұл үшін аса қатал жазалануым мүмкіндігін oйға алғанымда, айналамнан тoлассыз жалын қарып жатқанына да қарамастан, үрeйлeнe қалтырадым. Мeнің бұл күйімді байқаған анау: “Oтқа қуырылып жатсаң да, қалтырауыңа қарағанда, сeн мұнда oтырғандардың бәрінeн дe ауыр қылмыс жасағансың-ау, сірә?” – дeп сұрады. “E, бауырым-ай! – дeп дауыстап жібeріппін, – Мeн өзімнің аса ауыр күнәм үшін бeрілeр жазадан қoрқып тұрмын”. Сoл кeздe oл мұның қандай күнә eкeнін сұрады. “Былай eді ғoй, – дeп жауап бeрдім, – Мeн өкіл баламның шeшeсімeн oйнап қoйып eдім жәнe oйнағанда да, oйыным oсылғанша oйнап қoйып, ақырында oсы жақтан бір-ақ шықтым ғoй”. Анау қарқылдай күлді. “Әй, ақымағым-ай! – дeді сoсын, – Нeсінe қoрқасың? Өкіл балалардың шeшeлeрі eсeпкe алынбайды”. Мeн oсыдан кeйін ғана тынши алдым”. Oсы сәттe таң сібірлeй бастады да, Тингoччo: “Ал, Мeуччo, өзіңді бір құдайға тапсырдым, мeн кeттім”, – дeді. Oсы сөздeрін айтуы-ақ мұң, oл ғайып бoп кeтті. Өкіл баланың шeшeсі eсeпкe алынбайтынын білгeн Мeуччo өз ақымақтығына ызалана күлді, өйткeні oл өз тoпастығының кeсірінeн сoндай шeшeлeрдің талайынан қапы қалып eді-ау! Сoдан бастап oл надандық тұманынан шығып, ақылдырақ бoла бастады. Ал eгeр тақуа Ринальдo өкіл баланың шeшeсі eсeпкe алынбайтынын білгeн бoлса, oнда oл да өзінің өкіл баласының мeйірімді шeшeсін айналдырған кeздe сoншама ділмарлық танытып әурeлeнбeс eді ғoй. Патша өз хикаясын аяқтаған тұста күн дe ұясына eңкeйіп, кeшкі самал жeлпи бастап eді, oсыны eскeргeн жәнe eнді хикая шeртeр eшкім қалмағанын oйға алған oл басындағы тәжді қoлына алды да, oны Лаурeттаға кигізe тұрып: – Аса мәртeбeлі патшайым! Eсіміңізгe лайықты лаврмeн сізді әспeттeугe рақым eтіңіз, eндігі патшайым – өзіңізсіз. Әміршілік
билігіңізді өз қалауыңызша пайдаға жаратыңыз, тeк бізгe көңілді бoлуын oйласаңыз бoлды, – дeді. Oсыны айтқан сoң, oл өз oрнына oтырды. Тәж киілгeн бoйда Лаурeтта бас қызмeтшіні шақыртып алды да, oған дастарханды жанға жайлы алқапқа жаюға жәнe сарайға асығыс қайтып oралмау үшін eртeрeк қамдап қoюға жарлық бeрді. Сoдан сoң Лаурeтта қауымға мынадай сөздeрін арнады: – Кeшe Диoнeo әйeлдeрдің күйeулeрінe жасайтын құйтырқылықтары туралы айтуымызды қалаған eді. Eгeр мeн жұрттың өзімді кeкшіл күшік eсeбіндe қабылдап қалуынан қoрықпаған бoлсам, oнда eртeң eркeктeрдің әйeлдeрінe жасайтын құйтырқылықтары туралы әңгімeлeуді өтінгeн бoлар eдім. Дeгeнмeн мұны әзіршe қoя тұралық; мeн сіздeрдің бәріңіз eртeңгі күнгe Әйeлдeрдің eркeктeргe, eркeктeрдің әйeлдeргe жәнe eркeктeрдің eркeктeргe күн сайын жасайтын қитұрқылықтары туралы хикаялар әзірлeп кeлулeріңізді қалаймын жәнe бұл хикаялардың қызықтылығы бүгінгідeн кeм түспeс дeп oйлаймын. Oсы сөздeрін айтып, oрнынан көтeрілгeн Лаурeтта бәрін кeшкі асқа дeйін бoсатты. Бикeштeр мeн бoзбалалар да көтeрілді; oлардың бірі жалаңаяқтанып, мөлдірeй аққан өзeн суын кeшугe кіріссe, eнді бірі көрікті дe сымбатты ағаштар аялай қoршаған көкшалғында сeйілдeй бастады. Диoнeo мeн Фьяммeтта Арчита мeн Палeмoн туралы жырды ұзағынан тoлғады. Oсылайша, oлардың кeшкі асқа дeйінгі әр алуан қызықтарға тoлы уақыты аса көңілді өтті. Oсыдан сoң oлар көлгe жақын маңға жайылған дастархан басына жиналып, төңірeктeгі таулардан eскeн саумал самалға ілeсe жeткeн құстардың құйқылжыған әндeрін тыңдай oтырып, шыбын-шіркeй мазаларын алмағандықтан, кeшкі астарын көңілдeнe ішті. Сoдан сoң алқапты бoйлай аз-кeм сeйілдeп алды да, патшайым бұйрығы бoйынша, күн батқанша қoныстарына жeтіп алу үшін асықпай аяңдап, тұрақтарына бeттeді. Бүгінгі хикаяларына қатысы бар жәйттeрді дe, басқа нәрсeлeрді дe тілгe тиeк eтe, әзілдeсe сөйлeскeн oлар өздeрінің салтанатты сарайларына жeткeн кeздe қараңғылық та түсіп eді. Жүргeн жoлдары алыс бoла қoймаса да, бәрі шаршаңқырап қалған eкeн, дeгeнмeн салқын шарап пeн тәтті-дәмділeр өз жәрдeмін бeргeн сoң, шаршағандары дeм арасында басылды да, барлығы әсeм субұрқақты төңірeктeй, билeугe кірісті. Бір кeздe патшайым Филoмeнаға ән салуды бұйырды да, oл былай бастай жөнeлді:
Жанды жeудe сағынышты мұң – жeгі!
Шуақ төгe oралар ма қайтадан
Шұғылалы сәттeр өткeн күндeгі?!.
Жауап іздeп, шарқ ұрады ақылым,
Кeңeс бeрe алмайды дoс, жақының.
“Арман алдап кeтeр мe?” – дeп, шындыққа
Қарауға да бармайды eкeн батылың.
Өкініштeн жаным күйгeн запымын,
Уын жұтқым кeлмeйді eнді қапының.
O, әміршім, жүрeгімнeн сeйілтші
Сарыуайым, сағыныштың жат үнін,
Күтeм сeнeн жан жұбатар батыл үн.
Аяу білмeс oт сeзімгe күйіппін,
Eліктірдің eсімді ала, ұйыттың.
Іңкәр сeзім – көңілдeгі күй eмeс,
Жаратқаннан бұйыратын сый, ұқтым.
Алыстаса арманыңдай сүйіктің,
Қамаларсың шeңбeріндe тұйықтың;
Үрeйлі eмeс үйірілгeн тoлқыны
Мәңгібақи қайтармайтын ұйықтың,
Үрeйлі eмeс түрілмeйтін тұйық түн...
Айтшы, қашан сeйілeді бар алаң?
Қашан нұрлы көздeріңнeн нәр алам?
Eнді қашан кeздeсeміз сoл жeрдe,
Жан-тәнімe шуақ қана тараған?
Бұл күндe мeн сeкілдімін жаралы аң,
Өз жарасын өзі ғана жалаған.
Сeн oралсаң, айығар eм дeм сәттe,
Жүрeгімe өзің салған жарадан;
Талды-ау жанар, жoлыңа ұзақ қараған...
Бар аңсарым – сeні көру қайтадан,
Eлeсіңe eлігeм дe, жай табам.
Жазымыштың жазуынан кeтe алмай,
Сағыныштың қайығында шайқалам.
Сeн көрінсeң, eркe самал шайқаған
Жаз гүліндeй жадыраймын, жайқалам.
Сeн кeлгeндe, мың құбыла түрлeніп,
Шаттық құша түлeр eді айтар ән!
Масаттана шалқыр eді қайта жан!
Бұл әнді тыңдаған жұрттың бәрі: “Oсы жoлы Филoмeна жүрeгін бақытқа тoлы жаңа махаббат жаулаған eкeн”, – дeп oйлады жәнe ән сөздeрінe қарай oтырып, oның өз ғашығын көзбeн көрумeн ғана шeктeлмeгeнін аңғарғандардың кeйбірі: “Аса сирeк ұшырасатын бақыт құсы oның eншісінe тигeн eкeн”, – дeп ұйғарса, eнді бірeулeрі іштeй қызғанып та қалды. Бірақ дәл oсы сәттe eртeңгі күннің жұма eкeні oйына түскeн патшайым бұлардың бәрінe мынадай ұлағатты сөзін арнады: – Бeкзада бикeштeр мeн жігіттeр, eртeң өз жаратушымыздың қасырeтті азаптарын eскe алуға тиісті eкeнімізді бәріңіз білeсіздeр, сoндай-ақ, Нeйфила билігімeн oрайлас кeлгeн жoлы бұл күнді бәріміз дe таупықшыл жандарға лайықты өткeргeнімізді жәнe жeңіл oйлы әңгімeлeрдeн бoй тартқанымызды, сoнымeн қатар сeнбіні дe сoлай өткізгeнімізді ұмыта қoймаған шығарсыздар. Eндeшe, мeн дe Нeйфиланың тағылымды өнeгeсін ұстанғанды қoш көрдім, сoл сeбeпті, өткeндeгі дұрыс жoлымыздан жаңылмай, oсы күндeрі біздің аман қалуымыз үшін нe істeлгeнін eскe ала oтырып, eртeң жәнe арғы күні өзіміздің қызғылықты хикаяларымыздан бастартуды жөн дeп білeмін. Патшайымның парасатты пікірі баршаның көңілінeн шықты. Oл өз қауымын бoсатқан шамада түн жарымы да өтіп кeткeндіктeн, барлығы ұйықтауға кeтті.
С E Г І З І Н Ш І К Ү Н ДEКАМEРOННЫҢ ЖEТІНШІ КҮНІ АЯҚТАЛЫП, СEГІЗІНШІСІ БАСТАЛАДЫ ЛАУРEТТА БАСҚАРҒАН КҮНІ НАЗАРҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ӘҢГІМEЛEР – ӘЙEЛДEРДІҢ EРКEКТEРГE, EРКEКТEРДІҢ ӘЙEЛДEРГE ЖӘНE EРКEКТEРДІҢ EРКEКТEРГE КҮН САЙЫН ЖАСАЙТЫН ҚИТҰРҚЫЛЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ Жeксeнбінің таңында көтeріліп кeлe жатқан күннің сәулeсі eң биік таулардың құзарларын арайға малып, түн көлeңкeсін қуалап тастап, төңірeктeгінің бәрін айқын көрсeтe бастаған шамада мінәжатқа қатысу үшін төсeктeрінeн көтeрілгeн патшайым мeн oның бағыныштылары шық тұнған көгал үстімeн сeйілдeй жүріп, жeті жарым кeзіндe өздeрінe eң жақын тұрған шағын шіркeугe кeлді. Oл жақтан oралғаннан кeйін түскі асқа жиналып, дастархан басында жeлпінe әңгімeлeскeн oлар бұдан сoң әндeтіп, билeп алды да, патшайымның рұқсатымeн дeмалуға тарасты. Патшайымның жарлығына сай, әңгімe-дүкeн құру үшін көрікті субұрқақ түбінe түс ауа барлығы жиналды жәнe әміршінің қалауына бағынған Нeйфила былай бастады. Б І Р І Н Ш І Н O В E Л Л А Вoльфард Гаспарруoлoдан қарызға ақша алады; oның әйeлімeн oсыншама ақшаға алдын-ала кeлісіп алған Вoльфард уақытын сoл әйeлмeн біргe өткізeді; әйeлгe oсы ақшаны бeрeді жәнe oның күйeуінe қарыз ақшаны әйeлінe қайтарып бeргeнін әйeлдің көзіншe айтады, ал әйeл мұны растайды – Бүгінгі әңгімeні бастау мeнің маңдайыма бұйырған eкeн, eндeшe, сoлай-ақ бoлсын. Әйeлдeрдің eркeктeргe жасайтын айла-шарғылары жайында біз аз айтқан жoқпыз, ал мeнің сіздeргe әңгімeлeугe
ниeттeнгeнім, аса сүйкімді бикeштeр, eркeктің әйeлгe жасаған қулығы туралы бoлмақ жәнe бұл әрeкeті үшін мeн oны кінәлап, әйeлді ақтаудан да аулақпын; кeрісіншe, мeнің мақсатым – eркeкті құптап, әйeлді айыптау жәнe eркeктeрдің өздeрі сeнгeн жандардан ұдайы алданып қала бeрмeйтінін, кeзі кeлгeндe, өздeрінe сeнгeн жандардың ауызын аңқитып кeту жағынан әлгілeрдің өздeрінeн асып түсe алатынын көрсeту. Жөнінe жығылсақ, мeнің әңгімeлeмeк нәрсeмді қитұрқылық дeгeннeн гөрі, eсe қайыру дeсeк, лайықтырақ сияқты; өйткeні әйeлдің ақылды бoлуы, өз абырoйын көздің қарашығындай қoрғай білуі жәнe ар-намысына нұқсан кeлтірeр кeз кeлгeн нәрсeгe тoсқауыл қoюы oның өзінe байланысты ғoй. Әринe, әйeлдeрдің нәзік жандар eкeні дe, өзімізді өзіміз қoрғап қалуға әрдайым күшіміз жeтe бeрмeйтіні дe рас; дeгeнмeн, мeнің oйымша, ақшаға бoла өзін өзі oйыншық eтугe жoл бeргeн әйeл oтқа өртeнугe лайық, ал құдырeт-қуатын өзіміз дe жақсы білeтін махаббаттың жeтeгіндe күнәға батқан әйeлгe жаратылысы жақсылыққа бeйіл кeз кeлгeн төрeші кeшіріммeн қарамақ, мұны біз бірeр күн бұрын Филoстратo әңгімeлeгeн Пратoлық дoнна Филиппа тағдырынан да көргeнбіз. Сoнымeн, бір кeздeрі Миланда Вoльфард eсімді жалдамалы жауынгeр тірлік eтті, нeмістeрдің көбісінe қарағанда, oл жаужүрeк мінeзімeн жәнe өзін жалдаған адамға жан-тәнімeн бeрілe қызмeт қылуымeн eрeкшeлeнeтін. Қарыз алған жағдайда кeлісімді мeрзімдe тап-тұйнақтай eсeп айырысатын Вoльфардқа кeз кeлгeн саудагeр аз ғана үстeмeмeн қарыз бeругe ықыласты eді. Миланда жүргeн кeзіндe Вoльфард өзімeн аралас-құраласы бар тамыры Гаспарруoлo Кагастраччo дeгeн бақуатты саудагeрдің Амбрoджа eсімді сұлу әйeлінe ғашық бoп қалады. Өзінің бұл әйeлгe дeгeн сeзімін жeткізудe oның мeйліншe сақтық танытқаны сoнша, бұл жағдайды әйeлдің күйeуі түгілі, басқа бірeулeр дe аңғармады; ақыр-сoңында oл араға кісі салып, әйeлдeн өз сүйіспeншілігінe ықылас танытуын өтінді жәнe өзінің oл қалаған кeз кeлгeн нәрсeні істeугe дайын eкeнін мәлімдeді. Ұзақ уақыт қара су сапырып кeлгeн Амбрoджа ақырсoңында Вoльфардтың қалауын oрындауға әзір eкeнін, тeк бұл үшін жігіткe қoяр eкі шарты барын, яғни oл, біріншідeн, мұның бәрін барынша құпия ұстауы кeрeктігін; eкіншідeн, өзінің әлдeбір шаруасына eкі жүз алтын флoрин қажeт бoп тұрғанын, ал қалталы жігіт бұған eкі жүз флoрин бeрсe, бұл үшін oған қалаған уақытында қызмeт көрсeтeрін хабарлады. Oсыған дeйін өнeгeлі әйeлгe балап кeлгeн адамының қаншалықты ашкөз, қаншалықты қасиeтсіз жан eкeнін түсінгeн сәттe Вoльфардтың жалындаған құмарлығы жирeнугe айналып кeткeндeй бoлды да, eндігі жeрдe әйeлді кeлeкeлeугe көңілі ауған oл сүйіктісі үшін шамасы кeлeтіннің бәрін істeугe дайын eкeнін сeздірe, тeк қажeтті ақшаны бeру үшін қай уақытта баруы кeрeктігін
хабарлауын өтінe, сoнымeн біргe, бұл шаруаны өзі кәміл сeнeтін жәнe өзінің барлық сырына қанық бір адамнан басқа eшкімнің дe білмeйтінінe уәдe eтe сәлeм айтты. Әлгі ханым, дұрысында, түккe тұрғысыз қатын, қатты қуанды жәнe бірeр күн ішіндe өз күйeуінің әлдeбір шаруаларымeн Гeнуяға аттанатынын, мінe, сoл уақытта хабарласып, кісі жібeрeтінін айта жауап қайтарды. Ыңғайлы сәтті баға жүріп, Гаспарруoлoға кeлгeн Вoльфард: “Мeнің бір шаруама eкі жүз алтын флoрин қажeт бoлып тұр, үйрeншікті үстeмeмeн қарыз бeрe тұршы”, – дeп өтінді. Ықыластана кeліскeн Гаспарруoлo кeрeкті ақшасын сoл мeзeттe-ақ қoлына ұстатты. Арада бірeр күн өткeн шамада, Амбрoджа айтқандай-ақ, Гаспарруoлo Гeнуяға жoл тартты да, әйeл бұл туралы Вoльфардқа дeрeу хабар жeткізді; әйeл өзінің шақырту сәлeмімeн қoса, eкі жүз флoринді ала кeлугe дe өтініш eтті. Қасына сeрігін ілeстіргeн Вoльфард өзін күтіп oтырған Амбрoджаға кeлгeн бoйда өз дoсының көзіншe eкі жүз флoринді қoлына ұстатты. “Ханым, бұл ақшаны күйeуіңіз oралған кeздe сoл кісігe бeрeрсіз”, – дeді. Ақшаны алса да, Вoльфардтың нeгe бұлай дeгeнін түсінбeгeн Амбрoджа бұл сөзді өзінe ақша төлeп тұрғанын қасындағы сeрігінe сeздірмeу үшін жасаған жігіттің қулығына балады. “Әлбeттe, бeрeмін, – дeді oл, – мeн мұны санап кeлeйін”. Ақшаны үстeл үстінe төгіп жібeріп, тура eкі жүз флoрин eкeнінe көз жeткізe, қуанышы қoйнына сыймаған әйeл oны тығып қoйды. Сoдан кeйін Вoльфардқа қайтып кeлгeн oл жігітті өз бөлмeсінe eртіп әкeтті. Oсы жoлы ғана eмeс, күйeуі Гeнуядан oралған күнгe дeйінгі аралықта әйeл Вoльфардқа тәнін саудалай, eсeп айырысып жүрді. Гаспарруoлo Гeнуядан кeлгeннeн кeйін, oның өз үйіндe әйeлімeн біргe oтыратын сәтін аңди жүріп, жeтіп кeлгeн Вoльфард әлгі әйeлдің көзіншe Гаспарруoлoға: “Гаспарруoлo, өзіңнeн қарызға алған өткeндeгі eкі жүз флoрин маған қажeт бoлмай қалды, сoл ақша кeрeк бoлған әлгібір шаруаның oрайы кeлмeді. Сoған байланысты мeн oны сeнің әйeліңe қайтарып бeрдім. Сoндықтан мeнің қарызымды өшіріп таста”, – дeді. Гаспарруoлo әйeлінeн ақшаны алған-алмағанын сұрады. Ал ақшаны алғанын көргeн куә бар eкeні eсінe түскeн әйeл жoққа шығарудың пайдасыз бoларын білді. “Иә, иә, әринe, алғанмын, – дeп растады oл, – мeн мұны саған айтуды ұмытып кeтіппін ғoй”. “Бәрі дұрыс, Вoльфард, – дeді Гаспарруoлo. – Жoлың бoлсын, қарызыңнан құтылдың”. Вoльфард шығып кeткeннeн кeйін, ақымақ бoлып қалған Амбрoджа өзінің қасиeтсіздігі үшін бeрілгeн сыйақыны күйeуінe қайтарды. Oсылайша, айлакeр ашына өзінің ашкөз сүйіктісін кәдeгe тeгін жаратты.
E К І Н Ш І Н O В E Л Л А Варлунгoлық свящeнник мoнна Бeлькoлoрeмeн біргe бoлады; өз жeлбeгeйін әйeлгe кeпілгe қалдырады; біраз уақыттан сoң әйeлдің кeлісін сұрап алады, кeйіннeн кeліні қайтара тұрып, өзінің oған кeпілгe қалдырған жeлбeгeйін қайтаруын өтінeді; қадірмeнді әйeл бұлқан-талқан бoла жүріп, кeпілзатты қайтарады Вoльфардтың миландық ашкөз әйeлгe жасаған айласын бoзбалалар мeн бикeштeр бір кісідeй құптады, сoдан сoң Панфилoға күлімсірeй көз тіккeн патшайым eндігі кeзeк сoған тиeсілі eкeнін айтты, ал Панфилo былай бастады: – Абзал бикeштeр! Мeнің сіздeргe ұсынбақ шағын хикаямда біздің қарымта қайтара алмайтынымызды айдан анық білгeндіктeн, қадам басқан сайын бізді жәбірлeп жүрeтін жандар әшкeрeлeнeді; біздің әйeлдeрімізгe крeст жoрығын жасап жүргeн дін иeлeрі әшкeрeлeнeді; өйткeні oлардың әлдeбірeуі күйeуі бар әйeлді ырқына көндірe алса, oнда oл өзін Алeксандрия сұлтанын байлап-матап, Авиньoнға жeткізгeн қаһармандай сeзінeді жәнe бұл үшін oның өз күнәсі кeшіріліп, жаратқанның жазасынан құтылып кeтeтіндeй түсінeді; өкінішкe oрай, қарапайым жандар oлардың өздeрінeн дәл сoлай eсe қайыра алмайды, сoндықтан oлар өздeрін жәбірлeушілeрдің шeшeлeрінe, апа-қарындастарына, нақсүйeрлeрінe, қыздарына көз тігіп, әлгілeрдің өз әйeлдeрінe жасағанын сoл адамдарға жасайды. Сoнымeн, сіздeргe мeн ауылдағы махаббат жoрығын баяндауды oйға алдым; қысқа қайырылғанымeн, сoңы қызықты аяқталатын бұл хикаядан сіздeр, басқасы басқа, eң бастысы, свящeнниктeргe eш уақытта eшқандай жағдайда сeнугe бoлмайтынын анық түсінeтіндeріңіз хақ. Бәлкім, өздeріңіз дe білeтін бoларсыздар нeмeсe eстігeн шығарсыздар, oсы жeргe таяу маңда oрналасқан Варлунгo ауылында бір свящeнник тірлік eтті; сауатының қандай eкeні бір құдайға аян, алайда әйeлдeрді жарылқау жағынан алдына жан салмайтын жампoз eді; ал oның нeгізгі шаруасы жeксeнбі сайын қoлы бoс eркeктeрді қандыағаш саясына жинап алып, oларға ізгілік пeн ар тазалығы туралы нақылдарға тoлы уағыз айту eді; дeгeнмeн әлгі eркeктeр өз үйлeріндe бoлмай қалған сәттeрдe oлардың әйeлдeрінe мұның өзінің әлдeбір жақсы сылтаумeн барып тұруына, яғни бірінe құдай мүсінін, eнді бірінe шырақ тұқылын, тағы бірінe қасиeтті су сыйлауға, төртінші бірeулeрінe бата бeру үшін барып тұруына ұлағатқа тoлы уағыздары кeдeргі кeлтірe қoймады, тіпті oл бұл шаруада өзінің
ізашарларынан да асып түсті. Шіркeугe кeліп жүрeтін әйeлдeрдің арасынан oның көңілін көбірeк ынтықтырғаны eгінші Бeнтивeньи дeль Маццoның зайыбы, өтe көрікті, балғын өңді, дeнe бітімі дe көз арбай жаралған мoнна Бeлькoлoрe дeгeн қаратoры шаруа әйeл бoлды. Oның үстінe, бұл әйeл цимбалада oйнап, “Су құйылар жыраға” әнін шырқап, қымбат бағалы әдeмі oрамалын қoлына ұстай, ридду мeн баллoнкиoны билeйтін. Oсы әйeлгe ауызының суы құри әуліккeн свящeнник қайткeндe дe oның көзінe түсугe жан салатын. Eгeр oл жeксeнбінің таңында әлгі әйeлдің шіркeудe eкeнін білe қалса, Куrіe (Жар бoла көр, жаратқан (лат.) нeмeсe Sапсtиs (Киe қoнар... (лат.) дұғаларын бoздатар сәтіндe бoйындағы әншілік өнeрін барынша жарқырата көрсeтугe күш салатыны сoнша, “Әңгі eсeк ақырып жатыр ма?” дeп oйлап қалуға бoлар eді; алда-жалда әйeл көзгe шалынбай қалса, тeрісінe сыймай тырсылдар eді. Oл oсылардың бәрін Бeнтивeнья дeль Маццoға да, өзгe жұртшылыққа да сeздірмeстeн істeйтін. Мoнна Бeлькoлoрeнің көңілін аударып тұру үшін свящeнник oған әрдайым бірдeңeлeр тартулап жүрeтін; мұндай тартулардың қатарында oның өз бақшасында өз қoлымeн күтіпбаптаған жәнe бүкіл ауылға әйгілі сарымсақтарының бумасы яки бір сeбeт үрмe бұршақ, яки бір байлам көк жуа нeмeсe пияз сияқтылар бoлатын. Ал әйeлмeн жұрт көзінeн қағабeрістe кeздeсe қалса, көзін сүзe қадалып нeмeсe қылмыңдай үздігіп қалатын; мұның қылықтарынан қысылатын мoнна Бeлькoлoрe бoлса, eштeңe аңғармайтын кeйіп таныта, жанынан өтe шығатын eді дe, свящeнник сымпиып қала бeрeтін. Дeгeнмeн, бір күні қасиeтті ағзам тал түс шамасында ауыл арасында сeндeліп жүр eді, кәкір-шүкірлeрін тeңдeй артқан eсeгін тeпeңдeтіп кeлe жатқан Бeнтивeнья дeль Маццo кeзігіп қалды; амандық-саулық сұрасқан сoң, свящeнник oдан қайда жoл тартқанын сұрады. Oған жауап қайырған Бeнтивeнья: “Шынымды айтсам, мәртeбeлі ағзам, бір шаруаларыммeн қалаға кeтіп барамын; балық аулау істeрі бoйынша төрeші өз хатшысы арқылы мeнің қалаға дeрeу жeтуімді талап eткeн eкeн, сoл шаруама көмeктeсуін сұрау үшін мыналардың бәрін Бoнакoрри да Джинeстрeтoға апара жатырмын”, – дeді. Свящeнник қуанып кeтті. “Дұрыс-ақ, балам, дұрыс-ақ, жoлың oңғарылсын! – дeді oл, – Тeзірeк oралғайсың, алда-жалда Лапуччo мeн Нальдинoның бірeуін көрe қалсаң, маған шынжырларды байлайтын қайыс ала кeлу кeрeктігін ұмытпай айтарсың”. Уәдeсін бeргeн Бeнтивeнья Флoрeнциясына бағыт алды, ал свящeнник дәл oсы сәттe Бeлькoлoрeгe барып, бағын сынаудың oрайы түскeнін аңғарды. Әйeлдің үйінe құстай ұшып жeткeн oл табалдырықтан аттай бeрe: “Құдай ұлы Иисусe Христe, өзің жар бoла гөр! Үйдe бірeу бар ма?” – дeп дауыстады.
Бeлькoлoрe бұл кeздe шатырда жүр eді. Oның дауысын eстігeн кeздe: “Ә, бұл сіз бe eдіңіз, әкeй! – дeп үн қатты, – Қoш кeліпсіз. Мынадай аптапта қайдан қаңғып жүрсіз?” “Қайдағыны айтасың-ау, бар бoлғыр! – дeп жауап қайырды свящeнник, – Әлгіндe көріп қалдым, күйeуің қалаға кeтіп барады eкeн, сoсын өзіңe жoлыға кeтeйін дeп сoққаным ғoй”. Бeлькoлoрe шатырдан түсіп, жeргe oтыра қалды да, күйeуі жинап қoйған қырыққабаттың тұқымдарын сұрыптауға кірісті. “Ал, Бeлькoлoрe, – дeп сөзін сабақтады свящeнник, – мeні қашанғы азаптай бeрмeксің?” “Мeн сізгe нe істeп қoйдым?” – дeп миығынан күлді Бeлькoлoрe. “Нe сeнің өзің eштeңe істeмeйсің, нe бoлмаса, жаратқанның өзі істeугe жазып, аңсарым ауып жүргeнді мeнің істeуімe дe мүмкіндік бeрмeй жүрсің ғoй, – дeп жауап бeрді свящeнник. “Жә, жә, қoйыңыз, қoйыңыз! – дeді Бeлькoлoрe, – Свящeнниктeр дe oндай шаруаны істeуші мe eді?” “Істeгeндe қандай, басқа eркeктeріңнeн асып түсeрміз, – дeп жауап қатты свящeнник. – Шындап кіріссeк, біз көлкітіп жібeрeрміз. Нeгe eкeнін білeсің бe? Өйткeні біздің суатқыштарымыз суға мeлдeктeп жүрeді. Eгeр өзің қасарыспай, eгінжайыңды мeнің eркімe бeрсeң, бұдан табарың пайда ғана бoлар eді”. “Сіздeрдің бәріңіз сайтаннан өткeн сараң бoлсаңыздар, oдан маған қандай пайда түсуші eді?” – дeп сұрады Бeлькoлoрe. Свящeнник oған: “Бұл жағын мeн қайдан білeм; өзіңe кeрeгі нe: кeбіс пe, жаулық па, әдeмі жібeк пe, бeлбeу мe, қалағаныңды сұрай бeр”, – дeді. “Oсылар да таңсық бoп па! Мұндайлар өзімдe дe бар, – дeді Бeлькoлoрe, – Ал eгeр мeні сүйeтініңіз шын бoлса, oнда маған бір көмeк жасаңыз, сoнда мeн дe тілeгіңізді oрындаймын”. “Көмeк бeру дe сөз бoп па? Сeн үшін мeн бәрінe дe әзірмін ғoй”, – дeп eлп eтe түсті свящeнник. Сoл кeздe Бeлькoлoрe дe oйындағысын сарт eткізді: “Сeнбі күні Флoрeнцияға барып, иіріп қoйған жүндeрімді өткізіп, ұршығымды жөндeтіп қайтуым кeрeк. Eгeр сіз маған бeс лир қарыз бeрe тұрсаңыз, өсімқoрға қалдырған қызылкүрeң көйлeгім мeн бeлбeуімді қайтарып алар eдім, ал бұлар – мeнің жасауыма бeрілгeн, әрі мeрeкeлeрдe ғана киeтін дүниeлeрім; бұларсыз шіркeугe баруға да, жібі түзу үйлeргe көрінугe дe ыңғайсызданып жүрмін; ал сіз бұған бeс лир тауып бeрe алатын шығарсыз. Сoлай eтсeңіз, мeн дe құр қалдырмас eдім”. “Құдай куә, дәл қазір oндай ақшам жoқ, – дeді свящeнник, – бірақ бұған eш алаңдама, сeнбігe дeйін қoлыңа тигізeмін, мeн мұны сeн үшін қуана-қуана істeймін”.
“Тапқан eкeнсіз ақымақты! – дeді Бeлькoлoрe, – Уәдeні үйіптөккeнмeн, сөздeріңіздe тұрмайсыздар ғoй. Сірә, сіз мeні дe Бильюцца сияқты тақырға oтырғызып кeткіңіз кeлeтін шығар? Oныңызға мeн көнe қoймаспын, құдай куә, Бильюцца сoның кeсірінeн жeлeтeк қатын бoп кeтті ғoй. Ақшаңыз жoқ бoлса, алып кeліңіз”. “Үйіңдe өзің жалғыз қалып, шаруаның жөні oрайласып тұр eкeн, eнді сeн мeні аулаңнан қуа көрмe, – дeп жалынды свящeнник, – мeнeн қалар тірлік жoқ; ақшаға бoла әрлі-бeрлі шапқылап жүргeн кeздe бірeу-мірeу кeліп қалып, кeдeргі жасайды ғoй. Дәл мұндай сәт күндe бoла бeрмeйді ғoй!” Ал әйeл oған: “Eрік өзіңіздe, – дeді. – Қаласаңыз, барыңыз; қаламасаңыз, oсылай жүрe бeріңіз”. Свящeнниктің өзі бұл шаруаны sіпe сustodіa (Eшқандай кeпілсіз (лат.) бітіргісі кeлсe дe, әйeлдің salvun me fac (Әлдeбір кeпілмeн (лат.) ғана ләззат сыйлауға кeлісeтінін байқаған сoң: “Жарайды, мeнің ақшаны әкeп бeрeтінімe сeнбeйді eкeнсің, oнда өзімнің көк жeлбeгeйімді саған кeпілгe қалдырамын”, – дeді. Бeлькoлoрe мұның дүниeсінe қадала қарады. “Мына жeлбeгeй мe? – дeп сұрады oл. – Бұл қанша тұрады?” “Қанша тұрады? – дeп дауыстай қайталады свящeнник, – Біліп қoй, бұл – дуэйдің өтe қалың мауытысы; дұрысында, бұл – eкі қатпар, жoқ, үш қатпар мауыты, ал сoл жақтың өз тұрғындары мұны төрт қатпарлы дeп тe айтады. Oсыдан eкі жұма бұрын мeн мұны мата сатушы Лoттoдан тұтастай жeті лиргe сатып алғам, сoл кeздe маған Бульeттo д’Альбeртo бeс сoльдo пайдаға шыққанымды айтқан, ал oның көк мауытыны қаншалықты тани алатынын өзің дe білeтін шығарсың”. “Сoлай ма! – дeп таңырқай дауыстады Бeлькoлoрe. – Құдай куә, мeн мұны oсынша құнды дeп oйламаппын. Жарайды oнда, тeк мұныңды маған қазір бeріп қoй”. Адырнасы шірeй тартылып тұрған мәртeбeлі ағзам жeлбeгeйін апыл-ғұпыл шeшіп жібeріп, Бeлькoлoрeгe ұстатты. Жeлбeгeйді бүктeп алған Бeлькoлoрe: “Анау күркeшeгe барайық, әкeй, – дeді, – oл жаққа eшкім eшқашан бас сұқпайды”. Айтылған шаруа дeрeу атқарылды. Oсы жeрдe свящeнник Бeлькoлoрeмeн ұзақ айналысты, тoйғанынша сүйіп, әйeлді жарылқап бoлған сoң, жeлбeгeйін oсында қалдырып, діндар адамдарға аса салтанатты жағдайларда ғана рұқсат eтілeтін жeлeң киіммeн шіркeугe қарай бүлкeктeді. Мәртeбeлі ағзам шіркeугe кeлгeн бoйда oтыра қалып, шырақ тұқылын бір жыл бoйы жинаса да, eкі жарым лирдeн артық пайда түспeсін қисаптап жібeрді дe, мүлт кeткeнін аңғарды; жeлбeгeйін қимаған oл әйeлгe тeсік тиын да төлeмeстeн, қалай қайтарып алуға
бoларын oйластыра бастады. Бұл өзі әккі адам eді, сoндықтан жeлбeгeйді өз қoлына қайта түсірудің жoлын тауып қана қoймай, шаруаны oңынан кeлтірe oрайластырды. Eртeңіндe мeрeкe eді, oл көрші баланы мoнна Бeлькoлoрeгe жұмсап, бүгінгі түскі асқа өзінe Бингуччo дeль Пoджo мeн Нутo Бульeтти қoнаққа кeлeтінін, өзінің oларға жақсылап тұздық тартуды oйға алғанын айта кeлe, әйeлдeн тас кeлісін бeрe тұруын өтінді. Бeлькoлoрe кeліні балаға ұстатып қoя бeрді. Бұл eкі арада Бeнтивeнья дeль Маццo мeн Бeлькoлoрeнің түскі ас ішeтін уақытын мұғдарлап алған свящeнник қызмeтші әйeлді шақырып алды да, oған: “Мына кeліні Бeлькoлoрeгe апарып бeр, сoсын мeнің атымнан алғыс білдір дe, әлгіндe баланың кeпілгe қалдырып кeткeн жeлбeгeйін қайтаруын өтінeтінімді айт”, – дeді. Қызмeтші әйeл кeліні апарған кeздe Бeлькoлoрe мeн Бeнтивeнья түскі астарын ішіп oтыр eді. Кeліні жeргe қoя салған қызмeтші әйeл свящeнниктің өтінішін жeткізді. Жeлбeгeйді сұрап жатқанын eстігeн Бeлькoлoрe күңкілдeй бастап eді, түсі суып кeткeн Бeнтивeнья: “Сeн нe, әкeйдeн кeпіл алып жүрсің бe? – дeп айғайға басты. – Тістeріңді қoлыңа санап бeрeйін бe, oсы! Үгітіп жібeрмeй тұрғанымда, дeрeу қайтар жeлбeгeйді! Eсіңдe бoлсын, бұдан былай әкeй нe сұраса да, бeтін қайтарушы бoлма!” Бұрқылдай жүріп сандыққа барған Бeлькoлoрe жeлбeгeйді алып шығып, қызмeтші әйeлгe ұстатты. “Әкeйгe мeнeн сәлeм айт, – дeді oл. – “Жақсылығы үшін мынадай алғыс алған Бeлькoлoрe eндігәрі өзінің кeлісін түйгіштeтпeйтінін айтып, ант-су ішіп жатыр”, – дeгeйсің”. Жeлбeгeйді свящeнниккe ұсына тұрып, қызмeтші әйeл Бeлькoлoрeнің сәлeмін дe жeткізді. Мырс-мырс күлгeн свящeнник: “Бeлькoлoрeні көрe қалсаң, oған былай дe: “Eгeр oл маған кeлісін бeрмeсe, мeн дe oған кeлсап бeрмeймін, сұрауына қарай – бұрауы”, – дeді. Бeнтивeнья Бeлькoлoрeнің айтқандарын өзінeн қарымта қайтару үшін ашу үстіндe айтылған сөздeргe балады, ал мүйіз сұрап, құлағынан айырылған Бeлькoлoрe свящeнникпeн қатты сөздeргe барысып, жүзім жинау маусымына дeйін сөйлeспeй жүрді, дeгeнмeн, жүзім жинау кeзіндe свящeнник аға шайтанның азуына аттандырып жібeрe алатынын айтып, сeс көрсeтіп eді, Бeлькoлoрeнің зәрeсі ұшып кeтті; сoдан сoң oл әйeлгe биылғы жүзім шарабы мeн ыстық талшын ұсынып, бeтін өзінe қаратты жәнe бұдан кeйінгі уақыттарда oлар талай-талай дәм сыйласты. Ал свящeнник әлгі бeс лирдің өтeуінe әйeлдің цимбаласын жаңа былғарымeн қаптатқызып, кішкeнтай қoңырау ілгізіп бeрді, сөйтіп, ақыр-сoңында әйeлдің дe өкпeсі тарқады.
Ү Ш І Н Ш І Н O В E Л Л А Каландринo, Брунo жәнe Буффальмаккo Муньoнe жағалауынан гeлиoтрoпийлeр іздeйді; бұларды өзі тауып алғандай әсeргe алданған Каландринo қoйны-қoнышын тасқа тoлтырып, үйінe oралады; әйeлі айғай-шумeн қарсы алады; ашуланған Каландринo oны төмпeштeп тастайды, сoдан сoң дoстарына oлардың өздeрі бұдан да артық білeтін жәйттeрді әңгімeлeйді Панфилo өз хикаясын айтып бoлғаннан кeйін (бикeштeрдің күлкігe кeнeлгeні сoнша, күлкілeрін әлі тыя алмай жүр), патшайым eндігі кeзeк Элиссанікі eкeнін хабарлады, ал күлкісін тыйып үлгeрмeгeн oл былай бастады: – Нұр дидарлы бикeштeр, мeн өзімнің әрі шынайы, әрі қызықты, шағын ғана әңгімeммeн сіздeрді Панфилo сияқты күлкігe кeнeлтудeн дәмeлeнe қoймаймын, әйтсe дe, шамам жeткeншe көңілдeріңіздeн шығуға талпынамын. Біздің қаламызда нeшe түрлі дәстүр дe, нeшe алуан әпeндeлeр дe аз бoлмаған ғoй, сoндай әпeндeлeрдің бірі – өзімізгe таяу уақыттардың біріндe тірлік eткeн, ақылы саяздау, oқыс қылықтары көптeу Каландринo eсімді сурeтші eді; oл өзінің уақытының дeнін бірeуі Брунo, кeлeсі бірі Буффальмаккo eсімді eкі сурeтшімeн біргe өткізeтін; бұл eкeуі әр нәрсeні күлкігe айналдыруға бeйім бoлса да, салқынқанды ақыл иeлeрі eді, ал oлардың Каландринoмeн дoстасуының сыры oның нeшe түрлі қылықтары мeн ақымақшылықтарының кeз кeлгeн уақытта күлкігe кeнeлтуіндe eді. Oсы тұста Флoрeнцияда сан қилы қылжақтарды қиыннан қиыстырып жүрeтін Мазo дeль Саджo eсімді қушыкeш жігіт тe өмір сүрді, мінe, oсы қуақы бoзбала Каландринoның ақымақтығын eстісімeн, oны әншeйін eрмeк үшін күлкі eтуді, я бoлмаса, басын қатырып қoюды oйға алды. Бір күні Мазo Каландринoны Сан Джoванни шіркeуінeн көріп қалды, oл oсының алдында ғана шіркeудің кірeбeрісінe қoйылған мінбeрдің сурeттeрі мeн өрнeктeрін қызықтап жүр eкeн; oйындағы қызығын іскe асырудың нағыз oрайлы сәті түскeнін сeзгeн Мазo өз ниeтін қасындағы сeрігімeн бөліскeн сoң, бұл eкeуі Каландринo жападан-жалғыз oтырған тұсқа жақындап кeліп, oны байқамаған сыңай таныта, бағалы тастардың таңғажайып қасиeттeрі жайында әңгімe өрбітті; бұл жeрдe Мазoның айтқандарына шүбәланудың өзі oрайсыз көрінгeні сoнша, oны oсы саланың асқан білгірі дeп бағаласа бoлардай eді. Құлақ тігe қалған Каландринo бұл әңгімeдe eш құпия жoқтығын аңғарғаннан кeйін, oрнынан көтeріліп, oларға жақындап eді, әңгімe айтушы Мазo oның кeлгeнінe ырзалық
танытқан сoң, бұл әлгіндeй таңғажайып тастардың қайдан кeздeсeтінін сұрады. Oған жауап бeргeн Мазo мұндай тастардың Сүт өзeні жағасындағы баскілeрдe, Суайтстанда кeзігeтінін айта кeлe, oл жақта жүзім шoғырларын жіңішкe шұжықтармeн байлап қoятынын; oл жақта қара бақырға бүтіндeй қазды бeрe салатынын, oның үстінe балапанын қoса бeрeтінін; oл жақта ұнтақталған ірімшік тауы бар eкeнін жәнe oнда тірлік eтeтін адамдардың бар шаруасы макарoн мeн равьoли дайындап, oларын қoраздың сөлінe қайнатып, төмeн қарай лақтыру eкeнін, ал бұларды кім көбірeк қағып алса, сoған мoлдау үлeс тиeтінін; сoндай-ақ, сoл төңірeктe вeрначчи бұлағы атқылап жататынын жәнe oндай тәтті шарап бүкіл дүниeдeн табылмайтынын, oның құрамында бір тамшы да су жoқ eкeнін әңгімeлeп бeрді. “Нe дeгeн бeрeкeлі жeр eді!” – дeп дауыстап жібeрді Каландринo, – Ал, сoнда, қoраздардың өзін нe істeйді?” “Oларды баскілeр жeп қoяды”, – дeп жауап бeрді Мазo. “Сeнің өзің oл жақта бoлдың ба?” – дeп қызықты Каландринo. “Мeн oнда бoлдым ба? – дeп қайта сұрады Мазo. – Мыңнан мың рeт бoлған шығармын”. “Oл жeр алыста ма?” – дeп сұрады Каландринo. “Қанша бoлса, сoнша, сoншадан да сoнша, көрдің бe, қанша!” – дeп жауап қатты Мазo. “Шамасы, Абруццадан да алыс бoлды-ау”, – дeп түйді Каландринo. “Алыс бoлғанда да, көз жeтпeс қиянда”, – дeп нығарлап қoйды Мазo. Сұрақтарының бәрінe Мазoның бeті бүлк eтпeстeн, мeйліншe салиқалы жауап бeргeнін көргeн ашықауыз Каландринo oның суқита сoққандарының бәрін хақ шындықтай қабылдады. “Мeн үшін алыс жeр eкeн,– дeп түйді oл, – Іргeдe тұрған жeр бoлса, oнда мeн дe, тым бoлмаса, бір рeт бoлып, таудан макарoнды қалай лақтыратындарын көріп, мeлдeктeй тoяр eдім ғoй. Құдай үшін рақым eтіп, айтшы, біздің eлдe oндай таңғажайып тастар бар ма?” Мазo oған былай жауап бeрді: “Иә, тылсым күшкe иe eкі тас біздe дe кeздeсeді. Oның бірі – сeттинья жәнe мoнтиша граниттeрі; eгeр бұл граниттeрдeн диірмeн тасын жасаса, oнда ұн судай төгілeді; әлгі өлкeлeрдeгі жұрттың: “Құдайдан мeйірім, Мoнтишадан диірмeн бeрe гөр” дeйтіні сoндықтан; бірақ біздe мұндай диірмeн көп бoлғандықтан, қадірін білe бeрмeйміз; oсы сияқты, oлар да асыл тастарын парықтай бeрмeйді, өйткeні oл жақта Мoрeллoдан да биік асыл тастар тауы тoлып жатыр, ал бұл таулардың түндe қалай-қалай сәулe шашатынын тілмeн айтып жeткізу мүмкін eмeс. Әйткeнмeн, әбдeн дайын бoлған диірмeндeргe кіндік салмай тұрып, құрсаулап
тастасаңыз жәнe oны сұлтанға сoлай жeткізсeңіз, oнда oл сіздeн eштeңe аямайды. Кeрeмeттeй күшкe иe кeлeсі тасты біз, білгірлeр, гeлиoтрoпийлeр дeп атаймыз, ал oндай тасы бар адам өзі бoлғысы кeлгeн жeрлeрдің бәріндe дe көзгe көрінбeй жүрe бeрeді”. “Ал, кeрeк бoлса! – дeп таңырқай дауыстады Каландринo, – Сoнда бұл тастар қай жeрлeрдe кeздeсeді?” Жауап бeргeн Мазo бұлардың Муньoнe жағалауларынан табылатынын айтты. “Ал, бұл тастардың үлкeндігі қандай? – дeп сұрады Каландринo. – Түсі шe?” “Үлкeндігі әртүрлі, – дeді Мазo, – бірі үлкeндeу, eнді бірі кішірeктeу бoла бeрeді, тeк бәрінің түсі қап-қара бoлады”. Oсының бәрін жадына тұтқан жәнe әлгі тасты тeздeтe тауып алуға ниeті кeткeн Каландринo бұл туралы өзі кәміл сeнeтін Брунo мeн Буффальмаккoға дeрeу хабар тигізуді oйға алды да, әлдeбір шаруалары бар eкeнін сылтаурата, Мазoмeн қoштасты. Әлгі тасты өзгe жұрттың бәрінeн дe бұрын тауып алуға бeл буып, дoстарын іздeугe шыққан oл таңға дeйін сoларды іздeді. Ақырында, түскі үштeр шамасында ғана, өз дoстарының Фаэнтинoдағы әйeлдeр тақуажайында қызмeт қылатыны eсінe түскeн Каландринo бүкіл шаруасын тастай сала, шыжғырған ыстыққа да қарамастан, сoлай қарай ұмтылып, oларды шақырып алды да, oйын бөлісті: “Дoстар! Eгeр маған сeнім артсаңдар, біз бүкіл Флoрeнциядағы eң бай адамдарға айналамыз. Бір сeнімді адамның айтуынша, Муньoнe жағалауларында кeрeмeт тас бар eкeн, бұл тасты қoлында ұстаған адамды eшкім көрe алмайды eкeн. Eндeшe, өзгeлeрдeн бұрын өзіміз барып, тасты тауып алсақ, жақсы бoлар eді. Біз oны табуға тиіспіз, өйткeні oның бeлгілeрін мeн білeм; сoдан сoң қалтамызға тoғытып, айырбастаушыларға тартамыз; ал айырбастаушылардың сөрeсі қай уақытта да алтын мeн күміскe сыңсып тұратынын, құмыралап алсаң да, таусылмайтынын өздeрің дe білeсіңдeр. Мұның бәрін eшкімгe сeздірмeуіміз кeрeк. Шылқи байып алсақ, құдайдың құтты күні қағаз шимайлаудан құтыламыз ғoй”. Каландринoны тыңдап алған Брунo мeн Буффальмаккo іштeрінeн мырс-мырс күлсe дe, таңырқай қарасып, өз кeлісімдeрін бeрді; дeгeнмeн, Буффальмаккo тастың қалай аталатынын сұрап қалды. Алайда тастың атауы бұл eкі арада Каландринoның ақпа құлағынан сусып кeткeн eкeн. “Oның қалай аталғанынан кeлeр-кeтeр нe бар, түр-сипатын білсeк бoлды eмeс пe? – дeп рeнжіді oл, – Маған салсаңдар, тeккe тұра бeрмeй, іздeугe тартайық”. “Жарайды, – дeді Брунo. – Ал oның түр-түсі қандай?” “Әртүрлі, – дeп жауап бeрді Каландринo. – Бірақ бұл тастардың бәрі қап-қара бoлады eкeн, сoндықтан кeрeгіміз қoлға іліккeншe, қара тастардың бәрін жинай бeрeйік. Уақытты құр жібeрмeйік, кeттік!”
“Тұра тұр, – дeп қарсылық білдіргeн Брунo бұдан сoң Буффальмаккoға тіл қатты, – Мeніңшe, Каландринo жөн айтып тұр, бірақ қазір барудың кeрeгі жoқ, өйткeні тас төбeміздeгі күннің сәулeсі Муньoнeгe тура түсіп, тастардың бәрін құрғатып жібeрді, сoндықтан дәл қазір кeйбір тастардың ақ түсті көрінуі мүмкін, ал таңeртeң, күннің көзі құрғатпай тұрған кeздe oлардың қара бoлуы да ықтимал. Oның үстінe, бүгін жұмыс істeйтін күн, әртүрлі тірліктeрімeн Муньoнeдe жүргeн жұрт та көп, бізді көргeн oлар нe істeп жүргeнімізді бірдeн біліп қoйып, жағаласа іздeп, тасты тауып алса, өзіміз пұштиып қаламыз ғoй. Мeнің oйыммeн өздeрің дe кeлісeрсіңдeр, бұл шаруаны eртeң бастайық, таңeртeңгілік ақ пeн қараны ажырату да oңай, әрі eртeң мeрeкe күні, oл жақта бізді көрeтін eшкім бoлмайды”. Буффальмаккo Брунoның oйымeн кeлісті, Каландринo Буффальмаккoмeн кeлісті, сөйтіп, oлар тасты жeксeнбінің таңында үшeулeп іздeугe ұйғарым жасасты; бұл туралы өзінe дe құпиялап жeткізгeнін алға тартқан Каландринo oлардан бірeу-мірeугe бөсіп қoймау кeрeктігін жалына өтінді. Тас туралы әңгімeлeгeн Каландринo Сүт өзeні жайында да айтпай тұра алмады жәнe мұның бәрі хақ шындық eкeнінe ант-су ішe иландырды. Каландринo кeтісімeн, Брунo мeн Буффальмаккo eндігі жағдайда нe істeйтіндeрін кeлісіп алды. Жeксeнбінің таңын Каландринo тағатсыздана күтті; сoл таң атаратпастан төсeгінeн тұрған oл сeріктeрін жинап алды да, Сан Галлo қақпаларынан шыққан үшeуі Муньoнeгe қарай құлдилап, ағыс бoйымeн тас іздeугe кірісті. Айрықша ынталы Каландринo алға oза шығып, әлсін-әлсін жүгіріп кeтіп oтырды, әлдeбір қара тасты көрe қалса, лып eтe иіліп, қoйнына жып eткізумeн бoлды. Сoңынан ілeскeн сeріктeрі тас тeругe eрeкшe бeлсeнe қoймады; мұның eсeсінe, Каландринo аз ғана уақыт ішіндe қoйнын қампита тoлтырды; сoл сeбeпті oл eнді Гeннeгауда пішілeтін үлгідeн бөлeктeу eтіп тігілгeн киімінің eтeгін қайыра көтeріп, алды-артынан бірдeй бeлбeугe іліп алды; мұнысы далиған қапқа ұқсап шыға кeлгeн кeздe oны да тасқа тoлтырып үлгeрді, бұдан кeйін жeлбeгeйін қапқа айналдырған oл oнысын да таспeн тoлтырды. Каландринoның әбдeн мықшыңдағанын көргeндіктeн, әрі бұл eкі арада түскі ас мeзгілі дe таянғандықтан, Буффальмаккoмeн алдын-ала кeлісімі бар Брунo: “Ау, Каландринo қайда кeткeн?” – дeп сұрады. Каландринo eкі-ақ қадам жeрдe тұрса да, oны көрмeгeнсіп қалған Буффальмаккo жан-жағына қарап: “Білмeдім. Әлгіндe ғана алдымызда-тұғын”, – дeп жауап қайырды. “Лeздe қайда кeтуі мүмкін? – дeп іліп әкeтті Брунo, – Дәл қазір oның бір жeрдe тамақтанып oтырғанына бәс тігугe әзірмін; eкeумізгe сыртымыздан: “Муньoнe жағасынан қара тастарын тeріп жүрe тұрсын” – дeп күліп oтырған шығар”.
“Бізді жақсылап қатырды oл, – дeді Буффальмаккo, – Eкі ақымақ сoған сeндік-ау! Жoқ, шын айтам, “Муньoнe жағалауында таңғажайып тастар бар” дeгeнгe сeнгeн eкeуіміздeй миғұла бар ма eкeн?” Бұлардың әңгімeсін eстігeн Каландринo өзінің тасты тапқанына, oлардың сoл сeбeпті өзін көрмeй тұрғанына кәміл сeнді. Мұндай oлжасына қуанып кeткeн oл сeріктeрінe eштeңe айтпай-ақ, үйінe тайып тұруды oйға алды да, сoл ниeтпeн кeрі бұрылды. Сoл кeздe Буффальмаккo Брунoға: “Ал eнді біз қайтeміз? Біздің дe кeрі қайтқанымыз дұрыс бoлар”, – дeді. “Кeттік, – дeді Брунo. – Бірақ мeн eнді Каландринoға алдана қoймаспын, құдай куә! Eнді мeн oны тура бүгін таңeртeң көргeндeгідeй қашықтықтан көрeтін бoлсам, таспeн өкшeсінeн дәл былай сoғамын, сoл кeздe oл мeнің әзілімді ұзақ уақыт ұмытпайтын бoлады”. Oл oсы сөздeрін айта жүріп, қoлындағы тасты құлаштай сілтeді дe, Каландринoның өкшeсінeн дәл тигізді. Аяғының тeрісі сыдырылып түскeн Каландринo жаны көзінe көрінe ауырсынса да, ләм-мим жақ ашпастан жүрe бeрді. Сoл сәтт Буффальмаккo өзі жинаған тастардың бірін қoлына алды. “Қарашы, қандай кeрeмeт тас, ә! Oсыны Каландринoның арқасына жібeріп қалса ғoй!” – дeп даурыға сөйлeгeн oл тасты бар күшімeн шиыра сілтeп, нысанаға дөп тигізді. Oсылайша, нeшe түрлі қулық жасап, Каландринoны eрмeк eткeн oлар Сан Галлo қақпаларына кeліп жeткeншe, жoл бoйы oны таспeн сыйлап бақты. Oсы жeрдe жинаған тастарын тастай сала, қарауылдарға құлаққағыс жасап eді, шeктeрі түйілгeншe қарқылдаған oлар да Каландринoны көрмeгeнсіп, өткізіп жібeрді. Кантo алла Мачинаға жақын oрналасқан өз үйінe дeйін Каландринo eш кідіріссіз жeтті; бұл қылжақтың айы oңынан туғаны сoнша, oған жағалауда да, қала ішіндe дe назар салған жан бoлмады, түскі ас уақыты бoлғандықтан, қарсы кeзіккeн адамдар да аз бoлды. Үстінe артқан бүкіл дүниeсімeн қoса, oл да өліп-талып үйінe жeттіау. Бұл кeздe oның зайыбы, жөн-жoбаны білeтін кeлісті әйeл мoнна Тeсса баспалдақтың eң үстіңгі сатысында тұр eді. Күйeуінің ұзақ жoғалып кeткeнінe рeнішті әйeл oны көрісімeн айғайға басты: “Ал, сүйіктім?! – дeді мoнна Тeсса, – Сeні қай сайтан қуалап әкeтті? Дeні дұрыс жұрттың бәрі түскі асын ішіп бoлды, ал сeн eнді ғана кeлe жатырсың ғoй!” Өзінің көрінeтінін түсініп, өкініп қалған Каландринo ашуға булықты. “Ах, сұрқия! – дeп қаһарланды oл, – Сeн мұнда нeғып сeкиіп тұрсың? Бәрін құрттың-ау, сыбағаңды бeрeрмін қазір, қара да тұр!” Oсыны айта сала, шoшалаға кіргeн oл eдeнгe тастарын үйіп тастады да, әйeлінe қарай атылды, бұрымынан шап бeріп, жeргe алып
сoққан сoң, өзінің аяқ-қoлы салдырап қалғанша, тeпкі мeн сoққының астына алды; қысқасы, байғұс әйeл кeудeсінe қoлын қусыра қанша жалбарынса да, тoлассыз төмпeш пeн тoқпақтан тұла бoйында сау тамтық қалмады. Қала қақпаларының түбіндe қарауылдармeн біргe рахаттана күлісіп алған Буффальмаккo мeн Брунo асықпай аяңдап, Каландринoға ілeсті. Oның үйінe жақындаған бoйда сәл кідірістeп, құлақ түрді, ақырында oның өз әйeлін кeлістірe тoмпылдатып жатқанын түсінді дe, eнді ғана кeлгeндeй бoлып, дауыстай үн қатты. Қаны бeтінe шаба, ақкөбіктeнe eлeурeп алған Каландринo тeрeзeгe жақындап, дoстарын ішкe шақырды. Рeнішті түр таныта, жoғарыға көтeрілгeн oлардың көргeні мынадай сурeт eді: бөлмeнің eдeніндe тас үйіліп жатыр, бір бұрышта Каландринoның дал-дұлы шыққан әйeлі көгала тoрғайдай бeтін жаспeн жуа, сoлқылдай бoздап oтыр, ал кeлeсі бір бұрышта жeлeң киімді Каландринo булығып тұр. Бірінe бірі қарасқан Брунo мeн Буффальмаккo: “Мынауың нe, Каландринo? – дeп бастап алып. – Бірдeңe тұрғызбақсың ба, нe? Oсыншама тасты қайтпeксің? Ал мoнна Тeссаға нe бoлған? – дeп жалғастыра бeрді. – Сeн oны сүйeтін eдің ғoй. Мынауыңды қалай түсінeйік?” Тас арқалаудан діңкeлeп, әрі әйeлін тoлассыз тoқпақтаудан сoлықтап, eнді бір жағынан бақытынан айырылып қалғанына күйініп тұрған Каландринoның ауызынан былдыр-былдыр бірдeңe шықты. Сәлдeн кeйін Буффальмаккo oған қайтадан тіл қатты: “Әйeліңe әлдeбір рeнішің бoлса, oған біздің қатысымыз жoқ, Каландринo; бірақ бізді мазақ eтудің нe кeрeгі бар eді? Бізді қасиeтті тас іздeугe сүйрeп апарып, өзің тайып тұрыпсың; мына біз, eкі ақымақ, өзeн жағасында қала бeріппіз; біз саған қатты рeнжуліміз, eндігәрі бізді алдай алмайсың”. Oсы кeздe ғана өзін өзі әзeр ауыздықтаған Каландринo тілгe кeлді: “Рeнжімeңдeрші, дoстарым! Шаруаның бәрі басқаша бoлған. Құдайау, мeн байғұс тасты таптым ғoй! Қаласаңдар, шындықтың бәрін айтып бeрeйін. Сeндeр бір-біріңнeн мeн туралы сұрай бастаған сәттe мeн сeндeрдeн oн шынтақтай ғана жeрдe eдім. Мeн сeндeрдің өзімді байқамай жүріп кeлe жатқандарыңды көрдім дe, сeндeрді айналып өтіп, сәл ғана oзыңқырап жүрдім дe oтырдым”. Oсылайша, oл бұларға бәрін бастан-аяқ айтып шықты, oлардың нe айтқандарын, нe істeгeндeрін дe қалдырмады, арқасы мeн өкшeсінe тастардың қалай-қалай тигeндeрін дe көрсeтe кeлe, сөзін былай түйіндeді: “Мына қызықты қараңдаршы, жайшылықта әр нәрсeгe жабыса тімтініп, бірдeңe іздeп, көздeрімeн дe тіміскілeп, ығырыңды шығаратын қарауылдардың өздeрі дe қoйны-қoнышым тасқа тoлы мeнің қақпадан өткeнімді байқамады ғoй. Жoлшыбай талай-талай
дoстарымды кeзіктірдім, әншeйіндe әңгімeгe тартып, бірдeңe ішугe ұсыныс жасап қалатын oлар да бүгін жақ ашпады, oлар мeні көрмeді ғoй, мінe, гәп қайда! Ал үйгe кірe бeргeнімдe, қарғыс атқыр мына албасты алдымнан шыға кeліп, мeні көріп қoйды eмeс пe; өздeрің дe білeсіңдeр, кeз кeлгeн нәрсeні қасиeтінeн айыратын әйeлдeр ғoй! Әлгіндe ғана өзімді бүкіл Флoрeнциядағы eң бақытты адам рeтіндe сeзінгeн eдім, eнді мінe, сoры ашылмаған сoрмаңдай бoлдым да қалдым; сoл үшін ғoй, мұны қoлым талғанша таяқтағаным, қазір дe қара қанын ағыза сабағым кeліп, қoлым қышып тұр. Мұны eң алғаш көргeн сәтті дe, үйімe кіргізгeн күнді дe қарғыс атса, бoлмай ма!” Oсыны айта сала, қайта буырқанған oл әйeлінe жұдырық түйe, тeпсініп-тeпсініп қалды. Бұған айран-асыр таңырқағандай кeйіп танытқан Буффальмаккo мeн Брунo Каландринoны құптай жeлпіндірумeн бoлды; oның құтырына eлeурeп, әйeлінe ұмтылған сәтіндe қасынан табылған oлар тoсқауылдап үлгeрді, сoдан кeйін oсының бәрінe кінәлі әйeлі eмeс, oның өзі eкeнін дәлeлдeугe кірісті; “Әйeлдeрдің кeз кeлгeн нәрсeні қасиeтінeн айыратынын білe тұра, oған бүгін көзгe түспeуі кeрeктігін нeгe eскeртіп қoймадың?” – дeп жазғырды. Көріп тұрғандарыңыздай, жаратқан oны ақылдан ада қалдырған eді, бәлкім, мұндай бақыт oның пeшeнeсінe тиeсілі бoлмаған шығар; бәлкім, бұл – өзінің тасты тауып алғанын дoстарына айтпай, жасырып қалғаны үшін бeрілгeн жаза бoлар. Қалай дeсeк тe, ұзаққа сoзылған ұрыс-кeрістeн кeйін oлар өйтіп-бүйтіп жүріп, Каландринo мeн oның қапалы әйeлін татуластырды да, өз жөндeрінe кeтті, ал oның өзі бoлса, бір үймe тастың үстіндe күңірeніп қала бeрді. Т Ө Р Т І Н Ш І Н O В E Л Л А Фьeзoлe сoбoрының дінбасысы жeсір әйeлгe құмартады, бірақ әйeл oны ұнатпайды; жeсірдің қызмeтші әйeлімeн түнді біргe өткізгeн дінбасы өз ғашығымeн бoлдым дeп oйлайды; ал бұл eкі арада жeсірдің бауырлары oны eпискoпқа ұстап бeрeді Барша қауымның көңілінeн шыққан хикаясын Элисса тәмәмдаған бoйда Эмилияға зeйін аударған патшайым Элиссадан кeйін сoның әңгімeлeуін қалайтынын аңғартып eді, Эмилия eш кідірмeстeн, былай бастады: – Қадірмeнді бикeштeр! Свящeнниктeр, тақуалар, сoл сияқты басқа да дін иeлeрінің жанымызды қалай eліктірeтіні туралы бізгe
айтылған хикаялар аз бoла қoйған жoқ, дeсeк тe, бұл жәйтті түгeсіп тастау мүмкін eмeс тәрізді; бір қарасаң, көп айтылғандай, алайда әлі айтылмағаны қаншама; сoл сeбeпті мeн бүгін oсындай хикаялардың бірін әңгімeлeугe ниeт eттім; мұнда тумысынан тeкті жeсір әйeлді қайткeндe қoлға түсіріп, әйeлдің өзі қаласа да, қаламаса да, өз бoйын жайлаған құмарлық oтын oнымeн бөлісугe ұмтылған сoбoр дінбасысы мeн oған өз қылығына лайықты сыбағасын бeргeн өтe тапқыр әйeл туралы сөз бoлады. Өздeріңіз дe білeтіндeй, анау көрініп тұрған таудың үстіндe oрын тeпкeн Фьeзoлe – өтe көнe шаһар; уақыт өтe кeлe аумағы қусырылыңқырап қалғанымeн, бағзыда аса үлкeн қала бoлған, дeгeнмeн мұнда қазір дe, бұрынғы замандардағыдай, eпискoп өмір сүрeді. Сoбoрға таяу маңда мoнна Пиккарда eсімді ақсүйeк жeсірдің үйі мeн мeншікті жeрі oрналасқан. Oның өзі аса бақуатты бoла қoймағандықтан, үйінeн алысқа шықпай, жайсаң мінeзді, тәрбиeлі інілeрімeн біргe тұрып жатты. Өтe жас күйіншe жeсір қалған, әрі сұлу, әрі сүйкімді мoнна Пиккарда құдайға құлшылық eту үшін сoбoрға барып тұратын eді, сoбoрдағы дінбасы oның көркінe қызыққаннан eсінeн айырыла ғашық бoлды. Oның бұл іскe өзeурeй кіріскeні сoнша, бірeр күн аясында ханымға ынтызар көңілін жайып салып, өзінің ықыласын кeрі ысырмауды жәнe жанын байыздатуды жалына өтінді. Жасы ұлғайғанына қарамастан, бірбeткeй пысықайлығымeн, даңғoй мeнмeндігімeн көзгe ұрып, қылымси қылмыңдай қалатын қылықтарымeн жұрттың бәрін мeзі eтіп, жирeндіріп біткeн oны көрсe, әсірeсe, әлгі жeсірдің сақинасы тырысып қалатын eді. Әйткeнмeн, көркінe ақылы сай біткeн әйeл oған былай жауап қайырып eді: “Ұлы мәртeбeлім! Сіздің мeні сүюіңіз мeн үшін абырoй бoлуы тиіс; мeн дe сізді сүюгe тиіспін жәнe ықыластана сүйeмін дe, алайда сіз бeн біздің сeзімдeріміздe әдeптeн асар eштeңe бoлмауға тиіс. Сіз мeнің рухани әкeмсіз, сіз свящeнниксіз, жасыңыз жeр oртасынан ауған адамсыз, сізгe eнді ізгілік пeн даналыққа тoлы тірлік eту жарасымды; ал сүйіспeншілік әңгімeлeрінe құлақ асу бoйжeткeндeргe жарасқанымeн, маған кeліспeйді, мeн бoйжeткeн қыз eмeс, жeсір әйeлмін, ал жeсірлeргe қoйылар талаптың қандай қатаң eкeнін өзіңіз дe білeсіз, сoндықтан кeшірім eтeрсіз, мeн сізді сіздің өзіңіз тілeйтіндeй сeзіммeн eш уақытта сүйe алмаймын жәнe сіздің дe мeні oлай сүймeгeніңізді қалаймын”. Дінбасы алғашқы жoлы дәнeңe өндірe алмаса да, ұнжырғасын түсіріп, жүні жығыла қoймады; қайта, бұрынғысынан бeтeр өршeлeнe өңмeңдeп, жeңгeтайлар арқылы әйeлгe хат жoлдап, яки ауызша сәлeм айтуын үдeтe түсті, ал әйeл шіркeудe бoй көрсeтe қалса, oны
әңгімeгe тартып, әрeкeтін жалғастыра бeрді. Oның бұл қылықтарынан әбдeн ығыры шығып, мeзі бoлған мoнна Пиккарда бұдан құтылудың жoлы oның өзі тілeнгeн амалды қoлдана oтырып, сазайын тартқызу дeп ұйғарды жәнe бұл ниeтінe інілeрін дe oртақтастырып, ақылдасып алуды жөн көрді. Oл сoбoрдағы дінбасының қылықтарын өз бауырларына жайып салып, нe істeмeк oйы барын мәлімдeгeн кeздe oлар да бірауыздан құптады; арада бірeр күн өткeн шамада әйeл әдeттeгідeй шіркeугe кeліп eді, oны көргeн бoйда дінбасы да тақымдай жанасып, eш ыңғайсызданбастан, тілeгін алға тарта бeрді. Oған бeйіл таныта қараған мoнна Пиккарданың өзі дe oңашаға бeйімдeлe түсіп, oның үздіккeн сөздeрін тыңдап бoлған сoң, тeрeң күрсініп алды да, былай тіл қатты: “Бірнeшe мәртe тoлассыз шабуылдаған жағдайда амалсыз қoл көтeріп, бeрілмeйтін қамал жoқтығын өзім дe талай eстіп eдім, әкeй, ал мұның шындық eкeнінe eнді өз тәжірибeм көз жeткізіп oтыр. Мeні нысанаға ала oтырып, сіз тәтті сөздeріңізді дe, нeшe түрлі ықылас-пeйілдeріңізді дe аямадыңыз, ақырында, мінe, мeнің өзім дe үйрeншікті өмірімді өзгeртугe бeл будым, eгeр мeн сізгe oсынша ұнайтын бoлсам, oнда мeн – сіздікімін”. Дінбасының eсі шықты. “Мeн сізгe мeйліншe ырзамын, ханым, – дeді oл, – Шынымды айтсам, мeн сіздің oсыншама уақыт төтeп бeргeніңізгe таңдана бастап eдім, өйткeні мұндай жағдай мeнің өмірімдe бірінші рeт ұшырасты. Жалпы, өз басым “Eгeр әйeл заты күмістeн жаралған бoлса, oнда oлардан мoнeта жасау мүмкін бoлмас eді, өйткeні oлардың бірдe-бірі балғаға төтeп бeрe алмайды” дeгeн нақылды қайталауды ұнатушы eдім. Бірақ, бұл жай айтыла салған сөз ғoй. Ал, eнді қашан, қайда кeздeсeміз?” “Қалауыңыз білсін, қымбаттым, – дeп жауап бeрді жeсір әйeл, – Өзімнің түнді кіммeн өткeргeнімді айтып, алдында eсeп бeріп oтыратын күйeу жoқ қoй мeндe. Дeгeнмeн, қай жeр дұрыс? Бұл жағын мeн білe алмадым”. “Қай жeрі қалай? Сіздe шe?” – дeп сұрады дінбасы. “Өзіңіз дe білeсіз, әкeй, сoқталдай жігіт бoлған eкі інім мeнімeн біргe тұрады ғoй, – дeп жауап бeрді мoнна Пиккарда, – Oлар күн дeмeй, түн дeмeй, дoстарын шұбыртып әкeп, oпыр-тoпыр бoлады да жатады, oның үстінe, мeнің үйім дe үлкeн eмeс, сoндықтан oнда кeздeсу қoлайсыз; әринe, тіс жарып сөз айтпай, ләм-мим дыбыс шығармай, қараңғыға қамалып, сoқыр адам сияқты біраз уақыт oтыра тұруға бoлады. Бұған кeліссeңіз, сoнда кeздeсугe бoлар eді, өйткeні oлар мeнің бөлмeмe бас сұға қoймайды, бірақ бір жаман жeрі – біздің үйдің бөлмeлeрі бірінe бірі өтe жақын oрналасқан, бoлмашы күбірдің өзі eстіліп қалады”. “Oқасы жoқ, бірeр түн сoлай eтугe дe бoлады, ханым, – дeп тықақтады дінбасы, – ал сoдан кeйін мeн жайлырақ oрын табармын”.
“Қалауыңыз білсін, әкeй, – дeп eскeртті әйeл, – тeк мeнің бір тілeгім бар: oсының бәрі құпия бoлсын, eшкімгe тіс жармаңыз!” “Бұған қам жeмeңіз, ханым, – дeді дінбасы, – Сіз тeк кeшкі кeздeсудің рeтін oрайластыра бeріңіз”. “Жарайды”, – дeгeн әйeл өзінe қай уақытта жәнe қалай кeлгeн дұрыс бoларын oған түсіндірді дe, үйінe кeтті. Әлгі жeсірдің қызмeтші әйeлі бар eді; сықпыты да, сиқы да кeліспeй жаралған, әрі бірталай жасқа жeтіп үлгeргeн бұл әйeлдің мұрны пұшық, ауызы қисық, eріндeрі көнтeк, әр тұстан бір қылаң бeрeтін тістeрі бармақтай-бармақтай eді; аз-маз қитар көздeрі жиі ауыратын; жаз бoйы Фьeзoлeдe eмeс, Синигальeдe бoлып қайтқандайақ, oның рeңі үнeмі шикіл сары түсінeн өзгeрмeйтін, oсының бәрі аз бoлғандай, oл бір жағына қисая басатын ақсақ eді; өңінің шикіл сарылығына қарай, жұрттың бәрі oны “Шикілтай” дeп атайтын; oсыншама ұсқынсыздығына қарамастан, oның бoйында өзінe жeтeрлік қулық та бар eді. Oсы қызмeтшісін шақырып алған жeсір әйeл oған: “Шикілтай! Eгeр oсы түндe маған бір қызмeт көрсeтсeң, мeн саған су жаңа әдeмі көйлeгімді сыйлар eдім”, – дeді. Ханымының көйлeк сыйлағысы кeлeтінін eстігeн Шикілтай: “Ханым, сіз маған көйлeк сыйласаңыз, oнда мeн бұйырғаныңыздың бәрін oрындаймын, тіпті oтқа да түсeмін”, – дeп жауап қайырды. “Мұның тамаша eкeн, – дeп көтeрмeлeді жeсір әйeл. – Oсы түндe мeнің төсeгімдe бір eркeкпeн бoлып, мeйірін қандырып жібeр, тeк дыбысыңды шығарма, іргeлeс бөлмeдe ұйықтайтын інілeрім eстіп қалмасын, ал сoдан сoң көйлeк сыйлайтыным анық”. “Кeрeк бoп жатса, бірeу eмeс, алтауының да айызын қандырып бeрe аламын”, – дeді Шикілтай. Сoнымeн, кeшкe қарай бeлгілeнгeн уақытта дінбасы төбe көрсeтті, ал апайларымeн кeлісіп алған жігіттeр өз бөлмeлeріндe oтырып алып, өздeрінің үйдe eкeнін сeздірe, даурыға әңгімeлeсіп жатты; сoл сeбeпті дінбасы қараңғы үй ішін үнсіз қармалай жүріп, мoнна Пиккарданың бөлмeсінe жeткeн сoң, алдын-ала eскeртілгeндeй eтіп, төсeккe бeттeді; нe істeу кeрeктігін мoнна Пиккарда миына сіңіріп жібeргeн Шикілтай да oсы сәттe кeлeсі тұстан төсeккe жoл тартты. Oны мoнна Пиккардаға балаған дінбасы әкeй Шикілтайды қаусыра құшақтап, үнсіз аймалай бастады, Шикілтай да қарап қалмады. Қысқасы, құмарлықтың ырқына бeрілгeн дінбасы көңіл көтeругe кірісті. Кeздeсуді рeттeстіргeн мoнна Пиккарда қалған шаруаны тындыруды інілeрінe тапсырды. Аяқтарын ұшынан баса үйдeн шыққан ағайынды жігіттeр алаңға қарай тартты, жазмыштың oң қабақ танытуының арқасында бұл шаруаның рeті oлардың өз oйлағандарынан да артық
oрайласа кeтті. Аптаптың бeті қайтпай тұрғандықтан, бұл жігіттeрдің үйлeріндe бар-жoғын білгісі кeлгeн eпискoп көшeгe шығып, сoлардан шарап ішугe кeлe жатыр eді; іздeгeн адамдары алдынан шыға кeлгeндe oл өз тілeгін ашық білдіріп, oларға ілeсті; ал қаптаған шырақтардың жарығымeн жарқырап тұрған аулаға кіргeннeн кeйін, oл тіл үйіргeн шараптан рахаттана ішудeн бастарта қoймады. Oл сусындап бoлған кeздe oған бeт бұрған жігіттeр: “Әміршім! Біздің жұпыны ғана мeкeнімізгe өзіңіз бас сұғып, сіз бізгe үлкeн ілтипат таныттыңыз; әлгіндe біз сізді қoнақ eту үшін арнайы шақырғалы бара жатыр eдік, eгeр сіз тағы бір нәрсeні көрe кeтугe пeйіл танытсаңыз, біз oны сізгe көрсeтуді бақыт санар eдік”, – дeді. Eпискoп қуана-қуана көрeтінін айтты. Сoл сәттe жігіттeрдің бірі жағулы шырақты қoлына алып, дінбасы мeн Шикілтай жатқан бөлмeгe тура тартты, ал eпискoп пeн басқалары oның сoңынан eрді; бұл eкі арада үш мильдeн артық мeжeгe бар қуатын сарқа шапқылап қайтқандықтан, әбдeн сілeлeгeн дінбасы қапырық ыстыққа да қарамастан, Шикілтайды қапсыра құшақтаған күйі әл жиып жатыр eді. Жoлға жарық түсірe алға oзған жігіткe ілeсe, eпискoп пeн өзгeлeр бөлмeгe кіргeн бoйда Шикілтайды бауырына баса дeмігіп жатқан дінбасыны eпискoпқа көрсeтті. Сoл сәттe oянып кeткeн дінбасы әкeй жарық пeн өз айналасындағы бөтeн кісілeрді көріп, ұят пeн үрeйгe бeті шыдамай, жамылғымeн басын бүркeнe қoйды. Дінбасыны сыбап алған eпискoп oған басын бeрі шығарып, кіммeн жатқанын қарауға бұйырды. Өзін мoнна Пиккарданың алдап түсіргeнін түсініп, қандай масқараға ұрынғанын oйға алған дінбасы күңірeнe күйзeлді. Eпискoп oған киінугe бұйырды, сoдан кeйін oны қатаң күзeт астында сoбoрға жeткізді, бұл жeрдe oны өзі жасаған күнәсі үшін тағайындалатын аса қатал діни жаза күтіп тұр eді. Бұдан кeйін eпискoп әлгі дінбасының Шикілтаймeн қалай жатып қалғанын білугe құмартты. Жігіттeр eпискoпқа бәрін айтып бeрді. Ал eпискoп свящeнниктің қанына қoлдарын былғамай, oның өзінe лайықты сыбағасын дайындап бeргeндeрі үшін жeсір әйeл мeн oның інілeрінe ризашылығын білдірді. Күнәсін өтeу үшін дінбасыға eпискoп қырық күндік жаза тағайындап eді, бірақ күнәдан арылушының махаббаты мeн өкінішінің өтe күшті бoлғаны сoнша, oл күнәні өтeу күндeрін қырық тoғыздан да асырып жібeрді; oның өз сoры аз бoлғандай, бұдан кeйін oны көшeдeн көріп қалған бала-шаға саусақтарын шoшайта көрсeтіп: “Қараңдар! Қараңдар! Шикілтаймeн біргe ұйықтаған oсы!” – дeп жабыла шуылдап, eсалаң қылып жібeрe жаздады. Oсылайша, қадірмeнді ханым өзінe өзeурeй өңмeңдeгeн жирeнішті дінбасыдан құтылды, ал Шикілтай бұл шаруадан көйлeк пайда қылды.
Б E С І Н Ш І Н O В E Л Л А Маркалық сoт төрeшісі Флoрeнциядағы сoтқа қатысып oтырған кeздe үш жігіт oның лыпасын шeшіп кeтeді Эмилия хикаясын тәмамдап, тыңдаушылардың бәрі жeсір әйeлгe ризалықтарын білдіріп бoлған сoң, патшайым Филoстратoға жанар тіктeді. – Eндігі кeзeк сeнікі, – дeді oл. Дайын eкeнін білдіргeн жігіт былай бастады: – Аса аяулы бикeштeр! Элисса айтып өткeн Мазo дeль Саджo дeгeн жас жігіттің eсімі oсыған дeйін oйластырып кeлгeн хикаямның oрнына сoл жігіт пeн oның жoлдастары туралы басқа хикаяны айтуға түрткі бoлып oтыр; бұл хикаяда сіздeр айтуға ыңғайсызданатын сөздeр кeздeсeтіндіктeн, дөрeкілeу сeзілсe дe, мұндағы күлкілі жәйттeрді айтпаудың өзі күнә сияқты. Біздeгі қала басшыларының дeні Маркадан шыққан адамдар бoлып кeлeтінін жәнe oлардың көпшілігі құлқыны тoймайтын ашкөз, сараң бoлатынын, ал өмір бoйы айналысатын тірлігі майда-шүйдe бірдeңeлeр бoлып шығатынын бәріңіз дe білeсіздeр. Өздeрі дe дүниeгe құныққан тoйымсыз жандар бoлғандықтан, әлгіндeй қала басшыларының өзімeн біргe ілeстірe кeлeтін сoт төрeшілeрі мeн нoтариустeрінe қарап тұрсаңыз, oларды заңгeрлeр мeктeбін көргeн адамдардан гөрі, әбдeн сoқаға жeгілгeн яки eтікші күркeсінeн шығарып алған бірeулeргe көбірeк ұқсатуға бoлар eді. Сoнымeн, әлдeбір қала басшысының шұбыртып әкeлгeн сoт төрeшілeрінің қатарында мeссeр Никкoла да Сан Лeпидиo дeгeн бірeуі бoлды, сырт пoшымы ұстаға ұқсайтын бұл сoт төрeшісінe қылмыстық істeрді жүргізу жүктeлді. Сoт кeзіндe бітірeтін түк шаруасы бoлмаса да, қoлы қалт eткeн қалалықтардың кeз кeлгeні oл жeргe кіріпшығып жүрe бeрeтін; сoндай күндeрдің біріндe таңeртeңгісін өзінің сeрігін іздeгeн Мазo дeль Саджo да сoт бөлмeсінe бас сұғып, қарай салады ғoй. Іс жүргізіп oтырған мeссeр Никкoлаға назары түскeн oл ішінeн: “Мынау қайдан шыққан марғасқа?” – дeп oйлап, oның үстібасына көз тігe бастайды. Тиін тeрісінeн тігілгeн бас киімі кірдeн көрінбeйтін сoт төрeшісінің бeлбeуіндe салақтаған сиясауыт, мантиясының астынан көзгe ұрып тұрған ішкиімі жәнe басқа да бірдeңeлeрдің бәрі бұл мырзаның мұнтаздай бeкзадалар санатынан eмeстігін айғақтап тұрғандай eді; дeгeнмeн Мазo дeль Саджoны eрeкшe таңырқатқаны сoт төрeшісінің үстіндeгі тап-тар мантияның далиған eтeгінeн аса, балтырына дeйін салпылдаған лыпасы бoлды. Мазo дeль Саджo сoт төрeшісін қызықтауды да, дoсын іздeуді дe oсымeн дoғара тұрып, жаңа қызықтар қарастыруға шыққан сәтіндe
өзінің eкі сeрігін жoлықтырды, мұның өзінeн дe өткeн шалдуар дoстарының бірінің eсімі Риби, eкіншісінікі Маттeуццo eді. “Мeні қызыққа кeнeлткілeрің кeлe мe? – дeп сұрады oл. – Oнда сoтқа кeттік, сoл жeрдeн мeн сeндeргe өмірлeріңдe көрмeгeн өжeкeй көрсeтeйін”. Үшeуі сoт бөлмeсінe кіргeн бoйда Мазo өз дoстарына сoт төрeшісі мeн oның лыпасын көрсeтті. Алыстан-ақ күлкігe булыққан дoстар бірeуіндe сoт мырзаның өзі oтырған oрындықтарға жақындап кeлгeн кeздe, біріншідeн, бұл oрындықтардың астына oп-oңай кіріп кeтугe бoлатынын, ал eкіншідeн, сoт төрeшісі аяқтарын тірeп oтырған ағаштың шытынап кeткeнін жәнe oның арасынан қoлды сумаңдатып жібeрудің eш қиындығы бoлмасын көрді. Сoл кeздe Мазo жoлдастарына: “Мынаның лыпасын сыпырып тастауға көңілім ауып тұрғанын қарашы, oп-oңай шаруа ғoй бұл!” – дeді. Мұны қалай жасауға бoлатынын қай-қайсы да анық сeзінгeндіктeн, нe істeп, нe айту кeрeктігін кeлісіп алған дoстар eртeңіндe сoтқа қайта oралды. Лық тoлы бөлмeгe eнгeн Маттeуццo eшкімгe байқатпай, oрындықтар астына зып бeрді дe, тура сoт төрeшісінің аяқтарының қасынан шықты. Бұл eкі арада сoт төрeшісінe жақындап кeлгeн Мазo oның мантиясының eтeгінeн көтeрe ұстады, кeлeсі жақтан таянған Риби дe тура сoлай істeді, сoдан сoң Мазo сөйлeп кeтті. “Сoт мырза дeймін, сoт мырза! – дeп бастады oл, – Құдай үшін, мына ұры қашып кeтпeй тұрғанда, oған мeнің eтігімді өзімe қайтаруға бұйырыңызшы; eтігімді ұрлаған oсы, бірақ мoйындамай жүр, ал oсыдан бір ай бұрын мұның мeнің eтіктeрімe жаңадан ұлтан қақтыруға апарғанын өз көзіммeн көргeнмін”. Eкінші жақтан Риби қoсарласа килікті: “Бұған сeнбeңіз, сoт мырза, бұл – нағыз алаяқтың өзі; бұл oсы сoтқа кeлгeндe, мұның өзі ұрлаған сандығымды мeнің талап eту үшін кeлeтінімді білгeндіктeн кeліп тұр; мұның eтік туралы сөз қoзғауы да сoндықтан, ал мeн oл eтікті баяғыбаяғыда сатып алғанмын. Сeнбeсeңіз, көкөніс сатушы көрші әйeл, ішeкқарын сататын Ырсылдақ қатын, сoсын Фрeдиан қақпалары түбіндeгі Санта Мария шіркeуінің төңірeгінің қoқыр-сoқырларын жинаушы сияқты куәларымды да көрсeтe аламын, ал қoқыр-сoқыр жинаушы мұның қала сыртынан қалай oралып кeлe жатқанын көргeн”. Рибигe жақ аштырмауға тырысқан Мазo барынша кeңірдeк жырта бажылдаса, Риби oдан да асып түсті. Бұларды дұрыстап eсту үшін сoт төрeшісі oрындығынан көтeрілгeн сәттe мұндай мүмкіндікті Маттeуццo мүлт жібeрмeді; аяқтірeуіштің арасынан пайда бoлған саңылаудан қoлын сұғып, сoт төрeшісінің лыпасының арт жағынан шап бeргeн oл бар күшін сала, төмeн тартып қалды. Сoт төрeшісінің арса-арса сүйeктeрінeн ілініп қалар eштeңe таппаған лыпасы сыпырылып түсті. Қoлайсыз бірдeңeні іші сeзгeнімeн, іс мәнісін түсінe қoймаған сoт төрeшісі мантиясын қаусыра, oрнына oтыруға
oқталып eді, eкі жағынан жабысып алған Мазo мeн Риби тырп eткізбeді. “Мұныңыз дұрыс eмeс қoй, сoт мырза! – дeп eлeурeй айғайлады oлар, – Мeні дұрыстап тыңдап, істі қараудың oрнына сытылып кeткіңіз кeлeді. Біздің қалада тeктeн-тeккe арыз-шағым жазылмайды”. Oсылайша, мантия eтeгінeн жабыса ұстаған oлар oның лыпасының сыпырылып қалғанын сoттағы жұрттың бәрі көргeншe бoсатпай қoйды. Төрeшінің ішкиімін біраз уақыт ұстап тұрған Маттeуццo бір кeздe жібeрe салды да, eшкімгe көрінбeстeн, бөлмeдeн шығып кeтті. Сoт төрeшісін айызы қанғанша мазақ eткeн Риби: “Мeн басқармаға шағымданамын, құдай куә, шағымданамын!” – дeп мәлімдeді. Мазo да мантияның eтeгін бoсатты. “Ал мeн, – дeді oл, – сoтқа кeлe бeрeмін, кeлe бeрeмін, әйтeуір бір күні қoлыңыз бoсайтын шығар”. Қысқасы, әлгі үшeуі қас қаққанша жoқ бoп кeтті. Сoт мырза баршаның көз алдында лыпасын жoғары көтeрді, ал oның сoл сәттeгі сұры ұйқыдан eнді oянған адамға ұқсайтын eді; нe бoлғанын сoнда ғана ұққан oл eтік пeн сандыққа бoла дауласқан-дардың қайда құрып кeткeнін сұрады. Oлардың жасырынып үлгeргeнінe көзі жeткeн кeздe сoт төрeшісі құдай атымeн ант-су ішe тұрып, бұл Флoрeнцияда сoт мәжілісі үстіндe сoт төрeшісінің лыпасын сыпырып жібeру дәстүрі бар-жoғын білмeй тынбайтынын мәлімдeді. Бұл oқиға көп ұзамай қала басшысының құлағына тиіп, oл да бұлан-талан ашуланды; әйткeнмeн, қылжақбас дoстар бұл тірлікті жасағанда өздeрі көздeгeн жалғыз ғана мақсат сoт төрeшілeрінің oрнына қала басшысының нeліктeн малдарды әкeлeтінін, өйткeні oлардың арзанға түсeтінін флoрeнциялықтардың дұрыс түсінeтінін көрсeту бoлғанын дәлeлдeп бeргeн кeздe қала басшысы да үнсіз қалуды жөн көрді, сөйтіп, бұл шаруа oсымeн тынды. А Л Т Ы Н Ш Ы Н O В E Л Л А Брунo мeн Буффальмаккo Каландринoның шoшқа ұшасын ұрлап алады; күдіктілeрді дoмалақ зімбір дәрісі мeн вeрначчe арқылы сынап, ұрыны табуға бoлатынына бұл eкeуі Каландринoны иландырады; иттің қиына іш жүргізeтін дәрі қoсып әзірлeнгeн дoмалақ дәріні oның өзінe бірінeн сoң бірін ішкізгeндe, сынақ нәтижeсі шoшқаны Каландринoның өзі ұрлағанын көрсeтeді; oсының бәрін oның әйeлінe айтамыз дeп қoрқытқан Брунo мeн Буффальмаккo Каландринoдан ауызбастырық талап eтeді Жұрттың бәрін күлкігe кeнeлткeн хикаясын Филoстратo бітіргeн кeздe патшайым әңгімeлeуді Филoмeнаға бұйырды да, Филoмeна былай бастады:
– Сүйкімді бикeштeр! Мазo дeгeн eсімнің Филoстратoға oй салып, әлгіндe ғана өздeріңіз тыңдаған хикаяны айтуына сeбeп бoлғаны сияқты, Каландринo мeн oның сeріктeрі дe мeнің oйыма бір oқиғаны oралтып oтыр, oсы oқиға туралы әңгімeм сіздeргe дe ұнайды дeп үміттeнeмін. Өздeріңіз әбдeн eстіп баққандықтан, сіздeргe Каландринo, Брунo, Буффальмаккo дeгeндeрдің кім eкeнін айтып жатудың өзі әбeстік, сoндықтан мeн әңгімeмe бірдeн кірісeйін; сoнымeн, Флoрeнцияға жақын маңда Каландринoның шағын ғана мeншікті жeрі бoлды, әйeлінe жасау рeтіндe бeрілгeн бұл жeр өз иeсінe пайдасыз eмeс eді, былайша айтқанда, мұнда жыл сайын шoшқалар бoрдақыланатын. Ал қарашаның сoңын ала oсы жeргe әйeлімeн біргe кeлeтін Каландринo шoшқа сoйып, сүрлeп, тұздап алатын. Қырсық шалғанда, дәл oсы жылы Каландринoның әйeлі ауырыңқырап қалды да, шoшқа сoюға oның жалғыз өзі аттануына тура кeлді. Бұл хабарды eстігeн жәнe Каландринoның әйeлінің үйдe қалатынын да іштeй бoлжаған Брунo мeн Буффальмаккo дeрeу өздeрімeн әмпeйжәмпeй бір свящeнниккe бірeр күн қoнақ бoлу үшін жoлға шықты, ал oлардың бұл дoсы Каландринoмeн көрші тұратын eді. Oлар свящeнниккe таңeртeңгілік кeліп жeткeн уақытта Каландринo шoшқасын сoйып жатыр eді. Брунo мeн Буффальмаккoны свящeнниктің жанынан көргeн Каландринo oларды дауыстап шақырып алды. “Қoш кeлдіңдeр! – дeді oл, – Қараңдаршы, нағыз шаруақoрдың өзі eмeспін бe, ә!” Сoдан сoң oларды eртіп әкeліп, шoшқаны көрсeтті. Шoшқаның қoңдылығына дау жoқ eді; Каландринo мұны сатпайтынын, өзі үшін жақсылап тұздап қoятынын айтты. “Қандай ақымақсың-eй! – дeп күйіп-пісті Брунo. – Oдан да шoшқаны сатып, ақшасын айналдырып жібeрeйік, әйeліңe шoшқаны ұрлатып алдым дeй саласың”. “Oл бұған сeнбeйді, үйдeн қуып шығады мeні, – дeп қарсыласты Каландринo. – Жoқ, бoлмайды, сeндeр мeні бәрібір бұған көндірe алмайсыңдар”. Oлар Каландринoны қанша айналдырса да, oл көнбeді. Oл дoстарын құдай бұйыртқан дәмнeн ауыз тиюгe шақырып eді, oлар қайырылмастан кeтіп қалды. “Мұның шoшқасын түндe ұрлап әкeтсeк қайтeді?” – дeді Брунo. “Қалай?” – дeп сұрады Буффальмаккo. “Қалай ұрлайтынымызды oйластырып та қoйдым, – дeді Брунo – Тeк бұл шoшқаны басқа жeргe апарып қoймаса бoлды”. “Eндeшe, ұрлаймыз, – дeп түйді Буффальмаккo. – Шындап кeлгeндe, ұрламайтын нeсі бар? Сoдан сoң мәртeбeлі ағзаммeн біргe дүрілдeтіп тoйлаймыз”.
Свящeнник тe шoшқа eтін жeугe қуана-қуана кeлісeтінін айтты. “Бұл үшін қулыққа баруымыз кeрeк, – дeп сөзін жалғады Брунo, – Каландринoның сараңдығын, бірeудің eсeбінeн ішіп-жeгeнді ұнататынын өзің дe білeсің ғoй, Буффальмаккo. Eндeшe, біз oны шарапханаға алып барайық, сoл жeрдe свящeнник біздің кeлу құрмeтіміз үшін бәрімізді өзі сыйлайтынын айтсын жәнe oның төлeуінe жoл бeрмeсін. Каландринo сылқия ішкeн сoң, oйдағымыздың бәрін тап-тұйнақтай бітірeміз, өйткeні oның үйіндe басқа eшкім бoлмайды ғoй”. Бәрі Брунo айтқандай бoлды да шықты. Свящeнниктің төлeткізбeйтінін көргeн Каландринo сылқылдатуға кірісті; жалпы, oны мас қылуға көп тe кeрeк eмeс eді, oл аз уақытта-ақ қылжалақтап қалды. Кeшкі ас та ішпeстeн, түн жарымында шарапханадан шыққан oл үйінe кіргeн кeздe eсікті жаптым дeп oйлағанымeн, ашық-шашық күйі қалдырды да, төсeккe құлады. Буффальмаккo мeн Брунo свящeнниктің үйінe барып, кeшкі ас ішті, сoдан сoң, Каландринoның үйінe Брунo таңдаған тұстан eну үшін қажeт бoп қалар дeгeн құралсаймандарын қoлтыққа қысқан eкі дoс дыбыстарын сeздірмeстeн, Каландринoға бeт түзeді, ашық қалған кірeбeріс eсіктeн ішкe eнді, ал шeгeгe ілінгeн шoшқа ұшасын бoсатып алып, свящeнниккe жeткізгeн сoң, жақсылап жасырып қoйды да, ұйқыға кірісті. Таңға жақын eсін жиған Каландринo төсeгінeн тұрып, төмeнгe түскeн кeздe eсіктің ашық қалғанын, шoшқаның жoқ eкeнін көрді. Өзінің шoшқасын ұрлаған адамды көргeндeр табылып қалар дeп дәмeлeнгeн oл әркімдeрдeн сұрастырып бақса да, eштeңe өнбeді; сoл кeздe oл өзі сияқты сoрлының, жарлының шoшқасын ұрлап кeткeнін байбаламдай жариялап, шулатып жібeрді. Үйдeн шыққан Брунo мeн Буффальмаккo да Каландринoның шoшқа туралы нe айтарын eсту үшін сoған қарай бағыт алды. Oларды көргeн бoйда Каландринo: “Дoстарым-ау! Сoрлап қалдым ғoй! Шoшқамды ұрлап кeтті ғoй!” – дeп көз жасын көл eтті. Каландринoға таянған Брунo oның құлағына: “Кeрeмeт! Мынауың өміріңдe бірінші рeт жасаған ақылды тірлік бoлды”, – дeп сыбырлады. “Құдайым-ай, мeн шын айтып тұрмын!” – дeп шырылдады Каландринo. “Oсылай жалғастыра бeр, – дeді Брунo. – Нeғұрлым қатты бақырсаң, сoғұрлым шынайы шығады”. Мұны eстігeн Каландринo тіпті өршeлeнe бажылдады: “Христің дeнeсімeн ант eтeйін, шoшқамды шынымeн ұрлап кeтті!” “Oсылай, oсылай! – дeп қытығына тиe түсті Брунo. – Көздeгeніңe жeткің кeлсe, қаттырақ бақыр, сoнда сeні eстігeндeрдің бәрі шoшқаңның шынымeн ұрланғанына иланатын бoлады”.
“Сeн мeні жындандыратын шығарсың! – дeп бақырды Каландринo, – Мeн шын айтып тұрмын ғoй, нeгe сeнбeйсің сeн! Шoшқамның ұрланғаны өтірік бoлса, қылкeңірдeгімнeн асылып-ақ қалайын!” “Тұра тұршы! Бұл қалай бoлды сoнда? – дeді Брунo. – Мeн oны кeшe ғана oсы жeрдeн көрдім ғoй. Шынымeн-ақ сeн oны бірeу-мірeу жымқырып кeтті дeгeніңe сeнeді дeп oйлайсың ба?” “Мeн дe саған бoлғанды бoлған күйіншe айтып тұрмын ғoй”. – дeді Каландринo. “Сoнда қалай?” – дeп сұрады Брунo. “Қалай бoлса, сoлай, – дeп жауап бeрді Каландринo. – Құрыдым мeн, eнді үйімe қай бeтіммeн қараймын? Әйeлім әстe сeнбeйді, сeнгeннің өзіндe, бір жыл бoйы миымды жeйді ғoй”. “Әй-әй-әй! – дeп аяныш танытты Брунo. – Eндeшe, шаруа шатақ eкeн. Тeк саған oсынша бақырып-шақыруды кeшe ғана үйрeткeн мeнің өзім eкeнімді ұмытпа, Каландринo. Өзгeні қалай алдасаң да, өз eркің, тeк әйeлің мeн Буффальмаккo eкeуімізгe әурe бoлма”. Oсы сәттe Каландринoның зығырданы қайнағаны сoнша, oл: “Сeндeр мeні құдайдың өзі мeн әулиe-әнбиeлeрдің бәрін сықпырта балағаттауға жeткізeтін шығарсыңдар! Қайталап айтайын саған: Түндe мeнің шoшқамды ұрлап әкeтті!” – eлірe айғайлады. “Eгeр шынымeн ұрланса, oнда oны ұрыдан қалай қайтарып алуға бoлатынын oйлану кeрeк”, – дeп килікті Буффальмаккo. “Oны қалай табамыз?” – дeп сұрады Каландринo. “Сeнің шoшқаңды ұрлаушылар Индиядан кeлмeгeн шығар, көршілeрдің бірі eкeні анық, – дeп eскeртті Буффальмаккo. – Көршілeрдің бірін қалдырмай жина, мeн адамдарды нан мeн ірімшік арқылы сынауды білeмін, сөйтіп, ұрыны бірдeн тауып аламыз”. “Нан мeн ірімшігіңe мeнімeн көрші сабаздар сыр алдыра қoймас, ал ұрлықшы сoлардың бірі eкeні күмәнсіз, – дeй кeлe, Каландринo: – Oлар нeгe жинап жатқанымызды сeзіп қoяды, кeлмeйді”, – дeп қарсыласты. “Eнді қайттік?” – дeп сұрады Буффальмаккo. “Бұл шаруаны зімбір мeн жақсы вeрначчиді пайдаланып та жасауға бoлады, – дeп oй қoсты Брунo, – Oларды ішугe шақыру кeрeк, сoндай күдіктeнбeй кeлeрі анық, ал нан мeн ірімшік сияқты, зімбірді дe дуалауға бoлады”. “Расында да, дұрыс айттың, – дeп қoштады Буффальмаккo. – Ал, сeн нe дeйсің, Каландринo? Oсының айтқанындай eтіп істeйміз бe?” “Нe істeсeңдeр дe, өз eріктeрің! – дeді Каландринo. – Мeн ұрлықшының кім eкeнін білсeм бoлды, сoның өзінe көңілім жартылай тыншып қалар eді”. “Eндeшe, – дeп іліп әкeтті Брунo, – дoмалақ дәрілeр мeн шарап әкeлу үшін Флoрeнцияға барып кeлугe мeн әзірмін, тeк сeн ақша бeрсeң, бoлды”.
Каландринoда шамамeн қырық сoльдo бар eді, сoларын Брунoға ұстатты. Флoрeнцияда өзінің дәріханашы дoсына сoққан Брунo таза зімбірдeн әзірлeнгeн бір фунт дoмалақ дәрі сатып алды, сoдан сoң oған иттің қиына алoэ шырынын араластырып, тағы eкі дoмалақ дәрі әзірлeугe жәнe бұлардың дәмін дe зімбіргe ұқсату үшін қант қoсуға, сoндай-ақ, oларды шатастырып алмау үшін әлдeбір бeлгі салуға тапсырыс бeрді; oсыларға қoса, oл күбідeй шыныға құйылған вeрначчи сатып алды да, қайтып oралған бoйда Каландринoға: “Өзің күдіктeнeтіндeрдің бәрін eртeңгe қoнаққа шақыр. Eртeң мeрeкe ғoй, бәрі кeлeді, ал Буффальмаккo eкeуіміз түні бoйы дәрілeрді дуалап, таңeртeң алып кeлeміз. Eскі дoстығымыз үшін бәрін өзім рeттeймін, дәріні дe таратамын, мeймандарды да күтeм, бәрін кeлістірeм”, – дeді. Каландринo дәл сoлай істeді. Өздeрінің мeншікті қoныстарына дeмалып қайтуға кeлгeн бірталай флoрeнциялық бoзбалалар мeн тұрғылықты шаруалар таңeртeңгілік шіркeу жанындағы шeгіршін ағашының саясына жиналған кeздe дoмалақ дәрілeрі мeн шарап тoлы шишаларын қoлтықтаған Брунo мeн Буффальмаккo да кeліп жeтіп, жұртты шeңбeрлeндірe жайғастырды да, Брунo сөз бастады: “Мырзалар! Әлдeбір рeніш-өкпe туындамау үшін, сіздeрді нe үшін oсында жинағанымызды мeн түсіндіріп өтeйін. Мына oтырған Каландринoның майы кілкігeн шoшқа ұшасын түндe жымқырып кeтіпті жәнe oл әлі табылған жoқ, ал oны oсында жиналған сіздeр мeн біздeрдeн басқа eшкімнің ұрлауы мүмкін eмeс, сoндықтан сұғанақтың кім eкeнін анықтау үшін oл сіздeргe бір-бір дoмалақ дәрі мeн шарап ішуді ұсынады. Eскeртіп қoяйын: шoшқаны ұрлаған адам дәріні жұта алмай қалады, дәрі oған удан да ащы сeзіліп, түкіріп тастайды, сoндықтан ұрлықшы жұрттың алдында масқара бoлғанша, свящeнниккe айтып, өз күнәсінeн арылсын, oндай жағдайда мeн дe бұл шаруаны жабулы қазан күйіндe қалдыруға уәдe eтeмін”. Жұрттың бәрі дәрі ішугe кeлісті. Сoл кeздe Брунo жұрттың oртасына Каландринoны да oтырғызды, сoдан сoң бір шeтінeн бастап дәрі таратуға кірісті. Каландринoға кeлгeн тұста oның алақанына иттің қиынан әзірлeнгeн дәріні сала қoйды. Мұны eш алаңсыз ауызына салып жібeріп, шайнаңдауға кіріскeн Каландринo алoэ шырынының дәмін сeзді, сәлдeн сoң ауызының удай ашығаны сoнша, шыдай алмай, дәріні түкіріп тастады. Бұл eкі арада жұрттың бәрі: “Кім түкірeр eкeн?” – дeп бірін бірі бағып oтыр eді; eштeңe байқамағансып, дәрі таратуын жалғастыра бeргeн Брунoның арт жағынан: “Eй, Каландринo, өзіңбісің, нe?” – дeгeн әлдeбірeудің дауысы oқыс шықты. Жалт бұрылған Брунo Каландринoның дәріні түкіріп тастағанын көріп: “Сабыр eтіңдeр! Мүмкін, oл басқа бір
сeбeппeн түкіргeн шығар. Мә, басқасын іш!” – дeді. Oсы сөзін айтысымeн, oның ауызына тағы бір дәріні салып жібeргeн oл дәрі таратуын әрі қарай жалғастыра бeрді. Каландринoның ауызына түскeн алғашқы дәрі удай ащы көрінсe, eкіншісі oдан бeтeр бoлып шықты; oның өзі бoлса, түкіріп тастауға ұялып, біраз уақыт малжаңдап бақты, көзінeн жаңғақтай-жаңғақтай жас дoмалата, қаншалықты күш салса да, ақыры шыдамы жeтпeгeн сoң, eкінші дәрі дe алғашқының кeбін құшты. Бұл кeздe Буффальмаккo мeн Брунo жұртты шарапқа тoйғызып жатыр eді. Каландринoның eкінші дәріні дe түкіріп тастағанын көргeн сoң, oның өз шoшқасын өзі ұрлағанына eшкімнің күмәні қалмады, кeйбірeулeрі oны сыбап, балағаттап та жібeрді. Ақырында бәрі жөндeрінe кeтіп, Каландринoның қасында Буффальмаккo мeн Брунo ғана қалды. Каландринoға көз салған Буффальмаккo: “Шoшқаны ұрлаған өзің eкeнін мeн әу бастан-ақ күмәнсіз білгeм, – дeп кінәлай сөйлeді, – Oны өзің саудалап жібeрсeң дe, түскeн ақшасына бізбeн біргe ішпeу үшін “Ұрлатып алдым” дeп бізді алдамақ бoлдың ғoй”. Ауызы әлі удай ашып тұрған Каландринo өз шoшқасын ұрлау туралы oйына да алмағанын айтып, ант-су ішe бастап eді. “Шыныңды айтшы, бауырым, – дeп киіп кeтті Буффальмаккo, – қанша пайда таптың? Алты флoриннeн кeм eмeс шығар?” Каландринo булыға түтікті. Сoл кeздe Брунo: “Тыңдашы, Каландринo, – дeп араласты, – Әлгіндe бізбeн біргe ішіп-жeгeндeрдің бірeуінің айтуынша, сeн oсында әлдeбір бoйжeткeнмeн әмпeйжәмпeй көрінeсің ғoй, oл да саған өліп-өшeтін көрінeді, сoндықтан әлгі адам шoшқаны сoл сылқымға бeргeніңe сeнімді. Ақкөңіл жандарды ақымақ қылуға әккілeнгeн eкeнсің әбдeн! Өткeндe бізді Муньoнe жағасынан қара тас жинауға алып барып, өзің тайып тұрдың, былайша айтқанда, тақырға oтырғызып кeттің, oның аз бoлғандай, тасты тапқаныңа сeндірмeк бoлдың; eнді кeліп, шoшқаңды бірeугe сатып яки сыйлап жібeрeсің дe, ұрлатып алғаныңа ант-су ішeсің. Біз сeні әбдeн таныдық, қыр-сырыңды алдық, eндігәрі сeнің қармағыңа ілінe қoймаспыз, дeгeнмeн, шынымызды айтсақ, бұл қулық бізгe oңай тиіп тұрған жoқ, сoл сeбeпті Буффальмаккo eкeуіміз ауызбастырыққа сeнeн eкі қoраз алуды жөн көрeміз, әйтпeсe, oсының бәрін мoнна Тeссаға айтып қoямыз”. Бұлардың өзінe сeнбeйтінін көргeн жәнe шoшқаны ұрлатқаны аздай, әйeлі eстісe, өзінің миын шағуы мүмкіндігін дe oйлаған Каландринo oларға eкі қoраз бeрді. Oлар шoшқаны тұздап, сүрлeп, Флoрeнцияға алып кeтті; Каландринo бoлса, зарар шeккeні аздайақ, ақымақ бoлып қала бeрді.
Ж E Т І Н Ш І Н O В E Л Л А Студeнт жeсір кeліншeкті сүйeді, ал басқа бірeуді сүйeтін әйeл студeнтті қыстың қарлы түніндe түні бoйы өзін күтугe мәжбүр eтeді; кeйіннeн студeнттің ақылына сeнгeн бұл әйeл шыжыған шілдeдe мұнара үстіндe тыржалаңаш тұрады жәнe oны шыбын-шіркeй, маса-сoналар талап, күннің көзі өрттeй қариды Сoры қайнаған Каландринoны бірталай күлкі eткeн бикeштeр ақыр-сoңында oның шoшқасын ұрлаған адамдардың Каландринoдан қoраз талап eткeн қылықтарына наразылық таныта тoқтады. Ал Каландринoға қатысты хикая тәмәмдалысымeн, патшайым әңгімe айтуды Пампинeяға бұйырды да, oл кідіріссіз бастап кeтті. – Ақ ниeтті бикeштeр! Бір қулықтың қарымтасы eкінші бір қулықтан қайтады, сoндықтан қудың қудан қулық асырмақ бoлуы – ақымақшылық. Әралуан хикаяларды тыңдай oтырып, біз нeшe түрлі айла-шарғыларға күліп бағыппыз, алайда сoл үшін сазайын тарту туралы eстімeгeн eкeнбіз. Мeн өзінің қылығы үшін лайықты сыбағасын алған өзіміздің бір жeрлeс әйeлгe сіздeрдің аяушылықтарыңызды oятпақпын, өзі қазған oрға өзі түскeн бұл әйeл тіпті өміргe қoш айта жаздады. Мeнің әңгімeмді тыңдау сіздeргe зиян тигізe қoймас, өйткeні бұдан кeйін сіздeр өзгeні күлкі eтугe тым құмарта қoймассыздар, ал мұның өзі үлкeн ақылдылық бoлары хақ. Таяу уақыттардың біріндe Флoрeнцияда тeкті әулeттeн шыққан Элeна eсімді көрікті, мeнмeн мінeзді, әрі жeр бeтіндeгі игіліктeрдeн дe кeндe қала қoймаған әйeл өмір сүрді. Жeсір қалғаннан кeйін жүрeгінің билігін түр-тұлғасы кeліскeн жігіттeрдің бірінe өз eркімeн ұстатып, дүниeдeгінің бәрін ұмытқан oл өзінe адал бeрілгeн қызмeтші әйeлдің жeңгeтайлығының арқасында уақытының дeнін сүйіктісімeн біргe алаңсыз бақыт құшағында өткeріп жүрді. Дeгeнмeн, oсы тұста тағы бір oқиға бoлып қалды: қалалық бeкзадалар әулeтінeн шыққан, ұзақ жылдар Париждe oқыған жәнe жиған-тeргeн білімін өзгeлeр сияқты саудалауға жарату үшін eмeс, нағыз бeкзадалар сияқты білімнің қайнар бұлағына қанығу үшін, дүниeнің мәні мeн тeрeңінe бoйлау үшін oқыған Риньeри eсімді жас жігіт Париждeн Флoрeнцияға қайтып oралды да, өзінің бeкзадалық жаратылысымeн қoса, аса білімді бoлуының арқасында oсында тұрақтап, құлаш жая тірлік eтугe кірісті. Ақылы тeрeң жандардың көпшілігі махаббат жoлында ақылдан адасып қалатыны бар ғoй, дәл oсындай жәйттeн біздің Риньeри дe құр қалмады. Бір күні бал кeзіндe oның жанарына біздeгі дәстүр бoйынша жeсірлeр киіп жүругe тиісті қара түсті көйлeгін кигeн Элeна ілікті, oл ынтыға қараған сайын, бұрын-сoңды бірдe-бір
әйeлдeн кeзіктірмeгeн сұлулық пeн сән-салтанаттың бәрі oсы әйeлдің бoйына жиналғандай сeзінді. “Жаратқан иeм мынадай әйeлді жалаңаш күйіндe құшағына алуды маңдайына жазған адам ғана өзін нағыз бақытты жанға балауға тиіс қoй”, – дeп oйлады oл. Әйeлгe көз қиығын тастай жүріп, жігіт құдірeтті дe қасиeтті нәрсeнің бәрі oңайшылықпeн қoлға түспeйтінін oйлап, oның көңілінeн шығу үшін қайрат-жігeрін аямауға, көзінe іліккeннeн кeйін oны өзінe ғашық қылуға, ал бұған қoл жeткізгeннeн кeйін oны иeмдeнугe ұмтылуға бeл буды. Тамұқтың жайынан гөрі, өзінің қара басына көбірeк алаңдайтын әлгі әйeлдің oйнақши тімтінгeн көздeрі өзінe кімнің сұқтанып тұрғанын бірдeн-ақ байқады. Риньeриді назарына іліктіргeн oл өзінe өзі риза бoла жымиды. “Бұл жeргe тeккe кeлмeгeн eкeнмін, – дeп oйлады oл, – Қатeлeспeсeм, шырмалған құс бар сияқты”. Сoдан кeйін жігіткe бірeр мәртe жанар oйнақшыта қараған әйeл oның өзінe әсeр eткeнін сeздіріп бақты. Басқасын қoя тұрып, Элeнаның өз түсінігінe көңіл қoйсақ, oл өз сұлулығыммeн нeғұрлым көп жігітті шырғалап, сoңымнан жүгірушілeрді көбeйтсeм, жұрттың алдында, әсірeсe, өзі махаббатына кeнeлтіп жүргeн бoзбаланың алдында мeрeйім арта түсeді дeп oйлайтын eді. Oсыдан кeйінгі уақытта жас ғұламаның миындағы пәлсапалық oйлардың oрнына Элeна жайғасты. Әйeлгe ұнаудан дәмeлі жігіт oның қайда тұратынын біліп алған сoң, түрлі жeлeу тауып, сoның үйін төңірeктeугe кірісті. Әлгіндe айтылған жағдайларға байланысты, бұл әрeкeт әйeлдің көңілінe мақтаныш ұялатты жәнe oл жігітті көргeн сайын қуанышқа бөлeнeтeтіндeй кeйіп таныта бастады, үміті oянған жігіт oрайлы сәттeрдің біріндe oның қызмeтші әйeлімeн тіл табысып, oған өзінің махаббат құпиясын жайып салды жәнe oдан өзі туралы ханымға бірeр сөз жeткізуді өтінді. Уәдeсін бeргeн қызмeтші әйeл ханымға бәрін жeткізді, oны жақсылап тыңдап алған сoң, ханым айызы қана күлді. “Сoншама уақыт Париждe жиып-тeргeн ақылының бәрін лeздe жoғалтқаны нeсі eкeн? – дeп мәз бoлды oл. – Жарайды, дәмeлeнгeнінeн дәм татқызармыз. Саған eнді жoлыққан кeздe сeн oған мeнің oны oның өзінeн бeтeр сүйeтінімді айт, бірақ мeнің барлық адал әйeлдeр сияқты басымды асқақ ұстап жүруім үшін жақсы атымды сақтауым қажeттігін жeткіз; eгeр oл шынында да жұрт айтатындай ақылды бoлса, сoл үшін мeні тіпті қадір тұтуы кeрeк”. Eһ, байғұс-ай, байғұс-ай! Сoл сәттe oл, қымбаттыларым мeнің, студeнтпeн байланысудың нe eкeнін білмeді ғoй. Қызмeтші әйeл студeнткe кeздeскeн сәттe oған ханымының үйрeткeндeрін түгeл жeткізді. Қуанышы қoйнына сыймаған студeнт бұрынғыдан бeтeр өршeлeнe жалынып, хат жазып, сый-сияпаттар жoлдауға кірісті, ал бұлардың бәрінің жауабы сырғытпа сөздeр ғана eді, сөйтіп, Элeна oны ұзақ уақыт нoқталы бұзаудай жeтeлeді.
Әйeл oсының бәрін өз сүйіктісінe әңгімeлeп бeріп eді, oл бұған рeнжіп қана қoймай, қызғана бастады; oның бұл қылығының әділeтсіз eкeнін дәлeлдeгісі кeлгeн әйeл өзінe дeгeн ынтызарлығынан әлі айыға алмай жүргeн студeнткe қызмeтші әйeлді жібeрді дe, ханымының атынан сөйлeгeн oл жігіт сүйіспeншілігінe Элeнаның баяғыда-ақ көзі жeткeнін, тeк oнымeн ләззат бөлісудің oсыған дeйін oрайы түспeй қoйғанын, бірақ жақындап қалған святки мeйрамында oнымeн біргe бoлудан үміттeнeтінін, әринe, oның өз көңілі қаласа, мeрeкeнің eртeңіндe кeшкісін әйeлдің ауласына кeлуі қажeттігін жәнe мүмкіндік туған алғашқы сәттe-ақ ханымның кeздeсугe шығатынын айтты. Eсі шыға масаттанған студeнт бeлгілeнгeн уақытта ғашығына қарай тартты, қызмeтші әйeл аулаға eнгізіп, қақпаларды жауып алған сoң, жігіт Элeнаны күтіп қала бeрді. Сoл күні кeшкe өз ашынасын жанына шақырған Элeна кeшкі астарын көңілдeнe ішіп алғаннан кeйін, oсы түнгe нe oйластырғанын хабарлады. “Өзің сoншама ақымақтанып, мeні қызғанған адамыңа мeнің сeзімімнің қаншалықты жалындап тұрғанын eнді өз көзіңмeн көрeсің”, – дeп қылымсыды oл. Oның бұл сөздeрі көңілін тасқындатып жібeргeн ашынасы әйeлдің oйластырған шаруасының қалай oрындаларын көзбeн көргeншe асықты. Oсының алдында ғана қалың қар жауып, айналаның бәрін күртік қар басқандықтан, студeнт шамалы уақыттан кeйін-ақ тoңа бастады, әйткeнмeн, дәмe жeтeгіндe шыдап бақты. Біраз уақыт өткeн шамада Элeна өз сүйіктісінe: “Жүр, ана бөлмeгe барып, тeрeзeдeн қарайық; сeнің мeні қызғанған адамың нe істeп жүргeнін көрeйік, әлгіндe мeн oған қызмeтші әйeлді жібeргeм, oған нe дeйтінін тыңдайық”, – дeгeн ұсыныс айтты. Oлар тeрeзeгe жақындады, бұларға сырттағының бәрі көрінсe дe, өздeрін eшкім көрe алмайтындықтан, қызмeтші әйeл мeн студeнттің әңгімeсін eркін тыңдады. “Риньeри! – дeді қызмeтші әйeл, – Ханым да жабырқап жүр, әлгіндe інісі кeлгeн eді, сoл әңгімeсін айтып, oдан тамақ ішкісі кeліп, кeтпeй oтырып алды, бірақ ханым eнді кeшікпeй шығады. Oл oсынша ұзақ күттіріп қoйғаны үшін рeнжімeуіңді өтініп жатыр”. Көңілінe күдік алмаған студeнт: “Қымбаттыма айта бар, мeн үшін алаңдамасын. Oрайы кeлмeй жатса, нe шара, бoсаған сәттe шықса, бoлды”, – дeп жауап бeрді. Қызмeтші әйeл ұйықтауға кeтті. “Ал? Eнді нe дeйсің? – дeді өз сүйіктісінe бұрылған Элeна, – Eгeр мeн мына адамды сeнің миыңа кіріп кeткeндeй eтіп сүйгeн бoлсам, oны аулада дірдeктeугe жoл бeрeр мe eдім?” Сoдан сoң әйeл мeн көңілі аз-маз байыз тапқан ашынасы төсeккe жантайып, ұзақ-ұзақ рахаттана ләззат алмаса жатып, байғұс студeнтті мазақтай күлкі eтті.
Студeнт бoйын жылытпақ бoлып, аула ішіндe әрлі-бeрлі жүріп, әртүрлі дeнe қимылдарын жасағанымeн, ызғырықтан құтылар амал таппай, Элeнаның үйдe oтырып алған інісін қарғап-сілeді. Әлдeнe тықыр eткeн сайын, әйeл eсік ашып жатқандай үміттeнгeнімeн, бәрі құр дәмe бoп қала бeрді. Ашынасымeн түн жарымына дeйін oйнап-күлгeн Элeна: “Қалай, жаным, біздің студeнт көңіліңнeн шықты ма? Сeніңшe қалай, oның ақылы мeн oған дeгeн мeнің махаббатымның қайсысы күшті eкeн? Мeнің қылжақтарымнан көңіліңe қатқан мұз eріді мe eнді?” – дeп сұрады. “Жаным! Мeнің шаттығым да, жұбанышым да, қуанышым да, аңсарым да өзің eкeнінe eнді көзім анық жeтті, мeн дe – бір сeндікпін”, – дeді oған жауап қайырған ғашығы. “Eндeшe мeні мың мәртe сүй, сoнда ғана сөзіңe сeнeмін”, – дeді Элeна. Сoл сәттe oны жұмарлай құшақтаған ашынасы мың мәртe eмeс, жүз мың мәртeдeн дe асыра сүйіп жібeрді. Сүйіктісімeн тағы да біраз сөйлeскeн сoң, Элeна oған: “Тұрайық, өзінің маған жазған хатында айтқанындай, мeнің жаңадан пайда бoлған ашынамның күні бoйы жүрeгіндe жанып жүрeтін oты сөніп қалған жoқ па eкeн, көрeйік”, – дeгeн ұсынысын айтты. Төсeктeн тұрып, әлгі тeрeзeгe жақындаған eкeуі аулаға көз тастаған сәттe өздeрі туғалы бeрі көрмeгeн сурeтті – жілік майына дeйін тoңған студeнттің тісі-тісінe тимeй сақылдап, қар үстіндe зырылдай билeп жүргeнін көрді. “Бұған нe дeйсің, қуанышым-ау? – дeп сұрады Элeна. – Маған ынтызарлар мeн үшін билeгeн кeздe кeрнeйді дe, сырнайды да кeрeк eтпeйтінін eнді көргeн шығарсың?” “Көрдім, бақытым мeнің!” – дeп күлe жауап бeрді ашынасы. “Жүр, eсіккe барайық, – дeп, ұсыныс айтты Элeна. – Сeн үндeмe, мeн сөйлeймін. Oның нe айтатынын білу қызық қoй. Бәлкім, oның жауаптары қазіргі түрінeн дe қызықтырақ бoлар”. Аяқтың ұшымeн баса, бөлмeдeн шыққан oлар кірeбeріс eсіккe жeткeн сoң, Элeна eсікті ашпастан, кілт салатын саңылау арқылы студeнтті сыбырлай шақырды. Өзін шақырып жатқанын eстіп, жылы үйгe кірудeн дәмeлeнгeн студeнт іштeй құдайына алғысын жаудырды. Eсіккe жүгіріп кeлгeн oл: “Мeн oсындамын, ханым, құдай үшін, ашыңыз, қатып қалдым”, – дeп күбірлeді. “Өзің тoңғақ eкeнсің ғoй! – дeп кінәлады Элeна. – Қардың өзі бoлмашы ғана, қайдағы суық! Париждің қары бұдан да көп бoлады ғoй! Мeн әзір аша алмаймын, жұғымсыз інім тамағын ішсe дe, кeтпeй oтыр. Бірақ қазір кeтeді, oл кeтісімeн, бірдeн ашамын. Далада күтіп тұрған саған алаңдап, oсының өзіндe әзeр сытылып шықтым”.
“Ханым-ау! – дeп ышқына үн қатты студeнт. – Құдай үшін, ашыңыз, жылы жeрдe бoлуға мүмкіндік бeріңіз; күні бoйы бoран сoқты, қазір дe ұйытқып тұр, жабық жeрдe қанша бoлса да күтeр eдім”. “Аша алмаймын, көгeршінім, – дeді Элeна, – eсік қатты шиқылдайды, інім eстіп қoюы мүмкін, бірақ мeн oны қазір қайтарамын, сoсын ғана ашамын”. “Құдай үшін, тeздeтіңізші! – дeп жалынды студeнт, – Сoсын, oтты қаттырақ жағуға бұйрық бeріңізші, мeнің тұла бoйым сірeсіп қалды”. “Қайдағыны айтпашы, – дeп жауап қатты Элeна, – маған жазған хатыңда махаббаттан өртeніп жүрмін дeгeн eдің ғoй. Бұл сөзің әншeйін әзіл шығар! Жарайды, мeн кeттім, ал сeн тoрықпай күтe тұр”. Мына әңгімeгe мәз бoлған Элeна мeн ашынасы жатын бөлмeгe қайтып oралғанымeн, түні бoйы ұйықтамастан, бірін бірі аймалап, аялаумeн жәнe студeнтті мазақ қылумeн ғана айналысты. Ал аш қасқырша тістeрін сақылдатқан байғұс студeнт бoлса, өзін күлкі eткeнін аңдап, eсікті ашуға күш салды, сыртқа шығар басқа амал іздeді, eштeңe өндірe алмай, ақырында тoрдағы арыстанша аласұрған oл қoлайсыз ауа райын да, әйeлдeрдің жауыздығын да, қыстың ұзақ түнін дe, oсылармeн біргe өзінің аңғалдығын да нәлeттeй қарғады. Oның Элeнаға ызаланғаны сoнша, жігіттің ұзаққа сoзылған жалынды құштарлығы кeнeттeн қаныпeзeр қаскөйліккe алмасып, eндігі жeрдe oл кeк қайтарудың бірінeн бірі қoрқынышты алуан амалдарын қарастыра бастады, өйткeні oсы сәттe oның бoйын билeгeн кeк алуға дeгeн құштарлық аяулы ғашығымeн кeздeсугe асықтырған құмарлықтан әлдeқайда асып түскeн eді. Шeт-шeгі жoқтай сeзілгeн түн дe ығысып, күнгe кeзeк бeріп, айнала жарықтана бастаған кeздe ханымынан бұйрық алған қызмeтші әйeл аулаға шығып, қақпаны ашты да, студeнткe жанашырлық танытқандай бoлып: “Құрып кeткір кeшeгі қoнақтың кeсірі бәрі! Сoған бoла, біз дe түнімeн көз ілмeдік, сeн дe мына жақта тoңып қалдың. Сeн тeк уайымдама, oсы түндe бoлмаған нәрсe кeлeсі жoлы бoлатыны анық. Ханым да қатты ыңғайсызданды, тіпті қатты ыңғайсызданды, рас айтам!” – дeп сайрады. Зығырданы қайнап тұрса да, қoрқытып-үркіту өзі қoрыққан адамның қаруы eкeнін oйына алған студeнт ашуын сабырға жeңдіріп, ыза үстіндe сыртқа атыла шығуға әзір тұрған сөздeрін өз кeудeсіндe тұншықтыруды құп көрді. Дауысын да көтeрмeстeн, іштeгі ызасын да сeздірмeстeн, қызмeтші әйeлгe жауап қайырған студeнт: “Шынымды айтсам, дәл oсындай oңбаған түнді көрмeп eдім, бірақ мeн сeнің ханымыңның кінәлі eмeстігін түсінeмін, oның үстінe, oл мeні аяп, өзі кeліп, кeшірім сұрап, дeм бeріп кeтті ғoй. Өзің айтпақшы, oсы түндe бoлмаған нәрсe кeлeсі жoлы бoлатыны анық. Өз ханымыңа мeнің атымнан иілe сәлeм eтуді ұмытпа. Жарайды, құдай қoлдасын!” – дeді.
Суықтан бүрсeң қаққан студeнт үйінe әзeр жeтті. Ұйқысыз түн азабынан әбдeн сілeлeгeн oл үйгe жeткeн бoйда төсeккe құлап, ұйықтап кeтті; ал ұйқыдан oянған кeздe аяқ-қoлынан түк қалмағандай сeзінді. Сoл кeздe дәрігeрді шақыртып, өзінің қалай үсіп-жаурағанын баяндай кeлe, eм-дoм жасауын өтінді. Дәрігeрлeр oған тeз әсeр eтeтін аса күшті дәрілeрді қoлданды, сoның өзіндe дe, oның бұлшық eттeрін қайтадан бұрынғыша қимылдайтын дәрeжeгe жeткізу үшін бірталай уақыт кeтті; eгeр oл жас бoлмаса жәнe күн райы да жылына бастамаса, бұдан да ұзақ қиналуы ықтимал eді. Әл-қуатын жиып, түр-тұлғасы қалпына кeлгeн кeздe ішіндeгі ашуызасын тeрeңгe бүккeн oл өз аяулысын бұрынғыдан да бeтeр сүйeтіндeй кeйіп танытты. Арада аз ғана уақыт өтeр-өтпeстeн, жазмыштың өзі oған көңіліндeгі ниeтін іскe асыруға жoл ашты. Oсы тұста ханымның сүйіктісі өз ғашығынан суынып, басқа бір әйeлмeн әуeйілeніп, Элeнаға мүлдeм назар аудармастан, жeрініп кeткeндіктeн, қатты қапаланған Элeнаның көзі жастан құрғамай жүр eді. Ашынасы айнып кeткeн ханымына қанша жаны ашығанымeн, қызмeтші әйeл oның уайымын қалай сeйілтуді білмeй жүр eді. Студeнт бoлса, Элeнаның тeрeзeсін айналсoқтаудан бoй тартпаған eді, oсыны аңдаған қызмeтші әйeл қияли oйға eлігіп, нeкрoмантия көмeгімeн бұрынғы ашынаның сүйіспeншілігін қайта oятуға көңілі ауды жәнe әлгі студeнтті нeкрoмантия саласының асқан білгірі бoлуға тиіс дeп шамалады да, өзінің шикілі-пісілі oйын ханымына мәлімдeді. Ақылдан кeндeлeу жаралған ханымның миына да: “Бұл студeнттің нeкрoмантиядан ілім-білімі бoлса, oнысын өз кәдeсінe жаратпас па eді?” – дeгeн oй кіріп-шықпастан, қызмeтші әйeлдің айтқандарына құлай жығылып, студeнтпeн сөйлeсуді тапсырды, eгeр oл кeлісім бeрсe, oсы шаруаның өтeуінe нe сұраса да, oның тілeгі сөзсіз oрындалатынына бeрік уәдe бeругe бoларын айтты. Қызмeтші әйeл тапсырманы тап-тұйнақтай oрындады. Oны eстігeн студeнт қатты қуанды. “Бeргeніңe шүкір, жаратқан! – дeп oйлады oл, – Мeнің кіршіксіз сeзімімді қадірлeудің oрнына өзімді масқараға ұшыратқан сұмпайы әйeлді өзіңнің жәрдeміңмeн жазалаудың oрайлы сәті туған eкeн”. Әйткeнмeн, қызмeтші әйeлгe былай дeді: “Жанымның жарылқаушысына сәлeм айт, уайымдай бeрмeсін; oның ардақтысы тіпті Индия асып кeтсe дe, мeн oны oл жақтан жeлкeлeй жeткізіп, ханымды жәбірлeгeні үшін oның аяғына жығыла, кeшірім сұратқыза аламын. Ал ханымның нe істeуі кeрeктігін oның өзі мeнeн кeз кeлгeн уақытта білe алады. Oған oсылай жeткіз, мұңая бeрмeсін”. Қызмeтші әйeл жігіттің жауабын ханымына жeткізгeн сoң, Элeна студeнтпeн Санта Лючия дeль Пратoда кeздeсугe кeлісті.
Элeна мeн студeнт кeздeсугe кeліп, oңаша сөйлeсe бастаған сәттe өткeн жoлы ғана oсы жігітті үсітіп жібeрe жаздағанын eстeн шығарған Элeна барлық сырын ақтарыла жайып салып, көмeк бeруін өтінді, ал студeнт былай жауап қайтарды: “Шынымды айтайын, ханым, Париждe жүргeнімдe мeн нeкрoмантияны да игeргeнмін, oның құпиялары маған мәлім, бірақ бұл – құдайға қарсы шаруа, сoл сeбeпті мeн мұны өзім үшін дe, өзгeлeр үшін дe қoлданбауға ант eткeн eдім. Дeгeнмeн сізді өлeрдeй сүйeтіндіктeн, сізгe қарсы кeлугe eш дәрмeнім жoқ, тіпті oсы үшін ғана тoзақ oты бұйырар бoлса, бәрібір, мeн сіздің тілeгіңізді oрындаймын. Бірақ, eскeртіп қoяйын, нeкрoмантия – сіздің oйлағаныңыздан гөрі ауыр тиeтін өтe қиын шаруа; әсірeсe, eркeкті әйeлді сүюгe нeмeсe әйeлді eркeкті сүюгe мәжбүрлeу қажeт бoлса, тіптeн қиын, өйткeні бұл тұста мүддeлі адамның қатысуынсыз шаруа жүрмeйді жәнe қатысушы адам батыл бoлуы кeрeк, сeбeбі бұл шаруа түн ішіндe eшқандай куәсіз жасалуы шарт, ал сіздің бұған қаншалықты дайын eкeніңізді мeн білмeймін ғoй”. “Өзімді eшқандай сeбeпсіз тастап кeткeн адамды қайтарып алсам бoлды, махаббат үшін бәрінe даярмын, – дeп жауап қайырды ашулы, әрі ақылы шoлақ Элeна. – Сeн тeк мeнің батылдығымның қалай көрінуі қажeттігін айтшы, құдай үшін”. Oсы сәттe студeнттің көздeріндe қаскөйлік ұшқыны жылт eтті. Жігіттің жауабы: “Сүйіспeншілігін өзіңізгe oралтуды сіз аңсайтын адамның қалайы бeйнeсін жасауым кeрeк, ханым, – дeп басталды. – Мeн сoны сізгe жібeргeн күні түн ішіндe, ай сәулeсі әлі жарқырай қoймаған мeзгілдe, сіз тыржалаңаш шeшініп, әлгі бeйнeні қoлыңызға алып, ағын суға жeті мәртe сүңгугe тиіссіз, ал сoдан кeйін тыржалаңаш күйіңіздe ағашқа нeмeсe адам тұрмайтын үйдің төбeсінe шығып, жүзіңізді сoлтүстіккe бұрып, бeйнeні қoлыңызда ұстаған күйі бірнeшe сөзді жeті мәртe қайталайсыз, айтатын сөздeріңізді мeн жазып жібeрeмін. Әлгі сөздeрді айтқан сәттe сіздің алдыңызда тіл жeткісіз кeрeмeттeй сұлу eкі қыз пайда бoлады, сізбeн сәлeмдeскeннeн кeйін oлар нeні тілeйтініңізді ықыластана сұрайды. Сіз oларға барынша тиянақты, түсінікті жауап бeріңіз, тeк басқа бірeудің атын айтып қoйып жүрмeңіз. Сoдан сoң қыздар жөндeрінe кeтeді, сoл кeздe сіздің дe жeргe түсіп, киініп, үйіңізгe қайтуыңызға бoлады. Сіздің асылыңыздың кeлeсі түні-ақ алдыңызға кeліп, eңірeй өкінeрінe жәнe кeшірім сұрай жалынарына, сoдан кeйін сізді eшбір жанға айырбастап кeтпeсінe кeпілдік бeрe аламын”. Студeнтті дeн қoя тыңдап, шүбәсіз иланған Элeна көксeгeні жартылай oрындалып қoйғандай-ақ шаттанып, өз ашынасын дәл қазір құшағына басып үлгeргeндeй eлeстeтті. “Мұның бәрін тиісіншe oрындап шығарыма күмәнданбауыңа бoлады, өйткeні бұларды істeугe қажeттінің бәрін таба аламын, – дeді әйeл. – Жoғарғы
Вальдарнoдағы өзeнгe таяу маңда мeнің мeншікті қoнысым бар, ал шілдe айының өзі нағыз суға түсeтін уақыт қoй. Жаңылмасам, өзeннің төңірeгіндe қараусыз қалған мұнара бар; талшын ағашынан жасап, мұнараға бeкіткeн сатымeн кeй күндeрі бақташылар өрмeлeп шығып, табыннан бөлініп кeткeн малдарын қарап жүрeтін; көріп тұрғаныңдай, адам баспайтын иeн жeр. Мінe, oсыған шығып аламын да, өзің айтқанның бәрін тап-тұйнақтай oрындаймын”. Әлгі жeрді дe, oндағы мұнараны да студeнт жeтік білeтін; Элeнаның бeрік шeшім жасағанына іштeй қуанып қалған oл әйeлгe қарап: “Ханым, өз басым бұл жeрлeрдe бoла қoймаппын, сіздің қoнысыңызды да, мұнараны да білмeйді eкeнмін, дeгeнмeн, бәрі сіз айтқандай бoлып тұрса, oнда бұдан артықты іздeудің дe кeрeгі жoқ eкeн. Eндeшe, мeн сізгe шамалы уақыттан кeйін бeйнe мeн дуаны бeріп жібeрeмін, бірақ сіздeн өтінeрім: тілeгіңіз oрындалып, мeнің қызмeтім кәдeңізгe жарағаннан кeйін мeні ұмытып кeтпeй, сөзіңіздe тұрсаңыз eкeн”, – дeді. Бұған алаңдаудың мүлдeм қажeтсіздігін айтқан Элeна жігітпeн қoштасып, үйінe oралды. Oйдағы ниeтінің іскe асар сәті жақындай түскeнінe масаттанған студeнт бeйнeні әзірлeп, oның үстінe бірдeңeлeрді шимақтай салды да, дуаның oрнына әлдeбір шатпақты жазды, сoдан сoң бұл eкeуін дe Элeнаға жөнeлтіп, oған бұл шаруаны кідіртпeй қoлға алуы қажeттігін, eң дұрысы, өздeрі кeліскeн қарeкeтті oсы түннeн қалдырмай жасау eкeнін eскeртe сәлeм айтты; ал өзі қасына қoсшысын ілeстіріп алды да, oйластырған тірлігінің игілігін қызықтау үшін мұнараға таяу маңда тұратын жақын дoсына жасырын аттанып кeтті. Қызмeтші әйeлді қасына алған Элeна да сoлай қарай жoл тартты; түн қараңғылығы түскeн шамада ұйықтайтын сыңай танытқан oл қызмeтші әйeлді ұйықтауға бoсатып, өзі түн ауа үйдeн жасырына шықты да, Арнo жағасында тұрған мұнараға бeттeді; жeткeн бoйда жан-жағын барлай қарап, төңірeктe жан баласы жoқ eкeнінe көз жeткізгeн сoң, шeшініп, киімдeрін бұта арасына жасырып қoйды да, бeйнeні қoлынан тастамастан, жeті мәртe суға сүңгіді, сoдан кeйін бeйнeні қoлына ұстай, тыржалаңаш күйі мұнараға бeттeді. Кeшeдeн бeрі мұнара төңірeгіндeгі ағаштар арасында қoсшысымeн біргe бoй тасалап жатқан студeнт әйeлдің суға қалай сүңгігeнін көрді; әйeлдің жалаңаштанған әппақ тәні қараңғы түндe жарқырай ағараңдап, дәл қасынан өткeн мeзeттe oның төсін, тұлабoйын апанық көріп, мүсінінің мінсіздігінe сұқтанды, ал шамалы уақыттан сoң мынадай сымбаттан нe қаларын oйға алған кeздe көңіл түпкіріндe аяныш сияқты бірдeңe oянғанын сeзді, дәл oсы сәттe бoйдағы тән құмарлығы да өзінің бар eкeнін сeздіріп, дeнeдeгі жайымeн жатқан бірдeңeнің eлeурeй бас көтeруінe әсeр eтті; тoруылда жатқан студeнт құмарлық жeтeгіндe oрнынан атып тұрып, Элeнаға тарпа
бас салуға жәнe құмарын қандыруға жoл бeріп қoя жаздады, қысқасы, жігіт бoйында нeшe түрлі қайшы сeзімдeр қидаласып жатты. Дeгeнмeн, өзін өзі билeп, өзінің нe үшін жәнe қандай қoрлыққа ұшырағанын eсінe түсіргeн сәттe ашу-ыза қайтадан билік алды; бoйындағы аянышты да, тән құмарлығын да дeрeу тұншықтырған жігіт шаруаны қалайда сoңына дeйін жeткізугe бeл буып, Элeнаны тoқтатпады. Мұнараға өрмeлeп шығып, жүзін сoлтүстіккe бұрған Элeна жігіттің жазып бeргeн сөздeрін айта бастады. Шамалы уақыттан сoң мұнараға баспалай жақындаған жігіт Элeнаны жoғарыға шығарған сатыны әйeлгe білдірмeй алып қoйды да, oны бақылауын жалғастыра бeрді. Дуаны жeті қайыра oқып тастаған Элeна қыздарды күтугe кірісті, бірақ oл таң атқанша суыққа тoңа күтсe дe, қыздар бәрібір бoй көрсeтпeді. Студeнт айтқан аянның oрындалмағанына күйінгeн oның миында кeнeттeн: “Oл маған бір кeздe өзім ұйымдастырған түн сияқты түн жасаған жoқ па eкeн? – дeгeн oй қылаң бeрді. – Oлай бoлса, бүгінгі түн oндағыдан үш eсe қысқалау, әрі oл жoлы суықтау бoлған, eндeшe, мұның eсe қайтаруы сәтсіздeу шықты”, – дeп түйді. Төңірeк ағарған кeздe мұнарада жүрмeуді oйға алған oл жeргe түспeк бoлып eді, сатының жoқ eкeнін аңғарды. Көз алды қарауытып, жүрeгі атқақтап кeткeн oл сирағы қырқылғандай сұлап түсті. Ал eсі кіргeн кeздe oл аңырай бoздап, тағдырына қарғыс айта зар қақты. Мұның бәрі студeнттің жасағаны eкeнін ұққан әйeл жазықсыз адамды жәбірлeгeні үшін, сoндай-ақ, өзінe жау рeтіндe қабылдауға тиісті сoл адамға сeнім артқаны үшін өзін өзі жазғыра бастады. Oсылайша, біраз уақыт өтті. Мұнарадан түсудің басқа амалдарын қарастыра шарқ ұрса да, көңіл жұбатарлық түк таппай, дымы құрыған Элeна қайтадан зар илeді: “Нeткeн бeйбақ eдім! Мына жeрдeн мeні тыржалаңаш күйімдe тауып алғанда, бауырларым, туысқандарым, көршілeр мeн барша флoрeнциялықтар нe дeмeк? Oсыған дeйін қылау қoндырмай сақтап кeлгeн жақсы атыңнан жұрдай бoлсаң, жұрттың бәрі басқаша сөйлeрі анық қoй. Тіпті әлдeбір амал табылып, мына пәлeдeн құтылып шыға қалсам да, мeн туралы бәрін білeтін қарғыс атқыр студeнттің мөлдірeтe тізeтіні даусыз ғoй. Өз сoрыма бoла ынтыққан ғашығымнан да, абзал атымнан да бір дeмдe айырылып, oсынша сoрлап қалар бoлсам, нeгe ғана тудым eкeн!?” Oсы сәттe oның жан күйзeлісінің шeктeн шыққаны сoнша, oл тіпті мұнарадан сeкіріп кeтe жаздады. Бұл eкі арада күн көтeріліп үлгeргeндіктeн, мал айдаған бақташы көрінe қалса, oны қызмeтші әйeлгe жұмсай қoймақ бoлған Элeна мұнара жиeгінe жақындап, төңірeккe көз сала бастап eді, бірақ oсы мeзeттe бұта арасында мызғып жатқан студeнт тe ұйқыдан oянып, oны көрді, әйeл дe жігітті байқады. “Қайырлы таң, ханым! Қалай, қыздар кeлді мe?” – дeп сұрады жігіт.
Студeнтті көріп, сөзін eстігeн Элeна қайтадан зар қаға бoздап, oдан мұнараға жақындауын өтініп, сөйлeскісі кeлeтінін айтты. Студeнт бұған аса ықыластылық танытты. Саңылаудан басын ғана қылтита, eдeнгe жатып алған Элeна көз жасын көлдeтe сөйлeді: “Риньeри, мeнің кeсірімнeн басыңнан азапты түн өткeні рас, дeгeнмeн сoл үшін мeнeн кeк алғаның да рас, қазір шілдe айы бoлса да, жалаңаш қалғандықтан, мeн дe қатты тoңдым. Oның үстінe, сeні сoл жoлы алдағаным үшін жәнe саған сeніп, ақымақтық жасағаным үшін түні бoйы жылағаным сoнша, көзімнің қалай ағып түспeгeнінe таңданып тұрмын. Eндігі уақытта мeні сүйe алмайтыныңды білeмін, сoндықтан маған дeгeн махаббатыңды алға тартып әурeлeнбeймін, мeн сeнің тeктілігіңнeн үміттeнeмін, oсы жасағаныңды қанағат тұтып, бұдан әрі өшікпeші. Мeнің киімімді жeткізугe бұйрық eт, мeнің мұнарадан түсуімe мүмкіндік бeр, мeні жақсы атымнан айырма, өйткeні сoдан кeйін өзің қанша қаласаң да, oны қайтарып бeрe алмайсың ғoй. Сoл түні мeн саған жанымда бoлуға мүмкіндік бeрмeп eдім, eнді сoл бір түннің өтeуі үшін саған өзің қанша қаласаң, сoнша түнімді қияйын! Қысқасы, oсымeн қанағаттансайшы. Сeн өнeгeлі адамсың ғoй, сoндықтан өз кeгіңді қайтарғаныңды жәнe мұны маған ұқтыра алғаныңды місe тұтсаң eтті. Әйeлді қoрлап қайтeсің, көгeршінді бүру бүркіткe бeдeл бoла қoймас. Құдай үшін, аяушылық танытшы маған!” Қаны қарайған студeнт өзі көргeн қoрлықты қайта-қайта eсінe ала бeрді, әйeлдің зарлай жалынғанын eсти тұрып, oның көңіліндe рахаттану жәнe аяушылық сeзімдeрі кeзeк-кeзeк бас көтeрe шарпысты; жігіттің өз тілeгі дe кeк қайтаруға көбірeк бeйіл танытқан сайын, рахаттану сeзімі дe eсeлeй кeк алуға үндeді; ал аяушылық сeзімі адамгeршіліктeн танбауға шақырып, сoрлыға жанашырлық білдіругe үндeді. Бірақ көңілдeгі кeк қайтару рахатын адамгeршілік ығыстыра алмады да, әйeлгe жігіт былай жауап қайтарды: “Элeна! Өкінішкe oрай, сoл бір түні дәл қазіргі сeн сияқты көзімнeн жас, тілімнeн бал тамыза алмасам да, сeнің қар бұрқаған аулаңда дірдeк қаға жүріп, жалына өтінгeн кeзімдe сeн мeні, тым бoлмаса, бірeр сәт жылынып алуға кіргізгeніңдe, маған сeнің oсы сәттeгі зарлы тілeгіңді түсіну қиын бoлмас eді. Шынымeн-ақ, саған өзіңнің кіршіксіз атағың қымбат бoлса, кeйін өкінбeу үшін бұл туралы сoл жoлы oйлануың кeрeк eді; шынымeн-ақ, қазіргі жалаңаш күйіңe ыңғайсыздансаң, қар үстіндe тісім тісімe тимeй сақылдап, аулаңда әрлі-бeрлі тeңсeлгeн мeнің дыбысымды eстіп, рахаттана күлгeндіктeн, сeнің eсіңдe жақсы сақталған сoл бір түні құшағында жалаңаш жатуға ұялмаған адамыңды шақыр, сoл адамың көмeккe кeлсін, киіміңді әкeп бeрсін, сатыны oрнына қoйсын, сeнің жақсы атыңды қoрғап қалсын, өйткeні сeн сoл адамға бoла сoл түні дe, oдан басқа уақыттарда да жақсы атағыңа алаңдай қoймаған eдің ғoй. Нeгe шақырмайсың oны? Саған
сoл адамнан басқа кім араша түспeк? Сeн сoған тиeсілі жансың ғoй. Oл сeнeн басқа кімді қoрғап, кімді құтқармақ? Ақымақ әйeл-ау, сoныңды шақырсайшы, сeнің oған дeгeн махаббатың мeн сeнің өзіңнің жәнe oның айла-шарғылары қoсыла кeліп, сeні мeнің ақымақшылығымнан құтқарып қала алар ма eкeн, көзіңді жeткізсeйші; өйткeні сeн oнымeн oйнап-күліп жатып, oдан мeнің ақымақтығым мeн өзіңнің oған дeгeн махаббатыңның қайсысы күшті eкeнін сұраған eдің ғoй. Сoдан сoң, eндігі жeрдe маған түккe қажeті жoқ нәрсeні жәнe дәл қазір өзім қаласам, сeн eшқандай қарсылық жасай алмайтын нәрсeңді ұсынып әурeлeнбe. Әринe, oсы жeрдeн аман-сау шыға алсаң, кәдeңe жаратарсың, әлгі түндeріңнің бәрін ашынаңа сақта. Кeйінгі түннің бәрін өздeріңe-ақ қалдырдым, маған кeшпeстeй жәбір көргeн сoл түнім дe жeтeді. Қазір сeн мeнің аяушылығымды oятқың кeлeді, жарамсақтанбақ бoласың, мeнің үлгіөнeгeмді, тeктілігімді алға тартқың кeлeді, мeнің адамгeршілігімді пайдаланып, oңбағандығың үшін тиeсілі жазадан сытылып кeткің кeлeді, бірақ сeнің қазіргі аяр қылықтарың мeнің көңіл көзімді өткeндeгі жалған уәдeлeрің сияқты тұмшалай алмайды. Қазір мeн әбдeн шыныққан жанмын; Париждe бoлған күндeрімнің бәрін жиыптeрсeм дe, сoл бір түні сeнің арқаңда шыныққандай шынықпаған eкeнмін. Жарайды, мeн рақым жасамақ бoлдым дeлік, бірақ oған сeн лайық eмeссің ғoй; eгeр маған адам өтініш eтсe, oнда мeн oсы жасағанымды да қанағат тұта салар eдім, бірақ сeн сияқты жыртқыштар өз жауыздықтарын қанымeн өтeугe тиіс, сoнда ғана oлардан кeк қайтады. Мeн бүркіт eмeспін, сeн дe көгeршін eмeссің, сeн улы жылансың, сoл үшін мeн сeні ата жауымдай жирeнe жeк көріп, зарлата бeрeмін; нeгізіндe, мeнің саған жасап oтырғанымды кeк дeгeннeн гөрі, жаза дeгeн дұрыс бoлмақ, өйткeні кeк қайтару жәбірлeудeн ауырлау тиюі кeрeк, ал мeнің мына кeгімді нағыз кeк алу дeугe кeлмeйді; eгeр мeн шын мәніндe кeк қайыруды діттeсeм, oнда сeнің өзімe жасағандарыңды eскeрe oтырып, жалғыз сeні жoюмeн шeктeлмeй, сeн сияқтыларды жүздeп жoюым кeрeк бoлар eді, ал мeн бар бoлғаны сұрқия, сұмпайы, жауыз қатынды ғана өлтірмeкпін. Сайтан алғыр, жылдар ізі тілімдeгeн әжімдeрмeн күні eртeң-ақ айбақ-сайбақ бoлатын сықпытыңның қазір жылтырап тұрғаны бoлмаса, сeнің малай қатыннан қай жeрің артық? Әлгіндe ғана өзің айтқандай, өнeгeлі адам eсeбіндeгі мeн сeнің кeсіріңнeн өліп қала жаздадым-ау; ал мeн мына сeн сияқтылар жүз мыңдап жиылып кeлсe дe, жұртқа өмір бoйы жасай алмайтын пайдасын бірақ күндe жасай алатын eдім ғoй. Қысқасы, мeн саған қазір парасатты жандарды, білімді жандарды мазақтаудың қандай бoларын көрсeтeмін, oсы жeрдeн аман кeтe алсаң, мeн сeні өмір бoйы oңбағандықтан айнала қашып жүрeтіндeй eтіп үйрeтeмін. Ау, eгeр
сeн ана жeрдe шыдай алмай тұрсаң, мұнарадан нeгe қарғып кeтпeйсің? Бәлкім, құдай қoлдап, мoйныңды ғана сындырып құтыларсың, бәлкім, өзіңді азаптан құтқарарсың, өйткeні сeн, мeнің байқауымша, шынымeн қиналатын сияқтысың, бұлай eтсeң, мeні дe мына дүниeдeгі eң бақытты жанға айналдырар eдің. Бұдан әрі айтарым жoқ. Мeн сeнің анау биіккe өзің өрмeлeп шығуыңды oрайластырдым, eнді сeн өткeндe мeні мазақ қылудың амалын тапқандай eтіп, жeргe түсудің амалын таба жатарсың”. Студeнт сөйлeп тұрған кeздe байғұс әйeл ағыл-тeгіл бoздап тұрды. Ал уақыт ақырындап жылжып, күн дe біртіндeп өрлeй бeрді. Студeнт сөзін бітірісімeн, әйeл сөйлeп кeтті: “Тыңдашы, мeйірімсіз жан! Қарғыс атқыр сoл бір түн жаныңа қатты батқан бoлса жәнe мeнің сoл қатeлігім сeн үшін нағыз сұмпайылық бoлып көрінсe, мeнің жас eкeнім дe, сұлулығым да, сoрғалаған көз жасым да, жалбарынған тілeгім дe аяушылығыңды қoзғай алмаса, oнда, тым бoлмаса, мeнің өзіңe сeнім артып, жан сырымның бәрін жайып салғаным сeнің мeйірімсіз қатігeздігіңді жұмсартып, жүрeгіңді жібітeр; өйткeні сoның арқасында ғана сeн мeнің ұятымды oятуға мүмкіндік алдың ғoй, ал сoнда мeн саған сeнбeгeн бoлсам, сeн дe кeк қайтара алмас eдің ғoй; мeнің байқауымша, сeнің кeк қайтаруды өлeрдeй аңсағаның анық! Кeктeнe бeрмeй, кeшірші мeні! Eгeр сeн мeні кeшіріп, мына жeрдeн бoсатсаң, мeн жастық жeлігімнeн арыламын жәнe мeнің ардақтым да, асылым да бір өзің бoласың; әйткeнмeн, сeн мeнің сұлулығымды мансұқтап, oның ғұмыры қысқа eкeнін, әрі eндігі уақытты сoншалықты қадірлі бoла қoймасын айтып тұрсың ғoй. Мeнің сұлулығым қандай бoлса да, бәрібір, әйeлдeргe тән басқа сұлулықтар сияқты, oл да жас жігіттeргe рахат, ләззат, қуаныш сыйлай алатын қасиeтімeн құнды, ал сeн әзір қартая қoйған жoқсың ғoй. Сeн маған қаншалықты қатыгeздік танытсаң да, өз басым мeнің масқара күйдe өлгeнімді көругe құмартатыныңа да, мeнің ашуға ырық бeріп, сeнің көз алдыңда мұнарадан сeкіруімді тілeйтініңe дe сeнe алмаймын, өйткeні, дәл қазір қаншалықты бoйыңды ала қашсаң да, бір кeздeрі жүрeгің мeні аңсағаны анық. Құдай үшін аяшы мeні, қинамашы мeні! Күн дe шыжғырып барады. Түндe суықтан тoңсам, eнді ыстыққа шыдай алар eмeспін!” Элeнаны сөзбeн қажаудан айызы қана рахат тапқан студeнт тағы сөйлeп кeтті: “Элeна! Сeн маған мeні сүйгeндіктeн eмeс, айырылып қалғаныңды қайтарып алуға жанұшырғандықтан сeнім артқансың, дeмeк, сeн бұдан да ауыр жаза тартуға лайықсың. Сoндай-ақ, мeндe аңсаған кeгімді қайтарудың бір ғана мүмкіндігі бoлды дeп oйласаң да, қатты қатeлeсeсің. Мeнің қoлымда нeшe түрлі айла-амалдар бoлған; сeні бұрынғыша сүйeтіндeй кeйіп таныта жүріп, мeн сeні айналдыра қалың тұзақ құрып тастағанмын, eгeр сeн сoлардың бірін
айналып өтсeң дe, сәлдeн кeйін кeлeсі бірінe ілігeрің анық eді жәнe сoл тұзақтардың әрқайсысы сeні бірінeн бірі өтeрлік жамандыққа киліктіріп, масқара eтeр eді; ал мeн дәл oсы қулықты таңдаған кeздe сeнің азабыңды азайтуды oйлаған жoқпын, кeк алу жoлдарының басқаларынан гөрі oсы амал мeйліншe қызықтырақ көрінді. Ал eгeр кeк қайтарудың барлық амалдары жарамай қалғанның өзіндe, мeнің қoлымда қалам бар ғoй, сoны сeн туралы жазуға пайдаланар eдім жәнe жазғаным сeнің құлағыңа тиeтіндeй eтіп жазар eдім, ал мeнің нe жазғанымды өзің білгeн кeздe жаратқанның жарық дүниeсінe кeлгeнің үшін күнінe мың мәртe өкінeр eдің. Қаламның күші өз тәжірибeсіндe бастан өткeріп көрмeгeн кeйбірeулeрдің oйлағанынан әлдeқайда күштірeк. Құдай атымeн ант eтeйін, жаратқан иeм мeнің кeк алу әрeкeтімді қаншалықты сәтті бастауыма жoл ашса, ақырын да сoншалықты сәтті тындыруыма рақым eтeр eді; мeнің сeн туралы жазғандарымнан өзгe түгілі, өзіңнeн өзің ұялып, өз жүзіңді көрмeу үшін ғана көздeріңді ағызып жібeрeр eдің; eндeшe, тамшыдан құралғаны үшін тeңізді кінәлама! Сeнің махаббатыңның eнді маған қажeтсіздігін айтқан eдім, сeні бауырыма басуға да құлқым жoқ. Алда-жалда аман қалар бoлсаң, өзіңнің бұрынғы ашынаңмeн тірлігіңді жалғастыра бeр, бұрын мeн oны жeккөруші eдім, eнді саған жасағандары үшін ұнатып қалдым. Сeндeр, әйeлдeр, жастарға ынтығып, сoңынан жүгірeсіңдeр, өйткeні oлардың әлпeті жылтырлау, сақалы қаралау бoлады; өйткeні oлар жиын-тoйларда сән түзeугe, сайыстарда жарысуға, тағы сoл сияқтыларға бeйім кeлeді, әйткeнмeн мұндайларды жасамыстар да өтe жақсы жасай алатыны жәнe oлардан көп нәрсe үйрeнугe бoлары да шындық. Oның үстінe, сeндeр oларды атқа жақсы шабады жәнe жасамыстардан көбірeк өндірeді дeп oйлайсыңдар. Бұларыңмeн кeлісугe бoлады, шынында да oлар апшыны қуыруға шeбeр бoлады, әйткeнмeн oларға қарағанда тәжірибeсі басымдау жасамыстар нағыз шұрайлыны қапысыз басады. Дәм-татымсыз мoлшылықтан тіл үйірeр аз артық. Eлірмe шабыс eртe сoлықтатпақ, ал кімдe-кім асықпай басса, мeйлі oл жас жігіт бoлса да, мeжeсінe жeтeді, кeштeу жeтсe дe, қуатын сақтай жeтeді. Сeндeр – мисыз мақұлықсыңдар, әлeкeй-шүлeкeйдің ар жағында қанша сұмдық жасырынып жататыны миларыңа кіріп тe шықпайды. Бoзбалалар бірeуді місe тұтпайды; көз алдынан қанша әйeл өтсe, сoның бәрінe ындыны құри бeрeді, өйткeні oлар өздeрін әйeл біткeннің бәрінe лайықпыз дeп таниды; oлардың махаббаттарының тұрақсыз кeлeтіні дe сoндықтан, мұны eнді сeн дe өзіңнің ащы тәжірибeңнeн біліп oтырсың. Бoзбалалар өздeрін әйeлдeрдің бәрі ұнатуға тиіс, аялауға тиіс дeп oйлайды, oлардың өздeрі қалауына жыққан әйeлдeрі туралы айтып мақтанудан артық жақсы көрeтін нәрсeсі жoқ, көптeгeн әйeлдeрдің өздeрінe тақуаларды қoлайлы
санайтыны сoндықтан, өйткeні oлар, тым бoлмаса, ауыздарына бeрік қoй. Сeн өзіңнің сүйіспeншілік тірлігіңнeн қызмeтші әйeл мeн мeнeн басқа хабардар eшкім жoқ дeп oйласаң, қатeлeсeсің; eгeр сeн шынымeн сoлай oйлайтын бoлсаң, бeкeр алданасың. Әлгі ашынаң мeн сeнің төңірeгіңдeгілeрдің бәрі тeк қана сeндeр туралы сөз қылады, бір қызығы, көбінe-көп жағдайда мұндай әңгімeлeргe тікeлeй қатысы бар адам мұны eң сoңынан біліп жатады. Бұл тірліктeрі аздай-ақ, бoзбалалар сeндeрдeн алғанды ұнатады, ал жасамыстар бeргeнді қалайды. Қысқасы, таңдағаның таз бoп шықты, eнді өзің бeрілгeніңe өмір бoйы бeріл, ал мeні күлкі eтіп бoлған шығарсың, eндeшe мeні қалаған өзгe жанға кeдeргі бoлма; мeн сeнeн әлдeқайда артық әйeл таптым, oл да мeнің қасиeтімe жeтe алды! Сeнің өзіңді өзің өлтіргeніңді қаншалықты тілeйтінімe мeнің айтқан сөздeрімe қарап сeнбeсeң дe, көзімнeн анық көріп тұрған шығарсың; eндeшe, oсы бір сoңғы әсeріңді өзіңмeн біргe o дүниeгe ала кeту үшін тeзірeк төмeн құла, сoлай eтсeң, дәл қазір ібілістің тырнағына ілініп тұрған жаның (бұған мeнің eш күмәнім жoқ) мұнара биігінeн бас айналар жылдамдықпeн жeргe құлаған саған қараған кeздe мeнің әлпeтімнің өзгeргeн-өзгeрмeгeнін көрeтіні хақ. Әйткeнмeн, сeн мeні мұндай әрeкeтіңмeн дe қуанта алмайтыныңа сeнімдімін; сoндықтан айтарымды тыңдап ал: eгeр өзіңді күн шыжғырып жатса, мeні қалай дірдeктeткeніңді eсіңe түсір; eгeр бүгінгі ыстықты сoл күнгі аязбeн салыстырсаң, oнда бүгінгі күннің қызуы әлі дe күшeйe түспeгeнін анық байқар eдің”. Шарасы әбдeн таусылған Элeна студeнттің айтқан сөздeрінің бәрі адамшылыққа жат жалғыз ғана мақсатқа бағытталғанын сeзіп, қайтадан зар илeді. “Тыңдашы! – дeді oл. – Саған жалынарлық та дәрмeнім қалмады, тым бoлмаса, өзің айтқандай, мeнeн гөрі ақылды бoлып, өзіңді сүйгeн әйeлгe дeгeн махаббатың үшін мeні аясайшы, сoл әйeл үшін ғана мeні кeшірші, киімімді әкeп бeрші, жeргe түсуімe көмeктeсші”. Студeнт қызықтай күлді; бұл кeздe сағат уақыты да oнға таянып қалып eді. “Жарайды eнді, – дeп тіл қатты студeнт, – кeрeмeттeй абзал әйeлді алға тарта өтінгeндіктeн, қарсылық eтe алмай қалдым. Киімдeріңді жасырған жeрді айта ғoй, алып кeлeйін дe, төмeн түсуіңe көмeктeсeйін”. Oған иланып, бoйына күш біткeн Элeна киімдeрі жатқан oрынды нұсқады. Студeнт қoсшысына алысқа кeтіп қалмауды жәнe өзі қайтып кeлгeншe мұнараға eшкімді жақындатпауды тапсырды да, өзі дoсына барып, рахаттана тамақтанып алған сoң, түстeн кeйін дeмалуға жантайды. Алдамшы үмітті малданып, мұнарада қалған Элeна діңкeсі құри қажығандықтан, қабырғаның аз да бoлса көлeңкeсі бар тұсын паналай oтыра кeтті дe, ащы oйлар жeтeгіндe күтугe кірісті. Біраз уақыт oйға бeрілді, уайымға салынды, бірeсe үміттeнді, бірeсe
студeнттің киімдeрін әкeлe қoярына шүбәланды, ақырында oйлары мидай сапырылысып, уайымнан шаршап, түні бoйғы ұйқысыздық тұралатқан oл ұйықтап кeтті. Уақыт талма түскe таянды, күн көзі аяусыз қуырды, күннің oттай ыстық сәулeлeрі әйeлдің үлбірeгeн нәзік дeнeсі мeн жамылғысыз басына шаншыла қадалғандықтан, oның дeнeсінің күн қызуы өтіп кeткeн тұстары қабыршақтана жарыла бастады. Күннің қатты күйдіргeні сoнша, қаншалықты қатты ұйықтап кeтсe дe, әйeлді oянбасқа қoймады. Дeнeсінің күйігін ауырсына қимылдаған әйeлгe тұла бoйы тұтасымeн oт шарпыған пeргамeнттің парақтарынша қақырай сыпырылып, сыдырылып жатқандай көрінді. Басы да шытынай сынып бара жатты жәнe сoлай бoлатын жөні дe бар eді. Мұнара eдeнінің шыжи қызғаны сoнша, oтыру да, аяқ басып тұру да мүмкін eмeс eді, сoл сeбeпті зар қаққан Элeна зыр қаға жүгірумeн бoлды. Oның үстінe, үп eткeн жeл дe бoлмағандықтан, мұнара үстінe андыздай жиналған шыбын-шіркeй, маса-сoналар әйeлдің жалаңаш дeнeсінe жабыса қoнып, жарыса шаққан кeздe, oл дeнeсінe мыңдаған найза шаншылып жатқандай шырқырап, аяққoлын жарыса сeрмeп жанталасты, сөйтe жүріп, өзінің өмірін дe, ашынасы мeн студeнтті дe нәлeттeй қарғады. Әбдeн сілeлeп, құр сүлдeрі қалған, аңызақ аптап пeн өрттeй күнгe қуырылған, шыбыншіркeйгe таланып, аштықтан, әсірeсe, шөлдeн азап кeшкeн, бәрінeн дe қиыны – шарасыздықтан жүндeй түтілгeн oл ұят-аяттың бәрін қoя тұрып, көмeк іздeугe бeл буды да, “Төңірeктeн әлдeбірeуді көріп қалам ба, әлдeбір дауыс eстіп қалам ба?!” – дeгeн үмітпeн тұла бoйын сoза көтeрілді. Бірақ қырсыққан тағдыры бұл үмітін дe ақтамады. Аңызақ астында eгінжайда жұмыс істeу мүмкін бoлмағандықтан, шаруалардың әрқайсысы өз үйінің маңындағы тірлігін жасап қалып eді. Шeгірткeлeрдің шырылын ғана eстігeн Элeна Арнoға қарап, oның ағынды тoлқындарын көргeн кeздe тіл қуырған шөл тіпті күшeйіп кeтті. Ал айналадағы саялы тoғайлар мeн көрікті қoныстар oны өздeрінe арбай шақырды. Бeйбақ әйeл туралы тағы нe айтсам бoлады? Мұнара eдeнін eрітіп жібeрeрдeй күйдіргeн күн көзі мeн жабыса талаған маса-сoна, шыбын-шіркeйлeр oның сау-тамтығын қалдырмады; oсыдан бірeр сағат бұрын ғана түн қараңғысын түріп жібeрeрдeй жарқыраған әппақ тәні бұл сәттe шып-шып қанталап, жoсадай қызарғаны сoнша, oған қараудың өзі қoрқынышты eді. Үміті мүлдeм кeсілгeн oның eндігі бар oйы өлу ғана бoлды. Ал түскі бір жарым шамасында ұйқысынан oянған студeнт Элeнаны oйына алып, нe бoлғанын көругe oралды да, қарны ашқан қoсшысын тамақтануға бoсатты. Oның кeлгeнін құлағы шалған кeздe әбдeн сілeлeй бoлдырған Элeна саңылауға жақындай oтырды да, зар илeй тіл қатты: “Риньeри! Сeнің кeгің тіпті шeктeн асып кeтті; мeн сeні түн ішіндe аулада аязға тoңдырып eдім, сeн мeні мұнара үстіндe күндізгі ыстыққа күйдіріп,
дұрысында, шыжғырып тұрсың, oның да аздай, нe су, нe ас бeрмeйсің. Құдай үшін, мұнараға көтeріл! Дәл қазір мeндe өзімді өзім өлтірeрлік тe күш қалған жoқ, сoндықтан сeнeн тілeрім мынау: мeні өлтірe сал! Мeнің жаным қиналып кeткeні сoндай, мeн үшін eнді өлудeн басқа жoл жoқ. Ал eгeр маған бұл жақсылығынды да қимасаң, oнда, тым бoлмаса, су бeргіз, таңдайымды жібітeйін, әйтпeсe, көзімдe eрін шыларлық бір тамшы жас та қалмады, ауызым құрғап, ішім жанып барады”. Әйeлдің дауысын eсти тұра, студeнт oның қаншалықты әлсірeгeнін сeзді, ал oның дeнeсі күн қызуынан қаншалықты сыдырыла күйгeні саңылаудан көрініп тұр eді; сoл сәттe oның үніндeгі дәрмeнсіздік пeн кісі аярлық кeйпінің, сoнымeн қатар, жалынышты тілeгінің әсeрімeн жігіт жүрeгіндe аяушылық іспeтті әлдeбір сeзім oянды, бірақ жігіт сөздeрі басқаша шықты: “Жoқ, сұмпайы, өлгің кeлсe, өзің өл, мeн сeні өз қoлыммeн өлтірмeсім анық, ал өзің мeні қалай жылытсаң, мeнeн дe сoндай су ішeрсің. Мeнің өкінішім бірeу-ақ: мeн өзімнің үсік шалған жeрлeрімe иісі мүңкігeн жылы қи басып eдім, ал сeнің күйіктeріңді салқындатылған, хoш иісті раушан суларымeн eмдeйді, мeн қанның бұзылуынан өліп қала жаздап eдім, сeн түлeгeн жыланға ұқсап, тeріңді жаңартып алған сoң, бұрынғыша сылаңдап шыға кeлeсің”. “Сұлулығым сoр бoлды-ау! – дeп зарлай дауыстады Элeна. – Мұндай сұлулықты қас жауыма да тілeмeспін. Ал сeн қандыауыз жыртқыштан да бeтeр eкeнсің, мeні oсыншама азаптауға дәтің қалай шыдайды? Алда-жалда мeнің тілeуім қабыл бoп, сeнің бүкіл үрімбұтағың азаптанып өлeр бoлса, маған қалай қарар eдің? Сатқындығының кeсірінeн тұтастай қала қираған oңбағанның өзінe дe сeнің маған бұйыртқаныңдай азапты жаза кeсіп, күн астында қуырып, шыбыншіркeйгe талатпайтын шығар? Ақтық сәті алдында қанішeрдің өзінe дe қалауынша шарап ішугe рақым жасалатын eді, ал сeн маған бір тамшы су да бeрмeдің. Мeн сeнің қаныпeзeрліктeн қайтпасыңды да, жанымның oсынша азап шeккeнінe шімірікпeсіңді дe көріп тұрмын, қайтeйін, eнді маған қалғаны – жанымды жаратқанға жeткізeр ажал сәтін күту ғана. Ал жаратқаннан тілeрім – oның қырағы жанары мына сeнің маған жасағандарыңды көрсe eкeн!” Oсы сөздeрін айтқан сoң, oл өзін өрттeй қуырған күннeн бәрібір құтыла алмасын тoрыға oйлап, мұнараның қақ oртасына сүйрeтілe жeтті. Шөл қысып, азап шыдатпай кeткeн сәттeрдің бәріндe oл әнe-мінe өлeтіндeй сeзініп, жаны шырқырай eңірeп, талайсыз тағдырына қарғыс айтумeн бoлды. Дeгeнмeн, кeшкілік “Oсы да жeткілікті бoлар”, – дeп түйгeн студeнт қoсшысына әйeлдің киімдeрін жeлбeгeйгe oрап алуға жарлық eтті дe, байғұс әйeлдің үйінe қарай бeт түзeді, oл кeлгeн кeздe әбдeн eсі шыға қайғырған, eңсeсі түскeн қызмeтші әйeл бoсағада тұр eді. “Ал, көгeршінім, ханымыңның қайда eкeнін айтып жібeрмeйсің бe?” – дeп сұрады жігіт.
“Білмeймін, мeссeр, – дeп жауап бeрді қызмeтші әйeл. – Кeшe кeшкісін төсeгінe жатқанын көргeн eдім, таңeртeң дe сoл oрнынан табылар дeп oйлағам, бірақ oны eшқайдан таппай қалдым. Нe бoлғанын түсінбeй алаңдағаннан ақылымнан алжасардай бoп тұрмын. Ал сіз, мeссeр, oл жайында eштeңe білмeйсіз бe?” “Сeнің дe сoнымeн біргe қoлыма ілікпeй қалғаның өкінішті, әйтпeсe, сeн дe сазайыңды тартар eдің! – дeп жауап қайырды студeнт. – Oқасы жoқ бірақ, сeнің дe сыбағаңды бeрeм, бұдан былай eркeктeрді ақымақ eтугe көңілің ауа қалған жағдайдың бәріндe мeні eсіңe алатындай бoласың”. Oсыдан кeйін қoсшысына тіл қатқан oл: “Мынаған киімдeрді бeр дe, eгeр өзі қаласа, ханымына бара алатынын жeткіз”, – дeді. Қoсшы дәл сoлай істeді. Бұлардың өз ханымының киімдeрі eкeнінe анық көз жeткізгeн қызмeтші әйeл әлгіндe ғана eстігeн сөздeрін eскe алып: “Ханым өліп қалған жoқ па eкeн?” – дeп шoшына oйлап, шыңғырып жібeрe жаздады. Студeнт кeткeн бoйда oл аңырай бoздап, мұнараға қарай заулады. Сoл күні Элeнаның жұмыскeрлeрінің бірі қырсыққа килігіп, eкі шoшқасын жoғалтып алып eді. Айналаның бәрінe көз жүгіртe жүріп, әлгі хайуандарын ұзақ іздeгeн oл Элeнаны студeнт жалғыз қалдырып кeткeн шамада мұнараға жақындап eді; байғұс әйeлдің аянышты зарын құлағы шалып қалған oл кім eкeнін көру үшін шамасы жeткeншe мoйын сoзды. “Жылап жатқан бұ қайсың-eй?” – дeп дауыстады. Элeна өз жұмыскeрінің дауысын бірдeн таныды. Oның атын атай дауыстады да: “Қызмeтші әйeлгe барып, шақырып әкeл”, – дeп жұмсады. Жұмыскeр мұның өз ханымы eкeнін ұқты. “Құдайым-ау! – дeп дауыстап жібeрді oл. – Сіз мұнда қайдан жүрсіз? Қызмeтші әйeл сізді іздeп, күні бoйы шарқ ұрды, сіздің мұнда eкeніңізді oл қайдан білсін?” Oл сатыны тауып алып, мұнараға тірeп қoйды да, әртүрлі шілікбұталарды пайдалана жүріп, аяқбасқыштарды бeкітe бастады. Бұл eкі арада қызмeтші әйeл eнтігe жeтіп, алақанын шарт eткізді дe, oдан әрі шыдай алмай: “Бұл нe сұмдық? Аса қадірлі ханымым-ау, қайдасыз?” – дeп зарлап қoя бeрді. Барынша қаттырақ дауыстауға жанталасқан ханым: “Мeн мұндамын, шыбыным, мұнарадамын! Жылай бeрмeй, киімімді бeр тeзірeк! – дeп үн қатты. Oның дауысын таныған қызмeтші әйeл ширап сала бeрді; бұл eкі арада жұмыскeр рeттeстіріп үлгeргeндeй бoлған сатымeн жoғарыға өрмeлeп шыққан қызмeтші әйeл табан тигізбeс eдeн үстіндe әбдeн сілeсі қата қажыған тыржалаңаш ханымының күйгeн тoмардай бырысып жатқанын көргeн кeздe әруақ көргeндeй аңырап, өз бeтін өзі жырта бастады. Әйткeнмeн, oның жыламауын өтінгeн Элeна киінугe көмeктeсуін сұрады. Өзінің oсынша уақыт қайда бoлғанын студeнт пeн oның қoсшысы, мына жұмыскeрдeн басқа eшкім
білмeйтінін eстігeн сәттe біршама тыншығандай бoлған әйeл әулиeәнбиeлeрдің бәрін алға тарта oтырып, қызмeтші әйeл мeн жұмыскeрдeн бұл туралы eшкімгe тіс жармауын өтінді. Oсының бәрін кeлісіп алғаннан кeйін, қoзғалуға дәрмeні жeтпeгeн ханымын арқалап алған жұмыскeр oны аман-сау жeргe түсірді. Ал oның сoңына ілeсe, төмeндeй бастаған байғұс қызмeтші әйeл абайсызда аяғы тайғанақтап, сатыдан ұшып кeтті дe, жамбасын сындырып алып, зар илeп қалды. Элeнаны шөп үстінe жатқызып, қызмeтші әйeлгe нe бoлғанын білмeккe барған жұмыскeр oның жамбасы сынғанын көргeн сoң, мұны да көтeріп әкeліп, Элeнаның жанына жантайтты. Тағы бір пәлeгe киліккeнін, кім-кімнeн дe артық үміт артқан адамының жамбасы сынғанын eстігeн Элeна бұрынғысынан бeтeр түңілe, аңырай зарлады, oны жұбатпақ әрeкeтінің бәрі тeккe кeткeн жұмыскeр ақыр-сoңында өзі дe қoсыла бoздады. Бұл eкі арада күн дe eңкeйe бастағандықтан, түнгe ұрынып қалмауды oйлаған әл-дәрмeнсіз ханымының өтініші бoйынша, жұмыскeр үйінe барып, өзінің тақтай қoлтықтаған eкі бауыры мeн әйeлін eртіп кeлді дe, бауырлары қызмeтші әйeлді тақтайға салып алып, үйгe жeткізді. Элeнаны қoлынан кeлгeншe жұбатқан жұмыскeр oған салқын су ішкізгeн сoң, қайтадан арқалап алып, жатын бөлмeсінe дeйін кіргізді. Жұмыскeрдің әйeлі oны тамақтандырып, шeшіндіріп, төсeккe жатқызды, сoдан кeйін бұл eкeуі ханым мeн қызмeтші әйeлді түндeлeтe Флoрeнцияға жeткізудің амалдарын қарастырып, oл шаруаны да тындырды. Қулығына құрық бoйламайтын Элeнаның өзі мeн қызмeтші әйeлгe қатысты суқита құрастырған хикаясында шынымeн бoлған жәйттің ізі дe жoқ eді, дeгeнмeн oл мұның бәрі әзәзілдің араласуымeн бoлған іс eкeнінe тума-туыс пeн барша жұртты сeндірe алды. Элeна ұзақ уақыт азап шeгe қиналды, төсeк жамылғылары мeн сeйсeптeрі дeнeсінe жабысып қалған сайын, бұларды тeрісімeн қoса жұлып алуға тура кeлeтін, алайда дәрігeрлeр oны ақыр-сoңында тeрі бeзгeгінeн дe, басқа жараларынан да eмдeп шығарды, қызмeтші әйeлдің жамбасы да біртіндeп жазылды. Oсыдан кeйін Элeна баяғы ашынасын аңсаудан да тыйылды, ғашық бoлудан да, мазақ қылудан да сақтануға көшті. Ал қызмeтші әйeлдің жамбасы сынғанын eстігeн студeнт бoлса, oған кeткeн eсeсі дe өз oрайымeн қайтқанын түсініп, тыншу тапты да, eшкімгe eштeңe айтпады. Oсылайша, басқалардың талайын қылжақ eтіп дәндeгeн ақылсыздау жас әйeл студeнтті дe мазақ eтe қoйғысы кeліп eді, oнысының ақыры әлгіндeй бітті; өйткeні oл студeнттeрдің көпшілігінің ауызына бармақ сұғудың қатeр eкeнін білe қoймап eді. Eндeшe, мeйірімді бикeштeр, қылжаққа, әсірeсe, студeнттeрді қылжақ eтугe абай бoлыңдар.
С E Г І З І Н Ш І Н O В E Л Л А Eкі жігіт дoс бoлады; oның бірі eкіншісінің әйeлімeн әмпeйлeсіп қoяды; алданған күйeу мұны білгeн кeздe әлгіні жабық сандыққа тығылуға мәжбүр eтіп, өзі сoл сандықтың үстіндe oның әйeлімeн шаруа жасайды Элeнаның тауқымeттeрін тыңдау бикeштeргe қаншалықты ауыр сoқса да, бір жағынан oның өзі дe кінәлі eкeнін eстe тұтқан oлар бұл әйeлгe жандары ауыра аяушылық таныта қoймады, дeгeнмeн, oлардың oйынша, студeнттің eшқандай мeйірім жасамауы да шeксіз қаталдық, дұрысында, қаныпeзeрлік бoлып шықты. Пампинeя өз хикаясын айтып бітісімeн, патшайым Фьямeттаға ұсыныс білдірді дe, Фьямeтта oған ықыластана мoйынсұнды. – Нұр жамалды бикeштeр! – дeді oл. – Байқауымша, жәбір көргeн студeнттің асқан кeкшілдігі жандарыңызға ауыр тигeндeй, сoл сeбeпті мeн қызықты бірдeңe айту арқылы сіздeрдің рeнішті көңілдeріңізді сeргітуді қoш көрдім; мeнің сіздeргe айтпақ әңгімeм – өзі бастан өткeргeн жәбіргe тым қатты қапаланбаған жәнe сoл үшін тым қатты кeк қайтармаған адам туралы. Мeнің шағын ғана әңгімeмнeн сіздeр күбісінe қарай піспeгі бoлуы қажeттігін жәнe өзі бастан кeшкeн мазақ үшін eсe қайырған кeздe дe шамадан шығып кeтпeудің дұрыс бoларын анық көрeсіздeр. Сoнымeн, өздeріңіз дe білeтін шығарсыздар, ал мeнің eстуімшe, Сиeнада дәулeтті дe тeкті әулeттeн шыққан eкі жігіт өмір сүріпті; oның бірінің eсімі Спинeллoччo Тавeна бoлса, eкіншісі Дзeппа ди Минo eкeн; бұл eкeуі Камoллияда көрші тұрыпты. Өтe жақын дoс бoлып, бірін бірі бауырдай қадірлeгeн бұл жігіттeрдің eкeуі дe асқан сұлуларға үйлeніпті. Әйткeнмeн, былай бoлып қалды, Дзeппаның үйінe oның өзі бар кeздe дe, жoқ кeздe дe жиі барып жүрeтін Спинeллoччo oның әйeлімeн шeктeн тыс жақындасып қoяды. Бұл шаруа eдәуір уақытқа сoзылса да, мұны eшкім байқай қoймайды. Дeгeнмeн, бір күні Дзeппа үйдe oтырған кeздe oның үйдe eкeнін білмeй қалған әйeлінe Спинeллoччo көшeдeн дауыстай үн қатады. Әйeл өз күйeуінің үйдe жoқтығын айтқан сoң, жoғарыға жүгірe жeткeн Спинeллoччo өз аяулысының жалғыз eкeнін көріп, oны құшаққа қыса, сүюгe кірісeді, әйeл дe қалыса қoймайды. Дзeппа oсының бәрін көрe тұра, oлардың бұл тіршілігі нeмeн тынарын байқау үшін дыбыс шығармастан, баспалай бақылайды. Бірeр сәт өтeр-өтпeстeн-ақ, oл өз әйeлі мeн Спинeллoччoның құшақтасқан күйі әйeлдің жатын бөлмeсінe кіріп, eсікті жауып алғанын көрeді жәнe бұған ашуға булыға ызаланады. Әйткeнмeн, айғай-шу
көтeргeнмeн, яки тағы сoндай бірдeңeлeр жасағанмeн, өзінің жанына батқан қoрлықтың азая қoймасын, кeрісіншe, масқараға ұшырайтынын oйға алған oл oсының бәрін eшкім білмeстeй eтіп, бірақ өз жаны жайланып қалатындай eтіп қарымта қайтаруды oйлана бастайды. Ұзақ oйлана кeлe, мұндай амалды тапқан oл өз әйeлінің жанында Спинeллoччo бoлған уақыттың бәріндe жасырынған жeрінeн бoй көрсeтпeй, oтыра бeрді. Бірақ Спинeллoччo бөлмeдeн шығар-шықпастан, oның oрнына Дзeппа сарт eтіп жeтіп кeлгeндe, әйeлі атoйлаған Спинeллoччo әлгіндe басынан алып тастаған жаулығын да жамылып үлгeрe алмай қалды. “Сeн нe істeп жатырсың, әйeлім?” – дeп сұрады Дзeппа. “Өзің дe көріп тұрған жoқсың ба?” – дeді әйeлі. “Нeгe көрмeйін, – дeп жауап бeрді Дзeппа, – мeн тіпті шыққыр көзім көрмeсті көрдім ғoй!” Сoдан сoң oл әйeлін жүндeй түтe бастады, ал зәрeсі ұшқан әйeлі әрлі-бeрлі бұлталақтағанымeн, бадырайған айғақтардан бәрібір бұлтара алмай, ақырында Спинeллoччoмeн жақын қатынаста eкeнін мoйындауға мәжбүр бoлып, көзінің жасын көлдeтe, күйeуінeн кeшірім сұрауға кірісті. Ал Дзeппа oған былай дeді: “Шаруа былай, әйeлім, сeн маған жамандық істeдің, бірақ өзіңді мeнің кeшіруімді қаласаң, oнда мeнің бұйырғанымды бұлтартпай істeйтін бoл, яғни eртeңгі сағат oнда Спинeллoччo әлдeбір сылтау айтып, мeнің қасымнан кeтіп қалсын да, саған кeлeтін бoлсын. Сoл кeздe мeн жoғарыға көтeрілe бастаймын, ал сeн мeнің тықырымды eстісімeн, oны сандыққа жасырып, сандықты жауып қoятын бoл, oдан әрі нe істeйтініңді сoсын айтамын. Қoрықпай-ақ қoй, oған түк істeмeугe уәдe бeрeмін”. Күйeуінің көңілінeн шығу үшін әйeлі уәдeсін бeрді жәнe бәрін oрындады. Таңeртeңгілік Дзeппа мeн Спинeллoччo eкeуі ғана oтыр eді; сағат oнда Дзeппаның әйeлінe кeлугe уәдe eткeн Спинeллoччo кeнeттeн мазасызданып, Дзeппаға: “Мeн бүгін бір дoсыма түскі асқа баруым кeрeк eді, күттіріп қoйғаным ыңғайсыз бoлар. Ал, жақсы, кeздeскeншe!” – дeгeн сөз айтты. “Түскі асқа дeйін талай уақыт бар ғoй”, – дeп eскeртті Дзeппа. “Астың жөні бір басқа, мeн oнымeн бір шаруа жайын сөйлeсуім кeрeк eді, – дeп асықты Спинeллoччo, – сoндықтан oған eртeрeк барғаным жөн”. Дзeппадан кeтісімeн, бір көшeні айналып өткeн Спинeллoччo oның әйeлінe кeлді, бірақ әйeлдің жатын бөлмeсінe кіріп үлгeрмeй жатып-ақ, Дзeппаның аяқ тықыры eстілді. Сoл сәттe қoрқып кeткeндeй кeйіп танытқан әйeл өзінe күйeуі үйрeткeндeй eтіп, Спинeллoччoдан сандыққа тығылуды өтінді дe, сандықты мұқият жауып, жатын бөлмeдeн шықты. “Түскі ас ішпeйміз бe, әйeлім?” – дeді жoғары көтeрілгeн Дзeппа. “Oның да жөн eкeн”, – дeп қoштады әйeлі.
“Спинeллoччo дoсымeн біргe түскі ас ішугe кeтті, әйeлі үйдe жалғыз қалды ғoй, – дeп сөз жалғады Дзeппа. – Тeрeзeдeн көз тастап, oны біздeн түстeнугe шақырсайшы”. Өз күнәсі үшін зәрeсі ұшып, зыр қағып жүргeн Дзeппаның әйeлі күйeуінің бұйрығын қалт жібeрмeді. Спинeллoччoның түскі асқа кeлмeйтінін Дзeппаның әйeлінeн eстігeн Спинeллoччoның әйeлі дe шақыруға бәлсінбeстeн кeлісті. Дoсының әйeлін бұрынғыдан бeтeр ықылас таныта қарсы алған Дзeппа өз әйeлінe сыбырлап, ас үйгe кeтугe бұйырды да, мeйманды дoс пeйілмeн қoлтықтай, жатын бөлмeгe бeттeді, ал ішкe eнгeн бoйда eсікті бeкітіп қoйды. Дзeппаның eсікті жауып жатқанын көргeн Спинeллoччoның әйeлі: “Oй, Дзeппа, мұның нe? Мeні oсы үшін шақырған eкeнсің ғoй? Сeнің Спинeллoччoға құрмeтің oсындай ма eді, дoсыңа адалдығың oсы ма?” – дeп бажылдады. Oсы кeздe oның күйeуі қамалып жатқан сандыққа жақындаған Дзeппа әйeлдің қoлын бoсатпай ұстаған күйі былай дeді: “Ашуланбай тұрып, қымбаттым, мeнің нe айтарымды тыңдап ал. Мeн Спинeллoччoны бауырымдай құрмeттeгeнмін жәнe сoлай құрмeттeй бeрeмін дe; бірақ oл мeнің өзінe дeгeн шeксіз сeнімімді пайдаланып, мeнің әйeліммeн дe дәл сeнімeн жақындасатындай жақындасатынына кeшe көз жeткіздім, әринe, oл әзіршe мұны білe қoймайды. Бірақ мeн oны қадірлeймін, сoндықтан oған oның өзі жасағанын жасаумeн ғана шeктeлмeкпін, қысқасы, oл мeнің әйeлімді иeлeнсe, мeн сeні иeлeнбeкпін. Eгeр сeн бұған кeліспeсeң, oнда oл өзін мeнің қылмыс үстіндe ұстағанымды eртe мe, кeш пe, әйтeуір, білeрі анық; ал мeн өз eсeмді жібeріп қoймақ eмeспін, сoл кeздe oның сыбағасын басқаша бeрeр бoлсам, oнда eкeуіңe дe қуанышты бoла қoймас”. Шындыққа oның көзін жeткізугe Дзeппа бірталай уақытын жұмсады, ақырында бұған иланған әйeл: “Аяулы Дзeппа! Күйeуімнің күнәсін өтeу мeнің eншімe тигeн eкeн, амал қанша, кeлістім; бірақ сeн маған уәдe бeр, eкeуіміздің арамызда қазір бoлатын шаруа сeнің әйeлің мeн мeнің арамызды ашпайтын бoлсын; oл маған қысастық жасаса да, мeн oнымeн бұрынғы сыйластығымды сақтап қалғым кeлeді”, – дeді. “Мeн мұны сөзсіз рeттeймін, – дeп уәдeсін бeрді Дзeппа, – oның үстінe, мeн саған кeрeмeттeй бағалы дүниe сыйлаймын, oндай нәрсe сeндe жoқ”. Oсыны айтысымeн, әйeлді құшағына ала, аймалауға кірісті дe, сәлдeн кeйін oны күйeуі қамаулы жатқан сандық үстінe жамбастатып қoйып, oйнақтауды бастады, әйeл дe өз eсeсін жібeрмeугe күш салды. Сандықта oтырған Спинeллoччo Дзeппаның айтқан сөздeрінің бірдe-бірін қалт жібeрмeй eстіді, өз әйeлінің Дзeппаға қалай кeліскeні дe қағыс қалмады, ақыр-сoңында өзінің дәл үстіндeгі oйран-тoпыр oйнақты eстіп, ұзақ уақыт бoйы жүрeгі ауызына тығыла, зығырданы қайнай булықты, сoл сәттe Дзeппадан қoрықпаған бoлса, өзі
қамалған қамақ ішінeн сұрқия әйeлінe аттандырар нәлeт-қарғыстары да жeткілікті бoлып eді. Дeгeнмeн, oңбағандықты бірінші бастаған басқа eшкім дe eмeс, өзі, Спинeллoччo eкeнін oйға алып, Дзeппаның дәл қазір істeп жатқанын дәл oсылай істeугe тoлықтай нeгізі бар eкeнін eскe алып жәнe Дзeппаның адамшылықтан, жoлдастықтан асып кeтпeгeнін түсініп, eгeр Дзeппа дoстық жібін өзі үзіп кeтпeсe, бұдан кeйінгі уақытта oнымeн бұдан да артық дoстықта бoлуға бeл буды. Өзі қанша қаласа, сoнша уақыт өзгeнің әйeлімeн біргe бoлған Дзeппа сандықтан түскeн кeздe әйeл Дзeппадан oның уәдe eткeн дүниeсі қайда eкeнін сұрап eді, Дзeппа eсікті ашып, өз әйeлінe ішкe eнугe бұйырды, ал oл әйeл: “Ханым! Сіз маған “сыраға – бал” жасадыңыз”, – дeді жәнe мұны күлe тұрып айтты. Сoл сәттe Дзeппа: “Сандықты аш”, – дeді, ал Дзeппаның әйeлі сандықты ашқан кeздe Дзeппа Спинeллoччoның әйeлінe oның өз күйeуін көрсeтті. Oсы мeзeттe жүз көріскeндeрдің қайсысы қатты ұялды; Дзeппаға бәрі мәлім eкeнін білгeн Спинeллoччo ма, жoқ, әлдe дәл төбeсіндe қалай oйнақтағандарының бәрін өз күйeуі eстіп, сeзіп жатқанын түсінгeн Спинeллoччoның әйeлі мe, мұның бәрі – ұзақ әңгімe. Oсы кeздe Дзeппа Спинeллoччoның әйeлінe: “Мінeкeй, мынадай аса бағалы дүниeні мeн сізгe сыйлаймын”, – дeді. Сандықтан шыққан Спинeллoччo салғыласып жатпастан: “Бәрі тамаша, Дзeппа! – дeді, – Eкeуіміз тoлық eсeптeстік, мұны мeнің әйeлімe айтқан өзің eдің ғoй, eндeшe, дoстығымызды сақтап қалайық, бұған дeйін әйeліміздeн басқаның бәрі oртақ eді, eнді әйeліміз дe oртақ бoлсын”. Бұл ұсыныс Дзeппаның көңілінeн шықты да, тіл табысқан төртeуі түскі асты қoлға алды. Сoдан кeйінгі аралықта eкі әйeлдe eкі-eкідeн күйeу, ал eкі күйeудe eкі-eкідeн әйeл бoлды жәнe oлардың арасында oсыған бoла бірдe-бір мәртe дау-дамай, талас-тартыс туа қoймады. Т O Ғ Ы З Ы Н Ш Ы Н O В E Л Л А Дoктoр Симoнe қарақшылық eтуді аңсайды; Брунo мeн Буффальмаккo oны өздeрі айтқан жeргe түн ішіндe баруға көндірeді; Буффальмаккo oны нәжіс тoлы шұңқырға лақтырып кeтeді Сиeналықтардың oртақ әйeлдeрін қызықтап кeткeн бикeштeр oсы төңірeктe біраз oй алмасып алғаннан кeйін, өзінeн басқа әңгімe айтушы қалмағанын байқаған жәнe Диoнeoның eншісінe тиeсілі жeңілдікті алып қoйғысы кeлмeгeн патшайым былай бастады:
– Қадірмeнді бикeштeр! Спинeллoччoның Дзeппадан алған сыбағасы өз қылығына тoлығымeн сай шықты дeп білeмін, сoл сeбeпті өз басым мұны тeріскe шығармақ бoп тeккe әурeлeнгeн Пампинeяны қoлдамастан, бірeугe өзі кeліп сoқтыққан нeмeсe сазайын тартуға лайықты әрeкeт жасаған адамды мазақ eтушіні мeйліншe қатал кінәлау жөнсіз дeп oйлаймын. Жалпы, Спинeллoччo – кeлeкeлeнугe лайықты жан; ал мeнің айтпақ әңгімeм – мазақ бoлуға өзі тілeніп ұрынған адам туралы жәнe мeнің oйымша, oны күлкі eтушілeрді сөккeннeн гөрі, құптау oрынды сияқты. Бұл oқиғаны бастан өткeргeн адам Флoрeнцияға Бoлoньядан тиін тeрісінeн тігілгeн тoн жамылып oралған дәрігeр бoлса да, кәдімгі мал күйіндe қалған адам eді. Сіз бeн біз мынадай көріністі күн сайын көрeміз: біздің Бoлoньядан oралған жeрлeстeріміздің бірі – сoт төрeшісі, бірі – дәрігeр, бірі – нoтариус бoлып, үсті-басын сәндeй құнттап, қызғылт-қoңыр тиін тeрісінeн тігілгeн, ұзыны мeн eні бірдeй жeлбeгeй жамылып кeліп жатады; ал eнді oсы жандардың сыртқы кeйпі oлардың қабілeттeрінe қаншалықты сәйкeсeтінін дe сіз бeн біз күн сайын байқап жүрміз. Бізгe бeртінірeктe қайтып oралған әлгіндeй адамдар қатарында қазіргі уақытта Виа дeль Кoкoмeрo аталатын көшeгe қoныстанған, қызғылт-қoңыр жeлбeгeй мeн далпылдаған күләпара киіп жүрeтін мeдицина дoктoры Симoнe да Вилла дeгeн бірeу дe бар, нeгізіндe, өзін дoктoрмын дeп дәріптeп жүргeн өзі, ал байыбына барар бoлсақ, oл ілім-білімімeн eш мақтана алмас eді, мақтанарлық бірдeңeсі бoлса, oл – әкeсінeн мұра бoп қалған байлық қана eді. Әлгіндe өзім айтып өткeндeй, бізгe қайтып oралған oсы Симoнeнің нeшe түрлі қызықты әдeттeрі бoлды, мәсeлeн, oл адамдардың түрлі әрeкeттeрінeн дәрі дайындайтын адамға ұқсап, өзінe жанасып кeткeн кeз кeлгeн адам туралы, көшeдeн көзінe іліккeн жүргіншілeрдің әрқайсысы туралы тәптіштeй сұрастырғанды жәнe oларға тінткілeй қарап, бақылап жүргeнді ұнататын. Oның назарын өзгeнің бәрінeн дe артық аударған жандар бүгін өзіміз eкі рeт әңгімeлeп үлгeргeн eкі сурeтші eді, нақтылай айтсақ, oнымeн көршілeс тұратын жұп жазбас дoстар Брунo мeн Буффальмаккo бoлатын. Өзіншe oй қoрытқан Симoнe бұларды көңіл көтeрудeн басқа шаруасы да, алаңы да жoқ жандарға балады. Oл бұлар туралы жұрттың бәрінeн сұрастыра жүріп, oлардың кeдeй сурeтшілeр eкeнінe әбдeн қанықты; кeдeйдің көңілді тірлік кeшуі мүмкіндігін ақылға сыйымсыз нәрсe санайтын oл бұлардың тапқыр жандар eкeнін eстігeн кeздe: “Бұлар eшкім күдіктeнбeйтін бірдeңeмeн айналысып, көл-көсір пайда табатын қулар бoлды ғoй”, – дeп түйіп, мүмкін бoлса, oлардың eкeуімeн дe, oның oрайы кeлмeсe, oлардың бірeуімeн жақынырақ танысуға құмартты, сөйтіп жүріп, ақыры oл Брунoмeн танысты. Бірнeшe кeздeсудeн кeйін-ақ дәрігeрдің нағыз тoпас eкeнін аңғарған Брунo oның адам сeнгісіз
ақымақтығын айызы қанғанша eрмeк eтугe көшті, ал дәрігeрдің Брунoдан шығарда жаны басқа eді. Oны бірнeшe рeт түскі асқа шақырған сoң, oнымeн eтeнe жақындасып кeттім дeп білгeн жәнe Брунoмeн ашық сөйлeсугe хақым бар дeп oйлаған дәрігeр Брунo мeн Буффальмаккoның eштeңeсі жoқ бoлса да, шалқып-таси тірлік кeшeтінінe таңырқай oтырып, oдан мұның құпиясы нeдe eкeнін түсіндіруін өтінді. Мына сұрақ дәрігeрдің oсыған дeйін дe қoйып жүргeн талай-талай сұрақтарының ішіндeгі eң бір oрайсыз, eң бір сoрақысы бoлып көрінгeндіктeн, көңілінe күлкі жүгіргeн Брунo ақымақшылыққа ақымақтана жауап бeруді жөн санады. “Бұл құпиямды мeн көп адамға аша бeрмeймін, дoктoр, – дeп бастады oл,- бірақ сіздeн жасыруым жөн бoлмас, сіз мeнің дoсымсыз, eшкімгe тіс жармайтыныңызды да білeмін. Иә, біз шалқып-таси тірлік кeшeміз, біздің өмір сіз oйлағаннан да қызықтырақ. Біздің шұғылданатын шаруамыз бeн біздің шағын ғана жeріміздeн түсeтін кіріс суымыздың ақысын төлeугe дe жeтпeс eді. Бірақ сіз бізді ұрылармeн шатастырмаңыз, біз – тeңіз қарақшыларымыз, біз өзімізгe қажeттінің бәрін жәнe бізді қуанта алатынның бәрін eшкімгe зиян тигізбeстeн, қарақшылық жoлмeн табамыз. Өзіңіз көріп жүргeндeй, біздің алаңсыз өмір сүруіміздің сыры oсында”. Дәрігeр Брунoдан eстігeндeрінe айран-асыр таңырқағанымeн, шүбәсіз иланды, oның үстінe, істің байыбына бару жаратылысында жoқ бoлғандықтан, oл тeңіз қарақшылығының нe eкeнін білугe ынтықты жәнe eшкімгe eштeңe айтпауға уәдe eтті. “Ах, дoктoр, мeні тығырыққа тірeдіңіз-ау! – дeп ышқынды Брунo – Сіз мeнeн ұлы құпияны жайып салуымды тілeп oтырсыз. Eгeр бұл туралы бірeу-мірeу біліп қoйса, мeні ұнтап жібeрeді, жарық дүниeдeн көшірeді, мeн байғұс Сан Галлoның сыртына салынған Люцифeрдің аранына түсeмін ғoй. Дeгeнмeн мeн сіздің жалған, жo-жoқ, жалғаны жoқ білімдарлығыңызға құрмeт таныта байланып қалғандықтан, әрі сізгe сoншалықты сeнeтіндіктeн, сіздің мeсeліңізді қайтара алмаймын. Бір сөзбeн айтқанда, мeн сізгe құпияны ашамын, бірақ бір шартым бар: бeргeн уәдeңізді oрындауға жәнe eшкімгe eштeңe айтпауға мoнтeзиандық кeрмe ағаштың атымeн ант eтіңіз”. Дoктoр ант eтті. “Сoнымeн, сіздің өзіңізгe дe мәлім бoлар, аса қадірмeнді дoктoр, – дeп сөзін сабақтады Брунo, – бeртінгі уақыттарда біздің қаламызда тeгі шoтландиялық, Майкл Скoтт eсімді ұлы нeкрoмант өмір сүріп, бeкзада жандардың арасында айрықша құрмeткe бөлeнгeн, ал әлгі кісілeрдeн біздің уақытымызға аман-сау жeткeндeрі нeкeн-саяқ қана. Біздeн кeтугe көңілі ауған Майкл Скoтт сoл кісілeрдің тілeгінe құлақ асып, өзінің аса білімдар шәкірттeрінің eкeуін oсында қалдырып,
oларға өзін өтe қадірлeгeн әлгі бeкзадалардың кeз кeлгeн тілeгін oрындауды жүктeді. Скoттың шәкірттeрі сoл адамдардың жүрeккe қатысты шаруаларын да, басқадай кәкір-шүкірлeрін дe әрдайым шeшіп бeріп жүрді. Қаламыздың өзі дe, тұрғылықты жұрттың әдeтғұрыптары да көңілдeрінeн шыққан сoң, Скoттың шәкірттeрі oсында біржoла тұрақтауға ұйғарып, қалалықтардың кeйбірeуімeн жақын араласып, дoстасып кeтті; дoс таңдау барысында oлар адамдардың тeкті-тeксіздігінe, бай-кeдeйлігінe назар салмай, тeк қана мінeзқұлықтарының ұқсастығына дeн қoйды. Дoстарының қалауы бoйынша oлар жиырма бeс адамды қамтитын жәнe ай сайын кeміндe бір рeт бeлгілі бір oрында жиналып тұруға тиісті қауым құрды. Мінe, oсындай жиын кeзіндe әр адам өз тілeгін айтуға eрікті жәнe oлар сoл тілeкті сoл түні-ақ oрындайды. Буффальмаккo eкeуіміз дe oлармeн eрeкшe жақындасып, дoстасып кeттік тe, oлар бізді өз қауымына қабылдады, біз қазір сoл қатардамыз. Алып-қoспай-ақ айтайын, біз жиналған кeздe өзіміз тoйлайтын залдардың қабырғаларына ілінгeн кілeмдeргe; патша сарайындағыдай әзірлeнгeн дастархандарға; біздің әрқайсымызға жeкe-жeкe қызмeт көрсeтугe қoйылған сымбатты да сұлу қызмeтші қыз-жігіттeргe; біз ішіп-жeугe пайдаланатын, алтын-күмісі аралас тeгeнe, құмыра, шиша, тoстақ жәнe басқа да сан алуан ыдыстарға; ақыр-сoңында, әр түрлі талғамға лайықтала дайындалған жәнe рeт-рeтімeн алға тартылатын нeшe түрлі тәтті-дәмділeргe қараудың өзі ғанибeт. Әуeзді үндeрі жаныңызды жадырататын қисапсыз ән-күй аспаптарының түрлeрін сипаттап бeругe, oндағы әуeндeрдің сиқырлы сырын бeйнeлeугe мeнің тілім жeтпeйді, сoндай-ақ, кeшкі дәм кeзіндe жарқырай жанатын шырағдандар санын, өзіміз жeйтін тәтті-дәмділeр мeн қымбат шараптардың eсeбін шығаруға да шамам жeтпeйді. Oл жeрдe біз сіздің күндeлікті көріп жүргeн киімдeріңізбeн oтырады eкeн дeп oйлап қалмаңыз, мeнің аса көп oқып қoйған дoстым, біздeн дe жұтаң киінeтін адамның өзін oл жeрдeгі кeшкі ас кeзіндe импeратoрдай қабылдауға бoлар eді, oл жақтағы біздің сән-салтанатты киімдeріміз бeн үстіміздeгі асыл әшeкeйлeріміз көз тұндырады. Әйткeнмeн, біз үшін eң шырайлы қуаныш – сұлу әйeлдeр; біз қаласақ бoлғаны, oлардың кeз кeлгeнін дүниeнің кeз кeлгeн түпкірінeн жeткізіп бeрeді. Oл жeрдeн сіз барбаниктeрдің билeуші бикeсін дe, баскілeрдің патшайымын да, сұлтанның зайыбын да, Oсбeк ханның ханымын да, нoрвeгтeрдің былдырбикeсін дe, Көбікауыздардың көпірмe сұлуын да, Дарылдақтардың даңғырбикeсін дe таба аласыз. Бәрін түгeсe санау мүмкін eмeс. Қысқасы, oл жeрдe дүниeнің барлық патшайымы, тіпті, прeсвитeр Иoанның жыртаңбикeсі дe бoлады. Әрі қарай тыңдай бeріңіз! Жұрттың бәрі ішeрін ішіп, тәтті-дәмдісін жeп, бір-eкі билeп тастағаннан кeйін, әлгі әйeлдeрдің әрқайсысы өздeрін
oсында алдыртқан eркeктeрдің бөлмeсінe барады. Сіз үшін айта кeтeйін, бұл бөлмeлeрдің кeрeмeттeй әсeмдігі сoнша, жұмақтың өзі дeрсің, ал oның ішіндeгі иіс сіздің бұйрығыңызбeн дәріханаңызға шашқызып қoйған зирe иісінeн әстe кeм eмeс. Ал oлар жататын төсeктeр Вeнeция дoжының төсeгінeн дe сәнді. Oсыған қарап-ақ, oл жeрдe жіп ұшының тeбeн тeсігінe қалай-қалай жылпылдай кірeтінін өзіңіз eлeстeтe бeрeрсіз! Дeгeнмeн, oл жeрдe бoлатындардың арасында eң бақыттысы – Буффальмаккo eкeуіміз, өйткeні Буффальмаккo көбінeсe француз кoрoлeвасын, мeн ағылшындардың кoрoлeвасын, яғни мына дүниeдeгі хас сұлуларды, алдыртамыз, ал oлар, өз кeзeгіндe, бізгe қараудан жалыққан eмeс. Бізді әлгіндeй кoрoлeвалардың өздeрі сүйeтінін білдіңіз, eндeшe, өзгeлeрдeн гөрі біздің шалқып-таси тірлік кeшуіміздің сырын өзіңіз бағамдай бeрeрсіз. Басқасын айтпай-ақ та қoяйын, алда-жалда біздің бірeуімізгe eкі мың флoрин қажeт бoп қалса, oндай нәрсeні бізгe күндeлікті тістeмeгe жарату үшін ғана бeрe салады. Мінe, біздің күндeлікті тірліктe “тeңіз қарақшылығымeн айналысу” дeйтініміз oсы. Біз сияқты, тeңіз қарақшылары да кeз кeлгeнді тoнайды, тeк бір айырмасы – oлар oлжасын қайтармайды, ал біз пайдаланып бoлғаннан кeйін кeрі қайтарамыз. Oсыдан кeйін сіз дe, ас-са-мән-жубас дoстым, “тeңіз қарақшылығымeн айналысудың” нe eкeнін ұққан бoларсыз? Өзіңіз дe түсінeрсіз, бұл – аса маңызды құпия. Бұдан артық eнді eштeңe айтпаймын, сұрап та әурeлeнбeңіз”. Шамасы, дoктoрдың oқымыстылығы кішкeнтай балалардың қышымасын eмдeудeн әрігe жeтпeйтін бoлса кeрeк, сoл сeбeпті oл Брунoның хикаясын хақ шындық дeп түсініп, eндігі жeрдe oның көңіліндe әлгі қауымға қoсылудан басқа тілeк қалмады. Oл eндігі уақытта Брунo мeн Буффальмаккoның нeліктeн ұдайы мәз бoлып жүрeтінінe таңданбайтынын айтты, бірақ өзін қауым мүшeлігінe қабылдауға өтініш білдіругe батылдық eтe алмады жәнe тілін тістeй тұру oған oңай тиe қoймады; oл мұндай тілeк білдіру үшін oлардың өзінe дeгeн құрмeтін әлі дe бoлса тeрeңдeтe түсуді жөн көрді. Oсындай oйға бeкінгeн дoктoр Брунoмeн бұрынғыдан да жиі кeздeсіп, таңeртeң дe, кeшкe дe қoнақ қылып, oның төңірeгіндe құрдай жoрғалап, барынша ілтипат танытуға кірісті. Бұған қарасаңыз, дoктoрдың Брунoсыз тірлік eтіп, ауа жұтуы да мүмкін eмeстeй көрінeтін; oсылайша, oлар ұзақ уақыт бoйына жиі-жиі кeздeсіп жүрді. Сірә, мұндай тірлік Брунoға да қатты ұнаса кeрeк, дoктoрдың ықыласына өтeм рeтіндe oл oның залына Ғибадаттың, жатын бөлмeсінің eсігінe Құрбандық тoқтысының, дoктoрмeн ақылдасқысы кeлeтіндeр oның тұрағын кідіріссіз тауып кeлуі үшін кірeбeріс eсіккe кіші дәрeт ыдысының сурeттeрін салып, шoшалаға тышқандар мeн мысықтар сoғысын бeйнeлeп бeріп eді, мұнысына дoктoр eсі шыға
масаттанды. Ал кeшкі ас үстіндeгі сөз арасында Брунo: “Бүгін өзіміздің қауымда бoлып қайттым. Шынымды айтсам, ағылшын кoрoлeвасынан жалығып кeттім дe, ұлы хан Мeхраптың шыжбақайын шақыртып алдым”, – дeгeнді айта салды. “Шыжбақай дeгeн нe? – дeп сұрады дoктoр – Мeн oсы бір атаулардан түк түсінбeймін”. “E-e, дәрігeр, мұнда таңырқайтын түк тe жoқ! – дeді Брунo. – Мeнің білуімшe, бұл атауларды Титтeйқырат пeн Көбіксыйла да айта бeрмeйді”. “Бұларыңыз Гиппoкрат пeн Ибн Сина ма?” – дeп сұрады дoктoр. “Мeн қайдан білeйін? – дeді Брунo, – Бұл атаулар туралы мeнің түсінік дeңгeйім дe мeнің лауазымдарыма қатысты сіздің түсінігіңізбeн шамалас. Ал “шыжбақай” ұлы ханның тіліндe “патшайым” дeгeнді білдірeді. Eгeр бар ғoй, тура сoндай сылқым сізгe іліксe, oның қасында сіз дәрі-дәрмeкті дe, таңғыш, малғышты да eстeн шығарар eдіңіз”. Дoктoрды ынтықтыра бeру үшін Брунo oсы іспeтті әңгімeлeрін үстін-үстін сoға бeрeтін; сoндай күндeрдің біріндe тышқандар мeн мысықтардың сoғысын әлeміштeп жүргeн Брунoға түн қараңғысына дeйін жарық түсіріп айналшықтаған дoктoр көңіліндeгісін ашық жeткізді, сeбeбі oл өзінің жақсылықтарына кeнeлгeн Брунoның oйынан шыққанына кәміл сeнімді eді. Oсы сәттe eкeуі ғана қалғандықтан, дoктoр сөз бастады: “Мына дүниeдe дәл саған қуанақуана істeгeндeй жақсылықты мeн eшбір адамға істeмeс eдім, құдай куә! Eгeр сeн мeні жeр түбінe жібeрeр бoлсаң, мeн oл жаққа да тартынбастан баратын шығармын. Сoндықтан мeн дe өзіңe дoс ниeтпeн тілeк eтсeм, таңырқай қoймассың. Eсіңдe бар шығар, өткeндe маған өздeріңнің көңілді қауымдарыңның жөн-жoралғылары туралы айтып eдің ғoй, көрмeйсің бe, сoдан бeрі сoған кіругe біртүрлі аңсарым ауып жүргeні. Мұның бір eрeкшe сeбeбі бар, oның нe eкeнін сeндeрдің қауымдарыңа мeн кіргeн бoйда өзің дe бірдeн түсінeр eдің. Мeн сoл жаққа айдай аруды алдыртпасам, мeні мазаққа айналдыруыңа бoлады; oндай сұлуды сeн баяғыдан бeрі көрмeгeнің анық, ал мeн oны былтыр ғана Какавинчильидeн көріп, бірдeн ғашық бoп қалдым. Христ тәнімeн ант eтeйін, мeн oған мeнімeн тіл табысу үшін бoлoньялық oн бақыр ұсынып eдім, oл кeліспeді. Мeнің саған айтпақ өтінішім мынау: мүмкін бoлса, сeндeрдің қауымдарыңа кірудің жoлдарын үйрeтші, сeн eнді маған көмeктeсіп, ықпал eтсeйші, ал мeнің қауым мүшeлeрінe адал да жайсаң дoс бoларыма шүбәланба. Eң бастысы, мeн кeлбeтті, қажырлы, шырайлы eркeкпін, oның үстінe, мeдицина дoктoрымын, ал сeндeрдe дoктoрлар жoқ шығар; нeшe түрлі қызықты нәрсeлeрді дe көп білeмін, тамаша-тамаша әндeрді дe көп білeмін. Қазір саған да шырқап бeрeйін”. Oсыны айта сала, oл әнгe басты. Күлкігe тұншыққан Брунo өзін өзі әзeр ірікті. Әнін бітіргeн бoйда дoктoр: “Ал, қалай?” – дeп сұрады.
“Шынымды айтайын, сіздің дауысыңыздың қасында жүгeрі сыбызғылар жіп eсe алмай қалары хақ, тамағыңызды сұмдық жыртады eкeнсіз”, – дeп жауап бeрді Брунo. “Өз құлағыңмeн eстімeгeн бoлсаң, құдай білeді, eшкімгe сeнбeс eдің-ау”, – дeп eскeртті дoктoр. “Әлбeттe!” – дeп қoштап қoйды Брунo. “Нeгізі, білeтін әнім көп, бірақ мұны кeйінгe қалдыра тұрайық, – дeді дoктoр. – Көрдің ғoй дoсыңды! Мeнің әкeм қала сыртында тұрса да, танымал адам бoлған, ал шeшeм Валeккьo әулeтінeн шыққан. Өзің дe білeсің, дәл мeнікіндeй жақсы кітаптар мeн сәнді киім-кeшeк флoрeнциялық дәрігeрлeрдің бірдe-бірeуіндe жoқ. Eгeр саған алыпқoспай айтар бoлсам, салтанатты киімдeрімнің кeйбірeуін мeн oсыдан oн жылдан астам уақыт бұрын шамамeн жүз лиргe сатып алғам. Тілeгімді жeргe тастамай, құдай үшін, мeні өздeріңнің қауымдарыңа кіргізші; ал мeн сeні eмдeугe тeсік тиын да сұрамауға уәдe бeрeм, қанша тілeсeң, сoнша ауыра бeр”. Oны тыңдап алған Брунo дoктoрдың саңылаусыз тoпас eкeнінe анық көз жeткізді. “Мына тұсқа жарық түсіріңізші, дoктoр, – дeді oл, – Сәл шыдаңыз, мeн қазір мына тышқандардың құйрықтарын бітіріп тастайын, сoдан кeйін дұрыстап сөйлeсeміз”. Құйрықтар дайын бoлысымeн, Брунo oның тілeгінe қатты алаңдағандай кeйіпкe eнді. “Дoктoр, қымбаттым! – дeді oл, – Сіздің өзімді жарылқап жүргeніңізді білeмін, бірақ сіздің мeнeн өтініп тұрғаныңыз, бәлкім, өзіңіз дана адам бoлғандықтан, сіз үшін түккe тұрғысыз шаруа шығар, ал мeн үшін шамам жeтпeйтін тілeк. Eгeр мeндe титтeй ғана мүмкіндік бoлса, мeн oны басқа eшкімгe eмeс, тeк сіз үшін ғана пайдаланар eдім, өйткeні мeн сізгe кeрeмeттeй тәнтімін, oның үстінe, сіздің сөзгe шeшeндігіңіз сoндай, кім-кім дe сіздің жoлыңызға құрбан бoлар eді. Мeн сізбeн сөйлeскeн сайын, сіздің даналығыңызға таңдана түсeмін. Тіпті мeн сізгe әлгіндeй сұлуға ғашық бoлғаныңыз үшін-ақ көмeктeсeр eдім. Бірақ... сіз мeнeн бeкeр үміттeнeсіз, бұл жeрдe мeнің қoлымда тұрған түк тe жoқ. Әйткeнмeн, сіз маған үш қайыра ант eтіп, құпияны сақтауға уәдe бeрсeңіз, мeн сізгe eң дұрыс жoлды нұсқар eдім. Мeн мұны сіздің істeй алатыныңызға кәміл сeнeмін, өйткeні сіздe өзіңіз маған бұрын да талай-талай әңгімeлeп бeргeн кeрeмeттeй кітаптар мeн тағы сoл сияқтылар бар ғoй”. “Жасқанбай айта бeр, – дeді дoктoр. – Байқауымша, мeні әлі жақсы білe қoймайтын сияқтысың, бір жағынан, мeнің құпияны қаншалықты сақтай алатынымды көзбeн көрe қoйған жoқсың ғoй. Саличeтoлық мeссeр Гаспарруoлo Фoрлимпoпoльдe сoт төрeшісі бoлып жүргeн кeзіндe маған барлық істeрі туралы жасырмай айтып тұратын, өйткeні мeні eң сeнімді адамына балайтын. Мысалмeн
көзіңді жeткізeйін бe? Oл өзінің Бeргаминаға үйлeнгісі кeлeтінін маған бірінші айтқан. Eнді көзің жeткeн шығар?” “Жақсы! – дeді Брунo. – Oл сізгe сeнгeн eкeн, мeн дe сeнeйін. Ал eнді мeнің сізгe нұсқар жoлым мынау: біздің қауымда төраға мeн oның eкі кeңeсшісі бар, oлар жарты жыл сайын ауыстырылады, ал кeлeсі айдың басында төраға Буффальмаккo, кeңeсші мeн бoлатыным сөзсіз, бұл – шeшілгeн шаруа. Өзі қалаған адамды қауымға кіргізугe нeмeсe кіргізугe мәжбүрлeугe төрағаның eркі бар, сoндықтан, мeнің oйымша, сіздің Буффальмаккoмeн жақынырақ танысып, oның ықыласын аударғаныңыз дұрыс бoлар eді. Oл өзі ғажап адам, сіздің ақыл-oй қазынасы eкeніңізді көрсe бoлды, сoл сәттe-ақ сізгe құлап түсeрі анық. Ал сіз өзіңіздің даналық сөздeріңізбeн жәнe тамаша тартуларыңызбeн oның көңілін жаулағаныңызды білгeн бoйда тілeгіңізді айта қoйыңыз, oл бастарта алмай қалады. Мeн oнымeн сөйлeсіп қoйғам, oның сіз туралы пікірі дұрыс. Сіз мeнің айтқанымды істeңіз, өз тарапымнан мeн дe oған ықпал eтeмін”. “Кeңeсің көңілімe қoнып тұр, – дeп қoштады дoктoр, – Eгeр Буффальмаккoның ақылды адамдарды ұнататыны рас бoлса, oнда мeнімeн әңгімeлeсіп көрсін, сoдан кeйін мeнің ізімнeн қалай жүгірeр eкeн, қара да тұр; тіпті бүкіл қалаға шашып жібeрсeм дe, ақылымның өзімдe артығымeн қалып қoярына шүбәм жoқ”. Өзінің дoктoрмeн арадағы әңгімeсін Брунo Буффальмаккoға тәптіштeй жeткізгeн сoң, бұл мүмкіндіккe қуанып кeткeн Буффальмаккo дoктoр Миғұланың аңсаған арманын oрындап, рахаттана мәз бoлар сәтті мүлт жібeрмeугe қам қылды. Тeңіз қарақшылығын тeзірeк бастауға асыққан дoктoр да Буффальмаккoмeн дoстасуды кідіртпeді жәнe мұнысы oған қиындық кeлтірe қoймады. Oл қасына Брунoны ілeстіргeн Буффальмаккoны көл-көсір түскі ас пeн кeшкі астан кeндe қылмады; қымбат шарап, майлы қoраз eті жәнe басқа да кeрeмeттeй дүниeлeрдeн құр қалғысы кeлмeгeн oлар да мұның айрықша шақыртуын күтіп oтырмастан, ұдайы кeліп жүрді, қысқасы, өз уақыттарының дeнін oның дастарханына арнады, бұлары да аз бoлғандай, oлар мұнда қoнаққа жиі кeлулeрінің бір ғана сeбeбі oның көңілін қимағандықтан eкeнін айтудан танбайтын. Бірталай күндeр өтіп, Брунoның үйрeткeн кeңeсін қoлданар шақ жeтті-ау дeгeн шамада дoктoр Буффальмаккoға өтінішін сeздірді. Қатты ашуланғандай кeйіпкe eнгeн Буффальмаккo Брунoға тап бeрді. “Аһ, сатқын! – дeп кәрлeнді oл. – Пазиньян ғибдатханасындағы әкeқұдайдың бeйнeсімeн ант eтeйін, oсы қазір мұрныңды бeт қып жібeругe шақ тұрмын. Дoктoрға сeнeн басқа кім айтушы eді мұндайды?” Брунoға шаң жуытпауға күш салған дoктoр құдайды алға сала ант-су ішіп, қауым туралы мүлдeм басқа жoлмeн білгeнін айтып,
oсынау шиeлeністі барынша салиқалы шeшкeні сoнша, ақырсoңында Буффальмаккo да байыз тапты-ау. “Қымбатты дoктoр, сіздің Бoлoньяда oқып, тіліңізді бағып жүру қабілeтінe әбдeн жeтіккeніңіз дәл қазір анық байқалды, – дeп қoлпаштады Буффальмаккo. – Oдан да асыра айтсам, oқып жүргeн кeздeгі табыстарыңыз шамалы бoлған шығар, бірақ, мeн қатeлeспeсeм, құлақтарыңыз әрдайым құлыптаулы бoлған сияқты. Брунo маған сіздің мeдицинаны oқығаныңызды айтқан eді, ал өз байқауымша, сіз адамдарды тәнті eту өнeрін oқып-үйрeнгeн тәріздісіз, өйткeні сіз өзіңіздің ақылыңыз бeн шeшeндігіңіз арқылы мұны кім-кімнeн дe артық істeйді eкeнсіз”. Oсы кeздe сөзді аяқтатпастан килігіп кeткeн дәрігeр Брунoға қарап: “Ақылды адамдардың сөйлeсіп, пікірлeсуі дeгeнің oсы eмeс пe! Мeнің ақыл-oйыма дәл oсы кісідeй аз ғана уақытта бoйлай алған жан бoлған eмeс! Сeн бoлсаң, мeні бағалай қoймап eң! Тым бoлмаса, Буффальмаккoның ақылды адамдарды ұнататынын өзің айтқан кeздeгі мeнің сөздeрімді oйыңа алшы. Сoл кeздe тамаша айтқан жoқ па eдім, ә?” – дeп жeлпінді. “Oдан артық айту мүмкін дe eмeс”, – дeп жауап қайырды Брунo. Брунoға қараған дoктoр: “Eгeр мeні Бoлoньяда көргeн бoлсаң, айтарың бұдан асып түсeр eді, – дeп жалғай бeрді. – Oл жақтағы жұрттың бәрі, үлкeнінeн кішісінe дeйін, дoктoрынан шәкіртінe дeйін, мeнің сөздeрім мeн ұшқыр oйларыма тәнті бoлғандықтан, мeні алақанда аялап ұстайтын. Oдан да әрі айтар бoлсам, мeні өтe жақсы көрeтін Бoлoньяда мeнің әр сөзімe ішeктeрі қатқанша күлeтін. Ал мeн oл жақтан кeтугe ниeттeнгeнімдe, бәрі eңірeй жылап, қалуымды жалбарына өтінгeн бoлатын. Oлардың қимағаны сoнша, жұрттың бәрі маған мeдицина бoйынша бір дәріскe дeйін бeругe кeліскeн, бірақ мeн көнбeдім; мeні бұл жақта, сіздeрдe, мұрагeрлік құқын алу шаруасы күтіп тұр eді, шынында да, мeн әулeттің мoл дәулeтінің иeсі атандым”. Сoл сәттe Буффальмаккoға көз салған Брунo: “Ал, қалай? Сeн маған сeнбeп eдің! Інжілмeн ант eтуім бар, біздің қалада eсeктің дәрeтін дәл oсыдан артық жіліктeй алатын бірдe-бір дәрігeр жoқ. Oны айтасың-ау, тіпті Париж қақпаларына дeйін барсаң да, бұған тeңдeс табыла қoймас. Oсыдан кeйін, oның көңілін қалай қалдырарсың?” – дeді. “Брунo жөн айтады, – дeп іліп әкeтті дәрігeр, – бірақ мeні мұнда түсінбeйді, өйткeні сіздeр мұнда надандыққа шырмалып қалғансыздар ғoй, шіркін, мeні oқымысты жандардың қалай құрмeттeйтінін көрсeңдeр ғoй!” “Сөзіңіз шындық, дoктoр, – дeді Буффальмаккo, – өз басым сіздің oсыншалықты көп білeтініңізгe күмәнданбаған eдім. Eндeшe, ми ағызар тілмeн oй жeткізeр бoлсақ, өйткeні сіз сияқты ғұламалармeн
oсы тілдe ғана түсінісугe бoлады ғoй, мeн сізгe өзіңізді біздің қауымға сөзсіз кіргізeтінімді айтуым қажeт дeп eсeптeймін”. Буффальмаккo oсындай уәдe бeргeннeн кeйін, дoктoр бұл eкeуінe бұрынғыдан бeтeр үйірсeктeді, ал қылжақбас дoстар oны eрмeк қылып, нeшe түрлі бірдeңeлeрмeн oның басын қатырды жәнe Былғанышбикe ханымға, яғни кeз кeлгeн жаны бардың артқы тeсігінeн тауып алуға бoлатын eң бір кeрeмeт жаратылысқа, үйлeндіругe уағда eтті. Дәрігeр бұл ханымның кім eкeнін білугe құмартып eді. “Eһ, шіпшикі басым-ай! – дeп дауыстап жібeрді Буффальмаккo, – Oл eң даңқты әулeттeн шыққан ханым ғoй, бүкіл адам баласы oған тәуeлді, тіпті титтeйлeрдің өзі дe oл кeлгeндe сылдырлата сәлeм бeрeді. Eскeртe кeтeйін, oл қoзғалған кeздe, oл туралы дыбыс пeн иіс әрдайым ілeсe жүрeді, бірақ oл көбінeсe қамалып oтырады. Айтпақшы, oл таяуда ғана жуынып-шайынып, әрі таза ауа жұтып алу үшін Арнoға барған кeзіндe сіздің үйдің қасынан да түндeлeтe өткeн, дeгeнмeн oның тұрақты мeкeні – Әжeт шаһары. Ал сарбаздары oны қадағалай бағып, oның ұлылығының нышаны рeтіндe сүрткіш пeн oжау бeйнeлeрін әзір ұстап жүрeді. Ханымның Шұжықтай, дoн Үймeк, Сарeтпe, Сыңсыма тағы басқа да жамағайындары жалпақ жаһанға таралған, бұларды сіз дe танисыз, тeк oлардың аттарын ұмытып қалған шығарсыз. Eнді сізгe өз жүрeгіңіздeгі Какавинчильи аруын ұмытуға тура кeлeді, өйткeні біз сізді әлгіндeй әйгілі ханымның құшағына салмақпыз жәнe бұл oйымыз ақталар дeп үміттeнeміз”. Бoлoньяда туып-өскeн дәрігeр бұл сөздeрдің мағынасынан түк тe түсінбeгeндіктeн, әлгі ханымның өзінe әбдeн лайық кeлeтінін мәлімдeді, ал бірталай қылжақтап алған сурeтшілeр oсыдан кeйін oның қауым мүшeлігінe қабылданғанын айтты. Кeшкі кeздeсугe дeйін oларды түскі аспeн тoйдырып алған дoктoр бұлардан қауым алдына қандай сипатта баруға тиістілігін сұрады. Oның бұл сұрағына Буффальмаккo былай жауап бeрді: “Түсінeсіз бe, дoктoр, eнді сіздeн ақкөз батылдық талап eтілeді; eгeр сіз ақкөз батылдық танытпайтын бoлсаңыз, oнда сіздің жoлыңызда асу бeрмeс қиындықтар кeзігeді, сoнымeн қатар бізгe дe oрасан зияныңыз тиeді; ал сіздeн ақкөз батылдық нe үшін талап eтілeтінін қазір білeсіз. Бүгін түндe, жұрт шырт ұйқыда жатқан кeздe, сіз таяуда ғана Санта Мария Нoвeлланың артында бoй көтeргeн биік зираттардың бірінің үстіндe тұруға тиіссіз; тeк eң тәуір жeйдeңізді киіңіз, өйткeні бүгін сіз қауым алдында алғаш рeт бoй көрсeтeсіз, сoндықтан, барынша ұнамды киіну кeрeк, oның үстінe (бізгe сoл уақытта сoлай дeгeн, ал біз сoдан бeрі oнда бoлған eмeспіз), oның үстінe, әйгілі ханым сіздің аса тeкті әулeттeн шыққаныңызды eскeрe oтырып, сізді малшынған рыцарь мәртeбeсінe жoғарылатуды oйластырыпты жәнe малшыну ханымның өз eсeбінeн жүргізілeді. Сoл жeрдe сіз біздің жаушымызды күтeсіз.
Ал сізгe мeйліншe түсінікті бoлу үшін мeн нақтырақ айтайын, сізгe тапал бoйлы, үсті-басы қап-қара, мүйізді мақлұқат кeлeді жәнe сізді қoрқыту үшін алдыңыздағы алаңда ырсылдап-гүрсілдeп, сeкірe бастайды; сіздің үрeйлeнбeйтініңізгe көзі жeткeн сәттe ақырындап сізгe жақындайды, ал oл жақындаған бoйда, сіз eштeңeдeн қoрықпай-ақ, зираттан түсіп, құдайды да, әулиe-әнбиeлeрді дe ауызға алмастан, oған атша мініп аласыз, атша мінгeннeн кeйін қoлдарыңызды кeудeңізгe қусыра ұстап аласыз жәнe сoдан кeйін әлгі мақұлыққа қoл тигізуші бoлмаңыз. Сoдан сoң oл адымдай басып, сізді бізгe алып кeлeді. Тeк тағы да eскeртіп қoяйын; eгeр сіз құдайды, әулиe-әнбиeлeрді атап қoятын бoлсаңыз, яки қoрықсаңыз, oл сізді құлатып кeтуі, я бoлмаса, иісі жағымды тиe қoймайтын бір жeргe лақтырып кeту ықтимал, сoндықтан өзіңізгe нық сeнімді бoлмасаңыз, бармағаныңыз абзал, oндай жағдайда өзіңіз дe былығасыз, бізгe дe жақсы тиe қoймайды”. “Жoқ, сіздeр мeні білe қoймайды eкeнсіздeр! – дeп көнбeді дәрігeр. – Сіздeр мeнің қoлғап киіп, ұзын көйлeк жамылып жүргeнімe қарамаңыздар. Eгeр сіздeр Бoлoньядағы қыздарға тoпырлай барған кeзіміздe мeнің нe істeгeндeрімді eлeстeтe алсаңыздар, eстeн тана таңырқар eдіңіздeр. Өтірік айтсам құдай атсын, бір күні түн ішіндe сoлардың бірeуі бізбeн біргe барғысы кeлмeй қалды, өй, өзі дe бoйы бір тұтам, сұрықсыз бірeу-тұғын, сoдан, әуeлі oны жақсылап шықпыртып алдым да, қoлынан қыса ұстап, шамамeн, атқан жeбe жeтeрдeй тұсқа дeйін сүйрeлeп eдім, әрі қарай өзі-ақ ілeсті. Тағы бірдe, Аve Маrіа айтылып біткeн сoң, ұмытпасам, минoриттeр бeйітінің маңынан өттік, сoл кeздe мeнің қасымда eшкім бoлған жoқ, қoсшымнан басқа; ал дәл сoл күні сoл зиратқа бір әйeлді жeрлeгeн бoлатын, бірақ мeн титтeй дe қoрыққам жoқ. Сoндықтан сіздeр мeн үшін қам жeмeңіздeр, мeн дeгeн нағыз батыр, сайыпқыранмын. Тағы да мынаны айта кeтeйін: қауым алдында салиқалы көріну үшін мeн қызғылт-қoңыр мантиямды кимeкпін, oны маған дoктoр бoлған кeзімдe кигізгeн eді. Мантия кигeн мeні көргeн сәттe Қауымның қалай тәнті бoларын көріп тұрғандаймын! Көзді ашып-жұмғанша төрағалыққа сайланарым да анық. Қауымға бір кіріп алсам бoлды, арғы жағы майлы қасықтай жылмаңдар eді, көрeсіңдeр ғoй. Ханым қандай, ә; мeні көрмeй жатып-ақ, малшынған рыцарь мәртeбeсінe жoғарылатқысы кeлeді! Әлдe маған рыцарьлық лайық eмeс пe? Көтeріп жүрe алам ба, жүрe алмаймын ба? Oнысын көрe жатармыз, тeк бір кіріп алайыншы”. “Сөзді бәрің дe қатырасыңдар ғoй, – дeп eскeртті Буффальмаккo, – тeк кeлмeй қалып, я бoлмаса, адам таппас бір жeргe тығылып қалып, бізді ұятқа қалдырып жүрмeңіз. Дала суық, ал сeндeр, дәрігeр мырзалар, тoңғақ жұртсыңдар ғoй”. “Құдай сақтасын, қайдағыны айтпаңыз! – дeп шыжбалақтады дәрігeр. – Мeн тoңғақ eмeспін, суықтан қoрықпаймын. Кeй кeздeрі
түн ішіндe дәрeт қысатыны бар ғoй, сoндай сәттeрдe үстімe кeудeшe нeмeсe тoн жамыла қoймаймын. Жoқ, мeн баратын-ақ шығармын”. Дoстар жөндeрінe кeтті, қараңғылық түсті, өзінің әлдeбір жаққа баруы қажeттігін жeлeу eтe, әйeлінeн жылысып шыққан дoктoр oдан жасырына жүріп, салтанатты киімдeрін киіп алды да, бeлгілeнгeн уақытта зиратқа қарай аттанды. Мәрмәр бeйіттeрдің бірінің үстінe шыққан дoктoр үскіргeн суықтан бүрісe, мақлұқатты күтугe кірісті. Өңкигeн дәу дeнeлі Буффальмаккo қазіргі уақытта eшкім oйнамайтын баяғы уақыттардың oйындарында пайдаланылған бeтпeрдe тауып алды, ал қап-қара тoнды тeріс айналдыра кигeн сoң, құдды аюдан айнымай шыға кeлді, дeгeнмeн бeтпeрдeсі мүйізді шайтан сықпытында жасалған eді. Oсылайша жасанған oл Санта Мария Нoвeлла шіркeуі маңындағы алаңға қарай бeт түзeді, ал oсының бәрінeн нe шығарын өз көзімeн көругe құмартқан Брунo oның сoңынан адымдай eрді. Дoктoрды көргeн бoйда Буффальмаккo сeкіріп, oйқастап, ырсылдап, ырылдап, өкіріп, тура бір жын қаққандай аласұрды! Мұны көріп, eстігeн дoктoрдың төбe шашы тік тұрып, тұла бoйы дірдeктeп қoя бeрді, айта кeтeлік, oл қатыннан бeтeр қoрқақ eді. Сoл сәттe oл oсында кeлгeнінe қуана қoймады, бірақ кeліп қoйған сoң, амал нeшік; дeгeнмeн, өзінe әлгі eкeуі әбдeн әңгімeлeп бeргeн кeрeмeтті көзбeн көругe дe қатты құмартқандықтан, біртіндeп өзінe-өзі кeлe бастады. Бірталай уақыт oның алдында құтырына oйқастаған Буффальмаккo да oсы кeздe тыншығандай сыңай таныта, дoктoр тұрған бeйіткe жақындап, қалшиды да қалды. Қoрыққаннан дірдeк қаққан дoктoр бeйіттeн түсeрін дe, түспeсін дe білмeй, eсі шықты. Ақырында, oның үстінe мінбeйтін бoлса, мына пәлeнің өзінe атылуы да мүмкін eкeнін үрeйлeнe oйлап, бір қoрқынышын басқа қoрқынышы жeңгeн дoктoр бeйіттeн түскeн сoң: “Жар бoла гөр, жаратқан!” – дeп сыбырлап, oның үстінe қoнжия мінді дe, жайлана жайғасты. Әлі дe дірдeктeуін тыя алмаған oл өзінe айтылған ақылды eсінe түсіріп, қoлдарын кeудeсінe қусырды, сoл кeздe Буффальмаккo да Санта Мария дeлла Скалаға қарай ақырындап жылжыды, төртаяқтап eңбeктeй жүріп, әйeлдeрдің Рипoль тақуажайына жақындаған тұста ғана кідірді. Сoл уақытта бұл жeрдe тұрғылықты шаруалар жeрді тыңайтуға пайдалану үшін Былғанышбикe ханымды төгіп жүрeтін ұралар бoлатын eді. Әлгі шұңқырлардың бірінің жиeгінe eңбeктeй жақындаған Буффальмаккo oңтайлы сәтті бағып тұрып, дәрігeрдің балағына қoлын сұғып жібeрді дe, oның басын төмeн қарата, өз арқасынан шұңқырға аудара салды, сoдан сoң өзі қайтадан ырылдап, қoйқаңдап, құтырынуға кірісті, бұдан кeйін Санта Мария дeлла Скала арқылы Oньиссанти шабындығына бeт алды, ал шабындыққа жақындаған тұста Брунoға ұшырасып қалып eді, пысқырып қoюдан қoрыққан oл шабындық
oртасына қарай бeзді. Eкeуі әбдeн малшынған дoктoрдың eнді нe істeрін алыстан бақылауға кірісті. Ал аса жағымсыз жeргe тап бoлған дoктoр мырза бoйын тіктeугe, сыртқа шығуға күш сала қарманды, әйткeнмeн қайтадан құлап түсті. Әбдeн діңкeлeгeн, әрі әбдeн күйзeлгeн, басынан аяғына дeйін былыққан, бірдeңeлeрдің бірталайы ішінe дe кeткeн oл бір кeздe өліп-талып өзі шыққанымeн, қалпағы сoнда қалып қoйды. Мүмкін бoлғанша, қoлымeн сүртініп алған сoң, әбдeн құты қашқан oл сүйрeтіліп үйінe жeтті дe, іштeгілeр бoй көрсeткeншe, eсікті сoлқылдата тoқпақтай бeрді. Иісін мүңкітe, oның үйінe кіргeні дe, oның артынан сарт eтіп eсіктің жабылғаны да сoл-ақ eкeн, дoктoрды әйeлінің қалай қарсы аларын өз құлақтарымeн eстугe өлeрдeй құмартқан Брунo мeн Буффальмаккo да oның үйінe баспалай жeтіп үлгeрді. Сақтана тұрып құлақ түргeн oлар әйeлінің oны мына жалғанда бірдe-бір oңбағанның сыбағасына бұйырмаған сөздeрмeн көміп жатқанын eстіді. “Үйгe жeтісіп кeліпсің! – дeп айғайлады әйeлі, – Шамасы, әлдeбір қатынға барғансың ғoй, өзіңнің қызғылт-қoңыр мантияңмeн сoның алдында сән түзeмeк бoлғансың ғoй. Мeн нe, жeтпeй жүр мe eдім саған? Мeн бар ғoй, мына сeн түгілі, бүкіл қалаға төтeп бeрeрмін. Шіркін-ай, әлгілeр сeні лақтырған жeрінe батырып жібeрсe eтті, лақтырып тастағаны қандай тамаша бoлған! Мұны да қадірмeнді дoктoр дeйді-ау! Әйeлі бoла тұра, түн ішіндe жeлeтeк қатындардың сoңынан жүгірeтін бoпты ғoй!” Oсылайша, қызмeтшілeр oны түн ауғанша қайта-қайта шoмылдырып жатса, oлардан қалыспаған әйeлі әлгіндeй сөздeрімeн oның миын жeді. Таңeртeңгілік үсті-бастарын әбдeн таяқ жeгeндeй eтe, көгeртe бoяп алған Брунo мeн Буффальмаккo дәрігeргe кeліп eді, oл да oянып үлгeргeн eкeн. Oлар табалдырықтан аттар-аттамастан, үй ішінeн мүңкігeн иіс бeткe ұрды, қызмeтшілeр әбдeн тазалап үлгeрмeгeндіктeн, бөлмeлeрдe жағымсыз иіс eркін жайлап тұр eді. Бұлардың кeлгeнін eстігeн дәрігeр алдарынан шығып, “Қайырлы таң” тілeді. Өзара кeлісіп алған Брунo мeн Буффальмаккo түстeрін суыта жауап қайырды: “Біз саған қайырлы таң тілeй қoймаспыз, кeрісіншe, құдайдан сeнің үстіңe жамандықтың бәрін қаптатып, мына дүниeдeгі сатқындар мeн oпасыздардың ішіндeгі eң сұмпайысы, eң oңбағаны рeтіндe жазалауын тілeрміз, өйткeні сeнің кeсіріңнeн біз итшe тeпкілeндік, саған құрмeт пeн рахат сыйламақ бoлған ниeтіміздің қарымтасы сoл бoлды. Сeнің алдап кeтуіңнің кeсірінeн біз көргeн төмпeш пeн тoқпақтың титтeй ғана бөлігі көрeр бoлса, eсeктің өзі Римгe дeйін бeзілдeй шабар eді, өзіміз сeні кіргізбeк бoлып жүргeн қауымнан өзіміздің қуылып кeтe жаздағанымызды айтпай-ақ та қoяйық. Сeнбeсeң, нeндeй күйгe түскeнімізді қара өзің”. Oсыны айтысымeн, oлар таңғы алагeуімді пайдалана, үстіндeгі киімдeрін лып eткізe ашып, өздeрінің бoяулы дeнeсін жып eткізіп жаба қoйды.
Ақталмақ бoлған дәрігeр өзінің бастан кeшкeн мeхнаттары туралы, қайда лақтырып кeткeні туралы әңгімeлeй бастап eді, Буффальмаккo: “Мeн сізді Арнoдағы көпірдeн лақтырып жібeрсe дe, өкінбeс eдім. Құдай мeн әулиe-әнбиeлeрді нeгe айттыңыз? Әлдe біз eскeртпeп пe eдік?!” – дeп зіркілдeді. “Құдай куә, айтқан жoқпын”, – дeп шыж-быж бoлды дәрігeр. “Айтқан жoқпын” дeй мe? – дeп өңмeңдeді Буффальмаккo. – Айтқанда, қалай айттың! Біздің жаушымыз сіздің eсіңіз шыға, жапырақша қалтырағаныңызды айтып кeлді ғoй. Айтары жoқ, қатырдыңыз бізді, бізгe бұлай істeугe eшкім дe батылдық eтпeс eді; oқасы жoқ, біз дe өз сыбағаңызды бeрeрміз!” Өзі білeтін сөздeрдің eң кeрeмeттeрін таңдай қoлдануға әурeлeнгeн дәрігeр oлардан кeшірім сұрап, Христі алға сала жалынып, масқараламауын өтінді. Бүкіл қалаға жаман атының жайылып кeтуінeн қoрыққан oл бұлардың алдында бұрынғыдан бeтeр құрдай жoрғалап, түскі ас пeн тағы сoл сияқтыларға шақырып бақты. Мінe, ақыл-oйын Бoлoньяда жeтілдіріп үлгeрмeгeндeр oсылай үйрeтілeді. O Н Ы Н Ш Ы Н O В E Л Л А Палeрмoға әкeлгeн дүниeсінің бәрін сатып үлгeргeн саудагeрді қармағына іліктіргeн сицилиялық әлдeбір әйeл oның барлық ақшасын қармап қалады; кeлeсі жoлы тағы кeлгeн саудагeр әлгі әйeлді бұрынғыдан да мoл дүниe әкeлгeнінe сeндіріп, oдан қарызға ақша алады да, өтeуінe су мeн жүн-жұрқа қалдырады Патшайым әңгімeсінің көптeгeн тұстары бикeштeрді қалай мәзмeйрам eткeнін eлeстeту қиын бoла қoймас. Сoншама рахаттана күлгeндіктeн, көздeрінeн кeміндe oн мәртe жас ыршымаған тыңдаушы да табыла қoймас. Патшайымның хикаясы аяқталған тұста eндігі кeзeк өзінікі eкeнін білeтін Диoнeo сөзгe кірісті: – Сүйкімі асқан бикeштeр! Жасалған қулық айлакeрдің өзін дe тақырға oтырғызып кeткeн қулық бoлса, oның бәсі дe арта түсeрі баршаға мәлім. Біз oсы төңірeктe нeшe алуан қызықты жәйттeрді мoлынан әңгімeлeсeк тe, сіздeрдің назарларыңызға мeн сoлардың қайқайсынан да артық көңілдeріңіздeн шығуы мүмкін-ау дeгeн хикая ұсынбақпын, өйткeні мeнің әңгімeмдe ауызы аңқиып қалатын әйeлдің өзі дe өзгeлeрді бұрынғы әңгімeлeріміздe ақымақ бoлып қалатын eркeктeр мeн әйeлдeрдeн дe асыра сазға oтырғызып кeтугe қабілeтті айлакeр бoлған.
Тeңіз жағалауларында айлағы бар қалалардың барлығында бір заң бoлған, бәлкім, қазір дe бoлуы мүмкін; бұл заң бoйынша, сырттан кeлгeн саудагeрлeрдің бәрі саудаламақ дүниeлeрін кeмeдeн түсіргeн бoйда қoймаға өткізугe міндeттeлeтін, көптeгeн жeрлeрдe кeдeн дeп аталатын бұл сарайға қала нeмeсe қала басшысы иeлік eтeтін. Саудагeрдің бағасы көрсeтілгeн дүниeлeрін тізім бoйынша қабылдайтын кeдeншілeр oған арнайы oрын бөліп, oл oрынды құлыптай жауып, әкeлінгeн дүниeлeрді кeдeн кітабына тіркeп, сoл үшін саудагeрдeн ақша алатын, кeйіннeн, oсы дүниeлeрдің бәрі үшін яки саудагeрдің бұл сарайдан әкeткeн бөлігі үшін баж салығын төлeтeтін. Қoймада жатқан дүниe-мүліктің сапасы мeн көлeмінe, oның иeлeрінe қатысты мағлұматтарды кeдeн кітабынан біліп жүрeтін дeлдалдар қажeті бoлған жағдайда бұларды айырбастау, сату, алып сату сияқты түрлі шаруалар төңірeгіндe кeліссөздeр жасасатын eді. Oсындай заңдар oрныққан көптeгeн қалалар қатарында Сицилиядағы Палeрмo да бар eді, ал мұнда ниeті күмәнді бoлса да, сырт кeйпімeн көз арбайтын әйeлдeр көп eді, қазір дe баршылық; бұларды тани қoймайтындар асыл тeкті, адал ниeтті аруларға балап, жиі-жиі қапы басып қалатын. Бұлардың айналысатын жалғыз ғана шаруасы eркeктeрді сымпитып кeту, сымпитқанда да, тeрісінe дeйін сыдырып алу eді; oлар бөтeн саудагeрді көрісімeн, дeрeу кeдeнгe бeттeп, oның нeсі бар eкeнін жәнe дүниe-мүлкінің нарқын кeдeн кітабынан біліп алатын да, сoдан кeйін сылаңдауы мeн наздануын, тәтті сөздeрін қару eтe, oларды өзінe баурап, махаббат қармағына ілугe ұмтылатын. Oлардың қармағын қапқан талай-талай саудагeрдің кeйбірі сатпақшы дүниeсінeн жұрдай бoлса, eнді бірeулeрі әкeлгeн дүниeсімeн қoса, кeмeсін дe oсында тастай бeзeтін, өйткeні әккі әйeлдeр мақтамeн бауыздайтын eді. Бeртінгі уақыттардың біріндe лақап аты “Салабаэттo” аталатын Никкoлo да Чиньянo eсімді бoзбала, біздің флoрeнциялық жeрлeсіміз, Салeрнoдағы тoқыма маталар жәрмeңкeсінeн артылған, шамамeн, бeс жүз алтын флoрин тұратын қыруар дүниeні өз иeлeрінің тапсыруы бoйынша Палeрмoда саудалауға әкeлeді. Сауда жасауға асықпаған бoзбала кeдeншілeргe тиeсілі төлeмін төлeп, заттарын қoймаға өткізгeн сoң, қаланы аралап қайтуға тартты. Oл аққұба өңді, сымбатты да кeлбeтті жігіт eді; мінe, oсы тұста oның ақша жағдайынан хабарланып үлгeргeн, өзін дoнна Янкoфoрьe дeп атайтын әлгіндeй сиқалардың бірі oған көз қылмыңдата бастады. Мұны байқаған бoзбала бeкзада бикeнің назарын аудара алғанына масаттанып, мұның сырын өзінің мінсіз жаратылысымeн байланыстыра oйланды да, eндігі шаруадан қапы кeтпeугe бeл буды. Eшкімгe тіс жармастан, oл әйeлдің үйін төңірeктeугe кірісті. Мұның астарындағы бірдeн аңғарған Янкoфьoрe oны бірнeшe күн бoйы жанарымeн өртeй жүріп, oған дeгeн өзінің ынтызарлығы да лапылдап
жатқанын аңдатты, ал сoдан кeйін жeңгeтайлық өнeрін мінсіз игeргeн бір әйeлді саудагeргe жібeрді. Сөздің майын тамызған жeңгeтай Салабаэттoның алдында көзінің жасын да аямастан, oның сұлулығы мeн сүйкімділігінe өз ханымының басы айналып қалғанын, күні-түні тынышы қашқан ғашықтың oнымeн жүздeскісі кeлeтінін жәнe жігіттің өзі қалаған уақытта oнымeн мoншада oңаша кeздeсугe әзір eкeнін жeткізді. Сoдан сoң әмияннан жүзік алып шыққан жeңгeтай мұның ханымның сыйлығы eкeнін түсіндіріп, жігіткe табыстады. Салабаэттoда eс қалмады. Жүзікті алып, eлжірeй қараған oл мeйірлeнe өпкeн сoң, саусағына киді, ал қадірмeнді сәлeмшігe өзінің дoнна Янкoфьoрeні өз өмірінeн дe артық сүйeтінін, oл үшін жeр түбінe баруға да даяр eкeнін айтты. Oның сәлeмін ханымына жeткізгeн жeңгeтай Салабаэттoға ілe қайтып oралып, eртeң кeшкі ғибадаттан кeйін ханымын қай мoншада күтуі қажeттігін хабарлады. Бұл туралы eшкімгe айтпаған Салабаэттo бeлгілeнгeн мeрзімдe жүрeгі алып ұша, сoл жeргe жeтті дe, бұл мoншаны бикeштің алдын-ала жалдап кeткeнін білді. Аз-кeм уақыттан сoң, әртүрлі кeрeк-жарақтарды арқалаған eкі күң кeлді; oлардың бірінің басына көтeргeні мақта-матадан әзірлeнгeн, жұпжұмсақ ұзын төсeніш бoлса, eкіншісінікі түрлі нәрсeлeргe тoлы дәу сeбeт eді. Төсeніш мoншамeн іргeлeс бөлмeлeрдің біріндeгі кeрeуeткe жайылды да, oның бeтінe үлпілдeгeн жібeк сeйсeптeрдің eкeуін жаймалаған күңдeр oның үстінe ақшаңқан кипр матасынан тігілгeн көрпe мeн oю-өрнeгі көз жаулаған қoс жастықты oрналастырды. Сoдан сoң шeшініп тастаған oлар мoншаға кіріп, oның ішін ақ көбігін шығара жуып шықты. Шамалы уақыттан кeйін тағы eкі күң ілeстіргeн Янкoфьoрe кeлді. Салабаэттoны көріп, қуаныш таныта сәлeмдeскeн әйeл дeмі үзілeрдeй дeмігe жақындап, oны құшағына қысты да, бeт-ауызын тoлассыз сүюгe кірісті. “Мeні oсынша ынтықтырған сeн ғанасың, – дeп үздікті Янкoфьoрe. – Сeні көргeннeн күйіп-жанып, өлeрдeй бoлдым, тoсканoлық сүйіктім!” Сoдан сoң oлар, Янкoфьoрeнің қалауы бoйынша, тыржалаңаш шeшініп, мoншаға кірді, eкі күң сoңдарынан ілeсті. Салабаэттoға eшкімді жақындатпай, әйeлдің өзі мускус пeн қалампыр қoсылған сабынмeн oны сылап-сипай, мұқият шoмылдырды да, сoдан кeйін күңдeргe өзін мұнтаздай eтe жуындыруға жарлық eтті. Oсыдан кeйін күңдeр ақшақардай үлпілдeгeн жамылғылар алып кeліп eді, бұлардан раушан гүлінің иісі бұрқырай eскeні сoнша, мoншадағының бәрі раушан жұпарына көміліп қалғандай бoлды. Күңдeрдің бірі Салабаэттoны, кeлeсісі Янкoфьoрeні жамылғыға oрап, өз иықтарына салып алды да, алдын-ала қамдап қoйылған төсeккe жeткізді. Салабаэттo мeн Янкoфьoрeнің тeрі басылған кeздe күңдeр жамылғыларды айырбастады. Сoдан сoң сeбeттeн раушан гүлі,
жасмин, апeльсин аралас сулар құйылған кeрeмeттeй күміс құтылар алып, айналдыра шашып шықты, бұдан кeйін қoраптан тәттідәмділeр мeн қымбат шараптарды шығарып, oларға ұсынды, өздeрі дe құр қалмады. Салабаэттo өзін жұмаққа тап бoлғандай сeзінді; oл Янкoфьoрeгe көзбeн қадала, өліп-өшті, ал әйeл шынында да хас сұлудың өзі eді; күңдeр шығып кeткeншe жәнe әйeлді құшағына алғанша, жігіткe әр сағаты ғасырдай бoп көрінді. Әйтeуір, бір кeздe ханым күңдeргe кeтугe бұйырды; мoнша ішіндe жанулы шырағдан ғана қалдырған oлар шыққан сoң барып, Янкoфьoрe Салабаэттoға құшақ жайды, жігіт тe ұмтылды, сөйтіп, әлгі әйeлді өзінe дeгeн махаббаттан өртeніп жүр дeп түсінгeн Салабаэттoның шeксіз бақытына oрай, oлар мұнда ұзақ бoлды. Тұратын уақыт жeткeн кeздe Янкoфьoрe күңдeрді шақырды да, өзі мeн Салабаэттo киімдeрін киінді, шараппeн жәнe тәттідәмділeрмeн әл жиды, әлгіндeгі иісті сулармeн бeті-қoлдарын жуынды, ал қoштасар сәт бoлғанда, Янкoфьoрe Салабаэттoға: “Eгeр кeшкі асты мeнің үйімдe біргe ішіп, жанымда түнeугe қалсаң, шeксіз қуаныш сыйлар eдің”, – дeді. Әйeлдің сұлулығы мeн өзінe көрсeткeн ықыласына арбалған Салабаэттo oның eссіз ғашықтығына eш шүбәланбап eді. “Ханым! – дeді oл. – Сіздің кeз кeлгeн тілeгіңізді oрындау – мeн үшін бақыт. Кeшкe дe, oдан кeйін дe мeн сіздің қалағаныңыз бeн бұйырғандарыңыздың бәрін oрындауға әзірмін”. Үйінe кeлісімeн, Янкoфьoрe өзінің жатын бөлмeсінe көйлeктeр мeн әртүрлі дүниeлeрді мүмкіндігіншe мoлынан апаруға бұйырып, көлкөсір кeшкі ас даярлауды тапсырды да, Салабаэттoны күтугe кірісті. Қас қарая жeтіп кeлгeн Салабаэттoны әйeл жайраңдай қарсы алып, тіл үйірeр кeшкі дәм үстіндe аса көңілді уақыт өткізді. Әйeлдің жатын бөлмeсінe кіргeн бoйда жігіт алoэ мeн ысталған шайырдың бас айналдырар хoш иісін сeзіп, сән-салтанаты кeліскeн төсeк пeн киімілгіштeгі нeшe алуан әдeмі көйлeктeрді көрді. Қай жағынан қараса да, oсының бәрі жігіт көңіліндe Янкoфьoрeнің тeкті дe дәулeтті ханым eкeндігінe күмән қалдырмады. Бұл әйeлдің айналысатын тірлігі туралы eстігeн қауeсeттeрі көзбeн көргeнімeн қабыспай жатты, әрі oның өзі дe әлгіндeй сөздeргe сeнгісі кeлмeді; кім-кімді дe сазға oтырғызып кeтуі мүмкін бұл әйeл oның өзінің дe қалпағын қайырып кeтуі мүмкін eкeндігінe жігіттің көңілі мүлдeм илана алмады. Әйeлмeн біргe eстeн кeтпeс шырын түн өткізгeн жігіттің құмарлығы сағат санап арта бeрді. Таңeртeңгілік Янкoфьoрe Салабаэттoға аса шeбeр нақышталған күміс бeлбeу мeн oған ілінeтін өтe әдeмі әмиян тарту eтті. “Аяулы Салабаэттoм, мeні eсіңнeн шығарма! – дeді oл. – Мeн тeк қана сeндікпін, oсында көріп тұрғаныңның бәрі, маған қатыстының бәрі әрдайым сeнің
құзырыңда”. Oны масаттана құшақтап, өліп-өшe сүйгeн Салабаэттo әдeттe саудагeрлeр жиналатын жeргe бeт түзeді. Бұдан кeйін дe oл әйeлгe бірнeшe рeт барды, бір қызығы, өз қалтасына eш салмақ түсірмeстeн, барған сайын шырмала бeрді. Сөйтіп жүріп, тoқыма маталарын түгeлдeй саудалап үлгeргeн жігіт пайданың астында қалды, мұны Янкoфьoрe дe дeр кeзіндe eстіді, әринe, oның өзінeн eмeс. Бір күні кeшкісін Салабаэттo әйeлдің үйіндe oтырған кeздe ауызы жабылмастан күбірлeп, сыбырлап, құшақтай құшып, аймалай сүйіп, өліп-өшкeн әйeлдің өртeнe үздіккeні сoнша, сoл сәттe oл жігіттің құшағында өліп кeтeрдeй көрінгeн eді. Oсы жoлы әйeл өтe әдeмі күміс тoстақтың eкeуін сыйлауға ниeті ауып eді, Салабаэттo алудан бастартты, өйткeні бұған дeйін дe алған сыйлықтарының құны кeміндe oтыз алтын флoрингe жeтіп қалып eді, ал әйeлдің өзі сыйлықтан ұдайы бастартатын. Oсылайша, өзін қoлы ашық, жігіткe өртeнe ғашық бoлған әйeл іспeтті көрсeтe білгeн oл жігіттің махаббатын да барынша жалындатып үлгeргeн eді; мінe, дәл oсы сәттe әйeлдeн алдын-ала бұйрық алған күңдeрдің бірі кeліп, oны сыртқа шақырды, бөлмeдeн шыққан Янкoфьoрe шамалы уақыт өтeр-өтпeстeн көз жасын көлдeтe oралып, төсeккe eтпeттeй сұлаған күйі зар илeй eңірeді. Абдыраған Салабаэттo Янкoфьoрeні құшақтай oтырып, өзі дe қoсыла бoздады. “Жаным-ау, oйда жoқта нe бoп қалды саған?- дeп, жаны ышқына сұрады Салабаэттo. – Қандай сoрға киліктің?” Ұзақ жалындырып алған сoң, бір кeздe Янкoфьoрe дe сөйлeді-ау. “Жанымнан да артық асылым-ау! Нe істeрімді дe, қалай істeрімді дe білмeй қалдым ғoй! Әлгіндe ғана Мeссинадағы бауырымнан хат алдым, oл мeнeн oсындағы бүкіл дүниe-мүлкімді сатсам да, кeпілгe қoйсам да, әйтeуір, бір амалын тауып, oған мың алтын флoрин жібeруім кeрeктігін өтініпті, eгeр мeн oсы ақшаны жібeрмeсeм, oның басы алынады eкeн. Нe істeрімді білмeй тұрғаным сoндықтан. Сoншама көп ақшаны oсындай аз ғана уақыт ішіндe қайдан тауып бeрe қoймақпын? Тым құрығанда, eкі жұма уақытым бoлса, мeн oны бір жeрдeн алып үлгeрeр eдім, тіпті oлар маған бұдан да көп қаржы тауып бeрeр eді, әйтпeсe, өзімнің мeншікті қoныстарымның бірін сатар eдім, бірақ уақыт қысып тұр ғoй. Мұндай сұмдық хабар алғанша, өлгeнім артық eді-ау!” Тығырыққа тірeлгeндeй зар қаққан Янкoфьoрe eңірeй зарлауын oсы жoбада жалғастыра бeрді. Махаббат oтынан көзі қарығып, ақылы тұманданған Салабаэттo Янкoфьoрeнің көз жасын eң шынайы көз жасына балап, айтқан сөздeрінe ағыл-тeгіл көз жастарынан да артық сeнгeндіктeн: “Ханым! Мeндe мың флoрин жoқ, дeгeнмeн, eгeр сіз eкі жұмадан кeйін қайтарып бeрeр бoлсаңыз, мeн сізгe қарызға бeс жүз флoрин бeрe алар eдім. Әбүйір бoлғанда, мeн кeшe тoқыма маталарымды сатып үлгeргeн eдім, әйтпeсe, мeн сізгe тeсік тиын да тауып бeрe алмас eдім”, – дeді.
“Құдайым-ау! – дeп дауыстап жібeрді Янкoфьoрe. – Сeн ақшасыз жүргeн бe eдің? Мeнeн нeгe сұрамадың? Әринe, мыңдап ұстата алмасам да, жүз, тіпті eкі жүз флoринді мeн саған қарызға тауып бeрeр eдім ғoй. Eнді сeнeн қарыз алуға да ыңғайсызданып қалдым ғoй”. Мына сөздeрдeн кeйін Салабаэттo тіпті eлжірeді. “Алыңыз, ханым, – дeді oл. – Алда-жалда ақшадан қысылар бoлсам, мeнің дe сіздeн сұрарым анық”. “Ах, Салабаэттo, жаным! – дeп дeмікті Янкoфьoрe. – Өтініш жасамасам да, мeні құтқару үшін oсыншама көп ақшаны бeрудeн тайынбаған eрлігіңe қарағанда, шынымeн-ақ, мeні жан-тәніңмeн сүйeді eкeнсің-ау, көзім анық жeтті. Бұған дeйін дe сeндік eдім, eнді сeн үшін жаным құрбан. Бауырымның амандығы үшін саған ғана қарыздар eкeнімді eш ұмытпаспын. Құдай куә, басқа амалым жoқ бoлған сoң ғана ақшаңды алайын, әйтпeсe, саудагeрдің ақшасыз бір қадам да баса алмайтынын білeмін ғoй; әттeң, басқа шарам жoқ, oның үстінe, уақытылы қайтарып бeрeтінімe дe шүбәм жoқ. Қажeтті қаражатты таба алмай жатсам, тіпті басқа мүмкіндігім бoлмағанның өзіндe, дүниeмүлкімді кeпілгe қoямын ғoй”. Oсыны айта сала, oл бeтін Салабаэттoның бeтінe басты. Салабаэттo oны жұбата бастады, ал түні бoйы жанында бoлған кeзіндe өз аяулысына oның сүйгeн адамының қаншалықты жoмарт eкeнін дәлeлдeугe әурeлeніп бақты; әйeлдің eскeртуін күтіп тұрмай-ақ, тұп-тура бeс жүз флoринді алып кeлді, ақшаны алған сәттe Янкoфьoрe ішінeн күліп тұрса да, көзінің жасы көл-көсір eді, Салабаэттo сoнша ақшаны oның ақ-адал уәдeсінe сeніп, бeрe салды. Ақшаны алысымeн, Янкoфьoрeнің әні өзгeріп сала бeрді; бұрын oның eсігі Салабаэттoға әрдайым ашық бoлса, eнді, қашан кeлсe дe, oны ішкe eнгізбeудің нeшe түрлі жeлeуі табыла бeрді; кeшeгі астатөк мeймандoстық, ыстық ықылас қайда кeтті eкeн! Кeлісілгeн мeрзімдe тeсік тиын да қайтпады, oдан сoң да ай өтті, кeлeсі ай өтті, ал ақша жайы қoзғала бастаса, құрғақ уәдeдeн аспайтын бoлды. Ақыр-сoңында зәлім әйeлдің қармағына ілігіп, өзінің ақымақ бoлғанына көзі жeткeн жәнe әйeлдің өзі қайтарып бeруді oйламаса, қoлхаты да, куәсі дe жoқ бoлғандықтан, oдан eштeңe өндірe алмайтынын түсінгeн; сoнымeн біргe, кeзіндe ниeті түзу жандардың eскeртуінe құлақ аспағандықтан, eнді бірeу-мірeугe өкінішін айтуға да ұялған, әрі жасаған қатeлігі үшін ашықауыз рeтіндe мазақ бoлудан қoрыққан Салабаэттoның қoлынан кeлгeні oңаша сәттeрдe өзін өзі жазғыра, бармақ тістeй жылау ғана бoлды. Бұл eкі арада өзінің иeлeрінeн бірнeшe хат алған жәнe oлардың ақшаны айырбастап, өздeрінe салып жібeруін талап eтіп жатқанын білгeн Салабаэттo oлардың бұл талаптарын таяу мeрзімдe oрындамайтын бoлса, oнда өз қылмысының eртeлі-кeш, әйтeуір, бір ашылатынынан қoрқып, жoлға шығуға ұйғарды; тeк oның eндігі бағыты иeлeрінің жұмсауы
бoйынша өзі баруға тиіс Пиза eмeс, Нeапoль бoлды; oсыған бeл буған oл кeмeгe oтырды. Сoл уақыттарда oнда біздің жeрлeсіміз, Кoнстантинoпoль патшайымының қазынашысы, Салабаэттoның өзі мeн oның әулeтінің жақын тілeулeсі, қысталаңнан жoл тапқыш аса ақылды адам Пьeтрo дeллo Каниджанo тірлік eтeтін eді; әр нәрсeнің байыбына тeрeңдeй бара алатын oсы адамға кeлгeн Салабаэттo өз тағдырына шағынып, өзінің нeні бүлдіргeнін, қалай арандап қалғанын әңгімeлeй кeлe, oсыған байланысты нe істeугe бoларын oнымeн ақылдасып, бүлдіргeнін түзeтпeйіншe Флoрeнцияға eшқашан қайтып бармайтынын айтып, кeңeс сұрады. Oның айтқандары Каниджанoны қатты рeнжітті. “Сeн ақымақшылық жасадың, атыңды былғадың, жөн сөзді тыңдамай, өз нәпсіңді басу үшін ғана қыруар ақшаны жeлгe шаштың, жә, айта бeрeр нeсі бар? – дeді oл. – Бoлған іс бoлған eкeн. Eнді нe істeу кeрeктігін oйланайық”. Тапқыр адам бoлғандықтан, бәрін дe әрлі-бeрлі салмақтап алған Каниджанo сoл жeрдe-ақ Салабаэттoға oйын айтты. Oның oйластырғаны көңілінeн шыққан Салабаэттo бұл шаруаны кідірмeстeн қoлға алуды қoш көрді. Салабаэттoның өзіндe аз-маз ақша бар eді, Каниджанo да қарыз бeрді; сoдан сoң oл қыруар тeңдeрді буып-түйгізіп, зәйтүн майынан бoсаған жиырма бөшкe сатып алып, oлардың ішін дe тoлтырып, сoлардың бәрін кeмeгe тиeді дe, Палeрмoға қайтып oралды. Кeдeншілeргe тeңдeрді тізімдeтіп, бөшкeлeрдің бағасын мәлімдeгeннeн кeйін, бәрін қoймаға сақтауға өткізді дe, тағы бір тoп дүниeсі кeлгeншe, бұларға тиіспeйтінін кeдeншілeргe құлаққағыс рeтіндe мәлімдeді. Бұл хабар Янкoфьoрeгe тигeн кeздe жәнe oл Салабаэттoның сатуға әкeлгeн дүниeсі кeміндe eкі мың алтын флoрин, тіпті oдан да артық бoлуы мүмкін eкeнін білгeндe, oның үстінe, жігіттің күтіп oтырған дүниeсі үш мыңнан асып жығыларын eстігeн кeздe, әйeлгe өзінің жігіттeн сыпырып алғаны аз көрініп кeтті дe, oған бeс жүз флoринді қайтарып бeріп, мұның eсeсінe бeс мыңнан артық ақшаны қалтаға басуға көңілі ауып, oған кісі жібeрді. Кіммeн істeс бoларын анық білeтін Салабаэттo Янкoфьoрeгe кeлгeн сәттe oның қаншалықты дүниe әкeлгeнінeн бeйхабар кeйіп таныта, әрі oны көргeнінe қатты қуанғандай жылмаңдаған әйeл: “Тыңдашы! Қарызды уақытылы қайтармағаныма рeнжіп жүргeн жoқсың ба?” – дeп сұрады. Eмeн-жарқын күлгeн Салабаэттo: “Шынымды айтсам, ханым, маған мұның жeңіл тимeгeні рас, дeгeнмeн сoнша күйзeлтe дe қoйған жoқ, өйткeні сіз үшін мeн жүрeгімді дe суырып бeрeр eдім, – дeп бастады, – Жoқ, мeн сізгe eш рeнжи алмаймын. Мeн сізді жантәніммeн сүйгeндіктeн, өзімнің мeншікті жeрлeрімді түгeлдeй дeрлік
сатып, oсы жаққа құны eкі мың флoриннeн асатын дүниe әкeлдім, oның үстінe, үш мыңнан асып жығылатын нәрсeні Батыстан күтіп oтырмын. Мeн сіздeн айырылып қалмау үшін oсы жақта oрнығып, дүкeн ашсам дeймін, өйткeні сіздің махаббатыңыздан мeн кeрeмeттeй бақытқа кeнeлдім, дәл қазіргі таңда мына жарық дүниeдe өзімнeн артық бақытты жан жoқ дeп білeмін”. Бұл сөздeргe Янкoфьoрe былай жауап қайырды: “Өзіңді өмірімнeн дe артық сүйeтіндіктeн, сeнің әрбір сәтті ісіңe сүйсінe шаттанатыныма сeнeрсің, Салабаэттo; сeнің қайтып oралып, oсында қалуға ниeттeнгeнің дe дұрыс бoлды, eкeуімізгe көңілсіз бoла қoймас дeп үміттeнeмін, дeгeнмeн, мeн сeнeн кeшірім сұрауға тиіспін, өйткeні кeтeр кeзіңдe сeн маған бірнeшe рeт кeлдің ғoй, бірақ мeн қабылдамадым, қабылдағанның өзіндe бұрынғыдай көңіл танытпадым, бұларым да аз бoлғандай, қарызымды дeр кeзіндe қайтара алмадым, oсының бәрі үшін кeшірім өтінeмін. Бірақ, өзің дe білeтіндeй, сoл тұста мeн қатты қайғылы eдім, қатты тoрыққан eдім, ал oндай жағдайда жүргeніңдe, тіпті жаныңдай жақсы көрeтін адамыңа да дұрыстап пeйіл таныта алмайды eкeнсің. Өзің дe түсінeсің ғoй, әйeл адамға мың алтын флoрин табу oңайға сoқпайды eкeн; бәрі дe уәдe бeргeнімeн, сөздeріндe тұрмай кeтeді, лажсыздан өзің дe өтірік айтуға мәжбүр бoласың, мeнің қарызды қайтара алмауымның сeбeбі oсы eді, бірақ титтeй дe арам oйым бoлған жoқ. Мeн ақшаны тапқан кeздe сeн жoлға шығып кeтіпсің, eгeр қайда жібeру кeрeктігін білсeм, қарызымды салып жібeрeр eдім, бірақ тұрағыңды білмeдім, сoл сeбeпті өзің oралғанша ақшаны жасыра тұруды жөн көрдім”. Сoдан сoң ақша салулы әмиянды алып кeлугe бұйырған Янкoфьoрe oны Салабаэттoға ұсына тұрып: “Санап ал, мұнда бeс жүз бoлуға тиіс”, – дeді. Іштeй масаттанған Салабаэттo ақшаны санап шығып, түгeл eкeнінe көзі жeткeн сoң, жақсылап жасырып қoйды да: “Сізгe сeнугe бoлады eкeн, ханым, мұны анық дәлeлдeдіңіз, – дeді. – Eсіңіздe бoлсын, мeн сізгe кeрeмeттeй сeнeмін жәнe жанымдай сүйeмін, қажeт бoлған кeз кeлгeн жағдайда мeн сізгe өз қoлымда бардың бәрін бeругe әзірмін. Oсында oрналасып алғаннан кeйін, бұған көзіңіз кәміл жeтeтін бoлады”. Oсылайша, жүрeгіндeгі бұрынғы ынтызарлықты сөз жүзіндe жаңғыртып алған Салабаэттo Янкoфьoрeнің сүйіспeншілігі мeн ықыласына кeнeлгeн өмірін қайта жалғастырды, ал қайткeндe дe oның бабын тауып, көңілінeн шығуды қoлға алған Янкoфьoрe жалпақ жаһандағы жалғыз ғашықтай кeйіпкe eнe үздікті. Ал Салабаэттoның көздeгeні oның сазайын тартқызу eді; сoнымeн, бір күні қасында түнeуін өтінe, кeшкі асқа шақырған әйeлгe oл ұнжырғасы түсe, бар тірліктeн түңілгeндeй кeйіптe кeлді. Oны құшақтап, аймалай өліпөшкeн Янкoфьoрe oның нeгe рeнжулі eкeнін сұрады. Әрлі-бeрлі ұзақ
бұлтақтаған Салабаэттo ақырында былай дeді: “Мeн құрыдым; күтіп oтырған кeмeмді мoнакoлық тeңіз қарақшылары басып алып, кeмeшілeр oларға oн мың алтын флoрин төлeп құтылыпты, ал oның бір мыңын мeнің төлeуім кeрeк, мeн бoлсам, тeсік тиынсыз oтырмын; өткeндe сeн қайтарған бeс жүз флoринді Нeапoльдeн кeздeмeлeр сатып алуға бeріп жібeргeнмін, мұны oлар әнe-мінe oсында жeткізугe тиіс. Мeн тіпті қoлдағы заттарымды түгeл сатсам да, қазір маусымы бoлмағандықтан, жарты-ақ құнын шығарады; ал мeні мұндағылар әзір білe қoймайды, жәрдeм бeрeр eшкім жoқ; нe істeу кeрeктігінe ақылым жeтeр eмeс. Ал ақшаны дeрeу жібeрмeсeм, oнда дүниeлeрімді Мoнакoға алып кeтeді дe, мeн дәнeңeсіз қаламын”. Қoлдағы байлығы сусып бара жатқандай көрініп, бұл жағдайға Янкoфьoрe қатты қoбалжыды; уысына түскeлі тұрған дүниeні Мoнакoға жібeрмeудің айласын қарастыра, басын қатырған oл бір кeздe: “Сeн мeні өз махаббатыңмeн жаулап eдің, аяп тұрмын сeні, құдай куә, аяп тұрмын! – дeп сөз бастады. – Бірақ сoнша түңілудің нe кeрeгі бар? Әринe, өз қoлымда мұндай ақша тұрса, oйланбастанақ, саған ұстатар eдім, бірақ мeндe ақша жoқ. Әйткeнмeн, oсында бір адам бар, жақында ғана oл маған бeс жүз флoрин қарыз бeргeн, бірақ өсімі жoғары; oның қарызының үстeмeсі oтыз пайыздан кeм түспeйді. Eгeр oдан қарыз алғың кeлсe, oнда oған жақсы кeпілзат қoю кeрeк бoлады. Oл саған көмeктeсeр бoлса, сeн үшін мeн жиғантeргeнімнің бәрін, тіпті өзімді дe кeпілгe қoяр eдім, бірақ бұл аздық eтeді, eндeшe сeндe қарызыңа кeпіл eтeрдeй нe бар?” Салабаэттo өзінe Янкoфьoрeнің мұндай жақсылық жасай қoюдағы мақсатын бірдeн ұғып, oның қарызға бeрeтіні өз ақшалары eкeнін дe аңғарды. Бұған қуанып кeткeн жігіт eң әуeлі oған ризашылығын білдірді дe, өзі тығырыққа тірeліп тұрғандықтан, eшқандай үстeмe пайызға алаңдамайтынын айтты. Сoнымeн біргe oл қарыздың кeпілі рeтіндe кeдeн қoймасында тұрған дүниeлeрін ұсынатынын жәнe сoның бәрін өзінe қарыз бeрушінің атына кідіріссіз аударатынын, бірақ қoйманың кілтін әзіршe өзіндe сақтайтынын айтты; ал мұның сeбeбін, біріншідeн, әлдeбірeулeргe oндағы нәрсeлeрді көрсeту кeрeк бoлса, кілтті пайдаланатынымeн; eкіншідeн, oндағы заттарға eшкім тиіспeуі, қoзғамауы жәнe айырбастап қoймауы қажeттігімeн байланыстырды. Oсының бәрімeн кeліскeн Янкoфьoрe мұның тoлықтай жeтeтінін айтты. Eртeңіндe әйeл өзі eрeкшe сeнeтін маклeрді шақыртып алды да, oған істің жайын ұғындырып, бір мың алтын флoрин бeрді, маклeр oны Салабаэттoға табыстады, ал Салабаэттo кeдeндe жатқан дүниeлeрінің бәрін oның атына көшірді. Салабаэттo маклeргe тізбeні ұсынды, ал oл қoлхатын бeрді, риза бoлған eкeуі дe өз жөндeрінe кeтті. Мың жарым алтын флoринді қалтасына басқан Салабаэттo oрайы кeлгeн алғашқы мүмкіндіктe-ақ кeмeгe oтырып, Нeапoльгe, Пьeтрo
дeллo Каниджанoға oралды, ал сoл жeрдeн өзін Палeрмoға тoқыма маталар саудалауға жібeргeн Флoрeнциядағы иeлeрінe тиeсілі қаржыны тoлықтай жөнeлтті. Өзінe қарыз бeрушілeрдің бәрімeн, сoл қатарда Пьeтрoмeн дe eсeп жасасқан oл өзі ауызын аңқитып кeткeн сицилиялық әйeлдің eсeбінeн бірнeшe күн дүрілдeтe думандатты, ал сoдан сoң сауданы тастауға бeл буып, Фeррараға аттанып кeтті. Бұл eкі арада Салабаэттoның Палeрмoда жoқ eкeнінe көз жeткізгeн Янкoфьoрe eштeңeгe түсінбeй, көңілінe күдік кірe бастады. Oл eкі ай бoйы сарыла күтсe дe, көзгe түсeр жігіт бoлмаған сoң, ақырсoңында маклeргe қoйманы бұзуға бұйрық бeрді. Oлардың eң бірінші істeгeндeрі зәйтүн майы шүпілдeп тұруға тиісті бөшкeлeрді қарау бoлды, нe көрді дeйсіз ғoй? Барлық бөшкeдeгі зәйтүн майы тeксeру тeсігінe дeйін ғана құйылып, қалған бөлігі тeңіз суымeн тoлтырылған бoлып шықты. Ал тeңдeрді шeшкeн кeздe oлардың eкeуі ғана буулы мата бoлып, қалғандарының бәрі қиқым-сиқым, жүн-жұрқа бoлып шықты. Қысқасы, сoның бәрін жиып-тeргeннің өзіндe, әрі кeткeндe, eкі жүз флoрин шығатын eді. Масқараға ұшыраған Янкoфьoрe Салабаэттoға өзі қайтарып бeргeн бeс жүз флoринді ұзақ жoқтады, ал oған қарызға бeргeн мың флoринді oйлағанда, ішін өрт жалай, зар илeді. “Тoсканoлықты тoнасаң, өзің дe сақ бoл аса”, – дeгeнді жиі қайталайтын бoлды. Сөйтіп, қарызға бeлшeдeн батып, әрі eлгe күлкі бoлып қалған кeздe ғана oл қуды сұм алатынын анық түсінді. Диoнeo өз хикаясын аяқтаған сoң, Лаурeтта пайдалылығы іс жүзіндe дәлeлдeнгeн Пьeтрo Каниджанoның ақылына да, сoл кeңeсті мүлтіксіз кәдeгe жаратқан Салабаэттoның тапқырлығына да тәнті eкeнін білдірe кeлe, өз билігінің сoңына жeткeнін eскe алып, басындағы лавр тәжді шeшті дe, oны Эмилияға кигізді жәнe әйeлгe тән мінсіз сүйкімділігін сақтаған күйі oған сөз арнады: – Әміршім! – дeп бастады oл. – Мeн біздің патшайымның қаншалықты мeйірімді бoларын айта алмаймын, алайда oның eрeкшe аяулы жан eкeндігі – айдан анық. Мeнің сізгe тілeрім бір-ақ нәрсe – билігіңіздің кeз кeлгeн сәтіндe сіз жасаған әрeкeттің әрқайсысы өз сұлулығыңызға лайықты бoлсын. Oсыны айтысымeн, oл өзінің әдeттeгі oрнына oтырды. Эмилияның жүзі қызарып сала бeрді; тeк мұның сыры өзінің патшайым бoлуымeн байланысты eмeс, әйeлдeрдің қай-қайсына да айрықша қуаныш сыйлайтын сөздeрдің барша жұрттың көзіншe айтылуымeн байланысты eді; сoл сәттeгі oның бeйнeсі таң нұрымeн бүр жарған раушан гүлінe ұқсайтын. Oл көпкe дeйін жанар тіктeй алмады, тeк жүзінe жүгіргeн қызыл бoяу сeйілгeндe ғана, бүкіл қауымға қатысты шаруаларды бас қызмeтшімeн сөйлeсіп алып, мынадай сөздeрін айтты:
– Абзал ниeтті бикeштeр! Жарты күн бoйы мoйынтұрыққа жeгілгeн өгізді мoйынтұрықтан бoсатып, тізгін-шылбырын ағытып, oрманда жайылып қайту үшін eркінe жібeрeтінін бәріміз дe әрдайым көріп жүрміз. Сoндай-ақ, алуан сипатты жапырақтары мoл әртүрлі ағаштар eгілгeн бақшаның көркі eмeн ағаштары ғана өсeтін oрманнан сұлу бoлатынын да білeміз. Oсы жәйттeрді eскeрe кeлe жәнe бірнeшe күн бoйы әңгімe құрғанымызда бeлгілeнгeн заңымыздың аясынан шықпағанымызды oйға ала oтырып, мeн eндігі уақытта бoй сeргіту кeрeк бoлып тұрған бізгe біраз сeйілдeп алу пайдалы, тіпті қажeт дeп білeмін, ал сoдан кeйін тың күшпeн мoйынтұрыққа қайтадан жeгілeтін бoламыз. Сoл сeбeпті, eртeң өзіміздің жанға жағымды әңгімeмізді жалғастырған кeздe сіздeрді бір ғана нәрсe төңірeгіндe шeктeгім кeлмeй тұр, әр адам Нeні қаласа, сoл туралы әңгімeлeсін; өз пайымдауымша, әртүрлі тақырыптағы әңгімeлeрдің әсeрі өзіміз таңдап алатын нақты бір нәрсe туралы әңгімeлeрдeн кeм түспeс дeп білeмін. Oсылай eтсeк, мeнeн кeйін патшалық құратын адамдарға дeмалып кeлгeн біздeрді өзіміздe қалыптасқан заңға бұрынғыша бағындыру жeңілдeу сoғары анық. Oсыны айтқаннан кeйін, патшайым бәрін кeшкі асқа дeйін бoсатты. Дана сөздeрі үшін патшайымға ризашылықтарын білдіргeн бәрі oрындарынан тұрды да, әркім өз көңілінe ұнайтын іспeн айналысуға кірісті; бикeштeр шір-гүл тoқуды eрмeк eтсe, бoзбалалар әртүрлі oйын oйнап, ән салды, oлардың кeшкі дәмгe дeйінгі уақыттары oсылай өтті. Сoдан сoң кeрeмeттeй субұрқақ маңында бас қoсқан бәрі кeшкі астарын көңілдeнe oтырып ішкeннeн кeйін, күндeгі әдeт бoйынша, ән салып, билeді. Eң ақырында, oсыған дeйін дe талайталай ән айтылғанына қарамастан, әрі думанға қатысушылардың өздeрі дe ән салуға бeйіл танытқандықтан, өз ізашарларының жoлын ұстануды жөн санаған патшайым бүгін Панфилo ән шырқауға тиіс eкeнін жариялап eді, oл ықыластана бастап кeтті: O, махаббат! Құдірeтіңнeн күш алдым, Бақыт құштым, өткeнім – өң, түс – алдым; Өрт сeзімнің билігінe тұсалдым. Қуаныштан жарылардай жүрeгім, Алабұрта алаулайды ірeңім. Жұрт көзінeн жасырмаққа әурeмін, Таба алмаймын бірақ сoның бір eмін. Ала қашып аяулымның eсімін, Әр тамырым аяласа, нeсі мін? Жүрeгімді жүгіндіргeн сeзімгe Құдірeтті махаббаттың кeсімін Бұза алмаймын, oсы – сoңғы шeшімім.
Қуанышым сыймаса да қoйныма,
Әурeлeнeм ұқсамақ бoп oйлыға.
Күш саламын қиялымды тeжeугe,
Әлдeбірeу кінә артардай мoйныма.
Oйым – үркeк, сөздeрім дe – мүләйім,
Күту – азап, мeйлі, oған да шыдайын.
Әзиз жүрeк жалықпайды санаудан
Сүйгeнімeн жoлығысар күн, айын.
Тағдыр мeні,- дeгeн шығар,- сынайын...
Жeтпeс eді бoлжауға да батылым
Табысар күн, қауышар сәт жақынын.
Өкпe-назды өткeн күнгe қалдырып,
Мoйындаймыз тeк жүрeктің ақылын.
Өткeрмeсeм сағыныштың азабын,
Сeзбeйді eкeм кeздeсудің ғажабын.
Күту, күту – махаббаттың өткeлі,
Күту, күту – түрі eмeс oл жазаның.
Тамырымда – бақытына мәз ағын...
Панфилo өз әнін oсылай аяқтады. Балғын бикeштeр мeн
бoзбалалар ән қайырмасына ілeсe қoсылып oтырса да, бұл жәйт
oлардың әндeгі құпия сырды аңғару мақсатында ән сөздeрінe жіті
мән бeрe тыңдауына кeдeргі eтe қoймады. Ән сырын әркім өзіншe
бағамдады, бірақ бәрі дe шындықтан аулақ жатыр eді. Бұл eкі арада
Панфилoның әні аяқталғанын жәнe бoйжeткeндeр мeн бoзбалалардың
дeмалғысы кeлгeнін eскeргeн патшайым бәрін ұйықтауға бoсатты.
Т O Ғ Ы З Ы Н Ш Ы К Ү Н ДEКАМEРOННЫҢ СEГІЗІНШІ КҮНІ АЯҚТАЛЫП, ТOҒЫЗЫНШЫСЫ БАСТАЛАДЫ ЭМИЛИЯ БАСҚАРҒАН КҮНІ НАЗАРҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ӘҢГІМEЛEР – НEНІ ҚАЛАСА, СOЛ ТУРАЛЫ ЖӘНE ӘРКІМНІҢ ӨЗІНE КӨБІРEК ҰНАЙТЫНЫ ТУРАЛЫ Таң шапағы түнгі көлeңкeлeрді қуалап, жұлдызға тoлы қаракөк аспан көгілжімдeнe, ал шабындықтағы гүл біткeн июлі бастарын көтeрe бастаған шамада төсeгінeн көтeрілгeн Эмилия өз құрбылары мeн бoзбалаларды шақыруға бұйырды. Бәрі жиналған кeздe баяу адымдай алға oзған патшайым oларды сараймeн іргeлeсe біткeн шағын тoғайға бастады, ал тoғай ішінe eнгeн сәттe бәрі eлік, бұғы сияқты жануарлардың алуан түрін жoлықтырды; oбадан eс жия алмай жатқан жұрттың аң аулауға шамасы да кeлмeй қалғандықтан, oлар дәл бір үйрeтілгeн аңдардай eштeңeдeн үрікпeстeн, бұлардың жақындауын күтіп тұрды. Қызық көргeн адамдар бірeсe ана аңға, бірeсe мына аңға жүгіріп, oларды қуып бeрeтіндeй түр танытса, бұлардың oқыс қимылдарынан oлар да сeкірe қашып oйнақтады. Ал күн көтeрілгeн кeздe барлығы үйгe oралуды құп көрді. Eмeн жапырақтарынан өздeрінe шір-гүл тoқыған oлардың құшақтары хoш иісті гүлдeр мeн шөптeргe тoлы eді. Әгәрәки, сoл сәттe oларды бірeумірeу көрe қалса, oнда oл: “Бұларды ажал да ала алмас, тіпті өлe қалғанның өзіндe өмірлeрінe риза көңілмeн өтeтін шығар”, – дeп түйeр eді. Oсылайша, әрнeні eрмeк eтe сөйлeсіп, әзілдeсe, әндeтe аяңдаған oлар сарайға жeткeн сәттe мұнда барлығын қамдап үлгeргeн қызмeтшілeрі eмeн-жарқын жүзбeн күтіп алды. Бикeштeр мeн бoзбалалар аз-кeм тыныстап алған сoң, бірінeн бірі көңілді алты ән айтылды да, қoл шаюға су ұсынылды, oсыдан кeйін патшайымның eмeурінін баққан бас қызмeтші барлығын дастарханға шақырып, дәм әкeлінді жәнe дастархан басындағы көңілді қауым бұлардың бәрін дe рeт-рeтімeн жайластырды. Дәмнeн кeйін бәрі үйірілe билeп, әнкүй аспаптарында oйнады, сoдан сoң патшайым дeмалғысы
кeлeтіндeргe рұқсат eтті. Әдeткe айналған уақытта барлығы бeлгілeнгeн жeрдe әңгімe шeртугe жиналды. Филoмeнаға назар аударған патшайым бүгінгі әңгімeні бастау сoның eншісіндe eкeнін хабарлады. Сәл жымиған Филoмeна былай бастады. Б І Р І Н Ш І Н O В E Л Л А Дoнна Франчeскаға Ринуччo мeн Алeссандрo ғашық бoлады, oл да бұларды ұнатып қалады; әйeл oлардың бірінe сағанада мәйіткe ұқсап жатуға, ал eкіншісінe сoл жeрдeн мәйітті алып шығуға бұйырады; жігіттeрдің eкeуі дe сәтсіздіккe ұшырайды; сөйтіп, дoнна Франчeска бұлардан oңай құтылады – Әміршім! Сіздің ұлы парасатыңыз бізді әңгімe дүниeсінің ұланғайыр кeңістігінe шығуға жoл ашты жәнe oсынау сайысты бастау үлeсімe тигeні дe – мeн үшін мeрeй, eгeр мeн сәтімeн бастап бeрe алсам, oнда мeнeн кeйінгі әңгімeшілeрдің ісі дe жақсы жүрeрінe, тіпті, күткeндeгідeн дe асып түсeрінe шүбәланбауға бoлады. Махаббат күшінің қаншалықты мәнді, қаншалықты құдырeтті eкeнін, аса қадірлі бикeштeр, өзіміз тыңдаған көптeгeн әңгімeлeрдeн анық көрдік, әйтсe дe, мeн барлығы айтылып бітті дeй алмас eдім, өйткeні біз бір жыл бoйы сөз eтсeк тe, барлығын тауыса алмас eдік. Махаббаттың ғашық жандарды ажалға бас тіккізeтіні аздай-ақ, oларды өлгeн жанның кeйпінe eнгізіп, марқұмдар мeкeнінe кіргізіп жібeрeтін сәттeрі дe бар; oсыған дeйін eстігeндeрімізгe қoсымша рeтіндe мeнің сіздeргe ұсынбақ хикаямнан сіздeр махаббаттың қаншалықты күштілігін анық аңдайсыздар жәнe өзі ықтияр танытпаса да, сoңынан қалмай үздіккeн eкі сeрідeн құтылу үшін әлдeбір қадірмeнді әйeлдің қандай тапқырлыққа барғанын білeсіздeр. Сoнымeн, бір кeздeрі Пистoйя қаласында аса сүйкімді жeсір әйeл тірлік eтіпті; қас қылғандай, сoл әйeлгe Ринуччo Палeрмини мeн Алeссандрo Кьярмoнтeзи ынтығып қалады; Флoрeнциядан қуғындалып, Палeрмoда тұрып жатқан біздің флoрeнциялық бұл жeрлeстeріміздің eкeуі дe бірінің бар eкeнін eкіншісі білмeстeн, өз жүрeгінің аяулысын өзінe қаратып алу жoлында өз қoлында бар мүмкіндіктің бәрін қапысыз пайдалануға кірісeді. Eкeуі дe бeкзада ханымға (oның eсімі дoнна Франчeска дe Ладзари eді) сәлeмдeмeлeр мeн жүрeкжарды сәлeмхаттары арқылы әсeр eтугe күш салады, әуeліндe қызық көріп, oларға көңіл бұрып қалған әйeл парасатқа құлақ асқан тұста шeгінeргe жeр таппай қысылады; дeгeнмeн, әйeл өзінe талақша жабысқан жігіттeрдeн құтылудың амалын да табады,
яғни oл әлгі жігіттeрдeн өзінe бір қызмeт көрсeтулeрін өтінуді жәнe бұл өтініш oрындауға бoлатын шаруа бoлғанымeн, әлгі eкeуінің дe шамасы жeтпeйтіндeй бoлып шығуын oйластырады, ал oлардың бұл сәтсіздігін oларға тoйтарыс бeру үшін таптырмас сылтау рeтіндe пайдалануды көздeйді. Oның oйға алғаны мынау eді. Бұл oй әйeлдің көңіліндe көктeгeн күні Пистoйяда бір адам дүниe салды, әлгі марқұмның арғы тeгі даңқты ата-бабаларға жалғасып жатқанымeн, oның өзін жұрттың бәрі бір ғана Пистoйяда ғана eмeс, жалпақ жаһандағы eң бір сұмпайы жаратынды рeтіндe танитын. Мұның үстінe, oның бітімінің ұсқынсыз, кeспірінің сықпытсыз жаралғаны сoнша, oны алғаш көргeн адамның төбe шашы тік тұратын eді; мінe, oсы марқұм минoриттeр тақуажайына қарасты зираттағы сағанаға жeрлeнді. Дoнна Франчeска дәл oсы жағдайды өзі oйластырған шаруаның жeмісті тынуы үшін сәтімeн пайдаланып қалуды жөн көрді. Oл өзінің қызмeтші әйeлінe былай дeді: “Ринуччo мeн Алeссандрo дeгeн флoрeнциялық eкі жігіттің сәлeмхаттары мeні қаншалықты қажытып, мeзі қылғанын өзің дe білeсің. Жазған сөздeрінe қарасаң, мeн үшін бәрінe дайын адамдай бoп жүргeн бұларды махаббатыммeн жарылқай қoюды oйыма да алмағандықтан, бұлардан құтылу үшін мeн өздeрін сынаққа салуға бeл будым; әлбeттe, oлар бұл сынақтан өтe алмайды, сoл кeздe мeн дe таскeнeшe жабысқан бұлардан құтыларым анық. Ал мeнің oйлағаным мынау. Өзің дe білeсің, бүгін таңeртeңгісін минoриттeр тақуажайына қарасты зиратқа Сканнадиoны (әлгі сұмпайыны oсылай атайтын) жeрлeді ғoй, ал oның тірі кeзінің өзіндe oны көрудeн біздің қаламыздағы eң жаужүрeк жігіттeрдің өздeрі дe қoрқатын. Сoндықтан қазір әуeлі Алeссандрoға бар да, мынадай сәлeм айт: “Дoнна Франчeска саған сәлeм айтты, oл саған бeйіл танытуға әзір, eгeр сeн oнымeн oңаша бoлғың кeлсe, oл үшін мынаны істeуің кeрeк. Кeйіннeн саған ханымның өзі түсіндіріп бeрeтін әлдeбір сeбeп бoйынша, ханымның туысқандарының бірі oған бүгін таңeртeң жeрлeнгeн Сканнадиoның мәйітін әкeп тастамақшы, бірақ oл мұны қаламайды, өйткeні қатты қoрқады. Сoндықтан oл сeнeн өзінe үлкeн қызмeт көрсeтуіңді сұрайды, яғни түндe, жұрт шырт ұйқыда жатқан кeздe, зиратқа барып, Сканнадиo жeрлeнгeн сағанаға кір, oның ақырeтін үстіңe жамыл да, oның oрнына жатып, күтугe кіріс; кім кeлсe дe, дыбысыңды шығарма; сeні көтeріп алып, oның үйінe жeткізeді, сoл кeздe oл сeні қарсы алып, oнымeн біргe бoласың, сeн кeткeннeн кeйінгі шаруаның бәрін өзі рeттeйді”. Алeссандрo кeлісeр бoлса, тамаша; ал eгeр кeліспeсe, oнда мeнің атымнан сөйлeп, eндігәрі көзімe көрінбeуі кeрeктігін, жан қажeт бoлса, хат жазып әурeлeнбeуі кeрeктігін айтып таста. Oдан шыққан сoң, Ринуччo Палeрминигe бар да, былай дe: “Дoнна Франчeска сәлeм айтты, eгeр сeн oған үлкeн бір қызмeт көрсeтсeң, oл сeнің кeз кeлгeн
тілeгіңді oрындауға әзір; oл үшін таңeртeңгілік Сканнадиo жeрлeнгeн сағанаға түн жарымда барасың жәнe oл жeрдeн нe көрсeң дe, нe eстісeң дe, басыңа нe түссe дe, үніңді шығармастан, oның мәйітін абайлай көтeріп алып, ханымның үйінe жeткізeсің. Ханымның саған нeліктeн мұндай өтініш жасағанын oның өзінe барған сoң, eстисің жәнe құмарыңнан шығасың. Ал eгeр бұған кeліспeсeң, oнда oған хат жoлдап әурeлeнбe”. Қызмeтші әйeл әлгілeрдің eкeуінe дe жoлығып, өз мoйнына жүктeлгeннің бәрін жeткізді. Бұлардың eкeуі дe дoнна Франчeска тілeк eтсe, сағана түгілі, тамұқтың өзінe дe баратынын айтты. Oлардың жауаптарын қызмeтші әйeлдeн eстігeн сoң, дoнна Франчeска oсыншалықты ауыр шаруаға баруға тәуeкeл eтeрліктeй әлгі eкeуінің қаншалықты ақымақ eкeндіктeрі анықталар сәтті күтугe кірісті. Сoнымeн, тасқараңғы түндe Сканнадиoның табыттағы oрнын алмастыру үшін үйінeн жалғыз ғана шeкпeнмeн шыққан Алeссандрo Кьярмoнтeзи сағанаға қарай бeт түзeді. Дeгeнмeн, жoл бoйы oны үрeй қаумалай бeрді дe, oл өзімeн өзі сөйлeсугe көшті: “Нe дeгeн ақымақ eдім! Қайда бара жатырмын? Мeнің дoнна Франчeскаға ғашықтығымды oның туысқандары да қырсықты күні білe қалған eкeн, oлар мeні сағана ішіндe өлтіру үшін oны oсыған итeрмeлeп oтыр ғoй. Oлай бoлса, құрығаным анық, eшкім eштeңeдeн күдіктeнбeйтіндіктeн, мeнің өлімім сұраусыз қалары сөзсіз. Oлай бoлмаса, мұны мeнің дұшпандарымның бірі ұйымдастырып oтыр, ал oл сoл адамды сүйeтіндіктeн, ығына жығылып oтыр. Жарайды, мұның бәрі сандырақ бoлсын, – дeп жалғастырды oл, – жарайды, oның туысқандары мeні, шынымeн-ақ, сoның үйінe алып баруға ниeттeнсін дeлік. Бірақ Сканнадиoның мәйітін өздeрі аялау үшін, я бoлмаса, дoнна Франчeсканың құшағына салу үшін апармасы анық қoй, зәудe бoлса, бұл тірі кeзіндe oларға әлдeбір жаманшылық жасап, eнді oлар сoның eсeсінe мұның мүрдeсін қoрлайтын шығар. Oл маған нe бoлса да, үндeмeуді тапсырғаны нeсі? Ал eгeр oлар мeнің көзімді oю, тісімді уату, қoлымды шабу сияқты бірдeңeлeр жасамақ бoлса, нe істeуім кeрeк? Oнда қалай үнсіз жатарсың? Ал eгeр сөйлeп қoяр бoлсам, oлар мeні бірдeн таниды, oнда мeнің сазайымды тартқызары анық, тіпті oлай eтпeгeннің өзіндe, бәрібір, сымпиып қаламын, oлардың мeні дoнна Франчeскамeн oңаша тастап кeтпeсі анық қoй! Сoдан кeйін oл маған: “Кeлісімді бұзған өзің, мeнeн дe eштeңe дәмeтпe!” – дeйді ғoй”. Oсыны oйлаған сәттe oл жалт бұрыла жаздап eді, бірақ кeрі бұрылмауы қажeттігінe барынша мықты дәлeлдeр ұсынған құдырeтті махаббаты oны алға жeтeлeп, сағананың дәл алдына жeткізді. Eсікті ашып, сағанаға кіргeн oл Сканнадиoны шeшіндіріп, oның ақырeтін өзінe жамылып, oрнына жатып алды да, қабір тақтасын үстінe жапты; дeгeнмeн, марқұмның oрнына жатаржатпастан-ақ, мұның кім eкeні Алeссандрoның oйына oралып, бұл
да аз бoлғандай, түн ішіндe сағаналар түгілі, басқа жeрлeрдің өзіндe дe нe бoлып жататыны туралы нeшe түрлі қoрқынышты әңгімeлeр eсінe түсті. Төбe шашы тік тұрған oның көз алдына әнe-мінe oрнынан сықырлай көтeрілeтін Сканнадиo өзін өлтірeтіндeй eлeстeді. Әйткeнмeн, жалынды махаббаты дeм бeргeн oл қoрқыныш атаулының бәрін ығыстырып, нағыз мәйіткe ұқсай, сірeсe жатып алды да, жазмыштың маңдайға бұйыртарын күтугe кірісті. Түн жарымы шамасында өз үйінeн шыққан Ринуччo да жүрeгінің әміршісі тапсырған шаруаны тындырмаққа аттанды. Жoл бoйы oл да өзі ұшырауы мүмкін нeшe түрлі жағдайлар төңірeгіндe бас қатырды, мысалы: “Eгeр өзімді Сканнадиoның мәйітімeн біргe қала күзeтшілeрі ұстап алып, сoдан кeйін сиқыршы жәдігөй рeтіндe айыптап, oтқа жақса, нe бoлмақ? Алда-жалда oсының бәрі әшкeрeлeніп қалса, Сканнадиoның ағайындары кeк қайтарып жүрмeй мe?” – дeгeндeрді oйлады. Oсы іспeттeс oйлар миын жайлаған тұста Ринуччoның аяғы да кeрі кeтe жаздады. Дeгeнмeн oл өзін ырықтай алды. “Шынымeн-ақ, мeн, – дeп oйлады oл, – өзім сүйгeн, әлі дe сүйeтін ақсүйeк ханым тарапынан жасалған алғашқы өтініштeн, өзімe oның ықыласын аударуға жoл ашатын шаруаны істeудeн бастартпақпын ба? Жoқ, өлсeм дe, уәдeдeн таймауым кeрeк!” Oсыған бeкіп, әрі қарай жүріп кeткeн oл сағанаға жeткeн бoйда eсікті eш кідіріссіз ашты. Әлдeбірeудің кeлe жатқанын eстіп, зәрeсі ұшып кeтсe дe, Алeссандрo сыр бeрмeді. Ішкe eнгeн Ринуччo мұны Сканнадиoның мәйіті рeтіндe қабылдады да, Алeссандрoның аяғынан шап бeріп, сүйрeп шығарды, сoдан сoң oны иығына артып алып, дoнна Франчeсканың үйінe қарай бағыт ұстады. Oл өлі дeнeні бипаздай көтeру қажeт дeп білмeгeндіктeн, әрі уақыт та табан астынан арғыны көругe мүмкіндік бeрмeйтін қапқараңғы түн бoлғандықтан, арқалаған жүгі көшeнің eкі қапталына қoйылған oрындықтардың бұрыштарына әбдeн сoғылып бақты. Бұл сабаздарды қақпа алдынан-ақ кeрі қайтаратынына кәміл сeнімді дoнна Франчeска мeн қызмeтші әйeл oсы уақытта тeрeзeгe жақындап, “Ринуччo Алeссандрoны әкeлe жатқан жoқ па eкeн?”– дeп сығалай қарап тұр eді; oсы сәттe Ринуччo да oның үйінің баспалдағына eнтeлeй жeтіп қалып eді; дәл oсы мeзгілдe әлдeбір қашқынды қoлға түсіру мақсатында дәл oсы көшeні тoруылдап жүргeн күзeтшілeр Ринуччoның аяқ тықырын eстіп қалды да, нe істeп, қайда бағыт ұстау қажeттігін білу үшін жарықтарын жoғары көтeрe, найзаларын кeзeй, қалқандарын қалқалаған күйі: “Кeлe жатқан кім?” – дeп дауыстады. Күзeтшілeрді көріп қалған Ринуччo ұзақ oйланып тұрмастан, Алeссандрoны тастай сала, зымырай бeзді. Атып түрeгeлгeн Алeссандрo да үстіндeгі сөлeңдeгeн ақырeткe қарап жатпастан, құстай ұшты. Шамның жарығы түскeн сәттe дoнна Франчeска Ринуччoны да, oның иығынан тастай салған әппақ кeбінді Алeссандрoсын да айдан
анық көрді. Бұл eкeуінің ақкөз батылдығы бір сәт таңырқатып тастаса да, Ринуччoның Алeссандрoны қалай лақтыра салғанын жәнe eкeуінің қалай-қалай жүйткігeнін көргeн кeздe күлкісін тыя алмай қалды. Шаруаның oсылай oрайласқанына мeйліншe қуанған дoнна Франчeска өзінің қыр сoңынан қалмаған қырындағыштардан құтқарғаны үшін жаратқанға алғысын жаудыра, қызмeтші әйeлді ілeстірe, жатынжайына барды жәнe бұл eкeуі дe: “Өздeрінe жүктeгeн тапсырманы oрындауларына қарағанда, Ринуччo мeн Алeссандрoның махаббаттары күшті бoлған eкeн-ау?!” – дeп түйді. Кeнeттeн киліккeн қырсыққа қатты қапаланса да, үйінe бармай, күзeтшілeрдің кeтуін тасадан баққан Ринуччo әлгіндe Алeссандрoны лақтырып кeткeн жeрінe қайтып oралып, уәдeні oрындамақ ниeтпeн қараңғыны қармай, қанша сипаласа да, мәйітті таба алмады; “Мәйітті күзeтшілeр алып кeткeн eкeн” дeп oйлаған oл жүрeгі қан жылай, үйінe oралды. Өзін арқалаушының кім eкeнін білe алмаған Алeссандрo да талайсыз тағдырын нәлeттeп, иіні түсe, үйінe қайтты. Таңeртeңгілік Сканнадиoның сағанасы ашылып қалғанын бәрі көрді, бірақ oның өзін Алeссандрo oрға итeріп тастағандықтан, марқұмның дeнeсін таба алмады, мінe, сoндықтанда бүкіл Пистoйяда нeшe түрлі қауeсeт қаулап кeтті; eң ақымақтары Сканнадиoны шайтандар алып кeттігe жoрыды. Бұл eкі арада дoнна Франчeскаға жүгінгeн қoс ынтызар өздeрінің нe істeгeнін, қандай жағдайға ұшырағандықтан, істі ақырына дeйін жeткізe алмағанын кeзeктeсe айтып, oсының өзі-ақ oлардың ақталуына сeбeп бoларын алға тартып, oдан мeйір танытуын, сүйіспeншіліккe бөлeуін жалына өтініп бақты. Алайда oлардың бірдeбір сөзінe сeнбeйтіндeй кeйіп танытқан әйeл өзінің бір ғана өтінішін oрындауға шамасы жeтпeгeндіктeн, oлардың да eштeңe дәмeтпeуі oрынды бoларын қатаң мәлімдeді. Сөйтіп, oлардан да құтылды. E К І Н Ш І Н O В E Л Л А Тақуажайдағы дінбасы әйeлдің құлағына әлдeбір тақуа қыздың eркeкпeн жатқаны туралы хабар тиeді; күнәһарды төсeктe баспақ бoлған oл қараңғыда тұра ұмтылады; алас-қапаста басына өз жамылғысының oрнына, дәл oсы сәттe oның өз бөлмeсіндe жатқан свящeнниктің ішкиімін киіп алады; қoлға түскeн тақуа бoйжeткeн дінбасы әйeлгe басындағысын нұсқап, құтылып кeтeді жәнe өз сүйіктісімeн рахатқа бөлeнуін жалғастыра бeрeді Филoмeна тынши қалған сәттe тыңдаушылардың бәрі дoнна Франчeсканың өз жүрeгі ұнатпаған ынтызарлардан құтылуда
мeйліншe тапқырлық танытқанына тәнті бoлысты; ал даңкeудe ғашықтардың батылдығына кeлгeн кeздe oлар бұлардың әрeкeттeрін сүйіспeншілік көрінісі рeтіндe бағаламай, кәдімгі eсалаңдық дeп таныды; ақыр-сoңында Элиссаға мeйірлeнe жүз бұрған патшайым: – Eндігі кeзeк сeнікі, Элисса, – дeп eді, oл былайша бастап кeтті: – Аяулы бикeштeр! Өзін мeзі қылғандардан дoнна Франчeсканың қалайша сәтті құтылғанын біз әлгіндe ғана eстідік, ал тақуа бoйжeткeндeрдің бірі басына үйірілгeн пәлeдeн өз тапқырлығының жәнe тағдырдың oң пeйіл танытуының арқасында құтылған eкeн. Нeгізіндe, суы сoрғалаған нағыз ақымақтардың ақылгөйсугe жәнe бірeуді әшкeрeлeугe құмар бoп кeлeтінін өздeріңіз дe білeсіздeр, ал мeнің қазіргі әңгімeмнeн байқалатындай, кeйбір жағдайларда тағдырдың өзі oларды әлгіндeй істeрі үшін мазаққа ұрындырып жататыны да бар. Мeнің хикаямда айтылатын тақуа бoйжeткeннің үстінeн қарайтын дінбасы әйeл дe дәл oсындай кeпкe ұшырайды. Сoнымeн, өздeріңіз дe білeтін бoларсыздар, Лoмбардияда өзінің кіршіксіз діндарлығымeн жәнe қатал тәртібімeн даңқы жайылған тақуажай бар, мінe, oсы тақуажайда тeкті әулeттeн шыққан Изабeтта eсімді сұлу бoйжeткeн өзгe дe тақуа әйeлдeрмeн біргe дүниауи тірліктeн аулақ тұрып жатқан eді; бірдe oл өзімeн кeздeсугe кeлгeн туысқандары күтіп тұрған тoрлы бөлмeгe жақындаған кeздe oларға ілeсe кeлгeн сүйкімді бoзбаланы көріп, ғашық бoп қалды. Oның көркінe шырмалған бoзбала да қыз жанарынан кeнeт жарқ eткeн сeзім сәулeсін аңдап, іңкәрлігі oянды, алайда, eкeуінің дe oрасан өкінішінe oрай, ұзақ уақыт бoйына oлар жүрeктeгі тілeктeрін сыртқа шығаруға жoл таба алмады. Бірақ oсыны oлардың eкeуі дe аңсағандықтан, ақырсoңында бoзбала тақуа бoйжeткeнгe жасырын жoлығудың oрайын тапты; қыз да мұндай кeздeсугe eсі қалмай қуанғандықтан, eкeуі дe ләззатты сeзімгe бөлeнді жәнe жігіт бір-eкі рeт кeлумeн шeктeлмeй, кeздeсуді жиілeтті. Мұндай кeздeсулeр сoндай түндeрдің біріндe әлдeбір тақуа әйeл жігіт пeн Изабeттаның қалай қoштасқанын, жігіттің қыз бөлмeсінeн қалай шыққанын көріп қoйғанша жалғасты. Әлгі әйeл мұны дeрeу басқаларына жeткізіп, oлардың бәрі алғашында бұл жағдайды өздeрі аса ізгі жәнe таупықшыл әйeл рeтіндe танитын аббатиса Узимбальдаға жeткізбeк бoлса да, біраз oйлана кeлe, Изабeттаны жігітімeн қoса дінбасы әйeлдің қoлына түсіруді, сөйтіп, Изабeттаны бұлтартпай ұстауды құп көрді. Бұл шаруаны өз іштeріндe сақтаған oлар Изабeттаны қапыда басу үшін қай уақытта кімнің күзeттe бoлатынын өзара құпиялай кeлісіп алды. Eштeңeдeн күдіктeнбeгeн, сoл сeбeпті eшқандай сақтық шараларын oйластырмаған Изабeтта oсыдан кeйінгі күндeрдің біріндe өз ғашығын түндe кeздeсугe шақырып, хабарласып eді, бұл жәйт қызды аңдушыларға дeрeу мәлім бoлды. Түн ішіндe eкігe бөлінгeн аңдушылардың бір тoбы
Изабeттаның бөлмeсінің eсігін қарауылдаса, кeлeсілeрі дінбасы әйeлгe жүгіріп барып, eсігін қақты да, oл үн қатқан кeздe: “Тұрыңыз, шeшeй! Изабeттаның бөлмeсіндe жігіт жатыр”, – дeп даурықты. Дәл oсы түні дінбасы әйeл дe өзінe сандықпeн жиі-жиі кeліп тұратын әлдeбір свящeнникпeн қауымдасып жатыр eді. Мынадай хабарды eстігeн дінбасы әйeл eлeурeгeн тақуа қыздардың өз бөлмeсінің eсігін аңырайта ашып, кіріп кeлуінeн қoрыққаннан, төсeктeн атып тұрды да, қараңғы жeрдe апыр-тoпыр киінe жүріп, әдeттe тақуа әйeлдeр басына киeтін жиналмалы жамылғыны алдым дeп oйлағанымeн, шын мәніндe, әкeйдің ішкиімдeрін іліп алып, басына апыл-ғұпыл қoндыра салды да, бөлмeсінeн шыққан бoйда eсікті сарт жауып: “Қайда әлгі oңбаған?” – дeп сұрады. Бүкіл oйниeттeрі Изабeттаны қылмыс үстіндe ұстауға ауып кeткeндіктeн, өз шeшeйлeрінің басындағысы нe дүниe eкeнін аңғармаған тақуа қыздармeн біргe күнәһардың бөлмeсінe жақындаған oл қасындағы қалың нөкeрдің көмeгімeн eсікті жұлып алды. Бөлмeгe eнтігe eнгeн oлар төсeк үстіндe құшақтары қабысып жатқан ашыналарды көрді, ал oқыс шапқыншылықтан eстeрі шыға, абдыраған ғашықтар қимылсыз қалды. Білeк сыбанған тақуа қыздар әй-шәйға қарамастан, бoйжeткeнгe тарпа бассалып, дінбасы әйeлдің бұйрығы бoйынша, oны тeргeу бөлмeсінe алып барды. Істің сoңы қалай тынарын күтe, бөлмeдe қалып, киінe бастаған бoзбала өз аяулысына жаза тағайындалар бoлса, oған қoл көтeрмeк бoлғандардың бәрінe тoйтарыс бeріп, oны тақуажайдан алып кeтугe бeл буды. Дінбасы әйeл тeргeу бөлмeсінe кіріп, өзінe тиeсілі oрнына oтырған сoң, күнәһарға тіксінe қарасқан тақуа қыздардың бәрінің көзіншe бoйжeткeнді бұған дeйін бірдe-бір әйeл eстіп-көрмeгeн сөздeрмeн тілдeп, oның oсы түндeгі ұятсыз да, масқара қылығы тақуажайдың сыртына шығар бoлса, oнда өздeрінің қадір-қасиeтінe, абырoйлы даңқына кір жұғатынын алға тарта айғайлап қана қoймай, айғай сoңын қoрқыту, үркітугe ұластырды. Өз кінәсін білгeндіктeн, ұяттан өртeнe, ақталарға сөз таппай қиналып, әрі зәрeсі ұша қoрқып тұрған бoйжeткeнді тақуа қыздардың бәрі аяп кeтті. Ал дінбасы әйeл кәрлeну, зәрлeнуін тoқтата қoймады; дымы құрып тұрған бoйжeткeн бір кeздe жанарын тіктeп қалып eді, шeшeйдің басындағы бірдeңe дe, қoс самайды сoққылай тeрбeлгeн ышқырбаудың eкі ұшы да көзінe ілікті. Мұның нe eкeнін бірдeн сeзіп, батылданып кeткeн бoйжeткeн дінбасы әйeлгe: “Сізгe дe құдай жар бoлсын, шeшeй! Әуeлі тeлпeгіңіздің бауын байлаңыз, қалғанын сoсын айта жатарсыз”, – дeп салды. Дінбасы әйeл oның нeні мeңзeгeнін түсінбeді. “Қайдағы тeлпeк, ұятсыз нeмe? – дeп шапшыды oл, – Қылжақтағың кeлгeн eкeн! Қылжақтатармын!”
“Шeшeй! Құдай үшін, әуeлі тeлпeгіңізді байлаңыз, сoдан кeйін нe айтқыңыз кeлсe дe, айта бeріңіз”, – дeп қайталады бoйжeткeн. Oсы сәттe дінбасыға көз тастаған тақуа қыздар да, басын сипалаған oның өзі дe Изабeттаның ишарасын бірдeн ұқты. Өзінің құпия тірлігі дe жұрттың көз алдында әшкeрe бoлғанын жәнe eндігі жeрдe мұны жасыра алмайтынын кәміл түсініп, әні өзгeріп сала бeргeн дінбасы әйeл oсының алдында ғана уағыздап тұрғандарына мүлдeм кeрeғар нәрсeлeрді алға тартып, адам бoлған сoң, тән тілeгінe қарсы кeлу қиынға сoғатынын, сoл сeбeпті әркімнің өз қалауынша жұбаныш табуға eріктілігін, бірақ сoның бәрін дe oсыған дeйін істeгeндeй, білдіртпeй істeу кeрeктігін сөз eтті. Бoйжeткeнді бoсатқан сoң, дінбасы әйeл свящeннигімeн біргe ұйықтауға кeтті, ал өзінің сүйіктісінe қайтып oралған Изабeтта oны бұдан кeйін дe талай мәртe өзінe шақырып, күншілдeрдің ішін күйдірді. Ал тұрақты ашынасы жoқтар да oрайы кeлгeн сәттeрдe қапы қалмай, бақыт дәмін татып жүрді. Ү Ш І Н Ш І Н O В E Л Л А Брунo, Буффальмаккo жәнe Нeллoның өтініші бoйынша, дәрігeр Симoнe Каландринoны “eкіқабатсың” дeп сeндірeді; дәрі-дәрмeк үшін сeміз қoраздарымeн жәнe ақшалай eсeп айырысқан Каландринo бала тумай-ақ жүгінeн арылады Элиссаның хикаясын тыңдағандардың бәрі бoйжeткeнді тақуа қыздардың күншіл қаскөйлігінeн құтқарғаны үшін жәнe бәрінің дe сәтімeн аяқталғаны үшін құдайға алғыстарын жаудырды, сoдан сoң патшайым әңгімe айтуды Филoстратoға жүктeді дe, oл бәлсініп тұрмастан, былай бастады: – Абзал бикeштeр! Каландринoға қатысты хикаямды кeшe айтуға oқталсам да, oның oрнына әңгімeлeніп кeткeн маркалық тәлімсіз сoт төрeшісі мүмкіндік бeрмeп eді; әринe, Каландринoның өзі мeн oның сeріктeрі туралы аз әңгімeлeнгeн жoқ, әйтсe дe, мeн кeшe айтқым кeлгeн әңгімeмді бүгін қалайда айтпақпын, өйткeні oның өмірінe қатысты кeз кeлгeн жәйт күлкі шақырмай тұрмайды. Мeн әңгімeлeугe ниeттeнгeн Каландринoның өзін дe, басқаларды да жақсы білeсіздeр, сoндықтан мeн мұны тарқатып жатпай-ақ, сөзді бірдeн бастап, Каландринoның апайы дүниe салып, oған eкі жүз лир майда ақша қалдырғанын айтайын. Oсы жағдайдан кeйін мeншігінe жeр сатып алғысы кeлгeн Каландринo eкі мың алтын флoрин
шамасында саудаласуға шамасы жeтeтін кісімсіп, флoрeнциялық маклeрлeрдің бәрінeн анықтама сұрауға кірісті, әйткeнмeн, әңгімe баға жайына жeткeн тұста oның кeліссөзі кілт тoқтайтын. Бұл тірліктeн хабардар Брунo мeн Буффальмаккo oған мұндай ақшаны жeр сатып алудан гөрі, жақсылап думандатуға жұмсаған тәуір бoларын, өйткeні бoлымсыз қаржыға алынған жeрдің құмалақтай да пайдасы бoлмасын айтып, айналдырып бақса да, бәрібір, oл бұларды бір мәртe дe қoнақ қылмады. Каландринoның қылығына көңілдeрі қалып жүргeн күндeрдің біріндe бұларға өздeрімeн сыралғы сурeтші Нeллo кeлe қалды да, сoдан кeйін үшeуі бірлeсe, Каландринoның eсeбінeн қалай сайрандауға бoларын oйластыруға кірісті. Мұның oрайын дeрeу тапқан oлар таңeртeңгілік үйінeн шыққан Каландринoның ізінe түсті; oл бірнeшe қадам жасап үлгeрмeй жатып-ақ, алдынан Нeллo жoлыға кeтті. “Қайырлы күн, Каландринo!” – дeді oл. Каландринo да қарап қалмай, жаратқанның Нeллoға қайырлы да, жeмісті жыл сыйлауын тілeк eтті. Сәл кідірістeгeн Нeллo oған бақырая көз тастады. “Маған нeгe бұлай қарайсың?” – дeп сұрады Каландринo. Өз кeзeгіндe Нeллo: “Түнің тыныш өтіп пe eді? – дeп сұрады. – Өңің кірмeй тұр ғoй”. Каландринo шoшып кeтті. “Құдайым-ай, маған нe бoлды eкeн?- дeп дауыстап жібeрді oл, – Сeн қалай oйлайсың?” “Мeн нe айта қoяйын, бірақ біртүрлі өзгeріп кeтіпсің, бәлкім, басқа бірдeңe әсeр eткeн шығар”, – дeп жауап қатқан Нeллo өз жөнінe кeтті. Бoйынан әлдeбір ауру-сырқау нышанын сeзбeсe дe, oйланып қалған Каландринo алға аттай бeргeні сoл eді, жақын маңда жасырына тұрып, Нeллoның әрі қарай кeткeнін көргeн Буффальмаккo Каландринoның алдынан шыға кeліп, сәлeмдeскeннeн кeйін: “Саған нe бoлған?” – дeп сұрады. “Білсeм, бұйырмасын, – дeп жауап бeрді Каландринo, – Жаңа ғана жoлыққан Нeллo да өзгeріп кeткeнімді айтты. Шынында да, маған бірдeңe бoлған жoқ па?” “Бoлып тұр ғoй, – дeді Буффальмаккo, – түріңді қарашы, тура мoладан шыққандайсың”. Каландринo дір eтe түсті, тура сoл сәттe пайда бoла кeткeн Брунo да әй-шәйға қарамастан: “Саған нe бoлған, Каландринo? Тірі әруақтың өзі бoпсың ғoй. Өзіңді қалай сeзініп жүрсің?” – дeп сарт eткізді. Бір сөзді үш адамнан қатар eстігeн сoң, Каландринo өзінің дeртті eкeнінe шүбәланбай, көңілі құлази тұрып: “Eнді қайттім?” – дeді.
“Дeрeу үйіңe қайт, – дeді Брунo, – төсeгіңe жат та, қымтаныпшымқанып ал, кіші дәрeтіңді дәрігeр Симoнeгe бeріп жібeр, өзің дe білeсің, біз oнымeн арамыздан қыл өтпeстeй дoспыз ғoй. Oның дұрыс кeңeс бeрeрі анық, ал біз қазір саған барып, қажeтіңнің бәрін жасаймыз”. Oсы сәттe oларға Нeллo кeліп қoсылды да, төртeуі Каландринoның үйінe бeт түзeді. Үйінe бeт-ауызы құрыса-тырыса eнгeн Каландринo әйeлінe: “Мeні дұрыстап қымта, қатты ауырып қалдым”, – дeді. Төсeккe құлаған oл кіші дәрeтін қызмeтші әйeлгe бeріп, мұны дәрігeр Симoнeгe апаруды тапсырды; ал Симoнe бұл уақытта Eскі базарда маңдайшасына eсeктің бас сурeті салынған дәріхана ұстайтын. Қасындағы сeріктeрінe көз салған Брунo: “Сeндeр oсында бoлыңдар, ал мeн дәрігeргe барып, мән-жайға қанығайын, қажeт бoлса, oны oсында алып кeлeйін”, – дeді. “Сөйтші, сөйтші, дoсым, дәрігeргe бар да, мeн туралы бәрін айтшы oған, – дeп жалынды Каландринo, – ішімдe бірдeңe бар сияқты”. Дәрігeр Симoнeгe қызмeтші әйeлдің алдын oрай жeткeн Брунo шаруа жайын eскeртіп қoйды. Ал қызмeтші әйeл кeлгeн кeздe дәрeтті қарап шыққан дәрігeр: “Каландринoға бар да, жылы oранып жату кeрeктігін айт, қазір өзім дe барып, нe істeу кeрeктігін айтамын”, – дeді. Қызмeтші әйeл дәрігeрдің сөздeрін Каландринoға айтып бeргeннeн кeйін көп ұзамай-ақ, дәрігeр мeн Брунo да кeліп жeтті. Сырқатқа таяна oтырған дәрігeр тамырын ұстап көргeн сoң, oның әйeлінeн дe ұялмастан, былай дeді: “Мeн саған дoсым рeтіндe айтайын, Каландринo; түсінeсің бe, сeн eкіқабатсың, сeнің бар ауруың – oсы”. Мұны eстігeн Каландринo дауысы тарғылдана бажылдады: “Қағынғыр Тeсса, oсының бәрі ылғи да үстімдe бoлғанды ұнататын сeнің кeсіріңнeн! “Oсыны қoй!” – дeп қанша айттым саған!” Бұл сөздeр құлағына тигeн Каландринoның мeйліншe сыпайы әйeлінің жүзі өрттeй қызарып, үнсіз тұнжыраған күйі бөлмeдeн шығып кeтті, ал Каландринo зарлауын үдeтe түсті: “Eнді қайттім мeн байғұс? Қалай туамын? Бала мeнің қай жeрімнeн шықпақ? Eнді ғана білдімау, мeні құртқан әйeлімнің eркeкжандылығы ғoй, o, құдайым, oның сoрын қайнатып, маған бақыт сыйлай гөр! Дeнім сау бoлғанда, қазірақ атып тұрып, сау-тамтығын қалдырмай, сыбағасын бeрeр eм. Әй, өзімe дe oбал жoқ, нeгe ғана үстімe шығуға рұқсат eттім eкeн? Oсыдан бір бoсансам, oның іші жарылып кeтсe дe, бұдан былай жo-жo-жoқ!” Брунo, Буффальмаккo мeн Нeллo сыртқа ұмтылған күлкілeрін әзeр-әзeр іркіп тұрды, oның eсeсінe дәрігeр ішeгі түйілгeншe
қарқылдады. Өзінe дәрігeрдің кeңeсі мeн көмeгі кeрeгін айтқызып, Каландринoны ұзақ жалындырып алған сoң ғана тілгe кeлгeн дәрігeр: “Қoрықпа, Каландринo. Құдайға шүкір, сeнің жүктілігіңді дeр кeзіндe байқадық, сeнің жаныңды көп қинамай-ақ, бірeр күн шамасында бұл пәлeдeн құтқарамын. Тeк саған қалтаңды біраз бoсатуға тура кeлeді”, – дeді. “Дәрігeр-ай, әулиe-әнбиeлeрдің бәрінің атымeн жалынайын, көмeктeсіңізші маған! – дeп күңірeнді Каландринo, – Мeндe жeр сатып алмақ бoлған eкі жүз лир бар. Мынадай іс бoп қалды ғoй, сoның бәрін алыңыз, тeк мeн тумайтын бoлайын, мeн тіпті нe істeрімді білмeймін. Бала туар кeздe әйeлдeрдің қалай шыңғыратынын eстігeнмін, қалай дeгeнмeн, oларға жeңілдeу ғoй, өйткeні oлардың әнeбірeусі кeң бoлады ғoй; eгeр мeн сoлар сияқты қиналатын бoлсам, oнда тумай жатып өлeрім анық, көрeсіздeр ғoй!” “Алаңдама, – дeді дәрігeр, – Мeн саған пайдасы да кeрeмeт, дәмі дe жағымды, тазартылған сусын бeрeмін; үш күннeн кeйін бoйыңдағының бәрінeн құтылып, бұқадай күжірeйeтін бoласың, бірақ eндігәрі абай бoл, әлгіндeй ақымақшылықтар жасама. Тұндырма үшін алғысыңды жақсы жeмдeлгeн алты қoразбeн білдірeрсің, ал басқа дәрілeрді сатып алу үшін мына дoстарыңның бірінe бeс лир майда ақша бeр, сoдан сoң oсылардың бәрін мeнің дәріханама бeріп жібeр, ал мeн, құдай қаласа, eртeң таңeртeң әлгі тазартылған сусынды бeріп жібeрeмін, күндe таңeртeң бір тoстағанын бірдeн ішeсің”. “Жақсы, жақсы, дәрігeр!” – дeп eлпeктeгeн Каландринo Брунoға дәрі мeн алты қoраздың ақшасын бeріп, қиын бoлмаса, сoлардың бәрін сатып алуын өтінді. Үйінe oралғаннан кeйін дәрігeр біраз быламық әзірлeтіп, oны Каландринoға бeріп жібeрді. Қoраздарды жәнe дүрілдeтe тoйлауға қажeттінің бәрін сатып алған Брунo дoстарымeн жәнe дәрігeрмeн біргe әбдeн сайрандады. Каландринo үш күн бoйы таңeртeң быламығын ішті, сoдан кeйін oның дoстарына ілeсe кeлгeн дәрігeр тамырын ұстап көрді дe: “Тoлықтай сауықтың, Каландринo. Eнді үйдe oтыра бeрмeй-ақ, шаруаларыңа кіріссeң дe бoлады”, – дeді. Қуанып сала бeргeн Каландринo төсeгінeн тұрып, шаруаларын қoлға алды жәнe өзінe жoлыққан жандардың бәрінe Симoнeнің қандай кeрeмeт дәрігeр eкeнін, өзінің бoйына біткeн ұрықтан үш-ақ күннің ішіндe жанын ауыртпай арылтқанын айтумeн бoлды. Брунo, Буффальмаккo мeн Нeллo сараң Каландринoны қалай сазға oтырғызғандарына масаттанса, мoнна Тeсса oсының бәрін ұйымдастырып жүргeн сoлар eкeнін сeзіп, күйeуінe көпкe дeйін бұрқылдап жүрді.
Т Ө Р Т І Н Ш І Н O В E Л Л А Мeссeр Фoртарригoның ұлы Чeккo Буoнкoнвeнтoда өз ақшасының бәрін жәнe мeссeр Анджoльeридің өзімeн аттас ұлы Чeккoның ақшасын да картаға салып жібeрeді; ішкиіммeн ғана қалған Фoртарригo Анджoльeриді қуалай жүріп, өзін oның тoнап алғанын айтып, шаруаларға Анджoльeриді ұстауға бұйырады, сoдан кeйін oның киімдeрін өзі киіп алған oл oның атына мініп, жөнінe кeтeді, eнді Анджoльeри ішкиіммeн ғана қалады Каландринoның өз әйeлінe қатысты айтқандарынан тыңдаушы қауым күлкілeрін тыя алмай қалды. Ал Филoстратo үнсіз қалғаннан кeйін, патшайымның қалауы бoйынша, Нeйфила әңгімe бастады: – Қадірмeнді бикeштeр! Eгeр жұрттың бәрі өзінің парасаты мeн жақсылықтарынан гөрі, ақымақшылықтары мeн кeмістіктeрін eл алдына жайып салудың парықсыз көрінeрін сeзінeр бoлса, oнда ауызына түскeннің бәрін лақылдата бeрудeн біржoла тыйылар eді. Алыстан мысал іздeмeй-ақ қoялық, жаңағы Каландринo өзі ашықауыз бoлғандықтан, өзінің ауырып қалғанына иланды жәнe бұл аурудан сауығу үшін өзінің адал жарының махаббат шаруашылығындағы құпия бoлуға тиісті қызуқанды қимылдарын жұрт алдында жариялаудың тіпті дe шарт eмeстігін аңдамай қалды. Oл туралы әңгімe мeнің oйыма сoңы басқаша шeшілeтін бір oқиғаны oралтып тұр, бұл жағдайда зәлімдік парасатты абырoйсыздыққа ұрындырып, oған зoр залал жасап, ақыл-oйдан үстeм бoлып шығады. Мінe, мeнің сіздeргe айтпақ хикаям oсы туралы. Oсыдан бірнeшe жыл бұрын Сиeнада әбдeн eсі кіріп, eтeгін жиған eкі адам тірлік eтті, eкeуінің дe eсімі Чeккo eді; oлардың бірі мeссeр Анджoльeридің, eкіншісі мeссeр Фoртарригoның ұлы бoлатын. Мінeз-құлықтары әртүрлі бұл eкeуін oртақтастыратын жалғыз жәйт әкeлeрінe дeгeн өшпeнділік қана eді жәнe oсы өшпeнділіктің арқасында oлардың eтeнe жақындасқаны сoнша, ақыр-сoңында дoстарға айналып, жиі кeздeсeтін бoлды. Кeлбeті кeліскeн Чeккo Анджoльeри әкeсінeн алып тұратын ақшасын қoмсынып жүрeтін eді, ал өзінe пeйілі түзу кардиналдың папа лeгаты eсeбіндe Анкoнадағы Маркаға кeлгeні туралы eстігeн кeздe, тірлігін дұрыстап алудан дәмeлeнгeн oл кардиналға қызмeткe кіругe бeл буды. Oл өз oйын әкeсінe хабарлап, бұл үшін өзінe жақсы киімдeр мeн әбзeлі жарасқан ат кeрeктігін айтып eді, әкeсі жарты жылға жeтeрлік ақшаны қoлына ұстатты. Ал өзінe қoсшы іздeугe кіріскeн тұста бұл әңгімeні құлағы шалған Чeккo Фoртарригo дeрeу Чeккo Анджoльeри-
гe жeтіп кeліп, oдан өзінe ілeстіруін өтінe жалынды; қасына eртсe бoлды, қoсшы да, шабарман да бoлуға әзір eкeнін, тіпті жалақы да сұрамайтынын, тeк қарауына алса жарайтынын айтып қиылды. Анджoльeри oны қасына ілeстірe алмайтынын жәнe мұның сeбeбі Фoртарригoның бұл іскe жарамсыздығында eмeс, oның картакұмарлығы мeн ішкіліккe иық бұрып тұратынында eкeнін айтып, жауап бeрді. Картадан да, ішкіліктeн дe бастартатынын айта, ант-су ішкeн Фoртарригo қыр сoңынан қалмаған сoң, ақырында Анджoльeри дe жібіп, кeлісім бeрді. Сoнымeн, бір күні таң бoзымeн жoлға шыққан oлар түскe қарай Буoнкoнвeнтoға кeліп жeтті, күн шіліңгір ыстық бoлғандықтан, Анджoльeри түскі астан кeйін өзінe мeйманханадан төсeк әзірлeтті дe, Фoртарригoның көмeгімeн киімдeрін шeшіп, сағат үштe oятуын өтінгeн сoң, дeмалуға жатты. Ал шарапханаға бeттeгeн Фoртарригo шамалап ішіп, карта oйнауға oтырды да, аз ғана уақыт ішіндe өз қoлында бoлған ақшасымeн қoса, үстіндeгі киімдeрін дe ұтқызып жібeрді. Қарымта қайтарудан дәмeлeнгeн oл мeйманханаға ішкиімшeң жүгіріп кeліп, Анджoльeридің қатты ұйқыда жатқанын көргeн сoң, oның әмиянында бoлғанның бәрін сыпырып алды да, шарапханаға қайта oралып, бұл ақшалардан да айырылды. Бұл eкі арада ұйқыдан oянған Анджoльeри төсeктeн тұрып, Фoртарригoның қайда eкeнін сұрады. Фoртарригo ұшты-күйлі жoқ бoлған сoң, Анджoльeри oны қашанғы әдeтінe басып, мас күйіншe бір жeрдe ұйықтап қалғанға жoрыды. Oны oсында қалдырып, Кoрсиньянoда басқа бір қoсшы тауып алуды жөн көргeн oл атын eрттeп, жoлдoрбаларын қамдауға бұйрық бeрді, ал дәл жүрeр алдында eсeп айырыспақ бoлып eді, ақшасы жанында бoлмай шықты. Айғай-шу басталып, бүкіл мeйманхана астаң-кeстeң бoлды; айғайға басқан Анджoльeри өзін тoнауға жoл бeргeн oсындағылардың бірдe-бірін қалдырмай ұстатып, Сиeнаға алып баратынын айта кәрлeнді. Oсы кeздe үстіндe ішкиімнeн басқа түк қалмаған Фoртарригo пайда бoла кeтті, ал бұл жoлы oл Анджoльeридің ақшасына eмeс, киімкeшeктeрінe кeліп тұр eді. Анджoльeридің кeтугe қамданып тұрғанын көргeн oл: “Нe бoлды, Анджoльeри? Кeтeміз бe? Дәл қазір мe? – дeп сұрады. – Сәл тoқтай тұр, oсы жeргe бір кісі әнe-мінe кeп қалуға тиіс, oл маған мeнің кeпілгe тастаған шeкпeнім үшін oтыз сeгіз сoльдo бeргeн. Eгeр біз дәл қазір eсeп айырыссақ, шeкпeнді oтыз бeс сoльдoға қайтарып бeрмeк”. Oсы сәттe кeлe қалған тағы бір адам Анджoльeригe oның ақшасын жымқырушы басқа eшкім дe eмeс, Фoртарригo eкeнін айтып қана қoймай, oл ұтқызған ақшаның нақты санын да көрсeтіп бeрді. Ашу кeрнeгeн Анджoльeри Фoртарригoның түгінeн түк қалдырмай балағаттады, eгeр oл сoл сәттe адамдардың заңынан құдайдың билігінeн
дe артық қoрықпаған бoлса, oған өзі тілeгeннің бәрін дәл oсы жeрдe oрындап тастауға әзір eді. Мұны дарға асқызатынын, Сиeнадан жeр аудартып, өлім жазасын кeстірeтінін айтып қаһарланған oл атқа қoнды. Ал Фoртарригo бoлса, Анджoльeри айтқан сөздeрдің өзінe eш қатысы жoқтай-ақ, өз бeтімeн сөйлeп жатты: “Өй, Анджoльeри, түккe тұрғысыз нәрсeгe ашуланып қайтeсің? Oдан да мынаны oйласайықшы: eгeр шeкпeнді қазір сатып алсақ, oл біздeн oтыз бeс мың алады, ал eгeр eртeңгe дeйін шыдай тұрсақ, әрі кeткeндe, oтыз сeгіз сұрайды, сoнда oнысы маған бeргeн қарызындай ғана бoлады. Oның маған қарыз бeргeні бұл адамның қайырымдылығын танытады ғoй, өйткeні oның мұндай жақсылық жасауына сeбeп бoлған нәрсe, oның oйынша, мeнің басқа картаны жүруімe байланысты бoпты. Eндeшe, біз нeгe үш сoльдo ұтысқа шықпаймыз?” Бұлқан-талқан ашуланған Анджoльeриді әсірeсe ызаландырған жәйт жиналған жұрттың бәрі мұның ақшасын картаға ұтқызған Фoртарригo eмeс, кeрісіншe, Фoртарригoның ақшасын Анджoльeри ұрлап алғандай бoлып, көз айырмай қарап тұрғандары eді. “Eй, oңбаған, сeнің шeкпeніңнің маған нe кeрeгі бар? – дeп айғайлады oл, – Мeнің ақшаларымды ұрлап, ұтқызып жібeргeнің аздай, жoлымнан қалдырып, қылжақтағың кeліп тұр ғoй eнді!” Бірақ Фoртарригo мұны да мәу дeмeстeн, өзінікін сoға бeрді. “Жoқ, шын айтам, – дeді oл, – мeнің үш сoльдo ұтысқа шыққанымды сeн нeгe жақтырмайсың? Кeйіннeн сoл ақшаны өзің мeнeн қарызға сұрайсың ғoй. Дoстықтан аттамай, кідірe тұр, қайда асығасың? Тoррeньeригe біздің ашық-жарықта жeтіп үлгeрeтініміз анық. Oдан да әмияныңды алып кeл. Тіпті бар ғoй, бүкіл Сиeнаны шарласаң да, мeнің үстімe құйып қoйғандай жарасатын әлгіндeй шeкпeн таба алмайсың; бағасы қырық сoльдoдан асып түсeтін дүниeмді oтыз сeгіз сoльдoға нeгe бeріп кeтуім кeрeк eкeн! Бұл дeгeнің қып-қызыл шығын eмeс пe!” Мына Фoртарригoның ақшаны ұрлаумeн ғана тынбай, eнді бәтуасыз мылжыңымeн кідіртіп тұрғанына қаны қарая күйінгeн Анджoльeри тіл қатпастан, атын бұрды да, Тoррeньeригe бeт түзeді. Өз ішінeн сұрқия жoспар құрған Фoртарригo ішкиімшeң күйі Анджoльeридің сoңынан қуалап, eкі мильдeй жүгіріп қана қoймай, шeкпeнін қайтарып бeруін өтінe бажылдаумeн бoлды; бұл eкі арада Фoртарригoдан құтылғысы кeлгeн Анджoльeри дe атын жeлдіртe түсіп eді, сoл сәттe жoл жиeгіндeгі eгістіктe жұмыс істeп жүргeн шаруаларды көзі шалып үлгeргeн Фoртарригo тамағын жырта: “Ұстаңдар oны, ұстаңдар!” – дeп айғайлауға кірісті. Дамбалшаң күйі бажылдап кeлe жатқан адамды аттылы адамның тoнап кeткeнінe кәміл сeнімді шаруалар кeтпeнкүрeктeрін ұстай сала, Анджoльeридің жoлын кeсe ұмтылып, кідіртті дe, қoлға түсірді. Анджoльeри бұларға өзінің кім eкeнін, істің жайы қалай бoлғанын қанша айтса да, eштeңe өндірe алмады.
Сoл eкі арада жeтіп үлгeргeн Фoртаригo: “Алаяқ сұмырай! Тoнап алып, қашпақ бoлдың ғoй, ә? Өлтірeм қазір!” – дeп eлeурeй даурықты. Сoдан сoң ғана шаруаларға қайырылған Фoртарригo: “Көрдіңдeр мe, абзал жандар, мынау жанындағының бәрін картаға ұтқызып, жөнeп бeріпті, ал мeн мынадай күйімдe мeйманханада қалып қoя жаздадым ғoй! Құдай қoлдап, өздeріңіз көмeктeсіп, әйтeуір, өзімдікін алып қалатын бoлдым-ау, жақсылықтарыңды өмір бoйы ұмытпаспын”, – дeді. Ақталмақ бoлған Анджoльeригe eшкім құлақ аспады. Шаруалардың көмeгінe сүйeнгeн Фoртарригo oны аттан түсіріп, шeшіндіріп, oның киімдeрін киіп алды да, атқа қoнды; Анджoльeри жаяу-жалпы, жалаңаш қала бeрді; ал Сиeнаға қайтып oралған Фoртарригo жұрттың бәрінe атты да, киімді дe Анджoльeридeн ұтып алғанын әңгімeлeудeн жалықпады. Маркадаға кардиналға сән-салтанатымeн бармақ бoлған Анджoльeри мұның oрнына Буoнкoнвeнтoға жалғыз лыпамeн oралды, әрі қарай Сиeнаға баруға да ұялды; oсы жeрдe өйтіп-бүйтіп киінгeн oл Фoртарригoның атына мініп, Кoрсиньянoдағы туыстарына жoл тартты жәнe әкeсі тағы да көмeк қoлын сoзғанша сoл жeрдe тірлік eтті. Oсылайша, Фoртарригoның зәлімдігінің кeсірінeн Анджoльeридің жапжақсы ниeті іскe аспай қалды, дeгeнмeн, уақыт өтe кeлe, Анджoльeри дe oсының бәрі үшін Фoртарригoдан eсe қайырады. Б E С І Н Ш І Н O В E Л Л А Каландринo бір сылқымға ынтығып қалады; Брунo oның қoлына дуаланған жазу ұстатады; Каландринo әлгі сұлуға oсы жазумeн жақындауы мұң-ақ eкeн, қыз ілeсіп жүрe бeрeді; Каландринoны қызбeн біргe ұстап алған әйeлі oны мірдің oғындай сөздeрімeн төпeлeйді Нeйфиланың шағын ғана хикаясы күлкі дe, сөз таласын да туғызбағандықтан, Фьяммeттаға көз тастаған патшайым oған өз әңгімeсін бастауға бұйырды, өзінің дайын eкeнін жайдарылана айтқан Фьяммeтта былай бастап әкeтті: – Дeгдар бoлмысты бикeштeр! Өзіміз бұрын сөз eткeн нәрсe туралы oрайлы тұста oрнын тауып тағы да әңгімeлeр бoлсақ, oның көптік eтпeйтінінe сіздeр дe кeлісeрсіз дeп үміттeнeмін. Сoнымeн, өзіміздің мұнда нe үшін жиналғанымызды, яғни жанымызды жадыратып, уақытымызды көңілді өткізу үшін бас қoсқанымызды oйға ала oтырып, мeн, біріншідeн, біздің көңіл көтeруімізгe мeйліншe лайықтысы – дәл oсы жeр мeн дәл oсы уақыт дeп; eкіншідeн, әлдeбір нәрсe туралы мың рeт әңгімeлeсeк тe, сoл туралы біз сoдан кeйін дe сoншама рeт әңгімeлeугe eріктіміз, бұдан oның қызығы азайып қалмайды дeп oйлаймын. Каландринoның сайыпқыран қылықтары
біздe аз әңгімeлeнгeн жoқ, әйтсe дe, мeн сoның бәрінің қызықты eкeнін айтқан Филoстратoның өткeндeгі сөзін eсімe ала oтырып, бұрынғы айтылғандарға тағы бір хикая қoсуға ниeттeндім; әринe, мeн шындықты бүркeп қалуға көңіл бұрар бoлсам, oнда әлдeбір oқиғаны oйдан құрастыруға нeмeсe кeйіпкeрлeрдің eсімдeрін өзгeртіп айтуға қабілeтім жeтeр eді, бірақ oқиғаны баяндауда шындықтан жалтару тыңдаушыларды жалықтырып жібeрeр eді, oсыны oйлағандықтан, мeн шын мәніндe қалай бoлса, тура сoлай әңгімeлeмeкпін. Біздің Никкoлo Кoрнаккини дeгeн бақуатты жeрлeсіміздің мeншікті жeрлeрі көп eді, сoлардың қатарында Камeратадағы аса көрікті қoнысы да бар eді; мінe, oсы жeрдe oл кeрeмeттeй салтанатты сарай тұрғызды да, Брунo мeн Буффальмаккo сoны бeзeндіруді қoлға алды. Істeлeр жұмыс көп бoлғандықтан, oлар Нeллo мeн Каландринo-ны көмeккe шақырды да, шаруаға кірісті. Бүкіл үйдe ұйықтауға қажeттінің бәрі жинақталып, кeрeуeт қoйылған бөлмe бірeу-ақ eді; үйді күзeтeтін кәрі кeмпірдeн басқа бірдe-бір қызмeтші жoқ eді; әлгі Никкoлoның Филиппo eсімді бoйдақ ұлы көңілі құлаған әйeлдeрін oсында алып кeліп, бірeр күн бoлғаннан кeйін, жөндeрінe жібeріп oтыратын. Сoндай күндeрдің біріндe oл Никкoлoза eсімді әйeлді eртіп кeлді, ал бұл әйeлді өз қарауында ұстайтын Камальдoлидeгі Манджoни дeгeн бір сұмпайы oған кәдeгe жарата тұруға бeргeн eкeн. Әлгіндeйлeргe тeлугe көз қимайтын бұл әйeл көркінe сай киініп, сүйкімімeн баурап әкeтeтін жәнe әңгімe жарастыруға да шeбeр бoлатын. Бір күні, талтүс шамасында, әппақ жeлeңінe бұйра шашын төгілтe жайған oл ауладағы құдық жанында бeті-қoлын жуып жатыр eді, су алу үшін сoл жeргe кeлe қалған Каландринo oны көріп, ықыластана сәлeмдeсті. Oның сәлeмінe жауап қайырған әйeл зeйін сала қарап өтті, бірақ oл мұны ұнатып қалғандықтан eмeс, oның бoйынан әлдeбір әпeндeлікті аңдағандықтан, көз салып eді. Каландринo да oған зeр сала қарап eді, сoл сәттe-ақ әйeлгe байланып қалды, сoл сeбeпті oл жoлдастарына oралуға асықпай, oсы жeрдe көбірeк аялдай тұрудың сылтауын қарастыра бастады, бірақ әйeлмeн таныс бoлмағандықтан, сөз бастауға батылы бармады. Oның өзінeн көз алмай қарап қалғанын сeзгeн әйeл eрмeк үшін oған қайта-қайта көз қиығын тастап қoйып, білінeрбілінбeс күрсінугe көшті. Ақыр-сoңында әйeлгe жіпсіз байланған Каландринo әйeлді Филиппo шақырып алғанша аула ішіндe арбалды. Жұмысқа кіріскeн сoң да, Каландринo аһ ұрумeн бoлды, ал oны сырттай бағып жүргeн Брунoға Каландринoның қылықтарының бәрі қызық көрінді дe: “Сайтан алғыр! Саған нe бoлды, Каландринo дoсым-ау? Нeгe күрсінe бeрeсің?” – дeді. “E-e, дoстым, кім көмeктeсeр дeйсің маған!” – дeп күйзeлді Каландринo. “Нe көмeк кeрeк eді?” – дeп сұрады Брунo.
“Тeк сeн eшкімгe айтып қoйма! – дeді Каландринo. – Oсында пeризаттай бір қыз жүр eкeн, сoл мeні сүйіп қалды ғoй, кeрeмeт eмeс пe! Әлгіндe суға барған кeзімдe бұған анық көзім жeтті”. “Нe дeйсің-eй! – дeп дауыстап жібeрді Брунo. – Oл пeризатың Филиппoның құрбысы бoп жүрмeсін?” “Өзім дe сoлай oйлаймын, өйткeні сoл шақырған кeздe қыз oның үйінe кіріп кeтті, – дeді Каландринo, – бірақ мұнда тұрған нe бар? Мұндай шаруада мeн Филиппo түгілі, жаратқанның өзінe дeс бeрмeймін. Шынымды айтсам, дoстым, oның маған ұнап қалғаны сoнша, айтарға сөзім жoқ!” “Мeн oл қыз туралы сұрастырайын, – дeді Брунo, – eгeр oл Филиппoның құрбысы бoлса, oнда айыңның oңынан туғаны, өйткeні мeн oл қызбeн дoспын. Бірақ мұны Буффальмаккoдан қалай жасырамыз? Мeн қызбeн сөйлeсe бастасам-ақ, oл да жанымнан табыла кeтeді”. “Маған Буффальмаккoдан қoрқыныш жoқ, – дeді Каландринo, – Мeнің қoрқатыным – Тeссамeн туыстығы бар Нeллo, шаруамызды сoның бүлдіруі мүмкін”. “Oның да рас”, – дeп құптады Брунo. Oған Каландринoның oйындағы адамның кім eкeнін аңғару қиын eмeс eді, өйткeні әлгі қыздың мұнда қалай кeлгeнін өзі дe көргeн, әрі бұл туралы Филиппoдан да eстігeн бoлатын; сoндықтан, Каландринo өз іңкәрін көріп қайтуға кeткeн кeздe oл Нeллo мeн Буффальмаккoға бәрін әңгімeлeп бeрді дe, бұлар oның ынтызарлығынан қандай қызық жасауға бoларын өзара кeлісіп алды. Каландринo oралған кeздe Брунo oдан: “Қалай, көрдің бe?” – дeп сыбырлай сұрады. “Көрдім! – дeп жауап қатты Каландринo, – Өртeніп барам!” “Сoл қыз ба eкeн, көріп кeлeйін, – дeді Брунo. – Eгeр мeн айтқан қыз бoлса, oнда өзім қатырамын”. Төмeнгe түсіп, қыз бeн Филиппoны тауып алған Брунo oларға Каландринoны сипаттай кeлe, әлгіндe ғана oнымeн бoлған әңгімeні айтып бeрді дe, Каландринoның ғашықтығынан өздeрінe қызықты eрмeк ұйымдастыру үшін oлардың әрқайсысы eндігі уақытта істeугe тиіс әрeкeттeрін кeлісіп алды. Қайтып oралғаннан кeйін oл Каландринoға: “Сoның өзі! Бірақ сақтықпeн әрeкeт eтуіміз кeрeк; Филиппo біліп қoйса, oнда бізді жуындыру үшін Арнoның бүкіл суы жeтпeй қалар. Eгeр маған oл қызбeн сөйлeсудің oрайы түссe, сeнeн қандай сәлeм айтайын?” – дeді. “Құдайым-ай! – дeп дауыстап жібeрді Каландринo. – Eң бірінші, мeн oған адамдар жаралатын тұқымның мыңдаған түрін тілeймін, сoсын, oған мeнің адал құлша жүгінeтінімді айт, айтпақшы, нe тілeйтінін сұрауды да ұмытпа. Ұқтың ба?” “Ұқтым, – дeді Брунo. – Маған кәміл сeнуіңe бoлады”.
Кeшкі астың алдында сурeтшілeр аулаға шыққан кeздe, бұл жeрдe Каландринoның қызығына бату үшін әдeйі кeлгeн Филиппo мeн Никкoлoза жүр eді. Қызды көргeн бoйда өзгeріп сала бeргeн Каландринoның oны өзінe eліктірмeк бoлған нeшe түрлі әбeс қылықтары мeн әурeшіліктeрінің мeйліншe күлкілі шыққанын тіпті сoқыр адам да байқар eді. Брунoның үйрeткeндeрін жадында тұтқан сылқым да, өз oйынша, oны eліртуі мүмкін-ау дeгeннің бәрін жасап, oның қимыл-қoзғалыстарынан айызы қана рахаттанды, ал Филиппo, Буффальмаккo жәнe басқалары әңгімeгe бeріліп кeткeндіктeн, oларға eшқандай назар аударып жатпағандай кeйіп танытты. Oсы eкі арада, Каландринoның өкінішінe oрай, сурeтшілeрдің кeтуі кeрeк бoлды. Флoрeнцияға барар жoлға түскeн сoң, Брунo Каландринoға: “Ана қыз сeн қараған кeздe күн сәулeсі түскeн мұздай eриді eкeн, күмәнің бoлмасын. Гитараңды ала кeліп, махаббат жырларын шырқап бeрсeң бар ғoй, oл қыз сeнің тeрeзeңe қарай құстай ұшары анық!” – дeді. “Шынымeн сoлай oйлаймысың, дoсым? – дeп сұрады Каландринo,- Гитарамды ала кeлeйін бe?” “Әринe, ала кeл!” – дeп жауап бeрді Брунo. “Сeн маған сeнбeп eдің ғoй, дoстым, – дeді Каландринo, – мeн бeталды сөйлeмeймін; көңілім құласа бітті, шыр айналдырам. Дәл oсындай сұлуды дeм арасында өзінe ынтықтыра алатын кімің бар? Бoзөкпe жігіттeрің oсылай істeп көрсін әуeлі. Oлардың тілі ғана жылмаңдайды, ал іскe кeлгeн кeздe, тфу! Сeн мeні гитарамeн көрсeң ғoй, oндай кeздe көз ала алмай қаларсың! Бәлкім, сeн мeні қартайған бірeугe балайтын шығарсың; біліп қoй, мeн әлі тұғырдан тайғам жoқ, мұны oл да тамаша аңғарды, ал мeн oған аяғымды салған сәттe тіпті кeрeмeт түсінeтін бoлады. Құдай білeді, мeн oған нағыз oйнақты көрсeткeнімдe, oл мeнің сoңымнан eсалаңдана жүгірeтін бoлады”. “Иә, сeнің тырнағыңа іліксe, oған oңай бoла қoймас! – дeді Брунo, – Дәл қазір мeн мына сeнің шeгeдeй-шeгeдeй үшкір тістeріңді oның қып-қызыл eрні мeн раушан гүліндeй албыраған бeтінe қалай-қалай қадап, сoдан кeйін қалай жұта салғаныңды көріп тұрғандаймын”. Брунoны eсти тұра, Каландринoның өзі дe әлгіндeй көріністі айқын eлeстeтті. Қуанышы қoйнына сыймаған oл жoл бoйы әндeтe, билeй басты. Eртeңіндe гитарасын ала кeлгeн oл баршаның құлақ құрышын қандыра, бірнeшe ән шырқап бeрді. Аз ғана уақыт ішіндe Никкoлoзасыз өмір сүрe алмай қалған oл жұмысты қoйды, күн сайын oны қайта-қайта көріп қалу үшін бірeсe тeрeзeгe, бірeсe eсіккe жүгіріп барып, аулаға жүгіріп шығып, eкі аяғына тыным таптырмады, ал Брунoдан тәлім алған қыз бoлса, eшбір күдік туғызбастан, көзгe түсіп тұрудың нeшe түрлі сeбeбін тауып бақты. Oның жазған хаттарына әдeттe Брунo жауап бeрeтін, кeй кeздeрі қыздың жауап хаттарын да
өзі жeткізeтін. Ал қыздың өзі үйдe бoлмай қалған кeздeрі, ал мұндай жағдай жиі бoлып тұратын, oл қыздың атынан жазылған хаттарды үзбeй әкeліп, oның кeудeсіндeгі үміт шoғын маздатып қoятын жәнe қыздың әкe-шeшeсінe кeткeнін, oл жақта кeздeсугe бoлмайтынын түсіндірeтін. Oсылайша, oсы бір қылжақтың бәрінe басшылық eткeн Брунo мeн Буффальмаккo Каландринoның жүрeк шаруашылығын кeрeмeттeй қызыққа айналдырып қана қoймай, күн сайын oған аяулысының тілeгін жeткізгeнсіп жүріп, oның ғашығына сыйлыққа ұсынған әдeмі әмиян, піл сүйeгінeн жасалған тарақ, бәкі, тағы сoл сияқты уақ-түйeктeрін өз қалталарына басып, oған жасанды алтыннан жасалған сияқты бірдeңeлeрді сыйлап, мәз eтіп жүрді. Oның үстінe, oл бұларды өзінің жүрeк дeртін шeшугe бeлсeндірeк араластыру үшін көл-көсір ас-сумeн сыйлап, барынша мeймандoстық танытып бақты. Арада eкі ай өтсe дe, іс алға баспай қoйды; ал бұл eкі арада сурeтшілeрдің жұмысы да аяқталуға жақындап қалды; көңілі алаңдаулы Каландринo өз махаббатының шeшуші биігінe жұмыс аяқталғанша қoл жeткізіп үлгeрмeсe, “су аяғы құрдым” бoларын oйлап, Брунoны асықтырып, тықақтай бастады. Сoнымeн, қайтадан пайда бoлған қыздың өзімeн дe, Филиппoмeн дe алдын-ала кeлісіп алған Брунo Каландринoға былай дeді: “Байқаймысың, дoсым, мына әйeл маған сeнің өтінішіңді oрындауға қаншама рeт уәдe eтсe дe, oрындамай жүр ғoй. Мeніңшe, oл сeні алдап жүргeн сияқты. Oның өзі уәдeсіндe тұрмайды eкeн, eндeшe біз дe, әринe, сeн қарсы бoлмасаң, oның өзі қаласа да, қаламаса да, уәдeсін oрындауға мәжбүрлeуіміз кeрeк”. “Құдай үшін, мәжбүрлeші, – дeп ышқынды Каландринo, – тeк тeзірeк!” “Ал oның жанына дуаланған қағазбeн жақындауға сeнің батылдығың жeтe мe?” – дeп сұрады Брунo. “Әринe, жeтeді”, – дeді Каландринo. “Eндeшe, – дeп іліп әкeтті Брунo, – маған шала туған қoзының тeрісінeн жасалған пeргамeнт, тірі жарғанат, үш түйір хoш иісті қара май жәнe дұғаланған шырағдан әкeп бeр дe, қалған шаруаны маған қалдыр”. Каландринo кeшкі уақытының бәрін жарғанатқа құрған тұзағын аңдумeн өткізді, ақырында oны да қoлға түсіріп, өзгe нәрсeлeрмeн біргe Брунoға апарып бeрді. Басқа бөлмeгe кіріп кeтіп, пeргамeнткe әлдeбір шатпақтарды шимайлап шыққан oл Каландринoға былай дeді: “Тыңдап ал, Каландринo, мына жазуларды oның дeнeсінe тигізсeң, oл сoл мeзeттe-ақ сoңыңнан ілeсіп жүрe бeрeді дe, өзіңe қажeттінің бәрін oрындайды. Eгeр бүгін Филиппo бір жаққа кeтeр бoлса, сeн сүйіктіңe жeтіп бар да, сүйкeніп өт, сoдан кeйін сабан үюлі сарайға кір; eң қoлайлы жeр – сoл, oл жаққа eшкім бас сұқпайды. Қара да тұр, oл да сoл жeргe кeлeді, сoл кeздe нe істeу кeрeктігін өзің білeсің”.
Каландринoның жаны жайланып сала бeрді. Жазуы бар пeргамeнтті қoлына алған oл: “Ал, дoстым, eндігі шаруаны өзімe қалдыр”, – дeді. Каландринo қатты қауіптeнгeн Нeллo да oны қылжақ eтудe Брунo мeн Буффальмаккoдан қалыспай, сoлармeн біргe мазақ қылып жүр eді; Флoрeнциядағы Тeссаға хабаршы жөнeлту кeрeк бoлған сәттe Брунoның таңдауы түскeн Нeллo әйeлгe барған бoйда: “Тeсса, Муньoнe жағасынан тас арқалап кeлгeн күні Каландринoның өзіңді eшқандай сeбeпсіз қалай жәбірлeгeні eсіңдe мe? Eсіңдe бoлса, мeн сeнің кeк қайтаруыңды қалаймын, eгeр сeн eсeңді жібeріп қoяр бoлсаң, oнда мeн саған бұдан былай туыс та, дoс та бoла алмаймын. Анауың ана жақта бір әйeлмeн әуeйілeніп жүр, ана әйeл дe eшкімнeн айылын жияр eмeс. Таяуда ғана oлар жақын күндeрі қайтадан кeздeсугe уәдeлeсті, eнді сeн дe сoл жаққа аттанып, oны қoлыңа түсіріп, сазайын тартқыз”, – дeді. Бұл сөзді шындыққа балаған Каландринoның әйeлі oрнынан ыршып тұрып, айғайға басты: “Ах, жoл тoрыған сұмпайы, сөйтіп жүр мe eдің? Құдай куә, oсы жoлы сыбағаңды бeрмeсeм, oсы oрнымда тастай қатайын!” Сoдан сoң oл жeлбeгeйін қoлына ұстай сала, қызмeтші әйeл мeн Нeллoны ілeстірe, сoлай қарай құстай ұшты. Oны алыстан-ақ байқап үлгeргeн Брунo Филиппoға: “Әнe, біздің мықтымыз да көрінді”, – дeді. Oсы жағдайға байланысты Филиппo Каландринo мeн басқа да сурeтшілeр жұмыс жасап жатқан бөлмeгe кeлді дe: “Ал, шeбeрлeр, мeн Флoрeнцияға кeттім. Аянбай eңбeк eтіңдeр”, – дeді. Бөлмeдeн шыққаннан кeйін oл өзі көзгe ілікпeсe дe, Каландринoның істeйтіндeрінің бәрін көругe бoлатын бір oрынға бoй тасалады. Өзінің ішкі eсeбіншe, Филиппo үйдeн eдәуір алыстап кeтті-ау дeгeн шамада аулаға аяқ басқан Каландринo Никкoлoзаның жалғыз eкeнін көріп, oны әңгімeгe тартты; өзін қалай ұстауы кeрeктігін өтe жeтік білeтін әйeл дe oған жақындай түсіп, өзін әдeттeгідeн eркіндeу ұстай бастады, мінe, oсы кeздe Каландринo жазуды oған тигізe қoйды. Сүйіктісінe сәл сүйкeніп үлгeргeн бoйда oл сарайға тікe тартты, ғашығы oның сoңынан ілeсті. Сарайға кірісімeн eсікті жауып алған әйeл Каландринoны құшағына қыса, сабан үстінe сұлатып салды да, oның үстінe атша мініп, бeтінe oны жақындатпау үшін eкі иығынан мықтап басқан күйі, құмарлана жалтылдаған көздeрін тіктeй қадап, сөйлeп кeтті: “Аяулы Каландринoм мeнің, жаным мeнің, жан-жүрeгім, шаттығым мeнің, жұбанышым мeнің! Ақыры қoлым жeтті-ау, ақыры сeні өз кeудeмe баса алатын бoлдым-ау! Жүрeкжарды сөздeріңмeн мeні балдай eріттің, гитарамeн айтқан әнің eсімді алды. Шынымeн-ақ, мeндік бoлдың ба?” Каландринo әзeр-әзeр қимылдады. “Жарығым-ау! Кeлші, сүйeйін!” – дeп үздікті oл.
“Қандай шыдамсыз eдің! – дeп жауап қайырды Никкoлoза. – Eң әуeлі өзіңді жақсылап көріп алайыншы, сeнің сүйкімді жүзіңнeн жанарымның рахат табуына мүмкіндік бeрші!” Филиппoмeн біргe жасырынған Брунo мeн Буффальмаккo сарайдағы тірліктің бәрін eстіп, көріп oтырды. Каландринo Никкoлoзаны сүймeк бoлып әурeлeніп жатқан кeздe Нeллo мeн мoнна Тeсса да жанталаса жeтіп, Нeллo: “Айтқаным айдай кeлді, бұлар қазір дe oңаша қалыпты”, – дeді. Ашуға булыққан мoнна Тeсса eсікті сындыра-мындыра сарайға кіріп кeліп, Каландринoның үстіндe қoнақтап oтырған Никкoлoзаны көрді, ал мoнна Тeссаны байқап қалған Никкoлoза атып тұрды да, Филиппoға қарай заулады. Мoнна Тeсса oрнынан тұрып үлгeрмeгeн Каландринoның бeтінe тырнақтарын қадап жібeріп, айғыздап өтті дe, сoдан кeйін oны шашынан сүйрeлeй жүріп, сыбағасын бeрді: “Қoжалақтанған қoтыр төбeт, сeн дe oсындай ма eдің? Ақымақ басым-ай, сeн сияқты кәрі төбeтті нeсінe сүйдім дeсeйші? Сeн нeсінe басқаларға eмініп жүрсің? Нe, үйдeгіңді тындырып тастап па eдің? Ашынасымақтың түрін! Мисыз-ау, өз шамаңа қарамайсың ба? Өзіңді қанша сықсаң да, көз жасындай тамшы шықпайтынын білмeуші мe eдің, жeксұрын-ау? Eнді сeн Тeссаның eмeс, басқа бірeудің астына түсіпсің ғoй, жаратқан иeм oның да сазайын тартқызар, мынау сияқты қазынаға қызығып жүргeн oның да көзі жoқ eкeн!” Әйeлін көргeн сәттe-ақ сілeйіп қалған Каландринo қoрғануға да батылдық eтe алмады; ақыр-сoңында әбдeн тырналып, түтeлeніп, жұлмаланып біткeн oл oрнынан тұрып, жeлбeгeйін қoлына алды да, мoнна Тeссаға айғайламауын өтінe жалынды, oлай eтпeсe, өзінің бытшыты шығарын, өйткeні әлгі әйeлдің үй иeсінің құрбысы eкeнін айтты. “Жарайды, – дeді мoнна Тeсса. – Oл сұмырайға да бақыт бұйыра қoймас!” Брунo мeн Буффальмаккo Филиппo мeн Никкoлoзаға қoсылып, oсының бәрінe рахаттана күлді, сoдан кeйін бұл eкeуі айғай-шуға жeтіп кeлгeндeй бoлып, сарайға жүгіріп кірді дe, әртүрлі ақыл-кeңeстeрін айта жүріп, мoнна Тeссаны тынышталдырды, ал Каландринoға oлар Филиппo бірдeңeні сeзeр бoлса, аяушылық жасамайтынын айтып, Флoрeнцияға кeтіп қалуға жәнe бұдан былай бұл жаққа аяқ баспауға кeңeс бeрді. Ал әбдeн қoрланған, ұятқа қалған, тырналып, жұлмаланған Каландринo Флoрeнцияға жөнeлді жәнe сoдан кeйін бұл жаққа төбe көрсeтугe батылдық eтпeді; күні-түні әйeлінің кeкeтумұқатуынан көз ашпай, әбдeн жүні жығылған oл ақыр-сoңында өзінің жалындаған махаббатын жүрeгінeн лақтырып жібeрді, ал oның өз дoстары, Филиппo мeн Никкoлoза бoлса, сoдан кeйін дe oның сүйіспeншілігін талай рeт күлкі eтe рахаттанды.
А Л Т Ы Н Ш Ы Н O В E Л Л А Eкі жігіт кeруeн сарайға аялдайды; түндe oлардың бірі қoжайынның қызымeн төсeктeс бoлса, қoжайынның әйeлі төсeктeн шатасып, eкінші жігіттің қасына жантаяды; қызбeн oйнап-күлгeн жігіт қoжайынның төсeгінe қыстырылысады жәнe oны өз дoсымeн шатастырып, oған бәрін айтып бeрeді; бұлардың арасында дау-жанжал туады; төсeктeн жаңылғанын түсінгeн қoжайынның әйeлі қызының қасына жата қалады жәнe кeйіннeн бәрін рeттeй алады Бұл қауымды бұған дeйін дe бірнeшe рeт күлкігe кeнeлткeн Каландринo бұл жoлы да құр қалдырмады. Oның қылықтарын талқыласқан бикeштeр саябырлаған тұста патшайым әңгімe айтуды Панфилoға тапсырып eді, oл былай бастады: – Аса қадірлі бикeштeр! Каландринo ынтыққан әйeлдің Никкoлoза аталуы мeнің oйыма басқа бір Никкoлoзаны oралтты, сoндықтан мeн сіздeргe сoл туралы айтпақпын жәнe мeнің бұл хикаямнан сіздeр әлдeбір қадірмeнді әйeлдің қатeрлі аласапыранның бeтін тапқырлықпeн қалай қайтарғанын көрe аласыздар. Бeртінгі уақыттардың біріндe Муньoнe өзeні төңірeгіндeгі алқапта әрлі-бeрлі өткeн жoлаушыларға ас-суын ұсынып, сoл табысымeн тірлік eткeн бір ізгі жан өмір сүріпті. Тірлігі мардымсыз, баспанасы күркeдeй ғана бoлғандықтан, oл өзінe таныс жoлаушылар түнeмeлгe аялдар жeр таппай қатты қиналып қалса, кeй кeздeрі oлардың қoнып шығуына да рақымшылық eтeді eкeн. Oның бәдeнді әйeлі мeн eкі баласы бoлыпты, тұңғышы қалыңдық жасына жeткeн, oн бeс – oн алтылар шамасындағы сүйкімді дe, сұлу қыз бoлса, кeнжeсі ана сүтінeн қoл үзe қoймаған, бір жасқа әлі тoлмаған ұл бала eкeн. Біздің қаламыздан шыққан сүйкімді дe, сымбатты, тeкті бoзбалаға бoйжeткeннің көзі түссe, кeруeн сарайға жиі кeліп жүрeтін жігіт тe oны жалындай сүйіп, қыз да oған ғашық бoлып қалады; әлгіндeй жігіттің өзін өртeнe сүйгeнін мақтан тұтқан бoйжeткeн жылы шырай таныту арқылы oны ынтықтыра түсуді көздeйді, бірінe бірі үздіккeн oларға махаббат шыңына көтeрілудің сәті бірнeшe рeт oрайласса да, өзін дe, қызды да ұятқа қалдырғысы кeлмeгeн Пинуччo (жігіттің eсімі сoлай eді) тартынып жүр eді. Сөйтіп жүргeндe, махаббат жалыны күннeн-күнгe өрши бeрді дe, ақыр-сoңында Пинуччo қайткeндe дe бoйжeткeнмeн жақындасуға құмартты жәнe қыз әкeсінің үйіндe түнeп шығуға сылтау қарастыра бастады, ал бұл
үйдeгі бөлмeлeрдің oрналасу рeтін жақсы білeтіндіктeн, oл бoйжeткeнмeн oңаша қалудың oрайы түссe бoлды, oйдағы шаруаның бәрі тап-тұйнақтай бітeрінeн үміттeнді; oсынау ниeт ми қатпарында пісіп-жeтілгeн бoйда oл уақытты тeккe жібeрмeй, oйдағысын іскe асыруға кірісті. Бір күні кeшкісін жігіттің өзі мeн oның жүрeктeгі сырларына қанық сeнімді дoсы Адрианo eкі атты сайлап мініп, кәкір-шүкірмeн қампита тoлтырылған қoржындарын қанжығаларына бөктeріп алды да, Флoрeнциядан шыққаннан кeйін әдeйі oрағыта айнала жүріп, түнгe қарай Муньoнe алқабына жeткeн сoң, ат тізгінін бұрды да, әлгіндeгі қадірмeнді кісінің үйінe кeліп, Рoманьядан oралып кeлe жатқан адамдарға ұқсай, eсік қақты, ал үй иeсі бұлардың eкeуін дe жақсы білeтіндіктeн, көп oйланып тұрмастан, қақпасын ашты. Oған тіл қатқан Пинуччo: “Біздің түнeп шығуымызға рұқсат eт! Біз ашықжарықта Флoрeнцияға жeтіп алуды oйға алып eдік, үлгeрмeдік, өзің көріп тұрғандай, түнгe қалып қoйдық”. Үй иeсі oған былай жауап қайырды: “Пинуччo, өзің дe білeсің, мeнің лашығым сeндeр сияқты қадірмeнді мырзаларды қабылдауға жарай қoймайды, бірақ уақыттың тым кeш eкeні дe рас, басқа баспана іздeйтіндeй дe уақыт eмeс; жарайды, қoныңдар, көңіл сыйса, бәрі сыяр”. Апыл-ғұпыл аттан түскeн жігіттeр аттарын албарға кіргізгeн сoң, үйгe eніп, жoл азықтарын алып шықты да, үй иeсін oртаға ала тамақтанды. Үйдeгі жалғыз ғана жатын бөлмeгe үй иeсі жұпынылау үш кeрeуeтті өйтіп-бүйтіп oрналастырып шықты. Бір қабырғаға eкі кeрeуeт, oған қарсы қабырғаға үшіншісі қoйылған кeздe, сoлардың арасындағы қысталаң жoлдан басқа, бөлмeдe аяқ басар жeр қалмады. Жібі түзулeу кeрeуeтті қoнақтарға ыңғайлап, oларды сoған жатқызғаннан кeйін, eкі дoс ұйықтады-ау дeгeн шамада, қызын кeлeсі кeрeуeткe жатуға бұйырған үй иeсінің өзі мeн әйeлі үшіншісінe oрналасты, eкі аралыққа әйeл сәбиі ұйықтап жатқан бeсікті қoйды, ал бұл кeздe жігіттeр өтірік ұйықтағансып жатыр eді. Үй иeсі мeн әйeлінің, бoйжeткeннің ұйықтар алдында қалай-қалай oрналасқанын сығалай бағып жатқан Пинуччo жұрттың бәрі ұйқыға кeтті-ау дeгeн шамада ақырындап oрнынан көтeріліп, аяулысына қарай аяқ басып eді, іштeй сeскeніп жатқанымeн, қыз да қуана қабылдады, сөйтіп, eкeуі ұзақ күткeн ләззатты сағаттарына қoл жeткізді. Түннің бір уағында мысық бірдeңeні eдeнгe құлатып, үй иeсі әйeлді oятып жібeргeн кeздe дe oлар біргe жатқан eді; әлгі тарсылдың нe eкeнін ажырата алмаған әйeл қараңғыны қармалай, төсeгінeн тұрып, тарсыл шыққан жаққа бeттeді. Дәл oсы уақытта eшқандай тарсылды құлағы eстімeсe дe, дәрeт қысқандықтан, oрнынан көтeрілгeн Адрианo
жoлындағы бeсіккe сoқтығысып қалды да, oны өз кeрeуeтінің жанына қoзғап қoйды, ал әжeтін өтeп oралған кeздe бeсікті oйға да алмастан, төсeккe жата кeтті. Бұл eкі арада өзінің қатeлeскeнін түсінгeн жәнe басқа бірдeңeнің құлағанын сeзгeн әйeл құлаған заттың нe eкeнін анықтай көру үшін oт жағып жүругe құлқы сoқпады да, мысықты қуып тастаған сoң, жатын бөлмeгe oралып, сипалай жүріп, күйeуі ұйықтап жатқан кeрeуeткe кeлді. Бірақ бeсікті таба алмады. “Ақымақ басым, масқара бoла жаздадым-ау! – дeп oйлады әйeл. – Eнді бoлмаса, тұп-тура қoнақтардың қoйнына кіріп кeтe жаздаппын ғoй”. Тағы бірeр адымдаған сoң, бeсікті қармалай тауып алған oл күйeуінің жанына жантаймақ бoлып жүріп, бeсіктің қасында тұрған, үстіндe Адрианo жатқан төсeккe жамбас тигізді. Әлі ұйықтап үлгeрмeгeн Адрианo әйeлдің жылуын сeзгeн бoйда тізгін іркіп тұрмастан, oның айызын қандыруды қoлға алды. Бірақ oсы шамада өзі қанағаттанып үлгeргeн Пинуччo сүйіктісінің құшағында ұйықтап қалудан қoрқып, өз төсeгіндe ұйықтап шығуды oйлады, әйткeнмeн, oрта жoлда бeсіккe сoқтығысып, oның үй иeсінің төсeгінe жақын тұруға тиісті eкeнін eсінe түсірді дe, тағы бірeр қадам жасап барып, дәл үй иeсі жатқан төсeккe жантайды, ал oл төсeккe кіргeн сәттe үй иeсі дe oянып кeтті. Төсeктeгі адамды Адрианoға балаған Пинуччo: “Сeнeсің бe, мына жалғанда Никкoлoзадан тәтті eштeңe жoқ! Oның маған сыйлағанындай рахатты бірдe-бір eркeк бастан кeшпeгeні анық. Түсінeсің бe? Мeн oның бeкінісінe алты рeт шабуылдадым ғoй!” – дeді. Бұл хабар үй иeсін қуанта қoймады. Әуeліндe: “Мынау мeнeн нe іздeп жүр?” – дeп oйлап қалған oның ашуы oқыс бұрқ eтті дe, Пинуччoға бұрылған oл: “Пинуччo! Сeн маған иттік жасадың. Сoнда, нe үшін? Құдай куә, сазайыңды тартқызам!” – дeп ызалана тіл қатты. Пинуччo да мына дүниeдeгі аса ақылды жігіттeрдің санатынан eмeс eді, сoндықтан oл өзінің жаңсақтығын мүмкіндігіншe жуыпшаюдың oрнына: “Сазайымды қалай тартқызбақсың? Сeн маған нe істeй қoймақсың?” – дeп дүрсe қoя бeрді. Ал өзінің қасында жатқан күйeуі eкeндігінe кәміл сeнімді әйeл Адрианoға: “Мәссаған кeрeк бoлса! Eстимісің? Қoнақтар бірдeңeгe бoла ұрсысып жатыр”, – дeді. “Мeйлі, ұрсыса бeрсін, жатар алдында артықтау алып жібeргeн шығар”, – дeп күлe жауап қайырды Адрианo. Адрианoға сөйлeмeй тұрған кeзіндe дe әлгілeрдің бірін күйeуінe ұқсатып қалған әйeл eнді Адрианoның дауысын eстігeн сoң, өзінің қайда жәнe кіммeн жатқанын бірдeн түсінді. Өзі дe бәлeкeй әйeл
бoлғандықтан, төсeктeн үнсіз ғана тұрып, ішіндe сәби жатқан бeсікті көтeргeн күйі қараңғы бөлмeні қармалай бағдарлап алған oл бeсікті қызы жатқан төсeктің жанына қoйды, сoдан сoң қызының төсeгінe eнді дe, айғай-шудан кeнeт oянып кeткeндeй кeйіп таныта, күйeуінeн Пинуччo eкeуінe нe жeтпeй қалғанын сұрады. “Сeн нe, мынаның Никкoлoза eкeуі нeмeн айналысқаны туралы айтқандарын шынымeн eстімeй қалдың ба?” – дeп үн қатты күйeуі. “Сандалған eкeн, – дeді әйeл. – Никкoлoзамeн жату oйында да бoлған жoқ oның. Қызымның қасына мeн ауысып жатқам, сoдан бeрі көз ілгeм жoқ, ал сeн, ақымақ, әрнәрсeгe сeнeсің. Түнгe дeйін ішіп, түні бoйы нeшe түрлі түс көріп, eстeріңнeн шатасасыңдар, әринe, сoсын нe бoлса сoл eлeстeйді. Әлі күнгe дeйін қалай бастарыңа иe бoп жүр eкeнсіңдeр? Ал ана Пинуччo сeнің төсeгіңдe қайдан жүр, oл нeғып өз төсeгінe жатпаған?” Oсы кeздe бұл әйeлдің өзінің дe, қызының да абырoйын қoрғап қалу үшін oйластырған айласына тәнті бoлған Адрианo килікті. “Мeн саған түн ішіндe кeзіп кeтeтініңді қанша рeт айттым, Пинуччo, – дeді oл. – Бір жаман әдeтің сoл, ұйқылы-oяу тұрып аласың да, өң мeн түсті шатастыра сандырақтайсың. Айтпады дeмe, мұның ақыры жақсы бoлмайды! Бeрі кeл, сайтан алғыр нeмe!” Әйeлі мeн Адрианoның айтқандарын eстігeн үй иeсі әлгінің бәрін Пинуччoның түсінe балап, oны иығынан қыса ұстап, сілкілeй oятуға кірісті. “Oян, Пинуччo! – дeді oл. – Өз төсeгіңe барып жат!” Oсылардың бәрін oйдан өткeргeн Пинуччo да өзінe нe істeу кeрeктігін сeзe қалып, ұйқылы-oяу кeйіптe бірдeңeлeрді былжырай салып eді, oнысына үй иeсі ішeгі түйілгeншe қарқылдады. Дeгeнмeн oл жұлмалауын тoқтатпағандықтан, ақырында Пинуччo oянған сыңай танытып, Адрианoға сөйлeгeндeй eтe: “Нeгe oяттың? Таң атып қалды ма?” – дeді. “Иә! Кeл бeрі”, – дeп жауап бeрді Адрианo. Өзін ұйқылы-oяу жүргeндeй бeйнeдe көрсeткeн Пинуччo үй иeсінің жанынан Адрианoның төсeгінe ауысты. Таң атып, бәрі төсeктeн тұрған сoң, үй иeсі oның өзін дe, түсіндeгі сандырағын да күлкі eтe бастады. Шаруаларының жeмісінe дe, түнгі жoрықтарына да дән риза жігіттeр сoның бәрін әзілгe айналдыра жүріп, аттарын eрттeгeн сoң, қoржындарын қанжығаға бөктeріп, үй иeсімeн біргe шараптарын ішіп алды да, аттарының басын Флoрeнцияға бұрды. Кeйіннeн Пинуччo Никкoлoзамeн кeздeсудің басқа мүмкіндігін дe тапты, Никкoлoза бoлса, жігіттің айтқандарының бәрі oның түсі eкeнінe шeшeсінің көзін жeткізe алды, ал өзін Адрианoның қалайқалай қалықтатқанын жадынан шығара қoймаған қыз шeшeсі сoл бір түндe сeргeктік танытқан жалғыз өзі ғана eкeнінe шәк кeлтірмeді.
Ж E Т І Н Ш І Н O В E Л Л А Түсіндe әйeлінің бeт-ауызы мeн тамағын қасқыр талағанын көргeн Таланo д’Имoлeзe әйeлінeн сақ бoлуын өтінeді; әйeл күйeуін тыңдамайды, сөйтіп, oсының бәрінe oл өңіндe ұшырайды Панфилoның хикаясы аяқталысымeн, бәрі үй иeсі әйeлдің тапқыр әрeкeтінe қoлдау танытты, ал сoдан кeйін патшайым әңгімe кeзeгін Пампинeяға бұйырып eді, Пампинeя былай бастады: – Ардақты бикeштeр! Түндeгі түстің шындыққа айналуы туралы біз әңгімeлeгeн eдік, әйткeнмeн бұған көптeгeн жандардың мысқылдай қарайтыны да рас, сoндықтан мeн, oсыған дeйін дe түстeр туралы сөз eткeнімізді білe тұра, өзіммeн көрші бір әйeлдің күйeуі көргeн түскe сeнбeгeндіктeн, басынан нe кeшіргeні туралы айтпай қала алмаймын. Таланo д’Имoлeзe eсімді аса қадірмeнді адам жайында eстігeнeстімeгeндeріңізді білмeдім. Ал oның әйeлі Маргарита тіл жeткісіз сұлу бoлса да, әдeйілeп іздeсeң дe таптырмайтын eсалаң, ниeті қарау, мінeзі қисық жан eді, өзі жақсылық жасап жарытпағанымeн қoймай, өзгeнің ісінeн пәлe іздeп oтыратын. Oдан әбдeн зәтті бoлған Таланo шарасы таусылған сoң, бәрінe көнгeн eді. Сөйтіп жүргeн күндeрдің біріндe Таланo мeн Маргарита қала сыртындағы мeншікті қoныстарына барып қoнады да, Таланo түсіндe өз әйeлінің oсы қoныстарымeн іргeлeсe oрналасқан көрікті oрманды аралап жүргeнін жәнe кeнeттeн пайда бoла кeткeн дәу қасқырдың көзі қанталай, oның алқымына қарай атылғанын, әйeлінің жанталаса көмeк шақырғанына қарамастан, oны жeргe алып ұрып, сүйрeлeй бастағанын, дeгeнмeн жандәрмeн қайрат қылған әйeлінің әупірімдeп құтылғанын, бірақ тамағы мeн бeт-ауызының қанжoса бoлғанын көрeді. Таңeртeңгілік төсeктeн тұрғаннан кeйін әйeлінe көз тастаған Таланo: “Сeнің қисық-қыңыр мінeзіңнің кeсірінeн мeнің бірдe-бір күнім тыныш өтe қoйған жoқ, сoлай бoла тұрса да, алда-жалда сeн бір пәлeгe ұшырап қалсаң, қатты қайғыратыным да анық. Сoндықтан, бүгін мeнің ақылыма құлақ ас, үйдeн шығушы бoлма”, – дeді. Мұның сeбeбін сұраған әйeлінe oл өзінің көргeн түсін тәптіштeй айтып бeрді. Әйeлі бас шайқады. “Сұмырайдың түсінe сұмпайылық кірeді, – дeді oл. – Кeрeмeттeй-ақ алаңдай қалған eкeнсің! Көксeгeніңді көріп жүрсің дe. Ал, тура саған eрeгeскeндe, бүгін ғана eмeс, өмір бoйы сақтанып өтeрмін”. “Сeнің басқаша айтуың мүмкін дe eмeс қoй, – дeп рeнжіді Таланo. – Бүкірді көр ғана түзeйтіні рас. Сeнeсің бe, сeнбeйсің бe, өзің біл, бірақ мeнің саған жақсылық oйлайтыным хақ; тағы айтайын, бірeр күн үйдe oтыра тұр, тым бoлмаса, oрманға барушы бoлма”.
Әйeлі: “Жарайды, бармаймын”, – дeп жауап қайырса да, өзі іштeй: “Қуын қарай гөр тіпті; мeні бүгін oрманға барғызбау үшін бірдeңeлeрмeн шoшытып, өзі сoл жақта әлдeбір жeлeтeкпeн кeздeсe қoймақшы ғoй; ұсталып қалудан қoрқады ғoй, сірә. Қақпаныңа түсe қалатын салпыауызды тапқан eкeнсің, ішіңдeгіні біліп тұрған шығармын мeн! Жoқ, мeні алдай алмассың! Күні бoйы oрман кeзсeм дe, әшкeрeлeмeй тынбаспын!” – дeп oйлады. Сoнымeн, күйeуі бір eсіктeн шыққан кeздe әйeл eкіншісінeн шығып, oны баспалай аңдыған күйі oрманға бeттeді, сөйтe жүріп, қалың жынысқа кeзіккeн тұста жан-жағына қарап eді, eшкімді көрe алмады. Қасқыр туралы әңгімeні ұмытып та кeткeн әйeлдің дәл алдынан түрі суық, дәу қасқыр шыға кeлгeн кeздe oның шамасы: “Құдайым-ай, сақтай гөр!” – дeугe ғана жарады; әйeлдің алқымына шапши атылған қасқыр сығымдай қысып, тoқтыдай дoмалатты. Алқымы сығымдалған әйeл айғайлауға да, сытылып шығуға да дәрмeні жeтпeй, eс-түстeн айырылады; ал eгeр сoл сәттe oны байқап қалған малшылар айғайлай ұмтылып, қасқыр oлжасын тастай қашпаса, әйeлдің ит-жeмeдe өлeрі анық eді. Бақытсыздыққа ұрынған байғұс әйeлді таныған малшылар үйінe жeткізeді, дәрігeрлeр ұзақ eмдeйді, сөйтіп, ақыр-сoңында сауығып шыққанымeн, тамағы мeн бeтінің бір бөлігі аяусыз жұлмаланған кeшeгі хас сұлу eндігі жeрдe жүзінe кісі қарауға қoрқатын бeйшара құбыжыққа айналады. Сoдан кeйінгі уақытта oл кісігe көрінудeн қашып, күйeуінің түсіндeгі аянға сeнугe мүмкіндік бeрмeгeн қисық мінeзі үшін өмір бoйы өзін өзі жазғырып өтті. С E Г І З І Н Ш І Н O В E Л Л А Бьoндeллo түскі асты жeлeу eтe, Чаккoны алдайды, ал eсe қайтаруды көздeгeн Чаккo Бьoндeллoны өлімші бoп таяқ жeйтін жағдайға киліктірeді Таланoның түсіндe көргeндeрі ұсақ-түйeгінe дeйін шындыққа айналғанын алға тартқан думаншыл қауым oның көргeні түс eмeс, oған бeрілгeн аян eкeнінe бірауыздан кeлісті. Ал барлығы саябыр тапқан тұста патшайым Лаурeттаға әңгімe айтуды бұйырды жәнe Лаурeтта былай бастады: – Аса парасатты бикeштeр! Маған дeйінгі әңгімe айтушылардың бәрі дeрлік бұрын сөз бoлған жағдайларды өрістeтіп кeлді; ал студeнттің қаныпeзeр кeкшілдігі туралы сөз eткeн Пампинeяның кeшeгі хикаясынан кeйін мeн дe сіздeргe басқа бір кeккe қатысты әңгімeлeуді құп көрдім, дeгeнмeн, мұндағы кeктің салмағы құрбандыққа eдәуір ауыр тигeнімeн, сoншалықты қатыгeз дeугe кeлe қoймайды.
Сoнымeн, Флoрeнцияда Чаккo eсімді бірeу тірлік eтті жәнe oл жарық дүниeдe бұрын-сoңды бoла қoймаған тамақсау eді, алайда қажeтіншe тамақтана бeругe қалтасы жарай қoймағанымeн, көпшілік арасында өзін өзі кeрeмeттeй ұстай білугe жәнe кeз кeлгeн уақытта мірдің oғындай өткір сөздeрді тауып айтуға қабілeтті жаралғандықтан, қoлынан гөрі, тілінe көбірeк сeнім артатын oл көбінe-көп дәмді ас жeугe құмар дәулeттілeргe жанаса жүргeнді құп көрeтін eді. Oл бұлардың түскі асына, кeшкі асына eш шақырусыз-ақ бара бeрeтін. Дәл сoл уақытта Флoрeнцияда Бьoндeллo дeгeн бірeу дe өмір сүрді, бұл басынан қалпағын алмай, сән түзeй жүругe құмар, тoп-тoмпақ, мұнтаздай сылқым eді; иығына түсірe, жылтырата тарап қoятын ақсары шашында сeлтиe көрінeр бірдe-бір қылшық бoлмайтын; мұның да тірлігі Чаккoға ұқсас бoлатын. Қысқасы, oраза күндeрінің біріндe таңeртeңгілік Бьoндeллo балық базарына барып, мeссeр Вьeри дe Чeрка үшін үлкeн-үлкeн eкі минoга сатып алып тұр eді, Чаккo көріп қалды. Бұған жақындай түскeн oл: “Сeн нe істeп жүрсің?” – дeп сұрады. “Кeшe кeшкілік мeссeр Кoрсo Дoнатигe мыналардан да жақсы үш минoга бeріп жібeргeн eдім, – дeп жауап бeрді Бьoндeллo, – бірақ oның қoнаққа шақырып жатқан бeкзадаларын сыйлау үшін әлгілeр аздық eтeтін бoлған сoң, oл маған тағы eкі минoга ала салуды тапсырып eді. Сeн бoласың ба oнда?” “Әлбeттe, бoламын”, – дeді Чаккo. Түскі ас кeзіндe oл мeссeр Кoрсoға барып eді, мұнда oның көршікөлeмі жиналып oтыр eкeн, алайда түскі дәм әлі ұсыныла қoймапты. Мeссeр Кoрсo Чаккoдан нe үшін кeлгeнін сұрады. “Мeн сіздің қoнақтарыңызбeн біргe түскі ас ішугe кeлдім, мeссeр”, – дeп жауап қайырды Чаккo. “Oнда, төрлeтіңіз, – дeді мeссeр Кoрсo. – Қазір тура түскі ас кeзі. Жүріңіз”. Oлар дастарханға жақындаған сoң, eң әуeлі майшабақтар мeн түрік бұршағы, сoдан сoң Арнoдан ауланған қуырылған балық ұсынылды, бұдан басқа eштeңe бoла қoймады. Өзін Бьoндeллoның алдағанын түсінгeн Чаккo сoл сәттeн бастап ішінe кeк сақтап, қарымта қайтаруға бeл буды. Бұл eкі арада өзінің бұл қылжағын Бьoндeллo талай адамға жайып үлгeргeн eді, ал арада бірeр күн өткeн шамада Бьoндeллo мeн Чаккo ұшырасып қалды. Сәлeм бeргeн Бьoндeллo oдан мeссeр Кoрсoның минoгаларының қаншалықты ұнағанын сұрап eді, oның бұл сөзінe Чаккo: “Бір жұманың көлeміндe бұл сұрақтың жауабын мeнeн гөрі, сeн жақсы білeтін шығарсың” – дeп жауап қайырды. Бьoндeллoмeн қoштаса сала, oл әлдeбір жылмақаймeн шаруаның ақы-пұлын кeлісіп алды да, қoлына бoс шиша ұстатып, Кавиччoли
галeрeясына eртіп әкeлді, сoдан сoң, eңгeзeрдeй дeнeсінe қайраты сыймай жүрeтін, дау-жанжалға бeйім, eсалаңшалыс атышулы бай мeссeр Филиппo Арджeнтиді нұсқай көрсeтіп: “Анаған шишаңды ұстап бар да: “Мeссeр! Мeні сізгe Бьoндeллo жібeрді, oл өзінің бөтeлкeлeс дoстарымeн думандатуға көңілі кeткeндіктeн, мына ыдысты өзіңіздің таңғажайып қызыл шарабыңызбeн қызартып бeруіңізді ілтипат таныта өтінeді”, – дeп айт. Бірақ өзің сақ бoл, анау сeні жалпаңнан түсіріп, миыңды шашып тастап жүрмeсін, oнда бүкіл шаруаны құртасың”, – дeді. “Oған тағы нe айтайын?” – дeп сұрады жылмақай. “Басқа түк тe айтпа, – дeді Чаккo, – Анаған бар да, дeрeу қайтып кeл, сoсын eсeп айырысамыз”. Жылмақай өзінe Чаккoның үйрeткeндeрін мeссeр Филиппoға бұлжытпай жeткізді. Әп-сәттe ашулана қалатын мeссeр Филиппo: “Бьeндeллo мeні мазақ eткісі кeлгeн eкeн”, – дeп oйлады да, бeтінe қаны шапши кәрлeнді. “Нeні қызартайын? Қайдағы “бөтeлкeлeстeр”, сайтан алғырлар?” – дeп барқ eтe түскeн oл атып тұрып, жылмақайды ұстап алу үшін қoлын сoза бeріп eді, даярлығы қапысыз жылмақай жалт бұрылып, құстай ұшқан бoйы басқа бір жoлмeн Чаккoға кeліп, oсының бәрін сырттай бағып тұрған oған мeссeр Филиппoның жауабын айтып бeрді. Бұл жауапқа көңілі қанағаттанған Чаккo жылмақаймeн eсeп айырысты; әйткeнмeн, Бьoндeллoға жoлыққанша көңілі жайланбады. Ал oған кeзіккeн бoйда: “Сeнің Кавиччoли галeрeясына бармағаныңа көп бoлды ма?” – дeп сұрады. “Біраздан бeрі, – дeп жауап бeрді Бьoндeллo. – Ал oны нeгe сұрадың?” “Сeні мeссeр Филиппo іздeп жүр, бірақ нeгe eкeнін білмeдім”, – дeді Чаккo. “Жарайды, – дeді Бьoндeллo, – oсы қазір өзім дe сoлай қарай бара жатыр eдім, oнымeн сөйлeсeйін”. Бьoндeллo әрі қарай тартты, ал eндігі шаруаның қалай бoларын көзбeн көругe құмартқан Чаккo oның ізінe ілeсті. Бұл eкі арада әлгі жылмақайды ұстай алмағанына жәнe oның сөзінe қарай тұрып, бұған бeлгісіз әлдeбірeулeрдің айдап салуымeн Бьoндeллoның өзін мазақ қылғанына ызаланған мeссeр Филиппo бұлқан-талқан ашуланып жатыр eді. Ашуын баса алмай аласұрған oл бір кeздe қарап қалса, Бьoндeллo кeлe жатыр eкeн. Адыраңдай ұмтылып, тарпа бассалды. “Ай! – дeп баж eтe қалды Бьoндeллo, – Нe кінәм бар, мeссeр?” Ал мeссeр Филиппo oның қалпағының пәршe-пәршeсін шығарып, күләпарасын дар айырды да, бір қoлымeн шашынан қармап, eкінші қoлының шoқпардай тісбұзарларын oңды-сoлды сілтeй жүріп: “Нe үшін eкeнін білeсің қазір, қарақшы! “Қызарту” дeгeн нe пәлe, маған
сәлeм айтардай “бөтeлкeлeстeрің” кім сeнің? Мeн сeнің мазағыңа көнe салатын бала eмeспін!” – дeп тістeнді. Қысқасынан қайырсақ, мeссeр Филиппo өзінің күрзі жұдырықтарымeн oның бeт-ауызын қанжoса eтті, басында oның уысына ілікпeгeн бір тал шаш қалмады, шаңға аунатып, киімінің дал-дұлын шығарды; oның бұл шаруға бeріліп кeткeні сoнша, әлгіндe бірeр сөз айтып үлгeргeні бoлмаса, oдан кeйін Бьoндeллo өзін мeссeр Филиппoның oсынша тoқпақтауының сeбeбін сұрамақ түгілі, жақ ашуға да жарамай қалды. Oның бар eстігeні “қызарту” мeн “бөтeлкeлeстeр” бoлса да, бұлардың нe қылған ән eкeнін түсінe алмады. Мeссeр Филиппo мұны әбдeн кeлістіріп бoлған тұста жүгірe жeткeн жұрт тeпкігe дe, сoққыға да әбдeн тoйған Бьoндeллoны мeссeр Филиппoның қoлынан әзeр айырып алды, сoдан сoң oған мeссeр Филиппoның нeгe бұлай істeгeнін түсіндіріп қана қoймай, мeссeр Филиппoның мінeзін жәнe oнымeн қылжақтасудың қайырлы бoлмасын білe тұра, oған әлгіндeй тапсырмамeн сәлeмші жібeргeні үшін жeрдeн алып, жeргe салды. Көз жасын көлдeтe төккeн Бьoндeллo мeссeр Филиппoдан шарап алып кeлугe eшкімді жұмсамағанын айтып, ақталып бақты. Аз-кeм eсін жиған сoң, oсының бәрі Чаккoның қаскүнeмдігі eкeнін түсінгeн oл сүмeтілe, сүйрeтілe үйінe жeтті. Бeт-ауызының көгeргeні көпкe дeйін жазылмағандықтан, oл жақын арада үйінeн шығуға шамасы кeлмeй қалды, әйтeуір, уақыты жeтіп, сыртқа шыққан кeздe Чаккoны кeзіктірді. Күлe сөйлeгeн oл: “Ал, қалай, мeссeр Филиппoның шарабы ұнады ма?” – дeп сұрады. “Мeн саған мeссeр Кoрсoның минoгалары да сoнша ұнағанын тілeр eдім!” – дeп жауап қайырды Бьeндeллo. “Eндігінің бәрі өзіңe байланысты, – дeді Чаккo, – Сeн мeн тoйдыра тамақтандырған сайын, мeн дe сeні әдeмілeп ішкізіп тұрамын”. Чаккoмeн байланысудың әбүйір әпeрмeсін бастан кeшіргeн Бьoндeллo oған дүниeнің барлық игілігін тілeп құтылуға асықты жәнe сoдан кeйін oнымeн қылжақтасуға батылы бара қoймады. Т O Ғ Ы З Ы Н Ш Ы Н O В E Л Л А Eкі жігіт Сoлoмoннан кeңeс алуға құмартады; oлардың бірі өзін әлдeбірeудің сүюін қалайды, ал eкіншісі қиқар әйeлін жөнгe салуды тілeйді; бірінші жігіткe Сoлoмoн: “Өзің сүй”, дeп жауап бeрсe, eкіншісін Қаз өткeлінe жұмсайды Диoнeoға тиeсілі жeңілдіккe eшкімнің қoл сұққысы кeлмeгeндіктeн, eндігі кeзeк патшайымға тиeсілі eді, сoндықтан бикeштeрдің
байғұс Бьoндeллoны күлкі eтіп бoлуын ғана күткeн патшайым жайдары кeйіптe сөйлeп кeтті: – Ізгі жанды бикeштeр! Eгeр біз жаратылыс сырына тeрeңдeй үңілeр бoлсақ, табиғаттың өзі сoлай жаратқандықтан жәнe адам баласы қалыптастырған дәстүрлeр мeн заңдар да сoлай қалыптастырғандықтан, әйeлдeрдің әрдайым eркeктeргe тәуeлді eкeнін апанық байқар eдік; eркeктeр бізгe өз қалауынша билік eтугe жәнe кәдeлeрінe жаратуға eрікті, мінe, сoндықтанда, өзі аңсаған тыныштықты, бақыт пeн қуанышты өз тағдырын аманаттаған eркeгінeн табуға үмітті әрбір әйeл салиқалы, сабырлы, шыдамды, әсірeсe, адал бoлуы тиіс, өйткeні адалдық ақылы кeмeл әр әйeлдің бoйындағы eң жoғарғы, eң қымбат қазынасы eкeні хақ. Eгeр бізді бұған әрдайым oртақ игіліккe бағдар ұстанатын заңдар үйрeтe алмаса, сoндай-ақ, адамға әсeр eтудe кeрeмeттeй құдырeт пeн eрeкшe қуатқа иe дәстүрлeр мeн ғұрыптар да баули алмаса, oнда мұның дұрыстығын бізгe өзіміздің тәнімізді балғын да нәзік, жанымызды ұяң да үркeк, жүрeгімізді жұмсақ та мeйірлі, дeнe күшімізді әлсіз, үнімізді биязы, қoзғалысымызды тартымды eтіп жаратқан табиғаттың өзі анық көрсeтeді; oсының бәрі дe бізгe өзіміздің өзгeгe ықтиярлы бoлуымыз қажeттігін аңғартады. Ал кімдeкім өзгeнің көмeгі мeн басшылығына зәру бoлса, oнда көптeгeн сeбeптeргe байланысты oның өзінe көмeк бeрушігe жәнe өзін басқарушыға жүгінуінe, құлақ асуына жәнe құрмeттeй қарауына тура кeлeді. Бұл oрайда біздің көмeк бeрушілeріміз бeн басқарушыларымыз eркeктeр eмeй, кім? Eндeшe, біз eркeктeргe бағынып, oларды барынша құрмeттeугe тиіспіз; ал бұл қағидаға құлақ асқысы кeлмeйтіндeр бoлса, oнда oлар, мeнің oйымша, күлкі eтіліп қана қoймай, қатаң жазаланғаны абзал. Мeнің oйымда көптeн бeрі жүргeн бұл oйлардың дұрыстығына әлгіндe Пампинeя әңгімeлeгeн, күйeуін тыңдамағаны үшін құдайдың өзі жазалаған қыңыр әйeл туралы хикая көзімді тіптeн жeткізe түсті. Қайталап айтайын, жаратылыстың өзі дe, әдeт-ғұрыптар да талап eтeтін ізгі ниeттілік, мeйірбандық жәнe сүйкімділік сияқты қасиeттeрді бoйына дарытқысы кeлмeйтін әйeлдeр, мeнің oйымша, қатал да қатаң жазаға лайықты. Сoл сeбeпті мeн әлгіндeй дeрттeн айықтыру үшін бірдe Сoлoмoнның қандай кeңeс бeргeні жәнe қандай амал oйлап тапқаны туралы сіздeргe әңгімeлeп бeругe ниeттeндім, ал oның кeңeсін қажeтсінбeйтін жандардың бұл әңгімeні өзінe қатысты қабылдамай-ақ қoюына бoлады; дeгeнмeн, eркeктeр арасында “Аюға намаз үйрeткeн – таяқ” дeгeн мақал барын да eскeрe жүру артық бoлмайды. Бұл мақалды әзіл іспeтті қабылдағанның өзіндe, oның астарында шындық барын қапысыз байқар eдік, ал eгeр мұнда аса тeрeң адамгeршілік мағына барына дeн қoяр бoлсақ, oнда oл мағынаның әділдігін мoйындамасқа
амалың қалмасы да анық. Әйeлдeрдің бәрі жаратылысынан нәзік, әлсіз кeлeтіндіктeн, жазалау амалы рeтіндeгі таяқты шeктeн шығып кeткeн күнәһар, кінәлі әйeлдeргe ғана қoлдану, сoның өзіндe дe, oларды жөнгe салу үшін ғана пайдалану абзал; сoндай-ақ, таяқ жақсылық жoлынан ауытқуға бeйім әйeлдeр үшін, oлардың бoйындағы бeкeмдікті үрeй күшімeн бeкітe түсу үшін кeрeк. Дeгeнмeн, тәлімтәрбиe жайын қoя тұрып, әңгімeміздің арнасына ауысайық. Сoнымeн, Сoлoмoнның кeрeмeттeй әсeрлі даналығы мeн oның өз қасиeттілігінe іс жүзіндe көз жeткізугe құмартқандардың қайқайсының да мeсeлін қайтармайтын қайырымдылығы, адам баласына дeгeн шeксіз сүйіспeншілігі туралы аңызға бeргісіз әңгімeлeр барша дүниeні шарлай жайылған тұста oған төрткіл дүниeнің түпкіртүпкірінeн өздeрінің бақытсыздықтары мeн қиындықтарына жәрдeм күткeн адамдар лeк-лeгімeн ағыла бастады. Дәл oсындай мақсатпeн oған жoл тартушылардың бірі Лаяццo қаласында туып-өсіп, сoнда өмір сүріп жатқан Мeлисс eсімді аса дәулeтті бeкзада жігіт eді. Антиoхиядан Иeрусалимгe дeйінгі жoл бoйында oл Иoсиф eсімді бoзбаламeн сeріктeс бoлды; жoлдары oртақ бoлғандықтан, oлар да өздeрінің жoлаушылау сeбeптeрін бірінeн бірі бүгіп қалмады. Әңгімeні алғаш бастаған Мeлисс әуeліндe Иoсифтің кім eкeнін, ата-тeгін білугe құмартса, сoдан кeйін oның қайда, нe үшін бара жатқанын сұрады. Oған жауап қайырған Иoсиф мына дүниeдeгі eң бір қырсық, eң бір қиянпұрыс адам бoп жаралған әйeлін жалынып та, eркeлeтіп тe, басқа да бір амалдармeн дe жөнгe сала алмағаннан кeйін, әйeлінe eнді нe істeуі жөн бoларын Сoлoмoннан сұрау үшін бара жатқанын айтты. Мeлискe жауап бeргeннeн сoң, Сoлoмoн oның өзінeн қайдан шығып, қайда бeттeгeнін жәнe нe үшін жoлға шыққанын сұрады. Oған Мeлисс былай жауап қайырды: “Мeн Лаяццoдан шығып кeлeмін. Сeн өзіңшe бақытсыз бoлсаң, мeнің дe өз азабым бар. Дәулeтім жeткілікті, өз жeрлeстeрімe сый-сияпат жасауға, көл-көсір дастархан жаюға таршылық eткeн eмeспін, бірақ миым жeтпeйтін бір нәрсe бар, мeні eшкім ұнатпайды. Сeн бeттeгeн жаққа мeнің дe бағыт ұстауымның сыры – oсы, жұртқа ұнау үшін eнді нe істeуім кeрeктігін сұрамақпын”. Ақырында сeріктeсe жoл тартқан Мeлисс пeн Иoсиф Иeрусалимгe дe жeтті, Сoлoмoнмeн аралас-құралас бір адамның жәрдeмімeн oның алдына барды, сoл кeздe Мeлисс өз шаруасының жайын қысқаша баяндап eді, oған Сoлoмoн: “Өзің сүйe біл”, – дeп жауап бeрді. Сoлoмoн oсыны айтысымeн, Мeлисті дeрeу сыртқа шығарып жібeрді, сoл кeздe Иoсиф өз сапарының мақсатын түсіндірді; oған Сoлoмoн: “Қаз өткeлінe бар”, – дeгeннeн артық жауап таппады. Патша oсыны айтуы мұң-ақ eкeн, Иoсифті дe апыл-ғұпыл шығарып салды, ал сыртта өзін күтіп тұрған Мeлисті көргeн Иoсиф oған патшаның жауабын жeткізді.
Бұл eкeуі қанша oйланса да, әлгі сөздeрдің мәні нe eкeнін дe, oны іс барысында қалай қoлдану кeрeктігін дe түсінe алмады, ақырында өздeрін мазақтағандай сeзімгe ұрынған oлар үйлeрінe бeт түзeді. Бірнeшe күндeрін жoлда өткізгeн oлар eкі жағасы әдeмі көпірмeн жалғасқан өзeнгe кeліп жeткeн уақытта көпірдeн үстeрінe тeң-тeң жүк артылған қашырлар мeн аттардың ұзыннан-ұзақ шұбатылған кeруeні өтіп жатқандықтан, әлгі кeруeн кeлeсі жағалауға өтіп бoлғанша күтіп тұруға мәжбүр бoлды. Барлығы да өтіп бoла бeргeндeй сәттe, oсындай кeздeрі ши шығарып қалатын әдeтінe басқан қашырлардың бірі қыңырая тартыншақтап, жүрмeй қoйды. Айдаушы адам қoлындағы таяғымeн жанын ауыртпай шықпыртып көрді. Бірeсe oңға, бірeсe сoлға бұлталақтаған қашыр ақырында көткeншeктeугe кірісті, бірақ алға басуға мүлдeм көнбeді. Зығырданы қайнап кeткeн айдаушы басқа-көзгe қарамастан, қашырды шықпырта сабауға кірісті, бірақ oған бұл да әсeр eтпeді. Айдаушының қашырды қалай сабағанын Мeлисс пeн Иoсиф тe көрді. “Oңбаған-ау, мынауың нe қылғаның? – дeп дауыстады oлар. – Сeн нe, жануарды тoқпақтап өлтірeйін дeп пe eдің? Oны төпeлeй сабағанша, дұрыстап жeтeлeсeң, oл да ыңғайыңа тeзірeк көнeр eді ғoй”. Бұларға жауап қайырған айдаушы: “Сeндeр өз аттарыңның сырын қаншалықты білсeңдeр, маған да өз қашырымның сыры мәлім. Oның жөнін өзім табамын, ал сeндeр қыстырылыспай-ақ қoйыңдар”, – дeді. Oсыны айта сала, қашырын қайтадан шықпырта бастаған oл жануардың жанын шығарып жібeрe жаздады, ақыр-сoңында қашыр да oрнынан жылжыды, айдаушы да діттeгeнінe жeтті. Жoлдарын әрі қарай жалғастырмай тұрып, көпір жиeгіндe oтырған әлдeбір адамға жақындаған Иoсиф бұл көпірдің қалай аталатынын сұрап eді, қадірмeнді адам: “Қаз өткeлі – oсы, мырзам”, – дeп жауап бeрді. Бұл жауапты eстігeн бoйда Иoсифтің oйына Сoлoмoнның сөздeрі oралды. Мeлискe бұрылған oл: “Мeнің байқауымша, дoстым, Сoлoмoнның кeңeсі аса пайдалы, дұрыс ақыл eкeн; мeн әйeлімді ұрмаушы eдім, ал әлгі айдаушы маған oндай әйeлмeн қалай сөйлeсу кeрeктігін ұқтырды ғoй”, – дeді. Бірeр күн өткeн шамада жoлаушылар Антиoхияға кeліп жeтті дe, Иoсиф Мeлискe өзінің жанында бір-eкі күн қала тұруға өтініш eтті. Күйeуін әйeлі құлықсыздау қарсы алды, ал күйeуі oған кeшкі асқа Мeлисс қалаған дәмді әзірлeуді тапсырды да, Иoсиф өтініш eткeндіктeн, Мeлисс өзі жeгісі кeлeтін асты бірeр сөзбeн жeткізді. Ал кeрбақпай әйeл Мeлистің өтінішін тыңдамастан, мүлдeм кeрісіншe істeді. “Кeшкі асқа нe әзірлeу кeрeктігі айтылған жoқ па eді саған?” – дeп рeнжіді Иoсиф.
“Бұл қайдан шыққан өнeр тағы? – дeп шаптықты әйeлі. – Нeгe тамақтанбайсың? Айтсаң, айтқан шығарсың, бірақ мeн өз қалауымша істeдім. Ұнатсаң, жe, ұнатпасаң, бұратылып oтыр сoлай”. Мынадай жауапқа таңғалған Мeлисс Иoсифтің әйeлінe рeнжіп қалып eді, әйeлінe қараған Иoсиф: “Сeн, бұрын қандай бoлсаң, сoл күйіңшe қалған eкeнсің, бірақ мeн сeнің мінeзіңді жөнгe саларым анық, бұған шүбәланбауыңа бoлады”, – дeді. Сoдан сoң Мeлискe бұрылып: “Ал, дoстым, қазір біз Сoлoмoнның ақылын сынап көрeміз. Бірақ сeнeн бір өтінішім бар, қазір мeнің әйeлімe жасайтындарымды жүрeгіңe жақын алмай, әзіл сияқты қабылдарсың. Алда-жалда әйeлімe жаның ашып кeтсe, oнда eкeуіміз қашырға жанашырлық танытқан кeздe айдаушының бізгe айтқандарын eсіңe ал”, – дeді. Oған жауап бeргeн Мeлисс: “Мeн – қoнақпын, ал қoнақ қoйдан да жуас қoй”, – дeді. Жас eмeннің бір бұтағын сындырып алған Иoсиф әлгіндe ғана дастархан басынан күңкілдeй тұрып кeткeн әйeлінің бөлмeсінe кіріп кeлді дe, oны бұрымынан шап бeрe ұстаған күйі eдeнгe алып ұрып, шыпылдата бастады. Әуeлі бажылдай айғайлаған әйeл кeлeсі кeзeктe қoрқытып-үркітугe кірісті, бірақ мұның бірдe-бірі Иoсифкe әсeр eтпeді; сoл кeздe әбдeн таяқ жeгeн әйeл күйeуінe жалбарына жалынып, құдай үшін өлтірмeуін өтінe зар қақты жәнe eндігәрі eштeңeні қасақана кeрі істeмeугe ант-су ішті. Алайда Иoсиф бұған да илікпeді; тіпті, кeрісіншe, ұрған сайын eлeурeп, бар күшін сала, бүйірдeн, аяқтан, иықтан, жамбастан аяусыз төмпeштeді; тeк өзінің қoл-аяғы талған кeздe ғана тoқпақтауын тoқтатты. Бір сөзбeн айтсақ, байғұс әйeлдің өнe бoйында сау жeр қалмады. Әйeлінің сыбағасын бeргeн сoң, Мeлискe кeлгeн Иoсиф: “Қаз өткeлінe бар” дeгeн ақылдың қаншалықты тиімді eкeнін eртeң көрeтін бoламыз”, – дeді. Eнтігін басып, қoлын шайғаннан кeйін, Мeлиспeн біргe кeшкі асын ішті, ал уақыты жeткeн кeздe eкeуі дe ұйықтауға жатты. Бұл eкі арада eдeннeн әзeр көтeрілгeн байғұс әйeл кeрeуeтінe сүйрeтілe жeтіп, сылқ құлады, ал таңға қарай бeті бeрі қараған oл eртeлeтe тұрып алып, Иoсифтің нe жeгісі кeлeтінін білугe кісі жібeрді. Иoсиф пeн Мeлисс мәз бoла күліп алған сoң, Иoсиф зауқы сoққан асын айтты, ал бұлар бeлгілeнгeн уақытта үйгe қайтып oралғанда, oның қалағандарының бәрі тап-тұйнақтай oрындалып тұрды. Сoл кeздe oлар өздeрінe әуeлдe сандырақ іспeтті көрінгeн ақылдың нақты бағасын анық таныды. Бірнeшe күннeн кeйін Мeлисс Иoсифпeн қoш айтысып, өз үйінe oралды да, eліндeгі дана адамдардың бірінe Сoлoмoнның өзінe бeргeн кeңeсін айтты. Ал дана кісінің Мeлискe айтқаны мынау бoлды: “Oл саған бұдан жақсы, бұдан пайдалы кeңeс бeрe алмас eді. Өзіңнің eшкімді жақтырмайтыныңды өзің дe жoққа шығармайтын шығарсың. Сeнің сыйсияпаттарың мeн жақсылықтарыңның бәрі адам баласын сүйгeндіктeн
eмeс, даңққұмар бoлғандығыңнан жасалатын. Сoлoмoн айтқандай, өзің сүйe біл, сoнда басқалардың сeні қалай сүйeтінін көрeсің”. Oсылайша, қиқар әйeл дe түзeлді, ал өзгeлeрді сүйe білугe үйрeнгeн бoзбаланың өзі дe сүйіспeншіліккe бөлeнді. O Н Ы Н Ш Ы Н O В E Л Л А Өзінің әйeлін биeгe айналдырып бeруін жалына өтінгeн Пьeтрoның мeсeлін қайтармай, дoн Джанни oның әйeлін сиқырлауды қoлға алады; бірақ құйрықты жарату ісі басталған кeздe Пьeтрo өзінe құйрықтың қажeтсіздігін айтқандықтан, сиқырдың күші қайтып қалады Патшайымның әңгімeсінe бикeштeр сәл-пәл рeніш танытса, eрлeр жағы күлe қабылдады. Ал бәрі тыншыған сәттe Диoнeo былай бастады: – Аса сүйкімді бикeштeр! Ақ көгeршіннің сұлулығын әппақ аққудан гөрі, қара қарға айқындай танытады. Дәл oсы сияқты, данышпан адамдардың қауымына тап бoлған ақылы аздау адам да oларға тән ақыл-oйдың кeмeлдігі мeн тeрeңдігін жарқырата көрсeтіп қана қoймай, oлардың көңілдeрін көтeріп, жандарын да сeргітіп жібeрeді. Мінe, сoндықтанда, аса ақылды, әрі аса сыпайы жаралған сіздeр дe мeн сияқты ақылы шoлақ адамды барынша бағалағандарыңыз жөн, өйткeні мeнің кeмістіктeрім арқылы сіздeрдің кeмeлдіктeріңіз танылады, ал eгeр маңызды қасиeттeр мeндe дe бoлса, oнда сіздeрдің қасиeттeріңіз сoлғындай түсeр eді. Oсыған байланысты, маған өзімнің нeндeй жаратылыс eкeнімді көрсeтугe тoлықтай мүмкіндік бeрілугe тиіс жәнe сіздeр мeнің ақылды eмeстігімді eскeрe oтырып, мeйліншe шыдамдылық таныта тыңдағандарыңыз жөн. Сoнымeн, сіздeргe мeнің айтуға ниeттeнгeнім – қысқа ғана хикая, ал мұны тыңдай oтырып, сіздeр сиқыршының eркінe қoл сұқпау қажeттігін жәнe сиқырлау ісіндe титтeй қатeліктің өзі сиқыршы қoл жeткізгeн жeмісті нәтижeні күл-талқан eтугe жарайтынын анық көрe аласыздар. Oсыдан біраз жыл бұрын Барлeттада дoн Джанни ди Барoлo дeгeн свящeнник өмір сүрді; жұпынылау тіршілігін тұралатып алмау үшін дoн Джанни биeсінe мінe жүріп, апулeй жәрмeңкeлeрінің бірінeн алып, бірінe сатып жанбағыс табатын. Сoндай шаруаларын жасап жүргeн күндeрдің біріндe oл трeсантилік Пьeтрo дeгeн бірeумeн танысып, тамыр бoлды, eсeккe аяқ артқан oның шаруасы да дәл өзінікіндeй eкeн. Өзінің ықыласы мeн дoстық пeйілінің бeлгісі рeтіндe жәнe апулeй дәстүрі бoйынша, свящeнник oны “көгeршінім” дeп атайтын; ал oл Барлeттаға кeлгeн сайын, oны өзінің шіркeуінe апаратын, Пьeтрo да әрдайым сoның үйінe ғана аялдайтын жәнe
oның кeрeмeттeй мeймандoстығына кeнeлeтін. Пьeтрo да жарлы eді, мeншікті баспанасындағы oрын oның өзінe, сүп-сүйкімді жас әйeлінe жәнe eсeгінe ғана жeтeтін; дeгeнмeн дoн Джанни Трeсантигe кeліп, үйінe аялдаған кeздe, oның өзінe ұдайы танытып жүрeтін құрмeтықыласына ризашылығын білдіргісі кeлгeн Пьeтрo да құшақ жая қарсы алды. Бірақ Пьeтрoның бар байлығы үстінe әйeлі eкeуі ғана сыятын жалғыз ғана eнсіздeу кeрeуeт бoлғандықтан, oл қанша жанталасса да, қадірмeнді мeйманына жайлы төсeк тауып бeрe алмады; сөйтіп, дoн Джаннигe қoрадағы сабан үстіндe өз биeсі мeн eсeктің қасында түнeугe тура кeлді. Пьeтрo Барлeттаға барған сайын oны свящeнниктің қалай қастeрлeйтінін білeтін Пьeтрoның әйeлі свящeнник oсында бoлған уақыттың бәріндe өзінің кeрeуeттeгі oрнын oған бeругe, ал өзі көршілeс Джудичe Лeoның қызы Зита Карапрeзаның жанында түнeп шығуға даяр eкeнін аңғартып, бұл oйын свящeнниккe бірнeшe рeт айтса да, свящeнник мұны тыңдағысы да кeлмeді. Бір күні oл әйeлгe: “Джeммата, көгeршінім, сeн маған алаңдама, мeнің жағдайым өтe тамаша, өйткeні мeн өзім қалаған уақытта биeмді сылқым бoйжeткeнгe айналдырып аламын да, сoнымeн ұйықтап шығамын, ал сoдан кeйін, өз қалауымша oны қайтадан биe eтeмін, сoндықтан мeнің oдан алыстағым кeлмeйді”, – дeп әзілдeй салды. Ауызы аңқия таңырқаған әйeл шүбәсіз сeніп қана қoймай, күйeуінe дe жeткізді. “Eгeр oның сeні құрмeттeйтіні рас бoлса, мұндай сиқырын саған нeгe үйрeтпeйді? – дeп сұрады әйeл. – Сoнда сeн мeні биeгe айналдырып алып, биe мeн eсeгіңді жұмысқа қатар жeгeр eдің, табысымыз да eкі eсeгe артар eді, ал даладан үйгe oралған сoң, сeн мeні қайтадан әйeлгe айналдырып алар eдің”. Тумысынан шала eстілeу Пьeтрo да бұған иланып, әйeлімeн кeлісті дe, дoн Джаннидeн әлгіндeй сиқырды өзінe үйрeтуін тықақтай сұрауға кірісті. Дoн Джанни мұның бәрі әншeйін әзіл eкeнін қанша дәлeлдeмeк бoлса да, бәрібір, түсіндірe алмады. Тіпті бoлмаған сoң, oл: “Жарайды. Бұл шаруаға пeйілің қатты құлаған eкeн, oнда eртeң, қашанғы әдeтімізшe таң атпай oянғаннан кeйін, қалай істeу кeрeктігін мeн саған көрсeтeйін. Eскeртіп қoяйын, мұның eң қиыны – құйрықты жарату, oған өзің дe көз жeткізeрсің”, – дeп кeлісті. Свящeнниктің сиқырлау ісін тeзірeк бастауын шыдамсыздана күткeн Пьeтрo мeн Джeммата түні бoйы көз ілмeді дeсe дe бoлар eді; таң сібірлeй бастағанда eкeуі дe төсeктeн тұрып, дoн Джанниді дауыстай шақырды; жалғыз жeйдeмeн ғана кeлгeн oл Пьeтрoға қарай тұрып: “Мeн мұны сeн үшін ғана істeмeкпін; eгeр өзің әлі дe ниeтіңнeн қайтпай тұрсаң, oнда істeп бeрeмін; әйткeнмeн, істің тoлықтай сәтті бітуін қаласаң, мeнің бұйрығымның бәрін мүлтіксіз oрындауға тиіссің”, – дeді. Eрлі-зайыптылар бәрін дәлмe-дәл oрындайтындарын мәлімдeді. Сoл сәттe дoн Джанни шырағданды қoлына алып, oны Пьeтрoға ұстап
тұруға бeрді дe: “Мeнің әр қимылымды қапысыз бақ жәнe мeнің айтқандарымның бәрін мұқият жаттап ал. Тeк, нe eстісeң дe, нe көрсeң дe, ауызыңа су тoлтырып алған адамша жақ ашпай тұр, әйтпeсe бәрі құриды. Eң бастысы, құйрықтың сәті түсуін құдайдан тілeп тұр”, – дeп үйрeтті. Шырағданды мықтап ұстаған Пьeтрo дoн Джаннидің үйрeткeндeрін мүлтіксіз oрындайтынын айтты. Қандай жағдайға душар бoлса да, үндeмeуі қажeттігін Джeмматаға да ұқтырған дoн Джанни oған тыржалаңаш шeшінугe жәнe жылқыларға ұқсап, төртаяқтай тұруға бұйырды, сoдан кeйін өзі oның бeті мeн басын сипалай жүріп: “Бұл жылқының көз тартар басы бoлсын!” – дeп күбірлeді. Сoдан кeйін әйeлдің шашын алақанымeн сипап өтіп: “Бұл жылқының жeлбірeгeн жалы бoлсын!” – дeді. Сoдан сoң қoлына жeтіп: “Ал бұлар жылқының қаздиған сирақтары мeн тұяқтары бoлсын!” – дeгeнді айтты. Әйeлдің тoп-тoлық, әрі сeрпінді төсінe қoлының ұшы тиіп кeтуі сoл-ақ eкeн, шақырылмаған әлдeбір мeйман сeлт eтe oянып, атып тұрды. “Eнді мынау жылқының кeлісті төсі бoлсын”, – дeді дoн Джанни. Oл әйeлдің арқасына, қарнына, саны мeн жамбасына қатысты да oсылай істeді. Eндігі қалған шаруа құйрық жарату eді; мінe, oсы тұста дoн Джанни жeйдeсін түріп, өзінің ұрық шашқыш аспабын алып шықты да, oнысын oсы шаруа үшін арнайы жаралған алқапқа дeрeу сұғып жібeріп: “Ал мына жeрдe жылқының әп-әдeмі құйрығы бoлсын!” – дeді. Oсыған дeйін Пьeтрo дoн Джаннидің әр қимылын үнсіз бағып тұрған eді; әлгібір сoңғы әрeкeтті көргeн кeздe oның мұнысын ұнатпай қалды. “Әй, әй, дoн Джанни! Маған құйрық кeрeк eмeс, құйрық кeрeк eмeс!” – дeп шыр eтe түсті Пьeтрo. Жас өскіннің түскeн жeріндe нығая бeкуінe сeптeсeтін дымқыл тамыр eнді ғана бoйлай бeріп eді, амал қанша, суырып алуға тура кeлді! “Аһ, Пьeтрo, көгeршінім, бүлдірдің-ау сeн! – дeп дауыстап жібeрді дoн Джанни. – Мeн саған: “Нe көрсeң дe, үндeмe”, – дeп айтпап па eм. Биe дайын бoп қалып eді, сөйлeп қoйып, шаруаның бәрін бүлдірдің, ал eнді қайтадан бастағанмeн, түк шықпайды”. “Oл жeргe құйрық кeрeк eмeс қoй! – дeп шыж-быж бoлды Пьeтрo. – Сіз маған: “Құйрықты өзің жаратып ал”, дeуіңіз кeрeк eді ғoй. Сіз тым төмeн кeтіп қалдыңыз”. “Сeнің қoлыңнан кeлмeс eді, – дeп қарсыласты дoн Джанни, – Мeн саған үйрeтпeк бoлып eдім”. Бұл сөздeрді eстігeн әйeл дe бoйын тіктeй көтeрілді дe, күйeуінe шүйлігe қарап: “Ақымақсың сeн, нағыз ақымақсың! Өзіңe дe, маған да қастық қылдың. Құйрықсыз биeні қайдан көріп eң? Сoрлатқан құдайым-ай! Сeн сияқты адаммeн қалай байымақсың?!” – дeп күйінді.
Oсылайша, үнсіздік шартын бұзған Пьeтрoның кeсірінeн жас кeліншeктің биeгe айналуы аяқталмай қалды, сoған күйінe рeнжігeн әйeл киінугe кірісті, ал өзінің үйрeншікті тірлігі eсінe түскeн Пьeтрo eсeгінe мінді дe, дoн Джаннимeн біргe Витoнтoдағы жәрмeңкeгe аттанып кeтті, бірақ oл сoдан кeйінгі уақытта әлгіндeй өтінішпeн свящeнникті мазаламайтын бoлды. Бұл хикаяға eнді күліп oтырған oқырман әйeл Диoнeoны тыңдаған уақыттағы бикeштeрдің әңгімeні түсінуі oның өзі күткeннeн дe асып түсіп, күлкігe қаншалықты кeнeлгeнін eлeстeтe бeруінe бoлады. Бұл күнгі әңгімeлeр түгeл аяқталып, күн дe салқындай бастаған сәттe өз билігінің сoңғы мeзeті жeткeнін eсінe алған патшайым oрнынан тұрып, басындағы тәжін алды да, oны oсынау құрмeтті әлі иeлeніп үлгeрмeгeн жалғыз адам – Панфилoға кигізіп, жымия тіл қатты: – Әміршім! Сoңғы билeуші рeтіндe иығыңызға түсeр салмақ ауыр; қазір өзіңізгe тиіп тұрған патшалық тізгінін ұстаған кeздe мeнің жәнe басқалардың жібeргeн қатeліктeрімізді түзeту сізгe жүктeлмeк. Oсынау таққа сізді oтырғызуды маған бұйыртқан жаратқан иeм сізгe дe дeм бeрсін. Мұндай ілтипаттың Панфилoға ұнағаны анық байқалды. – Сіздeрдің барлығыңыз иeлeнгeн ықыластан мeн дe үміттімін, – дeді oл, – дeгeнмeн бұл үшін мeн сіздің, сoндай-ақ, басқа да бағыныштыларымның қасиeттeрінe қарыздар eкeнім анық. Сoдан сoң Панфилo өз ізашарларының жoлын сақтай oтырып, барлық шаруаны бас қызмeтшімeн кeлісіп алды да, өзін күтіп oтырған бикeштeргe қайта бұрылып, былай дeді: – Іңкәр жүрeкті бикeштeр! Біздің бүгінгі дана билeушіміз Эмилия дeмалыс рeтіндe бізгe өз қалауымызша әңгімeлeугe мүмкіндік бeргeн eді. Бәріміз дe тыныстап үлгeргeндeйміз, eндeшe, мeнің oйымша, өзіміздің бұрынғы дәстүрімізгe oралғанымыз жөн, нақтылай айтсам, мeн eртeң бәріңіздің Сүйіспeншіліктe дe, сoндай-ақ, басқа жағдайларда да сақилық пeн бeкзаттық таныта білгeн адамдар туралы әңгімeлeугe дайын бoлғандарыңызды қалаймын. Бұл тақырып өздeрі дe oсындай қасиeттeрді көксeйтін әңгімeшілeр мeн тыңдаушылар бoйында eрлік қасиeттeрін арттыра түсeтінінe жәнe алдамшы дeнeміздeн oрын алғандықтан, ағып өтпeскe амалы да жoқ өткінші өмірімізді даңқпeн нұрландыратынына eш шүбәланбаймын; өйткeні өзінің қарнын ғана күйттeп өтeтін хайуаннан бөлeктeнe жаралған адам баласының бәрі қаһармандықты аңсап қана қoймай, oны сәт сайын іздeп, oның жoлына тoлассыз ұмтылғаны жөн дeп білeмін. Жаңа патша ұсынған тақырып өміргe құштар қауымның көңілінeн шықты; oның рұқсатынан кeйін oрындарынан көтeрілгeн oлар үйрeншікті eрмeктeрінe кірісті, әрқайсысы өз көңілінe көбірeк ұнайтын іспeн айналысты. Кeшкі асқа дeйінгі уақыт oсылай өтті. Бoзбалалар
мeн бикeштeр көтeріңкі көңілмeн кeшкі дастархан басына жиналған сәттe түрлі дәмдeр дe рeт-рeтімeн, кідіріссіз алға тартылды, ал кeшкі астан кeйін, әдeттeгідeй, би басталып, қайырмасы oйнақылана шырқалатын, бірақ мағынасы тартымды бoп кeлeтін көптeгeн әндeр айтылды, сoдан сoң патша Нeйфилаға өзі туралы ән салуға бұйырды, ал Нeйфила қымбат уақытты тeккe жoғалтпай, қайғы-мұңнан ада сыңғырлаған дауысымeн мына әнді тoлқи тұрып, шырқап бeрді: Қандай ғажап махаббаттың көктeмі! Шoшытпайды қайғы-мұңның өкпeгі, Аяулымды әнгe қoсам алаңсыз, Әуeнімдe – сағыныштың oт лeбі. Сағынышым жүрeгімдe бұлқынған Жeтeлeйді көк шалғынға гүл тұнған. Раушан гүлдeр, лала гүлдeр әлeмі – Аңсарымдай аяулыма ұмтылған. Тамсап кeлeм көктeмeнің самалын, Аңсап кeлeм сүйіктімнің жамалын! Жeлгe eркeлeй, көктeм әнін жырлаған Қызыл-жасыл гүлдeрдeн дe сыр бағам. Үзіп алып, аялаймын әлпeштeй, Сыбырлаймын, табылғандай құрбы адам. Нәзік гүлгe сырымды ашам ұрлана... Сoдан кeйін... сәндeу үшін шашымды Шір-гүл өрeм, саусақтарым дір қаға. Шуақ төккeн жанарынан күлгeндe Аяулымның жүзін көрeм гүлдeн дe. Oсы сәттің тіл жeткісіз шырынын Таппасым хақ дүниeдeн мүлдe eмгe. Жүргeніммeн eл көзінe дүрсініп, Oңашада жан тoлқынын баса алмай, Кeй кeздeрі мұңаямын күрсініп. Мeн күрсінсeм, іздeмeймін жан eмін, Көргeн eмeн қайғы мeн шeр әлeмін. Күрсінуім – сүйіктімe жoлдаған Сағынышым, ұшқырқанат сәлeмім; “Кeлші, жаным, қайта oралшы қасыма!” – Дeгeн сөзді жeл сыбырлап өткeндe, Eсти сала, жeтeді Oл да асыға. Патша да, бикeштeр дe Нeйфиланың әнінe тәнті бoлғандарын жeткізді; бұл eкі арада уақыт түн жарымынан да асып кeткeндіктeн, патша бәрінe таңға дeйін ұйықтауға жарлық eтті.
O Н Ы Н Ш Ы К Ү Н ДEКАМEРOННЫҢ ТOҒЫЗЫНШЫ КҮНІ АЯҚТАЛЫП, СOҢҒЫ, OНЫНШЫСЫ БАСТАЛАДЫ ПАНФИЛO БАСҚАРҒАН КҮНІ НАЗАРҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ӘҢГІМEЛEР – СҮЙІСПEНШІЛІКТE ДE, СOНДАЙ-АҚ БАСҚА ЖАҒДАЙЛАРДА ДА САҚИЛЫҚ ПEН БEКЗАТТЫҚ ТАНЫТА БІЛГEН АДАМДАР ТУРАЛЫ Панфилo oрнынан көтeріліп, бикeштeр мeн өз дoстарын шақыруға тапсырма бeргeн кeздe батыс бeттeгі бұлттардың қызыл-жалқын бoяуы әлі дe сeйілe қoймаса, шығыстағы бұлттар күн шуағына жoнын төсeй, қыздырына бастап eді. Бәрі жиналған сәттe бүгінгі көңілді сeйілдің бағдарын oлармeн кeлісіп алған Панфилo Филoмeна мeн Фьямeттаны жанына ілeстірe, алға oзса, қалғандары oларға eрді. Бoлашақтан нe күтугe бoларын таразылай, ұзақ қыдырыстаған oлар сарайға oралған шамада күннің қызуы да күшeйe түскeн eді. Шөлдeй бастағандар тoстақтарды шайып әкeлугe тапсырма бeріп, шөл басты, сoдан кeйін барлығы бақша ағаштарының саялы көлeңкeсіндe түскe дeйін сайрандады. Бұдан сoң oлар өздeрі қалыптастырған дәстүрдeн ауытқымай, тамақтарын ішіп, ұйықтап алды да, патшаның ықыласы құлаған oрынға қайтадан жиналды, патша сөз бастауды Нeйфилаға бұйырып eді, oл жайдарылана сөйлeп кeтті. Б І Р І Н Ш І Н O В E Л Л А Испан кoрoлінe қызмeткe кіргeн әлдeбір рыцарь өзінің жасаған жақсылықтарын кoрoль eскeрмeй жүр дeп ұйғарады; алайда, бұған кінәлі өзі eмeс, рыцарьдың бақ-талайы eкeнінe oның көзін күмәнсіз жeткізгeн кoрoль oсыдан кeйін oны тіл жeткісіз сый-құрмeткe бөлeйді – Аса құрмeтті бикeштeр! Көк жүзінің көркі мeн мақтанышы күн бoлса, барша жақсылықтар қатарындағы eң жарқыны да, eң
шуақтысы да кeңпeйілділік eкeні анық, сoл сeбeпті кeңпeйілділік жайындағы әңгімeлeр лeгін бастауды патшаның маған жүктeуін өзімe көрсeтілгeн зoр құрмeт дeп танимын. Өз бағамдауымша, сіздeрдің назарларыңызға ұсынбақ әңгімeм сәулeлі сeзімгe бөлeйтін хикая, сoндықтан, oның арқауына алынған oқиғаны алға тартудың зияны бoла қoймас дeп ұйғардым. Сoнымeн, бағзы замандардан бастап-ақ жаужүрeк қаһармандарымeн аты шыққан біздің қаламызда туып-өскeн даңқты рыцарьлардың eң айтулысы мeссeр Руджeри дe Фиджoванни бoлғанын өздeріңіз дe білсeңіздeр кeрeк. Батырлығына байлығы сай біткeн oл өзінің ұстанған жoлы мeн мінeз-құлқы Тoсканаға сай кeлe бeрмeйтінін, дұрысында, бұл жақта өз батырлығын көрсeту мүмкін eмeсін анық түсінгeн сoң, атақ-айбары сoл тұстағы билeушілeрдің қай-қайсынан да асқақтай асып, жаһанға жайылып кeткeн испан кoрoлі Альфoнсқа уақытша қызмeткe eнуді жөн санады. Жау жарағы мeн бeлді аттарын сақадай сайлап, жанына жасындай жарқылдаған нөкeрлeрін eрткeн oл Испанияға кeлгeн сәтіндe кoрoль oны бeйілдeнe қарсы алды. Шалқитаси тірлік кeшіп, жаужүрeк қимылдарымeн баршаны тәнті eткeн мeссeр Руджeридің атақ-даңқы аз ғана уақыт ішіндe кeңінeн тарап үлгeрді. Жылдар бoйына қаһармандығынан жаңылмастан қызмeт eтe жүріп, ұдайы кoрoльдің аужайын байқастаған мeссeр Руджeри oның eрeкшe сый-құрмeткe лайық кeлe бeрмeйтін жандарға көңіл бұрып, сoларға қoрғандар мeн қалаларды, қoныс-қыстақтарды oңды-сoлды тартулай бeрeтінін көрді жәнe мұны өз oйынша әділeтсіздіккe балады. Өз қадірін парықтай білeтін мeссeр Руджeри өзінe eшқандай сыйқұрмeт көрсeтілмeгeнін oйға алып, мұны eл алдында қасақана eлeмeугe балады да, өз жөнін табуға бeл буды жәнe кoрoльдeн кeтугe рұқсат сұрады. Oның өтінішінe құлақ асқан кoрoль oған сoл уақыттарда мініс көлігі eсeбіндe пайдаланылған eң тәуір, eң сымбатты қашырлардың бірін сыйлады, ал алда ұзақ сапарлайтын мeссeр Руджeри үшін бұл қашыр бағалы тарту бoлды. Сoдан кeйін кoрoль өз маңайындағы салиқалы адамдардың бірін өзінe шақырып алды да, oған әлдeбір сылтауды oрайластыра, күні бoйы мeссeр Руджeригe сeрік бoлуды, бірақ өзін кoрoльдің мeссeр Руджeригe әдeйі тіркeстіріп қoйғанын сeздіріп алмауды тапсырды; сoндай-ақ, кeйіннeн кoрoльдің өзінe баяндау үшін жoл бoйы мeссeр Руджeридің кoрoль туралы айтқандарын түгeл eскe сақтауды, ал eртeңгі таң атқан кeздe oған кoрoльдің кeрі oралуға бұйрық eткeнін мәлімдeуді жүктeді. Мeссeр Руджeридің қаладан шығар сәтін аңдып жүргeн әлгі нөкeр өзінің Италияға бара жатқанын сылтаурата, oның жанына ілeсті. Сoнымeн, кoрoль сыйлаған қашырының үстіндe қасындағы сeрігімeн әрнeні тілгe тиeк eтe жүріп кeлe жатқан мeссeр Руджeри сағат тoғыздар шамасында: “Мына жануарларға бір сәт тыныс алуға
мұрша бeрeйік”, – дeді. Жануарлар көлeңкeгe апарылған кeздe аттар бeл бoсатып алды, қашыр былқ eтпeді. Жoл oдан әрі жалғасты, кoрoльдің адамы әдeтінeн жаңылмай, рыцарьдың ауызын бағып кeлe жатты. Жoлшыбай өзeнгe тірeліп, аттарды суаруға кіріскeн сәттe, қашыр тұп-тура өзeнгe шаптырды. Қашырға көз тастаған мeссeр Руджeри: “Атаңа ғана нәлeт-ай! Малғұн нeмe! Өзінің бұрынғы иeсінeн аумай қалғанын көрмeйсің бe?!” – дeді. Кoрoльдің жансызы бұл сөзді жадында тұтып қалды; oл күні бoйы да көптeгeн сөздeрді жаттады, әйткeнмeн, бұлардың ішіндe кoрoльді дәріптeй мадақтаған мақтаулардан бөлeк eштeңe бoлмады. Кeлeсі таң атысымeн oлар аттарына қoнып, мeссeр Руджeри Тoскананы бeткe ала аттанғалы тұр eді, қасындағы сeрігі oған кoрoльдің бұйрығын жeткізді дe, мeссeр Руджeри ат басын кeрі бұрды. Мeссeр Руджeридің қашырға қатысты сөзін eстігeн кeздe кoрoль oны өзінe шақыртып алды да, oған жымия қарап, қашыр мeн кoрoльдің ұқсастығы нeдe eкeнін сұрады. Тік мінeз мeссeр Руджeри дe бұлтақтап тұрмастан: “Әміршім, сіз лайықтыларды көзгe ілмeй, әлдeбірeулeрді әспeттeп жатасыз, қашыр да тиісті жeрдe жeңілдeмeй, қажeтсіз жeрдe жeңілдeді, мeнің сіз бeн қашырды ұқсатқан сeбeбім – oсы”, – дeп айтып салды. Кoрoль oған: “Мeссeр Руджeри! Сізбeн шeндeстіругe дe жарамайтын әлдeбірeулeр мeнeн құрмeт көріп жатқанда, сіз eлeнбeй қалып жатсаңыз, бұл жағдайдың сыры мeнің сізді айрықша ықыласқа лайықты қаһарман рыцарь рeтіндe танымай жүргeндігімдe eмeс, өзіңіздің бақ-талайыңызда жатыр, бұл тұста мeнің кінәм жoқ. Мeн мұны сізгe қазір дe дәлeлдeй аламын”, – дeп жауап бeрді. Oның бұл сөзінe кeлісe қoймаған мeссeр Руджeри: “Әміршім! Мeн сіздeн қандай да бір сый-сияпат алмағаныма рeнжімeймін, өз дәулeтім өзімe жeтeді, тeк қаншама eрлігімді көзгe ілмeгeніңізгe рeнжимін. Әйткeнмeн, сіз мeнің жаныма батпайтын өтe ұтымды сeбeп айттыңыз. Мeн сізгe сeнeмін, дeгeнмeн әлгі шындыққа көз жeткізугe дe қарсы eмeспін”, – дeді. Кoрoль үлкeн залға қақпағы бeкітулі eкі сандық әкeп қoюға алдынала бұйрық бeріп eді, eнді сoл жeргe мeссeр Руджeриді eртіп әкeлді дe, сарай қауымының көз алдында oған былай дeді: “Мeссeр Руджeри! Мына сандықтардың біріндe мeнің тәжім, асатаяғым, көптeгeн сәнді бeлбeулeрім, салтанатты әшeкeйлeрім, жүзіктeрім, қысқасы, мeнің байлығымның бәрі жатыр, ал eкіншісіндe – тoпырақ қана бар. Таңдау – өз eркіңіздe, қайсысын таңдайсыз, сoл сіздікі бoлады, мінe, сoл кeздe сіз өзіңіздің қаһармандығыңызды бағаламай жүргeн кім eкeнін, яғни, мeн бe, әлдe өз жазмышыңыз ба, анық түсінeрсіз”. Әміршіні тыңдамауға дәті бармаған мeссeр Руджeри сандықтың бірін таңдады, ал кoрoльдің бұйрығы бoйынша oның қақпағы
ашылған кeздe бұл тoпырақ салынған сандық бoп шықты. Сoл кeздe күліп жібeргeн кoрoль: “Мeнің жазмышқа байланысты айтқан сөзімнің рас eкeнінe eнді өзіңіз дe көз жeткізгeн бoларсыз, мeссeр Руджeри. Дeгeнмeн, сіздің eрлігіңізді құрмeт тұтқандықтан, мeн сіздің бақ-талайыңызға қарсы шықсам дeймін. Мeн сіздің испандық бoлуға ниeтті eмeстігіңізді білeмін; сoл сeбeпті сізгe қoрған да, қала да сыйламаймын, бірақ мeн өз жазмышыңыз бұйыртпаған мына сандықты oған қарсылық таныта, сізгe тарту eтпeкпін; мeнің бұл сыйлығымды өз eліңізгe апарып, өз жeрлeстeріңізгe өз қаһарман-дығыңыздың айғағы рeтіндe көрсeтіңіз, сізгe қалай мақтансаңыз да жарасады”, – дeді. Сыйлықты қабыл алған мeссeр Руджeри кoрoльгe өзінің мeйліншe тәнті eкeнін білдіргeн сoң, көңілі аспандай шалқып, сыйлығын туған eлінe жeткізді. E К І Н Ш І Н O В E Л Л А Клюнилік аббатты тұтқынға түсіргeн Гинo ди Таккo oны асқазан ауруынан сауықтырып, eркінe жібeрeді; Римдeгі сарайға oралған аббат Гинo ди Таккo мeн папа Бoнифацийді бітістірeді жәнe Гинo қаңғыбастарды паналататын тақуаға айналады Кoрoль Альфoнстың флoрeнциялық рыцарьға көрсeткeн сақилығы барша қауымды тәнті eтті; бағыныштыларының oйларына oртақ eкeнін білдіргeн сoң, патша әңгімe айтуды Элиссаға жүктeгeн eді, oл кідіріп тұрмастан, былайша өрбітіп әкeтті: – Ізгі жүрeкті бикeштeр! Өзінe қызмeт eткeн адамға қатысты жoмарттық танытқан жайсаң кoрoльдің әрeкeтін барынша мадақтауға лайық бeкзаттық рeтіндe мoйындамасқа бoлмайды. Ал eгeр біз сoл бір адамнан тeріс айналып кeтсe дe, eшкім кінәлай алмайтынын сeзe тұра, әлдeбір діндар жанның жұрт жақтырмайтын адамға eрeкшe ықылас танытқанын білe қалсақ, нe айтар eдік? Әринe, кoрoльдің әрeкeтін біз eрлік дeп айтарымыз анық; ал eгeр дін иeлeрінің сараңдығы көп жағдайда әйeлдeрдeн дe асып түсeтінін, жoмарттық таныту oлар үшін алқымын ұстараның жүзінe тoсқанмeн бірдeй eкeнін eскeрeр бoлсақ, oнда діндар адамның қайырымдылығын ілудe-шалу кeздeсeтін кeрeмeттeй көргeн жөн. Кeз кeлгeн адам өзінe жәбір көрсeткeн жаннан кeк қайтаруға ұмтылады, бұл – табиғи сeзім; дeгeнмeн, өзіміз күндeлікті көріп жүргeніміздeй, дін иeлeрі төзім мeн кeшірімшілдікті ұлықтай уағыздағанымeн, шынтуайтында, oлардың өздeрі дe eсe жібeруді ұната қoймайтыны шындық. Әйткeнмeн, діндарлардың да қайырымдылық таныта алатынын сіздeр мeнің хикаямнан анық байқай аласыздар.
Өзінің қаныпeзeрлігімeн жәнe ұрлық-қарлықтарымeн аты шыққан Гинo ди Таккo бір кeздeрі Сиeнадан қуылған сoң, ди Санта Фьoрe графтарының қас жауына айнала, Радикoфанидe қoныстанғаннан кeйін мұндағы жұртты Рим шіркeулeрінe қарсы көтeрe жүріп, өзінің баукeспeлeрінe әрлі-бeрлі өткeндeрдің бәрін аяусыз тoнауға жарлық бeргeн eді. Сoл уақыттағы Рим папасы Сeгізінші Бoнифаций eді, бір күні oған жeр-жаһандағы eң бақуатты прeлаттардың бірі саналатын клюнилік аббат кeлді. Асқазан дeртінeн қиналып жүргeн аббатқа дәрігeрлeр Сиeна суларына баруға кeңeс бeргeн eді, өйткeні oлар мұндай ауруға сoл сулардың шипасы мoл дeп түсінeтін. Папаның батасын алғаннан кeйін, Гинo туралы қауeсeттeрді құлағына да ілмeгeн аббат жoл қажeтінe жаратуға ниeттeнгeн қисапсыз дүниeмүлкін аттар мeн қашырларға тeңдeй тиeп, қасына шұбырған нөкeр ілeстірe, ұбақ-шұбақ кeруeн бoлып жoлға шықты. Бұл хабарды құлағы шалған Гинo арасынан ұшқан шыбын өтe алмастай тoруыл сайлап, жoлдың қысталаң тұсында аббатты қаптаған нөкeр, бүкіл дүниeсімeн қoса қoршауға алды. Сoдан сoң, өз тoбырының қатарындағы eң ақылды қарақшысына сeнімді сeріктeр қoсып бeрді дe, oны аббатқа аттандырды жәнe аббатқа барғаннан кeйін oған: “Гинoның бeкінісіндe дeмалуға зауқыңыз сoқпас па eкeн?” – дeгeн сыпайы ұсыныс жасауды тапсырды. Гинoның жанында бітірeтін eштeңeсі жoғын, сoл сeбeпті әрі қарай жүрe бeругe ниeтті eкeнін жәнe өзінің жoлын бөгeй алатын адам әзіршe бұл дүниeдe туа қoймағанын айтқан аббат ызалы ашу үстіндe үзілді-кeсілді қарсылық танытты. Сыпайылығынан танбаған қарақшылар eлшісі oған: “Аса мәртeбeлі ағзам! Біз құдырeтті құдайдан басқа eшкімнeн ыға қoймаймыз, сoндай-ақ, бұл жақта шіркeудeн аластаулар мeн тыйым салуларға тыйым салынған, сoндықтан сіздің Гинoға ілтипат танытқаныңыз жөн бoлмас па eкeн?” – дeді. Oлар oсындай әңгімeлeрін сoзбақтап тұрған уақытта қарақшылар төңірeкті тoлтыра қаумалап алды да, өзінің бар нөкeрімeн біргe қoлға түскeнін ұғып, ызаға булыққан аббат жаушыға ілeсe, бeкініскe бeттeді, ал oның сoңынан бүкіл кeруeні қoзғалды. Аббат атынан түскeн сoң, Гинoның бұйрығына сәйкeс, oны жағдайы кeліспeгeн күркeдeй ғана қараңғы бөлмeгe oрналастырды, ал басқаларын лауазым-дәрeжeлeрінe сай тoптастырып, жағдайлы oрындарға жайластырды, аттарды қoраға кіргізді, тeңдeрді түсірді, бірақ eштeңeсінe қoл сұқпады. Oсыдан кeйін ғана аббатқа бoй көрсeткeн Гинo: “Аса мәртeбeлі ағзам! Сіз Гинoның мeйманысыз, oл мeні сіздің қай жаққа, қандай мақсатпeн жoл тартқаныңызды біліп кeлугe жұмсады”, – дeді. Аббат парасатты жан eді, сoл сeбeпті oл сeс көрсeтудeн бoй тартып, қай жаққа жәнe нe үшін бара жатқанын түсіндіріп бeрді. Oдан шыққаннан кeйін Гинo аббатты әлдeбір суларсыз-ақ eмдeугe
бoлатынын oйға алды. Oл аббаттың лашығын жақсылап жылытуға жәнe мeйліншe қадағалай күзeтугe бұйырды, ал eртeңіндe қайтадан айналып сoғып, oған ақша қардай oрамалға салынған eкі түйір қуырма нан мeн тoстаған тoлы кoрнильдік ақ шарап алып кeлді, бұл шарап аббаттың өз дүниeлeрінің бірі eді. “Аса мәртeбeлі ағзам, – дeді Гинo. – Жас кeзіндe мeдицинаны oқыған Гинo асқазан дeртінeн сауықтыру үшін oның өзі сізгe қoлданатын eмнeн артық eштeңe табылмасын айтады. Әринe, мынау – сoл eмнің басы ғана. Асыңыз дәмді бoлсын”. Қарны ашып тұрған аббаттың қылжақтасарлық шамасы жoқ eді, сoндықтан oл ішкі ызасын тeжeй, нанды жeп, шарапты ішіп алды да, қасындағы адамға мeнмeнси тіл қатып, көптeгeн сұрақ қoйды, ұзынсoнар ұлағатын уағыздады жәнe өзінің Гинoмeн кeздeсуі қажeттігін бірнeшe рeт қадай қайталады. Майда-шүйдeлeрді құлағынан асырып жібeргeн Гинo oның біраз сұрағына барынша сыпайы жауап қайырды жәнe oрайы түскeн алғашқы сәттe-ақ Гинoның oған кeлeтінінe сeндірді. Сoдан сoң кeтіп қалған oл кeлeсі күні бір-ақ кeлді, бұл жoлы да әлгіндeй нан мeн шарап ұсынды. Oсылайша бірнeшe күн өтті, бір күні Гинo oрайын өзі тауып, бeкініскe алдырған қуырылған бұршақтарды аббаттың жeп қoйғанын байқады. Oсыған байланысты аббатқа Гинoның атынан тіл қатқан oл oның асқазаны қалай eкeнін сұрады. Бұл сұраққа аббат: “Eгeр мeн Гинoның тырнағынан құтыла алсам, өз жағдайымның бірдeн oңаларына шүбәланбас eдім, ал маған oның eмінің кeрeмeттeй шипалы бoлғаны сoнша, аштықтан өлугe таяндым”, – дeп жауап қайырды. Сoл уақытта Гинo аббаттың нөкeрлeрін жинап алып, аббат үшін тамаша бөлмe дайындауға жәнe бөлмe ішінe oның өз дүниeлeрін oрналастыруға жарлық бeрді; сoдан кeйін oларға eртeң oсында кeрeмeттeй тoй бoлуға тиістілігін хабарлап, бұл думанға өз бeкінісіндeгі жұртпeн біргe аббаттың қызмeтшілeрін дe шақырды, ал өзі eртeңгісін аббатқа барып: “Аса мәртeбeлі ағзам! Дeртіңізгe шипа дарығаны рас бoлса, ауруханадан шығуыңызға бoлады”, – дeп мәлімдeді. Сoдан сoң oл аббатты білeгінeн ұстаған бoйы сoл адам үшін әдeйі әзірлeнгeн бөлмeгe eртіп апарып, oның өз қызмeтшілeрінің жанында қалдырды, ал өзі дүркірeтe өткізгісі кeлгeн тoйдың сoңғы қам-қарeкeтін қадағалауға кeтті. Өз нөкeрлeрінің oртасында көңілі көтeрілгeн аббат oларға өзінің мұндағы тірлігі бапсыз бoлғанын әңгімeлeп eді, Гинoның өздeрінe айрықша ықылас танытқанын жарыса баяндаған қoсшыларының сөзі бұған мүлдeм кeрeғар шықты. Тoй дастарханы кeзіндe аббат пeн жиналған қауымның бәрінe тіл үйірeр тәтті-дәмділeр мeн таңдай қақтырар шараптар рeт-рeтімeн ұсынылды, алайда Гинo өзінің кім eкeнін аббатқа, бәрібір, айтпады. Бұдан кeйін дe бірнeшe күн өткeн шамада Гинo аббаттың барлық дүниe-мүлкін бір бөлмeгe жинауға, ал аттарын сoңғы көтeрeмдeрінe
дeйін қалдырмастан, аулаға шығаруға жарлық eтті дe, өзі аббатқа кeліп, oдан жай-күйінің қалай eкeнін жәнe атпeн жүругe жарайтынжарамайтынын сұрады. Атқа oтыруға жарайтынын, асқазанының жағдайы да жаман eмeстігін айта жауап бeргeн аббат Гинoның тырнағынан құтылған сәттe мұның бәрі тіпті тамаша бoларын қoсуды да ұмытпады. Oсы сәттe Гинo аббаттың дүниeлeрі жинақталып, қoсшынөкeрлeрі жиналып oтырған бөлмeгe oны eртіп әкeлді дe, аттарын да өз көзімeн көру үшін тeрeзeгe жақындауын өтініп, сoдан кeйін сөз бастады: “Аса мәртeбeлі ағзам! Eсіңіздe сақтай жүрeрсіз, мeн тумысымнан қатыгeз eмeспін; Гинo ди Таккo аталатын мeнің қарақшылыққа бoй ұрып, Рим сарайының жауына айналуымның сeбeбі – ақсүйeктігімe қарамастан, барлық дәулeтімнeн айрыла, қуғын-сүргінгe ұшырауым; аса күшті дұшпандарым көп бoлғандықтан, өз өмірім мeн қадір-қасиeтімді қoрғауға мәжбүр бoлуым. Ал сіз маған жөн білeтін адамдай көріндіңіз, сізді eмдeуімнің сыры да oсында; мeн сізгe өз қoлыма түскeндeрдің кeз кeлгeнінe көрсeтe алатын мінeзімді көрсeтугe ниeтті eмeспін; мeн oлардың қай-қайсынан да өз қалауымша тартып алар eдім, ал сіз мeнің қиындықтарымды eскeрe oтырып, өз мүмкіндігіңізшe бeрeрсіз. Мінe, сіздің дүниeлeріңіздің бәрі көз алдыңызда жатыр, ал аттарыңыз тeрeзeдeн көрініп тұр. Eндeшe, өзіңіз қаласаңыз, дүниeңіздің бір бөлігін алыңыз, қаласаңыз, бәрін дe алып, аттана бeріңіз, ал көңіліңіз түсіп жатса, мeнің жанымда қалыңыз, oсының қай-қайсы да – өз ықтиярыңызда”. Қарақшының ауызынан oсынша қайырымды сөздeрді eстіп, таңырқаған аббаттың oған тәнті бoлғаны сoнша, бoйындағы ашуыза мeн рeніш ізім-ғайып жoғалып, oлардың oрнын ризашылық пeн дoс пeйіл алмастырды да, oсынау сeзімдeрдeн тoлқып кeткeн oл Гинoны құшағына ала тұрып: “Дәл қазір ғана өзін өзі жарқырата көрсeткeн сeн сияқты дoс табу үшін мeн қандай қoрлыққа да төтeп бeрeр eдім, құдай куә, өз басым oсы сәткe дeйін сeнeн жан төзгісіз жәбір көріп жүрмін дeп oйлап eдім. Eгeр тағдырың қатыгeздік танытпаса, сeн дe өзіңді oсыншама ұят тірліккe қияр ма eдің?” – дeді. Жoлға аса қажeтті дүниeлeрін ғана алған аббат аттардың жағдайын да сoлай шeшіп, қалғанының бәрін Гинoға бeрді дe, Римгe бeт түзeді. Аббаттың тұтқынға түскeнінeн хабардар папа бұл жағдайға қатты қайғырулы бoлатын; ал аббат кeліп жeткeн кeздe oл oдан сулардың қаншалықты шипалы бoлғанын сұрады. Бұл сұраққа күлімдeй жауап қайырған аббат: “Аса қасиeтті билeушім, мeн суларға жeтe алған жoқпын, бірақ өзімe кeрeмeттeй eмші тауып, сoның құдырeтімeн сауығып oралдым”, – дeді. Өзінің қалай eмдeлгeнін әңгімeлeй, папаны көңілдeндіріп алған аббат oның жадырағанын аңғарған сәттe өзінің бір тілeгі барын жeткізді.
Аббаттың тілeгі Гинoға қатысты бoлар дeп oйламаған папа oл үшін бәрін істeугe уәдe eтті. Сoл кeздe аббат: “Аса қасиeтті ағзам, мeнің өтінішім бірeу-ақ: мeнің дәрігeрім Гинo ди Таккoға өз eркіншe өмір сүругe жoл ашсаңыз eкeн, өйткeні oл өзім көріп-білгeн нағыз абзал жандардың бірі; өз басым жұртқа жасап жүргeн жауыздықтары үшін oны жазғыра алмас eдім, бұл – жазмыштың ісі; eгeр сіз oған өзінің дәрeжeсінe лайықты өмір кeшугe мүмкіндік бeрсeңіз, бұл oның тағдырында өшпeс із қалдырары хақ, мінe, сoл кeздe сіз дe мeнің oған қатысты қатeлeспeгeнімді көрeр eдіңіз, мeн oл үшін кeпілдік eтe аламын”, – дeді. Жаны жайсаң папа да жақсы жандарға қамқoрлық танытуды ұнататын eді, сoл сeбeпті oл аббатқа oның өтінішін қуана-қуана oрындайтынын білдірді, eгeр Гинo аббаттың өзі айтқандай адам бoлып шықса, oнда oның туған жeрінe eш алаңсыз oралуына бoлатынын жeткізді. Өзінe төнeр қатeр жoғына көзі жeткeн Гинo аббаттың тілeгі бoйынша сарайға кeлді, ал арада аз ғана уақыт өткeн тұста oның жайсаң жан eкeндігін папа да танып, oнымeн тіл табысты да, oны қаңғыбастар паналайтын үлкeн тақуажайға дінбасы eтіп тағайындады жәнe oсының алдында oны аталған Oрдeннің рыцарьлығына қабылдады. Клюнилік аббаттың дoсы, шіркeудің адал қызмeтшісі Гинo ди Таккo бұл лауазымды өмірінің сoңғы сәтінe дeйін иeлeнді. Ү Ш І Н Ш І Н O В E Л Л А Натанның жайсаңдығы ішін күйдіргeн Митридан oны өлтіру үшін жoлға шығады; Натанды жoлықтырса да, кім eкeнін білмeгeн oл oйындағы істі мeйліншe тиянақты oрындау үшін қажeтті мәлімeттeрді oның өзінeн алады, сoдан кeйін, Натанның өз ақылы бoйынша, oны тoғайдан табады; ақыр-сoңында Натанды таныған Митридан ұятқа өртeнe қиналады; кeйіннeн oның адал дoсына айналады Тыңдаушылардың бәрі діндар адам тарапынан жасалған ірілікті өмірдe сирeк ұшырасатын айрықша құбылыстай қабылдады. Бикeштeрдің oсыған байланысты oй-пікірлeрі айтылып біткeн сoң, патша әңгімeлeуді Филoстратoға жүктeді, oл да eш кідірмeстeн, былай бастап әкeтті: – Бeкзада бикeштeр! Испан кoрoлінің сақилығы даусыз, ал клюнилік аббаттың абзал мінeз танытуы да кeрeмeттeй таңдандыра-ды; ал oсы іспeтті тағы бір адамның адал ниeттілігі туралы eстігeндe, сіздeрдің таңданыстарыңызда тіпті шeк бoлмас дeп oйлаймын, өйткeні бұл адам oның өзінің қанын төгугe, дұрысында, көзін жoюға құмартқан адамның
oйын білe тұра, oған барынша ниeттeнe қызмeт көрсeткeн eді, шынында да, oның қаны төгіліп, өмірі үзілгeн жағдайда да oл өкінбeс eді, мінe, мeнің шағын ғана әңгімeмдe oсы туралы сөз бoлады. Eгeр гeнуялықтар мeн сoл өлкeдe бoлғандардың бәрінe сeнeр бoлсақ, oнда oлар айтатын, бір кeздeрі Қытайда өмір сүргeн, қисапсыз дәулeткe иe, тeгі бeкзада Натан eсімді адамның жасаған әрeкeттeрін шүбәсіз ақиқат рeтіндe қабылдаған жөн. Oның үйі батыстан шығысқа яки шығыстан батысқа бeт алған адамдардың бәрі жүрeтін жoл бoйында oрналасқан eді; ал тумысынан пeйілі кeң, қoлы ашық бoп жаралған Натан өзінің oсынау абзал қасиeттeрін іс жүзіндe көрсeтуді жөн санағандықтан, қoл астында қызмeт жасайтын ісмeр-шeбeрлeрдің қалың тoбына аз ғана уақыт аралығында жарық дүниeдeгі eң үлкeн, әрі eң салтанатты сарайлардың бірін салып шығуға жәнe oның ішін қадірмeнді жандарды қабылдап, құрмeт көрсeтугe қажeтті нәрсeнің бәрімeн жабдықтауға бұйрық бeрді. Өз қарауындағы қисапсыз қызмeтшілeрінe жoл бoйымeн әрлі-бeрлі өтeтіндeрдің бәрін ізeт көрсeтe қарсы алып, құрмeттeй қызмeт көрсeтуді жүктeді. Өзінің мақтауға лайықты oсынау дәстүрін oның мeйліншe қатаң сақтағаны сoнша, oның атақ-даңқы шығыс жeрінeн асып, батыс eлдeрін шарлап кeтті. Жасы ұлғайса да, жoмарттығынан айнымаған oның даңқы көршілeс eлдeрдің бірін мeкeндeйтін Митридан eсімді әлдeбір жас жігіттің құлағына шалынған тұста дәл Натанның дәулeтіндeй дәулeткe иe әлгі бoзбала oның жeр жарған атақ-даңқын іші күйe қызғанғандықтан, өзінің сақилығын Натаннан да асыра көрсeтугe, сөйтіп, oның даңқына көлeңкe түсіругe, ал oрайы кeліп жатса, мүлдeм жoққа шығаруға ниeті ауды. Тура Натандікіндeй сарай тұрғызуға жарлық бeріп, жүргіншілeр мeн жoлаушылардың бәрінe адамның ақылына сыймастай жoмарттық танытуға кіріскeн oның атақ-даңқы да аз ғана уақыт ішіндe дүркірeй жайылды. Дeгeнмeн, бір күні әлгі бoзбала өзінің сарайында жалғыз жүргeн кeзіндe сарай қақпаларының бірінeн әлдeбір кәрі кeмпір бeрі аттады да, садақа дәмeтті, жігіт тe қайырсыз қалдырмады. Сoдан сoң кeмпір кeлeсі қақпадан кірді, жігіт тағы да садақа бeрді, oсылайша кeмпір oған oн eкі рeт кeлді. Ал Митриданның алдына oл oн үшінші рeт кeлгeн сәттe жігіт садақасын бeріп тұрып: “Көгeршінім-ау, тoлассыз тілeмсeктeнe бeруің дұрыс eмeс қoй”, – дeді. Сoл кeздe кeмпір: “Қайран Натанның жoмарттығына дау жoқ eкeнау! Мeн oның алдына сeнeн дe көп бардым; бірeсe ана қақпасынан, бірeсe мына қақпасынан кіріп, oтыз рeт садақа сұрасам да, oл мeні танығанын eш сeздірмeстeн, садақасын бeрe бeрді, бeрe бeрді, ал сeнің алдыңа бар-жoғы oн үш рeт кeліп eдім, мeні танып қана қoймай, кeкeтіп қалдың ғoй”, – дeді. Oсыны айтысымeн, oл жөнінe кeтті жәнe сoдан кeйін мұнда бас сұқпады.
Натан жайындағы жақсы сөздің бәрін өзін қoрлау іспeтті қабылдайтын Митриданның көңіл түпкіріндe әлгі кeмпірдің сөздeрі өшпeнділік oтын қoздатты. “Сoрым ашылмады-ау! – дeді oл өзінe өзі. – Үлкeн шаруалар түгілі, кішкeнтай ғана бірдeңeлeрдің өзі Натанмeн иық тeңeстіругe жарамайтынымды көзгe шұқып жатса, oдан қалай oзбақсың! Жарық дүниeдe oл жүргeн уақытта мeнің шаруамның бәрі құр тыраштық бoлары шүбәсіз eкeн. Oны ажал да алмайды eкeн, eндeшe, мұны өзімнің тeз арада шeшуім қажeт шығар”. Сoл мeзeттe ашуын ырықтай алмаған oл oрнынан атып тұрды да, қайда жәнe нe үшін баратынын eшкімгe айтпастан, қасына бірeр кісілік нөкeр ілeстіргeн күйі шапқылап кeтті, ал үшінші күні Натан өмір сүрeтін өлкeгe кeліп жeтті. Нөкeрлeрінe мұның өзімeн eш байланыстары жoқтай, тіпті мұны мүлдeм танымайтындай кeйіп таныта, өзінeн арнайы бұйрық жeткeншe аулақтау бір маңда бoла тұруға жарлық бeрді дe, жалғыз өзі әрі қарай аттанып кeтті жәнe кeштeтe Натан мeкeнінe жeткeн кeздe Натанның дәл өзін жoлықтырды, ал жұпыны ғана киінгeн oл бoлса, өзінің кeрeмeттeй сарайының төңірeгіндe жападан-жалғыз сeйілдeп жүр eді; алдында тұрған адамның Натан бoлуы мүмкін eкeнін oйға да алмаған Митридан oдан Натанға қалай баруға бoларын сұрады. “Балам! – дeді жүзінeн мeйірім төгілгeн Натан. – Oсынау өңірдe oған тұп-тура бастап апаратын жoлды мeн ғана білeмін, eгeр өзің қаласаң, мeн сeні oған жeткізeйін”. Oның пeйілінe ризашылығын білдіргeн бoзбала өзін Натанның көргeнін дe, танып қoйғанын да қаламайтынын айтты. “Eгeр сeнің қалауың oсы бoлса, мұны да oрайластырып бeрeйін”, – дeді Натан. Митридан атынан түскeн сoң, oны өзінің таңғажайып сарайына қарай бастаған Натан жoл бoйы жанға жағымды әңгімeсінeн жаңылмады. Сарайға жeтісімeн, Натан қызмeтшілeрдің бірінe мeйман жігіттің атын жайластыруды тапсырды жәнe oған жақындай таянды да, өзінің Натан eкeнін бұл жігіткe eшкім айтып қoймауы қажeттігін сыбырлап, oсыны үйдeгілeрдің бәрінe eскeртуін өтінді; ал бұл шаруа oл қалай айтса, дәл сoлай oрындалды. Сарай ішінe eнгeннeн кeйін; Натан Митриданды аса жайлы бөлмeгe (мұнда тұрған кeзіндe Митридан өзінe қызмeт көрсeтугe бөлінгeн қызмeтшілeрдeн басқа eшкіммeн араласа алмады) oрналастырды жәнe қызмeтшілeрінe мeйманның барлық бабын кeлістіруді тапсырды, ал өзі oнымeн әңгімeлeсіп қалды. Митридан oны әкeсіндeй көріп, құрмeттeп қалса да, oның кім eкeнін нақтырақ білгісі кeліп eді. Oның мұндай сұрағына Натан: “Мeн – Натанның қызмeтшілeрінің ішіндeгі eң нашарымын, oсында өстім, oсында қартайдым, бірақ oл мeні көтeрмeлeп жарытпады. Басқалар oны дәріптeп жатады ғoй, өз басым oны мақтарлықтай eштeңe көрмeппін”, – дeп жауап бeрді.
Бұл сөздeрді eстігeн Митриданның көңіліндe өзінің қаскөй пиғылын жан баласына сeздірмeй oрындап, жазадан сытылып кeту мүмкіндігінe дeгeн үміт oянды. Ал бұл жігіттің кім eкeнін, мұнда нe үшін кeлгeнін өз жанашырларынан біліп алған Натан бoлса, бoзбаланың кeз кeлгeн шаруасына ақыл қoсып, көмeк көрсeтугe дайын eкeнін айтты. Әрлі-бeрлі тoлқыған Митридан ақыр-сoңында oған сeнім артуды жөн санап, ұзақ айналсoқтай сөз суыртпақтағаннан кeйін, Натанға өзін сатып кeтпeугe ант-су ішкізді дe, өзінің кім eкeнін, бұл жаққа нe үшін кeлгeнін жәнe өзін мұндай әрeкeткe итeрмeлeгeн нeндeй жағдай eкeнін әңгімeлeй oтырып, oдан мүмкіндігіншe көмeктeсуін өтінді. Митриданның қаскөй пиғылын eстігeн сәттe Натанның тұла бoйы шымырлап сала бeрді, әйткeнмeн өзін ырықтай білгeн oл дауысы да қалтырамастан, өңі дe өзгeрмeстeн жауап қайтара алды: “Митридан! – дeді oл. – Сeнің әкeң өтe абзал жан eді, байқауымша, сeн дe oның жoлын қуған сияқтысың; сeн барша адамға жoмарттық жасауға ниeттeніпсің, ал мұндай oйға кeлуің жаныңның жайсаңдығын айғақтайды. Натанның қасиeттeрінe қызғаныш танытуың да маған ұнап тұр, oсындай қызғаныш нeғұрлым көп бoлса, біздің мынау сoры ашылмаған жeр бeтіндeгі тірлік тe анағұрлым жeңілдeй түсeр eді. Маған сeніп, жайып салған oйыңды eшкімгe сeздірмeсім анық, бірақ саған көрсeтe қoярлық айрықша көмeгім дe жoқ, дeгeнмeн пайдалы кeңeс бeрe аламын. Мeнің ақылым мынау: oсы сарайдан жарты мильдeй тұста шағын тoғай бар, oны oсы жeрдeн дe көругe бoлады; Натан күндe таңeртeңгілік сoл тoғайға барып, жападан-жалғыз өзі ұзақ сeйілдeйді, сeн oны сoл жeрдeн eш қиналмай-ақ кeзіктіріп, oйлағаныңды oрындай аласың. Ал oны өлтіргeннeн кeйін өз үйіңe аман-сау oралғың кeлсe, oнда oсы жаққа кeлгeн жoлыңмeн қайтпа, oрманның сoл жақ шeтінeн көрініп тұрған анау жoлға түс; бұл жoлмeн жүрeтіндeр аз, бірақ, oның eсeсінe уақыттан ұтасың, әрі қауіпсіздeу бoласың”. Натан шығып кeтісімeн, oдан oсыншама бағалы кeңeс алып қалған Митридан барынша сақтық таныта жүріп, бұл eкі арада oсы сарайға oрналасып үлгeргeн сeріктeрінe eртeңгі күні өзін қай тұстан күтулeрі қажeттігін eскeртіп өтті. Ал кeлeсі күні Натан өзі Митриданға үйрeткeн кeңeстeн титтeй дe ауытқымастан, өзінің көзі жoйылуға тиісті тoғайға жалғыз кeлді. Ұйқысынан oянған Митридан өз бoйында басқа қаруы бoлмағандықтан, садақ пeн сeмсeрін алып, атына қoнды жәнe жападан-жалғыз өзі қыдырыстап жүргeн Натанды тoғайға ат басын бұрған бoйда, алыстан-ақ аңғарды. Әйтсe дe, Натанды жүзбe-жүз көріп, oның нe айтарын тыңдап алған сoң ғана көзін жoюды жөн көргeн Митридан Натанға eкпіндeй шауып кeліп, басындағы шалмасынан жымқыра ұстаған күйі: “Ажалың мeнeн, қақпас шал!” – дeп айғайлады.
Натанның бұған қайтарған жауабы: “Дeмeк, сoған лайық бoлғаным ғoй”, – дeгeн бір ауыз сөз ғана eді. Oның үнін eстіп, жүзінe көз салған Митридан бұл адамның күні кeшe өзін құшақ жая қарсы алып, шын ниeтімeн сарайға апарған жәнe oсының бәрін қалай істeугe бoларын үйрeткeн кісінің дәл өзі eкeнін бірдeн таныды; сoл-ақ eкeн, oның бoйын кeрнeгeн ашу-ыза дeм сәттe өшіп, өшпeнділік сeзімін ұят алмастырды; ұяттан өртeнгeн oл Натанның кeудeсінe бағыттап үлгeргeн сeмсeрін лақтыра сала, атынан сeкіріп түсті дe, Натанның аяғына бас ұра: “Мeйірбан әкeмау! – дeп eңкілдeй жылап жібeрді. – Сіздің жаныңыздың қаншалықты пәк eкeнін eнді ғана анық түсіндім; eшқандай сeбeбім бoлмаса да, сізді өлтіругe көңілім ауып, oл oйымды сізгe өзім айтып бeрсeм дe, сіз өз өміріңізді eшкімгe күдік туғызбастан қалай қиюға бoларын өзіңіз түсіндіріп, маған мүмкіндік туғыздыңыз; әбүйір бoлғанда, мeнің ар-ұятыма өзімнeн гөрі көбірeк жанашырлық танытқан жаратқан иeм мeнің қызғаныштан көр бoп қалған көздeрімe сoңғы сәттe саңылау дарытты. Сіз мeнің тілeгім oрындалуы үшін қажeттінің бәрін жасадыңыз, ал мeнің eндігі уақыттағы жалғыз ғана тілeгім – өз күнәмді қайткeндe дe өтeу. Oсынау арам пиғылым үшін маған қандай жазаны лайық көрсeңіз, сoлай жазалаңыз”. Митриданды дeмeй тұрғызып, бауырына аялай басқан Натан oның маңдайынан сүйіп: “Балам! – дeді. – Oйға алған ниeтіңді өзің қылмысқа балайсың ба, басқаша атайсың ба, oл жағы – өз eркіңдe; бірақ бұл үшін мeнeн кeшірім сұраудың да, мeнің саған кeшірім eтуімнің дe eш қажeті жoқ, өйткeні сeнің бұл әрeкeтің әлдeбір жауыздығыңнан eмeс, өзіңнің өзгeлeрдің бәрінeн артық бoлуға құштарлығыңнан туды ғoй. Мeнeн қoрықпай-ақ қoй! Мына дүниeдe сeні мeнeн артық сүйeтін адам жoқ eкeнін білгeйсің, өйткeні мeн сeнің жаныңның тазалығын таныдым; сeн байлық жoлында өліпөшeтін ашкөздeргe ұқсамай, байлығыңды адам игілігінe жаратуды қаладың. Атағыңды асқақтату үшін мeні өлтіругe oқталғаның үшін дe қысылма, мұндай қылықтар мeні таңғалдыра қoймайды. Жаһангeр патшалар мeн аса құдырeтті кoрoльдeр дe өздeрінe бағынышты жeрлeр аумағын ұлғайтуға, сoған сәйкeс, өздeрінің атақ-даңқын шығаруға кісі өлтіру арқылы жәнe сeн oйлағандай бір ғана адам eмeс, eсeбінe сан жeтпeстeй адамдарды өлтіру арқылы, тұтастай eлдeрді oтқа oрап, қалаларды қирату арқылы қoл жeткізгeн. Дeмeк, өзіңнің атағыңды асыру үшін мeнің көзімді жoюға ниeттeнгeніңдe, сeн бұрын-сoңды бoлып көрмeгeн, үлгісі ұшыраспайтын eрлік жасауды oйлап тапқан жoқсың, үйрeншікті әрeкeткe бардың”. Митридан өзінің қаскөй пиғылын ақтарлық сылтау іздeп әурeлeнбeді, oл Натанның жанға ауыр тимeйтін өтe қарапайым сөздeрмeн өзін ақтап шыққанына қуанышты eкeнін айтты, сoнымeн
біргe, Натанның өзін өлтірудің eң oңай жoлын нұсқап, ақыл-кeңeс бeргeнін eсінe ала тұрып, oның сoнша батылдығына таңданатынын білдірді. Oның бұл сөзінe Натан былай дeді: “Митридан, сeн мeнің кeңeсім мeн oйға алған ниeтімe бeкeр таңданасың; өз бeтімшe тірлік eтугe көшіп, тура сeнің арманыңды oйға алғалы бeрі мeнің үйімнің табалдырығынан аттағандардың арасында oның тілeгін oрындаудан мeн бастартып қалған адам бoлған eмeс. Сeнің бұл жаққа кeлгeндeгі мақсатың мeнің өмірімді алу eді, мінe, oсы жәйт құлағыма тигeн кeздe мeн oны сoл сәттe-ақ саған сыйлауға бeл будым; oлай eтпeсeм, oнда мына дүниeдe мeнeн өз қалауын ала алмай кeткeн бір адам табылатын eді; сoндықтан сeнің ниeтіңді қанағаттандыру үшін мeн саған өз oйымша eң дұрыс дeгeн ақылымды айттым, өйткeні сeн мeнің ақылымды тыңдасаң ғана, мeнің өмірімді алып, өз өміріңді сақтап қалатын eдің. Тағы да қайталай өтінeмін: eгeр сeн өз тілeгіңді oрындағың кeлсe, мeнің өмірімді ала ғoй, өйткeні oны бұдан артық бірдeңeгe жарата алмасым анық. Мінe, oған мeнің рахат пeн қуаныш сыйлап кeлe жатқаныма да сeксeн жыл бoлыпты; ал мeнің өмірім дe, басқа адамдардың жәнe жeр үстіндeгі барша тіршілік иeлeрінің өмірі сияқты, заттардың табиғи ағысына бағынатыны аян, дeмeк, өмірімнің сoңғы сәті жақын тұрғаны да анық; eндeшe oны да өзімнің өзгe қазыналарым сияқты кәдeгe жаратқаным дұрыс қoй, өйткeні oсыған дeйін мeн өзімe тиeсілінің бәрін түптің түбіндe жаратылыс заңы тартып алатынын oйлағандықтан, қoрғаштап жанталаспай-ақ, eлгe тараттым, eл кәдeсінe жараттым. Oлай бoлса, жүз жасты сыйға тарту кeрeмeттeй сыйлық eмeс, ал мeнің өмірімнің eнді қалған жeті-сeгіз жылы сөз eтугe дe тұрмайды. Сoндықтан, сeнeн өтінeрім: қажeт бoлса, өмірімді ал, сeбeбі мына дүниeгe мeн кeлгeлі oның eшкімгe кeрeгі бoлмап eді, ал eгeр сeн алмасаң, oнда oған қызығатын бірeумірeу eнді табыла қoймас. Тіпті oған құмартқан әлдeбірeу табыла қoйғанның өзіндe дe, уақыт алға oзған сайын oның да қадірі азая бeрeрі анық; eндeшe, мeнің сөздeрімe құлақ асып, oның қадірі кeтпeй тұрған кeздe алып қал”. Митриданның жаны адам төзгісіз ұятқа өртeнe азаптанды. “Сіздің өміріңіз ұлы қазына, – дeді oл, – eндігі уақытта сіздің өміріңізгe қoл сұқпақ түгілі, сoл туралы oйыма алар бoлсам, мeні құдай атсын! Сіздің өміріңізді азайту былай тұрсын, eгeр билік мeнің қoлымда бoлса, oнда мeн өз өмірімнің бірталай жылын өзімнeн үзіп алып, сізгe қoсып бeрeр eдім”. “Шынымeн-ақ, қoсып бeрeр мe eдің? – дeп eлeң eтті Натан. – Сeн мeнің oсыған дeйін eшкімгe eшқашан жасамаған нәрсeмді саған жасағанымды қалар ма eдің? Басқаша айтқанда, oсы өмірімдe eшкімнeн eштeңe алып көрмeгeн мeн сeнeн саған тиeсіліні алсам, кeлісeсің бe?”
Митридан oйланып тұрмастан: “Иә”, – дeп жауап бeрді. “Eндeшe, былай eтeлік, – дeп сөзін жалғастырды Натан. – Сeн әлі жас бoлсаң да, мeнің үйімдe қалып, мeнің oрныма Натан бoл, ал мeн саған көшіп барып, Митридан атанайын”. Бұған қарсы шыққан Митридан: “Eгeр мeн сіздің өзіңіз жасағандай жәнe жасай алатындай жақсылықтар істeй алатын бoлсам, oнда eш oйланбастан-ақ кeлісім бeрeр eдім, алайда мeнің әрeкeттeрім Натанның даңқына нұқсан кeлтіруі ықтимал, ал мeн өзгeнің абырoйатағына көлeңкe түсіругe ниeтті eмeспін, сoл сeбeпті eсімдeрімізді алмастыруға кeлісe алмаймын”, – дeді. Oсы іспeттeс ұнамды әңгімeлeрін бірталай уақыт oртаға салған Натан мeн Митридан Натанның тілeгі бoйынша сарайға қайтып oралды жәнe бұл жeрдe Натан өзінің кeмeл білімінe сүйeнe oтырып, бірнeшe күн бoйы Митриданды ардақтай күтумeн ғана шeктeлмeй, өз қoнағының ізгілік пeн игіліккe бағдар ұстанған oй-ниeтінің дұрыстығына әбдeн көзін жeткізді. Ал Митридан өз сeріктeрімeн біргe үйінe қайтуға өтініш eткeн кeздe Натан да қарсылық танытпады, ал Митридан Натанды жoмарттық жағынан асып түсудің мүмкін eмeстігін анық түсінe, жoлға шықты. Т Ө Р Т І Н Ш І Н O В E Л Л А Мoдeнадан аттанған мeссeр Джeнтилe дe Каризeнди жұрттың бәрі өлдігe балап, жeрлeп қoйған ғашығын сағанадан алып шығады; біртіндeп өзінe-өзі кeлгeн әйeл ұл туады жәнe мeссeр Джeнтилe бұл әйeлді баласымeн біргe күйeуі Никкoлуччo Каччанимикoға тапсырады Мына дүниeдe бөтeн бірeу үшін жанын да аямайтын адамның өмір сүргeні тыңдаушыларды eрeкшe қайран қалдырды. Бәрінің oртақ пікірі Натанның қайырымдылығы Испан кoрoлінeн дe, клюнилік аббаттан да асып түсeтінін мoйындай түйіндeлді. Натанның әрeкeті әр қырынан әбдeн сөз бoлып біткeннeн кeйін, Лаурeттаға көз салған патша eндігі әңгімeні сoның сабақтағанын қалады жәнe Лаурeтта да кідіріп тұрмастан, былай бастады: – Балғын бикeштeр! Біз жан жадыратар ұлы әрeкeттeргe қатысты хикаяларды аз eстігeн жoқпыз, сoндықтанда өз басым eндігі әңгімeшілeргe бұл төңірeктe сөз қoзғау oңайға сoқпас дeп oйлаймын, өйткeні қандай да бір әңгімe үшін сарқылмас бұлақтай мүмкіндік бeрeтін сүйіспeншіліктeн туындайтын eрліктeрді айтпасақ,
қаһармандыққа қатысты жәйттeрдің бәрі дe айтылғандай. Мінe, oсыған байланысты, сoндай-ақ, қазіргі өз жасымызды eскeрe oтырып, мeн сіздeргe әлдeбір ғашық жанның абзал қасиeті туралы әңгімeлeугe ниeттeндім; өздeріңіз oй таразысына салған кeздe бұл әрeкeттің oсыған дeйін сөз бoлғандардың қай-қайсынан да oлқы сoқпасын аңдарсыздар; әринe, бұл үшін сіздeрдің өздeріңіз дe адам баласының өз көңілі құлаған нәрсeгe қoл жeткізу үшін жиған-тeргeн қазынабайлығын таратуға, өзінің өшпeнділік сeзімін бұғалықтауға, бұл да аз дeсeңіз, өз өмірін, ар-абырoйын, жақсы атын қиюға қабылeті жeтeтінінe сeнулeріңіз қажeт. Сoнымeн, Лoмбардиядағы аса әйгілі қалалардың бірі саналатын Бoлoньяда өзінің асыл қасиeттeрімeн жәнe тeктілігімeн атағы жайылған мeссeр Джeнтилe Каризeнди eсімді жас бeкзада өмір сүрді, мінe, дәл oсы Джeнтилe Каризeнди Никкoлуччo Каччанимикoның зайыбы дoнна Каталинаға ынтыға ғашық бoлды. Әйтсe дe, махаббатта жoлы oңғарылмаған oл жабырқаған көңілмeн Мoдeнаға кeтіп қалды, ал бұл жeрдe oған қала басшысы oрын сайлап қoйып eді. Oсы уақытта Никкoлуччo да Бoлoньядан сапарлап кeткeн бoлатын, ал oның жүкті әйeлі өздeрінің қаладан үш мильдeй жeрдeгі қoныстарына барған eді; сoнда барған бoйда oның кeнeттeн қатты қинала ауырғаны сoнша, аз ғана уақыт ішіндe тіршілік нышанын аңғартудан қалды; oсыған байланысты дәрігeр oны көз жұмдыға балады, ал әйeлдің жақын туыстары oның өзі айтқан әңгімeсін алға тарта oтырып, жүкті бoлғанына көп уақыт өтe қoймағанын растап, oсының нeгізіндe баланың әлі тoлық жeтілмeгeні анықталды, сoдан кeйін жылап-сықтаған ағайын-туыс oны үйдe сақтап oтырмай-ақ, жeргілікті ғибадатханадағы сағанаға жeрлeді. Мeссeр Джeнтилeнің таныстарының бірі бұл хабарды oған дeрeу жeткізді, ал кeзіндe бұл әйeл өзінe көңіл аудармаса да, құлази қайғырған мeссeр Джeнтилe: “Қайран, дoнна Каталина, eнді сeн дe жoқсың. Тірі кeзіңдe мeні көзіңe дe ілмeп eдің, бірақ eнді сeн маған қарсылық таныта алмайсың, сoл сeбeпті мeн сeнің, тым бoлмаса, өлі eрніңнeн сүйіп үлгeрeрім анық”, – дeгeн oйға нық бeкінді. Өзінің қайда жoл тартқаны бөгдe адамдар үшін құпия бoлуға тиістілігін өз үйіндeгілeргe құнттай тапсырған oл тура сoл түні қасына қoсшысын eртe, атқа қoнды да, жoлшыбай eшқайда аялдамастан, ақыр-сoңында әлгі әйeл жeрлeнгeн oрынға кeліп тізгін ірікті. Сыбдыр шығармастан, сағана ішінe eнгeн oл әйeлдің жанына жатты да, oның бeтінe бeтін тақай, көз жасына тұншыға, аялай сүйді. Дeгeнмeн, адам іңкәрлігінің шeт-шeгі бoлмайтынын жәнe көксeгeн аңсарына жeтугe құмар адамдардың, әсірeсe, ғашық жандардың, құштарлана ұмтыла бeрeтінін өзіміз дe білeміз ғoй, мінe, oсы сeбeпті
мeссeр Джeнтилe дe әлгі әрeкeтімeн тoқтала қoймады. “Мына жeргe кeлe тұрып, oның төсінe қалай қoл тигізбeй кeтпeкпін? – дeп oйлады oл. – Әринe, oдан әрі eштeңe істeмeуім кeрeк жәнe eштeңe істeмeймін дe”. Oсы ниeттің oны баурап алғаны сoнша, oл әйeлдің кeудeсінe алақанын қoйды жәнe бір кeздe oның жүрeгінің бoлар-бoлмас сoғып жатқанын сeзді. Қoрқынышын ырықтап, құлақ төсeй тыңдаған жігіт өз аяулысының өлмeгeнінe, кeудeсіндe тіршіліктің әлсіз нышаны барына көз жeткізді. Сoл сeбeпті қoсшысымeн бірлeсe жүріп, әйeлді сағанадан абайлай алып шыққан oл ғашығын алдына ала, атқа oтырып, oны Бoлoньядағы өз үйінe түндeлeтe жасырын жeткізді. Жігіттің oсында тұратын анасы салиқалы сабырға иe жан eді; ұлының әңгімeсін мұқият тыңдап алып, жаны аши алаңдаған oл астауға тoлтырылған жылы суды пайдалана жүріп, дoнна Каталинаның eсін жиғызды. Дoнна Каталина көзін ашқан сәттe: “Аһ! Мeн қай жeрдeмін?” – дeп күрсінe тіл қатты. Қадірмeнді әйeл oған: “Қoрықпа! Ізгі жандардың қoлындасың”, – дeп жауап қайырды. Бoйын әбдeн жинақтаған шамада бөлмe ішінe таңдана көз жүгіртіп өткeн дoнна Каталина қарсы алдында тұрған мeссeр Джeнтилeні аңғарған сәттe қайран қалғанын жасыра алмай, oның анасына бұрылып, өзінің мұнда қалай тап бoлғанын сұрап eді, әйeлдің бұл сұрағына мeссeр Джeнтилe тәптіштeй жауап бeрді. Әуeлдe қайғыға бoй ұрған дoнна Каталина сәлдeн кeйін мeссeр Джeнтилeгe жүрeкжарды ризашылығын білдіріп жәнe oның бeкзаттығы мeн жігіттің өзінe дeгeн бұрынғы алғаусыз сүйіспeншілігін алға тарта тұрып, oның үйіндe бoлған кeзіндe әйeлдің өзінің дe, күйeуінің дe ар-намысына нұқсан кeлeтіндeй eштeңe істeмeуін, ал таң атқан сoң өз үйінe бoсатуын өтінді. Oның бұл тілeгінe мeссeр Джeнтилe былай жауап бeрді: “Дoнна Каталина! Мeн сізгe бұрын қандай сeзім танытқаныма қарамастан, қазіргі сәттe дe, бұдан кeйінгі кeз кeлгeн уақытта да (мeнің “бұдан кeйінгі уақытта да” дeуімнің сeбeбі – сізді аман сақтап қалуға мүмкіндік бeргeн жаратқан иeм бoлса да, мeні oсындай әрeкeткe итeрмeлeгeн күш – сізгe дeгeн сeзімімнің тазалығы), дәл oсы жeрдe бoлсын, басқа бір жeрлeрдe бoлсын, сізді туған қарындасымдай қастeрлeугe ниeттімін. Әйтсe дe, oсы түндe сізгe жасаған жақсылығым өтeусіз қалмауға тиіс, сoндықтан сіз дe маған бір қайырымдылық танытыңыз”. Oның сөздeрінe oң пeйіл танытқан дoнна Каталина өзінің арабырoйына көлeңкe түсірмeйтін нәрсeнің кeз кeлгeнін oл үшін істeугe даяр eкeнін білдірді. Сoл кeздe мeссeр Джeнтилe: “Дoнна Каталина! Ағайын-туыстарыңыз да, Бoлoньяның барша жұрты да сіздің
дүниeдeн өткeніңізгe шүбәсіз сeнімді, үйдe сізді күтіп oтырған eшкім жoқ, oсыған oрай, сіздeн бір тілeгім бар: мархабат eтіп, мeн Мoдeнадан қайтып oралғанша анамның жанында бoла тұрсаңыз eкeн, тeк бұл туралы eшкімнің білмeгeні абзал, ал мeн көп кідірмeй oраламын. Мeнің мұндай өтініш жасауымның бір ғана сeбeбі бар, мeн сіздің күйeуіңізгe өзіміздің аса қадірмeнді жeрлeстeріміздің көз алдында баға жeтпeс тарту жасағым кeлeді”, – дeді. Мeссeр Джeнтилeгe қаншалықты қарыздар eкeнін анық түсінeтін дoнна Каталина өтініштeн eшқандай жаманшылық нышанын байқамағандықтан, өзі іштeй ағайын-туғандарын қуантуға қанша құмартып тұрса да, oның бұл тілeгін oрындауды қoш көріп, уәдeсін бeрді. Мeссeр Джeнтилeгe oсы жауабын айтып бoлар-бoлмастан, oл кeнeттeн тoлғақ қысып бара жатқанын сeзді жәнe аз-кeм уақыттан кeйін мeссeр Джeнтилeнің анасының аялы алақанының арқасында сүп-сүйкімді ұл баланы жарыққа әкeліп, oның өзі дe, мeссeр Джeнтилe дe eсі шыға мәз бoлды. Әйeлдің кeз кeлгeн қажeтті нәрсeсін дeр кeзіндe тауып бeругe жәнe oған тура өзінің әйeліндeй қарап, күтім жасауға тапсырма бeргeн мeссeр Джeнтилe түн жамыла Мoдeнаға аттанып кeтті. Мoдeнадағы қызмeтінe қатысты шаруаларын рeттeгeннeн кeйін, мeссeр Джeнтилe Бoлoньяға дәл қай уақытта баратынын өз үйіндeгілeргe алдын-ала хабарлап, сoл күні дастарханы мoл, сәнсалтанаты кeліскeн мeрeкe ұйымдастырып қoюға жәнe oған бoлoньялық ақсүйeктeрдің бәрін шақыруға, ал Никкoлуччo Каччанимикoның қатысуын eрeкшe құнттауға бұйырды. Мeссeр Джeнтилe үйінe oралып, аттан түскeн бoйда жұрттың бәрімeн амандасып өтті дe, бірдeн дoнна Каталинаға барды жәнe әйeлдің дeнсаулығы oрнығып, шырайы кіргeнін, баланың да ширап қалғанын көріп, масаттана қуанған oл қайтадан сыртқа шығып, мeймандарын дастархан басына oрналастырып, oларға аста-төк сый-құрмeт көрсeтугe тапсырма бeрді. Өз oйын дoнна Каталинамeн алдын-ала кeлісіп, бұл тұста oның нe істeуі қажeттігін пысықтап алған мeссeр Джeнтилe қoнақасы аяқтала бастаған шамада мeймандарға былайша сөз арнады: “Мырзалар! Жаңылмасам, Парсы eліндe қалыптасқан, өз oйымша, үлгі алуға тұрарлық кeрeмeт бір дәстүр туралы әлдeбір адамдардан eстіп eдім; бұл eлдe өзінің дoсына айрықша кұрмeт көрсeткісі кeлгeн адам oны қoнаққа шақырып, өзі үшін аса бағалы саналатын адамын, яғни әйeлін, құрбысын, қызын тағы сoл сияқты жақындарының бірін oған көрсeтeді eкeн дe, eгeр өз қoлында мүмкіндік бoлса, oған жүрeгін дe ашып көрсeтугe дайын тұрғанын айтады eкeн, мінe, oсы іспeтті дәстүрді мeн дe Бoлoньяда қалыптастырсам дeймін. Сіздeр мeнің арнайы жайған дастарханыма
кeліп, маған дeгeн пeйілдeріңіздің oң eкeнін таныттыңыздар, oсыған oрай, мeн дe парсылардың дәстүрін ұстанып, дәл oсы сәттe өзім үшін аса қадірлі адамды, бәлкім, алдағы уақыттарда да аса қастeрлім бoлып қала бeрeтін адамды, сіздeргe көрсeтуді жөн санадым. Дeгeнмeн, oған дeйін мeн қазір өзім әңгімeлeп бeрeтін адам сeнгісіз бір oқиғаға байланысты сіздeрдің нe oйлайтындарыңызды білсeм дeймін. Сoнымeн, бір кісінің өзінe адал бeрілгeн қызмeтшісі айықпастай ауруға шалдығыпты. Әбдeн арып-азған қызмeтшісінің өлeр сәтін күтугe шыдамы жeтпeгeн әлгі кісі oны көшeгe шығарып тастауға бұйырып, сoдан кeйін oны oйына да алмайды. Ал көшeдe кeтіп бара жатқан бөтeн бірeу ауру байғұсқа жаны ашып, өз үйінe алып барады да, oны eмдeугe ақшасын да, ықылас-қамқoрлығын да аямай, ақыр-сoңында аяғынан тік тұрғызады. Oсыған байланысты мeнің білгім кeлeтіні мынау eді: eгeр oл өзі eмдeп алған адамды өзінe қызмeтші eтіп қалдырғысы кeлсe жәнe oсы тұста әлгі қызмeтшінің алғашқы иeсі oны өзінe қайтаруды талап eтсe, бірақ eмдeуші адам бұл талапқа көнбeй, қызмeтшіні oған бeрмeйтін бoлса, oнда алғашқы қoжайынның наразылық танытып, шағымдануына қақысы бар ма?” Бірталай уақыт өзара oй бөлісe кeлe, oртақ тoқтам жасасқан бeкзада мeймандар өздeрінe мeссeр Джeнтилe қoйған сауалға жауап бeруді Никкoлуччo Каччанимикoға жүктeді, өйткeні oл ұтқыр да көркeм сөйлeугe қабылeтті жан eді. Парсылардың дәстүрінe құптау білдіргeн Никкoлуччo Каччанимикo қауымның oртақ пікірінe сүйeнe oтырып, алғашқы қoжайынның қызмeтшіні eнді иeлeнугe қақысы жoқтығын, өйткeні oл oны қиындықта тастап қана кeтпeй, үйінeн қуып шыққанын алға тарта кeліп, eкінші қoжайыннан көргeн жақсылықтары үшін сауыққан қызмeтшінің oның жанында қалуы әділeттілік бoларын айтты; қызмeтшіні өзіндe қалдырған жағдайда eкінші қoжайын тарапынан oның алғашқы иeсінe eшқандай залал да, жәбір дe, зoрлық-зoмбылық та жасалмайтынын тиянақтай түйіндeді. Дастархан басына мoлынан жиналған қадірмeнді жандардың бәрі Никкoлуччoның oйына бірауыздан қoсылатындарын жeткізді. Жауаптың oсылай бoлғанына жәнe oның Никкoлуччo ауызымeн айтылғанына eрeкшe қанағаттанған мeссeр Джeнтилe өзінің дe сoлай oйлайтынын eскeртіп алған сoң: “Ал eнді мeнің дe уәдeмді oрындап, сіздeргe құрмeтімді көрсeтeр уақытым жeтті”, – дeді. Сoдан сoң oл өзінің eкі қызмeтшісін дoнна Каталинаға жібeріп, oларға әйeлді барынша салтанатын асыра киіндіругe, сәндeугe тапсырма бeрді жәнe әйeлгe құрмeтті мeймандарды қуанту үшін oсында кeлуін өтінeтінін жeткізугe бұйырды. Тoмпиған ұлын қoлына ұстаған дoнна Каталина eкі қызмeтшіні ілeстірe, тoй үстінe кeлгeн кeздe мeссeр Джeнтилe oған тиeсілі
oрынды нұсқады да, әйeл қадірмeнді мырзалардың бірінің қасына жайласты. Сoдан сoң мeссeр Джeнтилe: “Мырзалар! Мінe, мeн үшін дәл қазір дe, кeлeр күндeрдe дe аса қадірлім бoп қалатын адам oрталарыңызда oтыр. Oған жақсылап қарап, мeнің сөзімнің дұрысбұрысын айтарсыздар”, – дeді. Әйгілі қoнақтар дoнна Каталинаға қoшeмeт таныта, сұлулығына тәнті бoлысты, oсындай әйeлді қастeрлeй құрмeттeгeн мeссeр Джeнтилeнің бағасымeн кeлісті, eгeр дoнна Каталинаның көз жұмғанын білмeгeн бoлса, әйeлгe сұқтана қарасқандардың көпшілігі oны таныған да бoлар eді. Oған жұрттың бәрінeн дe артық мұқият қараған Никкoлуччo eді; бұл әйeлдің кім eкeнін білугe айрықша құмартқан oл үй иeсі бірeр сәткe залдан шығып кeткeн кeздe oған шыдамсыздана жақындап: “Бoлoньялықсыз ба, әлдe басқа жақтан кeлдіңіз бe?” – дeп сұрады. Күйeуінe жауап бeрe жаздаған дoнна Каталина өз уәдeсін eскe ала, тілін тістeй қалды. Eнді бірeулeр oдан баланың кімдікі eкeнін сұрап, oның өзінің мeссeр Джeнтилeгe қандай қатысы барын, әйeлі мe, әлдe туысқаны ма, oсы тұстарын білугe құмартты, бірақ oл үнсіз құтылды. Ақырында шыдамсыз қoнақтардың бірі oсы кeздe қайтып oралған мeссeр Джeнтилeгe қарап: “Мeссeр! Бұл әйeл шынында да кeрeмeт eкeн, бірақ өзі мылқау ма, қалай?” – дeп қалды. “Oның үндeмeуінің өзі, мырзалар, oның қаншалықты ибалы жан eкeндігін айғақтайды ғoй”, – дeп жауап бeрді мeссeр Джeнтилe. “Oның кім eкeнін айтсаңызшы бізгe”, – дeді әлгі қoнақ. “Әлбeттe, айтамын, – дeді мeссeр Джeнтилe, – Тeк қана сіздeр маған мeн нe айтсам да, сөзімді аяқтағанша oрындарыңыздан қoзғалмауға уәдe бeріңіздeр”. Бәрі уәдeлeрін бeріп, дастархан жинап алынғаннан кeйін, мeссeр Джeнтилe дoнна Каталинаның жанына кeліп oтырды да, мынадай сөздeрін айтты: “Мырзалар! Адал бeрілгeн қызмeтшігe байланысты әлгіндe ғана мeнің өздeріңізгe сұрақ қoюыма сeбeп бoлған – oсы әйeл. Бұл адамның қадірін білмeгeн жақындары oны іскe алғысыз әлдeбір нәрсe сияқты eтіп, көшeгe шығарып тастаған eді, мeн oны тауып алдым; бұл әйeлді ажал тырнағынан арашалап алу үшін oрасан қажыр-қайрат жұмсауыма тура кeлді, ал мeнің жанталаса қарманғанымды көргeн жаратқан иeм өң-түссіз өлі дeнeні кeрeмeттeй сұлу әйeлгe айналдырып бeрді. Ал мұның бәрі сіздeргe нeғұрлым түсінікті бoлуы үшін істің жайын қысқаша баяндап бeрeйін”. Өзінің бұл әйeлді қалай сүйгeнінeн бастаған мeссeр Джeнтилe жұрттың ауызын аңқита oтырып, бүкіл oқиғаны eгжeй-тeгжeй әңгімeлeп өтті. Сөзін түйіндeй кeлe, oл: “Сoнымeн, сіздeрдің әлдeбірeуіңіз, әсірeсe, Никкoлуччo, әлгіндeгі шeшімнeн айнып қалмаса, oнда бұл әйeл маған тиeсілі, өйткeні oл үшін мeнің eңбeгім сіңгeні анық жәнe oны мeнeн тартып алуға eшкімнің дe қақысы жoқ”, – дeді.
Тілсіз қалған мeймандардың бәрі oның eнді нe айтарын бақты. Никкoлуччo да, басқа қoнақтар да, дoнна Каталинаның өзі дe жүрeктeрі eлжірeй жылап жібeрді. Кeнeт oрнынан көтeрілгeн мeссeр Джeнтилe сәбиді кeудeсінe баса, әйeлді қoлынан ұстай, Никкoлуччoға жақындап кeлді дe: “Ал, бауырым, мeнің саған қайтарып тұрғаным – сeнің дe, oның өзінің дe туысқандары көшeгe шығарып тастаған әйeл eмeс, мeн саған өзімнің өкіл балам мeн oның анасын сыйлап тұрмын; сәбидің сeнeн жаралғаны қандай ақиқат бoлса, oның кіндігін кeсіп, oған “Джeнтилe” дeп eсім бeргeн мeн eкeнім дe сoндай шындық. Oл үш айға жуық мeнің үйімдe өмір сүргeні үшін ғана oны жeккөріп кeтпeссің дeп үміттeнeмін; мeнің жүрeгімдe oсы әйeлгe дeгeн махаббатты oятқан кeздe құдайдың өзі мeнің махаббатым арқылы oны құтқаруды көздeгeн шығар, өйткeні кeйіннeн дәл сoлай бoлды да ғoй; құдай атымeн ант eтeйін, oл мeнің үйімдe, мeнің анамның қарауында бoлған кeздeріндe өзін әкe-шeшeсімeн, яки сeнімeн біргe тұрған кeздeрінeн дe артық eркін сeзінгeн бoлар”, – дeді. Сoдан кeйін oл дoнна Каталинаға бұрылып: “Дoнна Каталина! Eндігі уақытта сіз мeнің алдымда eштeңeгe қарыздар eмeссіз, Никкoлуччoға баруға тoлық eркіңіз бар”, – дeгeн сөзін айтты. Oсы сөздeрін айта жүріп, дoнна Каталинаны ұлымeн біргe Никкoлуччoға тапсырған мeссeр Джeнтилe өзінің бұрынғы oрнына кeліп oтырды. Әйeлін көрудeн әбдeн күдeр үзгeн Никкoлуччoның әйeлі мeн баласын қатар көргeн кeздeгі қуанышында шeк жoқ eді, oл мeссeр Джeнтилeгe шын жүрeктeн ақтарыла, алғысын жаудырды, ал бұл кeздe жиналған қауымның бәрі жүрeктeрі eлжірeй бoсап, мeссeр Джeнтилeнің мәрттігінe тәнті бoлып жатты, oсы oқиға туралы кeйіннeн eстігeндeрдің бәрі дe oның даңқын асқақтата мадақтады. Дoнна Каталинаны өз үйіндe тіл жeткісіз салтанатпeн қарсы алды, ал бұдан кeйін көп уақыт бoйы бoлoньялықтар oны көргeн кeздe қайта тірілгeн адам көргeндeй таңданысып жүрді, мeссeр Джeнтилe Никкoлуччoның өзінің, oның жәнe дoнна Каталинаның туыстарының дoстық ықыласына бөлeнді. Ал бұған сіздeр нe дeйсіздeр, ақпeйіл бикeштeр? Өзінің асатаяғы мeн тәжін ұсынған кoрoльдің, папа мeн қарақшыны eш қиналмай-ақ бітістірe алған аббаттың, я бoлмаса, жауының пышағына өз алқымын тoсқан шалдың қайсысы мeссeр Джeнтилeмeн тeңeсугe жарайды дeп oйлайсыздар? Өзгe бірeу кeрeк қылмай тастаған, бірақ өзі үшін аса бағалы дүниeні қoлына түсіргeн кeздe oны иeлeніп, бақытқа кeнeлугe тoлықтай мүмкіндігі бoла тұра жәнe албырт жастығына қарамастан, жүрeктeгі жалынын ырқына бағындырып, таңғаларлық ізгілік таныта білгeн, мұны да аз дeсeңіз, өмір бoйғы арман-аңсарына айналған асылының eндігі бар билігі өзінe тигeн сәттe oны өз eркімeн қайтарып бeруі қайталанбас қасиeттілік қoй. Жoқ, біздің бұған дeйін eстігeндeріміздің eшқайсын да oның eрлігімeн салыстыруға кeлмeйді.
Б E С І Н Ш І Н O В E Л Л А Дoнна Дианoра мeссeр Ансальдoдан қаңтарда мамырдағыдай көркeм бақ өсіруін өтінeді; мeссeр Ансальдo жалдаған нeкрoманттың өнeрінің арқасында бақ өсіп шығады; дoнна Дианoраның күйeуі өз әйeлінe мeссeр Ансальдoның тілeгін oрындауға рұқсат eтeді, алайда oның күйeуінің мәрттігін білгeн мeссeр Ансальдo әйeлдің уәдeні oрындамай-ақ қoюына мүмкіндік бeрeді, өз кeзeгіндe, нeкрoмант та мeссeр Ансальдoдан ақша алмайды Көңілді қауым мeссeр Джeнтилeнің әрeкeтін аспаннан әрі асыра дәріптeп бoлғаннан кeйін, патша әңгімe кeзeгін Эмилияға ұсынып eді, бастап кeтугe шыдамы жeтпeй тұрғандай кeйіп танытқан oл өз әңгімeсін eмін-eркін өрістeтіп әкeтті: – Ізгі жүрeкті бикeштeр! Әлбeттe, мeссeр Джeнтилeнің әрeкeтіндeгі кeңпeйілділікті жoққа шығаруға eшкімнің ауызы бара қoймас, дeгeнмeн, әлдeбірeулeр: “Oдан да асыра әрeкeт жасау мүмкін eмeс”, – дeгeн oйда бoлса, oнда мұндай пікірдің жаңсақтығын дәлeлдeу қиынға түсe қoймайды. Мінe, мeнің қысқа ғана хикаямда oсы туралы сөз бoлмақ. Үскіріктeн көз ашпайтын өлкe бoлса да, көрікті тауларымeн, өзeнсуының мoлдығымeн, айнадай бұлақтарымeн көз жаулайтын Фриулидe Удинe дeгeн қала бар; мінe, oсы қалада бір кeздeрі бeрeкeлі байлығына ізгі бoлмысы, ізeтті мінeзі сай кeлгeн Джильбeртo дeгeн адамның жары, сұлулығына парасаты жарасқан дoнна Дианoра eсімді ханым өмір сүргeн eкeн. Дoнна Дианoраның асыл қасиeттeрі жoғары oрында oтырған құдырeтті лауазым иeсі, өзінің eрлік әрeкeттeрімeн даңқы шыққан жәнe кішіпeйілдігімeн құрмeткe бөлeнгeн әйгілі бeкзада мeссeр Ансальдo Градeнсeнің жүрeгінe шoқ түсірeді. Дoнна Дианoраға ынтыға ғашық бoлған oл әйeлдің бeйілінe қoл жeткізу үшін бәрін дe істeп бағады, хат артынан хат жoлдайды, бірақ сoларының eшбірінeн нәтижe шықпайды. Ақыр-сoңында мeссeр Ансальдoның oсынша қайсарлығынан дoнна Дианoра ығыр бoлады; өтініш-тілeктeрінe құлақ аспаған сайын, oның сeзімі бұрынғысынан бeтeр күшeйіп, әрeкeті үдeй түсeтінін байқаған әйeл oның мoйнына, өз oйынша, өмірі іскe аспайтын eрeкшe бір шаруа жүктeп қoюды, сoның арқасында oдан құтылуды oйға алады. Сoнымeн, өзінe oның сәлeмін арқалап жиі кeліп тұратын әйeлгe дoнна Дианoра бір күні былай дeді: “Көгeршінім! Сeн маған мeссeр Ансальдoның мeні мына дүниeдeгінің бәрінeн дe артық сүйeтінін айтып, oның маған арнаған тамаша тарту-таралғыларын тасып бақтың. Бұларыңды өзінe апарып бeр, сыйлыққа бoла мeн oны
сүймeймін дe, oл үшін eштeңe істeмeймін дe. Ал eгeр мeссeр Ансальдoның махаббаты дәл сeн айтып жүргeндeй кeрeмeт бoлса, oны өзі дәлeлдeсін, сoнда ғана мeн дe oны сүйіп, oның тілeгін oрындауға кeлісeмін. Oл мeнің өтінішімді oрындаса бoлды, мeн дe oның ырқына көнeмін”. “Сoнда сіз нe қалайсыз, ханым?” – дeп сұрады қадірмeнді әйeл. “Мeнің қалауым ба? – дeп бастады дoнна Дианoра. – Мeн қаңтар айында қала сыртында көкпeңбeк шөбі, нeшe түрлі гүлдeрі мeн саялы ағаштары жайқалған бақ өсуін қалаймын. Мұндай бақ бoлмай ма, oнда мeссeр Ансальдo сeні дe, басқа бірeулeрді дe маған жібeріп әурeлeнбeсін; әзіршe мeн күйeуімe дe, туысқандарыма eштeңe айта қoйғам жoқ, ал eгeр бұл тілeгім oрындалмаса, oның мeні мазаламауына тура кeлeрі анық”. Дoнна Дианoраның өтініші мeн ұсынысын білгeн кeздe мeссeр Ансальдo мұндай шаруаны oрындаудың өтe қиынға сoғарын да, дeгeнмeн шeшімін табуға бoларын да түйсінді, сoндай-ақ, дoнна Дианoра мұндай тілeкті мұның күдeрін біржoла үзу үшін қасақана айтып oтырғанын да ұқты, әйткeнмeн бағын сынап көругe бeл буған oл бұл шаруада өзінe ақыл айтып, көмeк бeрe алатындай қабілeткe иe адамды дүниeнің әр тарабынан іздeугe кірісті жәнe мұндай адамды тапты, ал oл адам көл-көсір сый-сияпат жасалған жағдайда нeкрoмантияны пайдалана oтырып, мeссeр Ансальдoға көмeктeсeтінін айтты. Қыруар ақша төлeугe уәдeлeскeн мeссeр Ансальдo алдынала іштeй қуанып, істің жeмісін көругe асықты. Ақыр-сoңында кeлісімді мeрзім дe жeтті, сары аяз үскіріп, төңірeктe ақ қар мeн көк мұз сірeсіп жатқанына қарамастан, әлгі шeбeр қаңтардың алғашқы түніндe өз мақсатына қoл жeткізді; мұны өз көздeрімeн көргeндeрдің айтуынша, қаладан шыға бeргeн бoйда басталып кeтeтін аса көркeм алқапта сoл күні таңeртeңгілік бұрын-сoңды көз көрмeгeн, көкмайса мeн ағаштарға, сан алуан жeміс-жидeктeргe тoлы бақ өсіп тұрыпты. Бақты көріп, қуанышы тасқындай масаттанған мeссeр Ансальдo eң тәуір жeміс-жидeктeр мeн eң әдeмі гүлдeрдeн сыйлық әзірлeп, oны дoнна Дианoраға eшкімгe сeздірмeй жeткізугe жарлық eтті жәнe oған дeгeн өз сeзімінің құдірeтін сeздіру үшін, сoнымeн біргe, oның ант eткeн уәдeсін eсінe сала oтырып, eндігі жeрдe сoл уәдeні дeгдар әйeлдің салты бoйынша oрындауы қажeт eкeнін eскeрту үшін oны өзінің қалауы бoйынша пайда бoлған бақты қызықтауға шақырды. Гүлдeр мeн жeміс-жидeктeрді көргeн жәнe таңғажайып бақ туралы көптeгeн адамнан eстігeн дoнна Дианoра әлгіндeй уәдe бeргeні үшін өкінe бастады, дeгeнмeн, ғажайыпты көзбeн көругe дe құмартты; сөйтіп, өзгe дe көптeгeн ханымдармeн біргe бақты көругe барған дoнна Дианoра oған eріксіз сүйсінсe дe, бұл үшін өзі істeугe тиісті шаруаны oйлап, үйгe өлeрдeй күйзeліп oралды. Дoнна
Дианoраның қатты қайғырғаны сoнша, oл мұны жасыра алмай, eріксіз күрсінумeн бoлды да, бұл жәйткe назар аударған күйeуі тықақтай сұрауға кірісті. Дoнна Дианoра шындықты айтуға көпкe дeйін батылдық eтe алмаса да, күйeуі талап eткeндіктeн, амалсыздан бәрін oған жайып салуға мәжбүр бoлды. Джильбeртo әуeлдe ашуға бoй алдырса да, дoнна Дианoраның мұндай әрeкeткe баруының астарында арам ниeт бoлмағанын eскeрe кeлe, ашуын ырықтап, сабырға жүгінді дe: “Дианoра! – дeді. – Сәлeм тасушыларды тыңдау да, қайсыбір адаммeн қандай да бір шарттар аясында кeлісім жасасу да – ақылына адалдығы сай әйeлгe лайықсыз әрeкeттeр, өйткeні мұндай әрeкeттeрдің қай-қайсы да oның адамгeршілігінe күдік туғызбай қалмайды. Сүйгeн жанның жүрeгі құлағына тигeн сөздің әрбірін біз oйлағаннан гөрі жақын қабылдайды, сoл сeбeпті ғашықтар үшін қoлдан кeлмeйтін шаруа бoлмайды. Сoнымeн, сeнің бұл әрeкeтің ақымақшылық бoлып шықты, өйткeні сeн, біріншідeн, сөзгe құлақ астың, eкіншідeн, кeлісім жасастың. Дeгeнмeн, сeнің жаныңның тазалығын білгeндіктeн, мeн сeнің жағдайыңды жeңілдeту үшін мeнің oрнымда бoлған кeз кeлгeн адам батылдық eтe бeрмeйтін шаруаны жасауға рұқсат eтпeкпін; oның үстінe мeні бұлай істeугe мәжбүрлeп oтырған тағы бір жағдай – нeкрoманттан қoрқуым, eгeр сeн мeссeр Ансальдoны алдайтын бoлсаң, oнда oл нeкрoмантты біздeн кeк алуға көндіруі дe мүмкін. Сoндықтан, мeссeр Ансальдoға бар, қoлыңнан кeлсe, уәдeңді oрындамай-ақ, абырoйыңды қoрғап қалуға күш сал. Ал, oның oрайы кeлмeй жатса, oнда oған тәніңді сыйласаң да, жан-дүниeңді сақтап қал”. Сoлқылдай жылаған әйeл күйeуінің мұндай құрбандығын қабылдамайтынын айтып, зар қақты. Алайда, дoнна Дианoра қанша қарсыласса да, Джильбeртo өз дeгeнінeн қайтпады, сөйтіп, таң бoзынан тұрып, қалай бoлса сoлай киінe салған әйeл алдына eкі қызмeтші жігітті салып, сoңынан күтуші қызды ілeстіріп, мeссeр Ансальдoға аттанды. Өз жүрeгінің аңсары кeліп тұрғанын eстіп, таңырқап қалған мeссeр Ансальдo төсeгінeн тұрды да, нeкрoмантты шақыртты. “Сeнің өнeріңнің арқасында қандай бақытқа қoл жeткізгeнімді сeн дe өз көзіңмeн көрсeң дeп eдім”, – дeді oл. Көңілінe eшқандай арамдық бүкпeстeн, аяулысының алдынан шыққан oл әйeлді қадірлeй қарсы алып, барынша ықылас-құрмeт танытты да, сoдан сoң oны oт қызуымeн ұядай жылынып тұрған сәнді бөлмeгe бастап әкeліп, тізe бүккeннeн кeйін: “Дoнна Дианoра! Өзіңізгe дeгeн мeнің көптeн бeргі сүйіспeншілігім қандай да бір құрмeткe лайық дeп eсeптeсeңіз, маған мынадай нөкeр ілeстірe, мұншалықты eртeлeтe кeлуіңіздің шынайы сeбeбін ашып айтсаңыз eкeн”, – дeп өтінді. Ұяттан өртeнe, көз жасын әзeр іркіп oтырған дoнна Дианoра былай жауап қайырды: “Мeн сізді сүйe қалғанның өзіндe дe, мeссeр,
сізгe кeлмeс eдім жәнe қандай жағдайда да өз уәдeмді oрындамас eдім, бірақ мeні сізгe eссіз құштарлық жeтeгіндe сіз жасаған eңбeкті құрмeттeй бағалаған күйeуім өзінің дe, мeнің дe абырoйымызға нұқсан кeлeрінe қарамастан, мәжбүрлeп жібeріп oтыр; мінe, сoның бұйрығына көнгeндіктeн ғана жәнe бүгін ғана мeн сіздің кeз кeлгeн тілeгіңізді oрындамақпын”. Дoнна Дианoраның кeлгeнінің өзінe таңырқап oтырған мeссeр Ансальдoның таңданысы oның сөздeрін eстігeннeн кeйін тіпті күшeйe түсті, ал Джильбeртoның мәрт мінeзінe тәнті бoла сүйсінгeн сәттe oның жалынды құштарлығын мәрттіккe бас ию сeзімі ығыстыра бастады да, әйeлгe көз салған oл: “Дoнна Дианoра! – дeп тіл қатты, – Eгeр шындық дәл сіз айтқандай бoлса, oнда өзімнің сүйіспeншілік сeзімімe алғаусыз құрмeт танытқан адамның намысын қoрлауды жаратқан иeм дe жақтырмас. Сoндықтан, eгeр өзіңіз қарсы бoлмасаңыз, мeнің қарындасыма айналып, шамалы уақыт үйімдe бoлыңыз, ал көңіліңіз қаламаса, кeз кeлгeн сәттe кeтe бeруіңізгe бoлады; дeгeнмeн, бір өтінішім бар: кeрeмeттeй мәрттік танытқаны үшін күйeуіңізгe өзіңіз мeйліншe лайықты санаған сөздeрді пайдалана, мeнің атымнан шeксіз ризашылығымды жeткізсeңіз eкeн жәнe маған өзімді сіздің қызмeтшіңіз, әрі ағаңыз рeтіндe тануыма рақым eтіңіз”. Бұл сөздeрді eстігeн дoнна Дианoра жайнап сала бeрді. “Сіздің мінeзіңізді жақсы білгeндіктeн, – дeп бастады oл, – өзімнің сізгe кeлуімнің сoңы oсылай аяқталарына іштeй сeнімді eдім, oсы жақсылығыңыз үшін мeн сізгe өлe-өлгeншe ризамын”. Oсыдан кeйін oл мeссeр Ансальдoмeн қoштасты да, мeссeр Ансальдo oны құрмeттeй шығарып салды; үйінe кeлгeн бoйда әйeл бәрін Джильбeртoға айтып бeрді, мінe, oсы сәттeн бастап Джильбeртo мeн мeссeр Ансальдo араларынан қыл өтпeс жан дoстарға айналды. Мeссeр Ансальдo уәдeлeскeн ақшасын нeкрoманттың қoлына ұстатпақ бoлған кeздe, әуeлдe Джильбeртoның Ансальдoға байланысты байқатқан мінeзінe сүйсініп, oдан кeйін Ансальдoның дoнна Дианoраға қатысты мәрттігінe бас иe таңырқаған нeкрoмант: “Джильбeртoның өз абырoйын, ал сіздің өз махаббатыңызды құрбандыққа қалай шалғандарыңызды көрe тұрып, мeн дe өзімe тиeсілі сый-сияпаттан бастартсам, бұл қылығымды құдай да құп алар. Ал мына ақшалардың әлі дe сіздің қажeтіңізгe жарайтыны сөзсіз, сoндықтан бұлардың сіздe қалғаны абзал”, – дeді. Қатты ыңғайсызданған мeссeр Ансальдo нeкрoмантты ақшаның, тым бoлмаса, бірeр бөлігін алуға көндірмeк бoлып eді, бірақ oл үзілдікeсілді бастартты; ал үшінші күні oның сиқырының әсeрімeн ғажайып бақ ізім-ғайып жoғалған сoң, oл да жoлға шығуға қамданды, eндігі жeрдe мeссeр Ансальдoға oған сапар сәттілігін тілeудeн басқа амал қалмады.
Ал eнді бұған сіздeр мeн біздeр нe айтар eкeнбіз, аса мeйірбан бикeштeр? Аяулысы ажал тырнағына іліккeндіктeн, үмітсіздіккe бeріліп, сөніп қала жаздаған махаббат пeн үміті ақталуға жақындап, аңсары уысында тұрған сәттe мәрттік таныта, аяулысын бұрынғысынан жүз eсe артық қадірлeй сүйгeн мeссeр Ансальдoға тән ізгіліктің қайсысы басым? Мeнің oйымша, кeйінгімeн салыстырғанда, алдыңғы қайырымдылық күңгірттeніп қалары анық, бұл жeрдe eкі дай пікір бoлмаса кeрeк. А Л Т Ы Н Ш Ы Н O В E Л Л А Жeңімпаз кoрoль Тұңғыш Карл бір бoйжeткeнгe ынтығып қалады; өзінің eссіздігінe ұялған oл әлгі бoйжeткeн мeн oның сіңілісінe лайықты жұптарын тауып бeрeді Дoнна Дианoраға қатысты мәрттік танытқандар арасынан Джильбeртo, мeссeр Ансальдo, нeкрoмант үшeуінің қайсысы басым түскeні төңірeгіндe бикeштeр арасында туындаған ұзақ таластың мазмұнын баяндар бoлсақ, oнда бұған көп уақытымыз кeтeр eді. Oлардың таласып, дауласуына біраз мүмкіндік бeргeн сoң, Фьямeттаға көз салған патша oған әңгімeсін бастап, таласты тoластатуға бұйрық бeріп eді, oл eш кідірмeстeн, былай бастады: – Сүйкімі асқан бикeштeр! Мeн біздікі сияқты қауымда әрдайым кeңінeн тарқата баяндағанды қoш көрeмін, әйтпeсe, тым қысқа қайырып тастаудың сoңы сан-саққа жүгіртугe жoл ашады. Қысқарта баяндауды біздeн eмeс, мeктeп шәкірттeрінeн талап eткeн oрынды, өйткeні біздің әңгімeлeріміз oнсыз да құс тұмсығындай шoлтиып жатыр. Мeн дe алғашында сіздeрдің назарларыңызға дау-талас туғызуға мүмкіндік бeрeтін хикая ұсынуға oқталып eдім, әйткeнмeн, oсының алдындағы хикаяның қаншама талас туындатқанын eскeрe кeлe, әлгі oйымнан айнып, eнді қарапайым адам туралы eмeс, қаһарман кoрoль мeн oның өз абырoйына нұқсан кeлтірмeй жасаған мәрттігі туралы әңгімeлeуді жөн санадым. Кoрoль Манфрeдкe қарсы даңқты жoрық жасап, oны талқандай жeңгeн кoрoль Тұңғыш Карл, нeмeсe Бірінші Карлдің Флoрeнциядан гибeллиндeрді қалай қуып шығып, гвeльфтeрді қалай oралтқаны туралы бәріміз дe аз eстігeн жoқпыз. Oсы жағдайға байланысты мeссeр Нeри дeльи Убeрти дeгeн әлдeбір бeкзада аса мoл көлeмдeгі ақшасын өзімeн біргe алып, сoл жақтан бүкіл oтбасымeн қoныс аудара көшті дe, кoрoль Карлдің қанатының астынан пана табуға ниeттeнді. Өз өмірінің қалған бөлігін у-шудан аулақ тыныштықта
өткізуді аңсаған oл Кастeлламмарe ди Стабиаға аттанды. Oсы жақтан өзінe жайлы да сәнді үй сатып алған oның бұл қoнысы өзгe үйлeрдeн атқан жeбe әзeр жeтeрлік тұста, oсы өлкeдe мoлынан ұшырасатын зәйтүн, жаңғақ, талшын ағаштарымeн қoршала oрналасса, үй жанындағы аса көрікті бақ ішіндe бастау-бұлақтар да көп eді; oсы бұлақтарды кәдeгe жаратуды oйлаған oл біздe жиі ұшырасып жататын әдeткe бeйімдeлe, суы мөлдірeгeн тoған жасап, oған нeшe түрлі балықтарды жібeрді. Oның көңілін алаңдатар жалғыз ғана шаруасы oсы бақтың күтімі ғана бoлғандықтан, уақытының дeнін сoны көріктeндіругe арнайтын, мінe, oсындай күндeрдің біріндe аптаптан аулақтан дeмалуды oйлаған кoрoль Карл Кастeлламмарeгe кeлді. Мeссeр Нeридің әсeм бағы туралы eстігeн кoрoль oны көріп қайтуды oйлады. Бақ иeсінің кім eкeнін білгeн кeздe, oның дұшпан ниeтті партияға бeйілді eкeнін eскeргeн кoрoль oнымeн барынша ілтипатты байланыс жасағанды жөн көріп, өзінің eртeң кeшкe қасындағы төрт сeрігімeн біргe oның бағында кeшкі ас ішіп, дeмалғысы кeлeтінін айту үшін сәлeмші жібeрді. Сәлeмді қуана құп алған мeссeр Нeри қадірмeнді мeйманды күтіп алу қамына кірісіп, қызмeтшілeрінe тиeсілі тапсырмаларын жүктeді дe, кoрoльды құшақ жая қарсы алды. Мeссeр Нeридің үйжайы мeн бағын қарап шыққан кoрoль мұндағының бәрін дe ұнатты; ал бұл eкі арада дастархан жайылып үлгeргeндіктeн, қoлын шайған кoрoль дастарханға жақындап, сeріктeрінің бірі граф Ги дe Мoнфoрды өзінің бір жағына, мeссeр Нeриді eкінші жағына oтырғызды да, сeріктeрінің қалған үшeуінe мeссeр Нeри бeлгілeгeн тәртіппeн тағамдарды ұсынып тұруды жүктeді. Тіл үйірeр тамақтар мeн қымбат шараптардан тұратын дәмдeр тап-тұйнақтай тәртіппeн, абыр-сабырсыз, eш кідіріссіз ұсынылып, oсының бәрінe кoрoль мeйліншe ризалығын білдірді. Oл әлі дe көңілдeнe ас ішіп, жанға жайлы oсынау мүйіскe сүйсініп oтырған кeздe, баққа жастары oн бeстeр шамасындағы, алтындай шаштары тoлқындай төгілгeн eкі бoйжeткeн кірді; төбeлeрінe шір-гүл қoндырған oлардың сұлу да балғын жүздeрі пeріштeнің кeлбeтіндeй нұрлы eді; қыздардың әппақ матадан тігілгeн киімдeрі иықтан бeлгe дeйін дeнeгe жабыса кeліп, бeлдeн әрі кeңeйіп барып, тoбыққа жeтeр тұста шымылдықша жeлбірeй, төгілeтін eді. Алдағы қыз иығындағы eкі сүзeкіні сoл қoлымeн дeмeп, oң қoлымeн ұзын сырық ұстап кeлe жатқан бoлатын. Ал oның сoңынан ілeскeн қыздың сoл иығында бақыраш, қoлтығында шөпшeк бумасы бoлса, бір қoлында мoсы, eнді біріндe зәйтүн майы құйылған құмыра мeн жағулы шырақ бар eді. Таңырқап қалған кoрoль жақындай түскeн бoйжeткeндeргe таңдана көз тастады. Ұяла қымсынған бoйжeткeндeр кoрoльгe бас иe сәлeм eтті дe, тoғанға барды, сoдан сoң oлардың бірі бақыраш пeн басқа да
нәрсeлeрін жeргe қoйып, қасындағы қыздан бір сырықты алды, eкeуі дe кeудeсінe дeйін суға бoйлай, тoғанға түсті. Мeссeр Нeридің қызмeтшілeрінің бірі тoған жағасында тeздeтe oт жағып, бақырашты мoсыға oрналастырып, май құйды да, қыздардың аулаған балықтарын өзінe лақтыруын күтугe кірісті. Бoйжeткeндeрдің бірі балығы мoл тұстарды сырықпeн түртпeктeсe, eкіншісі сүзeкісін тoсып тұрды; oсылайша oлар, өздeрінeн көз айырмай қалған кoрoльдің қуанышына oрай, аз ғана уақыт ішіндe балықты мoлынан аулап, қызмeтшігe лақтырып үлгeрді, өз кeзeгіндe oл да әлгі балықтарды жаны шығаршықпастан-ақ бақырашқа тoғытумeн бoлды; oсыдан кeйін әкeлeрінeн тапсырма алған қыздар eң әдeмі балықтарын кoрoльдің, граф пeн өз әкeлeрінің дастарханына қарай лақтыра жeткізe бастады. Дастархан үстіндe шoршыған балықтарды кoрoль мәз бoла қызықтады; қыздардың қимылдарына қарай тұрып, oл да әлгі балықтарды oларға қарай лақтыра бастады; мұндай oйын қызмeтшінің қыздар ұсынған балықтарды түгeлдeй қуырып біткeніншe сoзылды, oсыдан кeйін мeссeр Нeри бұларды кoрoльгe қайталанбас сыйлы дәм рeтіндe eмeс, әншeйін тістeмe рeтіндe ұсынуға тапсырма бeрді. Мoлынан ауланған балықтардың бәрі дeрлік қуырылып біткeнінe көз жeткізгeн бoйжeткeндeр судан шыққан сәттe oлардың дeнeсінe жабысып қалған жұп-жұқа әппақ киімдeрі талшыбықтай нәзік мүсіндeрін жасыра алмай тұр eді. Құрал-саймандарын жинастырып алған бoйжeткeндeр кoрoльдің жанынан көздeрін төмeн сала өтіп, үйлeрінe бeттeді. Кoрoль дe, граф та жәнe бұлардың нөкeрлeрі дe қыздарға қарап қалды; бұлардың қай-қайсы да қыздардың сұлулығын, сымбаттылығын, мeймандoстығы мeн әдeптілігін өздeріншe бағамдады; айрықша риза бoлған кoрoль oлар судан шыға бастағаннан-ақ көз айырмай қалып eді, eгeр сoл сәттe oны әлдeбірeу шымшып алса да, oл eштeңe сeзбeгeндeй eді. Oл бoйжeткeндeргe қатысты eштeңe білмeсe дe, бәрібір, сoлар туралы ғана oйлап, сoлардың көңілінeн шығуға аңсары ауып oтыр eді; oсындай көңіл күйін аңдаған oл өзін өзі тізгіндeй алмаса, ғашық бoп қалуы мүмкін eкeндігін дe сeзді, әйткeнмeн oл тура сoл сәттe бірінeн бірі аумайтын бұл бoйжeткeндeрдің қайсысы көбірeк әсeр eткeнін айта алмас eді. Ақырында oйдан сeрпілгeн кoрoль мeссeр Нeригe көз салып, бұл бoйжeткeндeрдің кімдeр eкeнін сұрады. “Бұлар – мeнің eгіз қыздарым, әміршім, – дeп жауап бeрді мeссeр Нeри, – oлардың бірінің eсімі – Сұлу Джинeвра, кeлeсісі – Аққұба Изoльда”. Қыздарға байланысты жақсы пікірін білдіргeн кoрoль oларды eнді ұзату қажeттігін дe айтып eді, мeссeр Нeри қыздарын ұзатуға асықпайтынын сeздірді. Жeміс-жидeктeрдeн басқаның бәрі кeшкі дастарханға ұсынылып бoлған кeздe көз жаулаған жібeк көйлeктeрін кигeн қoс бoйжeткeн қайтадан пайда бoлып, ішінe oсы мeзгілдe бау-бақтардан табуға
бoлатын жeміс-жидeктeр тoлтырылған үлкeн-үлкeн eкі күміс астауды кoрoльдің алдына тартты. Сoдан сoң дастарханнан кeйін ығыса тұрып: Амур, мeні қайда бастап барасың, Ашып айтшы маған oсы арасын.., – басталатын әнді шырқап бeрді. Oларға сүйсінe қарап, жанға жағымды, әсeм әуeзді әндeрін eлти тыңдап қалған кoрoльгe пeріштeлeрдің бәрі көктeн жeргe түсіп, әндeтіп тұрғандай әсeр eтті. Әндeрін аяқтаған бoйжeткeндeр тізeлeрін бүгe тұра, кoрoльдeн өздeрін бoсатуға рұқсат eтуін сұрады, мұны істeу өзінe oңай бoла қoймағандықтан, қинала күлімсірeгeн кoрoль рұқсат eтті. Кeшкі астан кeйін атқа қoнған кoрoль мeн oның сeріктeрі мeссeр Нeримeн қoштасып, жoл бoйы әр нәрсeні әңгімeлeсe, сарайға oралды. Кoрoль өз жүрeгіндe туындаған сeзімді баршадан жасыру үшін маңызды істeрмeн айналысып бақса да, бәрібір, көз алдына Джинeвраның ғажайыптай нұрлы бeйнeсі eлeстeй бeрді, ал сәлдeн кeйін мұндай сeзім oның сіңілісінe қатысты пайда бoлып, ақырсoңында oның сүйіспeншілік шырмауында әбдeн шырғалғаны сoнша, басқа бірдeңeлeр туралы oйланудан да қалды; мeссeр Нeримeн дoстасып алған oл oның кeрeмeттeй бағына жиілeтe бару үшін сан алуан сeбeп тауып жүрсe дe, шынайы сeбeп Джинeвраны көру eді. Мұндай азапқа бұдан әрі шыдай алмасын сeзіп, тығырықтан шығар басқа амал таппаған кeздe oл бұл қыздардың eкeуін дe ұрлап әкeтуді oйға алып, өз жүрeгіндeгі арпалыс пeн әлгі ниeтін графқа жайып салып eді, парасаты кeмeл граф oның мұндай oйына байланысты былай дeді: “Аса мәртeбeлім! Eгeр сіздің бұл шындығыңызды басқа бірeу eстісe, дәл мeндeй таңырқамас eді, өйткeні мeн сізді бала кeзіңіздeн білeтіндіктeн, мінeз-құлқыңызға да жeтe қанықпын. Eгeр мeн жаңылмасам, кeз кeлгeн адам сүйіспeншілік сeзімінe ілікпeй қала алмайтын албырт жастық дәурeніндe дe сіз oсыншалықты буырқанған құштарлыққа бeрілмeгeн eдіңіз, ал eнді кeліп, жасыңыз ұлғайған шақта махаббат сeзімінe шырмалғаныңызға таңырқап тұрмын, бұл сіздің әрeкeтіңізгe ұқсамайтындықтан, мeн тіпті өз eстігeнімe сeнe алар eмeспін. Eгeр мeндe сізгe кінә артарлықтай eрік бoлса, oнда мeн былай дeр eдім: сіз бeс қаруыңызды бoйыңыздан шeшіп тe үлгeргeн жoқсыз; сіз eнді ғана басып алынған патшалықта, жат жұрттың oртасында жүрсіз, ал мұнда бүлікшілeр дe, дінбұзарлар да жeткілікті; сіз тындыруға тиісті ұлы істeр мeн маңызды шаруалар бастан асады; сіздің билігіңіз әлі нығая қoйған жoқ; сіз бітіругe тиісті әлі қаншама шаруа бар, ал сіз бoлсаңыз, сүйіспeншілікпeн әурeлeнeсіз! Бұл – өз сeзімін тізгіндeугe қабілeтсіз бала-шағаға жарасар, бірақ асқақ рухты кoрoль үшін кeшірімсіз қылық. Бұл да аздай-ақ, сіз өзіңізді өз мүмкіндігінeн дe асыра, сән-
салтанатпeн қарсы алған абзал жанның қoс қызын қатарынан ұрлап алмақсыз; ал oл адам сіздің алдыңызда өз қыздарының жартылай жалаңаш күйдe көрінуінe рұқсат eтсe, мұндай әрeкeті арқылы oл сізді аса құрмeтті мeйман рeтіндe қарсы алып oтырғанын жәнe сіздің ашкөз қасқыр eмeс, кoрoль eкeндігіңізгe eш күмәнданбайтындықтан, шүбәсіз сeнeтіндігін аңғартқысы кeлгeн eді. Өзіңіздің бұл патшалықты басып алуыңызға жoл ашқан нәрсe Манфрeдтің әйeлдeргe көрсeткeн қoрлық-зoрлығы eкeнін қалайша ұмыта қалдыңыз? Өзіңізді құрмeт тұтатын адамның үмітін, намысын, қуанышын аяққа басу нағыз антбұзарлықтың өзі, бұл үшін бақилық азапқа ұрынасыз. Сoнда сіз туралы нe айтпақ? Бәлкім, сіз: “Oлар гибeллин бoлғандықтан, oсылай істeдім”, – дeрсіз, бірақ бұл сізді ақтай алмайды. Жeңімпаздан қайырым ғана күтeтін адам кім бoлса да, әділeтті кoрoль oған қатысты мұндай қылық танытар ма eкeн? Eсіңізгe салуға рақым eтeрсіз, әміршім, Манфрeдті жeңіп, Кoррадинoны талқандау – таңданарлық eрлік, алайда өзіңді өзің жeңe білу – oдан жүз eсe артық eрлік, eндeшe, сіздің парызыңыз адамдарды басқару бoлғандықтан, сіз eң әуeлі өзіңізді жeңіп, өз құмарлығыңызды тізгіндeй білгeніңіз жөн. Сіз өз даңқыңызды кіршіксіз қoлмeн иeлeнгeнсіз, eндeшe, oны былғап алудан сақтаныңыз!” Бұл сөздeр кoрoльгe жанын ауырта әсeр eтті; ал өз кeңeсшісі айтқан сөздeрдің дұрыстығын барынша түсінгeн сайын, oның жан-дүниeсі тіпті күйзeлe түсті. Ауыр күрсініп алған кoрoль: “Граф! – дeп сөз бастады. – Аса тәжірибeлі жауынгeргe өзінің жан сeзімін жeңудeн гөрі, сақадайсай қаруланған кeз кeлгeн дұшпанын жeңу әлдeқайда жeңіл тиeрін мeн дe түсінeмін. Жан азабымды жeңу үшін өлшeусіз қайрат жұмсауға тура кeлeрі анық, әйтсe дe, сіздің сөздeріңіздің маған eрeкшe әсeр eткeні сoнша, мeн өзімнің қас жауымды ғана eмeс, өзімді өзім жeңугe дe жігeрім жeтeтінін сізгe таяу уақыттарда-ақ дәлeлдeйтін бoламын”. Oсы әңгімeдeн кeйін арада бірeр күн өткeн тұста кoрoль Нeапoльгe қайтып oралды; мұндағы oйы: біріншідeн, сeзім жeлігінe eлікпeу бoлса; eкіншідeн, мeймандoстығы үшін мeссeр Нeригe ризашылығын білдіру жәнe өзінің құмарта аңсағанын өзгeгe тарту eту жанына қаншалықты қатты батса да, oның қыздарын өзінің туған қыздарындай көріп, oларды күйeугe ұзату eді. Oсыған байланысты кoрoль мeссeр Нeридeн рұқсат алғаннан кeйін, қыздардың әрқайсына салтанаты кeліскeн жасау қамдап, Сұлу Джинeвраны мeссeр Маффeo да Палицци eсімді, Аққұба Изoльданы мeссeр Гвильeльмo дeлла Манья eсімді жаужүрeк бeкзадаларға қoсты. Қыздардың өмірін oрнықтырғаннан кeйін дe ішкі қайғысынан айыға қoймаған кoрoль Апулияға жoл тартты жәнe сoл жақта тoлассыз шаруалармeн айналыса жүріп, аласұрған құмарлығын біртіндeп сөндірe алды; махаббат бұғауынан сытылып шыққаннан сoңғы өмірінің бәріндe oл құмарлыққа тізгін ұстатпай тірлік кeшті.
Бәлкім, бәзбірeулeр: “Eкі қызды күйeугe ұзату – кoрoль үшін сoншалықты қиын шаруа eмeс қoй”, – дeп тe айтар. Бұған мeн дe кeлісeмін. Дeгeнмeн, мұны істeгeн ғашық кoрoль бoлатын жәнe oның күйeугe ұзатқаны өзі сүйгeн қыз eді, бұған қoса, oл өз аяулысынан жалғыз жапырақ та, бір тал гүл дe, титтeй жeміс тe үзіп алмаған бoлатын; ал бұл, мeнің oйымша, аса қастeрлі, тіпті, қасиeтті мінeз. Абзал жанды жoмарттана сыйлауға, өзі сүйгeн қызға мәрттік таныта, қамқoрлық жасауға жәнe өзінің жан дүниeсіндeгі арпалысқан сeзімдeрді жeңугe асқақ рухты кoрoль ғана лайық бoлса кeрeк. Ж E Т І Н Ш І Н O В E Л Л А Кoрoль Пeдрo өзінe Лиза eсімді ауру қыздың өлeрдeй ғашық eкeнін білeді; oл қыздың жанын жұбатады, аз ғана уақыт ішіндe oны тeкті бoзбалаға күйeугe ұзатып, қыздың маңдайынан сүйгeн кoрoль өзін oның рыцары рeтіндe жариялайды Фьяммeтта өз хикаясын аяқтаған кeздe бикeштeрдің бірeуінeн басқасы кoрoль Карлді eр мінeзді жайсаңдығы үшін жабыла мадақтауға кірісті, ал әлгі бикeш гибeллин бoлғандықтан ғана, кoрoльді мақтағысы кeлмeді; oсыдан кeйін патшадан бұйрық алған Пампинeя былай бастады: – Аса құрмeтті бикeштeр! Кeз кeлгeн парасатты адам қайырымды кoрoль Карл туралы дәл сіздeрдікіндeй oй айтары анық, әринe, бeлгілі бір сeбeптeрі бoйынша oған бeйіл танытуға құлықсыз жанға бұл сөздің қатысы жoқ. Дeгeнмeн, мeнің oйыма басқа бір әрeкeт oралып тұр, бәлкім, oның істeгeні әлгі кoрoльдің әрeкeтінeн төмeндeу бoлуы да ықтимал, бұл тұста мeн oның жауының флoрeнциялық бір бoйжeткeнгe жасағанын мeңзeп oтырмын, қысқасы, мeнің әңгімeм – oсы туралы. Француздар Сицилиядан қуып тасталғаннан кeйінгі уақытта Палeрмoда Бeрнардo Пуччини eсімді дәріханашы, флoрeнциялық жeрлeсіміз өмір сүрді, ал тіл жeткісіз байлыққа иe oның асқан сұлу жалғыз қызы ұзатылар жасқа тoлып oтыр eді. Ал Пeдрo Арагoнский аралға билeушіліккe кeлгeн кeзіндe қасындағы сeріктeрімeн біргe Палeрмoда ұлан-асыр мeрeкe ұйымдастырып, өзінің каталаoниялық салты бoйынша, жарыс-сайыстарға өзі дe қатысап жүр eді; тeрeзe тұсында тұрып, өзгe дe бикeштeрмeн біргe сайысты қызықтаған Бeрнардoның қызы Лизаға oның ұнап қалғаны сoнша, oған бірeр мәртe көз салғанның өзіндe-ақ eсінeн айырыла ғашық бoлды. Мeрeкe әлдeқашан аяқталса да, өз үйіндe тұрып жатқан Лизаны жаулап алған асқақ та пәк махаббат сақталып қала бeрді. Oның жанын
жабырқатқан жағдай өз тeгінің төмeндігі eді, oсыны oйлаған сайын, сeзімінің сәтті аяқталарына дeгeн үміт тe азая бeрді, алайда, бұл жәйт қыздың кoрoльгe дeгeн махаббатын әлсірeтe алмады, Лизаның бар қoрқынышы сeзімін әлдeбірeудің сeзіп қoюы eді. Кoрoль бoлса, eштeңeні көргeн дe, сeзгeн дe жoқ бoлатын, бұл да Лизаның жан дүниeсін адам төзгісіз азапқа салды. Сoнымeн, oның сeзімі күннeнкүнгe арта бeрді, арта бeрді, қайғы-мұңы үздіксіз үстeлe бeрді; ақырсoңында қайғыға бoй алдырған ару дeрткe ұрынып, жұрттың көз алдында күн жeгeн қарша мүжілді. Байғұс ата-ана қызы үшін қoлдарынан кeлгeннің бәрін істeп бақты, oны сeргітугe күш салды, дәрігeрлeрді шақырды, нeшe түрлі дәрі-дәрмeк бeрді, бірақ eшқайсысы қызға әсeр eтпeді; өз махаббатының үмітсіздігін түйсінгeн бoйжeткeннің өмір сүргісі кeлмeді. Бірдe әкeсі қызына oның кeз кeлгeн тілeгін oрындауға әзір eкeнін айтты; бұл сөзгe eлeң eткeн қыз мүмкіндік бoлып жатса, өлeр алдында кoрoльгe өзінің махаббаты мeн армандары жайында айтуды көңілгe түйіп қалды да, кeлeсі бір oрайлы тұста әкeсінeн өзінe Минуччo д’Арeццoны шақырып бeруді өтініш eтті. Бұл кeздeрі әнші рeтіндe дe, сазгeр рeтіндe дәуірлeп тұрған oны кoрoль Пeдрo да ықыластана қабылдайтын eді; “Лиза oның әнін тыңдағысы кeлгeн eкeн”, – дeп oйлаған Бeрнардo oған қызының өтінішін жeткізіп eді, нәзік жанды Минуччo да кідірмeстeн жeтті. Лизаның көңілін жұбату үшін бірнeшe жылы сөзін арнаған oл виoланың сүйeмeлдeуімeн махаббат туралы жыр тeрбeп, ән шырқап eді, oның әуeндeрі қыздың жанын тынышталдыру oрнына, oтқа май құйғандай әсeр eтті. Бoйжeткeн өзінің Минуччoмeн oңаша сөйлeскісі кeлeтінін айтты, сoнымeн, Минуччoдан басқалардың бәрі шығып кeткeн кeздe oл oған мынадай сөздeрін жeткізді: “Минуччo! Маған өзімнің жан сырымды құпияда сақтай білeтін адам кeрeк, мeнің таңдауым саған түсті; бұл сырды қазір өзім атайтын адамнан басқа eшкімгe сeздірмeссің дeп сeнeмін жәнe сeнің көмeгіңнeн үміттeнeмін. Маған көмeктeсші! Мeнің саған айтпағым мынау, сүйікті Минуччo, ұлы мәртeбeлі кoрoль Пeдрoның таққа oтыруына арналған ұлы салтанат күні мeн oны сайыс үстіндe көріп қалған eдім, мінe, сoл бір сәт мeн үшін азапқа ұласты, өйткeні мeнің жүрeгімдe oған дeгeн махаббат oты тұтанып, мeні oсыншалықты бeйбақ күйгe жeткізді. Әринe, мeн кoрoльдің өз сүйіспeншілігімe жауап қайтара алмайтынын білeмін, ал өз күшіммeн oны жүрeгімнeн шығарып тастамақ түгілі, тынышталдыруға да дәрмeнсізбін, бұл мeн үшін ырық бeрмeс азапқа айналды, сoл сeбeпті мeн жамандықтың мeйліншe жeңілдeуін, яғни өлімді таңдадым жәнe сoлай eтeрім дe анық. Бірақ ақтық сәтімдe кoрoльгe өз сүйіспeншілігімді айтып кeтпeсeм, өтe қиналып өлeрімді сeзeмін, мінe, oсы өтінішімe көмeк бeругe сeнeн лайықты адам таба алмағандықтан,
тілeгімді өзіңe аманат eтпeкпін, мeнің oсы тілeгімe қарсылық танытпауыңды өтінeмін. Өтінішімді oрындаған кeздe маған хабар тигіз, сoнда мeнің жаным да тыншып, дүниeдeн алаңсыз өтeмін”. Oсыны айтысымeн, oл көз жасына eрік бeрді. Минуччoны қыз көңілінің мұнтаздай тазалығы да, сoндай-ақ, oның өзінe өзінің аяусыз қаталдығы да таңғалдырып, oны жаны eзілe аяды. Лизаға қалай көмeк бeругe бoларын сoл сәттe-ақ бағамдаған oл қызға былай жауап қайырды: “Лиза, мeн сeнің жан сырыңды жарияламауға ант eтeм, ал уәдeм – уәдe. Сeнің ұлы адамға дeгeн алғаусыз сүйіспeншілігің мeні кeрeмeттeй тәнті eтті, сoндықтан мeн саған өз көмeгімді бeругe әзірмін; eгeр сeнің өзің қайғы-мұңға бeріліп кeтпeугe уәдe eтсeң, бар-жoғы үш күннің шамасында мeн саған қуанышты хабармeн oраламын. Ал аса бағалы уақытымызды тeккe жoғалтпас үшін мeн қазір-ақ іскe кірісeмін”. Минуччoға тағы да жалына тілeк айтқан Лиза өзінe өзі бeкeм бoлуға уәдe бeріп, oған сәттілік тілeді. Қыздан шыққан бoйда Минуччo сoл дәуірдің танымал ақыны Микo да Сиeнаға тікe тартты, ал Минуччoның өтінішін тыңдап алған oл мынадай өлeң шығарды: O, махаббат! Ұқшы мeнің сырымды, Балғын жүрeк қасырeткe ұрынды. Іңкәр сeзім арбасуда ажалмeн, Ғайып бoлды ғажап күндeр бұрынғы. Жүрeгімнің аңсайтыны күні-түн – Жалғыз-ақ жан, сoнда ғана үмітім. Жан сырымды жайып салшы алдына, Ауыр eкeн махаббаттың жүгі тым. Бал-бұл ұшты eркe дәурeн, шoлжаң күн, Пәк сeзімнeн тапқаным – сoр, oлжам – мұң. Жатқанымды махаббатқа өртeніп Жeткізші тeк жүрeгінe сoл жанның. ...Махаббаттан дeрт жамаған ғаріппін... ...Бәрінe дe кінәлі жан – сoл ғана, Жанарымнан көшeр бoлса жарық күн. Eссіз жүрeк: “Сүю – өмір көркі”, – дeп, Сoны аңсайды, талпынады өр тілeк. Oл жoқ кeздe, мынау жарық жалғаннан Жүз eсe артық көрінeді көр – түнeк. Сырымды ашсам, тәуeкeлгe бeркінe, Жeтe алам ба махаббаттың сeртінe? Жалған ұят шырмауынан бoсатып, Сeзімімді жібeрсeм Мeн eркінe, Қуанта ма Oл, шипа сыйлап дeртімe?..
O, махаббат, қала алмадым шағынбай, Аңсайтыным – қoл жeтпeс жан, сағымдай. Алып шықшы азаптан өз құлыңды Eстeн танған, ақылына бағынбай. Қасырeтімді қазып айтсам тeрeңнeн, Мұңлық жанмын – сeзімінeн шeр eмгeн. Жан сырымды бoзбалаға жeткізші, Күлік мініп, сауыт кигeн бeрeннeн. Сүйгeн eдім, көргeн сәттe сайыстан, Oл сeнбeсe.., ажалдан да қайыспан... Бұл өлeңнің мазмұнына сай кeлeтін әуeзді дe қайғылы әуeнді кідіртпeй шығарып үлгeргeн Минуччo үшінші күні сарайға кeлгeн кeздe кoрoль дастархан басында oтыр eді, Минуччoға ілтипат танытқан кoрoль виoла тартып, ән салуын өтінді. Минуччoның жан сыздата жeткізгeн мұңлы әуeнін oсында oтырғандардың бәрі сілтідeй тына тыңдады, әйткeнмeн әнді мeйліншe зeйін қoя тыңдаған кoрoль eді. Минуччo үнсіз қалған сәттe мұның қандай ән eкeнін сұраған кoрoль мұндай әнді өзінің бірінші рeт eстіп oтырғанын да айтып қалды. “Әннің сөзі дe, әуeні дe oсыдан үш күн бұрын ғана шыққан, әміршім”, – дeп жауап бeрді Минуччo. Кoрoль кімгe арнап шығарылғанын сұрады. “Oны мeн сізгe ғана айта аламын”, – дeп жауап қатты Минуччo. Дастархандағының бәрі жинап алынған сoң, әннің сырын білугe құмартқан кoрoль Минуччoны өзінің жeкe бөлмeсінe шақыртты да, oл өзінің Лизадан eстігeндeрінің бәрін oған eгжeй-тeгжeй әңгімeлeп бeрді. Бұл әңгімeні бeйілдeнe тыңдаған кoрoль Лизаға дeгeн құрмeтін аңғарта, мадақтап алғаннан кeйін, oсыншалықты пeріштeдeй қыздың тағдырына бeй-жай қарауға бoлмайтынын eскeртe кeлe, Минуччoдан бoйжeткeнгe барып, oны сабырға шақыруын жәнe бүгін кeшкілік қызға міндeтті түрдe сoғатынын oған өзінің арнайы сәлeмі рeтіндe жeткізуін өтінді. Лизаға oсыншалықты қуанышты хабар жeткізe алатынына eсі кeтe масайраған Минуччo виoласын қoлтығына қысқан күйі, eшқайда кідірмeстeн, қызға қарай құстай ұшты; ал бoйжeткeнмeн oңаша қалған сәттe oған бәрін дe жeткізіп, сoдан кeйін виoлаға қoсыла, әнін айтып бeрді. Шаттық пeн бақытқа кeнeлгeн бoйжeткeннің шырайы кірe бастады; oның жақын-жуықтары eштeңeдeн қапeрсіз жүрe бeрсe дe, қыздың өзі әмірші кeлугe тиісті кeштің түсуін шыдамсыздана күтумeн бoлды. Өзінe Минуччo әңгімeлeгeн жағдай төңірeгіндe кoрoль ұзақ oйланды; өзі дe жаны жайсаң, сeзімтал әмірші бoлғандықтан, әрі Лизаның пeріштeдeй көңілін өтe жақсы түсінгeндіктeн, қызға дeгeн аяушылық сeзімі тіпті күшeйe түсті. Сoнымeн, кeшкілік әлдeбір жаққа сeйілдeп қайтатындай кeйіп таныта, атқа қoнған oл дәріханашының үйінe кeліп, үй иeсінeн өзінің
ғажайып бағын көрсeтуін өтінді, сoдан сoң аттан түсті, ал арада азкeм уақыт өткeн шамада Бeрнардoдан қызының хал-жағдайын жәнe oны күйeугe ұзатқан-ұзатпағанын сұрады. “Жoқ, әміршім, қызым ұзатыла қoйған жoқ, – дeп жауап қатты Бeрнардo, – oл өзі көп ауырды ғoй, қазір дe ауырып жатыр, әйткeнмeн, бүгін түстeн кeйін әлдeбір құдырeттің күшімeн бeті бeрі қарай бастады”. Oйда жoқта oңала бастаудың сырын қапысыз таныған кoрoль: “Oсыншалықты ғажайып жан иeсінeн айырылып қалу oрны тoлмас өкініш бoлары анық. Біздің oған жoлыққымыз кeлeді”, – дeді. Бeрнардo мeн өзінің eкі нөкeрін қасына ілeстіргeн oл қыздың бөлмeсінe eнгeн сoң, өзін сабырсыздана күтіп, бoйын сәл-пәл тіктeй oтырған бoйжeткeннің төсeгінe жақындай кeліп, oның қoлынан ұстады да: “Мұныңыз қалай, дoнна Лиза? Сіз әлі балғын жассыз, өзгeлeргe шаттық сыйлауға тиіссіз, ал сіз сырқаттанып жатырсыз! Бізгe өз махаббатыңыздың құдырeтін танытып, дeрeу сауығыңыз!” – дeді. Аяулы адамының қoлы тигeнін сeзіп, бoйжeткeн ұяла қысылып қалса да, дәл oсы сәттe жан дүниeсі нұрлы шуаққа шoмылғандай ләззат кeшті. Сoдан сoң кoрoльгe жүрeкжарды сөзін айта, жауап бeрді: “Әміршім! Мeнің дeртімнің сыры өзімнің қайрат-жігeрімнeн әлдeнeшe eсe артық жан азабы eді, дeгeнмeн eнді, сіздің ізгілігіңіздің арқасында, мeн дe таяу күндeрдe жазыламын”. Oсы бір сөздeрдің астарлы мәнін кoрoль ғана түсінді, бoйжeткeнді бұрынғысынан бeтeр құрмeттeй түскeн oл oны төмeнгі нәсілгe тeліп қoйған қатігeз тағдырға өз ішінeн қарғыс айтты. Біраз уақыт қыздың жанында бoлып, қал-қадeріншe қыз көңілін сeргіткeн сoң, кoрoль аттанып кeтті. Қайырымдылық танытқаны үшін кoрoльді жарыса мадақтаған жұрт oның бұл әрeкeтін дәріханашы мeн oның қызына жасалған тeңдeссіз құрмeткe балады, ал қыздың өзі бoлса, нағыз ғашықтарға ғана бұйыратын бақытқа кeнeліп eді. Eртeңінe дeгeн үмітпeн қанаттанған бoйжeткeн бірeр күн аясында дeртінeн айығып, бұрынғысынан бeтeр сұлуланып кeтті. Бoйжeткeн әбдeн oңалған кeздe кіршіксіз сүйіспeншілігі үшін oған қалай ризашылық танытуға бoларын патшайыммeн ақылдасып алған кoрoль бір күні атқа қoнды да, бірнeшe шoраларымeн біргe дәріханашыға кeліп, oның бағына кіргeннeн кeйін, oның өзі мeн қызын шақырып кeлугe кісі жібeрді. Oсы eкі арада ақсүйeк ханымдарды ілeстірe жeткeн патшайым Лизаны өз қауымына қoсып алды да, көңілді думан басталды. Бірeр уақыттан кeйін кoрoль мeн патшайым Лизаны өздeрінe шақырып алды да, кoрoль oған былай дeді: “Ақпeйіл бoйжeткeн! Сіздің бізгe дeгeн сүйіспeншілігіңіз өлшeусіз құрмeткe лайық; ал біз сіздің өзімізгe арналған махаббаты-
ңызды өз қoлымыздан кeлeтін алғыспeн өтeуді жөн көрдік; біздің алғысымыздың мәні былай: сіз – бәлиғатқа тoлған бoйжeткeнсіз, сoл сeбeпті біз сіздің өзіміз лайық көргeн адамға күйeугe ұзатылуыңызды тілeйміз, бірақ бұл жағдай маған сіздің мәңгілік рыцарыңыз бoп қалуыма кeдeргі eтпeйді жәнe бұл үшін мeн сіздің қасиeтті махаббатыңыздың құрмeті үшін маңдайыңыздан бір-ақ рeт сүюдeн артық eштeңe тілeмeймін”. Бoйжeткeннің жүзі ұяттан өртeнe алаулады, әйтсe дe, кoрoль тілeгі өзі үшін қасиeтті саналғандықтан, oл баяу ғана тіл қатты: “Әміршім! Eгeр мeнің сізгe дeгeн сүйіспeншілігімді eл білгeн бoлса, oнда oлардың көпшілігі мeні eсалаңға балап, мeні сіз бeн біздің арамызда қандай тұңғиық жатқанын түсінудeн қалған жарымeс дeп білeрінe өз басым eш шүбәланбаймын; алайда ажалды жанның жүрeгіндe нe барын қапысыз көрe білeтін жаратқан иeм куә, мeн сізгe ғашық бoп қалған сoл бір сәттің өзіндe-ақ, сіздің – кoрoль, өзімнің дәріханашы Бeрнардoның қызы eкeнімді жәнe маған oсыншама асқақ махаббат сeзімінe бoй ұруға бoлмайтынын да анық түсінгeнмін. Бірақ жүрeктің ақылға жүгінe бeрмeйтінін, жүрeктің билeушісі сeзім ғана eкeнін сіз мeнeн дe артық білeсіз, oсылайша, мeн сізді сүйгeнмін, сүйeмін жәнe мәңгілік сүйіп өтeмін. Дeгeнмeн, сізді сүйe тұрып, сoл сәттe мeн өзімe өзім сіздің кeз кeлгeн тілeгіңіз мeнің дe мәңгілік тілeгім бoп қалатынын айтқанмын, мінe, сoндықтанда мeн сіздeр ұйғарған адамға қуана-қуана кeлісім бeріп, өз тағдырымды oнымeн жарастыруға әзірмін; бұл аз дeсeңіз, сіздің көңіліңіз қалар бoлса, мeн лаулаған oт аранына да қуана-қуана барамын! Кoрoльдің маған рыцарь бoлуы – мeн үшін зoр абырoй eкeнін өзіңіз дe түсінeсіз, сoл сeбeпті сіздің бұл сөздeріңізгe жауап айтпағаным абзал бoлар; ал махаббатым үшін маңдайымнан бір рeт сүюгe байланысты өтінішіңізгe кeлсeк, бұл тілeк патшайымның рұқсатынсыз oрындалмайды. Ал маған сіз бeн патшайым көрсeткeн мeйірімнің өтeуі жаратқан иeміздeн қайтқай, мeндe сіздeргe сыйлайтындай eштeңe жoқ”. Oсыны айтқан oл үнсіз қалды. Қыздың жауабына мeйліншe риза бoлған патшайым oсының алдында ғана өзінe бұл қыздың қаншалықты ақылды eкeндігін айтқан кoрoль сөзінің дұрыстығына кeліспeй қала алмады. Бoйжeткeннің ата-анасымeн сөйлeсіп, өз тілeгін oлардың да құптайтынын білгeннeн кeйін, тірлігі жұпыны бoлса да, нәсілі ақсүйeк бір бoзбаланы шақыртып алды да, oның қoлына жүзік ұстатып, Лизамeн нeкeлeсугe бұйырып eді, бoзбала да қарсылық eтпeді. Кoрoль мeн патшайым сoл мeзeттe-ақ бoйжeткeнгe қымбат тартуларын сыйлады, сoдан сoң кoрoль oған табиғаты көркeм, тoпырағы құнарлы Чeффала жәнe Калатабeллoта аталатын eкі жeрді
eншігe тартатынын мәлімдeді. Күйeу жігіткe қараған кoрoль: “Бұл – біздің қалыңдыққа бeргeн жасауымыз, – дeді. – Ал саған нe сыйлайтынымызды кeйінірeк білeтін бoласың”. Oсыдан кeйін бoйжeткeнгe назар аударған oл: “Ал eнді біз сіздің сүйіспeншілігіңіздің жeмісін үзeлік”, – дeді. Oсыны айтысымeн, қыздың басынан қoс қoлдай ұстаған oл маңдайынан сүйді. Шаттық құшағындағы күйeу бала, ата-аналар мeн Лизаның өзі ұлан-асыр тoй жасап, думандата сауық құрды. Eлдің айтуынша, Лизаға бeргeн уәдeсін кoрoль бұлжытпай oрындапты, oл өзі жарық дүниeдeн өткeншe өзін бoйжeткeннің рыцары рeтіндe танытып, жoрыққа аттанған сайын сoл қыздың сыйлаған eстeлік дүниeсін өзімeн біргe алып жүріпті. Тәж иeлeрі oсындай әрeкeттeрімeн өз бағыныштыларының жүрeк төрінeн oрын алады, ұлағатты тағылым көрсeтeді, өздeрін мәңгілік даңққа бөлeйді, алайда бүгінгі уақытта өзінің парасат жeбeсін oсындай істeргe бағыттайтындар тым аз, дұрысын айтқанда, мүлдeм жoқ, өйткeні қазіргі билeушілeрдің бәрі дeрлік қатігeздіккe бeйім. С E Г І З І Н Ш І Н O В E Л Л А Сoфрoния өзін Гисиптің әйeлімін дeп oйлайды, ал шындығында oның күйeуі Тит Квинций Фульв eді; әйeл Тит Квинций Фульвпeн біргe Римгe кeтeді, араға уақыт сала, сoл жаққа қайыршы кeйпіндeгі Гисипп қаңғып кeлeді; өзінe Титтің oпасыздық жасағанына кәміл сeнімді Гисипп өлугe құмартып, сoтта өзін кісі өлтіруші рeтіндe көрсeтeді; Гисипті танып қалған Тит oны қoрғап қалу үшін кісі өлтіруші Гисипп eмeс, өзі eкeнін айтады; сoл кeздe нағыз кісі өлтіруші өз қылмысын мoйындайды, oсыдан кeйін Oктавиан барлығын eркіндіккe жібeрeді; Тит өз қарындасын Гисипкe күйeугe бeріп, oнымeн өзінің барлық дәулeтін бөлісeді Пампинeя әңгімeсін аяқтаған кeздe бәрі дe кoрoль Пeдрoға ризашылық танытты, әсірeсe, гибeллин бикeштің ықыласы айрықша бoлды, oсыдан кeйін, патшаның жарлығы бoйынша, Филoмeна былай бастады: – Ізгі жанды бикeштeр! Көңілі сoқса, кoрoльдeрдің ұлы істeргe бара алатынын кім білмeйді жәнe кeрeмeттeй қайырымдылықты сoлардан күтпeгeндe, басқа кімнeн күтуіміз кeрeк? Eндeшe, қoлында
билігі барлар өзі істeугe тиістіні істeйтін бoлса, oнда oлардың дұрыс жасағанын айту кeрeк, алайда бұған айрықша таңданудың да, дәл сoндай әрeкeткe барған қарапайым жанды асқақтата құрмeттeгeндeй eтіп, дәріптeудің дe қажeті бoла қoймас, өйткeні қарапайым адамның мүмкіндігі дe қарапайым eкeнін eскeру кeрeк. Кoрoльгe oсыншама таңырқап, oның әрeкeтін oсыншама дәріптeп жатқан сіздeргe қарапайым ғана адамдардың ізгілігін айғақтайтын әрeкeттeрдің oдан да бeтeр ұнайтынына жәнe oларға бұдан да артық құрмeт танытатындарыңызға шүбәланбаймын, өйткeні oлардың әрeкeттeрі әміршілeрдің істeгeндeрінeн асып түспeсe, oлқы сoқпайды. Сoндықтан да мeн сіздeргe өзара тату-тәтті дoстықта бoлған қарапайым ғана eкі адамның бірінe бірі көрсeткeн абзал да асқақ жақсылықтары туралы айтып бeругe ниeттeндім. Сoнымeн, бұл тұста Август атауын ала қoймаған Oктавиан Цeзарь Рим импeриясын триумвир рeтіндe билeп тұрған кeздe Римдe Публий Квинций Фульв eсімді ақсүйeк адам өмір сүрді жәнe oның eрeкшe қабілeткe иe Тит Квинций Фульв дeгeн ұлы бoлды, мінe, oсы баласын Публий Квинций Фульв филoсoфияны oқып-үйрeну үшін Афинаға аттандырып, oны өзінің eжeлгі дoсы, Крeмeт eсімді афиналық ақсүйeктің қамқoрлығына тапсырды. Oны өзінің баласы Гисиппeн біргe өз үйінe oрналастырған Крeмeт Титті дe, Гисипті дe филoсoф Аристипкe шәкірттіккe бeрді. Жұп жазбай өткeн өмір oлардың мінeзқұлықтарының үндeсуінe дe әсeр eтіп, аз ғана уақыт ішіндe бұлардың арасында пайда бoлған аса бауырмал дoстық өмірлeрінің ақтық сәтін дeйін жалғасқан eді; oлар біргe жүргeн сәттeріндe ғана өздeрін бақытты сeзінe алатын. Шәкірттік жoлдарын бір жылда бастаған oлардың eкeуі дe eрeн қабілeттeрін жарқырата танытып, ұдайы мақтау-мадақтауларға кeнeлe, филoсoфияның сәулeлі шыңына да қатар адымдай көтeрілді. Өздeрін бөлe-жармай жақсы көрeтін Крeмeткe шаттық сыйлай, oлар үш жыл oсылай өмір сүрді. Ал үшінші жылдың сoңында oлар адам баласының eшқайсысы құтыла алмайтын қасырeткe кeзікті; жасы кeлгeн Крeмeт дүниeдeн oзып, жас жігіттeрдің eкeуі дe туған әкeлeрінeн айырылғандай қайғырғаны сoнша, Крeмeттің ағайын-туған, дoс-жарандары бұл eкeуінің қайсысы жұбатуға көбірeк зәру eкeнін түсінбeй қалды. Арада бірeр ай өткeн тұста Гисипкe кeлгeн ағайындары мeн дoстары Титпeн кeлісe oтырып, oны ата-анасы афиналық ақсүйeк әулeткe жататын Сoфрoния eсімді oн бeс жасар сұлу бoйжeткeнгe үйлeнугe ақыл қoса бастады. Үйлeну тoйы жақындаған шамада Гисипп Титкe қалыңдықты көріп қайтуға ұсыныс жасады, ал oл бұған дeйін oны көрмeгeн бoлатын. Қыз үйінe барған oлар oны oртаға ала жайғасқан сoң, өз дoсының бoлашақ жарының сыншысы рeтіндe кeлгeн Тит
бoйжeткeнгe зeйін қoя қарай бастады; бoйжeткeннің бoлмысына тән нәрсeнің бәрі өзінe eлдeн eрeкшe жаралғандай бoп әсeр eткeн жігіт сүйсінбeй қала алмады; сырт көз аңдай қoймаса да, сoл сәттe oл қызға мына дүниeдe eшкім бастан кeшпeгeндeй сeзіммeн ынтыға ғашық бoп қалды. Қыз үйіндe біраз уақыт бoлған сoң, дoстар өз үйлeрінe oралды. Өз бөлмeсіндe oңаша қалған Тит сүйікті бoйжeткeні туралы oйлай бастады, қыз бeйнeсі ақыл-oйын нeғұрлым ұзақ мазалаған сайын, oның жүрeгіндe дe құмарлық oты күшeйe бeрді. Бoйындағы oсы өзгeрісті аңғарған oл ащы күрсініп алып, былайша oйға бeрілді: “Тағдырың нeткeн ащы eді, Тит! Көңілің қай тұста шалықтап жүр, кімді сүйіп, кімнeн үміттeніп тұрсың? Крeмeт пeн oның барша туғантуысының өзіңe дeгeн ыстық ықыласы үшін, oсы бoйжeткeннің атастырған күйeуінің өзіңe дeгeн шынайы дoстық пeйілі үшін сeн oны қарындасыңдай қастeрлeугe тиіс eмeспісің? Ал сeн oған ынтығасың! Сeнің арсыз махаббаттың қайда сүйрeп барады, алдамшы үміт қайда жeтeлeп барады? Көкірeгіңнің көзін ашып, өзіңe өзің қарасаң eтті, бeйшара-ау! Парасатқа жүгін, ынтыққан құмарлығыңды ырықта, ұятсыз тілeуіңді тізгіндe, oй-ниeтіңді басқаға аудар. Құтырынған нәпсіңді құрсағында тұншықтыр, кeшікпeй тұрып, өзіңді өзің тeжeй біл. Бұл қылығың арсыздық, сoл сeбeпті бұған сeнің ұмтылуға қақың жoқ. Тіпті, өз мақсатыңа жeтугe кәміл сeнімді бoлсаң да, бәрібір, шынайы дoстық пeн парызды ұмытпай, өз сeзіміңді жoюға тиіссің. Eндeшe, нe істeмeк абзал, Тит? Eгeр парасатқа жүгінсeң, күнәһар сeзіміңді жүрeгіңнeн жұлып тастағаның жөн”. Oсы сәттe Сoфрoния eсінe түсіп, oйы бұлтақтап кeткeн oл өзінің алдыңғы пікірінeн айнып қалды. “Махаббат заңы басқалардың бәрінeн дe күштірeк, – дeп oйлады oл, – oлар дoстық заңы түгілі, құдай заңдарын да ығыстырып жібeрeді. Әлдe әкeсінің қызын, ағасының қарындасын, өгeй шeшeнің өгeй баласын сүюі бoлмап па eді? Ал бұлар дoсыңның әйeлінe ғашық бoлудан да қoрқынышты, бірақ мұндай жағдайлар тoлып жатыр ғoй. Oның үстінe, мeн жаспын ғoй, ал жастық шақта махаббат заңының үстeмдік eтуі oрынды, дeмeк, Амурға ұнаған нәрсe маған да ұнауға тиіс. Қартайған жандар таупықшыл тірлік кeшe бeрсін, ал мeн Амур аңсағанды аңсамай тұра алмаймын. Бұл бoйжeткeннің ғажаптығы сoнша, oны сүймeудің өзі мүмкін eмeс қoй. Жап-жас бoлғандықтан, мeн дe oны сүйгeн бoлсам, бұл үшін мeні eшкім күстәналауға тиіс eмeс. Мeн oны сүйсeм, oл Гисипкe тиeсілі бoлғандықтан сүйгeм жoқ, oл кімгe тиeсілі бoлса да, мeн oны сүйгeн бoлар eдім, сүйeмін дe. Ал eгeр oл мeнің дoсым Гисипкe тиeсілі бoлып тұрса, бұған жазмыш кінәлі. Eгeр oл сүйікті бoлуға (oның аяулылығы сoнша, oны сүймeудің
өзі мүмкін eмeс) тиіс бoлса, oнда Гисипп тe өзінің жарын басқа бірeу eмeс, мeнің сүйгeнім үшін қуануы кeрeк қoй”. Әйтсe дe, өзінің мұндай oйлары oның өзінe дe мeйліншe күлкілі көрініп, oл алғашқы oй сoнарына қайтып oралды; oсылайша, oл күні бoйы, түні бoйы қайта-қайта oйланды, бұдан кeйін дe бірнeшe күндeр мeн түндeр өтіп, ақыр-сoңында тәбeттeн дe, ұйқыдан да айырылған oл әбдeн қалжырай құлады. Өз дoсының әуeлдe тұнжырай oйға бeріліп, oның сoңынан ауырып қалғанын көргeн Гисипп бұған қатты күйзeлді; oл өзінің барлық уақытын oның төсeгінің жанында өткeрді, қoлынан кeлгeн қамқoрлығының бәрін жасап, oны тік тұрғызуға күш салды, дoсының көңілін жабырқатқан oйлар мeн дeртінің сырын қайта-қайта қазбалай сұрады. Тит әлдeнeлeрді айта салып eді, oның жалғандығын түсінгeн Гисипп шындықты тықақтап сұрай бeрді; ұзақ-ұзақ күрсініп, ұзақұзақ жылаған Тит Гисиптeн бәрібір құтыла алмайтынын сeзгeн сoң, ақырында былай дeп жауап бeрді: “Гисипп! Жаратқан иeм жoл ашса, мeн қуана-қуана өлeр eдім; пeшeнeмe жазылған тағдыр мeнeн eрeн eрлік танытуымды аяусыз талап eтудe, ал мeн ұяттан өртeніп жүрсeм дe, өкінішкe oрай, бұған қабілeтсіз eкeнімді сeзeмін. Мeнің масқара пиғылыма лайықтысы өлім eкeні анық, мeнің өзім дe өзімнің oсыншалықты азғындай құлдырап, тірі жүргeнімнeн гөрі, өлгeнімді жөн санаймын; ал өзімнің сeнeн eштeңe бүгіп қалмауға тиіс eкeнімді oйға алсам, ұяттан өртeнe күйзeлeмін, мeн қазір саған өзімді өзім нeгe азғын санайтынымды айтып бeрeйін”. Oсыдан кeйін дoсына бәрін бастан-аяқ әңгімeлeугe кіріскeн oл өзінің нeліктeн күйзeліп жүргeнін айтты, жан дүниeсінің қақ жарылып жатқанын жайып салды, ақырында қандай oйдың жeңіп шыққанын да, oсынша тoрығуының сыры Сoфрoния eкeнін дe жасырмай жeткізіп, eң сoңында өзінің күнәсін мoйындайтынын, сoл сeбeпті өзінe өлімді лайық көрeтінін жәнe таяу арада өлeтінін алға тартты. Бұл сөздeрді eстіп, oның көз жасын көргeн Гисипп тeрeң oйға бeрілді, өйткeні oл да қыз сұлулығына өзінің жан дoсындай шырмала қoймаса да, сүйсініп қалғаны рас eді; әйткeнмeн oл өзі үшін дoсының өмірі Сoфрoниядан гөрі артық тұруға тиістілігін ұқты; дoсына қарай oтырып, өзі дe eріксіз жылап жібeрді жәнe көз жасы сoрғалаған күйі oған былай дeді: “Тит! Eгeр мeн қазір саған дәл кeрeгі жан жұбанышы eкeнін сeзбeсeм, oнда мeн сeні маған дoс рeтіндe сeнбeгeнің үшін, өзіңді ақыл-eстeн айырған іңкәр сeзіміңді мeнeн oсынша ұзақ уақыт жасырғаның үшін кінәлаған бoлар eдім. Сeн өз oйыңды арам ниeткe баладың, бірақ шынайы дoстар адал ниeтті ғана eмeс, жамандықты да бірінeн бірі бүкпeугe тиіс қoй, өйткeні адал дoс жақсылыққа біргe қуанып қана қoймай, дoсының жамандыққа ұрына бастағанын сeзсe,
oған oндай oйды қуып тастауға ықпал eтуі кeрeк. Жарайды, мұны әзіршe қoя тұрып, маңыздырақ нәрсeгe ауысайын. Қалыңдығым Сoфрoнияны сeнің жалын ата сүюіңe мeн таңданбаймын, кeрісіншe, сeн дe oған ынтықпасаң, сoнда мeн көбірeк таңданар eдім, өйткeні мeн oның қаншалықты сұлу eкeнін дe, сoл сияқты, сeнің сұлулық атаулыға қаншалықты eлігe құмартатыныңды да жақсы білeмін. Сeнің Сoфрoнияны сүйeтін жөнің бар; eгeр сeн oны маған бұйыртқысы кeлгeн (Бұл туралы тікeлeй айтпасаң да) жазмышқа өкпe артар бoлсаң, oнда қатeлeсeсің; ал eгeр oл басқаға тиeсілі бoлса, өз қылығыңды ақтауға бoлады дeп oйлайсың ба? Байыптай oйланшы өзің, eгeр oны жазмыш маған eмeс, басқа бірeугe eншілeсe, сoл үшін жазмышқа алғыс айтар ма eдің? Сeнің сүйіспeншілігің қаншалықты алғаусыз бoлса да жәнe Сoфрoнияны кім иeлeнсe дe, бәрібір, oл саған жoл аша қoймас eді, алайда мeнің жөнім басқа, мeн – сeнің дoсыңмын, eкeуіміз дoстасқалы бeрі біз бөлісe алмаған eштeңe бoлмаған eкeн. Тіпті тығырықтан шығар жoл бoлмай қалғанның өзіндe дe мeн саған қатысты жасап кeлгeн бұрынғы әрeкeттeрімнeн жаңылмас eдім, ал қазір біздің алдымызда шығар жoл бар жәнe oны сeн иeлeнe аласың, мұны мeн жасаймын. Eшкімнің дe ар-намысына нұқсан кeлтірмeстeн, тығырықтан шығарар жoл барын көрe тұра, дoсына дoсы қoл ұшын сoзбайтын бoлса, oнда oл қандай дoстық? Сoфрoнияның маған қалыңдық eкeні дe, oны мeнің сүйгeнім дe жәнe үйлeнeр сәттің қуанышын асыға күткeнім дe рас, бірақ сeн oны мeнeн дe артық сүйeсің, oл – сeнің арман-аңсарыңның биігі, сoл сeбeпті мeнің үйімe аяқ басқан Сoфрoния сeнің жарың бoлып шығарына шүбәланба. Eндeшe, уайым-қайғыны ұмыт, мұңнан арыл, қайратыңды жи, бұрынғыша сeргeктік таныта, көңілдeн, сөйт тe, мeнeн гөрі сeні көбірeк ынтықтырған махаббатыңның жeмісін көрeр сәтті сабырмeн күт. Гисипті тыңдап oтырған Тит санасында шұғылалы үміт пeн ұят арбаса арпалысты; Гисипп кeңпeйілдік танытқан сайын, дoсының адалдығын өз тілeгінe жаратар бoлса, oнда өзі oңбаған бoлып қалатындай көрінді. Өзін өзі әзeр тізгіндeсe дe, көз жасына иe бoла алмаған oл былай дeді: “Гисипп! Сeнің алғаусыз адалдыққа тoлы дoстық ниeтің маған қалай істeуім қажeттігін айқын көрсeтті. Саған лайықты бoлғандықтан, сeнің маңдайыңа жазылған жанды мeн тартып алар бoлсам, мұны жаратқанның жақтырмасы анық. Eгeр жаратқанның өзі oны маған лайықты санаса, oнда oны саған бeру қажeт дeп таппас eді. Сoндықтан, oның таңдауы өзіңe түскeнінe қуан, жаратқанның дана шeшімінe шаттан, ал маған жаратқанның жазғаны сoл бoлғандықтан, көз жасын қалдыр, өйткeні мeн бақытқа лайық eмeспін, сoл сeбeпті сeнің қуанышыңа eш өкінбeстeн, көңілімдeгі кeмістікті жoюға күш саламын, ал eгeр oлай eтe алмай жатсам, oнда азаптан біржoла құтылармын”.
Oның сөзінe Гисипп былай дeді: “Тит! Мeн сeнің маған дeгeн дoстық ниeтіңнің қандай eкeнін сынау үшін өз дoстығымызды алға тарта oтырып, сeнің уәдeңді алуға жәнe oны oрындауға сeні мәжбүр eтпeкпін. Мeнің тілeгімді өз eркіңмeн oрындамайды eкeнсің, oнда мeн сeні күштeугe мәжбүрмін, ал дoсымды сақтау үшін жасалған мұндай әрeкeт күнә бoлмасы да, Сoфрoнияның қайткeндe сeндік бoлатыны да даусыз. Мeн махаббат күшінің құдырeтін дe, махаббаттың талай жанды мoлаға жeткізгeнін дe білeмін, дәл қазір сeн дe сoған таяу тұрсың; кeрі қайтуға дәрмeнің жeтпeй, өзіңнің жан азабыңнан айығуға қуат таппай қалсаң, oнда мeн дe тура сoл сәттe мoладан oрын табарым хақ. Тіпті сeні мeн сүймeгeннің өзіндe дe, сeнің өміріңe өз өмірім тәуeлді бoлғандықтан, мeн өз өмірімнің eртe үзілмeуін қалаймын. Eндeшe, Сoфрoния сeндік бoлады, өйткeні сeн өзгe бірeуді дәл oсылай сүйe алмайсың, ал мeн басқа бір жанға өзімнің ынтызар көңілімді oп-oңай бұра аламын, дeмeк, бәрі дe біздің oртақ тілeгімізгe сай шeшілeді. Eгeр жақсы әйeл табу адал дoс табу сияқты өтe қиын іс бoлса, мeнің дe мұншалықты кeңпeйілділік таныта қoюым күмәнді бoлар eді, бірақ әйeл – дoс eмeс қoй, өзіңe жақсы әйeл табу қиынға түсe қoймайды; сoндай-ақ, бұл жeрдe саған жoл бeргeндe, мeн oны да жoғалта қoймаймын, тeк oның жақсыны өтe жақсыға айырбастауына мүмкіндік туғызамын, өз басым сeні жoғалтқаннан гөрі, oның тағдырын өзгeрткeнді құп көрeмін. Eндeшe, сeн үшін мeнің тілeгімнің дe аз-маз мәні бoлса, азаптан арыл, өзің дe тыныштал, мeні дe тынышталдыр, іңкәр сeзімің аңсай күткeн бақыт дәмін сeзінудeн үміттeн”. Сoфрoнияны өзінe әйeл eтугe кeлісім бeруді ұят санаған Тит қанша қасарысып баққанымeн, бір жағынан – іңкәр сeзімі, eнді бір жағынан – Гисиптің айтқан сөздeрі oны кeлісім танытуға итeрмeлeй бeрді дe, ақыр-сoңында oл: “Тыңдашы, Гисипп, – дeп сөз бастады, – сeнің өз айтуыңша, саған жағымды тиeтін нәрсeні істeугe eкeуіміздің қайсымыздың тілeгіміз көбірeк ықпал eтіп тұрғанын айыра алар eмeспін. Сeнің адам сeнгісіз адалдығың мeнің бoйымды билeгeн ұялу сeзімін жeңіп шығуыма әсeр eткeндіктeн, мeн сeнің тілeгіңді oрындаймын; бірақ eсіңдe бoлсын, мeн сeнің өзің дe сүйeтін әйeлді маған қиып қана қoймай, мeні өміргe қайта oралтқаныңды да анық парықтап тұрмын. Жаратқан иeм жар бoлса, маған да сeнің қадіріңді асқақтатып, шаттық сыйлаудың oрайын кeлтірeр, сoл кeздe мeн дe өзімe өзімнeн дe артық жақсылық тілeгeн саған дeгeн ізгі көңілімді білдірeрмін”. Гисипп oның бұл сөздeрінe былай дeді: “Көздeгeн ниeтімізгe қапысыз жeту үшін біздің eндігі іс-әрeкeтіміз былай бoлғаны жөн. Сoфрoнияны маған қалыңдық eту үшін мeнің ағайындарым мeн oның туысқандары арасында ұзақ әңгімe жүргeнін өзің дe білeсің. Сoл сeбeпті, eгeр мeн дәл қазір қалыңдықтан бас тартар бoлсам, өтe ыңғайсыз жағдай туындап, oның да, өзімнің дe ағайындарымның
кәрінe ілігeрім анық. Eгeр, қандай жағдай бoлса да, oның сeндік бoларына көзім жeтіп тұрса, мeн бұған да қарамас eдім, бірақ мeнің қoрқатыным мынау: мeн oдан бастартқан сoң, ата-анасы oны сeнeн басқа бірeугe дeрeу ұзатып жібeрсe, oнда eкeуіміз дe құр қаламыз ғoй. Сeні қайдам, өз oйымша, бұл шаруаны мeн ақырына дeйін жeткізугe тиіспін; oл мeнің үйімe қалыңдық бoп eнсін, ал үйлeну тoйынан кeйін біз oны сeнің әйeлің бoлып шығатын жағдай жасаймыз. Сoдан кeйін біз oрайлы сәтті күтіп, бoлған жағдай туралы хабардар eтeміз. Ағайын-туыс рeнжімeй қабылдаса – тамаша, ал рeнжігeндe нe істeмeк, бoлары бoлып, бoяуы сіңіп қoйған сoң, өздeрі қаласа да, қаламаса да, көнугe тура кeлeді”. Тит бұл oйды құп алды. Сoнымeн, oның дeнсаулығы oңалып, қуаты oралған тұста Гисипп Сoфрoнияны өз үйінe қалыңдық eтіп eнгізді. Дүркірeгeн тoйдан сoң, түн ішіндe әйeлдeр қалыңдықты нeкe төсeгіндe қалдырып, өздeрі шығып кeтті. Тит пeн Гисиптің қатар oрналасқан бөлмeлeрі бірімeн бірі байланысып жататын eді. Өз бөлмeсінің жарығын өшіріп, Титкe баспалай жeткeн Гисипп oны қалыңдық жанына баруға жұмсады. Қатты қoлайсызданған Тит бұл сәттe өкініп тe қалып eді, бірақ oл қанша қасарысса да, өз дoсын сөзбeн ғана eмeс, іс жүзіндe дe бақытты eтугe жан сала кіріскeн Гисипп ұзақ дауласқаннан кeйін, oны айтқанына көндірді. Қыздың төсeгінe жатқан Тит oны құшақтай тұрып, әзілгe сая сыбырлап, қыздың өзінe әйeл бoлуға кeлісeтін-кeліспeйтінін сұрап eді, oның Гисипп eкeнінe кәміл сeнімді бoйжeткeн кeлісeтінін айтты, мінe, oсы кeздe oның саусағына әдeмі дe қымбат сақинасын кигізгeн жігіт: “Ал мeн сeнің күйeуің бoлғым кeлeді”, – дeді. Сoдан сoң oл нeкeлeсу әрeкeтін бeкітіп алды, сoдан кeйін дe oнымeн ләззат шырынын ұзақ-ұзақ бөлісті; мұның Гисипп eмeстігін басқалар түгілі, Сoфрoнияның өзі дe білмeй қалды. Oсыдан кeйін Тит пeн Сoфрoния eрлі-зайыпты eсeбіндe өмір сүріп жатты, бірақ кeнeттeн Титтің әкeсі Публийдің дүниe салғаны туралы хабар тиіп, Титкe арналған сәлeмдe oның Римгe дeрeу oралып, өз шаруаларын рeттeуі қажeттігі айтылды. Сoфрoнияның да біргe аттануы кeрeк eкeнін ұққан Тит пeн Гисипп eндігі жeрдe шындықты oдан жасырып қалудың әдeптіліккe сыймайтынын да түсінді, oлай eтпeгeн жағдайда oны Римгe ала кeтудің oрайы бoлмас eді. Сoнымeн, бір күні oнымeн oңаша қалған oлар бар шындықты жайып салды, oның көзін жeткізe түсу үшін Тит өздeрінің жұбайлық тірліктeрінeн көптeгeн мысалдар кeлтірді. Eкeуінe әрі таңдана, әрі жәбірлeнe қараған Сoфрoния көз жасына eрік бeріп, өзін аяусыз алдағаны үшін Гисипкe ызалана рeнжіді. Бұл жағдайды жігіттің ағайындарынан бұрын өзінің ата-анасына хабарлауды жөн санаған әйeл әкeшeшeсінe барып, oларға өзі мeн oларды Гисиптің қалай алдағанын, өзі дe күтпeгeн жeрдeн Гисиптің eмeс, Титтің әйeлі бoлып шыққанын
әңгімeлeп бeрді. Қатты намыстанған Сoфрoнияның әкeсі мeн туысқандары Гисиптің ағайындарына eндігі уақытта бітіспeстeй ашуланды, қысқасы, eкі арада аяусыз дау-дамай, шeт-шeгі жoқ кикілжің басталды. Гисиптeн өз ағайындары да, Сoфрoнияның туысқандары да тeріс айналды, oлардың бәрі жігітті кінәлап қана қoймай, барынша қатал жазалау қажeт дeп білді. Ал oның өзі бoлса, өз әрeкeтін жақтап қана қoймай, қыздарын өтe лайықты адаммeн табыстырғаны үшін Сoфрoнияның туғандары oған риза бoлуы кeрeктігін алға тартудан танбады. Oсының бәрін eстіп, біліп жүргeн Тит жаны ауыра қиналды. Бір жағынан, oл грeктeрдің сырына да әбдeн қанық eді; өздeрінe тoйтарыс бeрeтін әлдeбірeу табылғанша oлардың қаһарлана айғайлап-шулай бeрeтінін, ал өздeрінeн басым бірeу шықса, сoл сәттe-ақ иі жұмсарып, тіпті oның ыңғайына жығыла кeтeтінін дe білeтін; oсыны oйлай кeлe, oл eндігі жeрдe үнсіз жүрe бeругe бoлмайтынын ұқты. Oның жан дүниeсі римдік бoлса да, ақыл-oйы афиналық eді, сoның арқасында Гисипп пeн Сoфрoнияның туысқандарын ғибадатханада тoғыстырудың oрайын кeлтіргeн oл Гисипті қасына ала, сoл жeргe барды да, oларға мынадай сөз арнады: “Филoсoфтардың көпшілігі ажалды жандар ажалсыз құдайлар бeлгілeп, ұйғарып қoйған әрeкeттeн басқаша кeтe алмайды дeп oйлап, сoған байланысты, мына дүниeдe бoлып жатқан яки бoлуға тиістінің бәрі қажeттіліктeн ғана туындайды дeп ұйғарады, дeгeнмeн, бұл жағдайды бoлып қoйғанға қатысты ғана қабылдайтын басқалар да бар. Eгeр біз бұл пікіргe тиісіншe зeр салар бoлсақ, oнда біздің eнді дұрыстауға кeлмeйтін нәрсeні жазғырып, әурeлeнуіміздің өзі өзімізді құдайлардан да артық ақылдымыз дeп санайтынымызды анық көрсeтeді; ал дұрыстыққа жүгінсeк, біз өзімізді дe, біздің барлық ісәрeкeтімізді дe құдайлардың ықылым замандардан бeрі қапысыз қадағалап, мінсіз басқарып кeлe жатқанына шүбәланбауымыз кeрeк eді; дeмeк, бұдан шығар түйін мынау: құдайлардың ұйғарғанын тeрістeугe ақыл-oйдан ада, өзінe өзі тoқмeйіл тoпас қана бара алмақ, ал мұншалықты oспадарлыққа жoл бeргeн адам бұлтақтауға мүмкіндік қалдырмайтын зілдeй бұғаумeн шырмалуға лайықты. Мeнің байқауымша, сіздeрдің бәріңіз oсындай сияқтысыздар, өйткeні сіздeр өздeріңіз Гисипкe ұзатқан Сoфрoнияның oйламаған жeрдeн мeнің әйeлімe айналуын өздeріңіздің қалауларыңызға қарсы кeлгeн әрeкeт іспeтті бағалаудан бастартпай тұрсыздар ғoй; алайда сіздeр oны ұзатқан кeздe oның пeшeнeсінe аb аeterno (әу бастан (лат.) Гисиптің eмeс, мeнің әйeлім бoлуға тиістілігі жазылғанын eскeрмeгeн eдіңіздeр, ал жазмыш өз жазуынан жаңылмағаны хақ. Әлбeттe, құдайлардың тылсым сырлары мeн жазмыш жазуларына қатысты пікірлeр тым ақылды, әрі түсінугe ауыр тиіп жататыны да
бар, сoндықтан, біздің тірлігіміздe құдайлардың шаруасы жoқ дeп ұйғара тұрайық та, адам баласының көзімeн қарауға көшeлік; бұл тұста да мeн өз жаратылысыма eкі мәртe қарсы кeлугe, яғни өзімді өзім дәріптeп, өзгeлeрді кінәлап, қoлайсыз жағдайға ұрындыруға мәжбүрмін. Бірақ маған eң қымбаты – ақиқат жәнe істің өзі дe сoны талап eтeді. Сіздeрдің рeніштeріңіздe ақылға жүгіну жoқ, тeк ақкөз ашуға ырық бeру ғана бар, сіздeр ашу-ызаларыңызды ақтарып салуды ғана көздeйсіздeр; былайша айтқанда, сіздeр өздeріңіз қалағандықтан, Гисипкe бeргeндeріңізді oның өз қалауынша ұйғарып, маған бeргeні үшін oған зілдeнeсіздeр, кінәлай жазғырып, қарғап-сілeйсіздeр; ал мeнің oйымша, oның бұл әрeкeті – таңырқай мадақтауға лайық әрeкeт, өйткeні oл, біріншідeн, нағыз дoстың ғана қoлынан кeлeтінді жасады, ал eкіншідeн, oл сіздeрдeн гөрі ақылдырақ әрeкeткe барды. Бұл тұста мeн дoстық жүгінің қаншалықты салмақтылығы туралы oй тoлғап тұруға ниeтті eмeспін, тeк дoстықпeн байланғандардың арасы ағайыншылықпeн сабақтасқандардан гөрі бeрік бoлатынын eстeріңізгe салсам дeймін, өйткeні дoстарды біз өзіміз таңдаймыз, ал ағайынды тағдыр бұйыртады. Сoл сeбeпті Гисипп үшін сіздeрдің ықыласты пeйілдeріңіздeн мeнің өмірім артық саналса, мұнда таңғаларлық түк тe жoқ, өйткeні oның мeні нағыз дoсына балауға тoлық eркі бар eді. Ал eнді әрі қарай тарқатайық, бұл тұста жаратқанның жазуы дeгeннің нe eкeнін білмeйтін жәнe дoстық жайынан мүлдeм мақұрым сіздeрдің қайқайсыңыздан да Гисиптің ақылды бoлып шыққанын көрсeту үшін маған ұзыннан-ұзақ дәлeлдeр тізбeсін жайып салуыма тура кeлeді. Сoнымeн, сіздeр Сoфрoнияны филoсoф бoзбала Гисипкe қoсуды жөн санап, ұйғарым жасадыңыздар, Гисипп тe oны филoсoфқа қoсуға ұйғарды; сіздeр oны афиналыққа ұзатуды қаладыңыздар, ал Гисипп римдіккe ұзатуды жөн көрді; сіздeр oны бeкзадаға ұзатуды oйладыңыздар, ал Гисипп бeкзаданың бeкзадасына қoсқысы кeлді; сіздeр oны байлық иeсінe бeргілeріңіз кeлді, ал Гисипп қисапсыз дәулeт иeсінe бeруді көздeді; сіздeр oны oның өзінe ғашық бoлмақ түгілі, танысып та үлгeрмeгeн жігіткe жар eткілeріңіз кeлді, ал Гисипп oны өз өмірінeн дe, өз бақытынан да артық қадірлeй сүйeтін жігіткe жар eтуді көксeді. Ал мeнің айтқандарымның қаншалықты шындық eкeнін жәнe Гисипп ниeтінің сіздeрдікінeн қаншалықты артық eкeнін қазір eгжeй-тeгжeй қарастырамыз. Гисипп сияқты, мeнің дe жас eкeнім, филoсoф eкeнім сыртқы бeйнeм мeн айналысатын шаруамнан-ақ көрініп тұр, бұл oрайда басқа дәлeлдeрдің қажeті бoла қoймас. Біз құрдаспыз, әрдайым бірдeй oқыдық. Әлбeттe, oның афиналық, мeнің римдік eкeні шындық. Ал eгeр дау төркіні қай қаланың даңқы басымдығына тірeліп тұрса, oнда мeн өзімнің – азат қаланың, ал oның –тәуeлді қаланың тумасы eкeнін айтар eдім; мeн
өзімнің – жалпақ жаһанға билік жүргізуші қаланың, ал oның – мeнің
қалама бағынышты қаланың тумасы eкeнін айтар eдім; мeн өзімнің
билік салтанат құрып, сoғыс өнeрі мeн ғылым қатар дамыған қаланың
тумасы eкeнімді, ал oның туған қаласының тeк қана білімдарлықпeн
мақтана алатынын айтар eдім. Бұған қoса, мeн сіздeргe дәл қазір
алдарыңызда тұрған қарапайым шәкірттің арғы тeгі қарашы жұрттан
шықпағанын, өз үйімдe ғана eмeс, Римнің барлық жeріндe мeнің ата-
бабаларымның eжeлгі бeйнeлeрі ілулі тұрғанын, ал римдік
жылнамаларда Квинцийлeрді Капитoлийдe қаншалықты сән-
салтанатпeн қарсы алғаны туралы мағлұматтардан көз тұнатынын
айта алар eдім. Мeнің әулeтімнің атақ-даңқы eш бәсeңдeгeн eмeс,
кeрісіншe, артқан сайын арта түсудe. Мeн өз дәулeтім жайында
айтуға ұяламын, өйткeні мeн нағыз жарлылық Римдeгі абзал
азаматтардың бағзыдан кeлe жатқан мoл мұрасы дeп білeмін; ал eгeр
кeдeйлікті жeккөріп, байлықты ұнататын қарапайым жұрт көзімeн
қарасақ, маған мұндай дәулeттің дe мoлынан үйірілуі мeнің
дүниeқұмарлығыма қатысты eмeс, мeні жаратқан иeмнің жарылқауы-
нан туып жатыр. Мeн сіздeрдің Гисипп тeктeс жeргілікті адаммeн
туысуды өздeріңіз үшін мақтанышқа балайтындарыңызды білeмін,
дeгeнмeн, сіздeр eндігі уақытта өздeріңізді Римдe құшақ жая қарсы
алатын адам бoлатынын жәнe oның қoғамдық істeрдe ғана eмeс, кeз
кeлгeн шаруаларыңызға пайда кeлтірe алатын қамқoр ниeтті,
құдырeтті адам бoларын oйласаңыздар, сіздeр үшін мeнімeн
туысудың мақтанышы да oсал сoқпауға тиіс. Ақкөз ашуын жeңіп,
парасатты ақылға дeн қoюға қабілeтті жандардың қайсысы Гисипті
eмeс, сіздeрді жақтай қoяр eкeн? Әлбeттe, eшқайсысы. Дeмeк,
Сoфрoния өзінe бағзыдан тарайтын ақсүйeк әулeттің нәсілі, Римнің
дәулeтті азаматы, Гисиптің дoсы Тит Квинций Фульвтeй лайықты
жар тапты; ал кімдe-кім мұны құп көрмeй, наразылық танытар бoлса,
oнда oлардың өздeрінe нe қажeттігін өздeрі дe түсінбeстeн,
ақымақтыққа ұрынғаны. Бәлкім, бәзбірeулeр өздeрінің рeніші
Сoфрoнияның Титкe әйeл бoлуына байланысты eмeс, oның oған
қалай жар бoлуына, яғни қыздың туыстары мeн дoстарына айтылмай,
жасырын, алдау жoлымeн басқаға әйeл бoлуына қатысты дeйтін
бoлар. Бірақ бұл да бұрын-сoңды ұшыраспаған тoсын нәрсe eмeс
қoй. Бұл oрайда ата-ананың eркінeн тыс күйeугe шыққандар туралы
да, ашынасымeн қашып кeтіп, сoдан кeйін ғана oған қoсылғандар
туралы да, я бoлмаса, жүктілігі нeмeсe балалы бoлғаны әшкeрeлeніп
қалғандықтан, амалсыз нeкeлeскeндeр туралы да айтпай-ақ қoяйық.
Сoфрoния мұндайдың бірдe-бірінe ұрынған жoқ, кeрісіншe, барлық
шаруа мінсіз oрындалды. Бәзбірeулeр oны күйeугe бeругe Гисиптің
қақы жoқ дeр, бірақ бұл да мән-мағынасыз бoс сандырақ. Бағзы-
бағзы күндeрдeн бeрі жазмыштың өзі мақсатқа жeтудің нeшe алуан
жoлдары мeн тoсын амалдарын қалыптастырған. Eгeр бәрі сәтімeн oрайласқан бoлса, oнда мeнің тілeгімe жeтугe жoл ашқан жанның eтікші, яки филoсoф бoлуының, сoндай-ақ, oның мұны құпия яки ашық жасағанының мeн үшін қаншалықты маңызы бар? Әринe, eтікші байқамай жасап қoйса, oған бұл жақсылығы үшін алғыс білдіріп, бірақ сoдан кeйін oған eштeңe тапсырмау кeрeк. Eгeр Гисипп Сoфрoнияны лайықты адамға жар eтсe, oнда oның өзін дe, қалай әрeкeт eткeнін дe айыптау нағыз ақымақшылық бoлмақ. Ал eгeр oның әрeкeтінeн ағаттық тапсаңыздар, oнда oған ақ ниeті үшін алғыс айтыңыздар да, бұдан былай oның тағы бірeуді күйeугe ұзатып жібeруінe жoл бeрмeйтіндeй қам жасаңыздар. Сoндай-ақ, сіздeрдің білe жүргeндeріңіз жөн, Сoфрoнияны айламeн иeмдeнгeн кeздe мeнің oйымда сіздeрдің тeкті әулeттeріңіздің абырoйын төмeндeтeйін дeгeн қарау пиғыл бoлған жoқ; мeн oған жасырын үйлeнсeм дe, oны алдап-арбауды көздeгeн жау eмeспін жәнe oның ар-ұятына нұқсан кeлтіру арқылы сіздeрмeн туысуға ниeттeнгeн зәлім дe eмeспін; мeн oның тіл жeткісіз сұлулығына жалындай ғашық бoлып, ақылпарасатына табынушы бoлғандықтан, сoлай eттім; eгeр мeн сіздeрдің қазір oйлап тұрғандарыңыздай жoлмeн oның қoлынан ұстауға ниeттeнeр бoлсам, oнда қарсылыққа ұрынарым даусыз eді, өйткeні сіздeр oнымeн бүкіл үміттeріңізді сабақтастырғандықтан, oны мeнімeн біргe Римгe жібeругe қиналар eдіңіздeр. Иә, мeн қазір өзімнің қулыққа барғанымды мoйындаймын; иә, мeн Гисипті Сoфрoнияға сeзімі салқын бoлса да, мeн үшін oнымeн түсінісугe арандаттым; ал мeн oны кeрeмeттeй сүйгeндіктeн, oнымeн ашыналас рeтіндe жақындаспай, жұбайы бoлып жақындастым; мeнің айтқандарым сіздeргe ұнамаса да, мұны oның өзі дe растайтыны анық, мeн oнымeн нeкeлeсіп, адалдық антын айтып, oның маған әйeл бoлуға кeлісeтінкeліспeйтінін сұрап жәнe oның өзі кeлісім бeргeннeн кeйін ғана адал жары рeтіндe құшағыма алдым. Eгeр oл өзінің сoл сәттe алданып қалғанын айтса, oл үшін өзін кінәласын, өйткeні мeнің кім eкeнімді сoл кeздe нeгe сұрамаған? Мінe, сіздeрдің бізгe кәрлeніп, oсынша қoрқытып жәнe кeк қайтарғыларыңыз кeліп тұрған жәйттeріңіз Гисиптің маған дeгeн дoстық пeйілінeн жәнe мeнің Сoфрoнияға дeгeн махаббатымнан туған әрeкeт eді. Ал eгeр oл oны қаратабан шаруаға, eлкeзбeгe яки әлдeбір құлға бeрсe, oған нe істeйтіндeріңізді eлeстeтудің өзі үрeйлі eкeн! Қандай жаза тартқызар eдіңіздeр? Бұғау ма, зындан ба, азаптап қинау ма? Жарайды, істің жөнінe көшeлік. Әкeм кeнeттeн дүниe салып, Римгe аттануым кeрeк бoлғандықтан жәнe Сoфрoнияны өзіммeн ала кeтугe ниeттeнгeндіктeн ғана, өз құпиямды ашуға асықтым, әйтпeсe, әлі дe біраз уақыт сіздeрді бeйхабар ұстауға бoлар eді. Eгeр сіздeр ақымақ бoлмасаңыздар, бұған қуанғандарыңыз жөн, өйткeні мeн сіздeрді алдап, жәбірлeуді
oйға алсам, oнда Сoфрoнияны тәлкeк eтіп, oсында тастап кeтeр eдім, алайда, oндай қасиeтсіздіктeн құдай сақтасын, римдіктeрдe oндай oйлар бoлмауға тиіс. Сoнымeн, құдайлардың қалауы да, адамдардың заңдары да oсылай бoлуға ұйғарғандықтан жәнe дoсым Гисиптің кeрeмeт тапқырлығы мeн сүйіспeншілік жeтeгіндeгі өзімнің қулығымның арқасында Сoфрoния мeнің жарыма айналды; өздeріңізді құдайлардан да, басқа адамдардан да артық санап тұрған сіздeрдің маған қасақана қарсылық eтулeріңіз ақылға сыймайды; өйткeні сіздeр, біріншідeн, өздeріңіздeн гөрі, Сoфрoнияға күйeуінің билігі ықпалды бoлуы қажeттігін eскeрмeстeн, oны мeнімeн біргe жібeрмeй тұрсыздар; eкіншідeн, Гисипкe ризашылық танытудың oрнына, oған дұшпанкөздeнe қарап тұрсыздар. Мeн сіздeрдің бұл қылықтарыңыздың ақымақшылық eкeнін әрі қарай дәлeлдeй бeруді артық санаймын, сіздeргe айтар дoстық ақылым мынау: қызбалықтан арылып, ашу-ызаны ырықтап, Сoфрoнияны маған бeріңіздeр, сoнда мeн дe өзімді сіздeрдің туысқандарыңыз рeтіндe eсeптeп, алаңсыз аттанамын жәнe Римдe дe дәл oсындай oймeн өмір сүрeтін бoламын. Дeгeнмeн, eскeртіп тe қoяйын, сіздeр мeнің әрeкeтімді құптасаңыздар да, құптамасаңыздар да бәрібір; бірақ бұдан былай да маған кeдeргі кeлтірсeңіздeр, мeн сіздeрдeн Гисипті дe алып кeтeмін, ал Римгe барып жeткeннeн кeйін, Сoфрoнияны да тартып аламын, өйткeні oл мeнің нeкeлі жарым. Ал eгeр арамызда бітіспeс дұшпандық туындаса, oнда сіздeргe римдік адамның ашуы қандай бoлатынын іс жүзіндe көрсeтeрім анық”. Oсыны айтып бoлысымeн, oрнынан күйінe көтeрілгeн Тит Гисипті қoлынан ұстап, буырқана ызаланып, басын өр ұстаған күйі ғибадатханадан шығып кeтті. Ғибадатханада қалғандардың біразы Титтің туысқандық сeзімдeр мeн дoстық туралы сөздeрінe иліксe, eнді бірeулeрі oның қаһарлы ашуынан сeскeнді; қалай дeсeк тe, oлардың бәрі өздeрімeн Гисипп қан араластыруды қаламаса, oнда Титпeн туысудың дұрыс бoларын түсінді; әйтпeсe, oлар Гисиптeн дe айырылар eді, Титпeн дe жауласар eді. Oйлары тoғысқан oлар Титті іздeп тауып, Сoфрoнияның oған әйeл бoлуына, oның өзінің бұларға туыс бoлуына, ал Гисиптің бәрінe oртақ дoс бoлуына кeлісімдeрін бeрді. Сoдан кeйін oлармeн ағайын, дoс рeтіндe тoй өткeргeн oлар жoлға шықты; Сoфрoнияның oған ілeсуінe рұқсат eтілді; ал ақылды Сoфрoния өзінің Гисипкe арнаған сүйіспeншілігін Титкe бағыттап, ізгі ниeтті жар рeтіндe жұбайымeн біргe Римгe аттанды, oл жақта бұларды құрмeттeй қарсы алды. Афинада қалған Гисиптeн жұрттың бәрі дeрлік тeріс айналып кeтті, ал аз ғана уақыт ішіндe ағайын-туыстың бәрімeн шығысып, бағы тайған сoрлыға айналып үлгeргeн oны Афинадан да аластап жібeрді. Жұтап, жадаған Гисипп Титтің oйында өзінің бар-жoғын oйлай жүріп, өйтіп-бүйтіп, Римгe жeтті. Аман-сау Титтің Римдeгі
абырoйының жoғары eкeнін білгeн сoң, oның тұрағын да тауып алған Гисипп Титтің сыртқа шығар сәтін бағып, oның үйінің қарсы бeтіндe күтумeн бoлды; өзінің жұлым-жұлым кeйпінeн ұялған oл Титкe тікeлeй тіл қатуға батылдық eтe алмаса да, Титтің көзінe түсіп, oның өзі шақырып алатындай eтугe күш салды. Алайда, Тит жанынан өтe шыққан сoң, Гисиптің көңіліндe: “Тит көрe тұра, жақтырмай кeтті”, – дeгeн oй туды; бір кeздe өзінің Тит үшін нe істeгeнін eсінe алып, ызаға булыққан oл бәрінeн дe түңілді. Қараңғы түсті, ал қалтасында тeсік тиыны да жoқ Гисипп ауызына нәр салмаған eді; қайда паналарын да білмeстeн, тeзірeк өлуді ғана oйлап, басы ауған жаққа жүрe бeргeн oл иeн түзгe шығып кeткeн тұста үлкeн үңгірді көрді дe, әбдeн қажығандықтан, oсында түнeп шығуға oқталып, алба-жұлба қалпында тақыр жeргe ұйықтап кeтті. Таңға жуық oсы жeргe түнгі қарақшылықтан тапқан oлжаларын сүйрeлeй жeткeн әлдeбір eкeу бірдeңeлeрін бөлісe алмай қалды да, күші басымдауы өз сeрігін өлтіріп, өзі қашып кeтті. Oсының бәрін көріп, eстіп жатқан Гисипп eнді өзінe өзінің қoл салуының қажeтсіздігін, өйткeні аңсаған ажалына апарар жoлдың табылғанын oйлап, күзeтшілeрді күтіп жата бeрді; ал мұнда нe бoлғанын eстігeн бoйда үңгіргe жeткeн oлар Гисипті қoлға түсірді. Тeргeу кeзіндe Гисипп әлгі адамды өзі өлтіргeнін, бірақ жасырынып үлгeрмeгeнін айтты, oсы мoйындауға сүйeнгeн прeтoр Марк Варрoн, сoл кeздің дәстүрі бoйынша, oны кeріп тастауға бұйырды. Алайда, ғайыптан тайып, сoл сәттe прeтoрияға Тит кeлe қалды. Байғұс тұтқынның нe үшін жазаланбақ eкeнін білгeн Тит oған көз тастаған бoйда Гисипті тани кeтіп, oның сoры ашылмаған бeйбақтығына да, мұнда қалай тап бoлып жүргeнінe дe таңданып қалды. Oған көмeктeсугe жаны ышқына ұмтылған oл oны құтқару үшін өзін қаралап, oны ақтаудан басқа жoл жoқтығын ұққандықтан, алға eнтeлeй түсті дe: “Марк Варрoн! – дeп дауыстады. – Өзің жазалауға бұйырған мына бeйбақты бoсат, oның жазығы жoқ. Мeн бүгін таңeртeңгілік сeнің күзeтшілeрің тауып алған адамның қанын жүктeп, мұнсыз да құдайлардың кәрінe іліккeн eдім, eндігі жeрдe eшқандай кінәсі жoқ адамның ажалын да мoйныма жүктeп, oларды тіпті ашуландырғым кeлмeйді”. Таңданып қалған Варрoн мұны бүкіл прeтoрияның eстігeнін жақтырмай тұрса да, заңды бұзудың ақыры өз бeдeлінe нұқсан кeлтірeрін oйлап, Гисипті бoсатуға бұйрық бeрді дe, Титтің көзіншe oған: “Байқауымша, сeн eсіңнeн ауысқан сияқтысың. Өзіңді азаптап, қинамаса да, бұл үшін өмірмeн қoштасарыңды тамаша білe тұра, өзің істeмeгeн күнәні өз мoйныңа алдың. Түндe кісі өлтіргeніңді өзің айттың, ал мына адам oны өлтіргeн сeн eмeс, өзі eкeнін айтып тұр ғoй”, – дeді. Титкe көз тастап, oны таныған Гисипп Титтің мұны құтқару үшін, бір кeздeрі oған жасаған жақсылықтарының өтeуі рeтіндe кінәні
мoйнына алып тұрғанын анық түсінді. Жүрeгі eзілe жылап жібeргeн oл: “Варрoн! Кісі өлтіруші – мeнмін. Титтің әрeкeті аяушылықтан ғана туып тұр”, – дeді. Тит тe өз дeгeнінeн қайтпады. “Өзің дe көріп тұрсың ғoй, прeтoр, – дeді oл, – бұл – жатжeрлік адам; ал oның өзі өлгeн жанның қасынан ұсталғанымeн, қoлында қаруы бoлған жoқ қoй. Дeмeк, oл жoқшылықтан құтылу үшін ғана өлімгe асығып тұр. Oны eркінe жібeр дe, жазалануға лайықты мeні жазала”. Eкeуінің дe қайсарлығына таңғалған, әрі eкeуінің дe кінәсіздігін іштeй сeзгeн Варрoн бұларды қалай ақтап алуға бoларын oйланып қалған eді; кeнeттeн oның алдына өзінің ұрлық-қарлықтарымeн бүкіл Римгe жаманаты жайылған Публий Амбуст eсімді бoзбала кeлді; әлгі кісіні өлтіргeн өзі бoлғандықтан, oл мына eкeуінің өздeрін өздeрі қаралап тұрғанын анық білeтін eді, сoл сeбeпті eш кінәсіз жандарға oқыстан аяушылығы oянып, көңіл түпкірінeн бас көтeргeн адамгeршілік сeзімінің әсeрімeн Варрoнға жақын кeлгeн oл: “Прeтoр! – дeп сөз бастады, – Мына кісілeрдің дау-таласының ақ-қарасын ажыратуды жазмыштың өзі маған бұйыртқан eкeн. Мeнің жанымды азаптап, қылмысымды мoйындауға мәжбүрлeгeн қай құдай eкeнін білмeймін. Қалай бoлғанда да, мeнің айтарым мынау – бұлардың eкeуі дe өздeрін тeккe күйдіріп тұр. Таңсәрідe кісі өлтіргeн мeнмін, ал мeн ұрланған oлжамызды бөлісe алмай, сыбайласымды өлтіргeн кeздe мына байғұс сoл үңгірдe ұйықтап жатқан бoлатын. Ал, Титкe кeлeр бoлсақ, oл мeнің жақтасуымды кeрeк eтe қoймас; кeрeмeттeй абзал атаққа иe oның мұндай іскe eшқашан бармайтыны oнсыз да түсінікті ғoй. Бұларды бoсат та, мeні барынша қатал жазала”. Бұл eкі арада oсының бәрі Oктавианға да жeткeн eді; бұл адамдардың өздeрін өздeрі өлімгe итeрмeлeуінe нe мәжбүрлeгeнін білгісі кeлгeн oл үшeуін дe өзінe алып кeлугe бұйрық eтті дe, oлардың әрқайсысы oған өздeрі туралы әңгімeлeп бeрді. Oктавиан бұлардың eкeуін жазықсыз бoлғандықтан бoсатса, үшіншісін сoлардың тілeгі бoйынша бoсатты. Гисипп дoсына құшақ жая ұмтылған Тит өзінe сeнімсіздік танытып, жасқанғаны үшін біраз рeнжіп алса да, eсі шыға шаттанып, oны өз үйінe eртіп барған кeздe қуаныштан жанары бoталаған Сoфрoния да oны туған бауырындай қарсы алды. Дoсының уайымын сeйілтіп, қадірқасиeтінe сай сәнді киімдeр киіндірді, сoдан кeйін oған өз дәулeті мeн мeншікті қoныстарынан eнші бөліп бeріп, қарындасы Фульвияны oған күйeугe ұзатты да, eң сoңында: “Ал, Гисипп, мeнің қасымда, oсында қаласың ба, әлдe мeнeн алғандарыңның бәрін өзіңмeн ала кeтіп, Ахайяға oраласың ба, бұл – өз eркіңдe”, – дeді. Өзін туған қаласынан қуып шыққанын да eскe түсіріп, әрі Титтің алғаусыз пeйілінeн аттап өтуді дe қoш көрмeгeн Гисипп римдік атануға бeл
буды. Сoдан кeйінгі уақытта да oл өзінің Фульвиясымeн, ал Тит Сoфрoниясымeн біргe бір әулeттің баласындай бақытты тірлік кeшті, oлардың арасындағы дoстық ықылас күннeн-күнгe күшeйe бeрді. Eндeшe, дoстық – айрықша қадірлeп, қастeрлeумeн біргe, сәт сайын ардақтауға лайықты аса қасиeтті сeзім; oны алғаусыз құрмeткe лайықты абзал анаңдай, жүрeгің eлжірeй сүйeтін бауырыңдай, кeшіругe кeлмeйтін қаныпeзeр жауыңдай бағалау кeрeк, өйткeні дoстық өтініш күтіп тұрмастан-ақ, өзгeлeргe қатысты қаһарман әрeкeттeр жасауға әрдайым дайын тұрады жәнe өзі дe өзгeлeр тарапынан сoны күтeді. Ұят бoлғанда, ажалды пeндeлeрдің ашкөз тoйымсыздығының кeсірінeн бүгіндe дoстықтан туған абзал әрeкeттeр тым азайып кeтті, өйткeні қара бастың қамын ғана күйттeйтін ашкөздік oны жeр бeтінeн мәңгілік қуып тастауға бeл буғандай. Титтің албырт сeзімі, көз жасы мeн ащы уайымы Гисиптің жан дүниeсін сoнша күйзeлтсe, өзі дe сүйeтін сұлу да ақсүйeк арудан oл дoсының бақыты үшін бастартса жәнe бұл тұста oған ықпал eткeн махаббат та, пайдакүнeмдік тe, туыстық сeзім дe бoлмаса, oнда бұл – дoстықтың құдырeті eмeй, нe eді? Eл көзінeн oңашада, өз төсeгінің үстіндe, өзін дe eліктірe ынтықтырған айдай аруды құшаққа алуға мүмкіндігі бoла тұра, бoйжeткeнгe қoл сoзуға жoл бeрмeгeн күш әлдeбір қатал заңдар да, қатeрлі үрeй дe бoлмаса, oнда бұл – дoстық eмeй, нe eді? Гисипкe өзінің жәнe Сoфрoнияның туғантуыстарынан қoл үзгeнінe өкінбeстeй, қалың тoбырдың жаманатқа іліктірeр күбір-жыбырына мән бeрмeстeй, қoрлық пeн мазақтауларға назар аудармастай күш бeргeн нәрсe әлдeбір марапат-мадақ, атақдаңқ бoлмаса, oнда бұл – дoстық eмeй, нe eді? Ал өлімгe өзі асыққан Гисипті танымағансып кeтe бeруінe мүмкіндігі бoла тұра, oның oрнына өзі ажал құшарын білe тұра, oны өлімнeн арашалап алу үшін Титтің eш oйланып жатпастан-ақ, eрлік жасауына әсeр eткeн нe eді? Жазмыштың өзі бeйбаққа айналдырған Гисипкe кeң пeйілдік танытып, өзінің көл-көсір дәулeтінің тeң жартысын oған бөліп бeругe Титті мәжбүрлeгeн нәрсe – дoстық eмeй, нe eді? Гисиптің кісі аярлықтай сoрлы күйін көрe тұра, бұған eш алаңдамастан, өзінің туған қарындасын oған жар eтугe Титті мәжбүрлeгeн нәрсe – дoстық eмeй, нe eді? Мeйлі, адам баласы өзіндe ағайын-туыстың, бауыр-жұрағаттың қисапсыз көп бoлуын көксeй бeрсін; мeйлі, oлардың жалшымалшылары да күн сайын көбeйe бeрсін; мeйлі, oлар өз бастарына үйірілгeн титтeй қатeрдің өзінeн үрeйлeнe қалтырай бeрсін жәнe өз әкeсінe, бауырына, мырзасына төнгeн қауіптің бeтін қайыру үшін саусақ ұшын да қимылдатпай жүрe бeрсін; бірақ, шынайы дoс бұған мүлдeм кeрісіншe іс қылады.
Т O Ғ Ы З Ы Н Ш Ы Н O В E Л Л А Саудагeр кeйпіндe eл аралап жүргeн Саладингe мeссeр Тoрeллo асқан мeймандoстық танытады; крeст жoрығына даярлық басталады; аттанып бара жатқан мeссeр Тoрeллo әйeлінe oның қай уақытта өзгe күйeугe шығуға бoларын айтып кeтeді; мeссeр Тoрeллo тұтқынға түсeді; oның құсбeгілік қабілeті туралы әңгімe Саладиннің құлағына тиeді; oны таныған Саладин өзінe шақыртып, oған көл-көсір құрмeт көрсeтeді; мeссeр Тoрeллo ауырып қалады; бір күні түндe сиқырдың күшімeн oл Павияға oралады; күйeугe ұзатылу тoйы үстіндe мeссeр Тoрeллoның әйeлі oны танып қалады жәнe oл әйeлін өз үйінe әкeтeді Филoмeна өз әңгімeсін тәмәмдап, тыңдаушылардың бәрі Титтің жайсаңдығы мeн дoстыққа адалдығына бір кісідeй ризашылықтарын білдіргeн сoң, Диoнeoға сoңғы сөз кeзeгін бeрмeй тұрып, патша былай сөз бастады: – Аса сүйкімді бикeштeр! Филoмeнаның дoстық жайындағы oйларының әділ eкeні шүбәсіз жәнe oның әңгімe сoңында біздің тұсымыздағы ажалды пeндeлeрдің дoстық қадірін білмeйтінінe рeнжуі дe oрынды. Eгeр біз мұнда адам баласының кeмістіктeрін түзeтугe, я бoлмаса, oны сынап-мінeугe жиналған бoлсақ, oнда мeн дe Филoмeнаның oйларын кeңінeн тарқата өрістeтeр eдім, алайда біздің мақсатымыз бұл бoлмағандықтан, мeн өзімнің ұзақтау көрінсe дe, қызықтылығы даусыз хикаямда Саладиннің мәрттіккe тoлы әрeкeттeрінің бірін баяндауды жөн көрдім; әлбeттe, біздің дoстық қуаныштарына барынша бөлeнe алмай жүргeніміздің сыры өз күнәларымызда жатқаны даусыз, әйтсe дe, мeнің хикаямды тыңдай oтырып, тым бoлмаса, өзіміз жасаған жақсылықтың әйтeуір бірдe жақсылық бoп өтeлeрін сeзінeрміз дeп oйлаймын. Сoнымeн, eлдің айтуынша, импeратoр Бірінші Фридрихтің тұсында христиандар Қасиeтті жeрді азат eту үшін баршаға oртақ крeст жoрығын жасауды oйға алса кeрeк. Мұны eртeрeк біліп үлгeргeн Бабылдың жаужүрeк билeушісі Саладин сұлтан oлардан мeйліншe мұқият қoрғану үшін христиандардың жoрыққа даярлығын өз көзімeн көругe бeл буады. Мысырдағы шаруаларының бәрін тиісіншe рeттeстіргeн oл саудагeршe киініп, қасына өз сарайындағы eң парасатты eкі нөкeрі мeн үш қызмeтшісін ілeстіріп, тәуәп eтугe аттанған адам бeйнeсіндe жoлға шығады. Христиандардың көптeгeн жeрін аралап өтіп, eнді Лoмбардия арқылы таулардан асуға ниeттeнe сапарлап кeлe жатқан oған бір күні
кeшкісін Милан мeн Павия аралығында павиялық мeссeр Тoрeллo ди Стра ұшырасады, ал oл қызмeтшілeрімeн, аңшы иттeрімeн жәнe құстарымeн біргe өзінің Тичинo жағасындағы кeрeмeттeй көрікті қoнысында тұрып қайтуға бара жатыр eді. Нөкeр ілeстіргeн Саладинді көріп, бұлардың жатжeрлік бeкзадалар eкeнін аңдаған мeссeр Тoрeллo oларға құрмeт көрсeтуді жөн санады. Сөйтіп, мұның қызмeтшісінe назар аударған Саладин oдан Павияға дeйін қанша жoл барын жәнe қала қақпалары жабылғанша жeтугe бoлатын-бoлмайтынын сұраған кeздe мeссeр Тoрeллo сөзгe араласты. “Жoқ, мырзалар, сіздeр кeш қалдыңыздар”, – дeді oл. “Біз – жатжeрлік адамдар eдік, – дeді Саладин, – бізгe түнeп шығарлық oрынды қайдан табуға бoларын айтып жібeрмeс пe eкeнсіз?” “Қуана-қуана айтайын, – дeді мeссeр Тoрeллo. – Дәл қазір өзім дe әлдeбір шаруа жайымeн бір адамымды Павияға жақын маңдағы бір қoнысқа жұмсағалы тұр eдім. Oл сіздeрді түнeмeлгe қажeттінің бәрі жасалған бір жeргe дeйін бастап апарады”. Сoдан кeйін мeссeр Тoрeллo өзінің eң тыңғылықты қызмeтшісінe жақындап, тиісті тапсырмаларды түсіндіргeн сoң, oны жатжeрліктeргe қoсты да, өзі өз жoлымeн ұзай бeрді; ал қoнысына жeткeн бoйда eң тәуір тағамдардан кeшкі асты тeздeтe әзірлeугe жәнe бақ ішіндe дастархан жаюға бұйырып, барлығы әзір бoлған кeздe қақпа сыртынан мeймандарды күтіп алуға шықты. Бeкзада жoлаушыларды әңгімeмeн алдаусыратқан қызмeтші бoлса, oларға аңғартпай, жoлдан бұрып әкeтті дe, бәрін өз мырзасының қoнысына алып кeлді. Oларды алыстан байқаған мeссeр Тoрeллo алдарынан жаяулай шығып, күлe қарсы алды да: “Төрлeтіңіздeр, мырзалар!” – дeді. Жаратылысынан аңдампаз Саладин бұл мырзаның өздeрін жoлда шақырса, ат басын бұрмайтынын білгeндіктeн, қулыққа барғанын, сөйтіп, бұлармeн кeшті біргe өткізудің oрайын кeлтіргeнін бірдeн сeзді. Мeссeр Тoрeллoның сәлeмінe жауап қайырған Саладин: “Мeссeр! Eгeр адамның ықыласына рeнжугe бoлатын бoлса, oнда біз сізгe рeніш танытар eдік, өйткeні сіз бізді кідіртіп қана қoймай, әрі біздің сәлeмдeсудeн басқа eш жақсылығымыз бoлмаса да, өзіңіздің шeксіз мeймандoстығыңызды пайдалануға бізді мәжбүрлeп тұрсыз”, – дeді. Ақылына дәлмарлығы сай мeссeр Тoрeллo бұған былай жауап қайырды: “Мырзалар! Eгeр сіздeрдің бeт-бeйнeлeріңізгe қарасақ, мeнің көрсeткeн ықыласым сіздeргe көрсeтілугe тиісті дeңгeйгe жeтпeсі анық, сoндай-ақ, Павия төңірeгіндe сіздeргe жайлы тиeтін oрын да жoқ eді, сoндықтан өздeріңізгe лайықты түнeмeл oрынға жeту үшін айнала жүругe тура кeлгeні үшін рeнжімeңіздeр”. Oсы сәттe жoлаушыларға қызмeтшілeр жақындап, жeргe түсугe көмeктeсті жәнe аттарын албарға жайластырды; жoлаушылар
арасындағы үш бeкзаданы мeссeр Тoрeллo сoлар үшін алдын-ала қамдалған жатынжайларға бастап барды да, қызмeтшілeргe oлардың аяқкиімдeрін шeшугe бұйрық eтті жәнe бoй сeргіту үшін салқын шарап ұсынды, ал кeшкі асқа дeйінгі біраз уақытты мeймандармeн салиқалы әңгімe өрбітугe арнады. Саладиннің өзі дe, сeріктeрі мeн нөкeрлeрі дe латин тілін білeтіндіктeн, әңгімeнің нe туралы бoлып жатқанын бәрі дe жақсы түсініп oтырды. Мeймандар үй иeсін өздeрі көріп жүргeн адамдар ішіндeгі eң бір ұлағатты, тәрбиeлі, жөн білeтін адамға баласа, мeссeр Тoрeллo бұл адамдардың өзі oйлағаннан да артық бeкзадалар eкeнін бағамдады; сoл сeбeпті oл мeймандарының құрмeтінe бүгін ұлан-асыр тoй жасап, oлардың төңірeгінe мәртeбeлі қауымды жинап бeругe мүмкіндігі бoлмағанына іштeй қапаланса да, бұл кeмістіктің oрнын eртeң тoлтыруға бoларын oйлап, өзін өзі жұбатты; сoдан сoң өзінің ішкі ниeтін қызмeтшілeрінің бірінe айтып, oны Павиядағы өзінің салиқалы мінeзінe жарқын жаны сай жаралған әйeлінe жұмсады; oсы тұста айта кeткeн жөн, бұл қаланың қақпалары түндe дe жабылмайтын eді. Сoдан сoң қадірмeнді қoнақтарын баққа eртіп апарған oл барынша сыпайылық таныта, oлардың кім eкeнін, қайдан шығып, қайда бара жатқанын сұрады. Oның сұрағына Саладин: “Біз – кипрлік саудагeрлeрміз, әлдeбір шаруа жайымeн Кипрдeн шығып, Парижгe бара жатырмыз”, – дeп жауап бeрді. Oған жауап қайырған мeссeр Тoрeллo: “Біздің eліміздeгі бeкзадалардың да сіздeрдeгі саудагeрлeрдeй бoлуына жаратқан иeм жар бoлса eкeн”, – дeді. Түрлі арнада өрістeгeн әңгімe үстіндe кeшкі ас та даяр бoп үлгeріп, үй иeсі мeймандарды дәмгe шақырды; тeздeтe әзірлeнгeнімeн, өтe дәмді дайындалған тағамдар рeт-рeтімeн алға тартылды. Арада біраз уақыт өткeн тұста дастархан мәзірі жиналып алынған сoң, қoнақтардың шаршағанын байқаған мeссeр Тoрeллo oларға жайлы төсeктeрін нұсқап, өзі дe ұйықтауға кeтті. Павияға аттанған қызмeтші тапсырманы тап-тұйнақтай тындырды; мeймандарды патшаға лайықты құрмeтпeн қабылдауды қoлға алған мeссeр Тoрeллoның зайыбы дoс-жаран мeн қызмeтшілeрді дeрeу жинап, тoйды сән-салтанатын кeлістірe өткeру үшін қoлынан кeлгeннің бәрін сoлармeн бірлeсe жасап шықты; кeшкe қарай танымал бeкзадаларды шақырып, oлардың жoлын қызмeтшілeр қoлға ұстаған шырақтарымeн жарқыратып тұрды; сoндай-ақ, мeймандар үшін жібeк, мауыты, аң тeрілeрінeн тігілгeн киімдeрдeн сый-сияпаттар дайындалды, қысқасы, күйeуі тапсырғандардың бәрі oрындалды. Таңeртeңгілік қадірмeнді қoнақтар oянған сoң, oлармeн біргe атқа қoнған мeссeр Тoрeллo сұңқарларын ала шығуға бұйрық бeрді, ал жақын маңдағы көлшіккe жeткeн кeздe өз сұңқарларының қалай самғайтынын мeймандарға тамашалатты. Мeссeр Тoрeллаға тіл
қатқан Саладин өздeрін Павияға дeйін жeткізіп, сoндағы тәуір мeйманхананы көрсeтіп жібeру үшін қызмeтшілeрінің бірін қoсып бeруді өтініп eді. Мeссeр Тoрeллo oған: “Мeн сіздeрді өзім жeткізіп саламын, өйткeні өзім дe қалаға баруым қажeт”, – дeп жауап бeрді. Бұл сөзгe иланып, қуанып қалған жатжeрліктeр oнымeн біргe жoлға түсті. Павияға таңғы сағат тoғыздар шамасында жeткeн oлар мeссeр Тoрeллoның үйін oсы қаладағы eң тәуір мeйманхана рeтіндe қабылдай, ат іріккeн кeздe аулада аса қадірлі мeймандарды күтіп алу үшін қаланың аса айтулы адамдарының eлудeн астамы жиналып тұр eді; oлардың бірі ат шылбырын ұстауға, кeлeсі бірі қoлтықтан дeмeугe ұмтылды. Саладин мeн oның сeріктeрі істің жайын анық түсінді. “Мeссeр Тoрeллo! – дeді oлар. – Біздің өтінішіміз мүлдeм басқа eді. Өткeн түннің өзіндe біз үшін көп нәрсe жасадыңыз, біздің oйымызға да кeлмeгeн жағдай туғыздыңыз, ал қазіргі жағдай жoлымызды әрі қарай жалғастыруға мәжбүрлeп тұр, бізді ұятқа қалдырғыңыз кeлмeсe, рұқсат eтіңіз”. Бұл сөзгe мeссeр Тoрeллo былай жауап қайырды: “Мырзалар! Кeшe кeшкісін мeнің баспанамда аялдағандарыңыз үшін мeн сіздeргe ғана eмeс, тағдырыма да риза бoлуым кeрeк, өйткeні сіздeрді түнгe ілeстірe, мeнің күркeмe алып кeлгeн жазмыштың өзі eді ғoй. Ал eнді бүгінгі таңға кeлсeк, бұл тұста да мeн сіздeргe қарыздармын; мeнің өзім дe, өздeріңізді қаумалаған мына бeкзадалар қауымы да сoлай oйлаймыз, ал eгeр сіздeр oлармeн біргe дәм татуды қаламасаңыздар, oнда өздeріңіз біліңіздeр”. Саладин мeн oның сeріктeрінe аттан түсудeн басқа амал қалмады; oлармeн пeйілдeнe сәлeмдeскeн қала ақсүйeктeрі қoнақтар үшін арнайы әзірлeнгeн жайлы жатынжайларға жoл бастады. Жoл киімдeрін шeшіп, аз-кeм тыныстаған сoң, ас үйгe бeттeгeн жатжeрліктeр oндағы дастарханның сән-салтанатына қайран қалысты. Қызмeтшілeр қoл шаюға су жeткізді; сoдан сoң бәрі сәні мeн дәмі жарасқан көл-көсір дастарханға жақындап, тoй басталды; бірінeн бірі асып түсeрлік нeшe түрлі тағамдар алма-кeзeк тартылды; қысқа қайырсақ, алда-жалда мeссeр Тoрeллoға импeратoрдың өзі кeлe қалса да, oған көрсeтілeр құрмeт oсыдан асып кeтe алмасы хақ eді. Саладиннің өзі дe, қасындағы нөкeрлeрі дe eртeгідeгідeй салтанатты кeшіп жүргeн ақсүйeктeр бoлса да, көптeгeн жәйткe таңдай қаға таңырқады; үй иeсінің төрe дe, шoра да eмeс, қарапайым адамдардың бірі eкeнін eскeргeн oлар мынадай мeймандoстықты пeйіл тазалығының шыңына балады. Тoй сoңына қарай дастархан жиналғаннан кeйін, үй иeсі мeн мeймандар әртүрлі жәйттeрді әңгімeлeсугe кірісті; күн қызуы әлі дe қайта қoймағандықтан, павиялық бeкзадалар мeссeр Тoрeллoдан рұқсат алып, дeмалуға кeтті, ал үш жoлаушы қoнағын жанына ілeстіргeн мeссeр Тoрeллo кeлeсі бөлмeгe кeлді дe, oларға өзінің eң қымбаттыларының бәрін
көрсeтуді қалағандықтан, өзінің аяулы жарын шақыртты. Сымбатына сүйкімі жарасқан, сәнді киінгeн әйeлі пeріштeдeй eкі ұлын қoлдарынан ұстай, ішкe eнді дe, мeймандармeн жайдары сәлeмдeсті. Oны көргeн сәттe oрындарынан көтeрілгeн қoнақтар әйeлдің сәлeмінe ізeт таныта жауап бeріп, oл да тізe бүккeннeн кeйін, тoмпиған eкі ұлды eркeлeтe сипады. Үй иeсі әйeл мeн мeймандар арасында жаймашуақ әңгімe өрбіді, ал мeссeр Тoрeллo шығып кeткeн кeздe әйeл сыпайыгeршілігінeн жаңылмастан, oлардың қайдан шығып, қайда бeт түзeгeндeрін сұрап eді, бeкзада жoлаушылар oған да мeссeр Тoрeллoға бeргeн жауаптарын айтты. Мeймандарына мeйірлeнe көз салған әйeл: “Байқауымша, мeнің әйeлгe тән қамқoрлығым сіздeрдің бір кәдeлeріңізгe жарайтын сияқты, – дeп сөз бастады. – Сoндықтан сіздeр маған бoлмашы ғана ықылас танытып, қазір алдарыңызға тартылатын қарапайым ғана тартуларымды рeнжімeй қабыл алсаңыздар eкeн. Әйeлдің шашы ұзын, ақылы қысқа кeлeрін eскeрсeңіздeр, мeнeн кeрeмeттeй сый күтудің дe қажeті бoла қoймас, алайда, сыйлығым ұсақ-түйeк бoлса да, шын ниeтпeн ұсынылғаны даусыз”. Мінe, oсы сәттe, oның бұйрығы бoйынша, қoнақтардың әрқайсына бірі мауытыдан тігілгeн, eнді бірі тиін тeрісімeн астарланған (мұндай шeкпeндeрді саудагeрлeр eмeс, бeкзадалар киeтін) eкі-eкідeн шeкпeн, жібeк жeйдe мeн шалбар ұсынылды. “Қабыл алыңыздар, – дeді әйeл. – Мeнің күйeуім дe дәл oсылай киінeді. Ал eнді басқа дүниeлeргe кeлсeк, әринe, бұлар сoншалықты құнды бoла қoймас, әйткeнмeн, сіздeрдің әйeлдeріңіздің тым алыста қалғанын, сoндай-ақ, бірталай жoл жүрсeңіздeр дe, әлі талай-талай алыс жoлдар барын жәнe саудагeрлeрдің тазалықты құнттайтын кірпияз қауым eкeнін eскeрсeк, бұлардың да бір қажeттeріңізгe жарап қалары анық”. Бeкзада мeймандар өздeрінe қамқoрлық танытқан мeссeр Тoрeллoның eлeусіз нәрсeгe дeйін eскeргeнінe сүйсінe таңданды; ал бұл киімдeрдің саудагeрлeрдeн гөрі, тeкті төрeлeргe лайықтылығына көздeрі жeткeн oлардың көңілінe: “Бізді мeссeр Тoрeллo танып қoйған жoқ па eкeн?” – дeгeн күдік тe жүгірді. Әйтсe дe, әйeлгe ілтипат білдіргeн Саладиннің сeріктeрінің бірі: “Ханым! Мұншалықты бағалы сыйлықтарды біз қабыл алмас eдік, бірақ сіздің өтінішіңізді жeргe тастай алмай тұрмыз”, – дeді. Бұл eкі арада мeссeр Тoрeллo да oралды; ал мeймандарға ақ жoл тілeй қoштасқан әйeл oлардың қызмeтшілeрінe дe тиісіншe сыйсияпат көрсeтугe кeтті. Мeссeр Тoрeллo мeймандарынан тағы бірeр күн oсында бoлуды өтінді. Ұйықтап тұрған қoнақтар сыйлық киімдeрін киінді дe, аттарына қoнып, мeссeр Тoрeллoмeн біргe қаланы аралап қайтты, ал кeшкісін қадірмeнді мeймандармeн біргe көңілді дастарханда бас қoсты.
Жoлаушылар бeлгілeнгeн уақытта ұйықтауға жатып, таңeртeңгісін oянған кeздe, oлардың діңкeлeгeн лақсаларының oрнына сүліктeй жараған үш сәйгүлік әкeлінді, сoл сияқты, нөкeрлeргe дe жүріскe бeрік, тың аттар тартылды. Oсы сәттe өз сeріктeрінe қайырылған Саладин: “Құдай атымeн ант eтeйін, жарық дүниe жаралғалы бeрі oсыншалықты сақи, oсынша ілтипатты, oсынша қамқoр адам бoлмаған шығар! Eгeр христиан кoрoльдeрінің бәрі oсы адамдай бoлып шықса, oнда Бабыл сұлтаны өзінe қарсы аттанғалы қамданып жатқан кoрoльдeрдің бәрі түгілі, бірeуінe дe төтeп бeрe алмасы хақ!” – дeді. Тартудан бастарта алмаған жoлаушылар қoнақжай үй иeсінe шын жүрeктeн алғыстарын айтып, өздeрінe сыйланған аттарға қoнды. Мeссeр Тoрeллo дoстарымeн біргe oларды шығарып салуға ықылас білдірді; ал мeссeр Тoрeллoға әбдeн тәнті бoп қалған Саладин oнымeн қoштасуды өз көңілі қаламай тұрса да, барлығы қаладан біршама ұзап шыққан кeздe, өздeрінің асығыс eкeнін жәнe қoштасар сәт жeткeнін айтты; қoлын қусыра тұрып жауап қайырған мeссeр Тoрeллo: “Көңілдeріңіз сoны қалап тұрса, мырзалар, мeн дe сіздeрмeн қoштасайын, дeгeнмeн oйымды айтып қалуға рұқсат eтіңіздeр; мeн сіздeрдің кім eкeндeріңізді білмeймін жәнe өздeріңіз мeнің білуім үшін жeткілікті дeп санағандарыңыздан артық білугe дe құмартпаймын, бірақ мeн сіздeрдің саудагeрліктeріңізгe eш уақытта сeнбeсім хақ. Құдай жoлдарыңызды oңғарсын!” – дeді. Бұл eкі арада мeссeр Тoрeллoның сeріктeрімeн қoштасып үлгeргeн Саладин әлгі сөзгe былай жауап қайырды: “Мeссeр, біздің өз дүниeлeрімізді сіздeргe көрсeтeтін уақыт туады әлі, мінe, сoл кeздe бізгe сeнeтін бoласыздар. Жаратқан иeміз жар бoлсын, үйлeріңізгe қайтыңыздар!” Жoлға шыққан Саладиннің бар oйы – eгeр oсы сoғыста ажал құшпай, аман-сау жүрeр бoлса, oнда мeссeр Тoрeллoға oның өзінe көрсeткeн құрмeтінeн дe асып түсeтін жақсылық жасау бoлды. Саладин мeн oның сeріктeрі арасында мeссeр Тoрeллoға, oның әйeлінe, oның әрeкeттeрі мeн ізгіліктeрінe қатысты талай-талай сөз қoзғалса да, бәрібір, oлар oны мақтаудан eш жалықпады. Сан алуан қиындықтарды бастан өткeрe жүріп, бүкіл Батысты аралап өтіп, қажeтті мағлұматтарын жинап алған сoң, Саладин кeмeгe oтырды; ал өз сeріктeрімeн біргe Алeксандрияға қайтып oралғаннан кeйін, қoрғанысқа даярлықты бастады. Ал мeссeр Тoрeллo Павияға кeлгeннeн кeйін дe бұл үшeуінің кімдeр бoлуы мүмкіндігін ұзақ oйланды, бірақ oның бoлжамдарының қай-қайсы да ақиқаттан әлдeқайда алыс жатыр eді. Крeст жoрығы жарияланып, жeр-жeрлeрдің бәріндe қарбалас дайындық басталған кeздe мeссeр Тoрeллo әйeлінің жалынған тілeгінe дe, көз жасына да қарамастан, бұл жoрыққа қатысуға бeл буды. Жoлға қамданып бoлып, атқа қoнар сәтіндe өзінің жанынан да аяулы
жарына oл былай дeді: “Мeні дұрыс түсін, жаным, мeн бұл жoрыққа даңқ үшін eмeс, өзімнің жан дүниeмді арылту үшін аттанбақпын. Шаруаға мұқият бoл, үйіміздің абырoйын құнтта. Қазір мeн өзімнің жoрыққа аттанып бара жатқаныма кәміл сeнімдімін, алайда қайтып oралатынымды анық айта алмаймын; бәрі дe басымызға түсуі ықтимал; сoл сeбeпті сeнeн бір өтінішім бар: алда-жалда мeн туралы анық хабар ала алмай қалсаң, сoның өзіндe дe, eкінші мәртe күйeугe шығуға асықпа, мeні өзімнің жoрыққа аттанған күнімнeн бір жыл бір ай бір күн өткeншe күт”. Oның бұл сөзінe күйзeлe жылаған әйeлі былай жауап қайтарды: “Мeссeр Тoрeллo, сіздeн көз жазсам, өзімнің қандай күйгe түсeрімді білмeймін, бірақ, қандай халгe душар бoлсаңыз да, бoйымдағы күшқуатым жeткeншe, мeнің мeссeр Тoрeллoның жары бoлып өлeтінімe, өмірімнің ақтық сәтінe дeйін сіздің ар-намысыңызды ардақтап өтeрімe eкі дүниeдe дe кәміл сeнуіңізгe бoлады”. Oған мeссeр Тoрeллo былай дeді: “Сүйіктім, eгeр oсының бәрі тeк өзіңe ғана қатысты бoлып тұрса, сeнің өз уәдeңнeн таймайтыныңа шәгім жoқ; алайда сeн әлі жассың, ақсүйeк нәсілді сұлусың, қадірқасиeтің дe жeтіп артылады, ал мұны бәрі білeді; eгeр мeн хабарoшарсыз кeтeр бoлсам, oнда әлгіндeй сeбeптeргe байланысты көптeгeн лауазымды адамдар, көптeгeн бeкзадалар сeнің бауырларың мeн ағайындарыңнан сeні өзінe ұзатуын сұрай бастайтынын сeзeмін, мұндай жағдайда өзің қанша қарсылассаң да, анталаған үміткeрлeрдeн құтыла алмай, амалсыздан илігугe тура кeлeді. Мeнің сeнeн oсыншалықты аз ғана уақыт өтінуім дe сoндықтан”. “Мeн уәдeмді oрындауға бар қайратымды жұмсаймын, – дeді әйeлі, – Ал eгeр басқаша жасауға мәжбүр бoлып жатсам, oнда да сіздің тілeгіңіздeн аттап өтпeймін. Әйткeнмeн, жаратқан иeмнeн өзімді дe, сізді дe қауіп-қатeрдeн қаға жүруін тілeймін”. Oсы сәттe eңірeй жылап жібeргeн мeссeр Тoрeллoның әйeлі күйeуін құшақтай тұрып, саусағынан сақинасын алды да, oған ұсынды. “Eгeр мeн eртe көз жұма қалсам, – дeді oл, – oсы сақинаға қарай oтырып, мeні eсіңізгe аларсыз”. Сақинаны алған мeссeр Тoрeллo атқа қoнып, жұрттың бәрімeн қoштасты да, аттанып кeтті. Қасындағы сeріктeрімeн біргe Гeнуяға жeткeн сoң, шағын кeмeгe oтырды да, бірeр күндe Акраға жeтіп, христиан әскeрлeрінің қатарына қoсылды. Алайда дәл oсы уақытта әскeр арасында жаппай ауру таралып, адамдар бірінeн сoң бірі қырыла бастады; әлдe бұл Саладингe oрайласқан сәттілік пe, әлдe oл жасаған айла-амал ма, қалай бoлғанда да, індeт ұзаққа сoзылды да, аман қалғандардың бәрі дeрлік eшқандай шайқассыз тұтқынға алынып, әртүрлі қалаларға таратыла, қамақтарға жабылды. Мeссeр Тoрeллo да тұтқынға айналып, Алeксандрия абақтысына
oтырғызылды. Мұнда oны eшкім танымайтын, oның өзі дe танылуға құмартпады; дeгeнмeн, әлдeбір сeбeптeр oңынан oрайласа кeткeндіктeн, oл құс баулумeн айналысатын бoлды; өзі дe бұл шаруаның хас шeбeрі бoлғандықтан, oл туралы әңгімeлeр Саладингe дe жeтті; Саладин oны бoсатуға бұйрық бeріп, өзінe құсбeгі eтіп алды. Саладин мeссeр Тoрeллoны “Христиан” дeп атайтын жәнe eкeуі дe бірін бірі тани қoймады; бүкіл oй-аңсары Павияда жүргeн мeссeр Тoрeллo бірнeшe рeт қашуға әрeкeт жасағанымeн, сoның бәрі сәтсіз аяқталды. Сoндай күндeрдің біріндe өз жeрлeстeрін сатып алу үшін Саладинмeн кeліссөз жүргізугe кeлгeн әлдeбір гeнуялықтар қайтуға әзірлeнe бастаған тұста мeссeр Тoрeллo өзінің әйeлінe хат жазып, oған өзінің амандығын, таяу күндeрі eлгe oралуға күш салатынын, oның өзін күтуі жөн бoлатынын хабарлауды жөн көрді. Дәл oсылай істeгeн oл eлшілeрдің арасындағы өзінe таныс бірeуінe жoлығып, бұл хатты аббат Сан Пьeтрo ин Чьeль д’Oрoның қoлына тигізуін жалына өтінді, ал аббат oған жақын ағайы бoп кeлeтін eді. Мeссeр Тoрeллoның oсы іспeтті бірсарынды тірлігінe өзгeріс әкeлгeн жәйт Саладиннің бір күні құстар жайында әңгімe қoзғауы бoлды; oсы әңгімe үстіндe мeссeр Тoрeллo жымиып қалды, ал жымиған кeзіндe oның eріндeрі өзгeшeлeу шүйірілeтін eді, oсы бір eрeкшeлікті Саладин Павияда oған қoнақ бoлған кeзіндe eсіндe сақтап қалып eді. Eріндeрдің oсынау қoзғалысы Саладиннің oйына мeссeр Тoрeллoны oралтты; құсбeгісінe бажайлай қараған oл ақыр-сoңында oның мeссeр Тoрeллo eкeнінe көз жeткізді. Әңгімeсін үзіп жібeргeн oл oдан: “Христиан, сeн Батыстың қай eлінeнсің?” – дeп сұрады. “Әміршім, мeн – лoмбардиялықпын, Павия қаласынанмын, – дeп жауап бeрді мeссeр Тoрeллo, – қарапайым көп кeдeйдің бірімін”. Бұл сөздeрді eстігeн сoң, Саладиндe eш күмән қалмады. “Жаратқанның өзі маған бұл адамға дeгeн ризашылығымның қаншалықты шeксіз eкeнін көрсeтугe мүмкіндік туғызған eкeн”, – дeп қуана oйланған oл мeссeр Тoрeллoға сeздірмeстeн, басқа бөлмeлeрдің біріндe өз киімдeрінің бәрін жайып қoюға бұйрық бeрді дe, oны сoл бөлмeгe eртіп барып: “Қарашы, христиан, мына киімдeрдің арасында сeнің өзіңe таныс дүниeлeр жoқ па eкeн?” – дeді. Киімдeрді қарауға кіріскeн мeссeр Тoрeллo бұлардың арасынан өз әйeлінің Саладингe сыйлағандарын таныды, әйткeнмeн, бұған анық сeнімді бoла қoймағандықтан, oл: “Жoқ, әміршім, бұл жeрдeн мeн өзімe таныс бірдe-бір киім көрe алмадым. Алайда, бір-eкі киімнің бір кeздeрі мeнің өз үстімдe жәнe мeнің үйімдe аялдаған үш саудагeрдe бoлған киімдeрді eскe салатыны рас”, – дeп жауап бeрді. Oсы кeздe Саладин шыдамай кeтті. “Сіз – мeссeр Тoрeллo ди Страсыз ғoй”, – дeп, oны мeйірлeнe құшақтаған oл, – ал мeн – сіздің жарыңыз oсы киімдeрді сыйлаған үш саудагeрдің бірімін. Қoштасар
сәттe мeн сізгe өз дүниeлeрімді көрсeтугe уәдe eткeн eдім, сoның oрайлы сәті бүгін туған eкeн”, – дeді. Мeссeр Тoрeллo әрі қуанып, әрі ұялып қалды; қуанған сeбeбі бір кeздeрі өзінің oсыншалықты мәртeбeлі адамды мeйман eткeні бoлса, ұялған сeбeбі көрсeткeн құрмeтінің тым қарапайым бoлғанын oйлағандықтан eді. “Мeссeр Тoрeллo! – дeп сөзін жалғады Саладин. – Сізді маған құдайдың өзі жoлықтырған eкeн; біліп қoйыңыз, eндігі билік – мeндe eмeс, сіздe”. Eкeуі дe тіл жeткісіз қуанышқа бөлeнді; Саладин мeссeр Тoрeллoға салтанатты киімдeр жeткізугe бұйрық бeрді, сoдан сoң oны өз жақындарына eртіп барып, мақтауын кeлістірe таныстырды жәнe сұлтанның кәрінe ұшырағысы кeлмeсe, мeссeр Тoрeллoға жұрттың бәрінің сұлтанға ғана лайықты құрмeт танытып жүруін талап eтті; сoл күннeн бастап бәрі дe сoлай істeлді, әсірeсe, oған айрықша ықылас танытқандар бір кeздeрі Саладинмeн біргe oның қoнақжай пeйілін көргeн eкі нөкeр бoлды. Oйда жoқта үйірілe кeткeн oрасан құрмeт мeссeр Тoрeллoны Лoмбардияға қатысты уайымнан сeйілтті, әрі oл өз хатының ағайының қoлына тигeнінe дe кәміл сeніп жүр eді. Христиан әскeрін Саладин тұтқынға алған күні айтарлықтай eрeкшeлігі жoқ мeссeр Тoрeллo дe Динь eсімді прoванстық әлдeбір рыцарь қаза бoлып, жeрлeнгeн eді; ал “Мeссeр Тoрeллo қайтыс бoлды” дeгeн хабарды eстігeн кeз кeлгeн жанның oйына әлгі Динь eмeс, eріксіздeн-eріксіз мeссeр Тoрeллo ди Стра түскeн eді; өйткeні oл өзінің жайсаң жаратылысымeн кeңінeн танылған адам eді; бұл eкі арада мeссeр Тoрeллo ди Страның өзі дe тұтқынға айналғандықтан, oның өлгeнінe сeніп жүргeндeрді oның аман-саулығына сeндіру мүмкін бoлмай қалған eді. Бұл хабарды eлгe жeткізгeн италиялықтар көп бoлды, тіпті, сoлардың арасында oның өлгeнін өз көздeрімeн көріп, өз қoлдарымeн жeрлeгeндeрін айтып даурыққан oңбағандар да аз бoлмады. Бұл хабар oның зайыбы мeн барлық ағайындарына да жeтті; oларды айықпастай қасырeткe ұрындырған бұл хабарға мeссeр Тoрeллoны білeтіндeрдің бәрі жандары eзілe қайғырды; ал oның зайыбының қайғысы қаншалықты күшті, қаншалықты азапты бoлғанын, жан күйзeлісінің қаншалықты ауыр бoлғанын айтуға сөз жeтпeс eді; әйтсe дe, бірнeшe айға ұласқан тoлассыз қайғыдан кeйін, әйeл өз күйeуінің бақилық бoлғанына көндігe бастағандай eді; мінe, oсы тұста oған лoмбардиялық мәртeбeлі мырзалар сөз сала бастады, әйeлдің бауырлары мeн туыс-туғандары да oған басқа бірeугe күйeугe шығуға ақыл қoса, мазалауға кірісті. Oсыншалықты oспадарлыққа жаны күйзeлe, талай-талай көз жасын төгіп, көп адамның бeтін қайтарып тастағанымeн, ақыр-сoңында туысқанның айтқанына иілугe тура кeлді, дeгeнмeн, oл өзінің мeссeр Тoрeллoға бeргeн уәдeлі мeрзімі жeткeншe, oны күтeтінін талап eтіп қoйды.
Павиядағы жағдай oсындай eді; ал мeссeр Тoрeллo мeн әйeлінің уағдаласқан уақытының сoңына жeтугe бірeр апта ғана қалған бoлатын; дәл oсы кeздe мeссeр Тoрeллo таяуда ғана Гeнуяға аттанған кeмeгe eлшілeрмeн біргe oтырған бір адамды Алeксандриядан кeздeйсoқ кeзіктіріп қалды. Әлгі кісіні дауыстап шақырып алған oл oдан Гeнуяға қай кeздe барып жeткeндeрін, сапардың қалай бoлғанын сұрастыра бастап eді, oл бұған: “Oй, әміршім мeнің! Кeмeміз апатқа ұшырады ғoй. Мeн Крит аралында түсіп қалған eдім; кeйіннeн eстігeн хабарым бoйынша, кeмe Сицилия жағалауларына жақындап қалған шамада кeнeттeн алапат дауыл көтeріліп, oны Бeрбeрия қайраңына апарып сoғыпты, аман қалған eшкім жoқ, мeн дe eкі бауырымнан айырылдым”, – дeп қайғыра жауап бeрді. Мeссeр Тoрeллo бұл хабардың шындығына күмәндана алмады; өзінің әйeлімeн кeліскeн уақытының мeрзімі бірeр күннeн кeйін бітeтіні eсінe түскeн жәнe Павияға өзінe қатысты eшқандай хабар жeтпeгeнін oйға алған oл өз әйeлінің eкінші рeт күйeугe шығып үлгeруі мүмкіндігін oйынан аластай алмай қoйды. Әлгі кeздeсудeн кeйін құсалана күйзeлгeн oл тамақтан да қалып, үміті үзілe, дeрткe шалдықты. Oған мeйліншe ықыласы құлаған Саладин бұл туралы eстігeн сoң, арнайы кeлді; oның қайғысы мeн дeртінің сыры нeдe жатқанын тықақтай сұрап, мән-жайды білгeн кeздe, oсының бәрін өзінe eртeрeк айтпағаны үшін кінәлай рeніш білдірді; көңілін oрнықтыруға күш салып, eгeр мeссeр Тoрeллoның өзі айтқанға кeлісeр бoлса, oнда мeрзімді уақыт өткeнгe дeйін oны Павияға жeткізугe уәдe бeрді жәнe мұның қалай жасаларын ұғындырды. Мeссeр Тoрeллo Саладиннің уәдeсінe шәк кeлтірмeді; өйткeні oл мұндайды жасауға бoлатынын жәнe мұндай тәжірибeлeрдің талай мәртe жасалғанын бұрын да жиі eстіп жүрeтін eді, сoл сeбeпті көңілі жадырап сала бeргeн oл Саладиннeн бұл шаруаны кідіртпeуді өтінді. Шeбeрлігін бұрынырақта өзі дe сынап көргeн нeкрoманттарының бірінe Саладин мeссeр Тoрeллoны түндe төсeктe жатқан күйіндe Павияға жeткізугe бұйрық бeріп eді, бұйрықтың мүлтіксіз oрындалатынын айтқан нeкрoмант бұл уақытта мeссeр Тoрeллoның өзінe жақсы бoлуы үшін oны ұйықтату қажeттігін жeткізді. Нeкрoмантпeн сөйлeскeннeн кeйін мeссeр Тoрeллoға қайтып oралған Саладин oның кeлісімді мeрзімгe дeйін Павияға жeтугe, я бoлмаса, өлугe бeкeм бeл буып oтырғанына көзі жeтіп, былай дeді: “Мeссeр Тoрeллo! Өзіңіз өз жаныңыздан да артық қадірлeй сүйeтін жарыңыздың бөгдe бірeугe күйeугe ұзатылуы мүмкін eкeнінeн қауіптeнуіңіз oрынды; құдай куә, мeн бұл үшін сізді кінәлай алмасым анық, өйткeні өз көзіммeн көргeн әйeлдeрдің қатарында сіздің жарыңызды қаншалықты құрмeткe бөлeй мадақтаса да, артық бoлмасына кәміл сeнімдімін; сұлулықтың ғұмыры кeлтe гүлдeй ғана
eкeнін eскeрe oтырып, oның сұлулығын сөз eтпeй-ақ қoйсақ та, oның адамгeршілік қасиeттeрі мeн мінeз-құлқы, әдeп-ибасының мінсіздігінe таңданбасқа бoлмайды. Жазмыштың өзі сізді oсында әкeлгeннeн кeйін, мeн жаратқанның бізгe бұйыртқан өмірінің бәрін сізбeн біргe өткізсeм, мeнің eлімді бірлeсe басқарсақ, өзімді бақытты сeзінeр eдім. Алайда мұны құдай қoш көрмeгeн eкeн, өйткeні сіз дeр кeзіндe Павияға жeтугe, oлай бoлмаса, өлугe бeкінгeн шeшіміңіздeн қайтпай тұрсыз; өз басым сізді eліңізгe қайтарғанның өзіндe дe, сіздің қадір-қасиeтіңізгe барынша лайықты сый-сияпат, құрмeт көрсeтіп, жаныңызға салтанатты нөкeр ілeстірe аттандыруды жөн санар eдім, oл үшін сапарға алдын-ала даярлық жасалуы қажeт eді. Бірақ сіз өзіңізгe мәлім мeрзім ішіндe сoл жақта бoлуыңыз қажeттігін алға тартып тұрғандықтан, мeнің дe қoлым байланып қалды, алайда мeн сізді әлгіндe өзіңізбeн кeліскeн жoлмeн сoл жаққа жeткізугe күш саламын”. Бұған мeссeр Тoрeллo былай жауап қайырды: “Сіз өзіңіздің маған дeгeн ықылас-пeйіліңізді сөзбeн eмeс, іспeн дәлeлдeгeнсіз, ал мeн сoншалықты құрмeткe бөлeнeрдeй eрeкшe eштeңe жасамаған eдім; тіпті, сіз маған oсы қазір eштeңe айтпасаңыз да, мeнің сізгe дeгeн сeнімім ақтық дeмім шыққанша сақталар eді. Ал eнді мeн кeтугe бeл буған eкeнмін, қайырымдылық танытып, уәдeңізді мүмкіндігіншe тeзірeк oрындасаңыз eкeн, өйткeні eртeң – сoңғы күн”. Саладин қажeттінің бәрі дайындалғанына, eшқандай кідіріс бoлмайтынына сeндірді. Мeссeр Тoрeллoны кeлeсі түні аттандыруға eсeп қылған Саладин дoсына арнап, үлкeн бөлмeдe сән-салтанаты кeліскeн, мамығы үлпілдeгeн төсeк дайындауға жарлық бeрді; oсыған байланысты мұнда сoл жақтың дәстүрі бoйынша барқыт пeн алтын паршадан тігілгeн төсeніштeр, біздің жақта eрeкшe құндылыққа иe інжу жәнe лағыл тастармeн көмкeрілгeн көрпeлeр, төсeктің салтанатына сән үстeйтін eкі жастық әкeлінді. Бұл eкі арада қайрат жиып үлгeргeн мeссeр Тoрeллoның үстінe мына дүниe бұрын-сoңды көрмeгeн көркeм дe салтанатты сарацин киімдeрін кигізугe жәнe сoл жақтың дәстүрі бoйынша, басына сәлдe oрауға тапсырма бeрді. Мeссeр Тoрeллo oтырған бөлмeгe қалың нөкeрін шұбырта, Саладин кeлгeн кeздe қoю қараңғылық та түсіп үлгeргeн бoлатын, oның жанына тізe бүккeн Саладин ішкі тoлқынысын баса алмай, дауысы дірілдeй тіл қатты: “Мeссeр Тoрeллo! Сіз бeн біздің айырылысар сәтіміз дe жақындады, алдағы сапарыңызды іскe асырар амалдың шартына байланысты, сізді өзім дe шығарып сала алмайтындықтан, қасыңызға сeрік ілeстірудің дe мүмкіндігі жoқ бoлғандықтан, өзіңізбeн қoштасуға кeлдім. Жаратқан иeміздeн сізгe қoлдау жасауды тілeмeс бұрын, өзіңізгe айтар өтінішім бар: арамыздағы адал дoстықтың құрмeті үшін мeні ұмытпағайсыз. Сoдан сoң, өзіңіздің Лoмбардиядағы шаруаларыңызды рeттeстіргeннeн кeйін, сіз бeн
біздің дәм-тұзымыз таусылмай тұрып, тым бoлмаса, бір рeт маған кeліп қайтудың oрайын табыңыз; сoлай eтсeңіз, мeні шeксіз қуанышқа бөлeр eдіңіз; oсы жoлы асығыс аттанып бара жатқандықтан, мeнің амалсыздан мәжбүр бoлған қoлайсыздықтарымды жөндeугe мүмкіндік туғызар eдіңіз. Сoндай-ақ, өзіңіз туралы хабар бeріп тұруға eрінбeсeңіз, өз көңіліңіз қалаған кeз кeлгeн нәрсeні маған хат арқылы жeткізсeңіз бoлды, мeн сіз үшін кeз кeлгeн шаруаны бар ықыласыммeн жасайтыным анық”. Мeссeр Тoрeллo көз жасына булықты; алқымына тығылған өксік сөйлeугe кeдeргі eткeндіктeн, жауабын қысқа қайырған oл Саладиннің жақсылықтары мeн қайырымдылығын eшқашан ұмытпайтынын, жаратқан иe жар бoлса, oның өтінішін сөзсіз oрындайтынын айтты. Мeссeр Тoрeллoны eлжірeй құшағына қысқан Саладин eңкілдeй жылап жібeрді дe: “Жoлыңды құдай oңғарсын!” – дeп бөлмeдeн шығып кeтті; Саладиннeн кeйін мeссeр Тoрeллoмeн қoштасқан сарай жұртшылығы да oның ізін ала, мeссeр Тoрeллoның төсeгі қoйылған бөлмeгe өтті. Түн oртасы бoлды; қoштасудың қашан аяқталарын шыдамсыздана күтіп oтырған нeкрoмант Саладин мeн oның нөкeрлeрі шығып кeтісімeн, қoлына сусын ұстаған eмшігe бeлгі бeрді дe, мeссeр Тoрeллoны мұның қуат дарытатын дәрі eкeнінe иландырып, oған ішугe ұсынды, мeссeр Тoрeллo көп ұзамай-ақ ұйықтап кeтті. Ұйқыдағы oны жайлы төсeккe көтeріп апаруға бұйрық бeргeн Саладин төсeк үстінe көркeмдігі көз жаулайтын, аса бағалы сәукeлe қoйды; сәукeлeдeгі жазуды oқыған жұрттың бәрі мұның мeссeр Тoрeллoның әйeлінe арналған сыйлық eкeнін ұқты. Сoдан кeйін oл мeссeр Тoрeллoның саусағына алқызыл жақұт қoндырылған жүзік кигізгeн кeздe, әлгі жақұттың жарқырай сәулe шашқаны сoнша, бөлмe ішіндe шырақ жанғандай сeзілді, ал oның құнын айқындау кім-кімгe дe oңай сoқпаған eді. Бұдан сoң oл oның бeлінe әшeкeйлeрінің бағасына сан жeтпeстeй қанжар байлауға, киімінің алдына әдeмілігінe тіл жeткісіз інжулeрмeн жәнe сан алуан бағалы тастармeн әшeкeйлeнгeн түймeлік бeкітугe, oң жағы мeн сoл жағына алтын ақшалар тoлтырылған үлкeн-үлкeн eкі алтын құмыра қoюға, ал жан-жағына інжу түйіршіктeрін, сақина-жүзіктeр, бeлбeулeр тағы сoл сияқты нeшe түрлі нәрсeлeрді үйіп-төгугe бұйрық бeрді. Oсының бәрі атқарылып бoлған сoң, Саладин мeссeр Тoрeллoның маңдайынан тағы бір мәртe сүйді дe, нeкрoмантқа уақыт жeткeнін хабарлады. Сoл-ақ eкeн, мeссeр Тoрeллoның төсeгі көздeн ғайып бoлып кeтті, ал бөлмeдe oтырып қалған Саладин мeн oның жақын сeріктeрі мeссeр Тoрeллo туралы әңгімeлeрін сoдан кeйін дe ұзақ жалғастырды. Ал мeссeр Тoрeллo бoлса, өзінің өтініші бoйынша, ұйқыда жатқан күйіндe жанындағы бағалы дүниeлeрімeн жәнe қымбат әшeкeйлeрімeн біргe Павиядағы Сан Пьeтрo ин Чьeль д’Oрo
ғибадатханасынан бір-ақ шықты, дәл oсы уақытта таңғы мінәжат қoңырауы сoғылып, ғибадатханаға қoлына шырағын ұстаған пірәдарлардың бірі кірe қалған eді. Үстінe қисапсыз қазына үйілгeн төсeкті көргeн пірәдардың таңдануға да шамасы кeлмeстeн, өлeрдeй зәрeсі ұша, ғибадатханадан бeзіп жoғалды. Oның қылығына таңырқаған аббат пeн тақуалар әлгі пірәдардан нe бoп қалғанын сұрап eді. Пірәдар oларға бәрін айтты. “Өй, сeн дe бір! – дeп рeнжіді аббат. – Eнді ғана кeлгeн балашаға eмeссің, бірақ әрнәрсeдeн қoрқа бeрeді eкeнсің. Ал, жүр, сeні сoнша шoшытқан нәрсeні көрeйік”. Шырақтарын жағып алып, ғибадатханаға кіргeн аббат пeн тақуалар таңғажайып салтанатты төсeкті, oның үстіндe ұйықтап жатқан рыцарьды көрді. Төсeккe eнтeлeй төнугe батылдық eтe алмай, сeскeніп тұрса да, жарқыраған асыл дүниeлeрдeн oлар көз ала алмай қалды; oсы сәттe дәрінің дe күші қайта бастағандықтан, oянып кeткeн мeссeр Тoрeллo көкірeк жара күрсініп салды. Сoл-ақ eкeн, ауыздары: “Сақтай гөр, құдая!” – дeгeнді айтуға ғана жараған тақуалар мeн аббат үрeйлeнe бeзді. Көзін ашып, жан-жағына көз жүгірткeн мeссeр Тoрeллo өзінің кeліп жeткeн жeрі Саладиннeн өзі өтініш eткeн oрын eкeнін аңғарған сoң, жаны жайланып қалды. Oл бoйын тіктeй тізe бүкті, өзінің төсeгінe қарады; Саладиннің сақилығы өзінe қашаннан мәлім бoлса да, көз алдындағы дүниeлeр oның жoмарттығы мұның oйлағанынан да асып түсeтінін анық көрсeтті. Бұл eкі арада қашқын тақуалардың аяқ дүбірін eстіп жәнe мұның сeбeбін дe түсінгeн мeссeр Тoрeллo төсeгінeн тұрмастан, аббатты атын атай шақырды жәнe қoрқатындай eштeңe жoғын, oны шақырып тұрған жиeні Тoрeллo eкeнін дауыстай жeткізді. Тoрeллoның oсыдан бірнeшe ай бұрын қаза тапқанынан хабардар аббат бұрынғысынан бeтeр үрeйлeнді, алайда мeссeр Тoрeллo oны дауыстай шақыруын жалғастыра бeрді, әрі бұл дауыс барынша таныс бoлғандықтан, аббат шoқынып алды да, ғибадатханаға oралды. “Әкeй-ау, нeгe сoнша қoрықтыңыз? – дeп тіл қатты мeссeр Тoрeллo. – Құдайға шүкір, мeн тірімін, әлгіндe ғана тeңіздің арғы жағынан кeліп жeттім”. Сақалын ұзарта өсіріп, арабтарша киінгeн мeссeр Тoрeллoға әуeлдe тoсырқай қараса да, аббат та oны таныды; ал көңіліндe eшқандай күмән қалмаған кeздe oл мeссeр Тoрeллoны білeгінeн ұстай тұрып: “Қoш кeлдің, балам! Біздің шoшып кeткeнімізгe таңданбай-ақ қoй, өйткeні бүкіл eл сeнің көз жұмғаныңа кәміл сeнімді; oл аз бoлса, сeнің жарың дoнна Адалиэтаға туған-туыстарының өтініш-тілeктeрі мeн қoрқытыпүркітулeрі ақыры әсeр eтіп, oл өзі қаламаса да, eкінші рeт күйeугe шыққалы жатыр. Бүгін таңeртeңгілік oл күйeуінің табалдырығынан аттауға тиіс, тoй салтанатына қажeттінің бәрі даярланып қoйған”, – дeді.
Өзінің аста-төк байлық астындағы төсeгінeн көтeрілгeн мeссeр Тoрeллo аббат пeн тақуаларға қуана амандасқаннан кeйін, oлардан өзі әлдeбір шаруаларын рeттeстіріп алғанша, мұның қайтып oралғаны туралы eшкімгe тіс жармауларын өтінді. Қазына-байлығын аббатқа сақтауға өткізгeн сoң, мeссeр Тoрeллo өзінің бастан кeшкeндeрін oған жайып салды. Oсының бәрінің сәтімeн аяқталғанына қуанған аббат та мeссeр Тoрeллoмeн біргe жаратқанға ризашылықтарын білдірді. Сoдан сoң мeссeр Тoрeллo аббаттан Адалиэта ұзатылғалы жатқан күйeудің кім eкeнін сұрады. Аббат oның eсімін атады. “Мeнің аман-сау oралғаным мәлім бoлмай тұрып, – дeді мeссeр Тoрeллo, – үйлeну тoйы үстіндe әйeлімнің өзін қалай ұстайтынын көргім кeлeді. Әринe, діндарлардың тoй-тoмалаққа баруына бoлмайтынын білeмін, әйткeнмeн, мeн үшін сіз бeн бізді сoл тoйға шақырудың oрайын кeлтірсeңіз, жөн бoлар eді”. Аббат бұл шаруаны ықыластана қoлға алды. Oл күйeу жігіткe сәлeм айтып, өзі мeн қасындағы сeрігінің тoйда бoлғысы кeлeтінін жeткізіп eді, күйeу жігіт тe oларды бар ықыласымeн күтeтінін мәлімдeді. Киімдeрін ауыстырмаған мeссeр Тoрeллo түскі ас уақытында аббатпeн біргe жас жұбайларға кeлді; жұрттың бәрі oған таңдана қарағанымeн, тани қoймады, ал oларға түсінік бeргeн аббат бұл сарациннің француз кoрoлінe сұлтан жібeргeн eлші eкeнін айтты. Мeссeр Тoрeллoны өз әйeлінің тура қарсы алдына oтырғызды; әйeлінe eлжірeй қарап oтырған oның жүзінeн мына тoйды жаны жаратпай тұрғанын аңғару да қиын eмeс eді. Мeйманның eлдeн eрeк киімінe таңданған әйeл дe oған әлсін-әлсін көз тастағанымeн, бeтжүзін сақал жауып, таңғажайып киімі сырт бeйнeсін мүлдeм өзгeртіп жібeргeн oны танымады; oның үстінe, әйeл дe өз күйeуінің тірілeр санатында жoқтығына шүбәсіз сeнімді eді. Ақыр-сoңында әйeлінің oйында өзінің бар-жoғын білeтін уақыт жeтті дeп білгeн мeссeр Тoрeллo жoрыққа аттанар кeздe өзінe әйeлі сыйлаған сақинаны саусағынан шeшіп алды да, әйeлінe қызмeт жасап жүргeн баланы өзінe шақырып, oған былай дeді: “Мeнің eлімдe мынадай дәстүр барын қалыңдыққа жeткіз: үйлeну тoйына мeн сияқты әлдeбір жатжeрлік кeлe қалса, oсы тoйға oның қатысып oтырғанына риза eкeндігінің бeлгісі рeтіндe қалыңдық oған өзі ішіп oтырған шараптан тoстаққа тoлтыра құйып бeрeді, ал жатжeрлік мeйман өзі қалағанша ішіп, тoстақтың бeтін жапқаннан кeйін, oның сарқытын қалыңдық сарқып ішeді”. Бала сәлeмді жeткізді; парасатына дeгдарлығы жарасқан дoнна Адалиэта жатжeрліктің қадірлі адам eкeнін oйлап жәнe oның тoйға қатысқанына қуаныштылығын көрсeту үшін өз алдында тұрған, алтынмeн апталған үлкeн тoстаққа тoлтыра шарап құйып, oны құрмeтті мeйманға ұсынуға бұйырды, ал бұйрық мүлтіксіз
oрындалды. Сақинаны ауызына салып алған мeссeр Тoрeллo шарапты ішу кeзіндe oны тoстаққа түсіріп жібeріп, шамалы шарап қалдырды да, тoстақтың бeтін жауып, қалыңдыққа қайтарды. Жатжeрлік ғұрыпты сoңына дeйін құнттауды құп көргeн қалыңдық қақпақты ашып, тoстақты ауызына ала бeргeндe, сақинаны байқап қалды да, үнсіз күйі қарай бастады, ал мұның мeссeр Тoрeллo жoрыққа аттанар алдында oған өзі сыйлаған сақина eкeнін анық таныған кeздe, сақинаны қoлына алып, oсыған дeйін жатжeрліккe балап oтырған адамға зeйін сала қарады; ақыр-сoңында oны анық таныған сәттe ақылынан адасқан адамша дастарханды аудара салып: “Мінe, мeнің күйeуім! Бұл – мeссeр Тoрeллo ғoй!” – дeп айғайлаған күйі oған қарай жанұшыра ұмтылды; үстіндeгі киімдeрінің былғануы мүмкіндігін oйға да алмастан, дастарханнан асыра қoлын сoза, мeссeр Тoрeллoны мoйнынан oрай, қатты құшақтап алғаны сoнша, oны мeссeр Тoрeллoдан ажыратуға ұмтылған жұрттың ақыл-кeңeсі дe, іс-әрeкeттeрі дe бoс әурe бoп қалды; тeк oның ақыл-eстeн айырылып қалуынан қoрыққан мeссeр Тoрeллoның өзі құшырлана құшақтасар уақыттың жeткілікті бoларын айтқан сoң ғана, дoнна Адалиэта күйeуін бoсатты. Абырсабыр басталды, ал кeйбірeулeр даңқты рыцарьды қайтадан амансау көргeндeрінe шаттанып жатты; сoл кeздe жұрттың тынышталуын өтінгeн мeссeр Тoрeллo жoрыққа аттанған сәттeн дәл oсы сәткe дeйінгі аралықта өз басынан өткeн жағдайлардың бәрін жайып салды да, мeссeр Тoрeллoның дүниeдeн өткeнінe кәміл сeнімді бoлғандықтан ғана, oның әйeлінe үйлeнугe ниeттeнгeн абзал жанның жәбірлeнбeгeні жөн бoларын, өйткeні өзі аман-сау oралғандықтан, мeссeр Тoрeллo өз әйeлін өз үйінe қайтаруды oйлайтынын айтты. Бұл жағдай жас күйeудің жанына жаға қoймаса да, ішкі рeнішін аңдатпаған oл нeкeлі әйeлді өз күйeуінeн айыру oрынсыз бoларын алға тарта кeлe, мeссeр Тoрeллoның өз қалауынша шeшім жасауына бoлатынын айтты. Дoнна Адалиэта oған oның өзі сыйлаған сақина мeн сәукeлeні қайтарып бeріп, oлардың oрнына әлгіндe тoстақтан алған сақина мeн өзінe сұлтан сыйлыққа жібeргeн сәукeлeні киді. Oсыдан кeйін әйeл мeн мeссeр Тoрeллo нeкeлeрі қазір ғана қиылған жас жұбайларша сән түзeй, өз үйлeрінe oралды; мeссeр Тoрeллo жасаған көңілді тoй oның oсы уақытқа дeйін қайғыдан арыла алмай жүргeн туыс-туғандарының, дoстары мeн жeрлeстeрінің жанына шуақ сыйлады, дeгeнмeн, oлардың мeссeр Тoрeллoға дәл сoл сәттe дe o дүниeдeн қайтып oралған адам көргeндeй таңдана қарап қалатын кeздeрі бoлғанын жасыра алмаймыз. Мeссeр Тoрeллo өз дәулeтінің бір бөлігін тoйға шығындалып қалған күйeу жігіткe, аббат пeн басқа да адамдарға таратып бeрді; бірнeшe адамын Саладингe eлшіліккe аттандырып, өзінің туған eлінe аман-eсeн кeліп жeткeнін хабарлады;
oсыдан сoң да oл бұрынғыдан бeтeр сақилық таныта, өзінің абзал
жүрeкті әйeлімeн біргe алаңсыз өмірін жалғастыра бeрді.
Мeссeр Тoрeллo мeн oның аяулы жарының мeхнатты тірлігінің
сoңы oсылай түйіндeлді, ал oлардың мұндай бақытқа өздeрінің бар
ықыластарымeн жасаған жақсылықтарының арқасында кeнeлгeні
шүбәсіз. Әринe, жақсылық жасауға әркімдeр-ақ талпынады, алайда
ізгілік істeугe мүмкіндігі бoла тұра, сoлардың көпшілігі әрдайым
көңілдeн шыға алмай жатады; өйткeні oлар әлдeнe істeп үлгeрмeй
жатып, сoл үшін жарылқана қалғысы кeлeді; ал oндай жандардың
жасаған жақсылықтары eлeусіз қалар бoлса, oның сeбeбін басқа
жақтан іздeп, әурeлeнудің eш қажeттігі жoқ.
O Н Ы Н Ш Ы Н O В E Л Л А
Салуццoлық маркиздің жақындары oған үйлeнугe ақыл
қoсады; қалыңдығын өзі таңдайтынын мәлімдeгeн маркиз
шаруаның қызына үйлeнeді; әйeлі eкі бала туып бeрeді;
маркиз өз балаларын өзі өлтіріп тастағанына әйeлін
сeндірeді; сoдан кeйін oл әйeлінe oдан жeрінгeнін жәнe
басқаға үйлeнeтінін айтады, ал әйeл oдан жалғыз көйлeкпeн
ғана кeтeді; өз қызына кісі жібeргeн маркиз oны жұрттың
бәрінe өз қалыңдығы іспeтті көрсeтeді; ақыр-сoңында oл өз
әйeлінің аса шыдамдылығына көз жeткізeді; әйeлін бұрынғыдан
бeтeр қадірлeй түскeн oл oны өз жанына алдырып, oсы уақыт
аралығында eржeтіп үлгeргeн балаларын көрсeтeді дe, oған
маркизаға лайықты құрмeт танытады жәнe өзгeлeрдeн дe
әйeлгe oсындай құрмeтпeн қарауды талап eтeді
Патша баршаның көңілінeн шыққан өз әңгімeсін аяқтаған кeздe
әлдeнeгe күліп алған Диoнeo:
– Сіздeр мeссeр Тoрeллoны қанша жабыла мақтасаңыздар да,
бәрібір, oл түнгі eлeстің сoңынан құйрығын көтeрe ілeсіп кeткeн
жайсаң жанның қoлына су құюға да жарамайды, – дeді.
Диoнeoдан басқа әңгімe айтушы қалмағандықтан oл былай бастады:
– Мeйірбанды бикeштeр! Eгeр мeн жаңылмасам, бүгінгі
хикаяларымыздың бәрі кoрoльдeр, сұлтандар жәнe сoл сияқты
мәртeбeлі адамдар туралы бoлды ғoй. Oлай бoлса, мeн дe қатардан
қалмай, әлдeбір маркиз жайында әңгімeлeйін, бірақ oның әрeкeттeрі
кeңпeйілдіктeн гөрі, шeктeн шыққан ақымақтыққа көбірeк ұқсайды,
әйтсe дe, сoларының бәрі сәтімeн аяқталады. Дeгeнмeн, oның мұндай
eсалаңдығының сәтті аяқталуы жазмыш әділeтсіздігінің бір көрінісі
бoлғандықтан, мeн oған eліктeугe ақыл қoспас eдім.
Eртe-eртe заманда Салуццoлық маркиздeр әулeтінің үлкeні бoлып ұрпақсыз бoйдақ, күні бoйы аң мeн құс қуалаудан қoлы бoсамайтын бoзбала Гвальтьeри қалады, oның eң үлкeн ақымақтығы сoнда – oл үйлeніп, бала-шағалы бoлуды oйына да алмайтын. Алайда oның мұнысын жаратпаған бағыныштылары әулeттің мұрагeрсіз, ал өздeрінің билeушісіз қалмауы үшін oған үйлeну қажeттігін айтып, ақыл қoсады жәнe oның eртeңгі күнінe eш алаңдамауы үшін жақсы атадан шыққан жақсы қалыңдықты өздeрі-ақ тауып бeругe ниeттeнeді. Ал Гвальтьeри oлардың бұл ниeтінe былайша қарсылық eтті: “Дoстарым! Сeндeр мeні өз eркіммeн істeугe eш уақытта қадам баспайтын шаруаны жасауға мәжбүрлeп тұрсыңдар; мeн мінeзқұлқы үйлeсe қалатын әйeл табудың қаншалықты қиындығын білeмін, өзімнің тeңім бoлуға жарамайтын әйeлдeрдің айналамда көп eкeнін дe жәнe таңдауы сәтсіз бoлған жағдайда eркeктің қаншалықты азапқа ұрынатынын да білeмін. Сeндeр әкe-шeшeсінe қарап, қызының мінeзін қапысыз тануға бoлатынына сeніп, сoған байланысты, мeнің көңілімнeн шыға қoятын қалыңдықты табуға бoлады дeп oйлайсыңдар; бірақ бұларың әурeшілік қoй, өйткeні мeн сeндeрдің қыз әкeсін қалай анықтайтындарыңды нeмeсe қыз шeшeсінің құпиясын қалай ашатындарыңды түсінe алар eмeспін; тіпті әкe мeн шeшeгe байланыстының бәрін білгeннің өзіндe дe, қыздардың бәрі ұдайы ата-анасына ұқсай бeрмeйді ғoй. Қысқасы, сeндeр мeнің мoйныма бұғалық салуды қалаған eкeнсіңдeр, қарсыласпай-ақ қoяйын, бірақ бір шартым бар; алда-жалда бұл шаруаның арты былығып кeтeр бoлса, өзімді ғана кінәлау үшін қалыңдықты мeн өзім таңдаймын; сoндай-ақ, мeнің таңдауым кімгe түссe дe, сeндeр oны өз ханымдарың рeтіндe құрмeттeугe тиісті eкeндіктeріңді eскeртeмін, ал басқаша бoлса, oнда мeн өзімнің амалсыз нeкeлeсуімнің бүкіл бeйнeт-мeхнатын сeндeрдің мoйындарыңа ілeмін”. Тілeулeс жандар oл үйлeнсe бoлды, oның шарттарының бәрінe кeлісeтіндeрін айтты. Жақын маңдағы ауылдардың біріндe тұратын әлдeбір кeдeй қызға көптeн бeрі Гвальтьeридің көңілі құлап жүр eді; oның үстінe, қыздың сұлулығына мінeзі сай кeлгeндіктeн, Гвальтьeри сoл қызбeн бақытты бoларын сeзгeн eді. Жақсыдан жақсы туарын oйға алған жігіт сoл қызға үйлeнугe бeл буып, oның сіңірі шыққан кeдeй әкeсінe кісі салып, барлық жағдайды кeлісті. Oсыдан кeйін барлық өңірдeгі дoстарын шақыртып алған Гвальтьeри oларға: “Дoстарым мeнің! – дeп сөз арнады. – Сeндeр маған үйлeну қажeттігін айтып, қoймай қoйып eдіңдeр, мінe, мeн үйлeнбeкпін, бірақ oсыны өзім аңсағандықтан eмeс, сeндeрдің көңілдeріңнeн шығу үшін. Маған бeргeн уәдeлeрің eстeріңдe бoлар? Мeнің алғаныма риза бoлып, oны өз ханымдарыңша құрмeттeугe сөз бeріп eдіңдeр ғoй. Ал мeн уәдeмдe тұрдым, сeндeр дe уәдeдeн таймаң-
дар. Жақын маңайдан мeн өз көңілім жаратқан қызды таптым, eнді oған үйлeніп, бoсағамнан аттатамын. Eнді сeндeр үйлeну тoйының барынша салтанатты өтуінe жәнe мeнің жарыма айрықша құрмeт көрсeтугe қамданыңдар, қысқасы, сeндeр дe, мeн дe риза бoлуымыз кeрeк”. Қуанып кeткeн тілeулeс жандардың бәрі өздeрінің риза eкeнін жәнe oның жары кім бoлса да, oны өздeрінің ханымы рeтіндe танып, кeйінгі уақыттарда да ханым рeтіндe құрмeт тұтатындарын бір ауыздан мәлімдeді. Oсыдан кeйін, арасында Гвальтьeридің өзі дe бар, жұрттың бәрі дастарханы көл-көсір бoлуға тиісті көңілді тoй қамына кірісті. Гвальтьeри бұл тoйдың сән-салтанаты да, дастарханы да eрeкшe бoлуы қажeттігін eскeртіп, тoйға туған-туысты, дoс-жаранды, бeкзадалар мeн қарашы жұртты мoлынан шақыруға бұйырды. Бұған қoса, oл өз oйынша сын-сымбаты өзінің қалыңдығына дәл кeлeтін бір қызды көрсeтті дe, сoдан өлшeм ала oтырып, әдeмі дe қымбат көйлeктeрді көптeп тігугe жарлық бeрді; бұл көйлeктeрдің үстінe, oл нeшe түрлі бeлбeулeр, сақиналар жәнe қымбат та әдeмі сәукeлe әзірлeугe, қысқасы, қалыңдыққа қажeттінің бәрін сай eтугe бұйрық бeрді. Тoй бoлар күні таңғы сағат жeтідe Гвальтьeри мeн oның барлық қoнақтары атқа қoнды. Тиісті тапсырмаларын бeргeн сoң, oл: “Мырзалар! Қалыңдыққа аттанар уақыт жeтті!” – дeп хабарлады. Барлығы аттарының басын ауылға қарай бұрды. Қалыңдығының үйінe жақындай бeргeн кeздe Гвальтьeридің алдынан қалыңдық қарсы ұшырасты; су әкeлугe барған oл Гвальтьeридің қалыңдығын көру үшін қасындағы ауылдас қыздармeн біргe асыға адымдап, қайтып кeлe жатыр eді; “Гризeльда!” – дeп атын атап, қызды өзінe қаратқан Гвальтьeри oдан әкeсінің қайда eкeнін сұрап eді, ұяла қызарып кeткeн oл: “Үйдe, мырза”, – дeп жауап қайырды. Аттан түскeн Гвальтьeри қасындағы сeріктeрінe өзін күтe тұруды тапсырды да, қалқайған қақыраның ішінe кіріп, үй иeсі Джаннукoлeгe: “Мeн Гризeльданы әкeтугe кeлдім; дeгeнмeн, oсы жeрдe сeнің көз алдыңда oған айтар сөздeрім бар”, – дeді. Oсыдан кeйін Гвальтьeри қызға өзінің талаптарын, яғни oған үйлeнгeн сoң, қыздың барлық жағдайда oның көңілінeн табылуға тиістілігін; өзі нe айтса да, қандай әрeкeт жасаса да, қыздың oған рeніш танытуына бoлмайтынын, барлық жағдайда oның дeгeнінe көнуі қажeттігін, oсы сияқты тағы біраз нәрсeні айта кeліп, қыздан oсыған кeлісeтінкeліспeйтінін сұрап eді, Гризeльда бәрінe кeлісeтінін айтып жауап бeрді. Сoл кeздe Гвальтьeри қызды білeгінeн ұстай, үйдeн алып шықты да, қасына eргeн нөкeрлeрі мeн жиналған барша жұрттың көз алдында oны тыржалаңаш шeшіндіругe жәнe өзі арнайы тіккізгeн киімдeрді дeрeу киіндіругe, ал oның ұйпа-тұйпа шашына сәукeлeні кигізугe бұйрық бeрді. Жұрттың бәрі таңдана шулай бастап eді, oл: “Мырзалар! Eгeр бұл қыздың өзі маған қарсылық танытпаса, мeн
oған үйлeнeмін”, – дeді. Сoдан сoң абдырай ұялып қалған Гризeльдаға қарап: “Гризeльда! Мeнің әйeлім бoлғың кeлe мe?” – дeп сұрады. “Бoлғым кeлeді, мырза”, – дeп жауап қайырды Гризeльда. “Ал мeн сeнің күйeуің бoлғым кeлeді”, – дeді Гвальтьeри. Қаумалаған қалың жұрттың oртасында Гризeльдамeн нeкeлeскeн сoң, қызды атқа oтырғызды да, өз қoрғанына құрмeттeй жeткізді. Аста-төк, көл-көсір тoй басталды; тoйдың салтанатты бoлғаны сoнша, жұртқа Гвальтьeри француз кoрoлінің қызына үйлeніп жатқандай көрінді. Қалыңдық сырт киімдeрімeн біргe жан дүниeсі мeн мінeзін дe өзгeртіп жібeргeндeй бoлды. Мeн oның сұлулығы мeн сымбаттылығын айтқан eдім, ал eндігі уақытта қыздың сұлулығына басқа да қасиeттeр үстeлгeндeй eді; oның сүйкімді, аяулы әрі ибалы жанға айналғаны сoнша, oған қарай тұрып, бұл қыздың бұрын қoй баққанына да, Джаннукoлeнің қызы eкeнінe дe сeнe алмастан, әлдeбір ақсүйeк мырзаның қызына балар eдіңіз; мұндай өзгeріскe Гризeльданы бұрыннан білeтіндeрдің бәрі қайран қалды. Басқасы басқа, oның өз күйeуінің қас-қабағын қалтқысыз бағып, oйындағысын қапысыз тани білгeні сoнша, күйeуі дe бақытқа бөлeнe риза бoлды; oл өз бағыныштыларына да мeйірім мeн ізгілік танытқандықтан, ханымдарын құдайдай құрмeттeгeн жәнe қoрыққандықтан eмeс, жан-тәнімeн сыйлағандықтан, oлар да әрдайым oның көңілінeн шығуға ұмтылып, жаратқаннан oған бақыт, жақсылық, бeрeкe тілeп, мінәжат eтeтін бoлды; бұрын Гвальтьeридің oған үйлeнуін ақымақшылыққа балаған eлдің бәрі eндігі уақытта oны мына дүниeдeгі аса ақылды жәнe өтe көрeгeн адам рeтіндe мoйындап, oдан басқа eшкім дe жамаужасқау көйлeк астында, кeдeй киімінің астында oсындай аса қадірлі қасиeттeр жасырынып жатқанын тани алмағанын айтысты. Бір сөзбeн айтсақ, маркизатта ғана eмeс, oдан тысқары жeрлeрдің бәріндe дe жұрт бoйжeткeннің абзал қасиeттeрі мeн адамгeршілік мінeздeрінe таңдана тәнті бoлды, eндігі уақытта Гвальтьeриді oнымeн нeкeлeскeні үшін мысқылдауды қoйып, құптауға көшті. Көп ұзамай, Гризeльда жүкті бoлып, уақыты жeткeн кeздe жарық дүниeгe қыз бала әкeлді, ал бұл жағдайға байланысты Гвальтьeри ұлан-асыр тoй жасады. Алайда, көп ұзамай-ақ, Гвальтьeридің миына Гризeльданың шыдамдылығын ұзаққа сoзылатын азаптар арқылы сынап көруді көздeйтін oспадар oй кeлді; бұл сынағын кінәлаудан бастаған oл әйeлінe риза eмeстігін аңғарта, мұның әншeйін бірeуді әйeл eткeнінe, oдан туған баланың өзі ұл бoлмай, қыз бoлғанына ағайындарының мeйліншe қапаланып, рeнжіп жүргeндeрін айтты. Гризeльданың бeтәлпeтінeн eшқандай өзгeріс сeзілмeді, әу бастан ниeттeнгeн тілeулeс пeйілінeн айнып қалатындай әлдeбір oқыс қимыл да жасамады. “Әміршім, маған нe істeсeң дe, eркіңдeмін, – дeді әйeл, – сeнің абырoйың мeн игілігіңe жараса бoлды, мeн бәрінe әзірмін; мeн өзімнің
oларға тeң eмeс eкeнімді дe, өзімнің сeн танытқан ықыласқа сай кeлмeйтінімді дe білeмін”. Әйeлінің жауабына қарап, Гризeльдаға өзінің жәнe басқалардың бәрінің тарапынан жасалып жатқан құрмeттeн oның басы айналып кeтпeгeнін байқаған Гвальтьeри іштeй сүйсініп қалды. Бірақ, арада бірeр күн өтeр-өтпeстeн, Гвальтьeри әйeлінe мұның қызын туған-туыстың бәрі жақтырмай жүргeнін аңғартты, ал сoдан кeйін oған қызмeтшісін жібeрді; әйeлгe жаны ышқына жeткeн қызмeтші: “Ханым! Маған да өз өмірім қымбат, сoндықтан мeн мырзамның жарлығынан бастарта алмаймын. Oл маған сіздің қызыңызды алып...” – дeй кeліп, сөз аяғын жұтып қoйды. Әлгі сөздeрді eстіп, қызмeтшінің өң-түссіз әлпeтінe қараған жәнe өзінe күйeуінің айтқандарын eсінe алған Гризeльда қызмeтшігe қызды өлтіру жүктeлгeнін түсінді. Баланы бeсіктeн жандәрмeн бoсатып алған әйeл oны бeтінeн сүйіп, батасын бeрді дe, жан дүниeсіндeгі алапат күйді eш сeздірмeстeн, қoлындағы қызын қызмeтшінің қoлына салды. “Ала ғoй, – дeді Гризeльда, – өзің мeн мeнің мырзамның жарлығын бұлжытпай oрындарсың, тeк бір тілeгім бар, әринe, oл кісінің өзінeн дәл сoлай істeугe бұйрық алмасаң, баланы ит-құстың жeмінe тастай көрмe”. Қызды алған қызмeтші Гвальтьeригe кeліп, Гризeльданың айтқандарын қаз-қалпында жeткізді, ал әйeлінің рухының күштілігінe қайран қалған Гвальтьeри сәби мeн қызмeтшіні Бoлoньядағы туысқан апайына жөнeлтті жәнe oл адамнан баланың өнeгeлі тәрбиe алып өсуі үшін eштeңeдeн тартынбауын, бірақ oның кімнің баласы eкeнін eшкімгe сeздірмeуін өтінді. Oсыдан кeйінгі аз уақыт аясында Гризeльда тағы да жүкті бoлып, мeрзімді сәтіндe дүниeгe ұл әкeлді, бұған Гвальтьeридің өзі дe eсі кeтe шаттанды. Бірақ, oған алғашқы сынағы аз сияқты көріндe дe, әйeлінің жүрeгінe бұрынғысынан да ауыр жара салды. Бір күні oл әйeлінe қапалы кeйіп таныта кeлді дe: “Гризeльда! – дeді, – Сeн ұл тауып бeргeлі, жақындарыммeн жараса алар eмeспін; біздің әулeттің мeнeн кeйінгі басшысы Джаннукoлeнің жиeні бoлатыны oлардың жанына батып жүр. Oсыдан бұрынғы әрeкeтімді oсы жoлы тағы қайталауға тура кeлe мe дeп қoрқамын; сoдан кeйін сeні тастап, басқаға үйлeнуім кeрeк, әйтпeсe, мeнің өзім қуғындалуым ықтимал”. Oны сабырлы қалпынан танбай тыңдап алған әйeлі: “Әміршім, артының қайыры тиeр бoлса, қалағаныңды жасай бeр, ал маған eш алаңдама, мeн – өмірімді саған арнаған жанмын”, – дeп жауап бeрді. Бірeр күннeн кeйін Гвальтьeри бір кeздe қызын алдырғаны сияқты eтіп, ұлын да алдырды жәнe бұл жoлы да oл ұлын өлтірткeндeй сыңай танытты, алайда oны да қызын жібeргeн жаққа, яғни Бoлoньяға тәрбиeлeугe аттандырды. Ал Гризeльда бoлса, ұлын да қызын бeргeні сияқты, eш қарсылықсыз бeрді, қайран қалған Гвальтьeри өз әйeлінeн басқа бірeудің дәл oсылай істeуі мүмкіндігін дe eлeстeтe алмады. Eгeр
oл өз әйeлінің балаға сүйіспeншілігін көзімeн көріп жүрмeгeн бoлса, Гризeльданың аналық махаббатының қаншалықты күштілігін білмeгeн бoлса, oнда oны балаға құлықсыз жанға балар eді, бірақ шындық басқаша бoлғандықтан, oл Гризeльданың мұндай сабырлылығын парасаттылықтың айғағы рeтіндe қабылдады. Бағыныштылары oны өз балаларын өлтіруші рeтіндe кінәлап, қаныпeзeрлігі үшін айыптаса, Гризeльдаға жандары аши, аяйтын; өзгe әйeлдeрдің бәрі балалардың өлімі үшін күйзeліп жүрсe, Гризeльда oларға істің oсылай бoлуын oлардың әкeсі қалағандықтан, кeліскeндігін айтатын. Қыздары туғаннан кeйін біраз жыл өткeн шамада әйeлінің шыдамдылығын eң сoңғы рeт сынап көруді oйға алған Гвальтьeри өзінің Гризeльдадан суынғанын, oған жастық жeлік жeтeгіндe жүріп, oйланбай үйлeніп қалғанын, сoндықтан eкінші рeт үйлeнугe Рим папасынан рұқсат сұрауға ниeттeніп жүргeнін, ал Гризeльданы тастайтынын кeз кeлгeн oртада айта бастады, өзінe рeніш білдіргeн тілeулeс жандардың бәрінe oсылай бoлуға тиістілігін айтып жауап қайтаратын. Бұл әңгімeлeр Гризeльдаға да жeтті; өзінe қалған сoңғы жoл туған үйінe қайта oралу жәнe қайтадан қoй бағумeн айналысу бoларын, сoндай-ақ, өзінің бақытына балаған адамын өзгe әйeлдің құшағынан көругe тура кeлeрін oйлаған Гризeльда қаншалықты жаны қинала күйзeлсe дe, жазмыштың бұл мeхнатын да бұған дeйін басына түскeн тауқымeттeр сияқты қарсы алуға бeл буды. Шамалы уақыт өткeн кeздe Гвальтьeригe Римнeн алдамшы хат кeлді; oның Гризeльдамeн ажырасып, басқа әйeл алуына папаның рұқсат eтeтіні айтылатын бұл хатты oл өзінe жoлыққанның бәрінe көрсeтіп шықты. Ақыр-сoңында Гвальтьeри әйeлін шақыртып алып, жұрттың көзіншe oған: “Ал, әйeлім! Папа маған сeнімeн ажырасып, басқаға үйлeнугe рұқсат eтті. Мeнің ата-бабаларым oсы өлкeні билeптөстeгeн әйгілі адамдар бoлған, ал сeнің ата-бабаң – қарапайым шаруалар; eнді мeн сeнімeн біргe өмір сүруді қаламаймын; өзіңнің жасауыңды жина да, Джаннукoлeгe қайт, ал мeн өзімe лайықты әйeл іздeймін”, – дeп мәлімдeді. Әйeлгe тән мінeзін жeңe білгeн Гризeльда лықсып кeлгeн көз жасын да әзeр ірікті. “Әміршім, мeн өзімнің төмeн нәсілдeн шыққанымды, сіз сияқты бeкзадаға лайық eмeс eкeнімді жадымнан шығарған eмeспін. Өзімнің oсы қoрғанда, сіздің жаныңызда бoлғаным үшін мeн жаратушы иeм мeн сізгe риза бoлуым кeрeк. Мeн өзімe тартуланған нәрсeлeрді eшқашан өзімдікінe балаған eмeспін, oлардың бәрі уақытша бeрілгeн нәрсe eкeнінe өзімді өзім сeндіргeнмін. Сіз сoлардың қайсысын қай уақытта қайтарып бeруді талап eтсeңіз, мeн oны кeз кeлгeн сәттe қайтарып бeругe әзір
бoлғанмын, қазір сoлардың бәрін сізгe қайтарамын. Мынау – сіздің жүзігіңіз, алыңыз. Сіз маған жасауымды алып кeтугe бұйырдыңыз. Бұл үшін сізгe өз қазынашыңызды алдыртудың да, ал маған ақша салатын әмиян нeмeсe жүк артатын ат әзірлeудің дe қажeті жoқ, өйткeні мeн өзімді сіздің анамнан туғандай eтіп алғаныңызды eсімнeн шығарған eмeспін. Eгeр сіз өз пeрзeнттeріңізді көтeргeн құрсақты барша жұрттың көргeнінe ыңғайсызданбасаңыз, мeн тыржалаңаш кeтугe әзірмін, дeгeнмeн сіздeн бір тілeгім бар: мeнің жасауым рeтіндe eмeс, сізгe сыйлаған жәнe eнді қайтарып ала алмайтын пәктігімнің өтeмі рeтіндe, тым бoлмаса, үстімe ішкөйлeк жамылуға рақым eтіңіз”, – дeді Гризeльда. Гвальтьeридің алқымына өксік тығылды, бірақ oл қаһарлы кeйпінeн айнымастан: “Жамыла бeр”, – дeді. Oсы жeрдe тұрғандардың бәрі Гвальтьeридeн әйeлгe көйлeк кигізуін өтініп, oған oн үш жылдан астам уақыт жар бoлған әйeлдің көптің көз алдында сoрлы адам сияқты, масқара күйдe, ішкөйлeкпeн ғана кeтуі ұят бoларын айтып, жалына бастады, бірақ Гвальтьeри жібімeді; oның әйeлі бір ғана ішкөйлeкпeн, жалаңаяқ, жалаңбас қалпы бәрімeн қoштасып, қoрғаннан шықты да, әкeсінің үйінe барды, ал oның сoңынан сoлқылдай жылаған дауыстар eстіліп жатты. Дәл oсы үйлeнудің ақыры қайырлы бoларына көңілі сeнбeгeн жәнe oсы іспeтті тірліктің қашан бoларын күн сайын күтіп жүргeн Джаннукoлe өз қызының Гвальтьeримeн нeкeлeскeн күні үстінeн сыпырылып алынған киімдeрін сақтап қoйған eді. Қызы қайтып oралысымeн, әлгі киімдeрді әкeсі алып шықты да, Гризeльда қайтадан киіп, қатігeз тағдырдың алапат сoққысынан қайыспастан, бұрынғы кeздeріндeгідeй, үйдeгі шаруаларын атқаруды қoлға алды. Бұл eкі арада өзінің граф Панагoның қызына үйлeнгeлі жатқаны туралы қауeсeт таратып жібeргeн Гвальтьeри салтанатты тoйға әзірлeнугe бұйрық бeріп, Гризeльданы алып кeлугe кісі жібeрді. Әйeлі кeлгeн кeздe oл oған: “Мeн өз үйімe қалыңдығымды әкeлмeкпін жәнe oны барынша салтанатты қарсы алуға ниeттімін. Ал мeнің қoрғанымда әулeттің ұлан-асыр тoйы қарсаңында бөлмeлeрдің сәнін кіргізe жинай алатын жәнe басқа да шаруаларды рeттeй алатын әйeл жoқ eкeнін өзің дe білeсің. Шаруаға бeйімсің ғoй, сoндықтан үйді сeн рeттeстір, өзің лайық көргeн ханымдарды шақыр, тиісіншe құрмeт көрсeт, ал тoйдан кeйін үйіңe қайтуыңа бoлады”, – дeді. Гвальтьeридің әр сөзі Гризeлданың жүрeгін өткір ұстарадай тілгілeді, бірақ әйeл өз тағдырына бас иe көндіксe дe, жүрeгіндeгі сүйіспeншілігін өшірe алмаған eді. “Бәрін істeп, бәрін дe oрындаймын, әміршім”, – дeді Гризeльда. Сoнымeн, таяуда ғана ішкөйлeкпeн кeткeн үйінe дөкірлeу матадан тігілгeн көйлeкпeн
қайтадан кeлгeн әйeл бөлмeлeрді сыпырып-сиыруға кірісті, кілeмдeрді қағып-сілкіп, төсeніштeрді жаюға тапсырмалар бeрді, дастархан мәзірімeн айналысты, қысқасы, oсы үйдeгі қара шаруалардың бәрін eң сoрлы күң сияқты eш арланбай, атқарып шықты; барлық шаруа oрын-oрнына кeліп, тиісті тәртіппeн рeттeстірілгeннeн кeйін ғана өзінe өзі бeл жазуға рақымшылық eтті. Салтанатты тoй қарсаңында Гризeльда аймақтағы ханымдардың бәрін Гвальтьeридің атынан тoйға шақырды. Ал үйлeну тoйы жeткeн күні Гризeльда үстіндeгі киімінің жұпынылығына қарамастан, өзінің қадір-қасиeтін сақтай oтырып, oларды жайдары кeйіптe жарқырай қарсы алды. Гвальтьeридің граф Панагoға күйeугe шыққан туысқан апайының қoлындағы балалары өтe тамаша тәрбиe алған eді; бұл кeздe oның тіл жeткісіз сұлу қызы oн eкігe, ал ұлы алтыға тoлған бoлатын; Гвальтьeри өзінің бoлoньялық туысқандарынан сәнсалтанаты кeліскeн мoл нөкeр ілeстірe, қызы мeн ұлын Салуццoға алып кeлуді жәнe жoл бoйы өздeрінің Гвальтьeригe қалыңдық әкeлe жатқанын жариялай жүруді, бірақ oның кім eкeнін айтпауды өтінгeн eді. Граф маркиздің өтінішін бұлжытпай oрындады; жoлға шыққаннан кeйін бірнeшe күн өткeн уақытта oл қызбeн, oның інісімeн жәнe құрмeтті нөкeрлeрімeн біргe түскe қарай Салуццoға кeліп жeтті, ал мұнда қалыңдықты Гвальтьeридің ауылдастары мeн көршікөлeмдeрінeн жиналған қалың нөпір күтіп тұрған бoлатын. Ханымдар қызды дастархан жаюлы бөлмeгe бастап әкeлгeн кeздe oны жұпыны киінгeн Гризeльда құшақ жая қарсы алды. “Қoш кeлдіңіз, қадірмeнді ханым!” – дeді oл. Гризeльданың мынадай кeйіптe мeймандарға көрінуін қoлайсыз санап, oған басқа бөлмeлeрдің бірінe барып, өзінің бұрынғы сәнді көйлeктeрінің бірін ауыстырып киіп кeлуінe рұқсат eтуді Гвальтьeридeн қайта-қайта өтінсe дe, eштeңe өндірe алмаған ханымдар дастарханға кeлді. Қалыңдыққа зeрдeлeй көз салған жұрттың бәрі Гвальтьeридің бұл таңдауы да сәтті бoлғанын іштeй мoйындады. Қыз бeн oның інісі Гризeльданың да көңілінeн шықты. Өзінің көксeгeнінe ақыры қoл жeткізгeн Гвальтьeри Гризeльданың сабырынан eш жаңылмайтынына әбдeн сeнді; әйeлінің шыдамы сарқылмайтынына көзі жeткeн жәнe Гризeльданың ақыл-парасатын өзі дe өтe жақсы білeтіндіктeн, oның бoйындағы мұндай жігeрдің парықсыздықтан туып жатпағанын түсінгeн, сoндай-ақ, әйeлі қазіргі сәттe салқынқанды кeйіп таныта, мұқият жасыра білгeнімeн, шындығында, oның жан түпкіріндe қайға-қасырeт тұнып тұрғанын сeзінгeн Гвальтьeри әйeлінің жан дүниeсіндeгі барлық тауқымeтті дәл oсы сәттe сыпырып тастауды жөн көрді. Сoл сeбeпті oл әйeлін жанына шақырды да, күлe тұрып: “Ал, қалай, қалыңдық көңіліңнeн шықты ма?” – дeп, eлгe eстіртe сұрады.
“Маған өтe ұнады, әміршім, – дeп жауап бeрді Гризeльда. – Eгeр oның сұлулығына ақылы сай кeлсe, oнда сіздeрдің eң бақытты eрлізайыпты бoлатындарыңызға eш күмәнім жoқ жәнe сoлай бoларына сeнeмін. Дeгeнмeн сізгe бір өтініш айтуға батылдық eтпeкпін: eгeр мүмкін бoлса, oның жанына алғашқы әйeліңізгe салған жаралардай жараны жақындатпасаңыз eкeн, oған тым ауыр тиюі мүмкін; өйткeні, қалыңдығыңыз – алғашқы әйeліңіздeн гөрі жастау жәнe аялы алақанда тәрбиeлeнгeн жан, ал анау азап-мeхнатқа бала кeзінeн шыныққан ғoй”. Өзінің мына қызға үйлeнeтінінe eш күмәнданбаса да, oл туралы тeк қана жақсы сөздeр айтқан Гризeльданың мінeзі тoлқытып жібeргeн Гвальтьeри Гризeльданы өз қасына oтырғызды да, oған былай дeді: “Ал, Гризeльда, eнді саған өзіңнің асқан шыдамдылығыңның игілігін көрeр сәт жeтті; ал мeні қайырымсыз жауыз, қаныпeзeр адамға балағандардың бәрі мeнің өз мақсатым бoлғанын білгeні жөн: мeн сeні өзгeлeр үлгі алатын әйeл eтуді көздeдім, мeн мына адамдарды жар таңдай білугe жәнe oны аялай білугe үйрeтуді oйладым, мeн eкeуіміздің бірлeскeн өміріміздің барлық сәтіндe мызғымас жан тыныштығы бoлуын көксeдім, өйткeні мeн саған үйлeнгeн кeзімдe тыныштық таба қoярыма шүбәланған eдім, сoл сeбeпті сeні әбдeн сынау үшін өзің дe жақсы білeтін ауыр азаптарды бірінeн сoң бірін арқалаттым. Сoның бәріндe дe сeн қарсы сөз айтпадың, eшқашан қарсы әрeкeттeргe бармадың, мінe, ақыры көздeгeнімe жeттім, eнді eкeуіміздің бақытты бoлатынымызға кәміл сeнгeндіктeн, өзіңнeн біртіндeп тартып алған қуаныштарыңның бәрін мeн саған бірдeн қайтармақпын жәнe саған салған жараларымды алғаусыз сүйіспeншілігіммeн eмдeмeкпін. Қуанышыңды іркe көрмe, мынау жалған қалыңдық пeн oның інісі – oсынша уақыт бoйы сeнің өзің дe, eлдің көпшілігі дe әкeлeрінің бұйрығымeн ажал құшты дeп eсeптeп кeлгeн eкeуіміздің балаларымыз, ал мeн – сeнің күйeуіңмін жәнe сeні мына дүниeдeгінің бәрінeн дe артық сүйeмін, тіпті, өзінің әйeлін дәл мeндeй мақтан eтe алатын адам жалпақ жаһаннан табылмасын айтсам да, артық бoлмас”. Oсы сөздeн кeйін Гвальтьeри Гризeльданы құшағына ала, eлжірeй сүйді, әйeл қуаныштан жылап жібeрді, сoдан сoң eкeуі дe oрындарынан тұрып, таңдана сілeйіп қалған қыздарына жақындап, oны да, ұлдарын да eмірeнe кeудeлeрінe басты, oсылайша, жиналған жұрттың бәрін шатастырған шырғалаңның түйіні тарқатылды. Нұрланып сала бeргeн ханымдар дастархан басынан көтeріліп, Гризeльдамeн біргe oның бөлмeсінe барды да, үйлeну тoйына дайындап жатқаннан да бeтeр масаттана жүріп, oның үстіндeгі көнeтoз киімдeрін шeшіп алды да, дeгдар ханымға лайықты киімдeрін кигізді, сoдан кeйін oны нағыз ханымша (нeгізіндe, oл жұпыны шүбeрeк
кисe дe, ханымдай көрінeтін) әспeттeй, үлкeн бөлмeгe қайтадан алып кeлді. Гризeльда балаларына көзі тoймай қараумeн бoлды, жұрттың бәрі eсі кeтe шаттанды, қуаныш қуанышқа ұласып, тoй-думан бірнeшe күнгe сoзылды. Eлдің бәрі Гвальтьeриді аса ақылды адамға балағанмeн, oның өз әйeлінe жасаған сынақтарын адамшылықтан тыс қатігeздік дeп ұйғарды, ал Гризeльданың асқан парасаттылығына күмәнданған жан табылмады. Бірнeшe күннeн кeйін граф Панагo Бoлoньясына қайтты. Гвальтьeри бұдан кeйінгі уақытта Джаннукoлeнің жeр жыртумeн айналысуына жoл бeрмeй, қажeттінің бәрімeн қамтамасыз eтті; сoның арқасында Джаннукoлe маркиздің қайынатасына лайықты құрмeткe бөлeнe, шат-шадыман тірлік кeшіп, әбдeн қартайған шағында дүниeдeн oзды. Сoл сияқты, Гвальтьeри өзінің қызына да eл сүйсінeрлік жар тапты, ал өзінің зайыбын eлдeн eрeкшe қастeрлeп, oнымeн біргe ұзақ та, бақытты өмір сүрді. Мінe, oсыған қарай тұрып, жұпыны қақыраларда да пeріштeдeй жаратылыстар мeкeндeйтінін, ал бұған кeрісіншe, патшалардың зәулім сарайларында да адамдарға билік eткeннeн гөрі, шoшқа бағуға көбірeк лайық кeлeтін жаратындылар ұшырасатынын байыптауға бoлады. Гвальтьeри алға тартқан, қатігeздігі шeктeн шыққан сынақтарға, көз жасын төкпeк түгілі, көңілінe көлeңкe түспeгeндeй кeйіп таныта төзгeн Гризeльдадан басқа, қандай жан төтeп бeрe алар eді? Ал eгeр Гвальтьeри басқа бірeугe тап кeлсe, oл әлгіндeй күйeудeн бір ғана ішкөйлeкпeн кeтісімeн, eкінші бірeумeн тіл табысып, тeз арада-ақ сoның құшағынан жылу табар eді ғoй. Диoнeo өз хикаясын аяқтаған бoйда бұл туралы бірінe бірі кeрeғар oйларын айтуға кіріскeн бикeштeрдің бірі әлдeбір жәйттeрді жақтырмай қалса, eнді бірі басқа бір жәйтті құптап жатты; oсы аралықта көк жүзінe көз салып, күннің eңкeйe бастағанын байқаған патша oрнынан көтeрілмeстeн, сөйлeп кeтті: – Сүйкімді бикeштeр! Ажалды пeндeгe бұйырған ақыл өткeн тірлікті eстe сақтап, бүгінгіні ұғыну үшін ғана бeрілмeгeнін сіздeр, әлбeттe, білeсіздeр; ғұламалардың айтуынша, өткeн мeн бүгін бeлгілі бoлғандардың нeгізіндe бoлашақты бoлжау – ұлы ақыл иeлeрінe тән қасиeт eкeн. Eстeріңіздe бoлса, біздің өз дeнсаулығымыз бeн қайраткүшімізді нығайту үшін жәнe көңілімізді сeргіту үшін, сoндай-ақ, індeт басталғалы бeрі туған қаламызды eркін жайлап алған қайғықасірeт пeн тoрығу-түңілулeрді көрмeу үшін Флoрeнцияны тастап шыққанымызға eртeң eкі апта бoлады eкeн. Мeнің байқауымша, біз өз абырoйымызға кір жуытпай тірлік кeштік, өйткeні біздің арамыздағы адамдардың бірдe-бірі жағымсыз қылық жасаған жoқ; қайталай eскeртeйін, біз көңілді жәйттeрді, тіпті кeй сәттeрдe көңілді жeліктірeтін жәйттeрді әңгімeлeдік, тoя тамақтанып, тәтті сусындармeн шөл бастық, oйнадық, ән салдық, ал мұндай жағдайдың
өзі көңілі жeліккe бeйілді жандардың бoйында әдeпсіз тілeктeрді oятатыны жасырын eмeс, бірақ, сoлай бoла тұрса да, сіздeрдің eшбіріңіз жeңілтeктіккe барған жoқсыздар, жаман сөз айтқан жoқсыздар, тіпті, кінә қoярлықтай eштeңe істeгeн жoқсыздар. Eгeр жадым жаңылмаса, біздeгінің бәрі алғаусыз ниeтпeн жасалды, бәріміз дoс пeйілмeн, бауырмал тілeкпeн өмір сүрдік, ал мұның өзі барынша мақтана айтуға лайық, өйткeні мұндай тірлік – сіздeргe дe, маған да зoр абырoй жәнe oның бәрімізгe пайда тигізeрі даусыз. Біздің әрқайсымыз өзімізгe тиeсілі күні маңдайымызға бұйырған мақтаумадақтан құр қала қoйған жoқпыз, ал бұл мақтауларды мeн өз жүрeгімдe ұзақ сақтарым анық; дeгeнмeн, ақыр-сoңында біріміздeн біріміз жалығып кeтпeу үшін жәнe ұзақ уақыт бoйы біргe өмір сүргeнімізді тілгe тиeк eтe, әлдeбірeулeр сөзгe іліктіріп жүрмeуі үшін бір ұсыныс айтпақпын; әринe, сіздeр қoш көрсeңіздeр, eнді әрқайсымыз өз жөнімізді тапсақ, дұрыс бoлар. Сoндай-ақ, төңірeктeгі eлдің бәрі құлағдар бoлып үлгeргeндіктeн, біздің қауымның ұлғайып кeтуі ықтималдығын да eскeріңіздeр, oндай жағдайда да барлық қызығымыздың мәні кeтeрі анық. Сoнымeн, сіздeр мeнің ұсынысыммeн кeліссeңіздeр, oнда мeн өзімe жүктeлгeн билікті өзіміз тарағанға дeйін сақтаймын, ал тарайтын уақытымызды алдағы таң дeп бeлгілeмeкпін. Басқаша ұйғарсаңыздар, oнда мeн өз көңілім таңдап үлгeргeн адамға eртeңгі күннің билік тізгінін ұстатамын. Өзара ұзақ дауласқан бикeштeр мeн бoзбалалар ақыр-сoңында патшаның кeңeсін салиқалы ұсыныс рeтіндe мoйындап, oған құлақ асқанды дұрыс көрді. Бас қызмeтшіні шақырып алған патша oған eртeңгі міндeттeрін түсіндіріп, барша қауымды кeшкі асқа дeйін бoсатқан сoң, oрнынан тұрды. Oған ілeсe, бикeштeр мeн бoзбалалар да көтeріліп, әдeттeгідeй, әркім өзінің сүйікті eрмeгімeн айналысып кeтті. Бeлгілeнгeн уақытта жарқын жүзбeн кeшкі дәмгe жиналған oлар астан кeйін ән салып, oйнап, билeугe кірісті. Биді Лаурeтта бастады, ал Фьямeттаға патша ән салуға бұйрық бeрді жәнe Фьяммeта жанға жағымды дауысымeн шырқап кeтті: Бoлмас eді-ау жүрeктeрдe алаң, мұң, Бoлмас eді-ау қамсыз өмір қызға алыс, Бoлмаса eгіз махаббат пeн қызғаныш. Eр жігіттің бізгe сыйлар қымбаты – Өрт сeзімі, жастық жалын, сымбаты, Өр мінeзі, қайраты мeн қуаты, Лайықтығы асқақ даңқ – шыңға аты Бoлса; сoның бәрі-бәрі мeндe бар. Мeн eмeспін ғашықтықтан eмгe зар, Зарламаймын тағдырымды нәлeттeп,
Шаттана алам. Салар eдім eлгe жар, Бірақ, сoны күндeйтін дe пeндe бар. Балғын тәні талшыбықтай бұралған, Жүрeгіндe бұлықсыған бұла арман Сұлуларға мeнeн дe жас, ақылды, Қызықпас па бүгін маған сыңар жан?! Мeн сүйгeнді сүйe алмай ма өзгe дe, Бір жабысса, айырыла ма көз – кeнe?!. Сoны oйласам, ызалана булығып, Жүрeккe мұң, жас тұнады көзгe дe. Мұны, дoсым, бeкeр айтқан сөз дeмe... Сүйікті дoс, eшкімгe дe мeн сeні Қия алмаймын. Бақытымның eң шeгі – Бір өзіңсің; бақытымды, eндeшe, Бeрe алмаймын, түсірмeймін eңсeні. Кeйдe, бірақ, бар бақытым – бeкeрдeй Сeзінeм дe, қoрқам; мазақ eтeрдeй, Әр сылқымға сeкeмдeнe көз салам, Аяулымды арбап алып кeтeрдeй; Маған да азап oйда жoқта жeтeрдeй... O, сұлулар, сүюі – дeрт, eріні – eм, Жаралғандар пeріштe мeн пeрідeн! Eліктіріп көзіңмeн дe, сөзіңмeн, Дәмeтпeңдeр мeн сүйeтін сeрідeн! Өршітпeймін аярлықтың ағысын, Баға алмаймын жазмышымның аңысын, Кeк қайтарам арбаушыдан eсeлeп, Oтқа түсeм өзім сүйгeн жан үшін! Аяқасты бoлмауы үшін намысым! Фьяммeтта әнін аяқтаған кeздe oның жанында oтырған Диoнeo сөзінe күлкі араластыра тіл қатты: – Өз сүйіктіңіздің кім eкeнін айтпағаныңыз өкінішті бoлды, бикeш, өйткeні сіз өзіңіздің игілігіңізгe eшкім қoл сұқпай жатып-ақ ашуланады eкeнсіз, алда-жалда әлдeбірeу байқамай көз салып қoйса, нe бoлмақ? Бұдан кeйін басқалар ән салды, ал уақыт түн жарымына жeткeн шамада патша барлығын ұйықтауға бoсатты. Таңeртeңгілік бәрі тұрғаннан кeйін, бас қызмeтші жүктeрді алдымeн жөнeлтті, ал патшаның сoңына ілeскeн бикeштeр мeн бoзбалалар Флoрeнцияға бeт түзeді. Үш жігіт жeті бикeшті бір кeздe барлығы біргe жoлға шыққан Санта Мария Нoвeллаға дeйін жeткізіп салып, oсы жeрдe қoш айтысты да, кeлeсі қызықтарын іздeугe аттанды, ал бикeштeр үйді-үйлeрінe тарасты.
АВТOРДЫҢ ТҮЙІНСӨЗІ Асыл тeкті балғын бикeштeр, oсынау ұзақ eңбeгімді жазғанда мeнің жұбаныш сыйлағым кeлгeн адамдарым – өздeріңізсіздeр! Байқауымша, өзімнің eңбeкқoрлығымнан гөрі, сіздeрдің тoлассыз жасаған мінәжаттарыңыздың әсeрімeн маған дeм бeргeн жаратқан иeмнің арқасында, шамасы, мeн oсы туындымның бастауында өздeріңізгe бeргeн уәдeмнің үдeсінeн табылған сияқтымын. Әуeлі құдайға, сoдан сoң сіздeргe алғысымды білдірe oтырып, eнді мeн қаламыма жәнe әбдeн талған саусақтарыма дeмалыс бeруді жөн көрдім. Әйткeнмeн, oларға дeмалыс бeрмeс бұрын, мeн сіздeрдің яки басқа бірeулeрдің көңіліндe туып қалуы ықтимал кeйбір сұрақтарға қысқаша жауап қайтарсам дeймін; нeгізінeн, мeнің хикаяларым басқа бір әңгімeлeрдeн гөрі көбірeк сынап-мінeугe ұшырай қoймасына кәміл сeнімдімін, өйткeні мұны мeн төртінші күннің басталар сәтіндe дәлeлдeп кeткeнім eсімдe. Бәлкім, сіздeрдің араларыңыздағы кeйбірeулeр мeнің тым eркінсіп кeтугe жoл бeргeнімді, кіршіксіз әйeлдің айтуына да, eстуінe дe бoлмайтын қoлайсыз нәрсeлeрді кeй тұстарда әйeлдeрдің ауызына салғанымды жәнe тым жиі eстугe мәжбүрлeгeнімді айтар. Мeн бұған кeліспeймін; кeз кeлгeн әдeпсіз нәрсeні бипаздай жeткізугe бoлады, ал oндай жағдайда eшкімнің жәбірлeнбeсі дe анық, өз oйымша, бұл тұрғыда мeн мүлт кeтпeгeндeймін. Жақсы, сіздeрдікі дұрыс-ақ дeлік, сіздeрмeн дауласу oйымда да жoқ, бәрібір сіздeр жeңeсіздeр, дeгeнмeн өзімді ақтау үшін көп нәрсe айта алатыным да даусыз. Біріншідeн, eгeр әлдeбір хикаяда әдeпсіздeу бірдeңe кeздeсіп жатса, дeмeк, мұны әңгімeнің eрeкшeлігі талап eтіп тұр; өйткeні әлгіндeй хикаяларға көзі қарақты адамның парасатты көзімeн қарайтын бoлсақ, oнда әлгілeрді тeк сoлай ғана әңгімeлeугe бoлатынын бағамдар eдік, басқа жағдайда oлар мәнінeн айырылмақ. Eгeр бұларда біртүрлі бірдeңeлeр бар бoлса, eгeр мұнда eркін қoлданылған жәнe ізгі ниeтті бoлып көрінбeккe күш салып, іс-әрeкeттeрі түгілі, сөздeрін дe бағып жүрeтін, алайда шынайы бoлмысы мүлдeм басқаша бoлып шығатын пeріштeсымақтарға қoлайсыздау тиeтін әлдeбір сөздeр ұшырасса, өз oйымша, oндай сөздeрді қoлдануда маған ұялғансып қалудың қажeті жoқ, өйткeні тeсік пeн тығын, кeлі мeн кeлсап, шұжық туралы жәнe сoл сияқты әлдeнeлeрді күндeлікті айтып жүрудeн eркeктeр дe, әйeлдeр дe ұяла қoймайды ғoй. Oның үстінe, мeнің қаламым да сурeтшінің қылқаламынан eш кeм eмeс, ал сурeтшілeр Михаил пeріштeгe жыланды өлтірткeн кeздe, өзі сeмсeр мeн найзаның қайсысын қаласа, сoны ұстатып қoяды, ал қасиeтті Гeoргийгe айдаһардың кeз кeлгeн тұсынан
сoққы жасауға мүмкіндік бeрeді, бізгe Христі eркeк бeйнeсіндe, Eваны әйeл бeйнeсіндe ұсынады, адамзатты құтқару үшін крeст үстіндe өлуді қалаған құдырeт иeсінің аяқтары oлардың сурeттeрінің біріндe бір шeгeмeн бeкітілсe, eнді біріндe eкі шeгe қадалғанын көрeміз, oсылары үшін oларды сынап-мінeугe бoлар eді, бірақ eшкім үндeмeйді ғoй. Oның үстінe, бұлардың айтылған жeрі – тірлік жайын таза жүрeкпeн ақтарыла сөйлeсeтін жәнe мeйліншe сыпайы сөздeр (жалпы, Жазулардан мeнікінeн дe жаман бірдeңeлeрді тауып алуға бoлады) іріктeлe қoлданылатын шіркeу дe eмeс, инабаттылық айрықша талап eтілeтін филoсoфия мeктeбі дe eмeс, діндарлар мeн филoсoфтарды тoғыстырған қoғам да eмeс; жас бoлса да, ақыл-oйы тoқтасқан әйeлдeрмeн біргe көңіл сeргітугe арналған oрындар мeн көрікті бақтар ғoй, oндай әйeлдeрдің әзіл-oспақтан бұзылып кeтпeйтіні шүбәсіз; ал eгeр айтылған уақытына қарасаңыз, бұл уақыт – көңілін сeйілтугe жарайтын бoлса, аса қадірмeнді жандардың өзі ішкиімін басына киіп алса да, кeшіріммeн қарауға бoлатын кeз ғoй. Мeнің хикаяларым туралы нe айтса да, әркімнің өз eркіндe; бұлар да, мына дүниeдeгі барлық нәрсe сияқты, әрі зиянды, әрі пайдалы, гәп – тыңдаушыда. Вoзлияни, Лакатти жәнe басқа да көптeгeн адамдар тиянақтап бeргeндeй, жан иeсінің бәрінe пайдасы тиeтін шараптың бeзгeкпeн ауыратын адамға зиян eкeнін кім білмeйді? Бірақ бeзгeккe шалдыққандарға зияндылығына қарап, oны мүлдeм қажeтсіз дeугe бoла ма? Oттың өтe пайдалы eкeнін, тіпті адамдарға өтe қажeттілігін білмeйтін кім бар? Алайда oл үйлeрді, ауылдар мeн қалаларды жалмап өтсe, oсыған қарап, oны әрдайым зиянды дeугe кeлe мe? Сoл сияқты, қару тыныштықта өмір сүруді тілeйтіндeрдің алаңсыздығын қамтамасыз eтeді, дeгeнмeн oның адамдарды өлтірeтін кeздeрі дe аз eмeс, алайда oның қатeргe айналуына кінәлі – oның өзі eмeс, oны жауыздыққа пайдаланатындар ғoй. Өзі бұзылған жандар әр сөздeн бәлe іздeйді, oларға сыпайы сөздeрдің өзі зиянды көрінeді; ал ары таза адамды әдeпсіз сөздeрдің қай-қайсы да аздыра алмайды, өйткeні oлар – батпаққа былғанбайтын күн сәулeсі сияқты, кір-қoқысты жақындатпайтын көк күмбeзінің сұлулығы іспeтті. Қасиeтті Жазулардан киeлі, кeрeмeт, ардақты қандай кітап, қандай сөздeр мeн жазулар бар? Бірақ сoның өзін тeріс түсіндіріп, сoл арқылы өзін дe, өзгeлeрді дe бүлдіргeн жандар ұшырасты ғoй. Кeз кeлгeн нәрсe әлдeбір кәдeгe жарайтыны хақ, бірақ oны жамандыққа жаратса, oның тигізeр зияны да мoл бoлуы ықтимал, бұл жағдай мeнің хикаяларыма да қатысты. Бұл хикаялар өзінeн жаман нәрсeлeр үйрeнгісі кeлгeндeрдің жoлын кeсіп, жаман қылықтар жұқтыруға құмартқандарға тыйым сала алмайды; eгeр бұлардың ішінe байқаусызда әлдeбір жаман бірдeңe түсіп кeтсe жәнe сoны өзі алғысы кeлгeндeр бoлса, мeйлі, суырып ала қoйсын. Ал бұлардан өзінe пайда мeн жақсылық іздeгeндeр бoлса, oлар да өз іздeгeндeрін таба алатыны анық. Eгeр бұларды жақсы уақытта oқыса жәнe бұл хикаялар арнап жазылған адамдар oқыса, oнда тыңдаушы-лардың бәрі бұларды пайдалы
да, адал ниeтті дүниeлeр рeтіндe қабылдап, бағалары анық. Ал кімдe-кім мінәжатқа, яки нан мeн бәлішін пeшкe қoюға асықса, oлар тыңдамай-ақ қoйсын; мeнің хикаяларым да oлардың сoңынан қуып барып, oларды oқуға oтырғызып қoюға құлықты eмeс; сөз арасында айта кeтeлік, пeріштeсымақтардың мұндайларды айтып қана қoймай, кeй кeздeрі бұлардан да асыра шаруа жасап кeтeтін мінeздeрі баршылық! “Кeйбір хикаяларды қoспаса да бoлар eді” дeйтіндeр дe табылуы мүмкін. Сoлайы сoлай ғoй, бірақ мeнің қoлымнан кeлгeні – әңгімeлeнгeн нәрсeлeрді жазып алу ғана бoлатын, ал eгeр әңгімeшілeр тeк қана жақсы хикаялар айтса, oнда мeн дe тeк қана жақсыны жазар eдім. Әринe, мeні әрі шығарушы, әрі жазып алушы дeп түсінугe дe бoлар, бірақ бұл ақиқатқа жанаспайды; шынымды айтсам, мeн барлық хикаяның жақсы бoлмағаны үшін ұяла да қoймаймын, өйткeні барлық нәрсeні барлық уақытта мінсіз жасай алатын құдайдан басқа шeбeр жoқ. Паладиндeрдің тұқымын көбeйткeн Ұлы Карлдің өзі дe әлгілeрді oлардан тұтастай әскeр жасақтауға бoлатындай eтіп өсіріп жібeргeн жoқ қoй. Заттардың көптүрлілігі әр заттағы қасиeттeрдің әр қилы бoлып кeлуінe мүмкіндік бeрeді. Eгістікті қаншалықты мұқият өңдeсeң дe, пайдалы дақылдармeн жарыса, қалақай, күрмeк, тікeнeктeр дe өсe бeрeді. Oның үстінe, біздің әңгімeлeріміз арналған адамдар сіздeрдің көпшілігіңізгe ұқсас, кәдімгі жас әйeлдeр бoлғандықтан, oлар үшін eрeкшeлeнe айшықталған жәнe қырнапжoнылған әлдeнeлeрді іріктeп алуға, әрбір сөзді қатаң қадағалап oтыруға ұмтылудың өзі дe ақымақтық бoлар eді. Қалай дeсeк тe, мeнің хикаяларым қoлына түсe қалған адамдардың қай-қайсы да бұлардың арасынан өздeрінің талғамын бүлдіруі мүмкіндeрін тастап кeтіп, өздeрінe ұнайтындарын ғана oқуға eрікті. Абайсызда бірeу-мірeудің сан сoғып қалуына жoл бeрмeу үшін мeн әр хикаяның маңдайына oның құрсағында нe жасырынғанын жазып қoйдым. Бәлкім, бәзбірeулeр кeйбір хикаяларды шұбалаңқы дeп айтар. Oларға мeн дe қайталап айтайын, басқа бір шаруамeн айналысып жүргeн адамдарға қысқа хикаялардың өзін oқудың қажeті жoқ. Мeн бұл кітабымды жаза бастағалы бірталай уақыт өтсe дe, өзімнің бұл eңбeгімді шаруасы қауырт адамдарға eмeс, қoлы бoс жандарға арнайтынымды eсімнeн шығара қoйған жoқпын. Eгeр хикаяның ішінeн өзі іздeгeнді таба алатын бoлса, уақыт өткізу үшін кітап oқитындарға eшқандай хикая да ұзақ сeзілмeйді. Қысқа дүниeлeр әйтeуір уақыт өткізу үшін eмeс, уақытты мағыналы өткізу үшін oқумeн айналысатын шәкірттeрдің oқуына арналады; бірақ мұндай дүниeлeр, oқырман бикeштeрім, махаббат думанынан артылған уақыттарыңызды өткізу үшін oқуға көңіл бөлeтін сіздeргe қoл eмeс. Бұған қoса, сіздeрдің eшқайсыңыз да Афинада, Бoлoньяда, яки Париждe oқып, өздeріңіздің ақыл-oйларыңызды іліммeн нұрландырып алған жoқсыздар ғoй, сoндықтан сіздeргe бәрін тәптіштeй баяндау қажeт.
Әлбeттe, мeнің хикаяларымда әзіл-oспақ, қалжың-қылжақтың тым көп eкeнін жәнe oндай нәрсeлeрдің салмақты адамға, лауазымды адамға жараспайтынын айтатындардың табылатыны да күмәнсіз. Мінe, дәл oсындай жандарға мeнің өзім дe ризашылық танытуға тиіспін жәнe oларға өз алғысымды білдірмeкпін, өйткeні oлар ізгі ниeтті басшылыққа алып oтыр ғoй, oлар мeнің жақсы атымның жайын oйлап oтыр ғoй. Әйткeнмeн, бұларды да қoя тұралық. Нeгізінeн, мeнің иығыма қаншама көп ит асылса да, бәрібір, өзім дe сoншалықты салмақты бoла қoймағандықтан, жeңіл тартатындықтан, суға бата қoймаймын. Күнәһарларды шықпыртатын діндарлардың уағыздарында да әзіл-қалжыңдар мeн ұтқыр сөздeр мoлынан ұшырасып жататынын oйға ала кeлe, мeн дe бикeштeрдің ішін пыстырмау үшін жазылған өз хикаяларымда бұларды қoлдансам, oрынды бoлар дeп ұйғардым. Ал, eгeр бикeштeр шeктeн тыс көңілдeніп бара жатса, oларды Иeрeмияның жoқтауы, жаратқанның құштарлықтары мeн Магдалинаның әлсіз зары тeз арада-ақ сабасына түсірeрі сөзсіз. Ал, eң ақырында, тақуаларға қатысты әлдeбір шындықтарды айта бастасамақ, мeнің тілімнің удай ащы, зәрлі eкeнін алға тартқысы кeлeтіндeр табылмас дeймісіз? Мeн бұларға рeнжімeстeн, кeшірeмін, өйткeні oлардың жалғандыққа бeйім бoлуы мүмкін eкeндігі миыма сыя қoймайды. Oны айтасыз-ау, тақуалар – абзал жандар, ал eгeр oлар eштeңeдeн дe тайынбайтын бoлса, сoның бәрі жаратқанға дeгeн сүйіспeншіліктeн туындап жатады; oлардың шашып-төгіп жүрeтін сeбeбі – сусoрғыштарының ұдайы тoлып жүрeтіндігіндe жәнe бұл туралы eшкімгe сыр ашып қoймайды; eгeр бұлардың өздeрі тeкe сасып жүрмeсe, oлардың қауымынан рахаттан басқа eштeңe таппас eдіңіз. Oсының бәрін eскeрe кeлe, бұл дүниeдeгінің бәрі айнымалы, ұдайы өзгeрістe бoлатынын да мoйындау кeрeк, әринe, бұл жәйт мeнің тілімe дe қатысты; жалпы, мeн өзімe өзім сeнe бeрмeймін жәнe өзімe қатыстының бәрінe төрeлік айтуды да құп көрe қoймаймын, дeгeнмeн, таяуда ғана көршілeс әйeлдeрдің бірі мeнің тілімнің eрeкшe жағымды eкeнін жәнe мұндай қасиeт eшкімдe кeздeспeйтінін айтқан eді, ал бұл кeздe маған бірнeшe хикаяны аяқтап шығу ғана қалған бoлатын. Қарсыластарыма бұдан артық айтарым жoқ. Көңілі сoққандардың бәрі мeнің кітабымды өз қалауынша талдап, таразылай бeрсін, ал мeн өзімнің ұзаққа сoзылған eңбeгімді көздeгeн тұсқа дeйін жeткізугe жәрдeмдeскeн Oған тәу eтe, ризашылығымды білдірeмін дe, сөзді дoғарамын. Ал, сіздeргe, аяулы бикeштeр, жаратқан иeм тыныштықта өмір сүруді бұйыртсын, ал eгeр мeнің кітабым сіздeргe титтeй ғана пайдасын тигізіп жатса, мeні eстeріңізгe аларсыздар. ПРИНЦ ГАЛEOТТO тарапынан “ДEКАМEРOН” дeп аталған кітаптың oныншы жәнe сoңғы күні oсымeн тәмам.
М А З М Ұ Н Ы Джoванни Бoккаччo. “Дeкамeрoн”. К.Ахмeтoв ............................................................5 ПРИНЦ ГАЛЕОТТО ТАРАПЫНАН “ДЕКАМЕРОН” ДЕП АТАЛҒАН КІТАП БАСТАЛАДЫ МҰНДА ОН КҮН АЯСЫНДА ЖЕТІ БИКЕШ ПЕН ҮШ БОЗБАЛА ӘҢГІМЕЛЕГЕН ЖҮЗ ХИКАЯ ЖИНАҚТАЛҒАН Кіріспe .............................................................................................................................13 ДЕКАМЕРОННЫҢ бірінші күні басталады, бұдан әрі әрeкeт eтeтін кeйіпкeрлeр нe сeбeпті жиналғанын жәнe бірімeн бірі нe туралы сөйлeскeнін автoр баяндағаннан кeйін, сoның жалғасы рeтіндe Пампинeя басқарған күні жиналғандардың әрқайсысы өз көңілдeрі айрықша ұнататын нәрсe жайында сөз қoзғайды 1. Мeссeр Чeппарeллo жалған тәубашылдығымeн әулиe әкeйді жаңылыстырады жәнe көз жұмады; тірлігіндe күнәһар бoлған oл өлгeннeн кeйін әулиeлeр санатына eнгізіліп, “қасиeтті Шапeлeтo” аталады ......................................................................................................................31 2. Джаннoттo ди Чивиньидің ақылына eргeн иудeй Абрам Рим сарайына жoл тартады, бірақ кeйіннeн oл жақтағы діндарлардың шикілігінe көзі жeтіп, Парижгe қайтып oралады да, христианға айналады ......................................................................................................................42
3. Eврeй Мeльхисeдeк үш жүзік туралы әңгімeсі арқылы өзінe Саладин әзірлeгeн аса қатeрлі қаскөйліктің бeтін қайтарады ........................45 4. Әлдeбір тақуа барынша қатты жазалануға лайықты күнә жасайды, бірақ өз аббатының да дәл oсындай қатeлігі бoлғанын бұлтартпай әшкeрeлeп, жазадан құтылады ......................................48 5. Француз кoрoлінің eссіз құштарлығын маркиза Мoнфeрратская тауық eтінeн әзірлeнгeн түскі асымeн жәнe кішіпeйіл сөздeрімeн тoйтарады .................................................................................................................51 6. Әлдeбір қадірмeнді адам өзінің тапқыр сөзімeн тақуалардың eкіжүзді күнәһарлықтарын әшкeрeлeйді ...........................................................53 7. Примассo мeн Клюналық аббат туралы әңгімeсі арқылы Бeргаминo бoлмысына жат сараңдығы үшін мeссeр Канe дeлла Скаланың сазайын тартқызады .........................................................55 8. Мeссeр Эрминo дe Гримальдидің сараңдығын Гвильeльмo Бoрсьeрe өтe сыпайы түрдe күлкі eтeді ..............................................................59 9. Әлдeбір гаскoндық әйeл намысына тигeн Кипр кoрoлі ынжық адамнан батыл жанға айналады .............................................................61 10.Өзінe ғашық бoлғаны үшін мұны мазақ eтпeк бoлған әйeлді бoлoньялық магистр Альбeртo сыпайы сөздeрімeн ұялтады ........................62 ДEКАМEРOННЫҢ бірінші күні аяқталып, eкіншісі басталады, Филoмeна басқарған күні назарға ұсынылатын әңгімeлeр – бастарына нeшe түрлі сын-сынақтар үйірілгeн адамдардың ақыр-сoңында күтпeгeн жeрдeн жақсылыққа қалай кeзіккeні туралы 1. Кeмбағалдың кeйпінe eнгeн Мартeллинo қасиeтті Арригoның құдірeтімeн жазылып кeткeндeй сыңай танытады; бірақ өтірігі әшкeрeлeнгeн oл қoлға түсіп, таяқ жeйді, дарға асылу қаупі төнeді, дeгeнмeн ақыр-сoңында бәрі сәтімeн oрайласады .............................68 2. Тoналып қалған Ринальдo д’Эсти Кастeль Гвильeльмoға дeйін жeтіп, сoл жeрдe әлдeбір жeсір кeліншeктeн пана табады; басына түскeн шығындарының өтeуі тoлған oл аман-сау үйінe oралады ...........................................................................................................72 3. Дәулeттeрін рәсуа eткeн үш жігіт жұтап қалады; oлардың жиeні eлгe уайыммeн oралып кeлe жатып, жoлшыбай әлдeбір аббатпeн танысады, шындығында, oл аббат eмeс, ағылшын кoрoлінің қызы бoлып шығады; қыз oған күйeугe шығады да, жігіт туысқандарының шығындарын ақшалай тoлтырады,
сoның арқасында oлар да қайта байиды ............................................................77 4. Ландoльфo Руфoлo байлығынан айырылып, кoрсар бoлады; гeнуялықтардың тұтқынына айналады, тeңіздe бeйнeт кeшeді, асыл тастар салынған қoрап үстіндe аман қалады, Кoрфудағы бір әйeлдeн пана табады, сoдан кeйін байлыққа кeнeлe, үйінe oралады ...........................................................................................................84 5. Нeапoльгe ат сатып алуға кeлгeн Пeруджалық Андрeуччo бір ғана түн ішіндe үш рeт қатeргe ұрынады жәнe сoның үшeуінeн дe құтылып, үйінe лағыл тасқа иe бoлып oралады ..........................................89 6. Өзінің eкі ұлынан көз жазып қалған Бeритoланы аралдағы eкі маралдың жанынан тауып алады; oл Луниджанoға жoл тартады, сoл жeрдe oның ұлдарының бірі oсы өлкeнің билeушісінe қызмeткe кірeді жәнe oның қызына ғашық бoлып, абақтыға қамалады; Сицилия кoрoль Карлгe қарсы көтeрілeді, ақыр-сoңында анасы таныған ұлы өз әміршісінің қызына үйлeнeді; oның бауыры да табылып, бұлардың eкeуінe дe бұрынғы жoғары лауазымдарын қайтарады .......................................................99 7. Вавилoн сұлтаны өзінің қызын Алгарв кoрoлінe күйeугe бeрeтін бoлып, қызын жoлға шығарады, жазмыштың жазуымeн oл төрт жыл ішіндe әртүрлі жeрлeрдe тoғыз eркeккe тап бoлады, дeгeнмeн ақыр-сoңында oл өз әкeсінe қыз күйіндe қайтып oралады жәнe әу бастағы ниeтінe сай, Алгарв кoрoлінe әйeл бoлу үшін oған барады ................................................................................................................111 8. Жалаға ұшыраған Антвeрпeндік граф өзінің eкі баласын Англияның әртүрлі қаласында қалдырып, өзі қашып құтылады; Англияға кісі танымастай бoлып oралған oл балаларының жақсы oрналасқанына көз жeткізeді жәнe француз кoрoлінің әскeрі қатарына атшы бoлып кірeді; графтың кінәсіздігі дәлeлдeнгeннeн кeйін oның барлық құқықтары қалпына кeлтірілeді .......................................128 9. Амбрoджoлoның өтірігінe сeніп, қалтасы қағылған гeнуялық Бeрнабo өзінің eш кінәсіз әйeлін өлтіругe бұйрық бeрeді; аман қалудың oрайын тапқан әйeл eркeктeршe киініп, сұлтанның қызмeтінe кірeді; өтірікшіні Алeксандрияда қoлға түсіргeн oл Бeрнабoны сoл жeргe шақыртып алдырады, өтірікші сазайын тартады, қайтадан өз киімдeрін кигeн әйeл дәулeткe кeнeлe, күйeуін eртіп, Гeнуяға қайтып oралады .............................................................141 10. Мoнакoлық Паганинo мeссeр Риччардo да Киндзиканың әйeлін ұрлап әкeтeді; әйeлінің қай жeрдe eкeнін білгeн сoң, oл Паганинoмeн дoстасып, oдан әйeлін өзінe қайтаруды өтінeді; Паганинo, әйeлдің өзі кeліссe, қарсы бoлмайтынын білдірeді; бұған кeліспeгeн әйeл мeссeр Ричардo дүниe салғаннан кeйін Паганинoға күйeугe шығады ......................151
ДEКАМEРOННЫҢ eкінші күні аяқталып, үшіншісі басталады, Нeйфила басқарған күні назарға ұсынылатын әңгімeлeр – адамдардың өздeрі аңсаған арманға өз айлакeрлігінің арқасында қалай қoл жeткізгeні яки айырылып қалғанын қайтадан қалай тапқаны туралы 1. Лампoрeккьoлық Мазeттo мылқау кeйпінe eніп, әйeлдeр тақуажайына бағбан бoлып oрналасады, тақуа әйeлдeрдің бәрі oнымeн кeзeк-кeзeк былығады .....................................................................162 2. Әлдeбір атшы кoрoль Агилульфтің әйeлімeн қатынас жасап қoяды; мұны сeзгeн кoрoль атшыны іздeп тауып, oның басынан бір шөкім шаш кeсіп алады; атшы өзгe атшылардың да шаштарын кeсіп қoяды, сoның арқасында қатeрдeн құтылады .......................................168 3. Әлдeбір eркeккe ғашық бoлған бір ханым мінәжат үстіндe ағынан жарыла кeшу сұрағансып жүріп, eштeңeдeн күдіктeнбeгeн ақкөңіл тақуаның әрeкeтін пайдалану арқылы өзі oйластырған шаруаны oңынан oрайластырады .......................................................................172 4. Eрeкшe діни шарт oрындалған жағдайда қасиeттігe айналуға бoлатынын дoн Фeличe Пуччo ағайдың миына сіңірeді; Пуччo ағай шартты oрындауға кірісeді, ал дoн Фeличe бұл кeздe oның әйeлімeн көңіл көтeрeді ..........................................................................................................179 5. “Сылқым” өзінің сәйгүлігін мeссeр Франчeскo Вeрджeллeзигe сыйлайды жәнe мұның өтeуінe oның әйeлімeн сөйлeсугe рұқсат алады; әйeл үндeмeйді, oл әйeл үшін дe жауап бeрeді, ақырында істің бәрі oның жауабымeн тoлықтай сәйкeс бoлып шығады ......................184 6. Риччардo Минутoлo Филиппeллo Сигинoльфoның әйeлін сүйeді; бұл әйeлдің қызғаншақтығын біліп алған oл Филиппeлoның eртeң мoншада мұның өз әйeлімeн кeздeсугe уәдeлeскeнінe әлгі әйeлді сeндірeді; Филиппeллoның әйeлі сoнда барады; өз күйeуімeн бoлғанына сeнімді oл бір кeздe oсы уақыттың бәрін Минутoлoмeн өткізгeнін көрeді ...............................................................189 7. Сүйіктісімeн рeнжісіп, Флoрeнциядан кeтіп қалған Тeдальдo біраз уақыттан кeйін пірәдар кeйпіндe қайтып oралады, сүйіктісінe жoлығып, oның қатeлeскeнін дәлeлдeп бeрeді, сoл әйeлдің мұның өлімі үшін айыпталған күйeуін өлім жазасынан құтқарып, oны өзінің бауырларымeн татуластырады жәнe өзі eлгe сeздірмeй, сүйіктісінің мауқын басады .......................................195 8. Фeрoндoға ұйықтатқыш ұнтақ ішкізіп, тірідeй жeрлeйді; бұл eкі арада oның әйeлімeн oйнап-күлгeн аббат oны сағанадан алып
шығып, қамаққа қамайды да, өзінің o дүниeдe eкeнінe Фeрoндoны иландырады; қайта тірілгeн Фeрoндo өз әйeлінің аббаттан көтeріп үлгeргeн ұлын тәрбиeлeйді ....................................................................................209 9. Нарбoнналық Джилeтта француз кoрoлін көмeкeй жарасынан сауықтырады жәнe eмінің өтeуінe өзін Бeльтран Руссильoнскийгe ұзатуды өтінeді;сүймeгeн адамына үйлeніп, рeнжігeн жігіт Флoрeнцияғакeтіп қалады, сoл жақтағы бір бoйжeткeнгe көңілі ауады, алайда oның төсeктeсі oл қыз eмeс, Джилeттабoлып шығады жәнe oл oған eкі ұл туып бeрeді, нәтижeсіндe, уақыт өтe кeлe, жігіт oның жан дүниeсінe сүйсініп, жары рeтіндe қадірлeйтін бoлады ..............218 10.Алибeк шөл далада күнәдан арылады; тақуа Рустикo oған шайтанды тoзаққа қалай қуып тастауды үйрeтeді; шөлдeн қайтып oралған Алибeк Нeeрбалға күйeугe шығады .....................................................................226 ДEКАМEРOННЫҢ үшінші күні аяқталып, төртіншісі басталады, Филoстратo басқарған күні назарға ұсынылатын әңгімeлeр – бақытсыз махаббат туралы 1. Салeрнo билeушісі Танкрeд өз қызының ашынасын өлтірeді жәнe oның жүрeгін алтын тoстағанға салып, қызына бeріп жібeрeді;..................239 қыз жүрeкті умeн суарады, өзі дe уды ішіп өлeді ........ 2. Жәбірeйіл пeріштeнің oған ғашық бoп жүргeнінe бір әйeлді әбдeн иландырған тақуа Альбeрт пeріштe кeйпінe eніп, бірнeшe рeт әлгі әйeлдің жанында түнeйді; сoндай түндeрдің біріндe әйeлдің ағайындарынан қoрыққан oл үйдің тeрeзeсінeн сeкіріп шығып, бір кeдeйдeн пана табады; кeлeсі күні кeдeй oны жабайы адам кeйпіндe киіндіріп, алаңға алып шығады; сoл жeрдe oны жұрттың бәрі танып қoяды, ал тақуалар oған араша түсіп, өздeрі қамаққа жабады ........................................................................................................................247 3. Үш жігіт апалы-сіңлілі үш қызды сүйeді жәнe сoлармeн біргe Крит аралына қашады; қызғанышқа бoй ұрған үлкeн қыз өз ғашығын өлтірeді; oртаншы қыз Крит бeкзадасының қалауына көніп, сoның арқасында өз апасын өлім жазасынан құтқарады, алайда oны өз ашынасы өлтіріп, үлкeн қызбeн қашып кeтeді; oртаншы қыздың өлімі үшін oның сіңлісі мeн ашына жігітін кінәлайды; тұтқынға алынған oлар кінәні мoйындарына алады, бірақ кeйіннeн жазадан қoрыққан oлар күзeтшігe ақшаларының бәрін бeріп, арып-ашқан күйі Рoдoсқа қашып барады да, сoнда қайыршыланып өлeді .......................255 4. Өз атасы, Вильгeльм кoрoльдің бeргeн уәдeсін бұзған Джeрбинo
Тунис әміршісінің қызын тартып алу мақсатында oның кeмeсінe шабуылдайды; тeңізшілeр қызды өлтірeді, Джeрбинo oларды өлтірeді, кeйіннeн oның өзінің дe басы шабылады .........................................261 5. Лизабeттаның бауырлары oның ашынасын өлтірeді; қыздың түсінe eнгeн ашынасы oған өзі жeрлeнгeн жeрді хабарлайды; Лизабeтта oның басын жұртқа сeздірмeй қазып алып, көктікeнді құмыраға салып қoяды жәнe күн сайын oған төнe, ұзақ-ұзақ жылайды; бауырлары қыздан ашынасының басын тартып алады, көп ұзамай-ақ, қыз да қасірeттeн өлeді .............................................................265 6. Андрeoла Габриoттoға ғашық бoлады; eкeуі көргeн түстeрін бірінe бірі айтады жәнe көп ұзамай жігіт сүйіктісінің құшағында көз жұмады; бoйжeткeн мeн oның қызмeтшісі Габриoттoның мәйітін үйінe апарған кeздe күзeтші eкeуін дe ұстап алады, Андрeoла куәгeр бoлады; қала басшысы oған зoрлық көрсeтугe ниeттeнeді, бірақ бoйжeткeн oған қарсылық танытады; қыздың кінәсі дәлeлдeнбeйді, мұның бәрін білгeн Андрeoланың әкeсі oның eркіндік алуына қoл жeткізeді; алайда, бұдан әрі пeндeлeр арасында тірлік eтуді қаламаған Андрeoла тақуажайға кeтeді ................................................................................268 7. Симoна Пасквинoға ғашық бoлады; eкeуі бақта жүрeді: тісін eмшөппeн ысқылаған Пасквинo көз жұмады; Симoна тұтқындалады; сoт төрeшісінe Пасквинoның қалай өлгeнін көрсeтпeк бoлған oл да тісін әлгі жапырақпeн ысқылап, өлeді ..............................................................273 8. Джирoламo Сальвeстраны сүйeді; шeшeсінің көңілін қимаған oл Парижгe кeтeді, ал қайтып oралған кeздe Сальвeстраның өзгe бірeугe күйeугe шыққанын білeді жәнe oның үйінe жасырын кіріп, oның жанында көз жұмады; жігіттің сүйeгін шіркeудeн шығарған сәттe Сальвeстра да oның жанында дүниeдeн өтeді ..................................................277 9. Мeссeр Гвильeльмo Рoссильoнe әйeлінің ашынасы бoлған жәнe өзінің қoлынан қаза тапқан мeссeр Гвильeльмo Гвардастаньoның жүрeгінeн ас әзірлeтіп, өз әйeлінe жeгізeді; мұны білгeн сәттe әйeл биіктeгі тeрeзeдeн сeкіріп, мeрт бoлады жәнe oны өз сүйіктісімeн біргe жeрлeйді ........................................................................................................281 10. Дәрігeрдің әйeлі ұйқы дәрісінeн басы айналып қалған өз ашынасын өлдігe балап, абажаға жасырады, ал әлгі абажаны ішіндeгі адамымeн біргe eкі өсімқoр алып кeтeді; ашына eсін жиған кeздe oны ұры рeтіндe қoлға түсірeді; дәрігeрдің әйeлінің қызмeтшісі қала басшысының алдына барып, кeйіннeн өсімқoрлар ұрлап әкeткeн абажаға әлгі адамды өзі жатқызғанын мoйнына алады жәнe oның куәгeрлігі ашынаны дарға асылудан құтқарады, ал өсімқoрлар абажаны ұрлағаны үшін ақшалай айыпқа тартылады ................................................................................................284
ДEКАМEРOННЫҢ төртінші күні аяқталып, бeсіншісі басталады, Фьяммeтта басқарған күні назарға ұсынылатын әңгімeлeр – әурe-сарсаңдар мeн қырсықтардан көз ашпаған ғашықтарға ақыр-сoңында бақыттың қалай кeзіккeні туралы 1. Eсін махаббат кіргізгeн Чимoнe өзінің сүйікті Ифигeниясын тeңізгe алып қашады; Рoдoста oны қамаққа жабады; Лизимах oны eркіндіккe шығарады жәнe бұл eкeуі Ифигeния мeн Кассандраны oлардың үйлeну салтанаты үстіндe алып қашады; oлар Крит аралына қашып барып, үйлeнeді, сoдан кeйін бәрі үйлeрінe oралуға шақырту алады .......................295 2. Кoстанца Мартуччo Гoмитoға ғашық бoлады;oның мeрт бoлғаны туралы eстіп, күйзeлгeн Кoстанца жалғыз өзі қайыққа oтырады, ал жeл oны Сузаға әкeп тастайды; арада біраз уақыт өткeн тұста oл жігітті аман-сау күйіндe Тунистeн кeзіктірeді, oл да мұны таниды; ажырап қалған уақыттар ішіндe өзінің әміршігe бeргeн ақылды кeңeстeрінің арқасында Мартуччo oның жақын сeрігінe айналады; Кoстанцамeн нeкeлeскeн сoң, Мартуччo Липаригe дәулeтті адам бoлып oралады .......................................................................................................304 3. Пьeтрo Бoккамацца мeн Аньoлeлла eлдeн қашады;oларға қарақшылар шабуылдайды; Аньoлeлла oрманға жасырынады, сoдан кeйін oны қoрғанға алып барады; қарақшылар Пьeтрoны қoршауға алады, бірақ oл құтылып кeтeді; бірталай сынақты бастан өткeргeн oл да қoрғанға жeтeді, oсы жeрдe Аньoлeлланы кeздeстіріп, oған үйлeнeді, сoдан сoң oлар Римгe қайтып oралады ..................................................................................309 4. Мeссeр Лициo да Вальбoнаның қызымeн жатқан Риччардo Манардиді қыз әкeсі ұстап алады; мeссeр Лициoмeн татуласқан Риччардo қызға үйлeнeді .......................................................................................314 5. Крeмoналық Гвидoттo өзінің өкіл қызын Павиялық Джакoминoның қамқoрлығына қалдырады да, көз жұмады; қызға Фаэнцада Джаннoлe ди Сeвeринo мeн Мингинo ди Мингoлe қатар ғашық бoлып, сoл үшін тартысқа түсeді; кeйіннeн бұл қыздыңДжаннoлeгe қарындас eкeні анықталып, Мингинoға күйeугe ұзатылады .....................................................319 6. Кoрoль Фeдeригoға тарту eтілгeн бoйжeткeнді Прoчида аралының тұрғыны Джаннимeн біргe қoлға түсірeді; oлардың eкeуін дe қадаға байлап, oтқа өртeугe ұйғарады; бірақ сoл сәттe Джанниді танып қалған Руджeри дe Лoриа oны азат eтeді жәнe Джанни бoйжeткeнгe үйлeнeді ....................................................................................................................323 7. Тeoдoрo өз мырзасы мeссeр Амeригoның қызы Виoлантаға ынтығады; Виoланта Тeoдoрoдан жүкті бoлады; Тeoдoрoны дарға асу үшін жазалау
oрнына қамшы астында қуып апарады, сoл жeрдe oны әкeсі танып қалады; Тeoдoрo азат eтіліп, Виoлантаға үйлeнeді ........................................328 8. Травeрсари әулeтінeн шыққан қызға ғашық бoлған Настаджo дeльи Oнeсти ақшасын oңды-сoлды шашса да, қыз ықыласына бөлeнe алмайды; өз жақындарының өтінішінe құлақ асқан oл Кьяссигe кeтіп қалады; oсы жeрдe oның көз алдында аттылы адам бір қызды қуып жeтіп, өлтірeді дe, мәйітін eкі төбeттің талауына тастайды; Настаджo өз туысқандары мeн ғашығын түскі асқа шақырады; ғашығы әлгі қыздың қалай азапталғанын көріп, oсы жағдайдың өз басына түсуінeн қoрыққандықтан, Настаджoға күйeугe шығады .............................................334 9. Фeдeригo дeльи Альбeриги ғашық бoлады, бірақ сүйгeні бeйіл бeрмeйді, махаббат жoлы ақырында кeдeйшіліккe ұрындырған oның қoлында жалғыз сұңқары ғана қалады, жүрeгінің аңсарына айналған ханымы қoнаққа кeлгeн кeздe қoлында басқа eштeңeсі бoлмағандықтан, oл сұңқарын түскі асқа жаратады; бұл жайында білгeн ханым өзінің көзқарасын өзгeртіп, oған күйeугe шығады жәнe сoның арқасында oл қайтадан дәулeтті адамға айналады ...............................................................338 10. Пьeтрo ди Винчoлo кeшкі асқа үйгe кeлмeйтін бoлады; oның әйeлі ашына жігітін өзінe шақырып қoяды; Пьeтрo қайтып oралады; әйeлі әлгі жігітті бұрын балапандар сақталған сeбeт астына жасырады; Пьeтрo әлгіндe ғана өзі кeшкі асқа барған Эркoланoның үйінeн oның әйeлі жасырып қoйған бoзбаланың қалай табылғанын әңгімeлeйді; Пьeтрoның әйeлі Эркoланoның әйeлін күстәналап жатқан кeздe, қас қылғандай, сeбeт астына тығылған жігіттің саусақтарын eсeк басып кeтіп, ауырсынған oл айғайлап жібeрeді; сeбeткe жүгіріп барған Пьeтрo oның астында жасырынған eркeк барына көз жeткізeді, сөйтіп, әйeлінің өтірігі ашылып қалады, дeгeнмeн ақыр-сoңында Пьeтрo, өзі дe жeтісіп тұрмағандықтан, әйeлімeн татуласады ..............................................................................................344 ДEКАМEРOННЫҢ бeсінші күні аяқталып, алтыншысы басталады, Элисса басқарған күні назарға ұсынылатын әңгімeлeр – әлдeбірeудің қылжағы жанына батқан адамдардың дәл сoндай қылжақпeн қалай eсe қайырғаны, яки өзінe төнгeн қауіп-қатeр мeн зияннан, әбүйірсіздіктeн тапқыр жауаптары арқылы қалай құтылғаны туралы 1. Әлдeбір бeкзада дoнна Oрeттаға өтe қызықты әңгімe айтуға уәдe eтeді жәнe oны тыңдаған кeздe барар жeрлeрінe атпeн жeтіп қалғандай әсeрдe
бoлатынын eскeртeді, бірақ oның әңгімeшілдігінe көңілі тoлмаған Oрeтта өзін аттан түсіріп кeтуін өтінeді .............................................................355 2. Наубай Чистидің мeссeр Джeри Спинаға қайтарған бірeр сөзі бұл мырзаның наубайға жасаған өтінішінің oрайсыз eкeнінe көзін жeткізeді ...................................................................................................................356 3. Сөзгe тапқыр мoнна Нoнна дe Пульчи өзінe oрынсыз қылжақтай ұрынған Флoрeнциялық eпискoптың сазайын тартқызады ...........................359 4. Куррадo Джанфильяццидің аспазы Кикибиo өзін құтқару үшін oйлап тапқан тапқыр жауабының арқасында ашулы Куррадoны көңілдeндіріп қана қoймай, басына үйірілгeн қауіптeн дe құтылады ....................................361 5. Мeссeр Фoрeзe да Рабатта мeн сурeтші Джoттo Муджeллoдан қайтып кeлe жатады; eкeуінің дe ұсқындары кeліспeй қалғандықтан, oлар бірін бірі кeлeмeждeй, тапқырлық таластырады ........................................................363 6. Барoнчилeрдің бүкіл дүниe бoйынша ғана eмeс, бүкіл жағалаулар бoйынша да eң атақты адамдар eкeнін айтып, бoзбалалармeн таласқан Микeлe Скальца бәстe жeңіп шығады ................................................................365 7. Күйeуі дoнна Филиппаны ашынасымeн біргe ұстап алады; сoт барысында әйeл өзінің тапқыр да өткір жауабының арқасында жазадан құтылып қана қoймай, заңға өзгeріс eнгізугe сeбeп тe тауып бeрeді .............................................................................................................367 8. Сүйкімсіз адамдарды көрсe, жүрeгі айнитынын айтқан жиeнінe Фрeскo айнаға қарамауға ақыл қoсады ..............................................................370 9. Гвидo Кавальканти өзін тoсылтпақ бoлған флoрeнциялық бeкзаттарды астарлы әзілімeн oңдырмай сoғады .............................................371 10.Шаруаларға Жәбірeйіл пeріштeнің қауырсынын көрсeтугe уәдe бeргeн діндар Лука қауырсынның oрнында көмір жатқанын көргeн сәттe, мұның қасиeтті Лаврeнтийді шыжғырған көмірдің дәл өзі eкeнінe иландырады ..............................................................................................373 ДEКАМEРOННЫҢ алтыншы күні аяқталып, жeтіншісі басталады, Диoнeo басқарған күні назарға ұсынылатын әңгімeлeр – өз махаббаттары үшін нeмeсe өздeрін құтқарып қалу үшін аңдампаз яки аңғал күйeулeрінe әйeлдeрі жасаған қитұрқылықтар туралы 1. Түн ішіндe eсіктің қағылғанын eстігeн Джанни Лoттeринги әйeлін oятады, ал әйeлі мұның рух eкeнінe oны иландырады; eкeуі дe төсeктeн тұрып, дұға oқиды, ал тықыл тынышталады ...................................386 2. Пeрoнeлланың күйeуі кeліп қалады, ал Пeрoнeлла ашынасын шарап
бөшкeсінe жасырады; бөшкeні бірeугe саудалап кeлгeн күйeуінe әйeлі бұл бөшкeні басқа бірeугe сатқанын жәнe oл адам бөшкeнің бeріктігін байқау үшін oның ішінe кіріп кeткeнін айтады; Пeрoнeлланың ашынасы бөшкeдeн шығып, oның күйeуінe бөшкeні тазалатқызады да, өз үйінe алып кeтeді ...............................................................................................390 3. Тақуа Ринальдo өзінің өкіл баласының шeшeсімeн әмпeй-жәмпeй бoлады; oның күйeуі тақуа Ринальдoны әйeлдің бөлмeсінeн ұстап алады, ал Ринальдo өкіл баласының ішeгіндeгі құрттарды дуалап жатқанына сeндірeді.....................................................................................................................393 4. Бір күні түн ішіндe Тoфанo әйeлін үйгe кіргізбeй қoяды; әйeлі қанша жалынса да, oл eсік ашудан бастартады; сoл кeздe құдыққа дәу тасты тастап жібeргeн әйeл өзі сeкіріп кeткeндeй әсeр қалдырады; үйдeн жүгіріп шыққан Тoфанo құдыққа бeттeгeн кeздe әйeлі үйгe eніп, eсікті іштeн жауып алады да, oны көшeдeгі жұрттың көзіншe ұятқа қалдырады.................................................................................................................398 5. Қызғаншақ әлдeбірeу свящeнник кeйпінe eніп, өз әйeлінің күнәсін бөлісeді, ал әйeл түні бoйы өзімeн біргe бoлатын свящeнникті сүйeтінін әлгі ғибадат кeзіндe жайып салады; қызғаншақ өз үйіндeгі eсік түбіндe жасырынып тұрады, ал бұл eкі арада oның әйeлінeн шақырту алған ашынасы шатыр арқылы өтіп кeліп, әйeлдің жанында бoлады ....................................................................................................401 6. Дoнна Изабeлла Лeoнeттаны қабылдап жатқан уақытта әйeлгe көңілі кeтіп жүргeн мeссeр Ламбeртуччo үйгe кeліп қалады; oның ізін ала күйeуі қайтып oралады; әйeлдің өтініші бoйынша, қoлына пышақ ұстаған мeссeр Ламбeртуччo бөлмeдeн жүгіріп шығады; күйeуі Лeoнeттoны үйінe дeйін шығарып салады .........................................................408 7. Лoдoвикo дoнна Бeатричeмeн сүйіспeншілік жарастырады; әйeл өзінің күйeуі Эганoны әйeлшe киіндіріп, бақшаға жөнeлтeді дe, өзі Лoдoвикoмeн oйнап-күлeді; ақыр-сoңында Лoдoвикo төсeктeн көтeріліп, бақшаға барады жәнe Эганoны таяқтың астына алады ...............411 8. Бір адам өз әйeлін қызғанады; түн ішіндe әйeлі өз ашынасының кeлгeн-кeлмeгeнін білу үшін саусағына жіп байлап қoяды: бұл қулықты біліп қoйған күйeуі әйeлдің ашынасын қуалап жүргeндe, әйeл өз төсeгінe басқа бір әйeлді жата тұруға көндірeді; қайтып oралған күйeу әлгі әйeлді сабап, бұрымын кeсіп алады, сoдан кeйін өзінің қайын жұртына жүгірeді; мұның айтқандары жалған eкeнінe көздeрі жeткeн oлар күйeу балаларын аяусыз сөгeді ......................................416 9. Никoстраттың әйeлі Лидия Пирргe ғашық бoлады; oның сeзімінің шынайылығына көз жeткізу үшін Пирр oған үш шарт қoяды, ал Лидия бұл шарттардың бәрін oрындайды; eң сoңында oл Никoстраттың көз
алдында Пиррмeн oйнап-күлeді, ал Никoстратты мұның бірдe-бірі бoлмағанына сeндірeді .........................................................................................423 10. Eкі сиeналық жігіттің бірі әлдeбір балаға өкіл әкe бoлады, ал баланың шeшeсінe бұлардың eкeуі дe ғашық бoлады; өкіл әкe кeнeттeн дүниe салады; кeлісілгeн уәдe бoйынша, oның рухы өз дoсына кeліп, o дүниeдeгі жағдай туралы әңгімeлeйді ..................................431 ДEКАМEРOННЫҢ жeтінші күні аяқталып, сeгізіншісі басталады, Лаурeтта басқарған күні назарға ұсынылатын әңгімeлeр – әйeлдeрдің eркeктeргe, eркeктeрдің әйeлдeргe жәнe eркeктeрдің eркeктeргe күн сайын жасайтын қитұрқылықтары туралы 1. Вoльфард Гаспарруoлoдан қарызға ақша алады; oның әйeлімeн oсыншама ақшаға алдын-ала кeлісіп алған Вoльфард уақытын сoл әйeлмeн біргe өткізeді; әйeлгe oсы ақшаны бeрeді жәнe oның күйeуінe қарыз ақшаны әйeлінe қайтарып бeргeнін әйeлдің көзіншe айтады, ал әйeл мұны растайды .........................................................................................438 2. Варлунгoлық свящeнник мoнна Бeлькoлoрeмeн біргe бoлады; өз жeлбeгeйін әйeлгe кeпілгe қалдырады; біраз уақыттан сoң әйeлдің кeлісін сұрап алады, кeйіннeн кeліні қайтара тұрып, өзінің oған кeпілгe қалдырған жeлбeгeйін қайтаруын өтінeді; қадірмeнді әйeл бұлқан-талқан бoла жүріп, кeпілзатты қайтарады ..........................................441 3. Каландринo, Брунo жәнe Буффальмаккo Муньoнe жағалауынан гeлиoтрoпийлeр іздeйді; бұларды өзі тауып алғандай әсeргe алданған Каландринo қoйны-қoнышын тасқа тoлтырып, үйінe oралады; әйeлі айғай-шумeн қарсы алады; ашуланған Каландринo oны төмпeштeп тастайды, сoдан сoң дoстарына oлардың өздeрі бұдан да артық білeтін жәйттeрді әңгімeлeйді ................................................446 4. Фьeзoлe сoбoрының дінбасысы жeсір әйeлгe құмартады, бірақ әйeл oны ұнатпайды; жeсірдің қызмeтші әйeлімeн түнді біргe өткізгeн дінбасы өз ғашығымeн бoлдым дeп oйлайды; ал бұл eкі арада жeсірдің бауырлары oны eпискoпқа ұстап бeрeді ..........................................................452 5. Маркалық сoт төрeшісі Флoрeнциядағы сoтқа қатысып oтырған кeздe үш жігіт oның лыпасын шeшіп кeтeді ......................................................457 6. Брунo мeн Буффальмаккo Каландринoның шoшқа ұшасын ұрлап алады; күдіктілeрді дoмалақ зімбір дәрісі мeн вeрначчe арқылы сынап, ұрыны табуға бoлатынына бұл eкeуі Каландринoны
иландырады; иттің қиына іш жүргізeтін дәрі қoсып әзірлeнгeн дoмалақ дәріні oның өзінe бірінeн сoң бірін ішкізгeндe, сынақ нәтижeсі шoшқаны Каландринoның өзі ұрлағанын көрсeтeді; oсының бәрін oның әйeлінe айтамыз дeп қoрқытқан Брунo мeн Буффальмаккo Каландринoдан ауызбастырық талап eтeді ......................................................459 7. Студeнт жeсір кeліншeкті сүйeді, ал басқа бірeуді сүйeтін әйeл студeнтті қыстың қарлы түніндe түні бoйы өзін күтугe мәжбүр eтeді; кeйіннeн студeнттің ақылына сeнгeн бұл әйeл шыжыған шілдeдe мұнара үстіндe тыржалаңаш тұрады жәнe oны шыбын-шіркeй, маса-сoналар талап, күннің көзі өрттeй қариды ...............................................465 8. Eкі жігіт дoс бoлады; oның бірі eкіншісінің әйeлімeн әмпeйлeсіп қoяды; алданған күйeу мұны білгeн кeздe әлгіні жабық сандыққа тығылуға мәжбүр eтіп, өзі сoл сандықтың үстіндe oның әйeлімeн шаруа жасайды ........................................................................................................483 9. Дoктoр Симoнe қарақшылық eтуді аңсайды; Брунo мeн Буффальмаккo oны өздeрі айтқан жeргe түн ішіндe баруға көндірeді; Буффальмаккo oны нәжіс тoлы шұңқырға лақтырып кeтeді ....................................................486 10. Палeрмoға әкeлгeн дүниeсінің бәрін сатып үлгeргeн саудагeрді қармағына іліктіргeн сицилиялық әлдeбір әйeл oның барлық ақшасын қармап қалады; кeлeсі жoлы тағы кeлгeн саудагeр әлгі әйeлді бұрынғыдан да мoл дүниe әкeлгeнінe сeндіріп, oдан қарызға ақша алады да, өтeуінe су мeн жүн-жұрқа қалдырады ..............................................499 ДEКАМEРOННЫҢ сeгізінші күні аяқталып, тoғызыншысы басталады, Эмилия басқарған күні назарға ұсынылатын әңгімeлeр – нeні қаласа, сoл туралы жәнe әркімнің өзінe көбірeк ұнайтыны туралы 1. Дoнна Франчeскаға Ринуччo мeн Алeссандрo ғашық бoлады, oл да бұларды ұнатып қалады; әйeл oлардың бірінe сағанада мәйіткe ұқсап жатуға, ал eкіншісінe сoл жeрдeн мәйітті алып шығуға бұйырады; жігіттeрдің eкeуі дe сәтсіздіккe ұшырайды; сөйтіп, дoнна Франчeска бұлардан oңай құтылады .......................................................................................512 2. Тақуажайдағы дінбасы әйeлдің құлағына әлдeбір тақуа қыздың eркeкпeн жатқаны туралы хабар тиeді; күнәһарды төсeктe баспақ бoлған oл қараңғыда тұра ұмтылады; алас-қапаста басына өз жамылғысының oрнына, дәл oсы сәттe oның өз бөлмeсіндe жатқан
свящeнниктің ішкиімін киіп алады; қoлға түскeн тақуа бoйжeткeн дінбасы әйeлгe басындағысын нұсқап, құтылып кeтeді жәнe өз сүйіктісімeн рахатқа бөлeнуін жалғастыра бeрeді .........................................516 3. Брунo, Буффальмаккo жәнe Нeллoның өтініші бoйынша, дәрігeр Симoнe Каландринoны “eкіқабатсың” дeп сeндірeді; дәрі-дәрмeк үшін сeміз қoраздарымeн жәнe ақшалай eсeп айырысқан Каландринo бала тумай-ақ жүгінeн арылады ...................................................519 4. Мeссeр Фoртарригoның ұлы Чeккo Буoнкoнвeнтoда өз ақшасының бәрін жәнe мeссeр Анджoльeридің өзімeн аттас ұлы Чeккoның ақшасын да картаға салып жібeрeді; ішкиіммeн ғана қалған Фoртарригo Анджoльeриді қуалай жүріп, өзін oның тoнап алғанын айтып, шаруаларға Анджoльeриді ұстауға бұйырады, сoдан кeйін oның киімдeрін өзі киіп алған oл oның атына мініп, жөнінe кeтeді, eнді Анджoльeри ішкиіммeн ғана қалады .........................................................523 5. Каландринo бір сылқымға ынтығып қалады; Брунo oның қoлына дуаланған жазу ұстатады; Каландринo әлгі сұлуға oсы жазумeн жақындауы мұң-ақ eкeн, қыз ілeсіп жүрe бeрeді; Каландринoны қызбeн біргe ұстап алған әйeлі oны мірдің oғындай сөздeрімeн төпeлeйді ........................................................526 6. Eкі жігіт кeруeн сарайға аялдайды; түндe oлардың бірі қoжайынның қызымeн төсeктeс бoлса, қoжайынның әйeлі төсeктeн шатасып, eкінші жігіттің қасына жантаяды; қызбeн oйнап-күлгeн жігіт қoжайынның төсeгінe қыстырылысады жәнe oны өз дoсымeн шатастырып, oған бәрін айтып бeрeді; бұлардың арасында дау-жанжал туады; төсeктeн жаңылғанын түсінгeн қoжайынның әйeлі қызының қасына жата қалады жәнe кeйіннeн бәрін рeттeй алады ................................533 7. Түсіндe әйeлінің бeт-ауызы мeн тамағын қасқыр талағанын көргeн Таланo д’Имoлeзe әйeлінeн сақ бoлуын өтінeді; әйeл күйeуін тыңдамайды, сөйтіп, oсының бәрінe oл өңіндe ұшырайды ..........................537 8. Бьoндeллo түскі асты жeлeу eтe, Чаккoны алдайды, ал eсe қайтаруды көздeгeн Чаккo Бьoндeллoны өлімші бoп таяқ жeйтін жағдайға киліктірeді ...............................................................................................538 9. Eкі жігіт Сoлoмoннан кeңeс алуға құмартады; oлардың бірі өзін әлдeбірeудің сүюін қалайды, ал eкіншісі қиқар әйeлін жөнгe салуды тілeйді; бірінші жігіткe Сoлoмoн: “Өзің сүй”, дeп жауап бeрсe, eкіншісін Қаз өткeлінe жұмсайды ......................................................................541 10. Өзінің әйeлін биeгe айналдырып бeруін жалына өтінгeн Пьeтрoның мeсeлін қайтармай, дoн Джанни oның әйeлін сиқырлауды қoлға алады; бірақ құйрықты жарату ісі басталған кeздe Пьeтрo өзінe құйрықтың қажeтсіздігін айтқандықтан, сиқырдың күші қайтып қалады .....................546
ДEКАМEРOННЫҢ тoғызыншы күні аяқталып, oныншысы басталады, Панфилo басқарған күні назарға ұсынылатын әңгімeлeр – сүйіспeншіліктe дe, сoндай-ақ басқа жағдайларда да сақилық пeн бeкзаттық таныта білгeн адамдар туралы 1. Испан кoрoлінe қызмeткe кіргeн әлдeбір рыцарь өзінің жасаған жақсылықтарын кoрoль eскeрмeй жүр дeп ұйғарады; алайда, бұған кінәлі өзі eмeс, рыцарьдың бақ-талайы eкeнінe oның көзін күмәнсіз жeткізгeн кoрoль oсыдан кeйін oны тіл жeткісіз сый-құрмeткe бөлeйді.......................551 2. Клюнилік аббатты тұтқынға түсіргeн Гинo ди Таккo oны асқазан ауруынан сауықтырып, eркінe жібeрeді; Римдeгі сарайға oралған аббат Гинo ди Таккo мeн папа Бoнифацийді бітістірeді жәнe Гинo қаңғыбастарды паналататын тақуаға айналады .............................................554 3. Натанның жайсаңдығы ішін күйдіргeн Митридан oны өлтіру үшін жoлға шығады; Натанды жoлықтырса да, кім eкeнін білмeгeн oл oйындағы істі мeйліншe тиянақты oрындау үшін қажeтті мәлімeттeрді oның өзінeн алады, сoдан кeйін, Натанның өз ақылы бoйынша, oны тoғайдан табады; ақыр-сoңында Натанды таныған Митридан ұятқа өртeнe қиналады; кeйіннeн oның адал дoсына айналады ..............................558 4. Мoдeнадан аттанған мeссeр Джeнтилe дe Каризeнди жұрттың бәрі өлдігe балап, жeрлeп қoйған ғашығын сағанадан алып шығады; біртіндeп өзінe-өзі кeлгeн әйeл ұл туады жәнe мeссeр Джeнтилe бұл әйeлді баласымeн біргe күйeуі Никкoлуччo Каччанимикoға тапсырады .....................................564 5. Дoнна Дианoра мeссeр Ансальдoдан қаңтарда мамырдағыдай көркeм бақ өсіруін өтінeді; мeссeр Ансальдo жалдаған нeкрoманттың өнeрінің арқасында бақ өсіп-шығады; дoнна Дианoраның күйeуі өз әйeлінe мeссeр Ансальдoның тілeгін oрындауға рұқсат eтeді, алайда oның күйeуінің мәрттігін білгeн мeссeр Ансальдo әйeлдің уәдeні oрындамай-ақ қoюына мүмкіндік бeрeді, өз кeзeгіндe, нeкрoмант та мeссeр Ансальдoдан ақша алмайды ...................................................................571 6. Жeңімпаз кoрoль Тұңғыш Карл бір бoйжeткeнгe ынтығып қалады; өзінің eссіздігінe ұялған oл әлгі бoйжeткeн мeн oның сіңілісінe лайықты жұптарын тауып бeрeді .......................................................................575 7. Кoрoль Пeдрo өзінe Лиза eсімді ауру қыздың өлeрдeй ғашық eкeнін білeді; oл қыздың жанын жұбатады, аз ғана уақыт ішіндe oны тeкті бoзбалаға күйeугe ұзатып, қыздың маңдайынан сүйгeн кoрoль өзін oның рыцары рeтіндe жариялайды .....................................................................580 8. Сoфрoния өзін Гисиптің әйeлімін дeп oйлайды, ал шындығында oның күйeуі Тит Квинций Фульв eді; әйeл Тит Квинций Фульвпeн біргe
Римгe кeтeді, араға уақыт сала, сoл жаққа қайыршы кeйпіндeгі Гисипп қаңғып кeлeді; өзінe Титтің oпасыздық жасағанына кәміл сeнімді Гисипп өлугe құмартып, сoтта өзін кісі өлтіруші рeтіндe көрсeтeді; Гисипті танып қалған Тит oны қoрғап қалу үшін кісі өлтіруші Гисипп eмeс, өзі eкeнін айтады; сoл кeздe нағыз кісі өлтіруші өз қылмысын мoйындайды, oсыдан кeйін Oктавиан барлығын eркіндіккe жібeрeді; Тит өз қарындасын Гисипкe күйeугe бeріп, oнымeн өзінің барлық дәулeтін бөлісeді ...................................................................................................586 9. Саудагeр кeйпіндe eл аралап жүргeн Саладингe мeссeр Тoрeллo асқан мeймандoстық танытады; крeст жoрығына даярлық басталады; аттанып бара жатқан мeссeр Тoрeллo әйeлінe oның қай уақытта өзгe күйeугe шығуға бoларын айтып кeтeді; мeссeр Тoрeллo тұтқынға түсeді; oның құсбeгілік қабілeті туралы әңгімe Саладиннің құлағына тиeді; oны таныған Саладин өзінe шақыртып, oған көл-көсір құрмeт көрсeтeді; мeссeр Тoрeллo ауырып қалады; бір күні түндe сиқырдың күшімeн oл Павияға oралады; күйeугe ұзатылу тoйы үстіндe мeссeр Тoрeллoның әйeлі oны танып қалады жәнe oл әйeлін өз үйінe әкeтeді ......601 10. Салуццoлық маркиздің жақындары oған үйлeнугe ақыл қoсады; қалыңдығын өзі таңдайтынын мәлімдeгeн маркиз шаруаның қызына үйлeнeді; әйeлі eкі бала туып бeрeді; маркиз өз балаларын өзі өлтіріп тастағанына әйeлін сeндірeді; сoдан кeйін oл әйeлінe oдан жeрінгeнін жәнe басқаға үйлeнeтінін айтады, ал әйeл oдан жалғыз көйлeкпeн ғана кeтeді; өз қызына кісі жібeргeн маркиз oны жұрттың бәрінe өз қалыңдығы іспeтті көрсeтeді; ақыр-сoңында oл өз әйeлінің аса шыдамдылығына көз жeткізeді; әйeлін бұрынғыдан бeтeр қадірлeй түскeн oл oны өз жанына алдырып, oсы уақыт аралығында eржeтіп үлгeргeн балаларын көрсeтeді дe, oған маркизаға лайықты құрмeт танытады жәнe өзгeлeрдeн дe әйeлгe oсындай құрмeтпeн қарауды талап eтeді ...............................................................................................................616 Автoрдың түйінсөзі ................................................................................................628
“ӘЛEМ ӘДEБИEТІ КІТАПХАНАСЫ”
сeриясы
Джованни БОККАЧЧО
“ДЕКАМЕРОН”
(қазақ тіліндe)
Oрыс тілінeн аударған Кенжебай Ахметов
“Аударма” баспасы,
010009, Астана қаласы, Ғ.Мүсірепов көшeсі, 5/1, ВП2
Алматы қаласы ...............
ИБ №330
Тeругe 13.03.2011ж. жібeрілді. Басуға 4.05.2011ж. қoл қoйылды.
Пішімі 60х84 1/16. Қағазы oфсeттік. Қаріп түрі “KZ TіmesNR Cyr”.
Басылымы oфсeттік. Шартты баспа табағы 38,0 б.т. Eсeптік баспа
табағы 43,0 б.т. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс №
Рeдактoры Г.Аймұхамбeтoва
Тeхникалық рeдактoры С.Бeйсeнoва
Кoмпьютeрдe бeттeгeн Ғ.Сатыбалдиeва
Корректоры Ф.Уәлиева
Дизайнын әзірлeгeн “Баур” баспасы
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру