Нан пісіру өндірісінің технологиясы. Шикізат және материалдар
Л.В. Мармузова
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Нан-тоқаш өнімдерінің өндірісіне қажетті шикізаттар түрлері, олардың құрамы мен қасиеттері, технологиялық процестер, нанды дайындау және сақтаудың жекелеген сатыларында орындалатын операциялар мен оның барысында қолданылатын құрал-жабдықтар, оның ішінде механизацияланған кешенді желілер қарастыр...
К Ә С І Б И Б І Л І М
Л.В.МАРМУЗОВА
НАН ПІСІРУ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Шикізат және материалдар
Оқулық
Кәсіби білім бойынша Сараптама кеңесі тарапынан «Емші» мамандығы бойынша бастапқы кәсіби білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру мекемелері үшін оқулық ретінде
рұқсат етілді
5-басылым, стереотипті
Мәскеу
«Академия» баспа орталығы 2015
ӨӘЖ 664.6(075.32) КБЖ 36.83я722 М281
Рецензенттер:
Мәскеу қаласы, №12 құрылыс коллеждінің арнай пәндерден дәріс беретін оқытушысы
Т. В. Фисенко ;
«Баргузин Кэйтеринг Компани» ЖШШ-ның инженер-технологы
Е.Г.Артемъева
Мармузова Л. В.
М281
Нан пісіру өндірісінің технологиясы. Шикізат және материалдар: орта кәсіби білім беру мекемелерінің студенттеріне арналған оқулық / Л.В.Мармузова. – 5-басылым, стер. – М.: «Академия» баспа орталығы, 2015. – 288 б.
ІSBN978-5-4468-1191-5
Нан-тоқаш өнімдерінің өндірісіне қажетті шикізаттар түрлері, олардың құрамы мен қасиеттері, технологиялық процестер, нанды дайындау және сақтаудың жекелеген сатыларында орындалатын операциялар мен оның барысында қолданылатын құрал-жабдықтар, оның ішінде механизацияланған кешенді желілер қарастырылған. Сондай-ақ, шикізаттар, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдердің сапасын бағалау тәсілдері, нан-тоқаш өнімдерін шығару рецептуралары мен нормалары, оларды сақтау шарттары мен мерзімдері туралы мәліметтер келтірілген. Оқулықты ФМБС ОКБ талаптарына сәйкес «Наубайшы» мамандығының кәсіби циклына енген пәнаралық курстарды меңгеру барысында қолдануға болады. Орта кәсіби білім беру мекемелері студенттеріне арналған. Өндіріс орындары мен жұмыспен қамту орталықтарында кәсіби білім беру барысында пайдалануға болады.
ӨӘЖ 664.6(075.32) КБЖ 36.83я722
Бұл басылымның түпнұсқа-үлгісі «Академия» баспа орталығының меншігі болып табылады, оны құқық иесінің рұқсатынсыз кез келген тәсілмен көшіруге
тиым салынады.
© Мармузова Л.В., 2008
ІSBN 978-5-4468-1191-5
© «Академия» білім беру-баспа орталығы, 2012
КІРІСПЕ
Нан. Адам баласының күнделікті тұрмысында қолданылатын осы бірауыз сөзде қаншама мән, қаншалықты өміршең күш жасырынған. Ол – өмірдің мәні. Нан – адамзат баласының қолдан жасаған ұлы туындысының бірі. Аптап пен аштықта әрбір дәні гауһарға бергісіз алтын масақтарды өсіре білген диқаншының құнды еңбегінің жемісі. Нан – тамақтың атасы деп атайды, яғни адамның өмір сүруі үшін қажетті өнімнің басы деп таниды. Нан кез келген халықтың сан ғасырлық арманын, бақытты өмірді аңсауын көрсетеді. Бір кездері нанға қол жеткізе алмаған ата-бабаларымыз аштықтан қасірет шегіп, нанның қадірін терең түсінген. Нан жеткілікті болса, «нағыз бақыт сол» деп білген. Күн сайын біз нанды пайдаланамыз. Нансыз аздаған таңғы асыңыз да, дағдылы түскі асыңыз да дәмді емес. Бірде-бір мерекелік дастарханыңыз да нансыз жайылмайды. Қай дәуірде болмасын нан халықтың саулығының өлшемі болған, болып қала бермек. Ежелгі славян халықтарында ғұрып сақталған: бір нанды бөліп жеген адамдар бүкіл өмір бойы дос болып қалады. Адамзаттың ауыр еңбешінің өнімі – тамақ атасы – нанға көне дәуір- лерден бері ерекше қараған. Оны алтынға, күнге, тіпті өмірдің өзіне теңеген.
Нанның құрметіне ұрандатқан. Нанмен ең құрметті қонақтарды қарсы алған. Халық нанды тірі жаратылыс секілді құрметтеген: нан – асыраушы, нан – ата. Нанды аңыз-әңгімелерде жырлап, нанға өлеңдер мен романстар да арнаған. Сонымен, нан жер бетінде қалай пайда болды екен? Есте жоқ ескі замандарда, осыдан 15 мыңжылдықтар бұрын біздің ата-бабаларымыз тамақ табу жолында жабайы дәндерге назар аудара бастайды. Мұндай дәнді өсімдіктер – қазіргі біз білетін қарабидай, бидай, сұлы, арпа, тары болатын. Ежелгі адамдар топыраққа түскен бір түйір дәннен көп дәндердің өсіп шығатынын байқады. Олар қарабидайды, бидайды, тары мен басқа да дақылдарды өсіріп, әдетке айналдыруға дағдыланды. Көп уақыт бойы адамдар дақылдарды шикі күйінде асқа пайдаланды, уақыт өте келе оларды таспен үгітіп, сумен араластырып қолдануды үйренді. Міне, осы сұйық ботқа – нанның анасы болып саналады. Алғашқы адам баласы от жағуды үйреніп, ас дайындау үшін пайдалана бастағанда, адамзат тарихында тағы бір жаңалық ашылды. Ысытылған дәндер масақтарынан оңай ажыратылатынына көз жеткізді. Адам баласы масақтарды арнайы қазылған шұңқырға қойып ысытқан тас үстінде қуырып, оларды үгіткенде, бұлайша ұнтақталған дәндерді сумен шылап жасаған ботқаның әлдеқайда дәмді болатынын түсінді. Археологтардың пайымдауынша, дәннен жасалған ботқаларды дайындау кезінде оның біршама бөлігі ыстық тастардың үстіне төгіліп, иісі мұрынды жарар, дәмі тіл үйірер қызара піскен шелпекке айналған. Бұл тығыз, қопсымаған қоңыр түсті қоспа қазіргі біздің нанымызға ұқсайды. Міне, осы кезден бастап жер бетінде нан пісіру үрдісі қалыптасты. Арада мыңдаған жылдар өтті. Ежелгі Египет жерінде алғаш рет ашыған қамырдан нан пісіру тәсілі пайда болды. Аңызға сүйенсек, нан дайындау кезінде оны біраз уақыт есінен шығарып алған құлдың кесірінен, қамыр ашып кеткен екен. Қожайынының қаһарынан қорыққан құл жазадан құтылу үшін ашыған қамырдан шелпек дайындауға бел буады. Шелпек қызарып, үлпілдеп пісіп, дәмі тұщы қамырдан жасалған шелпекке
қарағанда дәмді болып шығады. Осылайша, 5-6 мың жылдықтар бұрын ежелгі египеттіктер қамырды микроорганизмдердің – ашытатын жасушалар мен сүтқышқылды бактериялар көмегімен қопсыту өнерін игерді. Қамырда спирттік және сүт қышқылды ашытқылар, көміртек диоксиді мен сүт қышқылы пайда болды. Көміртек диоксиді қамырды қопсытып, көлемін ұлғайтып, кеуектілік қасиет береді. Ал спирт пен сүт қышқылы нанның иісі мен дәмін жақсартады. Ашыған қамырдан нан пісіру өнері Грецияға ауысып, одан Исаның дүниеге келуінен 400 жыл бұрын Рим жеріне өтеді. Римде нанға арналған себетке арналған әлем бойынша жалғыз ғана ескерткіш орнатылған. Деректерге сүйенсек, ол б.з.д. І ғасырда өмір сүрген наубайшы Вергилий Эврисакқа арнап тұрғызылған. Ескерткіштің бедерлерінде қамыр ашыту, оны бөліктерге бөліп, пісіріп жатқан көрініс суреттелген. Ежелгі Грецияда нан – жеке ас ретінде танылды. Олимпиада ойындарына қатысушы спортшылар үшін арнайы нан пісіретін болған. Көптеген халықтарда нан – емдік қасиетке ие деп есептеледі: жаңа піскен нанды иіскетіп, тұмауды емдеген, ал асқазан-ішек ауруларын емдеу үшін қатқан нанды пайдаланған. Нанды ырымдап құрмет тұтқан. Ертеректе асты нансыз жеген адам үлкен күнә жасайды деп түсінген. Нанға құрметсіздікпен қарау – адам баласына көрсетілген ең ауыр көргенсіздік деп білген. Көне Русь жерінде нан пісіру – жауапты әрі құрметті кәсіп деп саналды. Тарихқа сүйенсек, нан пісіру кәсібі Мәскеу мемлекетінің құрылуымен тығыз байланысты болған. Нан ісі туралы земстволық жарғы құжаттарында (XVІІ ғ.) Мәскеудегі нанды пісіріп, сатуға болатын жерлердің тізімі берілген. Айталық, Кремльдің Нан сарайында патшалардың дастарханы үшін нан өнімдерін пісіретін болған. Патриархтар сарайында – көлемі үлкен нандар – басмандар әскери қызметкерлерге арнап пісірілсе, нан пісіретін үйлерде – Мәскеу тұрғындары үшін каравайлар (дөңгелек нан) пісірілетін болған. Нан пісірудің сан ғасырлық технологиясы мен техникасы өзгере қоймады: «қап- қара» болып жағылған ыстық пеш, ұнға арналған қораптар, қамырдың ашытқылары, қамырды толықсыту үшін ағаш тостағандар, нанды пешке салу және алуға арналған қалақтар. ХІХ ғасырда ең алғашқы нан пісіру кәсіпорындары пайда болды. Мәселен, Мәскеуде И.М.Филипповтың танымал фирмасы жұмыс жасады. Филлиппов фирмасының негізін салушы – Калуга губерниясынан шыққан бұрынғы басыбайлы шаруа Максим Филиппов болатын. 1806 жылы ол өзінің ең алғашқы кәсіпорны – Мәскеудегі Пятницкий көшесінде күркесін (наубайханасын) салған. Мұнда ол қалаштар мен бәліштер пісіріп сатады. Максимның ұлы, Иван Филиппов әкесінің ісін кеңейтті. Ресейде алғаш рет ол наубайхана жанынан нан сататын дүкен салады. Астықты өзі сатып алып, ұнтақтап, ұнның ішінде бірде-бір қылшық не шаң болмауын қатты қадағалайтын. 1914 жылы фирманың Мәскеу қаласында – 22 наубайханасы, Санкт-Петербург қаласында – 10 наубайхана, Ростов-на-Дону, Саратов және Тула қалаларында – бір-бір наубаханасы болды. Мәскеудегі Тверь көшесінде орналасқан Филипповтардың нан дүкенінде нан, тоқаш, қалаш, тесік күлше веналық, карамель және мармелад жасайтын, іріктейтін шеберханалар, сондай-ақ дүкен мен кофехана орналасты. Мұнда нан 90 жыл бойында сатылып тұрды. 1998 жылы жөндеу және жаңарту жұмыстары жүргізіліп, Филипповтардың нан дүкені қайта ашылды. Мұнда ескі рецепттер бойынша дайындалатын дәстүрлі мәскеулік нанның 30-дан астам сұрыптары сатылды. Ресейде нан – тағамның дәстүрлі түрі. Мұнда күніне шамамен 400 г. нан тұтынылады. Қазіргі таңда нан өнімдеріне деген сұраныс артып келеді, себебі нан тағамның ең арзан түрі болып саналады.
ХХ ғасырдың басында қуатты механизацияланған нан зауыттарының құрылысы басталды. Ресейдің қазіргі заманғы нан пісіру өндірісі – агроөнеркәсібінің басты салаларының бірі болып саналады. Ол жоғары дәрежеде автомат- тандырылған, құрал-жабдықтар – әмбебап. Бұл нан өнімдерінің сұрыпталымын кеңейтуге мүмкіндік береді. Қуаты әлсіз нан зауыттары мен кәсіпорындарында жыл сайын 20 млн тоннаға жуық әртүрлі нан өнімдері дайындалады. Шикізатты қабылдау және дайын өнімді автокөліктерге тиеуге дейінгі нан өндірудің барлық технологиялық үдерістері толық автоматтандырылған. Негізгі және қосымша шикізатты сақтаудың барынша прогрессивті тәсілдері ендірілген. Көптеген нан зауыттарында ұн, ашыған ерітікді, тұз және басқа да шикізаттарды ыдыссыз сақтау қоймаларымен жабдықталған. Алайда нан зауыттарында данасы аз өнімдер үшін қамырды бөлу, дайындалған қамырды арнайы шкафтар мен пештерге, арнайы науаларға орналастыру мен дайын өнімді контейнерлер мен шағын вагонтардарға транспорттау барысында қол еңбегі де пайдаланады. Қазіргі таңда нан өнімдерінің 60%-ы кешенді-механизацияланған желілерде дайындалады. Бір адам 1...3 желіде жұмыс жасай алады. Соңғы жылдары көпшілік нан зауыттары мен наубайханалар акционерлік кәсіпорындарға айналып, жекеменшікке өткен. Нан зауыттарында қамыр дайындаудың дәстүрлі тәсілдерімен (ашыған, ашымаған, қою және сұйық ұйытқылар пайдаланып) бірге, барынша жетілдірілген (ашыту ұзақтығын қысқартып, жақсартқыштар мен тағамдық қоспаларды пайдаланып) тәсілдер де қолданылады. Нан пісіру өндірісінің сапасын жақсарту мен кәсіпорындардың тиімділігін арттыру жолындағы басты бағыт – қамырды дайындаудың жаңашыл технологияларын ендіру, диеталық, емдік және балаларға арналған өнімдердің сұрыпталымын кеңейту. Осы өнімдерді дайындау үшін кебек араласқан, тазартылмаған және ұсақталған дәндері бар ұн қоспалары, күнбағыс, күнжіт дәндері, дәрумендік-минералдық компоненттер, биологиялық белсенді қоспалар т.б. қолданылады. Жаңа піскен нанның сапасын ұзақ уақыт сақтау үшін оның қаптамасына да айрықша назар аударылады. Бұл үшін әртүрлі қаптау материалдары пайдаланылады. Дастархан үстіндегі нан – ертеңгі күнге деген сенімділіктің белгісі. Нан – мемлекет тарихынан да маңызды құндылық, ол – ұлт байлығының өлшеуіші, адамзат баласының өткені, бүгіні мен болашағының кепілі.
І - Т А Р А У
НАН-ТОҚАШ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮДЕРІСІНІҢ СЫЗБАСЫ
Әртүрлі сұрыпталымдағы нан-тоқаш өнімдерін өндірудің технологиялық үлгісі мынадай кезеңдерден тұрады: негізгі және қосымша шикізатты өндіріске қабылдау, сақтау және дайындау; жартылай фабрикаттарды дайындау;
қамырды бөлу және толықсыту; өнімдерді пісіру;
өнімді суыту, қаптау және сақтау.
Нан-тоқаш өнімдерін өндірудің технологиялық үдерісінің құрылымдық сызбасы 1.1 суретте көрсетілген, массасы 0,5 кг болатын жоғары сұрыпты бидай ұнынан ашыту арқылы жасалған қамырдан бөлшек-нанды дайындаудың технологиялық сызбасы секілді жеті сатыдан тұрады.
Ескерту: 1.
Ашытқы қамыр
– ұннан, судан және ашытқыны аралас- тырып, ашыту арқылы жасалған жартылай фабрикат. Дайын ашытқы қамырды дайындауға түгелімен пайдаланылады.
2.
Қамыр
– ашытқы қамыр, ұн, су және қосымша шикізаттарды рецептуралар мен технологиялық тәртіпке сәйкес араластыра отырып алынған нан пісіру өндірісінің жартылай фабрикаты.
1 кезең
– шикізатты қабылдау және сақтау. Шикізат нан пісіру кәсіпорындарына ыдысқа салынып және ыдыссыз жеткізіледі. Сондықтан нан зауыттары әртүрлі типтегі қоймалармен жабдықталады.
Ұн өндіріске арнайы автоұнтасушы көлікпен (ыдыссыз тәсіл) немесе қаппен (ыдысты тәсіл) жеткізіледі. Ұнды ыдыссыз сақтау қоймасы (ЫСҚ) ұнды 6...7 күндік сақтауға арналған. ЫСҚ қоймаларында көп дегенде 8 бункер орналастырылады, оның бірі
– қосалқы болып саналады. Бун- керлердің сыйымдылығы – 14,63 тонна. Ұн бункерлерге автоұнтасушы көліктің цистернасынан құбыр желісі арқылы тығыздалған ауаның – аэрзольтранспорт немесе пневмотранспорттың көмегімен толтырылады.
Ұнды ыдыссыз жеткізу мен сақтау тиеу-түсіру жұмыстарын механи- зациялауға, қойманың санитарлы жағдайын жақсартуға, ұнды ысырап етуді 2,3 есеге төмендетуге мүмкіндік береді. Ұнды ыдыста сақтау қоймаларында (ЫСҚ) ұн қаптары биіктігі еденнен 15 см ағаштан жасалған стеллаждарға орналастырылады. Қаптар биіктігіне қарай 10...12 қатар болып қойылады. Кертік батондарды өндіру барысында ұннан басқа жылдам бұзылатын азық-түліктер де қолданылады (ашытқы, сүт және сүт өнімдері, майлар, жұмыртқа). Оларды сақтау үшін нан зауыттарында мұздатқыш камералар қойылады.
І. Шикізатты қабылдау және
сақтау
ІІ. Шикізатты дайындау
ІІІ. Ашытқы қамырды
дайындау
ІV. Қамырды дайындау
V. Қамырды бөлшектеу
VІ. Өнімді пісіру
VІІ. Нанды суыту, сақтау
және транспорттау
Сурет 1.1. Нан-тоқаш өнімдерін өндірудің технологиялық үдерісінің құрылымдық
сызбасы
Ыдыссыз сақтау барысында шикізаттар арнайы автокөліктермен жет- кізіледі: тұз – самосвалдармен (өзі түсіретін машиналар); ашыған ерітінді, сұйық қант және маргарин – цистернамен. Шикізаттар сұйық күйінде жеткізілсе, оны сақтауға арналған арнайы ыдыстарға сорғымен айдап қотарады. Ыдыспен жеткізілген шикізаттар арнайы қоймаларға транспортталып, сақталады. Қажетіне қарай, құрғақ шикізаттар арнайы тәсілмен ерітіліп, ыдыстарда сақталады. Дәм және хош иіс беретін заттар оқшауланған бөлиелерде сақтау ұсынылады. Себебі иіс шикізаттың басқа түрлеріне сіңуі мүмкін. Барлық тағам өнімдері үшін кепілді сақтау мерзімдері белгіленген.
ІІ-кезең
– шикізатты өндіріске дайындау, яғни араластыру, еріту, тортасын айыру, сүзу және басқа да операциялар жүргізу. Бұл санитарлық қалпын және технологиялық қасиеттерін жақсартуға мүмкіндік береді.
Шикізаттың ластануы мен оған бөтмен заттардың түсіп кетуінің алдын алу үшін мына талаптарды қатаң сақтау керек: шикізат арнайы оқшау бөлмеде ыдысынан босатылады; сусымалы өнімдер шаң мен ластан шөткемен тазартылады; қаптың аузы мұқият сөгіледі;
жіптің қалдықтарын арнайы жинағышқа салады; барлық сусымалы өнімдер сүзіліп, магниттер арқылы металл қоспалардан тазартылады; шикізат салынған жәшіктер мен бөшкелер жаңасы, шегелері мен сымдары шикізатқа түсіп кетпейтіндей мұқият ашылады; ашар алдында банка мен бөтелкелерді мұқият сүртеді немесе сумен жуады. Бункерлер мен қаптардан шыққан ұн бөтен және металл қоспалардан тазартылып, содан кейін автоматты таразыларда өлшеніп, өндірістік бункерлерге жіберіледі. Одан ары қамыр илейтін машиналарда орналасқан дозаторларға кеп түседі. Ұнды транспорттау иірмектер және нориялардың немесе пневмо- және аэрозольстранспорттар көмегімен жүзеге асырылады.
Ұнды ыдыссыз сақтау мен дайындау желісі 1.2 суретте көрсетілген.
5 6 7
Сурет. 1.2. Ұнды ыдыссыз сақтау мен дайындау желілері 1 – автоұнтасушы; 2 – құбыр желілері; 3 – ұнды сүрлеуге арналған құрылғылар; 4 – роторлық қоректендірушілер; 5 – фильтрлер; 6 – илеу алдындағы ыдыстар; 7 – илейтін қондырғы; 8 – қоректендіруші; 9 – аралық ыдыс; 10 – үлестеп тартатын автоматтандырылған таразылар; 11 – таразы астындағы бункерлер;
12 – ұнға арналған өндірістік бункерлер.
Баспаланған ашытқы суспензия алу үшін суда ерітіледі.
Тұз бен қант құрғақ күйінде қолданылады, кейде сүзгіден өтіп, металл қоспаларынан тазартылады.
Майлар май ерітетін қондырғыларда ерітіліп, сүзгіленеді.
Сұйық түріндегі шикізаттар құбыр желілері арқылы шығындық бөшкелерге сорғымен қотарылады. Одан ары технологиялық үдерістер арқылы жартылай фабрикаттарды илеу үшін мөлшерлегіш қондырғыларға кеп түседі. Нан зауыттарында бидай және қарабидай ұнынан қамыр дайындаудың әртүрлі тәсілдері қолданылады. Әдетте, ашыту тәсілі жиі қолданылады.
ІІІ-кезең
– ашытқы қамырды дайындау. Бұл үшін ұн, су, ашытқы мөл- шерленіп алынып, қамыр илейтін машинаға салынады. Машина ашытқы қамырды илейді. Әбден тленген ашытқы қамыр ашуы үшін біршама уақытқа қойылады.
Қамырды илеу ұзақтығы ұнның нан пісіру қасиеттеріне, дайындау технологиясы мен қамыр илеу машинасының маркасына тікелей байланысты. Қамыр иленгеннен кейін ашытылады. Ашитын жартылай фабрикаттарда спирттік және сүтті-қышқылдық ашу, қопсу процестері жүзеге асады. Қамырдың құрамы мен қасиеттерін жақсарту үшін ашыту барысында қамырдың иінін қандыру керек.
Иінін қандыру
– қамырды 30...40 минут сайын 1...2 минут бойы қайта-қайта илеу.
Ашытқы қамырдың ашу ұзақтығы
– 3...5 сағат арасында, қамырдың ашу ұзақтығы – 1...1,5 сағат.
Қамырдың ашығанын органлептикалық көрсеткіштеріне (көлемінің ұл- ғаюы, дөңестелуі, торлануы, спиртті иістің шығуы) және қышқылдығына қарай анықталады. Қамырдың қышқылдығы – 0,5 градус болуы шарт. Яғни дайын өнімнің жұмсақ бөлігінің қышқылдығынан жоғары болуы керек. Қышқылдық градусы – қышқылды нейтрализациялауға түскен бір нормалы NaON ерітіндісінің саны, 100 г өнімнің құрамында болады.
Ашыған қамыр бөлшектеуге түседі.
Қамырды бөлшектерге бөлуді
қамыр бөлетін арнайы машиналар орын- дайды. Қамырдың әрбір бөлігінің массасы – суытылған өнімнің массасынан 10...12% көп болуы керек. Себебі пісу және сақтау барысында қамыр мен нанның массасы азаяды.
Қамырдың бөлшектерін дөңгелету үшін қамырды дөңгелететін арнайы машиналар қолданылады. Дөңгелету барысында қамырдың құрамы жақсарып, шар тәрізді қалыпқа түседі.
Қамыр дайындамаларын алдын ала толықсыту цех ішінде қамырдың бөлшектеріне барынша қажетті қасиеттерді беру үшін алдын алу толықсытуға арналған тасымалдаушы таспалар, үстелдер немесе шкафтар болған жағдайда ғана мүмкін болмақ.
Қамыр дайын маларын жасау барысында қамыр әрбір өнімге бекітілген пішінге түседі. Қамыр тегістеуші машиналарда қолмен немесе металл қалыптарға салынып, дайындалады.
Қамыр дайындамаларын соңғы толықсыту конвейерлік-аспалы шкаф- тарда немесе арнайы камераларға орнатылған шағын вагондарда жүзеге асырылады. Ақырғы рет толықсыту үшін бөлме ішінде жылы әрі дымқыл ауа сақталуы керек. Бұл дайын өнімге кеуектілік пен көлем беріп, стандартты сыртқы қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді. арнайы контейнерлер қойылған. Ағаштан немесе пластмассадан жасалған науалары бар контейнерлерге дайын өнімдер салынады.
бөлмелер мен дүкендердің ауданы – шамамен 850 м
2
құрауы тиіс.
Шағын наубайханаларда нан-тоқаш өнімдерін өндірудің технологиялық сызбасы мынадай кезеңдерден тұрады:
Шикізатты сақтау және дайындау :
Ұнды дайындау, ашытқы дайындау, тұз бен қантты дайындау, май өнімдері мен басқа да шикізаттарды дайындау.
Қамырды дайындау :
Су, ашытқы, ұн, тұз және қант ерітіндісі мен басқа да компоненттерді рецептураға сәйкес мөлшерлеп алу; екі фазалық тәсіл барысында қамырды дайындау үшін – ашытқы қамырды дайындау, қамырды ашыту, қамырды илеу, ашыған қамырды бөлшектерге бөлу.
Қамырды бөлшектерге бөлу : бөлшектерге бөлу, бөлшектерді дөңге- лету, алдын ала толықсыту, қамыр дайынмаларын табақтар немесе қалыптарға салу, стеллаж арбаларына табақтар немесе қалыптарды орналастыру (егер нан ротациялы пеште пісетін болса);
Шағын вагондарты шкафтарға ақырғы рет толықсыту үшін қою.
Өнімді пісіру
технологиялық үдерістерге сәйкес температурасы бар пештерде жүзеге асырылады.
Сақтау :
Піскен өнімді табақтар мен қалыптардан алу, қорапқа салу, дайын өнімді жаймаларға орналастыру, өнімді сақтау және сауда орындарына жөнелту. Шағын наубайханаларда нан-тоқаш өнімдерін өндірудің басты ерекшелігі – қамырды жылдам ашыту тәсілімен дайындау. Бұл ашыту ұзақтығын қысқартуға және қамырды толықсыту үдерісінде дайындауды жеделдетуге мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары:
ІІ-ТАРАУ
НАН ПІСІРУ ӨНДІРІСІНІҢ НЕГІЗГІ ШИКІЗАТ КӨЗДЕРІ
Ауыл шаруашылығында дәнді дақылдар өсіріледі. Олардың жемістерінен өңделіп алынған өнімдері немесе жемістерінің өзі нан пісіру өндірісінде негізгі және қосымша шикізат ретінде пайдаланылады. Негізгі шикізат көздеріне – ұн, су, тұз, ашытқы жатады. Бұлар – нан-тоқаш өнімдерінің рецептурасындағы ең қажетті компоненттер. Қосымша шикізат көздері нан- тоқаш және майқоспалы нан өнімдерінің тағамдық құндылығын жоғарылату, дәм және хош иістік қасиеттерін жақсарту үшін қолданылады. Оларға қант пен құрамында қант бар азық-түліктер, майлар, сүт пен сүт өнімдері, жұмыртқа мен жұмыртқа өнімдері, уыт (солод), жеміс-жидекті өсімдіктер, әртүрлі жаңғақтар, дәмдеуіштер, қоспалар жатады.
Бидай, қарабидай, тритикале, сұлы, арпа, жүгері – ұн алу үшін қолданылатын дәнді дақылдар. Бұршақ тұқымдас өнімдер (соя, асбұршақ) нан-тоқаш өнімдерінің тағамдық құндылығын арттыратын қоспалар ретінде қолданылады. Эфир майы алынатын дақылдар (зере, бәден, күнзе т.б.) нан өнімдеріне ерекше дәм мен хош иіс үстейді.
Ең маңызды дәнді дақылдың бірі –
бидай
. Бидай ұнын ақуыздары сумен араласқанда ұлпаға айналады. Бұл нан-тоқаш және макарон өнімдері мен ұнтақ жармасын дайындау өндірісінде жиі қолданылады. Бүтін және жарма дәндеріне кебек қосып дайындаған өнімдер әдетте диеталық тамақтану үшін қолданылады. Масағының құрылымы, дәнінің пішіні, түсі, жылтырлығы мен басқа да қасиеттері жағынан бидайдың бірнеше түрі болады. Біздің елімізде жұмсақ және қатты бидайдың 100-ден астам сұрыптары өсіріледі. Стандартқа сәйкес (МЕМСТ 9353-91) бидай дәнінің сапасы мынадай көрсеткіштер бойынша бағаланады: түсі, иісі, ылғалдығы, қоқыр және дән араласпасы, зақымдануы, типтік құрамы, сыртқы пішіні, жылтырлығы, ұлпалығының саны мен сапасы.
Жұмсақ бидайдың дәндері дөңгелек пішінді, масақшалары айқын көрініс тұрады, түсі – ақ немесе қызғылтым реңкте. Ол нан пісіруге арналған ұнды дайындау үшін қолданылады.
Қатты бидайдың дәні сопақша пішінді, масақшалары айқын көрінбейді, түсі – кәріптастың түсіндей, сары. Қатты бидай макарон өнімдерін өндіру немесе жұмсақ бидайдың қасиеттерін жақсарту үшін қолданылады.
Қарабидай
– нан пісіруге арналған ұнды өндіру ісінде екінші орында тұрған дақыл.
Біздің елімізде оның 50-ден астам түрі өсіріледі.
Қарабидайдың ақуыздық қасиеті – суда жылдам ериді және ұлпаға айналмайды. Қарабидай дәнінің пішіні – жіңішке және ұзынша келген, салмағы – жеңіл, алайда бидай дәнімен салыстырғанда үлестірек.
Сапа стандарты бойынша қарабидай дәнін мынадай көрсеткіштер арқылы бағалайды: ылғалдығы, сыртқы пішіні, қоқыр және дән араласпасы, зиянды өсімдік қоспалары, зиянкестерден зақымдану деңгейі.
Тритикале
– жаңа дәнда дақылдың түрі. Ол бидай мен қарабидайды будандастыру нәтижесінде алынып, көптеген көрсеткіштері бойынша аталған екі дақылдың сапасынан асып түседі.
Нан пісіру қасиеттеріне қарай тритикале ұны бидай ұнына қарағанда нашарлау, оның қамыры қасиеттеріне қарасаңыз, қарабидай ұнына ұқсайды. Сапа стандарты бойынша тритикалені бидайдың көрсеткіштері бойынша бағалайды.
Сұлыдан нан-тоқаш өнімдерінің диеталық сұрыптарын жасауға пай- даланылатын ұн мен талқан алынады. Сұлы дәнінің құрамына биологиялық құндылығы жоғары ақуыздар кіреді. Сұлы дәнінде аминқышқылының орнын баса алмайтын лизин кездеседі.
Арпа
құрамында амилолиттік ферменттері бар уытты өндіру үшін қолданылады.
Арпа уыты мен оның препараттары сұйық ашытқыларды жасау үшін пайдаланылады.
Жүгері
– крахмал, сірне, жүгері таяқшалары, жарма, ұн т.б. өнімдерді алу үшін қолданылады.
Бұршақ тұқымдас дақылдар ішінде нан пісіру өндірісінде соя мен асбұршақ белсенді қолданылады.
Сояның құрамында адам ағзасы жақсы сіңіретін ақуыздар мен майлар кездеседі, Жоғары ақуызды соя ұнын нан-тоқан және макарон өнімдерін, пірәндік, шұжық, сүт,
ірімшік және т.б. тағам түрлерін дайындауда қолданады.
Соя майының құрамында ашытқы мен нанның қасиетін жақсарту үшін қолданылатын тағамдық қоспаларды өндіру үшін пайдаланылатын лецитин болады.
Асбұршақ дәрумендерге, аминқышқылдары мен микроэлементтерге бай асбұршақ ұнын алу үшін қолданылады. Нан пісіру өндірісінде оны нан-тоқаш өнімдерінің биологиялық құндылығын көтеру үшін ақуызды көбейтуші ретінде пайдаланады.
Эфир майы алынатын дақылдар
– хош иісті заттектер – эфир майлары – тағамдық эссенциялар, ликер өндіру үшін қолданылады. Сондай-ақ бұл топқа қарабидай ұнынан, қарабидай және бидайдың ұнын қосып жасалған нанның жақсартылған сұрыптарын хош иістендіру үшін қолданылатын зере, бәден және күнзе дәндері жатады.
Дәннің құрылымы мен химиялық құрамы
2.1. Сур.
Бидай дәнінің бойлық бөлімі
1 – қабықша; 2 – алейронды қабат; 3 – эндосперм; 4 – ұрық
Бидай мен қарабидайдың құрылымы мен химиялық құрамы төмендегіше:
Бидай, қарабидай дәндерінің басқа да дәнді дақылдар секілді қауызы, алейронды (қорлы) қабаттары, эндосперм мен ұрығы болады (сурет 2.1.). Дәннің жекелеген бөліктерінің өзіне тән құрылымы, химиялық құрамы мен тағамдық құндылығы болады.
Қабықша
– қорғау функциясын атқарады, дәнді зиянды механикалық әсерлерден және дәннің ішіне улы заттардың түсуінен қорғайды, қабығы зақымданса, микроағзалар дәннің ішіне еніп, оны зақымдайды.
Қабықша екі бөліктен құралады: жемістік және тұқымдық қабықша. Дән әбден піскен кезде оның үстіңгі жағында бос бездер
– масақшалар пайда болады.
Дәннің әрбір бөлігінің химиялық құрамы әртүрлі болады, қабықшаның құрамында жасұнық (клетчатка), минералды заттар мен пигменттер болады. Қабықшалар ұнға қаншалықты көп түссе,
соншалықты ұн құрамында минералды заттар мөлшері көбейеді. Бұл дегеніміз ұн күлді болады.
Дәннің
алейронды (қорлы) қабаттары
эндроспермге іргелесіп жатқан жасушалардың бір қатарынан тұрады. Алейронды қабаттардың құрамында жасұнық, минералды заттар, майлар мен ақуыздар көп кездеседі.
Эндосперм (ұлпалы өзек) құрамында крахмал мен ақуыздық заттар көп. Онда дәннің басқа бөліктеріне қарағанда, май, минералды заттар мен жасұнық әлдеқайда аз мөлшерде болады. Эндосперм – дәннің ең құнды бөлігі, сондықтан сұрыпты ұнды тек эндоспермнен аламыз.
Тұқым құрамында ақуыздар, майлар, ферменттер мен қанттар мөлшері көп. Қолайлы жағдайларда (оттектің жеткілікті дәрежеде болуы, белгілі бір температураны ұстау, топырақтың ылғалдылығы) тұқым өскін бере бастайды. Тұқымның майы жылдам ашып кетеді. Мұндай жағдайда ұнның сапасы төмендеп кетері анық. Дәннің бөліктерінің қатынасының маңызы зор. Қабықшасы мен алей- ронды қабаты ұнның түсін өзгертіп, тағамдық құндылығын төмендетеді. Сұрыптық ұнды тартқанда, қабықшасы, алейронды қабаты мен тұқым- дарын алып тастайды.
Кесте 2.1.
Бидай мен қарабидай дәндерінің жекелеген бөліктерінің қатынасы, %
Дәннің бөліктері
Бидай
Қарабидай
Қабықша
5,5... 8
6,5. 12, 2
Алейронлы қабаты
6,8... 8,8
8,4. 12
Эндосперм
77.82
72,8 .78
Тұқым
1,5. 3
2,5. 5,6
Бидай мен қарабидай дәндерінің жекелеген бөліктерінің қатынасынан (2.1. кесте) эндосперм дәннің мөлшерінің ең негізгі бөлігін құрайтынын көреміз. Эндоспермнің болуы өсімдіктің сұрыпы мен қолайлы жағдайларда өсуіне байланысты. Эндоспермнің құрылымы бидай дәнінің жылтырлығын сипаттайды. Дәннің жылтыр, жартылай жылтыр және ұлпалы түрлері болады. Бидай ұнының нан пісіруге икемділігі дәннің жоғарыда айтылған белгілеріне тікелей байланысты. Бидай мен қарабидай дәнінің химиялық құрамы – күрделі. Барлық өнімдер ылғалды және құрғақ заттардан тұрады. Олар өз ішінде органикалық және неорганикалық болып бөлінеді. Органикалық заттарға ақуыздар, көмірсулар, нуклеин қышқылдары, фер- менттер, дәрумендер, пигменттер, липидтер т.б. жатады.
Неорганикалық заттарға минералды заттар мен су жатады.
Ақуыз көміректен, оттектен, сутектен және азоттан тұрады, олар аминқышқылдарынан құралған. Табиғи ақуыздар құрамында 20 әртүрлі аминқышқылдары кездеседі. Тағамға жарамды ақуыздардың құрамында адамның ағзасына синтезделуге мүмкіндік бермегенмен, оның өмір сүруі үшін маңызды (ферменттер, гармондар мен басқа да заттар құрамына кіреді) бағалы аминқышқылдары болады. Сондықтан, олар тағам өнімдерінің құрамына кіруі тиіс. Дәннің ақуыздары толыққанды жарамды бола алмайды, себебі олардың құрамында бағалы аминқышқылдарының, әсіресе лизина, триптофан мен метионинның саны жеткілікті емес.
Ақуыздар қарапайым (протеиндер) және күрделі (протеидтер) болып бөлінеді. Тағам өнімдерінде негізінен протеиндер кездеседі. Олар аль- буминдер, глобулиндер,
проламиндер және глютелиндер болып бөлінеді. Дәннің негізгі ақуыздары – проламиндер мен глютелиндер. Бидайдың дәнінде глиадин және глютенин ақуыздары болады. Олар суда жақсы еріп, көлемі ұлғайып, ұлпаға айналып, бидай ұнының қамырын дайындауда маңызды орында. 60...70°С температураға дейін ысу барысында ақуыздар қоюланады (денатуратталады). Бұл үдеріс нан пісіру кезінде жүзеге асады.
Көмірсулар
– көміртектен, оттек пен сутектен тұратын органикалық заттар. Олар адам ағзасы үшін бағалы қуат көзі болып саналады.
Молекуласының құрылысына қарай көмірсулер
қарапайым
(моно- сахаридтер) – глюкоза мен фруктоза және
күрделі
(полисахаридтер) – сахароза, мальтоза, лактоза, крахмал, целлюлоза, шырыш болып бөлінеді.
Қарапайым қанттар
– глюкоза мен фруктоза – қамырды ашытуда маңызды рөл атқарады. Микроағзалардың әсерімен олар нанның хош иістік қасиетін жақсартатын спирт, көміртек диоксиді мен қышқылдар жасай отырып, бөлшектенеді.
Су ерітіндісі ысығанда,
сахарозалар
қышқылдармен бірлесіп, глюкоза мен фруктоза жасап (инверсия реакциясы), гидролизденеді.
Мальтоза
– нан қамырының басты қанты, ол ұнның крахмалын мальтаза ферментімен қанттанған жағдайда пайда болып, спирттік ашытуға қатысады.
Лактоза
крахмал гидролизденген жағдайда пайда болады.
Дәннің негізгі бөлігін
крахмал
құрайды. Крахмал эндоспермнің жасу- шаларында кездеседі (шамамен 80%). Ұнның сұрыпы жоғары болған сайын, оның ішінде крахмал мөлшері де көп болады. Ыстық суда крахмал клейстер түзіп, жабысқақ массаға айналады. Бұл қамыр мен нанның физикалық қасиетіне әсер етеді.
Целлюлоза (жасұнық) дәннің кебектері мен қабықшасының құрамында кездеседі. Ол нанның тағамдық құндылығын арттырады, бірақ энергетикалық құндылығын төмендетеді.
Шырыш (пентазандар) – коллоидті полисахаридтер, еріген кезде жа- бысқақ ерітіндіге айналады. Олар 8-есе суды сіңіре алады. Қарабидай дәнінде кездеседі.
Нуклеин қышқылдары ағзаның өміршеңдігінде маңызды рөл атқарып, тұқымқуалаушылық белгінің тасуышысы деп танылады.
Ферменттер
– ерекше ақуыздар, биохимиялық үдерістердің реттеушісі деп саналып, ағзадағы зат айналымын жеделдетеді.
Дәннің құрамында әртүрлі ферменттер кездеседі. Нан өндіру ісінде амилолитикалық және протеолитикалық ферменттердің (протеиназдар) технологиялық маңыздылығы жоғары. Протеиназдар ақуыздарды ерітеді. Олардың белсенділігі қамырдың физикалық қасиеттеріне, нанның көлемі мен формасына әсер етеді:
а-амилаза крахмалды декстриндерге дейін гид- ролиздеп, аз ғана мөлшерде мальтоза туындатады. Ол қарабидай ұны мен өнген дәннен алынған ұнның құрамында кездеседі.
Р-амилаза крахмалды мальтоза мен жоғары молекулярлы декстриндерге дейін ерітеді. Белсенді түрде ол сапасы қалыпты бидай ұны мен қарабидай ұнының құрамында кездеседі.
Липаза
майларды глицерин мен май қышқылдарына ерітеді.
А-глюкозидаза
(мальтаза) мальтозаны ерітеді.
Ферменттердің әсері ерекше, каталитикалық белсенділігі жоғары, тем- пература мен қоршаған ортаның қышқылдығына сезімтал келеді, дәннің пісіп жетілуі мен сақталуында, сондай-ақ дәннен ұн жасауда маңызды рөл атқарады.
Дәрумендер тірі ағзалардағы зат алмасу үдерісін реттеп отырады. Олар ферменттердің құрамына кіреді немесе зат алмасуға тікелей қатысады. Адам ағзасы дәрументерді өздігімен синтездей алмайды, сондықтан дәрумендер ағзаға тағаммен бірге сіңіп отырады.
Дәннің құрамында мынадай дәрумендер кездеседі:
тиамин
(В
х ),
рибофлавин
(В
2
никотин қышқылы
(РР) және аз мөлшерде –
В
3
, В
6
, В
12
, Е
дәрумендері.
Дәннің дәрумендері оның қабықшасында және тұқымында болады. Сондықтан ұнның сұрыпы төмен болған сайын, одан жасалған нанның құрамында дәрумендер көп болады.
Пигменттер
– тағамдық өнімдердің түсін білдіретін бояғыш заттар. Олар дәннің қабықшасында болады.
Каротиноидтер
– дәннің эндоспермінің құрамында болатын қызғылт сары және сары түсті пигменттер. Ұнның түсі каротиноидтерге тікелей байланысты.
Липидтер
– энергияның маңызды қайнар көзі болып табылатын майлар немесе май тектес заттар. Майлар глицериннің әртүрлі май қышқылдарымен (олеин, линол т.б.) қосындысы болып табылады. Майлар әсіресе дәннің тұқымында мол болады. Азық- түліктер қолайсыз жағдайларда сақталса, майлар гидролизге түсіп, аши бастайды. Сөйтіп майдың қасиеттері нашарлап, нәтижесінде нанның дәмі мен иісі жағымсыз қышқылданады.
Минералды заттар
макроэлементтерге
(натрий, калий, кальций, фосфор, магний т.б.) және
микроэлементтерге
(мыс, кобальт, марганец, цод, фтор т.б.) жіктеледі. Олар адам ағзасындағы көптеген физиологиялық үдерістердің реттеушісі саналады. Дәндегі минералды заттар оның қабықшасы мен тұқымында болады. Су
– дәннің құрамдас бөлігі. Дәннің ылғалдылығы 14,5... 15,5% болуы тиіс. 14,5 % ылғалдық –
базистік
, яғни н е г і з г і деп аталады.
Ылғалдығы жоғары дән сақтау барысында жылдам бұзылады, себебі онда тыныстау үдерісі күшейіп, ферменттер белсенденіп, микроағзалар күшейе түседі. Дәннің ылғалдығы сақтау шарттарына байланысты көбейіп немесе азайып отырады.
Нан, тоқаш және майқоспалы нан өнімдерінің сапасы оны дайындау үшін пайдаланылатын шикізаттың, әсіресе ұнның сапасына тікелей байланысты. Ұнның нан пісіруге икемділік қасиеттері дәннің сапасына, дәнді диірменнен тарту жолына, сондай-ақ ұнды жеткізу мен сақтау шарттарына тікелей байланысты. Бидай ұны МЕМСТ 26574-85 талаптарына сәйкес 5 сұрыпы шығарылады: майда ұнтақты, жоғары, бірінші, екінші сұрыпты және ерекше тартылған немесе ТУ РФ 11-95-91 талаптарына сәйкес төрт сұрыпты: жоғары, бірінші, екінші және ерекше тартылған. Соңғы жылдары Ресейде бидай ұнының жақсартылған сұрыптары шығарылуда.
Оларға: «Прима», «Особая», «Подольская», «Каширская» сұрыптары жатады. Тағамдық құндылығы жоғары бидай ұнының мынадай жаңа түрлері шығарыла бастады:
құрамында кебек бөлшектері көп бидай ұны; тағамдық талшықтармен байытылған бидай ұны – «Докторская»; дәрумендендірілген бидай ұны. Қарабидай ұнының МЕМСТ 7045-90 талаптарына сәйкес үш сұрыпы шығарылады: еленген, кебекті және ерекше тартылған. Қарабидай ұнының ерекше тартылған сұрыпымен салыстырғанда, әлдеқайда жақсартылған «Особая» қарабидай ұны шығарылған (РФ ТШ 11-115-92 талаптарына сәйкес). Сондай-ақ, бидай мен қарабидай ұнын араластырып, қарабидай-бидай ұны шығарылды. Қарабидай-бидай ұнының мынадай сұрыптары шыға- рылады: Ұнды өндіру барысы: дәнді диірменнен тартуға дайындау және диірменнен тарту.
Дәнді дайындау – қоспалардан тазарту, дәннің үстіңгі қабатын тазадау, желдету және дәннің жекелеген түрлерінен тартылатын қоспалардың құрамын анықтау. Дәнді қоспалардан тазарту сепараторлар көмегімен орындалады. Дән електер арқылы еленіп, жеңіл қоспаларды жою үшін ауада үрленеді. Пішіні жағынан дәнге ұқсамайтын қоқырларды арнайы машиналар – триерлер- де тазалайды. Сепаратордан шығар алдында дән металл қоспалардан тазартылады. Дән сілкитін және щеткалы машиналарда тазартылады. Сілкитін ма- шиналарда дән масақтар мен қабықшасына зақым келтіретін тұқымдары- нан тазартылады. Щеткалы машиналарда дән шаң мен қабықшалардың қалдықтарынан тазартылады. Дәнді желдету бидай мен қарабидайды диірменнен сұрыптық тарту барысында қолданылады. Бұл үдеріс дәннің нан пісіруге икемділік қасиеттерін жақсартып, оның сапалығын жоғарылатады. Желдету салқын, ыстық және жылдам деп бөлінеді. Салқын желдету кезінде дәнді алғашқыда 15...20 °С суда жуылып, содан кейін 25...35°С сумен ылғалдатылып, сүрлемдерде 10...15 сағат бойы дән әбден жылтыр болғанша ұстайды (ылғалдандырылады). Қабықшасы мен алейронды қабаты ылғалдан- дырылғанда, дән сумен ылғалданып, икемді бола түседі. Ал эндосперм құрғақ күйінде қалады. Нәтижесінде, диірменнен тарту барысында қабықша қалдықтары эндоспермнен оңай ажыратылады. Ыстық желдету барысында ылғалдандырылған дән (шамамен 20% ылғалдылық) 60...90 минут ішінде 55...60 °С-қа дейін ысытылып, 2...7 сағат бойы ылғалдандырылады. Ыстық желдету барысында дән ысып, ақуыздар нығыздалып, ферменттердің белсенділігі төмендейді. Бұл ұлпалығы әлсіз дән үшін өте маңызды. Ұлпалығы орташа дәндер 45...50°С-қа дейін қыздырылады. Жылдам желдету кезінде дәнді ылғалдандыру үшін су буы қолданылады. Қарабидай дәні үшін салқын желдету тәсілі қодданылады, себебі ол дәннің эндоспермін жұмсартуға септігін тигізеді. Дәнді диірменнен тарту жолдары бір реттік және қайталама болып бөлінеді. Бір реттік тарту кезінде дән қабықшаларымен бірге бір рет қана тартылады. Бір реттік тарту сирек қолданылады, себебі бір рет қана тартылған ұнның сапасы төмен әрі түсі қоңыр болады. Қайталама тарту қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым тарту кезінде ерекше тартылған және кебекті ұн алынады. Ұн 3...5 білікті білдекте тартылады. Әрбір білдектен қоспаны елеп шығарып, ірі қалдықтарын електен келесі білдекке түсіреді. Бұл әрекетті барлық бөлшектер ұнға айналғанша, қайталай береді. Әртүрлі жүйелер арқылы алынған ұн араластырылып, бір сұрыпты ұн алынады. Ұнның шығымы – дәннің массасының 95...96% құрайды. Ұнды диірменнен күрделі, немесе сұрыптық тарту түйіршіктерді байыту немесе түйіршіктерді байытпай жүзеге асырылады. Әртүрлі типтегі сұрыптық ұндардан бидай және қарабидай ұнының шығу нормалары
2.2. және 2.3.кестелерінде көрсетілген.
Нан пісіруге арналған бидай ұны сапасының МЕМСТ 26574-85 талаптары бойынша негізгі көрсеткіштері 2.4. кестеде көрсетілген.
Бидай ұнының шығу нормалары
Кесте 2.2.
Ұн Әртүрлі типтегі сұрыптық ұндардан бидай ұнының шығу нормалары, % дәнінің мөлшеріне қарай
Үшінші
сұрыпты
Екінші
сұрыпты
Үшінші
сұрыпты
Ерекше
Бірінші сұрып
15
10
Екінші сұрып
30
35
35
60
45
40
72
Ерекше тартылған
33
33
33
33
38
85
Қорытынды
78
78
68
60
78
78
72
85
96
Қарабидай ұнының шығу нормалары
Кесте 2.3.
Ұн Әртүрлі типтегі сұрыптық ұндардан қарабидай ұнының шығу нормалары, % дәнінің мөлшеріне қарай
Еленген
Екінші
сұрыпты
Кебекті
Ерекше тартылған
Еленген ұн
63
15
Кебекті ұн
65
87
Ерекше тартылған
95
Қорытынды
63
80
87
95
Қарабидай ұнының шығу нормалары
Кесте 2.3.
Ұн Әртүрлі типтегі сұрыптық ұндардан қарабидай ұнының шығу нормалары, % дәнінің мөлшеріне қарай
Еленген
Екінші
сұрыпты
Кебекті
Ерекше тартылған
Еленген ұн
63
15
Кебекті ұн
65
87
Ерекше тартылған
95
Қорытынды
63
80
87
95
Нан пісіруге арналған бидай ұны сапасының көрсеткіштері
Кесте 2.4.
Көрсеткіштер
Жоғары сұрып
Бірінші сұрып
Екінші сұрып
Ерекше тартылған
Ылғалдылығы, %, көп емес
15
15
15
15
Күлінің көптігі, %, көп емес
0,55
0,75
1,25
0,07%-ға қарағанда төмен емес, дәннің күлінің көптігінен төмен емес
Тартылған ұнның ірілігі: електе қалуы / електің №, %, көп емес
Елек арқылу өтуі / електің ұяшықтарының диаметрі, %, көп емес
43/5
35/2
27/2
0,67/2
Ұлпалығының сапасы
ІІ топтан төмен емес
Ұнның тағамдық құндылығы мен нан пісіруге икемділік қасиеттері оның химиялық құрамына тікелей байланысты. Өз кезегінде, ұнның химиялық құрамы дәннің құрамы мен сұрыпына тікелей байланысты.
Бидай және қарабидай ұнының химиялық құрамы 2.5. кестесінде сипатталған. Ұн, дән секілді, негізінен көмірсулар мен ақуыздардан, сондай-ақ майлар мен ферменттерден тұрады.
Ұнның құрамындағы
көмірсулар
қарапайым қанттар (моносахаридтер) – глюкоза, фруктоза т.б.; полисахаридтер (сахароза, мальтоза), крахмал, целлюлоза, гемицеллюлоза, пентозан түрінде көрініс береді.
Ұнның химиялық құрамы, % құрғақ заттарға шаққанда
Кесте 2.5.
Ұнның түрлері мен сұрыптары
Крах- мал
Ақуыз
Пен- тозан
Май
Қант
Целлю- лоза
Күл
Бидай ұны: Жоғары сұрып
79
12
2
0,8
1,8
0,1
0,55
Бірінші сұрып
77,5
14
2,5 1,5
2
0,3
0,75
Екінші сұрып
71
14,5 3,5 1,9 2,8 0,8
1,25
Ерекше тартылған
66
16
7,2 2,1
4
2,, 1,9
Қарабидай ұны: Еленген
73,5
9
4,5
1,1
4,7
0,4
0,75
Кебекті
67
10,5
6
1,7 5,5 1,3
1,45
Ерекше тартылған
62
13,5 8,5 1,9 6,5 2,2 1,9
Крахмал ұнның маңызды көмірсуларына жатады. Ол ұнның құрғақ заттектерінің 80%-н құрайды. Ұн құрамында крахмал көп болған сайын, онда ақуыздар мөлшері де аз болады. Крахмалдың нан өндірісіндегі техникалық маңызы зор. Ол қамыр илеу кезінде суды өзіне сіңдіріп алады; амилолитті ферменттердің әсерімен гидролизге ұшырап, қамырды ашытуға қажетті мальтозаға айналады; пісіру кезінде крахмал клейстер түзіп, суды сіңіріп алады. Бұл құрғақ икемді нан жұмсағын жасайды; нанды сақтау кезінде крахмал клейстері
«ескіріп», ылғал түзіліп, нан қата бастайды.
Ұн құрамында крахмал дән түрінде кездеседі, оның мөлшері мен пішіні ұнның түрі мен сұрпына байланысты. Ыстық суда крахмал дәндері ісініп (клейстеризация үдерісі), көлемі екі еске ұлғайып, амилолитті ферменттердің әрекетіне оңай түседі (гидролиз үдерісі). Бидай және қарабидай ұны крахмалдарының қасиеті бір-бірінен өзгеше. Бидай ұнының крахмалы 62...65 °С температурада клейстер түзсе, қарабидай ұнының крахмалы
– 50...55 °С клейстер түзеді.
Қарабидай крахмалы гидролизге және клейстерилизацияға оңай түседі, сақтау кезінде баяу «ескіріп» (синерезис процесі), қарабидай ұнынан жасалған өнімдердің қатуын баяулатады.
Целлюлоза, гемицеллюлоза
және
шырыштар
(пентазандар) тағамдық талшықтар тобына жатады. Бұларды адам ағзасы сіңіре алмайды, сондықтан ұнның энергетикалық құндылығын төмендетіп, керісінше, тағамдық құндылығын арттырады. Себебі ағзадағы зат алмасуды қалыпқа түсіріп, ауыр металлдардың шыуына септігін тигізеді.
Ақуыз
– аминқышқылдарынан тұратын жоғары органикалық молекулярлы қоспалар. Ұнның құрамында дәніне және оны өсіру шарттарына байланысты 12.16 % мөлшерінде болады. Ұнда қарапайым (протеиндер) және күрделі (протеидтер) ақуыздар болады.
Ұнның ақуыздарының нан дайындау процесіндегі технологиялық маңызы зор. Олардың құрылымы мен физика-химиялық қасиеттері қамырдың сапасына, пішініне әсер етеді. Маңызды қасиеттері – ақуыздардың жылдам еритіндігі, ісінуге бейімділігі, денатурация мен гидролиздену қабілеті.
Жылдам еру қабілетіне қарай ақуыздар іштей былайша жіктеледі:
Альбуминдер
– суда ери алады;
Глубилиндер
– суда ери алмайтын, бірақ кейбір нейтралды тұздардың сұйық ерітіндісінде ери алады;
Проламиндер
– 50...70%-дық спирттік ерітіндіде ери алады;
Глютениндер
– сілтілер мен қышқылдардың сұйық ерітіндісінде (0,2.0,3 %) ери алады.
Бидай ұнының ақуыздары –
глютениндер – глиадин мен глютенин
– дәннің азоттық заттарының жалпы салмағының 75%-н құрайды.
Глиадин мен глютенин дәннің эндоспермінің құрамында болады, сондықтан ол ерекше тартылған ұнға қарағанда, сұрыптық ұндар құрамында көбірек болады. Бидай ұнын сумен араластырғанда, олар ісініп, жұмсақ ұлпаға айналады. Шикі ұлпа – 65...70% ылғалдан және 35... 30% құрғақ заттардан тұратын икемді созылмалы қоспа. Құрғақ заттар
Ұлпаның сапасы оның түсі, созылыңқылығы (белгілі бір ұзындыққа созыла алу қабілеті), икемділіші (созылғаннан кейін бұрынғы пішініне қайта келу қабілеті) және тығыздығы (деформация кезінде қарсылық көрсете алу қабілеті) секілді белгілеріне қарай сипатталады.
Ұнның нан пісіруге икемділік қабілеті ұлпалығының саны мен қасиетіне байланысты. Ұнның ақуыздарының көп бөлігі суда ери қомайды, тек 30°С температурада ісініп, өзінің салмағынан 2.3 есе көп суды сіңіріп алады. Ақуыздың денатурациясы (қоюлануы) ысытылған жағдайда жүзеге асады. Температура 60°С-тан жоғары болса, қауыздар еру және ісіну қабілетінен айрылады. Пісіру кезінде қоюланып қалған ақуыздар бейне бір қаңқа құрып, нан өнімінің пішінін бекітеді. Қарабидай ұнының ақуыздық заттары қасиеті мен құрамына қарай бидай ұнының ақуыздарына қарағанда, өзгешелеу. Қарабидай ұны ақуыздарының біршама бөлігі (40...45
%) суда немесе тұз ерітіндісінде ериді.
Қарабидай ұны желімге айналмайды, сондықтан, қарабидай қамыры бидай қамырына қарағанда, жабысқақ және икемді келеді. Қарабидай ұнының ақуыздарының тағамдық құндылығы бидай ұнының қауыздарына қарағанда орны толтырылмайтын аминқышқылдарына бай.
Майлар
– глицерин мен жоғары май қышқылдарының күрделі эфирлері. Ұнның майларының құрамына сұйық қанықпаған қышқылдар (линол, линолен және олеин) кіреді. Сондықтан май сұйық консинстенция түрінде болады. Ұн сұрпына байланысты 0,8...2,5% майдан тұрады. Ұнды сақтағанда, май оғай еріп, ұнның дәмі қышқылданып кетеді.
Май текті заттарға фосфолипидтер мен басқа да қоспалар жатады. Ұнның құрамында 0,4...0,7% фосфолипидтер болады. Глицерин мен май қышқылдарына басқа майларға қарағанда, форфолипидтердің құрамында фосформ қышқылы мен азоттық заттар болады.
Ферменттер
– ақуыздар тобына жататын, әртүрлі реакцияларды ката- лизациялау (жеделдету) қабілеттеріне ие заттар. Дәннің құрамында, әсіресе тұқым, алейрон қабаты мен қабықшасында әртүрлі ферменттер (амилолиттік, протеолиттік, липаза, липоксигеназ, О-дифенолоксидаз) болады. Сондықтиан, ұнның сұрыпы қаншалықты төмен болса, оның құрамында ферменттер соншалықты көп болады. Ұнның ферменттік белсенділігі дәнді диірменнен тарту алдындағы өну, сақтау, кептіру және желдету жағдайларына тікелей байланысты. Әлі өне қоймаған немесе өніп кеткен дәннің құрамындағы ферменттер әлдеқайда белсенді болады. Дән кептіріліп, желдетілген жағдайда, сондай-ақ дән мен ұнды сақтау барысында ферменттік белсенділік төмендейді. әрбір фермент белгілі бір биохимиялық реакцияны катализдейді. Ферменттердің белсенділігі қоршаған ортаның реакциясы мен температурасына, сондай-ақ белгілі бір химиялық хаттардың әсеріне тікелей байланысты. Әрбір фермент үшін қоршаған ортаның температурасы мен қышқылдығының белгілі бір мәні белгіленген. 70...80 °С температурада барлық ферменттер бұзылып, ширатылып, өзінің каталитикалық қасиет- терінен айрылады. Кейбір химиялық заттар ферменттердің белсенділігін (активаторлар) арттырады, басқалар
– олардың белсенділігін төмендетеді (ингибиторлар).
Құрғақ дәндер мен ұнды сақтау барысында ферменттердің әрекеті әлсіз ғана байқалады, себебі олар тек ерітінде ішінде ғана белсенді әрекет етеді. Жартылай фабрикаттар иленгеннен кейін ферменттер ұнның күрделі заттарының ыдырау реакциясын жылдамдатады. Ұнның құрамындағы күрделі ерімейтін заттардың суда ерігіш қарапайым заттарға өзінің ферменттерінің әсерімен ыдырау белсенділігі –
автолитті белсенділік
деп аталады.
Автолитті белсенділік
– су мен ұннан дайындалған суспенцияны жылытқанда, суспенция құрамындағы ұнның суда ерігіш заттарды түзе алу қабілеті.
Автолитті белсенділік – ұнның нан пісіруге икемділік қасиетінің маңызды көрсеткіші. Жоғары немесе төмен автолитті белсенділігі кезінде қамыр мен ұнның сапасы жақсарады. Ақуыздар мен қамыр крахмалының ыдырауының автолитті процесі белгілі бір қарқынмен, яғни бір қалыпты жылдамдықта жүзеге асырылуы керек. Автолитті
процестерді реттеу үшін нан өндірісінде ұнның ақуыздарға, крахмал мен басқа да компоненттеріне әсер ететін маңызды ферменттерінің қасиеттерін білудің маңызы зор. Нан пісіру өндірісінің технологиялық маңызы – ұнның құрамында амилолитті және протеолитті ферменттердің болуы.
Амилолитті ферменттер (амилазалар) а-амилаза және р-амилазаға бөлінеді. А- амилаза крахмалға ықпал ете отырып, оны декстринаға айналдырып, аз ғана мальтоза түзеді. Ал р-амилаза крахмалға немесе декстринаға әсер етіп, көп дәрежеде мальтоза түзеді. Амилазаның бел- сенділігі қоршаған ортаның температурасы мен қышқылдығына байланысты. А-амилаза қышқылдықтың артуына сезімтал болып, р-амилазаға қарағанда, температураның артуына соншалықты сезімтал емес. Қоршаған ортаның қышқылдығына байланысты а-амилазаның әсерсіздендіру температурасы – 70...95°С-ты, ал р-амилазының температурасы – 69... 85 °С-ды құрайды. Осы ферменттер бірге әрекет еткен жағдайда, крахмалдың қанттануына қолайлы температура – 63.65 °С құрайды. Қоршаған ортаның қышқылдығы артқан сайын, жылыту барысында ферменттер, әсіресе, а-амилаза соншалықты жылдам бүлінеді. А- және р-амилазалар крахмалға жартылай фабрикаттардың ашуы барысында, сондай-ақ нан пісіру кезінде ықпал етеді. Амилазалардың технологиялық қасиеті әртүрлі. Р-амилаза крахмалды қанттандыра отырып, қамырды спирттік ашытуға қажетті қанттардың жиналуына септігін тигізіп, нанның сапасын жақсартады. Себебі ұнның құрамында қант қамыр иленген соң алғашқы 2 сағат ішінде ашиды. А-амилаза нан өнімдерінің сапасын жақсартады, себебі крахмалды декстринге айналдырады. Декстрин суда нашар ериді, соның нәтижесінде нанның жұмсақ бөлігі жабысқақ болып, тіпті шала піседі. Р-амилаза ұнның барлық түрлерінде кездеседі, ал а-амилаза – пісіп жетілмеген немесе өніп кеткен дәннен жасалған ұнның құрамында кездеседі.
Протеолитті ферменттер (протеиназалар) ақуыздар мен гидролиз өнімдеріне әсер етеді. Протеиназалар дән мен ұнның құрамында кездеседі, бірақ олардың белсенділігі соншалықты жоғары емес. Дәннің протеиназалары ақуыздың молекуласын толығымен бүлдірмейді, тек оның күрделі құрылымын аз ғана өзгертеді. Нәтижесінде ақуыз бен қамырдың физикалық қасиеттері өзгереді. Өсіп-жетілмеген, өніп кеткен және бақа тәріздес қандаладан зақымданған дәндердің протеиназаларының белсенділігі жоғары болады. Протеиназалардың жоғары белсенділігі ұлпалық жабысқақтық қасиетін жақсартады, ол өзінің икемділігін, иілгіштігін және ісіну қабілетінен айрылады. Протеиназалардың ақуыздарға қалыпты әсер етуі қамырдың ашуына септігін тигізеді. Қамырдың жабысқақтығы икемдірек болып, нанның жұмсақ бөлігінің кеуек қуысты болуын жақсартып, нанның көлемін ұлғайтады.
Липаза үнемі ұнның құрамында болады, ол майларды глицерин мен май қышқылдарына ыдыратады. Ұнды сақтау барысында оның қышқылдығы ұлғаяды. Бұл осы ферменттің әрекетіне тікелей байланысты болады.
Липоксигеназ ұнның қанықпаған май қышқылдарын тотыққанша қышқылдандырады. Бұл ұнды сақтау кезінде оның қуатын күшейте түседі.
О-дифенолоксидаза (полифенолоксидаза) ұнның аминқышқылын (тирозин) оттегінің қатысуымен тотықтандырып, қоңыр түсті заттар – меланин түзеді. Меланин ұнның жекелеген түрлерін өңдеуден өткізгенде, қамыр мен нанның жұмсақ бөлігінің қараюына әкеп соқтырады. Бұл фермент әсіресе, қарабидай ұнында көп кездеседі.
Ұнның нан пісіруге икемділік қасиеттері одан дайындалатын нан мен оның басқа да қасиеттерінің мүмкіндіктерінен көрінеді.
Нан пісіруге икемділік қасиеті жақсы ұннан дұрыс пішінді, көлемі үлкен, қалыпты түске боялған қыртысы тегіс, жұмсақ бөлігі – құрғақ әрі икемді, хош иісті және дәмі жағымды нан шығады. Бидай ұнының нан пісіруге икемділік қасиетін мынадай белгілеріне қарай анықтайды:
ұнның түсі мен қараюға қабілеті; ұнның қуаты;
газ түзуші қабілеті; тартылған ұнның ірілігі.
Ұнның түсі
нанның жұмсақ бөлігінің түсіне әсер етеді. Сұрыпты бидай ұнынан жұмсақ бөлігі ақшыл түсті нан алынады. Кейде ақшыл түсті ұннан белгілі бір жағдайда қоңыр түсті жұмсақ бөлігі бар нан шығып жатады. Оны қоңырқай түсті заттарды – меланиндерді түзетін фенолдар мен тирозиндердің қышқылдануын катализациялайтын О- дифенолоксидаза мен тирозаниза ферментерінің жоғары белсенділігімен түсіндіруге болады. Ұнның түсі оның құрамындағы эндосперм түйіршіктері мен дәннің кебекті түйіршіктерінің, сондай-ақ эндоспермнің өзінің түрлі-түстілігінің қатынасына тікелей байланысты.
Ұнның түсін анықтау тәсілдері
15.3 бөлшімінде
сөз етіледі.
Ұнның қуаты
– ұнның қамыр жасау қабілеті, оның белгілі бір құры- лымдық- механикалық қасиеттері болады. Қуаттылығы жағынан ұн күшті, орташа және әлсіз деп іштей бөлінеді.
Қуаттылығы күшті ұнның құрамында ақуыздар көп, оның ұлпалығы икемді әрі иілгіш келеді. Қуаты күшті ұн қамыр илеу кезінде судың көп мөлшерін сіңдіруі мүмкін. Мұндай ұннан жасалған қамырды оңай бөлшектеуге болады, көміртек диоксиді жақсы сақталады (көмірқышқыл газы), бастапқы пішінін ұзақ сақтайды.
Қуаттылығы әлсіз ұн илеу кезінде судың аз мөлшерін сіңдіреді. Әлсіз қуатты ұнның ұлпалығы айтарлықтай икемді емес, оңай созылады. Ашыту мен толықсыту барысында қамыр оңай сұйылады. Одан жасалған нан өнімінің пішіні тиянақсыз болады.
Қуаттылығы орташа ұнның нан пісіруге икемділік қасиеті қанағат- танарлық деңгейде. Оның ұлпалығы айтарлықтай дәрежеде икемді әрі созылмалы келеді, қамырдың құрылымдық-механикалық қасиеті жақсы. Дайын өнімнің сапасы – нормаға сай болады. Ұнның қуаты оның ақуыздық-протеиназалық кешенінің қалпына тікелей байланысты. Ұнның қуаттылығына мынадай факторлар әсер етеді: құрамындағы липидтері, шырыштары (пентазан), крахмал және ферменттері. Ақуыздық-протеиназа кешеніне ұнның ақуыздық заттары, протеолитті ферменттер, протеолиза активаторлары мен ингибаторлары жатады.
Ұнның құрамындағы
ақуыздық заттар
, олардың құрамы, жай-күйі мен қасиеттері қамырдың иілгіштігін, икемділігі мен созылыңқылығын анық- тайды. Бидай ұнының ақуыздары – глиадин мен глютенин – ұлпалықтың негізгі компоненттері болып табылады. Ақуыздың ұлпалығының сапасы мен саны дәннің түріне, оны өсіру шарттарына, кептіру мен желдету тәртібіне, дән мен ұнды сақтаудың ұзақтығы мен шарттарына байланысты. Дән құрғақ жерде пісіп-жетілсе, оның ұлпалық қасиеті мен қуаты күшейе түседі. Дәнді ыстық желдету нәтижесінде ұлпалық қасиеті күшейе түседі немесе нығая түседі. Сақтау барысында ұлпалық қасиеті күшейеді. Протеолитті ферменттер (протеиназалар) ақуыздарды ыдыратып, пен- тондар, полипептидтер, еркін аминқышқылдарын түзеді. Бидайдың құра- мында болатын протеиназа қалыпқа келтіруші іс-әрекеттердің заттардың (цистеин, глютатион) сульфигидралды топтарын құрайтын қоспалары арқылы белсенді болуға және
қышқылдандырушы әрекеттердің (ауадағы оттегі, KJO
3
калий йоды, KBrO
3
калий броматы т.б.) қоспалары арқылы белсенсізденуге қабілетті. Бұл қоспаларды
протелиоз активаторлары мен
ингибаторлары
деп атайды.
Протеиназалардың жоғары белсенділігі ұлпалық қасиетін нашарлатып, оның икемділігін, иілгіштігін және ісіну қабілетін төмендетеді. Проте- иназалардың ақуыздарға қалыпты әсері ұлпалықтың жетілуіне септігін тигізеді. Ол әлдеқайда икемді болып, наның жұмсақ бөлігінің кеуек қуысты болуын жақсартып, нанның көлемін ұлғайтады. Бидайдың протеиназалары 45 °С температурадағы әлсіз қышқыл ортада (рН 4,0....5,5) әлдеайда белсенді. Протеолиздің активаторы – глютатион болып табылады. Ұнның құра- мында ақуыз көп болған сайын, оның протеиназаларға қарсы әрекет етуі әлсірейді. Протеиназа мен протеолиза активаторларының белсенділігі төмен болған сайын ұнның қуаты күшейіп, қамырдың реологиялық қасиеттері жақсара түседі. Ұнның липидтері ақуыз бен қамырдың құрылымдық-механикалық қа- сиеттеріне, демек ұнның қуаттылығына әсер етеді. Суда ерігіш шырыштар (пегтазаналар) ұнның қуатына әсер етеді. Ұнның қамыр илеу барысында судың белгілі бір мөлшерін сіңдіру қабілеті
су сіңіру қабілеті деп аталады. Ол ұнның қалыпты консистенциялы қамырды илеу барысында су мөлшерін (массасына шаққанда %-пен) қаншалықты сіңіре алатынын көрсетеді. Ұнның су сіңіру қабілеті ұнның ылғалдылығына, нанның салмағы мен сапасына әсер етеді. Ұнның су сіңіру қабілеті оның химиялық құрамына, ылғалдылығы мен сұрпына тікелей байланысты. Ұлпалығы күшті және икемді болған ұн ісіну кезінде ылғалдың көп мөлшерін сіңіреді. Ылғалдылығы жоғары ұнның ылғал сыйымдылығы жоғары болады, және керісінше, төмен болса, ылғал сыйымдылығы да төмен болады. Ұнның сұрыпы төмен болған сайын оның су сіңіру өаюідеті жоғарылай түседі. Себебі төменгі сұрыпты ұнның құрамында суда жақсы ісінетін жасұнық пен шырыштың мөлшері көп болады. Ұнның шығымы көп болған сайын, оның су сіңіргіш қабілеті же жақсы бола түседі. Оны мынадай қасиеттеріне қарай сипаттауға болады: жоғары сұрыпты бидай ұны – 50%; бірінші сұрыпты бидай ұны – 52%; екінші сұрыпты бидай ұны – 56%; ерекше тартылған бидай ұны – 60%.
Ұнның
газ түзуші
қабілеті 100 г ұнды ылғалдығы – 14,5% 60 мл сумен және 10 г баспаланған ашытқымен араластырып, иленген қамыр ашығанда, 30°С температурада 5 сағат ішінде қанша көміртек диоксид бөлініп шығатынын көрсетеді. Ұнның газ түзуші қабілеті оның құрамында өзіне тән қанттарының болуына, амилолитті ферменттерінің белсенділігіне, сондай-ақ крахмалдың жай-күйіне тікелей байланысты. Ұнның өзіне тән қанттары бидай ұнында өте аз, олар тек 1...2 сағаттық ашуға ғана жетеді. Сондықтан, қамырды қопсыту үшін малтоза қантының маңызы зор. Демек, ұнның газ түзуші қабілеті оның қант түзуші қабілетіне негізделген. Ал қант түзу қабілеті ұнның құрамындағы крахмалдың жай-күйіне, амилолитті ферменттерінің белсенділігіне байланысты. Ұнның газ түзуші қабілеті төмен болса, қамырды ақырғы рет толықсыту кезінде оны ашыту үшін қант та жеткіліксіз болады. Нанның көлемі ұлғаймайды, кеуек қуыстылық қасиеті нашар дамып, қыртысы ақшыл түсті болады. Ұнның газ түзуші қабілеті жоғары болса, қантпен бірге декстрандер саны артады.
Сондықтан нанның жұмсақ бөлігі піспей қалады, ал қыртысының түсі өзгереді. Көміртек диоксидтің қалыпты мөлшері – 1300...1 600 мл. Егер көміртек диоксид мөлшері 1300 мл-ден төмен болса, ұнның газ түзуші қабілеті – төмен болады. Ал 1600 мл- ден асса – жоғары болмақ.
Ұнның қуаттылығы түзілген
газды сақтаушы қабілетіне
, яғни ашыту кезінде қамырдың өз бойында көміртек диоксидті сақтап қалу қабілетіне негізделеді. Газ сақтаушы қабілет ұнның ақуыздық-протеиназалық кешенінің қабілеті арқылы айқындалады. Газ сақтаушы қабілеті төмен ұннан жасалған қамыр тиянақсыз болып, бастапқы пішінін сақтап қала алмайды. Тартылған ұнның ірілігі, яғни оның түйіршіктерінің ірілігі ұнның нан пісіруге икемділіг қасиетіне әсер етеді. Ұнның сұрыпы жоғары болған сайын оның түйіршіктерінің көлемі аз болады. Ұнның құрамындағы ірі түйіршіктер баяу ісініп, ферменттер мен микроағзалардың әсеріне түсе бермейді. Ұсақ түйіршіктері бар ұннан жасалған қамырда крахмал мен ақуызды ыдырататын ферментативті процестер жеңіл жүзеге асады. Себебі ұнның құрамдас бөліктері мен ферменттері арасындағы жанасымдылық жоғарылайды. Сондықтан оның құрамында газ түзуші қабілеті жоғарылап, газ сақтаушы қабілеті төмендейді. Нан пісіру өндірісінде түйіршіктері ірі ұн пайда- ланылады. Мұндай ұннан сапасы жоғары нан жасалады. Ал түйіршіктері ірі ұннан қалың қыртысты және қыртысының түсі ақшыл нан жасалады. Шектен тыс ұсақталған ұннан жасалған нанның көлемі кішкентай, қыртысы мен жұмсақ бөлігі – қоңыр түсті болады. Ұлпалығы жоғары ұн – өте ұсақ болады. Түйіршіктері ұсақ ұн ақуыздарға бай, күлділігі, газ және қант түзуші қабілеті жоғары. Сондықтан бір дәннен ақуызы төмен ұнды да, ақуызы жоғары ұнды да алуға болады.
Қарабидай ұны бидай ұнынан қасиеті мен құрамы жағынан өзгеше болып келеді. Қарабидай ұнының нан пісіруге икемділік қасиеті оның құрамындағы көмірсу-амилазды және ақуыздық-протеиназалық кешендерінің қалпына байланысты анықталады. Қарабидай ұнында амилолитті ферменттердің белсенділігі жоғары болады. Онда бидай ұнының құрамында болатын р-амилазадан басқа а-амилаза да кездеседі. Қарабидай ұнының крахмалы оңай ыдырайды және клейстерилизация температурасы бидай ұнының крахмалына қарағанда, төмен болады (шамамен 55°С). Крахмалдың ферменттерге, әсіресе, а-амилазаларға ыдырау қабілеті қарабидай ұнының құрамында нанның жұмсақ бөлігінің шала піскен әрі жабысқақ болуына түрткі болатын декстриндердің санының артуына әкеп соғады. Қарабидай ұнында өзіне тән қанттарының мөлшері, бидай ұнының өзіне тән қанттарына қарағанда, көп болады. Сондықтан, қарабидай ұнының газ түзуші және қант түзуші қабілеттері жоғары болады. Қарабидай ұнында шырыш көп болады (суда ерігіш пентазалар). Олар қарабидай ұнының құрылымдық-механикалық қасиетіне әсер етеді. Себебі қамырды илеу кезінде суды бойына сіңдіре отырып, қарабидай ұны қамырды жабысқақ ете түседі. Қарабидай ұнындағы ақуыздық заттар жылдам әрі қарқынды түрде ісінуге қабілетті болады. Ақуыздардың бір бөлігі бейпіл ісініп, жабысқақ коллоидті ерітінді түзеді.
Қарабидай ұнынан жасалған қамырда ұлпалық түзілмейді.
Ақуыздарды ерітінді күйге өтуінің деңгейін азайтып, а-амилазаның белсенділігін төмендету үшін қарабидай ұнының қышқылдығы бидай ұнына қарағанда, жоғары болуы керек. Қарабидай ұнының крахмалдары мен ақуыздарының қарсылық көрсету қабілеті жоғары болған сайын, оның ферменттері бидай ұнына қарағанда, белсенді болады. Қарабидай ұнының нан пісіруге икемділік қасиетін оның автолитті белсенділігі бойынша айқындайды (МЕМСТ 27495-87). Қарабидай ұнының крахмалы мен ақуыздарының шапшаңдығы жоғары болса, ферменттері бидай ұнына қарағанда, соншалықты белсенді болмақ. Қарабидай ұнының
нан пісіруге икемділік қасиеті оның автолитті белсенділігімен анықталады (МЕМСТ 27495-87). Жаңа тартылған ұнның нан пісіруге икемділік қасиеті ферменттерінің жоғары белсенділігі мен газ сақтаушы қабілетінің төмендігі арқылы анықталады. Мұндай ұннан жасалған нанның көлемі – кішкентай, пішіні – тиянақсыз, шала піскен, жұмсақ бөлігі – тығыз, жұмсақ бөлігі аз кеуекті болып келеді. Жаңа тартылған ұн біршама уақыт тұрғаны дұрыс.
Сапасы төмен дән нан пісіру өндірісінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейді. Бұлар – тасбақа-қандала секілді зиянкестен зардап шеккен, өніпк еткен, үсік шалған, шектен тыс жоғары температурада кептірілген және өздігімен өртеніп кеткен дәндер. Сапасы төмен дәннен дайындалған ұнның нан пісіруге икемділік қасиеті де төмен болып келеді. Сапасы төмен дәннен дайындалған ұнның негізгі кемшіліктері – ұлпалығы төмен немесе сапасының қанағаттандырлықсыз, икемді емес болып келуі, сондай-ақ амилолитті және протеолитті ферменттерінің шектен тыс жоғары немесе шектен тыс белсенділігі.
Тасбақа-қандала жәндігінен залалданған дәннен дайындалған ұнның протеолитті ферменттерінің белсенділігі жоғары болады. Мұндай дәннің ұны жабысқыш немесе созылыңқы, икемсіз болып келеді. Залалданған ұнның құрамында суда еритін ақуыздардың мөлшері көп болып, одан дайындалған қамыр сұйылып, газтүзуші және пішінсақтаушы қабілеті төмен болады. Ал піскен нанның көлемі аз, жайылыңқы, кеуектілігі нашар, жұмсақ бөлігі жабысқақ болып шығады. Үстіңгі қыртысы кейде жарылып піседі.
Өніп кеткен дәннен дайындалған ұнның амилолитті және протеолитті ферменттерінің белсенділігі жоғары болады. Нәтижесінде оның газтүзуші қабілеті жоғары, ал газсақтаушы қабілеті төмен болып шығады. Мұндай ұнның құрамында декстриндер, қант және аминқышқылдарының мөлшері көбейіп, ұнның нан пісіруге икемділік қасиетін төмендетіп жібереді. Себебі бұл заттар суда тез ериді. Ұлпалығының мөлшері азайып, оңай әрі тез үзілгіш, әлсіз, сұйықтығы жоғары болады. Піскен нанының қыртысы қарайып, жұмсақ бөлігі қолға жабысқыш келеді. Үсік шалған дәннен дайныдалған ұн құрамында суда ерігіш заттар мөлшері көп болады, амилолитті және протеолитті ферменттерінің белсенділігі жоғарылап кетеді. Бұндай ұнның ұлпалығы – қошқыл түсті, икемсіз, үзілгіш болса, піскен нанның жұмсақ бөлігі қолға жабысқыш және уыт дәмі болады. Шектен тыс жоғары температурада кептірілген және өздігімен өртеніп кеткен дәннен дайындалған ұнның ферменттерінің белсенділігі төмен болады. Ұлпалығы – қошқыл түсті, үгілгіш, икемсіз болса, піскен нанның көлемі азайып, қыртысы ағарып пісіп, жұмсақ бөлігі тығыздалып, кеуектілігі тым қалың болады. Қазір ғана диірменнен тартылып шыққан ұнның нан пісіруге икемділік қасиеті – ферменттерінің белсенділігі жоғары, газсақтаушы қабілеті төмен. Піскен нанның көлемі аз, жайылып пісіп, кейде іші шикі пісіп, нығыздалып, жұмсақ бөлігінің кеуектілігі төмен болады. Қазір ғана диірменнен тартылған ұнды біраз жетілдіру керек.
Нан пісіру өндірісінде су тұзды, қантты және басқа да шикізатты еріту, қамырды, сұйық ашытқыларды, ұйытқыларды дайындау, қайнату, сондай-ақ басқа да шаруашылық
қажеттіліктерді өтеу – шикізатты, құрал-жабдықтарды, бөлмелерді жуу, жылутехникалық мақсаттарда – қоршаған ортаны ылғалдандыру үшін пісіру пештері мен пісіру камераларында бу өндіру үшін қолданылады. Қамырды дайындау үшін әрбір 100 кг ұнға 40...70 мл су шығындалады. Әдетте, су қалалық су құбырынан алынады. Суық судың мөлшері кәсіпорынның 8 сағат бойы, ал ыстық су – 5...6 сағат бойы үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етуге жеткілікті болуы керек. Ыстық судың температурасы – 70 °С болуы тиіс.
Тағамдық ас тұзы – тұздардың бірнеше қоспаларынан тұратын NaCl табиғи натрий хлориді. Тағамдық ас тұзы әртүрлі тәсілдермен алынады. Өндіріс пен оны өңдеу тәсіліне қарай тағамдық ас тұзы
тас, өздігінен тұнған, тұнба
(немесе
бассейндік
) және
қайнатпа
деп бөлінеді.
Тағамдық ас тұзы құрамындағы түйіршектердің ірілігі мен қоспасы жағынан экстра, жоғары, бірінші және екінші сұрыпты болып бөлінеді.
Тағамдық ас тұзы сапасының көрсеткіштері
Кесте 2.6.
Көрсеткіштер
Сұрыптар үшін нормалар
Экстра
Жоғары
Бірінші
Екінші
Құрғақ заттарға шаққандағы натрий хлоридінің үлес салмағы,%, көп емес
99,7
98,4
97,7
97
Құрғақ заттарға шаққандағы суда ерімейтін заттардың үлес салмағы,%, көп емес
0,03
0,16
0,45
0,85
%, көп емес: қайнатпа тұз тас тұз
өздігімен тұнған тұнба тұз
0,1
0,7
0,25 3,2
0,7
0,25
4
0,25
5
Тағамдық ас тұзының сапасы МЕМСТ 13830–97 талаптарына сай болуы керек (кесте 2.6.). Тұз суда жақсы ериді. Қаныққан ерітінді құрамында 26...28% тұз болады. Тұз диеталық сұрыптағы нан өнімдерінен басқа барлық нан өнімдерінің рецептурасына кіреді. Тұз ұлпалықты нығайтып, қамырдың құрылымдық-механикалық қасиеті мен нанның дәмін жақсартады. Емдік және профилактикалық мақсатта тұз йод қосылған (йодталған тұз), фтор қосылған (фторланған тұз), цод пен фтор қосылған (йиодталған-фторланған тұз) жасалады.
Нан пісіру өндірісінде
сығымдалған
(МЕМСТ 171–81),
кептірілген
(МЕМСТ 28483– 90, ТШ 10-0334585–90) және
ашыған ерітінді
(МЕМСТ 18-369–81) секілді ашытқылар қолданылады. Ашытқылар қамырды қопсытушы ретінде пайдаланылады. Қамырға салынған ашытқылар, нақтырақ айтқанда, ашытқы ферменттерінің аралас кешені қантты көміртек диоксид, этил спирті мен жылудың бірлігімен ашытады. Бұл процесс спирттік ашыту деп аталып, мына теңдеу арқылы көрініс береді:
С
6
Н
12
О
6
= 2СО
2
+ 2C
2
H
5
OH + 117,6 кДж .
Көміртек диоксиді қамырдың құрамында сақталып, оған кеуектілік қасиет береді.
Сөйтіп қамырдың көлемі ұлғаяды.
Ашытқылардың қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін мынадай қолайлы жағдайлар болуы шарт: суда ерігіш нәрлі заттардың белгілі бір мөлшерінен тұратын ылғалды орта (қант, азот және минералды қоспалар, дәрумендер); ортаның әлсіз қышқылды ортасы (рН 4.6) және үйлесімді температура (25.35 °С).
Баспаланған ашытқылар дегеніміз ауаны айналаға үздіксіз бере отырып, нәрлі ортада арнайы шарттармен өсірілген ашытқы жасушаларының топтамасы. Ашытқыларды өндіру үшін нәрлі орта – қызылша қантын шығаратын өндірістің шығымы – меласса болып табылады. Стандартты сападағы баспаланған ашытқылар МЕМСТ 171–81 талаптарына сай болуы тиіс. Баспаланған ашытқылар тығыз болып, оңай бөлшектеніп, қолға жағылмайды. Түсі – ашық сары түсті немесе қоңырқай реңкті. Сыртқы қабатының көгеріп не күңгірттенуіне жол берілмеуі керек. Иісі мен дәмі – дәмі мен иісі ашытқыға тән болуы керек. Баспаланған ашытқылардың ылғалдығы 75%-дан аспайды, қопсыту күші (қамырды жылдам бөктіру) – 70 минуттан аспайды. Қамырды қопсыту күші – ашытқының сапалығының, қамырдың көлемін екі есе ұлғайта алу қабілетінің көрсеткіші. Кептірілген ашытқылар баспаланған ашытқыларды майдалап, кептіру арқылы алынады. Олар жоғары сұрыпты және бірінші сұрыпты болып бөлініп, ұсақ түйіршіктер немесе ашық сары түсті не ашық қоңыр түсті ұнтақ түрінде өңделіп шығарылады. Жоғары және бірінші сұрыпты кептірілген ашытқылардың қопсыту күші 70-90 минуттан аспауы керек, ал ылғалдығы – минутқа сай 8...10%-дан аспауы керек. Ашыған ерітінді – ашытқы өндірісінің жартылай фабрикаты, ол мелассалық ортада ашытқылар көбейтілгеннен кейін сепарациядан өткізу нәтижесінде алынады. Ондағы ашытқы жасушылары баспаланған ашыт- қыларға қарағанда, белсенді болады. Ашыған ерітіндіні (ТУ 10-033-4585-3–90) жылу өткізбейтін автоцистерналарда нан зауыттарына жеткізеді. Оны бұлғауыштар мен салқындатқыштармен жабдықталған арнайы ыдыстарда сақтайды. 1 л ашыған ерітіндідегі ашытқы мөлшері ылғалдылығы 75% баспа- ланған ашытқылармен салыстырғанда, 400...500 г-нан аспауы керек. Қопсыту күші – 75 минут.
Бақылау сұрақтары:
ІІІ-ТАРАУ
НАН ПІСІРУ ӨНДІРІСІНІҢ ҚОСЫМША ШИКІЗАТ КӨЗДЕРІ
Нан пісіру өндірісінде қант мына түрлерінде кездеседі:
құмшекер
(сұйық қант және қант ұнтағы);
құрамында қант кездесетін өнімдер
(сірне және бал). Құмшекер (МЕМСТ 21–94) толығымен С
12
Н
22
О
п сахарозалардан тұрады. Оны қан қызылшасынан алады. Қант қызылшасында 17% сахароза болады.
Құмшекер сусымалы, қолмен ұстағанда құрғақ, түйіршіксіз, ақ түсті (кейде сары реңкті) кристаллды болады. Құмшекер суда түгел еріп, өзге дәмі не иісі жоқ, дәмі тіл үйіретіндей шырын, мөлдір түсті ерітінді түзеді. Физика-химиялық қасиеттеріне қарай, құмшекер мына талаптарға сай болуы керек: құрғақ заттарға шаққанда кемінде 99,75% сахарозадан тұрып, ылғалдылығы 0,14% құрап, ал құрамындағы ферроқоспалар 1 кг құмшекердің ішінде 3 мг-ға дейін болуы тиіс.
Сұйық қант (МЕМСТ 18-170–85, ТШ 911-001-00335315–94) ашық-сары түсті қант шырыны, құрамында 64% құрғақ қоспалар бар. Оны құмшекерді еріту жолымен алады. Сұйық қанттың екі категориясы бар: жоғары және бірінші. Шырыны мөлдір түсті, сахароза үлесі – 99,8% (жоғары категория) және 99,55% (бірінші категория) болуы керек. Сұйық қант нан-тоқаш өнімдерінің өндірісінде құмшекерді алмастырушы ретінде пайдаланылады. Қант ұнтағы арнайы құрал-жабдықта құмшекерді майдалау жолымен алынады. Ұнтақ ұяшықтары диаметрі 0,1 мм құрайтын елек арқылы өткізіледі. Оның ылғалдылығы мен құрамындағы сахароза құмшекердің құрамымен бірдей болуы керек. Қант ұнтағын екі түрлі ыдысқа қаптайды: қағаз және мата қаптарға. Қант ұнтағы салынған қаптарды тік қалыпта бір қатарда сақтау керек, себебі ұзақ уақыт сақталған жағдайда, олар нығыздалып, түйіршіктері пайда болады.
Сірне
– ашық-сары немесе ашық-қоңыр түсті, дәмі шырын жабысқақ қою сұйықтық. Нан пісіру өндірісінде сірненің әртүрлі түрлері қолданылады: крахмалды, мальтозалық және рафинадты.
Крахмалды сірне (МЕМСТ 5194–91) картоп, жүгері немесе бидай крахмалдарын тұз немесе күкірт қышқылының әлсіз ерітіндісін ысыту арқылы қанттандыру жолымен алынады. Ысытқан жағдайда крахмал гидролизделіп, декстринаға, одан ары мальтоза мен глюкозаға айналады. Содан кейін қышқыл бейтараптандырылып, алынған шырынды қоспа- ларынан тазартылып, түссіздендіріп, құрамында 78%-ға дейін құрғақ заттар алынғанға дейін қайнатады. Сірне қарайып кетпесі үшін 40...35°С-қа дейін жылдам суытады.
Мальтозды сірне (ССТ 10-168–90) крахмалды ферментативті гидро- лиздегеннен кейін шырынын сүзгіден өткізіп, белгілі бір тығыздылыққа дейін қайнатып алынған өнім болып табылады. Мальтозды сірне уытты дәмі мен иісі бар мөлдір түсті, тәтті, қою, дәмі тіл үйіретін шырын. Сірненің түсі – қоңырқай. Оны пірәндік пен нанның басқа да түрлерін дайындау үшін қолданады.
Рафинадты сірне (ССТ 18-233–75) қарабидай ұнының өндірісінде крахмалды және мальтозды сірненің орнына қолданылады. Рафинадты сірне – шақпақ қант өндірісінің қалдықтары. Ол қоңыр түсті, қоймалжың, ащылау-уытты дәм беретін тәтті шырышты болып келеді. Сірне 8... 12 °С температурада сақталады.
Табиғи бал (МЕМСТ 19792–2001) – аралардың өңдеген нектары немесе шіресінің (ағаш жапырақтарындағы тәтті тамшылар) өнімі. Жаңа алынған бал – қою, мөлдір түсті болып келеді. Алайда сақтала келе ол қанттана түседі. Нектардың шығуына қарай бал
гүлді, шірелі
және
аралас
болып бөлінеді. Бал инвертті қанттан (глюкоза мен фруктозаның әртүрлі мөлшерінің қосындысы), судан, сахарозадан, азотты және хош иісті заттардан тұрады. Бал бояғыш және хош иіс беретін заттар, дәрумендер мен ферменттерден құралып, бактерицидті қасиетке ие болып келеді. Бал 10°С-тан жоғары емес температурада құрғақ жерде сақталады. Редукцияланған заттардың мөлшерлік үлесі – 82%-дан аспаса, сахароза үлесі – 6%-дан көп емес.
Майлар
май қосылған, тоқаш және басқа да нан өнімдерінің рецептурасына кіреді.
Майлар өнімнің дәмін өзгертіп, құнарлығын арттырып, қату процесін тежейді.
Майлар жануарлар және өсімдіктер майы болып бөлінеді.
Өсімдік майларын май деп атайды, оны құрамында майы бар өсімдіктерден алады. Өсімдік майларына мыналар жатады: күнбағыс майы (МЕМСТ 1129–93), мақтмайы (МЕМСТ 1128–75), қыша майы (МЕМСТ 8807–94), соя майы (МЕМСТ 7825–76), жүгері майы (МЕМСТ 8808–91).
Рафинациялау (тазалау) деңгейіне қарай майлар
тазартылмаған, гидратталған
және
тазартылған
деп бөлінеді. Олардың құрамында 99,4...99,8% май және 0,15...0,3% ылғал болуы керек.
Малдың майына сиыр майы (МЕМСТ 37–91) жатады. Сиыр майының мынадай түрлері алынады: сары май (тұзды, тұздалмаған, «Вологодское», «Любительское»,
«Крестьянское», бутербродты т.б.) және қорытылған май: маргарин. Сары май пастерленген кілегейден алынады. Майдың түрлері дайындалу ерекшеліктері, хош иістік қасиеттері, консистенциясы, майлылығы мен ылғалдылығы жағынан бір-бірінен ажыратылады.
Майды салқындатылған қараңғы жайда сақтайды.
Химиялық құрамы, сіңімділігі мен құнарлығы жағынан маргариннің сары майдан аса айырмашылығы жоқ. Маргарин ақ немесе сары түсті болып келеді, құрамы – тығыз, иісі мен түсі – біркелкі. Маргаринді дайындауға арналған шикізат – майлар, сүт, эмульгаторлар, тұз, қант, бояғыштар, хош иістендіргіштер және сақтағыш заттар. Маргариннің майлық құрамы – саломас (65,75%), өсімдік және мал майлары. МЕМСТ 240–85 талаптарына сәйкес маргариннің мынадай түрлері бар: «Молочный», «Сливочный», «Столовый», «Новый» т.б. Маргарин нан пісіру өндірісінде пайдаланылады, құрамындағы май мөлшері – 82%, ылғалдылығы – 17%. Маргарин 0...10°С температурада сақталады. Ысытылған маргарин (сұйық май) нан зауыттарына арнайы контейнерлер мен автоцистерналарда жеткізіледі. Нан пісіруге арналған, кондитерлік және аспаздық майлар (МЕМСТ 28414–89) – саломастан, өсімдік майларынан, малдың майларынан, эмульгаторлар мен басқа да компоненттерден алынған сусыз қатты майлар.
Нан пісіру өндірісінде сүттің пастерленген сиыр сүті, қаймағы алынбаған сиыр сүті, майсыздандырылған құрғақ сүт, қойытылған сүт
секілді түрлері мен сүт өнімдері:
сүзбе, сүт сарысуы, қаймақ, тағамдық казециттер
т.б. пайдаланылады.
Пастерленген сиыр сүтінің
(МЕМСТ 13277–79) майлылығы – 3,2 ижәне 2,5% құраса, майсыздық және ақуыздық майлылығы – 2,5 және 1% құрайды. Сиыр сүтінің құрамына су, май, ақуыз, сүт қанты (лактоза), минералды заттар, ферменттер мен дәрумендер кіреді. Сиыр сүті біркелкі сұйықтықта, тұнбасы, бөгде иіс пен дәмі жоқ болуы керек. Сүттің түсі – сарғыш реңкті ақ түсті. Сиыр сүті 8°С-тан жоғары емес температурада 36 сағаттан аспайтын уақыт сақталады. Сиыр сүтін тоңазытуға болмайды, себебі еріген соң ол су және май фракцияларға бөлініп кетеді.
Қаймағы алынбаған сиыр сүті (МЕМСТ 4495–87) қаймағы жоқ немесе майсыздандырылған сүтті бүркуіш және жұқа қабатты кептіргіштерде кептіру арқылы алынады.
Құрғақ сүт
– майда үгіндінің ұнтағы, ол қаймағы алынбаған немесе майсыздандырылған сүтті әбден ылғалсыздандырылғанша кептіру жолымен алынады. Қаймағы алынбаған құрғақ сүттегі ылғалдың үлес салмағы – 4%, майлық үлес салмағы – 20...25%.
Құрғақ сүт гигроскопиялық сипатта, сондықтан оны төменгі тем- пературада (10...12°С) ауа ылғалдылығы 70%-дан аспайтын құрғақ жерде сақтайды.
Майсыздандырылған құрғақ сиыр сүті (МЕМСТ 10970–87) пастерленген сүтті кептіру арқылы алынады. Ол құрғақ ұнтақ түрінде болады. Бүркіп кептіргіш арқылы алынған сүттің түсі – ақшыл сары реңкі байқалатын ақ түсті, жұқа қабатты кептіргіште алынған сүттің түсі – ақшыл сары болып келеді. Түсі мен иісі – тек сүтке тән, өзге иіс не түс араласпаған. Майсыздандырылған құрғақ сүттің ылғалдылығы – 5%-дан көп емес, майлылық үлесі – 1,5%-дан көп емес.
Қойытылған сүт қаймағы алынбаған немесе майсыздандырылған сүтті булау арқылы алынады. Қойытылған сүттің
құтыларда стерилизацияланған
(МЕМСТ 1923–78),
қант қосылған қаймағы алынбай қойытылған сүт
(МЕМСТ 2903–78) және
қант қосылған майсыз қойытылған сүт
(МЕМСТ 4771-60) секілді түрлері бар. Түсі – ақшыл сары түсті, иісі – бөгде дәмі жоқ, тіл үйіретіндей тәтті. Ылғалдылығының үлес салмағы – 26,5...30%, сахароза үлесі – 43,5...44%, майлылығы – 8,5% құрайды. Қойытылған сүтті герметикалық (қаңылтыр құты) немесе герметикалық емес (ішкі жабыңқысы бар ағаштан жасалған бөшке) ыдыстарда 10°С-тан аспайтын температурада және ылғалдылығы кем дегенде 75%- дан аспайтын жерде сақталады. Мұндай сүтті тоңазытуға болмайды, себебі құрылымы мен дәмінің қасиеті нашарлайды. Сүзбе пастерленген сиыр сүтін (РСТ РСФСР 371–89) сүтті қышқыл бактериялардың жекелеген түрлерінің көмегімен ашыту арқылы алуға болады. Ашыту нәтижесінде сүттің ақуыздары қоюланып, сүттің сарысуы сығымдалу арқылы ажыратылады. Сүзбе майлы (майы – 18%), жартылай майлы (майы – 9%) және майсыз болып бөлінеді. Иісі мен дәмі – таза, нәзік, қышқылтым, бөгде иіс не дәмсіз болып келеді. Түсі ақ, аз ғана сарғыш не ақшыл сары реңкі болады. Ылғалдылығының үлес салмағы – 65% құрайды.
Сүттің сарысуы
– сүзбе, ірімшік, тағамдық казеин, сүтті ақуыз өндіру кезінде алынатын жанама өнім. Нан пісіру өндірісінде оның
сүтті сарысу
– ірімшіктен, сүзбеден, казеиннен алынатын (ССТ 10-02-3–87);
сүтті концентрацияланған сарысу
– ірімшіктен, ірімшіктен ашытылып, сүзбеден, сүтті қойытылған сүзбеден алынған (ТШ 49798–81);
сүтті қойытылған сарысу
– ірімшіктен, ашыған ірімшіктен, сүзбеден алынған (ТШ 49803–81);
сүтті ашытылған сарысу
– ірімшіктен, сүзбеден алынған (ТШ 49718–80);
гидролизделген сүтті қойытылған сарысу
– ірімшіктен, сүзбеден алынған (ТШ 49377–
77);
құрғақ сүтті сарысу
– бүркуіш және жұқа қабатты кептіргіш құралдар арқылы кептірілген ірімшіктен, бүркуіш құралы арқылы кептірілген сүзбеден алынған (ТШ 10-02. 927—91) секілді түрлері қолданылады.
Сарысу құрамында сүтті-қышқылды бактериялар көп, сондықтан ол тез бұзылатын өнім болып табылады, яғни жылдам ашиды. Оны 8°С-тан жоғары емес температурада сақтап, дереу пайдаланған жөн (12...14 сағат ішінде). Қойытылған сарысуды осындай температурада 10 күнге дейін сақтауға болады. Құрғақ сарысуды 20°С температурада 6 айға дейін сақтауға болады.
Қаймақ пастерленген немесе пастерленбеген кілегейді сүтті-қышқылды бактерияларды ашыту арқылы алуға болады. Қаймақ (ТШ 10-02. 02. 789. 09–98) 10, 15, 20, 25 және 30% майлылықта шығарылады. Қаймақтың сапасы қышқылдығына қарай бағаланады. Қышқылдығы майлылығына байланысты 60...100 °Т құрайды (Тернер градусы (°Т) 100 мл қаймақтың (сүттің) қышқылдығын фенолфталеин индикаторы бойынша бейтараптандыруға кеткен децинормалды сілтінің миллилитрлерін көрсетеді). Қаймақты 8°С-тан аспайтын температурада 3-күннен көп емес уақыт сақтау керек. Қаймақты да тоңазытуға болмайды, себебі пайда болған мұз кристаллдары оның құрамын бұзады. Еріген кезде, сарысу бөлінеді, қаймақтың өзі үлпектеліп немесе ұнтақталып кетеді.
Тағамдық казециттер жаңа тұнған сүт қышқылды казеиннің натрий тұзы мен калийін алдын ала ерітіп алып, бүркіп кептіргіште кептіру арқылы алынады. Казециттер дегеніміз – ақшыл сары реңкі бар ақ түсті майда құрғақ ұнтақ. Иісі мен дәмі – әлсіз сезілетін сүттің дәмін береді. Тағамдық казециттер балаларға арналған және диеталық нан өнімдерін дайындау барысында олардың биологиялық және тағамдық құндылықтарын арттыру мақсатында пайдаланылады.
Нан пісіру өндірісінде тауық (сирек үйрек пен қазы) жұмыртқасы мен жұмыртқа өнімдері – мұздақ, жұмыртқаның ақуызы, жұмыртқаның сарыуызы және жұмыртқа ұнтағы пайдаланылады.
Жұмыртқаның құрамында толыққанды ақуыздар мен майлар болады. Жұмыртқа тамаша эмульгатор мен көбіктендіргіш болып табылады. Жұмыртқаны қамырға қосады, сондай-ақ пісірер алдында қамыр дайындамаларының үстіне жағып, түс береді. Тауық жұмыртқасының массасы – 40...60 г, оның ішінде қабығының үлес салмағы – 5,8 г, ақуызының үлесі – 23...34 г, сарыуызының үлесі – 12...18 г құрайды. Тауық жұмыртқасы МЕМСТ 27583–88 талаптарына сай болуы шарт. Жаңа әкелінген тауық жұмыртқасы іштей тағамдық (диеталық, жаңа алынған) және тоңазытқышта сақталған, әкте сақталған деп бөлінеді. Тағам өндірісінде: сақтау мерзімі 25 күндік, тоңазытқышта 90 күннен аспаған уақыт сақталған тауық жұмыртқасы; салмағы 35-тен 45 г-ға дейін ұсақ жұмыртқа; ластанбаған сыртқы қабығында тесік байқалмайтын жұмыртқа; сыртқы қабығы бүлінген және тесілгенмен, ішіндегі сарыуызы бүлінбеген жұмыртқа пайдаланылады. Жұмыртқа тоңазытқышта басқа азық-түліктерден бөлек, 0...2°С температурада және 85...88% ылғалдықта сақталады. Жұмыртқаны тоңазытқышта сақтау мерзімі – 3 айға дейін.
Жұмыртқаны ұзағырақ сақтау үшін әдетте оны тоңазытады.
Жұмыртқа өнімдеріне мұздақ, жұмыртқаның ақуызы, жұмыртқаның сарыуызы мен жұмыртқа ұнтағы жатады.
Мұздақ (ТШ 10.02.01.70-88) дегеніміз – қабығынан босатылып, -18°С температурадан -5.-6°С температураға дейінгі аралықта тоңазытылып араластырылған
жұмыртқаның ақуызы мен сарыуызы. Тоңазытар алдында мұздақты қаңылтыр құтыға салынып, үстін мықтап бекітеді. Құтыдан алынған мұздақ қатты, қошқыл қызғылт түсті, үстінгі бетінде дөңес болуы шарт. Бұл мұздақтың дұрыс тоңазытылғанын және дұрыс сақталғанын дәлелдейді. Дөңес болмаса, мұздақтың ерітілгенін дәлелдейді. Мұздақты тағамдық ас тұзын (0,8%) немесе құмшекерді (5%) араластыра отырып, дайындауға да болады. Егер мұздақтың дәмі тұздырақ не тәттірек болса, оның түсі тым ашық болып, сұйық консистенцияға айналады.
Мұздақтың ылғалдылық үлесі – 75%-дан, майлылығы – 10%-дан, ақуыздық заттары
– 10%-дан, қышқылдығы – 15 град-тан аспауы тиіс. Мұздақ -5...-8°С температурада 6 айға дейін сақтала алады. Ас тұзы немесе құмшекер қосып дайындалған мұздақ -8...-10°С температурада 10 айға дейін сақтала алады.
Сонымен қатар, жұмыртқаның тоңазытылған
ақуызы
мен
сарыуызы жасалады. Ол үшін жұмыртқа алдын ала қабығынан босатылып, ақуыз бен сарыуыз бөлек-бөлек алынып, жеке-жеке тоңазытылады. Жұмыртқа ұнтағы (МЕМСТ 2858-82) жұмыртқа массасы бүркіп кептіретін құралда температурасы 130... 135°С ауа ағынында кептіріліп, алынады. Жұмыртқа массасы бүріккіште 10...12 МПа қысымда кептіріледі. Алынған жұмыртқа ұнтағының ылғалдылық үлесі – 6...9%, ерігіштік үлесі – 85%, қышқылдық үдесі – 10 град-тан аспауы керек. Жұмыртқа ұнтағы сумен араластырылғанда, оңай қалыпқа келтіріледі (278 г жұмыртқа ұнтағына 722 мл су араластырылады). Жұмыртқа ұнтағы майда ұнтақты, ашық сары түсті, дәмі мен иісі жұмыртқаға тән болып келеді. Жұмыртқа ұнтағы қаңылтыр құтыда, фанерлі бөшкеде, қағаз қаптарда немесе картон жәшіктерде сақталады. Жұмыртқа ұнтағы шектен тыс ылғаш жұтқыш (гигроскопиялы). Ылғалдың, жарық пен ауаның әсерінен жұмыртқа ұнтағы оңай бұзылып кетеді: онда түйіршіктер мен түйірлер пайда болып, иісі мен дәмі өзгеріп кетеді. Тіпті микроағзалар түзіліп, жұмыртқа ұнтағын жарамсыз етеді. Жұмыртқа ұнтағы қараңғы жерде 10...15°С температурада сақталады. Дәл осы тәртіппен құрғақ ақуыз бен құрғақ сарыуыз алына алады.
Уыт жасанды жағдайларда арнайы өсірілген дақылдардың белгілі бір температурада кептірілген дәндерінен алынады. Өндіру үшін дәндер суда жібітіледі. Өндіру барысында онда ферменттер белсенді түрде өсіп, қышқылдық пен суда ерігіш заттардың мөлшері артады. Өнген дәнді
жасыл уыт
деп атайды. Ол шелпек тәрізді пішінде болады. Ал кептірілгеннен кейін оны
кепкен уыт
деп атайды.
Нан пісіру өндірісінде
қарабидайдан алынған ферменттелген қызыл және ферменттелмеген ашық
(МЕМСТ 29272–92),
жұмыртқа уыттар
(ССТ 18-305—77)
, уыттық және жұмыртқа уыттық тағамдық сығындылар
(ТШ 10.04.06.114—88) қолданылады.
Кептірілгеннен кейін уыт өскіндерінен бөлініп, оны сындырып, еленіп, қаптарға буылады. Ферменттелген уыттың түсі – қошқылтым түстен қызыл реңк беретін қоңыр түске дейін, дәмі – қышқыл-тәтті болып келеді. Ферменттелмеген уыт ашық-сары түстен қоңырқай түске дейінгі аралықта, ал дәмі тәтті болады. Иісі – уытқа тән иіс. Ылғалдылық үлесі – 10%-дан аспайды. Уыттың сапалығын дәлелдейтін көрсеткіш – оның құрамында суда ерігіш заттардың (мальтоза, декстрин, аминқышқылы) болуы. Ферменттелген қарабидай уыты қарабидай ұнынан жасалатын нандардың бірнеше сұрыпының, қарабидай және бидай ұнының қоспасынан жасалған нан түрлерінің («Бородинский», «Московский» нандары, қайнатып піскен «Карельский» наны т.б.) рецептурасына кіреді. Ферменттелмеген уыт ұн дайындамаларын қанттандыру үшін
пайдаланылады. Себебі оның құрамында белсенді амилолитті ферменттердің мөлшері көп болады. Нан өнімдеріне уыт қосылған жағдайда, өнімнің дәмі, иісі және түсі жақсарады. Нан пісіру өндірісінде жұмыртқа уыты жиі пайдаланылады. Оның құрамында белсенді а-амилаза мөлшері көп әрі қанттандыру қабілетіне ие болады. Жұмыртқа уытын сұйық ашытқыларды әзірлеу барысында ұн дайындамаларын қанттандыру үшін және кейбір нан сұрыптарын («Рижский», «Минский» т.б.) өндіру үшін, сондай-ақ қант түзу қабілеті төмен ұндарды өңдеу кезінде пайдаланады.
Майқоспалы нан өнімдерінің өндірісінде салынды немесе үстін безендіру үшін әдетте тосап, джем, қайнатпа, кептірілген жүзім (мейіз), цукат түрлері т.б. пайдаланылады. Тосап пен қайнатпаны әзірлеу үшін шикізат ретінде езбе – ылғалдылығы – 87...92% қамыр тәрізді жеміс-жидекті жартылай фабрикат қолданылады. Оны әзірлеу үшін алма, өрік, алхоры, алша және басқа жемістер пайдаланылады. Қолданар алдында жемістер әбден жуылады. Содан кейін жемістің түріне байланысты олардың қабығы аршылып, өзектері мен дәндерінен, дәнегінен тазартылады. Дайын жемістерді жұмсарғанша буда қыздырып, езгілеу магинасында ұсақ елек арқылы езгіленеді. Алынған езбе күкіртті немесе бензой қышқылын қосып, консервіленеді. Езбе – біркелкі езілген масса, дәмі – өзі дайындалған жемістердің табиғи дәміндей болады. Ездені бөшкелерде 1...2°С температурада жақсы желдетілетін жерде 70...80% ылғалдықта сақтайды. Езбені тосап пен джем дайындау үшін пайдаланады.
Тосап (МЕМСТ 6929—88) жемісті немесе жеміс-жидекті езбеден немесе тағамдық пектин не тағамдық қышқыл қосылған не қосылмаған қантты қоспадан жасайды. Тосап – сәйкес жемістің дәндері, дәнегі және қабығы араласпаған, біркелкі езілген масса. Шыны, қаңылтыр ыдыстарға, бөшкелерге салынған тосап – қою, көлденең зат үстінде ағым кетпейтін болуы тиіс. Жәшіктерге және полимер қаптамаларға салынған тосап тығыз, пышақпен кескенде қырын сақтап қалатындай болуы керек. Тосаптың түсі өзі жасалған жемістің түсіне сай болуы тиіс. Дәмі – қышқыл-тәтті, өзі дайындалған жемістің дәміндей болуы шарт. Тосап шектен тыс қанттандырылмауы керек. Иісі – өзі дайындалған жемістің иісіндей болады. Ылғалдылық үлесі – 35%-дан, құрамындағы қант мөлшері – 60%-дан аспайтын болуы керек. Тосапты жақсы желдетілетін салқын жерде 0...20°С температурада 6 айдан (жәшіктерде) 1 жылға дейін (бөшкелерде) уақыт аралығында сақтайды. Дұрыс дайындалмаған немесе дұрыс сақталмаған тосап ашып, көгеріп кетуі мүмкін.
Жеміс-жидекті джем (МЕМСТ 7009—88) қантты шәрбатта немесе жемістерді тоңба массаға айналғанша, тоңбаға айналдыратын зат немесе тағамдық пектин қосып қайнату арқылы дайындалады. Джем зарарсыздандыру және зазарсыздандырмау жолдарымен дайындайды. Джем дегеніміз – үккіштен өткізілмеген жемістер немесе жидектердің тоңба тәрізді қою, көлденең зат үстінде ағып кетпейтін масса. Дәмі – тәтті немесе қышқылтым болып келеді. Иісі – өзі дайындалған жеміс не жидектің дәміндей. Түсі – өзі дайындалған жеміс не жидектің түсімен бірдей. Дайын өнімді металл құтыларға және ағаш бөшкелерге салып, құрғақ желдетілетін жерде 75%-тан аспайтын ылғалдықта, зазарсыздандырылған джем үшін – 0...20°С, зарарсыздандырылмаған джем үшін – 10...15°С температурада сақтайды. Зарарсыздандырылған джемнің құрамындағы құрғақ заттар үлесі – рефрактометр бойынша 68%-ден 62%-ға дейін қанттан тұрса, зарарсыздандырылмаған джемде 70 және 65% қант болуы керек.
Қайнатпа (МЕМСТ 7061—88) қантты немесе қантты-сірнелі шәрбатта қайнатылған жемістер мен жидектерден дайындалады. Қайнатпа ішіндегі жемістер өзінің пішінін сақтап, шәрбат ішінде еркін орналасып, жартылай мөлдір, бүріспей қайнауы керек. Шәрбаттың консистенциясы тоңбаға айналмай, сұйық болуы тиіс. Қайнатпадағы жеміс пен жидектің мөлшері – 49...55% болуы керек. Қайнатпа сапасына қарай үш сұрыпқа бөлінеді: экстра, жоғары және бірінші сұрыпты. Дәмі – өзі дайындалған жеміс не жидектің дәміне ұқсас тәтті немесе қышқылтым. Түсі – өзі дайындалған жеміс не жидектің түсімен бірдей. Құрамындағы құрғақ заттар үлесі рефрактометр бойынша – 68...70%. Қайнатпа қаңылтыр немесе шыны құтыларға салынып, 0...20°С температурада 75% ауа ылғалдылығында сақталады.
Кептірілген жүзім (МЕМСТ 6882—88) дәнді (мейіз) және дәнсіз (кішміш) жүзімнен жасалады. Мейіз майқоспалы нан өнімдерін әзірлеу үшін немесе кейбір нан түрлерін безендіру үшін қолданылады. Мейіздің спирттік ашыған дәмі немесе көгерген белгілері болмауы керек; шіріген, қойма зиянкестерінен немесе металл қоспалардың, құм не басқа да қоспалардың кесірінен бүлінген болмауына ерекше назар аударылады. Дәмі мен иісі өзі дайындалған жүзімге ұқсайды. Ылғалдылығы – 17... 19%.
Цукаттар жемістер, жидектер, көкөністердің (сәбіз, қызылша) кесектерін қантты немесе қантты-сірнелік шәрбатта қайнатып, сосын кептіріп, құмшекер сеуіп, одан кейін 14...17% ылғалдылықта қайтадан кептіру жолымен жасалады. Цукаттардың сырты қолға жабысқақ болмауы керек. Дәмі, иісі мен түсі өздері дайындалған жеміс, жидек не көкөніске сай болуы шарт. Цукаттар картон қорапшаларға қаңылтыр құтыларға салынып, құрғақ жерде 0...18°С температурада 1 жылдан аспайтын уақыт сақталады.
Нан пісіру өндірісінде жаңғақтар кейбір майқоспалы нан өнімдерінің үстіңгі бетін әшекейлеу үшін қолданылады: жержаңғақ (МЕМСТ 17112-71), тәтті бадам дәндері (МЕМСТ 16831—71), орман жаңғағының дәндері (МЕМСТ 16835—81), грек жаңғағының дәндері (МЕМСТ 16833—71) т.б. Жаңғақтың дәндерінің негізгі бөлігі – майдан тұрады, оның мөлшері – 50...64% құрайды (жаңғақ түрлеріне қарай). Жаңғақтарды тазартып, уақтап қолданады.
Жержаңғақ немесе арахис – ашық қоңырқай қабықшасы бар 2...4 дәннен тұрады. Қуырылғаннан кейін дәндер оңай ажыратылып, алынады. Шикі жержаңғақтың жағымсыз бұршақты дәмі болады, алайда қуырылғаннан кейін бұл дәм жойылады. Жержаңғақтың ылғалдылық үлесі – 11%-дан, ал дәніндегі май үлесі – 45...47%-дан аспайды.
Тәтті бадам дәнінің сыртқы қабықшасы – жұқа қоңыр түсті. Қабықшасын қайнаған суға 1 минут салып қойса, оңай алынады. Қабықшасы алынғаннан кейін бадам жаңғағы суық сумен шайылып, 50...70°С температурада кептіріледі. Құрамындағы ылғалдың үлесі
– 7...10%, май үлесі – 53% құрайды.
Бадам жаңғасының сыртқы қабықшасынан ажырату үшін оны бірнеше минутқа ыстық суға салып, термиялық өңдеуден, содан кейін металл електен өткізеді. Бадам жаңғағының құрамындағы ылғалдың үлесі – 6% болса, май үлесі – 64% құрайды. Грек жаңғағы сыртқы қабығынан ажыратылып барып, өндіріске жеткізіледі. Оның дәнінің қабықшасы ашық-алтын түсті болып, дәнін 12 сағат тұзды суға салып қойса, оңай ажыратылады. Содан кейін дән ағын суда шайылып, кептіріледі. Грек жаңғағының дәнінің құрамындағы ылғалдың үлесі – 7%, ал май үлесі – 56% құрайды.
Нан өнімдерінің дәмін жақсартып, ерекше хош иіс беру үшін дәмдеуіштер қолданылады. Нан пісіру өндірісінде зире (МЕМСТ 29056—91), күнзе (МЕМСТ 29055— 91), бәден (МЕМСТ 18315—78), даршын (МЕМСТ 29049—91), зімбір (МЕМСТ 29046— 91), қалампыр (МЕМСТ 29047—91), запырангүл, көкнәр, күнжіт т.б. пайдаланылады. Бұл дәмдеуіштер – құрамында хош иісті эфир майларының мөлшері көп өсімдік текті өнімдер. Сондай-ақ синтетикалық дәмдеуіштер (ванилин, арованилон) пайдаланылады.
Зиренің кептірілген дәндері қошқыл қоңыр түсті, тілді қарып жіберетіндей ащы дәмді мен өзіне ғана тән ерекше хош иісті болып келеді. Құрамындағы ылғал үлесі – 12%, эфир майының үлесі – 2%. Зирені бүтін күйінде немесе ұнтақ түрінде пайдалануға болады.
Күнзенің сыртқы пішіні – диаметрі 2...5 мм шар тәрізді, қою сарғыш түсті (жемістері қарайып кетуі мүмкін), тіл үйірер ащы дәмі бар, ерекше хош иісті болып келеді.
Құрамындағы ылғал үлесі – 12%, эфир майының үлесі – 0,5%.
Бәденнің
дәндері жұмыртқа тәріздес немесе алмұрт тектес пішінде; қоңырқай сары түсті; дәмі қышқылтым; иісі – хош иісті. Құрамындағы ылғал үлесі – 13%, эфир майының үлесі – 2%. Зире, күнзе, бәден – нанның сұрыптарын хош иістендіру үшін қолданылады. Бұл дәмдеуіштер елек арқылы еленеді. Хош иістендіру түсу үшін оларды қамырға немесе қайнатпа сусынға салар алдында уатады. Майқоспалы нан өнімдерін әзірлеу үшін даршын, ванилин, араванилон, запырангүл пайдаланылады.
Даршын
– даршын ағашының бұтақтарының кептірілген қабығы. Оның пішіні – таяқша немесе ұсақ ұнтақ түрінде болады. Құрамындағы ылғал үлесі – 12,5%. Түсі – қоңыр, иісі мен дәмі – даршынға тән, тіл үйірердей жағымды қышқылтым.
Зімбір
– дәмі жағымды ащы тропикалық зімбір ағашының кептірілген түбірі. Ұсақталған ұнтақ түрінде пірәндіктер мен шығыс тәттілеріне қосылады. Құрамындағы ылғал үлесі – 12% құрайды.
Қалампыр
– ащы қышқылтым дәмі бар қалампыр ағашының кептірілген гүлдері. Ұнтақ түрінде пірәндік пен қайнатпаларды әзірлеу үшін қолданылады. Құрамындағы ылғал үлесі – 8%-ға дейін.
Запырангүл
– зағыпыранның кептірілген гүлінің аналығы, пішіні – жіп тәрізді болып, түсі – ашық сары түстен қошқыл қоңыр түске дейінгі аралықта. Құрамындағы ылғал үлесі – 16%-дан аспайды, эфир майының үлесі – 0,6%. Запырангүл дәмдеуіш пен бояғыш зат ретінде қолданылады.
Көкнәр дәндері
– қамыр дайындамаларының үстіне себу үшін және кейбір нар өнімдерінің ішіне салынды ретінде пайдаланылады. Құрамындағы ылғал үлесі – 11%, қоқыр және май қоспасы – 15% (қоқыр қоспасының үлесі – 3%). Көкнәр дәндері өніп кетпеген, көгермеген, шірімеген және ашып кетпеген болуы тиіс: иісі мен дәмі көкнәрға тән. Көкнәрдің дәні таза құрғақ қаптарға салынып, сақталады.
Күнжіт дәні қамыр дайындамаларының үстіне себу үшін пайдаланылады. Күнжіттің түсі – ақ түстен ақшыл, қоңыр түске дейінгі аралықта болады. Құрамындағы ылғал үлесі – 10%. Күнжіт шірімеген немесе көгермеген болуы шарт.
Ванилин (МЕМСТ 16599—71) синтетикалық жолмен жасалады. Ол – ақ түсті, ерекше ваниль дәмі бар, бөгде иісі жоқ ұнтақ. Ванилин 80°С температурада суда (1:2 ара салмағында) және 96% этил спиртінде (2:1 ара салмағында) ериді. Ерітіндінің түсі – мөлдір, түссіз болуы керек. Ванилиннің орнына көбінесе ваниль қанты пайдаланылады. Ваниль қанты дегеніміз
– ванилин немесе араванилин хош иісін беретін құмшекер немесе қант ұнтағы. Ванилин нан зауыттарына қаңылтыр құтыда жеткізіледі. Оны жеке бөлмеде сақтау керек, себебі ванилиннің иісі – мұрынды жарардай өзіндік иісі болады. Иіс басқа азық-түліктерге жылдам өтіп кете алады.
Араванилон
– ұсақ кристалды, сарғыш реңкі бар ақ түсті, ванилин хош иісін беретін ұнтақ.
Хош иісті тағамдық эссенциялар (ССТ 18103—84) табиғи және синтетикалық болып бөлінеді. Олар спиртті немесе су-спиртті синтетикалық және табиғи хош иісті заттардың ерітіндісі, эфир майлары, шәрбаттар немесе табиғи шикізаттардың тұнбасы. Бұл түссіз мөлдір немесе эссенцияның атауына сай келетін түске боялған сұйықтық. Иісі мен дәмі сол эссенцияға сай келуі тиіс. Эссенциялар жылдам еріп, оңай тұтанады. Сондықтан себеттерге орналастырылған тығыз жабылған шыны құтыларда, 25°С температурадағы салқын жерде сақталады.
Рецептурасының құрамына қант, май, жұмыртқа кіретін нан өнімдерінің қамыры
химиялық қопсытқыштармен
қопсытылады. Көбінесе №НСО
3
натрий гидрокарбонаты мен ^Н
4
2
СО
3
аммоний карбонаты пайдаланылады. Бұл тұздар суда ерітіліп, қамырды ең соңғы рет илеген кезде қосылады. Нан пісірудің бастапқы кезеңінде қамыр ішіндегі қопсытқыштар жылудың арқасында ыдырап, газ түзіп, қамырды қопсытып, оның көлемін ұлғайтып, жұмсақ бөлігіне кеуектілік қасиетін береді.
Натрий гидрокарбонаты
– кристалл түріндегі ақ түсті ұнтақ, иісі жоқ, тұзды дәмі бар. Құрамындағы ылғал үлесі – 1%, NaHC0
3
мөлшері – 95,8%.
Аммоний карбонатының сыртқы пішіні – қатты кесекті және кристалл түріндегі ақ түсті аммиак иісін беретін зати. Ол суда тез ериді, құрамында 28...35% аммиак болады. Химиялық қопсытқыштарды герметикалық жабық ыдыста құрғақ жерде сақтау керек.
Нан пісіру өндірісінде, әсіресе қуаттылығы шағын кәсіпорындар – наубайханаларда нан пісіруді жақсартушылар мен тағамдық қоспалар жиі қолданылады. Соңғы жылдары Ресей нарығында қамырды ашыту мен қопсыту, дайын өнімнің сапасын жақсарту, ассортиментті кеңейту және сақтау мерзімін ұзарту мақсатында отандық және шетелдік сусымалы жақсартқыш заттар қолданылып келеді. Нан пісіру өндірісінде мынадай кешенді нан пісіру жақсартқыштары қолданылады: «Колибри» фирмасының «Мультэнзим», «Фортуна», «Ами- локс», «Шанс» (ГосНИИХП),
«Спринт» және «Биг-Маг» жақсартқыштары.
Мықты және жылдам үзілетін ұлпасы бар ұндарды өңдеу барысында қалпына келтіруге арналған жақсартқыштар – натрий бензонаты, калий сорбаты, сорбин қышқылы («Технохим» фирмасы) қолданылады. Шетелдік кешенді нан пісіруді жақсартушы заттар ішінде «Пуратос» (Бельгия), «Энзима» (Чехия), «Ирекс» (Германия), «Шаллер» (Австрия) және т.б. жақсартқыштар пайдаланылады. Қарабидай ұнынан әзірленетін нан тағамдарына қосылатын отандық тағамдық қоспалар ішінде құрғақ ашытқылар: «Цитрасол», «Аграм», «Поли- мол», «Биоэкс» т.б. жиі қолданылады. Нанның картоп ауруына ұшырауының алдын алу үшін «Селектин» тағамдық қоспасын пайдаланады. Шетелден әкелінген тағамдық қоспалар ішінде ұнтақ тәрізді қыш- қылдандырғыш заттар пайдаланылады: «Форшрит» (Германия), «Финароль» (Австрия) және т.б.
Тағамдық қоспалар адам ағзасына зиян келтірмейтін, қолданылуы бойынша технологиялық нұсқаулыққа сәйкес мөлшерленуі керек.
Нан пісіру өндірісінде қосымша шикізаттарды химиялық құрамы ұқсас және тағамдық құндылығы біркелкізаттармен алмастыруға рұқсат етіледі. Әрине, нан өнімдерінің сапасы нашарламауына және шыққан өнімнің мөлшері азаймағанына назар аударылуы керек. Құмшекерді (1 кг) сары қантпен, сұйық қантпен немесе аршылмаған қантпен алмастыруға болады. Тек құрғақ заттар үлесін ескеру керек. Мұндай алмастыру жоғары және бірінші сұрыпты ұнға рұқсат етілмейді.
Мысал 3.1.
Құрғақ заттар (ҚЗ) құрамындағы сұйық қанттың мөлшері қанша екенін анықтайық.
Алмастыру үшін ылғалдылық үлесі – 0,14% құрайтын 4 кг құмшекер алу керек.
Шешімі
: 4 кг құмшекер құрамындағы құрғақ заттар үлесі –
Мқз =
4( 100− 0, 14)
= 3,44
кг
100
Сұйық қанттың қандай массасында 3,44 кг сұйық зат болатынын анықтау үшін,
мынадай пропорцияны алып талдаймыз: 100 кг сұйық қантта 65 кг ҚЗ болса, Х кг сұйық қант құрамында 3,44 ҚЗ болады.
Бұдан шығатын:
Жауабы:
5,29 кг.
Х =
?,??∙???
= ?, ?𝟗
[кг ].
Құмшекердің орнын алмастырушы басқа заттар үшін дәл осындай есептер жүргізе отырып, 1 кг құмшекерді 1,3 кг сірнемен алмастыруға болатынын анықтаймыз. Мұндай алмастыру қарабидай ұнынан және қарабидай мен бидай ұнының қоспасынан жасалған ұн өнімдерін («Бородинский» нанынан басқа) әзірлеу үшін қолдануға болады; құрамында 30% құрғақ заттары бар 4,5 кг қоюланған сүттің сарысуын, құрамында 40% құрғақ заттары бар 4 кг қойытылған сүттің сарысуын құрамында 3% қанты бар (диеталық өнімнен басқа) нан-тоқан өнімдерін; 1,7 кг құрғақ сүттің сарысуын ірімшік және сүзбе әзірлеу үшін алмастырып, пайдалануға болады.
Сиырдың тұзсыз сары майын (1 кг): 1 кг тұз мөлшері 0,015 кг-ға дейін азайтылған сиырдың тұзсыз сары майымен; 1,14 кг тұзсыз «Крестьянский» сары майымен немесе тұз мөлшері 0,015 кг-ға азайтылған 1,16 кг «Крестьянский» тұзды майымен; 1,06 кг «Любительский» сары майымен немесе тұз мөлшері 0,01 кг-ға азайтылған 1,07 кг тұзды маймен; 1,34 кг бутербродқа арналған сары маймен; 0,84 кг қорытылған маймен орнын алмастыруға болады. Мұндай алмастыру нан-тоқаш өнімдерін пісіру кезінде рұқсат етіледі. 1 кг майды нан-тоқаш өнімдерін (диеталық, балаларға арналған және «сары май қосылған» деп белгіленген өнімдерден басқа) пісіруге арналған асханалық 1 кг маргаринмен; 0,83 кг сұйық маймен («сары май қосылған» деп белгіленген, балаларға арналған, диеталық, май қосылған, кептірілген нан өнімдерінен басқа); құрамында 3% сары майы бар балаларға арналған және диеталық нан өнімдері үшін 0,85 кг күнбағыс майымен алмастыруға болады.
Асханалық маргарин (1 кг): құрамында 82% май болатын сұйық немесе қатты маргаринмен; 0,83 кг сұйық маймен немесе кулинариялық майлармен (майқоспалы, баранка тоқаштары мен балаларға арналған нан өнімдерінен басқа); 0,85 кг күнбағыс майымен (3,5 кг маргариннің орнын ғана) алмастыруға болады.
Күнбағыс майын (1 кг) жүгері, соя, мақта және зәйтүн майымен 1:1 ара салмағында алмастыруға болады.
Майлылығы 3,2%-тік сиырдың 1 кг (0,97 л)
пастерленген сүті:
майлылығы 2,5%- дық 1,07 кг сүтпен; 1,4 кг майсыз сүтпен; ақуыздық майлылығы 1% сиырдың пастерленген сүтімен және майлылығы 2,5%-дық 0,87 кг сиыр сүтімен; қаймағы алынбаған және майсыздандырылған 0,12 кг сиыр сүтімен; қойылтылған майсыз 0,38 кг сүтпен; 0,435 кг қант мөлшері 0,191 кг-ға азайтылған майсыз қойылтылған сүтпен алмастырыла алады.
Сүттің сарысуы және оның концентраты өзара алмаса береді. Тек олардың нормалары мен нормативті-техникалық құжаттарындағы құрғақ заттардың мөлшерін есепке алу керек.
Майлылығы 18%
сүзбе
(1 кг) ылғалдығына байланысты майлылық көрсеткіші әртүрлі басқа сүзбелермен алмастырыла береді.
Майлылығы 30%-дық
қаймақ
құрамындағы май мөлшерін есепке ала отырып, әртүрлі майлылықтағы қаймақтармен алмастырыла алады.
Кондитерлік өнімдерді дайындау барысында
тауық жұмырт- қаларының
(1 кг – 25 дана) орнына жұмыртқа мұздағын немесе 0,278 кг жұмыртқа ұнтағын немесе 0,54 кг жаңа алынған жұмыртқа сарыуызын пайдалануға болады. Данасы аз, майқоспалы нан өнімдерінің үстіне жағуға арналған шәрбат дайындау барысында 1 кг жұмыртқаның орнына 1...1,5 л сумен араластырылған 0,3 кг құмшекер пайдалануға болады.
Жұмыртқа мұздағы тауық жұмыртқасы орнын алмастыра алатын кез келген азық- түліктің нормаларына сәйкес келеді.
Жұмыртқа ұнтағы (1 кг) 3,6 кг жұмыртқа (90 дана) және жұмыртқа мұздағының эквивалентімен алмастырыла алады.
Баспаланған ашытқылардың (1 кг) орнына қамырды 70 минут ішінде ашытуға қабілетті, құрамында 1 кг баспаланған ашытқылар немесе 0,5 кг кепкен ашытқылары бар және 90 минут ішінде қамырды ашытуға қабілетті 0,65 кг сүтті ашытқы қолдануға болады. 1 кг
тағамдық ас тұзының
орнына йодталған ас тұзын (йод мөлшері (40 ± 20) мкг /
кг) пайдалануға болады.
Зиренің
орнына күнзе немесе бәден пайдалануға болады (1:1 ара салмағында).
Кептірілген жүзімнің
орнын цукаттармен, ұсақтап туралған кепкен өрікпен немесе кепкен қара өрікпен алмастыруға болады.
Жаңғақтарды жержаңғақ, бадам, орман жаңғағы, кешью жаңғағы, грек жаңғағын қолдануға болады.
Қарабидай уыты : нанның қайнатып әзірленген түрлерін дайындау барысында қолданылатын ферменттелген 1 кг уыттың орнына 0,003 кг ферменттелген амилорозин П10Х препаратына 1 кг қарабидай ұнын араластырып, пайдалануға болады; ферменттелмеген уыт орнына – 5...10 г ферментті П10Х амилорозин препараты немесе 10...15 г ферментті Г20Х глюкоамилаза тазартылған препаратын сұйық ашытқылар немесе қамыр ашытқылармен дайындалған нан-тоқаш өнімдерін әзірлеу үшін қолдануға болады.
Қайнатпаның орнына тосап, джем, конфитюр немесе қайталап пісірілген тосапты 1:1 ара салмағын ескере отырып, пайдалануға болады.
Ванилин (1 г) орнына: 12,7 ванилді эссенция; 0,25 г этилванилин, арованилон немесе ванилон; құрамындағы қант немесе қант ұнтағы 26 г-ға дейін азайтылған 27 г ваниль ұнтағын пайдалануға болады.
Ванилді эссенция мына рецепт бойынша дайындалады: 79 г ванилин, 721 г тазартылған спирт және 200 г су.
Ванил ұнтағы мына рецепт бойынша дайындалады: 37 г ванилин, 37 г тазартылған спирт және 963 г қант ұнтағы.
Бақылау сұрақтары:
ІV-ТАРАУ
ШИКІЗАТТЫ ӨНДІРІСКЕ ҚАБЫЛДАУ, САҚТАУ ЖӘНЕ ДАЙЫНДАУ
Шикізат нан пісіру кәсіпорындарына ыдыспен және ыдыссыз жеткізіледі. Шикізаттың барлық түрлерінің сапасы МЕМСТ және ТУ талаптарына толық сай болуы керек. Шикізат нан пісіру кәсіпорындарына партиямен жеткізіледі. Партия дегеніміз – бір ғана жүкқұжат арқылы қабылданған шикізаттардың белгілі бір түрі мен сұрыпының көп мөлшері.
Шикізаттың сапасын дәлелдейтін куәлік немесе сапа сертикаты болуы шарт. Ұн ыдыспен жеткізілсе, қаптардың сыртқы қалпы мұқият тексеріліп, мықты қапталуына, тазалығына және маркалануына назар аударылуы керек. Ұн ыдыссыз жолмен, яғни автоұнтасушы көліктермен жеткізіле алады. Бұл жағдайда цистернаның аузындағы бітеме (пломб) тексеріледі. Ыдыспен жеткізілген шикізат мұқият тексеріліп, маркалануы мен қапталуына назар аударылады. Егер қосымша шикізат (сүт, сүттің сарысуы, маргарин т.б.) сұйық түрінде цистернамен жеткізілсе, әрбір цистернадан шикізаттың дәмін татып көру керек. Қабылдар алдында шикізатты міндетті түрде таразыдан тартып көреді. Шикізаттың әрбір партиясының өз маркасы болады. Маркада өнімнің атауы, партияның нөмірі, өндіруші-кәсіпорынның аты, өндірілген және белгілі бір кәсіпорынға жеткізілген мерзімі, жүк орындарының саны, бір қаптаманың және барлық партияның жалпы массасы жазылады. Нан пісіру өндірісіне келіп түскен шикізаттың сапасын өндірістік лабораторияда органолептикалық және физика-химиялық тәсілдермен тексеріледі.
Ұнды сақтау.
Ұн қоймаларда ыдыстық және ыдыссыз жолмен сақталады. Ұнды ыдыссыз сақтауға арналған қоймалар ашық және жабық типте болады. Жабық типтегі қоймалар нан зауытының өндірістік кор- пусында немесе жеке ғимаратта орналасса, ашық типтегі қоймалар зауыттың территориясында орналасады. Ұн арнайы ыдыстарда – силостарда (арнайы шұңқырлар) сақталады. Силостар ұнның белгілі бір сұрпына арналып жасалады. Қоймаларда ұнды ыдыссыз сақтау үшін кем дегенде сегіз силос орналастырылады, оның біреуі – міндетті түрде қосалқы болуы керек. Ұнның әрбір сұрыпын орналастыру үшін кем дегенде екі бункер керек: біреуі – ұнды қабылдау үшін, екіншісі – оны өндіріске жөнелту үшін. Автоұнтасушы көліктің цистернасындағы ұн құбырлар арқылы бункерлерге тығыздалған ауа арқылы беріледі (аэрозолды транспорттау). Бункерлердегі ұн нығыздалып, өздігімен ағу қабілетінен айрылады. Себебі бункерге түскенде, ауа фильтр арқылы сыртқа шығып кетеді. Ұнға ағу қабілетін қайтару үшін бункердің түбін аэрирлеп, тығыздалған ауа береді; сол кезде ол ауа қанығып, ыси бастайды. Нәтижесінде ұнның нан пісіруге икемділік қабілеті жақсарып, ұн зиянкестерінің даму қаупі төмендейді.
Бункерлерден ұн тазалау үшін транспортталып, өлшеніп, содан кейін өндірістік бункерлерге нория, иірмек немесе аэрозольтранспорт арқылы толтырылады. Ыдыстық сақтау барысында ұн салынған қаптар биіктігі еденнен 15 см жоғары тұрған ағаш стеллаждарға қатар-қатар орналастырылады. Бұл ұнның желдетуіне мүмкіндік береді. Қаптар үш қатарлы, бес қатарлы немесе сатылай қойылады (12 қатардан аспайды). 3-4 қатар сайын орналастырылса, үш немесе бес қатарлы қаптардың орны ауысады (сурет 4.1.).
Сурет 4.1.
Ұн қаптарының қатарларға орналастырылуы:
а – үш қатарлы, б – бес қатарлы, в – сатылай
Қатарлар арасында ені 0,7 , қабырғадан – 0,5 м арақашықтықта орын қалдырылады. Қаптарды транспорттау үшін көлік өтетін өткелдердің арақашықтығы – 2-3 м болуы керек. Ұнды басқа шикізаттардан бөлек сақтайды. Ұн қоймасы таза, құрғақ, жақсы желдетілетін, температурасы 15°С-тан төмендемеуі тиіс, ал ылғалдылығы – 60...65%
болуы керек. Қоймада ұнның жеті күндік қоры болуы керек.
Ұн сақтауға арналған қоймаларды пайдалану кезінде қауіпсіздік еңбек шараларын қатаң сақтау керек. Ұн қоймаларында құрал-жабдықтарды қауіпсіз пайдалану шараларын сақтаса, ыдыссыз сақтау қоймаларында ұннан шығатын шаңның шашырауын алдын алу шаралары сақталуы тиіс. Транспорттау барысында ұн ауадан статистикалық электр қуатымен қуаттанады. Мұндай жалынның шығуы үлкен өртке немесе жарылысқа алып келері хақ. Сондықтан, барлық құрал-жабдықтар, құбырлар мен фильтрлер жерге жақын орналасуы тиіс.
Тиым салынады : ұнды ыдыссыз сақтау қоймаларында ашық отты пайдалануға және темекі тартуға. Сондай-ақ, жұмыс орны мен жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды қараусыз қалдыруға тиым салынады. Жұмыс басталар алдында жұмыс жасайтын құрал- жабдықтардың, іске қосу және сигналдық аппараттардың жарамдылығын, жерге тұйықталу мен қоршаулардың орнында бар екенін тексеріп шығу керек. Автоұнтасушы көліктен ұнды қоймаға қабылдау үшін құрал-жабдықтарды іске қосар алдында немесе ұнды өндіріске жөнелтер алдында дыбыстық немесе жарықтық сигнал беріп, құрал- жабдықтардыі іске қосылғанынан хабардар ету керек.
Тиым салынады : бункерге ұн салынып немесе алынып жатқанда, тексеру үшін ұн алып көруге; қоршауы болмаған құрал-жабдықта жұмыс істеуге; сондай-ақ құрал- жабдықтарды жұмыс істеп тұрғанда тазалауға, майлауға немесе жөндеуге. Құрал-жабдықтарды, силостар мен қойманың ішін үздіксіз мерзімді түрде тазалап отыру керек. Бункердің ішіне түскен жұмысшының арнайы сақтандыру белдемшесі, ұнның тозаңынан қорғау үшін респираторы болуы шарт. Ыдыстың ішкі жағын жарықтандыру үшін кернеуі 12 В-тан аспайтын, жарылыстан қорғалған қозғалмалы электршамдарын пайдаланады. Жұмыс барысында жұмысшылар мұқият әрі абай болып, іске қосу аппараттарының көмегімен электр қозғалтқышын іске қосып, оның түймешігін тек құрғақ саусақтармен басу қажет; істен шыққан және қоршауы жоқ құрал-жабдықтарда жұмыс істеуге тиым салынады; бұзылған құрал-жабдықтарды пайдалануға болмайды.
Ұнды дайындау . Ұнды өндіріске дайындау дегеніміз – араластыру, електен өткізу және магниттік тазалау. Нан пісіруге икемділігі әртүрлі, бірақ бір сұрыптағы ұндардың жекелеген партиясын араластырады. Яғни бір партиядағы ұндардың кемшілігі екінші партиядағы ұндардың есебінен орны толтырылуы керек. Мәселен, әлсіз ұндарды күшті ұндармен, ашық түсті ұнды – қоңыр түсті ұнмен, газ түзу қабілеті төмен ұнды – газ түзу қабілеті жоғары ұнмен араластырады. Ұнды лабораторияның ұнның құрамына жасалған талдауы мен пісірілген нан сынамасының мәліметтеріне негізделген нұсқаулығына сәйкес араластырады. Лаборатория ұнның белгілі бір партиясының түсі мен нан пісіруге икемділік қабілетін ескере отырып, араластыру керектігі туралы нұсқаулық дайындайды. Ұнның 2...3 патриясын ғана 1:2, 1:3 ара салмағында араластырады. Ұнның әртүрлі партияларын араластыру дайын нан өнімдерінің технологиялық тәртібі мен стандартты сапасын қамтамасыз етеді. Ұнды араластыру үшін арнайы дозаторлар немесе ұн араластырғыш машиналар пайдаланылады. Ұнды елеуіш машиналарда електен өткізеді. Мұнда ұн диаметрі әртүрлі електер жүйесінен өткізіліп, қоқырлардан және түйіршіктерден тазаланады. Елеу барысында ұн қызып, ауамен қанығып (аэрирлендіріліп), қопси түседі. Бұл ұнның нан пісіруге икемділік қабілетін жақсартады. Ұнның әрбір партиясын електен өткізу алдында електерді шөткемен тазалап, електердің жарамдылығын тексеріп көру керек. Ұн ішіндегі металл түйіршіктерден тазарту үшін електің арналарына магниттер қойылады. Магниттер шахматтық тәртіппен, доға тәрізденіп орнатылады. Магниттердің жүк көтергіштігі – 8...12 кг. Жүк көтергіштік – магниттің ұн ішінен металл қоспаларды тазалау қабілетін көрсетеді. Сондықтан, оларды жүйелі түрде тексеріп отырады. Магниттік доғалар әрбір кезектен кейін ферроқоспалардан тазартылып отырады. Магниттерден алынған қоспалар лабораторияға жөнелтіліп, металл қоспалардың құрамына талдау жасалады. Тексеру мен тазалау нәтижелері арнайы журналға түсіріледі. Електен өткізіліп, магнитті тазалаудан кейін ұн таразыға тартылып, өлшенеді.
Таразы ретінде автоматты дозаторлар пайдаланылады.
Ашытқыларды сақтау және дайындау
Баспаланған ашытқыларды құрғақ, жақсы желдетілетін жерде 0...4°С температурада сақтау керек. Сығымалған ашытқыларды дайындау дегеніміз – ыдыстан немесе ора- масынан босату және ұнтақтау. Ашытқы жасушалары ашытқы қамырда немесе қамырдың ішінде дұрыс ыдырауы үшін оларды арнайы бұлғауыш құралмен (ашытқы бұлғаушы) шағын күбіше ішінде араластырады. Ашытқы қоспасын дайындау үшін ашытқылардың 1 бөлігіне температурасы 30...-тан жоғары болса, ашытқылардың көпсіту қабілеті нашарлайды. Тоңазытылған ашытқыларды салқын жерде 4...6°С температурада баяу ерітеді. Тоңазытылған ашытқыларды жылдам еріту олаодың көпсіту қабілетінің нашарлауына әкеп соқтырады.
Құрғақ ашытқылар герметикалық қаптамада жеткізіліп, сақталады. Сақтауға арналған қойма таза, құрғақ, жақсы желдетілетін, температурасы 15°С-дан жоғары
болмауы керек. Құрғақ ашытқылар әбден еріп, біркелкі массаға айналғанша, алдын ала жылы суға салып қояды. Көптеген нан пісіру орындарында баспаланған және құрғақ ашытқыларды белсендендіреді. Ашытқыларды белсендендіру дегеніміз – оларды сұйық ортада (ұн, су, қант, уыт және басқа да қоспалар) ерітіп, 30...90 минут бойы шетке қойып қояды. Белсендендіру барысында ашытқылар көбеймейді, бірақ анабиоз (уақытша өмір сүруін тоқтату) күйінен шығып, өмірге икемделе бастайды. Ашытқы жасушалары жаңа ортаға бейімделір, тынысталу үдерісінен ашу үдерісіне өтеді. Белсендендіру нәтижесінде ашытқылардың көпсіту күші артады. Бұл қамырды дайындауға бөлінетін уақытты 15...25%-ға азайтып, жартылай фабрикаттардың ашу ұзақтығын қысқартады. Белсендендірілген ашытқылар нан өнімінің сапасын жақсартады, себебі оның құрамында хош иістендіргіш заттар мен қышқылдар болады. Ашытқылар нан ашытатын кеспектерде немесе арнайы қондырғыларда белсендендіріледі (сурет 4.2.).
Белсендендіруге қолайлы қоректі ортаны екі жолмен дайындайды: Ашытқылардың көпсіту қабілетін жақсарту үшін аммоний сульфаты секілді ферментті препарат қосады.
Ұн
Суық су
Ыстық су
Нығыздалған
ашытқы
Сурет 4.2. Ашытқыларды белсендендіруде қолданылатын қондырғылардың сызбасы
1
– ұнды автоматты өлшеуші;
2
– су өлшейтін шағын күбіше;
3
– араластырушы құрал;
4
– ашытқыларды белсендендіруге арналған ыдыс;
5
– сорғы
Сарысу құрамында минерал тұздары мен еритін ақуыздар болады. Крахмал қанттандырылады, аммоний сульфаты ашытқылар үшіг азоттық қорек болып табылады. Құрғақ ашытқыларды белсендендіру үшін қоректік ортаға жақсартушы қоспаларды қосу керек. Себебі ашытқыларды құрғату барысында олардың жасушаларының құрамы жақсарады. Белсендендіру алдында құрғақ ашытқылар 30...50 минут жылы суда ерітіледі. Олардың белсенденуі 2...6 сағат ішінде жүзеге асады. Белсендірілген ашытқылардың сапасы мынадай көрсеткіштер бойынша сипатталады:
мол көбік пен көпіршік пайда болатын ашытқының беткі жағы; өзіне тән иісі; көтергіш күші – 8-10 минуттық қалқып шыққан кішкене шар бойынша; қышқылдығы – жоғары және бірінші сұрыпты ұн үшін 3 град, екінші сұрыпты ұн үшін – 4 град. Қоректік ортаның температурасы – 30...32°С, ылғалдылығы – 75...78% болуы керек. Ашыған ерітінді тот баспайтын болаттан жасалған, бұлғауыш және салқындатқыш, деңгейді көрсететін құралдармен жабдықталған арнайы қондырғыларда сақталады. Сақтау температурасы – 2...15°С болуы шарт. Өндіріске жіберер алдында оны ашытқы суспензиясына денгі күйге дейін сумен араластырады. Суспензияны болаттан жасалған, ұяшық диаметрлері – 2,5 м електер арқылы сүзеді.
Тұзды сақтау және дайындау . Ас тұзын нан зауыттарына қаптарда немесе самосвалда бос салып жеткізеді. Тұз – жоғары гигроскопиялық қасиетке ие, сондықтан оны жеке бөлмеде немесе қобдишаларда сақтайды. Тұзды сақтаудың «ылғалды» түрі болады, яғни тұзды арнайы ерітіндіде сақтайды. Нан зауытына самосвалмен жеткізілген тұз темір-бетонды еріткіш-бункерге салынады. Еріткіш-бункер тұзды түсіруге ыңғайлы болуы үшін еденнен 2,8 м тереңдікте орналасады.
Су
Сурет 4.3. Тұз және тұз ерітіндісін «ылғалды» сақтауға арналған қондырғының сызбасы
1 – суды ерітуге арналған ыдыс; 2 – су жіберуге арналған құбырлар;
– ерітіндіні түрдырғыш құрал; 4 – сүзгі; 5 – таза ерітіндіге арналған секция; 6 – сорғы; 7 – қалдыққа арналған бак;
8
– ерітіндіні өлшеуші құрал;
9 – нан илейтін кеспек
Бункер дегеніміз – қабылдайтын бөліктері мен 2..3 тұнба бөліктері бар ыдыс. Тұз қабылдау бөлігіне салынады. Қабылдау бөлікке суық және ыстық су құбырлары тіркелген. Мұнда тұз ерітіледі. Тұздың ерітіндісі тұнба бөліктеріне жіберіліп, содан кейін сүзгіден өтіп, таза ерітінділер секциясына түседі. Сүзгіден өткізілген тұз ерітіндісі сорғы арқылы шығыс бактарына айдап қотарылады. Тұзды «ылғалды» сақтауға арналған қондырғылар сызбасы 4.3. суретте бейнеленген. Тұзды ерітіндіні дайындау үшін тұзеріткіштер пайдаланылады. Тұз арнайы камераға толтырылады. Камераға су жіберіледі. Су тұздың қабаттары арқылы өтіп, шекті концентрацияға дейін (26%) тотығып, екінші камераға түсіп, тұнады. Тұнған тұз ерітіндісі сүзгі арқылы үшінші камераға түседі. Бұл камерада өлшеніп, өндіріске жөнелтіледі. Қамырды илеуге қажетті тұз ерітіндісінің мөлшері оның тығыздығына байланысты белгіленеді. Тұз ерітіндісінің қатысымды тығыздығы – әдетте, 1,1879 немесе 1,1963 құрайды. Бұл өлшем 100 кг ерітіндідегі тұздың мөлшеріне сәйкес келеді. Тығыздығы тұрақты тұз еретіндісін пайдалануға кеңес беріледі. Ерітіндінің шоғырлану деңгейін бақылау үшін оны жүйелі түрде арометрлермен тексеріп отырады. Тығыздығының мөлшеріне қарай тұз ерітіндісінің құрамы анықталады (қосымша 1). Нан өнімдерінің кейбір түрлерін дайындау үшін тұзды құрғақ күйінде қолданады.
Алдын ала оны металл елек арқылы елеп алады.
Суды дайындау.
Судың сапасы МЕМСТ 2874—88 талаптарына толық сәйкес келуі керек. Нан өндіру үшін пайдаланылатын су 2.1.4.559—96 СЕмН (СанПиН) талаптарына толық сай болуы тиіс. Ас суы түссіз, мөлдір, иіссіз және дәмі өзгермеген болуы керек. Судың құрамында зиянды қоспалар мен денсаулыққа зиянды микроағзалардың болуына рұқсат етілмейді. Тағам өндірісінде пайдаланылатын судың санитарлық жарамдылығы ондағы микроағзалардың жалпы сапасы мен ішек таяқшасы тобындағы бактериялардың жалпы саны арқылы анықталады. Судың кермектігі оның құрамында ерігіш кальций және магний тұздарының көптігін білдіреді. Кермек су қамырдың физикалық қасиетіне жағымды әсер етіп, оның құрамын нығайта түседі. Судың микрофлорасын жою үшін хлорлайды. Ол үшін газ пішіндес хлор пайдаланылады.
Құмшекер.
Нан зауыттарына қаппен жеткізіледі. Қант гигроскопиялық қасиетке ие, сондықтан оны құрғақ жерде сақтау керек. Қамырды илеу үшін қамырды ерітілген күйінде қолданады. Құмшекер қант ерітіндісінде ериді. Қант ерітіндісі бұлғауыш және сүзгіш құралдары бар күбішеде ерітіледі. Қант ерітінділері ұяшығының диаметрі 1,5 мм металл електерде еленеді. Қант ерітіндісінің мөлшері оның тығыздылығына байланысты анықталады. Қанттың тығыздылық деңгейі үнемі тұрақты қалыпта болуы шарт. Нан-тоқаш өнімдерін дайындау үшін тығыздығы 1,232...1,301, 50...62% концентрациясына сай келетін қант ерітіндісі пайдаланылады. Себебі 100 кг ерітіндінің құрамында 50...62 кг қант болады (қосымша 2). Қант ерітіндісінің тығыздығын қант өлшейтін құрал анықтайды. Егер қант ерітіндісі 38°С-қа төмендесе, құрамындағы қант кристалданып кетеді. Қанттың кристалдануын болдырмау үшін қант ерітіндісіне 2...2,5% ас тұзын қосады. Бұл ерітіндінің температурасы төмендегенде, оның құрамындағы сахарозаның кристалдануына жол бермейді. Құмшекерді еріту үшін табиғи сүт сарысуын пайдалануға болады. Сүттің сарысуындағы қант мөлшері – 45...60% құрайды.
Ылғалдылығы төмен және қант мөлшері көп, рецептурасы жоғары майқоспалы нан өнімдерінің қамырына (көпсітуші заттар ұнның массасынан 7% көп), сондай-ақ кейбір нан өнімдерінің үстіңгі жағын безендіру үшін ерітілмеген құмшекер пайдаланылады. Бұл жағдайда оны металл елек арқылы сүзіп алады.
Сірнені қабығы мықтап жабылатын таза ыдыстарда жеткізіп, салқын жерде сақтайды. Қолданар алдында сірнені алдын ала 40...45°С температураға дейін қыздырып алып, жабысқақтығын жояды. Одан кейін ұяшық диаметрі 3 мм болатын елек арқылы сүзеді. Бал нан зауыттарына сүт құятын құтыларда, тобатайларда, ақ түсті қаңылтырдан жасалған құтыларда, ағаштан жасалған күбішелерде жеткізіледі. Бал құрғақ салқын жерде 5...10°С температурада сақталады. Қолданар алдында оны ұяшық диаметрі 3 мм-лік електен өткізеді.
Май түрлерін сақтау және дайындау .
Сиыр майы және маргарин қатты күйінде мұздатқыш камераларда сақталады. Майлар бөтен иістерді тез сіңіргіш келеді, сондықтан оларды қараңғы салқын жерде басқа өнімдерден бөлек сақтау керек. Сиыр майы мен маргарин – ылғалды өнім болғандықтан, жарық және шектен тыс жоғары температурада тез бұзылады. Дәмі ащыланып, ашып кетеді. Қатты майларды сақтау мерзімі температураға тікелей байланысты. Маргарин 4...10°С температурада 45 тәулік, 0...4°С температурада – 60 тәулік сақталса, бұдан да салқын температурада – 75 тәулік сақталады. Тоңазытылған май 12 айға дейін сақтала алады, ал 5...10°С температурада – 3 айдан аспайтын уақыт сақталады.
Қатты майларды ыдысынан босатып, үстіңгі жағы тексеріледі. Егер үстіңгі жағына шаң-тозаң түссе, оны мұқият тазалау қажет. Қолданар алдында майды бөліктерге бөліп, ішкі жағын мұқият тексеріп шығады. Егер технологиялық талаптарға сәйкес май еріген күйінде пайдаланылса, үстіңгі жағы тазартылғаннан кейін, майды ерітетін қондырғыға салады. Ерітетін қондырғы – сулы қаптамалары, бұлғауыш және сүзгіш құралдары бар күбіше. Араластырғанда, май ыстық күбішенің ішінде ери бастайды. Еріген майдың температурасы 40...45°С-тан аспауы керек. Әйтпесе, майдың сарысуы шығып, қымар ішінде май дұрыс тарала алмайды.
Қатпарлы нан өнімдерін дайындау үшін майлар ерімеген күйінде пайдаланылады. Егер май алдын ала дайындалған эмульсия түрінде қолданылса, нанның сапасы жоғарылай түседі. Май эмульсиясын гидродинамикалық дірілдеткіш орнатылған қондырғыда су, май және эмульгаторды (майғындағыш) араластыра отырып, дайындайды. Эмульгатор ретінде фосфатидті қоспа пайдаланылады.
Сұйық маргарин нан зауыттарына қызу шығармайтын автоцис- терналарда жеткізіледі. Оны жылытушы қаптамалары мен піскегі бар ыдыс- қа айдап қотарады. Бұлғауыштар арқылы сұйық маргарин үздіксіз аралас- тырылып отырады. Сұйық маргарин – жылдам бұзылатын өнім, оны 20°С-тан төмен емес температурада өңделгеннен кейін 48 сағат қана сақтау керек.
Сұйық май нан пісіретін кәсіпорындарға автоцистерналарда жеткізіліп, сақтауға арналған ыдысқа қотарылады. Сақтау ыдыстардың бұлғауыштары болады. Бұлғауыштардың көмегімен сұйық майдың сіресіп қалмауы үшін үздіксіз араластырылып отырады. Сұйық майдың сақталу температурасы – 40...45°С, сақтау мерзімі – 15...20°С температурада 10 күннен аспауы керек.
Өсімдік майлары нан пісіретін кәсіпорындарға автоцистерналар немесе метал күбішелерде жеткізіледі. Оны қабылдауға арналған күбілерге босатып, қараңғы жерде 20°С-тан аспайтын температурада сақтайды. Қолданар алдында майды ұяшықтарының диаметрі 3 мм елек арқылы сүзеді.
Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерін сақтау және дайындау.
Жұмыртқа
0...2°С температурада 85...88% ылғалдықта 3 айдан аспайтын уақыт сақтайды. Жұмыртқаны иісі өткір өнімдермен бірге сақтауға болмайды. Жұмыртқаның әрбір партиясының
балғындығы овоскоп арқылы тексеріледі. Жаңа алынған жұмыртқалардан сәуле түсіп тұруы шарт. Ал бұзылған жұмыртқаларда қара дақтар пайда болады. Овоскоп дегеніміз – жұмыртқаларға арналған ұяшықтары бар жәшік. Әрбір ұяшыққа электр шамдары орнатылған. Сыртқы қабықшасында болатын шаң-тозаң мен микроағзалардың жұмыртқа массасына түсуін болдырмау үшін жұмыртқалар санитарлық өңдеуден өткізіледі. Жұмыртқаларды өндіріске жеке-жеке бөлмелерде дайындап, жөнелтеді. Жұмыртқаның сыртына жабысқан сабаннан, жаңқадан тазартылып, металдан жасалған топ қорапшаларға немесе шелектерге салынып, төрт секциялы ваннада тазартылады. Бірінші секцияда жұмыртқалар темпе- ратурасы 40...45°С 5...10 минутқа суға салып қояды. Екінші секцияда олар рұқсат етілген жуғыш құралмен (NaHCO
3
және т.б.) жуылады. Үшінші секцияда кез келген рұқсат етілген дезинфекциялаушы құралмен (хлорлы әк т.б.) қолдану нұсқаулығы бойынша дезинфекцияланады. Төртінші секцияда температурасы 50°С-тан төмен емес ыстық ағын суда шайылады. Содан кейін жұмыртқаларды кептіріп, 3...5 данасын бөлек ыдысқа жарып, сыртқы түрі мен иісін тексеріп, ұяшық диаметрі 3 мм-ден аспайтын металл елек арқылы өндірістік ыдысқа қотарады. Өндіріске жұмыртқаларды дайындау үшін бөлменің санитарлық жай-күйіне және жұмыртқаны жуып, жаруға арналған құралдардың тазалығына мұқият назар аудару керек. Егер шағын кәсіпорындар болса, жартылай фабрикаттар мен дайын нан өнімдеріне арналған үстелдің тазалығы тексеріледі. Мұндай үстелді металдан (алюминий немесе тот баспайтын болат), мәрмәр немесе ағаштың қатты сұрыптарынан дайындайды. Үстелдің қабықтарында тесік немесе кедір-бұдыры болмауы керек. Жұмыртқаларды жару үшін арнайы тіреуіш-пышақ қолданылады. Мұндай пышақтардың астыңғы жағынан тостағандар қойылады. Пышақ пен тостағандарды алюминийден немесе тот баспайтын болаттан дайындайды. Пышақ алмалы-салмалы болады. Пайдаланылғаннан кейін пышақ пен тостағандарды алып, қайнатып, ас содасы қосылған ыстық суда жуу керек. Қаз және үйрек жұмыртқаларын пайдалануға шектеу қойылған. Себебі олардың қабықшасында денсаулыққа зиян келтіретін микроағзалар – сальмонеллалар жинақталады. Бұл жұмыртқалар температурасы жоғары, ұзақ уақыт жылумен өңделетін данасы аз нан өнімдерін, піспенан, кептірілген нан дайындау үшін ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Қаз және үйрек жұмыртқаларын тауық жұмыртқаларынан бөлек сақтау керек. Олароды дезинфекциялау мен жару жеке бөлмелерде орындалуы тиіс. Жарар алдында қаз және үйрек жұмыртқалары 0,75% тұз қышқылында мұқият жуып, содан кейін 5% хлорлы әк ерітіндісінде дезинфекциялап, одан ары 5% ас содасының ерітіндісінде шаяды. Ал қабықшасын өртеп тастайды. Құрал-жабдықтар мен құрал-саймандарды жұмыс аяқталған соң сода ерітіндісінде жуып, 1% тұныққан хлорлы әк ерітіндісінде дезинфекциялап, ыстық сумен шаяды. Ал жұмысшылар арнайы жұмыс киімдерін ауыстырып, қолдарын сабынмен жуып, 0,2% хлорлы әк ерітіндісінде дезинфекциялауы керек.
Жұмыртқа өнімдерін былайша қолданады:
Жұмыртқа мұздағы
нан зауытына ақ қаңылтыр құтыларда жеткізіледі. Тоңазытылған мұздақ мұздатқыш камераларда -5...-6°С температурада – 1 жыл, ал 4°С температурада – кем дегенде 3 тәулік сақтайды. Мұздақ салынған құтылар жылы су толтырылған ваннада шөткелермен мұқият жуылады, содан кейін температурасы 45°С-тан аспайтын су толы ваннаға салып, 2...3 сағат ерітеді. Еріген мұздағы бар құтылардың аузы арнайы пышақпен абайлап ашылады. Массаны ұяшық диаметрі 3 мм-ден аспайтын елек арқылы сүзеді. Еріген мұздақты 3...4 сағат ішінде пайдаланып тастау керек. Себебі мұздақ – микроағзалардың дамуына қолайлы орта болып саналады. Яғни өнім жылдам бұзылады. Жақсылап елеу үшін мұздақты 1:1 ара салмағындағы сумен немесе қаймағы алынбаған сүтпен араластыру керек.
Мұздақты дайындау жарық әрі жақсы желдетілетін жеке бөлмелерде жүргізілуі керек. Бөлменің қабырғалары плиткалармен төселгені дұрыс. Құрал-жабдықтарды, құрал- саймандарды, ыдыстар мен бөлменің өзін үнемі таза ұстап, ыстық суда және хлорлы әк ерітіндісінде жуып отыру керек.
Жұмыртқа ұнтағы темір құтыларда, қағаз қаптарда, фанер күбішелер немесе картон жәшіктерде жеткізіліп отырады. Оны құрғақ, жақсы желдетілетін және қараңғы жерде сақтау керек. Себебі жұмыртқа ұнтағы гигроскопиялық қасиетке ие, ылғал, ауа және жарықтың әсерінен жылдам бұзылады. Сақталатын бөлмедегі ауа температурасы 20°С-тан аспауы керек. Қолданар алдында жұмыртқа ұнтағын температурасы 40...45°С суда 1:3 немесе 1:4 ара салмағында ерітеді. Суды ұнтаққа аз-аздап, үздіксіз араластыра отырып, құяды. Әрбір 278 г ұнтаққа 722 мл су қажет. Алынған эмульсияны 1 сағат көпсігенше қойып қояды. Содан кейін ұяшық диаметрі 2 мм-ден аспайтын елек арқылы сүзіп алады. Сүт және сүт өнімдерін сақтау және дайындау. Қаймағы алынбаған сүт және сүттің сарысуы нан зауыттары автоцистерналарда – сүт тасушы көліктерде немесе аузы жабық металл құрыларда жеткізіледі. Бұл өнімдер – жылдам бұзылады, сақтау шарты – 0...6°С температурада 20 сағат. Сүт және сүттің сарысуын өндірістік ыдысқа қотарып, ұяшық диаметрі 2 мм-ден аспайтын елек арқылы сүзеді. Құрғақ сүт герметикалық ыдыста 1...10°С температурада және 85%ауа ылғалдылығында сақтайды. Құрғақ сүтті температурасы 28...30°С 1:8 ара салмағындағы суда табиғи күйге енгенше, үздіксіз араластыра отырып, ерітеді. Содан кейін оны 1 сағат көпсуі үшін қалдырып, ұяшықтарының диаметрі 2 мм-ден аспайтын елек арқылы сүзіп алады. Қаймақ мұздатқыш камерада 2...4°С температурада 3 тәуліктен аспайтын уақыт сақтайды. Сүзбе аузы мықтап жабылатын металл немесе пластмасс құтыларда сақталады. Сақтау мерзімі температураға байланысты: 0°С температурада – 7 тәулікке дейін, 2...6°С температурада – 36 сағат, тоңазытылған күйде – 4...6 ай. Сүзбені қолданар алдында езгілеу машинасында езеді немесе металл елек арқылы қолмен езіп алады.
Жеміс-жидекті өнімдерді сақтау және дайындау .
Жеміс-жидекті езбе бөшкелерде, жақсы желдетілетін бөлмеде 1...2°С температурада 70...80% ауа ылғалдылығында сақтайды. Қолданар алдында езгілеу машинасында езеді немесе ұяшықтарының диаметрі 1,5 мм-ден аспайтын електе езеді.
Тосап жақсы желдетілетін, температурасы 0...20°С-тан аспайтын салқын бөлмеде 75...80% ауа ылғалдылығында сақталады. Тосапты алдын ала қыздырады немесе қантты шәрбатта езіп алады, немесе ұяшықтарының диаметрі 3 мм-ден аспайтын електе езеді.
Қайнатпаны
тосапты сақтағандай шартпен сақтау керек.
Мейіз
бұтақшалары мен бөтен қоспалардан мұқият тазартылып, таза сумен елекке салып немесе арнайы машинада жуып-шаяды.
Цукат құрғақ жерде 0...18°С температурада сақталады. Қолданар алдында оны бұтақшалардан, сабақтарынан және басқа да қоспалардан тазалайды.
Қоспаларды сақтау және дайындау
. Қамырды қопсыту үшін
химиялық қопсытқыштар
пайдаланылады.
NaHCO
3
( натрий гидрокарбонаты) мен (NH
4
2
CO
3
(аммоний карбонаты) секілді химиялық қопсытқыштарды құрғақ жерде сақталады. Ал аммоний карбонатын аузы жабылған герметикалық ыдыста сақтау керек.
Өндіріске жіберер алдында NaHCO
3
суда ерітіліп, ұяшықтарының диаметрі 0,5 мм- ден аспайтын електе сүзіледі. Аммоний карбонаты алдын ала ұнтақталып, ұяшықтарының диаметрі 1,5...2 мм-ден аспайтын електе сүзіледі немесе суда ерітіліп, ұяшықтарының диаметрі 0,5 мм-ден аспайтын електе сүзіп алынады.
Тағамдық қоспаларды
салқын және қараңғы жерде зауыттық қаптамада сақтау керек.
Нан пісіруді жақсартқыштарды қолдану тәсілдері бидай ұнынан нан-тоқаш өнімдерін пісіру өндірісінде жақсартқыштарды қолдану бойынша Технологиялық нұсқаулықта және жақсартқыштардың нормативті құжаттарында көрсетілген. Тағамдық қоспаларды қолдану мөлшерлемесі Өндірістік шикізат пен тағамдық өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын гигиеналық талаптарда белгіленген. Тағамдық эссенция мен қышқылдар ұяшықтарының диаметрі 1,5 мм-ден аспайтын електе сүзіледі. Ванилин немесе арованилин температурасы 80°С ыстық суда 1:20 немесе 0,25:20 ара салмағында немесе 1:0,5 немесе 0,25:0,5 ара салмағындағы спиртте ерітеді.
Уыт, дәмдеуіштер мен жаңғақтарды сақтау мен дайындау .
Уыт нан пісіретін кәсіпорындарға қаптарда жеткізіліп, таза әрі құрғақ стеллаждарда, қойма зиянкестерінен зақымданбаған жақсы желдетілетін бөлмелерде сақталады. Өндіріске жіберер алдында уытты електен сүзіп алады немесе магнитті ұстап алғыш аппараттарынан өткізеді. Дәмдеуіштер (зире, бәден, күнзе т.б.) құрғақ және таза жерде, басқа шикізаттардан бөлек бөлмелерде сақтау керек. Қолданар алдында дәмдеуіштер електен өткізіліп, сүзіледі. Егер дәмдеуіштерді демдемеге немесе қамырға салса, олардың хош иісін арттыру үшін ұнтақтаған жөн. Дәмдеуіштер порцияға бөлініп, ұнтақталса, хош иістері жақсы сақталады. Көкнәр ұяшықтарының диаметрі 2...2,5 мм-ден аспайтын електе сүзіліп, содан кейін ұяшықтарының диаметрі 0,5 мм-ден аспайтын електе ағын суда жуылады. Қатты ластанған көкнәр тығыздығы 1,2 г/см
3
түз ерітіндісіне салып қояды. Сонда оның минералды қоспалары түбіне шөгіп, көкнәр ерітінді бетіне қалқып шығады. Содан кейін көкнәрды елекке салып, ағын суда шаяды. Жаңғақтар ыдыстан босатылып, қоспаларынан сұрыптайтын маши- наларда немесе қолмен тазартылады. Сапасыз және көгерген дәндерін алып тастайды. Дәнін алу үшін жаңғақтар жылулық өңдеуден өтеді. Ол үшін бірнеше минут ыстық пешке салынып, содан кейін ұяшықтарының диаметрі 3...4 мм-ден аспайтын металл електе тазартылады. Бадам дәндері қайнаған суға 1 минутқа салынып, содан кейін суық суда шайылып, 50...70°С температурада кептіріледі. Жер жаңғақ дәндерінің сырты ашық-қоңыр түсті қабықшамен көм- керілген. Жаңғақ қуырылғаннан кейін қабықшасы оңай алынады.
Ұнды, әсіресе жаңа тартылған ұнды сақтау кезінде ауадағы оттегі, ылғал, ферменттер мен басқа да факторлардың ықпалымен жетілу, бұзылу (қолайсыз жағдайларда) процесі жүріп, ұнның сапасы өзгереді. Жаңа тартылған ұнның газсақтаушы және пішінін сақтаушы қабілеті төмен әрі нашар, ферменттерінің белсенділігі жоғары, ұлпалығы әлсіз және су сіңіруші қабілеті төмен болады. Жаңа тартылған ұннан дайындалған қамыр жабысқақ келеді, ашытқанда жылдам ашиды. Одан пісірілген нанның мөлшері кішкентай, жұмсақ бөлігі – қолға жабысқыш, кеуектігі – төмен болады. Нанның қыртысында кішкентай жарықтар көбейеді. Жаңа тартылған ұн қолайлы жағдайларда сақталса, оның нан пісіруге икемділік қабілеті жақсарады. Бұл үдерісті
ұнның жетілуі
деп атайды.
Ұн біршама уақыт сақталған соң, оның ұлпалық сапасы жақсарып, қуаты артып, протеолитті ферменттерінің белсенділігі төмендейді. Ұнның жетілу ұзақтығы оның сұрыпына, ылғалдылығына, аэрациясы мен тотықтырғыштығына байланысты. Ұнның сұрыпы жоғары болған сайын, оның жетілу
үдерісі де баяу өтеді. Ұнның температурасы жоғарылап, ауамен қаныққан сайын жетілу үдерісі де жылдамдай түседі. Тотықтыру үдерісін жақсартқыштар ұнның жетілуін жақсартып, ұннан жасалған дайын өнімнің сапасын жоғарылатады. Ұнның қуаты төмен болған сайын, ол баяу жетіледі. Ұнның ылғалдылығы мен температурасын оның құрамын бұзбастан, белгілі бір шекке дейін жоғарылатуға болады. Ұнның нан пісіруге икемділік қабілетін оны сақтау барысында жақсарту б идай ұны үшін – 1,5...2 ай ішінде, қарабидай ұны үшін – 0,5..1 ай ішінде жүзеге асады. Ерекше тартылған қарабидай ұны жетілуді қажет етпейді. Жетілу нәтижесінде жаңа тартылған ұнның нан пісіруге икемділік қабілеті жақсарады. Жаңа тартылған ұнды сақтау барысында оның жекелеген қасиеттері өзгеріп кетеді.
Ұнның ылғалдылығы қоймадағы ауаның ылғалдылығына байланысты. Сақтау барысында ұнның ылғалдылығы қойманың ылғалдылығына қарай өзгеріп отырады. Ұнның ылғалдылығының өзгеруіне ауа температурасы да ықпал етеді. Сақтау барысында ұнның ылғалдылығы қойманың ауа параметрлеріне байланысты бастапқы ылғалдылығынан өзгеріп, төмендеп не жоғарылауы мүмкін. Қоймаға түскен ұнның ылғалдылығы қойманың ауа параметрлеріне сәйкес тепе-тең ылғалдылық деңгейінен төмен болса, сақтау барысында оның ылғалдылығы көбейе түседі. Егер қоймаға түскенде, ұнның ылғалдылығы қойманың ылғалдылығынан жоғары болса, ұнның ылғалдылық деңгейі төмендейді. Ұнның ылғалдылығының өзгеруі баяу жүзеге асады және тек қоймада ұзақ уақыт сақталған ұнға ғана қатысты болады.
Ұнның қышқылдық дәрежесі май қышқылдарына, қышқыл фос- форорганикалық түздарға және белгілі бір деңгейде органикалық қыш- қылдарға (сүт, сірке т.б.), сондай-ақ ақуыздардың гидролизіне байланысты. Сақтау барысында ұнның қышқылдығы артады. Әсіресе қышқылдығы диірменнен тартылғаннан кейінгі алғашқы 15...20 күн ішінде жүзеге асады. Ұн ары қарай сақталса, қышқылдығы баяу артады. Ұнның сұрыпы төмен болған сайын, оның қышқылдығы арта түседі. Себебі төмен сұрыпты ұндарда май, фермент және органикалық форфор мөлшері көбірек. Қышқылдықтың артуы ұнның ылғалдылығы мен сақтау темпе- ратурасына байланысты. Осы көрсеткіштер көп болған сайын, қышқылдығы соншалықты қарқынды арта береді. Ұнның қышқылдығы сақтау барысында құрамындағы май қышқылдарының көбеюінің нәтижесінде артады. Қышқылдығы жоғары ұнның нан пісіруге икемділік қабілеті төмен болып, нан пісіру өндірісінде мүлдем қолданылмайды.
Ұнның майлылығы сақтау барысында ферментті үдерістердің нәти- жесінде бөлшектерге ыдырайды. Липаза ферменттерінің әсерімен ұн құра- мында май қышқылы мен глицерин түзіліп, гидролиз үдерісі жүзеге асады. Оттегінің қатысқанда, липоксигеназ ферменттерінің әсерімен май қышқылдары қышқылданып, пероксидті қоспалар түзеді. Пероксидті қоспалар – күшті қышқылдандырғыштар болып табылады. Ұнның майлылық дәрежесінің өзгеруі оны сақтау барысында құрамындағы май қышқылдарының мөлшерінің артуының есебінен қышқылдың артуына септігін тигізеді. Ұнның ылғалдылығы мен температурасы жоғарылаған сайын, ондағы май гидролизі де қарқынды жүре бастайды. Ұнның түсі сақтау барысында ашықтау бола түседі, себебі ұнның пигменттері (негізінен, каротин) қышқылданғанда, оттегі қатысып, түссіз- дене бастайды. Ұнға ауа көбірек араласқан сайын, ұнның түсі ашыла түседі. Ұн ыдыссыз жолмен сақталса, оны пневмотранспортты және аэрирлеу арқылы орнын ауыстырғанда, қышқылы артады. Қаптарда сақталған ұн түсінің ашықталуы баяу жүзеге асады. Ұн түсінің ашықтала түсуі ұзақ уақыт сақталғанда ғана байқалады. Ал ұнды ұзақ сақтау нан зауыттары үшін тиімді емес. Сақталу барысында бидай ұнының ұлпалық дәрежесі өзгереді. Ұн қуатты, икемді болып, созылмалығы азая түседі. Ұлпалығы төмен ұн біраз уақыт сақталғаннан кейін
ұлпалығы орташа деңгейдегі ұнға ұқсай бастайды. Ұлпалығы орташа ұнның қуаты артады. Сақтау барысында ұнның су сіңіргіш қабілеті артады, сондықтан қамыр сұйықталмай, жабысқақтығы да төмендейді. қамыр икемді бола түседі. Ұлпалылық дәрежесінің өзгеруі, қуаттылығының жоғарылауын ұнның протеолитті ферменттерінің белсен- ділігінің төмендеуімен, сондай-ақ ақуыздардығ құрамын нығайта түсетін қышқылдың әсерімен байланысты түсіндіруге болады. Жетілу барысында бидай ұнынан жасалған нан өнімдерінің сапасы жақсарады. Себебі нан қуатты болады, демек оның көлемі ұлғайып, жұмсақ бөлігінің кеуектілігі жақсарып, пеш табанына салынып пісірілген нан өнімінің жайылып кету қаупі төмендейді. диірменнен тартылған ұнның қуаты әлсіз болған сайын одан дайындалатын нанның сапасы артады.
Жетілу үдерісінің мәні мынада : ұнның ылғалдылық дәрежесі қоймадағы ауа параметрлеріне сәйкес өзгереді; қышқылдығы артады; ұннің түсі ақшылданады; ұлпалығы мен қамырының физикалық қасиеттері жақ- сарады; ұнның су сіңіру қабілеті жоғарылайды; қуаттылығы күшейеді; газ- және қант түзуші қабілеті біршама төмендейді немесе өзгеріссіз қалады. Басқаша айтқанда, ұнның жетілу үдерісінің маңыздылығы оның ақуыздық-протеинді кешенінің өзгеруі мен қуаттылығын арттыруға негізделген. Ұн қолайсыз жағдайларда ұзақ уақыт сақталса, бұзылуға алып келеді: көгереді, өздігінен қызады, ащыланады, қышқылданады, тығыздалады, зиянкестер – жәндіктер мен таскене көбейбеді. Ұнды сақтауға қолайсыз жағдай – температура мен ауаның ылғалдылығы, қаптың сулануы, қоймадағы антисанитарлы жағдайлар.
Ұнның көгеруі
– оның құрамында зең тудыратын микроскопиялық мицелиалды бактериялардың көбеюінің нәтижесі. Ұнның көгеруі оны ұзақ уақыт жылы әрі ылғал қоймада сақталуынан, сондай-ақ қаптың сулануынан болады. Көгеру барысында ұнның ылғалдылығы артады. Көгерген ұнның иісі жағымсыз болады. Кейіннен жағымсыз иіс мұндай ұннан жасалған нан өнімдеріне өтеді. Әрине, көгерген ұнды нан пісіру өндірісінде қолдануға болмайды.
Ұнның өздігімен қызуы ұнның ауадағы оттегіні сіңдіріп, ылғал, жылу және көміртек диоксидін бөліп, «тынысталуының» нәтижесінде ұзақ уақыт сақталуы салдарынан болады. Ұнның құрамындағы микроазалардың дамуы оның «тынысталуын» күшейтіп, ылғал мен жылудың жинақталуына септігін тигізеді. Ұнның массасының температурасы кейде 50...60
0
С-қа дейін жетеді. Нәтижесінде ұнның түсі күңгірт тартып, иісі жағымсызданып, сусымалық қасиеті жойылып, нан пісіруге икемділік қабілетінен айрылады.
Ұнның ащылануы
– ұнның құрамындағы майлардың ауадағы оттегінің әсерінен қышқылданып, ферментатиті гидролизденуінің нәтижесі. Мұндайда ұнның құрамында ұшпа заттар пайда болып, иісі мен дәмі жағымсызданып кетеді.
Ұнның қышқылдануы сүтқышқылды бактериялардың дамып, құра- мындағы қанттың ашып, қышқыл түзуі нәтижесінде жүзеге асады. Ұнның құрамында қышқылдық артып, ащы дәм мен иіс пайда болады. Ұнның тығыздалуы – қаптардың ұзақ уақыт бойы бір-біріне жақын орналасып, орын ауыстырмауының нәтижесінде жүзеге асады. Тығыздалған ұнның сусымалық қасиеті жойылады. Ылғалдылығы 15% және одан да жоғары ұн тез тығыздалады. Тығыздалып кеткен ұнды ауаны айдау арқылы қопсытады. Содан кейін оның нан пісіруге икемділік қабілеті қалыпқа келеді. Ұн – сусымалы өнім, сақтау барысында өзінің салмағынан тығыздала береді. Бірақ өзіне тән сусымалық қасиетінен айрылмауы керек. Ұнның зиянкестермен зақымдануы ұн сақтайтын қойманың санитарлық жай-күйі қанағаттанарлықсыз болған жағдайда жүзеге асады. Ұн сақтау қоймалары әрдайым таза әрі құрғақ, жақсы желдетілетін болуы шарт. Қойманың биіктігі – 2,8 м, едендері кеміргіштерге төтеп бере алатындай, ал қабырғалары мен төберелері – жууға және тазалауға ыңғайлы, тегіс болуы керек. Қоймадағы ауа ылғалдылығы – 75%, температурасы - жылдың қыс мезгілінде – шамамен 10°С-тан аспауы тиіс. Қоймадағы
температураның төмендеуі ұн зиянкестерінің көбеюіне кедергі келтіреді. Ұн зиянкестерінің төмендегіше түрлері жиі кездеседі (сурет 4.4.).
Сурет 4.4. Ұн зиянкестері а
– үлкен ұн қарақоңызы: 1 – балаңқұрт;
2
– ересек дарақ (особь);
3
– қуыршақ;
б
– диірмен қоңызы: 1 – ересек дарақ; 2 – жұлдызқұрт; 3 – қуршақ;
в
– ұн қоңызы: 1 – ересек дарақ; 2 - жұлдызқұрт;
г
– ұн кенесі.
Үлкен ұн қарақоңызы
– қарақоңыр түсті, ұзындығы – 13...16 мм қоңыз. Ұн қарақоңызының балаңқұрты – иілгіш, ашық-сары түсті, қапты оңай тесе алатын құрт.
Диірмен қоңызы
– қанаттарының құлашы – 20...25 мм-ге жететін, ашық-қоңыр түсті көбелек. Көбелектің жұлдызқұрты ақшыл сары түсті болады.
Ұн қоңызы
– алдыңғы қанаттары қызыл күрең түсті, ортасы – қошқыл сары, артқы қанаттары – қошқыл сұр түсті болып келетін көбелек.
Екі көбелектің де жұлдызқұрттары ұнды шырмаулап, оны түйіршіктеп тастайды.
Ұн кенесі
– ұнды ластап, иісін жағымсыздандыратын көлемі кішкентай ғана қоңыз.
Зиянкестердің пайда болуы мен көбеюінің алдын алу үшін әртүрлі шараларды қолданады: қоймадағы температураны төмендетеді; ұнның қалдықтары мен босаған қаптарды жеке бөлмеде сақтайды: құрал-саймандар, қап сақтайтын шұңқырлар мен бөлменің ішін жүйелі түрде механикалық тазалаудан өткізіп отырады; ылғалды тазалау мен дезинфекция жүргізеді. Зиянкес-жәндіктерден зақымданған ұнды өндірісте қолдануға бол- майды. Оны бөлек алып, електен сүзіп, електе қалған қалдықтарды жағып тастайды.
Бақылау сұрақтары:
V-ТАРАУ
ҚАМЫРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
Қамырды дайындау – нан өндірісінің технологиялық циклындағы маңызды әрі ұзақ үдеріс. Ол мынадай операциялардан тұрады: шикізатты өлшеу, жартылай фабрикаттарды араластыру, оларды ашыту және иін қандыру (қамыр үшін). Өнімнің әрбір сұрыпы үшін нан зауытының лабораториясы технологиялық жоспар дайындайды. Жоспарда құрал- жабдықтардың сипаттамасы, шикізатты шығындаудың есептері, өндірістік рецептура мен өндіру үдерісінің технологиялық тәртібі сипатталады. Нан-тоқаш өнімдерінің ассортименті құрамындағы компоненттер мен сыртқы пішіні жағынан ажыратылады. Нан өнімдері тек қана ұн, су, ашытқылар мен тұздан әзірленеді. Кейде рецептурасына басқа да шикізат көздері (құмшекер, май, сүт, жұмыртқа, жұмыртқа өнімдері т.б.) қосылады. Қамырды дайындау тәсілдері бірсатылы және көпсатылы, жартылай фабрикаттардың температурасына (салқын технология, 22...32°С-тық дәстүрлі температура, 35...18°С температурада тоңазытылған жартылай фабрикаттар) және жартылай фабрикаттардың ылғалдылық дәрежесіне қарай (сұйық, қою, қоюлығы жоғары және жартылай сұйық) деп бөлінеді. Нан пісіру өндірісінің жартылай фабрикаттарына дайын нан өнімдерін (демдемелер, ұйытқылар, сұйық ашытқылар, қамыр ашытқылар, қамыр дайындамалары, нан жібітінділері, нан және кепкен нан үгінділері, безендіруге арналған жартылай фабрикаттар) алу үшін ұзақ уақыттық өңдеуден өткізуді қажет ететін өнімдер жатады.
Мемлекеттік стандарттар бойынша әзірленетін өнімдер үшін жоғары тұрған органдар тарапынан бекітілген біріздендірілген рецептуралар белгіленген. Бұл рецептуралар рецепттер жинағына топтастырылған. Онда ұнның сұрыпы мен судан басқа, қажетті шикізаттың мөлшері (кг/100 кг ұн) көрсетіледі. Массасы 0,4 кг құрайтын, жоғары сұрыпты бидай ұнынан әзірленген «Подмосковный» батонының біріздендірілген рецептурасы 5.1.-кестеде көрсетілген.
Кесте 5.1.
Массасы 0,4 кг, жоғары сұрыпты бидай ұнынан әзірленетін «Подмосковный» батонының рецептурасы (МЕМСТ 27844-88)
Шикізат атауы
Шикізаттың шығыны, кг
Жоғары сұрыпты бидай ұны
100
Баспаланған ашытқы 1,5
Тағамдық ас тұзы 1,5
Құмшекер
4
Майлылығы 82%-дан аспайтын асханалық маргарин
3
Барлығы
110
Біріздендірілген рецептураны пайдаланып қана қамырды дұрыс дайындауға болмайды. Себебі онда нан зауыттарының нақты шарттары келтірілмеген. Біріздендірілген рецептуралар негізінде нан зауытының лабораториясы өндірістік рецептура құрастырады (кесте 5.2.). Мұнда қамыр илеуге қажетті ұн, су, жартылай фабрикаттар мен басқа да шикізаттардың мөлшері, сондай-ақ нан өнімін дайындаудың технологиялық тәртібі (жартылай фабрикаттардың температурасы, ылғалдылығы, қыш- қылдығы және басқа да параметрлері) белгіленген. Өндірістік рецептурада шикізаттардың орындарын өзара алмастыруға болады, сондай-ақ ұнның нан пісіруге икемділік қабілеті, нан өнімінің өзгертілген пішіні және ашытқы мөлшері ескеріледі.
Кесте 5.2.
Массасы 0,4 кг, жоғары сұрыпты бидай ұнынан әзірленетін «Подмосковный» батонының өндірістік рецептурасы және дайындау тәртібі (дайындау тәсілі – қамыр
ашытқылы, жүйелі)
Шикізат, жартылай фабрикаттар мен үдерістің физикалық шамасының атауы Шикізаттың шығыны, кг, және үдерістің физикалық шамасының кезеңдерге бөлінгендегі мазмұны
Қамыр ашытқы
Қамыр
Жоғары сұрыпты бидай ұны
45
55
Баспаланған ашытқы 1,5
Тағамдық ас тұзы
1,5
Құмшекер
4
Майлылығы 82%-дан аспайтын асханалық маргарин
3
Су
25... 30
Есебі бойынша
Қамыр ашытқы
100%
Бастапқы температура, °С
28.30
30.31
Ашу ұзақтығы, мин
210.240
60.90
Қамыр ашытқының ақырғы қышқылдығы, град
3. 3,5
Қамырдың ақырғы қышқылдығы, град
2,5.3
Ылғалдылығы, %
42
41,5
Өндірістік рецептура мен нан пісіру технологиялық үдерісінің параметрлері жасалғаннан кейін оны сынама пісірілген нан өнімдерін жеп көріп, сапасын тексереді. Қамырды өндірістік рецептура бойынша дайындаудың бір сатылы тәсілінде бір ғана өнімді (қамыр) дайындауға қажетті шикізат көрсетіледі. Егер қамыр бірнеше сатымен жасалатын болса, онда өндірістік рецептурада шикізат бірнеше сатыға бөліне отырып, көрсетіледі. Қамырды көпсатылы дайындау тәсілінде өндірістік рецептурада қамырды бір рет илейтін кеспекке кеткен шикізат мөлшері көрсетіледі. Айта кететін жайт – ашытуға арналған ыдысқа кеткен ұнның нормасын (кесте 5.3.) міндетті түрде ескеру керек. Егер норма асып кетсе, қамыр ашыған кезде кеспектен асып, сыртқа төгілуі ықтимал.
Ашытуға арналған ыдысқа салынатын ұнның нормасы
Кесте 5.3.
Ұнның түрі мен сұрыпы
Ұнның мөлшері, нан ашытатын кеспектің/бункердің 100 л көлеміне шаққанда кг
Қою қамыр ашытқы
Қамыр ашытқы
Қамыр
Ерекше тартылған қарабидай ұны
45
36
41
Кебекті ұн
40
35
39
Бидай ұны
34/37
39/40
Екінші сұрыпты бидай ұны
30/33
38
Бірінші сұрыпты бидай ұны
25/30
35/36
Жоғары сұрыпты бидай ұны
23/26
30/32
Мысал 5.1.
Ұнның массасын анықтап көрелік. Нан пісіруге икемді, жоғары сұрыпты бидай ұнының нан илейтін кеспектегі мөлшері – 330 л. Егер нан илейтін кеспектің 100 л геометриялық көлеміне норма бойынша 30 л ұн кетеді.
Шешуі:
Пропорция құрайық:
Кеспектің 100 көлеміне – 30 кг ұн кетсе, 330 л кеспекке – х кг ұн кетеді.
Сонда X = 330 --- 30/100 = 99 кг шығады.
Жауабы :
99 кг.
Ұнның сұрыпы жоғары болған сайын, нан ашыту ыдысындағы ұнның мөлшері де аз болуы керек. Егер қамыр үздіксіздік тәсілімен дайындалса, оған жұмсалатын шикізат пен жартылай фабрикаттар мөлшері нан илейтін машинаның 1 мин ішіндегі жұмысына қарай есептеледі.
Мысал 5.2 . Массасы 0,4 кг, жоғары сұрыпты бидай ұнынан әзірленетін
«Подмосковный» батонын дайындауға жұмсалатын
Х
2
ұнының минуттық шығынын анықтап көрейік. Пештің өндірімділік қабілеті – 520 кг/сағ. Батондар шығымы – 135,5 % (Шығым – 100 кг ұн мен басқа да шикізаттардан рецептураға сәйкес алынған дайын өнімдердің салмағы).
Шешуі
: Пропорция құрайық:
100 кг ұннан 135,5 кг өнім алынады.
Х
і
кг ұнаннан – 520 кг өнім алынады.
Онда
Х
1
100 --- 520/135,5 = 383,8 кг/сағ болып шығады. Демек, Х
2
= Х
1
/60 = 383,8/60 = 6,4 кг/мин.
Жауабы
6,4 кг/мин.
Мысал 5.3 . 383,8 кг/сағ ұн шығындалған және ұнның жұмсалған нормасы – 99 кг құрайтын бір нан илейтін кеспектегі қамырды өңдеудің Х
3
ұзақтығын анықтап көрелік.
Шешуі
: Пропорция құралық: 383,8 кг ұн – 60 мин
Сонда: Х
3
= 99 --- 60/383,8 = 15 мин болады.
Жауабы
15 мин.
Жартылай фабрикат құрамындағы ұнның массасын мына формула бойынша есептейді:
М = М
жф
(100 – Ж
жф
)/(100 – W
M
Мұндағы
М
жф
– жартылай фабрикаттың массасы, кг;
W^ –
жартылай фабрикаттың ылғалдылығы, %;
W
– ұнның ылғалдылығы, %.
Мысал 5.4.
Егер кеспек ішіндегі ұнның мөлшері 120 кг болса, қамырды илеу үшін қанша масса
М
ұ алу керектігін анықтайық. Қамырға ылғалдылығы 45% 50 кг қамыр ашытқы қосады. Ұнның ылғалдылығы – 14,5%.
Шешуі:
Қамыр ашытқы құрамындағы ұнның массасын есептейік:
М = 50 (100 – 45)/(100 – 14,5) = 32,1 кг.
Қамырды илеуге жұмсалатын ұнның массасы:
Жауабы:
87,9 кг.
М
ұ
= 120 - 32,1 = 87,9 кг.
Қамырды илеуге қажетті шикізаттың массасын анықтау үшін біріздендірілген рецептураға сәйкес, ұнның жалпы көлемін (жартылай фабрикаттардағы ұнды қосқанда), басқа шикізаттардың (май, тұз, қант, ашытқы, су) мөлшерін білу керек. Ал егер шикізат ерітілген күйде пайдаланылатын болса, ерітінділердің концентрациясын білу қажет. Тұз бен қант ерітіндісінің мөлшерін есептеу үшін оның тығыздылығын ареометрмен өлшейді, содан кейін анықтамалық кестелер (1 және 2 қосымшаны қараңыз) бойынша 100 кг ерітінді құрамындағы қант пен тұздың мөлшерін есептейді.
Ерітіндінің массасы мына формула бойынша есептеледі:
М
ерітінді
= М
ұн
С/А,
Мұндағы
М
м
– қамырдың құрамындағы ұнның жалпы көлемі,
С
– біріздендірілген рецептура бойынша %ұнға қосылатын тұз бен қанттың мөлшері,
А
– 100 кг ерітінді құрамындағы тұз бен қанттың мөлшері, кг.
Мысал 5.5 . Жоғары сұрыпты бидай ұнынан дайындалған «Подмосковный» батонының қамырын илеу үшін қосылатын шикізаттардың санын анықтап көрелік. Біріздендірілген рецептура бойынша жоғары сұрыпты бидай ұнынан дайындалған «Подмосковный» батонына қосылатын маргариннің мөлшері – ұнның массасының 3%-н құрауы керек. Нан илейтін кеспек ішіндегі ұнның жалпы массасы – 99 кг.
Шешуі:
Маргариннің массасы:
М
марг
= 3 · 99/100 = 2,97 кг.
Қамырды илегенде тұз бен қантты ерітінді күйінде қосады. Егер тұз ерітіндісінің тығыздығы – 1,1963 болса, 100 кг ерітіндіде 26 кг тұз болады. 99 кг ұннан қамырды дайындауға қосылатын тұз ерітіндісінің массасы ұнның массасының 1,5%-н құрауы керек болса, онда:
М
тұз ерітіндісі
= 1,5 · 99/26 = 5,7 кг.
Егер тұз ерітіндісінің тығыздығы – 1,2544 құраса, 100 кг ерітіндіде 54 кг қант болады. 99 кг ұннан қамыр дайындауға жұмсалған қант ерітіндісінің массасы ұн құрамындағы қант массасының 4%-н құраса, онда:
М
қант ерітіндісі
= 4 · 99/54 = 7,3 кг.
Жауабы: маргарин – 2,97 кг, тұз ерітіндісі – 5,7 кг, қант ерітіндісі – 7,3 кг болып шығады. Баспаланған ашытқылар қамыр ашытқысы немесе қамырды илеу барысында суспенция күйінде қолданылады. Оны дайындау үшін ашытқылардың 1 бөлігі 2...4 бөлік жылы сумен араластырылады.
Мысал 5.6 . Баспаланған ашытқының 1 бөлігіне 3 бөлік су араластырылғандағы ашытқы суспензиясының массасын анықтайық. Ашытқының мөлшері – ұнның массасының 1,5%-н құрауы керек. Нан илейтін кеспектегі ұнның жалпы массасы – 99 кг.
Шешуі : 99 кг ұннан дайындалатын қамырды илеуге қосылатын баспаланған ашытқы массасы:
М
ашытқы
= 1,5 · 99/100 = 1,49 кг.
Ашытқы суспенциясы 1 бөлігі ашытқы мен 3 бөлігі судан (барлығы 4 бөлік) тұрады.
Демек:
Жауабы:
5,96 кг.
М
ашытқы суспензиясы
= 1,49 · 4 = 5,96 кг.
Судың мөлшерін есептеу
нан өнімінің рецептурасына кіретін
М
қ
қамыр массасы –
М
с
су массасы мен М ш
шикізат массасының қосындысынан тұратындығына негізделген.
М
қ
= М
с
+ М
ш .
Қамырды илеуге қажетті су мөлшерін есептеу үшін қамырдың құрамындағы әрбір компоненттің массасы мен ылғалдылығын, сонымен қатар қамырдың ылғалдылығын білу шарт (қосымша 3).
Су массасы қамырдың массасы мен шикізаттың массасына тең:
М
қ
= М
с
– М
ш .
Шикізат пен жартылай фабрикаттардың құрамындағы құрғақ заттардың пайыздық көрсеткішін білу үшін 100%-дан олардың ылғалдылығын шегеріп тастау керек. Шикізаттың ылғалдылығы сапалы тыңайтқыштардың деректері бойынша, ал қамырдың ылғалдылығы нан өнімдерінің жұмсақ бөлігінің ылғалдылығын анықтау арқылы лабораторияда зерттеледі.
Қамырдың ылғалдылығын W деп белгілейік. Сонда 100 кг қамырдың құрамында құрғақ заттар (100 – W), ал массасы М қ
қамыр массасында – М қз
құрғақ заттар массасы болады.
Пропорция құрайық:
Осы пропорция арқылы қамырдың массасын анықтаймыз:
М
қ
= М
қз
• 100/(100 – W).
Қамыр илеуге кеткен судың мөлшері:
М
с
= М
қз
• 100/(100 – W) – М
ш .
Мысал 5.7.
Жоғары сұрыпты бидай ұнынан дайындалған «Подмосковный» батонының қамырын илеу үшін жұмсалатын су мөлшерін анықтап көрелік (шығыс мәліметтер 5.4. кестеде көрсетілген). Нанның жұмсақ бөлігінің ылғалдылығы –
W
USK
= 41 %.
Шешуі : ашытқы суспензиясындағы құрғақ заттар массасы баспаланған ашытқы құрамындағы құрғақ заттар массасына тең. Ұн, маргарин және басқа да шикізаттардың ылғалдылығын 5.4. кесте бойынша анықтап көрелік. «Подмосковный» батоны қамырының ылғалдылығын дайын нан өнімінің жұмсақ бөлігі арқылы есептейміз:
W= Ж
жұмсақ бөлігі
+ 0,5 % = 41 + 0,5 = 41,5 %.
Қамырдың массасын анықтайық:
М
қ
= 92,93 • 100/(100 - 41,5) = 158,85 кг.
Нан илеуге қажетті судың мөлшері:
М
с
= 158,85 - 116,46 = 42,39 кг, немесе л.
Жауабы:
42,39 кг (л).
Қамыр құрамындағы құрғақ заттар мөлшерін анықтау
Кесте 5.4.
Қамырдың компоненттер і
Масса сы,
М
ш , кг
Ылғалдылығы,
W
Құрғақ заттар
М
қз
, кг Ұн
99
14,5
85,5
99 • 85,5/100 = 84,65
Тұз ерітіндісі
5,7
74
26
5,7 • 26/100 = 1,48
Қант ерітіндісі
7,3
46
54
7,3 • 54/100 = 3,94
Маргарин
2,97
16
84
2,97 • 84/100 = 2,49
Ашытқы суспензиясы
1,49
75
25
1,49 • 25/100 = 0,37
Барлығы
116,46
92,93
Жартылай фабрикаттарды илеу үшін қолданылатын судың мөлшерін өндірістік рецептураны дайындау барысында есептейді. Рецептурада жартылай фабрикаттардың бастапқы және соңғы температурасы міндетті түрде ескерілуі керек. Себебі бұл көрсеткіш спиртті және сүт қышқылды ашытудың қарқындылығына, қамырдың құрылымдық- механикалық қасиетіне әсер етеді. Қамырдың температурасы су, ұн, қамыр ашытқы және ұйытқының температурасына тікелей байланысты. Қамырдың температурасын илеу барысында ендірілетін судың температурасын өзгерте отырып, реттеу болады. Илеу кезінде қолданылатын судың температурасы 45...50°С-тан аспауы керек. Себебі ыстық су ашытқының қопсыту күшін әлсіретіп, крахмалды клейстеризациялап, ұлпаның ақуыздарының денатурациясына (табиғатын жоғалтуына) әкеп соқтырады. Бірсатылы тәсіл арқылы дайындалатын жартылай фабрикаттар үшін судың температурасы мына формула бойынша есептеледі:
t
B
= t
Т
+ [(t
Т
t м )
МС ]/М
с
+ K
Мұндағы t
Т
– қамырдың бастапқы температурасы,
о
С;
t м
– ұнның температурасы,
°С; М
– қамырдағы ұнның массасы, кг;
С
- ұнның салыстырмалы жылу сыйымдылығы,
С
= 0,48 ккал/(кг • град);
М
с
– қамырды илеуге жұмсалған судың мөлшері, л;
К
– ашытқы, тұз және басқа да шикізатты қамырдың температурасына дейін қыздыруға қажетті жылу шығынын, сондай-ақ жылудың қоршаған ортаға түзілуін есептейтін түзету коэффиценті, К
= 1 жаз, К = 2 күз және көктем, К = 3 қыста.
Мысал 5.8. бастапқы температурасы 28°С қамыр ашытқыны илеу үшін жұмсалатын судың температурасын анықтайық: қамыр ашытқы – 60 кг ұннан, 35 л судан және 1 кг баспаланған ашытқыдан жасалады. Ұнның температурасы – 15°С, коэффициенті К = 2.
Шешуі :
Жауабы:
40,7 °С.
t
B
= 28 + [(28 - 15) • 60 • 0,48]/35 + 2 = 40,7 °С.
Қамыр ашытқы немесе ұйытқы арқылы дайындалатын қамырды илеуге кеткен судың температурасы мына формула бойынша анықталады:
t
B
= t
T
+ [(t
T
- t
M
)М • 0,48/Мв] + [(t
T
- 4
п
)М
оп
С
оп
/М
в ]
+ К,
Мұндағы: t оп
– қамыр ашытқының температурасы, °С;
М
қа
– қамыр ашытқының массасы, кг;
С
қа
– қамыр ашытқының жылу сыйымдылығы, ккал/(кг • град).
Қамыр ашытқы немесе ұйытқының жылу сыйымдылығын мына формула бойынша анықтайды:
С
қа
= (Мо м
п • 0,48 + М қа
)/М
қа
мұндағы
М
қа
– қамыр ашытқыны дайындауға кеткен ұнның мөлшері, кг;
Мс п
– қамыр ашытқыны илеуге кеткен судың мөлшері, л.
Мысал 5.9: t.
І
30 °С, г оп =
29 °С,
t u = 14°С болғандағы қамыр ашытқы арқылы дайындалған қамырды илеуге кеткен судың температурасын анықтайық. Қамыр ашытқыны дайындау үшіг 60 кг ұн, 45 л су және 1 кг баспаланған ашытқы пайдаланылады. Қамырды 50 кг ұн, 30 л су және басқа ди шикізаттан дайындайды. Коэффиценті К = 2.
Шешуі
. Қамыр ашытқының
М
қа
массасы мен
С
оп
жылу сыйымдылығын есептелік:
М
қа
= 60 + 45 + 1 = 106 кг;
С
қа
= (60 • 0,48 + 45)/106 = 0,7.
Қамырды илеуге кеткен судың температурасын жоғарыда келтірілген формула бойынша анықтаймыз: ! в
= 30 + [(30 - 14) • 50 • 0,48/30] + [(30 - 29) • 106 • 0,7/30] + 2 =
47,3 °С.
Жауабы :
47,3°С.
Қамырды илеу
– технологиялық үдерістің барысы мен дайын нан өнімдерінің сапасын көрсететін маңызды технологиялық операция. Қамыр илеудің мақсаты – ұн, су, ашытқы, тұз және басқа да шикізаттарды араластырып, белгілі бір физикалық қасиетке ие консистенциясы біртектес қоспа алу.
Қамырды илеу үшін қамыр илейтін машиналар мен құрылымы әртүрлі қамыр дайындайтын агрегаттар пайдаланылады. Қамырды дайындауда шикізатты өлшеуге ерекше ден қойылады. Себебі бұл операция қамырдың құрылымдық-мехагикалық қасиетін, технологиялық параметрлері мен дайын өнімнің сапасына тікелей әсер етеді. Шикізатты өлшеу үшін арнайы өлшеу станциялары немесе өлшеу машиналары қолданылады. Сусымалы компоненттерге, ерітінділер мен жабысқақ қоспаларға арналған арнайы өлшеуіш құралдар болады. Олар үздіксіз және мерзімді жұмыс жасайды. Ал өлшеу ұстанымы бойынша өлшеуіш құралдар таразылық және көлемдік болып бөлінеді. Қамырды порциялап илеу кезінде ұнды өлшеу үшін МД-100, МД-200 автоұнөлшеуіштері мен Ш2-ХДА дозаторлары пайдаланылады. Бұлар таразылық ұстаным бойынша жұмыс жасайды. Ұнды үздіксіз өлшеу кезінде көлемдік ұстаным бойынша жұмыс жасайтын дозаторлар пайдаланылады.
АВБ-100М дозаторын берілген температурадағы суды өлшеу үшін пайдаланылады.
Тұз ерітіндісін өлшеу үшін тұз өлшеуіштер қолданылады.
Сұйық компоненттерді өлшейтін Ш2-ХДБ дозаторы су, ашытқы суспензиясы, тұз ерітіндісі, сұйық май, қант және басқа да компоненттерді мерзімді өлшеуге арналған. Сұйық компоненттерді үздіксіз өлшеу үшін ВНИИХП-0-5 және ВНИИХП-0-6 автоманттардырылған өлшеу станциялары пайдаланылады. Оның біріншісі қамыр ашытқыны илеу кезінде пайдаланылатын екі сұйық компонентті – су және ашытқы суспензиясын өлшеу үшін қызмет етеді. Ал екінші станция төрт компонентті өлшейді: су, тұз, қант ерітіндісі және май. Өлшеуіш құралдары арқылы шикізаттар рецептураға сәйкес қамыр илейтін машина ыдысына бірден өлшеніп салынады. Мұнда ол машинаның жұмысшы органдары арқылы біртекті қоспаға дейін араластырылады. Илеу сипатына қарай мерзімді және үздіксіз деп бөлінсе, механикалық өңдеу деңгейіне қарай – кәдімгі және қарқынды деп бөлінеді. Мерзімді илеу барысында қамырдың жекелеген порциялары шикізат бір-ақ рет өлшеніп салынып, белгілі бір уақыт аралығында ғана араластырылады. Үздіксіз илеу – қамырға шикізатты порциялап, әр 1 мин сайын салып отырып, араластырады. Қамырды үздіксіз илеу кезінде еңбектің өнімділігі артады, үдерісті толық автоматтандыруға жағдай жасалады, белгілі бір уақыт бірлігінде белгілі бір параметрлері
(температура, ылғалдылық, қышқылдық, конси- стенция) бар қамыр мөлшері алынып отырады.
Қамырды механикалық өңдеудің қарқындылығы әртүрлі бола алады. Кәдімгі илеу – қолға жабыспайпын біртекті қамыр алуға алып келеді. Қарқынды илеу дайын болған қамырды қосымша механикалық өңдеуді қажет етеді. Қамырды механикалық өңдеу әрекеті күшейген сайын оның жабысқақтығы, иілгіштігі азайып, қамыр жылдам «жетіле бастайды». Қамырды қарқынды механикалық өңдеу жүргізгеннен кейін ондағы ақуыз бен крахмал ферменттердің әрекетіне жылдам түседі. Сондықтан қамырдың ашуы мен «жетілуі» қарқынды жүзеге асады. Қамыр қарқынды иленген сайын қамырдың бөлшектеп өңдеуге дейін ашып кетуі, яғни технологиялық циклдың ұзақтығы да қысқарады. Қарқынды илеу дайын өнімнің сапасын жақсартады. Дайын өнімнің көлемі 10... 20%-ға ұлғаяды, жұмсақ бөлігі иілгіш келіп, нанның кеуіп кетуі баяулайды. Қарапайым қамыр илейтін машиналарда қамырды механикалық өңдеу 7...8 минуттың орнына 20...25 минутқа созылады. Сондықтан, қысқа уақыт ішінде қамырды қарқынды илеп, жылдам әрекет ететін машиналарды қолданған жөн.
Қамырдың дайын болуы
– бір мезетте жүзеге асатын бірнеше күрделі үдерістердің нәтижесі. Олардың ішіндегі ең маңыздылары – физика-меха- никалық, коллоидті және биохимиялық үдерістер. Бұл үдерістер илеудің ұзақтығына, шикізаттың температурасы мен сапасына тікелей тәуелді.
Физика-механикалық үдерістер
– илейтін органның механикалық әсерінің нәтижесінде жүзеге асады. Илейтін орган барлық шикізатты рецептураға сәйкес біртекті қоспа шыққанға дейін араластырады.
Қамырды илеуде коллоидті үдерістің мәні зор. Қамырдың дайын болуында ұнның ақуыздық заттары мен крахмалының рөлі ерекше. Суде ерімейтін ақуыздық заттар (глиадин мен глютенин) сумен араласып, қопсығанда кемікті-торлы құрылым түзеді. Бұндай құрылым созыл- малығымен және икемділігімен ерекшеленеді. Аталған ақуыздық құрылымты ұлпа деп атайды. Ұлпаның сапасына қамыр мен дайын нан өнімінің сапасы тікелей байланысты. Ұнның ақуыздық заттары қопсығанда, илеу кезінде қосылған 35...40% суды сіңіріп алады. Ылғалдың қалған жартысы крахмал дәндеріне сіңіп кетеді. Крахмалдың бүтін дәндері ылғалдың 44%-н, ал бүлінген дәндер 200% суды сіңіріп алуы мүмкін. Ұн құрамында крахмал мөлшері көп болғандықтан, ол ақуыз қанша ылғал сіңірсе, соншалықты ылғал сіңіріп алады. Целлюлоза мен гемицеллюлоза капиллярлы құрылымының есебінен судың көп бөлігін сіңіріп алады. Қарабидай ұнының ақуыздары бидай ұнының ақуыздарынан ерекшеленеді. Қарабидай ұнынан қамыр илегенде ұлпа түзіле бермейді. Қарабилай ұнындағы ақуыздың көп бөлігі шектеусіз қопсып кетеді, себебі көп суды сіңіріп алады. Нәтижесінде қолға жабысқақ ерітінді түзіледі. Қарабидай ұнынан қамыр илегенде ұнның шырыштары қатты қопсып, қамыр жабысқақ болады. Сондықтан, қарабидай ұнының қамыры бидай ұнының қамырынан жабысқақтығымен, ұлпалығы мен икемділігінің әлсіздігімен ерекшеленеді. Ұн мен ашытқы ферменттерінің әсерінен қамыр илегенде биохимиялық үдерістер жүзеге асады. Протеолитті ферменттердің (протеолиз) әсерінен ақуыздар және амилолитті ферменттердің (амилолиз) әсерінен крахмалдар гидролитті ыдырайды. Бидай және қарабидай ұнының қамыры қатты, сұйық және газ түріндегі кезеңдерден тұрады.
Қатты кезең
– қопсып кеткен ерімейтін ақуыздар, крахмал дәндері, целлюлоза мен гемицеллюлозалар.
Сұйық кезең
– ақуыздар мен крахмалмен байланыспаған су, ұн құрамындағы ерімейтін заттар (қант, су еритін ақуыздар, минералды тұздар), пептизацияланған ақуыздар мен шырыштар.
Газ түріндегі кезең
– қамыр илегенде орын алған ауа көпіршіктері, спиртті ашу кезінде түзілген көміртек диоксидінің аз мөлшері. Илеу барысында қамыр құрамындағы газ мөлшері азая түседі.
Қатты, сұйық және газ түріндегі кезеңдердің арақатынасы қамырдың реологиялық қасиеттеріне негізделеді. Қамырдың сұйық және газ түріндегі кезеңдері көбейген сайын, оның консистенциясы әлсірей түседі. Қатты кезең қамырды нығайтып, икемді әрі иілгіш етеді. Қарабидай ұнының қамырында бидай ұнының қамырына қарағанда, сұйық кезең көбірек болады.
Дайын нанның жұмсақ бөлігі борпылдақ әрі ағзаға тез сіңіп кетуі үшін пісірер алдында қамырды міндетті түрде қопсытып алу керек. Қопсыту механикалық, химиялық және биологиялық тәсілдермен жүзеге асады.
Механикалық тәсіл нан илейтін машинаға қысым арқылы жіберілетін қамырды көміртек диоксидімен, оттегі немесе ауамен қандыруға негізделген. Мұндай қамырға ашытқы салынбайды. Қамырды илеп алып, бөлшектерге бөліп, дереу пісіреді. Қамырды қопсытудың бұл тәсілі нан пісіру өндірісінде кең қолданыс таппаған. Себебі мұндай қамырдан пісірілген нанда ашытып жасалған нанға қосылатын азық-түліктер болмайды. Механикалық тәсілмен нанды қопсыту үшін арнайы нан илейтін машиналар пайдаланылады. Машиналардың аузы мықтап жабылатын ыдыстары болады. Ыдыстарға құбырлар арқылы 0,6... 1,2 МПа қысыммен көміртек диоксиді жіберіледі. Нан қопсытудың бұл тәсілі бисквиттер дайындау барысында белсенді қолданылады.
Химиялық тәсіл қамырға рецептураға сәйкес майқоспа өнімдерінің (құмшекер, май, жұмыртқа) мөлшерін көп қосқан жағдайда пайдаланылады. Себебі бұндай қамырға ашытқылар қажет болмайды. Сондықтан піспенан, пірәндік және басқа да кондитерлік ұн өнімдерін әзірлегенде қамырын химиялық қопсытқыштар арқылы дайындайды. Химиялық қопсытқыштар ретінде NaHCO
3
натрий гидрокарбонаты, (NH
4
2
CO
3
аммоний карбонаты немесе олардың қоспалары (88:12 арасалмағында) пайдаланылады. Бұл тұздар температурасы 30°С суда ерітіліп, қамырға ең соңғы сәтте араластырылады. Пісіп жатқан алғашқы минуттарда олар жылудың әсерінен қамыр дайындамаларын қопсытушы газдарға ыдырайды.
2NaHCO
3
= Na
2
CO
3
+ CO
2
+ H
2
O; (NH
4
2
CO
3
= 2NH
3
+ CO
2
+ H
2
O
Түзілген көміртек диоксиді мен аммиак нан өнімдерін қопсытып, көлемін ұлғайтып, жұмсақ бөлігін борпылдата түседі. Натрий гидрокарбонаты ыдырағанда, қамырды қопсытуға қатысатын шамамен 50% көміртек диоксиді түзіледі. Сөйтіп дайын нан өнімінің кеуектілігі мен сыртқы қалпы жақсара түседі. Na
2
CO
3
натрий карбонаты нан өнімдерінің құрамында сақталып қалып, оларға өзіндік сода дәмін үстеп, сілтілік реакциясын береді.
Нан өнімдерінің сілтілік дәрежесі 2°-тан аспауы керек. Сондықтан NaHCO
3
-ты көп мөлшерде қолданбауға ұсыныс жасалады.
Аммоний карбонатының қопсытқыштық қабілеті өте жоғары, ол ыдырағанда, 82% газ түріндегі әртүрлі заттар түзіліп, қамыр қопсып, нанның кеуектілігі іріленеді. Нан өнімдеріне аталған қопсытқыш көп мөлшерде қосылып кетсе, біраз уақыттан кейін аммиактың иісі сезіле бастайды. Аталған қопсытқыштарды бірге қолдану олардың жекелеген технологиялық кемшіліктерін жоя түседі. Химиялық қопсытқыштарға сілтілік-тұздық және сілтілік-қышқылдық қопсытқыштар жатады. Мәселен, құмймақ ұндарын дайындау барысында оған натрий гидрокарбонаты (ас содасы) мен лимон қышқылын қосады.
Қопсытудың
биологиялық тәсілі
– спиртті және аз мөлшерде сүтті-қышқылды ашыту нәтижесінде түзілген көміртек диоксидінің әсерінен қопсыту. Яғни қамырға араластырылған ашытқы қанттың құрамында спирт пен көміртек диоксидін түзе отырып, ашытып, қамырға кеуектілік қасиетін береді. Ашытқы тудыратын ашу үдерісі – әдетте спиртті ашу деп аталады.
Көміртек диоксидінің аз мөлшері сүтті-қышқылды ашу кезінде түзіледі. Сүтті- қышқылды ашуды сүтті-қышқылды бактериялар тудырады. Биологиялық тәсіл барысында қамыр ұзақ уақыт (1...6 сағат) қопсиды. Осы уақыт аралығында қамыр қопсып қоймай, «жетіле» түседі. Жетілген қамыр құрамында хош иістендіргіш және дәм үстеуші заттардың мөлшері жеткілікті болады. Олардың белгілі бір деңгейде қышқылдылығы болады. Мұндай қамырдың ұлпалығы – қопсыған әрі икемді келеді. Қамырдың қопсуы мен «жетілуі» жақсы нан өнімін алу үшін өте қажет.
Нин иленгеннен кейін аши бастайды.
Қамыр ашығанда жүзеге асатын үдерістер
– қамырға газ түзуші қабілеті мен реологиялық қасиеттері бойынша хош иістендіргіш және дәм үстеуші заттардың көптеп жинақталуына, бөлшектерге бөлініп, пісірілуі үшін қолайлы қасиеттерге ие болуына септігін тигізеді. Демек, бұл үдеріс МЕМСТ талаптарына толық жауап беретін нан өнімін алуға септігін тигізеді.
Қазіргі таңда нан пісіру орындарында қамырды ашыту кезеңін қажет етпейтін жаңашыл технологиялар пайдаланылып келеді. Бұл жағдайда қамырды «жетілдіру» туралы сөз болып отыр. Жетілу кезеңдері қамыр иленген кезден басталып, қамырды өңдеудің барлық кезеңдерінде жалғасады. Оған пісірудің алғашқы минуттары да кіреді.
Жетілген қамыр мынадай белгілерімен сипатталады: дайын болған қамыр дайындамаларында ақырғы рет толықсытқанға дейін газдың қарқынды түзілуі; қамырдың реологиялық қасиеттері оны бөлшектерге дұрыс бөліп, толықсытуды, соедай-ақ көміртек диоксидін сақтап, ақырғы рет толықсыту мен пісіру барысында нан өнімінің пішінін сақтауды қамтамасыз етеді; жақсы қопсыған және иілгіш ұлпалық; нанның хош иісттік қасиетін арттыратын дәм үйлестіруші және хош иістендіргіш заттарының мөлшері жеткілікті; қамыр дайындамаларында ашымаған қант мөлшері мен ақуыздары гидролитті ыдыраған, нанның қыртысының жағымды түсіне қажетті өнімдерінің мөлшері жеткілікті;
қамырдың жоғары дәрежедегі қышқылдығы.
Дәстүрлі нан дайындау тәсілі барысында қамырдың «жетілуін» көрсететін басты үдерістер – спирттік және сүтті-қышқылдық ашыту, ақуыздық заттар мен крахмалдың жай-күйінің өзгеруі болып табылады.
Спиртті ашыту ашытқы ферменттерінің қар тәрізді кешенінің әсерінен жүзеге асады. Қамыр ашытқы немесе қамырды дайындау барысында ашытқы қоректеніп, көбейіп, қанның негізгі қант құрамы – глюкоза, фруктоза, сахароза мен мальтоза аши бастайды. Бұл қанттар ашытқының көмегімен бір мезетте ашиды. Алғашында ашытқы моносахаридтерді (глюкоза мен фруктоза) ашытып, этил спирті мен көміртек диоксидін төмендегі формулаға сәйкес түзеді:
С
6
Н
12
0
6
→ 2С
2
Н
5
ОН + 2С0
2
+ 117,3 кДж
Ұнның құрамындағы сахароза ашытқы құрамындағы сахараза ферменттерінің әсерінен алғашында глюкоза мен фруктозаға айналып, содан кейін ашытқы арқылы ашиды. Ұнның қант құрамы (глюкоза, фруктоза мен сахароза) жалдым ашып, ашыту үдерісінің алғашқы 1,5...2 сағаты ішінде маңызды рөл атқарады. Содан кейін қамырға қант
(құмшекер) қосылмаса, ашытқы крахмалдың а-амилаза ферменттерінің әсерінен гидролизденуі барысында түзілетін мальтозаны ашытажы. Мальтоза мальтаза ферменттерінің әсерінен моносахаридтерге айналады. Ашытқылардың мальтазалық белсенділігі төмен болады, себебі олар мальтоза (сірне) жоқ ортада өндіріледі. Ашытқылардың глюкоза мен фруктозаны ашытудан мальтозаны ашытуға өтуі ашытқы жасушаларының ферментті аппаратының қайта құрылуын талап етеді. Оған белгілі бір уақыт қажет. Сондықтан осы кезеңде қамырда газ түзілу үдерісі уақытша төмендейді, ал мальтоза аши бастағанда, газ түзілу үдерісі қайтадан жанданып, ұлғая түседі. Қамырды қамыр ашытқылары арқылы дайындау тәсілінде ашытқы жасушалары қамыр ашытқы құрамында ұнның ортасына бейімделіп, олардың мальтазадық белсенділігі жоғарылайды. Мальтоза – нан қамырының құрамындағы басты қанттың түрі. Себебі ашытқының мальтозаны ашыту қабілетіне қамырдың толықсыту мен пісірудің алғашқы минуттарында қопсытылуы мен жетілуі тікелей байланысты. Спиртті ашытудың қарқындылығына қамырдың температурасы мен ылғалдылығы, ашытқылардың көпсіту күші мен мөлшері, рецептура, илеудің қарқындылығы, сутекті иондардың концентрациясы, калий иондары, магний, сульфаттар, фосфаттар мен дәрумендердің және жақсартушылардың мөлшері тікелей әсер етеді. Жртылай фабрикаттың температурасы 25...35°С болуы керек. Температурасы көтерілген сайын спиртті ашу қарқынды жүзеге асады. 35°С температурада ашу жылдамдығы 25°С температураға қарағанда 2 есе жоғары болады. Қамырдағы газдың түзілуі құрамында қант түрлері, аминқышқылдары, дәрумендер мен амилолитті ферменттер, кальций фосфорқышқылды тұздары, күкіртқышқылды кальций, азот қоспалары бар ашытқының мөлшері көбейген сайын жылдамдай түседі. Қамырды қарқынды илеу оның құрамындағы крахмалдың қанттануын жылдамдатады. Бұл ашыту үдерісін 20...30% жылдамдатады. Тұз бен майлар ашу үдерісін тежейді. ұнның массасының 10%-на дейінгі мөлшерде қант қамырға қосылса, ашу үдерісі жылдамдайды. Ал егер қант мөлшері көп болса, ашу үдерісі тежеледі. Қамырдың ашуы үшін қолайлы орта – 10...12 град аралығындағы қышқыл орта. Ашу үдерісінің жылдамдығына ашытқы жасушалары әсер етеді. Қамыр құрамында ашытқы мөлшері аз болған сайын, ашытқы жасушалары қарқынды көбейеді. Қамыр ашытқы арқылы қамырды дайындау барысында оның ашу ұзақтығы – 3...3,5 сағат болады. Осы уақыт аралығында қамырдың құрамындағы ашытқы жасушалары айтарлықтай көбейеді. Сондықтан ашытқының шығыны да аязаяды. Қамырды ашу ұзақтығы аз болған сайын спиртті ашу қалыпты жүзеге асуы үшін соншалықты көп ашытқы қосу керек болады. Ашытқы жасушаларының көбеюін қоректі ортаны дәрумендермен және минералды тұздармен байыту керек. Ашу үдерісінің соңғы кезеңінде қамырдың көлемі 1,5...2 есе ұлғайып, икемді әрі иілгіш қасиетке ие болып, ащы спиртті иіс сезіледі. Жартылай фабрикаттардың температурасы 1...2°С-қа жоғарылайды. Себебі ашытқылар қантты жылу шығара отырып, ашытады. Жартылай фабрикаттардың массасы алғашқы массасына қарағанда 1...3%-ға азаяды. Себебі көміртек диоксиді, ұшпа қышқылдар жойылып, жартылай фабрикаттардың үстіңгі қабатындағы ылғалдың біршама мөлшері буланып кетеді. Бұл қамырдың массасын азайтып, дайын нан өнімдерінің шығымын төмендетеді. Әрине, шығынды мүлдем болдырмауға болмас, өйткені олар ашу үдерісімен тығыз байланысты. Десек те, шығынды төмендетуге болады. Бол үшін температураны және жартылай фабрикаттардың ашу ұзақтығын қатаң сақтап, қамырды дайындаудың барынша жылдамдатылған тәсілдерін қолдану керек.
Сүтты-қышқылды ашыту
– сүтті-қышқылды бактериялардың әсерінен жүзеге асады. Сүтті-қышқылды бактериялар қамырға шикізатпен бірге ауа арқылы түседі. Ал қарабидай ұнына ұйытқы түрінде ендіріледі. Температураға қатысты сүтті-қышқылды
бактериялар термофильді және термофильді емес болып бөлінеді. Термофильді бактерияларға – Дельбрюк бактериясы жатады. Бұл бактерияның дамуына қолайлы температура – 48...54°С. термофильді емес (мезофильді) сүтті-қышқылды бактериялардың дамуы үшін 35°С температура жеткілікті. Сүтті қышқылдың жартылай фабрикаттар құрамында түзілуінде термофильді емес бактериялар белсенді рөл атқарады, себебі ашу температурасы 30...35°С-тан аспайды. Қамырды ашытатын сүтті-қышқылды бактериялар сипатына қарай гомоферментативті және гетероферментативті деп бөлінеді. Гомоферментативті бактерияларға мезофильді сүтті-қышқылды бактериялар жатады. Олар ашыту үдерісінде сүтті қышқыл мен ұшпа қышқылдардың аз мөлшерін түзеді. Гомоферментативті (шынайы) сүтті-қышқылды бактериялар қанттың құрамында сүтті қышқыл мен төмендегі теңдеу бойынша Q жылуын түзе отырып, ашытады:
С
6
Н
12
О
6
= 2СН
3
СНОНСООН + Q
Гетероферментативті (жалған) бактериялар сүтті қышқылмен бірге сілтілік, құмырсқа, шарап, қымыздық қышқылдарын, спирттің аз мөлшерін, көміртек диоксиді мен нанның дәмі мен хош иісіне әсер ететін басқа да өнім түрлерін түзеді. Сүтті-қышқылды бактериялардың өміршеңдігінің нәтижесінде жартылай фабрикаттардың қышқылдық дәрежесі артады. Қамыр ашытқы не қамырдың температурасы жоғары болған сайын оның қышқылдығы артады. Қамырдың ең ақырғы қышқылдығы – оның дайын екендігінің маңызды көрсеткіші. Қамырдың ең ақырғы қышқылдығы 0,5 град болуы керек. Жартылай фабрикаттардың қышқылдығы ұнның сұрыпына тікелей байланысты (сурет 5.5.). Ашытқылар мен сүтті-қышқылды бактериялар бір-біріне оң әсер етеді. Ашытқылар ортаны бактерияларға қажетті азотты заттармен және дәрумендермен байытады. Сүтті қышқыл орташы қышқылдандыра отырып, ашытқылардың жетілуіне қолайлы жағдай жасап, басқа микроағзалардың (шіріткіш, сіркеқышқылды, майқышқылды, ішек топтарының бактерияларын т.б.) өмірсүргіштігіне кедергі келтіріп, тежейді. Ал аталған микроағзалардың өнімдері ашытқылардың өмірсүргіштігіне кері әсер етеді. Бидай ұнында сүтті қышқыл мөлшері – қышқылдың жалпы мөлшерінің 70%-н, ұшпа қышқылдар мөлшері – 30%-н құрайды. Ұшпа қышқылдарға сірке, құмырсқа және пропион қышқылдары жатады. Олардың қайнау температурасы өте төмен және жылдам буланып кетеді. Қарабидай ұнында сүтті қышқылдың мөлшері – 60%, ал ұшпа қышқылдар мөлшері
– 40%.
Сүтті-қышқылды ашу үдерісінің қарқындылығы температураға (қолайлы температура – 32...35°С), жартылай фабрикаттардың консистенциясына (қою жартылай фабрикаттардың қышқылдығы жылдам жинақталады), жартылай фабрикаттардың қамырында сүтті-қышқылды бактериялар мен қышқылдың (ұйытқы) болуына және қамырды механикалық өңдеу деңгейіне байланысты. Ашыту барысында қамырдың құрамындағы ақуыздық заттар мен крахмалдың жай- күйінің өзгеруі ылғал, қышқыл, ферменттер, жақсартушылар мен қамырды механикалық өңдеудің әсерінен жүзеге асады. Қышқылдың жоғарылауы ақуыздардың көпсуі мен пептизациясын жылдамдатады. Ақуыздық заттар қопсып, ұнның, ашытқы мен бактериялардың протеолитті ферменттерінің әсерінен жартылай гидролизденеді. Ақуыздардың жарты бөлігі шектеусіз қопсып, ерітінді күйіне түседі. Ұлпалық та қопсып, ашыған нанның ұлпалығы 30%-ға төмендеп кетеді. Ақуыздардың көпсуі ұнның қуатына байланысты әртүрлі қарқындылықпен және жылдамдықпен жүзеге асады. Сұрыпы жақсы ұннан жасалан қамырда ақуыздар баяу қопсиды. Бұл жағдайда ақуыздың молекулалық құрылымында ғана өзгерістер байқалады. Ал қуаттылығы әлсіз ұннан жасалған қамырда ақуыздардың протеолизі жылдам өрбиді. Қамыр шекті дәрежеге дейін көпсігеннен кейін
ақуыздың құрылымдық мықтылығы төмендеп, қамыр шексіз көпсіп, пептизация үдерісі басталып кетеді. Нәтижесінде сұйық кезеңнің мөлшері ұлғайып, қамыр сұйықталады. Қуаты күшті ұннан жасалған қамырда ақуыздар баяу көпсіп, тек қамырдың ашуы аяқталар тұста ғана тоқтайды. Қамыр ашытылу барысында қолға жабыспай, иілгіш болып, ұлпалық деңгейі жақсарады. Қуаттылығы күшті ұннан жасалған қамырдың ашытылуы кезінде иінін қандыру оның жылдам көпсуіне алып келеді. Қамырдың иінін қарқынды түрде қандырса, физикалық қасиеті жақсара түседі. Қуаттылығы әлсіз ұннан жасалған қамырдың иінін қандыру нәтижесінде оның құрамындағы ақуыздардың көпсу үдерісі бұзылады, пептизация басталып, қамырдың физикалық қасиеті нашарлайды. Жартылай фабрикаттардың ашуы барысында оның көлемі спиртті ашу нәтижесінде түзілген көміртек диоксидтің әсерінен қопсып, ұлғаяды. Қамыр ашығанда оның құрамындағы крахмал а-амилазаның әсерінен жартылай қанттанып, мальтозаға айналады. Ұнның құрамындағы қант ашытқының әсерінен жылдам ашиды. Қамырдағы мальтоза глюкоза, сахароза мен фруктоза ашып болғаннан кейін ғана аши бастайды; 3...3,5% малтоза қамырда қалып қояды. Бұл қамыр дайындамаларын қарқынды ашыту кезінде ең ақырғы толықсыту мен пісірудің алғашқы минуттарында өте қажет. Крахмалдан үздіксіз түзіліп отыратын мальтоза – қамырдың құрамындағы негізгі қант болып саналады. Жартылай фабрикаттардың ашу үдерісі бірнеше сағат ішінде жүзеге асады. Ашу үдерісі мен қамырдың «жетілуін» жылдамдату үшін
қамырдың жетілу үдерісін қарқындатудың әртүрлі тәсілдері қолданылады. Қамырдың «жетілуі» кезінде жүзеге асатын әрекеттерге ұнның нан пісіруге икемділік қабілеті, ортаның температурасы, илеу тәсілдері, рецептура компоненттері мен басқа да факторлар әсер етеді. Жартылай фабрикаттардың ашу қарқындылығы мен ондағы қышқылдардың жинақталуына температура ықпал етеді. Температураның жоғарылауы спиртті және сүтті- қышқылды ашуды жылдамдатып, ақуыздардың жылдам көпсіуіне және ферменттердің белсенденуіне септігін тигізеді. Ашу үдерісі мен қамырдың «жетілуін» қарқындату үшін температураны 32...33°С-қа дейін жоғарылату ұсынылады.
Қамырды қарқынды илегенде оның құрамындағы ақуыздар мен крахмалдың құрамы әлсіреп, ферменттердің әсеріне оңай көніп, нәтижесінде ашыту үдерісі мен қамырдың
«жетілуі» шапшаңдайды.
Нанның құрамын
жақсартушыларды
(уыт, фосфор-қышқылды тұздар, құрамында азоты бар және ферментті препараттар, ұйытқы, демдемеа, сүттің сарысуы т.б.) қосқанда, қамырдың «жетілуі» қарқынды бола түседі. Қамырды илеуге қажетті судың мөлшері стандарттарға сәйкес белгілі бір нан өнімінің жұмсақ бөлігіне қарай есептеледі. Ұнның ылғалдылығы мен шығымын ескеру керек. Ұнның шығымы көп болған сайын, қамырдың құрамында су көп болуы мүмкін. Ылғалдылығы төмен ұннан қамыр дайындалғанда, су көбірек қажет етіледі. Қамыр құрамында қант пен май көп болған сайын, илеу барысында су да көп мөлшерде сіңіріледі. Егер рецептурада жұмыртқа мен сүт болса, су мөлшері азая түседі. Ұлпалығы жоғары ұнды қайта өңдеуден өткізгенде, су мөлшері көбірек қажет болады. Қамыр құрамында су көп болған сайын оның көпсуі мен ақуыздарының пептизациясы қарқынды жүзеге асып, қамырдың сұйықтығы артады. Қамырдың ылғалдығы жоғары болған сайын ферменттердің әрекеті жылдамдап, ашытқының көбею жылдамдығы артып, қамыр қарқынды аши бастайды. Қамырдың ашу жылдамдығына ашытқының мөлшері мен сапасы да әсер етеді. Ашытқының мөлшері – қамыр ашытқы үшін ұнның массасының 0,5...1,5%-ы, қамыр ашытқысыз – 2...2,5%.
Ашытқылардың көпсіту күші төмен болған сайын қамыр илегенде олардың көп мөлшері пайдаланылады. Қамырды ашыту және «жетілуін» жылдамдату үшін ашытқының мөлшерін көбейтеді немесе белсенден- дірушілер пайдаланады. Ұйытқының немесе қамыр ашытқының мөлшерін көбейту, сондай-ақ жетілген қамырдың порциясын қосу ашытқы жасушалары мен сүтті-қышқылды бактериялардың мөлшерінің көбеюіне әкеп соғады. Бұл қамырдың тез «жетілуін» тудырады. Қамырға қосылған қант (ұнның массасының 10%-на дейін) спиртті ашу мен қамырдағы газдың түзілуін жылдамдатады. Қант ферменттердің әсерінен глюкоза мен фруктозаға айналып, ашытқылармен араласып, жылдам ашиды.
Жартылай фабрикаттардың ең ақырғы қышқылдығы, град
Кесте 5.5.
Ұнның түрі мен сұрыпы
Қамыр ашытқы
Ұйытқы
Қамыр
Жоғары және бірінші сұрыпты бидай ұны
3 ...4,5
3.3,5
Екінші сұрыпты бидай ұны
4... 5
3,5.4,5
Ерекше тартылған бидай ұны
6.7
5,5.6,5
Кебекті қарабидай ұны
12.13
9.10
Ерекше тартылған қарабидай ұны
14. 16
10.12
Сұйық ашытқыларды бидай ұнынын немесе бидай және қарабидай ұнының қоспасынан жасалған қамырды дайындау үшін қолданады. Сұйық ашытқылар нан зауыттарында дайындалады. Олар термофильді сүт-қышқылды бактерияларды алдын ала ашытып, кейін оның құрамында ашытқы жасушаларын көбейту арқылы жасалған демдемелерде дайындалған жартылай фабрикат болып саналады. Сұйық ашытқыларды профессор А.И.Островский ұсынған оңтайлы сызба бойынша дайындайды. Жасалу тәсілі мынадай кезеңдерден тұрады: ұннан жасалған қантты демдеме алу, демдемені ашыту, демдемені салқындату және оған ашытқы қосу, ашытқыларды өндіру. Ұннан жасалған қантты демдемеа – ұн мен судың қоспасы болып табылады. Оның құрамында ұлпаланған крахмал болады. Демдемені термофильді гомоферментативті сүтті- қышқылды бактерияларда 48...54°С температурада 10...16°С қышқылданғанша, ашытады. Сүт қышқылының мөлшері көп демдемені 30...28°С-қа дейін салқындатып, ашытқы қосады. Демдеме 30°С температураға дейін суығаннан кейін термофильді сүтті- қышқылды бактериялар өміршеңдігінен айрылып, сүтті қышқылды түзе алмай қалады. Ашытқы жасушалары осы температурада қарқынды көбейе бастайды. Осылайша, сұйық ашытқыларда ашытқы жасушалары, сүтті-қышқылды бактериялар болады. Олардың арасалмағы – бірдей болғанмен, сүтті-қышқылды бактериялар өміршеңдігінен айрылып қалады. Сұйық ашытқыларды дайындау үдерісі екі циклдан тұрады – ажы- ратушы және өндірістік.
Ажыратушы цикл сүтті-қышқылды бактериялардың таза түрлері мен ашытқыларды қоректі ортада өндіріске қажетті мөлшерде ақырындап көбейту дегенді білдіреді. Микроағзалардың таза түрлері уытты сыра ашытқысында нан зауытының лабораториясында өндіріледі. Ажыратушы цикл ашытқының сапасы нашарлаған
жағдайда, жылына 1...2 рет жүзеге асады. Ажыратушы цикл екі сатыдан тұрады – қантталған ашытқы демдемені дайындау және ашытқыны өсіру. Қанттанған демдемені дайындау үшін ұнды арасалмағы 1:3 болатындай етіп, температурасы 80...85°С сумен араластырады. Демдеменің бастапқы температурасы – 60...65°С болуы керек. Осы температурада ұнның крахмалдары ұлпаланып, қанттанып, ақуыздар гидролизденіп, ашытқы жасушаларын қоректендіруге қажетті суда ерігіш заттар жинақталады. Крахмалды толығырақ қанттандыру үшін демдемеге қшыл түсті, құрамындағы а-амилаза мен ферментті препараттарының (амилоризин, глюкоамилаза) көп мөлшерінің есебінен қанттандыруға қабілетті уыт қосылады. Ферментті препараттар демдемеге 45...50°С температурада ендіріледі. Ал крахмалдың бір бөлігі мальтоза құрамына өтіп кетеді. Демдемені қанттандыру 1...1,5 сағат бойы жүзеге асады. Дайын қанттанған демдемеге таза сүтті-қышқылды бактерияларды қосып, 48...54°С температурада (Дельбрюктің термофильді сүтті-қышқылды бактерияларының өмір сүруіне қолайлы температура) ашытылады. Ашыған демдеме дайын болғанда, оның бір бөлігі сұйық ашытқыны дайындау үшін іріктеп алынады. Бұл бөлікке өзінің мөлшеріндей қантты демдеме қосылады. Қантты демдемеден әрбір 2 сағат сайын керекті мөлшерді іріктеп алып отырады. Ашыған демдеменің қышқылдығы әрбір іріктеуден кейін төмендей береді, бірақ артынша қажетті шамаға дейін қайтадан көбейіп отырады (10...12°С). Оны Дельбрюк бактериялары 50°С температурада белсенді күйде болатындығымен түсіндіруге болады. Демдеменің қышқылдығы 12...16°-ға жеткенде, оны 30°С температураға дейін салқындатады. Бұл температурада Дельбрюк бактериялары көбеймейді және сүтті қышқыл түзе алмайды. Содан кейін оны ашытқыға қосады.
Өндірістік цикл
үздіксіз жүзеге асып тұрады. Дайын ашытқылардан */
4
немесе У
2
бөлігін іріктеп алып алады. Бөлікке ашыған демдемені қосу арқылы қайтадан орнын толтырып отырады. Белгілі бір бөлігі алынғаннан кейін, ашытқылардың газ түзу жылдамдығы төмендейді. Бірақ артынша қайта қалпына келіп отырады. Өндірістік цикл екі жолмен жасалады: Бірінші тәсілмен, яғни демдемені сумен араластырмай дайындалған ашытқылардың құрамында сүтті қышқыл мөлшері көп болады әрі көпсіту күші екінші жолмен дайындалған ашытқыларға қарағанда, жоғары болады. Сұйық ашытқылардың дайын болғаны қышқылдығына (10...12°), ылғалдылығына (86...90%), көпсіту күшіне (өздігімен қалқып шығатын шар тәсілі бойынша 15...25 мин) қарай анықталады. Дайын болған сұйық ашытқылардың спиртті иісі болады, ал үстіңгі қабаты көбікті, көпіршікті болып келеді. Бұл оның қарқынды ашығанын білдіреді. Сұйық ашытқылардың құрамында сүтті қышқыл, хош иістендіргіш заттар мен демдеме болады. Бұл компоненттер нанның дәмі мен иісін жақсартады. Сұйық ашытқылар баспаланған ашытқыларға қарағанда белсенді, себебі құрамында мальтозасы бар ұнды ортада дамытылған. Сұйық ашытқылар нанның картопты ауруға ұшырауына кедергі келтіріп, оның кебуін тежейді. Алайда сұйық ашытқылар жоғары және бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан өнімдерін дайындау үшін ұсынылған. Себебі олар қышқылдықты көбейтіп, нанның жұмсақ бөлігінің қараюына түрткі болады. Сұйық ашытқылармен бидай ұнынан қамыр дайындау үшін ұнның массасынан 20...25% ашытқы алынады. Қамыр ашытқысыз арқылы қамыр дайындалса, әрине, сұйық ашытқы қолданылмайды. Себебі олардың шығыны ұнның массасының 50%-н құрайды. Бұл технологиялық үдерісті күрде- лендіріп, ұнның құрамындағы құрғақ заттардың жойылуын күшейтіп, ашытқы жасушаларының көбеюін тежейді. Бидай ұнынан жасалған қамырды баспаланған және сұйық ашытқылармен дайындаған дұрыс. Ашытқы салып дайындалатын қамырға – баспаланған ашытқының
0,5...0,7%-ы, ал сұйық ашытқының – 10...13% жұмсалады. Егер қамыр ашытқысыз дайындалса, сәйкесінше 1,5.2 және 7...12% жұмсалады. Ашытқыны мұндайа құрамда пайдалану қамырдың ашуын жылдамдатып, «жетілдіріп», сүтті қышқыл мен демдеменің есебінен нанның иісі мен дәмін жақсартады. Қазіргі таңда МемХӨҒЗИ құрастырған сұйық ашытқыларды дайын- даудың тиімді үлгісі қолданылады. Үлгі бойынша сұйық ашытқы дайындаудың мынадай ерекшеліктері бар: демдеме ферментті препараттар арқылы қанттандырылады; демдемені ашыту үшін қышқыл түзу қабілеті өте жоғары арнайы термофильді сүтті-қышқылды бактериялар қолданылады; ашытқыларды таңдау мен қоректендіру қарқыны өзгеріп отырады; сұйық ашытқылар оттегімен үздіксіз қанығып, ашытқы жасушаларының көбеюіне қолайлы жағдай тудырады. Осы үлгі бойынша дайындалған ашытқыларды жоғары және бірінші сұрыпты бидай ұнынан дайындалған нанның пеш табанында пісу мен пішінін алдын ала ойластыру кезінде қолдануға болады. Мұндайда сұйық ашытқылар баспаланан немесе кептірілген ашытқылардың орнына жұмсалады.
Бидай ұнынан дайындалған кейбір нан өнімдерінің сапасын жақсарту үшін құрамында ұлпаланған крахмал бар демдемелер пайдаланылады. Демдемелер – ашытқылар мен ұйытқыларды дайындауда көбейетін сүтті-қышқылды бактериялар мен ашытқылардың көбеюіне, сондай-ақ газ түзу қабілеті өте төмен ұнды қайтадан өңдеуден өткізу үшін ең тиімді қоректі орта болып табылады. Ұлпаланған крахмал амилолитті ферменттер арқылы оңай қанттанып, қамырдың ашуы мен жетілуін жылдамдатып, нан құрамындағы қанттың мөлшерін 2 есеге көбейтіп, оның хош иістік қасиетін жақсартып, кеуіп кетуін тежейді. Демдемелер қанттанбаған, қанттанған, тұзды, ашыған немесе ашы- тылған болып бөлінеді. Демдемелерді дайындау үшін су мен ұнның 1:3 немесе 1:2 арасалмағын алып, араластырып, содан кейін сулы-ұнды қоспаны крахмал ұлпаланғанша қыздырады. Қанттанбаған демдемені дайындалған соң 35...32°С температураға дейін суытып, қамыр ашытқы не қамырды илеу үшін қолданады. Қанттанған демдемені былай дайындайды: 60...65°С температурада қайнатылған қоспаға ұнның бір бөлігін, 0,51% ақ уыт немесе ферментті препараттар (амилоризин П10Х, амилосубтилин Г10Х) қосып, араластырады. Содан кейін демдемені қанттануы үшін 50...60°С температурада 2...3 сағат қойып қояды немесе бірнеше сағат бойы табиғи жолмен суытады. Ферментті препараттар демдемеге 45...50°С температурада ендіріледі. Мұндай демдеменің құрамындағы крахмалдың көп бөлігі мальтозаға өтеді. Тұзды демдеме ұнды сумен емес, қатты ысытылған тұз ерітіндісімен араластыру арқылы қайнатылып, дайындалады. Тұз ерітіндісі рецептура бойынша қажетті мөлшерден дайындалады. Ашытылған демдеме сүтті-қышқылды бактерияларды немесе ашыған қамырдың бір бөлігін ашыту арқылы дайындалады. Содан кейін демдемені ашыту үшін 2,5...3,5 сағатқа шетке қойып қояды. Ашыған (божыған) демдеме қантты демдемені баспаланған немесе сұйық ашытқымен 3...3,5 сағат бойы ашыту (божыту) арқылы дайындайды, Демдемені қолдану қамырдың реологиялық қасиетін жақсартады. Қамырдың реологиялық қасиеті әсіресе тұзды демдеменің әсерімен жоғарылайды.
Ашыту барысында қамыр құрамындағы құрғақ заттардың ыдырауы төмендейді, ал ашыған (божыған) және ашытылған демдемелерді қол- данғанда, олардың мөлшері едәуір көбейеді. Ашытқылармен ашытылған демдеме арқылы дайындалған нанның көлемі үлкендеу, жұмсақ бөлігі қопсыған әрі кеуекті болып, хош иісі аңқып тұрады. Демдеме арқылы дайындалған нан ұзағырақ балғын қалпын сақтайды. Себебі құрамындағы ұлпаланған крахмал «ескіруге» (кебуге) баяу ұшырайды.
Бақылау сұрақтары:
VІ-ТАРАУ
ҚАМЫРДЫ ДАЙЫНДАУ ТӘСІЛДЕРІ
Бидай ұнының қамыр дайындау тәсілдері көпсатылы және бірсатылы болып бөлінеді.
Көпсатылы тәсілге қамыр ашытқы қосып және арнайы жартылай фабрикаттар қосып ашыту жолдары жатады. Қамыр ашытқы қосып қамыр ашыту үдерісі екі кезеңде жүргізіледі: қамыр ашытқыны дайындау және қамырды дайындау. қамыр ашытқыдағы ұн мен судың мөлшеріне қарай қою қамыр ашытқы дайындайды. Оған 50...60% ұн, ұнның жалпы массасынан 65...70% қою қамыр ашытқы мен сұйық ашытқы қосады. Бұл ашытқыны дайындау үшін 20...30% ұн шығындалады. Арнайы жартылай фабрикаттар арқылы қамырды дайындау үшін ұйытқы, бүтін дәндер мен құрғақ үйлесімді қоспалар сұйық ұсақтау жолымен араластырылады. Қою қамыр ашытқы арқылы қамыр дайындау дегеніміз – алдымен қамыр ашытқыны алу, содан кейін соның негізінде қамыр дайындап, иінін қандыру. Ылғалдылығы 42...48% қою қамыр ашытқыны дайындау үшін 50...60% ұн, 60...70% су және рецептурада көрсетілген ашытқы мөлшері қосылады. Баспаланған ашытқылардың мөлшері – 0,5...1,5%, ал сұйық ашытқы мөлшері – ұнның массасының 20...25%-н құрауы тиіс. Қамыр ашытқыны дайындаудың басты талаптары – ашытқы жасушаларының көбеюіне қолайлы жағдай жасау, қамырдың жетілу үдерісін қамтамасыз ету, жетілуге қажетті азық- түліктерді жинақтау. Ашытқы жасушаларын көбейту және қоректі ортадағы үдерісті жылдамдату үшін қамыр ашытқының ылғалдылығы қамырдың ылғалдылығына қарағанда 2...3%-ға жоғары болуы керек. Қамыр ашытқының ылғалдылығы ұнның сұрыпына, оның нан пісіруге иккемділік қабілетіне және нан өнімдерінің рецептурасына байланысты. Қамыр ашытқының температурасы қамырдың температурасынан 1...2%-ға төмен болғаны дұрыс. Бұл ашытқылардың қалыпты дамуына қолайлы жағдай тудырады. Қамыр ашытқы мен қамырды дүркінділік тәсілмен домаланып тұрған кеспектері бар қамыр илейтін машиналарда араластырып, илейді. Бос кеспекке суды мөлшерлеп құйып, ашытқы суспензиясын қосады. Содан кейін машинаны іске қосып, үздіксіз араластыра отырып, ұнды себеді. Қамыр ашытқыны 5...7 минут бойы жетілдіре иленбеу белгілері көрінбейтіндей, біртекті қоспа шыққанша араластырып отырады. Кеуіп қалмауы үшін қамыр ашытқының үстіне аз ғана ұн себелеп қояды. Нан илейтін машинаның тетігі мен кеспектің шеттері қамыр ашытқының кеуіп қалған бөліктері қамырды илегенде түсіп кетпесі үшін қырғышпен тазартылып тұрады. Содан кейін иленген қамырдың ашуы үшін белгілі бір уақыт қойып қояды. Қамыр ашытқы 3...4 сағат бойы ашиды. Қамыр ашытқының дайындығы органолептикалық көрсеткіштері мен қышқылдық дәрежесіне қарай анықтайды. Қамыр ашу барысында көлемі 1,5...2 есеге ұлғаяды. Кейінірек құрамындағы газ түзілулері ақырындап басыла бастайды. Бұл – құамырдың дайын екенін көрсетеді. Ашытқылардың қарқынды көбеюі мен олардың әсерінен қанттың ашуы төмендей бастайды. Себебі ашытқы жасушалары осы кезде барлық қоректі заттарды сіңіріп алады. Қамыр ашытқының дайындығын оның ең ақырғы қышқылдығына қарай да тексереді. Қамырдың қышқылдығы оны илеуге жұмсалған ұнның сұрыпынада байланысты (қараңыз,
кесте 5.5.). Ұнның сұрыпы жоғары болған сайын жартылай фабрикаттардың қышқылдық мөлшері аз болады. Ашыған қамыр ашытқымен қамырды араластырады. Қамыр ашытқы салынған кеспекке су, тұз ерітіндісін, қант, ерітілген май және рецептураға сәйкес басқа да қосымша шикізаттарды қосып, араластырып, қалған ұнды ақырындап қосады. Қамырды 6...10 минут бойы біртекті қоспа шыққанша, араластырады (Иленіп қойған қамырға су не ұнды қоспаған дұрыс. Себебі иленген қамырда ұлпалық көпсіп кеткен, сондықтан суды нашар сіңіріп, қамыр қолға жабысқақ болып қалады. Жетілген қамырға ұнды қосқанда қамыр жетілдіріле иленбей, кеспек ыдыстың түбінде ұн қалып қояды). Қамырдың температурасы 28...32°С, ашу ұзақтығы – 1...1,5 сағат, ақырғы қышқылдығы – нанның жұмсақ бөлігінің қышқылдығынан 0,5° көп болуы керек. Жоғары және бірінші сұрыпты ұннан қамырды ашыту барысында оны 1...2 рет иінін қандырады. Қамырдың иінін қандыру – қамырды ашуы барысында иленгеннен кейін 50...60 минуттан соң қысқа уақыттық араластырып тұру. Қамырдың иінін қандыру ашытқының белсенділігін арттырады. Себебі ашытқы жасушалары иінін қандыру барысында қайтадан ыдырап, қамырдың жетпеген бөліктеріне дейін жетіп, ашытқы белсендендіріледі. Қамыр құрамындағы артық көміртек диоксид жойылып, ұлпалығы – икемді бола бастайды. Қамырдың иінін қандыру нанның кеуектілігі майда және қыртыстары қалың болуына септігін тигізеді. Қуаттылығы күшті қамырдың екі рет иінін қандыру керек. Бидай ұнынын жасалған қамыр ашығанда көлемінен 1,5 есеге ұлғайып, үстіңгі жағы көтеріліп, қолға жұмсақ тиіп, кеспектің қабырғаларынан оңай ажыратылып, қолға жабыспайды. Жақсы ашыған қамырды газ түзуші және газ сақтаушы қабілеті жоғары болуы керек. Қамырдың дайындығын тексерудің негізгі тәсілі – оның ақырғы қышқылдығын тексеру. Қамырдың ақырғы қышқылдығы дайын нан өнімінің жұмсақ бөлігінің қышқылдығына сәйкес болуы шарт (қараңыз, кесте 5.5.).
Үлкен қою қамыр ашытқы (ұнның мөлшері көп қамыр ашытқы) қосып, қамыр дайындау екі кезеңнен тұрады: қамыр ашытқы және қамыр. Бұл тәсілдің мынадай сипатты ерекшеліктері бар. Ылғалдылығы 42...47% қамыр ашытқы қамырды дайындауға жұмсалатын ұнның жалпы мөлшерінің 65...70%-ынан дайындалып, ұзақ уақыт ашиды (4...5 сағат). Мұнда ашытқы жасушалары, хош иістендіргіш және дәм үйлестіруші заттар жинақталады. Қарқынды илеу нәтижесінде қамыр жылдам ашып, 20...30 минут ішінде «жетіледі». Үлкен қою қамыр ашытқы арқылы ашыған қамырды қайталап немесе үздіксіз илеп отыру керек. Қайталап илеу домаланған кеспектері бар қамыр илейтін машиналарда, үздіксіз илеу
– И8-ХТА-6, И8-ХТА-12 қамыр дайындайтын бәнкерлік агрегаттарда, сондай-ақ басқа агрегаттарда жүргізіледі.
Үлкен қою қамыр ашытқы арқылы қамырды үздіксіз тәсілмен дайындау сызбасы 6.1. суретте келтірілген. Қамыр илейтін машиналарға өлшеуіш станциялардан су мен ашытқы суспензиясы келіп түседі, ал ұнның дозаторынан – ұнның жалпы мөлшерінен 65...70% ұн түседі. Қамыр ашытқы 8...10 минут иленеді. Қамыр ашытқының бастапқы температурасы – 25...27°С болуы керек. Айдағыш қамыр ашытқы бұрама науаға келіп түсіп, оның көмегімен алты секциялы бункердң әрбір секциясы толады. Соңғы секция толған кезде, бірінші секциядағы қамыр ашытқы босатылады. Қамыр ашытқының ашу ұзақтығы – 4...5 сағат. Қамыр ашытқының дайын болғанын органолептикалық көрсеткіші, қышқылдығы және көлемінің 1,5...2 есеге ұлғаюы арқылы анықтайды. Қамыр ашытқының ақырғы температурасы – 30...32°С. Қамырды су, қамыр ашытқыны, рецептурада көрсетілген ұнның қалғанын және қосымша шикізатты қосып, араластыра отырып, 10...12 минут қарқынды әрекет ететін машинада дайындайды. Иленген қамыр айдағыштың көмегімен қамырбөлгіштің қабылдайтын шұңқырына түседі. Мұнда ол 20...30 минут бойы ашиды.
Қамырдың бастапқы температурасы – 28...32°С, ақырғы қышқылдығы – дайын нан өнімінің жұмсақ бөлігінің қышқылдығынан 0,5 град жоғары болады. Қамырды дайындаудың үзіліссіз тәсілінің порциялы тәсілге қарағанда едәуір артықшылықтары болады. Себебі белгілі бір уақыт ішінде қамырдың белгілі бір параметрлерге (температура, ылғалдылық, қышқылдығы, консистенциясы) ие көп бөлігін алуға болады. Үлкен қою қамыр ашытқылар арқылы дайындалған қамырдан пісірілген дайын өнімнің сапасы жоғары болады. Яғни, дайын өнімнің мөлшері көбейіп, жұмсақ бөлігі жұмсақ әрі кеуектілігі ұсақ болып, қыртысы қалыңдай түседі. Майқоспалы нан өнімдері үшін қамыр дайындаудың өзіндік ерекшеліктері болады. Майқоспалы нан өнімдері нан-тоқаш өнімдерінен рецептурасы ғана емес, қамырын дайындау тәсілі жағынан да ерекшеленеді. Майқоспалы нан өнімдерінің рецептурасына құрамында май кездесетін заттар (құмшекер, май, сүт және сүт өнімдері мен жұмыртқа өнімдері) кіреді. Нан-тоқаш өндірісінде қосымша шикізаттардың барлығы қамырды илеу барысында өлшеніп, қосылады. Ал майқоспалы нан өнімдерін дайындағанда қосымша шикізаттарды безендіру және әсемдеу үшін шетке алып қояды. Майқоспалы қамырды дайындау үшіг баспаланған ашытқы пайдаланылады. Баспаланған ашытқының шығыны рецептурадағы құрамында май бар заттардың санына байланысты ұнның массасының 1...1,5%-н құрайды. Себебі ашытқы жасушалары майқоспалы заттар есебінен езіліп кетеді. Сұйық ашытқылар бұл нан өніміне қосылмайды, себебі олар өнімнің қышқылдығын көбейтіп, жұмсақ бөлігін қарайтып жібереді. Майқоспалы нан өнімдерінің қамыры қою қамыр ашытқылармен домаланған кеспектері бар нин илеу машиналарында дайындалады. Майқоспалы қамырға арналған қамыр ашытқыгы 50...60% ұн мен ұнның жалпы массасының 60...70% тұратын судың берік консистенциясынан дайындайды. Ашытқыны қамыр ашытқы (60...70%) және қамыр арасында теңдей бөледі. Бұл жартылай фабрикаттардың біркелкі ашуына септігін тигізеді. Қамыр ашытқыға сүт пен жұмыртқаны түгел қосады, тек безендіру үшін алынған жұмыртқа ғана қосылмайды. Егер безендіруге арналған жұмыртқаны да қамырға қосып жіберсе, ылғалдылығы белгіленген нормадан асып, қамыр сұйылып кетеді. Қамыр ашытқының ашу ұзақтығы – 4...5 сағат. Ашыған қамыр ашытқы қамырды илеу үшін қосылады. Оны екі жолмен дайындауға болады:
қамыр ашытқы – қамыр, қамыр ашытқы – қамыр – қамырдың байытылуы.
Сұйық
қоспалар
сұйық
қоспалар
ұ н ұ н
қамыр Сурет 6.1. Бидай ұнынан үлкен қою қамыр ашытқы арқылы дайындалатын қамырды үздіксіз илеу сызбасы
1
– И8-ХТА-12/1 қамыр илейтін машина;
2, 4
– Ш2-ХЦМ өлшеуші станциялар;
3
– И8-ХТА-12/2 қамыр ашытқыны ашытуға арналған бункер;
5
– қамырды бөліктерге бөлетін машина;
6
– И8-ХТА-12/5 қамырды бастырушы;
7
– И8-ХТА-12/4 қамыр ашытқының дозаторы;
8
– И8-ХТА-12/3 қамырды айдаушы.
Қамыр ашытқы – қамыр тәсілі рецептураға құрамында май бар заттардың аз ғана бөлігі қосылса ғана қолданылады (массасы 0,4 кг, бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген «Черкизовская» бөлкесі; бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген, массасы 0,1 кг кәдімгі майқоспа тоқаш; бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген, массасы 0,2 кг ұсақ бөлішкелер т.б.). Қамырды байытусыз дайындалған қамырға ашыған қамыр ашытқысын түзбен, құмшекермен, ерітілген маймен араластырып қосады. Содан кейін илеуді жалғастыра отырып, ұн мен ашытқы суспензиясын қосады. Тұз бен құмшекер құрғақ күйінде қолданылады. Себебі ерітіндіні дайындау үшін рецептурада белгіленген су мөлшері жеткіліксіз болады. Сондықтан оларды алдын ала аз ғана суда ерітіп, ерітілген маймен араластырады. Ашытқы тұзбен, құмшекермен және маймен түйісіп кетпеуі үшін оны қамырға соңғы сәтте қосады. Егер ашытқы жоғарыда аталған заттармен түйісіп кетсе, ашытқы жасушалары езіліп, ашу үдерісі баяулап қалады.
Қамыр ашытқы – қамыр – қамырды байыту тәсілі арқылы дайындалған қамырдан рецептурасы жоғары нан өнімдері (бірінші сұрыпты бидай ұнынан дайындалған, массасы 0,1 кг құнарлығы жоғары бөлішке; жоғары сұрыпты бидай ұнынан дайындалған, массасы 0,1 кг «Выборгская» майқоспа тоқашы; жоғары сұрыпты бидай ұнынан дайындалған, массасы 0,2 кг «Московская» тоқашы т.б.) пісіріледі.
Қамырды байыту дегеніміз – қант пен майды қамырды илеу кезінде емес, иінін қандыру кезінде, яғни иленгеннен кейін 60...80 минуь өткесін қосу. Иленген сәттен бастап қамырды байытуға дейінгі аралықта қамыр қарқынды ашып отырады. Қамыры байытылған қамырды дайындау барысында ашыған қамыр ашытқыға тұз, судың қалған бөлігі мен ұнның негізгі бөлігін қосады. Ұнның бір бөлігін қамырды байытуға алып қалады. Ашығаннан кейін 60...80 минут өткесін қамыр салынған кеспекке құмшекер мен май қосып, араластырып, қамырды байытуға алып қалған ұнды өлшеп, ашытқы салады. Майқоспалы қамырдың ашу ұзақтығы – 1,5...2 сағат,ал ылғалдылығы – 34...38% болуы керек. қамырдың ылғалдылығы төмен, ал құрамында майы бар заттары көп болған сайын, ашудың уақыты ұзара түседі. Майқоспалы қамырдың 1-2 рет иінін қандырады.
Қатпарлы нан өнімдеріне (қатпарлы бөлішке, балаларға арналған (қаттама нан, кондитерлік, «Свердловская» т.б.) арналған қамырды дайындаудың өзіндік ерекшелігі бар. Ерекшелік – қамырдың арасын сары маймен немесе маргарин жағып, қабаттайды. Дайын өнімдер бір-бірінен оңай ажыратылатын қабаттардан тұрады. Қатпарлы нан өнімдеріне арналған қамырды дайындаудың екі тәсілі бар: 1 тәсіл: қамыр ашытқы – қамыр – қатпарлау;
2 тәсіл: қамыр ашытқы – қамыр – қамырды байыту – қатпарлау.
Әдетте, қатпарлы қамырды дайындаудың 1-тәсілі жиі қолданылады. Себебі ол қамырды жылдам дайындауға мүмкіндік береді. Мәселен, жоғары сұрыпты бидай ұнынан, массасы 0,1 кг «Свердловский» қаттама нанын дайындау үшін белгіленген рецептураны және тәртіпті қатаң сақтау керек (кесте 6.1.).
Кесте 6.1.
Жоғары сұрыпты бидай ұнынан массасы 0,1 кг «Свердловский» қаттама нанының қамырын дайындаудың өндірістік рецептурасы мен технологиялық
тәртібі (шығымы – 1800 дана)
Шикізаттың атауы және технологиялық тәртібі
Қамыр ашытқы
Қамыр
Қатпарлау және бөліктерге бөлу
Безендіру
Майла- ғыш
Үгінді
Жоғары сұрыпты бидай ұны, кг
50
37
10
3
Су, л
12
Есеп бойынша
Баспаланған ашытқы, кг 2,5 1,5
Тұз, кг
1
Құмшекер, кг
22
3
Мұздақ /
жұмыртқа, кг / дана
13/325
3/75
Маргарин, кг
23,5
1,5
Сүт, л
13
0,025
Ванилин, кг
29.30
27.28
Бастапқы температура, °С 4.5
2.2,5
Ашуы, сағ
40.60
Қамырды тынықтыру, мин
3,5.4
2.2,5
Ең ақырғы қышқылдығы, град
50
37
10
3
Қамыр ашытқыны илеу үшін рецептура бойынша ұнның жалпы мөлшерінің 50...60%-ы, судың жартысы, ұнның барлық мөлшері мен жұмыртқа мұздағы түгелімен (безендіру үшін алып қалған мұздақтан басқасы) және 60...65% баспаланған ашытқы қосылады. 4...5 сағат ашығаннан кейін дайын қамыр ашытқымен қамыр иленіп, илеу кезінде қалған шикізаттың барлығы (маргарин, ұнның белгілі бір бөлігі мен құмшекерден басқа) араластырылады. Шамамен 10% ұнды қатпарлауға алып қалады. Нан өнімінің беткі жағын әрлеуге арналған үгінді дайындау үшін 3%ұн, 3% қант және 1,5% маргарин жұмсалады. Иленгеннен кейін қамыр 2...2,5 сағат ашып, одан кейін қолмен бөліктерге бөлінеді. Дайын қамырды массасы 5,8 кг бөліктерге бөліп, әр бөлігін жуандығы 15...20 мм төрт бұрышты қамыр дайындамаларына арнайы оқтаумен жаяды. Қамырдың бір порциясын қатпарлауға мөлшерленген маргаринді екі бөлікке бөледі: 50%-ы бөлшек-
бөлшек етіп қамырдың
2
3
үстіңгі қабатына жағып, ұн себелеп, маргарин жағылмаған қамырдың бөлігімен үстіне салады. Қамырдың маргарин жағылған үшінші бөлігін оның үстіне қабаттап, шеттерін жақсылап қысып жабыстырады. Осылайша, үш қатпарлы қамыр мен екі қатпарды маргарин қабаты шығады. Бұл қамырды қайтадан мыжып, төртбұрышты етіп жайып, қатпарлау операциясын қайталайды. Қатпарланған қамыр ұн себілген табақшаларға салынып, 40...60 минутқа салқын жерге қойып қояды. Белгіленген уақыт жатқан қамырды алып, бөлшектейді.
Маргариннің температурасы 6...10°С-тан аспауы керек. маргариннің температурасы төмен болса, қамырдың үстіне ұн сепкенде маргарин қамырдан сыртқа төгілуіне және дайын өнімнің барынша қатпарлы болуына мүмкіндік жасайды. Қатпарлы қамырды арнайы жанышқы машинасында жаюға болады. Бидай ұнынан сұйық қамыр ашытқымен қамыр дайындау үшін бірінші және екінші сұрыпты бидай ұны мен ерекше тартылған бидай ұны пайдаланылады. Сұйық қамыр ашытқыны дайындау үшін ұнның жалпы мөлшерінің 20...35%-ы, осы мөлшердегі су пайдаланылады (сұйық қамыр ашытқының ылғалдылығы 65...75% болуы үшін). Сұйық және баспаланған ашытқыны немесе олардың белсенді қоспасын пайдалануға болады. Қю қамыр ашытқыларға қарағанда, сұйық қамыр ашытқыларға рецептурада көрсетілген тұздың барлық мөлшерін немесе оның бір бөлігін қосады. Қамыр ашытқының бастапқы температурасы – 30...31°С, ашу ұзақтығы – 3...3,5 сағат. Сұйық қамыр ашытқының ылғалдылығы 70% болуы керек. Ылғалдылық жоғары болса, қамыр ашытқының көпсіту қасиеті төмендейді, ашу үдерісі мен қамырдың жетілуі баяулайды. Себебі сұйық ортада ашытқыларға қоректілік жетіспейді. Ылғалдылығы 65%- дан төмен қамыр ашытқылардың консистенциясы – қолға жабысқақ келеді, қатты көпір- шіктенеді. Мұндай қамыр ашытқыларды транспорттау немесе өлшеу қиынға соғады. Сұйық қамыр ашытқымен дайындалатын қамырға 25...30% ұн араластырылуы керек. Қамыр ашытқыны ашытқанда ұнның мөлшері көп болса, қамырдағы жетілуге арналған өнімдер саны да арта түседі. Ашыған ұнның мөлшерін көбейту үшін ашытқының ылғалдылығын төмендету немесе қамырды илеуге бөлінген мөлшерін азайту керек. Сұйық қамыр ашытқының мөлшерін көбейту қамырдың ылғалдылық нормасымен шектелуі керек. Рецептура бойынша тұз ерітіндісі мен су түгелімен қосылғанда қамыр ашытқының максималды мөлшеріне қол жеткізуге болады. Бұл жағдайда қамырдың өзіне су қосылмайды, себебі барлық су қамыр ашытқыға қосылып қойған. Сұйық қамыр ашытқыға ас тұзын қосу қамырды илеу барысында қамыр ашытқының шығынын көбейтуге әкеп соғады. Сұйық қамыр ашытқыда тұз ашытқы жасушаларын азырақ езеді. Себебі ортаның ылғалдылығы жоғары болғандықтан қамыр ашытқыда ерітілген тұздың концентрациясы төмендейді. Тұз сұйық қамыр ашытқының жабысқақтығын едәуір төмендетеді, сондықтан оларды транспорттау мен өлшеу оңайға соғады. Себебі қамыр ашытқыдағы көбіктің туындауын азайтып, ұлпалығын нығайтып қышқылдықтың көбеюін тежейді. Қамыр ашытқының бұндай қасиеті әсіресе сұйық ашытқыларды жазғы уақытта, яғни сүт- қышқылды ашу үдерісі қатты белсендірілгенде пайдалы болмақ. Сұйық қамыр ашытқының қою қамыр ашытқыға қарағанда айтарлық- тай айырмашылықтары бар. Оларды қарапайым құрал-жабдықтар арқылы транспорттау және өлшеу оңай. Оның үстіне сұйық қамыр ашытқының жетілу үдерісін реттеп отыруға, яғни қоспаны суытып не қыздырып отыруға мүмкіндік жоғары. Осы мақсатта қамырды ашытуға арналған ыдыстар сулы қамтамалармен жабдықталған. Сұйық қамыр ашытқы құрамындағы ашытқы жасушалары белсенді күйде тұрады, себебі зат алмасуы үшін оларға барынша қолайлы жағдайлар жасалған. Ферментативті үдерістер қарқынды жүзеге асады. Себебі сұйық қамыр ашытқыларда ұнның мөлшері аз болады, құрғақ заттардың шығыны қысқарады, демек дайын өнімдердің шығыны да көбейеді. Сұйық қамыр ашытқы қою қамыр ашытқыға қарағанда, баяу ашиды. Сондықтан кәсіпорынның жұмысында үзіліс болғанда жақсырақ сақталады. Сұйық қамыр ашытқының ашу соңында дайын болуы органо- лептикалық, сондай-ақ қышқылдығымен және көпсіту күшімен айқындалады. Қамыр сұйық қамыр ашытқының барлық мөлшерін, рецептурада белгіленген қалған шикізатты қоса отырып, иленеді. Сұйық қамыр ашытқы арқылы дайындалған қамырдың ашу ұзақтығы – 40...60 минут.
Нан пісіру өндірісінде бидай ұнынан сұйық қамыр ашытқы арқылы қамырды қысқа мерзім ішінде дайындаудың әртүрлі сызбалары қолда- нылады. Оларға НПӨБҒЗИ, краснодар және донецк сызбалары жатады. Сұйық ашытқылармен бидай ұнынан НПӨБҒЗИ сызбасы арқылы қамыр дайындау үшін РЗ-ХТН қамыр дайындау агрегаты қолданылады (сурет 6.2.). Бұл сызбаның сипатты ерекшеліктері – жартылай фабрикаттардың үзіліссіз-ағымдық дайындалуы, қамыр ашытқыдағы ұнның мөлшерінің аз болуы.
Сурет. 6.2. РЗ-ХТН қамыр дайындайтын агрегаттың сызбасы:
1
– ұнды иірме өлшеуші;
2
– қарқынды жұмыс істейтін машина;
3
– қамыр ашытқыны ашытуға арналған аппарат;
4
– ұнды салмақтап өлшеуші;
5
– қамырдың компоненттерін алдын ала араластыруға арналған камера;
6
– қамырға арналған транспортер;
7
– қамыұды қарқынды өңдейтін камера;
8
– өлшеуіш
станция;
9
– қамыр ашытқыға арналған жылу алмастырушы;
10
– су мен ашытқыға арналған өлшеуіш станция
Ылғалдылығы 65...70% қамыр ашытқыны ұннан (жалпы мөлшерінің 35%-ы), су және баспаланған ашытқыдан дайындайды. Қамыр ашытқы қарқынды әрекет ететін машинада 45 секунд бойы иленіп, ашытуға арналған аппаратқа жіберіледі. Аппарат ашытқының температурасын реттеп отыру үшін сулы қаптамалармен және қамыр ашытқыны үздіксіз араластырып отыратын көлденең араластырғыш құралмен жабдықталған. Қамыр ашытқы ашыту аппаратының бірінші секциясына келіп түседі. Ашуы барысында оның көлемі ұлғайып, қамыр ашытқы екінші секцияға, одан ары басқа секцияларға тесігі бар шымылдық арқылы жылжып түседі. Соңғы секциядан ашыған қамыр ашытқыны жылуалмастырғышқа сорып алады, ал өлшеуіш станция арқылы қамырды ашытатын магшинаға келіп түседі. Қамыр ашытқының ашу ұзақтығы – 3...3,5 сағат. Қамыр илейтін машинаға өлшеуіш станциядан қамырды илеуге қажетті басқа компоненттер беріліп отырса, салмақтық дозатор арқылы – ұн беріледі. Қамыр илейтін машина алдын ала араластырушы камерадан және қамырды қарқынды өңдеу камерасынан тұрады. Қамырды илеу ұзақтығы – 2,5 мин. Қамыр 30 минут бойы қамырды бөліктерге бөлуге арналған
машинаның үстіндегі бункерде ашиды. Қамырды илеуге жұмсалатын қамыр ашытқының шығыны – ұнның массасының 76...77%-н құрайды. Краснодар және Донецк сызбалары бойынша дайындалатын қамырлар сұйық қамыр ашытқыларда иленеді. Оларды дайындауға қамырды илеуге арналған судың барлық мөлшері (шикізат ерітінділерін дайындауға арналған судан басқа) қосылады.
Сурет. 6.3. Д-НҚД қондырғысында тұзды сұйық қамыр ашытқыны дайындау
сызбасы
1
– автоұнөлшеуіш;
2
– суды өлшеуші;
3
– тұз ерітіндісін өлшеуші;
4
– қамыр ашытқыны ашытуға арналған ыдыс;
5
– аралық ыдыс;
6
– ұнды өлшеуші;
7
– қамырды илейтін машина;
8
– иірме;
9
– қамырды бөліктерге бөлуші;
10
– қамыр ашытқыны өлшеуші;
11
– сорғыштар;
12
– қамыр ашытқыны илеуге арналған машина
Сұйық жартылай фабрикаттармен бидай ұнынан қамыр дайындаудың краснодар сызбасы мына сатылардан тұрады: тұзды сұйық ашытқылар – шағын қамыр ашытқы (ашытқы ұйытқысы) – үлкен ашытқы (тұзды сұйық қоспа) – қамыр. Бұл сызбаның өзіндік ерекшелігі – қамырдан басқа барлық жартылай фабрикаттарға тұзды бөліп-бөліп қосып отыру. Тұз қамырдың ұлпалығын нығайтып, қышқылдығын төмендетіп, жартылай фабрикаттардың жабысқақтығын азайтып, оларды транспорттау мен өлшеу барысын жеңілдетеді. Тұзды сұйық қоспа (ТСҚ) арқылы дайындалған қамыр В.М.Донченконың НҚДҚ (нан пісіру үшін қамырды дайындауға арналған қондырғы) қондырғысы арқылы жасалады (сурет 6.3.). Тұзды сұйық ашытқылар 0,8% тұз қосылған сұйық ашытқылардан құралады. Сұйық ашытқылар краснодар тұзды ашытқыларының тұзға төзімді таза дақылдарынан дайындалады. Ашытқы ұйытқысын тұзды сұйық ашытқылардан (ұнның жалпы массасының 12...15%-ы), тұз ерітіндісі, су және ұннан (жалпы массасының 3...4%-ы) дайындайды. Ашытқы ұйытқысының ашу ұзақтығы – 4 сағат, содан кейін оған қалған суды, тұзды ерітіндіні, ұнды (жалпы массасының 22%-ы) қосылып, бітректі қоспа – тұзды қамыр ашытқы шыққанша, араластырады. Ол ашытқы жасушаларын көбейтуге ыұпал жасайды. Тұзды сұйық қамыр ашытқы қышқылдығы 6,5...8,5 градқа жеткенше, 240...270 мин бойы ашиды. Оның құрамында ұнның 28%-ы (қамырдағы ұнның жалпы массасынан), рецептурада көрсетілген су мен тұздың бүкіл мөлшері қосылады. Тұзды сұйық қамыр ашытқының ылғалдылығы – 71...74%. Қамырды илеу – тұзды сұйық қамыр ашытқыны
қалған ұнмен (70...72%) қарқынды жұмыс істейтін машинада араластыру. Содан кейін қамыр иірмелер арқылы қосымша механикалық өңдеуден (араластыру жиілігі – 170...230 мин 1) өтеді,. Қамырды бөліктерге бөлгіш қабылдау шұңқырына келіп түседі. Мұнда ол 4...5 минут бойы ашып тұрады. Қамырдың жылдам жетілуіне иірме арқылы үздіксіз араластыру арқылы қол жеткізуге болады. Нәтижесінде қамырдың жабысқақтығы төмендеп, температурасы 31...33°С-қа жоғарылап, тұзды сұйық қамыр ашытқының мөлшерін дұрыс өлшеп, сұйық ашытқыларды үнемді қолдануға мүмкіндік туады.
Донецк сызбасы бойынша сұйық қамыр ашытқымен бидай ұнынан қамыр дайындау Краснодар сызбасынан ерекшеленеді. Ерекшелігі – бұл сызба бойынша сұйық ұйытқыны қолданбайды, ал сұйық ашытқылар тұз қоспай дайындалады. Тұзды (жалпы мөлшерінің 30...50%-ы) сұйық қамыр ашытқыға және қамырға қосылады. Үлкен қою қамыр ашытқыны дайындау үшін сұйық ашытқылар, тұзды ерітінді, тұз ерітіндісінің құрамындағы тұздан басқа рецептурадағы тұздың барлық мөлшері және ұнның белгілі бір бөлігі ғана қосылады. Қамыр ашытқының ылғалдылығы – 70...75%, ашу ұзақтығы – 180...300 мин, температурасы – 28...30°С. Қамырды дайындау үшін үлкен қою қамыр ашытқыны қалған тұзды ерітіндімен және ұнмен араластырады. Қамыр иірме арқылы араластырылып, қамырды бөліктерге бөлетін машинаның шұңқырына келіп түсіп, мұнда 20 минут ашып, аши сала бөліктерге бөліне бастайды. Сұйық ұйытқылармен бидай ұнынан қамыр дайындау дегеніміз – 28...30°С температурада қанттандырылған ұйытқылар (немесе сулы-ұнды қоспа) пайдалана отырып, шикізаттарды (ұйытқылар) қолдану. Бұл қамырды дайындау барысында мезофильді сүтті- қышқылды бактериялар мен ашытқылар көбейеді. Бидай ұйытқыларды сүтті-қышқылды бактерияларды дереу дамыту арқылы, немесе микроағзалардың таза дақылдарын ендіру жолымен алуға болады. Ұйытқыларды бидай ұнынан жасалатын қамырды қопсыту үшін және оның қышқылдығын арттыру үшін қолданады. Бидайдан сұйық ұйытқыларды дайындаудың басты операциялары мыналар: қоректі ортаны дайындау; сүтті-қышқылды және ашытқылардың таза дақылдарын өсіру; бастапқы ұйытқыны – аналығын дайындау;
негізгі өндірістік ұйытқыны дайындау.
Ашытқыларды өсіру үшін қоректі орта – ашытқылардың таза дақылдарын өсіруге қолайлы температурада (30°С) сыра ашытқысы және ұнды ұйытқы. Аналық қанттандырылған ұнды ұйытқыға ашытқылардың таза дақылдарын, немесе баспаланған немесе құрғақ ашытқыларды, немесе жетілген қамырды қоса отырып дайындалады. Сұйық бидай ұйытқысы аналықты қанттандырылған ұйытқымен немесе сулы-ұнды қоспамен араластыра арқылы алынады. Ұйытқының көпсіту күші – 15...20 минут, қышқылдығы – 6...12 град. Микроағзаларды ары қарай өсіру үшін ұйытқылар іріктеліп алынады. Іріктелгеннен кейін ашытқылардың газ түзу қабілеті мен қышқылдығы артады. 1,5 сағат ішінде газ түзу қабілеті артып, жылдам өсу кезеңінің соңына қарай қайтадан төмендейді. Жаңа іріктеу дәл осы кезеңде жүргізіледі. Жаңа кезеңде ашытқылар белсенді түрде көбейе бастайды. Бір іріктеудің қышқылдығы екіншісінен үздіксіз жоғарылап отырады. Оған себеп – сүтті-қышқылды бактериялардың дамуы үшін ашытқыларды дамуына қажетті қоректік заттар ортасы қажет емес. Ашытқылар құрамындағы барлық қоректік заттарды ашытқанда, сүтті-қышқылды бактерияларға қоректік заттар жеткілікті болып, олардың белсенділігі артып тұрады. Сұйық ұйытқылар екінші сұрыпты және ерекше тартылған бидай ұнынан дайындалған қамырдан нан пісіру үшін пайдаланылады. Мұндай нанның иісі мен дәмі жағымды, баяу кебеді әрі катоп аруына (созылмалдылық) ұшырай бермейді.
Нан пісіру өндірісінде сұйық бидай ұйытқыларын дайындаудың мынадай сызбалары қолданылады: құнарландырылған сүтті-қышқылды ұйытқымен, мезофильді ұйытқымен және көпіршіктейтін қоспада.
Құнарландырылған сүтті-қышқылды ұйытқымен қамыр дайындау
(ҚСҚҰ) екі циклдан тұрады: езетін және өндірістік.
Езетін цикл кезінде ҚСҚҰ арнайы сүтті-қышқылды бактериялардың таза дақылдарын немесе құрғақ лактобактеринді өсіру жолымен дайындалады. Аталған таза дақылдардың қоспалары бірінші сұрыпты бидай ұны мен судан тұратын қоректі ортада кептіріледі. Езетін цикл төрт сатыда жүзеге асырылады. Бұл сатылар 8 сағат ішінде 34...36°С температурада қышқылдығы 16...18 град, ылғалдылығы 65...70% ұйытқыларды дайындауға мүмкіндік береді. Өндірістік цикл қолданылып жатқан ұйытқыны үздіксіз пайдалану және орнын толтырып отыру дегенді білдіреді. Яғни дайын ұйытқының 50...70%-ын ауысымда бір рет қамыр ашыту үшін пайдаланып тастайды. Қалған бөлігіне дәл сол мөлшерде қоректендіретін порцияны қосады. Қоректендіру порциясы бірінші сұрыпты бидай ұны мен судан (арасалмағы 2:3) тұрып, 16...18 град қышқылдыққа жеткізіледі. Қамырдың порциясын илеу үшін ҚСҚҰ-дың бір бөлігі, су, тұз ерітіндісі, ашытқы суспенциясы және ұн қосылады. Қамырды қарқынды әрекет етуші машинада илейді. Ашыту үдерісін жылдамдату мақсатында ашытқының көлемін 0,51%-ға көбейтіп, қамырдың бастапқы температурасын 32...34°С-қа дейін жоғарылатады. Қамыр 50...90 минут ішінде 3 град қышқылдыққа дейін ашиды. ҚСҚҰ қосылса, қамыр жетіледі, ал одан пісірілген нанның иісі мен дәмі жақсарады, картоп ауруының дамуы тежеледі.
Мезофильді ұйытқымен қамыр дайындау
– езетін циклда арнайы мезофильді сүтті- қышқылды бактерияларды қолдану деген сөз. Бұл бактериялар 35...37°С-та қышқылдықты жоғарылатуға (22...25 градқа дейін) қабілетті. Аталған бактерия сүтті қышқылды жинақтап, картоп аруын тудырушылардың қабілетін төмендетеді. Мезофильді ұйытқыларды қоддану нанның иісі мен дәмін жақсартады, қамыр ашытқының ашу ұзақтығын қысқартады, дайын нан өнімдерінің, әсіресе нан пісіруге икемділік қасиеті төмен ұнды өңдеудің сапасын жақсартады.
Өндірістік мезофильді ұйытқының ылғалдылығы – 73...74%, 8...10 сағат ішінде 22...25 градқа дейін қышқылданады. Қамыр ашытқы немесе қамырды дайындау үшін жетілдірілген ұйытқының 50%-ы іріктеліп алынады. Қалған бөлігіне ерекше тартылған екінші сұрыпты қарабидай ұны мен судың қоспасы қосылады. Қамыр ашытқыны илеу үшін – 4...6%, қамыр ашытқысыз қамырға – 6...8% ұйытқы пайдаланылады. Көпіршіктендіру сатысында қамырды дайындау рецептурасына сүт өнімдері қосылатын бөлішке және майқоспалы нан өнімдеріне арналған. Көпіршіктендіру сатысы – 25...30% ұн, сүттің сарысуы, су, ашытқы, май және басқа да шикізаттарды рецептура бойынша қосып біртекті массаға келтірілген сұйық жартылай фабрикат. Көпіршіктендіру сатысында қамыр дайындау ультрадыбысты диспергатор немесе жылдам араластыратын қондырғыларда жүзеге асырылады. Көпірші ктендіру сатысының ылғалдылығы – 60%, температурасы – 33...34°С болуы шарт. Дайын жартылай фабрикатты көпіршіктендіру сасытында шығымдарды жинайтын ыдысқа аударып, 20...40 минутқа ашуы үшін қойып қояды. Ашығаннан кейін ол қамыр илейтін машинаға келіп түсіп, тұз ерітіндісі және ұнның қалған бөлігімен араластырылады. Иленген қамыр 30...40 минут ашиды.
Бүтін дәннен жартылай фабрикаттардан қамыр дайындау ұнды дайындауды қажет етпей, дәннің биологиялық құнды компоненттерін қолдануға мүмкіндік береді. Бұл технологияның арқасында нанның құрамындағы барлық аминқышқылдары мен дәрумендер сақталып, жасұнық бұзылмайды, ақуыздар мен тағамдық талшықтар және темір, фосфор, магний, кальций секілді микроэлементтер құрамы жоғарылайды.
Дәнді нанның қамырын дайындаудың технологиялық сызбасы мынадай кезеңдерден тұрады; дәнді тазалау және қауызынан айыру, дәнді суда жібіту, майдалау, көпіршіктендіру (сулы-ұнды қоспа дайындау) және қамырды дайындау. Дәндер элеваторларда немесе аз габаритті дән тазалушы құралдарда немесе қауызынан айырып, диірменде тартатын агрегатта тазаланады. Дәнді температурасы 15...20°С суда 6...12 сағат жібітіп, барынша көпсітеді. Дәнді екі кезеңде суда жібітуге болады: біріншісі – температурасы 18...20°С суда 18...22 минут суын 2-3 рет ауыстырып отырып, жібітеді; екіншісі – температурасы 8...12°С дәннің мөлшерінен 15...20% көп суда 26...40 минут бойы жібітеді. Дән массасын майдалау үшін пышақ-қалып пайдаланылады. Дәнді көпіршіктендіру үшін көпіршіктендіргіш (диспергатор) пайдаланылады. Дәннің көпіршіктендірілген массасы нан илейтін машинаның кеспегіне салынып, ашытқы суспензиясы, тұз ерітіндісі және су қосылады. Қамырды 15...20 минут бойы біртекті масса шыққанша, араластырады. Бүтін дәннің жартылай фабрикаттарынан дайындалған нан өнімдері профилактикалық тағамдануға арналған: жүрек-қан тамырлар ауруына, қант диабетіне, семіздікке ұшыраған тұлғаларға. Мұндай нан ағзаны жалпы нығайту және сауықтандыруға арналған. дәннің көпіршіктендірілген массасы нан өнімдерінің рецептурасындағы ұнның орнын жартылай басады. Мұндай нан өнімдеріне дәннан жасалған нандар, мәселен бидайдың өніп кеткен дәнінен пісірілген «Довольство» наны, «8 злаков» наны (құрамына ұнның 8 түрі мен дәннің 8 түрі кіреді).
Құрғақ қоспалармен қамыр дайындау
– бидай ұны немесе ұндардың қоспаларына қосымша шикізаттарды (құмшекер, қант ұнтағы, тағамдық ас тұзы, жұмыртқа ұнтағы, басқа да шикізат түрлері) қосып, жасалады. Қопсытқыштар ретінде құрғақ ашытқылар мен химиялық қопсытқыштар қолданылады.
Құрғақ қоспалардан дайындалған қамырды қуаттылығы аз кәсіпорындарда әзірлеуге ұсынылады. Оларды қолдану дайын өнімнің технологиялық үдерісін жылдамдатады. Құрғақ қоспалармен бидай ұнының қамырын дайындау технологиясы мынадай сатылардан тұрады: қоспалар мен судың қажетті мөлшерін өлшеу, қамырды илеу, қамырдың иінін қандыру немесе қамырды ашыту. Нан пісіру өндірісінде бидайдың дәнін қайта өңдеуге арналған азық-түліктерден тұратын қоспалар немесе жарма дақылдардан жасалған ұн пайдаланылады. Оларға тағамдық талшықтармен байытылған бидай ұны, «Докторская»; жарма дақылдар қосылған үйлесімді ұн қоспалары жатады. Үйлесімді ұн қоспалары үш компоненттен тұрады: бірінші сұрыпты бидай ұны (65%), кебекті қарабидай ұны (15%) және жарма ұны (20%). Шағын көлемді нан, жұқа құймақ пен құймақ қоспаларын дайындау үшін жарма ұны араласқан бидай ұны пайдаланылады. МемлНПҒЗИ мамандары көпсатылы бидай ұйытқыларының жаңа түрлерін ойлап тапты. Оларға кешенді, ацидофильді, ашытқылы және пропионды түрлері жатады. Құрамының негізгі бөлігін сүтті-қышқылды және пропионқышқылды бактериялар мен ашытқылар құрайды. Олар споралы бактериялар мен зеңдердің өсуін тежеп, картоп ауруының дамуының алдын алады.
Қамырды дайындаудың бірсатылы тәсілі дегеніміз – қамырды рецептураға сәйкес шикізаттардан бір рет қана илейді. Бірсатылы тәсілмен қамырды дайындаудың екі жолы бар: дәстүрлі және жылдамдатылған (ашытқысыз тәсіл). Қамыр ашытқысыз қамыр дайындаудың дәстүрлі тәсілі арқылы қамыр жоғары және бірінші сұрыпты бидай ұнынан бөлішке және майқоспалы нан өнімдерінің өндірісінде пайдаланылады. Қамыр ашытқысыз қамыр дайындау тәсіліне жұмсалатын баспаланған ашытқылар ұнның массасынан 2...2,5%-ға көбейіп, қамырды барынша аз уақыт ішінде қопсытады.
Қамыр ашытқысыз иленген қамырды баспаланған (1...1,5%) және сұйық (8...15%) ашытқылардың қоспасында дайындайды. Қамыр ашытқысыз дайындалған қамырда ашыту және жетілдіруге арналған азық-түліктер мөлшері аз болады. Құрамында қышқылдар, хош иістендіргіштер мен демдеме бар сұйық ашытқылар нанның сапасын жақсартады. Сұйық ашытқылардың орнына белсендендірілген ашытқыларды қолдануға немесе қамырды илеу кезінде жетілдірілген қамырдың белгілі бір мөлшерін қосуға болады. Дәстүрлі қамыр ашытқысыз тәсілмен қамыр дайындау үздіксіз және қайтамала тәсілдермен жүзеге асырылады. Дәстүрлі қамыр ашытқысыз қамыр дайындаудың үзіліссіз тәсілі үздіксіз әрекет ететін агрегатта бөлішке өнімдерін дайындау барысында қолданылады. Қайталама тәсілмен қамыр доңғаланған кеспектері бар нан илейтін машиналарда дайындалады. Кеспекке су, тұз және қант ерітіндісін, ерітілген майды мөлшерлеп салып, илеу барысында ұн мен ашытқы суспензиясын ақырындап қосып отырады.
Ашытқылар тұзбен және құрамында май бар заттармен тікелей араласпауы керек.
Себебі олар ашытқы жасушаларына кері әсер етеді.
Қамырды 10...15 минут бойы біртекті масса алынғанша араластырады. Қамырдың бастапқы температурасы – 29...30°С, ашу ұзақтығы – 2,5...3,5 сағат. Қамырдың ашуы барысында оны 2 рет иінін қандырады: бірінші рет 50...60 минут өткесін, екіншісі – қамырды бөлшектерге бөлуден 30...40 минут бұрын.
Жылдамдатылған ашытқысыз тәсілмен қамыр дайындау дегеніміз – қамырды 30...40 минут ішінде ашыту деген сөз. Оған қамырға жақсар- тушылар қосып, және технологиялық үдерісті жүргізудің ерекшеліктерін ескере отырып, қол жеткізуге болады. Қамырды дайындаудың бұл тәсілі данасы аз майқоспалы нан өнімдерін дайындау өндірісінде пайдаланылады. Қамырдың жетілуін жылдамдату үшін баспаланған ашытқылардың шығынын ұнның массасынан 0,5...1%-ға көбейтіп, қамырдың бастапқы температурасын 32...35°С-қа көтеріп, сүттің сарысуын нан өнімінің хош иісі мен дәмін жақсарту мақсатында пайдаланып, алдында иленген ашыған қамырдың бір порциясы мен жақсартушыларды пайдаланып, қамырды қарқынды түрде илеу керек. Нан пісірудің прогрессивті технологиясын дамыту бойынша отандық және шетелдік тәжірибелер қамырды илеу үдерісін жылдамдату, қамырды ашыту мен иінін қандыру секілді әрекеттерге негізделген. Оның құрамында мына әрекеттер бар:
Қамырды бірсатылы тәсілмен жылдам дайындау . Нан илейтін машинаға белгіленген рецептура бойынша барлық шикізатты салып, қарқынды тәсілмен илейді. Қамырды дайындау үшіг мальтозалық белсенділігі жоғары немесе қарапайым баспаланған ашытқының құрамын байытатын ашытқылар пайдаланылады. Қарқынды түрде иленгеннен кейін қамыр 20...25 минут иіні қандырылып, содан кейін ғана бөлшектерге бөлінеді.
Қамырды екі сатылы дайындау . Алғашында 80% ұн, 2% баспаланған ашытқы мен майдан тұратын қою қамыр ашытқыны белгіленген рецептура бойынша қарқындылық тәсілмен араластырады. Қамыр ашытқының бастапты температурасы – 25...26°С, ылғалдылығы – 38...40%, ашыту ұзақтығы – 180...200 мин. Қамырды қалған ұннан (20%) және қосымша шикізаттардан қарапайым тәсілмен илеп, ашытпастан, бөлшектерге бөлінеді.
Қарқынды («салқын») технологиямен қамыр дайындау. қамырға илеу барысында белгіленген рецептура бойынша барлық компоненттер қосылады. Ашытқының мөлшерін нормамен салыстырғанда, 4...5%-ға көбейтеді. Қамырды қарқындылық тәсілімен илейді. Отандық «Эффект», «Экстра», «Амилокс» немесе импортты «Форекс» жақсартушыларын қосқан жөн.
Жақсартушылардың мөлшерін өндіруші-фирма белгілейді, әдетте ұнның массасының 0,1...1%-н құрайды. «Салқын» технологияның ерекшелігі – қамырдың бастапқы температурасынан 23...24°С жоғары емес темпе- ратурадағы (әдетте 18...20°С) судың қосылуы. Иленгеннен кейін қамыр 20...25 минут иіні қандырылып, бөлшектерге бөлінуге жөнелтіледі.
Шетелдік технология бойынша жылдамдатылған тәсілмен қамыр дайындау
– қамырды илеудің жылдамдатылған механикалық тәсіліне негізделген. Нан өнімінің рецептурасына майдың аз мөлшері, былайша айтқанда, 80...90% өсімдік майынан, 20...10% сутектендірілген май мен 5% эмульгатордан, аскорбин қышқылы мен басқа да шикізаттардан тұратын шортенинг қосылады.
Тоңазытылған қамырды дайындау . Тоңазытылған қамырды дайындау технологиясы шикізаттың, әсіресе ұн мен ашытқының жоғары сапалы болуын талап етеді. Ашытқының мөлшері рецептурада берілген мөлшерден 50...75%-ға көп болуы керек. Қамырды илеудің «салқын» тәсілін қолданған жөн, тоңазытылғанға дейін қамырдың кез келген ферментациясын болдырмаған дұрыс. Қамырды қарапайым немесе қарқынды тәсілдермен нан илейтін машиналардың кез келген типінде илеуге болады. Қамырды дайындауға арналған судың температурасы – 5°С-дан жоғары болмағаны дұрыс. Судың орнына қабыршақты мұз пайдалануға болады. Қабыршақты мұзды алу үшін мұзгенераторлары арқылы дайындалады. Температурасы 5°С суды алу үшін суды мұздатаын қондырғы пайдаланылады. Қамыр 10...15 минут ішінде ашиды, содан кейін бөлшектерге бөлінуге жіберіледі. Бөлшектерге бөлу үшін 20...30 минут жұмсалады. Қамыр дайындамаларын -35...-38 °С температурада тоңазытады. Қамыр дайындамаларының ортасына дейінгі -7...-10°С температурада қамырды тоңазыту ұзақтығы – 60...120 минут. Тоңазытылған қамыр дайындамалары -16.-18°С температурада 4...18 апта бойы сақталады, ал -10.-15°С температурада небәрі 9 тәулік сақталады. Қамырды өндірістің әртүрлі кезеңдерінде тоңазытуға болады: қамыр бөліктерге бөлінгеннен кейін ашып кетпесі үшін қамыр дайындамаларының пішінін жасаған соң. Нан өнімінің бір бөлігін пісіріп, тұтынушыларға дайын нан өнімдерін жеткізу қарқындылығын қамтамасыз ету үшін қалған бөлігін жақсы сақталуы үшін тоңазытып қойған дұрыс. Тоңазытылған жартылай фабрикаттар жіберіледі: дайын өнімдерді өндірушілерге;
сауда желілеріне; нан пісіретін кәсіпорындарға нан-тоқаш өнімдерін дайындау үшін тікелей. Қамырды дайындаудың прогрессивті тәсілдерінің артықшылықтары мынадай: қамырды илеу барысында судың мөлшерін көбейту есебінен нанның шығымын көбейту, қамырдың суды сақтаушы қабілетін жоғарылату және құрғақ заттардың ашыту қабілетін төмендетілуі; нан пісіруге икемділік қасиеті төмен ұнды қайта өңдеуден өткізу мүмкіндігі; қамыр дайындамаларының қамырды бөліктерге бөлетін машиналарда бөліктерге бөлінуі барысында массасын нақты бөлінуі;
өндірістік алаңдардың еңбекшығынын және үнемділігін төмендету; өндірістің маневрлік қабілетін жоғарылату, сұрыптан сұрыпқа өту қабілетін жеңілдету, өндірістің жұмысын бір немесе екі ауысымда ұйымдастыру мүмкіндігі.
Қарабидай ұнының ассортиментінде қарапайым және жақсартылған сұрыптар болады. Бұл сұрыптар қарабидай ұнынан немесе қарабидай және бидай ұнының қоспасынан жасалады. Қарабидай ұнының наны бидай ұнының нанынан рецептурасы мен қамырды дайындау тәсіліне қарай ажыратылады. Нан пісіруге икемділік қасиетіне қарай қарабидай ұны бидай ұнынан өзгеше болып келеді. Қарабидай ұнында амилолитті ферменттер, а және р-амилазалар бар. Олар нанның пісуі кезінде қамырдың құрамындағы крахмалға әсер етіп, нанның жұмсақ бөлігіне жабысқақтық пен піспей қалған сияқты белгі беретін декстриндерді ыдыратып тастайды. Қарабидай ұнының ақуыздары суда көпсіген кезде ұлпалық туындатпайды. Бұны қарабидай ұнының қамырының газ сақтаушы қабілетінің жоғары екендігімен түсіндіруге болады. Сондай-ақ қамырды илегенде ақуыздардың бір бөлігі ерітінді күйге түседі, яғни ешксіз көпсіп кетеді. Сондықтан қарабидай ұнының қамырында суда ерігіш заттар мен еркін ылғал көп болады. Крахмалға әсер ететін амилолитті ферменттердің белсенділігін төмендетіп, ақуыздардың ерітінді күйіне түсіп кетуіне жол бермеу үшін қарабидай ұныныцң қышқылдығын 10...12 градқа едйін жоғарылатады. Қарабидай ұнының жоғары дәрежедегі қышқылдығы қарабидай ұнының ақуыздарына әсер етіп қоймай, оның нан пісіруге икемділік қасиетін жақсартады. Сондай-ақ қамыр құрамында және дайын нан өніміндегі бүлінуді тудыратын микроағзалардың дамуын тежейді. Жоғары қышқылдыққа қол жеткізу үшін қарабидай ұнының қамырын таза дақылдардан жасалған ұйытқы мен сүтті-қышқылды ашытқылардың көмегімен (арасалмағы 80:1) илейді. Яғни қарабидай қамыры жетілдірілгенде сүтті-қышқылды бактериялар маңызды рөл атқарады. Қарабидай ұйытқысын ашытатын қопсытқыштар ретінде өмір сүруге қолайлы температурасы 30°С-тық
Saccharomyces cerevіsіae
ашытқылары мен температурасы 25°С
Saccharomyces mіnor
ашытқысы қолданылады.
Saccharomyces mіnor ашыт- қысы қышқылдық тұрақтылығымен ерекшеленеді. Ашытқы ұнмен, сумен бірге ұйытқыға еніп, ұйытқы ішінде көбейеді. Қышқыл түзетін бактерияларға гомоферментативті (шынайы) және гетероферментативті (жалған) сүтті-қышқылды бактериялар кіреді.
Гомоферментті сүтті-қышқылды бактериялар ашыған кезде сүтті қышқылды түзеді. Қамырды қопсытуға қатыспайды, себебі газ түзбейді. Гетероферментті бактериялар сүтті қышқылмен бірлесіп, ұшпа қышқылдар (сірке, құмырсқа, алма т.б.) мөлшерін, сондай-ақ көміртек диоксиді мен спирттің аз бөлігін көбейтіп, нанның иісі мен дәмін жақсартады. Осы топқа жататын бактериялар қышқылтүзіп қоймай, қарабидай қамырын қопсытуда маңызды рөл атқарады.
Консистенциясына қарай ұйытқылар қою және сұйық болып бөлінеді. Ұйытқы қамыр ашытқыдан дайындалу тәсілі мен қолданылуы тәсіліне қарай ажыратылады.
Ұйытқыны дайындауда екі цикл болады: езетін және өндірістік.
Езетін цикл
– өндірістік ұйытқының сапасы төмендесе, яғни олардың көпсіту күші төмендеп, қышқылдығы артса, ұйытқыны қайтадан дайындау үдерісін білдіреді.
Езетін цикл бойынша ұйытқыны бірнеше сатылай дайындап, ұнды ортада ашытқы жасушалары мен сүтті-қышқылды бактерияларды көбейтеді. Бірінші сатыны дайындау үшін ашытқылардың таза дақылдары, сүтті-қышқылды бактериялар мен қоректі орта керек. Қоректі орта су мен ұннан, кейде демдеменің қосындысынан тұрады. Ашытқыш микрофлораның таза дақылдарының орнына баспаланған ашытқыларды және жетілген ұйытқының белгілі бір порциясын пайдалануға болады. Жетілген ұйытқы құрамында сүтті-қышқылды бактериялардың көп мөлшері болады. Содан кейін арасы 3...4 сағат үзіліс
жасап, ұн араластырылып, көпсіту күші мен қышқылдығы өндіріс белгілеген дәрежеге жеткен ұйытқы шыққанша қосып отырады.
Өндірістік цикл дегеніміз – қолданылып отырған ұйытқыны үздіксіз пайдалану мен орнын толтырып отыру. Қамырды илеу үгін ұйытқының 50...70%-ы алынғаннан кейін, қалған бөлігіне ұн, су және әртүрлі қоспа- лардан жасалған қоректі зат қосылып, ұйытқының сапасы жақсартылады. 3...4 сағат ашығаннан кейін дайын ұйытқы шығады. Ұйытқының сапасын көрсететін белгі – оның көпсіту күші (қалқып шығатын шар тәсілі бойынша 17...25 минут) мен қышқылдығы (10...16 град). Сұйық қарабидай ұйытқысы ерекше тартылған, кебекті қарабидай ұны мен қарабидай және бидай ұнының қоспасынан дайындалған қамырдың нанын (асханалық, «Орловский» т.б.) пісіру үшін пайдаланылады. Сұйық ұйытқылар қамырды дайындау үдерісін механизациялауға және автоматтандыруға мүмкіндік береді. Сұйық ұйытқымен дайындалған нанның құрамында хош иістендіргіш және дәм үстегіш заттар болады әрі нан баяу кебеді. Езетін циклда ұйытқы ашытқының таза дақылдары мен сүтті-қышқылды бактериялар немесе құрғақ лактобактеринаны қолдана отырып, сондай-ақ қанттандырылған ұн ұйытқыларын пайдалана отырып, дайындалады.
Сұйық қарабидай ұйытқысы әртүрлі сызбалар бойынша жасалады.
Иванов сызбасы
бойынша езетін цикл кезінде ашытқылардың таза дақылдары мен гетероферментті сүтті- қышқылды бактериялар қолданылады. Оны дайындауға қолайлы қоректік орта – қанттандырылған ұн ұйытқысы, су және ұн. Ұйытқы 2 сағат бойы 30...35°С температурада ашиды. Оның ең ақырғы қышқылдығы – 9,5...11 град, құрамындағы ылғалдың мөлшері – 78...80%, көпсіту күші – қалқып шығатын шар тәсілі бойынша 17...25 минут. Ленинградтық сызба бойынша ұйытқының ылғалдылығы – 70...75%, қышқылдығы – 9...11 град, көпсіту күші – 30...35 минут, ашыту ұзақтығы – 2...2,5 сағат болады. Мытищинск сызбасы бойынша ұйытқы дайындаудың көрсеткіштері мынадай: ылғалдылығы – 82...83%, қышқылдығы – 10...14 град, көпсіту күші – 25...30 минут, ашу ұзақтығы – 2...3 сағат, ал температурасы – 29...30°С болады. Қамырды дайындау үшін сұйық ұйытқының бір бөлігі, су, тұз ерітіндісі мен ұн пайдаланылады. Қамырдың бастапқы температурасы – 30°С, ылғалдылығы ұнның сұрыпына байланысты – 51...52%. қамыр 1,5 сағат ішінде 9...10 град қышқылдыққа дейін ашиды. Қамырды жылдамдатылған тәсілмен дайындауға болады. Бұл жағдайда ұйытқының мөлшерін 80%-ға дейін көбейтеді. Ұйытқымен бірге қамыр құрамына шамамен 25...35% ашыған ұн түседі. Қамыр 30...60 минут ішінде ашиды. Жылдамдатылған тәсіл қарабидай және бидай ұнының қоспасынан дайындалған қамыр үшін пайдаланылады. Жылдамдатылған тәсіл бойынша дайындалған қарабидай ұнының қамыры қажетті қышқылдыққа жете бермейді, сондықтан қамырдың температурасын жоғарылатып, қарқынды илеу тәсілін қолданған жөн. Қарабидай ұнының қамырын құрғақ ұйытқы арқылы жылдамдатылған тәсілмен дайындағанда, қамырды жетілдірудің микробиологиялық, коллоидті және биохимиялық үдерістері қарқындалады. Оған қамырды құрғақ ұйытқылар, нан құрамын жақсартушылар мен қышқылдандырушылар т.б. қоса отырып илеу арқылы қол жеткізуге болады. Қамырға құрамында қамырды ашытатын өнімдер, табиғи қышқылды және басқа да компоненттер бар құрғақ ұйытқыларды қосқанда, қамырдың қышқылдығы жоғарылайды. Құрғақ ұйытқыларды қолдану нанның дәмі мен иісін жақсартып, қамырды ашу ұзақтығын төмендетуге мүмкіндік береді. Отандық тағамдық қоспалардан қарабидай ұнынан жасалған нан өнімдеріне «Цитрасол», «Аграм» секілді құрғақ ұйытқылар, нанның қайнатылып жасалатын түрлерін пісіруге арналған құрғақ ұйытқы қосуға болады.
Құрғақ ұйытқыны сұйық ұйытқыларды жаңарту үшін және сұйық ашытқыларды дайындау барысында да қолданып жатады. Испортты тағамдық қоспалар ішінде ұнтақ түріндегі қышқылдандырғыштар қол- данылады. Олар: «Форшрит», Р22 (Германия), ИБИС (Франция), PS2 (Бельгия), ал паста түріндегі қоспалардан – ВАЗ (Австрия) және т.б. Қою ұйытқылармен дайындалған қамыр кебекті және ерекше тартылған қарабидай ұнынан, сондай-ақ қарабидай мен бидай ұнының қоспасынан жасалады. Қою ұйытқының ылғалдылығы – 45...50%, қышқылдығы – 11...14 гради(қарабидай ұнының қышқылдығы – 13...16 град) , көпсіту күші – 20...25 минут (қалқып шығатын шар тәсілі бойынша) болуы керек. Қою ұйытқы екі циклмен дайындалады: езетін және өндірістік.
Езетін циклді мына тәсілдермен жүзеге асыруға болады: алдын ала дайындалған жетілген ұйытқы мен баспаланған ашытқылар арқылы; сүтті-қышқылды бактериялардың таза дақылдары мен ашытқылар арқылы; құрғақ лактобактерин арқылы. Езетін цик үш сатыдан тұрады: ашытқылы, аралық және негізгі ұйытқылы. Негізгі ұйытқы арқылы өндірістік ұйытқы жасалады. Ашытқы ұйытқысын дайындау үшін ұнның аз ғана мөлшері мен су, алдын ала дайындалған өндірістік ұйытқының бір бөлігі, баспаланған ашытқылар араластырылады немесе ашытқылар мен сүтті-қышқылды бактериялардың таза дақылдары қолданылады. Ашытқы ұйытқысының бастапқы температурасы – 25...26°С, ол 4 сағат бойы 10...11 град қышқылдыққа дейін ашиды. Ашығаннан кейін ұйытқыны 2-3 бөлікке бөледі. Әрбір бөлікті сумен және ұнмен араластыра отырып аралық ұйытқыны алады. Аралық ұйытқы 4 сағат ішінде 26...27°С температурада 11...13 град қышқылдыққа дейін ашиды. Осындай тәсілмен аралық ұйытқыдан негізгі ұйытқы алынады. Негізгі ұйытқы 4 сағат ішінде 27...28°С температурада 14...15 град қышқылдыққа дейін ашиды. Езетін циклында ұйытқыны дайындау барысында оның температурасын 25...28°С-қа дейін жоғарылатады. Төмен температурада ашытқылар жылдам көбейіп, ал жоғарыласа сүтті-қышқылды бактериялар көбейеді. Езілетін циклдың әрбір сатысында қышқылдың жинақталуының нәтижесінде ұйытқының ақырғы қышқылдығы жоғарылайды. Егер езілетін циклда ұйытқыны дайындау құрғақ лактобактеринді (сүтті-қышқылды бактериялардың биомассасының сусыздандырылған сублимациясы болып табылатын) қолдана отырып жүзеге асса, цикл басталар алдында лактобактериндер мен ашытқылар белсендендіріледі. Лактобактерин сары түсті майда кеуекті таблеткалар түрінде болып, 1 г лактобактеринде 10 млрд сүтті-қышқылды бактерияның тірі жасушалары кездеседі. Өндірістік цикл қолданылып жатқан ұйытқыны үздіксіз қолдана беру және қайта қалпына келтіру дегенді білдіреді. Негізгі ұйытқыны үш бөлікке бөледі. Екеу қамырдың екі кеспегін дайындау үшін қолданылады. Бұл үшін ұйытқыны сумен, тұз ерітіндісі және ұнмен араластырады. Оның бір бөлігін ұйытқыны қайта қалпына келтіру үшін қолданылып, ұнды қоректі зат қосылады. Қамыр 10,5 сағат бойы 10...12 град қышқылдыққа дейін ашиды. Ұйытқы әрбір 3...4,5 са,ат сайын тәулік бойы іріктеліп отырады. Себебі бұл аралықта сүтті-қышқылды бактериялар мен ашытқы белсенді қалыпта болады. Қамыр дайындайтын агрегаттар қолданылса, жетілген ұйытқының 50...60%-ы қамырды илеуге үздіксіз түсіп отырады. Ал қалған бөлігі ұйытқыны қайта қалпына келтіру үшін пайдаланылады. Ұйытқы үздіксіз әрекет ететін машинада 5...7 минут бойы араластырылып, иленеді. Оған үздіксіз су, ұн және жетілген ұйытқы қосылып отырады, араластырылған ұйытқы ашытуға арналған бункердің әрбір секциясына ретпен түсіп, 3,5...4 сағат тұрып ашиды. Соңғы секцияға түскенде біріншісі ұйытқыға қайта толып отырады. Ашыған ұйытқы иірме қоректендіргішке түсіп, қалақты айдағыш құрал арқылы оның бір бөлігі құбыр арқылы қамыр илейтін машинаға түсіп, үздіксіз иленіп тұрса, екінші бөлігі келесі құбыр арқылы ұйытқының жаңа порциясын дайындау үшін илейтін машинаға оралып отырады. Қамыр
Ұн Ұн илейтін машинаға қамырды илеу үшін ұйытқыдан басқа мөлшерленген су, тұз ерітіндісі, ұн және басқа да шикізаттар рецептураға сәйкес салынады. Қамыр қарқынды түрде 5...7 минут бойы араластырылып, құбырлар арқылы қамырды бөліктерге бөлетін қондырғыға жөнелтіледі. И8-ХТА-6 үздіксіз әрекет ететін бункерлік агрегатта қарабидай ұнынан қою ұйытқы арқылы қамыр дайындаудың сызбасы 6.4. суретте сипатталған.
Сурет 6.4. И8-ХТА-6 үздіксіз әрекет ететін бункерлік агрегатта қарабидай ұнынан қою ұйытқы арқылы қамыр дайындаудың сызбасы
1
– өлшеуіш станциялар;
2
– ұнның дозаторы;
3
– қамыр илейтін машиналар;
– иірме қоректендіргіштер;
5
– ұйытқыны ашытуға арналған бункер;
6
– қамырды бөліктерге бөлуші қондырғы
Нанның ең жақсы қайнатпалы сұрыптарына қайнатылып піскен нан, «Бородинский», «Карельский», «Деревенский», «Ароматный» т.б. нан өнімдері жатады. Олар қарабидай сұрыпты нан өнімдерінен рецептурасы жағынан ерекшеленеді. Олардың рецептурасында уыт, сірне, дәмдеуіштер болады. Сондықтан иісі мен дәмі өзіне тән ерекше болады, әрі қыртысы қоңыр түсті болып піседі. Ал қамыры демдеме немесе ұйытқы қосу тәсілдерімен дайындалады. Қайнатып пісірілген нан өнімдерінің қамыры үш саты арқылы дайындалады: демдеме, ұйытқы және қамырдың өзі. Демдемені дайындау үшін ферменттелген уыт, дәмдеуіштер, су және ұн пайдаланылады. Дәмдеуіштер тыңғылықты майдаланып, содан кейін уытпен, температурасы 40...50°С судың аз ғана мөлшерімен араластырылады. Массаны 30...40 минут уыт пен дәмдеуіштің құрамындағы хош иістік және дәм үстеуші заттар ерітінді күйіне түскенше, ұстайды. Содан кейін ғана ұн қосып, үздіксіз араластыра отырып температурасы 95...98°С ыстық су қосады. Қайнатылған масса шығады, бастапқы температурасы 63...65°С болуы керек. Бұл температура крахмалдың ұлпалануы және ұн мен уыттың амилолитті ферменттерінің әрекет етуі үшін қолайлы болып саналады. Демдеме 1,5...2,5 сағат ішінде қанттанады. Ұлпаланған крахмал амилолитті ферменттердің әсерінен мальтозаға айналады. Демдемеде мальтозаның мөлшері – 30...35% болып, дәмі тәттіленеді. Содан кейін демдемені 30...35°С-қа дейін салқындатады. Демдеме нанның иісі мен дәмін жақсартады, кеуіп кетуін тежейді. Салқындатылған қанттанған демдемені қамыр дайындау үшін пайдаланады. Демдеме қою консистенциялы болады, әрі қарапайым әдіспен дайындалады (4.8. тараушаны қараңыз). Қамырды дайындау үшін кеспекке демдеменің белгілі бір бөлігін, ұйытқыны араластырады. Содан кейін су, тұз ерітіндісі мен шикізатты рецептураға сәйкес басқа да
қосады. Сосын машинаны іске қосып, үздіксіз араластыра отырып, ұн салады. Қамырды біртекті масса шыққанша араластырып, илейді. Қамырдың бастапқы температурасы – 30...31°С, ал ашу ұзақтығы – 1,5 сағат болуы керек. Егер дәмдеуіштер (зире, күнзе) нан өнімінің үстіңгі жағын әрлеуге пайдаланылса, оларды майдалап, ұнтақтаудың қажеті жоқ. «Бородинский» нанының қамырын дайындаудың өндірістік рецептура мен технологиялық тәртібі 6.2. кестеде көрсетілген.
Кесте 6.2.
«Бородинский» нанының қамырын дайындаудың өндірістік рецептура мен
технологиялық тәртібі
Шикізаттар мен дайындау тәртібі
Рецептурасы (қамырдағы 100 кг ұнға шаққанда)
Демдеме
Ұйытқы
Қамыр
Демдеме, кг
76
Ұйытқы, кг
14
40
Ерекше тартылған қарабидай ұны, кг
16-ға дейін
15
41
Екінші сұрыпты бидай ұны, кг
15
Ферменттелген қарабидай уыты
5
Құмшекер, кг
6
Су, л
55
11
Есеп бойынша
Түз, кг
1
Сірне, кг
4
Күнзе, кг 0,3
0,2 үстіңгі бетін безендіру үшін
Бастапқы температурасы,
°С
63...65
29...30
30...31
Қанттану немесе ашу ұзақтығы, сағ
1,5...2
3,5...4
1,5...2
Ең ақырғы қышқылдығы, град
14...15
8,5...10
Бұл қамырдан «Украинский», «Украинский новый», «Орловский», асханалық, «Славянский», «Дарницкий» т.б. нан түрлері пісіріледі. Айталық, «Украинский» кебекті қарабидай ұны мен ерекше тартылған бидай ұнынан жасалады. Осы өнімдердегі нанның арасалмағы мына мөлшерде өзгере алады: кебекті қарабидай ұны – 20...80%, ерекше тартылған бидай ұны – 80...20%. Асханалық ұны 50% кебекті қарабидай ұны мен 50% екінші сұрыпты бидай ұнынан дайындалады.
Осы сұрыптардың қамырлары қою және сұйық ұйытқыларда дайындалады.
Ұйытқыны дайындау үшін қарабидай ұнын пайдаланады, ал бидай ұнын илеп жатқанда қосады. Қарабидай ұнында ұйытқыда көбеюі тиісті ашытқылар мен сүтті-қышқылды бактерияларға қажетті суда ерігіш заттар көбірек болады. Қамырды илегенде бидай ұнын қосқанда ұлпалықтың физикалық қасиеттері жақсы сақталады. Рецептурадағы тұз, құмшекер, бидай ұны мен басқа да шикізаттар қамырды илеу барысында біртіндеп қосылып отырады. Рецептурасында 50% не одан да көп мөлшерде ұн бар нанның (мәселен, асханалық, жаңа «Украинский» т.б.) қамыры әдетте, қамыр ашытқы арқылы дайындалады. Олар бұрын дайындалып қойған қамыр ашытқының белгілі бір порциясын, ашытқы мен 50% ұнды араластыра отырып, бидай ұнынан жасалады. Бұндай қамыр ашытқы 3...3,5 сағат ішінде ашиды, ең ақырғы қышқылдығы – 9 градқа жетеді. Қарабидай ұны мен басқа да шикізаттар қамырды илеу кезінде біртіндеп қосылады.
Қамыр 1 сағат ішінде қышқылдығы 8 градқа жеткенше, ашиды.
Бақылау сұрақтары:
VІІ-ТАРАУ
НАН ПІСІРУ ӨНДІРІСІНІҢ ШЫҒЫНЫН ҚЫСҚАРТУ
пайдалану
Қайта өңдеуге жіберілген немесе
қайтарылған қалдықтар
– өндіріс орнында немесе сауда орталықтарында бүлініп, жарамсызданып, нан зауыттарында қайта өңдеуге жіберілетін өнімдер. Жалпы, нан өнімдері тағамдық тұрғыдан сапалы, ауру белгілері мен бөтен қоспалары болмауы керек. Қайта өңдер алдында олар мұқият тексеріліп, күйіп кеткен қыртыстары кесіліп алынып, кірден тазартылып, нан жібітіндісіне, нан немесе кепкен үгітінділерге қайта өңделеді.
Нан жібітіндісі
– нан пісіру өндірісінің жартылай фабрикаты, жібіген және үгілген наннан алынады. Жібіндінің ылғалдылығы – 75... 80%. Оны дайындау барысында нанның бір бөлігіне екі есе көп су пайдаланған дұрыс. Жібіндіні жібінді үгітетін машинада дайындайды. Машинаның шұңқырына нанмен бірге температурасы 25...30°С су құйылады. Машинадан шығар алдында нан массасы сүзгіден өтіп, жібімеген нан қалдықтары ұсталып қалады. Шағын кәсіпорындарда нан кеспекке салынып, жібітіледі немесе қолмен металл сүзгі арқылы үгітіледі.
Жібітіндіні бір ғана ауысым барысында қолданып тастаған жөн, себебі ол тез ашып кетеді. Жібітіндіні жоғары және бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нан өнімдері үшін қолдануға болмайды. Себебі жібітінді нанның жұмсақ бөлігін қарайтып, тіпті қышқылдығын арттырып жібереді. Жібітінді құрамында ұлпаланған крахмал, суда ерігіш заттар мен қышқылдар болады. Сондықтан ол қарабидай ұнынан пісірілген нан өнімдерінің сапасын жақсарта алады. Жібіндіні қамырды илегенде қосып жібереді, немесе кейде сұйық ұйытқылар үшін қоректі зат ретінде қолданады.
Нан үгітіндісі
– нан пісіру өндірісінің жартылай фабрикаты. Ол қайтарылған қалдықтарды алдын ала суда жібітпей-ақ, арнайы үгіту машинасында үгіту арқылы алынады.
Кепкен нанның үгітіндісі (ұны) – бүлінген нан өнімдерінің тілімдерін кептіріп, сосын үгіту арқылы алынады. Нан немесе кепкен нанның үгітіндісі қолданар алдында ұяшықтарының диаметрі 3...4 мм елек арқылы еленіп, магнитұстағыш құралдар арқылы тазаланады. Оны қамыр ашытқыға немесе ұйытқыға қосады. Құрамында майқоспалы заттары бар нан немесе кепкен наннан алынған үгітінді дәл сол нан өнімдерін өндіру барысында қолданады. Әйтпесе, рецептура бұзылады. Бидай ұнынан пісірілген нан-тоқаш өнімдері қайта өңдеуге жіберілсе, жібітінді, нан немесе кепкен нан үгітіндісі түрінде пайдаланылады. Бидай ұнынан піскен нан өнімдерінің қалдықтары сол сұрыптағы ұнға немесе тіпті сұрыпы одан да төмен ұндарға, не қарабидай мен бидай ұнының қоспасына ғана қолдануға болады. Қамыр дайындау барысында қолданылатын нан жібітіндісі, нан және кепкен нан үгітіндісінің шектеулі нормасы 7.1. кестеде сипатталған.
Кесте 7.1.
Қамыр дайындау барысында қолданылатын нан жібітіндісі, нан және кепкен нан үгітіндісінің шектеулі нормасы
Нан өнімінің түрі
Ұнның массасына шаққандағы шектеулі норма, %
Нан жібітіндісі
Нан үгітіндіс і
Кепкен нан үгітіндісі
Ерекше тартылған қарабидай ұнынан піскен нан
10
5
3
Кебекті және еленген қарабидай, қарабидай-бидай, бидай-қарабидай және ерекше тартылған бидай, қарабидай және сұрыпты бидай,ерекше тартылған және еленген бидай ұндарынан піскен нан
5
3
2
Екінші сұрыпты бидай ұнынан піскен нан 2,5
3
2
Бірінші сұрыпты бидай ұны мен бірінші және екінші сұрыпты бидай ұнының қоспасынан піскен нан
2
1
1,5
Жоғары сұрыпты бидай ұнынан піскен нан
1
Екінші сұрыпты бидай ұнынан піскен тоқаш өнімдері
3
2
Бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген тоқаш, майқоспалы және баранка өнімдері
2
1,5 Жоғары сұрыпты бидай ұнынан пісірілген тоқаш, майқоспалы және баранка өнімдері
1,5
1
Бірінші және екінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған кепкен нан өнімдері
5
2
Жоғары сұрыпты бидай ұнынан жасалған кепкен нан өнімдері
3
1,5
Нана пісіруге икемділік қасиеті төмен ұндар: тасбақа-қандаладан зақымданған дәннен; өніп кеткен дән қосылған дәннен; үстіген дәннен; жоғары температурада кептірілген дәннен шығады.
Тасбақа-қандаладан зақымданған дән қосылып кетіп, диірменнен иленген ұннан жабысқақ, тез сұйылып кететін, бөліктерге нашар бөлініп, толықсыту кезінде жайылып кететін қамыр шығады. Мұндай ұннан пісірілген нанның кемістіктерінің алдын алу үшін оны (ұнды) қуаттылығы күшті ұнмен араластырады. Ал қуаттылығы күшті ұнды қамыр ашытқыны илеу үшін пайдалану керек, ал қуаттылығы әлсіз ұнды қамырға қосу керек. Қамырды дайындаудың технологиялық тәртібі протеолитті ферменттердің белсенділігін төмендету және ұлпалығының физикалық қасиеттерін жақсартуға
негізделген. Сондықтан қамыр ашытқының ылғалдылығын – 2...3%-ға төмендетсе, қамырдың ылғалдылығын – 1%-ға төмендету керек. Сондай-ақ жартылай фабрикаттардың температурасын 2...3°С-қа төмендетіп, қамыр ашытқыдағы ашытқының мөлшерін 2 есеге көтеріп, қамырдың қажетті дәрежеде қопсуын қамтамасыз ету керек. Қамыр ашытқы ашыған соң қамырдың ашу ұзақтығы күрт қысқарады, ал жартылай фабрикаттардың қышқылдығы 1...2 градқа жоғарылап, протеолитті ферменттердің әрекеті баяулайды. Жартылай фабрикаттардың қышқылдығын көтеру үшін сұйық ашытқылар, жетілдірілген қамыр ашытқының белгілі бір порциясы немесе арнайы ұйытқылар пайдаланылады. Ал қамыр ашытқыға тұздың белгілі бір мөлшерін қосады. Қамырды илеу барысында оған қышқылдандыру әрекетін жақсартатын заттар қосады.
Өніп кеткен дән қосылып кеткен дәнді диірменнен тартып алынған ұн амилолитті және протеолитті ферменттердің белсенділігімен, суда ерігіш заттардың мөлшерінің көптігімен ерекшеленеді. Ферменттердің белсенділігін төмендету үшін, ұлпалықтың физикалық қасиетін жақсартып, нанның сапасын көтеру үшін мұндай ұнды автолитті белсенділігі төмен ұнмен араластырып, жартылай фабрикаттардығ ылғалдылығы мен температурасын төмендетіп, қышқылдылығын арттырып, қамырдың ашу ұзақтығын қысқартып, қамыр ашытқыдағы ашытқының мөлшерін 50%-ға көбейтеді. Үсік шатлған дәннен тартылып алынған ұнның амилолитті ферменттерінің белсенділігі жоғары болады. Сондай-ақ ұлпалығы тез үзілгіш әрі қиқымдалып кетеді. Мұндай ұнды өңдеуден өткізу барысында р-амилазаның белсенділігін төмендету және ұлпалықтың көпсуін жақсарту шаралары қолданылады. Ол үшін ұнның қамыр ашытқыдағы мөлшерін 60...70%-ға дейін көбейтіп, қышқылдығы мен ылғалдылығын арттырып, ашу ұзақтығын ұзартады. Қамыр ашытқы мен қамырды қарқынды тәсілмен илейді. Жоғары температурада кептірілген дәннен тартылған ұнның фер- менттерінің белсенділігі төмен, ал ұлпалығы тез үзілгіш әрі қиқымды болады. Ферменттердің белсенділігін жоғарылату жне крахмалды жақсы қанттандыру үшін қамыр ашытқыға ферменттелмеген уыт немеме амилоризин, сондай-ақ демдеме, ұйытқы, сұйық не белсендендірілген ашытқы қосады. Ұлпалығының ақуыздары көпсуі үшін қамыр ашытқыдағы ұнның мөлшерін көбейтіп, ылғалдылығын арттырып, эмульгаторлар араластырады.
Қамырдың ашуын және жетілуін жылдамдату мынадай тәсілдер қолданылады: ашытқылардың мөлшерін көбейту немесе белсендендірілген ашытқылар пайдалану; қамыр ашытқының немесе қамырды илеу үшін ұйытқының мөлшерін көбейту арқылы ашытқы жасушалары мен сүтті-қышқылды бактериялардың, сондай-ақ қышқылдың, хош иістендіргіш заттардың, көпсіген ақуыздар мен басқа да жетілдірілетін өнімдердің мөлшерін арттырады; қамырды қарқынды илеп, нәтижесінде ақуыздар мен крахмалдың құрамы әлсіреп, ферментативті және ашытатын үдерістер жеделдетіледі; қамырдың температурасын 32...33°С-қа жоғарылатып, ақуыз- дардың көпсуі және спиртті, сүтті-қышқылды ашу үдерісін жеделдетеді; қамыр ашытқы немесе қамырды илеу үшін сүттің сарысуын қосады. Сарысу құрамында сүтті қышқыл, суда еритін ақуыздар және минералды тұздар болады. Нәитижесінде жартылай фабрикаттарды ашу ұзақтығы 20...25%-ға қысқарады. Сонымен қатар, құрамында крахмалды қанттандыратын, ұлпалықтың созылмалдылығын
көбейтетін амилолитті және протеолитті ферменттер бар жақсартқыш заттар пайдаланылады. Бұл жақсартқыштар қамырдың жылдам ашып, жетілуіне септігін тигізеді. Нан пісіру өндірісі жұмысының тәжірибесінде қамырдың ашуы мен жетілуін баяулату қажеттілігі туындап жатады. Ол үшін қамырдың жартылай фабрикаттарын
салқындатады немесе оған тағамдық ас тұзы не ас содасын қосады. Жартылай фабрикаттарды салқындату – оларды консервілеудің ең тиімді тәсілі. Сапасын сақтау үшін жылдың салқын мезгілінде бөлменің температурасын төмендетеді, ал жазғы мезгілде қамыр ашытқы немесе ұйытқыны суық сумен шайып отырады. Ұнның массасынан 1...1,5 % тағамдық ас тұзын қамыр ашытқыға немесе қарабидай ұйытқысына қосса, қамырдың ашу үдерісі баяулайды. Тұз ферменттердің белсенділігін баяулатып, ұлпалықты нығайтып, аш үдерісін тежейді.
NaHCO
3
гидрокарбонат натрийді қосса, жартылай фабрикаттардың жетілу үдерісі кем дегенде 10 сағатқа баяулайды. Сода жартылай фабрикаттардың құрамындағы қышқылды бейтараптандырып, спиртті ашу үдерісін тежейді.
Бөліктерге бөліну үшін түскен қамыр жақсы ашыған болуы керек. Қамырдың ашу ұзақтығы мына факторларға байланысты: қамырдың температурасы мен консистенциясы, ұнның нан пісіруге икемділік қабілеті, ашытқының, құрамында май бар заттар мен жақсартушылардың мөлшері мен сапасына. Ашыған қамыр тасқынды желілері бар машиналарда бөліктерге жақсы бөлінеді. Дайын нан өнімі ақырғы рет толықсыту мен пісіру кезінде пішінін сақтап қалуын қамтамасыз ету үшін газ түзуші және газ сақтаушы қабілеті жеткілікті болады. Қамырдың дайындығын органолептикалық және физикалық көрсеткіш бойынша анықтайды. Қамырдың көлемі 1,5...2 есеге ұлғаяды, үстіңгі жағы дөңестеніп, мұрынды жаратын спиртті иісі болады. Қамыр біртекті, қолмен ұстағанда құрғақ, икемді әрі иілгіш болып сезілетін массаға айналып, кеспекке жабыспай, оңай ажыратылып, тіпті қолға да жабыспайды. Физика-химиялық көрсеткіштеріне ылғалдылық, қышқылдық, ұлпалығы, көпсіту күшін жартқызамыз. Органолептикалық және физика-химиялық көрсеткіштерді анықтау тәсілдері 15- тарауда сипатталады.
еңбек шарттары
Жұмысты бастамас бұрын қызмет көрсететін құрал-жабдықтардың, өлшеуші, бақылап-өлшеуші және іске қосатын аппараттардың, машинаның қозғалмалы бөліктерінің қоршауларының жұмысқа жарамдылығын мұқият тексеріп шығу керек. Нан илейтін кеспектің орнын тек өзінен әрі қарай ғана ауыстыруға болады. Жартылай фабрикаттарды илер алдында машинаның илеуге арналған органы жоғары қалыпта тұруы шарт. Кеспекті нан илейтін машинаның тірек плитасына орналастырып, мықтап бекітілгенін тексеріп, содан кейін қақпағын түсіріп, машинаның электрқозғалтқышты іске қосады. Нан илейтін машина жұмыс істеп тұрған кезінде кеспек және нан илеуге арналған тетікті тазалауға, температурасын өлшеуге және қамырдың дәмін татып көруге болмайды. Нан илейтін машиналардың қақпақтары электрмоторларына мықтап бекітілуі тиіс. Яғни машина автоматты түрде тоқтатылғанда, қақпақтары ашылып кетпеуі керек. Кеспекті көтергенде және кеспек көтеріліп тұрғанда, жұмысшы іске қосқыш түймешіктің бір
жанында тұруы шарт. Құрал-жабдықтың қасына жақындағанда электр тоғының әсері байқалса, сондай-ақ құрал-жабдықтар жұмыс істеп тұрғанда бөтен шу естілсе, жұмысты дереу тоқтатып, электрқозғалтқышты өшіріп, кезекші шебер немесе электрикті шақырып, ақаудың себептерін тауып, ретке келтіру керек. Жұмыс аяқталған соң электрқозғалтқышты өшіріп, іске қосатын қондырғыға: «Іске қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеп жатыр» деген тиым салатын плакат іліп қою қажет. Содан кейін ғана жұмыс орнын тазалауға не ретке келтіруге көшуге болады.
Нан-тоқаш өнімдерін дайындау үшін өндірістік рецептураларды нан пісіру өндірісінің негізгі және қосымша шикізаттарын үйлесімді әрі тиімді қолдану мақсатында мөлшерлеп отырады. Шикізаттың шығыны нан-тоқаш өгімдерінің белгілі бір түрлерінің біріздендірілген рецептурасына сәйкес есептеледі.
Мысал 7.1 . Массасы 0,2 кг бірінші сұрыпты бидай ұнының қамырынан дайындалатын «Городской» бөлкесінің (МЕМСТ 27844-88) 350 кг мөлшерін алуға қажетті өндірістік рецептураны есептеп көрелік, егер:
Жоспарлы шығымы
В
п =
134%, ұнның ылғалдылығы
W
u =
14,8%, нанның жұмсақ бөлігінің ылғалдылығы
W
USK
43 %;
Шикізаттың шығыны, кг, біріздендірілген рецептура бойынша төмендегіше болса:
Шикізат
Шикізаттың шығыны
Бірінші сұрыпты бидай ұны
100
Баспаланған ашытқылар 1,3
Тағамдық ас тұзы 1,5
Құмшекер
4
Майлылығы 82%-дан аспайтын асханалық маргарин 2,5
Барлығы
109,3
Шешімі : ұнның ақиқат ылғалдылығының түзетілген шығымы (ұнның орташа базистік ылғалдылығы – 14,5%)
Т
ш
= {Вп/[100 – (14,5 – W
M
)]}100 =
= {134/[100 – (14,5 – 14,8)]}100 = 133,6 %.
Дайын өнімнің белгіленген мөлшеріне бөлінген ұнның массасы мына формула бойынша есептеледі:
Мм = (М дө
/В)100,
Мұндағы
М
дө
– дайын өнімнің мөлшері, кг;
Т
ш
– түзетілген шығымы, %. Шамалардың мәндерін ауыстыра отырып, аламыз:
М
м
= 350 · 100/133,6 = 262 кг.
Кеспекке салынған ұнның бүкіл кеспекке кететін барлық ұнның нормасына сәйкес массасы мына формуламен анықталады:
Тм =
Vp/100,
Мұндағы
V
– кеспектің сыйымдылығы, л (V = 330 л);
р
– әрбір 100 л кеспекті ұнмен (ұнның сұрыпына байланысты) толтыру нормасы, кг. Бірінші сұрыпты бидай ұны үшін
р
= 35 кг .
Шамалардың мәнін ауыстыра отырып, аламыз:
Т
м
= 330 · 35/100 = 116 кг.
Қамырды илеуге қажетті кеспектің мөлшері:
Д
Мм/Тм =
= 262/116 = 3 дана.
Бір кеспектегі ұнның ақиқат массасы:
Т
мф =
М
м
/Д
= 262/3 = 87 кг.
Қоймадан ұнның жалпы массасына қарай алынатын шикізаттың шығыны:
М
ш
= М
м
Д
с
/100,
Мұндағы
М
ш
– 100 кг ұнға кететін шикізаттың шығыны, кг.
Біріздендірілген рецептурадағы шикізаттың шығынын ауыстыра отырып, мынадай массаларды аламыз:
ашытқы
М
аш
= М
ұ
Д
аш
/100 = 262 · 1,3/100 = 3,4 кг; тұз
М
т
= М
Д
т
/100 = 262 · 1,5/100 = 3,93 кг;
қант
М
қ
= М
ұ
Д
қ
/100 = 262· 4/100 = 10,48 кг;
маргарин
М
марг
= Ми,Д
марг
/100 = 262 · 2,5/100 = 6,55 кг.
Бір кеспекке кететін шикізаттың шығыны:
Т
с =
Т
мф
Д
с
/100 .
Т
ұ ф = 87 кг болғандықтан, бір кеспекке кеткен шикізаттың массасы төмендегіше болады:
ашытқы
Т
аш
= Т
м фД аш
/100 = 87 · 1,3/100 = 1,13 кг; тұз
Т
т
= Т
ұ фДт /
100 = 87 · 1,5/100 = 1,3 кг;
қант
Т
ж
= Т
мф
Д
ах
/100 = 87 · 4/100 = 3,48 кг;
маргарин
Г
марг
= Г
мф
Д
марг
/100 = 87 · 2,5/100 = 2,2 кг.
Қамырды илеу үшін судың шығыны:
М
с
= М
қз
100/(100 – W) – М
ш
; W
қ
= W
mK +
0,5 % = 43 + 0,5 = 43,5 %,
Мұндағы
М
қз
– шикізаттың құрамындағы құрғақ заттар массасы, кг;
W
қ
– қамырдың ылғалдылығы, %.
Біріздендірілген рецептура мен шикізаттың ылғалдылығы негізінде шикізат құрамындағы құрғақ заттардың массасын анықтаймыз (кесте 7.2.).
Нәтижесінде аламыз:
М
ш
= (93,065 · 100/100 – 43,5) – 109,3 = 55,4 кг.
Судың тығыздығы 1кг/л болғандықтан,
М
ш
= 55,4
л болады.
Бір кеспекке (87 кг ұнға) кететін судың шығыны мына пропорция арқылы анықталады: 55,4 л су – 100 кг ұнға x су –87 кг ұнға, мұндағы x = 55,4 · 87/100 = 48,2 л. Қамыр ашытқыны дайындауға 60... 70% су кетеді, судың қалған мөлшерін қамырды илеу үшін қосылып отырады. Яғни судың шығыны x мына пропорция арқылы анықталады:
48,2 л су – 100 %, х
0
су – 70 %.
Мұндағы
х
0
= 48,2 · 70/100 = 33,7 л.
Сонда қамырға қосылған судың шығыны:
48,2 – 33,7 = 14,5 л
құрайды.
«Городской» бөлкесін дайындауға кететін шикізаттардағы құрғақ заттардың мөлшері
Кесте 7.2.
Шикізаттың атауы
Шикі- заттың масса- сы, кг
Шикіза ттың ылғалды лығы, %
Құрғақ заттардың мөлшері, %
Құрғақ заттардың массасы, кг
Бірінші сұрыпты бидай ұны
100
14,8
100 – 14,8 = 85,2
100 · 85,2/100 = 85,2
Баспаланған ашытқылар
1,3
75
100 – 75 = 25
1,3 · 25/100 = 0,325
Тағамдық ас тұзы
1,5 3,5
100 – 3,5 = 96,5
1,5 · 96,5/100 = 1,45
Құмшекер
4
0,15
100 – 0,15 = 99,85
4 · 99,85/100 = 3,99
Маргарин
2,5
16
100 – 16 = 84
2,5 · 84/100 = 2,1
Барлығы
109,3
93,065
Қамыр ашытқы мен қамырға қосылатын ұнның шығыны қамырды дайындауға бір кеспектегі ұнның жалпы массасының 50...60%-ы (y
0
) қолданылатындығымен және төмендегі пропорциямен анықталады:
87 кг ұн – 100%
у
0
ұн – 60%, мұндағы у
0
= 87 · 6о/100 = 52 кг.
Сонда қамырдағы ұнның шығыны
87–52=35 кг
болып шығады.
Жауабы : «Городской» бөлкесін дайындаудың өндірістік рецептурасы 7.3-кестеде көрсетілген.
«Городский» бөлкесінің өндірістік рецептурасы
Кесте 7.3
Шикізат және технологиялық тәртібі
Қамыр ашытқы
Қамыр
Бірінші сұрыпты бидай ұны, кг
52
35
Су, л
33,7
14,5
Баспаланған ашытқы, кг
Тағамдық ас тұзы, кг
1,3
Құмшекер, кг
3,48
Асханалық маргарин, кг
2,2
Бастапқы температура, °С
28...29
29 . 30
Ашу ұзақтығы, сағ
3,5 ...4
1.1, 5
Ылғалдылығы, %
44,5
43,5
Иінінің қандыру жиілігі
1
Ақырғы температура, °С
29... 30
30.31
Ең ақырғы қышқылдығы, град
3,5. 4 3. 3 ,5
Қамырдың бір бөлігінің массасы, г
220
Қамырдың толықсыту ұзақтығы, мин
40.50
Пісу ұзақтығы, мин
18.20
Пеш камерасының температурасы, °С
160.190
Дайын нан өнімінің шығымы, %
133,6
Мысал 7.2.
Сыйымдылығы 330 л кеспекте ерекше тартылған қарабидай ұнынан нан пісіру үшін қою ұйытқы арқылы қарабидай ұнынан қамыр дайындаудың өндірістік рецептурасын анықтайық. Қамырды дайындауға 580 кг/с ұн, ұйытқы – 50% кететінін есепке алайық, ал қамырдың ылғалдылығы – 52%. Ұйытқымен бірге қамырға ылғалдылығы 14,5% ұнның 26%-ы қосылады. Сонымен қатар, қамырдың кеспегіне 135 кг ұн, 2,5% тұз (ұнның жалпы массасынан), 26% тұз ерітіндісінің концентрациясы болады.
Дайын ұйытқыны өзара тең үш бөлікке бөлеміз.
Шешуі
: Кеспекті илеу үшін ұйытқының порциясындағы ұнның массасын мынадай пропорция арқылы анықтаймыз (қамырдың кеспегінде 135 кг ұн болады (бұл ұнның 100% мөлшерін құрайды), ал ұйытқымен бірге қамырға 26% ұн келіп түседі):
135 кг – 100% М ұп
– 26 %,
Мұндағы
М
пз
= 135 · 26/100 = 35 кг
. Ұйытқының массасы
М
ұ
= [М
п
,(100 – W
ұн
)]/100 –
W
3
Мұндағы
W
– ұнның ылғалдылығы, %;
W
– ұйытқының ылғалдылығы, %.
Шамалардың мәнін ауыстыра отырып, аламыз:
М
ұ
= 35(100 – 14,5)/100 – 50 = 60 кг.
Ұйытқының белгілі бір порциясын илеуге кететін ұнның шығыны:
М
ұш
= М
ұ
–М
ұп
= 60 - 35 = 25 л.
Қамырды илеуге кететін ұнның массасы:
М
қи
= М
ұн
– М
ұп ,
Мұндағы
М
м
– қамырдағы ұнның массасы, кг. Шамалардың мәнін ауыстыра отырып, аламыз:
М
қи
= 135 – 35 = 100 кг.
1 порция қамырды илеуге кететін тұз ерітіндісінің массасы:
М
те = М ұн
М
тұз
УС,
Мұндағы М тұз
– қамырдағы ұнның мөлшері,%; С – түз ерітіндісінің концентрациясы, %.
Шамалардың мәнін ауыстыра отырып, аламыз:
М
те
= 135 · 2,5/26 = 13,2 кг.
Ұйытқының кеспегін илеуге кететін ұнның массасы былайша анықталады: егер дайын ұйытқының У ұ
бөлігі кеспек ішінде қалып қойса, оның
2
3
бөлігі қамырдың екі порциясын дайындауға алынады, илеу ұйытқыны іріктеудің
2
3
бөлігін толтыруы керек. Ұйытқының
2
3
бөлігіндегі ұнның массасы (1 порция) – 35 кг құраса,
2
3
бөлігінің массасы
– 72 кг болып шығады.
Ұйытқыны илеуге кететін судың шығыны 25 · 2 = 50 л болады. Қамырды илеуге кеткен судың шығыны:
М
с
= М
қ
– М
ш ,
Мұндағы
М
қ
– қамырдың массасы, кг;
М
ш
– шикізаттың массасы, кг.
Рецептура мен шикізаттың ылғалдылығына қарай қамыр құрамындағы құрғақ заттар массасын анықтаймыз (кесте 7.4.).
Нәтижесінде:
М
қ
= М
қз
• 100/100 Ж
т
= 118,9 • 100/100 – 52 = 247,5 кг шығады; М с =
247,5 – 173 = 74,5 л.
Кесте 7.4.
Қарабидай ұнынан дайындалған қамыр құрамындағы құрғақ заттардың
мөлшері
Қамырдың компоненттері
Шикізаттың массасы, кг
Шикізаттың ылғалдылығы,
Құрғақ заттардың мөлшері, %
Құрғақ заттардың массасы, кг
Ерекше тартылған қарабидай ұны, кг
100
14,5
85,5
85,5
Ұйытқы, кг
60
50
50
30
Тұз ерітіндісі, кг
13,2
76
26
3,4
Барлығы
173,2
118,9
Жауабы : Қарабидай ұнынан қамыр дайындаудың өндірістік рецептурасы 7.5. кестеде сипатталған.
Кесте 7.5.
Қарабидай ұнынан қамыр дайындаудың өндірістік рецептурасы
Қамырдың компоненттері
Ұйытқы
Қамыр
Ерекше тартылған қарабидай ұны, кг
70
100
Ұйытқы, кг
60
60
Су, л
50
74,3
Тұз ерітіндісі, кг
13,2
Барлығы
180
247,5
Мысал 7.3 . Сұйық ұйытқымен «Орловской» нанын (МЕМСТ 2077-84) нанын дайындаудың өндірістік рецептурасын есептейін. Берілген рецептура бойынша шикізаттың мөлшерін, кг; тұз ерітіндісін
С
= 26%; ұнның ылғалдылығын
W
M
14,5%; ұйытқының ылғалдылығын
Ж
= 78%; сірненің ылғалдылығын
Ж
сірне
= 22 %; ашытқының мөлшерін = 75 % белгілеп алайық:
Шикізат
Шикізаттың шығыны
Екінші сұрыпты бидай ұны.......................................................
30
Кебекті қарабидай ұны..............................................................
70
Баспаланған ашытқылар.......................................................... 0,1 Тағамдық ас тұзы....................................................................... 1,5 Сірне ...........................................................................................
6
Барлығы.......................................................................................
10,7,6
Шешуі
: Тұз ерітіндісінің массасы
М
те
= М
ұн
М
тұз
/С,
Мұндағы
М
ұн
– қамырдағы ұнның массасы, кг;
М
тұз
– 100 кг ұнға шаққандағы тұздың массасы, кг.
Шамалардың мәнін алмастыра отырып, аламыз:
М
те
= 100 · 1,5/26 = 5,77 кг.
Қамырдағы құрғақ заттардың массасы рецептура мен шикізаттың ылғалдылығына негізделіп, анықталады (кесте 7.6.).
Қамырдың массасы
М
қ
= М
қз
· 100/(100 - W) = 91,655 · 100/(100 - 50) = 183,3 кг.
Қамырды дайындауға кететін судың шығыны тұз ерітіндісінің массасын ескере отырып, мөлшерленеді:
М
су
= М
қ
– М
тұз
= 183,3 – (100 + 0,1 + 6 + 5,77) = 183,3 – 111,9 = 71,4 л.
Ұйытқы салынған қамырдағы ылғалдылығы 78% құрғақ заттардың мөлшері:
Мөлшер қз
= 100 – 78 = 22%.
100 кг ұйытқыдағы ұнның массасы М ұм мына пропорция арқылы анықталады (100 кг ұнда 85,5 кг құрғақ заттар болады):
100 кг – 85,5 кг, М ұм
– 22 кг.
Кесте 7.6.
«Орловский» нанының қамырындағы құрғақ заттардың мөлшері
Шикізаттың атауы
Шикізаттың массасы, кг
Шикізат- тың ылғалдылы ғы, %
Құрғақ заттар мөлшері,
Құрғақ заттар массасы, кг
Екінші сұрыпты бидай ұны мен кебекті қарабидай ұны
100
14,5
85,5
85,5
Баспаланған ашытқылар
0,1
75
25
0,025
Тағамдық ас тұзы
1,5 3,5
96,5
1,45
Сірне
6
22
78
4,68
Барлығы
107,6
91,655
Сұйық ұйытқымен «Орловский» нанын дайындаудың өндірістік рецептурасы
Кесте 7.7.
Қамырдың компоненттері
Ұйытқы
Қамыр
Екінші сұрыпты бидай ұны мен кебекті қарабидай ұны, кг
24,6
45,4
Ұйытқы, кг
0,1
Тұз ерітіндісі, кг
96
96
Су, л
5,44
Сірне, кг
74,4
Барлығы
6
Мұндағы
М
ұм
= 22 · 100/85,5 = 25,7 кг.
100 кг ұйытқыны дайындауға кететін судың шығыны:
М
ұс
= М
ұ
– М
ұм
= 100 – 25,7 = 74,4 л.
Алынған су массасы (71,4 л) ұйытқыны дайындауға жұмсалады, оның массасы
М
2з
мына пропорция арқылы анықталады (100 кг ұйытқыда 74,4 л су болады):
100 кг – 74,4 л М
2з
– 71,4 л
Мұндағы
М
2з
= 71,4 · 100/74,4 = 96 кг.
Ұйытқыны илеуге кеткен ұнның массасы
М
мз
= М
2з
– М
су
= 96 – 71,4 = 24,6 кг.
100 кг қамырды илеуге кеткен ұнның массасы
М
қт
= 100 – 24,6 = 75,4 кг.
Жауабы: «Орлоский» нанын дайындаудың өндірістік рецептурасы 7.7. кестеде сипатталған.
Бақылау сұрақтары:
VІІІ-ТАРАУ
ҚАМЫРДЫ БӨЛІКТЕРГЕ БӨЛУ
Нан өнімдерінің түрлеріне байланысты белгілі бір масса мен пішіндегі қамыр дайындамаларын алу үшін қамыр бірнеше бөліктерге бөлінеді. Бидай ұнынан бөлішке өнімдерін дайындау барысында қамыр мынадай технологиялық операциялар арқылы бөліктерге бөлінеді: қамырды белгіленген массада бірнеше бөліктерге бөлу; қамырдың әрбір бөлігін дөңгелектету (жұмырлау); қамыр дайындамаларын алдын ала толықсыту; пішінге келтіру; ақырғы толықсыту. Бидай және қарабидай ұнынан және олардың қоспасынан дайындалған пішінді нанның қамырын бөліктерге бөлу: қамырды бөліктерге бөлу, оларға пішін беру және қамыр дайындамаларын ақырғы рет толықсыту. Бидай және қарабидай ұнынан дайындалатын жалпақ қалың нанның қамырын бөліктерге бөлу: қамырды бөліктерге бөлу, осы бөліктерді доңғалату, қамыр дайындамаларын пішінге келтіру және ақырғы рет толықсыту. Қамырды бөліктерге бөлу машиналық, қолмен және аралас деп жіктеледі. Қамырды бөліктерге бөлу үшін арнайы қондырғылар – бір-бірімен тасымалдаушы таспалармен біріктірілген, қамырды бөліктерге бөлетін, қамырдың бөліктерін доңғалататын және қамырдың пішінін дайындайтын машиналар қолданылады. Сондай-ақ алдын ала және ақырғы толықсытуға арналған шкафтар да пайдаланылады. Қуаттылығы шағын кәсіпорындарда қамырды бөліктерге қолмен бөледі. Қамырды бөліктерге бөлу арнайы машиналар арқылы жүзеге асырылады. Барлық нан-тоқаш өнімдері даналап жасалады. Бұл қамырдың әрбір бөлішінің мөлшерін дәл әрі нақты болуына қойылатын талаптарға байланысты (қамыр бөліктерінің жалпы массасынан ±1,5%). Қамырды бөліктерге бөлетін машиналар көлемдік ұстаным бойынша жұмыс жасайды. Қамырды бөліктерге бөлетін машинаға келіп түскен қамырдың тығыздылығы – үлкен, ең бастысы – тұрақты болуы керек. Қамыр бөліктерінің массасын дайын өнімнің стандартты массасына байланысты белгілейді. Қамыр бөліктерінің массасы – суып қалған дайын өнімнің жалпы массасынан 10...12% көп болуы керек. Себебі пісіру және сақтау барысында қамыр дайындамалары мен нанның массасы азаяды. Қамыр дайын- дамаларының массасы пісу кезінде (кему) 6...9%-ға азаяды, ал піскен нанның массасы суыту және сақтау (кептіру) кезінде ыстық нанның массасынан 2...4%-ға азаяды. Қамыр дайындамаларының массасы дайын нан өнімінің белгіленген массасына қарай, кему мен кептіру шамасын ескере отырып, мына формула бойынша анықтайды:
М
қд – М ын
+3уп + 3ус; З
кему
М
дн
Д
кему
/100; З
кептіру
– М
ын
Д
кептіру
/100,
Мұндағы
М
хл
– дайын нан өнімінің массасы, кг; З
кему
– пісіргенде қамырдың кеміп шығуы, кг;
З
кептіру
– нанды кептіру, кг;
М
ынө
– ыстық нанның массасы, кг;
Д
кему
қамырдың кемуінің мөлшері, % (қамыр дайындамаларының массасына); Д
кептіру
– кептірудің мөлшері, % (ыстық нанның массасына).
Мысал 8.1
. Жаңа піскен ыстық нанның
М
дө
массасы мен оны дайындау үшін бөлінген қамыр бөлігінің
М
қ массасын анықтайық: дайын нан өнімінің стандартты массасы – 500 г, қамыр дайындамаларынан кеміп шыққан массасы – 7%, кебу – ыстық нан массасынан 3%. Қамырдың кемуін қамыр массасынан 100% деп, ал кептіру – ыстық нанның массасынан 100% деп есептейік.
Шешуі
: Жаңа піскен ыстық нанның массасы мына пропорция бойынша анықталады:
500 г – 97 %; М
ын
– 100 %.
Мұндағы
М
ын
–500 · 100/97 – 515 г.
Қамыр бөлігінің
М
қ массасын мына пропорция бойынша анықтайық (егер кему 7% болса, ыстық нанның массасы (515 г) қамыр массасының 93%-н құрайды):
515 г – 93%; М қ
– 100 %.
Мұндағы
М
қ
– 515 · 100/93 – 554 г. Жауабы: М
ын
– 515 г; М
қ
– 554 г.
Қамырдың кемуі немесе кебуінің өзгеруіне байланысты қамыр бөліктерінің массасын да өзгерту керек болады. Қамырды дәл бөліктерге бөлудің технологиялық маңызы зор. Нанның шығымы мен үнемділігін немесе ұнның шығынын қайта есептеу барысында нан өнімдерінің әрбір данасының стандартты емес, шынайы массасын ескеру керек. Егер нан өнімінің орташа массасы – стандартты нормадан көп болса, ұн жоғалып, кәсіпорындар шығынға ұшырайды. Себебі 100 кг ұннан аз нан шығады. Егер нан өнімінің массасы стандартты нормадан төмен болса (ықтимал ауытқуларды есепке ала отырып), нан өнімдері МЕМСТ талаптарына сай келмейді деп, бракка шығарады. Дайын нан өнімдерінің стандарттары көптеген нан өнімдері үшін белгіленген массадан 2,5%-ға төмендесе, рұқсат етілген болып саналады.
Қамырды бөліктерге бөлу үшін әртүрлі қондырғылар қолданылады. Пішінді нан пісіру өндірісінде қамырды иірме тығыздайтын құралдары бар қамырды бөлетін қондырғылар («Кузбасс-2М-1, -2М2») пайдаланылады. Иірмелер арқылы қамырды өңдеу пішінді нанның кеуектілігін жақсартып, оның құрамын біртекті әрі ұсақ етеді. Жалпақ қалың нан, бөлішке және майқоспалы нан түрлерін өндіру барысында қамырды бөліктерге бөлу үшін тығыздау (дестелеуші, піспекті, қалақты т.б.) құралдары әрқилы қамырды бөліктерге бөлетін қондырғылар пайдаланылады. Мәселен, РМК- 60А, А2-ХТН және т.б. Қамырды бөліктерге бөлетін машинаның қағидалық сызбасы 8.1. суретте көрсетілген. Жұмыс басталар алдында қамырды бөліктерге бөлетін машинаны 2...3 минут бойы бос жұмыс істетеді. Ашыған қамыр (8.1.б суретті қараңыз) қамырды бөліктерге бөлетін машинаның қабылдама шұңқырларының үстінде орналасқан бункерге келіп түседі. Бункер 30...40 минут жұмыс істегенге жететіндей қамыр илеуі керек. Қамыр жіберетін құралдың төменгі тесігінде шибер болады. Шибер қамырды бөліктерге бөлетін машинаның қабылдау шұңқырына келіп түсетін қамырды реттеп отырады. Мұнда қамырдың мөлшері тұрақты болуы керек. Қамырды бөліктерге бөлетін машинаның қабылдау шұңқырынан қамыр иірмеге келіп түседі. Мұнда ол бөлгіш барабанның астында тығыздалып, көлемі мен массасы бірдей бөлік-бөлік болып шығады. Жұмыс басталғанда алғашқы 10...12 бөліктің көлемі бірдей болмайды. Себебі қамырды бөліктерге бөлетін машинаның ішіндегі ауа сорылмайды. Бұл қамыр бөліктерін машинаның қабылдау шұңқырына қайтадан салып, өңдейді. Ал кейінгі бөліктерін
циферблатты таразыларда 1 сағаттан кейін немесе одан да жиі уақыт ішінде бірнеше рет тартылып, тексеріледі. Қамырдың бөліктерін дәл мөлшерлеу үшін қамырды бөліктерге бөлетін машинаның жұмысқа жарамдылығын мұқият тексеріп, қабыладу шұңқырындағы қамырдың тұрақты деңгейін сақтап, бөліктерге бөлер алдында қамырдың түрақты тығыздығын қамтамасыз етіп отыру керек.
Сурет 8.1 .
Қамырды бөліктерге бөлгіштер
а
– А2-ХТН қалақты тығыздаушысы бар бөлгіш:
1
– жапқыш;
2
– қамыр камерасы;
3
– қамырды тығыздауға арналған айналып тұратын қалақша;
4
– пышақ;
5
– қамырды тастап отыратын құрал;
6
бөліктерге бөлетін бастиек; б
– иірме тығыздаушысы бар «Кузбасс» қамыр бөлгіші:
1
– қабылдаушы шұңқыр;
2
– иірме;
3
– бөліктерге бөлгіш барабан;
4
– қалқып тұратын шұңқыр;
5
– нан пішіндеріне арналған тасымалдаушы;
6
– реттеуші бұрама
Қамыр бөліктерін дөңгелету (жұмырлату), яғни оларға шар тәрізді пішін беру қамырды бөліктерге бөлгеннен кейін жүзеге асады. Қамырдың бөліктерін жұмырлату қамырды дөңгелететін машиналар арқылы немесе қолмен жасалады. Дөңгелетуші қондырғы ішінде қамыр бөліктері машинаның қозғалмайтын және айналып тұратын беттері арасында саңылауға түседі. Саңылауға түскенде қамыр домаланып, дөңгелектеніп, иіні қанады. Дөңгелену барысында қамыр дайындамаларының үстіңгі жағындағы кедір-бұдырлық тегістеліп, қамырдың үстіңгі қабаты нығайып, дайындамалар шар пішініне түсіп, ары қарай пішінін реттеуге мүмкіндік жоғарылайды. Дөңгелету нәтижесінде қамырдың құрамы өзгеріп, нанның жұмсақ бөлігі әлдеқайда майда әрі теп-тегіс шығады. Қамыр бөліктерін дөңгелетудің сапасы қамырдың консистенциясына және дөңгелету жұмысына байланысты. Егер қамыр бөліктері дөңгелетуші шұңқырға жиі түсіп тұрса, олар жабысып қалады. Консистенциясы әлсіз қамыр бөліктері жайылып, қамырды дөңгелететін машинаның үстіне жабысып қалады. Қозғалмайтын бұрамалы науаның ернеуі мен айналмалы бөлігінің арасындағы саңылауға тұрып қалған қамыр бөліктері дайындамалардан бөлініп тасталады. Бұл дайындамалардың массасын төмендетеді. Дөңгелетуші бөліктің ішкі жағына жабысып қалған қамырды алып тастау үшін оны су жұқтырмайтын қасиеті бар арнайы материалдармен көмкеріп, желдеткіштің көмегімен жылы ауаға толтырады.
Біздің елімізде бидай ұнынан дайындалған қамыр бөліктерін дөңгелету үшін конус пішінді тостаған секілді қамыр дөңгелететін машиналар пайдаланылады. Ал қарабидай ұнынан немесе қарабидай мен бидай ұнының қоспасынан дайындалған қамыр бөліктерін дөңгелету үшін – ленталық машиналар пайдаланылады. Шағын кәсіпорындарда қамырды қолмен дөңгелетеді. Қамыр дайындамаларын бөліктерге бөлу және дөңгелету операцияларын өткізгеннен кейін қамыр алдын ала толықсу үшін қойылады. Алдын ала толықсыту дегеніміз – қамыр дайындамаларын 5...10 минут бойы шетке қойып қою. Механикалық әсердің нәтижесінде қамырды бөліктерге бөліп, дөңгелету барысында ішкі қысым туындап, құрылымды тіректің ұлпа бөлшектері ыдырайды. Алдын ала толықсыту барысында ұлпалық құрамы қайта қалпына келтіріліп, дайын нан өнімінің кеуектілігі жақсарып, көлемі ұлғаяды. Алдын ала толықсыту нан-тоқаш өнімдері мен майқоспалы нан өнімдерін дайындау өндірісінде пайдаланылады. Бірақ қарабидай ұнының қамырына толық- сытудың қажеті жоқ. Бұл операция тасымалдаушы таспада, алдын ала толықсытуға арналған шкафтарда, вагоншалар мен турайтын тақталарда жүзеге асырылады. Алдын ала толықсыту қалыпты температурада және ылғалды ауада жүзеге асырылады. Бұл жағдайда қамыр бөліктерінің үстіңгі жағы аз аз ғана кеуіп, қамыр жаятын машиналардың қабырғаларына жабысып қалуы қаупін төмендетеді. Қамыр дайындамаларын пішінге келтіру барысында қамыр бөліктеріне белгілі бір пішін беріледі. Пішін осы нан өнімінің стандартына сай белгіленеді. Нан өнімінің пішіні бұзылса немесе үстіңгі бөлігі бүлінсе, оны бракқа есептейді. Қамырға дұрыс пішін берілсе, оның сыртқы қалпы сүйкімді көрініп, жұмсақ бөлігінің құрамы жақсарады. Пішін беру тәсілі нан өнімінің түріне тікелей байланысты. Пішінді нанның қамыр дайындамалары конфигурациясы мен өлшемдері әртүрлі металл қалыптарға салынады. Батон түріндегі нан өнімдерінің пішіні – цилиндр тәрізді болады. Оларды конфигурациясы әртүрлі қамыр жаятын машиналардың көмегімен жасайды. Машиналардың барлық типтеріне тән сипатты ерекшелік – ондағы қамыр бөліктерін құймақ секілді етіп жаятын белдіктің немесе металл торлардың бір-екі жұбының болуы. Оның көмегімен құймақ орала түседі. Машинаның қамыр жаятын бөлігінде қамыр дайындамалары тегістеліп, ұзара түседі. Түтік кеспелі нан түрлері, собалақ нан түрлері мен майқоспалы нан өнімдерінің кейбір түрлері үшін арнайы нан жаятын машиналар пайдаланылады (С-500, А2-ХПО/7, РЗ-ХФ2-Р). Мұнда қамыр дайындамалары құймақ секілді жайылып, оратылады. Майқоспалы өнімдердің көпшілік түрлері әдетте аралас тәсілмен жасалады. Бұл тәсіл арқылы қамырды бөліктерге бөлу мен дөңгелету арнайы машиналар арқылы жүзеге асырылады. Ал ақырғы пішінге қолмен келтіреді. Қамырды бөлуге арналған қондырғыны пештің сағаттық өндіру қабілетіне қарай (1 сағат ішінде дайын болған нан өнімдерінің мөлшеріне байланысты), машиналардың типі мен ассортиментіне қарай таңдайды. Ол үшін алдымен мына формула бойынша қамыр дайындамаларына деген қажеттілік анықталады:
П
қ
= Р
сағ
/М
өнім ·
60 дана/мин,
Мұндағы
П
қ
– нан дайындамаларына деген қажеттілік, дана/мин; Р
сағ
– пештің сағаттық өндіру қабілеті, кг/сағ; М
өнім
– өнімнің массасы, кг.
Содан кейін қамырды бөліктерге бөлетін құралдың саны, данасы есептеледі:
N =
(П
п
X
а
)/Пд,
Мұндағы
П
ө
– қамырды бөліктерге бөлудің өнімділігі, дана-мин; Х
з
– тоқтату немесе қайтару үшін артық коэффицент:
Х
а
= 1,04.. .1,05.
Мысал 8.2.
Массасы М
өнім
= 0,5 кг болатын жоғары сұрыпты бидай ұнынан батондар дайындау үшін қамырды бөліктерге бөлетін құралдың мөлшерін
N
анықтайық: егер 1 сағат ішінде 600 кг батон өндірілетін болса (Р сағ = 600) және қамырды бөліктерге бөлетін машинаның өндіру қабілеті 40 дана/мин болса (П ө
= 40).
Кесінді массасы жоғары сұрыпты бидай ұнынан дайындалатын батонның қамырын бөліктерге бөлуге қажетті құралдығ санын есептеп көрелік: егер 1 сағат ішінде 600 кг батон өндіріліп, қамыр бөлетін машинаның өндіру қабілеті – 40 дана/мин болса.
Шешуі
: Қамыр дайындамаларының шығынын есептейміз:
П
ө
= 600/0,5 · 60 = 20 дана/мин
Демек, 1 сағат ішінде 600 кг батонды дайындауды қамтамасыз ету үшін өндіру қабілеті 40 дана/мин болатын 1 қамыр бөлгіш қажет.
Жауабы
: 1 қамыр бөлетін құрал.
Пішінді нанның қамырын бөліктерге бөлу . Қарабидай ұнынан немесе қарабидай және бидай ұнының қоспасынан пішінді нанның қамырын бөліктерге бөлу бірнеше технологиялық операцияларды қажет етеді: қамырды бөліктерге бөлу (8.1. тарауда сөзе тілген), ақырғы рет толық- сыту (8.3. тараушада сөз етілетін), қамыр бөліктерін қалыптарға салу (орналастыру).
Қамырды бөліктерге бөлу барысында қамыр бөлгіш арқылы қалыптарға салынады.
Қамырдың құрамы мен қалпы пішінді нанның сапасына айтарлықтай әсер етеді.
Нан пісіру өндірісінде төртбұрышты алюминий немесе болаттан жасалған қалыптар пайдаланылады. Қалыптар қамыр дайындамалары салынғанға дейін майланады. Яғни қамыр қалыптарға жабысып қалмауы үшін әрі піскен нан өнімі формадан оңай алынуы үшін майланады. Қалыптарды майлау үшін өсімдік майы немесе өсімдік майын үнемдеу мақсатында май тәріздес эмульсия пайдаланылады. Май тәріздес эмульсияны су (75...78%), өсімдік майы (15...20%) мен фосфатидті қоспаны (5...7%) механикалық араластыру жолымен алады. Міне, бұл – эмульгатор деп танылады. Май тәріздес эмульгаторлар гидродинамикалық дірілдеткіш құрал арқылы дайындайды. Соңғы жылдары нан пісетін қалыптарды шашыратқыш типіндегі майлаушы құралдармен майлау тәсілі жиі қолданылып келеді.
Қалыптардың көлемі пештің бесікшесі мен нанның көлеміне сәйкес келуі керек. Нан пісетін қалыптар деформацияланбайтын (көлемі өзгермейтін), таза болуы тиіс. Ал ішкі жағы қамырдың жабысуына төзімді болуы керек. Қазіргі таңда нан пісіру қалыптары полимерлі материалдармен – термотұрақты кремнийорганикалық, суды жұқтымрау қасиеті жоғары бірікпелермен көмкерілген. Мұндай қалыптарды қолдану экономикалық тұрғыдан тімді әрі өндіріс орнының санитарлық жай-күйін жақсартады. Нан қалыптарын, әсіресе бесікшелерге бекітілген толықсытатын-пеш агрегаттарын қолдану барысында олардың түбінде күйе жиналады. Күйе – қарайған майлардың тығыз қабаты. Күйе нанның үстіңгі бөлігін бүлдіріп, оның деформациясын тудырып, пісіру ұзақтығын ұзартады. Күйені мерзімді түрде құрғақ немесе ылғалды тәсілмен тазалап отыру керек. Бірінші жағдайда қалыптарды арнайы пешке салып, пеш камерасының аузын мықтап жауып, 6 сағат бойы 340...350°С температурада ұстайды. Мұндай жағдайда пеш
камерасына оттегі бармайды, сөйтіп күйе күйіп, күлге айналады. Кейін күлді алып тастау қиын емес. Ылғалды тәсіл арқылы күйені тазалау дегеніміз – алюминий қалыптарын 2 тәулікке техникалық сабын, сұйық шынылар, кальциленген сода мен температурасы 90°С су араластырылған ваннаға салып қояды. Болат қалыптардың күйесі сілтінің ыстық ерітіндісінде тазаланады. Қалыптарды жібіткен кезде, күйе жұмсарып, оңай тазаланады. Қалыптар тазаланғаннан кейін сумен шайылып, кептіріліп, майлы пленка жасау үшін өңдеуден өтеді. Полимерлі жабындысы бар бос қалыптарды тастамаған жөн. Оларды бірінің үстіне бірін салып, қабаттап сақтау керек. немесе су құйып, маймен майлап, ыстық пешке салып қояды.
Жалпақ қалың нанның қамырын бөліктерге бөлу .
Жалпақ қалың нанның пішіні – дөңгелек немесе сопақ болады. Жалпақ қалың нанның қамыры механизацияланған немесе кешенді-механизацияланған желілерде бөліктерге бөлінеді. Бидай ұнынан дөңгелек пішінді нан пісіру үшін пайдаланылатын кешенді- механизацияланған желілер құрамына қамырды бөлетін және қамырды дөңгелететін машиналар, сондай-ақ қамыр дайындамаларын пештің толықсытуға арналған бесікшелеріне орналастырушы құрал кіреді. Бірінші және екінші сұрыпты ұннан нан дайындау үшін, оның сапасын жақсарту үшін екі қамырды дөңгелететін машиналарды ретті етіп орналастырады. Қарабидай ұнынан және қарабидай-бидай ұнының қоспасынан жасалған қамыр дайындамаларын дөңгелету үшін, олардың сапасын жақсарту үшін желілік тасымалдаушы пайдаланылады. Желілік тасымалдаушы қамыр бөлетін машинаны толықсытуға арналған шкафпен біріктіреді, әрі пішіні науа тәрізді болады. Тасымалдаушы құралдың үстінде бірнеше белдемше орналастырылған. Белдемшелер қамыр дайындамаларын көпретті айналдырып тұрады. Нәтижесінде қамыр дайындамалары дөңгеленеді. Дайындалған қамыр дайындамалары ақырғы толықсытуға жіберіледі.
Бөлішке өнімдерінің қамырын бөліктерге бөлу . Бөлішке өнімдерінің қамыры кешенді-механизацияланған желілерде бөліктерге бөлінеді. Олардың құрамында қамырды бөлетін машина, қамырды дөңгелететін машина, алдын ала толықсытуға арналған тасымалдаушы, қамырды жаятын машина, ақырғы толықсытуға арналған шкаф пен пеш болады. Машиналар бір-бірімен тасымалдауыштар арқылы біріктіріледі. Тасымалдауыш қамыр бөлетін машинадан қамыр дөңгелететін құралға қарай 2 есе жылдам қозғалады. Жылдамдығындағы мұндай айырмашылық қамыр бөліктері арасында қажетті айырма мен дөңгелектейтін машинаға ұнның жеткілікті мөлшерде түсуін қамтамасыз етеді. Тасымалдаушы желілер кремнийорганикалық сұйықтықпен майланып, қамыр дайындамаларының жабысып қалуына кедергі жасайды. Дайын болған қамыр дайындамалары мата қаппен көмкерілген немесе кепкен нан ұнтағы себілген тақтай үстіне жайылады. Содан кейін шкафтың бесікшелеріне ақырғы рет толықсуы үшін біршама уақытқа қалдырылады. Көптеген нан зауыттарында дайын қамыр дайындамалары автоматты түрде орналастырғыш-қолқұрылғы арқылы орналастырылады.
Майқоспалы нан өнімдерінің қамырын бөліктерге бөлу әртүрлі тәсілдер арқылы өрме және өрме емес нан өнімдері үшін жүзеге асырылады.
Майқоспалы ширатпа нан өнімдерінің
(хала – ұзынша ширатпа нан, бұрама нан т.б.)
қамырын бөліктерге бөлу
дегеніміз олардың қамырын бөліктерге бөліп, қамырды дөңгелететін арнайы машиналарда дөңгелетіп, содан кейін қамыр жаятын машиналарда ширату. Қамыр дайындамаларын екі, үш немесе төрт бұрамалардан қолмен дайындап, металл тақтайларға орналастырып, қамырды бірнеше уақыт толықсытып, сосын пісіреді. Мәселен, массасы 0,2 кг бірінші сұрыпты бидай ұнынан дайындалған өрмелі майқоспа тоқаш былайша бөліктерге бөлінеді: алдымен ширатылып алынған екі қамыр бөліктерін бір-біріне жалғап, бұрау тәсілі арқылы өріп, аяқ шетін жабыстырады (сурет 8.2.).
Сурет 8.2.
Массасы 0,2 кг бірінші сұрыпты бидай ұнынан өрілген майқоспалы тоқаш
а
– қамыр дайындамалары (бұрама);
б
– майқоспалы тоқашты өре бастау;
в
– дайын майқоспалы тоқаш
Массасы 0,4 кг бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған «Черкизовская» бөлкесі былайша дайындалады: алдымен екі ширатылып алынған екі қамыр бөлігін бір-біріне жалғайды. Сосын үшінші ширама қамырды оның үстіне қойып, жабыстырады (сурет 8.3.).
Сурет 8.3.
Массасы 0,4 кг бірінші сұрыпты бидай ұнынан дайындалған Черкизовская»
бөлкесі
а
– қамыр дайындамалары;
б
– бөлкелерді дайындай бастау;
в
– дайын болған бөлке
Массасы 0,4 кг жоғары сұрыпты бидай ұнынан көкнәр қосылған ширатпа нанды дайындау тәсілі: алдымен ширатылып алынған қамыр бөліктерін жапсарларын төмен қаратып, жалғайды; ширатылғана қамырлар 3 дана болып жалғанады; ширатылған қамырларды шаштың өрімі секілді жалғапең шетін жабыстырып қояды (сурет 8.4.).
Сурет 8.4.
Массасы 0,4 кг жоғары сұрыпты бидай ұнынан көкнәр қосып, дайындалған ширатпа нан а
– қамыр дайындамалары;
б
– ширатпаларды дайындай бастау;
в
– дайын болған ширатпа нан
Массасы 0,4 кг, бірінші сұрыпты бидай ұнынан дайындалатын ширатпа хала үшін төрт ширатылған қамыр алынады. Оларды бір-бірімен жалғап, ең төменгі шетін жабыстырады (сурет 8.5.).
Сурет 8.5.
Массасы 0,4 кг, бірінші сұрыпты бидай ұнынан дайындалған
хала (ширатпа нан)
а
– қамыр дайындамалары;
б
– халаны дайындай бастау;
в
– дайын болған хала
Майқоспалы өрілмей жасалған нан өнімдерінің қамырын бөліктерге бөлу машиналық, қол және аралас тәсілдермен жасалады. Ал дөңгелек пішінді нан өнімдері үшін қамырын бөліктерге бөлу толығымен механикаландырылған. Қамыр арнайы қамыр бөлетін машиналарға келіп түсіп, белгілі бір массадағы бөліктерге бөлініп, содан кейін дөңгелектендіріледі. Дөңгеленген қамыр дайындамалары май жағылған металл табақшаларға орналастырылады. Бұл нан өнімдеріне: массасы 0,1 кг, жоғары сұрыпты бидай ұнынан жасалған майқоспалы бөлішкелер; массасы 0,1 кг, бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған құнарлылығы жоғары бөлішкелер; массасы 0,2 кг, бірінші сұрыпты
бидай ұнынан жасалған «Ярославская» бөлкесі т.б. жатады. Қамыр дайындамаларын тақтайларға орналастырғанда қажетті саңылаулар сақталады. Нан өнімдері толықсып, піскен кезде бір-біріне жабысып (майқоспалы бөлішкелер, помадкасы бар бөлішкелер, қатпарлы нан өнімдері т.б.), қамыр дайындамалары арасында 10...15 мм саңыдлаулар арқылы орналастырылады. Майқоспалы басқа нан өнімдерінің қамыр дайындамалары бір- бірінен 20...30 мм арақашықтықта орналастырылады. Наубайханаларда майқоспалы өнімдердің қамыры бөліктерге қолмен бөлінеді. Ол мынадай операциялардан тұрады: ашыған қамыр салынған кеспектерді қамырды бөліктерге бөлетін үстелге жақындатып, апару;
кеспектен қамырды шығару; қамырдың бөліктерін жуандығы бойынша теңдей әрі ұзынша етіп қырғышпен немесе пышақпен бөлу;
қамырларды ширатып бөліп алу; ширатылған қамырларды массасы бірдей бөліктерге бөлу; қамырдың әрбір бөлігін өлшеу;
қамыр бөліктерін дөңгелету (жұмырландыру); қамыр бөлуге арналған үстел үстіне (ұн себеленген) қойып, қамырларды 3...10 минут ішінде алдын ала толықсытып алу;
ақырғы пішінге келтіру.
Майқоспалы нан өнімдерінің ассортиментінде пішіні мен үстінің безендірілуі әртүрлі, бірақ бір нан өнімінің бірнеше түрлері болады. Нан өнімдерінің пішінін жасау үшін әртүрлі құрал-сайман пайдаланылады: пышақтар, оқтаулар, қылқаламдар, шөткелер, крем жағатын қапшықтар. Пішін беру барысында қамыр дайындамаларының массасын, үстіңгі жағын не бетін безендендіру үшін қалдырылған шикізат мен жартылай фабрикаттардың (үгінді, жұмыртқа жақпасы, крем, помадка т.б.) үздіксіз тексеріп отыру керек.
Үгіндіні ұн, құмшекер, малдың майынан немесе маргаринді 1:1:0,5 арасалмағында араластырып, дайындайды. Алдымен жұмсартылған май мен шекерді араластырып, сосын барып ұн қосады. Барлығы мұқият араластырылып, елек арқылы еленеді.
Жұмыртқа жақпасы су мен жұмыртқаны 1:1 арасалмағынан 1:0,2 арасалмағына дейін араластыру арқылы алынады.
Крем су (1 л), құмшекер (0,4 кг), ұн (0,2 кг), жұмыртқа (5 дана), ванилинді (0,1 кг) араластырып, дайындайды. Барлық шикізаттар мұқият араластырылып, қайнағанға дейін қыздырылады. 10 кг помадканы дайындау үшін 8,3 кг құмшекер мен 0,8 кг крахмал сірнесі араластырылады. 1:3 арасалмағындағы су мен құмшекерді 113...117°С температурасына дейін үздіксіз араластыра отырып, қыздырады. Содан кейін араластыруды тоқтатпастан, крахмал сірнесін қосады. Алынған шәрбатты 40...35°С-қа дейін суытып, 15...20 минут бойы масса әбден ағарғанша шайқайды. Қолданар алдында помадканы 40...45°С температураға дейін қыздырады. Тек суығаннан кейін ғана помадкамен нан өнімдерінің үстіне жағады. Майқоспалы нан өнімдерінің кейбір түрлерінің қамыр дайындамаларын бөліктерге бөлудің өзіндік ерекшеліктері бар.
Массасы 0,1 кг, жоғары сұрыпты ұннан дайындалған
майқоспалы бөлішкенің
дөңгеленген қамыр дайындамалары табақшаға бір-бірінен 1 см арақашықтықта орналастырады. Ең ақырғы рет толықсытып, пісірер алдында бір-бірімен жабыстырады. Пісірер алдында олардың үстіне жұмыртқа немесе жұмыртқа жақпасын жағады.
Массасы 0,2 кг, бірінші сұрыпты бидай ұнынан дайындалған
«Чрославская» бөлкесінің
дөңгеленген қамыр дайындамаларын өсімдік майымен майлап, үстіне үгінді
сеуіп, табақшаларға бір-бірінен 2...3 см арақашықтықта орналастырады. Толықсыту мен пісірер алдында бір-бірімен жабысып қалмауы керек.
Массасы 0,2 кг, бірінші сұрыпты ұннан дайындалған
ұсақ бөлішкелердің
мынадай түрлері дайындалады: «Ленинградтық қалаш», «раушан гүл», «орама», «өрме сақина»,
«түтікше», «тағаша», «конверт», «тарақша» т.б.
«Ленинградтық қалашты»
дайындау үшін қамырдың бөліктері алдын ала толықсытылып, оқтаумен қалыңдығы 1...1,5 см шелпек етіп жайылады. Арнайы оймақтың көмегімен жартылай шеңбер ойылып алынып, құрастырылған тілшені бір-біріне қарама- қайшы бағытта жабыстырады (сурет 8.6.).
«Орама нан » өнімін дайындау үшін қамыр бөліктері алдын ала толықсытылып, ұзындығы 80 см ширатылған қамырлар дайындалып, 7 орамды сақина пішінінде бұралады. Ширатылған қамырлардың шетін жабыстырып, жапсарларын төмен қаратып, табақшаларға салады (сурет 8.7.).
«Түтікше» нан өнімін алу үшін қамыр бөліктерін алдын ала толықсытып алған соң, ұзынша пішіндерге салып, бөлішке жасайды. Содан кейін қамыр дайындамаларын ұзынша тілік етіп жайып, шеттерін ерітілген маймен майлап, оң қолдың алақанымен ішке қарай 5...6 айналымды орама етіп жабыстырады. Ал сол қолымен дайындаманың ең жақын тұрған шетін майыстырып, түтікше пішініне келтіреді (сурет 8.8.).
«Тағаша»
нан өнімінің қамыр бөліктерін түтікше пішінге келтіреді.
Алайда 6-7 орамалары таға түрінде оралады (сурет 8.9.).
«Тарақша»
нан өнімінің қамыр бөліктерін алдын ала толықсытқаннан кейін, оқтаумен ұзынша қамыр дайындамаларын құрастырады. Оның шеттерін маймен майлайды. Содан кейін дайындамаларды астыңғы бөліктің шеттері жоғары бөліктен 1 см-ге шығып тұратындай етіп орналастырады. Екі шетін де пышақпен кесіп алады. Сосын құрастырылған өнімді табақшаға салып, шеттерін бір-біріне жақындастырады. Тағаның ішкі жағы барынша тегіс болып, ал сыртқы жағында кесілген шеттерінің тістелері сыртқа шығып тұратындай болуы керек (сурет 8.10.).
Сурет 8.6.
«Ленинградтық қалаш»
а
– қамыр дайындамасы;
б
– қалашты дайындаудың басталуы:
1
– шелпек;
2
– ойып алу;
в
– дайын болған қалаш:
1
– тұтқасы;
2 -
тілшік
Сурет 8.7.
«Орама нан»
а
– қамыр дайындамасы;
б
– қамыр бұрамасы;
в
– сақинаны өре бастау;
г
– дайын болған сақина
«Конверт» нан өнімінің қамыр бөліктері оқтау арқылы ұзартыла жайылып, конверт түрінде үш бөлік болып, бірінің үстіне екіншісі орналастырылып, үстін ортасына қарай алақанның қабырғасымен қатты басады.
«Раушан гүл» пішінді нанның қамыр бөліктері алдын ала толықсытылады. Содан кейін қалың шелпек етіп оқтаумен жайылады. Аралары аз ғана ерітілген маймен майланады. Сосын шелпектің шеттерін қолмен ішке бүге отырып, оң қолдың алақанымен басып тұрып, шетін ішке қарай иеді. Дайындамаларды ақырын бүге отырып, 5...6 бүкпе жасап, қаттырақ жабыстырады. Содан кейін ақырғы рет бүгу үшін қалған қамыр бөлігі бұралып, раушан гүл пішінді нанның тілшігі шығарылады. Тілшік маймен майланып, бүгілген жапсарлардың үстіңгі жағына жабыстырылады.
Сурет 8.8.
«Түтік кеспе»
а – қамыр дайындамасы; б – қамыр тілімі; в – дайын болған «түтікше»
Сурет 8. 9.
«Тағаша»
а – қамыр дайындамасы; б – қамыр тілімі; в – дайын болған «тағаша»
Массасы 0,2 кг жоғары сұрыпты бидай ұнынан дайындалған
«Московский» тоқашының
қамыры машиналық бөлгіш құрал арқылы жасалады. Бөлгіш машина қамырды массасы 220 г (қамыр кемуі мен кептірілуін есепке алып) бөліктерге бөлінеді. Содан кейін әрбір бөлік дөңгелетіліп, қолмен мынадай операциялар жасалады: дөңгеленген қамыр бөліктері қамыр бөлетін тақтайдың үстіне орналастырылып, алдын ала толықсытылады. Сосын дөңгелек қамыр бөліктері құймақ пішінде жайылады. Ұзынша қамыр дайындамаларынан қатпарлы ширама қамырлар жасалады. Ширатпалар ортасынан бір-біріне қарай жабыстырылып, шеттері қатты бекітіледі. Одан кейін ширатылған қамырлар екіге бөлініп, табақшаларға жүрек пішінінде салынады.
Сурет 8.10.
«Тарақша»
а – қамыр дайындамасы; б – «тарақшаны» дайындай бастау; 1 – шелпек; 2-3 – тарақшаның пішінге келу кезеңі;
в – дайын болған «тарақша»
Массасы 0,1 кг, бірінші сұрыпты бидай ұнынан дайындалатын қарапайым
майқоспалы тоқаштың
қамыры «Московский» тоқашы секілді бөлінеді. Алайда майқоспалы нан өнімдерінің түрлері әртүрлі болып құрастырыла береді.
Бір жағынан, қамыр дайындамаларына түтікше түріндегі
«Бұғы мүйізі»
пішінін беру үшін пышақпен қисық, терең кесіктер жасалады. Қамыр дайындамаларына жартылай дөңгелек пішіні беріледі (сурет 8.11.).
Сурет 8.11.
«Бұғы мүйізі»
а – қамыр дайындамасы; б – түтікше түрінде дайындамалар;
в, г – нанның пішінін жасау кезеңдері; в – дайын болған «бұғы мүйізі»
«Жүгері» пішініндегі түтікше түріндегі қамыр дайындамаларын ойша екіге бөліп алады. Бір бөлігін тор түрінде кеседі, екінші бөлігін екіге кеседі. Алынған шеттерін бір-біріне қарама-қайшы бағытта жабыстырады (сурет 8.12.).
Сурет 8.12. «Жүгері»
а
– қамыр дайындамасы;
б
– түтікше түрінде дайындамалар;
в, г –
нанның пішінін жасау кезеңдері;
в
– дайын болған «жүгері»
Сурет 8.13.
Үш (а) және төрт (б) жапырақшалары бар тоқаш
а – қамыр дайындамасы; 2 – шелпек; 3 – түтікше түрінде дайындамалар; 4,6 – нанның пішінін жасау кезеңдері; 7, 8 – дайын болған тоқаштар
Үш
(сурет 8.13., о) және
төрт
(сурет 8.13., б)
жапырақшалары
бар тоқашты дайындау үшін түтікшені бір-бірінің үстіне қойып, ортасынан бүгіп, жабыстырады. Дайындамаларда екі-үш терең тілімдер жасап, астын үстіне келтіреді. Сонда үш-төрт жапырақ пайда болады. Жапырақтарды төмен қаратып, асты-үстіне келтіреді.
«Шаян» пішініндегі түтікшенің шеттерін (сурет 8.14., о) екіге тіліп, астын үстіне келтіреді (сурет 8.14., б).
«Алау» пішініндегі қамыр дайындамаларының түтікшелерінің бір-біріне қарама- қайшы шеттерін теңдей етіп, екі бөлікке тіліп, астын үстіне келтіріп, ортасын қатты бастырады (сурет 8.14., г).
Сурет 8.14.
Майқоспалы нан өнімдері
а – қамыр дайындамалары: 1 – тілім; 2 – түтікше, б – «шаян» пішінінде; в – дайын болған «сыпырғы»; г – алау: 1 – пішінге келтіре бастау,
2 – дайын өнім
Осы аталған майқоспалы нан өнімдерінен басқа «
раушан гүл», «емен жапырағы»,
«өрмекші»
т.б. түрлері бар. Массасы 0,1 кг, жоғары сүрыпты бидай ұнынан жасалған
«Выборгская» майқоспалы тоқашының
мынадай түрлері бар: үгіндімен және тосаппен;
тілімденген, тосап қосылған;
«устрица» пішінді (көкнәрмен).
Үстіне үгінді сеуіп, ортасына тосап қойып жасалған «Выборгская» майқоспалы тоқашының
қамырын машинаның көмегімен бөліктерге бөлеміз.
Қамырды массасы 100...105 г бөліктерге қамыр бөлетін машинада бөліп алады. Содан кейін қамырды дөңгелететін машинада дөңгелек пішінге келтіреді. Дөңгеленген қамыр бөліктерінің үстіңгі жағын ерітілген маймен майлап, үгінді себеді. Сосын табақшаларға салып, ақырғы рет толықсуы үшін шкафка салады. Толықсығаннан кейін қамыр дайындамаларының ортасын тесіп, оған крем жағатын қапшық арқылы тосап жібереді.
Тілімденген, тосап қосылған майқоспалы «Выборгская» тоқашының қамырын бөліктерге бөлу аралас тәсілмен жасалады. Машина арқылы бөліктерге бөлу дегеніміз – қамырды массасы 100 г (+10 г тосап) бөліктерге бөліп, дөңгелету. Қолмен бөлу – алдын ала толықсытылған қамырды арнайы бөлгіш үстелдің үстінде оқтаудың көмегімен дөңгелек шелпектерге бөліп, шелпектің ½ бөлігін майлап, ортасына тосап салып, ортасынан бүктеп, пышақтың көмегімен «теңіз оюы», «жапырақшалар», «белдемшелер», «шыршалар», «күн» т.б. пішіндерін (сурет 8.15., а, е) үстеп, ақырғы пішінге келтіріп, табақшаларға орналастыру дегенді білдіреді.
1 3
1 2 3 4 5
Сурет 8.15.
«Выборгская» май қоспалы тоқашының тілімдері:
а
– тосаппен:
1
– қамыр дайындамалары;
2
– шелпек;
3
– тосап;
4
6
– пішінге келтірілген нан өнімдерінің дайын болған түрлері;
б
– тосаппен:
1
– қамыр
дайындамалары;
2, 3
– нан өніміне пішін беру кезеңдері;
4
, 5 –
пішінге келтірілген нан өнімдерінің дайын болған түрлері; в
– тосаппен:
1
– қамыр дайындамалары;
2...4
– пішінге келтірілген нан өнімдерінің дайын болған түрлері;
г
– тосаппен:
1
– қамыр дайындамалары; 2, 3 – пішінге келтірілген нан өнімдерінің дайын болған түрлері;
д
– тосаппен:
1
– қамыр дайындамалары;
2... 5
– пішінге келтірілген нан
өнімдерінің дайын болған түрлері; е – тосаппен:
1
– қамыр дайындамалары;
2, 3
– нан өніміне пішін беру кезеңдері;
ж
– көкнәрмен («устрица»):
1...10
– пішінге келтірілген «устрицалардың» дайын
болған түрлері
«Устрица» (сурет 8.15., ж) қол арқылы бөліктерге бөлінеді. Ашыған қамыр салынған кеспекті қамырды бөлуге арналған үстелге жақындатып, кеспектен қамырды үстеге аударып, массасы 1,5...7 кг болатын бөліктерге бөліп, оларды біршама уақыт толықсытып қояды. Қамырдың бөліктерін сопақша етіп жасап, шеттерін теңдей қып, оқатумен қалыңдығы 0,5 см жалпақ төртбұрышты етіп жаяды. Қамырды жайған соң шеттерін тегістеп, ерітілген май жағып, көкнәр себеді. Содан кейін қамырдың қарама-қайшы беттегі шеткі қабатын ішке қарай 8...10 орамды орама шығатындай етіп бүгеді. Қатпарлы қамырдың ұзынша бұрамалары шыға келеді. Оларды жапсарларын төмен қаратып, бұраманың қалыңдыңы ұзындығымен бірдей болатындай етіп ақырын созады. Ал бұраманың шеттерін пышақпен кесіп, жалпы қамырдың ішіне қосып қояды. Сосын бұрамадан нан өнімін дайындау үшін тепе-тең бөліктерді кесіп алады. Қамырды көзбен өлшеп алғандықтан, қамырдың әрбір бөліктерін өлшеп отыру керек болады. Егер белгіленген массадан асып кетсе, бұраманың шетінен қамыр бөліктерін жұлып алып, жалпы қамырға қосады. Ал егер масса белгіленген нормаға жетпей қалса, керісінше, жалпы қамырдан керегінше масса алып, қосады. «Устрицалардың» әрқилы түрлері болады: ұзынша, шиыршық, фигуралық пішіндер. Ұзынша «устрицалар» үшін ширатылған қамырлардан бірнеше бөліктерді кесіп алады. Сол қолдың бас бармағы мен сұқ саусағы арқылы ширатылған қамырды ұстап тұрады, ал оң қолымен қалыңдығы 5...6 см теңдей бөліктерді бөліп алады. Сол қолымен кесіп алынған бөліктерді бір-бірлеп алып, бақылама өлшем жасайды. Содан кейін қамырды жаятын үстелге ширатылған қамырлар қалай орналастырылса, дәл сол тәртіппен
қойып, үстін диаметрі 1...1,5 см жұқа оқтаумен ақырын басады. Оқтаудың екі шетін ұстап тұрып, екі қолдың саусақтарымен басады. Оқтауды басқан кезде қамырдың қатпарларының үстіңгі жағы жоғарыға қарай, ал ортасы мен төменгі жағы шетке қарай көтеріледі. Шиыршық «устрицаларды» дайныдау үшін қамыр бөліктерін барынша жұқа ширатып, кесіп алынған қамыр бөлкітері 6...7 см етіп жұқалатады. Сол қолмен қамырды ұстап тұрып, оң қолмен шиыршықтың бірінші орамын бөліп алып, оның шетін қамыр бөлігінің ортасына салып қояды. Шиыршық «устрицаға» арнап дайындалған қамыр бөліктерін жапсарларын төмен қаратып, қамыр жаятын үстелдің үстіне орналастырады. Сол қолмен ұстап отырып, оны пышақпен тоқаш секілді етіп тіледі. Яғни 1 немесе 2...3 рет тілгілейді. Тілінген бөлігі – 1...1,5 см кішкентай ғана қамыр бөлігі ғана. Табақшаға салар алдында қамырдың бөлігі тілігіне қарай астын үстіне келтіріп аударады. Екі, үш немесе төрт ширатпалы фигуралық
«устрицалар» шығып, бір-бірімен біріктіріліп, табақшаға орналастырылады. Массасы 0,05 және 0,1 кг, жоғары сұрыпты бидай ұнынан жасалған фигуралы «Выборгской» майқоспалы тоқаштың қамырлары қолмен немесе аралас тәсілмен бөліктерге бөлінеді. Аралас бөлу кезінде қамыр дайындамалары машинаның көмегіне жүгінеді. Бөлінген бөліктер қамырды дөңгелететін машиналарда дөңгеленеді. Ал ақырғы пішінге қолмен келтіреді.
Қолмен бөлу кезінде мынадай операциялар орындалады: қамыр жаятын үстелдің үстін жұмысқа дайындау; ашыған қамыр толы кеспекті қамыр жаятын үстелге жақындату; кеспектегі қамырды үстел үстіне аудару; қамырды қамыр тіліктеріне бөлу; қамыр тіліктерін ширату; ширатпа қамырларды массасы 55 және 100 г бөліктерге бөлу; қамыр бөліктерін өлшеу;
қамыр бөліктерін қолымне дөңгелету; дөңгеленген қамыр бөліктерін үстел үстіне алдын ала толықсуы үшін қойып қою; қамыр бөліктеріне құстар, аңдар, жануарлар т.б. фигураларындағы пішін беру; пішінге келтіріліп, дайын болған қамыр дайындамаларын табақшаға орналастыру. Массасы 0,5 және 0,1 кг, жоғары сұрыпты бидай ұнынан жасалатын фигуралы «Выборгской» майқоспалы тоқаштың бірнеше түрлерін дайындау үшін қамырын бөліктерге бөлудің өзіндік ерекшеліктері болады.
«Саңырауқұлақ» пішінін дайындау үшін бөлікке бөлінген қамыр дайындамаларын оқтаумен сопақша етіп жайып, саңырауқұлақтың қалпағы, аяғы мен шөптердің пішінінде үш бөлікке бөліп, тіледі. Аяғын жалпақ жағын төмен қаратып орналастырып, оның үстіне саңырауқұлақтың қалпағын жабыстырады. Қамырдың қалған бөлігінен шөптерді кесіп алып, саңырауқұлақтың аяғының төменгі жағына саусақ ұшының көмегімен мықтап бекітеді (сурет 8.16.).
Сурет 8.16.
«Саңыраукұлақ»
a
– қамыр дайындамалары:
1
– тілім түрінде;
2
– шелпек түрінде;
б
— дайындамалар:
1
– саңырауқұлақтың қалпақтары;
2
– саңырауқұлақтың аяқтары;
3
– шөптер;
в
– дайын болған дайындамалар:
1
- саңырауқұлақтың;
2
– шөптің;
г
– пішінке келтірілген «саңырауқұлақ»
«Қоян» пішінді нан өнімі үшін қамырды бөліктерге бөліп, оқтаумен сопақ шелпек етіп жаяды. Шелпектің жоғары сол жағында арақашықтығы 2 см етіп қоянның құлақтарының пішінін келтіріп, екі тілік жасайды. Құлақтарының үстінен қиғаш тілік жасайды. Тілінген қамырдың төменгі бөлігін денесіне қарай иіп, қоянның басын шығарады. Шелпектің төменгі жағына солға және оңға қарай бойлай тіліп, содан кейін тілінген бөліктің бір бөлігін – оңға, келесі бөлігін – солға қарай созады. Созылған бөліктерге бір-бірлеп тілік жасайды. Осылайша, қоянның алдыңғы және артқы аяқтары шығады. Содан кейін денесінің оң жағының шетін соза отырып, кішкентай құйрығын тіледі. Көздерін жасау үшін жүзім (мейіз) қолдануға болады (сурет 8.17.).
Сурет 8.17.
«Қоян»
а – қамыр дайындамалары; 2 – шелпек; 3, 4 – нан өнімін дайындау кезеңдері; 5 – пішінге келтірілген «қоян»
«Қой» пішініндегі нан өнімін дайындау үшін дөңгеленген қамыр бөліктерін сопақ етіп жаяды. Шелпектің жоғарғы жағынан арақашықтығы 2 см етіп екі тілік жасап, мүйіздерін жасайды. Алынған жолақтарды бір-бірімен алмастырып, жоғарыға қарай бұрап, саусақпен мықтап бекітіп, жабыстырады. Сол жақ шетінен ішке қарай тілік жасайды. Тілінген қамырдың төменгі бөлігін денесінің ішіне қарай бүгіп, басын шығарады. Шелпектің төменгі жағынан оңға және солға қарай бойлай тілік жасайды. Оған перпендикуляр төменге қарай тіліктен бастап, ортасынан көлденең тілік жасап, тілінген бөліктің бір бөлігін солға, келесі бөлігін – солға қарай созады. Созылған бөліктерінде бір- бір тілік жасап, қойдың алдыңғы және артқы аяқтарын шығарады. Қойдың денесінің оң жақ бөлігінде оның құйрығын тіліп, шығарады. Денесінде саусақтың көмегімен бүкпелеп, жүнін бейнелейді. Көздерін пішіндеу үшін мейіз қолдануға болады (сурет 8.18.).
Сурет 8.18.
«Қой»
1 – қамыр дайындамалары; 2 – шелпек; 3 – нан өнімін дайындай бастау; 4 – пішінге келтірілген «қой»
«Піл» пішінді нан өнімін дайындау үшін дөңгеленген қамыр бөліктерін сопақ шелпек етіп жаяды. Оны ойша өзара тең үш бөлікке бөледі. Бөліктің ортасын солдан оңға қарай қисық тілік жасап, ішке қарай бүгіп, бекітеді – құлақ шығады. Шелпектің төменгі бөлігін өзара тең алты бөлікке тіліп, оң жақ бөлігінде кішкентай құйрық жасайды. Ал сол жағында қамырдың бөліктерін жайып, пілдің тұмсығын жасайды. Ортасына қарай алынған тілік бөлікті денесіне қарай ішке бүгеді. Аяқтарында саусақ арқылы бүкпелер жасайды. Тұмсығы мен алдыңғы аяғы арасында тілік жасап, ұзынша таяқ тісін (азуын) жасайды. Көзді шығару үшін мейізді пайдаланады (сурет 8.19.).
Сурет 8.19.
«Піл»
1
– қамыр дайындамалары;
2
– шелпек;
3
– нан өнімін дайындай бастау;
4
– пішінге келтірілген «піл»
«Балық» пішінді қамыр дайындамасы үшін дөңгелендірілген бөліктерді екі қолға бөледі. Сол қолда қамырдың көп бөлігі болуы тиіс. Екі қолмен бір мезетте қамырды дөңгелетеді: сол жағы – балықтың денесі мен басын, оң жағы – кішкентай шеңбер түрінде құйрығын (бүкіл қамырдың
2
3
бөлігі) шығару үшін. Содан кейін қамырды оқтаумен жайып, балықтың пішінін келтіреді. Құйрықты екіге тіледі. Қисық терең тілік арқылы үстінен төменге қарай басын шығарады. Басында кішкентай тілікпен аузын жасайды. Жоғары жүзбеқанаттарын жасау үшін басынан құйрығына қарай бойлай балықтың
арқасында терең емес тіліктер жасайды. Денесінің төменгі бөлігінде де дәл солай жүзбеқанаттар тіледі. Көздерін бейнелеу үшін жүзім пайдаланады (сурет 8.20).
Сурет 8.20.
«Балық»
1 – қамыр дайындамалары; 2 – шелпек; 3, 4 – нан өнімін дайындай бастау; 5 – пішінге келтірілген «балық»
«Торай» пішінді нан өнімін жасау үшін қамыр дайындамаларын сопақ шелпек етіп жаяды. Үстіңгі және төменгі шетінің сол жағын денесінің ішіне қарай бүгіп, шошқаның жалпақ тұмсығын жасайды. Шелпектің төменгі бөлігінде солдан оңғай қарай бойлай тілік жасайды. Оған перпендикуляр әлгі тіліктен шелпектің ортасына қарай көлденең тілік жасап, сосын тілінген бөліктің бір бқлігін – солға, екінші бөлігін – оңға қарай созады. Созылған бөліктің төменгі жағынан бастап қалыңдығы 1 см көлденең жолақтар тіліп алады. Алынған квадрат бөліктердің қарама-қайшы шеттерін торайдың басына қарай жабыстырады. Жасалған құлақтарды торайдың басына орналастырады. Қамырдың созылған бөліктерінде бір-бірлеп тілік жасайды. Осылайша торайдың алдыңғы және артқы аяқтары шығады. Оларға солдан оңға қарай тік бұрышты тілік жасап, тұяғын шығарады. Денесінің оң жағынан құйрығы үшін кішкентай тілік жасап, ширатып, денесінде сақина түрінде бекітеді. Торайдың жалпақ тұмсығынан аузы үшін кішкентай тілік жасайды. Көздерін пішіндеу үшін мейізді қолданады (сурет 8.21).
Сурет 8.21.
«Торай»
1
– қамыр дайындамалары;
2
– шелпек;
3..5
– нан өнімін дайындай бастау;
6
– пішінге келтірілген «торай»
«Қаз» нан өнімін дайындау үшін бөлінген дөңгеленген бөліктерді шеңбер тәріздендіріп, шелпек етіп жаяды. Шелпекті ортасынан бүктейді. Алынған қамыр дайындамасын сол қолмен алып, оң қолымен қаздың мойны мен басын ширатып шығарады (қамырдың шамамен
1
5
бөлігі). Басынан тұмсығын шығарады. Сол қолдағы қамыр бөлігін оқтаумен жайып, қаздың денесін дайындайды. Солдан оңға ұарай қанаттары үшін тілік жасайды. Қанаттарын денесіне орналастырып, жиі терең емес тіліктер жасап, қауырсынын шығарады. Сол қолмен қаздың денесін табақшаға салып, оң қолымен басы мен мойнын абайлап орнықтырады. Көздері үшін мейіз пайдаланады (сурет 8.22).
Сурет 8.22.
«Қаз»
1 – қамыр дайындамалары; 2 – шелпек; 3..5 – нан өнімін дайындай бастау; 6 – пішінге келтірілген «қаз»
«Аққу» пішінді нан өнімін дайындау үшін қамырды қазға бөлгендей етіп, бөліктерге бөледі. Тек денесін үш теңдей бөлікке бөледі. Оң қанаттарына орташа қанатын орнықтырып, сол қанатын үстіне қояды (сурет 8.23.).
«Түйеқұс» нан өнімін дайындау үшін дөңгеленген қамыр бөлігін сол қолмен алып, оң қолмен түйеқұстың басы мен мойнын ширатып алады (қамырдың шамамен
1
5
бөлігі). Басында тұмсық дайындайды. Қамырдың қалған бөлігін оқтаумен жаяды. Нәтижесінде құстың денесі шығады. Денесінің төменгі жағында солдан оңға қарай екі тілік жасап, осы тіліктердің өзін үшке бөледі. Орта бөлігінен қалыңдығы 1 см екі жолақ жасап, түйеқұстың аяқтарын жасап, ақырындап созады. Сол қолмен құстың денесін табақшаға салып, оң қолмен мойнын, басы мен аяқтарын орналастырады. Көздері үшін мейізді пайдаланады (сурет 8.23.).
Сурет 8.23.
«Аққу»
1
– қамыр дайындамалары;
2
– шелпек;
3..5
– нан өнімін дайындай бастау;
6
– пішінге келтірілген «аққу»
Сурет 8.24.
«Түйеқұс»
1
– қамыр дайындамалары;
2
– шелпек;
3..5
– нан өнімін дайындай бастау;
6
– пішінге келтірілген «қаз»
«Көгершін» нан өнімін дайныдау үшін қамыр бөліктерін оқтаумен дөңгелек шелпек етіп жайып, одан
1
3
бөлігін кесіп алады. Шелпектің қалған бөлігін солдан оңға қарай
2
3
дайындамаларға бөледі. Бұл – қанаттары, одан қауырсынның пішінін салып, терең емес тіліктер жасайды. Сол қолмен көгершіннің денесін ұстап тұрып, оң қолмен басын созып, шығарады. Басында тұмсығын шығарады. Бөлініп алынған бөлігі – қанаты – денесінің астына орналастырылады. Төменгі қанатты денесінің ортасына жабыстырады. Көздері үшін мейізді пайдаланады (сурет 8.25).
Сурет 8.25.
«Көгершін»
1 – қамыр дайындамалары; 2 – шелпек; 3..5 – нан өнімін дайындай бастау; 6 – пішінге келтірілген «көгершін»
«Тиін» нан өнімінің қамыр дайындамаларын оқтаумен дөңгелек етіп жаяды. Төменгі жағынан қамырдың бір бөлігін түшбұрыш етіп тіліп алып, жайып, бұтақ пішініне келтіреді. Үстіңгі жағында құйрығын тіліп, шығарады. Құйрығын созып, бөліктерге бөледі. Денесінің үстіңгі жағына басын орналастырып, құлақтарын тіледі. Сол жағынан қамырды ақырын соза отырып, табандарын жасап, тиінді алдында жасалған бұтаққа орнықтырады. Көздері үшін мейізді пайдаланады (сурет 8.26).
«Себет» нан пішінін дайындау үшін дөңгеленген қамырды оқтаумен сопақша етіп жайып, ортасынан екіге бүктейді. Сол және оң жағынан пышақпен қалыңдығы 1 см екі жолақты тіліп шығарады. Қамырдың жолақтарын өріп не ширатып, жоғары жағына орналастырады. Бұл – себеттің ұстайтын тұтқасы (саптары). Қамырдың жоғары жағынан екі кішкентай тілік жасайды. Алынған жолақтарды айналдырып, бантик түрінде тұтқасының бір жанына бекітеді. Қалған төменгі бөлігін қалыңдығы 0,5...0,7 см бірдей екі жолақ етіп бөліп алады. Оларды себеттің түріне сәйкес ширатады (сурет 8.27., а) немесе шиыршық түрінде орап, әрбір шиыршықты мейізбен сәндейді (сурет 8.27., б).
Сурет 8.27.
«Тиін»
1
– қамыр дайындамалары;
2
– шелпек;
3..5
– нан өнімін дайындай бастау;
6
– пішінге келтірілген «тиін»
Сурет 8.26.
Төменгі жағы оралған (а) немесе шиыршықталған «себет»
1
– қамыр дайындамалары;
2
– шелпек;
3..5
– нан өнімін дайындай бастау;
6
– пішінге келтірілген «себет»
Қатпалы қамырдан дайындалған данасы аз қатпарлы нан өнімдерінің қамырын бөліктерге бөлудің өзіндік ерекшеліктері болады. Ерекшелігі – қамырының сары маймен немесе маргаринмен майланып, бірнеше мәрте қатпарланып, үсті-үстіне қойылуы. Дайын нан өнімдері бір-бірінен қатпарланып ажыратылатын бөліктерден тұрады. Қатпарлы нан өнімдеріне қатпарлы бөлішкелер (үшбұрышты, конверт, раушан гүл пішінді нан, балаларға арналған қатпарлы нан, «Свердлоская» қатпарлы наны т.б.) жатады. Қатпарлы нан өнімдері квадрат, төртбұрышты, үшбұрышты, ұзынша-сопақша және дөңгелек пішінді болады. Нан өнімдерінің үстіңгі жағына жұмыртқа жағылып, майқоспалы үгінді немесе қант ұнтағы себіледі. Қатпарлы қамырды дайындаудың технологиялық сызбасы 6.1. тараушасында сөз етілген. Қатпарлы қамырды толықсыту үшін сары май немесе маргарин еріп кетпейтін және қамырды жайған кезде ағып кетпейтіндей етіп, сақтап тұратын салқын жерге қойып қояды. Толықсығаннан кейін қамырдан бөліктер бөлініп алынып, ұн себілген үстелге қояды. Содан кейін қолмен оқтау арқылы немесе арнайы машинаның көмегімен жалпақ жолақтарға жаяды. Майқоспалы бөлішкелер үшін қатпарлы қамырды 6...8 мм қалыңдықта жайып, арнайы пышақ арқылы 85...100 мм (массасы 0,1кг бөлішкелер үшін) мөлшерінде квадраттарға тіледі. Содан кейін үшбұрыш, конверт, раушан гүл пішінді бөлішкелер дайындайды.
Үшбұрышты алу үшін кесілген квадраттарды диагональ бойынша бүгіп, шеттерін пышақпен ақырын басып жабыстырады немесе үстінен пышақпен терең емес тілімдер жүргізеді.
Конверт шығуы үшін квадраттың бұрыштары бірінің үстіне екіншісі квадраттың ішіне қарай ортасына бағытталып, бүгіледі.
Раушан гүл пішінін алу үшін квадраттар ішке қарай 6...7 рет оралып, ақырғы бұрышын тілшікке қатты баса отырып, орайды. Дайын болған нан өнімдері табақшаларға 15...20 мм арақашықтықта орналастырылады.
Балаларға арналған қатпарлы нанның қамыры қалыңдығы 8...10 мм, ұзындығы – 270...270 мм, ені – 25...30 мм жолақтарға бөлінеді. Қамырдың жолақтарын екіге бүктеп, бір бұрышын ұстап тұрып, екіншісін өзінің осінен айналдыра орап, дайындаманың үстіңгі жағынан шиыршық орама шығарады. Дайын болған өнімді толықсығаннан кейін қамыр бір-біріне жабысып қалмауы үшін бір-бірінен 30 мм арақашықтықта табақшаға орналастырып, пісіреді.
«Свердловский» қатпарлы нанының қамыры қалыңдығы – 10...12 мм, ені – 100 мм етіп бөлініп, жайылады. Жолақтардан массасы 110 г бөлігін алып, конверт пішінінде жабыстырады. Конверттің ақырғы бұрышын саусақпен қатты қысып, жабыстырады (сурет 8.28.). Дайын болған конверттерді табақшаға жапсарларын төмен қаратып, бір-біріне жақын орналастырып, бірнеше уақыт толықсытып алады. Толықсыған кезде дайындамалардың шеттері бір-бірімен жабысып қалады.
Сурет 8.28.
«Свердловская» қатпарлы наны:
1
– қамыр дайындамалары;
2
...4 – нан өнімін дайындау кезеңдері; 5
6
– пішінге келтірілген қатпарлы нан
Табақшалар таза әрі маргариннің жұқа қабатымен майлануы керек. Бөліктерге бөлінгеннен кейін дайын болған қамыр дайындамалары ақырғы рет толықсытуға қойылады.
Тоңазытылған жартылай фабриакаттар үшін қамырды бөліктерге бөлу . Массасы 0,1...0,5 кг тоңазытылған жартылай фабрикаттар қарабидай және бидай ұнының қоспасынан нан, бидай ұнынан бөлішке және майқоспалы нан өнімдерін, ашытқы қосылған және ашытқысыз қамырдан қатпарлы нан өнімдерін пісіру үшін қолданылады. Қамырды дайындау үшін жақсартушыларды қосып, ашытқының мөлшерін көбейтіп, қарқынды илеу арқылы жылдамдатылған тәсілді пайдаланады. Қамырдың температурасы 18...21°С-қа дейін көтеріледі. Қамырдың температурасын түсіру үшін 5°С температурадағы су немесе мұзды пайдаланады. Қамыр 15...20 минут ішінде ашып, содан кейін бөліктерге бөлінеді. Дайын қамыр дайындамаларын табақшаларға немесе кассетаға салып, контейнерлерге орналастырылып, тереңірек тоңазытуға арналған камераларға жөнелтіледі. Қамыр дайындамаларын -30...-35 °С температурада 60...120 минут бойы қамырдың орта бөлігіндегі температура -7...-10 °С-қа жеткенше, тоңазытылады. Тоңазытылған қамыр дайындамалары полимер материалдармен немесе полиэтилен пленкамен немесе пергаментпен (Тұтынушылардың құқықтары мен адамның саулығын
қорғау саласындағы бақылау бойынша Федералды қызметтің территориалды органдары рұқсат еткен) көмкерілген пластмасс науаларға орналастырады.
Тоңазытылған жартылай фабрикаттар мұздатқыш камераларда -10...-18°С температурада сақтайды. Сақтау ұзақтығы – температураға байланысты 4...18 тәулік аралығында. Тоңазытылған жартылай фабрикаттар сауда орталықтары арқылы (дайын өнімдерді өндірушілер үшін), сондай-ақ нан зауыттарында нан-тоқаш өнімдерін дайындау үшін пайдаланылады. Тоңазытылған жартылай фабрикаттардан нан өнімдерін дайындау үшін оларды цехтің ішінде 18...22°С температурада 60...90 минут бойы немесе арнайы камераларда 0...3°С температурада 10...12 сағат бойы жібітеді. Жібіп, еріген қамыр дайындамалары ылғалдылығы – 75%, 35...40°С температурадағы толықсытуға арналған шкафтарға салынып, ақырғы рет толықсытылады. Толықсыту ұзақтығын дәстүрлі тәсілмен салыстырғанда, 30...40%-ға көбейтеді. Қамырды бөліктерге бөлетін машиналармен жұмыс жасау кезінде сақталатын қауіпсіздік шарттары . Жұмыс басталар алдында қамырды бөліктерге бөлетін қондырғы мен іске қосатын аппараттың, машиналардың қозғалып тұратын бөліктері мен механизмдерінің, электқоршаулары мен желілік тасымалдаушылардың жұмысқа жарамдылығын мұқият тексеріп алу керек. Қондырғыларды қосар алдында машиналар мен механизмдерді іске қосу қоршаған ортаға зиян келтірмейтініне көз жеткізіп; электрқозғалтқыштарды іске қосу аппараттарының ғана көмегімен қосып, өшіріп; тек құрғақ қолмен жұмыс істеу керектігін естен шығармау керек. Қамырдың қажетті бөліктері тек машиналар тоқтап тұрған кезде ғана тексеріліп отыруы керек. Жұмысшы камераға қабылдау шұңқырларына, сондай-ақ қалып- тастырушы машинаның шұңқырына қамырды қолмен салуға тиым салынады. Қамырды бөлетін машина, қамырды жаятын машина жұмыс істеп тұрған кезде қамырдан тазалауға қатаң тиым салынады. Машинаға, тасымалдаушы құралдар мен қоршауларға сүйенуге болмайды. Машиналар мен механизмдердің тоқ жүргізетін және қозғалып тұрған бөліктерін қолмен немесе қандай да бір құралмен ұстауға тиым салынады. Егер құрал-жабдықтармен жұмыс істеп тұрғанда электр тоғының әсері байқалса, сондай-ақ қондырғылардың жұмысқа жарамсыздығы анықталса, жұмысты дереу тоқтатып, электрқозғалтқыштарды өшіріп, іске қосатын құралдың үстіне «Қосуға болмайды!» деп жазылған плакат іліп, кезекші шеберді немесе электрикті шақыру керек. Жұмыс орны мен жұмыс істеп тұрған қондырғылар мен құрал-жабдықтарды қараусыз қалдыруға болмайды. Жұмыс орнын таза ұстап, жұмыс жасап тұрған машиналардың арасындағы өткелдерді қоқыспен ластауға болмайды. Жұмыс орнының едендері әрдайым құрғақ әрі таза болуына назар аудару керек. Жұмыс орны әрқашан жарықтанып тұруы шарт.
Ақырғы рет толықсыту – қамыр дайындамаларын пісірер алдында соңғы рет ашыту дегенді білдіреді. Қамырды бөліктерге бөліп, дөңгелетіп, пішін беру барысында қамырдың кеуектілік қасиеті бұзылып, көміртек диоксиді мұлдем жойылады. Қамырды қопсытып, қажетті пішін мен көлем беру үшін қарабидай мен бидай ұнынан жасалған қамырлар пешке салынар алдында ақырғы рет толықсытылады. Бұл – өте маңызды технологиялық операция. Дайын өнімнің сапасы осы операцияға тікелей байланысты.
Ақырғы рет толықсыған кезде қамыр ашуын жалғастыра береді. Көміртек диоксиді бөлініп, қамыр дайындамаларын қопсытып, көлемін ұлғайтады. Қамыр дайындамаларының үстіңгі жағы тегістеліп, иілгіш болып, стандартты сыртқы пішінге еніп, піскен нанның кеуекті болуын қамтамасыз етеді. Ақырғы рет толықсыту барысында қамырдың микрофлорасының өміршеңдігін, көбеюін сақтау үшін қолайлы жағдайды қалыптастыру керек. Ақырғы рет толықсыту үшін ылғалдылығы мен температурасы атарлықтай жоғары ауа болуы шарт. Қамырды толықсыту үшін ең қолайлы шарт – ылғалдылықтың 75... 85%, ал ауа температурасы 35...40°С бөлме. Осы шарттар орындалса, қамырдың ашуы мен соған сәйкес толықсуы жылдамдап, қамыр дайындамаларының үстіңгі жағындағы плеенка ылғалданып, көлемі ұлғайған кезде созылып, қамыр бөліктері пішінін сақтап қалады. Ақырғы рет толықсыту қамырды жылдамдатып дайындаған кезде маңызды рөл атқарады. бұл жағдайда толықсыту – негізгі кезең болып саналады. Осы кезде қамыр қопсиды. Қамыр дайындамаларының дайындығын органолептикалық жолмен көлемінің ұлғаюына қарай, сондай-ақ дайындаманың үстіңгі жағын қолмен басып көріп, анықтайды. Дайындық дәрежесіне қарай қамыр жеткіліксіз, қалыпты және шектен тыс толықсыған болып бөлінеді. Жеткіліксіз толықсыту кезінде қамырдың үстіңгі жағын басқанда қалған саусақ іздері жылдам тегістеледі. Ал қалыпты толықсыту кезінде – саусақ іздері баяу, шектег тыс толықсығанда – іздер түгелімен жойылғанмен, қамырдың жылтырлық қасиеті бұзылып, ұлпалығы әлсірегені көрініп қалады. Шектен тыс және жеткіліксіз толықсу нанның бүлінуіне алып келеді. Ақырғы рет толықсыту ұзақтығы – 20...12 минут арасында мына факторларға байланысты болуы шарт: ұнның нан пісіруге икемділік қасиетіне, қамыр дайын- дамаларының массасына, рецептураға, толықсыту шарттарына, қамыр дайындамаларының ылғалдылығына т.б. Қуаттылығы әлсіз немесе автолитті белсенділігі жоғары ұннан жасалған қамыр дайындамалары қуаттылыңы күшті немесе атолитті белсенділігі төмен ұнның ұамырына қарағанда жылдам толықсиды. Бөліктерінің мөлшері – аз және ылғалдылығы төмен қамыр ұзақ уақыт толықсиды. Қалыпқа салынған қамыр дайындамалары жалпақ қалың нандарға қарағанда баяуырақ толықсиды. Себебі қалыптың қабырғалары қамырдың көпсіп көтерілуіне кедергі келтіреді. Егер рецептурада қант, май және басқа да құрамында майы бар заттар болса, толықсу уақытығы жоғарылап, 60...100 минутқа дейін жетеді. Қамыр мөлшері жеткілікті болған кезде, ашытқының мөлшері немесе белсенділігінің жоғарылауы қамырдың толықсуын жылдамдатады.
Қарабидай ұнының қамыры бидай ұнының қамырына қарағанда жылдам толықсиды. Себебі қарабидай ұнында қант мөлшері көбірек, бидай қамыры секілді иілгіш емес. Ашымаған «жасаң» қамырды қайта өңдеуден өткізгенде, толықсу уақыты ұзара түседі. Ылғалдылығы 80...85% болып тұрған ауаның температурасын 30°С-тан 40°С-қа көтергенде қамырдың толықсу уақыты 25...30%-ға қысқарады. Температураны 45°С-тан жоғарылату ашытқыға әсер етіп, қамырдың толықсу уақытын көбейтеді. Ауаның ылғалдылығы 85%-дан жоғары болғанда, қамыр дайындамалары толықсытатын тақтайға немесе кассетаға жабысып қалады.
Қышқылдық әсерін беретін жақсартушы заттар толықсыту үдерісін тежейді. Қамырды ақырғы рет толықсыту арнайы конвейер шкафта немесе толықсытуға арналған камераларда жүзеге асырылады. Қамырды толықсу үшін қолайлы жағдайды қалыптастыру үшін арнайы ауа баптағыштар пайдаланылады.
Толықсытуға арналған шкафтағы ауаның ылғалдылығы мен тем- пературасын
психометрдің
көмегімен тексереді. Психометр екі термометрден тұрады: ылғалды және құрғақ. Ылғалды термометрдің сынапты добын дәкемен орап, соңғы ұшын су толы тостағанға салып қояды. Дәкенің ылғалының булануы үшін жылу жұмсалады. Сондықтан
ылғалды термомердің көрсеткіштері құрғақ термомердің көрсеткіштеріне қарағанда, әрдайым төмен болып тұрады. Ауа құрғақ болған сайын ылғал да соншалықты жылдам буланып ұшып, ылғалды термометрдің көрсеткіштері де төмен болады. Ылғалды термометрдің көрсеткіштерін тіркеп қойып, екі термометрдің көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылықты белгілей отырып, арнайы психометриялық кесте бойынша ауаның ылғалдылық дәрежесін анықтайды. Толықсытуға арналған шкафтың өнімділігі пештің өнімділігіне тең болып, нан өнімінің әрбір түрін толықсыта алуы тиіс. Ол үшін қамыр дайындамаларына қажетті шкафтың бесікшелерінің санын есепке алу керек. Шкафтың бесікшелерін есепке алғанда, шкаф пен пештің қамыр дайындамаларына арналған бесікшелерінің саны бірдей екенін ескеру керек. Толықсытуға арналған шкафтың бесікшелері пештің бесікшелерінен толықсыту ұзақтығына қарай, соншалықты жоғары болғаны дұрыс.
Шкафтағы бесікшелер саны мына формула бойынша анықталады:
Nр л
= Р
ч t р /Мп и
· 60,
Мұндағы
Р
ч
– пештің меншікті өнімділігі, кг/сағ;
Р
л
– толықсыту ұзақтығы, мин;
М
– бір нан өнімінің массасы, кг;
П
и
– бір бесікше ішінде нан өнімінің саны, дана.
Қамырды толықсытуға арналған шкафты қолдану барысындағы қауіпсіз еңбек шаралары мына талаптарды сақтауды білдіреді: жұмысқа жарамсыз және қоршауы жоқ қондырғымен жұмыс жасамау керек; құрал-жабдықты орынсыз қолдануға болмайды; жарамсыз құралдарды пайдалануға болмайды; деформацияланған нан қалыптары мен табақшаларды қолдануға болмайды; электрқозғалтқышты іске қосу аппараттарының көмегімен ғана қосып, өшіру керек; іске қосатын түймешікті тек құрғақ қолмен басу керек.
Жұмыс басталар алдында тексеру керек: құрал-жабдықтың, іске қосатын және бақылама-өлшеуші аппараттың жұмысқа жарамдылығын; машина мен механизмдердің қозғалмалы бөліктерінің қоршауын; бу құбырының шұрасының жұмысқа жарамдылығын; қамыр дайындамалары салынған қалыптар мен табақшалардың толықсытуға арналған шкаф ішінде қиғаш тұрмауын; қондырғыны іске қоспас бұрын оны жұмысқа қосылуы қоршаған ортаға зиян келтірмейтініне көз жеткізу.
Жұмыс барысында: қамыр дайындамаларын түзетуге, шкафтағы бесікшелерді қозғалып тұрғанда қолмен алуға немесе шкафтан шығаруға тиым салынады; конвейер жұмыс істеп тұрғанда шкафтың табақшалары мен қалыптарын алуға, жерге төгілген қамырды жинауға тиым салынады; конвейер авария нәтижесінде (бесікшелердің үзілуі немесе орнынан ауытқуы, қалыптардың, табақшалардың құлап кетуі т.б.) күрт тоқтағанда, іске қосатын қондырғыға тиым салынғанын білдіретін «Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеп жатыр!» деп жазылған плакат іліп қойып, кезекші шеберді немесе электрикті шақырып, ауысым бастығы немесе бригадирді хабардар ету керек.
Бақылау сұрақтары:
ІХ-ТАРАУ
НАНДЫ ПІСІРУ
үдерістер
Пісіру – толықсытылған қамыр дайындамаларын дайын нан өнімдеріне айналдыру үдерісі. Нан құрылымдары әртүрлі нан пісіру пештерінде пісіріледі. Пісіру барысында жылудың әсерімен қамырды дайын нанға айналдыратын әртүрлі әрекеттер жүзеге асырылады: қамырдың қызуы, қамыр мен нанның әртүрлі қабаттарының ылғалдылығы мен температурасының өзгеруі, қатпары мен жұмсақ бөлігінің қалыптасуы, дәм үстейтін және хош иістендіретін заттардың жинақталуы, масса көлемінің ұлғаюы мен кішіреюі. Қамырды дайын өніміне айналдыратын барлық өзгерістер мен үдерістер қамыр дайындамаларын пісіру барысында қыздыру және оның үстіңгі бетін ылғалдандыру нәтижесінде жүзеге асады.
Қамыр дайындамаларын қыздыру нан пісіретін пештердің пісіру камераларының 180...300°С буауалы орта температурасында жүзеге асады. 1 кг нанды пісіру үшін теориялық түрғыдан алғанда шамамен 300...550 кДж (70...130 ккал) жылу қажет. Жылудың көп бөлігі қамырға тарайды, содан кейін пісіру барысында нанға пеш пісіру камерасының әбден қызған қабырғалары мен күмбезшелері арқылы тарайды (80...85%). Ал аз бөлігі ыстық оттық пен қозғалмалы ағындар арқылы пісіру камерасындағы буауалы қоспасына тарайды (20...15%). Бұл жылу қамыр дайындамаларын 180°С, қыртысын 96...97 °С температураға дейін қыздырып, нанның жұмсақ бөлігінен ылғалды жоюға шығындалады. Қамыр дайындамалары ақырындап қызады, сондықтан нанның пісірілуіне қатысты барлық үдерістер мен әрекеттер оның бүкіл массасында бір мезетте жүзеге аспайды. Кересінше, алдымен сыртқы қабатын, содан кейін ішкі қабаттарын ақырындап қыздырады. Қамыр дайындамалары жылдам қыздыру, соған сәйкес, пісіру ұзақтығы пісіру камерасының буауалы ортасының температурасы мен ылғалдылығына, қамыр дайындамаларының массасы мен формасына, қамыр дайындамаларын пешке орналастыру тығыздығына, қамырдың консистенциясы мен пісіру тәсіліне тікелей байланысты. Пісіру камерасында (артқы жағында) температураның жоғарылауы кезінде қамыр дайындамалары қызып, пісіру ұзақтығы қысқарады. Массасы үлкен және қалыңдығы жуан қамыр дайындамалары жіңішке әрі массасы жеңіл дайындамаларға қарағанда баяу қызады. Егер қамыр дайындамалары тығыз, ылғалдылығы төмен болса, оның қызуы баяулайды. Қамыр дайындамаларын пештің оттық астына тығыз орналастырса да, нан өнімінің пісуі баяулайды.
Қатты қыртысының пайда болуы
– қамыр дайындамаларының сыртқы қабаттары сусызданғанда, яғни ылғалдылығы жоғалғанда жүзеге асады. Пісіп бастағаннан кейін 6...8 сағат өткен соң, яғни дайындаманың көлемі максиммалды деңгейге көтерілгенде, өнімнің қыртысы пайда болып, қамырдың көлемінің ұлғаю үдерісі тоқтайды. Пісіру барысында қамыр дайындамаларының әртүрлі қабаттарындағы ылғалдылық пен температура көрсеткіштері де әртүрлі болады. Ең алдымен нанның үстіңгі қабаты қызады. Оның температурасы 100°С-қа жеткенде, ылғалдылығы жойылып, 110...112°С температурада ол
құрғақ жұқа қыртысқа айналып, біртіндеп қалыңдай түседі. Қыртыстың ылғалдылығы жойылғанда, оның бір бөлігі қоршаған ортаға тарайды, ал екінші бөлігі жұмсақ бөлігіне тарайды. Себебі ылғал ең қатты қызған бөлігінен (қыртыстың) аз қызған бөлігіне (жұмсақ бөлігі) ауысады. Қыртысынан тараған ылғалдың нәтижесінде нанның жұмсақ бөлігінің ылғалдылығы 1,5...2,5%-ға жоғарылайды. Ал пісердің алдында оның ылғалдылығы азаяды, яғни 5...7%- ға төмендейді. Демек нанның қыртысы түгелімен құрғайды. Пісер алдында нанның қыртысының температурасы 160...180°С құрайды. Айта кететін жайт – нанның қыртысы аталған температурадан жоғары қыза алмайды. Себебі оның бойындағы жылу ылғалды құрғатуға шығындалып, алынған будың қызуы нанның жұмсақ бөлігіне тарайды. Қамыр дайындамаларын қатты қыздыру нәтижесінде нанның қыртысының пайда болуына крахмал мен ақуыздық заттар қатысады. Олар қамырды қыздырған кезде өзгеріске түседі. Пісірудің алғашы екі минутында будың конденсациясы нәтижесінде дайындаманың үстіңгі қабатындағы крахмал клейстер түзіп, жартылай ерітілетін крахмал мен декстринге тарайды. Олардың сұйық массасы нанның үстіңгі бетіндегі тесіктерді бітеп, құрғағаннан кейін қыртысқа жылтыр мен жалтырлық береді. Нан өнімінің үстіңгі қабатындағы ақуыздық заттардың денатурациясы 70...90°С температурада жүзеге асады. Ақуыздардың денатурациясы үстіңгі қабатының құрғатып қоймай, жылтыр емес тығыз қыртыстың пайда болуына септігін тигізеді. Қыртыстың түсінің өзгеруі қамыр құрамындағы қанттың кара- мелизациясына, сондай-ақ аминқышқылдары мен қант арасындағы реакцияға байланысты. Бұл жағдайда қоңыр түсті карамель, хош иістендіргіш және қоңыр түске бояйтын заттар (меланоидтер) түзіледі. Қыртыстың түсінуің өзгеруі қамырдың құрамындағы қант мен аминқышқылдарының мөлшеріне, пісіру камерасындағы температураға және пісіру ұзақтығына байланысты. Қыртыстың түсі қалыпты қоңыр түске енуі үшін піскен кезде қамырдың құрамында ұнның массасының 2...3% мөлшерінде қант болуы керек. Ыстық нанның құрамында 70-тен астам әртүрлі хош иістендіргіш заттар болады – альдегидтер, кетондар, күрделі эфирлер, органикалық қышқылдар, спирттер. Хлш иістендіргіш заттар қыртысынан жұмсақ бөлікке өтіп, нанның дәмін жақсартады. Қыртыстың пайда болуының жылдамдығы қамыр дайындамаларының үстіңгі қабатының ылғалдылығына, сондай-ақ пісіру камерасының буауалы ортасының температурасы мен ылғалдылығына байланысты. Пісіру камерасының буауалы ортасының ылғалдылығы жоғары, ал температурасы төмен болған сайын нан өнімінің қыртысы да баяу пайда болады. Демек, дайны нан
өнімінің көлемі де ұлғайып кетеді.
Нан өнімінің жұмсақ бөлігінің пайда болуында крахмал мен ақуыздық заттардың өзгеруімен байланысты коллоидті үдерістердің рөлі ерекше. Осы заттардың нанның қамырында өзгеруі бір мезетте жүзеге асады. Крахмал дәндері 55...60°С және одан жоғары температурада клейстер түзеді. Крахмал дәндерінде жарықтар пайда болады. Жарықтарға ылғал сіңіп, нәтижесінде нан өнімінің көлемі ұлғаяды. Клейстер түзілгенде, крахмал қамырдан түзілген ылғалды да, ақуыздар түзетін ылғалды да сіңіріп алады. Қамырдың құрамында ерікті ылғал қалмайды, нанның жұмсақ бөлігі құрғап, қолға жабыспайтын болады. Крахмалдың толыққанды клейстер түзуі үшін қамырдың құрамындағы ылғалдан 2-3 есе көп су керек болады. Сондықтан крахмалдың клейстер түзуі баяу өрбиді. Бұл үдеріс нанның жұмсақ бөлігінің ортасындағы температураны 96...98°С-ға дейін қыздырғанда ғана, аяқталады. Қамыр 50...70°С температураға дейін қызғанда, оның құрамындағы ақуыздық заттар ұйысып (денатуратталып), қамырды илеу барысында сіңген ылғалды қайтадан бөліп шығарады. Ұйыған ақуыздар тығыздалып, икемділігі мен созылыңқылығынан айрылады. Ұйыған ақуыздық заттар нанның «қаңқасын» жасап, нанның жұмсақ бөлігі мен сыртқы пішінін белгілеп, нанның ұлғаюы тоқтайды.
Нанды пісіру барысында қамыр дайындамаларының құрамында микробиологиялық үдерістер жүзеге асады. Сондай-ақ ашытатын микрофлораның (ашытқы жасушалары мен сүтті-қышқылды бактериялар) өміршеңдігі төмендейді. Пісіру үдерісінің алғашқы минуттарында қамыр дайындамаларының құрамындағы спиртті ашытуды тудыратын ашытқы жасушалары белсендендіріледі (ашыту үдерісі жылдамдап, 35°С температурада барынша жоғары деңгейге дейін жетеді). 45°С-тан жоғары температурада спиртті ашыту үдерісі күрт төмендейді, ал 50...60°С температурала мүлдем тоқтайды. Себебі ашытқы жасушалары өледі. Температуралық оптимумға (термофильді емес бактериялар үшін – 35°С және термофильді бактериялар үшін – 48...54°С) байланысты қамыр дайындамаларының қызуына қарай сүтті-қышқылды ашыту үдерісі қарқынды жүзеге асады. Қолайлы температурадан асып кеткенде, қышқыл түзетін бактериялардың өміршеңдігі төмендейді. 50...60°С температурада термофильді емес, ал 80°С температурада – термофильді сүтті- қышқылды бактериялар өледі. Ашытқы жасушалары мен сүтті-қышқылды бактериялардың өмір- шеңдігінің арқасында пісірудің алғашқы минуттарында қамырдың құра- мында спирт, көміртек диоксиді мен қышқылдар мөлшері көбейеді. Бұл нанның көлемінің ұлғаюына және дәмінің жақсаруына септігін тигізеді. Пісіру барысында жүзеге асатын негізгі биохимиялық үдерістерге крахмалдың амилолитті ферменттердің әсерімен гидролизденуі және ақуыздардың протеолитті ферменттердің гидролизденуі жатады. Крахмалдың гидролизденуіне септігін тигізетін ферменттердің белсенділігі пісірілетін қамырдың әрбір қатпарында алғашқыда максимумға дейін көбейеді, содан кейін нөлге дейін төмендейді. себебі ақуыздық зат болып табылатын ферменттер қызғанк езде ұйысып қалады. Ең маңызды жайт – амилаза мен протеиназаның белсенділік дәрежесінің қамыр дайындамалары қызған кезде өзгеріске түсуі: қамыр дайындамаларының құрамындағы р-амилаза 82...84°С температурада инактивацияланады, ал а-амилаза 97...98°С температурада, яғни дайын болған нан өнімінің құрамында өзінің белсенділігін сақтап қалады. Егер қамыр құрамында а-амилаза мөлшері көп болса, ол крахмалдың көп бөлігін декстринге айналдырады. Декстриндер нанның жұмсақ бөлігін нашарлатып, оның қолға жабысқақ және толыққанды піспеген етеді. Нанды пісіру барысында ақуыздар гидролизденіп, нәтижесінде қамырдың ақуыздық- протеиназды кешені өзгереді. Ақуыздық заттардың шабуылдау қабілеті жоғарылап, протеолитті ферменттер 80...85°С температурада инактивацияланады. Пісуі барысында піскен нанның көлемі қамыр дайындамаларының пешке салар алдындағы көлемінен 10...30%-ға ұлғаяды. Пісу үдерісінің алғашқы минуттарында спиртті ашу мен этил спирті және көміртек диоксидінің түзілуінің, спирттің 79°С температурада буға айналуы, сондай-ақ қамыр дайындамаларының құрамындағы спирт пен газ буларының жыллулық кеңеюі нәтижесінде нанның көлемі ұлғаяды. Қамыр дайындамаларының көлемінің ұлғаюы нанның сыртқы пішінін жақсартып, нанның кеуектілігінің қажетті деңгейін қамтамасыз етіп, нанның ағзада жақсы сіңу дәрежесін жоғарылатады. Қамыр дайындамаларының көлемінің ұлғаюы өзгермелі жылдамдықта жүзеге асады. Оған қамырдың пешке салар алдындағы қалпы, дайындамаларды пештің оттық астына орналастырылу тәсілі, пісірудің температуралық тәртібі және пештің ішіндегі бу тікелей әсер етеді. Қамыр дайындамаларын пештің оттық астына төгіліп, орналастырылса дайындаманың көлемінің ұлғаю үдерісі баяулайды. Себебі қамырдың төменгі қатпарлары тығыздалып, газдың бір бөлігі жойылады. Пеш камерасының бірінші қабатындағы оттық астығының тем- пературасы жоғары (шамамен 200°С) болған сайын, жоғарыға талпынған спирт пен көміртек диоксидінің бу
түзуі де қарқынды жүзеге асады, қамыр дайындамаларының көлемі ұлғаяды. Қамыр дайындамаларын пештің салқын оттық астына орналастырғанда, қамыр жайылып, көлемі азайып кетеді. Пеш камерасының бірінші қабатының ылғалдылығы жақсы болса, нанның қыртыс түзуі мен баяулап, нанның көлемі ұлғаяды. Көлемнің ұлғаюы нанның үстіңгі қабатының температурасы 100...110°С-қа жеткенде, тоқтайды. Себебі бұл температурада нанның қыртысы пайда болады. Пісіру барысында дайын нан өнімінің массасы азаяды (кемиді). Нан мөлшерінің кемуі – қамыр дайындамаларының массасының пісіру барысында азаюы (пештің оттық астына салар алдындағы қамыр дайындамаларының массасы мен піскен ыстық нан өнімінің массасы арасындағы айырмашылық). Оны дайындаманың массасына шаққанда мына пайыздық көрсеткішпен белгілеуге болады:
М
кемуі =
100 (М
қд
- М
ын
)/М
қд ,
мұндағы
М
қд
және
М
ын
– қамыр дайындамалары мен ыстық нанның массасы, кг.
Нан мөлшерінің кемуінің (95%) басты себебі –қыртысы пайда болғанда, нанның құрамындағы ылғалдың буланып, жоғалуы. Нанның кему мөлшеріне қамыр дайындамаларының құрамындағы спирттің, көміртек диоксидінің, ұшпа қышқылдардың жойылуы, сондай-ақ қыртыстың құрғақ заттарының пісу кезінде күйіп кетуі әсер етеді. Кему – нан өндірісі үдерісіндегі шикізаттың (қамырдың массасының 6...12% құрайтын) жоғары дәрежеде технологиялық шығындалуы. Кему үдерісінің төмендеуі мен нанның көлеміне әсер ететін факторларды талдауға ерекше ден қойылады. Себебі нан көлемінің кемуі экономикалық тұрғыдан өндіріс орнына пайда келтіреді. Сондықтан нан мөлшерінің кемуін әрбір пеш ішінде мұқият бақылап, нанның пісу ұзақтығы мен пеш камерасындағы температураны тексеріп отырады. Пештің желілік оттық астындағы нанның кему деңгейін анықтай отырып, қамыр дайындамаларының барлығын пісірер алдында және піскен нан өнімін өлшеп отырады. Бесікшелі-оттық асты пештерінде қамыр дайындамалары мен бір бесікше ішіндегі ыстық нан өнімін өлшейді. Оның нәтижелерін журналға белгілі бір формаға сай жазып, тіркеп отырады. Мөлшері кеміген нанның массасын өнімнің әрбір бірлігі үшін арнайы формула бойынша есептеп, нанның кемуінің барлық мөлшерін қосып, орташа мәнін шығарады. Әртүрлі пештерге пісірілген, бірақ бір түрдегі нан өнімдерінің кему мөлшері пісіру тәртібі мен пештің құрылысына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Өндіріс орындарында нанның әрбір түрі үшін кемудің белгілі бір мәнін белгілеп қояды. Нанның кемуін сол нормадан төмендетсе, оның қыртысының қалпы нашарлап, қыртыс ағарып, ал кему дәрежесінің жоғарылауы қыртысының жұқалануы мен нан өнімінің аз мөлшерде шығуына әпеке соқтырады. Кему нанның массасына, пішініне, пісіру тәсілі мен басқа да факторларға байланысты. Бір сұрыптағы нан өнімдерін пісіргенде, кеміген нанның массасына пеш камерасының ылғалдану дәрежесі, қамыр дайындамаларының ылғалдылығы, қамыр дайындамаларының пештің оттық астына орналастыру тығыздығына, пештің әртүрлі бөліктеріндегі камераларының температурасына әсер етеді. Нан өнімінің массасы төмен болған сайын, нанның кему дәрежесі жоғары болады. Оған қыртыстардың құрғауы ықпал етеді. Данасы аз нан өнімдерінің қыртыстарының меншікті массасы кейбір салмағы көп нандарға қарағанда жоғары болады. Пештің оттық астында піскен нанның кему дәрежесі пішінді нандарға қарағанда жоғары болады. Себебі пішінді нан үстіңгі қыртысының есебінен ылғалды жоғалтса, пештің оттық астында піскен нанның бүкіл қыртысының есебінен ылғалды жоғалтады.
Пеш камерасының буауалы ортасының қатысты ылғалдылығы мен қамыр дайындамаларының үстіңгі қабатының ылғалдылығы жоғары болған сайын, қыртыс та кешірек пайда болып, құрғайды. Демек кеміген нанның массасы төмендейді. Қамыр дайындамаларын орналастыру тығыздығы мен қажетті дәрежеде ылғалдандыру – нанның кему дәрежесін төмендетеді.
Ұзақ уақыт пісіру нанның кему дәрежесін көбейтеді.
Пештен шығарар алдында піскен нанның үстіңгі қабатын сумен шылау нанның кемуін төмендетіп, қыртысының жылтыр болуына септігін тигізеді.
Нанның әрбір түрін пісірудің тәртібі мына параметрлермен сипатталады: пісірудің ұзақтығымен, пеш камерасының әрбір бөлігіндегі буауалы ортаның температурасы және ылғалдылығымен. Барлық нан өнімдерін өзгермелі тәртіппен пісіреді. Бұл тәртіпті өндіріс орындарында тәжірибелі жолмен белгілейді. Тәртіпті белгілеу нанның түрі мен массасына, ұнның нан пісіруге икемділік қасиетіне, қамырдың сапасы мен пештің құрылысына тікелей байланысты. Пештің оттық астында пісірілетін көптеген нан өнімдері үшін қамыр дайындамалары жоғары және төменгі температурада ылғалдану аймақтарынан өту тәртібі белгіленеді.
Пісірудің бірінші кезеңі
бумен ылғалдандыру
аймағында жүзеге асып, 2...5 минутқа созылады. Бұл аймаққа ортаның жоғары ылғалдылығы (65...80%) мен төменгі температура (120...160°С) тән. Мұндай жағдайда қамыр дайындамаларында оның көлемін ұлғайтатын үдерістер қарқынды жүзеге асады. Дайындаманың үстіңгі қабатында сұйытылған бу нанның күйіп кетуін жылдамдатып, үстіңгі қабатының қалпын, дәмі мен иісін жақсартып, кемуін төмендетеді. Ылғалдану аймағында қамыр дайындамалары оттық астының конвекциясы мен жылу өткізгіштігі арқасында 180...200°С жылу алады. Қамыр дайындамаларының көлемінің ұлғаюын ылғалдану қатты қыртыстың пайда болуын тежеп, бу мен газдардың көбеюін кедергі жасайтындығымен түсіндіруге болады. Ылғалдану крахмалдың толыққанды клейстер түзуіне септігін тигізіп, дайындаманың үстіңгі бетіндегі декстриндердің еруіне әкеп соғады. Сұйық крахмалды клейстер бос орындарды толтырып, қамыр дайындамаларының үстіңгі бетіндегі кедір- бұдырлықты жойып, нанның қыртысына жылтырлық пен жарқылдық қасиет беріп, түсін өзгертеді. Ылғалдылығы жеткілікті емес ортада піскен бидай ұнының нан өнімдерінің көлемі көп болмайды, үстіңгі беті кедір-бұдырлы, қыртысы жарық әрі түсі күңгірт болады. Пеш камерасы ортасының ылғалы жоғары болса, нан өнімдерінің қыртысы – желім тектес, әжімді болып шығады. Пеш камераларының ылғалдану деңгейін органолептикалық жолмен, ағаш күректерді пештің аузына қойып, тексереді. Егер күректің үстінде конденсат мөлшері көп болса, ылғалдылық жеткілікті деп саналады. Ылғалдану аймағында қамыр дайындамалары ортасында – 35...40°С, ал үстіңгі бетінде – 70...80°С-қа дейін қызады.
Температурасы жоғары аймақта (270...290°С) пеш камерасының орта-сын ылғалдандырмайды. Алдын ала ылғалданған қамыр дайындамалары осы аймаққа түскенде, көлемі спирт және газ буларының жылулық көбеюі нәтижесінде алғашында қарқынды түрде ұлғаяды. Содан кейін қыртысы пайда болып, көлемінің ұлғаюы тоқтайды. Осы аймақта қамыр дайындамаларының үстіңгі беті 100...110°С-ке, ал ортасы 50...60°С-ке дейін қызады. Мұндай температурада крахмал клейстер түзіп, ақуыздар денатурацияланады. Демек нанның қыртысы мен жұмсақ бөлігі қалыптаса бастайды.
Температурасы төмен аймақта (180...220°С) пісірудің негізгі кезеңі жүзеге асады, нанның қыртысы мен жұмсақ бөлігі қалыптасады. Осы аймақта температураның төмендеуі нанның кемуін төмендетіп, пісіру үдерісін баяулатады. Себебі пеш камерасы ортасының температурасы қыртыстың температурасына қарағанда әлдеқайда жоғары болады. Соның нәтижесінде нанның жұмсақ бөлігі жылы күйде сақталады. Қыртыстың температурасы нан толық піскен кезде 160...180°С-қа, ал жұмсақ бөлігінің температурасы
– 96...97°С-қа жетеді.
Нан өнімдерін пісіру тәртібіне әртүрлі факторлар әсер етеді. Мәселен, қуаттылығы әлсіз ұннан дайындалған қамыр, ашып кеткен немесе ұзақ уақыт толықсытылған қамырды жоғары температурада пісіреді. Себебі қамырдың құрамындағы ақуыздар жылдам ұйысып, нан өнімі үгітілгіш болмауына назар аудару керек. «Жасаң» қамырдан дайындалған және жеткілікті деңгейде толық- сытылмаған қамыр дайындамаларын ұзақ уақыт пісіреді, пісіру температурасын қалыпты температурадан 10...15°С-қа төмендетіп, қамырдың ашуы мен жетілуі пісірудің алғашқы кезеңінде жалғастыра береді. Консистенциясы тығыз қамырды ұзағырақ уақыт пісіреді, темпе- ратураны төмендетеді. Себебі мұндай қамыр өте баяу қызады. Массасы төмен және қалыңдығы жұқа нан өнімдері массасы жоғары және қалың нан өнімдеріне қарағанда жылдам әрі жоғары температурада піседі. Құрамында қант мөлшері көп нан өнімдерін қант мөлшері аз нан өнімдеріне қарағанда, төменгі температурада және ұзағырақ уақыт пісіреді. Әйтпесе, нанның қыртысы шектен тыс қарайып піседі. Пісіру тәртібін температура мен пісіру ұзақтығын, ылғалдандыру тәсілін өзгерту арқылы реттеп отырады. Пеш камерасының температурасын отынның жану қарқынын өзгерте отырып, реттейді. Газ жылытқышы бар пештерде температураны жоғарылату үшін газ бен ауаны оттыққа көбірек жіберу керек. Каналдық жылытқышы бар пештердің камераларының белгілі бір бөліктеріндегі газарналарға шиберлер орнатылады. Шибердің көмегімен сәйкес каналға түсіп отыратын отынды жағу үшін қажетті ыстық өнімдердің саны өзгертеді. Электржылытқыштары бар пештердің температурасын пештің оттық асты не оттық үстінде орналастырылған электрысытқыштарды өшіріп не қосу арқылы реттеп отырады. Үздіксіз қозғалыстағы пештерде нанның пісу ұзақтығын реттеу үшін пештің конвейерінің жетегінде орналасқан жылдамдық вариаторының көмегімен реттеп отырады. Пісіру ұзақтығын қысқарту үшін конвейердің жылдамдығын көбейтіп немесе азайтып отырады. Біртіндеп үздіксіз қозғалып отыратын конвейері бар пештерде нанды пісіру ұзақтығын уақыт релесінің көмегімен реттеп отырады. Мұндай пештердегі конвейердің қозғалыс жылдамдығы тұрақты болады, ал орналастырушы-шығарушы терезенің кезекті бесікшесіне жеткенде, оны тоқтату ұзақтығын реленің көмегім ен реттейді. Бұдан пісіру ұзақтығы да өзгеріп отырады.
Реленің шкаласы болады. Ондағы кілттің көмегімен қажетті ритм белгіленеді. Уақыт релесі автоматты түрде пештің конвейерінің электрқозғалтқышын белгіленген уақыт аралығы (ритм) арқылы іске қосады. Пештің конвейерінің қозғалыс ритмі мына формуламен анықталады:
Р
Т ·
60/п б ,
Мұндағы
Т
– пісіру ұзақтығы, мин;
п б
– пештегі бесікше саны, дана.
Мысал 9.1 . ФТЛ-2 пешінің массасы 0,4 кг, бірінші сұрыпты бидай ұнынан батон пісіру барысындағы қозғалыс ритмін анықтайық. Егер пеште 24 бесікше, ал пісіру ұзақтығы – 20 минут болса.
Шешуі: Конвейердің қозғалыс ритмін жоғарыда көрсетілген формуланы пайдалана отырып, есептейік:
Жауабы:
50 с.
Р = 20 · 60/24 = 50 с.
9.3. Нан-тоқаш өнімдерін пісіруді ұйымдастыру
Нан өнімдерін пісіруді ұйымдастыру нанның стандартты сапасын сақтау үшін қуаттылықты барынша толық қолдануға, еңбек өнімділігін жоғарылату, тұрғылықты халықты жаңа піскен нан өнімдерінің қажетті ассортиментімен қамтамасыз ету талаптарына сай келуі керек. Әрбір кәсіпорында бірнеше нан пісіретін пеш орналастырылады. Олардың әрқайсысы пісіру тәртібі бірдей немесе ұқсас келетін белгілі бір нан өнімін пісіріп, пісіру кезінде бір сұрыптан екінші сұрыпқа өту барысын қысқартады. Нан өнімдерінің кең ассортиментін пісіру барысында пештердің жұмысының ауыспалы кестесін жасайды. Кестеде әрбір нан өнімін пісіре бастау және аяқтау уақыты белгіленеді. Пештердің жұмыс кестесін құру барысында мыналарды ескеру керек: ұзақ уақыт сақтау мерзімі белгіленген, баяу қататын нан өнімдерін кешкі ауысым кезінде, дүкендерге нан тасымалы толастаған кезде пісіреді; майқоспалы және данасы аз нан өнімдерін таңғы ауысым кезінде пісіреді. Яғни жаңа піскен нан өнімдерінің тұтынушыларға дер кезінде жеткізілуін қадағалайды. Себебі мұндай нан өнімдерінің сақтау мерзімі– небәрі 6 сағатқа дейін. Саудамен айналысатын мекемелер күн сайын нан пісіретін кәсіпорындарға нан өнімдерін белгілі бір мөлшерде және ассортиментте жеткізуге тапсырып беріп отырады. Сауда орындарына дайын нан өнімдерін жеткізу уақыты тасымалдау кестесінде белгіленеді. Кесте саудамен айналысатын мекемелермен келісіле отырып, жасалады. Ауысымның жұмысы басталар алдында наубайшы қандай нан өнімдерін ауыстырып, алмастырып пісіру керектігі туралы жақсы білуі керек. Сондай-ақ ол релені, термометрлердің көрсеткіштерін және пеш камерасының ылғалдану дәрежесін, іске қосатын аппаратураның мен қауіпсіздік жарықтарының жұмысқа жарамдылығын қайтадан тексеріп отыруы керек. Пешке салар алдында қамыр дайындамаларының толықсытуға дайындығын тексеріп алу керек. Ұзақ уақыт үзілістен кейін суып қалған пештерді қыздырады. Пісірудің қажетті тәртібін пешке қамыр дайындамаларын толық салып болғасын белгілейді. Сондықтан пешке бірінші кезекте салынған қамыр дайындамалары жоғары температурада піседі, оларды күйіп кетпеуі үшін бақылап отыру керек. бұл үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады. Мәселен, 5...7 бесікшеге қамыр дайындамаларын жылдам салып, келесі бесікшелерді уақыт релесі бойынша белгілі бір ритммен толтырады. Пештің бүкіл оттық астын толтырған соң, оған алғашқы 5...7 бесікше пісуге қажетті үздіксіз қозғалыстың уақытын белгілеп қояды. Содан кейін ғана пештің жұмысын уақыт релесі бойынша тәртіпке келтіреді. Ыстық пешке салынған қамырдың пісіп, күйіп кетуінің алдын алу үшін кейде пештің алғашқы 2...3 бесікшесіне су құйылған қалыпты немесе қамырдың қалдықтарын қойып қояды. Қамыр дайындамаларын бос пешке орналастырар алдында пеш камерасына қажетті бу тәртібін орнату үшін бу жібереді. Біршама үзілістен кейін пешке алдымен құрамында қант мөлшері аз және ылғалдануға барынша аз сезімтал нан өнімдері салынады. Нан өнімінің бір түрінен екіншісіне екі түрлі жолмен ауыстырады: пісіру ұзақтығы жоғары өнімді өндіруден ұзақтығы төмен өнімді өндіру қарай және керісінше.
Бірінші жағдайда пісіру ұзақтығында айтарлықтай айырма жоқ екі нан өнімінің ауысуы (18 және 22 минут) былайша өрбиді: конвейердің қозғалыс ритмін ауысымның соңына қарай өзгертеді – пісіру аяқталардан 22 минут бұрын бір нан өнімінің қамыр дайындамаларын пешке орналастыруды тоқтатып, екінші нан өнімінің қамыр дайындамаларын сала бастайды. Пештен нанның бірінші түрін толық шығарғаннан кейін, уақыт релесін пісіру ұзақтығы 18 минутқа белгілейді. Бұл жағдайда екінші нан өнімінің алғашқы екі бесікшедегі пісіру ұзақтығын 4 минутқа ұзартады, ал кейінгілерін – одан азырақ минут ішінде пісіреді. Егер екі өнімді де пісіру ұзақтығында айтарлықтай айырма болмаса, конвейер жұмыс істеп тұрғанда ауыстыруға болмайды. Себебі нан күйіп кетуі мүмкін. Бірнеше бесікшені бос қойып, содан кейін ғана релені басқа өнімді пісіру ұзақтығына реттеп, өзгерту керек. Пісіру ұзақтығы төмен нан өнімдерін өндіруден пісіру ұзақтығы жоғары нан өнімдеріне ауысу барысында (айырмасы 4 минуттан көп болмаса) конвейердің қозғалыс ритмін ауыстырып бастағанда, яғни пешке екінші нан өнімінің қамыр дайындамаларын орналастырып бастағанда өзгерту керек. нанның бірінші түрінің біраз бөлігін бұл жағдайда әдеттегіден ұзағырақ пісіреді. Пісіру ұзақтығының арасында айырма көбірек болса, бесікшелерді бос қалдырмайды. Пештен бірінші нан өнімін шығарып, конвейерге екінші нан өнімін пісіруге жеткілікті қозғалыстың үздіксіз ұзақтығын белгілейді. Содан кейін конвйерді екінші нан өнімін пісіру үшін белгіленген ритмге қояды.
Пішінді нан пісіру . Қарабидай ұнынан пішінді нанды ылғалдан- дырылмаған пеш камерасында пісіреді. Қарабидай қамырының ылғалды- лығы жеткілікті, ал қамыр дайындамалары пісу барысында белгілі бір мөлшерде көлемі ұлғаяды. Сондықтан арнайы ылғалдануды қажет етпейді. (Қарабидай ұнынан пішінді нанды ылғалдандырылған ортада пісірген кезде, оның үстіңгі қыртысының күйі нашарлап, рәзіңке тәрізденіп, ұсақ жарықтар пайда болады). Қарабидай ұнынан пішінді нанның пісуін жылдамдату үшін пештің бірінші аймағының температурасы 260...280°С болуы керек. Содан кейін температураны 190...200°С-қа төмендетеді. Қарабидай ұнының қамыры бидай ұнының қамырына қарағанда ұзағырақ піседі. Себебі қарабидай ұнынан піскен нанның жұмсақ бөлігінің кеуектілік деңгейі төмен әйрі ылғал мөлшері аз болады. Қамыр салынғаннан кейін қалыптардың ұрылуын немесе қозғалуына жол бермей керек. Өйткені оның салдарынан қамырдың жұмсақ бөлігінде бостық пайда болады. Ерекше тартылған ұннан пішінді нанды пісіру ұзақтығы – 55...60 минут болуы керек, ал қарабидай-бидай ұнынан массасы 0,83 кг нанды пісіруге – 50...55 минут кетеді, қайнатпалы нан өнімдерін пісіруге – 55...60 минут немесе одан да төмен температура қажет. Әйтпесе, нанның қыртысы қарайып піседі. Пештен шығарар алдында нанның үстіңгі бетін сумен шылаған дұрыс. Бұл қыртыстың үстіңгі бетінің күйін жақсартып, кему мен кеуіп кету қаупін төмендетеді.
Толықсыту-пеш агрегаттарына нан қалыптардан автоматты түрде жіберіледі. Бидай ұнынан пішінді нанды аз ғана ылғалданған ортада пеш камерасының бірінші аймағында пісіреді. Массасы 0,7 кг, бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген пішінді нанның пісіру ұзақтығы – 40...45 минут, ал массасы 0,88 кг, екінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген пішінді ұнның пісіру ұзақтығы – 45...60 минут.
Жалпақ қалың нанның пісірілуі . Жалпақ қалың нанды пісіру барысында толықсытылған қамыр дайындамалары пештің оттық астына қолмен қойылады немесе арнайы орналастыратын қондырғының көмегімен орна- ластырылады.
Екі жағдайда да қамыр дайындамаларын аударады, себебі дайын- даманың төменгі жағы – жылтыр әрі ылғалды болып, нанның қыртысының күйін жақсарған болуына септігін тигізеді. Дайындамаларды үздіксіз реттеп, үстіңгі бетін сумен шылап, нанның түріне байланысты ағаш түйреуіштермен тесіп немесе тіліп отырады. Нанның үстіңгі бетін тесіп немесе тіліп отыру дайын нан өнімін сыртқы түріне қарап ажыратуға және қыртысының күйін жақсартуға септігін тигізеді. Қамыр дайындамаларын пісіру кезінде пайда болатын газдар мен булар осы тесіктер мен тіліктер арасынан оп-оңай шығып нанның қыртысын бүлдірмейді. Егер қамыр жеткілікті деңгейде толықсымаса, тіліктерді тереңірек етіп жасайды.
Себебі пісірген кезде мұндай қамырлар газды көбірек түзеді.
Қарабидай ұнынан және қарабидай-бидай ұнының қоспасынан жалпақ қалың нанды пісіру үшін қамыр дайындамаларын қуырып алу керек. Қуыру пісірудің бастапқы кезеңінде 300...350°С температуда 3...5 минут жүзеге асады. Қуырған кезде қамыр дайындамаларының үстіңгі бетінде жұп-жұқа жылтыр пленка түзіліп, газ бен хош иістендіргіш заттардың түзілуін тежейді.
Қуыру нанның пішінін, үстіңгі бетінің күйін, дәмі мен хош иісін жақсартады. Жалпақ қалың нанды пісіру кезінде пеш камерасының бірінші аймағында жоғары ылғалды орта түзіледі (будың арқасында), температурасы 120...150°С-ке жетеді. Пештің оттық асты 180...200°С-қа дейін қызуы керек. Жақсы қызбаған оттық астында піскен жалпақ қалың нанның түбінде жарықтар пайда болып, көлемі төмендейді. Пісірудің екінші аймағында температураны 270...290°С-қа жоғарылатып, содан кейін 200...180°С-қа төмендетеді. Массасы 0,83 кг, қарабидай-бидай ұнынан жалпақ қалың нанды пісіру ұзақтығы – 40...50 минут, ал екінші сұрыпты ұннан – 45...48 минут, бірінші сұрыпты ұннан – 35...40 минут пісіреді. Бөлішке өнімдерін пісіру. Бөлішке өнімдеріне батондар мен булкалар жатады. Оларды пештің оттық астында пісіреді. Сонымен қатар, сайка, ширатпа нан мен хала жатады. Олар табақшаларда пісіріледі. Ширатпа нанды пісірер алдында қамыр дайындамаларына су бүркіп, көкнәр себеді. Ал халаларды пісіру үшін дайындамаларды жұмыртқа пен ұнның 1:1 арасалмағындағы қоспасын жағады. Батондар, булкалар мен сайкалардың дайындамаларын сиректеп шашылатын сумен бүркиді немесе ылғалдандырылған пеш камерасында пісіреді. Табақшада пісірудің өзіндік жетістіктері мен кемшіліктері баршылық. Нан өнімдерінің көлемі мен кеуектілігі біршама ұлғаяды, себебі қамыр дайындамаларының үстіне пісірер алдында батондар мен булкаларға қарағанда, су бүркімейді. Алайда табақшалар нан өнімінің пісуін күрделендіріп, пешке салу мен алу механизациясын қиындатады. Қамыр дайындамаларын оттық астында пісіргенде немесе қолмен орналастырғанда, оларды толықсытуға арналған тақтайдан қамырды орналастыратын тақтай үстіне аударып, реттеп, тілгілеп, оттық астына салады. Қамыр дайындамаларын қолмен тілу үшін ұшы өткір болат пышақтар қолданылады. Пышақтарды су құйылған саптыаяққа салып, сақтайды. Қалыпты және тілік түскен батондардың үстіңгі бетіне 70° бұрышта бес немесе алты тілік түсіреді. Ал асханалық батондар үшін – 45° бұрышта екі тілік, студенттік батон үшін
– батонды бойлай бір тілік түсіреді. Подмосковный батондарының қамыр дайындамаларына екі жүзді пышақпен 90° бұрышта тілік түсіреді. Тіліктердің тереңдігі – біркелкі болуы керек, оларды бір-біріне параллель түсіреді.
Қалалық бөлкелер мен басқа да тарамды нан өнімдерінің қамыр дайындамаларын жүзінің ұзындығы 63 мм, ені – 16 мм және қалыңдығы 0,3...0,4 мм пышақпен тіледі. Тілген кезде пышақты қамырдың үстінен 22...25° бұрышта ұстап, тереңдігін 4 мм етіп,
қисық ұстап тіліп, қамыр дайындамаларының тілік,үстіңгі бетін 1:2 арасалмағында бөледі. Терең емес және бұрыс бұрышпен немесе жүзі қалың пышақпен тілу тарамдарының деформациясына әкеп соқтырады. Қуаттылыңы жоғары нан зауыттарында батондарға арналған қамыр дайындамаларын арнайы батонтілгіштердің көмегімен тілу әрекеті механикаландырылған. Қалалық бөлкелер мен басқа да тарамды нан өнімдерін пісірудің алғашқы кезеңінде ылғалдандыру үшін будың мөлшері көбірек керек болады. Қамыр дайындамаларының ішіндегі бу мен газдардың түзілу үдерісі жылдамдатылып, тіліктердің орнына қарай жылжып, тарамдарын қайырып тастайды. Содан кейін температура 260...300°С-қа
жеткізіліп, пісіру аяқталар алдында 200.180°С-қа төмендетілуі тиіс.
Майқоспалы нан өнімдерінің пісірілуі
. Өрілген майқоспалы нан өнімдері металл табақшаларда толықсытылып, пісіріледі. Себебі қамыр дайын- дамаларының орнын алмастырса, пішіні өзгеріп кетуі мүмкін. Табақшаларды пешке орналастыру және пештен шығару қолмен жүргізіледі. Майқоспалы нан өнімдерінің қамыр дайындамалары пісірер алдында және піскеннен кейін әртүрлі жартылай фабрикаттармен безендіріледі. «Выборгской» майқоспалы нанын безендіру әрқилы болуы керек (қант ұнтағы, көкнәр, крем, помадка, сеппе). Пісірер алдында көптеген майқоспалы нан өнімдерінің үстіңгі бетіне жұмыртқа жағылады. Оның бүлінбеуі үшін 1...2 сағат бұрын дайындайды. Жұмыртқа жаққанда, абай болуы керек. Себебі нанның үстіңгі бетін қаттырақ басып жіберсе немесе жұмыртқа табақшаға жағылып кетсе, қамыр дайындамалары басылып, жартылай фабрикаттар артық шығындалып, күйіп кетеді. Хала мен майқоспалы нан өнімдерінің қамыр дайындамаларына жұмыртқа мен судың 1:1 немесе 1:0,5 арасалмағында араластырылған қоспа жағылады. Бөлішкенің қамыр дайындамалары құнарлығыны жоғары болғандықтан, жұмыртқа жаққан соң үстіне майдаланған жаңғақ себіледі. «Московский» тоқашының қамыр дайындамаларының үстіне жұмыртқа жағылған соң, 5...10 минут (жағылған жұмыртқа кеуіп немесе құмшекер еріп кетпесі үшін) өткесін құмшекер себіледі. Жұмыртқа мен судың қоспасын нан өнімінің үстіне жаққан соң, қамыр дайындамаларының газдарын ішінде сақтап қалатын жұқа жалтыр қыртыс пайда болады. Майқоспалы нан өнімдерін пісіру тәртібі рецептураға, жартылай фабрикаттардың үстіне безендіру тәсілдеріне, қамыр дайындамаларын табақшаларға орналастыру жолына, қамыр дайындамаларының массасы мен қалыңдығынан, құрамындағы қант пен басқа да факторлардың мөлшеріне тікелей байланысты. Үстіне жұмыртқа жағылған қамыр дайындамалары ылғалдан- дырылмаған пеш камераларында пісіріледі. Себебі бу жұмыртқаның жалтырын кетіріп, қант ұлпасын ерітіп тастайды. Массасы 0,1 кг болатын майқоспалы нан өнімдері 13...16 минут ішінде 200...220°С температурада пісіріледі. Піскен кезде бір-біріне жабысып қалуы тиіс майқоспалы нан өнімдері 23...25 минут ішінде піседі.
Қатпарлы нан өнімдері майы ағып кетпеуі және жылдам пісуі үшін жоғары температурада (260...270°С) пісіріледі. Піскен нан өнімдерін қаптауға арналған қағаз төселген астауларға бір қатарға орналастырылады. Дайын нан өнімдерінің (балаларға арналған қатпарлы тоқаш, қатпарлы бөлішкелер, «Выборгской» майқоспалы өнімінің кейбір түрлері т.б.) үстіңгі бетіне електен өткізілген қант ұлпасы себіледі. Помадка жағылған бөлішкелер, «Выборгской» майқоспалы нан өнімінің кейбір түрлері, «Костинская» майқоспалы тоқашының үстіне 50...60°С
температураға дейін қыздырылған помадканы арнайы қаламмен жағады. Помадканы тек жылы нан өнімдеріне жағу керек.
Нанның дайындығын анықтаудың маңызы зор. Кәсіпорындарда нанның дайындығын органолептикалық тәсілмен мынадай белгілеріне қарап анықтайды: қыртысының түсіне – түсі ашық-қоңырдан қоңыр түске дейінгі аралықта болуы керек; жұмсақ бөлігінің күйі – дайын нан өнімінің жұмсақ бөлігі құрғақ және ұлпалы болуы керек. Яғни нанды бөліп, жұмсақ бөлігін саусақпен басып көру керек; қатысымды массасына қарай – жақсы піскен нан өнімінің массасы іші шикі піскен нан өніміне қарағанда, жеңіл болуы керек; дыбысына қарай – жақсы піскен нанның дыбысы – сыңғырлап тұрса, шала піскен нан – қатты болады. Құрғақ нанды ағаштан жасалған шыбықпен тесіп көруге болады. Егер онда жұмсақ бөлігі жабысып шықпаса, демек нан жақсы піскен. Дайын нан өнімінің дайындығын көрсететін шынайы көрсеткіш – оның жұмсақ бөлігінің температурасы. Пісер алдында нанның жұмсақ бөлігінің температурасы 96...97°С болуы керек. Температураны сынабы бар шыныдан жасалған лабораториялық термометрдің көмегімен өлшейді. Ол үшін алдымен термометрді қыртысында алдын ала жасалған тесікке тығып көреді. Тесіктің диаметрі термометрдің диаметрінен үлкен болмауы керек. Термометр алдын ала 5...7°С температураға дейін қыздырылып алынады. Яғни термометрдің температурасы нанның жұмсақ бөлігінің температурасынан төмен болмауы керек. Майқоспалы нан өнімінің жұмсақ бөлігінің температурасы пісер алдында 100...102°С болуы керек. Бұл қамырдың құрамындағы қанттың концентрациясының жоғары болуына негізделген. Себебі қант ерітінділері жоғары температурада су секілді қайнайды.
шаралары
Жұмыс кезінде өте мұқият және абай болуы керек, бұзық қондыр- ғылар немесе құрал-жабдықтармен жұмыс істеуге болмайды, электр- қозғалтқыштарды іске қосатын аппаратураның көмегімен ғана қосу керек, оның басқыштарын тек құрғақт қолмен басу керек. Пеш цехының қондырғыларының барлық қауіпті жақтары қоршалған болуы тиіс. Пештің қол тартпаларының шектеуі болуы керек. Шектеу пеш жұмыс істеп тұрғанда электрқозғалтқыштың іске қосылып кетуіне кедергі келтіруі тиіс. Жұмыс кезінде бақылаушы-өлшеуші қондырғылардың көрсеткіштеріне және пеш конвейерлерінің жұмысын мұқият бақылап отыру керек. Табақшалар мен қалыптар алдында піскен нан өнімінің қалдығынсыз, таза және күйік қатып қалмаған болуы шарт. Пеш конвейерлері жұмыс істеп тұрғанда қамыр дайындамаларын, нан қалыптарын немесе табақшаларды реттеуге тиым салынады. Ыстық табақшалар мен қалыптарды пеш ішінен тек арнайы қолғаппен шығару керек. Пештің бесікшелері жұмыс істеп тұрғанда бесікшелерді өзінің осінен айналдыруға немесе қозғалтуға, сондай-ақ дайындамаларды бесікшелердің астына қоюға тиым салынады.
Бақылау сұрақтары:
Х-ТАРАУ
НАНДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ТРАНСПОРТТАУ
Піскен нан өнімдері пештен шыққан соң желілік транспортерлер арқылы циркуляциялық үстелдің үстіне түседі. Содан кейін конвейерлерге немесе шағын вагондарға орналастырылған бесікшелерге салынады. Қаптарға салушы немесе сарапшы-бақылаушы МЕМСТ талаптарына сай келмейтін нан өнімдерін органолептикалық көрсеткіштер (дұрыс емес пішін, қысылып қалған, жарылған, ластанған, пішінінен шығып кеткен, қате тілінген және сүйкімсіз безендірілген т.б.) мен белгіленген массасы (массасы аз не жетпейтін) бойынша анықтайды. Бүлінген нан өнімдері жібітінді, кепкен және нан үгінділері түрінде екінші рет қайтадан өңдеуден өтеді. Нан өнімдерін қаптарға салу, сақтау және транспорттау МЕМСТ 8227-56 талаптарына сай жүргізілуі керек. Піскен нан суыту бөліміне (нан сақтайтын) жөнелтіледі. Мұнда өндірілген өнім есепке алынып, сұрыпталып, органолептикалық бағалаудан өтеді. Піскеннен кейін нан өнімі төменгі немесе бір шетіндегі қыртысына қарай бір қатарға астауларға жақсылап орналастырылады. Массасы жоғары нан өнімдерін орналастыру үшін ағаштан жасалған, түбінде торы бар үш бүйірлі астауларға салынады. Ал данасы аз нан өнімдерін төртбүйірді түбі тегіс астауларға салынады. Қазіргі таңда пластмассадан жасалған астаулар жиі қолданылып жүр. Себебі олардың салмағы жеңіл және оңай санитарлық өңдеуден өтеді. Нан өнімдері салынған астауларды қозғалмалы шағын вагондарға немесе контейнерлерге салы- нып, жүк салатын алаңға қолмен итеріп апарады. Контейнерлерді автомашиналарға артып, одан арнайы жүк көтергіштердің көмегімен алады. Ал дүкендерге сауда залдарына орнатылады. Нанды контейнерлерде жеткізу автомашинаның нанды салып, шығарылуын жеңілдетіп, нанды қажетті орындарға орналастыруды қол операцияларының мөлшерін төмендетеді. Жаңа піскендік – дайын нан өнімінің ең басты сапалылық көрсеткіші. Ол нанды сақтау мерзіміне тікелей байланысты. Кеуіп кеткен нанды сауда орындарына апармауды алдын алу үшін нанды кәсіпорында және сауда орнында сақтау мерзімі белгіленген. Нанды кәсіпорындарда сақтау мерзімі нан пештен шыққан сәттен дүкенге жеткізілгенге дейінгі уақыт арқылы белгіленеді (кесте 10.1). Қапталған нан өнімдерін кәсіпорында сақтау мерзімі олар қапталған сәттен бастап есептеледі. Сауда желілерінде қапталған нан өнімдерін сақтау мерзімі – нанның дайындалу технологиясы мен құрамына қосылған дәм- деуіштерге байланысты 3...7 тәулікті құрайды. Өндіріс орнында немесе дүкенде белгіленген уақыттан ұзақ сақталған нан бүлінген деп танылып, нан үгітіндісі, жібіндісі мен кепкен нан ұны түрінде қайтадан өңдеуден өтеді. Нан сақталатын орында оны сақтау және транспорттау шараларына жоғары санитарлық талаптар қойылады. Себебі дайын нан өнімдері қолданар алдында жылулық өідеуден өткізілмейді.
Кесте 10.1.
Нан-тоқаш өнімдерін сақтау және саудада жарамдылық мерзімі
Нан өнімінің атауы
Кәсіпорында сақтаудың барынша максималды мерзімі, сағ
Саудада жарамдылық мерзімі, сағ
Ұннан жасалған нан:
Ерекше тартылған қарабидай ұнынан Кебекті бидай ұнынан
Қарабидай-бидай ұнынан Бидай-қарабидай ұнынан Кебекті қарабидай ұнынан
Қарабидай және бидай сұрыпты ұнының қоспасынан
14
14
14
14
14
10
36
24
36
24
36
36
Массасы 200 г және одан да жоғары, қарабидай және бидай ұнының қоспасынан жасалған нан өнімдері
10
24
Массасы 200 г және одан да төмен данасы аз нан өнімдері
6
16
Қарабидай ұнынан және қарабидай мен бидай ұнының қоспасынан жасалған қапталған нан өнімі
36
3 тәулік Бидай ұнынан қапталған нан өнімі: Саудада жарамдылығы 3 тәулік Саудада жарамдылығы 7 тәулік
24
36
3 тәулік
7 тәулік
Нанды сақтауға арналған орындар таза, құрғақ, жақсы желдетілетін және жақсы жарықтанған, зиянкестердің шабуылына түспеген, қабырғалары мен төбесінде зең белгілері болмауы керек. Нан өнімдерін суытуға арналған бөлменің температурасы 6°С-тан төмен болмауы керек. Онда нан өнімдеріне жат иістер мен дәмдер үстейтін басқа өнімдер мен тауарлар тұрмағаны дұрыс. Нан бесікшелері де үнемі таза болуы шарт. Ластанған дәрежесіне қарай оларды тағамдық кәсіпорындарда қолдануға рұқсат етілетін арнайы жуғыш заттармен жуады. Содан кейін сумен бірнеше рет шайып, ыстық ауада құрғатады. Бөлмені жылына бір рет дезинфекциялайды. Нанды шанағы жабық арнайы автомашиналарда немесе контейнерлерді тасымалдауға арналған қондырғылар орнатылған автотранспортта тасымалдайды. Мұндай авто- машиналарда бесікшелерді орнатуға арналған бағыттаушы бұрыштары болады. Нанды тасымалдауға арналған транспортты қолдануға рұқсатты Тұтынушылар құқықтары мен адамның саулығын қорғау саласындағы бақылау бойынша Федералды қызметтің территориалды органы береді. Қолдану барысында транспорт 5 күнде кем дегенде 1 рет 2%-дық хлорлы әктің еретіндісімен дезинфекциялайды.
Нан суытылғанда оның температурасы, қышқылдығы, ылғалдылығы мен массасы өзгереді. Нанның қыртысының температурасы пештен шыққан сәтте 160...180°С, ал нанның жұмсақ бөлігі – 96...97°С болады. Температурасы 18...20°С нан сақтау қоймасына түскен соң, дайын нан өнімінің үстіңгі бетінен бастап, жұмсақ бөлігіне қарай жылдам салқындайды. Ыстық нан бөл жерде 2...6 сағат ішінде массасы, пішіні мен сақтау шарттарына байланысты салқындайды. Суытатын бөлменің температурасы төмен болған сайын нанның массасы мен қалыңдығы да з болады. Әрі сақтауға түскен нан өнімдерінің орналасу арасы қаншалықты ұзағырақ болған сайын нан соншалықты жылдам салқындайды. Салқындаған кезде нанның қышқылдығы нанның құрамындағы ұшпа қышқылдың буға айналуы салдарынан төмендейді, ал жұмсақ бөлігі ұлпаланып, ылғалдылығы төмендеп, қыртысының ылғалдылығы 14...16% арасында көбейеді (піскеннен кейін қыртысының ылғалдылығы нөлге тең болады). Ылғалдың бір бөлігі нанның қыртысының үстіңгі бетінен қоршаған ортаға буланып шығып, нәтижесінде нанның массасы төмендейді – нан салмағы азаяды.
Нан көлемінің азаюы
– піскен нан өнімдерінің сақтау барысында салмағының азаюы, яғни ыстық нанның массасы мен суыған нанның массасының арасындағы айырмашылық.
Нан көлемінің азаюын ыстық нанның массасына сәйкес пайызбен көрсетуге болады:
М
на =
[(М
ын
– М
сн
)/М
ын
]100,
Мұндағы
М
сн
– суыған (салқындаған) нанның массасы.
Нанның көлемінің азаю үдерісі нан пештен шыға салысымен басталады. Нанның жұмсақ бөлігінің ылғалы сақтау кезінде қыртысына қарай жылжып, содан кейін қоршаған ортаға буланып шығып кетеді. Сақтаудың максималды мерзімінде нанның көлемінің азаюы ыстық нанның массасының 3...4%-н құрайды. Сақтаудың бір кезеңіндегі нанның азаю мөлшері нанның қаншалықты жылдам суығанына, ылғалдылығы, қалыңдығы мен қыртысының күйіне байланысты. Ылғалдылығы жоғары, қыртысы жұқа нан өнімдерінің көлемі жылдам азаяды. Нанның кемуі мен азаю мөлшерінің арасында кері байланыс болады. Нанның кемуі көп болған сайын азаюы да азаяды, немесе керісінше. Сондай-ақ нанның көлемі көп болған сайын оның азаюы да төмендей береді. Массасы үлкен нан өнімдерінің азаю мөлшері аз болады. Салқындататын бөлменің ауа температурасы жоғары, ал ылғалдылығы төмен болса, нанның азаюы да соншалықты қарқынды жүзеге асады. Нанның көлемінің азаюын төмендету үшін нанды жылдам суыту керек, содан кейін олардың кебуін тежейтін жерде сақтау қажет. Нанның жылдам салқындауы үшін салқындататын бөлменің температурасын төмендетіп, ауаның желдетілуін күшейтіп, нан өнімдерін оншалықты тығыз орналастырмайды. Ауа ылғалдылығы жоғары жабық камералар немесе жабық контейнерлерде нанды сақтау барысында оның көлемінің азаю барысы төмендейді. Кейбір нан зауыттарында шағын вагондар мен контейнерлер піскен нан салынып, арнайы қапшықтармен жабылады. Бұл шаралар нанның көлемінің азаюына септігін тигізіп қоймай, нанның қатуының алдын алады. Нан өнімдерін қаптарға салу олардың көлемінің төмендеуіне септігін тигізеді.
Нанды қалыпты температурада (15...25°С) сақтаған жағдайда піскен соң 8...10 сағаттан кейін олардың қатуының алғашқы белгілері көріне бастайды. Қыртысының жалтыры жоғалып, жұмсарады. Жұмсақ бөлігінің ұлпалығы жойылып, қатайып, үгілгіш келеді. Жаңа піскен нанға тән дәмі мен хош иісі нашарлайды. Нанның қатуы дегеніміз – оны сақтау кезінде құрамындағы крахмал мен ақуыздардың құрылымының өзгеруі. Нанның қатуының басты себебі – крахмалдың құрылымының өзгеруі. Пісіру барысында клейстер түзген крахмал дайын нан өнімдерін сақтау барысында ескіруге (синерезис) ұшырайды. Яғни өзі сіңірген ылғалды сыртқы шығарып, бұрынғы күйіне қайта түседі. Крахмал дәндері нығыздалып, көлемі азайып, арасында ауа қабаттары қалады. Сондықтан нанның қатып қалған жұмсақ бөлігі үгілгіш болады. Крахмал шығарған ерікті ылғал нанның қатуы кезінде ақуыздарды сіңіріп, жартылай буға айналып, ұшып кетеді. Нанның хош иістік және дәм үстейтін қасиеттері нашарлап, оларды қолдануға жарамсыз болып қалады. Нанның қатуының қарқындылығы ұнның сұрыпына, оны пісіру рецептурасына, ылғалдылығына, дайындаудың технологиялық тәртібіне, құрамындағы жақсартушы заттар мен піскеннен кейінгі сақтау мерзіміне тікелей байланысты. Қарабидай ұнының крахмалы төменгі температурада клейстер түзеді, ылғалдың көп мөлшерін өзіне еркін сіңіріп алады. Қарабидай ұнында нанның қатуын тежейтін суда ерігіш заттар көп болады. Қарабидай нанында оның қатуын тежейтін қышқыл да көп болады. Шикізаттардың көптеген түрлері мен нанға қосатын жақсартушылар оның қатуын тежейді. Әсіресе, қамырға ақуыздарға бай өнімдер (соя ұны, сүзбе, жұмыртқа өнімдері, тазартылған ұлпа), сірне, май қосылса, оның қатуы барысы да тежеле түседі. Егер қамырдың ішіне жақсартушылар (үстірт-белсенді заттар, ферменттік препараттар, модифицияланған крахмалдар) қосылса, нан баяуырақ қатады. Нанның қату жылдамдығына көптеген технологиялық факторлар әсер етеді. Жартылай фабрикаттарды қарқынды түрде илегенде, қамырдың құрамындағы крахмал көпсіп, нанның балғын қалпының ұзақ сақталуына септігін тигізеді. Сондай-ақ нан ұзағырақ ашыса, нанның қатуы да баяулайды. Қамыр ашытқы (сұйық ашытқы) қосып дайындалған қамырдан піскен нан ашытқысыз дайындалған нанға қарағанда, баяуырақ қатады.
Қыртысы тығыз және жылтыр шығатындай етіп пісірілген нандар да баяу қатады,
Нан өнімдерін сақтау шарттары
да олардың қату барысына айтарлықтай әсер етеді.
Нанды барынша ұзағырақ сақтау үшін жоғары температура мен ылғалды ауа, дұрыс тоңазыту мен қаптау қажет. -7 до +20°С температурада сақталатын нан өнімдері жылдам қатып қалады.
-30...-60°С температурада сақталатын нандар мүлдем қатпайды. Көптеген нан зауыттарында нан өнімдері полиэтиленнен жасалған екі қабатты жабыңғысы бар герметикалық камераларда сақталады. Онда температура 27...30 о С, ал ауа ылғалдылығы 80...85% болады. Камераға түсер алдында нан өнімдері пештен шығарылғаннан кейін 40°С температураға дейін салқындатылады. Т о ң а з ы т у данасы аз майқоспалы нан өнімдерінің жаңа піскен қасиетін сақтау үшін қолданылады. Мұндай нан өнімдері жылдам тоңазытылып, ерітіледі. Сондай-ақ, олардың сақтау мерзімі өте қысқа болады. Жаңа піскен нан өнімдерін алдымен 40...30°С температураға дейін салқындатып, содан кейін ғана тоңазытады. Данасы аз нан өнімдерін -25...-30°С температурада 2...3 сағат тоңазытып, -18°С температурада сақтайды. Тоңазытылған нан өнімдерін сақтау ұзақтығы – егер олардың сапасы қалыпты болса ғана,
20 тәулікке дейін белгіленеді. Ерітілгеннен кейін нан өнімдерін ұзақ сақтаса, қыртыстары жұмсақ бөлігінен ажырап қалу қаупі бар. Нан өнімдерін пайдаланар алдында камераларда 50°С ауа температурасында немесе арнайы пеште 60...210°С температурада 3...6 минут нанның жұмсақ бөлігі 20°С температураға жеткенге дейін ерітеді. Нан өнімдерін тоңазыту – тиімді, бірақ қымбат әрі күрделі үдеріс. Әдетте қамыр дайындамаларын тоңазытқан күйде сақтап, транспорттап, оларды тек қажетіне қарай пайдалану керек. Қазіргі таңда дайны нан өнімдерін Ресей Денсаулықты әлеуметтік дамыту Министрлігі рұқсат еткен, тағамдық өнімдерге арналған әртүрлі полимер пленкаларға (целлофан, полиэтилен, полипропилен, термосақтаушы және басқа да синтетикалық пленкалар), парафинді қағаздарға қаптау не орау тәсілі кеңірек қолданылып келеді. Қаптау материалдары тығыз, қызған кезде жақсы қайнайтын, өнімге қатысты инертті әрі ағза үшін қауіпсіз болуы керек. Бұл олардың тігістерін жылдам әрі жақсы жабыстыру үшін қажет. Нан өнімдерін ыстық күйінде қаптауға болмайды, себебі салқындатқан кезде шығарылған ылғал қаптың не ораманың ішіне жиылып, қыртысын ылғалдандырып, өнімнің тауарлық келбетін нашарлатады. Нанды суық күйінде орап не қаптағанда, оның қатуы жылдамдайды. Себебі нан салқындату барысында ылғалдың көп мөлшерінен айрылған. Яғни нан көлемі азайған. Қаптау не орауға жөнелтілген нан өнімдерін белгілі бір уақыт ішінде салқындатылады. Массасы 0,71 кг, қарабидай ұны мен қарабидай-бидай ұнының қоспасынан жасалған нан өнімдерін қаптар алдында салқындату мерзімі: пішінді нан үшін
– 90...120 минут, жалпақ қалың нан үшін – 80...10 минут, массасы 0,3...0,5 кг бөлке нан өнімдері үшін – 60...70 минут. Данасы аз, массасы 0,05...0,5 кг бөлішке және майқоспалы нан өнімдерінің салқындау ұзақтығы – пештен шыққаннан кейін 25...40 минут.
Нан өнімдерін қаптау немесе орау олардың балғындығын, дәмі мен иісін 4...5 тәулік бойы сақтауға септігін тигізеді.
Пісіру барысында қамырдың микрофлорасының өміршеңдік қасиетіне өзгеріс енеді. Піскеннен кейін нанның қыртысы – стерилді болады, ал сақтау және нанды сақтау қоймасына транспораттау шарттарына жоғары санитарлық талаптар қойылғандықтан, дайын нан өнімдері жылулық өңдеуге жіберілмейді. Десек те, сақтау, транспорттау және қолдану барысында нан өнімдері микроағзалардың (соның ішінде патогенді) шабуылына ұшырайды. Жұқтырудың қайнар көзі – ластанған қондырғылар (бесікшелер, шағын вагондар, контейнерлер т.б.), қызметкерлердің қолы, яғни санитарлық еңбек шарттары қатаң сақталмаса, нан өнімдері микроағзалармен ластанады. Нәтижесінде нан микробиологиялық бүлінуге ұшырайды. Нан салынатын астаулар ластануына қарай тағам өндірісінің кәсіпорындарында қолдануға рұқсат етілген жуғыш заттармен жуылып, содан кейін жылы сумен шайылып, ыстық ауада кептіріледі. Салқындатуға арналған бөлмелерде ашық және жабық типті контейнерлер, қозғалмалы этажеркалар немесе стационарлы стеллаж-сөрелер немесе астаулар болады. Стеллаж-сөрелерде тұрған нан-бөлішке өнімдері бөлменің қабырғаларына тиіп тұрмауы керек. Стеллаж-сөрелер, астаулар мен жәшіктер Ресей Денсаулықты әлеуметтік дамыту Министрлігі рұқсат еткен, ыстық нан-тоқаш өнімдеріне арналған материалдардан жасалып, онда сақталатын нан-бөлішке өнімдері деформацияланбайтын көлем мен құрылымы болуы тиіс.
Нанды сақтауға арналған қоймалар таза, ақталған немесе ашық түстермен боялған немесе керамикалық плиткалармен көмкерілген болуы тиіс. Нанды сақтау қоймаларының төбелері мен қабырғалары әктеліп немесе бояу жағылып, яғни жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ондағы қондырғылар, құрал-жабдықтар жаңартылып отыруы керек. Сондай-ақ жылына кем дегенде 1 рет дезинфекцияланып, дератизацияланып отыруы керек. Нанды сақтау қоймаларында нан өнімдеріне тән емес иіс сіңдіретін басқа да өнімдерді сақтауға болмайды. Қыс кезінде артық ылғалды, жаз кезінде артық жылуды сіңдіріп отыруы үшін ауаны 1 сағат ішінде үш мәрте алмастырып отыратын сіңдіру-тарату желдеткіштері қолданылады.
Экспедицияның желдеткіші болуы керек. желдеткіш нан дәндерінің зиянкестерінің шабуылына ұшырамаған, қабырғалары мен төбелерінде зәк жоқ, жақсы жарықтандырылған, температурасы 6°С-тан төмен болмауы керек.
Нанды тасымалдау үшін шанақтары жабық, астауларды орнықтыруға арналған бағыттаушы бұрыштары бар арнайы машиналар немесе нанды контейнерлерде тасымалдауға арналған автотранспорттар пайдаланылады. Транспорттау құралдарын пайдалануға рұқсатты Роспотребнадзор органдары береді. Қолдану барысында транспорт 5 күнде 1 рет 2%-дық хлорлы әк ерітіндісімен тазалайды.
Нанды сақтуға арналған шағын вагондар немесе контейнерлердің санын мына формуламен есептеуге болады:
N
в(к)
= Р
ч tкл η л Мл,
Мұндағы
Р
ч
– пештің үлесті (сағаттық) өнімділігі, кг/сағ;
t
– нанды сақтау ұзақтығы, сағ;
η л
– шағын вагондар немесе контейнерлердегі астаулар саны;
М
а
– бір астаудағы нанның массасы, кг (
М
л
= М
η
, мұндағы
М
– бір нан өнімінің массасы, кг;
п
– астаудағы нанның саны, дана).
10.6. Өндірістегі тиеу-түсіру жұмыстары барысындағы қауіпсіз еңбек шарттары
Жұмыс бастар алдында транспорттауға арналған қондырғылар мен құрал- жабдықтардың жұмысқа жарамдылығын, шағын вагондар, контейнерлер мен астаулардың бар әрі жарамды екенін тексеріп көру керек. Нанды тек таза әрі жұмысқа жарамды астауларға салып, нормадан аспау керек (астаулардың салмағы – 20 кг-нан аспауы тиіс). Шағын вагондар мен контейнерлерді тек жұмысшы алдында ұстап, қозғалту керек.
Әрі олар толық тоқтағанша, ұстап тұра беру керек.
Шағын вагондарды немесе контейнерлерді қозғалтқан кезде жанындағы тіреулерді ұстауға рұқсат етілмейді.
Көтеріліп тұрған жүктің астында тұруға болмайды.
Бақылау сұрақтары
ХІ-ТАРАУ
НАННЫҢ ШЫҒЫМЫ
Нанның шығымы дегеніміз – дайын нан өнімінің массасы мен жұмсалған нанның массасының пайыздық арақатынасы.
Нанның шығымының нормасы
– 100 кг ұн мен рецептура бойынша басқа да шикізаттарды қосып жасалған нанның максималды саны.
Нанның шығымының нормасын ылғалдылығы – орташа базистік (14,5%) ұнға қатысты есептейді. Әйтсе де, ұнның ылғалдылығының басқа да мәндері болуы мүмкін. Егер ұнның ылғалдылығы 14,5%-тан төмен болса, қамырды илеу үшін судың көп мөлшері қажет болады. Демек, нанның мөлшері де көп болады.
Нанның бейімді шығымын
Ш
нан
% анықтау үшін нанның массасы мен жұмсалған ұнның массасын білу керек:
Ш
нан
= (М
нан
/М
ұ
)100,
Мұндағы
М
хл
– нанның массасы, кг немесе т;
М
м
– ұнның массасы, кг немесе т.
Нанның даналарын, нанның жалпы массасын есептей отырып, дайын нан өнімінің санын бір өнімнің стандартты массасына көбейтеді. Салмақты нан өнімдерін есептеу үшін салқындаған нан өнімінің массасын алу керек. Нан өнімінің әрбір сұрыпы үшін шығымның жоспарлы нормалары белгіленеді. Олар әдетте, нанның шығымының максималды мәнінен төмен болады. Нанның шығымының жоспарлы нормасы ылғалдылығы 14,5% орташа базисті ұн үшін белгіленеді. Өңделетін ұнның ылғалдылығы аз болған сайын, нанның шығымы да көп болады. Ұнның нақты ылғалдылығы базистік ылғалдылыққа қарағанда көп немесе аз болуы мүмкін. Бұл жағдайда шығымның жоспарлы нормасын түзетіп, яғни ұнның нақты ылғалдылығын мына формула бойынша қайтадан есептейді:
Ш
т
= [Ш
ж
/100 – (14,5 – W)]100,
Мұндағы Ш т
– нан шығымының түзетілген нормасы
%; Ш
ж
– ұнның базистік ылғалдылығына сай нанның жоспарлы шығымы,%;
W
– ұнның нақты ылғалдылығы, %.
Егер ұнның орташа ылғалдылығы базистіктен төмен болса, түзетілген шығымы жоспарлыдан көбірек болады немесе керісінше. Нанның нақты шығымы, сондай-ақ нанның нан пісіретін өндіріс орындарында үнемделуі мен қайта шығындалуын әрбір ауысым, тәулік, ай және жыл бойынша есептейді. Есеп берілген кезең ішінде ұнның үнемделуі немесе шығындалуын есептеу үшін өндірілген өнімді дайындауға арналған ұнның жоспарлы шығымын анықтап, оны нақты нәтижесімен салыстырады. Ұнның жоспарды шығымын мына формула бойынша есептейді:
М
ұ , ж =
(М
нан
/Шп)100,
Мұндағы
Ш
ж
нан шығымының жоспарлы нормасы, %.
Нанның шығымын нақты есептегенде мыналарды ескеру керек: ұн мен рецептураға кіретін басқа да шикізаттардың дайын өнімді алу үшін жұмсалған таза шығыны; нанды өндіру барысындағы технологиялық шығындар; технологиялық үдеріс барысындағы технологиялық шығындар.
Нан пісіру өндірісіндегі технологиялық шығындар
– нанды өндіру мен сақтаудың технологиялық үдерісіне негізделген, ұн, жартылай фабрикаттар мен дайын нан өнімдерінің шығыны. Оларды үйлесімді шамаға дейін төмендету керек.
Технологиялық шығындарға мыналар жатады: жартылай фабрикаттарды ашыту барысындағы ұнның құрғақ заттарының шығыны; қамырды бөліктерге бөлуге жұмсалатын ұнның шығыны; нанды пісіру кезінде қамырдың массасының азаюы (нанның кемуі); сақтау кезінде ыстық нанның массасының төмендуі (нанның азаюы).
Технологиялық шығындар өндірісті жеткілікті деңгейде ұйымдастырмау салдарынан туындап, өнімнің сапасына әсер етпестен, технологиялық тәртіп пен құрал- жабдықтарды қолданудың тәртібін қатаң сақтай отырып, жойылуы тиіс.
Технологиялық шығындарға мыналар жатады: ұнды қоймаға қабылдаудан бастап жартылай фабрикаттарды илеуге дейінгі аралықтағы шығын; жартылай фабрикаттарды илеуден бастап, қамыр дайындамаларын пешке салғанға дейінгі аралықтағы ұн мен қамырдың қалдық түріндегі шығындары; даналай нан өнімдерінің массасының нақты болмауына байланысты туындаған шығындар; нанды пештен шығару, транспорттарға орналастыру және транспорттау барысында сынуы мен майдалануына байланысты туындаған шығындар; жарамсыздық анықталған нан өнімдерін қайта өңдеуден өткізу барысында туындаған шығындар. Нанның шығымы қамырдың шығымына, технологиялық шығындар бойынша мына формуламен анықталады:
Ш
нан _
Q
қ (
Ш
ұ +
Лот + Ш бб
+ Шразд + Шкему + Шазаю + Ш
сыну
+ Ш
аш
+ Ш
жарамс );
Q = М
ш
(100 - Ж
с
/100 - W),
Мұндағы
Q
қ
– қамырдың шығымы (100 кг ұннан), кг;
Ш
ұн
–жартылай фабрикаттарды қабылдаудан илегенге дейінгі аралықтағы ұнның шығыны;
Ш
қ
жартылай фабрикаттарды илеуден бастап, қамыр дайындамаларын пешке салғанға дейінгі аралықтағы ұн мен қамырдың қалдық түріндегі шығыны;
Ш
аш
– жартылай фабрикаттарды ашыту кезіндегі шығын;
Ш
бб
– қамырды бөліктерге бөлу кезіндегі шығын;
Ш
кем у
– нанның кемуі барысындағы шығын;
Ш
азаю
– нанның азаюы барысындағы шығын;
Ш
сынуы
– нанның сынуы мен майдалануы түріндегі шығын;
Ш
жарамс
– жарамсыз нанды қайта өңдеу кезіндегі шығын;
М
ш
– 100 кг ұнан рецептура бойынша қамыр дайындау кезіндегі шикізаттың (сүттің сарысуы, модифицияланған крахмал) массасының шығыны, кг;
W^
- шикізаттың орташа өлшенді ылғалдылығы, %;
W.
– иленгеннен кейінгі қамырдың ылғалдылығы, %.
Егер рецептураға мейіз, көкнәр, зире, күнзе кірсе, қамырдың шығымын жоғарыда келтірілген формула бойынша осы шикізаттарды есепке алмастан, есептейді. Қамырдың шығымының шыққан мөлшеріне 95% мейіз, көкнәр, зире, күнзені т.б. (рецептура бойынша 100 кг ұнға шаққанда) қосып, араластырады. Қамырға илеу кезінде қосылатын жұмыртқа мен жұмыртқа өнімдерін қосымша шикізат ретінде есепке алады.
Шикізаттың жиынтық массасы:
М
ш
= М
ұ н +
М
қш ,
Мұндағы М ұн
– ұнның массасы (қамырдың шығымының есебіне шаққанда, М
ұн
= 100 кг);
М
қш
–қосымша шикізаттың 100 кг ұнға шаққандағы жалпы массасы, кг.
Қамырдың шығымын ұнның ылғалдылығына байланысты есептейді. Шикізаттың орташа өлшемді ылғалдылығы:
Wср = (Wм Мм + М аш
W
аш
+ М
тұз
W
тұз
+ Мқант Wқант +
+ М
май
W
май
)/Мм + Мдс
Мұндағы
W
– ұнның ылғадлыдығы, %;
М
аш
және
W
аш
– ашытқылардың массасы мен ылғалдылығы;
М
тұз
– тұздың 100 кг ұнға шаққандағы массасы, %; Мқант – 100 кг ұнға шаққандағы қанттың массасы, кг;
Wқант
– қанттың ылғалдылығы, %;
М
май
— майдың массасы 100 кг ұнға, кг;
W
май
– майдың ылғалдылығы, %.
Тұз бен қант ерітінді күйінде жұмсалса, олардың ылғалдылығы былайша анықталады:
W
тұз
= Wқант = 0
Технологиялық шығындар дегеніміз – ұн мен қамырдың технологиялық үдерісмтің әртүрлі кезеңдеріндегі шығындалуы, сондай-ақ шығындары.
Ұнды тиеу q ұт
мен өндіріс орнына апаруға q ұөа
дайындау барысындағы шығындар, сондай-ақ жиынтық шығындар q ұ
былайша есептеледі:
q ұт = m
1
100/
М
қ ; q ұөа = m
2
100/Мөб; qм = q ұт + q ұөа ,
Мұндағы m
1
– тиеу барысында жерге төгілген ұнның массасы, кг;
М
қ
– қабылданған ұнның массасы, кг;
m
2
– өндіріске апаруға дайындық кезіндегі ұнның шығындалуы, кг;
М
өб
– өндіріске бір ауысым кезінде берілген ұнның массасы, кг.
Қамырдың шығымының массасына шаққанда ұнның шығындалуы
Ш
ұ
, кг, мына формуламен есептеледі:
Ш
Ұ
= q м
(100 - Жм/100 - W).
Илеуден бастап, пешке салғанға дейінгі аралықтағы ұн мен қамырдың шығыны:
Пот = qт.от(100 - Жср/100 - W) qт.от = qт.м + qт.т = m
тт.з
+ т
т.ч)100/
M
п.п;
)/т т
W
ср
= (т
Т.З
Wм + т т.ч Wот
т.з +
т.ч,
Мұндағы д т . от
– бір ауысым кезінде өңдеуден өткен ұнның массасына шаққанда ұн мен қамырдың шығындалуы, %;
д тм
– қамырды илеу барысында оның массасына шаққандағы шығыны, %;
д тт
– қамырды бөліктерге бөлу барысындағы массасына шаққандағы шығындалуы, %;
т т . з
– ұннан шыққан шаң түріндегі механикалық шығындар, кг;
т тч
– қамырдың бөліктері түріндегі механикалық шығындар, кг;
Жо т
– қамырдың қалдықтарының ылғалдылығы, %.
Орташа өлшемді ылғалдылықты Ж р есептеу үшін ұнның қалдықтарының ылғалдылығын соған тең мөлшердегі ұнның ылғалдылығын Жм ескереді.
Қамырды бөліктерге бөлу барысындағы шығындар д р . от
, %, және П р . от
, кг, мына формуламен есептеледі:
q
р.от = q р.м + q р.т = (т
р5 + т р6 )
100/Мз.р; Пр.от = qр.от(100 - Жср/100 – ЖД),
Мұндағы q
рм
– қамырды бөліктерге бөлу кезіндегі ұнның шығыны; q
рт
– қамырды бөліктерге бөлу кезіндегі шығыны;
т р5
– қамыр дайындамаларына себілген ұнның шығыны, кг;
т р6
– қамырды бөліктерге бөлетін құралдардың тесігінен аққан қамыр қалдықтары, қамырдың қалыптарға салынуы мен толықсытылуы кезіндегі шығындары, кг;
М
зр
– қамырды илеу мен бөліктерге бөлу барысындағы ұнның шығындалуы, кг.
Ұнның қалдықтарының мөлшері көп болса, оны қамырдан бөлек алып өлшейді. Ал ылғалдылығын Ж^ р
өңделетін ұн W мен ылғалдылығы қамыр қалдықтарының Ж^ т
орташа өлшемді шама ретінде мына формуламен анықтайды:
Ж
ср = (т р5W м + т р6
Ж
от )/т
р5 + т р6.
Ұн түріндегі (т т3
және т р5
) қалдықтардың мөлшері аз болса, оны қамыр қалдықтарымен (т т4
және т р6
) мұқият араластырып, осы массаның орташа өлшемді ылғалдылығын Ж ср
өлшеп, анықтайды.
Қамырды ашыту барысындағы шығындар
Ш
аш
, кг, спирттің мөлшері немесе құрғақ заттардың жұмсалуына қарай есептеледі:
Спирттің мөлшері бойынша:
Ш
аш.,бид
= 0,95Стп(Мс - тр)(100 - Wc)/(100 - W-)
2
Ш
аш.қараб
= (0,95Стп + 0,73Лк)(Мс - тр)(100 - WC)/(100 - W-)
2
Мұндағы
Ш
аш.,бид ,
Ш
ашқараб
– бидай және қарабидай ұнынан дайындалған қамырды ашыту барысындағы шығындар;
0,95
– спирттің мөлшерін С0
2
эквивалентті мөлшеріне шаққанда қайта есептеу коэффиценті;
0,73
– ұшпалы қышқылдардың мөлшерін С0
2
эквивалентті мөлшеріне қайта есептеу коэффиценті;
М
с
– 100 кг ұннан рецептура бойынша қамыр дайындауға жұмсалған шикізаттың массасы, кг;
т р
– 100 кг ұннан дайындалған қамырды бөліктерге бөлу кезінде шығындалған ұн, кг.
Құрғақ заттардың ашытуға жұмсалған шығыны: бидай ұны үшін С
құрғ
= (Сқ
спирт
• 100/100 - W-Ж; қарабидай ұнының қамыры үшін С
құрғ
= [(С
қспирт
+ Д
с
К
у
)100/100 - ЖГ)]К
с
, мұндағы С тп
– қамырдың құрамындағы спирттің мөлшері, %;
Л
к
– ұшпалы қышқылдардың сірке қышқылына шаққандағы мөлшері %;
К
с
– ашыту үшін шығындалған спирттің қантқа шаққандағы коэффиценті (К
с
= 1,96);
К
у
– сірке қышқылының спирттің эквивалентті мөлшеріне шаққандағы мөлшері (К
у
= 0,77).
Құрғақ заттарға шаққандағы есебі бойынша: По расходу сухого вещества:
Ш
ашыту
= [(С
құрғақ
• 0,95(Мс - тр)(100 - W^/K^ • 100(100 - W-)].
Қамырды бөліктерге бөлу кезінегі ұнның шығыны: д
мр> ,
%, және Ш ұш
, кг. Оны мына формула бойынша есептейміз:
qм.p = М>.м • 100/^п.п; Ш ұбб
= qм.p(Wт - WJ/100 - Wt,
мұндағы М ұбб
– қамырды бөліктерге бөлу кезінде шығындалған ұнның массасы, кг.
Пісіру кезіндегі шығындарды есептеу барысында алғашында нанның кемуі деңгейін анықтайды
q= [(М
ұд -
М
ын
)/М
ұд
]100,
Мұндағы
М
ұд
– қамыр дайындамаларының толықсытылғаннан кейінгу массасы, кг;
М
ын
– ыстың нанның массасы, кг.
Осыны ескере отырып, қамырдың массасынан пісіру кезіндегі шығыны былайша анықталады:
қт
Ш
кему
=[Qt-
(Пм +
П0,т
+ Ш
ашыту
+ Ш
100.
Үстіңгі бетін әрлейтін нан өнімдерін дайындағанда, оларды табақшаларымен бірге өлшейді, тек піскеннен кейін ғана табақшадан алып, табақшаны бөлек өлшеп алады.
Қамырдың массасына шаққанда нанның кемуі:
q=
[(М
от
- М
о.г.х
)/М
о.т
]100 ,
Мұндағы М әр
– үстіңгі беті әрленген қамыр дайындамаларын толықсытқаннан кейінгі массасы, кг;
М
әын
– үстіңгі беті әрленген нан өнімдерінің піскеннени кейінгі массасы, кг; оны ыстық нанның массасы мен табақшаның (үгінді мен бетіне жағылатын майлағыштарды қосқанда) массасының арасындағы айырма бойынша есептейді.
Нанның үстіңгі бетін әрлеу кезіндегі шығынды табақшаның тазартылған және тазартылмаған күйдегі массасы арасындағы айырмашылықты есептей отырып, анықтайды:
q о = [(
М
т
- М
тт
)/М
әрлеу
]100,
Мұндағы
М
т
– тазартылмаған табақшаның массасы, кг;
М
тт
– тазартылған табақшаның массасы, кг.
Пісіру және нанның үстіңгі бетін әрлеу барысындағы жиынтық шығындарды мына формула бойынша есептейді: q
жиынт = q
кему + q c.
Нанды сақтау кезіндегі шығындар Ш
уссум
нан өнімдерін транспорттау
Ш
тр
, орналастыру
Ш
ор
мен азаюы
Ш
наз
барысындағы шығындардың қосындысынан анықтайды.
Транспорттау кезінде нанның массасының азаюы
(пештен шыққан 10 нан өнімін және айналмалы үстелге келіп түсетін 10 нан өнімін өлшейді):
Ш
тр
= [(М
ын
– М
ынаү
)/Мг,]100,
Мұндағы
М
ын
– пештен шыққан сәттегі ыстық нанның массасы, кг;
М
ынаү
– айналмалы үстелге келіп түскен ыстық нанның массасы, кг.
Нанды транспортаттау кезіндегі шығындар:
Ш
тр _
Ш
тр
[ Qt (Пм +
Пот + Ш
ашыту
+ Ш
бб
+ Ш
кему
)]/100.
Ыстық нанның айналмалы үстелге келіп түскеннен бастап шағын вагондарды толық толтырғанға (орналастыру) дейінгі аралықтағы массасының өзгерістері:
З
укл
_ Я
укл[0г
(П
м +
П
от +
З
бр +
З
разд +
З
уп +
З
тр
)]/100 ;
Яукл = [(Мсгх - Мх)100]/М'г.х,
Мұндағы
М
ынаү
, М
н
– ыстық нанның айналмалы үстелге келіп түскеннен бастап шағын вагондарға орналастырғанға дейінгі аралықтағы массасы.
Нанның кемуі кезіндегі шығындар:
(Ш
н
+ Ш
әрлеу
+ Ш
ашыту
+ Ш
бб
+ Ш
кемуі
+ Ш
тр
+ Ш
орн
)]/100; Ш
кему
= [(М
н
– М
сн
)/М
н
] 100;
Ш
кему
. жиынт _ Ш
тр
+ Ш
орн
+ Ш
кему
, Ш
азаю
[ Qt
Мұндағы
М
на
– нанның азаюының массасы, %;
М
х
– шағын вагондарды толық толтыру кезіндегі нанның массасы, кг;
М
сн
– суыған нанның массасы, кг.
Үгінді мен майдалану түріндегі шығын
Ш
үгінді ,
%, және
Ш
майдалану
, кг, мына формуламен анықталады:
Ш
үгінді
_ Ш
үгінді
* 100/М
сн ;
Дф М үм
[Qt - (Д м
+ Ш
әрлеу
+ Ш
ашыту
+ Ш
бб
+ Ш
кему
+ Ш
азаю
жиынт)]/100,
Мұндағы
М
үм
– үгінді мен майдаланған нанның массасы, кг.
Даналай нан өнімдерінің массасында ауытқушылық болғандағы шығындар
Ш
дана
, кг: мына формуламен анықталады:
Ш
дана q бма
[Qt - (Д м
+ Ш
әрлеу
+ Ш
ашыту
+ Ш
бб
+ Ш
кему
+ Ш
азаю
жиынт + Ш
үгінді
)]/100; Ш
дн
М
ф
- Мн)/Мн]100,
Мұндағы q бма
М
ф
– нан өнімінің орташа фактілі массасы, кг;
М
бм
– нан өнімінің белгіленген массасы, кг.
Жарамсыз нан өнімдерін қайта өңдеуден өткізу кезіндегі шығындар:
Ш
жн =q жн
[Qt - (Дм + Д м
+ Ш
әрлеу
+ Ш
ашыту
+ Ш
бб
+ Ш
кему
+ Ш
азаю жиынт
+ Ш
үгінді
+ Ш
дана
)]/100;
q жн=
(М
жн
/ М
сн
)100,
Мұндағы # жн
М
жн
, М
сл
– жарамсыз және бүкіл пісіп, суыған нанның массасы, кг;
Е
– нанды қайта өңдеуден өткеннен кейінгі кеміген массасына шаққандағы коэффиценті,
Е
0,05 .
Құрғақ заттар бойынша нан өнімдері массасының шығымы:
Q^ = {ЕҚЗ- (ҚЗ* Ш/100)]/(100 - W^)}100 или Q^ = ЕҚЗ(100 - Ш)/(100 - Ж дө ),
Мұндағы £ҚЗ – нан сұрыпы үшін рецептураға сәйкес шикізат түріндегі құрғақ заттардың жиынтық массасы, кг;
Ш
– құрғақ заттардың шығыны, %;
Ж
дө
– дайын нан өнімінің ылғалдылығы, %.
100 кг ұнға шаққанда шикізат түріндегі барлық құрғақ заттардың жиынтық массасы мына формуламен анықталады:
ЕҚЗ = 100 - W„ +
К М
с
+ КМ
ашытқы
+ £КМ
қш ,
Мұндағы
W
– ұнның ылғалдығы, %;
К
– әрбір қосымша шикізаттар құрамындағы құрғақ заттардың мөлшерін есепке алатын коэффицент [К = = (100 - W^
x
)/100];
М
т
– рецептура бойынша тұздың массасы, кг;
М
ашытқы
– рецептура бойынша ашытқы массасы, кг;
М
қш
– қосымша шикізаттар (қант, май т.б.) массасы, кг;
W
қш .
– қосымша шикізаттың ылғалдылығы, %.
Мысал 11.1.
Жалпақ қалың нанның O
хл
массасын есептейік: m = = 075...0,85 кг бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған нан өнімінің рецептурасы төмендегіше:
ұн (100 кг) ылғалдылығы
W
u ,
% 14
тұз (1,3 кг) ылғалдылығыю
W
( . 0Jm ,
% 5
баспаланған ашытқы (1 кг) ылғалдылығы
W
% 75
шикізаттың жалпы массасы
М
ш , кг .............. ................................................... 102,3
қамырды дайындағанға дейінгі ұнның шығыны
Ш
ұ
, кг................................ 0,04
қамыр бөліктерін бөлуге жұмсалған ұнның шығыны,
Ш
бб , кг.....................0,9 иленгеннен бастап пешке орналастырғанға дейінгі ұн мен қамырдың шығыны,
Ш
илеу , кг ........................................................................................................................ 0,1
қамырдың шығындары:
ашуы барысында,
Ш
ашыту , кг ............................................................................ 2,3
кемуі барысында,
Ш
кему, кг ............................................................................... 13,6
орналастыру кезінде
Ш
орн , кг ................................................................ 0,98
нанның азаюы,
Ш
азаю , кг ................................................................................... 5,6
үгінді мен майдалану түріндегі шығындар,
Ш
үгінді , кг................................... 0,01 массасының ауытқуына байланысты шығындар, Шма
, кг ................... 0,7
Шешуі
: Қамырдың шығымын төмендегі формула бойынша есептейміз:
О
т
= М
с
(100 - W
c
/100 - W);
М
с
= М
м
+ М
др
+ М
тұз
= 100 + 1,3 + 1 = 102,3 кг;
W
c
= (100 · 14 + 1,3 · 5 + 1 · 75)/102,3 = 14,48 %;
О
т
= 102,3(100 - 14,48/100 - 44,5) = 157,6 кг.
Демек, Охл =
От - (Пм + Ш
әрлеу
+ Ш
ашыту
+ Ш
бб
+ Ш
кему
+ Ш
азаю +
Ш
тр
+ Ш
орн
+ Ш
азаю
+ Ш
үгінді
+ Ш
дана
= 157,6 – (0,04 + 0,9 + 0,1 + 2,3 + 13,6 + 0,98 + 5,6 + 0,04 + 0,7) =
133,3 [кг],
ал нанның шығымын ұнның 14,5% базистік ылғалдылығына қарай есептейді.
О
ш
Ж
м
= 133,3 · 100/[100 – (14 – 14,5)] = 132,6 [кг].
Жауабы: 133,3 кг. Ұнның 14,5% базисті ылғалдылығын есептеу кезіндегі шығымы – 132,6 кг.
Нанның шығымына әсер ететін факторларға мыналар жатады: ұнның ылғалдылығы мен нан пісіруге икемділік қасиеті, қамырдың ылғалдылығы, қосымша шикізаттардың саны, сондай-ақ нанды өндіру барысындағы технологиялық шығындар. Нанның шығымының нормаларын ұнның 14,5% базисті ылғалдылығына қарай есептейді. Қайта өңделген ұнның ылғалдылығы төмен болған сайын, одан шығатын ұнның шығымы да көп болады немесе керісінше. Нан пісіруге икемділік қасиеті төмен ұнның ұлпалығы аз және сапасы төмен болады. Мұндай ұннан қамырды илеу барысында нанның ауытқушылықтарының алдын алу үшін судың мөлшерін азайтады. Бұдан нан өнімінің шығымы төмендейді. Нанның фактілі шығымының мөлшеріне қамырдың ылғалдылығы айтарлықтай әсер етеді. Нан пісіру өндірісінде қамырды дайын нан өнімдерінің ылғалдылық нормасы қамтамасыз ету үшін белгіленген нормадан көп ылғалдылықта дайындайды. Қамырдың ылғалдылығын 1%-ға төмендету нанның шығымын 2,3%-ға төмендетеді. Қамырдың ылғалдылығын жоғары деңгейде сақтап тұру керек. Оған нанның сапасын жақсартушыларды қосу, технологиялық тәртібін жұрыс ұйымдастыру және өлшеу аппараттарының жұмысын нақты белгілеу арқылы қол жеткізуге болады. Қамырдың ылғалдылығы өндіріс орнының өндірістік лабораториясында бақыланады. Нанның рецептурасына қосымша шикізаттар көп қосылған сайын, одан шығатын нанның шығымы да көбейеді. Технологиялық шығындар нанды дайындаудың технологиялық үдерістеріне негізделген: ұнның құрғақ заттарының нанды ашытуға, қамырды бөліктерге бөлу кезіндегі ұнның шығынына, нанның кемуі мен нанның азаюына тікелей байланысты. Нан өнімдерінің шығымын көбейту мақсатында технологиялық шығындарды белгілі бір деңгейге дейін төмендетуге болады. Әйтпесе дайны нан өнімінің сапасы нашарлайды. Ұнның құрғақ заттарының ашыту барысындағы шығындары көміртек диоксиді қамыр ашығанда және қамыр дайындамалары толықсығанда толыққанды жойылып кетуіне байланысты туындайды. Сондай-ақ, жартылай фабрикаттардың үстіңгі бөлігінен ылғал буланып, жартылай жойылады. Ұнның құрғақ заттарының шығыны жартылай фабрикаттардың ашу қарқындылығы мен ұзақтығына байланысты. Бұл ең алдымен, қамырды дайындау тәсілінен, ашытқылардың белсенділігіне, жартылай фабрикаттардың консистенциясына, ұнның нан пісіруге икемділік қасиетіне, қамырдың құрамындағы қанттың мөлшеріне, қамырды механикалық өңдеу дәрежесіне тікелей байланысты. Ашытқы қосып, дәстүрлі түрде қамырды дайындау барысында ашыту кезіндегі шығындар көлемі – ұнның массасынан 2,5... 3,5%-ды құрайды. Қамырды ашыту ұзақтығын барынша қысқартып, жылдам дайындау барысында шығындардың көлемі төмендейді. мәселен, үлкен қою ашытқымен қамырды дайындағанда ашытуға кеткен шығын көлемі – 0,2 ... 0,5% құраса, сұйық ашытқыда – 0,8 ... 1% - ды, ал бір сатылы тәсілмен дайындағанда – 1 . . . 1 , % болады. Ашыту кезіндегі шығындар көлемін азайту үшін қамырды дайындаудың технологиялық тәртібін қатаң сақтап, температура мен ашыту ұзақтығын көбейтіп, қамырды дайындаудың барынша үнемді тәсілдерін қолдану керек. Қамырды бөліктерге бөлуге жұмсалған шығын қамырды илеу кезінде оған себілетін ұнның бөлігі есепке алынбастан пайдаланғандықтан, нанның шығымын төмендетуге әсер ететіндігіне байланысты туындаған.
Көптеген нан өнімдерін дайындау барысында ұнды қамырдың қондырғыларға, транспорттауға арналған таспаларға, қамырды бөліктерге бөлуге арналған үстелге жабысып қалмасы үшін себелеуге пайдаланады. Қамырдың жабысып қалуын болдырмау, яғни, ұнның шығынын азайту үшін, қамырды бөліктерге бөлетін таспаларды жылы ауамен үрлеп отырады. Қамырды бөліктерге бөлетін таспалардың машиналарын біріктіретін транспортты таспалар, толықсытуға арналған тақталардың жабыңғыларын сужұқтырмау қасиеті бар полимер материалдармен өңдейді. Нан өнімдерінің кейбір түрлері («Рижский» наны, еленген ұннан дайындалған нан) технологиялық нұсқаулыққа сәйкес үстіңгі беті ұнды болып келеді. Бұл ұнның біршама көп мөлшерінің шығынын талап етеді. Нанның кемуі – басқа шығындармен салыстырғанда, аса көп шығын емес. Нанның кемуі өңделетін ұнның массасының 10...12% құрайды. Оны белгілі бір шекке дейін төмендетуге болады, әйтпесе, нанның сапасы нашарлайды. Нанның кему дәрежесін төмендету үшін нан өнімдерін пісірудің тиімді тәртібін қатаң ұстанып, пеш камерасының ортасын пісірер алдында ылғалдандырып, пештің температурасын пісірудің соңына қарай төмендетіп отыру керек. Пішінді нанның үстіңгі бетін пештен шығарар алдында сумен себелеп жіберу керек. бұл нанның қыртысына жалтыр беріп, нанның кемуін 0,5%-ға азайтады. Нанның азаюы нан салқындап, сақтау барысында жүзеге асады. Ол ыстық нанның массасының 2...4%*-н, немесе ұнның массасының 5...6%-н құрайды. Нанның азаюы дәрежесін төмендету үшін ыстық нанды жылдам суытып, жабық камераларда, контейнерлерде сақтау керек немесе арнайы пленкалармен қаптау керек.
Нанның шығымын төмендететін
технологиялық шығындар
өндірістік үдерісті жеткілікті деңгейде ұйымдастырылмағаны себепті туындап, нан өнімінің сапасына зиян келтірмей-ақ жойыла алады (ұнның қоймада шығындалуы, ұн мен жартылай фабрикаттардың илеуден бастап, пісіргенге дейінгі шығыны, нанның үгітілуі мен майдалануынан туындаған шығындар, даналай нан өнімдерінің шектен асып кеткен массасының шығындары, нан ақауларын қайтадан өңдеуден туындаған шығындар).
Жартылай фабрикаттарды илеу сатысына дейін ұнның шығындалуы дегеніміз
– ұнның қоймада немесе ұнды илейтін бөлмеде шашылуы, ұн илейтін машиналардың істен шығуы мен қаптардан төгіліп қалуы. Ұнды қоймада арнайы ыдысқа салып сақтау кезінде ұнның шығындалуы қоймаға келіп түскен ұнның массасына шаққанда – 0,25%, ал ыдыссыз сақтағанда – 0,06%.
Ыдыспен сақтау кезінде ұнның шығындалу дәрежесін төмендету үшін ұн салынған қаптарды суланудан, зақымданудан сақтап, қаптан ұнды шашпай-төкпей алып, қапты қабылдау шұңқырының дәл аузына апарып қағып, тиеу шұңқырларының үстіне арнайы шаңсорғыш орнатып, ұн желілеріндегі қондырғылардың жабық болуына назар аударып, иірмек, шұңқырлар, илектердің қақпақтарының жабу құралының болуына, ал қондырғылар мен қақпақтардың корпустары арасында – тығыздаушы төсеніштердің болуына ерекше ден қою керек. Ұнды ыдыссық транспорттап, сақтағанда автоұнтасушы машиналарды ұнның қалдығынан әбден тазартып, қондырғының аузын жауып, ұн салатын шұңқырлардың үстіне сүзгілер орнатып, ұн тозаңдарының пайда болған жерлеріне желдеткіштер арқылы желпитін құралдар қойылады. Жартылай фабрикаттарды илеуден бастап қамыр дайындамаларын пештерге орналастырғанға дейінгі аралықта ұнның шығындалуы қамырды илеу және бөліктерге бөлу кезінде, сондай-ақ жерге түсіп қалған қамырлардың (санитарлық ауытқу) үстіне ұн себелеу кезінде жүзеге асады. Бұл шығындар ұнның жалпы массасының 0,03...0,07% мөлшерін құрайды. Қамырды илеу барысындағы шығындарды төмендету үшін қақпақтарын жауып, ұнның тозаңдарын желдеткіш көмегімен сорып жинап алып, содан кейін кәдімгі ұн секілді пайдаланады. Нан илейтін кеспектерді, нан ашытатын ыдыстарды
және шұңқырларды қамырмен шектен тыс толтыруға болмайды. Қамыр жерге түсіп қалмасы үшін нан илейтін және нан бөлетін машиналар астына тұғырықтар орнатады. Нан илейтін машиналардың тұтқыштары мен қабырғаларын жартылай фабрикаттарды илеп болғаннан кейін де мұқият тазалап, қорғап отырады. Агрегаттарда қамыр илеу барысында ұн мен жартылай фабрикаттардың шығыны ұнның жалпы массасының 0,01%-ға қысқарады. Нанның үгілуі мен майдалануы салдарынан туындаған шығындар нан пішіндерінің жарамсыз сыртқы күйіне, қалыптардан шығарған кезде нан өнімдерінің деформациялануына байланысты, сондай-ақ қамырды айналмалы үстел үстіне транспорттау мен бесікшелерге орналастыру кезінде жүзеге асады. Даналай нан өнімдерінің шектен асып кеткен массасының шығындары нанның орташа өлшемі стандартты мөлшерден асып кеткенде жүзеге асады. Шығын мөлшері ұнның массасының 0,5...1%-на дейін жетеді. Осы шығындардың дәрежесін төмендету немесе болдырмау, не алдын алу үшін қамырды бөліктерге бөлетін машиналардың жұмысын нақтылап, қамыр дайындамаларының массасын жүйелі түрде бақылап, реттеп, қамырды бөліктерге бөлетін машинаның шұңқырларына келіп түсетін қамырдың тұрақты тығыздығын сақтап, нанның кемуі мен азаюы мөлшеріне мұқият бақылау жасап отыру керек. Нан ақауларын қайтадан өңдеуден туындаған шығындар екінші рет өңдеуден өткізгенде жарамсыз деп танылған нан өнімдерінің массасы біршама төмендейтініне негізделген. Себебі оның біршама бөлігі (күйіп кеткен және бүлінген нан өнімдері) қалдық болып саналады. Жарамсыз деп танылған нан өнімдерін қайтадан өңдеуден өткізгенде туындайтын шығындар ұнның массасының 0,02...0,03%-н құрайды.
Нанның ылғалдылығымаңызды болғандықтан, нан пісіретін өндіріс орындарының лабораторияларында ылғалдылықты тәжірибелі және есептік тәсілдер арқылы бақылап отырады. Нан илейтін кеспектерде қамырды дайындау барысында нанның шығымын тәжірибелі тәсілмен анықтау үшін сынама өндірістік пісіріп көреді. Сынама пісіру үшін шикізаттарды технологиялық үдерістің сатылары, қамырдың ылғалдылығы, технологиялық шығындар, дайын нанның массасының мөлшерін, бір нан өнімінің орташа массасын есептеп, сондай-ақ технологиялық үдерісті жүргізу шарттарын есепке алады.
Нан өнімдерінің әрбір сұрыпы үшін кем дегенде екі рет сынама өткізеді. Жартылай фабрикаттарды илер алдында өлшейтін аппараттар мен ерітінділердің концентрациясын тексереді. Сынама қамырды илеуге жұмсалатын шикізаттар мен жартылай фабрикаттар алдын ала мұқият өлшеніп, есептеледі. Тіпті қамырды бөліктерге бөлуге жұмсалған ұнды да өлшейді, қамыр дайындамаларының санын есептеп, дайны нан өнімдерін өлшейді. Содан кейін нанның шығымын мына формула бойынша анықтайды:
О
нан =
М
нан
· 100/М
ұн ,
Мұндағы
О
нан
– дайын нан өнімдерінің шығымы, кг;
М
нан
– дайын нан өнімінің жалпы массасы (даналай нан өнімдерінің массасын даналардың санын бір нан өнімінің стандартты массасына көбейтіп, анықтайды), кг;
М
ұн
– шығындалған ұнның массасы, кг.
Сынама нан өнімін пісіруге жұмсалған ұнның шығын анықтау үшін жартылай фабрикаттардың құрамындағы ұн мөлшерін, қамырды илеу мен бөліктерге бөлуге кеткен ұнның мөлшерін және қалған ұнның мөлшерін есептеу керек. Шыққан нәтижені
түзетілген жоспарлы шығыммен салыстырады. Сынама пісіру арқылы анықталған нанның шығымы нақты шығымға қарағанда бірнеше мәрте жоғары болады. Себебі сынама пісіру кезінде көптеген технологиялық шығындар есепке алынбайды. Ашытқылар, ұйытқылар, сұйық ашытқылар арқылы қамыр дайындау барысында оның жартылаф фабрикаттарына шығындалатын ұнның шығынын мына формуламен анықтауға болады:
М
жфұ
= М
жф
(100 – W
жф
)/(100 - W),
Мұндағы
М
жфұ
– жартылай фабрикаттардағы ұн массасы, кг;
М
жф
– пісіру үшін алынған жартылай фабрикаттар массасы, кг;
W
жф
– жартылай фабрикаттардың ылғалдылығы, %;
W
— ұнның фактілі ылғалдылығы, %.
Нанның шығымын есептін тәсілмен анықтау мына формуламен жүзеге асырылады:
О
нан
= О
қ
- (ХД+S3),
Мұндағы
О
қ
– 100 кг ұнға шаққанда, қамырдың шығымы, кг;
ХД
және
S3
– 100 кг ұнға шаққанда, технологиялық шығындар мен ұнның шығыны, кг.
Мысал 11.2.
Нанның шығымын есептік тәсілмен анықтап көрелік (бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған, массасы 0,4 кг тілікті батондар үшін), егер:
ұнның массасы
М
ұн
, кг 100
шикізаттың массасы
М
ш
, кг 10
судың массасы
М
су
, л (кг) 50
ашыту кезіндегі шығындар
Ш
ашыту ,
% (ұнның массасына шаққанда). 2
нанның кемуінен туындаған шығындар (қамырдың массасына
шаққанда)
Ш
кему ,
% 7
нанның азаюынан туындаған шығындар (ыстық нан
массасына шаққанда)
Ш
азаю
, % 2
сондай-ақ
Ш
мех
= 0,3 % (ұнның массасынан).
Шешуі
: Қамырдың массасын табайық:
М
қ
= М
ұн
+ М
ш
+ М
су =
100 + 10 + 50 = 160 кг.
Сонда ыстық нанның массасы былай анықталады:
М
ын
= М
қ
- 5
кему
М
қ
/100 = 160 - 11,2 = 148,8 кг.
Технологиялық шығындарды мына пропорциямен есептеп, анықтайық: 100 кг - 100 %
Ш
мех
– 0,3 %,
Мұндағы
Ш
мех =
100 · 0,3/100 = 0,3 кг; 100 кг – 100 %
Ш
ашыту
– 2%, одан
Ш
ашыту
= 2 кг; 160 кг – 100%
Ш
кему
– 7 %,
Бұдан
Ш
кему =
11,2 кг; 148,8 кг – 100%
Ш
азаю
– 2%,
Бұдан
Ш
азаю
= 2,98 кг.
Жауабы:
143,5 кг.
Бақылау сұрақтары:
ХІІ-ТАРАУ
НАННЫҢ ДЕФЕКТІЛЕРІ МЕН АУРУЛАРЫ
Шикізаттың (ұн, су, қант, ашытқы, маргарин, құрғақ сүт, жұмыртқа ұнтағы) сапасы барыншы тыңғылықты органолептикалық бағаланбаса, өндіріс барысында сапасыз шикізаттарды қолдануға себеп болады. Ұнның сапасынан туындаған нанның ақауларына мыналар жатады: тән емес, бөтен дәмдер мен иістер;
құрамында құм қалып қойғандықтан, тіске қашырланып тиюі; нанның үстіңгі бөлігінің түсі ағарып пісуі (ұнның қант және газ түзу қабілетінің төмендеуі); нанның жұмсақ бөлігінің қолға жабысқақтығы мен шикі пісуі (егер ұн өніп кеткен немесе үсіп кеткен дәннен тартылса); жалпақ қалың нанның жайылып кетуі, тасбақа-қандаладан зиян шеккен дәннен жасалған ұннан, бидай ұнының ақуыздық кешенінің әлсіздігі немесе қазір ғана диірменнен тартылғаннан ұннан піскен нанның жұмсақ бөлігінің көлемі мен ұлпалығының төмендеуі. Ұнда жусан немесе укекіренің қоспасы болса, сондай-ақ ұн, ашытқы және май т.б. шикізаттарды сақтау тәртібінен ауытқығандықтан бөтен, нанға тән емес иістер туындайды. Ащы дәм немесе бөтен тән емес иісті дәнді диірменге дайындау және диірменнен өткізу барысында жойыла алады. Тіске қышырлап тиюі, бөтен тән емес иістер лаборатория жұмысшылары ұнды өңдеуге жіберу кезінде нанның сапасына әсер ететін себептерді қалт жіберіп алғанда, туындайды. Нанның әртүрлі ауытқулары нан пісіруге икемділік қасиеті төмен ұнды қайтадан өңдеуден өткізгенде туындайды. Өніп кеткен дәннен тартылып, дайындалған ұнның құрамындағы амилолитті ферменттерінің белсенділігі өте жоары болады. Мұндай ұннан жасалған нанның көлемі аз, пішіні жайылғыш, жұмсақ бөлігі қолға жабысқыш, дәмі біртүрлі тәттірек, қыртысының түсі қошқыл қызыл түсті болады. Ұлпалығы берік ұн өте жоғары температурада кептірілген дәннен алынады. Ұнның ұлпалығы ұнтақ секілді әрі қамыры үзілгіш келеді. Ұлпалықтың құрамындағы мұндай өзгерістерді ақуыздардың жылулық денатурациясына және протеиназаның белсенділігінің төмендеуімен түсіндіруге болады. Мұндай ұннан жасалған нанның көлемі аз, кеуектілігі өте нашар, қыртысының түсі – ақшыл болып шығады. Қазір ғана диірменнен тартылып шыққан дәннен жасалған ұн, сондай-ақ өну мерзімі тым аз дәннен жасалған ұн диірменнен өткеннен кейін сусіңіру қабілеті өте төмен болады. Мұндай ұннан жасалған қамыр қолға жабысқыш, жалпақ қалың нан өнімдері үшін жасалған қамыр дайындамалары толықсыту кезінде жайылып кетіп, нанның шығымы мен сапасының төмендеуіне әкеп соқтырады.
Үсіген дәннен жасалған ұнның қышқылдығы мен қант түзуші қабілеті, протеолитті ферменттерінің белсенділігі жоғары болады. Мұндай ұннан жасалған нанның дәмі уытты тәтті, жұмсақ бөлігі қолға жабысқыш әрі қоңыр түсті болып шығады. Нанның ауытқушылықтары ұнның әртүрлі партияларын, сондай-ақ ұнның нан пісіруге икемділік қасиетін ескерместен, партияларын араластыру пропорциясын сақтамағанда, туындайды. Нәтижесінде дайын нан өнімдерінің жұмсақ бөлігі түсі, піші мен кеуектілігіне т.б. қарай әртүрлі болып шығады. Ұн партияларын пайдаланғанда, олардың өндіріске келіп түсу мерзімін ескеру керек. Әйтпесе, қазір ғана диірменнен шыққан, жетіле қоймаған ұн өндіріске біршама уақыт жатпастан келіп түседі, нәтижесінде нан құрамында ауытқулар туындайды. Ұнды алар алдында қаптың аузын салғырт тазалау және иленбеген ұнды пайдалану нанға минералды қоспалардың түсіп кетуіне және піскеннен кейін тіске қышырлап тиетін құмның пайда болуына сеп болады. Тұз бен қанттың ерітіндісінің тығыздығындағы (концентрациясы) ауытқулар дайын нан өнімдерінің құрамындағы тұз бен қанттың рецептуралық мөлшерін бұзып, сондай-ақ нанның дәміне, қыртысының сыртқы түсіне және кеуектілік күйіне кері әсер етеді. Егер көпсіту күші төмен ашытқылар белсендірілмесе, жартылай фабрикаттарды ашыту барысы баяулап, нан өнімініің көлемі мен кеуектілігі төмендейді. Өндірістік ыдыстарда ерітілген маргаринттің май және су фракцияларына бөлшектелуі нан өнімдерінің жартысының құрамындағы май мөлшері – төмен, ал келесі бір бөлігінің май мөлшері – жоғары болуына әкеп соқтырады. Құрғақ сүт немесе жұмыртқа ұнтағын құрамындағы бөлшектерді көпсітпестен, пайдаланғанда, нанның жұмсақ бөлігінде бедерлер мен түйіршіктердің пайда болуына әкеп соқтырады.
ауытқулар
Рецептура мен қамырды дайындау тәртібінің бұзылуынан туындаған нанның құрамындағы ауытқулар . Рецептураның және қамырды дайындау тәртібінің бұзылуы нанның құрамында ауытқуларға әкеп соқтырады. Ұн мен суды қате есептеу немесе нақты емес өлшеп қосу қамырдың ылғалдылығында ауытқуларды тудырады. Ылғалдылығы жоғары және консистенциясы әлсіз қамырлар қолға жабысқақ келеді. Жалпақ қалың нанның пішіндері жайылып кетсе, пішінді нан өнімдерінің үстіңгі қыртысы
– жалпақ болып шығады, ал бөлішке және майқоспалы нан өнімдерінің кесіктері айқын көрінбей, суреттері кедір-бұдырлы болып шығады.
Қамырдың төмен дәрежелі ылғалдылығы оның ашуы мен жетілуін баяулатады. Мұндай қамыр баяу толықсып, суланып піседі. Нанның көлемі жеткілікті пішінде болмай, дөңгеленіп, нығыздалып, жұмсақ бөлігін қолға ұстағанда құрғап, оңай майдаланып, тез қатып қалатын болады. Қамырға ыстық суды шектен тыс қосқанда, нан шикі пісіп, жұмсақ бөлігінде қара дақтар немесе сақиналар пайда болады.
Шикі пісу
– жұмсақ нанның кеуектенбенен тығыздалған тілімдері. Әсіресе нанның төменгі қыртысы шикі піседі. Кейде сақина түрінде шикі піскен жерлер болады.
Суық су ашыту үдерісін тежеп, жетілуін баяулатады. Сөйтіп қамыр бөліктерге бөліну мен пісіруге жеткілікті дәрежеде ашытылмай барады. Бұл жағдайда нанның қыртысы қошқыл қоңыр түсті болып, көпіршіктеніп піседі. Мұндай нанның жұмсақ бөлігінің қышқылдығы жеткілікті деңгейде болмайды және қолға жабысқақ келеді.
Ашытқы мөлшерін азайту және олардың сапасының төмендеуі қамырдың ашуы мен толықсыту үдерісін баяулатады. Нәтижесінде нанның көлемі төмендеп, жұмсақ бөлігі тығыздалып кетеді.
Тұздың болмауы немесе оның қалыпты мөлшерінен аз қосылуы нанның жұмсақ бөлігінің қолға жабысқақтығын, қамыр дайындамалары мен дайын нан өнімдерінің жайылып кетуін тудырады. Мұндай нан өнімдерінің үстіңгі бетінің түсі – қошқыл қоңырланады. Жұмсақ бөлігінің кеуектілігі іріленіп, қалыңдап, дәмі шикі піскендей болады.
Тұзды қамыр баяу ашып, толықсиды. нан өнімдерінің пішіні жабысып, қыртысы – ағарып пісіп, кеуектілігі – шектен тыс іріленіп, қалыңдап, дәмі шектен тыс тұзды болып шығады.
Қамырды жеткілікті дәрежеде илемесе
, қамырдың жұмсақ бөлігінде ұнның түйіршіктері араласпай қалып қояды.
Қамырды шектен тыс көп уақыт илеп жіберсе
де, оның құрылымдық-механикалық құрамы нашарлап, әсіресе, әлсіз ұннан жасалған қамырдың ұлпалығы нашарлап, қолға жабысқақ болады. Қамыр әлсіреп, қамыр дайындамалары мен дайын нан өнімдерінің пішіні жайылып, көлемі нормадан тыс азайып шығады.
Қамырдың иіні жеткілікті деңгейде қандырылмаса , нанның жұмсақ бөлігінің күй нашарлап, қалыңдап, кедір-бұдырлы пішінді болып шығады.
Қамырдың иіні шектен тыс қандырылса , оның құрылымдық-механикалық қасиеті нашарлап, көлемі аз және жайылып кеткен жалпақ қалың нан пісіп шығады.
Ұйытқының сапасы төмен болса немесе жеткілікті болмаса, нан шикі, үстіңгі бетінде күйіп кеткен көпіршіктер көбейіп, қыртысы жұмсақ бөлігінен бөлініп, пісіп шығады. Нанның жұмсақ бөлігінің икемділігі төмендеп, кеуектілігі жеткілікті деңгейде дамымайды.
Жеткілікті деңгейде жетілмеген, әрі ашымаған «жас» қамыр су температурасы төмен, ашыту ұзақтығы қысқа, ашытқы не қамыр ашытқы, ұйытқы мөлшері аз, қопсытушылардың көпсіту күші нашар болған жағдайда пайда болады. Жеткілікті деңгейде ашымаған қамырдың дайындамалары пешке салынғанда, жоғары температураға байланысты жылдам ашып кетеді. Ал дайны нан өнімдерінің түсі қоңырланып, жан- жақтары тесіктеліп, жұмсақ бөлігі шикі пісіп, кеуектілігі кедір-бұдырлы болып, ауызға шикі піскен дәм келеді.
Шектен тыс ашып кеткен қамырдың құрамында қант мөлшері жеткілікті болмайды, ал ұлпалығы нашарлайды, қышқылдығы жоғарылайды. Ашып кеткен қамырдан піскен нан өнімдерінің қыртысы – тесікті әрі ақшыл түсті, көлемі – төмен, кеуектілігі тығыз, ал дәмі ащы болады. Қамырдың қасиеті қанағаттанарлық сыз болса, оны реттеуге әбден болады. Тұзы ащы қамырды екіге бөліп, ұн, су, ашытқы қосып, араластырып, жылы орынға қойып, тағы да ашытады. Қамырға тіпті жақсартушы заттарды қосуға болады. Ашып кеткен қамырға ашытқылар, аз ғана қант пен ұн, жылы су зқосып, тағы да ашытады. Егер қамырдың сапасын реттеу мүмкін болмаса не қиын болса, оны бөліктерге бөліп, жаңа қамырды илеу кезінде бөлік-бөлік етіп қосады. Қамырды бөліктерге дұрыс бөлмегендіктен, туындайтын нан құрамындағы ауытқулар . Қамырды бөліктерге бөлу барысында қамыр дайындамаларының массасы біркелкі болмауы мүмкін. Массасы жеткілікті болмаған нан өнімдері жарамсыз деп танылады.
Нан өнімдерінің массасындағы ауытқулар
нан өнімінің жұмсақ бөлігінің біркелкі шықпауына сеп болады.
Дөңгелектейтін қондырғының кесесі мен бұрандалары арасындағы тетік үлкен болса, қамырды бөліктерге бөлгенде, нан өнімдерінің массасының төмендеуіне әкеп соқтырады.
Қамыр жаятын машиналардың араластырғыш құралы арасындағы тесік үлкен болса, қамыр дайындамалары нашар өңделіп, нан өнімдері кеуектілігі әртүрлі болып, жұмсақ бөлігінде бос орындар көбейеді. Қамыр жаятын машиналардың пішінге келтіретін плиталарында ауытқу болса,
қамыр дайындамалары деформацияланады .
Қамыр дайындамалары жеткілікті деңгейде дөңгеленбесе , нанның көлемі мен жұмсақ бөлігінің кеуектілігі төмендеп, бос орындар мен қуыстар көбейеді.
Табақшалар мен қалыптар ластанған немесе жақсы майланбаған болса , нан өнімдерінің үстіңгі беті ластанып, нан өнімдері табақшалар немесе қалыптарға жабысып, деформацияланады.
Қамыр дайындамаларын ыстық нан қалыптарына орналастыру
нанның шикі және жан-жақтарының қыртысының қарайып пісуіне сеп болады.
Егер қалыптың пішіні нан пішінінен кішірек болса, нан өнімі саңырауқұлақ пішінді болып піседі. Пішінді нанның биіктігі қамыр дайындамаларын қалыпқа қалай болса, солай, яғни салғырт орналастырса, әртүрлі болып шығады.
Ірі бөлшектері бар кепкен нан үгінділерін пайдаланса , сондай-ақ қамыр дайындамаларын толықсытуға арналған тақтайлардың үсті ластанған болса, нан өнімінің төменгі қыртысының күйі нашарлап піседі. Толықсыту дәрежесі толыққанда немесе шектен тыс болса, нан өнімінің сапасына әсер етеді.
Жеткілікті дәрежеде толықсытылмаса , жалпақ қалың нан өнімдерінің пішіні шар тәрізденіп, қыртыстарында тесіктер мен қуыстар көбейіп піссе; пішінді нанның қыртысы томпайып, жан-жақтағы қыртыстары – кесіліп піседі.
Шетен тыс толықсытылса , жалпақ қалың нан өнімдері тым жалпайып, тіпті жайылып піседі. Ал пішінді нан өнімдерінің үстіңгі қыртысы ойысталып, астау тәрізденіп піседі, ал жұмсақ бөлігі тегіс болмауы мүмкін.
Майқоспалы нан өнімдерінің ақаулары қолмен пішінге қалай болса, солай келтіргенде, сондай-ақ қамырды бөліктерге бөлу мен үстіңгі бетін әрлеуге жұмсалған шикізат пен жартылай фабрикаттың мөлшерлемесі бұзылғанда, туындайды. Қамыр дайындамаларын ерітілген маймен жеткілікті деңгейде майламаса, жұмсақ бөлігінің қатпарлану дәрежесі бұзылып, қатпарлары жабысып қалады. Қамыр дайындамаларын қалай болса, солай бөлінсе және тереңірек тіліп жіберсе, нан өнімінің төменгі қыртысының жайылып пісіп, тіпті ластанып пісуіне сеп болады. Қамыр бөліктерін дұрыс емес жайса немесе симметриялы емес тілсе нан өнімінің сыртқы күйі нашарлайды. Ширамалар дұрыс біріктірілмесе немесе қамыр дайындамаларына жеткілікті деңгейде ұн себілмесе, өрмелі нан өнімдерінде ауытқулар пайда болады.
Алдын ала толықсытылмаса, нанның жұмсақ бөлігінің кеуектілігі нашарлайды. Пішінге келтірілген қамыр дайындамалары қалыптарға, табақшалар мен тақтайшаларға, кассеталарға қалай болса, солай, яғни салғырт орналастырылса, нан өнімдері деформацияланады. Соңғы рет толықсытуға арналған шкаф ішіндегі ылғал жеткілікті деңгейде болмаса, қамыр дайындамалары желденіп, үстіңгі бетінде ірі тесіктері бар қатты қыртыс пайда болып, қамыр қаязып қалады. Мұндай ауытқуларды қамыр дайындамаларының пісудің алғашқы екі минутында іштей ашып кетуімен түсіндіруге болады. Мұндай жағдайда қамырдың құрамында газ көп түзіліп, жан-жағындағы жұқа қыртыстары үзіліп кететін болады. Тарақты нан өнімдері шектен тыс толықсыған кезде, тарақтары жойылып кетеді немесе өте төменгі дәрежеде бейнеленеді. Майқоспалы және фигуралық нан өнімдерінің суреттерінің бедерлері жойылады. Шектен тыс толықсыған нан өнімдеріндегі мұндай ауытқулар ұлпалықтың әлсіреуі мен газ түзішу қасиеттерінің төмендеуіне негізделеді.
Пісіруге дайындау, пісіру және үстін әрлеуге дұрыс дайын- дамағандықтан туындаған нан құрамындағы ауытқулар . Қамыр дайындамаларын пештің оттық астына дайындау және пісіру тәртібін бұзан жағдайда, нанның әртүрлі ауытқулары пайда болады. Пештің оттық астына қамыр дайындамаларын орналастыру тәртібі бұзылса, нан өнімдерінде ауытқулар байқалады.
Қамыр дайындамаларын пештің оттық астына орналастыру кезінде
қатты соққы алып немесе шайқалса
, піскен нанның қыртыстары бөлініп, жұмсақ бөлігінде қуыстар мен бостықтар түзілуге әкеп соқтырады.
Қамыр дайындамаларын пештің оттық астына
тым тығыз орналастырса
, нанның жан-жақтарындағы қыртыстары қысылып, түсі ақшылданып, тіпті жұмсақ бөлігі қыртысынан жайылып шығып, піседі. Қамыр дайындамаларын пештің суып қалған оттық астына орналастыру жайылып кеткен пішінді нан өнімдерін алуға және төменгі қыртысында тесіктердің көптеп пайда болуына әкеп соқтырады. Қамыр дайындамаларының үстіне ұнды әртүрлі етіп сепкенде, қыртысының үстіңгі қабатында әртүрлі түстер пайда болып, тіпті дақтардың түзілуіне әкеп соғады. Ал үстіне ұнды көп себелеп жіберсе, нан өнімдері пештің оттық астына жабысып пісуі мүмкін. Қамыр дайындамаларын жүзі өткір емес немесе суланбаған пешпен тілгілесе, тіліктері бірдей емес әрі жұлма-жұлма болып шығады. Ластанған оттық асты, табақшалар немесе лас қалыптарға қамыр дайындамаларын орналастырғанда, қамыр жабысып қалуы мүмкін. Пеш камерасының бірінші аймағында будың болмауы немесе жеткілікті деңгейде болмауы нанның үстіңгі бетінің күйін нашарлатады (қыртысы кедір-бұдырлы, жылтыр емес әрі бурыл түсті болып шығады), көлемі азайып піседі. Шектен тыс бумен ылғалдау нан өнімдерінің желім тәріздес қыртыстың пайда болып, бүрісіп пісуіне сеп болады. Пеш камерасындағы төменгі температура немесе уақыт ұзақтығы жеткіліксіз дәрежеде болмаса, нанның қыртысы ағарып пісіп, жұмсақ бөлігі қолға жабысқақ болады. Жалпақ қалың нан өнімдері болса, тіптен жайылып пісуі мүмкін. Шектен тыс жоғары температурада піскен нан өнімдерінің қыртысы қалың әрі күйіп піседі, немесе шикі піскен, жұмсақ бөлігі қолға жабысып піседі. Нанды пеште тіпті қалыпты температурада да ұзағырақ ұстаған жағдайда, түбі күйіп, қыртысы жұқарып, жұмсақ бөлігі тым құрғап, тесіктері мен қуыстары қарайып пісіп кетеді. Қамыр дайындамаларының үстіңгі бетін жұмыртқа қоспасымен әрлегенде қалам не майлағыш құралды тым батырыңқырап жіберсе, дайындамалар басылып, срытқы күйі мен кеуектілігі нашарлап кетеді. Дұрыс сақтамау және транспорттау салдарынан туындаған нан құрамындағы ауытқулар. Нан зауыттарында піскен нан пештен айналмалы үстел үстіне таспалық транспортерлер пен еңістер арқылы жеткізіледі. Бір транспортерден екіншісіне өткенде немесе еңістен түсірілгенде, нан өнімдері деформацияланып немесе механикалық тұрғыдан бұзылуы мүмкін. Бұл жағдайда қыртыстары бөлініп, қарабидай ұнынан пішінді нан шикі піседі. Осы ауытқудың пайда болуының тағы бір себебі – нанның жұмсақ бөлігінің тығыздалып, қатпарларының нығыздалуы. Бұған себеп – транспортерлер не еңістермен жөнелтілген нан бесікшелерге орналастырылғанда бір-біріне тығыз немесе бірнеше қат етіп орналастырылуы. Нан-тоқаш өнімдерінің әртүрлі себептерге байланысты ауытқулары 12.1-кестеде сипатталған.
Нанның картоп ауруы . Нанның созылғыштық немесе картоп ауруы споратүзішу микробтар салдарынан туындайды. Мұндай микробтар шөп таяқшасының бактерияларына жатады. Дән жинау барысында осы бактериялармен зақымданады. Себебі картоп таяқшалары топырақта, ауада және өсімдіктерде таралады. Сондықтан ұн осы микроағзалардың спораларының әртүрлі дәрежесіне байланысты тұқымданған. Картоп таяқшаларының споралары 120°С температураға дейінгі ыстыққа да шыдамды болып келеді. Сондықтан нанды пісіру кезінде де жойылып, өліп кете қоймайды. Картоп таяқшалары қоректік ортаның (ылғалдың болуы, қышқылдың төмендеуі т.б.) шамамен 40°С температурасында жақсырақ дамиды. Қышқылды орта картоп таяқшаларының дамуын тежейді. Картоп таяқшаларының көбеюіне және нанның картоптық ауруының пайда болуына дәнді, ұнды сақтау мен қайта өңдеуден өткізудің, нанды дайындау мен сақтаудың санитарлы және технологиялық тәртібінің бұзылуы әсер етеді. Нан өнімдерінің иісі шіріген алманың иісіндей болып, жұмсақ бөлігі қолға жабысқақ және созылғыш болып шығады. Нанның ауруларын алдын алу үшін 1 мамыр мен 1 қазан аралығында диірмендерде ұнды картоп таяқшаларының зақымдану дәрежесі мен нанды не үшін пісіріп жатқанын тексеріп көріп, нәтижелерін белгілі бір ұннан дайындалған қамырдан 24 сағат піскеннен кейінгі нанның аурулары туралы мәліметтері келтіре отырып, сертификат толтырады. Сертификатты бидай ұнынан сапалы нан-тоқаш өнімдерін пісіруге қажетті шараларды қолдану үшін нан пісіру өндірістері үшін сигнал ретінде пайдаланады. Егер осы уақыт ішінде нан ауруға ұшырамаса, ол 3 тәулік ішінде 25°С температурада бұзыла қоймайды. Нанның ауруларын алдын алу үшін санитарлы ережелерді қатаң сақтау керек: қойма және өндіріс орындарын, қондырғыларды мұқият тазалау және жуу; ұн тозаңдарынан, нан мен қамыр қалдықтарынан міндетті тазалау жүргізу.
Жұқарған қыртыс
Нан мен нан-тоқаш өнімдерінің дефектілері
12.1 кесте.
Қалқымалар, қыспалар
Үстіңгі бетінің деформациясы
Қыртыстың бөлініп түсуі
Қошқыл түсті қыртыс
Ақшыл түсті қыртыс
Ойыс қыртыс
Жалпақ қыртыс
Көлемінің төмендеуі
Саңырауқұлақ секілді пішін
Дөңес пішін
Жайылып кеткен пішін
Ауытқулар
Ұнның қанағаттанар- лықсыз сапасы
Ашытқының төмен сапасы
Тасбақа- қандаладан зардап шеккен дәннен өндірілген
Ұнның нан пісіруге икемділіік қасиетінің төмендеуі
Өніп кеткен дәннен өндірілген
Қаптарды салғырт тазалау
Шикізатты өндіріске дайындау ережесінің бұзылуы
Еленбеген ұнды пайдалану
Судың жеткілікті мөлшерде болмауы
Қамырды дайындау тәртібі мен параметрлері нің бұзылуы
Ылғалдық мөлшерінің көп болуы
Судың температуралық тәртібінің бұзылуы
Қарқынды илеу
Ашыту тәртібінің бұзылуы
Тұздың шектен тыс мөлшері
Рецептурасы ның
бұзылуы
Тұздың болмауы және мөлшерінің азаюы
Ашытқыларды мөлшерлеудің бұзылуы
Ластанған формаларды пайдалану
Қамырды бөліктерге дұрыс бөлмеу
Ыстық қалыптар
Өлшемі келмейтін қалыптарды пайдалану
Дайындамаларды толықсыту тәртібінің бұзылуы
Дайындамаларды ретсіз орналастыру
Пісіру тәртібінің бұзылуы
Будың болмауы
Температураны күрт төмендету (пісіру тәртібін сақтамау)
Дайындамаларды тығыз орналастыру
Ыстық нандарды орналастыру
Нан өнімдерін дұрыс сақтамау немесе транспортта у
Ұнның қанағаттанар- лықсыз сапасы
Ашытқының төмен сапасы
Тасбақа-қандаладан зардап шеккен дәннен өндірілген
Ұнның нан пісіруге икемділіік қасиетінің төмендеуі
Өніп кеткен дәннен өндірілген
Қаптарды салғырт тазалау
икізатты өндіріске дайындау ережесінің бұзылуы
Еленбеген ұнды пайдалану
Судың жеткілікті мөлшерде болмауы
Қамырды дайындау тәртібі мен параметрлер інің
бұзылуы
Ылғалдық мөлшерінің көп болуы
Судың температуралық тәртібінің бұзылуы
Қарқынды илеу
Ашыту тәртібінің бұзылуы
Тұздың шектен тыс мөлшері
Рецептурасы ның
бұзылуы
Тұздың болмауы және мөлшерінің азаюы
Ашытқыларды мөлшерлеудің бұзылуы
Ластанған формаларды пайдалану
Қамырды бөліктерге дұрыс бөлмеу +
Ыстық қалыптар
Өлшемі келмейтін қалыптарды пайдалану
Дайындамаларды толықсыту тәртібінің бұзылуы
Дайындамаларды ретсіз орналастыру
Пісіру тәртібінің бұзылуы
Будың болмауы
Температураны күрт төмендету (пісіру тәртібін сақтамау)
Дайындамаларды тығыз орналастыру
Ыстық нандарды орналастыру
Нан өнімдерін дұрыс сақтамау немесе транспорт- тау
Егер ұн картоп таяқшаларынан зақымданған болса, нанның картоптық ауруының алдын алу үшін мынадай шараларды қолдану керек: зақымданған ұнды баранка және басқа да кепкен нан өнімдерін, піспенан, пірәндік және басқа да массасы 0,2 кг данасы аз нан өнімдерін дайындауға, ал екінші сұрыпты бидай ұнын – қарабидай-бидай ұнынан нан дайындау үшін қолдану; нанның қышқылдығын стандартты нормадан 1 градқа жоғарылату керек. Бұл үшін қышқылдандырушы компоненттерді қолдану керек: қышқылдығы 4...6 град массасы ұнның массасынан 5...10%-ға жоғары, ашыған жартылай фабрикаттар (қамыр ашытқы, қамыр),; мөлшері 0,1...0,2% сірке қышқылы немесе ұнның массасына шаққанда 0,2...0,5% сіркеқышқылды кальций; антибактериалды «Селектин» тағамдық қоспасы; нанды бөліп өлшеуді азайтып, оны жылдам суытып, нан өнімдерін астауларға, сөрелерге, стеллаждарға арасын ашып, орналастыру керек. Картоптық ауруына ұшыраған нан –созылмалы ауруларды тудыратын қауіпті қайнар көз болып табылады. Оны өндірістен дереу алып тастау керек. Тіпті ауруға ұшыраған нан өнімдерін кепкен нан үгінділері немесе жібітінділері түрінде де қамырға қосуға болмайды. Мұндай ауру нандарды малға азық үшін беру туралы мәселені Ветбақылау органдары шешуі тиіс. Ал малдың азығына пайдалануға да жарамайтын нан өнімдерін өртеп немесе тереңдігі 1 м шұңқырға көміп тастап, тіпті үй жануарларының қазып, тауып алуын болдырмау керек. Ұнның картоп таяқшаларынан зақымданғаны немесе картоп ауруына ұшырағаны анықталған жағдайда, РФ-ның адамдар денсаулығы мен тұтынушылардың құқықтарын сақтау саласындағы Бақылау бойынша Федералды қызмет органдарын хабардар ету керек. Картоп ауруына ұшыраған нан өндірістен дереу алынып тасталып, оған ешкімнің қолжетімді болмауына назара ударып, қатаң есепке алу керек. Нанды катоп ауруына ұшырауының алдын алу үшін мынадай шараларды қатаң сақтау керек: картоп таяқшаларынан зақымданған ұнды қайтадан өңдеуден өткізген соң, барлық өндіріс орындары, қондырғылар мен транспорттау құралдары механикалық тазалаудан өтіп, дезинфекцияланатын ерітінділермен қайтадан өңделуі керек: 3%-дық хлорлы әк ерітіндісі немесе 3%-дық сірке қышқылының ерітіндісі. Қондырғының үстіңгі жағына температурасы 55... 60 °С 3%-дық хлорлы әк ерітіндісін жағып, 1...2 сағатқа қойып, содан кейін ғана сабынды сумен (100 л суға 200 г шаруашылық (кір) сабыны) шайқайды. Дәл осылайша нан илейтін кеспекті, нан илейтін қондырғыларды, атсаулар мен стеллаждарды, есіктер мен панельдерді, терезелер мен едендерді және қабырғаны жуып шығады. 3%-дық хлорлы әк ерітіндісімен 1 сағат бойы өңдеп, содан кейін ыстық және суық сумен жуғанда ғана, толық дезинфекция жасалады; мұқият механикалық тазалау кезінде нан илейтін кеспекті сабын ерітіндісімен жуып, содан кейін ыстық сумен шаяды. Сабын ерітіндісі 10 л ыстық суған 200 г шаруашылық (кір) сабынды қосып, дайындалады; қондырғылардың матадан жасалған және металлдан жасалған бөліктері, қап ыдыстар қамыр қалдықтары мен ұн тозаңдарынан мұқият тазартылады.
Картоп таяқшаларынан зақымданған жағдайда, қамыр және нанмен байланысқа түскен кез келген метал не ағаштан жасалған құралдар толығымен сірке қышқылының ерітіндісімен жуылып, тазартылады. Қазіргі таңда Ақуыздық заттардың биосинтезі Мемлекеттік ғылыми-зерттеу институында нанның картоп ауруының алдын алу үшін «Селектин» атты тағамдық қоспа дайындалған. Ол нанды пісіру кезіндегі спораларды қоздырғыштарды толық жойып тастайды.
Нанның көгеруі . Нан микроскопиялық бактериялардың дамуына қолайлы жағдайда ұзақ сақталғанда, жүзеге асады. Ұнның құрамындағы споралар нан пісіру барысында жойылып кетеді. Алайда піскен нан суығаннан кейін, транспорттау немесе сақтау кезінде қоршаған ортадан түсуі мүмкін.
AsperqіUus, Mucor, Penіcіllіum секілді топтардағы бактериялар піскен нан өнімдерінің үстіңгі бетінде ақ, қошқыл, жасыл, көгілдір, сары және қара түсті үлпілдек қонбалар пайда болуына ықпал етеді. Микроскоп астында бұл қонбалар ұзынша келген, бір-бірімен астасып жатқан жіптер – мицелийлер түрінде көрінеді. Әрбір спорангия жетілген кезде жүздеген споралар түзіледі. Әрбір спорадан жаңа мицелий түзіліп шығады. Сондықтан нан өнімдеріндегі бактериялар жылдам көбейеді. Көгертуші немесе зең бактерияларының көбеюіне қолайлы жағдай – нан өнімінің 35°С температурасы, 70...80% ауа ылғалдылығы және 4,5...5,5 град қышқылдығы. Микроскопиялық зең тудырушы бактериялар алғашында нан өнімдерінің үстіңге бетін зақымдайды. Біртүрлі жағымсыз иіс пайда болады. Нанның ішіне қарай өтетін зең оның жұмсақ бөлігін зақымдай бастайды. Зең ферменттері нанның құрамын өзгертіп, дәмі мен жұмсақ бөлігін бүлдіреді. Зеңнің кейбір түрлері улы заттарды түзеді – микотоксиндер нанның қыртысында да, жұмсақ бөлігінде де пайда болады. Микотоксиндерден нан құрамында афлатоксиндер табылған. Афлотоксиндер улы ғана емес, канцерогенді (қауіпті ісітер тудырады). Сондай-ақ улылық дәрежесі афлотоксиндерден төмен емес патулин де табылған. Сондықтан микроскопиялық зең бактерияларынан зақымданған нан тағамға пайдалануға жарамайды. Нанның көгеруін болдырмау не алдын алу үшін оны стерилизациялап, консервілейді.
Нанды стерилизациялау дегеніміз – оны герметикалық ылғал өткізбейтін термошыдамды пленкаға орап, 30...60 минут бойы 90°С температурада қыздырып, содан кейін үстіңгі бетін 96%-дық этил спиртімен сүртіп, одан әрі герметикалық қамтамаға салып қояды.
Нанды консервілеу дегеніміз – нан өнімдерін химиялық конвсер- ванттармен сүрту немесе қамырға қосу. Ол үшін пропион қышқылын, сондай-ақ пропион тұзы мен сірке қышқылын пайдаланады. Көгерудің алдын алу бойынша негізгі іс-шаралар – нан өндіретін және сақтайтын қоймалардың ауасын, нанды сақтау және транспорттауға арналған астаулар мен шағын вагондардың, контейнерлерді споралардың бактерияларының зақымынан сақтайды. Осы мақсатта өндіріс орындарының ауасын тазартып, желдетіп отыру керек. Сондай-ақ цехтардан көгерген нандарды алып тастап, дайын нан өнімдерін сақтау мен транспорттауға арналған қондырғылар мен құрал-жабдықтарды нормативті тазалықта ұстап, жүйелі түрде дезинфекциялап, жеке тұлғалық гигиена талаптарын қатаң сақтау керек. Құрал-жабдықтар мен қондырғыларды микроскопиялық бактерияларды жоятын немесе дамуының алдын алатын арнайы химиялық препараттармен сүртіп отырады. Нанды тасымалдауға арналған фургондар мен астауларды пластмассадан дайындап, жүйелі түрде 2...3%-дық сірке қышқылының ерітіндісімен дезинфекциялап отырады. Көгерудің алдын алу үшін нан өнімдерін тесіксіз және жарықсыз пісіріп, жылдам салқындату керек.
Нанның бор аруы . Бұл ауруды ұнмен бірге келіп түсетін ашытқы тәрізді бактериялар тудырады. Соның салдарынан ұнның қыртысы мен жұмсақ бөлігінде ақ түсті,
құрғақ ұнтақ тәрізді дақтар пайда болады. Сыртқы пішінен бұл дақтар борға ұқсайды. Аталған бактериялардың споралары жоғары температураға шыдамды әрі пісіру кезінде жойылып кетпейді. Нан бор ауруына өте сирек ұшырайды. Бор ауруы адамның өміріне аса қауіпті емес, бірақ нанның тауарлық қүндылығы төмендейді.
«Сиқырлы» таяқшалар бактериясы тудыратын нан ауруы . Бұл ауру өте сирек кездеседі. «Сиқырлы» таяқша – спорасы жоқ бактерия, ол қызыл түсті пигмент түзеді. Бактерияның дамуының қолайлы температурасы – 25...30°С, сондықтан ауру әдетте ыстық жыл мезгілінде байқалады. «Сиқырлы» таяқшалар піскен нанға қоршаған сыртқы ортадан келіп түседі. Ол крахмалды қанттандырып, ұлпалығын сұйылтып жібереді. Осы ауруға ұшыраған дайын нан өнімінің сыртқы тауарлық пішіні нашарлап, қолдануға жарамсыз болып қалады. 40°С температурада бұл бактериялар жойылады, сондықтан олармен күресу барысында бөлмені не қойманы ыстық сумен мұқият жуып, қондырғылар мен құрал-жабдықтарды ыстық қайнаған сумен шайқау керек.
«Масайған» нан. Мұндай микробиологиялық бүлінуді
Fusarіum
мик- роскопиялық бактериясы тудырады. Ол қыс мезгілінде далада қыстап шыққан дәнді, кейіннен бидай мен қарабидай ұнының сұрыптарын зақымдайды. Бұл бактериялар токсиндер түзеді, токсиндер пісіру кезінде сақталып қалады. Тағамға «масайған» нанды пайдалану ағзаны күрделі уландырып тастайды. Адам бейне бір алкогольмен уланғандай күйде, масайып қалады. Нан кейде басқа да ауруларға ұшырайды. Бұл ауруларды ашытқы тәріздес бактериялар тудырады – нан өнімдерінде қызғылт-сары, сары, көк түсті дақтар мен қызыл түсті шырыш пайда болады. Нанның микробиологиялық бүлінуімен күресудің профилактикалық шаралары – қондырғылар мен құрал-жабдықтардың, ыдыстардың, транспорттау құралдарын, өндірістік бөлмелердің ауасын, суды үнемі санитарлық бақылауда ұстап, өндіріс орындары мен экспедиция жұмысшыларының жеке гигиенасын сақтау керек.
Бақылау сұрақтары:
ХІІІ-ТАРАУ
НАН-ТОҚАШ ӨНІМДЕРІНІҢ АССОРТИМЕНТІ
Күніне орташа есеппен алғанда, Ресейдегі нанның тұтылу деңгейі – жылына 120...120 кг, күніне – 325...345 г құрайды. Нанды пайдалану елдің экономикалық тұрақтылығына байланысты: белгілі бір елдің экономикасы қаншалықты жоғары дәрежеде дамыған және оның халқының қолайлы өмір сүруі жоғары болған спйын, нанды тұтыну дәрежесі соншалықты төмен болады. Ресейде 10000-нан астам нан пісіру өндірісі жұмыс істейді, оның ішінде 1500-нан астам ірі және шағын наубайханалар 1000 тонна нан өнімдерін өндіреді (оның ішінде 1000 нан атулары немесе әрбір адамның бір тәулікте тұтынатын 500 г наны бар). Нан өнімдерінің ассортиментін рецептуралық компоненттер мен нан өнімдерінің сыртқы түріне қарай ерекшеленеді. Нан өнімдері тек ұннан, ашытқы мен тұздан тұрғанмен, басқа да шикізат түрлерін пайдаланады (құмшекер, май және сүт өнімдері, сірне, мейіз, жаңғақ, ванилин, тосап т.б.).
Нан өнімдері пештің оттық асты және пішінді тәсілдермен дайындалады.
Жалпақ нан өнімдерінің
пішіні – дөңгелек немесе сопақша болып келіп, батон, өрме нан, хала, таба нан т.б. түрінде болады.
Пішінді нан өнімдері
– төртбұрышты, квадрат және дөңгелек пішінді болып келеді.
Нан өнімдері халықтың барлық топтарына арналған (көпшілік сұрыптар) және әртүрлі аурулардың алдын алу немесе емдеуге арналған болып бөліне алады.
Нанды сақтау мен пайдаланудың әртүрлі мерзімдері болады.
Нан өнімдері қаптамамен оралмаған және қаптамаға оралған болып шығарылады.
Қаптамамен оралмаған нан өнімдері рецептурасы мен массасына қарай өндіріс орындарында 6...14 тәулік, ал сауда орындарында сақталу мерзімі – 16...36 сағат болады. Қапталған нан өнімдерінің сақтау мерзімі – 2...7 тәулік арасында. «Нан пісіру өндірісі. Терминдер және анықтамалар» атты МЕМСТ 16814-88 талаптарына сәйкес, нан деп – сәйкес рецепт пен технологиялық тәртіп бойынша дайындалған қамырдан пісірілген өнімді атайды. Нанға массасы 500 г құрайтын, қарабидай және бидай өнімінен дайындалған өнімдер жатады.
Бөлішке өнімдері
– әртүрлі пішінді, бидай ұнының қамырынан рецептура мен технологиялық тәртіпке сай дайындалған даналай нан өнімдері. Бөлішке өнімдерінің массасы – 500 г не одан да төмен болады.
Данасы аз бөлішке өнімдерінің
массасы 200 г және одан да төмен болады.
Майқоспалы бөлішке өнімдері
– бидай ұнынан пісірілген, рецептура бойынша дайындалған қамырдың жалпы массасына шаққанда құрамында 14% қант пен май болатын даналай нан өнімдері.
Диеталық нан өнімдері
– белгіленген рецептура және технологиялық тәртіпке сай пісіріліп, белгілі бір ауруға ұшыраған адамдарды емдеу не аурудың алдын алуға, сондай- ақ жасы үлкен кісілерге арналған нан өнімдері.
Ылғалдылығы төмен нан өнімдері
–ылғалдылығы 19% құрайтын баранкалар мен кепкен нан өнімдері: баранкалар – массасы 40 г, ылғалдылығы 14...19%, кепкен нан
өнімдері – массасы 6,7...11,8 г, ылғалдылығы – 9...13%. Кепкен нан өнімдеріне кептірілген нандар, қуырылып пісірілген нан, қытырлақ нандар, соломкалар, нан таяқшалары жатады. Ылғалдылығы төмен нан өнімдері (кептірілген нан, баранкалар, кепкен нан, қытырлақ нандар) бірнеше айға дейін сақтала алады. Нан өнімдерінің ұлттық түрлеріне шикізаттың жергілікті түрлері рецептураға қосылады және пішіні мен пісіру тәсілі өзгеше болады. Наннан жасалған квас, құймақ жасауға арналған ұн, кепкен нан ұнтағы, тоңазытылған қамырдан жасалатын нан өнімдері – нан зауыттары өндіретін нан өнімдерінің ассортиментіне кіреді. Мемлекеттік стандарттарға сәйкес пісірілетін нан-тоқаш өнімдерінің рецептурасы рецептуралар жинағында келтірілген.
дайындалу тәртібі
Ерекше тартылған қарабидай ұнынан жасалған нан – пішінді, жалпақ қалың немесе даналай тәсілдерімен пісіріледі. Оның рецептурасына ерекше тартылған нан пісіруге икемді ұн, баспаланған ашытқылар мен тағамдық ас тұзы кіреді. Қарабидай нанынан басқа ерекше тартылған қарабидай ұнынан нанның жақсартылған сұрыптары да дайындалады: қарабидай қайнатылған наны (рецептурасына 5% қарабидай ферменттелген уыт және 0,1% зире кіреді), «Московский» ұны (рецептурасына 7% қарабидай ферменттелген уыт, сірне және 0,1% зире кіреді). Ерекше тартылған қарабидай ұнынан дайындалған нанның пішінді, жалпақ қалың және даналай түрлері болады. Қарабидай және бидай ұнының қоспасынан дайындалған нан өнімдері: «Украинский», жаңа «Украинский», асханалық, «Дарницкий», «Славянский», «Минский»,
«Рижский» және т.б.
Қарабидай-бтдай және бидай-қарабидай ерекше тартылған ұндарынан жалпақ қалың және пішінді нандар, өлшенетін және даналай сатылатын нан түрлері дайындалады. Олардың құрамында 60% қарабидай ұны және 40% ерекше тартылған бидай ұны болады. Бидай-қарабидай ұнынан дайындалған нанның құрамында 60% бидай және 40% ерекше тартылған қарабидай ұны болады. Нан өнімдерінің жекелеген түрлерінің сапалық көрсеткіштерінің нормативтері, рецептуралары мен технологиялық нұсқаулықтары сәйкес жинақтар мен нұсқаулық- кітапшаларда келтіріледі. «8 дән» нанының құрамы ерекше: ұнның 8 түрі мен дәннің 8 түрі болады. Бұл нанның дәмі ерекше әрі ағза үшін тағамдық құндылығы жоғары. Оның рецептурасында жаңа тартылған бидай ұны, ашытылған бидай, қарабидай, арпа, сұлы, күріпш, қарақұмық, бора бидай ұндары; соя, бидай және қарабидай қауыздары; пісте, күнжіт, қоңыр түсті зығыр, қарақұмық және жүгері дәндері кіреді. Құрамындағы ақуыздардың, дәрумендер, тағамдық талшықтары мен темір, фосфор, магний, кальций секілді микроэлементтер мөлшерінің жоғары болуына байланысты, «8 дән» наны ағзаның ойлау белсенділігі мен жұмысқа жарамдылық қабілетін жоғарылатып, жадыны жақсартып, жүйке жүйесін нығайтып, жүрек пен қан айналым жүйесінің жұмысын жақсартады. 100 г «8 дән» нанының құрамында кальцийдің 50%-дық тәуліктік нормасы, 30%-дық фосфор және 66% темір болады. Бидай ұнынан дайындалған нанның мынадай түрлері пісіріледі: ерекше тартылған бидай ұнының наны (МЕМСТ 27842–88), ерекше тартылған ұннан матнакаш наны (армян наны, МЕМСТ 27842–88), екінші сұрыпты бидай ұнының наны, екінші сұрыпты ұннан
«Гражданский» наны, «Красносельский» наны, «Украинский» паляница наны,
«Киевский» арнауыты мен «Уральский» қалашы, матнакаш наны, сүтті нан т.б. Бірінші сұрыпты бидай ұнынан дайындалған нанның мынадай түрлері болады: «Саратовский» қалашы, бидай наны, қыша наны, «Гражданский» наны, үй наны, «Красносельский» наны, сүтті нан, «Белорусский» наны, қаптамадағы сапар наны, қалалық нан, тәтті бидай наны, «Түймедақ» наны, «Крестанская» бөлкесі,
«Кировоградская» паляницасы мен «Украинская» наны т.б.
Жоғары сұрыпты ұннан мынадай нан өнімдері пісіріледі: «Саратовский» өалашы, бидай ұны, еленген нан, еленген ұннан жүзім қосылған нан, сүтті нан, «Түймедақ» наны, «Раменский», «Пылесский» наны, қыша қосылған нан т.б. Нан өнімдерінің бұл тобына сондай-ақ бидай ұнының әртүрлі сұрыптарының қоспасынан МЕМСТ 27842–88 талаптарына сай дайындалған «Уральский», «Степной», «Кишиневский»,
«Забайкальский» нан түрлерін жатқызуға болады.
Бұл нан өнімдерінің рецептуралары рецептуралар жинағында келтірілген.
Бөлішке өнімдеріне
массасы кг және жоғары, бірінші және екінші сұрыпты бидай ұндарынан пісірілген нан өнімдері жатады. Бұл – батондар, бөлкелер мен бөлішкелер, өрмелер, халалар, түтік кеспелі және собалақ, сайкалар мен ь.б. түріндегі пештің оттық астықта пісірілген даналай жалпақ қалың нан түрлері жатады. Оның рецептурасында 100 кг ұнға шаққанда, 7% май және 7% құмшекер болады. Бөлішке өнімдерінің кейбір түрлерінің рецептурасында қант пен май қосылмайды (бірінші және екінші сұрыпты бидай ұнынан дайындалған кәдімгі батон, қалаш және «Москоский» еленген ұнының наны т.б.).
Майқоспалы нан өнімдерінің түрлері – бірінші және жоғары сұрыпты ұннан дайындалған нан өнімдері, рецептурасында 100 кг ұнға шаққанда, 7% және одан да көп қант пен май қосылады. Майқоспалы нан өнімдері МЕМСТ 24557–89 талаптарына сәйкес бірінші сұрыпты бидай ұнынан («Славянская» бөлішкесі, шай ішу үшін пісірілген батончик, құнарлығы жоғары бөлішке, майқоспалы «Ярославская» бөлішкесі, кәдімгі бөлішке, өрілген бөлішке т.б.), екінші сұрыпты бидай ұнынан («Выборгская фигурная» майқоспа наны, майқоспалы бөлішке, құймақты таба нан, «Московские» тоқашы, «Выборгская» майқоспа наны, кондитерлік қатпарлы нан, қамтамадағы майқоспалы нан, «Сердловская» майқоспалы наны, «Веснушка» бөлішкесі, балаларға арналған майқоспалы нан, «Липецкая» майқоспалы наны, «Новомосковская» майқоспалы наны, майқоспалы ватрушкалар, майская шелпектері, даршын қосылған бөлішке және басқа да нан түрлері) пісіріледі. Көбінесе, бұл нан өнімдерін нан пісіру өндірісі мен кәсіпорындары, әсіресе, нан зауыттарының лабораториясы өз бетімен ойлап шығарады.
Диеталық нан өнімдері
емдік және профилактикалық тағам түрінде пайдаланылады.
Емдік тағам ретіндегі диеталық нан-тоқаш өнімдері аурулардың белгілі бір категориясына арналған. Айталық, ақуыздық нан – диабетиктерге, тұзсыз нан – бүйрегі ауыратын науқастарға, йодталған нан – қалқанша безі ауыратын адамдарға арналған. Емдік тағам ретіндегі нан өнімдеріне қышқылдық дәрежесі төмен, құрамындағы көміртек пен ақуыз мөлшері аз, тағамдық талшықтары жоғары, лецитин немесе сұлы жармасын және соя өнімдерін қосып дайындалған нан түрлері де жатады. Диеталық нан-тоқаш өнімдері әртүрлі ауру түрлеріне ұшыраған экологиялық қолайлы емес аймақтарда өмір сүретін тұрғындарға арналып пісіріледі. Оларға тағамдық талшықтары мен минералды заттарының мөлшері аз, көпіршіктелген дәндерді, биологиялық белсенді қоспаларды, тәтті дәм үстейтін және дәрумендендірілген заттар қоса отырып, пісірілген нан түрлері жатады. Диеталық нан-тоқаш өнімдерін өндіру үшін қажетті шикізаттар мен оның мөлшері рецептуралар жинағында, ал қамырды дайындау тәсілдері – оларды дайындау бойынша технологиялық нұсқаулықта көрсетілген.
Бақылау сұрақтары:
ХІV-ТАРАУ
НАННЫҢ ТАҒАМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖОҒАРЫЛАТУ ЖОЛДАРЫ
Адамның тағамдық рационында су, ақуыздар, көмірсулар, майлар, минералды заттар, дәрумендер, балластты заттар т.б. болады. Бұл элементтер ағзаның қалыпты жұмыс жасауы үшін, яғни зат алмасу, қайта қалпына келуі, ал бойдың өсуі барысында – жаңа тіндердің қайта түзілуіне қажетті. Тағам – энергияның қайнар көзі. Энергия адамның ағзасына зат алмасуға, энергияның шығындарының орнын толтыру үшін қажетті. Нан – негізінен көмірсулы тағам түрі. Нан құрамындағы көмірсу мен ақуыздың арасалмағы 6:1 шамасында. Бұл осы заттардың тиімді арасалмағына (4:1) сай келмейді. Нан өнімдерінің химиялық құрамы ұнның сұрыпына және нан өнімдерінің рецептурасына байланысты. Нанның қоректік заттары адам ағзасында толығымен сіңірілмейді. Оған нан өнімінің сыртқы тартымдылығы, дәмі, хош иісі мен нан дайындалатын ұнның сұрыпы, сондай-ақ ұнның кеуектілігі әсер етеді. Ұнның сұрыпы жоғары болған сайын, одан дайындалатын нанның қоректік заттары, әсіресе, ақуыздары адам ағзасында жақсы сіңіріледі. Нан өнімдерінің құнарлығы өзі дайындалған ұнның сұрыпына, жұмсақ бөлігінің ылғалдылығына және нан өнімінің рецептурасына байланысты. Ылғалдылығы төмен әрі май мөлшері аз нан өнімдерінің құнарлығы төмен болады.
Нанның ақуыздық құндылығы адам ағзасының тіндерінің түзілуі, қайта қалпына келуі мен қызмет етуінде маңызды рөл атқаратын ақуыздық заттарға тікелей байланысты. Ағзаның ақуызды қажет етуі адамның жасына байланысты, және тәулігіне 50...120 г құрайды. Нанның құрамында 70...80 г ақуыз (1 кг массасына шаққан) болады. Адам ағзасының ақуызды қажет ету деңгейі – 30% құрайды. Тағамның ақуыздарының физиологиялық және тағамдық құндылығы аминоқышқылды құрамына, әсіресе ондағы орны толтыруға келмейтін аминқышқылдарының (лизин, лейцин, изолейцин, метионин, фенилаланин, треонин, триптофан, валин) мөлшеріне байланысты. Орны толтырылмайтын аминқышқылдары адам ағзасында интезделмейді, бірақ оның өмір сүруі үшін маңызды рөл атқарады. Аминқышқылды құрамына байланысты нанның ақуыздарының құрамы толық деп айтуға болмайды. Онда лизина, триптофан мен метионин жеткілікті емес.
Нанның минералды құндылығы ондағы минералды заттардың мөлшеріне байланысты анықталады. Оның мөлшері нанның жалпы массасының 1...2%-н құрайды. Адам ағзасының минералды заттарының құрамына кальций, фосфор, темір, калий және магний кіреді. Оның мөлшері нанның массасының 3,5%-н құрайды. Жасөспірімдердің, жүкті және емізулі аналардың ағзасы өсіп, қалыптасуы барысында кальций мен фосфорға деген қажеттілігі артады. Ересектер үшін кальций мен фосфордың 1:2 арасалмағында тағам жеткілікті болады. Адам ағзасы зәру болған микроэлементтерге мыс, фтор, кобалть т.б. жатқызуға болады. Олар ағзадағы көптеген физиологиялық үдерістердің реттеушісі болып саналады. Кальций мен фосфордың арасалмағы шығымы аз қарабидай ұны мен бидай ұнында жақсырақ болады. Нан дайныдалған ұнның сұрыпы төмен болған сайын оның құрамында
минералды заттардың мөлшері де көп болады. Нан құрамында калий, фосфор, магний, күкірт көп болғанмен, кальций мөлшері аз болады.
Нанның дәрумендік құндылығы
құрамындағы дәрумендердің мөл- шеріне байланысты.
Дәрумендер
– зат алмасу үдерісін реттеп отыратын органикалық заттар. Қазіргі таңда дәрумендердің 20-дан астам түрлері белгілі. Олардың барлығы дерлік адам ағзасында синтезделе алады. Сондықтан тағам құрамында болуы міндетті. Нан құрамында В
1
(тиамин), В
2
(рибофлавин), РР (никотин қышқылы) кездеседі. Нан құрамында сондай-ақ В
3
(пантотен қышқылы), В
6
(пиридоксин), В
9
(фолий қышқылы), В
12
(кобаламин), Е, биотин, холин және т.б. дәрумендер де кездеседі. Дәннің дәрумендері әдетте өскіндер мен қауыздарында жинақталады. Сондықтан, ұнның сұрыпы төмен болған сайын одан дайындалған нанның құрамындағы дәрумендер де көбірек болады.
Нан ақуыздық құндылығын арттыруға, кальций мен дәрумендерді байытуға зәру болып отырады. Нанның тағамдық құндылығын арттыру үшін құнды ақуыздарға бай табиғи өнімдер, сондай-ақ әртүрлі синтетикалық және химиялық заттар қолданылады. Біздің өндірісіміз үшін ең ақиқат тәсіл –
нанның ақуыздық құндылығын ақуыздық құрамы жоғары, аминқышқылдық құрамы толық және құрамында ең алдымен лизин мен метионин мөлшері көп тағамдық қоспаларды қосу арқылы арттырады. Осы мақсатта қолданылатын малдан алынатын өнімдерге сүт өнім- дері (қаймағы алынбаған сүт, құрғақ майсызданған сүт, сүзбе, май- сыздандырылған сүт, сүттің сарысуы, іркіт), соя ұны, тағамдық балық ұны т.б. жатады. Құрғақ майсыздандырылған сүттің құрамындағы ақуыздар мөлшері – бидай ұнына қарағанда 3 есе, ал лизина мөлшері – 15 есе, метионин және треонин мөлшері – 6 есе көп болады. Құрғақ майсыздандырылған сүтті нанға қосу оны кальциймен және В
2
дәруменімен байытады.
Соя ұнында 35...45% ақуыз, 17...26 % май, 3...8% қант, 10%-ға жуық крахмал мен жасұнық, 2% дәрумендер (бета-каротин, В ь
В
2
, В
3
, В
6
, Е, С, РР) болады. Соя ақуызында орны толтырылмайтын не алмастырылмайтын аминқышқылдары болады. Соя ұнын қосу нанның көлемдік шығымын көбейтіп, қату үдерісін тежейді. Нанның жұмсақ бөлігінің түсі – сарғыш, сыртқы көрінісі – сүйкімді, дәмі жағымды әрі пішіні ұнамды болып келеді. Кейбір елдерде нан өнімдерінің ақуыздармен байыту үшін тағамдық балық ұнын пайдаланады. Тағамдық балық ұнының құрамында 70...80% толыққанды ақуыздық заттар, сондай-ақ кальций тұзы (4%), фосфор (2%) және басқа да микроэлементтер болады. Мөлшерін нормадан жоғары дәрежеде көбейткенде, нан құрамындағы ақуыздық байытқыштар қамырдың физикалық қасиетін, нанның көлемі мен кеуектілігін нашарлатады.
Нанды минералды байыту оның құрамындағы кальцийді арттыру мақсатында жүзеге асырылады. Бұл үшін құрғақ майсыздандырылған сүт (құрамында толыққанды ақуыздарғ ана емес, адам ағзасы оңай сіңіретін кальций де болады) пайдаланылады. Су мен тағам құрамында йод мөлшері көп кейбір аудандарда йодталған нан пісіріледі. Ағзада йод жетіспесе, ішкі зат алмасу үдерісі төмендейді. Бұның салдарынан адам баласы ауырғыш, шаршағыш келіп, физикалық дамуында артта қалып, қалқанша безі ауырады (эндемиялық без). Нанды йодпен байыту үшін химиялық тазартылған йодты калий, немесе құрамында йод көп теңіз қырыққабаты қолданылады. Йодтың органикалық қоспасын алуға болады, мәселен сүтті ақуызды. Алынған йодталған сүтті ақуыздарды алу «Тиреойод» атты биологиялық белсенді қоспаны өндіруге негіз болған. «Тиреойод»
йодталған сүтті ақуыздар өндірілу барысында тағамдық өндірісте қолдануға рұқсат етілген өнімдер, мәселен, сиыр сүті, тағамдық сода т.б. қолданылады. Йодталған сүтті ақуыздарды микроскопиялық мөлшерде нанға қосады. Егер шектен тыс көп қосса, кейбір ауруларды тудыруы мүмкін.
Нанды дәрумендендіру
– оның биологиялық құндылығын айтарлықтай жоғарылатады. Себебі нан құрамында дәрумендердің тек кейбір түрлері әрі аз ғана мөлшерде кездеседі. Нанды дәрумендендіру үшін табиғи сүтті өнімдер, соя ұны, ашытқылар, уытты өскіндер мен В
ь
В
2
, РР секілді дәрумендерге бай басқа да өнімдер пайдаланылады. Осы дәрумендердің барлығы нанды пісіру кезінде сақталып қала алады.
Жақсартушылар дегеніміз – ұнға немесе қамырға дайын нан өнімінің сапасын жоғарылату мақсатында қосылатын арнайы заттар. Қазіргі таңда нан пісіру өндірісінде нанның сапасын жақсартушылар ретінде биологиялық және химиялық құрамды әртүрлі заттар қолданылады. Көп жағдайларда қамырдың негізгі компоненттерін (ұн, тұз, құмшекер, майлар, жұмыртқа, сірне т.б.) нанды жақсартушылар ретінде қарауға болады. Айталық, ұлпалығы өте жоғары ұн ұлпалығы әлсіз ұн үшін жақсартушы болып саналады. Тұз әлсіз ұлпалықты нығайтады. Майқоспа заттары (құмшекер, майлар, жұмыртқа) және сірнелер нанның қату үдерісін баяулатады. Нанды жақсартатын арнайы заттар да болады, әдете, олар біріздендірілген рецептура бойынша дайындамайды. Оларды ұнның сапасына және өндірістің басқа да шарттарына сәйкес қосып отырады. Бұл жақсартушы заттар нан өнімдерінің сапасын жоғарылатып, қамырды дайындау үдерісін жылдамдатып, қамырдың қажетті физикалық қасиеттерін қамтамасыз етіп, нанның қатып қалу үдерісін тежейді. Құрамы мен қасиеттеріне қарай жақсартушыларды мына топтарға жіктеуге болады: қышқылдандыратын және қайта қалпына келтіретін қасиеттері бар жақсартушылар, құрамында ферменттері бар жақсартушылар, үстірт-белсенді заттар (ҮБЗ), ұн демдемелері, модификацияланған крахмал, сүттің сарысуы, органикалық қышқылдар т.б. Қышқылдандыратын жақсартушылар жоғары, бірінші және кей жағдайларда ғана екінші сұрыпты бидай ұндарынан дайындалатын нан өнімдерін пісіру үшін қолданылады. Бұл топтағы жақсартушыларға КВгО
3
калий броматын, КЮ
3
калий йодатын, аскорбин қышқылын (С дәрумені), персульфаттар, кейбір тотықпалар мен басқа да заттарды жатқызуға болады. Қышқылдандырғыштар орташа және әлсіз қуатты бидай ұнын қайтадан өңдеуден өткізгенде мөлшерін реттеп отыру үшін қолданылады. Ұнның құрамындағы жақсартушылардың мөлшері: калий броматы – 0,001 ...0,004%, калий йодаты – 0,0004...0,0008%, аммоний персульфаты – 0,01...0,02%, аскорбин қышқылы – 0,005...0,01%. Ұнның қуаты күшті болған сайын, қышқылдандыру мөлшері де төмен болады. Қышқылдандыруға арналған жақсартушы-заттар ұнның ұлпалығын нығайтып, протеолитті ферменттердің белсенділігін төмендетіп, қамырды икемді етіп, көлемін көбейтіп, жұмсақ бөлігінің икемділігі мен иілгіштігін жақсартып, оның түсін ағартады. Қышқылдандыруға арналған жақсартушы-заттардың мөлшері көп болса, ұнның ұлпалығы нығаяды. Соның нәтижесінде нанның көлемі мен кеуектілігі төмендеп, жұмсақ бөлігі тығыз әрі қатты болып піседі. Қышқылдандырғыштар әсіресе, нанды жақсартушы басқа заттармен ара- ластырылады. Сол кезде қышқылдандыру әрекетінің тиімділігі арта түседі. Қышқылдандыратын кешенді жақсартушылар сусымалы болса, қамырдың ашу және жетілу барысы жылдамдап, дайын нан өнімдерінің физика-химиялық және
органолептикалық көрсеткіштерінің сапасы жақсарады. Олардың негізгі компоненттері – энзималар, аскорбин қышқылы мен басқа да қышқылдандырғыш заттар, әртүрлі тағамдық эмульгаторлар, кейбір минералды тұздар, уыт, соя ұны, құрғақ ұлпа мен басқа да қоспалар (бидай ұны, крахмал), диеталық және профилактикалық мақсаттарға арналған қоспалар, нан өнімдерін микробиологиялық бүлінуден қорғайтын консервілеуге арналған қоспалар. Отандық жақсартушылар ішінде нан пісіру қасиетін жақсартатын мынадай кешенді заттарды атауға болады: «Мультэнзим», «Фортуна», «Шанс», «Приз», «Топаз», «Полимол». Бұл жақсартушылар қамырды дайындау үдерісін жылдамдатып, нан пісіруге икемділік қасиеті төмен немесе орташа нан мен бөлішке өнімдерінің сапасын жақсартады. Ал шетелдік жақсартушы заттар арасында S-500, S-5000, S-5 «Оматик» (Бельгия), «Форекс», «Панифарин», «Фарин-экстра», «Классик», «Мастер» (Германия), «Меркурий»,
«Венера», «Юпитер», «Сатурн» (Англия) және т.б. атауға болады.
Қайта қалпына келтіруге әсер ететін жақсартушылар
ұлпалығы мықты немесе үзілгіш, сұрыпты бидай ұнынан дайындалған қамырдың реологиялық қасиетін өзгертеді. Қалпына келтіруші заттар ұлпалықтың созылыңқылығын арттырып, оның икемділігін төмендетеді. Нәтижесінде қамыр жылдам жетіліп, нанның сапасы жақсарады. Ал нанның жұмсақ бөлігі иілгіш, қопсытылған болып, көлемді шығымы көбейеді. Бұл топқа цистеин аминқышқылы, натрий тиосульфаты, глютатион, сондай-ақ отандық «Технохим» ҒӨФ дайындайтын жақсартушылар – натрий бензоаты, калий сорбаты, сорбин қышқылы жатады. Цистеинді қамырдың массасына шаққанда 0,005...0,015% мөлшерде қолдану керек. NA
2
S
2
O
3
натрий тиосульфаты – гипосульфат – ұнның массасының 0,001...0,002% мөлшерін ғана қосады. Егер ұлпалығы аз созылатын ұнның автолитті белсенділігі жоғары болса, натрий тиосульфатын қышқылдандырғыш қасиеті бар жақсартушылармен бірге қолданған дұрыс. Натрий тиосульфатын қамыр ашытқыны дайындау кезінде ашытқылармен бірге қосады. Қазіргі таңда қайта қалпына келтіретін қасиеті бар жақсартушылар өндіріледі. Олар глютатион (
Dorel препараты) негізінде дайындайды. Бұл препараттарды қолдану қамырдың созылмалығы мен икемділігін арттыруға, сондай-ақ нанның көлемін ұлпаның ақуыздарына әсер етуінің арқасында жоғарылатуға септігін тигізеді.
Құрамында ферменттері бар жақсартушыларға ақ уыт, зең саңырауқұлақтарынан алынатын уытты препараттар мен ферментті препараттар жатады. Ферментті препараттардың функционалды ерекшелігі – қамырды ашыту барысында жүзеге асатын биохимиялық үдерістерді жылдамдатып, оның құрамындағы ферменттерді катализдендіреді. Ақ уыт – бірінші және екінші сұрыпты бидай ұнынан, ұнның жалпы массасына шаққанда, 0,3...1% мөлшерін құрайтын иленген қарабидай ұнынан пісірілген қамырдың сапасын жақсарту үшін пайдаланылады. Ақ уыттың құрамында амилолитті және басқа да дән ферменттері болады. Уыттың құрамында сондай-ақ, көптеген кебекті бөлшектер көп болады. Сондықтан оны жоғары сұрыпты бидай ұнынан дайындалатын нан өнімдеріне қоспайды. Әдетте ферменттелмеген (ақ) уыт сұйық ашытқыларды дайындау кезінде демдемелерді қанттандыру үдерісінде пайдаланады.
Уытты препараттар қолдануға ыңғайлы болып келеді. Олар – уытты сығындыларды қоюландыратын вакуум көмегімен алынған қою тосаптар. Олардың құрамында уыттың барлық құнды заттары – мальтоза, декстриналар, амилолитті ферменттер болады. Уытты препараттарды ұнның массасына шаққанда 1...3% мөлшерінде пайдаланады. Ақ уыт пен уытты препараттар нанның көлемін ұлғайтып, қыртысының түсін жақсартып, нан өнімдерінің хош иістік және дәм үстеуші қасиеттерін арттырады. Біздің елімізде және шетелдерде микроағзалардан (зеңдер, бактериялар) алынатын әртүрлі
ферментті препараттар жиі қолданылады. Микроағзалар сұйық қоректі ортада көбейтіліп, содан кейін жиналып, тазартылады.
Тазартылған ферментті препараттар
– түссіз ұнтақтар немесе таблеткалар түрінде болады, құрамында ферменттер (а- және р-амилазалар, мальтаза, декстриндер мен протеолитті ферменттердің аз мөлшері) көп болады.
Біздің елімізде мынадай амилолитті ферментті препараттар қол- данылады: белсенді а-амилазасы бар – амилоризин П10Х, амилосубтилин Г10Х; глюкоамилазасы бар – тазартылған глюкоамилаза. Амилолитті ферменттердің әсерімен қамырдың құрамында қанттың ашытылуы артады. Соның нәтижесінде жартылай фабрикаттардың жетілу үдерісі қарқындалып, декстриндердің мөлшері көбейіп, нанның жаңа піскендей қалпын ұзағырақ сақтауға септігін тигізеді. Ферментті препараттарды қосып дайындалған нан өнімдерінің сыртқы қыртысы сүйкімді қоңыр түсті, жалтыр, жұмсақ бөлігі – иілгіш, дәмі мен хош иісі
– жұғымды, кеуектілік қасиеті жақсарған, қатып қалу қасиеті төмендейді. П10Х амилоризин құрамында амилолитті және протеолитті ферменттердің кешені көп болады, оның ішінде а-амилазаның мөлшері көбірек.
Г10Х амилосубтилин құрамында а-амилаза, р-глюканаза және протеаза мөлшері көбірек болады. П10Х амилоризин мен Г10Х амилосубтилин иілгіш, ұлпалығы жеткілікті деңгейде икемді емес, қант түзуші қабілеті төмен әрі қалыпты, ал автолитті белсенділігі 30%-ға дейін жететін ұнға қосылады. Тазартылған глюкоамилаза жоғары дәрежеде қанттандырылған ферментативті жартылай фабрикаттар мен сұйық ашытқыларды өндіру кезінде қосылады. Гемиллюлазалық белсенділігі жоғары ферментті препараттар бидай ұнының құрамында болатын, ерімейтін жоғары молекулярлы пентозандарға әсер етіп, төменгі моллекулярды пентозандардың мөлшерін азайтып, ұлпалық тірегін нығайта түседі. Протеолитті ферментті препараттар ұлпалығы күшті ұнды қайта өңдеуден өткізгенде қосылады. Олар ақуыздық заттардың бөлшектерге бөлінуін катализдендіріп, қамырдың реологиялық қасиетін жақсартады. Протеолитті ферментті препараттарға Г10Х және Г20Х протосубтилин мен протозим жатады. Протеолитті белсенділігі жоғары ферментті препараттар құрамында белсенді липазалар болады. Олар триацилглицеридтерді майлы қышқылдар мен глицеринді түзе отырып, гидролиздендіреді. Бұл препараттарға 677BG новозим жатады. Бұл препаратты қосқанда, нанның көлемі ұлғайып, кеуектілік қасиеті, жұмсақ бөлігінің түсі жақсарады. Нан пісіру өндірісінде екі типті мультиэнзимді композиялар (МЭК) қолданылады: екі компонентті МЭК, құрамында П10Х амилоризин мен Г10Х амилосубтилин болады (арасалмағы 100:3); үш компонентті МЭК, құрамында П10Х амилоризин, Г10Х амилосубтилин және Г10Х протосубтилин (арасалмағы 100:2:6) болады. Оларды ұлпалығы қысқа уақыттық үзілмелі ұнды қайта өңдегенде пайдалануға болады.
Үстірт-белсенді заттардың молекулалық құрылымы ерекше болады. Олар бір- біріне қарама-қайшы қасиеті бар екі топтан тұрады. Полярлы тобының гидрофильмді қасиеті үнемі суға талпынып отырады, ал полярлы емес топ судан қашып, ерімейтін заттардың бөлшектеріне (май, крахмал т.б.) қарай талпынады. Осылайша, ҮБЗ-дың ерекшелігі – қасиеттерінің екі сатыда үстірт адсорбациялануы, үстіртін керілу қасиетінің төмендігі. Үстіртін керілу күші сұйықтың өзінің үстіңгі бетін барынша қысқартуға талпынуынан көрінеді. Көп жағдайда бұл нан өнімдерін дайындау үдерісін қиындатады. Айталық, май шарларының бір-бірімен етене жабысып қалуға талпынысы эмульсияның қатпарлануына әкеп соқтырады. ҮБЗ-дың пленкасы суда еріген зат бөлшектерін (мәселен, майды) көмкеріп, жабысып қалудан сақтайды. Сондықтан ҮБЗ сулы-майлы эмульсиялардың тамаша эмульгаторы болып саналады.
Нан пісіру өндірісінде ҮБЗ-дың табиғи және синтетикалық тәсілдерін қолданады.
Табиғи ҮБЗ-ға
фосфатидтер мен кейбір ақуыздар жатады.
Фосфатидтер
– фосфор қышқылының қалдық молекулаларының құрамында болатын, негізінен азотпен байланысты май тектес заттар. Оларды әдетте, фосфатидті концентраттар түрінде шығарады. Сондай-ақ, фосфатидтер өсімдік майларын өндіру барысында тауарлық қалдық ретінде алынады.
Фосфатидті концентраттар құрамында фосфатидтің кем дегенде 50%-ы болуы керек. Фосфатидтер суда ерімейді, бірақ қыздырылған майда жылдам ери алады. Олардың тағамдық құндылығы өте жоғары болады. Нан пісіру өндірісінде түссіздендірілген фосфотидті концентраттар қолданылады.
Әйтпесе, олар нанның жұмсақ бөлігін қарайтып жібереді.
Синтетикалық ҮБЗ
– жоғары май қышқыдарының моно- және диглицериді, пальмитинді немесе стеаринді қышқылы бар қанттың моно- және диэфирлері т.б.
Кең қолданылатын отандық эмульгаторларға Т-1, Т-2, Т-Ф заттары жатады.
Эмульгаторлар
: Т-1 – май қышқылдары бар глицериннің толық емес әртүрлі эфирлерінің қоспасы; Т-2 – стеаринді қышқылмен этерифицияланған поли-глицерид; Т-Ф Көпшілік ҮБЗ – ұнтақ тәрізді немесе қатты, ақ немесе сары түсті эмульсия түрінде болады, әрі суда мүлдем ерімейді. ҮБЗ сулы-майлы эмульсияларды дайындау үшін пайдаланады, майлардың (маргарин, фосфатидтері бар пісіруге арналған майлар) құрамына қосып, нанның сапасын ұнның жалпы массасына шаққанда 0,25...1% мөлшерінде жақсарады. Қамырға қосылған ҮБЗ оның құрамындағы майды жақсырақ таратуға септігін тигізеді. ҮБЗ қосылып дайындалған нан өнімдерінің көлемі көп, жұмсақ бөлігінің құрылымы жақсы, икемділігі жоғары болады. Кеуектілігі майдаланып, нанның қыртыстары қалың әрі біртекті болып піседі, ал қату үдерісі 6...10 сағатқа баяулайды.
Ұн демдемелерінің құрамында клейстер түзген крахмал болады. Оны сұрыпты, газ түзу қабілеті төмен бидай ұнынан дайындалған нан өнімдерінің сапасын жақсарту үшін пайдаланады. Клейтерленген крахмал амилолитті ферменттерді оңай қанттандырып, қамырдың ашу және жетілу дәрежесін жылдамдатады. Қамырға демдемені қосу нанның құрамындағы қантты 2 есеге жоғарылатып, дәм үлестіретін қасиетін жақсартып, нанның қатуын баяулатады. Демдемені дайындау үшін ұнның бір бөлігіне судың 2/3 мөлшерін қосады. Бидай ұнынан нан өнімдерін дайындау барысында ұнның жалпы массасынан 5%- ы қайнатылса, қарабидай ұны үшін – 15% массасы қайнатылады. Демдеме мынадай жолмен дайындалады: алдымен ұнды температурасы 50...60°С жылы судың аз ғана мөлшерімен араластырады. Араластыруды тоқтатпастан, температурасы 97...98°С суды ақырындап қосады. Демдеменің бастапқы температурасы 63...65°С болуы керек. Технологиясына байланысты демдеме қанттандырылмаған, қанттандырылған және ашытылған болып бөліне алады.
Қанттандырылмаған демдеме дайындалған соң 33...32°С темпера- тураға дейін суытылады. Мұндай демдемеде крахмал мальтозаға мүлдем айналмайды. Қанттандырылған демдеме былайша дайындалады: 60...63°С темпе- ратурада қайнатылған массаға ұнның бір бөлігін, 0,5...1% ферменттелмеген уыт немесе амилоризин қосады. Содан кейін 50...60° температурада 2...3 сағат қойып, қалыпты жағдайда бірнеше сағат бойы суытылады. Демдемелерді ферменттелген ферменттермен қанттандыру барысында оған 45...50°С температураға дейін қайнатылған массасы қосады. Мұндай демдемелерде крахмалдың аз ғана бөлігі мальтозаға айналады.
Ашытылған демдемелерді ұнның қайнатылған массасына сүтті-қышқылды бактерияларды немесе жетілдірілген қамыр ашытқыны қоса отырып, 2,5...3,5 сағат бойы ашыту арқылы дайындайды. Мұндай демдемеде клейстер түзілген крахмал мен мальтозадан басқа сүтті қышқыл мен әртүрлі хош иістендіргіш заттар болады.
Модификацияланған крахмалдар
– қасиеті химиялық немесе жылулық өңдеу салдарынан өзгеріске түскен крахмалдар. Оларды ұнның гидрофильді қасиеттерін арттыру үшін пайдаланады. Модицикацияланған крахмалдар қамыр құрамындағы ұлпа ақуыздарының өзгеру үдерісін күшейтіп, құрылымдық-механикалық қасиеті мен нанның сапасын жақсартады.
Модификацияланған карахмал қосып дайындалған нанның көлемі үлкен, жұмсақ бөлігі икемді, кеуектілігі майда әрі қыртыстары жұқа болып, жаңа піскендей қасиетін ұзақ уақыт сақтайды. Нанның сапасына қышқылдандырушы крахмалдар ұзақ уақыттық әсер етеді. Қышқылдандырушы крахмалды құрамына қышқылдандырғыш зат- тарды (калий перманганаты, кальций гипохлориді) қосу арқылы дайындайды. Қышқылдандырушы крахмалдар ұлпалықтың көпсу қасиетін жоғарылатып, нанның көлемдік шығымын арттырып, жұмсақ бөлігінің күйін жақсартып, нанның қатып қалу үдерісін тежейді. Сүттің сарысуы – сүзбе дайындау өндірісіндегі тағамдық қалдық. Оны бидай және қарабидай ұнынан нан өнімдерін дайындау барысында судың орнына (ұнның жалпы массасынан 25% мөлшерінде) пайдаланады. Сарысу кейбір нан өнімдерінің (сүтті сарысу қосылған бөлке-нан, қоюландырылған сүттің сарысуы қосылған батон, «Кирово-градская» паляница наны т.б.) рецептурасында негізгі шикізат ретінде қолданылады. Сүттің сарысуы ашыту микрофлорасының қалпын сарысудың ақуыздық заттарының бактериялары мен ашытқыларын араласуы нәтижесінде жақсартады. Сарысуды қамыр ашытқы мен қамырды илеу барысында ұйытқыға қосып, баспаланған ашытқыларды белсендендіру үшін қолданады. Сарысу қосылған қамыр құрғақ әрі иілгіш болып келеді. Жартылай фабрикаттардың ашу ұзақтығы – 50...20 минутқа қысқарады. Сарысу қамырды жылдам тәсілмен дайындау үшін пайдаланылады. Сарысу қосылған нан өнімдерінің дәмі мен иісі жақсы, үстіңгі беті қарқынды түрде қоңырланып, қатып қалу қасиеті баяулайды.
Органикалық қышқылдар (сүтті, сірке, лимон, жүзім тұнбасынан алынған) қамырдың, әсіресе қарабидай ұнынан дайындалған қамырдың қышқылын реттеуші құрал болып табылады. Қышқылдар ферменттердің белсенділігін төмендетіп, ұлпалықтың физикалық қасиеттерін жақсартып, нанның картоп ауруына ұшырауының алдын алып, қамырдың жетілуін жылдамдатып, нанның сапасын жақсартып, қату үдерісін тежейді. Отандық нан пісіру өндірісінде қышқылдар таза күйінде өте сирек пайдаланылады. Қамырды қышқылдандыру үшін қажетті жағдайларда ұйытқылар, сұйық ашытқылар, ашыған ұйытқылар, жетілген қамырдың бір порциясы мен сүттің сарысуы қолданылады. Сірке қышқылы картоп таяқшаларымен күресу үшін пайдаланылады.
Тағамдық қоспалар
– Ресейдің Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту министрлігі рұқсат еткен химиялық заттар мен табиғи қоспалар. Олар өздігімен тағам немесе тағамның қалыпты компоненті ретінде қолданылмайды. Бірақ өндірудің, сақтаудыңғ транспорттаудың әртүрлі кезеңдерінде технологиялық қасиеттеріне қарай тағамның түрлеріне өндіру үдерісі мен жекелеген операцияларды жеңіл жүргізу үшін; нан өнімдерінің бүлінудің әртүрлі түрлеріне қарсы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін; нан өнімдерінің сыртқы қалпы мен құрылымын сақтау немесе органолептикалық қасиеттерін жақсарту үшін қосылады. Яғни тағамдық қоспалар нан өнімінің тағамдық құндылығына да, құрамына да әсер етпейді. Тағамдық қоспалар тек өндірістің технологиялық үдерісін жеңілдету үшін пайдаланылады.
Ресейлік нан өндірісінде қарабидай ұнынан және қарабидай мен бидай ұнының қоспасынан нан өндіру ісі қарқынды дамыған.
Қарабидай ұнының тағамдық құндылығы оның құрамындағы В тобындағы дәрумендердің, минералды элементтер мен тағамдық талшық- тардың көп мөлшеріне байланысты. Отандық тағамдық қоспалар ішінде қарабидай ұнының сұрыптары үшін «Цитрасол», «Аграм» атты құрғақ ұйытқылар, нанның қайнатпалы сұрыптарын («Бородинский», қарабидай, майда тартылған, уытты т.б.) өндіру үшін ұйытқы түрлері пайдаланылады. Құрғақ ұйытқыларды сұйық ашытқыларды дайындау және сұйық ұйытқыларды жаңарту үшін жиі пайдаланады. Испортты тағамдық қоспалар ішінен көбінесе ұнтақ түріндегі қышқылдандырғыш заттар қолданылады. Бұлар: «Форшрит», Р22 (Германия), «Ибис» (Франция), PS2 (Бельгия), «Финароль» (Австрия), ал ұнтақ түріндегі қоспалардан – «ВАЗ» (Австрия), тағамдық өндірістер үшін дәрумендендірілген қоспалардан – «Бета-каротин» (А провитамині). Бұл қоспалар табиғи бояулар ретінде қолданылып, нан-тоқаш өнімдерінің сапасын жақсартушылар ретінде жұмсалады. Сондай-ақ осы қоспаларды қолданғанда, нанның көлемі ұлоғаяды, кеуектілігі майдаланады, сарғыш түсті болады. Бета-каротин онкологиялық, жүрек қан тамырлары және ішек-асқазан ауруларының алдын алатын, көздің көру қабілетін жақсартатын, ағзаның жоғары радиацияға шыдамдылығын тұрақтандыратын құрал ретінде қолданылады. Дайын нан өнімдерінің сапасын арттыратын технологиялық шараларға мынадарды жатқызуға болады : технооогиялық үдерісті жүргізудің тиімді шарттары; қамырдың жетілуін жылдамдату үшін қарқынды илеу; жетілген қамырдың белгілі бір бөлігін дайын нан өнімдерінің дәм үстеуші және хош иістендіргіш қасиеттерін жақсарту үшін пайдалану;
жақсартушылар мен тағамдық қоспаларды қосу; демемелерді қосу; жоғары белсенді ферменттері бар және спиртті ашыту үдерісіне ендірілген белсенді ашытқыларды пайдалану.
Бақылау сұрақтары:
XV-ТАРАУ
НАН ПІСІРУ ӨНДІРІСІН ТЕХНОХИМИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДАН ӨТКІЗУ
Ресейдегі стандарттау мақсаттары мен ұстанымдары 27.12.2002 ж. №184-Ф3 «Техникалық реттеу, ұлттық стандартты қолдау ережелері» РФ Федералды заңына – МЕМСТ 1.0–2004 талаптарына сәйкес белгіленген.
Стандарттау
– ережелер мен сипаттамаларды көп ретті ерікті түрде қолдану мақсатында белгілеу бойынша, өндіріс салаларында ретілікке қол жеткізуге және өнімнің, жұмыстар немесе қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату бағытталған әрекеттер.
Стандарт
– бірнеше мәрте ерікті түрде қолдану мақсатында өнімнің сипаттамасы, өндіру, қолдану, сақтау, тасымалдау, жүзеге асыру және жою үдерістерінің, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету ережелері мен сипаттамасы белгіленген құжат.
Стандартта сондай-ақ терминологияға, символикаға, қаптауға, маркілеуге немесе этикеткалар жабыстыруға қойылатын талаптар мен ережелер белгіленеді. «Техникалық реттеу туралы» заң мына жайттарды реттейді: стандарттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; стандарттау бойынша нормативті құжаттардың мазмұны мен қолданылуы; стандарттарды құрастыружы мемлекеттік бақылау мен бақылау жүргізуді ұйымдастыру мен ережелерін; мемлекеттік стандарттау, мемлекеттік бақылау мен бақылау жүргізу бойынша жұмыстардың жұмысы;
мемлекеттік стандартты қолдануды тұрақтандыру; сертификация бойынша жұмыстарды орындау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік.
Стандарттаудың басты міндеттері: дайын нан өнімдерінің, жоғары сапалы нан өнімдерін дайындауға қажетті шикізаттар мен материалдардың, жартылай фабрикаттардың сапасына қойылатын талаптарды белгілеу; өнімнің сапалық көрсеткіштерінің бірыңғай жүйесін, бақылау мен сынақтан өткізу құралдарын, сондай-ақ нан өнімдерінің түрлеріне және қолдану шарттарына байланысты сенімділік деңгейін анықтау; өнімдердің тиімді сапасын қамтамасыз ету мақсатында, оларды өндіру мен жобалау саласында әртүрлі тәсілдер мен нормаларды, талаптарды белгілеу; ғылым мен техниканың маңызды салаларында, сондай-ақ халық шаруашылығының салаларында қолданылатын бірыңғай терминдер мен анықтамаларды белгілеу; қауіпсіз еңбек шарттарының стандарттар жүйесін белгілеу; қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды қолдануды жақсарту саласындағы стандарттар жүйесін белгілеу. «Техникалық реттеу туралы» заң міндетті сертификациядан өтуі тиіс өнімдердің нормативті құжаттарына ерекше талап қояды. Онда өнімге сертификаттау арқылы дәлелденген талаптар, сондай-ақ бақылау тәсілдері белгіленуі керек. Оларды сәйкестікті анықтау, сәйкестігі бар өнімдер мен ілеспелі құжаттардың түрлерін маркілеу ережелерін белгілеу үшін қатаң сақтау керек.
Стандарттау саласындағы құжаттарға мыналар жатады: ұлттық стандарттар; стандарттау ережелері, стандарттау саласындағы нормалар мен нұсқаулықтар; техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпараттардың жалпыресейлік классификаторы;
ұйымның стандарттары.
Ескерту
. Осы құжаттарды қабылдағанға дейін МЕМСТ, ССТ (салалық стандарт) пен ТШ (техникалық шарттар) қолданыста болған. Ұлттық стандарттар мен техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпараттардың жалпыресейлік классификаторлары, сондай-ақ оларды құрастыру мен қолдану ережелері стандарттаудың ұлттық жүйесі болып саналады.
Ұлттық стандарт
– РФ-ның ұлттық органы стандарттау бойынша (Ресейтехреттеу) бекіткен стандарт. Ұлттық стандарт қандай да бір өнімнің жасалған елі мен жеріне, оны өндіру, қолдану, сақтау, тасымалдау және жүзеге асыру үдерістеріне қарамастан, қолданылады.
Техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпараттардың жалпыресейлік классификаторлары – техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпараттарды классификаторларға сәйкес реттеп отыратын және ведомстоваралық ақпарат алмасу барысында мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен ресурстарды құрастыру кезінде қолдануға міндетті нормативті құжаттар. Стандарттау ережелері, стандарттау саласындағы нормалар мен нұс- қаулықтар – ұлттық стандарттарды құрастыруға негіз болып табылады. Олар техникалық реттеу мен метрология бойынша Федералды агенттігі құрастырып, бекітеді.
Ұйымның стандарттарын әрбір мекеме не ұйым өндірісті жетілдіру және өнімнің сапасын қамтамасыз ету мақсатында өз бетімен құрастырып, бекітеді. Олар өнімнің жаңа түрлеріне, дәстүрлі емес технологияларға, ұйымдастыру ұстанымдары мен өндірісті басқару түрлеріне қарай құрастырылады.
Мазмұнына қарай стандарттар мынадай түрлерге бөлінеді: техникалық шарттардың стандарттары белгілі бір нан өнімінің түріне немесе біртекті өнімнің топтарын дайындау, жеткізу және қолдануға қойылатын талаптарды белгілейді. Бұл стандарттарда өнімдерді қабылдау, талдау тәсілдері, маркілеу, қаптау және сақтау тәсілдері мен ережелері жан-жақты әрі тыңғылықты берілген. техникалық талаптардың стандарттары өнімнің сыртқы түріне, сапасы мен сақтау мерзіміне қойылады. Әрбір нан-тоқаш өніміне немесе біртекті нан өнімдерінің топтарына қойылатын техникалық талаптардың өзіндік стандарттары болады: өнімнің сапасын бақылау тәсілдеріне қойылатын стандарттарда өнімнің партиясынан орташа сынама іріктеп алып, оның жекелеген көрсеткіштеріне талдау жасау тәсілі белгіленеді; өнімді маркілеу, қаптау, транспорттау және сақтау ережелірінің стандарттары қаптау ыдыстары мен қаптау тәсілдерінің, өнімді сақтау мерзімі, тасымалдау шарттарының түрлеріне қарай белгіленеді. Стандарттар мен техникалық шарттарды ендіру және сақтауға, өлшеу құралдарының жай-күйі мен қолдануға, метрологиялық ережелерді сақтауға, ведомствовалық стандарттау мен метрологиялық қызметтержұмысына мемлекеттік бақылау жасауды РФ технологиялық реттеу мен метрология бойынша Федералды агенттігі мен оның органдары жүргізеді.
Нан пісіру саласының өнімдерін сертификаттау үшін нан пісіретін өндіріс орындарында өнімнің әрбір түрін өндірудің нормативті құжаттар кешені болуы шарт. Нормативті құжаттар кешеніне МЕМСТ, ТШ, белгілі бір тәртіппен бекітілген рецептуралар, технологиялық нұсқаулықтар кіреді. Өндірілетін өнімнің әрбір түрінің осы
өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша стандарттардың талаптарына сәйкестігін дәлелдейтін жартылай серти- фикаттар болуы керек. РФ «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңына сәйкес өнімнің нормативті құжаттарда жазылған талаптарға сәйкес келмегені үшін өндіріс орындарына айыппұл мен алғышарттар түріндегі жазалау шаралары тағылады. Өндірілетін өнімнің нормативті құжаттар талаптарына сәйкестік сертификатын сертификаттау бойынша аккредиттелген органы береді.
Гигиеналық сертификат өнімнің жаңа түрі (сұрыпы) үшін рәсімделеді. Нан пісіру өндіріс орындарында өңделетін нан өнімдерінің көпшілігі жылдам бұзылатын өнімдерге жатады және тексеру үшін сертифицияланады немесе өндірістік үдерістің сертификациясынан өтеді.
бақылау тәсілдері
Шикізаттар, жартылай фабрикаттар мен дайын нан өнімдерінің сапасы технохимиялық тәсілмен анықталады. Бұл тәсіл органолептикалық және лабораториялық (химиялық және физикалық) әдістерге бөлінеді. Органолептикалық әдісті пайдалана отырып, сезім мүшелері арқылы дайны нан өнімінің дәмін, түсін, консистенциясын анықтайды. Лабораториялық әдіс арқылы дайын өнімнің сапасының белгілі бір көрсеткіштерін (химиялық немесе физикалық қасиеттерімен байланысты (ылғалдылығы, қышқылдығы, тығыздығы, кеуектілігі т.б.) арнайы құралдар не реактивтер көмегімен анықтайды. Органолептикалық талдау физикалық және химиялық әдістерге қарағанда, нақты емес. Бірақ жылдам жүзеге асырылып, тағамдық өнімдерді бағалау барысында маңызды рөл атқарады. Шикізаттар нан зауыттарына келіп түскенде, оған органолептикалық баға беріледі. Содан кейін лабораториялық талдаудан өтеді. Егер органолептикалық көрсеткіштері бойынша шикізат стандарт талаптарына сай келмесе, лабораториялық талдау жасалмайды. Нан пісіру кәсібімен айналысатын әрбір өндіріс орнында техно- химиялық бақылауды өндірістік лаборатория, ал цехтарда – цех лабораториялары жүргізеді. Лабораториялардың басты міндеттері – өндірудің технологиялық үдерісінің тиімді тәсілін құрастыру және ендіру, нан өнімдерінің сапасын жақсарту бойынша шараларды қолдану. Лабораторияларда жүргізілген технохимиялық бақылау нәтижелері лабораториялардағы белгілі бір үлгідегі арнайы журналдарға тіркеледі (қосымша №4).
Форма №1. Ұнның талдама нәтижелерін тіркеу журналы.
Форма №2. Қосымша шикізаттардың талдама нәтижелерін тіркеу журналы. Форма №3. Нан-тоқаш өнімдерінің талдама нәтижелерін тіркеу журналы. Форма №4. Нан өнімдерінің сұрыптары бойынша рецептуралар мен технологиялық нұсқаулықтар. Форма №5. Шыны ыдыстар мен басқа да лабораториялық қондырғыларды келесі ауысымға өткізу журналы.
Форма №6. Ұнның құрамындағы металл қоспаларды есепке алу журналы. Форма №7. Нан-тоқаш өнімдерін өндірудің технологиялық үдерісін бақылау журналы. Есеп беру құжаттарының басқа да формалары болады. Олар нан зауыттарының лабораториясынде ерікті үлгімен толтырылады. Мұнда ұнның сапасы, қоспалары, қосымша шикізаттар мен дайын нан өнімінің сапасы тіркеледі.
Өнімнің орташа сынамасын талдама жасау үшін іріктеп алу.
Өнімдер өндіріс орындарына немесе сауда орындарына партиялай (бір жүкқұжат немесе бір сапалылық куәлігі бойынша келіп түскен бір өнімнің түрі не сұрыпының белгілі бір мөлшері) келіп түседі. Лабораториялық талдама жасау үшін өнімнің әрбір партиясынан орташа сынама іріктеп алынады. Олар сапасы жағынан бүкіл партияға толыққанды сипаттама беруі керек. Орташа сынаманы іріктеу ережелері арнайы стандарттарда жазылады. Сынамаларды іріктеудің жалпы ережелері мынада: егер өнімдер ыдыспен (жәшік, бөшке т.б.) жеткізілсе, қапталған өнімдердің белгілі бір мөлшерінен біршамасын таңдап (іріктеп) алып, олардың қажетті массасының сынамаларын араластырады. Сұйық өнімдер сынамаға іріктеп алар алдында жақсылап араластырады немесе әртүрлі қабаттарынан іріктемелерді таңдап алса, сусымалы өнімдерді уыстап алады. Автоцистернамен (ыдыссыз тәсіл) жеткізілген өнімдердің орташа сынамалары автоцистернадан бұрып жіберетін құбырға қотарғанда іріктеп алады. Өнімнің порциясын цистернаға салардың алдында, салып жатқанда және салып болған соң іріктеп алып, мұқият араластырады.
Ұнның сапасына бақылау жүргізу . Келіп түскен ұнның партиясының сапасын анықтау үшін одан массасы шамамен 2,5 кг болатын орташа мөлшерін іріктеп алады. Ұн ыдыссыз тәсілмен жеткізілгенде, сынаманы ұнды ұнтасушы құралға аудару кезінде арнайы жалғамалы құбыр арқылы аз ғана мөлшерін іріктеп алады (әрбір белгілі бір уақыт аралығы сайын). Нан зауыттарына қаптарда келіп түскен ұн патрияларынан сынамаларды қаптан бір уыс алу арқылы іріктеп алады. Қаптың бетін алдын ала щеткамен тазалап, қуыс бұрғыларын астаушаны төмен түсіріп қояды, содан кейін астаушаларды үстіне шығарып, ұнға толтырып болғасын ғана қаптың аузын ашады. Осылайша ұн партияларының әрбір 20-шы қабынан іріктеме алып, іріктемелерді мұқият қарап, олардың біртектігіне көз жеткізген соң араластырып, лабораторияға жібереді. Мұнда берік кептелген тығыны бар банкаларға салынып, ылғалдылығын тексеру үшін 100 г ұн іріктеліп алынады. Содан кейін ұнның сапасының органолептикалық көрсеткіштерін анықтап, басқа да талдамаларды жүргізеді.
Ұнның дәмін, иісін және түсін анықтау . Ұнның дәмін анықтау үшін ұнның аз ғана мөлшерін алып, шайнап көреді. Ұнның дәмі қалыпты, аз ғана тәтті дәмі болуы керек. Ал бөгде дәм мен құмның болуына байланысты тіске қышырлап тию секілді ауытқулар болмауы керек.
Иісін анықтау үшін шамамен 20 г ұнды таза қағаз бетіне сеуіп, деммен жылытып, иісін анықтайды. Алдын ала ұнды ыстық су құйылған тостағанға салып, содан кейін суын төгіп тастап, иісін анықтауға болады. Жусан, зең, шіріген немесе басқа да иістер өндіріс орындарында болмауы керек.
Ұнның
түсін
анықтаудың мәні зор, себебі оған нанның жұмсақ бөлігінің түсі тікелей байланысты. Ұнның сұрыпы жоғары болған сайын оның түсі ақшылдана түседі, алайда ұнның әртүрлі патрияларының түстері бір сұрыпты болса да, дән құрамындағы бояғыш заттардың мөлшеріне қарай өзгеше болуы мүмкін. Ұнның түсінің сұрыпына сәйкес келуін күн сәулесінде немесе жасанды жарықтанған бөлмеде анықтайды. Сынақтан өтілетін ұнды эталонмен (МЕМСТ талаптарына сай түсіне сай келетін) сәйкестігін анықтау керек. Ұнның түсін құрғақ және ылғалжды сынамалар арқылы анықтайды. Шыныдан немесе металлдан жасалған пластинкаларды (габаритті көлемі – 15х5 см) сыналатын ұн мен эталонның үстіне қояды (3...5 г). Ұнды тегістеп, үстіне шыны қойып, қолмен үстін басып, түстерін салыстырады. Содан кейін пластинкаларды абайлап суға салып, онда ауа көпіршіктері толық жойылғанша ұстап, содан кейін судан шығарып, 1...2 минуттан кейін
ұнның түстерін салыстырады (түстеріндегі айырмашылық ылғалды не сулы ұннан айқынырақ көрінеді).
Ылғалдылығын анықтау . Ұнның ылғалдылыңын анықтау үшін қақпақтары бар екі металл бюкс алынып, алдын ала кептіріліп, техникалық таразыларда қақпағымен бірге 0,01 г-ға дейінгі нақтылыққа дейін өлшенеді. Бюкстердің диаметрі – 45, ал биіктігі – 20 мм болуы керек. Әрбір бюкстың массасын белгілеп алып отырады. Ылғалдылықты анықтау үшін іріктеліп алған ұнның сынымаларын әрбір бюкске туп-тура 5 г мөлшерінде салып, сосын өлшейді. Ашық бюкстердің өлшенділерін термореттеуіштері бар, 130°С температураға дейін қыздырылған СЭШ-1 немесе СЭШ-М3 электрлі кептіру шкафтарына алдын ала салып қояды (сурет 15.1). Сосын уақытты белгілейді. Температура төмендесе, оны 10...15 минут бойы қайтадан 130°С-қа жоғарылатып отырады.
Содан кейін бұл үлгілерді 40 минут бойы кептіріп, температураның өзгеруі +2°С-тан аспауын мұқият бақылап отырады. Сосын бюкстерді тигельді қысқыштармен суырып алып, бетін қақпақпен жауып, эксикаторда 20...120 минут бойы салқындатады. Эксикатордың төменгі бөлігінде хлорлы кальцийдің бір қабаты болады. Ол ауадағы ылғалды жақсы сіңіріп алады. Сондықтан кептірілген үлгілер эксикатордың ішінде құрғақ күйінде сақталады. Эксикатордың қақпақтарының тегістелген шеттерін вазелинмен жұқалай майлап қояды. Салқындатылғаннан кейін бюкстерді қайтадан таразыда өлшеп, әрбір бюкс ішіндегі ұнның ылғалдылығын, %, мына формуламен анықтайды:
W
M
= (М - М
2
)/М · 100,
Мұндағы
М
1
, М
2
– қақпақтары бар бюкстердің массасы және кептірілгенге дейінгі және кейінгі ұнның массасы, г;
М
– кептіру үшін іріктеліп алынған ұнның – өлшенділері, г (М = 5 г). Екі бюкстен алынған нәтижелерді өзара салыстырып, арасындағы айырмашылық 0,2%-дан аспауы керек. Әйтпесе, салыстыру жұмысын
қайталау керек болады.
Содан кейін орташа арифметикалық нәтижесін тауып, оны 0,1%-ға дейін нақты етіп белгілейді.
Ұнның қышқылдығын анықтау .
Техникалық таразыларда 0,01 г нақтылыққа дейін орташа сынамадан 5 г ұнды іріктеп алып өлшеп, сыйымдылығы 100^150 мл конус түріндегі колбаға аударады. Өлшемді цилиндрде 50 мл дистилденген (тазартылған) суды өлшеп алып, ұнға ақырындап
Сурет 15.1
Кептіруге арналған электрлі шкаф:
1
–термометр,
2
– қақпағы,
3
– корпусы,
4
– редуктор,
5
– басқару блогы,
6
– маркілеу тақтайшасы.
қосып, түйіршіктері толық жойылғанша дейін араластырады. Колбаның қабырғаларына жабысып қалған ұнның бөлшектерін қалған сумен шайып, түсінеді. Қоспаға 1%-дық спиртті фенолфталеин ерітіндісінің 5 тамшысын қосып, оны NaOH децинормалды ерітіндісімен ашық-қызғылт түске дейін 1 минут бойы титрлейді. Егер титрлеудің соңын анықтау қиын болса, аталаға тағы да фенолфталеиннің 2...3 тамшысын қосады. Егер сұйықтың үстіңгі беті қызғылт түске бояла бастаса, тиртрлеуді аяқталды деп есептейді. Егер түс пайда болмаса, титрлеуді жалғастыра береді.
Ұнның қышқылдығы
Хм = 2аК,
Мұндағы а
– титрлеуге жұмсалған сілтінің децинормалды ерітіндісінің мөлшері, мл;
К
– сілтінің ерітіндісіне шаққандағы түзетуші коэффицент.
Ұн партиясының қышқылдығын екі рет анықтайды. Титрлеудің екі ретті нәтижесінің арасындағы айырмашылық 0,2°-тан аспауы керек. Соңғы нәтижесі 0,1°-ке дейін нақтылығын көрсетуі тиіс.
Шикі ұлпаның сапасы мен мөлшерін анықтау . Техникалық таразыларда 25 г ұнды өлшеп алып, форфор тостағанға салып, оған бөлсме температурасындағы құбырдан алынған 13 мл су құйып, қамырды алдымен, қалақшамен, содан кейін қолмен біртекті консистенцияға дейін араластырып, илейді. Қалақшаға және үккішке жабысып қалған қамыр бөлшектерін пышақпен тазалап алып, жалпы массаға қосады. Қамырды шар түрінде дөңгелетіп, тостағанға салып, үстін шынымен жауып (желденбеуі үшін), 20 минутқа шетке қояды. Содан кейін қамырды құбырдан алынған бөлме температурасындағы су құйылған тегене ішінде шайып, ұлпаның бөлшектерін ұстап қалуы үшін таза електен жиі-жиі өткізіп отырады. Ұлпаны құбырдан аққан сумен үстіне елек қойып тазалауға да болады. Ұлпаны қабығыы мен крахмалдан жуып жатқан су түссізденгенше дейін жуып, шаяды. Жууды тоқтату үшін ұлпадан сығып алынған суға йод тамшысын тамызып, анықтауға болады. Егер су көгілдір түске айналмаса, ұлпа толық тазаланып, жуылған деуге болады. Жуылған ұлпаны бірнеше рет құрғақ қолмен сығып (қолға жабысып қалғанша дейін), техникалық таразыда өлшейді. Ұнның құрамындағы ұлпаның мөлшері мына формуламен анықталады:
Х
ұлпа =
100q/M = 4q;
Мұндағы q
– шикі ұлпаның массасы, г;
M
– ұнның өлшендісі (25 г).
Ұлпаның сапасын түсіне, созылыңқылығына және икемділігіне қарай анықтайды. Түсін жуылғаннан кейін бірден көреді. Түсі «ашық», «қоңырқай», «күңгірт» деп белгіленеді. Сапалы ұлпаның түсі ашық (сары) түсті болады. Ұлпаның созылыңқылығын анықтау үшін 4 г ұлпаны алып өлшейді. Оны шар тәрізді етіп дөңгелетіп, 15 минут бойы бөлме температурасындағы суда ұстайды. Содан кейін әр қолдың үш саусағымен сызықшаның үстінен 10 сек бойы созып көреді. Егерн ұлпаның ұзындығы қысқа болса, тек 10 см-ге едйін ғана жетеді. Орташа ұзындығы – 10-нан 20 см- ге дейін, ұзын ұлпа – 20 см-ден асады. Ұлпаның икемділігін созу кезіндегі қалпына қарай анықтайды. Икемділігі жақсы ұлпа оңай созылып, жібергеннен кейін, қайтадан қалпына оңай келеді. Икемділігі жағынан қанағаттанарлықсыз ұлпа тым иілгіш болуы мүмкін, себебі шектен тыс созылып кетеді. Иілгіш ұлпа нашар созылады, кей жерлері үзіліп, созылғаннан кейін жылдам жиырылып қалады. Шектен тыс жиырылғыш, әлсіз ұлпа созғаннан кейін өзінің бастапқы пішініне келе алмайды. Ұлпаны икемділігі мен созылыңылығына қарай мына үш сапалы топтың біріне жатқызады: Қарабидай ұнының нан пісіруге икемділік қасиетін анықтау. Ұнның нан пісіруге икемділік қасиетін автолитті белсенділігіне қарай анықтайды. Оның өзін мынадай тәсілдермен анықтайды:
автолитті сынамасына қарай; ұн мен судан жасалған аталаны қыздырып, түзілген суда ерігіш заттардың құрамын анықтау арқылы;
шелпек пісіру арқылы.
Осы аталғандардың соңғы тәсілі нақты емес, бірақ қарапайым әрі аз уақытты қажет етеді. Шелпекті 50 кг сынама үшін алынған ұнды температурасы 17...20°С құбырдан алынған 41 мл сумен араластыра отырып, дайындайды. Қамырды біртекті консистенцияға дейін араластырып, алақанмен шар секілді дөңгелетіп, 20 минут бойы 230°С температурадағы пеште пісіреді. Піскен шелпекті суытып, органолептикалық тұрғыдан бағалайды. Егер ұнның автолитті белсенділігі қалыпты болса, шелпектің пішіні – дұрыс, аз ғана үңгісі бар, қыртысының түсі – қоңыр, ал нанның жұмсақ бөлігі – салыстырмалы түрде құрғақ болып шығады. Қарабидай ұнынан пісірілген шелпектің автолитті белсенділігі жоғары болса, жұмсақ бөлігі қолға жабысқақ әрі қоңырқай түсті, үстіңгі беті – қошқыл қоңыр, ал төменгі қыртысында үңгі пайда болады.
Баспаланған ашытқының сапасын бақылау . Баспаланған ашытқының сапалық көрсеткіштері – түсі, дәмі, иісі, консистенциясы мен көпсіту күші (қамырды жылдам көпсіте алу жылдамдығы). Ашытқының иісі – жеміс иісіне ұқсас келеді; кейде зең немесе басқа бір бөтен иіс береді; ашытқының түсі – сарғыш реңктері бар қоңырқай; жақсы ашытқының консистенциясы тығыз, біртекті, бөлген кезде жағылып түспей, сынып түсуі тиіс. Қамырдың көпсу жылдамдығын мына тәсілмен анықтайды. Массасы 280 г екінші сұрыпты, сапасы стандартты бидай ұнын сынама үшін алып, термостатта 2 сағат бойы 35°С температурада қыздырады. Термостатта сондай-ақ темірден жасалған майланған қалыпты да қыздырады. Қалыптың габаритті өлшемдері мынадай болуы тиіс: үстіңгі табаны – 14,3х9,2 см, төменгі табаны – 12,6х8,5 см, биіктігі – 8,5 см. Техникалық таразыларда сынама үшін 5 г ашытқы өлшеп алып, 35°С температураға дейін қыздырылған 160 мл 2,5%-дық түз ерітіндісін дайындап, қамырды илейді. Форфор тостағанға 5 г ашытқыны салып, 15...20 мл тұз ерітіндісімен араластырып, түйіршіктері жойылғанша, мұқият араластырады. Араластырылған ашытқыны тегенеге аударып, ашытқы салынып тұрған тостағанды түз ерітіндісімен шайып жіберіп, оны да тегенеге аударады. Ашытқы ерітіндісіне дереу ұн салып, қамырды илей бастаған уақытты белгілеп қояды. Илеу (қолмен немесе лабораториялық илеу машинасында) 5 минут жалғасады. Иленгенне кейін қамырға батон пішінін беріп, қыздырылған қалыпқа салады. Қалыптың ұзынша бүйіріне 1,5 см биік керме іліп қойып, тағы да уақытты белгілеп қояды. Қалыпты термостатқа салып, 35°С температурада сақтайды. Қамыр керменің түбіне қарай жылжығанда, уақытты тағы да белгілеп қояды. Қамырды қалыпқа салып, оның керменің түбіне қарай жылжып, аққанына дейінгі уақыт аралығын, мин, - қамырдың көпсу жылдамдығы деп атайды. Ашытқылардың көпсу күші – 70 минуттан аспауы керек.
Жартылай фабрикаттарды талдау
. Қамырды дайындау үдерісін бақылау дегініміз
жүргізуі керек. Жартылай фабрикаттардың сапасын органолептикалық жолмен әрі лабораториялық талдамалар көмегімен тексереді. Органолептикалық тұрғыдан жартылай фабрикаттардың үстіңгі бетінің жай-күйін, ашыту барысындағы көпсу деңгейін, қопсыту қабілетін, консистенциясы мен түсін, иісі мен дәмін зерттейді. Жартылай фабрикаттарды (ашытқы, сұйық қамыр ашытқы) бағалау барысында массаның көбіктенуі мен сипатын белгілеп алады. Жартылай фабрикаттарға лабораториялық таладама жасау дегеніміз – олардың температурасын, ылғалдылығын, қышқылдығын анықтау, ал ашытқылар, ұйытқылар мен қамыр ашытқылар үшін көпсіту күшін де анықтау. Кей жағдайларда қосымша май, қант немесе спирт т.б. мөлшерін де анықтап отырады. Жартылай фабрикаттардың физика- химиялық сапалық көрсеткіштерін іріктеу арқылы бір ауысым кезінде 2...3 рет анықтап отырады. Ылғалдылығы, қышқылдығы мен көпсіту күшін анықтау үшін жартылай фабрикаттардың орташа сынамасын мына ережелерге сүйене отырып, іріктеп алады. Сынаманы бір кеспектің ішінен 3...5 жерінен әртүрлі тереңдікте іріктеп алады. Сынаманың жалпы массасы – шамамен 100 г болуы керек. егер қамырды арнайы агрегаттарда дайындаса, ылғалдылығын тексеру үшін сынаманы жартылай фабрикаттардың илеу машинасынан шығарар алдында, ал қышқылдығын анықтау үшін – жартылай фабрикаттарды ашытатын ыдыстан қамырды бөліктерге бөлуге арналған шұңқырларға жіберер алдында таңдап, іріктеп алады. Жартылай фабрикаттардың ылғалдылығын анықтау үшін алынған сынаманы қамыр иленгеннен кейін дереу іріктеп алады. Егер жартылай фабрикаттардың ылғалдылығын олардың ашуы кезінде немесе соңында анықтаса, нәтиже қате (шектен тыс көбейіп) шығады. Себебі ашу барысында қамырдың құрамында көптеген ұшпа заттар пайда болады, олар ылғалмен бірге буға айналып, нәтижеге әсер етеді. Жартылай фабрикаттардың ылғалдылығын анықтау үшін өлшенділерді іріктеп алынған сынамадан дереу алып қалу керек. Себебі іріктеп алынған сынаманың үстігі бетіндегі ылғал өздігімен буға айналып кетеді. Сұйық жартылай фабрикаттарды сынамаларды іріктер алдында мұқият араластырып, сынаманы ыдыстың дәл ортасынан алады. Ол үшін арнайы сынаспапты пайдаланады. Сынаспап – ұзын сымдары бар түтікше. Сынама таңдап алу үшін сабы ұзынша келген саптыаяқты да пайдалануға болады.
Жартылай фабрикаттарды органолептикалық бақылау . Жартылай фабрикаттарды органолептикалық жолмен бағалайды. Ол үшін қамыр, ұйытқы, демдеме т.б. салынған кеспекті немесе басқа да ыдысты мұқият қарап шығады. Демдемені бақылай отырып, оның иісіне, дәміне, консистенциясына, біртектілігіне, үстіңгі бетінің жай-күйіне назар аудару керек. Қамыр ашытқы, ұйытқы және қамырдың үстіңгі бетінің жай-күйін (дөңес, жазық, басылып қалған, қаязып қағлан, ұнды және т.б.), консистенциясын (әлсіз, күшті, қалыпты), қопсыту дәрежесі мен ашу дәрежесін, иісі мен дәмін анықтап, белгілеп қояды.
Температурасын анықтау . Жартылай фабрикаттардың бастапқы температурасын иленгеннен кейін дереу және қолданар алдында соңғы рет тексереді. Температураны өлшейтін бөлігі ұзын, шкалалары 50°С-қа едйінгі техникалық термометрмен 1°С-қа дейінгі нақтылыққа дейін өлшейді. Термометрді жартылай фабрикаттардың массасына 10...15 см тереңдікке дейін салып, 2...3 минут ұстайды. Металлдан жасалған шынысы бар арнайы термометрлер пайдаланылады немесе термометрге оның қамырдың ішінде түбіне дейін салынғанын көрсету үшін қақпақ іліп қояды.
Қышқылдығын анықтау . Қышқылдығын анықтау үшін техникалық таразыларда (алюминий пластинка немесе тостағанда) 5 г жартылай фабрикаттарды өлшеп алады. Өлшемелі цилиндрге 50 мл дистилденген су құяды. Өлшендіні жартылай фабрикаттар өлшенген фарфор үккішке, тостағанға аударып, өлшенген судың бір бөлігімен шайқап,
қоспаны үккішке құяды. Келсапты пайдалана отырып, өлшендіні сумен араластыра отырып, ақырындап су қосып отырады. Алынған суспенцияға 3..5 тамшы фенолфталеинді тамызып, улы сілтінің 0,1-децинормалды ерітіндісімен қызғылт түске дейін 1 мин бойы титрлейді (титрленген кезде келсапты үккіш ыдыстан шығармау керек). Жартылай фабрикаттардың қышқылдығын екі рет өлшеп, анықтайды. Осы екі нәтиже арасындағы айырма 0,3 градтан аспауы керек. Қышқылдығын мына формуламен анықтайды:
Х
п =
2аК.
Көпсіту күшін анықтау (қалқып шығатын шар тәсілі). Ұйытқылар, ашытқы немесе белсендендірілген ашытқы және сұйық қамыр ашытқылардың көпсіту күшін анықтайды. Бұл көрсеткіш жартылай фабрикаттардың қамырды қопсыту қабілетінен көрінеді. Көпсіту күшін анықтай отырып, жартылай фабрикаттар мен өңделген ұнды шағын ғана тостағанға салып, өлшейді (кесте 15.1).
Кесте 15.1.
Жартылай фабрикаттардың көпсіту күшін анықтау үшін рецептура
Жартылай фабрикаттар
Көпсіту күшін анықтау үшін шарларды дайындау рецептурасы, г
Жартылай
фабрикат
Ұн
Қою ұйытқы
18
4
Сұйық ашытқылар, қамыр ашытқылар немесе ұйытқы ылғалдылығы:
78...85%
85%-дан көп емес
10
10
10
12,14
Массаны қалақпен мұқият араластырып, содан кейін қолмен илеп, таразының көмегімен бірдей етіп, екі бөлікке бөледі. Қамырдң екі бөлігін де алақанмен жұп-жұмып шар етіп дөңгелетеді. Шарларды бір мезетте сыйымдылығы 200.250 мл, температурасы 32°С су құйылған тостағанға салып, уақытты белгілейді. Тостағанды термостатқа салып, онда 32°С теипературада ұстап, шарлардың қалқып шыққан уақытын блегілеп қояды. Екі шардың қалқып шыққан уақыт арасындағы айырма 2 минуттан аспауы керек. Ұнның нан пісіруге икемділік қасиеті мен сапасы жартылай фабрикаттардың көпсіту күшіне әсер етеді. Сондықтан бұл үшін сапасы орташа, газ түзу қабілеті қалыпты ұнды таңдап алу керек. Ұн жартылай фабрикаттарға жұмсалған сұрыптан болуы керек. Сұйық ашытқылардың көпсіту күшін анықтау үшін екінші сұрыпты бидай ұнын таңдап алады.
Ылғалдылығын анықтау . Жартылай фабрикаттардың ылғалдылығын әдетте ВНИИХП-ВЧ құралының көмегімен анықтайды. Құрал екі қалың болаттан жасалған плиталардан тұрады. Екі плита топсалармен бекітіледі. Плиталар арасындағы саңылауға кепкен материалдар салынған пакеттерді орналастырады. Плиталардың сыртқы жағында жазық электрқыздырғыштар орналасқан. Электрқыздырғыштарды жылу өткізбейтін тері қаптардың ішіне салынған (сурет 15.2).
Сурет 15.2 .
К.Н.Чижиковтың құралы (ВНИИХП-ВЧ):
1
– ылғалдылық көрсеткіші,
2
– топса,
3
– болаттан жасалған плита,
4
– тұтқасы,
5
– жартылай фабрикаттар салынған шағын пакеттер
Екі плитаның температурасының арасындағы айырма 50°С-дан кем болмауы керек. Температура бұралған тұтқалары бар металл трубкаларға орнатылған термометрлермен анықталады. Ылғалдылықты анықтау үшін алдын ала жабыстырылмаған кәдімгі қағаздан пакеттер жасап қояды. Пакеттерді құрал ішінде 3 мин бойы кептіріп, содан кейін эксикаторға салып сақтайды. Мұнда пакеттер құрғақ күйінде сақталады. Жартылай фабрикаттардың ылғалдылығын анықтау үшін техникалық таразылардың тостағанына алдын ала кептірілген және өлшеніп алынған пакетті қойып, оған жартылай фабрикаттардың қажетті мөлшерін салып, пакеттің аудандары бойынша қалақпен өлшеп алады. Дәл осылайша екінші үлгісін де дайныдайды. Содан кейін екі пакетті бір мезетте қажетті температураға дейін қыздырылған құралға салып, бетін мықтап жауып,
жартылай фабрикаттарды кептіреді (кесте 15.2).
Дөңгелек пішінді құрал үшін пакеттерді жан-жағын 16 см етіп, диагоналы бойынша квардрат қағазды бүгіп жасайды (сурет 15.3); ал төртбұрышты қағаздарды 20х40 см өлшемді етіп, ортасынан бүктейді. Ал пакеттердің шеттерін 1,5 см етіп бүгу керек .
1 2 3 4 5 6
Сурет 15.3.
К.Н.Чижованың құралына арналған шағын пакеттерді дайындау сызбасы:
1
– қағаз дайындамалар,
2...5
– дайындамаларды бүктеу кезеңдері,
6
– дайын пакет
Бидай ұнынан жасалған қамырды пакетсіз кептіреді. Ол үшін қамырдың шарларын құралдың плитасына орналастырады. Кептірілген пакеттерді эксикатордың ішінде 1...2 мин бойы суытып, жартылай фабрикаттардың ылғалдылығын мына формула бойынша анықтайды:
W = (М
М
2
)/М · 100,
Мұндағы
М
1
, М
2
– өлшенді салынған пкеттің кепкенге дейінгі және кепкеннен кейінгі массасы, г; М – кептіру үшін алынған жартылай фабрикаттардың өлшенді массасы, г. Екі нәтиже арасындағы айырма 0,3%-дан аспауы керек.
MІ Nd тұз (қант) ерітіндісінің концентрациясын анықтау . Тұз ерітіндісінің концентрациясын анықтау үшін оның тығыздығын 2 денсиметрге дейінші ареомтермен өлшейді.
Жартылай фабрикаттарды кептіру
Кесте 15.2.
Жартылай фабрикаттар
Өлшендінің массасы, г
Жартылай фабрикаттарды ВНИИХП-ВЧ құралында кептіру тәртібі
Температ
ура, °С
Ұзақтығы, мин
Ылғалдылығы 55%-ға дейінгі қамыр және басқа да жартылай фабрикаттар
5
160
5
Ылғалдылығы 55%-дан жоғары жартылай фабрикаттар (ұйытқылар, демдемелер)
5
160
7
Сұйық ашытқылар 1.3
160
5
Тығыздығын анықтау үшін ерітіндіні өлшемелі цилиндрге құяды. Цилиндрдің диамертрі ареометрдің диаметрінен 3...4 есе көп үлкен болуы керек. Таза құрғақ ареометрді (сәйкес шкаласы бар) мойнынан ұстап, сұйықтыққа ақырындап түбіне дейін салып, сұйықтықтың үстіңгі керілісін тудырмау керек. ареометрдің барлығы 20°С температурада қолдануға арналған.
Ареометр сұйықтықта цилиндрдің қабырғаларына тиместен, еркін жүзіп жүруі тиіс. Цилиндрдегі менискінің төменгі деңгейіне дейін көз салып, арометрдің мойнындағы қандай бөлік менискпен туп-тура сәйкес келгенін белгілеп алады. Дәл осы көрсеткіш бойынша ерітіндінің концентрациясын табу керек. ерітінді құрамындағы қанттың концентрациясын қант өлшейтін құрал арқылы анықтауға болады. Қант өлшейтін құрал – ареометрдің бір түрі, оның екі шкаласы болады. Төменгі шкала ерітіндінің температурасын өлшеуге, жоғарғы шкала – сахарозаны пайызбен градустық өлшеуге арналған (сурет 15.4).
Сурет 15.4.
Ареомтерлер:
а
– ареометр-денсиметр;
б
– ареометр-қант өлшеуші
Дайын нан өнімдерінің бракеражы (сарапшылығы) .
Бракераж
– дайны нан өнімдерін сараптамасы, яғни сапасы стандартты өнім ішінде бүлінген не жарамсыз нан өнімдерінің түспеуіне назар аудару. Барлық піскен нан өнімдерінің
тегіс бракеражын дайын нан өнімдерін астауларға орналастырушы қызметкер, сондай-ақ брекер не оның орынбасары жүзеге асыруы керек. сондай-ақ, бракеражды өндірістік лабораторияның қызметкерлері, ауысым басшылары, бригадирлер, экспедиторлар мен дайын нан өнімдерінің сапасына жауапты тұлғалар да жүргізе алады. Нан-тоқаш өнімдерінің сапасын бір ретті бракераж жүргізуді тұтынушылардың құқықтары мен адамның денсаулығын қорғау саласындағы бақылау бойынша Федералды қызметтің инспекторлары, аудандардың нан пісіру өндірісі басқармаларының орталық лабораторияларының қызметкерлері өндіріс орындарында немесе сауда қатарларында жүргізеді. Дайын нан өнімдерінің сапасына жауапты, өндіріс экспедициясынан сауда қатарларына жіберілген басты тұлға – дайын нан өнімдерін бақылаушы (контролер, бракер) немесе директордың бұйрығымен орнына тағайындалған басқа бір тұлға. Бракерлердің жұмысына өндірістік лабораторияның меңгерушісі басшылық жасайды. Ірі нан зауыттарында техникалық бақылау бөлімі (ТББ) жұмыс жасайды. Оның штатына ТББ бастығы, контролерлер мен нанға лабораториялық талдама жасайтын лаборант-аналитик кіреді. Дайын нан өнімдерін бақылайтын тұлға – контролер нан өнімдерін дайындау технологиясын, өнімнің бүліну түрлері мен себептерін, бүлінген не жарамсыз нан өнімдерін қайтадан өңдеуден өткізу ережелерін, нан өнімдерін сақтау мен астауларға орналастыру тәртібін, нанды баллдық бағалау туралы ереже мен басқа да нұсқаулық материалдарын жетік меңгеруі керек. Бракерлерді қайтадан аттестациядан өткізу 3 жылда 1 рет жүргізіліп отырады. Бракердің басты міндеттері мыналар: олар массасы мен орга- нолептикалық көрсеткіштері бойынша стандартты емес жарамсыз немесе бүлінген нан өнімдерін іріктеп, өндірістік не экспедициялық бүліну анықталған жағдайда, акт толтырып, ауысым басшылары мен кәсіпорын басшысын хабардар етіп, өндірілген барлық нан өнімдерінің сапасын органолептикалық көрсеткіштері мен массасына қарай бағалап, дайын нан өнімдерінің сапасына баға беріп отырады. Нан өнімдерін сауда қатарларына жіберу турады жүкқұжатта бракер нан өнімдерінің сапасы талапқа сай екендігін дәлелдеп, штамп қояды. Бракер нан өнімдерінің сауда қатарларына жөнелту реттілігіне бақылау жасап отырады. Сауда қатарларының кесірінен туындаған бүліну үшін (нан өнімдерінің деформациясы, нанның қатып қалуы т.б.) нан зауыттары жауап бермейді. Тек жасырын ауытқулар (дұрыс иленбеуі, жұмсақ бөлігінде үлкен қуыстың қалып қоюы, шикі піскен т.б.) анықталса ғана, жауаптылық бракер немесе нанды ауытқумен дайындаған тұлғаға жүктеледі. Бракер нан өнімдерінің қаптамаларының жай-күйіне бақылау жасап, нан өнімдерін астауларға орналастыру ережелерін, нан өнімдерін нан сақтау қоймаларында сақтау және экспедиция жүргізу ережелерін (температурасы, ауа ылғалдылығы, бөлме не қойманың санитарлы жай-күйі т.б.) қатаң сақтап, нан өнімдерін бақылауға арналған таразылардың жарамдылығына мұқият бақылау жасап, нанды лабораториялық талдау жасау үшін сынамаларды іріктеп алады (лаборантпен бірігіп). Бракер нан өнімдерін тасымалдайтын транспорттың жұмысқа жа- рамдылығы мен жай-күйіне де бақылау жасауы керек. Транспорт антисанитарлы жағдайда болса немесе ондағы нан өнімдері астауларға қате орналастырылса, бракер нан өнімдерін тасымалдауға тиым салуы немесе тоқтатуы керек.
Бракер дайын нан өнімдерінің сапасын арттыруға бағытталған барлық іс-шараларға белсене араласып отыруы тиіс. Нан өнімдеріне бракераж, баллдық бағалау мен сапасын бақылау мына құжаттарға сай жүргізіледі: нан өнімдерінің жекелеген түрлерін дайындаудың техникалық шарттарының стандарттары; баллдық бағалау туралы ереже; балл қою тәртібі және нан өнімінің сапасын жақсарту туралы ереже; нан өнімдерін сауда қатарларына жеткізу ережелері, сонжай-ақ басқа да ережелер мен талаптар.
Дайын нан өнімдерін
органолептикалық көрсеткіштер бойынша сұрыптау
(брактау) дегеніміз – сыртқы күйін (пішіні, жай-күйі, түсі), жұмсақ бөлігінің күйін (жақсы піскені, икемділігі, балғындығы мен кеуектілігі), иісі мен дәмін тексеру. Дайын нан өнімінің сыртқы пішіні – дұрыс, берілген талапқа сай болуы керек. Нан өнімдерінің үстіңгі беті жалтыр, ешқандай тесік не кедір-бұдырлары жоқ, басылмаған және қысылып қалмаған, алтын-сары немесе ашық-қоңыр түсті болуы тиіс. Ал жұмсақ бөлігі жақсы піскен, иілгіш, балғын, бірккелкі майда және қыртысы қалың кеуекті болуы тиіс.
Дайын нан өнімдерінің сапасын физика-химиялық көрсеткіштер бойынша анықтау дегеніміз – ылғалдылығы, қышқылдығы, кеуектілігі, массасы, май мен қант мөлшерін рецептураға сай өлшеу. Көрсеткіштердің бір түрі немесе бірнеше түріне сай келмеген стандартты емес нан өнімдері жарамсыз не бүлінген деп саналып, екінші реттік өңдеуге жіберіледі. Нан өнімдерінің сапасын бақылау барысында дұрыс емес пішінді, қысылып қалған, түсі тым ақшыл немесе тым қоңыр, дақтары мен көпіршіктері бар, тесіктері мен жарықтары айқын көрініп түрған нан өнімдерін бракталған немесе бүлінген деп таниды. Сондай-ақ суреттері дұрыс емес шыққан немесе үстін әрлеуде қате жіберілген өрме және майқоспалы нан өнімдері де жарамсыз не бүлінген деп есептеледі. Сол секілді бүлінген не брактелген нан өнімдеріне жұмсақ бөлігі икемді емес, ішінде ауытқулары бар, шикі піскен, үстіңгі қыртысы бөлініп піскен, кеуектілігі шектен тыс ірі және қуысталып піскен, дұрыс араласпаған белгілері көрінетін, дәмі мен иісі ұнамсыз не талапқа сай емес, қатып қалған нан өнімдері де жатады. Даналай нан өнімдері белгіленген массадан айтарлықтай ауытқыса да, бүлінген деп саналады. Стандарт әрбір нан өнімінің белгілі бір массасын белгілейді. Өөндіріс орындары нан өнімдерін сақтау мерзіміне кепілдік береді. Нан өнімдерінің массасы нақты әрі біркелкі еместігін ескере отырып, стандарт массасынан ауытқуға рұқсат етеді. Оны әрбір орташа массаны тексеру және бір түрдегі массаны бақылау барысында жеке-жеке белгілейді. Орташа массасын кем дегенде 10 нан өнімін бір мезетте өлшеу арқылы анықтауға болады. Нан және нан-тоқаш өнімдері үшін орташа массадан 2,5%-ға, ал массасы жағынан тек 1 данасы 3%-ға ғана ауытқуға рұқсат етіледі. Майқоспалы нан өнімдері үшін (түрлеріне қарай) массасынан ауытқу – 3...4%, ал 1 данасы үшін – 3...6% ғана рұқсат етіледі.
Нан өнімдерін баллдық бағалау дегеніміз
– органолептикалық көр- сеткіштерге және массасының нақтылығына қарай нан өнімінің сапасына баллмен баға қою. Нан өніміне берілетін ең жоғары баға – 10 балл. Балл әрбір нан салынған шағын вагондарға стандартты емес өнімдердің сұрыпталғаннан кейін қойылып отырады. Егер осы көрсеткіштердің жай-күйі шкалада көрсетілген талаптарға сай болса, балл шкалалары бойынша нанның пішіні, үстіңгі беті, жұмсақ бөлігінің сапасы мен массасына қарай қойылады (кесте 15.3).
Баллдық баға беру кезінде нанның массасын өлшеу үшін кем дегенде 10 нан өнімін алып, өлшейді. Егер нан өнімдері сауда қатарларына суымастан жөнелтілсе, ыстық нанның лабораторияда белгіленген массасын ескеру керек. Бракер берген баллдар шағын вагондардың паспортына түсіріледі. Бұл мәліметтерді өнімнің сапасына қойылған бағалар тізімдемесіне топтап түсіріп отырады. Нанның әрбір түріне балл қойылады. Айталық,
экспедицияға қалалық бөлкелер салынған 5 шағын вагон (әрқайсысына 6; 8; 6; 7 және 9 баллдары қойылған) тапсырылған. Осылайша, олардың орташа баллы – 7 болып шығады. Нан өнімдерінің әрбір түріне қойылған орташа балл мәліметке түсіріліп, лабораторияға жіберіледі. Егер талдамадан кейін нан өнімдерінің белгілі бір партиясы ылғалдылығы, қышқылдығы мен кеуектілігі жағынан стандартты емес болып анықталса, бұл партияныға балл қойылмайды, бірақ оның массасын орташа баллды есептегенде, міндетті түрде есепке алады. Нан өнімінің сапасына сипаттама жасау белгілі бір ауысым бригадасына нан өнімінің сапасын қамтамасыз еткені үшін ынталандыру барысында ескеріледі.
Мысал 15.1.
Нан өнімінің сапасының орташа баллын анықтайық: 7, 8 және 9 баллдары сәйкес қойылған 10 т батон, 5 т бөлке-нан және 20 т нан дайындалған.
Шешуі :
[(10 · 7) + (5 · 8) + (20 · 9)]/(10 + 5 + 20) = 8,3.
Жауабы:
нан өнімдері сапасының орташа баллы – 8,3.
Нан өнімдерінің сапасына берілетін баллдар
Кесте 15.3.
Сапа көрсеткіштері
Қойылатын балл саны
Дана- лай нан өнімі
Батон- дар, үйде пісірілг ен нан
Қала- лық бөлке- лері
Өрме нан өнімдері, дөңгелек пішінді бөлкелер
Пішіндері :
Пішінді нан түрлері үшін – үстіңгі қыртысы дұрыс дөңестелген, ал жалпақ қалың нан үшін – қысылмаған, басылмаған
Қалалық бөлкелер мен батондар үшін – шеттері дұрыс әрі симметриялы түрде жақсы көмкерілген
2
2
2
Үстіңгі беті :
Жалтыр (бидай және ерекше тартылған қарабидай-бидай ұнынан басқасы)
жарықтары мен тесіктері жоқ, үстіңгі бетінің түсі – біртекті түсті, дөңгелек бөлкелерінің тіліктері дұрыс, ширатпалар арасында – жарықтары жоқ, халаларда – үстіне сеппелері біркелкі
жарықтары мен тіліктері дұрыс, қыртысының түсі – біркелкі және үстіңгі қыртысы жалтыр
2
2
2
2
Жұмбақ бөлігі :
Жақсы жылтыраған және кеуектілігі жақсы дамытылған, жақсы піскен
2 ...4
2.4 2.4 2.4
Масса :
Ауытқығанда, суыған нанның массасына шаққанда, %
±1,5
±2
2
2
2
2
Нан өнімдеріне лабораториялық талдама жасау.
Лабораториялық талдама жасау үшін барысында әрбір нан өнімінің партиясынан орташа сынаманы іріктеп алады. Нан өнімінің пішінін, түсі мен қыртысының жай-күйін орташа сынаманы жалпы бақылай отырып, тексереді. Жұмсақ бөлігі, иісі мен дәмінің жай-күйін 5 біркелкі орташа сынама тіліп алып, анықтайды. Лабораториялық талдама жасау үшін орташа сынамадан 1...6 нан өнімін таңдап алады (массасына қарай).
Лабораториялық талдама жасау мерзімдері мынадай: ерекше тартылған ұннан жасалған нан піскеннен кейін 3 сағаттан соң және 48 сағат өтпей тұрып, ал сұрыпты ұннан жасалған нан – 3...24 сағат ішінде, ал даналай нан өнімдері үшін – піскеннен кейін 1...16 сағат ішінде таңдалып, іріктеліп алынады. Ыстық нан өнімдеріне талдама жасауға болмайды, себебі олардың қышқылдығы мен ылғалдылығы суыған нан өнімдеріне қарағанда жоғары болады.
Нанның ылғалдылығы
– жұмсақ бөлігінің ылғалдылығы, оны пайызбен көрсетеді. Қарабидай-бидай ұнынан жасалған әртүрлі нан өнімдерінің ылғалдылығының стандартты нормасы – 47...54%, бидай ұнының нормасы – 44...46%, батондар мен бөлкелердің нормасы – 41...43%, майқоспалы нан өнімдерінің нормасы – 32...40% болуы керек.
Нан өнімдерінің фактілі ылғалдылығы нормадан аспауы керек. ылғалдылық – сапаның маңызды көрсеткіші, оған нанның құнарлылық дәрежесі, жұмсақ бөлігінің жай- күйі мен нанның салмақты шығымы тікелей байланысты. Ылғалдылықты анықтау барысында нан өнімін екіге теңдей бөліп, массасы 70 г болатындай кішкене ғана бөлігін үзіп алып, қыртысы мен қыртыс астындағы қабаттан 1 см (қыртыс астындағы жұмсақ бөліктің ылғалдылығы төмендеу болып келеді) кесіп алып, ішіне қосылған шикізаттарды (мейіз, тосап), көкнәрдан басқасын алып тастап, жылдам үгітіп, жұмсақ бөлігінің массасымен араластырады. Алдын ала құрғақ және таза бюкстарды қақпақтарымен (диаметрі – 4,5 см, биіктігі – 2 см) бірге өлшеп алады да, екі бюкске 5 г нан үгінділерін салып, тағы да өлшейді. Қақпақтары ашық тұрған бюкстерді алдын ала 130°С температураға дейін қыздырылған СЭШ-3М және СЭШ-1 кептіру шкафтарына салып, 45 минут ұстайды. Шкафты толығымен толтырады, оған нанның жұмсақ бөлігінің өлшенділері салынған кем дегенде 10 бюкс орналастыру керек. Шкафтың температурасын ішіне бюкстерді толтырғаннан кейін төмендетіп, содан кейін қайтадан 130°С-ға дейін жоғарылатады. Температураның өзгеруі 20 минут сайын жүзеге асырылып отыруы керек. Кептіріліп жатқанда, СЭШ-1 шкафындағы бюкстер салынған дискілерді 2...3 рет алмастырып, өлшенділер толыққанды кебуін қамтамасыз етеді. Егер нанның ылғалдылығын термореттеуіштері бар кептіру шкафтарында анықтайтын болса, бюкстерді өлшенділермен бірге 130°С-қа дейінгі температурада ысытылған шкафтың жоғарғы сөресіне салып, 50 минут ұстайды. Температураны кептіру басталар алдында белгілеп алып, сосын 10 минут бойы өзгертіп отырады. Кептірілгенне кейін бюкстерді шкафтан суырып тигельді қысқыштармен шығарып, бетін жауып, эксикатордың ішінде (20...120 минут бойы) суытып, содан кейін өлшеу керек.
Нанның жұмсақ бөлігінің ылғалдылығы мына формула бойынша анықталады:
W = [(М - М
2
)100)]/5 = 20(М - М
2
Мұндағы
М
1
және
М
2
– жұмсақ бөліктері салынған бюкстердің кептірілгенге дейінгі және кептірілгеннен кейінгі массасы, г. Нанның кептірілген жұмсақ бөлігінің массасы – 5 г болуы керек.
Екі нәтиже арасындағы айырма 1%-дан аспауы тиіс. Соңғы нәтижені 0,5%-ға дейінгі нақтылықпен белгілеп алу керек. Кеуектілігі – 200 г және одан да көп нан өнімінен анықтайды. Нанның жұмсақ бөлігінде бос қуыстар көп болады. Кеуектілігін пайызбен белгілейді. Яғни пайыз арқылы бос қуыстар көлемін жұмсақ бөліктің көлеміне шаға отырып, есептейді. Айталық, егер нанның кеуектілік дәрежесі 60% болса, бұл дегеніміз – жұмсақ бөлігінің жалпы көлемінің 60%, ал нанның тығыз массасының көлемі – 40% екендігін көрсетеді.
Егер нанның жұмсақ бөлігінің белгілі бір көлемін (мәселен, 81 см
3
) белгілеп, ондағы қуыстарды толық тығыздаса, оның көлемі азаяды (мәселен, 41 см
3
) да, кеуектілігі жоқ
тығыз масса болып саналады. Қуыс орындардың көлемін
У
п
өлшеу қиын болғандықтан, оны жұмсақ бөлігінің көлемі
У
м
мен кеуекті емес нан массасының көлемінің
V&
арасындағы айырма бойынша анықтайды.
Кеуктілігін анықтау үшін іріктеліп алынған жұмсақ бөлігінің көлемін
Журавлевтің сынаспаптарының көмегімен өлшейді. Нан өнімінің тура ортасынан ені 7 см шағын ғана тілігін кесіп алады. Ал цилиндр пышақпен жұмсақ бөлігінен 1 см арақашықтықта тіліктерін бөліп алады. Алдын ала пышақты майлап, нанға айналдырмалы қозғалыспен тыға бастайды. Бидай өнімдеріне талдама жасай отырып, үш түрлі ойық алады. Ал қарабидай ұнына талдама жасау үшін – төрт ойық таңдап алады. Әрбір ойықтан кейін жұмсақ бөлігі салынған цилиндрді астауларға орналастырғанда, оның жиектері астаулардан шығып тұратындай етіп орналастырады. Ал цилиндрден жұмсақ бөліктерін шамамен 1 см етіп шығарып алып, осы бөліктерін кесіп тастап отырады. Содан кейін жұмсақ бөліктерін астаулардың қабырғаларына жабысқанша дейін цилиндрдің шетінен кесіп алады. Жұмсақ бөлігінің бір ойығынығ көлемін мына формуламен анықтайды:
V =
( nd
2
/4) h,
Мұндағы п
– 3,14-ке тең тұрақты шама;
d
– сынаспаптың цилиндр пышағының ішкі диаметрі, см;
h
– тесікке кірген пышақтың астаудың қабырғасына дейінгі аралығы, см.
Сынаспаптың өлшемдері стандартты болса
(d =
3 см, h = 3,8 см) нанның бір ойығының көлемі – 27 см
3
құрайды.
Сынаспаптар стандартты өлшемдерден ауытқуы мүмкін. Сондықтан кеуектілікті есептер алдында сынаспапты мұқият өлшеп алып, оның фактілі көлемін есепке алады. Кеуекті массаның көлемін тікелей де есептеуге болады. Алайда оны мына теңдеумен тапқан әлдеқайда ыңғайлы.
V = M
м p,
Мұндағы
М
м
– жұмсақ бөлігінің үш немесе төрт ойықты көлемдегі массасы, г;
р
– кеуектілігі жоқ нан массасының тығыздығы, г/см
3
Кеуектілігі жоқ нан массасының тығыздық шамасы мынадай:
Кеуектілігі жоқ нанның массасы Тығыздығы, г/см
3
Қарабидай, қарабидай-бидай және
ерекше тартылған бидай ұнынан .................................. 1,21
демделген немесе еленген қарабидай ұнынан .............. 1,27 бірінші және екінші сұрыпты бидай ұнынан ................. 1,31 екінші сұрыпты бидай ұнынан ....................................... 1,26
Осылайша, қуыс орындардың көлемін мына формула бойынша анықтайды:
К = Гм - (Мм/р).
Кеуектілігін, %, мына формуламен анықтайды:
P
= [(Гм - Мм/р)100)]/Гм.
Осы формулаға және Журавлевтің сынаспабының өлшемдеріне сәйкес өндірістік лабораториялар кеуектілік дәрежесін анықтауды жеңілдететін кесте құрастырады (қосымша №5). Әрбір нан өнімінің кеуектілігі үшін стандартты нормалары болады. Кеуектілік дәрежесі қаншалықты нақты болған спйын, нанның дәмі де соншалықты жақсы болады. Әрі ағзаның сіңіруі де жақсарады. Құрылысына қарай нанның кеуектілігі майда, біркелкі және жұқа қыртысты болып бөлінеді. Қарабидай және қарабиай-бидай ұнынан жасалған әртүрлі нан өнімдерінің кеуектілік нормалары – 45...60%, бидай ұнының кеуектілігі – 63...65%, батондар мен бөлкелердің кеуектілігі –68...72% болады. Нан дайындалған ұнның сұрыпы жоғары болған сайын оның кеуектілік дәрежесі де жоғары болады.
Нан-тоқаш өнімдерінің қышқылдығын анықтау үшін максималды қышқылдық реттелетін стандартты нормаларға сүйенеді. Қарабидай ұнынан жасалған нанның әртүрлі сұрыптарының қышқылдығы – 10...12 град, ал кебекті ұнның қышқылдығы – 10...11 град, еленген ұнның қышқылдығы – 6...7 град болуы керек. Екінші сұрыпты бидай ұнынан дайындалған нан өнімінің қышқылдығы – 4...4,5 град, ал бірінші сұрыпты ұнның қышқылдығы – 3...3,5 град, сұйық және белсендендірілген ашытқыларда дайындалған бидай ұнынан жасалған нанның қышқылдығы – нормадан 1 градқа аспауы керек. Егер нан пісіруге икемділік қасиеті төмен ұнды қайтадан өңдегеннен кейін пісірілген нанның қышқылдығын 1...2 градқа жоғарылатуға болады. Нан өнімдерінің қышқылдығын екі стандартты тәсілмен анықтауға болады: арбитражды және жеделдетілген (біріншісін міндетті түрде даулы жағдайларда негізгісі ретінде қолдануға болады). Нанның жұмсақ бөлігінің қышқылдығын кез келген тәсілмен анықтағанда, біркелкі дайындайды. Ол үшін массасы 200 г жұмсақ бөлігін алып, нан өнімін теңдей екі бөлікке бөліп, бір бөлігінен массасы 70 г тілігін алып, қоспалардан (мейіз т.б.) тазартады да, дереу майдалап, араластырады. Егер нан өнімінің салмағы 200 г болса, бүкіл нан өнімінің қыртысын және қыртыс асты бөлігін кесіп алып, майдалап, массаға араластырады.
Арбитражды тәсілдің мәні мынада: техникалық таразыларда 25 г майдаланған сынаманы алып, өлшендіні сыйымдылығы 500 см
3
тұратын құрғақ бөтелкеге салады. Өлшемді колбаға 250 мл температурасы 18...20°С дистирленген су қосады. Оның шамамен ¾ бөлігін нанның жұмсақ бөлігі салынған бөтелкеге салып, ағаш келсаппен араластырып, біртекті массаға келтіреді. Содан кейін бөтелкені 2 минут бойы қарқынды түрде шайқап, 10 минутқа қойып қояды. Сосын 2 минут бойы қайтадан шайқап, 8 минутқа қалдырады. Одан әрі сығындыны (шайқамастан) дәке немесе таза елек арқылы өткізіп, құрғақ тостағанға аударады. Сыйымдылығы 100...150 мл екі конусты колбаға пипетка арқылы 50 мл ерітіндіні құйып, 2...3 тамшы фенолфталеин қосып, сілтінің децинормалы ерітіндісімен
титрлейді. Титрлегенде 1 минут бойы әлсіз қызғылт түсін сақтап қалуы керек. Нанның қышқылдығын мына формуламен анықтайды:
Х
х =
2аК.
Нәтижесін 0,5 град нақтылығына дейін есептейді. Тиртрлеудің екі нәтижесі арасындағы айырма кем дегенде 0,3 град болуы керек.
Жеделдетілген тәсілдің мәні мынада: нанның жұмсақ бөлігін алып, өлшеп, оған арбитражды тәсілдегідей мөлшердегі су қосады. Судың температурасы 60°С-тан аспауы керек. су мен жұмсақ нан бөлігінің бөтелкеге салып, 3 минут бойы шайқап, 1 минутқа қалдырып, содан кейін сүзіп алады. Сүзілген ерітіндіні әрқайсысы 50 мл шығатындай екі порцияға бөліп, титрлейды. Ал қышқылдығын арбитражды тәсілдегідей, есептейді.
Бақылау сұрақтары:
ХVІ-ТАРАУ
ӨНДІРІСТІҢ БАСТАПҚЫ ЕСЕПКЕ АЛЫНУЫ
Өндірісті есеке алу – жекелеген нан зауыттарының шаруашылық және қаржылық әрекеттерін ғана емес, жалпы нан өндірісінің жай-күйін бейнелеу. Есепке алу дегеніміз – жоспарлардың орындалуына бақылау жасас, негізгі және айналмалы құралдарды қолдану мен жарамдылық күйін, өндірістің қорларын анықтау, үнемділік тәртібі мен шаруашылық есепке алуға септігін тигізу. Бастапқы есепке алу – өндіріс орындарының шаруашылық және қаржылық әрекеттерінің барлық операцияларын, яғни материалды құндылықтарды бір жауапты тұлғадан екіншісіне немесе бір ұйым не мекемеден екіншісіне өткізу бойынша операцияларды тіркеуге арналған. Осы операцияларды (ұнды алу, нанды тапсыру т.б.) жүзеге асырудың заңды дәлелі – сәйкес бастапқы құжаттар (қосымша №6). Барлық бастапқы құжаттар нақты әрі уақытылы құрастырылуы керек. Әрбір бастапқы құжатта негізгі реквизиттері (мәліметтері) көрсетіледі. Жалпы реквизиттер – құжаттың атауы, өндіріс орнының атауы, құжатты толтыру мерзімі, өткізілген операцияның мәні, табиғи немесе ақшалай мәндегі сәйкес көрсеткіштер (алынған ұнның массасы, тапсырылған нанның массасы т.б.), операцияға жауапты тұлғалардың қолдары. Кейбір құжаттарда басқа да реквизиттер жазылады. Мәселен, дайын нан өніміне берілген ордер – нанның пісу уақыты. Бастапқы құжаттар 2 дана етіп, қолмен толтырылады. Ауысымның жұмысы мен жұмыс парағы туралы мәліметтер дана етіп толтырылады. Кейбір бастапқы құжаттардың мәні зор болады, оларды қатал есептік бланкілерге толтырады (шикізатты жіберуге берілген өлшем-жүкқұжат, дайын нан өнімдерін тапсыру ордері т.б.). Құжаттардың бланкілерін міндетті түрде нөмірлеп, сейфтерде сақтайды. Мұндай құжаттарға түзетулер ендіруге болмайды. Егер қате жіберілсе, бланктерді жояы. Жойылған бланктерге акт толтырылады. Бастапқы құжаттар ірі кәсіпорындар не мекемелерде есептеу техникасының көмегімен жүргізіледі.
Бригаданың жұмысын есепке алу. Бригаданың жұмысын есепке алу дегеніміз – бригада қызметкерлерінің шикізаттарды алуын, шикізаттың қалдықтары мен материалдарды, шығарылған дайын өнімдер мен анықтиалған бүлінулерді (брак) белгілеп қою, сондай-ақ жұмысын жазып қою. Бригаданың жұмысына материалды түрде жауапты тұлға – ауысымның бастығы (бригадир). Бригаданың өндірістік жұмысы ауысымның орындайтын тапсыр- маларына сәйкес жоспарланады. Тапсырмада өңдеуге тиісті ассортимент (пештерге жұрыс бөліп), әрбір нан өнімінің массасы мен өңдеу тәртібі белгіленеді. Аралас тапсырмаларды өндіріс орнының меңгерушісі сауда орындарының тапсырысына және экспедициядағы нанның қалдықтарына сәйкес жоспарлап отырады.
Алынған шикізатты есепке алу дегеніміз
– өндіріс меңгерушісі немесе ауысым бастығы белгілі бір нан ассортиментін шығаруына қажетті шикізаттың мөлшерін есептеп, аралас тапсырма орындауы. Аралас тапсырма және шикізаттың мөлшері бланкілерге түсіріледі. Бланкілердің формасы әртүрлі болуы мүмкі. Ұнның массасын нан өнімінің шығымының нормасына қарай есептейді.
Басқа да шикізаттардың мөлшері ұнның массасы мен біріздендірілген рецептураға сәйкес есептеледі. Ең соңында қоймадан алынған әрбір шикізаттың массасының қорытындысын шығарады. Қоймадан шикізатты беру есеп түрінде рәсімделеді (қосымша
№7, форма №7-П).
Ұнды ыдыста сақтау кезінде «Саны» бағанында ұн толы қаптың саны жазылса, «Нетто» бағанында – ұнның қаптың маркісінде немесе құжаттарда жазылған стандартты массасын белгілейді. Бұл есепті 2 дана етіп толтырады, оның біреуін қоймаға тапсырады (шикізатты қоймадан шығаруға негіз болады), екіншісін – ауыспалы есепке тіркеп қояды. Ұнның ылғалдылығын ұнды диірменнен тартатын комбинат берген сапалылық куәлігінің мәліметтеріне қарай белгілейді. Бұл – бір ауысым кезіндегі нан өнімдерінің шығымын реттеуге не түзетуге негіздеме бола адады.
Шикізаттар мен материалдардың қалдықтарын есепке алуды бригадир алдыңғы ауысымның бастығымен немесе ауыспалы техно- логтармен бірге орындайды. Ол өндірістің қоймаларындағы шикізаттарды, материалдар мен ыдыстарды, қалдықтар мен бүлінген өнімдерді есепке алады. Тіпті илеуге арналған шұңқырлардағы қалдықтарды да есепке алады. Шикізаттар мен материалдардың қалдықтарын барынша нақты анықтау керек. Егер қате есептесе, ауысымның жұмысының көрсеткіштерінде (нанның шығымы, ұнның үнемделуі) қате мәліметтер жазылады. Ауысымның бір-біріне өткізген материал не шикізаттарын актімен рәсімдейді. Акт 2 дана етіп жазылады, оған бригадирлердің ауысымды есептері тіркеледі (қараңыз, қосымша №7, форма №14-П). Ауысымды өткізген кезде ауысымды қоймада немесе өндіріс ыдыстарындағы шикізаттың мөлшерін, сондай-ақ әртүрлі жартылай фабрикаттардың құрамындағы шикізаттарды (демдеме, қамыр ашытқы, қамыр, толықсыту шкафтарындағы және пеш ішіндегі қамыр дайындамалары т.б.) есептеу керек. Акттің беткі парағында тапсырылатын ұнның массасы есептеліп, жазылады. Ұнның мөлшері «Нақты мөлшері» бағанына ұнның қалдықтарын өлшеу нәтижелеріне қарай белгіленеді. Өндірістік шұңқырлардағы ұнның мөлшерін, сондай-ақ өндірістік ыдыстардағы әрбір шикізаттың мөлшерін шкаласы жазылған сызықша көмегімен анықтайды. Ыдыстың ішіндегі демдеме, қамыр ашытқы, қамыр және басқа да жартылай фабрикаттардың құрамындағы ұнның массасын мөлшеріне қарай және өндірістік рецептура бойынша есептейді.
Мысал 16.1
Қамыр ашытқы
М
қа
мен қамырдағы
М
қ ұнның массасын анықтайық: қамыр ашытқы мен қамыр салынған 5 кеспек тапсырылған, ал рецептура бойынша ашытқыны илеуге 70 кг ұн, ал қамырды илеуге – 40 кг ұн жұмсалады.
Шешуі
: Қамыр ашытқы ішіндегі ұнның массасы
М
қа
= 70 ■ 5 = 350 кг. Қамырдың ішіндегі ұнның массасы
М
қ
= 40 ■ 7 = 280 кг.
Жауабы::
М
қа
= 350 кг; М қ
= 280 кг.
Ұнды сұрыптарына қарай әртүрлі жолмен есептеп отырады. Толықсыту мен пісіру кезіндегі қамыр дайындамаларындағы ұнның мөлшерін анықтау үшін дайындамалардың
жалпы мөлшерін есептейді. Содан кейін нанның шығымы мен массасын есепке алып, ұнның массасын табады.
Мысал 16.2 Кебекті қарабидай ұнынан, массасы 1 кг (толықсыту-пеш агрегатының әрбір бесікшесінде 15 қалып болады) нан пісіру үшін жасалған қамыр дайындамаларындағы
М
қд ұнның массасын анықтайық: ауысымды өткізу кезінде 55 бесікшеде қалыптар қалып қойған (19 – толықсыту бесікшесінде және 36-сы пеште).
Шешуі : қамыр дайындамаларының жалпы мөлшері – 16 ■ 55 = = 880 дана. Дайындамаларға сай келетін нанның массасы – 880 ■ 1 = 880 кг-ға тең. Ұнның массасы (шығымының нормасы 154% болғанда) 880 ■ 100/154 = 570 кг құрайтын болады. Демек,
Жауабы:
570 кг.
Жартылай фабрикаттардың құрамындағы құмшекер, түз т.б. шикізаттардың мөлшерін өндірістік және біріздендірілген рецептуралар мен ұнның массасы бойынша есептеп, содан кейін бір-біріне қосып, акттің келесі парағына жазып қояды. «Бүлінген (брак)-нан» қатарында шын мәнінде бүлінген нанның массасын жазып қояды.
Жүзеге асырылған қалдықтар
– өндірісте ары қарай пайдалануға келмейтін қалдықтар (смета, санитарлы брак т.б.). оларды азық немесе техникалық мақсаттарға пайдаланады. Актте алдыңғы ауысым кезінде пайдаланылмаған бланк-ордерлер саны көрсетілуі керек. Себебі бұл бланктер қатаң есепке алынып отырады.
Бүлінуді (бракты), яғни сәйкес стандарт талаптарына сай келмейтін нан өнімдерін есепке алу . Бүлінудің екі түрі болады: өндірістік (өндіріс жұмысшыларының кесірінен) және экспедициялық (экспедиция қызметкерлерінің кесірінен). Брактың осы екі түріне әртүрлі максималды нормалар белгіленген (өндірістік үшін – 0,2% және экспедициялық үшін – 0,1%). Сондықтан, экспедициялық және өндірістік брактер үшін толтырылған актілерді бөлек-бөлек рәсімдейді. Актілерді директордың бұйрығымен дайын нан өнімдерінің бракеражын жүргізетін тұлға (кәдімгі бракер) толтырады. Егер бүліну жекелеген тұлғалардың кесірінен болса, оған жауапты тұлғаны актіде көрсетеді. Әрі оның өзі актіге растап, қол қояды. Бүлінген нан өнімдерін қойма бастығы келесі ауысымға өткізеді. Егер ауысымға өткізілген брак мөлшері көп болмаса, ондай нан өнімдерін қоймашыға немесе ауысым бастығына өткізеді. Ал екіншісін ауысым есебіне тіркеп қояды (форма №П-14, қосымша №7). Өндіріс орындарының жұмысшыларының еңбектері жұмыс парағына (қосымша №8) тіркеледі. Жұмысшыларға еңбекақы төлеудің келісімді нарығы нан өнімінің әрбір түріне пештің типтері мен механзация дәрежесіне қарай арнайы белгіленеді. Соған байланысты жұмыс парағында белгілі бір пеште жұмыс жасайтын жұмысшылар мен жалпы қызмет көрсететін топтағы жұмысшылардың (оған өндіріс орнында толыққанды қызмет көрсететін) еңбектері есепке алынып отырады. Жұмыс парағы бригада жұмысшыларына еңбекақы төлеуге негіз болады. Жұмыс парағында өндірілген өнімді ауысымның жұмысы туралы мәліметтерге сүйене отырып, белгілейді. Жұмыс парағының келесі бетінде жекелеген тұлғалардың жұмысқа келмеу себептері көрсетіледі. Егер технологиялық құрал-жабдықтардың жұмысында іркіліс болса, парақтың келесі бетіне іркіліс себебі көрсетілген акт толтырылады. Ал іркіліс сағаттары тарифтік мөлшерлеменің 50%-дық мөлшерінде ақшалай төленеді. Дайын нан өнімдерін астауларға ыңғайлы орналастыру үшін есепке алып отыру керек. Ол үшін әрбір астауға дайын нан өнімінің белгілі бір мөлшерін салып, шағын вагондарға нан өнімдерінің бір ғана түрін толтырады. Толтырылған шағын вагондар экспедицияға түсіп, өткізу кезінде паспортқа түсіріледі. Паспортта шағын вагондардың нөмірлері, піскен уақыты мен мерзімі, пештің нөмірі, бригада, астаулар саны мен нан өнімдерінің саны жазылады.
Шағын вагондар тапсырылғаннани кейін өнімді сақтауыдң материалды жауапкершілігі экспедиторға жүктеледі. Нан өнімдерінің пісу уақыты оларды сақтау мерзімін тексеріп, сауда қатарларына жөнелту реттілігін дұрыс ұйымдастыру үшін белгіленеді. Паспорт 2 дана етіп толтырылады, біреуін шағын вагонға салса, екіншісін бригадирдің ауысымдық есебіне тіркеп қояды. Бірқатар өндіріс орындарында өндірілген нан өнімдері кассалық есепке алынып отырады. Әрбір шағын вагон тапсырылғаннан кейін кассалық аппарат чек шығарады. Чекте нанның пісу уақыты, мәселен, 12 сағат, нан пісіру пешінің нөмірі – 5 сағат, шағын вагондар саны – 1, нанның белгілі бір түрінің шифры – 2 және чектің реттік нөмірі – 5836 жазылады. Мұндай мәліметтер чекте былайша жазылады: 12-5-1-2-5836. Пісіру уақытын 1 сағатқа дейінгі нақтылықта белгілейді, мәселен, 12 және 13 сағат арасында өндірілген нан өнімлері үшін чекте 12 сағат деп көрсетеді. Шағын вагондардағы нанның мөлшері чекке тіркелмейді, себебі белгілі бір өндіріс орнында олардың саны бірдей болып келеді. Кейбір нан зауыттарында чекке шағын вагонның нөмірі мен ауысым нөмірі тіркеледі. Чекті шағын вагонға салып, бір мезетте чекпен бірге аппарат бақылау лентасын басып шығарады. Лентаны ауысымдық есепке тіркеп қояды. Бақылау лентасы мен есептеуіш құралдағы көрсеткіштер жиынтық паспортты жасау барысында пайдаланылады. Дайын нан өнімдерінің паспорттары немесе бақылау ленталары негізінде қабылдау-тапсыру жүкқұжатын 2 дана етіп толтырады. Біреуін ауысым бастығына беріп, ауысымдық есеп жасауға негіздеме ретінде пайдаланылса, екіншісі – бухгалтерияға тапсырылады (оған шағын вагондардың ордерлері немесе чектері тіркеледі). Ауысымның жұмысы туралы мәліметтер (ауысымдық есеп) П-14 формасында №7 қосымшаға сәйкес жұмыс аяқталған соң ауысым бастығы тарапынан толтырылады. Мәліметтер бригаданың атқарған жұмыстарына жалпы сипаттама береді. Онда ұнның, шикізат пен материалдардың шығыны туралы, өндірілген өнім мен анықталған брак мөлшері, бригада құрамы туралы мәліметтер келтіріледі. Ауысымның жұмысы туралы мәліметтер мынадай тараулардан: шикізаттың қозғалысы (ұнның массасын сұрыпына қарай жазып алса, қалған шикізатты – олардың түрлеріне қарай белгілеп жазады), ыдыстар (басқы беті) және дайын нан өнімі (келесі бетінде) тұрады. Ауысымдық есептің сандық материалы оған тіркелетін құжаттардағы мәліметтермен дәл келуі керек. Есепке шикізатты алуға өлшем-жүққұжат, қалдықтарды беру туралы актілер (2 дана), бұлінген нан өнімдері үшін толтырылған актілер, қойманың қалдықтар мен ыдыстарды қабылдау квитанциялары, дайын нан өнімдерінің шығымы туралы ауысымдық есеп және жұмыс парағы тіркеледі. «Ауысым басталар алдындағы қалдықтар» және «Ауысым соңына қарай тапсырылған қалдықтар» бағандарындағы мәліметтер ауысымды қабылдау мен тапсыру туралы актілердің мәліметтерімен дәл сай келуі керек. «Қоймадан алынған» бағанына өлшем-жүкқұжаттан жазып алынған сандар түсіріледі. Ал «Қоймадағы қалдықтар» бағанындағы мәліметтер қойманың квитанциясына сай келуі керек. «Нақты шығындалған» бағанын былайша толтырады: әрбір шикізат түрінің қалдықтарына ауысым басталар алдында қоймада қалған қалдықтарды қосып, ауысымның соңында осыдан қалған қалдықтарды есептейді. Форманың келесі бетінде нан өнімдерінің түрлері бойынша өндірілген нан өнімдері қабылдау-тапсыру жүкқұжатына сәйкес белгіленіп, жазылады. Ауысымдық есепте белгіленген бүлінген нан өнімдерінің массасы бүлінген нан өнімдеру туралы актіде көрсетілген мәліметтермен тура сай келуі керек. Ауысымның жұмысы туралы мәліметтерге қосымшаларды тіркеп қояды. Ол бухгалтерия тарапынан тексеріліп, талданады. Бухгалтерия құжаттарды дұрыс рәсімдеу ережелеріне, сандық мәліметтердің құжаттардағы сәйкестігіне, шикізат пен материалды жұмсау шығыны мен белгіленген нормамен сәйкестігіне ерекше назар аударылады.
Ауысымдық есепті талдау кезінде бригада жұмысының экономикалық нәтижелері анықталады: өнімді шығару нормаларын анықтау, ұнды үнемдеуі немесе шектен тыс шығындауы. Ұнды үнемдеу бригада жұмысының көрсеткішін жоғарылатады. Алайда басқа шикізаттарды (құмшекер, май т.б.) үнемдеуге рұқсат етілмейді және рецептурадан ауытқу ретінде танылады. Реуептуралар нақты сақталса, қосыиша шикізаттардың шығыны жұмсалған ұнның мөлшері мен біріздендірілген рецептураға сәйкес келуі керек.
Бақылау сұрақтары
ҚОСЫМШАЛАР
Ерітіндісінің қатысымды тығыздығы әртүрлі және 20С температурадағы натрий хлорының концентрациясы
Қосымша 1
Қатыс- ымды тығыз- дығы
Тұздың мөлшері
Қаты- сымды тығыз- дығы
Тұздың мөлшері
Қатыс- ымды тығыз- дығы
Тұздың мөлшері
ерітінді массасына шаққанда немесе кг, 100 кг ерітіндіге шаққанда
% ерітін- дінің көлеміне шаққанда немесе кг 100 л
ерітіндіге шаққанда
ерітінді массасын а шаққан- да немесе кг, 100 кг ерітін- діге шаққан- да
% ерітін- дінің көлеміне шаққан- да немесе кг 100 л ерітін- діге шақ- қанда
% ерітінді массасына шаққанда немесе кг, 100 кг ерітіндіге шаққанда
% ерітін- дінің көлеміне шаққанда немесе кг 100 л
ерітін- діге шаққан- да
1,0707
10
10,7
1,1160
16
17,9
1,1633
22
25,6
1,0781
11
11,9
1,1237
17
19,1
1,1714
23
26,9
1,0856
12
13,0
1,1315
18
20,4
1,1796
24
28,3
1,0931
13
14,2
1,1394
19
21,6
1,1879
25
29,7
1,1007
14
15,4
1,1473
20
22,9
1,1963
26
31,1
1 ,1083
15
16,6
1,1553
21
24,3
Қосымша 2 Ерітіндісінің қатысымды тығыздығы әртүрлі және 20С температурадағы қанттың концентрациясы
Қатысты тығыз- дылығы
Қанттың мөлшері
Қатысты тығызды лығы
Қанттың мөлшері
Ерітінді массасына шаққанда,
% немесе 100 кг ерітіндіге шаққанда, кг
Ерітіндінің көлеміне шаққанда,
% және 100 л ерітіндіге шаққанда, кг
Ерітінді массасына шаққанда, % немесе 100 кг ерітіндіге шаққанда, кг
Ерітіндінің көлеміне шаққанда, % және 100 л ерітіндіге шаққанда, кг
1,0442
11
11,465
1 ,2049
45
54,104
1,0484
12
12,558
1,2102
46
55,562
1,0526
13
13,658
1,2156
47
57,026
1,0568
14
14,769
1,2211
48
58,494
1,0611
15
15,887
1,2265
49
59,980
1,0654
16
17,016
1,2320
50
61,478
1,0698
17
18,153
1,2376
51
62,989
1,0741
18
19,299
1,2431
52
64,513
1 ,0785
19
20,455
1,2487
53
66,05
1,0830
20
21,619
1,2544
54
67,6
1 ,0874
21
22,794
1 , 2601
55
69,164
1,0919
22
23,978
1,2658
56
70,741
1,0965
23
25,172
1,2716
57
72,332
1,1010
24
26,375
1,2774
58
73,936
1,1056
25
27,589
1,2832
59
75,555
1,1103
26
28,813
1,2891
60
77,187
1,1149
27
30,046
1,2950
61
78,733
1,1196
28
31,29
1,3010
62
80,494
1,1244
29
32,545
1,3069
63
82,168
1,1291
30
33,779
1,3130
64
83,858
1,1339
31
35,085
1,3190
65
85,561
1,1388
32
36,371
1,3252
66
87,28
1,1436
33
37,658
1,3313
67
89,013
1,1486
34
38,976
1,3375
68
90,761
1,1535
35
40,295
1,3437
69
92,524
1,1585
36
41,625
1,3500
70
94,302
1,1635
37
42,966
1,3563
71
96,095
1,1685
38
44,318
1,3626
72
97,904
99,728
1,1736
39
46,682
1,369
73
101,567
1 ,1787
40
47,057
1,375
74
103,422
1.1839
41
48,455
1,3819
75
105,293
1,1831
42
49,884
1,3884
76
107,181
1,1973
43
51,255
1,3949
77
Қосымша 3
Шикізат пен жартылай фабрикаттардағы құрғақ заттар мен ылғалдың мөлшері
Шикізат
Ылғалдылығы,
Құрғақ заттар, %
Құмшекер мен қант ұнтағы
0,15
99,85
Крахмал сірнесі
22
78
Саломас, нан пісіруге арналған майлар 0,3
99,7
Сары май, маргарин
16
84
Қорытылған мал майы
1
99
Өсімдік майы 0,2
99,8
Қаймағы алынбаған сүт
88
12
Қант қосылған қойытылған сүт
26
74
Тауық жұмыртқасы, меланж
73
27
Баспаланған ашытқылар
75
25
Кептірілген ашытқылар 7,5
92,5
Тағамдық ас тұзы
3,5
96,5
Тосап
31
69
Қызыл түсті, қарабидай уыты
10
90
Ақ түсті уыт
10
90
Қайнатпа, джем
28
72
Мейіз
20
80
Ұн
14,5
85,5
Сүттің сарысуы
5
95
Нанның жібіндісі
25
75
Белсендендірілген ашытқы
75... 78
25.22
Сұйық ашытқылар
75...89
25.11
Құрғақ сүт
5
95
Жұмыртқа ұнтағы
6
94
Нан пісіру өндірісі журналдарының формалары
Ұнның талдамаларының нәтижелерін тіркеу журналы
Қосымша 4
Рет тік нөм ірі
Жалпы мәліметтер
Куә лік №
Таңда- ма нөмірі
Сапалы құжаттың мәліметтері
Ерекш е белгіле р
Талда ма жасалғ ан мерзім і
Парт ия неме се вагон №
Түскен мерзім і
Жеткізу ші.
Диірмен нің атауы мен №
Партияны ң массасы, т
Ылғал- дылығы, %
Құрамын- дағы күлінің мөлшері, %
Ұлпалығы
Саны , %
Сипат- тамасы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Талдама нәтижелері
Органо- лепти- калық бағасы
Ыл- ғал- дылы- ғы, %
Ме- талл маг- нитті қоспас ы
Қыш- қыл- дығы, град
Кар- топ тал- шық- тарын жұқт ыруы
Ұлпалығы
Авто- литті сынама бойынша суде еритін заттар- дың мөлшері
Нан өнімдері- нің зиянкес- тердің шабуы- лына ұшырауы
Сынама піскен нанның нәтижесі
Мөл- ше рі, %
Сипат- тамасы
Сызықша бойымен созылыңқ ылығы, см, немесе ИД құралы- ның
көрсет- кіштері, бірлік
Орга- нолеп- тика- лық бағасы
100 г
ұннан нақты шығымы, см
3
Піші- нінің тұрақ тылы- ғы
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
Қорытынды
Қоспа құрамын- дағы ұн, %
Мерзімі
Талдама жүргізген тұлғаның қолы
Талдау бойынша
Пісіруіне қарай
Ұнды өндіріске жіберу
Жұмсалу аяқталған
27
28
29
30
31
32
Форма №2
Қосымша шикізаттың талдама нәтижелерін тіркеу журналы
Реттік нөмірі
Келіп түскен мерзімі
Жетізуші, құжаттың атауы мен №
Құжат бойынша сұрыпы
Мөлшері
Ыдыстың түрі мен күйі
Құжаттағы мәліметтер
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Талдама жасалған мерзім
Лабораторияда жасалған талдама мәліметтері
рына і
Талдама жүргізген тұлғаның қолы
Форма №3
Реттік нөмірі
Ауысым бастығыны ң аты-жөні
Мерзімі
Агрегат немесе пештің №
Нан өнімінің атауы, сұрыпы және массасы, 1 дана
Өндірілген нан өнімінің массасы, т
Органолеп- тикалық баға
Пісіру
Талдау
1
2
3
4
5
6
7
8
Лабораториялық талдама нәтижелері
НТД
сәйкестігі туралы қорытынды
Талдама жүргізген тұлғаның қолы
Ылғалдыл ығы, %
Қышқыл дығы, град
Кеуектілігі, %, немесе көпсуі, мин
Массалық үлесі
Құрғақ заттарға шаққандағы қанттың, %
Құрғақ заттарға шаққандағы майдың, %
9
10
11
12
13
14
15
Нан өнімінің сұрыптары бойынша рецептура мен технологиялық нұсқаулықтар
Форма №4
Пеш, желі, агрегаттың №
« _»
20 ж.
р/с
Көрсеткіштер атауы
Нан өнімінің атауы (сұрыпы)
Жартылай фабрикаттар атауы
Қамыр ашытқы
Қамыр
Ұнның сұрыпы
Ұн, кг
Су, л
Ұйытқы, кг
Жетілген қамыр, кг
Демдеме, кг
Баспаланған ашытқылар, кг, ашытқы суспензиясы, л (немесе ашытылған сүт, л)
Түз ерітіндісі (тығыздығы), кг/л
Нанның жібіндісі немесе кепкен нан, кг/л
Қант ерітіндісі (тығыздығыь), кг/л
Құмшекер, кг
Май, кг немесе л
Рецептура бойынша басқа да шикізаттар
Жартылай фабрикаттардың бастапқы температурасы, °С
Жартылай фабрикаттардың ылғалдылығы, %
Жартылай фабрикаттар салынған ыдыстар саны
Ашыту ұзақтығы, сағ (мин)
Жартылай фабрикаттың соңғы қышқылдығы, град
Қамыр дайындамасының массасы, г
Толықсыту ұзақтығы, мин
Пісіру ұзақтығы, мин
Пештегі температура, °С
Рецептураны аға технолог немесе лаборатория бастығы құрастырды. Рецептурамен таныстым: өндіріс бастығы
Рецептураны алдым: ауысым бастығы
4 қосымшаның жалғасы Шыны ыдыстар мен басқа да лабораториялық құрал-жабдықтарды ауысымға тапсыру журналы
Форма №5
Мерзімі
Ауысым
Құрал-жабдықтар мен ыдыстар атауы
Тапсыр ды
Қабылда ды
Ескерту
Термо метрл ер
Денси метрл ер
Колба лар
Әр- түрлі салма қты
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Форма №6
Ұн құрамындағы металл қоспаларды есепке алу журналы
Мер- зімі
Жеткізу ші
Жұмсалған шикізаттың мөлшері, т
Металл магнитті қоспалар мөлшері, г
Металл магнитті қоспалардың сипаттамас ы
Қолдары
Кезекші шебер
Ауысымды технолог
1
2
3
4
5
6
7
Нан-тоқаш өнімдерін өндірудің технологиялық үдерісін бақылау журналы Форма №7
Мерзімі
Бригада мен ауысым №
Ауысым бастығының аты-жөні
Бақылау уақыты
Нанның сұрыпы
Агрегат
1
2
3
4
5
6
Қамыр ашытқы, ұйытқы және т.б.
Қамыр
Бір ауысым кезінде шикізатты жұмсағанда рецептурадан ауытқу
Темпера
-тура,
°С
Ылғал- дылы- ғы, %
Қыш қылд ығы , град
Бір ауысым кезінде шикізат пен жартылай фабрикаттарды жұмсағанда рецептурадан ауытқ
Темпер атура,
°С
Ылғалд ылығы, %
Қышқылд ығы, град
7
8
9
10
11
12
13
14
15
Қамыр дайында- масының массасы, г
Толықсыту темпера- турасы, °С
Толықсыту ұзақтығы, мин
Пештің темпера- турасы, °С
Пісу ұзақтығы, мин
Технолог- ттың қолы
19
20
21
22
23
24
25
Қосымша 5
Әртүрлі сұрыптағы ұннан дайындалған нан өнімдерінің кеуектілігі
Көлемі 81 см
3
нан
ойықтарының массасы, г
Кеуек- тілігі, %
Көлемі 81 см
3
нан
ойықтарыны ң массасы, г
Кеуек- тілігі, %
Көлемі 81 см
3
нан
ойықтарының массасы, г
Кеуектілігі, %
Бір нан цилиндрінің көлемі 27 см
3
болатын еркше тартылған қарабидай, қарабидай-бидаай ұнынан піскен нанның кеуектілігі (4 нан ойығына арналған)
78,9 ... 77,7
40
69,8 ... 68,6
47
60,6 ... 59,4
54
77,6 ...76,4
41
68,5 ... 67,3
48
59,3 ... 58,1
55
76,3 ... 75,1
42
67,2 ... 66,0
49
58,0 ... 56,8
56
75 ... 73,8..
43
65,9 ... 64,7
50
56,7 ... 55,5
57
73,7 ... 72,5
44
64,6 ... 63,4
51
55,4 ... 54,2
58
72,4 ... 71.2
45
63,3 ... 62
52
54,1 ... 52,9
59
71,1 ... 69,9
46
61,9 ... 60,7
53
52,8 ... 51,6
60
Бір нан цилиндрінің көлемі 27 см
3
болатын бірінші сұрыпты бидай ұнынан піскен нанның кеуектілігі (3 нан ойығына арналған)
42,9 ... 41,9
60
35,4 ... 34,5
67
27 ... 26
75
41,8 ... 40,8
61
34,4 ... 33,4
68
25,9 ... 24,9
76
40,7 ... 39,8
62
33,3 ... 32,4
69
24,8 ... 23,9
77
39,7 ... 38,7
63
32,3 ... 31,3
70
23,8 ... 22,8
78
38,6 ... 37,6
64
31,2 ... 30,2
71
22,7 ... 21,8
79
37,6 ... 36,6
65
30,1 ... 29,2
72
21,7 ... 20,7
80
36,5 ... 35,5
66
29,1 ... 28,1
73
20,6 ... 19,6
81
28 ... 27,1
74
19,5 ... 18,5
82
Бір нан цилиндрінің көлемі 27 см
3
болатын екінші сұрыпты бидай ұнынан піскен нанның кеуектілігі (3 нан ойығына арналған)
46,3 ... 45,1
55
40,2 ... 39,3
61
34,1 ... 33,2
67
45,3 ... 44,4
56
39,2 ... 38,3
62
33,1 ... 32,2
68
44,3 … 43,4
57
38,2 ... 37,3
63
32,1 ... 31,1
69
43,3 ... 42,4
58
37,2 … 36,2
64
31 ... 30,1
70
42,3 ... 41,3
59
36,1 ... 35,2
65
30 ... 29,1
71
41,2 ... 40,3
55
35,1 ... 34,2
66
29 ... 28,1
72
Қосымша 6 Нан пісіретін өндіріс орындары үшін өндірілген нан өнімдерін бастапқы есепке алу формаларының тізімі
Форманың №
Форманың атауы
Нан П-1
Ұнның партиялық затбелгі
Нан П-2
Ыдыссық сақталатын қоймадан келіп түскен ұнды есепке алу журналы
Нан П-3
Ұнды ыдыссыз сақтау барысында автоматты таразылардың өлшеуіш құралдарының көрсеткіштерін тіркеу журналы
Нан П-4
Ыдыссық қорғау барысында ұнның қозғалысын есепке алу журналы
Нан П-5
Бункерді тазалау туралы акт
Нан П-6
Ұнды өндіріске жөнелту туралы өлшем-жүкқағаз
Нан П-7
Шикізаттар, материалдардың қозғалысы және қалдықтарды қоймалар бойынша тапсыру туралы есеп
Нан П-8
Дайын өнімдердің паспорты
Нан П-9
Дайын өнімдерді қабылдау-тапсыру жүкқағазы
Нан П-10 Ұнды қаптардан алу, өндірісте жиналған ұн және басқа да үйінділер туралы акт
Нан П-11 Экспедиция кезінде (шикізаттар қоймасы) жинақталған нан үгінділері (ұн үйінділері) туралы акт
Нан П-12
Ауысымның жұмысы туралы есеп
Нан П-13
Нан П-13 формасына қосымша парақ
Нан П-14
Материалдар мен шикізаттардың қалдығын өндіріске тапсыру туралы акт
Нан П-15
Шағын вагондардың массасын ай сайынғы тексеріп отыру туралы акт
Нан П-16
Сауда қатарларының берген тапсырыстарының кітабы
Нан П-17
Экспедицияның дайын нан өнімдерін жіберу туралы өкімдері
Нан П-18
Дайын нан өнімдеріне арналған ыдыстарды бүркеу туралы талондар
Нан П-19
Жөнелтілген (жіберілген) дайын нан өнімдерінің тізімдемесі
Нан П-20
Өндірістік (экспедициялық) бүліну (брак) туралы акт
Нан П-21
Экспедицияның есебі
Нан П-22
Нан №22 формасына қосымша парақ
Нан П-23
Дайын өнімдердің қалғанын тапсыру туралы акт
Нан П-24
Орындалған жұмыстарды есепке алу тізімдемесі
Ескерту : барлық формалардың бланкілері 1999 жылы жарық көрген «Нан пісіретін өндіріс орындарындағы технологиялық үдерісті ұйымдастыру мен жүргізу Ережелерінде» көрсетілген.
Қосымша 7
Шикізаттар, материалдардың қозғалысы және қалдықтарды қоймалар бойынша
тапсыру туралы есеп
Форма № Нан П-17
Тағам өндірісі Министрлігі бекіткен: 20.04.1982 ж.
Ауысым
Ауысым бастығы
Шикізаттар, материалдардың қозғалысы және қалдықтарды қоймалар бойынша тапсыру туралы есеп №
« »
20 ж.
Р/с
Шикізат атауы
Мөлшері
Масса, кг
Қабылдаған тұлғаның қолы
Брутто
Тара
Нетто
Жіберді: қоймашы
Қабылдады: ауысым бастығы
Форма № Нан П-13
Тағам өндірісі Министрлігі бекіткен: 20.04.1982 ж.
Бірлестік Бекітемін
Зауыт Бас инженер
Цех «_ »
20
_ ж.
Ауысымның жұмысы туралы есеп №
20
ж.
сағ. бастап « »
20
ж.
сағ. дейін
Бригада №
І. Жоспар-тапсырыс
Өнімнің коды (номенклатурадағы нөмірі)
Өнімнің атауы
Мөлшері
Ұнның нақты ылғалдылығын ескере отырып, шығымының массасыцй
7 қосымшаның жалғасы
І. Ұнның ылғалдылығы туралы лабораториялық мәліметтер
ауысымға «_ »
20 ж.
Өнімнің коды (номенклатурадағы нөмірі)
Өнімнің атауы
Мөлшері
Ұнның нақты ылғалдылығын ескере отырып, шығымының массасыцй
Өндіріс меңгерушісі
ІІ. Шикізат пен материалдардың қозғалысы
Наубайшы-шебер
Р/с
Но- мен- клату ра коды ,№
Шикізаттар мен материалдар атауы
Өлшем бірлігі
Ауысым басында қабылданғ ан
Алынды
Тапсы- рылды
Ауы- сым аяқтал ғанда тапсыр ылған
Қойма- дан
Қоймаға
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
1
Ерекше тартылған қарабидай ұны
2
Кебекті қарабидай ұны
3
Еленген қарабидай ұны
4
Жоғары сұрыпты бидай ұны
5
Бірінші сұрыпты бидай ұны
6
Екінші сұрыпты бидай ұны
7
Ерекше тартылған бидай ұны
8
Тағамдық ас тұзы
9
Баспаланған ашытқылар
10
Құмшекер
11
Маргарин
12
Сұйық маргарин
13
Өсімдік майы
14
Меланж
15
Тауық жұмыртқасы
16
Малдың майы
17
Сүттің сарысуы
І. Ауысым кезінде шығарылған өнімнің атауы (коды), саны, дана, массасы, кг
Норма бойынша
нақтысы
Нан өнімдері бойынша шикізат пен материалдардың шығынының нәтижесі
Форма бойынша
Нақтысы
Ауытқулар
1
2
3
4
Өндіріс меңгерушісі
Наубайшы-шебер
Экономист
Қосымшасы
_тіркелген есепті тексеріп,
қабылдаған бухгалтер_
№7 қосымшаның жалғасы
Форма № Нан П-14
Тағам өндірісі Министрлігі бекіткен: 20.04.1982 ж.
Материалдар мен шикізаттардың қалдығын өндіріске тапсыру туралы акт
«_ » 20_ ж.
сағаттан ауысымға дейін
Р/с
Шикізат пен материалдар атауы
Өлшем бірлігі
Ұн сұрыптарына қарай
Бар- лығы
Табиғи
Дем- деме- де
Ашыт- қыдағы
Қамыр- дағы
Пеште
Өзі тасығы штағы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1
Ерекше тартылған қарабидай ұны
2
Кебекті қарабидай ұны
3
Еленген қарабидай ұны
4
Жоғары сұрыпты бидай ұны
5
Бірінші сұрыпты бидай ұны
6
Екінші сұрыпты бидай ұны
7
Ерекше тартылған бидай ұны
8
Тағамдық ас тұзы
9
Баспаланған ашытқылар
10
Құмшекер
11
Маргарин
12
Сұйық маргарин
13
Өсімдік майы
14
Меланж
15
Тауық жұмыртқасы
16
Малдың майы
17
Сүттің сарысуы
Атауы
Өлшем бірлігі
Саны
Масса нетто, кг
Кезекті тапсыру кезіндегі автоматты таразылардың есептегішіндегі көрсеткіштер
1
Жарамсыз нан
Таразы №...
Таразы №...
2
Шығын
Таразы №...
Таразы №...
3
Қаптар
Таразы №...
Таразы №...
Таразы №...
Таразы №...
Таразы №...
Таразы №...
Қолданылмаған міндетті есеп беру бланкілері
Форма №
Кітапша саны
Бланк сериялары
Бланк №
Бланк № бойынша
Тапсырды: Наубайшы-шебер
Қабылдады: наубайшы-шебер Технолог Технолог
Оператор
І. Шикізаттар мен ыдыстардың қозғалысы
Р/с
Шикізаттар мен материалдар атауы
Өлшем бірлігі
Ауысым бастал- ғанға дейін қалғаны
Қойма- дан алын- ғаны
Қойма- да қалға- ны
Ауысым соңына қарай тапсырыл ғаны
Нақты шығын- далғаны
1
Ұн
Ұнның нәтижесі
Бүлінген және қатып қалған нан
Өсімдік майы
Ашытқы
Тұз
Қант
Қаптар
ІІ. Дайын нан өнімінің шығарылымы
Нан өнімдерінің сұрыптары
Жарамды нан өнімдері
Брак
Ескерту
дана
масса, кг
дана
масса, кг
Барлығы
Бас инженер
Ауысым бастығы
Өндіріс меңгерушісі
Бригадир
Жұмыс парағы
Қосымша 8
Бригадалар
сағаттан
Ауысым
сағатқа дейінгі жұмысы 20 ж.
№ п/п
Тізім нөмірі
Маман- дық атауы
Аты- жөні
Дәрежесі
Тариф- тік мөлшер- леме
Нақты өнім, кг
Өнім норма- сын орындауы , %
Еңбекақы
Рубль
тиын
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Жұмысқа келмеген жұмысшыларды тіркеу журналы
Тізім нөмірі
Аты-жөні, тегі
Қызметі
Жұмысқа келмеуінің себептері
Ауысым бастығы
Тізімдеуші _
ЖЭБ бастығы
Экономист
Құрал-жабдықтардың іркілісі туралы акт
№ п/п
Құрал-жабдықтың атауы
Іркіліс, сағ
Іркіліс себебі
Ескерту
Ауысым бастығы
Бригадир
Өндірістің меңгерушісі
Ауысымды басқаратын механик
Кезекші-шебер
Бас механик
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ауэрман Л. Я. Нан пісіру өндірісінің Технологиясы / Л. Я. Ауэр - ман. — М.: Легкая и пищевая пром-гі, 1984. Елисеева С. И. сапасын Бақылау шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің нан зауыттарындағы / С. И. Елисеева. — М.: Агропромиздат, 1987. Елисеева С. И. Өндірістік оқыту пекарей, тестоводов, қамыр кесетін машиналардың машинистері: әдістемелік құралы / [С. И. Елисеева, Л. С. Коротаева, Л. С. Кужненкова, Л. В. Мармузова]. — М.: Жоғары мектебі, 1988. Зверева Л. Ф. нан пісіру өндірісінің Технологиясы / Л. Ф. Зверева. — М.: Пищевая пром- гі, 1979.
Нұсқаулық картоп ауруының алдын алу бойынша нан. — М.: [б.и.], 1998. Мармузова Л. В. микробиология Негіздері, санитария және гигиена, тамақ өнеркәсібі / Л. В. Мармузова. — М.: Баспа орталығы "Академия", 2008. Матвеева И. В. Тағамдық қоспалар және нан пісіру улучшители өндірісінде ұн / И. В. Матвеева, И. Г. Белявская. — М.:
Телер, 1998.
Ашылды З. С. Негіздері нан пісіруге / З. С. Раисова, Н.П.Волкова, Н. С. Терехова. — М.: Агропромиздат, 1986.
Патт В. А. Біздің нан / В. А Патт. — М.: Легкая и пищевая пром-гі, 1984. Ұйымдастыру және жүргізу ережелері, технологиялық процестің нан пісіру кәсіпорындарында. — М.: [б.и.], 1999. Болезней бойынша нан-тоқаш өнімдерін өндіру жағдайында шағын кәсіпорындар (наубайхана). — М.: Пищепромиздат, 1997. Нан өндірісі, нан-тоқаш және кондитерлік бұйымдар. СанПиН 2.3.4.545 — 96. — М.: Госкомсанэпиднадзор Ресей, 1996. Жинағы рецептурадағы нан-тоқаш өнімдерін әзірлейтін мемлекеттік стандарт бойынша. — М.: Артель-М, 1998. Жинағы технологиялық нұсқаулықтардың өндіру үшін нан және нан-тоқаш өнімдері.
— М.: Прейскурантиздат, 1989.
Нан-тоқаш өнімдері. Талдау әдістері. — М.: Изд-во стандартов, 1996.
Нан-тоқаш өнімдері. Техникалық шарттар. — М.: Изд-во стандартов, 1998.
Хромеенков В. М. нан пісіру өндірісінің Жабдықтары / В. М. Хромеенков. — М.: Баспа орталығы "Академия", 2007. Цыганова Т. Б. өндіру Технологиясы және оны ұйымдастыру нан-тоқаш / Т. Б. Цыганова. — М.: Баспа орталығы "Академия", 2008.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І-Тарау.
Нан-тоқаш өнімдерін өндірудің технологиялық
үдерісінің сызбасы 6
ІІ-Тарау.
Нан пісіру өндірісінің негізгі шикізат көздері 11
2.9 Су 25
ІІІ-Тарау.
Нан пісіру өндірісінің қосымша шикізат көздері 29
ІV-Тарау.
Шикізатты өндіріске қабылдау, сақтау және дайындау 41
V-Тарау.
Қамырды дайындаудың технологиялық операциялары 55
5.1. Жалпы мәліметтер 55
VІ-Тарау.
Қамырды дайындау тәсілдері 73
6.1. Бидай ұнынан қамыр дайындау тәсілдері 73
VІІ-Тарау
. Нан пісіру өндірісінің шығынын қысқарту 92 7.1. Нан пісіру өндірісінің қайта өңделуге жіберілген жартылай фабрикаттарын пайдалану 92
VІІІ-Тарау.
Қамырды бөліктерге бөлу 105
ІХ-Тарау.
Нанды пісіру 135
еңбек шаралары 145
Х-Тарау
. Нанды сақтау және транспорттау 147
ХІ-Тарау.
Нанның шығымы 154
ХІІ-Тарау
. Нанның дефектілері мен аурулары 166
құрамындағы ауытқулар 167
ХІІІ-Тарау.
Нан-тоқаш өнімдерінің ассортименті 177
ХІV-Тарау
. Нанның тағамдық құндылығы және оны жоғарылату жолдары 181
XV-Тарау.
Нан пісіру өндірісін технохимиялық бақылаудан өткізу 190
ХVІ-Тарау.
Өндірістің бастапқы есепке алынуы 209
Қосымшалар 214
Әдебиеттер тізімі 231
Мармузова Людмила Викторовна
Оқу құралы
НАН ПІСІРУ ӨНДІРІСІ.
Шикізат және материалдар
Оқулық
5-ші басылым, стереотипті
Редактор
М.Омаров
Техникалық редактор
Е. Ф. Коржуева
Компьютерлік беттеу:
Е. Ю. Матвеева
Корректорлар:
Л.А.Котова, Н.В.Савельева
Басылым. № 105112506.
Баспаға қол қойылды: 15.10.2014. Формат 60x90/16.
Гарнитура «Таймс». Қағаз офс.. № 1. Баспа офсетті. Шартты баспа қағазы.18,0.
Тираж 1000 дана. Заказ №
«Академия» білім беру-баспа орталығы ЖШС
www.academіa-moscow.ru
129085, Москва, Мир даңғылы, 101В, стр. 1. Тел./факс: (495) 648-0507, 616-00-29.
Санитарлы-эпидемиологиялық қорытынды № РОСС RU. АЕ51.
Н 16591 от 29.04.2014.
Баспа ұсынған электронды тасығыштардан «Бірінші үлгілік типография» ААҚ-нда басып шығарылған
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру