Күй – шежіре
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Байахмет Жұмабайұлы
КҮЙ – ШЕЖІРЕ
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ Ж 81 ОҚЫРМАНҒА ОЙ Халық күйлерінің таралу көлемі кең, варианттық нұсқаларда молынан кезігеді. Сондықтан мен өзім жүрген өңірдегі өзіме кезіккен күйшілердің шертуі мен айтқан аңыздарына ғана негіз етіп тоқталамын. 1974 жылдардан бастап халықтық мұраларды жинай бастадым, ол кездерде дыбыс жазғыш техникалық аспаптар кемшін, өзім жас болғандықтан тəжірибесіздіктен кей күйлердің аңызына ғана ие болып қалған жайым бар, кейін келе кезіккен күйшілердің шертуін дыбысқа алып, бейне камераға түсіріп жинақтадым, содан бергі қолда бар деректерге сүйенсем өзім кезіккен қаншама күйшілер марқұм болып дүниеге көшті десеңізші, бірақ олардың шерткен күйі, айтқан дəлелі қолымда қалған екен. Енді бұларды буып-түйіп қоймай, ұрпаққа, күй зерттеуші мамандарға ұсынатын уақыт жеткендей болды. Өйткені көне көздердің айтқандары мен шерткен күйлерінде қалайда пайдаланатын зерттеуге татитын шындық, шынайылық жатқандай сезіледі. Мысалға: Нығметұлы Рапхат ақсақал бес атасынан билік қуған ордада өскен көненің көзі болғандықтан естіп-білгені көп сұңғыла қария еді. Сондықтан марқұмның айтқан күй аңыздары мен шерткен қырыққа тарта халық күйлерінің сарыны өте айқын, мұралық құны өте жоғары деп аңғарамын. Өйткені қариялар өзінен бұрынғы өткен сансыз күйшілердің мұрагерлері еді. Я, өр Алтайда жасаған халық ішінде ту басын айтсаң алашқа аты «Шақабай Шалап» күйімен аты мəлім Шалап деген күйші өткен. «Төрт жаяу» күйінің иесі Нəубел, «Ертіс толқыны» УДК 78.03 (574) ББК 85.313 (5 Қаз) Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Жұмабайұлы Б. Күй – шежіре. Деректі зерттеу. Байахмет Жұмабайұлы. ─ Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдас тығы «Атажұрт» баспа орталығы. 2012 жыл. 104 бет. ISBN 978-601-7023-54-6 Б.Жұмабайұлы халық музыкасының, оның ішінде, күй өнерінің білгір зерттеушісі саналады. Ол бұл іспен сонау 1974 жылдан бері айналысып келеді. Тарихы қағаз бетіне көп түсе бермеген əртүрлі нұсқадағы халық күйлерінің шежіресі ауызекі əңгіме арқылы бүгінгі күнге жеткен асыл қазынамыз екендігіне шүбə жоқ. Бұл салада табанды еңбек етіп, тұрақты жоқшы болып жүрген Байахмет Жұмабайұлының «Күй – шежіре» кітабында көптеген қазақ күйлерінің шығу тарихы мен күйшілер өмірі туралы қызғылықты баяндалады.
УДК 78.03 (574)
ББК 85.313 (5 Қаз)
ISBN 978-601-7023-54-6
© Жұмабайұлы Б., 2012 © Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы, 2012
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ деген күйдің иесі Мүкебала, «Əттең əлем» күйінің иесі 1916 − 1940 жылдары жасаған Сайып Қалелұлы. «Əттең» деген күйдің иесі 1954 жылдары алпыс жастан аса дүниеден өткен Шынайқан, 1940 жылдары дүниеден көшкен Шібішер Залың руы найман Əнуар. 1970 жылдары дүниеден өткен Рақила деген апамыз. «Ыбырай» деген күйдің иесі Ыбырай, (1908 жылдары дүниеден өткен) т. б. небір күмбірлеген күй құдіретін өз өмірлеріне абырой, жан серігі етіп өткен күйшілер өткен еді. Əне, солардың ізін басқан, өзіме де кезігіп, он саусағынан шыққан күй құдіретімен тыңдарманын тəнті еткен алды ол дүниелік болған күйшілер болған. Олар, «Шыңырау» күйінің иесі деп жүрген 1960 жылы дүниеден өткен Абдай Молдақанұлынан күй шерту өнерін он екі жасынан бастап үйренген Қабдай Рабайұлы (2004 жылы) марқұм айтқанды, сол ұстазы: «қашанда күй сыңар болмайды, əрқандай күй бір əңгіменің басталуы, шарықтауы, ақырласуы болатыны сияқты күй де тіркемелі, оқиғалы болады» дей келіп, «Аңшының зары» күйін «аңшының аңға шығуы, жолдасын атып алғандағы аңшының зары, қызға естіртуі, қыздың зары» деп болып шертетіндей барлық күйді осылай бөліп оқиғасымен шертетін» − деседі . Қабдай кейінгі кезде Айдарқан деген күйшінің өзіне ұстаздық еткенін айта келіп, «Айдарқанда күйлер тіркемелі болды» дегенді жұптап отырып «күйлер оң жəне сол бұраумен шертіледі, оң бұраумен қоңыр күйлер жəне əн əуендері шертіледі, ал сол бұраумен екпінді, айызды күйлер шертіледі» дей келіп, «бұл күндегі күй шерту мəнерінің бұзылуына басты себеп қандай күйді қандай бұраумен шертуді игермеуден екенін» ашына айтатынын баяндайды. Ал 1990 жылдары Бурылтоғай өңірінде бүгінге алтынның сынығындай жеткен «Маңғабылдың Қарақасқа атының жүрісінің» жеті нұсқасын толық жеткізген. Арғы тегі атақты күйші Ертайдың тұқымы Шəймұрат ағамызға кезіккенімде де ол кісі де жоғарыдағы пікірлерді құптайды екен. Ал, Көктоғай өңірінде Тайыншабай Байгелеңұлы атты (1995 жылдары алпысты еңсеріп қаза болған) күйшінің шəкірті болған Сетерқан Мұрсанұлы да өзіме отызға жуық күй шертіп беріп, ол да ұстазының ылғида «күйдің жалғамалы шертілуі дəстүрлік дағды» екенін ұғындырғанын айтады. Ал 2001 жылы 18 шілде күні 64 жастағы Мағай Тəйебайұлы «Тайыншабай 60 тармақ күй деп, күй шертетін. Ал қазіргі Мүкейдің «Қосқағу» сияқты күйлерді терме күйге жатқызушы» еді дей келіп, «əрқандай күй салаласып шертіледі, тек көңіл толқыны, толғау, кей шертпе күйлер ғана сыңар болады» деген еді дейді. 1999 жылы ұлы əкесі Сақаба өз əкесі Икібайдан бері күй шертуді жалғастырып келе жатқанын мақтаныш еткен Белет «күйде тіл болады, əрқандай күйдің əңгімесінің тынысы сарынында өлең жолы немесе зарлы сөздермен құралады» дегенді əкелері көп айтатынын айта келіп, «Жалғыз жігіт» күйінің сөзі «жалғыздықтың қиын-ай» деген зар болса, ал «Жетім қыз» күйі осы күйге жалғанып шертіледі де «қайтейін аға қайтейін» деген қыз зарын негіз етеді − дейді. Еңдеше, бұдан ары мұрағат бола ма, сірə, күй яғни, күй аңызы жайындағы куəлармен оқырмандар ортақтасар қақысы бар. Неге?. Өзің де бесігіңде жатып бірге уілдеген мынау күй аңызына сіздің де үлесіңіз бар. Алайда қолға келген бұл күй аңыздарының қайталануы мен кей ұнамсыздығына арқау болуы да мүмкін. Десе де əрбір күйдің қалай туғаны, нендей тарихи оқиғамен байланысып жатқанын бүгіннің қармауы жете бермейтін сонау ескі жұрттарда, арғы замандарда жатыр. Оны кім қолмен қойғандай дəл етіп жеткізіп, орнына қойып айтып бере алады. Ешкім,
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ міне осы күй аңыздарының мұншасын 1994 жылдары Шынжаң халық баспасына ұсынып жарық көрген болатын, содан беріде аз болмаған күй аңыздарын жинадым, міне бұл жолы бұларды толығымен оқырманға ұсынып отырмын, Тарихы қағаз бетіне түсе бермеген халқымыздың осы өнер дүниелері ауыздан-ауызға тамтұмдап жеткен керемет қазына екенінде күмəн жоқ. Ұлт бір болғандықтан мəдениет те ортақ, бір жерде айтылған дерек енді бір жерде жоқ немесе өзгеше болуы мүмкін, сондықтан осындай жинақтар арқылы бірін-бірі толықтау арқылы ел ішіндегі мол дүниелердің жарық көруіне мұрындық болуын үміт етіп осы кітапты оқырман қауымға ұсынып отырғанымды жалпыға білдіре кетпекпіз. Автор
Көкбалақ сабылысты
Он екі Абақ Керейдің Жаубасар бастаған батырлары Мəнжүр соғысына шығып аласапыран күнді бастан өткізеді. Ашамайлы, Ақбақты, Тоқабай, Сартоқа, Тапал, Ителі, Жанай, Жілке, Жəнтекей, Жəдік, Жаубасар, Жастабан, Абақтың осы он екі ұлының ұрпақтары Мəнжүр шапқыншысына атой салып жүріп, не бір қиын сəттерді сəтті көріп бақты. Осындай қиян-кескі ауыр күндерде жүрексіздікпен солқылдақтық істеушілер, бұл күнді орай біліп бет алды озбырлық істеушілер шығыпты. Бірақ бұларды рақымсыз басқаруға батырлармен халықтың арызын жөн көрген Сона би бұйрық түсіріп бұларды көп алдына əкеліп айыпқа тартуды белгілейді. Сонда бірліктің төріне, көптің алдына күнəқарлар мен құныкерлерді шығарып арасын он қадамнан бірбіріне қарсы тұрғызады да Сона би: – Ақтарыңыз кім, тура қарап дəл басыңдар, көзін таңып, арды ақтаған, сұғыңа қадап, намысыңды жер еткен жүрегіңе жара салып, ақ жүрегіңді қоралаған, жауға тізе бүгіп, ел намысын сатқан ердің ісі ессіздің ісі, бірақ, Тұма би, сізге айтарым, дөп басып, дəл көздеп көзден ат, мұндайда жүргін ұзап, демін тындырған жебең арыңның садақасы − деп, сарбаздар атаманы Тұма биге бұйырады. Сонда он төрт жасар Байжігіт: − Жамыраған самдай қарасұл берген берік құрыш емей немене, қарулы қол айбат емей немене? Соққан сойыл, ұрған шоқпар, қаққан найза, тартқан садақ,
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ шапқан қылыш, салған қанжар, сермелген күрзі батпақ емей немене? От түскен аспан, жарып түскен айбалта, тіліп түскен дойылың соғыс емей немене, қайнаған жігер, қайралған көк қылыш алмас емей немене? Сынбаған сақ, кетпеген намыс ерлік емей немене, сүйрете соққан дабыл, жігер емей немене, аталы сөзіңді ұқпаған, еселі сөзіңді жеткізбеген, көреген емей немене, − деп, толғана келіп, бүгінгі жеңісті де толғай -толғай айтқанда Сона бидің бойын бір желпінтіп тастағандай қолды білеп, сөзге араласып: − Төрелік айтып айыптауға оңай, ақ, қарасына жету қиын болған екен, неден болды себебін таразылап қайымдаған абзал екен, айып тағып кінəлау оңай, төрелік айтып қалысын табу қиын, күн қысқарып көлеңке ұзарады, күн түскен жерге көлеңке де түседі, төрелік əділ болса бұлтты жарған күнмен тең, таразың тайса тұзақтағы отпен тең, қазы тайса тас қараңғы түнмен тең, төрелік берсең көрейін, күрмеулі жіпті шешейін, ақ, қарасын анықтап, жазықсызын шешейін, адал сезіп тұрайын, құныкерін кіналап, төрелігін берейін, шақырғасын күнəкер, өзінен сұрап көрейін − деп термелей сөзінің соңын Тұма биге тастапты. Аңысын аңғарып, не айтарын күн ілгері болжап отырған Тұма би де: − Сот басқаның тəні, қосы басқаның жаны күйсін, кінəлісін шақырып топ алдында, тез қазысына келуге тізгін бердім, күнакарда мынау тапжылмас табан аудармас ел талқысын көрсін, тентектің тезі, содырдың жазасы, қызалықтың шарасы, топтың алдын, көптің алдын, қаза баспас мүлт кетпес бір шар боларын білейік − депті. Сонда Сона би: − Жаза басып мүлт кеткен жатыңның садақасы, күрмелген жіп түйілген жүрек жазасы, шешімін ашып төрелігі сол болады, жастарға нақақтан жаза кесу қызбалық сол болады. Бала да болса дана сөзі бар Байжігіттің айтқаны елге құт болады − деп, бала Байжігітке қарайды. Сонда күнəкəрлар мен құныкерлер, жиылған топ болып 14 жасар Байжігіттің адал кесіміне мөлтектей қарайды, сонда бір бөлім қылмыстылар өз ауыздарынан майданда соғысқа белсене аттанып ел, ер намысын қорғайтындығы жөнінде уағда беріскенде, Байжігіттің бала көңілі шалқып, домбырасын алып толғана күй шертеді. Сазды əуен, сыршыл сөзімен ойға салқын самалдай тиеді, мұңлы да, зарлы күй ырғағы тыңдаушының көз алдына сол бір қиян-кескі соғыс көрінісін елестетеді де, тыңдаушы қауым, аһ ұрып азапты рухани күйзеліспен өлімен тірінің арасында қалғандай күйге түседі, міне осылай «Көкбалақ сабылысты» күйі ел жүрегін елжіретіп, соғыс майдандағы қиян-кескі алпарысты жұрт көз алдынан бір өткізіп, аянышты күндер мен бақытты күндерін естеріне түсіргенде қабырғалары сөгіліп, қамығып та, қылғынып та қалады. Күй шертіліп болған соң, «елім маған тізгін берді, тізесін бүктіремін сотқардың, қызалықтың данасы, топтың алды, көптің аузы» деп күнəкəрлəр мен құныкерлерді төреліктің төріне шығарып мұндағы алуан қылмысты күнəкарларды айырым-айырым сұраққа алып намысты іс істеп қыз арын былғағандарына ауыр шара қолданып, соғыстан бас тартқандарға тəрбие беріп соғысқа қайта баратын етіп иландырады. − Құныкер қолына садақ берме, кім құныкер болса топ алдында тез қасында қасқайып тік тұрсын, тап басып таны да құныкерді көзден көзде, жебең тиіп мерт болса жаны салауат, жаза бассаң арың салауат, көзде көзіне, күнəкəрім! − деп, ары ашылған қыздарға садақ ұстатады.
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ Сонда кек кернеген қыздар адырнаны шерте тартып өз күнəкəрлерін дəл көздеп мүрдем жібереді. Ал соғыс қылмыстылары бір ауыздан соғысқа аттанатын болып ант ішкен соң, оларға кешірім етеді . Байжігіттің мұндай төрелігіне жиылған жұртпен, билер, батырлар дəн риза болып алғысын айтып төбесіне көтереді. Айтып бергендер: Рапхат Нығметұлы. 64 жаста. Ертіс қалашығының тұрғыны. Бағдат Мүтəліпұлы. 40 жаста. Көктоғай ауданының тұрғыны Маңғабылдың Қарақасқа аты Маңғабыл Алтайдың шірікші өңірінде өткен бардам адам екен. Оның алты алашқа аты мəлім жүйрік қарақасқа аты əсілі жетім қалған құлын емес, енесінен туғанда пері ойнаққа туылыпты. Қасқа ат талай бəйге алып жүрсе де Жайсаң өңірінде болған дабыралы аста оның аты айрықша шыққан екен. Өйткені онымен қарсылас болып түскен екі жүйріктің иелері Марғабылдың қасқа атына бəйгені бермеу үшін не бір сұмдықтарды істеп талай бөгеттер жасаса да ақыры жүлдені өзінің құдіретімен қасқа ат алады. Қара қасқа аттың шабысы, алғашқы шабысы, тосқындыққа ұшырауы, бір əйелдің құтқарып жібергеннен кейінгі шабысы, шиді жұлып əкетіп шапқан шабысы, жалғыз қара болып келгені – деп жеті түрлі күймен ақырластырады. Алайда Маңғабылдың қарақасқа атының өлімі қасқырдан болмаған. Бір жылы ауыр жұт болып Алтайдағы төрт түліктен шығын мол болады. Осы жылы Маңғабыл да төсек тартып ауырып қалғандықтан Қара қасқа аттың күтімі кетіп, көтерем болып орнынан тұра алмай қалады. Ел болып орнынан тұрғыза алмай Маңғабылға айтқан екен. Маңғабыл «Бейшара хайуан шамырқанып жатыр-ау, оған жалғыз амал бар. Бір топ атты қасынан шаптырып өтіп ұрандаңдар!» деген екен. Айтқандай ұранды естіген қасқа ат орнан тұрып кетеді. Міне осы жылы Маңғабыл да дүние салады. Түрмеден қашып шыққан бір адам түнде ауылдан ат ұрлап мінем деп жүріп осы қасқа атты іліктіреді. Ол оның атышулы қасқа ат екенін де, арықтап əрең тұрғанын да білмейді, тепкіленіп жолға шығып енді бір күзеулі жерге таяғанда қасқа ат жығылып түсіп орнынан тұра алмай қалады. Атының енді тұра алмастай болған қəлін көрген ұры енді оны қасқыр мен ит-құсқа жем еткенше бауыздап кетеді де ауылға жаяулап барып бауыздаған аттың етін алып алуға ауыл адамдарын жөнелтеді. Ауыл адамдары атқа келсе аты-шулы қарақасқа ат екенін танып, аһ ұрып ботадай боздайды. Ұры да өзінің мына абайсыз қылығына өзегіне өрт кетіп амалы қалмай қолынан келген жақсылығы, қасқа аттың басын қастерлеп биікке шығарып қойып кетеді. Осы қасқа атының басы кесілген жер қазіргі өр Алтайдағы «Сартоғай» өңірі екен деседі көне көз қариялар мен қарт күйшілер . Айтып берген: Меден Кəмəлиұлы. Жиналған уақыты: 2004 жылы наурыз. (Көктоғай Сартоғай өңірі). Жаубасар 1680 − 1560 жылдар арасында жасаған батыр, əйгілі күйші. Мəнжүр соғысы − сол кездегі манжоу өкіметімен болған соғысты меңзейді. Жиылған топ тарарда Байжігіт, осы реткі қаза болған күнəкəрлəрмен кектен тараған қыздар үшін, «Қос басқан» күйін шертеді. Маңғабыл кейде Марғабыл болып кезігеді, ХҮІІІ ғасырдың ортасында Алтайдың Ертіс бойында өмір сүрген адам.
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ Шұбар аттың шабысы «Əкем Кəмəли санап отырып тоқсан күй шертетін керемет күйші еді. Бала күнімнен өзіме домбыраны сол кісі үйреткен, осы кезде сол кісі шертетін күйлердің көбі шертіліп əрі аңыз болып айтылып жүр, тегі мен білгенде мына бірнеше күй шертілмей əрі аңызы да айтылмай жүр» − дейді. Меден деген күйші ақсақалымыз, əне соның бірі. «Шұбар аттың шабысы» ертеде жаугершілік заманда Өріке деген адам құрығына бір шұбар айғыр ілген екен, арада алты жыл өткен соң, бір күні ауылды жау шауып айғыр үйір жылқыны тоз-тозын шығарғанда шұбар айғыр қайтерін білмей орданы шыр айланып шапқылап, арқырап кісіней берген екен. Ашуда амалы құрыған айғырдың мына қалын көрген күйшілер «Шұбар айғырдың» үй айланып шапқан шабысына балап, «Шұбар аттың шабысы» деп күй шығарған екен. Айтып берген: Меден Кəмəлиұлы. 2003 жылы шілде айы. Тайыншаның тарғыл бұқасы Моңғол мен Қазақ жауласып тұрған шақтарда, қазақтар Тайынша деген моңғолдың неше табын сиырын қуып келеді екен. Өйткені, тайыншаның тарғыл «бұқасының табынын жауға да, аңға да бермейді» деген аты болғандықтан, Қазақтар кереметін бір көрсеткісі келсе керек. Бірақ бүгін қуып келген сиырлар таңертең бірі де қалмай зым-зия болыпты. Сөйтсе, тарғыл бұқаның неше табын сиырды түні бойы өзі айдап Тайыншаға қайта жеткізгенін көрушілер хабарлап, Тайыншаға хабар келеді. Сонда арасында тарғыл бұқаның ақылды кереметін мойындаған күйшілер осы күйді шығарған екен . Айтып берген: Белет. Ақсақ қаз, жалғыз қаз «Қазды көрсең атып ал, бірін атпай екеуін қатар ат» дейтін аңшылардың қағидасын білетін аңшы азамат көлде отырған қаздың əуелі бірін атқан екен, оғы толық дарымай топшысынан үзіп кетеді де ұша алмай қалады. Ал, оның сыңары басқа қаздар сияқты серігінің басынан айланып ұшып жүріп алмай, аңшының қараға алғанына үлгіртпей қиқулай дауыстап бетбақ даланы бетке алып зым-зия болады. Аңшы азамат өзінің əлсіздігіне өкініп қатты опық жейді. Бір қазды жаралы етіп, бірінен айрылып екі жан иесін бірдей зарлатқанына іші ашып кетеді де, неде болса жараланған қазды да атпайын сауықса кетер, ажалы болса өлер деп қайтады да, қайтып барып екі қаздың тағдырын домбыраға күй етіп «Ақсақ қаз», «бетбаққа кеткен жалғыз қаз» деп, шерткен екен. Жинаған: Байахмет Жұмабайұлы. Айтып берген: Белет. Жиналған уақыты: 2001 жылы, маусым айы. Абыздың күйі Бұл күйді əзіргілер «Абыздың күйі» демей «Ақсақ аю» деп, осы күйдің бір бөлегін ғана шертіп жүр. Əсілі жалғамалы төрт бөлімді күй еді» - дей келіп, «Ертеректе Абыз деген адам аңға шықса үйірлі үш аю кезігіп қалады. Бұлардың бейнесі қарап жүрсе Алтайды көксеп бара жатқан аюлар екенін ұққан Абыз алғаш екі ойда қалады. Жер аңсап зарығып бара жатқан бейшараларды атпасам деп ойлағанымен өзіне мұндай шоғырлы олжа енді түспесінде ойлап тəуекелмен, мылтығын кезеп артқы аюды атады. Оқ тиген аю жығылып түскенімен басқа екеуі қашып кетпей ай-
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ ланып жүріп алған соң Абыз енді қорбаңында атып алып қонжығын қоя бергісі келеді. Бірақ қонжық жəне қашпаған соң аяғынан атады. Ақсақтаған қонжық бір бел асып ақсақтап қайта келіп жүріп алған соң оны да атады. Сөйтіп үш бірдей аюды атып алған Абыз (бұны Қабдай деген күйші, ежелгілерден естігенімде жиыны жеті аю, төртеуі қонжығы екен дейді) қуанышы қойнына сыймай үш аюды қосар атына артып əндетіп үйіне қайтады, сондағы Абыздың əні: Алтайдың аң басшысын алдым атып, Жол тосып қарауылда жатып алып. Жатыуар алшаң керім жолың жақсы, Қайтайын енді үйіме аяңдатып. Қуанып бір екі ауыз салам міне. Қоңыр жай əнін айтып баяулатып, − деп, əндеткен екен. Абыз үйіне барған соң өзінің осы ерлігі мен қуанышын домбыраға күй етіп қосады. 1 − үш аюдың жүрісі. 2 - артқы аюдың жүрісі. 3 − бір аюды атқан соң қалған екі аюдың айланып шықпай жүрген жүрісі. 3 − қонжық аюдың ақсақтап жүрген жүрісі. 4 − өзінің əндетіп үйіне қайтқаны. 1996 жылы, қараша айы. Айтып берген: Белет, Қабдай. Сары атанның жүрісі 1890 жылдары Алтай төресі Көгедай* Бейжіңге (2) бір топ батыр, балуан нөкерлерімен Алтай елінің елдігін алуға аттанады. Осы жүрістері Жайсаң, Сауыр басып өр Алтай арқылы сырт Моңғол арқылы Бейжіңге барған жолында жол жөнекей тартутаралғы артқан сары атандарынан айрылып қалады. Ақыры Бейжіңге барып жарым жыл ішінде еліне оралған Көгедайлардың ауылына сары атанның келіп алғанын көріп, Бейжіңге таяған жерден қашып кеткен сары атанын туып-өскен мекеніне аман-есен қайтып келгенде таңырқап елге əңгімелеп берген екен. Хайуанда болса туған мекенін аңсап, қашқан сары атан тағдырын күйшілер күй етіп шығарған екен. Деседе, бұл күйді де кейбіреулер «Жер көксеген сары атан», «Саудагердің сары атаны», «Ботасын жоқтаған сары атан» деп аңызын əр басқа айтып жүр. 2000 жыл, 12 желтоқсан.
Бәйгеден келген қоңыр ат Шағда (1) төренің тұсында үлкен бір той болып, 500 үй тігіліп, моңғұл, қазақ болып жиылады. Ел жиылып, ертең ат қосылады деген күні Əлең (2) уəңмен (кейде Жеңісқан гүң деп те айтады) Шағда төре сыншы, бақсы, балгерлер жəне игі жақсылар болып ел ішіндегі бəйгеге қосатын аттарды аралайды да, соңынан елдің тойға мініп келген аттарын аралап жүрсе қара шылбыры бар, жалғыз айыл мен тоқым таққан бір қоңыр атқа көзі түскен Шағда төре «мына аттың иесін шақырыңдар» деп бұйырады. Ел ішін аралап жүріп, бір кедей баланың қойға мінген аты екенін біліп, балаға атын бəйгеге қосуды бұйырады. Ертесі ат келетін кезде төбеде тосып отырған Шағда Көгедай – Алтай керейлерінің 19 ғасырда 13 жасында төре етіп əкелген Əбілмəнбеттің Тұмар деген ханымынан туған үш ұлдың үлкені, ол 13 жастарында Керей елінің төбесіне көтерген төресі болып, 1890 жылдары Бейжіңдегі Чың хандығына барып Гүң (аймақ дəрежелі, «яғни губернаторлық» лауазым) мəнсап əкеліп ел басқарған. (2) Əлен уаң – 1962 жылдары Үрімжіде қайтыс болған Жеңісқан гүңның ұлы, аңыз əкелі-балалы екеуін ауыстырып айтылып отырады.
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ мен Əлеңің көзін шаң көрсетіп алдында сұрала ат келе жатқанын байқайды, бірақ таяп қалғанда байқаса сол қоңыр ат, үстіне мінгені сол бала жігіт екенін байқайды. Даяғашшылар (3) атты ұстағанда барып аттың жол білместігінен құйға түсіп кетсе де, алдымен келгенін көреді. Шағда төре 50 бас қой, бес жылқы беріп баланы риза етіп атты сұрап алады. Бала да осыдан көп ұзамай байыған екен. 1986 жыл. Айтып берген: Рапхат. Меден. Боз торғай (мысал)
Бір күні, бір аңшының шілге құрған тұзағына бір боз торғай түсіп қалыпты. Аңшы тұзақтағы боз торғайды ұстап алып, − ең болмаса қаршығама жемге бермеймін бе? − деп өлтіруге айналғанда боз торғай тілге келіп: − Мені өлтіріп қайтесің, жер етім, алар жүнім жоқ, оданда мен саған үш пайдалы сөз сөйлейін, соны ұғып ал да мені қоя бер, − депті. Мұны естіген аңшы: − ендеше сол үш пайдалы сөзіңді айтшы, − депті. Сонда боз торғай қуанып, болады айтайын. Бірақ бұл үш қасиетті сөздің бірін қолыңда тұрғанда айтам, бірін ағаш басына қонып алып айтам ал, соңғысын ұшып бара жатқанда айтам, − депті. Бұған мақұл болған аңшы: – Ендеше алдыңғысын қолымда тұрғанда айт, − депті. Сонда боз торғай − бірінші сөзді естігенде соған бола сүттей ұйып кетпей алдымен ой таразыға салып өлшеп онан соң көз таразы деген ақыл, сол ақыл қабылдағанды ғана қабылда, − депті. Аңшы мұны естіп, − ал, екінші айтатыныңды айтшы!,− деп, боз торғайды қоя беріпті. Боз торғай ағаш басына қонып алып аңшыға:− не деген ақымақ адамсың, менің ішімде, көлемі бас бармақтай гауһар бар еді. Егер мені өлтіріп сойса, сол гауһарды алып дүниедегі шылқыған байдың бірі болмас па едің. Əлгі айтқан сөзіме сеніп қоя бере салдың,− деген екен. Сонда аңшы құса болып,− қап! бəлем алданып қалғаным-ай, неде болса да үшінші сөзіңді айтып кетші!,− деп өтініпті. Сонда боз торғай: − Əй, аңшы менің алдында айтқан екі сөзімнен не ғибрат алдың? Бір сөзді естіген заман үйіп кетпе. Алдымен ақылға салып өлшеп көр демедім бе бір деп қой. Ал, ішімде басбармақтай гауһар бар дегенге сеніп құсаланып саныңды ұрдың осыған қайсы ақылыңмен сендің? Алдыңғы екі айтқанымды ұқпағанда, соңғы ақылды айтып қайтем, − депті боз торғай ұшып бара жатып. Айтып берген: Рапхат. Мəдениет үйі. Жиналған уақыты: 1985 жыл. Балжыңгер күйі Астында желмаясы бар бір малшы Ертісті құлдап келе жатса, оған Балжыңгер деген моңғол кезігіп қалады. Аман-сəлемнен соң Моңғол − андағы мінгенің желмая ма − дейді малшыға: – Иə, желмая. – Ендеше жарысып көрмейміз бе. – Неге тосынан жарысқыш бола қалдың. Моңғол осының алдында ғана арақ ішіп қызып шыққанын ол жерде де өзінің атына жететін бұл өңірде ат жоғын айтып мақтанғанын айта келіп, − əуелі төрт аяқтыда алдына ештеңе түспейтінін айтады. Малшы мына сөзге егесе қалады да: – Ендеше басыңды, айт! − деп қызынады. Бұған моңғол : (3) Бəйгеден келген атты тосып алушылар.
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ − Онда қайсымыз жете алмасақ қыз беретін болайық − дейді. Бірақ малшы өзінің қалыңдығы барын, жеңілсе астындағы желмаясын беретін болып келіседі де, əрі екеуі келісіп тартып береді. Алғаш желмая моңғолдың атының артында қалады, сонда моңғол айғайлап: – Менің атым Балжыңгер, Білмеген жан қалжың дер. Болды енді ей, Қазақ. Былжырамай қызыңды бер − деп, əндетеді, бірəқ жолайрыққа келгенде желмаясы моңғолды шаңға басып өте шығады. Сонда малшы: Ай Балжыңгер, Балжыңгер. Бұны да ел қалжың дер. Былжырамай аттан тұс. Қолыңдағы қаруыңды бер − дейді. Сөйтіп бұл екеуінің жарысы, “Балжыңгер желмаяның шабысы” деп екі күймен шертіліп елге тараған екен. Айтып берген: Рапхат. Жиналған уақыты: 1985 жыл.
Бозінген Бұл хиқая сол бір есте жоқ ескі заманың жаңғырығы, ол кезде балығы тайдай тулаған Сыр бойында көне Қаратау мен Қазығұрт маңында көшпенді ел жайласқан еді. Күндердің күнінде осы өлкедегі елден екі жылда бір рет алтын шудалы, күміс түкті бота туатын бозінген туралы аңыз дүниенің төрт бұрышын шарлап кетеді. Бұл хабарды құлағы шалған шалғайдағы жат елдің патшасы қырық нарға қазына арттырып «қалап сұрауға, берсе қолынан алу, бермесе жолынан тартып алып, бозінгенді өз жұртына əкелуге» адам мен жасақ жөнелтеді. Киелі малдың ердің емес елдің алтын бесік жерден шығып бара жатқанын көрген сол елдің жасы жүзден асқан қариясы сақалын желбірете саумалап: – Балалар, бозінгеннің былтырғы ботасын (тайлақ) қасына екі күн түнетіп алып қалыңдар, жануардың алдында қандай күн күтіп тұр, қоштасып қалсын − деп тапсырыс береді. Екі күннен соң өктем келген жат ел адамдары бозінгенді бұйдалап ұзақ жолға шығады. Бозінген артында қалған тайлағының дауысын естіп, боздап тартыншақтағанмен адам қолына ілінген тағдыр оның еркінен тыс болып, көкірегін шерге толтырып, көзін жасқа шылап боздатып алып кете берген бозінген ел мен жеріне артындағы тайлағына боздаған дауысымен қоштасып ұзай береді. Бозінген жат елге барғалы да үшінші жыл болды. Оның басынан не өтпеді, ең алғаш мынау масатыдай құлпырған балаусалы өңірдің əтірелі шөбі мен бал татитын мөлдір бұлақты сулардан қанша құшырланып жеп-ішейін дегенмен аузына татымады. Неше күн аузына дəн салмай мелшиіп тұрған інгенді өліп қалуынан алаңдап сахараға апарып жадыратпақ болды. Онда да бозінгенің есіне сол туып-өскен мекені түсіп: арқанын үзіп қашты. Оны жарты жолдан қуып жетіп басы-көзі демей, соғып қайтарып əкелді. Ендігі бұндағылардың күткен боталаса шаранасына айналып туған жеріне қашпас деп, енді уақыт жеткенше тұсап қойды. Бірақ, адамдардың ақылынан тыс бозінген тұсауын үзіп қашты, тағы ұсталды, міне өзінің қыр соңынан қалмай жүрген бағып-қағуға да, жоғалып кетпеуіне де жауапты болған патшаның адал құлы аласа бойлы, қатқан қара кісіге бозінген өлердей өшікті. Екінші жолы ұсталғанда бұл рақымсыз бозінгеннің аяғын қыл шылбырмен тұсап, əрі шідерлеп тастады да: – Сен туған сахарада мен де туғанмын, мен де елімді
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ аңсап қашып көргенмін. Бірақ адамнан айла артылған ба? Мəңгілік байландым бұл жат өлкеге. Амалың не үйренесің, көндігесің көндікпей көрші, ақыры өліп құрисың − деп, айғайлай келіп, міне енді «сахара көксеп жүр ғой» деген інгенді сол тапал қараға тапсырды да құм суырып тұрған жапан далаға шегеледі де тастады. Көзінің сорасы ағып-ағып жағына сіре болып қалған бозінген мұнда да маңқиып тұра берді. Міне бозінген үшінші рет жəне қашты, шідерін аузына салып тістеп қиды да туған жерді бетке алып зар желіп келе жатқанына екінші күн, алғашқы күні үзілмеген тұсау қиған шідердің тұсарлығынан қиып ағызған қанға да қарамады. Жан азабының алдында тəн азабын бұйым көрер емес. Сайға құдайғанда жүрісі өнген сайын көкірегіне күй толып тайраңдап жөнелсе, қырға қарап адымын қысқартқан қайғыдан ентіге əрең шығады. Жолын бөгеген тауды да, өзенді де елер емес. Осы екі күн бойы мойынын идіріп, басын жерге нысалған емес. Қуанышы аяғының бостығы, алдыға қойған ұлы арманның жүзеге асатыны, көз алдында тек қана өзінің туған жері, сағым ойнаған сары даласы, сарыарқа жақтан сарнай соққан желге үн қосып боздаған ботасының дауысын естиді. Тоқтай қалып сол дауысты естігісі келеді, бірақ арттан қуғыншы ноқат көрінгендей. Кенет бозінгеннің іші-бауырын əлдене нəрсе бұрап кетті. Ол осынау құбылыстан сұмдық шошып тоқтай қалды. Бұл бозінгенге егескен тағдыр тартқан ең соңғы сын болды. Бір өмірден екінші өмір үзіліп түспек, тіршілік заңын тоқтатып болмайды. Бірақ бозінгенге оны елер мұрсат қайда. Соңынан қуғын, қатыгез қара кісі, өзінің туған жерін ұмытқан пенде – тағы да қуып жетер мұнда деген оймен інген алға қарай сыдыртып келеді. Осыдан соң қанша уақыт өтті кім біледі, шіркін өмір қандай күрделі еді, толғағы жеткен бозінген шарасыздан кідірді. Өйткені анадайынан бала ботаның басы шығып қалған еді. Ал, алда əудем жерде туған жердің кəдуелі қара теңізі толқын атып жағаны ұрып тұр. Тылсымы шексіз тіршілікке өмір келді. О, ана қандай құдіреттісің сен азабы мен қайғы-қасіреті жетерлік мынау жарық дүниені бір сəт көрудің өзі ғатиман емес пе? Сен тіршіліктің кезекті иесіне соны сыйладың, − деп, айнала төңірек əн салды. Бұл əуенге сылдыраған бұлақ та, көмейі бүлкілдеген бұлбұл да, тіпті көктемнің көкөрім шүйгініне жаңа тұрып, анандай жерден ыржия қараған саршұнақ та қосылды. Бірақ бозінген көңіл қуанышынан құралақан еді. Орнынан тұра алмай жатқан ботасын қайта-қайта тұмсығымен түрткілей берді. Бірауық ыңырана боздады, көзінен парлап жас ақты, ақыры бота да тірсегі майысып жатқан жерінен тəлтіректей тұрды-ау. Осы сəтті күткен бозінген туған жеріне бет түзеп жүре берді. Алғаш орнынан əрең тұрып, анасының соңынан əрең ерген бота оншақты қадамнан соң шалғынға шалынып омақаса құлады. Перзентінің аузы уызға да ілінбей мына тағдырға тап болғанына бозінгеннің іші удай ашып барады. Қуғыншылар тірсектеп таяп қалды. Бозінген амалсыз алдыға атқып жөнелді. Əудем жерге барып кейін қараған еді, ботасы орнынан тұра тағы шалынып омақа асты. Ана жүрегі шыдамады, кілт тоқтап бұрылды. Бұрылды да қайта ботасына жетті. Ботасын тұрғызбақ болған еді, ботадан дəрмен кеткендей екен. Əне қуғыншылар жетіп қалғандай, үш салт аттының алдында екпіні қатты айғыр мінген тапал қара екені дəлел. Ол жəне ботасын тастай алдағы туған жердің дариясына қарай ұмтыла бара жатып тағы кейін қарап ботасының қалын байқады. Өзі емесау енді ботасының соларын есіне алды. Дəл осы кезде інгенің түрі де жан шошырлық өзгере кетті. Аппақ
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ тістері ақсиып, жас парлаған көзінің ағы қып-қызыл етке айналып кетті де ботасына келе оның мойнын қайырып алқымынан ала өткір тісімен шайнап-шайнап жіберді. Бота соңғы рет тұяқ серпіп жан үзген де інген де екі тізесін көтере орынынан тұрған еді, өзін қуып жеткен қуғыншылар қоршап тұр екен. Бозінген алдында тұрған қуғыншының бірін кеудесімен соға ұшырып жіберді де, алдағы туған жердің дариясына жан ұшырта ұмтылды. Мына тосын жағдайға селт еткен бір қуғыншы інгенді қумақ еді, əлгі тапал қара оны тосып қалды. – Болды енді бозінгенді тірі ұстай алмайсың − деді. Бозінген туған жердің дариясына өзін бірақ лақтырды. Алғаш су түбіне шым батқан інген əудемнен соң қалқып шыға ағынмен қалқып бара жатты, − ұстаған күнде де ол құсалықтан өлер еді − деді. Əлгі аласа қара сөзін жалғап, − оның еті де жеуге келмейді. Өйткені қайғыдан қаны да қарайып кетті. Жануардың сүйегі асыл ғой, асыл тектілер шет өлкені жерсінбейді. Тек ботасын, тұқымын алсақ деп едік. Əттең-ай, əттеген-ай, соңына қарайламау үшін көңілін суытып бірақ кетті. Оһ, қасиетіңнен айналайын туған жер, кімдер сенен тумады, кімдер сенен өтпеді. Маңдайдағы жұлдызын сенің жолыңа, жарқын болашағың үшін құрбан еткен емес пе еді. Қандай ерлік, бірақта мұндай ерлік менің қолымнан келмейді, бозінген жіппен байланып еркінен айырылса, мен жіпсіз байланып келдім ғой, − деген аласа қатқан қара міңгірлей сөйлеп көзіне жас алды да, қасындағыларға артында қалған перзенттеріне сəлем айтып «қашанда туған жерді тапсын» деген соңғы өсиеті мен бозінген түскен туған жердің дариясына барды да өзін тастап жіберді, міне, осылайша бозінген трагедиясы ақырласқаны мен бозінгенің ерлігі, туған жерге деген махаббаты. Əділдікпен, ары адамдар жүрегіне өшпес рух болып бірден-бірге, ұрпақтанұрпаққа, ғасырдан-ғасырға жалғасып жігер, қайрат бағыштап отырды да, əне сол өшпес рухқа тəсірленген күйшілері бозінген тағдырын ұрпақтарға «Бозінген» күймен жеткізіп, қалдырып кете берді. Айтып берген: Қамза Көктандиін. Жиналған уақыты 2004 жыл (Қазақстан). Жалғыз жігіт Жалғыз жігіт 1930 жылдары “Қара айғыр”(1) деген жерден ат салып өткенде əуелі малмен елді қырқарлап өткізеді. Бір жалғыз жігіт байталына сеніп суға түсіп ағып кетеді. Сонда «жалғыздықтың қиыны-ай, ат сал – ат сал» деп зарлайды. Бұған шыдамаған Бейілбай деген адам «көк байтал өзің үшін жүзесің» деп, күп береді. Бірақ, ол да суға кетеді, ешкім құтқара алмайды. Осыны Қамады деген адам кейін күйге шығарыпты. Татым сылқым, кербез қыз − екеуі де кедейдің қызы болғанмен, бұл ортада бай қыздарынан артық екен. Күй олардың сымбатты жүрісін бейнелейді . Айтып берген: Қалибек Көкейұлы. 52 жаста. Ел ішінен жинаған: Байахмет Жұмабай ұлы. 1990 ж. 1 шілде. Шыңырау Шыңырау күйінің шертілуі де, аңызы да қолыма түскені алты түрлі. Тек бұл ретте бұрын айтылмаған аңызын ұсынам. Құз басына ұясын салып, балапанын енді жұмырт- Қара айғыр (1) - Өралтайда Ертіс бойындағы жер аты.
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ қасынан шығарып əмірсіз тірлікпен жүрген торғайға қаршыға кезігіп теуіп түсіреді, балапаны деп зыр жүгіріп жүрген бейшара торғай қаршығаның тұяғынан шалажансар болса да құтылып сай тағанында бұта бүрген ішіне барып бірақ түседі. Қанша уақта есін жиғанын өзі білмейді. Көзін аша, шырылдап зар илеп жатқан балапандары есіне түсіп тұра ұмтылайын десе, тұяқтан зақымдалған денесі əбден қалжыратып діңкесін алған екен. Амалсыздан бұта-бүрген арасынан құз басын өрмелейді. Əдетте лып етіп баратын құз басы оған айлық, жылдық жол болып сол бір көз жетпес шыңырауға жету үшін бар күш қуатын жиып өрлей берет. Əне, сондағы торғайдың зары құз басына өрлеуі, қарға ұшып ұясына жақындауы, зарланған зары деп, – жалғастырып күй шертіледі. Айтып берген: Қалибек Көкейұлы. 1990 ж. шілде айы. Самұрықтың зары Балапандарын үнемі айдаһар жеп тоқтатпаған самұрық, өзінің қас жауы айдаһарға қарғыс жаудырып құдайға жалбарынады екен. Жаратқан самұрықтың зарын тыңдап, оған мейірін төгіп, адамзатта аты шулы жау жүрек батыр Ертөстік дегенді құдіретті айдаһарға жібереді. Ертөстік келе жатса бір самұрық құс «мен құдайға не қылдым, мен құдайға не қылдым» деп зарланып отырғанын көріп оның мұңын тыңдайды да, самұрық өзінің бес жылдан бері бес балапаннан айрылғанын айтып еңірейді. Ертөстік қатты ашуланып «мен көрейін оны» деп қаһарына енеді. Самұрық: «онда менімен ілес» дейді. Ертөстік самұрықтың қанатына шығады, теңіздің ортасына барғанда айдаһар адамның иісін біледі де тұра ұмтылады. Ертөстік самұрықтың ұясына жетіп айдаһарды өлтіреді. Самұрық көз жасы көл болып, Ертөстікке зарлана мұңын да, алғысын да айтқан зары екен − дейді . Айтып берген: Қалибек Көкейұлы. 52 жаста. Дүре ауылы. 1991 ж. шілде айы. Ертіс Жаз болса толқыны көкке шапшып өткел бермейтін, қыс болса қатқан мұз шор болып, отаудай-отаудай төбеленіп келіп қысымнан атылғанда төңірегіндегі малмен, жанды ойрандап өтетін арнасы кең, тебіні қатты осы өзенде əдеттегі балықтың түрлері ғана емес, бекірелер ойнайтын кезде, халық сол бекірелердің жасаған, мекенденген орнына қарай өзен, аңғарларын бөлген екен. – Ертіс «бекірелі» деген сөз екенде, «Қара ертіс» − «қара бекірелі», «Бала Ертіс» − «кіші бекірелі», «Қу ертіс» − «кəрі бекірелі» деген мағынада екен. Ол кездерде бір рулы ел ең үлкен бекірелерді бір қыстық талшығы етіп кетеді мыс, ал суға сілтеген серең құр шықпай қалайда бір де екі балық алып шығады, егер түн қараңғысында өзен бойына от жақсаңыз жарыққа үймелеген балықты құйрығынан ұстап бірден сүйреп шығара беруге болады екен. Деседе ол кезде елдің үрейленері бекіре екен, түн мезгілдері от жарығына тартқан бекіре су түбінен отқа қарағанда қара қазандай көздері от алауымен шағылысып, өзіңе қарағанда əр қандай жүрегі түкті жанның зəресін алады екен. Ал бекіренің асыр салған ойынынан лəззəт алатын кездер болады . Өзен жағасын түн мезгілдер көлемін қалыпты қылып
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ əлде неше жерден от жағып, өзің ұзақтан қарап жатсаң жағаға таяп келген бекіре «үп» деген үн шығарып жатқан отты бірдемде жағалай өшіріп кете алады екен. Ол кездерде, «Балаертістің» бекірелерін ұстағандар, бір түйеге екеуін теңдегенде, түйе бес дағдар астық артқандай орнынан зорға көтеріледі де, сонда бекіренің құйрығы жерге сүйретіліп кетеді. Ал «Қуертістің» бекірелері оқта − текте ілініп қалса, уылдырығы өзі бір отбасының бір жылдық көже қатығы болады. Сол кездерде Ертіс түбінде бір гауһар тас болған екен, сол тастың құдіреті 35 түрлі балықтың тұқымын осы Ертіске жиып тұрыпты, бертін, жер ластанып, адамнан ындын кеткен соң, қасиетті гауһар тас та ғайып болып, мынау бекіреден тартып алуан түрлі балықтардың да тұқымы құрып кеткен екен. Айтып берген: Қабидолла. 61 жаста. К. А, Күраті ауылдығы Өндырқара қыстағында диқан. 1989 жыл, маусым айы. «Көк төбет» күйінің тарихы
Қазақтың бір жігіті жолаушы жүріп келе жатып, жапан даладағы орманның жағасында қалың шие бөріге кезігіп қалыпты. Шие бөрілер оны қаумалап алуға таяпты. Жігіт қашып кете алмаған соң атын терекке байлай салып өзі теректің басына шығып кетіпті. Шие бөрілер атты − жепті. Тек ердің қаңқа бəсімен екі үзеңгі ғана қалыпты. Бұған місе тұтпаған бөрілер ағаш басындағы адамды жеудің қамына кірісіп теректі құлатпақ болып кеміре бастапты. Терек жығылуға таяғанда, шəуілдеген бір күшіктің дауысы бір жақтан шығыпты. Сонда атты адамнан қорықпаған бөрілер жан-жаққа қашып кетіпті. Жігіт шие бөрілер кеткен соң теректен түсіп күшіктің дауысы шыққан жаққа қарай жүріпті, бір кезде алдынан бір қара қос кезігіпті, сəлем беріп кіріп барса бір шал мен бір кемпір ғана отыр екен, тек күлге аунап қазанның күйесіне боялған көк күшік жатыпты. Жігіт басынан өткен істі оларға баяндап енді аз шаруасы бар екенін айтыпты. Шал-кемпір «айта ғой, балам», − депті. Сонда жігіт не алсаңыздар да тауып берейін, мына күшіктеріңізді берсеңіздер,− депті. Шал − осының тамағы да қиын болып отыр, жалғыз сиырдан басқа малымыз жоқ, − дейді. Жігіт күшікті алып, шапанын шешіп шал-кемпірге беріп кетеді екен. Жігіт аз кез шал-кемпірдің алам дегенін беріп тұрыпты. Көк күшік үлкен ит болыпты, көк ит дауыс шығарып үрмейді екен. Егер бір үріп қалса бір қасқыр келіп өледі екен. Сөйтіп, сол маңдағы қасқыр атаулы өліп бітіпті. Əдетте ермейтін көк төбет күндердің бірінде жеті қырқадан асып барып ұлып жатып алыпты. Тамақ берсе ішпейді, шақырса үйге келмейді, күнінде бір кезеңнің қырын асып жеңгендік бейнемен қайта артына қарай жылжиды екен. Бұл сұмдықты көрген ел − бір жəйсіз жағдайға тап боламыз ба − деп ойлап көшіпті. Сонда əлгі жігіт өз басынан өткен істерді ойлай келіп «менің де басыма күн туғанда осы көк күшік құтқарып еді, қазір мұның да басына күн туып тұрған шығар. Мен адам болғандығым үшін борышымды өтейін − деген байламға келіпті. Ел үркіп кетіпті. Жігіттің ата-анасы, бала-шағасы оған елмен бірге кетуді айтады. Ал, жігіт бұған көнбепті, сонымен айбалтасын қайрап үйінде жалғыз қалыпты. Бір күні ит басын есіктен шығарып артын үйге тығып жатып үрген екен, жігіт айбалтасын алып босағада сақадай сай дайын тұрыпты. Ит есіктен ыршып барып төрге шығып есікке қарап отыра қалыпты. Осы кезде есіктен зорға сиып бір нəрсе кіре беріпті. Жігіт бар пəрменімен шауып (1) Ертіс* − деген атауды кейбіреулер ертедегі шағатай тілінен қалған екен деседі .
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ қалған екен. Басы жерге түсіпті, қараса есік пен төрдей қасқырдың сырттаны екен. Сонда көк төбет үрген екен. Кейін жігіт оның үргенін домбыраға салып «Көк төбет» күйін шығарыпты . Айтып берген: Рапхат. 1984 жыл. Жалғыз жігіт «Жалғыз жігіт» жəне «Жетім қыз» деген тақырыпта күй түрінің екі нұсқасы кезігеді. Əр нұсқасында аздаған өзгешелік бар. Мысалы, «Жетім қызда»: Ертеде бір байдың жалғыз қызы болған екен, алайда, бұл қызы үш-төрт жаста олжаға келген қыз болғандықтан, бай мен оның бəйбішесі жек көреді екен. Осы ауылда əке-шешесі жоқ бір жалғыз жігіт болыпты. Ол күндер өте келе əлгі байдың қызын жақсы көріп екеуі көңіл қосады екен. Мұны сезген бай басқа бір жаққа көшіп кетіп, екеуін ажыратпақ болады. Жарынан ажырап қалған жігіт ақыры қызды іздеп мың жапа шегіп қыз ауылын табады. Ол іздеп келгенін білдіру үшін сыбызғысын ауыл сыртында отырып тартады. Мұны білген қыз таң атқан соң «отын əкелемін» деген сылтаумен іздеп барса, жігіт азып-тозып ашыққандықтан сыбызғысын қолына ұстаған бойы аязда қатып қалған екен. Мұны көрген қыз зар еңірепті . Кейін жігіттің сыбызғы күйін «Жалғыз жігіттің зары» кейінгісін «Жетім қыздың зары» деп, күйшілер бөлек-бөлек күй шерткен екен .
Жалғыз жігіт Жылқы күзетінде тұрған жалғыз жігітті елемеген жау оның бар жылқысын айдай жөнеліпті. Жаумен алысуға шамасы жоқ жалғыз жігіт қонышындағы ермегі сыбызғысын ала салып тарта жөнеліпті. Сонда жау айдап бара жатқан қалың жылқы сыбызғыны естіп, айдаушыларға бой бермей қайта айналыпты. Жалғыз жігіттің сондағы тартқан күйі «Аттан! Аттан! Жау келді аттан!» деген күй екен дейді. Шұбар ат күйі
Күй əйгілі күйші Шақабай Шалаптың (1) туындысы. Ертеде Шалапта атағы шыққан шұбар аты болған екен. Талай-талай бəйгелерде көсіліп жүлде алып аты шығып жүргенде, бір жылдары көршілес моңғол, қазақ бірлікте өткізетін бір ұлы дүбір той болып осы тойда екі жүз ат бəйгеге қосылғанда сол екі жүз аттың алды болып шұбар ат келгендіктен, ата көзі түскен сол өңірдегі Моңғолдың бір игі кісісі көп тарту беріп шұбар атты Шалаптан қалай − сұрағанымен «шаранасын тұмсығынан сыпырып алып қолымда өсірген малды қиғым келмейді» деп бермей қояды. Ақыры Моңғолдың азулы біліктісі шұбар атты өзінің жанкеспе ұрыларын салып ұрлатып кетеді. Шақабай атының жоғалғанын, алған жерін білсе де атысып та, айғайласып та шамасы келмейтінін біліп үнсіз қалады (осы жылғы тағы бір аста көре қалсам таласармын деп отырғанда, бір күні үнемі қорадан шығармай қамап баққан шұбараттың тұяғы талыстай болып өсіп, жүдеп-жадап шалаптың қорасына пайда болып қалады. Шұбар аттың қашып өзіне келгеніне əсерленген осы бір оқиғаларды күйіне арқау етіп «шұбар ат» күйін шығарған екен. (1)Алғашқы ертегіні негізі соңғысын қосымша етіп бір тұлғаландыруды көздеп ескерме бердік.
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ Ел ішінен жиған: Байахмет Жұмабайұлы, 1999 жыл. Айтып берген: Рапхат. Жетім ұлар Енесін аңшылар атып кеткенде жеті балапан жетім қалып, жетеуі тау-тасты жаңғырықтырып бірде енесін жоқтап зарласа, енді бірде аңшыны қарғап-сілеп зарланғандағы дауысы.
Тотай жирен Ертеде Тотай деген сал-сері болған екен. Оның алтын білезік тағып, əлем-жəлемдеп мінетін жирен аты болған екен. Тотай сал атына шірене отырып ауылдарға таяғанда жирен аттың аяғындағы қоңыраулы алтын білезіктері сыңғырлап үн қосып, елжұртты таңғалдырған екен. Осы жирен аттың жүрісін күйші күй етіп шығарыпты. Айтып берген: Сетерқан Мұрсанұлы. 2002 ж. тамыз айы. Шұбар айғырдың шабысы Ертеде Өжеке төре деген кісі қысырағына тұмарлай шұбар айғыр салған екен. Айғыры үйірін талай рет қасқырдан да, ұры-қарыдан да аман алып қалып төңірегіне таныла бастаған екен. Бір жылы шұбар айғырдың Өжекенің ауылын айланып кісінеп шауып маза бермеген соң, «жануарға не болған» деп, тілсіз хайуанның сырына бармаған ауыл таңырқап отырғанда жау басып келеді. Сонда барып шұбар айғырдың сырын ауыл адамдары біледі. Осы жолы қаншама адам жазым болып шұбар айғырдың үйірі қуғынға кеткен еді. Он неше күн өткен соң шұбар айғыр үйірін жау қолынан қайырып айдап келгенін көрген домбырашылар шұбар айғыр жөнінде күй шығарған екен. Айтып берген: Меден Кəмəлиұлы, Сетерқан Мұрсанұлы. 2002 ж. тамыз айы. Ыбырай күйі «Нәубел» Қолымда 1986 жылғы Рапхат Нығмет ұлының айтқан бір материалы тұр. Онда: 1935 − 1936 жылдар деп межелейді. Шаңқан (1) өңірінде Нəзір (2) тайжының асы болған екен. Осы асқа Жалпақтан (3) өрлеп, Бəйтіктен (4) құлдай ел жиналып, ел ағалары өздерінің əнші-күйші жүйріктері мен балуандарын ала келіп марқұмның артын ұлан-асыр тойға айландырады. Əр күні əрбір ордада өнер сайысы қызып ас төрт күнге жалғасады. Бір күні кеште, Қалел тайжы бастаған бір топ игі жақсылар отырған ордада өнер сайысы тіпті қыза түседі. Əркім өз жанрынан əкелген əнші − күйшілерін бəсекеге түсіріп жатқанда ел ішінде, «ой Ыбырай (5) күй шертіп берсін» деген талап қойылады. (1) Шақабай Шалап – Шақабай 12 керейдің бірі, ал Шалап – 19 ғасырда жасаған əйгілі күйші болған адам. (1) Шаңқан – Шіңгілге қарасты жер аты. (2) Нəзір – 12 Керейдің бірі Шақабай елінің 19 ғасырдың аяғындағы тəйжіті (тəйжі – лауазым). (3) Жалпақ – Буырылтоғайдағы жер аты. (4) Бəйтік – Моңғолия елімен Қытай елі арасындағы жер аты. (5)* Ыбырай – 19 ғасырдың аяғындағы күйші.
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ Ел тілегі екі етілмей, Ыбырай шақырылады. Ауылына өзінің қамқоры болған ел ағасының қазасына мүсіркеуі ме, əлде кедейлігі жондатқан ба, жұпыны киінген орта бойлы бидай өңді елуді еңсерген адам келіп қара домбыраны тартына қолына алып, «мен домбыра ұстамағалы қай заман, қолым да қатып қалған болар, бірақ, елдің талабын екі ететін мен кім едім, шертейін, бірақ, сөге-жамандамаңыздар» деп, кішіпейілділікпен домбыраның құлақ күйін келтіріп алып, əуелде өзі шертетін күйдің əңгімесін айтып барып одан соң саусағын домбыра бетінде ойнатқанда мынау отырған адамдарды сілтідей тындырып, сиқырымен баурап алды. Ыбырай əр күйдің əңгімесін аз болса үшке бөліп, бір күйді үшке бөліп шұбыртпалап шерткеніне, əрі оның күй шерту өнеріне тəнті болған Қалел тайжы, «ақау, Ыбырай сен күй атаулыны болып тіркемелеп шертесің, басқалар неге бір қайырып тындым етеді» дегенде, «ел ағасы-ау, күй де кеңес қой, ол да бір əңгіме. Əңгімені бастайсың, жеткізесің, аяқтатасың, солай емес пе?, − дейді жымия. «Дəлме-дəл айтасың, айтқаның да, шерткенің де көкейге қонымды, менің айтпағым, андағы сиқырлы саусақтарың күндердің бірінде қара жердің астында саудырап қалады ғой, тірлікте оның қадырын біле-білгендер бола ма екен» деп, тайжы Ыбырайдың күй шерткен өнеріне таңырқай көзіне жас алған екен. Сонда Ыбырай да өз өнерін танып жеткен Қалел (6) тəйжіге разы болып, «ендеше өз күйім Нəубелді (7) шертіп берейін. Оқиға былай болған еді, ұлының құдандаласып қойған (кей деректе інім делінеді) қалыңдығын береді. Марқұм жас қыз ойламаған жерден қаза болады, көңілі баяғыдай ұлым қайын жұртына жетіп барса ауылдың сыртында ауыл адамдары адам жерлеп жатқанын көреді де, бір адамнан «ауылда қайтыс болған кім» деп сұраса өзінің қалыңдығы болып шығады. Мына сөзді естіген ұлым сілейіп есі шыға тұрып қалады да, енді қалыңдығының өлігін көргісі келмей өксіп кейін қайтады. Содан бастап қанша уақыт ой соқты болып жүрді. Ұлымның ішкі дүниесін сезген өзім, оның мына қаліне қарап, «Нəубел» деген күй шығарып, «Нəубелдің қалыңдығына бет алуы, қалыңдығының қазасын естігенде зар жұтып жылауы, ақыры қайғы-қасіретте қалған соң, өзінің əкелік парызыммен, «қой балам қайрат қыл» деген тоқтауым деп шертеді. Міне осылайша бір таңды өзі күймен атырып тыңдаған жанның бəрін тамсандырған Ыбырайға Қалел тайжы бір ат мінгізген екен. Ендеше, Ыбырай кім болмақ, Шіңгіл өңірінде Ыбырай Бектеріұлы, бұл ғұмыры өте айқын. Бертін 1936 жылдары дүниеден өткен, түрлі өлең шығарған, қисалары бар, бірақ бұл Ыбырай күй шығарды деген дерек жоқ. Тіпті, домбырашы еді деген дерек көрмедік. Еңдеше ел ішінде «Ыбырайдың күйі» деген күй бар. Сондықтан бұл Ыбырай кім болғанын қаузаған едім, руы сарбас күйші Ыбырай деген Көктоғайдың өңірінде өткен адам екен. Оның «Ыбырайдың күйі» деген күй мен «Нəубел» күйі сарындас екендігінен де беп-белгілі. Сондықтан, «Нəубел» күйін осы сарбас Ыбырайға тəуелдеуге болатындай . Айтып берген: Сетерқан Мұрсанұлы. 2002 ж. тамыз айы. «Жетім қыз» яғни «Көгедай» күйі Ертеде Көгедай ат бəйгесіне қыз тіккен екен. Төренің қолында төлеңгіт болып тұрған бір кедейдің өңді қызы болып көп адамның көзі түссе де «иесі (6) Қалел – 1940 жылдары Гоминдаң қолында Үрімжіде қаза болған қарақас руының тəйжісі. (7) Нəубел – күйші Ыбырайдың ұлы кейде інісі делінеді.
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ мен» деп, Көгедай сес көрсетіп жүрген соң ешкім батынып қызға тиісе алмайды екен. Қыз ержетсе ерден құтылмасын ескерген Көгедай ақыры қызды бір жүз ат шаптырып соның бас бəйгесіне байлаған болады, бұған қарсы келген қыздың ағасы төре тұқымына сөзін жеткізе алмаған соң, өзінің қойға мініп жүрген көк бурыл атын бəйгеге қосуға əзірленеді. «Алла бұйырып аты алдыда келсе қарындасымды өзім бас бəйгеге алып, көз жасын тиып азаттығын алып берер едім» деп, атын баптай береді. Бұған төңіректегілердің бəрі қыз ағасына насихат айтып, «ылғи ығайлап, сығайлап əкелген бір жүз атқа қойға мінер қоңырыңды қосқаның күлкілі ғой, қойсаң қайтеді», десе де мұндай сөздерді каперіне алмаған қыз ағасы атын баптап ақыры бəйгеге қосады. Міне осы жолғы бəйгенің қарасы көрінгенде ел өкшелерін көтеріп, мойындарын созып «менің атым, бəлен жүйрікке ұқсайды» деп тұрғанда ойламаған жерден қара озып келе жатқан қойшының көк бурыл аты болып шығады. Сонда жетім қыз төбе бастан дауыс қылып, «əкемді алған құдай-ай, шешемді алған құдай-ай, қолдай көрші я, аруақ, я, құдай-ай» деп, зарлана еңіресе, қыз ағасы да шапанын үйіріп, «Көгедай-Көгедай, қарындасымның бағы жеңді, Көгедай» деп, – айғайлаған екен. Міне осы зар-мұң, бағы жеткен қуаныш «Жетім қыз» кейде, «Көгедай» деп күй болып тараған екен. Айтып берген: Сетерқан Мұрсанұлы. Əруан Сақауұлы. 2002 ж. тамыз айы. Алпыс екі қоңыр «Өзімнің он екі, он үш жасым, ел ішінде аты даңсалы Əбей ме, Əбіл ме (аты толық есімде жоқ) жетпіс, сексен жастарда бір күйші ауылымызға келді. Ел қошеметтеп, күйшінің күйін тыңдайтын болды, − біз, бала болған соң ел арасынан қысылыпқымтырылып кіріп көріп, жабықтан сығалап күйшінің күйін тыңдап елмен бірге əбігерде жүрдік. Осы жолы сол күйші, «Қазақта алпыс екі қоңыр күйі болады. Əзір алпыс екі қоңырды шертетін ешкім жоқ. Алпыс екі қоңырды шерткенде, алпыс екі тамырыңды жібітуші еді. Мен өзім де оны толық шерте алмаймын. Содан есімде қалғандарын шертейін» деп, қазіргі «Майда жал», «Телқоңыр», сияқты күйлерді атап-атап шерткенін естіген едім. Міне жасым 69-ға келді, жылым тауық, сол кезде енді ойласам, дəл осы күнгі біз айтып жүрген 62 қоңыр болар ма деп ойлаймын» дейді. Айтып берген: Əруан Сақауұлы.
Жәйір Салықбайұлы (1850 − 1943) Жəйір – Жəйір тауында туып өскен, бір деректе Жəйір Қашқар, Тұрпаннан Түрікше, Парсыша оқыған, Қазақ тарихы жөнінде ұзақ зерттеп ізденген. Естігенін есте сақтап, сөйлегенде суырылған шешен адам болған екен. Жəйір тауында туып Жəйір тауында өмірдің көбі өткендіктен, оны «Арман жəйір» деп атайды - мыс: Ел ішінде оның тарихты, ертедегі болмыстарды баяндауын түсініп қадірлейтін адамдар аз болғандықтан, оны «тарих-шежіре деп ұшы қиырсыз бірдеңелер айтады» деп, оны «Қожанасыр жəйір» деп те атаған. Ол бертін 1945 жылдардың өзінде айғыр үйір жылқысы бар, жүздей тұяқ қой, ешкісі бар орта тұрмыс өткізіп, Боғданың бауырында бір жұртта қысы-жазы киіз үймен мекендеген кездері болыпты.
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ Сол кезде киіз үйдің керегесінің үш, төрт көзіне дейін сары қып басып, үй ортасындағы ошақ орны ғана тулақтай жер шұңқыр түсіп, үйінде 60-тан асқан жалғыз ұлмен жұпыны отбасы мүлкі ғана болып, оң жаққа салдырған қайқы төсекте кеудесіне түскен − сары қименен ыстанған сақалын саумалап қойып, үлкендігі тоқты терісіндей тозығы жеткендіктен бұрыштары жоғалып дөңгеленіп қалған арбиғанарбиған жазуы бар сары кітапты оқып жатады екен. Өмірінде өз сөзін өз ортасына өткізе алмай өмірі өгейсіп өксіп өткен қарт, қашанда сөз басын: Иесіз қалған мал жетім, Иен қалған жер жетім. Осы күнде кім жетім, Теңдессіз кеткен мен жетім. Тыңдаушысы жоқ бұл күнде, Жəйірдан қалған сөз жетім, – деп назаланып барып, егер өз сөзін ұйып тыңдаушы болса, өз көңіліне жақса, сөздің басын тақпақтап, мақалдап келіп шешіле түседі де, жалғыз ұлына, қорадан өзі көріп, өрістен өзі қайтып, жүретін малдарынан мал алдырып сойдырып тастап шерінен шыға əңгіме шертеді екен. Жəкең əңгіме шерткенде, екі елі қалыңдықтағы қоңыр тысты қойын дəптерін алып, шеңбері кішкене көз əйнекті тартып қойып: «ал, алаша қайда, ай қасында, бұлт үстінде, перілер қауымен бірге тұрады» дей келіп, «алаша тəңірдің сүйген құлы ғой, əр қандай рауаяттарда алаша барған мекенжайға басқа ешкім барған емес» дей келіп, сол дөңгеленген кітабын нұсқап, «мынау кітапты көрдің бе, қасиетті Нанды би жазған тарих қой, бүгін ешкімнің қажетіне жарамағанымен ертең зар болады мына халайық», дейді екен. Жəйір қарт, 1943 жылдары қаза болған соң, ел ішінде қадыры артып «таңдайынан тесілген (мəшүр) мешегер еді» деп, бағалайтындар көбейіпті. Біздің қазіргі қолымызға түсіп отырған «Алаша» жəне «Үш темір» атты тарихи аңыз, əне сол Жəйір айтты деген кеңестен қалған жəне Мəлгəждар Сексенұлының (1)* «Тарихи шежіре» деген естелігіндегі аңыздық шежіремен ұқсас болғандықтан қалайда, «Қазақ тарихының дерегін аңыс ететін аңыз» деп, түсініп кітабымызға енгізіп отырмыз. 1978 жыл. Сылқылдақ Өнер соңына түскен жас күйші Тəттімбет қайда ойын, қайда сауық болса құр қалмай жүрген мезгілінде, найман руында бір күйші қыз бар деп естіп, іздей барып онымен өнер сынасып, танысып та қалады. Жас күйші өнерлі қызға: «Сылқылдақ» деген күйді шығарып, белгі қалдырған екен. Айтушылар: найманның əлгі күйші қызы жарқын мінезді, күлкіші екен, сондықтан, бір сарынды судың сылдыры сияқты сылқылдаған қыз күлкісі күйде, аумай түскен деседі. Айтып берген: 61 жас, Мүтəліп. Ел ішінен жиған: Байахмет Жұмабайұлы. Көктоғай ауданы, Тұрғын ауылында:
Сылқылдақ Тəттімбет төсек тартып хал үстінде жатқанда қолын іргедегі домбыраға созған екен, отырғандар домбырасын алып беріпті. Сонда ол осы күйді шертіп, ең ақыры (1).* Мəлгəждар Сексенұлы. 1962 жылы Бурылтоғай өзгерту майданында қаза болған. Өз өмірінде тарих пен география жəне т.б. ғылымдармен еңбектенген. Бірақ, еңбегі жанбаған. Кейін қылмыссыз болып ақталған.
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ «дырың» еткен нəзік дыбыспен сылқ етіп жығылыпты да, сол күйі жан үзген екен. Сонда шертілген күйді отырғандар «Сылқылдақ» деп атап кеткен екен. Айтып берген: Рашат Марданұлы. Көк бұқа Моңғол мен қазақ жауласып тұрған шақтарда, моңғол елі қазақтың бір ауылының мал-жанын барымтаға алып кетіпті. Осы барымтаға айдалған малдың ішінде бір қора сиыр кетіпті. Келесі көктемдердің бірінде əлгі бір қора сиырды бір көк бұқа қайта айдап келіпті. Бақса, көк бұқа барымтаға кеткен сиырлардың біреуінің ішінде кеткен бұзау екен. Жануар моңғол жеріне барып туып, бұзауынан бұқаша болғанға дейін ол жерді жерсінбей жүріпті де, өзі құнан бұқаға айналған көктемде бір қора сиырды айдап ежелгі мекеніне жеткен екен, «Көк бұқа» күйі осыдан пайда болыпты. Айтып берген: Мұқатай Жұмабайұлы.
Көкейтесті Ұзақ төсек тартып, көп ауырған Тəттімбетке ел ішіндегі бір топ атқа мінерлер көңіл сұрай келіп, оның күйшілік жайын мақтасыпты. Көзі шүңірейген, тұмсығы қоңқиып етінен арылған Тəкең, сүйегі асыл тұлпарлық тегіне сүйеніп, ыммен төңірегіндегілерге басын көтеруді бұйырыпты. Басын көтеріп, арқасына өбек қойылған соң домбырасын алдырып аз-кем сыйлап отырып барып, əлде не айтқысы келгендей сыңай білдіріп, домбыраны қағып-қағып жібереді... Үй іші бір мезет тына қалады. Осы алып күйші көңілімен отырғандардың көңілі тоғысып бəрі де күрең тартып жүдей қалады. Күй де ақырласты. Домбыраның ақырғы үні мен Тəттімбеттің де жүрек лүпілі үзіліп бара жатқандай, ентік аралас əлсіз дыбыспен: «бұл.., Көкей... тесті» деп əрең тіл қатады. Отырғандар да түсінгендей болады. Айтып берген: Рауан Сақауұлы, 1989 жыл.
Балжың кер Кезінде байлығы басынан асқан бір моңғол болыпты. Оның жүйрік желмаясы, ісмер бір қызы болыпты. Ат құмар моңғол байы сол өңірде Балжың дегенде бір жүйрік ат бар дегенді естиді. Осы атты қолыма түсірсем деп, ойлаған бай Балжыңды шақыртып алып, желмая мен кері атты үш күндік жолға бəйгеге қосады. Бəйге келгенше əлгі қызы бір кісілік киімді тігіп үлгіртпек болады. Егер қызы киімді бітіре алмаса, бəйгеден желмая келмей, кері ат келсе, бай Балжыңға қызын бермек, ал желмая озып, қыз киімді үлгіртіп кетсе, кері атты бай алмақ болып келіседі. Келісімнен кейін жарыс басталып кетеді. Сонымен, бəйге келеді дегенде хабаршы байға кері аттың келе жатқанын, желмаяның жолда шөгіп қалғанын жеткізеді. Ендігі сенімін қызынан күткен бай бəйге жетісімен киімнің бір түймесі қалғанын естіп сасқалақтайды. Сонда Балжың өзінің ұтқанына көзі жетіп: Менің атым Балжың кер, – Білмеген адам қалжың дер. Түйме бауы бітпепті, Былжырамай қызыңды бер!,− деп айғайлап шыға келеді. Ақыры көп болып байдың күш көрсеткеніне қаратпай, Балжыңға қызын алып берген екен. Осы кері
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ аттың ерекшелігін сол кездегі аралас отыратын моңғол − қазақ ішіндегі Байжігіт күй етіп шерткен екен. Айтып берген, Рапхат, Тайыншабай. Жол болды немесе бұлбұл торғай Ақ қайыңмен көмкерілген Білезік (Қаба ауданындағы жер аты) бойындағы Көтеренің (бұл да осында) ауылын бетке алып келе жатқан Мүкей, жол бойындағы қайың бұтағына қонып сайраған бұлбұл торғайды көріп, оның тəтті дауысына елітіп атынан түседі. Құлын жарғақ қабына салған домбырасын алып, торғайдың алуан түрлі құбылған əуенін домбыраға салып, ол қайда барса сонда барады. Секемшіл «əнші» бұтақтан − бұтаққа қонып сайрай жүріп, ақыры өзеннің арғы жағына өтіп кетеді. Күйші ет асым уақыт əуреленіп жүріп, «Бұлбұл торғай» күйін шығарады. Ол қоналқаға Көтеренің үйіне келіп түсіп, ұмытып қалмау үшін күйді қайталай шертіп отырады. Сонда бөстекте жамбастап жатқан Көтере күйге құлағын тіге қалып: –Естімеген күй екен, бұныңыз не күй? − деп сұрайды. Мүкей шынын айтып: – Бұлбұл торғай, деген күй, – дейді. –Е, онда менің түбегімнің бұлбұлын домбыраға қамап алып отырмын деші, − деп Көтере қағытпалайды. Мүкей де өзінің нысаналы жұмысының оңына басарын сезіп: − Рас, төре, ел де, жер де сіздікі ғой, өзіңізге арызым болып келіп, жолым болғандай кезігіп отырмын, − дегенде, Көтере мастанып: – Я, айта бер! − деп қарқылдай күледі. Мүкей бір жылдың алдында қарындасын Жайыр деген азаматқа қалыңсыз ұзатқанын, бірақ кейіннен Жайыр: «қалыңсыз қыз болса да, кəдесіз қыз болмайды» деп екі ат, екі бие əкеліп бергенін, жуырда екі торғауыт келіп, сол екі атты танып, соғымға жығып алған екі биенің орнына екі құнажын бергеніне разы болмай, малымыздың көзін аламыз деп жанжал шығарып жатқанын айтады. Көтере ұзақ ойланып отырады да, артынан, бір бекімге келгендей: − Жегенің рас болса, тоғызсыз-ақ құнажынды орнына салуға болады. Ертең маған алып кел! − деп кесім айтады. Сонда Мүкей: − Мына күйім жол болды болсын, байеке, сізге арнайын деп, «Жол болды» күйін тартады. «Жол болды» күйі мен «Бұлбұл торғай» күйі осылай дүниеге келеді. Айтып берген: Зия Какжанұлы. 1979 жыл (Алтай).
Майдажал – телқоңыр Алтай бетінде бұрын өткен бір жылқылы бай болған екен. Оның бір түнде екі биесі құлындап, бірінің енесін қасқыр жеп, құлыны қарағанның түбіне кіріп аман қалыпты. Енді біреуі құлынын емізіп тұрады. Содан бұл жетім құлынды тірі қалған биге теліп, екі құлын биені еміп өседі. Ат сыншылары екі құлынды жақсы ат болады дейді екен. Бұл құлынның бірін «телқоңыр», бірін «майдажал» деп атапты. Бай көшкенде екі баласына екі құлынды мінгізіп қойып, екеуінің жүрісін күйге қосады екен. «Майдажал», «Телқоңыр» күйі осыдан қалған екен. Айтып берген: Рашат Марданұлы. 1986 жыл.
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ Нар идірген Ертеде бір кемпір − шал жалғыз қызымен елден безіп, аң жортпас, құс ұшпас бір құла даланы мекендеп өмір өткізіпті. Олардың күн көрісі жалғыз нары екен. Жылдарда бір жыл қуаңшылық жүріп, даланың шөбі қурағандықтан бір үйлі ғарыптың, бетіне қарап отырған нарының ботасы өліп нар жүдеп-жадап, су алып кетіпті. Үркердей үш жанның талшығы құрып, тағдырына қауіп төніп, қасірет қайғыда қалыпты. Бір күндері бір шал мен бір жігіт осы араға пайда болған екен. Жүргіншілер бұлардың мұң зарын ұққан соң, əлгі шал жанындағы жігіт арқылы, кемпір -шалға: – Егер қарымжыға қызын берсе қазыр қара нарды домбырамен иітіп берем! − деген екен. – Бұл сөз сорлы кемпір-шалдың қайғысын ауырлата түсіпті. Қыздарын бейсауат біреуге қолынан жетелете салғанға шыдамапты. Зерделі қыз əкешешесінің ойын аңғарып: – Тағдыр басқа салса мақұлмын, − деп шалға күй шерттірген екен. Үй ішінен бебеулеген күй үнін естіген даладағы қара нар орнынан тұрыпты. Қыз ыдыс-аяқ жақтағы шелекті ала жүріп, шалға ілесіп келген жігітке ым қағады. Ол тысқа шықса қара нар рас иіген екен. Қыз нардың қос емшегін тас қып қысып тұрып, ере шыққан жігітке, өз жүрек сырын жанарынан төккен жаспен аңғартып, өзіне көмек сұрапты. Шалға қор болып бара жатқанына қорланып, жалын атқан жүрегі өзіне үміт артып тұрғанын аңғарған жігіт шапшаң басып үйге кіреді де, шын жүрегі өзі деп тұрған қыз көңілінің кілті болған зарлы, мұңлы бір күйді шертеді. Сонда қыз шелегіне сүт бұлақ болып ағады. Қыздың көз жасы да тоқтаусыз сорғалайды. Осы кезде кемпір-шал да риза болып қызын жігітке атап, ақ батасын берген екен. «Нар идірген» сондағы жігіт шерткен күй дейді . Айтып берген: Таңсыхан. 1991 жыл. Жеменей.
Аққу Жаздың жайма шуақ күндерінің бірінде көл бойына құс аулауға барған бір адам, көл ортасындағы шағын аралда айналып ұшып жүрген төрт аққуды көреді. Киімін шешіп тастап, мылтығын алып толқын шапшып жағаны ұрып жатқан көлге түскен аңшы жігіт айдынды кешіп əлгі аралға бет алады. Аралдағы ұяда жатқан сегіз жұмыртқаның алтауын алып екеуін тастап жағаға қайта шығады. Бір пəленің төнгенін сезгендей аққулар қиқу салып, судан көтеріліп ұшып шығып ұяның төбесінен екі айналады. Одан соң қиқу салып жағаға шыққан адамға қарай ұшады. Аңшы құрал аузын шулап-шұрқыраған аққуларға кезеніп тұрып, «аққу киелі құс» дейтін сөзді есіне алып қаруын түсіреді. Содан: «осы құс жердегі жұмыртқасын алып кетеді деуші еді, көрейінші» дегенді ойлап, əлгіндегі жұмыртқаларды құмның үстіне қойып, өзі анадайда аңдып отырады. Аққулар əлде бір мұңлы зармен сұңқылдай ұшып жұмыртқаның үстіне əлденеше рет келеді. Бірақ ала алмайды, жаны ашыған аңшы жұмыртқаны қайта ұясына апарып қояды. Жігіт аққулардың жұмыртқасын іздеп жалынышты үнмен қиқу салғанын көріп, ауыр ойға қалады. Осыдан үйіне оралған соң, сол аққулардың зарлы, мұңлы, жалынышты үнін домбыраға қосып «Аққу» деген күйді шығарыпты. Ел ішінен жинаған: Байахмет Жұмабайұлы. Айдарқан, 1983 жыл.
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ Бес төре Тəттімбет бес бимен сапарлас болып ел аралайды. Жол-жөнекей билер халыққа лаң салып, түсе қалған үйлерін аяусыз шығындатып кетіп отырады. Кей үйлердің жоқ-жітігіне қарамайды. Билердің мұндай өрескел қылықтарын көрген Тəттімбет бір реткі қоналқы үйінде бұрын шертпейтін тыңнан бір күйін шертеді. Сонда азулы төрелер: – Бұл не күй?, − деп, ұғыса кетеді. Сонда Тəттімбет: – Күйдің аты бес төре, Бесеуі де мес төре. Санаң болса кеудеңде, Жұмбағымды шеш, төре. Өз еліне қасқырдай, Неге мұнша өш төре, − деп, топ алдында төрелердің айыбын бетіне басқан екен. Содан бастап «Бес төре» күйі ел ішінде тарайды. Айтып берген: Зауқия. 1986 жыл (Дүре).
Былқылдақ Еділ бойында өнерімен елге аты жайылған кедей де болса, өз ортасында беделді бір кедейдің қызы бар екен. Өнер десе үзіліп, алтын қарағайдай іздейтін жас күйші Тəттімбет осы қызды көруге келеді. Қыздың домбырашылық құдіретіне Тəттімбет айрықша сүйсінеді. Кедей қызы болған соң, ол күндіз жұмыс істеп, су тасып, ал түнде сауықпен болады. Басқа бардам бай қыздарына кеудесін бастырғысы келмейтін қыз əсем киімін киіп, кербез жүруді əдет қылса керек. Осы бір аруға Тəттімбет қадағалап назар аударады. Оның қылық-қимылдарын зердесіне тоқып, зейініне жиып, ақыры қызға арнап «Былқылдақ» күйін шығарған екен. Айтып берген: Мүтəліп. 1986 жыл. Аңшының зары Ертеде ағайынды екі жігіт аң аулап жүріп бір арқар атып алады. Арқарды жəркемдеп тамақ істеуге ағасы қалады да, інісі аң аулауға тағы кетеді. Осы аралықта аяқ астынан аспанда қара бұлт ойнап, нөсерлі жаңбыр жауып кетеді. Жаққан оты сөніп, денесінен жаңбыр өтіп, мазасы кеткен аңшы қалтырай бастаған соң, бауыры келгенше тоса тұрмақ болады да, арқардың төсін бүркеніп алып, жаңбырдан тасаланып бүк түсіп жатады. Нөсерлі жаңбырда жолдан жаңылып, жерден жазған інісі қарсы алдында жатқан арқарды қараға алып қойып қалады. Жүгірген бойы келсе, арқар терісін жамылып жер құшып жатқан ағасын көреді де есінен адасып, ен далада еңіреумен болады. Ақыры ағасын жерлеп, ауылына оралып, жеңгесіне, домбырамен ағасының қазасын естіртіпті. Сонда ботадай боздап шерткен күй «Аңшының зары» деген күй екен. Күй осылай шығыпты. Айтып берген: Мүтəліп. Көктоғай ауданы, Тұрғын ауылында. 70 жас. 1986 жыл. Былқылдақ Əн мен күйге жанымен құлайтын Тəттімбет бір ауылдың қасынан өтіп бара жатып, күмбірлеген күй сазын, шығандаған əн əуенін естіп қалады да, бар шаруасын тастап ойын болып жатқан жерге бұрылады. Тосыннан сəлем беріп кіріп келген бөгде адамға жұрт төрден орын сайлайды. Үкілеп тақия киіп, сырғасын сыңғырлатқан тəкаппар бойжеткен күмбірлетіп күй шертіп отырады. Тəттімбет оның шертіп отырған күйі ақырласқанда, қолындағы үкілі домбырасын сұрайды. Бірақ қыз қолындағы домбыраны бермей, артында тұрған жөнсəл домбыраны ұстата салады.
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ Қыз қылығына қызынған Тəкең қолына ілінген домбырамен, қыз көңілін өз өнерімен қытықтағысы келіп, күйін төгіп-төгіп жібереді. Бірақ, Тəкең шерткен күйді қыз да шертіп, екеуі кезекпен күй шертіседі. Ақыры Тəкең аяқ киімін сыпырып тастап башпайымен күй қағады. Бұл өнерге дағдыланбаған қыз жеңіліп, орамал − шыт береді. Тəкең түнді осылай өткізіп, таңертең аттанбақшы болып атына қонғанда атының ақсап қалғанын көреді. Мұны көрген қыз əкесі: – Жылқыдағы құлаға құрық салыңдар! − деп əмір етеді. Осы орайда қыз келіп, Тəкеңе атының аяғы жазылғанша аялдап тұруды өтініп, аттың аяғына өзі біз шаншып ақсатып тастағанын айтып, төлейтін айыбым бар дейді. Өнерлі қыздың ниетін қабыл көрген Тəкең бірнеше күн ауылда болып, аттанарында қызға есіңде жүрсін деп, «Былқылдақ» күйін арнапты. Айтып берген: Мүтəліп. 1986 жыл.
Ертіс толқыны Ертіс − жағасы орман, сағасы ел, айдынына қаз қонып, үйрек ұшқан өзен. Осы өзен көрінісі толғандырған Қарақас (1) Мүкебала деген домбырашы, асқан шабытпен «Ертіс толқыны» күйін шығарады. «Ертіс толқыны» күйі бірнешеу. Мына нұсқасының иесі сол Мүкебала. Айтып берген: Қалибек. 1984 жыл. (Дүре ауылында). Бейжің қара іңген Азаттықтың алдында Алтай өңірінен Сатымсаққа түсіп ішкері жөнелтілген бір қара іңген болған екен. Ел ішінде оны Бейжіңге əкетіпті деген сөз болады. Ұзақ өтпей іңген бұйдасын сүйретіп, үстіндегі екі мес шəйімен (екі мес – жəшік мағанасында) ауылға қайтып келеді. Ел ішінде қара іңген «бейжіңнен екі жəшік шай əкеліпті» деген сөз тарайды. Бұл домбыршылардың құлағына тиіп, ерекше əсер қозғап, «Бейжіңқара» күйін шығарған екен. Айтып берген: Уақит Қалелұлы. 1985 жыл. Тел қоңыр Үш жүз жылқы олжа алған Мүкей бастаған жортуылшылар жолда олжа бөліседі. Сонда Мүкей жол бойы екі биені тел еміп келе жатқан қара құнаншығарды көрген Мүкей үш жүз жылқының ішінде осы қара құнаншығарға көзі түсіп қолқалқалап басқа олжадан бас тартады. Бас-аяғы тұтас біткен сымбатты құнаншығар қос енесінің белінен секіріп түсіп ойнап жүреді. Мүкей қос енені тел емген құлынды дөнен қоңыр дейді. Оны дөненнен қолға бағып, ат ағашқа байласа, шапшуырлай жұлып тоқтатпаған соң, ақыры ұзын шылбыр тағып бос қойып үйретеді. Сонда ол шылбырын тарпып, түлкіше бұлғаңдап тұрады. Тел қоңыр қусаң құсқа жететін, қашса шаңын көрсетпейтін айта қалсын ат болады. Екі жылдан кейін екі енесі мекеніне қашып кетеді. Бір күні құм ішінде бесін намазын оқып жатқан Мүкейдің жанында дағдысы бойынша бос тұрған Тел қоңыр, кенет ішін тартып, кісінеп сілкінеді де, өзінің мекенін бетке алып тартып кетеді. Намаздың қаза кетпеуіне əрең шыдап, ақыры аттан салып, төңіректегі елді жиып, Тел қоңырды қуғызғанымен жеткізбейді. Өкініш ішін өртеген Мүкей «Тел қоңыр» күйін шығарған екен. Айтып берген: Рапхат. Уақит Қалелұлы. Нəби Оспанұлы. 1981 жыл. (1) Қарақас – ру аты. (2)* Мүкебала – 20 ғасырда өткен адам.
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ Төрт би төренің кеңесі Кезінде Алтай бетінде би сайлауы болып, сонда Бежең (Бейсенбі) бастаған тілді-ауызды төрт би (төрт би төре, 1836 жылы Буыршының үш тас деген жерінде ашылған сиезде сайланған екен). Бежең жиын тарарда «Төрт би төренің кеңесі» деген күй шертіп берген деседі. Айтып берген: Мұқатай. Ж. 1999 жыл. Қайран әкем, қайтейін
Қанды қол Шыңшысай (1) үстемдігі кезінде, сансыз көп ел ағалары бейуаз тұтқындалып, түрмеде шіріген екен. Солардың бірі − Көктоғайдан Қалел (2) тəйжі болады. Күнəсіз елдің зындан түбінде шіріп жатқан осы аянышты хəлін ер жүрек Сайып Қалелұлы (3)* «Қайран əкем, қайтейін» деген күймен əйгілеп, əкесіне деген сағынышын, еліне деген күйінішін дəлелдепті. Айтып берген: Уақит Қалелұлы. Үрімжі қаласында, 76 жаста. 1999 жыл. Бозіңген Жар жағасында қонып отырған байдың бозіңгені сауыны келіп, боздап тоқтамаған соң, байдың келіні ботаны салып, бозіңгенді сауып жатқанда, астын су орып жатқан жар құлап, келіні де, бота да жөңкіліп жатқан суға кетеді. Сонда ботасы үшін бозіңген зарлап-боздап жүгіреді. Осы аянышты халды домбырашылар домбыра тілімен бейнелеп: «Бозіңген» күйін шығарыпты. Айтып берген: Нұрман, Қуандық. 1986 жыл.
Қара құлақ аттың жүрісі Бейсенбінің ұлы Оспанның (1)* еншісіне тиген ақ боз екі құлағы қара бір аты болыпты. Бұл аттың жүрісі жан баласын таң қалдыра - екен. Бір жолы осы атты қалың томарға салып жүргізіп сынаған екен, ат əр томарды бірден басып, сүрінбей өтіпті. Мұны көріп отырған домбырашылар сүйініп, «Қара құлақ аттың жүрісі» күйін шығарады. Бейжің сары атан Чин патшалығы тұсында Бейжиңдегі патшаға Алтайдан жіберілген көп тарту-таралғымен бірге, бір сары атан тарту етілген екен. Кейін Қара ошың Бейжиңге барғанда, осы сары атанды көріпті. Сонда Қара ошыңның көңілі босап, «Бейжиң сары атан» күйін шығарыпты. Айтып берген: Қозыбай Дəулетқан ұлы. 1987 жыл.
Сағыныш сазы Тарбағатайға ұзатылған Мүкейдің қызы Зағипа барған келген адамдардан «атамды сағындым, келіп домбыра шертіп берсін» деп сəлем айта берген соң, (1). Шыңшысай – 1933 – 1942 жылдар аралығында Шыңжаңды билеген адам. (2). Қалел − Көктоғайда Қарақас руының тəйжісі. 1943 жылы Шыңшысай үкіметі Үрімжіде түрмеде өлтірген. (3). Сайып – 1942 жылы Гоминдаңмен соғыста Сартерек деген жерде оққа ұшқан. (1) Оспан – Қара ошың.
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ Мүкей ұзаққа кеткен қызына амандаса Тарбағатайға барады. Атағы жалпақ жұртқа тараған күйшіні Тарбағатай елі құшақ жая қарсы алады. Əке құшағына еніп еңіреп, туған ел - жұртын сағынғанын айтып көріскен қызы ғана емес, мынау қиырда жатқан тамам елдің үзіліп аңсап отырғанын аңғарған күйші «Сағыныш сазын» төгілтеді. 1987 жыл. Айтып берген: Рапхат.
Қанатым Қаба елінде тараған сары ауру күйші Мүкейдің отырса манаты, жүрсе қанаты болған екі бірдей ұлын жалмап кетеді. Екі ұлын оң жаққа салып қойып, зар илеп еңіреген күйші өзінің қос қанатынан айрылғанын айтып зар төгеді. Ең ақыры өзінің шер қамырық көңілін домбыра тілімен білдіріп «Қанатым» күйін шертіп шер тарқатады. Айтып берген: Рапхат.
Жеке батыр Бейсенбінің ат жалын тартып мінген кезі екен. Көктеулікке отырған көп ауылдың түйесін қарақшылар айдап кетеді. Бейсенбінің əкесі ер жүрек Дөненбай батыр, қарақшылардың ізінен жетеді де, сегіз қарақшының алтауын түсіргенде қалған екеуі, батырды садақпен атып қапыда қаза таптырып кетеді. Бірақ, Дөненбайдың ерлігі ел ішіне тарайды. Осындай əке ерлігіне Бейсенбі «Жеке батыр» күйін шығарады. Тағы бір аңыз бойынша осы оқиғадан кейін Бейсенбі кектеніп, сол ұрылардан өш алуға ант ішіп, ұрлық жолына түседі. Кек қуып жеке өзі жортуылға кетеді екен. Кейін əлгі жақтан дүркін-дүркін мал қуып та келген. Сөйтіп, бұл күйді өзінің осы ерлігінен тудырған дейді. 1979 жыл.
Шақабай Шалап Есігінен кедейлік арылмаған Шалап, жасы егделегенде барып үйленіп, самайы ағарғанда аузын ашып сүйген, көзін ашып көрген баласын көзінен таса қылмай, аузына тістеп алақанына салып тəңірінен соның амандығын күндіз-түні жалынып тілейді. Бірақ, Шалап баласын қанша қызғаныштай көргенімен тəңір аяған ба? Шалап баласынан айрылып қалады. Еңіреуден ессіз қалған Шалап ендігі жерде тəңіріне тілінің сұғын тигізе еңірейді. Еңіреп отырып, осы мұңлы күйін күңірентеді. Бұл тылсым күйді естіген халық, Шалаптан сұрауға да батына алмайды. Əйтеуір төңірегіндегі домбырашылар іліп ала кетіп, шертісіп жүреді. «Бұл не күй?», дегендерге, «Шалаптың күйі» дей салады. Сүйегі Шақабай болғандықтан «о, əлгі Шақабай Шалап па?» дей жүріп, бұл күй, «Шақабай Шалап» күйі атанған екен. Айтып бергендер: Рапхат. Қабдай, Айдарбай. 1986 жыл.
Жетім торы 1890 жыл. Жарболды руынан Ақтайынша деген байдың дабыралы асы болады. Иісі Керей − Найманға сауын айтылған осы аста, екі жүз ат қосылған ат бəйгесі болып, Ақтайыншаның жүйрік торысы бірінші болып келеді. Сан жүйріктен озып келген торының құлыны Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ енесінен жетім қалып, аузына сүт құйып жүріп өсірген тұлпар екенін ұғып білген Мүкей күйші «Жетім торы» күйін шығарыпты. Айтып берген: Шəкей. 1992 жыл.
Арман-ай Сонау ерте заманда неше күн, неше айға созылған бір реткі сұрапыл соғыс аяқталыпты. Қосын тыныштығы, ол кезде ру-ру бойынша ту тігіп, орналасады екен. Найман мен Керей судың екі жағына түсіпті. Бір күні Керейдің үш жігіті өзеннің арғы жағынан суға келген үш қызды көріп: “осыларды өлеңге қоспаймыз ба” десіп кезек-кезек өлең айтыпты. Бірінші жігіт: Мына көлдің алайық қазын атып, Екінші жігіт: Оқыс болып жүрмесін жазым атып. Үшінші жігіт: Құнын тартып жүрмейік қырсық шалып, Суға келген біреудің қызын атып, – деген екен. Сонда қыздар да өлеңмен жауап қайтарып: Бірінші қыз: Үшеуіміз едел − жедел қыз баламыз, Екінші қыз: Ақылдасып алайық кімді аламыз. Үшінші қыз: Даладағы жігітті таңдаймыз деп, Ауылдағы жігіттен құр қаламыз, − депті. Жігіттер мен қыздардың өлеңін естіп, су бойында отырған күйші “Арманай” деген күйді шығарған екен. Айтып берген: Құмарқан Қажыбалаұлы. 1987 жыл. Балжың кер Ертеде Балжың деген моңғолда төңіректі тиған кері ат болыпты. Сол атына сенген Балжың жарлық шашып: «ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлу қызым бар, кей аңыздарда «алжыр тақырға келіп отыра қалған екен» деп те айтады. Егер кімнің аты менің кері атымнан озса, мен осы қызымды соған берем» депті. Кері аттың жүйріктігіне көзі жеткен ел атын қосуға батына алмапты. Осы кезде, бір тазша баптап бір ат қосыпты. Дес бергенде тазшаның аты кері аттан көз көрім озып келеді. Көмбеге таяғанда тазшаның: “Балжың − Балжың, Балжың кер, Былжырамай қызың бер” – деп айғайлағанын күйшілер күйге қосыпты. Бұл күйді кейбіреулері Балжыңның кері аты бəйгеден келгенде шертілген күй деп те айтады. Айтып берген: Насихат. 1989 жыл (Дүре). Өрелі кер Бір ауылды жау басып алғанда, ел тұс-тұсқа қашыпты. Сондай жау жаламда бір азамат ауылдың сыртында өрелеулі тұрған кері атқа міне салып қашқан екен. Кері ат өресімен қуған жауға жеткізбей, жігітті құтылдырып кетіпті. Құтылған жігіт домбырашы екен, өресімен төрт аяғы бос атқа жеткізбей өзін құтқарған ат үшін “Өрелі кер” деген күйді шығарыпты. Айтып берген: Замзия. 1989 жыл (Дүре). Көк серке Байдың қолында қойын жайып жүрген бір жетім бала болған екен. Қойдың ішінде қой бастайтын бір көк серке болыпты. Күндердің бірінде көк серке тастың қуысына қысылып өліп қалыпты. Байдың айбатынан қорыққан бала: Көй-көй, көк серке,
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ Таста қалды -ау, көк серке. Тасқа түсіп мүйізің, Қурап қалды-ау, көк серке, − деп зарлап жылаған екен. Осы зардан осы күй туған дейді. Айтып берген: Зейнел. Қауан Орынбасарұлы. 1986 жыл.
Көк серке Ата-анасы, туыс-туғанынан айрылып жетім қалған бір бала кішкетайынынан байдың қозысын бағып, ержете келе қойшы болыпты. Күні бойы қой соңында киімі жыртық, қарыны аш жүреді екен. Осы байдың қойының ішінде бір көк серке бар екен. Ол қойды таутасқа бастап тоқтамай, балаға да тыным таптырмайтын болса керек. Өзі арықтап, əлқуатынан айрылып жүрген бала күні бойы көк серкемен алысып: Көйкөй, көк серке, Қасқыр жесін көк серке . Екі мүйізің қуарып, Таста қалғыр, көк серке, − деп зарлайды екен. Домбырашылар осы зарды «Көк серке», «Жетім бала», «Қойшының зары» деп əр түрлі шертеді. Айтып берген: Турашбай. 1990 жыл.
Бұлдыр тау Ертеде бір ауылдан өзінің сүйген қызын алып қашып келе жатқан жігіт, жол-жөнекей бір үйге сусындауға түседі. Олар түскен үйдің есігі ғашықтардың беталысына қарап тігілген болса керек. Жігіт есіктен сонау көз ұшында бұлдырап көрініп тұрған өз елі мен жерін көріп, арттағы қуғыншыдан құтылып, аман-сау сол бұлдыр тауға жетсем деген арманмен, жүкте сүйеулі тұрған домбыраны алып: «бұлдыр-бұлдыр, бұлдыр тау, саған қашан жетем -ау, шу-шу, жаным» деп күй шерткен екен. Мұны түсінген қыз да көзіне жас алыпты. Екі ғашықтың бірдей күйзелісін көрген үй иелері «бұл не күй?», деп сұрағанда жігіт: «Бұлдыр тау» деген күй дейді. Айтып берген: Əшімқан Сіргебайұлы (Қарабұлғын), 1998 жыл. Құдірет торғай Əр екі торғайдың бір-бір қанаты жоқ. Əрі екеуі қалған бір-бір қанатымен əудем-əудем жерге ұшып, өздеріне тəңірінің салғанына көніп, тірлік көріп жүргенін көрген күйші : − Құдіреттің ісіне адам тұрмақ, жəндік те көнеді екен-ау! − деп, «Құдірет торғай» күйін шығарыпты. Құдірет торғайының шығуының тағы бір нұсқасы: «Торғайдың жоғарыдағы тіршілігін көрген бір əйел: «о, құдірет» деп кеудесін ұстапты. Сонда күйші де, осы тіршілікке таңырқап: – Рас, құдіреттің ісі ғой,− деп «Құдірет торғай» күйін шығарыпты. Əр екі күй аңызын айтқан: Қабдай Рабай, 1998 жыл. Бозінген Көктемнің шуағын көріп, қойы төлдеп, қара шаңырақты салар жалғыз інгендері боталап қарық болып отырған үйге, түнерген жай бұлтындай жауыз шапқыншылар лап қояды. Шапқыншылар үйді ойрандап, өрістегі малға тап
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ береді. Осы қуғын ішінде қыр асып қана жайылып тұрған бозінген де кетеді. Бозінген басы-көзге сабаланып, зорлықпен жетекте бара жатып, өзінің артта қалған ақ ботасын қимай зар илеп боздап, тостағандай жанарынан жас сорғалатады. Осылайша зар илеп бара жатқан бозінген, бір қолдан босай қалған орайда сылтып кейінге қашады. Қуғыншылар қанша қуғанымен жете алмай ақыры күдер үзеді. Неше күндік жолды зар желіп, зар еңіреп ботасына жеткен інгеннің сүлдері қалған екен. Сонда боздап тұрған бота да інгеннің алдынан жүгіріп табысады. Ел ішінен жинаған: Рапхат. Маусым айы, 1984 жыл.
Балжың кер Бұрын Марқакөл жағасын мекен еткен, дəулеті асқан бір бай болыпты. Ол қайда жүйрік бар десе кейде алдап, кейде зорлап алмай қоймайтын озбыр да екен. Күндердің бірінде бай Салдаман деген кедейде бір ат бар, ол атқа бұл жалғанда ат жете алмайды, – деген ел дақпыртын естіп, қалай да осы атты қолына түсіруге аңсары ауыпты. Бай Салдаманды атымен шақыртып жұқалаған екен. Салдаман да қу іші сезгендей, «кедейлік бағыма біткен əдеттегі жай ат» депті. Бай Салдаманға: − Айналасы алты күндік көлді ет пісірім уақытта айналып кел. Егер, ет пісірім уақытта келе алмасаң, атыңа алтын ер салып өзім мінем, келе алсаң саған бір тоғызға жығынды боламын, − деп уəде беріпті. Салдаман атқа сеніп жолға шығыпты. Бай ішінен қуанып ордаға кіріп, есе сөйлеп, қанат бітсе де ет піскенше аттың жете алмайтындығына көзі жетіп, еттің көбігін алуға бұйрық бергенше, даладан аттың қарасы көрінген хабар келеді. Бұл хабардан шошыған бай далаға шықса ат тұяқтары жер ойып, ұшқан құстай екпіндеп келе жатыпты. Сонда өзегіне өрт кеткен бай отыра кетеді. Бірақ айтқанынан қайта алмай амалсыз бір тоғызын беріпті. «Балжың кер» деген күй осыдан қалған екен. Айтып берген: Қабдай. Ақпан айы, 1985 жыл.
Бөктергі Бөктергі тегінде аса қыран құс екен. Сол қырандығына тасып ол көзіне көрінген құсты қырғындай беріпті. Бұл қырғынға құс біткен наразылық білдіріп, тəңірге дат айтады. Өзі жаратқан жəндіктердің мұң-зарын ұққан тəңір, басына келген баққа əспенсілеп бөктергіге ашуланып, қарғыс береді. Ақыры бөктергіге қарғыс тиіп күніне жүзді қағып, бірді ілетін құсқа айналыпты. «Бөктергі» күйі осы аңызға қарай шыққан деседі. Айтып берген: Белет. Қараша айы. 1989 жыл. Жылқыда Арқа бойында бір жылдары қыс тым қатты болып, тұтас жатқан адырларды қасаттанған қар алып малға жайылым бермейді. Осындай жұт белгісін сезген жылқышы Тəттімбет көршілес Найман елі отырған орманды өңірге жылқы салып, өзі ел аралап сауық сайранмен болады. Еліне осындай асқан өнерлінің келіп, өнерімен мəз еткенін Найман елі де теріс көрмепті. Жылқысын қумай, өзін қадірлі қонақ ретінде қарсы алады. Жылқысы жұт көрмей, осы қысты сайранмен алған Тəттімбет ел мен жерге риза болып, «Жылқыда» атты күй шығарған екен.
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ Айтып берген: Белет Балғабайұлы. Қаңтар айы, 1996 жыл. Ақ жал кәрібоз Жастай атағы шыққан Бейсенбі съезге барғанда, Найманның бір төресі жақсыны көрмекке деп қонаққа шақырып, таныстыққа өзінің ақ жал атын мінгізеді. Съезд аяқталып, қайтар кезде Бежең əлгі төренің үйіне келіп, ақ жал атыңыздың жүрісі деп, күй шертіп белгі қалдырады. Осы сəйгүліктің кəртейген кезінде де, ойнақыланған өнерін Бежең кейін «Кəрі боз» деп күйге қосады. Айтып берген: Мүтəліп. Қаңтар айы,1989 жыл. Бұлбұл Айша Жайық бойында отыратын дəулеті шалқып, ырысы артқан Байғұмар деген кісінің домбыра шертіп, күй шығарып аты шыққан ақыл мен сымбаты сəйкескен Айша деген өзі зерек, өзі сұлу қызы болған екен. Айшаның атын естіген күйші Сейітбек деген жігіт оны іздеп барып, қызбен өнер сынап көңіл береді, бірақ Байғұмар қолында қу домбырасынан басқа ештеңесі жоқ Сейітбекті жақтырмайды, бұл қорлыққа өртенген Сейітбек қос ішектен мың түрлі құбылтып сайраған бұлбұлдың əуенін шығарып, «Бұлбұл Айша» деп, атап күй шерткен екен. Айтып бергендер: Зағып. Айтып берген: Белет Балғабайұлы. Қаңтар айы,1999 жыл.
Алакөз аттың жүрісі Ертеде Қобда, жерінде атақты жүйрік, құбақан кері ат бар дегенді естіген Алтай байлары ұрыларын аттандырып, осы атты əкелуге жібергенімен ұрылар бос оралып, кейбіреулері ұсталып қалыпты. Ең ақыры бір ұры − (кейбіреулер Мүкей дейді), ұрлап əкелгенімен, Қобданың ұрылары қайта ұрлап кетеді. Өстіп үш алдырып, үш алдыртқан соң, төртінші рет Алтай ұрылары, аттың кірпігін жұлып, бір жылдай үйден шығармай бағады. Жыл аяғында алып шыққан ат құбақан торылығы болмаса, кірпігі ағарып шығып, шарасы алайған көрер көзге ерсі ат болады. Осы жылы Алтай елінде дабыра ас болып, осы аста небір майталман жорға-жүйріктен озып шығыпты. Сонда Қобдадан келген ұрылардың ішінде біреуі өз аттарын танымай ала көз атқа көзі түсіп, домбыраға оның жүрісін, шабысын күй етіп қосады (деректерде бұл күйді Қабада Жəдік Темірқан шығарды деседі). Айтып берген: Сетерқан Мұрсанұлы. Қос қағу, жібек жал, серке сан Бұрын Боғда мен Еренқабырғаны мекен еткен Мүкей дейтін жанкеспе ұры болған екен. Ол Алтай бетінде жібек жал, серке сан дейтін екі аттың барын естіп екі рет адам жіберіп алдыра алмапты. Сонымен ақыры өзі аттаныпты. Жібек жал мен серке санның қай жерде екенін біліп алған соң, Мүкей жылқышы болып жасанады да, үш-төрт үйір жылқыны сол ауылдың үстінен айдайды. Ауылдан жібек жал мен серке санды күзетіп домбыра шертіп отырған бір қыз, бір келіншекті көріп, жақындап келіп амандасыпты. Қыз: – Кімсің? − деп сұрапты. Алпамсадай Мүкей: − Жылқышы едім, жылқымды тауға беттетіп барам, − дейді. Қыз домбырасын шертіп отыра береді. Сонда Мүкей: – Қарғам, андағың не күй? − деген екен. Қыз: – «Қос қағу», − депті. Мүкей:
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ –Мұның күйдің басталуы, − деп, қыздың домбырасын алып тартқан екен, қыз: – Ағатай, атыңыздан түсіп үйге еніп шертіп беріңізші! − деп өтініпті. Аттан түскен Мүкей төр алдына отыра бергенде, қыз: − Бағана, сіз былай шерттіңіз емес пе?− деп қайта шертеді. (Бұл екінші түрі), Мүкей отырып : − Жоқ, қарғам, андағың шабыстан қағылып кетті, жай қағып шертеді, − түзету айтады. (Үшінші түрі) қыздың күйге əбден назары ауғанын байқаған Мүкей домбыраны қызға ұстатып, аттың айылын босатып келейін деп далаға шығып, жібек жал мен серке санды қосарға алып жолға түседі. Бұл күйді Мүкей əр екі аттың жүрісі деп шертеді. Айтып берген: Сетерқан Мұрсанұлы.1999 жыл.
Шыңырау Күз жетіп құстар қайтқанда шыңырау деген торғай да қайтады. Ол жол ортада бір мұхитқа тап болып, шексіз мұхиттың үстінен ұшқанда, қанаты талып, судың бетіне шыққан қамыс бастарына, салынды сияқты нəрселерге қонып дамылдапты. Мұхиттың ортасына жеткенде қонуға қамыс жоқ, ұша берейін десе дəрмені жоқ, шырылдап тұрған екен. Бір күйші осы жан шырылын күйге түсіріп, күй атын «Шыңырау» деп атаған екен.
*** Бір торғай бір ағаштың басына ұя салып жұмыртқаласа, əр жылы жылан жеп тоқтатпапты. Əбден запы болған торғай, жұмыртқасына өрмелеп келе жатқан жыланды көріп, қайтерін білмей шырылдаған екен. Мұны көрген күйші осы шырылдан «Шыңырау» атты осы күйді тудырыпты. *** Самұрық дейтін құс болған екен (кейде оны қаңқа деп те атайды). Ол үнемі мұхиттың ортасындағы бір үлкен бəйтерекке балапандап, балапандарына жем тасығанда, бір ретте бірер айлық жемін əкеліп тастап кетеді екен. Самұрық тұяғына бес киіктен, он тұяғына он киік іліп əкеледі екен. Ол бір жолы жем əкеле жатып, теңізден өтерде қанаты талып, бірде төмендеп, бірде көтеріле беріпті. Жемді тастайын десе қимай, тастамайын десе дəрмені кетіп шырылдайды екен. «Шыңырау» күйі сол мақұлықтың зары екен дейді. *** Шың шысай өктемдігі заманында, өр Алтайда халық мылтық тапсырудың қыл бұраулы қысымына ұшырапты. Осындай жан түршігерлік қысымда үкімет жақ бір азаматты, əншейінде тас бірдемелерді тастап жібергенде, бір-екі минутқа дейін дүңгірлеп дауысы естіліп тұратын шыңырау құдыққа сүйреп апарады да, тамам халықты жиып алып, шешесінің зарлағанына қарамай: «кімде-кім үкіметке қарсы шықса осылай өлтіріледі!», – деп осы құдыққа тастайды. Кейін осы да аянышты жағдайды Шақабай Шалап деген адам, «Шыңырау» деп күймен бейнелеген деседі. *** Бұрын осы дүниеде бір үлкен көл болған екен. Оның ар жақ-бері жағы көз жеткісіз, əрі түпсіз шыңырау екен. Сондықтан жұрт оны «Шыңырау көлі» деп атап кеткен екен. Осы көлден күзде жылы үйекке қайтатын самұрық деген алып құстың өзі əзер ұшып өткенде балапандары көлден өте алмай жағада қалыпты. Балапандарын
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ алып өтуге дəрмені жоқ самұрықтың зары төрт əуенмен шертілетін күй болған екен.
*** Ертеде Шыңырау деген бір құс болған екен. Оның балапанын жыл сайын бір жылан жеп кетеді екен. Ол сонда балапанына қарай жылан өрмелеп бара жатқанда, аспанда шырылдап: «балапаным бауыр етім, қалдым мен де жалғыз жетім» деп зарылдағаны «Шыңырау» атты күй болған екен. *** Бір торғай өзінің екі жұмыртқасына, иен далада қалған бір жұмыртқаны əкеліп қосып бірге басады екен. Үш жұмыртқаны бірдей басып, уақыты жеткенде үш балапан шығарады. Əлгі тауып əкелген жұмыртқадан сүрепеті өз балапанынан бір басқа балапан шығады. Торғай «қызыл шақа ғой, біраз есейсін, байқайық» деп аялдай-аялдай жүріп, бір жолы жем іздеп кетіп оралса, бір балапанның ақүрпек жүні дода болып жатқанын көреді. Бақса əлгі бөтен балапанның аузы қан екен. Бірақ бұған тағы сенбей, тағы бір жолы келесі екінші балапанын да додасын шығарып жеп алып отырған екен. Онымен тынбай өзіне тап беріпті. Сөйтсе, ол қаршығаның балапаны екен. Сонда торғайдың екі балапанынан айырылғанына, өзіне өкініп опық жеп зарланған, «Шыңырау» деген күй болған дейді аңыздарда. 1985 жыл, 20 қаңтар. Бодау кеңес Алқабек (қазіргі Қаба ауданына қарасты жер) жағасына тігілген қалың ақ үйлер Абақ Керейдің бодаусыз кеткен бір дауын ыңғайлауға келеді деген аға сұлтан Құнанбайға арнайы тігілген екен. Осы тойға Маман би 19 жастағы Бейсенбіні ерте келеді. Бұлар келгенде басқалар орындарына жайғасып алған екен, оларға ешкім орын бермейді де есікте қалады. Ел жиылды-ау, дегенде төр алдындағы Құнанбай: − Кəне дау-шарды неден бастаймыз? − деп сынай сұрау тастайды. Қонақ иесі Шау би, билерге сөз бастау салмағын салады. Бірақ аға сұлтан Құнанбайдан жасқанып ешкім атылып алға шығып сөз бастай алмайды. Сонда есікте отырған Бейсенбі : – Біз сөзді қалай бастаймыз? Арғын, найман біздің ағамыз еді. Бірақ, Сыр бойынан ауғанда, Арғынның қамшысының жуандығынан, Қалбадан ауғанда Найманның қамшысының жуандығынан қоныс таппай кеттік. Ортамыз ойылды, ордамыз бұзылды, қоныс ауып, мекен қуып жүрген еліміз, келіп жеткен жеріміз Дөрбіт пен Ұранқайдың іші болды. Бұлардың бесік белгісі, төсек үлгісі жоқ, алса бітім, берсе итім дегенді ғана біледі. Кеуде көріп ортасы ойылмаған, ордасы бұзылмаған, жаны бір, заңы бір ағаның баласы бастамай ма? − депті аға сұлтанға. Болғалы тұрған азаматтың ер мінез, өжет сөзі отырған жұрт емес, əрі паң, əрі асқақ мінезді аға сұлтан Құнанбайды да жалт қаратып, жатқан төсегінен басын көтерткізеді. − Болар, болар! Өзі де болғалы тұр екен ғой, аузының жұрт иланар киесі бар, көмейінің жау жасқанар сұр жыланы бар жігіт екен. Жиын өзі де басталып кетті емес пе?, – Бала жігіт дұрыс айтты. Сендер қамшысы жуандардың өктемдігімен елден − жерден арылдыңдар, мен оған жұбанбасам қуанбаймын. Керейден сендей ұл туғаны қазақтың мəртебесі, бұл реткі билікті осы бала айтсын, мен тек тыңдайын − депті. Бежең бұл реткі жиында төбе би болып, дау шешеді.
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ Осы топты кеңес ақырласқанша Нанбайсың бірнеше сынауынан өткен Бежең, аға сұлтаннан «көмейінен суырылған шешен аузы киелі, биілігіне ел тоқтайтын ұйтқы жігіт» деген баға алады. Сонда Бежең өзі осы жиынға сай, «Бодау кеңес» деген күй шығарып, Құнанбай бастаған топ алдында шертіп сыйға тартады. Айтып берген: Рапхат, Қабдай, Айдарқан. Қаңтар айы,1983 жыл. Тайыншаның тарғыл бұқасы Моңғол − қазақ жауласқан кезде, Тайыншан деген сиыршыны атып кетеді. Иесіз қалған малды қазақтар айдап кетеді. Ертесі айдап келген сиырлар жоқ болып шығады. «Күншілік жерден əкелген мал ешқайда кетпес» деген оймен ізін шалса, бір қора сиырды тарғыл бұқа қайырып ауылына таятып қалғанын көреді. «Еңбексіз малды қайта əкелгенмен мал болмас» деп, қуғыншылар қайырмайды. Деседе тарғыл бұқаның қасиетін ел көп сөз қылады. Осы оқиғадан «Тайыншанның тарғыл бұқасы» деген күй шығады. Айтып бергендер: Рапхат. Қабдай. сəуір айы, 1984 жыл. Заман Патша үкіметінің айдауында жүрген күйші Сейітбек, туған елін, жерін, сүйген қызын сағынған ашты зарынан «Заман» атты осы күйді тудырған дейді. Айтып бергендер: Рапхат. Қабдай. маусым айы,1994 жыл.
Еркіндік Талай жыл қараңғы түрме түбінде, азап көрген шер жүрек, күйші Сейітбек 1917 жылы Қазан төңкерісінің жеңісімен еркіндік алғанда, шат көңілінің шарықтаған шабытын, төңкерістен кейінгі ел өмірін аса бір суреткерлікпен бейнелеп еркіндік күйін шығарған екен. Айтып берген: Тұрған. маусым айы, 1994 жыл.
Зарықтым Дəулескер домбырашылығымен, кісенді бұрап үзген күшімен, арыстан жауырыны жерге тимеген балуандығымен жез таңдай шешендігімен, ағайынға олжа салған жортушылығымен, құралайды көзге атқан мергендігімен өз тұсында ел көзіне түскен Мүкей күйшінің де көкірегінде өз мұңы жатқанын, жанарында ешкімге көрсетпес көз жасы барын кім білген?! Тағдыр оған осы өнерлерінің үстіне бір шыр еткен беруді көпсінгендей тілегін бермеген. Күйшінің сол қайғы-зары жылай келіп, бір күні домбырадан, «Зарықтым» күйі болып желдей есіпті. Айтып берген: Қама Қабыйұлы .1981 жыл.
Сәлкүрең, молқоңыр Ертеде өнері елге таңсық, өлеңіне қауым ғашық, күйімен ессізге ес бітіріп, естінің делебесін қоздыратын атақты Жанжігіт дейтін сал болған екен. Жанжігіттің бір күрең, бір қоңыр аты болған екен. Осы күреңнің жүрісі, жорғасы, шабысы, сұлу тұлғасы Жанжігіт салға жарасымды болғандықтан, «Сəлкүрең» десе, Қоңыраттың сүйек бітімінің ірілігіне қарап «Молқоңыр» дейді екен. Осы екі атының жүрісін Жанжігіт домбыраға салып күй ғып шертеді екен. (1)* (Тайыншанды кейбіреулер Қазақ ішіне сіңіп өскен Ұранқай екен десе, енді біреулер Моңғолия жерінде болған дейді).
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ Бара-бара ол «Сəлкүрең», «Молқоңыр» деген халық күйіне айналыпты. Айтып берген: Рапхат жəне Айдарқан. 1986 жыл. Құр ойнақ Ертеде салдық құрып сайрандап жүрген Байжігіт, бетке ала шыққан ауылына келсе, ауылдың адамы қырылып, шаңырақтары ортасына түсіп, оттары өшіп, шашылған күлдеріне құр ойнап жатыпты. Бұл қайғылы халды көрген Байжігіт: – Е... жақсы мен жайсаңы, баласы мен анасы түгел қырылған екен-ау! Неткен жауыздық, – деп өксік атып, осы қаралы жайтты бейнелейтін «Құр ойнақ» күйін шертеді. Айтып берген: Тайыншабай. 1981 жыл. Қозы күрең Ертеде бір жылқылы бай, жылқышыларына əр жылы табан ет маңдай терің бір жабағы тай деп белгілеген екен. Бай бір жолы жылқыға шығып, жылқыларын сырттай тамашалап жүреді. Сонда қасында аралатып жүрген жалшысы өзінің жылдық ақысын сұрап қалады. Бай оған айғыр үйірінің шетінде тұрған өлі жүні түспеген бір күрең тайды көрсетеді де, соны ақыңа бергенім дейді. Айлар ауысып, жылдар жылжып күрең тай ат болғанда, бір ауылда үлкен бір той болып, 300 ат бəйгеге қосылады. Бəйге келгенде бірінші болып қоян сүйек күрең ат келеді. Оны көрген бай аттың иесін, тегін қузай келе өзінің кезінде жалшыға берген жаман жабағысы екенін біледі. Сонда бай өз айғырының тұқымы екенін айтып дау шығарады, жалшыға күш көрсетеді. Жиылған барлық ұлық бұған белгілі кесім айтпайды, əділетсіздікке күйген жалшы, кезінде табан ет маңдай терім үшін өзі берген деп шыжақтайды. Сонда көлденең адам ретінде араға біреу түсіп жалшыға: «бұл жолғы бəйге өзіңдікі, ал талас болып отырған осы атқа кім жүз жылқы берсе сол алсын» деген екен. Отырғандар дуылдасып келісе алмай отырғанда, есік жақта бір азамат домбырадан күмбірлеп күй шертеді. Үй-іші тына қалып, ершімді күйден бүгінгі жүлделі жүйріктің көсіле шапқан шабысын бір көргендей болады. Күйші домбырасын бəсеңдетіп барып: «мен екі жүз жылқы атадым. Мына күй бүгінгі қозы күреңнің шабысы, мұным − жүз жылқы, енді басынан ұрып жүз жылқы санап беремін», - деп кеуде ұрады. Ақыры, осы бір жомарт салдың пиғылына риза болған жалшы, «атымның атағы тарихқа күй болып қалғаны үшін елуін алайын, міне атың деп салға атты беріпті. Айтып берген: Шəдей. Сағидолла.
Ой, дүние-ай Елге тиген сары аурудан қаза болғандарды жерлесіп қайтқан Мүкей, өзінің бойы ауырлап салғырттана бастағанынан секем алып үйіне келіп, төр алдына құлай кетеді. Оның назарын тыраулаған тырна үні бұзады. Енді шаңырақтан ақырғы тырналар ұшып ғайып болады. Тыраулаған дауыс та үзіледі. Ол бағанадан тырна үнімен ғана тіршілік тынысын алып жатқандай тырна үні үзілгенге көңілі құлазып ой жүйесінде бір түрлі күйзеліс пайда болады. Ауыр-ауыр күрсініп шай қамымен жүрген
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ жас жұбайы Көкейжанға көзі түскенде, оның сарғылт жүзінен шыр еткен ұрпаққа зар жан азабы көрінгендей болады. − Ай, Көкейжан ажалдың жез қармағы мені де ілгелі тұрған сияқты. Я, көпке келген тəңірдің құрығынан кім қашып құтылар дейсің. Жалғыз-ақ уайым...− деп, сөзінің соңын айта алмайды. Оның көмейінің ар жағын сезе қойған Көкейжан: − Қайдағыны қайдан айтасың, құдай сақтасын!? − деп, дірілді дауыспен Мүкейге мұңдана қарайды. Мүкей домбырасын қолына алып жадау жүзбен жабырқай отырып қоңыр сазды əуенге басып, «ой, дүние-ай», – күйі осылай туған дейді. Айтып берген: Сетерқан Мұрсалымұлы. 1 ақ пан, 1994 жыл.
Жеңілдім Ел аралап өнер қуып жүрген Жайыр деген күйші, біреудің жаласымен қолды болып, қайтып келе жатқан жолында, əлде қалай Бейсенбі би ордасына кез болады. Жөн сұрасып, Жайырдың күйші, өнерпаз екені айтылғасын би оған домбыра ұсынады. Ақыры екеуі күй жарыстырып өнер көрсетуге келеді. Жайыр ең соңында бақайларымен домбыра қағып биді жеңеді. «Жеңілдім» Бежеңнің сол жерде шығарған күйі екен дейді. Айтып берген: Белет. Қабдай. 1 ақпан ,1994 жыл. Көк шұбар ат Жарық дүниемен қоштасып жатқан бір адам үзеңгісіне: «Керейден келген бидің қарғысымен кетіп барамын – көк шұбарды соның өзіне қайтарып бер» деген сөзбен жан үзеді. Бұл сыр былай екен: Семейдегі съезге келген Керей биі Бейсенбі мініп келген көк шұбар атқа көзі түскен ұрылар аттың езуіндегі жырығын, тіліндегі қалын көріп алып: «дөненінде үйреткенде түскен жырық еді, жоғалып алты жасарында құдай айдап алдыма келді», – деп дау шығарады. Бейсенбі: «қол тума, ақ – адал малым» дегеннен басқа сөз айта алмайды. Ұрылар төндіре түсіп: «туғанда тілінде қалы бар еді» дегенді бұрын айтып осымен жеңіп, көк шұбарды жетелей жөнеледі. Сонда Бейсенбі би: «нақаққа жала жапқан жанынан айрылады» шұбарды əкеткеннің шырқы бұзылсын!»,- деп қарғайды. Сол қарғыс оқ болып тиіп, жалақор жалманынан түседі. Мұны көрген былайғылары қорқып шұбар атты съезд аяқтамай қайта иесіне қайырады. Сонда Бежең осы «Көк шұбар ат» күйін шерткен екен. Айтып берген: Сетерқан, Қабдай, Белет. 1991 жыл (Өндірқара). Шыңырау Ертеде, оңайға өткел бермейтін Көкжал деген өзеннің екі жағалауында Байбол, Тауасар деп аталатын екі ауыл болыпты. Байболдың кіші келіні Гүлбике, енесіне ақыл салғаннан кейін ауылдағы жылқышы баланы шақырып: – Сен Тауасар ауылына бар, күйеу жігіт Əзілбек ұрын келіп кеткелі осы ауылдың есігін ашқан жоқ, бала өзі келеді деп отырсақ, күз келіп көші-қон болып кететін түрі бар. Сен бар да күйеу баланы шақырып кел, − деп жұмсайды. Жылқышы бала тау асып, тас басып өткелден ат жалдап өтіп əзер дегенде, Тауасар ауылына барады.
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ Жылқышы бала Əзілбекке биебау басынан кезігіп, келген бұйымтайын оған оңашалап жеткізеді. Онсызда сағынышпен сарғайып жүрген Əзілбек бұл хабарға қуанады да, қайын жұртына кешікпей баратынын айтады. Əнші, биші, күйшілердің бір тобын ертіп, Байболдың кіші ауылына Əзілбектер келгенде, ауыл той болып жатқан секілді əбігер екен. Қонақтардың алдынан шығып ат ұстаған даяшылар бірінен соң бірі келіп, қонақтардың атын алып ілтипəт көрсетеді. Арнайы орналастырылған үйлерге жайғасқан күйеу жігіт жəне оның серіктері ауыл азаматтарының «Той бастар», «Күй басы» деген күйлерін тыңдайды. Əзілбектің өнерлі серіктері əр алуан өнерлерін көрсетіп ауылды думанға бөлейді. Олар осылай отырғанда, үкілі кəмшат бөркін шекесіне салған бір топ қыздың ортасында Əзілбектің қалыңдығы Назигүл де топ ортаға келеді. Жастардың əн − сазы күн батарға дейін толастамайды. Кешкі қызықты да Гүлбике алдын ала орналастырып қояды. Екі-екіден жұптасып, əріптесін тақымдап қуып айтысқандар таңның қалай атып, күннің қалай батқанын сезбей де қалады. Осылай өткен сауық кештер мен қызықты күндердің неше аунап түскенін білгендер болмапты. Бір күні сəске мөлшерінде шайға отырған Əзілбек Гүлбикеге иіліп келіп: «біз қайтайық, ауылдан аттанғанымызға бірнеше күн болыпты» дейді. Күйеу жігіттің ойын біле қойған Гүлбике де қонақтардың қайту талабын үлкен шешесіне жеткізіпті. Сонда, көп ойланып алғаннан кейін, қарт ана Гүлбикеге тесіле қарап отырып: – Суы құрғыр ағаш басына шығып, сабасынан асып жатыр дейді ғой, балалар, абай болсын! − деген екен. Гүлбике күйеуді жолдастарымен аттандыру қамына кірісіпті. «Тіл астында тіл бар» дегендейін, неше түнге созылған əзілдердің соңы айтылып, бірін-бірі қимаған жүректердің белгісі-кестелі орамалдар қолдан-қолға өтіпті. Олардың осындай аттанар кезінде, Əзілбектің кенже балдызы келіп бір домбыра ұсынған екен. Бұл домбыра тоғыз түрлі ағаштан қиылып жасалыпты. Үп еткен салқын самал тигенде екі ішегінен сазды үн шығады екен. Олар аттанғанда тұрып қалған жеңгесі қайта айналып үйге кіргенде, Назигүлдің өзінің төсегінің үстінде отырғанын көрген жеңгесі: «жатып тынықшы!», – деп Назигүлді төсегіне жатқызып шымылдықты түсіріп қояды. Мамық төсекке жата сала көзі ілініп кеткен қыз «алла!», – деп ұшып тұрегеледі. Оның шошып оянғанын білген жеңгесі «не болды?», – деп қасына барғанда қыз: − Бір жаман түс көрдім, түсімде Əзілбек екеуміз бір биік шыңға шығып бара жатыр едік, бір алып айдаһар жолымызды бөгеді. Алдымен оны, артынан мені жұтты. Содан шошып кеттім, − дейді жеңгесіне үрейлене қарап. Дəл олар осылай сөйлесіп отырғанда бағана Əзілбектер кеткен жақтан аттан сап айқайлаған дауыс бүкіл даланы жаңғырықтырып қайын отырған ауылды елең еткізеді. Мұны естіген Назигүл мен Гүлбике жүгіріп далаға шыға келсе, Əзілбектің бəйге торысына мінген ақ жейделі бала шыршыр етіп келе жатады. – Ой, не болды? ... − Əзілбектің аты су ортасында жығылып... сұраулар мен үзік-үзік жауаптар Нəзигүлге анық ұғылады. Онсыз да дымы құрып əрең тұрған арудың бойы бір ғажап қорқынышты жалынға шарпылғандай дір етеді де, не болғанын өзі де сезбей, белдеуде тұрған сандал торыға ұмтылады. Оның артынан дүркірей шапқан ауыл адамдары келгенде, сандал торы бір боз талға байлаулы тұр
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ екен. Маңында жан көрінбепті тек, өзеннің қан жұтып, құтырынып алған асау толқыны айбар шегіп жатыр екен. Өзеннің екі жағындағы ел екі бірдей есінен айрылып зар еңірейді. Күн бесінге дейін атты-жаяулар өзеннің екі жағын көп қарап, түк таппай тарығыпты. Ақыры жеті дөңбекті сал етіп, екі өнерпазды «қан иірім» деген жерге дейін қарауға шығарыпты. Бұл екеуі асау толқынмен жағаласып, ақыры тастан-тасқа соғылып, быт-шыты шыққан салдан, екі дөңбекке жармасып, «қан иірімге» жетіпті. Олар иірімдегі бүркіт ұясынан бір нəрсенің елбең еткенін көріп қалыпты. Қиянның алақанат қыранын аумен алатын бұл екеуі өмір бойы бүркіт ұясынан осындай жəндік байқамаған екен, олар бұған қайран қалады. Міне, екі өнерпазға бір ғажап елес көрінеді. Суға иіліп тұрған боз талға сандал керді іле салған Назигүл асау ағынға ашына қарап тұрғанда, қанды толқын арасынан Əзілбек елестеп, өзін суға атады. Ол сұрапыл толқын соңынан жағаласып «қан иірімге» келгенде, бауыры Əзілбекке берген домбыра, иірімді бір айналып барып жағаға шығады. Қыз толқынды жарып барып домбыраны алады да, асау ойдың езгісінен талықсып кетіп, бүркіт ұясынан шығады. Ол соңында тұрып, «қан иірімнің» түбін бір көргісі келеді. Оны мұнда пері ұшырып шығарды ма?, – жел алып шықты ма?.. Назигүл бүркіт ұясында тұрып иірім түбіне үңіле қарап көп отырады. Жоғарғы жақтан қараса, өзен жеті қабат көктен түсіп келе жатқан қанатты айдаһар құсап құйылса, төмен қарай жеті қабат жер астына кіріп бара жатқан ақ сұр алып жылан сияқты көрінеді. Толқын біресе, дəу қарағайды қопарып жұтып бара жатса, біресе көрікті бір теректі қылғып бара жатқандай көрінеді. Асау өзенге ашынған ол, домбыраны ала-салып бар зейін-қуатымен «Шыңырау» күйін тартқан секілді. Күмбірлеген күй толқыны барып-барып басылғанда, Назигүл орнынан атып тұрып, бейне үріккен еліктің лағындай айналасына үрейлі қарапты ... Тасқа жабысып тұрған екі адамның «қарағым, бері кел, құлап кетесің»,– деп тұрғанын Назигүл естіген жоқ. Көз жасы құрғаған қатулы қабағын түйіп тұрып, туған ел, өскен жеріне қош айтып, тоғыз түрлі ағаштан қиулап жасалған домбыраны үйіріп лақтырып жібереді де, қарын иірімге ыршиды. Оның қызыл сəтен көйлегі көбелектей көлбеп барып, су бетіне қона бергенде, рақымсыз тылсым күш оны лып еткізіп жалмай салады... Домбыраны жел аударып кетіп жағаға түсіреді. Домбыраның күйін қойып, өзін жасап жүрген екі өнерпаз осыдан кейін көп ойланып, ғашықтардың арманына, қиуасызда кез болған бақытсыздығына толы «Шыңырау» деген күйді шерткен екен. «Шыңырау» күйі елге осылай тарап кетіпті. Осыдан соң бұрынғы Көкжал өзені «Шыңырау» өзені деп атаныпты. 17 ғасырдан Тұғыр (əсілі Тұғырыл болуы мүмкін) ханнан кейін Шыңырауды «жолтыңкі» деген бір тайпа қоныстаныпты да, Шыңырау өзені «Жолты» деп аталыпты. Ел аңызында «Шыңырау» құс деп те айтылады екен. Күй аңызын айтқан: Рапхат Нығметұлы, Қабдай Рабайұлы. 1989 жыл, «Көктоғай өңірі». Бөкен жарғақ
Баяғыда бір елге оба тарап, оның үстіне ақ сүйек жұт болып, ел түгел қырылып, тек бір жігіт қарындасымен ғана аман қалған екен. Жігіт аң аулап, қарындасы екеуі аңның терісін киіп, етін азық етіп күнелтіп жүріпті.
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ Шіліңгір шілденің бір күнінде ыстықтамас үшін бөкен терісінен киген киімнің жүнін сыртына қаратып киіп алған жігіт күндегі бөкен аулайтын бөкен жаққа тартыпты. Ол бөкен жақтың маңына таяп барып бөкен аңдып бүк түсіп жатады. Осы кезде тағы бір аңшы жігіт бөкен ауламақ болып осы маңайға келеді де, бүк түсіп жатқан бөкенді көріп атып қалады. Аңшы жігіт оны бауыздап алмақ болып жүгіріп жетіп келсе, бөкен емес бір жігіттің жайрап жатқанын көреді. Оқыс жазаға жаны ашып кеткен жігіт мұңайып ойға кетеді. Бұл жігіт те мен секілді жалғыз ба екен, əлде серігі бар ма екен?, егер, серігі болса іздеп келер, – деп тосып отырады. Ертеңінде бір қыз келіп жігіттің өлігін көріп зар еңіреп жылайды. Мұны анадайдан көріп отырған жігіт, қыздың жанына келіп: − Ағаңды бөкен екен деп мен атып едім, əдейі атқам жоқ. Мен де жалғызбын, адам баласын көрмей далада жүргеніме талай жыл болды. Адам екенін білсем бүйтерме едім! ағаңның өліміне мен де арманда қалып бармағымды шайнадым. Бақиға жол алған оралмайды. Ағаң үшін кегімді алам десең міне құрал, мені ат та кегіңді ал, мен де оның соңынан кетейін, бұл өкініштің куəсі болып артымызда сен қал! − деп, жігіт қолындағы қаруын ұсынады. Көп жылап іші бауыры езілген қыз, ақылы сабасына түскен соң жігітті өлтіруге қимайды да, жігітпен бірге өмір сүруді жөн көреді жəне жігітке: «менің өксік атқан зарымды тарихқа қалдырар өнерің бар ма?», дейді. Жігіт: «бар», дейді де ұзақ толғанып алған соң домбыраға қыздың оқыс өлген ағасын жоқтап зар жылағанын, «əттең, бөкен жарғақ-ай! əттең, бөкен жарғақ-ай!» деген қасіретін күйге айналдырып шертеді екен. Халық күйі «Бөкен жарғақ» осылай шығыпты. Айтып берген: Рапхат. Айдарқан. 1986 жыл (Тұрғын ауылы). Жалғыз жігіт 1931 жылы Ертіс өзені өткел бермей «Қара айғыр» деген жерден ел тосылып, төрт түлік мал неше күн иіріліп күйісі кетеді. Ел ағалары бұлай ширыға бермей ел мен малды судың ар жағына өткізуді ақылдасады да, адамды да, малды да, қырқалап өткізе бастайды. Осы арпаласта астында шолақ торы байталы бар бір жетім жігіт, елден қалмайын деп, байталымен суға түсіп кетеді. Аласұрған ақ бурыл толқын, арық байталымен жалғыз жігітті ала жөнеледі. Сонда жалғыз жігіт өзінің қылығына өкініп: − Ат сал! ат сал елім! ат сал! − деп зар қаққанымен, аранын ашқан ажалға кім бара қойсын, сонда астында көк байталы бар Бейілбай деген тағы бір жарлы жігіт, зар қаққан құрбыласын құтқаруға, «көк байтал жаның үшін жүзерсің» деп, байталымен суға күп береді. Асау толқын Бейілбайды да ала жөнеледі. Əйтеуір, лақтырылған шалмалардың бірі түсіп, ол зорға құтқарылады. Бірақ, əлгі жігіт сол беті суға кетеді. Бейілбай мен Қамади жалғыздық пен жарлылықтан туған мына оқиға кейінгілердің есінде жүрсін деп «Жалғыз жігіт» күйін шығарады. Айтып берген: Қабдай Рабайұлы. 1991 жыл, (Қаратүңке ауылы). Көк төбет Бір қойшы бір байдың қойын талай жыл бағып, тышқақ лағын да ит-құсқа жегізбепті. Өзі өрісте ұйқыдан, түнде күлкіден де кенде емес екен. Мұның сыры күндіз-түні қасынан қалмайтын көк төбетінде екен. Көк төбет қасқырды қойып, аюға
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ да айбарлы екен. Бұған дəн риза болған қойшы, кезеңде отырып, «Көк төбет» деген сыбызғы күйін шығарған екен. Айтып берген: Бұқабай (Көктоғай өңірі). 1986 жыл.
ЫҢЫРШАҚТЫ БОЗ Жалғыз боз атынан басқа ешбір көлігі жоқ бір кедей болыпты. Оның жайшылықта бұт артар, көшкенде жүк артар көлігі де осы аты екен. Ол бір күні бар-жоғын боз атына артып, көшіп бара жатса, бір ауылда қалың адам жиналып ас беріп, бəйге қосып, дыр-думан болып жатыпты. Олардың тұсынан əлгі адам боз атын жетектеп өтіп бара жатқанда, боз аты бір күрсініп қалған екен, тарту арқаны үзіліп кетіпті. Мұны көрген əлгі кедей: «е, жануар-ай,− ішіңде өнерің бар екен ғой, сенің де қарызыңнан бір құтылайын», – деп жүгін сол жерге түсіріп тастап, аттың ыңыршағын алмастан, бəйге болып жатқан ауылға барыпты, оған ешкім қарап та қоймапты. Тек, аттарды айдайтын кезде кедей: «атымның арқасы жайпақ мінуге келмейді, ыңыршағымен балам мініп барады» депті де, қалың жүйріктердің соңынан ілестіріп жіберіпті. Бəйге келеді-ау, деген мезгілде аты барлар да, басқалар да кезеңге шығып, шаң көрінген жаққа қараумен болады. Бірі ана ат келеді десе, бірі мына ат келеді деп тұрғанда, жалғыз шыққан боз ат екені анық болады. Аздан соң, басқа аттардан көш бұрын ыңыршағын сүйретіп боз ат келген екен. Үстіндегі баласы жығылып, ыңыршағымен келген атқа, жол бойынша 2 бəйге беріліпті. Осыдан бастап, бір кедейдің күйсіз көлігі − боз атқа арналып «Ыңыршақты боз» деген күй шығарылған екен. Айтып берген: Зейнел. Белет 1990 жыл. Ақсақ құлан Баяғыда, Жошы деген ханның заманында, екі аңшы аң аулап жүріп, бір құланды аяғынан жаралап алып, оны қуып ұстай алмай аттарының мойны қатып келе жатқанда, қашқан құлан Жошы деген ханның ауылының жанынан өтіпті. Арғымаққа мініп ерігіп жүрген ханның баласы, ақсақ құланды көре салып, қуа жөнеліпті. Аң аулап көрмеген алаңғасар, аңқау бала, құланды қуып жетіп, оны малша бауыздап алмақ болғанда құлан оны теуіп өлтіріп кетіпті. Мұны көріп зəресі қалмаған аңшылар, ақылға келіп, баланың денесін бір биік жартастың салқын көлеңкелі жеріне жасыра тұрып, елден аңыс аңдамақшы болыпты. Сонан орда жақтан ханның кəрленіп: − Кімде-кім менің баламның өлігін көріп, өлім хабарын естіртсе, сол адамның көмекейіне қорғасын ерітіп құямын! − депті дегендерін естиді. Екі аңшы: «енді қайттік?» деп тарығыпты. Соңында олар: «мұны əйтеуір жасыра алмаймыз, хан ашуы тарқаған соң, баласының өлімі туралы іздеу салады, əрі сол аң аулап шыққандарды сұрастырады, онда біз табылмай қалмаймыз,» деп, жолын тауып естіртуді кеңесіпті, олар осы кезде, елден Жошы ханның əуескей домбырашы екенін естіпті. Аңшының бірі атақты домбырашы екен де, бала өлімін домбыра күйімен естіртпек болыпты. Ханның үйіне келсе, хан сүйектен нақышталып жасалған төсегінде, сырлы домбырасын бас жағына сүйеп қойып, өзі теріс қарап жатыр екен. Əлгі домбырашы жігіт сүйеулі тұрған домбыраны ала салып, бір мұңлы күйге безеп-безеп жіберіпті. Ол домбыраның күмбірлеген үнімен: Ақсақ құлан жосыған, Баласы өлген осы хан.
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ Білмеймісің, Жошы хан?! − дегенді білдіріп ұшып домбыраны қайта сүйеп қойғанда, хан түрегеліп домбыраны қолға алып: – Не дейді-ау, ойбай, не болдым! − деп шерте жөнеліпті. Артынан жасауылдарына: − Маған қорғасын ерітіп əкеліп беріңдер! − деп бұйырыпты. Мұны естіп екі аңшының зəресі ұшыпты. Бірақ, неде болса көнуге бекіпті. Ханның жасауылдары ерітілген қорғасынды əкелгенде хан: − Баламның өлімін естірткен адамның көмекейіне қорғасын құямын деген сөзім бар еді. Бірақ, адам емес домбыра естірткен соң, домбыраның көмекейіне құяйын, − деп домбыраның қақпағына құйып жібергенде, қорғасын қақпақты тесіп ішіне түсіп кетіпті. Одан бұрын домбыраның қақпағында тесік болмайды екен. Домбыраның қақпағындағы тесік осыдан қалыпты. «Ақсақ құлан» күйі де осылай шығыпты. Айтып берген: Рапғат. 1986 жыл.
Алшаң қоңыр Базарқұл Байынқара деген кісі болыпты. Ол киімді тым сəндеп киетін сəнқой, атты таңдап, баптап мінетін мырза екен. Бір жолы бір ауылда үлкен той болып, тойдың дыр − думанын анадайдағы дөң басына шығып, тамашалап тұрған ел ағалары, топ арасынан өзімен аты құп жарасқан, атқа отырысы мен дене бітімі келіскен бір жігітке таңырқасып қалады. Бұлардың өзін сөз қып тұрғанын аңғармаған əлгі жігіт қоңыр атты алшаң бастырып көлденеңдей өте берген екен. Мəми бейсі қасындағыларға: – Ақау, Керейден де мұндай келісті азамат, осындай əдемі ат шығады екенау,?! − депті. – Мұны өз құлағымен естіп бейсімен бірге таңырқаған бір күйші, əлгі жігіттің қоңыр атының алшаңдай басқан əсем жүрісіне «Алшаң қоңыр» деген күй арнаған екен. Айтып берген: Рапхат. 1989 жыл. Көк дөнен Моңғол мен Қазақ арасының дау-шары бір кездері асқынып соғысқа айналыпты. Бұл соғысқа көк дөненіне мініп, бала Жəнібек те шығады. Хан Абылай мұны көрсе де бетінен қақпапты. Сұрапыл соғыс бастала-ақ қарсы жақтың күші басым келіп, Абылай жақ ығысып қашқан екен. Қалың айғай-сүрен, уда-шудың ішінде жүрген Жəнібек бір кезде Абылайдың артта қалып қойғанын аңғарып жау жаққа қайта ұмтылыпты да, Абылайды ұтылап, қаумалап жүрген жауға араласып кетіпті. Жаудың бірталайын жер құштырып, бетін бір қайтарып жіберіп, Абылайға келіп, Көк дөненін көлденең тартып: − Қашып құтылыңыз, жаумен айқасамын! − депті. Абылай намыс көріп, Көк дөненге мінгісі келмепті. Сонда Жəнібек ызаланып: − Басыңды жауыңа алдырғанша, өзім алайын! − деп, қылышын суырып алған екен. Абылай амалсыз Көк дөненге мініпті. Жəнібек Абылайдың атымен қайта соғысқа шығып, жауды қанға тоғытып, бетін қайтарыпты. Жаудың беті қайтқан соң Жəнібек бір кезеңге шығып, атын қаңтарып тастап, ұйықтап қалады. Қайтып барған Абылай тобының ішіндегі Керейдің бір шалы, Жəнібектің қайтып келмегенін біліп, іздеп шығады. Шал Жəнібек жатқан маңға келгенде атын қаңтарып тастап ұйқыда жатқан Жəнібекті көреді. Ол ұйқыда жатқанда маңайында торуылдап тұрған екі
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ қасқырды көреді. Шал Жəнібекті оятып, ахуалды оған айтады да, топқа бастап кетеді. Бұл кезде ордадан Абылай да «Көк дөненін берген баланы қайта көремін», - деп қаузау салып жатқан кезі екен. Осы кездің үстіне Қабанбай келіп ханға үш талап қойған екен. Сондағы үш талабы мынау екен: оң тізесінен орын беру; ол болмаса, асық жіліктің басын ұстатып бала қып алу; ол да болмаса, қолында ұстап туын беру. Сонда Абылай тұрып: − Оң тіземе отырғызып уəзір етсем, халық не дейді? Ал, асық жіліктің басын ұстатып бала қылып алғаныммен кісі баласы кісіге бала бола ма? Ең дұрысы ешкімнің таласы жоқ, туымды берейін, − деп, Жəнібекке қолындағы туын берген екен. (Осы туды Жəнібектің үшінші немересі Зарыққан сақтап келген). Бұл аңыз елге тарап, ханды жаудан құтқарып кеткен Көк дөненді домбырашылар күй етіп, «Жəнібектің көк дөнені» деп шерткен. Осы күй шертілсе болғаны, ел аруақты батыр Жəнібектің ерліктерін еске алады. Айтып берген: Рапхат. 1986 жыл. Ала айғыр Ерте уақытта жылқылы бір бай болыпты. Оның жылқысында бітімі бөлек бір айғыры бар екен. Бір жылы қарашада осы айғыры із-түзсіз жоғалып, бай тұс-тұсқа жоқшы аттандырады. Жоқшылар қанша сандалса да, бəрі байдың алдына құр оралыпты. Сөйтіп жүргенде, аяқ астынан əлгі жоғалған ала айғыр өзі жылқыға келіп, бай мен жылқышыларды қайран қалдырыпты. Арқа-басы бүтін, қайта оралған айғырын көрген бай жылқышыларына: −Ала айғыр үйірін қалай айдаса, сендер де ол жүрген бағытпен жылқыны айдаңдар. Ол хайуан да болса, қыстың қатаң боларын сезіп, өз үйіріне жер шалып келген секілді, − дейді. Айтса айтқандай болып шығады. Ала айғыр өз үйірін айдайды. Жылқышылар да барлық жылқыны оның соңына салады. Олар осы жүріспен айлық жол жүріп іздесе табылмайтын бір түңкелі иен далаға барып тиянақтайды. Жылқышылар бір қысты осы жерде өткізіп, жылқысы аман-есен жазғытұрым бай ауылына келеді. Қыс орасан қатты болғандықтан, басқа жердегі байлардың жылқылары бір-ақ жұтап қалған екен. Қуанышқа бөленген байдың ауылы ақсарбас сойып той жасапты. Сол тойда бір домбырашы елдің ала айғырға алғысын бейнелеп «Ала айғыр» күйін шерткен екен. Айтып берген: Рапхат, Айдарқан. 1988 жыл. Жалғыз жігіт Ертеде ешбір туыс-туғаны жоқ бір жалқы жігіт болған екен. Жалғыздық мұңын ешкімге айта алмағандықтан домбыра мен сыбызғыны ермек етіп, ішкі дертін шығарады екен. Ол шерткен күйлерінде ылғи бір зардың сарыны білініп тұратындықтан, ел де бара-бара көп тыңдайтын болыпты. Əйтсе де, олар мұңлы-зарлы күйдің нендей күйініштен туғанын білмек болып, жігіттен: − Бұл немене деген күй? − деп құтылады екен. Бірақ, ол күй шерткенін қоймапты. Ел іздеп келіп тыңдауын тоқтатпапты. Кейін келе ел оның осындай атсыз көп күйлерін тыңдай беріп, ақыры «Жалғыз жігіттің күйі» немесе «Жалғыз жігіт» деп атап кетіпті.
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ Мұңлы-зарлы бұл күйлерді ел бірден-бірге таратып кетіпті. Күндердің бірінде бір байдың күйге құмар қызы естіп, əлгі күйші жігітке ғашық болыпты. Уақыт өте келе қыздың ғашық екенін білген жігіт жалғыз деп кемсітпей ғашық болған қызға ғашық болыпты. Бұл оның жалғыздық мұңына тағы бір қасірет болып қосылыпты. Қызға сөйлесуге жалғыздығы, байға сөйлесуге кедейлігі тұсау болған соң, ол тағы домбыра, сыбызғысымен осы арманын күйге айналдырып шерлі жүрегінен «Делдал» деген күй шығарыпты. Бұл күй де қыздың жігітті сағынғанда көп тыңдайтын күйі болыпты. Кедей жігітпен көңіл қосқанын сезіп қойған бай: «ырысыма ортақ болатын сормаңдай жетім кедейден бойымды ауаша əкетейін», – деп ұзақ бір жаққа көшіп кетіпті. Қыз бен жігіт амалсыз қайғы жұтып айырылысыпты. Күндер өте беріпті. Бірақ, жігіттің қызға деген сағынышы арта беріпті. Осыдан кейін жігіт «қайтсем де қыз ауылын тауып барам», – деген байламға келіп жаяу жолға шығыпты. Ол ұзақ жолда не бір күндерді өткеріп, өлдім-талдым дегенде қыздың ауылын ақыры тауыпты. Ауылға төте баруға батылы бармай ауылдың сыртынан белгі беріп, «Хабар» деген күйін шертіпті, (кейде бұл күйді ел «Дыбыс» деп те шертеді) күйдің мұңлы, зарлы үнін естіген қыз күй шыққан жаққа бет алып жүре беріпті. Бірақ, жігіттің бұл жаққа келерінен ешқандай хабары жоқ екен. Қыз сонда да тау орманының ішінен шыққан күйдің жетегімен жүре беріп, ақыры алба-жұлба тозып, күй шертіп тұрған жігітті жолықтырып, онымен табысады да, қайтып елге келе алмай, ақыры қалың орманды паналап өмір өткізіпті. Осы жерде жігіт ғашық қызына арнап «Мұңлы қыз» күйін шертіпті. Бұл жалғыз жігіттің соңғы күйлерінің бірі екен.
Мұңлы қыз Бұрын бір жетім қыз болыпты. Бір күні таңғы алаң-елеңде біреудің тепкілеуімен қыз шырт ұйқыдан шошып ояныпты. Орнынан ұшып тұрып қараса өгей шешесі екен, қорқып дірілдеп тұрған бишара қызға өшіге қараған өгей шешесі: − Жатамысың, мынаған толтырып бүлдірген теріп кел! − деп аяғымен қауға шелекті қызға қарай теуіп жіберіпті. Қыз шелекті алып тауға кетіпті. Қыздың əкесі көшетін болған соң, бір күн бұрын жоғалып кеткен екі сиырын іздеп кетіп сол сиырларын тауып, ертемен үйіне келсе, əйелінің үйін жығып көліктерге артып-тартып жатқанының үстінен түседі. Келе сала көш қамымен болып көшті жүргізеді. Балалары көп болғандықтан əлгі қызын да жоқтамайды. Олар жаңа қонысқа қонып су əкелуге қамданғанда, шелектің біреуі жоқ болып шығады. Содан өгей шешенің қылығын білетін қыз əкесі зар илеп жұртқа шабады. Ал, қызы əлгі шелекті түс ауғанда əрең толтырып аш қарын сүйретіліп үйіне келсе, күлі шашылып жұрты жатыпты. Қыз мұны көріп өгей шешенің қылығын ойлап, өз шешесін сағынып еңіреп жылап отырғанда, астындағы атын қара тер қып əкесі жетіп аттан домалай түсіп қызын құшақтап, екеуі бірдей егіліп жылайды. Бір қауымнан кейін əкесі: – «Жүр, балам кетейік», – дегенде жетім қыз жылап тұрып. – Бармайыншы, əкем-ай, күн көрсетпейді шешемай! − деген екен. Бұны естіген елдің қызға жаны ашыпты. Бір домбырашы осыдан «Мұңлы қыз»,– деген күй шығарыпты. Айтып берген: Рапхат.1986 жыл.
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ Беген Қосар атпен келіп белдеуге түскен жігітті даяшылар ықылас білдіріп ордаға бастайды. Ор да да жатқан бай есіктен имене сəлем берген жас жігіттің бас-аяғына одырая көз салып: – Я, кім боласың, жол болғай, − дейді қырылдаған дауыспен: − Тақсыр, алты алашқа қарынбай атанған, тайлағы сансыз, тайы таңбасыз, қойы енсіз Бегеннің баласымын, − дейді. Бегеннің аты шығысымен басын көтеріп құрмет білдірген бай, өзінен зор Бегеннің аты аталғанда, бейтаныс қонағына жалп ете түседі. Жігіт белдеуге байлаған бір атты «əкемнің сізге сəлемдемесі» деген соң, жігітке бай оңаша үй тіктіріп, бірнеше күн күтеді . Қонақ жігіт асқан домбырашы екен де, бай қызының домбырашы атағын естіп келген екен. Жігіт бай қызына өнерімен жағып қалады. Бірақ, қу қыз жігітті бағып сынаумен болады. Бір күні бай қызы жігіттің ұйықтап жатқан үйіне келсе, жігіттің аяғы көрпеден шығып жатыр екен. Аяғының əр жеріндегі шақай бауы қиған мойыл көк бунақтарынан оның Бегеннің баласы емесін аңғарып, ендігі жерде бұрынғыдай рай байқатпайды. Ақыры жігіт қайтуға ыңғайланғанда, бұйымтай сұрай келген байға: − Əкем мені лайық көрсе құда болсам, өтеуімен еншісін, құлы мен күңін қоса бір-ақ жолда əкеліп салып, қалың малын айдап қайтса деген еді, − дейді. Мал дегенде аңсары ауып, Бегеннің жер қайысқан малының жарымын айдап алуға ындыны кеткен бай: − Ойбай-ау, ол не дегені, Бегеннің лебізін қалай ғана жерде қалдырайын, баламның бас аяғын бүтіндеп, тоғанақтарыңмен жолға салайын, бірнеше күн аялда, балам, − дейді. Сезікті қыз əкесіне өз ойын айтып қыңқылдай береді. Бұған көнбеген бай ақыры арттырып, тарттырып қызын ұзатады. Салт бойынша қыздың шешесі ілесе жүреді. Айшылық жолдан асып кеткен соң, жігіт қалыңдығына: –Бегеннің есігіндегі бір жетім едім, бас құрауды қанша армандасам да қалыңсыз маған қыз қайда, ақыры осы бір əдіспен бір қарпып қалмақ болып өзіңді алып келемін – деп қалыңдығына шынын айтады. Бұны естіген қыз көш басшыға: − Тоғанақты түсіріңдер, − деп бұйырады. Отауды тіктірген соң, қыз домбырасын қолына алып, бір сұмдық күйді шерте бастайды. Күй тілімен, қыздың ішкі ой дүниесін жігіт те аңғарады. Сонда қыз өзінің өкінішін домбыра тілімен: Келіп едім Бегенге, Бай Беген бар дегенге. Тайлағы сансыз, қойы енсіз, Тайы таңбасыз дегенге. Қош, аман бол, ата екем, Қош аман бол, апа екем. Енді маған сай қайда, Түсіп кетем тереңге. Енді маған сай қайда, Бай Бегенге қыз беріп, Калың малды көп айда!, − деген сөздер айтылады. Қыздың шешесі істің анығына көзі жетіп, ертесі күйеу баласын шақырып: – Бегенге сəлем де, келер жылы осы уақытта, қалың малын айдап алуға кісі жіберемін!, − деп жол ортадан қайтып кетеді.
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ Сондағы қыздың шерткен күйі кейін келе ел ішіне, қызды өкіндірген де, байды армандатқан да, Беген деп, – «Беген» күйі атымен тараған екен. Айтып берген: Мүтəліп. Рапхат. 1991 жыл. Қос жанарым, екеуім
Елге сары ауру тарап, бүгін бар адам ертесі дүние салып жатады. Топ-тобымен көз жұмып жатқан адамдармен бірге Бежеңнің (Бейсенбі), Зейнеп, Əйнеп деген екі қызы да осы аурудан қаза табады. Екі бірдей ержеткен баласынан айрылған би, қабырғасы қайысып күні-түні ұйқы көрмей мұңайып, ақыры мұңын домбыра сазына айналдырып «Қос жанарым, екеуім»,– деген күйін шерткен екен. Сонымен қатар “Əттең жалған тұл дүние-ай” деген күйін де осы кезеңде жазған деген аңыз бар. Айтып бергендер: Шадей, Қабдай Рабайұлы. 1991 жыл.
Қара құлақ аттың жүрісі Бейсенбінің ұлы Қара Оспанда, шағаладай ақ түсті екі құлағы қара жүйрік бір ат бар екен. Қара Оспан өзіне атастырған қалыңдығы Рабиғаны алуға барғанда осы атын мініп, күйеу жолдастыққа ақын Жақыбай мен балуан Байтарақты ертіп барыпты. Тойға келгендер көп болыпты. Тойдың бəйгесі басталғанда қыз жақ: «құдалар ат қоссын», – деген талап қояды. Қара Оспанның бəйгеге арнайы əкелген жүйрігі болмағандықтан, мініп келген қара құлақ атын тоқ күйінде қоса салады. Сəті келгенде, қара құлақ ат үздік шауып алдымен келіп бəйге алады. Қара Оспанның жолдасы Байтарақ балуандарды сыпыра жығып бəйге алады. Ақын Жақыбай қыз ауылының таңдап əкелген ақындарын жеңіп тоқтатпайды. Түгел жүлделі болған жолдастарын ертіп ауылына келгенде, Қара Оспан мəн-жайды əкесіне баяндайды екен. Сонда разы болған, Бежең бəйгенің басын алып берген қара құлақ атқа арнап, «Қара құлақ аттың жүрісі», - деп күй шерткен екен. Айтып бергендер: Рапхат, Қабдай, Айдарқан. 1991 жыл. Үш күйдің аңызы (Яғни: майдажал, телқоңыр, қос қағу күйлері). Тарихта Алқабекте бір бай болған екен. Байдың мəпелеп баққан екі енеге теліп өсірген бір қоңыр құлыны болыпты. Өсе келе тел қоңыр аталған ат болыпты. Оның жүрісі жайлы, жалы майда, өзі суреттей көркем екен. Байдың осындай əдемі тағы бір аты да бар екен. Бай аттарды ұрыдан қорқып түнде киіз үйде бағатын болыпты. Бұл аттарды байдың Сəулем деген қызы күзетеді екен. Сəулем домбырашы əрі əнші болыпты да, домбыра мен əнге қатты құмар екен. Күндердің бірінде Боғданың қара тауын мекендеген Мүкей деген ұры, байдың аттарын торып жанына екі адамды ертіп, осы ауылға келеді. Бірақ, олар қанша торуылдаса да лажын таба алмай бірнеше күн өтеді. Ақыры маңайдағы елден аттарды түнде байдың қызы, күндіз өзі күзететінін, Сəулемнің домбырашы, əрі əнші екенін, домбыра шертілсе құлақ түріп қалатынын естиді. Сонымен қыздың қапысын таптым, – деп есептеген Мүкей жолдастарына: − Қызды мен домбыра шертіп айналдырам, сендер
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ сол орайда аттарды қайтсеңдер де алып шығыңдар!− дейді де, кеште қыз отырған киіз үйге барып: –Бикеш, күйіңді шерт, естиін деп келдім,− дейді. Бұл ұсынысты қабылдаған қыз домбырасын шертеді. Бірақ, бейтаныс кісіден тартынып, шабыттанып шерте алмайды. Сонда Мүкей қыздың домбырасын сұрап алып «Қос қағу», – деген күйді безілдетіп ала жөнеледі. Ершімімен еркін шертілген күй сазы қызды бірден баурап, өзінің ат күзетіп отырғаны мүлде есінен шығып кетеді. Күйді бірауық шертіп серіктері аттарды шығарып болды-ау, – дегенде Мүкей қызға қош айтып жөніне кете береді. Қыз күйші жігіттің аты-жөнін сұрап қалмағанына өкініп қалыпты. Бір кезде аттың жоғалғанын білген қыз ата-анасына айтудан қорқып, қасындағы қыздарға да: адам келді деп айтпайық, ұйықтап қалыппыз деңдер, − деп үйретіп қояды. Көп заман жер-көкті шарлап таба алмай күдерін үзген бай торығып отырғанда, қызы баяғыда жігіт шерткен күйді шертеді екен. Əкесі бұрын қызының мұндай күйді шерткенін естіп көрмегендіктен таңырқап мұны қайдан үйрендің деп қузай бастайды. Қыз шынын айтады. Сонда бай: − Балам-ау, бұрын неге айтпайсың аттар табылды емес пе?! − дейді қуанып. Сонан ол Ертісті өрлей біткен домбырашыны іздепті. Күйін тыңдайды. Бір күні Шақабай Мақатжан дегеннің үйінен əлгі қызы шерткен күйді естиді. Бай бұл күйдің жайын сұрағанда ол: − Қара таудағы Мүкей дегеннің «Қос қағуы», – осы, депті. Сонан бай Мүкейді іздеп Еренқабырғаға барса екі аты кермесінде байлаулы тұр екен. Келген адамның бұйымтайын сезген Мүкей алдынан шығып қарсы алып, қонақ қыпты. Қонақ əбден тыныққан соң, Мүкей домбырасын алып: −Тел қоңырыңызды міндім, жүрісі мынау екен, майда жалыңызды міндім, жүрісі мынау екен. Сізді осында алып келген қос қағуым мынау, − деп үш күйді шертіп берген екен. Айтып берген: Рапхат Нығметұлы Жота қажы тегі. 1991 жыл. Делсал күйі 1938 жылы Шаңқанда (Шіңгіл ауданының жер аты) Керейдегі төрт тайжының бірі − Жайырдың (Жəйір тəйжі болмаған күйші болған əсілі Нəзір болуы мүмкін) асы болып, асқа Сауыр, Сайқан, Қаба, Алтайдан, енді бір жағы Еренқабырға, Боғдадан адам шақырылады. Аты жер жарған асқа игі жақсылар, өз елінің небір өнер иесі болған əнші-күйшілерін, атан жілік арыс азаматтарын алып келеді. Біріне-бірі жалғанып айтылып жатқан əн, жығысып жатқан балуан, шертіліп жатқанда ел назарын аударған бір ғажап сарынды күй əуені жалпақ жұрттың жүрек пернесін басып баурап алады. «Ақау, мынау не күй», – деп таңғалысады, міне бұл «Делсал» күйі болатын. Он саусағынан өнер тамған қарт Ыбырай, қолына домбырасын алысымен өзінің күй орындау өнерінің ерекшелігін танытып, бірінің артынан бірін шерте отырып, əлден уақытта белгісіз бір күйді мың түрлендіре жөнелгенде, көзінің жасы салалы сақалынан сорғалайды. Бұған отырған елдің де сай сүйегі сырқырайды. Қарт бұл күйін өзінің үлкен келіні қаза болғанда шығарған, «Делсал» атты күйі екенін айтады. Əңгіме былай екен. Ұлы Нəубел жайлауға көшерде қалыңдығының сырқат қалғанын көріп, ел жайлауға барған соң, көңілі орнықпай делсал жүреді. Жайын біліп келейін десе, қырық көш төр жайлаудан ойға түсу оңай болмай, күндері өте береді.
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ Ұлының бұл халын ұғып, түсінген Ыбырай, ақыры ұлын барып хабарласуға жөнелтеді. Нəубел күн жүріп, түн жүріп қайын жұртына таяғанда тобыр адамның зиратқа беттеп бара жатқанын көріп, жүрегі ала сатып, ат басын тарта қалады. Жігіт ел соңында бара жатқан жалғыз адамнан жай ұғысса, жерлегелі əкетіп бара жатқаны өз қалыңдығы болып шығады. Сонда Нəубел төбесінен жасын түскендей аттан құлап қалады. Ел де күйеу баланы таниды, ес жидырып топырақ салуын айтады. Көз жасын көл еткен Нəубел, күзде алғалы отырған қалыңдығын жерге көміп сүлдерсіз жайлаудағы үйіне оралады. Неше күн нəр татпай, əкесінің ақылымен əрең есін жияды. Ақыры əкесі: «ал, балам, өтер адам өтті ғой, сонда осы өлімде саған батқан қандай іс болды, айтшы?!», – дегенде Нəубел: «маған бəрінен батқаны, зиратқа беттеп бара жатқан адамдарды көргенде, алуан түрлі оймен, делсал күйге түскенім», – дейді. Əкесі Ыбырай осы бір аянышты халдан тудырып, «Делсал» күйін шерткен екен. Күйді тыңдаған тамам жұрт: «ойпырым-ай», нағыз өнер ғой, осындай өнерлі қолдар да қартайып бір күні топырақ астында саудырап қаладыау», – деп қимастық сыңай аңғартқан екен. 1983 жыл. Айтып берген: Рапхат Нығметұлы Жота қажы тегі. Сары бел Бір ауылда жасы тоқсаннан асқан бір қария болыпты. Ауыл адамдары бұл қарияны қадыр тұтып, үнемі алдына барып, аман-сəлем жасап, амандық сұрап тұрады екен. Бір жолы ауыл ағалары барып көңілін сұрап: − Ақсақал, хал-жайыңыз қалай? − дегенде, төсегінде жантайып жатқан ол басын көтеріп: – Е, қарғаларым-ай, Кəрілік келіп қалды кезіменен, Қарайды келін жаман көзіменен . Қолындағы көсеумен ұрмаса да, Ұрғандай боп кетеді сөзіменен, − депті де, төсегінің іргесінде сүйеулі тұрған домбырасын алып: − Жастықтың жалыны қайтқан, кəріліктің қарымы батқан, сарғайып сары белде отырғаным, ал тыңдаңдар,− депті де, домбырасынан бір түрлі мұңлы, күмбірлі күй төгіпті. Содан, «Сары бел» атты күй тарапты. Бұл күйді кейбір білетіндер Отарбай Дүйсекеұлының кəртейгенде шығарған күйі деседі. 1989 жыл. Айтып берген: 63 жастағы Шəдет (Көктоғай дүре ауылының тұрғыны). Төрт жаяу күйі (яғни Нəубелдің күйі) Кешегі үкіметтен зорлық, жаулық көрген аласапыран заманда Алтайдан ауып босқан ел қайда тыныштық, қайда бостандық бар деп, Мори, Баркөл, Гəнсуға ағылған. Осындай босқан елдің соңынан қуған үкімет əскері, жазықсыз елді қырғындап, Қазақ көшінің соңын, мал мен адамның өлігіне толтырады. Осындай астаң-кестеңде он бір жігіт елден бөлініп кетіп, жаудан қуғын көреді. Басы ауған жаққа қашқан жігіттер, өздерінің елсіз құмды далаға шығып кеткенін бір-ақ біліп, аштық пен шөлден астындағы аттарын сойып жеп жаяу қалады. Ақыры күн сайын қатары азайып, Баркөл маңында отырған елдің үстіне төрт жігіт қана келеді. Төрттің бірі Нəубел екен, неше күн (1) 1940 жылдары қаза болған Шіңгілдегі елге əйгілі күйші. *Наубелдің осыдан кейін дерегі білінбейді.
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ ел жұртпен амандасып сағыныш мауқын басқан соң, сол Нəубел қара қосында, ертелі-кеш белгісіз əуенмен, домбыра алып толғанып, ақыры, «Төрт жаяу» күйін шығарған екен. Айтып берген: Сағидолда. Көктоғай ауданының Дүре ауылының 3-қыстағының тұрғыны, 59 жаста. 1989 жыл. Қара жорға күйі Бұдан 250 жыл бұрын Ақиық деген адамның Ақсұңқар деген жаннан асқан сұлу қызы болыпты. Балиғатқа толғанда қыз даңқы шартарапқа жайылады екен, қыздан дəмелі билікті жуандар да, білімді даналар да болыпты. Осы топтың қатарында өнері асқан домбырашы əрі шешен Байжігіт те (1)* бар екен. Байжігіт келгенде небір өнерпаздар дөң басына барып жиылысып өнер көрсетісіп жатқан екен. Мұны көріп делебесі қозған Байжігіт те домбырасын ала салып күй шертеді. Байжігіттің күйі бөлек айыздылығымен тыңдап отырғандарды таң-тамаша қалдырады. Сонда отырып қыз əкесі Ақиық: – Ор қоянның орғуын жымы, қыз қылығын жігіт біледі. Жан тербеп, жүрек қозғар күй екен. Жұрт қақас айтып жаза баспапты. Көсеуіңді көсілте бер, күйші бала. Көз қиығын салмас, көңіліне алмас, ниет бермес ару бола ма? − деген екен, алдында қарсы қарап Ақсұңқар отыр екен. Əке сөзіне иланған Ақсұңқар: – Ата сөзі – парыз, ана сөзі − қарыз, − депті сілкініп. Десі көтерілген сайын күйі тасқындаған Байжігіт бір күйден соң бір күйді шерте береді. Осы кезде өңірге аты əйгілі қара жорға шығады. Дөң басындағы ел назары солай ауады. Жұлдыздай ағып бір қара жорға ат келе жатады. Су төгілмес жорға жермен жексен болып жатып қалғандай көрінеді. Үстінде ауыздықпен алысып жігіт отыр. Қара жорғаға көңілі толған Байжігіт майданда, «Қара жорға» күйін ағытады. Сонда дөң басында бағанадан шулап-шұрқырап тұрған ел тына қалып, күйге құлақ түреді. Екі ішекті бірінен соң бірін іліп, кезек дыбыс шығарып үндестіріп, жан тебірентіп, сезім оятып, жүйе босатқан күйді тыңдап отырғандар қыздардың сыңғырлаған шолпысы мен, келіншектердің жарасымды назын, жігіттердің əзілін, аналардың көңілін, кəрі əженің көз жасын, əкелердің жиынын, аттардың аяқ алысын байқағандай болады. Байжігіттің өнері буынын алып, жүрегін жібіткен Ақиық Байжігітке қызы Ақсұңқарды қолынан ұстатып батасын береді. Айтып берген: Рапхат, Сетерқан, Айдарқан. 1987 жыл.
Бежеңнің кеңес күйлері Бежеңнің кеңес күйлері əр алуан билік құрғанда шертетін күйлер, жайшылықтағы «Ой толғау» күйлері, көңілді кездерінде, ашулы кездерінде шертетін ататақсыз күйлері бар. Бұл күйлердің əуендері бір-біріне ұқсамайды. Бұлардан бөлек белгілі оқиғаны желі еткен кеңес күйлері бар. Мысалы, Тымбай дейтін ұлы өлгенде, ұлын оң жаққа салып қойып: «Тымбайым, Тымбайым, қайтейін құдайым»,– деп шерткен кеңес күйі, енді бір толғау күйінде, сары аурудан өлген Əйнеп, Зейнеп деген екі қызына «Əйнебім− Əйнебім, Зейнебім − Зейнебім, қалдым ғой зарлап, қайтейін, Əйнеп қайтейін, Зейнеп», –деп жылап отырып шерткен күйлері бар. Мұны біз «Толғау» деп шертіп жүрміз. Айтып берген: Қабдай Рабайұлы.1993 жыл. (1)* Байжігіт − ел аузында айтылуынша ертеде өр Алтайда өткен Керей руынан шыққан күйші дейді.
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ Күзетші қыз және жетімқоңыр Ай сəулесі төгілген тымық түнде астыларына алаша жазып, əн айтып, күй шертіп отырған бірнеше қыз-келіншектің дауысы, баспалап келіп ауылдың батыс қырынан шыққан екі атты адамға əудемнен анық естіледі. Ат басын ірке қалған олар: − Дəл осылар... біз алатын ақ боз жүйріктің күзетшілері осылар, − дейді сыбырласып. «Қыздар енді күйге ауысады»,– күй əуені – Мүкейдің «Жетімқоңыры». Осы кезде Мүкей қасындағы жолдасына: − Мен күзетшіні алдай тұрайын, сен орайын тауып жүйрікті ал да жоғал, − дейді. Түн қараңғылығын жамыла келіп аттан түсіп жатқан бейсауат жолаушыға күзеттегі қыз - келіншектер тартына қарайды. Жігіттің сəлемін де қымсына алады. Сонда Мүкей: − Жолаушы едім, күй құмары басып, домбыра дауысын қуып бұрылып келе қалғаным, − депті. – Тілдесіп жөн біліскеннен кейін, бір қыз күміс сақиналы сүйрік саусақтарын домбыраға созып, «Жетімқоңыр», – күйін қайта шертеді де: −Ағай, енді үйреніп жүрмін. Білсеңіз шертіп көріңіз,− деп, домбыраны Мүкейге ұсынады. «Бұл күйден əбден хабарым бар», - деген Мүкей күйді төгіп − төгіп жібереді, ершімді шертілген күйге айрандай ұйып қалған қыз: –Осылай шертіледі екен-ау,− деп таңырқап, қайтақайта шерттіріп тыңдайды. Өзі келгенде төбеде тұрған айдың енді қиыстап қалғанын көрген Мүкей, қыздарға қош айтып атына қонып жүріп кетеді. Сəресінен тұрған бай жүйріктерді жоқтайды. Күзетшілер ешкімді көрмегенін айтып, болған істі жасырып қалады. Бай ерке-шолжаң қызына, сырты түк, іші боқ бір тай үшін бірдеме деуге бата алмайды. Күндер өтіп жатады. Бір күні орман ішіне барып, Мүкейдің «Жетім қоңыр» күйін шертіп отырған қызының үстінен түскен əкесі: – Балам-ау, сол жоғалған хайуан сенің үйренген өнеріңнен садаға, − деп маңдайынан сүйеді. – Бірнеше жылдан кейін бай бір үлкен аста, күй шертіп отырған Мүкейге кезігіп: −Менің жүйрігімді алған бодауы үшін өзіңнің «Жетім қоңырыңызды» балама ерттеп мінгізіп кетіпсің. Ақбозым − жетімқоңырыңның ауыздығына байлаған тіл ашарым болсын, − деп кешіріпті. Мүкей аталы сөз алдында басын иіп, ас үстінде: – Балаңызға арнауым болсын, − деп байға, «Күзетші қыз» күйін шертіп беріпті. Айтып берген: Рапхат Бұқабай. 1983 жыл. Жібек жирен
Кезінде Қожамжар деген батырдың «Мысық жирен» деген аты алдына жылқы салмаған екен. Аты төңірекке жайылған жүйрікті біржолы Бейсенбі көріп: − Мына атты мысық жирен дегеннен, отағасы ұнатса, «Жібек жирен», деп атаса игі екен дегенде Қожамжар да жөн көреді. Сонда Бежең бетін қайтармаған батырға риза болып «атыңыздың ат-атағы ертеңге қалсын» деп, «жібек жирен» күйін шерткен екен. Айтып берген: Айдарқан, Айдарбай. 1983 жыл. Майдажал Ақөзен бойында өткізілген жер ошақ бəйгесінде Керейдің жүлде алған Көкбестісі Уақтардың
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ қастандығына ұшыраған екен. Сол дауды бітіру үшін əр рудың шешен, шежірелері жиналып, төре би, төбе билер сайланып, ұлы жиын, зор кеңес құрылады. Кеңестің ақыры: «билікті дау иесі Керей жақ өзі кессін»,– дегенге тоқтайды, сонда Уақтың Еркөкше биі отырып: − Осы ылғи мықтылардың ішінде балапан құстай болып мына Маман бидің баласы неғып жүр. Аталарымыз: «ақыл жастан», – деуші еді. Осы дауға мына бала бір араласып көрсе қайтеді?,− деген екен. Сөзге жиылған жұрт та тоқтап, құптасады. Маман бидің он жеті жасар баласы кесім айтуға ұйғарылыпты. Даудың мəн -жайынан толық хабарлы бала толғана келіп: − Бестінің басы − бес кесек (бір кесек − бір тоғыз, яғни, жүз қой) бітісейік, елдесейік, қан кешіп құн кесіп жүрмелік. Бір кесегі көк бестінің бəйгесіне, бір кесегі Абақ елінің ұранына кетсін, қалған үш кесегі екі елдің берекесі ғой,− деп кесім айтқанда, баланың бітіміне риза болған ел: «бала емес, дана екен», – деп алқасады. Керей жақ ақыры екі жүз қой алып, үш жүз қойды кешірім етеді. Сөйтіп, екі елдің берекесін кетірген осы даудың бітімі табылып, ендігі жерде ел берекесін сақтауға ант етіскен екен. Сонда Еркөкше би тұрып: − Балам, жас екенсің, ойың өрістей, қадамың қарыштай берсін, əділ билігіңнен айналдым. Ата сөзі еді, «мыңның түсін білгенше бірдің атын біл», – деген. Сонда мəн-жайыңды ұққыш жөнім тұр, − дегенде, Маман би сөз кезегін алып: –Я, кешегі күні бұл баланы өз балам дегенім бар еді. Оным баламның зейін-зердесін сынап, егер, міне ел алдында бір кəдеге жарарын сіздер де, өзім де көргендей болдым. Ендігі жерде халық баласы Бейсенбі деген осы болады, батыр, − деген екен. − Не де болса естінің елге жаты болған ба, мына атты өз көзімдей көріп мініп жүрсін. Билігінің алды болсын,− деп, Еркөкше би өзінің бір жорғасын жетелетеді. Бежең Еркөкше бидің бұл пиғылына риза болып, атты мініп жүрісін көреді де, айналып келіп күй шертіп береді. Сондағы күйі Еркөкше би мінгізген майда жал аттың жүрісі екен. Сөйтіп күйдің аты да «Майдажал» атанып кете барыпты. Айтып берген: Сетербай Мəнейұлы, Көктоғай ауданы тұрғын ауылында, 56 жас. Ел ішінен жинаған: Байахмет Жұмабайұлы.1984 жыл (Көктоғай). Сары өзен «Ертеде өр Алтайдың жоғарғы жағынан сары өзен деген өзен ағады екен», – деген əңгіме Байжігіттің құлағында екен. Бір жолы сол өңірде келе жатып, су арнасынан қалған сияқты мына түрлі пішіндегі керіштер мен арнаны көргенде күйшінің көңілі тасып, өткен өмір белгісі деп, «Сары өзен» күйін шығарған екен. Айтып берген: Рапхат. 1986 жыл. Жинаған: Байахмет Жұмабайұлы. *** Ертедегі бір жаугершілік заманында Моңғолдар Қазақтардың адамдарын тұтқындап малын айдап кетіпті. Сол тұтқынның ішінде жылқышы Саймақ та бар екен. Тұтқын боп үш жыл мал бағып отын алыпты. Бір күні Моңғолдың ханы үлкен той жасап елдегі барлық өнерпаздарды жинайды. Той қызып əншілер, күйшілер, жыршылар өз өнерлерін көрсетіп жатқанда, орда сыртынан сайраған сыбызғы үні естіледі. Хан да, халық та елең етіп бұл сыбызғының үніне таңырқай құлақ салады. Ол бір сазын аяқтатып жаңа күйге көшкенде хан, уəзірінің бірін шығарып: − Бұл кім? Барып біл де, осында алып кел! − дейді.
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ Ханның жарлығымен шыққан уəзір айнала іздеп жүрсе, бір үйдің көлеңкесінде екі көзін тарс жұмып, өзі тартқан сыбызғының сазына əбден беріліп кеткен Саймақты көреді. Уəзір оны ханның алдына алып келеді. Хан Саймақты қарсы алдына отырғызып: − Сенің мұндай өнерің бар ма еді? Мына тойға неге келмедің? − дейді. Сонда Саймақ қолын кеудесіне апарып: − Тақсыр, ел жұртынан айрылып зар еңіреп жүрген менде той тойлайтын не көңіл бар, оған қоса, мені ешкім тойға шақырған жоқ, − депті. Саймақтың бұл сөзін естіген хан: – Жə, арызыңды кейін айтарсың, қазір өнеріңді көрсет! – дейді. Саймақ сыбызғымен бір күйді күңіренте тартқанда, халық ұйып тыңдайды. Ол сыбызғысын той тарқағанша тартады. Халық Саймаққа дəн разы болып алғыс айтыпты. Хан да Саймақтың өнеріне риза болып: − Сен, өнерің бар адам екенсің, бұдан кейін менің құлым болмай-ақ қой, еліңе барып өнеріңді шыңда, рұқсат етемін, – депті. Бұл сөзге Саймақ қуанып ауылына қайтуға əзірленіп жатқанда, хан Саймаққа келіп: Ат үйірін сағынса, Артқы аяғын қағынар. Ер ел-жұртын сағынса, Айыл-тұрман тағынар,− дегендей елге жүруге даярланып жатыр екенсің, жаяу қайтпа, жылқыдан өзіңе ұнаған бір ат ұстап мін,− депті. Хан ат мінуге рұқсат берген соң, Саймақтың есіне өзінің сары жорға аты түседі. Топ жылқының ішінен Саймақ сары жорғаны ұстап мініп еліне тартады. Ауылға жақындағанда сары өзеннен өтіп ат шалдырып біраз тынығып, туған жердің топырағына бір аунап алуды армандаған Саймақ өзеннен өткенде астындағы сары жорға аты, жер тарпып, оқыранып, кісінеп қоя береді. Мұны көрген Саймақ, «шіркін, жануарым-ай, елін, жерін, суын бұл да сағынған екен ғой, амандасып жатқанын қарашы!»,– деп, біраз айналаға қарап тұрады да, «жануар ат та өз жеріне келгенін білдіріп қуанышты үн шығарғанда, менің үнсіз қалғаным жарамас», – деп сыбызғыны қолына алып бір күй тартады, ел-жұрты Саймақты көріп қуанып, оны ортаға алып көргенбілгендерін сұрайды. Саймақ Моңғол қолынан сыбызғы тартып босанғанын, еліне таяғанда сары жорғаның кісінегенін айта келіп: − Сары өзеннен өткенде мен де бір күй шығарған едім, − деп енді сол күйін тартыпты да, − күйдің аты «Сары өзен» болсын, − деген екен. Айтып берген: Рапхат, Зарлықат Қопақұлы. Жинаған: Байахмет Жұмабайұлы. 1984 жыл, маусым айы.
Күңірену Елге сары ауру тараған бір замандарда талай түтін өшіп, талай түндік ашусыз қалып, иесіз үйлер көбейіпті . Жамыраған қой, азан-қазан сиыр, кісінеген жылқы, ұлыған ит, бəрі қосылып күңіренген күйге айналыпты. Осыны көрген күйші күңірену күйін шығарған екен. Айтып берген: Зия Ақжатұлы, Тұрғын ауылында, 61 жас. Ел ішінен жинаған: Байахмет Жұмабайұлы. Қосбасқан Думанды той боп жатқан бір ауылда отау үйдегі жастардың ойынының үстіне бейсауат екі адам келіп * Қазіргі Үліңгір өзенінің арнасы жəне Орқыдағы сайтан керіш өңірі деседі.
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ қалады, қымызға қызынып алған жастар, бейсауат адамдарға жөнсəл амандасып ойындарын жалғастыра береді. Бір азамат, «Төлқоңыр» күйін үзіпжұлып шертіп отырғанын көрген Мүкей (келушінің бірі), жігіт қолындағы домбыраны сұрап алып, «менің білуімше былай», - деп өз күйін нақышына келтіріп шертіп береді. Тəтті күй таңдайына татыған көпшілік, Мүкейді алқай отырып, күй нөсерін төктіре береді. «Отау үйге бейсауат екі адам келіпті, домбыраның пірі екен», – дегенді естіген бай оларды үлкендер отырған үйге алып барып, тойды думандата түседі, сонда тойда отырған саудагер татар ертеде сауда істеп жүріп Мүкейді көргені бар екен, тани кетеді. Аты-жөнін жасырып отырған Мүкей таныстықтан бұлтара алмай қалады. Байдың құдайы қонағы болып, таңертең аттанарда, топты қариялар оған: − Балам, басың жас, бақытың алда, он саусағыңнан тамған мына өнерге дəн ризамыз, тəңір өнеріңе қуат берсін, ал жортуылшылықта атың бар, бұныңа жанымыз қас, аяғыңды албаты баспа, екі кеменің құйрығынан ұстама?,− деп аттандырады. Мүкей осыдан соң жортуылдан қатаң тиылып, тыныш өмірге көшіп “Қос басқан” күйін шығарыпты. Айтып берген: Нəйіп, Қозыбай жəне Белет Сақабаұлы. 1983 жыл. МАЗМҰНЫ
Оқырманға ой...........................................................................3 Көкбалақ сабылысты................................................................7 Маңғабылдың Қарақасқа аты ...............................................10 Шұбар аттың шабысы.............................................................12 Тайыншаның тарғыл бұқасы.................................................12 Ақсақ қаз, жалғыз қаз ............................................................13 Абыздың күйі..........................................................................13 Саратанның жүрісі..................................................................14 Бəйгеден келген қоңыр ат.......................................................15 Бозторғай.................................................................................16 Балжыңкер күйі......................................................................17 Бозінген....................................................................................18 Жалғыз жігіт ..........................................................................23 Шыңырау..................................................................................24 Самұрықтың зары...................................................................24 Ертіс..........................................................................................25 «Көк төбет» күйінің тарихы..................................................26 Жалғыз жігіт............................................................................28 Жалғыз жігіт............................................................................28 Шұбар ат күйі..........................................................................29 Жетім ұлар..............................................................................30 Тотай жирен............................................................................30 Шұбар айғырдың шабысы......................................................30 Ыбырай күйі «Нəубел»...........................................................31 «Жетім қыз» яғни «Көгедай» күйі........................................33 Алпыс екі қоңыр.....................................................................34 Жəйір Салықбайұлы (1850 − 1943).......................................35 Сылқылдақ...............................................................................37 Сылқылдақ...............................................................................37 Көк бұқа..................................................................................38 Көкейкесті................................................................................38 Балжыңкер...............................................................................39 Жол болды немесе бұлбұл торғай..........................................40 Майдажал − тел қоңыр.............................................................41 Нар идірген..............................................................................42
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ Сəлкүрең, молқоңыр...............................................................65 Құр ойнақ................................................................................66 Қозы күрең..............................................................................66 Ой, дүние-ай...........................................................................67 Жеңілдім ................................................................................68 Көк шұбар ат...........................................................................68 Шыңырау.................................................................................69 Бөкен жарғақ...........................................................................73 Жалғыз жігіт...........................................................................75 Көк төбет..................................................................................75 Ыңыршақты боз......................................................................76 Ақсақ құлан.............................................................................77 Алшаң қоңыр...........................................................................78 Көк дөнен................................................................................79 Ала айғыр................................................................................80 Жалғыз жігіт............................................................................81 Мұңлы қыз..............................................................................83 Беген.........................................................................................84 Қос жанарым, екеуім..............................................................86 Қара құлақ аттың жүрісі..........................................................86 Үш күйдің аңызы (яғни: майдажал, телқоңыр, қос қағу күйлері)....................87 Делсал күйі.............................................................................89 Сары бел..................................................................................90 Төрт жаяу күйі (яғни нəубелдің күйі)...................................91 Қара жорға күйі......................................................................92 Бежеңнің кеңес күйлері..........................................................93 Күзетші қыз жəне жетімқоңыр..............................................94 Жібек жирен............................................................................95 Майдажал................................................................................95 Сары өзен................................................................................97 Күңірену...................................................................................99 Қос басқан..............................................................................100 Аққу.........................................................................................43 Бес төре...................................................................................44 Былқылдақ...............................................................................44 Аңшының зары.......................................................................45 Былқылдақ...............................................................................45 Ертіс толқыны.........................................................................46 Бейжың қара інген..................................................................46 Тел қоңыр.................................................................................47 Төрт би төренің кеңесі............................................................48 Қайран əкем, қайтейін............................................................48 Бозіңген....................................................................................48 Қара құлақ аттың жүрісі..........................................................49 Бежең сары атан......................................................................49 Сағыныш сазы........................................................................49 Қанатым...................................................................................50 Жеке батыр..............................................................................50 Шақабай Шалап......................................................................51 Жетім торы..............................................................................51 Арман-ай..................................................................................52 Балжыңкер...............................................................................52 Өрелі кер.................................................................................53 Көк серке.................................................................................53 Көк серке.................................................................................54 Бұлдыр тау...............................................................................54 Құдірет торғай........................................................................55 Бозіңген...................................................................................55 Балжыңкер...............................................................................56 Бөктергі....................................................................................57 Жылқыда..................................................................................57 Ақ жал, кəрі боз......................................................................58 Бұлбұл Айша...........................................................................58 Ала көз аттың жүрісі..............................................................58 Қос қағу, жібек жал, серке сан...............................................59 Шыңырау.................................................................................60 Бодау кеңес..............................................................................62 Тайыншаның тарғыл бұқасы.................................................64 Заман ......................................................................................64 Еркіндік....................................................................................64 Зарықтым.................................................................................65
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, Алматы қаласы, Ш.Уəлиханов көшесі, 43 А Теруге 20.09.2011 жіберілді. Басуға 3.08.2012 қол қойылды. Пішімі 84х100 1/32 Қалыбы офсеттік басылыс. Қаріп түрі «Тип-таймс». Шартты баспа табағы 5. Есепті баспа табағы 6,5. Таралымы 2000 дана. Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ КҮЙ – ШЕЖІРЕ Редакторы Серік РƏСІЛОВ Көркемдеуші редакторы Бейсен СЕРІКБАЙ Корректоры Жанар ЖАНАПИЯНОВА Беттеген Айнагүл АУАНОВА
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру