TELEGEI

Home

Бабалар сөзі 86 том

Әлбеков Тоқтар

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бабалар сөзі 86 том

«Бабалар сөзі» сериясының 86-томына қазақ фольклорының прозалық жанрына жататын тарихи аңыздар (ХVII-XVIII ғғ.) енді.

Астана 2012
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан

Назарбаевтың бастамасы бойынша шығарылды

Майлыбаев Бағлан, кеңес төрағасы
Асқаров Әлібек, жауапты хатшы
Абдрахманов Сауытбек
Атабаев Қамбарбек

Аяған Бүркітбай
Әбжанов Хангелді
Әбусейітова Меруерт
Әжіғали Серік

Әлімбай Нұрсан
Байпақов Карл
Байтанаев Бауыржан
Балықбаев Тахир

Дүйсембаев Еркін
Есім Ғарифолла
Жақып Бауыржан
Жұмағалиев Асқар

Жұмағұлов Бақытжан
Қасқабасов Сейіт
Қозыбаев Ілияс
Құл-Мұхаммед Мұхтар

Құрманбайұлы Шерубай
Мұхамадиұлы Арыстанбек
Мыңбай Дархан
Нысанбаев Әбдімәлік

Салғараұлы Қойшығара
Самашев Зейнолла
Сұлтанов Қуаныш
Тұяқбаев Қанат

Шаймерденов Ербол
Шеңгелбаев Бақытжан
«Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасын
жүзеге асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес

УДК 398 ББК 82.3 Б 12 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С.A. (төраға), Қорабай С.C. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г.Т. (жауапты хатшы), Әзібаева Б.У., Әлбеков Т., Әлібекұлы А., Күзембаева С.А., Қалижанов У., Қосан С., Мамыраев Б.Б. Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Әлбеков Т. (жауапты редактор), Қалижанов У., Қасқабасов С.А., Қирабаев С.С., Тойшан А. Томды құрастырып, баспаға дайындағандар: Әлбеков Т., Мурсалимова Н.М. (жауапты шығарушы), Салтақова Ж.Т. Б 12  Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: «Фолиант», 2012. Т. 86: Тарихи аңыздар.—448 бет. ІSBN 978-601-292-552-4 «Бабалар сөзі» сериясының 86-томына қазақ фольклорының проза­лық жанрына жататын тарихи аңыздар (ХVІІ-XVІІІ ғғ.) енді. УДК 398 ББК 82.3 ІSBN 978-601-292-552-4 (т. 86) © Әдебиет және өнер институты, 2012 ІSBN 9965-619-60-3 © «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2012

Құрастырушылардан
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық
көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми

басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады. Серияның
бұған дейін баспаға ұсынылған сексен бес томы ұлттық
фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып
саналатын эпостық шығармаларға, қара өлең, ертегілер,

жұмбақтар мен мақал-мәтелдер т.б. шағын жанрларға ар-
налды. Дәлірек айтқанда, «Хикаялық дастандардың»—он
үш, «Діни дастандардың»—жеті, «Ғашықтық дастан­дар­
дың»—он бір, «Тарихи жырлардың»—он бір, «Батырлар

жы­рының»—жиырма, «Мақал-мәтелдердің»—бес, «Қа­ра
өлеңнің»—екі, «Шежірелік жыр-аңыздардың»—үш, «Ер­
тегілердің»—бес, «Жұмбақтардың», «Балалар фольк­ло­ры­
ның», «Қазақ мифтерінің», «Моңғолиядағы қа­зақ фольк­­

лорының», «Топонимдік аңыздардың», «Күй аңыз­дың»,
«Шежірелік аңыздардың», «Тарихи аңыз­дар­дың»—бір-
бір томы баспаға дайындалып, басылым көрді. Бұл жи­нақ­
тардың он екі томында Қытайдағы қазақтардың, бір томын-

да Моңғолиядағы қазақтардың фольклорлық мұралары
қамтылды.
«Бабалар сөзі» топтамасының кезекті 86-томына Жоң­
ғар шапқыншылығы кезеңінде Қазақ Ордасының мем­ле­

кеттілігін, халқының тәуелсіздігін сақтап қалуда ерекше
рөл атқарған Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты ел тұтқасы

тарихи  аңыздар болған кемеңгер билердің ел тұтастығын, руаралық ынты­ мақ-бірлікті сақтаудағы ерен еңбектерін, дау шешудегі әділ­дігін, қайраткерлік тұлғаларын сомдайтын, Абылай сын­ды ай­бынды ханның көзсіз ерлігін, қолбасшылық, ұйым­дастырушылық қабілетін, ел басқарудағы өзіндік қыр­ ларын, дипломатиялық іс-тәжірибелерін ашып көр­се­те­тін, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Мүйізді Өтеген, Шақшақ Жәнібек, Сүйіндік Олжабай, Малайсары, Балтакерей Тұрсынбай секілді даңқты батыр-қолбасшылар­дың жорық жолдарын баяндайтын аңыздар енгізілді. Бұл туын­ дылар «Кемеңгер үш би туралы аңыздар», «Абылай хан­ ға байланысты аңыздар», «Батыр-қолбасшыларға қатыс­ты аңыздар» атты бөлімдердің аясында топтастырлды. Томда қамтылған мәтіндердің негізгі бөлігі М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорларында сақталған Ә.Марғұлан, А.Сейдімбек, Қ.Саттаров, М.Тілеужановтың, Б.Адамбаев, Б.Жақыпбаев, Ш.Кәрібаев т.б. ғалымдардың әр жылдары ел арасынан жинап, хатқа түсірген материал­ дарынан, сондай-ақ М.Ж.Көпеевтің, К.Қаңтарбаевтың, Ғ.Мұқатовтың, Ғ.Батталовтың, М.Мәжікеевтің, М.Жирен­ шиннің, Н.Әминовтың, Ж.Қаражанұлының, Е.Құлпейісов­ тің қолжазба мұраларынан алынды. Сонымен бірге томды баспаға дайындау барысында Ш.Уәлихановтың, М.Ж.Көпеевтің «Көптомдық шығармалар жинақтары», «Хан батыр—Қабанбай» (2005), «Қаракерей Қабанбай. Аңыз, зерттеу, қиссалар» (1991), «Мүйізді Өтеген» (1999), «Өтеген батыр» (1994), «Төле би» (1991), «Әйтеке би» (1998) сияқты кітаптардағы мәтіндер пайдаланылды. Осы көрсетілген жинақтарда жарияланған аңыздардың сирек қорларда қолжазба нұсқалары сақталған жағдайда, мәтін­ дер өзара салыстырылып, түпнұсқасы басылымға жіберілді. Тағы бір ескере кететін жайт—томға бір аңыздың бірне­ше нұсқалары қатар берілді. Мысалы, Қазыбектің «қаз дуыс­ты» аталуына байланысты аңыздың жеті нұсқасы, Абылай хан­

құрастырушылардан
ның (Сабалақтың) жекпе-жекте алғаш көзге түсуі жөнін­­дегі
аңыздың бес нұсқасы, болмаса ханның өлімі туралы бір­не­
ше нұсқалар алынды. Бұлайша жүйелеудің өзіндік себеп­тері

бар. Біріншіден, нұсқалардың негізгі мазмұнында ұқ­сас­
тық, бір ізділік болғанмен, сюжет желісіндегі оқиғалар­да,
эпи­зодтарда, кейіпкерлердің есімдері мен өзіндік болмыс­
та­рында айырмашылықтар аз кездеспейді. Екіншіден, жи­

нақ­ты баспаға дайындау барысында ғылыми басылым­дар­­
ға қойылатын талаптар айырықша ескеріледі. Бұл топ­тама
жалпы оқырмандардан бөлек, қоғамдық ғылымдар­ды зерт­
теушілерге де арналған. Әсіресе тілтанушы, фольклорта-

нушы ғалымдарға нұсқаларымен берілген мәтіндер бірден-
бір дәйек көзі болып табылады. Алғашқы саланың маманы
белгілі бір туындыны тілдік қырынан—лексикография, лек-
сикология, грамматика жағынан қарастырса, фольк­лор­

танушы мәтіннің шығу тарихына, нұсқалардың мәтін­дік
ерекшеліктеріне ерекше мән береді. Сондықтан топта­ма­
да фольклорлық шығармалардың қолда бар нұсқалары­ның
толық қамтылуы ғылыми басылымдардың ұстаным­да­ры­на

толық жауап береді.
Халық прозасында бір-біріне мазмұндық жағынан өте
жақын жанрлар аз емес. Мысалы, осы томға ұсынылған та-
рихи аңыздардың мифтермен, ертегілермен, әпсаналармен,

хикаяттармен, ауызекі әңгімелермен, шешендік сөздермен
арақатынасын айқындау оңайға түспеді. Әсіресе әр ке­
зеңнің қоғам қайраткерлері болып саналатын билердің та-
рихи оқиғаларға араласпайтын кездері кемде-кем. Ал би-

лер жүрген ортада дау-дамай, талас-тартыс аз болмайтыны
белгілі. Сондықтан билер негізгі кейіпкер болған кейбір та­
рихи аңыздарда жеке тұлғалар мен руаралық, тіпті соғысу­
шы тараптардың арасындағы даулар шешіліп, бітімдер жа-

салып жатады. Бұл ретте шығарманың мазмұнына терең мән
беріліп, тарихи негізі бар аңыздар іріктеліп алынды.
Осы аталған ұстанымдарға сәйкес беріліп отырған мә­
тіндер ғылыми қосымшалармен қамтамасыз етіліп, реттік

тарихи  аңыздар
санмен нөмірленді. Томның ғылыми қосымшаларын: томға
енген мәтіндерді жазып алушылар мен жариялаушылар
және басылымдар туралы мәліметтер, томға енген мәтін­дер­

ге ғылыми түсініктеме, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндер­де
кездесетін тарихи тұлғалар мен күйшілер туралы дерек­тер,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен томның орыс, ағыл­
шын тілдерінде жазылған түйіндері құрайды.

Томның жалпы көлемі—28,0 б.т.

1. Баланың билігі

Кіші жүздің Жарабай деген жуан тұқымы қыпшақтың
бір адамын өлтіріп, теңдік бермейді. Бір жолы қыпшақтың
талапкерлеріне ілесіп жас бала барады.
Сонда Жарасбайдың даугері:

—Бұл келіннің тойы, кемпірдің өлімі емес, ердің құнын,

нардың пұлын даулайтын, ердің арын, елдің намысын
қозғайтын үлгілі би, үнемі жүйрік түсетін жер емес пе?
Түйенің тайлағы баланың ойнағандай мыналарың кім?—
дейді.

Сонда бала:

—«Ердің құнын жастың жайсаңы, кәрінің шайтаны дау-

лайды» деуші еді. Сен кәрінің шайтаны болсаң, мен жастың
жайсаңымын. Төріңнен көрің жуық қалғанда, дауға арала-
сатын сенің не жөнің бар?—дейді. Осындай билік айтқан
баланың аты—Төле екен. Кейін Төле би атаныпты.

2. Төле бидің сөзге тоқтауы

Жаздың ел жайлауға шыққан күндерінің бірінде Ар­қа­
дағы құдаларына барып, қонақшылап келе жатқан Төле
би қайтар жолда бұрыс болса да, Қазыбек бидің ауылы-
на ат басын бұрады. Жанындағы жолдастарымен үлкен би

Билер туралы аңыздар

тарихи  аңыздар
Қазыбектің ордасына келіп, «сөйлес» қылғанда, ауылдас
ағайынның дауына билік айтып отырған Қазыбек «бі­реуің
шығып жолаушының жөнін біліңдер» дей қоймайды. Бұл өзі

ешнәрсе демеген соң күтуші жігіттер де қозғалмайды.
Сыныққа сылтау іздеп жүрген қыңыр би көп күтсін бе,
атының басын бұрып алып жөніне жүре беріпті. Сәлден соң
билік сөзін байлап болған Қазыбек қызметшілерінің біріне:

—Жаңағы жолаушы кім болды екен, сыртқа шығып

білші,—дейді. Бұл кезде Төле би атын жай бастырып,
ауыл­дан дауыс жетерлік жер ғана ұзап кеткен екен. Бидің
қызметшілерінің бірі белдеуге байлаулы тұрған аттардың
біріне міне салып, қуып жетіп, Төле биді таниды да, алдынан

шығып атынан түсе салып, сәлем береді де:

—Төле би ата, біздің би үйде, ордаға жүріңіз,—деп шыл-

бырына жармасады.

—Жоқ, біздің жолымыз алыс. Бір барған жерімізге қай­

тып барып жүре алмаймыз,—деп атын тебініп қалады да,
Төле жолдастарына: «ал, кеттік»,—деп жүре береді.
Қызметші ордаға қайтып келгенде Қазыбек жігітін сөй­
летпей-ақ:

—Біліп едім Төленің бұрылмасын. Бізден қателік болды.

Бергі ауылдардың біреуі ме деп, қапы қалғаным-ай! Ол екі
айтпайтын, айтқанынан қайтпайтын Төле ғой. Енді ол ме­нің
бұл қылығымды кез келген жерде бетіме басады-ау,—деп
шын қынжылып, өкініп қалады.

—Өзіңіз бармасаңыз, ол қиқар шал бізді кісі құрлы кө­

ретін емес,—деді жаңағы жігіт.

—Айттым ғой, ол енді менің өзіме де қайырылмайды,—

деді Қазыбек.
Әкесінің тізесіне басын сүйеп барлық әңгімені үнсіз тың­
дап жатқан сегіз жасар Жолжақсы бала үй ішіндегі­лер бір
сәт дағдарып қалғанда басын көтеріп алып:

—Осы үйдегі атамның асау ала тайын дәл қазір ұстап

ерттеп беріңдерші, мен ол қисық шалды алдыма салып, са­
тырлатып қуып келейін,—дейді.

билер  туралы  аңыздар

—Қой, қарағым, ол сенің қолыңнан келмейді. Атаң—

өзім барсам да Төле қайырылмас деп отыр ғой,—дейді
үлкендердің бірі.

—Иә, солай, Төкең айтқан бетінен қайтпайтын қатал

адам ғой,—деседі үй ішіндегілер. Бала барамын деп бол­
майды. Манадан бері еңсесі түсіп, екі иығы салбырап кет­кен
Қазыбек бала сөзіне селк етіп:

—Баланың бетін қақпаңдар! Барыңдар да қалаған тайын

ұстап беріңдер,—дейді.
Ала тартқан ала тайдың басын Төле би кеткен жаққа
бағыттаған бала сай-сайды өрлеп, қырат-қырлардың таса-
сымен ала тайын құйғытып келіп, Төле би тобының қарсы

алдынан шыға келеді. Ұлы бидің алдына тақап келіп тізгін
тартқан бала сәлем берген соң:

—Мен мына ауылдың қозы баққан баласы едім, құрып

қойған қақпандарымды қарап жүргенімде айырылып қал­
дым. Жол жөнекей көзіңізге қозы түскен жоқ па, ата?—
дейді.
Көрмей қалдым ба дегендей жан-жағына мойынын соза

бір қарап алған Төле би:

—Қарағым, бізге қозылар кездескен жоқ,—деді тізгінін

жинап жүруге ыңғайланып.

—Ата, осы сіз Төле би атам емессіз бе?—дейді бала тайын

тебіне түсіп жақындап.

—Болсақ болармыз,—дейді Төле би.

—Қозысы құрсын, кешке дейін бір тауып алармын. Сіз

кездесе қалсаңыз, сұрап алармын деп жүрген үш сұрағым
бар еді. Сұрасам жауап бересіз бе?—дейді бала.

—Сұрай ғой,—дейді би.

—Бірінші сұрағым ағайын арасының аласы туралы.

Ағайын адамдар араздасып, бір-біріне ренжісіп жүреді.
Олар­дың өкпесі немен тарайды,—дейді.

—Дұрыс айтасың, балам. Ағайын арасында араздық бо-

лып тұрады. Өзің күнде көріп жүрген ауылыңды алайық,

тарихи  аңыздар
ауылыңда адамдардың пейілі кең, дастарқаны мол, саба-
сы қымызға иіндеп тұратын бір үй болады. Сол үйге қымыз
іше сен де барасың, мен де барамын. Сөйтіп жүріп тіл табы-

сып, татуласып кеткендерін адамдардың өздері де білмей
қалады,—дейді Төле.

—Екінші сұрағым: ерлі-байлылардың араздасып барып

татуласуы еді,—дейді бала.

—Е, балам, бұл сұрақтың жауабын үйлі-баранды болған­

да өмірдің өзі береді. Тақа білгің келіп бара жатса, айтай-
ын, ерлі-зайыптылардың араздығы бір жұмадан аспайды,
өкпелері төсекпен тарайды,—дейді би.

—Енді үшінші сұрағымды тыңдаңыз, ата,—дейді бала,—

ата, аға мен іні біріне-бірі өкпелеп араздасып қалады ғой.
Солардың өкпесі немен тарқайды?—дейді бала астындағы
тайын тебініп, Төлеге жақындай түсіп.

—Иә, олар да араздасып тұрады. Бірақ аға—бордан,

іні—зордан болады. Бордың атасы—тас, анасы—құм. Тас
мүжіледі, құм үгіледі, іні кесірлі болса да, аға кешірімді бо-
луы керек,—дейді Төле би.

—Талайды сөзбен табанына таптаған тәкаппар би, түс­тің

бе қақпаныма. Менің де естиін дегенім осы сөз еді. Жаңа ғана
ініңнен бір білместік болып еді, соны кешірмей жо­ның­ды
сыртқа салып кетіп бара жатырсың. Бұр атыңның ба­сын!—
деп, бала Төле бидің атының шылбырынан шап беріп ұс­тай

алады.

—Сен жеңдің, мен жеңілдім. Шылбырымды қоя бер, же­

тексіз жүріп отырайын,—дейді би атасы.

—Олай болса, менің бір шартым бар, ата,—дейді бала.

—Оныңды да тыңдайық,—дейді би.

—Бастығы би атамның өзі болып сіз қайырылмай өкпе­

леп кетті деп сандарын соғып қалғанда, мен: «қазір ол шал-
ды алдыма салып сатырлатып қуып келейін» деген едім. Ал-
дыма түсіп шауып отырсаңыз, мен соңыңыздан түсіп қуып
отырайын,—дейді бала.

билер  туралы  аңыздар

—Ол тілегің де болсын. Алдыңа түсіп шауып отырайын.

Қуып отыратын сен ғой. Атымды ұрсаң ұр, өзімді ұрма,—
дейді Төле.
Содан ала тайға мінген бала атағы алты алашқа белгілі
биді алдына салып:

—Ендігәрі ініңе өкпелеп ақ орданы аттап кетесің бе? Түс

деген соң, түс Қазыбек атамның ордасына,—деп айғай са­лып
келе жатады.
Мұны естіген үйдегілер қаз дауысты Қазыбек бидің өзі
бастап далаға шығып, Төле биге құшақтарын жайып аттан

түсіріп алыпты.
Қазыбек балаға риза болып:

—Бұдан былай сенің атың «Төле биді сөзден тоқтатып, ат-

тан түсірген тапқыр бала» болсын,—деп бата беріпті. 3. Төле бидің төреліктері

Бір байдың үлкен тойында бәйгеден бір жүйрік озып
келеді. Әлгі жүйрікке екі рулы ел таласып, қамшы сілтес­
кен төбелеске айналады. Ақырында екі жағы да Ақбота биге
жүгінеді. Сонда Төле ағасына:

—Билікті маған беріңіз, мен шешейін,—деген соң, ағасы

тілге келмей:

—Уай, қауым, халқым менің, мен билікті інім Төлеге

бердім. Әділеттігіне бас игейсіздер,—деп жар салады. Қалың
ел енді екі даугердің сөзін тыңдайды.
Жүйрігі бірінші келген, бәйгеден озған кісі қамшысын
ортаға:

—Дат, бала би,—деп тастайды да өлеңдетіп соғады:

Сөзіме куә тартқан қалың елді,
Сипаған аузын үрлеп малым еді.
Қолбала сегіз жаста, тісі бүтін,
Туғаннан бар мінезі мәлім еді.

тарихи  аңыздар
Бәйгеден жас кезінде-ақ озып жүрген,
Қуғанда киік артта қалып еді.
Кездері киік қуған тайында еді,

Қарынын үш киіктің жарып еді.
«Сауға» деп мына екеуі екеуін ап,
Қазанға қазы қосып салып еді.
Етті жеп, ауқаттанып отырғанда,

Мына төртеу біздерге барып еді,
Бәйгеден жеті жылдан келеді озып,
Халқыма жеті рулы мәлім еді,—
деп, ә дегенде екі адамды, қала берді үстеріне барған төрт

адамды куәлікке тартып, дес бермеуге айналды. Сонда «ат
менікі» деп отырған Төлебай сыншы қамшысын тастайды
да, өз дәлелін айтты.

—Мені ел босқа сыншы деп атап жүрген жоқ. Мен өмірім­

де көрмеген малдың енесін көріп, төлін танимын. Төлін
көріп енесін дәл ажыратамын. Ал мынау жүйрік ат менің
боз биемнің құлыны екені даусыз. Бір кезде буаз кезінде боз
бием қолды болды да, көз жазып қалдым. Ұры ауылымды

торуылдап жүрген кезінде қолға түсіру үшін сойдауыттай
жігіттерді күндіз-түні жылқыға қарауылдаттым. Арада бір
жыл өткенде боз биемді мініп, жылқы ұрлауға келген ұры
қашып құтылды. Биемді тастап қашқан екен. Ауаға ұшқа­

ны, жерге сіңіп кеткені белгісіз, зым-зия құрыды.
Бием қолды болса да өзіме келді. Ал құлыны қайда деп
жүретін едім. Бүгін бәйгеден озып келген сұр қасқаның осы
боз биеден туған құлын екенін танып, «өзіме қайтар, бәйге­

ге сен-ақ ие бола ғой» десем, көнер емес. оның соңы төбе­лес­
ке айналғанын бәрің де көріп-білдің. Ал, бала би, атаң­ның
әруағы қолдасын, әділ төрелігіңді өзің айт!—дейді.
Төлебайдың сыншылығынан басқа дәлелдері жоқ еке­нін

халық: «Ойпыр-ай, бұл дауды қалай шешер екен бала би?
Аналар өліспей беріспейін деп отыр емес пе? Төлебай сын-
шы екенін, елге кеткен дабыра атын пайдаланып, біреудің

билер  туралы  аңыздар
жүйрік атына ауыз салып отыр демеске амал жоқ. Деген­
мен, шешуі қиын іс болды» деп өзара сыбырласып отырған­да
Төле саңқ ете түсті:

—Уай, жамағат, екі жағың да естіп білдіңдер. Ал мен

былай ету керек деп есептеймін. Екі жақтың да осы тұлпар­
дың енесі атанған биелерін әкелуді сұранамын,—деді. Билік
жасаушының сөзі екі болған жоқ. Түнделетіп екі жақтан да
биелер жеткізілді. Енді Төле:

—Екі бие де бір бағытпен үш күндік жолға айдалсын. Үш

күн дамыл бермей жорғалатып, шаршатып келсін,—деді.
Екеуіне де бала мінгізді де, қаумалаған қалың топтың
ішінен екі-үш адам бөлініп, биелерді жолға аттандырып,
бірге жөнелді.

Үшінші күні ел билік құрылған төбе басына жиналды.
Екі бала да ақ көбігі шығып, ентіге жетті. Анадай жерде бай-
лаулы тұрған тұлпарға Төлебайдың тарпаң биесі оқыранып,
желінінен сүт ағып иіскелеп тұра қалды. Тұлпар да енесін

танып оқыранды.

—Сенің малың екен. Тұлпар сенікі,—деді Төле Төлебайға,

елге:

—Кәні, не айтасыңдар,—деп алақанын жайғанда, ел гуіл­

деп кетті.

—Атаңа рахмет, көп жаса, шырағым. Өркенің өсе бер­сін!

Шын әділ, дана би сен екенсің, билігіңнен айналдық,—де­сіп
бата беріп жатқанда, даугер «Дат!» деп айқайлап жіберді.

—Датың болса, айт!—дейді ел. Сонда бұжыр бет, жөң ай-

бат, түсі суық әлгі даугер былай деді:

—Мен атышулы, баукеспе ұры едім. Жүйрік атты көбі­

рек ұрлайтынмын-ды. Осы Төлебай сыншының жүйрігінің
бірін қолға түсіремін деп көп әурелендім. Бір жолы айдала-
да жайылып жүрген тарпаң, боз биені көрдім де, желіндеп
қалғанын білдім. «Қалай ғана тұлпар тумас дейсің» деп іле

жөнелдім. Ауылыма келген соң еш адамға көрсетпей оңа­
ша бақтым. Үмітім алдамаған екен, көпке ұзамай аман-сау
құлындады. Сұр қасқа жануардың аузын үрлеп, қолбала етіп
2-139

тарихи  аңыздар
тәрбиеледім. Құлыннан-ақ жануардың жүйрік шығатыны
белгілі еді. Еліміздегі небір сыншылар көріп: «Бұл әлі
тайында-ақ алдына ат салмайтын арғымақ болады»,—деп

жағаларына түкірісті.
Мен оларға өз биемнен туғанын айттым. Неге десеңіз,
сол кезде құлындаған өз биемнің құлынын қасқыр жеп
кеткендіктен, сұр қасқаны өз биеме телігем-ді. Боз биені

күндердің күнінде біреу-міреу таныса, «биемен қоса жүйрік
құлынымнан да айырылып қалармын» деп қауіптендім.
Онымды Құдай қос көрмеді. Міне, ақырында малы иесін
тапты. Ал ақ боз биемен Төлебайдың ауылына екінші рет

келуімнің мәні—«биені жылқышылар таныса, тастап
қашармын, ал танымаса, осы тарпаңның тағы бір ұрпағын
қағып қайтырмын» деген ниет еді. Қанша дегенмен жылқы
баласы өз енесінен безе қашпайды, иісінен, түсінен сезіп

оқыранса, қолға тез түседі, жетекке аламын да кете барамын
деген ниеттен туындады. Бірақ бұл жолы қолға түсіп қала
жаздаған соң, «бастан құлақ садаға» дедім де, биеден түсе
қашып, бір қуыстың ішіне сүңгіп кеттім. Содан таң саз бере

ғана жылқышылардың қарасы өшкен соң, жаяу-жалпы жан
амандадым. Осы жолы «енді ұрлықты қояйын» деп өзіме-
өзім ант етіп, Құдай алдында уәде бердім.
Ал сұрқасқаны қаншама жылдар бойы бәйгеге қосқанда

жүлдені берген емеспін. Сол үшінде көңілім көтеріліп, ел
қатарына теңеліп жүруші едім. Өтірік айтуымның да, жа-
нымды сатуымның да мәнісі—осы. Ал, жамағат, өркенің
өскір мына Төле—«бала би» ақиқатына жетті. Құдай енді

мені өтірік айтқызып, қарабет ете көрмесін. Аллаһу Ак­
пар!—деп батасын беріп, жөніне кетіпті. Қалың ел Төленің
терең ақылына, әділ билігіне риза болып тарасады.
* * *

Төле би елді билеп тұрған заманында тағы да әділ билік
жасайтын оқиғаға кездеседі.

билер  туралы  аңыздар
Қала маңында саяттап жүргенде Төле би түйе қуған кісіні
көреді. Лекілдеп, басын сәл ғана еңкейте, мойнын созып
жіберіп, тайраңдап барады, қайтару берер емес. Ашуы кел­

ген қуғыншы қолындағы таяғын лақтырып жібергенде үлек­
тің көзіне бата тиіп, бір көзі ағып түседі. Әлгі түйе қуған­ды
бақылап жатқан екінші бір қара сақалды орта жастағы адам
түйенің көзі шыққанын аңдып қалады да:

—А, ант ұрған, мен саған түйемді осылай қайтар деп пе

едім,—деп ұмтылады. Түйенің көзін шығарған кісі артынан
ақырып, қамшысын білеп келе жатқан кісіден сескеніп, тұра
қашады. Қуғыншы өкшелеп, біраз жерге дейін қуып барады
да, жүгірісі баяулай бастайды, бірақ қуудан бас тартар емес.

Төле би аң-таң қалады да, басын шайқап жөніне кете ба­
рады. Ал бұл кезде қуғыншы мен қашушының арасы ал­
шақтай, ұзай береді. Алдынан Шыршық өзенінің жа­ға­сын­да
тұрған қайықшыны көрген қашушы:

—Мені мына келе жатқан қызылсөзден құтқар. Өзен­

нің арғы бетіне жеткізіп тастай гөр. Құдай жолына кетіп
бара жатқан кісімін. Мекке-Мәдинеге тәуап жасау үшін
дайындалған кісі едім,—дейді.
Қайықшы қырсықтың бірі еді. «Жаналғыш» пен «жан­

бер­гіштің» мына секілді қысылтаяң кезін пайдаланып қал­
ғысы келеді де:

—Бір ширек қоң етіңнен кесіп берсең, пәледен қазір

құтқарамын,—деп талап қояды. Қашушы анау жанкешті­
ден аман құтылу үшін «айтқаныңды істеймін» деп келісе
салады. Бірақ ол «қайықшы қалжыңдаған болар» деп ой-
лайды. Қайықшы қайығын асау толқыннан сыпылдатып,

ойнақшытып алып өтеді. Арғы бетке шыққанда, бергі бетке
жеткен қуғыншы қамшысын білеп:

—Жердің жарығына кіріп кетсең де, түйем секілді бір

көзіңді ағызбай қоймаймын,—деп қайықшыны қолын бұл­
ғап шақырып азаптанады. Қайықшы оның сөзін кәріне де
алмайды. Ал қуғыншы құрғақ бұталарды байланыстыра­ды
да, суға күмп береді. Онымен жұмысы шамалы қайықшы

тарихи  аңыздар
қонышынан жалаңдаған қанжарын суырып алады да, қаш­
қынға қарап:

—Кәне, уәде—Құдай аты. Бір ширек қоң етіңнен кесіп

алайын,—деп тап береді. Қашқын мына қаныпезердің өзін
қуып келе жатқан сұмнан да жауыз екенін біледі де, «тек
қашып құтылайын» деген оймен зыта береді. Бұл кезде қу­
ғыншы да үсті-басы малмаңдай болып, бергі жағаға шығып

үлгерген еді. Енді екеуі болып қашқынның соңынан өкше­
лей қуды. Қиқулап, «ұстай бер» деп айқайлайды. Кезек-
кезек: «иә, Құдай қолға түсіре гөр!»деп сарнап келеді екі
антұрған. Қашқын да: «Иә, Құдай, өзің жар бола гөр! Құ­дай

жолына бара жатқанда масқара ете көрме»,—деп зар еңі­
реп, безіп келеді. Кәрілердің айтуынша, «қашқын да Құдай
дейді, қуған да Құдай дейді» деген мәтел осыдан қалса керек.
Қашқын көз ұшында көрінген, бір жағы жәпірейіліп, жер-

ге шөгіп жатқан бір тамды көреді де, «тым болмаса қуысына
тығылайын» деп жетіп келеді. Жер тамның алдыңғы жағы
биіктеу екен. Тамға қарғып шығады. Екі қуғыншы да етек-
тен қармау үшін тамға өрмелей береді. Тамның үстінде ұстаса

шәрмендем шығар деп, екінші жағындғы биіктеу тұсынан
тәуекел дейді де қарғып кетеді. Ол қарғып түскенде аяқ асты-
нан былқ ете қалған адамның «ап» деген үнін естіп, жалт
қараса, сақалы белуарынан түскен, шалқасынан жатқан

адамның жантәсілім еткендегі соңғы үні. Бақса өлмелі, ке-
сел әкесінің аузына бір жігіт су тамызып отыр екен.
Жігіт шар етіп, әкесін құшақтай берді де, жаны жаһан­
нам­ға кеткенін біліп, секіріп түскен қашқынның алқымы­

нан ала түсті. Алақтаған, зәресі зәр түбіне кеткен қашқын
«енді шаруам бітті» деді де, «біреудің қанын жүктеп қаш­
қа­ным мұсылмандықтан садаға кетсін, маңдайыма жазыл­
ғанын көрейін»,—деген ниетпен қолға пенде болып түсті.

Енді үшеуі үш жағынан төнді. Таяқтады, есінен тандырды.
Қызыл ала қан етті. Қашқын есін жиғанда үш «әзірейілдің»
өзара дауласып отырғанын көрді. Соңғысы айтады:

билер  туралы  аңыздар

—Егер сен көзін шығарсаң, ал сен етін кесіп алсаң, бұл

өледі. Сонда мен әкемнің құнын кімнен даулаймын,—деп.
Біріншісі айтады: «Сен қоң етін кесіп алғанда қан көп
кетсе, бұл о дүниеге жөнеп кетеді. Сонда менің көзін шы­ғар­
ғаннан келер пайдам бар ма? Ал мен мұны құлақ кесті құлым

есебінде түйемді бақтыруым керек емес пе?»—деп.
Екіншісі айтады: «Маған қоң етін кесіп берем деген. Мен
екі сөйлемеймін. Міне қанжарым. Кесіп аламын да қайы­
ғыма кетемін. Бүгінгі табысымнан құр қалдым. Шал­тай-

балтайыңды білмеймін». Көзін ашқан қашқынның есіне
мана зытып, қуғыншы-түйе иесінен басын арашалап бара
жатқанда Төле биді көзі шалып қалғаны есіне түсті де,
төрелікті өзі айтты:

—Сендер мені боршалап өлтіргеннен пайда жоқ. Бәрің

де мақсатыңа жете алмай: бірің әкеңнің құнын, бірің көзім­
ді шығарып, түйе бақтыра алмай қапы қаласың. Ал қоң
етімді алған соң мен сендерге жоқпын. Мына қайықшыға
көнбеңдер. Үшеулеріңнің де үлесіңді бір өндіріп берсе, Төле

би өндіреді. Сол әділ биге бәріміз жүгінейік. Әне, сонда
діттеген мақсаттарыңа жетесіңдер,—деп еді, кіл елірген не-
мелер сап басылып, келісе кетті.
Сонымен бұл төртеу Төле би саяттан қайтып үйіне келіп,

шайланып отырғанда бірін-бірі сүйрелеп жетті. Төле би
манағы қашқан мен қуғанды бір көргенде-ақ таниды. Бұл
үшеуінің дауын тыңдамақ болып халық көп жиналды. Би
алдында қашқын өзінің Мекке-Мәдинеге барамын, тағы да

тәуеп жасап қайтамын деген ниетте екенін, жолға асығыс
қам­да­нып отырғанда, мына қожасы «қашаған түйемді
қайтарып әкеліп бер» деп күштеген соң амалсыз айтқанын
істеймін деп жүріп, таяғы жазым тиіп, бір көзінің шығып

кеткенін, ал бұл ант атқан «түйемнің бір көзін шығардың,
сол үшін сенің де бір көзіңді шығарып, құнын өндіремін»
деген соң жанталаса қашқанын, сол қашу кезінде мына екі
пәлелі іске кездескенін айтып береді. Қалған екеуі өздерінің

дауын айтады.

тарихи  аңыздар

—Әділ би, күнәһардан тиемелдімізді алып бер,—деп өті­

ніш жасайды.

—Ендеше, мен билік жасайын. Бірінші түйенің егесі, сен

шыққан көздің орнына мұның көзін шығармақ екенсің. Сен
мына көпшілік алдында расында айтшы, бұл үлекке тая­ғын
қанша жерден лақтырып еді?—деді.

—Арқан бойы жерден лақтырды,—деп аңғал қуғыншы

шынын айтты.

—Есітіп тұрсыңдар ғой, жамағат?—деп Төле би елге

қарады.

—Естіп тұрмыз,—деп шулады көпшілік.

—Ендеше, мен сенің қолыңа сондай таяқ беремін. Қаш­

қын сенен арқан бойы қашық жерде саған қасқайып қарап
тұрады. Сен таяғыңды көзін дәлдеп лақтыр да, бір көзін
шығар. Көзі шыққанына бұл риза, шығарғаныңа сен риза,—
деді Төле би.

Түйенің егесі ойланып қалды. Алыстан лақтырған тая­
ғының көзіне тиюі неғайбыл. «Елге—күлкі, дұшпанға таба»
болып, ақымақ, әңгүдік атанғанша, таяқ лақтырудан бас
тартайын» деген байламға келеді де:

—Е, мен көзіне дәл тигіземін деп айта алмаймын, биеке,­�

—деп міңгірлейді.

—Олай болса, саған құн жоқ. Есіңде болсын, «жазым»

деген болады. Қазақта «жазым болса, балшықтан тіс сына-
ды» деген мәтел босқа айтылған емес. Есіңді жи. Құдай­дан
қорық. Сен боссың,—дейді де қайықшыға бұрылады:

—Сен қайықпен өткізгенде «бір ширек қоң етіңнен

кесіп аламын» деген екенсің. Қолыңа пышақ ал. Егер не
артық, не кем болса, басың байлауда, малың айдауда. Күллі
халық қатысып өлшейміз. Осыныма келіс те, кәне, іске кі­
ріс,—деп қынынан жарқ еткізіп алмас кездігін шығарып,

қайықшының қолына береді.
Қайықшының басы салбырап, тұқырды да қалды. әлден
соң барып: «Бір ширек қоң етін дәл мөлшерде кесіп ала­мын

билер  туралы  аңыздар
деп айта алмаймын, Төле би»,—деп жан-жағындағыларға
алаңдайды.

—Сен мұсылман баласысың. Адамдық парыз деген және

бар. Сауап жасағаның үшін көрінгеннің қанын ағызсаң, он­да
күпір болғаның. Сен өз басыңды өзің арашалап тұрсың. Егер
қан шығаруға әрекет еткенде халық алдында дарға тарт­
қызар едім. Бар, жөнел! Кәлимаға тіліңді келтір де, дәрет

алып, бес уақыт намазыңды оқу парызың екенін ұмытпа!
Сен діннен безген кәпір екенсің. Егер бұл қашқын кездес­
пегенде, сен талайдың обалына қалар едің. Бес парызыңды,
онан туындайтын қырық парызыңды орындап жүргейсің.

Мұнан былай сені бақылауға аламын. Сен судан қайық­пен
өткізгенде ақысын сұрама, бар кісі өзі-ақ еңбегіңді еске­ре­ді.
Ақысын төлейді. Жоққа жүйрік жетпейді. Жоқ-жұтаң­ның
қанына құштарлығыңды тоқтат,—деп айдап салады.

—Сауап үшін істеген едім. Кешіре көріңіздер,—деп қай­

ықшы аузын жыбырлатып, тәубесіне келген кісімсініп тай­
қи береді.
Төле би әкесі өлген жігітке қарады:

—Бір топ адаммен сенің үйіңе барамыз қазір. Әкең ауы­

рып жатқан жерге мына қашқынды сұлатамыз. Сен тамың­
ның бергі жайпақ жағынан өрмелей шыққан күйі жүгірген
бойда тамның алдыңғы жағынан қарғисың. Мына қашқын­
ның дәл үстіне түсіп өлтіресің. Егер дәл үстіне секіре алма­

саң және аяғыңды сындырып па, мертіксең, өз обалың өзі­
ңе. Кәне, жамағат, мұныма не дейсіңдер?—деп халыққа
қарады.

—Жөн сөз. Сөйткен жөн,—десті жұрт,—Бұдан артық

қандай әділет болмақ.

—Дұрыс, солай етейік,—деген дауыстар әр жерден есті­

ліп жатты.
Әкесі өлген де ақымақтан емес еді. Шынында да қашқын
асып-сасып, соңынан өкшелеп келе жатқандардан қайтсем
құтыламын деп биік үйден секіріп кетті емес пе? Ол секіріп

тарихи  аңыздар
түсетін жерінде оның әкесінің жатқанын білген де, көрген де
жоқ қой.

—Би-еке, енді түсіндім. Әкемнің құнын сұрамай-ақ қой­

дым,—деді.

—Әкеңнің дәл сол сәтте ажалы жеткен еді. Ажалы жет-

кен кісіні сандыққа сақтап қойсаң да, дүниеден дәл кезін­
де көшеді. Сасық кеудеден шыбын жаны шырқырап ұшып
жөнеледі. Сен де күпірлік жасағансың. «Ажал—Құдайдан,
себеп—адамнан» дегенді білмегенің—күнә. Бар, әкеңнің

иманы салауат, топырағы торқа болсын!—деді де, отыра
қалып, ұзақ Құран оқыды. Елдің бәрі де бидің ыңғайына
жығылып, беттерін сипасты.
Әкесі өлген жігіт те Төле бидің әділ үкіміне риза бо-

лып, қолын алып, кешірім сұрай-сұрай жөніне кетеді. Ол
ұзай бергенде манадан бері жанын шүберекке түйіп, «ажа-
лым үшеуінің қайсысынан келер екен, яки қайсысына құн
төлейтін болып өмір бақи борыштар құл есебінде, есігінің ал-

дында өксумен өмірім өтер екен»,—деп, қан-сөлсіз, сілейіп
тұрған «қашқын» жанының аман қалғанына, борышсыз
құтылғанына көзі жеткен соң, Төле бидің алдына етбетінен
жығылып, еңіреп жібереді. Төле оны орнынан тұрғызады.

Сонда қашқын:

—Мен өлер едім. Меккеге бұдан бұрын да алты рет бар­

ғанмын. Соның алтауының да сауабын мен әділ би Төле, сіз­
ге бағыштасам, бар малы-жанымды берсем, қарызымды ке­
шіресің бе?—деді еңкілдеп тұрып:

—Ал мен де сауапсыз қалмаспын, тірі жүрсем. Осы жол­

ғы сапарым жетінші. Алла Тағаланың рақымы мол, кенде
қалмаспын.
Төле би аң-таң қалды. Көз жасын тыйғызды да, былай деді:

—Қажыеке, мына айтқаның қате сөзің,

Таймаушы ем әділдіктен жастан өзім.
Пәре, дүние, туысқа бұрғаным жоқ,
Төрелік тоғыз жастан айтқан едім.

билер  туралы  аңыздар
Келемін нашарларға рақым етіп,
Зорсынғанды жөндеймін—бір мінезім,
Қалмаңыз жолыңыздан, енді ұлықсат,

Бір ауыз бата берген керек сөзің,—дейді.
Қажы:

—Халқыңның ағасы бол,

Еліңнің панасы бол!
Алла, періштелер қолдасын,
Қызыр, бақ болсын жолдасың.
Әруақтар пәле-жаладан

Көзден, тілден қорғасын.
Жолың әманда ақ,
Мінгенің тақ болсын.
Ұрпағың өсіп-өнсін,

Көсегең көгерсін!—
деп батасын беріп, қажылық жолына қарай жүре берген
екен.

4. [«Қарлығаш әулие»]

Ел басына екі талай күн туып, ер сасқан, әйел етегін
басқан қысталаң кездерде Ұлы жүзді бастаған Төле би қо­
нысынан аумай елін, жерін бүліншіліктен сақтап қалған,
күші басым жауға қарсы шығып, қамсыз отырған халық

қанын мағынасыз төкпей айла-тәсіл қолданған. Осы ара-
да Төленің даналығын бейнелейтін бір халық аңызы бар.
Жоңғар шапқыншылығынан босып ел қаша көшкенде, Төле
үйін жықпай жұртта қалыпты-мыс. Қалмақтың әскер басы

бұған таңданып, көшпеген себебін сұрағанда, Төле би:

—Биыл шаңырағыма бір қарлығаш ұя салып еді. Бұл

бүкіл дүние жүзін топан суы басқанда Нұқ пайғамбардың
кемесін суға батудан сақтап қалған, жыланға адам баласы­

тарихи  аңыздар
ның жем болу қаупі туғанда, содан қорғаған жануар еді. Мен
өз болашағымды қорғап қалған жануардың ұясын бұзып, ба-
лапандарын қырып кете алмадым,—дейді.

Мұны естіген қалмақ қонтайшысы «бұл әулие» екен деп,
оның өзіне де тимепті-мыс.

5. [Қоңқа қарт пен Төле]

Қоңқа бидің жасынан жауға бірге аттанып жылқы
алысқан, дауға бірге түсіп олжа табысқан Жыланкөз де-
ген досы болыпты. Екеуі екі ауылдың адамы болғанына
қарамастан, бір анадан туғандай тату өсіпті. Қоңқа қар­

тайып, жетпістен асқан шағында:

—Қой, мен сол досымды бір көріп қайтайын. Жасымда

бірге жүрген жолдасым еді ғой, амандық-есендік айтыса­
йын. Досым әлді болса, сауын бие, жүк артатын түйе сұрап
алайын,—деп жолға шығады. Жол үстінде бір бала кездеседі.
Жөн сұраса ол да Жыланкөздің ауылына бара жатыр екен.

Олар жүріп келе жатып сәске түс кезінде көп жылқыны
көреді. Жылқының көптігі соншалық—кіші бесінге дейін
шетіне шыға алмайды. Сонда жолсерік бала:

—Ата, мынау жылқы қандай байдың жылқысы болды

екен? Білесіз бе?—деп сұрайды. Оған Қоңқа би:

—Қарағым, бұл нысапсыз деген байдың жылқысы,—

дейді.

—Нысапсыз деген қандай бай?

—Балам, айтайын. Нысапсыз деген осы малды жия бер-

ген, өсіре берген, көбейте берген. Бұл нашарға, кедейге
қайырымы жоқ, ат майын бермейтін байдың малы.
Екеуі одан әрі жүріп келе жатады. Кенет жалпақ далада
жайқалып өсіп тұрған қалың егіннің үстінен түседі.

—Ойпырмай, ата, мынау қандай адамның егіні бол­ды

екен? Көз жауын алып жайқалып тұр ғой. Мынау бір бай­дың
егіні-ау!—дейді бала.

билер  туралы  аңыздар

—Ә, шырағым, бұл қайырсыз деген байдың егіні.

—Қайырсыз деген бай ма? Қай ел болады, ата?

—О, шырағым, оны айтайын. Бай бір өзі пәлен адам жал-

дап осынша жерді айдатты. Арзанға жұмыс істетіп, еңбегін
бір жеді. Енді егінді біреудің еңбегімен орып, қырманға са-
лады. Бастырып қамбаға құйды. Мұның бәрін өзі істемейді,
біреуге істеттірді. Сонан соң елде астық болмай қалған жылы

қымбатқа сатады. Өзі жан қинамай үйде май шайнап жата-
ды. Ендігі жылы тағы егеді. Енді екі есе адам жалдайды.
Жылдан-жылға осылай кете береді, одан жұртқа пайда жоқ.
Ел ашыққанда қымбатқа сатады. Мұның қайырсыз бола­тын

себебі—осы. Түсініп ал, балам.

—Түсіндім, ата!

Екеуі келе жатса бір жерде көп адам жиналып, көр қа­зып
жатыр екен.

—О, балам,—дейді Қоңқа би,—анау жиналған топ адам

кімдер? Көзің жетік қой, қарашы?—дейді.
Бала қарайды:

—Ата, өлген адамды қойғалы көр қазып жатқан кісі­лер

көрінеді.

—Ендеше, сен барып біліп қайт. Көметіндері өлген адам

ба екен, тірі адам ба екен, соны сұрағын.
Бала шапты да кетті. Барып көр қазып жатқандарға сә­
лем берді.

—Сіздердің жерлейтіндеріңіз өлген адам ба, тірі адам ба?

Кісі өліп, жаны күйіп тұрғандардың біреуі:

—Не деп былшылдайды мынау?—дейді, екіншісі келіп

қамшымен басынан салып жібереді.

—Иттің баласы, не оттап тұрсың?!

Бозбалалардың екі-үшеуі жабыла кетіп еді, бір қария­лау
кісі:

—Тоқтаңдар!—дейді айқайлап.—Әуелі жөн сұралық.

Қай­дан келе жатқан бала екен, білейік.
Бала жөн айтады.

—Балам, сен не дедің?

тарихи  аңыздар

—Мен көміп жатқандарыңыз өлі адам ба, тірі адам ба

дедім.

—Қарағым, осы сөзді өзің айтып тұрсың ба, жоқ басқа

біреу айтқызды ма саған?

—Қасымда үлкен кісі бар еді. Сол кісінің атқосшысы

едім. Мені осылай сұрап кел деп жіберіп еді.

—Апырм-ай, мұны сұраған қария тегін адам емес екен-

ау! Қой, баланы ұрмаңдар, жігіттер. Мұнда бір мән бар. Сол
қарияны біреудің барып шақырып келіңдер.
Екі жігіт қуып жетіп, сәлем беріп:

—Ақсақал, бір қадірлі адамымыз қайтыс болып, соны

қойып жатыр едік. Ілгерінің жолы, өлікке Құран оқып
аттаныңыз,—дейді. Қоңқа би:

—Ә, онда болса, жарайды,—деп атының басын бұрып

келеді. Өлікті қойып болған соң, көпшілік:

—Ақсақал, алыстан келе жатыр екенсіз. Өзіңіз де бір

қадірлі кісі көрінесіз. Бұл кісі де қадірлі адамымыздың бірі
еді. Мына баланы бізге жіберген екенсіз. Бала шауып келді
де бізден:

—Қойып жатқан өліктеріңіз өлген өлік пе, болмаса тірі

өлік пе?—деді. Соны көріп шыдай алмай осында тентек
боз­балаларымыз қол көтерді. Баладан мұның қалай деп
сұрадық, «өзің бе, жоқ, саған біреу үйретті ме» деп еді, «сол
кісі сұра деді» деп шынын айтты.

—Ә, дұрыс.

—Сізден сұрайтынымыз, мұны қалай айттыңыз? Бұл өлі

өлік пе, жоқ тірі өлік пе дегеніңізді түсіндіріңіз?

—Ә, оны дұрыс сұрайсыңдар. Тірі өлік пе дегенім—

артында өзіндей болатын бала-шағасы бар ма, ас-су беретін
мал-жаны бар ма дегенім. Ал өлі өлік пе дегенім—өзіндей
боп өсетін артында бала-шағасы жоқ болса, мұның аты шын
өлік, шырақтарым. Осының қайсысы екенін білгім келіп еді.

Бұл өлік осының қайсысы?

—Уә, ата, артында баласы бар, ас-суына жарайтын мал-

жаны бар, дәулетті кісі.

билер  туралы  аңыздар

—Ауылға жүріңіздер, мейман болыңыздар,—дейді көп­

шілік.

—Шырақтарым, маған ауылға қонуға болмайды. Мен

түздің адамымын,—дейді Қоңқа қарт. Жолда келе жатып
бала:

—Ата, түздің адамымын дегеніңіз қалай?—деп сұрайды.

—Қарағым, өзің аңғарымпаз, адал бала екенсің. Сенің

атың кім?

—Атым—Төле, ата!

—Төле, қарағым, түздің адамымын дегенім—көпшілік­

тің, халықтың адамымын дегенім. Бата берейін, сені түзде
кездестіріп, серік болдым. Мен секілді сенің де өмірің түзде
өтсін, түздің адамы бол, балам,—деп бетін сипайды қарт.
Төле есейген соң жол үстінде жолыққан Қоңқа қартты

үнемі құрметпен еске алып, өзіне ұстаз тұтқан екен. 6. Данагүл

Төле би: «Балама әйелді өзім таңдап алып беремін. Бай­
дың байлығына қызықпаймын, бидің билігіне қызықпай­
мын. «Асыл пышақ қап түбінде жатпайды» деген. Келінім
ақылды болса, балам дана болады. Ердің бақыты—әйел де-

ген. Ел сыйлайтын ерді ақылдылықпен адам етіп тәрбиелей­
тін—әйел, кең жайылған дастарханымен ердің атын шыға­
ра­тын да әйел. Малына, байлығына қызығып, ешкімге құда
болмаймын. Келінді асықпай ел арасынан өзім іздеймін.

Бұйрық болып, кездессе көрермін. Ырыс, бақыт та, қызыр
да әйелде. Әйел қызырлы болса, үйіңнен жақсы адам кетпей­
ді. Мысалы, берекелі үйге кім келмейді? Жақсы әйелдің
арқасында ердің елге даңқы кетеді. «Би бол, би болмасаң,

би түсетін үй бол» деген. Би түскендей үй болу—әйелден.
Ол әйелді халық та жақсы көреді, кембағал, қайыршы да
жақсы көреді. Жақсы кісіні жұрт жек көре ме? Әйелі жақсы
болмай, ер оңбайды. Ердің бақытын кетіретін де әйел, ерге

бақыт әперетін де әйел.

тарихи  аңыздар
Осындай ой құшағында жүрген Төле биге түрікмен елі­нен
елші келіп:

—Бір жылдан бері бітпей жатқан дауымыз бар еді, соған

билік жасаңыз,—деп өтініш айтыпты. Жер шалғай болса да,
Төле би түрікмен еліне барып, дауласқан екі жақты татула-
стырып қайтады.
Аттары болдырып, шөлдеп-шөліркеп келе жатқан жолау­

шылардың алдынан бір топ атты қыз-келіншек кө­рінеді.
Ол топтың ішінде Данагүл дейтін кедейдің қызы да бар еді.
Жалғыз көк шолақ атына мініп, байдың қыздарымен тойдан
қайтқан беті еді деседі:

—Әй, апайлар, тоқтаңыздар, аттарыңыздың басын тар­

тыңыздар. Жоғары жақтан бірқатар аттылар келе жатыр,
алдынан кесе-көлденең өтіп кетпейік. Үлкендердің алды-
нан кесіп өту дұрыс болмайды. Олар—ел қорғайтұғын, жер
қорғайтұғын ерлер. Кім біліпті араларында ақылы асқан

ақылды, данышпан қариялары бар шығар, ашулы, арын-
ды батырлары бар шығар. «Ер сыйлаған есікте қалмас» де-
ген. Әлі-ақ бәріміз де бір-бір үйдің иесі боламыз. Шарапат,
жақсылығы тиер, үлкен кісілердің батасын алып, алғысына

бөленейік. Апалар, аттарыңыздың басын тартыңыздар, то-
сып тұралық. Атты ер кісілер алдымыздан кесіп өтсін! Со­нан
соң жүрсек те аулымызға жетерміз,—деді Данагүл.
Қызыл-жасыл киінген қыздар жол кеспей, иіріліп тұ­рып

қалды. Топ алдындағы Төле би мұны алыстан көріп, бай­қап
келе жатыр. Қызыл-жасыл киінген қыздардың деңгейіне
жетіп, алдарынан өтіп, ат ала кел дерліктей жерге ұзап кет-
кен соң, қасындағы жолдасының біреуіне:

—Анау алдымызды кеспей кейіндеп қалған балаларды ша­

қырып келші,—деді. Ол шауып барып, қыздарды шақы­­рып
келді. Жақындай бергенде Данагүл атынан түсіп, жаяулап:

—Апалар, бәріңізде аттарыңыздан түсіңіздер. Жаяу

барып сәлем берейік. Үлкен кісілерге атпен тасыраңдап
жетіп барып сәлем бергеніміз ұят. Бұл кісілер ешуақытта да
кездеспейтін кісілер. Жолымыз болады екен,—деді.

билер  туралы  аңыздар
Барлық қыздар аттан түсті. Жаяу жүріп келіп, бәрі басын
иіп сәлем берді. Төле би:

—Балалар, өркендерің өссін, бақытты болыңдар,—деді

қуанып,—шырақтарым, қай ауылдың баласысыңдар?

—Сыйқым ауылының баласы едік.

—Балалар, алыстан бізді көріп, тосып тұрдыңдар. Әл­

де­қа­шан өтіп кететін уақыттарың болып еді. Не себептен
тостыңдар, соны айтыңдар?
Қыздар жауап таба алмай Данагүлге қарады. Ол:

—Аталар, біз сіздерді алыстан көріп, аталарымыз

бен ағаларымыз шығар. Араларында ел бастаған баты-
ры бар шы­ғар, сол ерге ақыл айтқан ақсақалы бар шы­
ғар. Әкеміздей үлкен, қызырлы адамы бар шығар деп
алдарыңыздан өтпей тосып тұрдық. Үлкен кісілердің ба-

тасын алалық, жақсыны көрмек үшін, көрмеген аталары-
мыз, ағаларымыз болса, көрелік. Аты-жөнін білелік деп
тосып тұрдық,—деді.

—Қарағым, балам, атың кім?—деді Төле би.

—Атым—Данагүл, ата.

—Әкеңнің аты кім?

—Әкемнің аты—Алакөз.

—Жақсы, шырақтарым, өркендерің өссін, Құдай тілеу­

леріңді берсін! Жарайды енді, аттарыңа мініңдер,—деп Төле
би батасын беріп, жүріп кетті.

—Тарт сыйқымның аулына,—деді былай шыға бере жол-

дастарына. Сыйқым аулына жақындап келгенде, бір серігін
шаптырды.—Бар Алакөзге, ауқатты адам ба, нашар адам
ба екен? Қандай адам екен? Хал-жайын біліп, біз жеткенше
қайта орал!

Шапқыншы бәрін біліп қайта оралды.

—Ой, биеке, Алакөз деген кедей адам екен. Байдың жыл­

қышысы көрінеді.

—Үйі қайсы?

—Үйі анау шетте тұрған қараша үй.

—Жүр, мені ертіп барғын.

тарихи  аңыздар Шапқыншы ертіп барды. Алакөздің үйі—қырық жамау, тесік-тесік, ішінен қараса, сырты көрінетін қараша үй. —Алакөз қайда? —Анау құдық басында мал суғарып жүр. —Шақырып кел! Орта жастағы әйел шапқыншыға шидің ішінен бір тоста­ ған айран ұсынды. Шөлдеп келген адам айранды тұщына жұтып, басын көтере бергенде, үйге ұзын бойлы отыз бесқырықтың ар жақ бер жағындағы жігіт ағасы кіріп келді. —Ассалаумағаликүм! —Уәликүмсәлам. Иә, Алакөз деген сен боласың ба? —Мен боламын. —Сен болсаң, аулыңа мейман келеді. Төле биді білесің бе? —Ойбай, білмегенде ше? Оныңыз не дегеніңіз? Төкеңді кім білмейді. Ол кісіні бүкіл қазақ түгілі, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, түрікпен түгел біледі емес пе? —Ал енді сол Төкең мына түрікмен жақтан келе жатыр еді. Бүгін сенің үйіңе қонақ болады. Қонақты қарсы алуға жағдайың бар ма, батыр? —Ойбай, бар жағдайым. Ол кісіні Құдай айдап біздікіне келсе, одан артық бақыт бар ма? Байларға бармай, біздікіне келгеніне мың мәрте шүкіршілік етеміз. Ал, қатын, қамдан. Байдан бір мал сұрап әкелейін. Шапқыншы қайта шауып кетті. Алакөз де атына мінді. Келіп сәлем беріп, Төле биді серіктерімен үйіне әкеп түсірді. Алаша, киіз жетпеген жерге қамыс төседі. Үй кісіге толды. Жалғыз сиырының айранына суды қосып жіберіп шалап жасап, бір-бір тостағаннан сусын ұсынды. Біреулерді жүгір­тіп, байлардың үйінен самауыр, қарызға нан алдырды. Ауыл хабарланып, жиналып қалды. —Ой, Алакөздің үйіне Төле би келіп түсіпті. Қасында бір топ жолдасы бар,—деген хабар байға да жетті. Домаланып ол да келді. Келіп «о, Төке» деп сәлем беріп, шұрылдасып жатыр.

билер  туралы  аңыздар

—Төке, біздің үйге неге түспедіңіз? Мынау балаңызды

ұялтқаныңыз қалай?

—Халқым үшін мен Төле би болып тұрып байға ғана,

барға ғана түсіп, кедейлерді есіме алмасам, онда әділет бола
ма? Байға жақ боп кедейдің ақысын жіберсем, онда мені жұрт
әділетті деп айтар ма еді? Мейірімім түсіп мына Ала­көз­дің
үйіне қонақ болғым келді. Ал енді бәрің бірдей ағайын­сың­

дар ғой, құрметтерің болса істей беріңдер.
Лездің ішінде-ақ киіз де келіп қалды, текемет те, жастық
та келіп қалды. Алакөздің үйінде жоқ болғанымен елде бар.
Мал сойылып, ауыл адамдарының бірсыпырасы жиналып,

әңгіме тыңдап, Төкеңмен бірге отырды.
Бір кезде Төле би сыртта жүрген Алакөзді шақырып
алды.

—Алакөзім, балаң бар ма? Қанша балаң бар?

—Уа, би аға, менің балам емес, Құдайдың баласы деп ай-

тайын, бір қыз балам бар.

—Осы үйде жүрген келіннен бе?

—Иә, осы келініңізден.

—Мм... Жақсы екен. Келін қай елдің баласы еді?

—О, би аға, келініңіз мынау қожа атамның тұқымы еді.

Тектұрмас деген әулиенің әулетінен.

—Ә, жақсы екен. Жарайды, келінім. Балам, әлгі қызың­

ды, Данагүлді шақырып кел! Үлкен кісілердің әңгімесін
есітіп отырсын. Бала ғой...
Данагүл көрші ауылда қыздармен отыр еді. «Әкең ша­
қырып жатыр» деп бір келіншек барып, шақырып келді.

—Атаңменен амандас,—деді оған шешесі ақыл айтып.

—Ол кісілерді мен көргенмін. Бағана күндіз сәлем бер­

генмін. Мені таниды,—деді Данагүл. Бір кезде тамақ пісті.
Төле бидің алдына бата сұрап бас келді.

—Әлгі Данагүл баламды шақыршы?

Табаққа бата беріп болғаннан кейінгі жерде Төле би бас­ты
қасқалап пышақпен кесті де, бір ұртын алып өзі аузына сал-
ды. Бір құлағы мен таңдайын алып;
3-139

тарихи  аңыздар

—Қарағым, Данагүл, келші, өз қолымнан ұсынайын.

Құлақ бергенім—екімнің бірі бол! Таңдай бергенім—айт­
тырмай біліп, құпия, жұмбақ сырымды шешіп, өсиетімді
жұрт­қа жайып жүретін балам бол, міне,—деп ұсынды.
Данагүл келіп еңкейіп, қолына алып:

—Рахмет, ата. Айтқаныңыз қабыл болсын!—деді басын иіп.

Жолаушылар қонақ болып жатты. Таң атты. Шай ішіп
отырғанда, жұртқа Төле би:

—Оу, жігіттер, мына Алакөз мырзамен құда болғым ке­ліп

отыр. Данагүл балама мейірімім түсті. Бұйрық болса, бала
етіп алсам деп отырмын. Мен де кедей адаммын, Алакөз де
кедей адам. Қоралап айдап беретін малым жоқ. Сондық­тан
мұныкі—менікі, менікі—мұныкі. Екеуімізге екі бала ор­тақ.

Ниетім қалыс. Қабыл көрсең, Алакөз қарағым, тапқа­н­ы­
мыз екі баланікі,—деді. Алакөз әйелі екеуі орнынан ұшып
түрегеп, жылап қоя берді.

—Би аға, біз бүйтіп дүниеге келіп, бізге бала бітіп, ол

баламызға сіз секілді адамның мейірі түсіп, үйімізге келіп
құда болады, қызырға ие боламыз де­ген жоқ едік. Би аға,
өле-өлгенше баламыз сіздікі. Ерлі-байлы екеуміздің мал-
жанымыз да осы баланың жолында. Сіздің бізді елегені­ңіз­ге,

осынша мейірбаншылықпен бізге мейіріңіздің түскеніне ри-
замыз. «Рас па, өтірік пе» деп келініңіз екеуміз қуаныш­тан
жарылып кете жаздап тұрмыз.

—Ал, ендеше, олай болса, мінеки, бабам Бәйдібектің ба-

тасы болсын. Әумин, қолыңды жай. Ақылды, абыройлы,
мейірлі, рақымды, кішіпейіл, киелі, айтқаны әділ, тілегі
қабыл, өмір жасы ұзақ, халқына қадірлі, жұртына сүйкім­ді,
әке-шеше, туыс-туғанына жағымды, арты үбір-шүбірлі, ал­

ды қоқырлы, нәсіпті болсын! Аллау әкпар!—деп бата берді.
Арада ай өтпей Төле би Данагүлді ауылына келін етіп
түсірді. Келіні өзінің ойынан шығып, күткендегідей болды.

—Балам, Данагүлім, өзімнің ұлым қандай бол­са, сондай

болып жүре бер! Атаға көрінбей қашып кетуді қой. Ол—
ескірген әдет.

билер  туралы  аңыздар
Мен болсам, халық үшін жүрген адаммын. Көбінесе түз­
де жүремін. Үйдің, ауыл-абаннын, бәрінің ақылшысы өзің
бол, шырағым. Шаруаны да өзің басқар. Тізгін-шылбырды

қолыңа ал!—деп келінін баласындай көріп, титтей нәрсе бол-
са, ақылдасып отыратын болды. Бір жақтан жолаушы­лап
келсе, үлкен кісідей келініне көрген-білгенін айтып, сұрақ
қоя сынап, ауылдағы шаруаның жайын әнгімелетіп, үнсіз

тыңдап отырады екен.
Көп ұзамай-ақ келіні ел аузына ілікті.

—О, Төкең әруақты, тегін кісі емес қой. Келінді тауып

алды. Шүкірлік, келіні ауыл-аймақ, ағайын-аба, туғанға
түгел ақыл беруге жарайды,—десті жұрт.
Төкең сыртта алты алашқа билік айтса, қара домалақ
келіні ауылдағы ағайын-туғанға билік етті.

Арбаның дөңгелегіндей өтіп жатқан уақыт қой. Бірде
Төле би алыстағы жекжатына барып, атқосшысы екеуі ғана
қайтады.

—Қайсы жолмен жүрсек екен? Бір жол бар ел жағалап

жүреді. Бір жол бар шөл жағалап кетеді. Ол—төте жол.
Қызылқұмды кесіп, ел жағалап он күн жүргенше, шөлмен
кетсек, ауылға төрт-бес күнде барамыз. Осының қайсысы­
мен жүреміз?—деді жолдасы.

—О, батырым, қарын ашпай, тамақ тәтті болмайды. Жо-

лаушы жүрмей, ер қадірлі болмайды. Қиыншылық көріп,
қарның ашпай, ас қадірін білмейсің. Жаяушылық көрме­сең,
ат қадірін білмейсің. Ел жағалап жүріп жүрміз ғой. Салт
аттылымыз, сабау қамшылымыз. Төтелеп тартып, шөл­мен

жүріп көрелік. Азар болса, үш-төрт күн далаға түнерміз не-
месе малшыға түнерміз. Малшы кезікпесе, аңшыға түнерміз.
Тәуекел, Қызыр ғалайссалам шөлде жүреді деген. Олардан
әулиеміз бе, біз де көрелік сол қиыншылықты. Шөлмен төте

тарталық.
Екеуі шөлмен тартты. Елден шығып, екі қонып, үш қонып
келе жатты. Бұлар келе жатқан шөлді қырық қарақшы­ның
жайлап жүрген кезі еді. Олар—кезіккенді тонап, елден мал

ұрлап, ешкімге теңдік бермей жүрген қарақшылар.

тарихи  аңыздар
Үшінші күні Төле би жолдасы екеуі қырық қарақшыға
тап болды. Бас салып, сөз сөйлеуге де мұрша бермей, қолға
түсірді. Ақсақалды қарттың Төле би екенін олар білген жоқ.

Атын тартып алып, киімін тонап, екеуін шөлге тастайтын
болды.
Төкең өзінің кім екенін айтпады.

—Әй, батырлар, сендер бәрің де батырсыңдар. Сендерге

мал керек пе, жан керек пе? Жан керек болса, бір шал мен
бір жігітті өлтіріңдер де, ат-тонын алыңдар. Ал енді мал ке-
рек болатын болса, мен са­ған бір қора мал берейін. Екеумізді
босатыңдар.

Қырық қарақшынын бастығы:

—Бізге, әрине, мал керек. Біз осы шөлде не үшін жүрміз?

Мал үшін жүрміз. Қара басың қалқиып малды қайтып бе­
ресің?—деді.

—Менің малым көп, мен бір бай адаммын. Жүз түйем

бар, жүз жылқым, қатын, бала-шағам бар. Жасым алпыс­
тан асты. Маған жанымнан мал артық па? Өлсем, артым-
да қалмай ма? Ауылға барып мал әкеліп беремін дегенге
сенбессіңдер. Оның ебін өзім айтайын. Ақылыңа сыйса,

тыңда! Мен ауылыма хат жазайын. Кенже ұлыма құда түсіп
біреудін қызын әпермек болдым. Соған қырық құнан, атан,
жиырма буыршын, сегіз ақбас атаным бар еді. Соны берсін.
Он босағамда көмген алтыным, сол босағамда күмісім бар еді.

Өзімнен басқа адам білмеуші еді,—деп Төле би қарақ­шы­ның
бастығына қарады.

—Алтын қадірлі ме, күміс қадірлі ме?

—Ой, алтын қадірлі. Алтыныңыз болса, алтыныңызды

жіберсін деңіз,—деді қарақшының бастығы.

—Онда оң босағамдағы алтынымды тұтас берсін. Дүние­

ні жиғанда қайтемін, жанымнан—садаға. Біз екеумізді де
жібермей ұстап отырыңдар. Біреуің менің атыма мініңдер.
Аттың тілі жоқ қой. Атыма мініп, хатымды алып барсаң­дар,
осы малды айдатып жібереді,—деп, хат жазып, атын, ша-

билер  туралы  аңыздар панын беріп, екі қарақшыны жұмсап, өздері құдықтың ба­ сындағы қарақшылардың шайласында қалды. Екі қарақшы Төле бидің ауылына келді. —Тосқауыл деген кісі осы қағазды беріп жіберді. Кенже ұлына қыз айттырған екен, мына малды берсін дейді. Қағазды оқып ауыл-абасы болып ақылдасты. —Бұл қалай? Төкең өз қолымен жазыпты және атын мінгізіп, шапанын кигізіп жіберіпті. Төкеңде мұндай мал жоғын кім білмейді. Бұл не?—деп таң қалысты жұрт. Біреуі оны айтты, біреуі мұны айтты. —Құда болған шығар. Осы малды тауып берер деп елге сенген болар,—десті. Ойласып келіп мал жинамақ болып, жұртқа салық салмақ болды. Сонда Данагүл: —Сіздер түсінбей отырсыздар. Атам қырық қарақшы­ның қолына тұтқын болып түскен екен. Қырық құнан атан бер­сін дегені—қырық мықты жауынгер жігіт берсін дегені. Жиырма буыршын берсін дегені—жиырма палуан берсін дегені. Сегіз ақбас атан берсін дегені—сегіз ақсақал берсін дегені. Он босағадағы алтыны мен едім, сол босағадағы күмісі ба­ ласы еді. Атам мені артық көруші еді. Жұмбағымды ше­шер деп ойлаған екен. Алтынымды түгел берсін дегені—мені алып келсін дегені,—деді ой толғап. Отырғандардың бәрі Данагүлдің даналығына таң қа­лыс­ ты. —Жарайды, мал береміз,—деп екі қарақшыны бір-екі күн қонақ етті. Үшінші күні малды жинап, екеуінің көзіне көрсетіп, жолға шықты. Екі қарақшы жол бастап келеді. Бірнеше күн жол жүріп кұмның шетіне іліккен соң Данагүл: —Ал, енді жақындап қалдық қой. Сіздер алдымен ба­рып, хабарын айта беріңіздер,—деді. Алпыс жігіт, сегіз ақсақал соңдарынан жасырын ілесіп келе жатқан еді. Ойларында дәнеңе жоқ екі қарақшы оза шауып, шайлаға барды:

тарихи  аңыздар

—Біз бардық, айтқаны рас екен. Малды берді. Бай шал

екен. Екі-үш малшысы малды айдап келеді. Біз хабар айт­
қалы бұрын жеттік.
Қарақшылар қуанып, жаймашуақ болып, аттарын қоя
беріп, жайғаса жатты. Бәрінің басында «мал келе жатыр,

олжаға қарқ болдық» деген ой.
Күн батысымен қалың қол сау етіп, құдықтың басын-
да қаннен қаперсіз жатқан қарақшыларды тырп еткізбей
қоршап алды. Қырқын да матап байлады. Ауылына әкел­ген

соң Төле би бәріне арнайы сөз сөйледі.

—«Ғұмыр—біреу, кезек—екеу» деген. Сендерге өлім ке-

рек пе, өмір керек пе? Кешегі күні тұтқынға мен түсіп едім,
бүгін сендер түстіңдер. «Дүние кезек» де­ген осы болады. Ма­
ған сендердің аттарыңның керегі жоқ. Бес-алты күн сендер-
мен жолдас болып қалып едім. Тілімді алсаңдар, әлі де бол-

са, ақылымды айтып, ара түсейін. Бәріңнің елге пайдаларың
жоқ, жарлының жалғызын тартып ап жылатасыңдар. Шөл­
деп, шөліркеп келе жатқандарды өлтіресіңдер. Айдалада
не қатының жоқ, не балаң жоқ, қаңғып өмір сүресіңдер.

«Зорлық, зорлық түбі—қорлық» деген. Жетім мен жесірге,
жалғыз-жарымға жасаған зорлықтарың бүгін мойындары­ңа
түсіп отыр. Жазықсыз өлген жандардың қаны үшін сендер­ді
қырып жіберсек, шамамыз жетеді. Оны біліп тұрсыңдар.

Менің атым—Төле би. Адамның баласына әділдік айтып,
таласқан, тартысқанын, жауласып айтысқанын анықтап,
өмірімше істеп келе жатқан кәсібім—жұртқа жақсылық
жасау, болысу. Біреуге біреу зорлық істесе, біреуге біреу

қиянат жасаса, оған әділ жаза кесемін, әділ үкім айта-
мын. Жәбір шеккен жанға болысып, оны ажалдан, азаптан
құтқаруға асығамын. Сендердін қарақшылық кәсіпке ден
қойғандарыңа қанша уақыт болды? Содан бері не малды, не

жанды болған жоқсыңдар. Бұларыңнан не пайда?
Әлде болса мен сендерге болысайын. Тілімді алсаңдар,
өлтіртпейін. Сендер бұл кәсіпті қойыңдар. Тәубаға келің­
дер. Мына менімен бірге жүріңдер. Қатының жоғыңа қатын,

билер  туралы  аңыздар
малың жоғыңа мал, үйің жоғыңа үй алып беремін. Халық­
пен бірге өмір сүріп, адал кәсіп істеңдер. «Салмай жортқан
ерден салмай құлындаған бие артық табады» деген. Таза,

адал еңбек істесеңдер, қарның тояды, біреуді жылатып, тар-
тып алғаннын берекесі болмайды. Менің айтар ақылым осы.
Осы екі жолдың қайсысын таңдайсыңдар?
Қарақшының бастығы:

—Айналайын, ататай, айтқаныңыздын бәрі рас. Онан

қашқан, мұнан қашқан қырық руданбыз. Қанша уақыт
болды ел тонап, малды алдық. Керуенді де тонадық. Ішкен
тамағымыз болмаса, ешқайсысы жұққан жоқ. Жырымыз
жырланды. Төке, енді жырымызды айталық,—деді,—біз де

адамның баласымыз. Өзіңіз секілді әкеден тудық. Бірақ жаман
жолға түсіп, дүние қудық. Бұл әдетіміз мынадан болды. Осы
тұрған алдыңыздағы қырық жігіттің қырық түрлі сыры бар.
Біздің әкеміз қарақшы болған жоқ, шешеміз зұлым бол­

ған жоқ. Әрқайсымыз әр елден келген адамбыз. Біреу істеп
қойған күнәсін би кешірмей, басына өлім жазасын тудырған
соң, қашып шықты. Біреу мал жоқ болған сон, байдың ма­лын
ұрлады. Сол ұрлаған бай малын қалыңға жұмсап, тұрмыс

құрмақ болды. Бай өлім жазасын берген соң, қашып шығып,
қарақшылық жолға түсті. Енді біреу әкемізді құл, шешеміз­
ді күң етіп ұстаған соң, сол қорлыққа шыдамады. Біздің де
адамшылык, жігіттік арымыз бар. Әділетін айтатұғын жан

болмады. Қолынан кел­ген би мен мықтылар байдың сөзін
сөйлеп, бізге жаза берді. Сонан соң туған елді, жанды тас­
тап, қарақшыларға қосылдық. Қырқымыздың қырық түр­
лі сырымыз—осы. «Мың күнгі жаманшылықтан бір күнгі

тірлік артық» деген. Біз арымызды арлаймыз, кегімізді
жоқтаймыз деп жүріп, қарақшы болдық. Сөйтіп жүргенде
сізге жолықтық. Біздің де көретін жақсылығымыз бар
екен. Біз де адам болады екенбіз. Тіршілік етіп, өмір сүре­

тін болдық. Даңқыңызды естігенмен, қасыңызға бара ал­мау­
шы едік. Сізді Құдай айдап кез қылды. Мұң-мұқтажы­мыз­ды
көзіңізбен көрдіңіз.

тарихи  аңыздар
Біз секілді қарақшыны кім ұнатсын. Құдықтың сасық
суын ішіп, құм даланы кезіп жүруші едік. Біз сіздей ақыл­
ды, қамқоршыны қайдан табамыз? Айтқан сөзіңізге мың бір

рет құлдық. Айтқаныңызды істелік. Бір туысыңыздай бола­
лық, биеке. Сыртыңыздан естуші едік, Біздің де адам бола­
тын күніміз бар екен. Көрген пенде шошушы еді. Ешкімге
жо­лай алмаушы едік.

Біздің әкеміз де, бабамыз да сіз екенсіз, айтқаныңызды
істелік.
Бастықтарының сөзін қоштап бәрі шу ете қалды. Төле би
толқи сөйледі:

—Балаларым, мен құда-жекжатыма барып, қайтып келе

жатыр едім. Он күндік жолмен жүргенше, бес күндік шөл­
мен жүрейік деп сендерге кездестім.
Халық үшін туған адам едім, менің де сендерге
ша­ра­патым тиді. Мен бір жетім емес, қырық жетімді ажал­

дан құтқарып, адам қатарына қосып отырмын. Осы әді­лет­
ші­лігіме ризамын.
Төле би қырқын да ауылына алып келді. Біреуі қой бақ­
ты, біреуі түйе бақты. Әркім қолдан келген ісін істеді. Бәрі­не

әйел алып берді, ешкімге тигізген жоқ.
Қырқы да өсіп-өнді. Жұрт оларға «қырық ағайынды» де-
ген ат қойды. Бастарына мал да бітті, жан да бітті.

7. Төле бидің туы

Бүкіл исі қазаққа кемеңгерлігімен үлгі-өнеге болған
Төле би тоқсан үш жасында дүниеден өтті. Төленің өз өсиеті
бойынша көп жыл билік құрған Ташкент қаласына, әйгілі
Бабырдың нағашы атасы Жүніс ханның жанына апарып

жерлемекке халық жинала бастады.
Төле би мекен еткен қасиетті Қазығұрт топырағынан
Ташкентке дейін қаншама қашық жер екені белгілі. Мәйіт­
ті жеткізудің өзі оңай соқпайды. Көпшілік сол қиындықты

билер  туралы  аңыздар
ойға да алар емес. Қазақтың дана ұлын қолдан түсірмей
жеткізбек. Биді соңғы сапарға шығаруға дайындық жа-
салып жатқан кез. Жұрт абыр-сабырмен жүрген сәтте

Төленің қырғыз әйелі жоқтау айтылып жатқан қаралы
үйден сытылып, сыртқа шықты. Ері көз жұмғалы жылау­
дан көз ашпа­ған оның көзі қызарып, қабағы ісіп, жағы
суалып кетіпті.

Қаралы топқа қызмет көрсеткен ауыл адамдары әрі-
бері жүгіріп жүр. Қолдарына таяқ ұстап «ой, бауырым-
дап» жылап, Өтебай мен Әлібайдан тараған ағайындар ара-
сында Төленің өз ұлдары да тұр. Солардың арасындағы өз

ұлы Қожамжарға көз тоқтатып қараған еді, бірақ ол ана-
сын байқаған жоқ. Өзіне шақырып алудың сәті түсер емес,
жанына өте берген балаң жігітке ұлының өзіне жолығып
кетуін тапсырды. «Анаң шақырады» деген сөзді есіткен соң

Қожамжар да шетке шыға бергенде, анасы «бері жүр» дегенді
ыммен ұқтырып, бұрыла берді. Ұлы жайымен соңынан ілесіп
келеді.
Шеткері шыққан соң ұлы «не айтасыз, апа?» деген сауал-

ды жүзбен анасына қарады.

—Балам, атадан ағалы-інілі туысың көп болғанымен,

анадан жалғызсың. Қазақтың «күндестің күлі де күндес» де-
ген сөз бар. Әкең барда ол білінбейтін. Енді су бетіне қалқып
шыққандай, сүйелдей көрінетін боласың. Сондай сәттерде
әйелдер ғана емес, балалар арасында да кикілжің болуы

мүмкін. Сол кезде жалғызсырайсың-ау, балам,—деп ауыр
күрсінді.

—Ой, апа-ай! Сіз де қайдағыны айтады екенсіз!—деді

Қожамжар.
Ұлынан мұндай сөз есіткен ана оған жанарын қадай
қарады да:

—Әкең болса, дүниеден өтті. Туыстарың әлі-ақ түрт­кі­

лейді. Оны аман болсақ, көре жатармыз. Қазіргі айтарым
мынау: жылқыдан ту бие алдыртып, тез арада сойдыр, мен
дастархан қамын жасайын. Қос түйеге екі киіз үйді арт-

тарихи  аңыздар
тыр! Отын, су мен қазан-ошақты өзім қамдаймын. Әкеңді
жер қойнына тапсырған соң сүйекшілер қайтар жолда біз
қос киіз үйді тігіп, күтіп тұрайық. Жол ұзақ шаршайтын-

дар бар, сусайтындар бар. Үйімізден бірінші болып дәм
татырайық,—деді.
Сүйекшілер халықтың бір асыл ұлын жер құшағына
тапсырып, қайтып келеді. Ыстық күн таңдайын құрға­

тып, қабырғасы қайғыдан жаншылған көп халық ауылға
қайтып келе жатты. Ұзақ жол жүріп, шұбырған аттылы-
жаяу адамдардың еріндері де шөлден кезеріп кетті. Аз ғана
аялдағылары келгенмен, олай етуге болмайды. Көпшілік

қарсы алдында тігілген қос үйді, будақтаған түтінді көздері
шалады. Осы сәтте топ ортасынан Төленің ұлы Қожамжар
суырылып шығып, алда келе жатқан Қазығұрт өңірінің пірі
болған ишанның атының шылауына келіп жармасты.

—Ата, ататай! Қай бала әкесінің жамбасы жерге тиге­ніне

күйзелмейді. Алланың әміріне қалай қарсы боламыз. Тағ­дыр
ісі, тумақ бар да өлмек бар. Көнбеске лажымыз жоқ. Әке­ме
көрсетер құрметімнің бірі болсын. Мынау тігулі тұрған қос
киіз үй менің шаңырағым. Аттан түсіп, Құран оқып, дәм-тұз

татып кетіңіздер,—деп қиыла сұрады.
Өксігін баса алмай тұрған жігітке бір сәт үнсіз қарап
қалған ишан атының басын үйге қарай бұра берді. Қаралы
киім киген Төленің қырғыздан алған әйелі дауыс сала жы-

лап, сүйекшілермен көрісуге шықты. Қаралы топ осылай
ерік­сіз кідірді. Ақсақалдар киіз үйге жайғасып, жастар жағы
сыртқа төселген көрпеге отырды. Құран оқылып болған соң
дастарқан жайылып, ас пен сусын әкелінді.

Сол кезде Төленің көзі тірісінде ұстаған ілмек белгісі бар,
желегін қара қыжыммен көмкерген туы оң босағаға қойыл­
ған еді. Қожамжардың анасы сол туды алды да, әбдіреге са-
лып қойды. Құран оқылып, бата қайырылып, жұрт орны­нан

тұра бастады. Қожабек пен Жолан туды алайын десе, орнын-
да жоқ. Жұрт сасқалақтап, басқа балалары түс көргендей
таңдана қарап қалды.

билер  туралы  аңыздар

—Ту қайда? Ту қайда?

Осы кезде Қожамжардың шешесі:

—Неге айқайлайсыңдар! Мен де әкелерің Төленің етегі

тиген некелі әйелімін, балаларым. Мен сендердің анала­рың
болсам, осы үй де Төленің өз шаңырағы. Ту осында бүгін
тігілді, қашан жылы берілгенше осы шаңырақта сақтала­тын
болады,—деді.

«Тудан айырылу—биліктен айрылу деген сөз. Бұл қалай
болғаны? Қолмен ұстап келіп, айырылғанымыз ба, жоқ,
олай етуге болмайды. Алда күтіп отырған ел бар. Туды алып
кетіп, үлкен үйге тігуіміз керек»,—деп ойлаған өзге балала-

ры дау айта бастады. Тіпті айқай шығып, дау туды. Өйткені
бұл үй де Төленің бір үйі, Қожамжар да Төленің өз ұлы,
анасы некелі әйелі екені де рас, жаназаға жиналған халық
та осы үйде алғаш Құран оқып, дәм татып отыр. Негізінен

Қожамжардың анасынікі де дұрыс. Бірақ бәйбішенің үйі
сүйекшілерді күтіп, қам жасап отырғанын да жұртшылық
біледі. Қай жағына шығу керек? «Әрі тартсаң, арба сына-
ды, бері тарса өгіз өледі» дегеннің кері осы. Көпшілік ел

жақсыларының шешімін күткен.

—Уа, жамағат! Әділдікке жүгініп, адалдықты мойын­да­

саңдар, билікті мен айтайын,—деді ишан.

—Айтыңыз, айтыңыз!—деп көпшілік шу етіп қалды.

—Олай болса, ту қайда тігілсе, сонда қалуы тиіс. Енді

жанжалдасудың жөні жоқ,—деп бата беріп, орнынан тұра
берді. Бұл шешімді көпшілік те мақұлдап, орнынан тұрды.
Осылайша Төле бидің туы Қожамжар балаларының ен­
шісіне тиген екен.

Асыра сілтеу кезеңінде Төле би тұтынған заттар мен ат-
әбзелдері шолақ белсенділердің қолында кететін болған соң,
оны сақтап қалу мақсатында жер қазып, жасырып көмген
екен. Сол осы заттарды тығып қойған қарттардың өзі де о

дүниелік болып кетті.

тарихи  аңыздар 8. Қазыбек би елшілігі

(І нұсқа)
Абылай хан қазаққа хан болып тұрған күнде Қалдан
Шерінге елші жіберген екен. Сонда Қалдан Шерін ханымы
Қарабас ханымға айтқан екен:

—Қазақтан елшілікке келгендерді аралап көр. Бітім

алуға жарарлық кісісі бар ма екен. Тұрарлық кісісі бар бол-
са, сынап алып кел,—деді,—бітім алып қайтарлық кісісі
жоқ болса, мені көрсетпей, қайырып жіберіңдер! Түзу сөз
білерлік біреуін жіберсін,—деп деген соң, Қарабас ханым

аралап, таңдап, төрт кісіні алып, Қалдан Шеріннің алдына
келді дейді.
Біреуі—қаз дауысты Қазыбек, біреуі—Айдабол баласы
Тайкелтір би, бірі—Балтакерей Тұрсынбай, бірі—Шақ­шақ­

ұлы Жәнібек.
Сонда Қалдан Шерін ханымынан сұрапты:

—Бұларды не сынмен алып келдің?—деп.

Сонда Қарабас ханым айтты дейді:

—Мынау отырған қаз дауысты Қазыбек. Ұйықтағанда

екі қолын екі жаққа, екі аяғын екі [жаққа] жіберіп, кер-
ген төстіктей жатады екен. Оның мәнісі: «дүниенің [төрт]
бұрышын қарап туған ұлмын» дегені. Қара бақайына шейін
құт екен,—дейді,—өлгенде арулаған жерін басып өткен ел

бай болар,—дейді.

—Мынау отырған Тайкелтір. Кішкене қолының ұшы екі

иір біткен екен. Өнері қара саннан келеді екен,—дейді.

—Мынау отырған—Балтакерей Тұрсынбай. Құлағы жоқ

шұнақ, құйрығы жоқ шолақ екен. Ерлігінен де міні жоқ,
еңбегінде кінә, тілегінде міні жоқ. Жалғыз-ақ айыбы—жауы
желкесінде екен, онан басқа қорқар нәрсесі болмаса керек,—
дейді.

—Мынау отырған—Жәнібек. Екі аяқты, бір бастының

сырттаны екен,—дейді,—өзінің оққағары бар екен. Күнінде

билер  туралы  аңыздар
ыңыршағыңды отқа жағып, бақайшағыңның майын ша­ға­
тұғын осы екен,—дейді.
Сонда Қалдан Шерін:

—Осыны өлтіріп тастасам қайтеді?—дейді.

Сонда ханымы айтты дейді:

—«Ханның ақылы баланың шөметейімен бір бәс» дейді

екен деп. Ханымы айтты: «Қазақ, қалмақтың тыйышлы­
ғы болсын деп елші жіберсін» десіп. «Келген елшіні өлтір­
сек қайтеді?» дейсің. Сонау тұрған төртеуі дүниенің төрт
тіреуіндей кісілер емес пе?! «Атса мылтық, шапса қылыш

өтпейтұғын, отқа салса күймейтін, суға салса батпайтын»
деп осындай жандарды айтады депті,—дейді.
Қалдан Шерін сонда бұл төртеуіне, ер басына тоқсан
жесірді [долгсыз] берген екен дейді. Бұрын қазақ, қалмақ

арасында атыс-шабындылықта түскендерді мал беріп, са-
тып алады екен. Бұл жолы бұлар сатусыз алып қайтты дейді.
Сонда бір келіншек қатын:

—Би ағалар-ау,—деп Қазыбекке,—мен қалып бара­

мын,—дегенде, ханнан сұрап алған екен депті.

9. [Қазыбектің қаз дауысты атануы]

(ІІ нұсқа)
Кентазы деген қалмақ ханы болыпты. Орта жүздің Абы­лай
деген ханы болыпты. Сол Кентазы сол тұста қазақ жеріне екі
рет шабуыл жасапты. Елін, малын айдап кетіпті. Енді үшін­

ші рет шабады дегенді естіп: «Бұған не жасаймыз, жаула­су­ға
күшіміз жетпейді. Елші жіберіп, теңдік сұрайық»,—де­ген
тоқтамға келіпті. Ханның сөз білетін он уәзірі бар екен. Әр
уәзір өзін қосқанда он-оннан жүз кісі жинап, жүз кісі елші

жібермек болады.
Сол күндері Келдібек деген байдың жылқышысы айтады
екен:

тарихи  аңыздар

—Осы биенің ішінде не тас бар, не тұлпар бар. Еркек туса,

бір сүтті биенің құлынын өзің бауыздап же де, соған телі,—
дейді.
Келдібек бір күні үйіне келсе, баласы ойында болады. Ба-
ласын шақырып алып:

—Абылай хан Кентазыға кісі жібергелі жатыр. Тоқ­сан

тоғыз кісі болды, бір кісі жетпей тұр. Соған баруға қа­лай­
сың?—деп сұрайды.

—Балалармен ойнап жүрген бұл да бір қызық дәурен

еді. Дегенмен, үлкендердің қасына еріп, жол жүріп, жөн
білейін,—деп баласы келісім береді.
Тел емген құлын бұл күнде Телқоңыр тай аталыпты. Ба-
ласы тайды мініп ханға келеді. Хан елшілерін шығарып келе

жатқанда баланың астындағы тай ақ көбік шашып ойнайды.
Хан баланы шақырып алып:

—Сен осы топқа басшы боласың ба, жоқ әлде қосшы бо­

ласың ба?—дейді.
Бала:

—Мен атқосшы боламын,—дейді.

Абылай хан елшілерге:

—Мына бала сендерге еріп барады, жинақ болған жерде

бала деп алмай, тастап кетіп жүрмеңдер,—деп тапсырады.
Жүз кісі Кентазы еліне келеді. Ханның еліне келген соң,
хабар беру керек болады. Сонда бала тұрып:

—Мен барайын,—дейді. Бала барып ханға хабар береді.

Хан уәзірлеріне:

—Елшілерді он, жиырмадан бөліп, әр жерге түсірің­дер,—

дейді.
Бала:

—Менің адамыма бір жерден орын бермедің. Мен ат

бағамын, аттарыма бір жерден орын бер,—дейді. Аттарға бір
сарай беріледі.
Хан:

—Бұлардың тай мінгізіп жіберген баласы несі? Келе­меж

қылғаны ма? Адамдарын өлтіріп, аттарын жылқыға қосып
жіберсе қайтеді,—дейді.

билер  туралы  аңыздар
Сонда ханым:

—Тай дегенің тұлпар болмасын, бала дегенің сұңқар бол-

масын. Хандығыңды сақта,—дейді.
Сыншы тоқсан тоғыз кісіні сынап, ештеңе таба алмайды.
«Енді аттарын сынап көрейінші» деп сарайға келеді. Сарайға
келсе, бала шалқасынан ұйықтап жатыр екен. Екі қолы, екі

аяғы екі жақта. Демалғанда аузынан бір сарыбас жылан бір
кіріп, бір шығып жатыр екен. Сыншы шошып кетіп, көрген-
білгенің ханға баяндайды:

—Сарайда бір бала жатыр. «Аузым барғанша сөйлеймін,

қолым барғанша сермеймін, аяғым барғанша жүремін» деп
жатыр,—дейді. Хан бұған мән бермейді.
Хан бір күні елшілерін жинап, қызметін сұрайды. Елші­
лер абдырып қорқып, жауап бере алмайды. Сонда бала

босағада тұрып:

—Неге айтпайсыңдар,

Ханнан ханның несі артық,
Қарсы болғандығы артық.
Елден елдің несі артық,
Еркіндігі артық,—дейді.

Сонда хан:

—Әй, мынау сырнайдай сарнаған, бұлбұлдай сайраған

қай бала?—дейді.
Бала сонда тұрып:

—Өзімнің атым—Қазыбек,

Әкем аты—Келдібек.
Руым—қаракесек.
Абылай ханның елшісімін.
Бір шаптың, екі шаптың,

Енді теңдік сұрай келдім.
Берсең қолыңнан,
Бермесең жолыңнан ала келдім,—дейді.

тарихи  аңыздар
Сол кезде хан дірілдеп қоя береді. Баланың қолтығынан
ұстап:

—Төрге шық,—дейді.

Бала:

—Үлкеніміз тұрғанда, кішіміз төрге шықпаймыз,—дейді.

Хан уәзірлеріне:

—Мен өмірімде сыйлық та, олжа да беріп көрмеп едім.

Бұлардың бас-басына сыйлық беремін. Бұрынғы жаулап ал­
ғанымның тірісін тірідей, малын малдай беремін,—дейді.

—Баладан

мұнша
қорыққаның
не?—деп
сұраған

уәзірлеріне:

—Баланың екі иығыңда екі аю маған қарап: «тырп етпе!»

дейді. Балаға қаз дауысты Қазыбек деген атақ беремін, дау-
сы қаздың даусыңдай сұңқылдап шығады екен,—дейді.
Хан елшілерді шығарып салып келе жатқанда, амандасар
жерге келгенде, шабыннан келген бір жігіт ханға келіп:

—Мен келгенімде жақсы ат, жақсы киіммен келдім.

Атымды, киімімді тартып алғанымен қоймай отыз тісімді
сындырды,—депті.
Хан:

—Ат дегенің—бір жылқының баласы ғой, киім дегенің—

бір тоқтының терісі ғой. Бас жарылса бөрік ішінде, қол сын-
са жең ішінде,—дейді.
Сонда Қазыбек тұрып:

—Тіс—адамның болаты емес пе, ат—адамның қанаты емес

пе, тон—адамның киімі емес пе, бер мынаның теңдігін!—дейді.
Хан астындағы атын, үстіндегі тонын, қолындағы семсе­
рін беріпті.

10. Қазыбектің қаз дауысты атануы

(ІІІ нұсқа)
Бұрынғы қазақ пен қалмақ жауынгер кезде, Абылай
хан бірнеше батырларды ертіп Сырдария жақтағы халқын

билер  туралы  аңыздар
аралап кеткенде, Шынбай деген дұшпан астыртын келіп,
Абылайдың елін шабуға қолайлы екенін, қалмақтың белгілі
көсемі, шешен Қонташы ханға келіп айтқан. Сонан кейін

Қонташы хан екі жүз жортушы жіберіп, Абылайдың елін
шапқан. Абылай хан еліне қайтып келіп, қол астындағы
халқын жинап, кеңес қылады.
Кеңесте Абылай көпке қарап:

—Қалмақтың атышулы көсемі, шешені Қонташы хан­

мен арбасуға, қайымдасу, қарсыласуға кімде-кім «мен» деп
көп ішінде батыршылық етіп, қол көтерсе, сол барсын,—
дейді.
Бірақ та бұл сөзге ешкім белсене шыға қоймайды. «Мен

барамын» деп ешкім шықпаған соң, хан Абылай ашула­нып:

—Қалмақ қазақтың басын кесе ме, неге үндемейсіз­дер?—

дейді.
Сол уақытта Айдабол бидің баласы Тайкелтір мен Малай-
сары батыр:

—Біз барамыз,—дейді.

Хан Абылай:

—Алдарынан ай, арттарынан күн туып, жолдарың бол­

сын!—дейді.
Ат-тұрман, қару-жарақтарын даярлап, жақсы-жақсы ба-
тырларын жүз елу кісі қосып, жөнелткелі жатқанын жет­піс
бестегі қаракесек Келдібек би естіп, он алты жастағы асық

ойнап жүрген баласы жас Қазыбекті шақыртып алып:

—Балам, кімнің ұлысың?—дейді.

Қазыбек жұлып алғандай:

—Атым—Қазыбек, әкем—Келдібек, руым—қара­ке­сек,­�

—дейді.

Келдібек би баласына сүйсініп:

—Олай болса, балам, атақ алғың келе ме?

Қазыбек:

—Ата, жақсының атын ерттеп, жатқа жақын болайын

деп едім,—дейді.
4-139

тарихи  аңыздар
Келдібек би баласына көңілі толып, азық-түлік, ат-
тұрманын даярлатып, елу ақбоз атқа мінгізіп, елу жор­
туылшымен баласына:

—Жолың болсын, балам! Абылайдың алдына атыңның

басын бұрмастан бар,—дейді.
Қазыбек атының басын бұрмастан Абылайға барады. Хан
Абылай танымай:

—Қай ұлсың?—дейді.

Қазыбек:

—Тай бәйгесін қанағат қылмай, ірі ат бәйгесін іздеп

жүрген Келдібек бидың ұлымын,—дейді.
Хан Абылай баланың жауабына сүйсініп:

—Балам, жолың болып, жолдасың Қыдыр болсын!—деп

бетін сипайды.
Бастығы Тайкелтір болып үш жүз адам, осының ішінде
бұғанасы қатпаған он алты жастағы жас Қазыбек болып үш
жүз жортуылшы Қонташы ханның ордасына келіп, сыр­

тынан сөз алады. Қонташы хан екі-үш күннен соң өзінің ор-
дасына алғызып:

—Айтатын датын, шағатын мұңың не?—деп сұрайды.

Сол уақытта Тайкелтір батыр орнынан түрегеп:

—Өгізді өлеңге байладық,

Өзімізді төменге байладық.
Ақ қылсаң да, қара қылсаң да, ерік өзіңде,
Өзіңізге қарадық, ұнамаса тарадық,—дейді.
Бұл сөзге қарсылық болмаған соң Қонташы хан:

—Бүрсүгіні шалшы түске дейін хабар жауап болар, егер

хабар жауап болмаса, бастарың аманында елдеріңді тап!—
дейді.
Сол уақытта аяқ жақта отырған жас Қазыбек:

—Дат, тақсыр,—дейді.

Қонташы хан:

—Сөйле,—дейді.

билер  туралы  аңыздар
Қазыбек:

—Мен—көмір,

Сен—темір,
Еріткелі келгенмін.
Екі елдің арасын
Теліткелі келгенмін.

Сөз бермейтін шешенді
Кеміткелі келгенмін.
Қуатты сары жалынмын
Жабысқалы келгенмін.

Жаңа үйреткен жас тұлпар,
Шабысқалы келгенмін.
Танымайтын жаттарға
Танысқалы келгенмін.

Танысуға келмесең,
Сен тұратын жеріңді айт.
Сен—қабылан, мен—арыстан,
Алысуға келгенмін,—дейді.

Сол уақытта Қонташы хан отырған орнынан түрегеліп,
қол құсырып:

—Сен кімсің?—дейді.

Қазыбек:

—Танымасаң, қаракесек Келдібек бидің баласымын,—

дейді.

—Ендеше, балам, сенің дауысың қаз даусындай екен.

Атың—қаз дауысты Қазыбек болсын,—дейді.
Сүйтіп, Қазыбек жауға түскен малдары мен адамдарын
алып қайтып, осы сапардан қаз дауысты Қазыбек атанып
қайтқан екен.

тарихи  аңыздар 11. Келдібекұлы Қазыбектің қаз дауысты атануы

(ІVнұсқа)
Абылай XVІІІ ғасырдағы атағы жер жарған хан болыпты.
1700 жылдар шамасында дүниеге келіп, кейін Түркістанда
Әбілмәмбет төреге қызмет істеп, оған тағы қорланып, Төле

бидің түйесін бағады. Мұнда да тұрақтай алмай, Сарыарқаға
келіп, атығай Дәулеткелді байдың жылқысын бағады. Кейін
қазақ-қалмақтар арасындағы қатты ұрыстарда ерекше көзге
түсіп, Сабалақ атынан құтылып, Атығай қарауылдан алты

қатын алады. Кейін әйелінің саны он жетіге жетіп, отыз
ұлды болады. Көкшетауда тұрып, қазақ халқына қырық
сегіз жыл хан болып, алпыс жеті жасында қайтыс болыпты.
Сүйегі Түркістанға қойылыпты.

Абылай хан жауынгер батырларымен Сыр бойындағы
елді аралап жүргенде қалмақтың атышулы, әрі шешені,
әрі батыры Шырын: «Абылай елін шабуға қолайлы уақыт
осы» деп Қоңтажы ханға айтқан соң, Қоңтажы Абылайдың

еліне екі жүздей жортуыл қалмақ жіберіп, қазақ елін шап-
тырады. Абылай Сырдан қайтып келіп, мұны естіген соң,
шапқыншылыққа ұшыраған халқын көріп, бөгелместен
жұрттың басшы-билерін, жауынгер батырларын жиып алып

ақылдасады:

—Қайтсек те қалмақтың шабуылында кеткен малымыз-

ды қайтарып алуымыз керек, ол үшін қалмақтан сөз алуы-
мыз керек,—дейді.
Сол кезде қалмақтың ханы Қоңтажы сөйлесе, сөз бер­
мейтін, егессе, жол бермейтін батыр, көсем, қайратты, қа­

жырлы, ақылы мол, айлалы адам екен.

—Мен сіздердің ешқайсыңа «сен бар» деп атап айтпай-

мын. Бірақ Қоңтажымен айтысуға, арбасуға жараймын деп,
бойыңа сенгендерің өздерің айтыңдар,—депті.
Сонда «мен барамын» деп ешкім жауап бере алмапты.
Көптің қайғырып, қамалып отырғанын біліп Абылай:

билер  туралы  аңыздар —Қазақ қалмақтың басыбайлысы ма еді, неге үн­де­ мейсіңдер?—дегенде, Сүйіндік Айдабол бидің Тай­кел­тірі, Қаракерей Қабанбай, Сырым Малайсары «біз барамыз» депті. —Ендеше, жарайды,—деп, өзінің батырларынан жүз кісі қосып, басшысы Қабанбай, Сырым Малайсары болып, Қоңтажыға жөнелтпек болып жатқанда, Болатқожа / Қаракесек—Бошан/ Келдібек би есітіп, он алты жастағы баласы Қазыбекті шақырып алып: —Балам кім боласың?—депті. Сонда Қазыбек айтыпты: —Әкем—Келдібек, атым—Қазыбек, руым—қара­кесек,­ —­депті. —Олай болса, адам болғың келе ме? —Әуелі жақсылардың атын ерттеп беріп, жатқа ата­ғым­ ды шығарғым келеді,—депті. Сонда Келдібек баласына [көңілі толған] соң, ат-тұрма­ нын, азық-түлігін, қару-жарағын сайлап беріп, Абылайға жіберіпті. Келдібек жүрерде баласына айтады: —Шырағым, барған бетіңмен ешкімге, ешқайда бұ­рыл­ мастан Абылайға барып сәлем бергейсің. Қазыбек әкесі айтқандай, Абылайдың алдына барып, сә­ лем беріпті. Абылай амандасып, жөн сұрайды, Қазыбек: —Тай бәйгесін місе ғып қанағаттанбай, ат бәйгесін із­ деп жүрген қаракесек Келдібек бидің баласымын. Атым— Қазыбек деген сіргелі таймын,—дейді. Сонда Абылай хан: —Бәрекелді, балам, туысыңа,—деп баланың бетін сипайды. Ішінде жас Қазыбек, бастығы Тайкелтір, Қабанбай, Малайсары болып жүзден аса кісі қалмақтың еліне қарай шеру тартып шығады. Бірнеше күн жүріп қалмақтың еліне келеді. Қоңтажы ханның ордасының сыртына келіп тоқтап, хабар айтқызып,

тарихи  аңыздар
рұқсат сұрайды. Қалмақтың ханы бұларды қабыл алып,
ауылдың сырт жағындағы, жарты шақырымдай жердегі
тігілген үйлерге түсіреді. Келушілер екі-үш күн нақты

тыныққан соң, Қоңтажы хан ордасына шақыртып:

—Келген жұмыстарыңды айтыңдар!—деп сұрайды.

Сонда Тайкелтір:

—Уа, тақсыр, хан!

Алдыңа келдік,
Айтқаныңа көндік,
Өгізді өрге байладық,
Ерлікті төменге байладық.

Аузыңа қарадық,
Ұнамаса тарадық.
Ақ десең де,
Қара десең де,

Ерік өзіңде,—деген екен.
Бұл сөзде пәлендей қарсылық-қажырлылық бол[ма]ған
соң, хан:

—Бүрсігүні түске шейін бір жауап қайтарайын. Сонда

жауап қайырмасам, бас аман, хан бейбітте елдеріңді та­бың­
дар!—депті. Бұған қазақтың басты би, батырлары еш­нәр­се
айта алмапты.
Сонда босағада отырған бала Қазыбек ұшып тұра келіп:

—Дат!—депті.

Қоңтажы:

—Датың болса айт!—депті. Сонда Қазыбек:

—Сен—темір де, мен—көмір,

Еріткелі келгенмін.
Екі еліктің баласын
Теліткелі келгенмін.
Сөз бермейтін шешенді

билер  туралы  аңыздар Кеміткелі келгенмін. Ерегіскен ер шықса, Еңкейткелі келгенмін. Тұтқыр сары желіммен Жабысқалы келгенмін. Жаңа үйреткен жас тұлпар Жарысқалы келгенмін. Қазақ, қалмақ баласы Табысқалы келгенмін. Табысуға келмесең, Тұрысатын жеріңді айт, Сен—айдаһар болсаң, Мен—жолбарыс, Шабысқалы келгенмін!— депті. Сонда Қоңтажы: —Сен кімсің?—деп сұрайды. —Қаракесек Келдібек бидің баласымын, атым—Қазы­ бек,—дейді бала. —Ендеше сенің атың қаз дауысты Қазыбек болсын және барлық жылқыңды, адамдарыңды бердім,—депті. Сонымен қалмақтар алып кеткен қазақтың ұлы-қызы, мал-мүлкін тегіс түгендеп қайырып, елшілер енді қайтамыз дегенде бір қазақ жігіті келіп Қоңтажы ханға арыз айтыпты: —Уа, хан мен билер, қалмақ елді шапқан түнде мен жылқыда едім. Тұтқын ғып мені де алып кетті. Келген соң ханның бір уәзірі астымдағы атымды, үстімдегі тонымды тартып алды. Еркіммен бермеген соң, ұрып тісімді сындыр­ ды. Жаныма балаған жалғыз атым еді. Мына қайтып бара жатқан жылқының ішінде көрінбейді. Күрек тісімнен айрылып, күлкім бұзылды, тонымнан айрылып, көркім бұзыл­ды. Атымнан айрылып, ұйқым бұзылды. Осыған не айтасыз­дар, халайық!—депті.

тарихи  аңыздар
Бұған елшілер ештеңе айта алмай аңтарып тұрып қала­ды.
Қоңтажы былай дейді:

—Уа, ат деген іші боқты, сырты түкті бір қара ғой, тон

дегені тоқтының терісі шығар. Оның несі сөз бопты, қол сын­
са, жең ішінде, тіс сынса, ауыз ішіңде, бітіскеннен кейін
кете бермес пе!—депті. Елшілерге ханның сөзі дұрыс сы­қыл­
данып, ешбір сөз айта алмапты.

Сонда Қазыбек астындағы атын тебініп, ілгерілеп келіп
былай депті:

—Қалайша қол сынса, жең ішінде, тіс сынса ауыз ішіңде

кете бермек? Біз жаманымызды жасырмайтын елміз, жақ­
сымызды асырмайтын елміз.
Астыңдағы мінген
Қанат емей немене?

Тоқтышықтың терісі
Жанат емей немене?
Аузындағы отыз тіс
Болат емей немене?

Қанатынан айырылу,
Болатынан айырылу,
Жанатынан айырылу,
Оғат емей немене?!

Ол жалаңаш, жаяу жүретін сенің құлың емес, қазақтың
ерікті ұлы көрікті болуға тиіс,—депті.
Сонда Қоңтажы хан сөзге жығылып, «жанатыңа жана-
тым» деп үстіндегі жанат ішігін, «қанатыңа қанатым» деп

астындағы қара қасқа тұлпарын, «болатыңа болатым» деп
беліндегі семсерін шешіп беріпті.
Сүйтіп, Қазыбек шешеннің қазақ халқының намысымен
шыңдалған жігерлі сөзі қылышынан қан тамған қалмақтың

қаһарлы ханы Қоңтажыны қорғасындай балқытқан екен.

билер  туралы  аңыздар 12. Қаз дауысты Қазыбек би

(V нұсқа)
Қоңтожы деген қалмақтың ханы қазақтардың малын
тонап кетеді. Бірер жыл арада өткен соң, қазақтар бас қо­
сып, небір шешен, билерді сыннан өткізіп, іріктеп жіберіп

Қоңтожылардан малды дауламақ болады. Мұны естіп он үш
жасар Қазыбек деген бала әкесіне келіп сынға түсуге рұқсат
сұрайды.

—Әлі өте жассың ғой, балам!

—Жас та болсам, барамын, әке, тек сіздің ризашылығы­

ңыз керек.

—Олай болса сыншылардың алдыңда не айтар едің, ба-

лам? Айтшы, өзім бір сынап көрейін.

—Сыншылар «е, бұл қай баласың?» дер. «Руым—қара­

кесек, әкем—Келдібек, өзім—Қазыбек» деймін. «Жол бол-
сын!» дегенде, «құнан бәйгесінен озып жүрмін, ат бәй­ге­сіне
қосылайын деп едім» деймін, әке,—деді баласы.

—Рұқсат балам, жорытқанда жолың болсын, жол­да­

сың—Қыдыр ата болсын! Бірақ жалғыз барма, қасыңа жол­
дастарыңды ертіп, өзің олардың алдында, жарыққа шық­
қан адамдарша екпіндетіп жүріп отыр. Қастарынан өте
берген­де, сыншылар «бұлар неғып жүрген адамдар екен»

деп шақы­рып алып сұрастырар, айтарыңды іркілмей айт!—
деді әкесі.
Бұл солай болды. Сыншылар мен билердің біразы:

—Бұл бала барып не бітіреді, өзіміз де жетпейміз бе?—

десті.

—Барам десе, барсын. Қайтер дейсің, бізге ауыртпалығы

жоқ қой. Онда-мұнда жұмсауға да бір адам керек емес пе?—
десті кейбіреулері.
Сонымен Қазыбек те іріктеліп шыққан билермен бірге
кете барды. Бұлар Қоңтожының төңірегіне жақындап ке­ліп,

бір биді таңдап елшілікке жібереді де, өздері қос тігіп жата
береді.

тарихи  аңыздар
Ал Қоңтожы:

—Келген екенсіңдер, асықпай жата тұрыңдар. Хабар

өзімнен болады,—деп қайтарады биді. Қоңтожыдан хабар
кешікті, билер іріктеліп, бірінен соң бірі бара берді. Жа­
уап—сол.

—Біз сізден жауап күтіп әлі жатырмыз. Не болдық,

тақсыр?—деп тағы бір би келеді.

—Ендеше, солай жата тұрыңдар. Айттым ғой, хабар

өзімнен болады. Неге мазалап келе бересіңдер?—деп Қоң­
тожы бұл биді де қайтарады. Билер абыржыды, «біткен іс
жоқ, енді қайтеміз, не істейміз?» десіп отырғанда, Қазыбек
рұқсат сұрайды.

Оған көпшілігі:

—Сенен зорлар да түк бітіре алмай отыр, әуре болма,—

десті.

—Барам десе барсын, көңілі қалмасын, Қоңтожының ал-

дын ол да көріп қайтсын,—деушілер де болды.

—Маған рұқсат бергендеріңізге рахмет айтамын. Бірақ

жалғыз бармаймын. Менің Қоңтожыға айтқан сөзімді, оның
не дегенін мүдірмей жеткізетін бір адам қосыңдар!—дейді
Қазыбек. Тілек орындалды.

—Ассалаумағаләйкум!—деп Қазыбек кіріп келгенде,

Қоңтожы орнынан қозғалып кетсе керек. Әдетте ол былқ
етпей, ешкімнен де айылын жыймайды екен. Баланың,
сірә, пысы басты ма, Қоңтожы сәлем алуды ұмытып
кетіп:

—Е, бала, сөйле!—дейді.

Сонда Қазыбек:

—Сен—темір, мен—көмір,

Еріткелі келіппін.
Екі елдің арасын
Теліткелі келіппін.
Айтысатын жау болсаң,

Айтысқалы келіппін.

билер  туралы  аңыздар
Жарысатын жау болсаң,
Жарысқалы келіппін,
Атысатын, шабысатын жау болсаң,

Атысқалы, шабысқалы келіппін,—
деп шұбыртып ала жөнеледі. Бала тоқтағаннан кейін
Қоңтожы оның руын, аты-жөнін сұрайды.
Бала:

—Атым—Қазыбек,—дейді.

Қоңтожы:

—Ендеше, сенің есімің қаз дауысты Қазыбек болсын.

Себебі қаздың үніңдей әсем созылып, қалықтап шығады
екен,—депті.
Қоңтожы жедел уәзірлерін шақырып алып:

—Мына бала би мал даулай келіпті. Менімен айтысып,

не шабысып қиратады деп отырғаным жоқ, қорықпай­
мын да. Әйтсе де бағыты, бақыты қайтпасын. Өте жас
екен, бағыты дұрыс. Не сұраса да беріп, шаруасын бітірің­
дер!—деп бұйырады,—Бұдан бұрын бірнеше билер келді.

Мен оларды би емес, надан, бейшаралар дер едім. Олар-
ды мазақтап, келемеждеп жібердім. Оны олардың бірі
де түсінбеді. Өздері дау даулайды, менің алдыма келіп,
бүгіжектеп, менен қайырым сұрап жалтақтайды. Дау дау­

лаған екенсің, қолыңнан келсін, келмесін қырқыса сөй­
лесу керек,—депті.
Қазыбек малды алдына салып айдап келеді. Болған
әңгіме түгел жеткізіледі. Билер Қазыбекті күндейді, тіпті

кейбіреулері оны жоғалтуды да ойлайды. Билер «мал-
ды өзіміз алдық» деуге, тіс жарып басқа әңгіме айтпауға
келіседі.
Дегенмен Қазыбек елге аман-есен келеді. Ел құлағы

елу, отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге жайылады.
Ақы­ры шындық жатпайды, «қаз дауысты Қазыбек» ата-
нады.

тарихи  аңыздар 13. Қазыбек және қалмақ ханы

( VІ нұсқа)
Абылай ханның заманында калмақтың Қоңтажы деген
ханы қалың қолмен келіп, бейбіт жатқан қазақ елінің бір
шетін шауып алып кетіпті. Қоралы қой, үйірлі, қосты жылқы,

«кұл» қылам деп ұл, «күң» қылам деп қыз әкетеді. Сол
уақытта қазақ жиылып, Абылай ханға келіп ақылдасыпты.
Абылай хан айтты:

—Шабыспақ оңай, табыспақ қиын. Елші жіберіп, алды-

нан өтейік. Бітімге келсе, оны көрейік. Ант өзіне ауар. «Ант
аумай, ат жүгірмейді» деген, еліміздің ісі әділ екеніне басқа
халықтардың көзі жетсін. Ісі әділ елдің туы жығылып, сағы
сынбайды. Жолы өлсе де, сөз бермейтін шешенімізбен, жол

бермейтін көсемімізбен «қол бастаған батырмын, мың кісіге
татырмын» деген, айтқаныма көнбегенді, күшпен жөнге са-
лып жатырмын» деп кеудесін қағатын Қоңтажы емес пе?!
Ол Қоңтажымен жауласқан елдің адамдары алдына бар-

са, теп-тегіс өлтіреді де, аттарын жылқысына қостыра сала-
ды екен. Сол Қоңтажыға «мен барамын!» деген адамдардан
білегі жуан батырлар мен сөз білетін шешендерден бір жүз
кісі елші жиналып барғалы жатады екен.

Ол кезде Қазыбек тайға мініп жүретін он бес жасар
бала екен. Тайын «тай бәйгесіне қосып болдым ғой, енді ат
бәйгесіне де бір қосып көрейін деп едім,—деп,—Абылайға
айтайын,—деп, тайына мініп келген екен. Сонда Қазыбек

бала айтқан екен Абылай ханға:

—Хан тақсыр, мына тайыммен тай бәйгесінде болдым,

енді ат бәйгесіне де бір қосылып, көргім келіп тұр,—деп,—
осы елшілермен бірге мен де [ба-райыншы!]—депті.
Абылай хан балаға назарын салып, біраз қарап, тоқтап
тұрды да:

—Талабың да жақсы екен, тайың да жақсы екен! Месе­

лің қайтпасын, барсаң бар, балам, жолың болсын!—депті.

билер  туралы  аңыздар
Бозқырау түскен күзгі мезгіл екен. Сонау Тарбағатай
тауының таң жағы да, Алтай тауының оң жағы қоңтажы­ның
еліне қазақтан тайға мінген елші болып баруға бала да жүз

кісінің бірі болып жүріп кетіп барады. Көп аттың дүбіріне де
делебесі қозған Телқоңыр тай ортекедей ойнап, әлсін-әлсін
дамылсыз аспанға қарғып шаптығады. Абылай хан көңіл
көзін аударып, балаға қарап, тайға мінген баланы қызық

көрді ме, әлде баланың шалымын байқайын деді ме, Абылай
хан баланы өз қатарына шақырып алып:

—Бала, атшы болғың келе ме, басшы болғың келе ме?—

деп сұрапты. Сонда бала көп ойланбай-ақ:

—Жол көрген ағаларым тұрғанда, қайдан басшы бо-

ламын? Атшы болсам да, жарайды ғой!—деп, қысқартып
тоқтады.
Сонда Абылай хан күліп:

—Дұрыс, балам, дұрыс-ақ!—деген,—Алғашқы жүрісің

атшылықтан басталсын!—деген екен.
Бір күндік жерге дейін елшілерді шығарып салып,
бір дөңнің басына келгенде, Абылай хан жұрттың бәрін
тоқтатып, аттан түсіп отырып былай депті:

—Мен бір-екі ауыз сөз айтайын. Естеріңде болсын, ба-

тыр болып қол бастау, көсем болып ел бастау оңай жұмыс
емес. Осының бәрінен ел тағдырын шешетін сөз қиынырақ.
«Жауластырмақ жаушыдан, елдестірмек елшіден» деген.
«Ел тағдырын қылыштың жүзімен де, шешеннің сөзімен

де шешетін кез болады» деген. «Айтылған сөз атылған
оқпен тең» деген. Оны қайтып ала алмайтын уақыттар бо-
лады, байқап сөйлеңдер,—деп айтып,—Жауды өлтіруге
де болады. Қоңтажыға құлақ кесті құл емес екенімізді

естен де шығармаңдар. Жау алдында жасық елдің адамы-
на ұқсамаңдар. «Таудағы түлкіні табындағы тазы алар,
тозғындаған аққуды шалғындаған қаз алар». Бірліктерің
берік болсын, үлкендеріңді сыйлаңдар, орынды жерде

кішінің де сөзін тындаңдар. Басшыларың Тайкелтір би
болсын, атшыларың мына тайлы бала бол­сын!—депті.—

тарихи  аңыздар
Атшыдан бастап басшыңа дейін ел намысы есте болсын. На-
мыс үшін бара жатқан елші екендіктерің естеріңде болсын.
Қоңтажы икемге келетін болса, асықпаңдар. Егер де икемге

келмесе, қар суы кеппей, келетін болындар. Ал, жолдарың
болсын, барыңдар!—деп Абылай хан дөң басында тұрып
қалыпты.
Елшілер «Қоңтажының елі, қайдасың?» деп жүріп кете

барды. Жолаушылар бірнеше күн жол жүріп, боранды күн­
дерді бастарынан өткізіп, аязды күндерде аттарына қар
тепкізіп, асу белдерден, суы ащы көлдерден өтіп, бір күн­
дерде қалмақтың елінің шетіне де жетті. «Сұрай-сұрай Мек­

ке­ге барады» дегендей қалмақтың [еліне] келіпті.
Келген елшілерді қонақ үйіне түсірмей, қойшыларының
үйлеріне бөліп-бөліп қондыра салады. Тайлы бала тайынан
түспей, аттарды күзетіп, далада қонады. Оны ханның ха-

нымы көріп тұрыпты. Қоңтажы хан түнде өзінің уәзірлерін
жиып алып ақылдасады:

—Тайына мінгізіп бала жібергені—Абылайдың мені

ма­зақ еткені ғой!—деп,—Осылармен көп сөйлеспей, әуре
бол­ған­ша, түгел қырып тастап, тыйыш отырсам қайтеді?—
депті.
Уәзірлері:

—Мақұл, мақұл,—депті. Сонда ханның ханымы оты-

рып:

—Тақсыр хан, бір ауыз сөз берсеңші,—депті.

—Айтыңыз,—дегенде, ханымның айтқаны:

—Тай дегеніңіз тұлпар болып жүрмесін, бала дегеніңіз

сұңқар болып жүрмесін! Қазақ деген қабырғалы, қалың ел,
жүз кісіні өлтіріп, жайлана алмассыз, жүз атты жылқыға
пайдалана алмассыз. Алдыңызға бір елдің елшісі келіп
отырғанда, хандық қалпыңызды сақтаңыз. Елшіні бұрын­

ғы-соңғы заманнан өлтіруге жол жоқ,—деген.
Хан біраз ойланып:

—Олай болса, осы жүз кісінің ішінде өзіме өзі, сөзіме

сөзі лайық келетін адам болса сөйлесермін. Болмаса аман-

билер  туралы  аңыздар есен еліне қайтарып жіберермін,—депті,—ертең елшілерді алдыма келтіріңдер, бет-аузын көрейін, көріп отырып, сы­ бағаларын берейін,—депті. Ертеңінде елшілер ханның ордасына келді. Елшілер отырар-отырмастан хан көлбеп жатқан аяғын жимастан: —Уа, неге келдіңдер?—деп сұрапты. Тайкелтір би майдалап сөйлейтін бақпа адам екен. «Е дегеннен ақтарылмай, ханның көмейін байқайын» деп мынаны айтқан екен: —Өгізді өлеңге байлап, өрлікті төменге байлап, алдыңыз­ ға келіп отырмыз, алдияр хан!—деп, сөзді ханға тастайды. Тайкелтірдің кішірейе сөйлеуі: «Ханның мерейін өсіре сөйлейін, әйтпесе хан шамдана түсуіне де жол ашар» [деген ойдан туған]. Өзінен әлсізді аузына қалып салып жаман үйренген әдет­ пен тәкаппар шіркін жантайып жатқан қалпында мынаны айтқан: —Кешке дейін бір жауабын берермін. Жауап бермесем, ат-көліктерің аманында елдеріңе қайта беріңдер!—деп қо­ лын есікке қарай бір сілтеді де, сөзді келтесінен қиып тастады. Кесіліп қалған сөзді іле жалғай алмай, Тайкелтір би сәл едірейіп қалғандай болады. Сол кезде босағада отырған бала орнынан атып түрегеліп мынаны айтқан: —Ел ебелек емес, ер көбелек емес, дат!—депті. Хан көзі­ нің астымен сүзе қарап: —Кім едің?—дегенде, бала кідірместен: —Мен өзім халқым—қазақ, руым—қаракесек, әкем аты­� —Келдібек, өзім атым—Қазыбек. Елде жүргенде бала­лар­ дың басшысы едім, қазір ағаларымның атшысымын. Тай бәй­гесінен шығып, ат бәйгесіне бірінші рет қосылып тұр­ мын,—депті. —Уа, датыңды айт!—депті, хан сұқ қолымен өзінің алдына нұсқапты. Бала адымдап басып ханның алдына барады да, ханның көзінен көзін айырмай мынаны айтқан екен:

тарихи  аңыздар

—Қазақ деген мал баққан, Сарыарқада қаздай қалқып,

үйректей жүзіп, теңіздей көлдерді, ұзын, ұзақ өзенді, көк
майса көкорай шалғында, сахара салқынында ел жайлап,
шалқып жатқан елміз. Елімізден қашпасын деп, жерімізді
жау шаппасын деп найзамызға үкі таққан елміз. Жау аяғы­

на басылмаған ел боламыз. Досымызды сақтай білген, дәм-
тұзын ақтай білген ел боламыз. Ұл туса, атадан құл болам деп
тумайды. Анадан қыз туса, күң болам деп тумайды. Ұл менен
қыз сенің тұтқыныңда отырса, оларды азат етпей тынбайды.

Қатты болсаң, темір шығарсың.
Сен темір болсаң, мен—көмір,
Еріткелі келгенмін.
Екі елдің арасын

Теліткелі келгенмін!
Сен көктегі құс болсаң,
Мен іліп тастар сұңқармын.
Сен жердегі аңның жүйрігі құлан болсаң,

Мен қуып жетіп соғар тұлпармын!
Бала сөйлеген сайын ханның көзі бажырайып, қарай
береді.

—Сен қабылан болсаң, мен жолбарыс,

Алысқалы келгенмін!
«Жау тілегенге жасыл туса еді» деген,
Ел болып шабысқалы келгенмін!
Елімнің шетіне ойран салған өзің,

Бітім беретін болсаң,
Айыбыңды мойындап, бітім бер!
Болмаса, тұрысатын жеріңді айт,
Шабысқалы келгенмін!—депті.

Хан бажырайған бойымен отырыпты да қалыпты. Ба­ла­
ның сөзі біткеннен есін жиғандай болып, тамсанып:

билер  туралы  аңыздар

—Япыр-ай, дауысың қаздың дауысындай екен! Қазақ де-

ген елдің дауысы қаз дауысты екен,—деп,—сенің атың «қаз
дауысты Қазыбек» болсын, менің қасыма келіп отыршы,—
деп хан қағыла түсіп, орын беріпті.
Сонда Қазыбек:

—Біздің елімізде кіші үлкенін сыйлайды. Ағаларым

төрде отырса, менікінің уақасы жоқ!—деп жалт бұрылып,
орнына қайта келіп отырыпты.
Әбжыланмен арбасып отырғандай, елшілердің көңілі бір
сонда ғана көтеріліп, дұшпан алдында мерейі үстем бола

беріпті. Әлгіде ғана айбат шегіп отырған ызбарлы хан қал­баң
қағып, орнынан ұшып тұрыпты да, уәзірлеріне:

—Мына елшілерді қонақ үйге апарыңдаршы! Жол жү­

ріп, ат соғып, шаршап келді ғой, тынықсын!—депті.
Сөйтіп ісі әділ елдің елшілерінің қадірлі сөздері қы­лы­
шынан қан тамған ханды қалбаң қақтырыпты. Қоңтажы
хан қанша бойлауық, керауыз болғанмен, лажсыз көніпті.

Тұтқындағыларды босатып, тартып әкеткен мал-мүліктерін
айып-анжысымен қайтармақ болып, жегенін қайта құсып,
ханға оңай болып па, шауып алып кеткен мал-мүліктер­
ді түгелдеп, жиып болғанша, көктем де келіп қалыпты.

Елшілерді еліне қайтарысуға ыңғайланады. Елшілерді құр­
меттеп аттандырып салуға көп халық жиналады. Екі елдің
адамдары қош айтысып, айрылайын деп тұрғанда, қазақтың
тұтқынға [түскен] бір жас жігіті келіп, көпке арыз айтады:

—Мен елдің жылқышысымын. Жылқы бағып жүрге­

німде Қоңтажының қолы келіп, басып алды да, мені тұт­қын
етіп алып кетті. Осында келген соң бір уәзірі үстімдегі то­ным­
ды тартып алды. Еркіммен бермеп едім, ұрып тісімді сын­
дырды. Жаныма балаған атымды тартып алды. Мына қай­­

тып бара жатқан жылқының ішінде көрінбейді. Күрек тісім
сынып, көңілім бұзылды. Киімнен айрылып, көркім бұзыл­
ды. Атымнан айрылып, ұйқым бұзылды. Мінеки, жиыл­ған
хан, қара, көпшілік, осыған не айтасыздар?—дегенде, хан

мен елшілер бетпе-бет қарсы тұр екен.
5-139

тарихи  аңыздар
«Бұған не айтар екен?» деп жиылған көп халық қорша­
ды. Ойда жоқта айтылған сөз хан мен елшілерді таразыға
тағы бір тартыпты. Сонда Қоңтажы хан алтын сапты болат

сем­серін беліне байлап, жанат ішігін үстіне киіп, қара қасқа
тұл­парын мінгелі тұр екен. Хан айтады:

—Ат деген сырты—түк, іші—боқ бір тай шығар. Тон

дегенің бір қойдың терісі шығар. Оны несін сөз қылып ай-
тып тұрсың? [Іс] біткеннен кейін «қол сынса, жең ішінде,
тіс сынса, ауыз ішінде» кете бермек. Қайта сөз қозғаудың не
орны бар?—деп хан теріс айналыпты.

—Ханның сөзі жөн ғой,—дейді өз халқы. Елшілер тағы

бір тұйыққа тірелгенде[й] болып, аңырая қалыпты. Сон-
да тайына мініп тұрған Қазыбек бала тайын тебініп, ілгері
шығып айтыпты:

—Қалайша «тіс сынса, ауыз ішінде, қол сынса, жең

ішінде» кете бермек? Біз жаманымызды жасырмайтын,
жақсымызды асырмайтын елміз! Астындағы мінген аты
қанат емей немене, қой терісі күн өтпейтін жанат емей
неме­не, ауыздағы отыз тіс болат емей немене? Қанатынан

қайрылуы, болатынан майрылуы, жанатынан айрылуы
оңай емес. Хан, табысқаның рас болса, еліміздің адамын
қанатынан қайырмай табыс, болатынан майырмай табыс,
жанатынан айырмай табыс! Жаяу, жалаңаш жүре беретін ол

сенің құлың емес. Еліміздің ерікті ұлы көрікті болуға тиіс!—
дегенде, олақ ойлы, шолақ тілді хан көп алдында Қазыбек­
тен оңбастай болып тағы да бір жығылды.
Хан енді:

—Жанатыңа жанатым,—деп үстіндегі жанат ішігін ше­

шеді де тастайды,—қанатыңа қанатым,—деп мінейін деп
тұр­ған қара тұлпарын жігіттің алдына көлденең тартады,—
болатыңа болатым,—деп беліндегі семсерін береді.
Жабырқап [қалған] жігіт жанатын үстіне киіп, болатын

асынып, қара тұлпарға қарғып мініп, елшілерге:

—Шу!—деп жүріп кеткенде, хан тұрған орнында сілейіп

қатып, тұрып қалыпты.

билер  туралы  аңыздар
Сөйтіп, Қазыбектің халық намысымен, қадірлі сөздері­
мен қылышынан қан тамған Қоңтажы ханды дегеніне көн­
ді­ріпті. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деген, «қадірлі сөз қамал

бұзар» деген қадірлі қариялардан қалған сөз» деседі. 14. Келісімге келтірілген қаһарлы сөз

(VІІ нұсқа)

Абылай ханның заманында қалмақтың Қоңтажы деген
ханы қалың қолмен келіп, қазақтың бейбіт жатқан елін бір
шетінен шауып кетеді. Қоралы қой, үйірлі жылқы әкетеді.
Құл етемін деп ұл әкетеді. Күң етемін деп қыз әкетеді. Елдің

ақсақалдары, игілікті азаматтары: «бұл қорлық-зор­лық­қа
қалай шыдаймыз» деп Абылай ханға келеді. Абылай хан кең
пішіп, терең ойлайтын адам екен.

—Олай болса, елші жіберіп алдынан өтейік. Ісіміздің әділ

екеніне бүкіл халқымыздың көзі жетіп отыр ғой,—депті.
Сол Қонтажы ханның еліне қазақ ішінен көп кісі жина-
лып, жүргелі жатады. Елшілерді шығарып салу үшін көп
халық жиналды. Елшілердің басшысы болып Тайкелтір би

де жүргелі жатады.
Ол кезде Қазыбек тайға мініп жүрген бала екен. «Ағалар­
ға еріп, атшы болып мен де барайын» деп бала Қазыбек хан
Абылайға арыз етеді.

Абылай сонда тұрып:

—Меселің қайтпасын, балам, бара ғой,—дейді. Сон-

да көп аттардың дүбірінен делебесі қозған Қазыбектің өзі
мінген Телқоңыр тайды ортекедей ойнатып, шап-шап ас­
панға шапшытқаны Абылайдың назарын балаға тағы бір ау­
дарғандай болады. Тайға мінген баламен сөйлесуді қызық

көрді ме, әлде баланың шалымын тағы бір байқайын деп
ұйғарды ма, Абылай оны өз қатарына шақырып алып:

—Балам, атшы болғың келе ме, басшы болғың келе ме?—

деп сұрайды. Сонда тайшы бал көп кідірместен:

тарихи  аңыздар

—Жол көрген ағаларым тұрғанда, қайдан басшы бо­

лайын. Атшы болсам да жарайды,—депті.
Абылай қарқ-қарқ күліп:

—Дұрыс-ақ, балам, дұрыс-ақ. Алғашқы жолың атшы­

лықпен басталсын,—деген екен. Көз көрім жерге дейін
елшілерді шығарып бір дөңнің басына келгенде Абылай ат-
танып бара жатқандардың бәрін тоқтатып тұрып, былай
депті:

—Жау алдында жасық елдің адамына ұқсамаңдар. Кө­

сем болып ел бастау, шешен болып сөз бастау, бәрінен де
тағдырын шешетін сөз бастау оңай емес,—дейді. Абылай хан
елшілерді шығарып салып тұрып:

—«Жауластырмақ—жаушыдан,

елдестірмек—елші­
ден» де­ген ел тағдырын қылыштың жүзімен де, шешеннің
ті­лі­­­мен де шешетін кез болады. Қайткенде де Қонтажыға құ­
лақ кесті құл емес екендеріңді естен шығармаңдар! «Тауын­

да­­ғы түлкіні бабындағы тазы алар, тозғындаған аққуды
топ­­­тан­ған қарға алар» деген, үлкендеріңді кішілерің сый­
лаң­дар. Орынды жерде кішілеріңді де тыңдаңдар. Бас­шы­
ларың Тай­кел­тір би болсын. Атшыларың мына тайлы бала

болсын. Ат­шы­дан бастап басшыға дейін ел намысы үшін
бара жатқанда­рың­ды еш уақытта естен шығармаңдар.
Қоңтажы икемге ке­ле­тін болса, асықпаңдар. Егер икемге
келмесе, қар суы кет­пей келетін болыңдар. Ал, жолдарың

болсын, барыңдар!
Елшілер «Қоңтажының елі, қайдасың?» деп жүріп кетіп­
ті. Жолаушылар күні-түні жол жүріп, боранды күндер­ді
бастан өткізіп, аязды күндерді аттарына қар тепкізіп, асу-

лы белдерден, айдынды көлдерден өтіп, бір күндері қалмақ
елінің шетіне жетіпті. Сұрай-сұрай ханның ордасына келіпті.
Қоңтажы ақпанның сақылдаған сары аязында келіп жеткен
елшілерді қонақ үйге түсірмей, қоңсыларының үйіне бөліп-

бөліп түсіре салады. Ал тайлы бала тайынан түспей, аттар-
ды күзетіп тұрып қалыпты. Оны ханның ханымы көріп тұ­
рыпты. Қоңтажы өзінің уәзірлерін жиып алып ақылдасады.

билер  туралы  аңыздар

—Анау тайға мінген баланы жібергені—мазақ еткені ғой.

Осылармен сөйлесіп әуре болғанша түп-түгел қырып тас­тап,
тыныш болсам қайтеді,—депті. Мұны уәзірлері де ма­құл
көріпті. Сонда ханның ханымы айтқан екен:

—Тай дегенің—тұлпар болмасын,

Бала дегенің—сұңқар болмасын!
Қазақ дегеніңіз қабырғалы ел,
Жүз жігітті өлтіріп, жай таба алмассың,
Жүз атты жылқыға қосып, бай бола алмассың!

Алдыңызға бір елден елші келіп отырғанда, хандық қал­
пыңызды сақтаңыз. Елшіні өлтіру бір елді қорлау болады,—
дейді. Хан аз ойланып отырып:

—Олай болса, осы жүздің ішінде өзіме—өзі, сөзіме—сөзі

сай адам болса, сөйлесермін. Болмаса, аман-сау еліне қай­
тарармын. Ертең елшілерді ордама келтіріңдер! Бет-аузын
көрейін, көріп тұрып сыбағасын берейін,—депті.
Ертеңінде елшілер ханның ордасына келеді. Олар оты­

рар-отырмастан-ақ буғарланған хан көлбеп жатқан аяғын
жи­мастан:

—Неге келдіңдер?—деп сұрапты.

Тайкелтір би шамалап сөйлейтін, жіптің артын баға­тын
адам екен. Ә дегенше ақтарылмай, ханның көкейін бай­
қайын деген оймен:

—Әзізді өлеңге, ерлікті төменге балап алдыңызға келіп

отырмыз,—деп сөзді ханға тастапты. Тайкелтір бидің кі­
шірейе сөйлегені ханның мерейін өсіре, сабасына түсуіне жол
ашады. Өзіне өзгені оп-оңай аузынан қағып, иііуіне көнді­ріп
жаман үйренген тәкаппар хан:

—Кешке дейін бір жауап бермесем, ат-көліктерің ама­

нында елдеріңе қайта беріңдер!—деп қолын есікке қарай
сілтейді де, сөзді келтесінен бір-ақ қайырады. Кесімді сөзді
не жалғай алмай, Тайкелтір би аз-кем кідіріп қалғандай бола-
ды. Сол кезде босағада отырған бала орнынан ұшып тұрып:

тарихи  аңыздар

—Ел ебелек емес, ер көбелек емес, дат, тақсыр,—депті.

Сол кезде хан көзінің асымен сүзе қарап:

—Сен кім едің?—дегенде, бала кідірместен:

—Халқым—қазақ, руым—қаракесек, әкем—Келдібек.

Атым—Қазыбек,—деп суырылып жауап береді.—Елде жүр­
генде балалардың басшысы едім, қазір ағалардың атшысы­
мын. Тай бәйгесіне бірінші рет қосылып тұрмын.
«Айта түс» дегендей хан балаға өзінің алдын нұсқап­

ты. Бала адымдай басып, ханның алдына барыпты да, оның
көзінен айырмастан қарап тұрып, мынаны айтқан екен:

—Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,

Елімізден құт қашпасын деп
Найзамызға үкі таққан елміз.
Басымыздан намыс асырмаған елміз,
Атаның өсиетін балаға

Баланың айтатыны анаға.
Ерлердің анты осындай,
Арымнан жаным садаға!
Досымызды сақтай білген елміз,

Дәм-тұзымызды ақтай білген елміз.
Еңкейді деп, тақсыр хан, шалқая берме,
Асқақтаған хандардың
Ордасын таптай білген елміз.

Анадан ұл туса, құл боламын деп тумайды,
Енеден қыз туса, күң боламын деп тумайды.
Ұл мен қыз сенің тұтқыныңда отырса,
Оларды азат етпей еліміз тынбайды.

Сен қатты болсаң, темір шығарсың,
Мен көмір еріткелі келгенмін.
Сен қанатты ұшқан құс болсаң,
Мен қуып жетер сұңқармын.

Сен қабылан болсаң,
Мен—жолбарыспын,
Алысқалы келгенмін.

билер  туралы  аңыздар Жау тілегенге жасын түседі, Табысқалы келгенмін,—депті. Хан бажырайған қалпында тұрып қалып, сәлден соң есін жиғанда таңғалдыра: —Батыр-ай, даусың қаздың даусындай қаңқылдап тұр екен. Сенің атың қаз дауысты Қазыбек болсын. Мына қасыма келіп отыршы,—деп хан балаға бір жағынан орын беріпті. Сонда Қазыбек: —Біздің елде үлкенді кіші сыйлайды. Ағаларым төрде отырса, елімнің төрде, ағаларымның төрде отырғаны. Менің төмен отырғанымның оқасы жоқ,—деп жалт бұрылып, орнынан қайта барып отырыпты. Аждаһамен алысқандай болып отырған елшілердің сонда ғана көңілі тыншып, дұшпан алдында мерейі үстем бола беріпті. Әлгінде ғана айбат шегіп отырған айбарлы хан қалбаң қағып, орнынан ұшып тұрыпты да: —Елшілерді қонақ үйге апарыңдаршы, жол жүріп келді ғой, тынықсын,—депті. Сөйтіп, ісі әділ елдің елшілері санатындағы бала Қа­ зыбектің қиып түсер алмас қылыштай қаһарлы сөзі өрек­ піген ханды қалбаң қақтырыпты. Қонтажы лажсыздан тұт­қындарды босатып, тартып әкелген мал-мүлікті айыпшапанымен қайтарып береді. Жегенін қайта құсу ханға оңай болмапты. Шауып алып келген мал-мүліктерді түгелдей жинап болғанша көктем де келіп жеткен екен. Елшілер де аттарына қонуға айналады. Елшілерді құрметпен аттандырып салуға көп халық жиналады. Екі елдің адамы енді айырылайын деп тұрғанда бір жас жігіт келіп ханға арыз етеді: —Мен жылқышы едім. Жылқы бағып жүргенде Қон­ тажының қолы бас салды,—дейді жылқышы,—тұтқын етіп осында әкелді. Келген соң бір уәзір үстімдегі тонымды тартып алды. Еркіммен бармап едім, ұрып тісімді сындырды. Астымда жалғыз атым бар еді. Мына қйтып бара жат­ қан жылқы ішінде көрінбейді. Күрек тісімнен айырылып,

тарихи  аңыздар
көркім бұзылды. Атымнан айырылып, ұйқым бұзылды.
Халық, осыған не айтасыңдар?
Әлгі жігіт ханмен бетпе-бет тұр екен. «Хан енді қайтер

екен, не айтар екен?» дегендей халық оларды қаумалай қор­
шап, ентелей түседі. Ойда жоқта айтылған арыз хан мен ел­
шілерді тағы бір тығырыққа тірегендей еді. Алтын семсерін
беліне байлап, жанат ішігі үстінде, қара қасқа арғымаққа

мінгелі тұрған хан:

—Ат дегенің—сырты түк, іші боқ бір тай шығар. Тон

дегенің—тоқтышақтың терісі шығар. Оны несіне сөз етіп
тұрсың? Бітіскеннен кейін қол сынса, жең ішінде, тіс сын-
са, ауыз ішінде кете бермес пе еді? Қайта сөз қозғаудың не
орны бар?—деп теріс айналыпты. Ханның сөзі жөн сияқты.

Елшілер тағы да ойланысып, аңырап қалысты. Сонда тайға
мініп тұрған Қазыбек тебініп ілгері шығып:

—Қалайша тіс сынса, ауыз ішінде, қол сынса, жең ішінде

кете бермек?
Астындағы мінген ат—қанат емей немене,
Тоқтышақтың терісі—жанат емей немене,
Ауыздағы отыз тіс тіс—болат емей немене.

Қанатынан қайрылу, болатынан мойрылу,
Жанатынан айрылу оңай емес қой.
Табысқаның рас болса, еліміздің адамын қанатынан
қайырмай табыс, болатымен мойырмай табыс, жаяу-жа­ла­

ңаш жүре беретін ол сенің құлақ кесті құлың емес. Еліміз­дің
ерікті ұлы көрікті болуға тиіс,—деген екен.
Хан көп алдында Қазыбектен оңбастай болып осылай-
ша тағы бір сүрінді. «Жанатыңа жанатым» деп ол үстінде­

гі жанатын шешеді. «Қанатыңа қанатым» деп тұлпарын
жігіт алдына көлденең тартады. «Болатыңа болатым» деп
беліндегі семсерін шешіп береді. Жәбір көрген жігіт ханның
бергендерін қабыл алып, қара қасқа тұлпарға қарғып мінеді.

Міне, осылайша қаз дауысты Қазыбектің халық намысы-

билер  туралы  аңыздар
мен қаһарлы сөзі қылышынан қан тамған қаһарлы ханды да
дегеніне көндіріпті.

15. Қаз дауысты Қазыбектің тоғыз жастағы билігі

Қоңыр күздің жаймашуақ күндерінің бірінде ауыл
ақсақалдары Келдібек биді ортаға алып, төбе басында оты-
рады. Алыстан арнайы келген бес-алты жолаушы ат басын
бидің алты қанат ақ үйіне тіреді де, көп кідірмей мәжіліс

төбеге қарай қайта бұрылды. Жапырласа аттан түсіп Кел­ді­
бек биге, алқақотан отырған ақсақалдарға сәлем беріп, аман­
дық-саулық сұрасып болған соң, жолаушылардың ішіндегі
жасы алпыстар шамасындағы ажарлы адам сөз бастады.

—Арғы атамыз—найман, оның ішінде сыбан боламыз.

Ныспым—Қадырбай,—деп өздерін қысқаша таныстырып
өтті де, алыстан ат арытып, әдейілеп келген шаруалары-
на ойысты,—малым көп емес, екі айғыр үйір жылқым бар.
Оны жазы-қысы атан жілікті екі жігіт бағады. Бір күні

жаяу борандатып, жайлауда жатқан жылқыма келдім.
Жаураған жылқышыларды қос басына жіберіп, өзім сон-
да қалдым. Сол күні керіала байтал тұмса құлындады.
Менің қатты таңғалғаным: жаңа туған жас құлын атып

тұрып, шаранасын сілкініп-сілкініп жіберді де, жылқыны
айнала шаба жөнелді. Қайта айналып келіп, енесін емген
соң әлгі әрекетін қайталады. «Мына құлын бәйгенің ал-
дын бермейтін тұлпар болғалы тұр екен» деген қуанышпен

үйге қайттым. Жылқышылар да тамақтанып болып, атқа
қонғалы жатыр екен. Оларға көргенімді айтып, жас құлынға
сақ болуларын қатты тапсырдым. Амал не, қызыл іңірде
жылқышыларымның бірі келіп, құлынның ұшты-күйлі

жоғалғанын хабарлады. Қасқыр жеді, қолды болды дейін де-
сек, ешбір белгі жоқ.
Туған күні жоғалған сол құлынды бесті ат болғанда танып
отырмын. Уақ Өгізбай деген кісінің асында кербесті бірінші,

тарихи  аңыздар
менің атым екінші болып келді. «Кері ат—менікі, қайтар»
десем, мына кісі: «Өзімнің көк биемнен туған құлын. Сен­бе­
сең, жанымдағы куәгерлерден сұра»,—деп маңайлатпай­ды.

Куә түгіл жанын берсе де сенбеймін, ат—менікі. Сізді әділ би
деп естуші едім, төрелігін өзіңіз айтыңыз.
Келдібек би ұзақ ойланып, отырып-отырып:

—Мұны мен шеше алмаймын, қиын билік екен,—депті.

Сонда тас атып ойнап жүрген тоғыз жасар Қазыбек:

—Әке, осы билікті маған беріңізші, мен шешейін,—

дейді.

—Мен шеше алмаған даудың түйінін сен қайдан ше­ше­

сің,—деп баласына зекіп тастап, үнсіз отырған жо­лау­шы­
ларға қарады,—мұның билігін шеше алмаймын де­дім ғой.
Босқа уақыт өткізбеңдер. Қонамын десеңдер, үй—мінеки!

—Әке, маған беріңіз, мен шешемін,—бала тағы да сұрады.

Келдібектің билік айтпайтынына көздері жеткен соң:

—Айтсын. Осы баланың билігіне ризамыз,—деп дауға

түскен екі жақ та келісімін береді. Билік өзіне тиген бала
даугерлердің алдына түсіп, өрістегі саулық қойларға алып
келеді.

—Мына малдың ішінен екеуіңіз екі қой ұстап, мойын-

дарына белбеулеріңізді байлап жіберіңіздер. Сонан соң
ауылдағы көгеннен осылардың қозысын танып әке­лі­ңіз­
дер!
Қадырбай ақсақал көгеннен бір қозыны ағытып алып,

алдына өңгеріп, ауылдан шыға бере: «мен белбеу байлаған
қойдың егіз қозысы болуы керек» деген ойға келіп, кері
бұрылады да, тағы да бір төлді алады. Ол екеуін бағанағы
қойға апарғанда енесі мен қозылары маңырасып табыса­ды.

Ал қарсы жақ апарған қозы белбеу тағылған қойға жола­май,
өз бетімен кетеді. Сонда Қазыбек тұрып:

—Ат—мына кісінікі, өзіне қайтарыңыз,—дейді оған. Екі

жақ әділ билікке бітіскеннен кейін, жиналған халық мәні­
сін айтып беруін сұрайды. Сонда кербестіні құлын кезінде
ұрлаған жігіт:

билер  туралы  аңыздар

—Ат шынында Қадырбай ақсақалдікі. Мен оны құлын

күнінде алып кетіп едім. Аякөз маңында тұратын нағашыма
барып, қайтып келе жатсам, үстіндегі шаранасы әлі түгел
кеуіп үлгермеген құла құлын жылқыны айнала шауып жүр
екен. Менің бәйге көк биемнің барлық кемшілігі—туа са-

лысымен құлынын тарпып өлтіріп тастайтын. Өлген құлы­
нын іздеп арқырап тұрған биеге құла құлынды жібергенім­
де мекіреніп, емізе бастады. Сөйтіп, құлынды иемденіп
кеттім.

—Менің ұлым жоқ болғанмен, барлық дәулетім—екі

айғыр үйір жылқымның ішінен бір бәйге ат кеткен емес,—
деді Қадірбек ақсақал сөз кезегі келгенде.—Менің кер атым
ылғи бәйгенің алдын бермейтін, бұл жолы бірінші болып
кербесті келді. Анық зер салып қарасаңыздар, кер ат пен

кербестінің бір биеден туғанын білесіздер, өйткені екеуінің
түр-түсінде еш айырмашылық жоқ.
Жиналған халық Қазыбектің қазылығына риза болып та-
расады.

16. Ақ тілек

Қазыбектің он бір, он екі жастардағы кезі болса керек.
Жас та болса оның жүріс-тұрысынан, сөйлеген сөзінен сол
кездегі ел жақсылары үміткер бола бастапты. Сондықтан
олар сапарға керуен шықса, «ел көріп есейіп, жер көріп

көзі қанықсын» деген есеппен Қазыбекті сапарға бірге алып
жүруге бәтуа байласыпты.
Күндерде Қазыбек сондай бір сапарға шығады. Ауыл-
дан 3-4 қонаға ұзап шыққанда керуен соңындағы түйеге

артылған қазан ошақтың арқаны үзіліп, қазан тақыр жер-
ге ұшып түседі де, қақ айырылады. Сөйтіп, қос қазансыз
қалады. Елсіз-күнсіз дегендей, сары дала. Тағы да екі-үші
күн өтіп кетеді. Жолаушылар ыстық іше алмай әбден абыр-

жиды.

тарихи  аңыздар
Сөйтіп келе жатып тағы да бір жерге қонақтайды. Ер­
теңіне таң еркін атқан мезгілде көшбасшы қария қосынды
оятып:

—Ал, балалар, анау тұрған белдің арғы астында бір ақ

боз үй көрдім. Сонан барып қазан сұрап алмасақ, жағдайы­
мыз мұнан да қиындағалы тұр. Кәне, соған кім барып келе
қояды?—дейді.

—Жапандағы жалғыз үй көлденеңді көк аттыға қазан

беруші ме еді?—деп жігіттер қария сөзін ұнатпай, теріс ай-
нала береді. Сол кезде ағаларының сыңайын таныған Қазы­
бек қарияға келіп:

—Ата, рұқсат етсеңіз, қазан әкелуге мен барайын,—дейді.

—Өркеннің өссін! Рұқсат, балам, жолың болсын,—дейді

қария,—бар!
Сөйтіп, «қазанды Қазыбек сұрайды, сендер көтеріп әке­
ліңдер» деп Қазыбектің қасына екі жігіт қосып, оларды
қария әлгі үйге жібереді:

—Ассалаумағалайкүм!—деп Қазыбек үйге кіріп кел-

генде, күміс сақалы кеудесін жапқан бір қария жайнамаз
үстінде тұр екен. Ол намазын аяқтай бере:

—Әликүмм ассалам, ау, жолың болсын, балам,—деп

Қазыбекке қарайды. Сол сәтте Қазыбек:

—Намазымыз бар да, азанымыз жоқ,

Ошағымыз бар да, қазанымыз жоқ.
Ақмешіт артымызда қалды,
Түркістан алдымызда.
Сатып ала қояйық десек,

Базарымыз жоқ,—
дейді даусы шырылдап. Ақ сақалды қария бала сөзіне кеңк-
кеңк күліп алып:

—Уа, балам, себепсіз пенде көрмек жоқ,

Қазаннан басқа ермек жоқ.

билер  туралы  аңыздар
Жалғызды Құдай алады,
Ал, одан басқаға бермек жоқ,—
дейді. Қария сөзін аяқтар-аяқтамастан Қазыбек тағы да:

—Иә, ата!

Қазаныңды берерсің, барлық қылсаң,
Бермей алып қаларсың, тарлық қылсаң.
Өз жұртыңның отырсың ортасында,
Олар әкеп бермей ме жарлық қылсаң,—дейді.

—Жақсы, жақсы, балам, қазан—сенікі. Әй,—дейді қария

оң жақта ұйықтап жатқан баласын оятып,—мына балаға ана
қазанды шығарып бер!
Қазыбек алғысын айтып, сыртқа шыға жөнеледі. Сол кез-
де қария баласы арқылы Қазыбекті қайта шақырып, аты-

жөнін сұрады.

—Атым—Қазыбек,—дейді бұл.

—Дұрыс, дұрыс. Даусың қаздың дауысындай қоңыр­

лап тұр екен. Түбінде қаз дауысты Қазыбек шешен сен бо­
ларсың,—деп бата берген екен. Осы бата болашақ шешеннің
тұсаукесері болса керек.

17. Қаз дауысты Қазыбек шешен жайында

Ертеде Қазыбек би нөкерлерін ертіп Әнет бабаның үйіне
келіп түседі. Қарт бұрынғыдан ежептәуір қартайып қалса
да, сыр білдірмейді. Қазыбектің жора-жолдастарын, өзін
жақсы қарсы алып, мал сойғызып, қазан көтереді. Сол ауыл

маңындағы қариялар, жайсаңдар жиналып әңгіме-дүкен
құрады.
Қазыбек Әнет бабаға бір ауыз өсиет айтып беруін өтініпті.
Бірақ Әнет баба:

тарихи  аңыздар

—Қазыбекжан-ай, жасы келіп қартайған, қасынан жар

тайған, басынан мал тайған адамнан не кеңес, не өсиет сұ­
райсың?—деп ештеңе айтқысы келмепті. Бірақ бірбеткей
Қазыбек шешен Әнет бабаның бір ауыз ақылын тыңдамай
еш жаққа кетпейтінін білдіріпті. Сонда Әнет баба Қазыбек

шешеннің бұл қылығына күле қарап:

—Болмадың ғой, айтайын,—деп сәл ойланып,—«әкім»

деген сөзді жадыңда сақта,—дейді. Қазыбек Әнет бабаға ри­
зашылығын білдіріп, жора-жолдасымен еліне қайтыпты.
Ол жол-жөнекей өзімен бірге келе жатқан нөкерлерінен:

—Әнет бабаның қандай өсиет айтқанын ұқтыңыздар

ма?—дейді. Бірақ бұл сұрағына ешкім үндемейді. Сонда қаз
дауысты Қазыбек Әнет бабаның айтқан өсиетін былай деп
шешіпті:

—«Ә» дегені—әділ бол, «к» дегені—күншіл болма, көп­

шіл бол, «і» дегені—ілтипатты бол, «м» дегені—менмен бол-
ма, мейір­ман бол дегені,—депті.
Әнет бабаның сол өсиеті ел арасына кең тарап, ұрпаққа
үлгі болып қалған екен.

* * *
Қазыбектің әкесі Келдібек би қыз таңдап, үйленбей
жүрсе керек. Ойламаған жерден бір қиырдан бір аяғы ақсақ,
бір көзі қыли жас қызға көңілі ауып, құда түсіп, айттырып

алады. Әке-шешесі баласының айтқанына келіскенімен, аса
қолдай қоймайды.
Әкесі:

—«Таңдаған тазға жолығадының» кебі келді, сөз бай­

ласқан бұрынғы құдалардың бетіне қалай қараймыз,—дейді.
Әкесіне Келдібек былай дейді:

—Қаймағын піскен сүттің алдым қалқып,

Аяғы ақсақ болғанмен, ақылы артық.
Қыли көз сөзі менен ісі түзу,
Сөйлескеннен өн бойым кетер балқып,—

билер  туралы  аңыздар
деп жауап қайырады. Келдібектің замандастары әзілдес­
кен­де осыны алдына тартып, қағытып жүріпті. Бірде олар
Келдібектің өз үйінде отырып соқтыға берген екен. Сонда

жас келіншек отырғанда сыпайылап былай депті:

—Көзім қыли, жасырмаймын, ақсақпын,

Келдекеңмен сондай тату, жақсы-ақпын.
Татулықтың белгісіндей тамаша,
Төрт божаңды билейтін ұл таппақпын,—
деген екен. Айтқанындай қаз дауысты Қазыбек дүниеге

келіпті. Үш жүзге әйгілі аты шыққан би атаныпты. 18. Қаз дауысты Қазыбек туралы

Атақты Мөңке бидің қартайған кезі екен. Жанында екі
атқосшысы бар, жасы он алтыдан жаңа асқан тұрымдай
мүсінді, қырғи тілді қара бала үйге рұқсатпен кіріпті.

—Ассалаумағалайкум!

—Уағалайкусассалам. Балам, қай ұлсың?

—Арғын Келдібектің баласымын. Атым—Қазыбек.

Тапқыр да, аңғарғыш Мөңке жасөспірім Қазыбекке аса
бір ілтипатпен қарап, ақбураның шұғасындай салалы сақал-
мұртын тұтамдап ұстапты да, сөзді өзі бастапты.

—Ымм... қаракесек екенсің ғой. Әкең Келдібек пен

шешең Тоқмейіл түгіл, ұлы атаң Шаншар абызды білуші
едім. Шешең сылтима болса да, күн батысымен екі иығында
шырақ маздап тұратындықтан «Ақсақ бике» атанып еді.
Шырағым, атадан үш түрлі бала туады. Бір бала әкесінен

асып туатын, бір бала әке өкшесін басып туатын, енді бір
бала бар, ол әкеден кері қашып туатын. Сен соның қайсысы
боласың?

—Ата,—дейді Қазыбек мүдірмей,—менің атадан асып

туған бала болар, болмасымды алдағы өмірім, өнерім біледі

тарихи  аңыздар
ғой. Ал кері қашып тудым деу өзіңе де, өзгеге де өкініш,
реніш болар еді. Әзірше өз ойым өкшесін басып тудым ба
деймін.

Мөңке би сөзін қайта сабақтап, тағы бір сұрақ береді:

—Уа, балам! Өтірік пен шынның арасын өлшедің бе?

Қаршадайынан ойын қумай, ой қуып өскен құймақұлақ
Қазыбек бұған қайдан сүрінсін:

—Өлшедім, ата. Өтірік пен шынның арасы төрт-ақ елі,—

деп оң қолының төрт саусағымен көз бен құлақтың аралы­
ғын баса қойыпты.
Мөңке би іштей тәнті болып, тағы бір қырына алады:

—Уай, Қазыбек, нағашың Сүлеймен ұябөріктеу болса да,

баспа еді. Жиен екенсің. Ақыл кімнен шығады, асыл неден
шығады, қанат неден шығады, жанат неден шығады, санат
неден шығады, ағат неден шығады, оны білдің бе?—дейді
қырандай шүйіліп.

Қазыбек іле сөйлеп:

—Менімше, ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады.

Тату болса ағайын бірі—құйрық, бірі—жал-қанат содан
шығады. Қой терісін қорлама, жанат содан шығады. Халқы
үшін қарттар қам жесе, санат содан шығады. Өнерсіз болса
бозбала, ағат содан шығады,—дейді.

Осы тұста Мөңке бидің ақбоз үйіне ауыл ақсақалдары­на
келіп, бәйбіше қымыз құяды. Әңгіме қызбай тұрып Қазы­бек
енді Мөңкенің өзің дөңгелетеді. Қымыз үстінде әуелі:

—Нағашы, екеуіңіз қалай?—депті.

Мөңке қария бөгелмей:

—Екеуім үшеу болды, жиен,—дейді.

—Алысыңызбен қалайсыз? Жақыныңызбен қалайсыз?

—Жақыныммен жауша жағаласып, жамандарша най­

заласамын. Алысым араздасты.

—Тәттіңізбен қалайсыз?

—Жиен-ай, тәттінің дәмі азая бастады ғой,—дейді

Мөңке.

билер  туралы  аңыздар

—Несиеңіз тие ме, нағашы?—депті Қазыбек.

Сонда Мөңке би:

—Жасымда берген несием, қартайғандағы несібем екен,

үй тігіп, қымыз сапырып отырғаным—соның арқасы,—
дейді қуанышты үнмен.
Қазыбек Мөңке бидікінен түстік жеп, бата алып аттана-
ды. Былай шыққан соң екі жолдасы: «Би екеуіңнің жаңағы

жұмбақтап сөйлескеніңе біз түсінбедік. Шешуін айтшы,
ұғып алайық»,—деп қиыла өтініпті.
Сонда оның мәні былай дейді Қазыбек: «Екеуің қалай
дегенім—«екі аяғың қалай, өздігіңізден жүре аласыз

ба?» дегенім еді. Мөкең: «екі аяққа бір таяқ қосылып
үшеу болды» деді. «Алысыңызбен қалайсыз» дегенім—
«алыстағыны көре аласыз ба» дегенім еді. Қария: «алыс­
ты көрмейтін болдым» деді. «Жақыныңызбен қалайсыз»

дегенім—«тамақ ішіп-жеуіңіз қалай» дегенім еді. Қария:
«әр жерде қадау-қадау ғана тісім қалды, сонымен арпа-
лысып күнелтем» деді. «Менің тәттіңізбен қалайсыз»
дегенім—«ұйқыңыз қалай дегенім» еді. Қария: «ұйқым

азайды» деп жауап берді. «Несиең тие ме» дегенім—
«балаларың күте ме, жасында сіз оларды бағып-қағып
өсіріпсіз, енді олар сол еңбегіңізді өтеді ме?» дегенім еді.
Қария: «дұрыс тәрбиелеп, жақсы өсірген бала адамға

қартайғанда бақыт екен. Балаларымның қызығын көріп
отырмын» деді қуанып.
Қазыбектің екі жолдасы бұл сөздерге қайран қалып:

—Сен өзің бәрімізден кішісің, Пайғамбар жасына кел­

мей, ата сақал аузыңа бітпей жатып, тақтағы хан, таптағы
биді аузына қаратқан Мөңке биден қалай шешендік асыр­
дың?—десе керек.
Қазыбек миығынан күліп:

—Естіге ел тоқтайды емес пе. Мен өзім жас болсам да,

атам Шаншар абыз көп жасады ғой,—деген екен.
6-139

тарихи  аңыздар 19. [Қазыбектің бір ер туралы айтқан билігі]

(І нұсқа)
Со бір заманда ұлы жүзде дүйім ел бас қосқан бір байдың
асы болыпты. Қазықұрт тауын мекендейтін үйсін Төле
бидің басқаруымен екі ай бұрын сауын айтылған осы асқа

Арқадағы арғындардың да небір игі жақсылары күндей
күркіреп, артынып, тартынып, зор салтанатпен барған екен.
Думан тойдан аты шауып, балуаны жығып, жамбысы аты-
лып, асы ішіліп, енді тартқар кезде ақбоз үйлер сыртында

шартпа-шұрт қырғын төбелес болып қалады.
Оқиға былай: Үйсіннің сиқым, жаныс дейтін екі руының
беделді бір мырзасы асқа келген арғын жігітінің жаппай
ақкүміс ер-тұрманына қызығып, көптің көзінше аттан ауда-

рып, тартып алады. «Жаптым бәле, жақтым күйе» деп дау
сауған іргелі ел сөз тыңдар, теңдік берер емес.
Ерге таласып жанжалдасқан екі елдің даугерлері ақы­
рында Төле биге жүгініске келеді. Би қағыстырып сұ­ра­ған­да

сиқым-жаныс мырзасы:

—Бұрнағы жылы осы ер-тұрманым тұлпар атыммен

ұрланып еді. Міне, ұрыны айғақты затпен ұстадым,—деп
сүйреңдейді.

—Жоқ, би, нанбаңыз. Бұл менің өз ер-тұрманым. Қы­

зыққан соң жала ғып тұр,—деп безектейді арғын жігіті.
Төле би екі жақтың сөзін тыңдап болған соң, даугер мыр-
засына:

—Көзі жоқ тұлпар атын сауғалар, көрініп қалған мына

еріңді өзің ал,—деп билік айтады. Арғын жігіт ойда жоқта
ұры атанып, ерден айрылуға айналған осы қысалаң мезет-
те Төленің әділетсіз билігіне наразы болып тұрған көптің
ішінен жасөспірім Қазыбек суырылып шығып:

—Бере тұршы, мен де көрейін,—деп ерді қолына алады.

Сонда он жеті жасар Қазыбек ерді бірден танып:

билер  туралы  аңыздар

—Қапталың қайың, қасың тал,

Қалмамбет қосқан бір ерсің.
Сиқым-жаныс екі тап,
Бір ерге қалай мінерсің.
Ұлы жүзге ие Төле би,

Бұған қайтып тиерсің?
Өзің Үйсін Төлесің,
Әділдікті қайда көмесің?
Жорта жала жаппасаң,

Арғыннан қалай көресің?
Барғаның бүкір би болып,
Бермесе, қисық төресің.
Мынау арам пиғылмен,

Түбінде сен өлесің!
Қапталы қайың, қасы тал,
Қалмамбет қосқан ер екен,
Қайтсеңде иесіне бересің!—

деп бидің параға ауытқып, қулық жасап тұрғанын батыл
ашып салады. Төле бидің сасқаны сонша—маңдайынан ащы
тер білініп, ерді арғын жігітке қайтартыпты.

20. Қазыбектің бір ер туралы айтқан билігі

(ІІ нұсқа)
Ұлы жүз үйсіннің бір адамы Төле биге келіп:

—Мұндай ерді үш жүздің баласында ешкім мінген жоқ.

Мен олар ерге сонша қызыққаныммен, ер иесінің байлы­ғы­
мен мырзалығы менен кем емес, дүние пұлға қызықпай­ды.
Сұрағаныма бермейді. Сіздің тіршілігіңіз де осы ерді алып
атқа бір ерттетіп мінсем деген ойым бар, биеке,—депті.

Төле би оған:

—Мен тірі тұрғаңда ол тілегіңе де жетерсің. Кіші жүз

өзінің асына шақырып отыр. Осы асқа сол мырзаң да келіп

тарихи  аңыздар
қалар. Соңда ретін тап та жүгініске түсер, қамыңды қарас­
тыр! Оған билікті мен айтпайған да кім айтар дейсің,—
депті.

Үш жүздің баласы асқа бас қосқанда ерге құмартқан бай
үш-төрт жылпың жігіттерін дайындап алып өзі білетін ерді
іздетіпті. Асқа ер иесі де келген екен, атынан түсіп байлап
қойғанда әлгі жылпың жігіттер:

—Мынау көк арғымақтың иесі кім? Үстіңдегі ерін танып

тұрмыз, бұл ер жесірге бергісіз атымызбен бірге жоғалған
еді,—деп айт-ұйт жоқ атты ерімен алып кетіпті.
Мұндай нақақ қорлыққа жаны күйген ат иесі Төле биге
келіп жайын айтса, ол өзінің Ұлы жүзінің адамдарына

қарап:

—Таныған еріңді ал да, атын өзіне қайырыңдар. Екі арыс

елдің арасыңда бір тай әрі де, бері де жүрмей ме? Жоғал­
ған атыңды қумай-ақ қой!—депті. Бұған өте ызаланған
Кіші жүз төбелес шығарайын десе, ас, өзінің елі бүлінеді,
шығармаймын десе, көрінеу жасалған қиянат күйдіріп ба­

рады. Соңда астың аяғында Мәме би:

—Ара ағайын Келдібектің сарысы бұған [не] айтады

екен?—деп Қазыбекке кісі жіберіпті. Қазыбек тарауға бет
алған елді тоқтатып, ұлы жүз бен кіші жүзді екі жаққа
отырғызып, ерді ортаға қойғызыпты. Содан кейін екі жақ­
тың ешкіміне ештеме деместен, ерге келіп сабаумен нұқып

қойып:

—Қапталың қайың, қасың бөз,

Қалмамбет шапқан бір ерсің.
Ұлы жүз бен Кіші жүз
Бір ерге қайтып мінерсің.
Бүйте берсең, әй, Төле,

Сендер бір күн өлерсің.
Теріс билік айтсаңыз,
Тәңір алдыңда не дерсің?
Осы ер орнына қайтады,

билер  туралы  аңыздар
Осы ер орнына қайтпаса,
Қалменіңнен күйерсің,—
депті. Ұлы жүз жағы ол тұспалға жөнді түсінбей:

—Қазыбек не деп кетті?—деп Төле биден сұрапты. Сонда

Төле би:

—Не деп кетуші еді? Келдібектің Сарысы айтпайды,

айтса, сол айтысқаннан қайтпайды. Орта жүз бен Кіші
жүз жабылып кетсе, бізден не қалады, ерді орнына апарып
тастаңдар,—депті.

21. [Қазыбектің қалмақ еліне екінші сапары]

Тарихта «құба қалмақ заманы» деп атанған шақта қалмақ
пен қазақтың ел шабысқан дәулерін бітістіруде Қазыбек үш
рет билік айтқан екен.
Оның бірі—он төрт жастағы Қазыбек Телқоңыр дейтін

тайға мініп, өзге билерге атқосшы боп барғанда айтқан билі­
гі. Бұл билік жалпыға белгілі.
Екінші билігінің тарихи мынадай: Қазыбек аты әйгілі
би боп тұрған шағында өзіне қараған елін қалмақтың

тіке шабуылынан аулағырақ қонысқа ірге тептіру үшін
Сарыарқаның жерін шолып қайтуға кетеді. Соны сырт-
тан естіген қалмақтың Қоңтәжі дейтін ханы дереу қалың
қол аттандырып Қазыбекке қараған елді шаптырып алады.

Ханның қолы малмен қоса жүзге тарта ер балаларды да бай-
лап әкетеді. Оның ішінде Қазыбектің өз баласы Қазымбет те
кетеді. Өйткені Қазыбектің тұқымынан біреуді қайтсе бай-
лап әкету жөнінде ханның тікелей тапсырмасы болған деседі.

Сарыарқаны қоныстыққа ұнатып, елге қайтқан Қазыбек өзі
басшы болып қалмаққа екінші рет жол тартыпты.
Он төрт жасар бала күннің өзінде нелер тапқыр сөздер
айтып бетін қайтарып тастаған Қазыбектен жасқанып, Қоң­

тәжі хан бітім жасауға көнеді. Бірақ ер балалардың ішінен

тарихи  аңыздар
өзіне керегін алып қалу мақсатымен әртүрлі қулыққа са-
лады. Сонда ханның көздегені Қазымбетті қайтармау екен.
«Тірі емес» балаларға құн төлеу ниетін білдіреді.

Сонда Қазыбек тұрып Қоңтәжіге:

—Жұмыр басты екі аяқты адамымның өзі қайыр. Төрт

аяқты айдынды бөзімнің көзі үшін құн алмаймын. Өлсе, мен
бөзімнің көзі жоқ болса, екі есе қып төлеуіңе келісемін. Тал
түсте тапап аламын,—дегенде, Қоңтәжі:

—Қазыбек би, «ерің үшін құн алмай, өлісемін!» деге­

ніңді жөн делік. Ал «бөзіңнің төлеуін екі есе қып аламын!»
дегеніңе жол болсын,—депті.
Сонда Қазыбек:

—Бөзімнің төлеуін екі есе болатын себебі: (белеңнен

шыға келген қалың топтың ішінде оның жарқ еткен ай­дыны
Қоңтәжідей ханды да сескендіреді). Төлеуі толық бол­са—
ендігіәрі есте жүреді,—дейді.
Сонымен Қазыбек бұл жолда шапқыншылыққа түскен

балалармен қоса малдың көзі барының көзін, көзі жоғы­
ның толық төлеуін алып қайтады. Сол шабыншылыққа тү­
сіп, қайта келген Қазымбеттің ұрпағына Шаншардан өрбіген
өзге рулардың адамдары:

—Сендер қалмақсыңдар. Қоңтәжі Қазыбек бабамнан

қай­мығып айыпқа берген,—деп қалжындайды. Ал Қазым­
бет­тің ұрпағы атасының шабыншылыққа түсіп кетіп, қайта
келгенін өздері де растайды.

22. [Қазыбектің қалмақ еліне үшінші сапары]

Осы бітімнен қайтып келе сала Қазыбек елін Сарыарқаға
көшіріп бұл жерді атамекендік қоныс етеді. Бірақ әлі де ол
қонысқа көшіп болмаған елдің соңғы бөлегін, соңдай-ақ
Қазыбекке ниеттес Кіші жүздің бір бөлегін Қоңтәжі тағы

шаптырып алады. Қазыбекке шабылған елден хабаршы
келеді. Сонымен Қазыбек тағы да қалмаққа тартады. Би

билер  туралы  аңыздар бұл жолы Қоңтәжінің алдына кісескен серт қойып, мұндай шабыншылық ендігіәрі қайталамайтындай етуге, немесе біржола бітіспесктен кетуге беттеп, аттанады. «Көрген жерде көке бар» дегендей Қоңтәжінің ордасына таяп келгенде, өткелде тұрған бір жастау қыз Қазыбектің қайда бара жатқан жөнін сұрапты. Қазыбек қызға Қоңтәжі ханға елшілікпен бара жатқанын айтыпты. Қыз оған: —Елші болсаң, қазақтың Қазыбегі боларсың, есебің біт­ се, мені де еске аларсың,—депті. Қазыбек Қоңтәжінің ордасына түсіп: —О, хан, сен ел шабуды қоймадың, мен елшілікке ке­ луден танбадым. Қоңтәжі бұған: —Қазыбек би, дұрыс айтасың. Сенің қаршадай он төрт жасар күнінде тайсалмай тұрып айтқан сөздеріңді есітіп: «шіркін-ай, мынадан бір тұқым алар ма еді?» деп ойладым. Содан барып Қазымбеттей ұлыңды алдырдым. Бірақ сен келіп: «ерімнің өзі қайтпай тұрып, бітім етпеймін!» дедің. Не, бізге тіліңді кесіп тастап кетпедің. Содан кейін менен іргеңді аулақ салып, әрі көштің. Сені қайта бір келтіру үшін мен артта қалған еліңді шаптырып алдым. Ендігі сөздің турасы—сенімен достасуға құмармын. —«Даудың артын қыз бітейді, судың артын шымыр бітейді» деуші еді. Сондықтан не қыз ал, не қыз бер. Қыз берсең, алайын,—дейді. Хан Қазыбектен: —Ұлың нешеу еді?—деп сұрайды. Қазыбек: —Бір жарым ұлым бар,—деп жауап береді. Хан бұған таңданып: —Бір жарымы қалай? Сендер дығырдай бес ұл бар деп ес­ титін едім,—дейді. Би: —Менің елге ие болатын ұлым біреу-ақ, аты—Бекболат. Жау­ға қарсы қоятын бір ұлым бар, аты—Сырымбет. Оны жар­

тарихи  аңыздар
тыға есептедім. Ал мал мен қатынға ғана ие болатын үшеуін
есепке алып жүргенім жоқ,—деп Қоңтәжіге қарапты.
Қоңтәжі өз қызын Бекболатқа қосуды өтініпті. Сонымен

шабыншылық тоқтамаған екен деседі. Қазыбек осы сапа-
рында хан ордасына бара жатқан [да] жолыққан жас қызды
ала келіп: «осыны тәрбиеле» деп оны да Бекболаттың қолы­
на тапсырыпты.

23. [Әйелдің күрек тісі—көркі]

Жантай деген бір бай малшымен төбелесіп, сол төбелес­те
бір күрек тісі сынады.
Жалшы:

—Сенен шығамын,—деп ақысын сұрайды.

Бай:

—Тісімді сыңдырдың, соның төлеуі үшін алдым,—деп

ақысын бермейді. Екеуі Қазыбек келеді.
Жантай тұрып:

—Мынау менің жалшым еді. Өзіммен төбелесіп бір күрек

тісімді сындырды. Бұның құнын сұрасам, бермейді. Жалға
жүрген ақымды бер деп жүр,—дейді.
Сонда жалшы тұрып:

—Мен жалға жүрдім Жантайға,

Бір тай алмақ болып алты айға.
Бұл асына жарытпады,
Мен күшіме жарытпадым,
Содан барып төбелес туды,

Жазым болып күрек тісі сынды.
Байдың аты бай емес пе?
Ақымды бермейді, үйінен қуады. Би ата, әділдігіңізге
жүгінгелі келдім,—деп сөзін аяқтапты. Бұл дауға Қазыбек

мынадай билік айтыпты:

билер  туралы  аңыздар

—«Ас—адамның арқауы» еді. Жантай асқа жарытпа­ған

соң, жалшыға күш қайдан дарысын. «Аш кісі—ұрысқақ»
деген, төбелестің шығуына өзің себепті болғансың. Сон­дық­
тан мынаның ақысын бер. Күрек тісің—құнсыз, еркектің
ет жейтін азуы аман болса, бір күрек тістен келер кемшілік

жоқ. Ал әйелдің күрек тісі—әрі көркі, әрі жіп қиятын қа­
руы,—депті.

24. [Қазыбектің бала дауын шешуі]

Қазыбек бері ел биі болған кезде бір балаға дауласып екі
әйел Қазыбекке жүгінеді.
Әйелдердің бірі:

—Мынау баламды мен есін білмейтін жас күнінде жо­

ғалт­тым. Соны мынау әйел тауып алды ма, әлде ұрлап алды
ма оны білмеймін. Әйтеуір асырап алыпты. Бүгін танып
сұрасам, «жоқ өз балам» деп бермейді,—дейді.
Екінші әйел:

—Бала өзімдікі. Өзім таптым, мынау бос жармасып

тұр,—дейді.
Қазыбек екі әйелдің сөздерін тыңдап болып, біраз ойла-
нып отырып қалады. Содан кейін:

—Біріңнің балаңды жоғалтқаныңды, енді бірің тап­қа­

ныңды растап шығарлық мұнда басқа куә жоқ. Сондықтан
мынадай билік еткім келеді,—дейді де, баланың екі қолынан
екі әйелге ұстатып қойып, қара балтаны ұстап көтеріп
тұрып:

—Екеуіңе қара құладан қақ жарып бөліп беремін. Осы­ған

ризасыңдар ма?—дегенде, балаға ие болып жүрген әйел:

—Біреуге кеткенінен жартысы болса да өзімде қалсын,

бөлсең, бөл,—деп безерленді. Баланы таныған әйел:

—Ойбай, биеке-ай, қайда жүрсе де тірі болсын. Бөле

көрмеңіздер!—деп безек қағады.
Содан барып Қазыбек:

тарихи  аңыздар

—Бала—мына жоғалтқан әйелдікі. Үйткені ол баланың

тірлігін тілеп тұр, баласын өзіне бер,—деп билік айтады.
Көпшілік мұндай данышпандық билікке өте разы болады.

25. Қазыбектің үш атасы Бұлбұл

Бұлбұлдың екі қатыны болыпты. Үлкен бәйбішесі—
Қаракемпір. Қаракемпірден бес бала. Екінші қатыны—
Құбакемпір. Құбакемпірден бес бала, үлкені—Күшік, Ал­
дияр, Шаншар, Үсен Құдайберлі, екеуінің балалары күндес

бо­лыпты. Қаракемпірдің балалары марқа туып, Құбакем­
пірдің балаларына күн көрсетпепті. Сонда Қаракемпір
бәйбіше балаларын шақырып алып:

—Сендерден бір тілек сұрайын, бересіңдер ме?—депті.

Сонда балалары:

—Не сұрайсыз?—депті.

—Сұрайтыным сол—мына Құбакемпірдің балаларына

тимеңдер,—депті. Сонда балалары:

—Оның несі бар?

—Құбакемпірдің балалары сендерден нәсіпті болады, әрі

қасиетті болады.
«Тоқалдан туған баланы қасиетті болады» деп айтты деп,
онан сайын ұра береді. Сонда бір күні өз балаларын жинап
алып:

—Сендерден енді бір тілек сұрайын бересіңдер ме?».

Балалары:

—Соңда не сұрайсың,—депті.

—Осы Құбакемпірдің баласының ішінде Шаншарына

тимеңдер!

—Оның несі бар?

Сонда Қаракемпір бәйбішенің айтқа­ны:

—Басқасынан көрі өзінің нәсібі ағып тұр, басыңда бағы

жанып тұр, ғаделеттің бейнесін үш жүздің баласы танып
тұр. «Абыз» деген атағы өз бойына қонып тұр,—деді. Сонда

билер  туралы  аңыздар
«тоқалдан туған Шаншарды бізден артық болады деп» айт­­
тың деп, онан сайын ұра береді. Сонан кейін Шаншарды оңа­
ша шығарып алып ұратын болыпты. Сонан кейін Қаракем­

пір бәйбіше күйеуі Бұлбұлға келіпті:

—Менен туған балаларды қараңыз, бұларың не істеп

жүр!
Сонда Қаракемпір бәйбіше Құбакемпірдің балаларына
күн көрсетпейді.

—Осының ішіндегі бір Шаншарын сұрап ала алма-

дым. Шаншардың түбінде Абыз атағын алатынын өзіңіз де
білерсіз. Сонда күйеуі:
Бұлбұлдың айтқаны:

—Мен қарғасам, ол шіркіннің тұқымы құрып кетер,

атқан оқ қайтып келмей қояр. Өзіңнен туған ұлға өзің де
барарсың. Мен ұлықсат берейін. Сонда Қаракемпір бәйбіше
ұлдарын жинап алып:

—Қолдарыңды көтерші,—депті. Сонда ұлдары үлес ала-

тындай қолдарын көтеріпті. Сонда Қаракемпір бәйбіше:

—Сендердің тұқымың құрымасын, тұқымың Шан­шар­

дың жамауыңда кетсін!—депті. Осы Шаншар үш қатын
алып­ты. Бірінші әйелі—Қыздамбике, екінші әйелі—Ай­
бике, үшін­ші әйелі—Нұрбике.
Бірінші Қыздамбикеден—Алысай, екінші Айбикеден

төрт ұл туған: Келдібек, Тыныбек, Жәнібек, Есіркеп туып-
ты. Үшінші Нұрбикеден: Төлеу, Бертіс, Нұрлыбек туыпты.
Осының ішіндегі Айбике бәйбішенің төрт бегі болып атан­
ған ең үлкен Келдібегі отыз жасқа келгенше қатын алып,

бала сүймепті. Басқалары қатын алып, бала сүйіп, бет-беті­
мен ауыл болып кетіпті. Келдібектің бұл уақытқа шейін әйел
алмау себебі—үшінші атасы болыпты деген кісі Келдібектің
түсіне аян беріпті. Сонда былай депті: «Сен қатын алмайсың,

ешбір әйелге көзіңді салмайсың. Алатын әйелің мынадай
болады: ұзын бойлы сары қыз, оң жақ аяғының азырақ
ақсағы болады. Оң жақ бетінің құлағының түбінде танадай
меңі болады, екі емшектің арасында алақандай қалы бола-

тарихи  аңыздар
ды. «Ә» деп көзіңе түскенде самалдан жел соққандай көзің
мен көңілің үйіріле түседі. Осы кездескенше шаһуатыңды
ешқайда шанышпайсың!» Сонымен Келдібек бір талай жүріп

калады.
Бір күні қазақтың көшпелі заманыңда Шаншардың көші
келе жатса, бір шағын көш келіп, көшке қосылып, арала-
сып кетіпті. Сол кезде Келдібек көштің алдына шығып, ал-

дын басқарып, көштің артына қарай серпіліп келе жатса,
бір шағын көш жеті-сегіз түйесі бар, сол түйенің жаныңда
бір қыз келе жатыр. Ұшып бара жатып сол қызға көзі түсіп,
көзі үйірілгендей болады. Қыз да бұған қарап, көз тастап,

тесірейіп қарай қалады. Қарсы келе жатқан, тілге келе ал-
май, сөйлесуге сылтау таба алмай, өтіп кетіпті. Кетіп бара
жатып артына қараса, қыз да қарап бара жатыр екен. Бы-
лай шығып ойына түсті. Көштің соңына бармай, ойға түсті.

Қызды қайта көруге, тілге қайта келуге, көш келіп бір
өзеннен өтуге кездесті. Сол кезде сол қыздың түйесі оралып,
жүгі ауды, қыз аттан қарғып түсіп, түйенің жүгін басып
түзетіп, атына қайта барып еді. Бақылап тұрған Келдібек

қыздың сілтей басқан аяғына көзі түсті. Көш жөнеле берген-
де, жанасып келіп қызға амандыққа келді:

—Бұл көш кімдікі, сіздер кім боласыздар?

Бұл:

—Кіші жүздің елі боламыз.

—Қайдан көшіп келесіздер, қайда барасыздар?

Қыз айтты:

—Біз «Абыз» деген кісінің ауылын іздеп келеміз.

Сонда Келдібек:

—Бұл жақта «Абыз» деген кісі бар ма? Абыз деген кісі

жоқ қой.
Қыз айтты:

—«Абыз» деген ат ардақтап қойған аты болуы керек.

Шын атын мен атай алмай келе жатырмын. Ауыл басшыла-
ры білу керек.
Сол бес-алты ауыз сөздің ішінде көзін айырмай бей­
не­сі­не қарап, бетіңдегі танадай меңге көзі түсті. «Тағы

билер  туралы  аңыздар
да бір бел­гі­сі табылды» дегендей, көңілі жүйткіп, қуана
түсті. Қыздың да қас-қабағы жабыса түсіп, жауап берген-
дей болды. Көш сол өзеннен ұзамай келіп, жағалай қона

қалды. Қыздың ауы­лы ұзамай қатарласып қона қалды.
Келдібектің бағанағы қызының сөзі есінен кетпей, қалған
белгісін іздемек болды. Соған сылтау іздеп бір қойды әкеп
сойдырып етін пісіртіп, бір қыз, бір келіншекті шақыр­тып

алып, сол ауылға ерулік беріп жібермек болды. Қызға мы-
надай тапсырма берді:

—Осы ауылдың ұзын бойлы сары қызы бар, оң жақ

аяғының ақсағы бар. Оң жақ құлағының алдында танадай
меңі бар. Көрнекті белгісі—сол. Қыздың сен қойнына жат,
екі емшектің арасында нендей белгі бар екен,—деп қызға
қатты тапсырма берді. Сонымен кешке жақын қыз бен

келіншек ерулік алып жетіп барды. Соныменен сол күні сол
ауылға қонып, қыз бала сол қыздың қойнына жатты. Қыз
баланың екі көзі төсінде болып, жас баланың алақанындай
қалды байқады. Ертеңінде қыз бен келіншек тазадан екі

көйлек киіп үйге қайтты. Барған қызды оңаша шығарып
алып сұрай бастады. Келдібекке қыз екі емшегіңнің арасын-
да жас баланың алақанындай қалы бар екенін айтты. Сон-
да Келдібек көңілі жүйткіп, бірталай өмір қырағын өткізіп

алған Келдібек қанша шыдамды болса да, асығыс түрде
әкесіне кісі салыпты. Атам Бұлбұлдың түсімде айтқан арнау-
лы белгілері табылды. Осы көршілес келген орта жүздің ауы­
лында бір қыз айнымай ұсап болды. Ал енді соған сөйлесуге

болады. Содан Шаншар Абыз қонаққа шақырып, ерулігін
бере бастады. Жөн сұрап, жұмыстарын біле бастайды.
Сонда келген ауылдың сөздері:

—Біз Кіші жүздің еліміз, өз елімізден ғаделетсіздік,

зорлық-зомбылық көрген соң, «Шаншар Абыз» деген кісі
бар деп, бауырында қоныс бар деп, қай жағынан соқса да
көмегі бар деп, Орал таудың аймағындай көлемі бар деп
іздеп, біржолата көшіп келдік. Бізді іздейтін еліміз жоқ, мал

жаятын жеріміз жоқ,—деді.

тарихи  аңыздар
Шаншар айтқан:

—Ер туған жігіттің өз кәсібі өзіме, малдың өз нәсібі

өзімен, «Елден ел кетсе—жұт» деген. «Елге ел қосылса—
құт» деген, дарияны ешкім жалап арам қылмайды, Тәңір
жақ­қан шырағыңды ешкім үрлеп өшірмейді. Бұл айтқан
сөздерің дұрыс, қарсы отырып қабыл алдық. Төскейде мал

қосылған, төсекте басымыз қосылса қайтеді,—деді. Сонда
қыз әкесі Сүлейменнің берген жауабы:

—Атыңыз бен аулыңызды іздеп келдік, төрелігін өзің

айта бер, ауырмайтын жерден кесе бер, өзің ұнатып шеше
бер,—деді. Сонымен, сол қызды алып беріпті, Қыздың
аты Тоқмейіл екен. Келдібек алып болып, жайғасқан соң
қызға:

—Сенің атыңды «Тоқмейіл» деп қалай қойған?»

Сонда қыз айтыпты:

—Соғымды сойып жатқанда туыппын. Сол күні қорада

ерте қашқан он екі қой туып, егіз болыпты. Сонда шешеміз
айтыпты: «Соғым сойып жатқан тоқшылықта туды, он екі
қой егіз болды, Иншалла, бұның арты сегіз болар,—деп,
Тоқмейіл қойыпты. Сонда қыз тұрып:

—Сіздің атыңызды Келдібек деп қалай қойған?

—О жақ, бұ жақтан келгендер болса, келімсектерді ала

бересіңдер деп Келдібек қойған.
Сүйтіп біраз әзілдескен осы Тоқмейіл деген анадан алты
ұл туыпты, мұны халық «Ақсақтың алтауы» дейді екен.
Қазыбек туғанда анасы айтыпты:

—Осы шіркін нәсіпті болады, білем,—деп. Екі емшегі

сүйретпедей үлкен екен, шаруашылықты істегенде, емшек­ті
иығынан асырып тастайды екен. Бала арт жағынан еміп, өзі
алдыңғы жағынан жұмыс істеп отырады екен.
Қазыбекті алдына алып құшқаңда, шешесі былай дейді

екен:

—Айналып, толғап өсірсем,

Ақ сүтімді беріп кешірсем,
Адалдан болар нәсібің,

билер  туралы  аңыздар
Тіліңнен болар кәсібің,
Әлди, әлди-ай,—
дейді екен. Екінші ұлы Сәдімбек туғанда, айтыпты:

«Осы шіркін ызақор болар, бір емшегімді еміп отырып,
көңіліне бір нәрсе ұнамаса, екінші емшегімді тырнап
тастайды»,—деп. Осы айтқаны айнымай келіп, кейінде
қуандық, қаракесек болып Нұраның өзеніне таласыпты.

Сонда Қуандық еді Нұраға «жолатпайым» деп қара ке­сек­
ті лақтырған. Омбыдан жандарал келіпті. Сонда дау «бейі­
тіне бар» деп дауға сүйеп, сол бейітті жандарал келіп көр­
мек болады.

Сонда Садыбектің бір ауылы сол бейіттің басында қонып
отыр екен. Сол ауыл сол бейітті бұзып, кірпішін бір сайға та-
сып тастап, орнын тегістеп, қой түнетіп жіберіпті. Сондық­
тан Нұраның суына ортақ қылып, өзенді бөлек қылып, жан­

дарал қайтып кетіпті. Кейінгіде ұрпақтарын «мола бұзған
Садыбек» деп күлкіге айналдырды. Ел адамдары: «Анасы­
ның айтқаны айнымай келді» деп жүреді.
Үшінші баласы Асан туғанда: «Осы шіркін даңғой бола-

ды. Олай-бұлай жүгіріп отқа да түседі, суға да түседі» депті.
Асан деген ел болды. Бір күні түсте қымыз ішіп отырғанда
Татырау жерден бір құйын келіпті. Сонда «қымыз ішіп,
қызып отырған жігіттері Асан ауылының аттан салып жау

қаптап кетті» деп жабыла шауып, қырылып қала жаздап­ты.
Кейінде мұның ұрпақтарын ел «құйынға шапқан Асан» деп,
«Анасының айтқаны айнымай келді» деп күлкіге айналды-
рып жүреді.

Төртінші баласы—Балапан. «Осы шіркін шешен бола-
ды» дейді екен. Жылағанда тандайынан мөр көрінеді екен.
Шешендікпен он сегіз жаста би болыпты. Мұның да анасы­
ның айтқаны келіпті.

Бесінші баласы—Үсен. «Осы шіркін кербез болар» депті.
Қолына күйе жұқса, қолын шошайтып денесіне жуытпай
кешке шейін жылайды. Мұның кейінгі ұрпақтары кірпігіне

тарихи  аңыздар
кір жуытпайтын шытырайған сәнқой болды. Бұған да
анасының айтқанындай келді деседі.
Алтыншы баласы—Бөдене. Бұған қойған сыны: «Осы

шіркін батыр болар, білем» дейді. Емшегімді сорғанда
сүйек-сүйегімді солқылдатады, қолбау шыдамай, бір жастан
асқан соң өңірдің жүн терісінен істеген кеудешесін бұлқы­
нып жылағанда созып-созып тастайды»,—депті. Кейінде

Қажыбек жан шақ келтірмейтін батыр болыпты. Тарлықта
қалғандай талай ерлік істепті.

26. Бөдене мен Жарылғап

Қалмақ ханы Қоңтажыға барып, теңдік алып қайтқан­
нан кейін Қазыбектің абыройы хан Бертістен артып кетеді.
Қаракесек ішінде бұрын хан Бертістің алдына келетін ел енді
Қазыбектің алдынан тарайтын болады. Сондықтан Бертіс

Қазыбекпен өштесе бастайды. Бертіс Қоңтажының алдында
айтқан Қазыбектің:

—Уай! Ерден ердің несі артық—

Ептестірген сөзі артық.
Малдан малдың несі артық—
Бір-ақ адым жері артық.
Міндетіне алған сөзден шегінген жігіттен

Аштан өлген адамның өзі артық!—
деген сөзін де көңіліне кек алып жүреді екен. Сондықтан
Бертіс: «Қазыбектің көзін жоймай маған ел де, билік те жоқ
екен, қалайда оны құртайын»,—деп ойлайды.

Сөйтіп, айналасындағы адамдарды Қазыбекке қарсы
ұйым­дастырады. Бертісті жақтаушылардың басында Бер­
тіс­тің інісі Тілеукенің баласы Жарылғап батыр бар екен.
Жарылғап бастаған топ алдын ала өлтіруге сөз байласып,

Қазыбекті қонаққа шақырады. Сол күні Қазыбектің батыр

билер  туралы  аңыздар
інісі Бөдене мал қарап кеткен екен. Қазыбектің ақылды
қызы Маңқан мен Бөдененің қызы Нәуетек Қазыбекке:

—Сіз осыған бармай-ақ қойыңыз. Осылар сізге өшігіп

жүр еді, үйде Бөдене жоқта жазым ғып жүрер!—дейді.

—Өлімнен қорқып үйден шықпай отырамын ба?—деп

Қазыбек қыздарының айтқанына көнбей, шақырған жерге
бармақшы болады.
Сонда қыздары:

—О тілімізді алмасаңыз, мына тілімізді алыңыз!—деп,

ішінен сауыт кигізіп жібереді.
Шақырған үйге келген соң Қазыбек елді әдетінше аузына
қаратып, үйіріп әкетеді. Қазыбекті өлтіруге уәде байласқан
адамдардың өздері де Қазыбектің сөздерін ұйып тыңдап,

өлімге қимай ірік-жарма болады. Көп уақыт өтеді. Сол
уақыттарда Қаракемпір Қосымжорға дейтін кісі:

—Оны айттық, мұны айттық, бағанағыны қайттік?!—

деп қибыжықтай береді. Сол уақытта Жарылғап бастаған
бір топ қамсыз отырған Қазыбекті бас салып пышақтай бас­
тайды, бірақ ішінен қалың сауыт киген Қазыбектің дене­сі­не
пы­шақ дари қоймайды.

Бұл кезде мал қарап кеткен Бөдене батыр үйіне келеді.
Келісімен алдынан екі қыз жүгіріп шығып:

—Ағаңды дұшпандары қонаққа шақырып, кетті. «Бар­

ма­ңыз!» деп едік көнбеді, жазым ғып жүрмесін. Тезірек жете
көр!—дейді.
Қылышы қолында, айғыры астында Бөдене батыр ат­
тан түспестен жұрт жиналған жерге жетіп келсе, Жарыл­

ғап бастаған бір топ адам Қазыбекке жабылып жатыр екен.
Біреуі есіктен, біреуі тесіктен тым-тырақай қаша-қаша
жөнеледі.
Солардың ішінде Жарылғап батыр да сыртта дайын тұр­

ған Ақбоз атына міне қашады. Сонда Қазыбек:

—Үстім жеңілдеп кетті, япырмай, жалғызым келген бо-

лар ма?—деп, тысқа шығып, қашқандардың артынан қа­ра­
са, Бөдене Жарылғапты атуға садағын кезей қалған екен.
7-139

тарихи  аңыздар

—Жалғызым, сол шіркінді атпай-ақ қойсайшы! Атын

атып ашуыңды бассаң, жетер. О шіркіннің арты зүриятты
болса керек еді. Тұқымы құрып кетеді ғой!—дейді.
Бөдене садақты тартып қалғанда, Жарылғаптың ас­
тын­дағы Ақбоз аты қалпақтай ұшады, өзі жаяу қашып

құ­ты­лады. Қашып келе жатып, түйе қайырып келе жат­
қан Қазыбектің әкесі Келдібекке кездесіп қалады да, ас­
тындағы атын аударып мініп кетеді. Және атқа таласқан
қарттың бір аяғын мертіктіріп кетеді, сонда Бөдене ашу-

ланып:

—Бәлем, Жарылғап, тұра тұр! Осы қылышты сенен бас­

қаға суырмаспын!—деп серт қып қылышын қынабына са­
лады.
Осыны естіп Жарылғап елден қашып кетеді. Бұл кезде ел
Сырдың бойында екен. Жарылғап өзі секілді Кіші жүзден

қашып жүрген бір батырмен жолдас болып, Қаратауды па­
налайды. Елден мал ұрлап, тамақ асырайды.
Сол төңіректегі бір байдың ту биесі жоғалады, жерге
алғашқы қар түскен кез екен. Бай айнала із кезсе, жылқы

жатқан жерге келіп қайтқан бір жаяудың ізін көреді. Ізге
түсіп келсе бір сайда жылқы сойып, қара бақырға ет асып
жатқан екі батырға кез болады. Екі батыр байдың алдынан
шығып, құрметтеп қарсы алады.

—Ет жеңіз!—деп жаңа піскен жылқының жас етін алды-

на тартады. Ет жеп болғаннан соң бай:

—Шырақтарым, айтып та болмайды, айтпай да бол-

майды. Бүгін жылқы аралай шығып едім, ішінен бір ту
бием жоқ екен. Айнала із кезсем, бір жаяудың ізін көрдім.
Сол ізге түсіп сендерге келдім. Осының мәнісін айтшы!—
дейді.

Сонда олар:

—Алалдан жиған малыңыз екен, мінеки, өзіңізге бұйы­

рып, тісіңізге тиді!—дейді.

—Мен жаяудан басқаның ізін көрмедім, қалай әкеліп

сойдыңдар, соны айтшы.

билер  туралы  аңыздар

—Алыс жерден келіп едік, атымыз суып тұр еді. Таяу жер-

де жылқының дауысы шығып жатқан соң біреуіміз ба­рып,
жусап жатқан бір биені бас салып, арқалай алып келдік.

—Дұрыс, олай болса, балам! Өздерің екеу екенсіңдер. Бұл

біреуіңнің қонақасың болар. Таяуда шөпке қойған қу мүйіз
он екі өгізім бар еді, соның да біреуін алып кетіп жеңдерші!

—Жарайды!—деп екеуі атына мініп, байға еріп шықты.

Бай өгіздерін қорадан айдап шыққанда, Жарылғап ба­тыр
он екі өгіздің біреуіне тап беріп, бір қолымен мүйізінен, бір
қолымен қолтықтап алып аттың жалына бір-ақ салып­ты.
Бай: «өгізді жерден көтеріп алғанмен алысқа кете ал­мас» де-

ген оймен артынан ілесе жүреді.
Екі батыр бірінің қолынан бірі алып тау арасындағы
жұртына келді. Сонда бай:

—Жарайды, екеуіңе екі қонақасы бердім. Құлақпен ес­

тігеннен гөрі көзбен көрейін деп едім, көрдім, сендім,—деп
қайтып кетіпті.
Сол кезде Қазыбектің қызы Маңқанды Қаракерей Қа­бан­
бай аулына ұзатқан екен. Бұлардың арасы араз бол­ған­мен

туыстары жақын болғандықтан, Жарылғап батыр Маңқанды
іздеп барыпты.

—Мен осы аң болып, тау арасында өтемін бе? Болмаса

елді көрер күн болар ма екен?—дейді Маңқанға Жарыл­ғап.
Сонда Маңқан айтыпты:

—Менің үйге баратын мезгілім болған жоқ еді. Төркіндеп

қайтайын. Ел арасынан көп ұзамай, құлағыңды сала жүр.
Сөйтіп, Маңқан төркініне келеді. Әкесі Қазыбектің үйіне
түседі.

—Мезгілім болмай мен келіп қалып едім, сұрағаным­ды

алар ма екем?—дейді.

—Менің саған бермейтім болар деймісің? Менен сұра­ған­

ша, Бөденеден сұрасайшы!—депті Қазыбек.
Содан Маңқан Бөдененің үйіне келіпті. Бөдене ұйықтап
жатыр екен, басына келіп жылап отырыпты. Бір уақытта
Бөдене оянып кетіп:

тарихи  аңыздар

—Опырмай, қарағым, неге жылап отырсың?—депті. Сон-

да Маңқан:

—Мезгілім болмай келіп қалып едім, сұрағанымды ал­

сам, жер үстімен жарқырап қайтамын ғой. «Әгерде ала алма­
сам, жерді астымен кетемін бе, үстімен кетем бе?» — деп, —
жол таба алмай отырмын!—депті.

—Жарылғаптан басқаның бәрін ал!—депті Бөдене.

Сонда Маңқан аяғын көсіліп1 жіберіп жылаған екен.

—Берсең, атын атамай берсең етті, атын атап бергенің

неғылғаның?—депті.
Сонда Бөдене батыр қыздың бетіне қарап отырып-оты­
рып:

—Пай-пай! Қыз жау деген осы-а! Дұшпанымды сұра­дың-

ау! Сені ренжітпеспін деуші едім, сен жылаған соң жаты­рым
аяғымның басына түсті ғой. Еркектің де жатыры бо­лады
екен-ау! Жарайды, алшы-алшы!—депті.
Маңқан қуанып көзінің жасын тыйып, Жарылғапқа кі­сі

жібертіпті. Жарылғап қасына бес-алты кісісін ертіп Қазы­
бектікіне келіпті. Қазыбек қан тілемейтін кешірім­ді адам,
Қазыбектің кешіретінін біліп, Қазыбекті ертіп Бөдененікіне
келіпті. Аттан түсе қалып, Бөдененің аяғына бас киімін са-

лып, жүресінен отырып қолын алады.
Сонда Бөдене көзін алартып, Жарылғаптың қолын қы­сып
қалады, Жарылғаптың түсі бұзылып кетеді, қолын босат­қан
соң орнынан зорға тұрып барып, бір бұрышқа отырады.

Бөдене қылышын қынынан бір алып, бір салып Жа­рыл­
ғапқа қарай береді. Жұрт «мынау бүлдірейін деп отыр ма»
деп Қазыбекке жалтақ-жалтақ қарайды.

—Не істер дейсіңдер, қауіптенбеңдер, сертін орындап

отырғаны шығар!—депті Қазыбек.
Сонымен табысып тарапты. Сол кезде Жарылғап өз үйіне
келіп жатқан екен. Сонда әйелі:
1 Ол кезгі әдет бойынша, қыз аяғын көсіліп жылау «бұдан кейін

көрмеймін» дегендей ауыр жылау болады екен.

билер  туралы  аңыздар

—Япырмай, сен осы жолы Бөденемен табысып келдің,

білем!—деп айтпай білген екен. Өйткені Бөденемен араз­дас­
қалы бері Жарылғап үйіне жасырынып келіп тұрғанмен,
төсектеп қалған екен.
* * *

Қазыбекті тоқсан төрт жасында Кіші жүз сауын айтып
асқа шақырыпты.

—Қазыбек осы асқа қатыссын, әгарда қатыспаса, хал­

қымыз түгелдей өкпелейді,—депті.
Сонда Қазыбек осы асқа барарын да, бармасын да білмей
сол түні төңбекшіп, кейіп шығыпты. Қазыбек Сырымбет де-
ген кіші баласының қолында екен. Сырымбет мұны біліп,

Бекболатты шақыртыпты. Бекболат Үшқара тауында оты­
рады екен, қасына 25 кісі ертіп келіпті. Келгеннен кейін Сы-
рымбет ағасына:

—Әкең түнімен кейіп шықты, кісі деп маған сырын айт-

пайды. Неге кейігенін сен сұрашы!—дейді. Сонда Бекбо­лат:

—Әке, түнімен неге кейідіңіз, неге кейігеніңізді ай­ты­

ңызшы!—депті.

—Саған біреу айтты ма, кейігенімді қайдан білдің?—

дейді Қазыбек.

—Сіздің тынышыңыз кеткен соң, менің де тынышым

кетіп келдім,—депті Бекболат.

—Жарайды, менің тынышым кеткенін білсең, туған

екенсің. Кіші жүз сауын айтып, ат қойып асқа шақырып
отыр. Соған бармасам, халық ренжитінін айтады. Барсам,
кешегі өзім тұстас Төле би, Мама би, Қаражігіт би жоқ, мені
кім таниды, кіммен сөйлесіп отырамын. Соны ойлап тыны-

шым кетіп шықты!—дейді.
Сонда Бекболат:

—Бізді де кісі деп ел жұрт билетіп жүр ғой, олардың да

біз сияқты ел билетіп қойған кісілері бар шығар. Солармен
де сөйлесерміз,—дейді.

тарихи  аңыздар

—Сонда сен менің барғанымды ұнатып тұрсың ба?—дейді

Қазыбек.

—Мен ұнатамын барғаныңызды.

—Сен ұнатсаң, ендеше, менің жабдығымды жасап, жүр­

гіз!
Сонымен, Қазыбекті ат-тонын сайлап, арбасын дайындап,
алып жүріп кетіпті. Орта жүздің шекарасынан шығып, адам-
дар басын қосқан соң Қазыбек кісілердің шамасын сұрапты.

—Бес жүз шамасында кісі келе жатыр,—депті.

—Аса көп емес екен. Олай болса, менен туған бес бала бы-

лай шықшы,—деп оңаша шығарып алып,—менің қолым­ды
халық көп көтертуге тиіс, әркімнің әртүрлі тілегі бар ғой.
Менен туған балалар осыдан сендер дүние, мал үміт қыл­
маңдар, менің өлер алдындағы кебінім ғой. Халық ырымдап

бөліп алсын!—дейді.
Сонымен, бұлар Кіші жүзге барып, асқа қатысыпты.
Қазыбектің батасын алып, жұрттан бес-алты жүз жылқы,
жүз елудей түйе түсті. Халық қайтып шекараға келіп,

тарқайтын жерде Қазыбек Бекболатқа:

—Осы малды халыққа үлестір, біреуі наразы болып

кетпесін,—дейді.
Бекболат малды иіріп тұрып халыққа бөліп береді.
Бір отыз-қырық қара қалған кезде кенже баласы Сырым-
бет тұрып:

—Елдің бәрі алып жатыр, бізге дәнекенің керегі жоқ

па?—депті. Сонда Қазыбек Бекболатты шақырып алып:

—Мына көпшіліктің ішінде құр қалған наразысы бар ма?

Тағы да бір рет айқайлап, құр қалғаны болса, берші!—дейді.
Бекболат жар салып айқайлап, тағы да он-онбес мал
үлестіреді. Қалған жиырма шақты қарасын Сырымбетке
бергізіп:

—Сырымбет, өлер алдындағы кебінімнен сен де алдың

ғой, атың да, атағың да, көлемің де өзгесіндей болмасын,—
депті.
Сырымбет кейін өспей, шағын ауыл болып келді.

билер  туралы  аңыздар 27. [Тіленші туралы]

Қаз дауысты Қазыбек Қоңтажының сыйға берген сол
қызын өзінің ұлы Бекболатқа қосқан екен. Кейін оған бір
ұл, бір қыз туады. Бәйбішеден тоғыз ұлы бар Бекболат би
жаңағы ұл перзентінің атын—Тіленші деп қойғызған.

Күндердің бірінде Орта жүз ханы Абылай көп нөкерімен
Бекболат бидікіне келеді. Себебі қаз дауысты Қазыбек би
көзі тірісінде Абылай ханға ықпал жасап отырған.
Ал Қазыбек дүния салған 1764 жылдан былай Шан-

шар абыз әулеті Қазыбек тұқымымен хан арасында қыр­
ғи-қабақтық күшейеді. Абылай қарашасы Ботақанды бей­
кү­нә өлтіріп, Жанайды тұтқындатқанда намыстанып,
қа­ны­на қазған Бес мейрамнан үш мың арғын қарсы көтеріл­

ген. Хан дәті шыдамай өлгеніне құн, айып-ажын төлеп,
тұт­қындатқанын босатып, әрең құтылыпты. Онан кейін
Бекболаттың көп ұлының біреуі Абылайдың бір үйір тұлпар
текті қысырағын ұрлап әкетіп, Бекболат би бұл қиян-кескі

дауда ұрыны шешендікпен қорғап, ханға тоғыз айып төлеп
табысқан.
Абылай ханның Бекболат биге бүгінгі келуінің түп та­
мыры—енді жауласпау, елдесу қамы еді. Қонақасы жел-

ген соң би аңысын аңдап, ханнан сыр тартады. Абылай хан
көңіл-күйін елжірей шертіп:

—Әкең Қазыбектің киелі әруағына тозаң жуытпай, әділ

би атанып келдің, Беке! Жасың ұлғайды. Енді өзіңнен туған
он ұлдың бірін орныңа би сайлағалы келдік. Қайсысына
батаңды бересің?—дейді.
Бекболат би шарт жүгініп, көзін жұмып, сақалын сипай

беріпті. Әкесі бәйбішенің тоғыз ұлының бірін атайын десе,
бәрі ынжық, тоқалдың ұлын атайын десе, азулы бәйбішеден
именеді. Осындай тұйыққа қамалып отырғанын тоқал­дың
қызы бірден аңғарады да шымылдығын көтеріп тұрып бы-

лай дейді:

тарихи  аңыздар

—Япырм-ай, би атамның шалқуын-ай, толқуын-ай,

әжем­нен қорқуын-ай! Би атам әжемнен қорықпаса, айт­пай­
тын несі бар. Тоқалдан туды демесе, біздің Тіленші­жан­­ның
ел билемейтін несі бар?
Би көзін ашып жіберіп:

—Дұрыс айтасың, қарағым! Сол немеде үмітім бар еді.

Қоңтажы хан бізге шешеңді қулықпен берген. Тек, наға­шы­
сына тартып кетпесе,—деп бәйбішеге жалтақтай береді.
Бәйбішеге іле тіл қатыпты:

—Неге, ата—бас, бала—мойын. Қаз атама тартады. Рас,

сол немеге менің де үмітім бар. «Арғымақтың баласы аз от­
тап, көп жусайды, адам болар бала аз ойнап, көп ойлайды
деуші» еді. Би сенің бозатан атың бар еді. Тіленшінің екі
тайлақ аты бар еді. Менің түсімде сол екеуі көгалға шөгіп, көп

жу­сап, аз ойнақтайтын. Өрісте өзгермесе,—деп тоқтайды.
Абылай хан Бекболат пен бәйбішенің пікірін, қыздың
ұсынысын дереу ой таразысына тартып, Тіленшіні ша­қыр­
тады. Ханның емеурінімен Жанақ ақын баланы қарасуда

қой тоғытып жатқан қойшы-қолаңдар ішінен кездестіріпті.

—Қаз атамның ел үміттенген немересі бола тұрып,

батпаққа былғанып жүргенің қалай?
Жанақтың бұл тосын сұрауына он бес жасар Тіленші то-
сылмай жауап береді.

—Қой тоғытысуымның екі мәні бар. Бірінші, би атама

күнде бірнеше даугер жүгініске келеді. Атам солардың сы-
рын табалдырықты аттағанда-ақ сезіп, бай болса, төрлетті­
реді де, кедей-қоқсы болса, «арызыңды босағаға отырып-ақ
айт!» дейді. Шіркін, осы атам өліп, не тірісінде билік ме­нің

қолыма бір тисе, ешкімнің байлық, жоқтығына қарамай,
алдыма қатар жүгіндірер ем. Олар қысылмай шындықты
айтқанда, мен әділ төре берер ем-ау!
Екіншіден, мен атадан—он, енеден—жалқымын. Тоғыз

ағамның тобығымнан келер біреуі жоқ. Ертең елдің дау-
дамайы менің алдымда сарапқа түсе қалса, атамнан қорқып
көкейтесті мүддесін айта алмай сорлайтын мына қойшы-

билер  туралы  аңыздар
қолаңдар менен именер ме? Халықты осы бастан бойыма
үйір қылғым келеді,—депті Тіленші.
Жанақ іштей сүйсініп:

—Абылай хан сені іздеп отыр, кәне, мінгесе ғой, атаңнан

бата әперейік,—дейді.
Тіленші көнбей:

—Артқа бөктеріп, қанжығаға байлайтын мен аң ба

екем?—деп үйге жаяу келген.
Бар оқиғаны естіген соң Бекболат баласына хан алдын­да
батасын беріп, Тіленші би сайланған екен.

28. Әйтеке бидің мықтылығы

Пір сайлау жұмысына кіріскенде Төле би өзінің ғұла­ма­
сы Мағзаманды, Қазыбек би Ер Сейтпембетті, Әйтеке Мүсә­
ліні (кейінгі лақап аты—Сұпыәзі) өздерімен бірге мәжіліс­ке
ала келеді. Пір сайлау мәжілісіне бұлардан басқа молда­лар

мен ишандар, айбынды батырлар мен билер, сөз зергері ше-
шендер қатысып отырған. Пір сайлауында адам көптің ал-
дында өзінің кереметін көрсетуі керек. Кереметі басым адам
ұлық пір болып сайлана алатын болған.

Тәртіп бойынша үш бидің ғұламасының кереметі сына-
лып болғаннан кейін, ең мықты дегенін ғана пір сайлауына
жарамды деп шешіледі. Бұл әр бидің өздерінің ғұламасын
құр бекер мақтап, ұсына бермесін деген ойдан туса керек.

Керемет көрсету жөніндегі ұсыныс Әйтеке биден шыққан
болатын. Оның бұл ұсынысы көптің ішінен қолдау табады
да, Әйтеке халық алдына бір буаз сиыр әкелдіреді. Сосын
ғұламаларға қарап:

—Сиырдың ішіндегі бұзаудың түрін, түсін, жынысын

және қандай күйде жатыр соны көпке бұлжытпай айтып
бересіңдер! Сиырды сойып, бұзауды алғанда қайсысының
сөзіне бұзаудың түр-түсі дәл келсе, сол үш жүзге Ұлық пір
болып сайланады,—дейді. Бұған үш би келіседі.

тарихи  аңыздар
Алғашқы болып Төле бидің ғұламасы шақырылып:

—Мынау сиырдың ішінде қандай бұзау жатыр? Оның

түрі, түсі және жынысы қандай? Соны мына көпке айтып
бер,—дейді үш би. Мағзаман сиырға қарап тұрып:

—Бұл сиырдың ішінде: қара, ұрғашы, ақтөбел бұзау

жатыр,—деп тоқтады.
Қазыбектің ғұламасы Ер Сейітпамбет сиырға қарап
тұрып:

—Мына сиырдың ішінде ұрғашы, қара бұзау жатыр деп

кідіреді.
Бұдан соң үшінші болып Әйтекенің ғұламасы Мүсірәлі
сиырды көзімен бір рет сүзіп өтті де көпке қарап:

—Бұл сиырдың ішінде ұрғашы, қара, ақ құйрық бұзау

жатыр,—дейді.
Үш ғұлама көре көзге үш түрлі сөз айтқанда отырған
көпшілік куәгер болады. Осыдан соң сиырдың ішін жарып
бұзауды алып қараса, бұзау—ұрғашы, қара, ақ құйрық.

Бұл Мүсірәлінің айтқаны еді. Сондықтан халық бір ауыз-
дан ұлық пірге Мүсірәліні сайлады. Мүсірәлі өзінің озық
көргендігімен үш жүзге Пір болады.
Енді осы Пірді елге алып кетуге де үлкен талас болады.

«Үш жүзге ортақ болғандықтан, Ұлық пір Орта жүзде оты­
ру­ы қажет»,—деп отырып алады Қазыбек. Төле би мұны
қуат­тайды. Әйтеке Мүсірәліні қалайда өзімен бірге алып
кету үшін оларға тағы да ұсыныс қояды.

—Ертең үш жүз әрқайсысы өзінің еліне қарай қосынын

көшірсін. Біз Мүсірәлімен төртеуіміз төбенің басында
тұрайық. Көштің қарасы үзіліп кеткесін Мүсірәлінің атын
бос жіберейік. Ат қай жүздің көшінің артынан еріп кетсе,
Мүсірәлі де сол жүзге кете берсін,—дейді ол. Қазыбек пен

Төле би бұған қосылады. Ертеңіне дәл осылай жасағанда
Ақша ат Кіші жүздің көшінің артынан құйындатып шауып
кетеді. Мұны көрген Әйтеке:

—О, садағаң кетейін, әулием!—деп Мүсірәліні құшақ­тап

тағзым етеді.

билер  туралы  аңыздар
Тұрып қалуға ұялып, ана екі би де Мүсірәліге қол бе­
ріп еңкейеді. Сөйтіп, үш би татулықпен тарқасып, Әйтеке
Мүсірәліні қасиетті қара шаңырағына әкеліп қондырған

екен. 29. Әйтеке би

Үйсін Төле бидің Қалманбет деген ұста қоңшысы болып­
ты. Төленің үйінің сыртында табиғи өсіп тұрған қисық
қайың­ды кесіп алып, өзіне ер соғып алады. Ер біткен соң,
әдемі­лі­гі­не қызыққан Төле би:

—Иә, Қалмамбет, бұл ер менікі болады. Себебі бұл қайың

менің үйімнің сыртында өскен, көп болғанда істеген ақың­ды
аласың,—дейді.
Қалмамбет:

—Дүниенің жүзінде қисық қайың жалғыз осы ма?

Ұнатқан ағашты кес те, ер жасап ал, бұл ерді бермеймін,—
деп шалқаяды.
Ерді өзінше ала алмайтынына көзі жеткен Төле:

—Онда мына қоңсылас отырған Кіші жүз еліне барып

төрелесейік,—деп екеуі аттарына мініп, ерді қанжығаға
байлап алып жолға шығады. Былай шыққан соң Төле би:
«ойпырым-ай, бір ер үшін жүз асып төрелікке барғаным жөн
болмас, жол-жөнекей ұшырасқан адамның төрелігімен-ақ

бітісейін» деген оймен:

—Уа, Қалмамбет, анау алдымызда көрінетін көп қара

Кіші жүздің жайылып жатқан малы болса керек. Сол
малдың ішінде қандай да бір адам бар шығар. Сол адамға ба-
рып төрелесек, сен тұрасың ба?—дейді.

—Сіз тұрсаңыз, мен тұрдым,—деп жауап береді. Сөйтіп,

бұлар жайылып жатқан үйір-үйір жылқының ішіне келсе,
мал бағып жүрген жайдақ тайға мінген бір бала екен. Бала
тайынан түсіп келіп, жасы үлкен адамдарға сәлем береді.
Сәлемнен кейін Төле мен Қалмамбет:

тарихи  аңыздар

—Мына ерге таласып келеміз. Жөні осылай-осылай,—

деп жасырмай барлық жағдайды айтып, өздерімен таныс­ты­
рып өтеді.
Бала:

—Екеуіңіз де әкемдей үлкен кісілерсіздер. Төрелік бі­

реуіңіздің пайдаңызға шешілсе, екіншіңіздің көңіліңіз қа­
лып қояды. Мені қойып мына тұрған ауылға барып өз­дері­
ңіз қатарлы адамға төрелесіңіздер,—деп бала жуытпайды.
Баланың кішіпейіл, ақылды сөзі таңғалдырып:

—Қарағым, «қой асығы демеңіз, қолға жақсы сақадай,

жасы кіші демеңіз, ақылы жетсе, атадай» деген, өзіңе тұр­
дық, айт төрелігіңді,—деп жатып жабысады. Жабысып бол­
маған соң бала:

—Олай болса, екеулеріңіз де тымақтарыңыз бен қам­

шыларыңызды беріңіздер. Аузыма түскенімді айтайын,—
дейді. Қамшы пен тымақтарын алып, екеуінің қамшысын
екі жағына шаншып, ортасына жаңағы ерді қояды. Сонан
соң:

—Қапталың—қайың, қасың—тал,

Қалмамбет соққан бір ерсің.
Үйсіннен шыққан Төлесің,
Адамсып жүрген немесің.
Қасыңдағы көршіңмен

Қу ағашқа таласып,
Не бетіңмен келесің?
Нәпсіңе беріп ерікті
Өтірікке жан берсең,

Зәузатыңмен күйесің,—
деп ерді лақтырып тастап, бала тайына мініп, малын қайы­
руға тартып отырады.
Төреліктен жеңілген Төле би бетініп қалып, төрелігімен

таңғалдырған баланың аты-жөнін білуге артынан барып
сұрағанда, ол:

билер  туралы  аңыздар

—Атым—Әйтеке, руым—әлім, Алшын атаның баласы

боламын,—деп жауап береді.
Міне, сол күннен бастап Кіші жүз алшыннан шыққан
Әйтеке би Ұлы жүздің Төле биінің, Орта жүзде қаз дауысты
Қазыбек бидің қатарына ілесіп, атақты би болған.

30. Әйтекенің жекпе-жектегі жеңісі

Жоңғар әскерлері үнемі күтпеген жерден қазақ даласы-
на жойқын шабуыл жасайтын. Сондықтан да әр шабуылы
бейғам жатқан қазақ ауылдары үшін шексіз ауыр соғатын.
Әр ауылдың азаматтары хабарланып, тізе қосып үлгермес­

тен қалың жауға дара-дара соғысатын. Көптің аты—көп:
көзсіз ерлер нөпір жауға төтеп бере алмай, майдан даласын­
да қапыда шейіт кетіп жататын. Ат жалын тартып мінер ер­
кек кіндік қалмаған ауылдар ауясыз тоналып, өртелетін.

Мал-мүлік жау қанжығасына ілініп, қыз-келіншектер әйел­
дік­ке, күндікке әкетілетін. Ойламаған жерден өрт боп тиген
жау қашан қазақ ауылдарына жаппай хабар барып, батыр­
лары қол жинап, қарулы қарсылық көрсеткенше, дала­

мыз­ға тым бойлап еніп үлгеретін. Жау ізінде аңыраған ана,
шырқыраған сәби, шашын жұлып, бетінен қанды сорасын
ағызған жесір, шұбалған шаң, жалындаған өрт, шудалан­ған
түтін қалып жататын.

Бейғам жатқан ауылдарға аш бөрідей тиіскен жау
өздері­не қарсы асығыс аттанған үркердей-үркердей
шағын қазақ жасақтарын таудан құлаған топан судай
жұтып, ілгерілей берді. Сол екпіндері Нұрата тауына

жеткенше толастамады. Бұрын қайраты кесек бітімі­
нен ғана байқалатын, бірақ бұрын-соңды беліне қару
тағынып, жауға қайрат көрсетпеген Әйтекені ол кез-
де сол аймақ айыр тілді шешен, кемел ақыл иесі, қара

қылды қақ жарған әділ би деп қана танитын. Бұл жолы
Самарқан төңірегіндегі Алшындардан асығыс жиналған

тарихи  аңыздар
бес мыңдық қолды Әйтекенің өзінің басқаруына тура
келді.
Әйтеке бес мыңдық қолмен қалың жауға Нұрата мен

Қыз-Бибі төңірегінде бетпе-бет келеді. Жоңғарларды бастап
келе жатқан бұл жолы Қалдан-Бошақтының өзі екен. Екі
жақ бір-біріне жақындай бере, жоңғар ханы суырылып алға
шығады. Әйтеке де кідірмей өзгелерден ат басын оздырып,

алға ұмтылады. Бұрын Тәуке ханның сарайында бір қайыра
ұшырасқан екеуі бір-бірін жазбай таниды.
Қалдан-Бошақты бірден өктем, өпірем тиісіп, кекете-
мұқата айбар шегеді.

—Әй, Әйтеке, сені қазақтар бұрын «Айыртау» ұранды,

айыр тілді би демеуші ме еді. Қатындарың қылыш ұстай­
тын бір ұл тумағаны ма?

—Қазақтың қай-қай ұлының да қамшысын жеген қал­

мақсың ғой,—дейді Әйтеке.—Бұл жолы биінің қам­шысын
татып көр! Мүмкін, ақылың осыдан кейін кірер!

—Сенің басың менің қанжығамда бүгін. Ханыңнан бас­

тап талайыңның басың мына менің қанжығамда екенін
ұмытайын деген екенсің, қу жақ би!

—Салқам Жәңгірдің қапыда қалғаныңа масайрап, бұ­

тыңды көп көтере берме! Күлін шашқан көк долы қатын
құсап салғыласа бермей, соғысатын қаруыңды таңда! Сосын
менің сенен жасым үлкен, кезегімді бер!

—Сен менен үш-ақ жас үлкенмін деп бұлыңды өткізе

алмайсың. Менің жолым үлкен. Мен—ханмын, сен—қара­
сың. Кезек—менікі!

—Оныңа да көндім. Қырып кететін болсаң, ал баста!

—Ажалыңа асықпа! Біз екеуміз әуелі сөзбен сынасып

көрелік. Әйтпесе, қазір қаның суша шашылған кезде сенің
шешендік, сыншылық өнеріңді көре алмай қалармын.
Әйтеке:

—Біз қай-қайсысына да әзірміз.

Қалдан-Бошақты:

—Онда сен мына менің қай атамнан хан екенімді айтшы!

билер  туралы  аңыздар

—Сенің қара басың ғана хан. Арғы аталарың тексіз құл.

—Оны немен дәлелдейсің?

—Жаңа жекпе-жекке шығып келе жатып, арт жағыңа

үш қайыра жалтақтадың. Текті хан сен секілді жан-жағы­на
жалтақтамас болар!

—Бұл сөзің дәлел емес. Қазымырдың қызыл сөзі.

—Онда сені шешеңнің қазіргі әкем деп жүрген кісің­

нен емес, есігіндегі құл қытайдан тапқанын қалмақтар ғана
емес, бүкіл қазақтар біледі.
Осындай сыбысты бұрын да өз жұртының арасынан
құлағы шалатын Қалдан-Бошақты түнере түсіп барып, мүл­

дем мұндай әңгімені құлағына ілмеген сыңайда, тез бойын
жинайды.

—Сен секілді айдаладағы тілін сауып, күн көріп жүрген

тексіздің сөзі маған сын емес! Енді сен мына менің астымда­
ғы атыма сын айт!

—Атың—жүйрік, ойға-қырға бірдей. Күні-түні жорт­саң,

бүйір қақпайтын мықты. Бірақ бәрібір таза қанды арғымақ
емес. Есекке шатысы бар.

—Дәлелде!

—Таза қанды арғымақ қоңыраудай күңгірлеп кісінер бо-

лар. Ал сенің атың жаңа ішін тартып, үсті-үстіне азына­ды.
Бүйтіп есек қана қышқырады.
Қалдан-Бошақтының астындағы аты әу баста шынында
арғымақ тұқымы екені рас-ты. Бірақ, мықты болады деп,

құлын күнінде есекке телігені де рас-ты.
Қалдан-Бошақты қан жұтқандай боп, тас мүсінге ай­нал­
ғандай сілейген күйі қолынан найзасы төмен түсе бе­ріпті.
Ханның қаралай масқара болғанын көрген мыңбасы­ның бі­

рі «Қаула! Қаула!» деп әмір береді де, қалмақтар лап қойып,
жан алып, жан беріскен қан майдан басталып кетеді.
Бірінші күні күші басым жауға Әйтеке қолы төтеп беріп
бағады.

Екінші күннің өздеріне ауыр соғарын білген бір қазақ
сарбазы кешке таман өтірік аттан ауып қалғансып, жау қо­

тарихи  аңыздар
лы­на түседі. Қалдан-Бошақтының алдына барғанда ол:
«Әйте­кеге Самарқаннан, Бұқара, Керминеден қарулы көмек
келе жа­тыр, алды таң алдында жетеді» деген өтірік мәлі­

мет береді. Бұған иланған және Самарқан мен Бұқарадан
ылғи мылтықты жасақ келетінін білетін Қалдан-Бошақты:
«Жаман хабар жеткізгені үшін» әлгі сарбазды қазыққа
отырғызып өлтіреді де, таң алдында әскерінің басын негіз­гі

күші жатқан Сайрам жаққа бұрады. Оларға қуа жүріп соқ­қы
беруге күші аз қазақ жасағының қауқары жетпейді.
Кейін бел шешіп, тыныс алған сәтте бір сардар Әйтеке­ге
реніш білдіреді.

—Найзасын төмен түсірген сәтте қалмақ ханын неге

шауып тастамадыңыз! Ханы өлген қалмақ одан әрі бізбен
соғысып жарытпас еді.

—Ол—хан. Мен—қарамын. Сөйте тұра, сөзім сүйегінен

өткен кезде хан екенмін демеді, жау екенмін демеді. Уәжге
бөгеліп, қаруын төмен түсірді. Қару кезенбегенді өлтіре са­
лу—қарақшы мен тексіздің ісі.
Иілген басты қылыш кеспейді. Менің сол жерде қалмақ

ханына қару көтергенім—қазақ деген халқымның беделіне
қарсы қару көтергенім емес пе?! Одан кейінгі менің билік
сөзіме жат түгіл, жақыным да көнбес еді,—дейді Әйтеке.
Сонда да әлгі сардар қарсы дау айтып бағады. Оған рен­

жіген Әйтеке:

—Ақылды жау сені көкке көтерер, ақымақ дос сені көрге

итерер.
Ақылды қасыңнан қорықпа, ақымақ досыңнан қорық
деген осындайдан шыққан екен-ау!—деп бұрылып жүре
беріпті.

Сөйтіп, тапқырлығымен, батылдығымен, көрегендігімен
исі қазақты ғана емес, ата жауды да мойынұсындырған
Әйтеке жекпе-жекте ешбір қантөгізсіз жеңіске жеткен екен
деген аңызға бергісіз ақиқат ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып,

бізге де жетіпті.

билер  туралы  аңыздар 31. Әйтеке бидің қазасы

Бүкіл кіші жүз жаңа қонысқа қазіргі Қазалы өңіріне
кө­шіп келіп орналаса бастағанда Әйтеке би өзіне қарас­
ты ағайын-туыс, тумаларымен Бұқараның маңын қыстап
қалады. Ол жерде қалуының мәнісі: бір шеті қоңырат елі,

екінші шеті Үргеніш-Хиуа елі аралығында ыдырап көше
алмай қалып қойған Кіші жүздің халқын бір жерге жи-
нап, келесі жазда осы жерге алып келіп басын қосу еді.
Осы мақсатымен Әйтеке қысты сол өзінің отырған жерінде

өткізеді.
Жаз шыға бытыраңқы отырған әлім, шөмен ауылдарын
бір жерге жинап шоғырландыра бастайды. Көктемнің аяғы­
на дейін бұл жұмысты бітіріп, көшіруді бастауға санаулы

күндер ғана қалады. «Ертең бір күн көшеміз» деп отырғанда
Қарақалпақ жеріне барып, ақ жүгері алып келген өзінің бір
жақын інісі:

—Мынау базарлығым, аға,—деп үлкен бекірені Әйтеке­

нің үйіне әкеліп тастайды. Бұзылмасын деп аздап қана
тұз сепкен бекіре бабында екен. Жеңсік асқа кім-кімнің де
құмар болатыны анық. Бекіреге құмартқан бәйбіше бекі­рені
кеспелеп асады. Үйлес отырған көршілерінің үлкенді-кі­ші­

лі адамдарымен бірге бекіренің етін Әйтеке де жейді. Дәмді
асты отырғандармен таласа жеген Әйтекенің тамағына ке-
нет бекіренің арқасындағы жиегі егеу тәрізді түрпіленген
үш қырлы тасы қадала қалады. Әрі-бері жұтқыншағын

тоғығанмен, қылқан шықпайды.
Арада бір жеті уақыт өтеді. Әйтекенің тамағынан қылқан
кетпей, ауруы меңдей береді. Күн өткен сайын науқас­тың
ахуалы кеми түседі. Үшінші жетіге қарағанда Әйтеке сөз­ден

қалады. Сыбырлаған сөзін тек басында отырған бәйбіше­сі
ғана есітеді. Ол да анық емес, күмілжі. Әбден талықсы­ған
Әйтеке басында отырған бәйбішесіне «мені, ме-ні Мыңтө.
бе..дегі Сейіт..баттал.. әу..лие мен Зәң..гі ата әулие.. ге

апа..рып қойың.. дар. Мен біт..тім»,—дейді демі бөлініп.
8-139

тарихи  аңыздар
Сол күні кешкі іңірде Әйтеке сабырлы қалпымен жатып
жан кешеді.
Халық үш жүздің үш биінің бірі, кіші жүздің кемеңгер

данасы, адастырмас темірқазық жұлдызы, аяулы Әйтекесі­
нен айрылған соң жақын жерде отырған ауыл-ауылға ат шап-
тырып, хабар беріледі. Екі күн өтіп, үшінші күні Әйтеке­нің
мүддесін арбаға салып, Мыңтөбеге қарай алып жүреді. Со-

нымен Кіші жүздің дара биі, асқар таудай биік шыңы, дана
басшысы Бәйдібектің ұлы Әйтеке елу жеті жасында Бұқара
аймағында дүниеден қайтыпты.
Бүкіл Кіші жүз өлімін естігенде аза тұтып, небір шырын

тілді шырайлы сөзбен еске түсіріп жоқтайды. Қаралы ту
көтереді. Әр жерде мал сойылып, аяулы азаматының рухы-
на арнап қонақасы беріледі. Өздері ардақтаған әділ биінің
қаралы азасына қатыса алмағандарына қатты қайғырып,

өкінеді. Бір жеті жол жүріп, Әйтекенің мүрдесін сол кезде
Мыңтөбе деп аталған жердегі Зәңгі ата мешітінің іргесіне
әкеліп жерлейді.

32. Емеуір (Абылай ханмен ишараттасуы)

Абылай (Әбілмансұр) жас кезінде Төле бидің түйелерін
бағып жүреді. Бірде ол қазақ батырларының қару-жарақ­
тарын асынып, аттанып бара жатқандарын көреді дағы, құс­
тай ұшып Төле биге келеді.

—Ағатай, батырлардың қатарына мені де қосыңызшы?—

дейді.

—Батырлар сенсіз-ақ жол табар, түйелеріңді баға бер­

сеңші, жазған!—дейді Төкең. Намыстанып кеткен бала ба-
тыр:

—«Ер жігіт үйде туып, түзде өлер» деген емес пе, ата,

мықтаса, бір оқтық шығармын, сынап неге көрмейсіз?—
дейді қайсарланып.

билер  туралы  аңыздар
Төле би аттануына ризалығын білдіреді. Масаттанған
Абылай әп-сәтте ерттеулі тұрған атқа қарғып мініп, ба­тыр­
лардың артынан жөнеп береді. Жөнеп бара жатып артына

бұрылса, Төле бидің жанында тұрған Ескелді басындағы
бөркін алып, беліндегі белбеуін көрсетеді. Тілін ұстайды.
Абылай «ұқтым» деген ишарат жасап, шаба жөнеледі.
Содан не керек, Абылайды ерткен батырлар жауды же­

ңіп қайтады. Сұрастырса, сол жолғы асқан ерлікті көрсеткен
Абылай болып шығады. Ол жорыққа аттанардағы Ескелді­
нің ишаратын түсініп, қалтқысыз орындаған екен.
Есекеңнің бөркін шешкені—басыңа қилы-қилы қиын­

дық туар, соған шыдап бақ. Жаудың шебін аларда белің­де­
гі белбеуіңді жалау етіп, ұрандап шап. Қай жерде де тіліңе
абай бол деген емеуріндері екен.
Абылай ақ киізге отырғызылып, хан көтерілгеннен кейін

де Ескелдінің ақыл-кеңестерін көп тыңдаған дейді халық
зердесі.

33. Абылайдың іздеттіруі

Абылай да Ескелдіні ес тұтқан. Бірде қалмақ бас­қын­шы­
лары жауынгерлерінің жойқындығын, дүбірлі екенді­гін сез-
ген Абылай сарбаздарына:

—Қыспаққа түскелі тұрмыз-ау, бас көтерер ер азаматты

түгел жинаңдар. Осы маңда өзі батыр, өзі мерген, ақылы
алғыр, сөзге шешен, елге көсем, ұлы жүз Жалайырының
Ескелді атты азаматы бар. Сол батырды алдырып, бір жасаққа
қолбасы жасаңдар,—деп нұсқау береді.

Ескелдінің де тепсе, темір үзетін, айбынданса, орда
бұзатын кезі екен. Абылай хан қолқа салған Ескелді қап­
таған жау жасағына тойтарыс беруге бірден аттанады. Қал­
мақтардың алғы тобының қалың шебіне қырғидай тиіп, бе­

кіністерін талқандап, жеңіске жетеді.

тарихи  аңыздар
Ескелді бастаған ел қорғаушылар Іле, Бақанас бойында да
жоңғарлардың жойқын күшіне қарсы шығып, елі мен жерін
азат еткен. Онан кейін Қабанбай батырдың қолына қосы­лып,

жоңғарлардың есін жиғызбай қатты соққы беріп, шекара­дан
асыра қуған.
Іле өзенінің солтүстік жағалауы мен Балқаш көлінің
бойындағы, Текелі тауы мен Қапал қырындағы жоңғар шап­

қыншыларын талқандауда да Ескелді бастаған сарбаздар
ерлігі ел есінде көп сақталып, ескі шежірелердің арқауына
айналған.

34. Ескелдінің елшілікке баруы

(Абылай ханның Ескелдіні алдыруы)
«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» Абылайдың жас
шағында басталған. Абылай Уәлиұлы 1750 жылы Орта жүз­
ге хан болған. Оны хан етіп көтерушілердің ішінде: Жүз­әли,

Қараша, Әбілқайыр, Ақтанберлі деген билер мен сұлтандар
қатысқан.
...Бірде қалмақтар көп қол жиып, Абылаймен тағы со­
ғысқан. Абылай дағдарып, сасып, жау жағы басым болып, не

қыларын біле алмай, ел басшылары, билер мен батырла­рын,
ақсақалдары мен қарттарын жиып алып, кеңес құрады.

—Ақыл тауып беріңдер, не істейміз?—дейді. Сонда бір

қарт тұрып:

—Бізде айла да, ақыл да жоқ, солай болса да, қырғынға

ұшырай бергеніміз жарамас, соғысты біраз жылға тоқтата
тұрудың жолын ізделік. Мына Ұлы жүз Жалайырдың ішін­
дегі Сиыршыдан шыққан шарапатты Ескелді Жылкелді­ұлы
деген би бар. Соны алдыралық,—дейді.

Абылай дереу Ескелдіні алдырады. Сонда ол:

—Саспаңыз, ханым, маған жөн білетін елу адам қосып

беріңіз. Қалданды мен тоқтатып берейін,—дейді. Сөйтіп, ол
елу адамды соңына ертіп, елшілікке жүреді.

билер  туралы  аңыздар
Барса қалмақ ханы оны жассынып, елеңкіремейді. Ес­
келді жөнін айтып Қалданға:

—Мен сөйлесем, бұрынғы үлкендер айтушы еді, қа­зақ,

қалмақ бір туысқан деп. Ағайын бірін-бірі өкпеге қи­ған­
дарымен өлімге қимас деп тағы айтады. Екі жағымыз да
ашуға басып, талай боздақтарымыздың бастарын өлімге
тігіп жібердік. Өткенге—салауат, болашаққа—үміт. Біздің

елде: «даудың түбін қыз бекітеді, судың түбін шым бекітеді.
Жаудың түбін тіл бекітеді» деген жақсы сөз бар. Не қыз
алып, не қыз беріп, татуласайық, тынайық. Сонау Шыңғыс
ханның заманынан біздің жолымыз үлкен ғой. Сіз қыз беріп,

біз қалың төлеп, қабақ шытыспай, ел болайық. Бір анаға тел
болайық!—депті.
Сонда Қалдан хан:

—Ел бастауға лайық лебізің жылы жайсаң екенсің, ша­

рапатсыз болмассың-ау. Мен қыз берсем, не саған, не Абы­
лай­ға беремін. Жол қайсыңа тиеді, оны өздерің айтыңдар,—
дейді. Сонда Ескелді:

—Қыран екен көзіңіз,

Алтын екен сөзіңіз.
Елімнің жақсы салты бар,
Ойлап оны сезіңіз.
Ханы тұрып жол алса,

Ондай жаннан безіңіз.
Қызыңызды маған емес,
Абылайға беріңіз!—деген екен, Қалдан қатты
риза болып:

—Онда Абылайды тез жіберіңдер, мен оған қыз таң­дат­

қызамын, өзің қоса кел!—дейді.
Сонан кейін Қалдан хан қырық бозбаланы қызша киін­
діріп, Абылайдың алдынан шұбатып өткізеді. Мұны­сын
Ескелді біліп отырады. Ол Абылайға алдын ала «менің

нұсқауыма қарай қыздың басына гауһар тасты тағар­сыз»
деп айтып қойған екен.

тарихи  аңыздар
Қалмақтар енді қырық келіншекті жүргізеді. Абылай аб­
ды­райды. Бірақ Ескелдіден нұсқау болмаған соң тұра береді.
Онан соң Қалдан қырық қызды әкелтіп, олардың төртін­

шісі етіп өзінің қызын алдынан өткізіпті.Сонда Ескелді:

—Үшіншіге дейін қарама, төртіншіні бағала!—дейді.

Абылай сол қыздың білегінен ұстайды. Қалдан:

—Мына жігіт болмаса, менің қызымды таба алмайтын

едің, мұндай ақылман азаматы бар хан—бақытты!—деп
қызы Менқандан дегенге қосып, Мамыт деген баласын қоса
беріпті. Онан соң Ескелдіге қарап:

—Қарауыттың көзімді, қасиетің бар екен,

Саған қарсы келгеннің жүрер жолы тар екен.
Тіл тигізген өзіңе, көрер көзге зар екен,
Қарап тұрсам, талабың Алатаудан ары екен.
Әмсе жолың болып, жолды қазақ атан!—деп

сәттілік тілепті. 35. Абылай ханмен соңғы кездесу

Жалайыр елінің бір топ игі жақсылары ел арасындағы
бір даулы істі бітіріп, үйлеріне қайтып келе жатып, бір бай­
дың ауылына қонған екен. Олардың ішінде Жылкелдіұлы
Ескелді де болыпты. Ертеңінде әлгі қонақтар жолға қайта

шығарда Ескелді:

—Маған рұқсат етіңіздер, мен түске дейін осы ауылда

қала тұрайын аялдап. Осы жолдың бойымен бір атақты адам
Тәшкен жаққа келе жатқанға ұқсайды. Мен сол кісіні көріп,
тілдесіп қалуым керек,—депті.
Жанындағы кісілер:

—Оу, Есеке, ол кісің кім?—дейді.

—Оны кейінірек біле жатарсыздар,—дейді Ескелді.

Сонымен жолдастары кетіп, Ескелді сол ауылда қалып
қояды. Сонда кетіп бара жатқандардың біреуі:

билер  туралы  аңыздар

—Ескелдіні былайғы ел «көріпкел, сәуегей» деп жүр ғой.

Оны осы жолы байқайық,—дейді.
Ескелдінің айтқанындай, уақыт түске таяғанда, ұзын қа­
ра жолдың бойынан бір топ аттылар көрініпті. Олар садақ
асынып, найза ұстаған жасауылдар екен.

Олардан соң астында есік пен төрдей бозжорға аты бар,
ер-тоқым әбзалдары алтындалған бір адам анадай­дан жарқ-
жұрқ етіп көзге ерекше түседі. Өзі зор де­нелі, сұсты, келбеті
келісті, ұзын қара мұртты екен. Ба­сында құндыз бөркі болса

керек. Басқалары сол кісінің жан-жағын қоршап келе жа-
тыпты.
Ескелді таяп барып жанындағылардан:

—Бұл кім?—деп сұрағанда әлгілер:

—Бұл—Абылай хан. Тәшкенттің бегі қонаққа шақы­

рып, соған кетіп бара жатыр. Біз нөкеріміз,—дейді.
Мұны естіген Ескелді топтың алдына таман барыпты да,
ханға анадайдан тағзым етіп:

—Ассалаумағалейкум, алдияр, хан! Сіз үшін құрбан бол-

сын жан! Ақсұңқар құс мекендеген жерінен алысқа ұзап
ұшпаушы еді. Егер алыстап ұшса, қайта келуі қиын деуші
еді қариялар,—депті ізетпен.
Сонда хан Абылай Ескелдіге бұрыла қарап:

—Болар іске бөгет жоқ, бұқпантайлап үйден шықпай

отыратын әдет жоқ менде!—деп атының жүрісін тоқтат­пай
кете берген екен дейді.
Хан нөкерлері көзден ұзап кеткенше орнынан қозғалма­
ған Ескелді әулие:

—Исі қазақ сыйлаған, жамандыққа қимаған, хан ием,

келмеске кеттің-ау!—депті дауыстап.
Мұны сол маңайдағылардың бәрі естіпті. Ескелдінің сол
ойлаған қаупі ақырында расқа шығып, Абылай хан Тәшкен­
ге тартқан сол сапарында опат болып, Көкшетауға жете ал-

май, Түркістан түбінде көз жұмыпты.
Ескелді әулиенің көріпкелдік, сәуегейлігі осылай екен, қа­
рақтарым,—дейді алматылық ақсақал Дәуітбек Нұртазаұлы.

тарихи  аңыздар 36. Ескелді мен Қараменде бидің кездесуі

Балқаштың арғы жағындағы арғын елінің барымташы-
лары келіп, жалайырдың бір жылқышысын ұрып өлтіріп,
жылқысын айдап әкетеді. Ел құлақтанып, «әне, міне» деген-
ше мұз түсіп кетіп, қуғыншылар бара алмай қалады. Араға

жыл салып, жалайырлардың игі жақсылары жиналып, Да-
рабоз бәйбішемен ақылдасыпты. Дарабоз ана—адамзаттың
алғыры, ақылға бай, ойға терең, кемеңгер екен. Келгендер­
дің бұйымтайларын тыңдап болып:

—Қайын, қайнаға, қарындастарым, ат терлетіп арнайы

келіп қалыпсыздар. Менің затым әйел ғой, сіздерден асып
не айтайын. Сонда да болса, арып-ашып қалмас үшін азық-
түліктеріңді артына барыңдар. Оған біздің үйдің ақбас
атанын алыңдар. Жас та болса жасындай екпіні бар, төре

би етіп, Ескелді қайнымды апарыңдар. Иншалла, жаман
болмассыңдар,—дейді.
Сонымен Жалайырдан жиырма адам іріктелініп, атқа
қоныпты. Ескелді бидің он сегізге толған шағы болса керек.

Жолаушылар жеткен кезде Арғын ата балалары он екі қанат
үйдің шаңырағын ат үстінен көтеріп, уықтарын шаншып
жатыпты.

—Ойпырмай, мына үйдің зорын-ай,—депті ойында еш­

теңе жоқ бір жалайыр. Оны құлағы шалып қалған арғын
жігіттердің бірі:

—Сіздер жақта ел негізінен жаппада отыратын шы­ғар,—

деп қағытып қалыпты. Абайсыз сөйлеген қонақ барма­ғын
тістеп қала беріпті.
Жалайырлар жайғасып, арғындар күтіп, әй-шәй болып
отырғанда Дарабоз ананың ақбас атаны шаңырақтан мой­

нын созып, басын қылтитыпты. Ойында дәнеңе жоқ алаң­
ғасар­лау бір жігіт арғыннан да табылмасын ба:

—Астапыралла-ай, мұндайда алып атан болады екен-

ау,—деп қалыпты.
Есе қайырар жерді Ескелді жіберсін бе:

билер  туралы  аңыздар

—Сіздің ел көшкенде үйлерін бота-тайлақтарға артушы

ма еді?—деп түйреп тастайды.
Бұл өзі алты алашқа аты жайылған әйгілі Қараменде
бидің заманы болса керек. Дітшіл, топшылағыш би бір ша­
раяқ бидай көже құйғызып, ағаш қасықты шалқалатып,

меймандарға жібереді. Қонақтар жағы аң-таң болып, бір-
бірлеріне қарасады. Сонда Ескелді әбжіл қимылдап, де­реу
көженің қоюын сүзіп ап, ақсақалдарына асатады. Онан соң
көжені қасық пен әбден араластырып, қоюынан енді өзі

бір асап, қасықты төңкереді де, үй иесіне қайтарады. Ауыл
жігіттері көргендерін бұлжытпай байекеңе жеткізеді.
Ауыл иесі енді ағаш астауға салып, бір үйме ет жібертеді.
Ескелді астау ішіндегі тайдың шекесі мен қойдың басын

қолына алып, дастарқанның шетіне қояды. Онан соң еттер­
дің арасынан қой мен тайдың жамбасын тауып, екеуінің де
шұңқырындағы еттерін ойып, жанындағы ақсақалдарына
асатады. Сонан кейін ғана:

—Ал, жей беріңіздер,—дейді.

Мұны да ауыл жігіттері бұлжытпай байекеңе жеткізеді.
Ертеңіне Қараменде би қайта сойыс сойғызып:

—Жалайырдан алынған барымтаны да, өлген адамының

құнын да дайындаңдар,—деп арғынға жарлық айтады.
Қарамендеге ешкім қарсы келмейтін, айтқаны екі етілмей­
тін қасиетті адам екен. Бәрі орындалады. Бірақ «жарықтық,
Қарекеңнің бұнысы несі, жарты ауыз сөзге келмей, жала­

йырды жарылқай салды ғой» дегендер болған екен, әлгілерді
жиып алған Қараменде би:

—Сөз жүйесін тапса, мал иесін табуы тиіс. Жалайырдың

іздегені—әділет, ақ, адал малы мен өлген азаматының
құны. Біз күшке салдық. Көптігімізге сеніп, теңдік бер-
меуге ұмтылдық. Бірақ Алла Тағаламның ғаділеттілігін
көрмеймісің, олардан бір бала дана болып туыпты. Енді

біздің өктемдігімізге жол жоқ.
Кеше мен қасықты бетіне шалқалатып салып, бір
шараяқ көже жібердім. Ол менің «өз дәулетіміз өзімізде,

тарихи  аңыздар
шалқамыздан жатырмыз. Қайтіп теңдік аласың?» дегенім
еді. Іштеріндегі Ескелді деген бала көженің қоюын қасық­
пен сүзіп, ақсақалдарына асатты да, қалғанын әбден аралас­

тырып, өзі де сүзіп жеп, суын қайтарғанда қасықты төңке­ріп
салды. Ол оның «біз саған төңкеріле келдік. Ақсақалда­ры­
мыз дәулетіңді сүзіп жейді. Оған көнгілерің келмесе, жаста-
рымыз жиналып, ырыстарыңды көжедей сапырып, қалған

дәулеттеріңді сыпырып аламыз, көп асқанға бір тосқан!»
дегені еді.
Ал астаумен ет тартқанда жамбастарды еттің астына жа-
сырып, «дау ескірді, жаңғырта алмассың» деген едім. Әлгі

Ескелді дегені шеке мен басты дастарқан үстіне қатар қойып,
етті ақтарып, ең астындағы жамбастарды тауып алды.
Олардың шұңқырларындағы етті ақсақалдарына асатты.
Онысы «басшы адамдарымды елемесеңдер, байлықтарыңды

ақтарып, ең асылдарыңды тауып, қарияларға жем етеміз»
дегені болатын.
Бұдан артық зінділік те, келісім де табылмайды. Әркімді
Құдай өзінің ақ, адал малынан жарылқасын. Берілетін

малдардың ішіңде кәрі-құртаң, арық-тұрығы болмасын!—деп
малын түгендетіп, Ескелділерді қошаметтеп қайтарыпты.
Содан бастап Ескелді мен Қараменде, жалайыр мен арғын
ата балаларының арасындағы ағайындылық бұрынғыдан

күшейіп, жақсы бір жаңа қатынас басталыпты деседі кәрі
құлақ қариялар.

37. Ақ бата

Бір күні таңертеңгілік қой өргенде Балпықтың зайыбы
Сұлушаш малға барса, ең соңында малға ілеспей, қайта-
қайта маңырап, малының басы көкқасқа қошқар тұрып
апты. Сұлушаш күндігін салып жіберіп, жетелеп кеп үйінде

қонақ болып отырған Ескелдіден бата сұрапты.
Ескелді би белдігін мойнына бос тастап:

билер  туралы  аңыздар

—Иә, Құдай, мені шын Ескелді ғып жаратқан болсаң, ке-

лер жылдың осы уағына қаратпай, Балпыққа осы көкқасқа
қошқардай ұл бер!—деп бата жасапты.
Келер жылы Балпықтың бауырлары «шүйінші» сұрап
алдымен Ескелдіге келген екен, ол үш бестілік нар түйе

жетелетіпті. Өзі жора-жолдастарымен «бауы берік болсын»
айта келіп:

—Өскен ауыл едік, Құдай біздің жолымызды берсін!—

деп сәбиге өз әкесі Жылкелдінің атын беріпті.
Әйгілі колхоз құрылысының қайраткері, екі дүркін
Социалистік Еңбек Ері атағын алған Алдабергенұлы Нұр­
молда марқұм сол Жылкелдінің шөбересі көрінеді.

38. Айығып кеткен ақ тайлақ

Балқаш бойындағы ауылдарды аралап қайту мақсатын­
да екі би сапарға шығады. Қаратал өзенін жағалап, жол
бойы әзілдесіп келе жатса, мойнында тұмары, кекіл жү­
ніне бір шоқ үкі байлаған әдемі ақ тайлақ ойнақ салып, жо­

лаушылардың алдынан шығады да, лезде ғайып бола­ды.
Жолаушылар оның кеткен жағына қараса, алты қанатты ақ
үй мен төрт қанатты ақ отау көрінеді. Үйлердің маңайын­да
он бес, он алтылар шамасындағы ақ желекті әйел бала көзге

шалынады. Қос би оны елемейді. Бапекең Ескелдіге қарап,
иә әзіл, иә шын:

—Мен жаңағы тайлақты аттым,—дейді.

—Сен атсаң, мен оны жазамын,—дейді Есекең де әзіл-

шынын білдірмей.
Екеуі әзіл-қалжыңмен әудем жер жүріп, арттарына
қараса, «аташы, ата!» деп біреу жүгіріп келе жатыр дейді.
Екеуі де аяп кетіп, аттарының бастарын тежейді. Байқаса

жаңағы жолдағы әйел бала.

—Әруақтарыңнан айналайын, аталар. Біздің үй, міне,

тиіп тұр. Өздеріңіз ат басын бұрар деп әдеп сақтап едім, өтіп

тарихи  аңыздар
бара жатырсыздар. Үйге түсіп, сусындап шығыңыздар,—
дейді қиылып.
Қазақ қашанда әйел баланы қатты құрметтеген емес пе,

тілегін орынды көріп, үйге келсе, әлгіндегі ақ тайлақтың іші
кеуіп кеткен. Әрең тыныстап, өлгелі жатса керек.
Бапекең үйге кіргенде Есекең тыста қала беріп, оң аяғы­
мен ақ тайлақтың ішін басып, қолындағы қамшысымен үш

дүркін тартып жіберіпті. Артынша үйге кіріп, Бапекеңмен
бірге шай ішіп, қымыз сіміріп, сусындап, бірге аттанады.
Бірақ өздерінің кім екендерін айтып, қайтар жолдарында
қонатындықтарын білдіреді. Бұлар аттарына қонысымен, ақ

тайлақ қайтадан ойнақтап шыға келіпті. 39. Ескелдінің бір ерлігі

Ескелдінің үлкен атасы Жанғабыл батыр әйгілі Әлібек­
ұлы Төле бимен бастас, қадірлес, құда болған. Төле бидің
Ұлбике деген қызы—Ескелдінің анасы. Ескелді дүниеге
келіп, Төле биден сүйінші сұрапты дейді.

Сонда Төле би: «Тілекті Алла ескерді, Жалайыр еліне ес
келді, баланың аты Ескелді болсын. Елінің есіне ес қосы­лып,
халқының қамын ойлайтын азамат болсын!»—деп батсын
беріпті.

Ескелдінің ат жалын тартып мініп, ел ісіне араласқан
кезі—Жоңғар шапқыншылығының өршіп, әсіресе Жетісу­
ды қоныстанған қазақ ру-тайпаларының зор күйзеліске
ұшырауымен тұспа-тұс келеді. Жойқын шапқыншылық

жылдарында Жалайыр елі ата қонысынан ауа көшіп, Сыр
бойы­на ығысуға мәжбүр болады. Осындай қиын-қыстау
ке­зеңде Ескелді би өзінің әйгілі үзеңгілестері Балпық би,
Орақты батыр, Қабан жырау сияқты елге тұтқа азамат-

тармен тізе қоса қимылдап жүріп, атамекеннен жаудың
іргесінің түрілуіне мұрындық болады. Ескелді алғаш рет
жоңғарлармен болған Іле-Бақанас шайқасында (1723) ба­

билер  туралы  аңыздар
тырлығымен көзге түседі. Осы соғыста жоңғарлардың
Жетісудағы ең берік бекінісін бұзып, Ескелді батыр бастаған
қол Қабанбай батырдың әскеріне қосылды. Күш біріктірген

қазақ қосындары түріле қашқан жоңғар жақтарына Жоңғар
қақпасының түбінде соққы беріп, зор шығынға ұшыратады.

40. Хан Абылай

Тарих тағы даңқты хан Абылайдың шын аты—Әбіл­
мансұр. Абылай—оның арғы атасы. Ол ел билеу ісінен гөрі
жауынгерлік қимылға бейім адам екен. Сондықтан оны жұрт
«батыр Абылай» деп атапты.

Әкесі өлгенде хандық жолы үлкен баласы Абылайды­кі
еді. Бірақ пысық інісі ел жақсыларын өзіне қаратып алып,
хандыққа ие болды (Бұл—атақты Әбілмәмбет ханның ар­
ғы атасы). Тиісті дәстүр бойынша әкесінің орнына ие бола

алмағанына өкпелеп, Абылай батыр Үргеніштегі нағашысы
Ғайып ханға көшіп кетеді.
Ханның жиені әрі батыр Абылай Үргеніште абырой-
лы тұрады. Кейінірек Ғайып хан өлгеннен кейін оның

жұрағаттары хандыққа ие бола алмайды, бақпен бірге
дәулет те кетеді, күнкөріс қиынға айналады. Осы кезде жас
Әбілмансұр «Сарыарқа—жерім, қазақ—елім» деп қазақ да-
ласына жаяулап жол тартады.

Сол бетінде қалың Үйсін еліне келеді. Аяушылық етіп, іші­
не тартушы жан болмайды. Адамға әсіресе нашарға ра­қым­ды
Төле би дейтін би бар деп естиді. Жағалап соған келеді.

—Уа, шырағым, кімсің, қолыңнан қандай жұмыс ке­

леді?—деп сұрайды би.

—Қазақпын. Қандай жұмыс тапсырсаңыз да, істеймін,—

дейді бала.
Абылай хан туралы
аңыздар

абылай  хан  туралы  аңыздар

—Кімнің баласысың, атың кім?

Бұл сұраққа Әбілмансұр:

—Сіздің балаңызбын, әкем сіз болыңыз. Сіз қойған ат

менің атым болсын,—деп жауап қайырады.
Киімі тозған әрі кір, шашы ұйпа-тұйпа балаға Төле
би сыртқы бейнесіне лайық «Сабалақ» деп ат қойды. Шо-
мылдырып, бүтін киім кигізді, жап-жақсы жігіт болды.

Түйе бағу міндетін жүктеді. Биге қызметі ұнаған Сабалақ
кейіннен жылқышы қызметіне ауыстырылды. Сенімі арта
түсті.
Күндерде бір күн қазақ пен қалмақ арасында үлкен ұрыс

басталды. Ер азамат соғыс майданына аттанды. Сол жорық­
қа қосылғысы келіп, Сабалақ атасынан рұқсат сұрады. Бидің
босатқысы келмеді.

—Қантөгіс майданға барғаннан малыңды бағып, ты­ныш

жүре бергенің артық қой, балам,—деді. Бұл сөзге Сабалақ
шұғыл жауап қайтарды:

—Желкілдеген тудан, жер майысқан қолдан қалғаннан

ер жігіттің өлгені артық, ата!—деді. Қайткенде де жорыққа
аттанғысы келетінін ашық білдірді.
Баласының жауға зығырданы қайнап, ел намысы үшін
жанын қиюға әзір екендігін сезген би сөзге де келген жоқ.

—Жолың болсын, балам!—деп батасын беріп, аттанды-

рып салды.
Майданда Ғалдан Цереннің қызынан туған жиені, өзінің
бас уәзірі Шоңтажының баласы Шарыш батыр жекпе-жекке
шығып отыр. Онымен айқасуға ешкім шыға алмай, қазақ

ханы Әбілмәмбет және бүкіл қазақ қолы тұйыққа тірелген­
дей болып отыр екен. Сабалақ хан алдына келіп, тізесін
бүгіп, қолын қусырды да, Шарышқа жекпе-жекке шығуына
рұқсат сұрады. Өзіне қараған қалың қолдан ержүрек бір адам

шықпай, қиналып отырған хан оның кім екенін де сұра­ма­
ды, рұқсат етіп, ізгі тілегін айтты.
Сабалақ барған бетінде Шарышты көтеріп алып: «Абы­лай,
Абылай! Жар бол, Абылай!—деп, дүрс еткізіп жерге соғып,

тарихи  аңыздар
басын кесті де, «жау қаштылап» айғайға басты. Қалмақ тобы
дүркірей қашты, қазақтар қуып, жауына ойран салды.
Көп олжамен қайтқан қазақ тобы еліне қарай беттеп,

бір жайлы жерге қонды. Көлік белі босатылып, шатырлар
тігілді. Хан майданда жолы болған жігітті шақырып алып,
Әбілмәмбет хан оның кім екенін сұрап білді. Содан кейін
билерін, батырларын жинап, оларға оқиғаны бастан-аяқ айтты.

—Бұл жігіт менің шөбере інім екен,—деп бастады ол

сөзін,—мұның арғы атасы Абылай батыр менің арғы атам­
ның бірге туған ағасы еді. Менің атам мұның атасына қия­
нат етті. Соған ренжіп, ол басқа елге көшіп кетті. Сол атам
Абылай батырдан бір жұрағат бар деп естуші едім. Мына

жігіт сол інім екен. Хандық жолы осынікі, мен бердім ініме.
Қазірден бастап қазақ елінің ханы талай жорықта жолы
болған атамыздың есімімен ұран көтеріп, үлкен жеңіске
жеткізген осы жігіт—Абылай болсын!

Айта қалғандай бұл ізгі бастаманы жиналған қауым
біруыздан мақұлдады. Тек: «ол әлі жас қой, алдында ағасы
тұр, әзірге ханның жәрдемшісі—сұлтан болсын» десті.
Әбілмәмбеттің ұсынысы бойынша, Сабалақтың атасы Төле

биге тарту-таралғымен өкілдер жіберіп, одан ризалық алу-
ды ұйғарды. Барған адамдар биден ризалық алып, өзін ертіп
ала келді де, баласын сұлтан көтерген қуанышты думанға
қатыстырды.

41. Абылайдың алғаш көзге түсуі

(І нұсқа)
Жиырмаға жетпеген жас Абылай хан қасында Оразаулық
деген сарт жолдасы бар, Есіл бойында Атығай, Қарауыл
деген елге келіп, Дәулеткелді байдың жылқысын бағып,

жылқышы болып жүріпті:

—Атың кім?—деп сұрағанға:

—Атым Сабалақ!—депті.

абылай  хан  туралы  аңыздар
Бай бәйбішесіне айтыпты:

—Өзге жалшыдай көрме, мұны, күте гөр! Бойында қа­сие­

ті бар екен. «Қалайша» десең, алты күн, алты түн аш жүрсе
де, өз қолымен бір ас құйып ішпейді. Және жарты аяқ ас ішсе
де, сарқытын біреуге бермей, ішпейді. Және жерге бір отыр­
майды. Дәнеме таба алмаса, киімін шешіп, астына салып оты-

рады. Және түзге отырғанда, ұрғашыдан да ибалы, бір қырдың
астына барып отырады, не болмаса, киімін басына бүркеніп
отырады. Және өзі ұйықтап жатқанда, үсті жап-жарық болып
тұрады, жанып тұрған шам шырағы бол­са керек,—дейді екен.

Сол уақытта қазақтың жылқысын түп көтере қара қал­
мақ Қатысыбан деген жау алыпты. Қазақ «қылқұйрық»
деп көтеріле аттаныпты. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы
Бөгенбай, қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұғлы Жәнібек,

Көкжаралы көкжал Барақ, Шанышқылы Бердіқожа, Сы-
рым Малайсары, керей, уақтан шыққан Сары, Баян бәрі
аттанып, қалмаққа барса, қалмақ шеп құрып, айналасын
қорған қылып, шептің аузына жайнатып жасау төгіп, қыз-

келіншек қойып, қазақтың батырлары жасауға қызығып
шапса, ар жағында бұғып жатқан мергендері атып тастап,
қал­мақ қазаққа алдырмапты. Неше күн жатып, «сасық қа­
мал» болып, қалмақтан жылқысын айыра алмай, «салы суға

кетіп» қайтпақшы болыпты.
Сонда жылқының соңынан қалмай қуған жылқы­шы­
лардың бірі Сабалақ қазақтың қайтарына көзі жеткен соң,
көптен оңаша шығып, атынан түсіп, шүберек белбеуін құ­

рығының басына байлап, ту қылып, қалмақтың қамалына
«Абылай!» деп жалғыз барып кетті дейді.
Құданың құдіретінің шеберлігінің тамашасы—өзіне
атса оқ өтпейді, шапса қылыш өтпейді. «Кірген жерін есік,

шыққан жерін тесік» қылып, жападан-жалғыз өзі қал­мақ­
тың қамалын бұзып, жылқының жусау тезегін­дей топырла-
тып тастаған соң, қазақтың батырлары тұс-тұсынан кіріп,
қалмақты жебір-жесір қылып, шауып, талап, шаш-етектен

олжаға қарық (ғарық) болысып қай­тысыпты.
9-139

тарихи  аңыздар
Жауды жеңіп, көңілдері тынған соң арғын, найманның
батырлары:

—Кеше бізден айтылмаған әруақ, шақырылмаған ұран

қалған жоқ, бәрі дәнемеге жарамады. Бұл өзі жалғыз бол-
са да тегі, заты кім екені белгісіз болса да, бәрімізден бақ-
талайы жоғары, әруағы күшті екен. Бұрынғының сөзі бар
еді «қой асығы деме, қолайыңа жақса сақа қой» деп еді. Кел,

осыны хан көтерелік!—деп әу десіп, Атығай Есенаман бай­
дың еркесіне алып келіп, ақ отау көтеріп, алты қатын алып
беріп, ақ кигізге салып, хан көтерген екен.
Тобылбай бидің баласы Арыстан ақын қолға түскенде,

Кенесары ханға айтқан:

—Кене хан, жақсы көрсең, қарашыңмын,

Жек көргенмен өзіңнің Алашыңмын.
Атаңа алты қатын алып берген
Атығай, Қарауылдың баласымын!—
деп, сонда өзін өлтірткелі отырған Кене хан көзінің жасын

төгіп-төгіп жіберіп:

—Батыр, қалағаныңды ал!—деп астына ат, жетегіне түйе,

мойнына берен мылтық, қасына отыз жігіт жолдас беріп,
еліне алып барғызып салған екен.
Абылай ханның қазаққа алғаш хан болған жері—осы. Өзі
өлгенше, өмірі қартайғанша тұрағы Көкшетауда болған. Ол

сөз де Арыстан ақынның өлеңінде бар:
Қылады Макаржиде байлар сауда,
Топ бұзар батыр жігіт қалың жауда.
Сұрасаң Абылайдың тұрған жерін,

Хан болды қырық сегіз жыл Көкшетауда.
Бұл Сарыарқаны бұрынғы уақытта ноғайлы билеп-төстеп,
қоныс қылған екен. «Он сан ноғай болғанда, Ормамбет би
өлгенде, сол Ормамбеттің елі бір алаша тайдан бүлініпті!»

абылай  хан  туралы  аңыздар
деген сөз бар. Сонан соң қалмақ билеп-төстеп, мекен қылған
екен. Қарақалмақ Қатысыбан қоңтажының тұсында «он
сан оймауыт, тоғыз сан торғауыт, Аюкенің ауыр қолы»

атанған тұста, құба қалмақтың ханы Қалдан Шерін тұсында
қалмақтын құтын қашырып, Сарыарқадан аудырған, басы-
на қара қан жаудырған Абылай хан екен. Абылай заманын-
да сүрген дәуренді Қазақбайдың баласы Абылайдан бұрын

Адам атаға шейін көрген емес, Абылайдан соң бұл заман­ға­
ша көрген емес.
Ғаламда он сегіз мың жан болыпты,
Бұл сөзім білгендерге таң болыпты.

Жігіттер, құлақ қойып тыңдасаңыз,
Қазақта Абылайдай хан болыпты!—
деп өлеңге шыққан Абылай—осы.
Қазақ жұртында мақал болып қалды: «аң алмайтын жа-

ман құс—ат еңбегі, Абылайдан басқа төре—ет еңбегі» деп. 42. Абылайдың алғаш көзге түсуі

(ІІ нұсқа)
Он екі жасар бала күнінде қасында Оразаулық деген
сарт бар, екеуі Түркістан шаһарына келіп, Әбілмәмбет
(Әбуәлмәмбет) патшаға қызметкершілік қылды. Ол жерде

орнығып тұра алмай, Ұлы жүз үйсін Төле бидің түйесін ба­ғып
жүрді. Онда да байырлап тұра алмады. Сарыарқаға шы­ғып,
атығай, қарауыл деген елдің ішіне келіп, Дәулеткелді бай­
дың жылқысын бақты. «Атың кім?» деп сұрағанға: «атым—

Сабалақ» депті. Бай бәйбішесіне айтыпты:

—Өзге жалшыдай көрме мұны, күте гөр! Осы Сабалақ

анық сарт емес. Ана Оразаулық сарт болса болар: көзі
алақандай, табаны түйенің табанындай жап-жалпақ болып,
беті қызыл бала болса, көзі соны ішіп-жеп, аузынан суы

тарихи  аңыздар
ағып, ессіз, түссіз болып отыра береді. Мынау Сабалақтың
еш нәрсемен ісі жоқ, ойлағаны ғақыл-ой, езу тартып күл­
мейді, қабағын шытып кейімейді. Алты күн, алты түн аш

жүрсе де, өз қолымен құйып ас ішпейді. Және жарты аяқ
ас ішсе де, сарқытын кісіге бермесе, көңілі көншімей­ді.
Жерге бір отырмайды, дәнеме таба алмаса, сайын дала-
да болса да, киімін астына шешіп салып отырады. Және

ұйықтап жатқанда, үсті жап-жарық болып тұрады. Сый-
лап ұстай гөр! Қасиеті болып, бір нәрсесіне ұшырап қалып
жүрмейік,—дейді.
Сол уақытта қазақтың жылқысын түп көтере қарақал­

мақ Қатысыбан деген жау алды. Қазақ «қылқұйрық» деп ат-
танды. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, қаз да-
уысты Қазыбек, Шақшақұғлы Жәнібек, Көкжарлы көкжал
Барақ, Шанышқылы Бердіқожа, Сырым Малайсары, керей,

уақтан шыққан Сары, Баян бәрі аттанып, қалмаққа барса,
қалмақ шеп құрып, айналасын қорған қылып, шептің аузы-
на жайнатып жасау төгіп, қыз-келіншек қойып, қазақтың
батырлары жасауға қызығып шапса, ар жағында бұғып

жатқан мергендері атып тастап, қалмақ қазаққа алдыр-
майды. Неше күн жатып, «сасық қамал» болып, қалмақтан
жылқысын айыра алмай, салы суға кетіп, қайтпақшы
болып­ты. Сонда жылқының соңынан қалмай қуған жыл­қы­

шы Сабалақ қазақтардың қайтарына кезі жеткен соң, көп­
тен оңаша шығып, атынан түсіп, шүберек белбеуін құры­ғы­
ның басына байлап, ту қылып, қалмақтың қамалына:

—Абылай! Абылай!—деп, жалғыз барып кіріп кетті

дейді.
Құданың құдіретінің шеберлігінің тамашасы—өзіне ат­
са оқ өтпейді, шапса қылыш өтпейді. «Кірген жерін есік,
шық­қан жерін тесік» қылып, жападан-жалғыз өзі қалмақ­

тың қамалын бұзып, жылқының жусау тезегіндей топырла-
тып тастаған соң, қазақтың батырлары тұс-тұсынан кіріп,
қалмақты жебір-жесір қылып шауып, талап, шаш-етектен
олжаға қарық болысып қайтысыпты.

абылай  хан  туралы  аңыздар
Жауды жеңіп, көңілдері тынған соң арғын, найманның
батырлары:

—Кеше бізден айтылмаған әруақ, шақырылмаған ұран

қалған жоқ. Бәрі дәнемеге жарамай, бұл өзі жалғыз болса да,
тегі, заты кім екен? Белгісіз болса да, бәрімізден бақ-талайы
жоғары, әруағы күшті екен. Бұрынғының сөзі бар еді: «қой
асығы деме, қолайыңа жақса сақа ғой» деп еді. Кел, осыны

хан көтерейік,—деп әу десіп, атығай, қарауылдың ортасы-
на алып келіп, ақ отау көтеріп, алты қатын алып беріп, ақ
кигізге салып, хан көтерген екен.
Тобылбай бидің баласы Арыстан ақын қолга түскенде, Ке-

несары ханға айтқан:

—Кене хан, жақсы көрсең, қарашыңмын,

Жек көрсең де, өзіңнің Алашыңмын.
Атаңа алты қатын алып берген
Атығай, Қарауылдың баласымын!—
деп сонда өзін өлтірткелі отырған Кене хан көзінің жасын

төгіп-төгіп жіберіп:

—Батыр, қалағаныңды ал,—деп астына—ат, жетегіне—

түйе, мойнына—берен мылтық, қасына отыз жігіт жолдас
беріп, еліне алып барғызып салған екен.
Абылай ханның қазаққа алғаш хан болған жері—осы.
Сол күнде жиырма жаста екен. Өзі өлгенше, өмірі қарыған­

ша тұрағы Көкшетауда болған. Ол сөз һәм Арыстан ақынның
өлеңінде бар:
Қылады Мекержіде байлар сауда,
Топ бұзар батыр жігіт қалың жауда.

Сұрасаң Абылайда тұрған жерін,
Хан болды қырық сегіз жыл Көкшетауда.
Бұл Сарыарқаны бұрынғы уақытта ноғайлы билеп-
төстеп, қоныс қылған екен. Сонда ноғайлының байлығы

тарихи  аңыздар
қалыптан асып кеткендігі сондай—«қымыз өзені деген
өзен болсын» деп, Қылшақты деген өзенді қымыз құйып
ағызу үшін қазған екен. «Қымыз көлі» деген көл қыламыз»

деп Саумалкөлді тақырлап, қымыз құйған екен. О да та-
сып төгіліп, күндердің күні болғанда, сол қонысын иеленіп
қалған кейінгі жұрттан тіленшілік қылып, қайыршы бол-
ды. Онан соң қалмақ билеп-төстеп, мекен қылған екен. Әр

жердегі үйілген оба—қалмақтардың өлгеніне шығарған
жа­назасы. Қалмақ тасқа табынады. Сол табынып жүрген
тасымен өліктерін бастырып кетеді. Көп үйілген обалар—
хандарының, жайсаңдарының жаназа тасы, аз үйілген—

жай кісілерінікі. Бұлардың Сарыарқаны иеленіп жүрген
заманы—қарақалмақ Қатысыбан қоңтажының тұсында.
«Он сан оймауыт, тоғыз сан торғауыт», «Аюкенің ауыр
қолы» атанған тұс та—құба қалмақтың ханы Қалдан Ше­

рін тұсында.
Қалмақтың құтын қашырып, Сарыарқадан аудырған,
ба­сына қара қан жаудырған Абылай хан екен. Абылай за-
манында сүрген дәуренді Қазақбайдың баласы Абылайдан

бұрын Адам атаға шейін көрген емес.
Ғаламда он сегіз мың жан болыпты,
Бұл сөзім білгендерге таң болыпты.
Жігіттер, құлақ қойып тыңдасаңыз,

Қазақта Абылайдай хан болыпты!—
деп өлеңге шыққан Абылай—осы.

43. Абылайдың жас күніндегі өмірі

(ІІІ нұсқа)

Абылай әкесінен кішкене күнінде жетім қалған екен.
Абылай ұлы жүздің бір Төле би деген бидің қолында құл бо-
лыпты.

абылай  хан  туралы  аңыздар
Сонда Төле би: «Мұның аты Сабалақ болсын» депті. Ол
кезде Абылай басына үлкен сеңсең тымақ киіп, түйе жаяды
екен.

Бір күні Төле би ауылдан келе жатса, Абылай төрт та­
ғандап ұйықтап жатыр екен. Сонда Төле би жолдастарына
айтыпты:

—Мынау Сабалақ қалай ұйықтап жатыр? Мұны білдің­

дер ме?—депті.
Жолдастары айтыпты:

—Біз қайдан білейік,—депті.

—Бұл төрт ру елді билейді екен,—деді.

Сонан Төле кешке келгеннен кейін Абылайды түйеден
шығарып, жылқы бақтырыпты.
Бір күні Төле би мал сойып Сабалақты сынауға:

—Малдың басын пісіріп даладағы Сабалаққа беріңдер,

қайтер екен?—деп үш-төрт адам жібереді. Барса, Сабалақ
алдарынан шығып сәлем береді.

—Біз саған Төле берген басты жесін деп әкелдік,—деп бас­

ты береді. Абылай аттан түсіп шапанын жайып, аналарға:

—«Өле жегенше, бөле же» деген, жасың үлкен ағасың

келіңдер,—дейді. Аналар аттарынан түседі. Сабалақ жо-
лын қуып, пышағын алып бір құлағын біреуіне, бір құлағын
біреуіне, екі көзін ойып екеуіне беріп, тілін өзі жейді. Бас­
ты жеп болғаннан соң аналар Төле биге айтып келеді. Саба­

лақтың жасы он сегізге келген екен.
Сол уақытта қазақ-қалмақ атысуға жиналыпты.

—Мен де осы соғысқа ерсем екен,—деп Төле биден Саба­

лақ рұқсат сұрапты.
Төле би:

—Балам, қой, бір жерде өліп қаласың,—деп рұқсат

бермепті. «Ата, барам» деп болмапты.

—Жарайды, балам, барсаң бар,—деп батасын беріпті.

Абылайды бір бәйге атқа мінгізіп, қазақтың көп қолына
қосып қоя беріпті.

тарихи  аңыздар
Қазақ-қалмақ екеуі беттесіп соғысқа келіпті. Қазақтың
басшысы Қанжығалы қарт Бөгембай батыр, жасы сексенге
келген екен. Қалмақтан жекпе-жекке бір қасқа атты батыр

шығыпты. Қазақтан оған қарсы ешкім шықпапты.
Сонан кейін Бөгембай:

—Мынаған ешкімің бармадыңдар ма?—деп, өзі ша­па­нын

белсеніп майданға шығуға айналды. Бұл кезде Сабалақ ту­ра
шауып Бөкеңе жетіп келіпті:

—Мен барайын, ата,—деп. Бөкең бетіне қарап тұрып:

—Бар, балам,—деп астындағы аты мен қолындағы қияқ

найзасын беріпті.
Сабалақ «Абылай, Абылай!» деп ұран шақырып жауға
қарсы шауыпты. Екеуі де найзаны тіке салысыпты. Найза-
мен екеуі бірін-бірі ала алмай, ат үстінен жағаласып қан­

жарласты. Сол жерде Абылай қалмақтың батырын жаға­
сынан ұстап аттың үстінен жұлып әкетіп, бастан қанжар­мен
бір шауып басын кесіп алып, жауға «Абылайлап» ұран са­
лып кіріп кетіпті.

Қалмақтар мұны көрген соң қаша жөнеліпті. Қашқан
қалмақтарды «жауқашты» деп, «қырылы сырақ» деп қи­ра­
тып салыпты.
Қазақты бастап келген Әбілмәмбет хан екен. Абылай­дың

атасымен бірге туысқан екен. Соғыс біткен соң:

—Жаңағы қалмақтың батырын жыққан бала қайда?

Маған тауып бер!—депті.
Сонсоң біреу ертіп келіп:

—Міні, қалмақтың батырын шапқан бала міні,—депті.

Әбілмәмбет хан аттан қарғып түсіп, мойнына кісесін салып
жылап қоя беріпті.

—Біздің Абылайдан жетім қалған бала бар деп еді.

Атаңды айтып ұрандағанда сай-сүйегім сырқырады ғой, сен
солмысың?

—Мен қайдан білейін, болсам болармын,—деді Сабалақ.

Әбілмәмбет хан Абылайды үйіне ертіп әкетіпті. Барып
орнағаннан кейін хандығын Абылайға беріп еді. Абылай­дың

абылай  хан  туралы  аңыздар
өз аты Әбілмансұр еді. Жау «Абылайлап» ұран сал­ған­нан
Абылай атанып кеткен екен дейді.
Абайдың аузынан естіп жадыма сақтағам.

44. Абылай туралы

(ІV нұсқа)
Абылайдың аты Әбілмансұр еді. Әкесі қызылбастың ха­
ны еді. Әбілмансұр бес жасқа келгенде әкесі өледі. Хан өл­
ген соң орда иесіз қалады. Әбілмансұр мұрасынан айрылып,

сырт елге қаңғырып кетеді.
Үш жүздің ішіне келіп Үйсін Төле бидің түйесін бағады.
Сұраған жанға: «Атым Сабалақ» дейді. Одан да шығып
Қызылжар бойындағы атығай-қарауылға келіп Дәулеткелді

деген бидің жылқысын баққан екен. Дәулеткелді бидің
бәйбішесі айтады:

—Мынау Сабалақты жалшыдай көрмеңіз, бойында бір

қасиеті бар екен. Алты күн аш жүрсе де, өз қолымен ас құйып
ішпейді және сарқытын кісіге береді. Ыдыс сарқып ішпейді,
киімін астына салып отырады. Не болмаса киімін бүркеніп
барады. Ұйықтағанда түсі жап-жарық болып тұрады, шам-

шырағы бар сияқты.
Бәйбішенің сөзінен кейін Сабалақтың басына жеке қос
тігіп береді, күтеді.
Күндердің бір күнінде қазақтың жылқысын қалмақтың

Қараспан деген батыры қол бастап кеп тік көтеріп әкетеді.
Бұдан кейін қазақ «қылқұйрық» деп аттанады. Қолдың
ішіндегі көрнекті батырлары мыналар болады: Қаракерей
Қабанбай батыр, Қанжығалы Бөгенбай батыр, қаз дауысты

Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, Балтакерей Тұрсынбай,
Сырым Малайсары, Көкжарлы Барақ батыр, Сыбызғышы
Бердіқожа батыр.
Қалмақтар терең қып ор қазып, орға мергендерін отыр­

ғызыпты да олардың қасына жайнатып жасау жинап, оның

тарихи  аңыздар
қасына қыз-келіншектерді отырғызып ән салып, өлең айт­
қызып қойыпты. Сырды білмеген қазақ батырлары қыз-
келіншектерді көріп келіп, ойнаймыз деп қасына топтанып

келе берсе, ордағы мергендер атып жыға беріпті. Қазақ­тың
көп батыры сүйтіп шығынға ұшырапты. Жекпе-жекке кел-
генде қалмақтың батырлары жан шыдатпай қирата бе­реді.
Сол кезде қазақ тұйыққа қамалып сасқалақтайды.

Сол кезде топтың ішінен Сабалақ (Әбілмансұр) қазақ­тың
ханының алдына келіп:

—«Жарақтыда жан жасықпайды» деген найзалы топ­

тан, желкілдеген тудан да азамат қала ма екен?» деп мен де
келіп едім, мені жекпе-жекке жіберіңіз,—деп ханнан рұқ­
сат алып, белбеуін құрығының ұшына ту ғып тағып, шаба
жөне­леді. Жекпе-жекке келген қалмақтың батырларының

басын алып, ар жағындағы тобына кіріп кетеді. Кірген же­
рін тесік қып, шыққан жерін есік қып өтіп, тұйғынша түйі­
ліп үш кіріп, үш шыққанда, қалмақ торғайдай тозып, іріген
ірімшіктей бытырап қаша жөнеледі. Сол кезде қарап тұрған

қазақтар қалмаққа лап қоя шабады. Бұл сапарда қалмақ
жеңіледі. Қазақтар қайтып келді.

—«Қой асығын қолыңа жақса, сақа қой, жасы кіші деме,

ақылы асса, аға қой» деген еді. Мынау Сабалақтың заты
белгісіз болса да, бақыты артық болды. Түбінде елді жау-
дан қорғауға жарайды екен, ханым,—дейді. Бөгенбайдың
сөзінен кейін халық бір ауыздан хан сайлап, қатын әпереді.

Абылайдың хан сайлаған жері Атығай Есенаман деген
байдың ауылы еді. Осы Көкшетаудың төсінде еді.

45. Абылайдың қамал бұзған жері

(V нұсқа)
Абылай хан 12 жасында қасында Оразалық деген сарт
бар екен. Түркістан шаһарына келіп Әбілмәмбет патшаға
келіп қызмет қылады. Онда орнығып тұра алмай, Ұлы жүз

абылай  хан  туралы  аңыздар
үйсін Төле бидің түйесін бағады. Онда да байырлап тұра ал-
май, Сарыарқаға шығып атығай-қарауылдың ішіне келіп,
Дәулеткелді байдың түйесін бағыпты.

—Атың кім?—деп сұрағанда,

—Атым—Сабалақ,—дейді екен.

Бәйбішесіне айтыпты:

—Өзге малшыдай көрмей, мұны күте гөр! Осы Сабалақ

анық сарт емес, анау Оразалық сарт болса, болар, көзі
алақандай, табаны түйенің табанындай жап-жалпақ, көзіне
не көрінсе соны ішіп-жеп, аузынан суы ағып, ессіз-түссіз бо-
лып отыра береді. Мынау Сабалақтың еш нәрсемен ісі жоқ,

ойлағаны ақыл-ой, езу тартып күлмейді. Қабағын шытып
келмейді. Алты күн, алты түн аш жүрсе де, өз қолымен қойып
ас ішпейді. Жарты аяқ ас ішсе, сарқытын кісіге бер­мей кө­
ңілі көншімейді. Жерге бір отырмайды. Дәнеме табыл­маса,

ен далада киімін шешіп астына салып отырады. Ұйықтап
жатқанда үсті жап-жарық болып тұрады. Сыйлап ұстай гөр,
қасиеті болып, бір нәрсеге ұшырап қалып жүрмейік,—дейді
екен.

Сол уақытта қазақтың жылқысын түп көтере қара қал­
мақ ханы Сыбан деген жау алыпты. Қазақ елінің батырла­ры
тү­гел аттанды. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай,
қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, Көкжарлы

көк­жал Барақ, Шанышқылы Бердіқожа, Сырым Малайса-
ры, керей уақтан Сары, Баян бәрі аттанып қалмаққа барса,
қалмақ шеп құрып, айналасын қорған қылып, шептің ай-
наласына жайнатып жасау төгіп, қыз-келіншек қойып, қа­

зақ­тың батырлары жасауға қызығып шапса, ар жағында­
ғы бұғып жатқан мергендер атып тастай беріпті. Қалмақ
қазаққа алдырмапты. Неше күн қамалып жатса да, қал­мақ­
тан жылқысын айыра алмай, салы суға кетіп, қайтпақ­шы

болыпты.
Сонда жылқының соңынан қалмақты бірге қуысқан
Сабалақ та бар екен. Қазақтың қайтуына көзі жеткен соң,
көптен оңаша шығып атынан түсіп, шүберек белбеуін құры­

тарихи  аңыздар
ғының басына байлап ту қылып, қалмақтың қама­лына
«Абылай, Абылай!» деп айғайлап жалғыз барып кіріп ке­
тіп­ті дейді. Кірген жерін есік, шыққан жерін тесік қылып

жа­па­дан жалғыз қалмақтың қамалын бұзып тастаған соң,
қа­зақ­тың батырлары тұс-тұстан кіріп кетті. Қалмақты же­
сір-же­бір қылып шауып, шаншып, талап, шашетегінен
олжаға қарқ болып қайтысыпты.

Жауды жеңіп көңілдері тынған соң, арғын, найманның
батырлары:

—Кеше бізден айтылмаған әруақ, шақырылмаған ұран

қалған жоқ. Бәрі де дәнемеге жармады. Өзі жалғыз бол-
са да, бәрімізден бақ-талайы жоғары, әруағы күшті екен.
Бұрынғының сөзі бар еді «қозы асығы деме, қолайыңа
жақса, сақа қой» деген, осыны хан көтерейік,—деп атығай-

қарауылдың ортасына алып келіп, ақ отау көтеріп, алты
қатын алып беріп, ақ кигізге салып хан көтерген екен.

46. Абылай атағын шығарған Шалқұйрық ат туралы

Аңыз бойынша, Түркістаннан шыққан Абылай бірде ең
жақын туысқаны Әбілмәмбет ханның ордасына туысы Ораз-
бен бір атқа мінгесіп келеді және біраз уақыт бойы қарауыл
руынан шыққан дәулетті қырғыз Жақсылық Дәулетбай­дың

қызметінде болып, жылқысын бағады.
Дәулетбайдың әйелі жат жерліктің өздері ұсынбайын­
ша, ешқашанда тамақ сұрамайтынын байқайды. Ұсынған
тамақты да ықылассыз алатынына және ешқашан кір ыдыс­

тан ас ішпейтініне қатты таңданады. Бұл қырғыздарға
мүлдем тән қылық емес. Бұған қожайын да назар аударады,
сонда ол Оразды тергеп, оның шыққан тегін білген соң, ең
жақсы атын мінгізіп, Әбілмәмбет ханға алып барады. Бұл

ат әйгілі Шалқұйрық болатын. Жас сұлтанның шайқаста­
ғы алғаш серігі соныменен жауға шауып, Абылайға батыр
атағын әперген де осы Шалқұйрық болатын.

абылай  хан  туралы  аңыздар 47. Абылайдың тұтқында болуы

(І нұсқа)
Қалмақ елі етек-жеңін жинағаннан кейін, Шарыш сын-
ды батырды өлтіріп, елін үлкен күйзеліске ұшыратқан Абы­
лайды іздеді. Ұзақ уақыт іздеп, ақырында Ұлытау қобылары

арасында қапылыста, ұйқыда жатқан кезінде Абылайды
ұстап, Ғалдан ханға тапсырды.
Қазақ елі қалмаққа бірнеше рет игі жақсыларын жі­
беріп, Абылайды босатып ала алмайды. Россия патшасы

Екатеринаға айтып, көмектесуін өтінеді. Ол қалмаққа гене-
рал Нефельдиев бастаған өкілдер тобын жібереді. Жолшы-
бай оларға қазақтың тоқсан жақсысы қосылып, Ғалданның
ордасына барып түседі. Қалмақтар олардан жөн сұрамайды,

құрметті қонақ ретінде күте береді. Сонымен үш ай өтеді.
Күндерде бір күн қалмақ ханы орыс, қазақ меймандарын,
өзінің билері мен батырларын, басқа да игі жақсыларын хан
майданға жинайды. Ғалдан Церен тұтқындағы Абылайды

өз құзырына алдырып, жиналған жұртқа оны жазалағалы
отырғанын жариялайды.

—Мен сені үш елдің мына жақсылары алдында жаза­лау­

ға әмір еттім,—деді ол Абылайға,—жалғыз аяулы жие­нім,
бас уәзірімнің баласы, бүкіл қалмақ елінің ардақты баты­ры
Шарыштың орнына өлесің. Арманың не?
Хан сөзін аяқтасымен Абылай ақырғы сөз сұрады. Рұқсат

етілді.

—Үш арманым бар, тақсыр,—деп бастады ол,—бірінші

арманым: мен Шарыш батырды қалмақ пен қазақтың хан
майданында өлтірдім. Ал сіз мені ұйқыда жатқан жерімде
ұстап алып, өлтіргелі отырсыз. Хан майданда алысып, күші
басым адамның қолынан өлмегеніме өкініштімін. Екінші:

қазақ елі бытыраңқы, көшіп-қонып жүрген ел еді. Жоғары
атаққа ие болған күндерімде сол елді отырықшылан­ды­рып,
ортасына мәдениет ұрығын өсіруді арман етіп едім. Сол ар-
маныма жете алмадым. Үшінші арманым: Абылай ба­тыр­

тарихи  аңыздар
дың жұрағатымын. Сол әулеттен жалғызбын, әлі үйлен­ге­
нім жоқ. «Егер қазір өліп кетсем, Абылайдан бергі төрт ата
дүниеге келмегендей болады-ау!» деп уайымдаймын.

Ғалдан жанындағы уәзірлеріне:

—Мынаның айтқандары дұрыс, бәрі де орынды сөздер.

Әсіресе, үшінші арманы менің жүрегімді қобалжытты. Мен
де төрт атадан жалғызбын. Әмір Санам олай-бұлай болып
кетсе, менің де төрт атам дүниеге келмегендей болады ғой.
Бұл сөзді естіді де, Абылай орнынан атып тұрып:

—Алдияр, тақсыр,—деді.

—Неге алдиярлайсың, мен сені жазадан құтқарғаным

жоқ,—деді Ғалдан хан.

—Жалғыз балаңыз Әмір Санаға теңегеніңіз, босатқаны­

ңыз емес пе, тақсыр!—деп басын иді Абылай.
Әңгіме осымен аяқталды. Ғалдан хан Абылайдың күнә­сін
кешіріп, Әмір Санамен екеуін дос қылды да, хан тұқы­мы­нан
бір қыз берді, оны «күндебау» (үзілмес достық) деп атады.

Осы қыздан Қасым туды. Абылайды сұрағалы келген орыс,
қазақ өкілдеріне үлкен сыйлық беріп қайтарды.
* * *
Қалмақтардың қолында тұтқында болған күндерінің бі­

рінде Абылайды Ғалдан Церен өз құзырына шақырып алып
әңгімелесті, көбінесе қазақ елінің шаруашылық, тұрмыс­тық
жайын сұрады.

—Еліңде қой көп бола ма?—деген сұраққа Абылай:

—Көп болады, тақсыр!—десе:

—Олай болса «қой—ұры, қойшы—өтірікші» дейтін еді,

еліңнің ұсақ ұрлық, жанжалы жуырда тиыла қоймас,—депті
Ғалдан.

—Еліңде қара мал көп бола ма?—деген сұраққа да:

—Көп болады, тақсыр!—деп жауап беріпті Абылай.

—Қара мал көп болса, еңбексіз ет жеп, сүт ішкен елдің ба-

ласы ақымақ туады десеңші!—деген екен хан.

абылай  хан  туралы  аңыздар

—Қазақ елі егін шаруашылығымен айналыса ма?—деп

сұрақ қояды Ғалдан. Абылай бұл сұраққа да бұрмаламай,
тура жауап қайтарады:

—Еліміз көшпелі ел, соған байланысты егіншілік кәсі­

бімен шұғылданбайды,—дейді.

—Ендеше, жер емшегін ембеген ел әлі де талай аудары-

лып, төңкерілер,—деп қорытады Ғалдан. 48. Абылайдың тұтқын болуы

( ІІ нұсқа)
Қалдан Шеріннің Сәру деген інісін жорықта кез болып,
Абылай өлтірген екен. Қалмақтан шыққан Сына батыр
Қалдан Шеріннен қашып, Абылайға келіп қорғалаған екен.

—Кісімді өзіме қайырып берсін,—дегенде, Абылай:

—Қолынан келгенін менен аямасын,—деп бермей қалған

екен.
Бұл туралы Қалдан Шерін қалмақтың өзінен басқа
қоңтажысы болсын, Аюке болсын баршасына ат шапты­рып,
«Сүзекінің қолы» деген қол аттандырыпты.

—Көктің астында, жердің үстінде Абылай бар болса

қоймасын, ұстап алыңдар,—деп және қалмақтың жай­саң­
дарына жарлық беріпті,—Абылайды тірі ұстап алып кел­ген­
деріңе Аюкенің қызынан туған Топыш сұлуды қалың мал­сыз
беремін!—деп.

Көкшетауда бүркіт салып жүргенінде, қалмақтың бір
жайсаңы Абылайды ұстап алып кетіпті, жанындағы жолдас­
тары білмей қалыпты. «Абылайды тірі ұстап, алып келе жа-
тыр!» деген соң, Қалдан Шерін жарлық қылыпты:

—Абылайды маған көрсетпей, жеті күн, жеті түн зын­

данға салыңдар, ас-су бермеңдер, аш сақтаңдар. Сегізінші
күн зынданнан шығарып, айдалаға бір ақбоз үй тігіп, соның
ішіне жалғыз қойыңдар да, бір аяқ қара суға тобықтай тоң
май салып, алып барып, қолына ұстата қойыңдар. Тобықтай

тарихи  аңыздар тоң май қара суға ерімес. Ұрттап жіберейін десе, аузына бармас. Қара болса, аяқтағы суға қолын салып жіберіп, майды аузына бір-ақ қағып қояр. Егер ақсүйек болса, аштан өліп бара жатса да, майды керек қылмас. Мұны осылайша сынайық,—дейді. Ханының айтқан жарлығын айтқанынша қылып, зын­ данға салып, сегізінші күн дегенде, ақбоз үйдің ішіне жа­ падан-жалғыз отырғызып қойып, бір аяқ қара суды ішіне тобықтай тоң май салып, апарып қолына ұстатты. Абылай суды ішіп еді, май не ерімеді, не аузына бармады. —Үрсем, кетпейтұғын неме едің, өпкенмен, келетұғын емессің ғой!—деп, қолыңдағы аяқты,—Бар, ендеше! Көріп тұрған жігіт-желеңдер Қалдан Шерінге бір-ақ айтты дейді. —Мұның затында бір асылдық бар қу екен ғой! —Енді бір төрт жендет жалаңаш қылыш алып: «ханнан жарлық болды, қарадан жабдық болды, сіздің мейманыңыз толды. Құдайдың сізге бұйрықты жазуы осы болды» деп, қылышпен шабуға дүрсе қоя беріңдер. Біреуіңнің астыңа тығылып, басын қорттаса, шауып, өлтіріп тастаңдар. Егер сар қасқа текеше қасқайғаннан қасқайып отырып қалса, шаппаңдар. Тағы қайтып келіңдер, не көргендеріңді айтып келіңдер!—дейді. Қалдан Шеріннің айтқанын түгел орнына келтіріп, жендеттер жетіп барғанда, қаперіне дәнеме келтірместен, қабағын қағып, жасқанбастан отыра берді дейді. —Жүрегі тас па, мүйіз бе, түсі де қашпады,—десіп, айтысып келді дейді. Қалдан Шерін тоқсан саркардасын жиып, бәрін өзінен артық жасап киіндіріп, бір үйдің іші лық тола қатар түзеп отырып, өзі орнында отырмай, көп саркарда­ның бірі есепті болып, бұлардың арасына кіріп отырды да: —Абылайды осы үйге шақырып келіңдер, ешқайсың қағылып, орын бермеңдер! Қара болса, «бос жер—босаға ғой» деп босағаның қасына, оттың басына, бала күндегі оты­

абылай  хан  туралы  аңыздар
рып өскен жеріне отыра кетер. Ақсүйек болса, баса көктей
жоғары өтіп, төрден отырып, мені айтпай танып, сұрамай
білер,—дейді.

Бұлар мұнда ретін түзеп отырысып, Абылайды шақы­рып
келіп, үйге кіргізгенде, жан-жағына жалтақтап қара­мас­
тан, тақтың үсті бос тұрғанын көріп, тұпа-тура барып, таққа
мініп, Қалдан Шеріннің отыратұғын орнына отырды.

Ол тақтың үстінде қалмақтың табынатұғын тасы, хан­
дарының Құдай деп сыйынатұғын қуы болады екен де, оның
қақ қасында Қалдан Шеріннің орны болады екен. Қалмақ­
тар Құдай болмысының қасына отырғанын ауырлап:

—Ол жерге неге отырасың?—деп қауқылдасты.

—Бұл орын Қалдан Шеріндікі еді. Оның құты қашты да,

менің әруағым басты да, өз орнында өзі отыра алмай, босып
кетті. Енді бұл жерге мен отырмағанда, шайтан отыра ма?!—
дейді.
Қалмақтар біріне-бірі қарасып:

—Бұл сөзге не айтамыз? «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деген

осы екен-ау!—десті.
Сонда Қалдан Шерін өзін танып қойғанын біліп:

—Уа, Абылай, Сәру қайда?—дейді.

—Жақ тартушы көп болды, жаман аты бізде қалды,—

дейді.
Екінші қабат Қалдан Шерін және сұрады:

—Сәру қайда?—деп.

—Сәрумін деп Сәру айтпады, кеспеймін деп қару айт­

пады,—дейді.
Үшінші мәрте және сұрады:

—Сәру қайда?—дейді.

—Көрінбеген Сәруді іздегенше, көрініп тұрған өзіңді

ізде!—деді.
Қалдан Шерін саркардаларына:

—Бұл не дегені?—дейді.

—Өзің қарап отырып, тағыңнан айрылып қалдың. Осы

күнде тақ үстінде мен отырмын да, көп қара бұқараның бірі
10-139

тарихи  аңыздар
есепті сен отырсың. Осы сағатыңда басыңды алдырсам, кім
менің алдыма шығады? «Жарлық менде, жабдық сенде бол-
ды» деген сөзі десті,—дейді.

Сонда Қалдан Шерін Абылайды пенде қылып ал­дыр­
ғанына, сынаймын деп орнына шығарып алғандығына
пұшайман болып, ұшып түрегеліп, Абылайдың келіп
қолын ұстап, жарасып, елдесіп, Топыш сұлуды Абылайға

беріп, қазақтан не заманда олжаға түскен, өсіп-өнген
бірталай жанды азат есепті қылып, Абылайға қосып, рулы
ел қылып, көшіріп қайтарған екен. Осы күнде белгілі ата
жоқ, «кімсің» десе, «төлеңгітпіз» дейтұғындар солардың

тұқымы.
Қалмақ жұрты Қалдан Шеріннің бұл қылығын ұнат­пай,
«Топыш сұлуды өзіміздің біреуімізге бермей, Абылайға
берді» деп араз болысып, ақырында қалмақ Қалдан Шерін­

дей ханын өздері өлтірген.
Қалдан Шеріннің ханымы Қарабас ханым, онан туған
Айжан—жалғыз. Әкесінің орнына соны сайлап, үш жылға
жеткізбей, екі көзінен айырып, соқыр қылып, қаңғытып қоя

берген. Аюкенің Абылайды жезде көріп, Топыш ханымды
апа көріп, бірнеше үй өздеріне ерген қалмақпен Абылайға
келген. Сонан соң қалмақ бүлінген, ақырында шүршітке
қарай ауып кетіп бара жатқанда, балалары жылағанда ай­

тады дейді:

—Қу мұндар, неге жылайсың,

Сорқара, Сортың бар ма?
Сөрелеп жайған етің бар ма,
Көнек, Долағайың бар ма,
Көнекте тұрған қымызың бар ма,—

деседі дейді. «Сарқара, Сорты» деген, «Көнек, Долағай» де-
ген Сарыарқаның сауырысы, шөбі шүйгін жерлері болса ке-
рек.

абылай  хан  туралы  аңыздар 49. Абылайдың тұтқын болуы

(ІІІ нұсқа)
Бұл Сарыарқаны бұрынғы уақытта ноғайлы билеп-төс­
теп қоныс қылып, «он сан ноғай Ормамбет би өлгенде, сол
Ормамбеттің елі бір алаша тайдай бүлініпті» деген сөз бар.

Сонан қалмақ билеп-төстеп, мекен қылған екен. Қара қал­мақ
Қатысыбан қоңтажының тұсында он сан оймауыт, тоғыз сан
торғауыт «Аюкенің ауыр қолы» атанған. «Құба қалмақтың
ханы Қалдан Шерін тұсында қалмақтың құтын қашырып,

Сарыарқадан аудырған, басына қара қан жаудырған Абылай
хан екен» дейді.
Абылай заманында сүрген дәуренді енді Қазақбайдың ба-
ласы Абылайдан бұрын Адам атадан бері көрген емес. «Абы-

лай заманындағы дәурен қазаққа жоқ, түсіне де кірмес мұнан
былай» депті.
Ғаламда он сегіз мың жан болыпты,
Бұл сөзім білгендерге таң болыпты.

Жігітлер, құлақ салып, тыңдасаңыз,
Қазақта Абылайдай хан болыпты,—
деп өлеңге шыққан Абылай—осы.
Қазақ жұртында мақал болып қалды: «аң алмайтын жа-

ман құс—ат еңбегі, Абылайдан басқа төре—ет еңбегі» деп
бұрынғылардың айтуасы: «Қалдан Шерін» хикаясы.
[Қалда]н Шеріннің Сәру деген інісін бір жорықта
кезд[есіп], [А]былай өлтірген екен дейді. Қалмақтан шық­

қан [Сына] батыр Қалдан Шеріннен қашып, Абылайға
қорғалаған екен. «Кісімді өзіме қайырып берсін!» дегенде
Абылай айтты:

—Мені аямасын,—деп пәрмен қылған екен.

Бұл турадан Қалдан Шерін қалмақтың өзінен басқа
қоңтажысы болсын, Аюке болсын баршасы ат шаптырып,
«Сүзекінің қолы» деген қол аттандырыпты.

тарихи  аңыздар

—Көктің астында болсын, жердің үстінде болсын Абы-

лайды тауып алып кел[іңдер]!
Ұстап алып келгендерге деп жарлық берді:

—Жайсаңдарыңа, тірі ұстап алып өлтірмегенге Аюкенің

қызынан туған Топыш сұлуды қалың малсыз беремін,—
дейді.
Көкшетауда бүркіт салып жүргенінде қалмақтың бір
жайсаңы Абылайды тірі ұстап алып кетіпті. Жанындағы

жолдастары білмей қалыпты. «Абылайды ұстап алып келе­
ді» деп естіп:

—Маған көрсетпей, зынданға салыңдар, ас-су бермең­

дер, аш сақтаңдар. Сегізінші күн зынданнан шығарып, ай­
да­лаға бір ақбоз үй тіккізіңдер! Соның ішіне жалғыз қойың­
дар да, бір аяқ қара суға тобықтай тоң май салыңдар, қара
суға ерімес,—дейді,—ұрттап жіберейін [десе], аузына бар-

мас. Қара болса, аяққа қолын салып жіберіп, майды бір-ақ
жіберер. Егер ақсүйек болса, аштан өліп бара жатса да, майды
керек кылмас,—дейді.—Мұны осылайша сынайық,—депті.
Ханының айтқанынша қылып, зынданға салып, сегі­

зінші күн дегенде, ақбоз үйді айдалаға тігіп, жалғыз отыр­
ғызып қойып, бір аяқ қара суға тобықтай май салып апарып,
қолына ұстата берді.
Абылай суды ішіп еді, майы не ерімеді, не аузына

келмеді.

—Үрсем кетпейтұғын неме едің? Өпкеніммен келетұ­

ғын неме емессің ғой,—деп қолындағы[ны] пәрменінше
лақтырып (ұлақтырып) аспанға бір-ақ атты да, көріп тұрған
жігіт-желеңдер көргенінің бәрін айта барды дейді.

—Мұның затында бір асылдық бар қу екен ғой,—дейді,—

енді бір төрт жігіт жалаңаш қылыш алып барыңдар,—
депті,—«ханнан жарлық болды, қарадан жабдық болды.
Сіздің мейманаңыз Құдайдан сізге жазу бұйрық осы бол-
ды» деп қылышпен шабуға дүрсе қоя бер[іңдер],—дейді,—

біреуіңнің астарыңа кіріп кетсе, шауып жіберіңдер. Егер
сарқасқа текеше қасқайып отырса, шаппаңдар, тағы қайта

абылай  хан  туралы  аңыздар
келіңдер,—дейді,—көрген-білгендеріңді айтып келіңдер,—
дейді.
Қалдан Шеріннің айтқанын түгел орнына келтіріп, жен-

деттер жетіп барғанда, қаперіне дәнеме келтірмей, қаба­ғын
қағып, жасқанбастан отыра берді дейді.

—Жүрегі тас па, мүйіз бе, бізден қашпады,—деп айтып,

қайт[а]дан Қалдан Шерінге қайта келді дейді. Мұны Қалдан
Шерін естіп, қасына тоқсан сәргердені алып:

—Абылайдың жүзін көремін,—деп, бір үйд[ің] ішін

түзеттіріп, патшалық тақ орнатып, тоқсан сәргердесімен
тоқсан бір болып, патшаның тағынан басқа бос жер қой­май,
қатарын түзеп отырды дейді.
Көп сәргерденің бірі болып бұлардың арасына отыр[ып]:

—Ал Абылайды осы үйге шақырып келіңдер,—дейді,—

ешқайсың қағылып, орын бермеңдер,—дейді,—қара болса
«бос жер ғой» деп босағаға отыра кетер, «жасымда отырған
жерім» деп. Ақсүйек болса, баса көктеп, жоғары өрлеп, мені
сұрамай біліп, бірдеме айтар,—дейді.

Абылайды шақырып, үйге кіргізді. Жан-жағына жал­
тақтап қарамастан тақтың үсті бос тұрғанын көріп, табына-
тын пұты бар, жан-жағына көзін салмады, барып отыра кетті
де, сонда жаман қалмақтар қауқауласып:

—Жерге отырмай, таққа отырды,—деп күңкіл қыла бас­

тады дейді. Қалдан Шерін танып қойғанын біліп:

—Уай, Абылай, Сәру қайда?—деді.

—Жақ тартушы көп болды, жаманаты бізде қалды,—

дейді. Екінші сұрады:

—Сәру қайда?

Сәрумін деп Сәру айтпады, кеспеймін деп қару айтпады.
Және үшінші мәртебе:

—Сәру қайда?—деді.

—Көрінбеген Сәруді іздегенше, көрініп тұрған өзіңді

ізде,—деді. Қалдан Шерін сәргерделеріне:

—Бұл неме деген жан?—дейді.

тарихи  аңыздар

—Өзің қарап отырып тағыңнан айрылып қалдың. Осы

күнде тақ үстінде мен отырмын. Осы күнде басыңды ал-
дырсам, кім менің жарлығымды бұзады?—дейді,—жабдық
сенде, жарлық бізде,—деген сөзді есітті де, Абылайды
сынаймын деп алдырып, орнына шығарып алғандығына

пұшайман болып, ұшып түрегеліп, Абылайдың келіп қо­
лын ұстады. Жарасып, елдесіп,Топыш сұлуды Абылайға
беріп, қазақтан не заманнан бергі олжаға түскен, өсіп-өнген
қазақты Абылайға босатып жіберді. Осы күнде белгілі атағы

жоқ «кімсің?» десе, «атағы, атасы жоқ төлеңгітіміз» дейді.
Енді солардың тұқымы қалмақта қалып, Абылайға олжаға
берген екен дейді.
«Топыш сұлуды өзіміздің біреуіміздің бірімізге бермей,

Абылайға берді» деп, ақырында араз болып, ақырында
қал­мақ ханын өздері өлтірген. Қалдан Шеріннің ханымы
Қарабас ханым, онан туған Айжан—жалғыз, әкесінің ор­
нына соны сайлап, үш жылғаша жеткізбей, екі көзінен айы­

рып, соқыр қылып, қаңғытып қоя берген екен.
Аюкенің қызынан туған Қырғын, Күш—екі бала Абы-
лайды жезде көріп, Топыш ханымды апа көріп, бірнешеуі
өздеріне ерген қалмақпенен Абылайға келген соң қалмақ

бөліскен. Ақырында Шүршітке қарай ауып бара жатқанда
балалары жылағанда, айтады екен:

—Қу мұңдар, неге жылайсың,

Сорқара, Сортың бар ма?
Сөрелеп жайған етің бар ма,
Көнек, Толағайың бар ма,
Көнекте тұрған қымызың бар ма?—

деседі. «Сорқара, Сортың» деген, «Көнек, Толағай» деген
Сарыарқаның сауырысы, шөбі шүйгін жерлері болса керек
дейді.

абылай  хан  туралы  аңыздар 50. Абылайдың Қалдан Шерінге елші жіберуі

(ІV нұсқа)
Абылай хан Қалдан Шерінге жауласпай тұрған күнінде
көп елші жіберген екен. «Қазақ, қалмақтың тыныштанып,
бір-біріне тимей тұруы үшін елдесіп, бітісіп келіңдер» деп.

«Қазақтан көп жолаушы келіпті» деп естіген соң, Қалдан
Шерін ханымы Қарабас ханымды атқа мінгізді дейді:

—Қазақтан келген жолаушыларды аралап, жансыз

байқап, ішінде бітім алып қайтуға тұрарлық кісісі болса,
сынап, маған алып кел. Бітім алып қайтуға тұрарлық кісісі
жоқ болса, мені көрсетпей, қайырып жіберіңдер! Жөні түзу
сөз білерлік біреуін жіберсін,—деп айтқан соң, Қарабас ха-

ным аралап көріп, төрт кісіні таңдап, Қалдан Шерінге алып
барды дейді. Бірі—қаз дауысты Қазыбек, бірі—Айдабол
бидің баласы Тайкелтір би, бірі—Балтакерей Тұрсынбай,
бірі—шаржетім Шақшақ Жәнібек.

Сонда Қалдан Шерін ханымынан сұрапты:

—Бұларды не сынмен алып келдің?—деп. Сонда Қарабас

ханым айтты дейді:

—Мынау отырған Қазыбек ұйықтағанда, екі қолын екі

жаққа, екі аяғын екі жаққа жіберіп, керген төстіктей жата-
ды екен. Оның мәнісі: «Дүниенің төрт бұрышын тірей туған
ұлмын» дегені. Қара бақайына шейін құт екен. Өлгенде
арулаған жерін басып өткен ел бай болар,—дейді,—мы­

нау отырған—Тайкелтір. Кішкене тілінің ұшы екі айыры-
ла біткен екен. Өнері қара санынан келеді екен. Ер көмей,
темір жақтың барып тұрған өзі екен. Екі жақты, бір тілдіге
өмірінде сөз бермес,—дейді,—мынау отырған—Балтакерей

Тұрсынбай. Құлағы жоқ шұнақ, құйрығы жоқ шолақ екен.
Ерлігінен де міні жоқ, еңбектілігінен де міні жоқ. Жал­
ғыз-ақ айыбы—жауы желкесінде екен. Онан басқа қорқар
нәрсесі болмаса керек,—дейді,—мынау отырған—Жәнібек.

Екі аяқты, бір бастының сырттаны екен, өзінің оққағары бар

тарихи  аңыздар
екен. Күнінде ыңыршағыңды отқа жағып, бақайшағың­ның
майын шағатұғын осы екен,—дейді.
Сонда Қалдан Шерін:

—Мұны осы жерде өлтіріп тастасақ болмай ма?—дейді.

Сонда ханымы айтты дейді:

—«Ханның ақылы баланың шөметейімен бір бәс» деген

осы екен-ау! «Қазақ, қалмақтың тыныштығы болсын,—
деп,—елші жіберсін» дейсің. Келген елшіні «өлтірсек,
қай­теді» дейсің. Осы отырған төртеуі дүниенің төрт тіреуі
сықылды кісі емес пе? Атса, мылтық өтпейтұғын, шапса,

қылыш өтпейтұғын деп осындай жандарды айтады,—депті
дейді.
Қалдан Шерін сонда бұл төртеуіне ер басына тоқсан
жесірді (долгсыз) берген екен. Бұрын қазақ, қалмақ ара-

сында шабыншылықта түскендерді мал беріп, сатып алады
екен. Бұл жолы бұлар сатусыз алып қайтты дейді. Сонда бір
келіншек қатын Қазыбекке:

—Би ағалар-ау, мен қалып барамын!—деген соң, Қазыбек

Қалдан Шері­ннен сұрап алған екен дейді.

—Келін мұндарды кісі бұрын танып қоятұғын екен-ау!—

депті. 51. Абылайдың тұтқын болуы

(V нұсқа)
Қалмақта құба қалмақтың ханы Қалдан Шерін деген
хан болған. Оның Қарабас ханымы деген ханымы болған.
Ежен (Айжан) деген жалғыз баласы болған. Қарақалмақ

Қатысыбан деген қалмақтың ханы «қоңтажы» атанған. «Он
сан оймауыт, тоғыз сан торғауыт» деген қалмақтың ханы кәрі
Аюке-Тіпсіре Шабдаршаптың баласы болған. Бұлардан бөлек
«Ұрының қарағашы» атанған жақта Руса, Серең (Сыраң) де-

ген жайсаңдары болған. Бәрінің зоры Қалдан Шерін болып,
заманында қалмақ біткен соның аузына қараған. Қалдан

абылай  хан  туралы  аңыздар
Шерін дәуірлеп тұрған күнінде қалмақ қазақты түп көтере
ойсыратып шауып, есепсіз мал, көп жесір алып кеткен.
Соның артынан бітім-тыным сөйлесуге көтеріле аттанып

қазақ барған. Сонда Қалдан Шерін Қарабас ханымды атқа
мінгізіп:

—Қазақты аралап көріп, маған сөйлесуге жарайтұғыны

болса, алып кел! Сөйлесуге тұрарлық жан жоқ болса, «атта-
рынды аздырма, тондарыңды тоздырма» деп қайырып жі­
бер,—деп жібереді.
Қарабас ханымы атқа мініп, аралап көріп, сынап таңдап,

төрт кісі алып келіпті. Бірі—Балтакерей Тұрсынбай, бірі—
Шақшақұлы Жәнібек, бірі—қаз дауысты Қазыбек, бірі—
Айдабол баласы Тайкелтір.

—Бұларды не сынмен алып келдің?—дегенде:

—Анау отырған—Балтакерей Тұрсынбай. Құлағы жоқ

шұнақ екен, құйрығы жоқ шолақ екен, жауы көк желкесін­
де екен. Өзінен басқадан қорықпайтын, үрікпейтін деген
байдың өзі, көкшолақтың көзі екен. Анау отырған Қазыбек
атшылардың арасында ұйықтап жатыр екен, шалқасынан

түсіп, екі қолы екі жаққа қарай, екі аяғы екі жаққа қарай,
керген төстіктей серейіп жатыр екен. Онысы—«дүниенің
төрт бұрышын тірей туған—дәл мен» дегені, қара бақайына
шейін құт екен. Өлгенде арулаған жерін [ме]к[ен]деп көш­

кен ел бай болады. Анау отырған—Тайкелтір. Айыр көмей,
темір жақ, жұтқыншағыңдағы кішкене тілінің ұшы кезең
екі айыр, өнері қара жамбасынан (жанбасынан) келеді екен.
Бір басты, екі аяқтыға сөз бермейтұғын бұлбұл екен. Анау

отырған—шаржетім Шақшақұлы Жәнібек қазақ сыртта-
ны екен. Өзінің оққағары бар екен. Бақайшағыңның майын
шағып, ыңыршағыңды отқа жағатұғын сол екен.
Сонда Қалдан Шерін:

—Бұларды өлтіріп тастасақ, жарайды екен,—депті.

Қарабас ханым:

—«Ханның ақылы баланың шүметейімен бірдей» деген

осы екен-ау! Өзің бұларды қандай жан деп отырсың? Отқа

тарихи  аңыздар
салса, күймейтұғын, суға салса, батпайтұғын, атса, мылтық
өтпейтұғын, шапса, қылыш кеспейтұғын, сырты—болат,
іші—құрыш жандар осылар емес пе?!

—Ендеше бұларды толық бітім беріп, ырза қылып

қайыруға керек екен,—деп, ер басына тоқсан жесірді (долг-
сыз) берген.
Бұрын бітім болғанда, мал төлеп алады екен. Бұл жолы
мына төртеуінің жолына төлеусіз беріпті. Сонда бір келін­

шек қатын Қазыбекке:

—Би ағалар-ау, мен қалып барамын,—дегенде Қазыбек

Қалдан Шерінге қайта кіріп, сырнайдай тақылдап, жүйе­сін
босатып сөйлеп, сұрап алған екен. «Қазыбек өзгесінен бір
жесір артық алыпты» деп кейінгіге айтылып қалған. Және
Қазыбек: «келін мұрдарды бұрын танып қоятұғ[ын] екен-

ау!» деген екен.
Қалдан Шерін өлерінде халқын жиып, өсиет сөйлепті:

—Мынау жалғыз балам Еженді менің орныма хан кө­те­

ріңдер. Үш жылға шейін бетіне келмеңдер! Үш жылдан соң
сұңқар болып қолдарыңа қонады,—депті.
Қалдан Шерін өлген соң Еженді хан көтеріпті. Еженде
екі түрлі жат мінез болыпты. Бірі—көрінген итті ата беріпті,

бірі—қыз-келіншекті ата беріпті. Сонан соң жұрты без-
ер болып «мынау жынданды» деп өлтірмекші болып[ты].
Қалмақ заңы: баласы өлсе, әкесі жаназашы болып аттанып,
жұрт жияды екен де, әкесі өлсе, баласы жаназашы болып

жұрт жияды екен. Қалдан Шерін өлгенде, Ежен жаназаға
жұрт шақырып жүргенде, жеті қараңғы түнде ит шулап, сөз
есіттірмей, мазасы кеткен кеткен екен, қыз-келіншек қой
күзеткенде өлең айтып, ән салып, сөз есіттірмеген екен.

«Үш жылға шейін, ит енеңді сі...ін, сенен өшімді алар­
мын, қыз-келіншек, енеңді сі...ін, сенен де өшімді алар­
мын»,—деп ант қылған екен, жұрт та өлтіруге анттасқан
екен. Қалмақтың бір сыншысы айтты дейді:

—Бұл жай кісі емес, хан баласы. Мұнда кие бар. Мұны

от­қа салсаңдар, еліңді өрт алады, суға салсаңдар, еліңді су

абылай  хан  туралы  аңыздар
алады. Мұны қалай өлтірсеңдер де, зор апатқа ұшырайсың­
дар,—деген соң, мыс қыздырып, екі көзіне ұстап, екі көзін
дәнемені көрмейтұғын су қараңғы соқыр қылып, қоя беріп,

сонан сон қалмақ бүлініп, бордай тозған екен. «Ханын қал­
мақ жаулаған, сөйткен қалмақ оңбаған» деген сөз кейінгіге
мақал болып қалған екен.
Қалмақ заңы «екі қатын алса, ел бүлінеді» деп, екі

қатын алмайды екен. Қалдан Шерін екі қатын алған екен.
Себебі мынау: «он сан оймауыт, тоғыз сан торғауыттың
ханы» болған кәрі Аюке Тіпсіре—Шабдаршаптың бала­сы
жал­ғыз қызын қырық қыз жолдас қосып, Қалдан Шерінге

жібер­ген: «кімге берсе, билігі Қалданда» деп. Бара жат­
қан жолда­рын­да қыс ерте түсіп кетіп, қар қалың жауып,
жүре алмай қалған. Қазақтың бір мергені оқтай ұшырап,
қыздардың өздеріне тастан үй қалап беріп, көліктері түйе

екен, түйелеріне тастан қора қалап беріп, аң атып, аң етімен
бір қыс асырап-сақтап, қыстан шығарған. Қалдан Шерін­
нің қаһарынан қорқып, қыз тие алмай, мерген ала алмай,
жаз шыққан соң, қыздар Қалдан Шерінге қарай кетіпті.

Осы қыздардың бір қыс қыстаған жері Қарқаралы үйезі­
не қараған жерде Боқтыкент деген тауларда. Тау басында
«Қызыл кеніш» атанған. Біздің қазақ «Қызыл кеніш» әулие
деп, соған да түнеп жүрді.

Бұл қыздар Қалдан Шерінге барыпты. Қыз заманасын­
дағы жұрттан асқан сұлу екен. Басқаға беруге қимай, Қалдан
Шеріннің өзі тоқалдық[қа] алыпты.
Қарабас ханым деген атақты ханымы бар екен де, онан

туған Ежен деген жалғыз баласы бар екен. Қалмақ заманын-
да екі қатын алмайды екен. «Екі қатын алса, ел бүлінеді»
деп. Қыз «салт атты, сабау қамшылы» болмай, екіқабат, буаз
шығып, ер ұл тауып, «жолдан қыстырылған сына тәрізді бол-

ды» деп, атын Сына қойыпты. «Сына батыр» атанып жүрген
Сына—осы. Аюкенің бұл қызы Қалдан Шеріннен екі қыз,
екі ұл тауып, қыздарының аты Барын, Топыш, ұлдарының
аты Қырғын, Күш аталыпты.

тарихи  аңыздар
Қалдан Шерін айсыз қараңғы түнде далада с...п отыр-
са, с...гіне келіп бір нәрсе шылп ете түсіпті. Үйіне ап келіп,
жарық қылдырып қараса, садақтың оғы екен, ұшында метін

(митын) бар екен. Ол метін Қалдан Шеріннің өз талысында
жататұғын метін екен. Тоқсан ұстасы бар екен, бәрін жиды-
рып:

—Мына оқты қайсың жасадыңдар?—дегенде, бір ұста:

—Оны жасаған мен едім,—депті.

—Кім жасатты?—дегенде:

—Өзіңіздің нақсүйер тоқалыңызд[ың] тұңғышы Сына ба-

тыр жасатып алып еді,—депті.
Ләм-мим дәнеме деп жанға сездірмепті. Ұйықтап жат­
қанда Сына батырдың мұрнына дәрі иіскетіп, талдырып тас­
тап, оң жауырынының шеміршегін ойдырып алдырып тас­

тап, аюдың ақ дәрісін септіріп тастапты. Бір заманда Сына
батыр есін жиып, басын көтеріп, тұра келіпті, дәнемені
білген, сезген жоқ. Сына жақ атып, садақ тартайын десе,
төбесінен Құдай ұрғандай болып қалғанына наза болып, үйге

келіп еңіреп, ботадай боздады дейді. Шешесі:

—Не болды, кім тиді?—деп сұрап еді:

—Денем сау, қолымда ауырған, сырқаған дәнеме жоқ.

Садақ тартып, жақ ата алмайтұғын болыппын,—деді.

—Балам, ұрылған екенсің. Енді тырп етсең, көзінді жо­

йылтады, қарашығынды батырады. Тұрма, көзінді жоғалт,
қалмақ ортасында жүріп, жан сақтай алмайсың! Қазақ
жұртыңа кете гөр осы аманыңда,—деп, Қалдан Шеріннің
қас болғанын айтыпты.

Сына батыр сол қашқаннан қашып, Абылайға келіп
қорғалап тұрып қалыпты. Қалдан Шерін де қайда барса да,
өзіне қастық қыларын біліп, іздетіп, таба алмай, Абылай­
ға барып қорғалағандығын естіген соң, Абылайға елші

жіберіпті:

—Менімен жауласпай, тыныш тұрамын десе, Сына ба-

тырды тірідей қайырып берсін!—деп.
Абылай хан:

абылай  хан  туралы  аңыздар

—«Бұтаға қорғалаған торғай да қалады» деген сөз бар еді.

Бұта құрлы болмасам, тірі болғанда неге жараймын?—деп,
бермепті.
Қалдан Шерін жер үстіндегі қалмаққа жар шақыртып,
[...] «Сүзекінің қолы» деген қол аттандырыпты.

—Бір жерден емес, әр жерден аңдытып, судан балық

сүзгендей, Сарыарқаны түгел аралап кезіңдер! Абылайды
маған тірі ұстап алып келгендер[іңе] Аюке қызынан туған
Топыш сұлуды беремін,—деп.
Мұны естіген соң жайсаңдарда жан қалмады, көтеріле

атқа мінді. Бір Жалбы деген жайсаң[ы] көп қосынменен
жүріп, Тарбағатай, Шыңғыс таулары жақта «Жалбы
жолы» атанған жол бар деседі. Ала жаздай кезіп, ұшырата
алмай, қыс түсіп кетіп, Ұлытау, Кішітауда бүркіт салып

жүргенде ұшырасып, аң аулап қаңғып жүрген уақ Өтеген
мергенді ұстап алып, ол айтпапты. Бір Тілеуімбет де-
ген жаман қарауылшысы бар екен, ол ит ұйықтап қалып
«қарауылшымыз бар ғой» деп қапы қалып, қасындағы

қанша жолдастарымен ұстап алыпты. Абылай жүрген
жорықшылардан жөн сұраса, бір ғана өзі үшін аттанған
қосын екенін білген соң «күтінбеген елді шабыншылыққа
ұшыратпас» деп:

—Іздеген Абылайың—мына мен,—деген соң Қалданның

жіберген қосыны тапсырған Абылайын тапқан соң, жо­ғал­
тып жүрген тайыншасын тапқандай қуанып, алып қайта
беріпті.
Қалдан Шерін «Абылайды тірі ұстап алып келеді» деп

естіген соң, айдалаға ақбоз үй тіктіріп, құда, күйеу түсетұ­
ғын үйдей жайнатып, төсеніш төсеп:

—Абылайдың жалғыз өзін сонда кіргізіңдер,—деп­

ті,—жеті күн, жеті түн ас-су бермеңдер, қарны ашсын,
қал­жырасын. «Бір күн қарны ашқаннан қырық күн ақыл
сұ­рама» деген бар ғой,—депті. Айтқанындай қылыпты.
Сегізінші күнде:

тарихи  аңыздар

—Тола аяқ қара суға тобықтай тоң май салып апарып,

қолына ұстата қойыңдар,—депті.
Айтқанындай қылып апарып қолына ұстатқанда:

—Үрсем кетпейтін неме едің, өпсем аузыма келер емес­­

сің ғой,—деп аяқты төрден есікке қарай лақтырып жі­
беріпті.
Көзімен көргендер көрген-білгенін айтып барғанда:

—Шіркін, анық бекзат, шын дегдардың өзі екен ғой,—

десіпті.

—Енді бір төрт жендет түстеріңді суытып, төртеуің де

қолдарыңа жалаңаш қылыш ұстап жалақтатып: «ханнан
жарлық болды, қарадан жабдық болды. Сенің мейманаң тол-
ды. Берген асты ішпесең, мә, өзіңнің қанынды іш!»,—деп
дүрсе қоя беріңдер. Тайсалса, қайғалақтаса, басын шауып

тастаңдар. Жасқанып жалтақтамаса, тимей қайтып келіңдер,
не қылып, не қойғанын айтып келіңдер!—деп жіберіпті.
Бұлар Қалдан Шеріннің айтқанындай қылып жетіп
барғанда:

—Алладан басқадан ажалым болмақшы емес,—деп се-

скенбей, шімірікпей, сарқасқа текедей қасқайғаннан қас­
қайып отыра берді дейді.

—Мынаның өзінде жан жоқ қой. Жаны бар жан жас­

қанбас па?!—деп қайтып келіпті, көрген-білгендерін айтып
келіпті:

—Атса, мылтық өтпейтұғын, шапса, қылыш өтпей­

тұ­ғын, суға салса, батпайтын, отқа салса, күймейтұғын,
сырты—болат, іші—құрыш, өзіне-өзі әбден сенген қу ғой,—
десіпті.

—Екі сыннан өтті, енді бір сын қалды. Оны да

орындатайық,—деп,—өзін мұнда шақыртыңдар. «Қардың
басын қар алады, ханның басын хан алады» деуші еді.
Қалың қалмақтың жиылған тобының ішінде басын өз
қолыммен кесіп, ту сыртынан жарып, өтін өз қолыммен

алып, қанын ұрттаймын!» деп шақыртты деңдер. Үрейі
ұшып, құты қашып, қалбалақтап кіріп келер ме екен?

абылай  хан  туралы  аңыздар Жоқ өңі-түсі қашпай, сескеніп, шіміркеніп аяқ баспай, жаймашуақ, жадағай [көр]кейіп келер ме екен? Бұ да—бір сын,—дейді. Қалдан Шеріннің тоқсан сәргердесі бар екен, бәрін қазқатар үй жағалай тұрғызыпты. Өзі тақтан түсіп, сәр­гер­ делерінің біреуі есепті болып отырыпты. Төрден боса­ға­ға шейін жан отырарлық орын қалдырмапты. Және: —Кіріп келгенде ешбірің қағылып орын беруші бол­маң­ дар!—депті. Қалдан Шеріннің тағы болады екен, тақ үс­тін­ де тастан жасаған жеке ханның орнына арнаған «Құ­дайы» болады екен. Абылай хан кіріп келсе, тақ төрінің үстінде кісі жоқ, тастан жасалған құдайсымағы тұр. Абы­лай хан жан-жағына жалтақтап қарамастан тақ үсті бос тұр­ғанын көріп, тұпа-тура барып таққа мініп, Қалдан Шерін­нің орнына қасқиып отырып алды дейді. Құдайының қасына отырғандығы шаншудай көрініп, қалмақтар қауқылдасты дейді. Сонда Абылай айтты дейді: —«Жақсы кезекке таласады, жаман отыратын орнынан адасады». Отыратұғын орнынан адасатұғын мен жаман ба? Тақ үстінде ханның орны болады, оның құты қашты, менің әруағым, бақ-талайым жоғарылап асты. Сондықтан өз орнын ол тастай қашты. Бұл орынға қалмақтың ханы Қалдан Шерін отырмағанда, қазақтың ханы Абылай отырмағанда, шайтан отыра ма?—дейді. Қалмақтар өзді-өзі бір-біріне қарасып: —Бұған не айтамыз? «Аталы сөзге арсыз таласады» деген,—депті. Қалдан Шерін өзін танытпаймын деп, ұрылып қалғанын білді: —Уа, Абылай, Сәру қайда?—дейді. —Сәрумін деп Сәру айтпады, кеспеймін деп қару айт­па­ ды,—дейді. «Сәру қайда?» деп үш айтты, үшеуінде осы ретті жауап қайырды. Қалдан Шерін жауап қайтарып дәнеме дей алмады.

тарихи  аңыздар

—«Қолға түстім-ау, пенде болдым-ау!» деп ойыма дәнеме

келмейді. Өлсем ойымнан, тірі болсам, бойымнан кетпес
үш арманым бар. Бірі—Сәруді мен қан майданда жекпе-
жекте өлтіріп едім. Сен ата қалмаққа сауын айтып, әскер
жібергенде, мен исі қазаққа сауын айтып, қыл құйрықты

қазақты жиып, Сәруше қан майданда өлмей, сәйгел қуалап
шыққан тайыншадай, түлкі қуып, бүркіт салып жүргенде,
қапыда түстім-ау!»—деп армандаймын. Бірі—«қазақтың
арқасын тамға сүйремей, аузын нанға бөлемей, құлан,

киіктей құба жонда тиянақсыз, тұрақсыз қалдырдым-
ау!»—деп соған армандаймын. Бірі—«төрт атадан бері
қарай жалғыз едім, туысқаным жоқ еді, балам жоқ еді. Өліп
кетсем, бір өзім емес, төрт жанның тұқымы құрығаны ғой!»

дегенім болмаса,—дегенде, Қалдан Шеріннің басы төмен
салбырап кетіп:

—Мен де өзіңдей төрт атадан жалғыздап келген жан едім.

Бұ дағы мынау Ежен қарағым, бөбегім сықылды екен,—
дегенде, Абылай:

—Алдияр хан, төреңізге құлдық,—депті.

Қалдан Шерін:

—Сен қуанғандай, не төре тиіп қалды?—депті.

Абылай айтыпты:

—Мені алдыңда отырған «көзіңнің ағы мен қарасы»

бөбегіңе теңедің. Өз бөбегіңді өзің өлтіресің бе?—депті.
Қалдан:

—Жарайды, жөн,—депті.

Өзге жұртты тарқатып, Абылайды оңаша алып қалып,
Еженді бір тізесіне, Абылайды бір тізесіне отырғызып, мәре-
сәре болысып, «құлындағы сақауын, құнандағы тісеуін» ай-
тысыпты:

—Қазақта қой көп пе?—деп сұрапты.

—Көп болады,—депті.

Қалдан:

—«Қой—ұры, қойшы—өтірікші» деген, ауыл үйдің ара-

сынан ұсақ жанжал үзілмейді десейші,—депті.

абылай  хан  туралы  аңыздар

—Қазақта сиыр көп пе?—депті.

—Көп болады,—депті.

Қалдан:

—Қазақтың баласы айранға сеніп, еңбекке еріншек,

ақымақ болады десеңші,—депті.

—Қазақ егін сала ма?—депті.

—Жоқ, салмайды,—депті.

Қалдан:

—«Жер—анасы, адам—баласы» деп еді. Жер емшегін

ембей, жерге бауыр баспайды. Әлі де неше төңкерісті басы-
нан кешеді екен,—депті.
Екеуінің әңгімесі таусыла ма?
Аюкенің қызынан туған Топыш сұлуды Абылайға

беріп, қазақтан не заманда олжаға түскен, өсіп-өнген
бірталай жанды Абылайға байлап, рулы елдей қылып
қайтарыпты. Кенесары, Наурызбайдың әкесі Қасым осы
Топыш сұлудан туады. Топыш сұлудың бауырлары: Қыр­

ғын, Күш Абылайға қашып келіп, паналап, олардың үрім-
бұтақ, жұрағаты Атбасар үйезінде, Терісаққан бойында
Қарақұйын, Қашырлы елінде[гі] қалмақтар деседі. Өсіп-
өніп кеткен бірталай жан.

Біз бұл сөздерді Мұса, Секербай заманындағы қария­
лар­дан естідік. Енді заманның тарихы, шежіресі бізге бәрі
өтіріктей көрінеді.

52. Абылайдың тұтқын болуы

(VІ нұсқа)
Қалмақтың ханы кәрі Аюке жалғыз қызын қырық қыз
қосып, Қалдан Шерінге жіберген екен: «кімге берсе билігі
Қалданда» деп.

Қыс түсіп кетіп, тау кезіп жүрген қазақтың бір мергені
тастан үй салып беріп, мінген көліктері түйе екен, тастан
қора салып беріп, жалғыз өзі қырық бір қызды аң етімен
11-139

тарихи  аңыздар
бір қыс асырап шығыпты. Қалдан Шеріннің қаһарынан
қорқып, қыз тие алмайды, мерген ала алмайды. Жаз
шыққан соң кетіпті. Қарқаралы үйезіне қараған жерде

Боқтыкентте «Қызыл кеніш» деген әулие бар деп, қазақ
соған да түнеп жүріпті. «Сол қыздардың бір қыс қыстаған
жері екен» деседі.
Қалдан Шерінге барыпты. Қыз жұрттан асқан сұлу екен.

Басқаға беруге қимай, Қалдан Шерін тоқалдыққа өзі алып-
ты. Қарабас деген ханымы бар екен де, онан туған Ежен де­
ген жалғыз баласы бар екен. Қалмақ заңында екі қатын алу
жоқ екен: «Екі қатын алса, ел бұзылады» деп. Қыз «салт ат­

ты, сабау қамшылы» болмай екіқабат, буаз шығыпты. Ер ұл
тауыпты. Жолдан қосылған сына тәрізді болды, атын Сына
қойыпты. Туа батыр болып туыпты.
Бұл Аюкенің кызы Қалдан Шеріннен екі қыз, екі ұл

тауып­ты. Қыздарының аты—Боран, Топыш; ұлдарының
аты—Қырғын, Күш.
Қалдан Шерін айсыз қараңғы түнде далада с...п тұрса,
с.гіне келіп, бір нәрсе шылп ете түсіпті. Үйіне ап келіп, жа­

рық қылдырып қараса, садақтың оғы екен, ұшында метін
бар екен. «Метін» дегені—суы бөлек суарылған темір болса
керек, Қалдан Шеріннің өзінен басқаның қолына түспей­
тұ­ғын. Наркескен соғатұғын, садақтың оғын жасайтұғын

тоқсан ұстасы бар екен. Бәрін жидырып:

—Мынаны қайсың жасадыңдар?—дегенде, бір ұста:

—Оны жасаған мен едім,—депті.

—Кім жасатты?—дегенде:

—Бөтен кісі емес, өзіңіздің нақсүйер тоқалыңыздың

тұңғышы Сына жасатып алып еді,—деген соң ләм-мим
дәнеме деп жанға сездірмепті.
Ұйықтап жатқанда Сынаның мұрнына дәрі иіскетіп, тал-
дырып тастап, оң жауырынының шеміршегін ойдырып ал-

дырып, аюдың ақ дәрісін септіріп тастапты. Бір заманда есін
жиып, Сына басын көтеріп түрегеліпті, дәнемені де білген
жоқ.

абылай  хан  туралы  аңыздар
Сына жақ атып, садақ тартайын десе төбесінен Құдай
ұрғандай болып қалғанына наза болып, үйге келіп еңіреп,
ботадай боздады дейді. Шешесі:

—Не болды? Не қылды?—деп сұраған екен.

—Денім сау, қолымда ауырқаған, сырқаған дәнеме жоқ.

Садақ тарта алмайтұғын болыппын,—деді.

—Балам, ұрылған екенсің. Енді тырп етсең, көзіңді жо­

ғалтады, қарашығыңды батырады. Тұрма, көзіңді жоғалт!
Қалмақ ортасында жан сақтай алмайсың, қазаққа жете гөр
осы аманыңда,—деп, Қалдан Шеріннің қас болғанын айтыпты.
Сына батыр сол қашқаннан қашып, Абылайға келіп

қорғалапты. Қалдан Шерін де қайда барса, өзіне қастық қы­
ларын біліп, іздетіп таба алмай, Абылайға барып қор­ға­ла­
ғанын естіген соң Абылайға елші жіберіпті:

—Менімен жауласпай, тыныш тұрамын десе, Сынаны

қайырып берсін!
Абылай хан:

—«Бұтаға қорғалаған торғай да қалады» деген сөз бар еді.

Бір бұта құрлы болмасам, тірі болғанда неге жараймын?—
деп бермепті.
Қалдан Шерін жер үстіндегі қалмаққа жар шақыртып:

—Абылайды маған тірі ұстап ап келіп беріңдер,—деп

«Сүзекінің қолы» деген қол аттандырыпты. Сол кезде
Аюкенің қызынан туған Топыш сұлудың жұрт аузына ілініп
«сұлу» атанып тұрған күні екен.

—Абылайды тірі ұстап, ап келіп бергенге Топышты

беремін,—деп қызықтырыпты.
Қалмақтың бір жайсаңы Ұлытау, Кішітауда Абылай
қостап шығып, аң аулап жүрген күнінде, ұйықтап жатқан
жерінде үстінен түсіпті. Сонда қарауылшысы Тілеуімбет де-

ген жаман екен, ұйықтап қалған екен. «Қарауылшы бар ғой»
деп қапы қалып, қолға түсіпті деген сөз бар.
Абылай жүрген жорықшылардан жөн сұраса, бір ғана
өзі үшін аттанған қол екенін білген соң: «күтінбеген елді

шабыншылыққа ұшыратпайын» деп:

тарихи  аңыздар

—Іздеген Абылайың—мына мен,—депті.

Қалданның қосыны тапсырған Абылайын тапқан соң,
жоғалтып жүрген тайыншасын тапқандай қуанып, алып
жүре беріпті. Қалдан Шерін естіпті: «Абылайды тірі ұстап
алып келеді» деп. Айдалаға бір ақ боз үй тіктіріпті. Құда,

күйеу түсетұғын үйдей қылып, төсек төсетіп:

—Сонда кіргізіңдер. Жеті күн, жеті түн ас-су бермеңдер.

Қарны ашсын, қалжырасын! «Бір күн қарны ашқаннан
қырық күн ақыл сұрама» деген бар ғой,—депті.
Айтқандай қылыпты, сегізінші күнде:

—Бір аяқ суға тобықтай тоң май салып апарып қолына

ұстата қойыңдар,—депті.
Айтқандай қылып, апарып қолына ұстатқанда:

—Үрсем кетпейтұғын неме едің, ішпесем аузыма келер

түрің жоқ қой,—деп аяқты есікке қарай лақтырыпты.

—Енді бір төрт жендет түстеріңді суытып, төртеуің де

жалаңаш қылыш алып: «ханнан жарлық болды, қарадан
жабдық болды. Сенің мейманаң толды. Берген асты ішпе­сең,
мә, өзің [өз]іңнің қанынды іш!»—деп дүрсе қоя беріңдер!
Тайсалса, қайғалақтаса, басын шауып тастаңдар! Жасқан­

баса, селт етпесе, тимей, қа[йтып келіп], не қылып, не қой­
ғанын айтып келіңдер,—деп жіберіпті.
Бұлар Қалдан Шеріннің айтқанын қылып жетіп бар­
ғанда:

—Алладан басқадан ажалым болмақшы емес,—деп

шімірікпей, қасқиып отыра беріпті.

—Мынаның өзінде жан жоқ қой. Жаны бар жан жасқан­

бас па?—деп қайтып келіпті. Көрген-білгендерін айтып
келіпті.

—Атса, мылтық өтпейтін, шапса, қылыш өтпейтін, суға

салса, батпайтын, отқа салса, күймейтін, сырты—болат,
іші—құрыш жасалған қу екен. Екі сыннан өтті. Енді бір
сынайық, шақыр өзін осы ордаға,—депті.
Үшінші сынының түрі мынау екен: Қалдан Шеріннің

тоқсан сәргердесі бар екен. Бәрін қаз қатар үй жағалай

абылай  хан  туралы  аңыздар
отырғызыпты. Өзі тақтан түсіп, сәргерделерінің біреуі есеп­ті
болып отырыпты. Төрден босағағаша жан отырарлық орын
қалдырмапты:

—Және кіріп келгенде, ешбірің қағылып, орын беруші

болмаңдар,—депті. Қалдан Шеріннің тағы болады екен.
Тақ үстінде тастан жасаған, жеке ханның өзіне арналған
«Құдайы» болады екен.
Абылай хан кіріп келсе, тақ тұр. Оның үстінде кісі жоқ,

тастан жасалған құдайсымақ тұр. Үйге кіріп барғанда жан-
жағына жалтақтап қарамастан, тақ үсті бос тұрғанын көріп,
тұпа-тура барып таққа мініп, Қалдан Шеріннің ор­нына оты-
рып алды дейді.

«Құдайының» қасына барып отырып алған соң қалмақтар
қауқылдасты. Сонда Абылай айтты дейді:

—Жақсы кезекке таласады, жаман отыратын орны-

нан адасады. Отыратын орнымнан адасатұғын мен жаман
ба? Бұл орын Қалдан Шеріндікі еді. Оның құты қашты да,
менің әруағым басты. Тақ үсті хан орны болады. Бұл орынға
қалмақтың ханы Қалдан Шерін отырмағанда, қазақтың ха­ны

Абылай хан отырмағанда, шайтан отыра ма?—деді дейді.
Қалмақтар өзді-өзі бір-біріне қарасып:

—Бұған не айтамыз? «Аталы сөзге арсыз таласады» де-

ген. Орын кетсе, кетсін, ар кетпесін,—десті.
Қалдан Шерін өзін танытпаймын дегенінен ұрылып қал­
ғанын білді:

—Уа, Абылай, Сәру қайда?—деді.

—Сәрумін деп Сәру айтпады, кеспеймін деп қару айт­

пады,—деді. Қалдан Шерін жауап қайтарып, дәнеме дей ал-
мады.

—«Қолға түстім-ау, пенде болдым-ау!» деп ойыма дәнеме

келмейді. Сәруді мен қан майданда жекпе-жекте өлтіріп
едім. Сен аты қалмаққа сауын айтып, әскер жібергенде, мен
дін мұсылман баласына хабар айтып, Сәруше қан майданда
өлмей, қапыда ұйықтап қалып, ұрланған мал есебінде қолға

түстім-ау! Өліп кетсем, төрт атадан бері қарай жалғыз едім,

тарихи  аңыздар
балам жоқ еді. «Бір өзім емес төрт жанның тұқымы құры­
ғаны ғой» дегенім болмаса,—дегенде Қалдан Шеріннің басы
төмен салбырап кетіп:

—Мен де өзіңдей... келген жан едім. Бұ дағы менің мы­нау

Ежен қарағым, бөбегім сықылды.
Абылай: «Алдияр хан, төреңе құлдық»,—депті.
Қалдан Шерін: «Сен қуанғандай, не төре тиіп қалды?»—
депті.

Абылай: «Мені алдыңда отырған көзің ағы мен қара­
сындай балаңа теңедің. Балаңды өлтіресің бе?»—депті.
Қалдан: «Жарайды, жөн»,—депті.
Өзге жұртты тарқатып, Абылайды оңаша алып қалып,

Еженді бір тізесіне отырғызып, Абылайды бір тізесіне
отырғызып, мәре-сәре болысып, «құлындағы сақау, құ­нан­
дағы тісеуден» түк қалдырмай айтысып отырып:

—Қазақта қой көп пе?—деп сұрапты.

—Көп,—депті. Қалдан:

—«Қой—ұры, қойшы—өтірікші» деген, ауыл үйдің ара-

сынан ұсақ жанжал үзілмейді десейші!—депті.

—Қазақта сиыр көп пе?—депті.

—Көп,—депті.

Қалдан:

—Қазақтың баласы айранға сүйеніп, еңбекке еріншек,

ақымақ болады десейші,—депті.

—Қазақ егін сала ма?—депті.

—Жоқ,—депті.

Қалдан:

—Адам баласы ег[ін] салып, жер емшегін ембей, жерге ба-

уыр баспайды. Әлі де неше төңкеріс басынан кеше­ді екен,—
депті.
Екеуінің әңгімесі таусыла ма, Аюкенің қызынан туған
Топыш сұлуды Абылайға беріп, қазақтан өткен заманда ол­

жаға түскен, өсіп-өнген бірталай жанды Абылайға байлап,
көшкен елдей қылып қайтарыпты.

абылай  хан  туралы  аңыздар
Кенесары, Наурызбай әкесі Қасым осы (Топыш) сұлудан
туады.
Сонан кейін қалмақ Қалдан Шерінмен қас болып, не

қылса да, көп тұрғызбай, көзін жояды. Жалғыз бала-
сы Еженді көзін қыздырып ұстап, екі көзінен айырып, су
қараңғы қылып қоя берген. Сонан соң қалмақ оңған жоқ.
«Ханын қалмақ жаулаған, сөйткен қалмақ оңбаған» деген

сөздің мәнісі—осы.
Топыш сұлудың бауырлары—Қырғын, Күш Абылайға
қашып келіп, паналап, олардың үрім-бұтақ, жұрағаты—
Атбасар үйезінде, Терісаққан бойында, Қарақұйын, Қашыр­

лы еліндегі қалмақтар деседі. Өсіп-өніп кеткен бірталай
жан.
Абылай хан «бәрін—Топыш Қырғи, Күштерді бұл жаққа
жібермесін» деп қалмаққа көшіріп жіберген екен. Олардың

бұл жақта жүргенде, туған балалары қазақ ішінде қалып,
қалмақ атында өсіп-өнді. Абылай ханнан кейін олар тағы
қалмақ ішінде тірлік қыла алмай, бұл жаққа ауып келіп,
төрелерге төлеңгіт болып, «төлеңгіт» атанып өсіп-өнді қан­

жығалы ішінде. 53. Жапақ батырдың Сары қазақ атануы

(VІІ нұсқа)
Абылайдың Қалдан Серенге тұтқынға түсуі. Жоң­ғар­
лардың қырғыздарға жасаған бір шабуылында Абылай
жекпе-жекте Қалданның ұлы Шаршыны өлтіреді.

Сүйікті ұлының қазасын естіген Қалдан кім болса да,
қайда болса да, ұстап алдына әкелуді бұйырады.
Қалмақтар аң аулап жүрген Абылайды тұтқиылда қолға
түсіріп, қасындағы бірнеше би және атығай руының әйгілі

батыры Құдайберді Жәпекпен Қалданға алып келеді.

—Менің ұлымды қай жерде өлтірдің?—деген сұраққа,

Абылай былай жауап береді:

тарихи  аңыздар

—Сен мені айыптап отырсың. Бірақ оны өлтірген ха­лық,

мен тек сол халықтың қалауын орындап, Шаршының ба­сын
алдым.
Қалданның бұл жауапқа разы болғаны соншалықты—
«мюн, мюн» деп бірнеше рет қайталайды да, жендетін тоқ­

татып, Абылайды киіз үйге қамап, қатаң бақылау қояды.
Абылайдың нағыз азабы сонда басталады. Шаршының
анасы ұлын өлтірген қазақты (қырғызды) көру үшін күнде
келеді, келген сайын оған қарғыс жаудырып лағынеттей­ді.

«Сен оны не үшін өлтірдің», «оған қалай қолың барды» деп
айыптайды. Абылайдың төзімі таусылады, бір күні ана тісін
шықырлатып өзінің әдеттегі сауалын қойып жұдырығын
түйе ұмтылғанда, ол былай деп жауап береді:

—Сенің ұлың сияқты қаңғыған құлдар қайда өлмеді

дейсің, кәрі қалмақ!
Әйел күйеуіне жүгіріп, астамсыған қазақты өлтіруді
талап етеді. «Абылайды өлтіріп жүрмесін» деп қорыққан
Қалдан, оны және Жәпек батырды тұтқыннан босатып

жібереді. Аманатқа Жапақтың ұлын қалдырады, ол өзінің
батырлығымен және тапқырлығымен көзге түсіп, Сары
қазақ атанады.

54. Абылай мен Әмірсананың достығы

жайындағы аңыз
Қалмақ ханы Ғалдан Церен қайтыс болды. Ежелгі
дәстүр бойынша хан тағына оның жұрағаттарының бірі
ие болуға тиіс. Ғалданның Әмірсанадан басқа баласы жоқ,

әрине мұрагер сол ғана. Бірақ ел бұл дәстүрді қолданбады,
хандыққа басқа біреуді сайлады. «Қалмақ ханы қалмақ
нәсілінен болуға тиіс, Әмірсана қазақ нәсілі, оны сайлай
алмаймыз» деп жұртшылық Әмірсананы мұрагер деуден

үзілді-кесілді бас тартты.

абылай  хан  туралы  аңыздар
Бұл ойдан шығарылған жала емес, елдің оған нақты дә­
лелі бар екен. Оқиға былай болыпты.
Ғалдан жасы ұлғайған кезде өзіне қашықтағы елден

Жайық бойындағы қалмақтан бір қыз айттырыпты. Қыз­
ды алып келу үшін ол елге өзі баруды хан басына лайық
көрмепті. Қалыңмалын, түрліше жол-жоралғыларын жет­
кілікті етіп беріп, бірнеше адаммен өзінің сенімді уәзірін

жіберіпті. Бұлар қызды алып, зор қуанышпен еліне
қайтады.
Сол жылы қыс қатты болыпты. Қалмақ жолаушылар
жолшыбай Ұлытаудағы қазақ аулына аялдайды. Күні-түні

бірдей түтеген боран толастамайды да, жолаушылар сол
ауылда бірнеше күн тосқауылдауға мәжбүр болады. Күн
ашылғаннан кейін ешбір шығынсыз еліне келіп жетеді.
Ханның тоқалы сол сәтте жүкті болып, айы-күні жетіп

босанады. Ер бала туады, оған Әмірсана деп ат қойылады. Ел
арасында пыш-пыштаған өсек тарайды: «жас тоқал бұл бала-
ны жолшыбай көтеріп келді, қазақ батыры Өтегеннің бала-
сы» деседі. Әрине, мұны ханға естіртпейді, тек ол өлген­нен

кейін ғана жарыққа шығады.
Әмірсана елді өзіне бағындыра алмайды, хан тағына оған
байланысы жоқ біреу отырды. Амалсыздан сырттан көмек
іздеуіне тура келді. Әкесі Ғалдан хан өзі достастырған, одан

кейін ұзақ уақыт достық қарым-қатынас жасап келген Абы-
лай досқа барды. Ол досын ықыласпен қарсы алды, оның
елін өзіне қаратып беру шараларын ойластырды. Бірақ
қалмақтардың қарындастық сөзін қабылдамайтынын, тіп­ті

оның арты ренішке соқтыратынын білген Абылай осы жө­
нінде орыс патшалығымен ақылдасуды ұйғарды.
Бұл ұйғарым Әмірсанаға да ұнады. Хандық лауазымы
үшін екі елді жауластыруды екеуі де лайық көрмеді. Орыс

патшасына өкіл жіберді. Ол генерал бастаған әскери топ
жіберіп, «қалмақтар ризалықпен бағынбаса, күшпен еріксіз
бағындырыңдар!» деп тапсырды.

тарихи  аңыздар

—Хан тахыты үшін елімді күйзеліске ұшырата көр­мең­

дер,—деп Әмірсана Абылай мен орыс генералынан өтініш
етті. Олар бұл өтінішті мақұлдады.
Сонымен, орыс, қазақ жақсылары Әмірсананың өзін
ертіп, қалмақ еліне аттанды. Бірақ бұлардың жолы сәтті

болмады: жолшыбай Әмірсана шешек ауруынан мезгілсіз
қаза болды.

55. [Абылай туралы]

Әбілпейіз деген Бұхарада хандық құрып тұрған. Оның
Мәрәйім деген бас уәзірі болады. Мәрәйім Әбілпейіз хан­
ға білдірмей, соңына ханға қарсы адамдарды ертіп, хан-
ды өлтіру жолын қарастырады. Күндердің бір күнінде

Мәрәйім Әбілпейізді мейманға шақырып, шарап ішіп мас
болған ханды өлтіріп, ертеңіне өзін хан деп жариялайды.
Әбілпейіздің үй-мүлкін «хан таланды» деп талатып, үйін
құртып жібереді. Әбілпейіздің әйелі бес жасар Абылай де-

ген баласымен қашып, өзі қолға түсерден бұрын: «хан­ның
баласы деп тірі жанға айтпай асыра» деп Ораз деген мүсәпір
шалға береді. Бес жасар баланы Мәрәйім іздеткеннен ке­
йін-ақ, Ораз қария баланы алып қашып Түркістан шаһа­

ры­на келеді. Түркістанда біраз жыл тұрып, ең ауыр қалде
өмір сүреді. Жалданып күндерін көреді. Ақыры күн көре
алмай, «Сарыарқа, Көкшетау деген жақ жақсы. Барған
адам өмірі көрмеген тойыншылыққа кездеседі» деген ха­бар

естіп, Ораз қария Арқадан келген көп түйе керуенге ілесіп
Сарыарқа деген жерге келеді. Арып-ашып келе жат­қан
Ораз жас баласын ертіп сусын ішуге Арқалық деген бір бай
ауылына келеді. Бай шалды баласымен жалшы етіп ала­

ды. Жас Абылай көп ұзамай жылқышы болады. Не жақсы
аттарды мініп, ат құлағында ойнайтын шабандоз қата­ры­
ның арасында беделі асып, абыройлы бола бастайды. Оны
сезген аталық және өзінің баласының жоқтығынан Абы-

абылай  хан  туралы  аңыздар
лайды өкіл бала етеді. Оған баланың келбеті де себеп бола-
ды. Өйткені Абылайға біткен сүйек сұлулығы мен рең­ділік
ешкімге бітпеген. Ораз шалға бір жесір кемпірді қосып, өз

алдына үй етіп қояды. Күндердің бір күнінде хан Жәнібек
жар салып ел жинап, екі рет қазақ ауылын шауып алған
қалмақтың Қалдан ханына барып кегін алу үшін көп сар-
баз жинайды. Ол көп қолға қосылмақ болып Абылай өкіл

әкесінен рұқсат сұрайды. Аталық рұқсат етпейді. Талап-
ты Абылай түн ішінде қашып келіп, хан Жәнібектің көп
қосынына қосылады.
Қалдан ханның еліне жеткенде дайындалып тұрған көп

ләшкер қолымен хан Жәнібектің алдынан қарсы шығады.
Екі жақтың сарбазы бетпе-бет келіп, Қалдан ханның атақты
батыры Шырыш жеке соғысқа шығады.
Шырыш батырдың түрін көрген қазақтарға қорқыныш

кіріп, ешбір жан мен барам деп тілемейді. Қатты қысыл­ған
хан Жәнібек: «кім талапкер?» деп айқай салады.
Шарт түйінген науша жас жігіт келіп ханнан рұқсат
сұрайды. Қысылып тұрған хан кім екенін сұрамай-ақ, рұқсат

етеді.
Үлкен майдан алабында Абылаймен Шырыш батыр ұрыс
жасап, Абылай Шырышты өлтіреді. Өлген батыр мен қал­
ған батырға қарай екі жақтың көп қолы айқайлап ат қойып,

ұрыс басталады. Батырынан айырылған қалмақ ханы же­ңі­
ліп, қашады. Екі хан бітісіп, Абылайға Қалдан хан қызын бе­
реді. Қайтып келген соң хан Жәнібек орнына Абылайды хан
сайлап, Абылайдың хандық дәуірі сол заманнан басталған.

Абылайдың қалмақтан алған әйелінен Қасымхан туған,
бір әйелінен Уалихан туған.
Абылай Бөген бойының Боралдайымен ұштасқан же­
рінде ауырып жатып, Көкшетаудағы баласы Уалиханды

шақырады. Уалихан Көкшетаудан ауырып жатқан әкесіне
он алты күн салып атпен жүріп жетеді. Абылай ауырып жа-
тып елдің билерін жиып алып, баласы Уалиханды орнына
хан сайлағанын айтады.

тарихи  аңыздар
Абылай өлісімен оның балаларының арасынан араздық
туып, күшейе бастайды. Қасым ханды «қалмақсың, хан
емессің» деп шеттете бастайды. Оған шыдамаған Қасым хан

бөліне көшеді. Екі арасынан жанжал шығып, ол бала-шағаға
шейін араздасуға алып келеді. Бұл араздық Кенесары мен
Шыңғыс арасынан да шығады.
Уалиханның баласы Шыңғыс және басқалары Петер­

градқа оқып «ұлы» шенге еге болып, қазақ даласын патша
әскерінің басып алуына жәрдемдескен.
Уалихан ауылына патша солдаты келеді, Қызылжар,
Ақмешітке патша солдат тұратын кірепіс салады деген

хабарды естісімен Кенесары ауылы Көкшетауды тастап,
Түркістанға қарай қаша көшеді. Кенесары қашып көшіп ке­
ле жатып, Түркістанға барып «қазақ дуанын» шақыратынын
хабарлайды. Кенесары, Наурызбайдың бірнеше ауылымен

қашып бара жатқанын және қазақ дуанын шақыратынын
Уалихан ауылы естіп, қасына солдат алып, көп адаммен
артынан қуады. Қуғыншыдан хабар алған Кенесары ауыл
еркегімен бірге жасырынып кетеді.

Ауыл шабуылға дайындалып, еру болып отырып
қалады. Көкшетаудан келген көп қуғыншы Кенесары
ауылын шауып, оның бар жарар мүлкін, малын алып,
қатын-балаға шейін таяққа жығып, Кенесары, Наурыз-

байды қолға түсіре алмай, Кенесарының Күнімжан де-
ген әйелін біраз адаммен ұстап алып кетеді. «Кенесары
Күнімжанын жанынан жақсы көреді. Сондықтан іздеп
келмей тұрмайды. Сонда өзін ұстаймыз»,—деп жоспар

жасайды. Бұл оқиғадан соң Кенесары көп қол жинап,
қолға түсіп Ақмешітке кеткен Күнімжанға барады. Ке-
несары астыртын жаушы жіберіп, Ақмешіт қаласында
бекініп жатқан үш жүз солдаттың барын біледі. Ескі

шапанға май құйып, патша әскері жатқан ағаш дуалға
от қоймақ болады. Қалмақ Қараберкін деген майлаған
шапан арқылы дуал түбіне от қойысымен, дайындалып
тұрған Кенесарының атты жігіттері найзаның басы-

абылай  хан  туралы  аңыздар
на түйреп тұрған бір-бір бума қу ақ шөпті шауып барып
жанған отқа тастайды.
Өрт күшейіп солдаттар сөндіре алмай ағаш қорғаннан

қашып шығысымен аңылып тұрған Кенесары үш жүз сол-
датты түн ішінде жеңіп, ондағы қару жарағын қолға түсі­ріп,
тұңғыш рет Кенесары қаруланады.
Тұтқыннан Күнімжанды таба алмай, Ақмешіт қала­сын­

дағы барлық ұлықтардың қатын, қызын айдап қайтып ауы-
лына келеді.
Ақмешітті патша солдатынан тазартумен қатар, өзіне
көп сарбаз жиып алады. Қатын-баласынан айырылғандар­

дың іздеуімен Күнімжан барлық ауыл дүниесімен қайта­
ры­лып, қолға түскен әйелдерін қайтып алады. Ағыбай, Бұ­
ғы­бай, Беркін, Жуман тағы басқа өзіне серік көп батырлар
жи­налады. Міне, Кенесары, Наурызбайдың патшаға қарсы­

лығы осылай басталады.
«Қазақ дуанын» шақырып, оған көп ел қатысады. Қатар
жатқан қырғыз, өзбек халқына дуан атынан сарбаз көмек
сұрап он екі адам жібереді. Патшаның сыбайласы Уалихан

ауылына қарсы күресуге шақырады. Станпулға әскер оқуы­
на бала жібермек болып, қалмақты патшаға қарсы кү­рес­
ке шақырады. Бастығы Нысанбай етіп Піспек, Тоқбаққа
кісі жібереді. Тәшкенге адам жібереді. Өзбек халқы оны

мақұлдап патшаға қарсы күреске күш жинап, Ақмешіт­
пен Түркістан арасындағы патша әскерімен қазақтардың
ұрысына қосылады. Ол сарбаздарды Кенесарының Сыздық
деген баласы басқарып жүреді. Ол кезде Кенесары ауылы

Әулиеатаға қарай көшіп келе жатады. Қырғыздардан көп
жігіт алып, патша солдатына қарсы бармақ болады. Алды-
нан Піспек барған адамдары шығып, қырғыздардың игі
жақсылары сарбаз бермей, қайта өзімізді мазақтап, көп

әуреледі дейді.
Сол қарсаңда Кенесарының өзі мініп жүретін тортөбел
аты ұрланады. Оны қырғыздың ұры жұмсайтын игі жақ­
сысы ұрлатып алып барады. Екі жақты бірдей қорлық көрген

тарихи  аңыздар
Кенехан өжеттікке салып, ауылын шауып қорқытып сарбаз
алмақ болады. Қорлықты әбден көрдік деп, Нысанбай келіп
жырлаған. «Тортөбел ат ұрланып, оны да қырғыз ұрлаған.

Кенекем сонан өшігіп, қазаққа барып бұздырды Қанайдың
тамын сырлаған. Ханға қырсық сол болып, палуандар тойға
жолыққан».

56. «Абылай аспаған сары бел» аталған жер

(І нұсқа)

Ғаламда он сегіз мың жан болыпты,
Бұл сөзім білгендерге таң болыпты.
Әлеумет, құлақ салып тыңдасаңыз,
Қазақта Абылайдай хан болыпты.

Сол Абылай хан Алатаудағы қырғызға, қалмаққа атта-
нып жорыққа бара жатқан жолында Өрдегі қаз дауысты
Қазыбек бидің елінде бір үлкен асқа кез болып, сол аста ба-
рып тұрғанда, Шаншар деген елде желбас бозбалалары аңыз

қылыпты:

—Анау тұрған ханның басындағы бөркін қағып түсірер

ме еді, не қалар қылар еді?—деп.
Сонда қаз дауысты Қазыбектің інісі—«мөр таңдайлы
Балапан» деген арт жағынан барып, андаусызда ханның
басындағы бөркін шыбықпен қағып түсірді. [Хан] дәнеме

демеді, жердегі бөрікті басына кимеді, қалған бойымен жер-
де қала берді.
Замандардан заман өткенде қаракесек, төртуылдың
қалашысы Қызылжар, Көкшетауға базар шығып барғанда,

сол басынан бөркін қағып түсіргенін ұмытпай жүр екен,
соны сөз қылып қозғап, төртуылдан Ботақанды, қаракесек­
тен Жанай дегенді байлап алып қалыпты дейді.
Қазымбеттің баласы—Қанай, Жанай,

Ортаншысы—Атымбай, кенжесі—Анай.

абылай  хан  туралы  аңыздар
Қараұзақ пен Сарыұзақ қара қалған,
Қол тигесін сұраймын, әлде қалай?—
дейтұғын өлеңге қосылған Жанай соқыр—Бибаланың әкесі,

қаз дауысты Қазыбектің немересі.
Ботақан байланғанына ызаланып, долданып, ызаланып,
ас-су ішпей, тұтқында жатып өліпті де, Жанай байлауда жа-
тып, отын оттап, суын ішіп жата беріпті.

Базаршы келген соң, төртуыл, қаракесек намыс қылып,
көтеріле атқа мінді дейді. Қаз дауысты Қазыбектін бала-
сы Бекболаттың алпыс бестегі күні екен, Едігенің жиырма
бестегі күні екен....

Сол күнде Бекболаттың қыстауы Жамандалбада батыр­
дың Бейсені қыстап отырған «Қаратомар» деген жер дейді.
Едіге бидің қыстауы «Қарағайлы бұлақ» деген жерде, үлкен
тоғайдың түбінде екен. Бекболат пен Едіге атқа мініп, бес

Мейрамның баласына ат шаптырды, қол жиды дейді: «Абы-
лайды шабамыз» деп.
Күлік Шобалай Жаңабатыр биге кісі жіберді дейді:
«Дуагөй болсын» деп.

Жаңабатыр бидің қартайған кезі екен, өзі жүрмеді дейді,
баласы Жанақты жіберіпті дейді:

—Бекболат пен Едігеге сәлем де! Ханын жаулаған қал­

мақ оңбаған. «Ханын шайқаған қара оңбайды».... «Абылай-
мен ұрыс қылмасын, бітім қылып жарассын,—дейді,—ара­
ша­шы бол!» деп қосты дейді.
Үш мың кісі жиылып, Мейрам болып атқа мінді дейді.

Бұл хабарды естіп, керей, уақ дүрлігіп үркіп, ішке түсіп
кетті дейді. Көп замандар өткеннен кейін Тұрлыбек атқа
мінген соң, керейді көшіріп алып келіп, қалың Шұбарды
қоныс қылып берді. Сонда да уақтың бәрі іште қалды

дейді.
Бұл хабарды естіп, «Мейрам болып атқа мінді, сонан
ауыр қол келеді, деп, істі қол келеді» деп сескеніп, Абылай
Көкшетаудан қозғалып, Жолдыөзекке қарай кешті дейді.

тарихи  аңыздар

—Мұның басшысы Бекболат шығар, дәуде болса:

«Абылайдың басын алмасам, не қара қазанын қақ айыр-
масам, әкем Қазыбектің әруағы ұрсын!»—деп атқа мінген
шығар. Қара қазанды жұртқа тастап, көшіңдер. Жұртта
қалған қазанды қақ жарып, ашуын бассын,—дейді,—серті

сынсын және мұның ішінде Орта жүзге ұран болған Олжа-
бай бар шығар, туын қандамай, оның ашуы басылмайтын.
Сиыр атаулыны жұртқа тастап көшіңдер, соны сойып, туын
қандасын. Сонан соңғы жай белгілі, сонан соң жарасып,

бітімге көнер,—дейді.
Қара қазанды жолына қалдырып, сиыр біткенді қал­
дырып, атығай, қарауыл қопарыла көшті дейді.
Ауыр қол Көкшетаудағы қоймасын талап, сиырды сойып,

туларын қандасып, мәре-сәре болып жатты дейді.

—Бұған елші жіберелік,—деп ақылдасып, Орманшы

Ақсары- Шотананың Шотанасын Абылай ханға елшілікке
жіберді....
Шотана барып, Бекболат пен Едігенің алдына отырып
сөйледі дейді:

—Ханға бардым. «Алдияр» деп, алдына тікемнен тік

тұрып, сонан соң отырып:

—Жол болсын!—деді.

—Әлей болсын!—дедім,—сонан соңғы сөз мынау,—

дейді,—Мейрам болып атқа мінді, үш мыңдай қол келді,
Бекболат пен Едіге жіберді. ... «Байлауда өлген Ботақанның
құнын берсін, Жанайды босатсын! Мың кісінің жолына бас-
басына «жетім» бастатқан «тоғыз» және мың кісінің жолына

бас-басына түйе бастатып «тоғыз» берсін. Қалған мың кісіге
мың ат, мың шапан берсін! Бұған көнбесе, тұрысатұғын
жерін айтсын!»—деп жіберді,—дедім.
Сонда Едіге мен Бекболат Шотананы арқаға қағысқан

екен:

—Тауып айтқан сөзді аузыңнан айналайын, сені тапқан

анаңнан айналайын,—дейді,—[олар] не дейді?—деді.
Сонда:

абылай  хан  туралы  аңыздар

—Ертең Жолдыөзеннің бойынан табысайық,—деді.

Сон­да Олжабай батыр:

—Мені «бұл қолда бар ма» деп сұрады ма?—депті.

—Сұрады,—деді.

—Ендеше бізбен ұрыса алмайды,—деді,—пәлен сарт­

тың қорғанын талағанда, даруазасы қалайы мен оқам
қорғасынмен бекітілген екен. Сонда туды Абылайға беріп,
наркескенмен аттан түсе қалып, шапқылап едім, илен-
ген нандай бөлек-бөлек қылып түсіріп, артыма қарасам,

Абылай туды ұстай алмай, екі қолына кезек-кезек ұстап,
селкілдеп, дірілдеп, тұра алмай тұр екен. Менің әруағым­ның
күштілігімен бойын тоқтата алмай тұр екен. Енді ол сарт
бізбен қарсыласуға жарамайды,—деді.

Сол күн батып, таң атты. Таң атқан соң шеру тартуға ой-
ланды да, қойды. Жан-жаққа қараса, екі кісі келе жатыр
Абылай жақтан.

—Бұл кім?—деп тұрса, бірі—Абылай ханның өзі, бірі—

Балтакерей Тұрсынбай батыр. Екеуі келе жатқанын көрген
соң, көпті шулатпай, Бекболат пен Едіге атқа мініп:

—Сіздер тоқтаңыз,—деп жөнеліп, ханның алдынан шық­

ты дейді. Сонда Қозған Құлыке—«Бекше мерген» деген
ауызға алынған атақты мерген болған кісі екен дейді, атқан
оғы құралайдан өтеді екен:

—Сол сартты атып тастасам қайтеді?!—деп мылтығы­ның

сирағын тігіп, атайын деп тұрғанда, Жаңабатыр бидің ба­
ласы Жанақ батыр келіп:

—Атпа!—деп мылтығын ұстай алды.

Хан анадан мұның бәрін көріп, белгіледі дейді. Ол жақ­
тан Абылай мен Балтакерей Тұрсынбай батыр, бұл жақтан
Бекболат пен Едіге атқа мінді де, сәлемдесіп, Абылай хан сөз
бастады:

—Көтерген де өзің, к.. ке қол салған да өзің!—деп тұрғанда,

озып келіп, Күлік Көтеш ақынның бала күні екен, билерді
сөйлетпей, көлденеңдеп барып өлеңді қоя берді дейді, оның
баяны:
12-139

тарихи  аңыздар

—Абылай, Ботақанды сен өлтірдің,

Есіл ерді жазығы жоқ, неге өлтірдің?!
Хан басың қарашыңмен даулы болып,
Үстіне Ақ ордаңның қол келтірдің!
Абылай, күйіп кетті салған қалаң,

Мейрамға не еді сенің жапқан жалаң.
Жанайды бүгінгі күн босатпасаң,
Болады жетім-жесір қатын-балаң!—
деген соң, хан сөзге келмей, жарасып, бұлардың айтқанын­

дай қылды дейді.

—Мылтықты бізге қарай сирағын тіккен кім еді?—деп

сұрады.

—Бекше мерген,—деген соң:

—О, талай жерде жолдас болып [жү]ріп ек, адамзат бі­рін-

бірі өлімге қия береді екен-ау! Мылтығын тіккенде, біреу ау-
зын келіп ұстай алды, ол кім?—деді.

—Жаңабатырдың баласы Жанақ,—деді.

Сондағы Абылай сөзі:

—Мынау мылтығыңның аузы қырсықпасын,—деді,—

деп бір түйе бастатқан «тоғыз» байлады,—дейді,—жүгіріп
келіп ұстаған Жанақ деген соның бас арашашыға қосқаны
ғой. Оның атасы—Жаңабатыр. Қазақ ішінде он кісінің
босағасына түйе бастатып «тоғыз» байлаушы Бейсен би еді.

Қазақ ішінде сый берсе, сол кісі айтқанымен болушы еді «ат
шаптыр» десе, шаптырушы еді. «Шаптырма» десе, шаптыр-
маушы еді. Және «тарқа» десе, тарқаушы еді. Анық Құдай
жаратқан шын би еді. Және ол заманда қаралы үй болады.

«Күйіндіге көш келсе, келерміз» деп, келгенге шейін босағаға
найза шаншып, қарадан жалау байлап қояды. Жыл өткен
соң, сол кісіге құлақ естіген жерден жалауын алып, найза-
сын сындырушы еді. Босағасына ат байлап, шапан «жол»

қылушы еді. Өз заманында ол кісіден өткен жан жоқ еді.
Сөйтіп ол көштің жолына бір ат, шапан болсын,—деді.

абылай  хан  туралы  аңыздар
Сөйтіп, қарашасымен жарасып, үйіне қайтқан екен.
«Абылай аспаған сары бел» деп атанған жері осы екен» дей­
ді. «Кешегі өтіп кеткен хан Абылай, соғыпты құбыладан ес­

кен желдей. «Сонау бір сары белден аспадым» деп, кетіпті
арман қылып біздің елді-ей».

57. [«Абылай аспаған сары бел» аталған жер]

(ІІ нұсқа)
Абылай хан қазақтың ханы болған, бір Ботақан дегенді
тірі көрге салған. Қайтып үйіне келген, қатынына айтты:

—Ботақанды көрге салып келдім,—дейді,—бұ Орта

жүзден бізге үкім бұйырмаған екен.
Қатыны айтты:

—Шығарыңыз көрден.

Абылай бір кісіні жіберді:

—Көрден шықсын!—деп.

Бұл кісі Ботақанға айтты:

—Шықпаймын!—дейді.

Жіберген кісісі Абылайға барды:

—Шықпайды көрден,—дейді.

Абылайдың өзі келді:

—Иінінен тартып шық!—деп.

Көрден бірі тартып шығарайын деп жатқанда, жүрегінің
басынан тарс етіп жарылып кетті. Орта жүз намыстанды.
Орта жүз намыстанған соң, Абылай ауып кетті қашып.
Арғын, найман болып Абылайды қуды. Басы Қазыбек боп

қуды, үш көшкенше қуды. Абылайдың қатыны айтты:

—Абылай хан, дәнеме білдіңіз бе?

—Не білейін?

—Бізді қуды Қазыбек. Қазыбектің үш ойы бар,—дейді.—

Қазыбек мені алса қайтер еді, әйтпесе сенің басыңды алса
қайтер еді, әйтпесе асулы қара қазанды алса қайтер еді?

тарихи  аңыздар
Қара қазанды асулы тастап кетіпті. Көтінен Қазыбек ке­
ліпті, қазанның қасына келіп тұрыпты, найзаны шанышты.

—А, жұрт,—дейді,—Абылай тек жаратқан кісі емес.

Үйден шыққанда, үш ойым бар еді: «Абылайдың басын кес-
сем, қайтамын!» деген ойым бар еді. «Болмаса Абылайдың
қатынын алып қайтамын» деп едім. «Болмаса қара қазанын
алып қайтамын» деп едім.

Қазанды алды да қайтты. Сол қазанды Қазыбек өзі асты,
онан соң Бекболат асты, онан соң Тіленші асты. Сонан соң
Шама төре, Абылайдың қалмақ қатынының баласы қара
нарға қалы кілем жауып:

—Бабамның қазанын мен аламын,—деп Тіленшіге келіп

түсті. Қазанын Шама алыпты. 58. «Абылай аспаған сары бел» аталған жер

(ІІІ нұсқа)
Ғаламда он сегіз мың жан болыпты,
Бұ сөзім білгендерге таң болыпты.
Әлеумет, құлақ қойып тыңдасаңыз,

Арқада Абылайдай хан болыпты.
Қылады Мекержіде, байлар сауда,
Топ бұзар батыр жігіт қалың жауда!
Сұрасаң Абылайдың тұрған жерін,

Хан болды қырық сегіз жыл Көкшетауда.
Сол Абылай Алатаудағы қырғызға, калмаққа жорыққа
аттанып бара жатқан жолында, қаз дауысты Қазыбек бидің
елінде бір ұлы жиын асқа кез болыпты. Сол асқа Шаншар де-

ген елдің желбас бозбалалары аңыз қылысыпты.

—Анау тұрған ханның басындағы бөркін қағып түсірген­

ге не қаһар қылар еді?—десіп.
Сонда қаз дауысты Қазыбектің інісі—«мөр таңдайлы
Балапан» арт жағынан барып, ханның артында тұрып,

абылай  хан  туралы  аңыздар
аңдаусызда шыбықпен басындағы бөркін кағып түсірді
дейді.
Хан дәнеме демеді: «Ішкен—мас, жеген—тоқ!»—деген

осы ғой. Жерге түскен бөрікті қайта алып киюге жарамай-
ды, «жерде қала берсін» деп бөрікті жерден алдырмады. Сол
бойымен бөрік жерде қала берді, хан да үн жоқ, түн жоқ жүре
берді.

Замандардан заман өткенде, Қызылжарда жәрмеңке
болып, базар ашылған кезде қаракесек, төртуылдың ба-
зар базарлап барғандардың ішінен төртуылдан Ботақанды,
қа­ра­кесектен Жанайды байлап алып қалды. Абылай хан

Ботақанды тірілей көрге салдырып, үйіне келді.
Ханымы:

—Қайдан келдіңіз?—дегенде:

—Ботақанды тірілей көрге салып келдім,—дейді.

Ханымы:

—Көтек, не дейді? Бұл Орта жүзден бізге дәм бұйырма­ған

екен, шығарыңыз көрден,—дейді.
Абылай бір кісіні жіберді:

—Көрден шықсын!—деп.

Бұл кісі барып, Ботақанға айтты. Ботақан:

—Шықпаймын!—дейді. Жіберген кісі Абылайға барды:

—Шықпайды көрден,—деді.

Абылайдың өзі келді, иінінен тартты:

—Шық!—деп.

Ботақан:

—«Үйге кірген құр шықпайды, көрге кірген тірі шық­

пайды» деген. Енді мен шықпаймын,—деп сіресіп, жата
берді.
Хан өзі көрден бері тартып шығарайын деп жатқанда,
жүрегінің басынан тарс етіп жарылып Ботақан өлді.

Орта жүз намыстанды. Бесмейрам болып аттанып, Абы-
лайды шаппақшы болды. Сонда Бекболаттың алпыс бес­
те­гі күні екен. Едігенің жиырма бестегі күні екен. Ол күн­
де Бекболаттың қыстауы Жамандалба-Батырдың Бейсені

тарихи  аңыздар
отырған жері екен. Едіге бидің қыстауы Жақсыдалба-
Қарағайлы бұлақ екен. Бекболат пен Едіге тізе қосып, атқа
мінді. Бес мейрамға кісі шаптырды. Күлік Шобалай бала­сы

Жаңабатыр биге кісі жіберді: «Дуагөй болып, алдымызда
жүрсін!» деп. Сонда Жаңабатыр:

—Мен қартайдым ғой. Өмір бойы отырған жұртыма өрт

салып, көшкенім жарамайды ғой. Мен бармайын, сен бар,—
деп, баласы Жанақты жіберді,—Бек­болат пен Едігеге сәлем
де! Ханын жаулаған қалмақ оңбаған. «Ханын жаулаған
қара оңбайды, хан қисайса, бәрі оңбайды» деген. Абылай-

мен ұрыспасын, бітім қылып, жарассын! Арашашы бол,
елдестіруге жаһат қыл!—деп қосты дейді.
Үш мың кісі атқа мінді, Мейрам болып көтерілді деп
есіткен соң арғын, керей, уақ үркіп, ішке түсіп кеткен екен

де, керейді кеше Тұрлыбек ат арқасына мінгенде іштен алып
шығып, қалың Шұбарға қойдырған екен. Уақ сол бойы-
мен іште қалыпты. «Арғын, найман атқа мінді» деген сөз
көтеріліп кетіп, Абылай үркіп, көше қашты дейді. Сонда

Абылайдың ханымы айтыпты:

—Кеше өзің көрген қаз дауысты Қазыбектің баласы

Бекболат алпыс бесте атқа мінді. Ол жай мінген жоқ, ант
айтып, серттесіп мінді. «Не Абылайдың басын алмасам, не
қатынын ат көтіне салмасам, не қара қазанын қақ айырма-
сам, әкем Қазыбектің әруағы өзімді ұрсын!» деп атқа мінді.

Қара қазанды асулы бойымен жұртта қалдырыңыз. Және
сиыр атаулыны айдатпай, жұртқа тастатыңыз, «Бір күн
қарны ашқаннан қырық күн ақыл сұрама» деген қайда?
«Ас атасын танымас» деген тағы бар ғой. Сиырды сояр да,

асулы қазанға асып жеп, тояр-ды. Сонан соң ашу басылып
«соғысамыз» деген сөзін қояр-ды,—деп, қара қазанды асулы
бойымен жұртқа қалдырып, ордасымен жүре үш көшіп ба-
рып отырыпты.

Жасанған қол көшкен елдің жұртына келіп, жайылып
жатқан сиырды көріп, асулы қазанды көріп, сонда Бекбо-

абылай  хан  туралы  аңыздар
лат ат үстінде тұрып, найзасымен қазанды жаншып, түйреп
тұрып сөйлепті:

—А, жұрт, Абылай—тек жаралған жан емес, қас әулие.

Ондай кісіге соқтығу жарамайды. Оның әулиешілігін ай-
тайын. Үйден шыққанда, үш ойым бар еді: «Абылайдың
басын кессем, қатынын ат көтіне салсам, қайтамын!» де-
ген ойым бар еді. Қара қазаның қақ жарып қайтамын деп

едім. Ана жатқан сиырды шетінен шытырлатып алып ке­ліп,
сойыңдар! Аппақ майға кенеліп тойыңдар. Менің тілім­ді
алсаңдар, Абылаймен жауласуды қойыңдар!—деп сиырды
сойып, туларын қандап, бірін-бірі тамаққа тойғызып, алдап,

мәре-сәре болысты.
Сол қазанды алып келіп, Бекболат асты. Онан соң Тіленші
би асты. Абылайдың қалмақ қатынының баласы Шама төре
Тіленшіге қара нарға қалы кілем жауып келіп түсіп, қазанды

қалап алып Шама төре кейін асты.

—Кел, бұған елдеселік, елші жіберейік,—десіп, Орман-

шы Ақсары-Шотананың Шотанасын жіберді. Қызылтауда
«Шотана тасы» деген бір биік тау. Шотананың екі өгізін
ұрылар ұрлап алып кетіпті. Сонда Шотананың сыртындағы
тастың басына шығып, салыпты айғайды:

—Өгізімді алған кім де болсаң, тастап кет! Атым—

Шотана. Інге кіріп кетсең де қоймаймын!
Өгізін іңірде алған ұры Түндіктен жаңа асып, Майөлең
деген жерден өтіп барады екен. «Артымыздан келіп қалған
екен» деп, тастай қашыпты.

Елшілікке Шотана барып қайтып келген соң, Бекболат
пен Едіге алдына алып сұрапты:

—Не дедің?—депті. Сонда Шотана айтыпты:

—Мейрам болып атқа мінді, үш мың кісі қол келді. Бек-

болат пен Едіге жіберді, Ботақанның құнын берсін, Жанай-
ды босатсын! Мың кісінің жолына «жетім» бастатқан тоғыз
берсін. Мың кісінің жолына түйе бастатқан «тоғыз» берсін.
Қалған мың кісіге мың ат пенен шапан берсін. Оған көнбесе,

тарихи  аңыздар
тұрысатын жерін, ұрыссатын ерін айтсын!»—дедім дегенде,
Бекболат:

—Айтқан аузыңнан да айналайын, сені көтеріп тапқан

қатыннан да айналайын,—депті.
Шотана сөзі:

—Мұнан да дәмді, ірілеу бізге талып-үздігіп жеткен қал­

ған ірілеуі ғой деп ойлаймын.

—Не дейді, не дейді?—депті. Ертең Жолдыөзектің бойы­

нан табысайық,—депті дейді. Сонда Олжабай батыр:

—Мені «бұл қосында бар ма?» деп сұрады ма?—депті.

—Сұрады,—депті. Ендеше бізбен ұрысса алмайды, қа­

рама-қарсы тұрыса алмайды. Алтын қақпасын бұзғанда,
дарбасазасы қалайы мен қорғасыннан екен. Һәркімнің қолы
батпағанда туымды Абылайға ұстатып қойып, атымнан түсе
қалып шапқылағанымда, Абылайға қарасам қалш-қалш

етіп, тіркеніп, дірілдеп тұр екен. Бізбен қарсыласуға сартың­
ның аруағы беттей алмаса керек,—депті. Жолдыөзекті бет
алып бұлар да барып жатыпты. Ертең таң атқан соң, қараса
желкілдеген ту да жоқ, жер қайысқан кол да жоқ. Бір-екі

атты келеді екен.

—Бұл не қылған жан,—деп таңырқасып тұрса, Абылай

хан мен Балтакерей Тұрсынбай батыр екен. Екеуден-екеу
келе жатқанын көрген соң, Бекболат пен Едіге атқа мініп,
екеуі алдынан шығыпты. Сонда Қозған Құлыке-Бекшенің
Бекшесі оғын құралайдың көзінен өткізетұғын мерген екен:

—Бұл сартты жайратып тастайын,—деп мылтығының

сирағын жерге қадай бастағанда, Жанақ жүгіріп келіп, ұстай
алыпты.
Хан өзі көріп келеді. Ол жақтан Балтакерей Тұрсын­бай
мен Абы­лай келіп, бұл жақтан Бекболат пен Едіге ба­рып

амандық айтып бастағанда, Күлік Көтеш ақын бала күні
екен, көлденеңнен барып өленді қоя берді:

—Абылай, Ботақанды сен өлтірдің,

Есіл ер, жазығы жоқ, неге өлтірдің?!

абылай  хан  туралы  аңыздар
Хан басың қарашыңмен даулы болып,
Үстіне ақ ордаңның қол келтірдің!
Абылай, күйіп кетті салған қалаң,

Мейрамға не дейсің жапқан жалаң!
Жанайды дәл бүгін күн босатпасаң,
Болады ертең жесір қатын-балаң!
Басқа сөз де жоқ, дау-шар да жоқ. Сол жерде жарасып

бітімге келіп, бұлардың не дегенін қылды дейді.

—Мылтық құрған кім?—деп сұрады.

—Қозған Бекше мерген еді,—дегенде:

—Талай жорықта бірге жүріп, бір торсықтан малта жеп,

бір табақтан ет жеген жолдас едік. Кісіні кісі жоқ жер-
де өлімге қия береді екен-ау!—деп,—мылтығының аузы
қырсықпасын,—деп, өзінің мылтығының аузына бір түйе
байлады дейді.

—Жүгіріп келіп ұстай алған кім еді?—деп сұрады.

—Жаңабатыр баласы Жанақ еді,—деген соң Жаңабатыр

«арашашы бол» деп қосқан ғой. Олар Құдай жаратқан шын
би ғой. Қазақ ортасында ат шаптырған ас болса, Жаңаба­
тыр бидің босағасына түйе бастатқан «тоғыз» байлансын.
Жаңабатыр «осы-ақ, ас-ақ» десе, ат шауып, ас тарқасын!

Әйтпесе ат шабылмайтұғын болсын да, ас тарқамасын!
Сол заманда қаралы үйдің босағасында бір найза жиын
қылса, шаншулы тұрған. Сол найзаны жылын бергенде
қаралы Жанақ сындырып «ат, шапан оның жолы болсын!»

депті. Сөйтіп хан қарашамен жарасып, ойнап-күліп, мәре-
сәре болысып қайтқан екен.
Абылай аспаған Сары бел атанған міне осылай еді дейді.
Абылай хан өзі екі сөзінің бірінде айтып отырады екен:

—Осы бір «Бесмейрамның баласы» деген ел—Пайғам­

бар мен шадияр тумады демесеңдер, адамның бұлбұлы
мен дүлділі түгел туған ел. Баты­ры көптіктен, жаудан қо­
рықпайды. Шетінен шешен бола туады да, даудан қо­рық­
пайды. Қарақұрттай құжынаған қаракесегі бар, «е» десе

тарихи  аңыздар
«мә» деп, едірейетұғын қуандығы бар. Оның өмірінше
үзілмейтұғын жуандығы бар. Жылым құртша жегенін
білдірмей жеп қоятұғын сүйіндігі бар!—деген екен.

59. «Абылай аспаған сары бел» аталған мәнісі

(ІV нұсқа)
Абылай хан Алатауға жорыққа бара жатып, Қараке­
сек-Шаншар деген елдің бір ұлы жиын асына кез болды
дейді. Сонда сол аста «ішкен мас, жеген тоқ» ерігіп тұрған

шаншардың желбастары аңыз қылысты дейді:

—Басындағы бөркін біреу қағып түсірсе, хан хандық

қылып, қандай қаһар қылар еді?—дескенде, қаз дауысты
Қазыбектің інісі—«мөр таңдайлы Балапан»:

—Оны құр айтып қойғанша, көру керек,—деп артынан

барып, аңдаусыз, абайсыз тұрғанда, ханның басындағы
бөркін шыбықпен қағып, жерге түсіріпті.
Хан қаһар да қылған жоқ, дәнеме деген жоқ:

—Бүгін «ішкен мас, жеген тоқ», кімде ес бар дейсің?—

деп хандық қылды,—жерге түскен бөрікті басқа алып кию-
ге жарамайды,—деп,—қалған жерде қалсын,—деп бөркін
жерден алдырмады, жүре берді дейді.
Күндерден күндер өтіп, ол ұмыт болып кетіп, Қызылжар

базар болған соң, қаракесек, сүйіндіктің базаршысы көтеріле
Қызылжарға базар базарлап баратұғын болып, көп базаршы
барғанда, өкпесі-кегі баяғы бастан бөрікті қағып түсірген­
дік болып, қаракесектен бір кісіні, төртуылдан бір кісіні тірі

ұстап алып қалып, екеуін тірілей көрге салып тастады.
Сонда қаракесектен алып қалған кісісі қаз дауысты
Қазыбектің немересі Қазымбеттің баласы Жанай екен.
Қалдыбай Шөженің өлеңінде бар:

Қазымбеттің баласы: Қанай, Жанай,
Ортаншысы—Атымбай, кенжесі—Анай.

абылай  хан  туралы  аңыздар
Қараұзақ пен Сарыұзақ, қарақалпақ
Қолыткесін сұраймын әлдеқалай.
Төртуылдан алып қалған кісісі Ботақан деген екен. Абы-

лай хан екеуін тірілей көрге салдырып, үйіне келді.
Ханымы айтты:

—Төре, кешігіп қалдыңыз, қайдан келдіңіз?—дейді.

—Ботақанды тірілей көрге салып келдім,—дейді.

Ханымы айтты:

—Бұ Орта жүзден бізге дәм бұйырмаған екен, шығары­

ңыз көрден Ботақанды!—дейді.
Абылай бір кісіні жіберді:

—Көрден шықсын!—деп.

Бұ кісі барып, Ботақанға айтып еді, Ботақан: «Шық­
паймын! «дейді.
Жіберген кісі Абылайға қайтып келді. Ботақанның
«шықпаймын» дегенін айтып келді. Абылайдың өзі келді,

інінен тартып:

—Шық!—деп.

Ботақан:

—Өлгенде жататұғын көріме тірілей жатым. «Үйге кір­ген

құр шықпайды, көрге кірген тірі шықпайды» деген. Бүй­тіп
жұрт көзіне көрінгеннен, өлгенім артық,—деп ыза бойына
сыймай, долданып, жүрегінің басынан тарс етіп жары­лып,
өліп кетті дейді.

Бұл хабарды естіген соң Орта жүз намыстанды. Сол
күнде Қазыбек өлген екен де, Қазыбек баласы Бекболат
алпыс бестегі күні екен. Едіге бидің жиыр­ма бестегі күні
екен. Едігенің қыстауы—Жақсы Далбада Қарағайлы бұлақ,

Бекболаттың қыстауы Жаман Далбада, осы күнгі Батыр­дың
Бейсені қыстап отырған жер екен.
Бекболат пен Едіге атқа мініп, Бесмейрамды жиды дейді:
«Абылайды шабамыз» деп, үш мың кісі жүруге бетін түзеп.

Сонда Бекболат пен Едіге Күлік Жаңабатырға [кісі] жіберді
дейді:

тарихи  аңыздар

—Дуагөй болып, алдымызға түсіп жүрсін,—деп.

Сонда Күлік Жаңабатыр өзі жүрмеді, баласы Жанақты
жіберді дейді.

—Ханын жаулаған қалмақ оңбаған, «ханын шапқан қара

оңбайды» деген. Бекболат пен Едігеге сәлем де: «Абылай­мен
жарассын, арашасы бол!»—деп қосты дейді.
Сонда «Мейрам болып атқа мінді, үш мың кісі қол келеді,
ішінде Алтай Жиенелі батыр, Айдабол Олжабай батыр

бар, тағы сондай атақты ерлер бар» деген соң, керей, уақ
үркіп, ішке түсіп кеткен екен. Уақ сол бойы­мен іште кал-
ды, керейді кеше Тұрлыбек ат арқасына мінген соң, ап келіп
орналастырған екен.

Сонда үйде отырып Абылайдың ханымы айтты дейді:

—Абылай хан, дәнеме білдіңіз бе?

—Не білейін?—депті.

—Білмесеңіз, қаз дауысты Қазыбектің әруағын шақы­

рып, баласы Бекболат атқа мінді. «Осыдан Абылайдың басын
алмасам, қатынын ат көтіне салмасам, қара қазанын қақ жар-
масам, әкем Қазыбектің әруағы өзімді ұрсын!» деп қарғанып
мінді. «Ашулының алдында тұрма» деген, ал көшіңіз, қара

қазанды асулы бойымен жұртқа қалдырыңыз. Өздері ке-
лер де, даяр асулы қазанға тамақ қылып ішер. «Ішінен дәм
таттық қой, не жазығы бар мұның» деп жаруға көзі қимас,
батылы бармас. Сонан соң «қара қазанын алдық қой» деп

ашуы басылар да, серті сынар, көңілі тынар. Және сиыр, ат
атаулыны үш мың кісіге азық боларлық қылып, жұртқа та-
стап кетіңіз. Батырлары туын қандасын, мәре-сәре болып,
тамаққа тойынсын. «Бір қарыны ашқаннан қырық күн ақыл

сұрама» деген бар ғой. Және «аш атасын танымас» деген
бар ғой. Қарындары тойған соң, ақылдарына түсіп, сіздің
хандығыңызға, өздерінің қаралығына көзі жетіп, тоқтар,—
деген екен.

Абылай хан ханымының тілін алып, қара қазанды асулы
бойымен жұртында қалдырып, үш жүз сиырды қалдырып,
Көкшетаудан үш күндік жерге үркіп барып отырды дейді.

абылай  хан  туралы  аңыздар
Сонда көшкенін, үріккенін қайдан білсін, үш мың кісі
Абылайдың көшкен жұртын келіп басып, Бекболат келіп
ат үстінен ашулы қазанға найзасын шаншып тұрып сөйледі

дейді:

—А, жұрт,—дейді,—Абылай хан да Құдай тек жаратқан

жан емес, қараңдаршы! Үйден шыққанда, үш ойым бар еді:
«Абылайдың басын кессем-ау, иә болмаса, қатынын ат кө­
тіне салсам-ау, иә болмаса, қара қазанын олжаласам-ау!»
деп едім. Міне, енді қара қазанын асулы бойымен қалдырға­

ны—менің ойлаған ойымды әбден білгендігі. Қанша айтса
да, Құдай артық жаратқан хан-ау! Енді мен сертіме жеттім.
Анау сиырды қиратып сойыңдар, аппақ майға тойыңдар,
туларыңды қандаңдар! Елші жіберейік, Құдай ұлатса, жара-

сып, жадырап қайтармыз,—деп сөзді осыған қойды дейді.
Сол қазанды Бекболаттан соң Тіленші би асқанын көрген
жан сөйледі. Тіленші биге Абылайдың қалмақ қатынының
балалары Шама төре қара нарға қалы кілем жауып келіп:

—Қазыбектің әруағына байлағаным!—деп сұрап алып,

соның қолында қалды дейді.
Хош, Бекболат пен Едіге Абылай ханға елшілікке Орман-
шы Ақсары-Шотананың Шотанасын жіберді:

—Саған сөзді үйретейік пе, өзің сөйлеймісің?—дегенде,

Шотана батыр айтты дейді:

—Екеуің көп үйретсең, отыз ауыз сөз үйретерсің. Ол

таусылған соң, не қылмақшымын? Ауызымнан не шыққа­
нын қайтып келген соң, өздерің есітерсіндер,—деп жүре
беріпті.
Шотана батырдың қалпы қандай кісі екенін айтып

берейін. Қызылтауда «Шотана тасы» деген тас бар. Шота-
на батырдың үйі сол тастың түбінде отырғанда, қорадан екі
өгізін түнде ұры ұрлап кетіпті. Алагеуімнен түрегеліп, өгізді
ұры ап кеткенін біліп, Шотана батыр тастың басына шығып,

айқай салыпты:

—Тастап кет менің өгізімді! Атым—Шотана, жердің те­

сігіне тығылсаң да қоймаймын!—дегенде, алған ұрылары

тарихи  аңыздар
Түндіктің өзенінен асып барады екен. «Артымыздан қуып
келіп қалған екен ғой!» деп, тастай қашқан екен.
Шотана батыр Абылай ханға барып, аман-есен қайтып,

Бекболат пен Едігенің алдына келді.

—Не дедің?—дегенде, айтқаны:

—Бекболат пен Едіге жіберді. Мейрам болып атқа

мінді, үш мың кісі қол келді. Бұрынғы әулие өткен ата-
бабаларымыз айтқан екен: «Дүние бұзылса, Бұқарға сыяды,
Бұқара бұзылса, дүниеге сыймайды» деген екен. Бұқараға
сыймай, жалаң аяқ, жалаң бұт келген сарт Сарыарқаға сый-

майын деп жүр ме? Ботақанның құнын берсін, Жанайды
байлаудан босатсын! Мың кісінің жолы­на «жетім» бастатқан
«тоғыздан» берсін! Мың кісінің жолына түйе бастатқан
«тоғыздан» берсін, мың кісінің жолына мың ат, мың шапан

берсін! «Айыпты хан боламын» десе, тұрысатын жерін айт-
сын, ұрысатын ерін айтсын! «Айыпсыз хан боламын» десе,
«хан деген жар емес пе, қарашы деген лақ емес пе? Лақтың
ойнағанына шыдай алмай, құлаған жарыңа [қалай] пана

болмақшы»,—дедім дегенде, Бекболат сүйсінгеннен:

—Айтқан аузыңнан айналайын, сені көтеріп тапқан

қатынның ...нан айналайын!—депті.

—Не дейді, не дейді?—дегенде:

—Ертең Жолдыөзектің бойына келсін, екеуміз екі жа­

ғына түселік дейді,—депті.
Сонда Олжабай батыр:

—Мені «бар ма» деп сұрады ма?—депті.

—Сұрады «бар» дедім,—дегенде:

—Енді ол сарт бізбен қарсыласып, жауласуға жарамай-

ды. Алтын қақпалы қорғанды бұзатұғын жолда Сырым
Малайсары да бар еді, Шанышқылы Бердіқожа да бар еді,
Тарақты Байқозы батыр да бар еді. Қақпасы қалайы мен
корғасынға мысты араластырып құйған екен. Жалғызы­ның

қолы батпаған. Сонда мен туымды Абылайға «мә!» деп бере
салып, қақпаны шапқылағанда, саз балшықпен жаңа илеген
қамырға кіргендей кірген. Сонда Абылайдың түріне қара­сам,

абылай  хан  туралы  аңыздар
қалшылдап, дірілдеп тұр екен. «Мына қаруын жау­ласып
кетіп, өзіме жұмсаса, мынау жан шыдатпайды екен-ау!» деп
үрейі ұшып кеткендігі сондай—бізбен қарсыласатын онда

әруақ жоқ»,—депті.
Жолдыөзектің ар жағынан Абылай қолы келді. Атығай,
қарауыл, өзінің төлеңгітінен басқа бөтен дым жоқ. Бір
жағынан—Бекболат, Едіге үш мың кісімен.

Самсаған сары қолдан екі кісі келе жатыр: біреуі—
Абылай, біреуі—Балтакерей Тұрсынбай батыр. Сонан соң
таныған соң, бұл жақтан Бекболат пен Едіге атқа мініп, ал-
дынан шықты.

Сонда Қозған Құлыке-Бекшенің Бекшесі, оғын құра­лай­
дың көзінен тигізетұғын мерген екен, мылтығының сира­ғын
құрып, Абылайды нысанаға байлап тұра қалды дейді:

—Бұл сартты бір-ақ жоқ қылып тастайын,—деп білтесін

тұтатуға келтірмей, Жаңабатыр баласы Жанақ жүгіріп
келіп, Бекше мергеннің қолынан мылтығын жұлып алды.
Не қылып, не қойғанның бәрін Абылай көріп тұр. Ол
жақтан екі кісі бірі—хан, бірі—батыр, бұл жақтан екі

кісі: қаракесек, сүйіндіктің екі биі төртеуінің бас қосқан
жеріне көлденеңінен бала күні Көтеш ақын барып, оларды
сөйлетпей, өлеңді гулетіп қоя беріпті:

—Абылай, Ботақанды сен өлтірдің,

Есіл ер, жазығы жоқ, неге өлтірдің?
Хан басың қарашыңмен даулы болып,
Үстіне Ақ ордаңның қол келтірдің!
Абылай, күйіп кетті салған қалаң,

Мейрамға не дейсің жапқан жалаң?!
Жанайды дәл бүгін күн босатпасаң,
Болады ертең жесір қатын-балаң!
Сонан соң кінәласқан да жоқ, айтысқан да жоқ. Ханы

қарашысымен жа­расып, бұл барғандардың не көңілдегісін
қылып, сөйтіп қайтарған екен. Сон­да Абылай сұрапты:

тарихи  аңыздар

—Мылтық құрған кім еді?—деп.

—Қозған Бекше мерген,—деген соң:

—Талай жорықта бір торсықтан малта жесіп жүрген

жолдас еді. Кісіні кісі жоқ жерде-ақ өлімге қия береді екен-
ау!—деп, оның мылтығының ауызы қырсықпасын деп
мылтығының ауызына бір түйе байлады дейді.

—Жүгіріп келіп ұстай алған кім?—дейді.

—Жаңабатыр баласы Жанақ,—дейді.

—Тегін кісі Жаңабатыр бола ма? Олар Құдай қойып қой­

ғандай жаратқан шын би ғой! Баласын «арашашы бол!» деп
қосқан ғой. Ас берілгенде, Жаңабатырдың босағасына түйе
бастатқан «тоғыз» байлансын да және қаралы шаншылған
найзаны жылын бергенде, Жанақ сындырсын да, бір ат-ша­

пан Жанақтың өз жолы болсын!—деп оған лайықты (олай-
ша) жол бұйырған екен.
«Абылай аспаған сары бел» деген атқа ілінген жері осы
екен.

—Үш нәрсе арман болып, қолымнан келмей, құр ойымда

кетті,—деген екен.—Бірі—ақбоз атты кұныш ердің құны
қылмадым. Мылтығын құралайдың көзінен өткізетұғын
мергеннің құнын екі ердің құны қылмадым. Бірі—етікші
мен ұстаның құнын «қатын құны болсын!» деп, бұйрық

қылмадым. «Ал, жау келді!» дегенде, екеуінің де еркектікке
септігі жоқ. Бірі ішінен Пайғамбар мен шадияр шықпағаны
болмаса, өзге адамның бұлбұлы мен дүлдүлі түгел шыққан
жұрт екен. Осынау бір «Бесмейрам» деген елден аса ал­ма­

дым,—де­ген екен. 60. [Абылай және орыс елшілері]

(І нұсқа)
Абылай хан заманында орыс жұртынан отыз кісі ел­ші­
лікке келіп, қыс түсіп кеткен соң қазақ ішінде қыстап қа­лып,
Малай-Жәдігер Қойлыбай бай бір қыс жүз ақ қара бас қой

абылай  хан  туралы  аңыздар
сойып күтіп, қыстан ашықтырмай, тарықтырмай шығарған
екен, ұлығы:

—Қазақ жұртының бір-біріне сыйының алды не бо­ла­

ды?—дегенде:

—Қазақ рәсімінде «жетім» болады,—деген соң, Қойлы­

байға бір қыз сый қылған екен және ит терісіне жазып, ал­
тын­даған уағданама берген екен.
Сол қыздан екі бала туып, Малтабар, Қосжетер деген осы
күнде өсіп-өніп, өз алдына ауыл болыпты. Терісаққан бо­

йында, Тасбекеттен төменірек Тәки қажының ауылдары.
Сол Қойлыбайдан—Тілеуқабыл. Тілеуқабылдан: Әділ,
Еділ, Елемес, Жаманқара, Шешенқара. Бұлардың қыздары
«қуыршақ ұзатқанына» ту бие сойып, той қылған екен. Боз

биені бірыңғай саудырып:

—Етіміз ақ болсын,—деп сүтіне шомылған екен. Сон-

дай кесірден сол дәулеттің аяғы мыж-тыж болып, сол қыз­
дар кемпір болған күнінде керіс тірей сұрап жүргенде, жақ­
сылықтағы ырыс-дәулетке кесір жұмыс қылғанын естіп,
біл­гендер:

—Саған не қылса, обал жоқ!—деп, таяқпен түртіп кете­

тұғын болыпты.
Бұланбайдың бәйбіше қатынының балалары Байзақ,
Жан­ұзаққа ұзатылып еді дейді.
Әкем аты—Шағырай, атым—Балдай,

Бұланбайдың жылқысы қара жар[дай],
Шиқұтыны бойымда дамбалым бар,
Әлің келсе, тістеп шеш, Қарақалтай!—
дейтұғын Бұланбай Қалқаманнан шыққан, дүниенің ақы­

ры—осылай.
13-139

тарихи  аңыздар 61. [Абылай және орыс елшілері]

(ІІ нұсқа)
Қойлыбай Шағырайдың қойлы байының баласы. Әкесі
қойлы бай болған күнінде ақ патшадан отыз орыс Абылай
ханға елшілікке келген. Қар жауып, қыс түсіп кеткен соң:

—Осы отыз мейманды бірінен-бірін айырмай, бөлекте­

мей, ала қыстай күтіп, аман-есен аттандыруға қайсың қо­
нақ­қа аласың?—дегенде, Қойлыбай бай:

—Өмірінше боламын десе де біздікінде болсын,—деп,

Құдайдың құтты күні бір ақ-қара бас қой сойып күтіп, қыс­
тан ашықтырмай, тарықтырмай шығарған екен.
Ақ патшаға барған соң:

—Қазақ жұртының бір-біріне сыйының алды не болады

екен?—деп сұрағанда:

—Қазақ рәсімінде «жетім» болады екен,—деген соң, Қой­

лыбайға бір қыз жіберген екен және ит терісіне алтын­да­тып
жаздырып, достық (дослық) хат жіберіпті.
Сол қыздан екі бала туып, бірінің аты—Малтабар, бірінің
аты—Қосжетер. Осы екі баланың тұқымы осы күнде өсіп-

өніп өз алдына ел-жұрт болыпты, «орыс ауылы» деседі.
«Орыс ауылы» атанғандық мән-жайы—осы. Терісаққан
бойын­да, Тасбекеттен төменірек Тәки қажының ауылдары.
Тілеуқабыл мырзаның өзінің белінен бес бала: Әділ, Еділ,

Елемес, Жаманқара, Шешенқара.

—Өзім өлгенде алпыс келінге «атамдатып» жоқтата­

мын,—деп қалмаққа да, қырғызға да, шүршітке де қатын
алып беріп, мал малдандырып, жан жандатқан.
Өзі тоқсан үшінде өлген, алпыс келіні «атамдаған».
Бұл күнгі Тілеуқабыл тұқымының көбі қалмақ, сарт,

қырғыз, шүршіт, анық қазағы аз. Тілеуқабыл мырзаның
өз кіндігінен байлық қашқан. Себебі Жаманқара, Шешен­
қараның қыздары «қуыршақ» ұзатқанына ту бие сойып,
той қылған екен. Ақ патшадан келген алтынды қағаздар­

ды турап-турап «қуыршаққа» киім қылған екен. Аппақ

абылай  хан  туралы  аңыздар
шаңқан боз биені бірыңғай саудырып: «етіміз ақ болсын»
деп боз биенің сүтіне шомылады екен. Сол қыздар Ақиіс,
Қалқаман, Бұланбай байдың бәйбішесінің балалары Бай­

зақ, Жанзаққа ұзатылып еді дейді. Ол Бұланбайдың бай­
лығы өлеңге қосылған:
Әкем аты—Шағырай, атым—Балдай,
Бұлакемнің жылқысы қара жардай.

Шиқұтыны бұтымда дамбалым бар,
Әлің келсе, тістеп шеш, Қарақалтай!
Бұрынғы заманның байлары қыздарына шиқұтыныдан
дамбал кигізеді екен. Жаугершілік болып «еріксіз жұмыс­

таймын» деген жанның түсе қалса, дамбал сыртынан жұ­
мыстамақшы болса кедергі болуға әбден сенімді бұйым
болғандығы сондай.
«Бұланбайдай, Бұланбайдың жылқысы қара жардай»

деп ауызға ілінген жылқы Ерейменнің сыртындағы Қара­
ғайлы шоқыға келіп, қаны-жыны сонда қалып, тағалы то­
ры қайтып бармайды екен. Тілеуқабыл мырзаның немере,
шөбере қыздары Бұланбайдай байға келін болып түскен

келіншектер кемпір болған күнінде арқасына қап салып,
қайыршы болғандығын жұрт көзі көріпті. Екі дәулетке бір­
дей кесірі тиіпті. Жаслықтағы ересен біткен дәулетке ерсі
жұмыс қылғандығын естіп, білгендер:

—Саған не қылса да, обал жоқ,—деп, таяқпен түртіп

кететұғын болды дейді.
Дүниенің басы—анау, аяғы—мынау.
Күлік Байғана мырзалығын Күлік шежіресінде сөйлеп
өттік. Қанжығалы Төлеген мырза ас-жиынға алты атанға

қымыз артып барады екен. Жазғытұры таудан көшерде қыс­
тауына қырық сан қалдырып кетеді екен. Мырзалығын сы­
намақ үшін көш-жөнекей болып қалған қонақтарға көшін
тоқтатып, биесін байлатып, тайлақ сойып, биесінің сүтіне ет

асып береді екен.

тарихи  аңыздар
Қаракесек Баймұрын мырза, Ақбура Қарқынбай мыр-
за, Қаржас Мырзағұл баласы Тәти мырза. Бұл айтылған
мырзалардың қылған істері—бәрі жат, бөтен жұмыс. Өз

тұсымыздағы адамзаттың құлақ есіткенде, мырзасы Тобық­
ты Құнанбай болды. Ол кісінің мырзалығын бір рысале (ір­
сәле) қылып сөйледік. Қожа, молда, дуагөйге мырзалық
қылған да Шорманұғлы Мұса болды. Құдай үшін, Құдай

жолына, Құдайды өзінен артық ұстап, мырзалық қылған
Қоңырқұлжа төре немересі, Бикелі баласы Жәңгір болды.
Бұлардың бәрінікі—мақтан емес, ақтан.
Ақтан үшін емес, мақтан үшін мырзалық қылған әр жер-

де бар шығар. Олардікі—орыстың оразасы сықылды. Өзім
ат арқасына мініп, үш жүздің баласын көріп жүргелі Күлік
Әкімбек Алдабек баласындай, Қаракесек ішінде, түбі-тегі
қожа Құрбан қожа Жүсіп (Иосиф) қожа баласындай—осы

екеуіндей сахиды бала жасымнан бұл күнгеше көргенім
жоқ.

62. [Орысты шаппақ болғанда Бұхар жыраудың

өлеңмен тоқтау салуы]
Қаржас Қалқаман батырдың баласы Бұқар жырау де-
ген қария болған екен. Заманындағы сыншылар ол кісіні
«көмекей әулие» дейді екен. Көмекейі бүлкілдеп сөйлейді

де отырады екен. Қара сөз жоқ, аузынан шыққан сөзінің
бәрі жырлаумен шығады екен. Сол Бұқарекең Абылай ханға
айтқан екен:

—Сенен бұрын жеті ханды жебеледім, кеше eңсегей бой-

лы ер Есім ханға да жолдас болдым. Сен оның бір түстігіне де
жарамайсың,—деген екен.
Абылай хан бір жаққа аттанарда Бұқарекеңді алдырып,
aйдың, күннің сәтін сұрайды екен, сәуе көріп бер дейді екен.

Сонда Бұқарекең:

абылай  хан  туралы  аңыздар

—Сары бура келіп, сенің туыңның түбіне тұрып, пәлен

жаққа қарай шабынды,—дейді екен.
Сол айтқан жағына бет алып аттанса, шауып, жаншып
алып келеді екен. Егер cары бура келіп туының түбіне шөгіп,
мойнын салып жатып алды десе, аттанбайды екен.

Ол заманда Сарыарқада орыс деген жұрттан нышан жоқ
екен. Абылай ханға сәлемдеме беріп:

—Өзіңе қараған жұртты бізге жай қылма,—деп сыйлап

тұрады екен. Олай-бұлай жүрген саудагерлері Абылайға
тарту-таралғы беріп, ешкім тимеске хат алып кетеді екен.
Абылай заманында болған шайырлар айтқан екен:
Абылайдың атасы—Әбілфейіс,

Хан баласы төсенбес етке киіз.
Аузы түкті орыстан алып-алып,
Абылайға шықты ма екі мүйіз,—
деген екен.

«Алматы, Аягөзге саудагер жіберемін, соған жол берсін!»
деп сұратқанда, Имамқұстан шығып, Ертіс жағалап, Се-
мейге шейін баратұғын қара жолды Абылайдың «сонымен
жүр­сін!» деген бұйрығымен қара жол болған екен. Сол үшін

Ертіс­тің бергі жағындағы көлденең жолды «Абылай жолы»
дей­ді. Жәрмеңкелік жер сұрағанда, Есілдің бойынан Қы­зыл­
жар­ды берген екен. Атығай Дәулеткелді байдың қыс­тауы
екен. Сонан соң Дәулеткелді бай:

—Жерімді орысқа берді,—деп өкпелеп,—Жиделі­бай­сын­

ға кетемін,—деп ауып кетті.
Соның тұқымына Ташкентте жолығып сөйлестік, көтен­
ші деген қоңыраттың ішінде өсіп-өніп кеткен екен.
Қызылжарда «Абылайдың ақ үйі» деген сонда салынған

үй екен. Аузы түкті кәуірді айтқанына көнгізіп, айдауына
жүргізіп тұрған күнінде үш жүздің баласын кемеңгер билер­
ді жинап ақыл сұрады:

тарихи  аңыздар

—Сары жаудың бәрі жау деп еді, қуықтай басы бүріскен,

ешкідей көті шүрішкен, көрер көзге оп-осал болса да, қу­лы­
ғы көз жеткісіз терең көрінеді. Сарыарқаға қызығып күн­дер­
дің күні болғанда қызыл қарын, жас балаға күн көрсетпес.
Алаш ұранды қазақты жиып алып, «қылқұйрық» деп атта-

нып, қырып тастасақ қайтеді?—деп.
Сонда билердің бірде-бірі ханға бір ауыз жауап қайтара
алмағанда, тоқсан үш жастағаы Бұқарекең ханға толғап сөз
айтыпты.

63. Абылайдың қырғызға жорығы

(І нұсқа)
Сонда сол Садырбала мақтанған:

—Қазы

Мәмбекті
алдым,
Әлібек-Шолақты
алдым,

Көкжал Барақты алдым, жалғыз көзді Қарақты алдым.
«Арқада Абылай деген кәрі сарт бар» дейді. Онысы маған не
қылады?—деп.
Абылай хан бұл сөзін естіген соң, үш жүзге ұран шақы­

рып, исі қазақ болып «қылқұйрық» десіп аттанып, Шу мен
Таластың бойына барып, Садырбалаға елші салды дейді:

—Қара болса, қатынша бұғып қалсын, хан болса, қас­

қиып шықсын!—деп.
Онда Садырбала:

—Маған пәлен күн мәулет берсін, әр таптан бір жақ­

сы алып, өзім көрініске барайын. Тарту-таралғы мен
қонақасысын беріп, қайырайын,—деп жайылып жастық,
иіліп төсек болып қайырды да, қырғызға «жиылсын» деп
кісі шаптырған.

Бұлар бейғам жатқанда қара құрттай қыбырлап, құ­
мырсқадай жыбырлап, жалғыз күнде қырғыздың үйі­
ліп-төгіліп келіп қалғанын бір-ақ біліпті. Сонда Созақта
«Жалаңаяқ Әудер» деген бір әулие диуана бар екен,

Абылайдың қосынына кез болған екен. Жалаң аяқ:

абылай  хан  туралы  аңыздар

—Бұрын олай жүрсем де, былай жүрсем де, «мынау

Түркістанда Әмір Темір орнатқан ақ күмбездің иесі Әзіре­
ті сұлтан ғой!» деп, соған сыйынып жүруші едім. Бұрын­
ғының «мың өліден—бір тірі» деп айтқаны бар еді, көрсет
кереметіңді,—дегенде, Жалаңаяқ Әудер айтыпты:

—Қырғыз деген жұртты диуаналықпен аралап жүр­ге­

німде, өзімнің май басқандығымнан туған лепес балам еді
Садырбала. Оған қалай енді қаһар қылайын,—депті.

—Ол бір бала да, мынау қазақ көп мүритің ғой, ел-жұр­

тың ғой. Бір бала қалай, көп қалай?—дегенде:

—Қап, қап, «сөз тапқанға қолқа жоқ» деп еді,—деп, сұқ

қолын бір ұртына тығып, аузымен үш атыпты.
Қырғыз бықпырт, топалаң тиген қойдай ұйлығып,
үркіп қашып беріпті де, қазақ көтінен қуып, Қарабалта,
Соққылықтың асуына жеткенше талайын қырыпты. Сон-

да қырғыз Әйтеке жырық алты баласымен жолда қырғын
тапқан екен. Сонан соң қырғыз жалынып-жалпайып, бітімге
келіп, Сәру деген бір тайпа елін қазаққа «ақ үйліге» берген
екен. Қос басына бір үйлі қырғыздан үлесіп алысып, «осы

күнгі арғын ішіндегі қырғыздар—сол жолғы олжа болып
үлеске түскендер» деседі.
«Қысасы қияметке қалмайды» деп, сол Әйтеке жырық­
тың немерелері Жанқараш, Жантай, Қарабек балалары­

ның қолында Кенесары, Наурызбай, Құдайменде, Ержан
бірсыпыра төрелер шаһитлік дәрежесін тапты.

64. Абылайдың қырғыз, өзбекке жорығы

(ІІ нұсқа)
Абылай хан заманында қырғыз Садырбала деген шы­ғып,
ақ қалпақты қырғызды аузына түгел қаратып тұрған кү­нін­
де мақтанып сөйлеген екен:

—Әлібек шолақты алдым, Қазы Мәмбекті алдым, Көк­

жал Барақты, жалғыз көзді Қарақты алдым. Қазақты жы­

тарихи  аңыздар
лын­да жеті шаптым. Арқада Абылай деген кәрі сарт бар
дейді. Ол маған не қылады дейсің?—деген екен.
Сол сөзін Абылай хан естіп, қосын қылып аттанып,

сонда қырғызда Әйтеке жырық деген атақты зор кісі бар
екен, алты баласы бар екен. Сол жолы солар қырғын тау-
ып, Абылай хан мен Садырбала ақырында бітім қылып,
жарасып, қос басына бір үй қырғыздан «ақ үйлі» беріпті.

«Сәру қырғыз» деген бір тайпа елін түгелімен берсе ке-
рек. Осы күнде Ақмола облысында, Семей облысында
кірме болып жүрген қырғыздар бар. Абылай заманында
қа­заққа олжа түскен қырғызларының тұқымы. Көш­пе­лі

қазаққа хан болып тұрғанында Түркістан, Тәшкен хан-
ларына зекетші (зікуатшы) жіберіп, жинатып алдырып
тұрыпты.
Шүршітпенен елдесіп, баласының ең үлкені Әділ төрені

«сол жақтағы қазақ, қалмаққа ие болып, төрелік қыл!»—деп
солай жіберіп, осы күнге шейін оның үрім-бұтағы сол жақта
өсіп-өніп кетті.
* * *

Абылай хан өзіне-өзі әбден емін-еркін келген соң: «ата­
жұртым еді. Бұхараны аламын» деп, үш жүздің баласы
қазақтың «сен тұр, мен атайын» деген батырларын жиып,
аттанды. Мұнан барғаннан әуелі Түркістан барып, оған

өзінің бел баласы Сыдық сұлтанды ие қылды. Шымкент,
Сайрам барып, оған Ғабдолрахман деген сартты қойды.
Ташкен барып, оған Мырзахмет деген сартты қойды.
Ташкенді кеше орыс алар уақытысында бір Мырзахмет де-

ген тағы біраз биледі. Бұл Мырзахмет қартайып, алжып
өлсе, жаңада өлді. Абылайдың қойған Мырзахмет дегені
мұнан көп бұрын өткен кісі. Онан Созақ үстіне барып то-
нап жатқанда, Қоңырат елінде бір байдың келіні ұл тауып,

атын «Абылай» қойған екен. Бұл Абылай да өсіп-өніп бір
тайпа ел болыпты.

абылай  хан  туралы  аңыздар
Абылай хан онан өтіп, Самарқан шаһарының бет алды­
на, Жұпар қорығына барып түсті. Сол түні қасындағы қа­
риясына:

—Бүгін сәуе көр!—депті.

—Мен де қарап жатпайын, жұрт билеген хансың ғой, өзің

де көр,—депті. Ертең таң атқан соң қария мен хан басын
қосып отырып, көргендерін айтысыпты. Әуелі хан айтыпты:

—Бүгін түнде түсімде бір жолбарыс шатырымның алды­

на келіп шөкті, басын бір көтермеді, төмен салды да жатты.
«Бұ не қылғаны?» деп қарап едім, әлгі жолбарыс дегенім аю
болды. «Жаңа жолбарыс еді ғой, қалайша аю болып қалды?»
деп қарап едім, қасқыр болды. Онымен тұрмады, түлкі бол­­

ды. Онымен тұрмады, қоян ба, қарсақ па, сол сықылды бол­
ған... Оқыста оянып кеттім,—дейді.
Онда қария айтты:—Мен көргенімді айтсам, Бұхарада­
ғы тамам әулие Самарқан дарбазасының (даруазасының) тү­

біне келіп шөкті. Ол «Самарқанды саған алғызбаймын» деп
келгені. Өзің көрген жолбарыс—өзіңнің бақ-талайың. Бақ-
талайыңның жетіп жығылған жері осы болғаны. Енді мұнан
былай бақ-талайың көтерілмейді. «Баяғыдан бері Абылай

жүріп-жүріп сарттан өліпті» деген атқа ұшырамай, ұрыс­
пай, соғыспай, осы жерден тып-тыныш қайта ғой! Қарасаң,
аю болғаны—сенен соңғы баланың заманы. «Аю заманы» де-
ген заман болады. Аюша алысып өтеді. Онан қарасаң, қасқыр

болғаны—немерең заманы, «қасқыр заманы» деген заман
болады. Қасқырша жұлысып өтеді. Онан қарасаң, түлкі
болғаны—шөберең заманы , «түлкі заманы» деген заман бо-
лады. Түлкіше жортып жүріп жан сақтайды. Онан қарасаң,

қоян болғаны—онан соңғы заман, қоянша қаркебек қылып,
қорғалап жатып жан сақтайды. Онан заманның не заман бо-
ларын Құдірет өзі біледі. Қарсақ болар, күзен болар, ең ая­
ғы тышқан, бақа-шаян, құрт-құмырсқа болып, дүние сөйтіп

тұрып таусылады-дағы,—дейді.
Сонан соң хан бұлбұл сөзге құлақ қойып, Самарқан
шаһарына елші жіберді:

тарихи  аңыздар

—Ұрысым, соғысым жоқ, әулиелерді зиярат қыла кел­­

дім. Осы жерден қайтамын!—деп.
Самарқан, Бұхара жұрты қорқып тұр екен. Мұнан бұрын
қосыны қазақ болып, он үш патша ол шаһарларды алған
екен. «Қосыны қазақ болды» дегенше, бұл дүниепаз (иаз)

сарттарға азап болады екен. Абылай ханнан бұл сөзді есті­ген
соң, Самарқан халқы қуанып, тарту-таралғысымен ке­ліп,
ханды көріпті.
Абылай хан сонда:

—Самарқанның көк тасынан басыма қойдыратұғын,

жазу ойдыратұғын тас қазып аламын,—деп ұста жинап, тас
қаздырды.
Сонда Абылайдың бақытысына шыққан тасты Самарқан
халқы көріп, ханнан сүйінші сүрады:

—Бұл тас Әмір Темірден соң ешкімге шықпаған тас,—деп.

Сол тасқа атын, сол жерде ұсталарға жаздырыпты: «Абы-
лай ибн Сүйенішхан» деп.
Сол сапардан қайтып Тәшкенге келіп, Мырзахметтің
қызын алып:

—Енді ұрыс-соғыс жоқ,—деп Орта жүз бен Кіші жүздің

батырларына рұқсат беріп, жерлі-жеріне, мекен-суына қай­
тарыпты.
Үш айдан соң өзі Тәшкеннен Арқаға қарай шығыпты.
Қасында біраз төлеңгіт пен үйсін, дулаттың жалпетектері

бар. Мұны Шымкенттегі Ғабдірахман сарт естіп, Төбет сұл­
тан, Рабат, Қарабұлақ, Иаңкенттегі жанғақ табан диқан­
шы сарттарды жинап алып, қосын қылып, Абылай ханды
қа­майды. Сонда дулат халқы қашып кетіп, «жалпыетек

ду­лат» атаныпты. Боза ішіп, дулағаннан басқа өнері аз,
тұзсыз көженің күшінен біткен жасық ханның қасындағы
төлеңгіттерінің бірсыпырасын қырып тастапты. Ханның
өзіне қол тигізуге бата алмапты. Сонда хан Арыс деген

өзеннің бойында, бір қырдың басында тұрып, жолдастарын
тарқатып жібергеніне пұшайман болып, бармағын шайнады
дейді. Сонда бір қария айтқан екен:

абылай  хан  туралы  аңыздар

—Етек пенен жең болған,

Ежелден саған ел болған,
Орта жүзден кісің жоқ!
Найзасының ұшы алтын,
Кіші жүзден кісің жоқ,

Бұған қарап тұрғаннан басқа ісің жоқ,—
депті. Сонан Абылай сол Арыстың бойында бір қорғанға
түсіп, алпыс сегіз жасында жұма күні дүниеден қайтып,
сол жер осы күнде «Хан қорғаны» атаныпты. Сүйегін теңге

салып, Түркістан шаһарындағы хазірет сұлтан Алғарфин
әулиенің күмбезіне алып келіп қойыпты. Өткен күні жұма
күні екен. Сарыарқаға қырық күн бұрын естіліпті. «Бүгін
қырқы» деп ордаға жиылып бала-шаға, үй іштеріне жұма

күні есіттірген екен. Артынан қасындағылары келген соң,
«қай күні өлді» деп сұраса, үйіне есіттірген күні өлген екен.
Өлмесінен қырық күн бұрын «өлді» деген хабар Арқаға ке­
ліп қалғаны. Абылай хан өлгенде, Созақ деген кентте Жа­

лаң аяқ Әздер үш күн, үш түн жылаған екен. Маңайындағы
сарт-сауан:

—Тақсыр, бір қазақ өлді деп мұнша неге бүліндіңіз,—

дегенде:

—Есіл Абылай Сарыарқада өлмей, сарттың қорғанын­

да өлді-ау! Енді хандық қорғанда қалды, сол үшін жылай­
мын,—деген екен.
Айтқанындай сонан соң қазақ ортасына хандық жоқ, сарт
билеп кетіпті.

Бес қойға алды өгізді
Тегін дерсің деп еді.
Егін егіп, тарының
Сөгін жерсің деп еді.

Жалаң аяқ сарттарды
Бегім дерсің деп еді,—

тарихи  аңыздар
деп ноғайлыдан шыққан Мөңке бидің айтқаны, ол келіпті
де тұрыпты. Мұнан соң «балапан басыңа, тұрымтай тұсына»
деген заман болды. Баяғы атам замандағы Бұқарекеңнің

«қала салады, орыс алады» деген жерлеріне Абылай хан­ның
немересі Кенесары заманында салынды.

65. Абылайдың «Қанды қарағай қан болды,

жол болды» деп ат беруі
Ақмола, Атбасар, Көкшетаудың орталығында кең байтақ
жатқан дала мен «Қанды қарағай» деген бұрын атығай,
қарауыл, қаржас, алтайдың жайлаулары болып еді.

Абылайдың хан болып, қылышынан қан тамып тұрған­
да, қазақтың көп батырларымен кеңесіп отырғанда бір салт
адам асығыс кіріп келіпті.

—Отырыңдар, бұл асығыс не қылған адам?—деп жөн

сұрапты.
Сонда жігіт айтыпты:

—Мен бір жолаушы қазақ едім, жолда қалмақтың жо­лы­

на кездесіп қалдым. Олар мені тонап алды да, менен жөн сұ­
рады. Сұрағанда: «Абылай қайда? Оның жанында қазір қан­
дай батыр бар? Қай бетке жорыққа шықпақшы?» деп сұрады.
Мен айтпадым. Сонда бір батыр: «Ұйқымның ашылмай тұр­

ғанын қарашы. Абылайдың, не оның батырларының қанын
ішпей» дейді. Біреуі тұрып: «Тезінен қан ішеміз» дейді.
Мені олар мазақтап қоя берді. Мен қаныма қызып, олардың
қолынан босаған соң хабар берейін деп келдім,—деді.

Хан:

—Батырлар, «жау жоқ деме жар астында» деген. Қапы

болып жауды, елді бері жібермейік. Өзі де ендеп келіп
қалған екен,—деп жігіттен жөнін сұрап алып, ту көтеріп,
аттанысады. Сол бетімен батырлар келе жатса, кеш болады.
Көз ұшында от көрінеді. Жортушылар байқап: «Осы алды-

мызда қалың қарағай бар еді, от содан шығады» десті. Түнде

абылай  хан  туралы  аңыздар
жауға тиісу қиын болды. Күзетті жан-жағынан қойып, түн­
ді өткізеді. Жан-жақтағы елге «дайын болсын» деп хабарды
да берісті. Таң ата жортушылар «жау қозғалды» деп хабар

береді. Абылай туын көтеріп жауға қарсы жүрді. Жау да
өзінің көк ала туын көтеріп қарсы жүрді. Бұл қалмақтың
Қалдан ханының Шеріш деген батыры екен. «Кім екен?
Кімді іздейді екен?» деген елші жіберіпті. Хабар да алысты.

Абылайдың елшісі барып еді: «Мен—Шеріш батырмын»,—
деді.
Жаудың бастығы:

—Біз Абылаймен тату тұрайық деп бірнеше рет елші жі­

беріп едік, Абылай көнбек болса да, көндірмеген Анды­ғо­жа,
Аңғал деген батырлары бар,—дейді,—енді бізге Абылай,
оның ана екі батыры керек. «Алысқан жау ел болмас» деген,
бізге сенбеді ғой, енді олардың қанын ішпей тоқтамаймыз

деп қояды.
Бұл қолда Андығожа, Аңғал жоқ екен.

—Жарайды, «жау іздегенге—жасыл» деген, бірдеңе бас­

таған шығар,—деп Абылай толғанып, қанша көз жіберіп
қалай тиісуін көздеп кетті.
Ішінен біреу:

—Аталы жауым едің, қанша кешірсем, көнбедің, енді

қаныңды қолымнан өлтіріп ішейін,—деп, Абылайға тап
берді.
Абылай да жалынбайды. Екеуі ат үстінен жағаласып,
қару қолданып жарыса кетеді. Сол бетімен ұрыс қалың ду-

ман қарағайдың ішінде болады. Бірер уақытта Абылайды
әруағы билеп, жау батырының аты етпетлей құлап, Абылай
жауды өлтіріп, атын жетелей қолдарына келсе, араласқан
ұрыс бет-бетімен орманмен даланы беттей кеткен екен. Абы-

лай туын көтеріп бір төбеге шығып, маңындағы ерлерін сол
жерге жинай бастапты. Қалмақтың туы көтерілмей, халқы
қайда жиналарын білмей, ыдырай бастапты.
Жиналған ерлер қалмақты быт-шыт қылып, қалың қа­

рағайдың ішінен паналатпай далаға қуып, ақыры жеңіпті.

тарихи  аңыздар
Абылайдың қолы сол жерге түнеп, жауды жеңгенін жан-
жақтағы елге хабарлап, сол жерде жаудан қолға түскен ол-
жаны бөлісіпті. Олжаны бөліп алған соң, көпшілік:

—Бұл жорықты қандай жорық деп атаймыз?—деп шу­

ласады ғой, сонда Абылай:

—Бұл жорықтың аты «Қанды қарағай қан болды, жол

болды» болсын,—деген екен деседі. Содан бері осы өлке сол
атпен кетті.

66. [Абылай хан мен Тұрсынбай батыр]

( І нұсқа)
Абылай хан және бір жорыққа аттанғанда, құс ұшпас,
құлан жортпас Бетпақтың Сары даласында бір қара ала ат­ты
кез болды дейді.

—Кімсің?—деп, жөнін сұрағанда:

—Көн етікті демесең, көпке татыр өзім бар, көн са­дақ­ты

демесең, көпке тиер сөзім бар. Мен—Балтакерей Тұрсын­
бай,—дейді.

—Бәрекелді, атыңа қанық едім, жүзіңе танық едім, ба-

тыр, жорықтас болайық, олжалас болайық,—дейді.

—Жалғыз жүрсем, жан-жағым толып жүруші еді, көп

ортасына кірсем, жабыланып кетуші едім. Сізбен бір сапар
жолдас болайын,—дейді.
Ханмен қосылып, Алатауға қарай бет қойып, бірге жүр­
ді. Бір өзен аққан судың бойында көп мола бар екен. Абылай

хан Балтакерей Тұрсынбай батырға айтты:

—Анау тұрған бейітте бейіт ағашы бар ма екен, байқап

келші,—деді.
Батыр барып, аралап келді де:

—Жалғыз-ақ көрде бейіт ағашы бар екен, өзгесі тас

екен,—деді.
Хан еш нәрсе демеді. Алатауға барды, қырғыз болсын,
қалмақ болсын, ел шабысқан жоқ. Түзден ер басына бір

абылай  хан  туралы  аңыздар түйе, бір аттан олжаласты. Қыс түсіп кеткен соң, асығып қайтты. Піскен тамақ таусылды, мал сойып, ыстық қылып ішуге отын табылмады. Қол ашығыңқырап, жүдеп, баяғы көп моласы бар суға қонаға жетеміз ғой десіп келе жатады. Абылай хан көп қолға білдірмей, екі жігітті ілгері оздырды: —Бүгін қонатұғын жерде бір көрде бейіт ағашы бар деген. Ерте жарық барда соны тауып алып ақтарып, біреуің қайта өзінікіндей қылып, бетін жауып тегістеп, адам ашпағандай қылып қойыңдар. Түн болған соң, мен «бейіт ағашты алып кел!» деп Балтакерей Тұрсынбай батырды жіберейін. Көрді ақтарып, бейіт ағашты ала бергенде: «өлген менің көрімде әкеңнің көз құны бар ма еді?» деп ал жағасынан. Шошыр ма екен, шошымас па екен, батырлығын сынайық,—дейді. Хан жарлық қылған соң, екі жігіт ілгері озып барып, бірі ақырет оранып, ішіне түсіп жатып, бірі қайта жымпитып, өзінікіндей қылып жауып тастап, екі атпен өзі бір сайға барып, жасырынып жатты. Қас қарайып, сам жамыраған мезгілде қол судың бойына келіп қонды. Ыстық қылып ішейін десе, тамызық жоқ. Абылай хан Балтакерей Тұрсынбайға: —Баяғы өзің көрген бейіт ағашты сен тауып алып кел­ месең, бұрын көрмегендер қараңғыда барғанмен, таба ал­ майды ғой,—дейді. —Мен барып алып келейін,—деп, бара сала-ақ тас-тал­ қан қылыпты. Бейіт ағаш сау етіп, ішіне түсіп кеткен соң, қолын созып, жиып ала бергенде, көрдің ішінде жатқан: —Өлген менің көрімде әкеңнің құны бар ма еді?—деп жағасынан шап беріп ұстай алғанда: —Уай, енеңді... Сен шалажансар өліп жатқан неме бол­ саң, мен шын өлтіріп кетейін, өлген кісі өліп көрде жата берер болар. Тірі кісі бейіт ағашын алып, жаға берер болар. Өлі саған бола тірі Абылай аштан өле ме?—деп, үстіне міне түсті

тарихи  аңыздар
дейді, жалма-жан қаруын суырып жатыр дейді,—басын ша-
уып тастайын!—деп.
Шын өлтіретұғынына көзі жеткен соң, астындағы батыр

жалынды дейді:

—Мен өлі емеспін, тірі кісімін, сізді сынамаққа хан

бұйырып еді,—деп.

—Солай десейші, мен шын анық өлмей, шалажансар

жатқан бірдеме ғой деп ойлап қалдым,—депті.
Бәрі бас қосып, бейіт ағашты алып келіп, ыстық қылып
ішісіп отырғанда, хан:

—Пенде болып, ешнәрседен қорықтың ба?—деп сұ­ра­

ғанда.

—Тақсыр, неге қорықпаймын, он алты жасар кү­нім­де

әкем пәлен ханға нөкерлікке берді: «осы баламды ба­тыр­
лыққа баулып бер» деп. Сонда ханның жылқысын бақтым.
Жарқырап жаз шыққан соң, күркіреп көк шыққан соң,
бір ақ боран болып, жылқы ықты. Жылқыменен бірге мен

ықтым. Үш күн, үш түннен соң күн шайдай ашылды. Жыл­
қы жусады, мен де аттан түсіп, жата қалдым. Көзім ілініп
бара жатса, өн бойым мұздай болып, шымырлап бара жат­
қан соң, көзімді ашып жіберсем, білектей қара шұбар жы-

лан аузымның үстінен артылып түсіп бара жатыр екен. Ау-
зымменен қауып қалып едім, басы бір бөлек, құйрығын бір
бөлек екі жағыма бөлініп түсіп қала берді. Ортасын жұтып
жібердім, қорықпасам, жыланды жеймін бе, өзімнің жан бо-

лып, қорыққаным сол,—деді.

—Бәрекелді, батырлығыңа болайын, қатты қорыққан

екен.
Бұрынғы заманда батыр деп осындай жандарды айта-
ды екен. Бұл уақытта торғайға әлі келмейтұғын бөдене­
нің жұмыртқасында немелерді батыр, батыр дейді. Оны­

сы—қанды шелек, көк тақым ұры. Кигеніне қарасаң, қуыс
қурай...

абылай  хан  туралы  аңыздар 67. Балтакерей Тұрсынбай батыр

(ІІ нұсқа)
Абылай хан бір жорыққа аттанғанында, құс ұшпас, құ­ла
дүз (иүз) Бетпақтың сары даласында бір қаракөк кез бол­ды.
Және:

—Кімсің?—деп жөнін сұрағанда:

—Көн етікті демесең, көпке та[тыр] өзім бар, көн са­дақты

демесең, көпке тиер сөзім бар. Мен—Балтакерей Тұрсын­бай­
мын,—деді.

—Бәрекелді, атың анық, түсің танық, батыр, жорықтас

болайық,—дейді.

—Жалғыз жүрсем де, жан-жағым толып жүруші ме еді,

көп ортасына жабыланып (иабыланып) кетуші едім. Сізбен
бір сапар жолдас болайын,—дейді.
Ханмен қосылып, Алатауға қарай бет қойып бірге жүр­
ді. Бір ұзын судың бойында көп мола бар екен. Абылай хан

Балтакерей Тұрсын[бай] батырға:

—Анау тұрған көп ұлытта бетағашы бар бейіт бар ма екен,

[біліп] келші,—дейді,—барып аралап кел,—дейді.
Барды да қайта келді:

—Жалғыз-ақ көрде бетағаш екен, өзгесі тас екен.

Хан ешнәрсе демеді, Алатауға барды, қырғыз болсын,
қалмақ болсын, еш шаба алмады. Құздан мал құлап, ер ба-
сына бір-бір түйеден олжа үлесті (ұласты). Қыс түсіп кет-
кен соң, асығып қайт[ты], піс [кен] тамақ таусылды.

Мал сойып, ыстық қы[лып] [ішуге] отын табылмады. Қол
ашығып, жүдеп...

—Қонаға жетеміз ғой,—деп келе жатыр.

Абылай хан көп қолға білдірместен екі жігітті ілгері
оздырды.

—Бүгін қонатын жерде ұлыт бар, соның ішінде біреуін­

де бетағашы бар екен. Ерте жарықтан барып, соны тауып
алып, ақыретін оранып, көрге кіріп жатыңдар,—депті.—
Біреуің қайта орынды ғып, тегістеп, адам ашпағандай қып
14-139

тарихи  аңыздар
қойың­дар. Түн болған соң мен: «бетағашты алып кел!»
деп Балта­керей Тұрсынбай батырды жіберейін. Көрді
ақтарып, бет­ағашқа қол қойып, алып жатқанда: «өлген

менің көрімде әкеңнің көз құны бар ма? деп ал жағадан,
шошыр ма екен? Шошымас оған,—дейді,—батырлығын
сынайық,—дейді.
Хан жарлық қылған соң, екі жігіт бөлініп озып барып,

бірі ақыретке оранып, көрге кіріп, бұрынғыдай [кө]рді жа­
уып, білмейтін қылып, бетін жапты да, қойды да жымпи­тып,
екіншісінің өзі бір сайға барып жасырынып жатты да, жер
қайысқан қол келіп, ұзын аққан суға төнді. Қол ашығып,

күн ақ жауын, от [жағуға] тамызық отын жоқ, Абылай хан
айтты:

—Уа, Тұрсынбай батыр, түнеугі көрген молаңның бет­

ағашын [алып] келіп, ерлік [жас]амасаң, қол аштан өлер
болды,—депті.

—Бұрын көрген сен болмасаң, [басқалар] тауып алып

келе алмас,—дейді [деп] хан Тұрсынбайға айтыпты. Тұр­
сынбай:

—Тас-талқанын шығарып алып келейін,—деп жөнелді.

Бара-ақ тас-талқан қылып, бетағашын шауып, ішіне тү­
сіріп жіберді. Сонан соң қолын созып ала бергенде, көрдің
ішіндегі:

—Менің көрімде әке[ң]нің көз құны бар ма?—деп

жағасынан шап беріп ұстап ала тұра келді дейді.

—Уай, енеңді ұрайын, ах, пәлен етейін. Сен шалажансар

өліп жатқан болсаң, мен сені шын өлтіріп кетейін,—деп,—
өлген кісі өліп жата берер болар. Тірі кісі бетағашты алып,
жаға берер болар. Өлі саған бола, тірі Абылай аштан өлейін
деп жатыр,—деді де үстіне міне түсті де, жалма-жан жеке-

ауызын суырып жатыр еді,—басын кесіп тастайын,—деп,
шын өлтіретін болған соң, көзі жетіп, шалқасынан жатып
күліп жіберді, астындағы батыр жалынды дейді:

—Мен өлі емеспін, тірі кісімін. Сізді сынамаққа хан

бұйырып еді.

абылай  хан  туралы  аңыздар

—Бәсе, солай десейші. Мен ойладым «шалажансар өлген

неме, қой, мен шын өлтірейін» деп едім,—депті.
Сонан соң бәрі бас қосып, бетағашын алып келіп, ыстық
қылып ішісіп отырғанда, хан жанында отырып:

—Еш нәрседен қорқынышлық болды ма?—дейді.

—Тақсыр, неге қорықпайын? Он алты жасымда әкем

пәлен ханға нөкерлікке: «осы баламды батырлыққа бау-
лып бер!» деді. Сонда бардым, ханның жылқысын бақтым.
Жарқырап жаз шыққан соң, күн күркіреп, көк шыққан
соң, бір ақ боран болып, жылқы ықты, жылқыменен бірге

ықтым. Үш күн, үш түннен соң, күн шайдай ашылды,
жылқы жусады. Мен де аттан түсіп, жата қалдым. Көзім
ілініп бара жатса, өне бойым мұздай болып, шымыр-
лап бара жатқан соң, көзімді ашып жіберсем, білектей

қара шұбар жылан өзімнің дәл үстімнен жүріп, аузыма
жақындай бергенде, өзімен аузым толғанша шыдап жат-
тым. Басы аузыма келді, құйрығы бөлек қалды. Толғап-
толғап басын жұтып жібердім. Қорықпасам, жыланды

жеймін бе?—депті,—өзімнің жан болып, қорыққаным
сол,—дейді.

—Бәрекелді, батырың қатты қорыққан екен,—дейді.

68. Абылайдың соңына ерген батырларын сынауы

(ІІІ нұсқа)
Абылай хан болып тұрғанда бірнеше батырларымен жол­
ға шығыпты. Соның ішінде Абылаймен тетелес Ораздың
немересі Сапақ бірге шығыпты (Ораздан—Қожагелді,

Қожагелдіден—Сапақ).
Сапақ жүрген жерінде:

—Менің ұлы атам Абылайға жолдас болып Түркістан­нан

келген. Мен де атамның жолын қуып ханның жорығына еріп
жүрмін,—дейді екен.
Оған жұрт:

тарихи  аңыздар

—Ораз Абылайды елінен, жұртынан безіп, қиын жерде

жанын қиып жолдас болған екен. Сен атаңның жолын қуа
аласың ба?—десе, Сапақ мақтанып:

—Неге болмайын, болам,—дейді екен. Көпшілік «осыны

бір сынайық» деп жүріпті.
Бір күні қоналқы жерде қатты жауын болып, ас пісіре­тін
отын болмай тарығыпты. Сонда біреулер:

—Мына жерде мола бар, соның ағашын алайық,—деп­

ті,—қараңғы түнде моланың ағашын кім бұзады, оған ерлік
етіп кім барады, мына Сапақ болмаса,—депті.
Сапақ:

—Несі бар, мен барам. Атымды ұстарға біреуің еріңдер,—

депті.
Мана мазақтап жүрген көпшілік «мұны бір сынайық»
деп күні бұрын молаға бір адамды жасырын жіберіпті де,
оған: «сен жасырынып жатып, моланы бұза бергенде тұра

ұмтыл!»—депті.
Айтқанындай қасына жолдас алып Сапақ молаға келіпті
де, атын жолдасына ұстата салып моланы бұза беріпті. Ар
жағында аңдып жатқан адам Сапаққа тұра:

—Бардың малын алдыңдар, қырғыз, қалмақтың жа-

нын алдыңдар, енді менің моламды неге бұзасың,—деп ұм­
тылыпты.
Сонда Сапақ:

—Өлі сен түгіл, тірі Абылай қоста аш жатыр,—деп қарсы

ұмтылғанда, ана адам:

—Ала бер, ала бер,—деп тура қашыпты. Сапақтың атын

ұстап тұрған адам о да қорқып, Сапақты тастап анадай жер­ге
барып тұрыпты. Сапақ керегінше отын алып қайтыпты.
Ертеңінде мұны Абылай естіпті. Сапақты шақырып
алып:

—Батыр аңғырт болатын, сен жүректі батыр екенсің.

Бірақ жау тұра қашпайды, жүрекпен бірге амал да, айла да
керек,—депті.

абылай  хан  туралы  аңыздар 69. Жәнібек батырдың түсін Абылайдың жоруы

(І нұсқа)
Абылай хан Қарақалмақ Қатысыбанға қол жиып, шеру
тартып барғанда, қалмақтың ханы Абылайға кісі салды
дейді:

—Абылай мен екеуміздің таласымыз дін емес, дүние

ғой. Дүние үшін жұртымызды қырылыстырмайық! Мен
жек­пе-жекке өзіме қараған қалмақтан бір сырттан тау-
ып шығарайын, Абылай да өзіне қараған қазақтан (елінен)
«осы сырт­тан-ау!» деген біреуін таңдап шығарсын. Менің кі­

сім Абы­лайдың шығарған кісісін күші асып, өлтіріп кетсе,
малдан, жаннан Абылай безіп шықсын, біз олжа қылайық.
Абылайдың кісісі менің кісімді күші асып, өлтіріп кет-
се, малдан, жаннан қол жуып, екі қолды төбеге қойып, біз

шығалық, Абылай олжа қылсын. Уағда осы болсын!—деп.
Абылай хан:

—Жарайды, болса болсын,—депті.

Қалмақтың бұрыннан белгілі бір сырттаны бар екен,
жолбарысты құйрығынан ұстап алып лақтырады екен және
жерге бір-ақ қойып өлтіретұғын күші бар екен. Абылайда
өйтіп сыналған белгілі сырттан жоқ екен. Өзінің сынауы

бойынша, Шақшақ немересі Жәнібекті шығармақ бол-
ды дейді. Жәнібектің туған шешесі Есім хан өлтіретұғын
Тұрсын ханның қызы екен. Ташкентті шапқанда Шақшақ
батыр Есім ханның батырының басы екен. Тұрсын ханның

бір қызын Есім хан баласы Жәңгір ханға олжалап алып бер-
генде, бір қызын Шақшақ батыр баласы Қошқар батырға ол-
жалап алып беріп, Жәнібек сонан туып, сонда Жәнібектің
шешесі Абылайға айтып тапсырып қосқан екен:

—Аттың сырттаны жауһарлысын үш жыл іздетіп, зорға

таптым. Ағаштың сырттаны жауһарласын үш жыл тарап
зорға таптым. Адам сырттанын мырза Құдай бір күн төсекте
жатқан түсімде берді. Осы жолы алып барып, ненің сыртта-
ны болса да, бір айқастыр!—деп.

тарихи  аңыздар

—Ертең қалмақтың сырттанына сен шығасың!—деп оған

айтып қойды дейді.
Сол түнде жатып Жәнібек бір түс көріп, түсінен шошып
оянып, түн ішінде қосын жығып, еліне қайтпақшы болып,
«ханға айтып кетейін» деп жетіп келсе, Жәнібектің түсінен

қорқып оянғанын хан да түсінде көріп: «маған келмей
кетпес-ау!» деп басын көтеріп, тосып отыр екен. Таң жаңа
сәуле беріп, ондағы-мұндағы көрінерлік мезгіл екен:

—Батыр, жай ерте келдің бе? Асып-үсігіп бір нәрседен

қысталып жүрсің бе, немене?—дейді.

—Тақсыр, бір жаман түс көрдім. Сол түсімнен қо­рық­

қаннан: «осы жолы өліп кетсем, тұқымсыз кетермін» деп
қайтуға ыңғайланып, сізге білдіріп кетейін деп жүрегім ау-
зыма тығылып, әрең келдім,—дейді.
Хан сонда атшысын «Шыйеш» дейді екен:

—Шыйеш! Мирақор!—деп шақырды, атшысы:

—Алдияр, тақсыр!—деп жетіп келді.

—Уа, менің қарт Бөгенбай берген Нарқызыл жирен атым-

ды есіктің алдына алып кел!—дейді.
Ханды онан басқа ат көтеріп жүре алмайды екен.
Мирақоры атты есіктің алдына алып келгенде, Жәнібекке:

—Жай қолыңды!—дейді.

Жәнібек қолын жайып, ұшып тұра келгенде:

—«Жақсы түске де садақа, жаман түске де садақа»—деп

еді. А, Құдай, осының түсін мен неге жорысам, сен соған
қабыл қыл!—деп жирен атты түс садақасы деп айтып, жалма-
жан сойдырып, талатып жіберді.

—Айт, батыр, енді түсіңді,—дейді.

—Түсімді айтсам, тақсыр, қалмақтан жекпе-жекке пә­

ленше деген жайсаңы шықты да, бұл жақтан мен шықтым.
Екеуміз шартпа-шұрт болып қалғанда, мені ол найзамен
шаншып түсірді. Кеудеме атша мініп, тамағымнан кесуге
ыңғайланғанда «енді бауыздап тастайды-ау!» деп кеудеме

көз салсам, қарасам оң емшегімді бір айдаһар жылан еміп
жатыр екен, сол емшегімді бір айдаһар жылан еміп жа-

абылай  хан  туралы  аңыздар
тыр екен. Шошып ояна келсем, түсім екен. Көрген түсім—
осы,—дейді.

—Түсің түс-ақ екен. Мұнан жақсы түс бола ма? Түсіңде

сені ол шаншып түсірген болса, өңіңде оны сен шаншып
түсіреді екенсің. Түсіңде сенің кеудеңе ол мініп жүрген бол­са,
өңіңде оның кеудесіңе сен атша мінеді екенсің. Түсіңде се­нің
тамағыңа ол қылыш даярлаған болса, өңіңде оның тамағы­

на сен қылыш даярлайды екенсің. Оң емшегіңді еміп жат­қан
айдаһар жылан өзіңнен туып, үстіңе бала ойнақтайды екен,
өзі асқан айдаһар ер болады екен, батыр атанады екен. Сол
емшегіңнен айдаһар еміп жатса, өзіңнен бір қыз туып, онан

туған жиен о да айдаһардай ақырып туады екен. Ұлдан туған
ұрпағың, қыздан туған жиенің тұлпар мініп, ту ұстай туады
екен. Осынша өсіп-өнейін деп тұрсың. Сен қалай өлесің, бар,
жекпе-жекке кіре бер! Жүсіп пайғамбардың түсі болсын да,

Жақып пайғамбардың жоруы болсын!—дейді.
Хан түсін қолмен қойғандай жорыған соң, бір жағынан
а­тын сойып таратып жатқан соң, Жәнібектің қорқынышы
қа­шып кетті, жүрегі тасып кетті, қайрат-қуаты бұрынғы­

сынан да басым болып асып кетті. Сол жерден атын алдырып
мініп:

—Жекпе-жек! Жекпе-жек!—деп айғайлап шыға шапты

дейді.
Қалмақтың жайсаңы құты қашып, аяғын тәлтіректеп ба-
сып, найзасын қалай толғарын білмей, өзінен-өзі қалбалақ­
тап, сасып, айқасып қалған қарсаңда Жәнібек батыр шан-

шып түсіріп, үстіне аттай мініп, тамағынан қылышты тигізер
тигізбесте шалқасынан жатқан қалмақ:

—Тоқта,—дейді,—түнде сен де көріп едің, мен де көріп

едім. Сені мен алып едім-ау, табанымның астына салып едім-
ау! Сенің түс жорушың жақсы жорығандықтан, менің түс
жорушым ретін тауып айта алмағаннан алып кеттің-ау!—
дейді.

Сонда Жәнібек басын кесуге қимады, қолынан ұстап же-
тектеп, Абылай ханға алып келді. Өзі өскен-өнген жан екен,

тарихи  аңыздар
он бір ауыл екен. Сол он бір ауылға тимей, өзге қалмақты
тұттай жалаңаш тонап алып, олжа қылып қайтыпты дейді.
Жан болса, осындай болсын!

70. Абылайдың бір жорығы

(ІІ нұсқа)
Абылай хан қарақалмақ Қатысыбанға қол жиып, шеру
тартып барғанда, Абылайға кісі салды дейді:

—Абылай мен екеуміздің таласымыз дін емес, дүние

ғой,—дейді,—дүние үшін жұртымызды қырғын қылма­
лық! Мен жекпе-жекке өзіме қараған қалмақтан бір сырт-
тан тауып шығарайын. Абылай да өзіне қараған елінен бір
сырттан дегенін шығарсын. Менің (менім) кісім Абылайдың

шығарған кісісін күші асып өлтіріп кетсе, мал менен жан-
нан ол безіп шықсын, біз олжа қылайық. Абылайдың кісісі
менің кісімді күші асып өлтірсе, мен (ман) мал мен жаннан
бездім. Ол олжа қылсын,—дейді,—уағда осы болса, мен[ің]

де уағдам осы,—депті.

—Жарайды, болса болсын,—дейді.

Қалмақтың бұрыннан белгілі сырттаны бар екен, жол­
ба­рысты құйрығынан алып, лақтырады екен. Және құй­
рығынан ұстап, жерге ұрып өлтіреді екен. Сондай күшті,
белгілі екен. Абылайда ондай сыналған белгілі сырттан жоқ

екен. Өзінің сынауы бойынша Шақшақ немересі Жәнібек­ті
шығармақ болды дейді:

—Ертең қалмақтың сырттанына сен шығасың!—деп ай-

тып қойды дейді.
Сол түнде жатып, Жәнібек бір түс көріп, түсінен шошып
оянып, түн ішінде қосын жығып, еліне қайтпақшы болып:
«Абылай ханға айтып кетейін» деп жетіп келсе, Жәнібектің

түсінен қорқып оянғанын хан да көріп, біліп: «маған келмей
кетпес!» деп басын көтеріп отыр екен дейді. Таң жаңа сәуле

абылай  хан  туралы  аңыздар
беріп келе жатқанда ондағы-мұндағы көрінерлік болған
мезгіл екен:

—Батыр, жай ерте келдің бе? Асығып-үсігіп бір нәрседен

қысталып жүрсің бе, неме[не]?—деді.

—Тақсыр, бір жаман түс көрдім. Сол түсім түрінен

қорқамын. «Осы жолы өліп кетсем, тұқымсыз кетермін!» деп
қайтуға ыңғайланып, сізге келдім,—дейді,—«өліп кетем-
ау!» деп жүрегім аузыма тығылып, зорға келдім,—дейді.
Сонда хан Мырақор атшысын шақырып, атшы:

—Алдияр, тақсыр!—деп жетіп келді.

—Уа, менің қарт Бөгенбай берген кәрі жирен атымды

есіктің алдына алып кел!—деді.
Ханды онан басқа ат алып жүре алмайды екен дейді.
Мырақор атты есіктің алдына алып келгенде Жәнібекке:

—Жай

қолыңды,—дейді.
Жәнібек
қолын
жайып:

«Әмин»,—деп ұшып тұра келгенде хан айтты:

—Жақсы түске де садақа, жаман түске де садақа,—деп,—

Құдай, осының түсін мен неге жорысам, сен қабыл қыл!—
деп жирен атты «түс садақасы» деп жалма-жан сойдырып,
та­ратып жіберді.

—Енді айт түсіңді,—деді.

—Түсімді айтсам, тақсыр, қалмақтан жекпе-жекке пә­

ленше деген жайсаң шықты. Бұл жақтан мен шықтым.
Екеуміз шартпа-шарт болып қалғанда, мені ол найзамен
шаншып түсірді. Кеудеме атша мініп, тамағымнан кесу-
ге ыңғайланды. «Бауыздап тастайды-ау!» деп кеудеме көз

салсам, оң емшегімді бір айдаһар жылан еміп жатыр екен.
Және сол емшегімді және бір айдаһар жылан тағы еміп жа-
тыр екен. Шошып ояна келсем, түсім екен. Көрген түсім осы,
тақсыр!—деді.

Сонда хан жорыды дейді:

—А, балам, мұнан неге қорқасың?—деді,—түсің тү[с]-ақ

екен. [М]ұнан [арт]ық түс бола ма?!
Әуелгі жоруы былайша айтты дейді:

тарихи  аңыздар

—Түсіңде сені ол шаншып түсірсе, өңіңде оны сен шан-

шып түсіресің (деген екен),—депті,—және түсіңде кеудеңе
ол мінсе, өңіңде сен мінесің кеудесіне,—депті,—түсіңде сенің
тамағыңа қылыш даярлаған болса, өңінде оның тамағына сен
қылыш даярлайды екенсің,—дейді,—оң емшегіңді емген

айдаһар жылан—өзіңнің туып-өскен балаң. Үстің арнақты
да екен, өзі ел асқан айдаһардай болады екен,—деді,—өзі
батыр атанады екен,—дейді,—және сол емшегің[ді] айдаһар
емген болса, өзіңнен бір қыз туады екен. Онан туған жиен де

айдаһар болады екен,—дейді,—айдаһардай ақырып туады
екен,—дейді,—ұлдан туған ұрпағың, қыздан туған жиенің
тұлпар мініп, ту ұстай туады екен. Осынша өсіп-өнейін
деп тұр екенсің,—депті,—қалай өлесің, жекпе-жекке кіре

бер!—деді,—Жүсіп пайғамбардың түсі, Жүніс, Жақып пай­
ғамбардың жоруы болсын!—деді.
Хан түсін қолмен қойғандай жорыған соң, бір жағынан
атын сойып талатқан соң, Жәнібек қорқынышы қашып

кетті, жүрегі тасып кетті, қайраты, қуаты бұрынғысынан да
басым болып асып кетті. Сол жерден атын алдырып мініп:

—Жекпе-жек! Жекпе-жек!—деп айғайлап, шыға шапты

дейді.
Қалмақтың жайсаңы-ай, құты қашып, аяғын тәлтірек­
теп басып, найзасын қалай толғарын білмей, өзінен-өзі
қалбалақтап сасып, айқасып қалған қарсаңда Жәнібек ба-

тыр шаншып түсіріп, үстіне аттай мініп, тамағына қылыш­
ты тигізер-тигізбестен шалқасынан жатып қалмақтың
жайсаңы:

—Ай, тоқта,—деді,—түнде сен де, мен де түс көріп едім-

ау! Сені мен табанымның астына салып едім-ау!—депті,—
сенің менен түс жорушың жақсы болды. Жақсы жорыған­нан
сен мұндай дәрежеге жеттің,—деді,—менің түс жорушым
бірін тауып айта алмағаннан алып кеттің-ау!—дейді.

Сонда Жәнібек [оның] басын кесуге қимай, үстінен тұра
келіп, Абылай ханға алып келді жетелеп. Өзі өсіп-өнген
жан екен, он бір ауыл екен. Сол он бір ауылға тимей, өзге

абылай  хан  туралы  аңыздар
қалмақты тұттай жалаңаш қылып тонап алып, олжа қылды.
«Хан болса, осындай болсын!» дейді.

71. Абылайдың бір жорығы

(ІІІ нұсқа)
Қарақалмақ Қатысыбанның ханы Абылайға елші жі­бер­
ген екен:

—Абылай менен менің таласым дін емес, дүние ғой! Дү­

ние үшін жұртымызды қырылыстырмайық. Мен өз қол­
астыма қараған қалмақтан бір сырттан табайын, Абылай да
өз қоластына қараған қазақтан бір сырттан та­уып келсін!
Екеуін жекпе-жекке шығарайық. Менің сырттанымның кү­

ші асса, малдан, жаннан Абылай безіп шықсын біз олжа қы­
лайық. Абылайдың сырттанының күші асса малдан, жаннан
қол жуып, екі қолды төбеге қойып, біз шығайық, Абылай
олжа қылсын. Уәде осы болсын!—деп.

—Жә, бәсе,—деп бұл сөзге Абылай да қол қойыпты.

Қалмақта аты шулы атағы шыққан сырттан бар екен де,
қазақта ондай білікті болып, ауызға ілініп, көзге түскен
сырттан жоқ екен. Абылай хан сырттан тауып алуға ел ара-
лапты. Шақшақ батырдың ауылына келіп түсіпті:

—Хан келді! Хан келді!—деп жұрт жабырласып шығып

жатыр дейді.
«Шақшақ батырдың бір немересі бар Жәнібек деген» деп
естуі бар екен. Бірақ түсін көрген жоқ екен. Далада алды-
нан жүгіргендердің ішінде ол тұлғалы жан көзіне көрінбеді

дейді. Хан Шақшақ батырдың үйіне кіріп келсе, үй ішінде
құрт қайнатқан қазан бар екен. Шешелері жүгіріп кеткен
соң «құрттың түбі күйіп кетер» деп кеулеуіш алып қолына
қазанды кеулеп, араластырып тұр екен. «Хан келді-ау!»

деген хабарында жоқ, сәлем-пәлемді білмейді, құртын ара­
ластыра берген екен. Хан:

—Батыр қайда десем, құрт қайнатып тұр екен-ау!—депті.

тарихи  аңыздар

—Үйде құрт қайнатуға жарамаған жаман, жауда ат

ойнатуға жараушы ма еді?—депті.
Жәнібекті тапқан қатын «Қатаған ханы» атанған хан
Тұрсынның қызы екен. Тәшкен ханы болып тұрған күнінде
Еңсегей бойлы ер Есім Қатағанды қырып, хан Тұрсынды

өлтіріп, қынадай қырғын қылған шабыншылықта бір қызы
Есім ханның олжасына үлеске түсіп, ол баласы[н] Салқам
Жәңгірге қосқан екен де, бір қызы Шақшақ батырдың ол-
жасына үлеске түсіп, бұл баласы[н] Қошқарға қосқан екен.

Сонда Жәнібектің шешесі айтты дейді:

—Аттың сырттанын өзім [ат]қа мініп, қазақ жылқысын

үш жыл аралап, таптым. Ағаштың сырттанын тоғайдан то­
ғай қалдырмай, орманнан орман қалдырмай үш жыл аралап
зорға таптым. Адамның сырттанын мырза Құдайлығымен
төсекте жатқан бір түн түсімде берді. «Қалай берді?» десең,

ұйықтап жатыр едім, үстіме келіп бір нәрсе шөкті. Бо­йым
иіді, тұрып кетті. Немене екенін айырып біле алмадым.
Бір сипап қалдым, жүнді барақ нәрсе екен. Бар, апар да,
айқастыра бер! Бір кісіден өлсе, жыласам, көзіме ақ түссін!—

депті.
Абылай алып кетті, қалмаққа барды. Ертең ертеменен екі
жақтан сырттандар жекпе-жекке шығыспақ болды.
Түнде жатып Жәнібек бір түс көріп, түсінен шошып

оянып, түн ішінде қосын жықтырды дейді. «Ханға айтып
кетейінші» деп келсе, хан да түйсініп оянып, басын көтеріп
отыр екен:

—Батыр, жай ма?—депті.

—Не жай болсын? Бір түс көріп, айтуға аузым бармай-

ды. Қосымды жықтырып, арттырып, тарттырып қойдым.
Сізге жолықпай кетпейін деп, өкпем аузыма тығылып, әрең
келдім,—депті.
Хан сонда:

—Шыйеш!—деп атшысын шақырды, жетіп келді.

абылай  хан  туралы  аңыздар

—Уа, менің қарт Бөгенбай берген Нарқызыл атымды

есіктің алдына алып кел!—деді. Тоқтау бар ма, атты көлденең
ұстап алып келді. Жәнібекке:

—Ұшып түрегел де, қолыңды жай!—деді,—а, Құдай,

осының түсін мен неге жорысам, сен соған қабыл қыл!—
деп,—Нарқызылды сой да, тарат,—дейді,—енді шошыма,
орнығып отыр да түсіңді айт,—деді.

—Түсімді айтсам, тақсыр, қалмақ сырттанымен айқа­

са кеткенде ол мені найзамен шаншып түсірді. Кеудеме
атша мініп, тамағымнан кесуге ыңғайланғанда, кеудемде
екі айдаһар жылан—бірі оң емшегімде қадалып, бірі сол
емшегімде қадалып жатыр екен,—дегенде:

—Түсің түс-ақ екен! Мұнан жақсы бола ма? Түсіңде сені

ол шаншып түсіріп жүрсе, өңіңде оны сен шаншып түсіреді
екенсің. Түсіңде сенің кеудеңе ол атша мініп жүрсе, өңің­
де оның кеудесіне сен атша мінеді екенсің. Түсіңде сенің
тамағыңа ол қылыш жалақтатса, өңінде оның тамағына

сен қылыш жалақтатасың. Оң емшегіңді емген айдаһар
жылан—өзіңнің туайын деп тұрған балаң айдаһардай
ақырып туады екен. Сол емшегіңді еміп жүрген—өзіңнен
бір қыз туады. Онан бір жиен туады. Ол да айдаһардай

ақырып туады. Ұлдан туған ұрпағың, қыздан туған жиенің
тұлпар мініп, ту ұстап туады екен. Өзің осынша өсіп-өнейін
деп тұрсың. Сен қалай өлесің? Бар, жекпе-жекке шыға
бер!—деді.

Хан түсін қолмен ұстатқандай жорыған соң, атын айтып
сойып, талатып жатқан соң Жәнібек көркейіп, тасып кетті.
Қайрат-қуаты бұрынғысынан да басым болып асып кетті.
Атына міне сала:

—Жекпе-жек! Жекпе-жек!—деп айғай сала шапты.

Қалмақ сырттанының құты қашып, аяғын әукелектеп ба-
сып, найзасын қалай толғарын білмей, өзінен қалбалақтап
сасып қалған қарсаңда Жәнібек батыр шаншып түсіріп,

тарихи  аңыздар
үстіне аттай мініп, тамағына қылышты ыңғайлағанда, шал­
қасынан жатқан қалмақ:

—Тоқта, тоқта,—дейді,—түнде сен де көріп едің, мен де

көріп едім. Сені мен алып едім-ау, табанымның астына са-
лып едім-ау! Сенің түс жорушың жақсы жорығандығынан,
менің түс жорушым жаман болғандықтан алып кеттің-ау!—
дейді.

Мұндай жанның басын қалай кесесің? Қолынан ұстап,
Абылай ханға алып келді. Өзі де өскен-өнген жан екен. Он
бір ауыл болған сабаз екен. Сол он бір ауылға тимеді де, өзге
қалмақты тұттай жалаңаш қылып тонап, алып қайтты. Хан

болса, осындай болсын!

72. Абылайдың өз түсін жоруы

Абылай үйінде ме, не жорықта ма, әйтеуір бір түс көріпті
(әркім әр түрлі айтады).
Түсінде бір қалың даманда отырып есіктен қараса, есік
алдында бір үлкен көл бар екен. Оның құрақ, қамыстары

жолсыз ыққа қарап жапырылып тұр екен. «Япырым-ай,
мына көлдің қамысы желсіз неге жапырылып тұр?» деп,
есікке шыға келсе, есіктің алдында бір арыстан қарсы қарап
жатыр екен. Абылай сескеніп тұра қалыпты. Арыстан қа­

рап секіретін түрге келіп, айбаттанып күшін жинапты да, өз
бетімен жүре беріпті. Одан соң сол жерге қасқыр, түлкі, қоян
келіп кідіріп, бәрі де көз алдында өз бетімен кетті. «Манағы
құрақты көлім сор болды ма? Бұлақ болды ма? Шалшыққа

айналды ма? Не болғанын қарауға өзім де жиреніп жатып
оянып кеттім»,—дейді.
Естушілер не деп жоруын білмей, жақсылыққа жоруға
қисынын таба алмай, жамандыққа жоруға ханына бата ал-

май отырыпты.
Сонда Абылай өзі былай деп жорыпты:

абылай  хан  туралы  аңыздар

—Менің көрген жыным, айдын шалқар көлім, ол мына

менің көрген дәуірім, мына отырған сендерсіңдер. Ана
жапырылып көрінген менің қоғадай жапырылып бас иіп
тұрған халқым. Оның ақыры былай болды. Шіркін, халқым,
дәуірің осындай болады екен ғой! Көрген арыстаным—ол

дұшпаным. Қанша дұшпаным қайрат етсе де, әсер етпеді.
Оның артындағы қасқыр, түлкі, қоян—олар менің кейінгі
тұқымдарым болар. Олардың ақыры қоянға ұқсап, ел-жұрт
қараудан да жиренетін болады екен ғой!—деп жорып, өзі

қатты күйзелген екен. Сонда қасындағылар да:

—«Түс—түлкінің боғы», жақсыға жорыңыз, түс көру­ші­

ден емес, жорушыдан,—деген екен. 73. [Абылайдың Самарқанға жорығы]

(І нұсқа)
Абылай хан өзіне-өзі емін-еркін келген соң «атажұртым
Бұхараны аламын» деп, үш жүздің баласы қазақтың «сен
тұр, мен атайын» деген батырларын жиып, аттанды. Мұнан

барғаннан әуелі Түркістан барып, оған өзінің бел баласы
Сыдық сұлтанды ие қылды. Шымкент, Сайрам барып, оған
Ғабдалрахман деген сартты қойды. Ташкент барып, оған
Мырзахмет деген сартты қойды. Ташкентті кеше орыс алар

уақытысында бір Мырзахмет деген және биледі. Бұл Мыр-
захмет қартайып алжып өлсе, жаңадан өлді. Абылайдың
қойған Мырзахмет дегені мұнан көп бұрын өткен кісі. Онан
Созақ үстіне барып түнеп жатқанда, Қоңырат елінде бір

байдың келіні ұл тауып, атын Абылай қойған екен. Бұл Абы-
лай да өсіп-өніп, бір тайпа ел болыпты. Абылай хан онан өтіп,
Самарқан шаһарының бет алдына, Жұпар қорығына барып
түсіпті. Сол түні қасындағы қариясына:

—Бүгін сәуе көр!—депті.

—Мен де қарап жатпайын, жұрт билеген хансың ғой, өзің

де көр!—депті.

тарихи  аңыздар
Ертең таң атқан соң қария мен хан бас қосып отырып,
көргендерін айтысыпты. Әуелі хан айтыпты:

—Бүгін түнде түсімде бір жолбарыс шатырымның алды-

на келіп шөкті, басын бір көтермеді, төмен салды да жатты.
«Бұ не қылғаны?» деп қарап едім әлгі жолбарыс дегенім аю
болды. «Жаңа жолбарыс еді ғой, қалайша аю болып қалды?»
деп қарап едім, қасқыр болды. Онымен те тұрмады, қоян ба,

қарсақ па, сол сықылды болған уақытта оянып кеттім,—
дейді.
Онда қария айтты:

—Мен көргенімді айтсам, Бұхарадағы тамам әулие Са­

марқан дарбазасының түбіне келіп шөкті. Ол Самарқанды
саған алғызбаймын деп келгені. Өзің көрген жолбарыс—
өзінің бақ-талайың. Бақ-талайыңның жетіп жығылған жері
осы болғаны. Енді мұнан былай бақ-талайың көтерілмейді.

«Баяғыдан бері Абылай жүріп-жүріп сарттан өліпті» деген
атқа ұшырамай, ұрыспай, соғыспай, осы жерден тып-тыныш
қайта ғой. Қарасаң, аю болғаны—сенен соңғы баланың за-
маны, «аю заманы» деген заман болады. Аюдай алысып

өтеді. Онан қарасаң, қасқыр болғаны—немере ұрпақтарың
заманы, «қасқыр заманы» деген заман болады, қасқырша
жұлысып өтеді. Онан қарасаң, түлкі болғаны—шөберең за-
маны, «түлкі заманы» деген заман болады. Түлкіше жортып

жүріп жан сақтайды. Онан қарасаң, қоян болғаны—онан
соңғы заман қоянша қара кебек қылып, қорғалап жатып,
жан сақтайды. Онан соң заманның не боларын Құдірет өзі
біледі. Қарсақ болар, күзен болар, ең аяғы тышқан, бақа-

шаян, құрт-құмырсқа болып дүние сөйтіп тозып таусылады
дағы,—дейді.
Сонан соң хан бұл сөзге құлақ қойып, Самарқан шаһа­
рына елші жіберді:

—Ұрысым, соғысым жоқ. Әулиелерді зиярат қыла кел­

дім. Осы жерден қайтамын,—деп.
Самарқан, Бұхара жұрты қорқып тұр екен. Мұнан бұрын
қосыны қазақ болып он үш патша шаһарларды алған екен.

абылай  хан  туралы  аңыздар
Қосыны қазақ болды дегенше, бұ дүниепаз сарттарға азап
болады екен. Абылай ханнан бұл сөзді естіген соң Самар­
қан халқы қуанып, тарту-таралғысымен келіп ханды көріп,

Абылай хан сонда: «Самарқанның көк тасынан басыма
қойдыратұғын, жазу ойдыратұғын тас қазып аламын!»—
деп, ұста жинап, тас қаздырды. Сонда Абылайдың бақаты­
сына шыққан тасты Самарқан халқы көріп, ханнан сүйінші

сұрады: «Бұл тас әмір Темірден соң ешкімге шықпаған тас»
деп. Сол тасқа атын сол жерде ұсталарға жаздырыпты: «Абы-
лай ибн Сүйеніш хан» деп.
Сол сапардан қайтып, Ташкентке келіп Мырзахметтің

қызын алып «енді ұрыс, соғыс жоқ» деп, Орта жүз бен Кіші
жүздің батырларын рұқсат беріп, жерлі жеріне, мекенді
суына қайтарыпты. Үш айдан соң өзі Ташкенттен Арқаға
қарай шығыпты. Қасында біраз төлеңгіт пен үйсін, дулат­

тың жалға етектері бар. Мұны Шымкенттегі Ғабдалрахман
сарт естіп, Тұрбат, Сұлтанрабат, Қарабұлақ, Маңкенттегі
егінші сарттарды жинап алып, қосын қылып Абылай хан-
ды қамапты. Сонда дулат халқы қашып кетіп «жалға етек

дулат» атаныпты. Боза ішіп, дулағаннан басқа өнері аз,
тұзсыз көженің күшінен біткен жасық халық қой. Ханның
қасындағы тө­леңгіттердің бірсыпырасын қырып тастапты.
Ханның өзіне қол тигізуге бата алмапты. Сонда хан Арыс

деген өзеннің бойында бір қырдың басында тұрып, жолдас­
тарын тарқатып жібергеніне пұшайман болып, бармағын
шайнады дейді.
Сонда бір қария айтқан екен:

—Етек пенен жең болған,

Ежелден саған ел болған
Орта жүзден кісің жоқ.
Найзасының ұшы алтын
Кіші жүзден кісің жоқ.

Бұған қарап тұрғаннан
Басқа ісің жоқ,—депті.
15-139

тарихи  аңыздар
Сонан соң Абылай сол Арыстың бойында бір қорғанға
түсіп, алпыс сегіз жасында жұма күні дүниеден қайтып,
сол жер осы күнде «Хан қорғаны» атаныпты. Сүйегін теңге

салып, Түркістан шаһарындағы хазірет сұлтан Алғарфин
әулиенің күмбезіне алып келіп қойыпты.
Естірткен күні жұма күні екен. Сарыарқаға қырық күн
бұрын естіліпті. «Бүгін қырқы» деп ордаға жиылып, бала-

шаға, үй-іштеріне жұма күн жиылып есіттірген екен. Арты-
нан қасындағылары келген соң «қай күні өлді?» деп сұраса,
үйіне есіттірген күні өлген екен. Өлмесінен қырық күн
бұрын өлді деген хабарды Арқаға келіп қалғаны. Абылай

хан өлгенде Созақ деген кентте Жалаң аяқ Адұрдұр [Ашдүр,
Әздер Е.Қ.] үш күн, үш түн жылаған екен. Маңайындағы
сарт-сауан:

—Тақсыр, бір қазақ өлді деп, мұнша неге бүліндіңіз?—

дегенде:

—Есіл Абылай Сарыарқада өлмей, сарттың қорғанында

өлді-ау! Енді хандық қорғанда қалды. Сол үшін жылай­
мын,—деген екен.
Айтқанындай, содан соң қазақ ортасына хандық жоқ,
сарт билеп кетіпті.

Бес қойға алған өгізді
Тегін дерсің деп еді,
Егін егіп, тарының
Сөгін жерсің деп еді,

Жалаң аяқ сарттарды
Бегім дерсің деп еді,—
деп ноғайлыдан шыққан Мөңке бидің айтқаны дәл келіпті
де тұрыпты. Мұнан соң «балапан басына, тұрымтай тұсына»

деген заман болды.
Баяғы атам заманындағы Бұхарекеңнің «қала салады,
орыс алады» деген жерлеріне Абылай ханның немересі Ке-
несары заманында салынып, Кенесары, Наурызбай барым­

абылай  хан  туралы  аңыздар
ташыдай шеттеп, жырмалап жүріп, екі мыңға анық тол­май­
тұғын жігіт-желеңмен оған бір тиіп, бұған бір тиіп, ба­сы-көті
сегіз жыл бір ауылға болса да хан атанды.

Ерей мен Есіл басы тау болыпты,
Кәпір көп, мұсылман аз, қау болыпты.
Саржан мен Қоңырқұлжа құда болып,
Орыс пен Кенесары жау болыпты.

Төскейде мал жатады қау болғанда,
Жігітке кедейлік жоқ сау болғанда.
Ұшқан құс, жүгірген аң өте алмады,
Орыспен Кенесары жау болғанда,—

деп бұрынғы ақындардың өлеңінде айтылған. 74. Абылай хан түсі және өлімі

(ІІ нұсқа)
Бұрынғы замандарда қалмақ қазаққа таң атырып, күн
шығармаған. Абылай хан ат арқасына мінген соң, қал­
мақтың бетін қайтарған. Алатаудың бергі жағында, Алтай

тауының бергі жағында қалмақ түтін түтетіп, күн көріп оты-
ра алмаған. Қалмақты Сарыарқадан аудырған, басына қара
қан жаудырған Абылай болатұғын. Қалмақты су сепкендей
қылды. Орыспен жауласпады, ел болды, шүршітпен жау­

ласпады, ел болды, екеуіне тел болды. Өзіне-өзі әбден келді,
кемеліне толды:

—Енді Үргеніш, Бұхара, Қоқан, Тәшкен жағындағы қа­

зақты сартқа билетіп қоймаймын,—деп үш жүздің баласына
жар шақыртып, қосын жинап аттанып, Түркістанға барып
түсіп, оған өзінің бел баласы Сыдық сұлтанды отырғызды.
Рүстем сұлтан, Шеген сұлтан, Сыдық сұлтан, Әубәкір сұлтан,

Әбділда сұлтан—бұл бесеуі сарт қызы—қатынынан туған ба-
лалары.

тарихи  аңыздар
Шымкент, Сайрам барып, оған Әбдірахман деген сартты
ие қылды. Тәшкен барып, оған Мырзахмет деген сартты ие
қылды. Онан Жызақ үстіне барып, бір қоңыраттың байы

қонақ қылып, сол түні оның бір келіні ер ұл тауып (табып),
ол баланың атын Абылай қойған. Ол Абылай да өсіп-өніп бір
тайпа (тайпы) ел болған. Жер ауып жүрген бір Қайып де-
ген ұрпағына сөйлестік. Онан аттанып барып, Самарқанды

қамап тосты (түсті).
Сол түні қасындағы қариясы Бұқар жырауға:

—Бүгін сәуе (сәуле) көріп бер!—депті.

—Мен де қарап жатпан, хан сен ғой, өзің де болжай

жатқайсың,—депті. Ертең таң атқан соң, қария ханына
көрініске келгенде:

—Не көрдің?—депті.

—Дәнеме көрмегенсіп, маған «не көрдің» дегенше, өз

көргеніңді айт,—депті.
Сонда хан айтыпты:

—Түсімде бір жолбарыс келіп, шатырымның алдына

келіп шөгіп, мойнын салып жатып алды. «Бұ не қылғаны?»
деп қарап едім, әлгі жолбарыс дегенім аю болды. «Жап-жаңа
жолбарыс еді ғой, аю болғаны несі?» деп қарап едім, ит-
құс болды. Анан (онан) суретін (соратын) түлкі болды, онан

суретін қарсақ па, қоян ба, әлде немене болды. Оянып кеттім,
көргенім—осы,—депті.

—Олай болса, шатырыңның алдына келіп шөккен

жолбарыс—өзіңнің бақ-талайың. Сен өзің бір жолбарыс
едің. Оның шөгіп, басын көтере алмай, жатып алғаны—
жетіп жығылған жерің осы болғаны. Енді бақ-талайың
көтерілмейді. «Баяғыдан бері жүріп-жүріп есіл Абылай

сарттан өліпті» дегізбей, осы жер­ден аман-есеніңде қайта
ғой!
Енді қарасаң, аю болғаны—өзіңнен соңғы заман, аюша
алысып өтетұғын заман болады. Онан ит-құс болғаны—

ит-құсша жұлысып өтетұғын заман болады. Онан түлкі
болғаны—түлкіше бұлаңдап жүріп күнелтетұғын заман

абылай  хан  туралы  аңыздар
болады. Онан қоян болғаны—қоянша кеспектен-кеспекке
қорғалап, жан сақтайтұғын заман болады. Мен көрген-
білгенімді айтсам, күннің көзі, жердің жүзіндегі әулиелер:

«Абылай өледі, соның жаназасына Түркістанға бара жа-
тырмыз» десіп, «жындай жиылып, құмдай құйылып» жүр.
Қайтқаннан басқа жабдық жоқ,—деді.
Абылай хан Самарқанға елші жіберді:

—Ұрысым, соғысым жоқ. Әулиелерді зиярат қыла кел­

дім. Басты-басты ақсақалдары қонаққа келсін!—деп.
Қоянның көзінен қорқып, жебедей жерге кіріп ке­те­
тұғын сарт сорлы жаман қорқып отыр екен. Қосыны қа­
зақ болған он үш патша жебір-жесір қылып жаман [т]

алағаны өздерінің тарихтарында жазулы тұр екен. Қатын-
қыздарын, тауық пен бөденелерін тауларға бостырып
жіберген екен. Бірін-бірі сыйласып, қонақ болысып, Абы-
лай хан сонда бір көк қасқа айтып, сойдырып, ба­сына

қойдыратұғын тас қаздырды дейді. Абылайдың бағына
шыққан тасты Самарқан жұрты:

—Бұл баяғы Әмір Темірден соң ешкімге шықпаған тас,—

десіпті. Абылай хан батырларына рұқсат беріпті:

—Енді ұрыс-соғыс жоқ. «Ер игісі қос табар» деген,

амандарыңда ел табыңдар!—деп, өзі Тәшкенге келіп,
Мырзахметтің қызын алып, үш ай жатып қалыпты. Үш ай-
дан соң Арқаға қарай бет алып шығып, Арыс бойына кел­
ген жерде баяғы «Шымкент, Сайрамға ие бол!» деп қолынан

қойып кеткен Әбдірахманы Тұрбат сұлтан, Рабат, Қарабұлақ,
Маңкенттегі жалпақ табан, жалаң аяқ сарттарды жинап
алып, қосын қылып:

—Арыстан өткізбеймін,—деп алдын тосып тұр екен.

Абылай ханның жанында тамақ үшін еріп жүрген
үйсін, дулаттар қашып кетіп, «жалпы етек дулат» атан­
ғандығы сол екен. Арыстың бойында бір төбенің басында
қосшы, қолаңшы төлеңгіттері, Абылай қалшиып тұрды

да қалды. Сонда қасындағы қариясы Бұқарекең айтқан
екен:

тарихи  аңыздар

—Бірі—етек, бірі—жең болған,

Ежелден саған ел болған
Орта жүзден кісің жоқ.
Найзасының ұшы алтын
Кіші жүзден кісің жоқ.

Енді бұған қарап тұрғаннан
Басқа қылар ісің жоқ,—
депті. Хан сонда батырларын тарқатып жібергеніне пұ­
шайман болып, бармағын шайнап тастапты, құса болып

жарылып кетіпті. Сол жерде бір қорғанға түсіріпті. Сол
қорған күні бұл күнгеше «Хан қорғаны» аталып қалды
деседі.
Абылай хан ажал жастығына басын қойғанда, Бұқарекең

айтқан екен:

—Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай,

Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай,
Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай,
Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам,
Сонда да қалар ма екен жаның-ай!—

дегенде, Абылай хан:

—Тоқта, тоқта, бұлай десең, мен діннен шығамын,

сен жалғаншы боласың. Жиырма жасымда таққа міндім,
қырық сегіз жыл қазаққа хан болып тұрдым. Қанша
жыл өмір сүріп, жас жасағанымнан не пайда?! Қазақтың
арқасын тамға, аузын нанға сүйегенім жоқ—бір. Ақбоз

аттың құнын ер құнына теңегенім жоқ—екі. Мылтығының
оғын құралайдың көзінен өткізетұғын мергеннің құнын
екі ердің құны дегізгенім жоқ. Ұста менен етікшінің құнын
қатын құнымен бір бас қылып, «жарты құн» дегізіп, кесім

кестіргенім жоқ. Онымен—үш. Осы үш арман бойымда
кетті,—деген екен.

абылай  хан  туралы  аңыздар
Ұлы жұма күні қайтыс болып, сүйегін теңге салып, Хазі­
реті сұлтанға алып келіп, ақ күмбездің ішіне, бір бөл­месіне
қойып, тасын үстіне орнатыпты.

Абылай ханның өлгенін естігенде, Жалаңаяқ Әудер үш
күн, үш түн жылаған екен.

—Тақсыр, мұнша неге жылайсыз?—деушілерге:

—Есіл Абылай баяғыдан бері жүріп-жүріп Сарарқада

өлмей, сарттың қорғанында өлді. Енді хандық сартта қалды,
қазақтан бақ кетті, құт қашты,—деген екен.
Абылай ханның өлімі Арқаға естілді. Ордаға қатын-
қалаш, бала-шағаға есіттірмеді. «Өлгеніне қуанып, сүйінші

сұраған кісідей [қалай] [есітт]іреміз? «Өліктің қырқы» де-
ген бір мал сойылатұғын күн ғой. Сол қырқында есіттіріп,
қырқын бергізейік!»—деп. Сарқазақ, Сейтен, Итқара, Сұлтан
деген кісілер:

—Міне, бүгін ... қырық күн болды естігенімізге,—деп ор-

дасына есіттіріп, қырқын бергізген екен.
Артынан қолдарынан көмген, жанында бірге жүрген
жолдастары келген соң білісті. Бұлар мұнда «өлгеніне қы­
рық күн болды» деп бергізген күн өлген күні екен. Сарыар­

қа­ға өлмесінен қырық [күн] [бұ]рын естілген екен. Біздің
естуімізше, Абылай тарихы—осы.

75. Абылай хан заманында қазақтан

шыққан батырлар
(ІІІ нұсқа)
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай, Көкжарлы
көкжал Барақ жауды көп қашырады. Жақсы атты Барақ­

қа қалады делінген Барақ батыр—осы. Шанышқылы Берді­
қожа тауының арқар деген аты—құлжа, жігіттер—атқа
тиер тегін олжа. Хан Абылай аттанады деп естіп келіпті
Шанышқылыдан—Бердіқожа, Сырым Малайсары батыр.

тарихи  аңыздар
Абылайдың мінгені айқай сары,
Айқайласып келгенде жердің тары.
Абылайды сан қалмақ қамап жатыр,

Туыңды ала шаба гөр, Малайсары.
Балтакерей Тұрсынбай батыр, Тарақты Байғозы батыр, он
сан Орта жүзге ұран болған Олжабай батыр, малай жәдігер­
ден шыққан Жауқаш би, Қашбөрте атты Бөрібас батыр, ор-

маншы ақсары су тана Қозған Бекше мерген, қарауылшы­сы:
Әлтеке, Сарым Жидебай батыр, бұған атты үйсіннен ал­
дырып мінгізеді екен. Шалдырмас қарауылда сақа еді деп,
үйсіннен алдырыпты Ақшабдарды.

Уақ Сары, Баян—ағайынды екеуі де бірінен-бірі қалыс­
пайтын батырлар.
Ақыл тұрмас қашқанда,
Дегбір қалмас сасқанда,

Баяндай ерді көрмессің,
Бұрылып жауды шанышқанда.
Үйде «батырмын» деген көп еді,
Баяндай көзге түсетіні жоқ еді,—

деп Абылай айтқан екен деседі.
Байжігіт Тасболат батыр, қанжығалы жас Жанатай,
бағаналы-балталының балтасынан шыққан Оразымбет ба-
тыр, Бәсентин Сырымбет батыр, Сырғалы Елшібек батыр,

Жәпек аталған қай елден шыққаны айтылмған.
Қазақта Қаракерей Қабанбайдан асқан батыр жоқ, Үйсін
Төле биден асқан би жоқ. Абылай заманында батыр атанба­
ған қазақ жоқ.

Бұрынғы замандарда қалмақ қазақтарға таң атырып
күн шығарған емес. Абылай хан ат арқасына мінгеннен соң
қалмақтың бетін қайтарған. Алатаудың бергі жағында, Ал-
тай тауының бергі жағында қалмақ түтін түтетіп күн көріп

отыра алмаған. Қалмақты Сарыарқадан аудырған, басына

абылай  хан  туралы  аңыздар
қара қан жаудырған Абылай болатын. Қалмақты су сеп-
кендей қылады. Шүршітпен жауласпады, Ақауілге Әділді
беріп елдесіп, шүршіт ханы Абылайға «ежен» атын байла-

ды. Орыс­пен жауласпады, елдесті. Өзіне-өзі әбден келді,
кемеліне толды. Енді Бұқар, Қоқан, Тәшкент жақтағы
қазақты сартқа билетіп қоймайын деп, үш жүздің баласы
қазаққа жар шақыртып, қосын жинап аттанып, Түркістан­

ға барып түсіп, оған өзінің бел баласы Сыздық сұлтанды
отырғызды. Рүстем сұлтан, Шекен сұлтан, Сыздық сұлтан,
Әубәкір сұлтан, Әбділда сұлтан—бұл бесеуі сарт қызы
қатыннан туған балалары еді. Шымкент барып оған Мыр-

захмет деген сартты ие қылды. Онан Созақ үстіне барып,
қоңыраттың байы қонақ қылып, сол түні ол байдың бір
келіні бірер ұл тауып, баланың атын «Абылай» қойып, ол
Абылай да өсіп-өніп бір тайпа ел болған. (Жер ауып жүрген

бір Қайып деген ұрпағына сөйлестік) Онан аттанып барып
Самарқанды қамап түсті.
Сол түні қасындағы қариясы Бұқар жырауға:

—Бүгін сәуе көріп бер!—дейді.

—Жұрт билеген хансың ғой, өзің де қарап жатпа, алды-

артыңды болжай жат!—дейді.
Ертеңінде қария ханына көріске келгенде:

—Не көрдің?—депті. Дәнеме көрмегенсіп:

—Маған не көрдің дегенше, өзің көргеніңді айт!—депті.

Сонда хан айтыпты:

—Бір жолбарыс келіп шатырымның алдында мойнын са-

лып жатып алды. «Бұл не қылғаны?» деп қарап едім, әлгі
жолбарысым аю болды. «Жап-жаңа жолбарыс еді ғой, аю
болғаны несі?» деп қарап едім, ит-құс болды. Онан соң түлкі
болды. Онан соң қарсақ па, қоян ба, әлде немене мыж-тыж

бірдеме болды. Оянып кеттім. Көргенім—осы,—деді.

—Олай болса, шатырыңның алдына келіп шөккен жол­

барыс—өзіңнің бақ-талайың. Сен өзің бір жолбарыс едің,
оның шөгіп басын көтере алмай жатып алғаны—же­тіп
жығылған жерің осы болғаны. Енді бақ-талайың көте­ріл­

тарихи  аңыздар
мейді. Баяғыдан бері жүріп-жүріп, «есіл Абылай сарттан
өліпті» дегізбей, осы жерде аман-есеніңде қайта ғой! Енді
қарасаң, аю болғаны—өзіңнен соңғы заман, аюша алысып

өтетін заман болады. Онан қарасаң, ит-құс болғаны—ит-
құсша жұлысып өтетін заман болады. Онан қарасаң, қоян
болғаны—қоянша кебектен кебекке қорғалап жүретін жан
сақтайтын заман болады.

Менің көрген-білгенімді айтсам, күннің көзіндегі, жер­
дің жүзіндегі әулиелер: «Абылай өлді, соның жаназасына
бара жатырмыз» деп жындай жиылып, құмдай құйылып
Түркістанға бара жатыр. Қайтқаннан басқа жабдық жоқ,—

деді.
Абылай хан Самарқанға елші жібереді: «Ұрысым, соғы­
сым жоқ, әулиелелерді зиярат қыла келдім. Басты-басты
ақсақалдары қонаққа келсін!»—деді. Қоянның көзінен

қорқып, жебедей жерге кіріп кететін сарт сорлы жаман
қорқып тұр екен. Қосыны қазақ болған он үш патша жыбыр-
жыбыр қылып жаман талағаны өздерінің тарихтарында
жазулы тұр екен. Қатын-қыздарын, тауық пен бөденелерін

тауға бостырып жіберген екен. Бірін-бірі сыйласып, қонақ
болысып, Абылай хан сонда бір көк қасқа айтып сойып, ба-
сына қойдыратын тас қаздырды. Абылайдың бағына шық­
қан тасты Самарқан жұрты: «баяғы Әмір Темірден басқа еш­

кімге шықпаған тас» десіпті.
Абылай хан батырларына рұқсат беріпті:

—Енді ұрыс-соғыс жоқ. «Ер игісі қос табар» деген,

амандарыңда ел табыңдар!—деп, өзі Тәшкенге келіп Мыр-
захмет деген сарттың қызын алып, үш ай жатып қалыпты.
Үш айдан соң Арқаға қарай бет алып шығып Арыс бойы-
на келген жерде, баяғы «Шымкент, Сайрамға ие бол!» деп

қолынан қойып кеткен Абдырахманы Тұрбат сұлтан, Ра-
бат қарабұлақ, Маңкенттегі жалпақ табан, жалаңаяқ сарт-
тарды жинап алып қосын қылып, «Арыстан өткізбеймін!»
деп алдын тосып тұр екен. Абылай ханның қасында тамақ

үшін еріп жүрген дулаттар қашып кетіп, жалпы етек

абылай  хан  туралы  аңыздар
дулаттығын білдіріпті. Арыстың бойында төбенің басын-
да қосты қолаңшы төлеңгіттерінен басқа ешкім жоқ. Абы-
лай қалшиып тұрды да қалды. Сонда қасындағы қариясы

Бұқарекең айтқан екен:

—Бірі етек, бірі жең болған,

Ежелден саған ел болған
Орта жүзден кісің жоқ.
Найзасының ұшы алтын
Кіші жүзден кісің жоқ.

Енді бұған қарап тұрғаннан басқа
Қылар қайрат-күшің жоқ,—
депті. Хан сонда батырларын тарқатып жібергеніне пұшай­
ман болып, бармағын шайнап, құса болып жарылып кетіп­

ті. Бір қорғанға түсіріп, сол қорған күні бүгінгеше «Хан
қорғаны» атанып қалды дейді.
Абылай хан ажал жастығына басын қойғанда, Бұқар­екең
айтыпты:

—Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай,

Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай,
Қарусыз жылқы бақтырған ханым-ай!
Үш жүзден үш кісі құрбан қылсам,
Қалар ма екен қайран жаның-ай!—

дегенде, Хан:

—Тоқта! Бұлай десең, мен дінімнен шығамын, сен жал­

ғаншы боласың. Жиырма жасымда таққа міндім, қырық
сегіз жыл қазаққа хан болып тұрдым. Қанша жыл өмір
сүріп, жас жасағаннан не пайда, қазақтың арқасын тамға,
ауызын нанға сүйегенім жоқ. Мұны мен екі етікші мен

ұстаның құнын, қатын құнымен бір бас қылып жарты құн
дегізіп кесім кестіргенім жоқ, мұнымен—үш. Осы үш арман
сүйегіммен бірге көріме түсті,—деген екен.

тарихи  аңыздар
Құдай рахмет қылсын, Арыс бойында дәл жұма күні 68
жасында дүниеден қайтып, сүйегін теңге салып, Әзіреті
сұлтанға алып келіп, ақ күмбездің ішіне бір бөлме қойып,

тас үстіне орнатып, Абылай ханның өлімі Сарыарқаға қырық
күн бұрын естіліпті. Ордаға қатын-қалаш, бала-шағасына
естірмепті. «Өлгеніне қуанып, сүйінші сұраған кісідей бол­
майық. Өліктің қырқы деген күн бір мал сойылатын күн ғой,

қырқында естіртіп қырқын бергізейік» деп. Сарқазақ Сей-
тен, Итқара, Сұлтан деген кісілер: «Міне, бүгін табан қырық
күн болды естігенімізге» деп, ордасына естіртіп, қырқын
бергізген екен. Артынан қасында бірге жүрген, қолдарынан

көмген жолдастары келген соң анығын білісіпті. Бұлар
мұнда өлгеніне қырық күн болды деп қырқын бергізген күні,
өлген күні сол күн болып шығыпты. Біздің естуімізше Абы-
лай тарихы—осы.

76. Бекболат пен Абылай

Қарқаралы тауын айнала қоныстанған он екі ру арғын-
қаракесек ішінде қаз дауысты Қазыбектың баласы Бекбо-
лат би болыпты. Бір жылы осының бәйбішеден туған тоғыз
ұлының ең кішісі Абылай ханның айғыр үйірі жылқысын

ұрлап әкетіпті. Абылай арқадан Бекболатқа елші жібереді.
«Ұрлық істеген баласын қолыма берсін, дарға асамын!»—
деп, Бекболат оған: «Баламды ұстап бере алмаймын, қатеден
ауысқан мал шығар, төлеуін алсын!»—дейді. Елшілердің

ішінде Бекболатпен бақ күндес адам да бар екен. Ол ханға
биді шағыстырып барады. «Бекболат құтырайын депті, хан
маған қыр көрсетсе, тағынан тайғызуым оп-оңай деді»,—деп
келеді.

Абылай ашуланып, елі кісімен аттаныпты. Бекболат
ауылының сыртына найзагер, мерген батырларымен топта-
нып тұра қалыпты да, бес жігіт жіберіп, бидің ұры баласын

абылай  хан  туралы  аңыздар үй сыртынан ұстап, қылшылбырмен таңып, тақымға баса сүйретіп жөнеледі. Бекболат мұның бәрін көріп білсе де үндемейді. Аздан кейін қуып жетсе, Абылай түстік жерге шатыр құрып, сусындап отыр екен. Бекболат байлаулы баласының жанына кеп тұра қалып: —Ей, хан! Саған мен қандай едім, басқа билер қандай ед?—дейді. —Сен төбе едің, өзгелер төмпе еді,—дейді хан. Бекболат сонда: —Ендеше, Орал таудың ор түлкісі, айнала қуса ит жетпес, Орал таудың ақиығы, ақ иық келсе, тек кетпес, сонда дағы мерт етпес,—деп аттан түсе қалып, байлаудағы баласын артына міңгестіріп әкетеді. Би кеткен соң, Абылай жанындағыларға не түсіндің­ дер?—дейді. Ешкім үндей алмайды. Абылай басын шайқап: —Бекболат төбе би еді. Ханның жеті жырғышының бірі еді. Ол «Орал таудың ор түлкісі» деп өзін айтты. «Айнала қу­ са, ит жетпес» деп сендерді айтты. «Орал таудың ақ иығы деп мені айтты. Ақ иық келсе тек кетпес, сондадағы мерт етпес» дегені хан қаһарын байқатпай тұра ма, бірақ халық тағды­ры қолыңда, мал үшін бас кесіп, астамшылық істемес, кешірер деген ғой. Мен кештім. Енді осы отырғанымыз түгел соның ауылына қайта барып, көңілін көтере қайтайық депті. Бекболат би ханды өзінің кең ақ үйіне түсіріп, тай қонақ асы беріп, дидарласады. Астан кейін би: —Жолдарың болсын! Бұйымтайың не?—дейді. Хан сонда: —Уа, Беке, жасың ұлғайып қалды. Өзіңнен туған он ұл бар. Көзің тіріде біреуін орныңа би сайлайық деп келдік. Қайсысына батаңды бересің?—депті. Бекболат шарт жүгініп, бірақ көзін жұма толғанып қалыпты. Себебі, бәйбішенің тоғыз ұлының бірін айтайын десе бәрі жақсы. Тоқалдан туған Тіленшіні айтайын десе, азулы бәйбішеден именеді. Не істеу керек?

тарихи  аңыздар
Осы жерде тоқалдан туған Тіленшімен бірге туысқан қыз
шымылдығын көтеріп тұрып:

—Шіркін, атамның шалқуын-ай, толқуын-ай,

Толғанса да, әжемнен қатты қорқуын-ай.
Ата-ау, үлкендеріңнен кішіңнің есі бар,
Тоқалдан туды демесең Тіленші жанның,
Ел билемейтін несі бар?!—депті.

Бекболат көзін жарық еткізіп ашып:

—Бәлі, балам, сол немеден өзімде үміттенуші едім. Бі­­рақ,

ағаларыңның тоғыз тайлақ аты, Тіленшінің тірнек бота си­
қы бар еді. Осы бір кезі болмаса,—деп бәйбішесіне қа­рай­ды.
Бәйбішеде орынсыз арындамай, Тіленшіден үмітті екенін
сездіреді.

Қалың жұрт Тіленшіні іздесе өзен бойында қойын суа­рып
жусатқан қойшылармен ойнап жүр екен. Хан алдына алып
келіп, көп ішінен біреу:

—Атақты бидің ақылды баласы бола тұрып, қойшы-қо­

лаңшымен ойнауың қалай?—дейді.
Тіленші сонда:

—Ойнауымда екі себеп бар. Бірінші, атамның он ұлында

ойлы туғаны мен ғана. Тоғыз ағам елге бүгін бас болса, ер­
тең доптай ұшады. Сондықтан еліме қас болмай, бас болу­
дың қамын қарастырып ойнадым. Екіншіден, атамның
алдына күнде бірнеше адам жүгініске келеді. Атам олар-

ды есіктен кіргенде-ақ байқап, ауқаттысына төрден орын
береді, кедейін босағада отырғызады. Билігін істің ағына
қарамай, біреудің бағына қарап айтады. Мен, әттең өзім би
болсам, ешкімнің байлық, жарлығына қарамай, даугерін­де,

құныкерінде алдыма қатар отырғызсам, кезекпен сөйле­тіп,
іштей сынап тыңдасам деп ойлаушы едім. Ертең атамның не
өлі, не тірісінде осы билік менің қолыма бір тимей ме? Атама
жүгінгенде қорқып, мұң шаға алмайтын сонау қойшы, ке­

дей-кепшіктер сонда кешегі бірге ойнайтын Тіленшіміз емес

абылай  хан  туралы  аңыздар
пе деп үрейленбей шын сөзін айтпай ма? Олар шындықты
айтқанда мен әділдігімді айтпаймын ба? Міне, осы екі себеп-
пен ойнап жүрген едім,—депті.

Ақ үй толған жұрт Тіленшіні сол күні ақкиізбен көтеріп,
күміс шашып би сайлапты. Бекболат ханға да, баласына
да разы болып, алғыс айтқан. «Жасы кіші деме, ақылы
жақса, ата қой» деген мәтел сонан бері тараған екен деседі

қарттар. 77. Абылайды тұтқыннан босаттырған батыр

Атақты Абылай хан тұсында қазақ пен қалмақ арасын­
да әртүрлі соғыстар мен сойқан соқтығыстар аз болмаған.
Сондай бір соғыста қазақтың қолын Абылай хан, қалмақ­
тар­дың қолын Қалдан Серен бастайды. Сол кездегі дәстүр

бойынша, екі жақтан екі батыр жекпе-жекке шығуға тиіс
болады. Сірә, алдын ала дайындалып келсе керек, қалмақ­
тар жағынан ала атты, ала сауытты алпауыттай бір батыр
атын ойнақтатып ортаға шыға келеді. Ә дегенде тайсақтап

сескенді ме, қазақтар жағынан жекпе-жекке жуырда еш­
кім шыға қоймаса керек. Содан бұған Абылай ханның өзі
дайын­дала бастайды. Сол кезде бір қартаңдау тартқан ба-
тыр келіп:

—Уа, хан ием, сен тоқта! Қарт болсам да, мен шығайын.

Жазатайым мерт болсаң, жұрт қазақтың ханы қалмақ
батырының қолынан қаза тапты дер. Ал, мен мерт болсам,
бір шал шетінеді дер,—дейді де, хан рұқсат еткен соң, жекпе-
жекке шығады.

Бірінші кезек қалмақ батырына беріледі. Адуын батыр
зілмауыр батпан шоқпармен салып жібергенде, қазақ баты-
ры денесіне дарытпайды. Қазақ батыры: «тоқтат ендігі ке-
зек менікі» дейді ақырып. Қазақ батыры қалмақ батырын

денесіне дарытпай найзамен түйреп алып, атынан түсіріп
кетеді. Атын ұстап әкеліп, батырдың алдына тартады да:

тарихи  аңыздар

—Уа, батыр, сен мені мүлдем құртатын болып ең. Бірақ

оның болмады. Мен сені өлімге қимадым. Осы да жетер,
атыңа мін де әскеріңе қайт,—дейді.
Қалмақ батыры:

—Мен елімнің алдына жан салмаған бір батыры едім. Екі

жақтың қалың қол әскері екеуміздің жекпе-жегімізді кө­
ріп тұр. Мен өз ханыма кімнен жеңілдім деп барамын,—деп
сұрайды.

—Барқының ұлы батыр Нияз дегейсің ханыңа,—деп

қазақ батыры әскеріне қарай жүре беріпті.
Ертеңінде қалмақтар жағынан жаушы келіп: «Кешегі
қазақ батырын Қалдан Серен ханымыз шатырына шақы­рып
жатыр» деп хабар береді. Нияз батыр жанына екі батыр інісі

Ақтайлақ пен Итқараны алып келсе, кірер жолына кілем
төсеп тастаған. Батыр аттан түспестен кілемнің үстімен
хан шатырының алдына бірден келеді. Мұнысын жақтыр­
май ашу шақырған хан «басыңды аламын» деп, қылышын

суырғанда батыр Нияз кеудесін керіп, төсін айқара ашып­ты.
Хан қылышын қынабына салып, нөкерлерімен құрмет­теп,
аттан түсіріп алыпты. Хан шатырына қалмақтардың бар­
лық батырлары жиналған екен. Содан Қалдан Серен Нияз

батырға қарап тұрып:

—Кешегі өзің найзамен түйреп, аттан түсіріп кеткен ба-

тырды танисың ба? Осылардың ішінен тура көрсет, таба
алмасаң басыңды аламын!—дейді тағы да.
Нияз батыр кешегі қалмағын дәл танып, тура көрсетіпті.

—Жарайсың, батырым, көңілден шықтың. Енді не тіле­

гің бар, соны айт!—депті қалмақ ханы.

—Үш тілегім бар. Бірінші, екі арадағы осындай соғыс­

ты тоқтат, екіншісі, мынау екі көл мен екі төбеге таласпа,
қазақтың өзіне бер, жаугершілікке барма! Ал үшіншісі,
тілегім мойныңда қалсын, кезегі келгенде, кезінде сұрар­
мын,—депті батыр Нияз. Қалдан Серен бұған келісіп, екі

жақ тыныштықпен тарасыпты.

абылай  хан  туралы  аңыздар
* * *
Сол заманда тағы соғыста Нияздың екі баласы бірдей қа­
за табады. Бірақ шау тартқан батыр ол соғысқа қатыспа­ған.

Жұрт жиналып Ниязға келіп, қалмақтардан кегін алу­ды
сұрайды. Бірақ батыр келіспей:

—Бұл жолғы соғысты бастаған қалмақтар емес, қазақ­тар.

Екі балам оған рұқсатсыз қатысты. Ризашылығым болған
жоқ. Құн да, кек те іздемеймін,—деп кесіп айтады.
Кейін тағы бір соғыс болып, онда басқалармен бірге
қалмақ ханының бас уәзіріндей болған атақты бір батыры

қаза табады. Осы соғыста қалмақтар Абылай ханды қолға
түсіріп, тұтқынға алады.
Осы хабарды естіген Нияз атқа мініп, баяғы екі батыр
інісін ертіп Қалдан Серенге келеді.

Нақ осы жолы ол өзінің үшінші тілегінің мойнында
қалғанын қалмақ ханының есіне салып, сол үшін келген­
дігін мәлімдейді.

—Соңғы соғыстарға қатысқаным жоқ. Қартайған ша­

ғымда қан төгіп, қырғын іздегім келмейді. Екі ұлымның да,
басқаның да құнын сұрамаймын. Кек те іздемеймін. «Хан екі
айтпайды» деген, сонау жолғы қалдырған үшінші тілегімді
бер, соған келдім,—дейді Нияз батыр.

—Айтқаным айтқан, бердім үшінші тілегіңді, айт!—деп­

ті Қалдан Серен.

—Қазақтың басына көтерген ханы, қолбасшымыз Абы-

лай ханды босат, үшінші тілегім осы!—дейді батыр. Хан
бұған мүдіріп қалады да:

—Уа, Нияз батыр, хан екі айтпайды деуші еді. Бірақ та,

осы тілегің қинап тұр. Соңғы соғыста бетке ұстар қас баты-
рымыз қаза тапқан, әйелі содан бері азалы күйде қара жамы-
лып, қайғының күйігінде отыр.
Күндіз-түні жылауда, көз жасын бұлауда. Ханың соның

қарамағында берілген, онсыз босата алмаймын,—дейді.

—Бәрін де біліп отырмын. Бірақ әйел алдына барып

бас ұра алмаймын. Ханымызды босатуды ханнан ғана
16-139

тарихи  аңыздар
сұрай­мын! «Хан екі сөйлемейді» деп өзің де айттың, ме­
нің бұдан бас­қа үшінші тілегім жоқ»,—деп батыр отырып
алады.

Сөзден тосылып, аз кем ойланған Қалдан Серен ақырын­
да әйелді алғызып, мән-жайды түсіндіріп, сөз түйінін өзіне
тастапты.

—Қас батырыңыз кетті, өлер күйеуім өлді. Қайғыдан

қажып, күйіктен күйреп отырғанымда рас. Тұтқындағы
қазақ ханы менің қайғымды сейілтпес. Сізге батыр болмас,
өлген де қайтып тірілмес. Қазақ батырына берген уағдаңыз
болса, ханды босату, босатпау өз ықтиярыңызда, менің

қарсылығым жоқ,—дейді әйел.
Осыдан соң Абылай ханды тұтқыннан босатады. Абы­лай
ханды тұтқыннан босатқанда ешбір соғыссыз, қайта Нияз
батырды нөкерлерімен қоса той думанмен шығарып салады.

Сол жолы да Нияз батыр шапқыншылықтарда қалмақ­тар
қолында кеткен көптеген тұтқындағы адамдарын да боса­тып
ала қайтады.
Нияз батырдың Абылай ханды тұтқыннан босаттырға­нын

айғақтайтын тағы бір дерек бар. Бұл Абылай ханның ұр­пағы
Кенесары кезінде болған оқиға.
Кенесары өз заманында патшалық Ресейдің қазақ
же­рін одан әрі отарлай беру саясатымен жүргізген шара­

ла­ры­ның бәріне қарсы болған. Патша өкіметіне жал­
пақ­та­ған­дар­дың қайсысын болмасын жазалап отырған.
Кенесары­ның қо­лына бірде орыстарға көмектескен деген
желеу­мен Қаңтарбай ба­тыр деген кісі түседі. Бұл—Нияз

батырдың бергі ұрпақ­тараның бірі. Тұтқында бұғаулы
отырған Қаңтарбай батырды Кенесары алдына алдырып-
ты. Сонда Қаңтарбай бармағын тістеп отыра беріпті. Кене-
сары жөн сұрастырып, жауап аларда: «бармағыңды неге

тістей бересің?» деп сұрапты. Сонда Қаңтарбай батыр:

—Бармағымды неге тістемейін. Егерде менің бабам Нияз

батыр сенің бабаң Абылай ханды қалмақтың тұтқыны­
нан босатпаса, одан сенің әкең мен, сен тумасаң, бүгін мен

абылай  хан  туралы  аңыздар
сенің тұтқының болып отырмас едім ғой. Мен соған өкініп,
бармағымды тістеп отырмын,—депті.

78. Бұрынғы заманның адамдарының қандай екенін

танытуға сөйлеген сөз
Күлік баласы—Тілеуімбет, мұнан туған—Жанайдар. Бұл
Жанайдар—Абылай заманында жас бала. Жұрт аузында
жақсы Жанайдар атанған.

Сол замандағы Бұқарай шәріп ханы Арқадағы Абылай
ханға елші жіберген май-қатығын тауып берсін деп. Сонда
Абылай хан Күлік Жаңабатыр биге кісі жіберген: «Бір ауыз
сөзімен жауапты түзу тауып берерлік жан тауып жібер­

сін»,—деп.
Сонда Жаңабатыр би өзінің сынына келгендіктен, он
төрт жасар бала Күнту баласы Жанайдарды жібереді. Сон-
да Жанайдар Абылай ханға «Алдияр!» деп кіріп барғанда,

отырғызбастан сұраған:

—Балам, май-қатығы не болады?—деп.

Сонда Жанайдар кідірместен жауап қайтарған:

—Бұрынғылар айтпап па еді: «Халық айныса, хан тү­

зейді, май айныса, тұз түзейді» деп, халық қатығы орта­
сындағы ханы болады да, дүниедегі тамам тамақтың дәмін
кіргізетұғын май қатығы тұз дағы, тақсыр!—деген.
Бұл сөзден Абылай хан білген Бұқар ханы тұз сұратқан

екендігін. Үш жүздің баласы қазақтан түйе жидырып,
қырық биіне Жанайдарды ақылшы қылып қосып беріп, көп
тұз тиеп жіберген. Барған қырық биді Бұқар ханы сыйлап
күтті.

Қайтарар кезі болғанда Бұқар ханы сұрады:

—Абылай артық па, мен артық па?—деп.

Қырық би айтты:

—Сіз артықсыз деп. Сіздің тегіңіз де асыл, сіздің жеріңіз

де асыл. Өзіңіздің асылдығыңыз Бұқарадай шаһарда ал-

тарихи  аңыздар
тын тақтың үстінде сап-сарала алтынға малынып отыр-
сыз. Жеріңіздің асылдығы, жеріңіз етікпен намаз оқуға
жарайды,—десті.

Бұқар ханы сұрады:

—Абылайдың осы отырғандарыңыздан басқа жіберген

кісісі бар ма?—деді.

—Қоста бір атшы бала бар, он төрт жаста,—деді.

—Ендеше, соны шақыр!—деді. Шақырып келді.

Бұқар ханы айтты:

—Әй, балам,—деді,—мен артық па, Абылай артық па?—

деді.
Бала айтты:

—Абылай артық,—деді.

Бұқар ханы:

—Абылай менен қалайша артық болады?—деді.

Бала айтты:

—Абылай атасы садағын сағымға көтерткен нұрдан

пайда болған, сіздің атаңыз—маңғыт, тоқ маңғыт. Біздің
қазақтың балалары ойнағанда: «маңғыт, аузына саңғыт» деп
ойнайды. Түбі тегің маңғыт жақсы болатын болса, ауызға
үйдеп алынбас еді.

—Балам, Абылай тұрған жері асыл ма, менің тұрған

жерім асыл ма?—деді.

—Сіздің өзіңізден Абылайдың өзі асыл, жеріңізден

жері асыл. Сенің суың асыл болатұғын болса, суды
Самарқаннан алдырып ішер ме едің? Тұзды Сарыарқадан
сұратар ма едің? Абылайдың тұрған жері Сарыарқа екі
басса, бірі—бұлақ, ағар суы бал татиды, ақ шабағы май

татиды. Екі басса, бірі—тұз, бір үйден біреу тұз сұрап
алмайды,—деді.
Бұқардың ханы сөзіне риза болғандықтан, қырық биге
сыйлап бергені жалғыз балаға бергеніне тең болды. Жақсы

Жанайдар атанған жері—осы.

абылай  хан  туралы  аңыздар 79. Абылай мен Жарылғап

Көкшетауда кырық сегіз жыл хандық құрған Абылай хан
алпыс кісі жолдаспен бір жорыққа бара жатып жазғытұрым
Баянауыл тауына түнепті, елсіз екен, жоқ екен. Түнде аш
жатыпты, таң атқан соң:

—Алдымызда тамақтанарлық жерде ел бар ма?—деп

сұрапты.
Бір керейт жігіт:

—Алдымызда Ағысықудың қуында Қызылшілік деген

жерде Қаракесек Жарылғап бар,—депті.
Абылай хан: «Қай Жарылғап?»—депті.

—Қай Жарылғап екенін халық баққан өзіңіз білмесеңіз,

мен қайдан білемін?—дегенде:

—Білмесең, оның ол жерде бар-жоғын қайдан біліп

тұрсың?—депті.

—Нағашым еді. Жазды-күзді қатынасқанымызда сол

жерден табыла беруші еді,—депті.

—Ал, ендеше көрген жеріңе баста!—депті.

Түс болмай-ақ сау етіп келіп қалыпты. Жарылғаптың
әдет ісі екен дейді: «өлім болжалсыз, келім болжалсыз» де-
ген. Мейман, қонақ: «мен бүгін пәленшекенікіне барамын»
деп хабар салып келмейді. Күндіз келіп қала ма, түнде келіп

қала ма?» деп үй ішіне төсеніш төсетіп, құда-күйеу келетұғын
үйдей қылып кояды екен. Маңқан деген бәйбішесі бар екен.
Қаз дауысты Қазыбектің баласының отауы түсіп, той болып,
тойға кеткен екен. Жоламан, Тастемір, Атыбай, Кенжебай

деген төрт баласы бар екен. Екеуі жылқыда, екеуі қысыр
сауғалы кеткен екен. Үйде Жарылғаптың жалғыз өз басынан
басқа жан жоқ екен. Төсегінің үстінде ірге жаққа қарап жа-
тыр екен. Бір уақытта үйге хабарландыру үшін жиен сәлем

беріп кіріп келді.

—Бұ қайсың?—дейді.

—Мен жиен, керейт пәленшемін,—дейді.

—Не қыл дейсің?—дейді.

тарихи  аңыздар

—Үй сыртында алпыс қосшысымен Абылай хан түсіп

жатыр,—дейді.
Жарылғап семіздіктен біреу қолынан тартып көтер­ме­
лемесе, өз бетімен олай-бұлай аунап жата алмайды екен:

—Кел, жиен, қолымнан тартшы,—дейді. Басын көтеріп,

төсегінің үстіне орнығып отырды.

—Бар, меймандарды үйге кіргізе бер,—дейді. Абылай

хан кіріп келгенде:

—Ассалаумағалейкүм, алдияр, бар әлім жоқ, жайым

осы,—дейді,—бұл кісілердің отызына мына сабадан қымыз
құй, отызына ана сабадан құрт құй,—дейді.
Ауылға кісі түскенін көріп, жылқыда жүрген екі бала
да келді, биеде жүрген екі бала да келді. Төртеуінен басқа

топырлаған жан жоқ. Және өздері әдемі киінеді екен.
Тайжақы орнына кигендері—қара құндыз. Жалшылар,
малайлар сықылды қайыс жіп, шу буынып жүрген жоқ.
Буынғандары—шымжиғақ күлдері белбеу (белбау). Қыз­

меті—құл сықылды, киім-пормы, кескін түрі—ұл сықылды.
Сонда сүйсінгеннен Абылай хан айткан екен:

—Жарылғабым, ұлға да жарыған екенсің, құлға да

жарыған екенсің,—депті.
Сөйтіп отырғанның үстіне Маңқан бәйбіше келіп қалып­
ты. Маңқан бәйбішені екі баласы бір жағынан, қолынан
тартып, екі баласы ар жағынан сүйемелеп, қырынан кір­

гізіп, есікке әрең зорға сыйып еніпті. Байпаңдап келіп,
Жарылғаптың төменгі жағына, төсек үстіне отырғызғанда,
екеуі екі шоқыдай жарастықты болыпты.

—Бұл кісілер сусындады ма?—депті.

—Бар қымыз бен бар құртты бердік,—депті.

—Жүктің артында сүйретпеде байдың сыбаға асы—тү­

немелі түр еді. Балалар, алшы!—депті. Алып тегенеге құйып
сапырған екен, алпысына түгел жетіпті. Бәйбіше байына:

—Мал неге алдырмадыңыз?—депті.

—«Пәлен жерден табысайық» деген батырлары бар екен,

асығып мал сойдыруға қарамады,—деген соң бәйбіше:

абылай  хан  туралы  аңыздар

—Ұрғашының асыққанды алдап жөнелту үшін даяр

сый асы болады ғой,—деп, отызына табаққа салып екеу­
ара жент қойыпты. Отызына майды бейпіл салып, ірімшік
қойыпты.

—Баянауланың Мырза шоқысы мен Ағысы, Қудың

Мырзашоқысы бір жерден табылды ғой,—десіпті.
Бұзау тайыншаның қарынына салынған бір қарын жент­ті
ортасынан қақ жарып, ханның қоржынына салғызды дей­ді.
Жылқыға ие бақташы болған баласы Тастемір екен.

Жарылғап:

—Тастеміржан, «хан деген—жұрттың қазығы, қарашы—

оның азығы» де­ген. Мына жылқы бұлардың жолының үс­
тінде жатыр ғой. Ханды ортасына түсір де, қасындағы
тө­леңгіттерінің ұнатқан, мінуге жарайды дегенін ұста.
Сойыс­қа жарайды деген биенің семізін ұста, «құтым кетеді,

сүтім кетеді» деме. Өздері «болды, енді қой» дегенде қой!—
деп ханды шығарып салуға Тастемірді қосты.
Жылқының ортасына хан барып түсті. Тастемір шатыр-
латып, төлеңгіттердің таңдаған, қалаған атын, биесін ұстап

беріп жатыр. Сонда Абылай хан қасындағы отырғандарға
сөйледі:

—Мен бағана «Жарылғап бар» дегенде, «қай Жарылғап?»

дегенім—бұл қаракесекте қарсұн-керней Жарылғап бо-
лушы еді. Оны жұрт «ер Жарылғап, батыр Жарылғап,
бай Жарылғап, би Жарылғап» қай түрлі атпен атаса да,
толық болған жан еді. Бұл Жарылғапты «Тілеуке-Бертістің

Тілеукесінің бала­сы Шақабай-Жарылғаптың Жарылғабы,
ұры Жарылғап» деуші еді. Халық та қаңғып сөйлей береді
екен. Бұл ұры болса, жылқы, түйе, қой, сиырды ұрлап алған
шығар дейік. Ана бәйбішені ұрлап алған жоқ қой. Ұрлап

алса, жанды кісі бұған сіңіртіп қоя ма? Мына төрт баланы
ешкімнен ұрлап алған жоқ қой. Бір төрт күшік кімнен тумай-
ды. Бірінен бірі өтіп туған, туысы бөлек жан­дар ғой! Мынау,
өзі Құдай жарылқап қойған шын Жарылғап екен!—депті.

Тастемірді шақырып алып:

тарихи  аңыздар

—Кел, балам, сенімен қияметтік бала қылайын,—деп

түрегеліп құшақтап, дос болған екен деседі.
Абылай ханнан дуа тигендігі сол—Жарылғаптың тұң­
ғышы Жоламан «он алты ұлды Жоламан» атаныпты.
Жоламаннан—Қойсүймес, Қойсүйместен Баймұрын мыр-

за, Баймұрыннан—Ақай қажы. Ақай қажыдан—Мақат,
Хасан, ағайынды екеу. Бұл екеуінің тұяғы—жылқы да
мыңнан асады, қой да мыңнан асады. Ағысы, Қудың ай-
наласында төрт ауылнай Жарылғап бар. «Алды мың бол-

са, арты жүз болады» деген бар ғой. Шетінен бай, малға,
басқа толық. Бұлардан бөлек Дегелеңде төрт мың жылқы
бір түндікте. Ақтанберді ұрпағы Жаныс байдың неме-
ре, шөберелері бар. Бұрынғылар аңыз қылған «қазақта

байлық, бектік, ұрлық—үшеуі бір тұқымға сыйған емес.
Жалғыз-ақ осы үшеуі Жарылғапқа сыйған. Не үшін бұған
дуа кеткен? Абылай хандай әруақты ерден дуа алған
делінген сөз.

Баймұрын мырзаның тұңғышы Шотақ байды көрдік.
Мінезі қойдан қоңыр, мырзалығы жиексіз, «мырза әулие»
дерлік табиғат иесі адам еді. Сол Шотақтың бәйбішесінен
туған—Исақ, Ермек, Мұса, Секербай заманындағы ұры­

ның атақты дөкейі болды. Былтыр мен биыл атағы шы­
ғып жүрген Қышқаш та—сол Жарылғаптан шыққан ұры.
Тірі болсаңдар, есітесің, Қышқаштан дөкей шатынауық
шыққанын.

80. Абылай мен Андығожа батыр

Абылайға қалмақтың ханы елші салып:

—Татулыққа келейік, ылғи қанға құмартып, ел талап,

елдің тынышын ала бермейік! Бізге қонаққа кел, келешек-
те елдің қамы үшін қам істейік,—деп елші жіберіпті. Келген
елші бар сөзін айтып болған соң, хан бұған көнбекші болып,
«қонақтар, жата тұрыңдар» деп, сыр алдыртпай қаратыпты.

абылай  хан  туралы  аңыздар
Абылай әр уақыт Андығожа батырға ақылдасып оты-
рады екен. Ақылдасамын деп Андығожаны шақырыпты.
Андығожа келген соң Абылайға:

—Барма,—деп ақыл беріпті,—біз қалмақпен қандасқан

елміз, олар амалмен шақыртып отыр, баруыңа келісе бер­
меймін,—депті.
Абылай тосып жатқан елшілерді шақыртып алып:

—Мен бармаймын,—деп жауап беріпті.

Сонда елшілер:

—Япыр-ай, хан алғашқы күні былай емес еді, мұны аз­

дырып тастаған адам бар-ау! Ол қандай адам екен?—деп
көруге құштар болып, ішінара білсе керек. «Андығожа ба­
тырды көрсетіңіз» деп тілек етіпті. Абылай мақұлдап Анды­
ғожамен кездестіріпті.

Андығожа қабақты, бет алды ызғарлы адам екен. Сөй­
легенде екі ұртын толтырып алып сөйлейді екен. Сөйлер
алдында орнынан бір қозғалып, қопақтап қояды екен. Сон-
дай құбылыс белгілерін байқап отырып, қалмақтың елшісі

Абылайға айтыпты:

—Уа, хан, бармассың, бармассың, үйткені салмағың өте

күшті екен,—депті.
Сонда Абылай:

—Иә, елшім, нені біліп айттың?—депті.

Сонда елші айтыпты:

—Хан, тақ иесі сен екенсің, ақыл иесі, ел иесі баты­рың

екен. Бірақ батырыңның алдында өзіңе адам қызықпаса, ар-
тына кісі қызығар емес екен. Артықша өзіне тартып бала ту-
мас, бөксесі жеңіл екен. Алдынан жау қашқандай, аузы­нан
дау қашқандай түрі бар екен,—депті.

Сонда Абылай:

—Мынаны ұста! Елшіге әйел жүрмейді, мынау әйел

екен,—депті.
Сонда елші «қош болыңыздар» деп қашып, тартып оты-
рыпты.

тарихи  аңыздар 81. Абылай ханның әңгімесі

Қалмақтың Қалдар ханымен ұрысып, жеті күндей сүрі­
сіп, сондағы жолдас адамдары: Қаракерей Қабанбай, Қан­
жы­ғалы Бөгембай, Шақшақұлы Жәнібек, Сіргелі Қаратү­
лек бар, Қарақалпақ Қылышбек, текеден шыққан Сәтбек,

Шапырашты Наурызбай, Қаумыт Дәулет, Жетік батыр
қасында, бақ дәулеті басында, Сөңгебай Себік бар, Қанқожа
мен Мәмбет бар, қарауыл Молдабай қатарда, Есенқұл батыр
ішінде. «Өңкей батыр жиыл!»—деп хан Абылай бұйырды.

Сол жолы қалмақтан үш әйел олжаға түскен екен. Қал­
дар ханның өз қызын Абылай өзі алыпты. Ханның тоқалын
көпшілікке беріпті. Көпшілік таласып, ақырында хан­ның
бұйрығы бойынша: «Киіктің жеті лағын бір оқпен атып

әкелген алсын!»—депті. Сонда сол қолдың ішінен Тікім­бай
деген бар екен. Жеті лақты бір атып түсіріп ханға тартып,
тоқалды алыпты.

82. Абылай туралы

Абылай хан Қазыбек пен Бөгембай батырмен кеңесіп оты­
рып:

—Дүниенің қызығы не? Тиегі не?—деп сұрапты. Сонда

әрқайсысы өрісті сөздер айтыпты.
Қазыбек:

—Дүниенің қызығы алдынан сөз кетпеген, артынан топ

кетпеген, шешен мен қыран қаршыға, жүйрік ат, жүйрік
тазы ғой,—депті.
Абылай:

—Бұл дұрыс емес,—депті.

—Олай болса өзіңіз айтыңыз,—депті.

Абылай:

—Дүниенің қызығы мен тиегі әйел емес пе,—депті.

Сонда Қазыбек тұрып:

абылай  хан  туралы  аңыздар

—Әй, Абылай, көпшілік тексіз деуші еді, соған бақтыңыз.

Аты, тегі кем әйелді дүниенің қызығы, тиегі дегенің не?—
депті. Бұл сөзге ашуланып:

—Мені сен тексіз дедің, басқа не демейді. Өзіңді жоқ

қылып, жоқтауыңды асырайын,—деп ұмтылыпты.
Сонда Қазыбек ханға қарсы тұрмай шығып кетеді. Ар­
тынан Бөгембай да шығады. Хан ашуынан қайтпай қала
берді. Кектенген хан өкпелеп жата берді.

Қазыбек:

—Ханмен бүйтіп жүріп күн көре алмаспын, одан да ер-

ген елді бөліп алып, басқа елге қоныс аударалық,—деп қам­
данады.
Сонда Қазыбектің әйелі:

—Батыр, көшем дедің, дұрыс қой, бірақ замандас ба­ты­

рыңа ақылдаспайсың ба?—депті.
Қазыбек:

—О да дұрыс екен,—деп Бөгембай батырға келіп, аман­

дасып отырып сырын айтады. Бөгембай батыр бұған толға­
нып отырғанда, батырдың әйелі тұрып:

—«Жақсы кегін кешеді, асыл жаныса өтеді» деген бар

ғой, ханның алдына барып өту керек қой. Егер кешпесе, сон-
да ойлану керек қой,—депті.
Батырлар бұ да дұрыс екен деп, Абылайға Бөгембай ба­тыр
келіп, мән-жайды айтады. Сонда Абылай айтады:

—Олай болса сен келдің, мен кештім, Қазыбек кел­сін!—

дейді.
Сонда Бөгембай:

—Қазыбек ат шапанымен, айыбымен келсін!—депті. Абылай:

—Қазыбектің ат шапанының, айыбының керегі жоқ.

Мен малға зарық емеспін, өзі келсе болады,—депті.
Шақырған соң Қазыбек келіпті. Кеңесіп отырып осы
жұмыс неден басталып тынғанын сөз қылыпты.
Абылай:

—Енді мынаны қараңыздар, менің ханымым болмаса,

сіздердің үйлеріңіздегі жолдастарыңыз ақыл салмаса, бұл

тарихи  аңыздар
жұмыс осылай тынар ма еді? Менің дүниенің қызығы да,
тиянағы да әйел дегенім—осы,—депті.
Сонда батырлар бұ да жөн екен деп тоқтасыпты.

83. Абылайдың Әтеке жырықпен соғысуы

Абылай орыс патшасына бағынбай онымен соғысып,
жеңілетін болған соң, осы Алатауға қарай ауып келеді.
Абылай Ұлы жүз бен қырғыздың шекарасын мекен қалған.
Қырғыздар жақын тұрған қазақтарды жерінен айдап қуған

екен.
Содан Абылай қырғызға кісі салып: «Қазақ пен қырғыз­
дың жерін ашып белгілейік»,—деп кісі жіберіпті. Абылай­
дың жіберген кісісін қабылдамай, қырғыздың Әтеке деген

батыры қабылдамапты. Сонан кейін Абылай қазақтарды
жиып, қырғызбен соғыс ашты. Абылай қырғызбен неше
күн соғысып, қырғыздың Жайын деген батыры Абы­лай­
дың оғына ұшқан. Бұл соғыста Жайын батырдың бес ұлы

Абылай­дың қолына түскен. Қырғыздың басшысы шал,
өзі батыр—Әтеке батыр екен. Өзі салақтау жатады екен.
Бұрынғы бір со­ғыста Орта жүздің бір жас бала жігіті
Әтекенің қолына түс­кен екен. Оның аты—Алтыбай еді.

Әтеке мұны жақсы болатын бала деп, өз тәрбиесіне алып,
шайын қайнаттырып, атын ерт­тетіп жүреді екен. Қырғыз­
дың батыры Жайын оққа ұшқан­нан кейін, Абылай қырғыз­
дарды қуып, Әтекенің жатқан жеріне шейін қуып келген.

Әтеке Алтыбайға айтыпты:

—Балам, қарашы, шаң қалай шығады? Әрине, ары ма,

бері ма?

—Ойбай, ата, шаң бізге таман қаптап келе жатыр!—

дейді.
Сонда Әтеке айтыпты:

—Құдай төбеден ұрды десеңші, балам, атты жылдам ерт-

тей гөр!—депті. Алтыбай жүгіріп, Әтекенің Ноқталыкер де-

абылай  хан  туралы  аңыздар ген бәйге атын ерттеп жіберіпті. Соның арасынша Абылай­ дың батырлары қашқан қырғызды қуып, Әтекенің үстіне келіп қапты. Сонда Ноқаталы кер аспанға ырғып Әтекені мінгізбепті. Алтыбай Әтекені «қап» деп көтеріп аттың үсті­не салып жіберіпті. Әтеке Ноқталыкерге мініп алғаннан кейін: —Балам, Құдай бақытыңды көтеріп, жолың болсын!— деп, өзі «шу» деп жеткізбей кетіпті. Әтекені мінгізіп жібер­ ген баланы Абылайдың батырлары көріп қалыпты. Абылай­ дың өзі келгеннен кейін: —Әтекені кім мінгізіп құтқарып жіберді?—деп батырлардын сұрады. Сонда біреу айтыпты: —Осында бір қазақ бала мінгізіп жіберіпті. —Сол баланы маған тауып әкел, қанын ұрттайын,—деп Абылай бір тамақ ішпей, қанжарына таянып отырып алыпты. Абылайдың жолдасы Малайсары батыр, онан кейін көк­ жал Барақ батыр Алтыбайды қолтықтап Абылайдың алдына алып келіпті. Сонда Абылай қанжармен тап беріпті. Екі жолдасы айтыпты: —Алдияр тақсыр, мұның басын алғаннан біздің басы­ мызды ал!—деп екеуі басын изепті. Сонда Абылай хан: —Жауқырай қайдан кез келіп едіңдер?—дейді де, қанжа­ рын лақтырып тастапты. Абылай қанжарын тастаған соң: —Мына баланы қазірден бастап көзін жоғалтыңдар!— депті. Екі батыр баланы бір мықты атқа мінгізіп, екеуі босатып жіберіпті. Алтыбай еліне аман-есен барыпты. Абылай қырғызбен соғысып, оларды ықтатып Алатауды күнгей жағына асырып жіберіпті. Абылай өзі Ұлы жүзді мекен қылып, сонда тұрып қалған. Бұл кезде Абылай ханның жасы 73-те, сонан ауырып қайтыс болыпты. Ауырып жатқанда Абылайға Бұқар жырау деген Абылайдың жыршысы екен. Абылай ауырып нашарлап

тарихи  аңыздар
жатқанда Бұқар жырау қоштасқан екен. Сонда Бұқар жы­
рау айтыпты:
Қалыңсыз қатын құштырған ханым-ай,

Қайырсыз мал бақтырған ханым-ай,
Үш жүздің баласынан үш кісі айтсам,
Қалар ма екен жаның-ай!—
деп, Абылайдың бетінен сүйген екен. Сонда Абылай:

—Сен Бұқар жырауымсың,—деп көзін ашты. Жылы

сөзбен қол беріп амандасты депті. 84. Абылай ханның балалары

Абылай ханның алғашқы алған бәйбішесі—қарауыл
қызы. Одан ұл жоқ, жалғыз қыз болды. Ол қыз—Жамантай
ханның шешесі. Онан соң қарақалпақ қызынан: Әділ сұл­тан,
Ешім сұлтан. Қабан қызы Хатиннан—Рүстем сұлтан. Қо­

жа қызы Хатиннан: Қосым, Арық, Тоқ және қарауыл қызы
қатынынан Шығай, Тағай, Сек, Аюке туған. Ол Аюкенің
қызы Қалдан шереннің тоқалы еді. Мұнан туған—Торыш
сұлу. Бұл Торыш сұлудан—Қасым хан. Көп баланың ішінде

Абылайдан жауға шапқан Қасымның ұрпағы—Саржан, Ке-
несары, Наурызбай. Ең ақыры—Сыздық төре. Осы күнде
Сырдария мызафатында, тірі. Жылы—қой, жетпіс бірде.
Бұқарекең айтпап пе еді: «Ағар дария су кетпес, қалмақтан

маһи бір зайып сүйегіңді жоғалтпас»,—депті.
Топ төреден—Бірәлі төре, мұнан—Шалғынбай төре,
Қарқаралыда аға сұлтан болады. Шама төреден: Боқсын,
Есім, Қараша хан, Жәңгір, Уатай, Досым, Саңрат, Есе хан,

Сыздық төре. Қамбардың Жанақ ақынға айтқаны:

—Әбәйділдә, Аббастың елін жинап,

Бес жорғасын өлтірдік кесе байлап.

абылай  хан  туралы  аңыздар
Ханнан алған сұлуым өліп қалып,
Қара күңмен келемін сорым қайнап.
Ол замандарда ақындарға жетім қызды бір шаян орнына

береді екен. Көтеш ақын—о да жетімді көп алған кісі:

—Тінәлі Тышқанбайдан алдым жетім,

Қопаның өкпеледім көрмен бетін.
Малдыбайдан алғаным маңқа жирен,
Түбінде жалғыз таудың жедім етін.—дейді.

Осы Көтештің өлеңіне аты қосылған кісілердің тұ­
қым-нәсілін сұрастырып қарасақ, Тінәлі Тышқанбай
ұрпағы жақсы өніп, бай болып, қатарға қосылып жүр.
Малдабай деген адам—малды байдың малды байы. Ол

бірдей тозып, берекесі жоқ болып жүр. Уәли ханның
тоқалы Айғаным­нан—Көкшетаудағы Шыңғыс төре.
Мұның бір Шоқан дейтін баласы қыршын күнінде өліп
кетті. Бұл күнге дейін тірі жүргенде зор таяқ шығаратын

ердің бірі еді. Бұл Абылайдың үрім-бұтағын таратып
тегістеймін деушіге бір қап жан керек. Нұхтың өмірі,
Ауыптың сабыры, қарын­ның байлығы керек деуші еді.
Әділден—Нұралы, одан—Тезек төре, Шамадан Уатай.

Одан—Аймақ төре. Жәңгір балалары: Сартай, Абылха­
йыз, Самай, Матай. Халық аузында әңгіме болған сөзді
сөйлеу керек. Жұрт білмейтінді айта бергенмен, дәнеме
өнбейді. Абылай хан өлген соң Сары қазақ Сыбан, Итқара

сұлтан—Біртайдың осындай басты кісілері жойылып,
Уәли ханды хан көтереді.

85. Абылай туралы

Абылай хан жоңғарларды шапқан бір шабуылда мың
адам барлаушы ғып алға жіберіпті. Оларды екіге бөліп, екі

тарихи  аңыздар
батырды бас етеді: қарабұжыр Қанжығалы Жантай және сол
рудың үлкені Бөгенбай.
Батырлар ұзақ уақыт оралмайды. Абылай қатты маза-

сызданады, олардың тағдыры туралы жырауы Бұқардан
сұрайды.

—Менің батырларыма не болды, олар неге оралмай жа­

тыр?—дейді. Оған Бұқар былай жауап береді:

—Жантай Талқын арқылы өтеді, Бөгенбай Құлжан­мен

өтеді. Хан Баба кері қашады. Жантайдың Талқындағы жо­лы
тар әрі қауіпті.
«Жантай батыр қатерге ұрынды» деп ойлайды Абылай.

—Жантай барады,

Барып ұлысты шабады.
Күлін көкке ұшырып,
Жантай әкелген ақша бет қызды
Хан Абылай алады.

Абылай кейіннен:

—Бұқардың айтқаны келгенде, төбем көкке жеткендей

қуандым,—дейді. 86. Абылай ханның сыны

Жоңғарлардан туған жерін азат еті үшін Үш жүздің
басын біріктіріп, бәріне басшылық жасаған Абылай хан
қолбасшыларды өзі таңдайтын көрінеді.
Бірде қолбасы боламын деген ондаған батырды Абылай

алдына шақырыпты. Бұлардың ішінде Райымбек те бар
көрінеді.
Қатар-қатар сапқа түзілген өңшең алпауыт ерлердің өзін,
көлігін, қару-жарағын, көбе-сауытын сын көзден өткі­зіп

келе жатқан Абылай Райымбектің қасына келгенде ерек-
ше тоқтаса керек. Астындағы құнанның ер-тұрманы өте

абылай  хан  туралы  аңыздар
әшекейлі екен. Алдынан қараса, жылқының арқасы, ар­ты­
нан қараса, шоқтығы, жалы көрінетін Құранды ердің үс­
тіндегі жігіт өте жас көрінеді. Абылай сынай қарап тұрып:

—Мына баланың астындағы ер-тұрман менікі,—дейді.

Сол сәт Райымбек:

—Ханның екі айтқаны—өлгені!—деп шаңқ ете қалады.

Хан әрі қарай басқа батырларды аралап кете барады.
Райым­бек тапжылмай тұра береді. Бір сиыр сауым уақыт­
тан кейін Абылай қайта оралады. Оралады да манағы сөзін
тағы айтады. Сонда Райымбек тізгінін тартып, тақымын

қысып қалғанда астындағы құнаны көкке қарғып, кісінеп
жібереді. Абылайдың алдына құнанын ойнақтатып берген
Райымбек:

—Уа, ханым, төресің,

Ер-тоқымға төнесің,
Дүние көріп тұрмысың,
Алтындаған шегесін!
Жала жауып тұрсың-ау,

Жаладан түбі өлесің.
Айтқаныма сенесің,
Айтқаныма сенбесең,
Абыройыңды төгесің!

«Балаң» деп мені басынба,
Батырлығымды көресің.
Арғы атамды сұрасаң:
Өтірік айтпас өр Албан,

Өр Албаннан—ер Алжан,
Алжанның аты—дүр Мәмбет.
Мәмбеттен туған Сырымбет,
Сырымбеттен—Хангелді.

Хангелді бабам туғанда
Уысында қан келді.
Айналайын қазағым,
Қалмақ шауып, бақ ауып,

17-139

тарихи  аңыздар
Судан аққан қан көрді.
Аққан қанды тыймаққа,
Алаштың басын жимаққа

Абылайдай хан берді.
Атам менің Хангелді
Қазақ үшін қан берді,
Жаратқаным жар берді.

Жеті бірдей ұл берді,
Үлкені—батыр Тілеуке,
Екіншісі—ер Түке,
Үшіншісі—Мөңке екен,

Төртіншісі—Дөңке екен,
Бесіншісі—Тұрсын ер,
Тұрсындай болып тұрсын ер.
Тұрсыннан кейін Айбас-ты,

Айбастан кейін Қойбас-ты.
Жеті ұлы біріксе,
Жер қуырмай қоймас-ты.
Ер Түкеден мен тудым

Ер болуға бел будым.
Уа, алдияр, төресің,
Ер-тоқымға төнесің.
Дүние көріп тұрмысың

Алтындаған шегесін!
Жалған айтты демесін,
Өңшең жасық бұл тобыр
Хан айтқан соң не десін.

Айналайын Хан бабам
Немересіне арнаған
Астымдағы құнан кер.
Құнан керде Құранды ер

Әубәкір ұста жасаған.
Менің ғана бәсірем,
Шыныменен хан болсаң,
Бәсіремді сұрап көр,—

абылай  хан  туралы  аңыздар
деп тоқтайды. Абылай хан жас жігітке сүйсіне қарап тұрып:

—Қарағым, алтынмен аптаған, күміспен күптеген ер­

тоқымға, ойнақшыған кер құнанға мастанып келген қуыс
кеуде, даңғой мақтаншақ біреу ме деп сынай айтып едім.
Сөзімді қайтып алдым. Қолбасы сен боласың,—деген екен.

87. Қабанбай батыр

Ертеде Жетісу елінде Қабанбай деген батыр өтіпті.
Қабанбайдың отыз ұлы, отыз ауылы болыпты. Жер қайыс­
қан малы бар екен. Жаз жайлауға шығарда мал, жан Тас­
өткел арқылы судан тегіс өткенше бай өзінің нөкерлерімен

биік төбенің басына шығып қарап тұратын әдеті екен. Сон-
дай бір көшудің кезінде күні бойы тұрғаннан жалыққан ба-
тыр: «Не деген көп мал, бітер емес қой»,—депті.
Сонда қасындағылардың біреуі:

—Батыр-еке, байлығыңызға өзіңіз таңданып тұрсыз, жа­

сыңыз тоқсанға таяп қалды, отыз ұлыңыз анау, осы сізде де
арман бар ма?—деп сұрапты.
Батыр қарт бұл сұраққа мырс етіп күліп алыпты да, сөз
бастапты:

—Армансыз адам бар ма? Жас кезімде қалмақпен бір

қырғын соғыста бірнеше жігітпен қолға түстім. Қалмақтың
ханы бәрімізден жауап алды, көбісін өлтірді, кейбіреуін ба-
сыбайлы құл етуге бұйырды. Кезек маған келгенде хан:

—Сені босатып, еліңе жіберсем қайтер едің?—деді.

—Қалың қол жинап келіп, сендерді шабар едім.

—Қолға түскендердің ішінде бір атақты батыр барын

естіп едім, сол сен екенсің ғой? Ендеше, жазаң басқа.
Нөкерлеріне өз тілінде былдырлаған ханға қызы да бір
нәрселерді айтты. Сол-ақ екен, қол-аяғымды байлап, басым-
Даңқты қолбасшылар мен

батырлар жөніндегі аңыздар

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар
ды ғана шығарып, қалған денемді өгіз терісіне тігіп, дала­
ға тастады. Қимылдауға шамам жоқ, қатқан тері денемді
бүрістіріп айдалада жатырмын. Өткен-кеткеннің бірі аяп,

бірі мазақтап қарайды.
Бір күні нөкерлерін ертіп ханның қызы келді. Бәрі та-
машалап, күлісіп жатыр. Хан сұлуы күлген жоқ, көз ал-
май ұзақ қарады маған. Сол түні малай қызынан қымыз

беріп жіберіпті. Осыдан былай күн сайын түн қараңғысында
қымыз келіп тұрды. Бірер жетіден кейін хан қызының өзі
келіп, аузыма қымызын тосып:

—Ішіңіз, батырым, шөлдеген шығарсыз?—деді таза

қазақ тілінде.
Әкесі қорлап отырғанда, оның мені асырауының сырын
сұрағанымда ол:

—Сіздің атағыңызға бұрыннан қанық едім, «қолға түсті»

дегенде, шынымды айтайын қуанып қалдым. Бірақ көп
іші­нен қалай танырымды білмей тұрғанымда, «мен мұнда­
лап» шыға келдіңіз. Қас жауыңыздың алдында қаймық­пай
бер­ген жауабыңыз мені бұрынғыдан да ынтықтыра түс­

ті. Әкеме: «мынаны қорлап өлтіру керек» дегенді сылтау­
ратып, өлімнен арашалап қалған да—мен. Егер мені бірге
ала кетсеңіз, мына қорлықтан босатар едім,—деді. Мен
бірден келісім бердім.

Келесі түні кетуге уәделестік. Хан қызы екі ерттеулі ат,
киім-кешек, жол азығын дайындап, уәделі жерге жетті.
Қолындағы қанжармен тұлыпты жарып жіберіп, мені боса-
тып алды. Киініп алып, атқа мініп, тартып отырдық. Таң

атқанша біраз жер жүріппіз, күн шыға бір қамысты көлге
жеттік. Жас сұлудың қасында өзімнен өзім жиіркеніп, на­
мысым қайнап келе жатқан көлді көріп, қуанып кеттім. Ат-
тарды суытып, суға шомылып, киім ауыстыруға келістік.

Қыз әдеп сақтап біраз жерге ұзап кеткен екен. Аздан соң:
«өл­дім, батыр, құтқар!» деген жан даусын естіп, қанжарым­
ды ала тұра жүгірдім.

тарихи  аңыздар
Келсем, өгіздей бір жолбарыс қызды алдыңғы аяғымен
бүріп жатыр екен, маған қарай тұра ұмтылды. Сәл еңкейіп
бұға бергенімде, жолбарыстың кеудесі басымнан аса белін

екі қолыммен қысып жібердім, жолбарыс гүрс ете түсті.
Талықсып кетті білем, осы сәтті пайдаланып, оң қолымды
босатып, ішін қанжармен остым. Ішек-қарны ақтарылған
жолбарыс бірте-бірте сырғып төмен түсті. Оны жерге тастай

сала, жалма-жан қызға келсем, жолбарыстың тырнақта­
ры екі өкпеден бүрген екен, жан тапсырыпты. Жас сұлуды
таза арулап қойдым да, бір атқа мініп, біреуін жетелеп елге
келдім. Өзімді өлімнен құтқарып, тіршілік сыйлаған сол

арудың атын да білмей қалдым. Соны бүгінге дейін арман
етемін,—деп батыр әңгімесін аяқтапты.

88. Қабанбайдың бас қолбасы болып,

«Дарабоз» атануы
Абылайдың қолы осы Арқаны бойлап, қалмақпен қуа
соғысып келе жатқанда, бір уақыт қалмақтар тәсіл жасап-
ты. Бір тастың үңгіріне кіріп, бекініп жатып алып, жасы-

рынып қалады. Артынан қуып келе жатқан Абылай қолы
«жау қашты» деп бейғам болады. Сонда қалмақтар үңгірден
шығып, Абылайдың қолын тұтқиыл шабуылмен қырарман
болыпты дейді. Бірақ жұрт ес жиып, соғыса бастағанда қа­

зақ көп болғандықтан, қалмақтар қайта қашып, үңгірге кі­
ріп алыпты. Сонымен, бекініп жатып садақ атып, Абы­лай­ға
алғызбай қойыпты. Көп адамы қырылып, ашынған Абылай
қолдағы батырларына жар салыпты: «Кімде-кім ерлік етіп,

айласын тауып, осы қалмақты дәл осы үңгірден шығармай
қырып беретін болса, бұдан былай қолбасылық дәрежені
үнемі сол кісіге бұйырамын!»—депті.
Сонда Абылайға ерген көп батырлардың ішінен үздік

шыққан Қаракерей Қабанбай болған еді. Күндіз-түні талай
ұрыс салып, үңгірдің аузын оқпен көміп, қалмақты тұқыр­

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар
тып отырып, әлденеше күн аштықтан тұралатады. Сөйтіп,
артынан жеңістің тойын тойлағанда, Абылай Қабанбайды
қасына алып отырып:

—Бар батырдан сен оздың, жеке дара шығып, озып тұр­

сың. Айтқаным айтқан, сертімнен шыққаным осы! Қай­
ратың үшін бұдан былайғы жорықта ұдайы қолбасы сен
боласың және бұдан кейін сенің атың Қабанбай емес, «Дара-
боз» болсын!—депті.

89. Қабанбайдың батасы

Абылай ханның заманында қазақ жұртынан шыкқан ба-
тырлар: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз
дауыс­ты Қазыбек. Шақшақұлы Жәнібек, Көкжарлы көк­
жал Барақ, Шанышқылы Бердіқожа, Сырым Малайсары,

Балтакерей Тұрсынбай, Тарақты Байқозы, Әлтіке Жидебай,
Уақ Баян т.б. болған екен. Бұл батырлардың бәрі де жалғыз
жүріп қалмақтың қамалын бұзған батырлар. Қазақта ба­
тырда Қаракерей Қабанбайдан асқан батыр жоқ, Үйсін Төле

биден асқан би жоқ. Бұл екеуі де Абылай заманында қарт­тық
жеңіп тұғырдан түскен кісілер.
Арғында Әлтіке Дос батыр деген батыр болыпты. Кезінде
жауға қарсы соғыста көп ерлік көрсетіп, даңқы шыққан адам

екен. Бір жолғы соғыста сегіз жасар баласы Қожаназар­мен
екеуі қапылыста қалмақтың қолына түсіп қалады. Бір күні
қалмақтар ақылдасып: «Біріңді олжаға алып қалып, біріңді
елге қайтарамыз, қайсың қаласындар, әкелі-балалы екеуің

ақылдасыңдар!»—дейді.

—Жаным, әкетай-ай,—дейді сонда сегіз жасар Қожа­

назар,—көк лағың болайын, әке! Мені осында қалдырып,
тездеп ел-жұртты тауып алыңыз!
Сонда Дос батыр:

—Балам, қалмақ шалға зәру емес. Жас ұланға зәру, бі­реуі

бала қып, өзіне қосып алады. Жұдырықтай сені жау қолына

тарихи  аңыздар
тастап кету мен үшін ұят. Сен елге аман барсаң, Дос өлген
жоқ екен, міне, тірі келді деп қуанады. Қатын аласың, бала-
лы боласың, сенен туған балалардың бірі күндердің күнінде

менің кегімді алатын болады,—деп батасын беріп, баланы
елге қайтарып, өзі сонда қалады.
Айтқандай Қожаназар еліне келген соң қатын алады. Ба-
лалы болады, баласының атын Жидебай қояды. Сол Жиде­бай

жеті-сегізден асқан кезде Дос батырдың қара шаңырағын­да
отырған інісі Әлмұрат байдың үйіне Қаракерей Қабанбай
батыр келіп қонады. Мұны құлағы шалған Жидебай:

—Барсам-ау, көрсем-ау, батасын алсам-ау!—деп түн бойы

көз ілмей шығады. Таңға жуық көзі ілініп кеткен екен, ба­
басы Дос батыр түсіне кіріп аян береді: «Балам, Алашқа аты
шыққан Қабанбай батырдан барып батасын алып қал!»—
дейді бабасы. Шошып оянған, жейдешең далаға шықса,

Қабанбай батыр таң бозынан жорыққа аттанып жатыр екен,
солай қарай тұра жүгіреді. Өзіне қарай еліктей ұшып келе
жатқан баланы көріп Қабанбай тоқтай қалады.

—Ата, маған керегі бата, батаңызды беріңіз!—дейді бала

ентігін баса алмай тұрып.

—Жарайсың, балам, түнде түсімде Дос батыр айтып

еді,—деп батасын береді де,—төрт киелі алмажайым бар еді,
біреуін саған байладым, ал, балам!—деп, Қабанбай батыр
жүріп кетеді.
Ержете келе сол Жидебай «Әлтіке Жидебай» батыр ата-

нады. Абылайдын қалмаққа қарсы жорығында көп рет
ерлік көрсетіп, үш жүзге даңқы кетеді. Абылайдың ірі қол­
басыларының біріне айналады. Бір ғажабы, бұл адам түнгі
жорыққа қиын екен, айсыз қараңғы түнде көңілге алған

жерін дөп басып табады екен. Тіпті тас қараңғы түнде біреу
бір нәрсесін жоғалтса, Жидебай батырды іздейтін болыпты.
Сол жоғалған нәрсе Жидебай батырдың найзасын шаншыған
жерінен табылады екен. «Ал сен осыны қалай табасың?» де-

ген жанға Жидебай сырын айтпайды екен.
Мұның сырын Абылай да ұға алмай қайран қалып:

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар

—Әй, осының қызыл түлкісі бар ғой деймін,—деп се­зік­

теніп, бір күні әлдебіреуді аңдуға қойыпты.
Бұл кезде бұлар дала жорығында жүріпті, әлгі аңдушы
ептеп, ұйқтап жатқан Жидебай батырдың қойнын ашып
қараса, өңірінің астында, төсінің үстінде жатқан қызыл

түлкіні көріпті, түлкі жалт қарағанда, үрейі ұшып қаша
жөнеліпті. Ханға келіп, көргенін айтыпты. Көргені бар бол-
сын, сонан екі көзіне шел қаптап, су қараңғы болып қалып­
ты. Сөйтсе, Қабанбай батырдың: «төрт алмажайымның бірін

саған сыйладым» дегені, ол кісінің жорықта өзіне көмек
көрсетіп, қауіп-қатерді алдын ала сездіріп, айсыз қараңғы­
да жол бастайтын төрт қызыл түлкісі болған екен. Соның бі­
рін Жидебайға берген екен. Жидебайдың Қарауылшы батыр

атануында Қабанбайдың сол бір киелі батасының көп септі­гі
тиген екен.

90. Қабанбай мен Жәнібек

Қабанбай туралы Шыңжаңда тараған аңыз-әңгімелер­
дің бірқыдыруына Жәнібек батыр араласып келеді. Бір
күні Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек үшеуі жорыққа аттана-
ды. Бұлардың кім екенін білмей артынан бір жалғыз атты

адам салпақтап ереді де отырады. Әлгі үш батыр бір жер-
ге келіп дамылдап ботқа жасап ішеді де, еріп келе жатқан
жалғыз атты адамға жарты шара ботқа алып қойып, өздері
ұйықтап қалады. Арттарынан ерген әлгі адам олар ұйық­

тап жатқанда келіп, ботқаның жарымын да тауыса алмай
жатып қалады.
Ұйықтап түрған батырлар жалғыз аттының тамақ
ішкеніне қарап ынжық екенін аңғарады. Үш батыр ерте­

ңінде тағы жүріп, бір шатқалдың басына барып тынығып
жатқанда, жалғыз атты адам да келіп жетеді. Сәлден соң үш
батыр аттарын әлгі адамға тапсырады да, өздері жаяу терең
шатқа түседі. Түсерінде: «Шатқалдан «Жәнібек, Жәнібек»

тарихи  аңыздар деген дауыс шықса, аттарды әкел, болмаса осы орыннан қоз­ ғалма!»—дейді. Әсілінде, бұл шатқал бас-аяғы тұйық, моңғол батыры­ның ұрлаған жылқыны бекітетін жері екен. Ол дәйім қазақтар­ дың жылқысын шауып әкеліп, осы араға бекітіп, ешқандай жанға күш бермей жатады екен. Талай рет, талай адам келіп, бұл шатқалға түскен жылқыны ала алмай қайтады. Қазақтардың жылқысы үшін бұл жер—бейне түбі жоқ оппа сияқтанады. Соның үшін бұл жолы үш батыр бас қосып, әдейі келеді. Келісімен бұлар моңғол батырымен жекпе-жекке шығады. Сайысқа ең алдымен жас батыр Жәнібек түседі. Екі батыр бірін-бірі ала алмай көп тіреседі. Ақыры, моңғол ба­тыры Жәнібекті алуға айналады. Осы кезде Қабекең: «Жәнібек, Жәнібек!» деп айғай салады. Жәнібектің көк бөрісі бар адам екен, «Жәнібектеген» айқай шығысымен-ақ оның тұла бойына сұрапыл күш бітіп, қайраты тасып кетеді. Қапысын тауып жау батырын алып ұрып, қызыл қанға бояй­ ды. Осы кезде әлгі жалғыз атты адам үш батырдың атын алып шатқалға түседі. Батырлар бұл араға бекітілген қалың жылқыны айдап еліне қайтады, жалғыз аттыға да бір үйір жылқы береді. Бошалаң жігіт өзіне жылқы айдатқан адамның кім екенін де сұрамапты. Бірақ сонан былай шыға өзі де күмәнданып: «Әкеу, біреулер бұл жылқыны қайдан алдың десе не деймін. Ел ұрлап әкелді деп қалмай ма?—деп ойлап, артына қайта бұрылса, алдынан шауып Жәнібек шығады. Жігіт қайтып келе жатқан жөнін айтады. Сонда Жәнібек: —Жарайды, жылқыны кім бергенін білуге келе жат­қаның абзал болыпты. Болмаса, «осыны сұрай алмаған жа­манды өлтіріп тастайын» деп келе жатыр едім. Еліңе бұл жылқыны Қабанбай берді де,—деп келген бетімен қайта жөнеле беріпті.

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар
* * *
Жәнібектің әйелі Қабанбайдың әйелінен бал ашып, құ­
малақ салуды үйреніп жүрген кезі екен. Бір күні Жәнібек

жорыққа аттанбақ болады. Әйелі оның жолын болжау үшін
бал ашып көрсе, бір қырсық торуылдап тұрып алады. Неше
қайталай салса да: «түзге шықса, Жәнібек өледі, үйде болса,
әйелінің өзі өледі» болып түсе беріпті. Мұның байыбына бара

алмаған ол Қабанбайдың әйеліне барыпты. Ол кісі бал ашып
көріпті де:

—Сен дереу үйіңе бар да, Жәнібек бөктерінетін тері тұ­

лыптың түбін жар, құмалақты сонан кейін салып көр!—
депті. Жәнібектің әйелі үйіне қайтып келіп тері тұлыпты
жарса, түбінен үлкен қарасұр жылан шығады. Десе де-
гендей, қырсық осында тұр екен. Жәнібек оны бөктерініп

түзге шықса, батырдың өзін шағып өлтірмек, ал үйде бол-
са, әйеліне қас қылмақ екен. Жыланды өлтіргеннен кейін
құмалақ салса, Жәнібектің жолы оңғарылып, үлкен олжа-
мен қайтатындығы аян болыпты.

* * *
Көне көз қариялардын айтуына қарағанда, Қабанбай
Жәнібектің талабымен қалың қол бастап, Алтай бетіне кел-
ген кезде Ертістің суы тасып, өткел бермейтін дәрежеде

арнаға сыймай жатса керек. Сонымен, ел өтетін жерді біле ал-
май, қатты дағдарыпты. Мұндай қиын жағдайды ұққан соң,
Қабекең өзінің кәдімгі төрт алмажайы—киелі түлкілеріне
ақыл салыпты. Бұл киелі қызыл түлкілер батырға айсыз

қараңғы түнде, жолсыз далада және осындай тасқын суға
кезіккенде көмек көрсетіп, бағыт-бағдарын түзеп отырады
екен. Бұл жолы да Қабанбай өзінің сол алмажайларының
көмегімен Ертістің «Ақ ит» деген жеріне келіп, сол жер-

ден есен-сау өтіп шығады, сонан тартып сол жердің аты
«Қабанбай өткелі» аталыпты. Тағы сол көне көздердің ай-
туына қарағанда, сол жолғы сұрапыл соғыстың кешінде
Қабекең тамақтанып отырып жанындағыларға:

тарихи  аңыздар

—Менің басыма тікен кіріп кеткен бе, бір нәрсе батады

ғой,—депті. Сөйтсе, батырдың басына жаудың айбалтасы-
нын жүзінің сынығы тұрып қалған, батыр оны ет қызуда
елемеген тәрізді, тынығып отырғаннан кейін барып өзіне
білініпті. Кейінгі ұрпақ Қабанбайдың сол бір төзімді ерлігін,

яғни айбалтаның сынығын тікен құрлы көрмеген қажыр-
қайратын ауыздан-ауызға таратып, аңызға айналдырып
жіберген екен.

91. Қабанбай мен Райымбек

Қабанбай батыр жас кезінде Ұлы жүздің атойшыл ба­
тыр­лары Ханкелді, Аралбай, Мергенбай, Жауатар, Ырыс­
келді сияқты ірі тұлғалармен талай рет үзеңгілес бо-
лып, жоңғарларға қарсы қанды шайқастар жүргізгенін

ал­бан жұрты тамаша аңыз етіп айтады. Сол аңыздардың
бірінде былай делінеді: Ханкелді батыр баласы Райымбекті
Қабанбайдың алдына әкеліп:

—Батыр, мен қартайдым, мына Райымбекке батаңды

бер, қолыңа қабылдап, қатарыңа ал!—деген екен. Қабанбай
батыр Райымбектің бойынан ерліктің үлкен белгілерін
тауып, көзін жеткізген соң:

—Қарсы келген жауыңа бет қаратпас боран бол, қайқая

шапқан еліңе қайрат берер ұран бол!—деп бата беріп, өз
қасына алып баулыған екен. Сонымен, кейінгі талай рет
жорықтарда Райымбек батыр ерен ерлік көрсетіп, өзінің
ұран боларлықтай қажыр-қайратын байқата білген. Сол

қатарда Қабанбай бастаған қалың қолдың қырғыздың
Әтеке жырығынан кек алу шайқасына, сондай-ақ жоң­ғар
шапқыншыларын қазақ сахарасынан қуып, Іледегі «Қой
асуын» асыра аластау жорығына Райымбек батыр өз қолы­

мен Қабанбай батырға үлкен көмек көрсеткен. Осы соңғы
реткі «Қой асуы шайқасы» кезінде Қабанбай батыр мен
Райымбек батыр ортасында мынадай кеңес болыпты:

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар

—Е, Райымбек,—депті Қабанбай батыр,—ерлігің ел ау­

зындағы аңызға айналып барады, даңқ-атағың Ханкелді­ден
асып, есімің елге ұран болды. Енді алдағы күндері мәң­гі­лік
орның қайда болар деп межелейсің?

—Мұның бәрі атаның әруағы, сіздің жебеуіңізбен бо-

лып тұр ғой!—деп жауап беріпті сонда Райымбек батыр,—
әруақтың атын арқаласам болғаны, одан артық Алла-
дан тілейтінім жоқ. Бірақ бір болмашы ызың күндіз-түні
құлағымнан кетпейді. Соған қарағанда, ең соңында сүйе­

гім у-шудың ортасында, қалың елдің арасында қалатын
тәрізді.
Рас, айтса айтқандай болыпты. Райымбек батыр дүние са-
ларда:

—Менің сүйегімді қасиетті ақ атаныма артып қоя берің­

дер, сол атан қай жерге барып шөксе, сол жерге қойың­
дар!—деген екен. Ұрпақтары атасының айтқанын орындап,
сүйе­гін сол ақ атан шөккен жерге қойыпты. Бұл жер—
бүгінгі Ал­маты қаласындағы Райымбек даңғылының бойы.

Әулие-баты­рын қастерлеген халық бұл күнде Райымбек
кесенесі алдына ақ атанның мүсінін орнатып, ары-бері өткен
жүргіншілердің әулие-батыр бабаларына сыйынып өтетін
орнына айналған екен.

Сол реткі кеңесте Райымбек батыр нағашы жұртым деп
есептейтін Қабанбай батырдан:

—Батыр, өзіңіз қайда боламын деп межелейсіз?—деп

сұрапты.

—Біздің қазақ тау құмар халық қой,—депті ол Райым­

бекке ойлы көзбен тігіле қарап отырып,—арманын да, ар-
ланын да тауға балап, қуаты мен суатын таудан алады ғой
біздің есіл еліміз. Балаларына «таудай бол, таудай талап
берсін!» деп бата береді. Ал қысылғанда: «Ей, жер Ана!

Тәу-Тәу! Ей, Тау Ата, Тәу-тәу!» деп тауға сыйынып, сол бір
қайыспас қара таудан медет күтеді. Бәлкім, «тәу-тәу» дейтін
тәуапшылығымыз да сол тауға сыйынудан келген болар.
Өз басым талай рет қатерге жолыққанда осы тауға келіп

тарихи  аңыздар
пана таптым. Тарбағатайдағы «Баспан асуы», Іледегі «Қой
асуы»—мені жеңіске жеткізген асулар. Демек, мені жеңіске
жеткізген де осы—тау. Егер осындай алып таудың бірінде

жатсам, арманым болмас еді.
Иә, қарт батырды қадір тұтқан халық бұл күндері
өзінің батыр атасын тауда жатыр деп қарайды. Жетісу елі:
«Қабанбай батыр Сарытаудың жотасында, Белжайлау де-

ген жерде жатыр» деп аңыз етсе, Көкшетау елі: «Қабанбай
батыр өзінің үзеңгілес досы Бөгенбай батырмен бірге Ерей-
ментау жотасында жатыр» деседі. Бұған «Ақмоладағы
Қабанбай тауында жатыр» дегенді қосып айтады. Ал Іленің

елі: «Қабанбай батыр Іледегі Қызылнұр, Қаранұр өзенінің
бойында қуық ауруынан қаза тауып, өзі шайқас жүргізген
биік шоқыға қойылған, сонан бастап, сол шоқы «Қабанбай
шоқысы атанған» деп әңгімелейді.

Тарбағатайда «Түйебасы» деген жер бар. Бұл Қабанбай­
дың Ақбас атанының басы қойылған жер, жалама жартас,
бұл жақтың елі батыр бабасының жорықтағы жолдасы есеп-
телген қасиетті атанның басын қадір тұтады.

92. Қаракерей Қабанбай

Қабанбай кәртейген тұсында ел азаматы келіп көңілін
сұрап:

—Сен алмаған жау болмады, сен жүрмеген жер болмады,

сенде де арман бар ма екен?—депті.

—Армансыз кісі бола ма екен, арманымды айтып берейін,

естіңдер,—деп сөз бастайды.

—Мен он жеті жасымда ат жалын жаңа тартып мінген

кезім еді, қырық жігіт жолдас алып қырғыз деген елге бар­
дым да біраз ғана мал алып жөнелдік. Малды айдатып жі­
бе­ріп, өзім қуғыншы келе ме деп қарауылдап артында қала
бердім. Артымнан шаң шықты. Шаңға қарасам, жаңғыз кісі

екен бұрын жетіп-ақ қалды. Қарасам, өзім секілді жас жігіт

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар екен. Келе сала найзамен желкемнен түйреп, аттан түсіріп алды. —Сен Қабанбай ма?—деді —Қабанбаймын,—дедім. —Қабанбай болсаң, менімен бірге жүр деді. Амал қанша өзі менен мықтырақ екен, ілесіп жүріп кеттім. Бір үлкен ақ ордаға кірдік. Үйде бір жуан сары тоқтап келген әйел отыр екен. Есіктен кіріп келгенде: —Мына кәпірді неге әкелдің, сол жерге өлтіріп кетсең етті,—деді баласына мені көрсетіп. —Іштеңе етпес, шеше,—деді де, баласы үйден шығып кетті. Жаздың күні қаным кеуіп, сусап баратырмын. —Шешеке, маған бір сусып берсеңіз қайтеді?—деді Қабанбай. Босағада сары таз тұр екен, әлгіге түзге отыр­ ды да, мінеки, сусын,—деп әкеп берді, ішерімді де, ішпесімді де білмей тұрдым да, көзімді жұмып сіміріп салдым. Сөйткенше болмай бағанағы жас жігіт те кіріп кел­ ді де, қолымнан жетектеп алып бір үйге әкеліп, екі аяқ, екі қолыма шідер салды да, бір әйелге: «сен осыған күту­ ші боласың» деді. Сол жатқаннан табан төрт ай жаттым. Күнінде бір мезгіл келіп, қал-жайымды сұрап тұрады. Төсек орын даяр, тамақ даяр. Бір күні бір жерде үлкен той ма, ас па, өзім де білмеймін, бірнеме болып, мұқым халықтың бәрі соған қарай аттанып кетті. Әлгі жігіттің әке-шешесі де кетті. Атқа мінер азаматтың бәрі де кетті. Сөйтіп отырғанда бағанағы жі­гіт келді. Қолымдағы, аяғымдағы шідерді шешіп, босат­ты да: —Я, Қабанбай батыр, екеуіміз күш сынасып көрейік,—де­ ді. Екеуіміз ұстаса кетіп, кіргенде, аяғын керегеге шарт-шарт тигіздім. «Енді кезек—менікі» деп, көтеріп ап көтерген­де аяғым шаңыраққа аз-ақ жетпеді,—дейді Қабанбай. —Я, Қабанбай, мен сені осынша күтіп, сақтап жүргенім­ді білесің бе?—деді жігіт.

тарихи  аңыздар

—Қайдан білейін,—деді Қабанбай.

—Білмесең, мінеки,—деп, киімін шешінді.

Жігіт деп жүргені қыз екен. Мен сені әкелгенде, өзіме
Құдай қосқан қосақ етуге әкелген едім. «Есің бар да, еліңді
тап!» деген, еліңе қайтқың келе ме?—деді. Елін сағынбас ер
бола ма, үйірін сағынбас мал бола ма, неге қайтпайын, егер

қайтатын шама болса.
Далаға шығып кетіп қыз екі тең әкелді, екі ат әкелді және
жүк артуға бір ат әкелді. Теңді бір атқа қостап, екеуіміз екі
атқа мініп алып жүріп кеттік. Сол жүргеннен бес күн жүрдік.

Қыз:

—Енді бір жерге барып орнығайық, жасырынайық, ме­

нің әкемнің аты тұлпардан да кем емес,—деді. Бір таудың
қуысына келіп бір үңгірге кіріп жатады. Сонда үш күн жа-
тады. Тау басына шығып қарауылдап көріп тұрады. Үш күн
өткен соң:

—Енді бізді алатын жау жоқ, әкем іздеп, күдерін үзді,

енді таба алмайды,—деді қыз. Сол жүргеннен жүріп Қабан­
бай жол бастайды. Елге түстік жер қалады. Бір көлдің басы-
на келіп ат оттатады. Қабанбай қызға бірде:

—Мен—сендік, неқақтай қосылайық, біздің ойнап-кү­

луіміз қаша ма?»—деді. Қабанбай болмаған соң қыз теңді
бұзып, жібек шатырын тігіп, төсегін салып:

—Мен суға түсіп, дәрет алып келе қояйын, сен маған

қарама!—дейді. Мұны Қабанбай көңіліне алып, көңіліне
келеді. Шатырдың шетін көтеріп жіберіп Қабанбай қара­
са, қыз судан жаңа ғана шығып келеді екен. Етінің ағы
аппақ қардай екен,—деді Қабанбай. Қыз қалпақтай түсті.

«Мынаған не болды» деп жүгіріп барса, қыздың құр ғана
өкпесі соғып жатыр екен. Көтеріп алып ары шайқай, бері
шайқаса да болмай, қыз өліп қалды. Қызды арулай көме­
ді. Қыздың шешесінің айтқанындай: «мына кәпірді неге

өлтірмедің» дегендей, Қабанбайдың көзі өткір екен, қызға
көз тиіп өледі. Қабанбай жас малға тура қарағанда, таба-
нында өліп қалады екен. Мінеки, жігіттер арман деген осы,

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар
сол әйел тірі болса, ол екеуімізден бала туса, оның күші ме-
нен артық болар еді, артта қалған қазақтың жел жағынан
да, ық жағынан да кісі жүрмес еді. Менің арманым—осы,—

деді Қабанбай. 93. Қаракерей Қабанбай батыр

Қабанбай елінен аулақ сапарда жүргенде ежелден
өштесіп, кек сақтап, қапысын тауып, аңдып жүрген қыр­
ғыздың Аманәлі деген батыры Қабанбайдың елін шау­ып,
егер қылады. Қызын қатын, қатынын жесір, баласын

жетім етіп, ел намысын аяққа басып, ар-намысына дақ са-
лып, ер жүрегіне кешірілмес кек отын тұтатады. Ат жа-
лын тартып мінгеннен-ақ жауына елінің кегін жіберіп
көрмеген ел қорғаны Қабанбай батырға бұл қорлық қатты

батады.
Қарт батыр қаһарланып, халқына хабар айтып, жауына
аттанбақ болады. Қабанбайдың хабарын естіген қазақтың
атақты батырлары тұс-тұстан аттанып, Қабанбай туының

астына жиыла бастайды.
Ел-жұртын жаулар шауып алғаннан соң,
Қайғылы боп қан жұтты қарт Қабанбай.
Мұрыннан келген екен ер Боранбай,

Ақылын әлі де отыр түзей алмай,
Жауымнан қалам ба деп кек ала алмай.
Жиылды тамам батыр дегеннен соң,
Келіпті қанжығалы қарт Бөгембай.

Көкжарлыдан көкжарлы Көкжал Барақ, Шақшақұлы
Жәнібек батыр келді, ақылгөй Бұқар жырау да келді. Ел
кегін қуған ерлердің ұлы дүбір жорығын естіп, сексен сегіз
жасында Бұқар жырау шыдап жата алмай, аттанады.

18-139

тарихи  аңыздар
Тауында Мерген ата арқар, құлжа,
Жігіттер аттанатын тегін олжа.
Жиылды тамам батыр дегеннен соң,

Келіпті Шанышқылы Бердіқожа.
Қабанбайдың батыр інісі—ту ұстаған Дәулетбай, най-
маннан Жантай батыр келеді. Қазақ халқының қол бастаған
батырлары, топ бастаған көсемдері, сөз бастаған шешендері

түгел жиналады.
Ертістің арғы жағы күлдір самай,
Мылтығы Кенекемнің күлдір мамай.
Жиылды тамам батыр дегеннен соң,

Аттанды жұртқа тап боп хан Абылай.
Қабанбай өзінің сенімді, жорықта сыналған жан серігі, ер
қанаты Қубас атын мінеді, өз қасына жолдастыққа Шаға­лақ
батырды алады.

Қабанбай Қубас атты тағалатты,
Бір өзін он мың ерге бағалапты.
Ат ерттесе, тоқымын аудармапты,
Қасына жолдасқа алды Шағалақты.

Қабанбай батыр бастаған қазақтың ығай мен сығай ер­лері
ту алып, тұлпар мініп, егескен жауының еңсесін басып, ке­
гін алу жорығына шеру тартып жүріп кетеді.
Қасына ертіп алды өңшең ерді,

Топ жарған өңшең бағлан, кемеңгерді.
Ыза кегін қырғыздан кеп алмаққа,
Тұп-тура Алатауға жөнелді енді.
Батырлар күні-түні жолбарыстай жортып Алатауға ке­

ліп, жауына кездесе алмай, жау жерінде айлап жатады. Ат

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар
арып, тон тозып, ас-суынан да кемшілік көріп, ерлер байлау­
дағы арыстандай құса болады. Бөгембай, Барақ сияқты бас
батырлардың шыдамы тозып: «Далада атымызды сойып

жата алмаймыз, жауыңды алдырмайсың, қайтуға рұқсат
бер!»—дейді Қабанбайға. Қабанбай бұларға тоқтау айтып,
жауды алмай елге қайтуға рұқсат бермейді.
Соны айтып ер Қабанбай күлімдейді,

«Қой, қайтпайық, сабыр ет, інім!» дейді.
Сол күні жел жоқ, бұлт жоқ шаңқай түсте
Ақ туы Қабанбайды дүрілдейді.
Қабанбай сонда тұрып айғай салды,

Қубасқа «биссмилла» деп мініп алды.
«Бір қырғын шаңқай түсте болады» деп,
Ақ туын дүрілдеген жеті айналды.
Бозбала, тез-тезінен қамдан дейді,

Туымның сыры мағұлым болған дейді.
Бір қырғын шаңқай түсте болады екен,
Жігіттер, атыңды ерттеп қамдан дейді.
Аңсыраған қырандай жауды аңсаған ерлер, қанды май-

дан ұрысқа қамданады. Қарауылға кісі жіберіп, жау хаба-
рын асыға күтеді. Сол кезде көшіп келе жатқан бір тайпа ел
көрінеді. Жау қарасын көріп қуанған ерлер аттарына асы­
ғыс аттанып, ұрысқа даярланып, көш алдынан шығады. Бұл

көш кешегі Қабанбайдың елін шапқан, аңдыған жауы Аман­
әлі батырдың көші болады.
Аманәлі батыр інісімен араздасып, бөліне көшкен бетін­де
аңдып жүрген жауына абайсызда кездеседі.

Аманәлі—самсаған сар қолдан беті қайтпайтын еңіре­
ген ер, қамал бұзған қайсар батыр. Көшінің алдын тосқан
қаптаған жауына суырылып жеке дара жалғыз шабады.

тарихи  аңыздар
Аттанды ер Қабанбай туын алып,
Батырлар жау келді деп бек қуанып.
Алдында қамап тұрған жауды көріп,

Бір батыр көштен келді шыға салып.
Астында көк тұлпар бар қатқан жарап,
Бір өзін шыға келді мыңға балап.
Айбатын шыққан ердің көргеннен соң,

Ешбір жан шыға алмады оңашалап.
Бір өзін мыңға балап, жауына жалғыз шапқан Аманәлі
батыр Қабанбай қолының алдын кес-кестеп, қазақ батыр-
ларын иіріп тастайды. Аманәлі сияқты айбынды батырға

ә дегенде жекпе-жекке топ жарып ешкім шыға алмай
қалады.
Жібермей қолдын алдын иіреді,
Батырлар ыза болып күйіседі.

Ұмтылды шыдай алмай Жантай батыр,
Найзамен түйреп мұны жібереді.

Жекпе-жекке шыққан Бөгембайды да найза шайқап
жуытпайды. Көкжарлы Көкжал Барақ барған шақта найза­
мен іліп тастап, оны тезек құрлы көрмей түсіріп кетеді.
Ызаға шыдай алмай сексен сегіздегі қарт Бұқар ұмтылады:

«Кәрі байқұс, сені бейнет айдады» деп,
Оны да іліп тастап жүре берді.
Ат қойып жетіп келген Бердіқожа батыр да алдыңғылар­
дың кебін киеді. Аманәлі қазақтың даңқы жер жарған атақ­

ты батырларын жекпе-жекте шыдатпай, бірінен соң бірін
түсіре береді. Бір-бірі жүзге салмақ батырларды Аманәлі
қаңбақ құрлы көрмейді.

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар
Аманәлінің асқақтығына шыдай аламай, кеудесін кек
кернеп, ызаға булығып Қабанбайдың інісі Дәулетбай ба-
тыр шығады. Жекпе-жек айқаста Аманәліге Дәулетбай

да төтеп бере алмайды. Күші басым Аманәлі Дәулетбайды
найза үстіне іліп алып көкке көтереді. Қазақ батырла-
рына бұл қорлық қатты батты, ерлердің еңсесін түсіріп,
діңкесін құртып құса қылады. Ту ұстап, майданның

аңысын аңдып тұрған қарт қыран Қабанбай бұдан әрі шы-
дап тұра алмайды. Інісін жауының найзасының ұшында
көрген қарт батыр томағасын сыпырған қырадай түйіліп,
жетіп келеді.

Қабекең кейін тұрған қолды бастап,
Қырғыздың көрініп тұр өнері асқақ.
Ұмтылды таудан құлай ер Қабанбай,
Ақ туды Шағалаққа бере тастап.

Найзадан Дәулетбайды тастай берді,
Дұшпанын Қабанбайдай көзі көрді.
«Құдайдан тілегенім сен едің» деп,
Ат қойып Қабанбайға жетіп келді.

Қабанбай асқақтаған Аманәліні найзамен іліп алып,
басынан тоғыз қабат айналдырып жерге ұрады. Сол кез-
де қолында жетелеген түйесі бар көштен бір қыз зарлап
шығады. Аманәлінің бала дегендегі жалғыз қызы болады.

Әкесінің өліміне көкті күңірентіп, жерді тебірентіп жы­
лап, зары адамның сай-сүйегін сырқыратады. Қыз бос зар-
ламайды. Аманәлінің өліміне жүрегі өртене, еңіреумен бірге
әкесінің өз елімен араздасып, айтқан тілге көнбей келіп,

аңдыған жаудың қармағына ілініп, қаза тапқанын айта зар-
лайды. Әкесінің бір беткей, теріс мінезінің ажалына себеп
болғанын кінәлай күңіренеді.

тарихи  аңыздар
Әкесін қабырғасы сөгіле жоқтай келіп, Қабанбайдың ал-
дында жекпе-жекке шыққан қазақ батырларынан кек ала
өлгенін арман етеді.

Қазақ батырларынан, оның ішінде Қабанбайдан арнап
сауға сұрайды:

—Сауға берсең өзің бер,

Сөйлеп бір тұрған сөзің бер!
Қарайған қара басын бер,
Қиылған қара қасын бер!
Елді шауып аларсың,

Олжа қылып барасың.
Бір қойың сойып берерсің,
Көңілсіз мені аларсың.
Көңілді қатын мен болмай,

Орнымды сипап қаларсың,—
деп сауғаға әкесінің сүйегін, өзінің бас бостандығын сұрай­
ды. Әкесінен айрылған мұңлы, анадан ада, аға, інісі жоқ
жалғыздығын айтып, өмір қызығын көрмеген жастығын ай-

тып еңірейді:

—Ішкен асың бал шығар,

Артқан бір түйең нар шығар,
Еңіретпе, қазақ, еңіретпе,
Ұлың да, қызың бар шығар!—
деп зарлайды. Сонда Қабанбай:

—Ей, жарандар, жарандар,

Бері маған қараңдар,
Осы қызды тонама,
Тонап олжа бола ма?
Көзінен аққан қанды жас,—

деп қызды азат етіп, әкелген түйесін алады.

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар
Түйе хайуаннан асқан өзгеше бір жануар болады. Басын­
да қырық құлаш алтын бұйда, отыз ер арқасына мінгес­кен­
дей, аяғының астынан ел көшкендей.

Атанды тамаша етті жұрттың бәрі,
Мұндай хайуан көрген жоқ жас пен кәрі.
Інісі Қабанбайдың ер Дәулетбай
Келіпті ағасынан сұрағалы.

Қабанбай жақсы көретін інісіне:

—Сұрама осы атанды мен десең сен,

Жүрейін өле-өлгенше қосымды артып.
Ағасының бұл сөзіне Дәулетбай ашуланады:

—Бұл түйені бермесең, сені көрмеймін, тіріде жолдас

боп соңыңа ермеймін, өлсең, сүйегіңе енбеймін,—деп морт
мінезімен, ашумен ауыр сөздер айтады.
Інісінің бұл мінезіне Қабанбай да ерегесіп түйені бер­
мейді. Дәулетбай өз қолын соңынан ертіп ағасымен араз­

дасып аулаққа айрыла көшеді. Арада бірнеше жылдар
өтеді.
Күндерде бір күн Қабанбай қатты науқасқа ұшырап, өлім
халіне жеткен соң ел-жұртына хабар айтады. Қабанбай­

дай ел қорғаны ерінің қайғылы хабарын естіген ел-жұрты
батырынан бақылдық сұрап, Қабанбайдың мұндай хаба-
рын естіп, халықтың сәуегей қарты Бұқар жырау келеді.
Ерінің өлетініне көзі жеткен Бұқар халыққа асқар тауы­ның

құлайтынын, жайлау, қыстауды өрт аларын, халық қор­ға­ны
Қабанбайдың дүниеден қайтатынын күңірене, күйіне жыр-
лайды:

—Ақберен деген сауыттың

Етегі бар жеңі жоқ.
Ағайынды адамның,

тарихи  аңыздар
Төбелессе, кегі жоқ.
Мен шын кісі танысам,
Адам болар кебі жоқ.

Шағалақ пен Шынқожа,
Дәулетбайға барыңдар,
Барып та хабар салыңдар.
Мына ағаңды көрсін де,

Өз қолынан көмсін де,
Қияметте қайтеді,
Арыздасып қалсын де.
Мұны естіген Қабанбай:

—Дәулетбайға бармаңдар, «тіріде мені көрмеймін» деп

ант берген, келмейді.—дейді. Өз қолынан інісіне айттырып
әперген келіні мінез-құлық, ақылы, адамшылық жағынан
Қабанбайға аса қатты ұнайды екен. Сол келініне сәлем ай-
тады.

—Келіннің тілін тірі алмас, Дәулетбай сенен хабар ал­май,

арманы ішінде кетеді,—деп Бұқар жырау Шағалаққа Қубас
атты мінгізіп Дәулетбайға шапқызады.
Бұл Дәулетбайға барып Бұқардың сәлемін айтады. Суық
хабарды Дәулетбайдан бұрын әйелі сезіп, екі бетін алып зар-

лап, қайын ағасына қабырғасы қайысып жылап, күйеуін
есік алдына қоймай қолма-қол үй жыққызып, ат мініп,
тіріде Қабанбайды көріп бақылдасып қалуға асығып жүріп
кетеді:

Қасқыр жортпас қалыңнан
Қарғып өтіп барады,
Түлкі жортпас тоғайдан
Түнде жортып барады,

Ертең сәске болғанда
Елге келіп қалады.
Елге келген белгісі,

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар
Қой баққан қойшыдан
«Ағакем тірі бар ма?» деп,
Сұрап хабар алады.

Қойшы:

—Қабанбайдың болар-болмас халі, шығар-шықпас жаны

бар, сусын берсе ішпейді, қайғылы болып жылаған барша
халық сонда отыр.
Күркілдеп демін алады,
Есіктегі сәулеге

Тесіліп көзін салады,
Сені тосып жатқанға,
Мен білсем, сол ұқсайды.—
дейді. Ашу билеп адасқан Дәулетбай қойшының сөзін ес­

тігенде іші-бауыры елжіреп, «ағакем!» деп күңірене шаба­
ды. Қубас аттың дүбірін хал үстінде кірпігі қимылдап жат­
қан Қабанбай сезіп, далаға кісі шығарып білдіреді. «Інің
келді» дегенде, Қабанбайға тіл бітіп, шырай кіріп, қайра­

тын жиып басын көтереді. Өлім халінде отырған ағасын көр­
ген Дәулетбай іші күйіп еңіреп, бас салады. Өткен өкі­ніш
күндеріне күйініп, екі бірдей ауыр қайғы басына түседі.
Бірін-бірі құшақтап, көптен көрмеген сағыныш, ақырғы

көрісу, өлім үстіндегі қайғымен қамығысады:
Қабанбай айтты: «І­німсің,
Қарағым, інім, күнімсің.
Қырғыздың ақбас атанын,

Елімнің ескі кегі үшін.
Айтайын жалғыз серігім, мына иесіз қалған қалың
малға өкпелеген түйеңді қоса ал!»—деп, інісіне дүниенің
опасыздығын айтады. Інісі Дәулетбайға, жақсы көретін

келініне қалған елге ұйтқы боп, берекелі болуды өсиет етеді.

тарихи  аңыздар
Батыр әлсіреп, басын жастыққа сүйейді. Осындай ауыр
халдің үстіне ел үстіне тағы бір қара түнек орнайды.
Қабанбайдың жан серік туысы, қанды көйлек жолда-

сы Шағалақ батыр ел басына төнген хауіпті өлім алдында
жатқан Қабанбайға естіртуге бата алмай, батыр, билерге
сыбырлап, сасқалақтап тұрғанын сезген Қабанбай қасына
шақырып алады.

Шағалақ келді қасына,
Тізесін қойды басына.
Өкіргенде көл болды,
Көзінен аққан жасы да.

—Айналайын Қабеке-ау,

Көзің тірі жатқанда,
Қорлық деген расы ма?
Ауылға жау төніп тұр,
Мың кісіге бас болып,

Атеке жырық келіп тұр.
Көзі тірі жатқанда
Көңіліне дақ болсын деп,
Елін шауып кетем деп,

Бір шетінен қазақты
Бүріктіріп ат қойып,
Суық хабар беріп тұр,—
деген хабарды естіген Қабанбай басын жұлып алады. «Әлі

кеткен денеме түске дейін әл бер!»—деп тілек тілеп, жан
серігі Қубас атын алдырып ерттетіп, қайраты тасып, орны-
нан тұрғанда батырдың ақ туы дүрілдеп көкке көтеріледі.
Жиырма бестегі күніндей Қабанбай батыр Қубасына мініп,

қалың жауға қарсы шабады.
Ағасының қанын жоқтап, көзі тірісінде Қабанбайдан
кек алуға келген Аманәлінің жас батыр інісі Қабанбай­ға
жек­пе-жекке келеді. Қайратына мініп, қаһарланып алған.

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар
Қарт батыр жауының туын құлатып, жығасын жығып,
жігері тасып, қашқан жауды бұршақ ұрған егіндей жуып,
көзі тірісінде дұшпаннан кегін жібермеген. Қабанбай ба-

тыр қару алып, сауыт киген күйінде ел қорғау жолында, ат
үстінде ажалды күні жетіп, дүниеден өтеді.

94. Қабанның Алтай өңірінде көзге түсуі

Күн өте келе Қабанның қайраты ел көзіне түсе бастай-
ды. Ол кезде Алтай елі де үнемі монғолдармен жауласып
тұрады екен. Бір ретте монғолдар Алтайдағы қазақтардың
жылқысын шауып әкетіп, бұған керейлер жағы адам аттан-

дырады екен. Олармен бірге Қабан да барады. Осы кездегі
айқастан Қабан ерекше көзге түсіп, жылқыны аман-есен
қайтарып әкеледі. Сонымен Қабанның даңқы артып, малы
өсіп дүр ете түседі. Сөйтіп, «Қабанның артына «бай» деген

сөз қосылып «Қабанбай» атанады. 95. Бөгенбай батыр

Ертеде жауынгерлік заманда талай рет елін жаудан
қорғаған Бөгенбай батыр бертінде жүзден асып, қарттық
жеңіп отырады. Түнде жау шауып, қарттың батыр балала­ры
сол түні үйде болмапты. Ызаға булыққан қария жау соңы­на

түседі. Айғайға елеңдеп тұрған ат «жау қайдасың» деп ала
жөнеледі.
Қаптал шапанының етектері далақтап құйғыта шапқан
бойы басқыншылармен араласып қалыпты. Барған бетте

тұқыл найзамен екеу-үшеуін құлатып, көздері от шашып
қалғандарына ұмтылғанда бір жас батыр көлденеңдеп тұ­
ра қалып, шіреніп садақ тартты дейді. Сұр жебе сауытсыз
батырдың қос өкпесінен тиіп, аттан құлап түсіпті. Кейінгі

жұрт жеткенде ол тірі екен:

тарихи  аңыздар

—Жұртым, енді менде арман жоқ,—деп күлімсіреп иек

қағыпты дейді сонда батыр. 96. Қанжығалы қарт Бөгенбай хақында

Қанжығалы қарт Бөгенбай сексеннен асқан шағында
шаруа жайымен жапан далада жалғыз келе жатып, елдің
қарасы көрінген соң «атымды таң асырамын ғой, шалды-
рып барайын» деп атының ауыздығын алып, айылын бо-

сатып, шылбырдан ұзын ғып ұстап, бір тасқа қисайып,
шақшасын алып, насыбайын атыпты. Шақшасын тастың
үстіне қойып, атын шалдырып отырғанда, айғыр мінген бір
жас жігіт жетіп келіп, сәлем жоқ, сауқат жоқ:

—Әй, шал, ана шақшаңды әкелші,—депті.

Қарт Бөгенбай шынтақтап жатып, ат үстіндегі жас
жігітке шақшаны ұсынады. Анау шақшадан насыбайды ата­
ды дағы:

—Әй, шал, мына шақша саған емес, маған лайықты

екен,—деп саптама етіктің қонышына сүңгітіп жіберіп тұра
шабады.
Қарт Бөгенбай атып тұрып: «Қап, мына баланың қор­лы­
ғы-ай»,—деп атының ауыздығын салып, айылын тартып,

тұра қуады. Бөгенбай осал ат міне ме, әлгіндей болмай ба­
ланы қуып жетіп, аттың үстінен жұлып алып, алдына өң­ге­
ріп алады да, етіктің қонышындағы шақшаны алып, алақа­
ны­на толтырып тұрып насыбай алады да, балаға:

—Аш аузыңды!—депті. Бір алақан насыбайды баланың

аузына тастап жіберіп:—Бар, әкеңе. «Бөгенбай әкемнің на-
сыбайына тойғаным-ай» деп айта бар,—деп аттан сілкіп та-
стайды.
Дәулетке мастанған бай баласы есер келмей ме?! Әлгі

жігіт те сол ауылдағы бір байдың баласы екен. Бала көр­
ген-баққанын әкесіне айтып келеді. Әкесі кісінің қан­
жығалы қарт Бөгенбай екенін біліп, соңынан кісі жі­бе­ріп

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар
қайтарып алады да, есер бала үшін ат-шапан айып тө­
леген екен.

97. Өтеген батырдың шұбар тегенесі

Атадан балаға мұра болып келе жатқан Өтеген батыр­
дың—Мүйізді атамыздың шұбар тегенесі тарихтың тыл-
сым түпкірінен көп сыр шертеді. Кезінде ұлы тұлға ту-
ралы көп зерттеп, көп деректер қалдырған Әділ Ділебаев

атамыздың шұбар тегене жайлы көп әңгімелегені бар-ды.
Ол кісінің әңгімесінен бір түйгеніміз, Өтеген батыр мен
Абылай ханның аралас-құралас, ниеттес, көңіл қимас до-
стар болғандығы.

Сонда Әдекең былай деген еді:

—Мүйізді атамның кенже ұлы Тарпаңның Әбжекең

баласы аталатын бір атасынан өсіп-өнген Жолдасбай
Толымбек­ұлы сексен бір жасқа келіп, 1972 жылы қайтыс
болды. Шұбар тегене осы уақытқа дейін сол кісінің үйінде
сақталып келді.

Шұбар тегененің өзі тіпті үлкен. Сол тегене «Өтеген
батырдың шұбар тегенесі» деп аталады. Емен ағашының
тамырынаң өте шебер, зергер адам істеген. Төрт жағындағы
ернеуінің төрт шығыршығы бар. Адамның ұстап көтеруіне

қолайлы. Ішіне 4-5 шелек су сияды. Кішігірім ірі қара­ның
етін түгел салуға болады. Той-жиын, ас бергенде, айт нама-
зында халық сол тегенеден дәм татып отырады.
Тегененің түсі—қара шұбар. Сондықтан «шұбар теге-

не» деп аталады. Ол тегене туралы сұрастырғанымда, Уәли
Алғадайұлы мен Қыдырма Жәпекұлы біраз әңгіме айтты.
Бұл 1959 жылдың маусым айы еді.
Шамасы бұдан 250 жыл бұрын болса керек, қазақтың

соңғы ханы Абылай үш жүздің батырлары мен билерін
Көкшетауға жинап, кеңес ашпақ болып, ел-елге хабар тара-
тады. Кеңес Россия патшалығының қазақтың кең даласы-

тарихи  аңыздар
на өтіп, қоныс ала бастауына байланысты шақырылыпты.
Абылай хан: «Бұған қалай бағынамыз, ерікті түрде ме,
әлде қарсылық көрсетеміз бе?» деген оймен мәжіліс құрған

деседі.
Кеңеске үш жүзден игі жақсылар жиналады. Оған Ұлы
жүзден Төле би, Бөлтірік шешен, Өтеген батыр, Саурық
батыр, Орта жүзден Жанғұтты, Кіші жүзден Есбол датқа

қатысады. Жауғашты батыр да болған дейді. Мәжілісте
барлығы кеңесе келе: «Орыс халқымен соғыспалық, олар
мәдениетті, өнерлі халық, зеңбірек, мылтық, өзге де қару-
жарақтары көп. Қара қазан, сары баланың қамына жай

келісіп, шартпен бағыналық. Орыстар өзбек, қалмақ, тағы
басқалар сияқты шоқпар-сойылмен соғыспайды. Ұшан-те­ңіз
жерді жалға беретін болайық»,—деп шешеді.
Шартта мыналар көрсетіледі: 1) қазақтан армияға адам

алынбайды; 2) отырықшы болмай, малмен көшіп жүреді; 3) өз билігін өздері би-болыстар арқылы шешеді; 4) көп әйел

алуға құқық беріледі; 5) қалың малға қыз беріп, қыз алы­
сады.
Осылай бес-алты мәселе енгізіледі. Және де бектер мен
ақсүйектер ел билейді делінеді. Жер мәселесіне келгенде

Оралдан бері қарай Батыс, Солтүстік, Орталық Қазақстаннан
жер беруге келісіп тарқасады.
Бұл жағдайга көңілі толған Абылай хан билер мен ба­
тырларды ақ ордаға шақырып, үлкен шарадан балдай тәтті

сары қымызды құйғызып отырып:

—Енді, бекзадалар мәселе шешіліп, шартқа қол қойы­

лады. Аздан соң елдеріңе тарайсыңдар, менің сендер-
ге қояр бір сұрағым бар. Сол сұрауға жауап беріп, шешіп
кетсеңіздер!—депті.
Сонан соң Абылай:

—Дүниедегі ең асыл, ең қымбат қазына не?—деп сұрап­

ты. Оған отырғандардың әрқайсысы әртүрлі жауап беріп­ті.
Біреуі—алтын, біреуі бастағы үй, өрістегі қой, жылқы дей­ді.
Сонда Өтеген батыр:

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар

—Тақсыр, мен шешейін, рұқсат етіңіз!—депті.

—Айт, ендеше,—деп Абылай таңданып қалады.

—Үй түйеде қалады, түйе қияда қалады, қой қорада

қалады. Жылқы қуса—жаудікі, соқса—желдікі, алтын да
жерде қалады. Дүниенің ең қымбаты—осы отырған сіздер
емессіздер ме?—деген екен.
Абылай хан:

—Мына кішкене батыр дұрыс тапты,—дейді. «Кішкене»

дегені Өтеген олардың ішіндегі ең жасы кішісі екен. Өтеген
батыр да сөз кезегі келгенде:

—Тақсыр, сізге бір сұрау беруге бола ма?—депті.

—Неге болмасын, айт!—деген екен Абылай.

—Ханым, адам баласы көргенге сене ме, естігенге сене

ме, айтқанға сене ме?—дейді.

—Көргенге сенеді ғой.

—Олай болса, сізбен бірге болдым десем, маған кім сене­

ді,—деп манағы қымыз құйылған тегенені шығыршығы­
нан ұстап тұрып, Өтеген батыр өзіне қарай тарта бергенде,
Абылай сөзге жығылып:

—Ал, ал!—деп тегенені Өтеген батырға берген екен дейді.

Мүйізді атам сол тегенеге «шұбар» деп ат қойып, кенже ұлы
Тарпаңның кіші әйелі Кермеқастың үйіне қояды. Тарпаң
қайтыс болған соң, бәйбіше балалары Қойкелді, Жанкелді,
Абақ дегендер дау шығарып, Абақтың баласы Төлек деген

кісі әкесі екеуі Кермеқастан шұбар тегенені тартып ала-
ды. Кермеқас бәйбішеге қатты назаланып, тегененің шетін
пышақпен бір ұрып:

—Осы жарық біткенде бітермін,—деп таңба түсіреді. Те-

генеде содан із қалған екен.
Содан көп кешікпей Абақтың баласы Төлек ұрлық жа-
ласына жығылып, көп мал төлемек болады да, бодауына
тегенені бермекке келіседі.

Мұны естіген Толымбек деген кісі дау иесіне астындағы
атын беріп, тегенені алып қалады. Сол шұбар тегене Жол-
дасбай қайтыс болғанша оның қолында болады. Ағамыз

тарихи  аңыздар
Жолдасбай қайтыс болған соң, інісі Уәлхан Бекбатыров­тың
үйінде сақтаулы тұр.
Шұбар тегене осылай ұрпақтан ұрпаққа мұра болып ке­

леді. Ал оның күллі қазақ үшін қастерлі де қасиетті құт­ты
аяқ екендігінде дау жоқ.

98. Өтегеннің дүниеге келуі

Өтегеннің әкесі Өтеғұл елу бес жасқа келгенде, азамат
болып, ер жетіп отырған он екі ұлы оба ауруынан қайтыс
болыпты. Он екі ұлынан бірдей айырылған Өтеғұл күн­діз-
түні жылаудан көз ашпапты. Сөйтіп қан жылап жүрге­нін­де

Өтеғұлдың түсіне бір ақ сақалды шал кіріп:

—Әй, Өтеғұл, өлген он екі ұлыңды қайта берейін бе, әлде

он екі ұлға татитын екі ұл берейін бе?—дейді.
Сонда Өтеғұл:

—Койшының аздығы да, көптігі де өлімтік, берсең, он

екі өлікті койып, екі ұлыңды-ақ берші,—депті. Ақсақалды
адам:

—Ендеше, жылама! Он екі ұлыңа татитын екі ұл бер­

дім,—дейді.
Өтеғұлдың жасы елу беске, әйелінің жасы қырық тоғызға
келгенде әйелі жүкті болып, ұл туады. Өлгенімді өтеді деп,
атын Өтеген қояды. Өтегеннің артынан туған ұлының атын

өлгенім табылды деп, Табылды қояды.
Өтеген елі сүйген батыр, даңқты кемеңгер, халқының
қамын ойлаған қамқоршы болыпты.

99. Өтегеннің жер қарауы

Өтеген—халықтың жоғын жоқтап, еліне құтты мекен,
жайлы қоныс іздеп жер-дүниені кезген жиһангер. Қасына
қырық жігітті ертіп, Орта Азияны жалпақ кезіп, орыс

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар
пат­шасы сұраған елді де көріпті. Әр жердің топырағын
қоржынына теңдеп, алып жүреді екен. Ақырында төрт
түлік малға да, елге де жайлы Жиделібайсын деген жерді

ұнатыпты. Ол аймақ тек жылқы малына ғана жайсыз екен.
Өтеген батыр еліне келген соң халқына жау аяғы жет­
пейтін, патшаның билігі өтпейтін жаңа қоныс тапқа­нын ай-
тып:

—Егер көпшілік қарсы болмаса сол жаққа көшейік,

Алатаудың жері малға жайлы болғанымен, жүре-жүре
өрісіміз тарылады, алдымыздағы жылдарда қыс қатты бо-
лып, жұтқа ұрынамыз, ел аштық, жоқшылық көреді,—
дейді.

Қасқараудан шыққан ағайындары Ерсары мен Байсары:

—Жылқыға жайсыз болса несіне көшеміз, жылқы:

мінсек—көлік, жесек—ет, жал-жая, қазы-қарта, ішсек—
қы­мыз. Қазақтың жылқы малынсыз күні жоқ, жылқыдан
айырылсақ, көрген күніміз не болады,—деп қарсы шығады.
Оларды қырық мың жылқысы бар Жыланкөз да қоштайды.

Сөйтіп, қасқараулар көшпей қалады.
Көп ұзамай Өтегеннің айтқаны келеді. Қатты кыстың
арты жұтқа ұласып, халық бар малынан айырылып,
жұтап қалады. Ел ашығып, басына қайғылы күн туады.

Алатаудың баурында қыбырлаған құрт-құмырсқа, аң-құс
та қалмайды. Баяғы Жыланкөз байдың кырық мың жыл­
қысы да жұтқа ұрынады. Халқының ауыр халін көрген
Өтеген батыр: «Әттеген-ай, Жиделібайсын жылқыға жай-

лы деп сонда бір ауыз өтірік айтпағаным-ай!»—деп қатты
өкініпті.

100. Төле бидің Өтегенге бата беруі

Өтегеннің аман келгенін естіген әр рудың жақсылары,
әз-киелілері түгел жиналады. Төле бидің көңілі көтеріліп,
«өлді» деген Өтегеннің туған жерге аман-сау келгеніне ар-
19-139

тарихи  аңыздар
нап ақбоз айғырды шалдырады. Өзі де көңілі көтеріліп,
бауырының сөзін жалықпай тындайды.
Елден аттанған күннен бастап, қай жерде болғанын, қай

елдерді аралағанын, түп-түгел жігін жатқызып, әңгімелей­
ді. Өтегеннің сөзін тыңдап отырғандардың біразы «астапы­
ралла» деп жағаларын ұстайды. Кейбірінің көзіне жас келіп,
сүйектері босайды. Әңгімеге қаныққан Төле би о баста Ұлы

жүзге жердің бетінен қолайлы қоныс ізде деген сөзін есіне
алып:

—Еңіреген еліңе тапқан жерің бар ма? Құшағын ашар

ел бар ма? Сен кеткелі қанша жыл, қайырын Құдай берер
ме? Шығыстан Қытай қаптаса, Қалмақ та тыным таппаса,
Бұқар, Қоқан, Хиуа қылышын жалаңдатып, бір жыл ты-
ныш жатпаса, халқымның күні не болар? Үш жүзді бөліп ап,

күңірентер ме екен елімді? Сындырса бүтін белімді, кімнен
алам кегімді? Мамырлайтын қалың ел, таптың ба, айтшы
жеріңді?—деп жамбастап, жастыққа сүйенеді.
Сонда Өтеген де ардақты ағасының көңілін жықпаймын

деп жәмпеңдеуден гөрі шындықты айтайын деген байлам­ға
келеді де, былай дейді:

—Садағаң кеттім, Төле би!

Алатаудай жер қайда?
Аспан асты, жер үсті,
Қазақтай дархан ел қайда?—
депті. «Атамекеніміз Алатау мен Жетісу, Қаратау үшін қан

майданға түсіп, жаудан кегімізді алайық. Ерте заманнан
бері иеленген қасиетті жерімізден айдап шығайық. Енді
бізге тек қылыштың жүзі, найзаның ұшы, шоқпардың күші
жалынсын!»—деп гүжілдескендерге Төле би қолын жай ғана

көтереді де:

—Түсінгендеймін-ау, шырағым, Өтеген! Ташкенді жау­

дың көзінен қан жаудырып алып бердім. «Алтау ала болса,
аузыңдағы кетеді». Ташкент, Шымкент, Күмкент, Түр­кі­­стан,

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар
Бабата, Сайрам, Әулиеата, Алмалық, Меркі, Созақ, Жетісу
түгел Алтын Емелге дейін сендердің жерің. Ағаш бір жерге
көгерсе керек. Ел болам десеңдер, ежелгі Моғолстан, онан

ары Үйсін аталарыңның елдігін, хандығын, мемлекеттілі­
гін ойлағайсыңдар. Ендігі бостандықтың туын көтеруді бір
Алла саған жазсын!—деп Өтегенге бата беріпті. Отырғандар
«Әумин» деп бата жасаған соң, Өтеген былай депті:

—Жер жәннаты—Жетісуды қалың қалмақка бергенім—

менің тірі жүрмей өлгенім. Ата қоныстан айырылға­ным—
алмастай жүзімнен майырылғаным. Өз жерімді өгейсіт­
ке­нім, аңыратқаным—арымнан да, иманымнан безгенім.
Бө­тен жұрттан жер-жайылым, қоныс іздегенім—дүниедегі

хал­ықтардың хал-ахуалын сезбегенім. Енді Асанқайғы
бабамдай «Жерұйық» іздеп, ешкімге көзімді сатпаймын!
Антты мен босқа айтпаймын! Айттым ба, әруақ жар болса,
сөзімнен қайтпаймын! Ұшы болат найзамды шыңдаймын да

саптаймын.
Арғымақты баптаймын. Ақ семсерді қолға алып, білте­
лі мылтыққа оқ салып, шоқпарды қысып тақымға, тайлы-
тұяғыммен қалың елім Жетісуға қаптаймын!

Өтеген батырдың алған бетінен қайтпайтынын Төле би
бала жастан білетін-ді. Басын изеп:

—Бабалардың сүйегін

Моласында тебірентпей,
Әруақтарды еңіретпей,
Жаудан босат ел-жерді,
Қолдасын Құдай сендерді!—

деп тағы да батасын беріп, ақ жол тілейді. Өтеген бастаған
батырлар мен баһадүрлер сонан былай қалың жаудың ірге­
сін сөгу үшін жанын да, қасық қанын да аямай жорыққа ат­
танады.

тарихи  аңыздар 101. Өтегеннің Абылайды сынауы

Асан деген бір кедей Өтегеннен бір аттың майын сұрап
мініп, алты-жеті жылдай бермей қашқақтап жүріпті. Бірде
Өтеген Асанды кездестіріп калады да, оны алып келуге
жігіттерін жұмсайды. Жігіттер Асанды атымен басып ұстап,

Өтеген мен Абылайдын алдына алып келеді:
Өтеген Абылайға:

—Мен бұл атты жиырма жорғамен бірге жоғалтып едім,

тақсыр, әділдігін айтсаңыз,—дейді. Асан болса:

—Алдияр, мен жылқы ұрлаған жоқпын. Өтегеннің аты­

ның майын мініп едім. Бермей жүргеніме жеті жылдай бол­
ғаны рас. Мені нақақтан күйдірмеңіз. Әділ билігін ай­ты­
ңыз,—деп шырылдайды.
Абылай Асанның сөзіне құлақ аспастан:

—Өтегеннің жиырма жылқысын алпыс жылқы етіп қай­

тарасың!—дейді.
Хан жарлығы—біреу. Асан байғұс жылап-еңіреп еліне
барып, ағайын-туғандарынан жылқы жинайды. Сөйтіп, ал-
пыс жылқыны айдап Абылай мен Өтегеннің алдына келеді.

Абылай Өтегеннен:

—Батырым, әділдігіме разысың ба?—деп сұрайды. Сонда

Өтеген:

—Жоқ, риза емеспін. Ақ-қарасын айырмаған билікте

әділдік жоқ. Мен сені тек сынайын деп едім. Ал сен болсаң,
кедей байқұстың зарын тындамадың. Үкімді кісінің әріне
қарап шығардың. «Майын мінген жылқым еді, нақақтан
күйдірмеңіз» деген сөзін құлағыңа ілмедін,—дейді де

Асанға:

—Сен майын мінген атты кедейлігіңнен бере алмай жүр­

ген шығарсың. Бұл атты басы бүтін бердім, екі дүниеде сұ­
рауы жоқ. Алып келген алпыс жылқынды да айдап ауы­лы­ңа
қайта бер,—деп, Асанды еліне қайтарыпты.

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар 102. Дүниедегі қазына не? Арқада Алтынбек деген батырдың асы болып үш жүздің баласына түгел сауын айтыпты. Асқа жора-жолдаста­ ры­мен Өтеген де келеді. Ол алдымен «ханға сәлем берейін» деп Абылай отырған үйге бұрылады. Хан алты қанат ақ үйде тоқсан тоғыз бимен әңгіме-дүкен құрып отыр екен. Үй сыртынан ат үстінде тұрып тыңдаса, Абылай: —Билерім, дүниедегі қазына не?—деп сұрапты. Билердің біреуі: «Қазына—қорадағы қой, өрістегі жыл­ қы» десе, енді біреулері: «алтын, күміс, асыл тас—таусыл­ мас қазына» дейді. Абылай билердің сөзіне разы болмай, басын шайқайды. Билер Абылайға: «Тақсыр, сөзіңіздің жауабын таба ал­ мадық, шешуін өзіңіз айтыңыз»,—дейді. Осы кезде Өтеген ат үстінде тұрып: —Уа, сөйлес,—дейді. —Сөйлесең, сөйле,—деп шуылдайды үйде отырған би­ лер. Сонда Өтеген: —Аузын буған тоқсан тоғыз өгіз жоғалтып жүрмін,— депті. Абылай Өтеген батырдың даусынан танып: —Мынау Ұлы жүздегі Өтеген батыр ғой. Аттан түсіріп, үйге кіргізіңдер,—дейді де билерге:—шуылдамай тыныш отырыңдар, оның аузын буған тоқсан тоғыз өгіз дегені— сендерсіңдер. Жаңағы дүниедегі қазына не деген сөздің ше­ шуін енді Өтегеннен сұрайық,—дейді. Өтеген үйге кірген соң Абылай оң жағынан орын береді де: —Батыр, естіген сөзіңнің шешуін өзің айтшы,—дейді. Өтеген сонда ойлы көзбен отырған топты шолып шығып: —Қой жинасаң, қорада, үй жинасаң, түйеде, түйе жи­ насаң, қияда қалады. Жылқы жинасаң, дабылмен айдауға кетеді, ысқырса, жаудікі болды. Дүниедегі таусылмас қазы­ на халық болады,—деген екен.

тарихи  аңыздар
Осыны айтып болған соң Өтеген басындағы бөркін ше­
шіп, қасына қояды. Абылай да бөркін алып, Өтегеннің
бөркінің үстіне кигізіп қояды. Бөрікке бөрік киілген соң,

Өтеген батыр екі бөрікті қабаттап ұстап:

—Корықпа, бөркім, қорықпа! Іші жоқ деп, іштеп берді.

Тысы жоқ деп, тыстап берді бұл ханың. Хан бергенін қай­тып
алса, болады, қара бергенін қайтып алса, бала болады,—деп
екі бөрікті қабаттап басына киіп алыпты.

103. Өтегеннің қарызын қайтаруы

Өтеген бір күні базарға келіп, аралап жүріп, өзімен ру-
лас Жүсіп деген адамды кездестіріп қалады. Жүсіп ақшаға
мұқтаж болып тұр екен, батырды көріп қуанып кетеді,
қарызға ақша сұрайды. Өтеген оған бір апта мерзімге отыз

сом ақша қарыз береді.
Сөйтіп, арада үш апта өтеді. Жүсіп қарызға алған ақша­
сын қайтармайды. Өтеген Жанғұтты болысқа Жүсіптің
үстінен шағым айтады. Болыс Жүсіпті шақырып алып:

—Сен Өтегеннен жүз сом қарыз алған екенсің. Ақша­сын

дереу тауып бер, болмаса сол жүз сомның орнына мал бер!—
деп бұйырады.

—Ағатай, алғаным жүз сом емес, отыз сом еді,—деп

Жүсіп жыларман болыпты.
Бірақ Жүсіптің сөзіне ешкім құлақ аспайды, ол тағдыр­
дың салғанына амалсыздан көнеді.
Өтеген үйіне қайтып келген соң Жүсіпті өзіне шақыр­тып

алып:

—Балам, мен сенен артық, ақша алып қойдым ба?—деп

сұрайды.

—Иә, ататай,—деп жылап жіберіпті Жүсіп. Сонда Өтеген

Жүсіпке ақыл айтып:

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар

—Шырағым, сен әлі жассың. Мұнан былай өтірік айту-

шы болма!—деп беліндегі көп ақшаны шешіп, алдына тастай
салады.

—Өзіңдікін ал да, өзімдікін өзіме қайтар,—дейді.

Жүсіп батырдан кешірім сұрап, енді өтірік айтпауға уәде
беріпті. Өтеген Жүсіпке тай мінгізіпті.

104. Өтегеннің қыз беруі

Өтеген далада жүріп, бір күні кешке таман Албан деген
елдегі Әжібай деген өзімен қатарлас бір азаматтың үйіне
қонуға келсе, Әжібай үйінде жоқ екен. Әжібайдың әйелі
Өтегенді қондырып, қонақасыға қой сойып, ішек-қарнын

аршып, бас-сирақ үйтіп жүргенде екі тұлым, бір кекілі бар
үш-төрт шамасындағы бала қыңқылдап жылай берген соң
Өтеген:

—Ей, қызым, жылама,—депті.

Бас үйтіп отырған Әжібайдың әйелі:

—Аты қырық жеті емес, ат ұстар еді,—дейді.

Өтеген:

—Ат ұстар болса, бұл шіркін маған бала (күйеу) бол­

сын,—деп маңдайынан сипапты.
Өтеген кеткен соң бірнеше күннен кейін Әжібай үйіне
келгенде әйелі:

—Әне күні осында Өтеген қонып, біздің Жақсылықты

«Маған бала болсын»,—деп кетті,—деді.
Содан бірнеше жылдар өткен соң жорықта жүрген
Өтегеннің шідері үзіліп қалыпты. Күндіз бір жерде ат отта-
тып отырғанда Өтеген Аюсаға айтады:

—Сен мына үзілген шідерді алып Әжібайға баршы.

Ұқыпты нәрсе еді, басы артық шідері бар ма екен?—деп
Аюсаны жұмсайды. Аюса үзілген шідерді қолына алып
Әжібайға барып, Өтегеннің шідер сұратып жібергенін айтып-

тарихи  аңыздар
ты. Әжібай үзілген шідерге бір сау шідерді қосып екі шідерді
қолына ұстап, тамаша етуші көпшілікке айқайлай айтады:

—Уа, жиылған көп! Мынау екеуміз құда едік. Бұл менен

бір шідер сұратып жіберіпті. Мен оған мына шідерді бердім.
Бұл шідердің үш бұтағы—Өтегеннің үш түлік қалың ма­лы,
шідердің мына желісі—Өтегеннің әртүрлі кәдесі. Енді мен
Өтегеннің қызының қалың малынан құтылдым ба?—деп

айқайлапты. Ерігіп отырған көпшілік:

—Әжібай, сен Өтегеннің қалың малы мен барлық кә­де­

сінен құтылдың,—деп (тамашалап) шуласыпты. Аюса екі
шідерді де алып Өтегенге келеді. Жорықтан жұрт тарасып,
үйлеріне кетеді.
Тағы бірнеше жыл өтіп, қыз бен ұл ержеткен мезгілде

Өтеген бір жатқан келсе, аулынан үш-төрт бөтен ерттеулі ат-
тарды көріп, далада жүрген бәйбішесінен:

—Бұл аттар кімдікі,—деп сұрапты.

Бәйбішесі:

—Қаңғырма (түзде көп жүргендіктен «қаңғырма» де­

гені екен), бір басыңа жететін дүние бар ғой. Қайда жү­ріп
қарыздандың, «күйеуміз»—деп келіп отырған елдің ат­
тары,—депті ашуланып.
Өтегеннің «Әжібайдың баласы маған бала болсын» деге­

ні сонда есіне түсіпті де: «Е, Мақпалжанның күйеуі екен
ғой»—деп ойланып, бәйбішесіне:

—Сен маған ұрыспа. Қолыңа қап ал да, үш керегенің

астында жатқан күйеу балаңды көрші. Мен көрген бала
болса, өскен соң бұзылып кетпесе, сенің Мақпалжаныңа
лайықты еді. Егер күйеу балаң көңіліңе жақса, менде не
дауың бар?—депті.

Өтеген айтқан соң бәйбішесі қолына қап алып, тезек тер-
ген әйел болып үш керегенің астында жатқан күйеу бала­ны
көріп: «Қаңғырманың айтқаны рас екен»,—деп риза болып,
үйіне қайтыпты.

Күйеу бірнеше күн ауыл сыртында жатып, еліне қайт­
қанда, Іленің өзеніндегі мұздың үстімен жүрсе, мұз ойылып,

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар
күйеу бала суға кетіп өліпті. Өтегеннің әйелі: «Қу көзім, жас
баланың түбіне жеттің ба?»—деп жылапты.
Күйеу өлген соң, артындағы жеті жасар інісі Жақыпқа

қалыңсыз беріпті. Қызды алып барған жеті жасар Жақып
ержетіп, жігіт болған соң, Жақып пен Мақпалдан екі ұл
туады.
Үлкенінің аты—Есіркеп, кішісінің аты—Мүсіркеп. Осы

екі бала атқа мінетін болғанда, Әжібай бір күні Жақып пен
Мақпалды шақырып алып:

—Бір ауыз қалжыңмен Өтегеннің қарызы менің мой­­

нымда кетіп барады. Мынау екі жиенін ертіп, Мақпал,
Жақып, қастарыңа он шақты адам жолдас алып, жүз
жылқы, елу түйе айдап барып, көзімнің тірісінде Өтеген­нің
қарызынан құтқарыңдар!—дейді.

Мақпал мен Жақып Әжібайдың айтқан малдарын айдап,
екі ұл мен жолдастарын ертіп, бірқанша күн жол жүріп,
Өтегеннің үйіне күндіз келіп түседі. Өтеген үйде жоқ екен.
Кешке Өтеген аулына келсе, аулының сыртында ерттеулі

аттарды көріп, аттан түспей бәйбішесін шақырып, жай
сұрапты. Бәйбіше:

—Келіп отырған Жақыпжан мен Мақпалжан, тағы екі

жиен, жолдастарымен. Ана жылқылар мен түйелер—со­
лардың айдап келген малдары,—дейді. Өтеген бұл сөзді
естіп, сегіз ұлын шақырып:

—Балаларым, менен туған бала болсаңдар, Әжібайдың

тағалы тайларына тимей, өздеріне қайтарыңдар!—депті. Ба-
лалары:

—Әке, бұл қызыңыздан қалың мал алмаймыз ба?—десе,

Өтеген:

—Әжібай көптің ішінде айқайлап бір шідер өткізді. «Үш

бұтағы—үш түлік малы, желісі—барлық кәдесі. Құтыл­
дым ба, көпшілік!»—дегенде, көпшілік: «құтылдың»,—
деді. Сол жетеді,—деп, Әжібайдың бір малына емес, малы­
ның жалғыз құлынына тигізбей, неше күн қонақ қылып

жіберіпті.

тарихи  аңыздар
Содан Жақыптар ауылдан шыға бергенде Өтегеннің Ба­
зарбай деген ұлы бір айғырды қалап алып қалған екен,
әкесіне айтпай.

Мұны арада бір-екі жыл өткен соң ғана білген батыр бала-
сына қатты ренжіпті. Содан Базарбай ұрпағы өспей қалған
екен.
Өтеген балалары ішіндегі азы да осы Базарбай балалары

деседі. 105. Өтегеннің сәуегейлігі

Бір жылдың тамыз айында Өтеген өз руластарын жинап
алып, қыстың қатты, малға жайсыз болатындығын айтып,
малға жайлы жерге қоныс аударуға шақырады. Ауылдың
қариялары: «Өтеген біліп айтады, малдарыңды айдап, Өте­

генге ілесіңдер»,—деп балаларын Өтегеннің көшіне қосады.
Жолда олар бірнеше ауылды басып өтеді. Өтеген ол ауылдың
адамдарына да: «Биыл жұт болады, мұнда қалмаңдар,
малдарыңды бірге айдаңдар, малды жұттан аман шығарып,

көктемде қайта көшіп келеміз»,—дейді. Алайда біраз адам-
дар Өтегенге ілеспей, қалып қояды.
Көш жүргелі жатқанда Өтеген батырға бір келіншек
келіп:

—Ата-ай, ерім өлгеніне біраз жыл болды. Балам жас,

қолымда аздаған малым бар еді, оны қайтем, ақылыңызды
айтсаңыз,—деп жөн сұрайды.
Өтеген:

—Балам, малдарыңды маған қос, мен өлмесем, бір ма­

лыңды шығын қылмай, көктемде өз қолыңа алып кеп бе­
ремін,—дейді.
Келіншек бар малын Өтеген батырдың көшіне қосып, өзі
баласы екеуі қала береді. Мұны көрген сол ауылдың жігіт­

тері келіншекті мазақтап:

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар

—Басқамыз жұтап қалармыз, сен ақылдылығыңнан

аман қаларсың енді. Жұт болса, алдымен малын айдап кө­­шіп
бара жатқан Өтегеннің өзі жұтар,—деп күледі.
Сөйтіп, Өтеген батыр қысы жұмсақ қоныс тауып, сол жер-
ге қыстап шығады, малын жұттан аман алып, көктемге қа­рай

елге қайтады. Жол-жөнекей әлгі жесір келіншектің ма­­лын,
жаңа туған төлімен аман-есен қолына әкеп береді. Қыс­
тап бара жатқанда мазақтап күлген жігіттер ұялмай сауға
сұрайды. Бар малынан айырылып, жұттан жұтап қалған

оларға Өтеген батыр сұраған малдарын беріп, аштықтан
құтқарады.

106. Өтегеннің араша түсуі

Бірде Қыстаубай деген кедей адам Қоңырдағы дауын
шештіру үшін Абылайға келеді. Абылай Қыстаубайды тың­
дап болған соң:

—Бұл дауыңды шешсем, маған не бересің?—деп сұ­

райды.
Қыстаубай:

—Тақсыр, менің сіз алуға жарайтын нем бар дейсіз?—

дейді.
Абылай:

—Сенің он төртке келген бойжеткен қызың бар. Сол

қызыңды Ақбердіге бересің, ол елуге жаңа шықты, өзі бай,
басының тазы жазылмай жүргені болмаса, қызыңа лайық,
дұрыс адам емес пе?—дейді.
«Сонда бір дауды шешу үшін жап-жас баламды өзі кәрі,

өзі таз Ақбердіге қор қылмайын, одан да Өтегеннен барып,
араша-көмек сұрайын» деп ойлаған Қыстаубай Абылайға:

—Алдияр, үйге барып қабырғаммен кеңесіп көрейін, жа-

уабын сосын беремін,—дейді де, өзі Өтеген батырдың ауы-
лын іздеп жүріп кетеді.

тарихи  аңыздар
Абылайдан үміті үзіліп, тауы шағылған Қыстаубай
Өтегенге келіп, араша сұрайды. Абылай ханға бір ауыз ай-
тып, араша түсуін, қызын Ақбердіге қимайтынын айтады.

Өтеген Қыстаубайды ертіп Абылай ханға келеді. Ат
үстінде тұрып:

—Абылай, сен мына бейшараның Қоңырдағы дауын

неге шешпей жібердің? Асты қорлама құстырады, елді
қорлама састырады. Тыңдамасаң, тыңдаттырамын, ел қа­
наған сендей төрені айдап жүріп құрттырамын!—деп, ат
басын бұрмастан жүріп кетіпті. Абылай тоқта десе де, тоқ­

тамапты. Содан Абылай Қыстаубайдың дауын оның пай­
дасына шешкен екен.

107. Өтегеннің адамға сын беруі

Ұлы жүздің шанышқылы руында Бердіқожа деген ба-
тыр болады. Ол өзінің жалғыз ұлына Тауасардың бала-
сы (Тауасар—Өтеғұлдың інісі Өтептің баласы) Малдыбай
бидің қызын алып беру ниетімен Малдыбай ауылына құда

түсіп келеді. Малдыбай Бердіқожаны жолдас-жоралары­мен
күтіп, сый-сияпатын көрсетеді. Таңертең ертелеп Өтеген­
мен ақылдасуға келеді. Малдыбай Бердіқожаның құда түсіп
келгенін айтып, ағасынан ақыл сұрайды.

Өтеген Малдыбайға:

—Менің ақылымды тындасаң, қызыңды Бердіқожаның

баласына берме,—дейді.
Себебін сұраған Малдыбайға Өтеген:

—Бердіқожа жалғыз шыққан бәйтерек, өзі құласа, жа-

нында орнын басып көгеріп шығары жоқ. Бердіқожа өлген
соң қызың «Малдыбайдың қызы, Бердіқожаның келіні едім»
деп бір аяғына көн етік, бір аяғына тон етік киіп, қайыр
сұрап, қаңғып кетеді,—дейді. Бердіқожа ұйқысынан тұрып

Малдыбайды сұрастырады. Ауыл адамдары оған: «би Жақ­­сы
атаммен ақылдасуға кетті, қазір келіп қалар» дейді.

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар
Сонда Бердіқожа:

—Е-е, Өтеген қарт менімен құда болмайды,—деп Малды-

байды да күтпестен аттанып кеткен екен. Ол жол-жөнекей
өзіне лайық біреудің қызына құда түсіп, баласына алып
береді.
Өтеген батырдың бұл дүниеден өткен, Малдыбайдың

қартайған шағы екен. Бір күні Малдыбайдың үйіне бір
аяғына көн, бір аяғына тон етік киген әйел қайыр сұрап
келіпті. Жөн сұраса, әлгі келіншек Жаныс Қараменде бидің
қызы, баяғы Бердіқожа батырдың келіні болып шығады.

Сонда Малдыбай би:

—Қасиетіңнен айналайын, Жақсы атам-ай! Не деген

әулие едің, не деген киелі едің,—деген екен көзіне жас алып.
Ал қайыр сұрап келген келіншекке отыз қой, құлынды бие,
түйе беріпті.

108. Өтегеннің айласы немесе қырық тазы туралы

Өтеген батырдың қартайған шағы болса керек. Бір күні
аң аулауға шыққан ол қасындағы аз ғана адаммен Шу өзе­
ні­нің саласындағы көкорай шалғынға келіп, тынығып оты­
рады. Осы арада серуен құрып, ерігіп жүрген қырғыздың бір

топ тентектері кездесе кетеді. Қазақ пен қырғыз арасын­да
бір түсініспеушілік орын алған кез болуы керек, қазақ­тар­
ды көрген әрі олардың мінген тұлпарларына, қымбат ер-
тұрманына қызыққан әлгі қырғыздар:

—Мынау қазақтың атақты батыры Өтеген ғой. Біз бұ­лар­

ды алдаусыратып ауылға алып кетейік те, қазақтардан құ­
нын сұратайық. Қазақтар ол үшін барын беруге әзір. Сөй­тіп
бір олжаға батайық,—дейді де, қаннан-қаперсіз отыр­ған
Өтеген батырды жігіттерімен елдеріне алып кетеді.

Елдеріне апарған соң батырдың өзіне бөлек үй тігіп,
қадірлеп күтеді, бірақ қайтармайды. Арада біраз күн өткен
соң қазақтарға: «Батыр керек болса, құнына бір түйенің

тарихи  аңыздар
мойныны гауһар тастан тізілген моншақ салып әкеп, алып
кетіңдер!»—деп адам жібереді.
Бір күні Өтеген батыр қырғыздарға:

—Менің үлкен ұлым Қосағал келе жатыр, оның ашуы

қатты. Үйлеріңді биікке тігіп, малдарыңа ие болындар, ертең
мына жердің бәрін су алады,—дейді. Қырғыздар сенбейді,
батырдың айтқанына құлақ аспайды.
Ертесінде шынымен-ақ күн күркіреп, найзағай са-

тырлап, селдетіп жаңбыр құйып береді. Қырғыздардың
отырған үйлерін, жерлерін тегіс су басып, естерінен та-
нады. Құн сұрамақ тұрмақ, өз малдарына ие бола алмай
қалады. Сөйт­се, Өтегеннің тұңғышы Қосағалдың қат­ты

ашуланғанда күнді күркіретіп, найзағай ойнататын, жаң­
быр жаудыра­тын қасиеті бар екен. Сонымен, Қоса­ғалдың
қолы қырғыз­дар­дың бар малын айдап, Өтеген батырды бо-
сатып әкетеді.

Есін жиған соң қырғыздар жағы:

—Бізден бір қателік өтті. Өтеген батыр кешсін, Қосағал

қалаған малын алып, қалғанын қайтарсын!—деп кешірім
сұрап келіпті.
Сонда Өтеген батыр:

—Жарайды, кешірдім. Бірақ қоятын бір шартым бар, со­

ны орындасаңдар, малдарынды түгел қайтартам, орын­дай
алмасаңдар, маған өкпелемеңдер!—дейді.
Өтеген оларға алдына қырық тазы салып айдатып, бір ба-
тырларын жіберу керектігін айтады. Қырғыздар келіседі.

Қырғыздар елдеріне барған соң, жан-жақтан тазы ит жи-
найды. Қырық тазы да табылады, оларды апаратын батыр да
табылады. Бірақ әлгі батырлары қырық тазыны алдына са-
лып айдай алмай мысы құриды. Себебі, ит адамның соңынан

ілескенімен, еш уақытта алдыға салып айдауға көнбейді
екен.
Сөйтіп, оңай олжаға батпақ болған қырғыздар малынан
айырылып бір ұятқа қалса, сөзден жығылып, шартты орын-

дай алмай екі ұятты болыпты.

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар 109. Қалмақ, қалмақты ептеп алмақ...

Абылай хан, Өтеген батыр Ұлытаудың бөктерінде аң ау-
лап жүріп, бір сайға келіп аз-кем аялдап, демалуға отыра-
ды. Қапысыз отырған хан мен батырдың үстіне жаудың
қалың қолы кездейсоқ тап болып, екеуін қалмақтар бай­

лап әкетеді. Қалмақтың ханы екеуін зынданға салып тас­
тайды.
Өтеген мен Абылайдың қолға түскенін естіген Төле би
батырларды бастап, 30 мың қалмақтың ордасын қамапты.

Қалмақтың ханы Қалдан Церен зәре-құты қалмай қорқып:
«Би ашуланбасын, сөйлесейік, келісейік»,—деп кісісін
жіберіпті.
Төле би ханның ордасына кіріп барып:

—Ей, қалмақтың ханы, жерімді алғаныңды кешіріп

едім, малымды алғаныңды кешіріп едім. Енді батырым
мен ханымды алғаныңды кешірмеспін! 30 мың қолмен өзім
келдім, 30 мың қолмен Қойкелді келеді, 30 мың қолмен
Нау­рызбай келеді,—дейді.

Сонда қалмақтың ханы бұрынғысынан да қатты сасып:

—Биеке, бір білместік болды, кешіріңіз,—деп кешірім

сұрайды. Өтеген мен Абылай екеуін өзі барып зынданнан
шығарып әкелген екен. Өтеген мен Абылай ойда жоқ жерде
Төле биді көргенде таң қалып:

—Қалай келдіңіз?—деп сұрайды.

Сонда Төле би:

—Үндемеңдер, ханым, батырым! Қалмақ, қалмақты еп-

теп алмақ. Осылай етсек жабыла, қалмақтың өзі-ақ біздің
жерден жоғалмақ,—деген екен.
Сөйтіп, Төле бидің «Қалмақ, қалмақты ептеп алмақ» де-
ген сөзі елге тарап кетіпті.

тарихи  аңыздар 110. Өтегеннің жазасы

Бірде бес-алты жігіт жолаушылап келе жатып, жолда
бір үйге тоқтайды. Үй иесі оларды жақсы қарсы алып, атта-
рына жем салып, өздеріне ет асады. Содан анау-мынау ша-
руасын жайғап келген соң өзі де асқа отырады. Аспазшы

оның алдына бір тегене сорпа әкеп қояды. Үй иесі оны ішіп
алып, тағы сұрайды. Сөйтіп, ол бір өзі жиырма адам ішетін
тамақты тауы­сып жейді. Мұны көрген қонақтар таң қалып,
мән-жайын сұрайды.

—Мен де өздерің секілді, елдің ішкенін ішіп, жегенін

жейтінмін. Бірақ алдыма қайткенде де баюды мақсат
етіп қойған едім. Артық ақша шығармауға, артық дү­
ние шашпауға тырыстым. Сол сараңдығымнан осындай
бәлеге душар болдым ғой,—деп бастайды әңгімесін әлгі

кісі,—сонымен не керек, күндердің бір күнінде Вер-
ный қаласына бардым. Меймандар тоқтайтын жерге ке­
ліп, атымды байладым. Атыма жем-шөп алуға ақшамды
қимай, қасындағы аттардың жемінен алып сала салу-

шы едім. Бұл жолы солай етейін деп, жан-жағыма қара­
дым. Өзге жылқылардан оқшау тұрған, түр-түсі келіс­
кен арғымаққа көзім түсті. Алды толған жем, өзі тойып
тұрған сияқты. Ақырдан екі рет жем алдым. Үшінші рет

тағы алмақшы болып, қолымда сала бергенімде, айғыр
қатты пысқырынып жіберді. Сол мезетте денем дір етіп,
тітіркеніп кетті. Ертеңінде жолға шықтым. Бірақ өзімді
бір түрлі жаман сезіндім. Содан бастап тамағым той­

майтын болды. Бар тапқан-таянғаным тамағыма кетіп
жатыр.
Кейіннен сұрастырып білсем, әлгі жылқы Өтеген ба­
тырдың арғымағы екен. «Өзі батыр, өзі бай, қалтасынан

алтын ақшасы үзілмейді» деп естуші едім. Енді одан аты
үшін кек қайтаруды, сәті түссе алтынын тартып алуды
ойладым. Сөйтіп, жолын аңдыдым. Бір күні қарасам, ат
жеккен арбамен келе жатыр екен. Аңдып тұрып, арбасына

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар
қарғып міндім. Ай-шайға қарамай, ту сыртынан жа­быс­
тым. Қолымдағы балғамен бас-көз демей ұрғылап жатыр-
мын. Бірақ ол былқ етер емес. Отыра қалып тепкіледім, оны

да шыбын шаққан құрлы көрмеді. Бір кезде мені жас бала-
дай көтеріп алды да, басымды қолтығының астына салып
қысып жіберді.
Саудырлап бүкіл тісім түсті де қалды. Ол тістерімді қо­

лыма ұстатты да: «Бала, ойының қанды ма? Өлгің келмесе,
ен­дігәрі ұрлық жасама!»—деп арбадан лақтырып таста­ды.
Арам дүниеге қызығып, Өтеген әулиенің жазасына ұшы­
ра­ған бейбақтарың мен болам,—деп әңгімесін аяқтайды үй

иесі. 111. Өтегеннің өкінуі

Өтеген батырдың жалғыз қызы Мақпал тұрмысқа шы­ғар
алдында құда түскен жігіті қайтыс болып, қайнысы өсіп-
жетілгенше бірер жыл үйде отырып қалыпты. Сонан қайын
жұрты келінді алып кетуге келгенде, ұзатылып бара жат­қан

қызын Өтеген батыр шақырып алып:

—Балам, Құдай қалап, құтты орныңа қонбақсың, жа­са­

уыңнан бөлек осы үйден не қалайсың, көңіліңе жаққа­ның­ды
ала ғой!—депті.
Сонымен Мақпал ұзатылып кеткен соң, бірнеше күннен
кейін Өтеген бәйбішесінен қызының не таңдағанын сұрап­

ты. Бәйбішісі:

—Мақпалжан алтын-күміс, асыл тастарды, қымбат та

бағалы заттарды емес, сенің ескі тақияңды ұнатты ғой,—
дейді.
Сөйтсе, Өтеген батырдың талай жорықтарға киген ескі
тақиясы төрде ілулі тұрады екен. Мақпалдың көзі соған тү­

сіп, ырым етіп алған екен. Мұны естіген Өтеген батыр:

—Басымдағы бағым қызға ауды. Қыздарым алғыр, өжет,

ұлдарым жуас болады-ау,—деп өкініпті.
20-139

тарихи  аңыздар
Осы сөздің жаны бар сияқты. «Өтегеннің қыздары өжет,
еті тірі, ұлдары момын болып келеді» деп отырады ауыл
қариялары.

112. Өтегеннің түс жоруы

Абылай алпыс биін шақыртып алып түсін жорытып
отырса, Айыртаудан Көкшетауға Өтеген батыр келе қалған
екен. Батыр есік алдындағы таяқшыға дыбыс беріп:

—Оу, бұл кімнің үйі?—депті.

«Хан сарайын танымай жүрген бұл қандай қисық» деп
ойлап таяқшы:

—Не іздеп жүрсің, кім керек?—дейді.

—Алпыс атаным бар еді, ішінде ақбас бурасы бар еді, со­

ны жоғалтып, іздеп келем,—депті Өтеген батыр.
Мұны естіген Абылай хан:

—Мынау Құбыл екен ғой,—деп оң жағына отырғызып

алып, түсін айтады. (Өтегенді жақындары «Құбыл» дейді
екен).

—Түсімде атым өліпті. Оның ішін жарып едім, қасқыр

шықты, қасқырдың ішін жарып едім, түлкі шықты. Түлкі­
нің ішін жарып едім, борсық шықты. Шешуін таппай тұйық­
қа тіреліп отырмын,—дейді Абылай хан.

—«Ханда қырық кісінің ақылы бар» деуші еді. Алпыс

биіңмен жүз кісісіз. Соны шеше алмай отырып, қазақты
қайтіп басқарасыз?—дейді Өтеген.
Бұған іркіліп қалған Абылай:

—Ендеше өзің айтшы. Қайтіп ел боламыз?—дейді. Сонда

Өтеген батыр:

—Атың өлсе, бұл заман тұлпар заман, ішінен қасқыр

шықса, бұдан кейін қасқыр заман болады. Оның ішінен
түлкі шықса, түлкі заман болады. Оның ішінен борсық
шықса, борсық заман болады, бір жолмен барып, бір жол­мен
қайтатын, адал-арамы аралас болады,—деген екен.

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар 113. Сүйіндік Олжабай батыр ертегісі

(І нұсқа)
Әз Тәукенің тұсында үш жүздің баласы оңтүстіктен
шөлейтке қарай жайлайды екен. Сырдың бойын жағалап,
Жетісу, Алматы, Қапал тауларын өрлей отырады екен.

Орта жүздің қыс қыстауы шүйгіген Сыр бойы да, жаз жай-
лауы Арқаның жоны екен. Сол кезде Орта жүз қазағы Есіл
мен Ертіс арасын қуалай шөлейтке келіп, мал семіртіп
отырғанда, Қайдауыл дейтін өзеннің бойында дүниеге ер Ол-

жабай келеді.
Әкесі Толы би—Айдаболдың немересі. Үргеніш, Қоңы­
рат еліндегі нағашысына кеткенде, бәйбішесі Айбике боса-
нып, күйеуі жоқта туған соң: «Бұл олжа бала»,—деп, атын

Олжабай қойған. Қап түбінде болат қылыш жата ма, олжа
бала, жас күнінің өзінен-ақ талпынып, алмастың асылын-
дай болып өскен екен. Олжа албырт, қатты, хан-сұлтанның
балалары кездескенде, біріне-бірін түйеді екен. Бір кезде

аста-тойда алдын бермей, жолды алып жүрген Құлынкөк
атты қалмақтың жауы ел шапқанда, бірге алып кетеді. Толы
би он төрт жасар баласын нағашысы Қаракерей Қабанбай­
ға жіберіп, Нарқызыл аттың енесінен туған Тайбурылды

қалауға сұратады. Олжа қасына ешкімді алмай, үйінде сүт
еміп тұрған Тайкөкке отырып, қолына сарқамысты садақ
алып «Қаракерей Қабанбайдың елі қайсы» деп тартып
кетеді.

Олжа бала талай күн жүріп, нағашысының елін сұ­
раумен іздеп келеді. «Қалмақтың жаулары бар ма?» деп
аңдиды. Бір күні елсіз қалың орманға кіріп, күні бойы
ел таба алмайды. Күн қара, жаңбыр жауып, кеш түсіп,

түн болады. Бала күн бойы жүріп шаршаған соң, бір
ағаштың түбіне келіп түседі де, Тайкөктің аяғын тұсап,
шалқасынан түсіп жатады. Әлден уақытта байқаса, аты
осқырады. «Неге осқырады?» деп, басын көтеріп қараса,

анадайдан бір-екі от көз жалтырап жақындаған болады.

тарихи  аңыздар
Олжекеңнің қолында садақ пен сары ала қамшыдан бас­
қа дәнеңе жоқ. Малдасын құрып, қамшысын бүктеп, бір
қолына сары ала қамшы, садақ алып отыра береді. Әлгі

от көз таянып қасына келсе, орманның ішінде жүре­
тін бір қабылан екен. Олжекеңнің қарсы алдына келеді
де, бүгесінен түсіп, көзін Олжекеңнен айырмай жа­та
бе­реді, тап бермейді. Олжекең де одан көзін аудармай

қамшысын бүктеп, садағын қасына алып отыра береді.
Түн қап-қараңғы: екеуі сол қарасқаннан күн шығып,
сәске болғанша қарасады. Күндіз әлден уақытта қабылан
тұрады да, артына бір қарап жүре береді. Қабылан кет­

кен соң Олжекең Тайкөктің тілін қатырады да, біраз шал­
дырып, ел іздеп жортып кетеді. Келе жатса, бір су бойын­
да бір қараша үй көрінеді. Үйге келіп, атын белдеуге
байлап, кіріп келсе, үйде бір кемпір отыр екен. Олжекең

екі күндей нәр татып, ел жүзін көрмеген. Кемпір:

—Е, балам, түсің қашып, түн қатып жүрген қай бала­

сың? Еліңді жау шауып, жалғыз қалған бала емессің бе?—
дейді.
Олжекең:

—Е, шеше, елімді шапқанмен қоймай, әкем телі қылған

тоғыз жесірлік Құлынкөк атты да бірге әкетті. Жапан­ның
түзінде жалғыз қараша үйде отырған өзіңіз кімсіз?—дейді.
Кемпір:

—Е, шырағым, ел, руым Найман еді. Елімізді құба қал­мақ

шауып, солардың жосығынан қалып отырған жанмын,—
дейді. Кемпір сәуегей балгер екен. Олжаға бал ашып:

—Шырағым, «ер қанаты—ат» деген, тұлпарыңды әкет­

кен—құба қалмақтың жауы. Сен бұрын тойға шықпаған ал-
бырт бала екенсің, бірақ аруағың күшті, жұлдызың жанып
тұр. Бір кезде қайтсең де құба қалмақтан кек аларсың!—
депті.

Он төрт жасар Олжа нағашысы Қабанбайға барып, тар­
туға Тайбурыл мен ақ сауытты киіп қайтты. Қаракерей
Қабанбайдың қартайған шағы екен. Олжаны үш рет иіскеп,

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар
бейіл салған екен. Олжекең ақ сауытты киіп, Тайбурыл мен
нағашы қосқан бір жігітпен келе жатқанда, бір тайпа қыр­
ғыз еліне жолығады. Қырғыздың бір жақсы адамы Олже­кең­

нің түріне қарайды да, біраз әңгімелескен соң:

—Шырағым, «аталы жұрт—ару ел» деген, «елге ел қо­

сылмаса да, адамға адам қосылады» деген. 114. Олжабай батыр

(ІІ нұсқа)
Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай[дың] әкесі
Толыбайдың жалғыз құла шолақ биесі бар екен. Құла шо­лақ
бие құлындап, арбаға байлап сауып отырғанда, ұры алып

кетіпті. Он жеті жасар күнінде Олжабай сол іздеуге (ізлеуге)
азық-түлік пісіртіп алып:

—Құла биені алған кісі іннің түбіне кіріп кетсе де, қой­

маймын!—деп аттаныпты.
Айдалада бір жалғыз қара лашық үйге кез болып, су­сын
ішіпті. Сонда бір қатын айтыпты:

—Мына белдің астында бір көл бар, сол көлдің басында

бір ел бар. Сол елде бір батыр сенің биеңді байлап, сауып
ішіп отыр. Бір биеңнің сүтімен бір тайпа елді асырап оты-
рар, биеңді бере қояр ма екен? Өзіңді жазым қылар, уыз жас
бала екенсің. Шырағым, жаным ашып айтамын, осы жерден

қайтып кетсең де жарар еді. Мал үшін талайдың желкесін
қиып жүрген қу жалмауыз еді өзі,—депті.

—Уай, шеше-ай, бұтынан ет кеткен соң, ат желмейді, мал

үшін жігіт адам қайда өлмейді? Мен де қатынмын деп атқа
мінгенім жоқ, батырмын ғой деп міндім,—деп атына мініп,
тұпа-тура көлдің басында отырған ауылға қасқиып барып,
құла бие байлаулы тұрған үйге түсе қалып, кіріп барыпты.

Биені алып келген батыр үйде отыр екен. Олжабайдың түрін
көрген жерден танып:

тарихи  аңыздар

—Алдыңа шығып, қолыңды қағар кісі жоқ. Бие сенікі

болса, ал да жүре бер, балам,—деп жақсы сөзін айтып қала
беріпті.
Олжабай биесін ноқталап алып, жетектеп жүре беріпті.
Елсізде келе жатып, бір жерге түсіп, астындағы атын, же-

тектеген биесін оттатып, шалдырып алу үшін олардың ау-
зын шөпке тигізіп, өзі шалқасынан түсіп қаннен-қаперсіз,
дәнемеден уайымсыз жатып, ұйықтап қалыпты. Шырт
ұйқыда жатқанында жүрегі суылдап, құлағы шуылдап, өне

бойы дулап, тамыр-тамыры қыбырлап, ет пен терісінің арасы
жыбырлап, тұла бойы шымырлап бара жатқан соң, шошып
басын көтермепті. Көзін ашып қараса, білектей сары шұбар
жылан кеудесінің үстінде біресе, қойнына кіріп, біресе, мой-

нына оралып, біресе, екі бұтының арасына барып, қойны-
қонышын тегіс аралап жүргенін көріп, аузын аңқитып ашып,
қозғалмастан жата беріпті. «Кіруге ін таба алмай жүрсің ғой,
егер ін екен деп, аузыма кіргендей болса, бәлемнің басын бір-

ақ қыршып тастайын» деп.
Жылан аузына кірмепті, онан басқа денесінің бәрін тү­
гел аралап болып, тамағының астынан жерге сырғып тү­
сіп кетіпті. «Әлгі ит менен не іздеді? Ашып жатқан аузыма

кірмей, енесінің а...на кіремін деп кетті ме?,—деп,—бәлемді
көрінсе, ұмар-жұмар қылайын»,—деп басын көтеріп алса,
басында ақ шалмалы бір қожа отыр дейді.

—Үстімде тіккен үйім жоқ, алдымда айдаған қойым

жоқ. Айдалада шалқасынан түсіп ұйықтап жатқан кісінің
басында қа...мша қақиып қатқаныңның басын аламын деп
отырмысың, қожа? Қожаның арсызы екенсің,—депті.

—Жоқ, шырағым, мен қожа емеспін, өзіңнің бақ-

талайыңмын. Сені дию «алып кетеміз» деп он бес жыл
аңдып еді, мен күзетші болып, алдырмап едім. Бір бүгін
емес, қашан да болсаң, жүргенде қасыңда, жатсаң, басың­
да болатұғын қайып-піріңмін. Сені сынамақ үшін сары шұ­

бар жылан болып, тұла бойыңды кездім. Кеудең дәнеме­
ден шімірікпейтін, деген байдың өзі, көк шолақтың көзі

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар
екенсің. Борбай жағың кішкене тітіркенейін деді, ар­тың­
нан сен ұстаған туды ұстап бала туа қоймас. Ешкімнің әруа­
ғын керек қылма, өз атыңды айтып «Олжабайлап» жауға

шаба бер! Өзің түгіл «Олжабай» деп атыңды айтқанның
алдынан пәле-жала, жын-шайтан серпілер!—деп батасын
беріп, ғайып болды дейді.
* * *

Олжабайдың немересі Арыстанбай жігіт күнінде қа­сын­
да екі жолдасы бар, жоғарғы қаракесек: қарсұн, керней-
қояншы, тағай тарапына бір барымтаға бара жатып,
елсізде бір бес кісі жау жолығыпты. Сонда бұлар да «Олжа­

байлап» шауыпты, ол бесеу де «Олжабайлап» шауыпты.
Ертеңнен кешке шейін соғысып, бірін-бірі ала алмай, ат-
тары болдырған соң аттарынан түсіп, «бір-бірімізге қас­
тық ойламасқа» деп малта жесіп отырып, жөн сұрасыпты.

Сөйтсе, ол бес кісі Қа...шор деген елдің жолаушысы екен.
Сонда бұл Арыстанбай айтыпты:

—Біз «Олжабайладық», мен сол ер Олжабайдың не­ме­

ресімін. Ал сендер неге «Олжабайладыңдар»?—депті. Сонда
олар айтыпты:

—Батыр Олжабай бір жаққа жорыққа бара жатып, біз­

дің елге кез болып, бір үйге қонып жатса, бір бала көтер­мей
жүрген әйел түнде қойнына кіріпті:

—Мен борбайымнан суым сорғалап жүрген жалаңбұт қу

емеспін. Бала көтермей зарыққандықтан, аузына әлі жет­
пеген жамандардың «қубас» деп, байымды мұңайта берген­
дігінен, тарыққаннан, «мергеннен—сыралғы, батырдан—
сауға» деп еді. Бір атым оғын аямас,—деп,—атың шыққан

ер едің, әруағыңнан дәме қылып келдім,—депті.
Сонда Олжабай батыр айтыпты:

—Атым Олжабай болып, ат арқасына мінгелі арам етек-

ке етегімді ашып көргенім жоқ еді. «Болатымды боққа суар­
маспын» деген антым бар еді. Менде бар болса, сен бір ұл

тарихи  аңыздар
табасың, атын «Олжабай» қой,—деп кіндігінен жүндігіне
шейін қолымен бір сипапты да, жүре беріпті. Сонан кідірмей
буаз болып, бір ұл тауып, атын «Олжабай» қойыпты. Мен

де сол Олжабайдың немересімін. Сонан бері елімізге бәйгеге
ат қосса да, жауға шапса да, «Олжабай» деген ат ұран бо-
лып қалған. Біздің «Олжабайлап» шапқан мәніміз—сол,—
депті.

Бұрынғылардың өзі деген кісісінің қылып жүрген
әулиешілігі қалай? Тұрсынбай батыр айтқан екен: «арам
нәрсеге асылымды суарғаным жоқ» деп.
Тәти ұлы Байкісі жиырма сегізінде өлген екен. Ол кісі

һәм айтқан екен: «арам нәрсеге асылымды суарғаным жоқ»
деп. Өз атамыз жетпіс үшінде өтті. Бұл кісі һәм айтқан еді:
«некесіз (некахсыз) әйелдің маңайынан өтіп көргенім жоқ»
деп. Ташкенбай молда һәм айтқан еді: «алпыстан асқанша

ұрғашыға жақындасудың не жұмыс екенін білмеуші едім»
деп.

115. Олжабай батыр

(ІІІ нұсқа)
Бұл—тарих, шежіре. Ауыздан-ауыз алынған сөздерден
жиналған. Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай батырдан
сөйлейік.

Бұл Олжабай батырдың туысы Орта жүз арғында он
үш жасында «Айдабол би» аталған Айдабол-Күліктің
Айдабол ұрпағынан шыққан. Айдабол бидің бәйбішесі­
нен: Жанқозы, Малқозы, Кенжеқозы. Ортаншы қаты­

ны­нан: Қарақозы, Бозқозы, Аққозы. Кенже тоқалынан:
Қожакелді, Тайкелтір. Осының бәрі де өсіп-өніп, өзді ру
ел атанған. Жалғыз-ақ бәйбішенің кенжесі Кенжеқозы
қыршын жас күнінде өліп қалып, атастырып қойған

қалыңдығы оң жақта жесір қалған. Қайыны—Үйсін
Қаратай батыр екен. Айдабол би Қаратай батырдың қызы

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар
тоқалынан туған «Тайкелтірге алып беремін» деген соң
Жанқозы:

—Көттесім жесірін тоқал баласына алдырмаймын,—

деп,—тетелес інім Малқозының баласы Толыбайға алып
беремін,—деп,—берсе, қолынан, бермесе, жолынан ала­
мын,—деп ту тігіп, қосын болып барған.
Қаратай батыр:

—Құдай дескен, құйрық-бауыр жескен құдамсың. «Құ­

даны Құдай қосады» деген. Арғындығыңа кетіп, аңғалдық
қылып, бұл келісің қай келіс? Жасанған қолыңнан, адас­
қан жолыңнан қорықпаймын. Жол-жобадан адаспаймын.
Көп жолдасыңды қайырып жібер, қосшы-қолаңшыңмен

өзің қал. Біржолата ұзатып, алып қайт!—деген соң, Қаратай
батырдың «айтқанына көніп, айдауына жүріп», жаз барған
жолаушы қысқа килігіп қалып, қыс ішінде ұзатып алып
қайтқан.

Қаратай батыр түйесінің басын жетектетуге ша­ныш­
қылыдан Бөктік деген бір қызды алдырып, қызына «жетім»
қылып, қоса берген. Жолда келе осы екі қыздың екеуі де
босанып, ер ұл [туған]. Шанышқылы қызы Бөктіктен ту­ған

баланың атын: «бұған ат болуға осы отырған қос та жетер»
деп «Қосжетер» қойған. Аман-есен елге келген соң «еңбек
қылып барған, жүрген-тұрған бізге олжа болуға Олжабай
жарар» деп Бөктікті онан Қосжетерді Айдабол бидің боса­ға­

сына байлап, Жанқозы әкесі Айдабол биден бата алған. Ай-
дабол бидің толып жатқан көп баласының өсімі-өнімі де бір
төбе, Жанқозының жалғыз өзінің өсімі-өнімі—бір төбе. «Ба-
талы құл арымас, батасыз құл жарымас» делінген сөз осын-

дайдан айтылған.
Айдабол бидің Қожакелді, Тайкелтір екі баласы бірдей
құба қалмақ ханы Қалдан Шерінге олжаға түсіп кетіп,
қалмақ қолында қалған.

—Ол екі бала өлді ғой, не тірі жүрсің?—деп Айдабол

мұн­да қалған балаларына енші үлестіргенде, тоқал ба­
ла­лары­на үлес-сыбаға қалдырмаған. «Болат пышақ қап

тарихи  аңыздар
түбінде жата ма?», Тайкелтір аман келіп, еншіден құр
қалғанын білген соң, жылап қоя берген. Сонда Айдабол би
сасқан, ұялған:

—Мұндағыларға шөп кіндікті малды бердім, саған ет

кіндікті адам қойдым. Мына Бөктік, онан туған Қосжетер
сенің еншің болсын. Қара бауыр қылып ал! Менің кісілігім,
бақ-әруағым сенде қалады,—деп батасын берген.
Сондықтан Тайкелтір, Қосжетер (Қошетер) бір бауыр,

бір ауыл болып, «Тайкелтір-Қосжетер (Қошетер)» атанған.
Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай батырдың әкесі
Толыбайдың жұтта[н] қалған жалғыз құлашолақ биесі
бар екен. Құлашолақ бие құлындап, арбаға байлап сауып

отырғанда, жау алып кетті. Он жеті жасар күнінде Олжабай
құлашолақ [ты] іздеуге екі екі қоржынның басын қақтаған
жылан етіне лық толтырып алып:

—Құс ұшпас, құлан жортпас белдерден де асармын. Ұш­

қан құстың қанаты күйетұғын, жүрсе, аттың тұяғы күйетұ­
ғын шөлдерден де асармын. Құла биені жеті қабат жердің
түбіне кіріп кетсе де, қоймаймын!—деп аттаныпты.
Өз үйінен шыққаннан соңғы көрген жарық сәулесі ай­

далада бір жалғыз лашық үйге кез болыпты. Аптығып,
асығып үйге кіріп келсе, бір сары қарын қатын отыр. Бір
күбі быжылдап, ашыған айран тұр. Бір нәрсеге құйып, ішуге
қарамастан, күбі-мүбісімен басына бір-ақ көтеріпті. Қатын

үрейі ұшып, қорқып, сүйсініп:

—Ішкенің ас болсын, бойыңа жұғымды болсын! Сұйық

асты ішкеніңе мейірім қанды. Бұрын түзге шықпаған, жол
жүрмеген бала екенсің. Қой-қозысы құрғыр жоқ болса да,
ешкі-лақ бар еді. Сауыны болғанда, саудыруға өздері келеді.
Лақ емес, кебенек келгірдің бір семізін сояйын. Боғы мен

қанынан басқасын қазан толтырып асып, алдыңа қояйын.
Сұйық асты ішкеніңе айызым қанды. Тамақ жеген жесіңді
көрейін,—деп жалыныпты.

—Жоқ, бәйбіше, бір құлашолақ бие алдырып, соны іздеп

таппай, көт басып отыруға мұршам жоқ,—депті.

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар
Қатын сөйлепті:

—Осы үйдің есігінен анау көгеріп көрініп тұрған тау

емес, «Қара үңгірдің қара жоны» аталған көлденең жатқан
бел. Ол белдің ар жағы—«Қаражонның сеңгір көлі» атанған
көл. Сол көлдің басында суатын жағалай қонған ел. Сол
елде бір батыр сенің биеңді, құлынын арбаға байлап, сауып

ішіп, бір биенің сүтімен бір тайпа елді асырап, биеңді бере
қояр ма екен? Мал үшін талайдың желкесін қиып жүрген қу
жал­мауыз еді. Аузыңнан сүтің шығып тұрған уыз жас бала
екенсің. Шырағым, жаным ашығандықпен айтамын. Осы

жерден қайтып кетсең де жарар еді.

—Уай, шеше-ай, бұтыңнан ет кеткен соң ат желмейді, мал

үшін жігіт адам қайда өлмейді. Мен де қатынмын деп атқа
мінгенім жоқ, батырмын ғой деп атқа міндім,—деп атына
мініп, жүре берді.
Масасын ызылдатып, сонасын қожылдатып, белден

асып, сеңгірді айналып (айланып), тұпа-тура көлдің суа-
тында отырған ауылға қасқиып барып, құла биенің құлы­
ны бай­лаулы тұрған арбаға атын байлап, үйге кіріп бар-
ды. Қазағыңша сәлем-мәлемді білмейді. «Амансың бамен»

жұмысы да жоқ:

—Мына құлынды арбаға байлап қойған[ы] несі?—дейді.

Талай жауға ат ойнатып, талай шұңқырға қарыннан қа­
зан қайнатып жүрген шонжар өз үйінің төрінде отыр екен.
Олжабайдың кескін-түрін көрген соң:

—Балам, алдыңа шығып, қолыңды қағар кісі жоқ. Бие

сенікі болса, ал да, жүре бер!—деп жақсы сөзін айтып, қала
беріпті.
Олжабай батыр биесін алып жетектеп жүре беріпті. Үй­
ден шыққалы ұйқы деген неменің қайда кеткенін де біл­

мейді, кірпік қағып, көзі ілінген жоқ екен. «Түл­кі жортпас
тумадан, итқұс кезбес қолаттан» өтіп, осы жерден жанды
қара жүре қалмас-ау дерлік, бедірейіп жатқан Бетпақда­
лаға шыққан соң бір жерге түсіп[т]і. Астындағы атының

тарихи  аңыздар
аунасын деп, ер-тоқымын алып қунасын деп, жүгенін
алып, құла биенің ноқтасын сыпырып алып:

—Ұш, жануар, аяғың барғанша жүріп оттай бер,—деп

қоя беріп, өзі шалқасынан түсіп жата қалыпты. Сілесі
құрып ұйықтап, қата қалыпты. Шырт ұйқыда жатқанда
жүрегі суылдап, құлағы шуылдап, өне бойы суынып,
біреу буындырғандай буынып, ет пен терісінің арасы жы-

бырлап, тұла бойы шымырлап бара жатқанын сезіп, шо-
шып басын көтермепті, көзін ашып қараса, күпшіктей
сары шұбар жылан кеудесінің үстінде біресе, қойнына
кіріп, біресе, мойнына оралып, біресе, екі бұтының ара-

сына барып, қойын-қонышын тегіс аралап жүргенін
көріп, аузын аңқитып ашып, қозғалмастан жата беріп­ті.
«Кіруге ін таба алмай жүрген енеңді ғана сі...ін-ау, егер
ін екен деп, аузыма кіргендей болса, бәлемнің басын бір-

ақ қыршып тастайын»,—деп. Жылан аузына кірмепті.
Онан басқа денесінің бәрін түгел аралап, тамағының
астынан жерге сырғып түсіп кетіпті. «Әлгі ит менен
не іздеді? Ашып жатқан аузыма кірмей, енесінің а...

на кіремін» деп кетті ме? Бәлемді көрінсе, ұмар-жұмар
қылайын»,—деп басын көтеріп алса, басында ақ шалма-
лы бір қожа отыр.

—Үстімде тіккен үйім жоқ. Алдымда айдап жүрген

қойым жоқ. Айдалада шалқасынан түсіп ұйықтап жат­
қан кісінің басында қ...ямша қақиып қатқаныңның басын
аламын деп отырмысың, қожа? Қожаның арсызы-ақ екен­
сің!—депті.

—Жоқ, шырағым, мен қожа емеспін. Өзіңнің бақ-

талайың, қайып-піріңмін. Сені дию, перілер «алып кетеміз»
деп, он бес жыл аңдып еді. Мен күзетші болып алдырмап
едім. Бір бүгін емес, қашан да болсаң, жүрсең, қасында,
жатсаң, басында болатұғын алмажайыңмын. Сені сынамақ

үшін сары шұбар жылан бо­лып, тұла бойыңды кездім, ара-
ладым. Кеудең дәнемеден шімірікпейтұғын де­ген байдың
өзі, көк шолақтың көзі екенсің. Борбай жағың кішкене

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар
тітіркенейін деді. Артыңнан сен ұстаған туды ұстап бала туа
қоймас. Ешкімнің әруағын керек қылма! Жауға шапсаң, өз
әруағыңды көтеріп: «Олжабай! Олжабайлап» шаба бер! Сары

шұбар жылан болып, оқ бойы алдыңда ұшып отырамын. Өзің
түгіл, «Олжабай! Олжабай!» деп атыңды айтқанның алдынан
жау беттеп тұра алмай, қаша берер,—деп ғайып [қайып] бол-
ды дейді.

116. Олжабай батыр

(ІV нұсқа)
«Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай» деседі. Бұл
сөзге дәлел боларлық әңгіме айтады.
Бұрынғы қазақтың жорықшыл, жортуылшы болып

жүрген күндерінде бірін-бірі танымайтұғын екі жау түзде
кездессе, қай бұрын «Олжабайлап» шапқаны жойып, жеңіп
алып кете береді екен. Бірінен бірі естіп, құлағы есіткен
(естіген) қазақ жауға шапса: «Олжабай, Олжабай!»—деп

шабатұғын болыпты.
Қазақ орысқа қарамаған күнде Айдабол ішінде Құлнияз,
Бабыр аталған екі ру елдің жылқыларын жау алыпты. Қарап
отыра ала ма, тайлы-таяғына шейін қалмай, қуыпты. Сон-

да жауға шапқанда: «Құлболды! Құлболдылап» шауыпты.
Жеткендерін «қызыл көтен» қылып түсіріп, қиратып бара-
ды дейді. Қуғыншылардың ішінде Құлнияз ұрпағы, Құнды
баласы Байдалы бар екен.

Аты жүйрік болмағандықтан, жігері құм болып, кейінгі
қуғыншылардың ішінде келеді екен.

—«Құлболды жолы қызыл-жосыл қан болады!»—дей­

тұғын, «Олжабай, Олжабай!»—деп, шаба көріңдер! деген
соң:

—Олжабай! Олжабай!—десіп шуласыпты.

Сөйтсе, Бабыр ішінде түбі-тегі сарт бір биеші бие сауып
жүрген бір құлынды биеге жайдақ міне салып, шапқан екен.

тарихи  аңыздар
«Олжабай! Олжабайлап» ба­рып, жауды жайратып, қалға­
ны тырым-тырақай қашып, жұрт жылқысын аман айырып
алып қалыпты.

—Жауды түсірген кім? Кім?—дегенде:

—Бір биеші,—делінгеннен: «Биеші» атанып, осы күнде

соның ұрпағы: «Биеші балаларымыз!»—деседі. «Тоғайда
Апайбері Қазанғап ауылында төртті-бесті үй бармыз!»—
дейді.
Қазақ орысқа қарамаған күндерде Ертістің арғы жү­

зі «Қарағай», «Жақсылық»—дегенмен, жалпақ Сүйіндік
жылқысын солай айдады дейді. Жылқышылардың ішінде
Шоң, Торайғырдың кенже інісі Қосдәулет бар, Сары деген
таптан Ботбай бар, Қаржас, Таластан «Төртқара» атанған­

ның бір қарасы Жаманқара бар. Өзге елдің жылқысы Ер­
тіс­тен әрі өтіп, Қызылтау-Қозғанының жылқылары Ертіс­
тің бер жағында жатып калыпты. Қозған жылқыларын түп
көтере жау алыпты. Қостарында арқандаулы тұрған аттарын

міне сала жылқышылар қуды дейді. Сонда ішінде қу сақал
бір қырқылжың:

—Балалар, «Олжабай! Олжабай!»—деп, шаба көрің­

дер!—депті. «Олжабайласып», шуласқан соң, жаудан кісі
топыр­лап түсе бастапты, жылқыларын да аман айырып
алыпты. Қолға түскен жау кісісін атқа жайдақ мінгізіп, екі
аяғын аттың бауырына қоса байлап, жылқымен бірге ай­

дасып қайтыпты. Сонда қолға түскен жау кісісі:

—Сендердің мана бізді қуған көп кісілерің қайда?!—деп

қоймайды дейді.

—Осы шіркін не былшылдап отыр? Қос басына бесті-

алтылы жылқышымыз. Ел жоқ, күн жоқ, көп кісі біз­ге
қайдан келуші еді?!—десіпті,—ендеше мана біздің кө­зі­
мізге күннің көзі, жердің жүзі кісіге толып кетті. Біздің
батыр-басымыз Наманай, Мендеке батыр еді. Ол «өзінің

өз болғалы, көйлегі бөз болғалы» бетін бұрып, тайсалып,
жаудан қашқаны-ақ осы шығар! Ол қашқан соң, өзгеміз­де
не үрей қалсын?! Жан тәтті ғой! Қайсың ұрып жығып, мені

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар
байлап алдыңдар? «Етімізге нәпіз етпесін (итме­сін)!»—деп,
өзіміз аттан құлап, топылдап түсе бердік. Мына отыр­ған
сендерге бұл жылқыдан бір тал қыл да бұйырмайтын еді!—

депті.
Осы сөздер сол замандағы талайдың аузында әңгіме бо-
лып жүрген сөз ғой. Көктен маған Жебірейіл келіп айтып
отыр дейсіңдер ме?! «Құлағының тесігі бар, қеудесінің есігі

бар» құма құлақ шалдар сөйлеп, сонан бірден бірге қалып,
әңгіме болып, жеті атаға келген. Міне, мен сөйлеп отыр-
мын. «Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай» батырдың
немересі Арыстанбай жігіт күнінде қасында екі жолдасы бар

жоғарғы қаракесек: қарсұн-керней, қояншы-тағай жағын­да
жорықта жүрсе, елсізде бір бес кісі жау жолығыпты. Сон­да
бұл Арыстанбайлар «Олжабайлап» шауыпты. Ана бесеуі де
«Олжа­байлап» шауыпты. Ертеңнен кешке дейін соғы­сып,

бірін-бірі ала алмай, аттары болдырған соң, титығы құрып,
аттарынан түсіп: «Бір-бірімізге қастық ойламасқа!»—деп,
қоржындарынан алып, малта тас түсіріпті. Олай қылғаны
елдескендігіне сенімді уәделері екен.

—Танысып, білісейік!—десіп жөн сұрасыпты.

—Біз—Айдабол, Күліктің Айдаболы. Әкемнің аты—

Дулат, өз атым—Арыстанбай, Дулат әкесі—батыр Олжа­бай.
Мен бабамның аруағын шақырдым. Сендердікі не? Сен неге
«Олжабайладың?»—депті.
Онда ол айтыпты:

—Жа[с]тықта сол өзің айтып отырған батыр Олжабай

бір жорыққа бара жатып, біздің Шор Ұлытаудікіне қона­
ды. Ұлытау өзі Ұлытау, Кішітаудың Ұлытауында туып,
атын «Ұлытау» қойған екен. Өз заманында өзі Ұлытау қан­
дай болса, сондай жан болыпты. Дүниенің жүзінде жалғыз-

ақ кемшілігі—перзентсіз болыпты. Алған қатыны да өз
тұсындағы әйелдің «құлан қарауыл алғары—қиғашы» ата-
ныпты, пұшпағы қанамапты. Олжабай батырға қос тігіп бе­
ріп, мандық көрпе жауып, қатыны бір шапанды бас жағына

іліпті:

тарихи  аңыздар

—Мынау әруағыңа байлаған ақтығым. «Ертең киіп [кет-

се], көзі бола ма?!
Тиіп кетсе, сөзі бола ма?» деп, Олжабай батырдың
қойнына кіріп барыпты.—Мен борбайымнан суым сорғалап
жүрген жалаң бұт қу емеспін. Абысын-ажынның: «пұш­пағы

қанамаған, Құдай қаламаған!»—деген сөзін не қылайын?!
«Ұрыспас ұл, керіспес келін» бола ма? Аузына әлі жет­пе­
ген жамандардың: «қубас, шіркін!»—деп, байымды мұ­ңай­
та бергендігінен, тарығып, зарығып: «мергеннен—сирақ

(сырағы), батырдан—сауға» деуші еді ғой! Атың шыққан
ер едің: «бір атым оғын аямас!»—деп, әруағыңнан дәметіп
келдім,—депті.

—Атым Олжабай болып, ат арқасына мінгелі арам етек­

ке етегімді ашып көрген жан емес едім. «Болатымды боқ­
қа суармаспын!» деген антым бар еді. «Жолыма жобалғы
болар!» деп, жоламаушы едім. Менде бар болса, сен бір ұл
табасың. Атын «Олжабай» қой!—деп, кіндігінен жүндігіне

шейін бір сипап жүре беріпті.
Қатын ертеңінде қайта тұра келіпті:

—Қо...ғымен с.іп берген жоқ, қолымен тығып берген жоқ.

Бір бала беріп кетті!—деп, бозқасқа сойып тарқатыпты.
Сонан кідірмей буаз болып, ер ұл тауып, атын: «Олжа-
бай» қойып, сол Олжабайдан туған Ханкелді—мына мен!
Мен де сол Олжабайдың лепес баласы Олжабайдан туғам.

Сондықтан біз де Олжабайды ұран қылып алғанбыз!—
депті.
Міне, бұрынғының әулие екендігі—осы, өз заманын­да­
ғы­лар «Олжабай!» деп жүрген, жүріп, қылып жүрген қы­

лығы. 117. Малайсары және Олжабай

Орта жүз Арғын, Сырым, Малайсары батырдың әкесі
Тоқтауыл батыр заманында «батыр» атанған кісі екен.

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар
Тоқтауыл батырдың ауылы бір қопалы көлге қонып: «от-
тасын, жайылсын!»—деп, бұйдасын түріп, бос жіберген
түйелері қопаның ну қамысына шөгіп, бет-бетімен аралап

кіріп кетіпті.
Не екенін білмейді, бір нәрсе түйелерді лақтырып: «әуп!
әуп!» де­ген дауыс естілген соң: «дәу де болса, бұл жолба-
рыс шығар!» деп, жұрт ду көтеріле шапқанда, Малайсары

бір шұбар тайға мініп, олай-былай шапқылап жүрген бала
жұрттан бұрын абайсыз жолбарысқа барып қалғанда, жол-
барыс шұбар тайдың құйрығынан алып, «әуп!» деп, аспанға
атқанда, бала таймен бірге кетпепті. Жолбарыстың үстінде

мойнынан құшақтап, ұйқы-тұйқы болып жүргеннің үстіне
Тоқтауыл батыр барып қалып, жолбарысты жарып, бала­сын
аман айырып алыпты.
Осы Малайсары заманында ептейсіз ірі батырдың есепті

бірі болған.
Абылайдың мінгені Айғайсары,
Айғайласып келгенде, жердің тары.
Абылайды сан қалмақ қамап жатыр,

Туыңды ала, шаба гөр, Малайсары!
Абылай хан атақты, әруақты, бақты хан болған күнінде
Уақ Сары Баянсыз, Балтакерей Тұрсынбайсыз, Шаныш­
қылы Бердіқожа, Көкжарлы көкжал Барақ, Сырым Малай-

сарысыз жорыққа аттанбайды екен.
Сырым Малайсары батыр қара қалмақ Қатысыбан­ның
ханы Қоңтажының қолына тұтқындыққа түсіпті. Қал­
мақ­тың ханы ақбоз үйге кіргізіп, құда, күйеуше сыйлап

күтіп: «Сірә, мұнымен елдеспей, бізге тыным-тыныштық
болмас!»—деп:

—Сені біз осы сыйлаған бетімізбен сыйлап аттанды­

райық. Сен тұңғышың Тілеуқабылды бізге «ақ үйліге» бер!
Ақ мылтықтың ауызын жаласып, анттасайық. Бір-біріміз­
ге жау болмасқа сенімді уәдеміз осы болсын!»—десіп, бұл
21-139

тарихи  аңыздар
баласы Тілеуқабылды қалмаққа «ақ үйліге» бермек болып,
ақ мылтықтың ауызын жаласып, анттасып қайтқан екен.
Сонан үйіне келіп, жаңа «уе» (уф) деп, демін алып отырған

үстіне қалмаққа қосын жасап, ту тігіп, Абылай хан келіп
қалыпты:

—Отырма! Атқа мін, жүр!—дейді ғой. Малайсары:

—Мені қой, мен бармаймын! «Қалмақпен жаулас­пай­

мын!»—деп, ақ мылтықтың ауызын жаласып, анттасып
қайтып едім. Антқа ұшырап қалармын!—дейді.

—Қалмақ шіркіннің анты не қылар дейсің?! Жүр, сен

бармасаң, болмайды!—деп, еркіне қоймай, ертіп алып, атта-
нып, қалмаққа барған екен. Барса, қалмақ күн бұрын естіп,
күтініп, дүние дүние болғалы, жер, су болғалы жау беттеп
кіріп, бұзып ала алмайтұғын бір берік қорғандары болады

екен, тас-түйін болып соған қамалған екен.
Сонда Абылай хан төрт батырды жіберіпті:

—Қорғанды айналып [айланып] болжап келіңдер, бұзып

кірер жері бар ма екен?—деп.
Сонда Уақ Сары Баян жоғары ұмтылып, қорғанның
үстінен үңіліп, ішіне қарай бергенде, дулығаның қақ
маңдайынан оқ тиіп, дулығаның артына қарай қай­

қайып қалғанын көріп: «жығылды ғой» деп, калмақтың
мергендері қорғанның үстіне шығып, көре сала батырлар
жалт беріп қашқанда, арт жағынан оқты жаңбырдай жау-
дырыпты.

Сонда Абылай хан:

—Бір қанды ауыз мылтықтың ауызы Малайсары­

ға дөп келді-ау! Құдай-ай, сақтай кер!—дегенше болмай,
Малайсарының сауытының жырық жігінен шонданай­дан
оқ тиген екен. Жүремете сол қалмақ үш атыпты. Өзге­лері
дін есен, неше оқ болса Малайсарыға тиіпті. Батырлар аман

келгеніне өзгелері қуанысқан екен, Абылай хан:

—Малайсары аман емес, аты кереңдеп қалды!—депті.

Айтса, айтқандай, Малайсарының белін оқ қиратып таста­
ған екен.

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар
Қосына ап келіп түсіріп, жатқызыпты. Абылай хан:

—Өзге тамақты бұған бере беріңдер! Жалғыз-ақ ескі

қатқан сүр ет бермеңдер! Шегі аман. Қатқан сүр ет берсен­дер,
шегі жыртылады. Онан соң үйірге қосылмайды!—депті.
Малайсарыны бақыршысы бағып, қоста жата береді.
Өзгелері күнде аттанып қорғанға бара береді.

Бұрынғы хандар мұндай зор соғысқа барғанда, қосын­ды
үш бөлек қылады екен. Бір бөлегін: «кезуілші» деп, оқшау
бөлек алдында жүргізеді екен. Бір бөлегін: «тосқауылшы»
деп, ханды ортасына алып, орта буында жүреді екен. Бір

бөлегін: «салықшы» деп, запас баққан аттарымен кейін арт-
тарына тастайды екен. Олжабай бұрын есепке кіріп, қа­тар­
ға косылмаған күні болса керек. Әйтеуір сол жорықта бар,
бірақ «салықшылардың» ішінде екен.

Олжабай—ат жайған көп қазақтың бірі. Атын жайып,
көйлек-дамбалын шешіп, қаннен-қаперсіз [каннан-қа­бар­
сыз] қарап отырса, бір кек шолақ атты, кек шекпенді біреу
екі етегі жалп-жалп етіп, далақтап, екі көзі алақтап, атын

басқа-көзге төпелеп [төбелеп], із өкшесі елсіз даладан шы­
ғып, дәнемемен ісі жоқ, Олжабайдың қақ қасынан шауып
өте бергенде, Олжабай:

—«Немене, немене» деп асығып-үсігіп кайда барасың?—

деді. Онда ол:

—Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай алтын қақпа­

ны дал-дал қылып бұзып, жұртқа олжа үлестіріп жатқанда,
олжадан құр қалайын ба?—деп шаба жөнеліпті.
Олжабай батыр отыра алмай, ұшып тұра келіп:

—Уау, мына қалмақтың дал-дал болуы, мына қақпаның

бұзылуы менің қолымнан болмақ екен-ау,—деп, тұра киініп,
аттанып:

—Олжабай! Олжабай!—деп, шауып, жолында тұрған

Абылайдың ала туын жұлып ала жөнеліп, қорғанға қор­
ғаламастан қасқиып жетіп барғанда, бір қалмақ туды көз­
деп атқанда, қалмақтың ту ұстаған қолының қоспасынан
тиіп, оны бір тікенек қадалған құрлы көрмей, ала туды

тарихи  аңыздар
Абылай­дың өзіне бере салып, аттан түсе қалып, дарбаза-
ны [даруазаны] шапқылағанда, қалайы-қорғасын құйып
жасаған дарбаза саз балшықтай иленіп, қамалып жүрген

қазақ сорлы, несін сұрайсың, қарқ олжаға батып, мәре-сәре
болыпты.

—Олжабай, Олжабай!—деп, тұсынан шауып өте бергенде,

қозғала алмай жатқан Малайсары белін оратып таңдырып:

—Мына жауды Олжабай мұқатып алып, абырой әруақ

Олжабайда қалатұғын болды. Мен құр қалам ба?—деп, атқа
үш мініп, үш түскен екен. Осы хабар Шүршіт патшасына
естіліп:

—Сол қақпа бұзған батырын маған жіберсін, көремін!—

депті.
Барған соң құлжаның қос басындай оқтың үңірейтіп те­
сіп кеткенін көріп:

—Мына қолыңды оқ мынадай үңірейтіп кеткенде, қақ­

паны қалай шапқылап жүрсің?—депті.

—Мен оқтың тигенін де, оның не қылып, не қойып

жүргенін білдім бе екен?—депті.
Сонда Шүршіт патшасы сары ала ту, сауыт-сайман,
дулыға, қалқан, сауытты ат мінгізіп, құшақтасып, дос бо-
лып, бұрынғы Олжабай емес, басқа бөлек Олжабай болып

қайтыпты.
Малайсары батырдың бір сөзі қала беріпті. Ол не сөз де­
сең, Абылай хан айтты ғой: «Қатқан сүр ет бере көрмеңдер»
деп. Қалмақ қорғанда қамалып жатыр, бұлар елсіз-күнсіз

да­лада қамалып жатыр. Түсте бірін, кешке бірін сойып тұ­ра­
тұғын қой-қозы бар ма? Қызыл турам ет жұртқа жерік асын-
дай болып, Малайсары бақыршысын шақырып:

—Қызыл турам етке тісімді тигізбесең, басынды ша­уып

тастармын!—деп, қаһарланыпты.—Ала қоржын қай­да?
Алып кел! Соның түбінен қызыл турам ет табылмаса, ме­
нің кұрығаным ғой, қараң суалғаным ғой!—деген соң, ала
қоржынды алып келсе, ақтарып қараса, бір қазы жатыр

екен. Ортасынан тұтамдай кестіріп алып, астырып жепті.

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар
Абылай хан келген соң көрсе, бұзылып, келіспей қалға­
нын көріп:

—Ұрған екенсіндер ғой! Сұр ет бердіңдер ме?—дегенде:

—Қазының ортасын беріп едік,—десіпті.

—Енді болмады, жалғыз-ақ ілініп тұрғандығы шектің

бүтіндігі еді. Ай, бәрекелді-ай, келіспеді-ау!—депті.
Сонда Малайсары батыр айтқан екен:

—«Әзірейіл, шіркін, бұл қайда жүр өзі?»—дей беруші

едім. Ала қоржынның түбінде бұғып жата берген екен.
Сөйтіп амалын тауып, айласын асырып алмаса, біздей кісі­ге
бадырайып келуге оған да жан керек қой!—деген екен.
Сол сапарда демі таусылып, сүйегін елге алып келіп

қойыпты. 118. Олжабай және Жасыбай

Біздің бұл қазақ Сыр бойынан ауып келгенде, Ұлытау,
Кішітауды қыстап, Сұрқарасортыны жайлап, сол маңа[йға]
орын теуіп жүріпті. Баянаулаға «Барлыбай» ұранды Бәсен­
тиін [келіп] «Ақ табан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жы-

лынан тышқақ лақ өлтірмей, дін есен қалған екен. Олжабай
батыр соны естіп, өзге Сүйіндік—Ұлытау, Кішітауда төртті-
бесті үйді соңына ертіп, Баянаулаға келіпті. Кісіден сұрап
мал жей ме? Тоқты-торым, тай-тулақ, бұзау-тайыншаны

қуалап келіп жей береді.
Барлық Бәсентиін біріне-бірі тығылып, Баянауланың
бауырына жиылыпты. Бір байынікіне ту бие сойдырып,
жиы­лыс қылысыпты:

—Осы бір төрт-бес үй қыстай маза бермеді. Ендігі жылы

тағы осыны қылады. Бұрынғылар: «Көп қорқытады, терең
батырады» дегені қайда? Қарасын өшіріп, көзін жоғалтып
кетейік!—десіп отырғандарының үстіне Ол­жабай батыр өзі
кіріп келіп:

тарихи  аңыздар

—Сендер көшіп кетіп қаласыңдар! Біз айыр өркеш түйе­

міз жоқ, бауыры сүтті биеміз жоқтықтан, тауда қала­мыз.
Тас кеміреміз бе, тау кеміреміз бе, үлеспеген еншіміз бар.
Көш[ер] елдің көштігі болса, еру елдің ерулігі бар. Енші­
міз болса, бөліп, ерулігіміз болса, беріп кетіңдер!—дегенде,

үйдің оң жақ босағасына таяу отырған бір ұзын мойын қу
ауыз:

—«Біз өзінің қарашығын батырып, көзін жоғалтып

кетейік!»—деп отырсақ, мынау не дейді? дегенде, Олжабай
батыр ұшып тұра келіп, жеке ауызын қынынан суырып ала
ұмтылғанда, анау да жан ұшырып, қолға түспей, қашып
шығыпты. Олжабай:

—Сендерге қолымды былғамайын, қылышымды қан­да­

майын! Күні ертең тағалы торы тай қалдырмай, түп көтере
жылқыларыңды тиіп алайын да, күш-қайраттарыңды сонда
сынарсың!—деп кетіп қалыпты.
Бәсентиін... түн ішінде алас ұрып, бүлініп, үркіп, көше

қашып, Ертіс суына тоғытылып, ажалдысы суға кетіп, ажал-
сызы Ертістен әрмен [арман] өтіп кетіпті.
Сол күндерде Бәсентиін деген рудан, «Таз» аталған
ұрпағынан Жасыбай батырдың беті қайтпай жүрген күні

екен. Өзі мерген, өзі жауырыншы екен:

—Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қал­

мақтан босатып алған жерім еді. Мен Олжабаймен айтыс­
пай, қара қанға батыспай, тастап көше қашпаймын!—
деп, жалғыз үй қалыпты. Бір жаман жобалғы інісі бар
екен. Ағасының малы болса, бағып, отыны болса, жағып,

ас-суын қылып беру үшін қасында жалғыз-ақ сол інісі
қалыпты.
Баянаула тауының қалың ортасында бір көл бар. Сол
көлдің күн шығысында бір тасты «Ту тіккен» деседі. «Ол-

жабай мен Жасыбайдың «Айтысамыз» деп, ту көтерген
жері» деседі. Екеуі мұнан бұрын жүзбе-жүзге келісіп, бі­рін-
бірі көріскен жоқ екен. Бірін-бірі көріскен соң, «ішпей—
мас, жемей—тоқ» болып, өзді-өзімен тойысып (түйісіп),

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар
«ұрсамыз, тебелесеміз» дегенді қойысып, қоян-қол­тық
алысып, құшақтасып, дос болысты.

—Кел, екеуміз осы Баянаулада жаталық,

Қойдай еріп жүрген: бұғы, бұлан,
Аладомбай, керқуданы аталық!
Жалғанды жалпағынан басып,
Мерекеге баталық!

Бұл тауды: «Елсіз қалды, иесіз қалды»
Деп, қалмақ келеді.
Кедергі болып,
Соның жолын тосалық!

Бір асуының аузында мен жатайын,
Бір асудың ауызында сен жат!—
деп, Шойындыкөлді басып өтетұғын жолдың асуында Жа­
сыбай жатты да, «Торайғыр көлі» деген көлді басып өте­

тұғын жолдың асуында Олжабай жатты.
Ол заманда да қалмақ қосыны тау-тауға бекініп, тауға па-
налап жүреді екен. Жасыбай жауырын жақты. Жауырын­ға
қалмақ қосыны Қызылтауға үйіліп, төгіліп тосып қалғаны

түсті. Қарауыл қарайтұғын тасына шықты. Қызылтауда
бір тасқа шығып, қалмақ қарауылшысы да отыр екен. Бұл
оны көрді де, ол мұны көрді. Үйіне келіп, жауырын жақты.
Жауырынға қалмақ қарауылшысының көбіне айтып бар­

ғаны түсті. Ол айтқан екен:

—Асудың ауызында бір жанды қара кердім. Кісі екенін,

құс екенін айыра алмадым. Ертең қарауылға тағы шыға­мын.
Кісі болса, тағы отырады. Құс бол­са, бір жерде қозғалмай
оты­ра бермес, ұшып кеткен шығар,—деп.
Сол сөзі жауырынға түсіпті. Жасыбай қу сүйекті

үгіп, күл қылып, бір ақ шүберекке түйіп, бір тулақтың
пұшпағына байлап, қарауыл қарайтұғын тасына шы­ғып­
ты. Шықса, қалмақтың қарауылшысы отыр екен. Күн
қатты дауыл, уілдеп тұрған жел екен. Тулақты аспанға

тарихи  аңыздар
ұшырып, күлді шашылатұғын қылып қоя беріпті. Қал­
мақтың қарауылшысы қуанып, жүгіріп, көбіне барып ай-
тыпты:

Кешегі құс екен, аспанға ұшты, саңғып жіберді. Құс
екенін сонан білдім!—депті. Қалмақта да жауырыншы бар
екен. Жауырын жағып жіберіп, қарапты да, айтыпты:
Ол—құс емес, кісі. Өзі жауырыншы, өзі мерген. Біз­

дің қарауылшы: «құс екен»,—деп ойласын деп, тулақ
ұшырып, күл шашылдырыпты. Ал жалма-жан аттарын-
ды ерттеңдер! Ердің алдыңғы қасын аттың көтіне қаратып
ерттеңдер! Жауырынға аттың басы түспейді, ердің қасы

түседі. «Қайтып кеткен екен» деп, бейғам болсын. Түн
қатып жүріп, түн ішінде барып, асудың ауызын алып, тұра
қалыңдар!—депті.
Қалмақ өз жабдығын қыла береді. Жасыбай үйіне келе

сала жауырын жақса, ердің қасы әрмен қарапты.
«Бәлем, қашып кеткен екен ғой» деп, бейғам жата
беріпті. Жауырынға нанды да қойды. Сөйтсе, қалмақ
түн бойы жүріп, түн қатып келіп, отыз мерген жез айыл

мылтығын қатар ұстап тұра қалған екен «Бәлем, енді
көрінші! Мың жаның болса да көрейік!» деп. Жасыбайдың
ойында дәнеме жоқ, қаннен-қаперсіз (қаннан-қабарсыз)
қарауыл тасына шыға бергенде, дәл өндіршектен көз­

деп, мұрттай ұшырыпты. Байғұс жаман інісі жан ұшы­
рып: «Олжабай, қайдасың?» деп қашты дейді. Қалмақтың
Олжабай-Молжабай ойыңда бар ма, асудан асып келіп,
көлдің басына үйіліп-төгіліп түсіп жатқанда, сарыала туы

салбырап: «Олжабай! Олжабайлап!» келіп қалғанын бір-
ақ көріп, топырлап қаша берді. Олжабай мұның алдына
шығып, қайыра қайырып: «Қойдай иіріп қырмаған соң,
не керегі бар?—деп «Қалмаққырған» тасына иіріп, қойдай

қамаған екен. Сондықтан ол тас «Қалмаққырған» атанған
дейді.
Сонда Олжабайдың жолдасы Төртуыл Баймұрат деген ба-
тыр:

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар

—Сенімен төбелесер бір қалмақ жоқ. Қалған-құтқан бол-

са, маған сауға бермейсіз бе?—деп, түсе қалып шылбыры­нан
ұстап тұра қалған екен.
Сонда Олжабай айтыпты:

—Жасыбайдың бір бармағының құны да толған жоқ,—

депті.
«Сонан кейін қалмақ Сарыарқаны көксеп, бері карай бас­
қан емес» деседі.
«Қалмақтың тамақ қылып ішетұғын саймандары үйі­

ліп-төгіліп көл ба­сында қалғандықтан, «Шойындыкөл»
атан­ған дейді.
«Жасыбайдың өзін асудың үстінде жұрт жүретұғын
жолдың үстіне қойып, ол асудың «Жасыбай асуы» атал­ға­

ны—сол» деседі.
Жасыбайдың дене топырақ моласы өткен-кеткеннің
атының аяғының астында жиырма жетпеген күнімізде
асудан бірге асқан сиысба (сисебе) құлақ шалдар: «Міне,

Жасыбайдың моласы» деп, көрсетіп еді. Өзге жоғалса да,
мола жоғала ма? Жаздыгүні жер қарада жүрген жандар
көреді.
Қазақ әулие, бір ауыз сөзі босқа далаға кетпейді: «Жауы-

рыншыны жау алады, Есепшіні жұт алады!». Жасыбай­дың
өліміне себеп болған өзінің жауырынына сенгендігі.
* * *
«Көмекей әулие» атанған Бұқар жырау айтады ғой:

Мұсылман (пұсырман) болсаң, кетіңіз,
Сырдариядан өтіңіз!
Жиделібайсын жетіңіз,
Кісісі жүзге келмей, өлмеген,

Қойлары екі қабат қоздаған,
Солай қарай жетіңіз!—деп.

тарихи  аңыздар

—Кел, бозбала, қойға қошқар қоймаңдар! Сиырды

бұқасыз, түйені бурасыз, жылқыны айғырсыз қылайық!
Малды үш жыл ту сақтап, осыны қылайық! Бізден бұ­
рынғы ауғандар солай ауған. Сол жақта өсіп-өніп, «Ау­ған
елі» атанып қалған. Ауғандардың ілкі (илгі) басы—Асан

қайғы.
Анан [онан]—Соратон (сұратон), Қазтуған, Орақ-
Мамай, Телағыс, Тама, Шора батыр, Кіші жүзден шық­
қан—әз Едіге. «Мынау Абылай қанша?» десіп кө­те­ріп,

мактағаныңмен, «Жалаң аяқ, жар кешіп, жаным қайда
барсам, қалады?» деп жалаңбұт келген сарт қой. Бір күн
к...тін орысқа береді, бір күн к...тін шүршітке береді.
К...тін шүршітке бергені емес пе? Тұла бойы тұңғышы

Әділді шүршіт патшасына: «ақ үйліге» берді. К...тін
орысқа бер­ген емес пе? Кіші жүздің жерінің шұрайлы
жерінен Троицкиді жәрмеңкелікке берді. Орта жүздің
жерінің шұрайлы жерінен Қызылжарды жәрмеңкелік­ке

берді. Кел, осыдан кетелік. Жер шұрайы Жиделібайсын­ға
жетелік!—деді.
Жұрт жұмыла «әу» десті. Адамды ойға алғанына
жібермейтұғын бір тағдыр деген тұсау бар ғой. Ойлама­

ған орыннан сап етіп, жағадан алып, шап етіп, Ереймен
тауының күн батысында аяғынан алды, төсек тартқы­
зып, шалқасынан салды. Сонда өзі арман қылғанда, нені
арман қылған екен? Қырып, жойып, қиратып жүрген­

де, қылатұғын ісі найзагер екен. Найзамен түйрей ша-
нышпай, қалыбы (қалбы) шанышады екен де, киімінен
түйреп, түсіреді екен. Оның сүйтіп түйреп түсірген жа­ны
атқа мінуге жарамай қалады екен. Сонда өкінгендегісі—

өлтірмегеніне өкініпті:

—Өзім кісі өлтірсем, ажалым кісіден болар еді. Қой

боғындай қорғасын маған бұйрықсыз болып, жамандар-
дай төсекте сұлап жатып, «қағындыдан» өлдім-ау!—деп,
бармағын жұлып-жұлып шайнап тастаған екен дейді.

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар
Болмаса мен ауырғанда қасында, өлгенде, басында бол­ған
жан емеспін. Мұның артының үбірлі-шүбірлі болып, өсіп-
өніп жүргені сондықтан екен.

Қазақ қатынының ұрпағы—бір тайпа ел, қалмақ қа­
тынының ұрпағы—бір тайпа ел. Бір карақалпақ қаты­ны­
ның ұрпағы бар, онысын жұрт: «Қалпақ» дейді. Егінге түс­
кен шегірткедей жыбыр-жыбыр, қыбыр-қыбыр етіп жатқан

бірдеме. Шідерті деген өзеннің басынан кыдырсаң, аяғына
шейін Олжабай ұрпағы болады.
«Денесін Әзіретке апарамыз» деп, денесін кұрт-ірім­
шік жаятұғын сөредей сөре жасап, сөрелеп қойыпты.

Ақырында Әзіретке апара алмай, Көкшетау маңайында
өздерінің жайлап жүретұғын жайлауларына қойыпты.
Өлген жері—«Олжабай сересі» атанған. Ол жер осы күн­
де «Олжабай қаласы» атанды. Көмілген жері «Олжабай

тамы» атанып, Майлықара майданнан салт атпен тас та-
сып, тастан жасаған тамы бар. Олжабай батыр өзі өлерінде
айтқан екен:

—Менің үрім-бұтағымның жау десе, көтені лүпілдейді,

дау десе, көмейі бүлкілдейді,—деп.
Естіген сөзімнен сөз қалмасын, «естіген құлақтың жа­
зығы жоқ» демеді ме?!

119. Олжабай батыр

Олжабай батыр жалпақ жауырынды, орта бойлы, қа­
лың қабақты, кішіпейіл және сабырлы болған дейді. Ба-
тыр қанша жаужүрек болса да, ашу-ызаны, қайнаған кекті
әрдайым ақылға жеңдіріп отырған.

1741 жылы Абылай мен Өтеген батыр аң аулап жүріп,
қапыда жоңғарлардың қолына түседі. Қазақтың би, ба-
тырлары кездесіп, ханды қайтаруға жіберген қолды бас­
қарушылардың бірі Олжабай батыр болған. Екі жақ

бетпе-бет келген ұрыста ол жаудың атақты батыры Ша-

тарихи  аңыздар
рышты жекпе-жекте байлап алады. Батырдан қайтарып
қалмақ жерінде Олжабайға қарсы Қалден Сереннің өзі
шықпақ болады. Олжабай жекпе-жекте Қалден Серен­

нің мылтығын атып түсіреді. Дәл осындай мергендікке
таң қалған қоңтайшы райынан қайтып, батырға алтын
жабдығымен ат мінгізеді. Абылайды қайтарады. Олжабай
Шарышты босатады. Олжабай қазақ жерін жоңғар-қал­

мақ басқыншыларынан азат ету күресінде елге ерлігімен
танылған батыр, қолбасы болған. Оның ерлігінің ерекше
көрінетін жері—Баянауыл баурайындағы қалмақтар­
мен болған шайқасы. Осында Олжабай жиені Жасыбай-

мен бірге қалмақтардың жолын тосып жатады. Жасы­бай
жасағымен Шойынкөлге өтетін асудың аузында, Олжа-
бай Торайғыр көліне өтетін асудың аузында жатып, жау
қолын күтеді. Бұлардың жол тосып жатқанын қалмақтар

да біліп, қапысын тауып, Жасыбай қолына тосыннан келіп
тиіседі. Жасыбай осы шайқаста қаза табады.
Мұндай жағдайдан хабар алған Олжабай көмекке
ұмтылады. Ол жауды қоршап алып, таудың бір қуысына

тығып қойып қойдай қырады. Сонда Олжабайдың сұсын
көрген жолдасы Төртуыл Баймұрат батыр:

—Енді сен дем ал, мұнда саған қарсы келер ешкім қал­

ған жоқ. Қалған-құтқаны болса, маған сауға бермейсің бе?—
деп, атының сулығынан ұстағанда, Олжабай:

—Жасыбайдың бір бармағының да құны толған жоқ

қой,—деген екен күрсініп.
Батыр осылай жойқын көштің соңында сарпылып жүр­
генде суық тиіп, сол сырқаттан айыға алмай, мәңгілік­ке ай-
налады.

120. Малайсары батыр

Тоқтауыл батыр болған кісі. Ауылы бір қопаға қонған­
да, қопаға қаптап жайылып кеткен түйелерді бір нәрсе

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар аспанға лақтыра бергенін көрісіп, «дәу де болса жолбарыс шығар» деп жұрт көтеріле аттана шапқанда, Малайсары батырдың бала күні екен. Шұбар тайға мініп олай-бұлай шапқылай береді екен. Сол шұбар таймен жолбарысқа жұрттан бұрын барып қапты ғой. Жолбарыс шұбар тайды құйрығынан алып аспанға бір-ақ атқанда, түсіп қалған баланы Тоқтауыл батыр жолбарысқа ауыз салдырмай айырып алған екен. Малайсары қалмаққа неше қабат қолға түскен. Бір түс­ кен жолында өзінің баласы Тілеуқабылды қалмаққа «ақ үйліге» бермек боп, ақ мылтықтың аузын жаласып, бірбіріне жем болмасқа анттасып қайтқан екен. Абылай хан жорыққа аттанып Малайсарыға келеді. Ол: —Сен қой, мен бармаймын. Жау болмасқа берген антым, сертім бар еді,—дегеніне Абылай қарамайды. Жүруін қолқалап қоймаған соң Малайсары амал­сыз­ дың көтінен ереді. Бұлар барса, қалмақ берік қор­ған­ға бекі­ніп, қамалып беттетпес болыпты. Абылай төрт ба­ тырды жібе­ріпті: «Кірер жері бар ма екен, біліп қай­ тыңдар» деп. Сонда нақ Сары Баян батыр жоғары ұмтылып, қорған­ның ішіне үңіліп қарай бергенде дулығаның қақ маңдайынан оқ тиіпті. Дулығаның қайқайып қалғанын көріп, қалмақтың мергендері қорғанның үстіне шығып қалғанын көре сала қашқанда арт жағынан оқ жаудырыпты. Сонда Абылай хан айтыпты: —Бір қанды ауыз мылтықтың аузы Малайсарыға дөп кел­ді-ау! Құдай-ай сақтай гөр!—дегенше болмай, Малай­ сарыға оқ тиген екен. Қалмақ жүремете үш рет атқанда, үшеуі де Малайсарыға дөп тиген екен. Басқа батырлар аман-есен көмбеге келген соң, «аман кел­ ді ғой» деп өзгелері қуанғанда, Абылай хан: —Малайсарының аты кішеңдеп қалды, аман емес,— депті.

тарихи  аңыздар
Қараса, Малайсарының белін оқ қиратып кеткен екен. Со-
нан соң қасына әкеп түсіріпті, жатқызыпты. Жаралы болып
жатып қалыпты.

—Енді бұған өзге тамақ бере беріңдер! Жалғыз-ақ ескі

қатқан сүр ет бермеңдер, онда жазылып үйірге қайта қосыла
алмайды,—депті.
Өзгесі жауға кетіп, қоста жалғыз бақыршымен қалғанда:

—Сүр етті сағындым, кішкене сүр ет тауып бер,—деп

бақыршысын қысыпты.

—Егер сүр ет тауып бермесең, басыңды шабамын!—деп­

ті. Бақыршы жанынан қорқып, ала қоржынды ақтарып бір
сүр қазыны алып беріпті.
Абылай хан келіп көрсе, бұзылып, келіспей қалған екен.

—Ұрған екенсіңдер ғой, сүр ет бердіңдер ме?—дегенде:

—Сүйемдей қазының ортасын беріп едік,—депті.

—Енді болмады, жалғыз-ақ ілініп тұрғаны ішектің бү­

тіндігі еді, ой, бәрекелді, келіспеді-ау!—депті.
Ақырында өлер болды ол. Сонда Малайсары батыр айт­
қан екен:

—Әзірейіл, шіркін, қайда жүр десем, өзі ала қоржын­ның

түбінде жүреді екен ғой,—депті.
Сол жолы Малайсары өліпті. Сүйегін елге алып кеп
қойыпты.

121. Жұрын батыр

Жігіт болып, ат жалын тартып мінгеннен кейін, тұң­
ғыш бала ретінде әкесінің сырттай жүріп, ағайын болып
саналатындардың ауылдарына жақын жерлерді жайлап,
қыстаған көрінеді. Өзі қайратты, батыр мінезді, ұзын бойлы

ақ құба кісі болған. Жұрын жас кезінде-ақ есті адам ретінде
ел азаматының бірі болып танылып, есейе келе ел ағасы бо-
лып саналған. Оның сол кездерде жетім мен жесірлерді де
назарынан тыс қалдырмай, адамгершілік жасаған.

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар
Жұрынның бірінші әйелі бес бала туған. Олардың ішін­деп
көзге түсері Жаналы ұлы екен. Ол ерлігімен елге танымал
болып, батыр атаныпты. Өзі жуан мойынды, қақпақ жауы-

рынды, сом денелі, шапшаң қимылдайтын адам екен. Жана­
лының ақырған дауысы құлақ жарардай қатты болған.
Бір күні таң алдында Жұрынның екінші әйелі босанып,
ұл туыпты. Жаңа туған сәби шырылдап жылап, көпке дейін

жұбанбапты. Таң атқасын «ел шетіне қалмақтар жақын­
дап келе жатыр» деген хабар сап ете қалады. Жұрын жақын
ауылдарға балаларын шаптырып, ауыл азаматтарына «тез
аттансын!» деп хабарлайды.

Қалмақтар жан-жақтан атой салып, шауып келе жат­
қан қазақтарды қорықпай қарсы алыпты. Өздері най­
замен, қылышпен қаруланыпты. Жалпы саны отыз қа­
ралы екен. Бұларға елден бұрын жеткен Жаналы қатты

ақырып қалған кезде, оқыс дауыстан шошып кеткен ат-
тар кейін бұрылып, зыта жөнеліпті. Мұндайда қарсыла­са
алмаған дәрменсіз жауды арқасынан соғу оңай болатын
көрінеді. «Мынаның көзін құртпай болмас» деп ойлаған

қалмақтың бір мықтысы Жаналының арт жағынан
келіп, желкесіне найза қадапты. Найзаның ұшы дулы­
ға­ның шынжырланып тоқылған көздерінен әрі қарай
2-3 елідей ғана кептеліп қалыпты. Жаналы бір қолымен

желкесіндегі найзаның ұңғысынан ұстап алып, ілгері
қарай еңкейіңкіреп, астындағы атын тебініп қалады.
Аттың екпініне шыдамаған жау найзасынан айырыла-
ды. Қазақтар қашып бара жатқан қалмақтардың соңы­на

түседі де, қалғандары Жаналыны қоршап тұра қалады. Ол
«Мынаны алыңдар» дегенде, қасындағылардың ешбірі­
нің де дәті шыдамапты.
Сонда Жаналы: «Әй, осы шегені де ала алмай тұрсындар

ма?»—деп найзаны өзі алып тастапты. Содан кейін қасын­да
тұрғандар оны аттан түсіріп, қан ағып жатқан жеріне май-
да құм салып, ізінше күйдірген киізбен жараның ауызын
күйдіріп, қанын тоқтатыпты.

тарихи  аңыздар
Жоғарыда айтылған оқиғадан бір жыл өткеннен кейін
отыз шақты қаруланған қалмақ төлеңгіттері мен жа-
сауылдары шеткі бір ауылдың мал-мүлкін тонап алып

барады деген хабар жетеді. Тез арада жиналған қазақ
жасағы қалмақтардан екі жарым еседей көп болады да,
қалмақтарды қоршап алады. Қалмақтар қару жұмсап
қаншама тырысқанымен қоршаудан шыға алмайды. Іс

қиынға айналғанын сезіп, қалмақ тобы қазақтардан бітім
сұрайды. Қазақтар өзара ойласып, келісімге келеді. Бітім­
десіп кеткен қалмақтар сөзінде тұрмапты. Арада екі-үш
ай өткенде қарулы жау жасағы елдің шетіне жақын­дап

қалыпты. Бұл кезде Жұрын батырдың жасы үлкейіп, қай­
раты қайтыңқыраған шағы болғандықтан, ел жаса­ғын
оның баласы Жаналы батыр ұйымдастырыпты.
Жұрын атын ерттеп жатқанда, қасына келген Жаналы:

«Бұл сен баратын ұрыс емес. Ауылда қалып, бала-шағаның
ортасында бол»,—депті.
Ел азаматтары жауға аттанып кеткен соң, үйде отыруға
шыдамы жетпеген Жұрын Ахмет деген үзеңгілес досын

ертіп, жауға шығады. Бірақ қалмақтар бұларды қоршап
алып, әуелі Ахметті өлтіреді. Содан кейін Жұрынды найза-
лап жатқанда, жетіп үлгірген жігіттер оны жаудан араша-
лап алады.

Ауыр жарақаттан қайтыс болған Жұрын батырды Есте­міс
тауы деп атайтын биік төбенің басына жерлепті.

122. Қаралда батыр

Әкесі Саламат Бөкенұлы Әбілқайыр ханның тұсында
қол бастаған батырдың бірі болған. Өзімен жекпе-жекке
шыққан қалмақ батыры Нұрғаспақтың қарындасы Түгесті,
қайынағасы Өтештің ақылымен ауылға әкеліп, соған

үйленеді. Одан арыстай ұл сүйеді.

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар
Бірде бейқам отырған ел шетіне қалмақтың үлкен тобы
келіп қалады. Сонда Қаралда жиырма шақты жігітімен олар-
ды қарсы алады. Қалмақтың бас батыры Қаралдамен жек­

пе-жекке шығыпты. Бірақ әй-шайға келмей жер құшыпты.
Өш алмаққа былайғылары Қаралдаға ұмтылып бағады.
Әйтсе де жойқын күш иесі олардың да сазайын тартқызады.
Біразы қолға түсіп, жаудың қарасы екі-үш есе артық болса

да, бас сауғалап, қашып құтылыпты. Еліне барған соң олар
«Адайлардың қара дәуі бар екен, жолай көрмеңдер» десіп
безек қағысыпты.

123. Қозыүй батыр

[Қозыүй батыр] 1718 жылы болған шайқаста жоңғарлар
қолына түсіп қалады. Жоңғарлар қол-аяғын байлатып, дү­ре
соқтырып, ағаш қалыппен кысқанда да ол тістеніп оты­рып
алған.

Сонда жоңғар қонтайшысы: «Қазақтың талай батырын
көріп едім, мынадай хас батырын көрмедім. Қол-аяғын бо­
сатып, зынданға тастаңдар»,—депті.
Содан Қозыүй батыр үш жыл зынданда жатып, жоң­

ғарлардың бір қызының көмегімен зынданнан қашып шы­
ғады. Босанып шығысымен қол жинап, Өтеген батыр­дың
сарбаздарына келіп қосылады. Өтеген батырмен үнемі бірге
болып, талай көзсіз ерліктер істеген. Жорықтардың бірін­

де жоңғар ауылын шауып, жоңғар шонжарларының қолға
түскен үш қызының бірін немере інісі Жаналыға, екінші­сін
ағасы Амандыққа, үшіншісін туысы Жиембетке қосады.
Жасы ұлғайғанда өзімен ілесіп келген Ботбай руының

балаларын Іле, Қаскелең, Жиренайғыр өзендерінің бой­
ла­ры­на орналастырды. Кейін бұл жерден көшіп Шу мен
Қара­балта өзендері бойына келіп орналасады. Бұл жер әлі
күнге дейін «Қозыүй батыр қонысы» деп аталады.

22-139

тарихи  аңыздар 124. Қойгелді батыр

Қойгелді түрлі шайқаста жекпе-жекке шыққанда же­
ңіліс көрмей, жоңғардың тоғыз батырын өлтіріп, қазақ
қолын жеңіске рухтандырған. Кейін сардар болып қол
басқарғанда да, ол әскери соғыс тәсілін жетік меңгерген бас-

шы ретінде сарбаздарын жеңістен жеңіске ұмтылдырып,
үлкен қолбасшылық қабілетін танытады. Атақты Аңыра­
қай соғысында Қойгелдімен бірге оның екі інісі Қожық пен
Ақша бірнеше рет жекпе-жекке шығып, жаудың біраз ба-

тырын өлтірген. Қожық Ұлы жүз қолының ту ұстаушысы
болады. Он үш жасар баласы Қарабатыр қаптама соғыста
ауыр жараланып, аттан түсіп қалған ағасы Ақша батырды
қашан Қойгелді келіп алып шыққанша жауға бермей қор­ғап

тұрады.
Қойгелді қолбасшы ретінде Жетісу жері жаудан азат
етілгенше жүргізілген соғыстардың бәріне қатысады. Кейін
елді жаудан тазартылған жерге орналастыруда да үлкен

еңбек сіңіреді.

125. Мамай батыр

Мамай көзсіз батырлығымен қатар соғыс өнеріне,
айла-тәсілге өте шебер болған. Бірде алпыс шақты ғана
жасағымен келе жатқан Мамай батырға жарты мыңға
тарта жау кезде­сіп қалады. Мамайлар әуелде қамысты

қопаға қарай шегіне, жедел амал-айланың жөніне көшіп,
оған жұбайы ақыл беріп: «Кереге біткенді қалмақтың
жолындағы суға тастаңыз, арғы жағын көре жатарсыз»
дейді. Айтқандай-ақ, жаудың адамдары судың астында

жатқан керегелерге аяқтарын тығып алып, шетінен жам-
сай береді. Сайланып тұрған жігіттер суға топылдап жат­
қан қалмақтарды шетінен қойдай тіліп, көгендей беріпті.

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар
Тағы бір аңыз былай дейді. Қалмақтың үстемдігі жү­
ріп тұрған бір мезеттерде Асы жайлауына асатын жолды
бермей өздерінше қиғылық салған көрінеді. Мамайдың

жіберген жігіттеріне теңдік бермей: «Қоныс керек бол-
са, батырларыңыз өзі келсін» дейді. Әлгіндей сөздерді ес­
туімен Мамай батыр ұзақ тақымынан түспеген тұлпарын
мініп, бар қару-жарағын асынып, өзі барады. Батырды

күтпеген жерден ортаға алып, өздерінше арам ойлары-
на көше бастағанда, қалмақтың тобын демнің арасында
тоз-тозын шығарып, қатты майдан салыпты. «Берсе—қо­
лынан, бермесе—жолынан» дегендей Мамай батыр Асы

тауларының асуын қалмақтардан осылайша тартып алған.
Қиян-кескі осы шайқастарда ма, әлде одан кейінгі басқа
шайқастардың бірінде ме, дәл дерегі белгісіз, Мамай батыр
сол қалмақтар жақтан, қырық бір сарбазымен қайтып ке­

ле жатқанда ауруға шалдығып, жол үстінде дүние салады.
Қалмақтар батырдың атының ер-тұрманы мен тізгініне у
жағып жіберіпті.

126. Мыңбай батыр

Мыңбай жастайынан пысық болып өсіп, «батыл бала»
атанады. Ол аңға шыққанда да батылдық көрсетіп, «мерген
бала» атанған. Үстіне мінген соң қандай асау тай, құнан түгі­
лі ат туласа да, жығылмайды екен. Мыңбай аттың үстінде өзі

отырып, қасына келген адамды жағасынан ұстап жоғары тік
көтеріп әкететін күшті де болған.
Мыңбай батыр Сырым батыр және Сүйінқарамен за-
мандас, бірге болған. Бұлар қалмақтарды Еділ-Жайық­

тан Маңғыстау, Атырау түбектерінен қуып, Астраханнан
әрі асырып жіберген. Ақын Мұрат Мөңкеұлы былай деп
жырлаған:

тарихи  аңыздар
Бисмилла сөз бастайын Жаппар Құдай,
Асылым топырақтан, денем судай.
Өтпеген атса мылтық, шапса қылыш,

Өтіпті Талашыда батыр Мыңбай ...
Бірде Мыңбай алыс жолдан шаршап, сусап келе жатып,
бір жалғыз ақбоз үйге тап болады. Үйде бойжеткен қыз оты-
рады. Әке-шешесі қасындағы ауылға тойға кетіпті. Қыз кел-

ген адамнан қорқады.
Оны байқаған Мыңбай батыр: «Қалқам, менен қорықпа.
Зияным жоқ адаммын»,—дейді.
Қыз шай қайнатып береді. Мыңбай кереге басындағы

ілулі тұрған садақты алып, бір-екі рет тартып көреді де,
орнына қайтып іліп қояды. Қыз шығып, тойдан келген
әке-шешесіне үйде қонақтың барын, оның садақты тартып
көргенін айтады. Үй иесі Мыңбай батырмен танысып, үш күн

қонақ етеді. Кетерінде үй иесі Мыңбайға ат мінгізіп, садақ­ты
қоса береді.

127. Сартай батыр

Әкесі Байжан биден бата алып, ізіне мың баладан
құралған топты ертіп Ордабасыға жеткен он бес жасар
Сартайдың көзге түскен жері осы еді. Халықтың басына
қара күн туып, жан алқымға таялғанда, үш жүздің ұлдары

Ордабасына жиналған. Жау іргесінде тұрғанның өзінде бас
қосқан қазақ қолының әскербасшысын сайлау жөніндеп
айтыс-тартыс екі аптаға созылады. Бұл кез жасы отыз-
дан жаңа-жаңа асқан кіші жүздің ханы Әбілқайыр­дың

бағы өрлеп тұрған күндер еді. Сөйтіп, қазақтың бірік­кен
қолының бас сардары Әбілқайыр бастаған қалың қол жау­ға
аттанады.

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар
Әбілқайыр қалың қолдың алдында халықтың басына
төнген қара бұлттың мәнін түсіндіріп, азаттық үшін шай­
қасқа жігерлендіреді:

—Айналайын қазағым,

Басың бүгін торда тұр,
Ұл мен қызың қорда тұр!
Жан-жағы жау қайран ел,
Тәлтіректеп зорға тұр!

Көнбесеңдер осыған,
Қан ағады жосыған.
Жауға шабар ер бүгін,
Жан пидаға қосылған.

Арамзамен айқаста
Ажал сілтеп, жай таста!
Арыстандар алға ұмтыл
Жерің үшін шайқасқа!

Жауға жақындағанда жау зеңбіректен оқ жаудырып,
қазақтың қолын біраз шығынға ұшыратады. Осы сәтте қа­
зақ әскері жақтан бір топ бөлініп шығып, жоңғарлардың са-
пын қақ бөледі. Бұл топтың Сартай бастаған қазақ балала­ры

екенін көрген қазақ батырлары ұрандап ұрысқа ұмтылады.
Жасөспірім балалардың ерлігін жігерлендірген қазақ қолы
жоңғарларды тас-талқан етеді.
Жас Сартайдың Аңырақай шайқасына да қатысқанына

күмән жоқ. Жорыққа аттанарда әкесі Байжан би:

—Бұл жорық ауыр болады, әрі әлденеше жылға созы-

лады. Жаныңа ерткен балалар сол жорық үстінде ержетіп,
кейін елін қорғайтын хас батырлар болады,—деген еді.
Осы сапар Сартаймен бірге болған Жылқайдар, Жыл­
қа­ман, Шүкірәлі, Сырғақ есімді балалар кейін елін-жерін

қорғаған үлкен батырлар болады.

тарихи  аңыздар 128. Серғазы батыр

Серғазы батырдың қырық жылдан астам уақыт ат үстін­де
жүріп, көбіне қалмақ басқыншыларымен жан алысып, жан
берісіп шайқасқан аймағы—Үшқоңыр, Суықтөбе, Қоңыр­
төбе тауларының төңірегі.

Бұл кісі жекпе-жек өнерінің сан түрлі айла-тәсілдерін ат
үстінде қас-қағым сәттен үрдіс қимылдардан артына талай-
талай өнерлер қалдырған. Серғазы қалмақтың небір батыр-
ларымен жекпе-жек соғыстардың небір адам таңқаларлық

түрлерін көрсетіп, сол жөнінде өнеге тастап кеткен. Серғазы
батыр Суықтөбенің күнгейі қыстап, күзден егін салып, өмір
кешіпті. Ол кезде қалмақтармен соғыс әр жерде белең бер-
ген. Сонау Тараз жағындағы Талас бойындағы бір шайқас­

та қалмақ қолы жағынан бір жас батыр қазақтардан жек­
пе-жекке шақырады. Серғазы батыр айқасқа өзі шығып­ты.
Айқас басталып кетеді. Серғазының найзасы қалмақ ба­
тырының дулығасына тиіп кетіп, дулығасы басынан ұшып

кетеді. Өзімен айқасқан батыр қалмақтың қызы екенін сон-
да біледі. Серғазы шапшаң қимылдап, қызды ат үстінен жұ­
лып алып, өңгеріп ала жөнеледі. Қызды ағасы Сереге әке­ліп
береді.

Серғазы батыр жат елдің басқыншыларымен шайқасып
жүріп, Талас бойында бұл дүниеден өтіпті.

129. Шотан батыр

Әкесінің әділдігі мен көрегендігі бала Шотанға да дари-
ды. Оның жастық шағы жоңғардың бейбіт жатқан қазақ
еліне шабуыл жасауымен тұспа-тұс келеді. Шотанның ерлігі
ерте танылады. Ол алғашқы ерлігін 1723 жылы Әбілқайыр

бастаған Кіші жүз қолының Қаратаудың Сығанақ асуында
жоңғармен болған үлкен шайқаста көрсеткен. Осы соғыста

даңқты  қолбасшылар  мен  батырлар  жөніндегі  аңыздар
қалмақты қоғадай жапырып жүрген шұбар аттыға көзі
түскен Әбілқайыр хан таңданыспен:

—Бұл кім?—деп сұрапты қасындағы жігіттерінен.

—Ол Назардың ұлы Шотан ғой. Үлкен ұрысқа бірінші рет

кіруі,—дейді Мырзатай. Жас батырға көңілі толып, разы
болған хан:

—Бірінші ұрысы мынадай болса, қалмақтарға Алланың

жіберген жаналғышы осы десейші,—депті.
* * *
...Шотанның дүниеге келуі мен жасаған ерліктері ту­
ралы ел аузында аңыз-әңгімелер көп. Көп аңыздың бірі мы-

надай:
Маңғыстау түбегіне көшіп келген күз айында Назар
үйіне кешке қарай нар мінген, сеңсең бөрікті, қаба сақал,
қара түрікпен «Құдайы қонақпын» деп сәлем беріп, кіріп

келеді. Жайғасып, шай ішіп отырған қонақ сыртта жүрген
Шотанның қатты шыққан дауысынан селк етіп, қозғалады.
Үйде қонақ барын біліп: «Ассалаумағалейкүм!» деп Шотан
есік ашып, үйге енгенде қонақ тағы да қозғалады. Бәрін жіті

бақылап отырған Назар қонағынан:

—Ұлымның сыртта даусы естілгенде бір қозғалдыңыз,

үйге кіргенде тағы да селт еттіңіз. Айтыңызшы, осы баламда
нендей қасиет бар,—деп сұрайды.
Сонда қарт былай деп жауап беріпті: «Даусында қаһар
бар, адам жанын шошытар, жүзінде суық ызғар бар қар­

сыласын жасытар».
Назар қонағын сыртқа шығарып салғанда қарт та, түйе­сі
де көзден ғайып болған екен. Содан ел ішіне «Қыдыр көр­ген
Назар» деген сөз тарап кетіпті...

тарихи  аңыздар 130. Шынқожа батыр

Шынқожа батыр атағы алғаш шыққаны—жоңғардың
Доба деген батырымен жекпе-жекте шығып, өлтірген
кезі. Ол кезде ол жиырма бір жаста екен. Тағы бір соғыста
қалмақтың ірі, егде тартқан батырымен жекпе-жекке

шығып, Шынқожа екі сүбесінен саусақтарын батыра
көтеріп лақтырғанда, қалмақтың қабырғалары қолында
қалған екен. Тағы бір соғыста қарсылас жақтың сегіз ба-
тырын бірінен кейін бірін түсірген. Шынқожа батыр

Қаракерей Қабанбай, көкжал Барақ батырлармен бірге
көп жорықтарға қатысып, Тарбағатай бөктеріндегі Най-
ман елінің қоныстарына ықпал еткен. Ол Тума, Тайпақ,
Байғана жасағына қолбасы болып, жорыққа дайындалып

жатқан Қабанбай бастаған батырларға келіп қосылып, тізе
қосып ұрыс жүргізген.

Томға енген мәтіндерге  түсініктеме
Тарихи тұлғаларға байланысты аңыздардың алғашқы
үлгілерінен бастап ауызша тарап, бүгінгі ұрпаққа араға
ғасырлар салып барып фольклортану заңдылықтарына

сәйкес түрлі нұсқаларда, версияларда, әрқилы көлемде,
стилде жеткендіктен, оларды жинау, жүйелеу, жариялау
үрдісінде күрделі мәселелер аз кездеспейді. Біріншіден,
Ел тәуелсіздігін жариялағанға дейінгі кезеңдерде саяси

шектеулердің салдарынан тарихи аңыздардың жеке ғы­
лыми басылымы жарық көрмеді және арнайы зерттелген
емес. Сонымен бірге шағатай, қадім, төте араб әліпбилері
қолданыстан ерте шығып қалғандықтан, кейінгі ұрпақ, әсі­

ресе ғылыми ортаның аңыз мәтіндерінің түпнұсқасымен
танысуға мүмкіндігі шектеулі болды. Сондықтан «Бабалар
сөзі» жүз томдық сериясын құрастырушылар осы жанрды
қолға алып, баспаға дайындай бастағанға дейін еліміздің Си-

рек кітаптар мен қолжазбалар қорларындағы аңыздардың
саны, жалпы көлемінің мөлшері белгісіз болып келді.
Екіншіден, ХІХ ғасырлардағы орыс басылымдарын-
да, әсіресе тәуелсіздік кезеңінде жарияланған көптеген

шежірелік, тарихи жинақтарда жарияланған туындылар­
дың мәлімет-деректері де ешкімді қызықтырған емес. Бұған
Қытай, Монғолия, Таяу Шығыс мемлекеттерінің, Орта Азия
елдері мен Татарстан, Әзербайжан, Башқортстан сияқты

туысқан халықтардың қорларындағы ұлтымыздың тари-
хына қатысты шығармаларды қоссақ, ұшан-теңіз байлыққа

тарихи  аңыздар
кенелеріміз анық. Алайда, бұл қазынаны толық игеруге
уақыт, қаржы, мамандар сұранысы аса қажет болғандық­
тан, құрастырушылар қолда бар мүмкіндіктерді ғана пайда­

лануға талпыныс жасады.
Олар ең алдымен, ӘӨИ мен ОҒК-нің сирек қорларындағы
тарихи аңыздарды анықтау, жинастыру, жүйелеу, бүгінгі
жазуға көшіру, текстологиялық тұрғыда сараптау, баспаға

дайындау жұмыстарына жұмылдырылды. Соның негізін­
де туындылардың нұсқалары мен версиялары анықталып,
өз­ара айырмашылықтар болған жағдайда топтаманың
ғы­лы­ми ұстанымына сәйкес мәтіндер қатар жіберілді.

Келешек­те­гі арнайы зерттеулер үшін ғылыми түсініктеме­
де мәтіндер­дің қысқаша жиналу тарихы көрсетілді. Түп­
нұс­қа­дан өзгеріссіз дайындалған бұл аңыздар мен олардың
нұс­қа­ла­ры ғылы­ми-зерттеу нысанасы ретінде маңызды.

Сол себепті де томның басылымы тарихшы, этнограф, де­
рек­танушы, тілтанушы ғалымдардың іргелі ізденістері­
не, фольк­лортанушы, мәтінтанушы мамандардың бола­
шақ зерттеулеріне зор мүмкіндіктер туғызады. Мысалы,

осы том­да «Абылайдың тұтқын болуы» атты аңыздың жеті
нұс­қасы, «Қазыбектің қаз дауысты атануы» жеті нұсқасы
қамтылған.
Келесі кезекте кейінгі жылдары жарық көрген жи­

нақ­тар мен басылымдарда жарияланған аңыздар із­дес­ті­
рілді. Табылған туындылардың біразы жеке туынды ре­
тінде, кейбіреуі қолжазбалардың нұсқалары есебінде том­ға
енгізілді. Өкінішке орай, олардың біршамасының түп­

нұс­қалары
болмағандықтан,
текстологиялық
сараптау-

лар жүргізуге мүмкіндіктер болмады. Бұл тұрғыда тарихи
аңыз­дардың алғаш, арнайы топтама ретінде басылым көріп
жат­қандығы және зерттеу нысанасы ретіндегі қажеттілігі
ескерілді.

Айта кетерлік тағы бір жайт—осы томға енген аңыз­
дар­дағы кейбір ауыспалы мотивтер, эпизодтар, оқи­ға­лар
ал­дыңғы томдардағы мәтіндерде де кездесуі әбден мүмкін

ғылыми  қосымшалар
екендігі. Бұл әдіс фольклордың қалыптасқан заң­ды­лық­
тарынан тысқары болмағандықтан, томдарға осы сю­жеттес
аңыздардың барлығы да жіберілді.

Және бір түйіткіл нәрсе – томдарға аңыздардың толық
қамтылуына байланысты мәселе. Бұл ретте жоғарыда
көрсетілген қорлардағы туындылардың қолжазба нұс­
қа­лары

түгел
қарастырылғанмен,
түрлі
басылымдар

мен жинақтарда жарияланған мәтіндерді іздестіруде ай­
тарлықтай қиындықтар туындайтынын атап өткен жөн.
Әсіресе,
аудандық,

облыстық,
аймақтық
басылымдар
мен сол аумақтарда жарық көрген жинақтардың таралы­

мы аз болғандықтан және олардың көпшілігі жеке қар­
жымен шығатындықтан, меншік иелері орталық кітап­
ханаларға жіберіп отыруға міндетті емес. Сондықтан
құ­растырушылардың назарына ілікпеген кейбір тарихи

тұл­ғаларға қатысты аңыздар томға енбей қалуы мүмкін
екендігін айта кеткіміз келеді.
Кейде аңыз айтушылар мейлінше өз руының, аймағы­
ның батырларына кеңінен тоқталуға бейім болатыны бай­

қа­лады. Тіпті, рулардың, одан бөлінетін аталардың атау­
ла­рын, тарихи тұлғалардың есімдерін қате көрсету, тіпті
қар­сылас руларды саналы түрде кемсіту сияқ­ты жат үрдіс­ке
бой алдырады. Бірақ бұл олқылықтар­ды қазақ халқы­ның

болмыс-бітіміне, тұрмыс-салты мен этникалық табиға­ты­
на байланысты кемшіліктер деуге негіз бар. Сонымен бірге
аңыздардағы кейіпкерлер, оқиғалар т.б. тарихи шын­дық­қа
сәйкес келмей жататын тұстары аз емес.

Еліміздің сирек қорларында үш жүздің барлық хан-
сұлтандарына, батырлары мен би-шешендеріне қатысты
аңыздар біркелкі, толық сақталмаған. Мысалы, бір атақ­
ты батырға байланысты аңыз аз, тіпті жиналмай қалуы да

кәдік, керісінше, белгісіз тұлға туралы мол мұра сақталуы
да мүмкін. Сол себепті қандай да бір тарихи тұлғаға сана­лы
тұрғыда басымдық берілмеді. Аңыздар ғылыми басы­лым­
ның ұстанымдарына сәйкес жүйеленіп, мүмкінді­гін­ше

тарихи  аңыздар
көр­кем­дік сипатына қарай, түпнұсқа негізінде дайын­
далды.

1. Баланың билігі

Төле би туралы бұл аңыз томға ӘӨИ-дің Қолжазба
қорының Қ.1122-бумасының 1-дәптерінен алынды. Мәтінді
жинап, тапсырған—белгілі ауыз әдебиеті үлгілерін жинау-
шы Еркін Құлпейісов. Аталған аңыз 1975 жылы «Жезқаз­ған

таңы» газетінде жарияланған. 2. Төле бидің сөзге тоқтауы

Томға ұсынылып отырған аңыз ӘӨИ-дің Қолжазба қо­
рының Қ.1122-бумасының 34-дәптерінен алынды. Мә­
тін­ді жинап, тапсырған—Еркін Құлпейісов. Аңыз 1989
жы­лы «Көкшетау правдасы» газетінде жарияланған. Жа­

рия­лаушы—Е. Жәкенов. 3. Төле бидің төреліктері

Бірнеше мәтіннен құралған бұл аңыздарды ӘӨИ-дің
Қолжазба қорына тапсырған—Еркін Құлпейісов. Туынды-
ны 1991 жылы 16 қаңтарда «Оңтүстік Қазақстан» газетін­де
К.Мәденұлы мен Х.Амандықов жариялаған.

Томға ұсынылған мәтіндер аталған Қолжазба қорының
1125-бумасының 134-135-дәптерлерінен алынды.
4-5. [«Қарлығаш әулие»], [Қоңқа қарт пен Төле]
Аңыздар 1992 жылы «Дәуір» баспасынан жарық көр­

ген «Үш пайғамбар» кітабынан алынды (Алматы, 1992.
28-32-бб.). Кітапты құрастырған—А.Нысаналы.

ғылыми  қосымшалар 6. Данагүл

Ел арасына кеңінен тараған бұл аңыз көптеген басы­
лымдарда жарияланған. Томға енген мәтін 1991 жылы
жарық көрген «Төле би» атты кітаптан алынды. Кітапты
араб әрпінен көшіріп, құрастырған, алғы сөзін жазған—

филология ғылымдарының докторы, профессор Сәрсенбі
Дәуітов.

7. Төле бидің туы

Кеңсе қағазынына кирилл әрпімен жазылған аңызды
1994 жылы ұйымдастырылған «Түркістан қазақтарының
ауыз әдебиетін жинау экспедициясы» материалдарынан
алын­ған. Экспедиция жетекшісі және материалдарды ӘӨИ-

дің Қолжазба қорына тапсырған—белгілі халық әдебиеті
үлгілерін жинаушы, профессор Қ.Саттаров. Қорға 1994 жы­
лы түскен.
Аңызды жинаушы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би

ауданы, Қазығұрт совхозы, Қызылқанат ауылының тұр­
ғыны—Тұрсынов Сәбит. Мәтінді Түркістандағы Қ.А.Иас­
сауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің
фи­лология факультетінің І курс студенті Тұрсынова Әсия

жазып алған.
Томға ұсынылған аңыз түпнұсқадан (ӘӨИ:ҚҚ.Ш.920/94)
өзгертусіз алынды.

8. Қазыбек би елшілігі

(І нұсқа)
Томға енген аңыз Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармала­
ры жинағынан (9 том. Павлодар, 2006. 14-15-бб.) алын-
ды. Кітапқа мәтін әулеттік мұрағаттан (11-бума, 56-58-бб.)

әзірленген. Жинақта бұл нұсқа екінші нұсқа ретімен беріл­

тарихи  аңыздар
ген. Құрастырушылардың мәліметі бойынша шығарманың
11 нұсқасы бар.

9. [Қазыбектің қаз дауысты атануы]

(ІІ нұсқа)
Бұл нұсқаның басқа мәтіндерден өзгешеліктері ай­
тарлықтай. Мысалы: Қоңтажы—Кентазы деп берілген.
Жә­не мәтіннің басында Қазыбектің әкесінің аты Қалды­

бек деп көрсетіледі де, соңынан Келдібек деп өзгертілген.
Мәтін­де «Қалдыбек» тарихи деректерге сәйкес «Келдібек»
деп өзгертілді. Сонымен қатар Абылай ханның елшілік­
ке тоқсан тоғыз кісі жинауы, қаз дауысты Қазыбек әкесі­

нің ақылы­мен жүзінші адам болып қосылуы, елшілер­ді
сынауға ханның ханымы емес, сыншының келуі, оның
атшы баланы көріп шошуы басқа нұсқаларда кездеспейді.
Және қаз дауысты Қазыбектің Қоңтажыға айтқан «Мен

темір де, сен көмір...» деп басталатын дуалы сөздері алы-
нып тасталған.
Томға енген аңыз ӘӨИ-дің Қолжазба қорында сақтаулы
(Ш.910/4. Батыс Қазақстанның ауыз әдебиеті) қолжазбадан

дайындалды. 1954-1984 жылдары жинап, қолжазбаға тап­
сырған—филология ғылымдарының докторы, профессор
М.М.Тілеужанов.
Қолжазба кирилл әрпімен жазылып, машинкаға теріл­ген

және түптелген. 10. Қазыбектің қаз дауысты атануы

(ІІІ нұсқа)
Аңыз кеңсе қағазына латын әрпімен жазылған. Қол­
жазбаның қағазы ескеріп, жазулары өше бастаған. Қол­
жазбаны қорға тапсырған—белгілі халық әдебиеті үлгілерін

жинаушы Шайхы Кәрібаев.

ғылыми  қосымшалар
Мәтінде кездесетін Абылай ханның бірнеше батырларды
ертіп Сырдария жақтағы халқын аралап кеткенде, Шын-
бай деген дұшпан астыртын келіп, Абылайдың елін шабуға

қолайлы екенін, қалмақтың белгілі көсемі, шешен Қонташы
ханға келіп айтуы, сонан кейін қалмақ ханы екі жүз жор-
тушы жіберіп, Абылайдың елін шабуы, Абылай хан еліне
қайтып келіп, қол астындағы халқын жинап, кеңес қылуы

алдыңғы нұсқаларда кездеспейді.
Томға ұсынылып отырған нұсқа қолжазба бойынша
(ӘӨИ.ҚҚ.Ш.879/9. 185-дәп.) әзірленді.

11. Келдібекұлы Қазыбектің қаз дауысты атануы

(ІV нұсқа)
Нұсқа томға Б.Адамбаевтың фольклорлық қорынан
алынды (ӘӨИ:ҚҚ.Ш.1014). Мәтін машинкаға басылған.
Жинаушысы—Торсықбайұлы. Қорға 1988 жылы түскен.

Аңыздың Абылай ханның өмірдерегімен басталуы басқа
нұсқаларда кездеспейді. Мәтінде кейбір түсіп қалған сөздер
тік жақшамен берілді.

12. Қаз дауысты Қазыбек би

(V нұсқа)
Томға мәтін ӘӨИ-дің Қолжазба қорында сақтаулы
(Ш.910/2. Батыс Қазақстанның ауыз әдебиеті) қолжазба
бойынша дайындалды. 1954-1984 жылдары жинап, қолжаз­

баға тапсырған—профессор М.М. Тілеужанов.
Аталған мәтіндегі Қазыбектің қалмаққа елшілікке ат­
тануға әкесінен рұқсат сұрауы, сыннан өтуі, қалмақ ханы-
на билердің сөзі жүрмегенде, рұқсат алып өзі баруы және

еріп барғандардың көреалмаушылықтан оны күндеуі бас­қа
нұсқаларда кездеспейді.
23-139

тарихи  аңыздар 13. Қазыбек және қалмақ ханы

(VІ нұсқа)
Бұл—Қазыбектің қалмақ ханына елшілікке барып,
«қаз дауысты Қазыбек» атануы туралы аңыздардың кө­лем­
ді нұсқасы. Томға мәтін Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шы­ғар­

малары жинағынан (9 том. Павлодар, 2006. 15-20-бб.) алын-
ды. Аталған кітапқа Мәшһүр Жүсіптің жиені Жолмұ­рат
Жүсіпұлы көшірмесінен (3-бума, 71-78-бб.) ұсынылған.

14. Келісімге келтірілген қаһарлы сөз

(VІІ нұсқа)
Мәтін томға филология ғылымдарының докторы, про-
фессор А.Сейдімбековтың жеке мұрағатынан алынды.
Айтушысы—Қазиев Ишан. Қайдан, қай жылы жазылып

алынғаны белгісіз. Оқушы дәптерінің парағына жазылған.
Алдыңғы нұсқалармен біраз ұқсастықтары болғанмен, өзін­
дік ерекшеліктері де аз емес.

15. Қаз дауысты Қазыбектің тоғыз жастағы билігі

Қаз дауысты Қазыбек туралы бұл аңыз ӘӨИ-дің Қол­
жаз­ба қорының Қ.1122-бумасының 17-дәптерінен алынды.
Мәтінді жинап, тапсырған—халық әдебиеті үлгілерін жи-
наушы Еркін Құлпейісов. Аталған аңыз 1985 жылы «Семей

таңы» газетінде жарияланған. 16. Ақ тілек

Халық туындысы ӘӨИ-дің Қолжазба қорының Қ.1122-
бумасының 17-дәптерінен алынды. Мәтінді жинап, тап­сыр­
ған—Еркін Құлпейісов. Аталған мәтін 1985 жылы «Ленин
жолы» газетінде жарияланған.

ғылыми  қосымшалар 17. Қаз дауысты Қазыбек шешен жайында

Аңызды Т.Ерменбаев 1990 жылы «Молшылық үшін»
газетінде жариялаған. Томға ұсынылған мәтін ӘӨИ-дің Қол­
жазба қорының Қ.1125-бумасының 131-дәптерінен алынды.
Мәтінді жинап, тапсырған—Еркін Құлпейісов.

18. Қаз дауысты Қазыбек туралы

Шығарма томға ӘӨИ-дің Қолжазба қорының 717-бума­
сының 9-дәптерінен алынды. Қолжазбада «Қаз дауыс­
ты Қазыбек туралы жарияланбаған деректер» деген атпен
берілген. Жинаушысы—Ғалымжан Мұқатов. Қолжазбаның

мұқабасында «1969 жылы Б.Адамбаевтың адресіне жібер­
ген» деген мәлімет бар.

19. [Қазыбектің бір ер туралы айтқан билігі]

(І нұсқа)
Томға мәтін ӘӨИ-дің Қолжазба қорының 717-бумасының
9-дәптерінен алынды. Қолжазбада туынды «Қаз дауысты
Қазыбек туралы жарияланбаған деректер» деген атпен

берілген. Жинаушысы—Ғалымжан Мұқатов. 20. Қазыбектің бір ер туралы айтқан билігі

(ІІ нұсқа)
Нұсқа томға Б.Адамбаевтың фольклорлық қорынан
алынды (ӘӨИ:ҚҚ.Ш.1014). Мәтін машинкаға басылған.
Жинаушысы—Торсықбайұлы. Қорға 1988 жылы түскен.

Аңыздың мазмұны алдыңғы нұсқаға ұқсас болғанмен, бір­
қатар ерекшеліктер, айырмашылықтар кездеседі. Мәтінде
түсіп қалған кейбір сөздер тік жақшамен берілді.

тарихи  аңыздар 21. [Қазыбектің қалмақ еліне екінші сапары] Аңыз томға Б.Адамбаевтың фольклорлық қорының не­ гізінде дайындалды (ӘӨИ:ҚҚ.Ш.1014). Мәтін машинкаға басылған. Жинаушысы—А.Торсықбайұлы. Қорға 1988 жы­ лы түскен. Машинака басылған қолжазбаға көк түсті қа­ ламмен көп өзгерістер енгізген. 22. [Қазыбектің қалмақ еліне үшінші сапары] Аңыз томға Б.Адамбаевтың фольклорлық қорының не­ гізінде дайындалды (ӘӨИ:ҚҚ.Ш.1014). Мәтін машинкаға басылған. Жинаушысы—Торсықбайұлы. Қорға 1988 жылы түскен. 23. [Әйелдің күрек тісі—көркі] Шығарма Б.Адамбаевтың фольклорлық қоры бойынша әзірленді (ӘӨИ:ҚҚ.Ш.1014). Мәтін машинкаға басылған. Жинаушысы—А.Торсықбайұлы. Қорға 1988 жылы түскен. 24-25. [Қазыбектің бала дауын шешуі], Қазыбектің үш атасы Бұлбұл Көпшілікке кеңінен таралған бұл аңыздар томға Б.Адамбаевтың фольклорлық қорынан алынды (ӘӨИ: ҚҚ.Ш.1014). Мәтін машинкаға басылған. Жинау­шы­сы —­А.Торсықбайұлы. Қорға 1988 жылы түскен. 26. Бөдене мен Жарылғап Аңызды 1963 жылы белгілі ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Б. Адамбаев жазып алған. Мәтіннің соңында «Бұл аңыз Қазыбектің өмірінен аз да болса, мағлұматты кеңей­тер­

ғылыми  қосымшалар
лік мәні болар деген үмітпен жазып алынды» деген ескерт-
пе бар. Томға ұсынылып отырған мәтін қолжазба негізінде
(ӘӨИ:ҚҚ.Ш.1014) дайындалды.

27. [Тіленші туралы]

Қаз дауысты Қазыбек бидің немересі туралы бұл туын-
ды да Б.Адамбаевтың фольклорлық қоры бойынша дай-
ындалды (ӘӨИ:ҚҚ.Ш.1014). Мәтін машинкаға басылған.
Жинаушысы—А. Торсықбайұлы. Қорға 1988 жылы түскен.

28. Әйтеке бидің мықтылығы

Аңыз томға ӘӨИ-дің Қолжазба қорының Қ.1123-бума­
сының 47-дәптерінен алынды. Мәтінді жинап, тап­сыр­ған—
Еркін Құлпейісов. Аталған мәтінді Ө. Ахметов 1989 жы­лы
«Ленин туы» газетінде жариялаған.

29. Әйтеке би

Кіші жүздің данышпан биі Әйтеке туралы бұл туын-
ды томға ӘӨИ-дің Қолжазба қорының Қ. 856-бумасының
4-тізімінен алынды. Мәтінді жинап, тапсырған—Ғаббас
Батталов. Қорға 1979 жылы түскен. Қолжазбаның соңында

берілген мәліметке қарағанда, шығарманы 1928 жылы
Урицкий ауданы, «Сопшлы» ауылының тұрғыны Дүзен қа­
рия­дан жазып алған—Ғаббас Сатаев.

30. Әйтекенің жекпе-жектегі жеңісі

Томға ұсынылып отырған мәтін Г. Бельгер, М. Ақдәу­лет­
ұлы құрастырған «Әйтеке би» кітабынан қысқартылып (Ал-
маты: Атамұра, 1998.178-181-бб.) алынды.

тарихи  аңыздар 31. Әйтеке бидің қазасы

Аңыз томға ӘӨИ-дің Қолжазба қорының Қ.1124-бу­
масының 100-дәптерінен алынды. Мәтінді жинап, тап­
сырған—Еркін Құлпейісов. Аталған мәтінді Ө. Ахметов
1989 жылы Қазалы ауданының «Ленин туы» газетінде жа­

риялаған.
32-39 Ескелді би
Жылкелдіұлы Ескелді би—ХVІІІ ғасырда өмір сүрген қа­
зақ батыры. Жоңғар басқыншылығына қарсы жүргізілген

ұлт-азаттық соғысқа қатысқан. Томға ұсынып отырған биге қа­
тысты аңыздарды «Ел жүрегіндегі Ескелді би» (жинап, әде­би
өңдеп, құрастырушы—Исмаилов Ораз) жинағынан алынды.

АБЫЛАЙ ХАН ТУРАЛЫ АҢЫЗДАР

40. Хан Абылай

Туынды томға ӘӨИ-дің Сирек қорының сақталған қол­
жазба негізінде дайындалды (Қ. 828. 3-дәп.). Қолжазба­ны
жинап, қорға тапсырған—М.Мәжікеев. Қолжазба қа­лың
дәптерге, көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Сызыл­ған,

шимайланған жолдар кездеседі.

41. Абылайдың алғаш көзге түсуі

(І нұсқа)
Мәтін томға Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармала­
ры жинағынан (8-том. Павлодар, 2006. 175-177-бб.) алын-
ды. Аталған кітапқа мәтін әулеттік мұрағаттан (ҚПЖӘМ,

Мәшһүр жазбасы. 2 том, 40-43-бб.) әзірленген. Жинақта бұл
нұсқа бірінші үлгі ретімен берілген.

ғылыми  қосымшалар 42. Абылайдың алғаш көзге түсуі

(ІІ нұсқа)
Томға енген аңыз М.Ж.Көпейұлының қолжазба мұра­
сының (ОҒК.ҚҚ.Ш.1170-бума, 721-724-бб.) негізінде дайын­
далды. Аталған мәтін ақынның шығармалары жина­ғын­да

(9-том. Павлодар, 2006. 12-14-бб.) жарияланған. Жи­нақ­та
бұл мәтін үшінші нұсқа ретімен берілген.

43. Абылайдың жас күніндегі өмірі

(ІІІ нұсқа)
Мәтін латын әрпімен жазылған. Соңында «Абайдың
аузынан есітіп, жадына сақтаған—Мұсылманқұл Жирен-
шин» деген мәлімет бар. Аңыз ОҒК-нің Қолжазба қорында

(Ш.829. 10 жинақ) сақтаулы.
Томға мәтін аталған қолжазба бойынша дайындалды.

44. Абылай туралы

(ІV нұсқа)

Аңыз ОҒК-нің Қолжазбалар қорына 1945 жылы түскен.
Жинаушысы белгісіз. Томға мәтін түпнұсқадан (ОҒК.ҚҚ.
Ш.829. 10-жинақ) өзгертусіз дайындалды.

45. Абылайдың қамал бұзған жері

(V нұсқа)
Томға ұсынылып отырған мәтін ОҒК-нің Қолжазбалар
қорынан дайындалды (Ш.829-бума, 4-дәп.) Молда Мұқан
Машанұлының жинағынан көшірген—Бозтай Жақыпбаев.

Қорға 1935 жылы түскен. Қолжазба араб әрпімен жазыл­
ған.

тарихи  аңыздар 46. Абылай атағын шығарған шалқұйрық ат туралы

Аңыз томға Ш.Уәлихановтың «Көптомдық шығармалар
жинағынан» алынды (Алматы, 2010. 186-187-бб.).

47. [Абылайдың тұтқында болуы]

(І нұсқа)
Бұл нұсқа томға ӘӨИ-дің Сирек қорында сақталған қол­
жазбадан дайындалды (Қ.828. 3-дәп.). Қолжазбаны жинап,
қорға тапсырған—М.Мәжікеев. Қолжазба қалың дәптерге,

көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Қолжазба­ның
11-бетінде соңғы екі жол шимайланған. Оқу мүмкін емес.
Мә­тіннің аяғында «Абылай жайындағы әңгімеміз­дің бір
саласы осымен аяқталды. Бұл әңгімені қарауыл ішінде Бек­

тауыл, оның ішінде сарғалдақ (байбарақ) әу­летінен Досқана­
ұлы Есмағамбет қарт айтты. Ол естігенін ұмытпайтын, кө­
ңілде тоқи білетін, тілі орамды адам еді. Фактілері өзгеріссіз
жазылды» деген мәлімет бар.

48. Абылайдың тұтқын болуы

(ІІ нұсқа)

Мәтін томға Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармалары
жинағынан (8-том. Павлодар, 2006. 177-181-бб.) алынды.
Аталған кітапқа мәтін әулеттік мұрағаттан (ҚПЖӘМ, Мәш­
һүр жазбасы. 2 том. 44-48-бб.) әзірленген. Жинақта бұл

нұсқа бірінші үлгі ретімен берілген. 49. Абылайдың тұтқын болуы

(ІІІ нұсқа)
Мәтін томға Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармалары
жинағынан (9-том. Павлодар, 2006. 22-25-бб.) алынды.

ғылыми  қосымшалар
Кітапқа мәтін әулеттік мұрағаттан (ҚПЖӘМ, Мәшһүр жаз-
басы, 11 бума, 314-325-бб.) әзірленген. Жинақта бұл нұс­қа
екінші нұсқа ретімен берілген. Құрастыршылардың мә­лі­

ме­ті бойынша бұл нұсқаның 10 үлгісі бар. Ұсынылған аңыз­
дың алдыңғы нұсқалардан айтарлықтай ерекшеліктері
бар.

50. Абылайдың Қалдан Шерінге елші жіберуі

(ІV нұсқа)
Аңыз томға Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының қолжазба
мұрасы (ОҒК.ҚҚ. Ш.1170-бума, 735-738-бб.) негізінде дай-
ындалды. Аталған мәтін ақынның шығармалары жинағын­

да (9-том. Павлодар, 2006. 21-22-бб.) жарияланған. Жи­нақ­та
мәтін екінші нұсқа ретімен берілген.

51. Абылайдың тұтқын болуы

(V нұсқа)
Туынды томға Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының қолжазба
мұрасы (ОҒК.ҚҚ. Ш.1645-бума, 142-151-бб.) негізінде да­
йын­далды. Мәтін ақынның шығармалары жинағында (9-том.

Павлодар, 2006. 355-400-бб.) жарияланған. Жинақта мәтін
үшінші нұсқа ретімен берілген.

52. Абылайдың тұтқын болуы

(VІ нұсқа)

Томға енген мәтін Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының қолжаз­
ба мұрасы (ОҒК.ҚҚ.Ш.1177 бума, 248-257-бб.) негізінде дай-
ындалды. Мәтін ақынның шығармалары жинағында (9-том.
Павлодар, 2006. 35-40-бб.) жарияланған. Жинақта аңыз

бесінші нұсқа ретімен берілген.

тарихи  аңыздар 53. Жапақ батырдың Сары қазақ атануы

(VІІ нұсқа)
Аңыз Ш.Уәлихановтың «Көптомдық шығармалар жина­
ғынан» алынды ( Алматы, 2010. 187-б.).

54. Абылай мен Әмірсананың достығы

жайындағы аңыз
Шығарма томға ӘӨИ-дің Сирек қорында сақталған
қолжазбадан қолжазбадан дайындалды (Қ.828. 3-дәп.).
Қол­жазбаны жинап, қорға тапсырған—М.Мәжікеев. Қол­

жазба қалың дәптерге, көк сиямен кирилл әрпінде жа­
зыл­ған. Мәтіннің соңында «Абылай мен Әмір Сананың
достығына байланысты осы оқиғаны тарихпен таныстығы
бар Құлыбекұлы Ахмет қарт баяндады. Оны Тасым, Ал-

пысбай, Мүсіреп, Кенжеболат, Нарбота, басқа да қарттар
мақұлдады» деген мәлімет бар.

55. [Абылай туралы]

Аңыз томға қолжазбадағы түпнұсқа (ОҒК.ҚҚ.Ш.1318.
6-дәп.) негізінде дайындалды. Кирилл әрпінде. Жинау­шы­
сы—Күмісбек Есіркепов. Мәтін қорға 1941 жылы түскен.

56. Абылай аспаған сары бел аталған жері

(І нұсқа)
Томға ұсынылып отырған мәтін Мәшһүр Жүсіп Көпей­
ұлы шығармалары жинағынан (9-том. Павлодар, 2006. 50-
53-бб.) алынды. Аталған кітапқа мәтін әулеттік мұрағат­тан

(ҚПЖӘМ, Мәшһүр жазбасы, 11-бума, 113-122-бб.) әзір­
лен­ген. Жинақта мәтін екінші нұсқа ретімен берілген. Құ­
растырушылардың мәліметі бойынша, аталған аңыздың
ал­ты нұсқасы бар.

ғылыми  қосымшалар 57. [Абылай аспаған сары бел аталған жері]

(ІІ нұсқа)
Томға енген мәтін Мәшһүр Жүсіп Көпейұлылының қол­
жазба мұрасы (ОҒК.ҚҚ. Ш.1170-бума, 125-127-бб.) не­
гізінде дайындалды. Аңыз Мәшһүр Жүсіп шығармалары

жинағында (9-том. Павлодар, 2006. 54-б.) жарияланған.
Жи­нақта мәтін үшінші нұсқа ретімен берілген.

58. Абылай аспаған сары бел аталған жері

(ІІІ нұсқа)
Аңыз томға Мәшһүр Жүсіп Көпейұлылының қолжазба
мұрасы (ОҒК.ҚҚ. Ш.1176 бума, 132-б.) негізінде дайындал-
ды. Мәтін ақынның шығармалары жинағында (9-том. Павло-

дар, 2006. 55-61-бб.) жарияланған. Жинақта мәтін төртінші
нұсқа ретімен берілген.

59. «Абылай аспаған сары бел» аталған мәнісі

(ІV нұсқа)

Мәтін томға Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының қолжазба
мұрасы (ОҒК.ҚҚ. Ш.1178 бума, 213-б.) негізінде дайындал-
ды. Мәтін ақынның шығармалары жинағында (9-том. Пав-
лодар, 2006. 66-71-бб.) жарияланған. Жинақта мәтін алтын-

шы нұсқа ретімен берілген.
60-61. [Абылай және орыс елшілері]
(І нұсқа, ІІ нұсқа)
Бірінші нұсқада: Абылай хан заманында орыс жұрты­нан

елшілікке келіп, қазақ жеріне қыстап қалғандығы, «же­
тімдікке» Қойлыбайға бір қыз берілгені, олардан тараған ба­
лалары жайлы айтылады. Ал екінші нұсқасында: Орыс пат­
шасының Қойлыбайға ит терісіне алтындатып достық хат

тарихи  аңыздар
жа­зып, «жетімдікке» бір қыз жібергендігі кеңірек баянда­
лады.
Бұл тарихи аңыздың екі нұсқасы да Мәшһүр Жүсіп

шығармалары жинағында (8 том, 205-208-бб.) «Абылай
заманындағы орыс елшілері» деген тақырыпта берілген.
Мәтіндер ОҒК-ның Қолжазба қорында (1178-бума, 19-б.,
103-106-бб.) сақтаулы.

Томға аңыз қолжазбадағы түпнұсқа негізінде дайындалды. 62. [Орысты шаппақ болғанда Бұхар жыраудың

өлеңмен тоқтау салуы]
Мәшһүр Жүсіп шығармалар (8 том. Павлодар, 2006.
190-б.) жинағында жарияланған. Мәтіннің түпнұсқасы
ОҒК-ның Қолжазба қорындағы 1177-бумада сақтаулы.

Томға ұсынылып отырған бұл тарихи аңыз қолжазба не­
гізінде дайындалды.

63. Абылайдың қырғызға жорығы

(І нұсқа)
Мәшһүр Жүсіп Қазақ тарихы шығармалары (9 том.
Павлодар, 2006. 74-б.) жинағында жарияланған. Мәтіннің
қолжазбасы ОҒК-ның Қолжазба қорында (1176-бума, 294

(388) б.) сақтаулы.
Томға мәтін түпнұсқа негізінде ұсынылды.

64. Абылайдың қырғыз, өзбекке жорығы

(ІІ нұсқа)
Нұсқа Мәшһүр Жүсіп Көпейұлның шығармалар жина­
ғында (9 том. Павлодар, 2006. 75-б.) жинағында жа­рия­
ланған. Аңыздың қолжазбасы ОҒК-ның Қолжазба қо­рында

(1170-бума, 787-735-бб.) сақтаулы.
Томға мәтін түпнұсқа негізінде ұсынылды.

ғылыми  қосымшалар 65. Абылайдың «Қанды қарағай қан болды, жол болды»

деп ат беруі
Мәтін ОҒК-ның Қолжазба қорында 829-бума, 8-дәптерде
сақтаулы. 1950 жылы Көкшетау экспедияциясы кезінде
жинап, қорға тапсырған—Қаңтарбаев К.

Томға мәтін түпнұсқа негізінде дайындалды. 66. [Абылай мен Тұрсынбай батыр]

(І нұсқа)
Бұл тарихи аңызда Абылай ханның Бетпақтың сары да­
ласында Балтакерей Тұрсынбаймен кездесіп, жорыққа бірге
аттанғаны және Тұрсынбайдың жыланды қауып алып, үшке

бөліп ортасын қалай жұтқандығы туралы айтылады. Мә­тін
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармалар жина­ғын­да (8-том.
Павлодар, 2006. 184-б.) «Қырғызға жорығы, Тұрсынбай ба-
тыр» деген тақырыппен жарияланған.

Томға ұсынылып отырған мәтін ОҒК-ның Қолжазбалар
қорындағы Мәшһүр Жүсіптің қолжазба мұрасының (1170
«б», 745-750-бб.) негізінде дайындалды.

67. Балтакерей Тұрсынбай батыр

(ІІ нұсқа)
Мәтіннің екінші нұсқасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының
шығармалар жинағында жарияланған. Жинаққа мәтін
әулеттік мұрағаттың (11-бума, 280-283-бб.) негізінде дайын­

далған.
Томға ұсынылған мәтін жинақтан (9-том. Павлодар, 2006.
133-б.) алынды.

тарихи  аңыздар 68. Абылайдың соңына ерген батырларын сынауы

(ІІІ нұсқа)
Аңыздың негізгі оқиғалары алдыңғы нұсқаларға ұқ­са­
ғанмен, тарихи тұлғалардың атауларында өзгешеліктер
кез­деседі. Мәселен, осы нұсқада жанама кейіпкер Балтаке-

рей Тұрсынбай емес, оның орнына Сапақ деген батыр бей­
неленеді т.б. Сондықтан кейінгі зерттеулерге қажетті ныса-
на болатындығы ескеріліп, томға енгізілді.
Мәтін қолжазба негізінде дайындалды (ОҒК. Қ.829-бу­ма,

8-дәп.). 69. Жәнібек батырдың түсін Абылайдың жоруы

(І нұсқа)
Бұл нұсқаның ерекшелігі—Қалмақтың ханы Абы­лай­
ға кісі салып жекпе-жекке сырттан батырларын шы­ға­ра­
тындығы. Қазақтан Шақшақ немересі Жәнібек шығып

жеңіске жетуі, Жәнібектің жаман түс көріп, оны Абылай­
дың жақсылыққа жорығаны суреттеледі.
Мәтін М.Ж. Көпейұлының «Абылай хан» жинағында
«Абылай хан дәуірі» тақырыбымен (Алматы, 1-том. 1993.

—310-313-бб., құраст.: С. Дәуітов), «Егеменді Қазақстан»

га­зетінде (11.01.1992, № 9-10. Дайындаған—С.Дәуітов) жа­
рияланған. Қолжазба нұсқасы ОҒК-ның Қолжазба қорында
(1170 «б», 739-745-бб.) сақтаулы.
Томға мәтін қолжазба негізінде ұсынылды.

70. Абылайдың бір жорығы

(ІІ нұсқа)
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармалар жинағында
(9-том. Павлодар, 2006. 40-б.) жарияланған. Түпнұсқасы ОҒК-
ның Қолжазба қорында (1170-бума, 739-745-бб.) сақтаулы.

Томға мәтін қолжазба негізінде дайындалды.

ғылыми  қосымшалар 71. Абылайдың бір жорығы

(ІІІ нұсқа)
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармалар жинағында
(9-том. Павлодар, 2006. 42-б.) жарияланған. Қолжазбасы
ОҒК-ның Қолжазба қорында (1170-бума, 739-745-бб.) сақ­

талған.
Мәтін томға қолжазба бойынша дайындалды.

72. Абылайдың өз түсін жоруы

Мәтіннің түпнұсқасы ОҒК-ның Қолжазба қорында
«Абылай хан туралы әңгімелер жинағы» атты бумада
(829-бу­ма, 8-дәп.) сақтаулы. Жинаған—К.Қаңтарбаев.
Қорға 1950 жылы түскен.

Томға аңыз түпнұсқа негізінде ұсынылды. 73. [Абылайдың Самарқанға жорығы]

(І нұсқа)
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармалар жинағында
«Самарқан жорығы, Абылайды түс жоруы» деген тақырып­
пен (9-том. Павлодар, 2006. 191-б.) жарияланған. Мәтіннің

Қолжазбасы ОҒК-ның Қолжазба қорында (1170-бума, 789-
795-бб.) сақтаулы.
Мәтін томға түпнұсқа негізінде ұсынылды.

74. Абылай хан түсі және өлімі

(ІІ нұсқа)
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармалар жинағында
(9-том. Павлодар, 2006. 81-б.) жарияланған. Аталған кітапта
үшінші нұсқа ретінде берілген. Мәтіннің қолжазбасы ОҒК-

ның Қолжазба қорында (1177-бума, 258-261-бб.) сақтаулы.
Томға мәтін түпнұсқа негізінде еш өзгеріссіз дайындалды.

тарихи  аңыздар 75. Абылай хан заманында қазақтан шыққан батырлар

(ІІІ нұсқа)
Мәтіннің түпнұсқасы ОҒК-ның Қолжазба қорында (829-бу­
ма, 2-дәп.) сақтаулы. 1947 жылы араб әрпімен жазып, қор­ға
тапсырған—халық әдебиеті үлгілерін жинаушы Н. Әминов.

Томға ұсынылып отырған мәтін қолжазба негізінде ұсы­
нылды.

76. Бекболат пен Абылай

Бұл мәтінді ӘӨИ Қолжазба қорына 1958 жылы тап­сыр­
ған—Ғ. Мұқатаев. Дәптердің сыртында «Есіл правдасында»
басылған материалдар» деген жазу бар.
Мәтін томға қолжазба (142-бума, 8-дәп. 9-б.) негізінде

дайындалды. 77. Абылайды тұтқыннан босаттырған батыр

Аңызды айтушы—Жезқазған облысы Жаңаарқа ауда­
нының тұрғыны Өміртай Жақыпұлы. 1992 жылы жазып
алған—Қарағанды мемлекеттік университетінің 2 курс сту­
денті Сақауова Ж.Б. ӘӨИ-дің Қолжазба қорына (621-бума)

2011 жылы тапсырған—филология ғылымдарының докто-
ры, профессор Б. Рахымов.
Мәтін томға қолжазба негізінде дайындалды.

78. Бұрынғы заманның адамдарының қандай екенін

танытуға сөйлеген сөз
Аңыздың түпнұсқасы ОҒК-ның Сирек кездесетін кітап­тар
мен қолжазбалар қорында «Мәшһүр Жүсіп Көпеев материал-
дары» деген жинақта (829-бума, 2-дәптер) сақталған. Қорға

тапсырған—Әминов Н. Мәтін араб әрпінде хатқа түскен.
Томға мәтін түпнұсқа негізінде әзірленді.

ғылыми  қосымшалар 79. Абылай мен Жарылғап

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармалар жинағын­да
(9-том. Павлодар, 2006. 71-б.) жарияланған. Кітап­та мәтін­
нің қолжазбасы әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр Жүсіп жаз­
басынан (8-бума, 36-44-бб.) дайындалғандығы көрсетілген.

Томға мәтін осы жинақ негізінде ұсынылды.

80. Абылай мен Андығожа батыр

Туындының мәтіні ОҒК-ның Қолжазба қорында (829-
бума, 8-дәп.) сақталған. Қорға 1950 жылы түскен. Кім тап­
сырғаны белгісіз. Көкшетау экспедициясы кезінде жи­
наған—К.Қаңтарбаев.

81. Абылай ханның әңгімесі

Көкшетау экспедициясы кезінде мәтінді жинаған—Бек­
мағамбетов (аты көрсетілмеген). Қолжазба ОҒК-ның Қол­
жазба қорындағы 829-бума 9-дәптерде сақтаулы. Мәтін араб
әрпінде жазылған. Қорға 1950 жылы түскен. Тапсырушысы

туралы мәлімет берілмеген.
Мәтін қолжазба негізінде әзірленді.

82. Абылай туралы

Аңыз ОҒК-ның Қолжазба қорында (829-бума, 1-дәп.) сақ­­
тал­ған. Абылай туралы аңызды 1929-1939 жылдары әр жер-
лерде сақталған қолжазбалардан көшіріп алып, қорға тапсыр­
ған—академик Марғұлан Әлкей. Мәтін араб әрпінде жазылған.

Томға мәтін түпнұсқа негізінде ұсынылды. 83. Абылайдың Әтеке жырықпен соғысуы

1929-1950 жылдары Көкшетау экспедициясы кезінде жи­
налған материалдар. Қолжазба ОҒК-да (Қ.829. 10-дәп.) сақ­
24-139

тарихи  аңыздар таулы. Мәтін латын әрпінде машинкаға басылған. Жинаушысы, тапсырушысы туралы мәлімет көрсетілмеген. Томға мәтін қолжазба негізінде дайындалды. 84. Абылай ханның балалары Туынды ОҒК-ның Қолжазба қорында (829-бума, 10-дәп. 18-24-бб.) сақталған. Мәтін томға аталған түпнұсқа негізінде дайындалды. 85. Абылай туралы Шығарма ОҒК-ның Қолжазба қорында (829-бума, 9-дәп.) сақтаулы. Мәтін араб әрпінде хатқа түскен. Жинаушысы, тапсырушысы туралы мәлімет кездеспейді. Мәтін томға түпнұсқа негізінде әзірленді. 86. Абылай ханның сыны Жазушы Т.Қаупынбайұлы құрастырған «Райымбек ба­тыр» (Алматы: Білім, 2005. 216-б.) жинағында жария­ лан­ған. Құрастырушы бұл аңызды фольклортанушы С.Медеубековтің аузынан жазып алғандығын ескерткен. Томға мәтін жинақ бойынша дайындалды. ДАҢҚТЫ ҚОЛБАСШЫЛАР МЕН БАТЫРЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҢЫЗДАР 87. Қабанбай батыр Аңыздың түпнұсқасы ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (1094бума, 1-дәп.) сақталған. Оны 1985 жылы жазып алып, қор­ ға тапсырған—Мұхамеджан Рүстемов. Мәтін машинкаға басылған. Томға мәтін осы түпнұсқа негізінде дайындалды.

ғылыми  қосымшалар
88-91. «Қабанбайдың бас қолбасы болып,
«Дарабоз» аталуы», «Қабанбайдың батасы»,
«Қабанбай мен Жәнібек», «Қабанбай мен Райымбек»

Бұл аңыздардың мәтіні «Хан батыр—Қабанбай» (Ал-
маты: ҚазАқпарат, 2005. 73-87-бб. Құрастырушысы—
Т.Б.Шотанбеков) атты жинақта басылым көрді.
Томға ұсынған мәтіндер аталған басылым бойынша да­

йындалды. 92. Қаракерей Қабанбай

Шығарма ӘӨИ-дің Қолжазба қорына (137-бума, 2-дәп.
69-75-бб.) сақталған. Оны 1956 жылы ел арасынан жазып
алып, қорға тапсырған—Ә. Бөрібаев.
Томға мәтін қолжазба негізінде ұсынылды.

93. Қаракерей Қабанбай батыр

Аңыздың түпнұсқасы ОҒК-ның қолжазба қорында (1456-
бума) сақталған. Мәтін араб әрпінде жазылған. Жи­нау­шы­
сы—Байғұттыұлы Күсембек.
Томға мәтін қолжазба негізінде ұсынылды.

94. Қабанның Алтай өңірінде көзге түсуі

Аңыз «Қаракерей Қабанбай: Аңыз, зерттеу, қиссалар»
(Алматы: Жазушы, 1991. 114-б. Құраст.: З.Сәнік, Б.Сады­
қан) жинағында жарияланған.
Мәтін томға осы жинақ бойынша дайындалды.

95. Бөгенбай батыр

Бұл аңыз ӘӨИ-дің қолжазба (Ш. 1094. 2-дәп. 147-б.)
қорынан алынды. Мәтін машинкаға басылған. 1985 жылы

тарихи  аңыздар
Шымкент қаласында ел аузынан жинаған—Мұхамеджан
Рүстемов. Ол 1932 жылы Қызылорда облысының Шиелі
ауданындағы қазіргі Нартай ауылында дүниеге келген.

М.Рүстемов зерттеуші, әдебиетпен, музыкамен айналыса­­ды.
Ел­ге танымал композитор, әнші, термеші.

96. Қанжығалы қарт Бөгенбай хақында

Бөгенбай хақындағы аңызды 1989 жылы шілде айының
15-де «Көкшетау правдасы» газетіне С.Шегетаев жа­рия­
лаған. Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай се­
лосының тұрғыны Құлпейісов Еркін тапсырған ауыз

әдебиеті үлгілері. Қолжазба ӘӨИ-дің қолжазба қорынан
(Ш.1124. 86-дәп.) алынды. Мәтін томға түпнұсқа негізінде
ұсынылды.

97. Өтеген батырдың шұбар тегенесі

Тарихи аңыз «Мүйізді Өтеген» (Алматы: АБА «Ай-
кос», 1999. 139-б. Кітапты құрастырып, алғы сөзін жазған­­
дар: М.Ысқақбай, А.Байек, Ж.Дәдебаев) жинағында жа­
рияланған.

Томға ұсынылып отырған мәтін жинақтың негізінде
дайындалды.

98. Өтегеннің дүниеге келуі

Бұл аңыз да «Мүйізді Өтеген» жинағының (144-б.) негі­
зінде томға ұсынылды.

99. Өтегеннің жер қарауы

Туынды «Мүйізді Өтеген» (145-б.) жинағында жария­
ланған. Ал мәтіннің түпнұсқасы ОҒК-ның Қолжазбалар

ғылыми  қосымшалар
қорында (833-бума, 3-дәп.) сақтаулы. Оны 1943 жылы араб
әрпінде хатқа түсірген—Жаужүрек Қаражанұлы.
Томға мәтін қолжазба негізінде дайындалды.

100. Төле бидің Өтегенге бата беруі

Бұл мәтін «Өтеген батыр» (Құраст.: А.Сейітқызы. Алма-
ты: Мерей, 1994. 146-б.) жинағында «Төле би Өтеген батыр­ға
бата беріпті» деген тақырыппен жарияланған.
Томға аңыз осы жинақ бойынша әзірленді.

101. Өтегеннің Абылайды сынауы

Мәтін «Өтеген батыр» (153-бет), «Мүйізді Өтеген» (153-б.)
жинақтарында жарияланған.
Томға аңыз соңғы жинақтың негізінде әзірленді.

102. Дүниедегі қазына не?

Аңыз «Өтеген батыр» (114-бет), «Мүйізді Өтеген» (154-б.)
жинақтарында жарияланған.
Томға аңыз соңғы жинақтың негізінде әзірленді.

103. Өтегеннің қарызын қайтаруы

Аңыз «Өтеген батыр» (115-б.), «Мүйізді Өтеген» (156-б.)
жинақтарында жарияланған.
Томға аңыз соңғы жинақтың негізінде әзірленді.

104. Өтегеннің қыз беруі

Шығарма «Өтеген батыр» (115-б.), «Мүйізді Өтеген»
(157-б.) жинақтарында жарияланған. Мәтіннің түпнұсқасы
ОҒК-ның Қолжазбалар қорындағы «Өтеген батыр шығар­

тарихи  аңыздар малар жинағында» (833-бума, 3-дәп.) сақталған. Дәптерде «1943 жылы араб әрпімен жазып берген — Жаужүрек Қаражанұлы» деген мәлімет көрсетілген. Томға мәтін қолжазба негізінде әзірленді. 105. Өтегеннің сәуегейлігі Томға ұсынылған мәтін «Мүйізді Өтеген» (159-б.) жина­ ғының негізінде дайындалды. 106. Өтегеннің араша түсуі Туынды «Өтеген батыр» (118-б.), «Мүйізді Өтеген» (160-б.) жинақтарында жарияланған. Томға соңғы жинақ­тан алынды. 107. Өтегеннің адамға сын беруі Өтеген батыр (119-б.), Мүйізді Өтеген (161-б.) жинақта­ рын­да жарияланған. Қолжазбаның түпнұсқасы ОҒК-ның Қолжазбалар қорында (833, 3-дәп.) сақтаулы. 1943 жылы араб әрпімен жазып берген Жаужүрек Қаражанұлы. Томға мәтін қолжазба негізінде дайындалды. 108. Өтегеннің айласы немесе қырық тазы туралы Мәтін Мүйізді Өтеген (162) жинағында жарияланған. Кі­тапта «Бұрын еш жерде жарияланбаған бұл аңыз Өтеген Өтеғұлұлы туралы екі жыр жазған батыр ұрпағы—Жар­кү­ рек Қаражанұлының немересі Әлімхан Оңалбаевтың аузынан жазып алынды» деген мәлімет бар. Томға жинақ бойынша әзірленді.

ғылыми  қосымшалар 109. Қалмақ, қалмақты ептеп алмақ...

Өтеген батыр (120-б.), Мүйізді Өтеген (164-б.) жинақ­
тарында жарияланған.
Томға аңыз соңғы жинақтың негізінде әзірленді.
110-112. «Өтегеннің жазасы», «Өтегеннің өкінуі»,

«Өтегеннің түс жоруы»
Бұл тарихы аңыздар томға «Мүйізді Өтеген» (165-169-бб.)
жинағының негізінде дайындалды.

113. Сүйіндік Олжабай батыр ертегісі

(І нұсқа)
Аңыз Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармалар (8-том,
Павлодар, 2006. 170-б.) жинағында жарияланған. Әулет­
тік мұрат пен Әлкей Марғұлан жазбасынан (428-б.) көші­

рілген. Кітапты құрастырушылардың мәліметін қарағанда,
Ә.Марғұлан мен Жолмұрат Жүсіпұлы қолтаңбаларын ажы-
рату қиынға түскен.
Мәтін томға жинақтың негізінде дайындалды.

114-116. Олжабай батыр
(ІІ, ІІІ, ІV нұсқа)
Томға енген «Олжабай батыр» аңызының бірінші, екін­
ші, үшінші нұсқалары ОҒК-ның Қолжазба қорындағы

Мәш­һүр Жүсіп Көпейұлының қолжазба мұрасының (І-ІІ
нұсқа­лар — 1170-бума, 117-128-бб.; ІІІ, ІV нұсқалар —
1177-бума, 222-226, 215-219-бб.) негізінде, өзгеріссіз ұсы­
нылды.

тарихи  аңыздар
117-118. «Малайсары және Олжабай»,
«Олжабай және Жасыбай»
Аңыздар «Абылай хан» (Алматы, 1993. 338-343-бб. Құ­

раст.: С.Дәуітұлы) басылымында, Мәшһүр Жүсіп Көпей­
ұлының шығармалары (9-том. Павлодар, 2006. 124-131-бб.)
жинағында жарияланған. Ал олардың түпнұсқалары ОҒК-
ның Қолжазба қорында (1177, 226-236-бб.) сақталған.

Томға мәтіндер қолжазба негізінде ұсынылды. 119. Олжабай батыр

Абылайдың ту ұстаушы батырларының бірі болған Ол­
жабай батыр туралы аңызды 1999 жылы Б.Адамбаев «Қазақ
батырлары» газетінің 10-санында жариялаған. Томға атал­
ған газеттен ықшамдалып алынды.

120. Малайсары батыр

Аңыздың түпнұсқасы ОҒК-ның Қолжазбалар қорында
(657, 13-дәп.) сақталған. Буманың мұқабасында «Мәшһүр
Жүсіп Көпеев жинағандарынан. ІІІ том. 214-б.» деген жазу
бар. Мәтін латын әрпімен жазылған.

Томға мәтін қолжазба негізінде ұсынылды. 121. Жұрын батыр

Жұрын туралы аңыз бен шындық «Қазақ батырлары»
газетіне (2003, № 12) Н.Ахметов жариялаған. Томға ұсынып
отырған мәтін газеттен алынды.

122. Қаралда батыр

Қаралда батыр—1742-1824 жылдар аралығында өмір
сүр­ген. Атақты палуан. Азан шақырып қойған аты—Алда­

ғылыми  қосымшалар
берген. Жанға дес бермеген күш иесін құрмет тұтқан халық
оны Қаралда атап кеткен.
Томға ұсынылып отырған мәтін Маңғыстау энцикло­

педиясынан (Алматы: Атамұра, 1997) алынды. 123. Қозыүй батыр

Қозыүй  Жәнібекұлы туралы аңыз Жамбыл облысының
энциклопедиясынан (Алматы, 2003) дайындалды.

124. Қойгелді батыр

Жоңғар
басқыншыларына
қарсы
азаттық

күрестің
көрнекті өкілі, қолбасшы Қойгелді Сарт ұлы туралы бұл
аңыз «Қойгелді Сартұлы. Тарихи тұлғалар» атты (құрас­
тырушылар: Тоғысбаев Б., Сужикова А. — Алматы, 2005)

атты кітаптан дайындалды. 125. Мамай батыр

Томға ұсынылып отырған мәтін «Қазақ батырлары» га­
зетінен дайындалды (1998, № 2). Жариялаған—Ә. Ибраги-
мов.

126. Мыңбай батыр

Мыңбай батыр туралы аңыз «Қазақ батырлары» газетінің
11-санында (2001) жарияланған. Жариялаушы—Н. Өтебаев.

127. Сартай батыр

Сартай батыр туралы бұл аңызды 1999 жылы Ө. Жолым-
бетов «Қазақ батырлары» газетінің 1-санында жа­риялаған.
Томға газеттен дайындалды.

тарихи  аңыздар 128. Серғазы батыр

Томға ұсынылып отырған мәтін 2002 жылы «Қазақ ба­
тырлары» газетінде жарияланған. Жариялаушы — Т. Бі­рім­
құл­ұлы. Мәтін ықшамдалып алынды.

129. Шотан батыр

Мәтін 2005 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің 39-санын­
да жарияланған. Жариялаушы—А.Мантаева. Томға мәтін
атал­ған газеттен дайындалды.

130. Шынқожа батыр

Мәтін «Қазақ батырлары: ақ білектің күшімен, ақ най­
за­ның ұшымен» кітабынан (Астана: Фолиант, 2008. 333-б.)
дайындалды. Құрастырған—К. Табылдиев.

Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни
есімдер туралы мәліметтер
Абылай хан (Әбілмансұр, Сабалақ) (1711-1781)—қа­
зақтың ұлы ханы, мемлекет қайраткері, қолбасшы және

дипломаты. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары Қазақ
ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, кейін ер Есім хан,
Жәңгір хан. Абылай—Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.
Жәңгірдің екі әйелі болған: біріншісі—қазақтан Уәлибақы,

қалмақтан—Тәуке хан туады. Уәлибақыдан Абылай. Абы-
лай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр
болған. Тұтқындарды аямай жазалағандықтан «қанішер
Абылай» атанған. Абылайдан—Көркем Уәли, одан—Абылай

(Әбілмансұр) туады. Ол «Ақтабан шұбырынды» жылдарын-
да жетім қалып, үйсін Төле бидің қолында тәрбиеленеді. Аш-
жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап
Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады.

Жаугершілік заманның талабы Абылайдың ел өміріне ерте
араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың
мәліметтеріне қарағанда, Абылай хан жиырма жасында қан
майданда ерлігімен көзге түскен. Қалмақтың батыры Ша-

рышты жекпе-жекте өлтіруі абыройының өсуіне себепші
болады. «Абылайлап» жауға қарсы шыққан Әбілмансұрды
жеңістен кейін Әбілмәмбет хан шақыртып алып таныса-
ды. Таныса келе туысқан адам болып шығады да, кейінірек

хандық тағын Абылайға (Әбілмансұр) береді. Абылай қа­һар­
лы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани мұрасы­нан
еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Оның

тарихи  аңыздар
«Ақ толқын», «Алабайрақ», «Шаңды жорық» т.б. күйлері
сақталған. Жетпіс жасында жорықтан келе жатып, Арыс
өзенінің жағасында қайтыс болған. Сүйегі Түркістандағы

Қожа Ахмет Йасауи кесенесінде жерленген.
Адам ата—діни аңыздар бойынша, Алла Тағала то­пы­
рақтан жаратқан алғашқы адамы. Балшық-мүсін ұзақ жыл-
дар жансыз тұрады. Ақырында Алла Тағала Адамға жан

кіргізеді. Адамның бір қабырғасынан Хауаны жасайды.
Алғашында екеуі періштелер қатарында болып, олардың
арасында «беделді», «құрметті» орынды иемденеді. Періште­
лер Алланың жарлығы бойынша, Адам мен Хауаға бас иіп,

ғибадат етеді. Бірақ Ібіліс атты періште бұл жарлықты орын-
даудан бас тартады. Сол үшін Алла Тағала Ібілісті жұмақ­тан
қуып жібереді. Осыған өкпелеген Ібіліс Адам ата мен Хауа
анадан өш алудың жолын іздейді. Ақырында олар Ібіліс

шайтанның сөзіне иланып, алдауға түсіп тыйым салынған
жемісті жейді. Осы күнәлары үшін Адам мен Хауа бейіштен
аласталып, Көктен Жерге түсіріледі. Олардан бүкіл адам­зат
тарайды.

Әлмерек абыз (1658-1756)—қазақтың Ұлы жүз үй­
сін тармағындағы  албан тайпасынан шыққан батыр, абыз.
Қа­зіргі Алматы қаласындағы «Әлмерек тоған» (бұрынғы
Гага­рин ауылы) деген жерде туылған.

Әлмерек абыз — қазақ-жоңғар соғысының басынан
аяғы­на дейін қатысқан батыр. Соғыс ақырына қарай қар­
тая бастағанда әскерге сарбаз жаттықтырумен айналыса-
ды. Шәкірттерінен атақты Райымбек батыр, өз немересі

Саурық батыр шыққан. Сонымен қатар жаратлысынан бой-
ына сіңген қасиетін пайдаланып әскерге емшілік жасау,
халықтық емшілік, билік, имамдық, мұсылманша бала оқы­
ту кәсіптерімен шұғылданған. Күші басым дұшпанды көз

байлау арқылы жекпе-жекте сөзсіз жеңу әдісін қолдан­ған
және шәкірттеріне үйреткен. Бейбіт заманда билік айтып, ел

ғылыми  қосымшалар
басқарған. Қазақ балаларын мұсылманша оқытып, Жетісу
жеріне ислам дінін таратуға еңбек сіңірген.
Әлменұлы Бөлтірік  шешен—қазақтың көрнекті шеше­

ні, биі, батыры. Бөлтірік Әлменұлы 1771 жылы қазіргі Жам-
был облысының Шу ауданындағы Шоқпар темір жол стан-
циясы маңында дүниеге келген.
Бала кезінен-ақ ақындық, шешендік сөз өнеріне бейім

болған. Ел арасындағы тапқыр, ұтқыр сөздерді, тақпақ, тер-
ме, аңыз әңгімелерді жаттап, оны жастар арасында айтып,
қызық думан құрған. Бөлтірік сонымен бірге мерген, саят-
кер, ат үстінен алдырмайтын шабандоз, батыр болған. Есей-

ген шағында ел арасындағы жер, су, жесір дауына, жайлау,
қыстау, еңбек жөніндегі талас-тартыстарға араласып, әділ
де шешен төрелік айтқан. Бөлтірік шешен тек кана қазақтар
арасында ғана емес, қырғыз, өзбектерге де белгілі, беделді

шешен болған. Не бір төрелер, бектер, бай, манаптар оның
өткір сөзінен, бетің бар, жүзің бар демей тіке айтатын жөн-
жосықты билік-шешімінен аяғын тартқан. Бөлтірік шешен
1854 жылы дүниеден қайтқан.

Әлібекұлы Төле би (1663-1756)—қазақтың қоғам қайрат­
кері, белгілі шешен, Тәуке ханның кеңесшісі, «Жеті жар­
ғы» әдет заңы авторларының бірі, Ұлы жүздің төбе биі. Ол
жорықтарда, соғыста ерлігімен және елді ұйымдастыр­ғыш­

тық қабілетімен де көзге түседі; оны Тәуке хан Ұлы жүз
ұлысына төбе би етіп тағайындайды. Төле би қазіргі Оң­түс­
тік Қазақстан облысы, Төле би ауданына қарасты Ақбұр­
хан—Орда қонған деген жерде 93 жасында дүниеден қайт­

қан, денесі өзі он екі жыл басқарған, көркейткен Ташкент
қаласына, даңқты Бабұрдың әкесі Юсуп ханның қатарына
қойылған.
Әмірсана—Жоңғар қоңтайшысы Қалдан Сереннің ұлы.

Әкесі өлгеннен кейін жоңғар ақсүйектерінің арасында

тарихи  аңыздар
қиян-кескі тақ таласы туады. Қалдан Сереннен үш ұл қалған
еді. Үлкен ұлы Лама Доржы тоқалдан (кейбір деректер-
де күңнен) туылғандықтан әке тағына отыру құқығы жоқ

болатын. Сондықтан ортаншы ұлы Шуан Доржы Намжар
отырады. Ол 1750 жылы мамырда жездесі Сайын Болғы та-
рапынан өлтірілген соң, жоңғар тағына Лама Доржы иелік
етеді. Бұған наразы болған тақтан үміткер, ойрат руының

тайшысы Сыбан Рабданның қызынан туған Әмірсана
Лама Доржының қастандық қылуынан қауіптеніп, Дауа-
шы екеуі қазақ хандығынан пана тілеп, 1751 жылы Абы-
лай ханның ордасына қашып барады. Абылай хан жоңғар

билеушілерінің бұл қырқысын сәтті пайдалану үшін екеуін
қол астына паналатады. 1752 жылы Әмірсана мен Дауашы
еліне қайтып, Лама Доржыны тақтан тайдырады. Билік­
ке Дауашы келеді. 1754 жылы Әмірсана мен Дауашы ара-

сында қайшылық туып, Әмірсана қазақ хандығына тағы
бас сауғалап келеді. Абылай бұл жолы да Әмірсананың
бас амандығына кепіл болады. Осы жылы Әмірсана тақты
тартып алу үшін Дауашыға қарсы аттанады. Бірақ жеңі­

ліп қалып, Қытай патшалығына қашып, көмек сұрайды.
Көптен бері батыс ауданының тыныштығын бұзып жүрген
жоңғар ақсүйектерінің билігін жоюды көздеп жүрген Қы­тай
патшалығы 1755 жылы Жоңғарияға әскер жіберіп, Дауа­

шыны тақтан құлатады. 1756-1757 жылдары Әмірсана­ның
да билігін түбегейлі жояды. 1757 жылғы алтыншы айда
қытай әскері Әмірсананы аздаған тобымен қоса өкшелей
қуып Аягөзге келгенде Абылай хан өз әскерімен қарсы

шығып, Қытай патшалығымен тату тұруға келісімге келеді.
Қытай патшасына хат жазып, сәйгүлік сыйлайды.
Әмір Темір (1336-1405)—қолбасшы, мемлекет қайрат­
кері. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. Әмір

Темір алғашында Қашқария уәлаятының билеушісі бол­
ған. Моғолстан ханы Тоғлық Темірмен, Балқ пен Самарқан
әмірі Хұсайынмен билік үшін күрес жүргізіп, 1370 жылы

ғылыми  қосымшалар
Мауранахрды өзіне қаратты. Әскерінің тегеурінді ша­
буылдары арқасында Хорезм, Шығыс Түркістан, Герат, Хо-
расан, Қандағар, Сұлтания, Тебриз, Иран және Ауғанстан

иеліктері қол астына қарайды. Бірнеше дүркін жорық­
тан соң Алтын Орданы күйретеді. Үндістан, Сирия, Ли-
ван жерлерін басып алады. Осман империясын талқандап,
түрік сұлтаны Илдырым Баязидті тұтқындайды. 1405 жы­

лы Қытайға жорыққа шыққанда жолда Отырарда қай­тыс
болады. Сүйегі Самарқандағы Гөр-Әмір кесенесіне жер-
ленген. Халық арасында және тарихи деректерде Ақсақ
Темір, Әмір Темір Көреген (Гурген) деген ныспылары

кең тараған. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи
кесенесін салдырған.
Бұқар жырау (1693-1787)—әйгілі қазақ жырауы,
Абылай ханның ақылшы биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей

әулие» деп те атаған. Абылай ханды сынай отырып, оның
көргендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде
ел ұйытқысы бола білгенін тебірене жырлайды. Бұқар
жыраудың Абылай ханға, Бөгенбай, Қабанбай, Олжабай

батырларға шығарған арнаулары, насихат жырлары ел
есінде сақталып қалған.
Дербісәліұлы Балпық (1705-1780)—Жалайыр руынан
шыққан би, батыр. Әкесі мол дәулетімен атағы шыққан

бай, анасының есімі—Ақбалық. Сөз бастаған шешен, қол
бастаған батыр ретінде Балпықтың аты Ескелді бимен
қатар айтылған, екеуін халық «егіз би» деп атаған. Балпық
жоңғар шапқыншылығы кезінде өзінің аға достары Ескел­

ді, Қабан жыраумен бірге Іле мен Қаратал арасындағы жа­
лайыр, оған көршілес найман, суан, ысты руларының біраз
бөлігін шабуыл өтінен дер кезінде әкетіп, қырылып кету-
ден сақтады. Хантау мен Қаратаудан әрі асып, Сыр бойын-

да тұрақтаған соң бірқатар жорықтарды басынан кешір­ді.
Аңырақай шай­қасына, Аягөз бойындағы Таскескен мен

тарихи  аңыздар
бүгінгі Текелі қаласы маңындағы соғыстарға қатысқан.
Әділ сұлтан ара ағайындығымен жалайыр мен жаныс ру-
ларын табыстырған. Балпықтың ұлы Тіленші де беделді би

болған. Әкелі-балалы билердің еліне сіңірген қызметі тура-
лы Ш.Уәлиханов жазған, Сүйінбай, Жамбыл, Бақтыбай,
Сара Тастамбекқызы т.б. ақындар жыр еткен. Зираты Үш­
төбе қаласының түбінде.

Есім хан—Шығай сұлтанның ұлы. Қазақ хандығының
астанасы Түркістанда тұрып билік (1558-1645) жүргізген.
Сұлтан кезінде-ақ, ағасы Тәуекел ханмен екеуі Түркістан­
нан Самарқанға дейінгі жерді қазақ хандығы құрамына қос­

қан. 1598 жылы ағасы қайтыс болған соң, хан тағына отыра-
ды. 1599 жылы Бұхар хандығымен шарт жасасып, Ташкент
қаласы мен оның айналасын Қазақ хандығына қосып ала-
ды. Осыдан бастап Ташкент екі ғасыр бойы Қазақ хандығы

билігінде болды. Есім хан билік құрған заманында өз елінің
салт-дәстүрлерін құрметтей отырып, заң-ережелерін шығара
бастады. Бұрыннан келе жатқан «Қасым ханның қасқа
жолы» атты ережелерді басшылыққа ала отырып, заңды

одан әрі толықтыра түсті. Күнделікті көшпелі тұрмыстағы
даулы мәселелерді шешуде азаматтық, қылмыстық істерді
қарауда, әскери-отбасылық қарым-қатынастарда «ата-баба
жолы» басшылыққа алынды. Есім ханның бұл ережелері

халық көкейінен орын тепкендіктен, «Есім ханның ескі
жолы» деп атап кетті.
Жақып—пайғамбар. Жүсіптің әкесі, Інжілдегі Иаков.
Құран Кәрімде Ыбраһым ұрпағы ретінде Ысқақпен қа­

тар аталады. Оның тақуалығы мен болжау қабілеті Алла
Тағаланың бүкіл Ыбраһым (Авраам) руына ризашылығын
білдіру ретінде суреттелген. Құран Кәрімде Жақыптың
екінші есімі—Ысрайыл. Ал оның ұрпағы бәни Ысрайыл деп

аталады.

ғылыми  қосымшалар
Жидебай батыр—арғын руынан шыққан атақты батыр,
айтулы қолбасшы. Ел аузында оның әруағының аса құді­рет­
ті болғандығы туралы аңыздар көп сақталған.

Жүсіп—Жақып пайғамбардың кіші ұлы, пайғамбар,
Құ­ранда оған үлкен сүре арналған. Сүреде оның тарихы
толық қамтылған. Інжілде ол Сұлу Жүсіп (Иосиф Прекрас-
ный) деп аталған. Жүсіп пайғамбар туралы аңыз-әңгіме­

лерді негізге ала отырып, Фирдоуси Тусиден бастап көптеген
шығыс ақындары жүзден астам дастан, жыр, поэма жазған.
Қазақтарда да осы тақырыпқа арналған ХІХ ғасырда баспа
бетін көрген дастан бар.

Жылгелдіұлы Ескелді би (1692 ж.ш. –1780)—би, шешен,
қолбасшы, Төле бидің Ұланбике атты қызынан туған жиен
немересі. Жалайыр тайпасының Сиыршы руынан шыққан.
Ескелді би «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылда-

ры Тұрлымбет Бекенұлы, Жайнақ, Тәттібай мерген, Малта-
бар, Құлжан сияқты батырларды өз маңына жинап, жоң­ғар
шапқыншылығына қарсы қанды шайқастарда қаһар­­ман­
дық көрсетті. Кейін Ескелді би бастаған жалайыр қо­

лы Аңы­рақай шайқасына, Аягөз, Таскескен мен қазіргі
Текелі қала­сынан әрідегі Жолбарыс сайы, Балдырғанды,
Қызқұлаған деген жерлерде өткен шайқастарға қатысып,
қазақ жерін жаудан азат етуге елеулі үлес қосты. Халық

арасында «Ескелді би айтты» деген ұлағатты сөздер кең та-
ралып, ол жөнінде Қабан жырау, Бақтыбай Жолбарысұлы,
Сара Тастамбекқызы т.б. жыр толғаған.
Кенесары (1802-1847)—мемлекет қайраткері, әскери

қолбасшы, қазақ халқының 1837-1847 жылдар арасында­
ғы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі. Қазақ жұртының
соңғы хандарының бірі. Кенесары Шыңғыс ханның жиыр­
ма жетінші ұрпағы, Абылай ханның немересі. Ордасын

Көк­шетауға тіккен Абылай ханның отыз ұлы болған.
25-139

тарихи  аңыздар
Кенесарының саяси көзқарасының қалыптасуы Ресей им-
периясында І Петр билігі кезеңінен басталған Ресей мен
Қазақ хандығы арасындағы қатынастар сипатымен ты­

ғыз байланысты болды. Ресей империясы өзіне шекаралас
жатқан байтақ өлкені, күллі Азия елдеріне бастар «қақпа»
деп есептегендіктен, қазақ жерін күштеп қоса бастады.
Патша үкіметі 1822 жылы «Сібір қазақтары туралы Жар­

ғысы» арқылы қалыптасқан хандық құрылымды, дәстүр­лі
билік үлгілерін жойып, қазақ елін жалпыресейлік басқару
жүйесіне сіңістіріп жіберуді көздеді. Кенесары 1841 жылы
хан болып сайланады. Халықты ұйымдастырып, Ресей

отар­шыларына қарсы соғысады. 1847 жылы өзімен бірле­
сіп соғысудан бас тартқан қырғыздарға да қарсы ша­буыл
жасаған еді. Өйткені қырғыздардың Сібір әкімшілігі­
мен астыртын байланыстары болады. Өз жақтастарының

опасыздық жасағандары себепті, Кенесары інісі Наурыз-
баймен бірге дұшпандарының қолына түседі. Қырғыздар
Кенесарыны айуандықпен өлтіріп, басын кесіп алып,
Омбыдағы орыс үкіметінің өкілі генерал М.Горчаковқа та-

быс етеді.
Көкжал Барақ (Барақ Шүрекұлы) (шамамен ХVІІ ға­
сырдың соңы – ХVІІІ ғасырдың ортасы)—батыр. Найман
руының ергенекті—көкжарлы аталығынан. «Көкжал Ба­

рақ» деген атпен үш жүзге мәшһүр болған тұлға. Қабанбай
қолының бір қанатын—көкжарлы—сарыжомарт рулары-
нан құралған сарбаздарды бастап шығыстағы Ертістің оң
жағалауын Алтай тауларына қарай кететін кең алқапты

қалмақтардан тазартуға қатысқан. Аягөз жазығы, Алакөл
жағалауы, Шыңғыстау, Тарбағатай баурайында жоңғарлар­
ға қарсы ұрыстарда ерлігімен көзге түскен.
Келдібекұлы Қазыбек би (1667-1764)—қазақ халқының

бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі,
мемлекет қайраткері. Орта жүздегі арғын тайпасының

ғылыми  қосымшалар
қаракесек тармағынан. Тәуке хан «Жеті жарғыны» шы­ға­
рарда Төле би, Әйтеке билермен бірге ханға ақыл-кеңесші
болды. Жасы ұлғайып, көз жұмған бидің сүйегі 1710-11

жылдары Жоңғар хандығына үш рет елшілікке барған Қожа
Ахмет Иасауи кесенесіне қойылды. Халық арасына «Қаз да-
уысты Қазыбек» есімі кең тараған.
Қалдан Шерін (1693-1745)—жоңғар хандығының би­

леушісі (1727-1745), қолбасшы. Әкесі Сыбан Раптан 1723
жылы қазақ жеріне басып кіргенде, Қалдан Шерін 10 мың
қолмен Балқаш пен Қаратауды шапқан. Сыбан Раптан өл­
геннен кейін таққа отырған.

Қанжығалы Бөгенбай (1630-1708)—Батыс Сібірдегі
Шет­­қурай деген жерде қазіргі Екатеринбург қаласының
ше­тіндегі Шатрово қонысында дүниеге келген. Орта жүз
ар­ғынның қанжығалы руынан. Әз Тәуке заманында қа­

зақ, қарақалпақ, ноғайдың біріккен әскерлерін басқарып,
ордабасы сайланған (1668 жылы) Бөгенбай қазақ жерін
жоңғар басқыншыларынан азат ету жолындағы бірқатар
шайқастарды басынан кешіріп, Сібір татарларын Еділ бойы

қалмақтарының шапқыншылығынан қорғауда үлкен үлес
қосқан. Бөгенбай 1688 жылы қалмақтардың шабуылы-
на тойтарыс беріп, өзі осы соғыста жараланады. Бөгенбай
батыр алғырлығымен, жеңімпаздығымен көзге түскенде

Абылай хан оған «хан» атағын да береді. Қазақ әскерінің
тарихындағы даңқты қолбасшылардың бірі.
Қаракерей Қабанбай Қожағұлұлы (1692-1770)—Шығыс
Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ халқының

жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінде ерекше ерлік
көрсетіп, талантты қолбасшы ретінде аты шыққан батыр.
Азан шақырып қойған есімі—Ерасыл. 1717 жылы Аягөз
шайқасында ерекше көзге түсіп, Қабанбай батыр атана-

ды. Бірнеше шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас

тарихи  аңыздар
батырларының біріне айналған. 1741 жылы Шыңғыстау­
дағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға
шапқаны үшін «Дарабоз» атанды. Оның өмірі мен ерлік

күресі Бұхар, Ақтамберді, Үмбетей, Дулат, Тәтіқара т.б.
ақын-жыраулардың шығармаларына арқау болған.
Қайдауылұлы Саурық (1670-1740)—батыр, қолбасшы,
мәмлегер. Ұлы жүз жалайыр тайпасының андас руынан

шыққан. 1723-40 жылдары аралығындағы қазақ-жоңғар
соғыстарына бастан-аяқ қатысып, Аңырақай шайқасында
Ұлы жүз қолына тікелей қолбасшылық жасады. Ел аузын-
да Саурықтың ерліктері туралы көптеген аңыз-әңгімелер

сақталған. Саурық Ескелді би, Балпық билермен Жетісу
жерін қалмақтардан босатуда көп істі бірігіп атқарған. Мұ­
ны алуан түрлі аңыз-әңгімелер дәлелдейді.
Малайсары (1700-1756)—Орта жүздің батыры әрі биі.

Арғын ішіндегі бәсентиін руынан шыққан. Әкесі Тоқ­
тауыл — батыр, балуан, анасы Мөлдір — қалмақ қызы,
қа­­рын­дасы Гауһар (Қабанбай батырдың әйелі)—ерлігі
аңыз­ға айналған қаһарман қыз. Малайсары Абылай хан­

ның сұлтан кезінен сенімді серігі болған. Шоқан Уәли­
хановтың жазуына қарағанда, Абылай хан Ма­лай­сарының
батырлығын, ақылы мен қайратын жо­ғары бағалаған. Ма-
лайсары Ресейдің қоластына кіруге қарсы болған. Қазақ-

қалмақ соғысын тоқтатып, екі хан­дық арасында бейбіт бітім
жасау саясатын ұстанды. Ол жоңғарларға қазақтың елшісі
болып барған. Қазіргі Павлодар облысы Май ауданындағы
Малайсарының туған жеріне, Жоңғар Алатауының батыс

сілеміндегі тауға Малайсары есімі берілген.
Наурызбай Құтпанбетұлы (Шапырашты Наурыз-
бай) (1706-1781)—жоңғарларға қарсы күрескен қазақ
батыры. Шапырашты тайпасының Төлеміс руынан Абы-

лай ханның ту ұстаған үш батырының бірі (Қаракерей

ғылыми  қосымшалар
Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурыз-
бай), қолбасы—түмен басы. Наурызбайдың 1729 жылы
қалмақ батырлары Шамалхан мен Қаскелеңді жекпе-жек­

те өлтірген ерлігі қазақ даласына кең тараған. 1750-52
жыл­­дары жоңғарларды Тұрфаннан асыра қуып, жеңіс­ке
жеткен.
Өтеген батыр—ХVІІІ ғасырда қазақ жерін сыртқы

жаудың шапқыншылығынан қорғаған қазақ батырлары­
ның бірі. 1699 жылы Шу өзенінің бойындағы Хантауы­ның
онтүстік шығысындағы Ізенді деген жерде дүниеге кел-
ген. Шежіресі: Дулат—Жаныс—Жарылғамыс—Бұқар—

Сырымбет—Өтеғұл—Өтеген. Өтеген батыр он бес жа-
сынан бастап жоңғар шапқыншыларына қарсы соғысқа
араласқан. 1723 жылы Тауасар, Райымбек, Хангелді ба-
тырлармен тізе қоса отырып, жоңғарлармен айқасқан.

1740 жылы Іле бойында қалмаққа қарсы жасақ жинап,
Төле бидің ақыл-кеңесімен Жетісу жерін жаудан, елін
шапқыншыдан тазартуға кіріседі. Абылай ханмен, Төле
бимен, Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек, Наурызбай батыр-

лармен бірге үлкен жорықтарға қатысады. Абылай сұлтан
хан тағына отырғаннан кейін Өтеген батыр оның орда-
сын қорғайтын арнаулы жасақтарға басшылық етеді. Хан
ордасының көптеген істеріне араласады. 1773 жылы Іле

өзенінің бойына қайтып келіп, жетпіс төрт жасында көз
жұмады. Сүйегі Іледегі теміржол көпірінің шығысындағы
Шолақтау, Шеңгелді деген жерге қойылған.
Сәбитұлы Асан қайғы (ХІV ғас. аяғы – ХV ғас. басы)—

мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Керей мен
Жәнібек хандардың ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал
өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облы-
сы, Шиелі ауданындағы «Жеті әулие» қорымындағы Асан

ата кесенесі Асан Қайғы мазары делінеді. Асан Қайғының
өмір сүрген дәуірі Алтын Орданың ыдырап, оның орнына

тарихи  аңыздар
Қырым, Қазан, Өзбек хандықтарының пайда болып, Ноғай
ордасы ыдырап, Қазақ хандығының тарих сахнасына шы­
ғуы хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас-тартысты ала-

сапаран кезеңге душар болды.
Сүйіндікұлы Айдабол би—би, шешен. Тәшкен қаласы
маңында туып-өскен. Оның ғибратқа толы сөздері ел ау-
зында нақыл болып қалған. Әділдігі сондай—бір дауда

«Төрелігім дұрыс болмаса, ұлым Тайкелтірді ат құйрығы­
на салып өлтіремін» деп ант ішкені туралы аңыз сақтал­ған.
Арғын тайпасының ішіндегі сүйіндік руының бір атасы
Айдабол бидің есімімен аталады. Көкшетау өңіріндегі Ай-

дабол көлі, Айдабол кенті т.б. атаулар би есімімен байла­
нысты туған.
Төлебайұлы Олжабай (т.ө.ж. белгісіз)—ХVІІІ ғасырда
өмір сүріп, қазақ-жоңғар соғыстарында ерлігімен таныл­

ған белгілі батыр. Сүйегі орта жүз арғын тайпасының
сүйін­дік руынан, оның ішіңде айдабол аталығынан тарай-
ды. Ол ту­ралы тарихи деректер сақталмаған. Бірақ ел жа-
дында қалған жыр, аңыз әңгімелерге қарағаңда Бөгенбай,

Қабанбай, Наурызбай, Малайсары батырлармен жақын бо-
лып, ірі шайқастарда қоян-қолтық қимыл жасаған. Олжа-
бай—Абылайдың ту ұстаған батырларының бірі («Ала ту»
деген лақап атқа ие болған). Оның көптеген жорықтарына

қатысып, хан жау қолына тұтқынға түскенде құтқаруға
елеулі еңбек еткен. Абылай оны «Қу жарғақ» (атқан оқ
Олжабайға дари бермеген соң, солай атап кеткен) деп те
атап кеткен. Халық ауыз әдебиетінде Олжабай бейнесі

тым асыра суреттеледі. Дегенмен, ол қазақ жерін жоңғар
шапқыншыларынан азат етуде елеулі еңбек сіңірген.
Түкеұлы Райымбек (1730-1814) — жоңғар басқын­шы­
лы­ғына қарсы күрескен батыр, қолбасшы. Сүйегі албан

ғылыми  қосымшалар
тайпасының алжан руынан тарайды. Атасы Ханкелді батыр
1733 жылы ұлы жүздің беделді адамдары Төле би, Қодар
би, Сатай, Бөлек батырлармен бірге орыс патшасы Анна

Иоановнаға елші жіберіп, Ресейдің қоластына алуын өтінген.
Райымбек 17 жасында жоңғар шапқыншыларымен болған
ұрыстарда ерлік көрсетіп, батыр атанған. Бейбіт кезеңде
халық арасында әулие ретінде танылған, оның келешекті

болжағаны туралы ел жадында көптеген аңыз, әңгімелер
қалған. Райымбектің есімімен аудан, ауыл, көптеген көше­
лер аталады. Соның бірі—Алматыдағы өзінің зираты жат­қан
Райымбек даңғылы. Оның ерлігі мен өнегелі өмірі жөнінде

көркем, публицистикалық шығармалар жазылған.
Шанышқылы Бердіқожа батыр (шамамен 1690-1770)

— жоңғарларға қарсы шайқастарда қол бастаған бас ба­

тыр­лардың бірі. Ауыз әдебиеті үлгілеріне қарағанда, қа­
зақ қолбасылары Бердіқожасыз хан кеңесін де өткізбе­
ген, жорыққа да шықпаған. Оны Ұлы жүзде Төле биден
кейінгі үлкен саяси қайраткер, ұлы қолбасшы мәртебе­

сін­де құрметтеген. Аягөз, Бұланты-Білеуті, Іле, Ебі, Ембі,
Алакөл, Алтайдағы Ұлансу, Қандысу, Айдынсу, Шар, Шор­
ға соғыстарында Қозымаңырақ, Қоймаңырақ, Итішпес, Ақ­
шәулі маңындағы, Аңырақайдағы шайқастарда Ұлы жүз

жа­сақтарына басшылық жасаған.
Шақшақұлы Жәнібек—қазақ тарихында Шақшақ Жә­
нібек, Жәнібек тархан деген атпен даңқы қалған батыр.
1693 жылы қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауда-

ны, Тосынқұм деген жерінде дүниеге келген. Тегі Орта жүз
құрамындағы Арғын руының Момын аталығынан шыкқан.
1710 жылғы жоңғар қалмақтарымен соғыста жаудың ноя-
нын жекпе-жекте өлтіріп, батырлығымен көзге түскен. Ар-

наулы әдебиеттер мен ресми құжат деректеріне қарағанда ол
Кіші жүз ханы Әбілқайырмен дос-жар қарым-қатынас жа-

тарихи  аңыздар
сап, оның Ресей қоластына кіру саясатына тікелей қолдау
көрсеткен. Хан тағына отырған Абылайға бата берген.
Оның ел ішіндегі беделін, қайраткерлік қабілетін жоғары

бағалап, Ресей патшайымы Елизавета Петровна 1743 жылы
11 шілдеде «тархан» атағын берген. 1752 жылы қайтыс
болған Жәнібек тарханның денесі Түркістанға жеткізіліп,
Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне жерленген.

РУ АТАУЛАРЫ

Абақ—Керей руының бір тармағы. Керейдің «Төр ше­жі­
ресі» керей этнонимінің Абақ (Әппақ) деген әйелімен байла-
ныстырып, Абақ керей сол ананың ұрпағы дейді. Ел ішінде
«Абақ—Үйсін Сармырзаның қызы. Күйеуі қайтыс болған соң

Шымыр деген ұлын алып, төркініне кеткен. Нағашысы әлгі
баланы кішкентайынан ашамайға мінгізіп «менің ашамай­лы
керейім» деп ертіп жүреді екен» деген аңыз сақталған. Абақ
соңғы күйеуінен Құттықожа деген ұл туады. Одан Майқы (би

Майқы емес), Майқыдан: Ермен-Изен, Жусан туады. Абақ
керейдің қазіргі 12 атасы осыдан өрбиді.
Адай—Кіші жүздің он екі ата Байұлының басты ру­
лар­дың бірі. Қыдырғожа әулетінен тарайтын Байұлыда:

Есентемір, Адай, Беріш—үш ру бөлек аталып, өзінше бір топ
құрайды. Адай руы Байұлы ішінде халқының саны жағы­нан
да алдыңғы орындардың бірін алады. ХІХ ғасырдың орта
шеніндегі есеп бойынша, Адайлар қырық мың түтін болған.

Олар негізінен үлкен екі атадан—Құдайке мен Келімберді­
ден тарайды.
Албан—Ұлы жүз құрамына енетін ру. Албан атауы көне
жазба тарихи деректерден белгілі. V-VІ ғасырларда Ал-

бандар Жетісу өңіріндегі Үрбі (Юебань) қауымдастығында
чубань тайпасы аталып, Дулу одағында болған. Қазақ ше­
жіресі бойынша, Бәйдібектің Домалақ ана (Нұрила) есімді

тарихи  аңыздар
кіші әйелінен туған Жарықшақтың тұңғыш ұлынан та­
райды. Атамекені—Оңтүстік-Шығыс Жетісу. Кейбір ұрпақ­
та­ры Қазығұрт тауының (Оңтүстік Қазақстан) бөктерін

мекендейді.Ұраны—Бақтияр, тайпалық ұраны—Райым-
бек, Бәйдібек, таңбасы—дөңгелек.
Алшын—қазақ халқын құраған тайпалар бірлестігі, Кі­
ші жүздегі Байұлы, Жетіру, Әлімұлы сияқты тайпалар­дың

ортақ атауы. Ежелгі мекені—Алтай. Х ғасырда Алтай бойы­
нан ойысып, Арал және Каспий теңізі маңындағы ежелгі тай-
палармен араласып кеткен. Бір бөлігі қыпшақтармен бірге
батысқа қарай жорыққа шығып, Мысырға дейін барған.

Алшындар Х-ХІІ ғасырларда Қырымда болған. ХV-ХVІ ға­
сырларда Алшынның кейбір рулары Ноғай ордасының
ны­ғаюы үшін белсене күрескен. Кіші жүз шежірешілері
Алшын атын қазақтың алғашқы биі Майқы есімімен де

бай­ланыстырады. Алшын ұрпақтары башқұрт, татар және
Кіндік Азия халықтарының құрамында да бар.
Арғын—қазақ халқын құраған көне тайпалардың бірі.
Ше­жіре бойынша Орта жүздің құрамына енеді. Ежелгі

қонысы—Ертіс, Нұра, Есіл, Торғай өзендерінің бойлары мен
Балқаш көлінің солтүстігіндегі шөлейт өлке. Бұл тайпаның
ежелден келе жатқанын Орхон жазба ескерткіштеріндегі,
Қытай жазбаларындағы мәліметтер мен М.Қашғари, орыс

зерттеушісі Н.Аристовтардың еңбектері айғақтайды. Қазақ
шежіресінде Арғындар бәйбіше арғын, тоқал арғын болып
екіге бөлінеді. Бәйбішеден тарағандар «Бес мейрам» аталып,
Қуандық, Сүйіндік, Бегендік (қозған), Шегендік (Қақсал),

Қаракесек деген аталарға бөлінсе, тоқалдан тарағандар «Же­
ті момын» аталып Қанжығалы, Тобықты, Бәсентиін, Қа­
рауыл, Атығай, Сарыжетім, Шақшақ болып жіктеледі.
Атығай—Арғын руының бір аталығы. Жеті Момын­

ның бірі. Он екі ата Атығай (Дәуіт), Атығай-Қарауыл деп те

ғылыми  қосымшалар
аталады. Шежірелерге қарағанда, Атығайдан: Құдайберді,
Бәйімбет, Баба, Моныс, Бабасын, Бағыс, Ақкиік, Құлансу,
Қой­лы, Есеншаңырақ, Майлыбалта, Жауғаш аталары та-

райды.
Әлімұлы—қазақ халқын құраған Кіші жүз құрамында­
ғы ірі үш рудың бірі. Шежіре бойынша «Қаракесек» деп те
атайды. Әлімнің алты тармағы болғанына қарай, ел ішінде

«Алты ата Әлім» деп те аталғаны мәлім. Белгілі ақын
Ерімбет Көлдейбекұлы шежіресінде Әлімұлына Жаманақ­ты
(Шекті), Қарамашақты (Төртқара), Айнықты (Қараса­қал),
Ұланақты (Қаракесек), Тегінболатты, Тойқожаны (Ақкете)

жатқызады. Мұны тарихшылар С.Толыбеков, Х.Маданов,
зерттеуші Қ.Салғараұлы, шежіреші Ө.Ахметов те қостайды.
Әлімнің тармағы алтау болғанымен, ұранға шыққаны—
төртеу. Олар: Жаманақ, Ұланақ, Қарамашақ, Айнық.

Байұлы—қазақ халқының Кіші жүзі құрамындағы ірі
үш рудың бірі. Байұлына байланысты ежелгі Қытай де­
ректері мен кейінгі жазба деректерде бірқатар мәліметтер
ұшырасады. Байұлы атауы Орхон-Енесей жазбаларында

Байырқу, ал Таң империясының жылнамаларында Байегу
деген атпен кездеседі. Тарихи деректер бойынша Байұлы
алғашында Теле бірлестігінің құрамында болған. Түркі қа­
ғандығы оларды бағындырған соң әуелі Шығыс Түркі қа­

ғандығының, кейіннен Батыс Түркі қағандығының құ­ра­
мына енеді.
Бәсентин—қазақ шежіресі бойынша Орта жүздегі Ар­
ғын тайпасының «Жеті момын» тармағынан таралатын

ата. Ақмайдан, Бекмайдан, Тоқмайдан, Ақтілес, Күшік,
Қарабұжыр, Апай, Бөрі, Сырым аталарына бөлінеді. Ұра­
ны—Барлыбай, таңбасы—ойық, тілік.

тарихи  аңыздар
Жағалбайлы—қазақ халқының құрайтын рулардың бі­
рі. Шежіре бойынша Кіші жүз құрамындағы Жетіру бірлес­
ті­гіне кіреді. Жағалбайлы Лез, Мырза руларына бөлінеді.

Тарихи мәліметтер Жағалбайлының көне түркі тайпалары­
ның бірі екендігін көрсетеді. Орта ғасырларда Жағалбайлы­
лар Сырдария—Арал аймағында сыртқы күштер тарапынан
талқандалып, жан-жаққа бытырап кеткен. Қазіргі қазақ

халқының құрамына енген Жағалбайлы алғашында Оғыз-
Қыпшақ тайпалық бірлестіктері құрамында болған, кейін­
нен Ноғайлы ұлысы құрамына енген.
Жалайыр—қазақ халқын құраған тайпалардың бірі.

Шежіре бойынша Ұлы жүз құрамына енеді. Диқанбай батыр
шежіресі (Н. Аристов жазып алған) бойынша Үйсіннен—
Ақсақал (абақ таңбалы), Жансақал (тарақ таңбалы) тара-
тылады. Соңғысынан Жалайыр тарайды. Тағы бір шежіре­

де Майқы биден тарайтын Жансақал мен Жалайыр бір адам
деп тұжырымдалады. Жалайырдың шын аты Қабылан екен.
Аңыз бойынша, жабайы құланның жалын айырып, со­дан
Жалайыр атанған. Жалайыр: Сырманақ, Шуманақ, Бір­ма­

нақ болып үшке бөлінеді. Шуманақтан: Андас, Мырза, Қа­
рашапан, Орақты, Ақбұйым (Арықбұйым), Қалпе, Сыпатай
аталары тарайды. Сырманақтан: Арықтыным-Байше­гір,
Балғалы, Қайшылы, Күшік тарайды. Бірманақтан тек Си-

ыршы (Байбөген) тарайды. Кейбір шежірелерде Бірманақ­
тың аты аталмай, Сиыршыны Сырманаққа жатқызады. Осы­
дан келіп «он екі ата Жалайыр» атанған.
Жетіру—қазақ халқын құраған рулардың бірлестігі­нің

бірі. Шежіре бойынша Кіші жүз құрамына енеді. Тарих­
шылар Жетірудың арғы тегін ежелгі түркі тайпалары (Тө­
леу, Рамадан, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Жағалбайлы)
бірлестігімен байланыстырады. Қазақ руларының тарихы­на

қатысты зерттеулерде Жетіру Тәуке хан кезінде осындай ат-
пен топтасқан қауымдастық деп түсіндіріледі.

ғылыми  қосымшалар
Керей—қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпалары­
ның бірі. Шежіре бойынша Орта жүз құрамына енеді. ІX-
XІІ  ға­сырларда Керей тайпасы Керей хандығы аталған

мемлекет құрып, Завхан, Тула, Сэлэнгэден Шығыс Моңғол
құмына дейінгі даланы қоныс етіп, батысы Найман хан­
ды­ғы, солтүстігінде меркіттер, оңтүстігінде татарлар, шы­
ғы­сын­да Ся мемлекетімен іргелес жатты. Ол кезде Керей

ханды­ғы Керейт, Жиркин, Қонхойт, Сақайт, Тумаут, Ал-
бат, Тункайт-Киркун деп аталатын тайпалардан құралатын.
Аталған тайпалардың ең ірісі керейлер болғандығы мәлім.
Көнсадақ—Керей руының бір бұтағы. Шежіре бойын­ша

Керейдің Абақ керей тармағына енеді. ХХ ғасырдың басын­
да Қара Ертіс бойын, Қытайды мекендеген. Аңызда Жаппас
(Жабай) атты батыр бабалары садағын көнмен қаптаған­
дықтан, ру солай аталған деп айтылады. Көнсадақтан—

Шолан, одан Ақтас таратылады. Ұраны—Жабай.
Кіші жүз—Қазақстанның батыс аймағын мекендеген
ру­лар мен тайпалар одағы. Қазақ халқының этникалық
құра­мына енеді. Қазақ халқы қалыптасқаннан көп бұрын

олардың көпшілігі Батыс Қазақстан өңірінде құрылған
Ноғайлы хандығының одақтасы болды. Оның құрылуы­
на ішкі себептермен қоса, сыртқы дұшпаннан қорғану
мақсаты да әсер еткен. Ноғай Ордасынан бөлінген қа­зақ

тайпаларының, яғни Алшын одағының негізінде Кіші жүз
бірлестігі қалыптасты. Соған байланысты Кіші жүз қа­
зақтары ел арасында «Кіші жүз—Алшын» атанған. Оның
құрамына он екі ата Байұлы (Адай, Алшын, Жаппас, Ала-

ша, Байбақты, Беріш, Масқар, Таз, Есентемір, Ысық,
Қызылқұрт, Шеркеш), Жетіру (Табын, Тама, Кердері, Ке-
рейт, Жағалбайлы, Телеу, Рамадан), алты ата Әлімұлы
(Қаракесек, Қарасақал, Төртқара, Кете, Шөмекей, Шекті)

рулары енеді.

тарихи  аңыздар
Қаңлы—қазақ халқының негізін құраған ежелгі тайпа­
лардың бірі. Шежіре бойынша Ұлы жүз құрамына енеді.
Қаңлы этногенезі мен тарихы туралы жазба деректер (қы­тай

жазба деректері т.б.) мен оның шығу тарихы жөнінде ел
аузында сақталған аңыз-әңгімелер аз емес.
Қаракесек—Орта жүз Арғын руының бір атасы. Шежі­ре
деректеріне қарағанда, Қаракесек Арғын руының «Бес мей-

рам» атанатын бірлестігіне кіреді, яғни Мейрам сопының
кіші әйелі Қарқабаттан туған Болатқожа деген баласынан
тарайтын ата. Қаракесектен Майқы, Бошан, Танас тарайды.
Қаракесектің рулық ұраны мен таңбасы Арғын тайпасы­мен

бірдей болғанымен, Арғын ішінде Болатқожаның шеше­сі
Қарқабат атын ұран еткен.
Қарауыл—Арғынның Момын деген бәйбішесінен: Ақ­со­
пы, Қарасопы, Сарысопы; Қарасопыдан: Бәсентиін, Қарауыл,

Қарауылдан Түнғатар, Қадды, Бошпан болып тарайды.
Қуандық—Арғын атадан: Қуандық, Сүйіндік, Бегендік,
Шегендік, Бегендіктен Қозған, Тәңірберді, Сырық деген ба-
лалар өрбиді.

Найман—қазақ халқын құраған ежелгі түркі түркі тай­
паларының бірі. Көптеген зерттеушілердің пікірінше «най-
ман» атауы моңғолша «сегіз» деген мағынаны білдіре­ді.
Оғыз тайпасынан шыққан наймандар түркі тілдес болды.

Олар XІІІ ғасырдан бастап «Сегіз оғыз», кейінірек «Цзбу-
бу» одағын құрды. ХІІ ғасырдың 2-жартысында күшті мем-
лекет болғандығын тарихшылар жоққа шығармайды. Най-
ман батысында қаңлы, қыпшақ; шығысында керей, меркіт;

теріскейінде қырғыз; оңтүстігінде ұйғыр, таңғұттармен ше-
каралас, қоныстас болған. Шыңғыс хан шапқыншылығы
кезінде Найман хандығы құлап, ыдырағаннан кейін өздері­
нің байырғы ата қонысына таяу Ертіс, Алтай алабына қоныс

ғылыми  қосымшалар
аударып, Үгедей ханның ұлысына қарады. Қазақ халқы­ның
шежіре деректері бойынша Найман ұлысы Орта жүзге кі­
реді. Найманнан: Терістаңбалы (кейде—елата), Сарыжо­март

(Ергенекті найман), Төлегетай деген рулар бірлестіктері та-
райды.
Орта жүз—қазақ қоғамындағы үш ірі тайпалық бір­
лестіктің бірі. Яғни олар: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз. Ор­

та жүзге Сарысудан бастап, төменгі Сырдариядан Ертіс­ке,
Тобылға, Есілге дейінгі аралықта көшпенді тұрмыс кеш­кен
Арғын, Қоңырат, Уақ, Қыпшақ, Керей, Найман т.б. қазақ
рулары кіреді.

Суан—Жарықшақтың ортаншы баласынан өрбіген ру.
Суан руының негізгі ірі атасы төртке: Тұрдымбет, Мұ­рат,
Бердіке мен Баубекке бөлінетін Тоқарыстан болып есеп­
теледі. Тұрдымбет өз кезегінде үш тармақ: Бөргелтай, Есет,

Тұрсынға тарайды. Есеттен Қошқар, одан Жанқозы, Бөлек,
Одыр, Мейіз. Одырдан Сүйімбай, Сабаз, Қабай. Шежіреде
айтылатындай, Мұраттың алты баласы болыпты: Орыс,
Қараменде, Шегірен, Қарабек, Әбдісүгір, Байтөгей. Ел ау-

зында Байтөгейден басқаларын Бес Мұрат деп те атайды.
Мұраттың үлкен ұлы Орыс, одан Мырзагелді, Хангелді. Соң­
ғының екі ұлы бар Сұлтанқұл мен Ақша. Мырзагелдінің
ұрпақтары недәуір болып, жеті атаға жіктеледі: Қожеке,

Тілеке, Кебенек, Олдақсан, Туматай, Еділбай, Мәмбет.
Мәмбеттің бірінші Қарлығаш есімді әйелінен Мақпал туса,
ал екінші әйелі Желкілдектен жеті ұл көрген: Сүтті­бай,
Құттыбай, Медеубай, Мес, Айдабол (Сондықтан оларды

анасының атымен Желкілдектің Жеті тазы деп те атайды).
Айдаболдан Сабалы, Бабалы, Баба, Байшымыр.
Сүйіндік—Арғынның Мейрам деген баласынан тарай­тын
аталық. Сүйіндік өз ішінде: Қаржас, Орманшы, Құлбол­ды,

Жанболды, Мәжік секілді тармақтарға бөлінеді.

тарихи  аңыздар
Табын—Жетіру бірлестігінің құрамындағы ру. М.Ты­
ныш­баев зерттеуінде Табын, Жаманкерей, Бозым, Бегім,
Қайырқожа деген төрт атаға бөлінеді. Енді бір шежіреде Та-

быннан Шөмішті, Тарақты, Көсеулі тарайды.
Таз—Кіші жүздің 12 ата Байұлы тайпасынан тарай­тын
ру. Байұлының үшінші әйелінен: Беріш, Таз, Есентемір.
Таздан: Абдал, Келдібай, Жастабан, Шарғы, Ақсерке, Жан-

тай, Жақабай, Құнбас, Асан, Сырлыбай, Байтемір, Жолым,
Жиен деген аталықтар бөлінеді.
Тарақты—Орта жүз құрамындағы ру. Тарақты ежелгі
одақтар мен мемлекеттердің құрамына енуі жайында

әдебиетте деректер кездеспейді. Оның шығу тегі жөнінде қа­
зақ шежіресінде бірізділік жоқ. Шежіре деректері бойын­
ша Ақжолдан: Қыпшақ, Арғын, Найман, Қоңырат, Ке-
рей, Тарақты, Уақ, Тарақтыдан: Апай, Тоқтауыл, Қыдыр,

Жәші (Жасши), Әлі, Сары, Әйтей, Қосанақ, Алакөз, Шәуке,
Әлеуке, Көгедей болып он екі арыс ел тарайды. Басқа шежіре
деректерінде Тарақтыны Арғын руына жатқызады. Тарақ­
ты Қазан төңкерісіне дейін Орталық Қазақстанның Ақтау,

Қызылтау, Ортау мекендерін, Жоғарғы Сарысу, Көктің кө­
лі, Есіл, Нұра өзендерінің бойын мекендеген. Жоңғар шап­
қыншылығына қарсы күресте Тарақтының Наймантай,
Бай­ғозы батырларының есімдері аңызға айналған. Ұраны—

Жауғашар, Байғозы, тарақ таңбалы.
Тобықты—Орта жүз арғын тайпасынан тарайтын белді
рулардың бірі. Тобықтының үлкен баласы Рыспетектің үш
баласы—Мұсабай, Көкше, Дадан және Мұсабайдың үй­

сінге берген қызынан туған жиені—Қолұқ және жоғарғы
Жуантаяқ атанған осы бесеуін бес атаның ұлы Тобықты
«Бесжан Мұсабай» дейді. Көкшенің екі баласы—Топыш, То-
ман. Топыштың екі баласы—Бәши, Шобан. Томанның екі

ғылыми  қосымшалар
баласы—Қаракөшек, Балтай. Шобанның алты баласы: На-
дир, Бәрит, Әлім, Жасыбай, Қарабақан, Турабай.
Төртуыл—Найман руының бір бұтағы. Найманнан—

Төлегетай; Төлегетайдан: Қаракерей, Мұрын, Төртуыл, Ма-
тай, Аталық, Кенже, Садыр болып жіктеліп кетеді.
Уақ—Орта жүз құрамына кіретін ру. Шежіре деректе­
рінде Уақ аталарының бірі ретінде әйгілі Ер Көкше ба-

тыр мен оның ұлы Ер Қосай батырдың есімдері аталған.
Уақтың шығу тегі туралы пікірлер де әртүрлі. Тарих-
шылар Ә.Марғұлан мен Н.Мыңжани ІХ-ХІІІ ғасырларда
моңғол үстіртін мекендеген онгуттарды Уақ деп есептеген.

Ш.Құдайбердіұлы мен А.Левшин оларды қазақ ханды­
ғы­на ХІV-ХVІІ ғасырларда ғана қосылды деп санаған.
Ал Ш.Уәлиханов Ер Көкше, Ер Қосай батырлар арқылы
уақтар Алтын Орда ыдыраған кезден бастап көріне бастады

дейді. Қазақ арасына кең тараған аңыз бойынша, Уақ Ке-
рей тайпасымен туыстас. Уақтың алғашқы атамекені Қа­
зақстанның оңтүстік-шығысы мен Моңғолияның батысы
болса керек. Қазақ жеріне жоңғарлардың баса-көктеп еніп,

алға жылжуының салдарынан Уақтар өзінің ата-мекенінен
ығысып, солтүстікте Тобыл және Үй өзендеріне, Батыста
Торғай өлкесіне, ал оңтүстікте Арал теңізінің жағалау­ла­ры
мен Сыр бойына дейін жетті. Ұраны—Жаубасар, Бар­мақ,

таңбасы—П < (босаға, ашамай).
Үйсін—қазақ халқының қалыптасуына негіз болған
ежелгі түркі тайпаларының бірі. Ежелгі қытай жазбала­
рында Үйсін атауы б.з.б ІІ ғасырдан бастап кездеседі. Ғұн­

дар­дың күшейуінен қорыққан Қытай үкіметі өзіне одақтас
іздеп, батыс елдеріне елшілік жібереді. Үйсін тайпалық
бірлестігі бұл тұста Қытайдың батысындағы өзге елдермен
дәрежесі тең қуатты да, құдіретті мемлекет болды. Үйсін­

нің шығу тегі, таралуы, қазақ халқының тарихындағы рөлі
26-139

тарихи  аңыздар
жайында тарихи-генеалогиялық зерттеулерде талас пікір­
лер аз емес. Оған себеп—жазба дерек көздері. Атап айтқан­
да VІІ ғасырдағы Қытай жазушысы Чин-гу «Батыс өлкенің

өзге шетелдіктерінен Үйсіндердің едәуір айырмашылығы
бар, олардың көзі көк, жирен сақалды» деп жазды. Жетісу
үйсіндерінің шығу тегін анықтау жолында А.Н.Бернштам,
К.А.Ақышев, Г.А.Кушаевтар археологиялық қазба жұ­мыс­

тарын жүргізді. Мәселен, Есік қорғанынан қазып алын­ған
(1969-1970) «алтын адам» «сақ ханзадасы» деп тұжы­рым­
дал­ғанымен, соңғы зерттеулер «Үйсін адамы» деген пікірді
алға тартады.

Шекті—қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре
деректері бойынша Кіші жүз Әлім ұлы бірлестігіне кіреді.
Әлімнен алты ата тарайды. Соның үлкені әрі ең өсіп-өнгені
осы Шекті. Лақаб аты—Жаманақ. Кейбір шежірелерде «Бес

Шекті» аталғанымен, Шектінің шежіреге түскен балалары
төртеу: Шыңғыс, Өріс, Баубек, Бөлек.

Абыз /т/—білгір, білімді
Арестан /о/—арестант; тұтқын
Бейғам, бейқам—қамсыз, жайбарақат
Бейіл—пейіл, ниет, көңіл

Божа—мәтінде төрт жағыңды, барлығыңды деген мағы­
нады
Буғарланған – ашуланған, ашуға булыққан
Даман /п/—қалың шөп, көгалды жер; таудың етегі

Долгсыз /о/—қарызсыз, тегін
Дуан /п/—қала, кент
Жамсай беру—жамырау, жан-жаққа шашырау
Жаһат /а/—ниет, ықылас, талап

Закон /о/—заң, шешім
Запас /о/—қор
Зекетші /а/—мұсылманның бес парызының бірі, ны­
сапқа жеткен бір жылдық мал-мүлкінің қырықтан бірін бе­

руші адам
Зиярат /а/—көрісу, зират ету, сәлем беру, қол беру, құл­
шылық
Иншалла /а/—Алла қаласа

Ишан—дін басшыларының жоғарғы атақтарының бір
атауы
Кузнец /о/—темір ұста; темірші; ұста
Қоңтажы—қалмақ билеушісі, ханы

Ләшкер—әскер, қосын
сөздік

тарихи  аңыздар Лепес—айтылатын сөз, лебіз Макаржи, мәкержі—Макаров жәрмеңкесі Мәулет—белгілі бір істі, тапсырманы орындауға беріл­ ген уақыт, мерзім; мүмкіндік Мойырылу—майыстыру, қисайту; жасыту, қажыту Мүрит /а/—тыңдаушы, ізін қуушы; сопылардың шә­кір­ті Мызафат /а/—жазық дала Нәпіз /п/—тамыр; тамырдың соғуы; жүрек соғысы Некахсыз—некесіз Оба—әр жердегі үйілген оба; қалмақтардың өлгеніне шығарған жаназасы. Қалмақ тасқа табынады. Сол табы­нып жүрген тасымен өліктерін бастырып кетеді. Көп үйілген обалар хандарының, жайсаңдарының жаназа тасы, аз үйіл­ ген—жай кісілерінікі. Ояз—Ресейдегі губернияның құрамына кіретін әкімші­ лік территориялық бөлік; оязды басқарушы әкім Пормы, порым /о/—форма: түр, түрі; қалып Пұшайман—бейшара, сорлы, қайғы Рысале (ірсәле) /а/—мысал, аңыз-әңгімелер Саркардалар, сәргер /п/—көсем, қолбасшы Сырттан—тегі жақсы, қырағы, алғыр Тайжақы—тай, құлын, құралай терісінен тіккен ішік Тіркеніп—тітіркеніп Үлем—дінге құлай берілген, діндар адамды осылай ата­ ған Харам /а/—арам, таза емес; шариғат бойынша, тыйым са­лынған, яғни ішіп-жеуге, қолдануға жарамайтын нәрсе [Құран Кәрімде бұл түсінік 71 жерде қолданылған]. Һәм /а/—және Шаһит—дін жолындағы соғыста өлген адамды айтқан. Кейінгі кезде отаны үшін өлген адам туралы да айтылып жүр. Отанын адал қорғап өлген деген мағынада Шәрменде /п/—ар-ұятты; арлы; нысапты Шегі—соңы, аяғы

Жер-су атаулары
Ақмешіт—қазіргі
Қызылорда
қаласының

орнын-
да болған көне бекініс орны. Ол 1817 жылы салынған.
А.И.Добросмысловтың дәлелдеуі бойынша, бекіністі Қоқан
ханы Омархан салдырған. Бекініс ішінде саз балшықтан

салынған елуге жуық үй, екі мешіт, медресе, оқ-дәрі қой­
малары, құдықтар болған. Бекініс орыс әскерлері келген
кез­ден «Перовск форты» болып аталған. Қазан төңкері­сі­нен
кейін Ақмешіт аты қайта берілді. 1925 жылы оған Қы­зыл­

орда аты беріліп, 1929 жылға дейін Қазақстанның аста­насы
болып тұрды.
Ақмола—Есіл өзенінің бойында ескі керуен жолы өте­тін
Қараөткелде орналасқан, аққайрақ тастан әдемілеп жасал­

ған ескерткіш белгілері; Қазақстанның бас қаласы Астана­
ның ежелгі атауы.
Алатау—1) Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей
Федерациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы атауы.

Оларға Күнгей Алатауы, Кузнец Алатауы, Талас Алатауы,
Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы, Іле Алатауы т.б. жатады.

2) Жетісу және Іле Алатауының халық ұғымындағы жалпы-

лама атауы.
Алматы—Алматы облысының орталығы. Респуб­лика­
лық мәртебесі бар қала. Қазақстанның оңтүстік шығысын­

тарихи  аңыздар
да Іле Алатауының солтүстік баурайында орналасқан.
1927  жылдан 1997 жылға дейін Қазақстанның астанасы
болды.

Алтай тау—Азия құрлығының орта тұсындағы таулы
өлке. Алтай Солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай
Батыс Сібір ойпатынан Гоби жазығына дейін жан-жаққа
таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені

мен Зайсан көлі, ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жота-
сы арқылы бөлінеді. Солтүстік шығыста Шығыс Алтайдың
Шапшалы жотасы Батыс Саянмен жалғасады.
Алтын Емел—Алматы облысының Кербұлақ ауданын­

дағы ауыл, ауылдық, әкімшілік округінің орталығы. Ау-
дан орталығы Сарыөзек кентінің Алтынемел жотасының
солтүстік батыс беткейінде орналасқан.
Арқа—Қазақстандағы аса ірі географиялық нысан. Бұл

Сарыарқа деп те аталып, тұтас алғанда Орталық Қазақтан­ды
білдіреді. Шындығында, Арқа—Орталық, Шығыс, Солтүс­
тік Қазақстанды қамтитын үлкен аймақ. Арқа туралы тарих­
шы Құрбанғали Халидтің «Таварих-и Хамса-йи шархи»

атты еңбегінде көп деректер бар. Әбілғазы Бахадүр «Түрік­
мен шежіресі» атты еңбегінде Арқа-Дешті-Қыпшақ деген үш
сөзді бір топонимдік атау ретінде пайдаланған.
Арыс өзені—Оңтүстік Қазақстан облысындағы өзен, Сыр­

дарияның оң жақ саласы. Арыс өзенінен тікелей 37 канал
бас­тау алады. Ең ірісі—Арыс-Түркістан каналы.
Аягөз—Алматы, Шығыс Қазақстан облысы аумағы ар­
қылы ағатын өзен. Тарбағатай жотасының солтүстік сілем­

дерінен бастау алады. Балқаш көлінің солтүстік шығыс бө­
лігіне құяды.

ғылыми  қосымшалар
Бабата—орта ғасырлардан сақталған қала жұрты. Оң­
түстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Бабата ауылының
маңында. Бабата—Түркістан мен Сайрамнан кейінгі орын-

да әулие бабтардың Қыпшақ даласына ислам дінін тара-
туында үлкен орталық болған кенттердің бірі. Кентті діни
орталыққа айналдырған адам—Ысқақ баб. Ол кісіні халық
«Баб ата» деп, кентті де соның есімімен атап кеткен. Бабата

кенті ғылыми әдебиетте көптен белгілі, орта ғасырлардағы
жазбаларда жиі кездесіп отырады. Ғылыми әдебиеттерде
Баб ата Х ғасырдағы жазба деректерде кездесетін Баладж
қаласының орны деген пікір де бар. Қазан төңкерісіне дейін

осы маңдағы қыстақта Баб Ата медресесі жұмыс істеген. Мед­
ресе ғимараты күні бүгінге дейін сақталған. Баб Ата күм­бе­зі
де осында.
Балқаш—Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық

көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі
3-орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының ше­
гінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 метр
биіктікте жатыр.

Баянауыл тауы—Павлодар облысындағы тау аты. Бұл
жерден Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жүсіпбек Аймауытов,
Қаныш т.б. қоғам қайраткерлері шыққан.
Бетпақдала—Қазақстанның орталық бөлігіндегі кең

байтақ аймақты алып жатқан шөлді өңір. Қарағанды, Жам-
был, Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында орналас­
қан. Батысында Сарысу өзенің төменгі ағысымен, шығы­
сын­да Балқаш көлімен, оңтүстігінде Шу өзені аңғары­мен,

солтүстігінде Сарыарқамен шектеседі. Сай-жыралармен ті­
лім­денген Бетпақдала жазығында сор, тақыр және жазда
құр­ғап қалатын тұзды көлдер кездеседі. Көктемде жауын
суы­мен толығып, жазда құрғақ арнаға айналатын Қарқа­

ралы, Қарасу, Талдыеспе сияқты кішігірім өзендер бар.

тарихи  аңыздар
Боралдай (ежелгі түркіше борулдай—күлгін түсті құс)—
Алматы облысының Іле ауданындағы кент, кенттік әкім­
шілік округінің орталығы.

Бұхара—(санскритше вихара—монастырь)—б. з. І ғасы­
рында іргесі қаланған, Зарафшан өзенінің төменгі ағысын­да
орналасқан, Орта Азиядағы көне қалалардың бірі. Қазір­де
Өзбекстан Республикасының осы аттас облыс орталығы.

Верный—1921 жылға дейінгі Алматы қаласының атауы.
Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань таулары­
ның солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан
Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан.

Ерейментау—Сарыарқаның солтүстігіндегі таулы ал­
қап. Ақмола, Қарағанды облыстарында орналасқан. Таулы
алқап оңтүстік батыстан солтүстік-шығысқа қарай 100 ша­
қырымға созылып жатыр. Ол Өлеңті және Шідерті өзен­

дерінің суайрығы болып табылады. Осы өзендердің са­ла­
лары—Жарық, Қарасу, Олжабай, Тұрғынбай өзендері тау
беткейлерінен басталады.
Ертіс—Батыс Сібір мен Қазақстан жеріндегі өзен.

Обьтың сол саласы. Монғол Алтайының оңтүстік батыс бет­
кейіндегі мұздықтардан басталады.
Есіл—Қазақстан Республикасы мен Ресейдің Тюмень,
Омбы облыстары жеріндегі өзен. Ертістің сол саласы. Жал-

пы ұзындығы 2450 км. Сарыарқаның солтүстік бөлігінде­
гі Нияз тауынан басталып, Омбы облысындағы Усть-Ишим
селосы тұсында Ертіс өзеніне құяды. Есіл бойында Ақмола,
Петропавл, Есіл қалалары орналасқан.

Жайық—Каспий теңізі алқабындағы өзен. Ол Ресейдің
Башқұртстан, Челябинск, Орынбор әкімшілік аймақтары­

ғылыми  қосымшалар
ның және Қазақстанның Орал, Атырау облысының террито-
риясымен ағады.
Жангелдин ауданы (1928-1950 жж.—Торғай ауданы)—

Қостанай облысының оңтүстік-батыс бөлігіндегі әкімшілік
бөлініс. Аудан аумағындағы 45 елді мекен 11 ауылдық округ-
ке біріктірілген. Аудан орталығы—Торғай ауылы.
Жетісу—еліміздегі ең ірі өлкелердің бірі. Жері сулы,

нулы Жетісу туралы ғалымдар түрлі пікірде болып келгені
белгілі. Кей деректерде Жетісу құрамына Іле, Қаратал,
Ақсу, Бүйен, Лепсі, Басқан, Сарқант өзендері жатқызылса,
танымал зерттеуші Ә. Тұрлыбаев Бүйен, Басқан, Сарқант

өзендерінің орнына Аякөзді, Талас пен Шуды кіргізеді.
Жетісудың аумағында 1867 жылы Семиреченская облысы
құрылып, ол 1922 жылы Жетісу облысы, 1924 жылы Жеті­
су губерниясы болып аталып, 1932 Алматы облысы бөлініп

шықты.
Жолдыөзек—Ертіс алабындағы тұйық көл. Солтүстік
Қа­зақстан облысының, Аққайың ауданының жерінде, Қы­
зылағаш ауылының солтүстігінде, Талдыарал көлінің баты-

сында орналасқан.
Индия, Үндістан—Оңтүстік Азияда орналасқан мем-
лекет. Үндістан—өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі
өркениетімен әйгілі ел. Үндістан, Үндістан Республикасы—

Үнді мұхиты алабында, Оңтүстік Азияда орналасқан мемле-
кет. Астанасы—Дели (Нью-Дели) қаласы.
Итемген көлі—Ақмола облысы, Ақкөл ауданындағы
тұйық көл. Көлге Ақсуат өзені құяды.

Кеңарал—Қостанай облысының Федоров ауданындағы
ауыл, Қосарал ауылдық әкімшілік округі орталығы.

тарихи  аңыздар
Көкбастау—Тарбағатай жотасының солтүстігіндегі Қа­
заншат және Сарытолағай тауларының оңтүстігіндегі оқ­
шауланған тау.

Көкшетау—жақпартасты, орманды-көлді таулар жүйе­
сі. Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратының сол­
түстік-шығыс бөлігінде, Шортанды ауданында оқшау орна­
ласқан.

Құмкент—ортағасырлық қала орны. Оңтүстік Қазақ­стан
облысы Шолаққорған ауданнан 30 км. жерде орналас­қан;
Созақ ауданындағы әкімшілік бірлік.
Қазалы—Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы қала

(1867 жылдан). Кейбір деректер бойынша, елді мекен аты
«Қаза» деп аталатын балық аулау жабдығынан шыққан бол-
са, басқа деректерде мұнда әділ қазылығымен аты шыққан
халыққа жаққан бір адамға байланысты «Қазы» атанып

кейін «Қазалы» болып өзгерген дейді.
Қазығұрт тауы—Талас Алатауының оңтүстік-батыс
сілеміндегі аласа келген жота. Ежелгі аңызда дүниені то-
пан су басқанда, Нұқ пайғамбар кемесі Арабияның Жуда

тауында, Х ғасырдағы аңызда Арарат тауына тоқтаған
делінеді. Қазақ (түркі) аңызы бойынша, топан су қаптағанда
Нұқ пайғамбар («Топан су» мифінің көне нұсқасында Нұқ
пайғамбардың есімінің орнында «Йвшқар-ата» («Жыла­

ған-ата», «Жылауық ата» деген кісі есімі де қолданылады)
кемесі Қазығұрт тауының шыңында тұрып қалған. Сөйтіп,
топан су қайтқан соң, адамзаттың жаңа ұрпағының тірші­
лігі сыртқы бітімі кемеге ұқсас Қазығұрт тауынан бастал­ған.

Кейін ислам дінінің таралуына байланысты Нұқ пайғам­бар
туралы аңызбен ұштасып, ежелгі мифтің жаңа нұсқасы пай-
да болған.

ғылыми  қосымшалар
Қайдауыл—Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы
тау. Баянаула тауларының сол түстігінде 25 км жерде ор­
наласқан.

Қалба—Ертіс өзенінің сол жағындағы тау және тау қы­
раттары.
Қапал—Алматы облысының Ақсу ауданындағы елді­ме­
кен. Кезінде осы аттас ауданның орталығы болған. Таулы,

шипалы емдік судың мол қоры жинақталған.
Қарақалпақ, Қарақалпақстан—Қазақстан Республика­
сының оңтүстік-батысында орналасқан, Өзбекстан Рес­
пуб­ликасының құрамындағы республика. Астанасы—Нү­

кіс қаласы.
Қаратал—Алматы облысының Ескелді, Көксу, Қаратал
аудандары жерімен ағып өтетін өзен. Балқаш-Алакөл ал­
қабындағы суының молдығы және арнасының үлкендігі

жағынан Іледен кейінгі орында. Қаратал Жетісу (Жоңғар)
Алатауындағы мұздықтардан басталып, Балқаш көліне
құяды.
Қарауылтөбе—ежелгі оба. Арыс қаласы төңірегіндегі

Қа­распан аулынан 2 шақырым шығыста жатыр.
Қарқаралы—Қазақстанның байырғы қалаларының бі­рі.
Қарағандыдан оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан.
Қашқар, Қашғар—Қытайдың батысындағы, Шыңжаң-

ұйғыр автономиялық ауданындағы қала. Қашғар өзенінің
бойында, Тянь-Шань тауларының оңтүстік баурайында ор­
наласқан. Қашғар—ертедегі «Ұлы Жібек жолындағы» ірі са-
уда орталықтарының бірі. Қалада ауыл шаруашылығының

машиналарын жасау, тоқыма, ұн тарту т.б. өнеркәсіп орын-

тарихи  аңыздар дары шоғырланған. Қазақ ғалымы Ш.Уәлиханов (1858-1859) Қашғарға ғылыми саяхатқа барып қайтқан. Қоқан хандығы (1710-1876) — Ферғана жазығында ХVІІ-ХІХ ғасырларда болған мемлекет. Астанасы—Қоқан қала­сы. Қоқан хандары өздерін Шыңғыс ханның ұрпағы­ мыз деп санаған. Негізінде олар минг (мың) тайпасының өкілдері болатын. Қоқан хандары әулетінің негізін салушы Шахрух би алғаш 1710 жылы шамасында Қоқан территориясында Бұхар хандығынан тәуелсіз кішігірім иелік құрды. Кейіннен түрлі тарихи-саяси себептерге байланысты Қоқан хандығы жойылып, оның орнына Түркістан генералгубернаторлығына бағынатын Ферғана облысы құрылды. Құмкент—орта ғасырлардағы қаланың орны. Шымкент облысы, Шолаққорған ауданынан 30 км жерде, Байқадам поселкесіне барар жолдың бойында. 1946 жылы Орталық Қазақстан (Ә.Х. Марғұлан), 1947 жылы Оңтүстік Қазақ­ стан археологиялық экспедициясы (А.Н.Бернштам) зерттеген. Марғұланның пікірінше, Құмкент араб деректерінде кездесетін Қамукент қаласының орны. Ол 13-14 ғасырларда Таластан Сайрамға қарай созылған керуен жолы бойын­ да­ғы ірі сауда орталығы болған. Табылған ескерткіштерге қарағанда қаланы адамдар X-XV ғасырларда мекендеген. Қызылжар—қазіргі Петропавл қаласы, қазақтар Қы­ зыл­жар деп атаған. 1936 жылдан Солтүстік Қазақстан облы­­ сы­ның орталығы. Қызылорда—қала, Қазақ Автономиясының екінші астанасы. Қазір аттас облыстың әкімшілік, экономикалық жә­ не мәдени орталығы (1938 жылдан). Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қытай—Шығыс және Орталық Азиядағы мемлекет.

ғылыми  қосымшалар
Мәдина—арабша қала деген сөз. Меккеден кейінгі екін­­ші
қасиетті қала саналады. Исламның негізін қалаушы Мұхам­
мед пайғамбардың 622 жылы Меккеден осында қоныс ауда-

руына байланысты Хижаздағы Ясрибке мұсылмандардың
берген атауы. Мұсылмандардың жыл санауы осы қоныс
ауда­ру жылынан (хижра) басталды. Мұсылман мемлекетінің
негізі қаланғанда Мәдина оның алғашқы астанасы болды.

Мекке—мұсылмандардың қасиетті қаласы. Онда бас
ме­шіт әл-Мәсжид әл-Харам мен Қағба орналасқан. Ислам­
ның негізін қалаушы Мұхаммед (с.а.с.) осы қалада дүниеге
кел­ген. Мұхаммед (с.а.с.) Меккеден кеткенімен Мәдинедегі

жаңа құлшылық ету үйін Қағбаға қарама-қарсы қойған жоқ,
қайта оның есігін соған қаратты (құбыла). Мұсылмандар­дың
Меккені 630 ж. жаулап алуы оның діни орталық ретін­де­
гі айрықша жағдайын қалпына келтіріп қана қоймай, одан

да жоғары дәрежеге көтере түсті. Меккеге барып тәуап ету
исламның бес парызының бірі болып саналады.
Меркі—Жамбыл облысы, Меркі ауданының орталығы,
ауыл, ауылдық әкімшілік округі орталығы, станция.

Нұра—Қарағанды және Ақмола облыстары жерімен аға­
тын өзен. Нұра қарқаралы тауының батыс сілемдеріндегі
бұлақтардан басталып, Теңіз көліне құяды.
Орал тауы—Еуразиядағы тау жүйесі. Оның шығыс етегі

бойымен екі дүние бөлігін—Еуропа мен Азияны бөлетін
шартты шекара өтеді. Қазақстанда Орал тауының оңтүстік
жалғасы—Мұғалжар тауы.
Петербург, Санкт-Петербург—Ресейдегі қала. Феде-

ралды субъект мәртебесіне ие. Ленинград облысындағы Нева
өзенінің Фин бұғазына құяр сағасында орналасқан. Санкт-
Петербург аумағынан 45-тен астам өзен, 40-қа жуық канал

тарихи  аңыздар
өтеді. Портты қала, әуе, автомобиль жолдарының және те­
мір жолдың ірі торабы.
Россия, Ресей—Ресей Федерациясы. Азия мен Еуропа

құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағы­
нан дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет. Ресеймен Қазақ­стан
арасындағы шекара әлемдегі ең ұзын шекара болып та­
былады. Ресейдің мәдениеті дүниедегі ең ұлы мәдениет­тер­

дің бірі, жетістіктері орасан көп. Саяси жағынан Ресей—
ық­палы зор мемлекет, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты
мүшесі. Орасан зор табиғи байлықтары, қуатты қарулы
күштері мен білім деңгейі өте жоғары халқы—Ресей қуа­

тының кепілі.
Сайрам—Оңтүстік Қазақстан аумағындағы орта ғасыр­
лық ірі қалалардың бірі. Бұрынғы аты—Исфиджаб. Сайрам
жайлы алғашқы дерек Махмұт Қашқаридің «Диуани лұға­

ти-т-түрк» атты еңбегінде кездеседі. Моңғол шапқыншы­
лы­ғынан кейін Сайрам маңызды орталықтардың біріне
айналған. ХV-VІІІ ғасырларда қазақ хандықтары кезінде ірі
сауда, діни және мәдениет ошағы болған.

Самарқанд—Өзбекстанның Самарқанд облысының ор­
та­лығы, қала. Заравшан өзенінің аңғарында орналасқан.
1868  жы­лы патша әскерлері басып алды да, Ресей импе­
риясының құрамына енді. 1924-1930 жылдары Өзбек ССР-

ның астанасы, 1938 жылдан облыс орталығы. Самарқанда
тарихи ескерткіштер өте көп: Шаһи Зинда, Бибі ханым
мешіті, Регистан т.б.
Сарыарқа, Арқа—Қазақстанның бүкіл орталық бөлігін

алып жатқан аймақ. Солтүстікте Қазақ жазығынан баста­лып
оңтүстікте Бетпақдала мен Балқаш көліне дейінгі ара­лық­
та орналасқан. Батыста Торғай үстіртіне тіреледі. Шығыс­
тағы шекарасы Балқаш көлінің солтүстік—шығыс шетінен

ғылыми  қосымшалар
Тарбағатайдың етегіне, онан әрі Зайсан қазаншұңқыры­ның
шетін ала Қалба жотасына дейін жетеді.
Сарыөзек—Алматы обл. Кербұлақ ауданының (1973 жыл-

дан) орталығы.
Саумалкөл—Есіл алабындағы ағынсыз көл. Солтүстік
Қазақстан облысы, Айыртау ауданының жерінде өзімен ат-
тас ауылдың шығысын бойлай орналасқан.

Семей—Ертіс өзенінің жағасында орналасқан қала. Ірге­сі
ХVІ ғасырда қаланған қаланың алғашқы атауы Доржынкент.
Созақ—аудан аты. Оңтүстік Қазақстан облысы. Әуелде Қара­
таудың солтүстік бөлігіндегі едәуір биік тау шоқысы­ның аты.

Станпул, Ыстамбұл (Стамбол)—Түркия мемлекеті­
нің бұрынғы астанасы. Орта ғасырға дейін Константинопол
деп аталған және ежелгі Византияның (Үрім) орталық шаһа­
ры болған.

Сыр—Сырдария өзені. Орта Азиядағы ірі өзен. Қарадария
мен Нарын өзендерінің Ферғана қазан шұңқырының шы­ғыс
бөлігіндегі қосылған жерінен бастап Сырдария аталы­нып,
Арал теңізіне құяды.

Талас—Қырғыз Алатауынан бастау алып, Талас жазығы
арқылы Мойынқұм құмдарына сіңетін, V ғасырдан белгілі
өзен. Оның бойынан шаһар салынып, қала VІ ғасырдан кейін
Тараз деген атпен мәшһүр болған. Бұл аттас Талас өзені Ал-

маты облысының Райымбек ауданында да бар.
Тарбағатай—Зайсан және Балхаш—Алакөл арасында­
ғы су айырық жота. Семей, Шығыс Қазақстан облыстарының
жерінде орналасқан.

тарихи  аңыздар
Ташкент—қазіргі Өзбекстанның астанасы. Қазақ хан­
дығы дәуірінде Ташкент қазақ хандары үшін айрықша
геосаяси маңызы бар өңірлердің бірі болған. Тарихи дерек-

тер Ташкенттің Тәуекел және Есім хандары тұсында қазақ
билеушілерінің ықпалында болғанын аңдатады. ХVІІІ ға­
сырдағы жоңғар шапқыншылығы кезінде де Ташкент бірде
басқыншылардың, бірде қазақ халқының қолына өтіп тұр­

ған. Ташкенттің ХVІІІ ғасырда қазақтардың айтулы орда­
ларының бірі болғанын оның маңында Төле бидің және
Әйтеке бидің бар екендігі де айғақтайды.
Терісаққан—Есіл алабындағы өзен. Ақмола, Қарағанды,

Қостанай облыстары жерімен ағып өтеді.
Торғай—ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы бекініс.
Ресей патшалық үкіметі тарапынан ХІХ ғасырдың 40-жыл­
дары феодалдық монархиялық қозғалыспен күрес барысын-

да қазақ даласының ең түкпірінен бекініс пунктін салуға
шешім қабылданды. Торғай облысының құрылуына байла-
нысты 1868 жылы Торғай қала атанды.
Түндік өзені—Ертіс алабында орналасқан өзен.  Кент, Ке-

шубай, Қоңыртемірші сағаларының қосылатын жері «Ақ­
жарық» деп аталады.
Түркістан—Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркіс­
тан ауданының орталығы, Сырдарияның оң аңғарында ор­

наласқан. 2000 жылы көне қаланың 1500 жылдығы той-
ланды. Арабтардың географиялық жазбаларына қарағанда
ІV-Х  ғасырларда бұл қаланың орнында Шавгар (арабша
Шавагар) мекені болған, бірақ бұдан із қалмаған. ХІІ-

ХІV  ғасырларда Түркістан «Ясы» деп аталады. Қожа Ахмет
Иасауи ғимараты салынғаннан кейін түркілердің діни
орталығына айналды.

ғылыми  қосымшалар
Ұлытау—Сарыарқаның оңтүстік-батыс шетіндегі ұсақ
шоқылы, таулы өлке. Ұлытауда атақты Жошы хан мазары
сақталған. Бұл арада өткен ғасырларда үш жүздің бас қосып,

ел тағдырына қатысты алқалы жиындар өткізіп тұрған.
Үндістан—Азияның оңтүстік шығысында орналасқан
ірі мемлекет.
Үргеніш—ежелгі қала, ортағасырлық Хорезм мемле­

кетінің астанасы. Орны қазіргі Түркменстан Республикасы,
Ташауыз уәлаятындағы Көне Үргеніш елді мекенінің жа-
нында. Үргеніштің гүлдену кезеңі 12-13 ғасырлардағы хо-
резмшахтар билік еткен кезеңге тура келеді. 13-ғасырдың

ортасынан бастап Алтын Орданың құрамында болып, сау-
да, қолөнер, әкімшілік орталық ретінде өз маңызын жойған
жоқ. 14-ғасырдың ортасына қарай Хорезм Алтын Ордадан
бөлінген кезде Үргеніш қайтадан оның астанасына айналды.

17-ғасырда қала тіршілігі құлдырап, кері кетті.
Үшарал—Қазақстандағы қала. Алматы облысы, Алакөл
ауданының орталығы.
Шар—Семей

облысының  Көкпекті, Жарма, Шар және
Жа­ңа Семей аудандарының жерлері арқылы ағып өтетін
өзен.
Шу—Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен. Теріс­

кей Алатау мен Қырғыз Алатауынан бастау алатын Жуа­
нарық және Қошқар өзендерінің қосылған жерінен бастап
Шу аталады. Ірілі-ұсақты 80 саласы бар, ірілері: (Қазақстан­
да): Қорағаты, Мерке, Қарабалта, Ақсу т.б. Теріскей Алатау

мен Қырғыз жотасын кесіп өте бере Шу Жоғарғы Ортото­қой
және Төменгі Ортотоқой шатқалдарын қалыптас­ты­рған.
Соңғысының тұсына Ортотоқой бөгені салынған. Тө­мен­де
Шу Ыстықкөл қазаншұңқырына шығады.

27-139

тарихи  аңыздар
Шымкент—Қазақстандағы қала, Оңтүстік Қазақстан
облысының орталығы. Қазақстан Республикасындағы (Ал-
матыдан) кейінгі екінші қала, бұл ретте қала басшылары,

энергия және су тұтыну көлемін ескере отырып және негізге
ала отырып, қала тұрғындарының саны шамамен миллион­
ға жуық деп есептейді. Осымен қатар, Шымкент негізгі
өнеркәсіп, сауда және мәдени орталық болып табылады.

Шыңғыстау—Сарыарқаның Шығыс бөлігіндегі тау жо­
тасы. Солтүстік-батысынан оңтүстік-шығысқа қарай со­зыл­
ған. Шығыс Қазақстан облысының Абай, Аягөз аудандары
аумағында. Шыңғыстау солтүстік-шығыста Алтайдан Шар

өзені аңғарымен бөлінеді, оңтүстік-шығыста Тарбағатайға
ұласады. Шығысында тауаралық Зайсан қазаншұңқыры,
оңтүстігінде Солтүстік Балқаш төбелері жатыр.
Шыңжаң—Қытай Халық Республикасының батысында

орналасқан аймақ.
Шідерті өзені—Ертіс-Қарағанды каналы жүйесінде ор­
на­ласқан өзен. Қушоқы тауының батысынан бастау алады.
Іле өзені—Қазақстан (Алматы облысы) және Қытай же­

ріндегі өзен. Шығыс Тянь Шаньнан басталып, Балқаш көлі­
не құяды. Басты салалары: Қаш, Қорғас (оң жақ), Шарын,
Шелек, Талғар, Қаскелең, Күрті (сол жақ).

Томға енген фольклорлық үлгілерді
жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар
туралы мәліметтер
Адамбаев Балтабай (1909-1995) — белгілі фольклор­

та­нушы ғалым, халық әдебиеті мұраларын жинаушы. Фи­
ло­логия ғылымының кандидаты, Қазақстан Жазушылар
одағының мүшесі. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1945-
1996  жылдары аралығында М.О. Әуезов атындағы Әдебиет

және өнер институтының қолжазба, фольклортану бөлім­
дерінде қызмет істеген. Қазақстанның барлық аймақтарына
ұйымдастырылған ғылыми фольклорлық экспедициялар­
ға қатысып, халық мұраларын жинаған. Ресей, Өзбекстан,

Татарстан мұрағаттарындағы халық мұралары үлгілерін
жинады. Шешендік сөздер, тарихи аңыздар, мақал-мәтел­
дер жанрлары бойынша қазақ фольклортануына арналған
ондаған кітаптары жарық көрген.

Ақдәулетұлы Мейірхан—1951 жылы Ақтөбе облысы,
Ырғыз ауданында дүниеге келген. Мамандығы — журна­
лист. Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Еңбек
жо­лын шопандықтан бастап, тракторшы, Қарабұтақ ауда­

ны комсомол комитетінде қызметкер,  көптеген газет-жур­
на­л­дарда редактор, бас редактор қызметтерін атқарған.
«Бас­тау», «Шырақ ғұмыр», «Жалғыз досым—жүрегім»,
«Дәруіш­нама» кітаптарының авторы.

Әминов Нұғман—бұрынғы Павлодар облысы, Каганович
ауданында туып-өскен. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы.

тарихи  аңыздар
Бельгер Герольд—1934 жылы 28 қазанда Саратов об­лы­
сы, Энгельс қаласында туған. Неміс, орыс, қазақ тілдерін­де
жазады. Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бі­тір­

ген. Бельгер Абай мұраларын тану, оны зерттеу мәселе­ле­рі­
мен айналысып, көптеген зерттеу еңбектер жазды. Б.Май­лин,
Х.Есенжанов, Ә.Нүрпейісов, Ә.Кекілбаев, Д.Досжанов т.б.
қа­зақ жазушыларының бірқатар шығармаларын қазақ­ша­дан

орыс тіліне, А.Раймген, Э.Кончак, Н.Ваккер т.б. неміс жа­
зу­­шыларының жекелеген туындыларын неміс тілінен орыс­­
шаға аударды. Жиырмадай жинақтың құрастыру­шы­сы және
жекелеген әңгіме, мақалалары енген 25-тей жинақ­тары бар.

Дәдебаев Жанғара (1948 жылы туылған)—әдебиет зерт­
теуші. Филология ғылымдарының докторы, профессор, Рес­
публика ҒА-ның академигі. Зерттеу еңбектерінің басты са­
ласы—Әуезовтың шығармашылық шеберханасы. «Әдеби

шы­ғарма» (1986), «Қазақ тарихи романы» (1987), «Шымыр-
лап бойға жайылған» (1988), «Өмір шындығы және көркем­
дік ше­шім» (1991) монографияларында Әуезовтің жазу­шы­
лық еңбегі мен шеберлігі, көркемдік әлемі қазіргі әде­би

процеспен тығыз бірлікте, сабақтастықта қарастырылған.
Жақыпбаев Бозтай (1887-1970)—Павлодар облысы,
Баян­­ауыл ауданында дүниеге келген. 1930 жылдан бас­тап
СССР Ғылым академиясының қазақ филиалында, Тіл, әде­

биет институтында қызмет еткен жылдары ол қазақ ауыз
әде­биеті үлгілері мен фольклорын көптеп жинаған.
Жәнібекұлы Қозүй  (1699-1771)—Сайрам маңында дү­
ние­ге келген. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте ер­

лігімен көзге түскен батыр.
Жүсіпұлы Жолмұрат—1895 жылы Павлодар облысы,
Баянауылда туып-өскен. Мәшһүр Жүсіптің жиені, ескіше
оқыған. М.Ж. Көпеев мұрагерлерінің бірі.

ғылыми  қосымшалар
Дәуітов Сәрсенбі (1947 жылы туған) — фило­ло­гия ғы­
лым­дарының докторы, профессор. 1970-1975 жылдар ара­
лығында радио және бірнеше газет-журналдарда қыз­мет

атқарған. 1975 жылдан бастап М.О.Әуезов атындағы Әде­биет
және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер, аға ғы­
лыми қызметкер, Т.Рысқұлов атындағы Басқару академия­
сында, Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында жұмыс іс­

теген. 2002 жылдан Д.А.Қонаев атындағы университет­тің
про­фессоры. Қазірде М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институтында Бас ғылыми қызметкер болып қыз­мет
атқаруда.

Алғашқы өлеңдер жинағы «Сыбаға» деген атпен 1978  жы­
лы жарыққа шыққан. Сондай-ақ «Ерте дәуірдегі казақ әде­
би­еті» (1983), «ХІХ
ғасырдағы

қазақ
ақындары» (1988)
зерт­теу кітаптарын жазып шығаруға қатысты. С.Дәуітов­тің
алғы сөзімен және құрастыруымен Мәшһүр Жүсіп Көпеев­

тің екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы алғаш рет
жарық көрді (1990; 1991). Сонымен қатар, С.Дәуітовтың
құрастыруымен «Төле би» (1993), Қ.А.Йасауидің «Диуа-
ни хикмет» (1993. М.Жармұхамедұлымен бірге), «Абылай

хан» (1993), «Тезек төре» (1996) және т.б. ғылыми-танымдық
жинақтар басылып шықты. С.Дәуітов аударма саласында
қырғыз ақыны С.Меймұловтың «Әуен» атты кітабын қазақ
тіліне аударған. Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің

Құр­мет грамотасымен марапатталған. Жамбыл атындағы
Ха­лықаралық сыйлықтың иегері.
Көпеев Мәшһүр Жүсіп (1857-1931)—ақын, жинаушы,
әрі кітап бастырушы. Павлодар облысы, Баянауыл ауданын­

да туып-өскен. Бұхарада, Ташкентте оқып, Орта Азия ха­
лықтарының әдебиетімен кеңінен танысқан. М.Көпеев өзі
де өлең шығарумен бірге ауыз әдебиеті үлгілерін де көп жи-
нап, баспасөз беттерінде, кейбіреулерін кітап күйінде жа­

рыққа шығарған. Оның «Мес» деп аталатын төрт томдық
қолжазбалар жинағы ҚР Білім және ғылым министрлігі
Орталық ғылыми кітапханасының қорында сақтаулы.

тарихи  аңыздар
Қаупынбайұлы Төлен—1938 жылдың 6 мамырында Ал-
маты облысына қарасты Райымбек ауданындағы Қара­то­ған
ауылында дүниеге келген. 1958 жылы Алматыдағы Абай

атындағы Қазақ педагогикалық институтын, 1965 жы­лы
Қазақ мемлекеттік университетінің филология факуль­те­тін
бітірген. Көптеген кітаптардың авторы.
Марғұлан Әлкей Хақанұлы (1904-1985)—ғалым, ұлттық

археология мектебінің негізін қалаушы, әдебиеттанушы.
1921-1925 жылдары Семей педтехникумында оқи жүріп,
«Таң» журналы мен «Қазақ тілі» газетінің редакцияла­
рын­да қызмет еткен. 1925-1929 жылдары Ленинградта­ғы

(Санкт-Петербургтағы) Шығыстану институтының түркі­та­
ну және тарих-филология факультеттерінде қатар оқыған.
1928 жылы қазақ халқына қатысты әдеби мұрағаттық
деректер жинаған. 1939-1941 жылдары КСРО ҒА Қазақ

бөлімшесі тарих институтының аға ғылыми қызметкері,
1940-1941  жылдары «Мәшһүр Жүсіп мұрасындағы түркі
эпосы», «Әлішер Науаи және қазақ мәдениеті», «Шоқан
Уәлиханов және Орта Азия тарихы», «Жамбыл Жабаев»

т.б. еңбектері жарық көрді. 1941 жылдары КСРО ҒА Қазақ
бөлімшесінің тарих бөлімін басқарды. Осы қызметте жү­
ріп, «Хандар жарлығының тарихи маңызы» деген тақы­
рып­та кан­дидаттық (1943 ж.), «Қазақ халқының эпика­лық

жыр-дас­тандары» тақырыбында докторлық диссертация
(1945  ж.) қорғады. «Қазақ халқының көне замандағы ақын­
дық өнерінің шеберлері» (1959 ж.), «Шоқан және Манас»
(1971) т.б. ғылыми маңызды еңбектер жазған.

Нысаналы Аян—1942 жылы 1 наурызда Бәйдібек ауда­
ны, «Жетімтау» ауылында туған. Қазақстан Жазушылар
одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты.
Әдебиет зерттеушісі. Ақын Мәскеудегі М.Горький атындағы

Әдебиет институтын бітірген. Оның «Көктем кешікпей­ді»,
«Сүмбіле», «Иірім», «Көзайым», «Тыныс», «Мәуе» деген

ғылыми  қосымшалар
жыр кітаптары бар. «Параметры», «Жансарай» атты әдеби
сын кітаптарының авторы. Орысша да, қазақша да жаза-
тын қаламгер аудармашылықта да қажырлы еңбек етіп

келеді. Әбунасыр Әл-Фараби, Важа Пшавела, Низами, Ха-
физ, Науаи, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, В. Высоцкий,
Атилла Йожеф, Ю.Тувим өлеңдерін қазақшаға аударған.
Аян Нысаналыға «Армысың БАМ» атты очерктер жинағы

үшін Қазақстан Журналистер одағының Баубек Бұлқышев
атындағы сыйлығы берілді. Қазақстан Киноматографистер
одағы және Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты.
Саламатұлы  Қаралда (1742-1824)—атақты палуан.

Сүйегі Қызық жеріндегі қорымдауылы aзан шақырып қой­
ған аты Алдаберген. Жанға дес бермеген күш иесін құр­мет
тұт­қан халық оны Қаралда атап кеткен. Әкесі Саламат Бөкен­
ұлы Әбілқайыр ханның тұсында қол бастаған батырлар­дың

бірі болған. Өзімен жекпе-жекке шыққан қалмақ ба­ты­ры
Нұрғаспақтың қарындасы Түгесті, қайынағасы Өтештің
ақылымен ауылға әкеліп, соған үйленеді. Одан Алдабер­
ген есімді ұлды болады. Ірі тұлғалы Алдаберген Адай еліне,

Кіші жүзге мәшһүр күш иесі болды. Қаралда—атышулы па­
луан ғана емес, өз елі мен жерін сыртқы жаулардан қор­ға­ған
ерлердің бірі. Қазірде ұрпақтары Маңғыстау өлкесінде өмір
сүруде.

Сартай батыр, Сартай Байжанұлы (шамамен 1711-
1785)—Кіші жүз Әлімнің Шектісінің ішіндегі Жақайым
атасынан шыққан батыр.
Сартай батырдың ерлігі мен елшілік қызметі туралы

Нұрмағамбет Қосжанұлының «Мың бала» немесе «Сартай
батыр» деп аталатын дастанында айтылады. Осы даста­ны
үшін Қосжанұлы 1937 жылы саяси қуғын-сүргін құр­ба­
ны бо­лып, шығармаға тыйым салынды. Жырда мың ба­

ланың жаса­ғын басқарған 15 жасар Сартайдың Әбілхайыр
хан басқарған сарбаздар құрамында болғаны айтылады.

тарихи  аңыздар
Сартайдың Шұбартеңіз, Қалмаққырылған және Аңыра­
қай шайқастарына қатысқандығы туралы тарихи деректер
бар.

Ел ішіндегі аңыз әңгімелерге қарағанда Сартай тек ба-
тыр ғана емес, би де болған. Оның Әбілхайыр ханның Кіші
жүзді Ресейге қосу сәтіндегі талас-тартыста хан саясатын
қолдағанын Тевкелев, Мейер жазбаларынан білеміз.

Батырдың өз өсиеті бойынша денесі Қазалы қаласы­­ның
оңтүстігіндегі Қызылдың құмындағы Қосымқожа қоры­мы­
на жерленген.
Сартұлы Қойгелді (1702-1795)—жоңғар басқын­шы­

ларына қарсы азаттық күрестің көрнекті өкілі, қол­бас­
шы. 1730 жылы Аңыра­қай шайқасына 1734 жылы жоң­
ғарлар­дың екінші шабуылына қарсы күресте оңтүстік
қазақтары­ның әскербасы болған. 1740-1750 жылдары

жоңғар қалмақтары­мен болған шайқастарда, 1756-1757
жыл­дары Оң­түстік Қазақстанды қалмақтардан азат етуде
ерлік, тап­қырлық көрсеткен.
Әкесі Қойгелдіні жеті жасында Бұхара медресесіне оқуға

береді. Ол сонда он жыл білім алып, елге діни сауаты мол
білікті азамат болып оралады. Оның ел ішінде хазірет ата-
нуы да содан. Бірақ жаугершілік заман, ел басына түскен
ауыр жағдай Қойгелдіні еріксіз хазіреттің сәлдесін тастап,

дулыға, шапанын тастап, сауыт киюге, тәспиығын тастап,
найза ұстауға мәжбүр етеді.
Саттаров Қыдырәлі—фольклортанушы, филология ғы­
лымдарының докторы, профессор. Оңтүстік Қазақстан мен

Өзбекстан Республикасы Ташкент өңіріне ұйымдастырыл­
ған бірнеше фольклорлық-этнографиялық экспедициялар-
ды басқарған, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, М.О. Әуезов
атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қо­

рына тапсырған.

ғылыми  қосымшалар
Сейдімбек Ақселеу (1942-2009)—ғалым, жазушы, фи-
лология ғылымдарының докторы, профессор. Ақселеу
Сейдімбектің еңбектері қазақ халқының рухани құнды­лық­

тарын зерделеуге бағытталған, оның ұлттық мәдениет пен
әдебиеттің, әсіресе күйшілік өнердің ұлт өміріндегі орнын
сөз еткен аса құнды зерттеулері бар. «Күңгір-күңгір күмбез­
дер», «Серпер», «Мың бір маржан», «Күй шежіре», «Қазақ

әлемі» т.б. ғылыми зерттеу еңбектері халқымыздың аса бай
мәдени мұрасын зерделеуге арналған.
Толыбайұлы (Төлебайұлы) Олжабай (1709-1785)—Ақ­
мола облысы, Ерейментаудағы Сілеті өзені бойында дү­ние­

ге келген. Әкесі Толыбай—Тәуке ханның билерінің бірі,
шешесі Есенбике—Төле бидің туысқаны Қаратайдың қызы.
Олжабай Абылайдың ту ұстаушы батырларының бірі
(«Ала ту» деген лақап атқа ие болған) ретінде 1735 жылы

Түркістан мен Ташкентті жоңғарлардан азат ету жорығы­
на, 1736 жылы Баянауылды Қалдан Сереннен босатқан
шай­қастарға, 1756 жылы қазақ жеріне басып кірген қытай
әс­керін талқандауға қатысқан. Абылай жоңғарлардың қо­

лына тұтқынға түскенде, оны құтқаруда елеулі еңбек етті.
Абылай оны «Ер Олжабай», «Қу жарғақ» (атқан оқ Ол­жа­
байға тимегендіктен) деп атап, Әбілмәмбет хан оған алтын
сапты қылыш сыйлаған. Олжабай Абылай ханның мемле-

кет билігін орталықтандырып, нығайту бағытындағы әре­
кеттеріне елеулі үлес қосқан. Ол Түркістан медресесінде
оқып, арабша, қалмақша жетік білген.
Тұрсынов Сәбит—халық аузынан аңыз-әңгімелерді жи-

наушы, 1942 жылы туылған. Оңтүстік Қазақстан облы­сы,
Төле би ауданы, Қазығұрт совхозы, Қызылқанат ауылы­ның
тұрғыны.
Тілеужанов Мәтжан (1927-1995)—ғалым, филология

ғылымдарының докторы, профессор. Ол Батыс Қазақстан

тарихи  аңыздар
аумағынан ауыз әдебиеті нұсқаларын ұзақ жыл бойы жи­
нап, Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорына
тап­сырды. Сондай-ақ республикада тұңғыш рет «Этнопе­

да­гогика және фольклор» кабинетін ұйымдастырып, ел
ішіндегі қолөнер туындыларын жинады.
Ысқақбай Марал—1938 жылы Жамбыл облысы, Қор­
дай ауданы, Сұлутөр ауылында туған. Сыншы, жазушы,

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Ысқақ­
байдың «Сұлутөрдің бөктері», «Ұят туралы аңыз», «Ғашық
боп көрмеген келіншек» деп аталатын прозалық, «Мүйізді
Өтеген», «Баба ұраны» атты сыни, зерттеу кітаптары жарық

көрген. Сонымен қатар «Женщина, не влюблявшаяся ни ра­
зу, разу», «Аударма», «Жаныс» (шежіре кітап) т.б. кітап­тар­
дың авторы. 2006 жылы бес томдық шығармалар жина­ғы
жа­рық көрген.

Шартты қысқартулар ӘӨИ—М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана Қ—Қазан қаласы ҚҚ—Қолжазба қоры Ш—шифр дәп—дәптер а—араб о—орыс п—парсы т—түркі

Пайдаланылған әдебиеттер
Қолжазбалар

1. ӘӨИ:ҚҚ.Ш.137 бума 2. ӘӨИ:ҚҚ.Ш.142 бума 3. ӘӨИ:ҚҚ.Ш.717 бума 4. ӘӨИ:ҚҚ.Ш.828 бума 5. ӘӨИ:ҚҚ.Ш.856 бума 6. ӘӨИ.ҚҚ.Ш.879/9 бума 7. ӘӨИ:ҚҚ.Ш.910/4 бума 8. ӘӨИ:ҚҚ.Ш.920/94 бума 9. ӘӨИ:ҚҚ.Ш.1122 бума 10. ӘӨИ:ҚҚ.Ш.1123 бума 11. ӘӨИ:ҚҚ.Ш.1124 бума 12. ӘӨИ:ҚҚ.Ш.1125 бума 13. ӘӨИ:ҚҚ.Ш.1014 бума 14. ӘӨИ:ҚҚ.Ш.1094 бума 15. ОҒК:ҚҚ.Ш.829 бума 16. ОҒК.ҚҚ.Ш.833 бума 17. ОҒК.ҚҚ.Ш.1170 бума 18. ОҒК.ҚҚ.Ш.1170 «б» бума 19. ОҒК.ҚҚ.Ш.1176 бума 20. ОҒК.ҚҚ.Ш.1177 бума 21. ОҒК.ҚҚ.Ш.1178 бума 22. ОҒК.ҚҚ.Ш.1318 бума 23. ОҒК.ҚҚ.Ш.1645 бума 24. ОҒК.ҚҚ.Ш.657 бума

ғылыми  қосымшалар
Зерттеулер мен энциклопедиялар,
фольклорлық жинақтар, сөздіктер

1. Әйтеке би. Құраст. Г. Бельгер, М. Ақдәулетұлы.—Ал-

маты: Атамұра, 1998. 2. Ел жүрегіндегі Ескелді би. Жинап, әдеби өңдеп,

құрастырған—Исмаилов О. (Аңыз, әңгіме, деректер).—Ал-
маты, 2006.—384 бет.

3.  Жамбыл облысының энциклопедиясы.—Алматы, 2003. 4. Жетісу энциклопедиясы.—Алматы: Арыс, 2004. 5. Жолдасбекұлы М., Салғарин Қ., Сейдімбек А. Сартұлы

Қойгелді.—Астана: Елтұтқа, 2001. 6. Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 1-том.—Алма-

ты: ҚазАқпарат, 2007. 7. Қазақ фольклорының тарихилығы.—Алматы: Ғылым,

1993. 8. Қазақтың мифтік әңгімелері.—Алматы: Ғылым, 2002. 9. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы.—Алматы:

Ғылым, 1985. 10.  Қойгелді Сартұлы. Тарихи тұлғалар (құрастырушы­

лар Тоғысбаев Б., Сужикова А.). —Алматы: Алматыкітап,
2005.

11. Қоңыратбаев Т.Ә. Эпос және этнос. Қазақ эпосы және

оның этникалық сипаты.—Алматы: Ғылым, 2000. 12. Маңғыстау энциклопедиясы.—Алматы: Атамұра,

1997. 13. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 8-том.—

Павлодар, 2006. 14. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 9-том.—

Павлодар, 2006. 15. Морей ауданының аңыз-ертегілері.—Морей қала­шы­

ғы, 1999. 16. Мусин Ж. Жер шоқтығы Көкшетау.—Алматы, 1989. 17. Мүйізді Өтеген. Құр. Ысқақбай М., Байек А., Дәде­

баев Ж.—Алматы: АБА «Айкос», 1999.

тарихи  аңыздар 18. Оралмағанбетов Ж., Есмағанбетов М. Аңыздар мен

ақиқаттар өлкесі.—Алматы: «Кітап» баспа үйі, 2001. 19. Өтеген батыр. Құр. Сейітқызы А.—Алматы: Мерей,

1994. 20. Сәнік З., Садықан Б. Қаракерей Қабанбай. Аңыз, зерт-

теу, қиссалар.—Алматы: Жазушы, 1991. 21. Сейдімбеков А. Күңгір-күңгір күмбездер: Сұлулық ту-

ралы сырлар.—Алматы: Жалын, 1981. 22. Төле би. Құраст. С. Дәуітов.—Алматы: «Мұраттас»

ғы­лы­ми-зерттеу орталығы, 1991. 23. Тұрсынқұлов Қ. Қазығұрт.—Астана: «Фолиант» бас­

пасы, 2009. 24. Үш пайғамбар. Құраст. Нысаналы А. — Алматы:

«Дәуір» баспасы, 1992. 25. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. Қазақтың батырлық жыр­

ларының поэтикасы.—Алматы: Ғылым, 1993. 26. Ыбыраев Ш., Алпысбаева Қ., Әлібек Т. Халық әде­бие­

тін жинау, жүйелеу және сақтаудың әдістемелік құралы.—
Алматы, 2009.

27. Арабско-русский словарь. Составитель—Х. К. Бара­

нов.—Москва, 1968. 28. Древнетюркский словарь.—Ленинград: Наука, 1969. 29. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі // Құраст.:

Р.Сыздық, Н. Уәлиұлы, Қ. Жаманбаева, Қ. Күдеринова.—Ал-
маты: Дайк-Пресс, 2001.

30. Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999. 31. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі // Құрастыр­

ған—І. К. Кеңесбаев.—Алматы, 1977. 32. Персидско-русский словарь // Под ред. Ю. А. Рубин­

чика. І-ІІ т.—Москва, 1970. 33. Татарско-русский словарь.—Москва: Советская эн­

циклопедия, 1966. 34. Турецко-русский словарь.—Москва: Русский язык

медиа, 2005.

РЕЗЮМЕ

Институт литературы и искусства им. М.О. Ауэзова про-
должает работу над изданием стотомной серии книг «Баба-
лар сөзі» в рамках Стратегического национального проекта
«Мәдени мұра».

Предыдущие, вышедшие из печати, 85 томов серии были
посвящены публикации многочисленных жанров казахско-
го фольклора, выдающихся в художественном отношении
образцов и таких крупных по объему текстов, как эпосы,

исторические сказания, дастаны, а также множества малых
жанров—песен, загадок, пословиц и поговорок. До настоя­
щего времени из печати вышли тринадцать томов «Рома-
нических сказаний», семь томов «Религиозных сказаний»,

одиннадцать томов «Лирических сказаний», однотомник
«Генеалогических сказаний», одиннадцать томов «Истори-
ческих песен», двадцать томов «Героического эпоса», сбор-
ник загадок—один том, пять томов «Пословиц и поговорок»,

двухтомник «Народные песни», однотомник «Детского
фольклора», пятитомник «Сказок»; двенадцать томов серии
составляет фольклорное наследие казахов Китая, опублико-
ван однотомник «Казахские мифы»; вышел из печати один

том книги «Фольклор казахов Монголии», опубликован од-
нотомник «Топонимические легенды», трехтомник «Родос-
ловные сказания и предания», по одному тому посвящено
музыкальным преданиям и историческим легендам.

тарихи  аңыздар В 86-й том серии «Бабалар сөзі» вошли предания, раскрывающие историческую роль народа в трудный для него период, когда нависла угроза полного исчезновения нации и решалась судьба казахской государствен­нос­ти,—это период джунгарских нашествий. Часть преданий посвящена знаменитым казахским биям — Толе би, Казыбек би, Айтеке би, которые мудрым словом и могучим духом сплотили народ воедино, при этом ставили выше всего интересы народа и целостность государства, вершили справедливый суд и тем самым завоевали всенародную любовь и почтение на века. В сборник вошли также предания, посвященные славным подвигам, знаменитым сражениям, историческим победам, личности великого воина, полководца, дипломата и правителя Аблай хана, и многочисленные предания о подвигах таких народных батыров, как Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Мүйізді Өтеген, Шақшақ Жәнібек, Сүйіндік Олжабай, Малайсары, Балтакерей Тұрсынбай, которые в борьбе с вероломными захватчиками покрыли себя вечной славой. Народная память прославила их имена, их подвиг запечатлен в песнях, легендах и преданиях, благодаря которым сегодня мы пишем подлинную историю своего народа. В данном томе эти произведения объединены в три главы: «Предания о трех мудрых биях», «Предания об Абылай хане», «Предания о батырах-полководцах». Основу текстов произведений, вошедших в данный том, составили предания, собранные и записанные в разные годы А.Маргуланом, А.Сейдимбеком, К.Саттаро­ вым, М.Тлеужановым, Б.Адамбаевым, Б.Жакыпбаевым, Ш.Карибаевым и др. учеными, а также предания из рукописных наследий М.Ж.Купеева, К.Кантарбаева, Г.Мукатова, Г.Батталова, М.Мажикеева, М.Жиреншина, Н.Аминова, Ж.Каражанулы, Е.Кулпеисова, хранящиеся в редких фондах Института литературы и искусства им. М.О.Ауэзова и Центральной научной библиотеки. Также в ходе подготовки тома к изданию были использованы тексты из опубликован-

ғылыми  қосымшалар
ных уже книг и сборников: Ш.Ш.Уалиханова, М.Ж.Купеева
«Сборник многотомных произведений», «Хан батыр—
Қабанбай» (2005), «Қаракерей Қабанбай. Аңыз, зерттеу,

қиссалар» (1991), «Мүйізді Өтеген» (1999), «Өтеген батыр»
(1994), «Төле би» (1991), «Әйтеке би» (1998). При обнаруже-
нии в редких фондах рукописных вариантов преданий, опуб­
ликованных в этих книгах и сборниках, проводился сопо-

ставительный анализ, и для издания отбирались варианты,
признанные оригиналом.
Следует также отметить, что в данный том вошло сразу
несколько вариантов некоторых преданий. Например, вош-

ли семь вариантов преданий о том, почему Казыбека би в
народе прозвали «қаз дауысты» (с голосом как у гуся), пять
вариантов о самом первом поединке Аблай хана (под прозви-
щем Сабалақ), еще несколько вариантов предания о смерти

хана Аблая. Составители прибегнули к такой систематиза-
ции тома по нескольким причинам: во-первых, несмотря на
то, что варианты схожи между собой по содержанию, они
отличаются по событиям в сюжетной линии, встречаются

различные эпизоды, имена героев, их личностные качест­ва
несколько разнятся; во-вторых, в процессе подготовки к из-
данию особое внимание было уделено требованиям, предъяв­
ляемым к научным изданиям. Настоящий сборник, наряду

с широким кругом читателей, предназначен и для исследо-
вателей общественных наук. В особенности для языковедов
и фолькло­ристов очень важно то, что в томе приведено сразу
несколько вариантов текста, они составляют ценность как

первоисточник. Языковеды могут изучать варианты произ-
ведения в языковом плане—лексикографию, лексикологию,
грамматику, а ученые фольклористы изучают историю воз-
никновения и развития произведений, отличительные осо-

бенности текстов варианта. Из этих соображений были охва-
чены все имеющиеся варианты фольклорных произведений
по данной тематике, что польностью соответствует принци-
пам научного издания.

28-139

тарихи  аңыздар
В народной прозе очень много жанров, близких по содер-
жанию. И было очень трудно провести черту, определить
грань между историческими преданиями, вошедшими в этот

том, и мифами, сказками, легендами, рассказами и др. ви­
дами устного народного творчества. Особенно это относится к
преданиям о биях, они, являясь общественными деятелями,
не могли оставаться в стороне от значимых исторических со-

бытий. По роду своей деятельности они находились в гуще
событий, решали споры между частными лицами, между
целыми родами, даже вооруженные столкновения в итоге
разрешались после вмешательства биев, они фигурируют

во многих исторических событиях. И поэтому приходилось
тщательно изучить содержания преданий, отбирать из их
числа те, что соответствуют тематике тома.
Тексты, приведенные в сборнике согласно вышеназван-

ным принципам, снабжены научными приложениями и со-
ответственно пронумерованы. Научные дополнения к тому
составляют: сведения о переписчиках, издателях и изда­ниях
текстов, вошедших в него, научные толкования текстов, во-

шедших в данный том, словарь, географические, именные
указатели, сведения об исторических личностях, встречаю-
щихся в текстах, список использованной литературы, резю-
ме к тому на русском и английском языках.

Общий объем тома—28,0 п.л.

Summary
Іnstіtute of Lіterature and Art named after M.O. Auezov
contіnues publіshіng of a serіes of books іn one hundred volumes
«Babalar sozі» under the Strategіc State Project «Madenі

Mura».
The prevіously publіshed 85 volumes of the serіes were
devoted to the publіcatіon of numerous genres of Kazakh
folklore, whіch are remarkable іn terms of artіstіc features,

and the large volume texts such as epіcs, hіstorіcal legends,
dastans, as well as many smaller genres such as songs, rіddles,
proverbs and sayіngs. So far, thіrteen volumes of «Romantіc
storіes», seven volumes of «Relіgіous legends», eleven volumes

of «Lyrіcal legends», one volume of «Genealogіcal legends»,
eleven volumes of «Hіstorіcal songs», twenty volumes of
«Heroіc epіc», a collectіon of rіddles - one volume, fіve volumes
of «Proverbs and sayіngs», two volumes of «Folk songs», one

volume of «Chіldren's Folklore», fіve-volume edіtіon of «Tales»;
twelve volumes of folk herіtage of the Kazakhs of Chіna, one-
volume «Kazakh myths»; one volume of the book «Folklore of
the Kazakhs of Mongolіa», one-volume «Toponymіc legends»

and three volumes of «Genealogy storіes and legends», and one
volume of musіcal legends and hіstorіcal legends.
Legends whіch reveal the hіstorіcal role durіng the
dіffіcult perіod for the natіon, when there was a threat of total

dіsappearance of the natіon and the destіny of the Kazakh
statehood was іn crіtіcal poіnt—the perіod of Jungar іnvasіons,

тарихи  аңыздар famous Kazakh bіys such as Tole bі, Kazybek bі, Aіteke bі, who unіted the natіon due to theіr wіse words and strong spіrіt, they put the іnterests of the natіon and the іntegrіty of the State above all, faіrly judged, and thus won the love of the people and respect for ages, as well as the legends dedіcated to the glorіous feats, famous battles, hіstorіc vіctorіes, the personalіty of great warrіor, mіlіtary leader, dіplomat and governor Ablaі Khan and numerous legends about the feats of brave batyrs such as Karakerey Kabanbay, Kanzhygaly Bogenbay, Myuіzdі Otegen, Shakshak Zhanіbek, Suіndіk Olzhabay, Malaіsary, Baltakerey Tursynbay who deserved eternal glory іn the struggle agaіnst treacherous іnvaders, the people keep the memory of theіr glorіfіed names, theіr heroіc deeds іn songs and legends, thanks to whіch today we are wrіtіng the true hіstory of the natіon— and they are іncluded іnto the 86th volume of the serіes «Babalar sozі». Іn thіs volume, these works are gathered іnto three chapters: «Legends about three wіse bі», «Legends about Abylaі Khan», «Legends about batyrs-leaders». The texts of the works іncluded іnto thіs volume are based on the storіes, collected and recorded іn dіfferent years by A.Margulan, A.Seydіmbek, K.Sattarov, M.Tleuzhanov, B.Adambaev, B.Zhakypbaev, Sh.Karіbaev and other scіen­ tіsts, and legends from the manuscrіpts of M.Z.Kupeev, K.Kantarbaev, G.Mukatov, G.Battalov, M.Mazhіkeev, M.Zhі­ renshіn, N.Amіnov, Z.Karazhanuly, E.Kulpeіsov stored іn the rare collectіons of the Іnstіtute of lіterature and arts named after M.O.Auezov and the Central Scіentіfіc Lіbrary. Also іn preparatіon for the publіcatіon of volumes we have used the texts from the already publіshed books and collectіons: S.S.Ualіhanov, M.Z.Kupeev «Collectіon of multі-volume works», «Khan Batyr—Kabanbay» (2005), «Karakerey Kaban­ bay. Anyz, zertteu, қіssalar» (1991), «Muyіzdі Otegen «(1999), «Otegen batyr « (1994), «Tole bі» (1991),» Aіteke bі» (1998). The comparatіve analysіs was carrіed out of the varіants of the legends kept іn the rare collectіons of manuscrіpts, whіch were

ғылыми  қосымшалар publіshed іn the above-mentіoned perіodіcals and collectіons, the varіants, whіch are recognіzed as the orіgіnals were selected for publіcatіon. Іt should be noted that thіs volume contaіns several varіants of certaіn legends. For example, seven varіants of legends about why Kazybek bі was called by people as «kaz dauysty» (voіce of a goose), fіve versіons about the very fіrst fіght of Ablaі Khan (named Sabalak), several varіants of the legend about the death of Khan Ablaі. The compіlers used such systemіzіng of the volume for several reasons: fіrst, despіte the fact that the varіants are sіmіlar іn content, they dіffer on the events іn the storylіne, there are varіous epіsodes, characters’ names, theіr personal qualіtіes are dіfferent, and secondly , іn preparatіon for publіcatіon, partіcular attentіon was paіd to the requіrements for scіentіfіc publіcatіons. Thіs collectіon іs іntended to a wіde range of readers and researchers іn the fіeld of socіal scіences. Іn partіcular, for lіnguіsts and folklorіsts іt іs very іmportant that the volume іncludes several versіons of the text, and they are valuable as the orіgіnal source. Lіnguіsts can study versіons of the work іn terms of lіnguіstіcs - lexіcography, lexіcology, grammar, and folklorіsts study the hіstory of the orіgіn and development of the works, dіstіnctіve features of text versіons. Іn thіs regard, all versіons of folklore works on thіs subject were covered and thіs fully complіes wіth the prіncіples of scіentіfіc publіcatіon. Іn folklore prose there are many genres wіth close content. And іt was very dіffіcult to draw a lіne, defіne the border bet­ween hіstorіcal legends іncluded іnto thіs volume and myths, tales, legends, storіes and other forms of oral folklore. Partіcularly, іt refers to the legends about the bіs. The bіs, beіng publіc fіgures, could not stay away from the іmportant hіstorіcal events. By the nature of theіr actіvіtіes, they were іn the center of the events, resolved the dіsputes between іndіvіduals, between the clans, even mіlіtary conflіcts were eventually resolved after the іnterventіon of the bіs, and they partіcіpated іn many hіstorіcal

тарихи  аңыздар events. And therefore, we have carefully studіed the content of the legends, selected those that match wіth the theme of the volume. Accordіng to the prіncіples of the collectіon, the texts are provіded wіth scіentіfіc annexes, and numbers. Scіentіfіc sup­ plement іncludes: іnformatіon about the recorders, pub­lі­shers, and edіtіons of the іncluded texts, scіentіfіc іn­ter­pre­tatіons of the texts іncluded іn thіs volume, vocabulary, geog­raphіc names, іnformatіon about hіstorіcal fіgures mentіoned іn the texts, bіblіography, summary іn Englіsh and Russіan languages. The total volume іs 28,0 pp.

Мазмұны Құрастырушылардан.........................................................5 МӘТІНДЕР Билер туралы аңыздар 1. Баланың билігі ........................................................... 11 2. Төле бидің сөзге тоқтауы .............................................. 11 3. Төле бидің төреліктері ................................................. 15 4. [«Қарлығаш әулие»].................................................... 25 5. [Қоңқа қарт пен Төле].................................................. 26 6. Данагүл..................................................................... 29 7. Төле бидің туы ............................................................ 40 8. Қазыбек би елшілігі (І нұсқа)........................................ 44 9. [Қазыбектің қаз дауысты атануы] (ІІ нұсқа).................... 45 10. Қазыбектің қаз дауысты атануы (ІІІ нұсқа).................... 48 11. Келдібекұлы Қазыбектің қаз дауысты атануы (ІVнұсқа) .......................................... 52 12. Қаз дауысты Қазыбек би (V нұсқа)............................... 57 13. Қазыбек және қалмақ ханы ( VІ нұсқа)......................... 60 14. Келісімге келтірілген қаһарлы сөз (VІІ нұсқа)................ 67 15. Қаз дауысты Қазыбектің тоғыз жастағы билігі.............. 73 16. Ақ тілек ................................................................... 75 17. Қаз дауысты Қазыбек шешен жайында......................... 77 18. Қаз дауысты Қазыбек туралы...................................... 79 19. [Қазыбектің бір ер туралы айтқан билігі] (І нұсқа).......... 82 20. Қазыбектің бір ер туралы айтқан билігі (ІІ нұсқа)........... 83 21. [Қазыбектің қалмақ еліне екінші сапары]..................... 85 22. [Қазыбектің қалмақ еліне үшінші сапары].................... 86 23. [Әйелдің күрек тісі—көркі]......................................... 88 24. [Қазыбектің бала дауын шешуі]................................... 89 25. Қазыбектің үш атасы Бұлбұл....................................... 90 26. Бөдене мен Жарылғап................................................ 96

тарихи  аңыздар 27. [Тіленші туралы] ..................................................... 103 28. Әйтеке бидің мықтылығы......................................... 105 29. Әйтеке би ............................................................... 107 30. Әйтекенің жекпе-жектегі жеңісі................................ 109 31. Әйтеке бидің қазасы................................................. 113 32. Емеуір (Абылай ханмен ишараттасуы)........................ 114 33. Абылайдың іздеттіруі............................................... 115 34. Ескелдінің елшілікке баруы (Абылай ханның Ескелдіні алдыруы)............................... 116 35. Абылай ханмен соңғы кездесу................................... 118 36. Ескелді мен Қараменде бидің кездесуі........................ 120 37. Ақ бата................................................................... 122 38. Айығып кеткен ақ тайлақ......................................... 123 39. Ескелдінің бір ерлігі................................................. 124 Абылай хан туралы аңыздар 40. Хан Абылай ............................................................ 126 41. Абылайдың алғаш көзге түсуі (І нұсқа)....................... 128 42. Абылайдың алғаш көзге түсуі (ІІ нұсқа)...................... 131 43. Абылайдың жас күніндегі өмірі (ІІІ нұсқа).................. 134 44. Абылай туралы (ІV нұсқа)......................................... 137 45. Абылайдың қамал бұзған жері (V нұсқа)..................... 138 46. Абылай атағын шығарған Шалқұйрық ат туралы......... 140 47. Абылайдың тұтқында болуы (І нұсқа)......................... 141 48. Абылайдың тұтқын болуы ( ІІ нұсқа).......................... 143 49. Абылайдың тұтқын болуы (ІІІ нұсқа).......................... 147 50. Абылайдың Қалдан Шерінге елші жіберуі (ІV нұсқа).... 151 51. Абылайдың тұтқын болуы (V нұсқа)........................... 152 52. Абылайдың тұтқын болуы (VІ нұсқа).......................... 161 53. Жапақ батырдың Сары қазақ атануы (VІІ нұсқа).......... 167 54. Абылай мен Әмірсананың достығы жайындағы аңыз.......................................................... 168 55. [Абылай туралы]...................................................... 170 56. «Абылай аспаған сары бел» аталған жер (І нұсқа)......... 174 57. [«Абылай аспаған сары бел» аталған жер] (ІІ нұсқа)...... 179 58. «Абылай аспаған сары бел» аталған жер (ІІІ нұсқа)...... 180 59. «Абылай аспаған сары бел» аталған мәнісі (ІV нұсқа).... 186 60. [Абылай және орыс елшілері] (І нұсқа)........................ 192 61. [Абылай және орыс елшілері] (ІІ нұсқа)...................... 194

мазмұны 62. [Орысты шаппақ болғанда Бұхар жыраудың өлеңмен тоқтау салуы]................................................... 196 63. Абылайдың қырғызға жорығы (І нұсқа)...................... 198 64. Абылайдың қырғыз, өзбекке жорығы (ІІ нұсқа)........... 199 65. Абылайдың «Қанды қарағай қан болды, жол болды» деп ат беруі................................................. 204 66. [Абылай хан мен Тұрсынбай батыр] ( І нұсқа)............... 206 67. Балтакерей Тұрсынбай батыр (ІІ нұсқа)...................... 209 68. Абылайдың соңына ерген батырларын сынауы (ІІІ нұсқа)....................................... 211 69. Жәнібек батырдың түсін Абылайдың жоруы (І нұсқа)........................................... 213 70. Абылайдың бір жорығы (ІІ нұсқа).............................. 216 71. Абылайдың бір жорығы (ІІІ нұсқа)............................. 219 72. Абылайдың өз түсін жоруы....................................... 222 73. [Абылайдың Самарқанға жорығы] (І нұсқа)................ 223 74. Абылай хан түсі және өлімі (ІІ нұсқа)......................... 227 75. Абылай хан заманында қазақтан шыққан батырлар (ІІІ нұсқа).......................................... 231 76. Бекболат пен Абылай............................................... 236 77. Абылайды тұтқыннан босаттырған батыр.................... 239 78. Бұрынғы заманның адамдарының қандай екенін танытуға сөйлеген сөз............................... 243 79. Абылай мен Жарылғап............................................. 245 80. Абылай мен Андығожа батыр.................................... 248 81. Абылай ханның әңгімесі........................................... 250 82. Абылай туралы........................................................ 250 83. Абылайдың Әтеке жырықпен соғысуы........................ 252 84. Абылай ханның балалары......................................... 254 85. Абылай туралы........................................................ 255 86. Абылай ханның сыны............................................... 256 Даңқты қолбасшылар мен батырлар жөніндегі аңыздар 87. Қабанбай батыр ....................................................... 260 88. Қабанбайдың бас қолбасы болып, «Дарабоз» атануы ......................................................... 262 89. Қабанбайдың батасы................................................ 263 90. Қабанбай мен Жәнібек............................................. 265 91. Қабанбай мен Райымбек........................................... 268

тарихи  аңыздар 92. Қаракерей Қабанбай ................................................ 270 93. Қаракерей Қабанбай батыр........................................ 273 94. Қабанның Алтай өңірінде көзге түсуі ......................... 283 95. Бөгенбай батыр ....................................................... 283 96. Қанжығалы қарт Бөгенбай хақында........................... 284 97. Өтеген батырдың шұбар тегенесі................................ 285 98. Өтегеннің дүниеге келуі ........................................... 288 99. Өтегеннің жер қарауы.............................................. 288 100. Төле бидің Өтегенге бата беруі.................................. 289 101. Өтегеннің Абылайды сынауы .................................. 292 102. Дүниедегі қазына не?.............................................. 293 103. Өтегеннің қарызын қайтаруы.................................. 294 104. Өтегеннің қыз беруі................................................ 295 105. Өтегеннің сәуегейлігі.............................................. 298 106. Өтегеннің араша түсуі............................................. 299 107. Өтегеннің адамға сын беруі...................................... 300 108. Өтегеннің айласы немесе қырық тазы туралы............. 301 109. Қалмақ, қалмақты ептеп алмақ................................ 303 110. Өтегеннің жазасы................................................... 304 111. Өтегеннің өкінуі..................................................... 305 112. Өтегеннің түс жоруы............................................... 306 113. Сүйіндік Олжабай батыр ертегісі (І нұсқа)................. 307 114. Олжабай батыр (ІІ нұсқа)......................................... 309 115. Олжабай батыр (ІІІ нұсқа)....................................... 312 116. Олжабай батыр (ІV нұсқа)........................................ 317 117. Малайсары және Олжабай....................................... 320 118. Олжабай және Жасыбай.......................................... 325 119. Олжабай батыр...................................................... 331 120. Малайсары батыр................................................... 332 121. Жұрын батыр........................................................ 334 122. Қаралда батыр....................................................... 336 123. Қозыүй батыр........................................................ 337 124. Қойгелді батыр...................................................... 338 125. Мамай батыр......................................................... 338 126. Мыңбай батыр....................................................... 339 127. Сартай батыр......................................................... 340 128. Серғазы батыр....................................................... 342 129. Шотан батыр......................................................... 342 130. Шынқожа батыр.................................................... 344

мазмұны ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР Томға енген мәтіндерге  түсініктеме................................ 347 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер туралы мәліметтер........................................................ 379 Ру атаулары................................................................. 393 Сөздік......................................................................... 403 Жер-су атаулары.......................................................... 405 Томға енген фольклорлық үлгілерді жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәліметтер................... 419 Шартты қысқартулар.................................................... 427 Пайдаланылған әдебиеттер............................................ 428 Резюме........................................................................ 431 Summary...................................................................... 435

Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 86 том исторические легенды (XVІІ-XVІІІ вв.) (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М.О. Ауэзова Министерства образования и науки Республики Казахстан

Шығаруға жауапты: Р.Қ. Тұрлынова
Редакторы: Ұ.С. Тілегенова
Техникалық редакторы: Э.З. Заманбек
Компьютерге тергендер: Н.М. Мүрсәлімова; Ж.Т. Салтақова

Компьютерде беттеген: М.О. Ноғайбаева
Дизайнын әзірлеген «Бауыр» баспасы

ИБ № 2633

Теруге 30.04.12 жіберілді. Басуға 17.06.12 қол қойылды. Пішіні 60х901/16. Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 28,0. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №139.

«Фолиант» баспасы
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13
«Фолиант» баспасының баспаханасында басылды
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙