Баянғали Әлімжанов шығармалары. 9-том
Баянғали Әлімжанов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Баянғали Әлімжановтың шығармалар жинағының тоғызыншы томына бұрынғы кітаптарында жарияланбаған киноповестері мен ертеректе жазылған әңгімелері жинақталған.
Баянғали
Әлімжанов
ШЫҒАРМАЛАРЫІХ том
Ардагер
Әңгімелер, киноповестер
Көкшетау 2016
ӘОЖ 821.512.122-1
КБЖ 84 (5Қаз)-5
Ә 55
Әлімжанов Б.
Ә 55
Шығармалары: Көп томдық. Б. Әлімжанов. – Көкшетау:
Келешек-2030, 2016.
ІSBN 978-601-302-125-6
Т. 9. Ардагер. Әңгімелер, киноповестер. / Б. Әлімжанов. –
332 б.
ІSBN 978-601-317-068-8
Баянғали Әлімжановтың шығармалар жинағының тоғызыншы
томына бұрынғы кітаптарында жарияланбаған киноповестері мен
ертеректе жазылған әңгімелері жинақталған.
ӘОЖ 821.512.122-1
КБЖ 84 (5Қаз)-5
ІSBN 978-601-317-068-8 (Т. 9)
ІSBN 978-601-302-125-6 (жалпы)
© Әлімжанов Б., 2016.
ӘҢГІМЕЛЕР
Ұя Кіріп келгеніңде күту залында әдеттегідей адам толып отыр: жаңадан келген бұған, жол үстіндегі жолаушының дағдысымен, біртіндеп көз тігіскен. Әншейін шолу емес. Жанарларына жұмбақ сауал ұялай қалыпты, жап-жас жігіттің қақаған қыста жападанжалғыз бала көтеріп жүргенін сан-саққа жүгіртіп үлгергендей. Масат іштей бір ыңғайсыздық сезінді, тасалау жер іздегенімен, даңғарадай, аңғал-саңғал кең зал жасырынбақ ойнауға арналмаған, қолайсызданғанын сырт көзге байқатпауға тырысып, кішкентай Құндызға бірдеңе деп ұрысқансыды да, бос орындардың біріне молынан жайғасты. Тонының түймесін ағытып, аспай-саспай Құндыздың мойнын, аузы-мұрнын ораған бөкебайды шешті. Жол бойы тұмшаланып, қозғалуға мұршасы келмеген бала енді жеңілденіп, жан-жағына бұрылып қарай бастады, үлкен қара көздерінде түсінбеушілік пен таңдану. Масат сөмкесін ашып, ішінен бөтелкеге құйылған сүт, жұмсақ нан шығарды. Төгіп-шашпауға тырысып, шай кесеге орталап құйды. Тәтті нанды кішкентай, өткір тістерімен кертіп жеп, сүт ішіп, қарны тойған сәби Масатқа жәудірей қарады. «Әй, ақымақ, әкеңе алғыс айт», – деп күлді бұл. Өзіне әлдебір жылы сөз айтылғанын аңғарған Құндыз мәз бола күліп, Масаттың тонының өңіріне тығылып, кішкентай қолдарымен құшақтай алды. Бір сәтке төңірегін
ұмытқан Масат оны емірене иіскеп, бетінен сүйді, құшақтаған күйі өзгелерге беймәлім, өздеріне ғана түсінікті шағын әлемдерінде ұзағырақ бөгеліп қалды. Артынша, қайда отырғаны есіне түсіп, ұялыңқырап, Құндызды жерге түсірді. Ағаш орындық үстіне нан үгіліп, сүт тамған, сөмкесін ақтарып, қобыраған газет алды да, сүрте бастады. Тап-тұйнақтай жинақы жүре алмай, төгіліп-шашылып келе жатқанына назаланып кеткен. Айналасына көз тастап еді, залдағылардың бірі қалғып, біреулері өзді-өзі әңгімелесіп отыр. Бірақ, бірен-сарандары «енді не істер екен?» дегендей, бұған тамашалай қарап қалыпты. Кейбірі бейкүнә әуестікпен үңілсе, қартаңдаулары жанашыр тілеулестікпен, тіпті құрметпен көз тігеді. Әріректе отырған қыз бен жігіт кекесін күлкімен шаншиды. Масат қитығып, іштей ерегісе қалды. Әдейі асықпай, бейнебір содан рақат тауып жатқан кейіппен қағазын қытырлатып, орындықты мұқият сүртті. Тазалап болып, қоқыс жәшігіне тастап келгені сол еді, селтиіп тұрған Құндыз: «Пәп-пә, іш-ш, іш-ш» деп қыңқылдады. Ел көзінен, әсіресе ана бір қыз бен жігіттің тәкаппар қарасынан қысылыңқыраған Масат сәл бөгелген. Құндыз жанын қояр емес, «Пәп-пә, іш-ш, іш-ш» деп, кішкентай алақанымен бұның иығынан қаққылап, тықақтайды. Енді кідірсе, одан да сорақысын көретінін сезген бұл: «Қазір, қазір іш боламыз», – деп алдаусыратып, қолына алды, қайда тосарын білмей дағдарған. Әрі бүкіл жұрттың көзінше... Неге де болса мойынсұнып, бел буып аттанғанмен, дәл осынысынан қысылды. Дәретханаға баруға болмайды, далада қақаған аяз, залға тосу тағы ыңғайсыз. Ол түк білмегенсіп, баланы көтерген күйі, залды аралап, тасалау жер іздеді. Ақыры, екінші қабатқа көтерілетін басқыштың сыртын қолайлы көрген. Қайта оралғанында, жұрттың бұнымен ісі болған жоқ. Құндызды жерге қоя берді де әлгіндегі орнына жайғасты. Жан-жағына қуыстана көз жүгірткенінде, бағанағы қыз бен жігіттің өзіне қарап, әлдене деп күлісіп отырғанын көрді. Ол ұялыңқырап, көзін аударып әкетті. Осы бір именшектікті Масат үйден шықпай тұрып-ақ сезінген еді. Әйеліне қанша айтты: «Сопайып жападан жалғыз барғаным кемпір-шалдан ұят-тағы. Жарайды, тіпті ол кісілерге айтып түсіндірерміз. Жолдағы елді қайтесің? Тамашаламай ма бәрі? Е, бейша-
ра, әйелі үйінен қуып шыққан екен, – дер. Жалғыз бармаймын, өзің
бірге жүресің!». Тұжырып, бұйыра сөйлеген.
Бәрібір жалғыз шығуға тура келді. Әйелі қанша тырысқаны-
мен, қызметтен босап шыға алмаған.
Қитығып, ызаланып аттанды. Әйелі: «Жұмыстан босатпай
қойды, қайтемін?» деп жаутаңдай бастағаннан-ақ, қолды бір сіл-
теп, жол қамына кіріскен. Бас аяғы бір сағатта жиналды. Сол
уақыт ішінде Құндызды киіндіріп, керек-жарағын сөмкеге толты-
рып жатқан әйеліне зіркілдеп, зекумен болды.
«Оу, мен саған осы итті ауылға апарып тастайық дегелі қа-
шан?» Мүлт кеткенін аңғармай қалды. Бағанадан бері жуасып, сөз
қайырмай жүрген әйелі мұндай ұрымтал тұста шалғайға жармаса
кетпесе әйел бола ма, бас салды. «Мен апармайық деген шығар-
мын? Өзіңнің әке-шешең ғой, ойбай, баға алмаймыз, біреуі де же-
тер деп азар да безер болған. Әйтпесе, жазда ауылға барғанда алып
қаламыз десе, мен қой деппін бе? Құлыным деп өліп-өшкенде сон-
дай...». Масат ашудан тұтығып барып, тұтылғанын білдірмеуге
тырысқандықтан ғана тіліне тиек тапты. «Өзіңнің әке-шешең деп,
бөлектемесең, ішің кебе ме ей сенің? Мені бағып-қағып, қолыңа
беріп отыр, енді менің балаларымның қиындығын көре берсін дей-
сің ғой!», – деп ақырып тиып тастады. Дегенмен, қадалар жерін
таппаған ашу тұншығуға айналды.
«Күйгесін айтады ғой», – деп, әйелін де аяған. Күйетін де жөн-
дері бар еді.
Үлкен қызын осыдан үш жыл бұрын, он айлығында ата-
анасының қолына берген. Немерелерін ыстық көрген кемпір-шал
бағып-қағудың ыстық-суығына көнген, әйтеуір. Осы жазда сегі-
зайлық Құндызды да қалдырмақшы болғанда шешесі:
– Мынау болса аяғы, тілі шығып, естияр болды. Өз күнін өзі
көріп жүр, бізге де қызық. Ал андағыңды қайтіп бағамыз? Қолдың
ебі кетті. Емшектен ерте айырғандарың балаға да зиян. Өстіп, ан-
да-санда әкеліп, иіскетіп тұрғандарыңа да рақмет. Сендерден көр-
меген рақатты сендердің балаларыңнан көреді деп пе едің? – деп,
сөз аяғын ренішпен қайырған...
Келіншегінің біржылдық заңды демалысы біткен соң, баланы
қоярға жер таппай қысылды. Балалар бақшасында орын жоқ, кезегі
келгенше қайда! Оның үстіне Масат қызын қазақ балалар бақша-
сына беруді тілеген. Тілі қазақша шығып, ана тілінде табиғи сөй-
лесе екен дегені еді. Бірақ ондай санаулы ғана бақшаның мүмкіндігі де шамалы. Ауылға тарта жөнелуге бір жағы әке-шешесін аяды, екінші жағынан тәп-тәтті Құндызға бауыр басып қалғандықтан, қимады. Әу бастан өздері тәрбиелегілері келген. Бұған біреулер күлетін: «Жап-жас боп, бала не керек? Қаланың жағдайын білесіңдер...» – деп жұмбақтар еді. «Өсіп-өнбе дейсің бе?» – деп Масаттың көзі қанталап шыға келетін. Енді біреулер: «Кім болса о болсын, бағамын десе, ойланбастан апарыңдар да тастаңдар. Несіне азаптанасыңдар?» – деп ақыл айтатын. «Жоқ, – деп кіжінетін Масат. – Мен баламды кім болса сол тәрбиелегенін қаламаймын!» Соңғы сөзін нығыздап, баса айтады. Ақыры, айына қырық сом төлеп, көрші әйелдердің біріне бақтырды. Екі ай сонда болды. Көздерінше Құндызды айналыптолғанып-ақ жатады, бірақ, баланың бұл үйге аяқ басқысы жоқ. «Е-е, – дейтін Масат ішінен. – Менің қызымды емес, қырық сомды айналып-толғанасың да!». Күн өткен сайын баланың әлгі үйге баруға қарсылығы күшейе берді. Сәбидің көз жасына жүректері ауырса да, күндері үшін төзіп-ақ бақты. Сөйтіп жүргендерінде әлгі әйелдің өзі «қолым тимейді, баға алмаймын» деп бас тартты. Содан кейін бұлар асығыс ауылмен сөйлесіп, ата-анасымен келіскеннен кейін, осы шешімге келген. «Қысқы жолдың қиындығы әзір біліне қойған жоқ. Ауыл іргесіне де кеп қалдық», – деп ойлады ол... Масат ойға шомып отырған кезде Құндыз томпаңдап залды аралап жүрген. Бейтаныс, беймәлім әлеммен бетпе-бет келіп, өзінше танысып жатыр. Қалғып отырған жолаушылардың әрқайсысына үңіле қарайды. Қарсы орындықта шалқалай қисайған орта жастардағы кісіге тіпті таяп келді де, шуылдаған танауын қызықтап, қолымен нұсқап көрсетіп, Масатқа бұрылды. «І-і» деп, таңданып тұрды да, өзі де көзін жұмып, танауын көкке көтере пышылдата жөнелді. Бұл кезде іштері пысып отырған жолаушылардың біразы Құндыздың қылықтарын тамашалай бастаған. Біреулер күліп жатыр. Кенеттен өзіне қадала қалған көздерден қымсынған Құндыз жалма-жан кері бұрылып, әкесіне қарай қаша жөнелгенде, сүрініп кетіп, жығылып қалды. Құрақ ұшып, Масат жеткенше таяу отырған мосқалдау еркек оны көтеріп алды да, күлімсіреп, маңдайынан сипады. Масаттың оған іші жылып, біртүрлі жақсы көріп
қалды. Күлімсіреп, ішкі ризашылығын үнсіз білдірді де, баласын орнынан алып келді. Бірақ, Алматыдан шыққалы қолдан түспеген сәби қазір аздап жүгіріп, ойнауды тілеп, бұлқына бергесін, тағы да жіберген. Қабат-қабат қалың киімнің ауырлығына қарамастан, Құндыз томпаңдап жүгіріп жүр. Кең залды емін-еркін аралап, әркімнің жүзіне үңіледі. Оған бәрі қызық, бәрі таңсық. Сәби санасына дүниенің жаңа бөлшектері сіңіп жатыр – өмірдің бір ғана сәті. Енді қайтып осынау адамдармен осылай кездеспейтіндігі де аян, бәлкім бұлардың ешқайсысын қайтып көрмейтін де шығар, келешекте кездейсоқ, кездесе қалғанда да бала оларды танымайды ғой. Иә, бұл сәт қайталанбас қас-қағым ғана. Дүниенің бәрін қалтқысыз қабылдайтын бала түйсігіне ол жекелеген сурет, ұғым ретінде емес, буалдыр, белгісіз жұмбақ тұтастық болып қонатын шығар. Тіпті осының бәрі ұмытылатыны анық, бірақ ешкімге белгісіз құпия із – әлгі бір көрініс атаулының жинақталған күйіндегі әсері бала жанында қалса керек. Әлгіндегі бейтаныс ағайдың аялы алақаны Құндыздың есінде қалмайды, бірақ сол алақан табы жүрегіне жылылық сіңіретіні сөзсіз. Ойға кеткен Масат әлгі бір мейірлі кісіге ризашылықпен тағы бір қарады да, іле-шала Құндызға көз тоқтатқан. Біраз жерді шарлап үлгерген бала бағанағы қыз бен жігітке таяп барған еді. Олар оған назар аударған жоқ. Әлде үйлеріне әрдайым осындай жас адамдар келіп жүргендіктен бе, кім білсін, әйтеуір Құндыз оларға қарап ұзақ тұрды. Содан кейін кәнігі еркелігіне басып, үйренген дағдысымен қыздың алақанын саусағымен қытықтап, «тікіл, тікіл» деп мәз болды. Қыз қолын жиып алды, жігіт баланы құлатып алмауға тырысып, абайлап, салқын сыпайылықпен кері итерді. Құндыз аң-таң, алақанын қытықтағанға тәтенің неге күлмегенін түсіне алмай жаутаңдап тұр. Бағанадан бері бәрін бағып отырған Масаттың зығырданы қайнады. Ұшып тұрып, Құндызды алып келді. «Ши барқыт шалбар киген ши бұт неме», – деп кіжінді ішінен. Содан кейін әлі де ойнағысы келіп, қикаңдаған Құңдызды алдаусыратып: «Ұқы, ұқы боламыз» деп, алдына алып отырды. Бағанадан бері жап-жас басымен бала көтеріп жүргеніне қысылғандай еді. Әсіресе, әлгі екеуінің алдында өзін тұсаулы аттай сезінген. Енді одан арылған, ерегіс пайда болыпты. Бүкіл әрекетімен: «Ал, мен баламды жақсы көремін. Сендер үшін ол ұят көрінетін де шығар, ал мен үшін...» дегенді дәлелдегісі келеді. «Бәлкім,
оларды да кінәлауға болмас», – деп ойлады тағы. «Бала көрмеген
соң, баланың не екенін білмеген соң қайтсін. Олар үшін балалы
болу – жастықты жоғалту, еркіндіктің соңы. Ай, бірақ, шыны құса-
ған түрлері жаман. Мен де жаспын. Аяққа тұсау, қолбайлау бала
менің де зықымды шығарады. Бірақ, түптің түбінде, тіршілікпен
жеме-жемге келгенде айырысқан есебің, алған ұпайың, мағыналы
ғұмыр, адамдық атың мен ұрпағың балаң емес пе? Күнделікті күй-
беңнің ұсақ-түйек беймазалығын белінен басып, бәрінен жоғары
тұратын аталық махаббатты ұғар ма олар? Бәлкім, өздері де суық
өскен шығар? Еркелеп көрмеген еркелете де білмейді!»
Ол әлгі екеуі жайлы қалай ойласа да жүрегі жақтырмай, жире-
не берді. Аяп та кетті. «Менің Құндызым сендердей бола көрме-
сін», – деп тіледі ішінен.
Қызына қарай-қарай көзі тоймайды. Әлгінде ғана вокзалдың
абыр-сабыр асығыс қимылын да, жаңғырып тұратын беймаза, то-
лассыз шуын да тамашалап, өз қимыл, өз үнін соған санасыз үй-
лестіре томпаңдап жүгірген ерке неме қазір соның бәріне бойы
үйреніп, алаңсыз, бейбіт ұйқы құшағында монтиып жатыр. Өзгеше
бір әлем, айрықша сана иесі, дүниедегінің бәрін қалтқысыз таза
қабылдап, кібіртік, күдіксіз қуана соққан сәби жүрек. Бұның, Ма-
саттың тәні мен қанынан бөлініп шығып, айлы аспан аясында
адамзат арасынан тәуелсіз тіршілік иесіне тән орнын ойып алып,
өзіндік өмір өрнегін бастаған. Рас, бөпе болып бесікке бөленген-
нен бастап, тәй-тәй қадамына, алғашқы уіл, шалықтауынан қазіргі
пәк күлкісіне дейін Масат Құндызды өзінен бөлек жан деп ұғынып
көрмепті. Көрші әйелдің үйіне апара жатқаннан-ақ қыңқылдай
бастаған Құндыз бөгделердің ортасына жалғыз тастап, артына
жалтақ-жалтақ қарап, қимай кетіп бара жатқан бұның соңынан
еңірей жылап, ұмтылатын, кешке алып қайтуға келгенінде есік
аузында жылап тұрғанын көріп, қосыла жылаудан зорға тыйыла-
тын, өзіне үздіге талпынған балапанын құшағына алып, үйіне қа-
рай безуші еді. Бірі үлкен, бірі кішкентай екеуі үйде асыр салып,
сөзге симайтын ұлы махаббат күйін кешкенде Масатқа дүниенің
бәрі осы бір шат күлкінің аясына сиып кеткендей көрінетін.
Сол сәттердің бәрінде де көз көрмес, ақыл ұқпас ұлы тұтастық-
ты жүрегімен сезінетін. Ол өзін Құндызымен біртұтас әлем ретінде
сезінумен жүрді. Басқаша сырды осы жолы ғана аңғарды...
ЯК-40 шыңылтыр аязды жара ышқынып, аспанға шаншыла атылғанда, Масат қорқып, жылайды-ау деп Құндыздың жүзіне үңілді. Үлкен, қаймағы бұзылмаған қара көздеріне үнсіз үрей тұна қалған сәби бұрын-соңды басынан кешіп көрмеген құбылысты түсінбей, түсіне алмай, жаутаңдап, әкесіне қараған күйі қата қалыпты. Көзіне қиналысқа толы сауал тұнған. «Ішің біртүрлі болып кетті-ау, құлыным», – деп, Масат оны бауырына басты. Әке құшағының таныс иісі бала көңілін тыныштандырды. Кенет санасында бір ой жарқ ете қалды. Мынау сәби өзінше қуанатын, күлетін, жылайтын, үрейленетін, бұдан бөлек өмір сүретін, өзгеше жан екендігін өзі де бұлдыр сезініп, әкесіне де ұғындырғандай... Ол қуанды да, қорықты да. Қуанғаны – өсіп-өнер, өз жолы бар өмір иесіне тіршілік бастауын беріпті. Қорыққаны – бөлінудің басы бұл. Ол терең күрсінді... Бір кезде өзі де дәл осындай қара домалақ еді. Үйдегі үлкендер күңгірт бұрышқа тығылып: «Мені тауып алыңдаршы», – деп мәз болған бұның қылығын қызықтап: «Қайдан таптық? Мәкөш қайда? Ал іздеңдер», – деп, жорта абыр-сабыр болып, аяғында зорға тапқанситын. «Бұрыш та қапқара, Мәкөш те қап-қара!» – деп күлетін бәрі. Бұл соған мәз. Үзікүзік есте қалған көріністер мұнарға айналған өткен күндердің ең қымбат, өшпес белгісіндей, қалдырған ізіндей. Қыстыгүні әкесі мал жайлауға шығып кеткенде, бұл да бірге барамын деп талпынушы еді. Қақаған боранда шешесі шығармай қойғасын, өзінше өкпелеп, жылайтын, сол кезде сырттан әкесі кіреді де: «Әлгі қайда?» деп, лас пимасымен ішке енуге именіп, босағада бөгеледі. Шаруа істеп жүргенде, кенеттен ойына құлыны түсіп кетіп, сағынып келген әкесіне бүл арсалаңдай ұмтылады. Ол көтеріп алып, мұз қырау мұртымен бұның бетін қытықтай, құшырлана иіскейді, әке бойынан аяз бен шөптің, мал мен көңнің иісі аңқиды. Масат оған жабыса түседі... Сол кезде өзі ғажайып дүние құшағында болатын. Тіршілік тартпасын, талқы-таласты білмейтін уағы: айналаның барлығын бір үлкен, таза сезім ретінде қабылдаған ерке шақ. Әлі есінде, құлынды қара биені әкесі үй маңынан ұзатпай, төбе баурайына қосақтап жіберетін. Шешесі екеуі бие саууға шыққанда, бұл да қалмайды. Қарға адым жердегі қырға шығу – үлкен бір саяхат. Көктем. Жасарып, жаңа күш ала бастаған дала. Күн ыстық. Айнала жап-жасыл. Дала үнге, әуенге толы. Аулақта пысқырынып қойып,
жайылып жүрген құлынды бие. Түсініксіз бірдеңе бұның кеудесін кернеп, төңірегіне ұзақ-ұзақ үңіледі. Әлденеге қуанып, әлденені ұға алмай, күлімсіреп, күрсінеді... Әкесі құлынды ағытып, бие иігесін кері тартады, шешесі бір тізерлеп, саууға кіріседі. Бұл құлынды төңіректеп әуре. Танауын, көзін, құлағын қызықтайды, жып-жылы, жұмсақ тұмсығына бетін тақайды, Әкесі көтеріп, құлынға мінгізеді, қолға үйренген жуас құлын жетекке ереді. Бұл мәз, бұл бақытты. Үйге қайтарда әкесінің мойнына мінеді, «шу-шулейді». Дүние, дала, ата-ана, құлын – бәрібәрі Масатты әлдилеп, тербейтіндей. Бәрі-бәрі бұнымен біртұтас секілді... Оралмас балалық шақтың бастауы көзіне осылай елестейді. Кейін тіршілікке араласа бастады: қатқылды да, қақтығысты да, балалар төбелесінен бастап, еркектер егесін де көрді. Алайда оның бәрі кейінгі қоспалар. Ал сол бір мөлдір дүние... Ата-ана, табиғат махаббатының жемісі – өзі, өз жүрегі. Әлі күнге сол балғын еркелігі қабат-қабат ой, ақыл, білім қыртыстары арасынан қылаңдап көрініп, жарыққа ұмтылатын кездері де болады. Ондайда әкешешесіне далаңдай еркелеп, аңқылдап, үлкен қызы Елікпен кемпір-шалға таласатыны да бар. Вокзалдың қатты ағаш орындығында отырып та, поезда да Масат осы бір ойлардан құтыла алмады. Құндыз да азамат-ақ – бір тәулік бойы ішкиімін бүлдірмей таза келе жатыр. Ауыстырам деп алып шыққан бір буда киімнің қажеті де болған жоқ. Бұны естісе, «Көкжалский тәрбие» деп күлер еді достары. Бір сәт осынау құйтақандай ғана жан иесін осынша шаршапшалдығып, жүдеп-жадаса да, аялап, айналып-толғанудан танбай келе жатқан жүрек сырына үңіледі. Не үшін? Ненің қарымы? Өтеуі алда, болашақта дейтін қарыз ба? Жо-жоқ... Адам болғалы қай ұл, қай қыз ата-ананың еңбегін толық ақтапты? Ақтаған емес, ақтай да алмайды. Өйткені ол өлшеусіз... Өзі ше? Дүниеге әкелді, бағып-қақты, өсірді, оқытты... Әлі күнге қабырғалы қалың елдей қолдап, сүйеп келе жатқан әкешешесіне қай еңбегі сіңді? «Құлыным, өсірдік, өндірдік. Енді міне, балаңды бағып отырмыз. Бірін де бұлдамаймыз. Өсіп, өнгенің керек. Артымызда сендер қалсаңдар – тілегіміз сол ғана», – деп еді шешесі бір жабыққан кезінде. Баласы азамат болып, ұрпағын жалғастырса, ата-ана бақыты сол. Қандай қалтқысыз, қарызсыз, дү-
ниеде теңдесі жоқ махаббат! Тірлігінде, келешекте қолы жетіп, әке-шешесіне қандай жақсылық жасамасын, ұлаң-ғайыр махаббат пен еңбектің қай үлесін қайырар дейсің. Бір ғана сәтіне, сол бір аялы алақан, мейірлі иістің өзіне құн, баға жетер ме? Соның бәрі азамат болса, солардың немересіне әке болып, өз кезегінде мейірім шуағын төге алса, өсірсе, сөйтіп ұрпағын жалғастырса ғана ақталады. Әр ата-ана өз ұрпағының үзілмеуін тілейді, оған өзін, өзінің рухын, келбетін сіңіріп, келешекке жалғастыруын мұрат тұтады. Осылай өтеусіз жалғаса беретін мәңгілік махаббат парызы. Бұл соны ұғыныпты. Ал осы бір түн қатқан беймаза жүрісті кейін Құндыз ұғар ма екен?! Түнімен жол жүріп жеткен облыс орталығынан таңғы автобусқа отырды да, бес сағатта аулының іргесінен түсті. Күн суық, боран. Түйіншектерін топтап бір қолына ұстаған күйі, Құндызды тонының өңірімен қымтап, жүгіре басып келеді... Әке-шешесі есік алдындағы құдық басында бір топ ауылдастарымен бірге мал суарып жатыр екен. Саңқ етіп сәлем берді, бәрі жалт қарасты. Шешесіне Құндызды ұстата салды, ол құшырлана иіскеді де, шалына: «Әй, мә, ұстай тұршы, әуелі өз баламды сүйіп алайын», – деп бұны құшағына қысты. «Дардай жігітіміз әлі бала екен ғой», – деп, ауылдас ағайын күліп жатыр.. Қаңтардың қақаған аязы мен жол қиындығын әуелден сезініп, тас-түйін болып аттанған Масат қажығанын жылы үйге келіп, бел шешкеннен кейін бір-ақ білді. Жолда ұйықтап, алаңсыз келген Құндыз шапқылап, ойынға кірісті. Әлгі бір әзірде келінінің келмегеніне ренжіңкіреген шешесі де енді жадырап, кең отыр. Тілі жаңадан шыға бастаған Құндыз бір кезде саусағын шошайтып, кемпір-шалды кезек нұсқады да, тәптәтті ғып «әт-тә, әп-пә» деді. «Тіліңнен-ау, тіліңнен сол» деп, қариялар құрақ ұшты. Төрт жасар Елік көз алдында атасы мен апасының басқа бір баланы айналып-толғанып жатканына төзбей, жанжал шығаруға айналды. Әуелде, «мама, бөпемді әкеп берші, мен оны ойнатып, бөлеймін», – дейді екен. Әдеттегі көп қуыршағының бірі, қалай домалатсам да көне береді деп ойласа керек. Сөйткен бөпесінің оңдайға көне қоятын сыңайы байқалмайды, домаланып, жүгіріп жүрген беймаза біреу. Келе салып Еліктің шексіз еркелігінен енші бөлісіп жатыр. Жалғыз өзі билеп-төстеуден айрылып бара жатқа-
нын сезген Елік атасы мен апасын қызғанып, қудалағысы келді. Оған көнер Құндыз жоқ, жағадан ала кетіп, тістеп, тырнап, төбелесуге айналды. Елік үлкендік жасап, күштеуге кірісіп еді, шешесі Құндызға болысып, қорғаштап қалды. Бұны өзіне опасыздық жасағандай көрген Елік жылап, мазаны кетірді. – Құлыным-ау, енді қайт дейсің бұған? – деді апасы Елікті жұбатып жатып. – Сен үлкенсің, ақылың көп, бұл болса кішкентай. Біз жыламасын деп жақсы көргенсіп, алдап жатырмыз. Сен де жақсы көр. Сен қуып жіберсең, бұл қайда барады? Бәріңнің де ұяң ғой бұл үй, бәріңе де жетеміз біз. Табиғат білдіре ме, әйтеуір қаудырлаған бейтаныс қарияларды жатырқамаған Құндыз да бауырларына кіріп барады. Осында қаларын сезсе керек, үйдің опыр-топырын шығарып, әп-сәтте сіңісіп жүре берді. Шешесі қолына алып, бетіне қарап сөйлеп қояды. – Әркімге бір жаутаңдап қайтіп жүрдің? Ботам-ай сол, алдыгүні түсіме кіріпті. Монтиып, босағадан сығалап тұр. Кірейін бе, кірмейін бе деп қаймығатын секілді. Келеді дедім, келе ғой дедім. Әлгі біреулерге бақтырдық дегенді естігенде жүрегім ауырды. Қайтіп жүр екен деп жылап аламын. Келдің, міне, келдің, құлыным, ұяңа! Мәре-сәре, мәз-мәйрам күйде олар түннің бір уағына дейін отырды... Қатты шаршағанына қарамастан Масат көпке дейін ұйықтай алмады. Ауыз үйде кемпір-шал күйбеңдеп жүр: мол, кең төсекке жаңадан келген кішкентайды орналастырумен әуре. Оның бағанадан бергісі аздай, енді төсегінен орын алғанына Елік көнбей, қиқандап: «Ан жаққа жатсын» деп, бүлік шығара бастаған. Қариялар күбір-күбір сөйлеп, алдап-сулап, бұл кезде ұйықтап қалған Құндызды жайлап орналастырды. Сәлден кейін ауызүйден тағы да тықыр естілді. Әкесі екен. – Папа, о не? – деп, дауыстады Масат. – Ә, жай, түнде сүт ішетін Еліктің әдеті... – Ойбай, мынау да оянды, – деген шешесінің даусы естілді. Ояна қойған Құндыз Еліктің сүтіне жармасты. – Мынаның сүт ішіп жатқанын қайдан біле қойды? Құр қалдым деп қызғанып, таласып жатыр. Ал, шал, енді жүр түнімен, екеуіне кезек-мезек сүт тасып, – деп күлді шешесі. Үнінен үй база-
рының көбейгеніне шүкіршілік, аналық қуаныш, мейірім аңғары-
лады.
Асығыс келген Масат ертесіне суыт аттанды. Ата-анасы құ-
шақтап сүйіп, қимастықпен шығарып салды. Бір-бірінің қолынан
ұстаған күйі кемпір-шалға сүйеніп тұрған Елік пен Құндыз бұған
жәудірей қарайды. Масаттың көңілі босады.
– Қимай барасың ба, құлыным? Жат болып кетеді деп ойлама.
Ұмытпайды сендерді, – деді шешесі...
Жол бойы Масаттың ойынан қариялар мен сәбилер кетпей
қойды. Қимайды. Ата-анасына қиын екендігін, өзінің ертең бала-
ларын сағынатынын ойласа, жүрегі сыздап қоя береді. Әйтеуір қа-
рияларға алданыш екендігі, балапандарының өзі өскен ұяда қал-
ғандығы, содан түлеп ұшатыны көңіліне жұбаныш...
Бақыттың бір үлесі Ағам Мейрамбайдың рухына Түсіне тағы да доп кірді. Үлкен стадионда, кәдімгі алаңда қызыл-жасыл киінген футболшылармен бірге жүр. Бір үлкен жарыс екен дейді. Қаптаған жұрттың шуынан құлақ тұнады. Мыңдаған дауыс бір-біріне ұласып, тұтаса келгенде құдірет үніндей естіледі. Мұнда қайдан келді, бұл ойынға кім қосты – бұлыңғыр жұмбақ. Әйтеуір, екі өкпесін қолына алып, ерсілі-қарсылы жүйткиді. Доп қай тұсқа домаласа, бұл да сол маңнан табылады. Бірақ, қуаныш, шаттықтың шыңына шыққандай көргенімен, жүрегін тарқамаған құштарлық сыздататын сияқты. Бір мезет алаң тарылып кеткендей. Жан-жағының бәрі қақпа. Ышқынып, тебейін десе, аяғы қозғалар емес. Буын-буынын әлдене буып тастағандай. Енді бір сәт қасында ешкім қалмапты. Доппен оңаша екен. Айызын қандыра бір тепкенінде, доп ғайып болып кетті. Аяғы ағашқа тиді, жаны көзіне көріне құлады... Әлгілер қайтадан пайда болды. Бұнымен ешкімнің шаруасы жоқ. Ойын қызығына құмартып, жанталаса шапқылайды. Сүйретіліп, алаңнан шығып кете барды...
Мұңайып оянғанында үзік-үзік суреттер еміс-еміс елестеді.
Шалқасынан ұзақ жатты. Әлгі елестерді қайта жаңғыртып, астарлы
сыр іздеді. Бірақ, көңіл жұбатарлық, ертеңге мегзеу боларлық еш-
теңе жоқ. Жүрегін сағыныш кернеген. Стадионда да, телевизордан
да футбол ойынын көргенде өзегін өртейтін, тарқамайтын сағы-
ныш. Бір кезде өмірінің қуанышына балаған теңбіл добы өзгелерді
үздіктіріп, көгалда зулап жүргенде күн қақтаған ағаш трибунада
мешел құсап мелшиіп отырудан басқа қайраны жоқтығына күйіне-
ді. Алаңсыз доп қуалаған бақытты күндері сондай сәттерде көз ал-
дынан кетпей қояды.
Қазір де ол терең ойға шомды. Аға бейнесі елестеді. Сонша-
лықты жақын, ыстық жанның жүзі көмескіленіп, алыстан бұлды-
рап қана көрінгендей.
Үнемі есінде жүрсе де, түсіне кірмегелі көп болыпты. Терең
күрсінді...
Ол аяғын апыл-тапыл басқаннан кейін доп құшақтап өсті. Жер
қарада қатар балалармен бірге тынымсыз қуалайтын. Күнге қақ-
талған қайыс қаралар допқа таласып, доп үшін төбелесіп, доп үс-
тінде татуласатын. Өмірдің өлшемі сияқты еді.
Бәлкім, үй алдындағы көгалдан басқа алаң барын, желі шығып
кете беретін зілдей доптан басқа доп барын кеш ұғар ма еді, кім
білсін? Бұның көзін ашқан ағасы болды. Ол жанкүйер еді. Ауылда
телевизор жоқ кез, жаман радионың құлағына жармасып, «Қайрат-
тың» ойыны жайлы репортаж тыңдайды. Сөйтіп жүріп футболдың
дүниежүзілік ойын екендігін, оған да адамдардың өз өмірін арнай-
тындығын, үлкен, әдемі алаңда теңбіл доп домалайтындығын бұ-
ған біртіндеп ұғындырған. «Қайраттың» атын тұңғыш рет естіген-
де бұл: «Аға, Қайрат деген кісінің аты ма?» – деп сұраған-ды. Ол
рахаттана күліп, «Қайрат» команданың аты екендігін айтқан. Ко-
манданың не екенін жөндеп пайымдай алмаса да, әйтеуір доп тебе-
тін бір топ адам екендігін жобалаған бұл Қайратты қазбалай берді.
«Сонда... бастығының аты ма?» «Әй, – деді ағасы, – «Қайрат» де-
ген «Қайрат». Команда! Ұқтың ба?» Бір топ адамның қалайша бір
есімге қамалып, неліктен бірдей аталатынын маңдайын қанша ты-
рыстырғанымен, түсіне алмаған, бұл кенет керемет бір болжам
айтты. «Аға, сонда командада ойнайтындардың бәрінің аты Қайрат
па?» Соншама Қайраттардың бір-бірін қалай тауып қосылғанына
қайран. Ағасы күйіп кетті. «Әй, «Қайрат» деген ко-ман-да-ның
аты! Түсінесің бе, жоқ па?» «Қайраттың» кім екендігі миына қо-
ныңқырамаса да, енді мыжи беретін болса, ағасы басқаша түсінді-
руге көшетінін аңғара қойған бұл, жақын маңда әке-шешесі көрін-
бегесін, момақан ғана басын изеген.
Ең алғаш рет ағасымен бірге репортаж тыңдағаны әлі есінде.
«Қайрат» «Зениттен» 1:2 болып ұтылып жатты. Орысша репор-
тажды дұрыс түсінбейтіндіктен аға ажарын бағумен аңысын аңдап
отырған. Репортаж жүргізуші біреу қуып келе жатқандай жан
ұшырып, «удар по воротам» деп ышқынғанда, ағасы орнынан атып
тұрып, гол болмай қалса, «ех» деп санын соғады. Оның бүкіл құш-
тарлығы бойына біртіндеп тарай бастаған бұл тағы бір удардың
тұсында орнынан атып тұрып, гол болмай қалғасын «ех» деп тізе-
сін ұрған. Ағасы қып-қызыл болып кетті де: «Мен саған көрсетер-
мін «ехты!» Біздікіне ұрайын деп жатса!» – деді долданып. Бұл
жаутаң қақты. «Мен қайдан білейін?» «Вот, бұдан былай білетін
бол, неменеге «ех» деп, неменеге демеуді. Жаңа аналардыкі ұрды.
Гол болғанда көретін ең!» – деп, сөз аяғын нығыздап қойды. Ойын
аяқталуға жақындаған сайын ағасының мазасы кетті. Әйтеуір, біт-
ті-ау дегенде Вадим Степанов доп соғып, есепті теңестіріп берді.
Сондағы ағасының қуанғаны әлі күнге көз алдында. Орнынан
«алақайлап» ұшып тұрғанда, бұл да қалыспады. Екеуі құшақтасып
алып, үй ішінде асыр салды. Қойқаңдап жүрген ұлдарын көргенде
шешесі шошынып, «пісмілла» дей берді, ағасы: «Мама, «Қайрат»
гол соқты!» – деп шаттана дауыстады. Ауызүйде шай ішіп отыр-
ғандар тегіс бұларға қарап қалған, ал екеуі ойын соңынан берілген
салтанатты футбол маршының ырғағымен үйді кезіп, жүгіріп тұр.
Бұл сонда өзін жасыл алаңға тұңғыш рет шыққандай сезінген.
Осыдан бастап футбол десе, ұйқы-күлкіні ұмытатын жанкүй-
ерге айналды. Ойын болатын күні радионың қасынан шықпайтын.
«Қайрат» ойнайтын күн ең бақытты күн саналатын, ал ойнамайтын
күндердің барлығы жақсылықты, қуанышты тосу мерзімі ғана.
«Қайрат» жеңсе, өзінен-өзі қоқиланып, қоразданып жүретін, ал
жеңіліп қалса, әлденеден алданғандай жабырқап, жасып қалатын.
Талай рет репортаж тыңдаймын деп, табынның алдынан кеш шы-
ғып, түн жарымына дейін сиыр іздеді.
Қай команда өткір, қайсы жасық, қай футболшы ұшқыр, қай-
сысы шабан – бәрін жадына тоқып, қарсы көшенің балаларымен
дауласатын да жататын. Комментатордың сөздерін түгел жаттап
алған, соның ізімен дауыстап репортаж жүргізіп, қиялымен «Қай-
ратқа» кез келген команданы қирата жығып беретін. Бір-екі рет
ұйқысынан «гол» деп, ұрандай оянды.
Есейе келе әуелдегі балаң махаббат арманға айналды. Кім бо-
ласың деп сұрағандарға ойланбастан «футболшы боламын» деп
сарт еткізетін. Репортаж тыңдағанда, «Қайрат» ұтылып, жігерсіз
әдетімен гол соға алмай қиналып жатса, кіжініп: «Қап, бәлем, мен
болсам көрсетер ем!» – деп елеурейтін. «Уау, дегенің! Радионың
ішіне кіріп кетер ме екен!» – дейтін әкесі. Әуелде оның «футбол-
шы боламын» дегеніне күле қарайтын шеше мінезінде біртіндеп
өзгеріс пайда болды. Енді ол бұны доп ойнауға жібермеуге тыры-
сып, ұрсатынды шығарды. Кейде ақылмен алмақ болып, үгіттеп те
қояды.
– Ботам, ботболшік боламын дегеніңді қой. «Доп ойнаған –
азар» деген аталарың. Ботболшік болып, мұратына жетті дегенді
туғалы естіген емеспіз. Тұқымыңда жын қуған жан жоқ. Сен де
бізді ондай атқа қалдырма. Жай ойнап, көңіл көтеруіңе қарсы
емеспін, бірақ қартайғанша екі өкпеңді қолыңа алып, доптың со-
ңынан салпақтаймын деуің жарамайды. Жүгіре бергенге жан шы-
дай ма? Қазір де бойыңды тартып, байқап ойна. Сен болсаң, бас-
көз демей түсіп кетесің. Кім біледі, жазым деген табан астынан...
Футболдың маңыз-пайдасын түсіндіруге тырысып көріп еді,
ондай нәрселер тосын естілетін ана құлағына сіңе қоймағасын, қо-
лын бір-ақ сілтеп, добын құшақтап тайып тұрды, ал ашуланған
шешесі: «Оңбаған неме, біреу әлгі ботси ма, котси ма (баласынан
естіген жаңа сөзі), темір бәтеңкемен бір теуіп, аяғыңды сындырса
қайтесің? Сорымызды қайнатайын деп жүр екенсің!» – деп айқай-
лап қала берген.
Кім ен салып, енші бергені белгісіз, бұлар тұратын кішкене қа-
ла «Бұлақ басы», «Шаңқай», «Капай», «Жөке аяқ», «Қазауыл» се-
кілді бірнеше «өлкеге» бөлінген. «Өлке» мен «өлке» жыл сайын
екі-үш рет футбол ойнаушы еді. Сондай ойындарға зорға қашып
шығатын. Үйдің айналасындағы жерді өңдеу, қи ою, қора-
қопсыны жөндеу секілді жұмыстарға қарамастан безеді. Базары тез
тарқағандай, құмары қанбай оралғанында әке-шешесі бұның доп
ойнап келгенін сезе қояды. Шешесі алыстан орағытып, допқа тиісе
бастайды. Сондай бір әңгімелердің үстінде, мүлт жіберген сәттерін
күйініп, жұқарып отырған бұл: «Футболшы болғызбасаң, басқа
ешкім де болмаймын», – деп кесіп салды. Шешесі бетін шымшып, қатты күйзелген. Осы кезде Алматыда оқып жүрген ағасы каникулға келген-ді. Футбол дауы соның алдына да тартылды. Ағасы күліп: – Ой, мама-ай, оған несіне ренжисіз? Боламын десе, болсын. Пеле де осындай қара сирақтардан шыққан! – деді. Одан әрі футболдың да адамды бақытты ете алатындығы әңгімеленді. Астанада оқып жүрген ұлын бірдеңенің парқын түсінеді деп есептейтін ана иліккендей сыңай танытса да, «қайдам», – деп күмілжіген. Дегенмен, футболға деген құштарлығы ана қарсылығын жеңіп, белең ала бастаған кез еді. Сол жылы, жетінші класс бітіргеннен кейін, балалар спорт мектебіне жазылды. Айтқанды тез ұғатын зеректігімен жаттықтырушының көзіне бірден түсті. Ойыны да ұшталып, мазасыз жұмыр допты бақайының басында билете бастаған. Дәл осы жылы ауданның құрама командасы облыстық жарысқа баратын болды. Команда құрамына бұл да іліккен. Үлкен жолға шығудың басы екенін іштей сезініп, кәдімгідей марқайып қалды. Шешесі әуелде үзілді-кесілді карсы шықты. Ақыры, әупірімдеп келісімін алып еді. – Қайтейін, – деген ол қамығып... – Алған бетіңнен қайтар түрің жоқ... Барып кел. Бір нәрсе тартып тұр ғой. Бағың ба, сорың ба, Алла біледі. Әй, допта қайбір бақ болушы еді?! Анасының ризашылығын бергеніне қуанса да, (жібермесе қашып кетемін деген) осынша жүдеп, таусыла сөйлегенінен тіксініп еді сонда. Жүрегін аяныш кернеп, «бармай-ақ қойсам қайтеді» деп бір оқталды, бірақ құлағына доптың дүбірі келгенде бәрін де ұмытты. Ертеңіне шешесі көрші үйлердің біріне киіз басуға кетті де, бұл сандықтан «Туу туралы куәлігін» алып, далаға шықты, Стадионға сағат үште баруы керек, қазір әлі он екі болған жоқ. Уақыт қалай баяу өтеді, әлі үш сағат сарыла күтуі керек. Босқа өтетін, қызық-қуанышы, добы жоқ үш сағат. Бұған сол кезде өмірдің бәрі доппен, доп ойнаған уақытпен өлшенетіндей болып көрінетін, футболсыз сәттердің барлығы екі тайм арасындағы үзіліс тәрізді. Ол қарсы көшеге шығып, балалар жиі жиналатын Тілеубай ақсақал үйінің көлеңкесіне, үйілген бөренелердің үстіне жайғасты. Кенет дүр етіп шарбақ ішіне иірілген қойлар үрікті. Елең етіп,
жан-жағына қараса, ақ сұр «Волга» ұры тазы секілді сып етіп, қыл-
тадан шығып келе жатыр екен. Көрмей жүрген машина емес, қай-
тып назар аударған жоқ. Қойлар дүркірегенде, лүпілдеп кеткен
жүрегі орнына түсті.
Әлгі «Волга» бұлардың көшесіне кіріп көрінбей кеткен еді, сол
жақтан үш бала бері жүгірді. Біреуі өзінің немере ағасы, ол бұған
тоқтамай, шешесі кеткен үйге қарай өте шықты да, екеуі бұның
қасына келді.
Ұзын бойлы сіріңке қара бала «айтамыз ба» дегендей, қасын-
дағы аққұба жолдасына қарады. Анау күмілжіп, басын шайқады.
Жүзі жұмбаққа толы.
– Ей, айт! Неменені жасырып тұрсың!? – деп қадалды бұл.
Осы кезде көшеге шешесі жүгіріп шықты. Шашы жалбырап
кеткен.
– Әй, мә, мынаны оқышы. Не дейді, өліп қапты дей ме? – деді
ол бір жапырақ қағазды ұсына беріп. Телеграмма!
Дәнеңеге түсінбеген қалпы қолына алып қарай бастады. Бас
жағы ұзақ сонар адрес. Әкесінің атына. «Ваш сын погиб. Вылетай-
те срочно». Не дейді! Ағасы!
Өз көзіне өзі сенбей, қайта оқыды. Тасқа басылған суық әріп-
тер бедірейіп қалған. Көңілге қарап, жұбатуды білмей, «қаза бол-
ды» деп қойып қалып, қасарып тұр.
Бейбіт өмірден арыла алмай тұрған бейбіт көңілі сұмдық сы-
рын енді сезінген бұл еңіреп қоя берді.
Ауыл у-шу, абыр-сабыр. Біреулер шешесін қолтықтап жүр.
Зарлы жоқтау жүрек жарады.
Қаралы қаза туралы хабар кең далаға жай оғындай жылдам та-
рады. Жан-жақтан туған-туысқандар жиылды. Алыста, Алматыда
қаза болған азаматтың сүйегін атамекенге әкеліп қою үшін әкесі
касына кісі алып, суыт аттанды.
Телеграмма келген күні-ақ анасы жылап-жылап, есі кірген бір
уақта бұны қасына шақырған. Аналы-балалы екеуі құшақтасып
тағы жылады. Біраздан соң бұның көз жасын алақанымен аялай
сүртіп, маңдайынан иіскеп отырып, шешесі былай деді:
– Ботам, енді ботболшік болмайсың ба?
Ол үндеген жоқ. Әуелде шешесінің қайғы үстінде айтқан сөзі-
нен тіксініп, қатты шошынды. Жүйрік көңілі тез ұқты, анасы дәл
қазір, кешеуілдетпей, бір ұлынан айырылып отырғанда, екінші
ұлын сақтап қалуды көздейді. Бірақ футбол ажал емес қой! Сонша неге қадалды? Сөз салмағын аңдап отыр – не футбол, не анасының жаралы жүрегіне шипа болу. Қайтпас, қасарысқан қас шешім бола қоймас деп, дал болып бөгеліп қалды. – Ботам, неге үндемейсің? Сен маған адам боламын, ботболшік болмаймын деген антыңды бер. Құлыным, осы қазір айт! Неге үндемейсің? Бір тілегімді бермейін деп отырсың ба, ойбай! Анасы аңырап қоя берді. Ол өзін-өзі ұстай алмай, шешесін құшақтай еңіреді. «Мама, қойшы! Болмаймын, болмаймын!..». «Футболшы» деген сөзді айта алмаған ол ышқынған дауысымен бірге жүрегінде әлдененің үзіліп кеткенін сезді... Далаға шыққанында күн шайдай ашық екен. Бірақ, бұл үшін бәрі бос, бәрі түнек. Бүкіл дүниені жылап-сықтау қаптап кеткен сияқты – барлық нәрсе мәнінен айрылған. Мең-зең күйде есік алдында ұзақ отырды. Көз алдынан ағасы кетер емес. Оның кеудесін шалқақ ұстап, еркін жүретіндігі, кесек сөйлейтін ірілігі қысқа тіршіліктің сан тарау жолдарында сайрап жатқандай. Кеңкілдеген күлкісі құлағына келеді, кітапханадан алып келген қызық кітапты таласып оқығаны елестейді. Кешкілік кинодан келген соң, бұған майын тамызып әңгімелейтіні де есінде. Бар дүние дәл қазір ағасына тіреліп қалғандай, басқаның бәрі әлдеқайда жоғалып, тек қана аға бейнесі жеке-дара көкейде тұр. Оның өзі де айқын емес: барша қасиеті бас біріктіріп, тірі тұлғаға айналмай, бір-ақ сәтте таласа, сығылыса лықсып келіп, кезек-кезек қылаң етіп, жоқ болатын бұлыңғырлау бейне. Жол-жол бұлшық еттерін иіріп тастап, штанга көтергені көзіне елестегенде, соншалықты асыл, күшті адамның қайтіп қаза болуы мүмкін деген ой жанын жегідей жейді. Дүлей түнекке кетерде ең соңғы сәтте не ойлады екен? Соңғы сөзін бұған арнағысы келген шығар, әлде көмекке шақырды ма? Бұл болса мында, доптың соңында алаңсыз мәз болып, шапқылап жүріпті... Екі қолымен бетін басып еңіреп жылады. «Өлмеші, ағатай! Тірі болшы, тірі болшы! Мені қайтіп қиып кеттің, ағажан!» Өксігі басылғанда, басын көтеріп, жан-жағына қараса, өзімен бірге ойнайтын жолдасы жүгіріп келе жатыр екен. – Сені шақырып жатыр, тез, – деді аптығып. Бұл селт етпеді. – Қазір бара алмасаң, метіркеңді беріп жібер. Бүгіннен қалса бітті, – деді анау бастырмалатып.
Ағасының өлімі туралы хабар жалған болса ғой деген тілек та-
ғы да лап етті.
– Мен... бара алмайтын шығармын, – деді ол тістене сыбырлап.
Бетін моншақтаған жас жуып кетті. Ұзап бара жатқан досының
соңынан қарап тұрып, ол өзінің арманымен қоштасқандай болды...
Ағасы суға кетіпті. Бес күн дегенде денесін алып келді. Бір күн
туған үйі – ұясына түнетіп, ертеңіне жуып, арулап қойды.
Зират басына келгенде бұл бұлдыр бір халде болатын. Осы сәт
біреу «кетті, кетті» деді ышқынып. Басын көтерсе, қабір басында
молдаға атауға алып келген қара тоқты босап кетіп, құла дүзге бе-
зіп барады екен. Ол «ұста, ұста» деп айқай салып, тұра жүгірді.
Неге жүгіргенін де білмейді, әйтеуір ағасының басына әкелінген
малдың қашып кеткеніне күйінді. Малдың арналған адамына та-
быс етілуі – ағасына деген қолдан келер жалғыз құрмет секілді кө-
рінді оған.
Есін жиғанда кең далада қара тоқтының соңынан зулап келеді
екен. Басқа балаларды басып озыпты, алдында жалғыз қара тоқты
ғана. Ағасына құрбан етер малды өзге емес, өзі ғана ұстап әкелуге
тиіс сияқты. Барын салып, бүгіліп, ұшып келеді.
Кенет оған көделі дала кең алаңдай көрінді. Зымырап бара
жатқан қара тоқты әлдекім қатты теуіп жіберген доп сияқты. Бұл
сытылып оңаша шыққан, қазір жетеді, қазір...
Қара доптың екпіні бәсеңдер емес. Бұл да өкпесінің өшкеніне
қарамай, алқынып, жанын салды. Тұла бойын тер басты. Қазір ол
бар қайғысын ұмытқандай – алдында доп.
Міне, жетті. Атылып кеткенінде тоқтының аяғын қармаған
сияқты еді, басы жерге соғылды. Есін жиғанында қара тоқты әлде-
қайда безіп барады екен. Жатқан жерінен тұрмай, көдені құшақтап
ұзақ жылады.
Тоқтыны өзге балалар ұстап әкелді...
Содан кейін жан-дүниесі құлазып, мең-зең халде ұзақ күндер
өткізді. Ағасының үші, жетісі, қырқы берілді, қайғыға ортақ қалың
көпшілік тарады. Өздері мен өздері оңаша қалғанда тағдырдың
кездейсоқ соққысының салмағын тағы да айқын сезініп, әкесі, ше-
шесі және өзге бауырлары қосыла күрсінетін.
Күндер өткен сайын алғашқыда естерінен айырған соққы зар-
дабынан айыққандай болып, өздеріне өздері келе бастады. Тірі
тірлігін істеп, өмірге араласты.
Ол стадион жаққа қанша қарамауға тырысса да, еркінен тыс соқыр күш сол жаққа тартатын да тұратын. Ақыры бір күні, көзге түспей тайып отырды. Стадионда балалар асыр салып доп қуалап жүр. Бұны көріп қуанып қалған жаттықтырушы, жағдайды естіген екен, әңгімені көп созбай, ойынға қосты. Үстіне қызыл футболка, ақ труси киіп, жасыл алаңға шыға келгенде, әнеугіден бері жүрегін езген қайғысы жеңілдеп кеткендей сезінді. Ойын басталып та кетті. Өз қимылының сылбыр екенін әуелде байқаған жоқ. Бірнеше рет ұрымтал жерден ұрған добы мүлт кетті. Аяғына жем түскен аттай бұрынғы екпінінен айырылған. Қалай жүгірсе де әлдене жауырынына мұздай қадалып, тежей беретін секілді. Бір уақытта жалт бұрылып, артына қараған. Көзіне бірден түскені – төбе басындағы зират болды. Қалың зират жер астынан шыға келгендей, биік төбе басында андыздап тұр. Төбенің жоғарғы жағындағы жас қабір көзіне оттай басылды. Төңірегінде қым-қуыт ойын жүріп жатыр, зуылдаған доп алаңның екі шетіне кезек ауысады. Зымыраған балалар, құшырлана шыққан үндер... Күн нұры да шақырайған өткір емес, мейірімін төгіп, елжірей қалған. Жасыл алаң жалт-жұлт етеді. Шөбі қурай бастаған оқшау төбе басында молалар мүлгиді... Молалар үнсіз... Көп сырды бойына жасырып жатыр. Көне қабірлердің күмбездері құлап, құлпытасы қисайған, ал анау ең жаңа аға қабірі әлдебір құпия сырға бөгіп, бір сәтке үнсіз кідіргені болмаса, қазір жылжып жүре беретін тәрізді... Жүрегінің соғуы тоқтап қалғандай қалшиып тұрған ол қалшылдап кетті. Күнге қураған сары төбе басындағы қалың зират қабағын түйіп, мұңайып, бұған, мына доп қуалаған алаңсыз жандарға қызыға, қызғана қарайтындай. Ол жүрегінің қысып бара жатқанын сезді. Сол жерде өлім дегеннің не екенін ұқты. Өлім – меңіреу төбе басында қу мола болып меңіреу халде қалу екен. Ағасы қазір ештеңені көрмейді, сезінбейді, білмейді. Бағанағы көңілін түйнеген түйінді ол осы арада шешкендей болды. Ал егер бұның доп қуалап жүргенін біліп жатса ше?
Денесі түршігіп, суық тер бұрқ етті. Дәл осы мезетте аяғына доп тиді. Сілкініп, іле алға тартты. Бірақ, аяғы ырқына көнбей, шалынып құлағанда, доп алыстап кетті. Орнынан тұрғанда да желкесінен әлдекімнің көзі қадалды да тұрды. Көпке дейін бұрылып қарауға дәті шыдамады. Бұрылып қарағанында баяғы меңіреу молалар мүлгіген қалыптарынан жазбапты. Өз-өзінен түңілді. Оған мына у-шу, шаттық, стадион ішінде салтанат құрған тіршілік қуанышы өлгендердің алдында кердең қағып, табалағандай болып көрінді. Өлілер дәрменсіз... Ағасы да бұған баяғыдай балға жұдырығын білей алмайды. Қара жерге симай, қабірін қаусатқысы келіп жатыр ма? Әлде, бірге туған бауыры доп қуалап, мәз болып жүргеніне назаланып, бір аунап түсті ме? Анасына берген, өзінің аруағының үстінде берген антын бұзған бұған нәлет жаудыра ма? Қайтеді? Жараланып, жұқарған жүйкесі санасынан тыс ойларға бастай береді. Көзінен парлап аққан жасы жасыл алаңға ұшып түсті, тері сіңген жерге көз жасы да тамды. Жан ұшырып, жынданған адамша жүйткіп жүр. Ал өзі сол сәтте желкесімен, жүрегімен, бар болмысымен ағасының өзіне қарап тұрғанын сезді. Баяғы тірі кезіндегі қалпы, қабіріне орнатылған күмбезіне шығып, қарап отыр. Көзіне он тоғызда қыршын кеткен жас арманның қасірет, мұңы тұнған. Ол жанарын бейбіт өмірге, бір кезде өзі доп қуалаған алаңға, бұған тігіп, қабағын түйе ойға шомған тұнжыр қалпында мәңгілік қатып қалған сияқты... Үзіліске бұлар ұтылып шықты. Жаттықтырушы ренжіп жүр. Әркімге кеңесін айтып келді де, бұған: – Нашар ойнадың... Нашар. Күткен жоқ едім, – деді. Бұл үнтүнсіз шешінді де, өз киімдерін киіп, кете берді. Содан қайтып стадионға оралған жоқ... ... Төсектен тұрмай ұзақ жатты. Таңғы тыныштық жандүниесіне тұңғиық тазалық құятындай. Бірақ, көкіректе тыншу жоқ, байсалды ғана бұлқыныс бар. Алыста қалған балалық шақтың өшпес суреттері тұтасып келіп, көз алдынан кетер емес. Асыл аға тұлғасы жүрегінде. Бала кезде беріле ойнаған доп қызығы жүрегінде. Ол тағы да күрсінді. Жоқ, өзін ешқашан да бақытсыз сорлы сезінген емес. Алайда қаза болған қимас адамымен бірге бақытының бір үлесі мәңгіге жоғалыпты...
Біреудіңшаруасы Есепші жігіт Есенжол бүгін көңілді, аяңдап келе жатып, ыңылдап қояды. Жиреннің тізгінін бос тастап, тік отыр. Екі көзі толқып жатқан егінде. Бір сәт қиыр шетке, көкжиекке қадалады. Өз өміріне анда-санда бір көз жіберіп, ой таразысына тартатын әдеті бар еді. Өткен күнде белгі жоқ дейді ғой, неге болмасын. Көзбен көріп, қолмен ұстауға келмейтін, бірақ сана мен жүректе сайрап жатқан кешегі күндер әсері беймәлім дерексіздік емес, адам ғұмырының тарихы, қазіргі тіршілігінің бастау, негізі де сонда. Бұралаң бұрылысына үңіле қараған сайын бүгінгі бағыт, бағдарын тексергендей болады. Есенжол көңілінің жай тауып, мынау сыбдырлай толқыған егін тәрізді бейбіт күй кешу сәті осындай таразыдан таза шыққанда ғана туатын. Бүгін де сондай, ұсақ-түйек қателіктерін, андасанда жолдастарымен қосылып, жұмыстан кейін «жұтып» қойып, үйіне кештеу оралатынын, әлденеге наразы болса, қызбалыққа салынатынын қоспағанда, басқа жағына көңілі толады. Басынан сөз асырып көрмепті, ешкімді басынған да емес, қулық, аярлығы тағы жоқ. Рас, оқи алмай қалды, жағдайға байланысты әзірге ауыр жұмыс істеуге болмайды, әйтпесе, қазір бір комбайнды арқыратып жүрер еді ғой. Бірақ, аманшылық болса, оны келешекте ауыздықтамақ. Совхоз есепшілікті бұған сеніп тапсырып отыр. Кім қанша еңбек сіңірді, кімге қанша тиесілі – бұны есептеу оңай емес. Әңгіме тек есепшоттың тасына ғана тірелсе бір сәрі-ақ, бұл арада кейкейде ағайыншылық, жолдастық қарым-қатынастардың да қосылып кететіні бар. Есенжол табиғатынан есептескенді жек көретін, елдің бәрі өз міндетін адал атқарып, өзіне тиесілі ақыны қомсынбауға тиіс деп ойлайтын. Бақса, олай болмай тұр. Сондықтан да, бұл істе жіті көз, таза ар керек. Есенжолды жұрт, жалпы, жақсы көреді; ұнатыңқырамай да қалатыны бар. Ұнатыңқырамай қалатыны – жайшылықта ақкөңіл, салдырлаған жігіт есепке келгенде есепшоттың тасына айналады, өмірі біреуге титімдей артық жазып, «жақсылық» жасап көрген емес. Жоспарың күйіп бара ма, ақшаң азая ма, шаруасы жоқ. Алайда, кейде екі, үш, төрт жоспар орындадың ба, ақшаны маялап аласың ба, тағы сол; тырсылдатып тұп-тура есептейді де, қарап отырады. Сондықтан, бәсекелестердің
де жаны тыныш, қарсыласының еңбегін өсіріп жазбайтынына көздері жетеді. Өзін-өзі осылай бағалап, риза көңілмен әндетіп келе жатқан Есенжол қосқа қалай жеткенін де байқамай қалды. Бұл өзі ұзынша келген, бірнеше бөлмелі шым үй болатын, қос деп қазақыландырып атайды. Бір жағы асхана, бір жағы қызыл бұрыш, ортада жатын орын. Қос басында еш қара көрінбейді, қаңтарулы комбайндардың да қасында жан жоқ. Атын байлай салып, жатын бөлмеге кірді. Бөлмеде комбайншы Қабиболла жападан-жалғыз отыр екен. Көңілсіз. – Иә, хал қалай? – деді еркін сөйлейтін Есенжол екпіндеп. – Бас терің салбырап кетіпті ғой. Қабиболла амандаспады. Ұнжырғасы түскен күйі бұған біртүрлі селсоқ қарады. Бұрын қалжыңдаса кететін жолдасының бұл кейпіне Есенжол таңырқап қалса да, пәлендей мән берген жоқ. «Кеше кешкілік көп ішіп қойғансың ғой» деп түйді ішінен. – Ішің пысқан ғой, жолдас комбайншы. Білем, білем, жұмыс қиын. Бірақ, уақытша ғой, өзің де білесің. Орақ біткен соң бір ұйқыны сойып, гөләйтті соғарсың. Ал қазір... Күн ұзақ, салбырап отырғанша, ана комбайныңды бітірмейсің бе? Әлде, қыз-келіншек пен салқын сыра жетіспей тұр ма? – Әй, кетші... – деп күңк етті Қабиболла. – Кісі ақшасын жоғалтып, күйіп отырса... – Е-е, аздап іш десе болмайсыңдар... Ең болмаса, бір бөтелкең де бұйырмай кетті-ау, – деп, өкінген болды Есенжол, бұлардың ақша алғанын есіне түсіріп. – Кепкен бөшке құсап, құрсауың босап, қаңсып отырсың ғой, ә? Ол шын жаны ашыған кейіппен Қабиболланың қасына отырып, иығынан қағып қойды. – Саспа, Қабеке, құлағыңды қимылдатсаң болды, кешке бас жазарың дайын. – Сен-ақ осы... Қабиболла түнере түсті. – Адам өлейін деп отырса... Ойнағың келіп, ұшып-қонып тұрады екенсің... – Күлмегенде, жылаймыз ба? Ақша жоғалтып, топсасы босап, қаусап тұрған мен емес қой! Есенжол жолдасының жынына тигеніне риза. – Ештеңе етпейді, Қабеке, қам жеме. Көп болса, бір-екі жүз шығар. Ертең үй басы бір сомнан помыш жинасақ, бас жазуға да артылып қалады. – Әй, саған дауа болмас! – деп Қабиболла шын күйініп, түңілген пішінмен теріс қарады.
Тағы бірдеңені мыжуға оқтала берген Есенжолдың көзі Қабиболлаға түсіп кетті де, өзгеріп сала берді. – Оу, шынымен-ақ мәнісің кетіп қалыпты ғой. Не болды? Айтсаңшы... Есенжолдың бетіне барлай қарап, оның шын ниетімен айтқанына көзі жетті ме, әлде жападан-жалғыз іш құса болып отырғандықтан, мұңын шаққысы келді ме, әйтеуір Қабиболла ара-тұра кіжініп қойып, болған оқиғаны баяндап берді. Бағана түс ауа совхоздан кассир келген. Асығыс шаруалары бар екен, «сен кеңсеге келгенше күтер жайым жоқ, кейін жуарсың» деп, айлығын беріп кетіпті. Қабиболла қалтасына салып алып, қала берген. Содан қос басында тұрған комбайнын шұқылады, әрі-бері жүрді, сол уақыттың бәрінде де ақша салынған жан қалтасын сипалаудан бір танған емес. Анда-санда суырып алып, қарап та қояды. Бір ауық қосқа кіріп демалады, кітап оқып жатып қалғып кеткен, бірақ, ұйқылы-ояу күйінде де қалтасына қолын қайта-қайта жүгіртіп, қармалана берген тәрізді. Бір кезде оянып кетеді, оянып кеткенде ең алдымен есіне ақша түседі, жалма-жан қалтасын караса... жоқ! Көңілі секем алса да, онша саса қоймаған ол екінші калтасын қарайды – ол да бос. Барлық қалталарын ақтарады, таппайды. Зәресі ұшып, жүрегі аузына тығылады. Осыны айтқан кезде Қабиболланың өңі бір қызарып, бір сұрланды. – Ұзын-сөздің қысқасы, қарамаған жерім қалмады. Ақша жоқ! Қабиболланың сөзін тұнжырай тыңдаған Есенжолдың оған шынымен жаны ашыды. – Ау, сен дұрыстап ойланып, есіңе түсірші. Төсекке жатқаныңда бар еді ғой. Ұйқылы-ояу бір жерге тыға салған жоқпысың? – Бәрін қарадым... Қайда кетуші еді? Есенжол енді оған назар аудармастан, орнынан ұшып тұрды да, жалма-жан төсекті ақтармалап, қарай бастады. Тауып алып тәлкек етпек те ойы бар. Әбден күдерін үзген Қабиболла орнынан қозғалған жоқ. Май-май, зілдей қалың костюмін тоңған адамша қаусырына береді. Есенжол алғашқы қарқынмен көрші төсектерді де қопарып тастады, өзінің тез-ақ тауып аларына сенімі сейілген соң ғана сабасына түсті. – Тапа-тал түсте... Ол басын шайқады. – Осы ауылда туыпөстік, біреудің бір сабақ жібі жоғалғанын естіген де емеспіз. Енді қайттік?
– Қайтушы едім, шыдаймын-дағы. Қабиболла қаншама қайраттанып, қатқыл айтса да, көңіл қобалжуын жасыра алмай, босаңсығанын байқатады, – Атаңа нәлетті алып нем бар еді! Мойынға керексіз қамыт киюге құмармыз. Бұндай боларын білсем... Қайдан білейін... әйелімді қуантып, біраз бұлданғансып, бедел көтерейін, арағын ішейін дегем ғой. Келетін еді ғой екі-үш күннен кейін кассирі құрғыр. Жолынан қалмасын деп... – Қой, таусылма. Көп болып, бір амалын табармыз! Кім біледі... – Сырттан дабыр-дұбыр дауыс естілді де, топырлап бір топ адам кіріп келді. Көрші бригадада істейтін ауылдас жігіттер. Көңілді көрінеді. – Мәссаған, – деді, арсаландай жеткен Бәйкен. – Басымыз қосылды деген осы. Әншейінде іздесең таптырмайды. Бүгін жолымыз болған екен. Жігіттер, бүгін қуанышты күн – Марат бәйге алды. Дүние күйсе, күйіп кетсін, отырайықшы бір. Әй, Марат, әкелсейші. Бол, бол... Әкесінің ауызын... Аузын толтырып, айызын қандыра бір боқтады. Дар-дар күледі. Қасындағылары да мәз. Марат сыртқа, машинаға жүгірді. – Қасеке, мынаны жайғап жіберіңіз. Марат қолма-қол орамалын төсеп, газетке оралған нан мен пиязды ортаға қойды. Қасекесі бөтелкенің тығынын тісімен қыршып алып, шырт еткізіп түкіріп тастады. – Ал, келіңдер, жігіттер. Күнде кездесіп жатқан жоқпыз. Андасанда осылай болып тұрмаса қиын. Ау, сендер мүлде... Есепші бауырым, сен ойлама... Біз бүгін жұмысты әдейі сәл ертерек бітірдік. Бірақ жоспар... Ол жағы, бізде қашан да артығымен. Білем, білем әуелі жұмыс, сосын гуләйт. Оны ешқашан ұмытпаймыз. Стақанын жалақтатып, Бәйкен билеп-төстей сөйледі. – Ауылдаспыз. Әркімнің өз жөні, жұмысы бар дегендей... Біреудің біреуге бөліп берері жоқ. Бәрі көңіл ғой. Бір-бірімізді сыйласақ, одан артық не керек! Әңгіме көңілде. Көңіл түзу болсын! Есенжол есепші болғанымен, есепшіл емес еді. Мынаның шалқыған сөзін тасырлық көрмей, жарасымды еркіндікке балап, іштей риза болып қалды. «Бұндай жігіттермен араласу жанға жайлы, – деп ойлады ол. – Өздеріне де, өзгеге де рақат сыйлай біледі». Бірақ, бұрынғы әдетімен еліге қоймады, Қабиболланың жайы жаны-
на маза бермей тұр. Ал, ол болса бағанадан бері бейтарап халде селсоқ отырған. – Ау, сендер сәпсім кислыйсындар ғой?! – деді, бұлардың тоңторыс қабағын енді байқаған Бәйкен. Қабиболла үндеген жоқ, жаңадан келгендердің бәрі аңырайып бұған қарады. Есенжол аптығып, болған оқиғаны баяндап берді. Бәрі бір мезет үнсіз іркілді. Ашылған бөтелке, мөп-мөлдір стақан ескерусіз қалғандай. Бәрі де осы бір қолайсыздықтың үстінен шыққандарына, аңқылдап келгендегі құштарлықтарының тарқамай қалатынына өкінгендей. Әр жерде состиып-состиып, үркіңкіреп тұр. – Мәссаған! – деді Бәйкен біраздан соң. – Енді не істейміз? – деді Марат. Үнінен біреу күйініп отырғанда, өзінің қуанып жүргеніне қуыстанғандық байқалады. Бір жағы әлгіндегі шалқыған күйден әлі арыла қоймаған оның бұл сұрағы «ішеміз бе, қайтеміз?» дегендей естілді. Есенжол кекете мырс етті. – Дұрыстап іздедіңдер ме өзі? – деп сұрады Бәйкен. – Иә, айтпақшы, сен ақша алғанда қос басында біреулер бар ма еді? Бағанадан бері Есенжолдың есіне де келмеген сұрау тауып қойылған еді. Енді бәрі бірдей Қабиболлаға жалт қарасты. Ол күмілжіді, жауап салмағының қайда түсерін іштей аңғарып отыр. Қазір біреудің атын атаса, содан күдіктенетіндей көрінері аян, шындығына келгенде, көңілін күдік әлдеқашан шырмап алған болатын. Тап басып, табан тіремей тұрып, майысқақтауды жөн көрмей, бағана Есенжолға да ештеңе деген жоқ. Күдік құрты жанын жегідей жеп, маза бермей бара жатса да шыдап бақты. Бірақ, өзімен бірге қос басында комбайнын жөндеп жүрген Мақан көз алдынан кетер емес. Оның балпаңдаған жүрісі, көзі, сөзі – бәрі де ұрлық айғағы секілденіп, сүйкімсіз елестейді. «Әй, сенен келді-ау!» – деп қояды ішінен, алайда дәйексіз күдік қолға ұстатпай суси береді. – Бағана осында Мақан болған, – деді ол, мейлінше бей-жай көрінуге тырысып. – Е, ол қайда? – деп шу ете қалды жігіттер. – Мен дем алып жатқанда «ауданға, үйге кеттім» деп дауыстаған тәрізді еді... Жігіттер сілтідей тынды. Бәрінің көз алдына қалтаға ақшаны басып алып, зытып бара жатқан Мақан елестеді.
– Бәсе! – Бәйкен шырт түкірді. – Тапа-тал түсте... Төрт қабырға ішінде... Көкке ұшып, жерге сіңуші ме еді енді? – Сеніңше, ақшаны алған Мақан ғой, – деді Есенжол тікесінен. Бәйкен шошып кетті. – Мен олай дегем жоқ, – деді сасқалақтап. Дегенмен, дәл осы сөздің ең бірінші өзінің емес, өзгенің аузынан шыққанына риза еді. Бөлмені ыңғайсыз үнсіздік жайлады. Барлығы да бір-біріне қараудан қашып, көздерін жасырады, барлығы да әлдебір құпияны ішке бүге қалыпты. – Жаңа жол бойында тұрған сол екен ғой, – деді Қасекең атанған Қасен. – Енді, ол былай ғой. Кім біледі... Адам аласы ішінде деген. Бірақ, бірге жүрген жігіт.... Қинала сөйледі. – Қимайсың. Сен барып, Қабиболлаға бұрылды, – ақырындап, сөйлессең қайтеді?.. Қабиболла үндемеді. – Енді, былай ғой... Қарадан-қарап күймекпісің? Не де болса барып көр... Ақырындап айтып көр... – Барып көр... айтып көр... – Есенжол ызаланып, Қасенді кекетті. – Алса, «көкетай, абайсызда алып едім, иә, ала ғой да, кешіре ғой!» деп ұстата салар... Тағы да үнсіздік. Бәйкен темекісін тұтата алмай әуре, Қасен бөтелкені шерткілеп отыр. Марат тырнағын тістелейді. Қабиболла қара тастай қата қалған. Есенжол оның қаны қашқан түріне қадала қарайды. Бәрі де айқын сияқты, бірақ, бәрі де бұлдыр. Еңсені басқан үнсіздік әлгіндегі ақжарқын жігіттерді бірбірінен алыстатқандай, әркім өз ойын ішке бүгіп, бұғына түседі. Құрғақ күдікке еріп, жолдастарын қаралап та қойды, енді сол ойдан шошынып, қалайда үндемей құтылудың жөнін іздеуге көшкен. Көз алдында Қабиболланың қалың ақшасы біреудің қалтасында кетіп барады, ал бұлар былқ етер емес. Есенжол шыдамады, шұғыл шешімге келіп, тікесінен тартты. – Ау, бәрі де белгілі емес пе? Енді не тұрыс? Оның ойын тез түсінсе де, жігіттер үндеген жоқ. – Бәлесінен аулақ! – Бәйкен ғана күңк етті. Есенжолдың қаны басына шапты. «Сілейген түрлеріңді...» деді де, сыртқа бір-ақ атылды... Тас жолға қарай құйындата жөнелген ол бір сәт өз байлауын шапшаң шолып өткен. «Айдала. Қос басында екеу. Оның бірі ақша
жоғалтса, екіншісі аяқ астынан ауданшыл бола қалыпты. Жоққа сенбейміз, ендеше жын-сайтаннан келмегені анық. Түгел ақтардық, ұшты-күйлі... Сол, тек қана сол! Содан келді. Тұра тұр, бәлем!». Алға қарай еміне түседі, қарсы алдынан соққан жел ашу-ыза шоғын үрлей түскендей. Құйындатқан жирен әне-міне дегенше тас жолға жақындап та қалды. Жол жиегінде отырған Мақанды ол енді қапысыз таныған. Дәл қазір оған не айтарын анық білмейді, сөзді неден бастап, немен түйерін де есептеген емес. Бір сәттік жүрек бұлқынысы бүкіл санасын билеп, ақылдан тыс албырттыққа бастағанын Есенжол осы мезетте ғана көмескі сезінген. Ескі танысы болса да мәймөңкелеу ойында жоқ, әділет үшін (ал ісінің әділ екендігіне ол еш күмәнданған жоқ) бет жыртысудан тайсақтау қаперіне де кірмеді. Өн бойын түсініксіз, дүлей ашу буған. Мақан орнынан асықпай тұрып, бұған қарсы жүрді. Әдетінше, балпаң-балпаң басады. Ауыздығымен алысқан жиреннен қарғып түскен Есенжолмен самарқау амандасты. Қайнап келген Есенжол Мақанның бей-жай, бейбіт түрін көргенде, өрекпіген көңілін зорға басып, мейлінше сабырлы болуға тырысты. – Иә, жол болсын... – Ауданға. – Жайшылық па? – Е, бір жұмыстар болып... Мақанның олпы-солпы кейпіне де, әр сөзін санағандай сараң сөйлейтініне де көз, құлағы баяғыда үйренгенмен, қазір бәрі басқаша көрінді. Бәрін де әдейі істеп тұрғандай... Әлдебір құпия перде сияқты. Сабасына түспесе де, өзін-өзі тежеп тұрған Есенжол әзер шыдады. – Қостан қашан шықтың? – деді ол қарлығыңқы үнмен. – Е, бағана... – Қабиболла екеуіңнен басқа ешкім жоқ па еді? – деп, Мақанның көзіне қадала қарайды. Ол мыңқ етер емес. – Иә. Мен кеткенде ол ұйықтап жатқан. Мақанның сағыздай созғаны жынына тиді. «Қарашы-ей, тіпті! Түк білмегенсіп!». – Сен менімен бірге қосқа қайтасың... Әр сөзін шегелеп, нығыз айтты. Мақан аң-таң. – Е, не боп қалды? Бастықтар шақыра ма?
Есенжол шарт кетті.
– Әкең шақырады! Әйтпесе, әкеңді танытуға шақырады!
– Қой, ей! Саған не болды? Қанша самарқау болса да, Есен-
жолдың сұсты жүзінен секем алғандай.
– Солай. Жүр, кеттік!
– Қой, ей. Алдымен, айқайлама! Айқайлайтындай, сен менің
бригадирім емессің. Сосын өрекпімей, жөніңді айт!
– Жөншілін бұның! Жөнді менен гөрі сен жақсырақ білесің! –
деп Есенжол Мақанға тақала түсті. – Қабиболланың ақшасы жо-
ғалды. Жабыла іздеп, таппадық. Қос басында сенен басқа ешкім
болған жоқ. Қасыңдағы жолдасыңның ақшасы жоғалып жатса, сен
аяқ астынан ауданға тартасың...
– Сонда... Ей, сен не оттап тұрсың? Менен көргеннен саумы-
сың? Мақан лезде от басқандай шоршып, жып-жинақы бола қалды.
– Енді сайтан алды ма? – Есенжол Мақанға тесіле қараған: ол
да тайсалар емес. Сәлемі түзу екі ауылдас аяқ астынан бір-біріне
жауығып шыға келді. Ызалы көздер бір-бірін жеп барады.
– Қара мұны... – деді Мақан. – Себепсізден себепсіз... Есенжол,
Есенжол дегенге есіріп...
– Әй, Мақан! Қысқарт та, қосқа жүр! Жүрмесең, жүргіземін!
Мақан қамшысын білеп-білеп қойған Есенжолдың аянбасын
түсінді, жағдайдың қиын екендігін де аңғарған. Барайын десе, жо-
лынан қалады, бармайын десе, күдік айғаққа айналмақ. Дәрменсіз
күрсініп, тас жолға бір, аудан жаққа бір қарады да, қосқа қарай
тарта жөнелді.
– Қазір қай бетіңмен қарар екенсің! – деді ол тістеніп.
– Өз бетіңнің қамын ойла!..
Бұлар келгенде қостағылар үн-түнсіз отыр екен. Екеуінің өрт
сөндіргендей түрін көріп, барлығы да бұрынғыдан бетер түнеріп,
бір-бірінің тасасына тығыла түсті.
– Ал, не тұрыс, жігіттер? – деді Есенжол қиналғанын сездір-
меуге тырысып. – Мақаның міне!
Ешкім де селт еткен жоқ. Мақан бұған назар аудармастан әуелі
Қабиболлаға, одан кейін жігіттерге жирене қарады.
– Немене, бәрің мені ұрыға ұйғарып отырсыңдар ма? Ә?! Әй,
сен жұрттың басын ауыртпай дұрыстап ізде! Әкеңнің аузын... ата
сақалың аузыңа шыққанша қалтаңа ие бола алмай... Жазықсыз
күйдіріп... Қарашы ей...
Жігіттер тырс етпеді. Бәрінің де іші алай-түлей, алайда іштегі-
ні сыртқа шығаруға әлденеден именетін тәрізді. Қабиболла да тіс
жарған жоқ.
– Мақан, былай ғой... Сен сабыр етші. Сенен көріп тұрған еш-
кім жоқ. Былай... нелеу болып тұр...
Қасеннің қиқалақтаған сөзі қозғау бола алмады. Есенжол тіке
тартты.
– Мақан, ақ-қараңды білмейміз. Қалтаңды ақтар!
– Алдымен Қабиболла ақтарсын...
Мақанның сөзі өзгеше әсер етті ме, әлде осы бір қолайсыз сәт-
тен құтылу үшін бірдеңе істеу керек деп ұйғарды ма, әйтеуір Қа-
биболла қалталарын ақтара бастады. Барлық қалтасын айналды-
рып қойды, дәнеңе жоқ. Елдің бәрі демін ішіне тартып, Қабибол-
ладан көз алмайды.
– Ал мынау ше? – деді Мақан, оның жан қалтасындағы тілікті
көрсетіп. Қабиболла аң-таң, осы уақытқа дейін байқамай келіпті,
тозығы жеткен қалтаның ернеуі жыртық екен. Ол бір қызарып, бір
сұрланып, қолын тесікке сұғып жіберді де, костюмінің астарынан
шашырап кеткен ақшаларды біртіндеп суыра бастады.
– Мәссаған! – Бәйкен дауыстап жіберді; қуанғаны, не күйінгені
белгісіз. Бәрі де аң-таң.
– Е-е, мен бағана ұйқылы-ояу жатқанда... Байқамай... Тесікке
сүңгітіп жіберген екенмін ғой, – деді саскалақтаған Қабиболла.
Жұртты осынша әуре-сарсаңға салғанына шын күйініп, ұялып тұр.
Мақан состиып-состиып тұрған жігіттерге кекесінмен қарады
да, баяу ғана:
– Ал сендер менен көрдіңдер, ә? Жарайды, – деді. Боқтағаннан
жаман тиді. Жігіттер қыпылықтап, сасуға айналды.
– Біз сенен көрген жоқпыз. Өзің айтшы, саған бірдеңе дедік пе?
– деді Бәйкен екіұштылау ғып. Мақан қапысыз түсінді. Әншейінде
сабырлы жігіт кенет көтеріліп кетіп, Есенжолға түйілді. – Есепші
неме! Дікіңдеп... Қара бұны! Прокурор! Ау, тіпті, мен-ақ алайын,
біреудің шаруасында нең бар ей, сенің? Отыр ғой міне өзіңдей жі-
гіттер. Иесі отыр әне. Немене, олар сенен кем бе?
Ақша табылған бетте біртүрлі жасып, көзден тасаланған Есен-
жол көңілі әлемтапырық. Бақса, бәріне кінәлі өзі ғана секілді.
«Егер мен болмасам, ешнәрсе бүлінбес еді» – деп, өкіне ойлады ол.
– Енді міне...
– Ау, жігіттер, доғарайық. Енді былай ғой... Болар іс болды. Сәл нелеу, ыңғайсыздау, бірақ бүлінген түк те жоқ. Мақан, сен Есенжолды кешір. Мінезін білесің... Әншейін қызбалық қой... Қойыңдар. Келіңдер, одан да мынаны жайғастырып, дұрыстап бір отырайық... Ымыраға шақырған Қасеннің сөзін өзгелер қолдай жөнеледі. Бәрі де осы бір ыңғайсыз, тоң-торыс күйден арылғанша асығып, жапа-тармағай қозғалақтасып жатыр. Тек Есенжол ғана сазарып тұра берді. Түк білмегенсіп, бауырымсып стақан соғыстырып жатқандарға бір, Қабиболлаға бір қарады. Ол болса, мұны ұмытып та кеткен сияқты ақшасы табылғанына, әрі қанша күдіктенсе де, Мақанмен бет жыртыспағанына қуанатындай. Кенет Есенжол осылардың барлығын да тап осы сәтте жек көріп кеткенін сезінді. Олардың дастарқанға шақырғанына жауап қатпастан, далаға атып шықты да, жиренге қарғып мініп, құла дүзге қарай шаба жөнелді... Көңілі жетімсіреп, ауыр күрсінді. Әлгі сөздердің астарына үңілсе, бар кінәні бұған аудара салып, өздерін арашалап шыға келіпті. «Біреудің шаруасы! Әншейін қызбалық! Атаңның басы!» – деп кіжінді ол. Орға жыққан оқыс әрекеті үшін Мақаннан ұялса да, өз көңіл түкпірінде өзін ақтарлық бірдеңенің бар екендігін аңғарды. Өз абыройларын жапқансыған әлгілерге зығырданы қайнап: «Жарайды, бұдан былай... бірің өліп, бірің қал, біреудің шаруасында неміз бар!», – деп түйді ол. Бірақ өз сөзін қанша берік санаса да, көңілі тола күмән еді.
Қалқанқұлақ
Қараңғы түнде қара жолмен көкқасқа аңыратып келеді. Шыра-
дай жанған екі көзі түнекті қақ жарып, түре қуып, сонау алысқа
сіңе жоғалып жатыр. Тыныштықты үркіте арылдаған машина бұ-
рылыс-бұрылыста, шұқанақ-шұқанақта ғана бәсеңсіп, терең күрсі-
не пыс етеді де, артынан қуып жеткен қою шаңнан құтылуға асық-
қандай қайта гүрілдеп, жарықтан қашқан қараңғылықты қуалай
жөнеледі. Кейде тосын гүріл мен дағдыны бұзған шақырайған жа-
рықтан шошынып, жан-жаққа безген тұз тағылары кылаң етеді.
Шофер жігіт сергек отыр. Күнге күйіп, жел қаққан шымыр жүзінен, рульді ұршықша үйіріп шыныққан қолдарынан сенімділік байқалады. Бір сәт терезеден соққан түнгі салқынға бетін төсеп, енді бір ауықта темекі тұтатқаны болмаса, екі көзін шам жарығы тілген кеңістіктен алар емес. «Енді аз ғана қалды, – деп рақаттана ойлады ол, – қазір асфальтқа шығамын, содан жүздетіп кеп жіберсем, бас-аяғы бір сағатта Жәкеңе жетіп барамын». Жәкең есіне түсуі мұң екен, өз-өзінен жымиып күлді. Көңілі еріп, тәтті қиялға беріліп жүре берді. Шіркін, Жәкең мықты ғой! Ой, өзі де азамат екен! Қалаған кезінде отыра қалады да, телефонды бұрап-бұрап жібереді. Бұрап-бұрап жібергенде, неге екені белгісіз, үнемі орыңдарында болмайтын бастықтар табыла қалады. Табыла қалады да, беттеріне қан жүгіріп, ыржалақтап күледі, не қандары қашып кетеді. Қалайда, бір қозғалыс пайда болып, тіршілікке өзгеріс енеді. Міне, түн қатып, сол Жәкеңе өзі де асығыс бара жатыр ғой. Ол темекісін рақаттана сорып, түтінге көміле тағы да күлді. Жәкеңе деген құрмет пе, әйтеуір бір ыстық сезім жүрегін тербеп, әлдилейтіндей. «Қазір дүрілдетіп жетіп барамын. Ол кісі, әрине, ұйықтамастан мені күтіп отыр. «А-а, батыр, түнгі жортуылдан ат-көлік аман келдің бе?» – дейтін шығар кеңк-кеңк күліп. Иә, сөйтеді ғой. Әлде, барымташы дер ме екен? Е-е, мейлі... Әйтеуір арқамнан қағып: «Ал, үйге жүр. Салқын суға жуынып ал, шаршадың ғой. Еңбек сенікі!» дейді ғой. Содан, шайға отырамыз. Әрине, қонақ деп мені төрге оздырады. «Қане, жүз грамнан алып жіберейік». Әттең, рульдемін, әйтпесе Жәкеңмен бірге ішу... «Рақмет, аға, ішпеуші едім». «Жә, жә, білемін. Рульді сылтау қылма, түн жарымда сені қайта жібермеймін. Бәрібір таңертең кетесің». Содан, басыпбасып аламыз. Тоқта, тос берсе не деуім керек? Әй, өзімнің де сондай сыйлы жерлерде ыржалаңдап күліп, дәмді ештеңе айта алмайтыным бар-ау. Ана Алматыдағы құрдастың сөзінің жүзден бірін берсе ғой маған. Ой, ол ит енді...». Осы жерге келгенде бірге өскен құрдасының сөздері есіне түсіп, сылқылдап күліп алды. Бұның қалқан құлағын он жыл бойы мазақтап келе жатса да, бірдебір теңеуін екі қайталаған емес. Бір құлаққа сонша сөз шығаратын не деген бәле? Соған қарағанда өзінің құлағы да осал болмады. «Егер сен миыңмен емес, құлағыңмен ойласаң, данышпан болар едің», – дейтін еді ғой ит. Өткен жылы құрдасының үйіне әйелімен
бірге барған. Екі семья қыдырып жүргенде, өзіне обал жоқ, бұл былай деп сұрады: «Әй, осы көше мен проспектінің айырмасы неде?» Анау ойланбастан сарт еткізді: «Көше деген жай құлақ, проспект деген қалқан құлақ!». Осы ойына түскенде, ыржалақтап, құлағын сипап-сипап қойды. Оңашада өстіп мақтанып, құлағын әлпештеп қою әдеті. Баяғыда, бала кезінде «қалқан» деп мазақтаған балалармен төбелескен ақымақшылығына күлді. Бір күні әлгі құрдасы көптің алдында өзінің кіп-кішкентай құлағын қимылдатып көрсетіп, бұған тиісті. «Әй, сен құлағыңды өстіп көрші». Бұл әрібері тырысып еді, мол жатқан дүние қозғала қоймады. «Әні айттым ғой. Ол қозғалмайды. Енді ше, сонша алқапқа дұрыстап қан барушы ма еді?» Әбден күйген бұл бірер апта әуреленіп жүріп, ақыры құлағын қозғалысқа келтірді. Сонысын көрсетсе, анау: «Міне, нағыз есекке жаңа ұқсап қалдың» десін. Содан бұл оған мұңын шаққан: «Осыдан бәлеге қалып біттім әбден, қайшымен қиып тастасам ба екен? Әлде, қалың шаш өсірсем, жауып жібермей ме?» Құрдасы әбден күліп болғасын: «Ит-ау, андағыңды бірер мая болмаса, шақша басыңның жидіген шашы қайтіп жабады? Бәрібір қалқиып, мен мұндалап тұрады. Қиып тастасаң, одан да жаман, шұнақтан гөрі қалқаның жақсы!» деген. Жыларман болған бұны аяды ма, әйтеуір, біраздан соң жұбатты: «Құдайдың берген құлағына қайран бар ма? Сен намыстануды қой. Қайта: «Сенің екі құлағың түгіл, өзіңді де бір-ақ құлағыммен орап аламын деп мақтан», – деген. Содан кейін бұның жаны жай тауып, көкірегіне мақтаныш ұялаған болатын. Өткен жылы алыстағы құдалары келгенде, біреуінің құлағы бір қарыс екенін көріп, жылап жібере жаздаған. Бір керемет қымбатынан айырылғандай құлазып жүрді, жүрді де, бір күні төзімі таусылып, әлгімен ішіп отырғанда құлақ салыстырды ғой. Абырой болғанда, бұныкі бір шынақ асып түсіп, жоғалған бақытын қайта тапқандай қуанған! Осының бәрі ойына түскенде мәз болып, ыржалаңдаған жігіттің басына керемет бір ой сап ете түсті. «Әлде, Жәкең әңгіме сұраса, осы қызықтарды айтып берсем бе екен? Ол кісі де бала болды ғой, түсініп, шегі қатқанша күлмей ме? Е, иә, үлкен кісілер кең, қарапайым болады деуші еді ғой. Тіл табысатын шығармыз». Орындықта ырғалып-ырғалып қойып, ыңылдап ән салды. «Содан, не керек, Жәкең екеуміз қызып қаламыз. Құшақтасып өлең айтамыз. Ішкенде кісі үлкендікті де, қызметті де ұмытып кетеді ғой.
Шіркін, сол кезде мені біздің бастық көрсе ғой»... «Әй қатын», – дейді Жәкең сосын. Ә, тоқта, қатын демейді ғой әрине. Өйтіп құнын кетіретін бұның құрдасы емес қой ол. Досы болса әйеліне «қатын» деп алады да, анау дау айтса: «Мен батыр болғанда, сен қатын болсаң несі бар? Баяғы заманда қатын деген құрметті атақ болған. Ол тек ел билеушілердің әйелдеріне ғана берілген. Қазір бәрі әйел, жалғыз сен ғана қатынсың», – деп күлетін. Ал Жәкең ондай емес. Бұның досы неше мықты болса да, Жәкеңдей қайдан болсын. Жәкеңнің аты Жәкең ғой. Ол: «Бәленшеке, бала шаршап келді ғой, төсек сала қойшы, таңертең ерте жүреді», – дейді. Содан аппақ төсекте ұйықтап, таңертең шайға қанып алып, зулайды дейсің... Жәкең шығарып салады. Құшақтасып қоштасу үлкен кісіге ұят қой, дегенмен қолын қысатыны анық. Сосын... сосын... Жәкеңнің бір ауыз сөзі... Сосын..., анау... Әлжуаз қулығынан өзі ұялып кетті. Досы айтатын: «Сенің ұсақ қулығың құлағыңнан көрініп тұрады!». Қазір де құлағының дуылдап бара жатқанын сезіп, қолымен ұстап қойды. «Құлағы құрсын», – деді дауыстап. «Иә, құлақ дегенді қайдан шығарды? Ұят-ай, үлкен кісінің алдында құлақ туралы қыртып отырмақ болғанына не жорық? Қас қылғанда, онын да құлағы тебінгідей болып шықса...» Жәкең, бұл білсе, әңгімені басқадан қозғайды. «Иә, жұмыс қалай?» дейді ол. Ой, бір кетеді бұл! Жоспардан тыс бір-екі рейс жасайтындығын, нормадан асатынын, мектеп бітіргелі шофер болып келе жатқанын айтады. Сосын еңбегі жанбай, елеусіз жүргенін, бастықтардың өзіне назар аудармайтынын жүрдім-бардымдау сіңіріп жіберсе... Бір емес, бірнеше машинаны да басқару қолынан келетінін айтса... Сөз жоқ, үлкен кісі, бұның Жәкесі түсіне қояды. Түсіне қояды да... Қалғаны оп-оңай... Ол газды қалай қатты басып-басып жібергенін байқамай қалды. Көкқасқа атыла жөнелгенде барып тізгін тартты. Кенет Жәкеңді танымақ түгілі, өмірінде бірде-бір рет көрмегені есіне түсіп, құлағы дуылдады. Жә, онда тұрған не бар! Көрмесе, көреді, танымаса, танысады. Жігіттер бөсіп жүреді ғой осы. «Пәленшекеңнің үйінде болдым. Бірге арақ іштік. Түгеншекеңе қой апарып бергем. Қазір мені көрсе арқамнан қағады», – деп шырт-шырт түкіреді. Мен олардан кеммін бе? Былай айтсаң, қонақпын, олай айтсаң, шаруасын тындырып келемін. Несі бар, жақындасып-ақ кетермін. Шапағаты тиеді әлі. Ал жақсы көретінім рас.
Бұнысы да шындық еді. Әлі көрмеген, білмейтін үлкен кісіні бұл расында да жан-тәнімен жақсы көріп келе жатқан. Мінезі осындай болғасын қайтсін: қашан да әлдекімді, әсіресе Жәкең сияқтыларды сыртынан-ақ ұнатып қалады. Тіпті, сол кісі менің қалтқысыз көңілімді сезбейді-ау деп өкінетін. «Шіркін, сол кісіге өз махаббатымды айтып жеткізе алмаймын-ау, айтқанмен, бәрібір сенбейді ғой. Іспен дәлелдейтін сәт туса» деп ойлайтын. Сол-ақ екен, қиялы қалықтай жөнеледі. «Ғашығына» қараңғы түнде, қапыда үш-төрт адам жабыла кетіп, томпылдатып сабай жөнелсе. Сол кезде бұл қонақтан шығып келе жатса. Аздап қызулау болса. Әлгі дүлейлерді жан-жаққа лақтырып, «аяулысын» құтқарып алса. Бұдан кейін үлкен кісі баяғының батырларынша бұнымен төс қағыстырып: «Ғұмыр бойы саған қарыздармын!» десе... Өмір деген рақат болып кетер еді ғой. Осы ойын бірде досына айтып еді, ол бұның көзіне қарап тұрып: «Сен ақкөңілсің», – деді. Сосын құлағына қадалды. «Қусыңау, ә? Жүрегіңді жылытатыны жақсы көрушілік емес, жағымпаздық қой!». Бұл ыржалақтап құтылды, бірақ құлағының ұшы ұзақ дуылдаған. Қазір қараптан-қарап досына ренжіді. «Адамның көңілінің ойран-ботқасын шығармай, тыныш жүрсе қайтеді екен? Әй, қойшы соны... Бәрібір, Жәкеңе жақсы көретінімді білдіремін! Жәкеңе жетейін осыдан, сосын...» Солқ етіп руль соқты. Қапелімде солға қарай жалт берген машинаны қиялға беріліп келе жатып, ырқынан шығарып ала жаздады. Әйтеуір, қолдың дағдысы сақтағаны. Сол жақ дөңгелек жарылғанын сезе қойған ол: «Жеттің Жәкеңе!» – деп тістенді де, қайқайтып тұрып бір боқтады. Иленіп жатқан алдыңғы сол жақ дөңгелекті былқ еткізіп бір теуіп, «нешауа, қазір-ақ» деді. Қырсыққанда, артық дөңгелектің де жарамсыз екендігі, оны ауыстыруды ұмытып кеткендігі жаңа есіне түсті. Амал жоқ, артқы дөңгелектің бірін сыпырып алу керек. Өзіне-өзі сүйсінді. «Бір ғана қой болғаны қандай жақсы!» Заматта домкратты қойып жіберіп, пысылдап жүріп, артқы дөңгелекті шығарды. Терін де баспай, жанталасып, алдына ұмтылған. Қараңғыда абайламай, көлденең жатқан тасқа сүрініп-ақ кеткені. Бір домалап тұрғанда сол қолының қанқақсап қоя бергеніай! Жығылғанда астында қалды ма, әлде домкрат түсіп кетті ме, әйтеуір жанын көзіне бір көрсетті. Әрі-бері қозғап көріп еді, сын-
ғаннан аман сияқты. «Сірә, бір-екі саусақ шығып кеткен болар. Қап!» Темекі тұтатып, алынған дөңгелектің үстіне отырды. Бағана баласының бақырып жылап қалғаны ойына түсіп: «Соның көз жасы ғой мына бейнет», – деді ішінен. Бүгін түнде жолға шығу ойында жоқ-тын. Опыраплайыш қой болмаған. Жұмыстан шаршап келді де, бірер шелек суды үстіне құйып жіберіп, есік алдында темекі тартып отырған. Әйелі бұның ертерек келгеніне жымыңдап, шәй әзірлеуге кірісті, ал екі баласы екі тізесіне қонақтап мәз. Әсіресе кішкентайы асыр салып, құлағынан ұстап, арқасына да шығып кетті. «Шу-шулеп» біраз далақтады да, ол қызықтан тез айнып, «машинаға мінгіз» деп әлек салды. Балаларына мейірі түсіп, кабинаға отырғызғаны сол еді, алқынып бір бала келді. «Аға, опырап ағам шақырып жатыр, тез келсін дейді». Тегін емес екенін, әрине, бұл біле қояды ғой. Бір жерге жұмсардағы әдеті осы бастықтың. Бұрынғысы жақсы еді қайта. Ол байғұс көлденең шаруаға киліктірерде үйге өзі келетін. Асықпай шай ішіп отырып, осы ауылдағы шайы қою, наны тәтті келін деп бұның әйеліне көпшік тастайды. Сосын, әріден қозғап, аталастығын көлденең тартады. Бақса, бұлардың аталары туыстығына қоса, керемет ынтымақты кісілер болған екен. Жарықтықтардың бір-біріне жасаған жақсылықтарын жіпке тізіп, ең соңында біз де сол кісілердей болайық деп ұранға шығады. Бітті, бұдан кейін қандай шаруадан болса да бас тартып көр! Әншейінде тыртыса қалатын әйелі де кең жайылып жүре береді. Ал енді мынау бір безбүйрек. Өйтіп алдапсулап, көңіл аулап жатпастан, тізеге сап тырп еткізбейді. Ол темекісін ызалана лақтырып жіберді де, сау қолымен домкратты сүйрелеп, ақырындап шаруаға кірісті. Сол қолының саусақтары ештеңе тигізер емес, оны-мұныны ептеп қана білегімен демеп, ілдалдалап жатыр. Шофер атаулының қиындыққа ұшырағандағы әдетімен әуелі темір атаулыны сықпыртып шықты да, одан тағдырға ауыз салды. Опырапты да оңдырған жоқ. Бағанағы безерген бет кез алдында... Опырап бұны әдеттегідей ызбарлана қарсы алды. «Бір сағат ерте келуің керек еді ғой, қайда жүрсің?» Бұл қипақтады. Өйткені, үйге келе жатып, қайын жұртына соға салған еді. Бастық оны сезіп қойған ғой, шамасы. «Өзімдікі дегенде өгіз қара күштерің бар, ә? Өзгені ойлауды білмейсіңдер...», Жеке шаруасына жегердегі әдеті.
Өстіп зекіп, тұқыртпай-ақ өтіне салса, ең болмаса, өтінген бола салса, түгі кетпес, бірақ өйтіп кішірею қайда! Тағынан түсіп қалардай бедірейеді. «Жарайды, өз жұмыстарыңды бітірсең...» деді де, өзіне бағынышты қылып алғаннан кейін ғана түнделетіп бездіріп жіберді. «Бір бас керек болып тұр, бала. Қазір отарға бар да, ең семізін таңдап, салып ал. Запискам міне». Барып кел, шауып кел, біреуді анда апар, біреуді мұнда әкелден басқа мұндай шаруаға араласып көрмеген бұл қитығып, қабағын кіржитті. Опырапопырып жіберді. «Қиқаңдамай тез аттан, болашағың бар баласың ғой, жылдам Жәкеңе жеткізуің керек, бағана ызбандаған. Адрес мынау. Бітті!» «Қиқаңдама» дегенде-ақ құлағын ұстауға екі ойлылау оқтала берген-ді. Бірақ әңгімеге болашақ пен Жәкең сияқты екі дәу араласқасын, ыржалаңдап жүре берді. «Үлкен кісінің үйіне қой апару үлкен бір оқиға ғой, ол дегенің өміріндегі бетбұрыс болуы да ғажап емес. Танысып, білісудің басы, ал ар жағы...». Қиялы қозып, үйіне ұшып жетті. Әйелі түнделетіп кетіп бара жатқанына ренжи бастады да, бұның ыржалаңдап, оң құлағын ұстап тұрғанын көріп, күрсініп, бір тостақ айран құйды. Құлағын ұстаған соң-ақ бітті, атып жіберсең де өз айтқанынан қайтпайтынын ол жақсы білетін... Сыңар қолымен дөңгелекті ала алмай, мықшыңдап жатып, соншама несіне желкілдеп, лепіргеніне күйінді. Ақылы болса, ойланудың сәті түскен. Екпіндетіп қырдағы отарға жетті де, асығыс амандықтан соң, опыраптың бір жапырақ қағазын бұлдана ұсынған. Бірақ қойшы бүл күткендей елпілдей қоймады, әуелі асықпай насыбайын атып, шырт-шырт түкірді, содан «ым-м» деп, иіріліп жатқан отарға, ұясына қонған күннің қызғылт арайына ұзақ қадалды. Әлгі қағазды төрт бүктеп, күмәжнегіне тықты да, «қайтеміз?» – деп иығын қиқаң еткізді. «Ақсақал, асығыспын, қазір аттану керек. Ең семізін ұстап бере қойыңыз», – деп дігерледі бұл меншікті малына келгендей. «Бұл кімге?» деп сұрады қойшы. «Жәкеңе!». «Е, бағанадан сүйдемейсің бе?» Әп-сәтте нән біреуін сүйретіп алып келсін. «Бұлар маза бермес», – деп ызалана күңк етті қойшының әйелі. «Жеңгей, мынаны байлайтын жібіңіз жоқ па?» – деді бұл тек тұрмай. «Әй, шырағым, буынып өлуге жіп таба алмай отырмыз!» Жеңгей шақ-шақ етті. Күйеуі елпеңдеп, жіп тауып әкеліп, қойды машинаға көтеріп салысты. «Қатын болған соң қыртпай отыра алмайды ғой. Көңіліңе алма, ішіңде қалсын», – деп, арқасы-
нан қағып, шығарып салған. Бұл көңіліне алып не қылсын, қапері-
не де ілген жоқ, опырап, Жәкең тұрғанда қайдағы бір қойшының
бейпілауыз қатынының сөзіне қыңа ма? Айдап тартқан да кеткен.
Содан міне, дала жолынан қалаға баратын асфальтқа енді шыға
бергенде, қиналғанда барып есіне алып отыр. «Әй, еркек екен, –
деді ішінен... – Қойшының өзі емес, әйелі еркек екен!». Құшырла-
нып, кілтті қаттырақ бұрап қалғанда, саусақтарын тағы да ауыртып
алды. «Әй, қу тіршілік-ай! Ерегіскенде, машинаны да, қойын да
осы жерге тастап, тартып отырайын ба? Әлде, жөндеп алып, қойды
қойшыға қайтарып беріп, үйге барып жатсам ба екен? Өті жарыл-
сын опыраптың!». Бұнысы әншейін далбаса екенін іші біледі. Сүй-
ек-сүйегін қақсатып, әкетіп бара жатқан ауруды тістеніп жүріп же-
ңіп, әншейінде қас қағымда бітіретін шаруаны зорға дегенде тә-
мамдады-ау, әйтеуір. Рульге отырғанда еңсесін көтерді. «Қазір же-
теміз, шыда бауырым, – деп ыржалақтады, ісіп келе жатқан сол
қолына. – Сосын шай, арақ ішеміз, сені де емдейміз». Асфальтқа
шыққан соң дүрілдетіп отырып, Жәкесіне де жетіп келді.
Үлкен аулада шам жанып тұр екен. Бұны күтіп отырған сияқ-
ты. Күп болып ісіп кеткен қолына қарап, «оһо» деп қойды.
Есікті бір әйел ашты, Жәкеңнің әйелі болу керек. Машинаны
аулаға кіргізген соң, құлағы қалқиып, жымыңдап амандасты.
– Ертерек келеді деп еді. Күтіп жатып қалғып кетіппін.
– Ә-ә,.. жолда... жарылып, – деп, кінәсін мойындап күмілжіді
бұл. «Иттің ғана рәзеңкесі, жарылатын кезді тапқан екен!»
– Мама, көмектесейін бе? – деді баласы.
– Жоға, саған не бар үстіңді былғап! Ағаң өзі-ақ реттейді ғой.
Бұның қолы қақсап қоя берді. Намысқа тырысып, қойды әй-
теуір түсірді-ау. Әйел әбден дағдыланған жанның әдетімен қойға
елеусіз ғана көз жүгіртіп өтті. Бұл әлі де бағанағы жылы көңілден
арыла алмай: «Жәкең үйде ме?» – деп сұрауға әлденеше оқталып-
оқталып, батылы жетпеді, состиып тұрғанда:
– Рақмет, айналайын, – деді әйел. – Шай ішпейсің бе?
Үнінен «жолың болсын, бара ғой» танылып, бұл селт етіп ши-
рығып алды. «Шынымен шай бергісі келген адам «шай ішпейсің
бе?» деп айтпайды. Бұндай шақырысқа арлы қазақ аттап баспай-
ды».
– Ә, жоқ, рақмет, жеңеше.
Жеңешесі бұл кезде үйге кіріп кеткен еді...
Машинаны күрт бұрып, үлкен жолға шықты. Темекісін үсті-
үстіне құшырлана сорып, әлемтапырық болған көңілін басуға ты-
рысқан. Жол бойындағы құбырдан мұздай суды ұзақ сімірді. Со-
дан соң арқыратып ауылға қарай безсін.
«Нешауа... – Өзін-өзі жұбатқансыды. – Нешауа. Дүние күйіп
кеткен жоқ. Ренжитін не бар? Өкпелейтін менің екі туып, бір қал-
ғаным ба сонша? Өзім де қызықпын. Ол кісілердің үйіне талай
адам келіп-кетіп жатады, соның бәріне шай беріп, қондыра берсе,
не болмақ?»
Құлағы дуылдап бара жатты. Өзінің бағанағы пендешілік пи-
ғылына ұялды. Бірақ, қанша дегенмен көңілінде бір түйткіл бар.
Гәп неде екенін біле алмай дал.
Жол бойында тұрған «Жигули» ойын бөліп жіберді. Қол кө-
терген бір топ кісіні көрген соң тоқтады. Тойдан қайтқан шопан-
дар екен. Машиналары бұзылып, ауылдарына жете алмаған жай-
лары бар.
– Қарағым-ай, иманжүзді бала екенсің. Мына қырдың астында,
алыс емес. Жеткізіп тастай гөр, құдайдан қайтсын, – деді ақ жау-
лықты ана. Үн-түнсіз келіскен бұл жеңіл машинаны тіркеп алды.
Еркектер көңілді көрінеді; жастау біреуі дарылдап ән салғансиды.
Кенет ол есін жиғандай болды да, жақындады. «Ау, бірдеңе айт-
сам, көңіліңе алма, дәу де болса, құрдас шығармыз. Мына жүрісіңе
қарағанда, түнделетіп бір мықтыға қой апарып тастадың-ау, ә?»
Өзінен-өзі мәз, сылқ-сылқ күледі. Бұл сасқалақтады. Оның күні
бұған емес, бұның күні оған түсіп тұрғандай күмілжіп: «Жоға!
Түнгі рейс баяғы» – деген. «Тәйт, әрі, ішіп алып әр нәрсені шат-
пай! Елдің бәрін өзің сияқты ұры деп ойлайсың ба?» Ана зекіп
тиым салды да, бәрін «Жигулиге» қуып тықты.
Арақ пен темекінің иісінен қашып, әрі жол көрсетпек ойымен
өзі бұның қасына отырды. Әрі-бері жөн сұрасқанша-ақ жетіп келді.
– Үйге кір, айналайын. Қымыз іш.
Ақ шашты қария қиылғасын, көңілін жықпай үйге кірді. Сал-
қын қымыз сергіткендей болды.
– Алда айналайын-ай, өркенің өссін! Бала-шағаңның қызығын
көр. Түн қатып жүргенің жұмыстың қамы ғой баяғы, еңбегің жан-
сын. Е-е, шырағым, бейнетсіз зейнет болмайды, қиналып еңбек
етпесең, ырыс қона ма? Әлгінің сөзін көңіліңе алма. Кенже ұлым,
еркіндеу өскен.
Аттанарда қария машинаға дейін шығарып салып тұрып: «Мынаны келінге, балаларға ала баршы, тойдың сарқыты. Дәм ғой», – деп, қояр да қоймай түйіншек ұстатты. Көңілдегі түйін былай шыға шешіліп жүре берді. «Елдің бәрін ұры деп ойлайсың ба?» Ызалана күлді. «Ал шынында мен кіммін? Ұры емеспін, бірақ... Бірақ...» Көз алдынан опырап, қойшы, Жәкеңнің әйелі, ақ шашты ана кезек-кезек өтті. Бір көруді армандаған Жәкеңе жеткенде, сол қолы қан қақсап қоя берді. «Апырай, бағана тайып кетіп, мертігіп қалсам, я о дүниеге жөнеп кетсем...». Денесі түршігіп, қаны басына шапты. «Ау, сонда не үшін өлген болар едім, ә?» Еңсесін тіктеп отырды. Нығыздалып-нығыздалып қойды. «Дұрыс, өз орнымда нық отырмын ғой, ә?! Денім сау, машинам аман болсын. Сосынғысын көрерміз. Біргәдір де болмай-ақ қойдым. Бітті! Енді ешкімнің қолбаласы болар жайым жоқ. Неғылады маған, ә?». Оң құлағын ұстап қойды. Екі көзі шам жарығы қақ айырған кеңістікте. Алысқа, алдыңғы жаққа қадала қарайды. Өткір жарық ұзап барып сейіліп жатыр.
Жеңіліс
Сержанның бүгін мазасы кетті. Қолға алған жұмысы жүрмей,
малтықса да, қасындағыларға сездірмеуге тырысып, күні бойы көз
бояу үшін бірдеңелерді шұқылаумен болды. Темекі тартпайтын,
бірақ қызметтестерінің бірі сіріңкесін сылдырлатып, сыртқа бетте-
генде бұл да қосыла шығып, әр нәрсені сұрағансып уақыт оздыр-
ды. Жалғыз бұл ғана емес, бүкіл коллективте әлдебір желік бар.
Бағана бастық, жігіттер оны сыртынан шал дейтін (жас болса да
бас екендігін баса көрсетіп даралаған түрлері), барлығын атшап-
тырым кабинетіне иіріп қойып, беттеріне әдеттегідей ұзақ күлімсі-
рей қараған. Бұл кісінің ренжісін де, ризашылығын да жүзінен аң-
дау мүмкін емес. Өйткені, қандай жағдайда да бетіңе күлімсірей
қарап, сызылып отырғаны. «Ұзақ күлімсіреудің арты ұзағынан
сүйіндіргей» – десіп, бөлім меңгерушілері іштей тәуба қылысты.
Тілектері қабыл болып, шал нұрын төкті.
– Бүгін әлгі жарысымыз аяқталғалы тұр ғой. Мына местком да қайдағыны шығарып, ағайынды жіліктеп, құмыраға таластырды да қойды. – Бұдан артық мақтау күту ақпанда ақ жауын тілегенмен бірдей. – Әйтеуір тәмамдайтын болдық. Жұмысты бесте аяқтаңдар. Сол баяғы дағдымен кішкене қарқын қосып, күннің есебін толтырарсыңдар. Тағы ескертемін, жұмыс бірінші орында. Ал, кешке төрешілерден басқаларың қайта беремін десеңдер, рұқсат. Бірақ бәлелшік болғандарың да теріс болмас еді. Бұдан кейін тірі пенде қайта ма? Жалпы, коллективтегі спорт жарыстарына ерекше мән беру – шалдың жақсы қасиеттерінің бірі. Үш аптаға созылған стол теннисінен өткен жарыс, міне, бүгін тәмамдалмақ. Бірінші орын үшін таласқа шал мен Сержан түспекші. Сондықтан да жігіттердің делебелері күні бұрын қозып, жұмыс аяғына дейін әрең шыдап жүр. – Қалай, Сержан, бүгін шешуші күн ғой, ә? – деп, бұның арқасынан қағып қояды кейбірі. Әлгі бір әзірде иіріліп, темекі тартып, даурығысып тұрған топқа шал да келіп қосылып еді, жұрт араның ұясындай дуылдады. Шалдың өзі жем тастады. – Иә, бүгін Сержан екеумізді қырқыстырып қойып, қызығымызға батпақсыңдар-ау, ә, қулар? Бәрі дабдырласып, мәз-мәйрам болып жатыр. – Әйтеуір, өзімізге дүниежүзі біріншілігінің финалы сияқты елестеп тұр, – деді пысықтау біреуі. – Бәлкім, біреулер үшін түк те мәні жоқ шығар, бірақ біз үшін солай. Солай ғой, ә, жігіттер?! Солай емес деп кім айтсын? – Өзің бүгін жараған аттай бабыңда екенсің. Жігіттер жеңісті саған беріп тұр, – деді шалдың орынбасары, әрі университетте бірге оқыған жолдасы құрдастығын алға тартып (өзі Сержанға жақын туысқан). – Бәйбішең кешке жақсылап жуады ғой, сол кезде ескерерсің, әкелші қолды, алдымен өзім құттықтап қояйын. Сержан іштей кіжінді. «Жұрт құрдас болып қалжыңдағансып та жағына береді екен ғой». – Қоя тұр. Шал қолын берген жоқ. – Сержан оп-оңай ұтыла салатын осалдардан емес. «Ұтыла салатын дейді ғой», – деп ойлады Сержан. Шал тағы жалғастырды. – Жас пері біз сияқты шалдарды қақпақылдап масқара қылмаса...
– Шалмын, шалмын деп сен де қартайғың келіп тұрған шығар. Талай қыз-келіншектердің сенен көз алмай жүргені анық. Құрдасының бұл қалжыңы жағып кетсе керек, шалдың ақ сары жүзіне қан жүгірді. Шынында да сымбатты, қырықтан асса да қарны шыға қоймаған сирек бастықтардан еді. – Қақпақыл қылғанда қайда барады? Ағасын сыйлағаннан жолын қияды ғой, Сержан. Орынбасардың лағып кеткенін бәрі де байқады. Кейбірі қолпаштап күлгенсігенмен, көпшілік тым-тырыс. Сержан қызарды, шал шамданды. – Сен де бір... Қайдағыны тауып алады екенсің. Жарыстың аты – жарыс, ойында өрелдік, алыста ағалық жоқ деген. Ойын шешеді бәрін. Ол бұрылып жүре берді. Шалдың шын ойынды жақсы көретінін Сержан білетін. Ертеректе осы қыли көз орынбасардың шахматтан әдейі ұтылмақ болғанын сезіп қойып: «Әй, ақи, жемтік тастайтын мен саған құзғын емеспін, жөндеп ойна!», – деп ақырып жіберген-ді. Бірақ шалдың шын ойыннан шын ұтылғанға төзімсіз екені де рас еді. Оның көкейінде әрқашан шын ойын болуға және үнемі өзі жеңіп отыруға тиіс деген түйін мықтап шиеленген. Ал, данышпан болсаң, бабын тауып көр! Иығынан біреу қағып, Сержанның ойын үзіп жіберді. Орынбасар екен. – Қалай, бала, бүгін шешуші күн, ә? Сығырайып, сынай қарап қалыпты. Көз тереңінде сайтан ойнайды. – Шешуші күн. Шалды қинап қайтесің, бере сал. Дәу хрусталь вазаны сол-ақ алсын. Хрустальға таласып жүріп, шамшыл көңілді шытынатып аларсың... Екіншісі де жарайды саған. Месткомның жігіттері оны-мұны дайындап отыр, идеялары бар көрінеді. Сен шалды жеңіп қойып, бәрі бүліне ме деп әдейі маған тапсырды. Шешуші күн, ұмытпа. Қалғанын ішің білсін, әлу-ай! Сержанның селсоқтығын байқап, үдеп кетті. – Ой, сен өзің... Бауырым деп сенім артып жүрсем... Онда тұрған не бар, бір сәттік дуыл ғана. Дүрмекпен өтеді де кетеді, ал тір-
шілік қалады. Морально қиналатындай да түк емес, ағаңды сыйлап, бірінші орынды жолына қидың, онда тұрған не бар? – Жо-жоқ, аға, ол жағын өзім де білемін ғой, – деді Сержан аптығып. – Е, бәсе! Сөйтетініңді өзім де білгемін. Ақылды жігіттерді танимын ғой мен. Әншейін, балалық қылып, желігіп кетпесін деп ескертіп жатқаным ғой. «Иә, шешуші күн, – деп күбірледі Сержан оңаша қалған соң. – Шешуші күн!». Ол ойын нәтижесі туралы ойланып, бас қатырған жоқ. Стол теннисінен бірінші разряды бар екенін бұл коллективте ешкімге білдірмеген. Қаласа, екі айналымға келтірмей, шалдың тасталқанын шығаратындығы өзіне аян. Спортты жанындай сүйетін Сержан адал ойынды пір тұтатын. Бірақ мына жарыстың жөні бөлектеу болып қинап тұр. Қас қылғанда, шалдың ешкімнен ұтылмағанын қарашы, ұтатын жігіттер бар еді, бірақ бірінің қалағы тайып тиді, бірінің шары қисық ұшты, қысқасы, соңғы ойынға шал да, Сержан да жұрттың бәрін жеңіп, бірдей ұпаймен келген. Бағана орынбасар ши жүгірткенде-ақ бұл шынын айтқан, өйткені Сержан ақылды жігіт. Шалдың мінезін жақсы білгендіктен де сол шешімге келген, оған иіл, сыйла, жеңіл – бәрібір, тек қана бәрін де шын көңілден жасауың керек, сәл ғана шикілік байқалса, шалқасынан түсетін қызық адам. Соған қарағанда, осы мекемедегі нөмір бірінші адам өзі болғандықтан, қарамағындағылардан барлық жағынан да биікпін деп есептеп, шотын қағып қойғанға ұқсайды. Шалдың өтіріктің өзін шындыққа айналдырып, содан шынайы ләззат табатынына қайран. Бүгін Сержан ұтылуға тиіс, ұтылады да, өйткені шын таласта шын жеңілсе, көңілі шыныдай шытынайтын шал теннис столындағы есесін басқа столдан қайтаратыны бес саусақтай. Соңғы кезде Сержанды жақсы көріп жүр, бұлардың бөлім меңгерушілері пенсияға шыққалы да көп болған жоқ, демек... Орынбасар дұрыс айтады, дауыл мен желге ұшатын қайдағы бір жарыс үшін өрге домалайын деп тұрған тасын құлдилатып жіберу – ақымақтық. Ендеше, майы тамған өтірікті шыңылтыр шындыққа айналдырып бағады. Оған да қиналмас, шын ойнаған болып қара терге түссе, әр партияны тыртысып барып, шалдың жанын алқымына тығып тұрып, бірер ұпаймен ғана ұтыла салса, қадалып отырып қызмет істеуден жалығып, қимылдың аздығынан бозамық тартқанда құтқа-
рушыдай сап ете қалған тенниске өліп-өшіп жабыса кеткен, бірсы-
дырғы тықылдатқандарымен техникадан түк хабары жоқ босбел-
беулердің бас шайқап, таңдай қағысатындары ақиқат. Өзінің қалың
ұяты да былқ етпейді, тәйірі, әрбір ермек ойын үшін шаншудай
қадала беретін тентек ұяттың керегі не?
«Бүгін Гүлнәзия келмей-ақ қойса екен!». Сержанды тығырыққа
тіреген түйткіл осы болатын.
Өткенде аузынан қағынып, коллективте жарыс өтіп жатқанын
айтып қойғандығына өкінді. Іле-шала ақталды. Басқа не айтады?
Әңгіме сарқылғанда, «Не істеп жүрсің?» деген сауалға қандай
жауап болмақ? Тіршілік осындай деді. Гүлнәзия қуанып кеткен.
Спорт жарысының күнделікті қызмет бабымен қарбалас жүріп,
бір-бірімен араласа бермейтін адамдарды жақындастыратынын,
коллективтің де, жеке адамның да мінез-құлқын жарқ еткізіп бір
ашып беретінін айтты. Бұл іштей тіксінген – қалыңдау болғанмен
де ұяты бірер бүлк еткені. Қуырдақтың көкесі алда екен. Гүлнәзия
бұлардың жарыстарына келіп тұрмақ болды. Сержан әрі-бері жал-
тарып: «Үлкен кісілер бар ғой, елден ұяттау» дегенді көлденең
тартқан. «Несі ұят, мен көзге түсіп, кердең қақпаймын. Сендерде
істейтін көп қыз-келіншектің арасында елеусіз ғана тұрамын ғой.
Солардың бірінің досы екен деп ойлайды. Саған келіп-кетер не
бар?» Алдап-сулап көндіре алмай, тиым салуға болмайтынына
күйінгенімен, Сержан не істесін? Үш-төрт ойынға келгеннен кейін
Гүлнәзия: «Ой, алдын ала құттықтаймын сені! Саған шақ келетін
бірде-бір ойыншы жоқ екен», – деді. Жарыс барысынан ғана емес,
жігіттердің көңіл ауанынан да бүгінгі күннің келетінін қапысыз
сараптаған Сержан ішкі іркілісін аңғартпауға тырысып: «Неге?
Жігіттер бар ғой. Алдын ала бал ашып қайтесің?» – деп, кішірей-
генсіп құтылған...
«Гүлнәзия келмей-ақ қойса екен!». Ол келсе, бәрін де түсіне
қояды. Өйткені, ол да бірінші разрядты теннисші болатын. Екеуі-
нің алғаш танысып, сырласуына да осы теннис дәнекер.
Сол күні Сержан паркте дем алып жүрген. Әдеттегідей жалғыз.
Адамдармен көп араласпай, оңаша ойға шомып жүргенді ұната-
тын. Бір таныстарымен кездесе қалғанда, сыпайы ғана амандық-
саулық сұрасып, жөніне кеткенше асығады. Ашылып сырласу,
әзіл-қалжың, қоян-қолтық араласуға құлықсыз, оның бәрін өмірдің
қымбат сәттерін далаға шашу деп санайды. Ақылсыздық көреді.
Ақылмен өмір сүре алмайтын жандарға кешірімсіз. Ойын-күлкі,
тіршіліктегі аралас-құраластық, сырласу – бәрі де тұрмыстың ал-
дында дәрменсіз, сен үшін жылтырайтын нәзік көпіршік үрлеп
қалсаң, ұшады да кетеді деп түйген. Өзінде де жүрек барын, оның
да еркіндік аңсап бұлқынатынын білетін, әрине, бірақ тас қамал
ақылы шеңгелінен шығармай тұншықтыратын-ды. Паркті алуан
думанға бөлеген балалардың шат күлкісіне, қыз бен жігіттің су
шашып ойнағандарына, сыраға қызып, бір-біріне сансыз қызық
хикаяларды шертіп отырған еркектерге ол аяй қарады. «Осыларда
не мән, не мақсат бар?» «Демалыс қой» деді бір үн. Демалыс! Ол
кекете күлді. Қайдағы демалыс! Демалу үшін әуелі қатты шаршау
керек. Әуелі алдыңда тұрған қырға жанталассаң да шығып алып,
соның төбесінде етектегілердің үстінен қарап отырып демалғанға
не жетсін! Ал етекте бөгелуге, айналсоқтауға болмайды. Иә, иә,
солай. Әйтпесе бұның өзі де қызбен қыдыруға, ішіп-жеуге, көк
майсада аунап-қунап жатуға қарсы емес, бірақ, ол үшін жағдай
керек. Ақша ғана емес, салмақ, бедел. Мысқал да болса, салмақ
болса, арқаны кеңге салуға болады. Оған жету үшін ойланып өмір
сүруге тиісті. Әйтпесе, от басасың. Аузыңды ашып отырғанда,
поезың кетіп қалады. Айналаңдағылардан бір елі болса да жоғары
тұрмасаң, алдында біреулер именіп, иіліп тұрмаса, тірлікте қандай
қызық бар?
Өз ойын осылай деп түйіндеп, өзі ұстанған тіршілік қағидасын
тағы бір тексеріп, тастүйін келе жатқан Сержан стол теннисін ой-
найтын жерге қалай жеткенін байқаған жоқ. Осында келіп, біраз
қан тарататын әдеті. Бос стол көріне қоймағасын, ернін тістелеп:
«Кезек күтсем бе, күтпесем бе?» деп екі ойлылау бөгелген, бақса,
шеткі столда жалғыз қыз тұр екен. Жан-жағына асығыс көзін жү-
гіртуіне қарағанда, серік іздегені күмәнсіз. Сержан баяу басып,
жақын келді де: «Сізбен ойнауға бола ма?» – деді күлімсіреп. Сай-
таны ұстап, екіұштылау сөйлеген. Қыздың жүзі лап ете түссе де,
жасқанған жоқ. Жанары бір жалт етіп, үнсіз қалағын ұсынды. Тық-
тық... Бөтен тілге келген жоқ, беймаза ақ шар ғана бейтаныс қыз
бен жігіт арасына жеңгетай болғандай.
Сержан әуелде қыздың қимылын қызықтап, ойынға қызу кіріс-
пеген. Қыз болса ширақ, қалағын оңды-солды еркін сілтейді. Дағ-
ды ғана емес, қимылында үйлесім, ырғақ бар. Әп-сәтте жігіт өзінің
жапырыла жеңіліп бара жатқанын аңдап, намыстанды да, шындап
кірісті. Еліктің лағындай кіп-кішкентай қызды тәубесіне келтіру
оп-оңай деп пайымдағанымен, жанталасқа түсіп қалды. Қанша еге-
сіп, есе қуғанымен алғашқы кезекті беріп шықты.
– Жақсы ойнайды екенсіз, – деді ол, орын алмастырып жатып,
– көп жаттыққаныңыз көрініп тұр, сірә, аңқау басым тас-түйін
спортшыға ұрынсам керек. Дегенмен, енді сақ болыңыз, алғаш
ағалығымды білдіріп, қыз жолына жығылдым.
Қыз нәзік жымиып, тұнық көзін бұның жүзіне тұңғыш рет тік-
теп қадады.
– Алыста ағалық, ойында өрелдік жоқ, ағай. Қапы қалмаңыз.
Екеуі де іштей егесіп, бәстескендерін түсіне қойды. Түсіне
қойды да, домаланған ақ шарды біресе бұралта билетіп, біресе ат-
қан оқтай зырқыратып, столдың үстіне найзағай ойнатып, бұршақ
жаудырды. Ақыры Сержан әрең дегенде жеңді. Екеуі де демдерін
басып, бір-біріне сынай қарады. Жігіт жеңгеніне іштей масайраға-
нымен, бірінші разрядты бола тұра, шынашақтай қызды әрең жең-
геніне арланып та қалған, бірақ онысын байқатпай, сыпайы жы-
миып, «қалай екен, қарындас» дегендей көз қиығымен мардымси
қарады. Қыздың екі беті албырап кеткен, әлде қатты кимылдан,
әлде ұтылғанына намыстанғаннан, жанарында тентек ұшқын ой-
найды.
Келесі ойынға кіріспес бұрын, үнсіз егесті қойып, азырақ сөй-
лесуге ұйғарды Сержан.
– Қарындас, талтүсте жасырынбақ ойнағандай, бір-бірімізден
тығылғанымыз ыңғайсыз ғой.. Азды-көпті ойын серік болдық, ай-
ып етпесеңіз, танысып қояйық.
Қыздың есімі Гүлнәзия екен. Қысылмай, еркін сөйлесті. Бірер
ауыз әзілден соң қайтадан ойынға кірісті. Кезек жеңіспен, ынты-
мақпен тараған...
Сержан Гүлнәзиямен танысуына себепкер тенниске мың рақ-
мет айтқанымен, оның теннисші болғанына дәл қазір ренжулі. Ол
бүгінгі шешуші ойынға қатысты кілтипан. Әйтпесе, сол теннистің
арқасында екеуі жиі кездесіп тұрды, жақын танысты. Ойын үстін-
дегі бір-екі ауыз шорқақ әзілден ұзақ-ұзақ сырласуға көшкен.
Әуелде ақкөңіл, аңғал көрінген Гүлнәзияның ақылды екендігін
біртіндеп таныған. Иненің жасуындай өтірік айта алмайтын, ине-
нің жасуындай өтірікке төзе алмайтын қыздың көңілі де көреген
еді. Адалдық, әділет туралы, әуелде Сержанға тіпті балаң көрінген
ұғымдары зерек зердеден қорытылып шыққан салмақты тұжырымдар-тұғын. Бірде қазіргі жігіттер мен қыздардың қарымқатынасы жөнінде қызу әңгіме болып қалды. – Мен жасанды, жағынып сүйкімді көрінетін жігіттерді жек көремін. Гүлнәзия пышақ кесті үкімін ірікпеді. – Әлем-жәлем киініп, өздерін нағыз модерн санайтын, ажарлы қыз көрсе, соның алдында сері, жомарт, жайсаң жанның рөлін ойнайтын жалған жігіттер бар. Үңіле қарасаң, не баста, не жүректе ештеңе жоқ, қуыскеуде үрме сорлылар. Соларға кейбір қыздар сенеді де. Мен қашан да қыз болсын, жігіт болсын, бір мінезді, өз келбеті бар және еш уақытта да перде кимейтін адамдарды ұнатамын. Тіпті, олардың бадырайған кемшілігінің өзі әлгіндей көлгірсуден мың есе артық, өйткені шынайы мінез. Сержан дау айтпай, күлген де қойған, бірақ ішінде бір нәзік қыл қатты шертіліп кетіп еді. Қазір де, неге екені белгісіз, Гүлнәзияның осы сөздері алабөтен ойына оралып, өз-өзінен қуыстанғаны. Сержан оған әлі сырын алдырған емес, рас, кім екені жөнінде Гүлнәзияның пікірі жақсы, әрине. Екеуі қазір бір-бірін сағына іздейтін. Араларында екеуіне де аян, бірақ әрқайсысы ішіне бүгіп, асыл армандай аялаған бір нәзік сезім оянғаны хақ. Сержан өз көңіл ауанын таразылай келіп, Гүлнәзияны ұнатамын деп түйді. Болашақ жары да басқа ешкім емес, Гүлнәзия болу керек. Қазіргі кейбір тарпаңдығы, шектен тыс адалдығы тіршілік қалыбына құйылған соң, мынау деген келіншек шықпай ма? Өз ырқына, өз қағидасына біртіндеп көндіреді бұл. – Ау, Сержан, не ғып тұрсың? Уақыт боп қалды, дайындал, – деген көңілді дауыс селт еткізді, – Дабай, жақсылап бір майдан берші. Жігіттердің көбі іштей сен жағында. Осы мекемеде талайдан бері қызмет істеп келе жатқан жігіт ағасы бұның қолын жақсылап тұрып қысып қойды. Енді байқады, жұрт абыр-сабыр, жұмысты аяқтап, әрлі-берлі сенделуге көшіпті. Бәрі де сыртта жүр, гу-гу әңгіме. Бұның да делебесі қозды. Ширақ басып, бөлмесіне кірді де, күні бұрын дайындаған ықшам киімдерін киді. Меншікті қалағын алып, билей басып шыға келгенінде жұрттың бәрі өзіне қызыға қарап тұрғандай сезінді. Енді ше, шалдың өзінің абыройы қазір бұның қолында, онымен қалай сөйлесудің кілті қалтасында. Әрі-
бері жұлқынып, жігіттермен жұптасып, шар қуалап, қан қыздырады. Қазір бәрін де ұмытқан, есіл-дерті ойында... Қошемет гуілі естілгенде барып өзіне-өзі келді. Топты қақ жарып, шал келе жатыр екен. Ол да жеңіл, ықшам киінген, жанжағына чемпионша қарайды. – Қалай?! – деп Сержанды қалағымен иықтан әзілдей қағып қойды. Күлімсірей бір қарады, одан соң айналасындағыларға жылдам көз жүгірткен – кім бар, кім жоғын түгендегені. Ол да жұпқа тұрып, дене қыздыруға кіріскенде, жұртшылық столды кең қоршауға алып, дөңгелене иірілді. Сәлден соң жарыстың бас төрешісі гуілдеген жұртты да, ойыншыларды да тыныштыққа шақыра қолын көтерді де, салтанатты мақаммен: «Ал, ағайын, бүгін өз коллективіміздің стол теннисінен өткізілген жарысы аяқталмақшы. Бүгінгі ойында бас жүлде сарапқа салынады. Өздеріңіз білесіздер, ойыншылардың екеуі де бұған лайық», – деп бір қайырды да, жарыстың барысы жөнінде, бүгінгі ойыншылардың ғажайып адамгершілік һәм шеберлік қасиеттері хақында кеңінен толғады. Оның бір сөзін естіп, бір сөзін естімей елегізіп тұрған Сержан топ ішінен Гүлнәзияны іздеген. Бір топ қыз-келіншектің арасында елеусіз ғана тұр екен. Аппақ көйлек киген. Екі көзі Сержанда. Көздері түйісіп қалғанда Гүлнәзияның екі беті ду ете қалды, қуаныш пен толқынысын жасыра алмай, іштегі өртін аңғартып алды. Сержан да жымиып күлген болды, бірақ ішін қалтыратқан мұз лебі шықты сыртқа. Гүлнәзия оны өзінше жорып, қолындағы алқызыл гүлдерін жоғары көтерді – дем бергені. Сержан басын самарқау изеген... Бұл кезде бас төреші ойын аяқталған соң жарысқа қатысқан азаматтардың тарқамауын, өзінен белгі күтуін өтінді де, бастауға ишара жасады. «Пусть победит сильнейший!» – деп қосып қойған орынбасар Сержанға көзін қысты. Алақандай столдың үсті ала құйын болды да кетті. Көптен бері талай құлақтың құрышын, ашылған ауыздың айызын қандырып, алақандай коллективте сан түрлі сыпсың тудырған алапат айқас басталды. Екеуінің де алғашқы қимылдары ширақ, әрі батыл, әрі сақ. Кеу-кеулеген жұрт әрбір сәтті соққыға, әрбір шалт, оңтайлы қимылға сүйсіне дауыстап, екеуін кезек марапаттап қояды. Мықтының аты мықты: бір бусанғанша Сержан төрт ұпай алға шығып үлгерген. Қызбабас жастар жеңісті Сержанға беріп те қойса керек, ду-ду етеді, көпті көргендер немесе өздерін көпті көрген санай-
тындар әліптің артын бағайық дегендей ұстамдылық танытқан.
Сержан терін бір сыпырып, жан-жағына асығыс көз жүгіртіп еді,
орынбасар сұп-сұр болып, суық жымиып, бұған қадалыпты. Топ
ішінде тұрған Гүлнәзияның екі беті албырап, жанары жарқ-жарқ
етеді. Бас бармағын, елге байқатпауға тырысып, ұрлана шошайтып
қойды.
Сержан селт еткен жоқ. Қайта лезде салқынқанды, салмақты
күйіне көшкен. Осы қарқыннан таймаса, шалдың берекесін қашы-
рып, быт-шыт қылатынына сенімі мол. Қарсыласына тіктеп қара-
ған. Үсті-басын тер жауып кетіпті. Ақсары жүзі қып-қызыл, көзін-
де кейістік, бітіспес егес бар. Ол ақырына дейін қырқысуға бекін-
ген тәрізді. Мына Сержанның, әншейіндегі қолдағы баланың қазір
аруақтанып, айбыны асып кеткеніне, оған өзінің түк те істей ал-
майтынына, дәрменсіздігіне күйінгендігін түюлі қабақ пен делди-
ген танауы бұлтақсыз айғақтағандай. Түпкі есебі берік Сержан не
де болса шалды біраз қинауға бекінді – оңай жеңіс жоғын, адал
айқастың қандай болатындығын тым құрыса жалғыз сәт, қас қағым
ғана болса да сезінсін, ішіне түйсін, соңыра бұның ақылы мен қа-
рымын, көрегендігі мен көргенділігін қадірлесін деген. Жай оғын-
дай жарқ-жұрқ қимылдап, столдың астан-кестеңін шығарды, құты-
рына, екілене соққылап, шалға жын-ойнақ жасап берді, өзгенің де,
өзінің де айызын қандырып, кіп-кішкентай ақ шарды жерге тығар-
дай, жоқ қылып жіберердей зырқыратты дейсің. Зу-зу еткен шарды
көзі шалып үлгере алмай қалған шалдың қалағымен ауа қармап,
қалбаңдап қалған кездері де болды, шиырылып келген бармақтай
пәлекетті дұрыс тосып ала алмай, айдалаға да бездірді, ызаланып,
қаһарланып соққанда, қалағымен столды тарсылдатты. Бұнысы
шалдың стол тоқпақтап, айбар шеккеніндей әсер етті де, Сержан
әлгі бір көзсіз құштарлығынан сәл сергіп, босаңсыды. Бұл кезде
есеп он алты да бес болатын. Өзі бастағанда шарды столдың дәл
жиегіне бағыттаған болып, сыртқа түсірді, бірер рет қатты соққа-
нын мүлт жіберді. Жөппелдеме төрт-бес ұпай алған шал өзіне-өзі
келіп, барын салып бақты, ал Сержан әлгі бір сәтсіздіктеріне күй-
інген, бір жағы жаңағы жойқын аттаныстан шаршап қалған кісі
болып, ойын өрнегін сырт көзге байқатпай, табиғи түрде өзгертіп
қойды. Енді елдің ықыласы шалға ауды, тәжірибесіз көздерге оның
қимылындағы олақтық байқалмады, шынында да әуесқой үшін
біршама тәуір ойнайтын шал жеделдетіп, ұпай жағынан Сержанды
қуып жете бастаған. Ақыры есеп жиырма да жиырма болды, бірбіріне шар бермей тағы тіресті, кезек-кезек ұпай алысты. Не керек, әупірімдеп жиырма төрт те жиырма екі есебімен бірінші кезекті шал жеңіп шықты. Жиналғандар ду қол шапалақтап, жеңімпазға қошемет көрсетуді ұмытқан жоқ. Үлкен жарыстарда кездесе бермейтін тартысқа айыздары қанғанын жеңіл ауыздар асығыс айтып жатыр. Сержан бұның біріне құлақ аспай, үнсіз ғана орын алмастырды. Орынбасар басқа жаққа қарағансығанымен, көз қиығымен құптағанын білдіріп, жұмсақ жымиды. Осы бір туысқанын дәл осы мезетте Сержан жек көріп қалды. «Оңбағансың» деді өзін де аямай. Бірақ бұл сәттік сезім еді, келесі толқында-ақ сағымға айналып жоғалған. «Ағам екеуміз білеміз тіршілікті» деп қайтадан ағасын да, өзін де іштей ақтап, жақсы көріп, тас-түйін бекініп алды. Абайсызда Гүлнәзияға көзі түскен, қыздың жанарында үрей мен үміт, сенім мен күдік тайталасып, жүзі томсарып тұр екен. Сержан саспа дегендей сенімді түрде басын изеді. Ол әлі де біраз ойнауға бекінген. «Бұл кезек менікі» деп түйді ішінен. Теннистің қалыптасқан ережелерімен бұлардың жарыс шарты қабыса қоймайтын. Кімде-кім екі рет жеңсе, жеңіс сонікі деп келісілген. «Екі де нөл ғып ұтуыңыз, ақсақал, ұяттау болар». Осы түйінге табан тіреген Сержан бұл жолы шалды әдейі алға шығарды. Төрт, бес, алты ұпай оздырып барып, бетіне қараған. Шал мәз-мейрам, төрт құбыласы түгенделгендей, мына дүниеге келгеніне әбден риза. Көзі мейірлі, жүзі жайдары. «Апырмай, бұл кісінікі не осы? Үлкен құштарлық, көзсіз құмарлық па? Әлде шектен тыс менмендік, өзімшілдік пе? Өзінен төмен қызметкерлердің әлде бір қасиеті өзінен асқанын көре алмағанда қай мұратына жетпек? Қой, көке, Сержанның кім екені есіңізден шығып, есіріп барасыз-ау, ә? Көрсетейін, көке». Тағы да ойқастап, ойран салып, селдетіп, нөсерлетіп кеп берді. Тықыл-тықыл-тық, тықыл-тықылтық... Қалыптасқан әдемі ырғақпен, тал шыбықтай майыса серпіліп, екі қағуға келтірмей, шалды булықтырды да қойды. Сол қарқынынан танбай, жиырма бір де он сегіз қылып ұтты. Тағы да қол шапалақтау, көтерме сөздер. Сержан шалға қарап еді, ол: «Көрерміз... Алда ойын бар ғой», – деп, еркектік танытты. Бірақ көрермізді Сержан көп мағыналы деп ұқты. Орынбасар туыс-
қаны бұған түсіндім дегендей елеусіз бас изеп: «Ал, енді шешуші
сәт келді!», – деді даурығып. Астары өзіне арналғаны белгілі.
Гүлнәзия топ ішінен, тағы да ешкімге байқатпай ғана, қолын
бұлғап, гүл-гүл жайнап, сүйсіне қарап тұр екен. Сержан ернін тіс-
телеп, теріс айналды... Ар таразысындай өзін өлшеп-пішіп тұрға-
нына күйген. «Балақан! Әй, сәби сүті кеппеген балақан! Не түсіне-
сің сен? Қой сенің өлшеусіз адалдығың өмірге өлшем бола алмай-
ды. Қой, қой, орныңды біл, мазамды алма!».
Ол ширығып, қатайып алды. Тағы да тық-тық, тық-тық. Үнсіз
екеуі жансыз шар арқылы шапшаң, шарпыса жауаптасып жатқан-
дай. «Бала, қалай, табаның тайған жоқ па? Бүрі... мықты ма?» де-
генді ұқтырғысы келгендей, шал екілене соғады. «Төтеп бермек
түгілі, талқаныңызды шығарамын, көке», – деп қатқыл ұрады да,
іле-шала «талайды бастан өткерген көргенді баламыз ғой» деген-
дей, жасқаншақтау тастайды. Не де болса Сержан көзірін ашпауға
ұйғарды да, бұл жолы өте сақ ойнады. Ұпай мен ұпай қатар жүріп
отырған. Есеп он алты да он алты болған кезде елдің жүйкелері
сымдай тартылып, жіңішкеріп, үзілуге шақ қалды. Шалдың шар
ұстаған сол қолының дірілдегенін де байқады Сержан. Енді екеуі
де тәуекел төмпешке бармай, аңысын аңдап, қапысын іздеуге көш-
кен. Шал бір-екі ұпай алға шығып еді, ұзатпай қуып жетті. Он то-
ғыз да он тоғыз. Шал айласын асырғандай, ақырын серпіп, домала-
та салған шары иіріліп, екі домалағанда іліктірді Сержан. Шал бір
ұпай алға шықты деген сөз. Соңғы, шешуші сәт. Столға тық етіп,
сәл ғана көтеріле берген шарды Сержан зу еткізіп тартып жібер-
генде, торға килігіп, шоршыды да қалды. Бітті! Жеңіс шалдыкі.
Сержан қатты өкінген түрмен қалақпен столды бір салды...
Жұрт жапа-тармағай жеңімпазды лайықты жеңісімен құттық-
тап жатыр. Көңілді шу жаңғырығып, ауада қалықтап, тым-тым
алысқа тарайды. Шал жан терін сүртіп, көргенділік танытты.
«Бұндай қарсыласты маңдайларыңа жазбасын. Сұрапыл ғой, сұра-
пыл! Сыйлау керек. Мен Сержанды лайықты ойынымен құттық-
таймын. Қиналып егіп, тер төгіп терген жеміс тәтті. Рақмет, айна-
лайын!», – деп, бұны құшағына қысты.
Сержан да оның бауырына кіре түсті. Бүкіл денесімен шалдың
жүрек дүрсілін сезінді. Жаңағы жанталастан кейін әлі қалыпты
ырғағын таба алмай дүк-дүк соққан жүректің өзі үшін елжіреп,
мейірім шуағына малынғанын және байқады. Шалдың ұтылған
қарсыластарына қатты құлайтын әдеті. Ешкімге байқатпай, іштей масаттанды. «Мен ұттым, шал, мен ұттым!». Сол күйі, құшақтан босай бере басын көтерген... Дәл қарсы алдында бұған қадала қарап Гүлнәзия тұр екен. Өңі қашып кеткен, көзінде мөлдіреген жас, қолындағы гүлдің де ұйпа-тұйпасы шығыпты, өңменінен өткізе қарап, бұның бүкіл ішкі толғанысын, ой түйінін оқып тұрған сияқты. Сержан серпілді. «Фу, сентиментальщина!» Осы қарқынмен қызға бас сап ұрсып, сауатын ашпақшы болған. Іле-шала оған хақысы жоқтығын, үнсіз ұғысқандарымен, әлі сөз де айтпағаны есіне түсіп, қайтерін білмей, сасқалақтады да қалды. Бас төреші ойыншылар жуынып-шайынғанша он-он бес минут мұрсат беретінін, сосын жүлделерді тапсыру рәсімі болатынын хабарлады. Ар жағына бүккен тағы бірдеңесі барын кісінің жымын ымынан танитын көргенділер әп-сәтте түсініп, көңілдене темекі тартып, әңгімеге кіріскен. Бұл сыртқа беттеген Гүлнәзияның соңынан ілесе шықты. Қыз қайырылмай, тіке тартып барады екен, ұзатпай қуып жетті. Жетті де, алқынып: – Иә, халың қалай? Мені неғып «күміс медаліммен» құттықтамайсың? Әлде сый-сияпат тек жеңімпаздарға ғана көрсетіле ме? – деген ойынды-шынды, кекесінді-күмәнді үнмен. Пендешілік күйден арылып, енді өзін таза сезім әлеміндемін деп есептеген, әлгі бір әлсіздігі үшін өзін сөккен түрі, жалпы, әр жағдайға байланысты әртүрлі мақаммен сөйлеу әдеті болатын. Гүлнәзия тіл қатпастан Сержанға тесіле қарады. Сауал мен жұмбақты, тіксіну мен түңілуді таныған жігіт жұқалаң жасқануын жасырып, тағы да ақталған. – Әбден шаршап кеттім. Жүйкем шыдамады, әсіресе соңғы шарды қызбалықпен соғып жібермей, шиырып тастай салғанымда... Гүлнәзия тағы да үндеген жоқ. Сержанның көзіне көзін қадап тұрды да қойды. – Оу, саған не болды соншама? Адамның жанын жемей бірдеңе десеңші. Жігіт қыздың бедірейіп тұрып алғанына ызалана бастаған. – Қандай тамаша артист едің, Сержан, – деді Гүлнәзия даусы дірілдей. Кенет қатайды. – Көлгірсудің көкесін көрсеттің ғой. Бәрі
де жып-жылмағай, ешкім ештеңе байқаған жоқ. Көздерін бақырай-
тып қойып алдадың бәрін. Қандай едің!
Ендігі түлкі бұлаңның қажетсіздігін байқаған Сержан шарт етті.
– Ал, иә, әдейі ұтылдым! Онда тұрған не бар? Адал ойын қай
ұшпаққа шығармақ? Бастықтың көңілін ауладым, соған бола сен
несіне таусылып тұрсың? Түсінбеймін сені! Енді оның даусы қар-
лығып, тұншыққан айқайға ұласты. – Жұрттың әйелі де, жүретін
қыздары да бұндай жағдайда күйеуін, яки жігітін қолдар еді. Өйт-
кені, қол ұстасқаннан кейін бір мақсатқа бірдей ұмтылу керек. Мен
екеуміздің қамымыз үшін өтірік жеңілдім, ал сен...
Гүлнәзия қолындағы гүл шоғын қоқыс жәшігіне тастай салған-
да, Сержан қалшиды да қалды. Қыз бұған қарады.
– Жоқ, Сержан. Сен шын жеңілдің!
Осыны айтты да, бұрылып жүре берді. Сержан бір сәт селтиіп
тұрып қалды да, жедел басып қызды қуып жетті. Қарынан ұстап
тоқтатқанда, ол өзінің Гүлнәзияны сүйетінін ұқты. Оның қайдағы
бір ойын үшін әп-әдемі қыздан айырылғысы жоқ еді. Ол шын тебі-
реніп, қызға шын сүйетінін айтты. Алда екеуін қызық өмір жолы
шақырып тұр. Түкке тұрмайтын тенниске бола торсаңдаудың кере-
гі жоқ. Тіршілікті ойлау керек.
– Иненің жасуындай жалғандыққа бола мен сияқты жігіттерді
жоғалта беруге болмайды. Түптің түбінде жалғыз қаласың. Сонда
түсінесің қателігіңді! – деген ең соңында.
Гүлнәзиянің көзінен екі тамшы үзіліп түсті.
– Болды, Сержан, осымен бәрі бітті. Мен сенің пәктігіңе сен-
гем!
Жігіттің қолын серпіп тастап, қайырылмай кете барды. Сержан
оның сыртынан қарап тұрып: «Сирек қыз!» – деп басын шайқады.
Іле ойына жігіттердің жиналып жатқаны түсіп, асығыс кеңсеге
беттеді. Табалдырыққа жетіп, артына бұрылған, Гүлнәзия ұзап ба-
рады екен. Ақ көйлегі ұшы-қиыры жоқ көк теңіздегі жалғыз жел-
кендей көз ұшында ағараң-ағараң етеді...
Гүл Әйелдер мерекесінің қарсаңында Асан әдеттегідей ыңғайлы сыйлық қарастыра бастады. Пәлендей қинала қойған жоқ, он бес жыл отасқан зайыбының көңіл аударып, қызығары қайсы, өзі не сыйлауы керек, бәрі де белгілі. Тек қана әйеліне қажет заттар тым көп еді. Үйленгеннен бері соның біразын сыйлап үлгірсе де, азаяр емес. «Тірінің қажеті сарқылмағаны жақсы» деп түйді Асан. Сол қыруар дүниені сауырынан басып көріп, бойға жарасып, көңілге қонатын біреуін мереке күні жарқыратып ұсынса, үлкен бір істің бітім тапқаны. Асанның таңдауы осы белгілі жобаға сүйенетін. Сезімтал Тананың бірінші кезектегі қалауының үстінен түссе, осыдан алты жыл бұрын сыйға алтын сағат тартқандағыдай қуанады, ал егер мүлт кетсе, бірінші майда қысқы етік әкелген жолғыдай бұртиып қалады. Көңілі әр нәрсеге ауып, модаға, жағдайға байланысты керек нәрселердің қажеттілік дәрежесін ұдайы өзгертіп отыратын әйелінің құбылмалы тілегіне бұл үнемі ілесе бермейтін. Сондықтан, сыралғы болып, сіңісіп кеткен екеуі кейде, тіпті, сыйлықты ақылдасып барып алушы еді. Бұны ұятқа санау да қиын, семья болғасын белгілі ғой, бір оқпен екі қоянды кімнің атып түсіргісі келмейді? Иә, иә, солай... Асанның әлі есінде, үстіндегі су жаңа костюмді әйелі Қызыл Армия мерекесі құрметіне сыйға тартқан. Алдында бұған костюм керек-ақ болып жүрді, бір күні Тана ой салды: «Бәрібір керек қой, мен саған тамаша костюм сыйлайын». Сөйтіп, магазинге екеуі бірге барып, таңдап жүріп сатып алған. Рас, бір жұмадай ертерек еді, бірақ бұл секілді ұсақ-түйек келісім шартына, әсіресе, ерлі-зайыптының ойы бір жерден шығып жатса, нұқсан келтіре алмайды. Бұның өзі де талай рет әйеліне ақша беріп: «Осыған қалағаныңды сатып алшы, мерекедегі сыйлығым болсын. Мен таңдай алмаймын», – дейтін. Немесе: «Ал, туған күніңе не әперейін? Қалағаныңды айта ғой», – деп қарап отырады. Тіпті: «Маған ананы (немесе мынаны) сыйлашы», – деп, әйелі еркелей қиылатын кездері де бар. Өздері бұған әбден риза. Сюрприз, қуаныш тосындығы дегенді ескере қоймайтын, өйткені, сюрприздің өзі әрқашан көңілден шыға бермейді ғой. Бұл жолы да мереке келіп қалыпты-ау деп әбігерлене қоймаған Асан ең соңғы сәтте ғана қозғалған. Жолы болғанда, қымбат, әрі
қажет алтын сақинаның үстінен түсті. «Тана тағы қуанатын бол-
ды», – деп ойлады қорапшаны қалтасына нығыздап салып жатып.
Көңілі жайланып, аяңдап үйге қайтты.
Күн ашық еді. Ерте көктем лебі еркін есе бастаған. Заңғар Ала-
тау бүгін мұнарынан арылып, тазарып, бар бітімімен бері жақын-
даған сияқты. Қыс бойы ұйқысынан оянған табиғат өзгеріске еніп,
жастық қуатпен құлпырып келеді.
Рахат сезіміне бөленген Асан гүл базарының қасына қалай
жеткенін аңғарған жоқ. Тоқтамай өте бергенінде, аяқ астынан бір
әңгіменің куәгері болды. Екі-үш жас жігіт өзара ақылдасып тұр.
– Сувенир, анау, мынау деп, қыш-құмыра, темір-терсек жинап
апарғанда не қызық? Одан да гүл алайық.
– Шынында да гүлден артығы жоқ. Айтпасаң да түсінікті, гүл-
де бәрі бар. Әдемі символ емес пе?
Асан түсін бермей өте шықты, бірақ әлгіндегі бейтарап, бей-
жай рақат күйден айырылды. Қозғалып кеткен қиялы қияларды
шарлап, баяулап тереңге тартып барады. Танаға гүл сыйламағалы
қаншама жылдар өткен! Сыйлық сырын, әсем астарын ұмытқалы
не заман? Әдет ағымына ілесіп, әйтеуір бір нәрсе сыйлау керек
деген міндет, парыз үдесінен шығуды мұрат тұтумен алдана беріп-
ті. Қай кезде қалыптасқаны белгісіз, жол-жобамен жүруді қажетті-
лік санап, тартуын тар аядан асыруды ойламапты. Санаға ұрлана
кіріп, біртіндеп берік орын алып, бекіп алған қасаң ұғым құрсауы-
на қамалып, жүрек лүпілін, қуаныш сыйлауды арзан алданышқа
абайсызда айырбастап алыпты. Бір кездерде, қиялдай таза, пәк се-
зімге толы кездерде сүйгеніне бұл да құшақ-құшақ гүл сыйлайтын.
Тілсіз махаббат сырын иісі аңқыған бір шоқ гүлге сиғызып, жүре-
гімен ұсынатын. Өздері де гүл құшағында еді. Уақыт өте аспанда,
әлдебір ғажап әлемде қалықтаған махаббат құсы жерге қонды –
екеуі қосылды. Жо-жоқ, үйленіп, үй болғаннан кейін суынып, сөн-
ген емес, алайда гүл орнын бірте-бірте қазан-ошақ баса берді. Ал-
ғашқыда жағдаймен санасты, студент кездерінде, жаңадан жұмыс
істеп жүрген уақытта қол қысқалығынан бір оқпен екі қоянды ату-
ды шығарды. Тұрмысқа қажет, өздеріне керекті заттардың біразын
бір-біріне сыйға тартатын. Гүлді қойған – артық шығын, бүгінгі
хош иістің ертең мүлік болып жарытпасын екеуі де жақсы ұғын-
ған. Таразыласа, пәлендей айыбы да жоқ, жағдайдан жығылмау-
дың амалы. Осынау жарасымды жақсы дәстүр біртіндеп доғалдау
дағдыға айналды. Екеуі де «осы әдетіміз қалай?» деп ойланбастан, көңілдерін күдікке шалдырмай, қоң жиғаннан кейін қымбат заттарды бір-біріне тарту қыла бастады. Неге екенін өздері де білмейді, өмірі гүл сыйлау естеріне келмепті. «Ертең қурап қалатын нәрсенің қажеті не?» деген ойдан да құралақан емес-ті. Енді ойлап қараса, бір-біріне сый тартуды міндет деп қана санап, бір-бірінің сыйлығына бағалы мүлік ретінде ғана қарап, соған ие болғандарына қуанумен келген екен. Асан кідіріп, жан-жағына тағы да көз жүгіртті. Гүлге толы көктем ерекше сыр ұқтырғандай. «Ұмыттық, көп нәрсені ұмыттық біз» деп күрсінді. Қалтасынан қорапшаны алып, ашып қарады. Зергер соққан алтын жүзік жарқ-жұрқ етеді. «Адам қолының шеберін-ай!» деп сүйсінді бір сәт. Бұның да қажет екенін ол жақсы біледі. Бірақ, келесі сәтте жастық жаңғырығы өз ыңғайына бұрды. Алтын жүзіктің жарқылы жылуы жоқ, тас жарқыл еді. Асан гүлден ұялды. Қорапшаны асығыс қалтасына тыға салды, оған осы бір құмарға айналған қымбат заттан гөрі бейтаныс жігіттердің үш тал жанды гүлі анағұрлым ыстық көрінді. Кенет басына керемет бір ой сап ете қалды. «Оу, бірақ, әлі де кеш емес қой»... Соның бәрін дәл бүгін жоққа шығарып, Танаға гүл сыйласа қайтеді?! Бұның көңіл құбылысын нәзік жанды Тана сезімге толы гүл шоғынан қалтқысыз түсіне қоятыны күмәнсіз. Ол дереу бұрылып, шапшаң әлгі жерге жетті де, бір шоқ гүл сатып алды. Қып-қызыл, иісі аңқыған гүлдер жанын қуанышқа толтырды: семіп бара жатқан жүрегіне қайтадан гүл өскендей. Ол осынау сыйлығының үйін ұмытылған қуанышқа толтыратынына сенді. Серпіліс қуаты оны қалықтатып әкетті. Есіктен кірген бойда Тананы өзгеше құштарлықпен құшақтап, ұзақ сүйді де, ерекше бір алау сезіммен, сол алғашқы мөлдір, тұңғиық сезіммен гүлді ұсынды. Тана қуаныштан қып-қызыл болып кетті; Асанға оның да жүрегінде алау сезім оянып, өзінің көңілін түсінгендей көрінді. Алайда, осы бір аңсаулы сәт қас қағымға ғана созылды. Іле Тана Асанға үлкен көзін төңкере қарады; жанарында жауыр болған жүдеу сауал... «Осы-ақ па? Бар сыйлығың осы ғана ма?» Денесі дір ете қалған Асан әлденеден алданғандай жабырқау күйге енді; артынша бойын жиып ала қойып, сабырлы, салқын қа-
лыппен сұп-суық жүзікті зайыбының саусағына кигізді. Оған өзі
әлдебір анықтамаға қол қойып, құдірет, қуаты күшті ауыр, суық
мөрді нығыздай басып жатқандай болып көрінді...
Есептідос
Досым Мұса Рахманбердиевке
Түскі тамақтан соң жайланып тұрып темекісін тартып, қызмет-
тес құрдастарымен бірер ауыз қысыр сөздің басын қайырып таста-
ғаннан кейін, ырғала басып келіп орнына отыра бергені сол еді,
қара телефон шар ете қалды. Мұса әлдекіммен таласқандай, бас
салып трубканы жұлып алды да: «Да, да» деді аптығып. Ар жақтан
жауап естілгенше, құлағы қашыр-құшырға толып кетті де, артын-
ша трубка түйдектете ұлып қоя берді. «Кім болды екен?» деп еле-
гізді Мұса бұйыға қалған қара телефонға қадала қарап. Телефон
дегенде, еркіне бағынбайтын бір жыны бар еді. Осы кеңседе бөл-
мені ғана емес, атшаптырым кең залды да басына көтере шарыл-
дайтын жалғыз телефон – Мұсаныкі. Өзге жігіттер аппараттың ас-
тындағы бір тетігін әрі-бері бұрап-бұрап, тұншықтырады да қояды.
Кейбіреуінікі тіпті тамағының баспасы бардай, кыр-қыр еткеннен
әрі аспайды. Әрине, ондай әдісті Мұса біледі. Ерегіссе, қырылдат-
пақ түгілі, дыбысын мүлде өшіріп тастауға да шамасы бар. Бірақ,
неге екенін кім білсін, айқайлап тұрғанына құмар. Қара телефон
шар-р ете қалғанда, бұның бөлмесіне келіп отырған кейбір жұқа
жүйкелер сөзінен жаңылып, енді біреулері жазықсыз мүлікке алара
қарайтын. Ал Мұса әңгімені кілт бөліп, трубкаға жармаса кететін.
Кейде бір жолдастарының телефоны қырық рет шырылдаса да міз
бақпай отыра беретіндерін көргенде ол іштей күйіп-пісетін. Ал
енді қасындағысына «сен көтер» деп ишара жасап: «Мені сұраса,
жоқ дей сал» дегендерін көзімен көріп, құлағымен естігенде, Мұ-
саның сарғыш мұрты батырға лайық зор мұрнын қытықтап-
қытықтап-ақ қалатын. «Жоқ дей сал! Әй, айдың, күннің аманында
тығылып не көрінді? Қайдағыны бастап...» деп, сөгіп те тастаушы
еді сонда...
Әйтеуір, қара телефонға қайда жүрсе де, құлақ түре жүретін әдеті. Залдың ана бір басында, терезенің түбінде жігіттермен темекі тартып, әзілдесіп тұрса да, әлдеқалай фойеде біреулермен маңызды шаруа жайында әңгімелесіп отырса да, мейлі, телефон шарр етті, бітті, асығыс кешірім сұрай салып, орғи жөнеледі. Алқынып жеткенінде, дені дұрыс шаруалар болып жатса, бір сәрі-ау, кейде бұның мінезін білетін құрдастары телефон соғып, бұл «да-далап» асып-сасып жатқанда, өздері үндемей миықтарынан күлер еді. Немесе көп досының бірі: «Ойбай, әкетіп барады, қазір басымды жазып бермесең, ертең мені көру-көрмеуің екіталай!» дейтінін қайтерсің. Мұса миығынан күліп, ақыл айтып алатын да («Ондай ауырғыш бастарды алып тастау керек қой»), ем-домын жасап беретін. Ол ол ма: «Ойбай, Мұсеке, құрып қалдым. Кеше аздап ішіп едім, милиция ұстағаны... Содан... енді өзің білесің ғой... айыбын төлейтін теңге болмай... қысқасы жібермей жатыр. Талай достарға звондап-звондап ала алмадым. Бірі орнында жоқ, бірі жауап бермейді... Енді... бар сенгенім өзің, қысқасы», – деп, айналдырыпайналдырып келіп, жүктің ауырын бұның иығына арта салатындары да бар. Содан, әлгі досын: «Әй, сен сол бірер жұма жата тұрсаң қайтеді? Ақылың кіріп, адам болып қалар едің...», – деп, бір ауыз сөзбен қағытып алып, артынша салып ұрып жететін. Күнәһардың кесімді он бес сомын төлеп, сыра ішкізіп, үйіне адам қалпына енгізіп барып жіберер еді. Сондай мінезі үшін бір құрдасы бұны: «Мұса айықтырғыштың айлықсыз бастығы, түсіп қалсаңдар, соған хабарласыңдар, суырып алады», – деп, лақап таратып жіберіпті. Бірақ, осы елгезектігінің арқасында асығыс аттанғалы тұрған талайдың зәру шаруасын тындырғаны да шын... Әлгінде ғана аттандай беріп, жуаси қалған қара телефонға қарап отырып, осы жәйттер есіне түскен Мұса жымиып күлді. Есіне бір құрдасының: «Әй, ата сақалың аузыңа шыққанша далбаңдап телефонға шапқаныңа жол болсын, сірә, ылғи бір аяулы звонокты күтіп жүресің-ау?» дегені түсті. Қазір іштей сонымен айтысып отыр. «Иә, күтіп жүрмін. Телефонға тірелген, қарап қалған дүние жоқ, бірақ оның артында адам бар ғой...» Шар-р ете қалған телефон ойын бөліп жіберді. – Алло, алло, бұл кім екен? – деді бір жуан дауыс, Мұсаның «да-да»-сын езіп-жаншып.
– Сәлеметсіз бе? – деді бұл. Ананы қатыра қояйын деген ойы
жоқ, бар болғаны «сәлем сөздің анасына» жығылғандық.
– Маған Мұса керек!
Бейтаныс тракторша тапап бара жатқасын, бұл да қитықты.
– Е-е, керек болса қайтейін? Ол жоқ.
– Жоғы қалай? Маған өте керек. Тауып бере қойсаңыз.
– Қайдан табам? Жоқ адамды жерден қазам ба?
– Ойпырмай, ағасы... енді... Өте тығыз шаруам бар еді. Ағасы,
енді бірдеңе ғып көмектесіп жіберсеңіз...
– Ағасы, ағасы... Алдымен адаммен амандасу керек деп әке-
шешең үйретпеді ме саған? Өзің мектепте оқыдың ба, жоқ тоғай-
дан келдің бе?
– Ойпырмай, кешіріңізші енді. Мен нетіп асығып, байқамай...
Ассалаумағалейку-у-ум, ағасы!
– Уағалейкумассалам! Бәсе, енді жөнделдің. Бұдан былай
осындай тәртіпті бол. Маған сәлем беріп тұр. Мақұл ма? Ал енді
Мұса керек болса, сол Мұса мен.
– Ой, сболыш, өзіңбісің ей? Бағанадан бері кісінің жүрегін
суылдатып, әуре қылмай сөйдемейсің бе? Әй, өзің де әбден бю-
рократ болып кеткенсің бе?
– Кешіріңіз, сіз кімсіз өзі?
Жақын жолдастарының бірі екенін әу баста сезе қойған Мұса
әлгінде әдейі қырсыға сөйлеген. Бірақ, сол қулығын аяғына дейін
жеткізбей, сыр беріп алғаны. Бағана жіңішкерген жуан дауыс қай-
тадан үдеп кетті.
– Мәссаған! Кешірім дейді... Көргенді боп қапсың ғой өзің...
Баяғыда арқырап жүретін нағыздың өзі едің. Қайран, досым-ай,
бұл дүниеде менің даусым айрықша еді, сенің құлағыңа сіңген еді,
ұмытайын деген екенсің ғой, ә?!
Дөкірлеу сөйлегеніне қарағанда, тым жақын. Даусынан тани
алмай мысы құрыған Мұса тағы да айлаға көшті.
– Е-е, кім екен десем, сен бе едің? Мас кезіңде мазамды алма
деп қанша айттым саған? Бол, одан да үйіңе барып, дем ал. Бітті,
менің уақытым жоқ. Мен жұмыс істеп отырмын. Енді бірдеңе де-
сең, трубканы тастай саламын.
Жуан дауыс әлі де жөнге көше қоймады.
– Әй, Мұса, сен мені басқа біреумен шатастырып тұрған бо-
ларсың, сірә.
– Болды енді... сенің фокустарыңа тойып біттім, – деп, өз тапқырлығына өзі разы болып кеткен бұл біржола тұқыртып қойғанда ғана ана жақтың беті бері қарады. – Ау, тоқта, тоқта. Бұл мен ғой, м-е-е-н! Қинаятпын! Көптен көріспеген, тіпті, пәлен жыл бойы хабар-ошарсыз кеткен ескі досымен Мұса желкілдей амандасты. Даусы жарқынжарқын шығып, алыста қалған алаңсыз күндердің адуын әзілдерін көңіл көгенінен ағытып жіберіп, мәре-сәре боп қалды. Өн бойында әлдебір жеңіл құйынның ойнақ салғанын, өзінің әлгі бейкүнә мамыражай қалпынан лезде ажырап, әлдеқайда қалықтап бара жатқанын әуелде сезген жоқ. – Иә, жол болсын, – деп, біраздан соң ғана жөнге көшті. – Әлей болсын! – Қинаят та ұмытыла бастаған жөн-жосыққа емін-еркін арқа сүйеді. – Сол, қыдырып кеп қалдық. Қонақүйге орналасқан бетім... Содан, бұнда кім бар-ау дегенде, әрине, алдымен өзіңді еске аламын ғой, баяғы. Сенен басқа кім болушы еді менің көңілімде. Ауылдан шығарда-ақ хабарласып қоймақшы болып едім, реті келмей қалды... – Біздің үй тұрғанда қонақүйге түскенің қалай? – Дұрыс қой, енді, дұрыс. Қинаят Мұсаның жеңіл назына орай иіле сөйледі. – Бірақ өзің түсінесің ғой... Қонақүй тұрғанда, қанша жақын болса да біреудің үйінде шалжиып жатып алу меніңше, үлкен ағаттық. Қаланың аты қала. Біреудің қас-қабағына қарап, астыүстіне түсуге мол жететін ауылдың шабан уақыты жоқ қой бұнда... Қысқасы, бір келгенде, онсыз да тығыз тіршіліктеріңе сығылысып, салмағымды салып қайтейін?! Ескі досының көшелі кісіге ұқсағысы келіп, көсіле сөйлегені біртүрлі көңіліне келді ме, келмеді ме, ол арасын Мұсаның өзі де айқын аңғара қоймады, әйтеуір түсініксіз бірдеңе тулап-тулап кеткені. – Әй, сен де... Қайдағы бір пәлсапаны соғатын болыпсың ғой. Немене, сонда біз кісі емеспіз бе? Әлде қаладағылардың ниеті тар, тірліктері тозақ деп ойлайсың ба? Біз немене, қуыршақпыз ба, сонда? Қой, көкем, біздің де көңіл баяғыдай. Жалғыз өзің емес, бүкіл ауылың көшіп келсе де сияды... – Ойбай, қойдым! Қинаят досының ығына жығыла кетті. – Мен жай... әншейін сөздің ыңғайына айтып жатырмын ғой. Әйтпесе, мен сен дегенде қандай болсам, сенің мен дегенде сондай екеніңді
білемін ғой. Апырай, енді қонақүйдің де қызығын көрейін десем, оны да қимайсың ба маған? Мұса мырс етті. – Ә, кәрі сайтан! Бәсе, сөйтіп жөніңе көшпейсің бе? – Ау, Мұсеке, екеуміз екі жағада тұрғандай, трубкаға тұмсық тыға, кеңірдек жыртып не көрінді? Телефон тамақ бола ма? Ойбайау, тезірек кездесейік те! Біркісілік бөлмеде жападан-жалғыз жанымды қоярға жер таппай отырмын. Жетсеңші маған, досым-ау! – Ал, жақсы. Қазір жетемін! Мұса асығыс жиналып, бастығына өмірінде айтпаған өтірігін айтып, сытылып шыға берді. Ол шынымен-ақ асығып еді. Бірақ, асыққанда шаруаның орайы үнемі келе бермейді ғой, такси ұстай алмай, көшеде әжептәуір бөгелгені. Әр машинаға бір қол көтеріп, әрлі-берлі жүгіріп жүргенде, өрекпіген көңілі басылуға айналды. Әупірімдеп машинаға отырғанда, Мұсаның қалыпты сабыры ұясына қайта қонған еді. Енді ол әлгінде соншалықты елпілдеп кеткеніне қайран. «Осы менікі не желік?» деп ойлады, таксидің артқы орындығында жападан-жалғыз шалқайған күйі, қаланың беймаза тіршілігіне зер сала қадалып. – «Жұрттың бәрі әлдененің қамымен әрекет қылып жүргенде, жұмысты тастай салып, жын қуған адамша тартып кеткеніме жол болсын?» Оң-солын танып, азамат атанып, атқа мінгелі талай уақыт өтсе де, анда-санда өстіп бүлініп тұратын әдеті барды. «Бүлінген емей немене?» дер еді, бүкіл тірлігін темір тәртіпке бағындырып, тас-түйін қатырып тастаған ағайын. «Айдың, күннің аманында... Жұмысқа жексұрын болып... Ау, біреу алыстан келеді екен де, қонақүйдің мамық төсегінде шалжиып жатып, еріккеннен телефон соғады екен. Соған бола мишығы істейтін кісі далақтап шауып жүре бере ме? Керек болса, өзі келсін. Шаруасы болса, айтсын. Ал шаруасы жоқ болса, телефонмен сөйлесті, аман-саулық сұрасты, басқа не керек? Елдің де, өзінің де уақытын алмай, жайына тыныш жүрмей ме?» Бірақ, басқан ізінің бәрінен пайда іздейтін, ақша болып қалтаға түспейтін, я бір шаруасының кәдесіне аспайтын әрекеттің бәрін әумесерлік санайтын ағайындардың бұндай доғал шекарасын Мұса бұзып-жарып, шағын ақылдарға сиыңқырамайтын қимылдарға барушы еді. Жүріс-тұрыстың бәрін бір ғана пайдалылыққа бағындырып, бұғып күнелтетіндерге біресе жыны келсе, біресе «өмірдің сырын, сұлулығын, адамдармен ара-
ласу қуанышын сезінбей өтеді-ау» деп қатты аяйтын. «Әркім өз өміріне қожа» деп кейде қолын бір-ақ сілтегенімен, ондай пайдакүнем принциптің адам бойындағы ізгі сезімнің, бауырмалдықтың, адамгершіліктің түбіне жететіндігін ойға алғанда жан-тәнімен қарсы шығатын. Жан рақатын адал еңбектен, адамдармен қалтқысыз араласудан іздейтін Мұса әр адымын жоспарға бағындырып, санап басатындардан безінуші еді. Он жылға жуық көріспеген досы хабарласқанда, шынымен қуанған ол алды-артын ойлап, есепке жүгінбеген. Қазір, міне, таксиде келе жатып, әр нәрсені есіне алуының себебі бар-тұғын. Әйеліне бүгін ерте келетіндігін, балабақшадан төрт жасар баласын өзі алатындығын таңертең аузынан қағынып, өзі айтқан. Бағана Қинаят хабарласқанда, бұл жәйтті ұмытқан жоқ-ты, әрине. Бірақ, сылтауға жүгініп, қашқалақтағандай болмайыншы деген оймен үндемеген. Қанша айтқанмен, сонша жыл бойы көріспеген досы келіп тұрғанда, тұрмыстың ұсақ-түйегін алға салуды өз бойына ар санағаны рас. Кіндіктен төмен ұрмау – Мұсаның бұлжымас қатал заңы. Қас қылғанда үйінде де, әйелінің жұмыс орнында да телефон жоқ. Жұрттың бәрі балаларын уақытында алып, бұның баласы жалғыз өзі жаутаңдап қалатыны көзіне елестегенде іші-бауыры елжіреп қоя берді. Іле қатайды. «Жә, бір жөні болар. Қашанғы мені күтпек, өзі де бірдеңені сезіп, жүгіріп бара қоятын шығар, ә?» – деп әйелін еске алды. «Күйеуінің кешігетінін алдын ала сезбеген әйел әйел ме? Әйтпесе... Көкірегін бір мақтаныш кернеп өтті. – Менің балам өзі-ақ тауып барады үйді. Қинаят күнде келіп жатқан жоқ қой. Естіп тұрып, көрмей отыра беруге қайтіп шыдайсың?!» Өз байлауын нығарлап, бекіткісі келгендей, орындықта ырғалып-ырғалып қойды. Ойы Қинаятқа ойысқан. Екеуі облыстардың біріндегі пединститутта бірге оқыған. Дүрілдеген студенттік шақты бірге өткізгендердің өзі бір-бірін бауыр санап, басқаларға қарағанда бір табан жақын болады ғой. Ал Мұса мен Қинаят тек бірге оқып, бірге жүрумен ғана шектеліп қалмай, тым жақын болған-ды. Физик Мұсаның бөлмесіне филолог Қиянат әуелде амалсыз, орын жетіспегендіктен кірме болған. Бірақ, келекеле сіңісіп кетті. Албырт кездегі алып-ұшқан көңіл ырқымен бірге сайран салды, асқақ ойларын бір-бірінен жасырмады, бірде бар, бірде жоқ кездерде қолдағыны бөліп жеді. Елден ерекше тіл табы-
суларының себебі – екеуі де нәзік жанды, сезімтал еді, дүниедегі пәктік пен сұлулыққа табынатын. Талай таңды өмірдің мұраты, өнер мен әдебиет, адамгершілік, әділет, ел, жер тағдыры, соғыс және бейбітшілік, галактика, жұлдыздар жайлы қызу айтыстартыспен атырғандары да рас. Пікір алысқан адамдар ұсақ болып, мәмілеге келе алмай, әркім өз түсінігін көлденең тартып, қарыса қалса, әдетте ондай айтыстардың аяғы жауласуға болмағанымен, жаттасуға ұрындырады, көңілге сызат түсіреді. Көңілдері таза болғандықтан ба, әлде, кейде қайшы келгендерімен, негізінен пікірлері бір арнаға тоғысқандықтан ба, әйтеуір, екеуі жүз шайыспақ түгілі, іштей ренжісіп те көрмеген секілді. Екеуі де поэзияны құлай сүйетін, екеуі де өлең жазатын. Қинаяттың ақылға сыймайтын қылықтары да қызық еді. Жатақхана жағдайы белгілі: студенттер ретретімен кезекші болады. Қинаят кезекші болғанда жолдастары оған еден жуғыза алмай әлекке түсетін. «Ау, ақын-екесі, кеш болып кетті ғой, ыбырсытпай, жинап тастамайсың ба, мынаны?» деп, тықыршып, мазасын алушы еді. Ондайда Қинаят: «Шабыт жоқ» деп, сөлбірейіп шығып жүре береді. Содан, түннің бір уағында есіктен аласұра кіріп келеді де, көйлегін құлаштай лақтырып жіберіп, еден жууға кіріседі. «А-а-аһ, – деп, алақандарымен кеудесін ұрып, көзін жұмып біраз тұрады. – Жігіттер, шабыт кеп қалды!». Әп-сәтте тар бөлменің опыр-топырын шығарып, сырлы еденді айнадай жалтырағанша ысқылайды келіп. «О-о-оһ, еден жуу деген рақат екен ғой! Шіркін, өмірім еден жуумен өтсе ғой!» Жігіттер қыран-топан күліп алып: «Ау, ақын-екесі, сол шабытыңды қолдан жасап тұрған жоқсың да?» десетін. «Жоқтан гөрі жасанды болса да, шабыттың бары жақсы!» – деп, Қинаят қарқ-қарқ күлетін... Әлдеқалай біреу-міреу туған күнге баратын болып, қолайлы бірдеңе алуға калтасы көтермей, амалсыз жасанды гүлге жүгінетін де кездер болды. Ондайда Қинаят гүл кейпіндегі кептірілген бояма қағазды құшырлана ұзақ-ұзақ иіскейтін. Көзін жұмып, құлашын керіп, әлдеқайда қалықтап бара жатқан кісі құсап біразға дейін есі ауып тұратын. «О-о-оһ, дүние-ай! Шіркін, гүл-ай! Гүл... көктем... өмір... Тимеші гүлге... Үзбеші гүлді...» дейтін, сөзін буын-буынға бөліп, әндете мақамдап. Жігіттер бұнысын тәлкек қылса: «Ой, сендер де... Дым қақпайды екенсіңдер... Ақынның мінезі осындай болуы керек қой», – деп ренжіп, теріс қарап жатып қалушы еді. Мұса да оның бұндай мінездеріне пәлендей мән бермей, елмен бірге зіл-
сіз күлетін де қоятын... Қинаят соңғы курсқа жетпей-ақ өлеңді қойып кетті де, Мұса болса бертінге дейін жасырын жазып жүрді. Былай қарағанда, бойында бәрі де бар сияқты, дүниенің нәзік сырларын, адам жанының дірілін, сұлулықты – бәрін де сезінеді, ондай жасампаз сәттерде жүрегі лүпілдей соғып, өзгеше бір сиқырлы әлемге енгендей болатын. Сондай кездерде төгілген жырларын кейін оқыса, өзіне ұнамайды, тіпті өлең деп айтуға ұялады. Сонда да болса сенімінен ажырамай, тырбанып-ақ көрді. Ақыры, бір топ өлеңдерін баспаға жіберген. Бір лепіріс үстінде жасаған осы әрекетін жан-жақты таразылай келіп, ақыры өзінен мықты ақын шықпасына көзі жетті. Содан, жоспарға еніп тұрған өлеңдерін қайтарып алған. «Орташа ақын болып кітап шығарғанша, поэзияны іштей сүйіп, жаныммен ақын болғаным мың есе артық!» деп, кескекті шешімге келген. «Сенің мінезіңде ақындық басым, өлең жаз», – деп, жолдастары талай қиылғанда, мұртынан күлген де қойған... Институтты бітіргеннен кейін, Қинаят туған ауылына мұғалім болып орналасты, Мұса өзін-өзі шартараптан іздеп, ақыры Алматыға тоқтады. «Қинаят қандай болды екен?» деп ойлады Мұса. Қоштасарда жартылай қалыптасқан, жартылай шикі жас жігіттер қиыса алмай ұзақ сырласқан. Ел алдыңдағы азаматтық парызды ақтау мұраты жөнінде айта келіп: «Өзім жетпеген биіктерге шәкірттерім шықса, қазақтың тіл мен әдебиетінің байлығын, сұлулығын солардың жүректеріне сіңіре алсам, ел үшін еңбек ететін жақсы азамат етіп тәрбиелесем арманым жоқ», – деген еді Қинаят. «Тек шәкірттерің ғана емес, өзің де алға ұмтылуың керек. Өмір жаңа басталды ғой», – деп, жігерлендірген бұл, Қинаяттың әлден үміт пен жүкті басқаларға артқанынан секемденіп... «Иә-иә, – деген Қинаят аптығып. – Біздің қазығымыз берік қой». Қонақүйге жеткенде Мұсаның жүрегі тағы да лүпілдей соғыпсоғып кетті. Аптыққан күйі Қинаяттың бөлмесіне жүгіре басып кірген... Екі дос шаттана дауыстап, айқұш-ұйқыш құшақтаса кетті. Бірін-бірі иықтан, арқадан қағып, даурыға мәз болып, біразға дейін жарытымды сөзге келген жоқ. Алғашқы арындары басылғаннан кейін ғана жөн сұрасуға көшкен. Амандық-саулық, хал-жағдай білісе отырып, бір-біріне зер сала қараумен болды.
Қинаят сәл есейіп, толысқаны болмаса, онша өзгермепті. Сым-
батты денесі бұрынғысынан да сомдалып, сұлулана түскендей.
Жап-жалпақ, қап-қара мұрты да ажарын айбындандырып тұр.
– Шашың түсіп, таз болуға айналғансың ба? – деп қағытты ол
Мұсаны. Бұл жымиып, ескі досының жаттығы жоқ әзіліне жылы
рай білдірді.
– Самайыңа ақ та кіріп қалыпты.
– Е-е, қартайдық қой, – деді бұл, әлденеге ұялғандай басын си-
пап.
Шындығында, ерте қасқайып, шашқа ақ кіру тұқымдарыңда
бар. Әйтпесе, кесікті жүзі оянар сәтін күтіп, бұғып жатқан бұла
күшті әйгілейтін.
– Жә, өтірік ұялмай-ақ, қой. Осы күні ерте есейген, ерте қар-
тайған дана болып көріну мода болыпты ғой. Сен ондай уақытша
аурудан ада шығарсың? Е-е, бәсе, пацан екенің тайға басылған
таңбадай атойлап тұр.
– Сен де мұрт қойып апсың ғой. Жоқ, өзіңе жарасады, былай.
– Сіздің мұрт біздің мұртқа иіліп сәлем берсе де болады. Мені-
кінің жанында сенікі де ұялмай мұртпын дейді-ау. Мұрт емес, ан-
дағың бар ғой, мұрттың жұрты!
– О, тоба, жүн-жұрқа, қыл-қыбырмен мақтанғанды да көрдік-
ау! – деп, Мұса қуақылана күрсінді.
– Ай, ит, өлтірдің! – Қинаят айра-жайра күліп, мұртын сылап-
сипап қойды. – Ау, неғып отырмыз? – деп, кенет бірдеңе есіне түс-
кендей, аяқ астынан қопаңдап шыға келді. – Ауылдан әкелген дәм
бар. Екеуміз дастарқандас болмағалы не заман! Елеске айналған
ескі күндерді еске алып, шырқайықшы бір...
Сөйлеп жүріп, әп-сәтте бәрін де дап-дайын қылды. Ескі достар
столды кереуетке жақындатып қойып, қатарласа жайғасты. Анда-
санда бір-бірін арқадан қағып қойып, үй-іші, бала-шаға, жұмыс
жағдайын сұрасқан. Қинаят өзі жайлы қысқа ғана хабарлап өтті де:
– Иә, жағдайың қалай? Әңгіме айта отыр? – деп, Мұсаға сауал
тастады.
– Е-е, несін сұрайсың. Ақырындап... Жұмыс, тіршілік деген-
дей...
– Дұрыс-ақ. Ақырындағаның осындай болса, арындағаның
қандай? Ару астананың айшықты төрінен орын алып, азамат сана-
тына қосылуыңның өзі неге тұрады? Бала кезіңнен қуған арма-
ныңның ақ бас шыңдарына алқынбай шығатыныңа сенімім зор.
Қинаяттың жартылай салтанатты, жартылай салмақты дауыс
ырғағынан жасандылық нышанын аңғармаса да, оның есе сөйлеге-
ні Мұсаға таң көрінді.
– Өзің әдемілеп сөйлейтін болыпсың ғой. Тура кітаптан түсе
қалғандай!
Мұса баяғы ашық күндердің екпінімен ойына келгенін досына
зілсіз ғана ақтара салған. Қинаят қысылған жоқ, кеңк-кеңк күлді.
– Е-е, досым-ау, өмір бәрін де үйретті ғой, – деп, екпінінен
жазбай мақамдады. – Ауылда анда-мында боласың, әркімдермен
араласасың. Сонда сөйлеуге тура келеді. Қанша айтқанмен, «тіл –
әдебиет мұғалімі» деген атымыз бар, өзгелерден ерекше сөйлеме-
сең, жөнге сыймайды. Жұрт та қызық қой, маған сөз тигенде, бәрі
бірдей құлақтарын түріп: «Ал, тыңдайық, филолог не айтар екен?»
деседі. Содан, толғайсың амалсыз. Мәжіліс, той-томалақтың себе-
бін сегіз қырынан ашып көрсетіп, дәм иесінің алпыс түрлі азамат-
тық қасиетіне қысқаша тоқталып, жиналған жұртшылыққа жеке-
жеке лебіз білдіріп, бүгінгі қуаныштың ауыл басшыларының арқа-
сы екенін айрықша атап өтіп, «осы айтқан ақ тілектерім үшін ап-
пақ қылып алып қояйық» дейсің. Менің сөзім бітер-бітпесте жұрт
дүркірей қол соғып, опыр-топыр орындарынан атып тұрып, түре-
геліп ішеді. «Несін айтасың! Бұл филологтар бәле ғой, бәле. Үш
ұйықтасаң, түсіңе кірмейтін сөздерді қайдан тауып алады, ә?» –
деп марапаттап, хан көтереді. Бұл қазаққа бояп сөйлемесең, сөзің
сіңбейді-ау, сіңбейді. Сөйтіп бар өнерімді салып, қызыл-жасылға
малындырып, үкілеп ұзатқан сөздерім көптің көңіл төрінен берік
орын алып, қазір ауыл түгілі, ауданға мәшһүр шешен атанып жүр-
ген жайымыз бар. Өтірік айтсам, жаным шықсын... нан қайда, нан,
ә, міне,.. нан тұр ғой...
Қинаят нан ұстағанда, Мұсаның көзі атыздай болды. Сәлден
кейін өзінің сабырлы қалпын қайта тауып, құрдасын қыжыртып
қойды.
– «Бояушы, бояушы дегенге...» Сол бояма сөздеріңмен жиған
беделің де бояма емес пе, әйтеуір?
Қинаят кәдімгідей жасып, ренжіңкіреп қалды.
– Ой сен де... Мені бір қызыл ала қырт деп отырсың ба? Тірші-
ліктің бүлкілдей соққан қан тамыры нені аңсайтынын, адамдардың
жан-жүрегі неге жабырқап, не нәрсеге қуана, құтырына тулайты-
нын түсінбейді дейсің бе? «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен
шығар», жанға жайлы жаймашуақ сөздерді жалтыратып айта білу
де өнер. Қазір жылуды аңсамайтын, жылтыраққа құмартпайтын
адам бар ма? Төгілген сөздің тасқынын тежеп, көкірегімді керне-
ген сезімімді іркіп, шолақ байталдың құйрығындай шолтаңдаған,
тақ-тұқ, шолақ тілмен сөйлеп не қара басыпты мені? Тау суындай
екпінді, таза, кемпірқосақтың бояуындай сан құбыла ойнаған отты
сөздермен адамдардың жүрегін жаулай білу – бірден-бір дұрыс жол.
Өзіне-өзі «сап-сап» деген болу керек, әйтеуір, Қинаят алқына
тоқтады. Мұса досын шамдандырып алғанынан ұялыс тауып, ар-
қасынан зілсіз қақты да, стақанын соғыстырды. Араға қалжың жү-
гіріп, әлгі ыңғайсыздықтың бәрі де әп-сәтте жуылып-шайылып
кеткен...
– Ал, досым! – Қинаят орнынан тұрып, тамағын кенеді. Сәл
толқып, іркілді де, толғай жөнелді. – Талай-талай тамашаны да,
тар кезең, тайғақтарды да кезінде бірге кешіп, талай жылдардан
кейін дәм жазып, асқақ Алатаудың төбесінде, әсем Алматының
төрінде, тар бөлмеде таласпай-табысып, тәжікелеспей түсінісіп
отырғанымызға шын жүректен шаттана қуанамын. Біздер, екі
туып, бір қалмаған, алты аласы, бес бересі жоқ көнекөз, асылдың
сынығындай ескі жолдастар арадағы жылдар жүгін иықтан сілкіп
тастап, жатсынбай, жан-дүниемізбен табысып жатсақ, ол да бір
ғанибет, азаматтықтың асқақ белгісі деп білемін. Сен астанада ар-
ман қуып жүрген жансың. Сол арманыңа жетіп те келесің. Жап-
жақсы қызметің бар, үй алыпсың, бала-шаға бар – азаматтың ар-
манына жетуі деген осы емес пе?! Бұдан әрі өрлей бер, атағың ай-
дай әлемнен асып, айға жетіп, күндіз күнмен, түнде жұлдызбен
сырлассын. Шыңның асқақтығы, көлдің мөлдірлігі, бұлттың қою-
лығы, желдің екпіні, гүлдің нәзіктігі, жапырақтың сыбдыры... –
бәрі де бір басыңнан табылып, өмір тәжірибең кейінгі жастардың
ойына от, жүрегіне жылу боп дарысын да, ілгері көштің үлгілі үр-
дісі болсын...
Тағы, тағы... арада бес-алты цитата да кетті... тоқтаусыз төгіп-
төгіп келіп, салтанатты мақаммен «Мен сен үшін ішемінге» жетті-
ау, әйтеуір!
– Рақмет, – деп күрсініп салды Мұса. «Осының бәрін шын ние-
тіңмен айтсаң жарар еді» – деп ойлаған ішінен. Қинаяттың көзіне
қадала қарады да, шошынды. – Оу, мынауың... Шыны осы ғой. Бү-
кіл болмысымен қызыл сөзге айналып кеткен бе?!»
Қинаят Мұсаның мұңая қалғанына назар аударар емес, майлы
етті қарбыта асап отыр.
– Ау, достым, алсаңшы, – деп қояды. – Қалада жүріп бір ішек
боп қалғансың ба? Мына жамбасты мүжіп қой, өзіңе бұйырған нә-
сіп. Сүр қазыдан аса. Семіз қойдың сүбесіне саусағыңды батыр-
ғанға не жетсін!
Ауылдан келген таңсық асты Қинаят сөйлеп отырғанда қызыға
жеп, қарқындап қалған Мұса жамбасты мүжуге кірісті. Қинаят
тоқтар емес.
– Жарықтық, «мал асырасаң, аузы мұрныңды май етер» деп
атамыз қазақ бекер айтпаған ғой.
– Е-е, шіркін, несін айтасың! Әсіресе, төлдерін айтсаңшы, төл-
дерін! Малдан қол үзіп, алыста жүргендікі ме, әйтеуір Мұсаның
жүрегін мұңды сағыныш кернеді. – Өз басым қозы мен құлынға
ғашықпын.
Жұп-жұмсақ,
жып-жылы
тұмсығымен
қойны-
қонышыңды түрткілегені ғажап қой.
– Төл деген асыл қазына емес пе? Ертең дөп-дөкей мал болады.
Қып-қызыл пайда!
– Елге бара қалғанда, көрсем жанымды қоярға жер таппай, ай-
налсоқтап шыға алмаймын. Саусағыңды емізіп, көзіне қарап, арқа-
сынан сипаудың өзі бір бөлекше поэзия ғой!
– Ебін тапсаң, төлді сақа малға айырбастап алуға да болады.
Сөйтіп тырысқанмен, көбіне реті келе бермейді. Амал жоқ, сол
құлағыңды ұрайындарды бағып-қағуға тура келеді. Ой, өзі де бір
азап-ау!
Екеуінің үйлеспей, бет-бетіне лаққанын жаңа байқаған Мұса
үнсіз қалғанмен, тершіп алған анау тоқтар емес.
– Мал асыраудың қиындығын білмейсіңдер ғой сендер. Асыра-
саң бір бәле, асырамасаң екі бәле. Әйтеуір, пайдасы болғасын амал
жоқ.
– Дұрыс қой, «еңбек ет те міндет ет» деген. Мұса досын қош-
тай отырып, жөндеп жібергісі келді.
– Соларға шөп тауып беруден өткен қиындық бар ма екен? Та-
мыр-таныстығыңды, жолдастығыңды сатып, ұрлап-жырлап, күнің
өтеді. Шөптен қысылғанда, сатып жіберейін десең, ертең-ақ жар-
дай болып шыға келетін немелерді көзің қимайды-ау, қимайды!
Қайдан шөп, жем аламын деп, түн ұйқың төртке бөлінеді. Әйтеуір, қазір мұғалімдердің сыйы артты ғой, соның арқасында халіміз жаман емес. – Мұғалімдерді сыйлайтындары жақсы екен, – деді, әлі де досынан күдер үзе қоймаған Мұса Қинаяттың түнеріңкі толғауына ажар беруге мейлінше тырысып. – Е-е, сыйлағанда сүйгендіктен, саналылықтан сыйлайды дейсің бе? «Күнім үшін әлди» де баяғы. Қазір, өзің білесің, аттестаттағы баға дегенің аспандағы айдан да қымбат қой. Жұрттың бәрі баласының жақсы оқығанын тілейді, әрине. Бірақ, ол қулардың бәріне бірдей оқу қона бере ме? Сосын қайтсін, баласының басына құйып беретін ештеңелері жоқ болғасын, құрығанда қағазын дұрыстап бергісі келеді. Айналып келгенде, амалсыз маған жалынады. Біз де күн көруді білеміз ғой... Енді, ар жағын өзің де байқап қалған шығарсың. Бетінің майы жылтырай күлген Қинаят Мұсаның арқасынан қақты. Оның емеурінін қапысыз танып, көңілі мұздай бастаған Мұса не де болса ескі досының ішкі есебін өзіне шығартқысы келіп, өп-өтірік аңқаусыды. – Түсінбей қалдым... Аттестаттағы бағаның жем-шөпке қатысы қанша? – Ойбай-ай, өзің өмірден мақрұм қалған екенсің ғой! Қинаят күйіп кетті. – Қатысы болғанда қандай! Аттестат бір күнде жасалмайды, ол үшін пәлен жыл оқу керек, яғни, анықтап айтсам, пәлен жыл бойы жақсы бағалар алып жүру керек. Өзі нашар оқитын бала болса, оған төрт пен бес қайдан, қалай келеді? Бір пәннен үш болсыншы, аттестатының орта бағасы оңқисын да қалсын! Енді ұқтың ба дегендей, Қинаят бұған үміттене қарап еді, Мұса иығын қиқаң еткізіп, безерді де қалды. Шарасы таусылған Қинаят қолқ ете түсті. – Содан әлгі милаудың, әлгі көк милардың семіз-семіз әкелері зуылдап маған жетеді, «Ойпырмай, енді... баламның қиналып жүргені... Тоқетерін айтсам, кішкене қолдап, бағасын көтеру керек!» Мен де қырсығамын. «Әй, сендердің балаларыңды адам қыламын деп жүріп, өз бала-шағама қараудан қалдым. Мен де балаларымды асырауым керек қой. Әне, мал тұр қорада, аштан-аш қаңтарылып!». Топ ете түседі. «Ойбай-ау, о жағын баяғыдан айтпай неғып
жүрсіз? Оған алаң болмаңыз!» деп домаланып кетеді. Әне, сөйтіп, шөп те менікі, жем де менікі. – Аузыңа жем-шөптен басқа ештеңе түспейтін болыпты ғой, – деді Мұса, ар жақтан ақырындап көтеріліп келе жатқан қуатты ашуды мейлінше тежеуге тырысып. – Совхоз өз адамдарына шөп беретін сияқты еді. – Беруін береді ғой... – Сен пара алады екенсің ғой... Сотталып кетуден қорықпайсың ба? – деді Мұса, мұртының мұрнын қытықтай бастағанын сезгеннен кейін, сабырын сарқа бейбіт сөйлеп. – Онда тұрған не бар? Алсам – еңбегіме аламын. Және оны пара деп ешкім де айта алмайды. Жөн-жоба деген кең нәрсе ғой, шіркін. Бірі сыбағаң дейді, бірі көрімдік, бірі байғазы дейді, бірі балаңның бәсіресі дейді. Қалай айтса да сияды ғой. – Сен өзің барып тұрған ит екенсің ғой! Мұса ақырып жібергенде, Қинаят тұтықты да қалды. Ескі досының екпіні шынымен жаман екенін аңдағаннан кейін, қаны қашып, сұрланып жүре берді. Кәрі сүйек көне досының аяқ астынан неменеге құтырынып шыға келгенін шынымен аңғармай қызулыққа жорып, артын күткен. – Мына тіршілігің заң жолымен келсең де, адамгершілік жолымен келсең де – барып тұрған қылмыс! Ызадан сөзі шашырай шығып, ойын жинақтай алмаған Мұса орнынан тұрып, әрлі-берлі сенделуге көшті. – Қанша өңін айналдырсаң да, сен оқушыларыңды саудаға салғансың. Жарайды, ағайынгершілік, базына деп, сенен сот кінә таппас, бірақ одан сенің күнәң жеңілдей ме? Ар сотын қайда қоясың?! Мал, мал, мал деп жүріп, өзің де мал боп кеткенсің! Қинаят лезде өзіне-өзі келді. Бетіне қан жүгіріп, кеңк-кеңк күлсін. – Ой, сен де қайдағыны айтып... Шынымен бірдеңені бүлдіріп алған екенмін деп зәрем зәр түбіне кетсе... Несіне шала бүлінесің? Мал асырамасын деген заң жоқ. Қалада тұрып, қалам-қағаздан басқа ештеңе көрмей, ақсаусақ боп сорлап қалғансың да. Оқу да өтіп кетіп, қияли болайын дегенсің-ау, білем. Әйтпесе, мал өсірме деп есі түзу кісі айтар ма? Ойбай-ау, аузыңды ақ майға толтырып отырған, тіршілігіңнің тірегі мал емес пе? – Кім саған мал асырама деп отыр? Асыра, адал еңбегіңнің игілігін көр. Бірақ, сол малға құнығып, көзіңнің еті өспесін, көрсоқыр
болма, ұрлап-жырлап, пара алып асырағанша арам қат деп отыр-
мын мен.
– Ой, қойшы, бала боп кеткенсің бе? Ымыраға шақыра сөйле-
ген Қинаят өзімсініп, өкпелеген сыңай танытты да, мөлдіретіп арақ
құйды. – Жалғыз мен емес, жұрттың бәрі сөйтіп күнелтеді.
– Жұртқа жала жауып, біреудің арқасына тығылмашы осы.
– Ал, мейлі... Қайдағы бір арам қататын мал үшін, айдаладағы
біреулердің суми сүмелектері үшін бір кезде қара наңды бөліп же-
ген екеуміздің егесіп жатуымыз ақылға сыймайды ғой, бауырым...
Қимас күндерді көлденең тартып, алдын орап кеткесін, амал-
сыз қобалжыған Мұса икемге келді. Қысымның әлсірегенін байқа-
ған Қинаят пысықайланды.
– Айтпақшы, менің бір бұйымтайым бар сенде. Осында бара-
тын жерім болып тұрғаны. Адресі мынау, бірақ, құрғыр, қаланы
білмеймін ғой. Адастырмай, тура алып баратын өзіңнен басқа еш-
кімнің ыңғайы жоқ. Қараңғы да түсіп қалды... Бүгіннен қалдыруға
болмайды.
Досының сағынышқа да бір шаруаны тіркестіре қойғаны Мұ-
саның шытынап тұрған көңіліне келсе де, үнсіз келісті. Қинаят дәу
қара чемоданды мықшыңдай алып жүрді.
Таксидің алдыңғы орындығында шірене шалқайған Қинаят
жолай Алматының әрбір құрылысы жайында сұраумен болды да,
Мұса сүлесоқтау, бірсарынды жауап беруден танбады. Межелі
жерге жеткенде Қинаят лыпылдап кетті. Зілдей қара чемоданды
бағанағыдай емес, көңілдірек көтеріп, төртінші этажға әп-сәтте
шыққан ол есік алдында ентігін басып біраз тұрды. Содан үсті-
басын, шашын жөндеп, ерекше ілтипатпен майыса қоңырауды бас-
ты. Қолында жеңіл діріл бар. Іштен жауап болған жоқ. Қобалжып,
сасқалақтап тұр еді, көрші үйдің есігі ашылды да, мөлдіреген жас
келіншек табалдырықтың ар жағынан тіл қатты.
– О кісілер үйінде жоқ. Бала-шағасымен ауылға кеткен.
Өкініш лебі жүзіне тепкен Қинаят божырай сұрады.
– Қашан келетінін білмейсіз бе?
– Бір аптасыз келмейміз деген.
Қинаят сілейіп қалған соң, келіншекке рақметті Мұса айтты.
Қара чемоданды да сыртқа өзі алып шыққан. Жолда ғана Қинаятқа
тіл бітті.
– Қап! Сонша жерден әдейі келгенде... Бәсе, ауылдан шығарда ағып түскір сол көзім қайта-қайта тартып еді. Өзім де неғып орайы келе қалды деп ойлап едім... Атаңа ғана нәлет-ай, ең болмаса күшіктерін қалдырып кетпей ме?! – Сонша таусылатындай не көрінді? – Ой, таусылмақ түгілі, тұншығып өлетін шаруа ғой. Інім келмекші биыл оқуға. Өзің түсінесің ғой, алдын ала қам жасамасаң, күн көру қиын ғой қазір. Соған біреуді тауып, өткенде елге келгенінде жақсылап танысқанмын, өзгеден бұрын қимылдап, аузыбасын майлап, бес қаруын сайлап, көңілімді жайлап қоймақ болғанмын. Оны-мұнымды, бір қойымды алып жетсем... Ол ызалана темекі тұтатты. Ішінде бір құйын асыр салса да, ұсақ-түйекті тергендей болармын деп, Мұса үндеген жоқ. – Ал, маған осы жер қолайлы. Түсіп қалайын, – болды бар айтқаны. – Жоға, о не дегенің? Бүйтіп тоңторыс айрылғанымыз болмас. Мен жібермеймін сені. Жүр, отырамыз, әңгімелесеміз. Досыңның күйіп келе жатқанын көріп, көңілін аулаудың орнына тұра қашқаның сасқаның ба? – Туһ, шіркін, такси дегенің рақат қой, – деп, көңілдене сөйледі Қинаят бөлмеге келген соң. – Әп-сәтте бардық та келдік. Баяғы студент кезде болса ғой, сандалып, сүйретіліп, ит әуреге түсер едік. – Құрысын, сол кездің өзі артық еді ғой... – Несі артық ей?! Жетіспеген жетімек тіршілік болатын. Бір рет қыздармен киноға баруға тиын таппай, сенің бес сомыңды жырып әкеткенім әлі есімде. Соны қайтара алмағаным, қарыз екенім арқама аяздай батады. Барды бөліскен кездегі қай бес сомды айтып тұрғаны Мұсаның есіне түспеді. Ондай ұсақ-түйекті мәңгі-бақи ұмытпай жүретін мәліш емес қой. Досының армандай алыс, аңсаулы күндерді тәрк ете сөйлегені көңіліне келіп, қалғи бастаған жынын шапқа түртті. Ал енді басыла алсайшы! Бұл батыра сөйлеген соң Қинаяттың да тілі шықты. Дауыстары қатты-қатты шығып, екі дос кеңірдек жыртысуға барып қалған кезде, есік қағылды. Еден жуып жүрген апай екен. – Қарақтарым-ай, демалсаңдаршы, таң да атып қалды ғой. Екеуі қосарлана кешірім сұрады... Томсарып, үнсіз темекі тартты.
Таңға отырған екеуі де тала бастаған. – Ал, жақсы, мен қайтамын, – деді Мұса. Бағанадан бергі айтысқа да, іштей егеске де қолды бір-ақ сілтеп, ескі досымен ерегіспей қоштаспақ момақан ниеті бар еді. Әлгінде ғана аласапыран болған көңілі енді басылып, бейбіт күй тілеген. – Да, уақыт қалай тез өтеді! – Қинаят өкінген сыңай танытты. – Бағанадан бері қайдағы-жайдағыны айтып, басты босқа қатырыппыз ғой. Айтушы едім ғой мен саған баяғыда, екеумізге бірге ішуге болмайды деп. Ішсек, әбизателні ерегісеміз. Екеуміз де жындымыз ғой, ә? Қинаяттың ымыраға шақыра сөйлегеніне бірден құлап түсе қоймағанымен, Мұсаның іші аздап болса да жылуға айналды. – Ой, құрысыншы, – деп күлді. – Иә, құрысыншы бәрі де. Жөндеп әңгімелесіп, мәдениетті отырудың орнына... Баяғының жыны ғой. Өстіп, анда-санда жастық шақты еске алғанда, құйындай соғып тұрады. Ол өзі заңды нәрсе... Ал енді сен қайтпай-ақ қойсаңшы. Менің қасымда бол, – деп Қинаят бастырмалата жөнелді. – Жоқ, қайтамын. Жұмысқа дейін екі-үш сағат ұйықтап алмасам болмайды. Одан да сен жүр біздікіне. – Ой, рақмет! Қол тимейді. Ертең баратын жерлер бар. Кел, одан да... Аман-сау кездесіп тұруымыз үшін. Екеуі де қағып салды. Түндегі қызулары тарқап, шаршап, қажуға айналған достар қайтадан ширады. – Ау, досым, біз бір адам сияқты тірлік жасайық. Құр сөз, қыңыраю қарын тойғыза ма? Байқаймын, осы қой саған бұйырып тұр, – деп, күш алып есе сөйледі Қинаят. – Қалада тұрасың дегендей... Тіпті, маған айтқызбай-ақ, өзің бас салып, алып жүре беретін жолың ғой. «Ақыры далада қалатын болғасын қайтсін» деп ойлады Мұса. «Базарға шығарып сат» деуге бір оқталды да, уақ сөзді бойына ар санады. Үйінде ет жоқ екені, кеше бала-шағасымен колбаса қуырып жегені есіне түсті. Семіз қойды тұтасымен алып барса, әйелі де айра-жайра қуанып, бұның беделі біразға дейін батпаңдап өлшенетіні хақ. «Алып жүре берсейші, бір қойдың еті деген әжептәуір дүние ғой» деген бір ашқарақ ой әлдеқайдан ақылынан тыс сумаң ете қалды да, іле-шала ізім-ғайым жоғалды.
– Оу, мен шынымен айтып тұрмын. Ауылдан сыбағаңды арнайы ала келуім керек еді, оған жер алыс, ыңғайы болмады. Қинаят лыпылдап, қалайда осы қойды алғызуға бел буған тәрізді. – Бұйырған қашпас деген... Ал, ал... сенен аяғанды ит жесін... Дабай, бол, досың сен ойлағандай сараң емес. – Шынымен маған беріп тұрсың ғой, ә? – деп қадала сұрады Мұса, санасында жарқ ете қалған тентек ойдан кенет көңілденіп. – Мен өтірік айтушы ма едім? Қинаяттың бетінде бөспе желік пен салтанатты кекесін араласа жүгіріп өткенін байқаған Мұса көрікті баса түсті. – Не істесем де еркімде ғой, ә? Лепіріп тұрған Қинаят сөз астарындағы пәлені аңғарған жоқ. – Е-е, әрине. Ет сенікі, қалай жеймін десең де еркің. Кеспе істетіп ішесің бе, манты жасатасың ба, мейлің. Тү-у, таң атқанша қысыр сөзді қатық қылғанша, осындай пайдалы шаруаны реттесекші. – Жарайды! Онда мыңқ етпе. Қазір! Мұса есікті ашты да, әлгі апайды дауыстап шақырды. Қояр да қоймай, «апатайлап» бөлмеге кіргізді де: – Мына қой қандай семіз, апа! Ә? – деді, мойнын бір жағына қисайтып, сығырая қараған күйі. – Түу, туырылып түскен екен, – деді апай шынымен таңғалып. – Игіліктеріңе жеңдер, айналайындар. – Жарықтық десеңші! Әлгінде аңтарылып тұрған Қинаят та қосарланып, жоқ жерден қазақылана қалды. Бірақ, оны қаперіне іліп жатқан Мұса жоқ. – Қалада бұндай ет қолға түсе бермейді ғой, апа, ә? – Е-е, шырағым, қайдан болсын... – Онда мен сізге осы қойды сатамын. Аласыз ғой, апа? Ә? Апай да, Қинаят та Мұсаға бір мезетте жалт қарады. «Қанша айтқанмен, қаланың ақша қуған қу аяғы емес пе, тегін малды теңгеге айналдырып, қалтаға басып қалайын деген ғой. Бір есептен бұныкі де дұрыс. Түні бойы қызыл сөзбен қарын ашырғанша, өзінде де құлқын бар екенін ашып айтпай ма? Мейлі, алса алсын ақшасын. Арам қататын бір тоқты ғой. Есесіне, енді қайтіп маған дау айтып көрсінші!», – деп ойлады Қинаят, Мұсаны аяғына жыққанына көңілі шалқып.
– Ойбай, шырағым-ау, – деп күмілжіді апай. – Бұны алуға ша-
ма қайда? Дүниенің еті ғой мынау. Шынымен беретін болсаң, он
сомға бір қолын алайын.
– Апа, мен саудагерге ұқсаймын ба? – деді Мұса, қолдарын
сермеп-сермеп қойып. – Я болмаса елге жем боп жүретін ақымаққа
ұқсаймын ба, ә?.. Айтқаным-айтқан, мен тұтас сатамын, сіз тұтас
аласыз...
– Ойбай, қарағым-ау, – деп, апай торыға тіл қатқанда, Қинаят-
тың төбесі көкке жеткендей болды.
– Апа, сөздің қысқасы былай. Қалтаңызда бес сомыңыз бар
ғой, ә? Бар. Ендеше сол бес сомды маған беріңіз де, мына қойды
алып кетіңіз. Мен бұл қойды сізге бес сомға сатып тұрмын! Айт-
тым, бітті!
Мұсаның кесімді сөзінен Қинаяттың бойы мұздап жүре берді.
Аң-таң болған апай сәлден кейін ғана тілге келді.
– Қой, қарағым. О не дегенің? Мен қайтіп алмақпын? Обал
емес пе?
Қинаят та бірдеңе деуге оқтала беріп еді, мұрты мұрнын қы-
тықтап-қытықтап қалған Мұса қатты ашуланғандағы әдетімен ке-
кештеніп, бұған дүрсе қоя берді.
– Нн-не-немене, се-сен кі-кісімісің? Жоқ па? Айттың, бітті, бұл
қой менікі, не істесем де өз еркім. Тыныш отыр, әйтпесе қойыңмен
қосып, өзіңді де сатып жіберемін!
Шарасы таусылып, жаси қалған Қинаятқа мұрнын қытықтаған
мұртының үстінен сығырая қадалып, отырған орнына әбден шеге-
леп алғаннан кейін, сабасына түсіп, апайға бұрылған. Оның әлгі
түрінен тіксініп қалған апай орнына келген мұрт пен мұрынды,
бәрінен бұрын бейкүнә ұшқын шашқан ұялы көзді көріп, жадырау-
ға айналды.
– Апа, осы мен мас емеспін ғой, ә? Міне, қараңызшы, тілім
күрмелмейді, қисалаңдамай, түп-түзу жүремін. Әрлі-берлі адым-
дап-адымдап қойған Мұсаға апай еріксіз езу тарта қарады. – Қы-
рық рет отырып тұрайын ба? Жоқ онсыз да сенесіз бе?
– Сендім, қарағым, сендім, – деді апай аптығып.
– Онда болды. Әкеліңіз бес сомыңызды! Апайдың күмілжіге-
нін байқаған Мұса ай-шайға қаратпады. – Апа, несіне қысыласыз?
Тегін беріп тұрғам жоқ, сатып тұрмын. Қаншаға сатуды мал иесі
біледі ғой.
Апай әлі де қобалжып, шарасыздықтан үндей алмады.
– Апа, бес сом беріңіз де, алыңызшы енді. Мен сізден қатты
өтінемін!
Мына тентектің дауысына діріл араласканнаң кейін, амалы құ-
рыған апай қалтасына қинала қол салған. Тозыңқы сары әмиянын
шығарып, ішіндегі барын суырды да, екі он сомдық пен екі бес
сомдықты байыппен Мұсаға ұсынды.
– Ал, шырағым, бары осы боп қалды.
Мұса ақшаны алды да, ішінен көгаланың біреуін суырып, Қи-
наятқа көрсете жазып-созып, біраз ұстап тұрды. Содан кейін қал-
тасына нығыздап тықты да:
– Екі есеп бір есеп емес, апа! – деді, апайдың қарсылығына қа-
рамай, қалған ақшаны ол кісінің қалтасына салып жатып. Үлкен
бір шаруаны тындырған кісіше кең кеудесін шалқақ ұстап, зілдей
қара чемоданды қолтығына қысып, қойқаңдап есікке беттеді.
– Жүріңіз, апай, бөлмеңізге жеткізіп берейін. Ыдысын боса-
тайық.
Қинаят сілейіп отырып қалды.
Мұса алдына бос чемоданды сылқ еткізіп тастай салғанда да ол
жүнжіген қалпынан жазбады. Бір сәт Қинаят пен қара чемодан құ-
шақтасып, мұңдасып қалғандай көрінді Мұсаға. Іле селт ете қалған
Қинаят қаңбақтай қара чемоданды бөлменің түкпіріне қарай лақ-
тырып жіберді. Әлгінде ғана дүниенің қымбатындай қампиып, ші-
реніп тұрған қара чемодан бірер мәрте салдыр етті де, бұрышта
елеусіз қала берді.
– Ал, иә, сонымен не бітірдің? Кімді қираттың? – деді Қинаят
сәлден кейін қарлығыңқы үнмен. Лезде өзіне-өзі келіп, бойын
жиып, зор денесін қайтадан ырқына бағындырып ала қойыпты,
– Бітірдім бе, қираттым ба, оны мен білмеймін. Білгім де кел-
мейді. Мұса әр сөзін қазықша қаққандай қолын құлаштай сермеп-
сермеп қойды. – Онымен бірдеңе біте ме, бітпей ме, сен қирайсың
ба, жоқ па, шаруам жоқ. Менің білетінім бір-ақ нәрсе – сен маған
бес сом қарыз екенсің, соны бере алмағаныңа қиналып жүріпсің,
бүгін реті келіп, мен сені сол міндетіңнен құтқардым. «Есепті дос
айырылыспаққа жақсы» дегенді естуің бар шығар, енді екеуміз
квитпіз!
Мұса стақанның бірін босатты да, толтыра арақ құйды.
– Бірақ бес сом мен бір қойдың арасы жер мен көктей болса керек! – Қинаят сыздана сөйледі. – Жігіт-ақ екенсің ғой! Мұса көзін сығырайта кекетіп күліп алды. – Маладес! Есепті жақсы біледі екенсің. Бірақ, ол тықыр мен бұл тықыр бір бола қоймас. «Бар болып тұрып берген жомарт емес, жоқ болып тұрып берген жомарт» деген сөздің жұқанасы қалған шығар көкейіңде, ә? Студенттің бес теңгесі саудагердің бес жүз теңгесіне пара-пар болу керек. Бір деп қой. Екіншіден, ұрлапжырлап, алдап-сулап жүріп өсірген қойды адал еңбегіңнің жемісі деп қай бетіңмен айтасың? Демек, оның құны да бес теңге деген сөз. Үшіншіден, мен бар болғаны сендегі бес сомымды алдым. Басқа түгің де жоқ менде. Бітті! Енді басымды ауыртпа. Енді арамызды байланыстырып тұрған ештеңе жоқ. Сен үшін жіптің ұшығы бес сом екен, одан құтылдың. Мен үшін сенің баяғы тазалығың, жігіттігің еді. Соны таба алмағаныма қатты өкінсем де, амал жоқ. Алдамшы жайма-шуақтан гөрі, ащы да болса шындық, жақсы. Сен өзіңді-өзің айырбастаған, сатқан, жоғалтқан жансың. Мен үшін де жоқсың. Екеуміз енді қол ұстасып, бірге жүре алмаспыз. Қайыр хош! Мұса арақты қағып салды да, сілейіп отырып қалған Қинаятқа тағы бір мәрте мұртының үстінен сығырая қарап, қолын бір сермеп, шығып жүре берді... Таңғы салқын сергіткендей болды. Кеудесін кере дем алды. Көңілі әлем тапырық. Жасыл шамы жарқыраған шатыраш таңбалы сары машинаға отырып, үйіне тартқан. Жол бойы темекісін құшырлана сорды да отырды. Қымбат күндерінің қимас бір бөлігін жоғалтқандай, имандай сеніп келген шындығы жалғанға айналғандай жетім күйде еді. Талай рет есіне алып, асыға, аңсай күткен досын жоғалтқанына іші удай ашыды. Тіпті, әлі де сенгісі келмейдіақ. «Ай, қойшы, соны... Көзімнің ашылғанының өзі неге тұрады? Өмір бақи алданып өтсем қайтер едім?» – деп, жұбатты өзін-өзі. Енді үй-ішін ойлады. Әйелі ренжитіні сөзсіз. «Айтармын, түсінер. Түсінбесе қойсын. Бұндайды түсінбеген әйелмен де ат құйрығын кесіссең, обалы жоқ! Тентек ойына жымиып күлді. – Жоқ, түсінуге тиіс. Досымды жоғалтып келе жатырмын ғой!». «Бәлкім, осы жоғалтудың өзі, түптеп келгенде, өмірден басқа бірдеңені табу, олжалау шығар» деген ой қылаң беріп өткенде, Мұса аяқ астынан көңілденіп кетті. Үйіне де жеткен екен...
– Біз есептестік, достым, – деді де, Мұса бес сомнан үш сом
қайырмаққа қалтасына қол салған таксисті аң-таң қылып, лып етіп
түсіп жүре берді.
Бақ ішіндегі бадминтон Біздің үйдің қасында үлкен бақ бар. Кезінде күзетшісі болған, күзде алма жинауға арнайы кісілер келетін. Қазір оған ешкім қарамайды, ұлан-ғайыр бақты бір шетінен бастап қиратып, тазарған жерлерге еңселі үйлер салынуда. Құрылыс қарқыны жедел болғанымен, біздің үйдің маңына әлі жете қойған жоқ. Трактор, машиналардың гүрілі алыстан естіледі, ағаштардың төбесінен қараған, тәкаппар алып кранның болашақты еске салып, атшаптырым жерден қарауытқаны болмаса, бұл жерде еш өзгеріс байқалмайды. Өзінің қайғылы сәтін күтіп, томсарған баққа қашан кірсең де еркің. Қатар-қатар орналасқан биік үйдің тұрғындары жеке-жеке де, топтоп болып та соның ішінде сейіл құрады. Бүгін шулы тірліктен әбден шаршаған соң, тыныштықта оңаша серпіліп келейік деп, мен де баққа бардым. Кірер есігінің қай жақта екенін кім білсін, әйтеуір бетон қоршауды біреулер бірнеше жерден опырайтып тесіп қойған, солардан кіреміз, солардан шығамыз. Кіреберісте бір топ волейбол ойнап жатыр, әр жер, әр жерде балаларын көтерген ерлі-зайыптылар, қолтықтасқан жастар кетіп барады. Кең бақтың ішіндегі соқпақ жолдар сан тарау, кірген бетте ен тоғайға енгендей әсерде қаласың... Ілгері жүрген сайын адамдар сирей берді. Жалғыз өзім тыныштық бесігінде тербеліп келе жатырмын. Қаны толысып, ажары кірген ағаштар, шөптер – бәрі жап-жасыл, жап-жас. Құстар әні бесік жырындай естіледі. Мен ұзақ жүрдім. Ешқандай ой жоқ, ойланғым да келмейді. Жүрегімде әлдебір түсініксіз, жұмбақ сезімдер оянады. Қаулап өскен қалың шөп аяғыма жұмсақ, жайлы тиеді, жерде емес, қою бұлттың үстінде келе жатқандайсың. Ағаш арасында ашық алаңқайлар бар екен, ортасына тұра қалып, жан-жағыңа көз жіберсең, тұтас жасыл әлемді көресің. Алғаш толқыған сезім жүрегіңді кернеп, селт етуге мұршаң келмей, қал-
шия қаласың, біраздан соң сабаңа түсіп, басылғанда тұтас жасыл
әлемнің үнсіздігі шошындырады. Бір қарайсың, екі қарайсың, қай-
та-қайта қарайсың, қараған сайын оның жаңа бір сырлары ашыла
түскендей, бірақ әлдене жетіспейтін секілді. Жалғыздықтан жа-
лыққандаймын, үнсіздік жаныштап барады. Адам елегізиді екен.
Терең күрсіндім де, ағаш арасымен келесі беттегі соқпақ жолға
шықтым. Жолда орта жастардағы бір орыс, жападан-жалғыз бад-
минтон қалақшаларын ұстап, состиып тұр. Екі қолымен кезек қақ-
пақылдап, өзімен-өзі ойнаған болады, онысы құр далбаса. Мен се-
руен адымымен маң-маң басып таяп келдім де, амандастым. Көп-
тен танитын кісіше неге күліп адамдасқанымды да, қасына неме-
неге бөгелгенімді де білмеймін. Ол да жарқын жүзбен сәлемдесті.
– Ойнаймыз ба? – деді, калақшаның бірін маған ұсына беріп. –
Бой жазуға шығып едім, ешкім кездеспегені...
– Қалай ойнаушы еді өзін? Қалақшаны қолыма алып, сермеп
тұрып, ыңғайсыздау сұрақ қойдым. Өмірі бадминтон ойнап көрге-
нім жоқ, тек атын ғана білемін. Волан дегенді де естуім бар.
Әлгі кісі сәл дағдарып қалды, кездескен ойыншысының сиқы-
нан, сұрауының түрінен түңілген болар. Бірақ, жымиып, жылы
жауап берді.
– Кәдімгідей...
– Қалай ұрады? Былай ма?
– Қалай келсе, солай ұра бересіз, – деді ол, қалақшасын зуыл-
дата сермей көрсетіп.
– Теннис секілді сермей берсек жарай ма?
Ол қуанып кетті.
– Иә, иә, соған жақын...
– Онда қатырамыз.
Ойынды бастап та жібердік. Әуелде мен ұрған сайын волан
біртүрлі қисық домалап немесе айдалаға безіп мезі қылды. Бірте-
бірте қолтығым сөгіліп, денем қызған соң төселіп алдым, ойын
қызығырақ бола түсті.
Екі жағымызда қалың ағаш мүлгіп тұр. Жаңа ғана жолыққан
бейтаныс екеуміз ынты-шынтымызбен беріліп бадминтон ойнап
жатырмыз. Қисық ұшқан волан қалықтап барып жасыл жапырақ
арасына сүңгіп кетеді. Кейде, әуелеп бара жатқанында жерге тү-
сірмейміз деп соңынан жүгіріп, өзіміз де жасыл желекке көмілеміз.
Жолдың екі шетіндегі арыққа әлденеше құладық. Оған өзіміз мәз
болып күлеміз. Салқын әдеп сақтамай, бір-бірімізден қысылмай, жақсы ұрсақ, сүйсінгенімізді, мүлт кетсек, «аһылағанымызды» жасырған жоқпыз. Тұп-тұнық ауада қалықтап волан келе жатады да, сенің қалақшаңа соғылады, сол кезде қалақша да дір ете қалады, жүрегің де дір ете қалады. Әлдебір ыстық сәлем алғандай боласың, бір-біріміздің жүрек лүпілімізді дірілдеген аппақ волан екіншімізге жеткізіп тұрғандай... Екеуміз қас қарайып, волан ағараң-ағараң елеске айналғанша ойнадық. Бір-бірімізге жымия қарап, алғыс айттық, мықтап қол алыстық та, жайлап басып, жөнімізге кеттік... Қараңғылық қоюланып келеді. Көзі ілініп бара жатқан бақты үйге қайтуға жиналғандардың көңілді дауыстары оқта-текте үркітіп қояды. Көкірегімді қуаныш кернейді. Бір сәттік тіршілік қуанышы... Автордан: Бұл әңгімелер 1980–1985 жылдары республикалық басылымдарда, 1985 ж. Алматы қаласынан, «Жазушы» баспасынан шыққан «Ұя» атты кітапта жарияланған.
ӘҢГІМЕЛЕР
Көлеңкеңе қара! Көшеде ысқырып келе жатыр едім, кенет көлеңкеме көзім түсіп кеткені... Ішім ұлып қоя берді. Осындай да көлеңке болады екен? Ілініп-салынған бірдеңе. Қой, бұл менің көлеңкем емес шығар? Мен дейтін жалғанның жартысын алып жатқан нағыз дәудің өзімін. Ал мынау болса, итиген сүмелек біреу. Маған тиесілінің бәрі керемет деп әбден сеніп қалған көкірегіме қатты тиді. Амал не, қашып құтыла алмайтын, қуып кетіре алмайтын бейшара көлеңкеме байландым да қалдым. Апырмай, ит-ай десеңші... Ең аяғы найзағай белін үзген, әлдеқашан қурап қалған мына бір жаман терек кұрлы жоқпын ба, ей?! Тұр ғой, әне, көлеңкесін бес-алты месқарын пана тұтып. Ал менің көлеңкем шидей, онда да түзу болса екен, әлдекім ішінен бір тепкендей, екі бүктеліпті де қалыпты. Әншейінде екі иығыма екі кісі емес, жеті кісі жайғасып отырып шай ішетіндей көріп жүрсем, мынаған жеті жасар баланың бір саны да сиятын түрі жоқ. Алқаш көршімнің иығы құсап, қушиыпты да қалыпты. Балғадай жұдырықтарым бес тиындық бақырдай ғана, шықшыт түгілі шыбынға да шамасы келмейтін сияқты. «Бураның санындай» деп атаққа ілінген білектерім әлгі бақырларды әрең іліндіріп тұрған жіп – тура кадр бөлімі бастығының қолы. Аяғымның арасына кір жаюға болады, атақты қамытаяқ құрдасымның аяғы бұның қасында оқтаудай. Бәрінен де басымды аяп кеттім. Дүниедегі ақылдың бәрі сыйған, ойламайтын пәлесі жоқ алып басымнан із-тоз жоқ, әтешсіз жаратылған жұмыртқадай бірдеңе қылдай мойынға әрең ілініп тұр. Айқасқа маңдай, аумақты төбеден белгі қалмапты. Құлағым қо-
ңыздай-ақ. Мына қалпында орынбасарымның шақша басы түгілі,
бөлім бастықтарының толық піспеген шикілеу бастарына да таты-
майды ғой...
Осындай көлеңке түсірген күнге өкпелеп, қаныма қарайып,
өзімнен де, дүниеден де түңіліп келе жатқанда бір үйдің көлеңке-
сіне іліктім-ау, әйтеуір. Әлгі сүмелек ізім-ғайым жоғалып, жалғыз
қалып, есімді зорға жидым. О жер, бұ жерімді ұстап көріп, өзімнің
өзім екеніме, бұрынғы қалпымда екеніме көзім жетіп, рақаттана
терлеп қоя бергенім. Құрсын, жарыққа шықпай, осы қара көлеңке-
де бой тасалай тұрмаса болмас!
1985 ж.
Мұздатқыш
Пәле туар жерін қарамайды. Болмашыдан да үлкен пәле туа
береді екен ғой.
Түсте үйге келе жатсам, есік алдында бастығым тұр екен. Жал-
ғыз емес, қасында үп-үлкен, жап-жаңа, аппақ мұздатқышы бар.
Бастықпен көрші болудың жақсы-жаманы бастыққа байланыс-
ты ғой, айналайын екеуміз жақсымыз да.
– Келе қойғаның қандай оңды болды, – деді қуана күлімсіреп.
– Мұздатқышымыз әбден тозып, әрі әйел де миды жей берген соң,
өзімді мұздатып жібермей тұрғанда құтылайын деп мына біреуді
алып едім. Шоферым осы жақында соқырішегін алдырған, обалы
не керек, көтерісейін-ақ деп еді, өзім рұқсат бермедім.
Екеуміз ойнап-күліп, мұздатқышты үйге кіргізіп, шай ішіп,
жұмысқа бірге келдік. Кешке қарай бір құрдасым соқты бөлмеме.
Әрі-беріден соң:
– Иә, сен енді өсетін шығарсың, ә? – деді түйеден түскендей.
– Не дейді?
– Не дейтін түк те жоқ. Бастықтың өзімен көрші боп алып...
Ылғи бірге... іргеден жағынып... машинасын мініп...
Құрдасымның қуланғаны шығар деп күлдім.
– Ау, бастықты жақын жерден жонып жейін деп, үйді әдейі
өзім салдырдым емес пе? Біздің үйдің жанынан үй сап алсаң, сен
де кәтәйт соғасың.
– Кәтәй-пәтәй болу үшін әтәй-әтәй деу керек, бала. Иә, сүйтіп жүгін тасып жүрген сені тасымай, кімді тасиды? – Әй, не оттап тұрсың? – дедім күйіп кетіп. – Мен оттап тұрғам жоқ, болған нәрсені шоттап тұрмын. Бағана қара суға түсіп жатыр едің ғой. Әкеңнің де жұмысын олай істемессің. – Онда тұрған не бар, ей? – Онда тұрған көп нәрсе бар! Сен оның жүгін көтерсең, ол сені көтереді. Көзіңді алартпа... Сен емес, біз саған көз алартуымыз керек, шауыпкел жолдас. – Ой... сен де... қайдағыны айтып. Тіпті де олай емес қой енді. – Неге олай емес? Солай. Біз солай деп ойлаймыз. Ал біз солай деп ойлаған соң, солай болады. – Олай емес! Қараптан-қарап күйдірме кісіні! Былық толы былшылдақ аузынан періп жібере жаздадым. – Күймек түгілі жанып кетсең де солай. Неғылсаң о ғыл, бәрібір біз сен туралы солай ойлай береміз. Солай! Қойқаң-қойқаң етіп, есікті сарт еткізіп, жүре берді. Тас-талқан боп мен қала бердім. Жұмыстан кейін: «Бірге қайтайық, мұздатқышқа мұз қатқан шығар» деген бастығыма сылтау айтып, үйге төте жолмен жаяу тарттым. Жол бойы жақсы ниетімді жаманға жорып, пәле қуған арамы құрдасыммен іштей айтысумен болдым. Үйге жете бергенде мені күтіп алған бастығым мен мұздатқышына ренжідім. Желпініп кірісіп кеткен өзімді де біраз жерге апарып, аяғында менен бұрын келе қоймаған басқаларды сөктім. Шай ішіп отырып, бастықпен көрші болғаныма күйіп-пісіп барып, уһ дегенде: «Дәнеңе жоқ, бұның бәрі әншейін бос сөз» деп тынышталдым. «Бос сөздің басты ауыртып, күйдіретіні несі екен?» – деп пәлсапаға кіргенде барып зорға ұйықтадым. Таңертең, неге екенін қайдам, әйтеуір әдеттегіден ертерек оянып, жұмысқа да ертерек кетіп қалдым. Кеңседе бастығым: – Мен сені біраз күтіп тұрдым, кетіп қалғаның қалай? – деді күліп. Тағы бір сылтауды жүгіртіп жібердім. Ертеңіне, сенбі күні құрыс-тырысымды жазайын деп моншаға тарттым. Онда бір көптен көрмеген жолдасым кездесе кетті. Дем алып отырғанымызда ол менің бетіме тесірейіп отырды, отырды да:
– Осы сені жағымпаз болып кетіпті дейді ғой жұрт. Ондай иісқоңысың жоқ сияқты еді, – деді. Ішім қылп ете қалса да: – Жұрт та не болса соны айта береді, өсекке сенудің керегі не? – дедім сыр бермей. – «Жел болмаса шөптің басы қимылдамайды» дегенді де жұрт айтқан. Жолдасым ғақлият айтып алды да, турасына көшті. – Жағымпаз болмасаң, бастықтың жүгін тасып нең бар? Зілдей ғып... – Ау, ол екеуміз әрі көршіміз, әрі жолдаспыз ғой... Оның несі айып? – Жолдастығыңды қалтаңа сап қой, бастықта жолдас болмайды, бағыныштылар ғана болады. Сен оның бағынышты адамысың. Ол сені жұмыс күші ретінде пайдаланды. Ал сен, мүмкін, өзің де түсінбеген шығарсың, бірақ түбінде бір керегі тиер, сондықтан көңілінен шыға қояйын, яғни, жағынайын деген түйсікпен оған малай болдың. Вот так, дорогой! Мен жолдасымды жақтан бір тарта жаздап барып зорға тоқтадым. Намыстан жарылғалы отырсам, ол одан сайын қазбалай түсті. – Міне, көрдің бе, жанды жеріңе тиген соң күйіп-пісіп отырсың ғой, өтірік болса бүйтпес едің. Шынынды айтшы, бастығың болмай басқа біреу болса, өлсең де көтермейсің ғой... – Неге? – Ойбай-ау, түсте үйіңе, түннен қалған қуырылған бермешеліңді ысытып жеуге асығып келе жатқанда, жаныңды жеп біреудің жұмысын істеп не көрініпті? Пышылдап... Терлеп-тепшіп... Тіпу! Бастық болса, өзінің бастық екеніне масаттанып, ішінен сені кем санап: «Бастығы болмасам, бүйтпес еді, ә?» – деп, шіреніп қала берді-ау! – Бұған бастық-мастықтың не қатысы бар, ей? Адамдық, кәдімгі адамдық шаруа ғой! – дедім жанталаса ақталып. – Жоқ, ол адам емес. Сен оны адам деп кемсітпе, ол – бастық! Қазір өзі бөсіп те жүрген шығар, ең болмаса әйеліне айтады. Тіпті, кейін сен өсе қалсаң: «Апырмай, бұл да өзінше кісі болды-ау, ә? Баяғыда жүгімді тасып жүруші еді» дейтіні айдан анық. Мен мұздай су құйынып басылдым. – Ой, олай емес қой, түсінсеңші сен... – Түсінетін түк те жоқ, бәрі де түсінікті. Қазір кісілерден сұрайық, бірауыздан сені «жағымпаз» демесе көр. Әнеки, өмір бойы
осы атқа қалдың. Ойбай-ау, енді көрініп тұрған нәрсе ғой бастық-
тың жүгін жағынғандықтан көтермей, жолдастықпен көтердім де-
генге кім сенеді?
– Жолдастықпен көмектескенім шындық қой енді!
– Ол сенің ғана шындығың, ал жұрттыкі басқа. Жұрт сенің
шындығыңды өз ұғымының қалыбына құйып кеп жібереді. Құйып
кеп жібереді де, саған қарғыбау ғып таға салады. Одан құтылу
жоқ. Жұрттың сөзі жұтпай қоймайды.
– Ойбай-ау, жұрттың сөзіне ере берсек, көне берсек, құрыған
екенбіз дағы!
– Құрисың ба, ұлисың ба, өзің біл. Бірақ, жұрттың сөзінен, пі-
кірінен үлкен ештеңе жоқ. Ол қашанда шындық боп саналады.
Сондықтан онымен ойнауға болмайды, бірдеңе істерде алдымен,
«Жұрт не дейді?» деп ойлау керек қой.
– Сонда не істеуім керек еді? Менің орнымда өзің болсаң қай-
тер едің?
– Өзіміз бе? Өзіміз «Қазір демократия, басты ауыртпа» деп ба-
ратын жеріне жіберер едік. Тіпті, қаладилнигіне салып та кетуіміз
мүмкін. Иә, біз сүйтеміз. Адамда гордость болу керек қой!
Желкесі күжірейіп, сарылдатып су құйынды. Мен мұздап бара
жаттым. Әйтеуір, көнтерлі, сабырлылығымнан аман қалдым, әйт-
песе, сол мезетте мынаны буындырып тастап, бара сап бастықты
өртеп жібергім келді. Ақылға жеңдіріп, сабама зорға түстім...
Содан, үш-төрт күн жұмысқа жаяу барып келіп жүрдім. Көр-
шім көңілімдегіні қайдан біліп жатыр, бұрынғыдай жайдары.
Бір күні жиналыс болды. Тәртіп мәселесін қарадық. Біреудің
қызмет бабын жеке басының мүддесіне пайдаланғанын талқыла-
дық. Бастық әсіресе қатты шүйлікті.
– Қызмет бабын жеке басының мүддесіне пайдаланатын жал-
ғыз мен емес. Жұрттың бәрі сөйтеді. Мәселен, мына сіз де сөйте-
сіз, – деп қарап тұр әлгі.
– Қалайша?
– Солайша... Өткенде мына кімге... Мені менсінбей нұсқады. –
Әбетке жіберместен, қаладилнигіңізді көтерткеніңіз рас қой? Рас.
Қызмет бабын жеке басының мүддесіне пайдалану деген сол!
Әуелде бәріміз де талып қала жаздадық. Іле-шала әлгінің өзіне
бас салдық. Бастығым қып-қызыл боп алып, жолдастық өтініш,
адамшылық қарым-қатынастан да пәле іздеудің оңбағандық екен-
дігін оп-оңды айтып келді де, сондай бір өтінішке дені сау кісі
ренжімейтін шығар деді. Мен ренжімейтіндігімді, қайта жолдасы-
ма қуана-қуана қол ұшын беретінімді айттым. Көпшілік әлгіні
жерден алып, жерге салды. Бірақ, бірдеңеміз жоғалғандай ыңғай-
сыз күйде қала бердік...
Бастығымның назалы жүзінен: «Әй, дәуде болса: «Мұздатқы-
шын көтере алмай әуре боп тұр екен, өзімен қоса бір-ақ көтердім»,
– деп бөскен өзің шығарсың, әйтпесе жұрт қайдан біліп жатыр?!»
дегенді аңғарғандай болдым. Бұл жөнінде ашық сөйлесуге екеу-
міздің де ерлігіміз жетпеді. Өзінен-өзі мұздай бердік...
Біртүрлілеу болып жүргенде, маған бір қолайлы қызметтің ың-
ғайы келе калып, коллективіммен жылы қоштасып, ауысып кете
бардым.
Қазір жаңа жерде жап-жақсы жұмыс істеп жүріп жатырмын.
Көршімізбен – сәлем-сәлем... жалпы жаман емеспіз-ау, қайтейін...
«Болмашыға бола қалсақ, өзіміз де болмашы-ақ адам екенбіз ғой»
деп күйінемін кейде. «Бірақ, үлкен пәле тудыратын болмашының
өзі шынында да болмашы емес-ау» деп пәлсафаға ауыса бастасам,
миым ауыса бастайды. Қоя қоямын...
1988 ж.
Біздің ауылдың аруы Ауылдық советтің төрағасы туған күніне тұрғыластарын түгел шақырды. Тұрғыластары болғанда, бірге өскен, бірге оқыған құрбықұрдастары емес, терезесін тең санайтын қызметтестері, қарапайым тілмен айтқанда активтер еді. «Тең-теңімен» – бұлардың темірдей тәртібі, оны бұзуға бірде-бірінің ерлігі жетпейтін. Бір ғажабы – елу сегіздегі бас экономист пен жиырма сегіздегі бас инженер әлгі тәртіп бойынша тең саналып, директор бір жаққа кеткенде орнында қалатын бас инженер, сонысына бұлдана ма, әйтеуір, дастарқанда бас экономистен жоғары отырып қалса, ешкім ерсі көрмейтін. Үйреніскен, қалыпты топтың арасына облыс, ауданнан келген дүмділер болмаса, ауылдан бөтен біреу еніп көрген емес. Баяғыда активтердің біреуі осы топқа екі-үш кісіні қоса шақырып, оны алдын ала біліп қойған аналар сылтау тауып, келмей қойып, әлгі байғұс екі
шабылған. Бұлжымайтын зандары қайта құру басталғалы былқсылқ етіп, өзгеруге де бейімделіп еді. «Қазір демократия, халықтан бөлінбеңдер деп жатыр ғой, ептеп араласып тұрайық» деп келіскен бір күні. Содан бас зоотехник үш-төрт кісіні қоспай ма? Үш-төрт алған соң, бір тракторшы құрдасы: «Осы сен мектеп бітіретін жылы біреудің қозысын ұрлап едің ғой, сол кімдікі еді?» – деп қарап отыр. «Ой, сен де соғасың-ау!» Бас зоотехник қызарып-ақ кетті. «Сен өйтіп танба. Жиналысқа сап едік қой. Аттестат ала алмай қала жаздап, әйтеуір әкең деректірге жалынып жүріп әпермеп пе еді? Бірдеңе берген шығар», – деп құрдасы күшейе түскен. Жұрт ду күліп, іштерінен «шоқ-шоқ» деп әзілдегенсіп, зоотехникті қажаған. «Қой жеуді бала кезінен білген екен ғой» дескен. «Қайта ол кезде періштеге жақын екен ғой», – деп үстемелеп, әлгінің аусарлығын аударыстырып қараған... Енді түзеле бергенде сөз алған бір үлкендеу ағайыны: «Ее, айналайын, сыйлап шақырғаныңа рахмет. Баяғыда, мұрныңнан боғың ағып жүрген қарасирақ кезіңде мектепке талай рет атпен апарып едім, соны бір ақтадың. Сені де кісі болып, бізді шақыруға жарайды деп кім ойлаған?!» – деп қарап отыр. Активтердің біреуі күйіп кетіп: «Шақыруға жарағаның дейді ғой... Білдей бастықтармен бірге отырғаныңа шүкіршілік қылмайсың ба қайта?» – деп жіберді. «Бірге отырғанға шүкіршілік қылатындай сендер немене, көктен түсіп пе едіндер? Әрбірдесін рахмет айтатын да дәнеңе жоқ. Бұрын шақырса, қайда қалыпты? Демократия дегенді шығарғандарға рахмет, бізді шақырттырып қойған. Бізден қорқады бұлар, ертең құлатып жібереді деп. Алдаған түрлері ғой, не де болса ішіп-жеп қалыңдар!» Зоотехниктің құрдасы қызбаланғанда, қарапайымдардың қалғаны соған ілесті. «Иә, десеңші...», «Шіркін-ай!», «Істемегендерің жоқ қой сендердің, бірігіп алып, бөрідей тиіп...», «Үстеріңнен жазып жіберейік пе, осы?» десіп, әңгімені қып-қызыл шатаққа тіреген. Әйтеуір, әупірімдеп зорға құтылған активтер әрі-бері ақылдасып, газет ақтарып, ақыры «қонаққа кімді шақырып, кімді шақырмау туралы нұсқау жоқ екен, сондықтан өз үйірімізбен бұрынғыша жүре берейік» деп шешкен. Үйреніскен әдеттері бойынша етке дейін қарт соғып, дәм үстіңде еркек-әйелі таласа-тармаса атақты бір әншінің махаббат хикаяларын тамашалап, кінәлағансып отырып қызыға тамсанып барып-барып, зорға тоқтап, «бұл да бір тамаша вечер болды» десіп, рахаттана шайға кіріскенде, той иесі тағы бір тамашаны бастап кеп жіберді. Арақтың құны артқалы еттің
өзінде тосты екі-үш кісі қосылып айтып, шайда мүлде ішпейтін
болған жұрт дастарқанға қайтадан шыны қаптағаннан-ақ тегін
еместігін сезіп, қозғалақтап қойды.
– Ал, енді менің бір керемет сюрпризім бар, – деді төраға мақ-
танышын жасыра алмай. – Екі ай бойы ойланып, ешкімге де, тіпті
әйеліме де айтпай, әдейі өздеріңе арнап сақтадым.
Қонақтар талып қала жаздады, еркек басымен екі ай бойы еш-
кімге айтпауға шыдаса, тіпті әйеліне де білдірмесе, бұл төтенше
нәрсе ғой. Өмірінде бірінші рет жұртты аузына қаратқанына қуан-
ғанынан әуелде төрағаның тіпті есі шығып кетті.
– Иә, айтсайшы енді қызығыңды! – десіп, жұрт шуылдай бас-
тағанда ғана тілге келді-ау әйтеуір.
– Қазір жаңалық көп. Бұрынғыдай жоғарыдан нұсқау күтіп
отырмай-ақ, оларды өз инициативамызбен жүзеге асыруымыз ке-
рек қой, – деп ол қайта құру желі туралы желпіне сөйлеп, жұртты
тағы да жалықтырып алды.
– Өзі... зарықтырмай, айтатыныңды айтшы. Түнгі он екіде лек-
ция тындайтын жағдайымыз жоқ, – десіп тулауға айналды актив-
тер.
– Айтсам... Қазір астанамыз Алматыда, Москвада, тіпті дүние
жүзінде конкурс өткізіп, ең сұлу қыздарды таңдап алып, ару деген
атақ беріп жатыр екен ғой. Олардан біздің қыздардың несі кем?!
Менің туған күнімде біздің ауылдың аруын анықтауымыз керек
деген шешім қабылдадым! Қалай қарайсыңдар?
Жұрт сілтідей тына қалды.
– Приздері дайын, – деді төраға сасқалақтап.
Бәрі дүр сілкініп, гуілдей жөнелді. Келіншектер айна-тарағына
жармасты.
– Мынауың бұрын-соңды біздің елде болып көрмеген керемет
бастама ғой!
– Дәстүрге айналдыру керек!
– Бұндай керемет идея тек сенің ғана басыңа лайықты!
Төраға тебіреніп кетіп, тарс еткізіп шампан ашты. Бірқалыпты,
қағидалы отырыстарына әйтеуір бір жаңалық кіргеніне бәрі де
шын көңілден мәз еді.
– Ал, енді, мұндайда мәселені жюри шешетін көрінеді, – деді
төраға, желіктері басыла бастағанда. – Кәне, кімді сайлаймыз жю-
риге?
– Дәл қазір оның керегі не?
– Как, керегі не? Жюрисіз ауылдың аруын қалай анықтаймыз?
– Сонда... осы ауылдың аруын дәл қазір анықтамақсыңдар ма?
– деді әлгі аңқау әлі түсінбей.
– А как же?!
– Е-е, мен ертең бүкіл ауылды жинап, жиналысқа салады екен
десем...
Жұрт оны мазақтап, күлкіге айналдырғанда, әлгінің әйелі ашу
шақырды.
– Аузың аңқиып, бетімен лағады екенсің. Басқалардың керегі
не? Әлде басқа біреуің бар ма еді?
– Арулар ашуланбауға тиіс, – деп көршісі сөзбен шымшып,
өршітпей басып тастады.
– Аруларды осы арада анықтамағанда, ауыл аралап жүреді деп
пе едің? Төраға әлгі әңгімеге айналып соқты. – Жәнете осы ауылда
осы отырғандардан асқан арулар бар ма өзі? Еркектер қулана, әй-
елдер қуана күлді. – Школдағылар мен детсадтағылар балалармен
алыса-алыса, жүйкелері жұқарып, әбден жүдеген. Дүкен мен асха-
надағылар жеп-жеп, май басып кеткен. Ал күнге күйіп, жел қаққан
малшы, қойшы, тракторшы әйелдерде қайдағы сұлулық? Тіпті,
анау үлкен, әділ конкурстардың өзіне барлық әйелдер қатысқан
жоқ, қалаулы әйелдер ғана қатысты ғой. Ал, біздің қалаулылары-
мыз да, қаулымыз да сендерсіңдер!
Әйелдер қол соғып жіберді.
– Осы арулар конкурсына қыздар ғана қатыспай ма? «Мисс»
деп қыздарды, «миссис» деп әйелдерді айтпаушы ма еді?
Бағанағы аңқаулау бас малдәрігері тағы бүлдіре жаздады.
– Ибай, біздің қыздан неміз кем?
– Қыз деп, әйел деп бөлетін түгі жоқ, сұлулық конкурсына бәрі
қатысу керек!
Әйелдердің көтерілісін бас бухгалтер:
– Мисс пен миссисте нең бар, құнажын мен сиырды айырып
алсайшы әуелі, – деп күлкімен басты. Бұзаулауға тиіс емес санала-
тын құнажындардың көбісі бұзаулап қалып, есепте жоқ иесіз бұ-
заулардың ылғи жоғалып кететіні естеріне түсіп, бәрі де рахатта-
нып қалды.
– Жарайды, енді... Кәне, кім-кім жюри болады?
Төраға топқа тағы да сауал тастады.
– Ендеше, әуелі жюридің құрамында қанша адам болатынын анықтап алайық. Кәне, кімде қандай ұсыныс бар? Парторг тізгінді дер кезінде қолға алғанын білдіріп, жанжағына жауапты қарады. – Өзі... нешеуміз? – деп сұрады біреу. – Сондай да сұрақ болады екен. Екі табақ кісі, он-оннан жиырма, үй иелерімен жиырма екі емес пе? – Тәк... Он бір еркектің нешеуін жюри қыламыз? Алғашқы айтыс осыдан басталды. Үшеу аздау, бесеу беделсіздеу болған соң, жетеуге жеткізді. – Е-е, мына кімді неге кіргізбедіңдер? Ылғи жүріп тұрады, жылда курортқа барады. Көпті көрген... Әйелдер жағына мәстүр. Аңқаулау бас малдәрігері бас зоотехникті нұсқады. Оның әйелі сабырлы екен, күйеуін ақырын ғана көзімен түйреп өтті. Жұрт «мәстүрді қалдырғанымыз масқара» деп жюриге оны да қосты. Жюри құрамы тақ болу тәртібін бұзбау үшін біреуін шығармақ болып еді, қайда-а, әлгі екі арада бойы үйреніп қалғандардың ешқайсысы қозғалатын емес. – Онда тоғыз болсын! – Ар жағында екеуін несіне қалдырамыз? Жігіттердің бәрі болсын! – Жоқ, олай болмайды! Жұрттың бәрі жюри боп кетсе, ондай жюридің не қасиеті бар?! – Ондайыңды қоя тұр. Сен болғанда, біз болмайтын несі бар? Темірден басқа түк білмейді деп пе едің? Жалғыз мәстүр сен емес шығарсың?! – деп бас инженер қызынды. – Әй, жігіттер, ақыры болғасын, бәрі болсын. Бәрінің де әйелдері қатысайын деп отыр ғой. Ешкімге абидны болмасын! Керілдесіп-керілдесіп барып, осыған келісті. Сонда ғана сараптайтындары алыстағы арулар емес, қастарындағы қатындары екені естеріне түсіп, сарапшылар елеусіздеу ғана есінеп алысты. – Ал, бірінші мәселені шешіп алдық, енді ең негізгісіне көшеміз, – деді төраға. – Біз кішкене аяқ суытып келейік, сіздер кішкене дайындалып алыңыздар. Еркектер топырлап шыға жөнелгенде, әйелдер сәндене бастады. Бәрі де әсем, әдемі жандар еді: бала өсіріп, тәртіппен үй ұстап, жұмыс істеп жүрген, ауылға сыйлы, бір-бірімен сыйлас келіншектер кенеттен әбігерленді. «Бұл да бір қызық болды, келіңдер, қыз-
дар, күйеулеріміз бізді қалай бағалайтынын көрейік бір», – десіп, сыңғырлай күлгендерімен, бәрінің де іштеріңде бір-бір құйын көтеріле бастаған еді. Сабын бөліскеннің өзіңде сабындай бұзыла салатын нәзік жандар бастары бәйгеге тігілгенде қайтсін енді! Сыртқа шыққан сарапшылардың да халі қарашада қырқылған сарық қойдың о жақ бұ жағында болатын. Айдың, күннің аманында әйелдерін конкурсқа салып қойған сабаздардың есіне «ойыннан от шығады» деген аталарының сөзі енді түсті. Сыр бермей, әр нәрсенің басын бір шалып, бұрынғыдай жеңіл-желпі күлгендерімен, көңілдері қобалжып-ақ қалған. Қуырдақтың көкесі алда екенін, әр әйелдің ішінде бір-бір түйе сойылып жатқанын сезбейтіндей бала емес қой. – Ал, әйелсалыстырғыштар! Прораб белден бір-ақ басты. – Басқаңды білмеймін, біздікі бірінші орын алмаса, менің сәбізім бітті дей беріңдер! Осы жерде бөтен кісі жоқ, өзіміз ғой жігіттер, бірдеңе қылыңдар енді. «Ер мойнында қыл арқан шірімейді» деген... Мінезін білесіңдер ғой... Көріп жүрсіңдер ғой... Жаңа көйлекті жұрттан бұрын кимесе, жынданып кете жаздайды, мынадан қалса – капут! – Иә, енді... оның өзі нелеуі нелеу... Қолға түсіп тұрғанда қыжыртпаса құрбы бола ма, қатарлары қажауға айналғанда: – Әй, қойыңдар, келін оңды-ақ. Өзімізді сыйлайды, одан артық не керек! Басқаңды пісіріп жесе де мейлі! – десіп, үлкендеулері киіп кетті. – Онда осыған берейік бірінші орынды. Өкіртіп жуады ғой бұл... Әйтпесе айрылысып кетіп, масқара қылар..., – деді аңқау көңілшектеніп. – Неге бұған береміз? Бірінші орынның иесі бар емес пе? Жеңгей тұрғанда... – десіп, шын берілген екі-үш жағымпаз директор жаққа жымиды. Анаған жаңа ғана жан кірді. – Жарайды, жеңгелеріңді әуре ғып қайтесіңдер... онсыз да... – Екіұштылау, екі дай ғып барып, «ерлігімді біліңдер» дегендей, кесіп айтты. – Е-е, иә... келіндердің көңілін қалдырмайық, жігіттер! «Е-е, немене, конкурсқа қатыспайтын сенің әйелің әулие ме? Ару деген атаққа алдымен таласпағанда, сенің директорлығыңды күзетіп отыра ма? Қане, қатыстырмашы, көрейік мықтылығыңды?» – десті ішінен кейбіреулер.
– Ау, жігіттер, алдын ала орын бөліп әуре болмаңдар. Бөтен кісі жоқ, өзіміздің конкурс қой. Қазір сараптап көреміз! Аннан-мыннан естігендері, көргендері, оқығандары бар, әрі әйелдердің кайсы артық екендігін білуге деген әуестіктері бар, еркектер енді екпіндеуге айналды. Оларға қоятын сұрақтарды сұрыптай бастағанда-ақ дау туды. Бұлардың көбі орысша оқығандар еді. Бір қызығы, орысша оқығандар қазақша оқығандарды, қазақша оқығандар орысша оқығандарды біртүрлі көріп тұратын. – Қазақша оқып-ақ бастық болдық қой, – деп бөсетін. – Орысша оқығанда бұдан да үлкен бастық болар едің, – десетін. – Жарайды, осыған да шүкір. Сенің де орысша оқып оңып тұрғаның шамалы ғой шырағым, қайтесің, – деп қағытатын. – Иә, сендей болу үшін орысша оқып керегі не? – деп, қосып қоятын. – Қайта, қазақша оқысаң, адам болып кетер ме едің, кім біледі?! Енді міне, ауылдың аруын анықтау үшін қандай сұрақтар қоямыз дегенде екі топ екі жаққа тартты. Әркім білгенін сұрайды, біреуге қойған сұрағынан сұраушының өз деңгейі байқалады. Активтер де арулардың алдында ақылды көрінуге тырысып-ақ бақты. Өйтті, бүйтті, тек қазақы сұрақтар ғана емес, жалпы советтік, дүниежүзілік сұрақтар да қойылуға тиіс деді, ақыры әркім кезекпен өзінің қалағанын сұрай берсін деп келісті. Жұмыс тәртібін бекітіп алған соң, дабдырласып үйге кірді. Әйелдер де әп-әдемі болып, дайын отыр екен. Айқас басталды да кетті. Әуелі: «Сұрақ деген не сұмдық?», «Сонда не сұрайсыңдар?», «Бізді тергемек пе өздері?» десіп, әжептәуір тулаған әйелдерді: «Ару атану үшін әйелдің көркіне ақылы сай болуы керектігін жазып жатыр газеттер, ал сендердің ақылдарыңды сұрап тексермегенде, бұрап тексереміз бе?» дегенге дейін барып, әрең-әрең ақылға келтірді жігіттер. Сонымен, төрге отырып алған төрешілер алдарында тік түрегеп, тізіліп тұрған әйелдердің ой-өрістерін өлшеп, ақыл-естерін түгендеуге кірісті. Екі жағы да «қайтсек әдемі, ақылды боп көрінеміз» – деп, іштей қатты толқулы еді.
– Жюри мүшелері жеке-жеке бал көтеріп, көрсетіп баға бермейді, қорытындыны артынан бір-ақ шығарады, – деді жюридің төрағасы болған парторг. – Дұрыс, дұрыс, жюриге де жан керек! – Осы жюри, жюри деп жатырсыңдар, қазір оны қазақша «әділ қазылар алқасы» демей ме?! – Жюриге жөн үйретіп тұрған сенің жүрегіңнің түгі болғанымен, басында түк жоқ екен, – деді күйеуі жақтырмай. – «Әділ қазылар алқасы» деген дұрыс емес... Сонда немене, «әділ емес қазылар алқасы» да бола ма? Қазы болғасын бітті, әділ болу керек. – «Қазылар алқасы» деген де келмейді қазаққа. Билер деу керек. Төрағасын – төбе би деу керек. – Жарайды, Алматың заң шығара берсін. Бәрібір бізге қонбайды. Сондықтан үйренген жюриіміз жақсы. Парторгтың бұл сөзіне бәрі қосылды. – Төбе би болсаң, баяғыны көкседің деп ертең райком сенің төбеңді ойып жүрер, – десті. – Ертеңге дейін билік біздің қолда ғой, – деп, төраға тізгінді мықтап ұстайтындығын нығарлап сездірді. Бәрі ду қол шапалақтап, конкурстың сәтті өтуі үшін бір алып қойған соң, іске кірісті де кетті. Жиналғандар қызметтес, аралас-құралас болғандықтан әрі арулар конкурсына арнайы дайындалмағандықтан сұрақ-жауаптың қисық-түзуі аралас кетіп жатты. – Ac пісіп, қазанды оттан түсірдіңіздер. Ал қонақтарыңыз қарт соғып отыр, сонда не істейсіз? – Не істегені несі? Тамақ дайын деп ескертемін, кез-келген әйел сөйтеді. – Олар оған қарамай ойнай берсе ше? Күйеуіңіз де соларға қосылып алып, қозғалмай қойса, тіпті «тұра тұр» десе қайтесіз? – Неге? Ол өйтпейді. Өйтіп көрсін! – Сөзді бұрмаңыз. Бұл – мысал... Соған жауап беріңіз! – Енді... Қоймаса, табақты алып келемін де, орталарына қоя саламын. – Қалайша? Қарттарын жинамаса, қолдарын жумаса, соған да карамайсыз ба? Жәнете үлкен, сыйлы кісілер болса ше?
– Үй, қайдағы сыйлы кісі? Сыйлы кісі болса, қарт ойнап отыра ма? Ондай қартожніктерді қарттарымен қоса шашып жіберер едім, қой дегенде қоймаса. Дәмнен үлкен емес, табақты қаратпасын! Әйелдердің бәрі қол соғып жіберді, кейбір еркектер еріксіз қосылды. Қартқұмарлардың қабақтары түйіліп, шүйліге кетті. – Е-е, сыйлы кісілер қарт ойнамайды деп кім айтты? – Қарт ойнаған кісілер сыйлы болмайды дегенді қай киіз кітабыңнан оқып ала қойдың? – Газет-журналдарда жазады ғой сүйдеп. Енді... ерсі ғой қонақта қарт ойнаған... Көрер көзге! – деді, әлгі әйел, «ақылдылығыма қоса сауаттылығымды да таныттым» деген сеніммен. – Өй, ондай өтірікші газетіңді қалтаңа сап қой! – Ойнағанда, сыйлы кісілер ойнасын! Алдымен, жаңағы журналистердің өздері өкіртеді! – Баяғыда біреуін сыпырып алып, билет әперіп жібергенбіз. – Жоқ, мынаған ызаң келеді. Қарт ойнамайтын адам қарттың қызығын қайдан білсін, жамандайды келіп. Ол ойнамайды екен деп, біз де ойнамауымыз керек пе, ей, ә? Және біз қарт дейміз ғой, бұлар «карта» деп жазады, жағынған түрлері ғой. Орысша сөзді дұрыс жазбаса, өкіртетін болу керек өздерін. – Өй, мейлі, қалай жазса, олай жазсын, бізге келіп-кетері бар ма? Тек мынадай әйелдердің әп-әдемі, кіп-кішкентай миларын айналдырып қоятындары жаман. – Рас айтасыңдар. Қонаққа барғанда соқпаған қартты қайда соғамыз? Тіпті, мына кімдер... Әдейі ертерек барады ғой. Иә, солай, жаңағы газет-журналдарың бізге басқа қызық тауып бергенше соғамыз қартты! – Ал сен шашып жіберемін дейсің... Қонақты сыйлау керек қой, мисс! – Бүгінгінің арулары адуын болатын шығар, әйтпесе анандай конкурстарға тайсалмай түсе ала ма? – Дұрыс, батыл болған жөн, – десіп, әлгіні құлатпай алып шықты. – Дегенмен, сұрағымыз жауапсыз қалды, – деп, сұраушы көтерілді. – Үйткен сұрағың бар болсын! Бір тамақ беруді сонша сөз қылып...
– Е-е, несі бар. Мен сендер құсап миға қонбайтын айдаладағы
бірдеңелерді сұрап отырған жоқпын, өмірлік маңызы бар нәрсені
сұрап отырмын. Үйіңе келген сыйқонақтарың қарт ойнап отырып
алды, ескертсең де қарамады, сонда сен, жолдас ару, не істейсің?
– Шыныңда да бұл сұрақ ойланатын мәселе екен, – десті кейбі-
реулері.
– Оны біз емес, қонақтар ойлауға тиіс қой. Былайша айтқанда,
жағдаймен санасып...
– Дұрыс қой бәрі де, бірақ олар ойланбаса, санаспаса..., қайте-
сің, ал?!
Еркек-әйелі жабыла жауап іздеп, ақыры «бір жолға үндемей,
ақырына дейін шыдау керек шығар» дегенге тоқтады. «Санасыз
қонақтардан» құтылып, «уһ» дегендері сол еді:
– Күйеуің жолаушылап кеткенде оның бір жолдасы келсе қай-
тесің? Қонаға, – деп тағы біреуі карап отыр. Әуелде жұрт ду күл-
ген, іле-шала қипақтап, ыңғайсыздау күйге түсті.
– Неменеге келеді ол? Жөнді сұрақ құрып қалғандай... – деп,
жауап беруші әйел жалтарып көріп еді, сұраушы қадала түсті.
– Ештеңеге де емес, тура қонуға келеді. Жоқ, ол әрине, сенің
күйеуіңнің жолаушылап кеткенін білмейді. Ойында дәнеңе жоқ,
жолы түскесін соққан, тіпті әдейі іздеп шыққан. Ауылы алыста,
көлігі жоқ... қайда барады?
– Қайда барса, онда барсын, менің жұмысым канша?
– Қалай жұмысың қанша? Ол сенің үйіңе келіп отыр ғой.
– Мейлі, келе берсін. Айдаладағы біреу үшін... немене... сон-
ша...
– Айдаладағы біреуі несі? Күйеуіңнің танысы, жолдасы деп
отырмыз ғой.
– Енді... қайтемін оны?
Қисық сұраққа қиналған келіншекке «қондыр, үйіңе келіп тұр-
ған қонақты қондыр», «жоқ, жататын үй тауып бер», – деп сыбыр-
лап жатыр әйелдер.
– Жарайды, былай болсын. Бұл қонақ бұрыннан үй-іштеріңмен
араласып жүрген жолдастарың дейік. Сонда қайтесің?
– Е-е, онда сөз бар ма? Жақсылап күтемін.
– Қондырасың ба?
– Қонбағанда қайда барады?
– Күйеуің жоқта бөтен еркекті үйіңе қондырғаның қалай?
– Қалайы несі? Ол біздің жолдасымыз ғой.
– Жолдас жолдас қой, бірақ... Бөтен еркектің аты бөтен еркек...
Түнде ұйқысырап жүрсе...
– Қойындаршы-ей, қайдағыны айтпай...
Қайдағыны емес, ойдағыны айтып тұрмыз... Бөтен еркекпен
бірге бір үйде түнеп шығу дегенің...
– Ойбай, енді өз үйімізге өзіміз қонбаймыз ба? Балалар бар
емес пе?
– Балалардың бөгеті жоқ, ұйықтап қалады.
– Е-е, ұйықтамағаңда... Сендерді аңдып отыра ма? Баланың
аты – бала, қайдан білсін?
– Әй, мыналар тіпті төндіріп барады ғой!
Арудың ашуы келе бастағанда, көлденеңнен күйеуі килікті.
– Ұсталдың ба, бәлем? «Күйеуім үйде жоқ» деп қондырмай жі-
беру ойыңа да келмейді ғой өзі!
– Ол да бір ит екен... қуана-қуана қона кеткен.
– Арамысын қарашы-ей, сенің жоғыңды пайдаланып, – десіп
құрдастары қузай түсті.
– Ойбай, қайтеді мыналар? Жай... мысал ғой бәрі...
– Мысалдың шындыққа айналуы оп-оңай. Күйеуің жоқта қона-
ға келген кісіге кет әрі еместігің көрініп тұр.
– Ниет болса, бәрі де болады.
– Ойлағасын-ақ бітті ғой!
– Не бітті?
– Біткені несі-ей? – деп, әйелдер жағы безек-безек еткенде, ер-
кектер жағы езе түсті. «Қыдырғыш болмағанмен, қондырғыш
екенсіңдер ғой», – десіп, әбден әкіреңдеп алды кейбіреулер.
– Ойбай, қондырсаң – бір бәле, қондырмасаң – екі бәле, – деп
әйелдер қарсы шабуылға шықты. Сонымен, қонаға келген қонақты
өйту керек, бүйту керекпен біраз жерге барысып қалғанда, атамыз
қазақтың мұндай үйге қонбайтын мәрттігі біреудің есіне түсті-ау
әйтеуір.
– Өй, бүгінгінің еркектерін қой, мөлиіп, шықпай қояды қайта!
Сонда қайтеміз?
– Ондай оңбағандарды айдап шығу керек қой! – деп, аңқау
барлық әйелдер үшін жауап берді. Барлығы «уһ» десіп еді:
– Иә, саған, айтуға оңай. Сыйласып жүрген жолдасыңды қалай қуып шығасың? Өзі біліп кете қоймаса... – деп, бір-екі келіншек тағы да күдікті күшейте түсті. Әрі айтысып, бері айтысып, ақыры келген қонақты қондыруқондырмау – әркімнің жеке ісі, оның арулықка қатысы жоқ деген түйінге токтаған болды. – Адамның жеке басына қатысты арандатушылық сұрақтар қойылмасын, – деді біреуі. Үйіне «қонақ келгендер» қызараңдасып, ала көзденіп қалды. – Иә, жалпыға ортақ, қоғамдық мәні бар сұрақтарды қойыңдар, – десті екіншілері. – Жарайды, онда. Қонаққа барғанда күйеуіңіз қызыңқырап, сөйлеңкіреп, қылжалаңдап қалса, қайтесіз? – Фу, тағы да қонақ... басқа сұрақ құрып қалғандай. – Е-е, несі бар, бұл қонаға келген ойсыз немесе арам ойлы қонақ туралы емес, қоғамдық мәні бар тамаша қонақ туралы әңгіме. Сондықтан... жауабыңызды жадырап отырып берерсіз... – Ондай жағдайда «отағасы, қойыңыз, ұят қой» деп сыпайылап ескертеміз... – Фу, әлдә-ә-ғандай ғып маскүнем немені! Өзіміз аузын жабар едік... срәзім... – Сенен сұрап отырған жоқ қой, жұртта жұмысың қанша? – деп күйеуі қабағын түйді. – Бөгет жасағандардың балы төмендетіледі, – деп төраға түзету жасады. – Ескертуіңізді ескермесе қайтесіз? – Онда... сіздер сияқты қатаң сөгіс береміз, – деп әлгі келіншек парторг-төрағаға жымия қарады. – Жол-жөнекей саяси сауатыңызды да байқата кеткеніңіз әбден орынды, – деді парторг кеңпейілденіп. – Бірақ қатаң сөгісіңіз нақты қандай формада көрініс табады? – Мәдени отырыста әдеби сөйлеу сізге де тамаша жарасады. Ал, сөгіске келсек... оны кейде көріп жүрсіздер ғой... қызығы шамалы. – Жоқ, бізге сіздің сөгісіңіз керек... – Керек болса, мә саған! Қасына жетіп барып, әуелі сөзбен сілкілеп-сілкілеп, оған да болмаса қолынан жетелеп алып шығамын. – Оған көне қоймаса...
– Көне қоймаса, тура шаңын қағып тұрып, алдыма сап айдап әкетемін! – Дұрыс, рахмет! Күйеуіңіздің тартынып ішетіні сондықтан екен ғой. – Енді ше?! – Дұрысы дұрыс-ау, бірақ бұл адам правосын аяққа басу ғой... Дүниежүзілік декларацияда... – Немене, еркектер мас болып, білгенін істесін деп пе? Ол декларацияңды қалтаңа салып қой. Оны да менен сұрап па, менімен санасып па? Сондықтан оныңды білгім де келмейді. «Ару» деген атағыңды бермесең, тағы өзің біл. Менің білетінім – қиқаңдаған күйеудің қаққанда қанын, соққанда сөлін алу керек! Әйелдер жағы қол соғып жіберді. – Ау, арулар-ау, сонда жұрттың көзінше күйеулеріңмен жағаласып жатқанды ұят санамайсыңдар ма? – Ұяты – ұят, әрине. Бірақ не істеуіміз керек енді? Тағы да таласып-таласып, ақырында «қонақта қызу-қызбау әр еркектің өз жұмысы, ал қызып қалып, бетімен кетіп бара жатқан күйеуін қалай жөндеу – әр әйелдің өз еркі» деген декларация қабылдады. «Өзіміз ондай емеспіз ғой... мейлі» десті көпшілігі. Кейбіреулері бір-біріне қарап, жымыңдасып, қызарандасып қалды. – Жарайды, мына бір жақсы сұрағымды ешкімге қимай отыр едім, саған қояйыншы. Дүкенге нәрсе түсіп жатыр дейік, алуға ақшаң жоқ. Атаңнан ала қояйын десең, ол кісі ұйықтап жатыр, не істейсіз?! – Не істегені несі? Оятамын... – Қалай оятасың?.. – Кәдімгідей... «ата, ата» деп. – Оған ояна қоймаса ше? – ?! – Атаңның ұйқысы қатты екен дейік. «Ата, ата» дегенінді естімесе... жұрт дүкендегі нәрселерді талап әкетіп жатыр... Не істемексің? – Енді... қайтемін... оятамын... кәдімгідей... – Кәдімгідейің қалай? – Солай... енді... адам құсап... кәдімгідей... – Фу, сендер де қызық екенсіңдер. Қайдағы бір түкке тұрмайтын нәрселерді сұрап...
– Иә десейші... – Ұйықтап жатқан атасынан ақша алу да сөз боп па? – Дүкенге нәрсе түсіп жатқанда шалмен церемонится етіп тұра ма кісі... ал да жүре бер... Кейін алдап-сулап бірдеңе қыларсың... – Ау, арулар, сендерден сұрап отырған жоқпыз ғой, – деп жігіттер әйелдерді тәртіпке шақырды. – Әйел болсаңдар да, жюриден жоғары емессіңдер! – Үйбай, қойдық, – деп әйелдер күле-күле көнді. – Атақ берерде әбден бұлданатын әдеті ғой бұлардың, – деп бір қу тілді келіншек күбір етті. – Е-е, мейлі, алдап-сулап атағын алып алған соң, кім керек қылсын! – Арандатушылықты қойыңдар, әйтпесе, өздерің керек болмай қаласыңдар. Келістік қой?! – Сонымен, ілгері кеттік. Атаң ұйықтап жатыр... Ақшасы желеткесінің қалтасында, желеткесі үстінде екен дейік... Оятпасаң, ала алмайсың. «Аталағаныңды» еститін емес... – Оятамын дедім ғой... – Қалай? – Кәдімгідей... түрткілеп... – Мәссаған! – Масқара! Атасын түрткіледі деген не сұмдық? – Үйбай, түрткілеп оятпағанда, жұлқылап оята ма енді? – «Ата, ата» деп сыйлап тұрғанда, әп-әдемі боп ояна қоймаған өзінен көрсін. – Сонда... Қолыңмен түртесің бе, таяқпен түртесің бе? – Қай жерінен түртесің? – Түрткесін бәрібір емес пе?! Қып-қызыл дау басталды. Жігіттер жағы ата түрткілеуді батыл-ақ айыптап еді, әйелдер жағы әл бермеді. Қысқасы, дүкенге нәрсе түсетін кезде аталар ұйықтамасын, ұйықтайтын болса, ақшаларын алдын ала келіндеріне өткізіп қойсын деген шешім қабылдады. Әйтпесе, кейбір жаны нәзік келіндер дүкендегі нәрсенің таусылып бара жатқанына шыдай алмай, теуіп те жіберуі мүмкін екендігін, сондықтан түрткілегенге шүкіршілік қылу керектігін күле-күле айтты. Дегенмен, ата-ананы әрқашанда сыйлайтын кісілерге мұндай миға сыймайтын сұрақ қоюдың өзі өрескелдік десіп, «өздеріңді қалай оятатынымызды сұрасаңдар ғой бәлем, көрсетер едік», – деп төндіріп, жюридің аузын жауып тынды.
– Сендердікі жөн, – деп жігіттердің бірі жұрттан бұрын жағына қойды. – Кемпір-шалдардың мазасын алмай-ақ, өзімізді жөндей берейік те. Менің сұрағым: сізге бір ауылдасыңыз, мысал үшін, тіпті осы отырғандардың біреуі ғашық болса, қайтер едіңіз? – Ғашығы несі-ей? – деп, тергелуші әйел балалы-шағалы адамдарға қартайғанда мұндай әңгіменің ұят екендігін ескерткенімен, бетінің ұшына қан жүгіріп, шырайланып шыға келді. Тергеуші жігіт бұған тоқтар болмады, арулар конкурсына қатысып отырып, қайдағы қартайған, ғашықтық кәрі-жасқа қарамайды, қысқасы, бір тамаша жігіт сізге шынымен ғашық болып, өзінің нәзік сезімдерін соншалықты әсерлі, әдемі түрде жеткізді, сонда сіз не істер едіңіз?! Қызық болғанда, әйелдер әуелі үндемей қалды, тіпті кейбіреулері жұртқа байқатпауға тырысып, тәп-тәтті, жеп-жеңіл күрсінді. Әлгі әйел толқығанын жасыра алмай, ондай жігітке тиым салатынын, ойлайтыны – отбасының берекесі екендігін айтқанда жұрт қол соғып-ақ көріп еді, біртүрлі шашалыңқырап қалды, бәрінің де мұндай ғаламат қызықты оп-оңай бітіре салғысы жоқ еді. «Тиымыңыз миымызға сыйымсыз, сондықтан да қиыныңызды қиыңызшы тиынсыз, сіз біз үшін қолға түспес бұйымсыз, от ойнатқан құйынсыз, шешілмейтін түйінсіз, жүре алмаймыз енді мүлдем сиыңсыз!» – деп қиылып, соңынан қалмай қойса, күйеуімен қорқытып, бетін қатты қайтарып тастайтынын айтқанда, әлгі әйел неге екені белгісіз, күйеуіне жалтақ-жалтақ қарады. «Ғашықтық сияқты адамның нәзік сезімін аялау керек қой, ал бетін қатты қайтарып тастау – оны аяққа басу емес пе? Күйеуіңе қай бетіңмен айтпақсың? Қырылысады ғой екеуі. Әлде, қай жеңгенің менікі ме сенікі?» – деп жігіттер жан-жақтан жабыла кеткенде: «Үйбай, енді қайтемін? Менің жазығым не?» – деп, келіншек ыршып түсті. «Бұларға айтсаң бір бәле, айтпасаң бір бәле», «Сезім, сезім деп сызылып тұратын дәнеңе жоқ, сезімін езіп басына жағу керек!», «Күйеуің түгіл, ол жігіттің әйеліне, бүкіл ауылға айтып, әкесін танытып тұрып көшіріп жіберу керек», «Күдіктеніп, бықситын болса, күйеуіңді де қосып қуып жібер, жүрсін екеуі, бір-бірін қолтықтап», «Махаббаттың аты махаббат дейді ғой, ерегіскенде сол жігітпен жүріп алу керек», – десіп, әйелдер қоқырайыңқырап тұрған жюриді жапырайтыңқырап жіберді. «Сасқан үйрек артымен сүңгидінің» кері келіп, сұраққойғыш: «Жарайды, онда, сұрақты өзгертейін.
Өзіңіз біреуге ғашық боп қалсаңыз, қайтер едіңіз?» – деді. «Бұндай сұрақты өзіңнің әйеліңе неге қоймайсың?» – деп, әлгі әйелдің күйеуі шылым тартуға шығып кетті. «Ерлі-байлы адамдарға басқа біреуге ғашық болуға болмайды. Үйді, балаларды ойлау керек алдымен. Мұндай сұрақтарың заңға томпақ», – деп, әйелдер томпиғасын жігіттер монтиып құтылды. Сөз аяғы сұйылуға айналған соң төраға-парторг үзіліс жариялады. Тысқа шығып, шылым тартып тұрғанда, жігіттерге конкурстың қоғамдық-саяси мәнін тереңдетуді тапсырды. Үзілістен кейін әйелдерге де осы жағы ескертілді. – Партия туралы не ойлайсыз? Коммунистерге сенесіз бе? – Данышпан партияның басшылығымен коммунизмге жететіндігімізге бәріміз де сенеміз! Сұрақ пен жауаптың ресми салтанаттылығы сондай – бәрі ду қол шапалақтады. – Ау, ағайындар, партия жиналысында отырған жоқпыз ғой... Өтірік айтатындай... Бас зоотехник бас көтерді: он жылдан бері бір орында омалтып, өткенде тіпті реті келіп тұрғанда өсірмей қойған партияға өкпесі қара қазандай еді. «Әне шығамын, міне шығамын мен» аңысын аңдап, кез келген уақытта суырып бере қою үшін партбилетін қалтасынан тастамай жүрген жігіт партияны тағы бір жамандатып алмақ оймен, жан-жағына жақсылап тұрып қарады. – Қазір плюрализм, демократия... Бал бергенде батылдықты, тапқырлықты ескереміз, сондықтан ешкімге ұқсамайтын өзіндік пікірлеріңді бүкпесіз айтуға тырысыңдар. Бұл – конкурс қой, ал сендер бір-біріңмен таласудың орнына, қол соғасыңдар! Әлде, өзіндік пікірлерің жоқ па, немене? Әйелдер қызараңдап, бір-біріне қарады. «Жарайды, бірақ, басқа-басқа, айналайын үкімет пен партия қайда, біз қайда? Ақылымыз жететін жерді айналдырайық та... Партияда неміз бар? Бара берсін коммунизмге!» – десті бір ауыздан. Бәрі де азды-көпті ақыл-ойларын әрі-бері аударыстырып, ақтармалап сұрақтар іздеді. Алматыда, анда-мында өткен арулар конкурсында қойылған сұрақтарды кұлақтары шалғандар солай карай бұрылды. Бірақ, ә дегеннен казақ әлемінің жолы болмады, бірер сұрақ қойылғаннан-ақ арулардың ауыздары аңқиып, еріндері қайқиып шыға келді. Қазақша оқыған келіншектер қуана-куана жауап бермек болып еді, көпшілік: «Көбіміз білмейтін нәрселер сұралмасын, әйтпесе, конкурстарың өздеріңе», – деп бет бақтыр-
мады. «Бұларың ұят қой! Өздерің қазақсыңдар ма, жоқ па?» – де-
гендерге: «Біз – жаңа заманның жаңа қазақтарымыз! Сондықтан,
жаңаша сұрақтарыңды әкеліңдер», – деп, батыл тойтарыс берді
өздерінше. «Жаңа қазақтар» шетелдерді де қарық қылған жоқ, әй-
теуір, бір келіншек джазды «жазда ойнайтын жеңіл музыка» деп,
екіншісі, «құрыс-тырысыңды жазатын темір музыка» деп тапқыр-
лық көрсетті. Шетел секссіз бола ма, «сексті сөз қылмау керек,
онымен айналысу керек» деп күлдіре сөйлеген бір келіншек жігіт-
терді желпіндіріп қойып еді, қалғандары оларды ұялтып тастады.
Осы тұста жігіттердің бірі тауып кетті.
– Азшылық көпшілікке бағынады деп жатырсыңдар. Ал егер
көпшіліктікі қате болса ше?
– Тапқан екенсіңдер! Көпшілікте ешқашан қате болмайды!
Көппен ойнағандарың – отпен ойнағандарың! – деген әйелдерге
жігіттердің біразы қосыла кетіп, әлгіні мүлде жаныштап жіберді...
Ұзақ-сонар сұрақ-жауаптың өтірік-шыны аралас болуы әбден
заңды ғой біздің заманымызда. «Қайтсем жақсы боп көрінемін?»
деп құбылған әйелдерін күйеулері жаңа көргендей болды. Ақыры,
ақыл-ой тексеру аяқталып, конкурс қорытындысын шығару ғана
қалды. Әуелде әркім «ауылдың аруы» деген атақты өз әйеліне
алып беруді ойлаған, бірақ бұл мүмкін болмағандықтан, топ құру
басталды. Жігіттер жіктеліп, күбір-жыбырға еркін кіріскенде, әй-
елдер де алакөзденіп отырған. Адам баласы атаққа таласқан кезде
сүйекке таласқан иттен жаман болып кетеді ғой, өздері ойлап тап-
қан майлы жілікті бөлісе алмай, аяқ астынан араз боп шыға келген
ауыл азаматтары мен әйелдері айқайласып-айқайласып, ақыры
ауылдың аруын жеребе арқылы анықтады. Бірақ, «жеребе-соқыр»
деген ешқайсы болған жоқ, жеңіп шыққан құрбыларын құттықтау-
ға шамалары зорға келіп, жумақ болған жігіттерін желкелегендей
ғып алып кетті. Жай кетпей, қайдағы жоқты шығарған ауылдық
советтің төрағасын жақсылап тұрып тойғызып кетті.
Жұрттың әйелі жұлынып кеткенімен, көңілі шалқыған ару
құйын ой-сезіммен қалықтап: «Қайдан шықса одан шықсын, бә-
лемдердің көздерін бақырайтып қойып, кімнің кім екенін бір дә-
лелдеп берді-ау ер-азамат айналайын! Е-е, бәсе, әділдік бар екен
ғой, бағамызды берді-ау бір! Ойбай-ай десеңші, талып қала жазда-
ды бейшаралар. Арттарына қарамай қызғанады-ей! Ми жоқ қой
бастарында, әйтпесе таласпай маған беретін жөндері емес пе?
Арулыққа таласпақ түгілі, менің жанымда әйел ме солар да? Әйтеуір, соларға таба қылмай, әкелерін танытқан жюридегі жігіттерге рахмет. Үй, жандарым-ау, сол!» деп, қалпына түсе алмай қойды. Ол ойда жоқта бәсекелес боп шыға келген сыйлас құрбыларынан асып кеткеніне мәз болып, шала мас, шаттық күй кешкенде, басқа келіншектер бұның сыбағасын беріп жатқан. Тіпті кейбіреулері: «Жюриде сен де болдың ғой. Бағаны маған бермей, соған бергенсің ғой. Сол сайқалмен бірдеңелерің бар. Оның менен несі артық?!» деп, күйеулерін тік тұрғызып қойып, таң атқанша «конкурс» өткізген... Дүрбелең бұнымен басылған жоқ. Арулар конкурсы туралы ертеңіне бүкіл ауыл естіді. Естіді де, біркісідей әлгі аруды сынапмінеп, бірауыздан «біздің ауылдың аруы» деген атаққа лайық емес деп тапты. «Өйткен-бүйткен», «ондай, мұндай» өз алдына, әкешеше, туған-туыстары да түгенделіп, ақырында: «Тұқымында сұлу, ақылды әйел болып көрмеген немеге қайдағы арулық? Жігіттердің басын айналдырып алған ғой. Сиқырлана күлгені жаман еді сайқалдың» деген қаһарлы қорытынды шыға келді. Келіндері мен қыздары конкурсқа қатысқан кексе әйелдер мен кемпірлердің кейбірі алғаш кездескен жерде арудың басына әңгіртаяқ ойнатып алды. Байғұс арудың күні қараң болуға айналды: қызметте де, көшеде де, қонақта да жұрттың көзі сонда, сынай қарайды да, іле-шала мұрындарын шүйіріп, пыш-пыш етеді. Жұртпен емін-еркін араласудан қалды. Жуып кетсе, бірдеңесі жұғып қалатындай жалтарып, сырғақсуға айналды құрбылары. «Қырымды сындырмаймын, ару деген атағыма кір жуытпаймын», – деп кақиып, қайқиып-ақ жүргенімен, ішінен ешқандай атақсыз, емін-еркін жүрген бұрынғы күндерін сағынатын. Тіпті, басқа ауылдың кісілеріне дейін: «Е-е, ару деп жүргендерің мынау ма? Неменесі бар, сонша әлдеғандай қылатын...» дегендерін кұлағы шалып қалғанда, жаман болып кететін. Бұл аздай, ауылдың кейбір серісымақтары: «Арулар – халықтікі. Бір адамға байланып отыру – сіздің атыңызға ұят, тіпті обал. Сондықтан ойнап-күлейік», – деп, соңынан жүгіруді шығарды. Тіпті, бозбалалардың өзі бір-екі рет білегінен ұстауға оқталып, зорға қашып құтылған. Бұл әңгімелер күйеуіне де жетсе керек, одан да маза кетті. Сау бастарына сақина болған атақтан енді аман-сау құтылуды ойлай бастады. Ақыры, бір қойын сойып, ауылдастарын шақырып, кешірім сұрап, шатақ болған атақтан азат
етулерін өтінді. «Өй, неге асықтың? Жүре тұр біраз... арқалап», –
деген құрдастарын үлкендер тиып тастады. «Бәлесінен аулақ, ай-
налайындар! Әйелдердің бәрі әдемі – әрқайсы өзінше... Алатайдай
бүлдірген атағы бар болсын!» десіп, риза болып тарасты. «Осын-
дай ақымақтар басқарған соң, ауыл қайдан оңсын?» – деп, ауыл-
дық советтің төрағасын біраз жерге апарып: «Өзін орнынан алып,
көшіріп жіберу керек!» – деп күмпілдеп-күмпілдеп барып, «өй,
қойшымен» бітті аяғы...
1989 ж.
Құлтемірдің ғұламаларға хаты
Кәпірстан імпірияның иір білігі қираған соң ұстынды мантық-
тан теткіп, әменді ғамалияларды танасты тәсім мен әркенді шүже-
гей арқылы бейнелеуден гөрі мұқамды шәкілмен мегзейтін пә-
руайы танық сөзжария сандары мен үнқағаз нөмірлеріндегі елтаң-
басы, әнұраны, басқа да мемлекеттік рәміздері жоқ өркениеттік
әмбебап әрі қат тіл тауарын кешенді тәргілейтін егеменді кеденнің
Әділет меңгермесіне бірнеше арқақап кәдесый беріп зорға тіркел-
ген құжатты төбе жөндегіштер ұжымының ұстанымы айқын іза-
шар төрбасылары мен жарғысы жарқын мөрбасар төрапаларына,
көрсетімдік жүріске кең хұқылы тең төрағалары мен төстеріне
бағдаршамдай белгіше тағып, теңбе-теңдікті тәуір сақтаған тең
төрайымдарына, мағлұматнамалық білімнің мұғдарнамалық бағ-
дарғысы һәм шойынсырығы сияқты шығарымпаз ақылдастар алқа-
сына базаргөй топнәрсе көрімі секілді нарықтық қатынастар жағ-
дайында жекешелендірілген құйматасты жер көлемінде күнпарақ
беттері, жеделхаттар, таспалар, шажырқайлар мен хаттыстар құ-
рама жем мен үнтастай шашылып жатқан ақпарат әуежайынан ке-
шенді біргәді бунақтарына ферроқоспа зауытының қожынан мал
өсіру кешендерін салдырған бұрынғы партақырат, қазіргі демәқрат
агрокешен бұйрақыраттарының бейресми шақыруымен жылыжай-
да қызанақ, шәлғам, басқа да жеуге болатын шөп-шалам өсіретін
аграршылардың мағлұмдық құны төлқұжатында жазылған, мікба-
сы мен айгөлегі, оқпағы мен епелегі, бөбешігі мен буынтығы, шені
мен ішпегі, шұрасы мен қалпақшасы, арысы мен кәшегі, бәрбісі
мен деңгенесі, шаңғағы мен шүлдігі, қылпығы мен тығырығы, ты-
ғыршығы мен тәтекісі таза тінікеден жасалған, қобылы, кертікті
жөне төтелді сорап стансасына іссапарға бұрама ебелекті ұшақпен
шығарында үрейлі ұранот аттырып, хайуанбақтағы жануартану-
шылар мен ғарыш айлағындағы серіктестерге бірінші оқылымда
қабылданған Көші-қон заңына қарамастан босқындар мәртебесін
әпере жаздаған, бейнесалондардағы бейнетуындылардан, тележүй-
едегі бейнежеліден қостаяқ пен қосаяқ, қанқол мен қарқор әдісте-
рін әбден көріп-көріп, амалсыз үйреніп кеткен күрделі құрылымды
құрылғы, қос азаматтығы болғандықтан қос қабат бағынатын қо-
жалық мідірі, екінші ауысымдағы бірінші сыныпты қолсандықты
Құлтемірден жағажайлар, демалыс-жайлар, шипажайлар, саяжай-
лар үшін бірін-бірі аяусыз аяқдоп қылып жатқан жалгерлер мен
заңгерлер достастығындағы адам хұқығы мен хұқылық ынтымақ-
тастықты дүниежүзілік қоғамдастықтың күнтізбесіне сай құры-
лымдық қайта құру туралы хаттамалар мен мәжіліс хаттарды, ха-
шиялар мен пікіртерімді, тоқсан тоғыз пайызы даулы мәтіндерді
зейнетақыларына қосымша үстемелер мен жәрдемақыларына қоса
төленетін өтемдер тоқтатылған зейнеткерлерге, бейнетақыларына
қарымақы қосылмайтын бейнеткерлерге, төлемақы мен сыйлықа-
қы алмайтын әр отбасының отағасы мен әр жанұяның отанасына
түрлі басылымдардағы жарияланымдар, дәуірсөз, көсемсөз, серке-
сөз, тележелі берілімдері арқылы ойтамызық қылып, айқындама
беру бағдарламасы хақында қиыстырмалы тапсырыс хат.
Алыстан келді деген аты болса болды, кім көрінгенді хан көте-
ре салатын қайран қазақтар менің де құлтемір екеніме қарамастан
кұрақ ұшып, құлдық ұрды.
Жайланып отырып, заман мен адам жайлы біраз ақылгөйсіп,
ұнатпайтын кісілерімді жамандап-жамандап жіберіп, жұртқа «иә»
дегізіп, өзімді керемет данышпан сезініп, бір жасап қалдым.
– Қарағым құлтеміржан, – деді бір кезде бір ақсақал. – Кісі жа-
мандағаныңа қарағанда қазақ арасында көп жүрген, тіл жағына
қатысты қайраткер шығарсың, сенен сұрайтын сұрағымыз бар.
– Е-е, сұраңыз!
– Сұрасам... осы орыс тілі ұлтаралық тіл, ұлтаралық тіл деп
қақсайсыңдар да жатасыңдар. Тіпті, заңға да енгіздіңдер. Ондай
ерекше правоны орыс тіліне кім берген? Ұлт пен ұлт өзара қай тіл-
де сөйлесе де ерікті емес пе? Сондықтан оны заңға жазып, қатырып қоятын түк те жоқ қой, ә?! – Дұрыс! Дүние жүзі сізге қосылады. – Дұрыс болса, тағы бір сұрағымыз бар. – Е-е, сұраңыз. – Осы біздің қазақ тілі не боп кетті қазір? Кәзит-жорнал мен радио-телебезірді түсінуден қалдық... Тілімізді тазартамыз деп, бұрынғыдан да былықтырып жіберген жоқпыз ба, осы? Бірдеңе дейін десең, «ойбай, мынау қазақ тіліне қарсы, мынау орысқа сатылған» деген атқа қалудан қорқасың. Демейін десең – тағы болмайды: ау, енді қалай, тілімізге әркім білгенін қылып, қолынан жасаған сөздерін тықпалап жатса, қалай күймейсің, ә?! Ақсақалдың сөзін бір жұқалтаң шопан іліп ала жөнелді. – Баяғыда осылай жазсақ, екі қоятын. Екінші жылға қалдыратын. Үністетке барғанымда кәмөнес, кәмесер, кәмесиә деп жазғаным үшін құлатып жіберген бір кәндиләт. Жәй құлатса бір сәрі-ау: «Коммунист, комиссар, комиссия сияқты қасиетті сөздерді дұрыс жаза алмайтын адам – Американың шпионынан жаман, социалистік Отанымызды капиталистерге оп-оңай сатып жібереді. Ондайлар біздің емес, малдың арасында жүруі керек!» – деп, ұрсыпұрсып, масқаралап құлатқан. Сонда оқуға түсіп кетсем, кім боларымды кім біледі? Енді, міне, жүрмін боқтың ішінде... бүрселез болып... Сөйтіп, менің түбіме коммунист пен комиссия жеткен. Ал енді сол кәндиләт қазір кәмперенсия, мәшинә, сексие, матасекіл, тырақтыр деп жазу жөнінен үніберістетте доқтыр болып, жұртқа мән үйретіп жатқан көрінеді. Соған сәлем айт, доқтырлық депломын маған берсін... баяғыда осылай жазған! – Бүрселез дегеніңіз қай диалектінің сөзі? – Бруцеллез ғой баяғы... Жұқпалы ауру, малшы атаулының соры... Қалай жазсаң да бізге бәрібір. Бізге ем керек. Әлгі доқтырға айта бар, қолдан сөз жасағанша, дәрі жасасын! – Әй, оттамай отыр, осы күнге дейін дәрісіз өлген жоқсың ғой, енді өлмейсің. «Жақсы сөз – дертке дауа» деген... Сондықтан бізге ең алдымен сөз керек. Керек болғанда да, көп сөз керек! Сондықтан жаңадан көп-көп-к-ө-ө-өп сөз жасау керек! Жасасын сөз жасайтындар! – деп, бұқамойын, шойынбас біреу киліге кетті. – Мен өзім он мың жаңа сөз шығардым. Сондықтан, туған халқын сүйетін, ұлттық намысы бар әрбір қазақты жаңадан он мың сөз жасау-
ға заң жүзінде міндеттеу керек. Қазақшаға басқа елдердің, әсіресе, орыстың сөздерін қосып сөйлейтін казақтарды әуелі ұлт жауы ретінде сөзбен сою керек, оған болмаса, тап жауы ретінде көзін жою керек! Қараптан қарап қара терге түсіп, рахаттанған шойынбас шарасынан шыға жаздаған ала көзімен көпшілікті жағалай сүзіп шыққанда, жұртты қайдам, кұлтемір басыммен менің өзім қалтырап кеттім. Бұқа мойнын сол жағына қисайтып, күре тамырларын адырайтып алған шойынбас шайқалақтап пергілеуге кірісті. – Жаңа алфавит жасағанда, оны бірде-бір елдің жазуына ұқсатпай, бұрын-соңды жер-көкте болмаған әріптерден жасау керек. Дұрысы – әр қазақ өз алфавитінің жобасын жасап, реперендумға ұсынсын. Әріптер мен дыбыстар тек қана қазақша болу керек, әсіресе в әрпін жою керек. В-ға тілі келетіндердің тілін орамалмен бұрап-бұрап, келмейтіндей ғып тастау керек! – Әй, шырағым, – деді бағанағы ақсақал, жұрт тілін тістеп отырғанда. – Атып жіберсең де айтайын, Еуропа, таyap дегенге біздің тіліміз келмейді, біз Ебропа, табар дейміз... Сіздің ауылша сөйлемейді екен деп, біздің ауылды қырамысыңдар сонша? – Е-е, несі бар? В-ға тілі келетін шалақазақтар у-дың садағасы! Қаймағы бұзылмаған таза қазақтар қалсақ болды. – Жетісерсің! – Жаңа алфавитің не, ей, айтып отырған?! Сонда қазақ бейшара өстіп өмір бойы жаңадан бастай бермек пе? – Бастау керек! Шіркін, жаңадан бастағанға не жетсін! Әңгіме – бастауда, бастағасын – бітті! – деп, шойынбас қайтадан шайқалақтай жөнелді. – Ертең тарихта көшбасы болып қаламыз! Ал сендер сияқты қарсы болғандарға келер ұрпақтың лағнеті дайын! – Оны келер ұрпақтың өзі біле жатар... Ал енді неше жерден жаңа болса да, жасандының аты – жасанды, ол тілімізге сіңе қояр ма екен? Тіпті, ең әдемі жасалды деген сөздің өзі ел ішінде сирек қолданылады. Елдің тілі бір басқа, кәзит тілі бір басқа! – Сіңіру керек! – Шойынбас енді қазық қағып жатқандай изеңдеп кетті. – Сендер сияқтылар сіңірмей жүрген! Әйтпесе неге сіңбейді, сіңеді. Тек қана жаңа сөздерді бірден сіңіп кететіндей етіп жасау керек. Міне, қараңдаршы, мен қандай тамаша сөздер жасадым. Микроауданды «мөлтек аудан» деп жүргеніміз қате, мөлтектің өзін барлық қазақ түсіне бермейді. Сондықтан оны аудансымақ
деу керек. Мөлтек аудан тұрғындары деп сөзді көбейткенше, адамсымақтар дей салсақ неміз кетеді? Әкімнің, төрағаның орынбасарларын әкімсымақ, төресымақ десек, қатып кетпей ме? Ұлы сөздің ұяттығы жоқ, махаббат шаруашылығын да шетел сөздерінен тазаламасақ, бұзылып кетеміз. Осы жөнінде бір реперендум өткізу керек. Қазір шетел сөздерінің дыбысталуын өзімізге бейімдеп жатқандықтан, сексті қазақшалауға қиналатын түк те жоқ, өзі сұранып тұр ғой. Соған қарағанда, дүниежүзі сексті қазақ тілінен алған шығар... өздерінен сөз таппай... Ол байғұстарда біздікіндей сөзжасағыштар қайдан болсын! Бірақ, біздікі де қателеседі кейде. Мысалы, вертолетті тікұшақ деп жұр. Дұрысы – айналма ғой! – Иә, бәріміз де айналма болдық қой, айналайын, – деп, ақсақал бұл әңгімені айналып өткен болды... Көпшілік көңілсіздеу тараған соң, көлбеңдеген көп сұрауларды сіздерге жазып отырмын. Алдымен, осы қаймағы бұзылмаған таза қазақ деген қандай қазақ? Егер қазақтардың баяғы еркін дәуіріндегідей болса, біздің заманда өмір сүре ала ма? Өмір сүре алса, оларды қайдан аламыз? Мына сапырылысып жатқан заманда мүлде таза халық, мүлде таза тіл қайдан келмек? Қазақ тілі – негізін, өзегін сақтаған, өз заңы бар жанды тіл, оны басқа тілдерден енді қанша сөз қосылса да бұза алмайды. Ал, сіздер сөз жасап әуресіздер. Рас, кейбір сөздерді қазақшалағанды мен түсінемін, бірақ дәл қазіргідей жарыса сөз қуып, жабыла сөз жасағандарыңызға жол болсын! Мына қараңыз, басқа елден келген нәрсе өз атымен елге де, тілге де сіңіп кетеді. Сіздер оны өзгертеміз деп әлек боласыздар. Мен басқа елде жасалған робот едім, сіздер «құлтемір» деп ат қойдыңыздар. Бірақ, бүкіл әлем, соның ішінде бүкіл қазақ мені робот дейді, құлтемір деп жүрген сөз жасайтын қалам қайраткерлері ғана. Тілдің өз заңы бар, ол қолдан сөз жасап, бұйрық, нұсқау бергенге көнбейді. Ал енді бір елдің жасап шығарған, өз аты бар нәрсесіне көлденеңнен ие болғансып, ат қойғаннан ол қазақтікі боп кетпейді ғой. Өмірі бір робот шығармай жатып, атымды құлтемір деп өзгерткендеріңізге мен де өкпелімін. Одан да адам баласында жоқ нәрсе жасап шығарсаңыздар, аты да, заты даусыз қазақтыкі болар еді. Ағат айтсам, кешіріңіздер, мен бар болғаны құлтемір ғанамын ғой, қазақтар туралы қатты ойлана бастасам, сымтемірлерім күйіп кете жаздайды. Егер сіздер, қазақтар, сана мен сапаның
жаңа бір биігіне көтерілмесеңіздер, өздеріңіз де күйіп кетесіздер! Бұл өз алдына бір үлкен әңгіме. Әзірге осы! Сәлеммен, Робот (Құлтемір) 1992 ж.
Тоғышардыңпрокурорға хаты Аса құрметті пыркарол мырза! Мырза дегеніме таңғалмассың, қайдағыны бастап отыр. Жолдас деп жұтатқаннан гөрі, мырза деп марқайтқаным ішіңе жағатынын білгесін айтып отырмын. Әншейін алдау ғой жолдас деген, әйтпесе қарапайым еңбек адамымен (солай ат қойғандардың өздері күрделі, керемет адамдар сияқты!) тап мына сенің өмірі жолдас болмайтының айдан-анық. Рас қой, айтшы, бір қойшымен катар отырып, терезең тең адамша сөйлесіп көрдің бе? (Қой алғанда болмаса...) Олар саған тергегенде ғана керек. Ал, сол қойшылар өздеріңдей оқығандарды не дейтінін білесің бе? Төре деп әлдеғандай қылады. Қонаққа шақырса да «төрелерді шақырып жатырмын» деп жар салып, бөлек шақырады. Ордені бар, санаттағылары болмаса, жай малшы, тракторшыны қоспайды ондайда. Олармен табақтас болсаң, тағыңнан түсіп қалғандай тамағыңнан ас өтпейтінін, тіпті, «бұл қай басынғаны?» деп, келмей қоятыныңды білген соң сөйтеді. Оңаша жегенді жақсы көресіңдер ғой. Жарайды, жолдастың реті жоқ, азамат деуге тағы қиын. Жожоқ, азамат болсаң боларсың-ау, бірақ «азамат пыркарол» десем, өзім зек боп шыға келемін ғой. Біздің қазақ жігіттің жігітін азамат деп ардақтаушы еді білуімше. Сендер сотталғандарды азамат дейді екенсіңдер. Азамат атану үшін сотталар жайым жоқ. Өткенде бір көршіміз, інісі түрмеден келіп, той жасады. Сотталған атаулыны құбыжық көретін басымыз, әуелде үркіңкіреп едік, жоқ, оп-ондыақ жігіт екен. Әңгімелесіп, еркін, жақсы отырдық, сенімен табақтас болғанда ондай рахаттанбаспыз. Әлгінің кейбір ерлігіне сүйсінген ағайын: «Уай, азамат!» – деп көтермелеп, лепірген уақта азаматымыз: «Ағайындар, мені сыйласаңдар, азамат деп қорламаңдар. Алты жыл естігенім аз емес шығар, енді мен азамат деген азған сөзді естімейтін болайын!» – деп, бәрімізге бір қарады. Қоя қойдық, қайтадан азамат болып кетер деп. Азамат пыркарол дегенге сен де
тойған шығарсың, өзіңді жек көретін кісілердің азамат дегені мазақтама сияқты емес пе? Бәрінен осы менің мырзам дұрыс. Сонымен, пыркарол мырза, өзіңе хат жазып отырған себебім мынау: дөңгелек тіршілік кешіп, күйбеңдеп жүріп жатқан мына бізді тоғышар дейтінін таяуда естідім. Оны маған оқығыш бір мұғалім айтты. Газет-журналдарда, кітаптарда солай жазып, киноларда солай мазақтап көрсетеді екен. Бізді баяғыдан бері балағаттап келе жатқанын жаңа білгенім ұяттау, әрине. Ештеңе оқымасақ, кино көрмесек, қайдан білеміз? «Тоғышарлар – біздің ең қауіпті жауымыз» депті бір ғұлама. Оған не жаздым? Ешкімге жауығып, қастандық қылған жерім жоқ. «Қу құлқыннан басқаны ойламайды, ештеңеге қызықпайды», – депті тағы бірі. Өздерінде құлқын жоқтай... Ішіп-жегенде солар ішіп-жесін. «Уайым тамақ болсын» деген ғой бұрынғылар да... Қызыққанда мен қызығайын – көршімнің қойларының құйрығына қызыға, қызғана қараймын, ылғи жұрттыкі осындай болады әйтеуір деп. Ал енді әр нәрсеге елігіп, жел қуып жүретін жынды емеспін. Менің тұңғыш балам кішкентай кезінде әбден сұрақ қойғыш болды. Мысалы: «Жел неге соғады?» – дейтін. «Шөптің басын қимылдату үшін соғады», – деймін. «Неге қимылдатады?» – дейді. «Біз мәтел шығарып, кісіге жала жабу үшін, біреудің кінәсін дәлелдеу үшін». (Шынында да, пыркарол мырза, «жел болмаса шөптің басы қимылдамайды» дегенің кісіні соттап жіберуге жететін дәлел емес пе? Отыз жетіде сүйттіңдер ғой. Үндемеске кеткендерді қазір ақтап жатыр, ал мен ойлаймын: «жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды», бірдеңелері бар ғой...) «Кісіге неге жала жабасыңдар?», «Қызық үшін», «Оның несі қызық?». Өстіп мыжи берген соң, ылғи: «Қой, басты ауырта бергенше, мынаны же, бәрінен осы пайдалы» деп кәмпит әперіп құтылатынмын. Сонда да қоймай: «Кәмпит әперген кісіге сөйлеуге болмай ма?» деп мылжыңдағанда: «Мыжи берсең, кәмпитіңді алып қоямын. Әуесқой болсаң, аузыңдағыдан айрыласың» деп тиятынмын. Оқығансымақ бір туысым: «Тиме, білуге құмар бала түбі данышпан болады» дегені де есімде. Оған рахмет, бірақ дүниенің жоқ мәнін іздеп, басы мәңгірген данышпанның керегі не маған? Қазір балам дыраудай беттехник, «ет неге тәтті?» деп сұрамайды. Солай, бауырым, дүниенің мәнінен семіз еттің дәмі артық емес пе?! Міне, осындай адамды «тоғышарлар өнерді түсінбейді, өлең оқымайды» деп айыптайды екен. Өнер-мөнеріңді қоя тұр, таңертең
үйіңнен шыққан бұзауды кешке қораңа сиыр етіп қамасаң, міне, өнердің көкесі сол! Өлеңге келсек... Осы ақындардың Абай деген мықтысы бар екен ғой, оқып көрсем, ылғи жамандықты жазады екен. Кісінің көңілін көтеріп, өтірік болса да мақтауды білмейді. Жүйкеме тие бергесін, оны да жек көріп кеттім. Оған қоса, бұл Абайың барып тұрған өтірікші көрінеді. «Мен ішпеген у бар ма?» – депті. Әй, у ішсе, сеспей қатпай ма? Қараптан қарап у ішетіндей не қара басыпты байдың баласын? Ең мықтысы, осылай қисынсыз нәрселерді жазған соң, басқаларына не жорық, қарағым да келмейді. Өздері осы күні әбден көбейіп кетіпті ғой, соларды қалай азайтуға болады деп жүрсек, бұрынғы жабылып қалғандарын қайта шығарып жатыр. «Қой» десеңші соларға. Өткенді қопара беріп не керек, өтті-кетті, бітті, қалсын солай. Қазіргілері де жетпей ме, бәрінікі бір сөз емес пе? «Өз биігім бар, соған шығамын, шықпай қоймаймын» – деп өлерменденіп жатқаны. Және ақының бар, ғалымың бар, обшым бәрі бар – айтатындары осы. Ышқынады келіп. Сонда ол не қылған биік? Жаңағы мықтыларың бір-бір төбенің басына шығып алып, шоқиып отырмақ қой, шамасы. (Космонавтардан жұққан ауру болу керек деп жорамалдаймын. Айтпақшы, осы космоста ұзақ жүріп алғандардан да шошимын, өздері бізді тастап, басқа бір жаққа ұшып кетейін деп жүрген жоқ па екен? Сонда біз қайтеміз? Е-е, мейлі, кетсе кете берсін, тіпті жақсы. Соларға айта салшы, пыркаролым, бірер тоғышарды ала кетсін. Ол жақта да тоғышар керек болар, әйтпесе ақылдылар кіммен күреседі? Әлгі, өздері айтпақшы, өмірлерінің мәні үшін...) Кейбір данышпандарын «аскақ шыңымыз» дейтін көрінеді. Өздерінің де түбінде шың болмақ ойлары бар. Ay, шың – алыстан қарағанға ғана жақсы, әйтпесе онда көк мұз, қақаған аяздан басқа түк те жоқ қой. Өздерін сол шыңға шығарып жіберер ме еді, қатып өлсін. Е-е, мейлі, биікті соларға бердік, бізге сол етектегі нағыз өмір қалса болды. Жер бауырлап жүрсек те, жерге жақын болғаннан артық бақыт бар ма? Ол үшін тоқпақтаудың жөні жоқ. Қазір ең аяғы Америкамен де достасып жатқанда, бір елде тұратын бізде не әкелерінің кұны бар? Біз немене, айдан келіппіз бе? Ішімізден шыққандарын ұмытып, өздері қияли болғанымен қоймай, жұрттың басын неге ауыртады, ә? «Тоғышарлар тоған тірлігіне тығылып алған, терісі қалың, тоңмойын, еш нәрсенің байыбына бармайтын жандар», – депті тағы біреуі.
Жандар емес, жануарлар дегісі келіп тұрғаны көрініп тұр.
Әкеміз салып берген тоғанымыз жоқ, кәдімгі бәрімізге бірдей Ота-
нымыз бар. Канца да канцоб, адамбыз! Біз де ренжиміз, қуанамыз,
жылаймыз, күлеміз, жұмыс істейміз, ұйықтаймыз, тамақ ішеміз,
дәретке отырамыз... жаңағы данышпандар сияқты. Өз жолымызды
жалғастыратын ұрпақ тәрбиелейміз, жел сөзден гөрі анағұрлым
күшті тәрбие. Иә, солай, біз де адамбыз, әлгі қалықтап, шалықтап
жүргендердің адамды сүйетін жүректері болса, төмпештей бер-
генше, бізбен бірікпей ме? Бөтен емеспіз ғой, олардың бойында да
тоғышарлық бар. Маған ренжіп қап жүрмесін, тоғышар деген ат
намыстанатындай жаман сөз емес. Тәрізі, тоғаю, тоқ, тоқшылық
дегеннен шыққан болу керек. Тоқ болу, тоқшылық жаман ба екен?
Тіпті, қазір халықты қалай тойындырамыз деп бастарың қатып
жүрген жоқ па? Сондықтан тоқ деп, тойынды деп тиіспесін айна-
лайын. Тиіскенде не қылады? Биікте отырып алып, ақыл айтады,
дауыстары жетпейтінін ойлай ма екен өздері?! Оларға жақында-
сайық деуімнің жаны бар, арамыздағы өткел бермес жыра түбі
апатқа соқтырып жүрмесін. Ал, қазір жоғарыдан арқан тастап, өрге
сүйремек болған жұртты жөндегіштердің елім деп аңырағандары-
нан қойымның маңырағаны мың есе артық. Бізді «еш нәрсенің
байыбына бармайды», – деп кінәлай бергенше, өздері осы айтқа-
нымның байыбына барып алсыншы.
Міне, құрметті пыркарол мырза, таяқтың бір басы өзіңе де тие-
тінін байқаған шығарсың. Істің байыбына бармай, талайларды жа-
зықсыз соттап жібергендеріңді қазір ашық жазып жатыр ғой, сон-
дықтан маған ренжіме. Газеттер бұрын сендерді мактағанда, бүкіл
ауыл боп күліп отыратынбыз. Нағыз соттайтындарды соттамай,
соттамайтындарды соттағаныңды еске алып... Анығына барсақ,
алдымен соттайтын адам мына сенсің. (Шіркін-ай, азамат болып
шыға келер едің!) Неге десең, сотталып кетпей, пәлен жыл пырка-
рол болып отырғаныңа қарағанда, біреуден алып, біреуге беріп
үйренген-ау деп санауға толық негіз бар деп шамалаймын. Дырау-
дай пыркаролдың орнын кім саған тегін береді? «Дәлелің қайсы,
докажи!» деп шыға келетін әдеттерің ғой, дәлелім болса, сені бая-
ғыда соттатып жібермес пе едім. Жалпы, бізге дәлелдің керегі жоқ,
сені сондай деуге пыркарол болып отырғаның жетіп жатыр. Өтің
жарылып кетсе де, сен туралы біз солай ойлаймыз, ақтығыңа мың
айғағың болса да солай ойлай береміз. Бізге сол ұнайды. Ренжіме,
айналайын, байыбына барсам, тоғышар боламын ба? Айтайын де-
генім, істің байыбына бармай, кісі соттаған сен де барып тұрған
тоғышарсың, пыркарол мырза! Олай болса, біздің, тоғышарлардың
намысын қорға, айналайын! Тоғышарларға тиіскендердің бәрін
қамап қойсаң қатып кетер еді. Өңкей тоғышар қалсақ, рахат қой.
Қамауға себеп іздеп қиналма, қызыл паспортты совет азаматтарын,
қарапайым еңбек адамдарын тоғышар деп, іске алғысыз ғып таста-
ғандары жетіп жатыр. Солар кімді тоғышар дейтінін біле ме екен
өздері? Ал, айтқан белгілеріне қарағанда, менің айналамдағылар-
дың бәрі тоғышар. Бүкіл елге тоғышар деп ат қоюға олардың қан-
дай правосы бар? Біз тоғышар болайық деген жоқпыз, бар болғаны
бұрынғылар салған жолмен жүрдік. Тамырымыз тереңде, төрт
аяғымызды тең басып тұрмыз. Дұрыстап ойласаң, тіршіліктің тіре-
гі де тоғышарлар. Сондықтан да тоғышар болу пәлендей күнә
емес, қайта тып-тыныш, тұп-тұнық тоғанымызға тас лақтырып,
мазамызды алғандар кінәлі. Соларды соттап кеп жіберіп, жында-
рын қағып алып, өзіміз сияқты тып-тыныш, топ-торсық тоғышар
ғып шығарсаң болды, «адасқанның айыбы жоқ» деп, қайтадан үй-
ірімізге қосып аламыз. «Бөріктінің намысы бір» деген ғой, мәселе
честь мундираға тірелгенде, пыркарол, мелтсия дегендерің әділет,
адамгершілік, заңның бәрін жиып қойып, біріге кетпеуші ме еді?
Енді тоғышарлықтың кең шапаны үшін де бір шайқасып көріңдер.
Бәріміздің де намысымызға тиді ғой...
«Тоғышарларда намыс болушы ма еді?» дейтін шығар даныш-
пандар. Болғанда қандай! Біз өзі қараптан-қарап шытыр-шытыр
етіп тұратын, түртіп қалсаң жарылайын деп тұрған тырсиған
қауымбыз. Тіпті, жай әзілдің өзін дұрыс түсінбей, «осының ар жа-
ғында намысқа тиетін бір пәлесі бар-ay» деп, талағымыз тарс ай-
рыла салуы оп-оңай. Мәселен, менің бір әп-әдемі қанденім бар,
келген-кеткенге үріп тұрсын деп асыраған. Бір күні бір ауылда-
сым: «Мына біреуің шекараға лайық ит екен, шәуілдеп, шпион жі-
бермейтін...» – деп соқтықты. Шекарасы несі, шпионы кім? Түсі-
нікті. Соған ерегісіп, мен оның тойына барған жоқпын, омыртқаға
да шақыруды қойдым. Ол аздай, «итімді мазақтағаны өзімді мұ-
қатқаны ғой» деп, тайшадай төбетіне ине беріп өлтірдім. Ертеректе
немере інім үйленді, құдалықта әбден шырқадық. Арада екі-үш
жыл өткен соң құдамның ауылына жолым түсті. Құда-құдағи есік
алдында жүр екен, бөтен кісілерше біртүрлі амандасқан соң: «Та-
нымадыңыздар ма?» дедім төбеден түскендей. «Ә-ә, шырамытып тұрмыз, шырағым!» деп шал сасқалақтағанда, мұндай шамданбаспын. «Көзінің еті өскен кісі ет жақынын да танымайды деуші еді» деп, бұрылып жүре бердім. «Қарағым-ау... біз кәрі кісіміз... танымай қалсақ, кешір... үйге кір, жөніңді айт» деп жік-жапар болып еді: «Танымайтын, танығысы келмейтін үйге түсетіндей мені қара басқан жоқ», – деп, қайқайып тартып отырдым. Бір қисайсам, қатып қаламын өстіп. Әйелім: «Көп кісінің іші... Өздері ырду-дырду боп жатқанда, кім есте қалады? Арада қанша жыл өтті, ұмытатын жөндері бар. Ерекше көзге түскен түгің жоқ... көптің бірі емессің бе? Сонша бүлінетін дәнеңе жоқ», – деп жуып-шаймақ боп еді: «Жұртта жұмысым жоқ. Мен – менмін, біреу-ақпын, мені тануы керек. Танымады екен, әкесін танытамын, қыртылдатпай отыр», – деп кесіп тастадым. Содан оларды ата жауымдай көремін. «Мені ұмытып қалатын, танығысы келмейтін жерден қыз алып...» – деп, інімді біраз бұрадым. Ал інім кей-кейде әке-шешесінің сол иттігін бетіне басып, келінді өкіртіп алады. Намысқорлық деген осындай-ақ болар! Өткенде осы тірліктерімді бір құрдасым: «Ақылға қонбайтын нәрсе ғой», – дейді. «А-а, әңгіме не нәрсенің ақылға қонатындығында емес, біздің не нәрсені ақылға қонымды санайтындығымызда», – деп басын шайқатып, сүмірейтіп жібердім. Тиімді нәрсе ғана ақылға сиымды. Намыс жарықтығың да солай, не нәрсені біз намыс көрсек – сол намыс, басқаңды білмеймін. Әйтпесе, осы күні қолға ұстап, көзбен көруге жарамайтын намыс көбейіп кетті. Елдің намысы, жердің намысы, ұлттық намыс дегендер миыма кірмейді. Ау, айдаладағы нәрсе үшін есі дұрыс адам намыстана ма екен? «Оу, ағайындар-ау, қазақ деген атымызға ұят емес пе, мына өз газеттеріңізге жазылыңыздар» деп жылда бір қара домалақ тілші келіп тұрады біздің ауылға. Газетінің саны толмай ма, олардың да планы бар ма, кім білсін? Өзіне кәдімгідей үйреніп қалдық, газетте істейтіндер ерекше бірдеңе болады деп жүрсек, ештеңесі де жоқ екен, басына малақай, үстіне күпәйке, аяғына етік кигізсең, қойшы бала болып шыға келетін көп қара домалақтың бірі. Сөйтіп жүріп тоғышарларды сынағыштардың біреуі өзі, әуелде бетін қайтарғым-ақ келіп еді, облыстық газетте істейді деген атынан сескендім, ертең жазып масқара қылар деп. Содан не керек, бәріміз жазыламыз. Әуелде: «Қазақша оқи алмаймыз, бұл газетті қайтеміз?» дегендер-
ге: «Ана тілінде оқып, жаза білмеу ұят, намыс емес пе?» деп пәл-
сапа соғатын. Бір жолы бір адуын келіншек: «Мен казақша оқыған
да емеспін, оқымаймын да! Ясына!» – деді. Сөз-ақ қой шіркін! Қа-
ра домалағымыздың басына ясына барды білем, бұрынғысынан да
қап-қара болып кетті. «Еркіңіз білсін!» Бар айтқаны сол. Аяғаны-
мыздан жазылдық газетіне, қол сүртуге де қағаз керек қой. «Бізді
мақтап жазып тұр, суретімізбен шығар», – деп тапсырма да беріп
жібердік. Газетінің бағасы бір жартының құнына да жетпейді екен,
қонақ балаға құйғанымыз дестік. «Құдайы садақа» деп жатты кей-
біреулер. «Қазақ газетіне жазылу – намыстың ісі» дегенде сондай,
одан гөрі бүйтіп қайыршы боп жүріп газет шығаруға намыстанбай
ма? Барлық қазақша газет-журнал, кітаптарымен қоса неге жабы-
лып қалмайды, ә? Қаншама қағаз, қыруар ақша үнемделер еді.
Орысша оқи алатын біздің содан түгіміз кетпес... Көзге көрініп
тұрған нәрсеге дүниенің оқуын тауысып, шаштары түскен қасқа
бастардың қалай милары жетпейтініне таңғаламын-ау, ағайындар-
ау, қазір қазақ тілінің мешәйттан басқа пайдасы жоқ қой! Орысша
білмегеннің далада қалатыны қандай рас болса, қазақша білмеген-
нің қылы қисаймайтыны да сондай рас. Әлгі қазақтың жоғын жоқ-
тағыштардың балалары қазақ тілін жөнді білмейтінін мен білемін,
сөйтіп жүріп, елді үгіттейді, ишшо, мына өзің де, пыркарол мырза,
балаңмен қазақша сөйлесуді бойыңа ар санайсың ғой... Енді ше,
тамақ асырамақ түгілі, ең аяғы кісі соттауға да жарамайтын тілде
сөйлесетіндей жарымес емессің деп ойлаймын. Өлгенше есімнен
кетпейді, баяғыда біздің ауылдың топ-толық, томпиған бір тоғы-
шарын соттады. Байғұс, ауыл арасынан ұзап шығып көрмеген,
«нағыз қазақпын!» деп талтүсте төсін соғып жүретін жындыша-
тыстау еді. Сол үшін өзін жек көретінмін. Айналайын советтің әділ
соты әкесін танытты-ау! Нағыз қазағым нағыз азапты сонда көрді.
Орысша екі сөздің басын құрай алмайтын байғұс қара терге түсіп,
сотқа қазақша сөйлеп масқара қылды ғой. «Орысша айтыңыз!»
деген соң былдырлады дейсің, оның орысшасына күлмеген адам
жоқ. Өзің сияқты қазақ пыркаролға «айналайын» деп жалынуға
айналып еді, анау: «Мен қазақша білмеймін!» – деп кесіп тастады.
Бейшара тергеуде де тергеушінің бір сөзіне түсінбей, қол қой де-
ген жеріне айдақтатып қол қоя беріпті. Ақыры, «сен үшін тілмаш
шақыра алмаймыз, ондай біздің прәктекеде жоқ» деп, өзін бір ны-
ғарлап алды да, қысқа жауап «да» мен «неттің» астына алды. «Ой-
бай, сотқа қарсы келе көрме, қосып береді, иә дей бер!» – деп әйелі жалынды. Содан не керек, байғұс басын шұлғи-шұлғи екі жылды арқалап кете барды. Әнеки, нағыз қазақ! Тісіңнен шықпасын, пыркаролым, мен бар ғой, тіпті, қазақ болғаныма намыстанамын. Мен де тісімнен шығармайын, сен де қазақ екеніңе намыстанасың ғой, ә?! Өтірік ашуланбай-ақ қой, шыны осы. Қазақ екеніңе намыстанбасаң, балаларыңа қазақша үйретер едің ғой! Ақыл-есі бүтін, оқыған, көзі ашық адамның бәрі қазақ екеніне намыстанады. Mінe, нағыз намыс деп осыны айт! Әйтпесе, айдаладағы әр нәрсеге бір намыстана берсек, жан қала ма? Өткенде бір оқығансымақ көршім келіп: «Арал мен Балқашты қорғау қорына біз де ел болып ақша аударсақ қайтеді? Бәрімізге ортақ, намыстың ісі ғой. Қазір адамның азаматтығы Аралға қатысымен өлшенеді», – дейді көсемсіп. Қалтамнан қып-қызыл он теңгелікті суырып, әйелімді дүкеншінің үйіне, араққа жұмсадым. Арақпен күресеміз деп арақтың беделін көтердіңдер ғой сендер, қазір арақ тапқан кісіден ардақты адам жоқ, пыркаролым. (Өзіміз сондай сирек қадірлінің біріміз). Ақаң келгенде ақылшым Аралды ұмытып кетті. Кеуіп жүрген өңешін жібітерде құрғап жатқан теңізді қайтсін?! «Кел, Арал үшін алып жіберейік!» дегенімде, жайраңдап, тартып-ақ жіберді байғұс. Біраздан кейін: «Ақшаны қашан аударамыз?» дейді қисалаң-қисалаң етіп. «Кет, оттамай, аударған жоқпыз ба жаңа? Арал үшін тост көтердік қой, одан артық не керек? Айдалаға шашқанша, жарты алып ішкеніміз артық емес пе?» – дедім. «Дұрыс екен» деп ұялып, ол бір жарты алды. Сонымен, жақсы тарадық. Сол Аралға аударылған ақшаны кім есептеп жатыр, үстінен жонып жеп, талайлар күн көретінін ойласам, қызғаныштан жарыла жаздаймын. Жарықтық Арал өліп бара жатса да, талайды асырап, талайға атақ болып жатқанын көзіме елестетсем, есім ауады. Пыркарол мырза, зәкөн жағын реттесең, кәперәтив ашып, «соңғы тарихи тамшылар» деп Аралдың қалған суын базарда сатып, қарқ болып қалар едік, ә?! Міне, сондай тегін пайдаға бата алмайтыныма намыстанамын мен! Айдаладағы нәрсеге намыстанып, абыройын айрандай төгіп жүретін ақымақтың талайы түбі айдалада қалады ғой. Бір үйде омыртқада, қазы-қарта жеп, рахаттанып отырсақ, бір білгішсымақ ашаршылықты әңгіме қылсын. Баяғыда, отыз екінші жылы аштық болып, көп кісі аштан өліпті ғой, оны кім білген. «Өзің аш болмасаң болды ғой, басты ауыртпай ет жеуіңді білсеңші» деп едік, қой-
мады. «Қазақстандағы малдың бәрін әдейілеп айдап алған соң, мал баққан ел миллиондап қырылды-ау! Жаным ауырады...» – деп күңіренсін, мұрты май-май болып отырып. «Әй, енді нағыл дейсің бізге? Аштан өлейік пе біз де?» – деп, жігіттер жабыла жөндемек болса да қоймаған соң: «Өйткені олар дорақ болған... Мал бағудан басқа түк білмеген... Оларға сол керек!» – деп, қойып қалдым. «Әй, – деп әкіреңдеп шыға келді. – Ойының ба, шының ба? Ондаймен ойнама!» «Шыным, – дедім, шынымен. – Әйтпесе басқа жұрт неге қырылмаған?» «Әй, соларды қырған сен сияқты әкеңнің...» – деп, ышқынып әлгім төбелесе кетті. Ту-талақай болдық. Жігіттер, шіркін бәрі арыстандай ғой, жабыла кетіп, іштен бірер нұқып, әлгінің жынын қағып алды. «Әке-шешең аштан өліп пе еді, әй? Айдаладағы біреулер үшін мазамызды алмай кет, әйдә!» десті бәрі. Байғұс булығып: «Неге сонша сорлы болдыңдар? Ағайындар-ау, бұлай өмір сүруге болмайды ғой. Сендер үшін менің жаным ауырады!» деп, ышқына жылап, басын қабырғаға соққылап қоймаған соң жігіттер: «Әй, ауырсаң арам қат! Бізде жұмысың болмасын, өзімізге осы ұнайды» десіп, дырылдатып сүйреп шығарып, әйеліне жетектетіп, иттей ғып қоя берді. Ертеңіне әлгіні жабыла жиналысқа салып, «қайдағыны айтып миды неге ашытасың, неге тыныш жүрмейсің?» деп әбден жерлеп, көгерген көзімді алдына тартып, «соттатып жіберейік пе?» деп қорқытып, ақыры еңіретіп тұрып кешірім сұратып, бір қойын жеп, бір жәшік арағын іштік. Тоғышарлардың темірдей тәртібі – шектен шыққанда болмаса, сотқа жүгіре бермейді. Өзіміз сияқты тоғышар пыркаролдың сотынан гөрі, өз сотымыз анағұрлым әділ емес пе, жолынан жығылғанды жабыла кетіп, желкесінен бір-ақ бүріп, тоғанымызға тығып-тығып алсақ, тәп-тәртіпті, тымпиған тоғышар боп шыға келеді. Түрмеде отырғаннан гөрі тоғышар болған артық екенін бәрі де біледі. Әлгі аштықты айтып ашынып жүрген әңгүдікті саған берсек қой, «кісіге зақым келтіргені үшін» деп протоколдап, ал шындығында аштықты айтқаны үшін сүйсіне соттатып жіберер едің. Тоғышарлардың өз тәртібіне темірдей беріктігін мынадан біле бер, өзі тырсиып жүргенімен қоймай, өзі сияқтылардың да тырсиып жүретінін, тиіп кетсе, жарылатынын жадынан шығармайды. Сондықтан бір-біріне тимей, тырсиыптырсиып, тып-тыныш өмір сүреді. Өзімізге тимесе болды, кім болса о болсын, бізге бәрібір. Есебіміз түзу – оңбаған болсын мейлі, шақырса, барамыз, оны да шақырамыз. Бір күні ұйқым келмеген
соң, көзімді талдырайын деп кітап оқысам, бір жазушы жазыпты, қазір арты ашылған атақты қылмыскерлердің кім екенін кезінде білмедік-ау, баяғыда бірге жүрдік, табақтас болдық, жолдас болдық, сол үшін ұяламын деп. Өйткен ұятының тап әкесінің... Білмедік дегені өтірік. Біліп тұрып, бірге жүрді, олардың ұрлаған малын тойғанынша сүйсіне жеп, арағын есінен танғанша ішті, ол аз болғандай солардың сарайында отырып aп, ой бір мадақтады-ау келіп. Енді ұяла қапты... Ал мен өтірік айтпаймын, ұры-қары болсын, қарақшы болсын, басқа болсын, маған бәрібір, өзіме тимесе болды. Ұры-қары демекші, құрметті пыркаролым, сенің зәкөніңнің тесігінен қарасақ, біз шетімізден ұрымыз. Рас, кісінікіне тимейміз, айналайын үкімет жетеді бізге. Үкіметті жеп, шалқып жүрген жігіттер – жігіттің жігіті, біз оларды жұртқа үлгі қылып отырамыз. Үкіметті жеуді ұрлық санамаймыз, ол кәдімгі тіршілігіміз, таңертеңгі шай ішкен сияқты кәсібіміз. Оған сот жоқ. Иә, сен де сөйтесің ғой. Осы жылда жұрт қатарлы соғым соясың ба, соясың. Пыркарол ет жемесін деген заң жоқ, совхоздан ебін тауып арзанға түсіресің бе немесе біреуді соттап жіберудің орнына соғым ғып соғып аласың ба, әйтеуір соясың. Ең аяғы, соғымыңды семірткен сұлыңа дейін ұрлық емей немене? Бірақ, «ұсталмаған ұры емес», ұсталған – адам емес, ақымақ. Біреу ұрлық қып ұсталса, біз оны ұрлық қылды деп айыптамаймыз, «неге ұсталады-ей» деп күйіне кінәлаймыз. «Дорақ, сосын ұсталған, өзімізді ұстап көрсінші» деп бір түкіріп тастаймыз. Сен де сөйтесің, пыркаролым. Бір құдалықта өзіңмен бірге болғаным бар, есіңде қалмаған шығармын, бізді көзіңе ілуші ме едің? Сонда, жасың кіші болса да, жолың үлкен деп басты саған ұстатты ғой. Бір құлақты кесіп алып, қолыңа ұстап қарап отырғаның есіңде ме? Құлақтың ойығы бар еді, қазына сырғасының орны екенін пыркарол басыңмен сенің білмеуің қисынсыз. Есік жақтағылардың естері шығып-ақ кетті, сенен сескеніп. Ал сен түк болмағандай құлақты сыйлы кісілердің біріне бердің. Бергенде жай бермей: «Құймақұлақ бол, еститінің жақсылық, алғыс болсын», – деп шешенсіп бердің. «Е-е, сенген қойым сен болсаң... өзіміз сияқты айналайын екен ғой», – деп біз сені өз үйірімізге қосып, иемденіп алдық. «Мипалау жасаңдар» дедің-ау, миығыңнан күліп! Әне, солай пыркаролым, ұрыларды ұстаудан гөрі, ұрланған қойдың басын ұстау жанымызға жайлы емес пе? Айтпақшы, қатты айтты деп көңіліңе алма, бұл менің ең
мәдениетті, сыпайы, сөйлеген түрім. Күректей дипломды ентелегент, ауылдың бетке ұстар кісілерінің бірі болғасын шен-шекпенді пыркаролға өз дәрежесіне сай сөйлеп жатқаным ғой. Әйтпесе, біз сөзге көп есеп беріп жатпаймыз, аузымызға келгенді лақ еткізіп қарап тұрамыз, шындық осы, неғылсаң о ғыл деп. Және біздің аузымызға келмейтін нәрсе жоқ. Жариялылық, сөз бостандығы деп жатсыңдар ғой қазір, ол бізде баяғыдан бар. Әсіресе, кісінің сыртынан сөйлеуге, адамды, қоғамды жамандауға келгенде шаппай берміз. Жалпы, бірдеңені бықсытпай, жамандамай жүре алмаймыз. Біреу келіп, сәлем беріп кетсе, көз ұшына жеткенше: «Е-е, бұл байғұс пәлен ғой» деп шығарып саламыз. Қонағымызды да, көрші-қолаң, ағайын-құдамызды да, барған үйімізді де «бұл да дұшпан ғой» деп сықпырта береміз. Қолыңнан келсе, қазір жұрттан жауап алып көрші, жолап кеткеннен «бәрі дұшпан емес пе?» деп сақтанып жүрмейтін біреуді тапсаң, мені ит жеккенге айдап жібер. Және бар ғой, бір-бірімізге осылай қарайтынымызды бәріміз де білеміз, бірақ оған жанымыз ауырмайды. Сірә, біздің жанымыз көнтері болу керек, тіпті, сол жан дегенің ойдан шығарылған бірдеңе шығар. Әйтпесе, біздің бір-біріміз туралы айтатын сөзіміздің мыңнан біріне шыдамай, жарықтық баяғыда о дүниеге шырқырап ұшып кеткен болар еді. Біреуді сыртынан сөзбен сілейтуге келгенде тіпті ұйымшылмыз, ойымыз бір жерден шығады. Айыптасаң өзің біл, (бірақ, қазір өзіндік пікір еркіндігі бар емес пе?) арамға жүйрікпіз – көрген баққанымыз арамдық болса қайтейік?! Өткенде бір әйел: «Еркек бастарыңмен қатын құсап өсек айтуға қалай намыстанбайсыңдар?» – дейді. Оның несі намыс, қайта реті келіп тұрғанда біреуді жамандап жібермеу ұят емес пе? Әлгі ақыл айтқыш әйелге ашып ештеңе демей-ақ, күйеуіне жамандап-жамандап, ішкізіп-ішкізіп, тымпитып сабатып алғанбыз. Солай, пыркаролым, сен де ақыл айтып әуре болма, өйткені ең жек көретін нәрсеміздің бірі сол ақыл. Оны ұғудан калғалы қашан? Ақыл түгілі, жай әңгіменің өзін тыңдамаймыз. Мысалы, сен: «Ал...» деп аузыңды ашқаннан-ақ, аяғын тоспай: «Албасты ма, ол...» – деп жалғай береміз. Сен «Ал...» дегенде «Алла» дегің келіп отырса да бізге бәрібір. Сөйтіп өзімізше топшылай салған ұнайды өзімізге. Және кісіні мақұлдау деген болмайды, тек қана жоққа шығарамыз. Мысалы, сен ақты ақ десең, біз қара дейміз, жүзіміз жанбай. (Мысалды орынсыздау келтірген
екенмін, шындығында, сендер өмір бойы қараны ақтап, ақты қаралаумен келе жатырсыңдар ғой). Өстіп жұрттыкін жоққа шығармасақ, кісілігіміз қайсы? Өзің білесің, осы күні ядролық бомбаны сынауды токтатпақ болып жатыр ғой жұрт. Мен де бомбаға қарсы едім, бірақ бомбаны жою керек деп мен емес, басқа біреулер бұрын айтты ғой. Енді оларды қостап кетсем, кім болғаным? Әркімнің айтағына ерген ит болмаймын ба? Сондықтан да оларға қарсымын, принцип үшін. Сол бомбаны сынап жатқандар үкіметімізден шен-шекпен алған ғалымдар, генералдар емес пе, олар да бірдеңе білетін шығар. Жарса жара берсін, бір керегі бар да. Әне, солай, пыркаролым, сен қазір жұртты соттатып отырған соң, мен саған қарсымын, ал егер өзің сотталып кетсең, «ой, азаматым-ау» деп, ойланбастан сенің жағыңа шыға келер едім. Бірақ та, құрметті пыркарол мырза, бізді мүлде сөз тыңдаудан қалған екен деп жүрме. Тыңдайтын сөзді таңдай қағып, тамсана тыңдаймыз, бас шұлғып, мақұлдай береміз. Ол қандай сөз? Қандай болса, ондай болсын, бастықтардың аузынан шыққан сөз болса болды. Бір дөкей келіп кетсе, о, оның әрбір сөзін, жүріс-тұрысын, қимылын әлгі дөкей қашан түсіп қалғанша жыр қыламыз. Ертеректе бір төре келіп, мәре-сәре болып жатқанымызда, қонақ түскен үйдің торпағы қорадан шығып кетіп, есік алдында тайраңдасын келіп. Темекі тартып, талтайып тұрған төре, сірә, өзінен басқаның тайраңдағанына төзбейтін болу керек: «Ой, мынау да бір мисыз ит екен», – депті. Торпаққа бәрібір болғанмен, бізге бәрібір емес қой, жабыла жүгіріп ит торпақты қораға куып тықтық. Содан әлгі торпақты бүкіл ауыл ит дейтін болды. Ол иттің иесі де бір ит еді, жүрген-тұрған жерінде, қисыны келсін-келмесін: «Пәленшекең сүйдеген, бүйдеген... Пәленшекеңді білесіңдер ғой бәрің де, әлгі... кәдімгі пәленшекең ше? Иә, иә, сол... Е-е, айтқандайын, біздің үйде айтқан екен ғой», – деп бөсіп жүрді. «Пәленшекең біздің ауылда бүйткен...» деп, біз де бөсетінбіз, басқа ауылдардың алдында. Сонымен, әлгі торпағы бір жылдан соң дөп-дөкей тайша болды, бірақ оны тайшаның есебіне жазған ешкім жоқ, бәрі ит дейді. Тіпті, бақташы да ақысын алмады, ит баққан атанамын деп. Кейде, мал өрістен келгеннен кейін, тайшасын іздейді ғой әлгі. «Итті іздеп жүрмін» дейді сұрағандарға. «Итті ит қана іздемей ме?» деп қағытады жұрт. «Енді... Пәленшекең ит деген оны. Иә, иә біздің үйде айтқан... Бірақ, мені ит деген жоқ, жұрт куә, маладес деп арқамнан қағып, қолымды алған...» –
дейді бұл. Сол итін бір күні ауылдың бір жындысы мас болып келе жатып, трактормен қағып кетті. Ақысын сұраған иесіне: «Ит даулағанды қай атаңнан көрдің?» – деп жеңсік бермедік. Өзі де көп даулаған жоқ. «Пәленшекең айтқасын бітті. Ит болғанда да мисыз ит деді ғой. Иә, иә, біздің үйде айтқан... о кісілер біледі ғой», – деп, бірер жартымен бітіскен. Әне, біздің сөзге тоқтайтынымызды осыдан біле бер. Егер пәленшекең тап мына сені де, пыркарол мырза, ит дегенде, мен саған бұл хатты «итеке» деп жазған болар едім. Бағың бар екен. Солай, пыркаролым, сенің шаң басқан қағаздағы заңыңнан гөрі пәленшекеңдердің «а» дегені анағұрлым артық. «Былай қыл» десе, былай қыламыз, «олай қыл» десе, олай қыламыз. Ұрысса қуанамыз, өзімсінгені ғой деп. Жарықтықтар, өздері де ұрысқанда өкіртеді-ау, бірақ бізге майдай жағады. Баяғыда бір дөкей ұрсып-ұрсып алып: «Әй, сен маған ренжіме. Мен саған тегін ұрсып тұрған жоқпын, ұрысқаным үшін маған ақша төлейді, айналайын. Бағанадан бері саған ұрысқаным он теңге, – деп арқамнан қаққан ішіп отырғанымызда. – Маған жоғарыдан ұрсады, мен саған ұрсамын, сен аналарға ұрсасың. Солай, айналайын, бәріміз де ұрсу үшін жүрген жоқпыз ба?» – деген. Сол айтқаны айдай анық. Ал енді сендер келіп демократия, право дегенді шығардыңдар, оның бізге керегі жоқ. Праволық мемлекет дейсіңдер, әркім правосын кәшәйттәй берсе не болады? Бағынып үйреніп қалған бізге бұрынғыдай тып-тыныш жүре бергеніміз жақсы. «Не істеймін?» деп басты ауыртпай, бастық айтты, бітті, сауабы да, жауабы да соған деп, үндемей орындай бергенге не жетсін! Саған хат жазып отырған себебім де сол – тыныштығымызды қайтар! Мына есеп-қисап дегенді тый! «Айналайын үкімет пен партия, бәрі соның арқасы. Үкімет аштан өлтірмейді, бізді асырап отырған сол!» деп күнде рахмет жаудырушы едік. Жанымызды қинамай, жұмысқа барып келгеніміз үшін ақша ала берейік те бұрынғыдай. Бәріміз де совет үкіметінің баласы емеспіз бе, ал баласын өле-өлгенше асырау әрбір ата-ананың міндеті емес пе? Бізді асырағаннан совет үкіметі құлап қалмас! Солай, кұрметті пыркаролым, екеуміз бір адырдың аңымыз ғой, бір амалын табарсың! Сәлеммен, өзіңді құрметтеуші – Тоғышар. Айтпақшы, жыныңа тигенім үшін неше жыл берер едің? Бірақ, бұл үшін соттайтын болсаң, біздің бәрімізді сотта. Көпке топырақ шаша алсаң...
Прокурордың тоғышарға жауабы
Жолдас тоғышар!
Сізбен дауласу мәнсіз. Қазір сандырақ үшін соттамаймыз. Бас-
қаша сөйлесудің ретін таппаған соң, хатыңызды жариялауды жөн
көрдім. Көптің атынан сөйлеуге құмар екенсіз, ендеше көпшілік
«бетке ұстар азаматын» бет-пердесіз көрсін дедім. Шошына ма,
шамдана ма, ойлана ма – ол әркімнің өз еркі.
1988 ж.
Өзің ғой...
Құрдасым Осылайдың ызасы әбден өтті. Бір жолы балконының
түбінен өте бергенімде, cap еткізіп төбемнен мұздай су құя салды.
– Бұның не, ей? – дедім ышқынып.
– Ой, сен де... Өзіңнен көр, өзің ғой келіп қалған. Басқа жер
таппағандай, балконымның түбінен неге жүресің? Өмір дегенің
осылай, құрдас, – деді Осылай.
«Өмір дегенің осылай» – Осылайдың мәтелі. Сондықтан да
Осылай атанып кеткен. Осылай осылай дегесін, амал не, «шынын-
да да осылай екен ғой» деп жүре бердім.
Тағы бірде кештетіп келе жатыр едік, бір топ бұзақы бір бұ-
рышта бізге тарпа бас салды. Жан бермек оңай ма, мен де салыса
кеттім. Осылайым зым-зия. Есімді жисам, жұлдыздар жымыңдап
тұр екен. Салып ұрып Осылайға жеттім. Осылай да осылай, жол-
дасын жауға тастаған адам – жаман адам, оңбаған адам деп екпін-
деп келе жатыр едім, Осылай сөзімді қақ бөлді.
– Ондай ақылыңды езіп, басыңа жақ. Жан сақтаудың орнына
жарбаңдап, жармаса кеткен өзің емессің бе?! Айтшы, саған төбе-
лес деген мен бе? Өзіңнен көр, өзің ғой! Өмір дегенің осылай!
«Жаны бар сөз-ау, шынында да тұра қашпай, төбелесе кеткен
өзім ғой», – деп өзіме-өзім ренжіп үйіме қайттым.
Өткен жолы ауырыңқырап қалып, ауруханада екі жұма жатып
шықтым. Осылай көңілімді сұрап келген жоқ. Менің де көңілім
қалды. Жолыққанда өкпе айттым.
– Дұрыс қой, құрдас, бірақ шыныңды айтшы..., енді... ауырып
қалған өзің ғой! Мен үшін емес, өзің үшін ауырдың ғой! Мен емес
қой сені ауыртқан! Өмір дегенің осылай! – деді.
Иә, Осылай жүрген жердегі өмір осылай!
1988 ж.
Осылай...
Есік алдында ағаш жарып жатыр едім, қаба сақал, қабағы түк-
сиген етжеңді бір үлкен кісі талтаң-талтаң етіп келді де:
– Әй, бала, дүкен қайда? – деді ай-шәй жоқ.
Мен теріске сілтеп жібердім.
Жарты сағаттан кейін қара терге түсіп, қаба сақалым жетті тү-
тігіп.
– Әй, сен неге өтірік айтасың?! Ауылдың сыртына шейін ба-
рып келдім, саған сеніп. Дүкен мына жақта екен ғой... Кекпектей
жігітсің... үп-үлкен кісіні алдап... ұят қайда?
– Қаба сақал, қайдағы жігіт айтып тұрғаныңыз? Жаңа ғана бала
деген жоқсыз ба? Қиқар балалардың осындай ойыны болады. Рен-
жімеңіз, балалығымды есіме түсіріп жіберген өзіңіз...
– Ойбай-ау, бала демей, кім деймін? Менің жанымда сен деген
боқмұрын бала емессің бе?
– Ендеше несіне баламен бала болып тұрсыз? Өстіп тұрғаны-
ңызда дүкен жабылып қалады.
Қаба сақалым кетті сақалын құшақтап. Талтаң-талтаң етіп, бес-
алты қадам жүріп барады да, артына қарап, кіжініп-кіжініп қояды.
Қайтесің, өмір дегенің осылай! – деп Осылай мә-әз-мәйрам.
1988 ж.
Қанбазар
Қанбазар. Қайнаған халық. Сатып жатыр, алып жатыр. Бір қал-
тарыста ұрланыңқырап тұрған үшеуге жіптіктей біреу киліге кетті.
«Пестәлет бар ма?» – деді сыбырлап. «Қандайы керек?» – деді
үшеудің ең дәуі. «Газывый». «Жүз мың». «Көрсет». «Жүр мында».
Кішкентай киоскіге кірді төртеуі. Балпаңдаған біреуі: «Әй, қазтабан, әкел жылдам» – деп, талтаңдаған біреуін жұмсады. Қара терге түскен, бет-ауыздары, қойын-мойындарына дейін майлана жылтжылт еткен, темекі мен арақ сасыған үш жуан асығып-үсігіп, қазтабан бір полканың астынан суырып алған пистолетті жабыла мақтай бастады. «Міне, қара, былай... сосын былай...». «Атқың келген кісіге қаратып, басып қаласың,... бітті... қалпақтай түседі. Тек өзің дем алмай, кейін қарай секіріп кет». «Ұрмай-соқпай, өлтірмей, талдырып тастайсың да, білгеніңді істейсің». «Әсіресе, көнбей жүрген келіншектерді тарс еткізуге күшті». Қарқ-қарқ күлді. «Қане, көрейікші». Қолына алып, айналдыра қарап: «Өзі анық атыла ма? Алдамайсыңдар ма?» – деді алушы. «Жо-оқ! Фирма марку держит!» - деді дәу. «Қалай, әуелі былай... сосын былай... сосын былай ма?» – деп үшеуіне қаратып, тарс еткізді де, өзі сыртқа бірақ ырғыды. Үш жуан киоскінің ішінде домалап қала берді, пистолетті қалтасына салып алып, әлгі жігіт қайқайып тартып отырды. Базардың оларда жұмысы жоқ, гу-гу... 1994 ж.
Өтірік пен шын «Әй, қарызға он теңге берші», – деді бір жігітке құрдасы еркінсіп. «Қазір... карайық», – деп, қалтасынан күмәжнегін алып, ақшасын бұрқыратып санай бастады. «Бір мың бір жүз он теңгем бар екен. Оның екі жүз теңгесін тобанаяқ қияңқы құрдасыма, екі жүз теңгесін қара таяқ қияли құрдасыма беремін. Алатаяқ аусарға – алпыс, елпілдеген есерге – елу, сырттағы сәнбикеге – екі жүз, үйдегі лаңбикеге – екі жүз тоқсан теңге кетеді. Жүз теңгеге биялай мен бөкебай аламын. Сонда он-ақ теңге қалады екен... Как раз ғой... Ренжіме құрдас, оны бере алмаймын. Табаның түбіндегі қырығын тықырлатып жеу балаларға ғана жарасады...» – деп, күмәжнегін мықтап жауып қалтасына сүңгітіп жіберді. «Әй, бермейтінің бар, ақшаңды неменеге көрсетесің? Одан да жоқ демейсің бе?» «Өтірік айтуға болмайды ғой...» «Жындымысың, ей? Бүйткен шының бар болсын... Қап, бәлем!» – деп түк білмегендей безере қалған құрдасына сұқ саусағын безей-безей, безіп
ала жөнелді. «Қызық... Шыныңды айтсаң, – жамансың, өтірік айт-
саң – адамсың... Қызық!» – деп, басын шайқай-шайқай бұл қала
берді...
1994 ж.
Каратэ мен келіншек
Ұршықтай иірілген шымыр жігіт бір топ баланы иіріп қойып,
үйір-үйір жылқы айдағандай қиқулап, төбелестің неше түрлі әдіс-
тәсілдерін көрсетіп жатыр. Біресе кұлындай орғып, біресе тебеген
айғырдай аяқ-қолын зу-зу еткізеді. Арыстандай ақырып, жолба-
рыстай жапырады. Қаһарлана қиқырғанда балалардың төбе құйқа-
лары шымырлап, жон арқалары мұздап, сүзекіге түскен балықтай
ауыздарын ашып, әрең-әрең дем алады. Батырдың онда жұмысы
жоқ, он сан қолмен жалғыз сүрісіп, түре куған шері де өзі, зәбірі
қаттыдан теперіш көрген момынның кегін қайтарған пері де өзі, әр
қимылын түсіндіріп қояды. «Мынау – күң-фудан, мынау – кэмпо,
мынау – каратэден – йоко гери кекоми, мынау – таэквондодан –
апчаги, сосын йоп чаги...» деп, аяғын сермей бергенде, келіншегі
кеп қалды. Жігіттің аяғы келіншектің бетіне тиер-тиместей боп
тоқтады. Келіншек сасқан жоқ: «Йоп чагиге – кетчәри!» – деп,
аяғынан шап беріп, итере-митере бұраңқырап жіберіп, күйеуін
жерге алып соқты. «Бұл қазақша күрес!...» – деп күлді. Балалар
алақайлап, асыр салып, мәре-сәре болды да қалды...
1994 ж.
Шаш пен тарақ
Молдабайға
Алпысыншы жылдардың басы. Маң даланың бір түкпірінде
бұйығып жатқан меңіреу ауылдан ауданға алғаш рет келген үш
бозбала автобустан түскен соң біразға дейін үңірейіп тұрды. Ығы-
жығының ішінде алдымен ес жиған ересектеуі басын кегжитіп
алып, көсілте жөнелді. Соңынан емпеңдеген екеуі ентігін дүкенде
зорға басты. Әуелгі мақсат – тарақ алу. Тарақтың түр-түрін көріп, тіл-ауыздан қалды, тандайларын қаға-қаға таңданды, дүкеншінің дәргейіне келді. Дүкенші орыс келіншек ербиіп-ербиіп тұрған үшеуіне әуестене қарап, әдемі жымиды. Бозбалалар одан сайын бозарып, собалаңдай бастады... «Моя... тарак... дәй...», – деді бір кезде қызараңдап ересегі. Келіншек күлімсірей түсіп, көгілдір көзін кеңейтті. «Шаш тарайтын» деп тызақтады сөлбірейіп тұрған екіншісі. Көгілдір көзде кекесінді реңк ойнап, ерапайсыз анталаған үшеуін сыпыра нығарлап өтті. Тітіркеніп, шөгіңкіреп қалса да, межелі жерге жетпей тоқтамайтын жанкештілер емес пе, тағы балдырлап, шәлдүрлеп, түсіндіріп бақты. «Ти... моя... дабай... Тыри...» «Кажни... тарак...» Келіншек шыныдай шытынап, көздері шатынап шыға келді: «Я тебя дам сейчас! Или говорите нормальным человеческим языком, или мотайте отсюда! Живо!» Шелтиген келіншек дікің-дікің еткенде, дүкеннің іші шаңытып, ойран-топыр болғандай, көнбіс құлыншақтар тар ұйыққа қамалғандай еді. Сол кезде біреуі: «Уо-те-ті, уо-те-ті дәй!» – деп, қолымен шашын тарап көрсетті. «Фу, господи!» – деп, келіншек үш тарақты алдарына тарс еткізді... Тарақ алуға жарағанына бір жасап қалған үшеуі далпылдап: «Ти... моя дәй», «Уо-те-ті, уо-те-ті!» – десіп, күліп-ойнап шаштаразға тартты. Залдағы самсаған суреттерден шөмеле шаштарды, шұбатылған шаштарды, жалбыраған, өрілген, тікірейген, жылмиған, үрпиген, дудар-дудар, түрлі түсті шаштарды көрген соң, қоқаңдаған шуылдақтардың салы суға кетіп, ошарылып тұрды. Шүу деген бетте: «анау оңды, мынау жақсы» десіп, тапап кете жаздап еді, енді ондай шаштары жоқ екені, бірінші рет шаш қойғалы тұрғандары естеріне түсіп: «Апырмай, неше түрлі бас бар екен ғой» деп, қобалжи еңкеңдеп, бастарын шаштаразға тапсырды. Қайшысын қаршылдатып, машинкасын зырылдатып тұрған шаштараз біріншісінен: «Как?» деп сұрады. «Тәк» деп басын сипады бұл. «Как так? Школьный или под Котовский?» «Үшкөлни, үшкөлни» деп, кекілден басқа шаш қойып көрмеген батырың таныс сөзге жармаса кетті. Әдемілеп, оқушыға жарасатын шаш қойып берді. Екіншісі сұратпай-ақ, «үшкөлни, үшкөлни» деп қоқақтап, иіс майы бұрқырап, жарасып қалды. Үшінші кезектегі ересектеуі гәп неде екенін біле алмай пұшайман. «А тебе как? Школьный или под Котовский?»
Үзеңгілестерінің шибиген «үшкөлни» сықпыттарын ұнатпай, «не
де болса бұдан гөрі тәуір шығар» деп «под Котовский» деді ақ-
сиып. «Хорошо!» Машинкамен маңдайдан бастап зыр еткізді. Әп-
сәтте саппасың жайнаң қағып шыға келді. Айнаға қарап, сипалақ-
тап тарағын бір алып, бір салып, арсалақтады да қалды. Ана екеуі
не күлерін, не жыларын білмейді. Котовскийден бастап, бүкіл қа-
зақша білмейтін шаштараз бен шаш атаулыны, орысша білмейтін
өздерін қоса боқтай-боқтай қайтты ауылына қасқа бала... Қайтсін,
енді...
1994 ж.
Отызыншы ақпан
Бір жігіттің туған күні – 30 февраль. Әуелде метіркені солай
алған, кейін паспортқа түсіп заңданып кеткен. «Ұзын сары келген-
де туған» деп, жобалай салмай, «қыстың аяғы, көктемнің басында
туған» деп, нақтылаған ата-анасы былай тұрыпты-ау, селсебетке
не жорық? Әйтеуір, осылай мөрлеп жібергесін, екі ортада балаға
қиын болды. Туған күнін тойлайын десе, февральдің 30-ы деген
күн жоқ. 29-ы төрт жылда бір келеді. 28-не ауыстыру тағы біртүр-
лі, Наурыздың біріне өткізейін десе, туған айы – аппақ ақпанды
қайтіп аттап кетпек? Балаларға жылына бір лақап болып, амалдап
тойлап жүрді. Айда аяқ, жылда жілік жоқ, «паспорт алғасын көзім
ашылар» деген, қайда-а! «Әркім өзінше өзгерте берсе, документте
құн бола ма?» деп, тораңғыдай тарбиды бір әйдік бастық. «Әке-
шешеңнің тудырған күнін місе тұтпай, өзінді-өзің қайта тудыр-
мақпысың, ей?» деді екінші бір нән бастық үрпиіп тұрған мұны
көзімен ішіп жеп, ойқы-шойқы шүйдесінен қайызғағын гулетіп
отырып. Дымы кұрып, паспортын алды. Оқу бітіріп, қызметке тұр-
ды, жиырма беске толғасын жұрт қатарлы паспорт ауыстырмақ
болды. Дегбірі қалмай, дөкірлерден көрген залалын айтып жатыр
бастыққа. «30 февраль жоқ екенін мен де білемін, бүкіл ел біледі.
Бұл, әрине, ыңғайсыз, ұят болған» деді самарқау тыңдаған бастық.
– Бірақ, амал қанша, паспортта солай жазылған. Ал совет паспор-
тында өтірік жазылмайды. Рас па, жігітім?» «Расы рас қой, бірақ»,
– деп қалтиған жігіт даңғырлап, ұқтырып бақты. Сазбеттене қалған
басекең добалдай быртық саусақтарымен түгі тықыр самайын
умаждай уқалап-уқалап жіберіп: «Әй, паспортта калай жазылса, солай болады. Әлде сен совет паспортына, совет өкіметіне қарсымысың? Біржола паспорттан айырып, ат қылып жіберейін бе өзіңді?! КГБ-ның қақпанына, орталықтың оқпанына бір түссең, 30 ақпаныңа зар боларсың... Жаныңды күт!» деп, арылдай ақыл айтқасын, итжаңды жігітіміз сәйгел тиген сиырдай шапты үйіне қарай... Уақыт өтті. Дүние астаң-кестең, СССР партия, советімен қоса құрдымға кетті. «Бүкіл тірлікті бытқыратқан тоңмойындықтың пәшақ-пәшағы шықты, шындық келді», – деп, елең құлақтанған жігітіміз күндердің бір күндерінде тиісті мекеменің қаптама былғарысымақ есігін жәйлап ашты... – Дүние өзгерсе өзгере берсін, документ өзгермейді! – деді қайта құрылған басекең тоқырау заманынан жаман зілденіп. – Он жерден тәуелсіз ел болсақ та, кісінің туған күнін өзгерту туралы заң жоқ! Жігері құм болған жігітіміз Біріккен Ұлттар Ұйымына оп-оңды отыз күннен тұратын февральдің бір күнін өз атындағы тамыз айына қосып алған император Октавиан Августың үстінен арыз жазып, февральдың тиісті күнін өзіне қайтарып беруді өтінді. «Советтің қатесін түзеткеннен гөрі, император Октавиан Августың қатесін түзеткен оңайырақ шығар», – деп батырың бір күрсініп қойды. 1994 ж. Автордан: Бұл шығармалар 1987–2000 жылдары республикалық басылымдарда, 2000 ж. Омбы қаласынан шыққан «Жынды Қаратайдың қасіреті» атты кітапта жарияланған. Тентек қыз – Ауылдан Бейнеш келіпті, – деді әйелім. – Кешке үйге соғады. Бір-бірімізге ыңғайсызданған кейіппен қарадық, Бейнешпен ендігі кездесу біз үшін қалыпты тұрмыс ағымына симайтын төтенше оқиға секілді. Осы көктемде алыс ауылдан жеткен ұзынқұлақ хабары елең еткізген, Бейнеш күйеуін жарып тастапты! Шағын қаланың тұрғындары у-шу деседі, тіршілігімізде бұрын-соңды орын алып көрмеген немесе естеліктей ғана боп көңілдің шағын бір бұрышында
аты қалған жандардың басына бақ қонса да, қасірет ұяласа да біразға дейін орталық тұлғаға айналып шыға келетін әдеті ғой. Сол дағдымен біреуді даттап, біреуді ақтауға құмар жандар езулері талып, айыздары қанғанша осы оқиғаны сан-саққа жүгірте талқылап, өздерінше себеп-салдардың түп-тамырын қопсытқан келіп. Айтқыш ауыздарға бұл өзі айлық азық болып, көптен көріспеген екі адам жаңалық сұраса қалса, бірінші нөмірлі, басты маңызды хикая ретінде ұзақ жырланыпты. Біреулер әншейіндегі әдетімен бөгденің тағдырын ермек, қызық үшін алданыш қылса, біреулер жас ошақтың оты жанбай жатып өшкеніне күйініпті, ал үшіншілер исі қазақтың тұрмысында болып көрмеген тосын жәйттан шошына жағасын ұстапты. Сан-саққа тарауланған оқиғаның ұзын-ырғасы: Бейнештің күйеуі Төлепберді өзімен бірге қызмет істейтін бүлдіршіндей бір қызға ғашық болып қалып, ашыналықтың құпия жолына түсіпті, оны сезген әйелі «қой» деген, күйеуінің тоқтап, тәубаға келер сыңайы болмағасын, қанжарымен кеңірдегін орып жіберген. Татар дәм-тұзы таусылмаған бейбақ, әйтеуір тірі қалыпты. Ауруханадан шыға салысымен «көрмегенім сен бол» деп, ашынасының қолынан жетелеп, басқа жаққа қоныс аударыпты. «Әйелі ше? Әйелін не істепті? Соттап па?» деп үздіге қалады сонда тыңдаушы. «Ә-ә, әйелін бе? – деп кергиді айтқыштар. – Әйелін соттамапты. О ғып, бұ ғып, жымдастырған көрінеді. Елге қарайтын беті қалмаған бетпақ үйін тастап, басы ауған жаққа қанғып кетіпті». Бейнеш екеуміз көп жыл бірге оқып едік. Арамызда алабөтен жақындық болмағанымен де, кластас атаулының бір-біріне деген игі тілек, таза көңілі сақталыпты. Ащы тілдердің аяусыз сөздерін естігенде кәдімгідей күйзелдім, тағдыры қиындық талқысына түскен кластасыма жаным ашыды. Қатар құрбы, бейкүнә бала күнгі дос қанқұйлы атанды дегенге сене алар емеспін. Осының бәрі тізбектеліп, жинақталып келіп, өмірдің кейінгі толқындары көміп, тереңге жасырған, бірақ мәңгі-бақи өшпейтін көріністерді бетке шығарды, көңіл-күйдің құбылысы өз түкпірінде сақталған, әншейінде елеусіз, ескерусіз жатқан бейнені қайта жаңғыртқандай. Бейнешпен мектеп табалдырығын аттамай тұрып танысқан едім. Ауылымыз қаланың екі шетінде болатын. Үлкен әпкем Бейнеш ауылына тұрмысқа шықты. Ол кезде алты жасармын, бәрі қызық.
Қазір мөлшерлесем, екі ауылдың іргесі тиіп тұр, бірақ бала адымға шексіз алыс көрінетін. Әпкем үйіне қыдырып келу мен үшін шетелге сапар шеккенмен бірдей. Кіші құдашам, менен екі жас үлкен болғандықтан, өзін ересектерше ұстап, қолымнан жетелеп жүріп ауылын аралатқызатын. Сондай саяхаттардың бірінде Бейнешпен кездестік. – Әй, Бәйкен, бері кел, – деп дауыстады құдашам бейтаныс біреуге. Бұрылып қарасам, тақыр бас, домалақ қара екпіндеп келіп қалыпты. Кір-кір майкасы томпайып тұр, толған бұршақ. – Бұршақ берші, – деді құдашам. Үні әлдеқайда жасыңқырап, биязы шықты. Тақыр бас қара тырнағы аюдай қожалақ қолын қойнына сұғып жіберіп, қарнын қырнай, бір уыс бұршақ алды да бізге ұсынды. – Же, – деді құдашам, аузы күрт-күрт етіп. Өз ауылымда дәл осындай шойқара болсам да, қонаққа келерде шешем сабындап, ағартып жібергендіктен, тәп-тәртіпті, мұнтаздай құда бала қалпымнан айырылғым келмей тұрған. Күдікті уыстан шыққан жұмбақ нәрсені жеуден жалтардым. – Ішім өтеді. Жиіркенгенімді сезді-ау деймін, Бәйкен ала көзімен қарады. Ол ұзап кеткесін құдашам, мен сұрамасам да қажет деп тапқан болуы керек, түсінік берді. – Жынды Қасымның баласы. Қыз. Шын аты – Бейнеш. Жалғыз ұлынан басқасы қыз болғасын, соған ізбасар тұтқан әкесі еркекшора қылып өсірген. Бұзық, бірдеңе десең, төбелеседі. Мен де біреудің кенжесі, бетіне шапалақ тимеген қызыл көз едім. Жалғанда өзімнен өткен ерке жоқ деп санайтын мен біреудің бұзық, ерке екендігін естісем, жұлқысқым келіп, арқам қозады. «Әлгімен төбелесіп көру керек еді!» деген тентек ой жарқ ете қалды. Тілегім қабыл болды. Көп ұзамай мектепке, бірінші класқа келдік. Бейтаныс балалар бір-біріне одырайыса, барлай қарайды. Болашақ кластастарымның (сол кезде олар маған қарсыластар болып көрінді) бойын, иығын, білегін көзбен өлшеп, шама-шарқын жорамалдап, «бұйырса көрерміз» деп бекінемін. Сөйтіп жүргенде көзіме тақыр бас қара ілікті. Бойы менен сәл аласалау, бірақ тығыншықтай екен. Алақаныма түкіріп қойдым. Сабақ басталды. Бұ-
рын-соңды көрмеген, білмеген бейтаныс жаңа әлемнің есігін имене аштық. Өзімізді мейлінше тәртіпті ұстап, мұғалимаға үлгілі бала көрінуге тырысқанымызбен, ұзамай абыройдан айырыла бастадық. Бүлік басы – Бейнеш екеуміз. Қас қылғанда ол біздің алдымыздағы партаға отырыпты. Екінші сабақ орталана берген кезде мұрнын қорс еткізіп бір тартты да, сумкасын суырып, ішінен дәу таба нан шығарды. Жан-жағына ұрлана көз жүгіртіп, наннан мол ғып бір үзді де, дүниенің бәрін тәрк еткен пішінмен асай жөнелді. Малжаңдағаны жүйкеме тиді ме, тимеді ме, білмеймін, әйтеуір бұзықтық, еркелік салыстырғым келіп қитығып жүрген маған бұл қорлық секілді әсер етті. Желкеден періп жібердім. Қақалып барып есін жиған ол аузындағысын не жұтарын, не жұтпасын білмей, қалшиды да қалды. Бұндай түгілі, ала көзбен қарағанды көрмей өскен ерке неме не істерін білмей біраз дағдарды. Бір уақытта жалт қарады, көзінде кекті ашу. – Әкеңнің.... – деді сыбырлап. – Шыққасын көресің. Мұғалимаға шағыну ойында жоқ. Қоңырау соғылысымен, шашыла далға шықтық. Алқынып жеткен Бейнеш қайтсем жеңем деген кісіше оқталып тұрып-тұрып: – Қатын! – деді құшырлана. Балалар ду күлді. Құлақ-шекеден бірді бердім. Ол жағадан ала кетті. Қолы күшті екен, «қанша қиқандағанымен қыз ғой» деп менсінбей тұрған мені тықсырып барады. Ұмар-жұмар домалап жүрміз, кәдімгі қып-қызыл төбелес. Тап-таза киімнен түк қалған жоқ. Мұғалима келіп айырып алды. Ұрсып-ұрсып, бұрышқа тұрғызды. Бала көңілге ауыр тиетін бұрышпен танысып, атышулы бұзық болып шыға келдік. Бейнеш екеуміздің ұзаққа созылған қастығымыз осылай басталды. Ол өте намысқой еді. Өмірі жылағанын көрген жоқпын, шағынғанын да білмеймін. Ұзаққа кек сақтайтын қырыс та емес, есесі кеткенмен қолма-қол есеп айырысатын. Басталып кетуі оңай балалық араздықтар арасында ұзаққа созылмайтын татулық сәттері де орнаушы еді. Кластағы оқушылар ұлдар мен қыздар болып бөлініп ойнағанда, Бейнеш ұлдарға қосыла кететін. Басқа класпен доп ойнағанда командамызға адам жетпей қалса, амалсыздан Бейнешті шақыратынбыз. Ал өзге уақытта балалар қызбен ойнағанға өзде-
рінше арланып, қоқырайғанситын, бірақ оны елей қоятын Бейнеш жоқ. Ойынның қалай тарайтыны тағы белгілі, өңкей еркенің қисық мінездері жымдаса қоймай, қақтығыса кеткесін жанжалсыз бола ма? Сондайдың бел ортасында Бейнеш жүретін. Қазір еске алған сайын күлемін, сабақтан шыға төбелесетінімізді біліп алған апай біз бір қыр асып, ұзап кеткенше оны класқа қамап қоятын. Қызық еді. Соңғы сабақ аяқтала бергенде балалар маған бір, оған бір қарап алып, апайға телміреді. Қутілділері: «Ал, Бейнеш, дайындала бер, қазір қамайды», – деседі. Намыстанып: «Апай, жіберіңіз, маған ол түк те істей алмайды!» – деп кекірейгенімді мұғалима елең қылмаушы еді. Біз алаңсыз ұзап, қыр басына шыққанда, мектептен шыға сала далпылдап үйіне қарай жүгірген Бейнешті көретінбіз. «Ойбай, келе жатыр, қашайық», – деп шыңғырған қыздар зыта жөнелгенде, ер балалар батырсынып, балпаңдай басатынбыз. Ұзамай, жирен биеге жайдақ мінген қамшылы Бейнеш те жетеді. Атын үркітіп, жолатпаймыз, амалы құрыған ол түсе қалып, жекпе-жекке шақырады. Жылдар өте берді. Біз өзіміздің есейіп, ересек тарта бастағанымызды байқаған жоқпыз, Бейнештің қай уақытта қыз киімін кигені де есте қалмапты. Әйтеуір, ұзақ жылдарға созылған еркелік, тентектік бәсекесінің менің пайдама шешілгенін білемін. Ақтық рет айқасқанда, біз жетінші класта оқитынбыз. Бозбалалыққа бет бұрар кез, кеуде күмпиіп, күш құйылып қалған. Сөйтіп жүрген күндердегі бір ерегісте Бейнешті беттетпей қойдым. Қызық, қаншама қыз киімін киіп, бұрым жібергенімен, біз оны қыз санатына қоспайтынбыз. Еститініміз, сүйенетеніміз баяғы бір аңыз: «Бейнеш біреудің басын жарыпты, Бейнеш мұғалімді боқтап кетіпті!» Кәдімгі тентек оқушылардың бірі. Егер де бір баланың төбелесқой, мықты екендігін дәріптей қалсақ: «О-о, ол әнеугүні Бейнештің мұрнын қанатқан», – деп ұялмай мақтаныш қылатынбыз. Сонымен не керек, менен таяқ жеп, әлі жетпегенге қорланған Бейнеш өмірінде бірінші рет жылап жіберіп, жүгіріп класқа кірді. Жеңілгенін мақұлдағаны деп масаттандым. Одан да терең жәбір сырын ол кезде түсінген жоқпын. Класқа кіріп, отыра бергенім сол еді, балалар «байқа» деп шу ете қалды. Жалт бұрылғанымда Бейнеш қолын сермеп қалды, садақтың оғы секілденіп сол жақ қарыма қаламсап кірш етіп қалды. Ақ көйлек сыртынан қан білінді, сияға араласып, көкшіл тартқан. Ауырсынғанымды білдірмей, қаламсап-
ты күрт жұлып алып, өзіне оқтала бергенімде, көзіне көзім түсіп кетті. Жанарыңда жас бар, жасқану жоқ, өзінің осы күнге дейінгі бүкіл тірлігінің алдау мен алдану болып келгендігін, табиғат алдындағы дәрменсіздігін сезіну мұңы тұна қалыпты. Дәл сол мезетте мен бұның бәрін түсінген жоқпын, әрине, тек дүниені дәл, айқын қабылдайтын бала көңілімде аяныш оянды. Қаламсапты тастай салдым. Мұғалім ақ көйлектегі атойлап тұрған таңбаны бірден байқап, таңдана басын шайқады. – Тағы да төбелескенбісің? Кім жарақаттады? Қадалып, қатқыл сұрады. Мелшиіп, тіл қатпадым... Уақыт өткен сайын бір кездегі тентек қара сирақтар иегін түк шалған бозбала күйге көшіп, алысып-жұлысып, шапқылап жүретін келте кекілді қыздар сылаңдаған бойжеткенге айналды. Балалықпен қош айтысып, әркім өз алдына мақсат қойып, мұрат тұтқанына барар жолын іздей бастаған. Бәрінің де мың құбылған көңіл ауаны, қызық-құштарлығы бүкіл сана-сезімін меңдеген кез: өзгенің жан дүниесіне үңілуден гөрі өз жүрегін ғаламның ғажайыбына балап, аялайтын, алдамшы болса да сондай бір тәтті сезімге бөлеген, қиялдай аңсаулы, өткінші бір уақыт еді. Сол күндерде кәдімгі бойжеткендердің біріне айналған Бейнештің не ойлап, не сезінгені назар аудармағандықтан санаға сіңбепті. Әйтеуір, менің білетінім – жүріс тұрысында, іс-әрекет, сөзінде қызға тән нәзіктік пайда бола бастағанымен де әріде жатқан ұл еркелігі ара-тұра көрініп қалатын. Және соның бәрі ара жігі айқындалған бөлек-бөлек мінез қыры емес, бір-бірімен астасып жатқан құпия дүние, күрделі жұмбақ, бір-бірімен жарасымды үйлесім таба алмай, араласса да арпалысып жатқан екі әлем. Бала күннен санаға сіңіп, ақ қағазға алғаш түскен жазудай айқын таңба болып қалғандықтан ба, әлде шыны сол ма, әйтеуір Бейнеш болмысын ер балаға тән құлықтар билейтіндей көрінетін бізге. Мектепті де бітірдік. Әркім өз жолымен кете барды. Содан кейін кейбіріміз анда-санда кездесіп тұрдық, алайда, көбінесе бірбіріміз жайлы хабарды ұзынқұлақтан үзік-үзік еститінбіз. Сондай алыстан талып жеткен хабардан Бейнештің бірінші жылы оқуға түсе алмай, құлап қайтқанын естідім. Келесі жылы институтқа түсіпті. Бұның бәрі қатардағы қарапайым жәйттер еді. Қызық көрініп, құлақ түргізгені – Бейнештің институт бітірісімен тұрмысқа шыққандығы. Мектеп бітіргеннен кейін жүзбе-жүз кездеспегендік-
тен, оның қалай өзгергенін білмеймін, сондықтан менің көз алдыма баяғы күйінде елестейді. «Қайтіп келіншек болып жүр екен?!» деп ойлаймын. Сәті түсіп, былтыр келіншегім екеуміз ауылға барғанымызда, Бейнеш, қасында күйеуі бар, бізді іздеп келді. Ұзамай үйінде қонақта болдық. Әлі есімде, жұпыны, аядай ғана, бірақ таптұйнақтай таза пәтерлерінде шай ішіп отырып, ұзақ әңгімелестік. Бұрынғысынан гөрі аздап толысқан Бейнеш әп-әдемі келіншекке айналыпты, қылықтарында жарасымды наз пайда болған. Дәмімен сөйлеп, сәнімен ойнап-күліп отырған келіншекті бір кезде еркекшора болды десең, ешкім сенбейді, тек қана бір-екі сәтте баяғы бұла еркелік қас-қағымға сағым арасынан шыға келіп, жалт беріп ғайып болған секілдеңді. Кей-кейде ол маған өзін-өзі зорлап, инабатты келіншек рөлін ойнап отырғандай көрінді, қазір мына сымбатты келбет тасасынан ішке зорға сиып, булығып, буырқанып жатқан тақыр бас қара жүгіріп шыға келетіндей. Сол бір тентек шақты ол да, мен де сағынып қалсақ керек, әлденеміз жоғалғандай көшкен күндер жұртын шарлаймыз, балалық кездегі тебіскен, табысқан сәттер жайлы айтып күлеміз. Күйеуі Төлепберді бір көргенге келбетті, ұстамды жігіт секілді, менің келіншегім екеуі біздің төбелесемізге қосыла күліп отырды. Әзіліміз жарастық тауып, ұзақ отырдық, жас отаудың бақыт ордасына айналуын тілеп, жарқынжарқын тостар көтердік... Енді міне, ол біздің үйге жалғыз келе жатыр. Жандары жақындық тауып, жарасымды араласып жүрген шаңырақтардың бірі бүлінгенде, өзгелері әлденеден алданғандай ыңғайсыз күй кешеді, семьялық санаға тұтас дүние ретінде сіңген жұптың сыңарларын сынған бүтіннің жарамсыз бөлшектеріндей көріп, ұғына алмай қиналды. Ондайда олардың қай-қайсымен болса да кездесу жалтақтаған жалғызсырау сезімін туғызса, араласып, ашыла әңгімелесу байырғы жұпты жоққа шығарғандай, оның екінші сыңарына опасыздық жасағандай азапты халге түсіреді. Сыпайылық үшін сіз-біз дескенмен, бір кездегі жақын жандардың жатқа айналған бүгінгі күйінде өткен үйреншікті күндерден бір нәрселерді айтып қалып, жан-жарасына тиіп кетеміз бе деп қуыстанады. Бейнеш келеді дегенде біз дәл осындай әрі-сәрі сезім арпалысын бастан кештік. Ол есіктен әдетінше еркін кірді. Күліп амандастық, әйелдер шөпілдесіп жатыр. Бейнеш бастырмалатып, амандық-саулық сұ-
райды, күле береді. Сықиып киініп алған: жалтырақ кофта, тар шалбар, бұрынғы ұзын бұрымын күзеп, жігіттерше қысқа шаш қалдырыпты. Маған ол бүкіл болмыс-бейнесі, іс-әрекетімен: «Ал, міне, мен келдім. Бүлінген ештеңе де жоқ, бәрі орнында» деп, бойындағы күш-қуатын сарқа, қыр көрсеткендей болып көрінді. Шай үстінде де әңгімеміз әр нәрсенің басын шалып, беріден үзіле берді. Әйелдер мода жөнінен біраз сөз қозғады, шаш кесу мен тар шалбарға келгенде: «Әуелден кекіл мен тар шалбарға үйірсек едің ғой!» – деп, бір желпініп қалдық. Емін-еркін көсілген тұсымыз да сол бала күндер жайы. Берідегі тиым салынған құпия пердені түруге ешкім де қол созбайды. Құйылған арақты Бейнеш құмарланбаса да, тартынбай алып отыр. Ондай сәттерде жанарымнан әлденені аңғарып, қитығып қала ма деп жүзіне қарамауға тырысамын. Біраздан соң ол келіншектер ұстайтын кішкентай қол сумкасынан сигарет шығарды. Таңданғанымды жасыра алмай, бетіне сынай қарадым, былтырғы сыпайы келіншек Бейнеш емес бұл. – Неменеге қарайсың? – деді ол, көкшіл түтінді создықтай жұтып, Бейнеш біткен, бүлінген екен деп отырсың ба? Әлде сендерге бәрін істеуге болады да, бізге тек биязы, момын, тоқты тірлік кешу ғана қалып па? Жүзіне қан ойнап шыға келді, таныс асаулық. Үндемедім. – Шаш кесіп, шалбар кимей жатқан кім бар? Арақ ішіп, шылым тарту да қыз қылығына айналып келе жатқан жоқ па? Бірақ мен біреулерге елігейін, топ қарасын көбейтейін деп жүрген жоқпын. Бәлкім, теңдікке, еркіндікке ұмтылған түрім шығар? Білмеймін, әйтеуір ішім күйіп барады. Ана оқиғаны естігеннен кейін бәрі де мені жазғырды, баяғы жындылығы деді. Басқаша ұғынуға миларына күш түсіргілері келмейді, доғал жүректері біреудің қасіретін қайдан сезінсін? Тоң жібіп, сең қозғалудың басы еді бұл. Мың құбылған жүзіне қарап отырып, Бейнештің қалай қиналатындығын, сол қиналысын елге білдірмеуге қалай тырысатындығын аңғардым. Әйелім екеуміз сөзін бөлмей, үнсіз тыңдадық. – Болар іс болды. Бірақ, ел өсіріп айта береді. Шынына келгенде, мен соншалықты жантүршігерлік жан емеспін ғой. Төлештің өзімді алдап, әлдекіммен әуейі болып жүргенін анық білмесем де, сездім. Үйге кеш келуді, ішуді шығарды. Сөзге келе бердік. Бірақ,
көңілім суыған жоқ, баяғы аңқылдаған қалпым. Бір күні, кешке, сиыр іздеп, қыр асып, шықсам, қара жолмен өтіп бара жатқан жеңіл машинада Төлешім бір қызбен құшақтасып, шалқайып отыр. Қасындағы қызды да таныдым, жаңа жылда бірге болғанбыз. Төлешпен қызметтес. Мені байқамай өте шықты. Үйге қалай келгенімді білмеймін. Төлеш түн ортасына таяу әндете оралды. Ертеңге дейін күтуге тағатым жетпеді, арада жасырын сыр барда бір сәт те болса бірге, үндемей, түк білмегенсіп отыру мен үшін азап еді. Әңгіменің ашығын сұрасам, ол мені келемеж қылып, кекетсін! «Төлеш, – дедім, – не менімен, не онымен!» Қой, – деді ол көлгірсіп, – сенен басқа сүйгенім жоқ!». Бұлтартпай, дәлелдеп бердім. Амалы құрыған ол кешірім сұрады. «Қойдым, елден ұят-тағы, татуласайық!» – деп былжырайды. «Елдің ұятының атасына нәлет! Сендей араммен енді қайтып бірге тұра алмаймын», – деп есікке беттей бергенімде, ұшып тұрып, қолымнан ұстай алды. «Елге масқара болып қала береді деп пе едің?» – деді алқынып, жағымнан бір тартты. Өмірінде ұрғаны осы, өзінше жөнге түсірем деп ойласа керек. Бұндай қорлыққа көнгенше.... Қалтамда тырнақ тегістейтін кішкентай егеуім бар еді, қолыма қалай іліккенін білмеймін, салып жібердім. Кеңірдегін баса, өкіріп далаға бір-ақ атты. Сол бойында дәрігерге жеткен ынжық неме: «Әйелім жарақаттады!» депті. Елге жайғанша, намыстан өлсейші. Есіңде ме, баяғы сенің қолыңа қаламсап тығып алғанда, сен мұғалімге айтпай қойып едің ғой. Содан бері сені ерекше сыйлаймын. Ал Төлепберді жасықтың ісі анау! Елге қарар бет қалмаса да, қаным қайнап, тағы морт сындым. Палатасына кіріп барып: «Иттің баласы, сотқа арыз беретін болсаң, өзіңді де, ашынаңды да өлтіремін», – дедім. Қорықты ма, білмеймін, әйтеуір үндемей жөніне кетті. Енді ше, олар мені алдаса, қорлап, күлсе, ал мен солардың кесірінен қамалып жатсам!? Теңдік, әділет үлесі сол ма? Кім біледі, бәлкім, менің ісім дұрыс емес шығар? Қамығып, көзіне жас алды. Өз ісінің бұрыстығын мойындау Бейнеш секілді әйел үшін тым қиын екендігін сеземін, егер жаңсақ басып, қателескенін өзін-өзі ақтауға титімдей де таяныш қалдырмай анық, айқын түсінсе, ол күйреп түсер ме еді? Бейнеш болса, әлденеге сүйенетіндей, әлі де болса бірдеңені өзінің осылай істеуге хақысы барлығына дәлел қылғысы келетін секілді. – Мен бір де бір жігітпен қыз болып қалжыңдасып көрген жоқпын, – деді Бейнеш. – Маңыма жуытпайтынмын. Бар білетінім
– Төлеш. Төрт жыл тостым. Күтуді парызға қосып, уәдесінде тұрмады деген ел сөзінен қорқып, адал болғансып қылымситын қулар құсап емес, жан-тәніммен сарыла, зарыға күттім. Маған оның өзі ғана, өзінің адал жүрегі ғана керек еді. Ал оның істегені мынау. Енді менде не қалды? Үй жоқ, күй жоқ, ел кезбенің елеусіз тіршілігі. Ешкім мені адам санатына қосып жатқан жоқ, бұрынғы таныстардың көбі теріс айналды. Ең аяғы бірге оқыған кластастарға дейін мұрын шүйіреді. Әлгі, маңқа Данагүл ше... Сол бейшара, өткенде кездесіп қалдық, менімен сызданып, зорға амандасты. Қайтесің, оның көзімен қарағанда, мен жарымес, есалаң біреумін. Ал мен оның өзін аяймын. Сырт көзге бәрі керемет-ақ. Күйеуі, үйі орнында, «Жигулиі» бар, балалы-шағалы. Бірақ, олардың шын болмысы маған белгілі. Бірін-бірі алдайды және оларын сезеді де. Әйелі қанша көкбет, долы болғанымен, күйеуі ел көзінше «гүлім» дейді, ал байы қанша сабаса да әйелі дымын шығармай, мүләйімсіп жүргені. Сөйтіп, өзінше жарасымды семьясымақ болып отыр. Елге сыйлы, сол арзан сый үшін алдап, алданып, жалтақтаған жалған күн кешіп жатыр. Жоқ, мен олардың біз құсап бүлінуін тілемеймін, бірақ ондай өмірде не қуаныш, не мән бар? Бақыт – шынайы, тұтас, адал болса ғана бақыт. Онда алдауға орын жоқ. Мен де сондай таза бақытты аңсап едім. Алдау мен қорлануға сатып алып, арзан күн кешуге көне алмадым. Мен де қоқысқа тасталған тозған шүберек емес шығармын. Масқара болсам, есемді жібермей, бірге масқара қылдым. Тіпті, мен оны тастадым емес пе? – деді Бейнеш, кенет көзінде тәкаппарлық оты ұшқындап. – Қазір облыста жұмыстамын. Оңбай сүріндім, Төлепберді сөйтті дегенге сенгім келмейді, амал не.... жер басып жүрсем, маған да біреу табылар. Енді тек, соларға ерегіскенде... Сөзінің аяғын келте қайырды. Айтылмай қалған сөз жүрегіне қуат болып құйылып жатқан тәрізді. Кеш бойы бұл жөнінде қайтып әңгіме қозғалған жоқ. Әр нәрселерді айтып, әзіл-қалжыңмен көңілді отырдық... Ертесінде Бейнеш күліп қоштасты. Бұрынғысынан да бойын тіктеп алған сияқты. Еркін басып шыға бергенінде мен оның егесіп, ерегісіп жүргенін түсіндім: алдау мен алдануға, майысқақтауға көнбеген қайсар мінезі бір жерден, өзі аңсаған, іздеген жерінен шығаратынына сендім. 1983 ж.
Әйтеуір, артық екен ғой...
Баламайдың жездесі Жаманаймен жаман ойнайтынын ел аңыз
қылатын. «Шіркін, бұндай жезде-балдыз жоқ шығар! Баламай ба-
лалық қылмай, Жаманай жамандық қылмай, қуланып, ойнап отыр-
ғандары қандай жарасады!» – деп желпіндіретін желауыздар. Тіпті
кейбіреулері: «Жаманай әйелі Балымайдан да балдызы Баламайды
жақсы көретін болуы керек», – деп жіберетін.
Бір күні Баламай жездесі Жаманайды жаман сағынып кетіп,
қоржынын қампайтып, тартып отырды. Жаманай жайылып түсіп,
қанжайлауда бір тоқтысын жайратып салды.
Екеуінің мауықтары басылып, тауықтары шақыра бастаған
кезде жездесі балдызының қоржынын сілкіледі.
– Иә, Баламай батыр, мына сыбағаны маған әкелдің бе, апаңа
әкелдің бе?
– Е-е, әрине, сізге әкелдім. Апама әкелсем, үйіп-төгіп таста-
маймын ба?
Баламай баладай мәз болғанда, Жаманай жаман боп кетті.
– Ә-ә, сыбағаның сүбелісі апамдікі, сүйек-саяғы сенікі де! Бай-
ғұсқа қалған-құтқан да жарайды дегенің ғой... Осы сен мені мен-
сінбегеніңді қашан қоясың, ә?!
Қапелімде сасып қалса да, Баламай сыр бермеді.
– Қойшы, осындай да әзіл болады екен?
– Ешқандай да әзіл емес. Қашанғы сылап-сипап, әдемі боп жү-
ре береміз. Осы.... шыныңды айтшы, кәне, сенің менен нең артық?
Осы... сен кімсің-ей сонша?!
Жаманайдың бұл сөзінен Баламай байғұс боп қалды. Жездесін
шынымен-ақ жақсы көретін, бірақ жастайынан еті үйренген, туыс-
тары құлағына құйып тастаған «жаман Жаманай», «біздей бола
алмайтын Жаманай» ұғымынан шыға алмаған басына қиын болды.
Оны жақсы көргенде де жоғарыдан жақсы көретін. «Нашарды аяу
керек, кемге ұстамау керек» дегенді жастайынан миына тоқыған
Баламай қиналғанға қол ұшын беруге, дәрменсіздің алдында кіші-
реюге бар еді. Өзінің артықшылығына көзсіз сеніп тұрып кішірейе
салу бір үлкен бақыты болатын. Ал Жаманайдың жөні бөлек, Жа-
манай жаман жігіт емес. Бірақ оны сыйлап жүрсе де:
«Мендей болу қайда-а!» – деп миығынан күліп, кейде ішінен мүсіркеп-мүсіркеп те алатын. Сол Жаманайдың: «Сенің менен нең артық?!» – деп адырайып отырысы мынау. «Мә, саған менімен теңескен!» – деп бір періп, талдырып тастағысы да келіп еді, өмірінде бірінші рет: «Осы жаман неменің күші менен көп болып жүрмесін, жамандар дүлей болады деуші еді» деген ой сумаң етіп, қолын байлады. Жаманайдан артық болмаса, Баламай несіне жер басып жүр?! Осыны айтып қала жаздаған Баламай ептеген ақылына салып, әзілге сайғанды жөн көрді. «Жамандық іздеп, жақынына жармаса кететін Жаманай емеспін ғой», – деп ішінен бір қопаңдап та қойды. Бірақ, оның сұрағына жауап бере алмай булыққанына ыза болды, шынында да: «Сенің менен нең артық? Кімсің сен?» деген қақ мандайдан сарт ете түсетін содыр сұраққа дәлдеп жауап беру де қиын ғой. «Анауым артық, мынауым артық» деп көрші мықты болсаң... Өзін ақылды санайтын, мақтаныш тұтар түгі жоқтар әдетте «ешкім де емеспін» деп құтылады ғой, «мен – пәленмін!» деп мақтаншақ атанғаннан гөрі дым болмағанды тәуір көріп. Беті қалыңдар «өзің кімсің-ей?» деп қарсы адыраңдаса, оның аяғы қып-қызыл төбелес. Қалай болғанда, осы бір кесірлі, қолайсыз сұрақтардан зорлана күліп отырған Баламай кенет жол тауып кетті. – Уай, жезде, не десең, о де, бәрібір мен сізден артықпын. Енді... Сіздің жезделеріңіз менің жездемдей емес қой. Жаманай жымың етті. – Оның рас енді, балдыз. – Олардың әйелдері де сіздің әйеліңіздей қайдан болсын, ә? Енді... Біздің апайдай әйелге жан жете ме? Өйткені тегі жақсы ғой. Сіздің бүйтіп алшаңдап жүргеніңіз де соның арқасы. – Ой, әлдеғандай қылсаң, апаңды қазір алып кет. Қызығын көріп, алатын тұқымымды алып алдым, енді маған оның керегі жоқ... – Сіз өйтіп күшене бермеңіз. Апамды әкетсем, айналайын жиендерімнің өздері де қала қоймас шешелерінен. Сосын анау итіңізбен қосылып, айға қарап ұлып отырасыз ғой.. рахаттанып. – Ойбай, мына сұмдығыңды қой, жеңілдім, балдыз. – Солай ма? Ендеше жаныңызды күтіңіз. Менің жиендерімдей бала қайда-а! Обшым, сіздің жиендеріңіз де менің жиендерімдей бола алмайды ғой, ә?! Міне, менің сізден артықшылығым осында!
Жаманай жаман риза болып кетіп, жантайды. Жадырап, жөнге көшкендерінде сырттан кірген, бұлардың дауынан хабары жоқ Балымай бүлдірді. – Айтқандайын, құтты болсын, биыл жүннен бәрінен озыпсың. Жездең шашын жұлып, жүнге қоса жаздады, – деді ол, әдемі-ақ әзілдеп. Жаманай жүн-жүн болып шыға келді. – Баламай, Балымай! Балам-ай, Балым-ай! Аттарын қарашы! Жақсы аттың бәрін өздеріне жазып қойғандай... Ең аяғы, баққан қойына дейін жақсы қойлар. Қошақандар! Жаманайдың аты да жаман, өзі де жаман. Тіпті, қойы да жаман, қойының жүні де жаман! Сонда, немене, бар жақсылық сенің тұқымыңда да, бізге жаманы қалып па? Биылғы алған жүніңді әкең егіп өсірді ме? Апалы-інілі екеуі жүдеңкіреп қалған соң, Жаманай үдеңкірей түсті. – Бұлдана берме, бауырым Баламай! Менің туыстарым да сенің туыстарың сияқты адам, артық болмаса, ешкімнен кем емес, сенде бар мал менде де бар, машина анау, дүние мынау. Так што, кеудеңді көтере берме, менен артық түгің де жоқ. Тіпті бар ғой, мен артық шығармын сенен, ә? Сенбесең, мынадан сұрайық.... Әй, екеуміздің қайсымыз артықпыз, ә? – деп Жаманай Балымайға қаһарлана қарады. – Ой, бар болғырлар-ай сол, қойыңдаршы, – деп Балымай екі оттың арасынан аман шығудың амалын іздей бастады. – Астындағы атыңа... сенбе деуші еді! – Бауырдан да бай қымбат па саған? Көрерміз! Балымай Баламайға бір, Жаманайға бір жаутаңдады. Екеуі екі жағынан ентелеп, әкетіп барады. – Ойпырмай, ойындардың қызық екен сендердің! – Жоқ-жоқ! Ойнап тұрған ешкім жоқ. Айт, айт! Шыныңды айт! – деп гүжілдеді жезделі-балдызды екеуі. – Енді.... Бірің оң қолым, бірің сол қолым емессіңдер ме? – деді сасқанынан Балымай. – Е, бәсе! Әрине, біз оң қолымыз ғой, енді.... – деп Баламай шалқайды. – Ол қай жақтан қарағанға байланысты. Сіздің жақтан қарасақ, сіз оң қолсыз, біздің жақтан қарасақ, біз оң қолмыз да, сіз бар болғаны сол қолсыз. Вот так!
Баламай тағы байғұс болып қалды. Жаманайдың жағы деген де
жақ бар екен ғой! Ойлап қараса, оның айтып тұрғанының бәрі рас.
Өз басын батпандай бұлдаса да, Жаманайдан мысқалдай артық-
шылығы жоқ екен. Сонда бұны одан артық қып келген не нәрсе?
Басы қатқан Баламай: «Жездеке-ай, мен сені бұрынғыдан да жақсы
көріп кетейін, тек қана теңескеніңді қойшы. Кішкене кем болшы,
кеммін деші!» – деп жалынуға шақ қалды. «Жо-жоқ, мүмкін емес,
басқа-басқа, тап осымен тең болуым мүмкін емес, – деп жанталаса
жұбатты өзін-өзі. – Бәрібір артықпын жаман Жаманайдан! Біздей
болу қайда оған!»
Екеуі қоңырайып, екі жаққа қисайған соң, Балымай тең право-
лылық туралы әңгіме қозғап, одан «сыйластыққа не жетсінге» ой-
ысып, «дүниенің қызығы – сіз-біз», – деп нақылдап, «сол үшін», –
деп екеуін ептеп жібіткендей болды. Әбден шаршаған Жаманай
теңдік жөнінде мысал әңгіме айтып отырып, ұйықтап кетті. Жама-
най жүруге жарамай қалғанда өзінің былқ етпегенін де көңіліне
тоқ санаған Баламай аттануға бел буды. Етігін әрі-бері тартқылап,
жер тепкілеп, күшке салса да аяғы еркін сыймады. Аң-таң болған
Баламай етікті зорға шешіп, айналдыра қарады. Сөйтсе, аяғы аяқ
астынан жаңылысып, Жаманайдың етігіне қойып кетіпті. Етікті
біраз айналдырып отырғаннан кейін ғана Баламайдың айналыңқы-
рап тұрған басына керемет бір ой келіп жетті. Ау, сонда жаңағы
жағаласқан жаман неменің етігіне бұның балтыры да батпайды
екен ғой!
– Балым-айым, Жаман байыңыз нешінші размер киеді? –
деп мейірлене сұрады ол. Інісі жадыраған соң Балымай да жайнап
кетті.
– Қырық екі киеді ғой бұл лағанат!
– Лағанат деген аузыңнан айналайын! Баламайдың көңілі бо-
саңқырады. – Е-е, бәсе! Жа-рай-ды! Ал мына балуан бауырыңыз
нешінші размер киеді, ә? Қырық үш, тіпті қалың байпақпен қырық
төрт, қырық бес киеді!
Солай! Қайда-а оған, мендей болу! Е-е, бәсе, бәсе! Солай де-
гейсің оған...
Балымай қойқаңдаған інісін қолтықтап аттандырып салды. Ба-
ламай балқып, аяғына сүйсіне қарай-қарай балпайып, дәл ауыл
іргесіне жеткенде, кенеттен аяғын сүйгісі келіп кетті. «Жаманай-
дан артық қылған жаман аяғым-ай!» – деп, оң аяғын үзеңгіден шы-
ғарып, баппен көтеріп алды. Аяғы аузына жете қоймаған соң, қо-
лымен демеп, иіліп, ақыры жусан иісті етігін сүюін сүйіп алды-ау!
Бірақ, мас жігітті құлатпайтын көн тақым босаған соң, амал не,
«айналдым, аяғымнан...» деп әндете бергенде, собалаңдап құлап
түсті. Ат үрке тартқанда, Баламайдың бақандай аяғы үзеңгіден
шықпай, сүйретіліп кете барды. Ат шоқыта жөнелгенде-ақ от жар-
қылдаған көзіне жымиған Жаманай жездесі елестеп, қаны қайна-
ды. «Боқ басында өлдім-ау!» деп қорланып, әлгінде аялай сүйген
аяғын аямай боқтап, жанталаса жұлқынғанда жаны көзіне көрінді.
Әйтеуір, аяғы сыпырылып шығып, шаңға аунап қала берді...
Үріккен ат ауылға бір-ақ тартты. Ат иесіз келгеннен сақтасын,
Баламайдың үй-іші у-шу болды. Жұрт лезде дүрк көтеріліп, ша-
буылдап жүріп, шалажансар Баламайды тауып алды...
Ауруханада есін жиған Баламай аман қалғанынына тәуба қыл-
ды. Шығып кеткен аяғын орнына салып, әп-әдемі ғып орап қойып-
ты. Соған қарап, өткендегісі ойына түсіп, ұялыңқырап жатқанында
Жаманай жездесі келді.
– Ауырмасам ғой, іздемес едің, – деп Баламай ойнағансып өкпе
айтты.
– Енді... туыстың қадірі осындайда ғой. Жаманай да жүріп үй-
ренген жолынан жаңылмады. – Бір ажалдан қалдың-ау әйтеуір.
Құдай сақтаған! Өзің де байқап жүрсеңші, балдыз. Әліңе қарамай,
атқа мініп нең бар? Жата кетпейсің бе біз құсап?! Жарайды, бас
дәрігермен өзім сөйлестім, сенің мас болғаныңды жасырып, мал
іздеп жүріп мертікті деп жазып беретін болды. Саспа, ол біздің
туыс!
Көңілі орнына түскенімен, жездесінің үстем сөйлегеніне қиты-
ға қалған Баламай салқын ғана рахмет айтты. «Қамқорсуын, – деді
ішінен. – Құлан құдыққа құласа.... дегендей».
– Ой, балдыз, несін айтасың, андағы бақандай аяғың қылды
ғой қылмақшыны. Біздікіндей бойға шақ болса, үзеңгіден сразым
шығып кетер еді, – деп қалжыңдады жездесі.
– Еркектің аяғы осындай болу керек қой! – деп, Баламай аяғы-
на бір қарап қойды.
– Мынаның қасында сенің аяғың аяқ па? – деп күлді Жаманай,
бұрыштағы кереуетте керіліп ұйықтап жатқан дәу сары орысты
нұсқап.
– Е-е..... бұныкі тым өрескел бір нәрсе ғой. Ал біздікі нағыздың
өзі емес пе?!
Жеңсік бермеген Баламай ішінен: «Онда нем бар? Сенен артық
болсам, жетеді маған!» – деп ойлап, батпансып, төбеге қарады.
Жаманай жымиып, Баламайдың басынан сипады.
1991 ж.
Қысқартыңдар!
Қазақта бұрын қысқарған сөз болды ма, жоқ па? Аталарымыз-
дың хат танымаған қараңғы кезінде болмаса, бергі екі мыңжыл-
дықта ондайдан аман сияқты. Тас кітаптарда да Білге қаған, Тоны-
көк, Күлтегін деп әп-әдемі ғып ойып жазған ғой, БҚ, ТК, КТ деп
тақ-тұқ етпей. Ал енді қазір ептеп-ептеп көбейіп келе жатыр – ел
болған соң өзінің егеменді қысқарған сөзі болуы керек қой. Бұрын
қысқарған сөздер халықаралық немесе орысша күйінде қоңыр қо-
зылардың ішіндегі өгіздей боп, көзге оғаш көрініп тұрушы еді, зы-
ғырданыңды қайнатып. Қазір қандай тамаша, қысқарған сөздерді
қазақшалап кеп жіберіп едік, қазақ тілінің тарихи есесі қайтып,
басқа тілдермен терезесі теңелді де қалды. Мәселен, ВДНХ-ны,
кәдімгі выставканы, ХШЖК дейтін болдық, әйтеуір халық шаруа-
шылығының көрмесі болғасын, шұжыққа үндестірген түріміз ғой.
Бірақ, көрмесінде де, пермесінде де шұжық жоқ, оны да қысқартып
жіберген сияқты. «Қызық-ай, қызық-ай, бір табақ шұжық-ай» деп,
қазір мына-а-а-дай шұжық берсең, қазақ түгілі басқалар да
ХШЖК, ХШЖК деп, шыжбаң-шыжбаң етер еді, шұжығы біткен-
ше. Әр айтқанға шұжықтан бір тістетіп тұрсақ, ХШЖК халықара-
лық термин болып кетуі ғажап емес. Бәріміз митингіге шығып,
үкіметтен ХШЖК-ні тілімізге сіңіру үшін арнайы шұжық шаруа-
шылығын ашуды талап етейік.
Сіңу демекші, МИД-ті СІМ деп, сутегін сіміріп салуымыз әб-
ден мүмкін екен. Сыртқы істер министрлігіне СІМ болып, сымдай
тартылып тұрған жарасады ғой, иә. Кетем дегенді кетірмей, келем
дегенді келтірмей, сыммен байлаған СІМ-ге ұйқастырып, ыммен
байлаған МВД-ны ІІМ деп алсақ, тіпті қатып кетеді. Ішкі істер ми-
нистрлігі – ІІМ! Імм! Үндемей індете бер! Ім-м! Қылқылдасаң да –
і-ім, ыңқылдасаң да – ім-м, тың тыңдасаң да – ім-м, жыртыңдасаң
да – ім-м, құр-құрласаң да – ім-м, құрт ұрласаң да ім-м, сылпылдасаң да – ім-м, сылқылдасаң да – ім-м! Қысқасы, ім-мнің аты – ІІМ! Ішкі істер министрлігі... қырғызша айтқанда... Жо-жоқ, министрлік ішкіштердікі емес енді, ішкіштермен күресетін министрлік дегені ғой. Міне, көрдіңіз бе, сөйлесең, сөз көбейе береді, сондықтан ең дұрысы – ІІМ! Бұның қасында НКВД-ІІХК болып ыңқылдап, ЦРУОББ, ФБР-ФББ болып быдыңдап, КГБ – МҚК болып мылқиып қала бермек. Тіпті, МҚК – мылқау қылатын комитет, мемлекетке қарсы комитет дегенге де келе береді екен. Бірақ, бәрінен тамашасы – ООН-ның БҰҰ боп шыға келгені. Біреулер: «БҰҰ деген біртүрлі ғой, бұзау құсап...» – деп бүлкілдесе де, өзім бұрын ООН – ол боп алыс тұрған ООН-ды БҰҰ – бұл ғып жақындатып алғанымызға қазақ елі Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғаннан жаман қуандым. Әңгіме атында ғой... Сіздер байқадыңыздар ма, қысқарған сөздердің мағыналары заманымыздың өзгерістерін дәл бейнелейді. Алмас қылыштай ысқырып, кесіп түсетін КПСС созылыңқы СОКП-ға айналды. ТАСС СОТА болды. Алпамыс батыр жырында: Буырқанды, бұрсанды, Мұздай темір құрсанды, Мойнындағы сотамен Әрқайсысын басқа ұрды, Тұра алмастай тас қылды, Бір ұрғанды көтермей, Бесеуі де мырзаның Жанын хаққа тапсырды! – деуші еді. Бұрын КПСС ТАСС-пен тас қылатын болса, енді СОКП СОТА-мен соғады дегені ғой. Одан да береке таппай, СОКП КОКП-ға айналды, бірақ СОТА-ны неге КОТА демегеніне таңмын. СОКП – КОКП болғанда, СОТА – КОТА болуға тиіс еді, амал не, КПСС болып көпірген, СОКП болып секірген партиямыз КОКП болып кетілді де қалды – ТЖМК жетті түбіне. ТЖМК – төтенше жағдай жөніндегі комитеттен гөрі, «тыныш жүрмей ме екен?» деген сөзге жақын-ау, ә? ГКЧП дегеніңіздің өзі «государственный комитет чистого предательства» емес пе? Бірақ, ТЖМК – ГКЧП-ның көңіліне келмесін, екі тілде де ең әдемі қысқарған сөз – США – АҚШ! США – САША деген сияқты... О жақта да Сашалар баршылық көрінеді ғой. Және США да,
Саша да өзгелерді сондай өзімсініп, олардың байлығы мен жерсуын өзінікі екен деп қалады көбінесе. Кім білсін, солар, бәлкім, ұлы шығар, Ұлы ғып тұрған қол мен тілі шығар, Біреудің жерін бөлу ұлылықтың Бір жаңа, біз білмейтін түрі шығар! Ал енді АҚШ-қа құлағымыз үйренгені сондай – Ақыш атамыздың адасындай көреміз. Баяғыда Ақышев деген құрдасымды «әмрикәніс» деп қағытып, ол «мен немене, шпионмын ба сонда?» деп тулап, екеуміз төбелесіп те қалғанбыз. АҚШ-тың атына заты әбден сай-ақ іш, атыс, ақша дегендей. Ал, біздікін қазақшаласаң, біртүрлі сүмірейеді де қалады. Қарашы міне, СХИ боп сықиып-ақ тұрған ауыл шаруашылығы институты АШИ боп, ашығып, ашыды да кетті. АШИ-ға аузын ашып күлген ЖенПИ-ді әнеугүні бір жынды: «ӘйПИ дейміз бе, ҚатПИ дейміз бе?» деп қарап отыр. ҚПИ деп құнтитып жібердім. Гуілдеп тұрған КазГУ, МГУ-ларың ҚазМУ, ММУ боп мөңіреп кеткенде, бұлар еңіреп кетпей қайтсін?! Бірақ, АГМИ-дің жанында бұлардың халі жап-жақсы – Алматы мемлекеттік медицина институтын қазақша қысқартып айтқан кісіні сол институтқа апарып, миын тексерту керек. Тексерілгіңіз келе ме? Өзіңіз біліңіз... Бірақ, мұндай бірен-саран өрескелдіктерге бола өрісімізді тарылтып, өсіп-өркендемей отырамыз ба? Баяғыда бір оқымысты құрдасымнан естіп едім, дамыған елдердің тілі өсіп-өркендеген сайын өз-өзінен қысқара береді деген құнды пікірді. «Мына құнды пікірің тарматтан, яғни тарихи материализмнен сабақ берген бір ағамыздың» ұлтттар дамып-дамып, кеми береді!» деген кемеңгер сөзі сияқты жынды пікір екен!» – дегенімде, оқымысты құрдасым өкпелеп: «Тарматтың тықыры мен салмақты пікір бір емес. Тіл заңы бойынша сөздің алғашқы буындары ғана айтылып, аяқ жағы түсіп қалады... кесірткенің құйрығы құсап. Озық елдердің тілі дамып жатыр сөйтіп. Артта қалған біз ғана!» – деп, түнімен тілін салақтатып қоймағасын, таң ата «түсіндім» деп зорға құтылғанмын. Ол заң бойынша, «Тамашаны» «там», «Тамашаның билетін» «тамби» деуіміз керек. «Тамашаға билет бар ма?» деп аузыңды ауыртып жатқанша, «Тамби» десең, шынында да тамаша болады. «Түнеугүні «Тамашаға» барып, ойхой, оңды болды, несін айтасың!» деп есіп отырғанша, «Тамбо!» деп тесіп отырсаң қатып кетеді.
Шынында да ғажап қой, ә-Тамбо! Иә, артта қалған елдердің тілі ұзын, сөзі көп екенін күнде көріп жүрміз ғой. Озық ел болу үшін бізге ең алдымен сөзді қысқарту керек! Сессия, съездерден бастап, тойдағы тостқа дейін қысқартқан жөн. Депутаттың өзін ДЕП деген дұрыс – дейді, дей береді, деп тұр дегенге кеп тұр ғой. Тіпті, қысқарған сөздің өзін ҚС деп қысқартқан дұрыс. Бәріміз де ҚС-мен сөйлеп, газет-журналдар ҚС-мен шығып, жазушылар ҚС-мен жазып, тіпті, ақындар да ҚС-мен айтыссын! Оларға ҚС-ның сыйлығын тағайындап, оны ҚСАС – қысқарған сөз атындағы сыйлық деп атауға тиіспіз. Әне, солай, «әй дейтін әже жоқ, қой дейтін қожа жоқ», бәрін бас сап, түк қоймай қысқарта беріңдер – бір жаққа бұрылғасын мойның қайырылып қалса да ақырына дейін бұрылу керек қой. ҚС-ның сөздігін шығарып, ҚС-ны кәдімгі қазақ сөзіне аударатын тілмаштар дайындауға тиіспіз, кез-келген қазақ түсіне берсе, қазақ тілінің қадірі бола ма? Дүниежүзі де бізбен бүкіл халықаралық ҚС-ны, терминдерді қазақшалап алсақ қана санасады, БҰҰ-ның жанынан біздің қысқарған сөздерімізді қайтадан аударып, түсіндіріп отыратын тұтас бөлім ашылады. Әнеки, ойна ҚСмен! Жасасын ҚС! Қысқарған сөз үшін жан пида! Қысқартыңдар, әй!!! «Көкшетау» газеті, 1991 ж.
Қаластерен
Жайлаудағы қойшының үйіне қалада оқитын кіші баласы дос-
тарымен келе қалсын. Достары – бірге оқитын қаланың балалары –
екі қыз, бір жігіт. Ата-анасы жаны қалмай қуанып, жеңгелері дас-
тарқан жасап, алдарына барын қойып, бәйек болып-ақ жатыр.
Дәмнен алар-алмастан:
– Сары май зиян! Холестерин! – деп, күңк ете қалды, өзі де са-
ры майдай сап-сары, инеліктей қыз, ауада қалқып тұрғандай үлбі-
реп.
– Қаймақ тым майлы! Холестерин! – деді бидай өңді биязы
қыз, самалмен тербелген селеудей толқып.
– Бауырсақ майға қуырылған! Хо-лес-те-рин – сол! – деп, до-
ре-ми-фа-сольдатып өтті, тарамыстай тартылған сіңір қара жігіт.
Қариялар қалалықтардың қағытпасын қақпай қалды әуелде. Екі иінінен дем алған самауырды ызылдатып ап келген жеңгей қоюлап шай құя бастады. – Сүт қатқан қою шай бауырға қатерлі! Хо-лес-те-рин! – деп, инеліктей қыз изеңдеп қалды.. – Қаймағы алынбаған сүттің айраны да зиянды! Хо-лес-те-рин! – деді, бидай өңді биязы қыз бозарыңқырап. – Не дейді, Қалдан Серен дей ме?! – деп құлағының мүкісі бар қария кемпірінен сұрады. – Жоға! Алас перің, алас перің... бізді перінің салқынынан аластаңдар дейді білем! – деп, шалынан гөрі саққұлақтау кемпірі жобалап қойды. – Қалада не бәле жоқ дейсің, байғұс балдарға бірдеменің шалығы тимей қойсын ба!? Аластасам аластап берейін соңыра отпен! Оған дейін қымыз ішіп, әлденіп алыңдар! – Қымыз асқазандағы қышқылды көбейтіп, жүректі қыжылдатады! – дегенде, тарамыс қараның қара мыс қабағы қарс жабылып, қайтып ашылмай қалды. «Достарымның көңілін таппадыңдар-ау!» – дегендей, шалдың баласы аға-жеңгесіне алара бір қарап қойды. Қонақтарының тамаққа зауқы жоқ екенін сонда байқаған үй иелері қысылуға айналды. – Алыңдар! Алыңдар, айналайындар! – десті, кемпір-шал қалбалақтап. – Даланың нағыз табиғи таза дәмі! – деп, жеңгесі теледидар көретіндігін аңғартып, жарнама тілімен бір жар салып қойды. – Екалагишески шистый продокты! Без нитраты, без гармоны! – деді, ағасы әйелінен де сауаттырақ екенін аңғартып. Қонақтар құрт пен ірімшіктен ғана ептеп ауыз тиіп, бір-екі кесе қара шаймен тоқтады. – Суымыз бұлақтың суы, денсаулыққа өте пайдалы! – деді, басқа амалы құрыған жеңгей сенімсіздеу жымиып. Меймандар бірекі ұрттап көріп, тамсанған болды. Әне-міне дегенше, буы бұрқырап бір табақ ет келді. Қой сойған екен. Жылқының сүр қазысын, қақталған қартасын қосып асқан. Жастар жылан көргендей жиырылды. – Семіз ет зиян! Холестерин! – Әсіресе, қойдың еті аса қауіпті! Холестерин!
– Сүр ет дегенің тіпті жаман! Сүрленген холестерин супер
қауіпті!
– Мына қақталған қартаның дәмін көріңдерші! Капшоный! –
деді, ет турап отырған ағасы, тіпті болмағасын.
– Капшоный етті мүлде жеуге болмайды – қақталған холесте-
рин қан тамырлардың қабырғасына қатып қалады! Бүкіл диетолог-
тар солай деп жатса да, біздің қазақтар әлі күнге жеп жатыр!
Ойпырмай, содан не керек, селтиген жас меймандар аталары-
мыздың сан-ғасырлық ас-суын қас-қағымда жоққа шығарды да
берді!
Амалы құрыған үй иелері ұялғанынан сабыр сақтап, үндемей
шыдап бақты.
Содан, кешке кемпір-шал көрші ауылға тойға кетсін. Үйде өз-
дері ғана қалғасын, манадан қаны қайнап, әрең отырған ағасы,
жастар далаға қыдыруға кеткенде, әйеліне үйдегі бүкіл тамақты
тықтырып тастады.
Дала кезіп, атқа мініп, қарындары ашып келген жастарға жең-
гей құр қара шай берді.
Біраздан соң жастар шыдай алмай:
– Тамақ бар ма? – деп сұрады.
– Ойбай, сендер бәрі зиян, қаластерен дегесін, бүкіл тамақты
итке бердік! Қаластереннен аман-сауымызда құтылайық деп... Иә,
ойнап, күліп отырып ішкен қара суға не жетсін! Бұлақтың суы
денсаулыққа пайдалы! Бойларың бір тазарып қалатын болды, таза
ауада серуендей беріңдер! – деді ағасы, беті бүлк етпей.
Түнде аштан-аш жатқан қалалықтардың түсіне хот-дог, донер-
кебаб, гамбургер, чизбургер, чипсы-мипсы, көпкөрім поп-корн кі-
ріп шықты. Барып ала қояйын десе, жайлауға жайма базар қайдан
келсін!
Таңертең жеңгей тағы да бір самауыр бұлақтың суын әкеп
қойды ортаға.
Түсте тағы сол...
Кешеден бері нәр сызбаған жастар бір табақ таза қаластерен
берсе де жалмап қоярдай болып, әрең отыр. Инеліктей қыздың
қылдырықтай белі бұраудай бұратылып, ботадай көзі бұлдырық-
тай бұлдырап-ақ қалыпты. Бидай өңді биязы қыз бидайықтай май-
ысып, сабағынан үзіліп кетуге шақ тұр. Тарамыс қара жігіт әбден
ширатылып, соңғы сіңіріне ілінген-ақ сыңайлы.
Ақыры, кешке қарай кемпір-шал келіп жетті-ау! Тойдан сар-
қыт деп, бауырсақ, семіз қойдың жамбасы мен сүбесін әкелген
екен. Жастар қуанып, енді алдарына ала бергенде, ағасы: – Жоқ,
ойбай, жемеңдер! Қаластерен! Алас перен! Итке берейін! – деп ала
жөнелмек болды. Аштықтан шегі шұрылдап отырған інісі одан
бұрын бас салып, турай бастады. Апасы қаймақ, май, айран, қымыз
әкеп қойды дастарқанға. Ал, соқты келіп қалалықтар қаластеренді!
Опыра асап, жапыра жеді. Жігіттерді қойшы, екі қыз өкіртті.
Шидей болып, қай жеріне кетіп жатыр десейші!
Инеліктей сары қыздың екі бүйірі бүйтіп... бұлтиып-бұлтиып
шығып кетті, құдды екі әңгелек қауын тығып қойғандай... Бидай
өңді биязы қыз биязылықты ұмытып, қойдың сүбесін пияз қосып
соққанда, үстелдің үсті сияз түскендей болды ғой, несін айтасың.
Тарамыс қара нағыз аждаһаның өзі екен, алдына келгенін шайна-
май жұта береді. Қойдың бір-екі қалың қабырғасы оның арандай
аузына кіргендей болып еді, содан қайтып көрінбей кетті ғой!
– Әй, балдар, байқаңдар қаластеренді! – деп қояды ағасы.
– Қымыз ішіңдер, мың да бір ем! – дейді, жеңгей жымың-
жымың етіп.
Жастардың сөйлеуге шамалары жоқ, пышылдап жеп жатыр.
Ағайдың жағасы жайлауда. Әндетіп қояды.
– Қала істеген нәрседе қаластерен,
Қағынды-соғындыдан алас дер ем,
Атам қазақ білген ғой ас қадірін,
Жасанды тамақтарды дала ішпеген,
Дәмімен, шақтап ішсең, пайдасы мол,
Табиғи ас-суменен жарас дер ем!
Айхай-ау, айхай, қаластерен, қаластерен! Алас перен, алас пе-
рен!
5.09.2015 ж. – 27.02.2016 ж.
КИНОПОВЕСТЕР
Ән мен анаша
(Музыкалық лирокомедия)
Табиғат аясындағы ән
Жаздың шуақты күні. Көкшетау, Бурабайды аралап салт атты
Саян ән салып келе жатыр. Әсем киінген – шапан, қалпағы жара-
сымды.
Көкшеде көлдің бетінде
Көк толқын ойнап құбылып,
Кемерлі жардың шетінде
Өмірден тұрсаң түңіліп,
Тұп-тұнық Көкше көркінен
Мұздаған жүрек жылынып,
Қуат ап елге қайтарсың,
Дүние сырын ұғынып!
Қайырмасы:
Ай, ай, Көкше, ай, Көкше,
Көгілдірім күн Көкше,
Ай, күнім деп әлемді
Аялайық тіл жетсе,
Ай, ай, Көкше, ай Көкше!!!
Көгінде қалқып қыраны,
Шыңында шуақ күлімдеп,
Жұпармен желпіп самалы
Айдында қыздар дірілдеп,
Тыныштық тербеп орманды,
Мөп-мөлдір күйге бөленбек,
Жаңғырып сен де жырлайсың
Сәбидей жаның уілдеп!!!
Қайырмасы:
Ән шырқап, туған жерге деген махаббат, әсемдік, сұлулық се-
зіміне бөленген, ниеті таза, ойы биік әнші Саян Көкшетаудың
Жұмбақтас, Оқжетпес, көл, орман, қарағай, қайың, Абылай алаңы,
Кенесары үңгірі, Ақылбай асуы, Бурабай, Бөлек тау сияқты тама-
ша жерлерін аралап шығады.
Бір топ адам Саянмен суретке түседі.
Шетен қалпақты, шортик киген шетелдік: О-о! Молодцы каза-
хи! И в космос слетали, и коня не забыли!
Айдай ару
Саян жолдың ортасымен аяңдап келе жатқанда артынан безіл-
детіп сигнал беріледі. Бұрылып қараса, әдемі «Джип» мінген
Айым.
Айым: Э-эй, пещерный человек! Пропусти, пожалуйста, в
светлое будущее... в мир цивилизованный!
Саян: Неменеге асығамыз?! Осының өзі керемет емес пе?!
Айым: Ой, какой ты смешной! Я думала, предки с небес спус-
тились.
Екеуі күліп, жарысады. Әуелі Айым Саянды оздырыңқырап
алып, артынан зу-у етіп өте шығады. Терезеден қолын бұлғайды.
Айым: Хорошо поешь, допотопный джигит – друг динозавров!
Прощай милое прошлое!
Ат пен сержант
Тау-тастың, ағаштың арасында МАИ қызметкері, сержант өт-
кен-кеткенді аңдып, жасырынып жүр. Қолында таяғы. Салт атты
Саянды көріп қуанып, секіреді. Тоқтатады. Атты айнала қарайды.
Сержант: Прабаңды әкел!
Саян: Қайдағы праба?
Сержант: Өй, сен өзің Кенесары ханның үңгірінен шыққаннан
саумысың? Көлік жүргізуге хақысы бар деген куәлік!
Саян: А-а! Атқа мінудің де оқуын ашып па едіңіздер?
Сержант: Не-е?
Саян: Жүретін мен емес, ат қой! Демек, жолда жүру тәртібін де
ат білсе жетіп жатыр. Міне, көзіне қараңызшы... Аталарымыз да-
ланы атпен қорғап, тарихын аттың тұяғымен жазып кеткен, сон-
дықтан тәуелсіз қазақ мемлекетінің қай түкпірінде де ешкімнен
рұқсат сұрамай-ақ, емін-еркін жүруге аттың мәңгілік хақысы бар
деп тұрған жоқ па?!
Сержант (аттың көзіне бадырая қарап, айналып кетеді): – Жә!
Бұл курортты аймақ! Экология!
Саян: Ат – экологический чистый транспорт! Қайта курортқа
табиғи қуат береді!
Сержант: Ал егер айналасын бүлдірсе ше?
Саян: Жоға! Аттың іші кейбір кісілердің ішінен де таза!
Сержант: Қап! Мен сені ат-матыңмен қамай қояйын...
Саян: Қамай алмайсыз! Өйткені маған бұл атты генерал Әубә-
кіровтың өзі берген!
Сержант: Генерал Әубәкіров?! Не үшін!
Саян: Тойында ән салғаным үшін! (Шүу, деп, жүре береді).
Сержант: Ух, ты! (Честь береді).
Жігіт пен джип
Саян ілгері жүреді. Бір бұрылыста тұрған Айымды көреді.
Айым (ойнақы ашумен): Не знаю что случилось? Кажется ак-
кумулятор сел!
Саян: Әдемі қыздың ашуланғанына дейін әдемі (Ат үстінде сәл
еңкейіп, терезе темірінен ұстап, машинаны алға қарай сүйреп, тар-
тады). Көрдің бе, бәрібір қазақтардың атсыз күні жоқ! (Машина от
алады).
Айым: Меня зовут Аим! А кто ты, Кокшетауский ковбой?!
Саян: Я, вольный певец великой степи, потомок могучих ба-
тыров-кочевников – Саян! Сұлу қызға джиптен де жігіт артық!
Айым: В джигите не нуждаюсь! А вот джип мне просто необ-
ходим! Покатаюсь пока! Чао-о!
Саян: Сао-оо-у... бол!
Тасқа шыққан самурай
Айым орманға кіріп, аралап, гүл теріп жүреді. Бір кезде бір
ысылдаған дыбыстан шошынып, жан-жағына қарайды. Жартастың
үстінде малдас құрып, медитация жасап, шығысша киінген Боран-
ғұл отыр. Көзі жұмулы, өзімен-өзі.
Айым: Эй, болван! Ты че, уснул? Эй, ты истукан!
Боранғұл селт етпейді. Айым бір түп жусанмен Боранғұлдың
бет-жүзін қытықтап, мазақтайды. Мұрнына тақап қытықтап тұр-
ғанда, Боранғұл қатты түшкіріп жібереді. Айым жартастан бір-ақ
ырғып, машинасына дейін зытады.
Айым: Ну, погоди, самурай самозванный! – деп, бұртиып жү-
ріп кетеді.
Қазы-қарта мен каратэ
Саян Боранғұлдың қасына келеді.
Саян: Оу, таутеке боп кетсең де тастан түсетін уағың болды.
Қақиып қытай болмайсың, жалпиып жапон болмайсың! Кел, одан
да қазақша қарын тойғызып алайық! Міне, тойдың сарқыты. (Па-
кетті көрсетеді, Боранғұл селт етпейді). Оу, Боронаго, Боранғұл!
Боронаго! (Боранғұл қозғалмайды).
Саян пакетті тастың үстіне қойып кетеді. Боранғұл жан-
жағына ұрлана қарайды. Қолын созады, жетпейді. Еңкейеді, жет-
пейді. Еңбектеп барып тамақты алады. Қазы-қартадан бәкісімен
бір тіліп, аузына салып, бөтелкедегі қымызды стақанға құйып іше
бергенде, Саян кеп қалады.
Саян: Қалай... Қымыз бен қазы-қарта против каратэ қалай екен? – деп күледі. Боранғұл: О-о, мате, мате, ма-а-ақұл, мате-мате, ма-а-құл! – деп, қарбытып жатып, басын шұлғиды. Саян: Сен мына түріңмен менің атымды да тірідей жеп қоятын шығарсың, ә? Боранғұл: Дабай, атты сатайық та, ақшасына клип түсірейік! А-а? Әндерің көпке тарап кетсе, ақшаның астында қалмаймыз ба? А-а? (Саян үнсіз атқа қарай жүреді. Боранғұл екі жағына кезек шығып, жүгіре басып сөйлеп келеді). Содан кейін мені Жапонияға жарысқа жіберсең... мен чемпион болып келсем... көп ақша әкелер едім... Сонда бәрі де болмай ма? А-а? (Саян үнсіз күрсінеді). Күрсінсең де, күрсінбесең де сол – қалай өмір сүреміз, қайтіп күн көреміз деген мәңгілік сұрақтан Көкшетаудың көгіне шығып кетсең де, Кенесарының үңгіріне кіріп кетсең де құтыла алмаймын! Дабай, ойлан! Саян үндемей атына қарай жүреді, Боранғұл бірге кетеді.
Қазанат пен контейнер Аттылы Саян мен жаяу желген Боранғұлды бір машина қуып жетіп тоқтайды. Кәсіпкер түседі. Сақа кісі, түр-тұлғасынан бай екені көрініп тұр. Кәсіпкер (Саянға): Уай, ерің, жарайсың! Қазақтың жігіті қазақтың жерінде қазақтың шапанын киіп, қазақтың атын мініп, қазақтың әнін шырқап емін-еркін жүргені қандай тамаша! А-а, бірақ... бар бәле осы бірақтан басталады... а-а бірақ... қалаға барған соң не істемексің, ә? Атыңды тас қалада бағанаға байлайсың ба? Балконда бағасың ба? Одан да ақылға кел, аптығыңды бас! Атыңды маған сат! Саян: Атай көрмеңіз ағасы! Бұл атты маған бір үлкен кісілер сыйға тартты! Бұрынғының сал-серілері тіріліп келгендей болсыншы, жүр осылай ән салып, – деді. Боранғұл (киіп кетіп): Дәкөй кісілер бірдеме білетін шығар. Кәсіпкер: Біледі... иә... А-а, бірақ, сонда не, дө-ө-өкей кісілер айтты екен деп өмір бойы өстіп жүрмексің бе? Нағыз сал-серілік баяғы көшпенділер заманымен бірге көшіп кеткен. Қазіргі капита-
листік нұсқасы мүлде басқа! Бұл атты маған бер. Бәйгеге қосып,
қызығын көрейін. Бәрібір сен бабын таба алмайсың, атқора түгілі
жеке баспанаң да жоқ шығар-ау!
Боранғұл: Тіпті итқорамыз да жоқ.
Кәсіпкер: Онда бартер жасайық. Атты маған беріңдер, мен
сендерге Көкшетаудың базарындағы бес тонналық контейнерімді
ішіндегі дүние-мүлкімен бір-ақ берейін! Кел, негля – баш на баш!
(Кәсіпкер Боранғұлмен қол алысады. Үнсіз тұрған Саянға): Кел
шырағым, кел, үлкен кісінің ұсынған қолын қайтарма, несібеңнен
қашпа! – деп, қоярда қоймай қолын алады.
Саян атымен қимай-қимай үнсіз қоштасады. Кәсіпкердің шо-
пыры аттың тізгінін ұстайды. Саян машинаға отыра бергенде тау-
тастың, қарағайлы-қайыңды орманның ортасында жалғыз ат шыр-
қырай кісінеп, көзі мөлдіреп қала береді.
Бастыққа хат
Қанбазар. Киім-кешек, азық-түлік сатып қыбырлап жатқан
жұрт. Ала «Москвичпен» Керейбай мен гүл ұстаған Мейіргүл кеп
түседі. Машинадан түскенде Керейбай ала «Москвичін» ризашы-
лықпен алақанымен қағып-қағып қояды.
Керейбай: Мен ақын болсам, ескі «Москвич», «Жигули» мен
«Белорус» трәктіріне өлең шығарар едім. Нарық заманында ха-
лыққа нақты пайдасы тигені үшін!
Керейбай базарды аралап жүріп, саудагерлерге сөйлейді.
Керейбай: Қазір жаңа бастық келеді. Сымдай тартылып, қол
бұлғап сәлем берейік. Үсті-басымызды үкілеп-сүкілеп, жарқырап
тұрайық. Алда-жалда хал-жағдай сұрай қалса, бір-ақ сөз – бәрі
жақсы, керемет, тамаша!
Саудагерлер абыр-сабыр. Үлкен қақпаның алдында гүл шоғын
ұстаған Мейіргүл салтанатпен тосып тұр. Сағатына қарағыштап,
тықыршып жүрген Керейбайдың қасына жұпынылау киінген бір
елеусіздеу кісі келіп тұрады.
Керейбай (оған қарап): Бұл бастық деген шіркіндерің өстіп ке-
шігіп жүргендері қашан көрсең. Уағымен келіп, уағымен кеткен
кісі қандай жақсы, ә? Солай ма, солай емес пе? Қане, шыныңды
айтшы, бұл жерде бөтен ешкім жоқ қой.
Бейтаныс: Енді... ол былай не... жұмысбасты кісілер... уақыттың ыңғайына қарайтын шығар... үлгіре бермейтін шығар... Керейбай: Өй, сен де оттап кеттің ғой. Баршы өзің, базардың сәнін кетірмей. Қазір басекең келгенде, көзіне көрінуші болма... настрайениясын бұзып! Бейтаныс күледі де базарды аралап кетеді. Нәрселерді көріп, айналсоқтап жүреді. Саудагер әйел: Ағай, ағай, алыңыз, алыңыз... түу, ағай, алыңызшы. Қане, не қарадыңыз?! Бейтаныс: Ә-ә-ә, мен жай қарадым... Саудагер әйел: Жай неге қарайсыз... кісінің нербісіне ойнап... жынын келтіріп... Қарағасын алу керек. Міне, міне, мынаны көріңізші... үстіңізге құйып қойғандай... Үрімшіден сіз үшін шыққандай... алыңыз, алсаңыз, сізге сәпсім арзанға беремін... Өй, жадный ағай! Жалмаң-жалмаң еткенде сондай... шетінен жарымаған... жұтап қалған... жылан жалағандай жылт-жылт еткен жалаң бұт қайыршы өңкей! Бейтаныс: Жә, жә... Жолай кеткенге жарбаңдап жабыса кеткенді қойыңдар. Жағдай қалай, одан да соны айт! Саудагер әйел: Несін сұрайсың көріп тұрып? Қазақтың қамқорлығы хал сұраудан аспайды. Соған да рахмет! (бірдемелерді айтып жатады, бейтаныс басын изеп, тыңдай береді). Кәсіпкердің иномаркасы келіп тоқтайды. Саян мен Боранқұл түседі. Керейбай бастаған топ қызу қарсы алады. Керейбай (таңдап): Тәк! Бұлтиғаны – бастық, тыртиғаны – телеқранитыл. (Мейіргүл гүлді Керейбайдың емеурінімен Боранғұлға береді). Керейбай: Хош келдіңіз, басеке! Сәлем, қорғаушы! Саян (күліп): Жоқ, бұл – менің қорғаушым. Керейбай: Апырмай, кішкене нелеу болды-ау, кешіріңіз. Бұл сізді қайтіп қорғамақшы?! Саян: Жұрттың бәрі солай екен деп жаңылғаны жақсы емес пе? Керейбай гүлді Боранғұлдың қолынан жұлып алып, Саянға береді, құрақ ұшып, Саянды алға бастайды. Саян: Рахмет, рахмет! (Боранғұлға) Міне, өнерді қалай сыйлайды! Боранғұл (Керейбайға): Қырық екінші нөмірлі контейнер қай жерде?
Керейбай: Ә-ә, қазір табамыз... Әй, қайсыңда қырық екі? (жұрт
аң-таң). Ә-ә, міне, міне, бірақ жабық тұрған сияқты.
Боранғұл қалтасынан бір буда кілтін суырып алып, салдырла-
тып аша бастайды.
Боранғұл: Бұл біздің контейнеріміз!
Керейбай: Ах, алдаушылар. Әкел гүлді, – деп жұлып алады.
Сол кезде бағанағы елеусіздеу бейтаныс келеді.
Бейтаныс: Тимеңдер гүлге!
Керейбай: Өй, сен әлі жүрмісің осында? Сөз ұқпайтын кімсің
өзі?
Бейтаныс: Мен сіздердің жаңа бастықтарыңызбын!
Керейбай (абдырап): Апырмай, қап, нелеу болды-ау! – деп,
гүлді береді.
Бастық: Гүл өнер адамдарына лайықты! – деп, Саянға беріп,
қолын қысады.
Керейбай: Қап, әнші болған да пайдалы екен-ау кейде!
Бастық: Ал, жүріңіз, сөйлесейік. Жаңа маған бәрін де ашып ай-
тты, өйткені менің бастық екенімді білген жоқ! Қызық-ау біздің
халық! Бастық екеніңді білсе, боямалап айтады, білмесе, аямай-ақ
айтады. Қызық! Енді біз сол мәселелерді шешумен шұғылданға-
нымыз жөн шығар, ә!
Кете береді. Керейбай артынан жөнеледі... Қолында ақ кон-
верт, бастыққа қалай берерін білмей сасады. Бастық әр нәрсені бір
көріп, айналсоқтап жүреді.
Керейбай: Шешіледі ғой... шешеміз ғой... шешілмегенде қайда
барады...
Бастық: Мәселен?!
Керейбай: Мәселен бе... мәселен, мәселенки... (конвертті ұсы-
нады).
Бастық: Мұндайды қойыңдар деп айта-айта шаршадым-ау сен-
дерге. (Оң қолымен тыйым сала ауаны кескілеп, сол қолымен ар-
тқы қалтасын нұсқайды). Бұл дұрыс емес! Ең бастысы жұмыс!
Жұмысты дұрыс істеңдер!
Керейбай: Басеке, сіз дұрыс түсініңіз, бұл біздің ұсыныс-
пікіріміз! Делабой запеске!
Керейбай конвертті бастықтың шалбарының артқы қалтасына
тықпалайды, ол сыя қоймай, бірінің қолы, бірінің құйрығы қызық
қимылдап, бет-ауыздары тыржыңдасады. Конверт қалтаға түгел
сыймай, ұшы ағараңдап көрініп тұрады.
Бастық: Е-е, бәсе, жиі-жиі жазып тұрыңдар!
Қолын безеп кете барады, конверті артынан ағараң-ағараң
етіп... Базардағы жұрттың түрлі кейпі сан-саққа жүгіртеді ойды...
Базардағы ән Саян мен Боранғұл салдырлатып контейнерді ашады. Іші толған товар, киім-кешек, қызыл-жасыл дүние. Боранғұл: Мә-ә! Қаншама байлық! Саян: Мәссаған! Ал енді мұны қайтеміз? Өлең айтып өткіземіз бе?! Боранғұл: Е-е, несі бар? Міне, алғашқы клиентіміз де кеп қалды. Айым келеді. Айым: Для купца клиент важнее Клеопатры?! Салем! (Саянға) Эй, ковбой! Где твой кольт, где твой конь? Что, поменял коня на контейнер? Теперь че, с песней по базару, да? Как запоешь – сразу налетают. И расхватают – даже с автографом! А как же с предками – с духами воинственных кочевников? (Саян үндемей, мұңайып, ойланып қалады, Керейбай мен Мейіргүл келеді, көрші контейнерде тұрады. Айым Мейіргүлмен құшақтасып амандасады). Здравствуйте, теть Меиргуль. Салем, Керейбай агашка! Мейіргүл: Здірәс, здірәс, Айым! (Керейбай түсініксіз ернін жыбырлатады). Айым: О-о, Саян, вольный певец, потомок великих батыров древней степи! Грустно, да? Спой-ка нам лучше... одухвотвори так сказать, торговый мир! Саян (Боранғұл әперген домбыраны шертіп, әндетеді): Өзіңмен қалсам кезігіп, Ғажайып бір күй туатын. Екеуміз ғана сезініп, Екеуміз ғана ұғатын.
Қайырмасы:
Айтуым керек болса да,
Сөз табу қиын мұндайда.
Айым-ау, мені қинамай,
Айтқызбай білсең болмай ма?!
Алаулап нұрың жүзіңде,
Ботадай көзің мөлдіреп,
Жарқ ете қалған кезіңде
Кетеді жаным елжіреп.
Наздана күлсең сыңғырлай,
Жадырап жаным жаңарып.
Жаңбырдан соңғы қырлардай
Дүние кетер тазарып!
Қайырмасы:
Ән орындалғанда Саян мен Айымның табиғат аясында, сұлу
жерлерде әдемі, әдепті кездесулері елестейді. Жұрт қол соғады.
Айым: А про что он пел?
Мейіргүл: Как про что? Про еті... про любов кәнешні.
Саян: Айым, бұл сізге арналған жаңа ән.
Айым: Мне? Ой, как здорово, Саян. Вот почему она мне сразу
понравилась. А про что там поется?
Саян: Про тебя. Про нас с тобой.
Айым: Про нас? Ой, это уже совсем интересно. Переведи мне
слова, пожалуйста.
Саян: Песня не переводится – ее надо чувствовать.
Айым: Ну... я, конечно так... понимаю... в душе. Но слова по-
нять сложнее. Ладно, как-нибудь постараюсь... хоть кто-нибудь
обьясните мне суть в общих чертах.
Мейіргүл: Өй, бишәрә. Өзіне арналған жігіттің жырын түсінбе-
гесін, қайтерсің бұларды.
Айым: Ну, тетенька Меиргуль...
Мейіргүл: Не... төтіңкі, төтіңкі деп...
Айым: Ну, татешка...
Мейіргүл: Ай, ладны, ысылуш-шай... Карочы, он тебе еті... кәк еті... палажел еті... Айым: Что? Что положил? Мейіргүл: Еті, кәк еті... әй, Керейбай, көзі түсті деген қалай еді мыналардың тілінде? Керейбай: Палажил... қалай еді... оши шорные... иә, иә, оши палажел, обшым. Мейіргүл: Нен-ннен-нет... клаза палажел тебе. Обшым, любит с перуай разы. Гауарит, зашем балтайт... не мушай минә... дабай, гауарит, сразым. Айым: Ну и шуточки, ну и словечки. А казалось мелодия такой хорошей! (кетеді). Мейіргүл: Әй, әй, Айым, не абижайса, песнә кароши, парин кароши, еті про настояшши любов... Слобы тәкөй ду-ду душыдушистый. Төлкө төтіңкі шөтіңкі не тәк тәлкәбайт, или тбой кәллә не тәк кәлкәбәйт. Ей, ей, Айым, ти сәпсім не тәк панимайт... песні кароши, парин кароши... зашем балтайт? Айымның соңынан сөйлеп кете береді. Ару мен арба Керейбай (Саян мен Боранғұлға): Оп-пырмай! Төтіңкі-төтіңкі, мөтіңкі-мөтіңкі, тәтешкі-мәтешкі, ағашкі-мағашкі... неше түрліні естиді екен ғой кісі! Не қазақ емес, не орыс емес, шалапотный бірдеңе. Боранғұл: Нешауа... Әншінің тілінен бір сүйсе, бітті, бірден қазақша сайрап кетеді. Көр де тұр, әлі қосылып ән салады. Керейбай: Қайдам?! Осы күнгі қыздардың көбінің есіл-дерті шүлдір-шүлдір секекбай, шетелге кетсем деген көкекбай. Ер азаматты сыйлайтын, лайықты жар болатын қыз қалмай ма деп қорқамын бара-бара. Боранғұл: Байға тиген соң басылады бәрі де... Керейбай: Әй, білмеймін-ау, білмеймін, қайда кетіп барамыз?.. Саян ойлана алысқа қарап отыр. Керейбай мен Боранғұл да солай қарайды. Базардың ортасында ала сөмке артқан арбаны сүйреп, Мейіргүл келе жатыр. Керейбай: Е-е, дүние-ай, қайтейін енді! Созалаңдап барып арбаны тартады.
Мейіргүл: Әй, әнші қайным, әдемі қыздарды әйбәттағанда
сондайсың, бір ауық апа-жеңгелеріңнің де көңілін аулап, ән салып
бермейсің бе?
Саян домбыраны алып, ән шырқайды:
Көздің жасы үнсіз тамып кесеге,
Күрең суды кермек татыр десе де,
Бағын сынап бағасымен базардың,
Арулар жүр арба сүйреп көшеде.
Таң нұрына шомылдырып жан нұрын,
Жөнеледі көздеп тірлік жабдығын.
Арбаға сап сүйреп бара жатқандай,
Өздерінің өзгешелеу тағдырын.
Қайда олардың мөлдір биік арманы,
Қандай болмақ алыс күндер алдағы?!
Бәрін, бәрін көміп кетіп барады,
Ала сөмке артқан арба шаңдағы.
Үйренгесін бүгінгінің саудасын,
Үзбей ме екен нәзік әннің жалғасын?
Сұлу сүйреп келе жатыр базардан,
Салдырлатып босап қалған арбасын!
Жұрт ойға шомып, беріле тыңдайды. Әйелдер көзіне жас ала-
ды... Ән орындалғанда Мейіргүлдің көзіне базарда, көшеде, вок-
залда, көпірде саудагер құрбыларымен бірге арба сүйреп жүрген
кезі елестейді.
Жұмбақ ұнтақ
Боранғұл контейнерді ақтарып жатып, бір буда ұнтақ тауып
алады.
Боранғұл: Мә-ә!
Жалма-жан біреуін тесіп жіберіп, тілімен татып көреді. Аузы
көпіреді, қыржиып, тыржиып, тамсанады.
Саян (үнсіз қарап тұрып): Қалай екен? Апиын таңдайыңа та-
тиын деді ме?
Боранғұл: Мен күнде наша жеп жүр дейсің бе? Көпіргеніне қа-
рағанда, күшті болу керек. Мә, сен де көрші.
Саян: Жоқ, маған болмайды. Онсыз да өнер адамдарын шеті-
нен наркоман, алкаш деген өсек көп. Ал саған ешқандай наркотик
әсер етпейтін шығар? Күнде айранға қосып бір шәшкесін соғып ал
да, рахаттанып саудаңды жасап, мәңгіріп отыра бер.
Боранғұл: Тс-сс. Дымың ішіңде болсын! (Тез-тез жасырады).
Құдай берейін десе, контейнердің түбіне де тастай салады екен-ау!
Мынау деген дүниенің байлығы. Сен не білдің? Енді жанымызды
жеген тұрмыстық мәселенің бәрі шешілді дей бер. Біз баймыз!
Саян: Менің байлығым – менің әнім.
Боранғұл: Қойшы әй! Ән деген не әу десең, әуелетіп кетті, біт-
ті... анда бар да мында жоқ, қолға ұстайтын дым да жоқ. Еллөзия!
Ал мынау наркоты! Көкәйнә! Герәйнә! Гашеш! Мари... хана! Міне,
нағыз байлық.
Саян: Жоқ. Андағы алдамшы әзәзіл! Ал мен әнімді, аталарым-
нан қалған әнімді әлемнің апиыны түгілі, алтынына да айырбаста-
маймын!
Боранғұл: Өй, ақырын, ақырын... әу десең, арқаланып кететінің
не осы. Айналаның бәрі дұшпан емес пе аңдып жүрген... Абайла-
шы, ақылға салшы, әніңді аспанға асыратын, тәніңді асырайтын
нең бар? Түгіміз жоқ.
Саян: Бәрібір айта беремін әнімді!
Боранғұл: Мақұл, ойбай, мақұл. Бірақ, қалай, қайтіп күн көр-
мекпіз? Ал мынау... мыңнан, миллионнан бір мүмкіндік кез келіп
тұр... қапы қалуға болмайды. Інн-ндеме! Мен қатырамын бәрін де.
Жарайды, сен сол әніңмен бол да, мынаны маған жіберші. Тек інн-
ндемесең болд!
Боранғұл буданы оңдап жасырады. Саян кете береді. Боранғұл
әрлі-берлі ойға батып жүреді. Бір кезде серпіліп, көрші отырған
Мейіргүлге келеді.
Боранғұл: Мейіргүл жеңгей, безбеніңізді бере тұрасыз ба?
Мейіргүл: Без... без... без... Қайдағы безді сұрап тұрсың, әй?
Боранғұл: Безбен, безбен... беса, беса...
Мейіргүл: Ә-ә, кір ме? Айтпақшы, без-без-безбенмен неменең-
ді өлшейін деп жатырсың? Өлшесіп жіберейін бе?
Боранғұл: Жо-жоқ, о не дегеніңіз... өзім-ақ.
Мейіргүл: Жалғыз өзің өлшеген қызық болмайды... екеулегенге не жетсін? Боранғұл: Жо-жоқ, рахмет, өзім-ақ... Мейіргүл: Апырмай, не болды екен, ә? Анау ма? Әлде мынау ма? Боранғұл: Сонша тергемей, беретін болсаң, тез-з-тез-з берсейші без-з-без-з-беніңді! Мейіргүл: Ә-ә, таптым. Анаша өлшейін деп тұрсың сен. Боранғұл: Т-с-с, ойбай. Қайдан біліп қойдың? Мейіргүл: Құпияның қызығы қатынмен! Ал, айта бер... Қанша? Боранғұл: Жарты қап! Мейіргүл: Жарты Көкшетаудың байлығы! Килісі қаншадан? Боранғұл: Тс-с. Тісіңнен шықпасын. Мейіргүл: Жоға, жоға. Тісімнен шықпауын шықпайды, бірақ, ішім жарылып кетуі мүмкін. (Керейбай кеп қалады). Мынау жарты қап наркотик тауып алыпты. Керейбай: А-а?! Ал дабай... доляға кіреміз... әйтпесе органда істейтін құдама айта қойсам, ызғып кетерсің... Боранғұл: Жоқ. Дүрлігетін дәнеңе де жоқ. Жеңгейге әзілдегенім ғой әншейін! Бұрылып, контейнерінің алдына келіп, медитация жасап, малдас құрып отырып алады.
Сырласу
Кешкілік. Қопа көлін жағалай қыдырып Саян мен Айым келе
жатыр. Қызыл шапақ. Дөңгелек көл. Көл жағалай қонған Көкшетау
қаласының бір әдемі көрінісі. Қыз бен жігіт сырласып, жарасып
келеді. Әңгіме-дүкен құрады, армандарын айтады. Қараңғы түседі.
Айлы түнде қайықпен жүзеді. От алауы. Екеуі бірде Көкшетауда,
бірде Зерендіде тау ішінде, орман арасында, аралас, құшақтаса,
аймаласа өскен қарағай мен қайыңның ішінде, айдала – құба дүзде,
қырда, таң арайында, батар күннің шапағында, талтүсте, бірде
елес, бірде еске алу, бірде қиял, сағыныш, бірде шын – әртүрлі
халде кездесіп, сырласады. Әдемілік, тазалық, сырлы сезім дүние-
сі. Түнде алаулаған оттың жанында жүздері нұрланып, сырласады.
Кең дүниеде қазақтың бір-біріне ғашық, өмірден өз орындарын, өз
жолдарын іздеп жүрген жастары.
Саян: Мен бала кезімде керемет қиялшыл болдым. Шалқамнан
жатып алып, көк аспанға көзім талғанша қарайтынмын. Әлемнің
шет-шегі бар ма екен, бізден басқа жақтарда не болып жатыр екен,
адамдар не үшін, қалай өмір сүреді екен деп ойлайтынмын. Көш-
кен бұлттарға ілесіп, шалқыған мұхит, асқар тау, таңғажайып иесіз
аралдарды аралап кете беретінмін. Өсе келе бүкіл адамзатқа пай-
дасы тиетін жаңалықтар ашып, ешкім жазбаған кітап жазсам, еш-
кім айтпаған ән шығарсам деп армандайтын болдым.
Айым: И я мечтаю о многом. Самое главное – поехать в Аме-
рику. Там все по-другому. Все прекрасно – на высшем уровне. Я
хочу переплыть Атлантику, хочу посмотреть на мир. Хочу просто
интересно пожить. Саян, только ты пойми меня правильно – я хо-
чу реализовать свою американскую мечту.
Саян: Қызық екен... Бірақ, біреудің арманына неге алданамыз?
Біздің өз арманымыз жоқ па, не? Бақытты басқа жақтан іздегенше,
өз елімізден таппаймыз ба?
Айым: Кажется, ты в чем-то прав, Саян... В последнее время,
как я серьезно решила уехать в Америку, мне часто снится боль-
шой белобородый дед. Говорит со мной по-казахски... так сложно,
образно говорит... что-то пытается объяснить... Но я не понимаю
своего деда. Мучается дед... и меня мучает. Может, ты поможешь
нам. Переведешь?
Саян: Как?
Айым: Может, приснишься мне вместе с дедом...
Саян: Приснится тебе? Но тогда не до перевода будет!
Айым: Не знаю... что делать.
Саян: Ну... деда не научишь по-другому... Наверное, лучше
нам самим не отрываться от корней...
Айым: Да ладно... назидатель нашелся... Я же понимаю в об-
щем... кое-что начала изучать.
Саян: Жарайды, Айым, ренжіме. Кел, одан да ән салайықшы!
Айым: Ты спой, а, я послушаю... постараюсь понять.
Саян ән салады:
Есімде, есімде сол бір кез,
Тұңғиық толқынды мөлдір кез.
Жұлдыздай жалт етіп, жанымды
Жандырған керемет көрдім көз.
Қайырмасы:
Айдай балқып айдынға кеп қонатын,
Аққудай боп келші жайған қанатын.
Пәктігіне бұл пәнидің қызығып,
Кірпік қақпай қарасыншы қара түн.
Жауһарым секілді қолдағы,
Жақындап келді де, алдады.
Өзгертіп әкетті қай жаққа,
Өмірдің сан тарау жолдары?!
Айлы түн. Тып-тыныш көл. Мүлгіген тау, орман. Қайықта қыз
бен жігіт.
Қазақы каратэ
Вагондар тұрған тупикте Керейбай, Мейіргүл, Боранғұл, сау-
дагер әйелдер товар вагонының ашылуын тосып отыр. Боранғұл
бір шетте медитация жасап, көзін жұмып, қол-аяғын созғылап
отыр.
Керейбай: Әй, осы сен күнұзаққа не ойлап отырасың?
Боранғұл: Жаттығып отырамын.
Керейбай: Қандай жаттығу ол? Кісі деген былай қимылдап, тер
төгіп жаттықпаушы ма еді?
Боранғұл: Ә-ә, мен каратэнің ойша жаттығатын жаңа түрін ой-
лап шығарып жатырмын. Қазақы каратэ!
Керейбай: Қазақы каратэ? Мынауың ғажап екен. Маған да үй-
ретші.
Боранғұл: Түк қиындығы жоқ. Малдас құрып отырып аласың
да, миыңа тапсырма беріп қоясың, бітті! Неше түрлі әдіс-тәсілдер
өзінен-өзі қол-аяғыңа құйыла береді, құйыла береді. Әсіресе, біз-
дің қазекеңе таптырмайтын нәрсе.
Керейбай: Мен де бір қолым қалт еткенде үйрене салармын.
Боранғұл: Бірақ, миың жұмыс істеуі міндетті.
Керейбай: Ә, ми ма, миды бірдеме қылармыз... бас аман болсын! Әй, Боранғұл... Боранғұл: Боронаго, Боронаго... Керейбай: Әкеңнің басы, Борона... Боранғұл. Әй, тасқұдай құсап қақиып отыра бергенше бірдеме көрсетпейсің бе? Боранғұл: Жәрәйді. Боранғұл терең-терең тыныс алып, қол-аяғын тарбитып, арыстандай ақырады, жолбарыстай жапырады. Бәрі аң-таң. Қол-аяғын зуылдата сермейді. Боранғұл: Міне, мынау-ои дзюцу, гияку дзюцу, мынау – иоко гери кеаге, мынау – иоко гери кекоми-каратэден. Мынау – силаттан, мынау – күң-фудан, мынау – таэквондодан – ап чаги, сосын иоп-чаги... – Ол аяғын көтере тебе бергенде, Мейіргүл әуестене ұмытылып кеп қалып, Боранғұлдың табаны мұрнына тиер-тимес тақала тоқтайды. Мейіргүл (саспай, Боранғұлдың аяғын бұрыңқырап ұстап алып): Мынау қазақша күрестен – иоп-чагиге кетчәри! Мейіргүл оны итере-митере құлатып тастайды. Боранғұл қызарақтап, «а-а», «о-о, ки-а» деп, Мейіргүлге әрлі-берлі секіре бергенде, Мейіргүл Керейбайдың қолтығына сүңгіп кетіп, артына тығылады. Тілін шығарады, мазақтайды. Керейбай: Өй, менің әйелімде әкеңнің құны бар ма еді? Ол тақыр басынан шеңгелдеп ұстап алып, итеріп қалғанда, Боранғұл ұшып кетеді. Қайта келіп, ұрғалы тұрған Керейбайға жалынады. Боранғұл: Тұра тұршы, маған мұрсат бере тұршы, медитация жасап, приемдарымды есіме түсіріп алайыншы! Керейбай: Е-е, жарайды... бердім мұрсатты. Сәл ойланып алған Боранғұл Керейбайға жақындайды. Боранғұл: Міне... Керейбай екенің шын болса, былай тұр қозғалмай... міне... Ол алдаусыратып тұрып, таудай Керейбайдың басына ала сөмкені кигізе қояды да, шықшытынан бір нұқиды. Керейбай ыңқ етіп, екі бүктеліп барып отыра қалады. Мейіргүл ойбайлап, ара түсе бергенде, Боранғұл алақандарымен ауаны осып-осып жіберіп, ақырын ғана саусағымен тигізбей нұқып қалғанда, тимей жатып Мейіргүл «ох!» деп бұрала майысып, Керейбайды құшақтап, ал-
дына отыра қалады. Жұрт ду ете түседі. Керейбай әйелін құшақ-
тап, орындықта қорылдап ұйықтап отыра береді.
Мейіргүл көзін ашып, күйеуін оятпақ болады. Су бүркеді,
ұшықтайды, Керейбай тупикті басына көтеріп қорылдай түседі.
Мейіргүл: Әй, Боранғұл, оят менің байымды.
Боранғұл: Керек болса, өзің оятып ал.
Мейіргүл: Ах, солай ма? Осыдан жақсылықпен оятып берме-
сең, кәнтейнеріңе кәрәсін шашып жіберемін. Көзіңе кесләтә құйып
жіберемін. Тамағыңа күшәлә қосып жіберемін. Екі аяғыңа екі пұт-
тық кір, мойныңа штәңгі байлап, бойың екі метр болғанша балкон-
ға салбыратып асып қоямын. Құйқаңды шөткі, құйрығыңды тепкі,
құлағыңды ләңгі, кеңірдегіңді шләңгі қыламын! Ұртыңа ломды,
бұтыңа бомбы тығамын!
Боранғұл: Ойбай, ойбай, қойдым, Мейіргүл жеңеше. (Керей-
байға келіп, ән-жер, мін жерін түртпектеп, нүктелерін басып көре-
ді. Керейбай қорылдай береді). Мынауыңыз оянатын емес. Мейір-
гүл жеңеше, сіз қай жерінен түртуші едіңіз?
Мейіргүл: Кет әрі... талтүсте... елден ұят-тағы.
Боранғұл: Ұятты қойып, оятып алайық әуелі.
Шықшытынан басып тұрады. Қорыл тыйылады, бірақ Керей-
бай оянбайды.
Мейіргүл: Әй, андағы неғып кеткен жоқ па өзі?
Боранғұл: Неғып?
Мейіргүл: Жоға. Дыбысы шықпай қалғанын айтам да.
Боранғұл: Е-е, бүкіл данышпандар жабылып, бір ғасырда оята
алмаған қазақты мен қайтіп бір мезетте оята қоймақпын. (Керей-
бай шап беріп Боранғұлды кеңірдегінен алады).
Керейбай: Қазақпен ойнамаңдар, әкеңнің. Қазақ қашанда ояу,
тек кезеңде кезін тосып, көзін қысып отырғаны болмаса! Мә, бә-
лем! (Мытып-мытып алады, Боранғұл ойбайлайды). Мә, әкеңнің
басы... (басынан бас бармағын батырып тұрып қырми алады). Түр-
ткен олай емес, былай болады. Мә, бәлем, мә, саған...
Керейбай әбден мытып, әр жерінен тоқпақтап отырғанда Бо-
ранғұл сұлқ түсіп талып қалады. Жансыз, былқ-сылқ етіп қалғанын
көріп, Керейбай мен Мейіргүлдің зәресі кетеді. «Әй, әй, Бореке,
Бореке» десіп, әбігерленеді. Көтеріп әкеліп, шөпке жатқызады.
Жалынады.
Мейіргүл: Үйбәй-әй, үйбәй, былқылдағаны жаман, қолың қата
тиіп неғып кеткен жоқ па өзі?
Керейбай: Кетші-әй, қайдағыны бастамай. Әй, айналайын, Бо-
ронаго, Боранғұл. Осыдан аман қалсаң, енді қайтып саған қол ти-
гізбес едім!
Боранғұл: Рас айтасың ба, Керейбай?
Керейбай: Рас, рас! Рас болғанда қандай. Тек есіңді жишы! Әй,
әлгі сөйлеген кім? (Жан-жағына алақтап отырғанда, Боранғұл кө-
зін ашқан болады). Ә-ә, міне, Мейіргүл, міне, мынау көзін ашты...
өй, айналып қана кетейін Борона-Боранғұлжан!
Боранғұл: Боронаго-сан деңіз.
Керейбай: Е-е, мейлі, мейлі, әкеңнің басы... сан болсаң да, ман
болсаң да. Тек бәлеңнен аулақ. (Боранғұлды орындыққа отырғыза-
ды) Бірдеңе жейсің бе?
Боранғұл: Әпетит жоқ. Кішкене сакура... сакура болса...
Мейіргүл: Сапураныкін ішем дей ме?
Боранғұл: Жө-ө-өө!!! Сакура... са-ку-ра... шие, шиенің шыры-
ны болса... Бешнеби сок!
Мейіргүл: Өй, лағанат, бағанадан бері сүйдемейсің бе? Берем
сакураны... сапырып, сапырып құярмын аузыңа. Қарай гөр, зәре-
мізді алып, ақымақ қылып... Өй, қайыршы, бар айда баратын же-
ріңе, саған шырын түгілі шыжбан да жоқ!
Алыста, вагондардың арасынан күдікті біреу бұларға тесіле
қарап тұрғандай. Жан-жағына үрке қараған Боранғұл әлгіден секем
алып, кенет атып тұрып, қаша жөнеледі.
Шайқас
Ресторанда той болып жатыр. «Ол сен емес» әнін шырқаған
Саян Айыммен билеп жүр. Жақсы көретіні көзінен байқалады.
Саян (билеп жүріп Айымға): Бұл әнімді де саған арнадым...
Айым: Ну, Саян. Может ты старую, чужую песню поешь? Мо-
жет, ты посвятил ее другим девушкам? А-а?! Если действительно
посвящаешь мне, то должна быть там мое имя – Аим.
Саян: Будет имя твое! (Жаңа ән – «Айымды» бастайды).
Сен менің айым ба едің, күнім бе едің,
Жарқ етіп бір көргеннен күлімдедің.
Айта алмай жан сырымды саған ашып,
Ішімнен атыңды атап күбірледім.
Қайырмасы:
Айым десе, айымсың, Айым, Айым,
Айым болсаң, ай гүлін аямайын.
Айгөлектей аяулым айлы түнде,
Ай сәулелі әніммен аялайын!
Жарасар ай десем де, күн десем де,
Әйтпесе мен осындай күй кешем бе,
Көктемгі жыл құсындай алып ұшқан,
Осы әнім себеп болсын тілдесерге.
Қайырмасы:
Той қыза түседі. Жастар билейді.
Айым (Саянға): Теперь верю!
Қызып алған бір жігіт Боранғұлмен байланыса бастайды.
Қызу жігіт (Боранғұлға): Әй, сені қазақы-каратист дейді ғой.
Шығасың ба?
Боранғұл: Шашылып қаласың босқа.
Жігіт: Мен дзюдоның мәстүрімін.
Боранғұл: Сен дзюдоның емес, қызу-доның мас түрісің!
Жігіт: Жүр ендеше былай... Бұрап-бұрап, бүктеп-бүктеп, илеп-
илеп, асфальт жолдың бір жырақасына тыға салайын.
Боранғұл: Жүрсең жүр... Маңдайыңнан тарс еткізіп бір-ақ шер-
тіп, миыңды таңдайыңа түсіріп, жол бойына жағалай жағып-жағып
тастайын. Тек қана қазір тойдың шырқын бұзбай, жұрт тарағасын
аулада кездесейік.
Жігіт секектеп, қисаңдап, басын шұлғи-шұлғи билеп кетеді.
Той тараған кезде жолдастарымен Боранғұлға ымдап, аула жаққа
шығып кетеді. Боранғұл Саян мен Айымды қолынан тартып, үлкен
есіктен шыға қайқаяды.
Боранғұл: Бұл Цукахара Бокуденнің әдісі. Қол тигізбей жеңу
жолы. Маспен мас болып жүреміз бе, тұрсын бәлем, далада қиса-
лаңдап, есі кіргенше...
Бұлар мәз боп келе жатқанда, алдарынан әлгілер бір топ болып
шыға келеді. Боранғұл сасқалақтап, медитация жасай бастайды.
Саян: Аттан, аттан! Абылай! Бөгенбай! Қабанбай! Наурызбай!
Қарасай! Райымбек! Есет! Байғозы! Олжабай! Тұрсынбай! Ағы-
бай! – деп, ұрандап, ұмтылады.
Қызу жігіт: Полундра! Да их тут целая армия идет. Делаем ноги!
Мастар топырлап қашады.
Саян: Бұл Кенесары ханның әдісі!
Үшеуі күліп, кете береді.
Наркотиктің буы
Керейбай мен Мейіргүл Боранғұлды аңдуға кіріседі. Құдасы
үшеуі кеңеседі. Үшеуі ала «Москвичтің» ішінде ақылдасып отыр-
ғанда, Мейіргүл қиялға беріліп, көзіне елестетеді.
Боранғұлдың контейнерінен күбір-күбірді естіп, кешке қарай
тың тыңдап тұр екен дейді. Күңгір-күңгір дауыстар естиді. Сыр-
тынан Керейбай мен құдасы келіп тыңдайды. Банкіге таласады.
Мейіргүл: Тұра тұршы... Әне, герәйнә, кәкәйнә, мәрәйнә дейді.
Тұра, тұр, гәшеш, мәшеш, пәшес дей ме? Ибай, мыналар масқара
ғып пәшестермен сыбайласып жүрмесін?
Құда: А-а! Қожайындары шетелдік мафия болды-ау сірә?!
Керейбай: Байқайық...
Түн. Үшеуі контейнерге түседі. Құдасы отмычкамен ашады.
Алады наркотикті. Ертеңіне күндіз Мейіргүл базарда сатады. Қап-
қабымен тізіп қойған. Жартылай орталанған қаптан қалақшамен
көсіп алып, кәдімгі қант сатқандай беріп жатыр. Сары картонға
бадырайтып жазып қойған: «Наркоты! Опты-кг-$ Разнытса-кг $,
Менші полкилі не атпускаим!» Әр қаптың беті ашық, ұнтағы бұр-
қырап тұр. Бас-басына жазып қойған: «Герәйнә!», «Кәкәйнә!»,
«Гәшеш!», «Мәшеш!», «Пәшес!» Керейбай ақшаны уыстап қойны-
қонышына тығып жатыр.
Кезекте бір топ адам. Старшина келеді, кезекке тұрады.
Старшина: Не сатып жатырсыңдар?
Мейіргүл: Чо, не бидиш? Нарр-коты.
Старшина: Насыбай жоқ па?
Мейіргүл: Анаған бар! (Керейбайды нұсқайды).
Старшина күліп, кетеді. Айым келеді.
Айым: Ой, тетенька Мэйргуль, дядь Кэрейбай, чем торгуем?
Мейіргүл: Чо? Не бидиш? (Айым татып көреді. Жұмбақ күле-
ді). Саған анаша не керек, анандай әнші тұрғанда? (Айым тағы
жұмбақ күледі).
Айым: Где взяли товар?
Мейіргүл: Ігіде... ігіде... негіде!
Айым: Кто поставщик?
Мейіргүл: Нектө! Көктен түсті, кәнтейнерден шықты!
Айым: А-а, ясно! (Көзімен 42-контейнерді көрсетеді). Ком-
паньоны, значит? Ладно, вместе будем лететь под луной, плавать в
Атлантическом океане! Мейіргүлдің есі шығады. Айымға жаутаң-
дап қарайды, Айымның түсі суық, шыныдай жылтырайды.
(Елес аяқталады. Мейіргүл есін жиғанда, Керейбай, құдасы
үшеуі ала «Москвичтің» ішінде әлі сөйлесіп отыр).
Мейіргүл: Ерегіскенде омонды, таможынды, Кныбыны қапта-
тып жіберсек қайтеді?
Құда: Т-сс! Өзіміз... өзіміз...
Қатер бұлты
Саян пәтерде тұратын үйдің ауласында Саян мен Айым отыр.
Жандарында кішкентай балдар ойнап жүр. Саян «Сағындым ата-
әжемді» деген әнді шырқайды. Айым екеуі бір-бірімен үнсіз, әуен
арқылы тілдесіп отырғанда, үйді маска киген ОМОН қоршайды.
Сырттан қаптап келіп, дуалдан мысықша ырғып, төбеге шығып,
қоршап алады. Автоматын кезенген бастығы мен бір-екеуі аулаға
басып кіреді. Саян аң-таң болып алдарынан шығады. Қолында –
үкілі домбыра. Домбыра мен автомат қақтығысып қалады. ОМОН
бастығы, Керейбайдың құдасы, ұялыңқырап, автоматты тарт де-
гендей белгі береді. Кезенген автоматтарын иыққа асып, үйді, қо-
ра-қопсыны тінте бастайды. Боранғұл байқаусыз көрпеге оранып,
ескі қапқа кіріп, ауланың бір бұрышына сүйеніп отыра қалады,
ОМОН-дар оны бірер ұрып, теуіп көреді. Біреуі штыгын тығып
тексермекке оқталады. Бастық тоқтатады.
Құда: Да брось ты... еще за порчу имущества отвечать... мо-
ральный ущерб платить... Брось ты!
Аулада Боранғұлдың жаттығатын қабы да ілулі тұрады.
ОМОН-дар оны жарыса теуіп, ұрып көреді. Түк таппағасын кетеді.
Ауладан шыға бере маскаларын шешеді, бұлар құда, Керейбай,
Мейіргүл екен. (Кетеді).
Саян (Боранғұлды шығарып алып): Ал енді қайттік?
Боранғұл: Аяғына жеткізу керек...
Саян: Ана жақ не дейді? Соны ойладың ба? (Қолымен жоғары-
ны көрсетеді).
Боранғұл: Өй, ол жаққа айтуға болмайды. Білсе, өздері жеп
қояды.
Саян: Эх, Боранғұл-Боранаго! (Аспанды көрсетеді). Одан да
жоғарыны ойласаңшы! Жә, мына наркотыны қайтпексің?
Боранғұл: Сатамын сартылдатып...
Саян: Ал, оны алған кісілер қайтеді?
Боранғұл: Кәйіп болып, рахатқа батады.
Саян: Мә, саған рахат! (Жұдырығын көрсетеді). Сонда өз елі-
мізді өзіміз алдап, улап, арамы жолмен байымақпыз ба?
Боранғұл: Өй, қойшы, сен де! Қазір ешкім де ондайға басын
ауыртып жатпайды, ақша болса болды!
Саян: Жоқ! Олай емес! Мен қарсымын!
Боранғұл: Ал, бермеймін! Ал, өзім көремін пайдасын!
Саян: Ах, солай ма? Эх, Боранғұл, Боронаго! (Ызаланып, айна-
лып келіп қапты тепкенде, қап жыртылып кетіп, наркотик пакеті-
мен жерге сылқ ете түседі. Саян іліп алып, шығып жүре береді.
Сыртта оны ОМОН құда қарсы алады... таксист болып. Аңдып
жүрген ОМОН құда ұрланып, звондайды анда-мында. Алдап, мін-
гізіп әкетеді. Көкшетауды шарлап-шарлап, бір ескі баздарға алып
келеді. Айым байқап қалып, арттарынан аңдиды).
Алданған әнші
Құда Саянды алдап, полицияға емес, бір қалтарыстағы күзет
орнына, өздерінің адамдарына алып келеді. Саян оларды шынымен
полиция екен деп, жарты қап наркотикті кезекші старшина мен
полицейдің алдына қоя салады.
Саян: Міне, ап келдім.
Старшина: Нені ап келдің?
Саян: Наркотик! Жарты қап наркотик!
Полицей: Че, явку с повинной оформить?
Старшина: Цыц! Мұндай нәрсені аяқасты апыл-ғұпыл шешуге
болмайды. Ты што-о! (Саянға) Можит, сен дүйсенбі күні келерсің,
ә? Бүгін сенбі, старшилардың бәрі демалыста... мазалағанымыз
нелеу болар...
Саян: Жоқ. Дүйсенбі күні студияда ән жазамын... жүрем бе әр-
лі-берлі анаша арқалап... ап қалыңыздар қазір...
Старшина: Сен аптықпа. Біз наша түгілі насыбай атып көрме-
ген сәбетский старшынбыз. Никотинді ғана білеміз, наркотинді
енді естіп жатырмыз. Сондықтан бұның не екенін де білмейміз,
білгіміз де кеп тұрған жоқ... бәлесінен аулақ. Одан да сен мұны
жоғары жаққа апарсаң қайтеді?
Саян: Сіздер немене, полиция емессіздер ме?
Старшина: Болғанда қандай, нағыз палицаймыз. А, бірақ біз
негізінен көшеде қақтығысып қалған көлигәндәрді, мас боп келіп,
қатынымен төбелескен қаһармандарды ұстаумен айналысамыз.
Қазір де міне, төрт бірдей келіншек звандады, күйеулерімен кеңір-
дектесіп жатыр екен, сонда жүргелі отырмыз. Ондай тамаша тұр-
ғанда, анашаға қарайтын уақыт жоқ!
Полицей: Семейный скандал страшнее международной мафии!
Старшина: Сен бүйт! Үйіңе бар, шайыңды іш, ойлан да, дүй-
сенбі күні прәмі УВД-ға немесе КНБ-ға бар. Ал егер де, айнып
қалсаң, тіпті жақсы, осы пәленің барынан жоғы!
Саян: Жоқ, сіз маған сенбей тұрсыз ба? Мынау жарты қап...
ойлап көріңіз. Мейлі, ендеше мен міндетімнен құтылдым, ендігі
жерде жауап беретін сіздерсіздер. (Қапты қалдырып, кетуге ың-
ғайланады).
Полицей: А может правда, а? Онда бұл грандиозное дело...
международный уровень! Мы раскрываем! (Саянға) Сен пока оты-
ра тұр.
Саян: Мен неге... не үшін отыруым керек?
Полицей: Иногда полезно посидеть... подумать (қамайды).
Құтқару тобы Есі шыққан Айым жанұшырып Мейіргүлдің үйіне келеді. Аптығып, болған оқиғаны айтып береді. Мейіргүл (Айымға): Әй, ысылушшай, Айым. Мен баланы тауып, байды бағып, базарды қағып жүрген айғыр қатынмын. Күнкөріс үшін... қайтейін... кейде клиенттерді алдап-сулап жіберетінім де бар шығар... Ақшаға да қызығатыным рас. Бірақ, мен қазақтың қызымын! Ешқашан да қанымды сатпаймын! А-а, сен ше? Сен ғой баланың басын айналдырып, нәр-р-р-котаға ұрындырып жүрген. Корр-риер Нәрркөтишески! Айым: Ой, тетенька... зачем вы так? Мен білмейді наркотик туралы... Мейіргүл: Айтақ! Білгенде, сен білесің бар бәлені. Бізді ақымақ қылып, әп-әдемі әншімізді қаматып тастап, ақшаны қалтаңа басып алып, тайып тұрмақсың ғой! За рубеж хочеш, да? Они хароши-ми псе плақой знәшет. Пашему ты не любиш сбой народ? Не знәйіш радной язик? Ігіде тбой нацианальный гордыст?! Кәму ти тәкөй нөжнәй там, ә? Айым: Я же его люблю! Мейіргүл (Жұмбақ күліп, түрі өзгеріп): А-а! Солай ма? Любов де. Знашет, бай керек саған да? Айым: Да! Мейіргүл: Эті менәйіт делі! Жүр, кеттік! Айым: Қайда?! Мейіргүл: Байға! Мен қазақтың әнін нахақтан нахақ қаматып қойып, қарап отыра алмаймын! Әй, Керейбай! Керейбай келеді. Мейіргүл оған болған жәйтті түсіндіріп айтады. Айқасқа дайындық Керейбай ала «Москвичпен» Боранғұлдың пәтеріне келеді. Боранғұл (Керейбайға): Бітті. Капут. Сендердің кесірлерің бәрі де... Керейбай: Қап! Тап мына сенің қырсығыңның айналып келіп әнші балаға тигенін қарашы. Жә... сабыр... енді не істейміз? Боранғұл: Құтқару керек Саянды!
Керейбай: Қайтіп? Боранғұл: Кәдімгідей... барамыз да абақтыны бұзып-жарып алып шығамыз баланы. Боранғұл қару-жарақтарын – балта, пышақ, егеу, арасын қойны-қонышына тығып, дайындай бастайды. Керейбай: Әй, Борона, салдырлатпа темір-терсегіңді. Құрдымға кетесің. Одан да былай... дыбыссыз ғана... мен төбеден бір қойып, кеңірдегінен қылқындырып тастай берейін, қылқындырып тастай берейін, сен дыхалкіден... дыхалкіден бір теуіп домалата бер! Екеуі келісіп, қару-жарақсыз, салдырлаған ескі «Москвичпен» аттанады. Әйелдің айласы Мейіргүл күзет бөліміне келеді. Старшина мен полицей оған таңдана қарайды. Наркотик салынған қап бұрышта тұр. Мейіргүл: Мен әншіге тамақ әкеліп едім... өзегі талған шығар! (Сөмкесінен иісін бұрқыратып қазы-қарта алып шығып, үстелге қояды. Үлкендеу пакетті қоя беріп) Мынау әншіге... (Кішірек пакетті шығарып) Ал, мынау сіздерге... ауыз тиіңіздер! Полицей: А-а, жақсы! Қатырамыз! Алаң болмаңыз! Мейіргүл: Жақсы! Жақсы! (Шығып кетеді). Полицей пакетті ашып жіберіп, иісі бұрқыраған етке бас сала бергенде, старшина оны тоқтатады. Старшина: Әй, тоқта! Бір бәле қосып әкеп жүрмесін! Полицей: Бізді ақымақ санайды-ау деймін осы жұрт! Онда былай! Өзіне дегені – бізге, бізге дегені – өзіне! Пакеттерді ауыстыра қояды. Екеуі мәз болып, етті жей бастайды. Сәлден кейін есінеп, ұйықтап кетеді. Мейіргүл есіктен сығалап қарап алып, дыбыссыз басып, ішке кіреді. Мейіргүл: Өстетіндеріңді өзім де біліп едім! (Екеуін тез-тез тінтіп, сержанттың қалтасынан бір буда кілтті алады. Сол кезде телефон шар-шар ете қалады. Шошып кеткен Мейіргүл сасқанынан телефонды көтереді). Әлө! Жоқ, бұл базар! (телефонды орнына қоя бергенде, есіктен капитан мен сержант кіріп келеді). Сержант: Иә, бұл не қылған базар көшіп жүрген? Мейіргүл: Иісмай базары!
Сөмкесінен әтір алып шығып, сыртынан төніп тұрған екеуіне қаратып, сеуіп-сеуіп жібереді. Сержант (бетін басып, күліп): Қойыңыз, жеңеше! Үйдегі келініңіз бұл неғылған бөтен әйелдің иісі деп, кіргізбей қойып жүрер! Мейіргүл: А-а, мен нетіп, қайындарым, жаңылып... Қазір сендерге еркекшесін көрсетейін! Мейіргүл сөмкесінен газ баллончик алып шығып, өз мұрнын бір қолымен баса қояды да, екеуінің бетіне сеуіп-сеуіп жібереді. Екеуі құлап түседі. Сол кезде есік сарт етіп ашылып, Керейбай мен Боранғұл кіріп келеді. Жайрап жатқан төрт жігітті көріп, сасқалақтап тұрғанда, Мейіргүл Керейбайға бір буда кілтті ұстата қояды да, қолымен «анда» дегендей даланы нұсқайды. Ол екеуі тұра тартқанда, баллонды сөмкесіне салып, жарты қап наркотикті арқалап алып, шығып жүре береді. Арылу Керейбай мен Боранғұл күзет бөлмесінен шығып, үлкен қойманың темір есігін салдырлатып ашып, ішке кіреді. «Саян! Саян!» деп дауыстап, кең, қаракөлеңке қойманы аралап, іздеп жүргенде, ұйқысынан оянған манағы капитан мен сержант кеп қалады. Капитан (пистолетін бұлғап-бұлғап): Иә, кімді іздеп жүрсіңдер? Керейбай: Ана әнші бала Саянды босатып қоя беріңдер! Капитан: Жоқ! Ол қылмыскер! Бітті! Керейбай: Көкелер-ау! Ағайыншылықпен келісейік те былай... Қазақ емеспіз бе?! Капитан: Жарты қап кокаин тұрғанда, қайдағы көкем-ау! Керейбай: Атам қазақтың жолымен, кешірім жасап, босатып қоя беруге болмай ма? Капитан: Заң ешқандай атаң қазақты білмейді! Заңда ұлт жоқ! Керейбай: Неге? Болу керек! Әр мемлекеттің заңы алдымен өз ұлтының мүддесін көздеуі керек! Капитан: Сен мұндай заржақ болсаң, парламентке бар! Керейбай: Қап, бәлем, сені ме! Керейбай мен Боранғұл айласын тауып, айқаспақ болады. Капитан пистолетін кезеніп, айбат шегеді. Аңдысып тұрғанда, стар-
шина мен полицей де кеп қалып, бұларды қоршауға айналады. Құ-
да да жүгіріп жетеді.
Сол кезде әлдекімдерден қорқып, қашқан Мейіргүл қапты ар-
қалап, кең қойманың ішіне келеді. Қайдан келгені белгісіз, баяғы
контейнерін атқа айырбастаған кәсіпкер де оның соңында аңдып
жүр. Кімнің кім екені белгісіз, әйтеуір әр жерден шыға-шыға кел-
ген бірталай адам наркотикке таласып, қару-жарақтарын кезеніп,
аңдысады. Аңдушылар Мейіргүлді қоршап алады. Мейіргүл қапты
тастай салып, Керейбайдың артына тығылады. Қап ортада домалап
қала береді. Жан-жағында ала-құла – бірі полицейше, бірі омонша
киінген, топ-топқа бөлінген кісілер тайталасып тұр.
Капитан: Кәне, былай тұрыңдар! Бұл мемлекеттің меншігі!
Мен КНБ-нің капитанымын!
Құда: Оттапсың! Міне, мен нағыз омонның описерімін!
Сержант: Ал мен таможынмын!
Кәсіпкер: Ал мен қара жынмын!
Боранғұл: Ана жын... мына жын... қай жын болсаңдар да, бір
қап наркотты жайдан-жай қолдарыңа ұстата салатын мен немене,
нақұрыс деп пе едіңдер? Тапқан менмін, сондықтан – менікі!
Кәсіпкер: Менің кәнтейнерімнен шығып отыр! Бұйырған несі-
бемді өліспей бөліспеймін ешкіммен!
Капитан: Жалғыз жесең, желкеңнен шығады! Жұртпен қосы-
лып жұтсаң, майдай жағады!
Құда: Анаша бізге де керек! Бізде де бала-шаға бар!
Старшина: А мен сәбетский старшынмын... стажым бәріңнен
үлкен, сондықтан наркот маған положыны!
Полицей: Наркотик – лучшая награда за нашу верную службу!
Мейіргүл: Мәссаған! Қайсы палитсай, қайсы банды, не пай-
меш!
1-саудагер әйел: Қазір барлық жерде әйелдерге жол береді!
2-саудагер әйел: Әйелмен таласқан оңбайды!
Керейбай: Ау, ағайындар... қазақ емеспіз бе... былай... ата жо-
лымен ақ адал бөліп алайық та! (Басқалар көнбей, үнсіз түнеріп,
қаруларын кезей түседі). Қазақтың бандысына дейін алауыз бола-
тыны несі екен?!
Саян (қараңғы бұрыштағы темір тордың ішінен): Оу, ағалар,
аңсаған анашаларың мінеки, енді мен кетейін. Анда қыз күтіп тұр!
Старшина: Қыз күтіп тұрса жіберу керек... ұят болады.
Полицей: Бір конкурент болса да азая берсін! Капитан: Жоқ! Қазір барады да айтып қояды! Ешқайсың осы жерден шықпайсың! Ойын бітті! Бәрі сақ-сақ еткізіп, қаруларын кезеніп, аңдыса бастайды. Ортада қап. Сол кезде сырттан сызылтып Айым ән бастайды. Саян қосылады – дуэт. Ән мен анаша, қару мен өнер! Бәрі үнсіз тыңдайды. Бір қайырғаннан кейін капитан пистолетін беліне қыстырып, қапты ашады. Татып көреді, аузы көпіреді... Капитан: Әй, мынаны наркотик деп жүрген қай данышпан? Мынау жай кір жуатын порошок емес пе? (Жұрт ортаға жинала бастайды) Көріңдер, міне... Кәсіпкер: Өй, әкеңнің... Старшина: Өкінбе, әй! Мен әу басында-ақ айтқам, осының барынан жоғы жақсы деп. Бәлесінен аулақ! Құда: Ойбай-ай... оп-оңды ағайын едік... апиынға бола қырылысып қала жаздадық қой! Бір-екі будадан бөлісіп алады. Керейбай: Бұған да шүкір! Бір тазарып қалатын болдық! Барлығы есікке беттеп, күліп-ойнап далаға шыға береді. Далада, сұлу Көкше табиғаты аясында Саян мен Айым жарасып, қол ұстасып әндетіп бара жатады. Барлығы екеуіне қолдарын бұлғайды. Соңы. 2006 ж.
Аран І Нартайдың үйі. Есік алдында әйелі Манар, балалары мен немерелері мәре-сәре. Нартай ұлымен теріс қарап шахмат ойнап отыр. Қызы Нартайға, әйелі баласына жақтасып: «Ананы жүр! Мынаны жүр!» десіп, бақ-шақ болады. Баласы бір жүріс жасап: «Ал, мә! Енді мат боласың!» – дейді. Нартай қипақтап, ойланады. Өздерімен-өздері ойнап отырған екі немересін шақырады еркелетіп. Олар жүгіріп келіп, шахматты шашып жібереді. Баласы ашуланады. Бәрі мәз-мәйрам. Телефон шырылдайды. Нартай сотканы алады. «Иә! Иә! А-а? Аа? Қазір!» дейді түсі бұзылып. Үндемей ойланып сыртқа шығады. ІІ Аулада. Ескі қора-қопсы. Ескі жүк машинасы. Нартай елеңдеп тұрады. Әлденеге өте өкініп, ызаланып, машинаның доңғалағын, бортын сарт-сұрт ұрады жұдырығымен. Капоты, кузовқа іліп қойған «қолжуғыш» баклашкалар дірілдейді. Кешқұрым. Көлеңкелер ербеңдейтін сияқты. Қора-қопсының аңғал-саңғал қалпы қорқыныш сезімін қоюлата түседі. Елес: Әлдене күрсінгендей болады. Нартай есіктен ақырын қараса, қораның түкпірінде, алакөлеңкеде собалаңдап біреу тұр. Баяғы жоңғар, қытай жауынгері сияқты. Сауыт-сайманды, қару-жарақты. Нартай шошыңқырап, үңіле қарайды, ештеңе жоқ. Төбеде біреу жүргендей болады. Нартай балтаны алады. Аңдиды. Бұрыштан шыға келгенде, балтаны жіберіп қалады. Әлгі ғайып боп кетеді, балта кірш етіп бөренеге қадалады. Өзінен-өзі үрейқуықтанып тұрғанда машинамен қара папкалы, шляпалы, қара көз әйнекті дәу келеді. «Елес пе, кісі ме?» деп, есі шығып тұрған Нартаймен амандасады. Екеуі Тұрғынбектің машинасына отырып кетеді. ІІІ Тас-төбенің басында жеке шыққан шоқ ағаш. Мал өрістен келіп, жұрт әрлі-берлі айдап барады.
Бір төбенің басында Нартай мен Тұрғынбек екеуі оңаша сөйле-
седі.
Тұрғынбек: Тәк, мектеп директоры Нартай мырза, бері қара-
ңыз! (Папканы ашады). Мына қағаздар не дейді? Сіз спорт бөлімін
басқарып тұрған кезде... былтыр күзде... жекеменшік мектептің
спортшыларына екі жүз елу мың теңге ақша бөлдіріпсіз. Бюджет-
тен!
Нартай үнсіз басын изейді.
Тұрғынбек: Бірақ, сіз заңды өрескел бұзып, мемлекет қаржы-
сын мүлде басқа мақсатқа пайдаланғансыз!
Нартай: Астапыралла! Қалай басқа мақсатқа? Спортшылардың
алғаны рас.
Тұрғынбек: Расы рас! Қолдарын қойған... қағаздары бәрі дұ-
рыс. Бірақ, ол қаржы оларға тиіс емес болатын. Сіз түсінесіз бе?
Заңды белінен бір-ақ басқансыз! Нецелевое использование бюд-
жетных средств дейді бұны!
Нартай: Айпырай, ә... Сонда қалай?
Тұрғынбек: Сонда солай! Бұл – барып тұрған қылмыс! Корр-
рупция! Кар-риера капут! Қызметтен қуыласыз! Мектепке масқара
боласыз! Бүкіл елге қарабет боласыз! Сотталасыз! Су түбіне кете-
сіз!
Нартай: Әй, әй, Тұрғынбек айналайын, тұра тұр! Өлтіремісің-
дер сонша... өзім жеп қойғаннан жаман. Бастық айтты... спортшы-
ларға қаржы тауып бер деді! Заңға томпақ деп, жұқалап айтып кө-
ріп едім... – Бер! – деді. Амал қанша, бердім!
Тұрғынбек: Бастық айтты ма, бастырық айтты ма, бізге бәрібір.
Заңды бұзып отырған – Сіз! Сондықтан сіз жауаптысыз! Бітті!
Нартай сылқ түсіп, үнсіз қиналып отырғанда, Тұрғын бір қа-
ғазға бірдеме жазып, оның көзіне тақайды. «10 мың доллар бер де
құтыл! 3 күнде!» Асықпай, қағазды умаждап, жағып жібереді. Екі
көзімен Нартайды ішіп-жеп, мысқылдап қарайды.
Тұрғынбек: Сіз боссыз... Біз істің анық-қанығын тексеріп, үш
күннен кейін тағы шақыртамыз. Ешқайда кетпей, үйде болыңыз!
Ол қойқаңдап, машинасына мініп, бір-ақ тартады.
Нартай салбырап, төбеден түсіп, жаяу кетеді... Елес. Қара кө-
леңкелер қоршағандай... «Масқара! Масқара-ай!» – дейді күбір-
леп...
ІV Үй сыртында, кішкентай огородта Нартай әйелімен күңкілдесіп жүр. Балалар алаңсыз ойнап жүр. Кейде бұлардың қасына кеп, еркелеп кетеді. Доптарын лақтырады. Балдарға күлген болады. Бірақ, жыларман халде. Әйелі сәбіз, помидор, картопқа қаптаған арамшөптерді борт-борт ызаланып жұлып лақтырады. Манар: Мұның не? Өзі әрең-әрең күн көріп жүргенде... Бұл не сұмдық?! Көзінің жасын әрең іркіп, сыбырлай сөйлейді. Нартай: Әйел үндемегенде әдемі! Сен сабыр ет, сыр берме ешкімге. Ақылдасайық... ақша іздейік. Манар: Ақылдасқанда... іздегенде... Қайда барасың? Кімнің шекесі қызып тұр дейсің қазір. Тіпті, бар болса да бермейді. Не деп береді саған? Өзің былықтырдың ба, өзің құтыл дейді. Берген күнде де ертең қалай қайтармақсың? Нартай: Жә, доғар енді зарлай бермей! Бір жөні болар! Кетеді. Балдар мәз боп ойнап жүр. Манар көз жасын әрең тежеп, үйге кіріп, телефон соғады: «Тәте! Құрыдық! Нартайды соттағалы жатыр!» – дейді жылап.... Апайы: «А-а!» – деп үрейленеді. Апайы үлкен әжесін, күйеуін, балдарын бір жаққа шығарып салып жүр. Машинамен кетеді. Оларға білдірмейді. Оңаша қалғанда ойға батады. V Дөң басындағы үй. Үй сыртында, шарбақтың ішінде Нартайдың ағайыны Жаскен бір дударбаспен ағаш кесіп жатыр. Нартай келеді. Қауқылдасады. Дударбас балтаға кетеді. Нартай Жаскенге жағдайын айтады. Жаскен: Солай деңіз, Нараға! Қап, әй, ә?! Біздің халімізді өзіңіз де білесіз... Ауылда жұмыс жоқ... бізде қайдан ақша болсын? Он мың доллар! О-о! Кем дегенде, он бес жылқының немесе отыз сиырдың құны! Жынды ма, әй, өздері? Кісінің шамасына қарамай ма? Ерегіскенде, өзін неге ұстатып жібермейсіз? Нартай: Қайтіп? Қалай? Жаскен: Е-е, КНБ-ға айтпайсыз ба? Нартай: Болмайды ол, болмайды! Жаскен: Неге болмайды?
Нартай: Өзім бірге кетейін деп байланып тұрмын ғой. Және дәлел де жоқ! Жаскен: Дәлелді табу керек. Бұлар ма, бұлар... Қарсы шабу керек бұларға! Әттең, дүние-ай! Ауғанстанда жолыққанда көрер едім! Ол кіжінеді. Нартай ойланып қалады. Дударбас балта алып келеді. Ағаш жарады кезек-кезек. Елес: Қара киімді, қара папкалы қыр астында Нартайды тосып тұрады. VІ Нартай жиеніне келеді. Жиені ауласында бокс қолғабын киіп, қапты ұрып жүр екен. Мән-жайға қаныққан соң, қылжақтайды. Жиен: Жұрттың нағашысы (қапты ұрып-ұрып қояды) жиендеріне беруші еді, менің нағашым өзімнен дәметеді. (Қапты ұрып, секіріп-секіріп қояды. Нартай боксшы жиеннің Тұрғынбекпен бокс ойнап, сабағанын елестетеді. Басын шайқайды). Нағашы, ә, нағашы! Елді әуре қылмай, тып-тыныш түрмеге тарта бермейсіз бе? Салулы төсек, салқын үй, тегін тамақ... Алаңсыз жатып іше бересіз, а?! (Қапты құшақтап, ыржиып, мазақтап тұрады). Қолмен істегенді мойынмен көтер деген... Нартай: Әй, не оттап тұрсың?! Мен алғам жоқ! Жиен: Хе-хе-хе! Мұныңызға кім сенеді? Нартай қапты жұдырықпен бір ұрғанда, қораның төбесі солқ ете түседі. Жиен есеңгіреп, басы айналып қалады. Нартай қайқайып кете береді. Жиен (артынан айғайлап): Мүйізді қара қошқарымды берейін! Нартай: Бүйткен қошқарыңның мүйізін мұрыныңа тық! VІІ Нартай сол бетінде үлкен апасының үйіне келеді. Апасы құрақ ұшып қарсы алады. Нартай дөңгелек үстел басына, оюлы текемет, құрақ көрпенің үстіне отырады. Күміс қаптырмалы барқыт қамзол, қазақы көйлек киген, күміс білезік, сырға, жүзік таққан апасы ескіліктің ыстық елесіндей. Апасы ағаш аяқпен айран береді. Қаймақ, бауырсақ әкеліп, есі шығып жүр. Бір жағынан бауыры келгенге қуанып, екінші жағынан істі боп кете ме деп қорқады.
Ескі, зерлі әбдірәні ақтарып, тозыңқы, кестелі орамалға түйілген ақшасын алып келеді. Нартайдың алдына қояды, екі жүз доллар. Сырға, сақина, білезіктерін шеше бергенде, Нартай қолымен «тоқта» деп белгі береді. Толқып, ауыр ойға батады. Апасы көзіне жас алады. Ата-аналардың, бала кездің суреттері қабырғада ілулі тұр. Сағыныш. Шыныаяқпен шай ішеді, баяғының шалдары құсап, табағына құйып, үрлеп, сораптап, рахаттана ішеді. Кенет жарық сөніп қалады. Апасы кәрәсін шам жағады. Қажыған Нартайдың көзіне көлеңкелер қап-қара, үрейлі болып көрінеді. Елес түрмеде қалайы кружкамен шай ішіп отырады. VІІІ Түн. Апасының үйіне машинамен Тұрғынбек келеді. Сигнал береді. Үйдегілер үрпиіп, шошынады. Нартай ақырын ымдайды. Апасы қорқа басып шығады. Фардың жарығы көзін қарықтырды. Тұрғынбек тұр түнеріп. Қайтып келеді. Апасы (үрейлене сыбырлап): Саған келіп тұр! (Нартай шығуға ыңғайлана бергенде) Ой қорқамын, бармашы! Байқашы! Мен де бірге барайыншы! Нартай оны арқасынан қағып, үнсіз ұғындырып, сыртқа шығады. Тұрғынбек Нартайды машинасына отырғызып, ескі ғимараттың орнына, қираған үйінділерге алып келеді. Түсерде Тұрғынбек соткасын машинада қалдырып, Нартайға тесірейе қарайды. Нартай да соткасын қабымен қалдырады. Сыртқа шығып, керіліпсозылады. Қараңғыда, машина жарығында ербең-ербең етеді көлеңкесі. Нартайдың көзіне қап-қара бәлелер елестейді. Тұрғынбек: Ақша таптың ба? Нартай: Жоқ! Тұрғынбек: Қашан табасың? Нартай: Білмеймін... Мүлде табылмайтын сияқты... Тұрғынбек: Неге? Нартай: Жоқ! Бармаған жерім жоқ! Сұрамаған кісім жоқ! Бәрінде де ақша жоқ, бітті! Тұрғынбек: Осы «жоқ, жоқ!» деп зарлағанды қашан қоясыңдар, ә?!
Нартай: Сен түсінсеңші, он мың долларыңды мен он жыл жұмыс істесем де тауып бере алмаймын ғой! Тұрғынбек: Мейлің! Онда оңбайсың... сотталасың! Нартай: Басекең хабарласқан жоқ па? Бәрін өзім реттеймін деп еді. Тұрғынбек: Хабарласты. Орынбасарынан сәлем айтыпты. Менің айтуыммен бергені рас, бұл істі шулатпай жауып тастасын депті. Нартай: Онда не бар созатын? Бастық айтты, бітті емес пе? Тұрғынбек: Ой, шіркін-ай... Оп-оңай біте салатын немене... ол саған, құдалық па? Мен де басекеңе сәлем айттым... Тапсырма бергенін растап, бар жауапкершілікті мойнына аламын деп жазып берсін дедім... Нартай: Ал? Тұрғынбек: Жауап жоқ әлі! Әрине, ондайды жазбайды. Бәрібір, соры қайнайтын сенсің! Сондықтан, солқылдай бермей, бір жағына шығатын бол! Екі күн саған! Нартай: Басекеңді тыңдамайтын сен кімсің сонша?! Тұрғынбек: О-о! Мен бе? Мен – мистер икс, игрек, зет-пін! Нартай: О, сұмдық-ай! Әй, бауырым, маған бір жақсылық жаса! Бір қазақтың баласымыз ғой... Анауыңды азайт. Тым болмаса жартысына келісейік! Тұрғынбек: Он теңге де қысқартар жайым жоқ! Тапсаң, таптың, таппасаң, батпаққа баттың! Екеуі тоң-торыс, алагөз боп тарайды. Апайының үйінің алдынан түсіп қалған Нартай елегізиді. Елес: Нартай есікті ашпақ бола береді. Аулада біреулер жүрген сияқты. Мұны аңдып, қуалайды. Фонарик жағады көзіне. Қораның бұрышында бас салып, шүберек белбеумен буындырады. Нартай көзі аларып, талықсып кетеді. ІХ Нартай апайының үйінде түнімен ұйықтай алмай, дөңбекшіп шығады. Елес: Масқара болып, түрмеде отырғаны елестейді. Таң біліне тұрады. Қораға кіріп, есігін бекітіп алады. Арқаннан тұзақ істеп, асықпай сырғауылға іледі. Қолымен асылып, солқылдатып көреді. Басын тұзаққа тақап, тесігінен ойлана, қинала қарайды.
Елес: Қара киімді біреу кенет пайда болады. Қолымен «асыл!» деп нұсқайды. Нартай үнсіз көніп, асыла бермек болғанда, көзіне балдары елестейді. Қаны қайнап кетіп, босағада ілулі тұрған ескі қамшыны ала салып, қара киімдіні сабайды келіп. «Жоғал! Жоғал, малғұн! Мен асылып өлмеймін! Мен сендерді асып өлтіремін!» Анау ғайып боп кетеді. Нартай қолымен тұзақты қысып тұрып: «Ал, қайтесің? Ерегіскенде... асылып өлмеймін!» дейді тістене сыбырлап. Осы кезде есік алдында самауыр қойып жүрген апасы әлденеден секем алып, қораға келеді. Екеуі құшақтасып, аулаға шығады. Елес: Жаскен екеуі Тұрғынбекті аңдиды. Х Нартай өз үйінде жалғыз. Біржан салдың «Теміртасын» айтып отыр. Қара су есік ылайланды, Бай болмақ, кедей болмақ құдайдан-ды, Қамзолдай, келте пішкен дөңгелетіп, Дүние өтерінде шыр айналды!
Су шықпас ойпаң жерден қазбаған соң,
Қара нар жүк көтермес саздаған соң,
Жете алмай мұратыма болдым қапа,
Қайтейін, тағдырыма жазбаған соң!
Теміртас, Асыл, Ақық, қалдың зарлап,
Ежелден мирас екен зарлап қалмақ,
Көз көрген құрбы-құрдас жораларым,
Дұғасын оқи берсін маған арнап!
Жаскен келеді. Түсі суық. Тұрғынбектің суреттерін, үйін көрсетеді. Екеуі ой үстінде... ХІ Нартай мен Жаскен машинамен қалаға келеді. Он екі қабат биік үйдің қасына тоқтайды. Домбыраның шабадан сияқты қабын қолына ұстап, Нартай үйге кіреді. Жаскен машинада қалады. Қа-
ракөлеңке басқыштармен ақырын көтеріліп, бір қуыстардан өтіп, үйдің төбесіне шығады. Төбеден қарағанда, қала алақандағыдай. Төменде, коттедж ауласында Тұрғынбек балдарымен доп ойнап жүр. Нартай қапты ашады. Домбыраның орнында – қосауыз мылтық! Тұрғынбекті көздеп, енді атпақ болғанда, оны кішкентай баласы жүгіріп кеп, құшақтай алады. Нартай ата алмай қиналады... Тұрғынбекке балалары еркелеп, бәрі мәз болады. Нартай басын шайқап, мылтығына сүйеніп, оларға төбелерінен ойлана қарап тұрады... Оғын алып, Тұрғынбекке лақтырады. Тұрғынбек патронды көріп, шошынып қалады. Қолына алып, айналдыра қарайды. Түсі бұзылады. ХІІ Нартай өз үйінің алдында жаттығып жүр. Жалаңаш қолымен қалың-қалың қарағай тақтайларды ұрып сындырады. Жаскен келеді. – Нараға, ана жемқорды осылай бір-ақ ұрып, қақ бөліп тастамайсыз ба?! – дейді күліп. – Е-е, Жаскенжан, онымен шешілетін түйін болса ғой! – деп күрсінеді Нартай. Сол кезде Тұрғынбек Нартайға телефон соғады. Нартай онымен кездесуге кетеді. Жаскенге байқарсың деп ескертіп қояды. Тұрғынбек Нартайды машинасына мінгізіп алып, орман шетіне кеп тоқтайды. Тұрғынбек соткасын машинада қалдырады. Нартайға қарайды бақырайып, ол оның көзін ала беріп, тек сыртқы қабын ғана тастайды. Байқатпай диктофонын қосып қояды. Былайырақ барып, бір ағаштың түбінде сөз бастайды. Осы кезде жеңіл машинаға телешке тіркеген Жаскен алыстағы күре жолмен ақырын өте береді. Тұрғынбек: Ақша қайда? Нартай: Жинастырып жатырмын... Айтпақшы, өзі қанша еді сұрағаның? Тұрғынбек: Он! Он мың доллар дедік қой! Нартай: Он мың доллар! Ондай ақшаны өмірі қолыма ұстап көрмеппін. Тіпті, елден ұят екен... Біреуге он мың доллар пара бе-
руші едім, маған көмектесіңдер деген. Азайту керек шамаға қа-
рай....
Тұрғынбек: Ой, Нартай көке, бірдеңені езе бергеннен май шы-
ға ма? Менің де үстімде адамдар бар! Бөлісу керек! Өздерің бы-
лықтырасыңдар да, бізге өкпелейсіңдер. Болмайды ол! Он мың
доллар, бітті.
Нартай: Ал менің бар мүмкіндігім – алты-ақ мың доллар!
Тұрғынбек: Алты-ақ мың? Әй, алты мың кімге дәрі? Мейлі...
сотталасың да кетесің...
Нартай: Атып жіберсең де осы – алты-ақ мың!
Тұрғынбек: Қап! Өстіп күйдіріп бітесіңдер ғой... Кісіні ин-
фаркт қылатын шығарсыңдар сендер. Жә, тоғыз мыңға тоқтайық!
Ана алты мыңды бүгін бер де, қалған үш мыңды алдағы аптада
алып келетін бол! Әйтпесе, қағаздарыңды сотқа түсіремін, бітті!
Нартай: Тұрғынбек, шыныңды айтшы, тоғыз мың доллар қо-
лыңа түгел тиген соң, тыныш боламын ба?
Тұрғынбек: Саспа! Тастай қыламын! Тіпті, келешекте жоғары-
лауыңа жағдай жасаймын!
Қойқаңдап машинаға келеді. Отыра беріп, Нартайдың телефо-
нын әпереді. Бос футляр екенін көреді. «Ах, солай ма?» – деп,
Нартайға тұра бас салады. «Сотка қайда, сотка? Әкел сотканы!» –
деп ұмтылады. Нартай шегіншектеп, ағаш-ағаштың арасымен қа-
шады. Тұрғынбек машинадан, багажниктен қосауыз мылтығын
патронымен ала сап, қуады.
Аяғынан көздеп атады. Нартай бұғып қашады, домалайды.
Ағаш қабығы, шөптің бастары шашырап ұшады оқ тигенде. Бірі
қашып, бірі қуып жүріп, орман ішіне сүңги береді.
Алаңқайда адасқан Тұрғынбек ес жиып, бір түбіртекке отырып
демалады. Айнала жым-жырт. Жан жоқ. Орман мүлгіп тұр. Елегіз-
ген Тұрғынбек айқайлайды. Жаңғырық шығады. Нартай бір алаң-
қайды кесіп өтіп, жеке тастақ төбеге шыққан шоқ ағашқа тығыла-
ды. Оны көзі шалып қалған Тұрғынбек аяғынан көздеп, атқылай-
ды. Нартай жанұшыра зытып, далаңқайда іркес-тіркес тізілген
түйе тастардың арасына тығылады. Тұрғынбек қуады. Тасқа тиген
оқ зың-ң етіп, зәрені алады. Тас керуен созыла береді. Қорыққан
Нартайдың көзіне Тұрғынбек біресе жоңғардың жауынгері, біресе
фашист-солдат боп елестеп, садақпен, автоматпен атқылайды.
Тұрғынбектің оғы бітеді. Оны білдірмей, тас арасында аңдысып жүреді. Екеуі екі тастың түбінде алқынып отырып, сөйлеседі. Тұрғынбек: Оу, Нартай көке, өмір бойы қашсаң да құтылмайсың... Заң мен жағында... Нартай: Жоқ, Тұрғынбекжан, енді мен жағында. (Соткасын қосып, Тұрғынның пара талап еткен даусын тыңдатады). Мынадай айғақпен өзің кетесің құрдымға! Тұрғынбек: Бәрібір маған түк те қыла алмайсың! (Алдаусыратып, тас-тастың арасымен жақындай береді). Одан да екеуіміз жақсылап келісейік! Сөзге алдандырып келіп, Нартайды ту сыртынан бас салады. Алыса кеткенде, аш белден қапсыра құшақтап көтеріп, жерге алып соғады. Алқымынан езіп, тұншықтыруға тырысады. Нартай жандәрмен бір қиыршық тасты алып, Тұрғынбектің қыр арқасына батырғанда, ойбайлап домалап түседі. Атып тұрып, екеуі аңдысып, төбелеседі. Айдала. Тас орман. Арпалысқан екеу. Тұрғынбектің төбелесі кәдімгі қара төбелес. Құлаштап ұрады, тебеді. Нартай тигізбей жалтарады. Бірақ, өзі ұрмай жүреді біраз. Бір кезде Тұрғынбек ақырып, қолын тарбитып ұрады. Нартай оның қарынан бір ұрып, қолын салдырайтып тастайды. Іштен бір періп, құлатады. Шалқасынан түскен Тұрғынбектің үстіне мініп алып, кеудесінен, қарнынан барабан ұрғандай төмпештейді. Елес: қамшымен құйрықтан, қарнынан сабайды... Нартай: Құдайдан қорықпайсыңдар ма? Халықтан ұялмайсыңдар ма? А-а? Тұрғынбек: Мен ондайды білмеймін! Білгім де келмейді! Менің жақсы өмір сүргім келеді. Дүниені шайқап жүргім келеді! Нартай бұлқынған Тұрғынбекті сүйрелеп, тасқа сүйеп отырғызып қояды. Нартай: Жүре бер! Бірақ, араныңды ашып, жан-жағыңды жалмай берме! Жұртты жылатпа. Тұрғынбек: Ондай адалдығыңды атаңа апарып бер! Менің білетінім – қолым жеткенді жұлып алып, жей беру, жей беру, жей беру... Тұрғынбектің сазарған бетіне қарап, Нартайдың қаны қайнап кетеді. Нартай: Мақұлық! Тұрғынбекті бір періп талдырып тастайды.
Нартай басы қатып отырғанда, есін жиған Тұрғынбек оны ту
сыртынан бас салады. Белінен қысып алып, құлатпақ болады. Нар-
тай оның қолының сыртына соткасын батыра қояды. Тұрғынбек
ойбайлап, босатып жібереді. Аңдысады. Тұрғынбек мылтығын
алып, дүбімен ұрмақ болады. Нартай тигізбей, қашқақтайды. Мыл-
тықтың дүбі тасқа тиіп, күлпарша болып, шашылып кетеді. Ақыра
ұмтылған Тұрғынбек сүрініп кетіп, оңбай құлайды. Басы тасқа
тиіп, талып қалады. Қан-қан боп, қырылдап жатады. Нартайдың
есі шығады. Бір кезде үні өшеді. Бәлесіне қалдым-ау деп шошып,
тас-тастың арасымен, жан-жағына жалтақтай қашады. Біраз жерге
зытып барып тоқтап, дем алып, тың тыңдайды.
Айнала жым-жырт. Тастар түнеріп тұр. Тұрғынбек серейіп жа-
тыр. Абдыраған Нартай оның қасына кеп отырады. Тамырын ұс-
тайды. Ойға батады.
(Елес: Көзіне Тұрғынбектің балаларымен ойнап жүргені, құ-
шақтасқаны елестейді).
Соткамен жедел жәрдемге збандайды, байланыс жоқ.
Күн еңкейген уақта Нартай тағы ілгері кетеді. Ұзай бергенде
Тұрғынбек ыңырсиды. Қайтып келіп, көзін ашқан Тұрғынбекті
сүйемелдеп отырғызады. Басын, Тұрғынбектің көйлегінің жеңін
жыртып алып, таңады. Тастардың арасына қонады. От жағады.
Әңгімелеседі.
Нартай: Әй, ешкімге зиян қылмай, тыныш жүре алмайсыңдар
ма осы? Неге жұрттың мазасын ала бересіңдер, ә? Кісі хақысын
жеп, біреудің қанын сорып, зорлық-зомбылықпен қай мұратқа же-
тем дейсіңдер?! Жарықтық Жанақ ақын атамыз бір қиянатшыл тө-
реге айтқан екен:
Шынар құлап, түбінде қалды шірік,
Ел ұйтқысы бұзылды, мәйегі іріп,
Ел тентегін тиятын төреміз сен,
Өз қолыңнан ұрыға бердің құрық...
Нашарды аш қасқырдай басып жейсің,
Сырт жау келсе кетесің шиге бұғып,
Батыс пенен шығысты кім қоршады,
Қарашы жан-жағыңа мойның бұрып,
Жарқыраған батыстың сар жұлдызы,
Ініңе суды құйып, алды-ау ұрып,
Ордаңды өртеп, орнына дуан салды,
Мықты болсаң қанеки, бермеші ырық,
Еңсеңді алып, еңкейтіп жарға үңілтіп,
Іргесін ауылыңның қойды түріп,
Өз еліңнің тынышын өзің алдың,
Ұлығына Қоқанның артың тығып,
Бөденедей бас күйттеп, бүрсең қағып,
Бұл жүрісің қай жүріс, елден шығып?! – деген екен.
Тұрғынбек ойлана тыңдайды.
Нартай: Ұқтың ба, әй?! Басың қазандай, ішінде шайнам миың
жоқ!
Тұрғынбек: Былай етейік, Нартай аға. Сегіз мың беріңіз де құ-
тылыңыз! Қалғанын кештім!
Нартай: Кештім дейді, әй... Әкесінің құны сияқты! Әй, шыра-
ғым, мен қорқып болдым! Енді саған қыржан да жоқ! (Тұрғынбек
мүләйімсіп, басын изейді). Түр десе түрің, бой десе бойың бар!
Бала-шаға, үй-жайың бар. Не жетпейді саған, ә? Айтшы, түсіндір-
ші маған... Қанағат, ынсап, ұят жетпейді сендерге! Құдайдан қо-
рықпайсыңдар ма, халықтан ұялмайсыңдар ма? (Тұрғынбек иығын
қиқаң еткізеді). Әлі де кеш емес. Тәубаға кел, ойлан, шырағым!
Түнгі аспан. Жұлдыздар.
Елес: Нартай қарапайым халықпен Тұрғынбекті қуып жүріп,
ұстап алады. Ағашқа байлап қойып, қорқытады. Енді қоймасаң,
көресің дегендей, тұмсығына жұдырығын тақайды. Қолында сірің-
ке! Тұрғынбек үрейленіп, түсіндім дегендей басын изейді.
Таң атқасын екеуі ілбіп, ілгері жүреді. Тұрғынбекті бір тастың
үстіне жатқызып, өзі биік тасқа шығып қарауыл қарайды. Алыста,
көз ұшында, ағаш арасынан түтін көрінеді. Нартай Тұрғынбектің
қасына келеді.
Нартай: Тұрғынбек, мен барып, көлік алып келейін.
Тұрғынбек: Менің сенімен кеткенімді білетін кісілер бар. Егер
аман-есен оралмасам, басыңмен жауап бересің!
Нартай: А-а, солай ма? Онда қал осында! Қыларыңды қылып
ал! Тып-тыныш жүрген маған тиіскен де өзіңсің! Қара таспен сү-
зіскен де өзіңсің! Сондықтан менен аулақ! Аулақ, айналайын! Мен
сені ит те болса адам ғой, қазағымның баласы ғой деп тұрсам...
Арам қат ендеше!
Бұрылып кете береді.
Тұрғынбек: Нартай аға! Нартай аға! Тоқтай тұр! Мені дәрігерге жеткізсеңіз, шаруаңызды жеті жарым мыңмен реттеп беремін! Нартай: Аһа! Тапқан екенсің ақымақты! Арзандау біреуді жалдап аларсың! Тұрғынбек (Тастың тасасынан еңбектеп шығып): Әй, жарайды, жеті мыңға көндім-м! Жақсылықпен келіссек, екеумізге де пайдалы! Ерегіссек, екеуміз де құримыз! Нартай: Мейлі, әкеңнің. Бүйтіп қор болып жүргенше, біржолата өзім де құриын, сені де құртып тынайын! Тұрғынбек: Ма-ма-мақұл, алтау, алты-ақ мың болсын! (Талықсып жатып қалады). Нартай үндемей бір қарап, бұрылып кетеді. ХІІІ Будақтаған түтінге қарай ағаш арасымен жүріп отырып, орманшының үйіне тап келеді. Монша жағып, самауырға шай қойып жатыр екен. Шаршап, арып-ашқан, сақал-мұрты үрпиген Нартай бір-екі кесе шай ішіп, жан шақырады. Орманшы екеуі ат-арбамен Тұрғынбекке келеді. Екеулеп көтеріп, арбаға салып, жолға шығады. XІV Үшеуі ат-арбамен аяңдап, Тұрғынбектің машинасына келеді. Жаскен де сонда тұр екен. Жаскен: Әй, амансыңдар ма, әйтеуір... Құдай сақтасын... қазір неше түрлі сұмдық қаптап кеткен жоқ па? Әне, айтып жатыр, шулап жатыр... Бір жемқордың үйін, дүние-мүлкін, бала-шағасын түгелімен өртеп жіберіпті! Тұрғынбек: А-а! Не дейді? Қашан? Жаскен: Кеше! Тұрғынбек машинасына міне салып, бір-ақ тартады. Бұлар аңтаң болып қала береді. XV Асығып, үрейленіп келе жатқан Тұрғынбек жанталасып, соткамен звондауға тырысады. Жүрегі қысады. Алқынып, алақтап, ағаш-ағаштың арасындағы бұралаң жолдан шығып кетеді. Тормоз беріп үлгереді. Ағашқа тіреле тоқтайды. Басы айналып, қысылып,
есі ауыңқырап қалады. Машинадан әрең шығып, теңселіп, ағашқа
сүйеніп отырады. Есін жиып звондайды.
Тұрғынбек звондап жатқанда, Нарзангүл айнаның алдында ал-
тын, гауһарларын тағып көріп, сәнденіп отырады. Телефонды
көрші әйел алады. «Әлө!» – дейді.
Тұрғынбек (бөтен дауыстан одан сайын шошынып): Әлө, бұл
кім?
Көрші (қылымсып): Мен бе? Мен, мен ғой! Көрші!
Тұрғынбек (одан сайын үрейленіп, қысылып, әрең-әрең): Әй,
балдар аман ба? Нарзангүл қайда?
Көрші: Ә, не дейсіз? Нарзангүл дейсіз бе? Балдар дейсіз бе?
(Тұрғынбек қисайып, құлай береді). Балдарыңыз әне, ойнап отыр.
Нарзангүліңіз міне, жайнап отыр!
Тұрғынбек «уһ!» деп ағашқа сүйеніп отырады.
Нарзангүл (телефонды ала сап, тәтті дауыспен): Әлөу, Тұрғын-
чик, халың қалай? Ақша таптың ба? Мен бриллиант кольеге, сыр-
ғаға заказ беріп қойдым. Алло, алло! Неге үндемейсің? (Тұрғын-
бектің тілі байланып, әрең-әрең «а-а-а!» деп әлсіз ыңырсиды. Ша-
быттанып алған Нарзангүл оны естір емес). Немене, тағы да ақша-
сыз келе жатсың ба? Алло, алло! Ақша, ақша деймін мен саған!
Тұрғынбек сол күйі қисайып жатып қалады. Нарзангүл шыты-
нап, телефонды тастай салады. «Үзіліп кетті!» дейді көршісіне.
Бағалы заттарын тамашалай береді екеуі...
Тұрғынбек әрең-әрең есін жиып, тағы біреуге збандайды.
Қатал дауыс: Иә, хал қалай, ақшаны алдың ба?
Тұрғынбек: Жоқ! Мен қысылып жатырмын... жүректен!
Қатал дауыс: Жүрек-мүрек! Қазір бас та, жүрек те – ақша! Ұқ-
тың ба? Ақша, ақша! Өл-тіріл, ақшаны әкел!
Телефоннан шыққан «ақша, ақша, ақша» деген қатал дауыс
оның миында жаңғырып, жер-көкке естілгендей. Ағаштар үнсіз
мүлгіп, бұлттар қалқып көшіп барады...
Нартай апайымен айран ішіп отырады. Бала-шаға қуанып, мә-
ре-сәре. Немерелері атасының айранына таласып мәз.
Нартай: Иә, Жаскен, айтшы әлгінің әңгімесін. Қашан жағып
жіберіпті? Ұстап па?
Жаскен: Нені айтып отырсыз?
Нартай: Әлгі Тұрғынбектің үйін айтамын да!
Жаскен: Жоға, ол емес! Кешеден бері телебезірден көрсетіп
жатыр. Шетелдердің бірінде болған жағдай. Сіз бізде деп қалды-
ңыз ба? Жоға, беті аулақ!
Нартай: Мәссаған! Әй, Жаскен-ай, жарадың! Әлгі Тұрғынбекті
бір шырқыраттың-ау!
Екеуі күледі...
Тұрғынбек көзін ашып, аспанға, бұлттарға мұңая қарайды.
Збандайды. Әрең-әрең.
Нартай (телефонды алады): Әлө! Әлө, Тұрғынбек!
Тұрғынбек: Нартай аға... (Ақырын ыңырсиды... Жағдайын ай-
тады...).
Нартай мен Жаскен оны іздеп шығады. Табады. Аузына су та-
мызады. Нартай аюрведа бойынша Тұрғынбектің саусақтарын бү-
геді.
Жаскен соткамен дәрігер шақырады. Басына жастықша жас-
тап, қозғалтпай жатқызады.
Есін жиған Тұрғынбек Нартайды танып, екеуі бір-біріне күлім-
сірейді. Ақырын қолдарын қысады...
Ағаштардың ұшар басы шыр айналып, бойын көкке созады...
Аспанда ақша бұлттар қалқып барады.
Соңы. 2010 жыл.
Айхан
Кафедегі жанжал
Кешкілік. Шағын кафе. Адам аз. Жұмыстан шаршап шыққан
Айхан жалғыз өзі бір үстелде отыр. Алдында бір стақан арақ пен
қияр, помидор. Айхан қиналып, ойланып отырып, бір кезде арақты
қағып салады. Зәкөске жейді. Қан жүгіріп, жан-жағына қарай бас-
тайды. Бұрыштағы үстелде отырған үш жігіттің даусы қатты шыға
бастайды. Қызыңқырап алған дәу жігіт пен жұқалтаң жігіт шымыр
денелі жігіт – Оралға шүйліге бастайды.
Дәу: Әй, мәмбет! Сен неге түгел ішіп қоймайсың?
Орал: Мен мәмбет емеспін! Мен нағыз қазақпын!
Дәу: Мәссаған! Сонда біз кімбіз сеніңше, ә, мәм-м-бет?
Орал: Мен мәмбет болсам, сендер мәңгүртсіңдер!
Жұқалтаң жігіт: Ал, қазақтар! Бірің – мәмбет, бірің – мәңгүрт!
Ал, құрт, бір-біріңді!
Дәу орнынан баяу көтеріліп, Оралды кеңірдектен ала кетеді.
Қылқындыра бастайды. Жұқалтаң жігіт қолын шапаттап, билейді.
Мұны көрген Айхан шыдай алмай, ара түседі.
Айхан: Әй, жігіттер! Бұларың не, ұят болады! Біз бәріміз де
бауырмыз, қойыңдар, қане!
Дәу: Әй, шал, кет аман-сауыңда!
Айхан дәудің қолынан Оралды айырып алады. Әбден қаһарына
мінген дәу Айханға бас салады. Оның ұрғанын тигізбей, уклон жа-
саған Айхан бауырдан бір-ақ ұрып, сұлатып салады. Мұны көрген
жандайшап жетіп келіп, қолын сермеп, Айханды мазақтайды.
Жұқалтаң жігіт: Ей, дедка! Иди к своей бабке, и тяни свою
репку!
Айхан оны сол қолының ұшымен мұрнынан сарт еткізеді.
Мұрнын ұстап, зыта берген оған Орал бас салып, екеуі алысып-
жұлысып кетеді. Сол кезде есін жиған дәу Айханды оңды-солды
соққының астына алады. Оның бірін тигізбеген Айхан билей ба-
сып, қорғанып жүреді. Айғай-шудан шошынған барменша әйел
полицияға телефон соғады. Төбелестің қызған шағында: «Стоять!»
деп ақырып, капитан мен сержант кіріп келеді. Олар келе берген-
де, Айхан дәуді сарт еткізіп, тағы ұрып жығады.
Капитан: Стоять! Тырп еткеніңді тарс еткізіп, қыңқ еткеніңді
қаңқ еткізіп атып тастаймын! (Айханға бір қарап, сержантқа бұй-
ырады) Сал кісенді!
Сержант Айханның қолына кісен салып, алып кетеді. Капитан
ана үшеуін желкеден бір-бір мытып, сүйреп шығарып, сержантқа
тапсырады.
Бармен әйелге келеді.
Капитан: Қалай, протокол толтырып, айғай-шу көтерейік пе,
жоқ әлде, ың-шыңсыз өзім тындырайын ба?!
Шошып тұрған бармен әйел үнсіз бас шұлғып, «бәлесінен
аулақ» дегендей, қолын сермейді. Капитан кетеді.
Подвалда
Полицейлер бұзақыларды бір иесіз, ескі, үлкен подвалға алып
келеді. Үшеуін қабырғаға қатар-қатар тұрғызып қояды.
Капитан: Так, алқаштарым, қалқаштарым, пиянкештерім,
зиянкештерім! Мас болғандарың үшін үш жыл, төбелескендерің
үшін төрт жыл, боқтағандарың үшін бес жыл, қазақты мазақтаған-
дарың үшін он жыл! Қалай, заңға береміз бе, жоқ әлде былай, жақ-
сылықпен келісеміз бе?
Дәу: Келіссек, келісейік!
Жұқалтаң жігіт: Против полиции я пас!
Орал: Тыныштық керек!
Капитан: Онда зытыңдар қане, аман-сауларыңда! Қайтып көзі-
ме көрінуші болмаңдар!
Үшеуі қуана-қуана зытады.
Капитан ортаға шығып, салтанатты дауыспен хабарлайды.
Капитан: На ринг вызывается чемпион Советского Союза, мас-
тер спорта международного класса по боксу Ай-й-хан Найзабеков!
Сержант қолы кісендеулі Айханды алып келеді.
Капитан (қалтасынан кілт алып, кісенді шешеді): Ассалаумаға-
лейкум, аға!
(Айханмен жылы амандасып, қол беріп, құшақтайды).
Айхан: Уағалейкумассалам!
Капитан: Мен сізді бірден таныдым, аға! Мен де бокспен айналысқам! Бала күнімізде сізді үлгі қылып, еліктеп өстік қой! Сіздей атақты адаммен кездесу мен үшін үлкен қуаныш! Айхан: Әсіресе, қолына кісен салып, айдап әкелген қандай рахат! Капитан: Қызмет солай, амал не! Келіңіз, аға, естелік болсын, суретке түсейік! Айхан (суретке түсіп болған соң): Арағың бар ма өзі? Капитан (жымың етіп, сержантқа): Әлгі вещдокты... алып кел! Сержант әлгі үшеуінің үстелінен айғаққа алған жарты бөтелке арақты алып келеді. Айханға береді. Айхан қолына алып, екеуіне ұсынады. Капитан «жұмыс» деп, ішпейтіндерін білдіреді. Айхан бөтелкені қылқылдатып бір-ақ жұтып, лақтырып тастайды. Жұдырығын иіскеп, «уһ» дейді. Полицейлер таңданып, бастарын шайқайды. Айхан: Рахмет, айналайындар! Ағамыздың бұл жүрісі қай жүріс демеңдер... Қайбір жетіскеннен жүр дейсіңдер! Екеуін арқаларынан қағып, бұрылып кете береді. Шыға беріп, бетон қабырғаны сарт еткізіп бір ұрады. Қабырға дүңк етіп, солқ ете түскенде, цемент сылағы саудырап түсіп қалады. Айхан екеуіне: «Ұқтыңдар ма?» дегендей, бір бұрылып қарайды да, сол күйі шығып кетеді. Екі полицей бастарын шайқап, ойға батып қала береді. Капитан: Сен білесің бе бұл кісінің кім екенін? (Сержант оған аузын ашып қарайды) Бұл кісі бір кезде даңқты боксшы болған. СССР чемпионы болып, олимпиадаға барайын деп тұрған жерінен бұл кісіні тізімнен сызып тастап, орнына басқа біреуді жіберді ғой! Сержант: Кім? Капитан: Жоғарыдағылар! Содан күйініп, спортты тастап, ішіңкіреп кетті! Әйтпесе, мұндай боксшы бүкіл әлемде сирек! Әттең, амал қанша! Сержант капитанға таңдана қарайды. Екеуі күрсініп, есікке беттейді. Үйде Айхан подъезде. Басқышпен әрең көтеріліп, пәтеріне келеді. Есігін қағады. «Наз-зия!» Қарсы есік тықырлайды, көрші әйел гла-
зоктан сығалап, аңдып тұрады. Айхан қисалаңдап, шегіншектеп келіп, темір есікті жұдырықпен сарт еткізеді. Көрші әйел шошып, шоршып түседі. Айхан өз есігін де бір періп: «На-зиа-а!» – дейді. Айханның әйелі есік ашады. Мас күйеуін күлімсіреп, жылы жүзбен қарсы алады. Айхан қисалаңдап келіп, оны құшақтап, арқасынан дүңк-дүңк қағады. «А, қатыным, қатыным... (Қабырғаны жұдырығымен сарт-сарт ұрады) Ұға ма мұны ақылың!?» – дейді. Қабырға солқылдағандай болады. Нәзия бұртиған болып, жымияды. Бір жағы жақсы көріп, бір жағы қорқыңқырап жүр. Ол шай қоюға кеткенде, Айхан еденге шалқасынан жата кетеді. Сол күйі ұйықтап қалады. Нәзия оны шешіндіріп, аппақ төсекке көтеріп жатқызады. Ұйқыдағы ерінің жүзіне жақсы көріп, аяп, мұңая қарап, мейірлене иіскейді. Бас жазу Таңертең аппақ төсекте оянған Айхан есін жия алмай біраз жатады. Нәзия шалап дайындап, бас жағына қойып кетіпті. Ішеді. Звондайды. Тұрып, жуынады. Орал балконның түбіне келеді. Қолында – пакет. Арқанмен іліп, тартып алады. Жалғыз өзі айнаға қарап, арақ ішеді. Өз түріне өзі тесіле қарайды. Күйзеліп, мұңаяды. «Осы біткенің біткен шығар», – дейді күбірлеп. Бөтелкені алып, айналдыра қарайды. Құйып ішеді. Айнаға, өзіне қарап тұрып, өлең оқиды. Өзгеден емес, Өзімнен қорқам, сезем мен, Көзімнен қорқам, Ернімнен қорқам кезерген, Мінерге көлік, Ұшарға қанат жоқ менде, Дариға шіркін, Қалдырып бәрін безер ме ем?!
Басым бір шойын,
Аяғым менің қорғасын,
Мерзімі толмай,
Ілгері кетті он жасым,
Неге сезбесін,
Сезеді жаным, сезеді,
Баяғы жылдар
Қайтадан енді болмасын!
Тұйыққа келіп,
Тіреліп тұрмын біртүрлі,
Көзімнің нұры
Көңілімде қалды іркулі,
Жылай да алмаймын,
Күле де алмаймын, о, досым,
Тауып әкелші
Ұмыт қалдырған күлкімді!
Өзімнен қорқам...
Өлтірген өзімді өзім ғой,
Басымда ми жоқ,
Тиянақ таппай кезуде ой,
О, досым менің,
Күлкімді тауып әкелші,
Күлетін нағыз,
Сүретін өмір кезім ғой!
(Мұқағали Мақатаев).
Бөтелкені құшақтап, бетін тақап отырады. Күйзеліп отырғанда, есікті дыбыссыз ашып, Нәзия келеді. Үндемей қасына келіп, ту сыртынан құшақтап, иіскейді. Нәзия: Қалайсың? Басың әлі ауырып тұр ма? Айхан: Бас жазылар... Менің жанымның ауруы жазылар ма? Нәзия: Түсінемін, жаным! Қанша жыл өтті... Өзіңді өзің мүжи бермей, қоятын кезің болды ғой. Айхан: Иә, дұрыс айтасың. Бірақ, амалым жоқ. Менің арманым не орындалмады, не өлмеді! Өлеусіреп, жанымды жеп бітіретін болды. Не жұлып алып тастай алмаймын! Ұмытайын-ақ деп тырысып-ақ бағамын. Енді ұмытып, енді жаным жай таба бергенде, қайтадан сыздап қоя береді... Ой-ой-ой, үздіктіріп, күйдіріп өлтіретін болды... Білмеймін, не істерімді? Нәзия: Әлі де кеш емес. Арақты мүлдем қойшы! Қойсаң, бәрі жақсы болады!
Айхан: Мен қоймайын деп жүрмін бе? Талай оқталдым... қойып көрдім... өзіме-өзім ант беріп... Ал, енді құлазиды кеп көңілім, құлазиды. Тіршілікте түк мағына да, мақсат та жоқ... Өмір дегенің бір бос әурешілік боп көрінеді. Білесің бе, сен, Нәзия, ұғасың ба? Өмірге сау көзбен қарау қандай қорқынышты! Нәзия: Неге? Қарап келеміз ғой... елдің бәрі ішпей-ақ жүр ғой... жап-жақсы боп! Айхан: Білмеймін. Мен өзім дүниеге сау көзбен қарай алмаймын. Ал, ішіп алсаң, жан-жағың жарқырап, жайнап жүре береді! Нәзия: Сонда да ойланшы, шындап ойланып көрші. Қоятын кезің жетті. Сенің қолыңнан келеді. Сенің күшің жетеді, сен бәрін де жеңіп шығасың! Айхан: Қайдағы жеңіс, әй, айтып тұрғаның? Маған енді қайдағы жеңіс? Жап-жас, жалындап тұрған шағымда өмірлік арманымды атып түсірді! Олар менің жолымды кесті! Олар мені өлтірді! Енді, міне, шалажансар құр сүлдерім сүйретіліп, өмір жарқабағына құлауға шақ қалғанда, қайдағы жеңіс?! Нәзия: Өмір тек орындалмаған арманмен өлшенбейді ғой, Айхан. Болашақты, балаларды ойлайық та. Осы сенің ішкеніңді көргісі келмей, төртеуі де басқа қалаға кетті оқуға. Ылғи сұрайды: «Папам арағын қойды ма? Қашан қояды?» – деп. Солардан ұялсаңшы, қойсаңшы енді! (Айхан үндемей, ауыр ойға батып, басы салбырап отырғанда, Нәзия сөмкесін ашып, газет алып шығады). Міне, күшті емшінің әдрісін алып келдім! Айхан ауыр ой үстінде басын изейді. (Елес – қолын көтерген қол!) Емделу Емші әйелдің үйінде. Нәзия бір шетте үнсіз отыр. Айхан басын көтеріп, емші әйелге тіктеп қарайды. Емші (басын изеп отыр. Бұлардың әңгімесін әбден тыңдап болған сыңайлы): Иә, жарайды... Жазыласыз... Сіздің энергияңыз өте күшті екен! Айхан (күліп): Мені емдейін деп жүріп, өзіңіз ішіп кетпеңіз! Емші: Жалпы, сізге көп емнің де қажеті жоқ. Ішкі қуатыңызды, бүкіл ой-өрісіңізді дұрыс арнаға бұрсаңыз болды. Ішіңізден, шын ниетіңізбен «Арақты қойдым!» деп айта беріңіз. Жан-тәніңізбен
беріліп, сеніңіз осыған! (Айханды айнала жүріп, екі алақанын тө-
бесіне, екі шекесіне, арқасына, беті мен желкесіне біресе тақап,
біресе алыстатып қояды. Кенет қатты айқай салады... «Қойдым
арақты! Қойдым!» де!
Айхан (ақырын, еріксіз қайталайды): Қойдым арақты! Қой-
дым!
Емші: Міне, болдық, енді ішпейміз! Осымен қойдық!
Емші әйелдің әсерлі үніне, сөзіне Айхан да, Нәзия да кәдімгі-
дей ұйып, бастарын изей береді... Емшінің жүзі нұрланып, көздері
ұшқын атады...
Айығу
Орал досы Айханды күлімдей қарсы алады. Қолында пакеті
бар, жұмбақ жымиып, қалтарысты мегзейді. Жұмыстан келе жат-
қан Айхан оның көңілін қимай, тасалау жерге бірге барады. Орал
бөтелкені ашып, стақанға құйып, Айханға береді. Айхан алып, кө-
тере беріп, қалт тұрып қалады. Әлдене есіне түскендей...
Айхан (стақанды Оралға ұсынып): Тартпайды. Бір түрлі ішкім
келмей тұр.
Орал: Өй, алып қой... Әуелі бұл шіркінді бастау қиын деген...
Артынан өзі-ақ кете береді... Ал, ал қане...
Айхан зорланып, аузына апарып, тағы тоқтайды. Орал стақан-
ның түбінен көтеріп, еріксіз ерніне тигізеді. Сол кезде Айханның
құлағына емшінің қаһарлы даусы келеді. «Қойдым арақты! Қой-
дым де!» Айхан еріксіз «Қойдым!» деп күбірлеп, Оралға береді
стақанды. «Маған ренжіме! Мен қойдым! Енді ішпеймін!» – дейді.
Орал біртүрлі боп күйбеңдеп: «Апыр-ай, қиын болды-ау! Енді
қайттік?» – деп, тартып жібереді.
Балконға әндетіп, кір жаюға шыққан Нәзия үй сыртындағы
Айхан мен Оралды көріп, ренжіп қалады. Тағы да ішкен екен деп,
сылқ етіп отыра кетеді. Уайымдайды. Есіктің қоңырауы шырылда-
ғанда есін жиып, білдірмей, күлген болып, есікті ашады. Айхан-
ның сап-сау екенін көргенде, жаман қуанады. Айхан бір жағы таң-
данып, бір жағы қуанып қарайды.
Екінші емдеу Күндіз. Көңілді музыка ойнап тұр. Айхан жеңіл-желпі жаттығуларын жасап жүр. Мәйкішең. Шыр айналады. Жерге иіледі. Қолын шыр айналдырады, ысқыртады. Нәзия (көңілді): Ау, Ай-аға, Ай-аға! Сен мені жақсы көресің бе? Айхан: Иә, бәрінен сені жақсы көремін. Нәзия: Оу, бәрі дегенің кім? Ондайды қой! Тек мені ғана жақсы көр! Айхан: Сенен басқалар немене адам емес пе сонда? (Нәзия бұртияды. Айхан күледі) Енді... былай ғой... Мен халқымды, бүкіл адамзатты жақсы көремін! Ал адамзаттың жартысы әйел болса амал қанша?! Екеуі жарасып күледі. Айхан жұмысқа кетеді. Нәзия үйде жалғыз. Көңілді. Телефон шырылдайды. Сәлемдеседі. Баласы. Нәзия: Шүкір, аманбыз. О-о, папаң ба? Папаң әйбат! Он бес күн болды, ішпей жүр. Мүлде қойып кеткен сияқты. Іздемек түгілі, қарағым да келмейді араққа дейді. Иә, иә, рахат болды! Сендер қашан келесіңдер? Каникул қашан? А-а, тез келіңдер, сағындық әбден... (Есіктің қоңырауы шырылдайды). Ал, жақсы, құлындарым, аман болыңдар! Бір Аллаға тапсырдым! (Трубканы қойып, есікке келеді). Бұл кім? Міскін: Ашыңыз, құдай үшін ашыңыз! Аруақтарға құран оқиын деп едім! Нәзия есік ашады. Ұзын шапанды сәлделі міскін үйге кіріп, айшай жоқ төрге шығып алады. Отырар-отырмастан құран оқиды. Жан-жағына көз жүгірте жіті қарап жіберіп, сөз бастайды. Нәзия аң-таң болып отыр. Міскін: О-о! (Айханның суретін көрсетіп) Қандай әйбат, қандай әйдік кісі! Кәттә күшті жігіт екен. Жұбайыңыз ба? Қане, келтірші маған! (Нәзира Айханның суретін алып береді. Міскін айналдыра қарап): Бай-бай-бай-бай-бай-ай! Бай-бай-бай-ай! (Нәзияның үрейі ұшады). Бір бөтен хотун дуалап, жадылап, арбап, әб-тәән оқып тастаған екен тә! Нәзия: Астапыралла! Енді қайттік?
Міскін: О, қоқма, қоқма! Оның оқуын қайтарып, дуасын алып тастау керек! Тә-әк! Бір қой берсең, біттә! Кәлләсін кәттә қыламыз! Нәзия: Қайдағы қой қалада? Екі-ақ мың теңгем бар! Міскін: Қап, аздау екен, аздау... Жә, әкеле бер! (Алып, көзін жұмып, ішінен оқиды). Бір құлағынан құйған екен, екінші құлағынан шығарайын! (Суреттің құлағынан бірдеме алып тастағандай болады. Ақшаны бір-бірлеп үшкіріп, қалтасына салады). Уһ! Үш қайтара қоршаған екен дә. Екі мың тәңгәң екі мәртәгә жетет тә! Тағы біреуі қап кетет тә! Қап, әттесі-ай! Тағы бір мың тәңгә болғанда... (Нәзия тағы бір мың теңге береді). О-о, міне, міне, болды. Үшіншісін де ап тастадым. О-о, кәттә, биттә! (Кетеді).
Қонақта Айхан мен Нәзия қонақта, кафеде отыр. Ырду-дырду көңілді жұрттың ортасында Айхан біртүрлі көңілсіз. Ішіп-жеп, ойнапкүліп жатқан жұртқа бір, Нәзияға бір қарап қояды. Білдірмегенсиді. Нәзия да анда-санда ойға кетіп, Айханға секемденіп қарайды. «Ал, давай!» дескен жұрт Айханмен де соғыстырады стақандарын. Ол күлген болып, су ішеді. Бір кезде бір дөкей жігіт тост айтып, жұртты аралай стақан соғыстырып, ішкізіп шығады. Айханға келеді. Айхан су құйған фужермен соғыстырмақ болады. Анау қолын тартып ала қояды. Дөкей: Оу, ағай, бұлай болмайды. Сіз кімді ақымақ қылып тұрсыз? Мен суайттармен, сумақайлармен, сұғанақтармен, сболыштармен және су ішетіндермен соғыстырмаймын! Қане, менің оң қолымнан! (стақанға толтыра арақ құяды) Алыңыз, қане! Айхан: Рахмет! Бірақ, мен ішпеймін! Дөкей: Ешкім де ішпейді! Тек аздап ап қояды! Қане, келіңіз! Менің қолымды қайтармаңыз! Айхан: Рахмет, енді... Дөкей: Рахметті ішкен соң айтасыз. Қане, болыңыз... Осы жаңа қанша адамға алғыздым, ешкім қолымды қайтарған жоқ! (Айхан үнсіз қашқақтап, фужерін тосады. Жұрттың бәрі екеуіне қарап қалған. Нәзия уайымдап отыр). Менің қолымды қайтаруға болмайды!
Дөкей зорлап ұстатпақ болады стақанды. Айхан ызаланып, алмайды. Айхан: Сенің қолың пайғамбардың қолы емес қой! Ақырын итеріп тастайды тықпалаған қолын. Дөкей жаман ызаланып, бұрылып кетеді зілденіп. Нәзия «уһ!» дегендей жеңілдеп қалады. Жұрт аң-таң болып барып, әрі қарай дуылдай береді. Бір кезде әлгі дөкей бірдеңе ойлағандай болып, асабаны шақырып алады да, құлағына бірдеме деп сыбырлайды. Асаба басын шұлғып, шауып кетеді. Ортаға шығып, микрофонмен даңғырлап, барша жұртты өзіне қаратып алады. Асаба: Ал, құрметті халайық! Келесі тост – кезектен тыс, ерекше қасиетті тост! Қадірлі той иелері – аға-жеңгеміз де, осы отырған бәріміз де – халықтың баласымыз! Халықтың арқасында адам болып жүрміз! Халқымыз барда біз де бақыттымыз! Сондықтан, сол халқымыз үшін бәріміз біркісідей, тік түрегеліп тұрып, ап қояйық! (Жұрт дуылдасып тұра бастайды). Халық үшін ішуді бастау құрметін халқымыздың қадірлі ұлы, бокстан Совет Одағының чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, аяулы ағамыз Айхан Найзабековқа береміз! Жұрт сілтідей тынып, Айханға қарайды. Айхан ыңғайсызданып тұрғанда, асаба оны қолтықтап ортаға алып шығады. Айхан амалсыз фужерін көтереді. Сол кезде асаба лып етіп фужерін ала қойып, арақ құйылған стақанды ұстата қояды. Айхан бөгеледі. Асаба: Алыңыз, Айхан аға! Халық үшін батыр бабаларымыз от пен судан қайтпағанда, біз не, отты суды ішіп қоюға да қиналамыз ба? Жұрт дабырласып: «Ал, дабай! Ап қояйық!» – деседі. Дөкей (орнынан): Халық үшін ішпеген адам халық жауынан да жаман! Әлде сіз, чемпион, халықты менсінбейсіз бе, ә?! Жұрт ду күледі. Нәзияның зәресі ұшады. Айхан тістеніп, көзі жарқ ете қалады. Асаба мен бір-екі жігіт кеу-кеулейді жанжағынан. Айхан абайлап, сақтанып, қобалжып тұр. Асаба: Ал, Айеке, тартынбай тартып жіберейік! Халқым үшін жаным құрбан! Өзі ішіп салады. Айхан да тартып жібереді. Жұрт: «О-о!» десіп, жабыла ішеді. Нәзияның жігері құм болып, жұртқа білдірмей жымиған болады. Көзіне әйелдің емін алып тастаған міскін елестейді.
Ән айтылады. Билейді. Табақ тартылады. Айхан арқа-жарқа болып, жұрттың бәрімен ішіп, құшақтасып, мәз боп жүр. Бір кезде қызып алған дөкей биші қыздың ышқырына ақша қыстырмақ болып, ұстай бергенде, Айхан оның қолын қағып жібереді. Дөкей алара қарайды. Айхан: «Қой, ұят болады», – дейді зілденіп. Екеуі ұстаса жаздайды. Асаба (айқайлап шығады): Ал, жігіттер! Қане, келіңдер! Жілік соғамыз, жілік! Қане, кімнің білегі мықты екен, көрейік! Жұрт жиналып тұрады. Бір жігіт жылқының тоқпан жілігін ортаға тастайды. Балта әкеліп, қап төсейді. «Ал, тәртібін айт!» – дейді жұрт. Жігіт: Былай болсын, бір тықыл, бір соғыс! Қолына орамал орай бастайды. Дөкей: Тоқта, тоқта! Орамалмен сындыру қиын боп па? Мықты болсаңдар, жалаңаш қолмен! Бір соғыс! Тықыл жоқ! Қызып алған жұрт кеу-кеулесіп, соға бастайды. Біреуі батып ұра алмай, біреуі қатты ұрамын деп қолын ауыртып жатыр. Дөкей де күшеніп ұрады. Қолын ауыртып, ызаланыңқырап, еліріп тұрады. Айхан шығады. Бір-ақ ұрғанда жілікті қақ бөледі. Жұрт гуілдеп, жіліктің бәйгесін ішуге кіріседі. Айхан стақанын көтере бергенде, құтырынып жүрген дөкей оны ұруға оқталып, ұмтылады. Айхан стақан ұстап тұрған қолын сілтеп қап, саусағымен кеңірдектен бір тартып, қайтадан стақанын қағып алып, ішіп қояды. Дөкей ақырын былқ етіп құлайды. Оның жолдастары шулап, Айханға жабыла кетеді. Төбелес, айқай-шу басталады. Айхан екі-үшеуін ұрып жығып, айнала бергенде, есін жиған дөкей артынан бас салады. Мойнын қайырмақ болып, қылқындыра бастайды. Оның жолдастары арашалаған жұртқа бой бермей, Айханды ұруға айналады. Сол кезде Нәзия бір бөтелкені ала ұмтылып, дөкейді бастан береді. Дөкей сылқ ете түседі. Босап шыққан Айхан тағы үш-төртеуін ұрып жығып, Нәзия оны сүйрелеп, далаға шығып кетеді... Кафедегі жұрт у-шу болып, бірін-бірі арашалап, қала береді. Жұмыссыз Айхан кадр бөлімінің бастығының алдында отыр. Жүні жығылған, төменшіктеу.
Бастық: Айхан аға! Елге сыйлы адамсыз. Жастарға үлгі болудың орнына мұныңыз қалай? Ана жақта (қолымен төбені көрсетеді) айқай-шу боп жатыр. Сізді жұмыстан шығарамыз... Бұйрықпен дейді! Айхан: Әй, кәдір қарағым... әділкәдір атың бар ғой... сен бірдеме қыл енді... Тағы бір жолға кешіріңдер. «Қырқына шыдағанда, қырық біріне шыдамайсың ба?» деген сөзі бар еді ғой атам қазақтың! Бастық: Ойбай-ау, Айеке-ау, сіздікі қырық бір түгілі, жүз қырық бірден де асып кетті ғой! Жарайды, тіпті, ішкеніңізді елемейақ қояр едік, чемпион атыңыз бар... тыныш жүрсеңіз... Жоқ, ішсеңіз болды, төбелесіп, қырып-жойып, қиратып кетесіз. Бұл жолғыңыз тіпті... Ана дөкейді ұрып жығыпсыз... (сыбырлап): Негізі, оған сол керек, әбден құтырып кетіп еді! Бірақ, ол біздің бастықпен дос екен! Енді амал жоқ! Бар қолымнан келгені – еңбек кітапшаңызға «өз еркімен» деп жазып қойдым! Ренжімеңіз, Айхан аға! (Ол есікті кілттеп, шкафтан бөтелке алып шығады. Құяды). «Алтынның қолда барда қадірі жоқ» деген де атам қазақ! Аман жүріңіз, аға! (Екеуі соғыстырып, ішеді). Кассадан ақшаңызды алыңыз! Есіктен шыға берген Айханның соңынан қимай қарап, тұрып қалады. Сыйлық Айхан бір бутикке келіп, әйеліне киім таңдап тұр. Сатушы орыс әйелі Зоя оған таңырқай қарап қояды. Ортада – полка. Айхан: Хочу жиньке подаркі купить... Зоя: Ох, какой молодец! Так, что выберем? Айхан: – Мне... уот эті... уот эті... ой как называется, обшым, әден-сюда, (кеуде жағын көрсетеді), әден-туда! (төменгі жағын көрсетеді, әзілдеп). Зоя: О-о! Ясно! Кофточку да юбочку милочке. Какой цвет? Айхан: Сбет, сбет, такой яркий... обшым, самый хороший. Чтобы жена сбетилась! Зоя: Ладно, подберем. Какой размер? Айхан (күліп қарайды): А-а? Зоя: Размер, говорю, размер. Айхан: Ой-бай... Еще размер надо, да?
Зоя: Ну, да. Айхан: А я не знаю! Зоя (түсініп, күліп): А какая она из себя? Айхан: Такая... Мощная! Зоя: Ну, примерно как я? Айхан (күле қарап): Может и да! Но я же вас так не знаю? (Қолымен белін, бөксесін көрсетеді). Выйдите сюда. (Зоя ортаға шығады). Повернитесь, покрутитесь! (Айналдыра қарайды). Примерно, пойдет! Зоя: Ну, все ясно! Вот вам кофта, вот вам юбка! Заттардың ішінен алып береді. Айхан (қолына алып, керіп, көріп): Ей, понравится? Она будет рада? Зоя: Еще как! (Жеңіл күрсініп, қызығып) Муж такой подарок сделает – любая женщина на седьмом небе будет. Что, у нее день рождения? Айхан: Да, нет... Просто так... от души. Зоя: Вот молодец мужчина! (Бәрін пакетке сап береді). В общем так. Все это стоит 11 тысяч тенге, а вам за десять пятьсот отдаю! Айхан: Е-е, нет! Отдай за девять пятьсот! Зоя: Да вы что! Я вам и так много уступила! Айхан: Даешь? Не даешь – к Машке пойду! Там получше найду! А к Зойке больше не зайду! Зоя (күлімсіреп): Ладно, ладно, бери за девять пятьсот! (Айхан он мың теңгелік береді). Так хоть за десять и возьми! Айхан: Э-э, нет... Обмывать чем буду, а? (Зоя күліп, бес жүз теңгені береді). Спасибо! Зоя: Это вам спасибо! Айхан кетеді. Айханды Орал мен маскүнем әйел күтіп алады. Үшеуі дачада сыйлықты жуады. Мас әйел қисаңдап, гүл салынған пакетті қолына алады. Құшырлана иіскеп-иіскеп қояды. Сол кезде Орал мен Айхан қайта кіреді. Әйел: Э-эй, тәбәріш алкаш... фу... тойыс, гәспәдин пияншік! (Түзеліп, тіктеліп): Гәспәдин пияншік, подари мне сбеты. А-а?
(Айхан әуелде аң-таң боп, мүдіріп қалады) Да ну вас... кісінің көңілін аулай салуды да білмейсіңдер! Айхан: Көрінгеннің көңілін аулай беретін мені кім деп тұрсың сонша? Әйел: Че, жалкы? Әйеліңнен қорқатский да? Тожы мне... фраер! Орал: Ой, Ай-аға, мынаның сөзі өтіп барады. Ерегіскенде гүлді де, сыйлықты да осыған бере салыңызшы... Әйеліңізді күнде көріп жүрсіз ғой... Неғылар дейсіз... Айхан (Оралды жағадан алып): Әй, ақымақ! Идиот!Она мне больше, чем просто жена! Ол менің өмірлік серігім... Досым! А друзей не предают! Ұқтың ба? (босатады). Орал: Пойныл, аға, пойныл! – деп, бұрыла бергенде, әйел пакетті ала қашады. «Помогите! Спасите!» – деп айқайлайды. Айхан не істерін білмей тұрып қалады. Орал қисалаңдап, қуып кетеді. Бір кезде пакетті алып келеді. Айханға береді. Айхан үйге қайтады. Шағыстыру Қызулау Айхан үйіне келеді. Сыйлығын тапсырады. Нәзия қуанады. Айхан коридорда қабырғаға сүйеніп, рахаттанып тұрады. Үйде көрші әйел бар екен. Нәзия залда жаңа киімдерін киіп, соған көрсетеді. Көрші әйел: Әдемі! Жақсы! Тамаша жарасады! Е-е... Ылғи ішіп келеді... Тілі де, тіпті, қолы да тиген шығар... Соның бәрін жуып-шайған түрі ғой... қайтсін! Бұл сөзді құлағы шалып қалған Айхан оның қасына жетіп келеді. Айхан: Әй, қатын! Сен не қыртып тұрсың? Мен өмірі Нәзияға саусағымның ұшын да тигізген емеспін! Көрші әйел: Ах, оңбаған? Әйелмен бұлай сөйлесуге бола ма екен? Сенің маскүнем, алқаш, жынды екеніңді бүкіл ел біледі! Әйелімді сабамадым дегеніңе кім сенеді, ә,?! Айхан: Ах, солай ма? Сабағанды көрсетейін мен саған, әкеңнің!
Қаһарланған Айхан қабырғада ілулі тұрған қамшыны алып,
көрші әйелді құйрықтан тартып-тартып жібереді. Ол шыңғырып,
Нәзияның тасасына тығылады. Нәзия: «Қой!» – деп, ара түсе бер-
генде, Айхан: «Кет, былай! Тұрма жолыма!» – деп, оны да май
құйрықтан қамшымен тартып-тартып жібереді. Екі әйел ойбайлап,
басқа бөлмеге қашып кіріп, есікті жауып алады.
Айхан оларды қумайды. Қатты ренжіп, күйзеліп, еденде ойла-
нып отырады.
Көзіне өзінің қолын көтеріп тұрған қол елестейді.
Сол күйі, киімшең ұйықтап қалады.
Біраздан кейін Нәзия мен көрші әйел аяқтарын ұшынан басып
келеді. Нәзия Айханды төсегіне көтеріп жатқызбақшы бола бер-
генде, көрші әйел ызалана сыбырлайды.
Көрші әйел: Өй, қайтесің оны сонша әлдеғандай ғып... Жатсын
солай... Қор болып, таяқ жеп...
Нәзия: Байы бар қатын таяқ жейді!
Көрші әйел: Өй, қойшы сені! Жүр өстіп, ендеше! (Кетеді).
Нәзия ойланып, Айханға қарап отырады. Бір кезде орнынан
тұрып, басқа бөлмеге кетеді.
Айхан киімшең күйінде, еденде шалқасынан ұйықтап жата бе-
реді.
Өкініш
Таңертең. Бөлмеге күн сәулесі түсіп тұр.
Айхан оянады. Өзінің еденде, киімшең жатқанын көреді. Қор-
ланып, жан-жағына қарайды.
Диванда отырған Нәзияны көріп, қадала, тесіле қарап отырады.
«Бұл қалай? Сен де мені аяқасты қылғаның ба?» деген сауал,
реніш тұнып тұр көзінде.
Нәзия ауыр үнсіздікке шыдай алмай, күрсініп, төмен қарайды.
Айхан ақырын орнынан тұрып, үйден шығып жүре береді.
Сыртқы есік сарт етіп жабылғанда, Нәзия дір ете түседі. Ойға
батып отырады.
Бір кезде есік ашылады. Нәзия үміттеніп қалады. Көрші әйел
кіреді.
Көрші әйел: Қайда анауың?
Нәзия: Ол кетіп қалды!
Көрші әйел: Қап! Қолыма түспей кеткенін қарашы! Ит терісін
басына қаптайтын едім! Сотқа берейін деп едім, сені аядым! Жа-
райды, уайымдама! Білеміз ғой бұл алқаштарды... қаңғып-қаңғып
қайтып келеді, итім құсап!
Нәзия: Жоқ! Ол енді келмейді! Мен өз бақытымды уысымнан
шығарып алған сияқтымын! Анам марқұм: «Байын сыйламаған
әйелді құдай да жақсы көрмейді! Қайтып келіп, бізді елге қарабет
қылма! Осы үйдің босағасында өлетін бол!» – деп шегелеп тапсы-
рып еді. Мен не істедім!?
Көрші әйел: Жарайды енді, қоя ғой, Нәзиюша! Бәрі де жақсы
болады!
Нәзия мұңға батады.
Тонау
Айхан жүкші болып, Орал, маскүнем әйел бәрі бірге жұмыс іс-
тейді. Біреулердің мебелін тасиды. Кешке қарай үшеуі бір қалта-
рыста бір жартымен тамақ жейді.
Көзіне боксшы формасында, рингте бокстасқаны елестейді. Бір
белгісіз қол мұның қолын көтереді.
Айхан мұңайып, ән салады. Қасым Аманжоловтың «Өзім тура-
лысын» айтады.
Шарлаған жолым жатыр жер бетінде,
Көрінер көлеңкесі келбетімде,
Қай жерде үзіледі қайран сапар,
Түйін боп өмірімнің бір шетінде!
Сол жерде қаламын ба мәңгі тоқтап, Жоғалып жер бетінен сүрлеу соқпақ, Немесе бастаймын ба екінші өмір, Жалынды жыр жолында қызыл шоқ қап! Көңілі құлазыған Айхан қаланы кезіп кетеді. Жұрт көп жүретін тротуардың бойында бір соқыр қайыршы тұр екен. Қолында – қалпағы. Ішінде біраз ақша. Айхан қалтасына қолын сала беріп, мұңая бір қарап, өтіп кетеді. Ұзай беріп, дүкенге кіріп, қайта келеді. Қараса, екі жігіт қайыршыны ортаға алып жатыр екен. «Әй, біз, міне, тұтас мың теңге салып, тоғыз жүз теңге
сдаша аламыз!» – деп, қалпақтағы бүкіл ұсақты уыстап ала береді.
Тура кеп қалған. Айхан олардың өтірік қағаз салып жатқанын кө-
ріп қалады. Мұндай қиянатқа қаны қайнаған ол: «Ох, әкеңнің» деп,
әлгінің қолын бас салып бұрап, ақшаны қайта салғызады. Екіншісі
бұған бас салады. Төбелесе кетеді. Бұл екеуімен қойғыласып жат-
қанда, соқыр қайыршы ақшасын қалтасына сап алып, таяғын ты-
қылдатып, тайып отырады. Бұлар айқайласып жатқанда полиция
кеп қалады. Екеуін ұрып жыққан Айхан қашады. Полицей қуады.
Үйлердің арасымен зытып келе жатқан Айханға бір иномаркінің
жанында тұрған кісі қадала қарайды. Багажнигін аша қояды. Ай-
хан секіріп мініп, жата қалады. Әлгі кісі жаба қояды. Полицей
алақтап, таппай қалады. Әлгі кісі түк білмеген болып, машинасын
шұқылап, көзінің астымен полицейді бақылайды. Ол басқа жаққа
бұрылғанда, бұл машинасына мініп, жүріп кетеді... Біраз жүргесін
Айхан тарсылдата бастайды. «Аш, аш, әй!» деп айқайлайды. Ма-
шина ой-қырды аралап, тарта береді.
Ескі дос Машина бір аулаға кеп бір-ақ тоқтайды. Багажник ашылады. Айхан аң-таң боп қарап жатыр. «Сәлем, Айхан!» – дейді әлгі төніп тұрып. «Тоқсан?! Әй, сен Тоқсанбысың шынымен?» – дейді багажникте жатып Айхан. Түседі. Құшақтасады. Ішке кіреді. Кең спорт залда отырып әңгімелеседі. Қабырғаларда, сөрелерде – суреттер, кубоктар, грамоталар, дипломдар, медальдар, бокс қолғаптары. Бәрі де спорт жетістіктерін әйгілеп, бұл жердегі спорт рухының биіктігін, мықтылығын айғақтап тұрғандай. Айхан тебіреніп, толғанып қалады. Бокс қабын құшақтап тұрады. Тоқсан: Қалай? Жастық шақта төгілген тердің иісі келе ме мұрныңа? Айхан үндемей басын изеп, көзін жұмып тұрады. Баяғы жаттығулар, жекпе-жектер елестейді көзіне. Айхан: Біздің ұстазымыз қайда қазір? Тоқсан: Ол кісі қазір зейнеткер. Астанада. Балдарымен, немерелерімен бірге. Бірақ, ақсақал қарап отырмай, Қазақстан құрамасында кеңесші... Ой, ол кісі сені көп іздеді ғой кезінде. Ал сен мүлде жоқ болдың да кеттің! Кенеттен! Тіпті, бүкіл команда боп
іздемеген жеріміз жоқ, таба алмадық! Кейіннен ести бастадық... Сен туралы аңыздарды! Айхан (қысылыңқырап): Е-е, жұрт айта береді ғой. (Айнадан өз түрін көреді. Сақал-мұрты өскен, үсті-басы мыж-мыж. Ұялады. Тоқсан да Айханға сынай қарайды). Мен ешқайда жоғалған жоқпын. Күннің көзінде, жердің жүзінде, өз елімде тіршілік қып жүріп жатырмын! Тоқсан: Дұрыс қой, дұрыс. Бірақ, спорттан, бізден... біржолата қол үзіп, тіпті қоштаспастан кетіп қалғаныңды ешқайсымыз да түсінбей қалдық. Айхан: Несі бар түсінбейтін? (Қапты бір ұрады. Ызаланып) Менің жолымды кесіп, арманымды қиып тастағандарын түсінбейсіңдер ме? Мені тірідей өлтіргендерін де түсінбейсіңдер ме? А-а? (Тоқсан үнсіз. Басқа жаққа қарайды. Айхан әрлі-берлі жүр). Мен бар болғаны әлемнің бірінші қолғабы, жеңімпазы болғым келді. Теңдесі жоқ боксшы ретінде атақ-даңққа бөленгім келді. Джо Луиспен, Мұхаммед Әлимен, Джордж Формэнмен қатар тұрғым келді. Мұның несі жаман, несі айып? Жоқ, бізге болмайды екен... бізді жібермейді екен! Тоқсан: Иә, Айхан... Бәріміз де сол кезде есімізден танып қалдық. Саған қиянат жасап, олимпиадаға жібермей қойғанда әділетсіздікке күйінбеген кісі жоқ. Амал қанша! Өте ауыр, кіндіктен төмен ұрған арамы соққы! Бірақ, сені осынша сынып, күйреп түседі деп ойламаған едік! Күшің тасып тұрған кезіңде талай биіктерге шығады деп күтіп едік! Айхан: Маған басқа биіктің керегі не? Ең ұлы шыңға шығармай тастады! Және бәрін көріп тұрып, ешкім... ешқайсың «ләм» деп, тырнақтай көмек жасай алмадыңдар ғой! Тоқсан: Ой, қандай аянышты! Қараңдар мына жігітке! Оның жолын кесіпті! Ешкім көмектеспепті! Өкпелетіпті! Ай-яй-яй! Бейшара... бір соққыны көтере алмай, бүк түсіп, биігінен домалап кетіпті! Батпаққа батып, аунап қала беріпті! (Даусын қатайтып) Сонда не? Басқа адамдар сенің әуеніңе төңкеріліп, алақанына сап аялап жүру үшін, саған көмектесу үшін жаралып па? Жоқ! Өзіңе өзің көмектес! Өзгені кінәлама! Өзіңді кінәла! Өзіңді, өзіңнің әлсіздіктеріңді жеңіп айық! Ең ұлы жеңіс – өзін-өзі жеңу! Өзін-өзі жеңген адам – бәрін де жеңеді. Жетті! Өткеннің өкпесін сүйрете
берме! Таста! Лақтыр ескі ауруды! Қайта туғандай тазарып, жаңа-
дан баста бәрін! Алға жүр!
Айхан ләм дей алмай, Тоқсанның отты, қуатты сөздерін тың-
дап тұрады.
Тоқсан (сабасына түсіп, сабырмен): Жә... ренжіме... Бір кезде
біз бәріміз сенің талантыңды айрықша сыйлайтынбыз, тіпті қызға-
натынбыз. Ұстаз сенің өнеріңді үлгі қып айтып жүретін. Қазір бас-
қа уақыт, басқа өмір. Мен сені аман-есен көргеніме қуанамын! Әлі
де кеш емес... Егер осы залға қайтып келемін десең, саған есік
ашық!
Айхан (таңдана қарайды): Не деп тұрсың? Мен үшін бәрі біт-
кен!
Тоқсан: Неге? Жаңа өмір енді басталады. Жаттықтырушы бо-
лып кел! Міне, қара... (қарынан тартып, стендтерді көрсетеді.
Спорт жетістіктерінің көрмесі сияқты. Ұстаздың суреті, Тоқсан-
ның суреті. Айханның суреті) Мынаны таныдың ба? О-о, бокс та-
рихында СССР чемпионы деп атың жазулы тұр, демек, еңбегің еш
болмағаны! Мен чемпион бола алмасам да, далада қалғам жоқ.
Мыналар – менің шәкірттерімнің жетістіктері!
Айхан: Сенің шәкірттерің?
Тоқсан: Иә! Мен бокстан облыстың аға жаттықтырушысымын!
Айхан тебіреніп, оған бір, спорт жетістіктеріне бір қарайды.
Көзіне – өзінің қолын көтеріп тұрған жұмбақ қол елестейді...
Толғану Нәзия үйге сыймай, алаңдап отыр. Тықыр етсе, есікке жүгіреді. Терезеден қарайды. Телефон шырылдайды. Нәзия: Әлө! Ә, құлындарым, қалдарың қалай? Мен бе... мен шүкірмін. Ә-ә, папаң ба? Папаң, иә аман... жүріп жатыр... А-а, бір жұмыстарымен кеткен... кеп қалар... Иә, иә... айта бер... Мұңаяды, бірақ білдірмейді. Телефонды қойып, диванда қисайып жатады. Қалғып кетеді. Түсінде енесін – Айханның шешесін көреді. «Айханым ақкөңіл ғой. Өзің бас-көз бол, адасып кетпесін! Қосағыңмен қоса ағар!» – деген даусы келеді құлағына! Шошып оянып, «бисмиллә!» деп, ойға батып отырады...
Спортзалдан шыққан Айхан кешкі қаланы кезіп, ауыр ой үс-
тінде үйіне қарай келеді. Жақын кеп қалғанда, үй сыртында әлдене
есіне түскендей қалт тұрып қалады. Бұрылып кетіп қалады.
Нәзия диванда мұңайып отыр. Әлденені сезгендей, балконға
жүгіріп шығады. Үміттеніп қарайды. Ешкім жоқ.
Айхан сол кеткеннен көл жағалап кете береді. Бір ескі үйге кі-
ріп, ыңғайлап, жата кетеді...
Нәзия түнгі қалаға терезеден тесіле қарайды.
Оралға телефон соғып, жай-жапсарын сұрайды....
Ертеңіне ықшам киініп, Айханды іздеп, қаланы шарлайды...
Большой орыс Айхан таңертең күн сәулесімен оянады. Жан дүниесі астаңкестең болып, қаланы кезіп кетеді. Шет жақтағы бір дүкеннің сыртында бір дәу орыс жеңіл машинаға арақ, тамақ артып жатыр екен. Басы ауырып келе жатқан Айхан мұны көріп, бір ойға тоқтағандай, батыл басып, жақындайды. Орал мен маскүнем әйел екеуі тығылып, сыртынан аңдиды. Айхан: Әй, іздірәсти, болшой орыс! Орыс (Иван таңырқап): Здравствуйте! Айхан: Че, не признал? Әй-яй-яй! Галаба как Кинг-Конг, а память как пинг-понг! Срамота! (Орыс қысылыңқырап, басын қасып қояды). Сколько раз в ауле вместе киряли... бешбармачили, а? Иван: Да уж извини, брат. Не обижайся. Че то не припоминается... Айхан: Е-е, большой орыс... ыссылушай... Мясо надо – казах надо, кумыс надо – казах надо, а как пахмел надо – казах не надо! А-а? Не хорошо, как то не по людски, а, большой орыс?! Иван: Да ты прости... Под этим делом (кеңірдегін гүңк еткізіп шертеді) всех запомнишь разве... Ладно, без обиды... Давай... выпьем... Бір бөтелкені ашып, қырлы стақанға арақ құя бастайды. Айханға қарап қояды «жете ме?» дегендей. Қырлы стақанды толтырып тұрып береді. Айхан «Будя!» деп, бір-ақ тартады. Дәу орыс
оған қызыға қарап, қалған арақты стақанға толтыра құйып, қағып салады. Екеуі де мәз. Әрі егескендей. Бір тасалау жерде отыр. Қырлы стақанмен жарысып ішеді. Закуска жейді. Бірнеше бөтелке босап қалған. Бұлар масаң. Ана екеуі аңдып жүр. Иван: Ты не перепьешь меня! (Ішеді). Айхан: Я перепью тебя! (Ішеді). Ең соңында екеуі екі жақтан қисаңдап, бір-біріне қарсы жүреді. Айханның қолында орта бөтелке, орыстың қолында – толы стақан. Дуэльдегідей бір-біріне кезеп алған. Бір-біріне тура соғыстыра алмай, қисалаңдап, екі жаққа өтіп кетеді. Сол кеткеннен мол кетеді... Айхан бір жаққа, орыс бір жаққа. Қолдары қарысып қалғандай, созған күйі кете береді... Айхан ескі, құлаған үйдің тасасына келеді. Алдынан маскүнем әйел шығып, құшақтай алады. Бөтелкені алып, арағын ішеді. Айхан аяғын әрең басып, қабырғаға сүйенеді. Дәу орыс қисалаңдап келіп, машинасына тіреледі. Иван (машинасын құшақтап): Нас никто никогда не перепьет! Оның қолындағы стақанын ақырын алып, Орал қағып салады. Иван рөлге отырады. Машинасы қабырғаға тіреліп, бөксебайттайды. Арт жағында бөгет жоқ, жолы ашық. Орал: Әй, назад дабай! Иван: Русские не отступают! – деп, баса береді. Рөлге басын сүйеп, ұйықтап қалады. Қабырғаға сүйеніп тұрған Айхан ақырын жерге құлап, ұйықтап кетеді. Маскүнем әйел Айханның қасына келіп, құшақтап, басынан иіскей бергенде, Айханды іздеп, төңіректі шарлап жүрген Нәзия кеп қалады. Нәзия: Әй, қатын! Тарт қолыңды! Ол менің байым! Маскүнем әйел: А-а, это ты, да? Не обижайся, пажалыста! Такой сладкий бай всем хватит! Муж не колбаса, одна не сьеш! Нәзия қаһарланып, айқайды салып, маскүнем әйелді шашынан алып, сүйреп тастайды. Қарсыласпақ болғанда, қолдарын қағыпқағып жіберіп, ұрып-ұрып жібереді. Маскүнем әйел ойбайлап қашып құтылады.
Нәзия телефонмен бауырларын шақырып алады. Олар Айханды көтеріп, машинаға салып, шеттегі ағаш үйлеріне әкеліп, диванға жатқызады. Арылу Айхан есін жия алмай, сандырақтап, қиналып жатады. Елестер… Нәзия оның басында отырады. Мейірім, махаббат толы мұңды жанарымен Айханды аялайды. Есі кіргенде ақ төсекте оянған Айхан жан-жағына аң-таң боп қарайды. Нәзия шалап әкеп береді. Ішеді. Қуанғандары білінеді. Нәзия монша жағып қойған екен. Айхан моншаға түсерде айнаға қарайды. Сақал-мұрты үрпиіп, жүдеген. Моншаға кіріп кетеді. Нәзия оның бүкіл ескі киімдерін, аяқкиімін түгел пешке тығып жібереді. Лаулап жанады. Жалынға қарап ойланып отырады... Айхан пардан буы бұрқырап шығады. Сәкіде демалып, балбырап отырады. Айнаға қарап, сақал-мұртын алады. Тазарып, жасарып қалады... Моншадан жаңа киіммен, жаңа адам болып шығады. Нәзия екеуі қырға шығып, дөң басында отырады. Батар күннің шапағы. Екеуі ой үстінде. Көкжиекке, ауылға қарайды. Алыста зират бұлдырап көрінеді. Айхан ата-баба зиратына қарап отырып, ойға батады... Құдайға құлшылық қылады... «Фатиха» сүресін оқиды. Жеңіс Айхан спортзалға келеді. Тоқсан қуанып қарсы алады. Айханның мүлде өзгергенін байқап, бәрін түсінгендей. Бокстың жаттығу лапысын лақтырады. Айхан қағып алады. Тарс-тұрс, тарс-тұрс боксшылардың соққылары. Айхан шәкірттерімен далада жүгіріп барады... Бір қалтарыста шарап ішіп отырған Орал мен маскүнем әйел оларға әрі таңдана, әрі қызыға қарайды.
Әрі-бері толқып, ойға батқан Орал олардың соңынан қимай қа-
рап отырып, бір кезде бөтелкесін лақтырып тастап, ілесіп кетеді.
Жүгіреді. Алқынса да тоқтамай, қуып жетуге тырысады...
Бөтелкеден бүлк-бүлк етіп шарап төгіліп жатыр...
Маскүнем әйел оны іліп алып, ұрттайды. Мұңайып, соңдары-
нан қарап қала береді...
Айхан шәкірттерімен ұзай береді...
Айхан далада, орманда, көл жағасында шәкірттерін жаттықты-
рып, өзі де жаттығып, алға баса береді...
Үзіліс жасайды. Көк шалғында аспанға, алыс көкжиекке қарап
ойланып отырады. Ішінен өлең оқиды.
Сүрініп кетсең,
Түңілме,
Қайта түрегел.
Сілкініп тастап,
Серпіліп алға жүре бер.
Сенен де бұрын
Бұдан да ауыр салмақты
Көтеріп кеткен
Ерлердің барын біледі ел.
Жығылып қалсаң,
Тұрдым де жерге бір аунап,
Тырнадан үлгі ал,
Төбеңнен ұшқан тыраулап.
Сары ала жапырағы
Саудырап түсіп жатқанда,
Көктемін күтіп,
Күлмей ме кейде қырау бақ?
Жаныңды жесе,
Күйзеліс, уайым жегідей,
Өзіңді өзің
Езгілей берме тірідей.
Қарысып неге
Қасқайып қатып қалмайсың?
Аяғын шайнап,
Қақпаннан шыққан бөрідей.
Жылаңқы, жасық,
Кінәмшіл болсаң боркемік,
Күйініп іштей,
Кетерсің босқа өртеніп,
Темірді үзіп,
Қопарар тасты шағыңда,
Не болды сонша,
Шағылып тауың ерте өліп?!
Басыңды көтер,
Жігерді қайрап мін атқа,
Үргісі келген иттердің бәрін шулат та,
Тәуекел етіп,
Көтеріп тағдыр жазғанын,
Тарта бер тура
Өшпейтін үміт-шыраққа!
(Баянғали Әлімжанов)
Арада біраз уақыт өтеді. Айхан қайта туғандай өзгереді. Шәкірттері жеңіске жете бастайды. Нәзия біразға дейін сенбей, уайымдап жүреді. Кешіксе, қорқады. Бір күні Нәзия даладан келгенде еденде шалқасынан жатқан Айханды көреді. Ренжіп, босағаға отыра кетеді. Мұңайып, шешіндірмек болады. Айхан атып тұрып, оның өзін көтеріп алып, айналдыра билейді. Екеуі қуанып, бір-бірінің қолын көкке көтереді, «біз жеңдік!» дегендей...
Жерталас
Драмалық кинокомедия
1-көрініс Қаладағы қарапайым қазақ Байбектің пәтері. Кешкі шайын ішуге бала-шағасымен жиналып, дөңгелек үстөл басында, қалың құрақ көрпенің үстінде малдас құрып Байбек отыр. Кішкентай қызы (үш-төрт жасар) аяғын санап басып, бір кесе қаймақты төгіп ала жаздап, әрең деп әкеліп қояды. Бәрі «төгеді-ау?» дегендей ұмтыла бергенде, кішкене қыз аузын бұртитып жолатпайды. Ересек балдарымен Байбек мәз болады. Әйелі Нәзипа шайды әкеледі. Дастарқанда жұқа нан, бауырсақ, сары май, кәмпит-сәмпит. Нәзипа: Әлгі Алмагүл Қытайдан норковый тон ап келіпті. Өз бағасына беретін түрі бар.... ептеп қосса, қосатын шығар, қазір кім қоспай жатыр... Киіп көріп едім, құйып қойғандай. Соны біреуміреу қағып кетпей тұрғанда..... алып жіберсек деймін дағы. Байбек: Деуін дейсің ғой сен. Ауызға бәрі оңай... Нәзипа: Әне, сен-ақ осы елден аққұла қара бұлтты төндіресің де отырасың! Күн ашықта күңіреніп не көрінді сонша? Жұрттың әйелінен кеммін бе? Бір тондық еңбегім жоқ па, не?! Шіркін, емінеркін көсіліп, бір нәрсе алайын десе, етектен тартып, иықтан басып, беттен қағып, кісіні жалтақ қып өлтіретін болдың-ау әбден! Байбек: Өй, қойшы-ей, айдауда жүрген адам құсап зарламай. Осы алып-ақ жатсың, алып-ақ жатсың. Еркіңе қоя берсе, бір базардың киімін түгел сатып алатын түрің бар. Одан да мына балдарға әперейік те. Нәзипа: Дұрыс айтасың! Балдар кисін дегенің өте дұрыс. Бірақ, олар менің жасыма келгенше киеді әлі талайын! Ал маған қазір киіну керек! Ертең кемпір болған соң киінгеннің несі қызық!
Байбек: Ал мен ше? Нәзипа: Сен бе... сені қойшы! Еркектерге кез келген киім жараса береді! Жақсы еркектің үстінде ескі-құсқының өзі құлпырып кетеді емес пе? Міне, қарашы, қандай қонымды саған.... көнетоздау болғанымен! Тап-таза, бүп-бүтін, шап-шақ! Сондай ықшам ыңғайлы! Тіпті еркектерге осының өзі моды! Ал әйелге? Әйел деген гүл сияқты нәзік! Оған дембіл-дембіл жаңарып, жаңғырып тұру керек. Әйтпесе тозып кетеді. Байбек: О, менің данышпаным, кереметім! Сөзіңнің бәрі тамаша! Бірақ, осы сенің қай жеріңмен ойлайтыныңа менің ақылым жетпей-ақ қойды! Ақшаны қайдан алмақсың? Қайтіп күн көреміз деп, әрең-әрең дем алып жүргеніміз мынау! Нәзипа: Ниет болса болды, қалғаны түк емес! Үйді залогқа саламыз да, кредит аламыз! Бәрімізге де жетеді киінуге! Байбек: Кредит?! Атама кәпірдің атын? Нәзипа: Е, несі бар? Қазір елдің бәрі алады кредитті! Той жасаса, кредит, машина алса, кредит, көйлек кисе, кредит,... қысқасы кредитсіз күн жоқ! Байбек: Аламын деп кредит, біздің қатын бредит. Кредитке бір кірсең, удай тырнап ішіңді, қарыз дейтін үреді ит!!! Нәзипа: Осыдан осы жолы осы тонды әпермесең, үргеннің көкесін көресің! Байбек: Жә, жә, еркелігің болғанмен, иттігің жоқ еді ғой! Тон тозады, қанағат озады! Нәзипа бірдеңе деуге оқтала бергенде, арқасынан қағып (иығынан саусағымен түртіп): Қою шайын баппен құйып, томпиып қана отырған әйел қандай сүйкімді! (Телефон шырылдайды. Байбек алады): Иә, да! Әлө, әлө... өй, бұл қайсың, әй! (Телефон үнсіз). Өй, айта бер.... мен тыңдап тұрмын! Әлө, әлө! Тыңдап тұрған жоғары білімді, супер таксист Байбек! Телефон: Сөйлеп тұрған Жаубек!!! (дөрекі, қатқыл дауыс) Сен сболыш әлі тірі ме едің? Ендеше, тез арада бұл қателікті жөндеу керек шығар, ә?! Байбек абдырап, үйдегілер үрпиіп қалды. Телефондағы дауыс: Сен тезірек қоштаса бер бәрімен! Қарауылға іліктің, қағып түспей қоймаймыз. Жердің тесігіне кіріп кетсең де, жеті қат көкке ұшып кетсең де, сирағыңнан тартып аламыз да, тірсегіңнен терекке іліп қоямыз тырайтып!
Байбек: Әй, әй, ағайын, ақырын, ақырын, тым қатты кетпе!
Соншалықты сендерге не жаздым?! Не үшін?
Телефон: Жазық-мазық, не үшін, ме үшін деген болмайды біз-
де. Сұрақ-жауаптың ойыны, телевикторина деп едің? Кесеміз дедік
пе, кесеміз, бітті!
Кәлләңді кәуаптай түйреп, қарныңды қауындай тілеміз!
Байбек: Әй, әй, кімсің өзі? – дегенше, ар жақтағы кісі трубканы
қоя салады. Гүк. Гүк! Бұлардың да жүрегі дүк-дүк етеді.
Нәзипа: Кім өзі?
Байбек: Ішіп алған құрдастардың біреуі шығар, қылжақтап
жүрген...
Сонда да екеуі біртүрлі үрпиіп қалады.
2-көрініс
Байбек гаражына келеді. Кілтін аша бергенде, есігінің алдында
жатқан бір қорапшаны көреді. Аяғымен итере салады. Ап-ауыр.
Еңкейіп көтеріп, лақтыра салады аулаққа. Қорап ұшып кеткенде,
түбі жыртылып, ішінен бірдеңе тарс етіп жерге түседі. Байбек оны
байқамай, есігін аша береді. Машинасын от алдырып, шегініп шы-
ғады.
Әлгі тарс етіп, домалап түскен нәрсе – граната! Лимонка!
Байбек оны көрмей шегініп, доңғалағы баса жаздап барып тоқ-
тайды. Граната машинаның астында қала береді.
Байбек түсіп, гаражының есігін жауып, қайта машинаға оты-
рып, төбесіне таксидің белгісін қойып, алға жүріп бұрылады. Гра-
натаны артқы доңғалағы оңдап тұрып басады. Үстінде сәл тұрады.
Газды басып қалғанда, ыршып, ұшып кетеді граната. Байбек оны
елең де қылмай, айдап тарта береді.
Ол кеткен соң гранатаны бір аяқ келіп басып тұрады. Бір қол
оны алады. Түсі бұзылып, тісін қайраған дәу бейтаныс машинаның
соңынан суық қарайды....
3-көрініс
Байбек бір дүкеннің жанында пассажир тосып тұр. Бір әлем-
жәлем киінген, жартылай жалаңаш әдемі қыз келеді. Темекісін
бұрқ-бұрқ еткізіп, сандарын жарқ-жарқ еткізіп, көздерін жылтжылт еткізіп Байбекке: – Ну, че, поканаем на Канары? – дейді. Байбек: Дабай, на Гаваии! Таитиге таяйық, Гаитиге қонайық! – дейді күліп. Қыз: О-о! Классно! Кеттік онда Күміскөлге! Не обидим! – дейді. Әлдеқайдан сып етіп келбетті, тұлғалы құрбысы келіп, артына отырып алады екеуі. Жүреді. Қаланың ішінде, бір қуыста тоқтатады. Қыз: Стоп! Мы своих фрайеров захватим! А то кешке дейін қара суды құр шалпылдата бергеннен май шыға ма?! Ескі сарайлардың тасасынан, бір қалтарыстан бүкеңдеп екі жігіт шыға келіп, машинаға отырады. Шашы жалбыраған, өрім-өрім, арыстанның жалындай қалың, қаһарлы дәу жігіт машинаның алдында жалпайып отыр. Беті безеріп, сазбеттеніп суық қарайды. Шортик киген. Талтайып, тізесі скоростың рычагына тиіп, бөгет жасайды. Оны елең қылмай, шылымын бұрқыратып, бедірейіп отыр. Байбек ақырын қолымен итеріп көреді, былқ етпейді. Байбек машинаның шылым тұтатқышын қыздырып алып, әлгінің санына басып алады ақырын. Жүні үйтіліп, тізесін шапшаң тартып алады. Байбек түк білмегенсіп жүреді. Далаға шыққан соң, табиғат аясында суретке түсеміз деген сылтаумен, таулы, тасты, орманды жерде, жер астынан өсіп шыққандай ақ тасты, ағашты, ерекше жартастың түбінде тоқтайды. Суретке түсуге дайындалған болып жүріп, спортшы тұлғалы қыз Байбекті алдаусыратып, фотоаппаратты былай түсіресіз дегенді ымдап көрсеткен болып тұрады. Байбектің ойында ештеңе жоқ, басын изеп жақындап тұрғанда, екінші жігіт періп жібереді. Байбек блок қойып, өзін сарт еткізіп талдырып тастайды. Сол кезде екі қыз қиқырып, секіріп, шыңғырып, жабыла кетеді. Дәу менсінбей, тастың үстінде күліп қарап тұрады. Байбек кикбоксер, каратист қыздармен әбден шайқасады. Біреуін ұстап алып, екіншісінің соққысына қалқан ғып тоса қояды. Ол талып қалады. Дәу кіріседі. Кикбоксер қыз қиқырып, айналыпайналып, аямай тебеді. Байбек басын тартып, уклон, уход жасап тигізбейді. Қыздың аяғы диірменнің қалағындай айналып, Баубектің басына, бетіне әне-міне тиетіндей зу-зу етеді. Бір кезде шегін-
шектеп, қаша соғысқан Байбектің арқасы әлденеге тіреліп тоқтайды. Сөйтсе, дәу сазарып, қарнымен тіреп тұр екен. Қыз айналып келіп, басынан тебетін құсап алдайды да, секіріп кеп, кеудеден тебеді. Байбек тай-сабаки жасап, бұлт етіп бір жағына шығып кеткенде, қыз бар пәрменімен дәудің борбайынан тебеді. Дәу қолымен бұтын басып, ойбайлап секіреді тастан-тасқа. Бұл кезде талып қалған қыз бен жігіт те есін жинап, Байбекке жабыла кетеді. Тығырыққа тіреліп, алқынған Байбек шаштары жалбырап, көздері қанталап, анталаған үшеумен аңдысып, алысып жүргенде, дәу артынан бас салып, буындыруға кіріседі. Бәрі жабылып, алып соғады. Бірінші қыз: Төбесінен таспен бір беріп, жапалақ құсап жалпита салу керек! Каратист жігіт: Кеңірдегін бұрап-бұрап суырып алу керек! Кикбоксер қыз: Жоқ! Не было такого уговора! Дәу: Тірі қалса, ертең түрімізді танып қояды ғой! Кикбоксер қыз: Нет! Я под это не подписываюсь! – деп, айналып келіп, дәуді бір теуіп, каратисті бір теуіп ұшырып-ұшырып жібереді. Дәу есеңгіреп отырып қалады. Кикбоксер мен каратист төбелесіп, тебісіп кетеді. Бұлар бір сәт екі спортшының шайқасын тамашалап отырғанда, есін жиған Байбек қашып кетеді. Дәу қуады. Біраздан соң алқынып, шаршап қалады. Спортшылар да қуады, бірақ, Баубек машинасына мініп үлгеріп, оларды қағып құлатып, қашып құтылады.... 4-көрініс Байбек кешкілік гаражына келеді. Машинасын кіргізіп, енді түсе бергенде гараждың есігі өз-өзінен жабылады. Байбек фарды жағады. Тыныштық. Бір үрейлі төмен дыбыс естіледі. Қорқынышты сәт. Байбек қолына темір монтировкасын алып, ақырынақырын есікке қарай жылжиды. Итереді, есік ашылмайды. Сыртынан біреу іліп кеткен сияқты. Гараждың төбесінде, жан-жағында қорқынышты бірдемелер жүрген тәрізді сезіледі. Байбек бозарып, сонда да сабыр қылып, арнайы жаттығумен тыныс алып, жүрегін тоқтатып, телефон соғады. Әйелімен сөйлеседі. Сыбырлап: Гаражға кел! Алыстан бақыла! Біреу-міреулер жүрсе, полиция шақыр! Сақ бол! – дейді.
Маңайдан тапырлаған аяқ дыбыстары естіліп, алыстап кетеді.
Тағы да үрейлі тыныштық. Тық-тық еткен аяқ дыбысы.
Нәзипа: Байбек, әй, Байбек! Барсың ба, қайдасың?
Байбек: Мен мындамын! Беталды бақыра бермей, жан-
жағыңды бақыла. Байқап аш!
Нәзипа: Немді байқаймын? Мені көріп тырағайлап қашты бі-
лем, маңайда тірі тышқан жоқ. Қасыңда Сатай батырдың тұқымы
тұрғанда саспа, Байбегім! (салдырлатып есікті ашып, ішке кіре бе-
реді. Әлдеқайдан сылқ етіп бір пакет түседі де, гүрс етіп жарыла-
ды. Шаң, түтін. Будақ-будақ. Жым-жырт. Бұрыш жақтан бірінші
болып басын көтерген Байбек: Әй, Сатай батырдың тұқымы, қай-
дасың? – дейді. Нәзипада үн жоқ. Байбек сөніп қалған фарды қайта
жағып, фонарикпен іздей бастайды. Сөйтсе, Нәзипа бір-ақ ырғып
машинаның астына кіріп кеткен, кептеліп қапты. Дыбысы жоқ.
Байбек оны сирағынан сүйреп алып шығады.
Байбек (көзін әрең ашып, былқ-сылқ еткен әйеліне): Сатай ба-
тыр жасанған жаудан қайтпаушы еді, холостой жарылыстан жүре-
гің жарылып кете жаздағаны қалай? – дейді.
Нәзипа: Жарықтық аталарымыз жарылыс-марылысты білмеген
ғой! Ол заманның соғысы честный болған! Ал мына бәленің дау-
сының өзі-ақ кісінің тура сентральный нербісіне тиеді екен!
Екеуі біраз үнсіз отырады, естерін жия алмай. Естерін жиып
қараса, бүлінген түк жоқ. Гаражды жауып, үрпиіп үйлеріне келеді.
Подъезде келе жатып, екеуі әр этаждан үрейленеді. Қаракөлеңке
қалтарыс-қуыстардан біреулер шығып бас салатындай шошынады.
Әйелі Байбекке тығыла түседі. Байбек: Көптен бері бүйтіп құшақ-
тамап едің! Қолтығыма кіріп кете жаздадың ғой! – деп әзілдеп
қояды. Жан-жақтарына жалтаңдап келе жатып, пәтерлерінің есік
алдында жатқан бір қағаз пакетті көреді. Шошынып, шегініп тұра-
ды. Бір басып, екі басып жақындап, Байбек оны жолдан алып тас-
тамақ болады.
Нәзипа: Ойбай, байқа! Құрысын жолама, ойбай! – деп, жабы-
сып жібермейді. Сол кезде жоғарыдан бір бала секіріп ойнап түсіп
келе жатады.
Нәзипа: Әй, айналайын, ана пакетті ала кетші төменге! – дейді.
– Балмұздаққа ақша берейін!
Бала ұмтыла бергенде Нәзипа бетон қабырғаның қалқасына
тығылады. Байбек баланы ұстай алады. «Бара бер!» деп жөніне
жібереді. Нәзипаға жұдырығын түйіп, үнсіз ұрсады. Сол кезде та-
ғы бір еркелеу жасөспірім бозбала әндетіп, секеңдеп түсіп келе
жатып, әлгі пакетті ай-шай жоқ бір теуіп ойнап, аяғының ұшына
іліп алып кете береді. Екеуі аң-таң, ауыздарын ашып, қуанып тұ-
рып қалады. Әлгі тентек пакетті (қорапты) доп құсатып аяғының
басында айналдырып-айналдырып, бұлардың этажының баспалда-
ғының бұрылысында: «Роналдо, Ривалдо, Рональдиньо!» деп,
теуіп кеп жібергенде, жоғары ұшқан пакет әйелдің басына ілініп
қалады. Ол ойбайлап екі көзін тарс жұмып алып, екі қолымен па-
кетті сабалап жатқанда, пакет жыртылып кетіп, лимонка граната
әйелдің екі анарының ортасына жартылай кіріп тұра қалады. Нә-
зипада дыбыс жоқ, көзі бақырайып, қатып қалған. Байбек тістеніп,
ақырындап гранатаны суырып ала бергенде, гранатаның чекасы
әйелдің түймесіне ілігіп, суырылып кетеді. Зәрелері ұшса да өзде-
рін-өздері ұстап, гранатаны уысына қысқан бойы қатып қалғандай
болады Байбек.
Нәзипа бір кезде әрең сыбырлап: Б-б-бай-ымм-бегім, анадағы
жарылып келе жатқан жоқ па? – деп, қолымен нұсқайды.
Байбек: «Тс-сс!» деп, тістеніп, бір басып, екі басып, далаға
беттейді. Нәзипа әр бұрышқа бір тығылып артынан жүреді. Дала-
да. Шеттегі бетон қабырғаларға қарай лақтырады да жата қалады.
Тым-тырыс. Тұра бергенде бұрқ ете қалады. От жалын. Екеуі жалп
ете түседі. Біраздан соң тұра сала үйге зытады. Үйге кеп, дел-сал
болып отырады... Сол кезде телефон шар ете қалады. Байбек труб-
каны шошыңқырап алады.
Телефондағы дауыс: Ей! Сболыш-ш-ш! Сболыш! Бұл жай
әзілдегеніміз! Ескерту! Көрешегіңді ертең көресің!
Байбек: Кімсің өзі?! Не керек саған?
Телефондағы дауыс: Өшір үніңді! Егер де заңға беріп, анда-
мында оттайтын болсаң, үйелменіңмен өртеп, күліңді көкке ұшы-
рамыз! (Гук, гук).
5-көрініс
Ертеңіне Байбек гаражына келе жатыр. Біртүрлі сезіктеніп,
шошыңқырап қалғандай. Әрең-әрең жалтақтап жүріп гаражын
ашады. Жарылыстан белгі жоқ. Шығады машинасымен. Алыстан,
бұрыштан бір күдікті машинаны, бір-екі кісіні көргендей болады.
Таксовать ететін жеріне келеді. Әлгілер де алыстан торуылдап жүргендей болады. Бір-екі әйел келеді. Оларды алмайды. Бір кезде жүріп кетеді. Әлгі машина да соңынан жүреді. Аңдушылардан қорқа бастайды. Әдейі бұрылып, басқа бір жерге тоқтайды. Әлгілер де алыстан бақылап тұрады. Бұл тағы бір жаққа бұрылады. Аналар соңынан жүреді. Байбек шынымен сасып, ешкім жүрмейтін ескі көшелермен, жолдармен, қуыс-қуыстардың арасымен жүреді. Аналар шындап, ашықтан-ашық қуғындауға айналады. Бір жерде тоқтап тұрса, тіпті машиналарынан түсіп, бедірейіп, дүрбі салып, бақылайды. Тағы қашады, ылғи бір ескі, колоритный ғимараттардың, сарай, көпірлердің, жартылай құлаған үйлер мен жаңа сәулетті үйлердің арасында жүреді. Тоқтап, капотын ашып, өтірік моторын тексерген болады. Аналар да алыстан тасаланып, тұрады. Бір кезде алдап, адастырып құтылып «ух!» деп дем алады. Қаланың басқа бір жеріне барып, таксовать етіп тұрады. Қаруланып алады. Темір монтировка аяғы астында, қайшы – бардачокта. Бір баклашка бензин құйып алады. Орындықтың арасына қыстырып қояды. Бір үш жігіт келіп мінеді. Келісіп, апара жатқанда, бір ескі үйлердің арасында, переулокта тоқтатады. Сол кезде артта отырғаны Байбектің мойнына бау бұғалақ сала қойып, буындыра бастайды. «Дымыңды шығармай, жүр қаланың шетіне! Тіл алсаң, тірі қаласың, тілазар болсаң, тіл тартпай кетесің! – дейді сыбырлап. Бұғалығын сәл босатып, жүр дейді. Сол кезде Байбек ақырын баклашканың тығынын бұрап, алдында отырған бандылардың бастығының үстіне құйып жібереді де, зажигалкасын суырып алып, бастыққа тақап тұрады, бензин тиген шалбарына. Оның зәресі кетеді. Үнсіз түсінеді бір-бірін. Бұғалығын алып, қорқа-қорқа артындағы екеу: «Псих! Қояншық!» деп ақырын сырғып түсіп кеткенде, Байбек алдында отырған бандыны жағасынан сығымдап ұстап алып, мытып-мытып жіберіп, бір қолымен жүргізіп машинасын, полицияға алып келеді. Дырылдатып сүйретіп, кезекшіге кіргізеді. Кезекші Байбектің әңгімесін мұқият тыңдап, бандыны сұрақтың астына алады. Кезекші: Ал, сөйле... Банды: Ойбай, тақсыр, басеке, о не дегеніңіз... Мен жалғыз өзім міндім бұған... Қасымда ешкім де болған жоқ.... Мына кісі ашулы екен... кім біледі, мүмкін әйелімен ұрсысып шықты ма үйінен, әйтеуір ызалы.... Жолдан... светофордан жол ережесін бұзың-
қырап, асығыңқырап өткен соң, байқаңыз, ақырын деп бір-екі ауыз ескерту жасап едім.... айқайлап, боқтаса кетті. Енді мен де адамның баласымын ғой... есемді жібермей ерегісіп, нетіңкіреп жібердім... шешесінен.... әкесінен дегендей.... оны мойындаймын... Сөйтіп ем, долданып шыға келді де, жағамнан алып, буындыра бастады... Мен де тірі жанмын ғой... бұраңқырап жібердім.... жеңіліп бара жатқан соң, одан сайын жынданып... Өрекпіп, құбылып, біресе өтірік бейшара бола қалып, жазықсыз жәбір көргенсіп гулеткен бандының сөзін Байбек те, полицей де әрең шыдап тыңдайды. Байбек орнынан атып тұрып: Оттапсың иттің баласы! – деп жағасынан алып, қылқындырып тастай жаздайды. Полицей ара түсіп, қолын бұрап, зорға босатып алады. – Міне... міне... түріне қараңызшы, тура осылай жынданып, үстіме бензин құйып жіберді... Тірідей үйтемін деген соң.... жан керек.... айтқанына көніп,... шизиктің қолынан күйіп өлгенше, шизода шіріп өлейін деп өзіміздің полицияға сеніп келдім. Біздің полиция әділ ғой, ақ-қарасын айырар деп, алдыңызға кеп тұрмын! Жазалайтын болсаңыз, мынаның өзін жазалаңыз. Жүйкесі жұқарып, жынданған сайын жұрттың жағасын жырта берсе, қатынымен қырылысқан сайын халықты қырып-жойып, отқа қақтай берсе, не болады? Бұндай пәшестерді бүйтіп тайраңдатып қоймай, концлагерге қамау керек, крематорийде өздерін өртеп, күлін көлге шашып жіберу керек! Телефон шырылдайды. Полицей тыңдайды. Түсі бұзылып, тістенеді. «Да, да!» – деп трубканы қояды. Полицей (бандыға): Әй, бар, жоғал, аман-сауыңда! (банды абдыраған болып) Ә-ә? Не дейсіз?! Полицей: Құрт көзіңді осы арадан! Ініңе кіріп ал да, тығылып жат тыныш! Керек болсаң, бір күні суырып аламын өзім! Банды: Тақсыр, басеке, құп болады! Зыт десеңіз, Жылтырбаев жоқ болады! (лып етіп, тайып отырады). Полицей (сұраулы жүзбен қараған Баубекке): Дәлел жоқ! Дәлел жоқ болғасын, амал жоқ! Байбек: Сіз маған сенбей, жаңағы жылтыр Жылтырбаевқа сеніп тұрсыз ба? Полицей: Жоқ! Сізге сенуін сенеміз, бірақ ол дәлел бола алмайды. Бізге қылмыскерді ұстау үшін дәлел, дәлел, тек қана дәлел керек! Бұлтартпайтын айғақ болмаса, бұларға еш амал жоқ!
Байбек: Сонда қайт дейсіз бізге? Дәлел іздейміз деп жүргенде,
дал-далымызды шығармай ма?!
Полицей: Мен сізді түсінемін, бірақ дәл қазір ештеңе де істей
алмаймын! Сізді күзетіп жүруге кісі де жетпейді – бір! Екіншіден,
нақты қауіп төніп тұрғанына дәлел жоқ! Құр сөз бәрі де! Телефон-
ды кез келген адам соғып, аузына келгенін айта беруі мүмкін. Дау-
рықпа сөзге бола бостан-босқа ешкім де қозғалмайды, полицияның
жұмысы былай! Әлі ешқандай нақты талап қойған жоқ деп отыр-
сыз. Миға сыймайтын нәрсе! Бәлкім, біреулер жай әзілдеп, қорқы-
тып жүруі немесе психтар болуы мүмкін. Саспаңыз, сабыр сақта-
ңыз! Дәлел жинай беріңіз! Әлгінің де кім екенін сезіп тұрмын, бі-
рақ амалсыз босаттым. Өзіңізге бәле қылуы мүмкін, өртеп жібере
жаздады деп. Бензин төккен сіз ғой! Міне көрдіңіз бе, бәле қайда
жатыр! Адам өзін-өзі қорғағанын да дәлелдей алмай қор болатын
кездері көп. Сондықтан ренжімеңіз, қолмен ұстап, мойнына қой-
ғанға дейін біз түк істей алмаймыз, банды екенін біліп тұрсақ та.
Сау болыңыз! Жиналысқа асығып бара жатырмын, бір маңызды
мәселе талқылайтын едік.
Байбек: Мәссаған! Иттің иттігін дәлелдеймін деп жүріп, өзіміз
де ит болып кететін шығармыз?! Дәлел, дәлел?! Дәлел! Ұрғаным
бар сенің дәлеліңді! Көзіммен көріп, қолыммен ұстап, басымнан
кешіп тұрған нәрсені дәлелдеуім керек пе? Мен өзіме-өзім дәлел-
мін!
Байбек далаға шығып кете барады. Полицай басын шайқап, ар-
тынан үнсіз қарап қала береді.
6-көрініс
Байбектің пәтері. Телефон шырылдайды. Нәзипа алады.
Телефон: Әлө! Әлө! Байбекті бола ма екен?!
Нәзира: Бола ма екен! Сенің өзіңді бола ма екен? Оны қайтейін
деп едің? Тағы да қоқан-лоққы жасап, қорқытайын деп пе едің?
Жетті! Қорқып болдық! Тап сендей бұралқы иттерден қорқа алма-
дық енді! Үй, қайыршы, лағанат, аулақ жүр!
Телефон: Өй, өй, жеңеше, қатты кетпеңіз! Мен маңызды ша-
руамен збандап тұрмын, Бәкеңе беріңіз трубканы!
Байбек (трубканы алып): Да!
Телефон: Бұл мен.... сып-сып еткен, зып-зып зуылдап кеткен
Жылтырбаевпын ғой! Мені босс жұмсап отыр. Ақыры танысып
қалған екенбіз, ендеше мына шаруаны жақсылықпен өзіміз аяқтап
тастайық. Барлық сырды білгіңіз келсе, бүгін кешке екеуміз тет-а-
тет, қазақша айтқанда бетпе-бет жолығайық!
Байбек: Жақсы! Бірақ байқаңдар!
Телефон: Онда кешке құлаған сарайдың қасында кездесейік!
7-көрініс
Түн. Ай сәулесі жарық. (Немесе кешкі күн еңкейген кез). Құла-
ған ескі сарайдың арса-арса, әр жерде бір қалқиған қабырғалары
қорқынышты көрінеді. Ағаш сырғауылдардың арасынан түскен
жарық қараңғы сарайды әлдебір жұмбақ кейіпке бөлейтіндей.
Анадайға машинасымен кеп тоқтаған Байбек бір басып, екі басып,
сарайға келеді. Жан жоқ. Құстардың ба, мысықтың әлде басқа
жыртқыш андардың даусы ма, бір беймәлім дыбыстар естіліп,
еріксіз елегізітеді. Сарайдың қуыс қалтарыстарын аралап келе
жатқанда, бір от көрінеді.
Оттың маңында Жылтырбаев тосып тұр екен.
Жылтырбаев (отқа бұтақ сындырып тастайды): Түнгі от қандай
тамаша! Жалпы өмірдің оты ғажап емес пе? Біз өзіміз кейде сол
отты уағынан бұрын сөндіріп аламыз... кейде байқамай.... кейде
ақымақтығымыздан!
Байбек: Жә, тоқетеріне көш! Мен сияқты қарапайым адамның
соңына сонша түсердей не көрінді сендерге?
(Қаракөлеңке бұрыштан босстың тосын, қатқыл үні естіледі).
– Анау ауылдың қағазын түгел бізге бересің!
Байбек: А-а, осы ма жұмыстарың? Баяғыдан бері сөйдемейсің-
дер ме!
Босс (Бұрыштан бері аттап шығып, отқа жақындайды. Үсті-
басын түгел қара жамылғымен жауып алған): Ауылдың барлық
жері мен техникасы сенің атыңда емес пе?
Байбек: Формально менің атымда екені рас! Қағаздарын түген-
деп, бір қолда ұстап қалмағанда, баяғыда шашылып қалар еді. Бі-
рақ жердің нағыз иесі – сол ауылдың халқы. Игілігін де солар кө-
руге тиісті. Сондықтан, мен оны бере алмаймын!
Босс: Сен оны бізге арзанға сат! Өз үлесіңді ал! Тек қана жақ-
сылықпен қағаздарды маған өткізіп жіберсең болды, ар жағын өзім
жалғастырып, заңдастырып аламын!
Байбек: Заңды түрде тонамақсыз ғой елді...
Босс (отқа жақындап, жүресінен отырады. Бұтақпен отты қа-
ғыстырып қояды.): Тонау... Қанау... Түкке тұрмайтын көбік сөздер!
Қағаз жүзінде зандастырып, меншіктеп алғаннан кейін, бітті. Ол
жердің асты-үстін қалай пайдалансам да өз еркім!
Байбек (отқа жақындап отырады. Жүзінде жалын ойнайды):
Мұныңыз зорлық-зомбылық емес пе? Не мұратқа жетпексіз? Бі-
реудің жерін баса-көктеп, билеп-төстеп бақытты болған ешкім де
жоқ!
Босс: Қатты қателесесің! Жалпы адамзаттың тарихы – бірінің
жерін бірі басып алудың тарихы!
Байбек: Осының бәрі не үшін? Неге біреудің жерін біреу тар-
тып алуы керек? Қандай мән бар? Адамзат баласы мына фәни жал-
ғанда жерге таласып қырылысқанша, жер бетіне сыйластықпен
сыйысып жүргені жақсы емес пе?
Босс: Демагогия! Оттаубайыңды қоя тұр! Тартып алу – адам-
заттың тағдыры! Оның тарихи қалыптасқан тәсілдері көп. Қазір
қанды жолмен емес, заңды жолмен жаулап алады ақылды адамдар!
Алғысы келген жерін алыстан орағытып, амалын тауып, айласын
асырып, заңды түрде сатып алады! Әрине, арзанға! Дүниежүзінің
заңы бойынша заңды түрде сатып алынған меншікті жерге ешкім
де таласа алмайды!
Байбек: Ал егер сатпаса ше?
Босс: Сатқызады! Сатуға, сатқанда да, арзанға сатуға мәжбүр
етеді! Мен де сені жардың шетіне тақап тұрып, жаныңды суырып
алмай тұрғанда, жақсылықпен ана қағаздарды бере ғой! Көнбесең,
қиын болады! Жаман! (Саусағын көтеріп, безеп-безеп, Байбекке
кезеп қояды. Сол кезде бір қызыл сәуле – снайпердің лазер сәулесі
секілді, Байбектің үстінде, бетінде ойнай бастайды). Айт жаның
барында! Бересің бе, жоқ па?! (Айқай-шу, төбелес). Босстың ай-
қайымен бірге, гүрс етіп мылтық атылады. Бәрі де зәрелері кетіп,
домалап жата қалады. Оқ атылғанда, төбеден ескі балшық сау ете
түсіп, әлдекімнің ойбайлаған даусы шығады. Қаракөлеңкеде қа-
раңдаған біреу, мылтығын кезеп, бір басып, екі басып Баубектің
жанына келеді. От сәулесі түседі жүзіне – Нәзипа!
Байбек: Нәзипа? Сен қайдан жүрсің мұнда?!
Нәзипа: Мыналар саған бірдеме қыла ма деп... (мылтығын ке-
зеп қояды)
Жылтырбаев: Әй, байқа, тоқта, тоқта! Біз қарусыз келдік... ке-
лісім бойынша.... (Ақырындап, тайып тұрады).
Байбек: Мылтықты қайдан алдың?
Нәзипа: Пианшік көршіден бір жарты беріп, прокатқа алдым!
Патронташымен! (Беліне асып алғанын көрсетеді).
8-көрініс
Үйге келген соң Нәзипа сөйлей бастайды.
Нәзипа: Сенің орныңда мен болсам, солармен ерегіспей-ақ бе-
ре салар едім сол қағаздарды! Бергендерін алып, тымпиып жүре
бермейсің бе жұрт құсап! Тым болмаса, маған тон алуға жетіп қа-
лар еді!
Байбек: Ал сонда ауыл қайтпек?!
Нәзипа: Қайтушы еді? Күнін көреді бірдеме ғып сенсіз де! Қа-
зір ешкім де аштан өліп жатқан жоқ! Барып кез келгенінен сұра,
бір қап ұн мен бес қап жемге бүкіл жерін сатып жіберейін деп
отыр.
Байбек: Бір тойғандарыңа мәз болмай, арғы жағын ойласаң-
даршы! Жердің бәрін біреулер меншіктеп алса, ертең мал жаятын,
егін егетін жері қалмаса, ауылдың халқы қайда барып жан сақтай-
ды? Күмәнді күнкөріс үшін қалаға қаңғып кетсе барлығы, дала қа-
ңырап бос қалмай ма? Ақшасы төленген деп ауылға алпауыттар
қаптамай ма, қасиетті атамекенді тайраңдап таптамай ма? Мен со-
ны ойладым! Соған ерегіскен соң бермедім қағаздарды! Ең болма-
ғанда, ұлтарақтай жерімді жалмауызға жұтқызбай қорғап қалуға
жарасам, бұл өмірге бостан-босқа келмегенім ғой!
Нәзипа: Ой-буй, бишара, тым шырқап кеттің-ау! Кеңкелес,
ауыш, айкезбе, қияли боп кеткеннен саумысың, түнгі аспанға үн-
демей көп қарай беруші едің жас күніңде?! Сенің мұныңды кім
біліп, кім бағалап жатыр? Ауылдың барлық жерін атына жазып
алып, шетінен жеп жатыр деп өз ауылдастарың алдымен сөз қы-
лып, бір уыс жасыл қағазға жермен қоса сенің өзіңді де солардың
қалтасына салып беруге бар!
Байбек: Жоқ! Олай емес! Қазір білмесе де, түбінде біледі бәрін де! Құдай біледі! Менің жаным біледі! Менің жаным осылай етсем ғана жай табады! Сен түсінесің бе? Моя душа так хочет! Нәзипа: Ой, бар болғыр, жарайды, солай-ақ болсын! Бірақ, тым болмаса, менің жеке үлесімді сатып, тон алайықшы! Байбек: Халқының жерін сатып жіберіп, қатынына тон әперіпті деген жаман атқа қалатын жайым жоқ! Жә, тым зуылдап барасың! Әйел үндемегенде әдемі! Егер ертең кешке дейін, бір тәулік бойы ләм-мим деп сөйлемей қойсаң сол тонды өзім-ақ алып беремін! Нәзипа: Рас па? Міне! (Қол алысады) Байбек: Міне! (Иығынан саусағымен нұқиды). Сөндірдім радиоңды! Нәзира қуанып, ыңылдап, асүйге кетеді. Бір кезде самбырлап сөйлей бастайды. Нәзипа: Әлө, әлө! Алмагүл, сәлем! Тонды ешкімге берме! Е, е, алмағанда... Е, е. Көнбегенде... Ертеңге дейін... (Байбек келіп, иығынан түртіп, жеңілдің дегенді ымдап көрсетеді). Нәзипа телефонды қоя салып, жалынып, кешірім сұрайды.... – Әй, әй, Байбек, Байбекжан, Бәке дейін, әке дейін, бір жолға кешірші... мен әлгі Алмагүлге... тонды сатып қоя ма деп ескертіп жатқаным ғой... Енді болдым. Міне, жаз біткенше жаптым, қысқа дейін қыстым! Байбек (күліп): Ал, жарайды, бір жолға жарайды. Кішкентай қызымен төргі бөлмеге кетеді. Қызы тақылдап тақпақ оқиды. Екеуі мәз болады. Нәзипа келіп, екеуіне қызыға қарап тұрады. Бірдеме дегісі келіп, аузын қолымен басып: «М-м» деп қалып барып тоқтайды. Артын да басады. Бір кезде бір шешімге келгендей, қуанып, шығып кетеді. Ауызүйдегі айнаның алдында тұра қалып, өз аузын өзі сап-сары скотчпен тартып-тартып таңып тастайды. Біраздан соң төргі үйде Нәзипа бірдеңе айтқысы кеп, ымдап, қолын ербеңдетіп тұрады да, бір кезде аузындағы скотчты жұлып алып тастайды. Нәзипа: Әй, Байбек! Бері қара! Енді шыдай алмаймын... өлетін болдым... Сен ана ақшаны қайдан алдың? Байбек: Қайдағы ақша? Нәзипа: Ана... маған тон әперетін ақшаны қайдан алдың деймін? Менен жасырып, тыққан-пыққан тиын-тебендерің бар-ау сірә? Қане, айт, жылдам? Байбек: Менде көк тиын жоқ!
Нәзипа: Жоқ болса, тонды қалай әперем дедің? Онда мені неге алдайсың... үндемес ойнап? Байбек: Алдағам жоқ! Мен сенің өстіп сөйлеп қоятыныңды білгем! Нәзипа: Ал сөйлеп қоймасам, қайтуші едің, ә?! Байбек: Міне, сөйлеп қойдың ғой... демек, тонға ақша іздеп басым қатпайды! Нәзипа жеңілгенін сонда бір-ақ түсініп, қап, бәлем! – деп қолын шарт еткізеді. Сөйтіп тұрғанда қызыл ноқат түседі көзіне, бетіне. Одан өтіп, Байбектің басына түседі. Бұларда дыбыс жоқ. Жылжып, қыздың маңдайына тоқтап, ойнап тұрып алады. Зәрелері ұшқан екеуі қызын құшақтап терезесінің пердесін жаба салады. Үнсіз үрей. 9-көрініс Таңертең Байбектің үлкен балалары асығып кетеді. Пәтердің есігі ашық қалады. Байбек әйеліне: «Есікті жауып жүрсеңдерші! Қанша айтсам да бір ұқпай қойдыңдар-ау!» – дейді. Нәзипа: Өй, қойшы сен де.... Қайдағыны бастамай... Аталарымыз есігіне құлып салмай-ақ өткен осы! – дейді. Байбек: Әй, тұр да жап есікті! – деп жапқызып кетеді. Кешке таман. Нәзипа кіші қызы мен екеуі ғана отырғанда бір әйел телефон соғады. «Ыстық нан алыңыздар! Ыстық нан түсті дүкенге!» – дейді. Нан әкелуге жүгіріп кетеді Нәзипа. Есік ашық қалады. Сол кезде аңдып жүрген бір қыз кіріп, кішкентайға: «Сені мамаң шақырып жатыр!» – деп алдап алып кетеді. Нәзипа қайтып келсе, бала жоқ. Әрлі-берлі іздейді де, збандайды: «Әлө! Алмагүл, сәлем! Сіздің үйге барған жоқ па біздің бітти қыз? А-а, есік алдында балдармен ойнап жүрген шығар! Жарайды, сау бол! Айтпақшы тонды сатып жібермей тұра тұр. Бәрібір алмай қоймаймын! – дейді. Біраздан соң Баубек, балдары келеді. Сасқалақтап, аласұрып, кішкене қызды іздей бастайды. Сол кезде телефон шар-шар ете қалады. Байбек алады трубканы. Нәзипа жабысып тыңдайды. Телефон: Ысылушай, сболыш! Сенің мына кішкентай қызың сондай сүйкімді екен! Еркелеп ойнап жүр! Сәби ғой, сезбейді өзіне қандай қауіп төніп тұрғанын! (Байбек пен Нәзипада үн жоқ, зәрелері кетіп, тілдері байланып қалғандай: («Әй, әй. Балаға тимең-
дер!» дейді әрең-әрең) Екінің бірі! Егерде қазір, қолма-қол, менің жіберген кісіме қағаздарды бермесең, қызыңды қайтып көрмейсің. (А-а!) Жо-жоқ, жәбірлемейміз... ондай жауыз емеспіз! Қайта бағып-қағып, мәпелеп, шетелге сатамыз да жібереміз! О, кей?! Байбек: Әй, айналайындар, ағайындар, балаға тиюші болмаңдар! Алатыныңды түгел ал, бірақ босат баланы! Телефон: Міне, мұның жобаға келеді! Мә, сөйлесе қой қызыңмен! Сағынып қалған шығарсың! Қызы былдырлап сөйлейді, Нәзипа трубканы жұлып алып: – Өй, құлыным-ау сол! Қазір үйге келесің! Қарның ашып қалған жоқ па?! – деп сасқалақтап, сөйлейді. Трубканы Байбек алады. Телефон: Қазір қызыңды біздің кісілер апарып береді. Ушусыз, ың-шыңсыз, жалғыз өзің, ана қосауызды қояншық қатыныңды ертуші болма, ескі көпірдің астына келіп тұратын бол. Қағазды берген соң, сол орныңда қал! Егер бәрі дұрыс болса, он минуттан соң балаңды аласың! О, кей!? Байбек: Жақсы! Келістік! 10-көрініс Ескі көпірдің асты. Күн батар шақта елегізіп тұрған Байбекке бір кезде жер астынан шыға келгендей қара маскалы біреу үрейлі дауыспен «Е – ей!» деп сыбырлап, қолымен әкел деп ымдайды. Байбек папканы береді. Әлгі жоқ болып кетеді. Сарғайып, сарылып күтеді Байбек. Бір кезде екі бойжеткен қыздың ортасында балмұздақ жеп, мәз болып келе жатқан қызын көреді. Байбекті көріп, жүгіріп кеп, мойнына секіреді, Байбек құшақтап, иіскеп көтеріп алады. Енді қараса әлгі екі қыз да жоқ. 11-көрініс Осы оқиғадан кейін Байбек әйелі мен балаларын алыстау ауылға – нағашыларына жібереді. Бір жағы демалыс, бір жағы қауіп-қатерден бой тасалап, паналай тұрсын деп ойлайды. Ал өзі бір дел-сал халде, мұңайып, күйзеліп жүреді. Оңаша отырып ауырауыр ойға батады, айнаға қарап өзін-өзі жаңа көргендей тесіле қарап отыратынды шығарады. Кейде өзімен өзі дауыстап сөйлесетін болады. Шалқасынан жатып, ескі мүліктерге қарап, қаһарға міне-
тін де сәттері бар. – Олар мені қорлады! Сорлы қылып, тізерлетіп отырып, иттей ғып тартып алды атамекенімді!!! – Жә, жә, сабыр, сабыр! Сенің орныңда кез келген адам осылай істер еді.. Бәрі де бала үшін.... Сонда қалай, әрқайсымыз өз бала-шағамыздың қамы үшін туған еліміздің мүддесін сатып, туған жерімізді жатқа таптатып, әркімге билетіп қоямыз ба? Өзіміз аман болсақ, болды, ел не болса о болсын, күл болмаса, бүл болсын беп бұғып жата береміз бе?! Мен бұған көне алмаймын! – Әй, есің дұрыс па өзі? Шалықтай бермей, сабаңа түс! Жалғыз сенің қолыңнан не келеді!? Жоқ, жоқ! Бұл дұрыс емес! Мен бұған жан-тәніммен қарсымын! Қорқыныш, үрей.... Дүниені билеген үрей... Менің де бойымды буып, берекемді ұшыра беретіні қалай? Мына шетсіз, шексіз әлем қандай қорқынышты! Жоқ! Бұлай өмір сүре алмаймын! Қорқақтарды құдай да, халық та жақсы көрмейді. Ой мүжіп, қажып, талып ұйықтап кетеді. Түс көреді. Түсінде Нәзипамен ұрсысып жатыр екен. Нәзипа: Әй, қатыныңа тон әпере алмай жүріп, сенікі неғылған кісілік, ә?! Саған ел де, жер де керегі не? Көжеңді ішіп, пеш түбінде жат! Зәрең кетіп, кіретін тесік таппай тұрсаң, кел бері, кір менің кө-кө-көйлегіме... (етегін көтеріп) Мә, кіре ғой, тығыл мынаның астына... жылы жер.... жаныңды бағып жат сонда өмір бойы.... қайыршы, қорқақ, қыртымбай сорлы!!!» Байбек қаны қайнап, балтаны (әлде пышақ) жіберіп қалады, Нәзипа бұғып қалғанда, есікке сағағынан кіріп кетеді. «Осы батырлығыңды ар-намысыңды аяққа басып, жеріңді тартып алғандарға көрсет!» Байбек әйелін май құйрықтан қамшымен осыпосып жібереді. Нәзипа құйрығын басып, изеңдеп, дымы шықпай тұрады босағада. Байбек қаны қайнап, қаһарланып, үнсіз отырады... «Көп сүйреңдеген қатын не байдан, не құдайдан бір таяқ жейді!» Қамшысын үйіреді. Сол кезде збандайды жаулары. Байбек телефонды алып: – Әй! – дей бергенде, әйелі телефонды үзіп тастайды. «Жаумен айқайлап соғыса ма екен? Үндемей ғана ақылайламен соғысу керек» – дейді. Ойланып қалған Байбек оянып кетеді... Үйде де, көшеде де, машинамен жүріп те іштей арпалысып, толғанып, жүріп-жүріп, ақырындап әрекетке көше бастайды. Бірінші Жылтырбаевты аңдиды. Өзіне жабылған қыз-жігіттерді
анықтай бастайды. Әбден әккі аңшыдай, із кесіп, жасырынбақ ой-
науға машықтана бастайды. Қараңғы қуыстарда, қалтарыстарда,
подъездерде, подвалдарда, жатақханаларда, офистерде жүреді. Бір
күні біреуді аңдып, үйге кештеу келеді. Ақырын басып, жан-
жағына барлай қарап, пәтерін ашып, шам жағады. Есікті бекітіп,
жайлана бергенде, әлдеқандай бөтен бір дыбысты сезгендей бола-
ды. Сақтанып қаруын (балға, таяқ, қамшы) көтеріп, ыңғайланып,
ниндзялар құсап аяғының ұшынан басып жүреді. Үйді аралайды.
Бір пысылдаған қорқынышты дыбыс бірде анық, бірде талып есті-
леді. Байбек ақырындап, жүрегін тоқтатып, терең-терең тыныс
алады, каратэнің тәсілімен. Бір кезде қайраттанып, ұйықтайтын
бөлмені ашып, шамды жағып кеп жіберсе... төсегінде бүркеніп бі-
реу жатыр. Ұрайын деп оқталып-оқталып тұрады. Дәті бармайды.
Сол кезде әлгі атып тұрады, шашы дудырап. Бұл шошып кетсе де,
ұра жаздап барып тоқтайды. Қараса – Нәзипа. «Ей, сен қайдан
жүрсің? Балдар қайда?»
Нәзипа: Балдар нағашыларында... Мен сенің жаныңда болайын
деп келдім!
Екеуі де жарасып, күліп жібереді.
12-көрініс
Қаланың қарбалас тіршілігі. Жылтырбаев көшеде келе жатыр.
Балмұздақ сатып алады. – Менікін алыңыз! – Менікін алыңыз!
Менікін алыңыз түсіріп беремін! – деп таласады сатушылар. – Ма-
ған чикалаты барын беріңіз! – деп тандап алды. Өзінен-өзі мәз. –
Тендер! – деп ыржың-ыржың етеді. Алдынан өтіп жатқан неше
түрлі әйелдер мен қыздардың бөксесіне қарап есі шыға күледі.
Балмұздағын жалап-жалап қояды. Ыржаң-ыржаң етеді. Ұнатпаса,
тыржың-тыржың етеді. Қызықтайды. Джинси шалбар киген неше
түрлі құйрықтарды көреді. Мини юбкаларды, қысқа, мықынсыз
шалбарларды көреді. Жартылай жалаңаш белдердің түр-түрін кө-
реді. Май басып білеуленген белдер, қатпар-қатпар қарындар... Бір
жуан жалпақ құйрық жүзіп бара жатады алдынан. Былқ-былқ етіп,
екі жағына кезек-кезек аунайды. Қарынның, мықынның майы ірк-
ірк етеді. Зыттыбаев мазақтап, алыстан саусағымен шұқылап, қы-
зыл сәуле ноқат түсіріп, жүгіртіп ойнап, «Гендер!» дейді. Сөйтіп
келе жатқанда, алдынан Алмагүл тосып алады. Әлем-жәлем, жар-
тылай жалаңаш киінген. Бөксесін бұлтыңдатып, қылмыңдап, көзін қыздырып қояды. Сөмкелерін көтере алмай қиналған болып тұрады. Бұл бір айналып: «О-о қандай әдемі, жеңеше! Көтерісіп жіберейін бе, а жеңеше?! – дейді. Алмагүл: Нені көтергің кеп тұр, көгала? Жылтырбаев: Енді көтертсеңіз.... көтеруге болатын нәрсенің бәрін де көтере береміз ғой... Алмагүл: Ал, ендеше, қағынды қайным, мына сөмкелерді апарыса қойшы. Үйім міне тиіп тұр! – Ағай былай... нетіп қалмай ма? – Ағаң кетіп қалған! Жүр! Үйге келген соң, жігіт еркінсіп, айналдыра бастайды. Тонкий, эротический момент. Снайпердің көздегені сияқты қызыл ноқат сәуле түседі. Алмагүл де біресе жақындатып, біресе алыстатып, құбылып жүргенде есіктің қоңырауы шылдырлайды. Алмагүл (зәресі кетіп): Ойбай, байым кеп қалды! Мінезі жаман, қалтасында қара бәкісі бар, өлтіреді қазір! – деп есін шығарып, өзі де шошып тұрған жігітті алды-артына қаратпай, шкафтың ішіне тығып жібереді. Байбек пен Нәзипа келеді. Шкафтың ішінде тығылып отырған жігіттің іші құрылдайды бір кезде. Тістенеді. Түйгіштейді, бетаузын тыржыңдатады, іші құрылдай береді. Бүкіл үйге естіледі, су құбыры құсап құрылдап. Сөйтіп тұрғанда, Байбек шкафты ашып жіберіп, суырып алады. Өзі де қаусап, әрең тұрған жігіт қолында қара бәкісі бар қаһарлы Байбекті көргенде, саудасы бітіп, сылқ ете түседі. Іші ғұр-р дейді. Байбек оны кеңірдегінен алып, шалқасынан салып, паласқа орап тастап, басын ғана шығарып қояды. Қамшымен осып-осып жібереді. Байбек: Тірі калғың келе ме? Жылтырбаев: Жоқ! Ойбай, иә, иә! Да, да, да, да! Байбек: Анадан бері соңыма түсіп жүрген кім? Босстың атыжөні, әдірісі. Жылтырбаев: Шынайы түрде айтқанда... мен жөнді ештеңе білмеймін. Тіпті сос дегенді, тойыс босс дегенді өмірі көргенбілген емеспін! Бізге белгісіз біреулер аздап ақша берді де, сізді қорқыт деді! Тек қана қорқытып... қағаздарды алу керек деген... басқа ештеме істемейміз деп келіскенбіз!
Байбек: Жалдамалы жандайшап, сүйек-саяққа сатылған айтақтаулы ит екенсің ғой! Жә, жаның барында айт, қанша адам бар бандыларыңда? Жылтырбаев: Банды дейтін... банды да жоқ! Бар білетінім – белгісіз біреу... ақша берген. Байбек қара бәкісін кеңірдегіне тақайды. – Ал, зыпылдашы қане! Жылтырбаев: Шы-шынымен өлтірмексің бе? Байбек: Шынымен өлтірмегенде, өтірік өлтіру деген де бар ма еді? Қазір сені босатсам, барып бандыңа қосылып, тағы да соңыма түсесіңдер ғой. Полицияға тапсырсам дәлел керек, дәлелде дейсіңдер беттерің бүлк етпей... Одан да ең қызығы – кеңірдегіңді кесе салып, бөліп-бөліп, турап-турап, целлофан пакетпен қоқысқа лақтыра салған. Бұралқы иттер әп сәтте бұтар-бұтар шайнап, жалапжұқтап жеп қояды. Тіпті, бомждар сатпақ-сатпақ, қиқы-жиқы қаңылтыр кәстірөлге сап қайнатып-қайнатып, қара сорпаңды ішуі де мүмкін! Әйтеуір бір кәдеге жарап, іске асқан жерің де сол болар еді бәлкім бұл өмірде, а-а?! (Нәзипаға) Ләгенді әкел!!! Нәзипа (сасқалақтап): Мүмкін ваннаға... кілемді былғамай... жуудың өзі бір күш! Жылтырбаев тыпырлайды. Байбек: Жылтырбаев, әй әкеңнің, Жылтырбаев, тып-тыныш жүрген менде – момын қазақта не әкеңнің құны бар еді, әй? Енді міне, басым қатып отырмын.... қалайша жоқтауыңды бір-ақ асырсам екен деп... Ақыл берші, әй, банды деген атың бар ғой... қандай қылайын? Жылтырбаев: Ақыл болғанда... не ақыл... күнде кісі сойып жүр дейсің бе? Тек әйтеуір ауыртпай өлтірші... жанымды қинамай... Байбек: А-а, солай ма? Біздің жанымызды сен ойлап па едің? Бәлем ерегіскенде қинап, қиқалақтап өлтіремін! (Жылтырбаевтың аузын скотчпен орап тастайды) Атамнан қалған қолараны ап келші! (Нәзипа тот басқан ескі қолараны ап келеді... Баубек паласты дыр-дыр еткізеді). Нәзипа: Ойбай, паласты жыртасың, байқа! Шынымен осы жерде соя бересіз бе? Бірден ваннаға сап қойып сойсаңыз қайтеді... өткен жолғыдай? (Жылтырбаев тыпырлап, аласұрады.) Байбек тізесімен басып тұрып: Сенікі жөн... расында да үйдің ішін былғамай, буындыра салғаным дұрыс шығар! (Жылтырбаевтың мойнына бұғалық салып, қос қолдап тартады. Нәзипа үнсіз үрейленіп,
үрпиіп тұрып қалады. Зыттыбаевтың көзі бақырайып, шарасынан
шыға айналып кетеді. Байбек тістеніп, буындыра түседі...)
13-көрініс
Байбек дәуді аңдиды. Әдірісін, бәрін біліп алған, соңынан ба-
қылап, біртіндеп қорқыта бастайды. Өзінің істегенін өзіне қайта-
рып, көрінбей, кім екенін білдірмей істейді. Үйіне збандайды, әй-
еліне збандатады. Поштасына хат жібереді. Түрлі жұмбақ қағаз-
дар, белгілер қалдырады. Дәу секем алып, шоши бастайды. Сөйтіп
жүріп кешке гаражына машинасын қоюға келеді. Қаракөлеңкеде,
машинасын қойып, түсе бергенде, қарауытқан, тербеліп тұрған
бірдемені көріп, шошып кетеді. Қараса, асулы тұрған «трупты»
көреді. Қапқа оралған. Зәресі кетіп қашпақ болады. Сол кезде есік
өзінен-өзі жабылып қалады. Фарын жағады. Әрең-әрең есін жиып,
сүрініп-қабынып жүріп, «труптың» бетін ашады. Жылтырбаев!
Көгеріп кеткен, бедірейіп тұр. Ойбайлап, тұра қашады. Бандыла-
рын алып келсе, «труп» жоқ. Естері шығып, айран-асыр болып қа-
ла береді....
Дәу шынында шайқалып, үрейленеді. Қорқынышты түстер кө-
ріп, әр нәрсе көзіне елестейтін болады. Ақыры бір қорыққанда,
ауылға қарай қашады. Байбек қуады. Иномаркаға «Жигулимен»
жете алмайды. Бір кезде ауылға, дала жолына бұрылғанда, шөп
өсіп кеткен қара жолда иномарканың асты тиіп, бұлталақтай бас-
тайды. Байбек қуып жетеді. Орман ішіндегі алаңқайда екеуі ар-
мансыз төбелеседі. Гүрілдеп трактор (Беларус, ескі стогометателі
бар) келеді. Ауыл жігіті алысып жатқан екеуіне қарап, шылымын
тартып, тұра береді. Бір кезде Байбек қолымен «бір жарты қоя-
мын» деп ымдайды. Жігіт шылымын таптап, асықпай, бір келтекті
ағаш арасынан тауып алып, алқынып, жанталасып жатқан екеуінің
қасына кеп, ойланып тұрып-тұрып, құлаштап дәуді береді бастан.
Дәу сылқ ете түседі. Қозғалмай жатып қалады. Әрлі-берлі әуреле-
ніп, көтере алмаған соң шашынан тартады. Арқанға байлайды.
Тракторға тіркеп тартады. Трактор тартқанда, шашы трос құсап
тартылып тұрады. Трактор ырғалады әрлі-берлі. Бір кезде шашы
төбесінен ажырай бастайды, құйқасымен бірге... скальп құсап. Тү-
бімен жұлынып кетеді. Жалтырап төбесі, кекілі қалады. Сөйтсе,
әбден желімдеп тастаған парик екен. Әуелде қорқып қалған Байбек
пен жігіт күліп, ерегісіп, басы жалтырап, кекілі желбіреп жатқан
қазанбас дәуді стогометке артып, ауылға салақтатып ап келеді.
Байбек апасының үйінің алдына кеп тоқтайды «Жигулимен»
апасы жүгіріп шығып, құшақтап, амандасып, үйге кіреді. Артынан
дәуді салақтатып көтеріп әкелген тракторшы аңтарылып тұрады
да, сеновалға домалата сап, кете береді.
Байбектің апасы аңқылдап, құрақ ұшып, бәйек болады. Төрге
көрпе төсеп, қаймақ, май, бауырсағын қояды дастарқанға. Қазақ
ауылының, қазақтың ақ пейіл апасының тіршілігі.
Апа: Балдар аман ба? Келін аман ба? Сағындырдыңдар ғой әб-
ден... Байбек бізді шынымен ұмытып кетті ме екен? Апырай, ә деп
қоямыз кейде!
Байбек: Неге ұмытайын! Қол тимей кетті...
Апа: Е-е, бәсе, дені сау адам туған жерін ұмыта ма? Міне, же-
ші, мына қаймақтан. Әдейі сақтап қойған сыбағаң да бар, әбден
сүр болып, бабына келіп тұр, кешке асып беремін! Бетім-ай, ай-
ранды ұмытып кетіппін ғой. Қазір... Апасы қолына тегеш алып,
кебісін тырпылдатып, шошаланы ашады.
Қазақтың ескі шошаласы. Тегешке айран құяды. Сол кезде құ-
лағына бір қорылдаған тосын дауыс естіледі. Апай шошыңқырап,
тыңдайды. Бір басып, екі басып қораны аралайды, сеновалды аша-
ды. Тегеш қолында. Шөптің үстінде шалқасынан түсіп дәу ұйық-
тап жатыр. Апай шошып: Ойбай, көтек! Мына пәле қайдан кеп
қалған? – деп қарап тұрғанда, дәу оянып, кекілін сипап, ыржиып:
Апа, айран берші – дейді.
Апа: Е-е, мә, іше ғой! – деп тегешті береді. Дәу рахаттанып,
ыңғайланып, бабымен айранын ұрттай бергенде тегешке бірдеме
шолп ете түседі. Бетіне айран шашырап, бет-аузы айран болған дәу
көзі бақырайып үнсіз қатып қалады. Қараса тегештің ішінде тыш-
қан жүр. Сөйтсе, Байбек келіп қарап тұр екен. Сырғауылды сілкі-
генде, үюлі шөптің үстінде әрлі-берлі секіріп жүрген тышқан те-
гешке шолп ете түскен.
Байбек: Бұл жердің тышқанына дейін саған қарсы! – дейді.
Дәу тышқанды саусағымен іліп алып, шиқылдатып ұстап, ой-
ланып тұрады, бір-ақ қысып езе салайын ба, жоқ па дегендей. Бір
кезде лақтыра салады. Тегешті басына бір-ақ көтеріп, айранды сі-
міріп салады да, аузын жеңімен бір сипап, жүрмек болады. Байбек
қолына айырды алып, айбат шегіп, бөгейді. Дәу тегешті апаға
ұсынады. Аңқау апа ала бергенде, бас салып, буындырып, қалқан
ғып айырға қарсы жүреді. Амалы құрыған Баубек шегініп, жол
береді. Дәу апаны оған қарай итере салып, орғып-орғып қашады.
Істің анық-қанығын білу үшін Байбек осында аялдайды. Дәу
бастаған дұшпандарын аңдуға кіріседі. Ауыл адамдарымен әңгіме-
лесіп, жер тағдыры не болады деп толғанады.
Бірде, түн ішінде, ауылдағы үйге стучалка жасайды, терезені
қағады біреу. Үрейлі қорқынышты дыбыстар шығарады. Апасы
ашып қарайды, кекілі желбіреп, бір саз бет тұр жалпиып. Шоши-
ды. Байбек ескі мылтықты, есік алдына жүгіріп шығып, көкке атып
жібереді. Топырлап қашады біреулер. Ертеңінде Байбек құлаған
базды аралап, жағдаймен танысып келе жатқанда, беттеріне, бас-
тарына қара маска – петушок, көзі ғана ашық, киіп алған бір топ
кісі жабыла кетеді. Баздың ішінде Байбек неше түрлі айла-шарғы
жасап бағады. Енді жабылып, айласы таусылды-ау дегенде, қара
масканың біреуі қалғандарын таяқпен ұрып жығады. Дәу Байбек-
тің қолын бұрап, көмекшісі екеуі талдырып тастауға тырысып
жатқанда, әлгі маска дәудің кекілді жалтыр басын рогаткамен ата-
ды көздеп тұрып. Дәу басына тас тисе де сезбейді. Маска жақын-
дап, сіріңкемен күйдіреді, құйқасы үйтіліп, терісі бырысады, былқ
етпейді. Ызаланған маска оның көмекшісін Байбек жібермей жат-
қасын, дәудің тақыр басын өткір ұстарамен, бәкімен тіледі. Құйқа-
сы ыржиып, ар жағынан жүн көрінеді, сөйтсе шаш екен. Түгел ті-
ліп тастайды, ар жағынан шаш шығады. Сөйтсе бұл да парик екен,
нағыз басы шығады. Байбекті буындырып бара жатқасын, маска
шприц шығарып, дәудің жалпиған құйрығына кірш еткізіп укол
салады. Дәу сылқ ете түседі. Көмекшісін Байбек бұрап тастайды.
Маскасын шешеді – Нәзипа!
Байбек: Нәзипа?! Өй, сен қайдан жүрсің мұнда?
Нәзипа: Мұнда менің де өз ентересім бар!
Екеуі күліп, дәуді шайкасымен қоса байлап алады. Дәуді шұң-
қырға салып қойып, сұрақтың астына алады.
Дәу басын сипап жылайды...
Байбек: Қане, айт жаныңның барында, кім сендерді айдап сал-
ған?
Дәу: Мен қайтейін... бес қап ұн, бір телешке шөп, бір машина
жем берем деген соң...
Байбек: Сол-ақ па? Тағы не береді?
Дәу. Тағы бір жәшік арақ, бір жәшік сыра берді.
Байбек. Әй, сорлы-ау, соған бола бір үйге ойран салмақсың ба?
Дәу: Мен қайтейін енді... сатылайын деп сатылды дейсің бе?
Жоқшылық не істетпейді кісіге?
Байбек: Өзіңнің иттігіңді жоқшылыққа жаппа! Қарның ашса,
хайуан болып кете бересің бе? Не?
Дәу: Қайтейін енді... шиеттей бала-шағаны асырау керек...
Тойып тамақ ішу керек! Ел қатарлы тәуір киіну керек! Еңбегім еш,
тұзым сор болса, қайт дейсің маған?!
Байбек: Ал, тойдың дейік... сол ма өмірдегі бар мұратың?!
Дәу: Әуелі тойып алайық та... содан кейін көре жатармыз. Ой-
хой, шіркін бір алаңсыз рахат өмір сүргім келеді-ау, келеді!
Байбек: Рахат өмір деген не?
Дәу: Рахат өмір дегеніміз рахатизм. Бәрі асып-төгіліп, жетіп
артылып жатса... ішіп-жеп, гөләйттәп... сауық-сайран салып, ду-
ман-шоу, жиын той...... саунада аунау... Ахахау-ехехеу, Ахахау-
ехехеу!
Байбек: Ахахау атаңнан, ехехеу енеңнен қалып па еді? Сол ма
мына жалғанда жаныңның аңсары?!
Дәу: А-а, сен менің жаныма тиіспе! Жүгіртпе тіліңді! Менің
жаным... менің жаным... нені іздейді? Өзім де білмеймін?!
Жан туралы ойламай жайыма жүре берсем деймін... бірақ ол
мына жерімде (кеудесін басады қос қолымен) тұрып алып, сыздай-
ды келіп... Неге сыздайды, нені аңсайды менің жаным, ә? Ол қай-
дан келді, қайда кетеді ертең, а? Мүмкін, сен білетін шығарсың-
айтшы қане, әй....
Байбек: А-а, солай де! Мен қайдан білейін? Менің қалтамда
жұрттың жанын жай тапқызатын рецептім бар дейсің бе? Бірақ, бір
нәрсені ойыңа алып көрші, адамның жаны имансыздықтан сыздай-
тын сияқты?! Жә, жаныңның жағдайын жәһаннамға барғанда біле
жатарсың?!
Дәу: Апырмай, сен шынымен өлтірмексің бе?
Байбек: Өлтірмек түгілі, өртеймін тірідей...
Дәу: Әй, құлдығың болайын, қасық қанымды қи!
Байбек: Тып-тыныш жатқан менің үйіме ойран салғанда неге
ойламадың?!
Әй, басың қазандай, шайнам миың жоқ! Не деген ақымақ едің?
Өз құлқыныңа бола, бүкіл жұртыңның жерін жатқа беріп жібере
салмақсың ба? Мен осы жерді бермеймін деп, алпыс төрт рет сотқа
бардым, алдады, арбады, қорқытты, ақша бермек болды, бәрібір,
туған жерімнің документтерін бермей қойдым, қол қойып беруден
бас тарттым. Заң жолымен ала алмаған соң, енді өстіп бандылық
жолмен, қанды жолмен тартып алмақ боп жатыр. Оны бере салсақ,
ертең бүкіл ауылдың халқы жерге деген правосынан айырылып
қалмай ма?! Сол жерді қорғаудың орнына, қолшоқпар жандайшап,
жалдамалы малай болып, өз ауылыңа өзің қорқаудай шауып не
көрінді, әй, сен иттің баласына? Одан да, сол жалдағысы келген
босстарды өтірік дос боп, алдап-сулап, ақшасын да алып, өздерін
алдап соғып, ауыздарын аңқитып, қабырғасын қақырата соқпай-
сың ба қапысын тауып тасадан?! Әй, ақымақ, туған жердің бір уыс
топырағын, бір түйір тасын беруге болмайды ғой ешкімге де?!!!!!
Жалдамалы жендет! Жоғал! Жаныңмен бірге... мына дүниені
былықтырмай?! (Солярка толы шұңқырға от тастайды. Алаулаған
жалын...)
14-көрініс
Байбек босстың кеңсесіне келеді. Қасында екі жігіт (немесе,
кикбосер қыз бен каратист жігіт немесе ауылдың бір жігіті) бар.
Олар үлкен, ораулы кілем көтеріп алған иықтарына. Күзет бөгейді.
Байбек: Бұл сіздің мекеме жеңіп алған шетелдік Нонсенс фир-
масы тағайындаған жүлде! – дейді. Күзет күмәнданып, кілемнің
екі жағынан шығып, орауын тексеріп, ортасынан ұрғылап, қолын
тығып тексеріп көреді. «Жазыңдар!» – дейді, ымдап, еденді көрсе-
тіп.
Байбек: Мына жерде ме, ыңғайсыздау ғой, – дейді. Күзетші
ойланып, бір кезде ұзын істік темірді (шымылдық қозғайтын неме-
се швабра, бірдеңе ілетін темір істік) кілемнің орауына бойлата
сұғады. Екі жағынан кезек-мезек. Құлағын тақап тыңдап, бір кезде
жібереді. Алдында бастығына звандайды. Анау жібер, жаңа хабар-
ласқан дейді. Одан бұрын қыздар шынымен бастыққа звандап,
жүлде әкелеміз дейді. Сонымен, босстың кабинетіне кіреді. Кілем-
ді жазады. Сөйтсе, ішінде жай бір бума қағаз, яки ескі шүберек,
қысқалау палас орап, екі шетіне дорожкадан қиған ораманы қыс-
тырып қойған. Сыртқы кілем үлкен.
Босс: Бұл не? – дейді.
Байбек: Бұл сенің кебінің! – дейді. Босс телефонға ұмтылғанда,
Байбек тартып алады. – Тырп етсең мүрдем кетесің! Жердің қағаз-
дарын қайтар, жаның барында! – дейді. Босс қолын шығарады.
Мазақтайды. – Қазір шу шықса, күзетшілер келіп, сендерді қаңғы-
ған иттей ғып атып тастайды! – дейді. (Байбектің белінен бір сұй-
ық ағады) Бұдан сен не таппақсың?! Жарымай жүргенің – жүрген
өстіп... Осылай өтесің. Ә-ә, долы қатындар құсап, ызадан бұтыңа
жіберіп қойдың ба? Әлде қорыққаннан... ха-ха-ха!»
Байбек босстың күліп, ыржиып тұрған бетіне бағыттап шапты-
рады. Босстың бет-аузы су-су болады. Зәресі кетіп, қолын көтеріп,
қатып қалады. Сөйтсе, клизма қоятын грелкіге бензин құйып,
шлангісінен шаптырып тұр екен.
Байбек: Ал, үйелменіңмен, үрім-бұтағыңмен тірідей үйтіп
жеймін, әкеңнің аузын!.. Мен саған не жаздым? Соңыма түсіп, ма-
замды алып, қорқытып, қырып-жоятындай саған не істедім, ә?!
Жоқ! Енді мен қорықпаймын! Мен қорқып болдым! Бітті! Енді
сендер менен қорқыңдар! Шегінетін жерім жоқ! Атамекенімді са-
ған беріп қойып, адаммын деп қайтіп жүрмекпін?
Босс: Жерің де, өзің де өзіңе! Осымен қояйық! Міне, міне, мә!
(Сейфтен қағаздарды алып береді) Тек өртей көрме, өмір бойы жи-
ған-тергенімді! Байбек бір қолына зажигалканы ұстап тұрып: Жат
қане! Жағамын да жіберемін қазір! Боссты кілемге жатқызып, құй-
рыққа бір уколды беріп, ұйықтатып тастап, орап алады. Аузын
скотчпен орап тастайды. Кілемнің екі басына қысқа дорожкаларды
орап жібереді. Екеуі көтеріп, алып шығады. Күзетшіге Байбек: –
Боссқа басқасы керек екен, – дейді.
Күзетші: Немене, ұнамады ма? – дейді.
Байбек: Иә, түсі келмеді! От түсті керек дейді. Адам нені ізде-
се, соны табады ғой, тауып береміз отты! – күліп, қолымен темір
істікті көрсетіп, «Тықпайсың ба?» – дейді ымдап. Күзетші күліп,
қолын бір-ақ сілтейді. Бұлар Боссты багажникке салып алып, дала-
ға тартады....
15-көрініс
Орман ішіндегі алаңқай. Қазулы көр. Қасында бірнеше жаңа
қабір. Боссты көрге домалатып лақтырып тастайды. Бұл шұңқыр
басқаларға көлденең қазылған. Босстың көзі алақандай болып,
Байбекке сұраулы, жалынышты қарайды. Бір кезде гүрілдеп трак-
тор келеді бір шеттен. Қабірлерді шетінен жыртып, босстың шұң-
қырын қақырата кеп тоқтайды. Босс өкіреді.
Байбек: Ал, адамға қанша жер керек екен? Мыналардың бәрі
сенің кісілеріңнің моласы! Ал, енді тойған шығарсың? Неге сендер
жан-жақтарыңды жалмай бергілерің келеді, ә?! Бәрібір бар таба-
тының да, алатының да – осы! Екі метр! Екі-ақ аттам жер! А-а,
адамға қанша жер керек екен, ә? Сен біздің жерімізді жұтамын деп
едің. Ал, мә, жұтшы қане? Жоқ, ешкім де жерді жұта алмайды!
Жер жұтады сендерді! Жер бетінде барша адам баласы жақсылық-
пен жарасып, сыйласып сыйысуға болмай ма? Неге сендер өздерің
де бақытты өмір сүріп, өзгелерге де бақытты өмір сүруге мүмкін-
дік бермейсіңдер, ә? Жер-Ана адамзаттың ортақ кемесі, шетсіз-
шексіз ғарыш мұхитындағы! Оны сақтау – бәріміздің ортақ пары-
зымыз! Ол апатқа ұшыраса не болмақ? Ядролық жарылыстар, эпи-
демия, зілзала, цунами, астероидтар... қаншама қауіп-қатер төніп
тұр Жер-Анамызға! Соның бәрін біле тұра, болмашы дүние-боққа
бола қырқысып, жерге таласып-қырылысып жатқанымыз қалай?
Жете ме, ей, сенің жетеңе? Жетпесе, жат осылай! Екі метр! Екі-ақ
аттам жер!
Босс өкіреді. Трактор алға жылжып, қопара көміп кетеді. Кө-
мулі шұңқыр. Тракторда ауыл жігіті. Байбектің қасына жүгіріп
Нәзипа келеді. Топырақ қозғалып, түшкіріп-пысқырып, босс көрі-
неді. Еңкілдеп жылайды. Байбек бұрылып, анадайда тұрған маши-
наға қарай кетеді. Багажнигін ашып жатады, Босс қолын созып,
шұңқырдан шығар деп көмек сұрайды Нәзипадан. Нәзипа жан-
жағына жылдам қарап, Байбектің багажникке үңіліп жатқанын кө-
ріп, боссқа саусағымен «Ақша!» дегенді көрсетеді. Босс қалтасы-
нан күмәжнегін шығарады. «Қанша?» – дейді. Нәзипа: Бір мың у.
е.! – дейді. Босс күмәжнегін ұстата салады, бір қолы топырақ ас-
тында. Нәзипа бір мыңды санап алады, тағы бір мың екен артығы.
–Тәк, бір мың за помыш, бір мың – әнеугіден бергі көрген бейне-
тіміздің өтеуі! Обшым, маралный шербі! – деп, бар ақшаны, кеуде
тұсының замогын зыр дегізіп ашып, көкірегіне тыға салады да,
зыр-р дегізіп жауып, түймелеп тастайды.
– Әкел қолыңды, айналайын сол! – деп, суырып шығарады.
Бұл кезде Байбек дәу мен Жылтырбаевты багажниктен шығарып,
боссқа алып келеді. Шұңқырдан шыққан, үсті-басы топырақ-
топырақ босс етпетінен жерді құшақтап жатып қалады. Дәу, Жылтырбаев екеуі үнсіз ілбіп, кете береді орманға, жолға қарай. Ауыл жігіті тракторын гүрілдетіп, томпиған қабір сияқты төмпешіктерді жыртып-жыртып өтеді де, ауылға қарай кетеді. Байбек пен Нәзипа машинамен қалаға келеді. Бір кварталда Нәзипа тоқтатады Байбекті. Жүгіріп кетеді. Бір кезде қайта келеді, үстінде норковый тон, басында жаңа малақай, аяғында етік! Байбек сылқ-сылқ күледі рахаттанып!
Соңы.
Асаутолқын
Киноповесть
1. Кіндігін ашқан қыз
Қазіргі қала. Бір оңашалау ауланың қалтарыстау бұрышында
Софи ырғалып билеп тұр. Құлағында наушник. Музыка естілмей-
ді. Кіндігі ашық. Иығы, кеудесі де ашық. Джинси шалбар киген.
Көзін жұмып алған.
Анандайда үш жасөспірім оған тесіле қарап тұр. Ыржыңдап,
саусақтарымен нұсқап қояды.
Қыз бөксесін бұлтыңдатып, кіндігін бұралтады.
Ашық кіндікке бір шыбық қадалады. Шұқылап, қытықтайды.
Біраздан соң шошып, шоршып түседі қыз.
Қараса, үш жасөспірім. Күліп тұр. Шыбық ұстағаны тіпті жа-
қындап алған.
Джексон: Может, пойдем с нами. Выпьем, посидим...
Софи: Я с незнакомыми не пью!
Джексон: Ну, тогда... познакомимся. Я зовусь Джексон! А это
– Тайсон, Бекхэм!
Софи: А я – Софи.
Джексон Софиді қолынан тартып, бастап жүреді. Әуелде сәл
тартыншақтаған болып, бірте-бірте жүре береді қыз. Оңаша бір
құрылысқа келеді. Жоғарырақ этаждардың біріне шығып, бітпеген
пәтерлердің біріне кіреді. Ішеді, шылым тартады.
Осы кезде үй маңынан өтіп бара жатқан Асқар аға дәрет сын-
дырғалы ішке кіреді.
Қызыңқырап алған Джексон Софиді «Потанцуем?!» деп, биге
шақырады. Софи музыкасын қосады. Аш белінен құшақтай алған
Джексон оны бас салып аймалауға көшеді. Екі серігі қоршалап,
қол соғады.
Софи: Да вы что? Прекратите сейчас же!
Тайсон: Ты че? Мы тебя хо-хо-хотим по человечески... а ты
ломаешься!
Бэкхем: Сучишься!
Тайсон: Так будет тебе по-собачьему!
Бұлқынып, босап шығып, кетуге ыңғайланған қызды Тайсон
мен Бэкхем екі қолынан ұстап, жібермейді.
Джексон (бос бөтелкенің аузымен Софидің кіндігін шұқылап,
мысқылдай қарайды): Казахи говорят, если телка сама хвостом не
вертит, бычок на нее не кидается! Ха-ха-ха! (Тайсон мен Бэкхем
қоса күледі) А ты че, дура, все напоказ... Нарочно нас дразнишь?
Вызываешь, да?
Софи: Да пошел ты! Это мода такая!
Джексон: Моды-соды-роды! Если там (қолымен алысты көрсе-
теді) решили ходить полуголыми, мы что, тоже должны оголять
свою задницу? Бесстыдница! (Қызды саусағымен иегінен көтеріп,
мазақтайды) А говорят, что в древности на востоке, в гаремах сул-
тана, рабынь-танцовщиц заставляли ходить точно так же. Это де-
лали специально, чтобы они не рожали детей. Знаешь, почему?
Оказывается, когда много мужчин засматриваются в живот жен-
щине, их тяжелый взгляд пробивает и разрушает ауру. Жизненный
центр! И женщина становится бесплодной. Такая «мода» называ-
лась «проклятием»! А вы, безмозглые курочки, сами навлекаете на
себя беду!И с вами надо поступать так же, как вы того желаете и
заслуживаете!
(Үшеуі қызды бұрышқа қарай сүйрей бастайды. Софи жанұ-
шыра ойбайлап, қарсыласады)
Софи: Помогите! Спасите меня!
(Оның даусын төменгі қабатта жүрген Асқар аға естіп, іздей
бастайды. Үйді аралап, жоғарыға қарай шығады. Үшеуі қызды кө-
теріп алып, тасада алып соғып, қол-аяғын керіп тұрып, бақыртып
зорламақ боп жатқанда, Асқар аға жетіп келеді. Оны көріп қалған
қыз: «Ағай, аға, ағашка! Помогите! Спасите!» деп айғайлайды.
Алысып жатқанда қыздың соткасы түсіп қалады).
Асқар: Әй, балдар! Бұларың не, ойбай! Қойыңдар, қане!
(Бәрі жалт қарап, тоқтай қалады).
Джексон: Эй, прадед! Пошел бы ты в подвал! Будешь сволочиться – отправим на свалку! Асқар үнсіз жақындап келеді. Қыздың кеудесін басып, көлденеңдеп жатқан Тайсонды бүйірінен, ет-терісін қоса шеңгелдеп ұстап, тартып, ойбайлатып лақтырып жібереді. Бэкхем қиқулап, секіріп, тарбиып, аяғын көтере созып, тебе бергенде, ағай жұдырықпен жіліншіктен бір-ақ тартады. Анау ойбайлап құлайды. Тұра ұмтылған Джексонды кеңірдектен алақанның қырымен бір ұрып құлатады. Қыз қашып кетеді. Асқар да кетеді. Жастар естерін жиып, бастарын шайқап қала береді. Джексон сотканы тауып алып, ойланып тұрады. Жүзі сан құбылады... 2. Қыздың соткасы Софидің соткасына бір құрбысы звондайды. Джексон: А, да! Этот телефон я нашел! Если вы скажете мне ее адрес, я сегодня же верну! Говорите, я запомню.... Ага, ага, спасибо! «Сен қызды таптым ба ақыры!» дегендей, қуанып, ойланады. Үйден шығарда бір қара пакет тола қоқысты балконнан лақтыра салады. 3. Тонау Джексон кешкілік бақта жүр. Адам аз. Жалғыз әйел әдемі соткамен сөйлесіп өте береді. Джексон соңынан аңдып жүреді. Қапысын тауып, қолынан соткасын жұлып ала қашады. Әйел ойбайлап қала береді. 4. Софиге сыйлық Джексон Софиді іздеп келеді. Софи оны әрі таңданып, әрі аздап ызаланып қарсы алады. Джексон құбылып, екі қолымен кеудесін басып, кешірім сұраған болады. Софидің ескі, нашар соткасын береді. Шашылып қалған. Джексон: А это вам.... от меня, подарок на память! – деп, жаңа, крутой (әйелден тартып алған) сотканы береді. Софи майдай еріп,
мәз боп қалады. Телефондарын жазысып, бір-біріне қызыға, құштарлана қарайды. 5. Мақсат пен Манар Колледж. Жастар сабақтан шығып барады. Мақсат пен Манар бірге шығады. Жолдастары жарқын күліп тарайды. Екеуі оңаша келе жатыр. Манар Мақсатқа ұрлана көз тастап қояды, жақсы көретіні сезіледі. Мақсат та оған анда-санда қарап қояды достық ықыласпен. Мақсат жүгіріп барып, киоскіден екі балмұздақ алады. Манар кейіндеу тұр. Мақсат қалталарын қағып, әрең жеткізеді теңгелерін. Қуанып келіп, қызға біреуін ұсына бергенде, Манар елжіреп, Мақсаттан көзін ала алмай, қолына ұстай берген балмұздағын түсіріп алады жерге. Екеуі де селк етіп, абдырап қалады. Мақсат: Өй, Манар! Саған не боп қалды?! Манардың көзіне көзі түсіп кетеді де, біртүрлі толқып, тебіренгендей күй кешеді. Өзін-өзі тез қолға алып, екінші балмұздағын да Манарға береді. Манар ұялып, тартыншақтайды. Мақсат: Ал, ал! Маған бәрібір жеуге болмайды, тамағым қарлығайын деп жүрген сияқты! Манар: Ә-ә! Саған жеуге болмай ма? (Алады). Маған жеуге болады! Екеуі күліп, қатарласа жүреді. Сәлден кейін тоқтап, Манар балмұздақтың екінші шетін Мақсаттың ерніне тигізеді. Мақсат бір тістейді. Манар бір тістеп, тағы ұсынады. Мақсат тағы бір тістейді. Сөйтіп кезек-кезек балмұздақ жеп, бұрынғыдан өзгеше бір күй кешеді. Манар: Қалай, қарлығайын деген тамағың жазылайын деген сияқты ма? Екеуі қосыла күліп, ілгері жүре береді... 6. Ауладағы сүйіс Аулада. Софи мен Джексон сыра ішіп, фисташки шағып отыр. Жан-жағына қабығын түкіріп, бос бөтелкелерін, шылым қорабын, пакетін тастап, былықтырады. Сүйкенісіп, құшақтасып қояды.
Анадайда, орындықта екі кемпір әңгімелесіп, екі жасты ұрлана
бағып отыр.
Бір кезде Софи Джексонның мойнына қарғып мініп алады. Ол
көтеріп, әрлі-берлі жүреді.
Айналадағылар аң-таң.
Бір кезде қыз секіріп түседі де, екеуі бір-біріне жабысып кетіп,
сүйісе бастайды.
Кемпірлердің аузы аңқиып, көздері аларып кеткен.
Үйден бір кексе әйел шығып, кір жаятын темірге алашасын
іліп, қаға бастайды.
Кемпірлер әуестеніп, еңкейіп, бұрылып, алашаның тасасынан
сығалап бағады. Ақыры біреуі шыдай алмай, орнынан тұрып келіп,
алашаны сырып тастайды. Қыз бен жігіттің жұртта жұмысы жоқ,
аяусыз аймаласып тұр.
Алаша қаққан әйел де бұрылып қарайды. Екеуін көреді де, қа-
ны қайнап:
«Өй, өңкей ұятсыздар!» деп айқайлап, тұра ұмтылады. Жастар
оны елең де қылмай, сүйісе береді.
Әйел: Өй, қайыршылар! Осы ма жеткен жерлерің? Сендерді кі-
сі болады, келешегіміз деп үміт артып жүрміз-ау! Адырам қалың-
дар, көрінгенге еліктеп, көшеде көтін ашқан көргенсіз сорлы бей-
шаралар! – деп, ашына сөйлеп, алаша қаққышпен құйрықтан тар-
тып-тартып жіберіп, қуалай сабайды.....
Қыз бен жігіт: «Вот псих! Да вы что!» – деп, ойбайлай қаша-
ды...
Аулада ойнап жүрген балалар мәз болып күліп, қолдарымен
екеуін шұқып көрсетіп, мазақтайды...
7. Мәшһүр Жүсіптің нақыл сөзі
Асқар ағаның үйі.
Асқар Мақсат пен Манарға Мәшһүр Жүсіптің нақыл сөздерін
айтып отыр.
Ең әуел керек нәрсе – иман деген,
Ақырет істеріне илан деген!
Екінші керек нәрсе – ақыл деген,
Ақылсызда таупих жағы тақыр деген,
Аз іске ашуланып дінін бұзар,
Иманын күпірлікке сатар деген!
Үшінші керек нәрсе – сабыр деген,
Сабырлы ісі мұратын табар деген...
Төртінші керек нәрсе – шүкір деген,
Нығметке шүкірсіздік күпір деген!
Бесінші керек нәрсе – әдеп деген,
Әдептіде иман тұру ғажап деген,
Әдептіде күпірлік тұра алмайды,
Әдептілік махаббатқа себеп деген!
Әзәзіл, малғұн шайтан тіліне ерме,
Өтірік, ұрлық, өсек өнер көрме,
Тілей бер бір құдайдан өз бағыңды,
Басқаның хақысына көңіл бөлме!
Мұны жазған жарықтық ақын, әулие атамыз Мәшһүр Жүсіп!
Бірдеме түсіндің бе, әй, жаман жиен....
Мақсат (күледі): Нағашыма тартқам!
Асқар: Қап, мынау не дейді-әй, әкеңнің... Жарайды, онда, жақ-
сы жиен...
Мақсат: Әкеме тартқам!
Асқар: Әкеңе тартсаң оңдырарсың! Баяғыда..... ха-ха-ха, әкеңе
екіні беске ауызша көбейт деген ғой мектепте. Жиырма бес депті
жарықтық. Сөйтсе, екі мен бесті қатар қоя салған екен. Әнеки, мә-
тел боп кеткен, кезінде.
Мақсат: Ештеме жоқ, қазір көбі сондай. Компьютерге үйреніп
кеткен, ауызша есеп шығара алмайды. Менің әкем уақытынан
озып туған ғой!
Асқар: Озғанда қандай! Уақытынан да, апамыздан да озған!
Бері қара, қызым, жездеміздің тағы бір қызығын айтайын. Бір күні
ескі «Мәскібіш» машинасымен жолға шығады. Қақаған қыс. Қа-
сында шешесі. Артында біздің апай. «Мәскібіштің» пеші дұрыс
істемейді. Күн аяз, терезені қырау баса береді. Қырау басқан сай-
ын жездей артқа қарай қолын жаяды. Апай алақанына бір уыс тұз
сала қояды. Тұзбен терезені сүртіп, тазартып отырады.
Әлқисса, орта жолға келгенде тоқтап, жездей түседі де, капотын ашып, бірдемесін шұқылайды. Оны көрген апай түзге отырып ала қояйын деп, түсе қалады. Алдында отырған кемпірдің ештемеде жұмысы жоқ, бұйығып, қалғып кеткен. Содан, жездей жөндеуін жедел бітіріп, мәшинаға мінеді де, бір-ақ тартады! Апай «а» деуге шамасы келмей, айдалада аңқиып қала береді! Жездей рөлді ұстағанына мәз. Елде, жерде жұмысы жоқ, желбезегі желпілдеп, желдей ұшып келеді. Бір кезде терезені қырау басып кеткесін, артқа қол жаяды. Тұз әкел! – дейді. Дым жоқ! «Өй, тұз әкел деймін!» – деп одырайып артына қараса, тұз да жоқ, қыз да жоқ! Содан бұрылып алып, апайға қайтып келеді. Келсе, ана кісі әрі тоңған, әрі ыза болған... Көзінің жасы бүршік-бүршік боп бетіне қатып қалған.... Сақылдаған сары аязда сақиып өле жаздаған апамыз! Әне, мұның әкесінің түрі! Байқарсың, Манар қарағым! Мақсат пен Манар күледі. Үшеуі далаға шығады. Аулада. Мақсат: Нағашы, секретный удар үйретіңізші. Асқар: Кімді ұрып өлтірейін деп едің, әй, қол-аяғы сойылдай собалаңдап, сораң-сораң еткен сары балапан? Мақсат: Жоға, жай. Керек қой қазір! Асқар: Керек! Бәріңе удар керек! Біреуді ұру, қирату керек! Ал, ұят-аятты кім ойлайды сонда, ә? Сендердің қазіргі көретін киноларыңда ғой... геройларың жұртты топырлатып сабап, топтап қырып тастап, алшаң басып жүретіні. Адам сойдым-ау деп ұялмайды, қызармайды. Ешкімге ешқандай жауап бермейді. Ал мына сендер соларға еліктеп, жауапсыз жынды болып барасыңдар. Қит етсе қырып-жойғыларың кеп тұрады. Жоқ! Ол өтірік! Есіңде болсын, өмір кино емес. Судың да сұрауы бар. Біреудің бір тал шашына тидің бе, жауап бересің. Арыңның алдында, халықтың алдында, құдайдың алдында! Ұқтың ба, әй? Мақсат: Ұқтым, нағашы! Қартайып қапсыз... Асқар: Әй, мынау не дейді әй, әкеңнің... Мақсат мәз болып, сөмкесінен екі газет шығарады. Екі қолына ұстап тосады. Асқар сол қолымен ұрып, қағаздың бірін теседі, оң қолымен бір тартқанда екіншісін қақ бөліп түсіреді. Мақсат таңдана күледі: Осылай ұруды үйретіңізші, нағашы!
Асқар: Жоқ! Бұл менің құпиям! Оны үйрену үшін иманың кәміл, ақылың кемел болуы керек! Мақсат ойланып қалады. 8. Рэкет Джексон, Тайсон, Бэкхем бір ересектеу оқушыға рэкет жасап тұр. Джексон: Деньги давай, деньги! Бала: Жоқ! Ақша жоқ үйде! Тайсон бас салып тінтеді. Анау бала ызаланып, қарсыласады. Оған қарамай, қалталарын ақтарып, бар ақшасын тартып алады. Бала кіжініп, таласып, ұруға оқталады. Бұлар секіріп, орғып, тигізбей мазақ қылады. Ақыры, желкеден бір ұрып, құйрықтан бір теуіп қоя береді. 9. Ұят Ақшасынан айырылып, ызаланып келе жатқан әлгі бала өзінен кішірек бір баланы ұстап алады. Оны ренжітіп, рэкет жасайды. Қалталарын ақтарып, ұсақ-түйек теңгелерін тартып алады. Сол кезде Мақсат кеп қалады. Әлгі үлкендеу баланы ұстап алып, кішкене баланың ақшасын қайтартады. Мақсат: Мұның не, әй? Ұят емес пе? Бала: Е-е, менің де ақшамды тартып алды ғой жаңа үлкен балдар.... Мақсат: Не, сонда, біреу саған жамандық жасады екен деп, сен де жұртқа жамандық істемексің бе? Бұл – күнә, бұл қылмыс! Есіңде болсын! Біреудің нәрсесін алу – масқара, ұят! Онымен бақытты болмайсың! Қой! Жаман болма бұлай! – деп, нығарлап жібереді. Анау бала түсінгендей болады. 10. Жаралы глобус Колледжде сабақ жүріп жатыр. Мұғалима Сәуле бір қолымен глобусты аялай сипап, сөйлеп тұр. Сәуле: Қазақ айтады... «кемедегінің жаны бір» деп. Жер шары – адамзаттың ғарыштағы ортақ кемесі. Бір сәтке ой жүгіртіп, көзге елестетіп көрейікші. Шетсіз, шексіз кеңістікте секундына 30 кило-
метр жылдамдықпен ұшып бара жатыр! Ал егер ғарыш әлемінде басқа бір аспан денелерімен соқтығысып қалса немесе адамдардың ашу-ыза, өшпенділігінің, соғыстардың, ядролық жарылыстардың дүмпуімен өз орбитасынан шығып кетсе не болады, ә?! Құдай сақтасын! Біз Жер-Анамызды және оны мекендеген барша жан иесін аялап, қорғауға тиіспіз! Мұғалима сөйлеп тұрғанда, шәкірттердің көпшілігі ұйып тыңдайды. Ал, арт жақта отырған Джексон соткасымен смс жазып отырады. Сөзін аяқтай бере Сәуле глобусты жоғары көтеріп, айналдыра көрсетеді. Шәкірттер ду күледі. Сәуле глобусқа қараса, біреу оның бүйірін ойып тастаған екен. Біраз араб елдері жоқ. Үңірейген тесік қорқынышты көрінеді. Сәуле ақырын орнына отырады. Глобусты қос алақанымен қыса ұстаған күйінде үнсіз жылайды. Әуелде күліп отырған балалар ұялып, ойланып қалады. Тыныштық. Сотка звондайды. Джексон сөйлеседі. Джексон: Да, Тайсон.. Классно! Училка рыдает, мы кайфуем.... Да я тут стер с лица земли несколько стран..... ну, вырезал.... понимаешь, дырку сделал в глобусе. А она плач устроила... по погибающей планете.... Да, қуғынбайка... Оның сөздерін бәрі бұрылып тыңдап, таңданып, ашуланып отырғанда, ызаға булыққан мұғалима жетіп келіп, Джексонның соткасын жұлып алады қолынан. Сәуле: Өй, ұятсыз! Көргенсіз! Джексон: Өйтіп маған мән үйретпеңіз! Бір глобусқа ие бола алмай жүріп, жер шарында нелерің бар?! Әкел бері телефонды! Екеуі телефонға таласады. Шәкірттер көздері бақырайып, қарап отыр. Джексон: Әкел! Әкел дедім ғой! Сәуле: Сабақтан соң... директордан аласың! Джексон мұғалиманы жақтан бір тартады. Ол есеңгіреп тұрғанда, телефонын жұлып алады. Жұрт шошынып, тып-тыныш боп қалады. Сәуле үнсіз жылап, сілейіп тұр. Алдыңғы жақта отырған бір қыз жанұшыра жүгіріп шығады. 11. Директордың қаһары Сең соққандай болған Сәуле өз орнында үнсіз егіліп отыр. Оқушылар үнсіз.
Екпіндеп директор әйел кіріп келеді. Соңында әлгі қыз.
Директор (қаһарланып, Джексонға): Тұр қане! Шық былай!
Джексон «неғыласың?» дегендей керіле тұрады. Бірақ шық-
пайды.
Директор: Әй, сен өзі сөз ұғамысың? Әбден бәле болдың ғой.
Істемегенің жоқ... Жас қой, жөнделер, тәрбиелейік деп төзіп келе-
міз. Ал мынауың тіпті шектен шыққандық! Оңбағандық! Сендей-
лерді оқудан қуып, сотқа беру керек!
Джексон: Қуа алмайсыңдар! Осыдан қуып көріңдер! Вот звяк-
ну пахану, так он вас всех... в ряд поставит... и разом поимеет!
Директор: Жап аузыңды, малғұн! Сұмырай! Жексұрын! Жоғал,
кет, шық қане! Пақаныңмен де, қақаныңмен де қоса құрып кет!
Қайтып көзімізге көрінуші болма! Бұл колледждің есігі енді жабық
саған!
Директор төніп кеп қалады. Оның қаһарынан қаймықса да, сыр
бермегенсіп, Джексон созалаңдап шыға жөнеледі. Кетіп бара жа-
тып өшіге көз тастайды бәріне. Есікті сарт еткізіп жабады. 12. Шокермен шошыту
Софи мен Тайсон, Бэкхем үшеуі бір қалтарыста Манарды қор-
шап алады. Қоқан-лоққы жасайды, Софи электрошокерін шытыр-
латып бетіне тақайды. Манар қорқады.
Софи: Сен өткен жолы бес мың теңге әкеп беруге тиісті едің.
Саған отсрочка бердік. А ну, давай, гони бабки!
Манар: Бары осы-ақ! (Бір мың теңге береді. Софи оны алып,
саусағына орай айналдырып, кекете қарайды) Үйде ақша жоқ!
(Тайсон мен Бекхэм екі қолтығынан ұстайды. Софи шокерді бетіне
тақайды да, денесіне тигізіп қояды. Үрейленген Манар ышқынады)
– Жарайды! Ертең әкеп беремін!
Софи: О кей! Только без фокусов! А то... с тобой займутся на-
ши парни! (Жігіттер одыраяды. Шокерін шытырлатып кетеді)
13. Ұрлық
Манар үйде. Үрейлі. Шешесінің шкафтағы сөмкесін қорқа-
қорқа ашады. Тың тыңдайды. Сөмкені ашып, ақша ұрлайды. Бар-
жоғы 2 мың теңге!
14. Аяққа басылған орамал
Манар оқуға қорқып, үрейленіп келе жатыр. Тасада күтіп тұр-
ған Софиге ақша береді. Анау екі мың теңгені алады. Бұрыла бе-
ріп, Манарды ішінен бір ұрады. Бүк түскен Манарды шашынан
ұстап тұрып: «Все! Мы тебя посадили на счетчик! Быстрей рас-
плачивайся»! – дейді тістеніп. Сол кезде анандайдан байқап тұрған
Джексон келеді. Манарды иегінен көтеріп тұрады. Мойнындағы
кәсеңкесін шешіп алып, сипалап тұрып, аяғының астына тастайды.
Мыжғылап, табанын сүртіп-сүртіп, бетіне мысқылдай қарап кете-
ді. Манар қорланып, өксіп жылап, ақырын шегіншектеп, кете бе-
реді. Орамал сол жерде қалады.
15. «Алым-салық»
Үлкенді-кішілі оқушылар Джексонның адамдарына әр топтан
жинаған «салықтарын» әкеліп беріп жатыр. Тайсон, Бекхэм, Софи
қабылдап, санап алуда. Толық бермегендерді қорқытып, үркітіп
қояды. Көнбеген екі баланы оңаша шығарып алып, ұрып-соғып
жібереді. 16. Манардың айласы
Манар оқуға қорқа-қорқа келе жатыр. Жан-жағына жалтақтап
қарайды. Тасада тұрған Софидің тобын көріп, жасырынып қалады.
Үрейленіп, есін жия алмай тұрады. Сығалайды. Соткамен звон-
дайды.
Манар: Әлө, Мақсат! Сәлем! Сен мені қарсы алшы!.. Жай!
Күнде қарсы алып, шығарып салып тұрсаң, тіпті керемет болар
еді!
Тайсондар балаларды торуылдап тұр. Софи бір баланың соңы-
нан жүгіріп кетеді. 17. Қақтығыс
Мақсаттың ойында ештеңе жоқ, Манардың алдынан шығады.
Оны көріп, қорқып тұрған Манарға жан кіреді. Екеуі қол ұстасып,
жарасып, өте береді.
– Ей! Где деньги! – деп, Тайсон мен Бекхэм Манардың жолын
бөгеп, қолынан тартады. Манар қорқып, ойбай салады. Мақсат
«Тарт қолыңды!» деп, қолдарын қағып жібереді. Ұстасып, ерегісіп
қалады. Мақсаттың бірге оқитын жолдастары айқай-шуға жүгіріп
келеді. Тайсон мен Бекхэм амалсыз қашып құтылады.
Софи анадайда жасырынып тұрып, бәрін әбден көріп алады.
Мақсат пен жолдастары әлгі екеуін қуып тастап, мәз боп келе
жатқандарын көргенде, Софи тістеніп, жұдырығын түйеді. Көріп
қоймасын деп тығылады.
18. Джексонның жоспары
Джексон ашулы. Тайсон, Бекхэм, Софи үшеуінің есебіне де,
әкелген ақшаларына да көңілі толмағандай.
Джексон: Заманите его в бункер!
Үшеуі мақұлдайды.
19. Егес
Сабақтан кейін үйіне келе жатқан Мақсатты Софи әдейі тосып
тұрады. Қолында сөмкесі бар.
Софи (қылымсып): Помогите мне, пожалуйста!
Мақсат оның сөмкесін көтеріседі.
Софи: Спасибо большое!
Бастап, жол көрсеткен болып, бір подвалға түсіреді. Онда
Джексон, Тайсон, Бекхэм отыр екен. Мақсат алданғанын біліп,
Софиға алара бір қарайды. Бірақ өзін сабырлы ұстайды. Асықпай,
сынай қарайды бір-біріне.
Джексон: Хош келдің! Отыр, бізбен бірге шарап іш! Әңгіме
бар!
Мақсат отырмайды. Джексон шөлмектің аузынан сылқылда-
тып ішіп, Тайсонға береді. Ол да ішіп, Бекхэмге береді. Бекхэм
ішеді де, Мақсатқа ұсынады. Ол алмайды.
Джексон: Ал, ал! Іш! Неге ішпейсің? Әлде біздің аузымыздан
жиіркенесің бе? Бәлкім, бізді менсінбейтін шығарсың?
Тайсон: Здесь заразных нет!
Мақсат: Мен мүлде ішпеймін!
Джексон: Ішпесең, ішесің!
Бекхэм: Ішкіземіз! (Шөлмекті зорлап ұстатпақ болады) Мақсат (оның қолын қағып жіберіп): Жоқ, ішпеймін! Жалпы, біреудің сілекейін біреу жалап-жұқтап, жұтып қою дегенің жақсы емес! Гигиенаға жатпайды. Джексон: Гигиена говоришь.... (шараптан жұтып-жұтып жіберіп) Да чистота нужна везде и всем! А знаешь, когда она будет? Когда все будут выполнять свои обязанности чисто и честно! Усекаешь, Макс, Маска, как тебя там... Масюка, Моська! Мақсат: Мен Маска да, Моська да емес, Мақсатпын! Джексон: Ладно. Нам это по барабану! Лишь бы исправно платили нам! По таксе и в срок! Мақсат: Біз неге сендерге алым-салық төлеп тұруға тиіспіз, ә? Сендердің құл-құтандарың емеспіз ғой! Джексон: Тогда по-другому будем разговаривать! Тайсон: Получишь, падла! (Тайсон мен Бекхэм Мақсатты ұруға ыңғайлана береді. Мақсат қорғануға дайындалады) Джексон: Стоп! Хватит! Сегодня отдыхаем! Так, мы вас предупредили. Скажи своим и подумайте пару дней. Соберите сумму и с миром! А не то, пожалеете. Жития вам не будет! Адью! Бөтелкесін көтеріп, қылқылдатып ішеді. Мақсат бұрылып кете береді. 20. Стрелка Мақсат айтқанын істемеген соң, Джексон оған звондап, «разборкаға» шақырады. «Ертең кешке! Қаланың сыртында!» деп «стрелка» белгілейді. Мақсат пен жолдастары бұларға тойтарыс беруге бел байлайды. 21. Шайқас Қаланың сыртында. Екі топ жастар бір-біріне беттеп келеді. Төбелесуге. Қаһарлы. Дауылдай. Жақын кеп, айқасуға шақ қалғанда: «Тоқтаңдар!» деп айқай салады, алға шыққан Тайсон. Екі жақ толқындай сығылысып, әрең тоқтайды. Ызалы, еліріп алған жастардың жүздері қорқынышты.
Тайсон: Жекпе-жек! Ерлердің жазылмаған ар-намыс заңы
бойынша, сендердің ең мықтыларың шығып, біздің ең мықтымыз-
бен жекпе-жек шайқассын! Кім жеңсе, соның айтқаны болсын!
Осыған тоқтаймыз ба?
Екі топ «тоқтаймыз!» деп шу ете түседі.
Ортаға Джексон мен Мақсат шығады.
Джексон: Будем биться честно – без оружия и без правил! По-
бедитель получает все!
Мақсат: Жарайды келістік! Егер біз жеңсек, қайтып маңай-
ымыздан жүрмейсіңдер.
Джексон: Жақсы! Ал біз жеңсек, алым-салықты айтқызбай,
уақтылы жинап, өз қолыңмен маған әкеп беріп тұрасың!
Мақсат: Көрерміз әлі!
Джексон: Көрсек көрерміз!
Екі топ қолдарын соғып, шуылдасып турады. Жекпе-жек бас-
талады.
Мақсат пен Джексон аянбай, аяусыз төбелеседі. Қолмен де
ұрады, аяқпен де тебеді, алысып-жұлысады. Ақыры, Мақсат дзю-
доның әдісімен алып соғып, буындырып жеңеді. Бірақ оған Тайсон
мен Бекхэм бастаған бір топ бұзықтар жабыла кетеді. Екі жақ ми-
дай араласып, қырғын төбелес болады. Бір-бірін өте қатыгездікпен
ұрып-соғып, тепкілеп, жарақаттап жатқан жасөспірімдердің жүз-
дері жан шошырлық. Күн бата қала жақтан полиция сигналы ес-
тілгендей болады. Екі топ екі жаққа қашып, әрең тарайды. Жара-
ланып жүре алмай қалғандары да, жатып қалғандары да баршы-
лық...
22. Жиналыс
Колледжде. Ата-аналар жиналысы. Мұғалімдер, директор,
Сәуле, ата-аналар, Мақсаттың шешесі, полиция инспекторы.
Директор: Бұл бір сұмдық жағдай болды! Жаппай төбелестің
нәтижесінде бес оқушы түрлі дәрежедегі дене жарақатын алып,
ауруханаға түскен. Істің жай-жапсарымен полиция айналысып жа-
тыр. Сіздерді шұғыл түрде жинап отырған себебіміз де осы. Не
болды, қалай болды, неге болды? Әрі қарай не істейміз? Ақылда-
сайық, ойланып көрейік...
Шолпан: Ойланатын несі бар? Бәріне мұғалімдер кінәлі. Солар
жауап берсін.
Ғабділмәжит: Иә, мұғалімдер қайда қарайды осы? Ақша алған-
да сондай, алдарындағы балдарға ие болмай ма? Дұрыстап оқы-
тып, тәрбиелесеңдер, мұндай сорақылық болмас еді ғой!
Қарагөз: Сонда бізге не істе дейсіздер? Күні-түні сіздердің ба-
лаларыңызды бағып жүреміз бе? Айдалаға барып төбелеседі екен,
оған қалайша мұғалім кінәлі болмақ? Оқушылар колледжге мек-
тептен келіп отыр. Жақсылығы да, жамандығы да содан. Біз қайтіп
түзей қоймақпыз оны бір сәтте.
Шолпан: Во! Пра-а-вильно! Школа виновата во всем! А вооб-
ще, по мне, и школ-мшкол, лицей-мицей, колледж-молледж, ин-
ститут-минститут – бәрі де оңып тұрған жоқ! Все помазаны одним
и тем же! Они только и думают где урвать, как нажиться. А воспи-
танием поколения занимаются так, для вида... для отчета.
Шұғыла: Кешіріңіз, сіз неге бұлай дейсіз? Болашақ ұрпаққа
жан-жақты жақсы тәрбие беру жолында атқарылып жатқан ұлан-
ғайыр жұмыстардың бәрін бір ауыз сөзбен жоққа шығара салуға
бола ма екен? Рас, ойланатын да мәселелер аз емес. Соның бірі –
қазіргі жастар арасында кездесетін қарақшылық, бұзақылық, қаты-
гездік, суицид сияқты аса қорқынышты жағдайлар. Бұл жалғыз
мұғалімнің мойнына арта салатын оңай жүк емес. Қазіргі жастар-
дың тәрбиеге көнуі қиын. Тіпті мұғалімді тыңдамайды да. Ақылды
ұқпайды. Қаттырақ айтсаң салғыласып, ерегісіп кетеді. Бет жыр-
тысып, ұрсуға хақымыз жоқ.
Ғабділмәжит: Ұрсып көріңдерші қане! Мен не істер екенмін
сендерге...
Шұғыла: Міне, сіздер, ата-аналар осылай деген соң, балалар
қайдан сыйлайды мұғалімді?
Шолпан: А уважение надо заслужить! Понятие учитель, педа-
гог, наставник должно быть почти святым! К сожалению, этого
нет сегодня. Как можно уважать педагога, берущего взятку за каж-
дый экзамен, зачет? А-а?!
Қарагөз: Барлық мұғалім ондай емес қой енді! Сіз өйтіп жалпы
ұстаздар қауымына жала жаппаңыз! Онсыз да мұғалімнің күні күн
емес. Қит етсе мұғалімнен көресіздер. Жазығы болса да, болмаса
да бәріне мұғалім кінәлі!
Шолпан: А вы мне не затыкайте рот! Что, неправда, что ли? Что вижу – по тому и сужу. Как хочу – так и думаю. Что думаю – то и говорю. Демократия – қатынның тілінде... Всегда болған и будет! На остальное мне начихать! Директор: А бірақ демократия дегеніміз аузыңа келгенді айтып, ойыңа келгенді істеу емес қой! Бүкіл елді былықтырмай, өлшеп сөйлеңіз! Тойындық: Негізінде, полиция кінәлі бәріне. Бұзық балдарды бетімен жіберген солар. Бұндай істі болдырмау үшін, алдын алу керек қой, алдын алу! Инспектор: Алдын алғанда, не істеуіміз керек? Балалар бізге шынын айтпайды. Тойындық: Не істегені несі-ай? Алдын ала қамап тастау керек! Инспектор: Кімді? Тойындық: Кімі несі... Бәрін де! Кейбіреулер күліп, кейбіреулер өй-дөйт! – деседі. Құрмет: А, мүмкін балдарды өмір бойы абақтыда бағармыз, ә? Сонда рахат болмай ма, ештеме де бүлдірмейді, ешқайда кетпейді! (Жұрт ду күледі) Тойындық: Сіз өйтіп кекетпеңіз... Дариға: Кекеткенде де, кекетпегенде де сол. Біресе полиция, біресе мұғалім кінәлі. Ал ата-аналар ше? Олар қайда қарайды? Әркім өз баласына өзі жауапты емес пе алдымен? Тәрбиелеп, теріс бұрылып бара жатса қақпайлап отырмаса, бала адаспағанда қайтеді? Құрмет: Негізі, балаларға тиым болу керек. Өйткені, ата-анасы өбектеп, бетінен қақпай өсірсе, бала сол еркелігін мектепке, жалпы жұртқа жасағысы келеді. Ондай еркелікті өмір көтермейді. Сондықтан, әрбір ата-ана баланың санасына жауапкершілікті сәби күнінен бастап ұялатуға міндетті. Қайрат: Сәби дегеннен шығады... Балабақшадан бастап ойлау керек болашақты. Дариға: Біздің балдар қалай өсіп жатыр қазір? Кішкентайынан компьютерде ойнайтыны – атыс-шабыс, қырып-жою. Кино, теледен көретіні – неше түрлі ұятсыздықтар, сұмдықтар. Ойыншықтарының бояуы сасық. Оның бала денсаулығына, психикасына зияндылығын біле тұра, неге тиым салмаймыз? Психотрондық, психотроптық әсерлерді кім тексеріп, кім қорғанып жатыр?! Жейтін
тамақтарына дейін жасанды, толған нитрат. Экология, радиация тағы бар. Дәрі-дәрмектің тазалығына сенуден қалдық. Айта берсең, зәрең ұшады. Соның бәрі баланың денсаулығын құртып, санасын ойрандап, жан-дүниесін бұзбай қоя ма?! Қайрат: Оны ойлап, бас қатырғысы келмейтін ата-аналар да жоқ емес. Тіпті, балаларын бетімен жіберетіндері де баршылық. Сондықтан, жұрттан көрмей, кінәні алдымен өзімізден іздейік. Өзімізді түзейік!.. Міне, алдыгүні ғана, түн ортасы ауа, машинамды гаражға қойып жатсам, бірнеше оқушы қыздар түнгі клубтан келе жатыр. Ішіп алған. Даңғырлап, ырбаңдап жүр. «Ой, ертең мектепке бармаймыз. Бізге неғылады?» дейді. Ал, керек болса! Сонда ата-анасы қайда қарап отыр? Түнгі клубтың, көшенің қандай тәрбие беретінін білмей ме?! Шұғыла: Дұрыс айтасыз. Сіз боп, біз боп әр баланың жандүниесінде, санасында ізгі ой сезімдерді оятуға тырысайық. Балалар «Біз не істеп жүрміз? Осымыз дұрыс па? Осының бәрі не үшін? Не мағына бар мұнда?» деп өздері ойлануы керек. Бірақ, біз көп жағдайда жастардың санасын жат ойларға жаулатып алдық па деп қорқамын. Директор: Иә, балалардың жаны ізгі азамат болып өсуіне ықпал ету – бәріміздің парызымыз. Бір-бірімізді кінәлап, жауапкершілікті басқаға аудара салуға тырыспайық. Жұмылып, бірігіп қимылдайық. Бізге не болды? Кім болып барамыз? Қайда бара жатырмыз? Болашақ қандай? Бұл оңай мәселе емес. Оның жауабын тек біз ғана емес, бүкіл ел болып ойланып, іздеуіміз керек шығар-ау! 23. Төгілген қан Жеңілгеніне жынданып, жаны күйген, жараларын жуған, әлденеге бекінген Джексон жалғыз шарап ішіп отыр. Ызалы. Ол Мақсатты аңдып отырып, сабақтан соң үйіне кетіп бара жатқанда, екі үйдің арасындағы тар қуыста ту сыртынан пышақ салып алады. Ақ көйлегі қызыл қанға боялады. Джексонның пышақ ұстаған қолы қан-қан. Түрі қорқынышты. Басы айналған Мақсат ақырын құлайды. Аспан, жер, үйлер, ағаштар көз алдында теңселіп, шыр айналады да, қап-қараңғы болып кетеді. Джексон қашып бара жатқанда, оны Мақсаттың соңынан келе жатқан Манар көріп қалады. Қарсы алдынан мұғалима Сәуле шығып қалады.
Джексон жалт бұрылып, кері қашпақ болғанда, Манарды көріп,
басқа жаққа қарай жасырына қашады. Ана екеуі қан-қан боп жат-
қан Мақсатты көріп, ойбайлап, жылап, дәрігерге, полицияға звон-
дай бастайды.
24. Пышақ
Джексон су жағасына алқынып келіп, пышағын жуып, сүртіп,
суға лақтырып жібереді.
Қолын жуады. Түрі жан шошырлық.
25. Реанимация
Ес-түссіз Мақсат реанимацияда жатыр. Аппарат істеп тұр. Ата-
ана, туыстары, Асқар аға осында. Коридорда мұңайып, күйзеліп
жүріп, Манардың жылағанын көреді...
26. Үрей
Мұғалима Сәуле бақ ішінде кішкентай екі баласымен дүкеннен
келе жатыр. Алаң көңіл, ауыр ой үстінде. Жүгіріп Софи келеді.
Софи: Ой, татешка, анда бір апашка құлап қалды! Кажется, ей
плохо.
Сәуле: Қайда?
Софи: Анда! (Үйдің бұрышын көрсетеді)
Сәуле жүгіре басып кетеді. Бұрышты, үйді айналып шығады,
ешкім жоқ. Қайтып келсе, Софи да жоқ, балалар да жоқ. Үнсіз бақ
үрейлі. Айқайлап, жанұшырып балаларын іздейді. Бір кезде бақ-
тың ана басында біреу пайда болады. Бекхэм! Мұғалиманың қасы-
на келіп, қатарласа жүріп бірдеңелер айтады. Сәуле есі шығып,
басын изей береді.
Бекхэм қолын бұлғайды, ана жақтан Софи балаларды жүгіртіп
қоя береді
Балалар аналарына қарай құстай ұшады. Сәуле екеуін құшақ-
тап үнсіз егіледі.
27. Түнгі шабуыл Манар түнде үйіне келе жатыр. Үрейленеді. Қараңғы қуыстан өте бергенінде машинаның фары жарқ етіп, бетіне түседі. Есі шыққан Манарды маска киген екі жігіт бас салып, машинаға тығып жібереді. Жүреді. Көл жағасына, қамыс арасына әкеліп түсіреді. Үшінші маска Манардың бетіне пышақ тақайды. Екеуі ұстап тұрады. Фардың жарығымен қорқынышты көрінеді. Маска (Джексон): Будешь молчать, будешь цела! Пикнешьбетіңді тіліп-тіліп, тұз сеуіп тастаймын. Күннің көзіне қақтап қойсам, кепкен балық құсап быржиып-қыржиып, бырысып-тырысып қаласың өмір бойы. (Бетін уыстап, сілкілеп) Ты этого хочешь? Говори, скорее! Манар: Н-нне-ет! Джексон: Онда ертең полицияға бар да, куәлігіңді қайтып ал! Анық көргем жоқ, жаңылдым десең болды! О кей! Манар: Иә, иә! Джексон: Если обманешь... (пышағын батырып-батырып қояды бетіне) Хана! Машинаның жарығы пышақтың жүзінде, қамыстың басында, судың бетінде ойнайды. 28. Шарасыздық Асқар полицияда инспектормен сөйлесіп отыр. Инспектор: Дәлел жоқ! Мақсат есін жиған жоқ. Куәлер анық көрмеген. Тіпті, куәлік беруден бас тартып отыр. Амал қанша! Асқар: Ойбай-ау, қандай дәлел керек? Бүкіл ел біліп отыр. Анық сол деп шулап отыр. Инспектор: Ағасы, дұрыс айтасыз. Бірақ, оның бәрі жай сөз ғана. Ал қылмыстық іс бойынша қамауға алып, сотқа беру үшін бізге нақты дәлелдер керек! Ал, ондай дәлел мүлдем жоқ. Әзірге осы! Сау болыңыз! Асқар: Сау бол! Оңаша ойланады. «Ал, енді қайттік? Көрерміз!» дегендей жігерлі ой үстінде.
29. Қайрау
Асқар колледжге келіп Манармен жолығады. Әңгімелесіп,
қайрайды. Екеуі әлденеге келіседі...
30. Қарсы шабуыл
Джексон иесіз бақта келе жатыр. Анадайда оны Манар күтіп
тұр.
Джексон: Неменеге шақырдың?
Манар: Әңгіме бар.
Джексон оның иығына қолын салып, құшақтай береді. Манар
бұрылып, тасаға қарай жүреді. Кенет тасадан шыға келген Асқар
Джексонды бір-ақ ұрып, талдырып тастайды. Манар екеуі бір-
біріне бір қарап, Манар кете береді. Асқар Джексонның қолын
байлап, иығына сап алып, салақтатып машинасына ап келеді де,
ашық тұрған багажнигіне тыға салып, жүріп кете барады.
31. Қорадағы қорқау
Асқар Джексонды қораға алып келіп, қабырғаға мықтап тұрып
байлап қояды. Аузындағы скотчты жұлып алады. Соткасын қира-
тып, шашып тастайды. Бір-біріне қарайды.
Джексон: А-а, это опять вы?
Асқар аға: Атың кім, әй?
Джексон: Джексон.
Асқар: Кличкаңды құлағыңа тық. Ата-анаңның азан шақырып
қойған атын сұрап тұрмын мен сен иттен! О дүниеге барғаныңда
Мүңкір-Нәңкір Дже-ек-со-он деп әндетіп тұрмайды, желкеңнен
алып, жәһаннамға бір-ақ зытырады сендей жексұрынды! Бол,
атыңды айтсаң айт, айтпасаң атаусыз кетесің!
Джексон: Негізі, шын атым – Жексен!
Асқар: Жетіскен екенсің онда! Жә, бері қара!
Джексон: А, че, будете воспитывать? Учить нраву, читать мо-
раль? В душу хотите заглянуть? Почему таким стал? Откуда такой
взялся? Может, из неблагополучной семьи, а-а? Отец пьяница, вор,
сидит в тюрьме. Мать спилась, бомж, не могла одна воспитать сы-
на. И рано озлобился парень на весь мир. Ожесточился, и стал
бандюгой. Во-о, как жалко! Надо понимать, простить. А как же иначе, а? Просто и ясно! Ха-ха-ха! Асқар: Заткнись, собака! Нахер мне нужна твоя поганая душа. И воспитывать тебя, душегуба не собираюсь. Мақсат – менің жиенім. Ол өлсе – сен де өлесің! Қанға – қан! Өзім өлтіремін сені! Кеңірдегіңді суырып алып (ұстап көрсетеді шеңгелін), бір қуысқа тыға саламын! Қаласың сонда мәңгілікке! Ал, тілей бер Мақсаттың амандығын! Күні-түні тіле, жылап тіле құдайдан! Асқар Жексеннің аузын скотчтап, қалдырып кетеді. 32. Қорадағы түс Жексен қорада жалғыз. Байлаулы. Қорқынышты. Қаракөлеңке. Қалғып кетеді. Түс көреді. Ашу-ызадан түсі бұзылып, айқайлап, біреудің ту сыртынан пышақ салып жатыр екен. Бірнеше қайталап көреді. Бір қараса, қолы қан-қан болып, әлгінің қиналғанына қарап тұр екен. Анау ыңырсып, әрең бұрылады. Қараса, Жексеннің өзі! Қиналып, құлайды. Бұл қарап тұрады... өзіне өзі!.. Шошып оянады. «Я, Алла! Аман қыла көр бізді!» – деп күбірлейді. Тағы да қалғып кетеді. Тағы түс көреді. Көктен бір қап-қара бірдеңе ұшып келеді. Тура төбесіне түсетіндей... Қоқыс пакеті! Шошып оянады. 33. Шашылған шайка Софи, Тайсон, Бекхэм үшеуі сыра ішіп отыр. Подвалда. Қабақтары қату. Мазасыз. Софи: Может, его пытают в полицейском бункере? Бекхэм: Это исключено! Мы проверили через наши каналы. Там его нет! Тайсон: И там нету! И тут нету! Так где же он? В воду, что ли, канул? Бекхэм: Или в вечность?! Тайсон: Не-ет! Скорей всего за кордон махнул! Үшеуі де «солай» дегендей үнсіз қарасып, шарап жұтады. Софи: Вот козел, а? Бросил нас и тю-тю! Тайсон: Хоть бы звякнул... Мы в шоке, а он шикует наверное...
Бекхэм: А он все концы обрубал. Слежки боялся.... Правильно
сделал...
Үшеуі тағы үнсіз отырады.
Тайсон: А что теперь будем делать? Как нам быть?
Бекхэм: Как быть? Жить будем. Лично я – пас, выхожу из иг-
ры. Хватит с меня!
Тайсон: А если Джексон обьявится? Или нас заложит?
Бекхэм: Все равно ухожу. У нас не было уговора – мочить че-
ловека. Это его грех – пусть он и отвечает.
Тайсон: Что, сдрейфил? Ты же боец.
Бекхэм: Боец, но не убивец! Одно дело – деньги щипать. А
убить человека – совсем другое.
Үнсіздік. Ішеді.
Тайсон: А что ты будешь делать, Софи?
Софи: Пока ничего. А в перспективе – мечтаю уехать за рубеж,
выйти замуж за богатого иностранца и жить как в сказке!
Тайсон: И будешь настоящей Софи, да? Қайдағы Софи? Сен
кәдімгі Сапиясың, бүйте берсең бір күні сопиясың!
Софи: Ну и что? Сендер де жүрсіңдер ғой, Тайсон, Бекхэмнің
копиясы болып! Бірің – Тайсойған, бірің – Бектен екеніңді қанша
жасырсаңдар да, беттеріңнен көрініп тұрған жоқ па кім екендерің!
Вы там никому не нужны. А у меня шансов побольше!
Тайсон: Айтақ! Жетісерсің сен де!
Бекхэм: Да ладно, хватит вам! Сейчас не время ссориться! Да-
вайте, выпьем за все хорошее и расстанемся друзьями. И больше
без глупостей! Хоть бы этот парень выжил!
Үшеуі ішеді. Көңілсіздеу тарап кетеді. Софи жалғыз қалады.
Шашылып жатқан бос шөлмектер...
34. Жанталас
Реанимациядағы Мақсаттың жағдайы аяқ астынан күрт нашар-
лап кетеді. «Науқастың жағдайы нашарлап барады!» деп сестра
дәрігерге жүгіреді. Аппарат жанталасты көрсетіп құбылып, сигнал
беріп тұр. Дәрігерлер абыр-сабыр болады. Жұртты үрей буған.
Манар жылап, жүгіре басып шығып кетеді. Дәрігерлер жантала-
сып, өйтіп-бүйтіп жатыр. Асқар аға да кетеді. Аппарат...
35. Ажал аузында
Манар үйінде, жалғыз. Есікті бекітеді.
Мақсаттың суретіне қарап, егіліп жылап отыр. Алдында таб-
летка дәрілер үйіліп жатыр. Уыстап алып, жұтуға оқтала береді.
Біреуін жұтады. Көзіне Джексонның орамалын аяғына басып, сүр-
ткені елестейді. Қаны қайнап, кіжініп, ойланып отырады... 36. Кек
Асқар аға қораға жүгіріп келіп, Жексеннің аузындағы скотчты
жұлып алады. «Иманыңды үйір!» – дейді. Жексен үрейленіп, мәң-
гіріп қарайды.
Асқар: Сен өзің иманды білуші ме едің? Жоқ, әлде имансыз
кәпір болып кете бересің бе? Ал, айт қане, иман керек болса... Лә
иләһа илла Аллаһ, Мұхаммәдәр Расул Аллаһ!
Жексен: Лә иләһа илла Аллаһ, Мұхаммәдер Расул Аллаһ!
Асқар ойға батады. Жексен амалсыз тағдырына бойсұнып тұр.
Асқар қолына балта мен сүйменді кезек алып, салмақтап, жер-
ге, қабырғаға ұрып көреді. Ол қару таңдаған сайын, Жексеннің
зәресі ұшып, мазасы кете береді.
Асқар: Әй, бандит! Өзің айтшы, қалай өлтірейін сені?! (Қысқа
сүйменді салмақтап-салмақтап қояды) Әлде, осы жерде қалдырып
кетейін бе, өзің арам қатқанша... (ұруға оқталады)
Жексен қорыққанынан білдірмеуге тырысады, бірақ түрінен
сезіліп тұрады.
Жексен (жанталасып): Последнее желание... последнее пред-
смертное желание!
Асқар: «Ал, айт!» дегендей үнсіз қарайды.
Жексен: Мені полицияға тапсырыңыз! Я раскаиваюсь... Я жа-
лею... Мен бар шындықты айтып, заң бойынша жазамды тартуға
дайынмын!
Асқар қаһарланып, үнсіз басын шайқап, құралын қыса ұстаған
күйі кері шегінеді. Ұруға оқтала береді. Жексен бұға береді...
Сол сәтте телефоны шырылдайды. Асқар «иә» деп, үнсіз тың-
дайды.
Апасы, Мақсаттың шешесі екен. Асқар! Жағдай дұрысталды! –
дейді.
Асқар «уһ» деп, қаруын түсіреді. Джексон: Егер Мақсат аман қалса қайтесіз? Отпустите меня? Асқар: Отпущу. Проткну тебя ножом точно так же и отпущу. Устраивает? (Джексон үндей алмай, төмен қарайды) Чтобы ты испытал всю боль, какую испытывает Максат. Так, наверное, будет справедливо, а, как ты думаешь? Ладно, дам я тебя один шанс. Объясни мне, скажи пожалуйста, зачем ты это сделал? Какой смысл во всем этом? Джексон үнсіз. Асқар: Ну, говори, не молчи... Если объяснишь, убедишь меня, то отпущу... даже пальцем не трону... Джексон: Ну... он не подчинился нам... встал на нашем пути. Асқар: А почему он должен тебе подчиняться? И вообще, что это за долбаная философия – подчинять... покорять всех, быть лидером? Каждый человек сам себе лидер и подчиняться должен только всевышнему... закону справедливости.... Джексон: Но справедливости нет на земле! Сейчас все топят друг друга, чтобы самим выжить... возвыситься... Асқар: Но это не дает тебе право быть сволочью, гадить, вредить другим... тем более грабить, убивать! Нет у тебя смысла! И ответа нет! Не отпущу я тебя! Всему есть спрос. Запомни, делаешь зло кому-то, оно вернется к тебе, убивая других, ты убиваешь себя! Жексен үндей алмай төмен қарайды. Асқар біраз ойланып тұрып: «Әке-шешең бар ма ей?» – деп сұрайды. «Иә!» – деп, басын изейді Жексен. Асқар: Қайда олар? Жексен: Көптен бері шетелде... Ақша табуға кеткен... «Ә-ә!» деп терең бір күрсініп алған Асқар Жексенді босатып, байлаулы екі қолына күртесін іліп, алдына сап алып кетеді. 37. Бетпе-бет Асқар Жексенді ауруханаға алып келеді. Қала жақтан кісі көп жүретіндіктен, көзге түспеуге тырысып, аурухананың сырт жағынан келеді. Бұл жер ағашты, тасты қыр болатын. Коридорда Мақсаттың мұңайып отырған анасына кездеседі.
Асқар әдейі бөгеліп, сәл тоқтап тұрады.
Ананың жүрегі әлденені сезгендей, сұраулы жүзбен қарайды
Жексенге. Оның мұңды жанарына қарай алмай қиналған Жексен
өз ісінің сұмдығын алғаш рет шындап сезінгендей болады.
Асқар Жексенді реанимацияға кіргізеді. Сестраға бірдеңе деп
сыбырлап, рұқсат алады. Ес-түссіз жатқан Мақсатты көрсетеді
Жексенге. «Ал, көр! Міне, сенің ісің!» дегендей...
Жексен жаман қиналып, өзін қоярға жер таппай, бет-жүзі құ-
былып, ұяттан өртенгендей күй кешеді...
Асқар оны арқасынан бір нұқып, алып кетеді...
Ауруханадан шығып келе жатқан Асқар мен Жексенді сыртта-
рынан қара жамылғылы белгісіз біреу аңдып жүреді. Олардың кө-
зіне түспеуге тырысып, ағаш арасында жасырынып, бақылайды.
Қолында пышағы бар. Олар оны байқамай, өз ойларымен арпалы-
сып кете береді.
38. Арпалыс
Мұғалима Сәуле өзінің қорқып, куәлік етпегеніне қорланып,
күйініп жүреді. Көп толқып, қиналады...
Оның көз алдынан жаралы Мақсат кетпей қояды... Ақыры,
тәуекел етеді. Әлденеге бекініп, далаға шығады.
39. Қара киімді кекшіл
Ауруханадан шығып, ағаш арасымен қырға қарай келе жатқан
Асқар мен Жексенді әлгі қара жамылғылы біреу аңдып, ақырын-
ақырын жақындай түседі.
Жексен ауыр ой үстінде. Оның толқып, қиналып келе жатқа-
нын Асқар байқайды. Сол кезде қара жамылғылы белгісіз адам
жүгіріп өте беріп, Жексеннің бүйіріне пышақ салып кетеді. Жексен
бүк түсіп отырып қалады.
Асқар телефонын ала бергенде, бір жақтан мұғалима Сәуле кеп
қалады. Асқар оған «Дәрігер шақыр!» деп белгі беріп, қырға қарай
қашқан әлгі қара жамылғыны қуып кетеді.
Сәуле жедел жәрдемге телефон соға бастайды.
Қара жамылғы ұзай береді. Асқар соңынан қалмай, қуа бере-
ді...
Сәуле аласұрып жатқан ауыр жаралы Жексенге жақындап ке-
ліп, жүзіне қарап тұрады. Есінен танып бара жатқан Жексен мұға-
лиманың көзіне ұзақ, үнсіз қарайды. Қиналған, өкінген адамның
кешірім сұраған көзі.
Мұғалиманың көзіне жас келеді. Аяушылық жасы... 40. Ашынған ару
Қара жамылғылы белгісіз жанды қуып кеткен Асқар төтесімен
тартып, қыр басында алдын орап, тосып алады.
Анау жалт беріп, бір биік жартастан қарғиды. Құлап өлмекке
бел буғандай.
Асқар әрең үлгеріп, оң қолымен киімінен, ту сыртынан ұстап
қалады.
Қара жамылғылы қашқын биікте салбырап тұрады. Асқар тар-
тып, көтеріп шығарып, жамылғысын жұлып алады. Манар!
Жылап, үнсіз отыра кетеді тасқа.
Асқар ойланып, «дымың ішіңде болсын!» дегендей, «тс-с!»
деп, белгі береді.
41. Жас жүректер дүрсілі
Аурухана.
Реанимацияда Жексен ессіз жатыр. Мақсаттың қасында.
Дәрігерлер абыр-сабыр. Аппарат істеп тұр. Екі жастың жүрек
соғысы. Дүк, дүк, дүк...
Ағайын-туыс, дос-жаран күтіп тұр. Үміт пен күдік. Дүк, дүк,
дүк...
Қатар жатқан екі жас...
Дүк, дүк, дүк...
Бір кезде Мақсат көзін ашады. Жан-жағына қарайды. Жексенді
көреді. Ол да көзін ашады. Көздері ұшырасып қалады. Жексен
Мақсатқа қарай алмай, көзін тайдырып әкетеді. Мақсат ойлана қа-
райды... Жүрек соғып тұр...
Дүк, дүк, дүк!
У каждого свой раунд
Қатысушылар
Ата – 62-де.
Апа – 54-те.
Баян – немерелері, 9-да.
Аян – немерелері, 8-де.
Гриша – бандының басшысы, 30-да.
Грубач – дөрекі банды. 35-те.
Боксер – 35-те.
Бала, келін, кішкентай немере.
Оқиға бір түнде, бір үйдің ішінде өтеді.
1-көрініс
Күз.
Үлкен үйдің ауласы.
Ата немерелері Баян, Аянмен доп ойнап жүр.
Үйден апа, бала мен келіні төрт-бес жасар қызы мен бір жасар
ұлын ертіп шығып, машинаға беттейді.
Үлкендер оларға жол болсын айтып, балалар қол бұлғап, шы-
ғарып салады. Әзіл, күлкі, әдемі, сыршыл сәт.
Олар кеткен соң, ата аулада немерелерімен доп теуіп ойнайды.
Баян: Добым, добым, домала,
Машинаға жолама,
Аян: Асыр салып далада,
Доп ойнамай бола ма?! – деп, тебеді.
Ата немерелерімен бірге тебеді допты. Немерелері гол соғып,
мәз болады.
Апа (есіктен): Ал, жүріңдер, айран ішеміз!
Немерелері: Алақай! Айран ішеміз! Бәрі де үйге кіреді. Құрылысы аяқталмаған көрші үйдің екінші қабаттағы үңірейген терезесінен біреулер қараңдап, бұларды аңдып жүргендей... 2-көрініс Дөңгелек үстөл басында, қалың құрақ көрпенің үстінде малдас құрып ата мен немерелері отыр. Апа айран мен бауырсақ береді. Апа: Қыс келе жатыр... Менің де, келіннің де тоны тозып кетті. Дүкенге нөркі тондар түсіпті. Қызық үшін киіп көріп едік, бізге құйып қойғандай екен. Соны алып жіберсек деймін дағы! Ата: Деуін дейсің ғой сен. Ауызға бәрі оңай... Апа: Әне, сен-ақ осы... Жұрттың әйелінен кеммін бе? Бір тондық еңбегім жоқ па, не?! Шіркін, бір нәрсе алайын десе, беттен қағып өлтіретін болдың-ау әбден! Ата: Осы сенің қай жеріңмен ойлайтыныңа менің ақылым жетпей-ақ қойды! Ақшаны қайдан табасың? Апа: Ниет болса болды, қалғаны түк емес! Кредит аламыз! Бәрімізге де жетеді киінуге! Тіпті, балаға жаңа машина әперсек, қатып кетпей ме?! Баубек: Аламын деп кредит, Біздің кемпір бредит, Кредитке бір кірсең, Қарыз дейтін үреді ит! Апа: Осыдан осы жолы осы тонды ала алмай қалсам... Ата (ата тамағын кенейді. Апа жым болады): Кел одан да бәстесейік.... Егер де ертең кешке дейін, бір тәулік бойы ләм-мим деп сөйлемей қойсаң, айтып жүрген тоныңды өзім-ақ алып берейін! Апа: Рас па? Міне! (Қол алысады) Ата: Міне! (Иығынан саусағымен нұқиды) Сөндірдім радиоңды! Ата домбырамен жыр айтады. Қобыланды батыр. Тайбурылдың шабысы. Жыр біткен кезде, апа бірдеме дегісі келіп, әрең шыдап, аузын қолымен басып: «М-м» деп қалып барып тоқтайды. Бір кезде, бір шешімге келгендей, қуанып, кетіп қалады. Немерелері: Ата! Ата! Тығылмақ ойнайықшы!
Ата: Жарайды! Бірақ, төменге түспейік! Осы жерде ойнайық!
Немерелері (қуанып): «Ата! Ата! Сана!» – деп, ойнауға дайын-
дала бастайды.
3-көрініс
Апа ұйықтайтын бөлмеде, айнаның алдында тұра қалып, тар-
тпадан алып, өз аузын өзі сап-сары скотчпен тартып-тартып, та-
ңып тастайды.
4-көрініс
Ата санай бастайды.
«Аката, паката, чукадбе, Абыл, бабыл, думанэ...» дей бергенде,
қайтып келген апа, бірдеңе айтқысы кеп, ымдап, қолын ербеңдетіп
тұрады.
Ата санауын тоқтатып, оған қарап күліп жібереді. Баян мен
Аян да күледі. Апа бір кезде аузындағы скотчты жұлып-жұлып
алып тастайды.
Апа: Әй! Енді шыдай алмаймын... Сен ана ақшаны қайдан ал-
дың?
Ата: Қайдағы ақша?
Апа: Ана... маған тон әперетін ақшаны қайдан алдың деймін?
Ата: Менде көк тиын да жоқ!
Апа: Жоқ болса, тонды қалай әперем дедің?
Ата: Мен сенің өстіп сөйлеп қоятыныңды білгем!
Апа: Ал сөйлеп қоймасам қайтуші едің, ә?!
Ата (күледі): Сен бір күн бойы сөйлемей қояды дегенге кім се-
неді?!
Апа: Әй, әй, әке дейін, көке дейін, бір жолға кешірші... Енді
болдым. Міне, міне, жазға дейін жаптым, қысқа дейін қыстым!
Жарайды, ақшаң жоқ болса, мейлі! Тек әйтеуір, мен жеңсем, кре-
дит алуға рұқсат бересің бе?!
Ата (күліп): Ал, жарайды!
Апа аузын тағы скотчпен таңады. Артығын мойнына арта са-
лады да, төменге түсіп кетеді.
Ата немерелерімен тығылмақ ойнай бастайды. Әуелі санайды.
«Аката, паката чукадбе, Абыл, бабыл, думанэ, Ика, пика, грамма-
тика, плюмс!...» Ата іздейтін болады. Балдар тығылуға кетеді. Ата көзін жұмып санап тұрады. Бір, екі, үш.... он! Көзін ашып, жан-жағына қарай бастайды. 5-көрініс Апа төменде отыр. Сөйлегісі келіп, қозғалақтап, бет-аузы жыбырлап, әрең отыр. Бір кезде есік қағылады. Апа (жетіп барып, ымдап, қиналып тұрады. Есік тағы қағылады. Апа скотчты жартылай ашып): Бұ кім, әй?! Грубач (даусы сырттан естіледі): Сәлеметсіз бе, апай! Судың есебін тексере келдік! Шоттың көрсеткішін айтып жіберіңізші, мен жазып ала қояйын! Апа: Ойбуй, келін үйде жоқ! Шоттың есебін өзің қарап, жазбасаң, қаптаған сипырыңды мен қақпаймын! Қазір, мен аша қояйын, сен өзің ренжімей жазып ала ғой! Апа есікті ашады. Қара маска киген үш банды сау ете түседі. Гришаның қолында пистолет, Грубачтың қолында қосауызды обрез. Боксердың қолында мықты жіп. Апа аузын ашып, дыбысы шықпай қалады. Грубач қуанып, дап-дайын скотчпен аузын, қолын байлап тастайды. Қайда дегендей ымдайды. Анда дегендей апа көзімен жоғарыны көрсетеді. 6-көрініс Барлығы үстіне көтеріледі. Холлға келе бергенде, санауын аяқтаған ата кіші бөлмеден немерелерін іздеп ақырын шығады да, бандыларды көріп, қалшиып тұрып қалады. Гриша пистолетін кезеніп, атаға бұлғайды. Дед, казалось, сильно испугался. Гриша присвистнул и приставил дуло «Макара» к вискам деда. Апаны алып кет дегендей белгі береді. Боксер оны камині бар бөлмеге алып кетеді. Гриша: Жить будешь, аксакал! Если будешь вести себя разумно, и выложишь все бабушкины сбережения, обещаю оставить десять процентов тебе... За оказанное содействие и за труды! И ничего не скажем бабушке, а? Ну, как, пойдет!?
Грубач грубо заржал. Дед обрадовался такому повороту событий и торопливо вымолвил: – Берите, все что есть! И он достал старый кожаный бумажник, вручил Грише. Гриша бросил взгляд на содержимое и понял, что здесь особо не нажиться. Небрежно бросив бумажник товарищу, он начал наседать на деда. Гриша: Ну, как я понимаю, это твои заначки от бабушки! А где ее накопления, а!? Ата: Лучше твоя пуля, чем от бабули дуля! Гриша: Хо-хо-хо! Хорошо сказал, старик! Но как тебе не стыдно лгать?! Сведущие люди подсказали нам, как и когда вы получили кредит! Пятьдесят тысяч долларов! Так что, давай! Бабки на стол! Не успел дед рта раскрыть, как из смежной комнаты с гиком выбежали двое внуков. Они радостно глядели на Гришу и банду, стали рассматривать их причудливые маски и оружие. Им было весело оттого, что вот так, запросто могли увидеть у себя дома дядюшек из экрана. Аян: О-о! Кино! Баян: Ата, кино түсірейін деп жатыр ма біздің үйде? Ата: Иә, иә, кино ғой, құлындарым... қорықпаңдар! Аян попытался притронуться к холодному дулу пистолета пальчиком, но Гриша ловко увел ствол в сторону. Тут Гриша понял, почему так сильно перепугался аксакал их ночному визиту, он боялся за внуков! Это было ему на руку. Банда заводит всех в каминную комнату. 7-көрініс Гриша разглядывает комнату, особено камин. Грубач разваливается в большом мягком кресле. Внуки, любопытные, рассматривают бандюг. Гриша: Ну, все ясно, аксакал! (Сказал холодно. Он был уже матерый бандит, и его не волновали подобные сантименты). Апа! Жизнь ваших внуков в ваших руках! Выкладывайте все, и мы уходим без крови!
Вот тут случилось невероятное. Мальчики, осмелев, сорвали
маски с головы Гришки и боксера. Все обомлели. А мальчишкам
весело, они радостно завизжали и взмахивают черными масками.
«Руки вверх!» – весело кричали они. А младший вырвал маску у
сидящего Грубача. Бандиты быстро пришли в себя и схватили ре-
бятишек и несмотря на их шумное сопротивление, к бабушке, в
угол. Дети только теперь поняли, что это настоящие грабители и
испуганно замолчали.
Грубач: Но, шал! Ми не хател машит! Ал енді (қолымен мас-
каны, бетін көрсетіп, алақанның қырымен өз кеңірдегін кесіп көр-
сетеді) «Амал жоқ!» (Обрезін балдарға кезеп, көздеп қояды).
Тут бабушка не выдержала и слезно проговорила.
Апа: Берите все, айналайын! Убейте нас, если надо! Только
умоляю, не трогайте внуков! Они ведь ни в чем не повинны!
Гриша: Посмотрим, апа! Давайте сюда драгоценности!
Бабушка открыла старинный сундук, выбросила хранимые там
чапаны, камзолы и прочие вещи, и оттуда достала деревянный ста-
ринный сундучок, обитый золотистым металлом и положила перед
ним. Дрожащими руками достала ключ со дна сундука и вручила
ему. Григорий победоносно поднял ключ над головой, помахав
товарищам, подмигнул и вернул бабушке, показав жестом, чтобы
она сама открыла сундучок. Он был набит доверху всяким
старьем. Пожелтевшие бумаги, тетради Гришка отбросил в сторо-
ну и каким-то звериным чутьем сразу достал горсть золотых ко-
лец, цепочек и браслетов старинной ювелирной работы. Были там
и дорогие серьги царских времен. Карманные часы с серебряной
цепочкой, выпущенный к 50-летию Победы. И пять пачек долла-
ров, завернутых в пакет!
Гриша: Это все!? (Сухо спросил и взял часы).
Апа (тихо): Все! Больше ничего нет у нас, кроме скота. Да это
мы брали в кредит... и отложили... на всякий случай...
Ата посмотрел на нее с укором и досадой.
Апа притупила глаза.
Гриша размышлял недолго.
Гриша: Так неплохо, ребята, на один налет, учитывая эконо-
мическую ситуацию в стране и возраст клиентов! Притом абсо-
лютно без драки! Пора уходить наверное!
Грубач: Стоп! Этих чо... а, Кришка? Можит, ба-бах, и капут!
Гриша: Ты че мелешь! Разве забыл, что мы работаем без крови! Запомни, на нас есть ограбления, но крови нет! Это абсолютно разные вещи! Грубач: Әни жы... палитсайам пакажут... рисабайт морду... пото робыт... и капут нам! Гриша: Не опознают... Во-первых, у нас грим-срим, парикмарик... Во-вторых, мы же не с этого города! Ляжем на дно, и с концом! (Подходит к деду). Ну, дедка, давай с миром! Бабка рядом, так что не переживай за бабки! Считай, что ты их проиграл нам! Ата: Чтобы проиграть, надо сыграть! Гриша: Ну, может и сыграем как-нибудь. Когда-то я был азартным игроком! Он собирался дать команду отходу. И скорее по привычке, еще раз бегло осмотрел все содержимое старого сундучка, и тут ему на глаза попалась старая, пожелтевшая фотография. Она, скорее всего, выпала из какой-то тетради, и лежала на полу. Два бойца советской армии глядели оттуда, немигающими взорами просверливая насквозь Гришу. И Гриша, как околдованный не мог оторвать взгляд от них. Судя по всему, фотография была военных лет. Гриша: Скажи, аксакал, откуда у тебя эта фотка? (Наконец спросил он глухим голосом). Ата: Это с фронта Великой Отечественной войны! (ответил спокойно и гордо аксакал). Это мой отец, а это – его боевой друг – Иван Павлович Сидоров! Такой же русский, как и ты! Они вместе всю войну прошли вместе! Гришка на миг остолбенел. В голове гремели взрывы бомб и свистели снаряды, в глазах сверкали блики пожарищ! Ата: Когда Гитлер и Геббельс узнали, что идет мой отец, да с ним Иван, поняли, что это – конец, и застрелились! Все невольно засмеялись. Ата: Под Берлином мой отец вынес раненого Сидорова с поле боя! Гриша (тяжело задумался. Тихо прошептал): Да! Такая штукасудьба! Гриша долго глядел на старую пожелтевшую солдатскую фотографию с фронта. Ему казалось, что от этой фотографии пахло
кровью и слезами. С трудом отвернулся. Апа собрала все бумаги,
положила в сундучок.
Неимоверной силой воли Гриша взял себя в руки. Но никто
ничего не заметил.
Гриша отошел в сторону и неторопливо начал осматриваться.
На стене висели старые боксерские перчатки. Две пары, разного
цвета.
Гриша тихо ударил по перчаткам и кивнул боксеру, бросив за-
гадочный взгляд.
Гриша: Ну, как, не соскучился по старым друзьям?
Молодой бандюга с интересом посмотрел на перчатки. Тихо, с
тоской погладил их.
Ата (әлденені ойына алғандай, үміттеніп): Ә-ә, сен де боксер-
сың ба!?
Боксер (басын изейді): Мен – чемпион! Мастер спорта между-
народного класса!
Ата: Е-е, солай де! Енді тонаудың шебері болдым де!
Боксер: Жить надо... крутись, вертись!!! Это мой бизнес!
Ата: Бүйткен безнесіңнің әкесінің аузын... Әттең, баяғыда, қы-
рық жыл бұрын рингте жолықсаң, көрер едім батырлығыңды!
Қолда қару, кәрі-құртаңды тонағандарыңа мәзсіңдер! Ерміз, ер-
кекпіз дейсіңдер-ау ұялмай!
Боксер: Эй, шал, қысқарт! Ушло твое время... теперь доживай
потихоньку у печки! Под бочком у бабульки! Жаль, ну что поде-
лаешь? Встретились бы мы молодыми, я бы тебе показал настоя-
щий бокс!
Ата: Неңді көрсетесің маған? Сендерді боксер деудің өзі ұят!
Мен жас күнімде үш раундта мына сен сияқтылардың үш-төртеуін
допша қағып тастайтынмын! Тіпті, қазір де маған кәртәпиясың!
Үш мүйнөтте мұрныңды бет, бетіңді ет қылып беремін! Нанбасаң,
кел, көрейік қойғыласып! Бір тартқанда тісіңді артыңа қағып бер-
месем, бар байлығым сенікі!
Боксер: Эй, шал, прикуси язык! Или получишь сейчас!
Ата: Не қыласың, ал? Қане, шықшы былай... жекпе-жек... жігіт
болсаң!
Боксер: Да ты заткнись, старый пес!
Боксер атаны жағадан ала кетеді. Ата қолын қағып жібереді.
Гриша: «Стоп! Успокоились!» деп араға түседі.
Боксер: Гришка, а может побоксирую с ним? Вызывает на бой,
ставит на кон все имущество!
Гриша: Так... так... так... Это очень даже интересно!
Боксер: Надо бы хорошенько проучить старикашку! А то нас-
мехается над нами... считает, что мы – не мужчины!
Гриша: Так, так... значит, сумлевается сильно... что мы честная
братва?!
Боксер: Да, получается, что мы – нелюди, подонки какие-то!
Ата: А как еще считать? Трое на одного, да еще с пистолетом...
это разве по-мужски?! Это вы все герои... когда с оружием, толпой
на беззащитных... Если вы мужчины, то давай, выходите на чес-
тный бой! Ставлю на кон все деньги! Выиграете – забирайте, и с
миром! Не буду сожалеть и даже не заявлю никуда!
Банда была задета. Они переглядываются.
Ата: Что заволновались? Боитесь проиграть деду? Потерять
награбленное, а, мужички?
Боксер: Ты дед сильно не зарывайся! А то ненароком отбив-
ную сделаю из тебя!
Ата: Немене?! Мен сені қаласам кәтлет, ләнгет, әнтрекөт,
бифштекс жасаймын!
Гриша (глубоко задумался. Наконец, решительно): Тебе сколь-
ко лет, а, дед?!
Ата: Шестьдесят второй пошел!
Гриша: Ты че, боксом занимался когда-то!?
Ата: Еще как занимался! Я чемпион аула!
Гриша: Так, так, так! Что, тряхнем стариной!? Вот, у нас тоже
чемпион! (Хлопает по плечу Боксера). Молодой мастер-колдун
против старой кувалды! (Он на миг пристально посмотрел на ог-
ромные, набитые кулаки аксакала и довольный подмигнул ему).
Здорово звучит, а!? Но ты, дед, не боишься проиграть и потерять
все деньги? И уронить свой авторитет перед бабушкой, особенно
перед внуками на старости лет?!
Ата: Ну, постараемся... посмотрим...
Гриша: Ну, братки, как, потешимся разок в этой грешной жиз-
ни?! На интерес, так на интерес! Ой, как я любил играть на инте-
рес когда-то! Пока не проиграл все до последней нитки в казино!
Чуть не застрелился... по кодексу офицеров! Но надо было жить, и
я начал играть в разбойники! А с азартом завязал! Но сегодня осо-
бый случай! Сделаем так! Победитель получает пятьдесят тысяч
долларов и всю казну апашки, а проигравший – дедовские заначки
– пятьдесят тысяч тенге! Честный гонорар, а?! Так что, аташка,
если мы побьем тебя – поделом! Мы забираем весь куш, а тебе –
твои жалкие гроши, и вы – ни гу-гу! Никакой полиции, понятно?!
Отвечаешь?!
Ата: Ладно! Но очень сомневаюсь, что это будет честный бой!
Гриша: А если мы дадим тебе честное джентльменское слово!?
Мы, братва, живем по понятиям... И слово у нас железное! Ну, что,
клянешься?!
Ата (кивает головой): Да! Клянусь!
Гриша: И я клянусь!
Боксер: Клянусь!
Грубач: Әй, Кришка, чо, криша паехал? Забираем псе, и ма-
таем!
Гриша: Да что ты беспокоишься? В его возрасте куда три
раунда! Он и два не выдержит!
Грубач: Нет, Кришка, зашем тәкөй покус-мокус? Вот куш... вот
кушак... и кыш-мыш!
Гриша: Ну раз так, ставлю на голосование! Кто за то, чтобы
провести бой?! (Он и боксер поднимают руки) Кто против!? (Гру-
бач голосует против) И так, два против одного! Быть бою! Ты как,
аксакал, согласен?! Три раунда по три минуты!
(Ата кивает головой).
Грубач: Жоқ! Я против!
Все обернулись к нему.
Грубач: Драться так драться! Пускай до конца! Уот, аден упал,
и не пстал! Штобы накауыт и капут!
Боксер: Но такого нет нигде в мире!
Грубач: А нәм зәшем мир! У нас свой зәкөн!
Гриша: Нет, так не пойдет! Должны же быть какие-то рамки...
порядок!
Грубач: Дабай тогда дбенадцат раунд! Шемпионский бой!
Гриша: Ты, че, рехнулся?! Старику, да и Боксеру это явно не
по силам!
Грубач: Пускай!
Боксер: Послушай, три раунда по три минуты – тяжелее, чем
пробежать десять километров!
Гриша: Хорошо, если он выдержит хотя бы два!
Грубач: Мой не понимайыт, што ты думайыт? Пашему деду
помогайыт?!
Гриша: Да брось ты дурь всякую, Грубач! Мне просто инте-
ресно, как будет карабкаться старичок! Дадим ему хоть какой-то
шанс!
Грубач: Аха! Тагда три раунд малы! Дабай на пополам, как на
базаре! Шеш (саусағымен көрсетеді) алты... раунд, и баста!
Гриша (Боксеру): Ну, как ты, в форме?
Боксер: Да, я готов!
Все вопросительно смотрят на деда.
Гриша: Ну, аксакал, соглашайся... да поскорей! Это твой пос-
ледний шанс! И другого выхода нет!
Ата: Хорошо!
Они дают слово друг другу, пожимают руки.
Грубач развязывает бабушку.
Гриша (бабушке): Вы с внуками сидите тихо! Тут криком не
поможешь... все равно никто не услышит! (Взрывается яростно) И
я не выношу, когда бабы рычат! (Апа, внуки испуганно прижа-
лись. Вращает пистолет и спокойно): Так что, апашка, не играй на
нервы! Отвечаешь!?
Апа кивает.
Все готовятся к бою.
8-көрініс
Все осматривают зал.
Грубач и апа выносят из зала все корпешки, алаша.
Гриша стоит посреди холла и зорко следит за всем происходя-
щим.
9-көрініс
Ата в своей спальне переодевается в спортивную футболку и
трико. Дверь открыта и Гриша наблюдает за ним.
Ата сосредоточен. Внутренне готовится. Тихо молится аллаху.
«Лә хәула уә лә қуата иллә биллә!» Направляется в зал. Тверд и
решителен.
10-көрініс
Боксер и так был одет по-спортивному. В трико, в кроссовках.
Он в холле снимает верхнюю одежду и останется в спортивной
майке. Он взбудоражен, взвинчен. Воодушевлен наслаждением
боя и предвкушает победу.
11-көрініс
В зале ата и Боксер надевают перчатки.
Гриша сам надевает перчатки деду.
Грубач помогает боксеру.
Боксер уверен в себе. Пританцовывает.
Гриша, надевая перчатки, тихо поглаживает набитые кулаки
деда и многозначительно смотрит ему в глаза.
Ата ловит этот взгляд.
Гриша незаметно для других легким кивком головы наводит
деда на какую-то мысль.
Ата задумался и чувствует непонятную симпатию и поддержку
Гриши.
Грубач резким голосом: «К бою!» приглашает боксеров на се-
редину зала.
Ата и боксер в зале, как на ринге. В перчатках.
Бабушка с двумя внуками сидят у дверей зала.
Гриша сидит чуть позади, и держит в руках дедовский айфон,
фиксируя время. По нему видно, что он здесь главный судья.
Грубач стоит рядом с ним и исполняет функции рефери.
Грубач рефери обьявляет: «Первый раунд!»
Гриша ударяет ложкой по крышке кастрюльки, как гонг.
Грубач рефери «ұр!» дегендей қолын сермеп: «Бокс!» дейді.
Начинается бой.
12-көрініс. 1-раунд
Боксер бұлшық еттерін бұлтылдатып, секіріп, атаны айнала
бастайды.
Ата айқасты сабырмен бастайды. Аяқпен көп қозғалмай, қо-
лымен, денесімен қимылдайды.
Боксер билей басып, атаны соққылай бастайды. Ата ақырын, күшін сақтап, амалдап қорғанып жүреді. Арасында джебпен сартсұрт соғады. Немерелері: Ата! Ата! Ұр! Ұр! Билеп, секірген боксшыны ата қадай-қадай ұрса да, дөп тигізе алмайды. Боксшы шегініп, бұлт етіп, тигізбей, атаның соққылары ауаға кетеді. Сәл дамылдап, аңдысуға көшкен ата бір сәт апаға қарап қояды. Апа оған көзімен дем бере қарайды. Ата қайраттанады. Боксшы алыстан, жеке соққылармен, кейде төпелеп ұра бастайды. Амалы құрыған ата қорғанысқа көшеді. Боксшы шапшаң, епті, билеп жүреді. Ата оған ілеспейді. Аяғын ақырын басып, орнында шайқатылып, серпіліп, қорғанып тұрады. Тіпті тақап кеп қалғанда, бастан бір ұрып құлатады. Есеңгіреп қалған боксшы домалап, тұра алмай жатқанда, содан соң бір тізерлеп ес жиып отырғанда, Грубач рефери саусақтарын бүгіп, ақырын нокдаун санайды. Грубач: Быр-ррр! Ек-кы-ыы! Ү-үшшш! Төө-р-і-іт! Бе-есс! Беесс! Ал-ты-ыы!! Жее-етіі! Се-е-гі-ііззз! Боксшы орнынан атып тұрады. Грубач қуанып: «Бокс!» деп белгі береді. Ата есеңгіреген қарсыласын ұрып жықпақшы болып, тез-тез, зуылдата, оңды-солды ұра бастайды. Боксшы шебер қорғанып, қолғабын тосып, дарытпай, шегіншектеп кетеді. Алқынып қалған ата оны қумайды. Ата (өзіне-өзі, іштей): Сабыр... сабыр... шаршап қалма... шаршауға болмайды... Шаршауға айналғанда, боксшы таяп келіп, қатты ұруға кіріседі. Ата тас қамал қорғаныста тұрады. Гриша гонг соғады. 13-көрініс. 1-үзіліс Боксшылар екі бұрышта, кішкентай орындықта отырып, дем алады. Алқынып, қиналған атаны апа келіп, орамалмен желпиді. Немерелері секундант болып, ақыл береді. Аян: Былай, былай ұр, ата!
Апа: Қорадағы қапты соққанда сондайсың! Бір-ақ ұрмайсың
ба, мына қайыршыны!
Баян: Ой, апа, ол саған қап емес қой!
Атаның көзіне немерелерімен бірге қорада, жалаңаш жұды-
рықпен қап соққаны елестейді.
Ата: Әй, мұнша ақшаны... маған айтпастан қалай алып жүр-
сің?!
Апа: Жоға, сенен жасырады деп пе едің? Тон мен мәшинәні ал-
ғасын бір-ақ айтайық... саған сүрпріз болсын деп едік... Келін
екеуміз келісіп... үйді залогқа салып...
Ата: Естерің дұрыс па өзі? Ертең қайтіп құтылмақсыңдар, әй?!
Гонг!
Грубач: Бокс!
14-көрініс. 2-раунд
Ата бір қабырғаға арқасын беріп, қозғалмай, екі жаққа кезек
бұрылып, стойка ауыстырып, салмақпен күтіп алады.
15-көрініс. 2-үзіліс
Үзілісте алқына дем алады.
Апа: Жайшылықта күпілдегенде сондайсың, көрсетші қане
күшіңді! Барыңды сал, қайтсең де ақшаны алып қал!
Ата (оған алара бір қарайды): Кредит алғаныңды мыналар қай-
дан біліп қойды екен? Өзің жар салғансың ғой жұртқа?!
Апа: Жоға! Онша көп ешкімге айта қойған жоқпын... Бір он-он
бес жерге збандап, көлік пен тон жайлы ақылдасып едім... Бір мә-
шинә сататындар сұраған... қанша ақшаң бар... қолыңда ма деп...
(Ата алара қарайды оған. Апа қипақтап): Енді, қайтіп өтірік айта-
сың... айттым барымды... Әне, солардан келді-ау...
Ата (оған ызалана қарайды): Әйелдің ақылы аузында деген!
Апа: О-о, міне, осылай ызаланып, ананы мен екен деп ойла да,
пергілей бер!
Ата басын шайқайды.
Гонг. Бокс.
16-көрініс. 3-раунд
Үшінші раундта боксшы атаның соққысынан жалтарып кетіп,
беттен қарсы ұрып құлатады. Ата бір аунап түсіп, шалқасынан жа-
тады. Шаңырақ шайқалғандай болады.
Грубач (мазақтай, құбылтып): Бір. Екі, үш, төрт! Бес, алты, же-
ті! Сегіз!
Ата созалаңдап тұрады.
Апа: Ойбуй, шынымен-ақ саудаң бітіп қалды ма?! Болма, ой-
бай, берілме, бәріміз бір саған қарап отырмыз ғой!
Боксшы бас салып, соққының астына алады.
Немерелері: Ата! Ата! Ұр! Ұр!
Ата (қорғанып жүріп, өзіне-өзі, іштей): Құлаушы болма! Құ-
лаушы болма! Тек құлаушы болма! Иә, құдай, иә аруақ! Қолдай
көр, қолтығымнан жебей көр! Қор қыла көрме!
Бір кезде ата төпелеп жатқан боксшыны оң қолмен иектен
ұрып қойып, қабырғаға тірей ұстап тұрып, сол қолмен бауырдан
сартылдата соғып-соғып жібереді. Боксшы есеңгіреп, ішін қорғап,
қос қолын төмен түсіріп, қисалаңдай бергенде, екі жақтан кезек-
кезек, маятник шайқап тұрып, айызы қана соғады келіп. Боксер
талып түседі. Ата шегініп тұрады.
Грубач: Бір-рр! Ек-кі-іі! Ү-үш! Төө-р-і-т! Бе-есс! Бее-сс жа-а-
ары-ымм!
Ал-ты-ы! Алт-ы-ыы жаа-арымм! Же-етіі! Жее-ті-іііі жа-арр-
ыыммм! Се-е –гі-ііззз!
Грубач сегізге дейін санап бола бергенде, Гриша гонг соғып,
раунд біткенін хабарлайды. Боксер есін жиып, түрегеліп, тәлтірек-
теп өз бұрышына барып, бір минут демалып, аздап өзіне өзі келеді.
17-көрініс. 3-үзіліс
Боксердың бұрышы.
Грубач (орамалмен желпіп): Есіңді жи! Қайраттан! Тек құлап
қалма! Аяғына дейін аяғыңда тұрсаң болды, жеңіс біздікі болады!
Тек жығылушы болма! Қаша жүріп, алдап соғуға тырыс! Шалдың
қолы ауыр, бетпе-бет қойғыласудан қаш!
Атаның бұрышы.
Апа: Сенің орныңда мен болсам, ана қайыршының шашын жұлып, қолына берер едім ендігі! Көзден ұрмайсың ба... көздеп тұрып!? Ата алқынып, үндемей тыныс ала береді. 18-көрініс. 4-раунд Ата боксерді біржола ұрып жықпақшы болып, қуалай соғады. Қолдарын зуылдатып, әбден пергілейді. Боксшы бұлтарып, амалдап қаша соғысып, есін жинап алады. Шегіншектей бере бір домалап тұрып, жалтарып кетеді. Төртінші раундтың соңғы секундтарын екеуі бір-бірін барын сала төпелеп жүріп аяқтайды. 19-көрініс. 4-үзіліс Екі боксшы алқынып, демдерін баса алмай отырады. Шаршап қалған ата әрең тыныс алады. Апа (орамалмен желпіп): Меніңше, сен жеңіп жатырсың! Енді сәл ғана қалды! Осыдан жеңіп шықсаң, кредиттің ақшасына саған да бір нөркі тон алып беремін! Ата: Әй! Кредитің не сенің? Қазір мен өліп қалсам... ақшаны мыналар алып кетсе, не боласыңдар, ә? Тіпті, бәрімізді атып кетсе қайтесің? Ақша үшін отбасын оққа байлап не көрінді! Ақылың қайда, әй, ақымақ!? Апа: Енді қайт дейсің? Жақсы киініп, жақсы машина мінгіміз келсе, айып па? Қашанғы жүреміз жүдеп-жадап... жаяужалпылап... Ата: Көрпеңе қарай көсілмейсің бе? Қарызға алған құндыз тоннан да қорадағы қара тоқтышақтың терісі артық емес пе?! Апа үндей алмай, ұялыңқырап, атаны орамалмен зуылдата желпиді. Гриша гонг соғып: «Пятый раунд!» деп хабарлайды. Грубач: «Бокс!» дейді.
20-көрініс. 5-раунд Боксшы секіре билеп жүріп, атаны жақтан ұрып құлатады. Етпеттей құлай беріп, қолымен жер тіреп, бір тізерлей отырып қалған ата есін жия бастайды. Грубач «бір, екі, үш... сегіз!» деп санайды. Ата күшін жиып, апаға әрең қарайды. Апа (шынымен қорқып): Әй, ақшасы құрсын, ойбай! Амандығың керек! Қой енді осымен! Ата ширығып, орнынан тұрып, айқасқа дайындалады. Грубач рефери сияқты боксшылардың ортасында тұрып: «Бокс!» дейді. Боксшы шаршап, шалдығып, шайқатылған шалды ұрып жықпақ болып, төпелей соғады. Ата қолғабымен қорғанып, оның қолдарын қағып-қағып жіберіп, оң қолымен басынан сарт еткізеді. Боксшы жалп ете түседі. Грубач нокдаун санайды. Боксшы әрең тұрып, қаша соғысып жүргенде, раунд бітеді. 21-көрініс. 5-үзіліс Екеуі де қалжырап, бұрыштарына теңселіп әрең жетеді. Боксер өз бұрышында қинала демалып отырады. Грубач (орамалмен желпіп): Есіңді жи! Қаша соғыс! Төпелеп ұр! Неғылсаң о қыл... Бірақ, жатып қалатын болсаң, өзім атып кетемін, әкеңнің...! Қалжыраған атаны апа орамалмен желпіп, жылап жібереді. Апа: Болды, енді, қоя ғой аманыңда! Әбден қалжыратып, талдырып тастайын деп жүр ана бәле! Бәрібір бұлар саған қыржан да бермейді! Әншейін, мысық-тышқан ойнап, мазақ қылып жүр! Босқа зорығып... ішіңде бірдемелерің үзіліп кетіп... қата тиіп... майып боп кетіп жүрме... масқара ғып... Тоқтат осымен! (Грубачқа) Әй, мә, біз болдық! (Ақ орамалды ортаға қарай лақтырғалы көтере береді. Гриша мен Боксер аң-таң. Грубач қуанып қалады. Ата ашуланып, апаның қолын қағып тастайды). Ата: Доғар... оттамай! Орныңа бар! (Апа немерелеріне қарай зытады). Грубач: Алтыншы раунд! Шешуші раунд! Гриша гонг соғады. Грубач: Бокс!
22-көрініс. 6-раунд
Екеуі барын салып, аянбай айқасады. Бірер домалап алып, әб-
ден әлдері құрып бара жатса да, сарт-сұрт соғады. Беттерін қол-
ғаппен жауып алып, текетірес тұрады. Атаның жылдам, ауыр соқ-
қылары кейде қабырғаға дүңк-дүңк тиеді. Қолғаптың сыртынан
тигеннің өзінде, боксерды есеңгіретуге айналады. Бірақ, ол құла-
майды. Ата төпелеп ұрып жатқанда, айқас аяқталады!
Екеуі де естерін жия алмай, теңселіп тұрады.
Грубач подходит к Грише.
Апа, внуки подбегают к деду. Обнимаются.
Боксер ходит взволнованно.
Все ждут решения судей.
Грубач и Гриша о чем-то ожесточенно спорят.
Наконец-то подходят к центру.
Гриша: В этом бою раздельным решением судей победу одер-
жал... (Он делает паузу. Все замирают!) Боксер... (Гриша делает
паузу. Грубач медленно начинает приподнимать руку боксера. Апа
и внуки взволнованы. Ата молча стиснул зубы. Гриша, кажется,
сильно взволнован, колеблется, и наконец, решительно продол-
жает) Боксер, как ты думаешь? Кто победил?!
Усталый боксер задумчиво и грустно смотрит на него.
Гриша: Я тоже так думаю!
Сол кезде боксшы басын шайқап, атаның қолын көтереді. Ата
оған риза болып, жүзі нұрланады.
Гриша (обьявляет четким, твердым голосом): Победу одержал
аксакал!
Апа и внуки радуются. Поздравляют деда.
Гриша вручает приз победителя пятьдесят тысяч долларов и
драгоценности деду. Деду в перчатках неудобно взять их. Вмеши-
вается апа.
Апа: Дабай суда... я помогу!
Она забирает все и быстро убегает вместе с внуками.
Грубач долго смотрит на доллары и на нее. Взрывается.
Грубач: Да ты чо, Кришка! Тәкөй доллар!
Гриша: Нет! Уговор дороже денег!
Грубач: Тәгіда тәк... Дабай, мой доля, и я пабежайт! Не то бай-
на будет!
Гриша: Нет! Мы дали клятву! А самое главное... Слушайте все! Я внук Ивана Павловича Сидорова! Да, аксакал, того самого друга вашего отца... с фотографии... Такое же фото висит и у нас... дома! Не обессудь, что так получилось! Когда я увидел старое солдатское фото... что-то взорвалось во мне... внутри... Я не знаю... не могу понять... не могу обьяснить... что со мной случилось... Послушай, Грубач! Боксер! Как я могу ограбить потомка человека, спасшего моего раненого деда от смерти?! Нет, я не последний сволочь в этом мире! И этого не сделаю ни за что! Грубач (агрессивно, взмахивая обрезом): Ну и чо! У них свой вайна, у нас свой! Гриша: Нет! Это очень сложный вопрос! Послушай, Грубач, давай уйдем с миром отсюда и напьемся (берет дедовские тенге и сует Грубачу в карман). По нашему честному уговору это приз нашего боксера! Боксер прячет глаза. Грубач нахмурился и молчит. Гриша: А если я тебя попрошу... просто так, по-человечески попрошу! Грубач нехотя направляется к двери. Гриша и Боксер молча уходят за ним. 23-көрініс Они спускаются по лестнице вниз. Грубач останавливается у дверей. Как бы колеблется, о чем-то думает. Гриша хлопает его по плечу. Гриша: Тихо! Дети спать собираются! Грубач: А-аа!? (Смотрит задумчиво, качает головой, вздыхает и уходит) Гриша и Боксер молча выходят. Дед стоит на лестнице и провожает их взглядом.
24-көрініс
Ата жоғарыға шығады.
Немерелері құшақтай алады. Үшеуі креслоға отырады.
Апа каминге от жағады.
Апа: Ертең бәңкіге кредитін қайтарып беремін! Кешір! (Ата-
ның иығына басын сүйейді).
Ата (қалжыраған күйде): Кемеңгер кемпірім! (арқасынан қаға-
ды).
Екеуі немерелеріне, ошақтағы отқа қарап, үнсіз отырады.
Ошақтағы от.
Соңы
Ескерту: Бұл сценарий киноға түсетін орыс әртістеріне оқиға
желісі түсінікті болу үшін қазақша-орысша аралас жазылды.
Ардагер
Киноповесть
1-көрініс. Ала сөмке Қалада. Алпыс бір жастағы ауыл ақсақалы Баубек ата автовокзалдан шығып келе жатыр. Қолында қара сөмкесі бар. Жолдан өте бергенде, шетте жатқан бір үлкен, толық ала сөмкені көреді. Ол әуелі аң-таң болып, тіпті, шошыныңқырап, сақсынып та қалады. Ақырын жақындап, байқап ашып қарайды. Сөмке тола неше түрлі консерв, киндер-сюрприз, кәмпит, печенье, тағы басқа да жаңа, жақсы нәрселер. Арасында әйелдің қол сөмкесі жатыр. Ата жан-жағына қарады, жан жоқ. Ойлана келе, қол сөмкені ашты. Ішінде біраз ақша, документтері, қымбат соткасы бар екен. Қолына ала бергенде телефон шырылдады. Баубек жауап берді. Баубек: Иә... Мен тауып алдым! Иә, иә... тез келмесеңіз, ала сөмкеңді арқалап, Кәрманияға қашып, Британияны басып, Атлантикадан асып, АҚШ-тан бір-ақ шығамын! Жол бойында күтіп тұрады. Машина кеп тоқтайды. Жүгіре басып бір әйел келеді. Сөмкесін алып, қуанып, алғысын жаудырады. Бастық әйел: Рахмет сізге, рахмет! Жаңа базардан келе жатып... көп сөмкемен әбігер болып... әрлі-берлі жүгіріп жүріп, ұмытып... қара басып... қалдырып кетіппіз. Күйеуім менен, мен күйеуімнен көріп, дауласып отыр едік! (Қол сөмкесін ашып, бес мың теңге алып ұсынады). Сүйіншіңіз! Баубек: Құдай берейін десе, жолға да тастай салады-ау! (алып, қалтасына салып, рахаттана күледі...) Бастық әйел: Жүріңіз, баратын жеріңізге жеткізіп салайын! Сөмкені қолдасып көтеріп, машинаға салып, кетеді.
2-көрініс. Кантор
Баубек жердің қағаздарын беретін канторға келеді. Қаптаған
кісі.
Бастық әйел (бірге түсіп, бірге жүреді): Ой, аға, не шаруа?
Баубек: Жердің жаңа қағаздары керек еді...
Бастық әйел: О-о! Жүріңіз!
Кабинетіне бастап әкеледі. Кабинеттің есігінде «Жер басқар-
масының бастығы» деген жазу бар. Жайласып отырып, әңгімеле-
седі.
Баубек: Ал, қарағым, әңгіме былай. Баяғыда, сапқоз құлаған
соң, іске татыр мал-мүлкі ұстағанның қолында, тістегеннің аузын-
да кеткен жоқ па?
Бастық әйел: Иә! (қызыға, мұқият тыңдап, арасында басын
изеп қояды).
Баубек: Ал, бос қалған жері, қираған баздары мен ескі-құсқы
трәктір-мрәктір, камбайын-самбайын, сеялкы-меялкы, самасыбал-
мамасыбал, кәселке-мәселке... қысқасы, бүкіл темір-терсегі иесіз
қалды емес пе? Жауапкершілігінен қашып, ешкім алғысы келмеге-
сін, мен ие болып, өз атыма жаздырып алып едім. Соным дұрыс
болыпты, әйтпесе ендігі металлоломға кететін еді. Әлгінің бәрін
ілдебай қылып, біздің ауыл қазір егінін егіп, шөбін шауып алып
отыр. Малын да ешкімге жалынбай емін-еркін жаяды. Ал енді осы
жерге біреулер таласып, менен тартып алмақ болып, әбден мазам-
ды алып бітті, қорқытпақ та болды, алты жылда алпыс рет палит-
сайға, пыркаролға, пинполға, сотқа да шақыртты, бәрібір ала ал-
мады! Қалай қиқалақтатса да, менікі заңды болды да отырды!
Бастық әйел: Түу-у! Бере салмайсыз ба... сонша әлек болғанша.
Баубек: А-а! Балаларым да сөйдейді. Аман-сауыңызда құты-
лып, тыныш демалыңыз дейді. Қалаға көшіріп алайық, немереле-
ріңізді бағып, рахаттанып жатыңыз үйде дейді!
Бастық әйел: Дұрыс қой енді...
Баубек: Жоқ, онша дұрыс емес!
Бастық әйел: Неге?
Баубек: Сол! Ертең ол жерге кім ие болады, ә?! Мәселе сонда!
Ал ар жағына баратын болсақ, әңгіме көп!
Бастық әйел: Жарайды онда... ал қазір не істеу керек?
Баубек: Заң бойынша бәрін қайта тіркетіп, жаңадан қағаз алу керек дейді. Осыны тездетіп бірдеме қылып бере ғой да, ақ батамды ала ғой, қарағым! Бастық әйел: Жақсы, аға, жақсы! Сіз үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын! Қағаздарыңызды маған қалдырып, ауылыңызға бара беріңіз! Тура бір аптадан кейін келсеңіз, мен бәрін де дайындап қоямын! Баубек: Рахмет, айналайын! Бақытты бол! 3-көрініс. Ауыл Ауыл. Жеңіл машина ауылға беттеп бара жатыр. Машинада екі кісі – дәу мен крутой. Крутой рөлде, ауылға, табиғатқа қызыға қарап келеді. Крутой: Осы ауылды да сатып алсам ба екен... Дәу оған сүйсіне бір қарап, бөтелкенің аузынан қылқ-қылқ жұтады сыраны. Бұрқыратып шылым тартады. Машина ауылға кіреді. 4-көрініс. Апа Машина көшемен жүріп келіп, дәудің үйінің алдына тоқтайды. Шалқар сөмкесін алып, секіріп түседі. Ол түсіп жатқанда, үйден әжесі жүгіре басып шығады. Әже: О-о, құлыным, кішкентай қүлінтәйім, кеп қалдың ба? Шалқарды мейірлене құшақтап, бетінен иіскейді. Әже: Келдің бе аман-есен! Түнде ғана... түсімде... Үйдің іргесін бекітіп жатыр екенсің... Еншалла, келеді екен құлыным, келеді екен дедім... Біржола келдің бе? Шалқар (сәл қуанып, сәл ренжіп, сабырмен): Енді... келдік қой... көрерміз... Крутой (машинадан түсіп келіп): Сәлеметсіз бе! Әже: Сәлем, сәлем, қарағым! Шалқар: Әже, мына жігіт нағыз крутойдың өзі! Менің кумирім! Әже: Көтек... көмірі несі? Шалқар: Көмір емес, кумир, кумир!
Әже: Ә-ә, көмірдің бастығы ма? Оңды болды ғой, көмір алып тұратын... Крутой мырс етіп күліп жібереді. Шалқар: Жоқ, әже, көмірге қатысы жоқ... Кумир деген... Қысқасы, құдай емес, құдайдан былай да емес! Әже: Астапыралла! Қош келдің, қарағым! Мен ас дайындай қояйын! Крутой: Рахмет, рахмет! Мен өте асығыспын! Бізде уақыт жоқ, білесіз ғой! Шалқарды иығынан алақанымен қағып, машинаға отыра береді. Крутой: Ал, жақсы! Хабарласып тұр! Бардачоктан бір әдемі қораптағы виски алып, дәудің қолына ұстатады. Крутой: Бізді сағынғанда... алданыш қыларсың! (Жүріп кетеді). Әжесі мен Шалқар артынан қарап қала береді. Вискиге елжіреп қалған дәу күректей алақанымен қапақтай қарынын сипайды. 5-көрініс. Шелек Суға бара жатқан Баубек шелегі мен флягін (қоларбамен сүйретіп) көтеріп жолдың екінші жағына өте береді. Машинамен келе жатқан Крутой оны көріп, өз-өзінен мазасызданып, сигнал беріп, қаттырақ жүреді. Баубек жолдың жиегімен алға қарай кетіп бара жатыр. 6-көрініс. Жанжал Крутой Баубектің жанына машинамен қатты кеп, тоқтай қалады. Сигнал береді. Баубек сасқалақтап, жолдың жиегінен түседі. Крутой сигналды одан сайын бақыртып, терезеден қолымен былай қарай өт деп, безектеп белгі береді. Баубек түсінбей, аузын ашып, қолын жайып, не керек дегендей ымдайды. Крутой машинадан секіріп түсіп, ызаланып, шапшаң сөйлеп келеді. Крутой: Вот, тупой! Қалай түсінбейсіңдер, ей? Былай қарай өт деп тұрмын ғой мен саған! Баубек шырт ете қалса да сыр бермей, бейтаныс жас жігітті сабырлы қалыппен тік қарап тосып алды.
Крутой (ышқынып): Жолымды... жолымды кесіп тұрсың... бос
шелекпен...
Баубек: Шырағым, денің сау ма?
Крутой: Менің денім сау! Ал мына сендер шеттерінен қуғын-
байсыңдар! Үп-үлкен адамсың, бос шелекпен жол кесу жаман
ырым екенін білетін жөнің бар ғой!
Баубек: Қазақта ондай ырым жоқ! Қатынға өтуге болмайды
жол кесіп... Ал, ағаларың қалай өтсе де жолың кесілмейді, қайта
ашыла түседі!
Крутой: Жә, жетті! Бол, былай қарай өт те, жолымды аш!
Баубек: Әй, қарағым, қайдағы жоқ ырым-жырымды қайтесің?!
Құдайдың бұйрығы шелекке байланып қалған жоқ шығар?
Крутой: Ыс-сылушшай, шал, жақсылықпен өт былай! Мені
жолымнан қалдыруға, тем более менің жолымды кесуге болмайды!
Сен өзің мені танымай тұрсың-ау деймін...
Баубек: Танысам немене... табынайын ба саған? Атқа міндім
екен деп, аталарыңның басына шығасыңдар ма сонша?
Крутой: Жарайды, табынбасаң қағынып кет... бірақ, дабай, бы-
лай жүр қане! (Ақырындап атаның жеңінен тартуға айналады).
Баубек: Әй, қарағым! Жолың әне!
Кумир ызаланып, секіріп, оң аяғын көтеріп, керіліп тұрады
қорқытып. Баубек уклон жасап, сол қолымен жіліншіктен бір-ақ
тартады. Крутой ұшып түсіп, ойбайлап, аяғын ұстап, домалап жа-
тып қалады.
Баубек басын шайқап, бұрылып жүре береді.
Сәл есін жиған Крутой соткасын алып звондайды:
Крутой: Шалқар! Әлө-ө, Шалқар!
7-көрініс. Телефон
Шалқар (үйден телефонын көтеріп, сөйлей шығады): Кім?
Қайда?
Жүгіре жөнеледі. Апасы артынан шығып, үрпиіп қала береді.
8-көрініс. Қуғын
Шалқар (Крутойдың жанына жүгіріп келеді): Не болды? Кім
қане... қайда?
Крутой (аяғын сипалап отыр жерде): Білмеймін... Бір жынды шал... Қолымен нұсқап жібереді. Шалқар солай қарай жүгіре жөнеледі. Крутой аяғын сипалап, ойланып отыр. 9-көрініс. Айқас Құдық басында Баубек су алып жатыр. Флягты бір қолына (арбаға салып), шелекті бір қолына ұстап жүре береді. Қаһарланып жүгіріп келе жатқан дәуді көріп, тоқтап, ыдыстарын жерге қояды. Байқатпай ғана дайындалады. Дәу, қарны салбырап, жүгірген бойы тарпа бас салады. Баубек бір жағына бұлт ете қалып, аяғымен шалып қалады. Дәу өз екпінімен етпетінен түсіп, перекат жасап, допша домалап кетеді. Баубек ауыл сыртына қарай қаша жөнеледі. Ызаланған дәу орнынан тұрып, флягті, шелекті бір-бір теуіп ұшырып жібереді де, қуа жөнеледі. Ауыл сыртында Баубек қашып келеді. Дәу алқынып, долданып қуып келеді. Баубек алқынып қашып келеді. Бұрылып, дәуді қарнынан бір ұрады. Дәу ыңқ етіп, бүк түседі. Есін жиып, шайқасуға ыңғайланады. Екеуі аңдысады. Ұстасып, алысып, қойғыласып жүреді. Баубек демін баса алмай, ыңқылдап тұрғанда, дәу ішке кіруге тырысып, еңкейе ұмтылып, бас салады. Баубек бір жағына бұлт етіп, көк желкеден балға-жұдырықпен (тетцуи) бір-ақ ұрады. Дәу сол ұмтылған бетінде етпетінен түсіп, есінен танып жатып қалады. Баубек демін әрең алып, аяңдап кете береді. Дәу есін жиып, демін алып, орнынан тұрып, Баубекті ту сыртынан бас салып, жанталаса қарсыласқан ақсақалдың мойнын қолтыққа алып, қос қолымен құшақтай қысып, буындырып, талдырып тастайды. Демін алып, жан-жағына қарап тұрады. Талып жатқан Баубектің белбеуін белінен суырып алады. Екі қолын алдына байлап тастайды.
Шалқар (збандайды): Әлө, мой кумир! Шалды байлап алдым. Не істейін? Крутой (машинада отыр): Бір қуыста ұстай тұр мен барғанша! Шалқар: Сен қашан келесің? Крутой: Тә-әк... Бүгін, ертең, ар күні кездесулер... Ой, уақыт жоқ қазір... барып қаламын бір аптаның ішінде... Оған дейін ұстай тұр... Шалқар: Оған дейін аштан өліп қалса қайтемін? Крутой: Өлсе де, өлмесе де өзінен көрсін! Дабай, братан, еңбегіңді ескереміз! Шалқар: Жақсы! Дәу талып жатқан Баубекті көтеріп, иығына салып, салақтатып алып кетеді. Ескі мал базына апарады. 10-көрініс. Мектеп Мектеп. Бөлмеде биыл келген жас мұғалима қыздар Айгүл мен Зайра үйге қайтуға қамданып жатыр. Зайра (сөмкеге дәптерлерді салып жатып): Ой, қалай жалықтым осы тірліктен! Ішім пысып, біттім әбден... Безіп кеткім келеді! Айгүл: Жолың болсын! Қайда кетпексің, қане!? Зайра: Қайда болса сонда! Бірақ, керемет жерлердің бәрі де бос емес... бізге қалғаны бір сарынды ауыл ғана... Солай! Мектеп – үй – мектеп! Сабақ – тамақ – ұйқы – тұйқы! Сонда, біздің бүкіл өміріміз осылай өтпек пе? Бар бақыт, мақсат-мұратымыз осы ғана ма?! Айгүл оған сұраулы жүзбен ойлана қарайды. Зайра: Жоқ, мен бұған көне алмаймын, Айгүл! Сен түсінесің бе мені, ауылда не бар? Қызықтың бәрі басқа жақта сияқты. Жалтжұлт етіп, көздің жауын алып тұрған жоқ па?! Мен де жарқырағым келеді! Еркін қыз болып, сайран салғым келеді! Жұлдыз-зз-з болғым келеді, жұлдыззз! Айгүл: Өй, қойшы, Зайра! Оның несі қызық?! Өмір экран емес қой! Ондай жарқ-жұрқ еткен идеалдардың көбі жалған! Біз жалтырауықтарға алданып, отқа жалп-жалп құлаған көзсіз көбелек боп бара жатқан сияқтымыз. Адасып, өмірлік мәні бар құндылықтарымыздан айырылып, жыртықай болып кеттік-ау осы!? Одан да жақ-
сы адам болуды, отбасын құрып, ардақты ана, әулиедей әже болуды неге армандамаймыз, ә? Зайра: Өй, қойшы сен де... қайдағы бір артта қалған ескіліктің сөзін сөйлемей! Адам жас кезінде арман қуу керек! Ал нағыз армандар қалада, тіпті одан да алыста... шетелде ғой шіркін! Айгүл: Қойсаң өзің қой! Ал бардың алысқа, қалаға, тіпті шетелге дейік... Одан ары секең-секең, жыртың-жыртың жүрмексің бе дүрмекке ілесіп? Не үй жоқ, не күй жоқ, не жақсы жұмыс, жарытымды жалақы жоқ, қалтырап-дірілдеп күн кешкеннің несі қызық, несі бақыт?! Шолтиып, тылтиып, жыртиып, елтең-селтең жүргенде не мән бар?! Өмірдің қызығы беталды қыдыру ма? Көрінгенмен кезігіп, желігіп, қаңғи беру ме? Әркімнің мазағы болып, ақыр түбінде азабына қалу ма? Әй, білмеймін-ау, білмеймін! Маған ауылдың тыныш тіршілігі ұнайды... Жаның жай табады... Зайра: Жә, жә, Айгүлжан... даланың ақ самалын, саф таза ауасын мен де сүйемін! Жүрші, қырға шығып, бір желпініп келейік! 11-көрініс. Манас Ескі мал базында. Шалқар Баубекті күзетіп отыр. Ол байлаулы. Есін жиған. Жан-жағына қарайды. Баубек: Әй, қазанбас! Не үшін маған өшігіп жүрсің? Шалқар: Кумирім үшін... Оған біреу тиіссе, кім болса о болсын, мойнын бұрап аламын! Баубек: Ол кім сонша жаныңды беретін?! Шалқар: О-о, ол ма, ол.... нағыздың өзі! Баубек: Е-е, біреу үшін ит әуре боп жүр екенсің ғой! Шалқар: Мен оған звондадым. Ол өзі келіп, сені алып кетеді де, әкеңді танытады! Баубек: Оны көрерміз әлі! Солай де, палуаным, көрінгеннің қолшоқпары болып жүрмін де! Талайды тонаған шығарсың? Шалқар: Жо-жоқ, атай көрмеңіз! Баубек: Тонамасаң, тонайсың! Осы бетіңмен кете берсең, кісі де өлтіресің әлі! Негізі, түр-тұлғаң нағыз қарақшыға келіп тұр! Неменеңе жетісіп ыржиясың, әй? Сенде ұят бар ма? Сен адамсың ба? Жоқ, сен итсің! Түріңе қарашы. Әркімнің айтағына еріп, арсылдаған алабай төбеттен аумайсың!
Дәу қысылып, күлген болады. Баубек: Әй, күрес деген ежелден нағыз ерлердің өнері, елдің байлығы. Шешеннің тілі, шебердің ісі, балуанның күші ортақ дегенді бекер айтпаған аталарымыз! Бері жақындап тыңдап көр міне... Е-ей... (Қолын сермей алмай қиналады) Әй, қолымды босатшы, дұрыстап айтып берейін саған... балуанның қандай екенін көр! Шалқар ойланып, бөгеледі. Баубек: Не, қол-аяғы байлаулы атаңнан да қорқамысың андағы денеңмен? Қолымды ғана шеш, жыр айтып берейін... Дәу оның қолын шешіп, бір жағында алыстау отырады. Баубек: (Шынашақтай Ағыш пен түкті табан Түкібайдың күресін жырлай бастап, қыза-қыза қолдарын сермеп айтады). Шалқар елтіп, тербеліп қояды. Жылжып, жақындап, бір жағында қырындап отырады. Ата көзін ашып, дәуге қарап алып, саусақтарымен кеңірдектен бір-ақ ұрады (нуките). Дәу талып қалады. Ата арқаннан босап шығып, дәудің өзін байлап тастайды. Дәу есін жиып, бұлқынады. Ызаланады. Баубек: Ал, енді қандай қылайын, а? (Шалқардың ішіне алақанының ұшын найза сияқты қадап тұрады) Мынау не? Аппақ майыңды жарқыратып, жарып тастайын осы? (Қарнын шеңгелдеп қысып, соза тартады. Дәу ауырсынып, аһылап, безек-безек етеді) Шек-қарныңды шеңгелдеп жұлып алайын ба әлде? (Ту сыртына шығып, басын бұраңқырап көреді) Кинодағы сияқты... мойныңды бұрап тастайын ба? А-а? Басың қазандай, (төбесінен саусағымен тоқылдатады. Дүңкілдейді) ішінде шайнам миың жоқ! (Тағы тоқылдатады. Дыбыс жоқ) Ә, мін жерінде бірдеме бар сияқты... бірақ, шикі қамыр тәрізді жайылып кеткен... Көрінгенге көзсіз сеніп, айтағына ере бермей, миды пісіру керек! Жат та ойлан! Жақсылап ойлан! (Кетеді) Байлаулы Шалқар жалғыз қалады. Көкке қарап ойланып жатады. 12-көрініс. Қыздар Айгүл мен Зайра ауыл сыртында қыдырып жүр. Бір кезде ескі мал базына келеді. Байлаулы дәуді көріп, шошып, әуелі қашқалақтап, тіреулердің тасасына жасырына қалады.
Сәлден кейін естерін жиып, жақындап келіп, айнала жүріп, қыл-
жақтай бастайды.
Зайра: Қара, қара... Қой қорадағы қаһарман!
Айгүл: Бұзау базындағы баһадүр!
Зайра: Түбіртекке таңылып, күйіс қайырып жатсыз ба, түйедей
жігіт!
Шалқар: Қыздар, қолымды шешіңдер! Содан кейін қалжыңда-
сайық!
Зайра: Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті,
Осынша қинайды екен адамзатты,
Айгүл: Мәпелеп, әлпештеген құлындарым,
Босатшы білегіме арқан батты!
Зайра: Салғаным ағаш үйге ызботты пеш,
Құдайым, мен пендеңнің күнәсін кеш,
Айгүл: Барады білегіме кендір батып
Қайдасың, Асыл, Ақық, қолымды шеш! (қолын шешуге оқта-
лады).
Зайра: Тоқта, пәлесінен аулақ! Банды ма, ұры-қары ма, кім бі-
леді?
Айгүл: Онда кеттік! Жатсын осылай! (Кете берген болып, қай-
та бұрылып) Қарның ашқан жоқ па? Тамақ ішкің келе ме?
Зайра: Бір шелек абырат әкеп берсек қайтеді?
Айгүл: Егер де бірден сарқып қойсаң, босатамыз!
Зайра: Хи-хи-хи! Ару қыздар армандаған ханзада аппақ болып
киініп, ақ боз атпен, ақша бұлтқа оранып алыстан келеді деуші
еді...
Айгүл: Ал мынаның жатысын қара теңкиіп... оттықтың түбін-
де...
Айгүл күліп жүріп, арқанды шеше алмай, ақыры шешіп, дәуді
босатады.
Шалқар (қатты ыңғайсызданып, сипақтап): Рахмет, қыздар... ер
мойнында қыл арқан шірімес деген...
Зайра: Арқан туралы айтпай-ақ қойыңызшы...
Шалқар (қысыла күліп): Танысып қояйық, менің есімім – Шал-
қар.
Зайра (реверанс жасап): Менің есімім Зайра! Менің құрбым
Айгүл! Біз институт бітірген соң ауыл мектебіне жаңадан келген
мұғалімбіз!
Айгүл: Ал сіздің мамандығыңыз не?
Шалқар Айгүлге қарап, үнсіз бөгеліп қалады.
Зайра: Нарқасқа жігіт, қызметіңізді сұрап тұрмыз...
Шалқар: Мен негізі спорт шебері, палуанмын...
Айгүл: А-а, палуан болсаңыз сізді қалай байлап қойған?
Шалқар: Өй, бір құрдасым... ойнаймын деп, алдап кеткені...
Зайра: Кер-ремет күшті-і екен құрдасыңыз!
Айгүл: Не шықса да құрдастан шығады... Ойнаған боп та жа-
сай береді қастығын... сондықтан, келесі жолы сақ болыңыз! (Қыз-
дар кете береді).
Шалқар: Сау болыңдар! (Басын шайқап, қарнын сипалап, қала
береді).
13-көрініс. Кумир
Шалқар үйінде шалқасынан түсіп, төбеге қарап, бөтелкенің
аузынан вискиді жұтып қойып, демалып жатыр. Телефоны шы-
рылдайды.
Шалқар: Әлө!
Крутой (қаладан, офистен): Салам!
Шалқар: О, сәлем, мой кумир!
Крутой: Қалай, әлгі итің әлі байлаулы тұр ма?
Шалқар (сасқалақтап): Иә... не... жоқ! Босап кетіпті...
Крутой: Қалай босап кетеді өзінен-өзі?
Шалқар: Жоқ, байлауын мықтап байлағам... Бір аңқау балдар
базға ойнап барғанда, көріп қойса керек...
Крутой: Сен біртүрлі күмілжіп кеттің ғой... Байқа, полицияға
айтып қоймасын... Ақырын аңдып жүр де, оның бір қапысын таба-
тын бол! Менің қолым тимей жүр... ал аяқсыз қалдыруға болмай-
ды... өзің де білесің ғой менің тәртібімді! Оны оңдырмай жазалау
керек... жіліншігім әлі қан қақсайды. Осыдан өшімді алып берсең,
сенің барлық қарызыңды кешіремін!
Шалқар: О кей, майн кумир! Бірақ, ауылда бәрі мені таниды...
оңай емес...
Крутой: Ал сен ашық істеме, білдірмей істе... Өзіне тікелей
тиісе алмасаң, малдарын ұрлап, жоғалтып жібер!
Шалқар: Жарайды, мен бір амалын табармын!
Крутой: Маған звонда... сүйіншің дайын!
Шалқар: Жақсы, жақсы... оқтай қыламын! Сен дегенде жанымды да аямайтынымды білесің ғой, менің мәңгілік кумирім! Крутой: Білгенде қандай! Сау бол! (Телефонын сөндіріп, өзінеөзі) Мақұлық! У дурака ум на сердце деген осы! 14-көрініс. Тайша Таңертең. Нәзира сиырды сауып, малды өріске жіберу үшін далаға шығады. Қараса, тайшасы жоқ! Бас жібі жатыр. Анық ұрланған! Нәзира үйге жүгіріп кіреді. Нәзира (Баубекті оятады): Бәке, Бәке, Баубекжан! Машка жоқ! Баубек (оянып): Өй, ақырын, не боп қалды сонша!? Нәзира: Машканы ұрлап кетіпті деймін! Баубек: Ә-ә! Ауылдың малы өріске кетіп барады. Бұлар да малды жіберіп, аулада тұрады. Із жоқ. Баубек ойланып, ызаланып, есік алдында тұрған комбайнның (трактор) доңғалағын төпелеп ұрады. Комбайн селкілдейді. Нәзира (әбігерленіп, полицияға соткамен звондайды): Әлө, ошаскобый! Сәлеметсіз бе! Ошаскобый палитсай ма бұл?! Ошаскобый палитсай болсаң, қайда қарап жүрсің? Біздің Машканы ұрлап кетіпті!.. Ә-ә! Кімі несі, әй?! Ойбай, Машка деген телка, телка!.. Жоға, ойбай, шошақай емес! Тайша, тайша деймін! Тез жетіңдер! Әдіріс пе, әдіріс... Құдықағаш, Құдықағаш! Баубектің үйі десеңдер, табасыңдар! Иә, иә, күтеміз! (Соткасын сөндіріп, Баубекке масайрай қарайды. Баубек оған жылы жымиып, доңғалақты ұрыпұрып қояды). 15-көрініс. Детектив Учаскелік инспектор қора-қопсыны, жерді айнала, кейде тіпті лупамен қарап шығып, детективный қиялға кетеді. Полицай: Тұяқтың ізі жоқ! Уот мәселе қайда жатыр! Әлде... (ойланып) инопланетяндар тік көтеріп әкетті ме екен, ә? Нәзира: Инопланетяндар тайшаны қайтсін? Олар ет жемейтін шығар?
Полицай (ыржия күліп, қиялдап): Неге? Оңдап асып берсең, ет
жемейтін кісі бола ма екен! Мә-ә, бір топ инопланетянды ұстап
алса ғой... Сосын, ет пен араққа тойғызса ғой... Сосын ауылдың
жындыларымен төбелестіріп көрсе ғой... Сосын, кәтәләшкаға қа-
мап қойса ғой... Сосын, соттатып жіберсе ғой!.. Мә-ә, қандай сен-
сация! Мен сразым мировой герой болар едім! Зазнайка збездала-
рың жолда қалар еді, ә-ә, бәлем!
Баубек: Әй, бос сөзді қайтесің, ұрыңды ұста!
Полицай із кеседі. Лупамен қарайды шарбақты. Баубек ойла-
нады.
Нәзира (ауаны иіскеп-иіскеп жіберіп, полицайға): Оның бәрін
асықпай тексере жатарсың, қазір ұрыны мен тауып берейін саған!
Жүр қане!
Алға түсіп, бастап жүре береді. Ата жөткірініп, тамағын ке-
нейді. Әйелі өз-өзінен басылып, артқа шегініп, атаны алға шыға-
рып, артынан бүкең-бүкең ереді. Барлығы дәудің үйіне келіп, шар-
бақтың алдында топталып тұрады. Полицай бәрінен бұрын лып
етіп есікті ашып, европалық жестпен әйелге өтіңіз деген мезіретті
жасайды. Ашуын зорға тежеп келген Нәзира кіруге оқтала берген-
де, Баубек жөткірініп, тамағын кенейді. Шарбақтан жартылай кіре
берген әйел өз-өзінен сылқ түсіп, артымен кейін шегініп, атаны
алға оздырады. Ата алға шығып, үйге бастап кіреді.
16-көрініс. Ет
Әже бір табақ етті буын бұрқыратып, дастарқанға қойып, дәу
енді алдына ала бергенде бұлар кіріп келеді.
Полицай: Ұсталдың ба, әп, бәлем!
Дәу сасқанынан дымы шықпай, мелшиіп отыра береді. Поли-
цай папкасын ашып, қалам-қағазын дайындап, үстелге қояды.
Көрпеге отырады.
Полицай (ардагерге): Ақсақал, арыз жазыңыз!
Баубек отырып, жаза бастайды.
Әже: Құрыдың-ау, құлыным! (Жылап қоя береді).
Баубек оған бір қарайды. Әже өзін-өзі қолға алуға тырысып,
орамалмен бетін басады. Баубек бір күрсініп, жаза береді. Дәу са-
зарып, төмен қарап отыр. Жұрт оған кінәлай қарайды. Баубек жа-
зып болып, қағазды полицайға береді.
Полицай (қағазбен дәудің бетінен желпіп, тұмсығына тақап):
Міне, әкеңнің... су түбіне кетті деген осы! (Оқи беріп) Ойбай-ау,
мынауыңыз не?! Қандай дөкей ұрыны оп-оңды ұстап едім... қап!
Осы маңайдың жоғалған барлық малын мойнына арта салатын
едім, қап! Мынауыңыз қиын болды-ау, ақсақал, ә, енді қайттім?!
Нәзира: Не боп қалды, әй, соншама?
Полицай: Масқара болды! Міне, тыңдаңыз Бәкеңнің не жазға-
нын: Қорадағы қызыл қасқа тайшаны көтеріп әкете алсаң, сенікі
деп, Шалқар палуанмен бәстескен өзім едім! Ол үйіне дейін көте-
ріп әкелген екен, енді тайша соныкі! Оған тағар кінәм жоқ, – деп
жазыпты Бәкеңіз!
Нәзира (бетін шымшып): Не дейді, әй...
Ол дауыс көтере бергенде, Баубек тамағын кенеп, жөткірінеді.
Нәзира ернін тістелеп, ішінен тынады. Әже көзіне жас алып: «Рах-
мет! Рахмет!» – деп күбірлей береді. Шалқар үнсіз толқиды. Бірге
отырып, бәрі ет жейді.
Нәзира (әжеге, ақырын): Апа, сізден ұялғасын үндемей отыр-
мыз. Әйтпесе, сұмдық, масқара емес пе бұларыңыз?!
Ата тамағын кенейді. Нәзира жым болады. Баубек әңгіме шер-
теді.
Баубек: Баяғыда жарықтық Иманжүсіп атамызды сынау үшін
бір бай көкпарға құнажын тартты дейді! Ешкім орнынан қозғай
алмағанда, Иманжүсіп ат үстінен көтеріп әкеткен екен! Ал, жарық-
тық Балуан Шолақ атамыз қысылтаяңда сиырды сирағынан алып,
қораның төбесіне бір-ақ ырғап лақтырып жіберген көрінеді!
Тыңдаушылар елең етіп, бастарын изеп, етті жей береді. Шал-
қар шашалып қала жаздайды. Баубектің онда жұмысы жоқ, сөзін
сабақтай түсті.
Баубек: Жарықтық Қажымұқан атамыз бір шетелге барғанын-
да, сахнаға түйе мініп шығыпты. Түйеден түсіп, жұртшылықпен
сәлемдескеннен кейін, сахнадан түйені арқалап кетіпті!
Полицай: Қажымұқанның ұры болмағанына шүкір!
Жұрт ду күледі.
Баубек: Көне эллиндердің балуаны кротондық Милон жиырма
төрт жыл бойы, алты бірдей олимпиаданың чемпионы болып,
атақ-даңққа бөленген. Оның бір керемет жаттығуы – күн сайын
бұзауды көтеріп стадионды айнала жүгіреді екен. Бұзау өсіп, бұқа
болады, ал Милон балуан оны көтеріп жүгіре береді, жүгіре береді. Одан кейін ол күрескенде кісі шақ келтіре ме?! Жиналғандар қызыға тыңдап: «Паһ! Бау дегенің!» деседі. Баубек (Шалқарға қарап): Жә, солардай болмасаң да, тайша көтеруге жарағаныңа да шүкір, шырағым Шалқар! Әлі де кеш емес, күнде бір тайшадан үйіңе таси берсең, күшің тасып кетпесіне, баяғы алыптарды қуып жетпесіңе кім кепіл?! Жұрт ду күледі. Шалқар ұялғанынан орамалымен бет-аузын сүрте береді. Ет жеп, сорпа ішіп болған соң, беттерін сипап, полицей кетеді. Нәзира (Дәуге қадалып): Әй, қайыршы, қас қарайған соң, тайшаның етін... терісіне дейін... түгелімен үйге әкеп беретін бол! Әйтпесе, әңгіртаяқ ойнатамын төбеңе! Шалқар үнсіз басын шұлғиды. Әжеде үн жоқ, ұялып, булығып отыр. Баубек: Ал. енді айтшы, сені әлгі біреу айдап салды ма, мұның не, әй? Шалқар: Мен қайтейін... барлық қарыздарыңды кешем деген соң... Нәзира: Өй, сорлы, соған бола біреудің үйіне ойран салмақсың ба? Шалқар: Жоқшылық не істетпейді кісіге? Нәзира: Өзіңнің иттігіңді жоқшылыққа жаппа! Қарның ашса, хайуан болып кете бересің бе, не? Шалқар: Амал қанша? Жақсы жұмыс жоқ болса, еңбегім еш, тұзым сор болса, қайт дейсіз маған?! Баубек: Солай де! Бірақ, мұндай жол атаңнан қалып па еді? Сол ма мына жалғанда жаныңның аңсары?! Шалқар: А-а, сіз менің жаныма тиіспеңіз! Жан туралы ойламай жайыма жүре берсем деймін... бірақ ол мына жерімде (кеудесін басады қос қолымен) тұрып алып, сыздайды келіп... құлазиды келіп... Неге сыздайды, нені аңсайды менің жаным? Өзім де білмеймін... Мүмкін, сіз білетін шығарсыз, ә!? Баубек: Мен қайдан білейін? Менің қалтамда жұрттың жанын жай тапқызатын рецептім бар дейсің бе? Бірақ, ойлап қарасақ, адамның жаны имансыздықтан сыздайтын сияқты?! А-а! Бұл өмірде кез келген адам баласының алдында екі жол тұрады... Я құдайға сену жолы, я сенбеу жолы... Сенбесең кәпір боп кетесің,
жаның құлазып, құтырып, жынды боп өтесің... Алла десең адаспайсың! Имансыз тірлікте ешқандай мән жоқ! Баубектің әр сөзі Шалқардың санасына шегедей қағылып жатқандай. Ол тыңдаған сайын іштей сілкініп, селк-селк еткендей болады. Баубек (Дәуге бұрылып): Жә, сен енді жүнжи бермей, жындана бермей, өмірден өз орныңды тауып, адам болуды ойласаңшы. Жиырма жетіде жанып тұрған кезің емес пе! (Қарнынан түртеді) Не мынау, май басып... сыра сасып... шылым сасып... жасыңа жетпей қартайып... қыздардан ұят емес пе!? Шалқар үндемей, ойланып қалады. Баубек: Жеңімпаз болу деген міндетті түрде бір жарыстың чемпионы болу деген сөз емес! Өзіңе өзің чемпион бол! Өзінің әлсіздіктерін, кемшіліктерін жеңген адам бәрін де жеңеді! Ең ұлы жеңіс сол! Дәу үнсіз. Бірақ, қытығына тигені байқалып тұр. Баубек пен Нәзира кетеді. Әже (олар кеткен соң өксіп-өксіп жылайды): Құлынтайым-ау, мұның не? Зәузатымызда жоқ нәрсені бастап... Тірідей өлтірдің ғой... Ана әке-шешеңнің... ата-бабаңның аруағын боқтатып, неден қор болдың, сорлы-ау? Шалқар үндей алмай, төмен қарап, түнеріп отырып қалады. 17-көрініс. Айран Таңертең. Дәу ұйқысынан әрең оянып, манаурап жатады. Әже (еркелетіп иіскейді): Өй, құлыным, құлынтайым-ау сол! Алла бере салған... әжесінің баласы ғой, әжесінің баласы! Дәу орнынан тұрып, керіліп-созылып далаға шығып кетеді. Әжесі дастарқан жайып, айран, қаймақ, бауырсақ әкеліп қояды. Жуынып, шайынып келген дәу, орамалын есікке іле салып, бауырсақ пен айранға бас салады. Әже: Іш, іше ғой, құлыным! Ыстықтай жей ғой бауырсақты! Же! – деп, жанында отырып, бәйек болады. Дәу аузын толтыра асап, аяқтан ұрттап жатқанда, есік ашылып, Айгүл мен Зайра кіріп келеді. Айгүл: Сәлеметсіздер ме?
Зайра: Сәлеметсіздер ме? Дәу сасқанынан аузы толған күйінде бадырайып қарап қалады. Мұғалималар оны көріп, мырс-мырс, жымың-жымың күледі. Әже: Амансыңдар ма, балдар! Жоғары шығыңдар! Ыстық бауырсақ жеңдер... менің құлынтайыммен бірге! – дейді. Қыздар дастарқан басына, кішкентай орындықтарға отыра кетеді. Зайра: Құлынтайыңыз... өй, өзі де бір құйтақандай құлыншақ екен! Әже: Жүрегім ғой, жаным ғой бұл менің! Әже сөйлей жүріп, дастарқанға ыстық бауырсақ қойып, айран әкелгелі кеселерін алып, шығып кетеді. Зайра: Қүлінтәйдің айран ішкені қандай әдемі! Айгүл: Екі ұрты бұлтиып, бауырсақ жеп отырғаны қандай жарасады! Екі қыз шыдай алмай сылқылдап күліп жібереді. Дәу үнсіз күледі. Зайра: Қүлінн-тә-әй, қыдырып келдіңіз бе ауылға? Дәу: Әжемнің қасында болайын деп... Айгүл: Сонда, біржола осында боласыз ба? Жоқ, біраздан соң тағы да қалаға кетесіз бе? Осы кезде әже кіреді. Айран әкеліп қояды дастарқанға. Әже: Оны кім жіберейін деп жатыр қалаға?.. Ішіңдер, жеңдер, қыздарым... Қыздар бауырсақ жеп, айран ішеді. Әже: Әжелеріңде қуанғаннан ес жоқ... құлынтайым келіп... Зәрем де жоқ... бір күні қалаға тартып отыра ма деп. Әйтеуір, әжем жалғыз қалмасын деп, мен үшін келіп отыр ғой, әйтпесе, байлап қойсаң да қалар ма ауылда? Шалқар (қыздарға, әжесін меңзеп): Қалаға алып кетейін десем, көнбейді! Трәктірмен сүйресең де қозғалар емес! Әже: Неге барам, не деп барам әй қалаға? Ата-бабамның топырағынан тамырымды үзіп, қаңғып кетпекпін бе қартайғанда? Бүкіл аруақ осында... жатыр әне ескі зиратта... оларды кім күзетіп, басына кім құран оқиды ертең? Тіпті, өзің де үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жүрген жоқсың ба, көрінгеннің пәтерін жалдап? Төрінен көрі жақын кемпірді қайтіп бағасың? Одан да отыр ауылда, көзімнің тірі-
сінде қасымда бол. Мыналар сияқты бір оңды қызды алып, үй бо-
лып, өлгенімді тірілтіп, өшкенімді жандыратын кезің болды ғой!
Әже көз жасын іркіп, әрең тоқтайды. Жастар ойға шомып, үн-
сіз қалады.
Айгүл: Сізді мектепке, кездесуге шақыра келіп едік! – дейді,
өзін-өзі әрең қолға алып. – Ертең, сағат үште!
Әже: Ә, рахмет! Барамын! Тағы да алыңдар бауырсақтан! Кәрі
кісілер жылауық болады, ренжімеңдер, жандарым!
Айгүл: Неге? Айтуыңыз әбден орынды! Рахмет! (Шығуға ың-
ғайланады).
Зайра: Бауырсақ, қаймақ, айран тамаша екен! Рахмет, апа!
Айгүл (Дәуге): Қолыңыз бос болса, сіз де келіңіз! Бұл оқушы-
лардың үлкендермен кездесуі, тәрбие сағаты ғой! Қызық болады!
Зайра: Бәлкім, қүлінтәй, сіз де біраз өнеге алып қаларсыз, ә?!
Әже: Барады... өзім қолынан жетектеп апарамын!
Дәу қызараңдап, басын сипап, қысыла күле береді.
Зайра (шыға бергенде): Әженің тілін алу керек, қүлінн-тә-әй!
Жымыңдап, Дәуге бір, Айгүлге бір көз қиығын тастап қояды.
Қыздар шығып кеткен соң, Дәу басын шайқап, өзіне-өзі бір кү-
ліп алады.
Дастарқан жинастырып жүрген әжесіне қарап, жаны ашып, ой-
ланып, мұңайып қалады. Күрсініп, кесені басына бір-ақ көтереді.
18-көрініс. Ата
Мектепте, бір класта кездесу өтіп жатыр.
Айгүл оқушыларға Рамазан Елебаев туралы айтады.
Баубек (Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, «Жас қазақ» әні
туралы айтады): Бүгінгі жас қазақтар, өз әндеріңді ұмытпаңдар!
Балалар, әже, Шалқар, Айгүл, Зайра, мұғалімдер ұйып тыңдайды.
19-көрініс. Дабай
Дәу өзінің қорасында ойға батып отыр. Ескі қора-қопсы...
Дәу әлденеге бел буғандай орнынан тұрады...
Қораның, шарбақтың ескі ағаш есіктері самалмен сықыр-
сықыр қозғалады.
Ескі оттық... Малдың бас жібі... Шөптің қалдықтары...
Салбыраған аяқ... Теңселіп тұрады... Сотка збандайды. Дәу мәткені турник қып, тартылып тұр екен. Жерге түсіп, телефонын алады... Крутой (қаладан): Салам! Иә, неғылдың ана қояншық шалды? Дәу: Неғылғанда... неғып жібердім... Өзің айтқандай, қараңғыда қарағұсынан бір беріп, орманға апарып байлап кеткем... сен хабарласпаған соң ұмытып кетіппін... қыздардың соңында жүргенде шал есте тұра ма... Бір жұмадан соң келіп қарасам... неғып кетіпті... Крутой: Неғып? Дәу: Кәдімгідей... неғып кетіпті! Крутой: Әй, оның не? Қиындау болған екен... Дәу: Иә, нелеуі нелеу енді... бірақ, амал қанша? Ал, енді бұған не айтасың? Крутой: Айтқанда... мен не айтуым керек? Өзің бүлдірдің... өзің ретте бәрін! Дәу: Осыдан кегімді алып берсең, қалғанын өзім көтеремін дегенің қайда? Крутой: Мен олай дегем жоқ! Наверное, я не так выразился или ты не так понял! Жарайды, в любом случае, бәрі басылғанша бір-бірімізге жоламай тұра тұрайық... Ар жағын көре жатармыз! Дабай! (телефонын сөндіріп тастайды). Дәу (сөнген телефонға қарап, күліп): Дабай болсаң, дабай... 20-көрініс. Жаттығу Кешкі ауыл. Қыр басында. Мал өрістен келетін кез. Ауыл адамдары Баубек табынның алдынан шығып, тосып тұр. Шалқар жаттығып, жүгіріп келеді. Қолында таяқ. Оқушы балалар бірге жаттығып жүр. Келіп, Баубекке сәлем береді. Ата әңгіме айта бастайды. Баубек: Баяғыда бір мейманасы тасқан, қайратына мастанған жас жігіт Қожағұл ауылына келіп, ат ойнатып, «қане, ер болсаңдар, менімен күреске шығыңдар!» деп, өзеуреп қоймапты. Тіпті болмағасын, Біржан салдың өзі шығып, әлгі жігітті көтеріп алып соққанда, оның құйрығы жерге кіріп кетіпті! Ал, Иманжүсіп пен Балуан Шолақты бір-біріне айдап салмақ болған екен жаулары. Бірі өліп, бірі қалсын деген ғой. Қане, қайсың мықтысың деп, қайрай берсе керек. Бір күні базарда екеуі кездесіп қалыпты. Иманжү-
сіп сүліктей қара атымен кетіп бара жатқанда, Балуан Шолақ ат-
тың құйрығынан бір қолымен ұстап алып, тартқанда, ат жүре ал-
май, теңселіп тұра қалды дейді. Иманжүсіп қамшымен бір тар-
тқанда атан өгіздің терісін дар-р еткізіп айырып жібереді екен.
Бауырдан осып жіберген кісісі тіл тартпай кетеді екен. Балуан
Шолақ соны біліп тұрып, «көрейін күшін» деген ғой. Иманжүсіп
оның түр-тұлғасына көңілі толып, жамандыққа қимай, атын
сауырға бір тартты дейді. Ат ышқынып алға тартқанда, Балуан
Шолақты арқан бойы жылжытып барып тоқтады дейді. Сөйтсе,
Балуан Шолақтың тіреуіне шыдамай, етігінің табаны сыпырылып
түскен екен! Сонда, Иманжүсіп сабырмен мойнын бұрып: Біз он-
сыз да азбыз ғой! – депті. Балуан Шолақ сөзді түсініп, екеуі құ-
шақтасып тараған екен дейді!
Балуан Шолақ Қажымұқанмен алғаш кездескенде, сынап көр-
гісі келіп, белінен ұстап, ырғап-ырғап жібергенде, Қажымұқан ор-
нынан қозғалмапты. «Аға, сынап болсаңыз осымен қояйық!» деп,
Қажымұқан ағасына күш жұмсамаған екен дейді! Міне, қандай
керемет болған бұрынғының ерлері, а-а! Ал мына сендердің под-
лянкаларыңды көргенде, айдалаға безіп кеткім келеді әй, қазан-
бас!..
Әңгімесін аяқтай бергенде, тыңдаушылар ойланып қалады. Та-
бын келеді. Жұрт сиырларын айдап, ауылға қарай кетіп барады.
Бейбіт ауылдың тіршілігі.
21-көрініс. Жол
Баубек машинамен келе жатыр. Айналма көпірден өтіп, қалаға
кіреді.
22-көрініс. Шәпкі
Канторда. Орынбасардың бөлмесінде.
Орынбасар атаның құжаттарын компьютерден әрлі-берлі қарай
бастайды.
Орынбасар: Аға, шәпкі бола ма?
Баубек: Ә-ә? Шәпкі?!
Орынбасар: Аға, қазір тәртіп солай...
Баубек: Апырай, қызық тәртіп екен...
Орынбасар: Қызық, қызық... Қызық болмай, шыжық болмайды, мына қағаздарды дайындау үшін кемінде бір ай жүреді жұрт. Ал сізге тез арада дайындап беріпті! Бұл – рекорд, сізді Гиннестің кітабына жазуға болады! (даусын бәсеңдетіп) Шәпкіні қалдыруды ұмытпаңыз! Баубек: Негізі қазақ бас киім сыйламайды дейтін... Бірақ, амал не, шалдың шәпкісі бір кәдеге жараса, мә, ала қойыңдар! (Бас киімін шешіп береді) Бұл өзі ескі болғанымен, ақ адал маңдай терім әбден сіңген құтты шәпкі! Атамыздан қалған деп кәдірлеп киіп жүріңдер, айналайын... Орынбасар (азар да безер болады): Жоқ, ата, сіз түсінбедіңіз! Апырмай, не деген қараңғы едіңіз! Шәпкі... шәпкі... Баубек: Иә, шәпкі... Орынбасар: Фу, йолки-палки... қалай түсіндірсем екен? Шәпкі дегеніміз... шәпкі! (Орнынан тұрып келіп, құлағына сыбырлайды). Атаның көңіл күйі күрт түсіп, басын шайқайды. Баубек: Әй, қарағым-ай... босқа қинап тұрсың-ау. Мен өмірі пара беріп көрген кісі емеспін! Орынбасар: Ештеңке етпейді! Өстіп-өстіп үйреніп кетесіз. Егер де мына қағаздарыңызды біржола дұрыстап алғыңыз келсе, шәпкісін баса кигізіп жіберіңіз. Әйтпесе... (сыбырлап) дөкей бастық қол қоймайды! Баубек: Қарағым, қоятын да, тоятын да кездерің болды ғой! Шәпкі түгіл, кепкі де жоқ сендерге! Орынбасар (қабағын түйіп, құбылып): А-а, солай ма?! (Компьютерде бірдемені өзгертіп, қағазын шығарып береді) Олай болса мә, бастыққа өзіңіз кіріп, қол қойдыртып алыңыз! Баубек (қулана күліп): Рахмет, шәпкетайым! (Шәпкісін баса киіп, кетеді). Орынбасар оның соңынан үнсіз, басын шайқап қала береді. 23-көрініс. Елес Ата бастыққа келе жатса, коридорда Крутой мен Зыттыбай ұшырасады. Крутойдың әуелі зәресі кетіп, өз көзіне өзі сенбей, абдырап қалады. Зыттыбай аң-таң, атаға бір, оған бір қарайды.
Крутой атадан көзін ала алмай қалады. Ата бір буалдыр, бозалаң елес сияқты көрінеді. Крутой Зыттыбайдың қалқасына тығылады. Ата оны байқамай өте шығып, бастыққа кіріп кетеді. Крутой сол сасқалақтаған күйі Зыттыбайға сүйеніп біраз тұрады. Зыттыбай оны қарынан шымшып алады. Крутой есін жиып, жан-жағына қарайды. Өзін-өзі жағынан тартқылап, шымшылайды. Ойланады. 24-көрініс. Вариант Баубек бастық әйелге кіреді. Ол ұшып тұрып, қуана қарсы алады. Бастық әйел: О-о, сәлеметсіз бе? Келіңіз! Халыңыз қалай? Баубек: Шүкір! Бастық әйел бейілденіп отырып, Баубектің ұсынған қағазына қол қойып, мөр басқан соң, тағы бір тексеріп, компьютермен салыстырып, мұқият қарайды. Бастық: Тоқтаңыз, тоқтаңыз! Мына бір цифрдың орны ауысып кетіпті... (Бұл қағазды столға қоя салады) Қазір түзетеміз... (компьютерден бірдемені түзетеді) Міне, енді заңды болды! (Екінші қағазды шығарып, қол қойып, мөр басып, файлға салып береді). Баубек (файлды алады): Ой, рахмет, айналайын, көп рахмет! Бағың баянды болсын! (Дабдырлап жүріп, байқамай, алғашқы қағазды да файлға сап алады). Бастық: Сізге де рахмет! Сау болыңыз! 25-көрініс. Жоспар Крутой дәуге збандайды. Зыттыбай жанында үнсіз тыңдап отыр. Крутой: Әй, анау қияңқы шал тірі екен ғой әлі! Өткенде тырқиып қалды деп зәремді алып едің... Сен не, мені алдадың ба? Шалқар (үйінде): О не дегенің? Крутой: Мәссаған! Өткенде миды ашытқан сен емессің бе, неғып кетіпті деп... Шалқар: Иә, неғып кетуі неғып кеткен...
Крутой: Өй, тірі жүр ғой! Жаңа коридорда қарсы кеп қалған-
да... әуелде оны аруақ екен деп, жүрегім жарылып кете жаздады!
Шалқар: Оның не? Мен неғып кетіпті дедім, бірақ, неғылдым
деген жоқпын ғой!
Крутой: Вот мудак! Ал мен неғып кетіпті дегенді солай түсініп
қалсам...
Шалқар: Жоға! Неғып кеткенде... неғып кетпеген... неғып кет-
кен!
Крутой (ойланып): М-м, да! Онда өзіміз неғылармыз! (Сотка-
ны сөндіріп, Зыттыбаймен ақылдасады) Бұл қояншық шалдың
ызасы өтті әбден! Ауылдың жерін бізге беретін емес! Өткендегі
кегім тағы бар! Шалмен төбелескен де ұят, есе қайтармаған одан
да ұят!
Зыттыбай: Былай ғой... Сен оны әбден шаршатып барып, сұ-
латып сал!
Крутой: О-о!
Зыттыбай: Біраз төбелесіп, көрейік әуселесін ақсақалдың! Сі-
лесі қатқанда, сілейтіп ұрып жық та, басынан аттап жүре бер! Әне
саған кек алған!
Крутой: О-о! (Зыттыбай екеуі бір-біріне зымияндана қарайды).
Зыттыбай (Баубекке телефон соғады): Әлө, Бәке, слаумаликөм!
Бұл мен ғой... зып-зып еткен Зыттыбаймын! Сізбен кездесу керек...
сөз бар!..
... Зыттыбай «Жақсы!» деп, телефонды қоя беріп, Крутойға қа-
рап, ыржың етеді. Крутой бір бәле ойлап отыр...
26-көрініс. Шақыру
Баубек үйінде. Телефонмен сөйлесіп тұр.
Нәзира ауызүйде, оған қарайлап қояды.
Баубек: Жақсы, түсіндім, ескі баздың жанына келемін кешке!
Нәзира құлағын түріп, тыңдап жүр.
27-көрініс. Кешқұрым
Күн еңкейген кез. Құлаған ескі базға қарай жеңіл, ықшам спорт
киімін киген Баубек кетіп бара жатыр. Үй сыртында Нәзира оның
соңынан ұрлана қарайды. Бірдеңе ойлағандай болады.
28-көрініс. Агент Зыттыбай Крутойдың кеңсесіне жүгіре басып келеді. Зыттыбай (шаттанып): Таптым! Таптым ақыры! Крутой: Не таптың? Зыттыбай: Ид-дея! Сіз іздеп жүрген ид-деяны таптым! Крутой: Ал?! Тапсаң айтсаңшы тезірек! Зыттыбай: Кино түсіру керек! Крутой: Мә-ә! Зыттыбай: Дә-ә! Айды аспанға бір-ақ шығарасыз! Крутой: Мә-ә! Күшті-і болды ғой! Зыттыбай: Күшті, күшті! Крутой: А бірақ кино түсіру үшін талант керек қой! Зыттыбай: Ақша болса болды ғой – талант дегенің өзінен-өзі табылмай ма! Крутой: О кей! (Телефон соғады. Зыттыбай мәз). 29-көрініс. Режиссер Шалқардың қорасы. Шалқар жаттығып жүр. Телефоны шырылдайды. Крутой: Әлө, Шалқар! Жаңалық бар! Кино түсірейін деп жатырмын! Иә, иә, ки-но! Бүкіл елді есінен тандыратын, табыс әкелетін кино керек! Естен тандыру үшін не керек, білесің бе? Атысшабыс, төбелес, қырғын, қорқыныш, зорлық-зомбылық – бәрі ескіріп қалды! (Зыттыбай бас шұлғиды) Онымен қазір ешкімді таң қалдыра алмайсың... Ескірмейтін, естен тандыра беретін бір-ақ нәрсе бар! Ол не? Эр-р-ротика! (Зыттыбай өз-өзінен ыржалақтап отыр). Бұл деген жаңа эстетика! Оны түсінбейді... артта қалған тупойлар! Тәк, сонымен, киноны сенің ауылыңда, сенің үйіңде түсіремін! Маған ауылдың қыздары керек! Себебі... қаланың қыздары баяғыда шешініп қойған... ол қызық емес... Ал мен ауылдың қыздарын ауылда шешіндірсем... міне, бұл нағыз жаңалық болады! Бүкіл дүниені дүр сілкіндіреміз! Асқарға шығамыз, Оскарды аламыз! Әлемге атымыз шығып, жер-жаһанды шулатсақ, ауылдың басы айналып, бізге құлдық ұрмай ма?! Дабай, дайындала бер! Шалқар: Жақсы, жақсы, мынауың керемет жаңалық болды ғой! Біздің үй дайын... неше күн түсірсең де...
Крутой: Үй бар ғой... жарайды... ал, енді екі қыз тап... түсіретін... Шалқар: Табылады қыздар... Қыздар болғанда қандай! 30-көрініс. Актриса Айгүл мен Зайра мектепте дәптер тексеріп, сырласып отыр. Шалқар жүгіре басып келеді. Шалқар: Қыздар, сүйінші! Екі қыз да елең етіп, таңдана қарайды. Шалқар: Крутой біздің ауылда кино түсіргелі жатыр! Айгүл мен Зайра қосарлана «О-о! Күшті болды ғой!» деседі. Шалқар: Күштінің көкесі деңдер! Киноға сендерді түсірмекші! Айгүл: Қалай бізді түсіреді? Зайра: Деректі фильм бе? Шалқар: Жо-оқ! Нағыз көркем фильм! Екеуіңді актриса ретінде басты рөлдерде ойнауға шақырады! Көп-көп ақша төлейді! Айгүл, Зайра: Алақай! Алақай! Алақайдың бересі-ай! Екеуі шаттанып, Шалқарды екі жағынан ұстап алып, шыр айналдыра билей жүріп, екі бетінен шөп-шөп сүйіп алады... 31-көрініс. Кино Шалқардың үйі. Бір бөлме – түсіру алаңы. Крутой –режиссер. Зыттыбай – оператор. Камерасын дайындап тұр. Шалқар әжесін шығарып салады. Крутой Айгүлді айнаның алдында роль ойнауға дайындайды өзінше. Айгүл ақырын, сыпайы қимылмен оның айтқанын тыңдайды. Крутой: Тәк, сценарий бойынша, сіз ауылдың ұяң қызысыз. Сүйген жігітіңіз алыста, қалада. Сіз оны сағынып жүрсіз! Күндізтүні соны ойлайсыз! Оңаша қалғанда айнаның алдында тұрып, оны көзіңізге елестетіп, сезімге берілесіз! Айгүл түсіндім дегендей, айнаға қарап, сағынған қыздың кейпіне еніп, әдемі болып тұрады. Крутой: Ал, енді түсіре бастаймыз. Сіз жігітіңізді сағынып тұрасыз да, көзіңізді жұмып, оны елестетіп, шешіне бастайсыз! Ал, кеттік, камера, мотор! Зыттыбай: Ес, камыра, ес матор! Крутой: Кеттік!
Айгүл айнаға қарап тұрады, көзіне елестетіп, сағынады, бірақ Крутой көрсеткен қимылдарды жасамайды, шешіне бастамайды. Зыттыбайда ес жоқ, аузын ашып қалған. Шалқар ойлана бастайды. Крутой (әуелгі ойынына қарап): Міне, міне, керемет, тамаша, қандай сағыныш, қандай шынайы махаббат! Дабай, дабай, жалғастыра беріңіз, сезімге... сезімге қаттырақ беріліп, міне, былай, былай... (камераның жанында тұрып, көзін жұмып, өзін сипалап көрсетеді) өзіңізді өзіңіз сипалап, ыңырсып, бірте-бірте шешіне беріңіз, шешіне беріңіз, сосын тыр жалаңаштанған кезде жігітпен сүйіскенді елестетіп, қыңсылап, арлы-берлі бұлғаңдай беріңіз, бұлғаңдай беріңіз! Әуелде оны режиссер деп сыйлап, сөзіне мән беріп тұрған Айгүл бірте-бірте жиіркеніп, ызаланып, айтқанының бірін де істемей, тік қарап тұрады. Крутой (көзін ашады): Не болып қалды? Актриса Айгүл, режиссердің айтқанын неге істемейсіз? Әлде, махаббат дегеннің не екенін білмейсіз бе әлі күнге дейін? Онда сауатыңды аша қояйық қазір! Айгүл: Кешіріңіз, бірақ бұл менің қолымнан келмейтін сияқты. Крутой (шұғыл ашуланып, қатты айқай салады): Шешінесің! Шешінбегенде қайда барасың? Атақты болғың келсе, ақша тапқың келсе, шешінесің! Бәрі де шешінген... шешініп те жатыр! Сен де шешінесің! Мә, киноға түскен әр күніңе мың доллардан төлеймін! Шалқар ызалана бастайды. Зыттыбай бедірейіп, камерасын дайындап тұр. Крутой бір уыс ақша береді. Айгүл алмайды. Крутой ақшаны Айгүлдің ышқырына қыстырады. Айгүл оның ақшасын бетіне шашып жібереді! Кетпек болады. Крутой оны күштеп бөгейді. Оператор Зыттыбай сасқалақтап, ақшаны тере бастайды. Шалқар Айгүлге болысып, Крутойға жек көре қарайды. Оның қолын ақырын, бірақ, зілмен қайтарып, Айгүлдің шығып кетуіне жәрдемдеседі. Өзі ілесе шығады. Айгүл оған қарамай, қолын қағып жіберіп, жүгіре басып кетеді. Шалқар (ұмтыла беріп): Айгүл! Айгүлжан, тоқташы! Айгүл қайырылмай, жылап кете береді. Шалқар сылқ етіп есік алдында отырып қалады.
32-көрініс. Аттан Айгүл көшеде жылап келеді. Нәзира оны көріп, жүгіре басып келеді. Нәзира: Не боп қалды, Айгүлжан? Неге жыладың? Айгүл оны құшақтап, өксіп-өксіп жібереді. Мән-жайды ұққан Нәзира үйге, Зайраның шешесіне қарай жүгіріп кетеді. Нәзира: Ойбай, аттан, масқара... Екеуі Шалқардың үйіне қарай жүгіреді. 33-көрініс. Эротика Крутой (Зайраны үгіттеп тұр): Міне, мың доллар... күн сайын осылай төлеп тұрамын... тек келіссең болды... Бізге сенің жалаңаш денең керек, кейін монтажда бетіңді өзгертіп, тіпті, сенің басыңды алып тастап, орнына басқа бір бөтен қыздың басын қондырып шығарамыз. Ешкім де танымайды, сен екен деп ойламайды. Жарайды, тіпті тыр жалаңаш шешінбей-ақ қой, купальнигіңмен түссең де болады. Оның түк те ұяты жоқ қой, бүкіл әлем солай жүреді қазір. Иә, солай, шешінсең болды! Мә, мә, ал, қысылма! Зайра ұяла-ұяла ақшаны алып, сөмкесіне салады. Ақырындап шешіне беріп, бөгеледі. Крутой: Так, так, так... тамаша... тағы да кішкене.... дабай, дабай шешін! Зайра қысылып, ары қарай шешіне алмайды. Крутой: Шешін! Шешін деймін мен саған! Кеудесіне тағы да доллар қыстырады. Зайра кеудесін қолымен басады. Крутой: О-о, жақсы, жақсы, тек қана кемпірлер құсап сөлпимей, былай, кішкене ширақтау қимылдап, міне, міне, кеттік қане, сезімге беріліп... Зыттыбай ыржың-ыржың етіп, қызды екі көзімен ішіп-жеп барады. Зайра ерсі қимылдар жасауға ұялып, сөлбірейіп тұрады. Крутой (аш қасқырдай жалақтап, көйлекшең денесін сипайды): Міне, қандай әдемі денең! Осындай мүсінді шүберектің ішіне тығып, жасырып жүрген қазақтарда ми жоқ! Бол, енді бір-ақ қадам
қалды... (Ұялып, кеудесін қолымен басқан Зайраны белінен қыса
ұстап, айналдырып, теріс қаратып қояды да) Міне, қараңдар жала-
ңаш қазақ қызына! Мен мұны бүкіл әлемге көрсетемін! (Қыздың
көйлегін ақырындап, рахаттана түре бастайды. Зайра жанталасып,
екі қолымен көйлегіне жармасып, шешкізбей қарсыласады).
Крутой: Болды, хватит! Не ломайся! Шеш қане! Шеш дедім
ғой мен саған!
(Ышқынып, қыздың киімін жұлып ала бергенде, Нәзира мен
Жанар, соңдарынан Шалқар жүгіре басып кіріп келеді. Зайра
ұялып, денесін киімімен жауып, шегіншектейді).
Жанар (қызын құшақтай алады): Құлыным-ау, не болды саған?
Зайра шешесін құшақтап, жылап жібереді. Крутой бетпақта-
нып, бұрышта бедірейіп тұрады. Оператор Зыттыбай аппаратта-
рын ала салып, лып етіп шығып кетеді. Шалқар түтігіп тұр.
Крутойды екі әйел ортаға алып, түгін қоймай тілдейді.
Нәзира: Әй, қайыршы! Мұның не? Біреудің әлпештеп отырған
баласын масқаралап...
Крутой: Қайдағы масқара? Бұл – өнер!
Жанар: Бүйткен өнеріңмен қоса құрып кет, лағанат!
Крутой: Жалаңаш әйел денесі – жер жаһандық жаңа эстетика!
Нәзира: Астапыралла!
Крутой: Мұндай киноны жұрттың бәрі көреді! Үлкен де, кіші
де қызығады! Бұл табиғи нәрсе!
Нәзира: Айтақ! Табиғи екен деп, есі дұрыс адам жұртқа барын
көрсетіп, көрінген жерде шешіне бере ме екен!
Жанар: Әй, қайыршы, шешінгің кеп бара жатса, өзің шешіне
бер! Бірақ, менің баламда жұмысың болмасын! Осынша масқара
қылмақ болғаның үшін соттатып жіберсе де аз сен итке!
Зыттыбай машинада жалтақтап отырады.
Нәзира пештен күйені уыстап алып, Крутойдың бедірейген бе-
тіне баттастыра жағады. Есінен танған Крутой тырп етуге шамасы
келмей, көзін жұмып, қозғала алмай қалады.
Нәзира: Қара бет! Лағанат! Жоғал, қане!
Жанар Крутойдың қара бетіне былш еткізіп түкіріп жібереді.
«Да вы что...» – деп, бетін сүрте берген Крутойды Жанар сы-
пырғышпен салып-салып жібереді бастан. Нәзира көсеуді алып,
Крутойдың артынан түртіп-түртіп жібереді. Крутой ызаланып, кө-
сеуді ұстай алып, жұлып алмақшы болып, Жанармен тартысып,
әйелдерге күш көрсетуге айналады.
Әрең шыдап, қанына қарайып тұрған Шалқар Крутойды мы-
тып алып, кеңірдегінен қысып, қабырғаға тақап тұрады.
Шалқар (Крутойдың көзіне қадала қарап тұрып): Иттің ғана
баласы! Мұндай масқара өнеріңді артыңа тық! Есіңде болсын – біз
мұсылман қазақ еліміз! И у нас это не принято!
Крутой шошынып, көзін жыпылықтатады. Ызаланған Шалқар
оны сілкілеп-сілкілеп, іштен бір қойып, қолын қайырып, есіктен
лақтырып жібереді.
Крутой үйден өкіре ұшып шығады. Шалқар артынан қуалай
шығады. Зыттыбай секіріп түсіп, Крутойға болысады. Төбелеседі
үшеуі. Нәзира шығып, Крутойды бастан береді көсеумен. Шалқар
екеуін сабап-сабап, машинасына бір-ақ тығады. Крутой сол күйі
заулай жөнеледі.
Киімін киіп алған Зайра шешесін құшақтап, екеуі қосыла жы-
лайды.
34-көрініс. Машина
Крутой құйғытып келе жатқанда, бір үйдің бұрышынан әже
шыға келеді. Екінші жақтан Айгүл кеп қалады. Машина әжені қа-
ғып кете жаздайды. Айгүл жанұшыра жүгіріп, шошып кеткен әже-
ні құшақтай қағып әкетіп, аулаққа ұшып түседі. Машина да бұры-
лып үлгеріп, жанынан зу ете түседі.
Әженің жүрегі қысылып, әрең демалып жатады. Айгүл алғаш-
қы көмекті көрсетіп, Шалқарға звондайды. Шалқар «Әже! Әже!»
деп өкіре жүгіреді.
35-көрініс. Уайым
Шалқардың үйі. Әже төсек тартып жатыр. Айгүл сусын беріп,
бәйек болып жүр. Шалқар басы салбырап бұрышта отыр.
Нәзира: Осының бәрі сенің кесірің! Бір қызды алып, немере
сүйгізіп, әлпештеп отырсаң ауырмас еді! Өй, дөңкиген дүңгәна!..
Дәу қызараңдап, Айгүлге телміре қарайды.
36-көрініс. Махаббат Шалқар мен Айгүл орман, тауда қыдырып жүреді. Алыстан Баубек пен Нәзира өтеді машинамен. 37-көрініс. Жалдау Крутой кеңсесінде Зыттыбайдың алдына бір уыс ақша тастай салады. Зыттыбай оны қалтасына сүңгітіп жіберіп, тісін қайрап, жұдырығын түйіп, жынданып шығып кетеді. Крутой рахаттанып күліп қалады. 38-көрініс. Фонарик Зыттыбай амалын тауып, Баубек пен Нәзира қонаққа кеткенде, түнде атаның үйіне келеді. Бет-аузын тұмшалап алған. Көзі алақжұлақ етеді. Жан-жағына қарап, қабырғаға жабысып, терезені сипалап көреді. Есік алдындағы төңкерулі ескі шелектің астынан (немесе ілулі тұрған ескі сөмкеден) үйдің кілтін алып, есікті ашып кіреді. Фонарикпен жарық қылып, сипалап жүріп, тінткілей бастайды. Шкафты ақтарып, ескі қобдиды алып шығады. Отмычкаларын алып, ашып, қағазды тауып алып, фонарик жарығымен тексеріп қарап, «дұрыс» – дейді. Қағазды қалтасына салып, терезеден бір-ақ ырғып, қараңғыға сүңгіп жоқ болады. 39-көрініс. Өкініш Баубек пен Нәзира ертеңіне үйлеріне келеді. Ақтарылып жатқан қобдиды көріп, бірден түсінеді. «Қап!» – деп, санын соғып қала береді. 40-көрініс. Жер Крутой қыр басында. Қағаз қолында. Зыттыбай қасында. Крутой: Бұл жер енді менікі! – деп айқайлап, қос қолымен кеудесін қағады. Тәкаппарлана қарайды далаға, ауылға. Еңкейіп, бір түп жусанымен қоса бір уыс топырағын қос қолдап, шеңгелдеп алып, масайрап тұрады. Енді қолын түсірейін десе, қолы солай қатып қала-
ды. Әрі-бері секіріп, сілкілеп әуре болады. Қолы түспейді. Зытты-
байға тартқызады. Ол әуелі ақырындап, артынан табандап тарта-
ды... Екі қолы сол күйі қарысып қатып қалған!
Машинасына әрең мініп, Зыттыбайды рөлге отырғызып, сол
күйінде кетеді.
41-көрініс. Жусан
Баубек қыр басында далаға қарап, ернін тістеп, басын шайқап,
күйініп отыр. Қолындағы бір түп жусанды құшырлана иіскейді.
Алысқа қарайды.
Кең дала, бейбіт ауыл көзіне ыстық көрініп, қимастықпен те-
рең күрсінеді...
Кенет көзіне қағазын дұрыстап берген бастық әйел елестейді.
Баубек ойына әлдене түскендей, атып тұрып, үйіне қарай жүгі-
реді.
42-көрініс. Көшірме
Ата үйінде. Нәзираға сандықты ашқызып, екінші қағазды
тауып алады.
Екеуі бірге қуанады.
43-көрініс. Цифр
Крутой (ойбай салады. Телефонға!): А-а! Не дейсің? Мүмкін
емес!
Телефонды Зыттыбай ұстап тұр.
Трубкадан: Біз бар документті түгендеп әкелдік. Ең соңында
кадастр номері дұрыс болмай шықты. Екі цифрдың орны ауысып
кеткен екен. Енді бұл документтің бәрі жарамсыз болып қалды!
деген дауыс естіледі.
Крутойдың екі қолы сол күйі жазылмай қалған, бинтпен орап,
мойнына асып қойған. Терең күрсініп, басын шайқап отырады. Зыт-
тыбайда үн жоқ, зәре жоқ! Біраздан соң Крутой өзіне-өзі келеді.
Крутой (Сабырмен): Зыттыбай, Шалқарға збанда!
Зыттыбай дәуге збандайды. Телефонды Крутойдың аузына та-
қайды.
Крутой: Әлө, Шалқар... Мені ақсақалмен жолықтыр! Мен одан
кешірім сұрауым керек! Иә, иә, осымен қойдым... тоқтадым... тәу-
бе қылдым!
44-көрініс. Елші
Шалқар, Айгүл мен Зайра Нәзирамен әңгімелесіп отыр.
Зайра (зыпылдатып): Сөйтіп, әлгі жалмауыз тәубесіне келіпті!
Айгүл: Атадан кешірім сұрағысы келеді екен! Қарысып қалған
қолы сонда жазылып кетер ме екен деп үміттенетін көрінеді!
Нәзира үндемей ойлана қалады. Бір нәрсені жобалап отырғандай.
Шалқар: Тәте, осының бір ретін тапсаңыз жақсы болар еді! Та-
тулыққа не жетсін!
Нәзира: Жақсы! Мен ағаларыңды көндіріп қояйын! Бірақ, әлгі-
леріңе айтыңдар, ырым-жырым, жөн-жобаны білетін шығар өзі де!
Үшеуі күліп, бастарын изейді.
45-көрініс. Тәуба
Дәу, Крутой мен Зыттыбай Баубектің үйіне келеді. Баубек жоқ,
Нәзира бар.
Крутой: Солай, тәте! Мен осымен қойдым бәрін... Атаның ке-
шірімін алып берсеңіз болды!
Нәзира Крутойды тыңдап болғасын саусағымен «Ақша!» – де-
генді көрсетеді.
Крутой: Қанша?
Нәзира (Крутойға қарап қойып, біртіндеп көбейтіп): Мың...
жоқ... екі мың... тоғыз жүз... тоқсан... тоғыз... У. е.!
Крутой қалтасын ымдайды – екі қолы мойнында асулы. Зыт-
тыбай оның төс қалтасынан күмәжнегін алып, Нәзираға береді. Ол
керегін санап алып, қалтасына тығады. Қалғанын күмәжнекке сала
беріп, ойланып, санай бастайды. Тағы бір мың екен артығы.
Нәзира: Тәк, екі мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз – за помыш, бір
мың – әнеугүден бергі көрген бейнетіміздің өтеуі! Обшым, марал-
ный шербі! (Бар ақшаны қалтасына салып, замогын зыр дегізіп
түймелеп тастайды. Бос күмәжнекті Зыттыбайға ұстата салады).
Зыттыбай Крутойдың қалтасына салады. Крутой моп-момақан,
бәріне көніп отыра береді. Сырттан келе жатқан Баубектің дыбысы
естіледі. Нәзира саусағымен ымдап, ақша туралы айтпа дегенді білдіреді. Крутой басын изейді. Зыттыбай жымыңдайды. Баубек келгенде, Крутой қысылып, орнынан тұрып сәлем береді. Крутой, Зыттыбай, Шалқар: Ассалаумағалейкум! Баубек: Уағалейкумассалам! Шалқар: Мына балдарыңыз алдыңызға келіп тұр... Иілген басты қылыш кеспейді деген ғой аталарымыз... Баубек қадала қарайды. Крутой мен Зыттыбай көзін тайдырып әкетеді. Нәзира: Бәкесі, баланы қинай беріп қайтесіз? Өзі де әбден ұялып алдыңа кеп отыр екен... Жастық деген бір мастық қой. Әйтпесе, негізі жаман бала емес... былай. Өстіп, өстіп адам боп кетеріне күмән жоқ! Кекшіл емес, көпшіл едің ғой, кешіре салсайшы бір жолға! Баубек: Иә, Крөтөйім, солай де... Сен біздің жерімізді жұтамын деп едің. Ал, мә, жұтшы қане деп қолыңа берген жоқ па құдірет? Неге жұтпадың?! Жоқ, ешкім де жерді жұта алмайды! Жер жұтады сендерді! Сондықтан, жер бетіне сыйластықпен сыйыса білгенге не жетсін! Крутой мен Зыттыбай, Шалқар ойланып, үнсіз басын изей береді. Баубек: Бұдан былай есіңде болсын, шырағым! Құдай кешсе, аталарымыздың аруағы кешсе, біз кештік, тәубең қабыл болсын! Крутой: Рахмет, рахмет ата! Шығарда Крутой бұрылып, жылы жүзбен қарайды. Баубек пен Нәзираға ол мүлде басқа адам сияқты боп көрініп кетті. Иман жүзді, кішіпейіл қазақтың жігіті! Крутой қарысып, ауада асулы тұрған екі қолын түк болмағандай созып, атаның қолын алады. Баубек те қос қолдап қысады оның қолын. Крутой: Рахмет! Тебіреніп, разы боп кетеді бәрі... Нәзира: Иә, сендерге де, бізге де жақсылығы болсын! Келгендеріңе рахмет, айналайындар! 46-көрініс. Шашу Шалқар Айгүлді үйіне алып келеді. Айгүл оң аяғымен аттайды босағадан... Әжесі қуанып, маңдайынан иіскейді... Көрші-қолаң, апалар... Зайра да осында... Баубек пен Нәзира келеді.
Баубек: Бақытты болыңдар! Нәзира: Қадамыңа гүл бітсін! Ұзағынан сүйіндірсін! Қосағыңмен қоса ағарыңдар! Баубек пен Шалқар құшақтасып, бір-бірін арқаларынан қағады. Шалқар (толқып): Рахмет! Рахмет сізге! Баубек: Бұл сенің ең үлкен жеңісің! Жемісін көріңдер, айналайындар! Нәзира пакетінен уыс-уыс кәмпит алып, шашу шашады. Әже (толқып, көзі нұрланып): Иә, Алла, бергеніңе шүкір! Тәуба, тәуба! 47-көрініс. Норка тон Баубек пен Нәзира Шалқардың үйінен шығып үйлеріне беттейді. Бір кезде Нәзира Баубекке «тұра тұр!» деп белгі беріп, көшенің арғы бетіне, дүкенге қарай жүгіре басып кетеді. Баубек аң-таң, соңынан қарап тұрады. Көшенің арғы бетінен Нәзира көрінеді, үстінде норковый тон, басында жаңа малақай, аяғында етік! Қолында ескі аяқкиімі салынған кішірек бір пакет пен үлкендеу бір пакет! Баубек сылқсылқ күледі рахаттанып! Көшенің ортасында Нәзира Баубекке жаңа киімдерін көрсетіп, еркелеп, шыр айналады. Үлкен пакеттен Баубекке тымақ-малақай мен куртка алып шығып киіндіреді. Баубек сүйсіне қарайды оған. Шаттанған Нәзира шабытпен ерінен озыңқырап кетеді. Баубек тамағын кенейді. Нәзира күліп, артқы жүріске салып, шегіншектеп келіп, Баубектің қолтығынан ұстайды... Жаз ортасында қысқы киім киген екеуі бір-біріне күле қарап, үйлеріне қарай кете береді... Бір машина ауылға кіріп, анадай жерде тоқтайды. – Ата! Әже! – деп, машинадан түсе сала жүгірген немерелері алдарынан шығады. Ата мен әже оларға құшақтарын жаяды....
Соңы
2012-2014 ж.
Мазмұны
ӘҢГІМЕЛЕР ..................................................................................................... 3 Ұя ................................................................................................................... 3 Бақыттың бір үлесі ..................................................................................... 13 Біреудің шаруасы ....................................................................................... 23 Қалқан құлақ ............................................................................................... 32 Жеңіліс ........................................................................................................ 41 Гүл ............................................................................................................... 55 Есепті дос .................................................................................................... 58 Бақ ішіндегі бадминтон ............................................................................. 79 ӘҢГІМЕЛЕР ................................................................................................... 82 Көлеңкеңе қара!.......................................................................................... 82 Мұздатқыш ................................................................................................. 83 Біздің ауылдың аруы .................................................................................. 87 Құлтемірдің ғұламаларға хаты................................................................ 105 Тоғышардың прокурорға хаты ................................................................ 110 Өзің ғой... .................................................................................................. 123 Осылай... ................................................................................................... 124 Қанбазар .................................................................................................... 124 Өтірік пен шын ......................................................................................... 125 Каратэ мен келіншек ................................................................................ 126 Шаш пен тарақ ......................................................................................... 126 Отызыншы ақпан ..................................................................................... 128 Тентек қыз ................................................................................................ 129 Әйтеуір, артық екен ғой... ....................................................................... 139 Қысқартыңдар! ......................................................................................... 144 Қаластерен ................................................................................................ 147 КИНОПОВЕСТЕР........................................................................................ 151 Ән мен анаша ........................................................................................... 151 Табиғат аясындағы ән .......................................................................... 151 Айдай ару .............................................................................................. 152 Ат пен сержант ..................................................................................... 153 Жігіт пен джип ..................................................................................... 153 Тасқа шыққан самурай ........................................................................ 154 Қазы-қарта мен каратэ ......................................................................... 154 Қазанат пен контейнер ........................................................................ 155 Бастыққа хат ......................................................................................... 156 Базардағы ән ......................................................................................... 159 Ару мен арба ......................................................................................... 161 Жұмбақ ұнтақ ....................................................................................... 162
Сырласу ................................................................................................. 164 Қазақы каратэ ....................................................................................... 166 Шайқас .................................................................................................. 169 Наркотиктің буы .................................................................................. 171 Қатер бұлты .......................................................................................... 172 Алданған әнші ...................................................................................... 173 Құтқару тобы ........................................................................................ 175 Айқасқа дайындық ............................................................................... 175 Әйелдің айласы .................................................................................... 176 Арылу .................................................................................................... 177 Аран ........................................................................................................... 180 Айхан ........................................................................................................ 195 Кафедегі жанжал .................................................................................. 195 Подвалда ............................................................................................... 196 Үйде ....................................................................................................... 197 Бас жазу ................................................................................................ 198 Емделу ................................................................................................... 200 Айығу .................................................................................................... 201 Екінші емдеу ......................................................................................... 202 Қонақта ................................................................................................. 203 Жұмыссыз ............................................................................................. 205 Сыйлық ................................................................................................. 206 Шағыстыру ........................................................................................... 208 Өкініш ................................................................................................... 209 Тонау ..................................................................................................... 210 Ескі дос ................................................................................................. 211 Толғану ................................................................................................. 213 Большой орыс ....................................................................................... 214 Арылу .................................................................................................... 216 Жеңіс ..................................................................................................... 216 Жерталас ................................................................................................... 219 1-көрініс ................................................................................................ 219 2-көрініс ................................................................................................ 221 3-көрініс ................................................................................................ 221 4-көрініс ................................................................................................ 223 5-көрініс ................................................................................................ 225 6-көрініс ................................................................................................ 228 7-көрініс ................................................................................................ 229 8-көрініс ................................................................................................ 231 9-көрініс ................................................................................................ 233 10-көрініс .............................................................................................. 234 11-көрініс .............................................................................................. 234
12-көрініс .............................................................................................. 236 13-көрініс .............................................................................................. 239 14-көрініс .............................................................................................. 243 15-көрініс .............................................................................................. 244 Асау толқын .............................................................................................. 247 1. Кіндігін ашқан қыз ........................................................................... 247 2. Қыздың соткасы ............................................................................... 249 3. Тонау ................................................................................................. 249 4. Софиге сыйлық................................................................................. 249 5. Мақсат пен Манар ............................................................................ 250 6. Ауладағы сүйіс ................................................................................. 250 7. Мәшһүр Жүсіптің нақыл сөзі .......................................................... 251 8. Рэкет .................................................................................................. 254 9. Ұят ..................................................................................................... 254 10. Жаралы глобус ............................................................................... 254 11. Директордың қаһары ..................................................................... 255 12. Шокермен шошыту ........................................................................ 256 13. Ұрлық .............................................................................................. 256 14. Аяққа басылған орамал ................................................................. 257 15. «Алым-салық» ................................................................................ 257 16. Манардың айласы .......................................................................... 257 17. Қақтығыс ......................................................................................... 257 18. Джексонның жоспары ................................................................... 258 19. Егес .................................................................................................. 258 20. Стрелка ............................................................................................ 259 21. Шайқас ............................................................................................ 259 22. Жиналыс ......................................................................................... 260 23. Төгілген қан .................................................................................... 263 24. Пышақ ............................................................................................. 264 25. Реанимация ..................................................................................... 264 26. Үрей ................................................................................................. 264 27. Түнгі шабуыл .................................................................................. 265 28. Шарасыздық ................................................................................... 265 29. Қайрау ............................................................................................. 266 30. Қарсы шабуыл ................................................................................ 266 31. Қорадағы қорқау ............................................................................ 266 32. Қорадағы түс .................................................................................. 267 33. Шашылған шайка ........................................................................... 267 34. Жанталас ......................................................................................... 268 35. Ажал аузында ................................................................................. 269 36. Кек ................................................................................................... 269 37. Бетпе-бет ......................................................................................... 270
38. Арпалыс .......................................................................................... 271 39. Қара киімді кекшіл ......................................................................... 271 40. Ашынған ару .................................................................................. 272 41. Жас жүректер дүрсілі..................................................................... 272 У каждого свой раунд .............................................................................. 273 1-көрініс ................................................................................................ 273 2-көрініс ................................................................................................ 274 3-көрініс ................................................................................................ 275 4-көрініс ................................................................................................ 275 5-көрініс ................................................................................................ 276 6-көрініс ................................................................................................ 276 7-көрініс ................................................................................................ 277 8-көрініс ................................................................................................ 283 9-көрініс ................................................................................................ 283 10-көрініс .............................................................................................. 284 11-көрініс .............................................................................................. 284 12-көрініс. 1-раунд ............................................................................... 284 13-көрініс. 1-үзіліс ............................................................................... 285 14-көрініс. 2-раунд ............................................................................... 286 15-көрініс. 2-үзіліс ............................................................................... 286 16-көрініс. 3-раунд ............................................................................... 287 17-көрініс. 3-үзіліс ............................................................................... 287 18-көрініс. 4-раунд ............................................................................... 288 19-көрініс. 4-үзіліс ............................................................................... 288 20-көрініс. 5-раунд ............................................................................... 289 21-көрініс. 5-үзіліс ............................................................................... 289 22-көрініс. 6-раунд ............................................................................... 290 23-көрініс .............................................................................................. 291 24-көрініс .............................................................................................. 292 Ардагер ..................................................................................................... 293 1-көрініс. Ала сөмке............................................................................. 293 2-көрініс. Кантор .................................................................................. 294 3-көрініс. Ауыл ..................................................................................... 295 4-көрініс. Апа ....................................................................................... 295 5-көрініс. Шелек ................................................................................... 296 6-көрініс. Жанжал ................................................................................ 296 7-көрініс. Телефон ............................................................................... 297 8-көрініс. Қуғын ................................................................................... 297 9-көрініс. Айқас .................................................................................... 298 10-көрініс. Мектеп ............................................................................... 299 11-көрініс. Манас ................................................................................. 300 12-көрініс. Қыздар ............................................................................... 301
13-көрініс. Кумир ................................................................................. 303 14-көрініс. Тайша ................................................................................. 304 15-көрініс. Детектив ............................................................................ 304 16-көрініс. Ет ........................................................................................ 305 17-көрініс. Айран ................................................................................. 308 18-көрініс. Ата ...................................................................................... 310 19-көрініс. Дабай .................................................................................. 310 20-көрініс. Жаттығу ............................................................................. 311 21-көрініс. Жол ..................................................................................... 312 22-көрініс. Шәпкі ................................................................................. 312 23-көрініс. Елес .................................................................................... 313 24-көрініс. Вариант .............................................................................. 314 25-көрініс. Жоспар ............................................................................... 314 26-көрініс. Шақыру .............................................................................. 315 27-көрініс. Кешқұрым.......................................................................... 315 28-көрініс. Агент .................................................................................. 316 29-көрініс. Режиссер ............................................................................ 316 30-көрініс. Актриса .............................................................................. 317 31-көрініс. Кино ................................................................................... 317 32-көрініс. Аттан .................................................................................. 319 33-көрініс. Эротика .............................................................................. 319 34-көрініс. Машина .............................................................................. 321 35-көрініс. Уайым ................................................................................ 321 36-көрініс. Махаббат............................................................................ 322 37-көрініс. Жалдау ............................................................................... 322 38-көрініс. Фонарик ............................................................................. 322 39-көрініс. Өкініш ................................................................................ 322 40-көрініс. Жер ..................................................................................... 322 41-көрініс. Жусан ................................................................................. 323 42-көрініс. Көшірме ............................................................................. 323 43-көрініс. Цифр................................................................................... 323 44-көрініс. Елші.................................................................................... 324 45-көрініс. Тәуба .................................................................................. 324 46-көрініс. Шашу ................................................................................. 325 47-көрініс. Норка тон ........................................................................... 326
Баянғали Әлімжанов
ШЫҒАРМАЛАРЫ
АРДАГЕР
ІХ том
Әңгімелер, киноповестер
Жауапты редакторы Р.Ж. Әбдірахманова
Редактордың көмекшісі Н.Х. Шакен
Корректоры Г. Шаймергенқызы
Басып шығаруға 28.10.2016 ж. қол қойылды
Пішіні 60×84 1/16. Қағазы офсеттік.
Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 20,8.
Таралымы келісім бойынша. 020000. Көкшетау каласы, Абай к-сі,112.
тел. 8(7162) 40-21-55, e-maіl: techno@keleshek-2030.kz
«Келешекторгснаб» ЖШС баспасында басылып шығарылды
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру