Егемендік лебі ел мен жер
Нұртөре Жүсіп
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Бұл кітапта Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистер одағының Б.Бұлқышев атындағы сыйлығының иегері, Қазақстанның Құрметті журналисі, «Құрмет» орденінің иегері Нұртөре Жүсіптің ел мен жер туралы, егемен мемлекетіміздің алдына уақыт тартып отырған өзекті мəселелер мен оларды шешу жолдары жайында жазған публицистикалық мақалалары, белгілі тұлғалармен сұхбаттары, сондай-ақ, шетелдік с
Нртре Ж СІП
Алматы
Егемендік лебі
Ел мен Жер
Ел мен Жер
Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі
Ақпарат жəне мұрағат комитеті “Əдебиеттің əлеуметтік
маңызды түрлерін басып шығару” бағдарламасы бойынша
шығарылды.
© Н.Жүсіп, 2012
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз-7
Ж 90
Бұл кітапта Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының
лауреаты, Қазақстан Журналистер одағының Б.Бұлқышев атындағы
сыйлығының иегері, Қазақстанның Құрметті журналисі, «Құрмет»
орденінің иегері Нұртөре Жүсіптің ел мен жер туралы, егемен
мемлекетіміздің алдына уақыт тартып отырған өзекті мəселелер
мен оларды шешу жолдары жайында жазған публицистикалық
мақалалары, белгілі тұлғалармен сұхбаттары, сондай-ақ, шетелдік
сапарлардан жазылған жолжазбалары топтастырылған.
Н.Жүсіп.
Егемендік лебі... – Алматы: ҚАЗақпарат, 2012. – 384 бет.
ІSBN 978-601-03-0119-1
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз-7
ІSBN 978-601-03-0119-1
Ж 90
І БӨЛІМ
ТƏУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ
Еңсесі
биік
Елордам
менің! Ата-бабамыз ежелден
аңсаған еркіндіктің бойтұмар
белгісіндей болған байрақты
шаһар – Астанам менің!
Бүгін – сенің туған күнің. Шын мəнінде елдікті сезінген
адамға нағыз қуаныш. Сары Арқаның сайын төсінен ойып
тұрып орын алған, көкке мойын созған зəулім үйлерімен
көрген жұртты тамсандырған елордам менің! Астана күні
деген ат алып, айдар тағылған бүгінгі той – сенің еншің,
сенің тойың қазақ баласы!
Бар жақсылық бір адамға телінген бүгінгі заманда жұрттың
бəрі бірдей елдік пен мемлекеттілік сезімінде жүр деп ешкім
де кесіп айта алмайды. Дəл Астана іргесіндегі елді мекен-
дерде айлығын шайлығына жеткізе алмай, алған несиесін
жаба алмай, істеуге жұмыс таба алмай, шаңырағының отын
жаға алмай; сеңдей соғылысып, үмітсіздікке бой алдырып,
қарадай қажыған, үйде отырып күйзелген, түзде жүріп
күңіренген қандастарымыз аз емес. «Екі қолға бір жұмыс»
деп елордаға ағылған, аңқылдап келіп маңдайы тасқа
соғылған, я үй таппай, я күй таппай, қарадай жүріп қорынған
қазақтардың бір қауқылдасып қалатын күні бұл.
Қалай болғанда да «көш жүре түзеледі» деген ғой атам
қазақ.
Қазақтың көші – жүрдек көш. Біз де тез оңалармыз.
Ақиық бүркіттей қанатымыз қатайып, қоңданармыз. Жон
арқамызды күжірейтіп жонданармыз. Не болса да бір Алла
оңғарсын!
Қазақ бұдан да жаман кезінде тойға барған.
Ендеше, Астана тойын өз мерекем, өз шаттығым, өз
қуанышым деп тойлай білейік.
АСҚАҚТАЙ БЕР,
АСТАНА!
Күндер өтер.
Жылдар жетер.
Астана күні де əдеттегідей күнге айналар.
Шаһарлардың шаһары – Парижыңыздың өзі туған күнін
дəл біздей тойламайды.
Біз де сондай күнге жетерміз. Міне, сонда шынайы
мемлекеттілік пен елдік орнықты деп білеміз. Астана күні
деп жыл сайын танауратпай, жұмсақ жымиып, ақырын ғана
жүрерміз...
Əр адам айтқан сөзінде
тұрса біздің қоғам басқаша
болар еді ғой. Осы күні
сылдыр сөзді кісі көп. Уəде
бергіштер
жетіп
артыла-
ды. Бірақ жеме-жемге келгенде соның көбісі ізім-ғайым.
Айтылған сөз, берген серт ұмыт қалып жатады. Жəне бұл
жол жағалап отырған кемпірлерден бір стакан шемішке са-
тып алғандай үйреншікті жағдайға айналып барады.
Адамның бір сөзді болғаны – жарасымды. Ал егер сая-
сатшы берген сертіне тұрғыш, айтқанын орындағыш болса,
халық алдында жүзі жарқын, абыройлы болады. Біздегі көп
саясаткерде сөзде тұру жоқтың қасы. Тайқып, тайсақтап,
лыпылдатып, зуылдатып, ысырып салып, беттен сүйіп,
соңғы сөзін айтып, жылпылдап өтірткті шындай, шынды
құдай ұрғандай етеді де жоқ болады. Ойпырай, дейсің, бұл
шіркіндердің тілінде тиек, ділінде таза ниет бола ма, болмай
ма?..
Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының тұсаукесері
арқылы ғаламат мəні бар тарихи шешімді шегелеп қойды.
Мемлекеттің орталығы Қазақстаннын дəл ортасына орна-
ласты. Түгін тартса майы шығатын қазақтың шұрайлы жері
түбі бір ата қонысқа айналуы керек еді. Қазақтың уайымы
онсыз да аз емес-тұғын. Соның үлкені туырлықтай болса
да туған топырақтан айрылмаудың қамы болатын. Қайтсек
АЙТТЫ. АЙТТЫ
ДА ОРЫНДАДЫ
ана жақты жат қолына бермей сақтап қаламыз деген ой есі
дұрыс қазақтың екісінің бірін мазаласа да, нақты не істеу
қажеттігін ешкім білмейтін еді.
Нұрсұлтан Назарбаев оның жолын тапты.
Астананы ауыстыру оңайға түскен жоқ.
Президент тарихи таңдау алдында тұрды. Жеті рет өлшеп,
бір рет кесу үшін түн ұйқысын төрт бөліп, шашын ағартты.
Бірақ тəуекелі зор адам екен. Астана Арқаға көшеді деп айт-
ты. Айтты да айтқанын орындады.
Назарбаев астананы Ақмола жаққа қарай ауыстыру
қажет деген ойды айтқан кезде нақ солай бола қалады-ау
деп иланған адам аз. Қой, жəй сөз шығар. Айтылар да қалар.
Мынадай заманда көшу деген оңай ма? – деген адамдар көп
болды.
Ойға алған істі орындау екінің бірінің қолынан келе
бермейді. Жəне де онсыз да қиналып жатқан жағдайда
мемлекет орталығын негіздеу, көшу-қону, оның барлық
машақатын мойынға арту тəуекелге бел байлаған ердің
ерінің ғана қолынан келетұғын нəрсе. Атам қазақ айтқан жоқ
па: «Тəуекел түбі – желқайық, өтесің де кетесің» деп. Кеше
Ислам Каримов те мойындады.
«Мұндай іске тəуекел ету үшін адамға аттың кəлласындай
жүрек керек!»
Назарбаев құр сөз, құрғақ уəденің адамы болса айтылған
сөзі айтылған жерде қалар еді. Жоқ, ол ел үшін ештеңеден
аянбайтынын тағы да бір дəлелдеді. Айтқан сөз, берген
уəдесінде тұрды. Қазақстанның астанасын оңтүстіктен
солтүстікке көшіру арқылы геосаяси өзгерістер жасады.
Астана қаласының мəртебесін асқақтату арқылы бүкіл
дүние жүзіне қазақ халқының даңқын паш етті. Қалың
қазақтың, əсіресе солтүстіктің қыспағында отырған елдің
рухын көтерді. Елдіктің туын тікті. Саясаткердің бір сөзді
болғанының пайдасы осы емес пе?
Елді ер бастайды. Қойды серке бастайды. Астананы
көшіру барысында Қазақстан Президенті өзінің батыл да
жігерлі, қайратты да қажырлы екенін көрсетті . Басқаларға
табандылықтын үлгісін көрсетті.
Табанында бүр, жанарында нұр жоқ адамдар əсте опа таптырмайды. Қазір кейбіреулер Астананың тұсаукесер тойы өтер-өтпесте ел-жұрттың құлағын сарсытып, астананы қайта Алматыға əкелу керек деген əңгімені қозғап, саяси ұпай жинауға көшіпті. Қалта мен қарынның қамы үшін Отан мен Елдің мүддесін оп-оңай қиып жіберетін опасыздардан сақтасын құдай! Жайлы жер іздесе бұ қазақ Жетісу мен Сыр бойын сағалап жамбастап жатып алар еді ғой . Ата-бабамыздың қаны тамған кез келген жердің пұшпағы біз үшін ыстық, біз үшін қадірлі. Олай болатын болса XXІ ғасыр табалдырығында тұрып, келешекке жаңа астана арқылы қадам басқалы отырған қазақ қауымына арлы-берлі өзгерістердің қажеті бар ма? Елдің іргесін нықтау, тəуелсіздіктің туын жықпау үшін он ойланып, жүз толғанған тарихи шешім жүзеге асты. Енді не керек? Енді ел болып, жұрт балып жаңа Астанамыздың баянды болуын тілеу ғана қажет. Тілеп қана қоймай, тізе қосып, тегеурінді іс-əрекетке көшудің қамын жасау керек. Сары-Арқа қазақша күй күмбірлетіп, қазақша дүбірлететіндей халге жету керек. Туған тіліміздің мəртебесі енді Қазақстанның кіндік қаласынан бастау алуы тиіс. Істеймін деген кісіге тірлік аз ба? Соның бəрі Астанадан арқау тартып, желісі керіліп, түгі құлпырып жатуы керек. Кейбіреулер кейін көшкенде де болмай ма деп күңкілдейді. Кейін көшпей, бірден көшкеніміз дұрыс болды. Кейін елдің тұрмысы түзеліп, көші оңалғанда бұдан əлдеқайда қиын болар еді. Назарбаев тарихи таңдау жасағанда мұның бəрін ескерсе керек. Уақыт бұл шешімнің дұрыс əрі дер кезінде қабылданғанын дəлелдеп те қойды. Жердің тұтастығы – елдің тұтастығы. Алматыға талайдың аңсары ауып тұрса да енді ешкім астананы ауыстыру керек деп талпынбауы тиіс. Ол мемлекеттің ұстынын шайқап, тұтастыққа сына қақпағаннан басқа ештеңе бермейді. Нұрсұлтан Назарбаев аз уақытта елдің астанасын жасантып, жайнатып, қалың жұртқа сауын айтып, көк байрақты Арқа жерінде желбіретті. Сол арқылы сөзде тұратындығын дəлелдеді. Елін соңынан ерте алатын ірі тұлға, кəнігі сая-
саткер, саналы басшы екенін мойындатты. Мұндай бағаны
тойға келген талай елдің президенті берді. Олардың бəрін
мойындату оңай ма?
...Астана көшесінде қаптаған жас жігіт пен қыз. Бəрі де
өз бауырымыз. Əн салып, əзілдесіп, күліп-ойнап келешекке
қарай қадам басып барады.
Тұсаукесер тойдан кейінгі көз алдына келетін көрініс осы.
Біз жастардың жүзінен болашақтың келбетін көргендей
болдық. Астанаға санасы таза, бөлмейтін, бөлінбейтін жас-
тар жиналады. Құдай сəтін салса, ел дегенде жүрегінен ет
кесіп беруге даяр жас ұрпақ-жаңа ұрпақ дүниеге келеді. Со-
лар аман болсын!
Бір топ қазақ басылымда-
рының
редакторларымен
кездесуі кезінде Президент
Нұрсұлтан Назарбаев мы-
надай бір пікір айтты. Ол
бүгінгі қазақ билігі кешегі
Алаш идеяларын жүзеге асырушы буын деген пікір. Осыған
дейін «бізде бұрын мемлекеттілік болмаған, қазақ мемлекеті
бастауын тек 1991 жылдан ғана алады» дегендей сыңаржақ
пікір орныққан болатын. Елбасы осы бір пікірді тұтастай
жоққа шығарды.
– Мен сөйлеген сөздерімде бұл мəселені талай рет
айтқанмын, – деді Нұрсұлтан Əбішұлы жоғарыда аталған
кездесу үстінде. – Біз Қазақстанның еркіндігі мен тəуелсіздігі
үшін күрескен азаматтарды ерекше қадірлей білуіміз керек.
Астана Арқаға көшкеннен кейін əу дегенде Кенесарының
ескерткішін қойдырған себебім – ол осы Сарыарқада 10 жыл-
дан аттан түспей күрескен нағыз батыр. Ақмола қамалын екі
рет алған. Сырым Датұлының, Исатай мен Махамбеттің,
Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай бабаларымыздың да еңселі
ескерткіштері тұрғызылды.
Алашорданың мүшелері алғашқы Ақпан революция-
сына ілесе шыққан күрескерлер еді. Олар патша құлаған
соң еркіндік бола ма деп сенді. Алайда, большевиктер са-
ЕЛБАСЫНЫҢ
ЕҢ ƏДЕМІ
ПІКІРІ
ясаты бұл үмітті ақтамады. Алашордалықтар Еуропаның
либералдық бағытын да ұстанды. Октябрь революция-
сы кел-геннен кейін жаңа орталықтың заңы да, мінезі де
өзгерді, ешкімді ешқандай еркін сөз айтуға жібермеді. Сонда
да алашордалықтар алған беттен қайтпай, еркіндік ұранын
айта берді. Ақыры сол үшін құрбан болды. Біз сол кісілердің
ойлаған ойы, аңсаған арманы үшін де құрмет-теуіміз керек.
Əрекет ойдан басталады, сөзден басталады. Тəуелсіздік
ойын оятқан сол асыл ағаларымыз. Сол мұратқа қол жеткізу
бақыты біздің ұрпақтың маңдайына бұйырды.
“Алаштың” басты мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте
өзгертіп, заманға бейімдеу еді. Бұл біздің қазіргі жедел
жаңғыру, яғни модернизация бағытымызға да сай келеді.
“Алаштың” көшбасшылары “Саясат – мүмкін болатын
нəрсені іске асыру өнері” деген қағиданы ұстанғанының
өзі олардың уақыт шындығымен қандай санасқанын
көрсетеді. Дербес, тəуелсіз Қазақстан құруға сол кезеңнің
жағдайы ырық бермейтінін анық түсінгендіктен де “Алаш”
партиясының бағдарламасында автономиялардан тұратын
федеративтік, демократиялық Ресей туралы айтылған. Алаш
қозғалысының идеяларымен танысқан адам бұл партияның
ұлтшылдық бағыт ұстанбағанын анық көреді. Ол патриоттық
ұйым еді.
Алаш арыстары бізге мемлекеттілік идеясын ту етіп
көтеруді табыстап кетті. 1991 жылы құрылған Қазақстан Рес-
публикасы атты мемлекет – сол арыстардың асыл арманының
жүзеге асуы. Біз осы мемлекетті көздің қарашығындай
сақтауымыз керек. Біз өз мемлекетіміздің əлі жас екенін, бу-
ыны жаңа бекіп, бұғанасы жаңа қатып жатқан елге төнетін
қатер де кездесуі мүмкін екенін естен екі елі шығармауға
тиіспіз. Босаңсымауға тиіспіз. Байлыққа құныққандардың,
байлықтан басы айналғандардың байлықты қойып, билікке
ұмтылатынын, сол жолда ештеңеден де тайынбайтынын,
тіпті Отанына опасыздық жасауға да баратынын көріп отыр-
мыз. Мұндай жағдай баршамызға сабақ болуға тиіс. Заң
бұзғанға зауал бар.
Біздің осы күнге дейінгі қол жеткізген табыстарымыздың
бəрі ең алдымен жеріміздегі тыныштықтың, еліміздегі
келісімнің арқасы. Ұлттың ұятына айналған зиялы қауымның
ұстамдылығының, қай іске де салқын сабырмен қарай
алатындығының менің президенттік жұмысыма көп көмегі тигенін атап айтқым келеді. Қазақтың ертеңін, өзінің, бала-шағасының ертеңін ойлаған адам алдымен осы елдегі тыныштықты ойлауы керек. Қазақстандағы қалыптасқан достықты, татулықты, келісімді қастерлеп сақтауымыз шарт. Алаштың асыл аманаты бізге тарихи-мəдени бірегейлігімізді, қарапайым тілмен айтсақ, қазақы қалпымызды қасиеттеп сақтауға міндеттейді. Алаштың асыл аманаты бізді ауызбірлігімізді күшейтуге шақырады. Қазақстан халқының бірлігі бəрінен бұрын қазақтардың бірлігіне байланысты. “Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің бəрі – бос”, дегенде Абай атамыздың да айтқаны осы еді. Бəріміз де ертеңгі күн үшін алаңдаймыз. Келешек қандай болады, елдің,жердің жағдайы қалай болмақ деген сауалға əрбір саналы адамның бас қатырары сөзсіз. Таяу бес жылдықтар мен алыстағы онжылдықтар туралы екінің бірі болжам жасап, ой толғай алмайды. Ертең не болатынын білмейтін адам көп. Елдің ертеңі қандай болатынын ойлайтын адам сирек. Ел мен жердің жағдайын ел сенген ерлер ғана ойлайды. Астана ауысады дегенде елдің езуіне күлкі ғана үйірілген. Астана салынады дегенде де кекесін мен күмəн сейілмеген. Астана дəл осылай асқақтайды деген талайлардың түсіне де кірмеген тірлік. Бас-аяғы он жылдың ішінде Сары-Арқа төсінде ғажайып қала пайда болды. Елордасы Алматыдан Ақмолаға бет түзеген уақытта талайлардың аузында «кейін,əбден жағдай түзелген соң көшкен дұрыс» деген пікір болды. Ұлы көш дер кезінде жасалған екен. АСТАНАНЫҢ АРХИТЕКТОРЫ
Жағдай түзелген соң көшеміз деп жүре бергенде, бəлкім
бəрі басқаша болар ма еді..Мынандай дағдарыс килікпей
тұрып көшіп алғанымыз қандай оңды болған!
Сол тұста кейбір елдер «қазақтар өз алдына ел бола ал-
майды» дескен.
Қазақтар өз алдына ел болды. Ел болып қана қойған жоқ,
дүниежүзінде қиындықпен тайталасып жүріп өз астанасын
салды.
Астана ел рухын көтерді.
Астана құрылысымен бірге қалың жұрт қайраттанды.
Астана – жас қазақ елінің өршіл рухы мен айбаты.
Астана – əр қазақтың қайраты.
Астана – қазақ жерінің тұтастығының кепілі.
Астана – ел мен елді, ер мен ерді топтастырған ел ордасы.
Астана деп қалаға атау берген Елбасы.
Астананың архитекторы да Елбасы.
Кезең өтер, күндер жетер. Бүгінгі күннің бағасы сонда
берілер.
Бір нəрсенің басы ашық: Астана – ХХІ ғасырдың қаласы.
Қанша дəуір өтсе де, қандай уақыт жетсе де қазақ тари-
хында Астана деген асқаралы бір белес болып қала бермек.
Сол кезде АСТАНА АРХИТЕКТОРЫ бірден ауызға
түседі. Ер есімі елімен бірге жасайды.
Жаңарған, жаңғырған ел өз ордасымен мақтанады.
Қазір бар жаңалық пен бастама Астанадан тарайды.
Елдің бəрі Астанаға қарайды.
Уақыттың дəлдігін де Астана анықтайды.
Астана бұл күнде арман қаладан аңсар қалаға айналды.
Елордаға жұрт деген шаршап келмейді, аңсап келеді.
Астана – Алаштың асыл мұраты.
Астананың тойы – елдің тойы. Елдіктің тойы.
Астана кімнің қаласы? Оң жақ, сол жақ жағалаудағы солақай атауларды естіген сайын осындай өткір сұрақ көкейге кептеле береді. “Свечка”, “Зажигалка”, “Семь бочек”, “Элеватор”, т.т. қаптап жатыр. “Конгресс-холл”, “Триумф Астаны”, “Китайская стена” деген сияқты атаулар атам заманнан осылай келе жатқан тəрізді. Ең сорақысы: осы атауларды қазақпын деп кеудесінде қаны қызып тұрған қазақтың кез келгені намыстанбай-ақ атай береді. Сонда біз кім болдық? Атау да елдіктің белгісі. Алашұбар аты бар Астана қазақтың бас қаласы болғанда одан елдіктің иісі шықпайтын болғаны ма? Президент Ақмола қаласына Астана деген əдемі атау берді. Елордасының аты өзгергенде біртүрлі тосырқай қарағандар аз емес еді. Қазір Астана деген сөздің құлаққа сіңісті болғаны сондай: бас-аяғы он жылда емес, талайдан бері осы атау өмір сүріп келе жатқан тəрізді əсер қалдырады. Президент резиденциясы Ақорда деп аталады. Қандай жарасымды! Оның қарсы алдында ”Бəйтерек” тұр. Содан ары қарай да осылай əдемі қалыпта, ұлттық нақышта жалғаса берсе дейсің. “Транспорт-Тауэр” деп аталатын, былайғылар «Зажигалка” деп кеткен келеке атау көзге түрткі. Атауына қарай екі рет тұтанып үлгерді. Осы бір əсем ғимаратты неге «Оқжетпес» деп атамасқа? Ұлттық академиялық кітапхана жанындағы архив үйін «Жұмбақтас” десек, алдыңғы атауға көрік те серік те болар еді-ау! Кейбір атаулар кекесіннің көкесі іспеттес. «Семь бочек” деген тап соның өзі. Апырау, бұған «Жеті қазына” деген əдемі атау сұранып тұрған жоқ па? СОЛАҚАЙ АТАУ СОЛ КҮЙІ ТҰРА БЕРЕ МЕ?
”Қазмұнайгаздың” ғимаратын ”Элеватор” деп əжуалайды. Оны ”Толағайдесек, экономикамызға қан жүгіртіп тұрған қос саланың мамандары қуанбаса ренжімес?!. Одан бері оң жағалауға түселік. Елдің бəрі бас қосатын көркем сарайды ”Конгресс-холл» дегенше, ”Ордабасы” деп атай бастасақ, біреу қой дей ме? Қалаға Көкшетау жағынан кіріп келе жатқанда көзге бірден шалынатын екі сары үйді ”Свечка» деп сүмірейткенше, ”Босаға” десек қатып кетпей ме? ”Китайская стена» дегеннің орнына ”Ерен Қабырға” деген атау сұранып тұр емес пе? ”Водно-зеленый бульвар» деген де бар. Мұны ”Жиделі Байсын» деуге болады ғой. Немесе «Жерұйық» деген атау алса ше? Жастар Сарайын ”Ақсарай”, Президенттің мəдени орталығын ”Көксарай» деп атасақ, қаланың сəні келмес пе?!. Сосынғы бір айтар нəрсе, көпірлерге қатысты. Қазір олар ”Мост – 1”, “Мост – 2” деген сияқты шартты атауларды иеленген. Оның сол қалыпта кетіп қалуы да мүмкін. Сондықтан осы бастан оған да əдемі ат берсек артық емес. Мəселен, бұрын Есіл бойында Қараөткел деген болған. Осыны жаңғыртып, əрі қазақ тарихын тірілтіп, қаланың əр жеріндегі көпірлерді “Абылай хан өткелі», “Есім хан өткелі», “Қасым хан өткелі», “Тəуке хан өткелі», дей келіп, бір көпірді қазіргі Елбасымыздың туған күн құрметіне ”Нұрсұлтан өткелі” деп те атауға болар еді ғой. Сонда Астана тарихымен шеттен келген қонақтарды жəне өзіміздің жас жеткіншектерді таныстырғанда əр атаудың мəні мен мағынасын айтып, қазақ тарихын əрдайым еске салып отыруға мүмкіндік алар едікау! Сырттан таңылған солақай атауларды естісек те естімеген болуымыз керек. Қазақ екеніміз рас болса, оларға қасарыса қарсы тұру да керек. Өйткені, Астана – қазақтың қаласы!
Біз əдетте көп нəрсеге
бас қатыра бермейміз де ой-
ланбаймыз. Ойсыз жүретін
кезіміз көп. Күнделікті газет-
терге көз жүгіртіп отырып, Егемендегі «Бір миөттің қадірін
білесіз бе?» деген шағын мақалаға көзім түсті. Авторы Арай
деген студент қыз екен. Ол өзіне «бір минутта не істеуге бо-
лады?» деген сұрақты қойған бір үлкен кісіге былайша жау-
ап береді:
“Бір минөттің ішінде жи ырма беттік газеттің тақырып-
тарын шолып шығуға болады. Ал егер компьютердің алдын-
да отырып əріп теретін болсақ, елуден аса сөз терер едім.
Сол бір минөтті жарнама көруді жақсы көретін адамға бер-
сек, бестен онға дейінгі жарнама көруге үлгереді. Спортшы
болса, сол уақыт ара лы ғында 400 метрге жүгіріп келуіне бо-
лады. Тағы айтарым, егер косметикалық зат тар шығаратын
ірі фабрикаға кірсеңіз, бір минөттің ішінде жаңа техно-
логияның көмегімен 20-дан астам кремді құтысына құйып,
сыртын орап, жəшіктерге салып қоюға толық мүмкіндік бар.
Ал тіпті футбол матчы болса, бір минөттің ішінде екі азулы
коман далар дың тағдырлары шешіледі. Денсаулық сақтау са-
ласында сол бір минөт ішінде бір науқастың өмірін құтқарып
қалуға болады. Тағысын тағы...”
Мақала авторы бейтаныс ақсақалмен тілдесіп отыр.
Өмірді көрген, көп нəрсені көкірегіне түйген қарт қызға бы-
лай дейді:
“Тағы бір мысал келтірейін. Дəл қазір саған жүз теңге
берсем не істер едің? Мүмкін оған бір ғана дана газет сатып
алуға болар немесе бір құмыра ішетін сусын да келіп қалар.
Бірақ, мəселе газеттің бір ғана санында емес, оның ішінде
жазылған рухани, мəдени дүние лер дің адам баласы үшін
қанша лықты пайдалы екендігінде. Ал бір құмыра сусын
қаланың дəл орта сында өмір сүріп жатқан біз үшін ештеңе
болмас, ал алыс елді ме кен дердегі ауыз су тапшылығын
көріп отырған халық үшін орны бөлек. Немесе ыстықта, ен
далада шөл деп келе жатқан, өлімнің сəл-сəл алдында ғана
тұрған біреу үшін бір тамшы судың қадірі қандай?! Сол
БІР МИНУТТЫҢ
ҚАДІРІ
сияқты, егер біз қолымыз дағы барлық жүз теңгелікті үнем-
демесек, қалай болса солай, ақшаның қадірін кетіріп, түкке
де тұрмайтын заттарға жұмсай берсек, онда оның қандай
бере ке сі қалады?! Керісінше, сол ақ шаны жинап, пайда-
лы нəрселерге жұмсасақ, бағана айтқанымыздай, көзге
көрінбейтін жүз теңгенің де бізге берері ұшан теңіз болмақ.
Уақыт пен ақша – қадірі жағы нан синоним ұғымдар. Бұл екі
нəрсені барлығымыз да жаны мызға жақын тартамыз, жақсы
көреміз. Бірақ, кейде бұл екеуі адам ға үрей мен қорқыныш
əке летін кез де болады. Уақыт пен ақшаны дұрыс иеле-
не білмесең, одан қауіпті нəрсе жоқ. Ал олар ды басқара
білгендік – нағыз ақылдының істейтін ісі. Сен əлі жассың,
бесігіңнен белің де шық паған сəби секілдісің. Алайда, осы
бастан-ақ неғұрлым бұл екі затты қадір тұтсаң, өмірдегі
жеңілі сің нен жеңісің анағұрлым басымдау, көбірек болады.
Уақытты өткізіп алсаң, оны шегіндіре алмайсың. Сондықтан
есің барда еліңді тап дегендей, қолыңдағы бар нəрсе нің, мейлі
ол уақыт болсын, не дүние болсын, бəрінің де қадірін біл.
Əйтпесе, міне, мен сияқты “Əй, əттеген-айдың” кейпін ке-
шуге тура келеді. Менің айтарым осы ғана. Айтылғандардың
бəрін өз түйсігіңмен, санаңмен сара лар сың!”
Осы сөздерді айтқаннан кейін ақсақал орнынан тұрып:
“Ал мен болсам, бір минөтті пайдаланып саған ой салдым
ғой деймін, ə, қызым. Осы бір минөттің ішіндегі айтыл ған
сөздер сенің бүкіл өміріңдегі ең елеулі бір оқиғалардың
себепкері болмауына кім кепіл!?” – деп сөзін аяқтайды.
Шағын ғана мақала. Жұп-жұмыр. Ең бастысы ой бар.
Маған да ой салды. Жұмыстағы бір жағдай есіме түсті.
«Мына құжатты əзірлеу үшін сізге қанша уақыт керек?»
дедім бір қызметкерге. Ол ойланбастан «5 минут жетеді»
деді. «Жақсылап ойланып айтыңыз, қанша уақытта бітіре
аласыз?» дедім. «15-20 минут жетеді» деді. «Ендеше,
уақытты есептеймін, сағатқа қарап отырамын, тура 25 ми-
нутта жасап əкелсеңіз, болды». Көлемі 4-5 сөйлемнен ғана
тұратын əлгі хатты жазуға қызметкер 3 сағат, 11 минут
жұмсады. Мен жағамды ұстадым. 3 сағатта Алматыдан
ұшқан ұшақ Ақтауға жетеді. 3 сағат Алматы мен Астананың
арасына ұшақтың ұшып барып, қайтатын уақыты. 3 сағатта
Алматыдан шыққан пойыз 160 шықырым жол жүреді. 3
сағатта жеңіл көлікпен Алматыдан Талдықорғанға жетуге
болады. Алматыдан Мəскеуге қатынайтын ұшақ 3 сағатта
Қазақстанның Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда,
Ақтөбе, Атырау сияқты бес облысының үстінен өтіп, Ре-
сей астанасына қалған бір сағатта жетеді. Айта берсек, 3
сағаттың ішінде атқарылатын іс көп. Алайда, осы дерек сіз
бен бізді ойландыруы керек.
Сонда біздің əрқайсымыз алақандай қағаз дайындауға
осындай уақыттан жібере берсек, қазақтың жұмысын
атқаруға құдайдың берген уақыты жете ме? Түрлі
мемлекеттік құзырлы органдар осындай құнтсыздықтың
салдарынан қаншама құнды уақытты жоғалтады? Егер əр
адамның еңбекақысынан босқа жіберген уақыты ұсталып
қалатын болса, қаншама адам айлықсыз қалған болар еді-
ау,ə!..
Бас қатырмайтынымыз жаман. Уақыт біздікі емес
сияқты. Басқаның уақыты. Босқа кеткен уақыт. Қазақ өзге
халықтардан артта қалса, оның себебін осы қамсыздық пен
құнтсыздықтан іздеу керек. Құдайдың берген уақытын ысы-
рап қылу – рухани қылмыс. Ал біздің ешқайсымыз өзімізді
«қылмыскерміз» деп есептемейміз. Өйткені, құдайдың тегін
уақыты бəрімізге жететін тəрізді. Бірақ асау уақыт адамға
жалынан сипата бермейді ғой!
Уақыт уыста тұрмайтыны рас. Зырылдап өтіп жатқан
есіл уақыт. Бір минут емес, мыңдаған минуттарды ұрлап жа-
тырмыз. Бостан босқа, керексіз іске, терең ұйқыға, сандал-
бай жүріске кетіп жатқан уақыт-ай! Сөйте тұра, «уақыт жоқ»
деп сырғыта жөнелетініміз тағы бар.
Шынында ойланыңызшы: бір минутта сіз не тындырар
едіңіз? Ал 3 сағатта ше?
Бəрімізде құлақ бар. Сол
құлақ күнде көп нəрсе естиді.
«Талай нəрсені естіп жүрміз
ғой» деріңіз анық.
Алматының іргесіндегі Абай ауылында Райымбек,
Тəуелсіздік деп аталатын көшелер бар. Бəрі кейін түскен. Үй
салған, үйлі болған, қала маңына көшіп келіп, қоныс тепкен
отбасылар көптеп тұрады. Арасында пəтерде тұратындар да
жетерлік.
Сол көшенің бірінде баласын қыдыртып бір келіншек
келе жатады. Қарсы алдынан бір əйел ұшырасады. Көшеде
кетіп бара жатып əлгі əйелдің құлағы бір жыламсыраған
баланың дауысын естігендей болады. Балалы келіншекті
тоқтатып: -«Естимісің, бір баланың даусы шығатын тəрізді»
дейді.
Шынында жақын жерден бір баланың талықсыған үні
естіледі. Дауыс шыққан жерді іздестірсе, қоқыс пен қалдық
жиналатын апан шұңқырға екі бала түсіп кеткен екен.
Септиктің беті қаңылтыр темірмен жабылған, кейін оны
топырақ басып, асты шіріп кеткен көрінеді. Балалар шие
жейміз деп шұңқырға түсіп кеткен екен. Бірі – 4, екіншісі – 3
жасар бала.
Дереу айналадағы адамдарға хабар айтып, біраз адам
жиналып үлгереді. Құтқаруға əрекет жасайды. Бір баланы
шығарып алады. Екінші бала шиенің тамырына ілініп əзер
тұрса керек, əлі бітіп қоқсыққа батып кетеді. Жиналғандар
ішінен тəуекел етіп ешкім түсе алмайды. Асып-сасып бəрі
қарап тұра береді. Сол кезде көрші үйдің бірінде қонақта
отырған жас жігіт осындай оқиғаның орын алғанын естіген
бетте «апанға» қарғып түсіп, қалың нəжісті қолымен олай-
былай сүзіп отырып, баланы алып шығады. Дереу дəрігер
шақырып, аудан орталығығына бала жеткізіледі. Дəрігерлер
қазір баланың өмірін аман алып қалу қамында.
Əлгі азаматтың кім екенін білмеймін, көзсіз ерлігі
қалай да мақтан етуге тұрарлық. Оған бір адамның өмірін
құтқарып қалғаны үшін Алла разы болсын! Бар ғой өмірде
жақсы адамдар!
ЕСТИМІСІЗ?!.
Ал енді осы жігіт болмаса, не болар еді?..
Өз баласы болса, сол жерде тұрған кез келген адам секіріп
түсер еді септикке..
Адамның баласы – балаң емес пе?!. «Адамзаттың бəрін
сүй бауырым деп!» деп аманат етпеп пе еді ұлы Абай?!.
Ең бастысы – шырылдаған баланың дауысын естіген
əлгі екі əйелге Алланың нұры жаусын! Ал біз «естиміз»
дейміз!..Бəріміз...Қоғамның жа най қайына, əлсіздің үніне,
шарасыздың шыры лына,дəрменсіздің даусына құлақ түріп
жүрміз бе?..
Сіз естимісіз өзі?!.
Мəдениет министрлігінің
Тіл комитеті ұйымдастырып
отырған «Қазақ ономасти-
касы:
басым
бағыттар
мен үлгілі үрдістер» атты
бұл конференция өте маңызды деп білемін. Қазір біз өз
егемендігіміздің 20 жылдығын атап өтудің қамына кірістік.
Еліміз еңсе тіктеді. Бəрін түгендейтін, олқылық кетсе орнын
толтыратын, ақау кетсе айтатын, кемшілікті қолға алатын кез
келді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында сөз
сөйлеп едім. Сонда Елбасының алдында 90-шы жылдар мен
қазіргі кезеңдегі ел жағдайын айттым.
90-шы жылдары Қазақстандағы жағдай мүлдем басқа,
өте күрделі еді. Дəл бүгінгідей жағдай тіпті түсімізге де
кірмейтін.
Өмір тез өзгерді. Өзгергенін көзі көрді. Қазақ намысқа
тырысып, əлем халықтарымен бəсекеге түсіп отыр.
Елбасы 2008 жылы бізге – бір топ қазақ бас редакторына
арнайы сұхбат берді. Сонда «Біз үйренетін ұлттан үйрететін
ұлтқа айналуымыз керек» деген болатын. Сол сұхбатта
«Тəуелсіздікті күн сайын қорғау керек, ай сайын қорғау ке-
ҚАТЕ ҚАЗАҚТЫ
ҚАЛАЙ ТҮЗЕЙМІЗ?
рек, жыл сайын қорғау керек, нығайту керек, өркендету ке-
рек» деп шегелеп айтты.
Мемлекетіміздің басшысы Тəуелсіздікті күн сайын бекіте
түсетін тегеурінді тетік бар екенін де атап көрсетті. «Қазақ
тілі – Қазақстан халқының басын біріктіруші бірден-бір фак-
тор» деген сөзі соның айқын дəлелі.
Бір ел, бір ту, бір тіл, бір діл қағидатын ұстану – жас
ұрпақты елдікке, ерлікке жұмылдырады. Елдің бірлігі мен
достығына жаңа мазмұн, жаңа серпін береді.
Қазақстан Тəуелсіздік алғанға дейін ел оқушыларының
22 пайызы ғана қазақ мектептерінде оқыған болса, қазір
мемлекеттік тілде білім алатын оқушылар саны 77 пайызға
жетті. Соңғы 19 жыл ішінде жаңадан 1000-ға тарта қазақ
мектебі ашылды. Қазіргі таңда отыз мыңға жуық басқа ұлт
өкілдерінің балалары қазақ мектебінде оқып жатыр. Бұл –
шын мəнінде үлкен жетістік.
Соңғы Халық санағында «мемлекеттік тілді білемін»
деген адамдардың саны 75 пайыз болды. Соның 57 пай-
ызы «қазақша оқи аламын» деген екен. Діні бір, ділі бір
өзбек, ұйғыр, түрік, əзірбайжан, татар, қырғыз, башқұрт
халықтарын қоса алсақ, олардың қатары арта түседі. Яғни, бұл
азаматтардың көпшілігі мемлекеттік тілді біледі, түсінеді де-
ген сөз. Мемлекеттік тілде сөйлемейтін кімдер? Мемлекеттік
қызметшілер. Мəселе шешетін де солар. Мемлекеттік тілде
мəселе қоятын азаматтар қатары алдағы уақытта көбеймесе,
азаймайды. Сондықтан қазақ тілін меңгеру ісінде біздін
мемлекеттік қызметшілер Президентімізден үлгі алуы тиіс.
«Майын тамызып сөйлемесе де, қазақ тілінде түсінісу үшін
тілді үйренулеріне болады ғой» деп Елбасы Ассамблея сес-
сиясында айтты да.
Тіл мəселесі кезең-кезеңімен жүйелі шешіліп келеді.
Тілге қатысты көп сөзден гөрі айкын да нақты істер керек.
Қазақстанда тілді дамыту үшін барлык жағдай жасалған.
Ендігінің бəрі өзімізге байланысты. Ал қазақ тілінің
болашағына күманмен, күдікпен қарайтын пессимистер-
ге айтарым: осыған дейін жойылмаған қазақ тілі өз елі, өз
Мемлекеті барда ешқашан жойылмайды.
Күн тəртібіндегі мəселе қазақ ономастикасына қатысты
болғандықтан, осы жəйтке тоқтала кетейін.
Қате қазақ бола ма? Болғанда қандай! Қаптап жүр. Қате
қазақтардың қайда тұратынын іздеудің қажеті жоқ: елдің ең
басты ресми екі газетінде жарияланған Мемлекеттік білім
гранты иелерінің ресми тізіміне көз салсаңыз болды. Көресіз.
Көресіз де, көзіңізден тас төбеңізге қалай шыққанын білмей
қаласыз. Кім біледі, сөйтіп отырған шағыңызда салыңыз
суға кетуі де ғажап емес. Өйткені бұл мəселе жөнінде қанша
күйзеліп, қанша қынжылса да ештеңе жасай алмай, дымы
құрып отырғандар да табылады. Солардың көбісі елдің са-
уатын ашатын мұғалімдер. Қатені түзететін, түзетуге тиісті
ұстаздар санаты дəл осы мəселеге келгенде дым да істей ал-
май отыр.
Грант иелерінің аты-жөндеріне қараңызшы: Енлик,
Асель, Жулдыз, Айгерим, Анель, Гульназ, Жасулан, Назгуль,
Айнур, Гульнара, АЙсауле, ГУльден, Гульжайна, Асем, Нур-
гуль, Бауржан, Гульшат, Бақытгуль, Мирамгаль...
Осы да жетер. Тоқтайық. Ойланайық.
Осы есімдерде қате бар ма, жоқ па? Қате жоқ десеңіз, ары
қарай оқымай-ақ қойыңыз.
Осындай аты-жөндері қате толтырылған балалар жыл-
да мектеп бітіреді. Аттестат алады. Төлқұжат алады. Оқуға
түседі. Студент болады. Ертең диплом алады. Адам болады.
Балалы-шағалы болады...
Бір кеткен қате осылай өріп кете береді.
Қате неден?
Метірке деген бар. Адамға туғанда берілетін түпқұжат.
Аты-жөндері қате-қате толтырылғанға жоғарыда аты
аталған, сондай-ақ аты аталмаған талай баланың түк те
кінəсі жоқ! Түпқұжатқа қалай жазылды, сол заң. Оны ешкім
түзете алмайды.
Газетті алып қарағандар қате аты-жөндерді көргенде ре-
дакторлар, корректорлар қайда қарап отыр деуі мүмкін.
Қарапайым ата-ана, мектеп мұғалімдері ай қарай ма деп
аң-таң болуы да ғажап емес.
Рас, мектеп мұғалімдері жыл сайын мектепке келетін баланың тізімін алады. Сабақ береді. Дəптер тексереді. Жылды қорытады. Осының бəрінде сынып журналдарының бетінде қате өріп жүреді. Фамилияда, атында, əкесінің атында «мягкий знак» толып жүр. Мұғалім соның қате екенін көреді. Біледі. Бірақ түзете алмайды. Түзетуге қақы жоқ. Өйткені, метіркеде солай. Метірке – түпқұжат. Түпқұжатқа түскен жазу – заң. Соның негізінде кейін төлқұжат толтырылады. Аты-жөні қате-қате бала тест тапсырады. Тізім шығады. Қатені газет корректорлары түгілі бас редакторы да түзете алмайды. Көріп отырсыз қате екенін. Білесіз қате екенін. Бірақ бір əріпті түзетуге қақыңыз жоқ. Сонда не болды? Мұны реттеуге, түзетуге, түзетуге болмай ма? Əлде осы күйі бəрі кете бере ме? Қате қазақ дегенге шамданатындар да шығуы мүмкін. Қазақтың қазақ екені қайдан білінеді? Əрине төлқұжатынан. Төлқұжаттың негізі – түпқұжат. Тəуелсіз ел болдық деп тақиямызды төбеге қанша атқанымызбен, атыжөнімізді дұрыс, сауатты жазып алмайынша, біздің қазақ болуымыздың өзі əлі қиын сияқты. Шалағайық неден шығып отыр? Тіл туралы заңның былқылдақтығынан. Орыс тілі ресми тіл ретінде мемлекеттік тілмен қатар қолданылады деу арқылы осындай ала-құлалық, шимай-шатпақ өрескел қателерге жол ашылып отыр. Түпқұжатты да, төлқұжатты да қазақша толтыруға бола ма? Болады. Ендеше не кедергі? Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшкен Қазақстанның бақандай бес облысында да негізінен түпқұжат та, төлқұжат та орысша толтырылады. Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінде кімдер отыр? Олар неге мемлекеттік тіл туралы Конституция талабын орындамайды? Ең басты мəселе – Қазақстан азаматтарының туу туралы куəлігін қалай толтыруда болып отыр. Біз өз мемлекетімізді, Оның Конституциясын сыйлайтын болсақ, ең алдымен осы түпқұжат толтыруды МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ жүргізуіміз
керек! Ағылшын тіліндегі нұсқасы қатар болса, жақын жəне
жырақ шет елдерге шығуда қиындық тумайды.
Сонда жоғарыдағыдай қателерге тосқауыл қойылады.
Қате қазақтар азаяды.
Қате деген Қазақстан азаматтарына қаншалықты зиян
екенін ойлап қараңызшы: Бір əріп басқа – адам басқа. Хат-
хабар алмасу, ақша аударымдарын жасау, төлемақы, өтемақы,
жəрдемақы, зейнетақы, жалақы, қаламақы алу сияқты талай
мəселеде қате алдан шығады. Өзіңді-өзің құжат жүзінде
дəлелдеумен дал болып жүргенің. Анықтама алу керек. Анда
бару керек, мында бару керек. Студенттердің жеке есеп кар-
точкасын ашуы, стипендия алуы, мүгедектердің жəрдемақы
алуы, зейнеткерлердің зейнетақы алуы оңайға түспейді.
Əр құжаты əр түрлі толтырылған азаматтар да бар. Мүлік
мəселесінде, нотариат жұмыстарында – өтініш, сенімхат,
аманат мəселелерінде бір қате əріп əр түрлі дауға жол ашуы
да мүмкін. Бір əріптің қате жазылуының кесірінен күні ертең
талай азамат өзіне тиесілі зейнетақыдан қағылмасына кім
кепіл?
Қате қайдан шығады?
Компьютерлердің көбінде қазақ қаріптері жоқ. Бары
ашылмайды. Соның салдарынан құжаттарды орысша толты-
ра салу жиілеп отыр. Бұл бір.
Екіншіден, əр қазақ өз құжатын сауатты толтыру ісіне
жауапкершілікпен қарап отырған жоқ. Түпқұжат жəне
төлқұжат толтырғанда оның мемлекеттік тілде рəсімделуін
екінің бірі талап ете бермейді. Бұл ұлттық мəселе. Ұлт
ретінде өзімізді өзіміз сыйламасақ, бізді кім сыйлайды? Аты-
жөні қате толтырылған басқа ұлт өкілін кездестірдіңіз бе?
16 жасқа толғанда берілетін төлқұжат 25-те бір, 45-те бір
қайта ауыстырылады. Кеткен қателерді сонда түзетуге болар
деп көңіл жұбатуға тағы болмайды. Өйткені, бір құжатты
түзету үшін қанша жерге сандалу керек. Қанша есікті ашу,
қанша табалдырықты тоздыру керек. Қаншама анықтама жи-
нау қажет. Осының бəрі азаматтардың ығырын шығаратын
болғасын, олар бəріне қолын бір-ақ сілтейді.
Сондықтан бірінші кезекте Үкімет, оның Əділет
министрлігі бұл мəселеге назар аударуы, сөйтіп орын алып
отырған олқылықты жоюдың нақты шарасын қолға алуы
қажет деп білеміз.
Бізге қуатты, күшті, бəсекеге қабілетті мемлекеттік тіл
қажет. Бізге сауатты ұрпақ қажет. Осы ретте Қазақстан
халқы Ассамблеясының мəртебелі мінберін пайдаланып,
бірнеше ұсыныс жасаған едім, соны тағы айтқым келеді:
1. Қазір жаңа технологиялар заманы. Кез келген адам
өз үйін, өз қаласын, қажетті координаттарды, басқа да
деректерді интернет арқылы алуға аса қолайлы GPS /global
posіtіon system/ жүйесін іске қосу қажет.
2. Бүгінде қазақ латын код парағын алды, бірақ ол жаппай
қолданысқа қосылған жоқ. Соны Қазақстандағы əрбір ком-
пьютерге кіргізу керек. Орфографиялық көмекшілер, мыса-
лы MSWord мəтіндік редакторы қателерді автоматты түрде
жөндейтін болады. Қате деген толып жатыр. Көше атаула-
ры, кісі есімдері, бильбордттар мен жарнамаларда өрескел
қателерге дейін толып жүр. Одан құтылудың бірден бір жолы
осы орфографиялық көмекшілерді компьютерге енгізу. Сон-
да тілді толық меңгермеген адам болса да, қате жазбайды.
Компьютердің өзі ондай қателердің кетуіне жол бермейді.
Қазір жастарымыздың қолынан «сотка» түспейді.
Осының да бізде бірнеше атауы бар. «Ұялы », омарталы»,
«мобильді», «қалталы» «қалтафон» деп атайды. Осыны да
бір ізге келтіру керек. Сосын қазақ тіліндегі sms-ақпараттар,
электронды пошта хабарлары біреудің телефонында не
компьютерде ашылса, енді бірінде ашылмайды. Мəжіліс де-
путаты Тəңірберген Алдоңғаров та осы мəселені жақында
Парламентте көтерді. Ол еліміздегі мобильді телефон опе-
раторларына қазақ тілін енгізуді ұсынды. Мұндай жүйе
бүгінде тек «Samsung» телефондарында ғана бар. Басқа опе-
раторларда осы бағытта қам жасай бастады. Егер осындай
жүйені жаппай енгізетін болсақ, онда жер шарының кез
келген түкпіріне хат - хабар жіберуге, шете елдерде оқып
жатқан Қазақстан балаларымен тікелей байланыс орнатуға
мүмкіндік туады.
3. Негізі қалай болғанда да еліміздің ертеңі үшін АВС-net
/эй-би-си нет/ негізіндегі қазақ əліпбиін ІT-технологиялар
саласына тездетіп енгізген дұрыс. Ол электрондық кар-
та, электрондық банкинг, электрондық коммерция, e-maіl,
SMS жазбаларды реттеп, дауыс тану, роботтық технологи-
ялар мен жасанды интеллект мəселелерін жедел шешуге
мүмкіндік береді. Осындай əліпби мемлекеттік тілде білім
беретін мектептердің беделін көтеріп, өзге ұлт өкілдерінің
балаларына қазақша оқуға кең жол ашады. Бұл ұлтаралық
қатынасты, іргесі берік достықты бекітудің осы заманғы
бірден-бір озық əдісі болмақ.
Қорыта келгенде айтарым: Қазақ елінің Тəуелсіздігін
қате қазақсыз қарсы алайық. Ел боламыз десек, ең əуелі
өзімізді өзіміз сыйлайық. Ол үшін аты-жөнімізді дұрыстап
жазуды қолға алайық. Бұл кез келген азаматтың намысына
сын нəрсе. Өз намысымызды өзіміз қолдан бермейік!
Осы күні тіл туралы сөз
бола қалса, екінің бірі бір-
бірін кінəлайды; немесе бар
жүк пен жауапкершілікті
билікке артып қояды, бол-
маса, күйініштен қолын бір
сілтеп, халыққа жаба салады. Билік те біртекті емес: əрқилы
буындарында осы елге, туған тілге, қазақ мемлекетіне жан
жүрегімен болысқысы келетін, жаны ашитын азаматтар то-
лып жатыр. Халық та қарап жатқан жоқ: жылма жыл баласын
мемлекеттік тілде білім беретін мектептерге беріп, тілдің тез
дамуының тетігін іздеп құлшыныс танытып келеді.
Тіл – ортақ. Ел – ортақ. Жер – ортақ. Мемлекет – ортақ.
Осы төрттаған тұтас тұрғанда бізді алатын жау жоқ.
Сəл шегініс жасасақ. 1987-1991 жылдар аралығында қазақ
тіліне мемлекеттік тіл мəртебесін беру үшін Қазақстанның
түкпір-түкпірінде тіл үшін жанталасқан азаматтар көп бол-
ды. Орталық партия комитетіне хат жазып, телеграмма са-
ТІЛ ҮШІН
КҮРЕСУ –
ТƏУЕЛСІЗДІК
ҮШІН ТІРЕСУ
лып, ойдан-қырдан төпеп жүріп, тіліміздің мəртебесін бір
көтеріп алдық. Одан кейін егемендік туы қолға тиді де бəріміз
тіл төңірігіндегі күреске «мəртебе алынды, іс бітті» деген-
дей бей-жай қарай бастадық. Кейін келе-келе тек салақұлаш
хат жазу, қол жинау, үндеу қабылдау деген сияқты айғайы
көп, аяны жоқ баянсыз жолға түсіп кеттік. Тайлы-таяғымыз
қалмай тіл үшін күресуден шеттедік. Баяғы белсенділік тек
естелік түрінде қалды...
Айтқалы отырған мəселеме келейін. Менің Шəмші деген
досым бар. Алматы мен Астананың кез келген асханасына:
мейлі ол үлкен мейрамхана болсын, шағын кафе болсын,
бəрібір, кіріп келеді де бірінші кезекте ас мəзірін сұрайды.
Қазақ тілінде жазылмағанын көрсе, дереу иесін шақырып
алып, екінші келгенде мемлекеттік тілде болуын талап етеді.
Санап шыққан жоқпын, бірақ осы əрекеттің арқасында та-
лай дəмхананың ас мəзірі туған тіліміздің пайдасына қарай
өзгерді.
Азат деген тағы бір досым жүрген жерінде тек мемлекеттік
тілде сөйлейді, сұрайды, талап етеді. МАИ қызметкері орыс-
ша «тоқта» десе, тоқтамайды. Салық қызметкері орысша
«толтыр» десе, орысша құжат толтырмайды, қазақ тілінде
толтырады. Заман талабындағы нəрсенің бəрін Ата Заңға
сəйкес орындайды.
«Маған ғана қарап қалды ма? Мен не бітірем?» дейтін жа-
ман түсінік бар.
Шона Смаханұлы деген ағамыз болды. Жалғыз өзі шы-
рылдап жүріп, Алматыда қанша қазақ мектебін ашқызды.
«Жалғыздың үні шығатынын, жяудың шаңы шығатынын»
іспен дəлелдеп кетті.
Орыстілді қауымды бас-көз жоқ кінəлай бермей,
əрқайсымыз күнде істейтін нақты іс бар. Ол не? Ол –
қазақтың тілдік ортасын кеңейту. Егер сізден біреу жөн
сұраса, қазақша жауап қату. Орысша амандасса, қазақша
амандасу. Банкоматтан ақша алғыңыз келсе, банк ұсынып
отырған үш тілдің ішінде ең бірінші тұрған қазақ тілін
таңдау. Көшеде, кафеде, көлікте кездескен кез келген адам-
мен қазақша сөйлесу. М-агентте отырған жастарымыздың тек
қазақ тілінде хат-хабар алмасуы. Кеңсеге кіретін, шығатын
хаттарды тек мемлекеттік тілде толтыру. МАИ қызметкері
тоқтатса, айыппұл шағымдарын қазақ тілінде рəсімдеу.
Салық мекемесіне барғанда, құжаттың қазақ тіліндегі
үлгісіне басымдық беру...Айта берсе, толып жатыр. Осының
бəріне күнбе-күн күрес керек. Табандап тұрып тіресу керек.
Егер əр қазақ осы талапты қаперден шығармай, күнбе-
күн, сағат сайын басшылыққа алар болса, нəтижесін көп
күткізбейді.
«Тəуелсіздіктің 20 жылдығы болғалы жатыр, ал тіл тура-
лы мəселеде тұрған орнымызда тұрмыз, еш өзгеріс жоқ» деп
құр даурыққанша, осындай бір талпыныс жасап көрсек.
«Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» үйренген ел
едік қой.
Енді бір жағадан шыққан бастан бір тіл шығарсақ. Бəріміз
тек бір тілде сөйлеуді қасарысып тұрып жүзеге асырсақ. Бой-
ында бір қасық болса да қазақтың қаны бар азаматтардың ел
тəуелсіздігін бекемдемдеуге қосқан нақты үлесі сол болар
еді!
Түрк дүниясы бəрімізге
ортақ.
Біздің
тарихы-
мыз да, тағдырымыз да
бір. Кешегіміз бір болған
соң – келешегіміз де бір.
Бүгінгі үлкен Құрылтайға
жиналған барлық бауырларға армысыздар, қош келдіңіздер
дегім келеді. 1997 жылы Режеп Тайып Ердоған Стамбұл
қаласының əкімі болып тұрғанда көпшілік жиында мынан-
дай бір өлең оқыған еді.
Мешіттер – қорғанымыз,
Күмбездер – дулығамыз.
Мұнаралар – найзамыз,
Муминдер – əскеріміз.
БАУЫРЛАС
ЕЛДЕРДІҢ
АҚПАРАТТЫҚ
БІРЛІГІ
Сол кездегі үкімет басындағы солшылдарға, Б.Ежевиттің
премьер-министр кезі болса керек, мұндай өлең ұнамайды.
Режеп Ердоған 1998 жылы он ай түрмеде отырып шығады.
Бұл өлең Зия Көкалыптыкыі ме, жоқ Ердоғанның өзінікі
ме, мен білмеймін. Бірақ, осы өлеңдегі сөздер түркітілдес
бауырлардың бəріне де ортақ, бəріне де түсінікті деп білемін.
Біздің түріктілдес туыстар дін мен тіл бірлігін еш уақыт
естен шығармауымыз керек. Дініміз – ислам, түбіміз де
тіліміз де – түрік. «Түркітектес түгел бол!» – деген бабалар
аманаты қайда жүрсек те қаперде болуы тиіс.
Өкінішке орай, біздер қазір бір-бірімізбен тілмаш арқылы
сөйлесетін жағдайға жеттік. ХХ ғасырдың басында біздің
Мұстафа Шоқай мен татардың Ғабдолла Тоқайы, түрік –
Инан мен Зəки Велибей Тоған, Əзірбайжан – Мехмет Əмин
мен Расул Заде, өзбек – Абдурау Фисрат пен Шолпан, кешегі
Сəйфи Кудаш пен Мұхтар Əуезов, Сəбит Мұқановтар бір-
бірімен тілмашсыз сөйлесетін.
ХХІ ғасырда осындай тұтастық бола ма? Біздің Құранымыз
– ортақ, ендеше ұранымыз да ортақ болуға тиіс.«Түркітектес
түгел бол!». Басқа ұран жоқ.
Биыл Түркия Республикасы өзінің 87 жылдығын тойла-
ды. Қазақстан болса тəуелсіздігінің 19 жылдығын атап өтті.
Түркия Республикасы құрылған күнінен бастап осы күнге
дейін Мустафа Кемаль Ататүріктің «Отанда бейбітшілік
– əлемде бейбітшілік» деген қағидатына негізделген,
əлемде жəне əсіресе төңірегінде бейбітшіліктің орнауы
мен сақталуына жəне тұрақтылық пен дамуды арттыруға
бағытталған, жан-жақты, мақсатты, сындарлы, саналы жəне
гуманистік саясат жүргізуде. Түркия трансатлантикалық
байланыстарға үлкен мəн береді жəне мүшесі болып та-
былатын НАТО одағының халықаралық бейбітшілік пен
тұрақтылықты сақтауға бағытталған іс-шараларына белсенді
түрде үлес қосуда, көршілес елдермен қарым-қатынастарын
нығайтуды жалғастыруда, Еуропалық Одақ мүшелігіне
қарай табандылықпен ілгерілеуде. Қазақстан да Еуропаға
қарай жол тартып келеді.
2009-2010 жылдары Біріккен ұлттар ұйымы Қауіпсіздік
кеңесінің уақытша мүшесі болған жəне қазіргі күні Азиядағы
өзара ықпалдастық жəне сенім шаралары жөніндегі кеңестің
төрағасы болып отырған Түркия, өз аймағында бейбітшілік
пен тұрақтылықтың сақталып нығаюы жəне ынтымақтастық
арқылы əл-ауқатты арттыру мақсатында жұмсалған ынта-
жігерлерінен жинақталған тəжірибесін жаһандық деңгейде
бейбітшілікке үлес қосу, қазіргі жəне болуы мүмкін пробле-
маларды шешуге көмектесу жəне өмірді барша адамзат үшін
бейбіт ету үшін ең тиімді түрде пайдалануда.
Түркия жəне Қазақстан халықтарын ортақ тіл, тарих жəне
мəдениет байланыстырады.
Қазақстанның Тəуелсіздігін алғаш болып мойындаған
Түркия болатын. Осыдан 11 жыл бұрын, 1999 жылы
Стамбұлда өткен Саммиттен кейін желтоқсанның 1-2 -інде
Қазақстан ЕҚЫҰ саммитін жоғары деңгейде өткізді.
2009 жылы Президент Назарбаевтың Түркияға жасаған
сапары барысында қол қойылған Стратегиялық əріптестікке
сəйкес жаңа бағдар алған Қазақстан мен Түркия арасындағы
қарым-қатынас саяси, сауда-экономикалық, мəдени жəне
басқа да салаларда жоғары деңгейде тұр. Бүгінде түрік
кəсіпкерлерінің
Қазақстанға
құйған
инвестициясының
жалпы көлемі 2 миллиард долларға жетіп, түрік құрылыс
компаниялары алған жобалардың жалпы құны 10 милли-
ард доллардан асып түсті. Астана қаласы – түрік-қазақ
ынтымақтастығының символына айналды.
Біздің бауырлас елдер арасында білім жəне мəдениет
саласындағы
ынтымақтастық бар. Бұл қарымқатынасымыздың маңызды өлшемдерінің бірі болып табылады. Түркияда жəне Қазақстандағы түрік университеттері мен қазақ-түрік мектептерінде білім алған жəне алып жатқан Қазақстан жастары мен Қ. А. Яссауи атындағы қазақ-түрік университеті жəне басқа да білім орындарында оқыған түрік жастары ортақ келешегіміздің негізін қалайды. Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас тек қана екі жақты емес, сонымен қатар өңірлік жəне халықаралық деңгейде де қарқынды дамуда. Екі ел Еуразия
өңірінде бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату жолында
ынтымақтасып, осы үшін үлкен ынта-жігер танытуда. Пре-
зидент Назарбаевтың бастамасымен құрылған Түркітілдес
мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесі 2010 жылғы 15-16
қыркүйекте өткен Стамбұлдағы Саммит кезінде өз қызметін
бастады. Ынтымақтастық кеңесінің алғашқы саммиті 2011
жылы Астана қаласында өтеді.
Мұның бəрі саяси саладағы бірлік пен ынтымақтастық.
Бізді түбі бір түркінің ортақ мүддесі біріктіруі тиіс. Осы
ретте əзірбайжан халқының ұлы перзенті Гейдар Əлиевтің
Маргарет Тэтчермен арада болған əңгімесі еске түседі. Тэт-
чер ханым армяндарға бүйрегі бұрып, «Таулы Қарабақты
соларға басыбайлы бере салмайсыздар ма?» депті. Сон-
да Гейдар Əлиев: – Сіздер 100 жылға жуық уақыт бойы
Ирландияның заңды бөлігі – Солтүстік Ирландияны уыстан
шығармай отырсыздар. Сондағы католик ирландықтарды
қудалап жатқандарыңыз да белгілі. Ендеше сіздер неге
Солтүстік Ирландияны заңды иелеріне қайтармайсыздар? –
дегенде Тэтчер тілін тістеген екен.
Түркі халықтарының табаны тиген жерде тұратын бауыр-
лар бір-бірінен алыс кетпеуі керек. «Туыстықты үзбеңдер!»
– делінген Мұхаммед Мұстафа с.ғ.с хадистерінің бірінде.
Туысқан халықтардың арасын жалғайтын алтын көпір
– ақпарат. Ақпарат алу, ақпарат алмасу, ақпарат тарату
мəселелерінде түркітілдес бауырлардың ешқайсысы ауыз
толтырып мақтана алмайды. Түркі мемлекеттерінің өзара
тығыз байланысында осы мəселеге келгенде белгілі бір те-
жеу бар екендігі шындық. Мəдени құндылықтарды насихат-
тап, өшкенді жандырып, өткенді қайта қалпына келтіру үшін
құрылған ТҮРКСОЙ ұйымы жұмыс жасап жатыр. Түркі
өркениеті қазіргі еуропалық өркениеттен еш кем емес.
Араб елдерінің саны – 22. Ал түркітілдес дербес мемле-
кеттер саны – 6 ғана. Араб елдері өзара ынтымақтасып, араб
елдерінің лигасын құра алды. Түркітілдес мемлекеттер бас
біріктіре ала ма? Қазіргі таңда біз Қазақстан Президенті Н.
Назарбаевтың «Түрік бастамасы» – түркі тілдес елдердің
Парламентаралық Ассамблеясын құру туралы идеясын
білеміз. Бір-бірімізді жақындататын басқа қандай қадам
бар?
Меніңше, ең алдымен түркітілдес халықтарды бір-біріне
жақындата түсудің ең оңтайлы жолы – ортақ телеарнаның
болуы. Ғарыштық спутниктердің мүмкіндігін осы мақсатқа
пайдалану керек. Ортақ арна ашылса – қазақ та, түрік те,
өзбек те, қырғыз да, татар да, саха да, қарашай мен құмық та
тіл бірлігін, рухани тұтастықты толық сезінеді. 40-қа жуық
түркітілдес халықтардың өнері мен мəдениеті, тарихы мен
салт-дəстүрі сақталады, дамиды.
Орталық Азия мемлекеттерінің өзара бірлігі туралы
көп айтылады. Алайда, сөз көп те, іс аз. Орталық Азия
мемлекеттерін большевиктендіру Қазақстаннан басталды.
Орыс большевиктері алдымен Қазақстанды алды. Сосын
Қырғызды өзіне қаратты. Өзбек пен əзірбайжанды əзер де-
генде иліктірді.
Ендігі таңда түркітілдестердің тұтасу, яғни бірлесу саяса-
ты да Қазақстаннан бері қарай жүруі тиіс. Түркия мемлекеті
бұл тарапта бірқатар жақсы қадамдар жасады. Ортақ оқу
орындарын құрудан өзге, «Қазақстан-Заман» сияқты газет-
тер ашып, екі елдің ішкі байланысын жақындата түсті. Қазір
«Қазақстан-Заман» газеті Қазақстанда кеңінен таралады,
оның оқырмандарының қатары жыл өткен сайын көбейіп
келеді.
Өзбекстан «ТV Markaz» деген жастарған арналған теле-
арна ашты. Қазір Оңтүстік Қазақстан өңірінің тұрғындары
осы арнаны көбірек көреді. Кейбір азаматтар жергілікті
халық өзбектеніп кете ме деп қауіптенеді. Орыстанып, не
қытайланып кеткеннен өзбектену, немесе түркілену қауіпті
емес!
Қазақстанда түрік телесериалдары кеңінен танымал.
Қазақстан телеарналары түрік сериалдарын қазақшаға ау-
дарып көрсетеді. Суб-титрда киноның түрікше мəтіні қоса
беріліп отыратын болса, түрік тілін меңгерушілер қатары
арта түсер еді.
Қазіргі таңда Қазақстанда үш тұғырлы тіл саясаты-
на басымдық беріліп отыр. Қазақстан азаматтарына қазақ,
орыс, ағылшын тілдерін білу міндеттеледі. Орыс тілінің орнына түрік тіліне басымдық берілсе, құба құп болар еді. Түркітілдес елдердің ақпараттық кеңістігі бір-біріне жақындауы тиіс. Қазақстан азаматтары əлемде болып жатқан оқиғалар туралы ақпараттарды көбінесе Ресей ақпарат агенттіктері мен теле жəне радио арналарынан алады. Бауырлас Түркия, Əзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан елдерінде болып жатқан оқиғаларға Ресей көзімен баға беріледі. Бұл түбірінен дұрыс емес. Осы ретте мəртебелі мінберді пайдаланып, өзімнің бірнеше ұсынысымды ортаға салғым келеді. 1. Түркітілдес мемлекеттердің ақпараттық тұтастығын қамтамасыз ету мəселесін Мемлекет басшыларының қарауына ұсыну қажет. 2011 жылы Астанада өтетін Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесі саммитінің күн тəртібіне осы мəселеге байланысты ұсыныстарды қарауды енгізу керек. 2. Түркітілдес мемлекеттердің ақпарат алмасу мəселесін жолға қою қажет. Бұл үшін əр елдің мемлекеттік ақпарат агенттіктері арасында өзара меморандум қабылданса дұрыс болады. 3. Осы заманғы интернет байланысын дамыту арқылы əр елдің жетекші ақпарат құралдары арасында тығыз қарымқатынас орнатылса деймін. 4. ТМД елдерінің ақпараттық кеңістігін қамтып отырған «Мир» телеарнасы секілді түркітілдес мемлекеттердің ортақ телеарнасын ашуды қолға алу қарастырылса. 5. Бауырлас елдердің ақпараттық бірлігін қамтамасыз ету мəселесін əрбір кезекті Құрылтайда арнайы қарап, қай бағытта не істелді, не атқарылмады деген сұрақтардың жауабын тұрақты түрде алып отыру керек. Сонда бастаған істің нəтижесі болады. Күлтегін бабамыздың «Аспанда – күн, жерде – түркі» деген ұраны бар. Түркітілдес түгел болайық!
Алясканың
Анкоридже
қаласында 89 жастағы бір
кемпір қайтыс болды.
Ол жəй кемпір емес еді.
Эяк дейтін үндіс тайпасының
ең соңғы тұяғы болатын.
Бұл тайпа бір кезде мұрты көкке шаншылып, жалғанды
жалпағынан басқан ұлт болды.
Не керек, енді міне тұқымы тұздай құрыды.
Бір ұлттың жаққан шырағы өшті.
Жер бетінен эяк халқы жоғалды.
Мэри Смит – Джонс дейтін мына кемпір эяк тілін жетік
білетін жер бетіндегі жалғыз адам еді. Ол өмірінің соңғы он
жылында эяк халқының салт-дəстүрі мен мəдениетін сақтау
үшін жанталасып-ақ бағыпты. Біріккен Ұлттар Ұйымында
екі рет баяндама жасапты..
Қайтсін енді?!.
Оның Орегон штатынан шыққан күйеуі, құрсағынан
шыққан тоғыз баласы эяк тілінен таза мақұрым...
ООН-ға барып дабыл қаққанша, үйдегі он адамға өз тілін
үйретсе эяк тілін білетін 10 адам қалған болар еді ғой.
Сарапшылар Аляскадағы тағы жиырма шақты жергілікті
халықтың тілі жойылуға жақын деп отыр.
Тіл ана сүтімен тарайды.
Тіл ана сүтімен бойға сіңеді.
Біздегі бала тапқан аналар қай тілді бесік жыры етіп
отыр?.
Қала қазақтарының бəрі жылаған баласын орысша
жұбатады..
Бір ұлттың тамырын қиып отырған жоқпыз ба?.
ӨЗІМІЗ?!.
БІР ҰЛТТЫҢ
ТАМЫРЫ
ҚИЫЛДЫ
Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «қазақпен қазақ қазақша сөйлессін!» деп еді. Осы сөзді біреулер қолдады, біреулер қолдамады. «Қазір қазақ тілі жойылудың алдында тұр» деп ашық күнде қара аспанды суға айналдырып отырғандар бар. Шынымен солай ма? Қазақ елінде Тəуелсіздік алғалы бері басы Конституциядан бастап мыңдаған жаңа заң қабылданды. Орысша нұсқада дайындалды демесеңіз, осы заңның бəрінің қазақшасы бар. Яғни, қазақ тілі өлген жоқ. Бұл тіл мемлекеттік тіл ретінде қоғамдық өмірдің барлық саласына енді. Қазақтың тілі – салық, кеден, теміржол, əуежай, қорғаныс, құқық сияқты салаларға дендеп еніп келеді. Бұл ақиқат. Енді не күтіп отырмыз? Аштық жариялау – өз аузыңды өз қолыңмен буғанмен бірдей əрекет. Одан басқа амал бар ма? Бар! Ол не амал? Кез келген қазақ бір бірімен болсын, тіпті кіммен болсын тек қазақша сөйлессін! Бұл қолдан келе ме? Неге келмесін! Келмесе – намыс қайда?!. Бойында бір түйір қазақтың қаны бар қазақ баласы үйде де, түзде де, далада да, қалада да тек қазақша сөйлесін. Кім келсе де, кіммен болса да қазақ тілінде түсініссін! Аштық жариялап азаптанғанша, намысқа тырысып, ерегісіп, егесіп, кіммен болса да қазақша сөйлесейік! Осыған біреу қой дей ме? Осы қолдан келмей ме?!. КІММЕН БОЛСА ДА ҚАЗАҚША СӨЙЛЕССЕК ҚАЙТЕДІ?!.
Саясаттанушы
Əзімбай
Ғалиевтің «Қазақ əдебиеті»
газетінің соңғы нөміріндегі
«Бөтен екенімді түсіндім»
деген пікірін оқып отырып
маған бір ой келді. Ол ойдың сұлбасын Əзімбайдың өзі ай-
тып өтіпті. «Қазіргі уақытта қазақ тілінің орыс тілін жеңуі –
орыстілді қазақ білімділерінің қазақ тілінің лагеріне қайтып
оралымен байланысты. Осылайша, орыстілді қазақтар
тіл майданында қазақ тілі үшін күресіп жүріп, қазақ тілін
де үйреніп алды. Ал кейбіреулері сол орыстілді алаңнан
қозғалмады. Алайда ұяты барлардың бəрі ана тіліне қайтып
келді. Біз əділдік іздедік. Əділдікті өз ана тілімізден таптық».
Əз-ағаң қазақ қоғамының қотыр жерін тап басып, айтып
отыр.
Қазақтан шыққан мықты көп. Кеңес одағы тұсында қазақ
əдебиеті мен мəдениетіне, ғылым мен өнеріне айрықша үлес
қосқан небір мықты қазақтың балалары орысша білім алды.
Орысша өсті. Орысша тəрбиеленді. Қазақ елі Тəуелсіздік
алған уақытта билік баспалдақтары мен бизнес бишігі кілең
орыстілді қазақтардың қолына тиді. Солардың көбісі қазір
де Қазақ елін ұршықша үйіріп отыр.
«Орыстілді қазақ білімділері» деп Əзімбай мырза
негізінен ойлы қазақтарды меңзеп отырса керек. Олардың
көшін
кезінде
Əнуар
Əлімжанов
бастаса,
еліміздің
Тəуелсіздік алуымен бұл қатарға Болатхан Тайжан, Мұрат
Əуезовтер қосылды. Жазушы Кемел Тоқаевтың ұлы Қасым
–Жомарт Тоқаев қазақ үкіметінің тізгінін ұстағанша ана
тілін мандытып білмейтін-ді. Қазіргі таңда Қасым – Жомарт
Кемелұлы қазақ тілінде оқып қана қоймай, жаза білетін жəне
өзгелердің жазғандарын түзете білетін халге жетті...
Қазір «Түрксойдың» басшысы болып отырған, кезінде ҚР
Мəдениет минситрі болған Дүйсен Қасейінов қазақты былай
қойғанда түрікті сөзден жаңылдырады.
Орыстілді болса да қазақ ұлтының намысын жыртып
жүрген біраз азаматты жақсы білемін. Солардың ішінде
«Караван» газетінің Бас редакторы Əділ Ыбыраевтың бір
ҚАЙТҚАН
ҚАЗАҚТАР
кездегі Білім министрі Жансейіт Түймебаевқа «Қазақстанда
жаңадан ашылып жатқан бала-бақша мен мектептердің
бəрін мемлекеттік тілде білім беретін ету керек» деп
шырылдағанын өз құлағыммен естідім. Қазақстан Журнали-
стер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаев қазір қазақтілді
журналистер құқығын қызғыштай қорғауға келгенде алды-
на жан салмайды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
хатшысы аппаратында қызмет істеп жүрген Аяған Санды-
бай бүгінде қазақша сөйлеп бергенде кез келген қазақты
жаңылдырады. Сол тəрізді Бигелді Ғабдуллин, Əділхан
Нүсіповтер қазақ тілінің майын тамызады. Ерлан Əбенов,
Жанай Омаров, Жəнібек Сүлеевтер қазақ тілінде қымсынбай
сөйлесе, Ерлан Байжанов, Қайсар Жанаханов, Арман Шо-
раев, Мұхтар Тайжандар ұлт намысын жібермеуге ұмтылып
жүр.
Əзімбай айтқан қазақтарды «қайтқан қазақтар» деуге
болғандай. Əзімбай мырза «ұяты барлардың бəрі ана тіліне
қайтып келді» депті. Ал ұятты да, аятты ұмытқандар шы-
нымен сол орыстілді алаңда тұрған күйі тұр. Оларды «шала
қазақ» атандырып, ат қойып, айдар тағып жүргендер де бар...
Олар бүйткен сайын қазақтан одан сайын безінбесе, жуыр
маңда жақындайтын түрі байқалмайды...
Біз үшін «ана қазақ», «мына қазақ» деп бөлінудің еш
қажеті жоқ. Бар қазақ – бір қазақ! Мəселе əр қазақтың Қазақ
Мемлекеттілігін нығайтуға қалай үлес қосуында болып
отыр. Сондықтан, ендігі таңда қазақ тілі мен мəдениетінің
жанашырлары қатарына орыстілді кез келген қазақтың
қосылуына қуанбасақ, қарсылық танытпауымыз керек.
Осыған дейін ойланбай жүрген орыстілді қазақтар
Тəуелсіздіктің 20 жылдығы құрметіне «Қазақ тіліне
қайтайық» деген акцияны бастап жіберсе, еліміздің мерейлі
мерекесіне ең айтулы тарту жасаған болар еді...
Қазір қала қазағы бол-
сын, дала қазағы болсын
көркем
сөйлеуден
қалып
барады. Қазақтың бай да
құнарлы
тілі
күнделікті
қолданыста қалай болса, солай қолданылып та жүр. Мəселен,
тіл тазалығы үшін ең бірінші шырылдап, күресуге тиісті
кейбір тележурналистер «осындай оқиға нəтижесінде» деп
келеңсіз жағдайдан хабар береді. Қазақ мұндайда «салдары-
нан» деп қолданушы еді. Немесе, қайсыбір газет тілшісінің
«жақсылыққа душар болды» деп жазғанын да оқығанбыз.
Мұның бəрі неден шығады? Бірінше кезекте – тілге деген
немқұрайдылықтың салдары. Содан соң, біздің 100 томдық
ауыз əдебиетіміз бар. Қаншама байлық! Осы байлық түрен
салынбаған тың секілді игерусіз жатыр. Бүгінде кез келген
бала «беті табақтай екен» деген теңеуді бірден ұғына алмай-
ды. Ал «беті компьютердің мониторындай екен» десең, тез
ұғады. Бұдан шығатын қорытынды не? Қазақ халқының ауыз
əдебиетінде төрт түлік малға қатысты сөздер өте көп. Қазіргі
қазақ малдан ажыраған халық. Урбанизация үдерісінен
төртінші буыны өтіп жатқан халықтың кешегі аса бай ауыз
əдебиетінен, сол заманғы тұрмыстан ажырап кеткені көрініп
тұр. Соның салдарынан жас ұрпақ қазақтың байырғы
сөздерін былай қойғанда, фразеологиялық тіркестерді тез
жəне терең ұға алмайтын жағдайға жетті. Қазақ тілінің
мемлекеттік тіл ретінде тез қолданысқа енбей жатуына да
осындай жағдай басты себепкер. Көркем сөйлеу, көркем жазу
күнделікті қолданыстан шығып барады. Мұның арты тілдің
өзіндік бояуын жоғалтуға, тілдік нормалардың бұзылуына,
айналып келгенде, қазақ тілінің толықтай құнарсыздануына
əкеліп соғады.
Тіл тазалығы үшін күрес тоқтамауы тиіс. Бірінші кезек-
те, мектеп мұғалімдері тілдің тазалығы үшін күресуге тиіс
болса, одан кейін теле, радио журналистері күнделікті абай
болуға керек. Əр қазақ өз тілінің тазалығы үшін күресуі тиіс.
Мəселен, Францияда француз тілінің тазалығын қамтамасыз
ТІЛДІ
ТҮЛЕТУДІҢ ҮШ
ТЕТІГІ
ету үшін тиісті заңнамалар қабылданған. Бəлкім, бізге де
осындай құқықтық қорғаныс тəсілдері қажет болар.
Қазақ тілі жайында сөз еткенде, бір нəрсені естен шығара
береміз. Қазақ тілі – қазір тек қазақтың тілі емес. Ол бірінші
кезекте – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі!
Мемлекеттік тіл 16 миллион халықтың қолданыс тілі бо-
луы тиіс. Тіл – ұғыстыратын да, табыстыратын да, дұрыс
болмаған жағдайда ұрыстыратын да фактор... Сондықтан,
Мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің тез айналысқа түскенін
бəріміз де қалаймыз. Бүгінгі күннің ащы шындығы сол –
мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуына басқа басқа емес,
өзіміздің ұлт өкілдері қарсы болып отыр. Еліміз нарықтық
жəне демократиялық даму жолын таңдаған Тəуелсіздіктің
алғашқы жылдарынан бастап, күні бүгінге дейін билік саты-
ларына əке-шешесі қазақ тілі деп шырылдағанымен, бала-
сы қазақша бір ауыз сөз қақпайтын будан буын келіп отыр-
ды. Олар үшін қазақ тілі – қайғы. Тіл білмеген соң, рухани
кембағал болып өскен буын өздерінің жеке бас мүдделері
үшін мемлекеттік тілдің мүддесін де қиып жіберіп отыр.
Соның салдарынан Тəуелсіздік алғанымызға 20 жыл толса
да, мемлекеттік тілді жөнді меңгермеген толқын азаймай
отыр. Мəселен, Тəуелсіздікпен түйдей құрдас 20 жастағы
жасөспірімдердің қазақша білмеуін немен жəне қалай
түсіндіруге болады?!.
Менің ойымша, тілді Тəуелсіздіктің тұғырлы бір тетігі
ету үшін, Қазақстанда тілдік реформа жасалуы тиіс. Оның
бір тарабы латын қарпіне көшуді қамтитын болса, екінші та-
рабы қазақ тілін істің, жұмыстың, күнделікті қолданыстың
ширақ тілі ретінде орнықтыруға келіп тіреледі. Түркиядағы
Ататүрік реформасы түрік тілін барынша оңтайландырды.
Бізге де өз кезегінде əбден ойластырылған тілдік реформа
қажеттігі байқалады. Бір ғана Алматы қаласында «микрорай-
он» деген сөз «ықшамаудан», «шағынаудан», «мөлтекаудан»
болып үш түрлі жазылады. Ал қазақ тілін үйренгісі келетін
өзге ұлт өкілдері осының қай нұсқасын қабыл алуы тиіс?
Мұның бəрі бір ізге келтірілуі қажет. Күнделікті қолданыс
тілі ретінде қазақ тілі біраз жұтаң тартуы да мүмкін. Бірақ
одан басқа амал жоқ. Көркем тілмен 16 миллион халық бір сəтте кестелі сөздің өрнегін тоқып отыра алмайды, Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде айналысқа бір түсіріп алғаннан кейін, тілді тереңдеп меңгертуге мүмкіндік туады деп есептеймін. Қазақстан – кең байтақ. Осынау ұлы мекенді қазақпен бірге қаншама ұлт пен ұлыс өкілдері мекендеп отыр. Бəрінің де отбасында амандық, татулық бар. Елде тыныштық. Тұрақтылық сақталып тұр. Ендігі керегі не? Қазақстан халқы бір мемлекет, бір ту, бір тіл қағидасына мойынсұнуы керек. Ел ортақ, жер ортақ, мемлекет ортақ. Мүддеміз бір. Тілегіміз бір. Ендеше неге тіліміз бір емес?!. Бұл идеяны Елбасы Назарбаев бастады. Қазақстан халқын жұмылдырушы тіл қазақ тілі деген тұрғыда ой айтты. Айтып қана қойған жоқ, қазір халықаралық дəрежедегі кездесулерде мемлекеттік тілде сөйлеп жүр. Қазақ Үкіметі де Елбасы тапсырмасын іліп əкетті. Үкімет жиналыстары мемлекеттік тілде өте бастады. Бұл да қуанышты, сүйінішті жағдай. Енді не керек? Елдің бəрі бүгінле мемлекеттік тілі біледі. Түсінісе алады. Бірақ күнделікті өмірде қажеттілік болмай жатыр. Бұл деген сөз мемлекеттік тіл осылайша қағажу қала береді деген сөз емес. Біртін-біртін бүткіл мемлекеттік органдар түгелдей қазақ тілінде іс жүргізуге көшеді. Соған осы кезден даяр болу керек. Елде ынтымақ бар. Ынтымақты елде ырыс бар. Ырысты ел ұрыспайды. Татулық тұрақтылыққа əкелсе, тұрақтылық мұраттылыққа əкеледі. Қазіргі мұрат не? Мықты ел болу. Кездескен қиындық атаулыны жеңу. Бірлесе, біріге отырып, Бөліне, бөлісе отырып емес! ТАТУЛЫҚ ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ ТІЛ ТҰТАСТЫҒЫНА АЙНАЛСЫН!
Қазақстан – ғажайып ел. Біздің халқымыздың ауыз бірлігі зор. Түсінігі мол. Осындай бүкілхалықтық мерекелерді енді түсінісуге, ұғысу мен жұғысуға арнау қажет. Қазақ елі қазақ тілінсіз өркендемейді. Осыны бауырлас халық өкілдерінің бəрі анық сезініп отыр. Кідірмей, кері тартпай, бəріміз бір атаның баласындай жұмылатын болсақ, біз алмайтын асу жоқ. Бірлесейік! Мемлекеттік тілдің мəртебесін бірге көтеруге жұмылайық! Тіл – тыныштық пен тұрақтылықты, татулық пен табысты паш ететін күшті құрал. Сол құрал қолда тұр. Парасаттылықпен жұмсай білейік! Бізде нешетүрлі құжат бар. Төлқұжат. Сик. РНН. Тағы басқасы.. Əр құжаттың нөмірі əртүрлі. Айналдырған 15 миллион 700 мың халқымыз бар. Əр адамда əртүрлі нөмірдегі қаптаған құжат... Осының бəрін өзге өркениет елдеріндегідей бір ізге салуға болмай ма? Осы істің қаншалықты қиындығы бар? Осы жылғы қарашадан бастап ел-жұрт жаңа электронды төлқұжат ала бастайды. Өйткені, 2009 жылғы шілденің 29-нан бастап ЕуроОдақ елдерінде электронды төлқұжаттар қолданылатын болады. Белгілі бір уақыттан кейін бұл елдерге мұндай құжатсыз кіру мүмкін болмайды. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы төрағасының орынбасары Азиза Көпбосынованың хабарлауына қарағанда, əзірше Қазақстанда 2 электрондық төлқұжат жасалған. Оның бірі – Президентке, екіншісі-Премьерминистрге. Қалған азаматтар мұндай төлқұжаттарды қараша айынан бастап ала алады. ЭЛЕКТРОНДЫ ТӨЛҚҰЖАТ ҚАЙ ТІЛДЕ ТОЛТЫРЫЛАДЫ?
Осы жерде бір сұрақ туындайды. Электронды құжаттар қай тілде толтырылады? Біздің ойымызша, ол бірінші кезекте Мемлекеттік тілде толтырылуы тиіс. Соның қатарында ағылшын тіліндегі нұсқасы болуы керек. Осы уақытқа дейінгі əзірленген төлқұжат атаулының көбісі ресми тілде, яғни орыс тілінде толтырылып келді. Төлқұжат берумен айналысатын Əділет министрлігі бұдан былай құжат атаулының бəрін тек Мемлекеттік тілде толтыруы тиіс. Ұлттық иденцификациялық жүйеге сонда ғана шығынсыз қол жеткіземіз. Құжаттарды бір ізге салу барысында мемлекеттік тілдің мəртебесін көтеруге ұмтылу, айналып келгенде Ұлттық тұтастыққа алып келетін шара екенін естен шығармау керек. Қазақтың бір арманы бостандық болса, ендігі бір арманы – баспана мəселесі еді. Алматыда «Жетім бұрышты» жағалаған қазақта есеп жоқ еді: пəтер алу үшін Алматыда кемінде 5 жыл тіркеуде тұру керек; одан кейін ондаған жыл көзі телміріп, кезекте тұру керек. Үй алатын кезегін күтіп-ақ өмірден өтіп кеткен азаматтар аз емес. «Берсең бер, бермесең қой, баспанаңды, сонда да тастамаймын Астанамды» деп Қасым ақын бастап жырлаған баспана мəселесі бүгінгі Маралтайларға дейін ең өзекті де өткір проблема болып келді. Қазақты Колбин билеген кезде «Тұрғын үй – 91» деген бастама өмірге келді. «Одағым – бақыт ордасы» деп əндеткенімен, қазақ баласына баспана алу бұйыра бермейтін. Қаладан үй алғандарға пəтер не бірінші, не бесінші қабаттан ғана тиетін еді. Таңдап жатуға уақыт қайда: қолына ордер АСТАНАНЫ ДА, БАСПАНАНЫ ДА – ТАСТАМА...
тиген қазақ – орден алғаннан да бетер бақытты сезінер еді
өзін...
Колбин де қайбір қазақты жарылқап тастайын деді
дейсіз?!. «Тұрғын үй – 91-ді» қолға алғанда, біріншіден,
қазақтың Желтоқсанда төгілген қаны мен көз жасынан
қорықты. Қыршын жастардың өтеуіне берген көмегі тəрізді...
Екіншіден, қазақтың қанша уақыттан бергі арманы мен зары
баспана мəселесі екенін не біреулер құлағына сыбырлады,
не осылай əрекет ету арқылы қазаққа жақсы көрінгісі, тіпті
жағынғысы келді.
Одақ тарқап, ойды уайым торлаған тұста Қазақстан
нарықтық даму мен демократия жолын таңдады. Нарық –
қазаққа одақтас болып шықты. Қазақтың қолы тимей жүрген
нəрселердің бəріне осы кезеңде қол жете бастады. Соның бірі
– баспана мəселесі. Қазақ қалаға үйірілді. Сауда-саттықты,
бизнесті, кəсіпкерлікті өрістеткендер үлкен қалалардан –
Алматы мен Астананың төрінен ойып тұрып үй сатып ала
бастады. Бұрынғыдай 5 жыл тіркеуде, 50 жыл кезекте тұру
дегеннің ауылы көзден бұлбұл ұшты. Қаржысы бар қазақ
қалаған жерінен үй сатып алатын жағдайға жетті.
Тапқан табысты тіркеместен тұғын үй салуға рұхсат бер-
ген қазақ үкіметі ТМД елдері үкіметтерінің ішінде тағы да
тапқырлық танытты. Соның арқасында көркі көз тартар кот-
тедждер қаптап тұрғызылды. Соның көбісінің иесі өзіміздің
ағайын.
Ел Ордасының Астанаға көшуі, Астана құрылысының
басталуы – қазақ тарихындағы елеулі бетбұрыстың баста-
уы. Астананың құрылысы нақ осыншалық қарқын алады
деп көп адам ойлаған жоқ. Кезекті саяси науқан есебінде
қабылданған осы бір тарихи шешімнің туралығы мен
дұрыстығына жəне дер кезінде жасалғанына кезінде күмəн
келтірушілердің ешқайсысы дəл қазір дау айта алмайды.
Астана – алып құрылыс алаңы.
Астана – Алты Алашқа бас қала.
Астана – бастама жəне баспана.
Астана – алтын астау һəм алтын бастау.
Астанаға қарап Қазақстанның барлық қалалары бой түзей
бастады. Ажары қашқан Арқалыққа дейін қазір өзгерген:
қайда қарасаңыз да құрылыс; үйлер салынып жатыр, жай-
лы да жарық пəтерлер Қазақстан азаматтарының көз
қуанышына айналды. Тұрғын үйді ипотекаға алу алыстағы
арманды біртабан жақындатты.
Түрғын үй тауқыметін тартқан қазақтардың баспаналы
болғаны – тойдың тойы. Соңғы бірер жылда қоныстойы
басқа тойлардың алдына түсіп кетті.
Тұрғын үй салып жатқан да – қазақ.
Тұрғын үй алып жатқан да – қазақ.
Өз қолы өз аузына жетті деген міне, осы.
Тəуелсіз елі болмаса, тұрғылықты жері болмаса, табанды
ері болмаса осының бəрі болар ма еді?!.
Баспаналы болу – бір бақыт. Сол баспананың ішін жанға
толтыру – екі бақыт. Мемлекеттің тиімді тұрғын үй саясаты
бір оқпен екі қоян алуға мүмкіндік беретіндей. Күндердің
күнінде ұзақ жылғы ипотека қарыздары баяғы колхоз-
совхоздардың қарызы жабылғандай, бірер жылда жабы-
лып та кетуі мүмкін... Сондықтан, қазақ баласы өз елінде
тұрғанда ештеңеден қорықпауы керек. «Тəуекел – ердің жол-
дасы» деген.
Күн өткен сайын өмір жақсы жағына қарай өзгеріп
келеді. Жақсылықты көрмеу – жарыместің ісі. Жақсылықтан
жамандық іздеу – жаныашымастың ісі.
Жетпіс жылда жетпеген жақсылыққа жеті жылда кене-
ле қалу мүмкін емес, əрине. Əйтсе де, «Адамның қандай
екендігі істі бастағанынан білінеді, аяқтағанынан емес» деп
данышпан қара шалдың айтқаны айдай келіп тұрған жоқ
па?!.
Тұма бұлақтың бастауынан сіміріп су ішкен қандай?!.
Тəуелсіздіктің тұма бұлағына сен де бас қой, замандас!
Сусының қансын! Еңбегің жансын!
...Осыдан 70 жыл бұрын
25 ақпан күні Сəкен Сейфул-
линге бас-аяғы 20 минутта
үкім шықты. «Атылсын!».
Үкім табанда орындалған
көрінеді...Ертесіне
Ильяс
Жансүгіров пен Бейімбет Майлин бастаған қазақтың жақсы
менен жайсаңы жер жастанды...
Екі күннің ішінде 40 адам атылса, 13 наурызға дейін 631
адам қыршынынан қиылды.
Бұлар ұлттың ұяты мен аяты іспеттес асыл жандар бо-
латын. Əр қайсысы бір-бір үкіметтің тізгінін ұстайтын ұлт
көсемдері мен қайраткерлері еді.
631 адамның орын осы күнге дейін ойсырап тұр.
37-38-дің қасіреті қазақтың тарихында қанды жолақ із
қалдырды. Небір асыл азамат «халық жауы» деген жалаға
ілініп, жаза тартты, жапа шекті.
Қазақтың қаймақтары сыпырылды.
Орнында көк сүт қана қалды...
Бүгежек буын содан кейін пайда болды.
37-38-дің қасіреті сонда: Алаш рухының қайсар тамы-
ры қырқылды. Сауатты қазақ оқығандары сабағынан үзілді.
Ұлт келешегі көктей солды!..Мұндай зардапты қазақ ұлты
бұрынды-соңды көрген емес.
Осы бір зұлматты жылдарды біз «тарих ақтаңдақтары»
деп жылы жауып қоя салдық.
Қазақ ұлтының басын алғанмен бірдей қасіретті біз
тоталитарлық заманның кенет соққан өкпек желіне жаптық.
Ұлттық арылу, ұрпақ алдында тазару болмады. Соның сал-
дары əлі күнге сүйретіліп келеді. Жақсы кім? Жасық кім?
Таразыға тартылған жоқ. Атқан кім? Атқызған кім? Ақиқат
сотына тартылмады.
37-38-дің сойқаны ойсыратқан орынды енді ешкім
ешқашан толтыра алмайды. Мұндай нақақ құрбандық
қазақтың кемел ұлт болу мүмкіндігін мəңгілікке қиып та-
стады ма екен деген де қорқынышты ой келеді. Өйткені, біз
əлі ұлт ретінде еңсе тіктей алмай жатсақ, бар пəленің баста-
АҚПАНДА
АТЫЛҒАН
АРЫСТАР
уы осы жылдарда жатыр. Бассыз ұлт, ессіз жұрт болуымыз
оңай екен. Арғы-бергі қазақ тарихын қараңыз: дəл осындай
қасірет бар ма екен?!. Жетпіс жыл бойына біз солай қанды
қасірет шегіп келеміз. Есіл ұлдардың орнын ессіз құлдар ба-
сты...Ес жия алмай жатсақ, содан-ды...
Жиырмасыншы ғасырдың басында алты Алашқа ұран
тастап, елдік туын көтерген азаматтардың бəрі бір сөзбен
айтқанда, «қазақ оқығандары» деп аталатын еді. Шетінен са-
уатты, іскер, белсенді...ел-жұрттың қамын жеген ерлер еді!
Соның бəрін қырып тастады.
Ақпанда атылған оқтың жаңғырығы осы күнге дейін
оқтын-оқтын естіліп тұр...
Ұлт өседі. Ұрпақ ауысады. Жетпіс жыл бұрын жер
жастанған жайсаңдардың орнын енді толтыра аламаыз ба?
Желкілдеген құрақтай боп өсіп келе жатқан жастар сол
асылдардың тырнағына тати ма?!.
Біз қаншалықты құнттымыз?
Жылда 31 мамыр – саяси қуғын-
сүргін құрбандарын еске алу күні
келеді. Бір-екі болымсыз шара
өткізіледі. Сонымен іс біттіге са-
налады. Бұрын бұған ашаршылық
құрбандарын еске алу қосылушы еді, неге екені белгісіз,
кейін ашаршылық деген мүлдем ығыстырылып, бұл тақырып
тіптен ұмыт қалды...
Айтайын дегеніміз, Қазақстандағы аштық туралы емес,
Ленинградтағы аштық туралы. Кешегі қанды соғыста
Ленинградтың блокадаға түскенін бəріміз білеміз. Сол кезде
13 жасар бір орыс қызы соғыста ата-анасы, туыс-туғандары
түгел қырғынға ұшырап, аштан бұралып жүреді екен. Біздің
Жамбыл атамыздың «Ленинградтық өрендерім» деген
өлеңінің шыққан кезі. Өзі аш,өзі жалаңаш дəрменсіз қызға
Жамбыл ақынның өлеңдері сондай қуат берсе керек. Қала
көшелерінде Жамбыл Жабаевтың суреті басылған плакаттар
ЖАМБЫЛ
ЖƏКЕМ
САҚАЛЫ...
тұрады екен. Плакат желпілдеп, сақалы желкілдеп тұрған шалдың бейнесі қызға құдайдай елестеген көрінеді. «Мен əйтеуір осы соғыстан, осы аштықтан аман қалсам, кеудемде жаным тұрса, міндетті түрде Жамбыл Атаның еліне барып, тағзым етемін» деп өзіне серт берген екен. Сол қыз кейін жасы ұлғайған шағында, осыдан жеті жыл бұрын Қазақстанға, Жамбыл Жабаевтың ауылына келіпті. Зиратына келіп тəу етіпті, мұражайын көріпті. Баяғы берген уəдесін орындапты. Жамбыл ауылында бір қазақтың отбасында қонақта болады. Үйге кіріп, жан-жағына барлай қарап отырады. Сосын үй иесінен: – Сендер қазақсыңдар ма? – деп сұрайды. – Ия, қазақпыз,қазақпыз, – дейді олар. – Қазақ болсаңдар, онда неге сендердің сырмақтарың, алаша, киіздерің жоқ? Тым болмаса, қазақша оюы бар кесе де жоқ қой үйлеріңде.,-дейді таңырқап. Сөйтсе, бұл кемпір Қазақстанға келер алдында біздің еліміз туралы барлық деректерді іздестіріп, қазақтың тұрмыс-салтына қанығып алған екен. «Қонақ аз отырып, көп сынайды» дейді халқымыз. Сол рас сөз. Санкт-петерборлық əнші Розенбаум Жамбылды мұқатып, «Ленинградцы не дети твои» деген əн шығарды. Аруақты қазақ ақсақалына тіл тигізді. Қазақстанға неше мəрте келіп жүр. Кешірім сұраған емес. Қазақтың байшыкештері оның келу-кетуіне ақша төлеп, төріне шығарып қонақ етеді. Мейлі, əркім білген жерінен қайтар... Бірақ, қазақтың қара шалы – Жамбыл жəкемнің ақ сақалы желкілдеп, аштан бұралған ленинградтық миллиондар үшін ең соңғы үміт оты секілді болғаны, қиналғанға қуат бергені, жасығанды жігерлендіргені анық. Жеңіске жетелеген де сол сөз қуаты. Он үштегі орыс қызына Жамбыл Жабаев бейнесі құдайдай көрінбесе, ол өзіне «қайтсем де Қазақстанға барамын» деп сөз бере ме, айтқан сөзінде тұрып біздің елге келе ме?!. Қайран, Жəкем-ай! Желкілдеген сақалы.!..
Қазақтың
Қажымұқаны!
ХХ ғасырда Қазақ елінің тари-
хы мен тағдыр-талайы сөз бола
қалса, ешкім Қажымұқанды
айналып өте алмас еді. Кеше –
қазақ өзіміне өзі томаға тұйық
халде жатқанда – шет мемлекеттерге шығып, қазақтың
атын əлемге паш еткен тарихи тұлғалардың алдыңғы са-
пынан Қажымұқан Мұңайтпасұлының есімін көрер едік.
Осы тұрғыда Қажекеңе əлі күнге дейін дұрыс баға берілмей
келеді. Қазақ спортының халықаралық аренада қанат жаюы
– тап осы кісіден басталады. Қажымұқанға дейін əлемнің
түкпір-түкпірін аралап, бірнеше дүркін əлем чемпионы
атағын алған қазақ болған емес.
Біз бүгінгі күні Тəуелсіз еліміздің айбынын асқақтатып,
беделін биіктеткен өз замандастарымыз туралы жақсы
білеміз. Бекзат Саттархан, Ермахан Ыбырайым, Дəулет
Тұрлыхан секілді жігіттердің есімдерін мектеп оқушыларына
дейін жаттап өсіп келеді. Ал солар өздігінен шыға қалды ма?
Алдында еліктейтін ерлер болған жоқ па? Сондай бір елдің
бəрі зор құрмет тұтқан адам – Қажымұқан Мұңайтпасұлы
емес пе?!.
Өкінішке қарай, Қажымұқан есімі өзінің тірі уағында
ерекше дəріптелді де, мына Тəуелсіздік заманында назардан
қағыс қалды. Соның бір дəлелі – Оңтүстік Қазақстандағы
Темірлан елдімекеніндегі палуанның мұражай үйінен өзге
Қажекеңнің еңбегі мен ерлігін əйгілейтін орын шамалы.
Астанада Спорт мұражайы болуы тиіс. Сонда негізгі бір
бөлік Қажымұқан атамызға арналуы керек.
Астанада күрестен Қажымұқан атындағы турнирлерді
өткізу үрдіске енгені абзал. Иван Поддубныйдың, Ярыгиннің
турнирлерін орыстар жүйелі түрде өткізеді.
Астана қаласында Қажымұқан ескерткіші тұрса – қандай
жарасымды! Біз өз батырларымыз бен ерлерімізді құрметтей
білудің өнегесін тап осы Астана қаласынан бастауымыз
қажет. Осы тарапта даңқты палуанның ескерткіші арнайы
конкурстан өткізіліп, халықтың ықыласына ие болған жоба
ҚАЙ ҚАЛАҒА
ҚОЙСАҚ ТА
АРТЫҚ ЕМЕС
ғана тас тұғырға көтерілуі тиіс. Əйтпесе, күні ертең «олай
боп қалды, былай боп қалды» деп, кезіндегі Жəнібек пен
Керей хандардың ескерткіші секілді артық əңгімеге қалып
жүрмеу керек.
Елдің
елдігі
немен
өлшенеді? Қыздың қабағына
мұң, кірпігіне жас үйірілмесе..
Аналардың жүрегі қарс айы-
рылып күрсінбесе... Тілегіне
қарғыс қосылмаса... Тірлігіне
налымаса...
Аналарды ардақтап келе жатқан елміз. Мемлекет жыл
сайын ана мен балаға қамқорлық жасап та келеді. Оны-
сына алғыстан басқа айтар бар ма?!. Ал, осы күнгі қазақ
қыздарына қандай қамқорлық жасалуда?
Еріксіз
ерін
тістейсіз.
Кешегі
КСРО
тұсындағы
Қазақстанда бір ғана АХБК қалаған келген қаншама қазақ
қызына пана болды. Оқуға түсе алмай, ауылға баруға
арсынған қазақ қыздары сол АХБК-ның жатақхансынан
орын алды. Жұмысқа тұрды. Кəсіп игерді.. Қатарға қосылды.
Тұрмысқа шықты. Ана болды. Қазақтың санын көбейтті.
Қазір қалаға келген қыз не істейді? Қайда барады?
Жатақхана табу бір мəселе. Жұмыс табу екі мəселе. Жан
бағу үш мəселе. Екінің біріне жұмыс қайда? Үйренер кəсіп
қайда?..
Сосын «қыздың жіңішке жолы» одан сайын жіңішкереді.
Жеңіл жүріске салынады. Жағалап түнгі көшеге шығады..
Оның арты қандай залалға əкеп соқтыратынын елдің бəрі
біледі.
Бізде шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту туралы көп
сөз айтылады. Биік мінберлерден жалынды ұрандар естіледі.
Соның бəрінен қазақ қызына қандай пайда бар?..Кəсібіне
кəсіп, нəсібіне нəсіп қосылмаса не пайда?.. Мынау іргедегі
қырғыз екеш қырғыздың өзінде қазір шағын жəне орта
ҚАЗАҚ
ҚЫЗЫНЫҢ
КІРПІГІНДЕГІ
ҚАЗАҚСТАН
кəсіпкерлік өрістеп тұр. Олар өз мақтасын өздері иіріеді. Өз матасын өздері шығарады. Өз өнімдерін Қазақстанға əкеліп пұлдайды...Рас, олардың жетісіп жатқаны шамалы. Бірақ, əйтеуір тірлік бар ғой. Қырғыз елі қыл аяғы лəмпішкеге дейін шығарады. Бізде неге сондай бағыт ұстамасқа?.. Ұлы мен қызына кəсіп пен жұмыс тауып берген үкімет нағыз үкімет сияқты.. Қызына қамқорлық жасаған елдің болашағы зор. Қызын қорлаған елдің ертеңі сор. Қыздың жүгін жеңілдеткен қоғам қайырлы. Қыздың артық жүрісін тиған қоғам зайырлы. Қызын өксітпеген ел шын мінінде бақытты. Бізді сөйте алып отырмыз ба?!. Қазақ қызының кірпігіне қараңызшы. Не көріп тұрсыз? Қазақ қызының кірпігіндегі Қазақстанға қараңыз енді.. Не көрінеді?!. Кездейсоқ бір таныс кісі ұшырасты. – Қазақ деген неткен намыссыз ел еді, – деді салған жерден. – Осы күні ел басына күн туса, көшеге қазақты қорғайтын бір адам шықпайды!.. Не десем екен дегенімше болған жоқ, есіме жат жерде жүрген қаршадай қазақ қызының қайратты қылығы түсті. Астаналық əріптесіміз Талғат Батырханның қызы Ақбота Англияға кетті. Оқуға. Талапты бала. Барған бетте профессор аудиториядағы студенттермен таныса бастайды. Кезек Ақботаға келгенде, ол орнынан тұрып: – Мен Қазақстаннанмын! – дейді. – А-а, əлгі Бораттың киносындағы ел ме? Сіз ол фильмді көрген боларсыз? – дейді профессор кекесін үнмен. – Біріншіден, менің елімнің аты – Қазақстан Республикасы. Біліп қойыңыз, Қазақстан жер көлемі жағынан əлемде МЕН БОРАТТЫҢ ҚАРЫНДАСЫ ЕМЕСПІН!
9-шы орын алады. Екіншіден, сіз айтқан киноны мен көрген
жоқпын. Өйткені ол таза топастарға арналған фильм. Ондай
киноны сіз сияқты ақылды, оқымысты кісілер көрмейтін де
шығар деп ойлаймын, – дейді біздің қыз қасқайып.
Сөзден ұтылған профессор қып-қызыл боп кетіпті.
Ақботаның жанындағы грузин жігіт біздің қызға басын иіп,
қолын қысады.
Арада аз уақыт өткенде студенттер асханасында бір араб
қызы біздің қызбен:
– Сəлем, Бораттың қарындасы, – деп амандасады.
– Əй, сен де мұсылмансың, мен де мұсылманмын. Бүйтіп
басқаларға күлкі болмайық та, – деп біздің қыз сыпайы түрде
ескертеді. Анау бір тəлпіш екен. Танауы желпілдеп:
– Бəрібір сен мен үшін Бораттың қарындасысың,- дейді.
– Мен Бораттың қарындасы емеспін!
Біздің қыз сол жерде қолындағы тамақ толы табақты
тəлпіш қыздың басына төңкере салады. Шу шығады.
Оқытушылар келеді. Бəрін көріп, естіп тұрған студенттер
біздің қызды жақтайды.
Қаршадай қазақ қызы Қазақстанның намысын осылай
қорғады. Жат жерде. Шет елде. Жалғыз өзі.
Бармақтай ғана баланың бұл ерлігі мен үшін Халық
Қахармандарының ерлігінен бір мысқал кем емес! Болсаң –
осындай бол!
Ал біз өз жерімізде тұрып, жүріп...кейде намысты қолдан
береміз. Рас. Қазақтың намысын қорғау үшін міндетті түрде
балаларды шетел асыруымыз керек пе?!.Əр азамат осы
қыздай қайрат танытса біреу қолымыздан қағып па? Елге де,
жерге де қорған боламыз десе жігіттерге біреу қой деп отыр
ма?..
Біз намыссыз ел емеспіз!
Бізді біздің қыздар да қорғай алады.
Ал сіз қазақтың намысын кім қорғайды дейсіз!?.
«АҚШ клиникаларының
бірінде Қазақстан азаматша-
сы Айнұр Ахметова ес-түссіз
жатыр.
Оның
тағдырын
дəрігерлер консилиумы мен
ата-анасы шешеді». Міне осындай суық хабарды елор-
дада өткен брифинг барысында ҚР СІМ Консулдық қызмет
департаментінің директоры Рысқали Дəуренбек мəлім
етті. Қазір анықталғанындай, А. Ахметова Массачусетс
штатының Хаянис қаласындағы клиникада жатыр екен.
«Work & Travel» бағдарламасы бойынша АҚШ-та жұмыс
істеп жүрген павлодарлық Айнұр Ахметова Массачусетс
штатындағы госпитальдердің бірінде ес-түссіз жатыр.
Р.Дəуренбектің айтуынша, ол түнде өзі жұмыс істеп жүрген
қонақүйдің бассейіне шомылып, белгісіз жағдайда суға
батқан. Қонақүй қызметкерлері қызды судан шығарып, поли-
ция мен жедел жəрдем шақырған. Американдық полицейлер
оқиғаны 4 тамыз күні еліміздің АҚШ-тағы Бас консулдығына
хабарлаған. Медицина қызметкрелерінің атап өтуінше, ол
қазіргі уақытта аппараттың көмегімен тыныс алып жатыр.
ҚР Сыртқы істер министрлігі Айнұрдың апайының шұғыл
арада АҚШ-қа ұшып баруы үшін американдық виза алуға
жəрдем берді. Қазіргі уақытта ол Америкада, қасында аудар-
машы бар.
«Ертең, шамамен сағат 12-лерде дəрігерлердің консилиу-
мы өтеді, оған зардап шегушінің апайы қатысады. Дəрігерлер
мен қыздың ата-анасы Айнұрдың өмірін жасанды түрде
ұстап тұрған аппаратты өшіру, өшірмеу мəселесін шешеді.
Əзірше Айнұрдың тыныс алып жатқандығын айтқымыз
келеді, біз қолымыздан келген көмекті жасаймыз. Қажет
болған жағдайда оны Қазақстанға жеткізуге де қаржы бар»,
– деді Р.Дəуренбек.
Сондай-ақ
дипломаттың
атап
өтуінше,
полиция
қызметкерлері бұл жайтты оқыс оқиға деп бағалауда. «Оны
судан шығарғанда денесінде ешқандай соққы іздері болған
жоқ. Сонымен қатар қастандық жасау, тонау мəселесі де
қарастырылып отырған жоқ», – деді ол. Павлодарлық студент
ҚАЙДА
БАРАСЫҢ,
ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ?
қыздың туыстары оның органдарын трансплантация үшін
пайдалануға рұқсат бермеді. «Клиника дəрігерлері қазір жа-
санды тыныс алу аппаратын өшіруді талап етуде. Сондай-ақ,
қазір АҚШ-та клиникада жатқан қарындасымыздың орган-
дарын донорлық трансплантациялауға пайдалануға келісім
беруімізді сұрады. Біз оған келіспедік, біз оны құтқарамыз
деп үміт етеміз», – деді Айнұр Ахметованың ағасы Дəулет
Ахметов.
«Біз америкадағы консулдық өкіліне өтініш жасап, оның
Айнұрды тыныс алу аппаратынан ағытпай Қазақстанға
жеткізуге көмек көрсетуін сұрадық. Астанадағы нейрохирур-
гия орталығының дəрігерлері оны құтқаруға тырысып көруі
үшін. Консул мүмкіндігінің шектеулі екендігін жеткізді. Ол
бұл мəселенің мемлекет деңгейінде шешілуі тиістігін айта-
ды. Сондықтан біз еліміздің премьер-министрінің блогына,
көмек көрсетуін сұрап өтініш жаздық», – деді Дəулет Ахме-
тов.
Еске салсақ, Павлодар мемлекеттік университетінің
(ПМУ) студент қыз баласы биыл жазда АҚШ-қа «Work&
Travel» бағдарламасымен кеткен. Ол өткен аптаның соңғы
күндері бір отельдің бассейнінде ессіз күйде табылды. Оған
медициналық көмек көрсетілді, кейін дəрігерлер Айнұрдың
комаға түскенін хабарлаған.
«Work& Travel» өкілдері əзірге Айгүлге ешқандай көмек
көрсеткен жоқ», – деді Дəулет Ахметова.
ПМУ өкілдері «Аударма ісі» факультетінің үшін курсының
дарынды студенті «Work& Travel» бағдарламасына қатысуға
өз бетінше өтініш бергенін жеткізді. «Бұл бағдарлама білім
беретін бағдарлама емес, жəне біз оны қадағаламаймыз. Сту-
денттер саяхаттап, жұмыс істеп жүреді. Бізге Айнұр дүкенде
сатушы болып жұмыс істегені белгілі», – деді ПМУ прорек-
торы Роза Қадысова.
Өте өкінішті жағдай, əрине.
Əйтсе де осы оқиғадан қандай ой түюге болады? Біздің
қазақ қыздары əлемнің түкпір-түкпірінде жүр. Біреулері
білім іздесе, енді біреулері жеңіл табыс табудың жолына
түскен. Тағдыр айдап, неше түрлі пəлекет жағдайларға тап
болып жатқандары да аз емес. «Қыздың өзі – үйде, қылығы
– түзде» демеуші ме, еді дана халқымыз. Сол айтқандай,
қазақ қыздары неше түрлі теперішке тап болып жатса, баяғы
қырық үйден тыйым кеткені де...
Білім іздеген жас қыздар қабырғасы қатып, бұғанасы
бекімей жатып-ақ өмірдің нешеме қулық-сұмдығын көреді.
Толайым тəрбие алып көрмеген жастар өзге елдің қаңсығын
таңсық көріп, тез бұзылып та жатыр...
Қыз бұзылса, қылығы құриды.
Ұл бұзылса, ата-анасы ұлиды.
«Қанаттығы
қақтырмай,
тұмсықтыға
шоқтырмай»
өсіретін еді, бізден бұрынғы қазақ баласын. Бүгінде «оқысын,
қатарынан қалмасын, ел көрсін» деп əлпештеп отырып-ақ,
өз қыздарымызды қанатты мен тұмсықтыға байлап беріп
отырған жоқпыз ба?!. Осыны неге ойламаймыз?
Көп ретте біздің жас қыздар мен ұлдар шетке шығып, ел
көріп, білім игергенімен өмірдің бір шетіне шығып қалып
та жатыр. Іздеушісі, сұраушысы жоқ жандардың тағдыры
не болып жатқанын бір Алла біледі. Кейбіреулерді қасқана
«ауыртып», артынан ішкі ағзаларын сойып алып, «донор»
ретінде пайдаланып жатыр екен» деген де суықсөз ел ішін
кезіп жүр...
Абзалы, қыз баланы қиян шетке жібермеген дұрыс-ау...Ер
бала өзін қорғай алады. Қызға қиын ғой. Халқымыз «қыздың
жолы – жіңішке» деп, мұны ерте заманда-ақ есте ұстауға ден
қойды емес пе...Ал біз?..
«Қайда барасың, қазақ қызы?!.» деп жанайқай салғың
келеді осындайда. Еститін құлақ болса? Қызға тыйым сала-
тын құлық болса? Қанеки...
Əсмəлде көктем шығады.
Диқандар жер өңдеу жорығын
бастайды.
Қазақстанның
базарларына
Өзбекстан,
Қырғызстан, Пəкстан сияқты елдерден көкөніс үздіксіз
келіп жатыр. Қазақстанға 5 Франция сыйып кетеді деп
қалпағымызды аспанға атып мақтанғанда алдымызға жан
салмаймыз. Ал сол жерді қалай өңдеп, қалай пайдаланып
отырмыз?
Қаңтар айында Түркияда, Анталия аймағында болдық.
Бос жер жоқ. Бəрінде қаптаған жылыжай. Жылыжай
салынбаған аудан жоқ есебі. Жылдың төрт мезгілінде сол
жылыжай тұрақты өнім беріп тұр. Соның арқасында Түркия
бір түйір шемішкені сырттан сатып алмайды. Экономика-
сы жағынан əлемнің озық оншақты мемлекетінің қатарына
ілікті.
Қазақстанда жылыжай шаруашылығын дамыту тура-
лы Елбасы 1992 жылдан бері айтып келеді. Бірқатар жоба-
лар жасалып, жұмыс істеген жылыжайлар жоқ емес, бар.
Бірақ, жаппай дамып жатқан жоқ. Əр өңірде жақсы жұмыс
істеп тұрған бір жылыжай болса, оған да қанағат дер едік.
Өкінішке қарай, бұл тарапта ауыз толтырып айтар жетістік
шамалы.
«ҚазАгроҚаржы» деген құрылым бар. Осы мекеме жал-
пы сомасы 8,9 млрд.тенге болатын 10 жобаны мақұлдапты.
Олардың пайдалануға 4-еуі тапсырыған, 3 нысан құрылысы
аяқталуға жақын көрінеді. Биыл жылына 5,6 мың тонна
өнім беретін 3 жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Олар
– «Green House – жасыл үй» ЖШС – жобалық қуаты 2100
тонналық Алматы облысындағы 4 га жылыжайы. «Аделя»
ШҚ – жобалық қуаты жылына 2400 тонна өнім өндіретін
Оңтүстік Қазақстандағы 5 га жылыжайы. «Астана Эко
Стандарт» ЖШС – жобалық қуаты 1900 тонналық 3 га-лық
Астанадағы жылыжай.
Ниет дұрыс. Бағыт белгілі. Бірақ біздегі жылыжай
жобаларының бəрі сұмдық қымбат. Қымбат қаржыға
салынғасын оның өнімі де қымбат болады.
ЖЕТІМСІРЕП
ЖЕР ЖАТЫР...
Осы ретте жылыжай өндірісін əрі арзан, əрі жерді игергісі келетін жұрттың бəрі жаппай жасай алатындай етудің жолы жоқ па? –деген сұрақ кес-кестейді. Жылыжай каркастарын өзіміздің елде құрастыруға, полиэтилен бұйымдарын арзан бағамен өзімізде шығаруға əбден болады ғой. Суғару жүйесіне қажетті тамшылатып суғаратын сымнауаларды да Қазақстан жасай алады. Айта берсе мүмкіндік толып жатыр... Кең-байтақ Қазақстанда жөнді игерілмей жер жатыр... Елбасы жақында Солтүстік Қазақстан облысында болды. Қысты шығарып салды. Көктемді қарсы алды. Облыстағы жылыжай шаруашылығын аралады. Сапар барысын Қазақстан телеарналары толық көрсетті. Елбасы сапарын, қақаған қыстағы жып-жылы жылыжайды көріп отырып ойға қалдық. Ойпыр-ай, дəл осындай жылыжайларды Қазақстанның оңтүстік облыстарында қаптатып салып тастау соншалықты қиын ба?!. Жыл сайын ерте көктемнен қара күзге дейін Өзбекстанның көкөнісіне көзімізді сатып телміреміз де отырамыз. Ала шапанды ағайын қияры мен қызанағын пəлен есеге пұлдап отыр. Ал біз.. Жер десеңіз, жер бар. Тыңайтқыш десеңіз, тыңайтқыш бар. Тек құлық жоқ. Ниет жоқ. Əйтпесе, сол өзбек диқандары еккен көкөністі біз де еге аламыз ғой... Біздің ағайындар жер біткенге егін емес, базар салып əлек. Қайда барсаңыз да салынып жатқаны сауда орталығы. Сауда-саттық алаңы. Көңіл-көтеретін орындар... «Алтын, күміс тас екен, арпа, бидай ас екен» дейтін заман келгені ешкімнің қаперінде жоқ. Осындайда əр ауылдың өз жылыжайы болса дейсіз.. Əкімдерге базар салғанша, жылыжай салу бұйырылса! Əр ƏР АУЫЛДЫҢ ӨЗ ЖЫЛЫЖАЙЫ БОЛСА...
жылыжайда жұмыс істеуге жергілікті тұрғындар тартылар еді. Жастар жұмыссыз сенделмес еді.. Əр ауыл, əр аудан, əр облыс өз тұрғындарын өз өнімдерімен қамтамасыз етер еді. Ақша айналып өзімізде қалар еді.. Қазақстанның солтүстігінде жұмыс істеп тұрған жылыжайды көріп, қақаған қысты, қарлы боранды ұмытады екенсіз. Көңіліңіз қараптан қарап тұрып өседі екен. Көңілді өсіретін көкөніс қана емес. Көгерген тірлік! Көсегеміз көгерсін десек, көкөніс егелік! Көктелік, көгерелік! ...Бізде көп өзгеріс болған екен. Жалпы біз қатты дамып та кетіппіз. Мəселен, жолды алайықшы. Талай рет құдайдың зарын қылып, қақсамаған адам жоқ. «Жол деген ойқы-шойқы, мəшине түгілі ат жүре алмайды, ауылға бомба түскен тəрізді..» деп Алпысбай ақсақал аудан, облыс, тіпті анау Ақордаға дейін апрызды бұрқыратты да жатты. Ақыры жаза-жаза жағы талып, жазатайым сол жолға сүрініп қайтыс болған жоқ па?!. Жылын да беріп қойдық.. Біз соншалықты жылау бермеуіміз керек екен. Бəрі де дұрыс болады деуші еді, жоғарыдағылар..Сол айтқандай, бəрі де дұрыс болып шықты. Жол дедім ғой, ия. Сол жол дегеніңіз бізде баяғыда жөнделіп қойған екен. Ауылдағы он бес көшеге асфальт төселіп, жарқырап жатыр..Көрмей жүрген өзіміз. Мына шыққыр көзіміз екен..Бəсе, осы əкім біртүрлі нелеу көрініп еді..Күліп қарсы алатын, күліп шығарып салатын... «Түсі игіден түңілме» деп бекер айтпаса керек. Тап солай боп шықты...Жаман адам емес екен. Əкім болып келгелі талай жерді туыстарына берді. «Қарына тартпағанның қары сынсын» демей ме, қазақ? Мұнысы дұрыс. Оның орнында болсам мен де соны істер едім. Күлме, ыржаңдап! Сен де соны істер едің, білдің бе!?. БҰНЫҢ БƏРІН ƏКІМ КЕТКЕН СОҢ БІЛДІК...
Туысқанына тартпаса, туысып керегі не? Қарына тартпаса,
қиысып кеоегі не?!.
Так штө, бəрі де ойдағыдай боп шықты. Əкіміміз кере-
мет кісі екен. Ақылды. Ойлы. Парасатты. Пысық. Пысық
болмаса, əкім бола ма?. Шешен. Шешен болғанда, Əйтеке,
Төлебилеріңіз жайына қала ма дедім ғой... Өткенде есеп
бергенде тілі тіліне жұқпай суылдады. Өзінде жақ жоқ
па деп қалдым. Жағы талмады ғой..Біздің сөйлегіш деп
жүрген Атабайымыздың өзі аузы ашылып, екі езуін жия
алмай, аңқиыпты да қапты...Ойпырмай, адамға құдай бере
саламын десе, бере салады екен ғой..Өмірі алдын көрмеген
кісіміз еді еді...Осы есеп беру жиналысында зал толы жұрт
Кашпировскийдің сеансында отырғаннан бетер, егіліп
отырды ғой..Сұмдық керемет толғандық. Біз өзімізді өзіміз
білмей жүр екенбіз..Біз өзімізді өзіміз танымай жүр екенбіз..
Əкім біздің əкемізді тан..,жоқ, ойбай, əкемізді тірілтіп
жібергендей болды..Жиын соңында үлкен-кішінің бəрі
көзін сүртіп, егіліп отыр екен..Көзі бұлау-бұлау боп шықты
талайдың..Сонша тебіренгеніміз-ай!..
Жалпы біз адам танымайды екенбіз ғой. Танысақ, осы
əкімнен ашық күнде айрылар ма едік?!. Неге жолында жатып
алмадық? Неге анау «Алтын орда» базарының алдындағы
үлкен жолды жауып тастамадық?..Неге анау Ақордаға арыз-
ды бұрқыратпадық? Осындай əкім бізге керек деп неге
аштық жарияламадық?!..
Əкіміміз сұмдық іскер екен! Іскер болғанда сұмдық!
Мұндай əкімнен айрылу..,əй əтесіне нəлет, еркек тоқты
құрбандық, біреуіміз өзімізге өзіміз өртеп жібергенде бар
ғой.., орнында қалатын еді...
Əкімімізден айрылып отырмыз енді.. осылай..Қандай
адам еді десеңізші! Қалай ғана «қолда бар алтынның қадірін
білмедік?!.» Уай, не істерсің жаным, не істерсің?!.
Қойшы, біздің əкіміміз ауылдың жолын түп-түгел
жаңадан салған екен. Анау есік-терезесін қай жылы
жекешелендіру басталар тұста əкімнің өзі үйіне тасып
əкеткен Мəдениет сарайы бар еді ғой.., сол тамаша күйінде
тұр еді..Кеше теледидардан көрсетіп жатыр, онымыз қирап
қалған екен.. Қашан қиратып жүргенін жүгермектердің?!.
Үйден де көп шыға бермейміз. Сосын көрмейміз де ғой.
Сол сарайдың қирағанын өз басым байқамаппын. Иə, соның
орнына ине-жіптен өткендей мүлдем жаңа Мəдениет Үйі
тұрғызылыпты..Бюджеттен соған 69 миллион теңге кеткен
дей ме?!. Кетсе кетсін..Қайда кетпей жатқан бюджет?.. Анау
өзенге салған көпірге 54 миллион кетіпті..Ауылдың жолына
77 миллион, бала-бақшаға 45 миллион, ауыз суға 82 мил-
лион, телефондауға 49 миллион.. Айтып отырса, сұмдық
ақшалар..Бəрі де іске асыпты..Кəдеге жарапты..Жол салы-
нып, көпір салынып, бала-бақша салынып..Ауылымыз кере-
мет көркейіп кетіпті...
Осының бəрін біз əкім кеткен соң ғана біліп отырмыз...
Ал жол сол баяғы күйі. Шұңқыр-шұңқыр..Соғыс туралы
кино түсіретін режиссер болса, біздің ауылға келсін, дап-
дайын кадр..Ауыз суды водовозбен тасып ішіп отырмыз.
Бөшкесі 7 мың теңгеден асып кетті..Бала-бақша деген анау
Əбдімəліктің ескі мал қорасы, соны евроремонттап, іші-
сыртын əктеп, фундаментіне смала жағып қатырып берді
емес пе?!.. Сол ғой..Ал енді телефон орнату деген арман ғой.
Оған Ұлы Отан соғысына қатысып, Берлинді алып қайтқан
Қасқырбай қарияның қаншама орден-медалдарының да
шамасы жетпеді..Қасекең де қайта-қайта арыз жаамын деп
жүріп ақыры ауру болды, соғыст шықпаған жаны əкімдік
пен қазтелекомның табалдырығын тоздырумен жүргенде,
демі де таусылып, Жеңістің 60 жылдығына жетпей кетті ғой..
«Көз көрген» біздер болмасақ, мына жас балалар ауылда
не болып жатқанын қайдан білсін!?. Елу ел емес, алдыңғы
алпыс елдің қатарына қашшан кіріп кеткенімізді білмейтін
де шығар..
Қайран, əкіміміз-ай! Азаматымыз-ай! Өзінің аузы да шек-
тен тыс үлкен еді..Өңеші де кең тұғын..Жеген соң əкесін та-
нытып жеген де дұрыс қой!
Тамаша жігіт еді...
Ауылымызға келіңіз..Ауыл өскен екен. Өзгерген екен..
Қағазға қараған сайын өзіміз де таң қаламыз..
«Əкіміне қарап ауылын таны» деген осы шығар...
...Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде бір ел болыпты. Бұл əлемдегі ең бақытты ел екен. Бұл елдің бақыттылығы сонда: əр əйелдің он үш күйеуі болады екен. Əр əйел сол он үш күйеуді əлпештеп бағады. Он үш күйеу ештеңе істемейді. Күндікке шалжиып жатады. Телміріп телевизор көреді. Шайнаңдап шашлык жейді. Ішкені – салқын сыра, түскенісалқын су. Құдайдың бар рахатын солар көреді екен. Бір күні бір əйел аяқ астынан баж ете қалыпты. – Ойбай, балам ауырып қалды. Дəрігерлер қан құю керек деп жатыр. Баланың əкесінің қаны керек. – Шақырыңдар, əкелерін!.. 13 əке жетіп келеді. – Қан керек. Мына бала қайсыңдікі? – Менікі,менікі! – деп 13 əке бірдей шуылдайды. – Бір балада 13 əке болмайды, бір-ақ əке болады, – дейді дəрігер. – Осының біреуі болуы керек,-деп баланың шешесі жерге қарайды. Сонымен дер кезінде құятын қан табылмай бала өліп кетеді. Əлгі елдің əйелдері жиналып, мəжіліс құрады. – Біз осы он үш күйеудің қайсысынан бала көтергенімізді анықтау үшін бұларды жылдың он екі айына бөлейік, – дейді бір əйел суырылып шығып. – Сонда əр айда бір еркекпен болсақ, баланың əкесін анықтау оңай... – Керемет ұсыныс екен,қолдайық, – деп қалған қатындар асарлата жөнеледі. Сонымен, 13 еркекті он екі айға бөледі. Бір еркектен артық қалады. – Мына артық еркектерді не істейміз? – дейді бір іскер əйел. – Оларды не істейтінімізді екі жылда бір рет осылай бас қосып,арнайы жиын өткізіп,ақылдасып отырайық,-дейді шашы ең ұзыны. ЕҢ БАҚЫТТЫ ЕЛ
– Тамаша ұсыныс, не деген тапқырлық! – деп қалған қатындар бір ауыздан қолдап қарар қабылдады. «Ең қиын мəселені ең оңай жолмен шешкен ел» деген Дүниежүзілік Əйелдер Одағының «Алтын қатын» деген құрметті атағын жеңіп алған əлгі елдің рейтингі содан бері аспандап тұр деседі.. Ең бақытты елдің еркегі болғанды қалар ма едіңіз?.. «Ақшаң болса, қалтаңда, олай-бұлай талтаңда» дейтін еді бұрынғының шалдары. Бүгінгінің балдары сол сөзді сол күйі құлаққа құйып алғандай. «Пəленше деген мемлекеттік қызметкер пəлен мың доллармен ұсталыпты», «Түгенше деген прокурордың қолтасынан пəлен доллар шығыпты», «К.деген сотты тінткенде қалтасынан мыңдаған доллар табылыпты», «Жол полициясы қызметкерінің гаражынан бума-бума ақша шығыпты» деген ақпараттан аяқ алып жүре алмайтын болдық. Жақында ғана сондай бір мемлекеттік қызметкердің қалтасынан қыруар қаржы табылыпты. Тұтқындау кезінде əлгі мырзаның қалтасынан бүткіл Ақмола облысының астықты шаруашылықтарын көтемгі егін мен күзгі жиынтерін кезінде жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге жететіндей қаржы шығыпты. Ақмола облысының егістік алқаптарының көлемі 860 мың гектар, ал əр гектарға кететін жанар-жағармайдың орташа нормасы – 16,5 литр, ал дизель отынынң құны – бір литрге 0,87 доллар тұратынын ескерсек, əлгі шенеуніктің қалтасынан шыққан ақша қанша болғаны?.. Кəне, есепке кім жүйрік? ҚАЗАҚТЫҢ БАЙЛЫҒЫ – ҚАЛТАДА...
Қазанның 4-інде «Известия» газетіне Бір сұмдық мақала шықты. Осы бас мақалада Путин Ресей, Беларусь пен Қазақстанды біріктіретін Еуразия Одағын құруға шақырды. Ол бір-бірінің арасындағы сауда, капитал жəне жұмыс күшіне қатысты шектеулерді алып тастауды жоспарлап жатқан осы үш елден тұратын Кеден Одағын жатып тұрып мақтады. Бұл Одақ 2009 жылы «Еуропа Одағы мен өзге де аймақтық институттардың тəжірибесіне сүйене отырып құрылған» деп жазады мақала авторы. Ресейдің Премьер-министрі қызметінде отырып келесі жылғы президент сайлауына түсетіндігін ашық айтып, онысын қазіргі Ресей президенті Дмитрий Медведевтің аузымен жер-жаһанға жария еткізген Путин енді Ресейді ғана емес, Кеден одағына қарасты өзге елдерді де жатқызыптұрғызбақшы. Кеден одағының құрамында Қазақстан да бар екенін ескерсек, біздің Тəуелсіздік деп жүрген нəрсеміздің əшейін бір ойыншық сықылды əсері ғана қалған сияқты... Сарапшылар Путиннің бұл əрекетін қазіргі Ресей қоғамына кең тараған Совет Одағын аңсау сезімін күшейтіп, сайлау алдында биліктің танымалдығын арттыру амалы деп есептейді. СССР-дің құлауын «21 ғасырдағы ең ірі геосаяси апат» деп атаған Путин бұл жолғы мақаласында «менің идеям СССР-ді қайта құру емес. Бұлайша өткеннің көшірмесін жасау тым қарабайыр болар еді. Бірақ, саяси-экономикалық негіздегі күштірек интеграция мен құндылықтардың жаңа жүйесі – заман талабы» деп жазады. Путин 2012 жылдың қаңтарында қызмет ете бастайтын Беларусь, Қазақстан мен Ресейдің арасындағы Кеден Одағын ерекше атап өтіп, өзінің ықпал ету орбитасындағы барлық пост-советтік елдер үшін тарихи оқиға деп көрсетеді. Ол өзге де бұрынғы советтік елдерді Кеден Одағына кіруге шақырады. Ондай жағдайда Еуропа Одағына кіре алмай қаламыз деген Украинаның наразылығын тағы бір мəрте елемей өте шығады. Еуропа Одағының үлгісінде һəм оған КЕДЕН ОДАҒЫ МА, КЕҢЕСТЕР ОДАҒЫ МА?!.
геоэкономикалық бəсекелес ретінде жобаланған 165 миллион тұтынушысы бар Біртұтас Экономикалық Кеңістік жалпы алғанда позитивті əсерге ие жəне Еуропа мен Азияны жалғайтын экономикалық дəліз рөлін атқармақ деп санайды Путин. Путин электораттың басым көпшілігінде бар империалистік пиғылды дөп басып ойнағысы келіп отыр. Расында да мұндай аңсау бар. Дəл Совет Одағының түрінде болмас, өйткені тұтас Орталық Азия, Балтық елдері мен Оңтүстік Кавказ уысына қайтып түспейді. Бірақ, империалистік өткен шақты көксеу əлі де басылмаған. Путин қоғамның көкірегіндегі осы бір қылдарды шертіп ойнағысы келеді, – дейді Мəскеуде орналасқан Саяси бағалау орталығының сарапшысы Павел Савин мырза. Павел Савиннің ойынша үшінші мерзімге президент болып сайланғысы келетін Путин билеуші топтың кері кетіп бара жатқан танымалдығын қалпына келтіруге барын салып жатыр. – Путин өте қиын жағдайда қалып отыр. Өйткені биліктің рейтингі құлдырап барады. Оның жеке басының рейтингі де соған ұқсас. Сондықтан ол электоратты тірілтетін жаңа ойын бастамақ, – дейді Савин. Путиннің рейтингін аз деп те айтуға келмейді, қазір 70 пайыз шамасында. Бірақ, 2008 жылғы Ресей халқының 85 пайызының қолдауына ие болған танымалдығы кеми түскен. Ал Путин басқаратын «Единая Россия» партиясының рейтингі биылғы маусым айында 40 пайызға бір-ақ түскен еді. Ал Мəскеу Карнеги орталығының сарапшысы Николай Петров: – бұл мақала Путиннің сыртқы саясаттағы жеңістеріне назар аударту, желтоқсанның 4-і өтетін Дума сайлауының алдында жасалған жарнама ғана,- дейді...Шынында солай ма? Путин өз жемтігін жеуге мысықтабандап келетін адам. Ол тышқанды көре салысымен тырнағын шығармайтын тарғыл мысықтың дəл өзі. Тышқан уысына түсер кезде ғаны жып еткізіп тырнағын шығарады да, тарпа бас салады. Со-
сын бірден жей қоймай, арлы-берлі аунатып ойнай бастайды. Путиннің əу бастан көздегені де, көксегені де Кеден одағын емес, Кеңес одағын қайта құру. Империялық пиғыл əр орыстың кеудесінде отыр. Путин осы ойды осыған дейін Жириновский сияқты жындыперен адамдар арқылы Ресей халқының құлағына сіңірумен болды. Енді нағыз тырнақ шығарар уақыт келді. Ұлы империяны қайта тірілтпек болған Путиннің уысына ең алдымен Қазақстан іліге ме деген қауіп бар. Бұрыннан орысшыл қазақ жұрты ендігі таңда орыс бола алмасы анық, бірақ қараорыс болуға бір иығын беріп-ақ тұр. Сонда Қазақстанның Тəуелсіздігі 20 жылға ғана жеткені ме?!. Аласыпыран əлем. Алатайдай тулаған араб əлемі, жер-жаһанның назарын өзіне үйіірген жапон зілзаласы, табиғаттың тосын мінездері, түрлі апаттар мен зұлматтар; күнделікті газеттерді ашып қалсаң, телекілтті басып қалсаң – көретінің, еститінің кілең «су басты, өрт алды, пəлен кісі өлді, түген адам зардап шекті» деп желдей ескен ақпарат. Төрткүл дүниенің қай түкпірін алсаңыз да осындай. Осының бəрін сансыз спутниктік арна, иін тірескен нтернет, қаптаған газет-журнал, сарнаған радио желісі арқылы күн сайын естіп те, көріп те жүрген жайымыз бар. Кеңес кезінде мұндай оқиға болмағандай, адам біткен өлмегендей, нешетүрлі табиғи апаттар орын алмағандай күй кешіп, қазір сол бір мамыражай уақытты іштей аңсайтын жандар да жоқ емес. Ақпарат тасқынына төтеп беру үшін де адамға ең алдымен денсаулық керек екен. Ал сол құдайдың берген денсаулығын «денсаулық үшін» ащы судан тартып жіберіп, саулығын жоғалтып, «жан рахатын» табу үшін есірткіге елігіп, кер заманның кесір əдеттеріне бой ұрып, жігерсіздікке салынып, өмірден үмітін үзіп, бұл дүниеден баз кешіп, өмір сүрудің ЖЫЛ КЕЛГЕНДЕГІ ЖЫЛЫ СӨЗ
жауапкершілігінен жалтарып, не болмаса қалай тірлік кешем
деп аңтарылып, əрі-сəрі күн кешкен замандастарымыздың
да бар екенін айтуға керек. Болмайтын нəрсеге бола бас
араздығына барып, азғантай зат үшін арпалысып, дүние-
мүлік үшін соттасып, жағаласып, бір-біірін қайта көрместей
болып бет жыртысып, қарадай кектеніп, құртып жіберуге,
жыртып жіберуге; қанына қарайып қастасып, бір бірін
атқылауға тас тасып, досты -досқа, бауырды – бауырға,
ағайынды – ағайынға айдап салып, өсек пен өтірікті су-
дай сапырып, жан татулығын қоғадай жапырып, сөйткен
тірлігіне арланбай, қайта «жүрмін қатырып» дейтіндердің
де бар екені ақиқат. Ағылып жатқан мол дүние, есепсіз,
еңбексіз келіп жатқан көлденең табыс, тең-тең ақшаны
теңеген тендер, пысықтық пен пасықтық, құлқынқұмарлық
пен жұлымырлық, парақорлық пен жемқорлық, оның
жойқын салдары опық жегізбеген, ойландырмаған; қанағат
пен ынсапты ұмытқан, жоғары лауазым лебіне кеудесі
піскен, төрге шықтым деп түйеден түскен, мемлекет мүлкін
«жеген, ішкен», дүниенің бəрін «өлшеп, пішкен» талай
замандасымыздың ортасында отырғанымыз тағы анық.
Күпірлік ауылына кептеліп, шүкірлік ауылынан шеттеліп,
атақ үшін – арсыз, бақ үшін – жансыз, арамзалық пен сасық
қулықтың көмбесіне көміліп, қу тірліктің арбасына жегіліп,
көп қиқуға елігіп, «жұрт сөйттіге» желігіп, ата-анасы-
на арқа сүйеп, аяқ басуға ерініп, қазақ болғанды ар санап,
салт-дəстүрден жерініп; орысша сөйлегенді озық көріп,
қазақтықтан безініп жүрген де қандастарымыз аз емес.
Өмірі өлмейтіндей, бірін-бірі қайтып көрмейтіндей, қатты
жапқан есігін қайта ашпайтындай, бір басқан жерін қайтып
баспайтындай, адам болып асып-саспайтындай, қайтып ара-
ласпайтындай, көңілдерге қатқан мұз қайта ерімейтіндей,
қатқан қақтың суынан жерімейтіндей; бүгіннен кейін өмір
болмайтындай, асау өзен арнасына қайтып толмайтындай,
қолынан келіп тұрғанда қонышынан басып, мейманасы та-
сып, дүниені шашып жүргендер де толып жатыр.
Жаңа
жылдан
əркім үміт етеді. Əр
əулет өзіне жақсылық
тілейді.
Отбасылық мереке
болған соң түнгі сағат
12-ге
қарай
үлкен-
кішінің бəрі Жаңа жылды қарсы алуға кіріседі. Дастархан
басында жақсы тілектер айтылады. Сосын...
Сосын Атыс басталады...
Қып-қызыл атыс...Көк түтін...Тарсылдаған тарсылдақтар...
Аспан да, жер де гүрс-гүрс...
Көше-көше, үйме үй тарс-тұрс атыс...
Осы атыстан қанша адамның көзі ағып түсті. Қаншама
жас ғаріп боп жатыр?!. Ойландық па?
Қазақстан бойынша жылда 40 мыңға жуық адам осы аты-
стан зардап шегетін көрінеді. Əртүрлі жарақат алады. Үй-
жай, қора-қопсы өртенеді...
Қытайдың арзанқол тарсылдағын атып жарысу бəсекеге
айналғандай. «Биыл біздің көршіміз 3000 долларға от-шашу
алды» дейді бір əріптесіміз.
Ал керек болса! Сонда біз не болдық? Қай атамыздан
қалған атыс еді бұл?!.
Бəріміз де үйімізге, отбасымызға, елімізге Жаңа жылда
жақсылық, құт-береке тілеп отырамыз. Сағат қалай 12-ні
соғады, солай далаға атып шығамыз да атысқа кірісеміз.
Өз үйімізге кіріп келе жатқан құт-берекені өзіміз қашырып
отырған жоқпыз ба?!.
Жыл бойы түрлі қырсық шалса, кінəні өзімізден көрмей,
өзгеден, тіпті Құдайдан көретін жаман ғадет шықты.
Алланың берген жақсылығы мен игілігін атып қарсы
алсаң, құдіреті күшті Жаратушы қандай күйде болады?!.
Жаңа жылды атыссыз қарсы ала аламыз ба?
Қалың қазақтың бұған шамасы келе ме?
Тарсылдақты тастай аласыз ба?..
Жаңа жылыңызбен!
Атыссыз!..
КЕЛЕ ЖАТҚАН
ҚҰТ-БЕРЕКЕНІ
ҚАШЫРАТЫНЫМЫЗ
ҚАЛАЙ?
Ресейдің Пермь қаласында орын алған қайғылы оқиғадан кейін Қазақстан үкіметі сақтық шараларын жасауға көшті. Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік мамандары жер-жерде пиротехника саудасына тыйым салуда. Тек арнайы рұқсаты бар сауда нүктелері ғана тез тұтанғыш, жарылғыш, жанғыш заттарды сатуға шығара алады. Əйтсе де Қазақстандағы қаптаған базарлар мен сауда орындарына бақылау жасауға Төтенше жағдайлар министрлігінің адамдары жете ме? «Сатпа» деп тыйым салу бір бөлек те, елге жеткізілген пиротехниканы сауда айналымынан алып тастау бір бөлек емес пе? Жұртқа қызық керек. Жарқ-жұрқ еткен отшашу – адамдарға алданыш. «Жаңа жыл келді» деп елірген адамдар қазақтың дағдысында жоқ жаман əдетті серік етіп алғалы бірнеше жылдың жүзі болды. Өз ырысы мен берекесін от шашып қарсы алатын жағдайға жеткеніміз қалай? Ал осы отшашудың аяғы небір сорақылыққа апарып жатыр. Қолынан, көзінен айрылған адамдардың қатары біздің елде де аз емес. Міндетті түрде Ресейдегідей қайғылы оқиғаның орын алуын күтіп отыру керек пе? «Сақтансаң – сақтаймын» деген емес пе? Неге біздің Үкімет жекелеген саудагер, немесе кəсіпкерлермен алысқанша, мəселені түбегейлі шешудің жолын қарастырмайды? Ең əдемісі – елге осы пиротехникаларды өткізбеу емес пе? Ол үшін шетелден келетін пиротехника атаулыны республиканың кеден бекеттерінен өткізбеу қажет. Немесе, оның салығын жоғары көтеру керек. Сонда ғана пиротехниканы пайдалану мəселесіне нүкте қойылады. Бір жолғы шараны қолға алғанша, халықтың қауіпсіздігі үшін мəселені осылайша түбегейлі шешкен дұрыс. КЕДЕННЕН ӨТКІЗБЕГЕН ЖӨН ШЫҒАР
Астана
тойы
дүркіреп өтті. «Хан
Шатыр»
кешені
ашылғанда атқа мінген
қазақтың қыз-жігіттерін көріп, кеудемізді рух кернеді. Сол
жерде екі үлкен ақ шарға көзім түсті. Екеуінде қазақтың
қошқармүйіз оюы ерекше сəулеленіп көрініп тұрды. Ою де-
ген біздің керемет өнеріміз емес пе?!. Астана тойына келген
шетелдік меймандар, мемлекет басшылары осы екі үлкен ақ
шардағы оюды көргені анық.
Алайда, біз осы оюымыздан айрылып қалған жоқпыз
ба деген де ой келеді. Қазір «Қазақстан« телеарнасында
кəрістің «Қайсар ханша» атты көп сериялы киносы жүріп жа-
тыр. Соған байқап зер салсаңыз, кино актерлердің киімінде,
əсіресе сырт киім мен бас киімдерде қазақтың оюы өріп жүр.
Осы бір тарихи киноны түсіру барысында оюды меншіктеп
алу саясаты басты нысана болғаны анық байқалады. Бұл ою
біздікі еді деп кəрістермен қайтіп таласасың?..
Біз де кино түсірген болып жүрміз. «Көшпенділерде» де,
басқа да тарихи фильмдерде оюды оралып өтіп жатырмыз.
Баяғы «Қыз Жібектен» басқа ұлттық нақыш, ұлттық ою-
өрнек қай жерде бар?!.
Көкпарды қырғыздар иеленді. Қымызды немістер,
қымыранды еврейлер патенттеп алып жатыр. Енді біз оюдан
да айрылғанымыз ба?!.
Ою-өрнек туралы Əбдікерім Нұрпейісов деген ағамыз
көркем кітап шығарды. Менің Сағатбек досым «Ою хан мен
Жою хан» деген ертегі жазды. Осылай бірлі-жарым жана-
шырлар болмаса, ою да бізден алыстап бара жатқандай...
Айтқандай, қытайлықтар түсірген «Шыңғысхан» деген
көп сериялы кинода да қазақтың оюлары мейлінше кеңінен
пайдаланылған. Көрші елдің де бұл ежелден біздің қол
өнеріміз деп кеуде қағарлықтай жөні бар, ендеше!.. Сонда
не болды?
Ою-өрнекті қазақтың төлтума өнері ретінде заңдастырып
алудың еш жолы жоқ па?!.
ОЮ ДА КЕТТІ
ОЛАРҒА...
Астанаға бара қалсаңыз, Үкімет үйіне кіріңіз. Жоғарғы қабаттың бірінен Ақорда маңына көз салыңыз. Ақорданың айналасы толған ою. Елбасы отыратын орда маңайындағы гүлмен көмкерілген оюлар көздің жауын алады. Ендеше, неге біздің қаптаған əкімдік ғимараттары маңайын осындай ұлттық оюмен безендіріп қоймасқа?.. Астана əкімі Иманғали Тасмағамбетов Қабанбай батыр даңғылының бойын əдемі ою-өрнекпен безендіріп қойыпты. Өте дұрыс шешім. Жалпы, Астанада салынып жатқан үйлердің, ғимараттардың қасбетінде қазақтың ою-өрнектері менмұндалап тұруы тиіс! Кеңестік кезеңнің өзінде Алматыда салынған үйлерде оюдың кеңінен қолданылғанын көру қиын емес. Осы үрдіс Астанада өз өрісін тапқаны жөн. Оюдан айрылып қалған жоқпыз ба деуіміздің мəнісін Оңтүстік Африкада мəреге жеткелі тұрған əлемдік доп додасынан да байқауға болады. Футбол чемпионаты басталғалы беріліп жатқан жарнамаға қараңыз. FІFA бекіткен осы жарнамада жыпырлаған ою жиналып келіп, əлемдік кубоктың өн-бойына шоғырланады. Сенбесеңіз, мұқият қарап көріңіз. Сонда күні ертең оңтүстікафрикалықтарға да ою біздікі еді деп ешқандай талап қоя алмайтынымыз анық. Қазақы қамсыздықтың кесірінен қаншама құндылық қолды болып жатыр. Ою да кетті оларға деп бармақ тістеп отыра бермейік! Бір амалын жасайық. Pіxar деп аталатын студия бар. Бұл – əлемде мультфильм шығаратын ең танымал студияның бірі. Оның өз сайты бар. Бұл сайтқа кез келген адам өзінің ұсынысы мен пікірлерін, қызықты идеялары мен ойларын жібере алады. Соның арқасында студия жылма-жыл жаңа кейіпкерлер мен қызықты сюжеттерді жасап отыр. Мультипликациялық фильмдер шығаруда алдына қара салмай келе жатқан студияның табысқа кенелу сыры осында жатыр. АҚЫЛ-ОЙДЫҢ САУДАСЫ
Біздің Қазақстанда мультфильм шығару ісімен шын-
дап айналысып жүрген бірлі-жарым ғана студия бар.
«Қазақфильмнің» қасындағы студиядан басқа Шымкент
қаласында «Жебе» деп аталатын студия осы нарықта бой
көрсетіп келеді. «Жебенің» бірнеше жақсы өнімі болғанымен,
қаржы қиындығына байланысты құлашын кеңінен жаза ал-
май отыр.
Отандық мультфильм шығару туралы қаншама жақсы
ниетте болсақ та, осы «Жебе» сияқты жеке студияларды
қаржыландыру мəселесі дұрыс шешілмей-ақ қойды. Əр
деңгейдегі үкіметтік құрылымдар «е, жақсы екен» дегеннен
ары аса алмайды. Бұл қалай? Түсініксіз.
Қазір
Елбасының
тікелей
бастауымен
«Балапан»
атты телебағдарлама ашылды. Сонда көрсетіліп жатқан
мультфильмдердің басым бөлігі аударма, шетелдік өнімдер.
«Жебе» сияқты студиялардың оған аяғы да, қолы да жете ал-
майды.
Көрші отырған Ресей осы көктемде жаңа үлгідегі
əлеуметтік желіні іске қосуға ниеттеніп отыр. Wіtology
деп аталатын компания интернет-технология арқылы бүкіл
Ресей бойынша идеяларды жинақтап, «желілік фабрика»
жасамақшы. Сайып келгенде, өте қызықты идея. Жəне де
құптарлық бастама.
Кезінде Жапония «Наука и жизнь» деген журналда «Мың
ұсақ-түйек» деп аталатын айдармен жарық көрген оңтайлы
ойлар мен ұтымды ұсыныстарды жинақтау арқылы тамаша
табысқа кенелді. Енді Ресей сол жолды осы заманға бейімдеп
пайдалануды көздеп отыр. Біздің Қазақстанға да осындай
«ақыл-ой саудасы» керек-ақ секілді. Сауда болғанда сауат-
ты ойлар мен салмақты ұсыныстарды барынша жинақтай
бастасақ, кез келген компания оларды өмірде қолдану жол-
дарын қарастырып, миды жұмыс істетер еді...
«Жебе» сияқты студияларға əр азамат өзінің нақты
ұсыныстарын жолдайтын болса, ұлттық мультфильмдердің
саны да, сапасы да артар ма еді деген ой ғой біздікі.
Əнебір жылдары жақ-
сы еді. Елдік пен егемен-
дікті, Тəуелсіздікті көп
айтатынбыз. КСРО деген
ұмытылыңқырай бастап
еді... Тəуелсздіктің 17 жылында бұрынғы советік мерекелер-
дің орнына Қазақ елінің мейрамдары тойлана бастаған-ды.
Соның бəрі бір күндегідей болмай қайта ұмытыла бастапты.
Таяуда жұрттың бəрі қып-қызыл мас болды. Не? Не боп
қалды?
–7 ноябрь!
– Бүгін мереке ғой! С праздником! – деп басқа емес,
қазақтардың өздері өлтіріп тұрып арақ ішті. Өлгенше
тойлады..
Ойпырмай, біздің қазақ қалай ел болады екен? Түрі
мынау. Мерекесі анау. Нақ бір əкесінің тойын тойлағандай...
Баяғыда Мұса пайғамбар өз халқын құлдықтан құтқару
үшін 40 жыл құм ішін кезген екен. Ең соңғы құл өлгенде
барып, яһудилерге ел болудың, мемлекет құрудың жайын
айтқан екен.
Құлдық сана 40 жылда құритын болғаны-ау, деп ендігі
қалған 23 жылды күнде санап, келтіре алмай жүр едік.
Мына түріне қарасақ, біздің қазақтың құлдық санасы жүз
жылда да құрымайтын шығар. Неге десеңіз, біз жыл өткен
сайын кешегі бодан болған кезеңді ұмытудың орнына,
соның бəрін армандап келеміз. Қазір КСРО-ны көксеушілер
қатары көбейіп келеді. 23 ақпан ұмытыла бастап еді, қайта
тойлауға көштік. Комсомолдың тойын да тойлап жатырмыз.
Ең абыройлы, ең мықты деген қазақ сенаторлары мен
саясаткерлері өздерін «буду вечно комсомолом, буду вечно
молодым» деп жұбатып отыр..
Мұса пайғамбар 40 жыл құм ішінде көшіп жүрді ғой. Ал
біз отырықшы елге айналдық. Алысқа ұзап кетпейтініміз
анық.
Ресей басына Путин сияқты жас көкжалдар келгелі бері
Қазақстанда өздерінің партия жəне комсомол билеттерін
анда-санда сандықтан шығарып алып, сипап қоятындар
ҚҰЛДЫҚ САНАДАН
ҚҰТЫЛМАЙТЫН
ШЫҒАРМЫЗ...
қатары артқан сықылды..Ресеймен кіндігіміз жабыса туған ел тəріздіміз ғой... Осындайларға қарағанда, біздің қазақтан құлдық сезім өмірі құрымайтын болар деп те ойланады екенсіз еріксіз... Бірден айтайық: Наурыз тойын бұрынғыдай тойламайтын болдық. Тəуелсіздіктің 16 жылында əу бастағы қарқын жоқ. Тіпті Колбиннің кезіндегі құштарлық жоғалды деуге болады. Еске түсіріңіздерші: Алматыдағы,Қазақстанның əр өңіріндегі алғашқы Наурыздар қандай еді?!.Ұлттық киім киіп, кəрі демей, жас демей, ел-жұрттың бəрі көшеге шығушы еді.. Қайда баяғы Шер-Ағаңдар шеруі? Қайда сол жарқыл? Қайда сол жалын? Қазір ықылас аз, ынта жоқ. Григориан күнтізбесі бойынша Жаңа жылды тойлауды əкімдіктер 2 ай бұрын бастайды. Тіпті 16 Желтоқсан – Тəуелсіздік күнінің өзі тасада қалды былтыр.. Əдеттегі əр мерекеге міндетті түрде Елбасы араласуы керек пе? Назарбаев нұсқаса ғана қимылдап, үндемесе түк көрмегендей отыра бере ме əкімдер? Даңғаза мен даңғара ма, той деген? «Надоело эта юрта» деп, киіз тігуден де қалып барамыз кей жерде.. Күні ертең шаңырақ көтеріп, бақан ұстап, уық тігетін ұрпақ болмасын дегеніміз бе? «Бəйге, көкпар дегеннің не керегі бар» дейтін де болды кейбіреу... Сонда қазақ бəрінен безінсін дегені ме?.. Наурыз – тек арлы-берлі сапырылысқан той емес қой! MƏНІ КЕТІП БАРАДЫ, СƏНІ КЕТІП...
Наурыз – тарихыңа, салтыңа, санаңа қайта оралу емес пе?!. Жыл сайын жаңа мазмұнмен... Қазақтың иығында ауыр жүк бар. Қайткен күнде де қазақ мемлекетін құру, дамыту, өркендету керек. Қазақ тілінің де иығына артылған жүк ауыр. Ол бір ұлттың тілінен тұтас мемлекет тіліне айналуы керек. Оңай емес. Бəрін түсінуге болады. Мемлекеттіліктің қазығы осы кезден берік қағылмаса,ертең тіпті қиын тартуы бек мүмкін.. Өкінішке орай біздің мемлекетте мемлекеттік тілді сезінуден гөрі қазақ тілінен безіну белгісі байқалады. Тəуелсіздікке тереңдеген сайын мемлекеттік тілдің мəселесі қоюланып барады. Бұл тақырып əбден жауыр болды. Айта-айта аузы дуалының бəрі барлықты. Дауыстары қарлықты... Бар мəселе неде? Əңгіме қазақ тілінде сөйлемегендікте емес. Бар гəп – мемлекеттік тілде мəселе шешілмеуінде. Бізде бəрі – орысша. Заң орысша қабылданады. Орысша орындалады... Қылмыс та кейде қазақша жасалады. Бірақ үкім орысша шығады... Қазақстанда мемлекеттік тілде мəселе шеше алатын қанша шенеунік бар? Саусақпен санауға қиналасыз... Үміт жастарда дейтін едік. Ал қазіргі қазақ жастары өз тілін ұмытуға өлермендікпен кірісіп жатыр.. Сонда не болды?.. Просто поразительно..!
ОРЫСТІЛДІ
ОТАНЫМ
МЕНІҢ!..
Осы күні қазақ арасында неше түрлі бөлініс бар. «Нағыз қазақ», «шала қазақ», «ауыл қазағы», «қала қазағы» дегендей...Бұған енді діни тұрғыда «вахаббист», «суфист», «коранит», «ахмадит» деген тəрізді бөліністі қосыңыз. «Оңтүстік» пен «солтүстік», «батыс» пен «шығыс» деп бөлінушілікті есепке алмай-ақ қойыңыз. Тіпті кейбіреулер «трайбализм« деп түйрегісі келетін қазақ ішіндегі ру аралық бөлініске жылап көрісетіндей жағдайлар бар.. Соның ең қауіптісі – діни бөлініс. Қазіргі қазақтар арасында мұсылман дінінің бірнеше ағымын ұстанушылар «айналайын» болып қалды. Қазір «шоқынды қазақтар» пайда болды. Жəне олардың қатары «доңыз тұмауына» шалдыққандардан гөрі жылдам артып барады. Кешегі Кирилл əкейдің келісіне жүйрік ойдың желісін қосып байқасаңыз, төбе шашыңыз тік тұрардай көрініс аңғарылады. Литургия кезінде лепіріп жүрген қандастарымыздың төбесін көргенде жағаңызды ұстауға тура келеді. Ауыл-ауылды, қала мен даланы кезіп, дəстүрлі дінінен безіп шоқынды қазақтар жүр. Үй-үйді үгіттеп үйір-үйір өз шоқындыларымыз жүр! Олардың үгіт-насихат жүргізгені аздай, масқара жағдайлар да орын алып жатыр. Ел ішінде осындай адасқан азаматтар қайтыс болғанда сүйекке таласу деген шықты. Əке-шешесі мұсылман, бес маласы да мұсылман, арасындағы біреуі христиан.., сол мəсіхші қайтыс болғанда шоқынды қауым өкілдері «біз көмеміз» деп, ата-анасы мен бауырлары «өзіміз жерлейміз» деп сүйекке таласа бастады. О заманда бұ заман қазақ арасында мұндай сұмдық орын алды ма?!. Бізде былайша алғанда, бəрі жақсы! Ел де жақсы, егемен де жақсы.. Жақсы тұсымызды ешкім де жоққа шығармайды. Ешкім де тартып алмайды. ШОҚЫНДЫДАН ШОШЫН!
Ең жаманы – елдің адасқаны. Елдегі азаматтардың
адасқаны. Осындай адасқандар арасында елдің зиялы
қауымының ұрпақтары да бар екен.. Таза масқара деген осы!
Патшалық Ресей 300 жыл билегенде шоқындыра алмаған
қазақты Тəуелсіз Қазақстан тұсында шоқындыру өзге дін
өкілдерінің сұмдық жетістігі емес пе!?.
Шоқынуын шоқынып, артынан өмір бойы опынып
отырмақпыз ба сонда?!.
Күн сайын болып жатқан табиғи апат-зұлматтардан
жүрек шошынады.
Қазақтың шын шошынатын кезі енді келді.
Шошынсаң – шоқындыдан шошын!
Қазіргі қазақ қыздарының
көпшілігі шаш өсірмейтін
болды. Шашы беліне түсетін
қыз аз. Ал шашы балтыры
мен бақайына дейін жететін
қазақ қызын қолыңызға шам алып жүріп əзер кездестіресіз.
Мектеп бітіргенше шаштарын əсемдеп өсіретін қыздар
бар. Олардың көбісі қалай жоғары оқу орнына түседі, солай
шаштарын түптерінен шорт қиып тастайды. Қолаң шашты
қыздар қайда баяғы? Қалаға келген қыздар шаштарын неге
қырқып тастауға құмар?..
Шолпы дегенді қазіргі қазақ тек мұражайдан көретін бол-
ды. Шолпының сыңғырын қазақ жігіттерінің құлағы естуден
қалғалы қаш-шан?!.
Ал сол шолпы тек сəндіктің құралы ма еді?
Атамыз қазақ қыз баланың сұлу да сымбатты болып
өсуіне қатты мəн берген. Шолпы тек сəндіктің құралы емес.
Шолпы шашы ұзарған қыздың сымбатына тікелей себепкер
бұйым. Демек, бойжеткеннің бойын түзейтін бұйым деген
сөз бұл. Орысша айтқанда, «осанка».
Көшпелі заманның өзінде қазақ қыздары сыңғырлатып
шолпы тақты. Шолпы күмістен жасалады. Ол əр қыз
ШОЛПЫҢ
ҚАЙДА,
ШЫРАҒЫМ?
баланың жасы мен салмағына сай əзірленетін. Əр ауылда жүзік, білезік, шолпы соғатын ұсталар болушы еді. Олар шолпыны бойжеткен қыздарға арнайы соғатын. Бұл күнде ондай ұста да жоқ, шолпы да жоқ.. Осы күнгі қазақ қыздары неге денелерін тік ұстай алмайды? Қалада болсын, далада болсын бойжеткендер неге еңкіш?.. Бəлкім, шолпы болмаған соң, олпы-солпы болдық па?.. Шолпың қайда, щырағым?.. «Дəстүрдің озығы бар,тозығы бар». Қыз ұзату, келін түсіру сияқты қуаныш тойлары көбейді бүгінде. Бұрын оңтүстік жақта «қыз алып қашу» деген бар еді. Осы күні ол сиреген секілді. Жоғары оқу орнына жаңа түскен қыздардың «кредитін» төлеу кез келген қылауыз құдаға оңай тимейтін тəрізді... Қазір біздің қазақ бойжеткендерін қызын қолдан ұзату дəстүрі етек алып келеді. Ата-ана алақанына салып өсірген балапанын өз қолдарынан ұшырғанды қалайды. Сөз жоқ, жақсы ниет. Алайда, мына бір жəйт жөнінде ойландық па? Қыз біткен қай жерден ұзатылады? Əрине, тойхана, мейрамхана, кафелерден кетеді. Артында көңілі босаған ата-ана, қимас ағайын көз жастарын сығып, үрпиісіп қала береді. Талай тойдан кейінгі көрініс бұл. Осы үрдіс бізге қайдан келді? Ұзату тойын өткізіп, ертесіне қызын қазақы салт-дəстүрді сақтай отырып үйінен ұзатып салған Ербол Шаймерденді ғана білемін...Қалған ағайынның көңіліне келмесін, ұзатылған қыздың бəрі тойхана, мейрамханалардан кетіп жатыр... Қыз-кие. Қыз-қасиет. Қызөріс. Қыз-намыс. Қызар. Қыз-адал жар. ҚАЗАҚ ҚЫЗЫН ҚАЛАЙ ҰЗАТАДЫ?
Қазақ қызын ардақтай білген ел. Бақыт құсын қолынан
ұшырғысы келсе, неге кафеден емес, өз үйінің керегесінен
аттандырмайды?
Ұзату тойының салтанаты жасалсын, ол жоғарыдағы
жайларда өтсін дейік. Бірақ, тап сол күні жау шапқандай
дүрлікпей, ертесіне, қызды бүкіл жол-жоралғысымен ата
шаңырақтан аттандырып салса болмас па?
Бұл сұрақ сізді ойландыра ма?!.
Екінші сыныпта оқитын қыз
еңкілдеп жылап келді. Ебіл-дебілі
шығып кеткен. «Не болды?», «Біреу
тиді ме?» деп асты-үстіне түсіп
жатырмыз. Ол аңыраған күйі:
– Əке, біздің батырымыз неге күшті емес? – деді.
– Қайдағы батыр? Не айтып тұрсың? – дедік біз.
– Біздің батырымыз Шапырашты Наурызбайдан жеңіліп
қапты ғой...
Қызымызды зорға дегенде жұбатып алғанда білгеніміз,
бар мəселе 2 сыныпқа арналған «Əдебиеттік оқу» деп
аталатын оқулықтан шыққан екен.
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі
ұсынған, «Алматыкітап» баспасынан 2009 жылы шыққан бұл
оқулықтың авторлары Б. Иманбекова мен А.Мадиева деген
кісілер екен. Оқулықтың 140-шы бетінде «Үш батыр» деген
шағын əңгіме бар. Осы туындының авторы Е.Сəрсенбаев.
Қызымыздың неге жылағанын толық түсіну үшін əңгіменің
мəтінін түгел бере кеткенді жөн көріп отырмыз.
«Жаугершілік заманда Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей
Қабанбай, Шапырашты Наурызбай үшеуі келе жатады. Олар
қалың тоғайдан өтіп, ашық алаңқайға жеткенде асыр салып
ойнап жатқан бір топ жолбарысқа кез болады.
– Қане, кім епті, соны байқап көрелік. Мына ойнап жатқан
жолбарыстан кім қаншасын түйреп өтеді екен?
– Келістік.
ҚАЙ БАТЫР
МЫҚТЫ?
– Жол бастап келе жатқан өзіңізсіз ғой, алғашқы кезекті
сіз алыңыз, – дейді жасамыс батыр Бөгенбайға.
– Қолына найзасын қыса ұстаған Бөгенбай батыр
астындағы атын ойнақтатып, жолбарыстарға қарсы шабады
да, кездескен біреуін түйреп өтеді.
Одан кейін кезек үлкендігіне қарай Қабанбай батырға
тиеді, ол да қарсы шауып, екі жолбарысты түйреп өтеді.
Соңында жолбарыстарға қарсы шапқан Наурызбай атын
ағындатып, ойнақтаған жолбарыстардың үшеуін түйреп
өтеді.
Сонда алдыңғы екі батыр аға Наурызбайдың батырлығына
ептілігіне сүйсініп, оған ақ баталарын береді».
Қызымыздың
мектепте
бірге
оқитын
сыныптасы
Шапырашты болса керек, біздің қызымызға «көрдің бе,
біздің батырымыз күшті» деп қыр көрсетіп, «сендердің
батырларың нашар» деген екен. Қызымыз соған жылапты.
«Жəрайды, бала ғой» деп қоя салуға болар еді. Бірақ
оқулық балаларға арналған кітап қой. Осы оқулықтағы
қисынсыздыққа қарнымыз ашты.
Басында мұны жобалап жаза салған дүние шығар деп
ойладық. Бірақ байыптап қараған адамға бұл жерден
пасықтық пен пысықтықтың исі қатар шығатын сияқты...
Біріншіден, автор Е. Сəрсенбаев үш батырдың жас
шамасын жақсы біледі. 2001 жылы «Күлтегін» баспасынан
шыққан «Елтұтқа» кітабына қарасақ, Қанжығалы Бөгенбай
батыр 1678 жылы туып, 1775 жылы қайтыс болған. Ал
Қанжығалы Қабанбай мен Шапырашты Наурызбайдың
жас айырмашылығы үш жас қана. Қабанбай 1703 жылы,
Наурызбай 1706 жылы туған. «Жасамыс Бөгенбайға» кезекті
беру себебі осында. Сонда бұл жерде Бөгенбай батыр анау
екі батырдан 25-28 жас үлкен. Соқталдай батыр, ел ағасы
жасына жетіп қалған Бөгенбай «балалар, жолбарыста нелерің
бар, бұларың не, қойыңдар» деп айтатын жаста. Ол заманда
«он үште отау иесі» деген қағидамен өскен қазақ батырлары
айдаладағы жолбарыстарға «шауып» не жын қуды екен?
Екіншіден, «ашық алаңқайда асыр салып ойнап жатқан
бір топ жолбарыстарға кез болады» деген сөзге қарайық.
«Асыр салып ойнайтын» балалар болуы мүмкін. Немесе
автордың айтпағы бойынша алсақ, жолбарыстың күшіктері
асыр салып ойнауы мүмкін... Ал енді бір топ жолбарыс ашық
алаңқайда асыр салып ойнап жатуы еш қисынға келмейді.
Олар үш батырдың астарындағы аттарын ойнақтатып, қарсы
шабуын күтіп жататын мысық емес қой. Бір жолбарыстың өзі
мақтап отырған үш батырды жайратып кетуі ғажап еместігін
автор есінен əдейі шығарып алған тəрізді.
Үшіншіден, бұл жерде үш батырдың батырлығы мен
ептілігін көрсету мақсат болса, жолбарыстардан басқа
бірдеңе табуға əбден болар еді. Өкінішке қарай, негізгі нысана
Шапырашты Наурызбайды басқалардан асыра дəріптеуге
бағытталған. «Үш бірдей жолбарысты найзаға түйреп өту»
ерлігі сонда артықшылық болып па?!. Жауды жайратып
батыр атанудың орнына жолбарыстарды «жайратып» жүрген
адам соншалықты батыр болып па?!.
Жоғарыда аталған оқулықтың 141-бетінде мəтінді
пысықтау мақсатында қойылған сұрақтар бар. Соның бірі
«Бұл батырлар кімдер үшін, не үшін шайқасқаны туралы
айт?» делінген. Сонда балалардың «Батыр» деп жүргендеріміз
«жолбарысқа қарсы шауып, түйреп жүргендер ме?» демесіне
кім кепіл?
Егер бұл батырлардың ерлігі мен ептілігін көрсету
керек болса, онда ұрыс даласындағы бір көріністі келтіру
əлдеқайда қисынды болған болар еді.
Бап гəп – Шапырашты Наурызбайдың артықшылығын
дəріптеу секілді. Мұны əңгіменің авторы Е.Сəрсенбаев
білмей жазды деген күннің өзінде, оқулықты құрастырған
Б.Иманбекова мен А.Мадиева редакциялау барысында
ескеруі керек еді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында «ру
аралық қатынастарды өршітпеу» тұрғысында арнайы бап
бар. Бір батырды екінші бір батырдан артық етіп көрсетеміз
деп отырып Е.Сəрсенбаев пен оқулық авторлары осы бір
шетін мəселеге тамыздық құйып отырғанын біле ме екен?!.
Біз өз қызымызды зорға жұбатып алдық. Қазақстан
мектептерінде
«Алматыкітап»
баспасы
шығарған
«Əдебиеттік оқу» кітабын оқып жатқан мыңдаған екінші
сынып оқуышларын кім, қалай жұбатады? Олардың ата-
аналарының бəріне жоғарыдағы жəйттерді егжей-тегжейлі
түсіндіріп жататын кім бар?
Басқа басқа, дəл осындай өткір мəселеге оқулықты
ұсынған ҚР Білім жəне ғылым минситрлігінде байыптап
қарайтын көзі қарақты бір адам болмағаны ма?
Жоқ, əлде əйтеуір Шапырашты болса, болды – не болса
да жараса береді деген жарамсақ ойдың жетегінде кетті ме
бəрі?..
Біз осы арқылы өз болашағымызға балта шауып жатқан
жоқпыз ба?!.
Ойланайық, ағайын!
Əлемдегі ең ұзақ жасаған адам Үндістанда жасында қайтыс болды, деп хабарлады британдық «Дейли мэйл» газеті. Хабиб Мианиндиас есімді осы бір ақсақал 1870 жылы 28-мамырда туылған. Яғни, пролетариат көсемі Владимир Ильич Ленинмен түйдей құрдас. Х.Мианиндиас əлемдік рекордтар тіркелетін «Гиннес» кітабында 2005 жылы əлемдегі ең кəрі адам ретінде аталған болатын. Құдайдың нұры түсіп, осынша жыл өмір сүрген қария 2004 жылы, 134 жасында Меккеге барып, қажылық парызын өтеген екен. Ол дүниежүзіндегі ең жасы үлкен қажы еді. Марқұмның əйелі осыдан 70 жыл бұрын дүниеден өткен екен.. Хабиб қарт ешуақытта ауырмаған, өмірден өтер шағында ғана аз ғана күн сырқаттанып,дүние салған. Жайы жаннаттан болғай! Ал Лениннің жатысы анау... ЛЕНИННІҢ ҚҰРДАСЫ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Кімнің қызметі зор бол-
са, сол өз көкесіне көше
атын бере беретін заманға
кезіктік. «Атамның атын
– ауылға, көкемнің атын – көшеге» деген ұран бүгінде бар
күшіне мініп тұр. Бұған дəлел іздеп бүкіл Қазақстанды шар-
лап шығудың қажеті шамалы. Бір ғана Шымкент шахарын
көзбен шолып өтсеңіз жеткілікті.
Шымқаланың жыпырлаған көп көшесінің ішінде ең
көріктілері де осындай көп «көкенің» еншісіне бөлінген.
Басқасын айтпағанда, облыс əкімінің білдей бірінші орын-
басары Ислам Əбіштің көзі тірі көкесінің құрметіне бір көше
берілген. Басқа да атқа мінген Шымкент азаматтары əкесі
мен атасына көше атын беруде өзара жарысқа түскендей
əсер алатыныңыз анық.
Таяуда ғана Шымкент қалалық мəслихаты Астанадағы
шені өте жоғары шенеуніктің əкесінің атына бір көшенің
атын беру жөнінде шешім қабылдап та үлгерген.
Бұл жолғы таңдау Шымкенттегі Гоголь көшесіне түсіп
отырған көрінеді. Адамзат баласын адамгершілік рухына
тəрбиелеген Гоголь қазаққа керек болмай қалғаны-ау! Сірə,
«айдаладағы Гогольдің біздің Шымкентке не қатысы бар?»
деген пікірге мəслихат депуттары бір ауыздан бас шұлғыды
ма, екен?.. «Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кіреді»
деген де бар...
Мейлі ғой, алыстағы Гогольден жақындағы қазақтың бір
шалы артық та шығар ойлағанға...
Бірақ, биылғы Қазақстандағы Украина жылынан ұят
болды-ау!..
Жандайшаптық пен жағымпаздықты өле-өлгенше мінеп
өткен Гогольден де ұят болды-ау!
Бірақ осы күні кітапты кім оқиды дейсіз. Тем более,
Гогольді!..
ГОГОЛЬДЕН
ҰЯТ БОЛДЫ-АУ!..
Жақында
Прези-
дент сыйлығының ла-
уреаты, белгілі жур-
налист-жазушы Қали
Сəрсенбайдың келін
түсіру тойы өтті. Сол
тойда жазушы Дидах-
мет Əшімханов бір
сөз айтты. «Қали қазаққа қарыздар емес, ол 4 бала тəрбиелеп,
өсірді» деді.
Бəріміз де бала өсіріп отырмыз.
Бəріміз де қазақпыз дейміз.
Қазақтың алдындағы қарызымыз қанша? Қанша бала
бердік қазаққа?
Демографтар əр қазақтың отбасында 4 баладан кем бол-
мауы керек дейді.
Өткен
ғасырдың
60-80
жылдары
əке-шешелеріміз
оншақты балаға дейін бағып, өсірді. Ойлап қарасақ, қазақ
алдындағы қарызын екі есе ғып өтеген екен.
Ал Сіз бен біз ше?
Қазаққа қанша қарызсыз? Есептеңіз.
Қарызды қалай өтейсіз? Ойланыңыз.
Осы күні банкке қарыз қазақ көп. Бəрі несие алған. Соны
өтеу үшін күндіз-түні тыным таппайды.
Ал Құдайдың алдындағы қарызды қалай өтейді?
Қазақстанда оң жақта отырған 600 мыңдай қыз бар деседі.
Үйленбей жүрген ұлдардың санын əлі ешкім алған жоқ.
Еврейлер үйленбеген еркекті адам санатына қоспайды.
Қазақтың жасы жиырмаға жеткен, отызға келген бала-
сы да, қырықтан асқаны да күндіз-түні елең-делең, селең-
селең...Ойсыз. Санасыз.
Алла біздің көбейгенімізді қалайды. Сыбай-салтаң
жүрген қазақтың ұлдары мен қыздары осы жүрісі арқылы
Аллаға қарсы келіп отырғанын неге ұғынбайды? Құдайдың
қахарына ұшыраудан неге қорықпайды?
Ал үйленіп, бір-екі баланың бетіне ғана қарап отырғандар
қазақтың алдындағы қарызын өтеу туралы ойлана ма? Қашан
ойланады?
Əлде осылай қарыз боп жүре бере ме? Өмір-бақи...
ҚАЗАҚТЫҢ
АЛДЫНДАҒЫ ҚАРЫЗ
НЕМЕСЕ ҚАРЫЗДАР
ҚАЗАҚТАР
Қай кезде де қолы жағада жүретін қазақпыз: сырттан дұшпан келсе,екі қолымыз соның жағасында кетеді; бейбіт өмірде бірге жүрген ағайынмен бас араз,жағаласар жайымыз көп... Ертеде ағайынды бір екі кісі – бірі болыс, бірі –батыр болса керек. Екеуі бас араз екен. Ояз басқа біреуден пара алып,болысты ауыстырмақ болады. Сонда батыр ояз отырған кеңсеге кіріп барып,»басқа адам болыс болса,бунт,бунт,бунт болады»,-деп найзасын еденге үш рет шұқыпты. Ояз біткеннің бунт дегеннен зəресі ұшатын уақыт. Дереу бастапқы шешімінен айнып, бұрынғы болысты орнында қалдырыпты. Болыс пен батырды бір-біріне шағыстырмақ ниеттегі біреулер батырға:-сіз ана болыстан қорқады екенсіз ғой,-деп сөз жүгіртеді. Сонда батыр:-мен онымен араз екенім рас, өле-өлгенше араз болып өтемін. Бірақ онымен намысқа араз емеспін!-деген екен. Осы күні той-томалақ, құдалық дегендерде ата-ата, ру-ру болып бөлінісетін жағдайлар жиі кездеседі. Əркім өз атасын мақтап, барын зор ғып, өзгені қор ғып отыратын да жайы жиі ұшырасады. Қыза-қыза келгенде, «біз қазаққа жатпаймыз» деп шыға келетіндер де табылады. Тіпті осы күні қазақ болуды намыс көретіндердің қарасы көбейді. Өз елі, өз руынан безініп, қалай да «қазаққа жатпайтындардың» қатарын толықтырғысы келетіндер толастар емес...Бұл не сонда? Қазақтықтан безіну ме? Өздерін бекзат сезіну ме? Қазақ болғысы келмесе, неге қазақ тілінде сөйлейді? Неге қазақтың салтын ұстанады? Неге қазақпен құдандалы, жекжат болады? Қазақтың ішінде отырып, қазақ болғысы келмейтіндер қарап отырмай қазаққа ақыл айтқыш келетінін қайтерсіз!?. Шыңғысханның киносынан кейін ел іші тіпті алатайдай: – ойбай, анау ел тегіс кəпір болған, мынау ел айқыш асынған...Гу-гу сөз. Бетке басу, намысқа тию.. Солардың көбісі «қазақ жаман» десе, қылп етпейді. Тіпті өзі туралы емес, басқа біреулер туралы айтылып жатқандай қабылдайды. МЕМЛЕКЕТ АЯСЫНДА – МЕМЛЕКЕТШІЛ, ƏЛЕУМЕТ АЯСЫНДА – ƏЛЕУМЕТШІЛ
Ал енді «сенің атаң жаман, елің жаман» деп руына тас
лақтырылса, соны айтқан адамның қолында өлуге бар...
Кешегі бодан шақта дəл бұлай болған жоқпыз. Тəуелсіз
ел атанып, өз қолымыз өз аузымызға тиді-ау деген кезде
осындай кесір қалыпқа түсіп жатқанымыз қалай? Қазақ
Мемлекеті деген қасиетті ұғым кеудеге қонақтамай, тар
аядағы тартысқа мойын бұруымызға жол болсын?..
Тарихты, шежірені, шыққан текті əркімнің де білгені
дұрыс. «Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі» дейді
халқымыз. Біз өзінің шыққан тегін білмейтін иісалмас ел
емеспіз. Тектілік те, бекзаттық та бар бізде. Əр атаның өз
мақтанышы бар. Мақтан етер тұлғалы ұлдары бар. Мұның
бəрі айналып келгенде тұтас ұлттың мақтанышы. Осының
аражігін ажырата білу керек.
Қазақтың рулары санымен емес, сапасымен өлшенген.
Ұлтқа нені бергендігімен емес, кімдерді бергендігімен
өлшенген. Табиғи сұрыпталу мен іріктелудің мұндай сапалық
өлшемі өзге халықтарда қаншалықты екенін қайдам, дəл
біздің қазақта айрықша мəн мен мағынаға ие екені рас. Əр
қазақ өзін бір қазақ санаған.
Міне, Тəуелсіз ел болдық деп бөркімізді аспанға атқалы
жиырма жылға жақындады. Осы уақыт аралығында
ұлтымыз қаншама қыспақ пен сынақтан өтті. Нарықтың
алғашқы соқпақтары, жекешелендірудің жықпылдары са-
намызды сарсаңға салды. Əркім əр тұсқа кетті. Балапан-
басына, тұрымтай-тұсына дегендей..Күн көру, жан бағу
деген мəселе алға шықты. «Мынау менің мемлекетім ғой»
деген ұғым көмескі тартты. Мемлекеттік мақтаныш сезімі
анда-санда ғана бір бой көрсеткені болмаса, күнделікті
өмірімізде нақты көрініс таба қойған жоқ. Олимпиадада
алтын алғанда,көкбайрақ көкке көтерілгенде ғана өзімізді
Қазақ
Мемлекетінің
Азаматы
сезінгендейміз.
Қалған
уақыттың бəрінде ел бір бөлек, мемлекет бір бөлек өмір
сүріп жатқандай...
Тіпті сол олимпиада чемпиондарын елге келген соң ата-
атаға тартып, шыққан тегін есіне түсіріп, туысқаншылығымыз
ұстап жекешелендіріп алуға дейін бардық.
Бүкіл қазақ теледидарға телміріп, демін ішінен алып,
ұландардың тілеуін тілеп отырған кезді еске түсіріңізші.
Бүкіл ұлт тастүйін болып жұмылған жоқ па сол сəтте?!. Ринг-
те олжа салған бағландардың əр сəті санамызда жатталып қалған жоқ па? Жан алып жан беріскен жойқын жекпе-жекті көріп отырғанда кімнің есіне келді дейсіз солардың руы?.. Бəріміз бір қазақтың баласы болған жоқ па едік сонда?!. Сол сезім, сол тұтастық суып бара жатқандай... Бірлікті сезіну үшін міндетті түрде араға жылдар салатын олимпиада ойындарын күтуіміз керек пе?.. Бас бірлік – ақылға бірлік емес пе? Басқа басқа емес, Абай солай деп кетті. Бас бірлік – намысқа бірлік емес пе? Оны да Абай еске сап кеткен. Ақылға бірлік жасамайын десек, ақылсыз да ел емеспіз. Даналығымыз мақал мен нақылдарымызда тұнып тұр. Намысқа бірлік жасауға не кедергі? Бар қазақ бір қазақ болуы үшін не керек? Ауылда жүріп бəйгеге ат қоссаң, бəйгеден келген ат баққан мен бабын тапқандыкі. Ол бір ауылдың намысы. Бозкілемге балуан шығарып, ауданда жарыс өткізсеңіз, ол да сол аудан, сол өңірдің намысына шабады. Қазақ біткенді тоғыстыратын да топтастыратын да бірнеше ұғым бар: 1. Қазақ Мемлекеті. 2. Қазақ жері. 3. Қазақ тілі. 4. Қазақ ділі. 5. Қазақ діні. Осы бес ұғымның ішінде елдің есінде ерекше тұруы тиіс нəрсе – еліміздің Тəуелсіздігі. Тəуелсіздік болмаса, Мемлекеттілік жоқ. Мемлекет болмаса, ел жоқ. Ел болмаса, жер де, тіл де, діл де, дін де қараң қалады. Жоғарыда «қазақ болғысы келмейтіндер» туралы сөз еттік. Қазір сəл дəулет біткен қазақ та «қазақ болғысы» келмейді. Қазақ болғанды намыс көретіндер көп. Елдің қоры – қазақ, қазақ біткен жұртқа мазақ секілді.. Қазақ елін мекен етіп отырған бай да, бағлан да əуелі өзінің қазақ екенін естен шығармауы тиіс. Қалтасына малта біткен қазақтың бəрі «қазақтықтан» безінсе, қазақтың жоғын кім жоқтамақ, мұңын кім мұңдамақ?..
Тегін білу-тектілік кепілі емес. Арғы жағыңда тегің
дұрыс болғанмен бүгінгі ұрпағы соған сай бола алмаса,
тірліктің бəрі құр далбаса.
Қазақтың тойы да, томалағы да аз емес. Құда болу, қыз
ұзату,келін алу-барлығы да ата дəстүр. Ондайда жөн сұрасу,
жоралғы жасау, ата-бабамыздан бері қарай келе жатқан
əдемі салт-дəстүрдің бəрін сақтау бүгінгі ұрпақ борышы.
Қазақтың салты мен əдет-ғұрпын сақтау қашан да маңызды.
Оны сақтамасақ біз қазақтықтан айырыламыз.
Сондықтан қазақ біткен əулет ісінде, өз ішінде əлеуметшіл
болуы шарт. Бұл ұлттың ішкі бірлігіне ешқандай сына
қақпайтын нəрсе. Тегін білу, шыққан елі мен жерін ұмытпау,
арда азаматтарын ардақ тұту кез келген əулетті өсіреді. Биік
болуға талпындырады. Атадан балаға жақсы қасиеттер мен
ұғымдарды жұғысты етеді. Мұндай əлеуметшілдіктің елге
пайдасы болмаса, зияны тимейді.
Ал мемлекет ісінде бар қазақ мемлекетшіл болуға
ұмтылуы тиіс. Қазақ мемлекетінің аты зораятын жерде
намысқа қамшыны басуы керек. Қазақ мемлекетіне кір
келтірмеу үшін де аянбауы қажет.
Бодандықта болған кезде қазаққа намысқа басудың
көп реті келген жоқ. Өз алдымызға тəуелсіз ел болып,
көкбайрақты желбіретіп, қазақ деген атымыз əлемге кетіп
жатқанда кез келген қазақ мемлекетшіл болуға ұмтылмаса,
бəсекенің жөні қайсы? Жұрт жарысына ұлт намысын қайрап
ұмтылмаса,жеңіске жете алар ма?..
Не болса да, қалай болса да қазақ осыншама ұлан-байтақ
жерге ие болып отыр. Қазақ елі деген аты бар. Қазақ мемлекеті
деген заты бар. Атына заты сай болу үшін өз мемлекеттігін
дамытып, өркендетуі керек. Мемлекеттілікті дамыту үшін
мемлекетшілдік көзқарас қажет. Мемлекетшілдік деген
мəселеде ұсақ-түйек жоқ. Не жасалса да мемлекет үшін.
Бірінші кезекте қазақ шенеуніктері мемлекетшіл болмай-
ынша, айналадағы анталаған елдерге есеміз кетеді. Қазақ
шенеуніктері мемлекетшіл болуы үшін олар бірінші кезекте
өз елін, өз жерін, өз тілін өлердей сүюі қажет.
Бізде бəрі бар:-табиғи қазынамыз жетерлік, жердің асты
да үсті де байлық; білімді,ақылды, парасатты азаматтары-
мыз да аз емес. Жетпей тұрған бірнеше нəрсе. Олар не?
– Қазақтың қазақты жақсы көруі;
– Қазақтың қазақ елін жақсы көруі; – Қазақтың өз тілін, өз ділін өлердей сүюі; – Қазақтың өз Мемлекетін құлай сүюі. Жасқа,жарға деген махаббат болады. Отанға, жерге деген махаббат болады. Анаға,балаға деген махаббат болады. Біздің көбімізге Мемлекетке деген махаббат жетпей тұр! Менің Мемлекетім деген мақтаныш тым болмаса өмірде бір рет кез келгеніміздің жүрегімізді тербеп өтсе,босқа өмір сүрмегеніміз! Өз Мемлекетімізді өзімізден бетер жақсы көруге ұмтылайық,ендеше! Қазақ тойшыл халық. «Бұдан да қиын кездерде тойға барғанбыз» деп отыратын ақкөңіл ағайын кейінгі астатөк молшылық жылдары тойды көбейтті. Жыл аралатып келетін туған күндер кəдімгі кішігірім той салтанатына бергісіз өтеді. Ал сүндеттой дегеніңіз тіпті керемет: шашылудың көкесі осында. Онға, он беске, жиырмаға, отызға, қырыққа, елуге толу тойлары бұрынғы алпыс,жетпіс жылдықтардың «аузын ұрып» кететін жағдайға жетті. Тойдың тойыҮйленуге арналған салтанат. Кейінгі кезде үйлену тойлары бірінен бір өтіп, нағыз бəсекеге айналғандай. Онсыз да жыртылуға жақын жұрпыз ғой, мына тойға келгенде қазір кез келген қазақ аянып қалмайды. Барын салады. Барын шашады. Ел арасында тойдың неше түрі өтіп жатыр. Былтырғы жылдары жұрттың бəрі кредит алып, соған той өткізді. Бұл да өзінше шашылудың бір түрі. Жұрт бостан-босқа ақша шашайын демейді, «ұят» дейтін құрғыр өлтіріп бара жатқан соң қайтеді. Анаған қараса, ананың тойы керемет. Мынаған қараса, мынаның тойы керемет. Шап-шағын қылып, тек жақын туыстары мен құда-жегжаттарын жиып той өткізе салайын десе, елдің сөзі «өлтіріп» барады. «Жалғыз баласына ТОЙ ТУРАЛЫ ОЙ
той жасап бере алмаса, жер басып не ғып жүр?!.». Амал жоқ,
қарызданып-қауғаланып той жасауға мəжбүр. Қазір Аста-
на мен Алматының ең орташа деген ресторандарыңызда
жан басына кем дегенде 7-8 мың теңгеден айналады.
Онда да дастарханға қойылатын тағам, ет-пет,арақ-шарап
дегендеріңіздің бəрі өз есебіңізден болғанда. Ауылдық
жерлердегі тойханалар да бұдан қалысып жатқан жоқ. Қайда
барсаңыз да той өткізу деген үлкен бір машақатты шаруаға
айналған. Бірақ одан тартынып жатқан ел жоқ. «Мұрның
барда бір сіңбір» дегендей, барын салып той өткізуге бар.
Мұның бəрін ел тоғайған соң осы ғой, деп сөз етпеуге де
болар еді. Түйткілді бір жəйттер жұрттың аузында жүрген
соң, еріксіз осы тақырыпқа назар салуға тура келді.
Алласы бар той жақсы ма,
Арағы бар той жақсы ма?..
Шəкен Күмісбайұлы, жазушы:
Жақында сонау Жетісу алабының Ақсу ауданында
мұсылмандық үйлену тойы өтті. Біз сол қуанышқа куə
болдық. Дастархан толы мəзір. Əсем əуелді əн. Бір-бірін
құттықтаған ағайын, туыс, құда-жегжаттар. Бəрі жарасымды
секілді көрінген. Алайда, осы тойға келгендердің ішінде ба-
сын ақ тақия киіп, өзгеше сақал-мұрт өсіргендер, яғни «ерте
қартайғандар» молынан кездесті. Əйелдер де бар, олар бет-
аузын түгел тұмшалап алған. Сырт киімдері жер сызады..
Таң қалысып отырдық.
Бұрынғы
тойлардағыдай
жар-жар
айтылмады.
Қалыңдықтың беті ашылмады. Асаба алланы аузына жиі
алып, бата оқумен тойды ашты. Жұрттың бəрі біртүрлі
тосырқап отырды. Асаба əлдебір сүрені айтып, Алланы аузы-
на алып жұртқа сөз бере бастады. Рас, үстел үстінде ішкілік
жоқ. Қымыз деген жетерлік. Мұны жақсылыққа баладық.
Бір кезде қонақтардың бірі шыдамады білем, орнынан
атып тұрып: – Айналайын той басқарушы-ау, біз тойда
отырмыз ба, жоқ əлде мешітте отырмыз ба? Бұл Алланы
уағыздайтын жер емес қой! Бұл үйлену тойы емес пе? – деп
қарсылық танытты. Оған қың еткен асаба жоқ, қарсы пікір
айтып, айбарланып кетті.
Бəріміз де бір Аллаға жүгініп жақсылық болсын дейміз.
Бірақ Алланың атын сан рет қайталап, мазақ еткендеріңе
қарсымын, – деп əлгі қонақ тойдан шығып кетті.
Осыдан кейін асаба сабасына түскендей болды. Бірақ
той қызығын паш ететін ойындар ойналмады. Би биленгені
рас. Алайда, шектен тыс көңілсіздік басып тұрды да, той
қуанышын ерекше қабылдағандар аз болды. Сонымен жұрт
түннің бір уағында тойдан көңілсіздеу тарқасты.
Алматыда көше аралап жүрген миссионерлер жиі
кездеседі. Бір басылымда қазақтардың біразы сол дінге кіріп
кетіпті деп жағамызды ұстағанбыз. Мына той мұсылман
дінін өзінше қабылдаған əлдекімдердің өздерінше ойлап
тапқан уағызы емес пе екен? Сонымен,»апам да аң-таң, мен
де аң-таң» деп ауылға оралдық. Бұл əрекетке дін өкілдері не
дер екен?
Дулат Сейітжанұлы, кəсіпкер:
Жақында біз де бір тойда болдық. Дастарханда не жоқ
дейсіз: құстың сүтінен басқаның бəрі бар. Ішкіліктің неше
атасы самсап тұр. Той əдеттегідей екі-үш сағат кешігіп ба-
сталды. Əркім əр жерден қосылып жар-жар айтты. Беташар
рəсімі жасалды. Елдің бəрі ақ шүберектің үстіндегі табаққа
уыс-уыс ақша тастады.
Асаба да тіл мен жағына сүйенген біреу екен, «ал, ішіп
қойыңдар!» деп бастады. Содан зорлау, өлердегі сөз айтылған
өтініш... «Осы жүз грамды алмаған адам арам», «До дна
алмасаңдар, адам қатарынан шыққандарың», «Қазіргі қазақ
арақ ішуден алдына жан салмайды, орыстан да озды», «ас
атасы – арақ, бас атасы – тарақ» деген небір мəтелдер тиегі
ағытылды.
Қызықтың көкесі біраздан кейін болды. Ортаға ықылық
атып құда шықты. Ол «Свежий құдағиын» ал кеп сүйсін
келіп. Қызарақтап жүріп жаңа құда əйелін əзер дегенде
ажыратып алды. Анау «құдағи бір портия» деп қояр емес..
Бір кезде қонақтардың бірі тамақ толы үстел үстіне күндікке
ішкен-жегенін лақ еткізіп құса салды. Ыру-дыру. Бірінің
сөзін бірі тыңдамайды. «Ал ішіңдер» деп жүрген асаба елді
тоқтата алмай, сөз тыңдата алмай қара терге түсті. Бірінші
бөліктің өзінде жұрттың талайы мас боп, қызара бөртіп
ұрынарға қара таппай шыға келді.
Ішіп алған бір жастар туфли ұрлаймыз деп келіннің
аяғындағы туфлиге жармасты. Тартыс үстінде келіннің
тобығы шығып кетіп, орнынан тұра алмай қалды. Күйеу
жігіт пен қыз жолдас,жігіт жолдас тік тұрып, келіншек оты-
рып тілек тыңдады. Сəлден соң торт келді.Торттың үстінде
тұтатылған балауыз. Екі жас оны екі жақтан үрлеп өшірді.
Өз оттарын өздері өшіргендей болып көрінді. Жұрт сəл
үрпиісті бұған. Қыз бен жігіт елдің бəрінің аузына торт аса-
тып шықты. Қыз қолындағы гүлін бір топ қызға теріс қарап
тұрып лақтырды. Ол гүлді бір масаң жігіт қағып алып, «мен
тағы да қатын алатын болдым» деп далаға жүгірді. Елдің
бəрі қыран-топан. Үлкендер жағының аталы да баталы сөзін
тыңдап жатқан адам жоқ. Асаба да қызара бөртіп алған.
Бір кезде би басталды. Құтырған өгізше жас жігіттер
едірең қағып, қыза-қыза келгенде костюмді шешіп тастап би-
леуге көшті. Ақырында тыр жалаңаш билеуге қарады. Аңқы-
таңқы, айғай-шу, даңғыраған музыка.. əбден миымыз ашып,
тойдан қашып шыққандай болып, сыртқа шығып, «іш-іш»
деп жабысқан жандардан əзер құтылдық. Осындай да той
болады екен-ау десек, ертесіне туыстардың біразы «той та-
маша өтті,ə!» деп қарап отыр. Бұған енді не дейсіздер?
Міне, екі тойдан көрініс. Қазақтың «артық қылам деп
тыртық қылма» дейтін нақыл сөзі бар еді. Сол сөз осы екі
тойға да қатысты сияқты. Əрине, ішкіліксіз той өткені жақсы.
Ондай тойлардың мəнді де мазмұнды болып жүргенін көріп
те жүрміз. Өткенде бір тойда келіннің бетін ашқан жас жігіт
арнау сөздерді төгіп-төгіп келді де, «қазақта бұрын болмаған
ақша жинау деген дəстүр. Осыдан мен байып та, кедейленіп
те кетпеймін, мұны екі жастың алғашқы қазынасы бол-
сын, байладым екеуіне!» деп жиналған ақшаны түгелімен
екі жасқа тарту еткен-ді. Сол тойдың асабасы елдің бəрін
бей-жай қылмай, əдемі əзіл, жарасымды ойындар арқылы
тойдың сəнін келтіріп еді.
Бір шектен бір шекке шығып кете беруге болмайды. Бəрі
де орнымен болғаны дұрыс. Той деген біле білсек, мəдениет
мекені. Осы жерде кейбір ағайын сөз көбейіп кетеді деп қазір
тілек сөзге де шек қойып жүр. Бұл да жөнімен болуы тиіс.
Басқа халықтан біздің ерекшелігіміз де осы сөзде жатқан
жоқ па? Орайын келтіріп айтқан ойлы сөз екі жасқа өмірлік
азық емес пе? Бəтуалы ауыздан шыққан берекелі сөз ертеңгі
жас отау мүшелерін ынтымақ бірлікке шақырып тұрмай ма?
Осы ретте «не айтам» деп алып екі сағат езіп тұрып ала-
тын адамдарды шектеп, аталы сөз айтатын кісілердің сөзіне
шек қоймаған да дұрыс секілді. Жанұя құрып жатқан жа-
стар тек тамақ ішіп, би билеп кете беретін болса, өсиет пен
өнегені кім көрсетеді? Олар сыйластық пен құрмет бастаула-
рына қайдан қанығады? Сондықтан, той иелері алда өтетін
салтанатқа барынша мұқият əзірленіп, тойдың барынша
мазмұнды өтуін ертерек ойластырғаны керек.
«Той – халықтың қазынасы» деп жатамыз. Шама
жетсе,жағдай келсе салтанатты той өткізгенге не
жетсін?! Осы тұрғыда, тойдың асабасына да көп нəрсе
байланысты. Тойды қызықты етемін деп артық тыраш-
тану, əулекіленіп ақыл айту, жұртқа жеку, арақ іш деп
зорлау, елді күлдіремін деп анайы анекдот айту сықылды
жат көріністерді болдырмаған жақсы. Сондықтан
Қазақстанда асабаларды даярлықтан өткізетін бір
орталық құрылса да артық болмас еді! Сонда бір-бірін
қайталау азайып, елдің ығырын шығару орын алмас па
еді, деп те ойлаймыз. Қалай болғанда да той тойлаған
жақсы. Тойдың құр дүрмек пен дырду емес, ойлы оты-
рыс болғаны одан да жақсы.
Қазақ пен қырғыздың
басындағы ахуал туралы
Осы күні ерінбеген еркектің
əңгімесі
осы.
Тоқал
десе
болды,қутыңдап,жымың-жымың етіп шыға келеді.
Əйел үстіне əйел алған дүниесі бар, жағдайы бар адамға
ТОҚАЛ
БІТКЕН ТУА
БЕРЕ МЕ?
жақсы да шығар. Бірақ, демігіп тұрған демография
мəселесін тек қана тоқал алу арқылы шешеміз десек,
қатты қателескен болар едік.
Қазақстанда кейбір дерек көздеріне қарағанда, 600
мыңдай «отырып қалған» қыз бар көрінеді. Ойланған адамға
жеп-жеңіл нəрсе емес. Бұл деректің астарында қаншама
қаракөздің тағдыры жатыр. Олардың жүрек сезімі,жан
күйзелісі, тықыршыған тірлігі қазақ мемлекетін толғандыра
ма? Алты жүз мың тағдыр тоқал болса бітті, бар мəселесін
шеше ме? «Отырып қалған» қыздың бəрі бірдей топыр-
латып бала таба беретініне кім кепіл? Оның үстіне екінің
бірі қан аздығымен сырқаттанып, күн көрісін əзер айырып
отырғанда, байға тисе бітті, тірлігі түзу шалқып шыға келе
ме?..
Ойландыратын сұрақтар.
Жақында Қырғыз парламенті де тоқал алу мəселесін
көтерді. Қырғызстанның Əділет министрі осы елде көп əйел
алушылықты заңдастыруды ұсынды.
Əділет министрі Марат Қайыпов өз сөзінде елдегі
демографиялық ахуалды жақсарту қажеттігін айтып, көп
əйел алушыларды қылмыстық қудалайтын заңды жою
жөнінде ұсыныс жасады.
“Кез-келген жазаның мақсаты – қылмыскерді тү зеу неме-
се тəрбиелеу, өйткені, сотталушы қай тадан өзінің отбасымен
қауышады ғой. Сон да оның түзегені қайсы?”, – деді министр.
“Ойлап қарасақ, осындай санаттағы қылмыскерлерді өмір
бойы темір тордың ар жағында ұстауымыз қажет болып
шығады”, – деп қосты ол.
Министрдің пікірінше, Қылмыстық кодекстен осы бапты
алып тастау арқылы “ер азаматтар үлкен жауапкершілікті
сезініп, өзінің барлық отбасына қамқорлығын күшейтер
еді”.
жылы
Қырғызстанның
Əділет
министрі
Қылмыстық кодекстен көп əйел алушыларды үш жылға
дейін бас бостандықтарынан айыруды қарастыратын норма-
ны алып тастау туралы ұсыныс жасаған болатын. Алайда, ел
парламенті бұл ұсынысты қолдаудан бас тартқан-ды.
“Тек өткен жылдың өзінде республикадағы 40 мыңға
жуық əйел некесіз бала тапты. Орта есеппен алғанда
Қырғызстанда жылына 30 мың некесіз сəби дүниеге келеді”,
– деді министр.
Оның айтуынша, “Қылмыстық кодекстің аталған бабы
бойынша соңғы 10 жыл ішінде республикада 10 адам
қылмыстық жауапқа тартылған” көрінеді.
М. Қайыповтың пікірінше, аталған бап балалардың
құқықтарын
аяққа
таптайды.
“Тəуелсіздіктен
бері
Қырғызстанда 2-3 отбасы бар еркектер көбейді. Бұндай
“некеден” туған балалардың ешқандай құқықтары жоқ.
Аталығын танып, заңсыз туған баласын өз атына жаздырған
ер азаматтар өз-өздеріне үкім шығарады”, деп қорытты ол.
Ол да өз еліндегі «отырып қалған» қыздар туралы деректерді
тізбелеп, Парламент мінберіне алып шықты. Осыдан сəл
бұрын мұндай əрекетті Қазақстан Парламенті де жасаған бо-
латын. Тоқал алуды заңдастыру демография мəселесін бір
сəтте шешіп тастайтын болса, есті əйелдің бəрі қарсылық та-
ныта қоймас; дегенмен мəселенің түйткілі онымен түбегейлі
шешім таппайтындығына ел-жұрттың бəрінің көзі жетіп
отырған жоқ па?
Мəселеге бір жақты қарауға болмайды. «Отырып қалған»
қыздар – қоғам мүшелері. Олар бір жақтан келген жоқ. Елдің
ішінде, əр үйдің төрінде жүр. Осы алты жүз мың қызды күні
ертең тоқал ғып ұзатып салдық дейік. Оларды ала қоятын
алты жүз мың еркек қайда? Қазіргі қоғамда еркектердің
белсенділігі төмендеп тұрғаны кімге жасырын?
Отырып қалған қыздың кез келгенінен сұраңыз: – жөні
түзу жігіт табылса, түтін түтетуге қарсы емеспін, – дейді.
Жөні түзу жігіт табылмай тұрған жоқ па? Бұрынғы заманда
қазақтың кез келген еркегі екі-үш əйелді асырай алатын. Ба-
бын да табатын. Жайын да жасайтын. Қазір ше?
Еркек біткен күйзеліп үйде жатқан жоқ па? Отба-
сы алдындағы жауапкершілікті мойнынан алып тастап,
ішкілікке салынып, торығып жүрген еркек кіндіктіні қайда
қоямыз? Олар екі əйелді асырамақ түгілі, өздерінің қарақан
басын алып жүре алмай жүр емес пе?
Демография мəселесі бəріміздің де жанымызға батады. Қазақтың көбейгенін қазақ əйелі қаламайды дейсіз бе? Əлде көбею мəселесі тек еркектердің еншісіндегі шаруа ма еді?.. Бала тууға қабілетті қаншама қазақ қызы қазір базарда, сауда-саттықта жүр. Табанынан сыз, маңдайынан күн өтіп тұрған нəзік жандардың жағдайын сұраған кім бар? Еркек атаулының бар міндетін мойнына арқалаған əйелдерге неге бала таппайсың деп дүрсе қоя беру, немесе, «неге байға тимей жүрсің» деп дікеңдеу жарасымды тірлік пе? Отбасын асырауға тиісті ер-азамат жұмыссыз, жалақысыз, жағдайсыз жүнжіп жүргенде мыңдаған қазақ жанұясын асырап отырған əйелдерге алғыс айту керек шығар.. Мемлекет əйелдің жайын ойлауы тиіс. Ол елдің ернінде жүрген гендерлік саясат емес. Ол əйелге деген нағыз мемлекеттік қомқорлық. Бұл қамқорлық неден көрінеді? Қазақстан қанша бай ел десек те, өзінің жеңіл өнеркəсібін өрістете алмай отыр. Тым құрыса бізден жаялық та шықпайды. Бəрі шикізатқа бағындырылған. Осындай жағдайда өмір бақи базарда өтуі керек пе əйелдердің өмірі?!. Жіп иіру, көйлек тігу, мата тоқу дейтін əйелдерге тəн кəсіптер келмеске кеткені ме? Бізден гөрі қырғыздың жағдайы тəуір. Қара базарға барыңыз: тоқыма матаның бəрі Қырғыз елінен келеді. Қыл аяғы лəмпішкеге дейін шығарады олар. Осындай жеңіл өнеркəсіп салалары бізде болмаған соң қазақ əйелдері қап арқалап жүре беретін түрі бар. Енді қараңыз, бала табуға қабілетті қазақ қыздары ауыр жүк көтеріп базарда жүрсе..Олардың аяқтарынан сыз өтіп, бүйректері сыр беріп жатса..Белдері майысып, қабырғасы қайысып кілең ауыр жұмыстан арылмаса..Сөйтіп жүріп бəрі де тоқалға айналса..Өмір бірден жақсарып кете ме?! Елдегі демографиялық ахуал сонда өзінен өзі түзеле сала ма? Қазақтың басы көбейіп сала бере ме?!. Балалаған сұрақтар. Оған жауап беретін кім бар? Денсаулығы жоқ əкеден, денсаулығы жоқ шешеден қандай ұрпақ өрбиді?
Жоқ, тоқал мəселесі тек байыған еркектің бір сəттік тəн
тілегі ме? Тоқал алған да, тоқал болған да мұңсыз, қамсыз
деп кім айтты сізге?
Тоқал-тоқал деп қутыңдаған еркектер отбасындағы
балалардың жағдайын ойлай ма екен? Олардың өміріне,
тағдырына, жан дүниесіне артық желпінудің салар салмағын
ойлаған адам бар ма?
Отбасы – кішігірім мемлекет деп жатамыз. Мемлекеттің
кез келгені дұрыс құрылуы керек. Ішкі ырың-жырыңы бар
ел ешқашан көгермейді. Тоқал алу мəселесі де талай отба-
сын тығырыққа тірейді. Дау мен дамайды күшейтеді. Жан-
жал өрістейді. Көбейеміз деп жүріп барымыздан айрылып
қалмайық дегің де келеді осындайда. Құрғақ ұранның берері
шамалы. Нақты іс, нақты əрекет қана ел іргесін берік етеді.
Күнделікті өмірде естіп те, көріп те жүрміз. Талай
шенеуніктің екінші əйелдері бар деседі. Қауесет арты ақиқат.
Алсын. Алмасын демейміз. Бірақ сондайлардың топырла-
тып бала тауып жатқан дерегін тауып беріңізші. Тоқал да
адам. Ол да өз жағдайының, денсаулығының, тұрмысының
дұрыс болғанын қалайды. Əйел біткенге бала табатын за-
уыт сияқты көзқараспен қарайтын болсақ, өмірдің мəні қала
ма? Сүйіспеншілік, сыйластық, жан түсіністігі сияқты адами
сезімдер аяқ астына тапталса не болғаны?..
Жер бетінде қанша мемлекет бар. Солардың қаншасы тек
тоқал алу арқылы көбейген екен? Осыған сараптама жасап
көрген жан бар ма?
Əлеуметтік-экономикалық жағдайы дұрыс мемлекет-
те ғана демография мəселесі оңды шешіледі. Адам санын
көбейтеміз деп сапаны естен шығаруға бола ма? Негізінен
алғанда, халықтың қуаты сапалық жағымен өлшенеді. Анау
алақандай шешен халқы Ресейдің теперішіне төтеп беріп
отырған жоқ па! Ұлттың саны артқаны бəрімізге де керек.
Елдің əлеуетті болғанын бəріміз де қалаймыз. Бірақ, демо-
графия деген үлкен мəселені тек тоқал алу арқылы шешіп
тастаймыз деген түсінік тумысынан қате нəрсе. Осы ойдың
мемлекеттік деңгейде жиі-жиі қылаң беретіні таңқалдырады.
Қазір
Қазақстан
халқының
санын
көбейту
үшін
мемлекеттің сындарлы саясаты болуы керек. Ол саясат
ең алдымен, əйел-Ананың жағдайын түзеуге бағытталуы
тиіс. Дүниеге келетін əр сəби мемлкет қамқорлығында
болса, қанеки. Жапондар бала құрсаққа біткен күннен бас-
тап əйелге арнайы демалыс береді. Дəрігердің үздіксіз
бақылауында болады. Сол арқылы өмірге дені сау ұрпақ
келуін қамтамасыз етеді. Бізде қалай? Жақында ғана теле-
дидардан Алматыдағы бір перзентхана екіқабат əйелдерді
қабылдамай, перзенттердің мезгілсіз шетінегенін көрдік.
Сонда ана мен балаға деген мемлекеттік көзқарастың деңгейі
осындай болғаны ма?
Қазақ əйелдері тумайын, бала таппайын деп отырған жоқ
қой. Естеріңізде болса, 2000 жылы «Қарадомалақ-2000»
деген акция ұйымдастырылып, елде қаншама қарадомалақ
дүниеге келді. Сол кезде 100 мың теңге үшін талай отбасы
жарыса туды емес пе!?. Дүниеге келер əр бала үшін мемлекет
мұнайдан түскен ақшаның 0,001 пайызын бөлсе, қаншама
əйелдің қалі түзелер еді.
Бала тапқан əйелдерге жеңілдетілген ипотекалық несие
берілсе ше?.
Əр бір бала дүниеге келген сайын осы несие мөлшері
қысқартылып отырса, қандай қамқорлық болған болар еді!
10 бала тапқан əйелдерге Астана мен Алматыдан, ірі об-
лыс орталықтарынан тегін үй беріледі десе ше?!.
Ынталандырудың жөні де, жолы да көп.
Тек мемлекет бұған назар салсын деңіз.
Тоқал алу мəселесі əлі де талай əңгіме өзегіне айналары
сөзсіз. Біз осы мəселенің кейбір қырларын ғана сөз еттік.
Ашып айтарымыз – тоқал алумен ғана іс бітпейді. Тоқал алу
ғана демографиялық мəселені түбегейлі шешпейді. Қазіргі
басты əңгіме, өмірге келетіндерді емес, өмірге келгендерді
аман сақтауға тіреледі. Онсыз да аз халықпыз. Екіқабат
анаға кез келген мемлекеттік шенеунік еңкейіп сəлем беретін
күнге қашан жетер екенбіз!?.
Қолыма бір кітап тиді. Жұп-
жұқа. Шап-шағын. Іші толы ой-
толғаныс. Нақыл. Тəмсіл. Қарай
бергің келеді. Оқи бергің келеді.
Кітаптың көлемі ұшақта, пойызда, автокөлікте, метрода,
кезекте тұрғанда оқуға өте ыңғайлы екен. Атауы да бірден
«апырай» дегізеді. «Гүлдер де жылайды екен».
КСРО жəне Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік
сыйлықтың иегері Асанəлі Əшімұлының бұл шағын кітабына
əр жылдардағы ойлары, толғаныстары, көзқарастары мен
пікірлері, əдемі əзілдері мен қысқа тəмсілдері жинақталыпты.
«Қазақты құртатын – көп ішу, көп сөйлеу, көп отыру ғой».
«Аштықтың зардабын көрген ел ылғи аштан өлетіндей
болып тұрады екен. Ең алдымен тамақты ойлаймыз».
«Жауызды жақтағаның – жауыздығың».
«Өле сүю – өлгенмен тең».
«Біреулерге атақ берген, бірақ абырой бермеген». Міне,
осындай мақал-мəтелдің мəйегін толтыратын талай татым-
ды тіркес, тұщымды ойлар жетерлік.
Актерлік өнер, театр, кино, жалпы мəдениет мəселелері
қақындағы ой-толғаныстары да толып жатыр. «Мен өнердің
адамымын. Менің алаңым, тұғырым, мінберім – сахна. Бар
ойымды, өнерімді халық қолдаса, қол соқса, маған одан
артық сыйлықтың керегі жоқ. Шапалақтың да бірнеше түрі
бар. Баяғыда Петерборда Качалов деген артист көшеде келе
жатқанда, адамдар тұра қалып қол соғады екен. Сосын анау
итальяндық Маниани қайтыс болып, көшеден алып бара
жатқанда, жұрт тұра қалып өлігіне қол соққан. Бұл – үлкен
сый, құрмет. Өлгенде де сені осылай шығарып салып жат-
са, бұдан артық ештеңе жоқ. Бұл ештеңемен бағаланбайтын
нəрсе», – деп Асанəлі аға кеңінен ой толғайды.
«Менің бизнесім – осы кезге дейін жиған абырой-
ым, атағым, менің ешқандай зауытым да, басқам да жоқ.
Қазақ өзі Құдайы бар халық қой. Көнбіс, төзімді, таңғы
асты тəңірден тілеп жататын халық. Бізді ұстап тұрған да
осы қасиетіміз. Мынандай бір тəмсіл бар. Сонау қызыл
қырғынның кезінде бір шал мен кемпір аштан өлгенде,
ГҮЛДЕР НЕГЕ
ЖЫЛАЙДЫ?
керегенің артында бір асым ет тұр дейді. Көрдіңіз бе, соның өзінде қонақтың сыбағасын сақтап қойған... Қазір қит етсе жылап қоя беретінді шығардық. Барға шүкіршілік ету жоқ. 100 жылдық, 200 жылдық тарихы бар, өсіп кеткен елдердің өзінде жоқшылық бар. Ал 20 жылға енді аяқ басқан біздің елдің жетістігіне тəубе ету керек қой» – дейді Ас-ағаң ағынан жарылып. Кітап ойға толы. Ойы түгелдің – қойы түгел. Қойы түгелдің – тойы түгел. Асекең əдемі əзіл, қазақы қалжыңның да хас шебері. Əшірбек Сығай мен Қали Сəрсенбайдың жазбаларынан жинақталған қалжың қалтаны оқығандардың өмірге құштарлығы артары сөзсіз. Өмір демекші... «Өмір сүрудің өзі де – сын. Тіпті өсімдіктің өзінде жан бар. Қайшы алып гүлді кесуге ыңғайланғанда гүл жылайды екен», – дейді сыршыл жүректі Алаш азаматы. Ал қазір ойлап қараңызшы: қанша адамның қолында қайшы жүр?!. Гүлді жылатпау қолымыздан келе ме?!. Сіз айтасыз: – осы біздің қазақ тез көбейіп келеді, биылғы санақта санымыз 65 пайыздан асты. Осы қарқынмен кете берсек, алдағы 2015 жылдары 20 миллиондық межені бағындырудың қиындығы жоқ. Бұл үшін көрші өзбек еліндегі 1,5 миллион отандастарымызды тездетіп көшіріп əкелу керек. Мына Қытайдағы қазақтар да жаппай қоныс аударса, демографиялық дүмпу болатыны сөзсіз, – деп... Біз айтамыз: – дұрыс-ақ. Сырттағы қазақ ағайындар келсе, елге ел қосылады, құт болады. Келмесе ше? Жұт бола ма? Қазақ қалай көбейеді? Егер ел көбеюдің есебін таппаса не болмақ? Басқа елдердегі ағайындарға үміт артып қарап ӨЗІН ӨЗІ ӨСІРМЕЙТІН ЕЛ... қатарына қосылмау үшін қайтпек керек?
отыра берсе, елдің іші қалайша дүбірлі думанға толмақ?
Тезірек өсудің,тездетіп көбеюдің жолын қазақтың өзі қиып
отырған жоқ па? Əйтпесе, тума, көбейме деп отырған үкімет
жоқ. Туғанға жəрдем беріп-ақ жатыр. Ал осы қазақтың са-
нын арттыру менің төл міндетім деп тепсініп тұрған жастар
қайда? Қаншама қазақтың ұл-қызы отыз-қырықтан асқанша
үйленбей, қу тізесін құшақтап отыр. Отау құрып, отбасын
құлпыртуға не кедергі екенін ойладық па? Қазақтың қазіргі
той жасау үрдісі мен қарқыны үйленем деген жастың жігерін
жасытып, ниетін кері айнытып отыр емес пе? – деп...
Сіз айтасыз: – ал, дəлелде! Дəлелің бар ма?..
Біз айтамыз: – бар, дəлел! Ал тыңдаңыз!
Қазақтың тойы қалай өтеді? Өзбектің тойы қалай өтеді?
Қазақтың жігіт екі жолмен үйленеді. Біріншісі – құда
түсу, сырға салу. Екіншісі – алып қашу, кешірімге жүгіну.
Бірінші жолды қазір дүниесі барлар, жағдайы келгендер,
жағдайы келмесе де намысқа тырысқандар ұстанады. Олар
ата салтымен қыз жағына сөз салады. Ата-аналары кездесіп
той мерзімін белгілейді. Қызға құда түсіп келу үшін екі ортада
жүретін ырым-жырым, салт пен жоба-жоралар пысықталады.
Қызға сырға салу рəсімі өтеді. Қызды үйден ұзату тойы жа-
салады. Қыздың ата-анасы «елдің сөзіне қалмайық» деп ба-
рын салып, той өткізеді. Қарызданады, қауғаланады. Енді
ұл жағы тойға шашылады. Ресторан жалдайды, əр адамға
пəлен мың сомнан деп дастархан шығыны есептеледі. Келін
түсіру үшін оның тойға біркиер көйлегі сатып алынады.
Екі жас міндетті түрде 50-60 адаммен ұбап-шұбап қаланы,
даланы аралайды. Мұны қазақтар «гулянка» дейді. Бұл
шараға сағаты пəленбай долларлық «Лимузин» көлігі жал-
данады. Асабасы бар, фото-бейне түсіру шығындары бар,
оған қоса тойға кіл мықты əртістерді шақыру машақаты
килігеді;қойшы не керек, қазақ тойын «адам құсап» өткізудің
барлық шарасына кіріседі. Қаржысы жетпесе, банктен несие
алады. Көкесінен, көршісінен қарыз алады. Дəулеті асып-та-
сып жатқандар үшін жоғарыдағының бəрі сөз емес, ықылық
атып ресторандар тұр, кеңірдегінен кекіріп керемет той жа-
сау олар үшін түк те емес. Қазақстанның барлық қаласында,
облыс, аудан көлемінде салынып жатқан құрылыстың
онының тоғызы ресторан, тойханалар. Осыдан-ақ елдің эко-
номикасы шашылуға жұмыс істеп отырғанын көруге бола-
ды. Шағын кəсіпорын салудың орнына тойхана, сауда орны,
базар салуға құмармыз.
Сонымен, қыз жағы да, ұл жағы да «өй, өлгенде көрген
бір төбелес» демекші, өкіртіп той өткізу үшін барын сала-
ды. Сонша тыраштанғанда қазақ қарап жүре ме, керемет
өткен тойдың өзінен бір кінарат тауып, шекесінен қарап,
шешесінен боқтап кететін «жындылығы» тағы бар... «Елдің
сөзі» деген бір пəле бар, сол елді «өлтіріп» тынатын болды.
«Елдің сөзіне қалмайық» деп екінің бірі жалған намыстың
жетегінде кететін заман туды...
Енді екінші жолмен үйленетіндерге келейік. Құда түсуге,
қызды қолдан беруге шамасы келмегендер «алып қашып
үйлену» үрдісін өрістетіп отыр. Екі жас келісіп, өзара сөз
байласып, қыз «қашады», жігіт «алып қашады». Мұның да
өз машақаты бар. Артынып-тартынып кешірімге бару. «Өлі-
тірісін» апару.. «Кемпір өлді», «құданы суға салу» т.б. толып
жатқан ырым-жырымдар құр қолға жасалмайды. Бəрінің
белгіленген «ставкасы» бар. Қыздың жасауы, қалыңмалы,
сүт ақысы, əжесіне, анасын, жеңгесіне салынатын сырға
білезіктер мен кигізілетін киіт шығындарының өзі анау-мы-
нау əлетті есеңгіретіп жібереді. Бұлар да «гулянка» жасайды.
Ешкім «елдің сөзіне» қалғысы келмейді. Тырмысады, ты-
раштанады. Əйтеуір, той өткізу үшін бəрін салады. Қарыз-
құрыз көбейтетіні онсыз да белгілі.
Сонымен, қазақтың үйленетін екі жолы да əуелі ата-ана-
ны, сосын екі жасты уайымға салады. Шиеттей бала-шағасы
бар əулеттер «ана баланы аяқтандырып алайық, сен тұра
тұр» деп бірінен кейін бірі жетіліп тұрған балаларына тиым
салады. «Дайындығымыз шамалы» деген ата-ана желеуімен
қаншама жастың үй болу, үйлену тойы кейінге осылайша
ысырылады.
Қазақтың тойына «крутой əншəлерді» шақыру қазір үлкен
бəсекеге айналған. Ел 50 елдің қатарына кіру жөніндегі
бəсекеге емес, кімнен кім озады деген той өткізу бəсекесіне
түсіп кеткен...
«Той – халықтың қазынасы» дейді халқымыз. Осы сөздің
түп мəнісіне терең үңіліп көрдік пе? Біздің қазіргі ұғымдағы
тойымыз халықтың қазынасына айналып отыр ма? Халықтың
тұрмысына ауыртпалық салған нəрсені «қазына» дей аламыз
ба? Шашылу мен шабылу қазынаны еселей ала ма?
Халықтың қазынасы қайтсе құралады? Қайткен күнде
көбейіп, еселенеді? Біздің мына түрімізбен қазақтың
дарақылығы артпаса, дарындылығы арта қоймайтыны анық.
Қазынасы босқа шашылғаннан басқа, оған қосылатыны ша-
малы.
Біз де тойға қарсы емеспіз. Тойдың болғаны да, болады-
сы да қызық екені рас. Бірақ, жалпы жұрт ретінде, уақыт
пен заман талабын таразыға тартар ұлт ретінде сəл ойланып
көрсек қайтеді? Ысырап қазақпен бірге туған жоқ еді ғой!
Қасиетті Құран Кəрімде ысырапшылдықтың күнəсі
ауыр екені айтылады. Қазіргі қазақтың той дастарханында
ешқандай ысырап жоқ дей аласыз ба? Үстел үстіндегі жеті
түрлі салаттан желінбей қалып жатқаны қаншама? Табақ-
табақ етіңіз түртілмей жатса не дейсіз? Мұны ұсақ-түйек
десеңіз, тойды қыздыру үшін əрісі Америка, берісі Ресейден
əнші шақыру дарақылық емес пе? Бай-бағландар тікұшақпен
ақша шашып, дəулетін көрсетсе, жоқ-жітіктілердің өзі
«жерге қарап отырмағанын» көрсеткісі келіп, қарызданып,
құрызданып той жасауға көшті. Осы күнгі жұрт тойға тегін
концерт көру үшін баратын да сияқты...Біздер көре, біле тұра
көрінеу ысырапқа неге ұрына береміз? Неге «елдің сөзіне
қалмайық» деген жалған намыстың жетегінде кетеміз?
Жоғарыда сөз болып отырған жəйттердің бəрі айналып кел-
генде, қазақтың көбебіне, тезірек өсіп, өнуіне қарсы əрекет
екенін бір мезет бағамдап көрдік пе?
Бар болған жақсы. Той болған одан да жақсы. Тойға
шашылған, шаршаған да жақсы шығар. Бірақ, тұтас ұлт
босқа шашылып, босқа далақтап жүрген жоқ па осы?..
Ал енді өзіміз құсаған өзбекке қарайық. Олар да үйленеді.
Олар да той жасайды. Олар да көрер қызықтан құр қалып
жатқан жоқ. Ең бастысы – олар күн санап, жыл санап көбейіп
жатыр! Көбейетін себебі – үйлену оңай. Үй болу да оңай.
Біздегідей артық шабылыс пен шашылыс жоқ. Өзбектің
тойы біздердікі құсап кешке басталмайды. «Таңғы нəсіп
-Тəңірден» деп өскен халық тойды таңертең ерте жасайды.
Той дастарханына көрші-қолаң, жақын туыс біткен жəй
бармайды, «кəмпит-сəмпитін, дастарханын» ала барады.
Бір жылқы, бір сиыр, екі-үш қой сою деген жоқ. Бір қойдың
етімен бүткіл махаллаға той жасап береді. Екі шелпек, бір
пиала шəймен де той өткізе береді. Кəрі де, жас та «гулянка»
деген пəлені білмейді. Демек, арақ-шарап, ішу-жеу, кеу-ке-
улеу, керілдесу мен керісуден дін аман. Жиналған жұрт екі
жасқа батасын береді. Біздегідей бірінші сыныптың бала-
сына шейін тойда тост көтеріп, сөз сөйлеп тұрмайды. Əн
айтады,би билейді, той қызығын көп болып өткереді. Артық
шығын, артық ысырап жоқ. Тап-тұйнақтай. Байы да, кедейі
де бір қалыпта.
Қазақ тойын арақ-шарапсыз көзге елестете алмайды.
Арақ-шарапсыз той «қызықсыз» деп есептеледі. Жастардың
«гулянкасынан» басталған ішіс той болғанға дейін «құтты
болсыннан»-«құдайға шүкір» дегенге дейін жалғасады. Та-
лай арақ ішкенді көріп жүрміз, бірақ «Құдайға шүкір» деп
арақ ішетін біздің қазақ қана шығар...
«Арақ ішкен адамның тілегі қабыл болмайды», делінеді
хадисте. Біздің барлық жақсы тілегіміз арақ ішіп тұрып ай-
тылады. Арақтан пайда болып жатқан ұрпақ ше?.. Сосын
кейінірек екі жастың көтерген шаңырағында бір күлдіреуіші
босап жатса, «тілегіміз періштенің құлағына шалынбағаны
ма?» деп Жаратушы Иенің өзіне дейін тіл тигізіп жатады.
«Ал давай алып қойыңыз», деп құдалардың құлағына дейін
арақ құйып жіберетін əумесерлер, «қайнаға келіңіз, бір
тартып жіберейік» деп қайнағасымен, қыза-қыза келген-
де қайынатасымен стақан соғыстырып жіберетін келіндер
қайдан шығып жатыр?
Сіз айтасыз: – осы да сөз болып па? Сарт құсап
сараңданғанша, қарадай арандағаным артық. Қазақтың елі
де бай, жері де бай. Тойға шашылмағанда қайда шашыла-
мыз? Қайдағы бір өзбекті мысал етіп, күндікке басымызды қатырмай, былай тұршы өзің!.. Біз айтамыз: – бір сəт ойлансақ қайтеді? Кешегі Ұлы Отан соғысынан кейін саны бізбен бірдей болған өзбек халқы бұл күнде 25 миллионнан асты. Қазақ əлі тиіңдеп өз елінде 10 миллионға жете алмай келеді. Еліміздің байлығына, жеріміздің кеңдігіне, қазақ дейтін халықтың астатөк пейіліне ешқандай дау айтып отырғанымыз жоқ. Тек үйленемін деген жастарға қолдан бөгет жасалмаса екен, «теңін тапса тегін бер» деген халқымыздың дана сөзіне құлақ асып, үйленбей жүрген жастардың бас құрауын жеңілдетсе қалай болар еді деген тілек қана ғой... Сіз айтасыз: – осы шашылғанымыз шашылған! «Бір тойым бар, дəл қай күні екенін айта алмаймын!..Басты ауыртпа! Қайқай! Біз айтамыз: – Ай-хай, заман-ай! Жетекші партияның бақандай алпыс сегіз мүшесі жемқорлыққа жол берген. Бас прокуратура оларға қатысты қылмыстық іс қозғағаны мəлім болды. Былай қарағанда, бүткіл қоғам булықпай,ынтышынтысымен талқыға салатын-ақ оқиға. Бірақ, бізде түк болмағандай... Мемлекет басшысы жемқорлыққа қарсы күреске жалпыхалықтық сипат беру керек деп отыр. Елдегі жетекші партия осы стратегиялық міндетті қолдап жатыр. Бірақ, ашықтық, жариялылық қайда?. «Нұр Отанның» мүшесіміз деп нұрланып жүруге тиіс адамдар ұрланып жүретін болды... Ел олардың есімдері мен қызмет лауазымдарын білуге тиіс. ПЕРДЕҢДІ ТҮР, ҚАЗАҚСТАН! НЕМЕСЕ 68-ДІҢ АТЫ НЕГЕ АТАЛМАЙДЫ?..
Олимпиада алауы Алматыға əкелінер тұста əдеттен тыс бір оқиға болды. МАИ қызметкерлері көшедегі көлік біткеннің терезесін сыпырды. Лауазымға, ұсынған ақшаға, телефон қоңырауына қараған жоқ. Күңгірт, қараңғы терезелер тегіс сыпырылды. Жүргізушінің де, жолаушының да көзі ашылғандай еді... Қоғам да осы терезе сияқты:қараңғы болған сайын қылмыс көбейеді;күңгірт тартқан сайын күмəн артады.. Қоғамдағы кез келген оқиға халық назарында болуы тиіс. Халық кімнің кім екенін білуі тиіс. Ендеше, пердеңді түр,Қазақстан! Халықтың қаражаты – қазына. Халықтың қасиеті одан да қымбат қазына. Ыбық дедік, сыбық дедік..,егемендікпен бірге келген нарықтық қатынастардың келеңсіз жақтарын көбірек сіңірдік бойымызға. Жемқорлық жаппай жайлады. Парақорлық нормаға айналды. Ұят пен аят айдалада қалды... Обал мен сауап туралы айтудың өзі ертегі сықылды... Нешетүрлі қиындық болған. Нешетүрлі қиыншылықты артқа тастағанбыз. Кез келген қиындық түбі өтеді. Қаражаттың құнсызданғаны соншылқты ауыр дүние емес. Бүгін арзандаған теңге ертең қайта өз құнына келеді. Бүгін дəуірлеген доллар ертең қандай боларын бір құдай біледі. Бар нəрсе ақшамен ғана өлшенбейді. Армен өлшенетін нəрселер бар. Ұлттық құндылықтар бар. Ар мен иаман. Ұят пен аят. Обал мен сауап. Қанағат пен шүкір. Үміт пен сенім. Осылардың құны кетпеуі керек. Жас баланың өзі самауырынның шоғынан қорқады. «Үпəй» десеңіз, ыстық ыдысқа жоламайды. Біздің мемлекеттік шенеуніктер мен қазына қақпағынан қаймақ ҚАРАЖАТ ЕМЕС, ҚАСИЕТ ҚҰНСЫЗДАНСА ҚИЫН
сүзіп отырғандар қарапайым ғана «үпəй» деген ұғымды
ұмытқан. Жеген үстіне жей берсем, асаған үстіне асай бер-
сем деген ашқарақтық бар. Жемқорлықпен күрес өрістеген
сайын жемқорлық күшейіп барады. Бұл қалай?!.
Ұлттың ұпайы аранының апандай болғандығымен
түгелденбейді.
Ұлттың ұпайы «үпəй» деген нəрселермен түгелденеді.
«Тарта жесең, тай қалады» дейтін қазақ. «Жеген жақсы»
деп жей берсеңіз, Қазақ мемлекетінен не қалады?!.
Қанша заман өтсе де, қанша қиындық жетсе де қазақ
қасиетін жоғалтпай келе жатыр еді.
Амал не, тап қазір сол қасиет құнсызданып тұр.
Сол қиын...
Қоғам бір жақта, адам бір жақта
жүргендей əсер аласыз кейде. Қоғамға
жат қылықтар мен ұғымдар қай
деңгейде болсын қолдауға ие болып
жатыр.
Адамзат
баласына
ортақ
ұғымдар құндылық болмауға қарады.
Ар, ұят, обал жəне сауап, қанағат пен
қайырым дегендердің бəрі адал адамдардың еншісінде
ғана қалғандай. Ардан аттамаған адам – кедей. Кедей
адам – адамның ең сорлысы. Сонда осындай қағидат
қалыптасқан қоғамда адалдық пен əділдікті іздеу
ақымақтық болғаны ма? Қарапайым тазалық ұғымын
тəрк ету бесіктен белі жаңа шыққан баладан бастап бүкіл
естияр ер азаматтың бəріне дұрыс нəрсе болып көрінетін
болғаны ма? Осылай кете беретін болсақ, мектептегі
балаға не деп білім береміз? Ата-ана өз ұрпағына нені
аманат етеді? Не тəрбие береді?
Билік
тарапынан
қоғамда
қалыптасқан
осындай
əлеуметтік кеселдерге қарсы күрес жүргізілмей жатқан жоқ.
Былай қарасаңыз бəрі дұрыс секілді. Елдегі жетекші партия
бас болып, нешетүрлі қоғамдық ұйымдар жемқорлықпен,
ПАРА –
ҚОРЛЫҚ
емес, зорлық
болып тұр
парақорлықпен, сыбайластықпен жан аямай күресіп-ақ
жатыр. Бірақ «борсық ұрған сайын семіреді» дегендей,
неғұрлым күрес күшейген сайын жемқорлық пен парақорлық
күш алып барады. Осы ретте атжалмандарға жасалатын
сынақ еске түседі. Қаптаған атжалманға уландырғыш дəріні
жемге қосып тастасаңыз, олардың бəрі бірдей бас салмайтын
көрінеді. Əуелі біреуі шетінен дəмін көріп, «құрбандыққа»
айналады екен. Қалғандары содан кейін уға жоламайтын
көрінеді. Келесі кезекте оларға арнап басқа дəрі жасау қажет.
Əр кез сайын у дəріні жаңалап отырмаса, атжалмандар
ағзасына удың өзі əсер ете бермейді екен...
Біздің шенеуніктер қазір атжалмандардан да бетер болып
барады. Жемқорлықпен күрес күшіне мініп тұрғанда «əзірге
науқан бітсін,сəл қоя тұрайын» демейді. «Ашыққаннан
құныққан жаман» деуші еді қариялар. Сол айтқандай,
шенеунік біткен шетінен құнығып алған. Қолға кісен салы-
нып, қамалып жатқанына пысқырып та қарамайды. Өйткені,
отырған орын мəңгілік емес екенін жақсы біледі. Бүгін
болмаса, күні ертең орнынан алып тастайды. Соны біліп,
сезіп отырған соң мемлекеттік қызметке келгендердің бəрі
мемлекеттің қаржысын қарпып қалуға ұмтылады. Не болма-
са атқарып отырған қызметін бұлдап, парақорлық жолына
түседі. Осы тұрғыдан алғанда, елімізді жайлаған жемқорлық
тамырын тым тереңге жіберген тəрізді. Ендігі таңда күрес
жемқорлармен емес, жемқорлар елмен күресетін жағдайға
жететін де шығармыз. Ұят-аят болмаған жерде қанағат де-
ген ұғым тұра ма? Құныққан үстіне құныға түсетін адам-
дар қатары қазір сағат сайын толығуда. Мемлекет қаржысы
көлеңкелі экономикада салтанат құрып отыр. Осының бəрін
ел-жұрт көріп те отыр.
Елдің бəрі шетінен пысықай, арамза, айлакер, парақор
болуы керек пе? Қазақ адал адамды «бос белбеу», «қолынан
бөзі, аузынан сөзі түскен» деп онша жарата да бермейді.
Неғұрлым арам болсаңыз, соғұрлым сыйлысыз. Сонда
мына заманда адалдықпен өмір сүру мүмкін емес болғаны
ма? Жұлымыр, жүлік,қу, ысқаяқ,епті болсаңыз ғана
айналадағы ағайынға қадірлісіз. Ал ақ көңіл, адал, ашық
адам болсаңыз,елге күлкі,жұртқа түрпі болатын сияқтысыз. Ұстаз атаулы балаларды адалдыққа тəрбиелейді. Адам бол, адал бол деп үндейді. Демек, біздің беріп жатқан тəрбиеміз дұрыс болмағаны ма,сонда?.. Əйтпесе, түйені түгімен,биені жүгімен жұтқыш жемқорлар мен парақорлар саны қайдан шығады? Қазір күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарынан нешетүрлі сұмдық деректерге кезігесіз. Жақында ғана Алматыдағы орта деңгейдегі бір шенеушік тұтқындалды. Апыр-ау, оның сейфінен табылған қаржыға қанша мектеп салуға болар еді ғой! Ал бюджет жыртық, ақша жоқ деп халықтың əлеуметтік мəселелері жылдар бойы шешілмей, қордаланып жатыр. Сонда обал қайда? Қанағат қайда? ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН агенттігінің хабары на қараңыз. Алматыда 30 мың $ көлемінде пара алды деген күдікпен салық департаменті бас ты ғының орынбасары Мирболат Нұрғалиев тұтқындалды, деп ҰҚК-нің Алматы қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Күдікті Алматыдағы коммерциялық ұйымдардың бірінен кəсіпорынды таратуға көмек беру үшін мың $ көлемінде пара талап еткен. Арнайы қызметтің ақпары бойынша, М.Нұрғалиевтің тұрғылықты мекен-жайын тінту барысында 130 мың $, 20 мың еуро жəне 850 мың теңге тəркіленген. “Халық банкінің депозитариін тексеру арқылы тұтқындалған азаматқа тиесілі 400 мың $ мен 308 мың еуро тəркіленді. М.Нұрғалиевтен тəркіленген жалпы сома мөлшері 1 млн доллардан асып жығылады”, – делінген хабарламада. Сонымен қатар, М.Нұрғалиевтің жұмыс кабинетінен “ұзақ уақыт бойына өзі басқарып келген Алматы қаласының Алмалы аудандық салық комитеті қызметкерлерінің өз еркімен жұмыстан кету жөніндегі арыздары табылды”. Арыздардың жазылған уақыты көрсетілмеген. Қазіргі кезде М.Нұрғалиев тұтқындалып, ҰҚКД-нің тергеу изоляторына тоғытылды. Оның өзге қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда, делінген хабарламада.
Міне, бір ғана мысал. Салық комитеті төрағасының орын-
басарында осынша қаржы болғанда, одан жоғары қызметте
отырғандардың жағдайы мен ау-жайының қандай екенін көз
алдыңызға елестете беріңіз.
1 миллион долларға зəңкитіп тұрып қанша мектеп салуға
болады! Ал ондай қаржы бір ғана салық қызметкерінің
қалтасында болған. Сонда біз не боп барамыз? Қайда ба-
рамыз? Қалай ел боламыз? Мемлекет құрып жатырмыз
деп танаурағанда тұрған орнымыз ойылып кете жаздайды.
Қазақстанның жерасты, жерүсті байлығы ел мен жұрттың
игілігіне жаратылмай, жекелеген адамдар мен топтардың
қалтасына тоғытылуы мына қалыппен енді ешқашан
тоқтамайтын да шығар...
Былтыр айлығы 300 мың доллардан асатын шенеуніктердің
бар екенін естігенде мектептегі бір мұғалім талып қалып еді.
Мына деректі естігенде не болар екен? Талайлардың жүрегі
тоқтап қалған да шығар...Шынында сұмдық емес пе? Ал-
дына келген шəкіртіне əліппені ашқызып, əріптерді үйретіп
отырған мұғалімнің жалақысы жарытымсыз. Ал бір ғана
салық қызметкерінің қалтасында жүрген ақшаға пəленбай
мың мектептің мұғаліміне айлық беруге болады! Міне,
əлеуметтік əділеттіліктің ауылы қайда қонған?!.
Қазір күн сайын осындай дерекке кезігесіз. Ұсталып
жатқан шенеуніктерде есеп жоқ. Олардың қаншама қаржы-
қаражаты, мал-мүлкі тəркіленді деп жатады. Сонда ол қаржы
қайда кетеді?
Оның бəрі мемлекет қазынасына қайтарылды деген жауап
аларымыз анық. Жөн-ақ!. «Қайтқан малдан қайыр» болмаса
не істейміз? Неге қоғам мүшелері ол қаржылардың қайда
кеткенін білмейді? Осы ретте басы «Нұр Отан» мен Парла-
мент депутаттарына арнайы ұсыныс жасағымыз келеді.
Мəселен, жоғарыдағыдай мемлкеттік қызметкер пара-
мен не басқа да жемқорлық жағдайымен ұсталса, олардың
қаржысын тап сол ауданның, немесе елді мекендегі бюд-
жетке қарап битін сығып отырған мекемелеріне, ондағы
қарапайым мұғалім, медбике, балабақша тəрбиешісі сияқты
мамандық иелеріне қылдай бөліп берсе дейміз. Əрбір
жемқорлық пен парақорлық фактісін ашық жария етіп,
тəркіленген қаржыларды ел-жұрттың көз алдында «Нұр
Отан» партиясынан комиссия құра отырып,теңдей үлестіру
керек. Сонда əлеуметтік əділеттілік деген орныға бастайды.
Əйтпесе, пəлен миллион доллар тəркіленді дегеннің бəрі бос
сөз болып шығады.
Жемқорлар мен парақорлардың есебіндегі қаржы осы-
лай ашық жəне жария түрде үлестіріле бастаса,мемлкеттік
шенеуніктер аяғын тартар бəлкім. Бір жағынан айлығына
қылмыскерді ұстатса, үстеме қосылатын білген мұғалімдер
мен дəрігерлер, басқа да бюджет қызметкерлері қылмыспен
күресуге мүдделі болар еді!
Жалпы осы тəркіленген қаржы-қаражат атаулы қайда
кетеді? Осы мəселені Парламент депутаттары көтеруі керек.
Бұл жөнінен кім есеп береді өзі?
Жемқорлықпен күрес күшейді дейміз. Нəтиже қайда? Неге
мемлекеттік қызметкерлер тиісті жазасын алмайды? Өйткені,
бəрі заңды қалай айналып өтудің жолын біледі. Жоғарыда аты
аталған салық қызметкерінің кеңсесінен қызметкерлердің
жұмыстан босату туралы мерзімі көрсетілмеген арыздары
табылды деген дерекке назар аударыңызшы. Неге мерзімі
көрсетілмейді? Өйткені, сол мекемедегі қызметкердің бірі
жемқорлықпен немесе парақорлықпен ұсталса, анау арызға
дəл сол күнгі мерзімнен бұрынғы уақыт көрсетіледі. Сонда
жұмыстан шығып кеткен адамға қолданылатын жаза жеңіл
боп шығады. Ал қызметте отырып ұсталса, оған берілетін
жаза баптары қатал. Бəрі белгілі.
«Арамза
болмай,
атақ
жоқ,
алдамшы
болмай
бақ қайда?» депті қайран Абай. Өз заманындағы
əділетсіздіктерге əбден күйінген соң айтқаны бол-
са керек. Осы сөз осы күні біздең елдегі мемлекеттік
шенеуніктердің үстел үстінде жататын ұран сөзіне
айналғандай. Елдің бəрі жұлып жегісі, жұлымырлықпен
өмір сүргісі келеді. Ар, иман, адалдық дейтін ұғымдар
аяқ астында тапталуда. Аз күндік өмірде жалпағынан
басып өмір сүруге ұмтылатындар қатары енді көбеймесе,
азаймас. Өйткені, адами құндылық атаулы, қасиетті
ұғымдар қарын мен құлқын қамы жолында түк болмай
қалды.
Таяуда – 1 қыркүйек. Мектеп табалдырығын аттаған
жас шəкіртке адам бол дейміз бе, арам бол дейміз бе?!.
Forbes журналы əлемдегі
ең бай адамдардың тізіміз
жариялады. 13 жылдан бері
көштің алдын бермей келе
жатқан Билл Гейтс тізгін теже-
уге мəжбүр. Оның алдына су-
ырылып американ қаржыгері
Уорен Баффет пен мексикандық медиамагнат Карлос Слим
деген байлар шықты. Американдық миллиардердің жиған-
тергені 62 миллиард доллар болса, мексикандық миллиардер
60 миллиард долларды қанағат тұтты.
Дүниежүзі бойынша бай адамдар тізімінде 1125 милли-
ардер бар. Олардың жалпы жиынтық байлығы 4,4 триллион
доллар болды.
Елдер арасында бай адамдар саны жағынан АҚШ алда
келеді. АҚШ миллиардерлері - 469 адам. Одан кейін екінші
орынды көрші Ресей миллиардерлері алып отыр. Үшінші
орында – Германия.
Ресейде 87 миллиардер бар. Олардың 74-і Мəскеу
қаласында тұрады.
Осы 87 миллардердің ішінде əлемдегі ең бай 20 адамның
қатарына 4 бірдей ресейлік қосылып отыр. Олардың басын-
да «Русский алюминий» компаниясы директорлар кеңесінің
мүшесі Олег Дерипаска 28 миллард долларымен 9-шы орын-
да тұр. «Челси» футбол клубының иесі Роман Абрамович
23,5 миллиард доллармен 15-ші орында. «Северсталь» ААҚ
директорлар кеңесінің төрағасы Лексей Мордашов 21,2 мил-
лард доллармен 18-ші орынды иемденсе, «Альфа-Банк» ди-
ректорлар кеңесінің төрағасы Михаил Фридман 20,8 милли-
ард доллармен 20-шы қатарда тұр.
Былтырғы
жылмен
салыстырғанда,
Ресей
миллиардерлерінің қатары 34 адамға көбейген.
Біз ше?
ҚАТАРДАН
ҚАЛЫП ҚОЙҒАН
ЖОҚПЫЗ БА?
Былтыр Қазақстаннан үш-төрт адамның аты аталған еді. Биылғы жағдай нешік? Əлем байлары арасынан бір қазақтың төбесі көріне ме өзі?.. Байлық негізі – бəсекелестік. Бір-бірімізді түртумен, құртумен жарыспай, басқа елдердің байларынан қалыспауға жарыссақ болмас па?.. Коррупциямен күресеміз деп жүріп, қатардан қалып қойған жоқпыз ба?.. Бізде бір жаман əдет бар. Кез келген жерге жазу жазу. Сызу. Шимайлау. Мұның бəрі мектепте қалыптасатын тəрізді. Кімде кім сынып партасын сызса, əжетханаға ұятсыз сөз жазса, қоршауларға баттитып сурет салса, өскенде де сол дағдысын қоя алмайтын сияқты. Осы дағды қазір басқаша бір сипат алғандай. Оны қол қою десеңіз үстінен түсесіз. Қазақстанда кез келген құжатқа қол қоя беретін он-он бес адам бар. Олар оңды-солды ашық хат жазады, үндеу тастайды, өйтеді, бүйтеді. Тіпті қол қою ісіне маманданып алғаны сондай, осы күні апта сайын бір қағазға қол қоймаса, қолдары қышитын жағдайға жеткен. Сыра ішіп сылқылдап, боза ішіп былқылдап отырса бір жөн. Е, шалқып отырып сөйткен екен деп қоя салуға болар еді. Айдалада жүрген адамды да қатарына қосып алу əдісі басталғандай. Əуелі таза парақты көрсетеді, немесе басқа мəтін жазылған құжатты алға тосады. Тиісті адамдардың қолдарын қойғызған соң қағаздың мазмұнын «түзете» салады. Жағдайдан хабарсыз, бірақ ел дегенде тілегі дұрыс азаматтар қарадай күйіп қалып жатады. Артынын сан соғып, «қап, əттеген-ай» дейтіндер аз емес. «Қандай құжатқа болса да қолымды қоямын» деп өзеурейтіндер де бар. «Қол өзімдікі» дейді олар. Титтей де таласымыз жоқ. Қол да өзіңдікі. Қолтаңба да өзіңдікі. Бірақ ҚОЛ. ҚОЛТАҢБА... АНАТОМИЯ САБАҒЫ
адам ағзасында қолға басшылық жасайтын басқа да органдар бар екені естен шықпаса дейсің. Əлде сіз анатомия сабағына қатыспаған ба едіңіз? Еліміз егемендік алып, өз алдымызға тəуелсіз мемлекет болғалы имандылық бағытында да қыруар шаруа қолға алынды. Жер-жерде мешіттер көптеп салынып, намазхан қауымның игілігіне берілді. Кешегі кеңестік кезеңде жоғалтқан асылымен қайта табысқан ел-жұрттың қуанышында шек жоқ. Оның үстіне мемлекет имандылық саласына ерекше көңіл бөліп отыр. Мəселен, Құрбан Айт пен Рождествоны мемлекеттік мерекелер қатарына қосты. Елімізде ар-ождан бостандығына кепілдік берілген. Соның арқасында жастар қатарында ислам құндылықтарына құмарта бас қойған балғындар жетерлік. Астана мен Алматы қалаларында салынған мешіттер керемет көрінісімен көз тартады. Əсіресе, Елбасы бастамасымен тұрғызылған «Нұр Астана» мешіті Орталық Азия елдеріндегі ең əсем ғимараттың бірі. Мемлекет басшысы қашан да дəстүрлі дінімізге қамқорлық жасаумен келеді. Жаңадан салынатын Астанадағы мешіт те өзінің құрылысы мен сəулеті жағынан ерекше болмақ. Сондай-ақ Алматы қаласындағы Көктөбе биігінде тұрғызылатын жаңа мешіт те қала сəулетіне сəн беріп, имандылық жолында жүрген жамағатқа рухани орда болады. Мұның бəрі жақсы əрине. Алайда біздің елімізде жекелеген азаматтар қаржысына салынған мешіттер де баршылық. Мешіт салып берген азаматтарға мың алғыс! Дегенмен, осы мəселеде түйткілді жəйттер де жоқ емес. Айталық, мешіт – Алланың жердегі үйі деп те аталады. Қазақстан ЖАРАТУШЫНЫҢ ЖЕРДЕГІ ҮЙІН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРІП АЛҒАНДАРЫ МА?
мұсылмандары діни басқармасы құрамына ашықтан ашық
кіргісі келмейтін мешіттер де баршылық екен.
Ақмола облысында «Ихлас» ислам рухани-ағар тушылық
қоғамы, «Жұмағұл Бəдығұлжамалұлы мешіті», «Имам
Ағзам» ағартушылық қоғамы», Шығыс Қазақстан облы-
сында «Мұхаммади мешіті», Қарағанды облысында «Абай
мұсылмандары мешіті», «Ағыт қажы мешіті», «Таутан молда
мешіті», ал Астана қаласында «Төлебай мешіті» Қазақстан
мұсылмандары діни басқармасының құрамына кіргісі жоқ.
Бұлардың қатарында Ақтөбе облысындағы «Нұрдəулет
мешіті», «Нұрдəулет мешіті діни бірлестігінің Бестамақ
мешіті филиалы», Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Асан-
бай Ата», Солтүстік Қазақстан облысындағы «Петропавл
мұсылмандарының татар-башкір діни қауымы», сондай-
ақ Қостанай облысындағы əРудный қаласы мұсылмандар
діни қауымы», «Құсмұрын мұсылмандар мешіті», «Теректі
мұсылман мешіті» де бар.
Жекелеген азаматтардың өз қаржысына мешіт салғаны
сауапты іс. Алайда, бізде діни тұтастық болу үшін еліміздегі
барлық мешіт Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
қарауына алынғаны жөн емес пе?
Мешіт салған азаматтар «қазаншының еркі бар, қайдан
құлақ шығарса» дегендей, жергілікті имамдарды да өз
ықтиярынша бекітіп, діни басқарманы елең қылмайтындай
жағдай қалыптасқан сияқты..
Бұл елімізде жаңадан салынған мешіттер арасында
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен тікелей
жұмыс істегісі келетіндер жоқ емес дегенді аңғартпайды.
Мешіт иелері арасында имамдарды діни басқарма арқылы
сайлауға ықтияр азаматтар да баршылық. Бірақ олар мешіттің
меншік құқығынан айрылғысы келмейді.
Оларды да атап айтуға болады. Қарағанды облысындағы
«Хазрет Али», «Топар кентіндегі мұсылман мешіті», Алма-
ты облысындағы «Беттал», «Ақ ниет», «Райымбек», «Ислам
Нұр» мешіттерін салған азаматтар жергілікті имамдарды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекітуіне еш
қарсы емес. Алайда, өз қаражаттарына тұрғызғаннан кейін
мешіт иелігін басыбайлы бере салғысы келмейді.
Мұндай мешіттер Оңтүстік Қазақстан облысында да аз
емес. Осы облыстағы «Мекке-Медине», «Қызыл-су», «Смаил
ата» мұсылман мешіті», «Мыңшахит Əулие», «Қорған Ата»,
«Расулмат Баба», «Шапырашты», «Абу Дардо», «Кзил-су»,
«Убайдулла-Ота» деп аталатын мешіт тердің қожайындары
меншік құқығын қолдан шығарғылары жоқ.
Бүгінгі таңда жеке бизнесі арқылы пайда тауып, одан
артылғанына мешіттер салып, ел-жұрттың батасы мен
алғысын алып жүрген азаматтар жетерлік. Олардың иман-
ды іске ниет еткенінің өзі үлкен азаматтық. Əйтпесе,
қаржысын босқа шашып, казинолар мен түнгі клубтардағы
арзан қызыққа «мал шашып» жүргендер де табылады. Бір
түнде бір мешіт емес, ауылдық жердерлегі аса қат аурухана
мен балабақша құрылыстарына кететіндей қаржыға шетел-
ден əртіс алдыртып, олардың өнерін қызықтап отырғандар
да кездеседі. Оларға қарағанда мешіт тұрғызған асыл
азаматтарымыздың сауапты ісі əлдеқайда артық емес пе?!.
Əйтсе де мешітті салу бір басқа. Оны пайдалану бір
басқа. Осы тұрғыдан келгенде Қазақстан мұсылмандары
діни басқармасы имандылық қайнарында тұрған барлық
мəселеде елдегі ең негізгі жетекші ұйым болуы керек емес
пе? Көп ретте жергілікті мешіттерді тұрғызған азаматтар
«мынау адам бізге имам болады» деп, имамдыққа қалаған
кісісін бекітеді. Оның даярлығы, сауаты бар ма, жоқ па, оған
бас қатыра бермейді. Кейде солай тағайындалған имамдар
отбасын асырай алмай, тұрақтамай жататыны да жасырын
емес.
Қалай болғанда да осы мəселені оңтайлы шешудің жо-
лын іздестіру керек. «Мешіт салдым» деп кеуде кергеннен
гөрі Алла-тағаладан ризашылық тілеп, сауапты істі саудаға
салмай-ақ, жоғарыда сөз болған тақырыпты дін өкілдерімен
бірлесе шешкен абзал сияқты.
«Мал ашуы – жан ашуы» деген де сөз бар. Өз қалтасынан
белгілі бір мөлшерде қаржы шығарып, мешіт салғызған
адамның «мынау менің мешітім, немесе «мына мешітті мен
ата-бабама арнап тұрғызып едім» дейтіндей де жөні бар. Оны түсінуге де болады. Алайда, мешіт бір бөлек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бір бөлек болғанын қалай түсінуге болады? Еліміздегі ең басты имандылық ордасы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жергілікті жерлердегі мешіттерге имам тағайындай алмайтын болса, басқарманың құзіретін тарылтқаннан кім ұтады, кім ұтылады? Осын да мықтап ойлану керек. Қазіргі таңда елімізге нешетүрлі дін таратушы ұйымдар келіп жатыр. Нешетүрлі конфессиялар өздерінің əрекеттерін белсенді түрде жүргізіп отыр. Соның салдарынан қаракөз қандастарымыз алдау мен арбауға түсіп қалып жүр. Көптеген азаматтар өзге діннің жетегіне ілесіп, ақыр соңында ата дінімізге қайта оралып келіп жатыр. Ендігі кезеңде өз қаржысына мешіт салғысы келетіндер аз бол қоймас. Құдайға шүкір, еліміз өсіп, өркендеп келеді. Өз шаруасын дөңгелетіп, имандылық ауылына бет бұрып жатқан бауырларымыз да жетерлік. Əр ауылдан шыққан азамат өзінің туған жерінде Алланың жердегі үйі – мешіт болса екен деп іштей арман етеді. Көбісі жағдайы келсе, мешіт салып беріп те жатыр. Олардың қатары сирей қоймайтыны анық. Алайда, мешіттің меншік құқығы деген мəселе əлі де алдымыздан шыға береді. Сондықтан осы мəселеге бəріміз ойласа келе, ортақ бір шешімге келгеніміз дұрыс тəрізді. «Мынау пəленше, түгеншеге арналған мешіт» деген тақтайша маңдайында жазулы тұрса, сол мешітті салдырған ұрпақтар үшін басқа не керек? Мешіт салғанда адам ең əуелі Алла риза болсын деген ниетпен салдырмай ма? Ендеше, сол мешіттерді салуға қаржыны қиғанда, мешіттің меншік құқығын беруге не үшін қиналады? Осы сұрақтың жауабын қалай тапсақ екен?!. .
Қырғыздың жаңа Уақытша
үкіметі құрамындағылар он
ойланып, жүз толғанып елдің
жаңа
Конституциясының
жобасын
жасағаны
тура-
лы мəлімдеді. Бұл туралы
уақытша үкіметтің вице-премьері Өмірбек Текебаев мəлім
етті. Жаңа Конституция Қырғызстандағы мемлекеттік
билікті түбірімен өзгертеді. Президенттік биліктің орнына
парламенттік билік енгізіледі.
Сəуір айының басында Қырғызстандағы билік айран-
асыр, ел ойран-сасыр болған. Дүрмек пен дүбір билік басына
оппозицияны əкелді. Президент Құрманбек Бəкиев тақтан
тайдырылды. Уақытша Үкімет жасақталды. Оны басқару
Роза Отунбаеваға жүктелді. Осы аралықта елдегі бірнеше
губернатор ауыстырылды. Əлі құрылымдық өзгерістер
жасалмай тұрып, қырғыз ағайындар əр түрлі деңгейдегі
билік үшін күресті күшейтті. Соның салдарынан экономи-
ка толық қаңтарылды. Көктемгі егістің уақыты келді. Елдің
бəрі саясаттың сойылын соғып жүргенде егінді кім екпек?
Тұқымды кім сеппек?
Өкінішке орай, мұндағы жағдай барған сайын шиеленісе
түсетін сыңайлы. Жаңа Конституция жобасы 27 маусымда
өтетін референдум арқылы қабылданбақ.
«Біз мүлдем жаңа Конституция қабылдайтын боламыз.
Шын мəнінде бұл заң мемлекеттік биліктің сипаты мен
мəнісін түбегейлі өзгертетін болады. Елде нақты бəсекелес
саяси күштер пайда болады. Осыған дейін жеңгендердің
жағасы жайлауда болатын, жеңілгендер іштен тынып,
қайнауда қалатын. Енді парламенттік билік жүйесі енгізіледі.
Президенттің өкілеттілігі барынша шектеледі. Ол елдегі
кадр саясаты мен экономикаға араласпайды. Президент са-
яси оқиғалар бола қалса, соған төрелік сөзін айтатын бас
нотариус секілді ғана болады. Мемлекет атынан ешқандай
іс-қимыл жасай алмайды»-деді Өмірбек Текебаев.
Енді Үкімет құрамын Президент емес, парламент
анықтайды. Президент тойда төрде отыратын құрметті
ПРЕЗИДЕНТ ТЕ
БІР, НОТАРИУС
ТЕ БІР
қонақ тəрізді, миығынан күліп, иығынан тұрып отыра
береді. Қажетті жарлықтарға үш күн ішінде қол қоймаса, ол
құжаттар заңдық сипат алады.
Жаңа Конституция жобасында бір партиялы билікке жол
берілмейтіндігі көрсетілген көрінеді. Жобаны талқылауға
уақыт аз. Екі апта ішінде талқыланып, ескертпелер мен
толықтырулар тездетіп енгізілмек.
«Біз осы мəтінді жасау үшін 5 жыл əуре болдық»,-дейді
Текебаев. – Біз өз арамызда бұл үшінші қырғыз респу-
бликасы деп айтып жүрміз,-дейді ол. – Бірінші -советттік
Қырғызстан, екіншісі – жанұялық-авторитарлық.яғни Ақаев-
Бəкиевтік, үшіншісі – парламенттік Қырғызстан.
Көрші ел қандай жолмен жүреді? Қандай билік үлгісін
таңдайды? Ол – олардың ішкі шаруасы. Бірақ, қазақ «сырт көз
– сыншы» дейді ғой. Сыртта отырған біздерге Қырғызстан
«мүйіз сұраймыз деп құлағынан айрылған» тоқал ешкі
сияқты көрінеді. Өйткені, жағдай тұрақтанбай жатып, билік
жүйесін бұлайша өзгерте салу өзіндік қиындықтарын алып
келеді. Оның үстіне қазір бұл елде қырықтан астам саяси
партия бар екенін ескерсек, парламенттік басқару арқылы
қырық-пышақ болмаса не қылсын?!.
Əзірге билік жүйесін өзгертуге ұмтылып отырған
Уақытша Үкімет мүшелері бұл ел ертең не ішеді, не жейді
деген мəселеге бас қатырмайтын сықылды. Халыққа керегі
тоқтық пен жұмыс, тұрақтылық пен табыс. Ал қазіргі жағдай
мұның бəрінен алыстау. Ал ертең не болады?
Бəрінен бұрын қалың қырғыз жабылып жүріп, өз
мемлекеттілігінен айрылып қалмаса болды. Тəуелсіздік пен
мемлекеттілік тұғыры Ленин мен Сталиннің ескерткішінен
мықты емес. Оны күн сайын сындарлы іспен бекітпесе, ала-
улатып-жалаулатып жүріп, бəрінен айрылып қалу оңай.
1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ жерінде Тəуелсіздік жарияланды. Сол кездегі Жоғарғы Кеңесте «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тəуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдан ды. Оған дереу Қазақстан Рес пуб ликасының бірінші Прези денті Нұрсұлтан Əбішұлы На зар баев қол қойды. Сөйтіп, жер бетіндегі өз тағдырын өзі ғана шешетін халықтардың қатарына қазақтар да қосылды. Нұр сұлтан Назар баевтың көреген саясаты арқа сында Қазақ стан қантөгіссіз, бейбіт жолмен тізгінін қолына ұстады. Жəне бұл өте бекем де берік қол еді. Əйтпесе жағдай өте күрделі, қазаққа тым қолайсыз болатын. Сыртта жан-жаққа бө ліп алғысы келген алып империя лар аңдып тұрды. Өз ішімізде заң сыз қы лыш асынып алған казак тардан бастап небір қитұрқы əрекет жасаушылар толып жатты. Жал ғыз Қазақстан емес, бүкіл Кеңес Одағы аумағын жоқшылық жай ла ды, халық ашаршылық ара ны на жақын тұрды. Осындай ау ма лы-төкпелі заманда біздің еліміз тəуелсіздігін жария етті. Сол күні кешкілік тəуелсіздікті түрік бау ыр ларымыздың іргелі мемлекеті таныды. Одан басқа елдер де Азия ның дəл ортасында «Қазақ стан» деген атпен жаңа мемлекет құрылғанын мойындады. Тəуелсіздікке қадам басар алдында Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы Кеңес Одағы басшы ларының жылдар бойы жүректі жаралаған бірнеше қателіктерін мойындаттырды, өз қолымен түзетті. Оның біріншісі – Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы Жарлығы. Екіншісі – Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағы Батыры, ал Бибігүл Төлегеноваға Социалистік Еңбек Ері атақтарын алып беруі. Содан кейін тура Тəуелсіздік жария етілер тұста Нұрсұлтан Назарбаев 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы на қатысқаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған азаматтарды ақтау туралы Жарлыққа қол қой ды. Ол жастар Алматының ала ңында бүлдіру əрекетіне барған бұзақылар емес, республика егемендігін талап еткен қоғамның алдыңғы қатарлы тобы екені Назарбаевтың Жарлығынан көрі ніс тапты. Осылай əлеуметтік қа на емес, саяси əділдік ор нықты. ЖАҚЫНЫҢДЫ ЖАТТАЙ СЫЙЛА...
Жиырмасыншы жылдығы басталған тəуелсіздік елімізге
тағы не берді? Алдымен əлем жұ мыр жерде қазақ елі, оның
мем лекеті, тарихы, дəстүрі, құқығы, Абай сынды ақыны
барын мой ындады. Екіншіден, Қазақстан ның тұтастығы,
бөлінбестігі əйгі ленді. Қазақстанның мем ле кет тік шекара-
сы айқындалды. Кезінде Қытай мен Кеңес Одағы арасында
шешілмес дауға ай налған, тіпті екі рет ұрыс қимыл дарына
жет кіз ген шекара мəсе лесін Нұрсұл тан Назарбаев тың-
ғылықты жəне мəңгіге шеш ті. Іргелес көршінің бəрімен ше-
кара мəңгілікке анық талып, бұл орайда ешкім дау-та лас шы-
ғармайтындай шегенделді. Қа зақ стан өзінің қазынасын мо-
лай ту үшін жеке экономикалық саясатын жүргізуге кірісті.
Оның алғашқы нық қадамы ретінде ұлттық валюта-теңге
айналысқа енгізілді. Жер астынан ғарышқа дейінгі салалар-
да бірлесіп немесе жеке-дара əрекет етудің мүмкін дігі туды.
Өз жеріндегі ядролық тажалдың көмейін мəңгілікке бітеп,
алыстағы басқа жұртты жаппай қырып-жоюға қабілетті ала-
пат қарудан арылды. Оның орнына ел мен жерін төтеден тиіс -
кен басқыншыдан қорғауға қабілетті өз əскерін қалыптас-
тыр ды. Жаңа Астана сын салып, салтанаты мен ай шы ғы
алыстан көрінетін қала тұрғызды. Қазақ стан ның бұл өнегелі
істері елен бей қалған жоқ. Барлық халық ара лық ұй ым дар
мен беделді қай раткерлер жер шарының да муына Қазақ стан
мемлекеті зор үлес қос қа нын жиі айтып жатыр. Қазақстан
Республикасының Пре зиденті Н.Назарбаевтың баста масымен
Астанада 2003 жылы 23-24 қаңтарда Əлемдік жəне дəс түрлі
діндер жетекшілерінің І Съезі өткізілді. Осы отырыста жер
ша рының бейбітшілік пен келісімді орнықтыру ісіндегі
діннің рөлін айта келе, бүкіл əлем діндерінің өкілдері
арасындағы сындарлы үнқатысуды жалғас тыру дың қа-
жеттілігіне тоқталып, съезді үш жылда бір рет өткізіп тұруға
шешім қабылданды.
Қазақстан Республикасының ең шарықтау шегі – 2010
жылы желтоқсан айының 1-2 күндері Астана қаласында
ЕҚЫҰ сам митінің өткізілгені еді. Қазақ станның Мемлекет
басшысы Нұр сұлтан Назарбаев жиырма бірінші ғасырда
топ жарып тұрған тарлан қайраткер ретінде күллі əлемге
таңдай қақ қызды. Қазақ стан мемлекеті Еуро па мен Азия ны,
тіпті Сол түс тік Американы өз аузына қаратып, Еуропадағы
қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етті.
Он екі ай бойы Ауғанстан мен Қырғыз Респуб ли касындағы
шиеленісті мəселе лерге байыпты қарап, бай салды пікірін
білдірді. Арттағы жүрген жолымызға қайырыла көз
салсақ, біз осынау беделді ұйымға 1992 жылы 2 қаңтарда
мүшелікке өтіп піз. Жиырма жылға жетпей тін уақытта жай
мүшеліктен төра ғалық деңгейіне көтерілу – тек Назарбаев
басқарған Қазақ стан сияқты мемлекеттің қолы нан келген іс.
Айналадағы көр шілер мұндай іргелі ұйымға басшылық жа-
сау тұрмақ, соның көмегі мен қайырына зар болып жүргені
жа сырын емес. Мұның бəрі тəуел сіздіктің арқасында мүмкін
бол ды əрі қазақтың азат тығының ай ға ғы ретінде жүзеге асты.
Қа зақ стан 2011 жылы Дү ниежүзілік Ислам конференция-
сына мұсыл мандар əлемінің бе делді ұйымына төрағалық
жа сай ды. Яғни, төра ға лық тан төрағалықтың тағына отырды.
Осының барлығы Қазақстан Республикасының бірінші
Пре зиденті Н.Назарбаевтың жи ыр ма жылда жеткен саясаты-
ның же місі. Əлемдік деңгейдегі ең бек терін дүниежүзі
мойындады. Атап айтсақ, осыдан бірнеше жылдар бұрын
Қырғызстанда
Ыстық көлдің
маңында
Назар баев тың
ескерткіші тұрғызылған. Укра ина да бюсті орнатылды. Енді
Ан карада тағы бір ескерткіш бой көтерді. Амман қаласында
Елба сы мызға бір көшенің есімі беріл ді. Осы тұста біздің де
«жақының ды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» дейтін
жөніміз бар.
Өмірде неше түрлі құндылық
бар. Мемлекет болған соң оның
да өз құндылықтары болады.
Қазақстан
Республикасының
Конституциясы – Қазақстанды мекен етіп отырған он алты
миллионнан астам адамның басты құжаты. Яғни бəріміздің
КЕМЕЛ ДАМУ
КЕПІЛІ
басты құндылығымыз. Миллиондаған азаматтың жүгінетін
ең басты заңы осы.
Конституцияның авторы – Қазақстан халқы, ал Республи-
ка Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев – Ата Заңның
кепілі.
Ата Заң – Қазақ мемлекеттілігінің алтын арқауы.
Ата Заң – біздің демократиялық дамуымыздың негізі.
Ата Заң – кемел даму кепілі. Ол жарқын келешегіміздің
мызғымас темірқазығы.
Конституцияны қастерлеу – мемлекеттілікті қастерлеу.
Елдікті, егемендікті құрметтеу. Айбынымыз да, айдынымыз
да – Ата Заң.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің Тəуелсіздігін
жариялады. Тəуелсіздік ұғымы «Қазақстан Республикасының
мемлекеттік
тəуелсіздігі
туралы»
Конституциялық
заңымен бекітілді. Сол 1991 жылдың 1 желтоқсанында
қазақстандықтар Нұрсұлтан Назарбаевты өздерінің Тұңғыш
Президенті етіп сайлап, тарихи таңдау жасады.
Қазақстан халқы қателескен жоқ. Елін алға сүйреген
Елбасы бар. Елбасыға қолдау білдірген қалың халық бар.
Татулық пен тұрақтылық, ынтымақ пен ырыс, бірлік пен бе-
рекеге Елбасының ерен еңбегі мен 1995 жылы қабылданған
Конституцияның арқасында, бүкіл халықтың жаппай
қолдауының арқасында қол жеткіздік. Еліміздің жаңа Кон-
ституциясы Мемлекет басшысы – Көшбасшымыз Нұрсұлтан
Назарбаевтың тікелей жетекшілік етуімен дайындалып,
оның ұсынысымен қабылданды. Бұл жөнінде Қазақстан
Президенті: – «Біздің Ата Заңымыз – Қазақстан халқының
саналы түрде таңдауының жемісі» деп атап көрсетті де.
Сөз жоқ, Қазақстанның осынау 20 жылдық жаңа тари-
хында қол жеткен жетістіктер орасан. Бүгінгі жетістіктер –
Қазақстандағы барша халықтың татулығы, бірлігі, ынтымағы
жарасқан салтанатты өмірінің 20 жылдық жарқын көрінісі.
Халықаралық саясат пен əлемдік қарым-қатынастағы, эко-
номика, мəдениет, білім, денсаулық сияқты салалардағы
қолжеткен табыстар 20 жылда жүрген сара жолымыздың
дұрыстығының дəлелі. Мемлекет басшысының сындар-
лы саясаты болмаса, біз де «бозторғай басымен, тұрымтай
тұсымен кететін» теперішті кезеңдерге тап болуымыз бек
мүмкін еді. Туған Отанымыздағы тамаша татулық, берекелі
бірлік, келісті келісім, тұрлаулы тұрақтылық өз-өзінен келе
қалған жоқ. Қазақстанның Тəуелсіздік жылдарындағы даму
көрсеткіштері Ата Заңымыздың пəрменділігі мен тиімділігін
нақты көрсетіп отыр. Қазақстан қоғамы өзі таңдаған жол-
мен жан-жақты əрі тұрақты дамып келеді. Қазақ елінің
халықаралық қоғамдастықтағы рөлі нығайды. Бір кездері
ешкімге белгісіз еліміз биік беделге ие болды. Конститу-
ция – елдегі қоғамдық қатынастарды құрудағы, адам мен
азаматтың құқықтарын, бостандығын сақтаудағы, елдегі
тұрақтылықты қамтамасыз етудегі негізгі құжат екенін
күнбе-күн дəлелдеп отыр.
Тəуелсіздіктің 20 жылдығы жəне Ата Заңымыз –
Конституцияның 16 жылдығы бір-бірімен тығыз байланы-
сты. 1995 жылғы қабылданған Конституция еліміздегі бірлік
пен тұрақтылықты сақтауға жəне елдің əл-ауқатын одан əрі
күшейтуге зор үлес қосқанын атап айтқан лəзім. Қазақстан
мемлекеті адамды жəне адамның өмірін, құқықтары мен
бостандықтарын ең қымбат қазынасы деп таниды. Біздің
Ата Заңымыздың ең басты артықшылығы – оның əлеуметтік
бағдарында. Ең басты құндылық – адам. Яғни біздің Кон-
ституция адамға үнемі қамқорлық көрсетіп, адам жақсы
өмір сүруі үшін оған қажетті барлық əлеуметтік жағдайды
жасайтындығын айғақтайды.
Елбасының күндіз-түні кірпік ілмей, Тəуелсіздікті
тұрақты ету бағытындағы қажырлы еңбегі жемісін беріп жа-
тыр. Қазақстанда тиімді нарықтық экономиканың іргетасы
қаланды. Басты байлығымыз – өзара түсіністік, тұрақтылық
пен татулық, бейбітшілік пен келісім қағидаттары берік
сақталып отыр. Елді демократиялық жəне шын мəніндегі
құқықтық мемлекет ретінде одан əрі нығайту жолында
Конституцияның нормативтік əлеуеті өте жоғары. Кон-
ституция шеңберінде дамудың даңғыл жолына кепілдік
берілген. Атқаратын істер аз емес. Жұмыла көтеретін жүк
те жеңіл болмайды. Соның бəріне Қазақстан халқы өзінің
сүйікті перзенті, Елбасы – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан
Назарбаевтың есіміне байланыстыра қарайды. Ең бастысы
– елде де, Елбасында да ертеңгі нұрлы күнге деген үлкен
СЕНІМ бар!
– Демократиялық жолмен
сайланған
тұңғыш
прези-
дент ретінде еліміздің биік
мүдделерін
басшылыққа
ала отырып, мен референдум өткізбеу туралы шешім
қабылдадым. Жұртшылықты бөлетін «референдум əлде сай-
лау» деген таңдаудың орнына мен халқымыздың еркі мен
демократиялық қағидаттарға адалдығын ескеретін жəне бізді
біріктіретін жолды ұсынамын. Мен өкілеттігімнің екі жылға
қысқаратынына қарамастан, мерзімінен бұрын президент
сайлауын өткізу туралы ұсыныс енгіземін, – деді мемлекет
басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада ағымдағы жылдың
31-ші қаңтарында Қазақстан халқына арнаған үндеуінде.
Қазақстан басшысының ресми мəлімдемесі іле-шала
халықаралық қауымдастық тарапынан қызу қолдап тапты.
Ең алдымен, АҚШ-тың мемлекеттік департаменті, Еуроодақ
жəне Ұлыбританияның өкілдері Қазақстандағы оқиғаға
қатысты өз ұстанымдарын білдірді. Ресейдің «РИА Новости»
ақпарат агенттігі: «АҚШ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың президент өкілеттігін ұзарту жөнінде ре-
ферендум өткізудің орнына, мерзімінен бұрын сайлауды
тағайындау туралы əділ шешіміне қанағаттанды» деп хабар-
лады. «Қазақстан басшылығы ұлттық референдум өткізбеу
туралы шешім қабылдағанын біз білеміз. Бұл шешім бəріміз
үшін де өте əділ болды» деп мəлімдеді дүйсенбі күнгі бри-
фингте АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің ресми өкілі
Филипп Кроули. Ал осыған дейін АҚШ-тың мемлекеттік
хатшысы
Хилари
Клинтон
ұлттық
референдумның
Қазақстанның
демократиялық
ұстанымдарына
қайшы
келетінін мəлімдеген болатын-ды.
БІР ЖОЛ БАР –
БІРІКТІРЕТІН...
2-ші ақпанда Еуроодақтың сыртқы байланыстар жəне қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кэтрин Эштон арнайы мəлімдеме жасап, Қазақстан президентінің шешімін қуана қолдайтынын жеткізді. «Мен Конституциялық кеңестің оң ұйғарымынан кейін, Нұрсұлтан Назарбаевтың референдум өткізу туралы бастамаға қарсылық білдіріп, нүкте қойғанын құптаймын. Осы елдің Конституциясы ұсынған негізгі құқықтарын қолдана отырып, Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ұзақмерзімдік мүддесіне сай əрекет етті. Ал мерзімінен бұрын өтетін сайлау əділ де ерікті болып, Қазақстанның өз мойнына алған демократиялық стандарттарын сақтауды дəлелдейтінін растап береді деп сенемін», деді Кэтрин Эштон. Оның пікірін əлемдегі азулы елдердің бірі – Ұлыбританияның Еуроодақ істері жөніндегі министрі Дэвид Лидингтон да қостады. «Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік сайлау өткізу жөніндегі бастамасы бұл мемлекеттің демократиялық құндылықтарға адал екендігін көрсетті. Мен соңғы кездері Қазақстанда болған оқиғаларды жіті бақылап отырдым. Сондықтан Н.Назарбаевтың бұл қадамын өте сəтті, ұтқыр деп бағалаймын» деді ол БҰҰ-дағы Ұлыбритания миссиясының ресми сайтында. Сондай-ақ Д.Лидингтон мырза: «Сайлауды халықаралық стандарттарға сəйкес етіп өткізуді қамтамасыз етуде Қазақстанның билігі біздің көмегімізге толық үміт арта алады» деп мəлімдеді. «Қалай болғанда да, халықтың еркі – бəрінен жоғары. Солай дей тұра, мен сыртқы саясатта біз бүкіл əлемдегі инвесторларға, бизнес-қауымдастықтарға міндеттемелеріміздің тұрақтылығын қамтамасыз ететіндігімізді мəлімдеймін. Біздің саясатымыз барлық əріптестеріміздің үміттері мен күткендеріне сəйкесетін болады» деді Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 28-ші қаңтарында өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында. Яғни күрмеуі қиын мезгіл мəселесін шешуге келгенде Нұрсұлтан Назарбаев жоғары кемеңгерлік қасиетімен танылды. Мəселен, белгілі қазақстандық саясаттанушы
Эдуард Полетаевтың айтуынша, еліміздегі соңғы сая-
си оқиғалардың барлығында басты жағымды кейіпкер
ретінде Елбасының өзі ойнады. «Бұл жолы да Президент
өзін тісқаққан саясаткер ретінде көрсетіп, елдегі жағдайды
басшылыққа алуға қабілетті екенін, тығырықтан тура жол
таба алатынын көрсетті», депті Э.Полетаев өзінің «TREND»
агенттігіне берген сұхбатында. Саясаттанушының айтуын-
ша, бұл оқиғалардың шарықтау шегі барлығымызды қайран
қалдырды.
– Жұрттың бəрі «Парламент таратылады» деп ой-
лады. Жəне де Елбасының халыққа Жолдауынан кейін
сарапшылардың барлығы бірауыздан референдум өтеді деген
болжам жасап қойған-ды. Сондықтан да бұл ешкім күтпеген
жаңалық болғаны рас, – дейді ол. «Қазіргі кезде біз сайлауда
президенттікке кім үміткер болатынына бас қатырып отыр-
мыз. Шынында да, қандай үміткер бар, оларды қайдан таба-
мыз жəне олар қаншалықты жедел əрекет етіп, сайлау дода-
сына түсе алады деген сауалдар жұрттың мазасын кетіруде.
Бірақ референдумды өткізу қажет деп Елбасына дауыс бер-
ген 5 млн адамның пікірі қалжың емес. Яғни осыған қарап-
ақ қазақстандықтардың жартысынан көбі қазіргі Президент-
ке дауыс беретініне ешқандай күмəндануға негіз жоқ» дейді
саясаттанушы Э. Полетаев.
Жуырда халықаралық сарапшылар Елбасының биылғы
Жолдауына да жоғары баға беріп, оның Қазақстанның
келешегі үшін зор маңызға ие екенін мəлімдеді. «Қазақстан
Президентінің жолдауында мемлекеттік дамудың үлкен жəне
нақты мақсаттары беріліп отыр. Осы мақсаттар Қазақстанның
келешек бағыт-бағдарын нақты көрсетуде. Атап айтқанда,
2020 жылға қарай елдің экономикалық даму қарқыны 30
пайыздан кем болмайды, ал ел экономикасындағы орта жəне
шағын бизнестің үлес салмағы – 40 пайызға жуықтайды,
халықтың жалпы саны – 18 миллион адамға жетеді деп бол-
жанып отыр. Жолдауда, сондай-ақ əлеуметтік-экономикалық
саладағы
даму
мақсаттарының
нақты
жоспарлары
көрсетіліп, белгіленген жоспарларды жүзеге асырудың жол-
дары нақтыланған. Осының бəрі Қазақстанның болашағы
үшін үлкен маңызға ие», дейді Қытайдың қазіргі заманғы халықаралық қатынастар институтының Орталық Азияны зерттеу орталығының жетекшісі Дин Сяосин. «Президенттің жолдауында атап көрсетілгендей, 1997 жылы Қазақстандағы ЖІӨ жан басына шаққанда небары 700 АҚШ долларын құраған. Ал 2011 жылдың қаңтар айында бұл көрсеткіш 9 мың долларға жетіп отыр. 2009 жылы Қазақстан жаһандық қаржы дағдарысымен күресу жөніндегі белсенді шаралар қабылдаса, қазіргі таңда ел экономикасы дағдарысты еңсеріп отыр. Қазақстан, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күресу, инвестициялық ахуалды жақсарту, еңбекпен қамту, халықтың тұрмысын көтеру, баспана салу жəне т.б. салаларда айтулы жетістістерге қол жеткізді» дейді қытай сарапшысы. Əрине, мұның барлығы ең алдымен өзін ең үздік дағдарыс менеджері ретінде дəлелдеген көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты. Ең маңыздылығы, ғаламдық экономикалық құлдырау толық аяқталмаған жəне əлемдегі геосаяси тұрақсыздық белең алған кезеңде Қазақстанға күшті, тиімді көшбасшылығын сақтап қалу қажет. Əрбір қазақстандық осы ұстанымды жақсы түсінеді. Өйткені соңғы жылдардағы экономикалық қиыншылықтар көптеген елдерді тақырға отырғызып тастады. Тіпті олардың кейбіреулері əлі күнге дейін үлкен қиыншылықтарды бастан кешуде жəне ғаламдық қаржы дағдарысының жаңа толқынынан үрейленуде. Əлемдегі көптеген елдердің экономикалық тығырыққа тірелгенімен салыстырғанда, Қазақстан құлдырауды алғашқы болып құрықтаған елдердің қатарына жатады. Мысалға, алдын ала жасалған болжам бойынша, 2010 жылы ЖІӨ-нің өсімі 7 пайызға жуықтады. Мұндай көрсеткіш Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың экономикалық саясатының тиімділігі мен өміршеңдігін дəлелдейтіні сөзсіз. Қазақстан өз тəуелсіздігінің үшінші онжылдығының қарсаңында өз алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Бұл міндеттерді шешу еліміздің ұзақмерзімдік дамудағы болашағын айқындайды. Атап айтарлығы, Қазақстан өзінің
алдағы уақытта қалай дамитынын «Қазақстан – 2030»
стратегиялық даму бағдарламасында, 2020 жылға дейін
даму жоспарында, жедел индустриялық-инновациялық
даму бағдарламасында нақты бағдарлап алған ел. Мұндай
жоспарларды жүзеге асыру үшін үлкен тəжірибесі бар,
мықты көшбасшыға байланысты екені даусыз. Сонымен
қатар Кедендік одақ жəне біртұтас экономикалық кеңістік
шеңберінде интеграциялық топтасу жобасын жүзеге асыру-
да біздің елімізге мықты көшбасшылықтың өте қажет екені
даусыз. Ал электораттың қуатты қолдауы мен халықтың
толық сенімі Мемлекет басшысына еліміздің мүддесін
халықаралық келісімдерде қорғауға мүмкіндік береді. Ең
бастысы, біздің қоғам еліміздің экономикалық-əлеуметтік
жетістіктерге жетуіне Мемлекет басшысының атқарған
рөлі тікелей себеп болғанын жақсы түсінеді. Сондықтан
Нұрсұлтан Назарбаевтың елді дамытудағы стратегиялық
бағыты сақталып қалғанын барша қазақстандықтардың
қалайтыны белгілі.
Қазіргі таңда тəуелсіз Қазақстан – дамыған нарық эко-
номикасы бар, əлемдік қаржылық-экономикалық жүйеге та-
бысты интеграцияланған мемлекет. Қуатты индустриялық-
инновациялық өнеркəсіптік кешенді тиімді жолмен дамыту
біздің еліміздің жарқын келешегі үшін берік негіз қалауда.
Қазіргі кезде біздің еліміздегі ЖІӨ-нің көлемі 8 мың
АҚШ долларынан асты, яғни бұл көрсеткіш 2000 жылмен
салыстырғанда 7 есеге дейін көбейіп отыр. Дүниежүзілік
банктің жіктемесіне сəйкес, Қазақстан осы көрсеткіші бой-
ынша Польша, Ресей, Болгариямен қатар «орташа табысы
бар жоғары санаттағы» елдер тобына кіреді. Жалпы алғанда,
Қазақстанның ЖІӨ-і 1991 жылмен салыстырып қарасақ,
1,6 есеге өсіпті. Осы кезеңде отандық экономикадағы еңбек
өнімділігі 1,5 есеге дейін ұлғайған. Сондай-ақ соңғы 10
жыл ішінде өнеркəсіптік өндіріс көлемі 2,2 есеге, соның
ішінде қайта өңдейтін өнеркəсіпте 5 есеге дейін артқан.
Қазақстанның сыртқы саудадағы айналымы 2000 жылдан
бастап 7,5 есеге, яғни 9,5-тен 71,5 млрд АҚШ доллары-
на дейін өсіпті. Соңғы 10 жылда 6500 шақырым автокөлік
жолы, 1500-ден астам темір жол салынған.
Дүниежүзілік банктің сарапшылары Қазақстанды бизнес
жасауға аса қолайлы жағдай туғызған, реформа жасаған ел
ретінде мойындап отыр. Мəселен, соңғы 5 жылда шағын
кəсіпкерлік субъектілерінің саны 22 пайызға өсіп, 2 296
000-ды құраған. Қазіргі кезде шағын жəне орта бизнеспен
белсенді айналысатындардың саны 2145,2 мың адамға
жетті. ШОБ субъектілері өткен жылы 5 360 млрд теңгенің
өнімдерін шығарған. Оған қоса, соңғы онжылдықта отандық
экономикаға 110 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей
шетелдік инвестициялар тартылған, ал негізгі капиталға
салынған қаражат 200 млрд АҚШ долларын құрайды. 2010
жылдың қорытындыларына үңілсек, Қазақстан экономика-
сы толық қалпына келіп, дамуға қарқын алғанын көреміз.
Оған дəлел: ЖІӨ-нің көлемі 7 пайызға, өнеркəсіп көлемі
10 пайызға, сауда-саттық 12 пайызға, көлік 7 пайызға, бай-
ланыс 5 пайызға өсті. Инфляция деңгейі 8 пайызды құрап,
банктердегі депозиттер көлемі 15 пайызға ұлғайған. Бұл
нəтижелердің барлығы да Мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Назарбаевтың дағдарысқа қарсы тиімді саясат жүргізе
білгенінің жемісі.
Қазіргі таңда тəуелсіз Қазақстан əрбір қазақ стан дықтың
əл-ауқатын жақсарту үшін ең үздік əлеуметтік саясатты
қолға алды. Оның басымдықтары – адам капиталына инно-
вациялар енгізу, білім беру мен денсаулық сақтауға ерекше
назар аудару. Соңғы онжылдықта ел бюджетінің табысы
9 есеге, шығыны 8 есеге көбейген көрінеді. Соның ішінде
аталған кезеңде денсаулық сақтау саласына жұмсалған
шығын 10 есеге, білім беру саласына жұмсалған шығын 8
есеге, сондай-ақ əлеуметтік қамтамасыз ету мен əлеуметтік
көмек 5 есеге артыпты. 500-ге жуық жаңа денсаулық сақтау
нысандары, 750 жаңа мектеп салынған, 4000-нан астам мек-
тепке дейінгі тəрбие беретін мекемелер ашылған. 2000 жыл-
дан бастап еліміздегі тұрғын үй қоры 30 млн шаршы метрге
ұлғайған. 330 мыңнан астам отбасы немесе 1 млн-нан астам
адам жаңа пəтерлерге қоныстанған. Соңғы 10 жылда орта-
ша айлық жалақы 5,5 есеге, ал зейнетақы мөлшері 6 есеге
дейін өсті. Жұмыссыздық деңгейі 2 есеге дейін қысқарып,
13,5 пайыздан 6,6 пайызға төмендеді. Сондай-ақ бала туу
1,5 есеге, халықтың табиғи өсімі 3 есеге дейін артты. Соның
нəтижесінде ағымдағы онжылдықта ел азаматтарының
саны 1,5 млн адамға көбейді. Халықтың өлімі осы кезеңде 9
пайызға азайды. БҰҰ-ның сарапшыларының бағалауынша,
Қазақстан адам əлеуетін дамытуда жоғары деңгейге шыққан
елдер рейтингінде 16 сатыға жоғарылап, 169 елдің арасынан
66-шы орынға тұрақтаған.
Елбасы
Нұрсұлтан
Назарбаев
үшін
шешім
қабылдаудың
оңай
бол-
мағаны анық: таразының
бір ба сында – елдің тілегі,
екінші ба сында – Қазақстанның əлемдік қа уым дастық
алдындағы беделі. Екеуі де қымбат. Екеуі де маңызды.
Бірақ Мемлекет басшысы осы күрделі жағдайдан
шығатын жолды таба білді. Өзінің өкілеттігі екі жыл ға
жуық қысқаратынына қа рамастан, мерзімінен бұрын
сайлау тағайын дауға тəуекел етті.
Ата заңға сəйкес еліміздегі кезекті Президент сайлауы ке-
лер жылдың желтоқсанында өтуі тиіс еді. Алайда Мемлекет
басшы сы ның өкілеттігін алдағы он жылға ұзарту жөніндегі
референдум өткізу туралы бастамашыл топтың ұсынысынан
кейінгі оқиғалар ке зектен тыс сайлау өткізу туралы ше шімнің
қабылдануымен аяқ талды. Шыны керек, референдум тура-
лы мəселе көтерілгелі бері бастамашыл топтың ұсынысын
құп алғандар аз болған жоқ. 2012 жылы сайлау өткен күнде
де Елбасы басым дауыспен жеңіске жетеді, əзірге оған бала-
ма болар тұлға жоқ деп мəлімдегендер референдумның өтуін
жақтап-ақ бақты. Мұның өзіндік себебі де жоқ емес еді,
соңғы айларда жүр гізілген əлеуметтік зерттеулер нə тижесі
де сауалнамаға жауап бер гендердің 93 пайызының Елба-
ТАРАЗЫ
БАСЫ ҚАЛАЙ
ТЕҢЕЛДІ?
сының өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту туралы баста-
маны қол дайтындарын білдіргенін көр сетіп берген-ді. Егер
референдум өте қалса, респонденттердің 85 па йызы Елба-
сыны қолдап дауыс беруге баратындарын да мəлім деген сол
сауалнамада. Алайда соңғы шешім біз күткендегіден мүлде
бөлек шықты.
Жасыратыны жоқ, жекелеген халықаралық ұйымдар
Қазақстан халқының Елбасы өкілеттігін 2020 жылға дейін
ұзартуға мүмкіндік беретін референдум өткізу туралы
мəселе көтеруін дұрыс түсінбе гендей сыңай танытты.
Мəселен, АҚШ үкіметі ол бастаманы демо кратиядан кері
кету ретінде ба ғалады. Бұл бізге Батыс елі болсын, басқасы
болсын, демократия үр дістерін үйреткісі келгендей əсер
қал дырды. Бірақ мұндай пи ғыл дағы пікірлерге мемлекет
жəне қо ғам қайраткері Мырзатай Жол дасбековтың мына
сөзі тосқауыл болатындай еді: «Батыс демокра тиясы қазаққа
өлшеусіз кигізе салатын көйлек, я костюм емес, керек бол-
са ол отбасында тəрбие ле нетін бала да емес. Демократия
ұзақ уақыт бойы қалыптасатын, əр елдің тарихына, ұлттық
ерек шеліктеріне, дəстүріне ыңғай ла натын құбылыс. Демо-
кратияны қоғам қалыптастырады, заман қалыптастырады.
Ұлыбританияда азаттық Хартиясының 1200 жыл дары
қабылданғаны, ағылшын əйелдерінің саяси құқығын со-
дан 700 жылдан кейін ғана алғанын жақсы білеміз. Ал біз
болсақ, Тə уелсіздігімізді 1991 жылдың ая ғын да ғана алдық,
– деген М.Жол дасбеков қазақта демократия болған жоқ
дегендердің де аузына қақпақ болар уəж айтты. – Қазақ тың
ұзақ замандардан бері қалып тасқан өз тарихы, өз өмір салты,
өз демократиясы бар. Халқы мыздың табиғатындағы кісілік,
əдептілік, қайырымдылық, пара саттылық, кішінің үлкенді
сыйлауы дейтін мінезі, тіпті қазақ даласын да түрменің бол-
мауы да, есігіне құлып салмаған салты да демо кратияның
айқын белгісі еді. Де мократия дегеніміз – еркіндік. Қазақ
– ба сынан еркін халық. Сон дықтан Еу ропадағы, Батыс тағы
достары мыз демократия деген сөзді өте сақтықпен, əдеппен
пайдалануы керек».
Яғни Қазақстан демокра тиясын өздері жасап алған өл-
шем дерге сəйкестендіргісі келетін ше телдік сарапшылар
қатты қателесті. Əрине, шетелдік сарапшылардың бəріне
бірдей топырақ шашу ойымыз жоқ. «Бес саусақ бірдей емес»
демекші, олардың арасында Қазақстан халқының таңдауына
түсіністік танытқандар да табылды. Мəселен, М.В.Ломоносов
атын дағы Мəскеу мемлекеттік уни верситетінің посткеңестік
кеңіс тіктегі қоғамдық-саяси үдерістерді зерттеу жөніндегі
ақпараттық-са раптамалық орталығының ди ректоры Алек-
сей Власов Пре зиденттің өкілеттігін ұзарту жө ніндегі
референдумның негізгі мағынасы ҚР Тұңғыш Прези дентінің
саяси мұрасын ұлттық элитаның келешек буынына тап сыру
деп санайтынын білдірді. Ол Астанада «Посткеңестік да-
мудың 20 жылдығы: нəтижелер мен жаңа үрдістер» атты
тақырыпта өткен Еуразиялық сарапшылар жиы нында
Қазақстан басшылығы қа былдап жатқан индустриялық-ин-
новациялық даму бағдарламасы, саяси жаңғырудың жаңа
форматы өз-өзін ақтап жатқан нақты ша ралар екенін атап
өткен болатын. «Ал бүгінгі күні Қазақстанда ғана емес,
Ресейде де, батыс елдерінде де тың тақырыпқа айналған
ре ферендум мəселесі, бəзбір оппо зициялық басылымдар
жазып жүр геніндей, президенттік басқару формасының
20 жылдығына ар налған «сыйлық» емес. Бұл Қа зақстан
мемлекеттілігінің болашақ дамуына жүйелі əсер ететін аса
маңызды қадам. Бұның басты мағынасы мен мəні елдің
Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы ның саяси мұрасын
ұлттық элитаның болашақ буынына эволюциялық жол-
мен жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады. Ал оның
өзі көптеген онжылдық тарға дейін жетіп артылатын үлкен
ауқымдағы қор», деді ол. Ал Поль ша елінің Шығыс Еуропа
зерттеу қорының ғылыми қыз мет кері Владыслав Соколов-
ски əлем де саясат кер лердің барлығы дерлік өз халқы ның
осындай қызу қол дауына ие бола бермейтінін тілге тиек етті.
«Қазақстандықтар ертең гі күнге сеніммен қарап, келісім
негізіндегі тұрақты дамуды қа лай ды. Олар Нұрсұлтан
Назар баевты өз бола шағының кепілі ретінде көреді», деді
В.Соколовски. Бұл сарап шының пікірін «ІnfoSystem» зерт-
теу орталығы» жүргізген əлеу мет тік сауалнама да растап
бере ала ды. Өйткені сауалнамаға қа тысқан дардың 92 пайы-
зы Мем лекет басшысының қызметін өте жоғары бағалаған.
Жалпы, ре ферендум өткізу Қазақстан халқы үшін таң сық
емес еді. Бұған дейін де, яғни 1995 жылы Мемлекет бас шы-
сының өкілеттігін бес жылға ұзартқан – осы Қазақстан жұрт-
шылығы болатын. Демократиясы дамыған деген Еуропаның
тү сінігінде де референдум демо кра тиялық үрдіске жатады.
Сол се бепті болса керек, Францияның өзінде бүгінге дейін
11 референдум өткен. Париж университетінің профессоры
Ванда Дреслердің айтуынша, бұл халықтың Елбасы сая-
сатына сеніммен қарап, өз көшбасшысы жанында топта-
суының белгісі. Шыны керек, 1991 жылы егемендігін енді
ғана алған еліміздің басына туған қиын-қыстау кезеңдерде
дербес мем лекет, тəуелсіз Қазақстанды құру дағы Президент
Нұрсұлтан На зар баевтың қажырлы еңбегі мен ер лігін ешкім
жоққа шығара алмай ды. «Жаңылмайтын жақ, сүрін бейтін
тұяқ» болмайды дейді қазақ даналығы. Дүйім елді басқару
оңай емес, тұтас мемлекет тұрмақ, қол астындағы елу-ал-
пыс адамнан тұ ратын ұжымына ие бола ал май тын басшылар
болады. Ал жағрафия лық жағынан жер бетіндегі ең үлкен
он елдің қатарына енетін Қазақстанды басқару – асқан жа-
уапкершілік жүктейді. Президент осынау жауапкершілік
жүгінің қан шалықты салмақты екенін сез бейді емес, сезеді.
Сол себепті де «ре ферендум мəселесіне» нүкте қой ды. Ел-
басы соңғы нүктені қой мас бұрын Парламент қабылдаған
«Конституцияға өзгерістер мен то лықтырулар енгізу тура-
лы заң ның» конституциялық талаптарға қаншалықты сай
келетінін са раптап беруі үшін Конституциялық кеңеске
жүгінді. Көпшілік Кон ституциялық кеңестің шешімі оң бо-
лады деп күтті. Алайда аталмыш Кеңес қаңтар айының соңғы
күні күтпеген шешім қабылдады. Парламент қабылдаған заң
Ата заңға қайшы болып шықты. Халық қалаулыларының
Ата заңымызға енгізген өзгерістері мен толық тыруларында
ҚР Тұңғыш Пре зиденті – Елбасы өкілеттігі қанша мер-
зімге ұзартылатыны нақ ты ланбаған. Бірақ Конс титуциялық
Кеңес референдумды жоққа шығара алған жоқ. Бұл мəселеге
қатысты соңғы сөзді Елбасы ен шісіне қалдырды. Пре-
зидент те көп күттірген жоқ, Конститу ция лық кеңестің
шешімі шыққан күні-ақ Қазақстан халқына Үндеу арнап, өз
ұстанымын білдірді. «Бір жағынан, мен сайлаушылардың
басым көпшілігін құрайтын бү кілхалықтық бастаманы кері
қай тара алмаймын. Мəселенің екінші қыры, мен Елбасы
жəне Конс ти туцияның кепілі ретінде бола шақ саясаткер-
лерге жаңылыс бағыт сілтейтін іске жол бере алмаймын.
Сондықтан мені халық дұрыс тү сінеді деп сенемін. Біз бұл
жайтты жай «қабылдау немесе бас тарту» ретінде емес,
өмірдің өзі ұсынған демократияның тарихи сабағы деп
қабылдағанымыз жөн. Бұл – Елбасы мен халықтың Ата заңға
адалдығын бағамдайтын тағы лымды дəріс. Демократиялық
жол мен сайланған Тұңғыш Пре зидент ретінде еліміздің
биік мүд делерін басшылыққа ала отырып, мен референдум
өткізбеу туралы шешім қабылдадым. Жұрт шы лықты бөлетін
«референдум əлде сайлау» деген таңдаудың орнына мен
халқымыздың еркі мен де мократиялық қағидаттарға адал-
дығын ескеретін жəне бізді бі ріктіретін жолды ұсынамын.
Мен өкілеттігімнің екі жылға қыс қа ра тынына қарамастан,
мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу туралы
ұсыныс енгіземін», деді Мемлекет басшысы. Парламент өз
кезегінде мерзімінен бұрын пре зиденттік сайлау өткізуді
қарас тыратын конституциялық заңды қабылдады. Ұзын
сөздің қысқасы, Қазақстанды алдағы бес жылда басқаратын
Президентке таңдау жасайтын күн – 3 сəуір болып бел-
гіленді. Бүгіндері Орталық сайлау комиссиясы өзінің негізгі
мис сиясына кірісіп те кетті.
Мемлекет басшысының бұл ше шімін бүгінде əлемдік
қауым дастық оң бағалап отыр. Мəселен, Ұлыбританияның
Еуропа Одағы істері жөніндегі министрі Дэвид Лидингтон
Ұлыбританияның БҰҰ-дағы миссиясының ресми UPІ.com
сайтында Қазақстандағы референдум мəселесіне қатысты
өрбіген оқиғаларды жіті қадағалап отырғанын айтыпты.
«Консти ту циялық кеңестің шешімінен кейін Президент
Назарбаевтың осы жылдың соңына дейін кезектен тыс пре-
зидент сайлауын өткізу туралы бастамасын қолдаймын. Бұл
Қазақстанның демократиялық үрдістерді берік ұстанатын
ел екеніне нақты дəлел бола алады. Бұл ретте Қазақстан
билігі Прези дент сайлауын халықаралық стан дарттарға сай
өткізуді қам тама сыз етуде біздің қолдауымызға иек артула-
рына əбден болады», деп мəлімдеді.
Жасыратыны жоқ, жекелеген сарапшылар Президенттің
бұл ше шімін Мысыр еліндегі жағ даймен байланыстыруға
əуестеніп барады. Ал бұған отандық саясаттанушы Эду-
ард Полетаевтың мына бір пікірін жауап ретінде алға
тартуға болатындай. Саясаттанушы Trend агенттігіне бер-
ген сұхбатында Қа зақстан басшысының рефе рен думнан
бас тартуы Египеттегі жағ даймен ешқандай да байла ныс т ы
емес екенін айтады. «...Оқи ғалар хронологиясына үңілсек,
Қазақ станда референдум өткізу туралы бастама Египеттегі
оқиға дан көп бұрын басталды. Ал кезек тен тыс сайлау ту-
ралы шешім Қа зақстан қоғамы жағдайындағы оқи ға лардың
логикалық жалғасы ғана», дейді Э.Полетаев. Оның ай-
туынша, бұл жерде Президент өзін тағы да кəнігі саясаткер
ре тінде көрсетіп, елдегі жағдаймен жан-жақты таныс екенін
дəлелдеп берді. Иə, Президенттің тосын қа дамы қашанда
таңғалдырумен келеді. Бірақ уақыт өте келе сол қадамның
дұрыс болғанына кө зіміз жете түседі. Мəселен, осыдан жи-
ырма жыл бұрын ғана тəуелсіз дігін алған жас елді басқару
мін детін қолға алғанда, ең əуелі эко номиканы нарық ар-
насына кө шірді. Сол кезде бұл таңдаудың дұ рыстығына
күмəн келтіргендер көп болды. Ал бүгіндері əу бастағы
қиындықтар артта қалды. Нарық қазаққа тиімді болып
шықты. Елбасы жасаған тағы бір таңдау, бейбітсүйгіш қазақ
елін ядролық қарудан азат етті. Сол кезде де ядролық алып
арсеналдан қалай бас тартуға болады деп бас кө тергендер де
болмай қалған жоқ. Бірақ Елбасы сол шешімі арқылы азуын
айға білеген алып елдердің қазақ даласының қауіпсіздігіне,
кепілдігіне қол жеткізді. Елді да мытудың 2030 жылға дейін
меже ленген стратегиялық құжатын қа былдады. Бұл құжатты
да құп көр мегендер табылмай қалмады. Ал қа зіргі таңда
Қазақстанның қа рыш ты даму жолының дəл осы құ жаттан
бастау алып отырғанына ешкім дау айта алмайды. Ұлттық
қорды құрды. Ол кезде де Ұлт тық қордағы қар жыны халыққа тең бөліп тарату керек дегендер шықты. Ал Қазақ елін əлемдік қар жы дағдарысынан алып шық қан дəл осы Ұлттық қор болды. Ел астанасын Арқа төріне ауыс тыру туралы шешім қабылдағанда да аттандағандар аз емес еді. Бүгіндері олардың да аузына құм құйылған. Сарыарқа төрінде пайда болған ғажап қала – Астананы бүгін қазақ жұрты ғана емес, бүкіл əлем танып отыр... Халықтық ІPO бағдарламасын жүзеге асыру басталады. Бірінші кезекте қай компанияның акциясы сатуға шығарылады? Астанада «Бас редакторлар» клубының мүшелері «Қазтрансойл» АҚ басшыларымен кездесті. Негізгі əңгіме арқауы – «Қазтрансойл» АҚ-ның бүгінгі жағдайы жəне халықтық ІPO бағдарламасына дайындық туралы болды. Экономикалық даму жəне сауда министрлігінің баспасөз қызметінің дерегіне қарағанда, «Халықтық ІPO-ға» бірінші кезекте «Қазтрансойл» АҚ пен «КЕГОК» АҚ дайын екен. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұйыт қысы болып отырған осы бір игі баста ма ның негізгі мақсаты – Қазақстан хал қының өздері жинаған қаржыларын ірі ком паниялардың акцияларына ин вес тиция ретінде салу. Кез келген Қазақстан азаматы ірі компаниялардың акциясына иелік ететін болады. Ал бұл өз кезегінде Қазақстандағы құнды қа ғаздар нары ғы ның дамуына кеңінен жол ашады. «Қаз тран сойл» АҚ Бас директоры, Басқарма төрағасы Нұрбол Са ры байұлы Сұлтан мырза халықтық бағ дар ламаны жүзеге асыру бағытында жүр гізіліп жатқан дайын дық мəсе ле лерінен хабардар етті. Алдын ала мəлім бол ғанын дай, «Қаз транс ойл» акцио нер лік қоғам акция ла рының сатуға шы ғарылу мерзімі 2012 жылдың жаз жəне күз айларына тұспа-тұс келетін түрі бар. Нұрбол Сұлтан аталған бағ дар ламаға елі міздің азаматтарының кеңіХАЛЫҚ ҚАПЫ ҚАЛМАСЫН
нен қатысуына үлкен маңыз берді. Ол өз сөзінде біздің ел аза-
маттарына акция ларды орна лас тырудың қыр-сырын ба рынша
ұғын ды рудың маңызды екенін атап көр сетті. «Қаз ТранСойл»
АҚ Бас ди рек то ры ның орынбасары Талғат Саты байұлы
Таубал диев, өндіріс жө ніндегі басқарушы ди ректор Алек-
сей Пирогов сияқты сала ның білікті мамандары қатысқан
бұл жиын баспасөз өкілдері үшін де өте ма ңызды болды.
Халықтық ІPO-ға қатысты туын даған сұ рақтарды баспасөз
бетінде тұ рақ ты түрде көтеріп отыру жө нінде уағ да жа салды.
Сонымен, халық «Қазтранс ойл» туралы не біледі? Құр
сөз артық болар, сөйлесе, цифрлар сөй лесін. Назар салыңыз.
Зерт теңіз. Келесі жылы халықтық бағдарламаға қатысудан
сырт қалмаңыз. Төмендегі деректер сіздің дұрыс таңдау
жасауы ңыз ға көмектесуі ғажап емес.
«ҚазТрансОйл» АҚ ма гис траль ды мұнай құбырлары
жүйе сімен 2011 жылғы қаңтар – шілдеде мұнай тасымал-
дау кө лемі іс жүзіндегі деректер бойынша 31 млн 428 мың
тонна болды. 2010 жылдың осы ке зеңімен салыстырғанда
мұнай тасымалдау көлемі 1 млн 220 мың тонна немесе
4% артты (2010 жылғы қаңтар – шілдеде іс жүзінде 30 млн
208мың тонна болған-ды.)
«ҚазТрансОйл» АҚ ММ жү йе сі бойынша жүк айналымы
2011 жылғы жеті айда 20 млрд 524 млн тонна км. болды. Был-
тырғы жылғы осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш
905 млн тонна км. немесе 5% артты. (2010 жылғы 7 айда іс
жүзінде 11 млрд 619 млн тонна км. мұнай болған-ды.)
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде «Өзен – Атырау – Са-
мара» магистральды мұнай құбырының «Атырау – Сама-
ра» учаскесі бойынша мұнай айдау көлемі 9 млн тонна км-ге
артты, бұл 2010 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 583 мың
тонна немесе 7% артық (өткен жылдың 7 айында іс жүзінде 8
млн 671 мың тонна мұнай бол ған-ды.) Көмірсутек шикізатын
тасымалдау көлемінің өсу қарқыны ҚХР бағытында да
сақталып отыр – үстіміздегі жылдың қаңтар-шілдесінде
«Атасу – Алашаңқай» мұнай құ бырына мұнайды ауысты-
рып құю көлемі 6 млн 776 мың тонна мұнайға жетті, бұл
2010 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 944 мың тоннаға
немесе 16%-ға артық (2010 жылғы қаңтар-шілдеде іс
жүзінде 5 млн 832 мың тонна болған-ды.)
Қазақстан Республикасы ның аумағында орналасқан
«ТОН-2» мұнай құбыры учас кесі мен Ресей мұнайының
тран зиті есепті кезеңде 3 млн 305 мың тоннаны құрап, 137
мың тоннаға немесе 4%-ға артты.
«Мұнайтас» СБҚК» АҚ-тың Кеңқияқ – Атырау, «Қазақстан
– Қытай құбыры» ЖШС-ның Атасу – Алашаңқай жəне Кең-
қияқ – Құмкөл мұнай құбыр лары мен мұнай жеткізуді, Ба туми
мұнай терминалы арқылы мұнай жəне мұнай өнімдерін ауы-
стырып құюды ескергенде, «ҚазТрансОйл» АҚ тасымалда-
ған шоғырландырылған көлем 65 825 мың тонна болды.
«ҚазТрансОйл» АҚ магис траль ды мұнай құбырлары
жүйе сі мен отандық мұнай өңдеуші зауыттарға мұнай
тасы малдау 7 млн 108 мың тонна болды. Бұл орайда АМӨЗ
жəне ПКОП-ға жеткізу тиісінше 2 млн 282 мың тоннаға
(6%-ға) жəне 2 млн 698 мың тоннаға (5%-ға) артты.
«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақ станның Атырау жəне Маңғыс-
тау облыстарының тұтынушыла рына Астрахань – Маңғыстау
суағызғысы арқылы Еділ суын беруді жүзеге асырады.
Биылғы 7 айда су беру көлемі 12 млн 277 мың текше метр
болды жəне 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 290
мың текше метр немесе 2% артты.
«ҚазТрансОйл» АҚ қазақ стан дық қамтуды дамыту бо-
йын ша мемлекеттік бағдарла маны жүзеге асыру аясында
мақсатты түрде қазақстандық тауар өндірушілерден сатып
алу көлемін ұлғайтып отыр.
2010 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ жалпы сомасы ≈ 5,9 млрд
теңгеге 185 жеткізілу шартын жасады, оның ішінде сомасы
≈ 2,7 млрд теңгеге отандық тауар өндірушілермен 71 шарт
жа салынды, бұл сатып алынатын өнімнің жалпы көлемінің
≈ 46% құрады.
Тікелей тауар өндірушілер мен жасалған шарттар үлесі
өсіп отыр, осылайша, оның 2004-2010 жылдар аралығындағы
өсімі сəйкесінше 8,35%-дан 46% құрады.
Қазақстандық тауар өндіру ші лерді тарту жəне қолдау
сая сатын ұстана отырып, 2011 жылға компания отандық тау-
ар өндірушілермен сомасы 30 млрд теңгеден артық ниет хат-
тама ларына қол қойды.
Осыған байланысты, үстіміз дегі жылы қазақстандық
өндіру шілерден тауарларды сатып алу деңгейін 50%-ға дейін
жеткізу жоспарланып отыр.
Бұдан басқа «ҚазТрансОйл» АҚ жергілікті қамтуды
ұлғайту мақсатында жыл сайын тікелей отандық тауар
өндірушілер ара сында өткізілетін ашық тен дер лер санын
көбейтеді.
Сонымен қатар «ҚазТранс Ойл» АҚ жалпы сомасы 5,4
млрд теңгеге отандық тауар өнді рушілермен 2014 жылға
дейін ұзақ мерзімді келісім шарттар жасасуды көздейтін
қазақ стан дық қамтуды дамыту бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК
АҚ-тың бе кітілген бағдарла масын əзір леу ге қатысты.
«ҚазТрансОйл» АҚ 2011-2014 жылдарға ұзақ мерзімді
са тып алу жоспары «Қаз Мұ найГаз» ҰК АҚ басқармасы ше -
шімі мен мақұлданды. Тікелей отандық тауар өндірушілер ара-
сында өткізілген ашық тен дерлер қорытындысы бойынша,
2012-2014 жылдарға қазақстан дық тауар өндірушілермен ҚҚС
есепке алмағанда, жалпы со масы 3 млрд теңгеден асатын 29
ұзақ мерзімді шарттарға қол қойылды.
2010 жылы мынадай инвес ти циялық жобалар бойынша
іс-шаралар іске асырылады:
«Қазақстан – Қытай» мұнай құбыры құрылысының
екінші кезеңі жобасын іске асыру аясында Құмкөл жəне
Ақтөбе өңірлері кеніштерінен мұнайды Қытай бағытына
айдауды қам тамасыз ету үшін маңызды – Қоғамның Шығыс
филиалы Жез қазған мұнай құбыры бас қармасының Құмкөл
бас мұнай айдау стансасы (бұдан əрі – «Құмкөл» БМАС)
пайдалануға қосылды.
«Құмкөл» БМАС Қоғамның жəне тұтас алғанда еліміздің
аса ірі жобасын – «Қазақстан – Қытай» экспорттық
магистраль ды мұнай құбырын іске асы рудың бір бөлігі
болып та бы лады. «Құмкөл» БМАС құ рылысы Қазақстан
Респуб ли касы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы
үкіметінің ара сындағы мұнай жəне газ са ласындағы жан-
жақты ынты мақ тастықты дамыту туралы үлгі келісіммен
(Пекин, 2004 жылғы 17 мамыр) негізделген.
«Құмкөл» БМАС басты мақсаты – Қазақстанның батыс
кеніштерінен жəне Құмкөл өңірінен мұнайды «Құмкөл –
Қарақойын» мұнай құбырымен Шымкент мұнай өңдеу за-
уыты бағытында жəне Павлодар – Шымкент магистральды
мұнай құбырымен Атасу – Алашаң қай арқылы Қытай Халық
Рес пуб ликасы бағытында оны одан əрі тасымалдау үшін
қабылдау.
«Атырау» МАС №1 қотару-құю аспақұярлығы 2010
жылғы ақпанда Қоғам «Атырау» МАС №1 екі жақты қотару-
құю аспа құяр лығын қайта құру жұмыс тарын аяқ тады.
Жүргізілген жаңғырту нə тижесінде Қоғам заманауи жə не
техниканың соңғы жаңа лық тарымен жарақталған өндірістік
объект алды, оны басқару авто маттандырылған бағдар лама-
лық-техникалық кешеннің кө ме гімен жүзеге асырылады.
Бұл Атырау темір жол қотару-құю терминалы жұмысының
техно логиялық
үдерісін
сапасы
жағы нан
жақсартуға
мүмкіндік бе реді жəне оның өткізу қабілетін арттырады.
Кадрларды даярлау мен дамыту, сондай-ақ қызметкер-
лер дің біліктілік деңгейін арт тыру Қоғамның басым міндет-
те рінің бірі. Қоғамда еліміздің жəне шет елдің жоғары оқу
орындарында, бейінді колледж де рінде жəне Қоғам Батыс
фи лиалының Оқу-курс комбина тында (бұдан əрі – ОҚК)
мақ сатты даярлаудан жəне қайта даярлаудан өткен жүз деген
жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Қоғамның ОҚК ба-
засында Қоғамның 1 994 қызметкері қайта даярлаудан өтті,
олардың ішінен 1 532 қызметкер – жұмысшылар.
Тұтас алғанда, Қоғамда 2010 жылы 5 696 қызметкер
Қоғам қызметіне тікелей қатысы бар əртүрлі тақырыптар
бойынша оқудан, қайта даярлаудан жəне біліктілігін
көтеруден өтті.
Халықтық бағдарламаға жап пай қатысуды қаперден
шы ғарып алмайық, ағайын!
Менің өмірімдегі ең бір
естен кетпейтін уақыт 1983 пен
1990 жылдар аралығы. Осы
уақыт аралығында мен Пав-
лодар облыстық «Қызыл ту»,
қазіргі «Сарыарқа самалы» газетінде алғашқы еңбек жолым-
ды бастадым, осы газетте өстім, шыңдалдым, жетілдім.
1983 жылы облыстық газет редакциясының есігін тұңғыш
рет аттадым. Ол кезде газеттің бас редакторы Балтабай Сей-
сенбеков деген азамат болатын. Біз, Еркін Қыдыр екеуміз,
Қазақ Ұлттық университетінің соңғы курс студенттері
мұнда өндірістік практикаға келдік. Павлодар индустриал-
ды институтының жатақханасына орналастық. Бір ай бойы
Ертістің Павлодар өңірін біршама аралап, бір жағы Желе-
зинка, бір жағы Лебяжі аудандарына дейін барып, өндірістік
практикадан өттік. Сол кезден бастап Павлодар ыстық
тартты. 1984 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетін
бітірдім. Оқу бітіріп, диплом қорғағанға дейін газеттің
бас редакторымен телефон арқылы байланысып отырдым.
Ол кісі əр сөйлескен сайын «бізге сендердей жас жігіттер
керек,жұмысқа келсеңдерші» дейтін.
Жастық шақта адамда ерекше бір жалын болады.
Оңтүстікте туып өссем де қазақ жерінің кең-байтақ екендігі
естен шықпайтын. Əрі өмір көру керек, өңір көру керек
деген ұстаным санада тұрды. Университет бітірерде əкем,
соғыс ардагері, маған жаны ашып: «бəлкім, Қызылордаға
келерсің, облыстық, не аудандық газетте де орын табыла-
ды ғой» - деді. Мен «Көке,жаспын ғой. Өмір көрейін. Еңбек
жолымды сол жақтан бастайын. Былтыр Павлодарда бол-
дым. Жері де, елі де ұнады» деп табандап отырып алдым.
Əкем батасын берді. Ол кезде жас журналистерді Қазақстан
Компартиясы Орталық комитетінің арнайы жолдамасы-
мен жұмысқа жіберетін. ҚазМУ бітіргендерден солтүстік
өңірлерге жас мамандар онша бара бермейтін. Г. Шеста-
ков деген бөлім меңгерушісінің қолы қойылған бағыттама
қағазды қолға алып, тамыз айының соңына таман Павлодарға
ЕҢ БІР ЫСТЫҚ
УАҚЫТ
келдім. Бірден жұмысқа қабылдады. Ауыл шаруашылығы
бөлімінің тілшісі ретінде еңбек жолымды бастадым. Бөлім
бастығы Қажымұрат Смағұлов ағамыз. Сəлімбай Ермұратов
үшеуміз бір бөлімдеміз. Жұмыс жүріп кетті. Егін орағының
қызып жатқан тұсы. Күнде нөмірге мақала жазу, арасында
аудандарға іс-сапарға бару деген тəрізді қат-қабат тірлік ба-
сталды. Мақала қорыту, оқырман хаттарымен жұмыс істеу,
газетке авторлар тарту, түрлі тақырыпқа арнайы топтамалар
əзірлеу деген сияқты қайнаған журналистік жұмыстардың
ағынына түстім.
Жас журналист ретінде алдыңғы буын ағалардың аялы
алақанының жылуын сезіндім. Əсіресе, Айтжан Бəделханов,
Төлеубек Қоңыров, Мұқамеджан Дəуренбеков, Əлібек
Жүсіпов, Əбдеш Баймұрзин, Жылқыайдар Қарпықов,
Қажымұрат
Смағұлов,
Еренбах
Əлжанов,
Төлеутай
Төлеубеков,
Бақыт
Баймұратов
сияқты
ағаларымыз
журналистиканың кəсіби қыр-сырына қанықтырды. Сондай-
ақ, газеттің аудандардағы тілшілері Мүбарак Жаманбалинов
пен Амангелді Қаңтарбаевтардан да үйренген өнегеміз көп
болды. Социал Əйтенов, Өскенбай Тастемханов, Тұрсынбай
Ибадуллин, Сəлімбай Ермұратов, Ғалымбек Жұматов,
Нəсиполла Есімов, Шолпан Байғабылова, Ғалым Омарханов
сяиқты əріптестерімізді де естен шығармаймыз.
Қазіргідей емес, ол кезде газет қорғасында терілетін. Роза
Төлеубаева, Əлия Саматова, Зина Сүйіндікова, Бақыт Айты-
баева, Гүлнəр Кенжеғұлова, макет жасаушы апай Мəдина
Садықова, метронпаж Ценбе Попсуй сияқты майталман ма-
мандар еңбегін ұмытқан жоқпын.
Кабинетте пышылдап жұмыс істеп отырамыз. Бір кезде
ақырын ғана басып, Əбдеш Баймұрзин ағамыз есіктен ішке
енеді. Жұмыстан бас алмай жатқан біздерге қарап:
– Ия, жаз-жаз. Кəкір-шүкір дүниелермен осы совет жур-
налистикасын көгертем деп отырсың ба? – дейді Əбекең.
Не істерімізді білмей, дағдарып отырып қаламыз. Былай
қарасақ, əжептеуір нəрсе жазып жүрген тəріздіміз. Сақалды
басымен мына кісінің айтатын əңгімесі мынау.
– Жаза бер. Неге тоқтадың? Сендер-ақ көгерте қойыңдар
сəбет журналистикасын, – деп шал шығып кетеді.
«Партияда жоқ, сонда да бөлім меңгерушісі болған..
Кезінде Алашордашыларды жақтаған екен...Сонда да
мықты!» деген сөздерді естиміз. Əбдеш ағамыз өстіп жүріп
бізге сол тұста есімдері онша көп аталмайтын, тіпті мүлдем
біз естімеген адамдар туралы айтатын. Жазушы Жүсіпбек
Аймауытовтың есімін тұңғыш рет сол кісіден естідім.
«Біреулер Мұқаңа, Мұхтар Əуезовке сіз қазақтың тұңғыш
роман жазушысысыз, депті»- дейтін Əбекең. Сол кезде
Мұқаң қызарақтап: - жоқ, бізден де басқа мықтылар болған,-
дейді екен...
Əбекеңнің əңгімелері қызық. Кілең ұлттық мəселелерді
айтады. Совет журналистикасының лепірме сарынынан
жиренетіні анық аңғарылады. Оған біз таң қаламыз.
Жықаң, Қарпықов ағамыз керемет аудармашы еді.
Лениннің көп томдықтарын аударған кісі. Диктовка жасап
қатар отырып қалатын кезіміз болады. Сондайда кейбір орыс
сөздерінің баламасын дəл таппай қиналып қаламыз. Жықаң
өз аудармасын жасап отырып, сарт еткізіп бірнеше балама
сөзді бізге айтып жібереді. Өзі сондай сауатты кісі болатын.
Тікелей аударма жасау ісін сол кісіден көп үйрендім.
Айтжан Бəделханов ағамыз сөзге ұста кісі. Əр сөздің
орнымен қолданылуына қатты мəн беретін. Өте талапшыл.
Орайы келіп, сəтті табылған, не қолданылған тіркес болса, ба-
лаша мəз болып қуанып отыратын. Газет бетінде ұры сөздер
көп жүреді. Бір əріптен мəні өзгеріп кететін жағдайлар бола-
ды. Газетте істеген өмірлік тəжірибесінен түйгені мол Айт-
жан аға біздерге «осындай сөздерді жазбай-ақ, қолданбай-ақ
қоюға болар еді» деп кеңес беріп отыратын. Кейін бірнеше
газетте редактор болған кезімде мен де Айт-ағаңның ізімен
жастарға тұп-тура сондай кеңес беретін болдым. «Жақсыдан
– шарапат» деген осы.
Төлеубек Қоңыров ағамыз екі тілге бірдей еркін. Қазақша
десеңіз қазақша, орысша десеңіз орысша төгілтіп жазады.
Төкең өте еңбекқор адам. Мұндай сауатты кадрлар кемде-
кем. Төкеңнен үйренген тəлім-тəрбием де аз емес.
Қажымұрат Смағұлов – сатирик, Тілінің бізі бар. Кілең
қоғамдағы келеңсіздікті мінеп жазады. Бетке айтады. Тура
жолдан таймайды. Табанды. Кейде сонысымен жақпай да
жатады. Қажекең қысқа да нұсқа жазады. Шындықты тіліп
тұрып айтады. Бұл кісіден де алған тəлімім көп.
Мүбарак Жаманбалинов ағамызды балалар əдебиетінің
классигі ретінде білетінбіз. Газеттің Ертіс ауданындағы
тілшісі қызметінде жүріп Мүкең сол кезде онша жазы-
ла бермейтін жабық тақырыптарға қалам тартатын. 30-
32 жылдардағы аштық зобалаңы туралы Жаманбалинов
қаламынан туған зерттеу мақалалар қанша уақыт өтсе де
ескірмейтіні анық.
Кей-кезде Əбдеш ағамыздың «өлмейтін, өшпейтін дүние
жазсаңдаршы!» деген талабын есіме аламын. Көбік сөзді
журналистикадан гөрі ұлттың мұңын мұңдап,жоғын жоқтау
деген мəселені жоғары қою керек деген Баймұрзин айтқан
сөздер жадымда жатталып қалды.
1990 жылы сол кездегі «Социалистік Қазақстан», қазіргі
«Егемен Қазақстан» газетінің Бас редакторы Шерхан
Мұртаза ағамыз мені жұмысқа шақырды. Бұл тұста мен
облыстық газеттің Парламенттегі тілшісі ретінде Алматыға
бірнеше айлап іс-сапарға келетінмін. Жазған-сызғанымды
сырттай бақылап жүрген Шер-ағаң мені экономика бөліміне
жұмысқа шақырды. Облыстық газеттің редакторы Əлқожа
Мұқамеджанов шынын айтқанда, мені жібергісі келмеді.
«Болашағың бар, жас кадрдан айрылғым келмейді» деп
шынын айтты. Мен де «Алматыға барайын, үлкен газетте
жұмысымды жалғастырайын деп» табандап отырып алдым.
Сонымен, алғашқы еңбек жолымды бастаған, ыстық ұядай
болып кеткен «Қызыл тудан» «Егемен Қазақстанға» ауысып
кете бардым.
Менің журналистік жолымда ғана емес, сондай-ақ өмірлік
жолымда айтулы орны бар, əр кез өзімнің қара шаңырағым
санайтын бір кездегі «Қызыл ту», қазіргі «Сарыарқа сама-
лы» газетін əрдайым сағынамын. Ұжымдас əріптестерімді
көрсем сол бір қимас та ыстық шақ есіме түседі.
Менің архивімде өзім еңбек еткен жылдары жарық көрген
газет сандары бар. Оларды мен мақалам шыққаны үшін ғана
сақтамаймын. Сол бір ыстық уақытқа əр кез ойша оралу
үшін сақтаймын. Өзімнің жастық, аңғал кезімді ғана еске ал-
маймын, сонымен бірге сол жылдардың бүткіл көрінісі кино
ленталары сияқты көз алдымнан өтеді.
Уақытты тоқтата алатын құдірет жоқ. Бірақ адамның
жады сол уақытты ілгері-кейінді жылжыта алады.
Мен Павлодар облыстық «Қызыл ту»газетінен түлеп
ұштым. Газеттің өсуіне, өркен жаюына тілеулеспін. Кешегі
өзім қызмет істеген, бүгінгі «Сарыарқа самалы» газетін
əрдайым қадағалап отырамын. Табысына марқайып қаламын.
Міне, ұшқан ұямызға да мерейлі мереке жетті. Өңірдің,
елдің, жердің шежіресі ретінде газетіміз елмен бірге мың жа-
сасын! «Сарғайса да газеттің ақ парағы» дегендей, ұлттық,
елдік асыл мұраттар жолында «Сарыарқа самалының» сөзі
мың ғасырлық болсын!
ІІ-БӨЛІМ
СƏТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ
Бүкіл əлем əдебиетінің алтын қорын толықтыратындай болмаса да, өзіміздің өңірлік мəдениеттің жаухары болатындай елеулі көркем туындының талайдан бері тумай жатқанын елдің бəрі біледі. Былайша алсақ, авторлар ауып кеткен жоқ. Бірақ отандық əдебиет əлі күнге еңсе тіктей алмай жатыр. Неліктен бұлай жəне тығырықтан шығар жол қайсы деген мəселе төңірегінде атақты ақын Олжас Сүлейменов ой бөліседі. – Олжеке, 7 ақпанда Қазақстан мəдениетінің 28 қайраткері қол қойған «Саралайтын кезең келді!» дейтін ашық хат жарық көрді. Олардың арасында Сіз де барсыз. Бұл үндеу оқырмандарға тарапынан əрқилы əсер етті. Бірқатар газетте сын пікірлер жарияланды арасында тікелей Сіздің өзіңізді мүйіздеп өткендері де бар. Біз сіздің ойыңызды сол пікірлер əбден сабасына түскен соң барып білейік деп шештік. Одан бері де бір айдай уақыт өтті, Сізге осы төңіректе сауал қоюдың реті келгендей. Сіз бір топ жолдастардың атынан хат жазу дегенге қарсы екеніңізді əлденеше рет айтып та жүр едіңіз, бұл жолы қалай боп қалды? Мұндай хатты жазу иедеясы кімдерден шыққанын айта алмайсыз ба? – Мен қай кезде де шығармашылық «біз» деген есімдікті мойындамайтынын айтқанмын жəне солай есептеймін. Бұл өзі түбірінен жеке, адамның жеке еңбегі мен жеке жауапкершілігін талап ететін нəрсе. Ұжым болып Қызыл алаңда бөрене көтеруге болады. Алайда жұрттың бəрі бір Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ: ИƏ, САРАЛАЙТЫН КЕЗЕҢ КЕЛДІ!
скрипкада ойнай алмайтыны тағы бар. Бар мəселе бұл Жолдауды немен шендестіруге байланысты. Сосын, мен жалпы біреу-міреуді жерден алып, жерге салатын қағаздарға қол қоймаймын. Мына үндеуде ондай сөге жамандау жоқ екен. Оның үстіне маған телефон арқылы хаттың жалпы мазмұнын хабарлады – əдебиет пен өнер ардагерлері өздерінің жас əріптестеріне осы заманғы тақырыпқа арнап шығарма жазуы керек дегенді айтты. Біздің осы өміріміздің тез ұмытылатын ақиқат шежіресін көркем дүниеге, яғни мəңгілікке айналдыру қажет десті. Біздің бəріміз ғаламат өзгерістер үдерісіне қатысушылармыз жəне куəгерлерміз, оны көрмеу немесе елемеу, ол туралы айтпау – əр суреткердің арына сын. Əрине, мен үндеуді қолдадым. Ол жарияланғаннан кейін интернеттегі хаттарды оқып, авторларға мазмұн жағынан болсын, мəтінді редакциялау жағынан болсын жəрдем беруге болатынын да көрдім. – Сіз Нұрсұлтан Назарбаевты Джордж Вашингтон мен Ататүрікпен салыстыратын жерін алып тастаған болар ма едіңіз? – Жоқ. Стилистік жағынан бəлкім, біраз өңдеуге де болатын еді. Ал тұлғаларды салғастыруға келсек, мен олардың қатарын толықтырған болар ем. Маған мəселен, ойша болса да ақындар сияқты өздерін алыптарға теңейтін лидерлер ұнайды. Ең алғашқы өлеңдерімде мен де тартынған жоқпын. «Я бываю Конфуцием, Блоком, Тагором» деп те жаздым. Бұл дұрыс та. Адам адамзаттың ұлы тұлғаларына өзі де сондай болсам деген тұрғыда еліктейді. Менің ойымща, жеке жəне ұлттық мақтаныш сезімі осылай қалыптасады. Шыңдарға теңелуге ұмтылу керек. Егер халық ұлы тұлғаны тəрбиелеп өсіретін болса, онда ол халықтың ұлылығы артады. Біз міне осыған қабілеттіміз бе, жоқ па? Бар гəп осында жатыр. Осы сұрақты сабақтай түскім келеді. Менің есіме Ыстамбулдағы бір кездесу түсіп отыр. Осыдан екі жыл бұрын журналистер мен жазушылар Түркияның Еуроодаққа қосылуына Францияның қарсы болғаны туралы газет хабарламасын қызу талқылағаны бар. Сонда қызыл шеке болып
отырған түрік белгілі журналисі «егер біздің президентіміз
немесе премьеріміз Назарбаев болғанда ғой, Түркияны
Еуроодаққа ендігі қабылдап та қойған болар еді!» деді.
Мен бұл сөзге түсініктеме бермей-ақ қояйын. Тек мынаны
айтқым келеді: ТМД елдерінде Қазақстанның дамуын ана-
литиктер де, қарапайым тоғышарлар да қарап отыр. Іштей
қызғаныш та жоқ емес, бірақ бəрі құрметпен қарайды. Бұған
күмəнданбауға болады. Өтпелі кезеңнен аман өту жол
бастаушының қабілетіне байланысты. Мен кейбір елдердің
туғаннан топастығымен ерекшеленгендерін де білемін. Олар
өз халқын салған жерден тығырыққа тіреді, оның кейбірінен
қан төкпей шығудың өзі қиын еді. Саясат деген тіл табысу
өнері. Əлгі дзюдодағыдай қара күш пен əдіс-амалды шебер
үйлестіре білу тəрізді. «Или-или» дейтін революциялық
қағиданың орнына эволюциялық «и-и» дейтін уақыттың
келгенін дəл аңдау екінің біріне бұйыра бермейді. Таптар
мен халықтарды біріктіретін де кіріктіретін де кезеңді тап
басу оңай емес.
Өз ісінде осы эволюциялық қағиданы дəйекті түрде
басшылыққа алып келе жатқан лидерлердің қатарында мен
ең алдымен Назарбаевтың есімін атар едім. Оның бірде бір
қоғамдық бастамасы «или-или» дейтін формулаға сəйкес
келген емес, қайта көптеген бастамасы «и-и» белгісіне жа-
уап береді. Өйткені, бұл қағида Қазақстан үшін туабітті
тура келеді, неге десеңіз оның өзі қазақтар мен орыстар-
дан, немістерден, ұйғырлар мен кəрістерден тұрады...
Мұсылмандар мен православтар, католиктер мен иудейлер
де бар...
– Сіздердің ұжымдық үндеулеріңіз бен Никита
Михалковтың В.В. Путинді үшінші мерзімге қалуға
шақырған үндеуі арасында қандай да бір ұқсастық
жатқан жоқ па?
– Арасы жер мен көктей. Никита Михалков пен оның
жолдастары президентке бүкіл Ресей зиялыларының аты-
нан хат жолдады. Баспасөзде басқа топтың елдің 65 мың
шығармашылық қызметкері өз аттары атынан Михалковтың
тобына мұндай ұсыныспен шығуға ешқандай уəкілдік
бермегенін хабарлады. Ал біздің хатымыз Президентке емес, шығармашыл зиялыларға арналған. Басты айырмашылық осында жатыр. Егер мəселенің шынтуайтына келетін болсақ, екі үндеудің де авторларының өз Президенттеріне деген көзқарасы сəйкес келеді. Екі жақта да құрметпен қарап отыр. Тіпті ерекше құрметпен. Осы «тіпті» деген сөздің өзі сыншыларға түртпек болып отыр. Жеке басқа табынушылықтың қайталануынан қорқу зиялылар санасына мықтап орныққан. Сонымен бірге біз Россия да, Қазақстан да –көпұлтты, көпконфессиялы ел екенін анық түсінуіміз қажет. Президенттердің кең танымалдығы күрделі қоғамда тұрақтандырушы, біріктіруші фактордың рөлін ойнайды. Осындай жағдайда Презтденттің беделі ұлттық, халықаралық, əлемдік маңызда қоғамдық құндылық болып табылады. Мұндай құндылыққа барынша мұқият қарау, оны сақтау сол қоғамға да, сол президенттің өзіне де, оның жақын маңайына да аса қажет. Сақтау – сын да мақтау да болмасын деген сөз емес. Мəдениет деген не? Бұл, бəрінен бұрын – сезім мөлшері. Тек осындай мəдениет пен талғамның болуы – бəрімізге де пайдалы. Мұны апологеттер де, оппозиция да үнемі есте ұстауы тиіс. – Айтқандай, Сіз Ресейде өткен жаңа президент сайлауын қалай бағалайсыз? – Ізбасарды немесе мұрагерді тағайындау – монархиялық сықпыттың қалдығы. .......Яғни, билеушінің. Путин ашық картамен ойнады. Бəріне де мəселенің мəнісі хабарланды – Россия үшін бағыттың сабақтастығын сақтау маңызды. Бұл жəне кейбір демократиялық нормаларды сақтаудан да маңызды екенін сендірді. Сайлауға анық өтетіні белгілі адаммен бірге бүткіл электорат жүз пайыз өтпейтініне сенімді «қауіпті емес» кандидаттар жіберілді. ТМД шеңберінде əлденеше рет сыннан өткен тəсіл. Меніңше, сайлауды етпеттеген Жириновский мен Богдановтарды қосып мұндай масқарампаздыққа салғанша, кетіп бара жатқан президенттің бір сұрағына: «Сіз Д. Медведевтің президент болуына келісесіз бе?» деп референдум өткізе салу адал əрі əділ
болған болар еді. Референдум «Ия!» деп жауап беретініне
сенімдімін.
– Ресейдегі жағдайдан Қазақстанға оралайықшы. Сіз
біздің қоғамда болып жатқан үдерістерді қалай сипаттар
едіңіз?
– Қазақстан барған сайын ашық болып келеді. Əлемге
біздің жетістігіміз де, кемшілігіміз де көрініп тұр. Демек,
біздің өзімізге де көрініп тұр. Ельциннен кейінгі Путиндік
Россия біртіндеп қымталып, жабыла берді. Бірнеше жыл бойы
бірде-бір ресей газетінде, не ресейлік телеарнада Путиннің
атына сын айтылған жоқ. Ресейлік саясимəдениетте Қытай
қамалының сипаты барған сайын басымдық алды. Бұл,
мүмкін, Россияның еуроазиялық табиғатын ақтайтын да бо-
лар.
Қазақстанда Президентті сынау жағына келгенде бəрі де
еуропаша деуге болады. Елге əр келген сайын мұндай сынға
арналған қаптаған газетті көремін. Тап сол Италиядағыдай
немесе Франциядағыдай, журналистік прожекторлар мен
микроскоптар лидерлердің кез келген олқы ісін, ыңғайсыз
тұрысы мен шалыс басқан қадамын барынша зерттеп, жа-
риялап жатыр, сол арқылы олардың өз формаларын сақтауға
мəжбүрлеуде. Біздің жоғарыдағылардың сынға деген мұндай
төзімділігі Қазақсатнды ТМД елдері арасында ерекше-
леп тұр, əрі Еуропаға бір табан жақындатады дей аламын.
Біздің оппозициялық газеттер Қазақстан кандидатурасының
ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне қарсы өлермен компанияны
ұзақ уақыт жүргізді. Еуразиялық басқа қандай елде БАҚ-
тың осындай партиотсыздық акциясына төзетін билік бар?
Тап осы қазақстандық биліктің ұстамдылығы Еуропалық
Одақты төрағалық мандатты біздің республикамызға беру-
ге сендірген болар. Елде оппозицияның толыққанды өмір
сүруі, яғни қызмет етуі – демократияланушы құрылымның
бірінші куəлігі болса керек.
Осы заманғы Қазақстанның саяси портреті, менің ойым-
ша, шығыстық автократизм мен батыстық демократияның
ғажайып үйлесімінде жатыр. Соңғысының штрихта-
ры біртіндеп басымдық алып келеді. Осы байламға
Президенттің ақпандағы үндеуінде айтылған «Еуропаға
жол» бағдарламасының сай келуі кездейсоқтық емес.
«Еуропаға жол» бағдарламасына байланысты Сіз саяси
салада қандай өзгерістер болғанын қалар едіңіз?
Демократиялық сипат пен автократиялық сипаттың
қосындысы туралы сөз еткенде мен Қазақстандағы Пар-
ламент сайлауын меңзеген едім, онда біз аяқ астынан бір
партиялық жүйеге қайта оралдық. Россия күздегі Дума сайла-
уында осындай қауіптің боларын біліп, алдын ала қамданды,
сөйтіп парламентке кемі екі партия өтетіндей Заң қабылдады.
Тіпті екінші партия жетіпайыздық баспалдақтан өте алмаған
күннің өзінде жинаған пайызы арқылы өтетін болды. Тіпті
бір пайыз алса да. Мен біздің бірпартиялық Мəжіліс ресейдің
осы бір жаңалығы туралы ойланатын болар деймін.Əлемде
бірпартиялық орта талайдан бері біржынысты қоғам секілді
саяси құнарсыз болып бағаланады.
– «Саралайтын кезең келді» деген үндеуге оралайық.
Ол неліктен қазір пайда болды, неге 1991 жылы емес?
– Келісемін. Бір қарағанда, əріптестеріміздің қалам
ұшын Қазақстан тəуелсіздігін алған бетте қайрағаны
қисынды болар еді. Саяси цензурасыз, емін-еркін жағдайда
шығармашылықпен айналысып бұрын болмаған шедевр
дүниелерді жасауға болатын ба еді. Бірақ 90-шы жылдары
мемлекеттің қолдауынсыз мəдениеттің үнінен айрылғанын,
қайыршыланып, нарық қыспағына түскенін біз көрдік.
Жаңа мемлекеттің бізбен ісі болған жоқ, оның өзі қалай
да жан сақтауға ұмтылды. Мəдениеттің материалдық
жақтан жұтауы қоғамның рухани азып-тозуына сұмдық тез
жылдамдықпен алып келетінін ендігі мемлекет те түсінді-
ау деймін. Тəуелсіздіктің алғашқы жылдары туған балалар
қазір азаматтық құжаттарын – төлқұжат алды, мектептерді
бітіруде.
– Олар осы жылдарда жазылған қандай өлеңдерді жəне
романдарды оқыды? Осы жылдары түсірілген қандай
фильм олардың дүниетанымын қалыптастыруға ықпал
етті? Біздің театрларымыздың қандай спектаклдері
оларды қанаттандырды? Жас ұрпақ біздің қайда бара
жатқанымызды, қандай ортақ мақсатымыз барын біле ме? – Егер тарихты суреткер айтар болса, онда ол қызықты хəм тағылымды. Ал мына заман да тарих. Тек жаңа тарих. Соны көрсете білу керек. Міне, хат авторларының алға қойған мақсаты осы. Алайда, бұл хат тек қана шығармашыл зиялыларға ғана емес, сонымен бірге мемлекетке де арналғанын айту керек. Мұндай жағдайда мемлекет тарапынын осы үндеуге қатысты қандай мəселелер қолға алынуы керек дейсіз? Шығармашыл одақтармен бірлесіп мəдениетті қолдаудың мемлекеттік жəне нарықтық шараларын талқылау қажет. Əңгіме қазір жасалып жүргендей, грант жəне стипендия беру сияқты бір жолғы жəрдем туралы болып отырған жоқ. Бұл да жақсы. Бірақ мəдениеттің барлық жетекші саласын аман сақтап, дамытудың ұзақмерзімді стратегиясын жасамай болмайды. Мəдениет саясатында батыстық тəжірбиені игеруде жіберілген олқылықтарды ескере отырып осыны жасау керек. – Қандай олқылықтарды айтасыз? – 90-шы жылдардың басында, мəселен, жаңа мемлекеттердің бəрі Батысқа еліктей отырып өздерінен мəдениетке деген жауапкершілікті алып тастады. Атап айтқанда, əдебиетті жабайы нарықтың талқысына тастады. «Қандай кітап керек, қандай кітап керек емес екенін нарық айқындайды!». Мұны нарық айқындады – «Ешқандай да кітаптың керегі жоқ!». Жаңа орыс əдебиетіне жанасқан жалғыз жанр – комикс болды, ол сөз өнерініің деңгейін əлденеше сатыға төмен түсіріп тастады. Қазақстанда комикстер əлі пайда болған да жоқ. ХХ ғасырдың аяғында Батыс өзінің мəдени дамуында постəдебиеттік кезеңді бастан өткерді. Біз де солардың артынан кеттік. Россияның ізінше. Бірақ орыс əдебиеті қысқамерзімді іркілістен соншалықты құлдырай қоймайды. Пушкин, Некрасов,Толстой, Достоевский, Чехов, Маяковский, Шолохов жəне басқа ондаған символ-есімдер
қалдырған орыс əлемінің қалыптасқан образдары əлі талай
ғасыр тұрады.
Жиырмасыншы ғасырдың соңындағы қазақ мəдениеті
өзінің кітаптық кезеңінің ең бастауында тұрған болатын.
Бізде, өкінішке орай, əлі Алтын ғасыр да, Күміс ғасыр да
болған жоқ. Шəкірттіктен енді-енді ғана шығып идеялық-
көркемдік дербестікке халықаралық масштабта ек-үш есім
ғана көріне бастап еді. Біз өзіміздің мəдени тарихымыздағы
осы бір əдеби, əлі тазартыла қоймаған парақтарымызды
нарық деп аталатын жерде өйтіп-бүйтіп өтімді тауар жасауға
да дайын едік.
«Интеллектуалды меншік» деген терминді елдің бəрі
естіді. Алайда, оның мəні мен маңызын дұрыс ұғыну
үшін «интеллектуалдық құндылық» деген ұғымды заңдық
негіздеу қажет. Кітаптың, картинаның, өлеңнің нарықтық
құнын анықтау үшін бағалайдың қандай критерийлерін
пайдалануымыз керек? Революциядан кейін большевик-
тер Эрмитаждағы классикалық дүниелерді еуропалық
алыпсатарларға таразыға тартып сатып-ақ валюта жасады.
Сол кезеңнің матросстық бухгалтериясы сақталған: «қырық
килограмм Рубенс картиналары сатылды».
Айталық, менің əдеби жұмыстарымның, идеяларым мен
əлеуметтік бастамаларымның нақты құнын кім, қандай
инстанция – мемлекеттік немесе нарықтық, қандай ин-
станция анықтайды? Біздің əзірге даярлықсыз көзімізге
интеллектуалдық құндылық көрінбей тұр, ол ауа тəрізді тап-
таза. Жер бетіндегі барлық тірі нəрсе сол ауаның арқасында
өмір сүреді. Homo Sapіens түрінің өкілдері Адамды жану-
арлар əлемінен айырып тұрған ең басты нəрсе – ақыл-ой
өндірісін ( интеллктуалдық құндылықты) бағалауы тиіс.
Талқылау барысында біз кітап өндіріс мен таратудың
кеңестік тəжірибесін мұқият зерттеуіміз керек. Кеңес жа-
зушыларына біздің Шығыстағы, Батыстағы əріптестеріміз
қызыға да қызғана да қарағаны менің есімде. Бізде автор
бірінші орында тұрды, оған кітаптың сатылу құнының
қомақты бөлігі берілді, қалғаны-баспаға, одан қалғаны-кітап
дүкеніне бөлінуші еді. Осы жүйенің арқасында біз əлемдегі
кітапты ең көп оқитын елдердің біріне айналғанымызды ұмыту күнə болады, ұлы кеңес əдебиеті мен ұлы оқырман пайда болды. Əлемнің қай елінде қаптаған өлең кітаптары осылай шығып, дүкен сөрелерінен ілеззде өтіп кетіп жатты?..1990 жылы мен өзімнің 200 мыңдық таралыммен жуан кітабымды шығарып үлгердім. Осы кітап үшін осы күннің өлшемімен алғанда үш жүз мың доллардан асатын қаламақы алғанымды айтсаңызшы. Мен бұл қаржыға бірнеше пəтер сатып алып, лагерден оралған желтоқсаншыларға сыйладым. Сөз арасында айтып жатқаным ғой. Менің айтайын дегенім, өткеннің сынағынан өткен нəрсенің бəрінен бір мезгілде бас тартуға болмайды. Мəдениет саясатында да солай. Бізге батыстық практика не ұсынады? Францияда қалыптасқан нарықтық қатынастар стандарты бойынша кітаптың құнының 60 пайызын кім алады? Автор ма? Баспагер ме? Сатушы алады. Баспагерге 25-35 пайызы тиеді. Авторға 3 пайызы ғана бұйырады. Егер ол бестселлер тудыра алса, онда 15 пайызға дейін алуы мүмкін. Бірақ мұндай жағдай сирек болады. Осындай схема қалатын болса біз өз əдебиетімізді алаңсыз сеспей қатыратын боламыз. – Қат-қабат жұмыстарыңызға қарамастан сіз еліміздің ең алыс өңірлерінде де боласыз. Сол өңірлердегі адамдардың көңіл-күйлері қалай? Халық бəріне разы ма? Қазақстан тұрғындарының көпшілігі үшін қандай проблемалар маңызды? – Ия, мен ЮНЕСКО істері бойынша соңғы бірнеше жылда республиканың Шығысында да, батыс облыстарда да болдым. Біздің халқымызда ерекше бір ерекшелік бар – сені қарсы алып тұрып ол осы кездесуден өзіне қуаныш іздейді. Өмірде болып жатқан нəрсенің бəріне көңілі толмаса да, бəрі ойындағыдай болмаса да, ол қымбатты қонағына шағым айтпайды. Əйтсе де менде депутат кезімнен сырттай игіліктерге байланысты қалыптасқан өз көзқарасым бар. Бұл сұхбатта мына сұрақтардың бəріне егжей-тегжейлі жауап беруге үлгермеймін. Өзімнің үмітім мен күдігім туралы тағы бірде арнайы айтып берермін.
Дұрыс пайдаланылған мемлекеттік дербестік – əлеуметтік лифтінің тап өзі. Ол халыққа «адамша өмір сүруге» мүмкіндік береді, материалдық жəне ұлттық мəртебесін биіктетеді. 16 жыл бұрын да біз үшін осы мезет келген. Қазіргі мемлекет пен қоғам үшін ең басты міндет – Тəуелсіздік берген ұлы мүмкіндікті мүмкіндігінше толық пайдалану жəне оның қуатын нарықтық-саяси керісулерге босқа жұмсамау. Алматы-Париж Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Мемлекеттік тіл мəселесіне ұдайы назар аударып келеді. Соның бір айқын дəлелі – 2006 жылғы 31 мамыр күні шыққан Президент Жарлығы. Жарлықта «Мемлекеттік тілді елдің мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу салаларында, Қарулы күштер мен құқық қорғау органдарында, халықаралық қызметінде қолдану жөніндегі шараларды жүзеге асыру жəне қабылдау қажет” деген жолдар бар. Мемлекеттік тілді меңгеру, оны мемлекет ісінде қолдану жəне дамыту қай деңгейде? Мемлекеттік қызметшілер бұл тұрғыда қандай бағыт ұстанып отыр? Мемлекеттік тілді ұршықтай үйіріп əкетуге мемлекеттік қызметшілер дайын ба? Біз осы сұрақтарды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Төрағасы Зауытбек ТҰРЫСБЕКОВ мырзаға қойған едік. – Зауытбек Қауысбекұлы, «Егемен Қазақстан» газетінің 31 мамыр күнгі нөмірінде Президент Н. Назарбаевтың Жарлығы шықты. Осы Жарлық бойынша ”Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы Зауытбек ТҰРЫСБЕКОВ: МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЕҢ АЛДЫМЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР БІЛУІ КЕРЕК
н 550 Жарлығына өте елеулі толықтырулар енгізілген.
Жарлықты оқығанда ойыңызға не келді?
– Өте күшті Жарлық. Керек Жарлық. Шынымды айт-
сам, Жарлықты оқып отырып қатты қуандым. Тіл мəселесі
талайдан бері сөз болып келеді ғой. Мемлекеттік тілдің
мəртебе алуына, оның қолданылуы мен дамуына Президент
Нұрсұлтан Назарбаев Тəуелсіздіктің алғашқы күндерінен
бастап орасан үлес қосып келеді. Өзіңіз білесіз: біздің
еліміздің демографиялық жағдайы, ең бастысы əлеуметтік-
экономикалық жағдайы ə дегенде тіл мəселесін ту етуге онша
мүмкіндік берген жоқ. Əуелі экономика, сосын саясат деген
Президенттің сарабдал саясаты мұндай күрделі мəселені ше-
шуде тым асығыстық пен біржақты қызбалыққа жол бермеді.
КСРО тарқаған кезде бірқатар елдер тіл мəселесін төтесінен
шешуге талпынды. Олардағы жағдайдың қалай ушыққаны
қазір белгілі. Қазақстан Президентінің көрегендігі сонда:
ол мұндай нəзік мəселені кезең-кезеңімен шешуге бағыт
ұстанды; республика халқының үлес салмағында осы мем-
лекетке атын беріп отырған елдің өкілдері тізгінді қолға
толық алғанынша асығыстыққа жол берген жоқ. Соның
арқасында ел экономикасы өркендеді. Халықтың əлеуметтік
əлеуеті күшейді. Қазақтың саны да артты. Қазір респу-
бликаны мекендеп отырған ұлт пен ұлыс өкілдерінің бəрі
мемлекеттік тілдің қажеттілігі мен қолданылуына ешқандай
қарсылық білдіріп отырған жоқ. Қайта мемлекеттік тіл
Қазақстан халқын ұйыстырушы, біріктіруші жəне іргелі
істерге жұмылдырушы тіл болғалы отыр. Бұл туралы Пре-
зидент былтырғы Жолдауында өте жақсы айтты.
– Мына Жарлықта “мемлекеттік тіл бірқатар
мемлекеттік басқару органдарында қолданылмайды
немесе мардымсыз қолданылады» деген жолдар бар.
Мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылмай отырғанына
не нəрсе кедергі? Сіз қалай ойлайсыз?
– Менің ойымша, мемлекеттік тілді қолдану мен дамы-
ту мəселесінде тегеурінді іс-қимыл жоқ. Конститцияның
7 бабында мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп бадырай-
тып жазылған. Тіл туралы заңнамалар бар. Президент
Жарлығы осы мəселедегі бүгінгі күнге дейін орын алып
отырған олқылықтың бəрінің орнын толтырып отыр.
Рас, бірқатар мемлекеттік органдарда мемлекеттік тіл өз
мəнінде қолданылмайды. Оның басты себебі нормативтік-
құқықтық актілердің дені ресми тілде əзірленетіндігінде
болса керек. Енді Елбасы Жарлығы бойынша нормативтік-
құқықтық актілер, лауазымды тұлғалардың сөйлейтін
сөздері, қызмет бабында пайдалануға арналған құжаттар ең
алдымен мемлекеттік тілде дайындалатын болды. Бұл тіл
мəселелсіндегі олқылықтың орнын толтырары сөзсіз.
– Мемлекеттік органдардың іс жүргізуін, есептік-
статистикалық,
қаржылық
жəне
техникалық
құжатнаманы 2010 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру
жөнінде Жарлықта нақты мерзімдер белгіленген. Оның
ішінде Сіз басқарып отырған Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттік мемлекеттік тілге 2007 жылы көшуі
керек. Оған алты-ақ ай қалды. Бұған мүмкіндіктеріңіз
бар ма?
– Толық мүмкіндік бар. Біз бірінші кезекте Конституция
талабын, сосын Мемлекет басшысының Жарлықтары мен
заңнамалық бастамаларын бұлжытпай орындауға тиістіміз.
Жарлық талқыланбайды. Ол орындалуы тиіс.
– Бəрекелді! Барлық жерде Сіз құсап кесіп айта-
тын мемлекеттік қызметкер болса, мемлекеттік тілдің
тегершігі баяғыда-ақ айналып кеткен болар еді-ау!
– Рахмет! Бағамызды тым асырып жіберген сияқтысыз…
– Туған тілі үшін шырылдамайтын адам жоқ.
Жанға батқан соң айтып жатқанымыз ғой. Сонымен,
Сіз басқарып отырған агенттік мемлекеттік тілде іс
жүргізуге көшуге 100 пайыз дайын дейсіз ғой.
– Жүз пайыз болмағанымен дайындық бар. Бұл істе
ұрандатудың, алаулатып-жалаулатудың қажеті жоқ. Бəрін
біртін-біртін ретіне қарай жасай беру керек.
– Жарлықты орындау үшін ең əуелі неден бас-тар
едіңіз?
– Дұрыс сұрақ. Қазақстан Республикасы Мемлекет-тік
қызмет істері жөніндегі агенттігінің бірқатар аумақтық
басқармаларында, атап айтқанда Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында іс қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Осы облыстардағы істің көзін білетін, қабілетті, білікті кадрларды республика деңгейіндегі қызметке тарту керек. – “Кадрлар бəрін шешеді” деген сөзді Сталин де текке айтпаған болуы керек. Солай емес пе? – Кім айтса да іс тетігі – білікті кадрларда екені рас. Мемлекеттік тілді еркін меңгерген мемлекеттік қызметшілерге əлеуметтік жағдайлар жасау керек. Мəселен, қызмет пəтерімен қамтамасыз ету қиын емес қой. Мемлекеттік тілдің қолданылуын кеңейту үшін қазақша жақсы білетін кадрларды мемлекеттік басқару, атқару буындарына тарта беру керек. Сонда олардың қызмет бабымен жоғарылап өсіп жатқанын көрген басқа əріптестері ойланады. – Ал қазақша онша білмейтіндерді қайтеміз? – Бұған қиналатын ештеңе жоқ. Мемлекеттік тілді толық меңгермеген мемлекеттік қызметшілерді жоғарыда аталған облыстарға 2-3 жылға стажировкадан өтуге жіберу керек. – Баяғыда партияның кезінде кадрларды бір өңірден бір өңірге жіберіп, алмастырып отыратын-ды. Соның да пайдасы көп болатын. Мемлекеттік қызметкердің рспубликалық деңгейде қызмет істеуіне мұндай əдістердің тигізетін əсерін орнымен пайдалана білген де жөн дейсіз ғой? – Тап солай. Екі-үш жылда кез келген қызметкер қазақша əбден төселіп алатыны сөзсіз. Сосын оларды республика көлеміндегі кез келген мемлекеттік қызметке қайта тартуға болады. – Мемлекеттік қызметшілердің қанша пайызы мемлекеттік тілді біледі, қаншасы білмейді? Осыны анықтадыңыздар ма? – Орынды сұрап отырсыз. Біз мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді қаншалықты дəрежеде білетіндігін дəл анықтау үшін оларды аттастациялаудан өткізуді ұйғарып отырмыз. Бұл үшін арнайы жұмыс тобы құрылды.
– Мемлекеттік қызметшілер аттестациялаудан өткен кезде сынақты негізінен ресми тілде тапсыра ма? Тесті мемлекеттік тілде тапсыруға неге болмайды? – Бұл бір өзекті мəселе. Осы уақытқа дейін көптеген жерлерде тест сынақтарына орысша жауап беру орын алып келгені жасырын емес. Өйткені, біздегі заңнамалық құжаттардың дені негізінен алғанда ресми тілде дайындалып келді. Енді басымдық біртін-біртін мемлекеттік тілге беріле бастайды. Сондықтан да тиісті сынақтарды мемлекеттік тілде тапсырту мəселесін дереу қолға алып жатырмыз. Тест жүргізу бағадарламаларының жаңа нұсқалары əзірленіп жатыр. Оның ішінде мемлекеттік тілді білуге арналған тест тапсырмалары əзірленіп боп қалды. Компьютерлік бағдарламалар толық дайын. Осы ретте Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің Тіл комитеті “Қазақша TOEFL” тілді меңгреу деңгейін обьективті бағалау жүйесін жасауды жоспарлап отырғанын баса айту керек. Бұл жүйе дайындалып біткен жағдайда біздің агенттіктің тестілеу бағдарламасына дереу енгізіледі. – Біліктілік талаптарының басты көрсеткіші ретінде неге мемлекеттік тілді білу мəселесі енгізілмейді? – Дұрыс айтып отырсыз. Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді білу – мемлекеттік қызметкерлердің ең басты біліктілік талабына айнала бастады. Қазір мұндай талап қойылатын лауазымдар саны күн өткен сайын артып келеді. – “Құрғақ қасық ауыз жыртады” дегендей, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білуі, өмірде қолдануы үшін республикалық бюджеттен біршама қаржы да бөлінетін шығар-ау. Бірақ соның тиімділікпен жұмсалуы қалай? – 2005 жылы “Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру” 007 кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттардың жалпы сомасы 313926 мың теңгені құрады. Оның ішінде: 134 054 мың теңге мемлекеттік тілге бөлінді. 877 адам оқудан өтті. Биыл орталық мемлекеттік органдарға 503 238 мың теңге, оның ішінде қазақ тілін оқытуға 136 341 мың теңге бөлініп отыр.
– Сөзіңіз аузыңызда. Осы Президент жанындағы
Мемлекеттік Басқару академиясы мемлекеттік тілді
қолдану мен дамыту барысында не істеп отыр? Соны
айта аласыз ба?
– Мемлекеттік Басқару академиясы мемлекеттік тіл
мəселесін айналып кетіп отырған жоқ. Биыл мəселен,
“Мемлекеттік тілде іс жүргізу мен құжат толтыруды
ұйымдастыру” семинары өткізілді. Онда 99 адам мейлінше
дəріс алды. Жыл аяғына дейін осындай екі семинарды
өткізуді жоспарлап отыр.
– Осы бізде нешетүрлі семинар, конференция дегендер
өтіп жатады. Солардың нақты тиімділігі бар ма? Жоқ,
əлде ондай шаралар əйтеуір өткізе салу үшін өткізіле ме?
– Жиын, семинар, конференция дегедердің көп екені
рас. Олардың бəрі бірдей тиімсіз деп тағы айта алмас едік.
Өйткені, əр жиыннан əйтеуір бір пайдалы ақпарат алынары
сөзсіз. Жұмыс істеудің осы заманғы осындай əдістерінен
көрінеу бас тарту ақылға сыймас нəрсе ғой. Əрине, олардың
тиімділігі қаншалықты деген сауалға бір сөзбен былай деп
үзілді-кесілді жауап бере салуға болмас. Менің ойымша,
мемлекеттік тілді оқып-үйренуге бағытталған кез келген іс-
əрекетті құптау керек.
– Сіздердің агенттік жанынан құрылған оқыту
орталығы қалай жұмыс істеп жатыр?
– Агенттіктің мемлекеттік қызметшілерін оқытудың
Еуразиялық орталығы бар. Онда мемлекеттік тілді оқыту
жөнінде тиісті құрылымдар құрылған. Бұл іске кəсіби
дайындығы бар отандық оқытушылар іріктеліп алынған.
Бекітілген шарттардың жалпы құны 4 317 860 теңгені
құрайды.
– Өзіңіз агенттік қызметкерлеріне қандай талап қояр
едіңіз?
– Ауызекі сөйлесе беру қажет. Тілдің қолдану ая-
сын кеңейту үшін тіл білмейтіндер қымсынбай, ұялып,
қызарақтамай сөйлей беруі керек. Президентіміздің өзі
“қазақ қазақпен – қазақша сөйлессін” деген талап қойып
отырған жоқ па? Менің жеке пікірім: біздегі мемлекеттік
қызметшілер аптаның екі күнін тек қазақша сөйлеуге арнауы керек. Атақты Əсет ақын айтқандай,”əуелі бұл шіркінді бастау қиын” дегендей, бəрі де бастап кетуді күтіп тұр. – Сонан соң тастау қиын дейсіз ғой… – Бір үйреніп алған адам ары қарай еркін меңгере бермей ме? Біліктілік дəрежесі де арта түседі. Барған сайын мемлекеттік тіл мен тағы бірнеше тіл білетін білікті мамандардың бағасы арта түсетіні анық. – Президент Жарлығын жедел жүзеге асыру үшін бір мекемеден бір мекемеге жіберілетін жолдама қағаздарды осы қазірден-ақ мемлекеттік тілде толтырып жібере беруге болмай ма? – Неге болмасын? Жарлықтың өзекті боп отырғаны да сонда: енді іс қағаздары жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға орысша жөнелтіле бермеуі керек. Министрліктер мен ведомстволарға келетін құжаттар, олардан кететін құжаттар бірыңғай мемлекеттік тілде рəсімделуі тиіс. Жарлықта “нормативтік-құқықтық актілер, лауазымды тұлғалардың сөйлейтін сөздері, қызмет бабында пайдалануға арналған құжаттар ең алдымен мемлекеттік тілде дайындалуға тиіс” деп тайға таңба басқандай жазулы тұр емес пе? – Орайы келіп тұрғанда Сізден тағы бір нəрсе сұрағым келеді. Президент мемлекеттік қызметшілер қатарын өте жауапты бір қызметпен – статс-хатшы қызметін енгізу арқылы толықтырып отыр. Сіздің ойыңызша, статсхатшы қызметіне бірінші кезекте кімдер алыну тиіс? Жəне бұл қызметке алынатындардың негізгі біліктілік өлшемі мемлекеттік тілді білу деңгейі болса, несі айып? – Менің ойымша, бұл қызметке баратын адамдар, біріншіден, ұлтжанды азаматтар болуы тиіс. Екіншіден, мемлекеттік тілді мейлінше еркін меңгерген болуы тиіс. Үшіншіден, істің көзін білетін, қабілет-қарымы өте жоғары, жауапкершілігі де жоғары азаматтар болуға керек. – Бəрекелді! Статс-хатшы лауазымына адам іріктегенде ең басты өлшемдердің бірі олардың мемлекеттік тілді барынша еркін меңгеруі болса, одан мемлекетіміз ұтпаса ұтылмайды дейсіз ғой.
– Əлбетте. – Қазір біз көптеген мемлекеттік мекемедегі мемлекеттік тілдің бар шаруасын бір ғана аудармашы деген маманға артып қойып отырған жоқпыз ба? – Өкінішке орай, солай. Көптеген министрлік пен ведомстволарда аудармашының иығына артылып, ары қарай құлыптаулы жатқан тіл шаруалары шаш-етектен. Бұл аудармашы қажетсіз деген сөз емес. Аудармашы кере-ақ. Бірақ ол ендігі таңда мемлекеттік тілден басқа тілге аудару үшін керек бола бастайды. – Ондай күнге қашан жетер екенбіз? – Алла қаласа, оның ауылы алыс та емес. Президентіміз “Ана тілі” апталығына берген сұхбатында “Жасырары жоқ, Кеңес дəуірінде қазақ тілінің болашағы бұлыңғыр деген пікір қалыптасты. “Орысша оқымаса нана сұрап жей алмайды”, деп баламызды өзге тілге ауыздандырып баққан өзіміз емес пе? Енді керісінше, қазақ тілін білмесе, несібесінен қағылуы ғажап емес”,– деп өте əдемі айтты ғой. Елбасының аузынан шыққан мына бір сөзге кім болса да құлақ асар еді деп ойлаймын:” Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында əрі қару, əрі қалқан болған, əрі байырғы, əрі мəңгі жас, отты да ойнақы Ана тіліміз” аман тұрғанда мемлекетіміздің болашағы еш уақытта бұлыңғыр болмайды! – Тіл құрып барады деп ойбайлай бергеннен гөрі ендігі кезекте Президент Жарлығын жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын орнықты да оңтайлы деңгейде жүргізуге, ол үшін Қазақстан Республикасының Конституциясын басшылыққа ала отырып, Ата Заңның қағидаттарының жəне тілдік заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету, осы тұрғыда дəйекті шараларды жүзеге асыру қажет демексіз ғой. – Айтып отырғаныңыздың еш айна-қатесі жоқ. – Іске сəт, ендеше!
«Егемен Қазақстан» газетінің сұрақтарына Қазақстан Республикасы Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов жауап береді Біреудің өзі жақсы, біреудің көзі жақсы – Қайрат, сіз басқарып отырған министрліктің құрылғанына 3 жыл толды. 1997 жылы экономикалық дағдарыс қарсаңында стратегиялық жоспарлау деген ұғым пайда болған-ды. Нарыққа кірдік дедік. Жоспарлы экономикадан бас тарттық дедік. Сонда бəрібір жоспарсыз ештеңе болмайтын болғаны ма? – Өтпелі экономика тұсында жаңа мемлекеттік аппарат ауадай қажет болды. Мұның бір себебі одақтық министрліктердің керітартқыш қалыбында жатты. Реформаларды тежеген де сол. Осы жағдайда жаңа институттарды құру керек болды. Солардың бірі – Президент жанындағы стратегиялық жоспарлау Агенттігі еді. Өйткені уақыт бүгінертең не болады дегеннен гөрі келешектің көкжиегіне көз жүгіртудің маңыздылығын меңзеп тұр еді. Тіпті таяу 5 немесе 10 жыл дегеннің өзі біз үшін тар ұғым болатын. Мұнай келісім-шарттары 40 жылға жасалып жатқан уақытта барынша алға қарау керек болды. Бірақ азғантай адамы бар агенттік үкіметтің жедел жұмысына араласа алмады. Нақты бір ұсыныстарды жасаудың да жөні келмеді. Сондықтан да бұл агенттік үкімет құрамындағы бюджетті жоспарлайтын құрылымдардың қатарына енгізілді. 2002 жылы стратегиялық жоспарлау агенттігі Экономика министрлігінің макроэкономика бөлігіне, Қаржы министрлігінің бюджетті жоспарлау бөлігіне біріктірілді. – Осы күнге дейін бюджетті жоспарлау мен орындауды бөлуге болмайды деген пікір бар ғой. Сонда бұл қалай болғаны? Қайрат КЕЛІМБЕТОВ: ҚАЗАҚСТАН ЖҰМБАҚ БОЛУЫ ҚАЖЕТ
– Бұл жерде біржақты қарауға болмайды. Ең басты өлшем
– тиімділік көрсеткішінде. Ескі Қаржы министрлігінде мен де
жұмыс істедім, шынын айтқанда оның не нəрсеге баса көңіл
бөлетінін ешкім де толық түсіне алмайтын. Бүгінгі Қаржы
министрлігі – бұл салық, кеден комитеттері, мемлекеттік
мүлік, мемлекеттік қаржы бақылауы, кəсіпорындардың
банкроттығы бойынша комитет, қазынашылық комитет.
Мұның бəрі өте ауқымды салалар. Оның əрқайсысымен ба-
рынша мықтап айналысу керек. Ескі Қаржы министрлігінде
бұл құрылымдардың барлығы да болды. Бірақ іс жүзінде
министрлік тек бюджетті жоспарлаумен ғана айналысты.
Оның өзінде бұл іспен жүйелі айналысқан жоқ.
– Неге?
– Неге екенін айтайын: өйткені оның бюджеттік
бағдарламаларды қарауға келгенде түбегейлі негізі болған
жоқ. Ақша біреудің өзі жақсы, біреудің көзі жақсы деген
қағидамен бөлінді.
– Бюджеттің бұлыңғырлығы туралы, сол тұста талай
айқай шығып еді-ау?!.
– Ия. Тауып айттыңыз. Бізді сол үшін талай рет сой-
ып та салды... Негізінен дұрыс сөкті. 2002 жылы жоспар-
лау жөніндегі біртұтас құрылымды құру туралы шешім
қабылданды.
– Өздері жоспар жасайды, өздері сол жоспармен өмір
сүреді, елді де соған мəжбүрлейді, тіпті соның бəрін өзі
басқарады деп сіздің атыңызға қалжың да айтылатын...
– Шынымды айтсам, мені бұл орынға тағайындай қояды
деп күткен жоқпын.
– Қуанып кеткен шығарсыз?
– Қуандым. Ол рас. Бірақ бізді Қаржы министрлігінен
бөлгенде ептеп мұңайдым да.
– Неге?
– Олар өз тұрғысынан алғанда негізгі функцияларды кім
иемденеді, архивтерге кім ие болады дегенге таласып жатты.
Ал біз бар күшімізді тамаша кəсіпқой мамандарды Экономи-
ка жəне бюджеттік жоспарлау министрігіне келуге үгіттеуге
жұмсадық. Ең мықты бюджетшілер осында істейді деп
бүгінде мен мақтана аламын. Рас, біздің алдымызға қойылған
міндеттер оңай емес еді: бюджетті стратегиялық жоспарлау
қағидаларын бір жыл, екі жылға емес, үш-бес жылға енгізу
қажет болды. Салықтық жəне бюджеттік ортажеделдікті
фискальдық саясатты қалыптастыру керек-тін. Біз сол кезде
Қаржы министрлігімен ұзақ дауласатын едік. Жалпы, ол кез
өте қызық еді. Қаржы министрлігі өзімен өзі. Əркім өзіне
керекті заңдарды жазып ала беретін. Кеден кодексін кеден
комитеті, салық кодексін салық комитеті деген сияқты... Бұл
тіптен дұрыс нəрсе емес. Сондықтан да біз ортажеделдікті
фискальдық саясатты бізге беруді сұрадық. Айтпақшы,
тап сол тұста яғни 2004 жылы қосылған құн салығын 1
пайызға, жеке табыс салығын 30-дан 20-ға төмендету, сол
сияқты əлеуметтік салықты төмендету мəселелері əзірленіп
қойылған еді. Біз Экономика, Қаржы министрліктерінің ең
мықты əлеуетін пайдалануға күш салдық. Бүгін бюджеттік
бағдарламалардың экзаменаторлары болып отырған адамдар
кейін осы құрылымдардың топ-менеджерлері бола алады
деп есептейміз. Олардың көбісі министрлердің орынбасар-
лары, департамент директорлары болып кетіп те жатыр.
– Өсіп кетіп жатыр екен ғой?
– Ия. Ұлттық компаниялардың, министрліктер мен
ведомстволардың, жергілікті атқару органдарының тізгінін
ұстап жатқандар аз емес. Бұған екі жарқын мысалды қосқым
келеді: қаржы министрі мен əкімшілік жетекшісінің орынба-
сары біздің түлектер. Сайып келгенде, біз АҚШ-тың жоспар-
лау жəне бюджет жөніндегі офисі тəрізді болып отырмыз.
Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігінің рөлі
– жүйелі мəселелер бойынша ведомстволардың қытығына
тиіп отыруда. Сосын экономикалық саясатты жасаумен ай-
налысу. Мəселен, индустриалық-инновациялық даму Стра-
тегиясын жасау сияқты.
– Елдің аузында оны Индустрия жəне сауда министрлігі
жасап еді, сіздер соны меншіктеп алды деген де сөз бар...
Оның жаны бар ма?
– Индустрия жəне сауда министрлігінің жасаған нұсқасы
қазір қабылданған стратегияға түбірімен қайшы келді.
Біріншіден, индустриаландыру дегенді олар импортпен ал-
мастыру деп түсінген тəрізді. Сол себептен де олар Оңтүстік
Корея немесе Жапония үлгісіндегі өнеркəсіптік саясатты жа-
сап шықты. Яғни, бар жағынан озық чемпион саланы таңдап
алу керек те, соған мемлекеттің ақшасын құя салу керек. Біз
мұның орнына мүлдем басқа идеологияны – индустриалық-
инновациялық стратегияны ұсындық. Оның негізінде жеке
сектормен ынтымақтасу жатыр, бұл нəтижесінде кластерлік
даму бағдарламасына алып келді.
– Бұл екеуінде де чемпиондарға иек артылатын болса,
өнеркəсіптік саясат пен кластерлік дамудың бір-бірінен
қандай айырмашылығы бар?
– Ең басты айырмашылық мынада: бұл салаларға мем-
лекет субсидия жасамайды, оларды реттеп отырады. Яғни,
біз нақты бір сала проблемалары бойынша үкімет пен биз-
нес арасындағы диалогқа дəнекер боламыз; оның салық
салу, заңдық, инфрақұрылымдық, маркетингтік қамтамасыз
етілуі сияқты мəселелерін реттейміз де, бірқатар елдердің
жасағаны тəрізді бизнес үшін бизнеспен айналыспаймыз.
Индустрия
министрлігінің
нұсқасында
инновациялық
мəселелер мүлдем жоқ болатын. Біз тіпті Индустрия жəне са-
уда министрлігін реформалау керек деп шештік: ол тек қана
индустрия мəселелерімен айналысып қоймауы керек, ол со-
нымен бірге инновациялық даму мəселелерімен айналысуы
тиіс. Былайша айтқанда, экономиканы басқарудың түбегейлі
жаңа жүйесін – Ұлттық инновациялық жүйені құру ісін ба-
стау қажет болды. Ал бұл үшін инновациялық орта қажет.
Бізде ол атымен болған жоқ. Сондықтан білім беру жүйесін
былай реформалау керек, мəселен адамдардың инновациялық
технологияларға деген талантын əу бастан, балалық шақтан
дамыту қажет. Кейін, адамдарда тың идея, озық жаңалықтар
пайда болғанда олар мен бизнестің арасында инновациялық
сатылар – венчурлық қорлар, технопарктер, бизнес-инку-
баторлар қалыптасуы тиіс. Осы концепциялардың осылай-
ша тоғысуы – дамудың кластерлік үлгісін: индустриялық
жəне инновациялық саясатты өмірге əкелді. Бұған қоса біз
дамудың тұтас тізбегін құруды ұсындық. Ол жүйеге Даму
банкі, Инвестициялық жəне Инновациялық қорлар, ЦМАИ,
Инжиниринг жəне технологиялар трансферті орталығы
əбден-ақ сұранып тұр еді. Мұның бəрі бизнес-идеяның
қалыптасуынан бастап түпкі өндіріске дейінгі аралықты
түгел жабатын. Индустриялық-инновациялық даму страте-
гиясын жасаушылардың бəрі осы идеологияның жүкшілері
ретінде Индустрия жəне сауда министрлігіне, даму инсти-
туттарына барды.
– Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды деген
сөз бар қазақта. Мүйіздесіп қалған жоқсыздар ма?
– Екі жыл бұрын Үкімет отырысында əуелі Индустрия
жəне сауда министрлігі, сосын Экономика жəне бюджеттік
жоспарлау министрлігі өз версияларын ұсынғанда шынында
да оңай болған жоқ. Сүзіспесек те, сүйкесетіндей болдық.
Оларға қарағанда біздің жағдайымыз қиындау еді, бізге
ресми тапсырма берілмеген болатын. Біз өзіміздің балама
нұсқамызды əзірледік. Соған қарамастан үкімет басшылығы
бізді қолдады. Бүгін, арада екі жыл өткен соң жұрттың бəріне
индустриялық-инновациялық стратегия, даму институттары
деген аса таңсық емес, əрине.
Ең мықты 50 елдің қатарына кіруіміз керек
– Бүгін де соның бəрі неменеге қажет өзі дейтіндер де
табылады. Оған не дейсіз?
– Мұның бəрі неге керек екенін əлі де түсінбейтіндер
бар. Рас. Олар Халықаралық валюта қоры не айтады, соның
бəрін жалпылдап істеп үйренген экономистердің буыны.
Олардың көбісі еліміздің жаңа кезеңі – даму кезеңі келген
кезде өздерінің бүткіл қажыр-қайратын 90-шы жылдардың
соңында-ақ тауысып алғандар. Бəсекелестікке қабілетті эко-
номиканы құру кезеңі келгенде олардың көбісі не істерін
білмей қалды. Мемлекет басшысының соңғы екі Жолда-
уы да осы міндетке арналғаны тектен тек емес. Президент
оның үстіне ұлт алдына орасан үлкен мақсат қойып отыр: біз
əлемнің бəсекелестікке қабілетті ең мықты деген 50 елінің
қатарына кіруіміз керек. Бұл бір қарағанда кеудесоғарлық
нəрсе сияқты көрінуі мүмкін, бірақ ол нақты жəне шынайы
мақсат. Соңғы екі жылда біз осы жəне басқа бағыттарға
əлемнің жетекші мамандарын тартып отырмыз. Мəселен,
Дюк университетінің профессоры Джефери қосылған құн
тізбегі теориясының білгірі болса, Майкл Портер ұлттардың
бəсекелестік басымдығы теориясының негізін қалаушы.
Сол сияқты, «Джей Остин» компаниясынан Кевин Мерфиді,
Стэнфорд университетінің бəсекелестікке қабілет институ-
тын басқарушы Алек Хансенді тарттық.
– Олардың бəрі ақылды тегін айтпайтын шығар?
Құпия болмаса, олардың айтқан ақылы қаншаға
түскенін білуге бола ма?
– Кластерлер бойынша жобалардың барлығы үшін біз жы-
лына 2,5 миллион доллар төлейміз. Оның шеңберінде АҚШ-
тан жүздеген адам тартылды, 100 шақты адам кластерлік
топтар бойынша осында істеді, 20 адам ЦМАИ-да қайта
даярлық бағдарламасынан өтті. Осы уақыт аралығында семи-
нарларды, конференциялар мен кездесулерді, іссапарларды
қоса алғанда орасан жұмыс жасалды. Айтқандай, Индоне-
зия «Джей Остин» компаниясына 5 кластер бойынша 25
миллион доллар төлейді. Сондай-ақ Таиланд үкіметі біздің
консультанттарымыздан осы тектес жоба сұрап отыр. Кейде
Портер қартайды дегенді айтады. Мүлдем олай емес. Портер
əлемдегі бизнес-ортада ғалымдар мен консультанттардың
алғашқы ондығына кіреді. Ал Хансен анау-мынау емес,
əйгілі Билл Гейтстің өзіне консультация береді. Бізге жыл
бойы Гарвард университеті Кеннеди мектебінің профес-
сорлар тобы жұмыс істеді. Олардың қатарында Вашингтон
консенсусы авторларының бірі, Венесуэланың бұрынғы эко-
номика министрі Рикардо Хауссман, Клинтонның консуль-
танты Джеймс Френкель, Роберт Лоуренс сияқты мықтылар
бар. Халықаралық валюта қоры мен Əлемдік банк өз реко-
мендацияларын əзірлегенде олармен ұдайы кеңесіп отыра-
ды. Мен біздің елімізде Əлемдік интеллектуалдық элитаны
консультацияға тарту мүмкіндігі пайда болғаны үшін өте
қуаныштымын.
– Бұл рекомендациялардың кластерден өзге қай іске
пайдасы тигенін айта аласыз ба?
– Ең бастысы – біз Ұлттық қор түұжырымдамасын
бірлесіп отырып жасадық. Негізгі идея – бұлыңғырлық
төңірегіндегі барлық кінəлауларды алып тастау, сөйтіп,
Ұлттық қор мен бюджетті интеграциялау. Мұнайдың барлық
табысы Ұлттық қорға ақша болып түседі де одан трансферт
күйінде қайтады. Біз бюджеттік заңнамаға екі жыл бойы
тиісті өзгерістер енгіземіз: ол өзгерістер мұнайдан түскен
табыстардың бəрін еліміз тез жеп қоймайтындай жағдай жа-
сайды. Шығыс өсімдерінің қарқынын тұрақты ұстап отыру
айрықша маңызды.
Тағы бір мысал келтірейін: «Нексант» компаниясы
мұнай химиясын дамыту жөнінде тамаша жоспар жасады.
Кейбіреулер мұны біз баяғыдан білеміз, сендерсіз де істейтін
едік қой дейді. Дұрыс. Ол да мүмкін. Бірақ мұнай химия-
сы бойынша мастер-план деген бізде болған жоқ қой! Тұтас
алғанда бізді қолдаған сала жетекшілеріне алғыстан басқа
айтарымыз жоқ. Біз өзімізге қатысы жоқ істерге жиі арала-
самыз. Бізге талай адам солай деген, мүлдем қабыспайтын
істерге несіне араласа бересіңдер дейтіндерге айтар жа-
уабымыз да əзір: бізге тəн емес іс жоқ, өйткені біз бүкіл
экономикаға жауап береміз! Мен алғаш рет Халықаралық
валюта қорына барып, өз, министрлігіміздің жоспары ту-
ралы айта бастағанымда, олар бізді барлық сала бойынша
министрлік екенсіздер екен ғой деді. Менің ойымша, əр
үкіметте барлық салаға, барлық мəселеге біз құсап арала-
сып отыратын негізгі бір ведомство болуы керек. Кейбір
мəселеде біздің көзқарастарымыз үйлесе де бермеуі мүмкін,
бірақ осындай құрылымның болуы қала болғанда да пайда-
лы деп есептеймін.
– Макроэкономикалық тұрғыдан алғанда бұл дұрыс
та шығар, бірақ министрліктің қат-қабат шаруасы
тұрғанда алыстағы Алматыда нелеріңіз бар? Қаржы
орталығын құру идеясы деген дұрыс, бірақ оның мəнісін
екінің бірі түсіне бермейді ғой?
– Алматыға жаңаша көзқараспен қарау, бұл бəрінен
бұрын Президенттің тапсырмасы. Алматы – еліміздің ең
ірі мегаполисі. Ол аймақтық қаржы орталығы, туристік
кластерге, ғылым мен білім қаласы болуға сұранып тұр.
Алматының өсуі, өркендеуі – маңызды экономикалық міндет.
Біз бұл тұрғыдан алғанда ақылды адамдардың талайының
басын қосып, қалай болғанда Алматыны мегаполис ретінде
қарыштата аламыз деген мəселені қолға алдық. Нəтижесінде
қалаға баламалы көзқарас пайда болды. АҚШ жəне Батыс
Еуропа елдерінде кластерлер табиғи жолмен дамыды, қаржы
орталықтары да əдетте солай дамыды. Алайда, соңғы кезде
Канада, Хорватия, Багалор жəне Сингапур үлгісіне қарасақ,
мемлекет те бұл іске тиімді түрде араласа алатыны жөнінде
мамандар қорытындыға келді. Өз аймағымызда қаржы жүйесі
бəрінен алда тұр. Мұны пайдаланбау күнə болар еді. 2 мил-
лиард доллар мемлекет қаржысын құя салған Дубай жолы-
мен біз жүре алмаймыз. Алматы – инновациялық, ғылыми,
туристік, сауда-саттық, транспорттық – логистикалық
орталық ретінде дамудың өсу нүктесі болуы тиіс. Бұл үшін
керемет инфрақұрылым қажет əрине. Жолдар, коммуника-
циялар, коммуналдық жүйелер ойдағыдай болуы керек жəне
оның бəрін бюджеттен қаржыландыру қажет. Қалғандарын
бизнеске беру керек: ресторандарды, қонақүйлерді, басқа
да жеке құрылыстарды бизнес өкілдері өздері-ақ салып
алады. Өткен сұхбатта айттым ғой: Делидің түбінде көл де,
тау да, каньон да тиіп тұр, бірақ үнді киносын түсіру үшін
олар ит өлген жердегі Швейцарияға 7 сағат ұшып барады.
Алматының қай жері кем? Қапшағайы қасында, Кегеннің
каньондары тиіп тұр. Қаланы қалай дамытса да жараса-
ды. Бірақ инфрақұрылымдарды қаржыландыруға деген
көзқарасты түбегейлі өзгерту қажет.
– Жөн екен. Алматының жөні бөлек. Ал одан басқа не
бар бізде?
– Қаржыны көзін біліп салу керек. Ішкі жалпы өнімі 1
триллион доллар болып отырған Канада əлемдік деңгейде
дамыту үшін Ванкувер, Монреаль, Торонто сияқты үш
қалаға ақша салып отыр. Ал біздің ішкі жалпы өніміміз 50
миллиард доллар. Біз олардан қаржыландыру қандай қағида
бойынша жүргізіледі деп сұрадық. Бас-басына бір-бір тай
бере ме? Жоқ, олар сол үш қала ғана америкалық қалалармен
бəсекеге түсе алатынын біліп отыр. Сондықтан да ақшаны
инфрақұрылымдарға салып отыр.
– Тек кəсіпкерлік қана экономикалық дамуды
жеделдетеді дейміз. Бізде орта жəне шағын бизнесті да-
мыту туралы қашаннан бері жəне қанша сөз болып
келеді. Бірақ көзге көрініп тұрған нəтиже көп те емес
тəрізді. Оның себебі неде?
– Дамыған кəсіпкерліксіз экономика дамымайды. Мем-
лекет бұл тұрғыда не істей алады? Кəсіпкерлік қызметтің
түр-түріне берілетін қаптаған лицензияларды, бір-бірінің
үстінен қарауыл қараған қадағалау-бақылау жүктемелерін
алып тастау керек. Оларды барынша азайтқан дұрыс. Тағы
не? Шағын бизнестің инфрақұрылымы. Үш жыл бойы
Үкімет шағын бизнесті дамыту қорына 30 миллиард теңге
бөледі. Соған сəйкес бизнес кепілдік механизмі арқылы 95
миллард теңге кредит алады. Міне, осы жерде əр облыс, əр
саладағы бəсекелестік қабілет жөніндегі Кеңестер қай жерге
не керек екенін анықтауда өз рөлін атқаруы тиіс. Сонда əр
аймақ өзінің даму жолын таңдай алады. Қандай кластер ке-
рек, қай саланы шұғыл дамытқан дұрыс, міне, осының бəрі
таразығы салынады. Петербург жақында «Тойота» сонда за-
уыт салуы үшін жан алысып, жан беріскен жоқ па? Тап сол
сияқты, əр аймақ өзінің ұтымды жерін дəл анықтап, алға
ұмтылуы, таласуы, тай-таласуы керек.
– Кластер, кластер дейміз. Бірақ осының өзі түптеп
келгенде баяғы аумақтық-өндірістік кешендердің өңі
айналдырылған түрі емес пе? Аймақтарды дамыту ісіне
сіздің өзіңіз қалай қарайсыз?
– Былтыр біз төрт аймақтық экономикалық форум өткіздік.
Солардың қорытындысы, аумақтық даму бағдарламасын
жасау керек деген шешімге əкелді. Рас, бұрын да мұндай
мəселелер талай рет қолға алынған. Идеологиялық жағынан
дұрыс
болғанымен,
олардың
көбісі
əдіс-əдістемесі,
механизмі жəне экономикалық мазмұны жағынан онша
дұрыс болмады. Біз бүгінде советтік кезеңдегідей бір ғана
бағыттағы өнеркəсіптік қалаларды өкіртіп сала беруді еш
қош көрмейміз. Оның үстіне бізге қалған мұраның өзі тым
ауыр еді. Сондықтан қазір аумақтық өсу нүктелерін дəл
анықтау өте маңызды. Бұл басқалардың бəрі салы суға кетіп,
қарап отыра берсін деген сөз емес. Қалғандары да ойдағыдай
өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін алға ұмтыла беруі
керек. Əр қала ресурстар үшін, адам капиталы үшін, болашақ
бизнес-жобалар үшін бəсекеге түсуі шарт. Əрбір тұрғынның
жоғары сапада білім алуы мен денсаулық жағдайын бірдей
қамтамасыз ету керек, бұл біздің мемлекет ретіндегі пары-
зымыз. Бұл – мемлекеттің алтын арқауы. Сапалы əлеуметтік
инфрақұрылымға барлық азаматтың қолы жетуі тиіс.
– Аспандағы айды əпер деген сияқты нəрсе емес пе
бұл? Осыған өзіңіз сенесіз бе?
– Сенейік, сенбейік, бұдан өзге жол жоқ. Əрине,
аймақтардағы даму деңгейі əлі нашар. Кейде орталықтың
неге ұмтылып отырғанын түсінбейтіндер де бар. Басқарудың
жергілікті деңгейіндегі реформа – аса маңызды міндет.
Əкімдіктер жұмысын ішкі жалпы өнім қанша өсті, қанша
жаңа жұмыс орны ашылды, қандай əлеуметтік бағдарламалар
іске қосылды, қандай жаңа инвестициялық жобалар бар де-
ген сұрақтардың жауабы. арқылы бағалау қажет. Біз мұны ал-
дын ала аймақтардың тиімділігі қызметінің бағасы деп атап
отырмыз. Оның пилоттық нобайы бірінші жартыжылдық
қорытындылары бойынша ұсынылады.
– Мұндай жағдайда жергілікті жердегі реформаларды
кім жүзеге асырады?
– Біз кең көлемдегі əкімшілік реформасының жо-
басын жасадық. Ол екі элементтен тұрады. Бірінші –
аумақтық даму тұжырымдамасы. Бұл соңғы жылдардағы
ең маңызды құжат болғалы тұр. Бизнестегі бəсекелестік
дегеннің не екені белгілі. Жеке сектормен салыстырғанда
мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы əлдеқайда төмен.
Адамдар жұмысқа тұрмас бұрын мұның айлығы қанша
деп сұрайды. Біз осы айырмашылықты 15-20 пайызға
дейін төмендетуге ұмтылып отырмыз. Сəтін салса, 2004-
2007 жылдары біз жүргізетін еңбекақы реформасы жаңа орталықсыздандырылған функцияларға жаңа адамдарды алып келетін болады. Үш жыл ішінде ауыл, аудан, облыс көлемінде мүлдем жаңа тұрпатты адамдарды даярлауға тиіспіз. Екінші элемент – децентрализация. Үкімет 2001 жылдан бастап көптеген функцияны жергілікті жерлерге бере бастады. 2004 жылы жетекші үш бағыт – экология, құрылыс жəне басқа субьектілер жергілікті жерге берілді. Қағида қарапайым: министрлік саясатты жасауы жəне оның орындалуын қадағалауы тиіс. Ал бұл саясатты жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыруы керек. Министірліктен артық функцияны алып, оны жергілікті жерге беру дегеннің қандай ақырет екенін сіз көз алдыңызға елестете де алмайсыз. Мəселен, лизцензиялауды алайықшы. Қаншама жүйке жұқарып, қанша төзім таусылады! Бұл өзі қаптаған тірлік. Былтыр біз 150 заңға өзгерістер енгіздік. Биыл 30 заңға енгізіп отырмыз, тағы 130-ын дайындап қойдық. Бəрін сатып жіберсек, бізге біреу қызыға ма? – Сіздің министрлік неліктен экономикалық, бюджеттік жəне стратегиялық жоспарлау функцияларын өзіне алып отыр? – Өйткені, ақшаны басқа министрлік бөлетін болса, онда реформалар, əдістемелер мен рекомендациялар жəне басқа мəселелер басқа министрліктерді толғандырмайтын болады. Ақшаны бөлу механизмі, бағдарламалардың тиімділігін талдау механизмі арқылы біз нəтижелерге бірге қол жеткізетін боламыз. – Күніне 3 миллион баррель мұнай өндіре отырып біз бəсекелестікке қабілетті бола аламыз ба? – Қазір біз бəсекелестік қабілет жағынан Ресейден кейін тұрмыз. Əлемнің бəскелестікке қабілетті 50 елінің қатарына қосылу үшін біз өзімізге күніне 3 миллион баррель өндіруден де гөрі маңызды міндетті алға қоюымыз керек. Бəсекелестік қабілет бойынша жоспар қажет: еңбек өнімділігін арттыру ең бірінші кезекте. Қандай шаралар керек? Дұрыс
макроэкономикалық жоспарлау. Инфрақұрылымдарды дамыту. Айтқандай, Көлік жəне коммуникация министрлігі аумақтық даму бағдарламасының бір бөлігі болып табылатын көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасын əзірледі. Сосынғы керек нəрсе – кəсіпкерлік рух! Бізде оны жоқ дейтін еді. Бар екен. Алайда, қазіргі жағдай қалай? Кеденнің жанынан, өрт сөндірушілердің жанынан, салық салушының жанынан өте алмайсыз. Бизнесмен болғанша, кеденші, не салық салушы болған жақсы. Мұны мектеп қабырғасынан көріп өскен адамда кəсіпкерлік рух ешқашан болмайды. Міне, қазір біз жол айрығында тұрмыз: біздің жастарымыз қайда барады – салық пен кеденге ме, жоқ əлде маркетолог болуға ма? Біз кəсіпкерлікке: шағын жəне орта бизнеске баруды ұсынамыз. Ал енді мұнай өндіру көлеміне келетін болсақ, біз Каспийге төнген экологиялық ауыртпалықты сөз еткелі отырғанымыз жоқ, соңы не болады, соны ойлауымыз керек. Қазақстан бірқатар ірі келісім-шарттарға қол қойғаны белгілі. Голланд дерті індетке айналып кетпеуі керек. Сол маңызды. Біздің позициямыз мынадай: қалған кен орындарын дəл қазір сатпау керек. Қазақстан жұмбақ болуы қажет. Стратегиялық тұрғыдан алғанда сондай жұмбақ болуымыз керек. Ал егер біз бəрін сатып жіберетін болсақ, бізге стратегиялық қызығушылық бола ма? Бұл бірінші. Екіншіден, салық бойынша бізге мұнайды нөпірлетіп өндіре беру қажетсіз. Мұнай долларының үлесі онсыз да өсіп, айналада қалғандары өліп жатқанда тіпті қажетсіз. Экономиканың өз заңы бар. – Сіздің осы сөзіңізге құлақ асып жатқандар бар ма? – Мұнай саласының дамуына экономистердің өз макроэкономикалық көзқарасы бар екенін білгенде мұнайшылардың таң қалғаны рас. Қол қойылған контракттар бойынша ешқандай сұрақ болмауы тиіс. Бірақ кез келген жаңа контрактыға байланысты бізде екі сұрақ бар: а) бізге соны сату керек пе? б) ал ақыры сататын болсақ, онда қандай ақшаға? Бізге контракт есебінен зəулім госпитальдарды, инфрақұрылым обьектілерін салудың еш қажеті жоқ. Үкімет оны өзі-ақ салады. Салық төлесе болды. Премьер-
министр тиісті зерттеулер жүргізуге бізге, МЭМР, КМГ-ге тапсырма берді. Біртіндеп біздің бəрімізде ортақ түсінік қалыптасып келеді. – Бəрекелді! Ниет дұрыс. Бірақ осы бағдарламалардың тиімділігін сіз қалай қамтамасыз етпекшісіз? Күні ертең сізден соны сұрайды ғой. Мақұл, бұл бағдарламалар тиімді болдыақ делік, оны жүзеге асыруға мүмкіндікті кім береді? Менің жалғыз өзімде тұрған ештеңе жоқ. Бұл жерде бəрінен бұрын оларды жүзеге асыратын команданың пайда болуы маңызды. Бүл – жан-жақты білімі бар, шетел тілдерін жетік меңгерген, бизнес-процестерді түсінетін болашақ топ-менеджерлер буыны. Олар жұмыртқадан жаңа шыққан балапандар емес. Олардың стратегия, бағдарлама, тұжырымдама жазуда жəне аппарат пен бизнестегі жұмыста үлкен тəжірибесі бар. Біз бюджеттік бағдарламалардың тиімділігі туралы бірінші рет ойлана бастадық. Біз мемлекет үшін қандай бағдарламалар маңызды дегенді де енді-енді түбегейлі түсініп келеміз. Бюджет барған сайын бағдарламалар конкурсына айналып келеді. Бұл түрлі деңгейдегі мектебі бар университет сықылды. Қазір өте күрделі кезең. Елде қызыл сөздің көбігін сапырушылар көп. Ұлттық қордағы қаржыны таратып беруді ұсынып жүргендер мұның неге əкеліп соғатынын жақсы біледі. Өйткені олардың өздері мемлекеттің əлеуметтікэкономикалық саясатын жасады ғой кезінде. Бірақ олардың ешқайсысы қазір алға жылжудың нақты жолын ұсынып отырған жоқ. – Осы Үкіметтің құрамында жұмыс істеу сізге қызық па? – Əлбетте. Неге десеңіз мұндағы адамдар өте оңды жəне сындарлы ойлай алады. Тіл табысып, түсінісіп жұмыс істемесең, жұмыста мағына бола ма? Егер бірдеңе бітіре алатыныңа сенімің болмаса, онда кету керек. Біздің əлемге өзіміздің мықты екендігімізді дəлелдеу мүмкіндігіміз бар! Табысқа жететінімізге өз басым сенемін. 1998 жылы, бəрі күрделі болып тұрғанда ел өзінің ең жақсы бабына келіп еді: аз ақшамен өмір сүруді үйренген болатын. Былайша айтқанда, диета ұстаған сияқты еді. Бүгінде ақша көп екен
деп оны оңды-солды жұмсау үшін көп ақылдың қажеті ша-
малы.
– «Дайын асқа – тік қасық» деген сөз бар.
Масылдық пиғылды көрдік қой кеше ғана...
– Дұрыс айтасыз. Канададағы үндістер субсидия алады.
Сіз білесіз бе, солардың ешқайсысы 40 жыл өмір сүрмейді,
өйткені бүкіл əулетімен арақтың түбіне түсіп кеткен... Біз
сондай болашақты қалаймыз ба? Бұл ұлтты өлтірудің ең
қымбат əдісі. Оның өз ақшасына!..
Табыстан бас айналмауы керек. Өмірді жетілдірудің
бағдарламаларымен жұмыс істей беру керек, олар Үкіметте,
жеке секторда, қоғамда талқылануы қажет.
– Сізді жақсы білетіндердің кəбісі сіз туралы туғаннан
шенеунік еді дейтін пікірде. Егер сіздің қызметіңіз мем-
лекетке керек болмай қалса, мемлекеттік масштабта
ойлағаннан басқа сіз не істей алар едіңіз?
– Реформалардың маңызды бағыттары бойынша кере-
мет жұмыс тəжірибесін жинақтауға мүмкіндік туғызғаны
үшін ел басшылығына айтар алғысым шексіз менің. Менің
экономикалық-математикалық білімім прогрестің рөлін,
əлемдегі инновацияның рөлін жақсы түсінуге мүмкіндік
береді. Сондықтан да бүгінде мемлекеттік басқарудың ин-
новациямен түйісінде немесе технология мен бизнестің
түйісінде жұмыс істеу өте қызықты. Əңгіме жалақыда емес.
Ең бастысы өзіңе қызық, тамаша идеялар мен жақсы жоба-
ларды жүзеге асыруға бел шешіп, білек сыбанып кірісуде.
– Ойдағы істеріңіз орайын тапсын! Іске сəт ендеше!
– Қайрат Нематұлы, Президент өз Жолдауында «Қазақстанның əлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі» деді. Елбасының сөзіне қарағанда, біз түпкі өнімдерін экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді бірінші кезекте дамытуға бағдар ұстауға тиіспіз. Қазақстан əзірше негізінен алғанда мұнай экспортері ретінде əйгілі. Бұдан басқа қандай салалар əлемдік нарыққа бəсекеге қабілетті өнімдерді шығара алады? – Мұнайдан басқа да əлемдік нарықта бəсекеге қабілетті салалар бар. – Атап бере аласыз ба? – Саусағыңызды бүге беріңіз: металлургиялық өнімдер, оның ішінде прокаттың бірнеше түрі, түсті металдар, сосын химиялық өнімдер, мəселен, фосфор, тыңайтқыштар. Мұнай өнімдері, мақта… – Ауыл шаруашылығынан ештеңе жоқ па? – Неге болмасын, ауыл шаруашылығы саласынан – ет, ұн, астық… – Бар болғаны осы-ақ па? – Мұның əлі жеткіліксіз екенін біз білеміз. Сондықтан да Үкімет Елбасының тапсырмаларына сəйкес экспортты əртараптандыру жəне оның құрамында жоғары қосымша құны бар тауарлар мен қызметтердің үлесін арттыру жұмысын жүргізіп жатыр. – Қалың жұртқа ұғынықты етіп айтсаңыз… – Былай: ең алдымен біз отын-энергетика жəне экономиканың өндіруші секторларының əлеуетін тиімді пайдалануымыз керек. Осы салаларды жедел игеру арқылы экспортқа шығарылатын өнімдер мен қызметтің жаңа Қайрат КЕЛІМБЕТОВ: НЕГІЗГІ ЖОСПАРЛАРДЫҢ НƏТИЖЕСІ алдағы екі-үш жылда-ақ көріне бастайды
түрлерін ұсына алатын боламыз. Бұл міндетті шешу үшін көмірсутек шикізатын терең өңдеу ісін дамыту қарастырылып отыр. Сондай-ақ, металлургия саласының ұқсатушы салаларын жаңа технологияларды ендіре отырып əлемдік нарыққа өнім шығара алатындай етуге ұмытылыс бар. – Мұнай-химия саласынан не бар? – Бұл салада да біздің мүмкіндігіміз көп. Полиэтилен, полипропилен, стирол, полистирол, этиленгликол, бензол, метанол деген сияқты қаптаған мұнай-химия өнімдерін шығаруға жағдайымыз жетеді. Бұл өнімдердің бəрі де əлемдік нарықта бəсекеге қабілетті. – Ауыл шаруашылығының көзі ашылатын күн бола ма? – Біз бұл мəселені де назардан тыс қалдырып отырған жоқпыз. Бірнеше халықаралық маңызы бар жобалар жасалып жатыр. Оның ішінде ет экспорты үшін мал шаруашылық фермерлік конгломераттарды құру, өнімділігі жоғары дақылдар мен тұқым өндірісі үшін халықаралық ұйымдардың қатысуымен биотехнология орталықтарын құру ісі де көзделіп отыр. – Тағы не бар? – Келешекте органикалық химия саласында индустриялық конгломераттарды дамыту, сондай-ақ, телекоммуникация индустриясын дамыту көзделуде. Əсіресе, мұнай-газ саласына қажетті мəшинелер мен жабдықтарды өндіру аса маңызды. Ресейліктер мен американдықтарды қатыстыра отырып ғарыш индустриясы орталығын құру ісіне де айрықша назар аударып отырмыз. – Кластерлердің жайы не болды өзі? – Жеті кластерді құру жөніндегі жұмыстар жүріп жатыр. Туризм, тамақ өнеркəсібі, мұнай-газ мəшине құрылысы, тоқыма өнеркəсібі, көлік логистикасы, металлургия жəне құрылыс материалдары дейтін салалар бойынша нақты жұмыстар қолға алынды. Дəл осы бағыттар Қазақстан экономикасының жаңа өсу нүктелері болатындығы даусыз. Осы класерлерді дамыту арқылы біз əлемдік нарықта
бəсекеге қабілетті өнімдер мен қызмет түрлерін ұлғайта ала-
мыз.
– Кластер туралы көп айтылады. Бірақ шығып
жатқан нақты нəтиже бар ма? Көзге көрініп тұрмаған
соң былайғы жұртқа сөз көп те, іс аз секілді көрінеді…
– Жоспардың бекітілгеніне жарты-ақ жыл болды. Əйтсе
де бірқатар кластер бойынша қазірдің өзінде нəтижелер
бар. Мəселен, Оңтүстік Қазақстан облысында “Оңтүстік“
еркін экономикалық аймағы құрылды. Мақта-тоқыма сала-
сы шеңберінде құрылған бұл аймақ киім тігу, мата өндіру ісі
бойынша өндірісті дамытуға қосымша инвестиция тартуға
қолайлы. Биыл мақта-талшығы стандартының халықаралық
жүйесі енгізіледі. Ол да біздің мақтамыздың əлемдік
нарықтағы бағасын арттырып, бəсекеге қабілеттілігін
күшейтеді. Туризм салсы бойынша туристердің елге кіру
процедурасы оңайлатылды. Қазір ұлттық туристік өнімдерді
өндіру жоспары жасалып, оларды халықаралық туристік
нарықта жалжытуға қатысты жұмыстар қолға алын-
ды. Кластерлерді құру жəне дамыту мəселесі бойынша
кəсіпкерлерден ұсыныстардың көп түсіп жатқаны қуантады.
– Бəсекеге айрықша қабілетті елу елдің қатарына кіру
үшін жеті кластер аздық ететін шығар. Экономиканы
əртараптандыру үшін басқа қандай бас-тамалар бар?
– Мұнай химиясын дамытудың мастер-планы бар. Со-
сын 2005-2015 жылдарға арналған ұлттық инновациялық
жүйені қалыптастыру мен дамыту Бағдарламасы бекітілді.
Бұл бағдарламаның басты мақсаты – отандық, сондай-ақ
шетелдік ғылыми əлеует пен технологияларды пайдалану
негізінде бəсекеге қабілетті түпкі өнім шығаруды қамтамасыз
ету. Қаржы секторына ерекше серпін беру үшін Мемлекет
басшысының бастамасымен Алматыда халықаралық қаржы
орталығын құру жобасы қолға алынды. Қазір Парламент-
те қаржы орталығын құру бағытындағы заң жобаларының
жиынтығы қаралып жатыр.
– Мынау біздікі дейтін отандық өнім бар ма? Жарып
шығатын жерді іздемесек, бізге басқалар өз орнын ұсына
қоюшы ма еді?
– Дұрыс айтасыз. Экономиканың жоғары технологиялық бағытын дамыту арқылы ғана жарып шығуға мүмкіндік бар. Бұл жерде де біз аузымызды құр шөппен сүрткелі отырғамыз жоқ. Біздің ғалымдарымыз қысқа мерзім ішінде түрлі мақсатта пайдаланылатын кремнийді алудың технологиясын жасап, оны сынақтан табысты өткізді. Бұл елімізде кремний саласын құруға негіз қалап отыр. Биотехнолгияның Ұлттық орталығының жаңа лабораториялық кешенінің құрылысын Астана қаласының сол жақ жағалауында салу бастамасын Үкімет қолдады. Бұл орталық халықаралық стандарттарға сай болмақ жəне Қазақстан экономикасы аса зəру болып отырған тап сол жоғары технологияларды жасауға арналатын болады. Ғарыштық салаларды дамытудың Мемлекеттік бағадрламасы жасалып, бекітілді. Бір сөзбен айтқанда, біздің экономикамызды əртараптандыруға бағытталған осындай жаңа жобалардың талайы жасалды. – Нақты нəтижелер қай уақыттан бастап көрінеді? – Индустриялық-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асырудың бастапқы екі жылы дайындық кезеңіне арналған. Біз негізгі жоспарлардың бəрін жасап болдық. Оның біразы жүзеге асырыла бастады да. Нақты нəтижелерді алдағы 2-3 жылдың ішінде-ақ көруге болады.
– Экономиканың жаңа секторларын дамыту ісінде “жоғары технологиялар саласын”, инновациялық парктерді құру мəселесін Президент перспективті бағыт ретінде атап отыр. Сіз басқаратын министрлік бұл тарапта біраз тірлікті қолға алғаны белгілі. Осы бағыттағы нақты жағдай қандай? – Президент Жолдауында осы заманғы ғылыми орталықтар мен “технологиялық парктер” құру мен дамыту, жаңа технологияларды игеру үдерісіне қолдау көрсету мен кадрлардың білігін бағдарлаудың икемді жүйесін жасауға айрықша маңыз берілді. Материалдық базасының артта
қалғанына қарамастан Қазақстан ғалымдары өнеркəсіптің
көптеген салалары үшін бəсекеге қабілетті технологиялық
жетістіктерді жасап шығарды.
– Біздің ғалымдарымыз уақыт көшіне ілесе алмай
келе жатыр деген сөз бос сөз болғаны ғой?
– Өзіңіз қараңыз, 2002 жылға дейін ғалымдар жаңа
жабдық сатып алған емес. Бірақ соған қарамастан, көптеген
салада, айталық, тау кен- металлургия кешенінде, мұнай хи-
миясы, биотехнология, ядролық жəне ғарыштық техноло-
гия салаларында айтарлықтай жетістіктерге ие болып отыр.
Біріккен Ұлттар Ұйымының академиялық институттар
миссиясы 1995 жылы технологияларға ішінара сараптама
жүргізгенде қазақстандық ғалымдардың 23 жұмысы əлемдік
деңгейде жоғары бағаланды.
– Ақыл-ойдан кенде емес екенбіз. Бірақ қиындық
солардың іс жүзіне асуында жатқан сияқты ма, қалай?
– Тап солай. Инновациялық, шығармашылық идеялардың
көбісі коммерциялық қолданысқа түсе бермейді. Мəселенің
төркіні неде? Ғылыми зерттеулер нəтижесінің экономиканың
нақты секторында қолданылмау себебі тиімді механизмнің
жоқтығында жатыр. Ой, идея бар. Соны өндірісте қолдану
жеткіліксіз. Ғылыми талдамаларды нақты нарықтық өнім
түріне дейін жеткізе алатын инновациялық менеджерлер
жоқтың қасы.
– Үкімет 2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан
Республикасының
Ұлттық
инновациялық
жүйесін
қалыптастыру мен дамыту Бағдарламасын қабылдағаны
белгілі. Осы бағдарлама негізінде университеттер мен
технопарктер жанынан бизнес-инкубаторлар жүйесін
құру көзделген. Өңірлік жəне ұлттық технопарктерді ашу,
еліміздегі кəсіпорындардың мүмкіндіктері жəне оларды
инновациялық мақсатта қажеттілігі туралы деректерді
жинақтайтын “виртуалды технопарк” құру ісі де сол
бағдарлама шеңберінде жүзеге аспақ. Инновациялық
инфроақұрылымды дамыту жəне инновациялық жо-
баларды жүзеге асыру мақсатында былтыр даму
институттарының жарғылық қоры көбейтілді. Қазір
ол 1 миллиард доллардан асады. Инвестициялық
жобалардың портфелі 2,6 млрд. доллар көлемінде
қаржылануға мақұлданған 121 жобадан тұрады. 2004-
2005 жылдары “Центр инжинирнга и трансферта тех-
нологий- дейтін акционерлік қоғам Орал, Қарағанды,
Алматы қалаларында өңірлік технопарктер құрылды.
Былтыр біздегі технопарктер бірталай жұмыстарды
жүзеге асырылды. Технопарктер құрылымы толық
қалыптасты. Енді Астана, Өскемен, Петропавл жəне
Шымкент қалаларында төрт өңірлік технопарк құру
көзделіп отыр. 2006 жылдың алғашқы жартысын-
да геостанциялық орбитаға телекоммуникациялық
спутникті ұшыруды жоспарлап отырмыз.
Осы технопарктер елге не береді? Жаңа жұмыс орын-
дары ашыла ма?
– Республика бойынша 233 инновациялық жоба барлық
қаржыландыру есебінен бір жарым миллиард долларға іске
асырылуда. Олардың 83 пайызы экономиканың өңдеуші са-
лаларында жүргізілуде. Осы жобалар аясында 12 589 жұмыс
орнын құру көзделуде.
– Жақында ірі мемлекеттік компаниялардың активтерінің бір бөлігін біріктіретін “Самұрық” мемлекеттік холдингі құрылды. Холдинг құрамына активтері берілетін компаниялар да белгілі болды. Негізінен алғанда бұл компаниялар электр энергетикасы мен коммуникация секторын қамтиды. Осы холдингтің жұмысы қалай ұйымдастырылады? Оған мұнай компанияларының активтері кіре ме? – Бұл холдингтің құрылуы, сондай-ақ Алматы өңірлік қаржы орталығын құру – Қазақстанды дамудың сапалық жаңа сатысына жұлқып алып шығар бірден бір серпінді жобалар екенін баса айтқым келеді. Елімізге менеджмент пен технологиялардың халықаралық озық тəжірибесін енгізуге жəрдем жасайтын бұл жобалар туралы Елбасы əлденеше
рет айтты да. Бұл екі жобаның түйісу нүктесі бір. Ол екеуі
де еліміздегі қор нарығын дамытуға жəне мемлекеттік
компаниялар мен жеке сектордағы активтерді басқарудың
тиімділігін арттыруға бағытталған. Сонымен бірге, бұл өзі
техникалық- экономикалық негіздемені жасау үшін əлемдік
деңгейдегі халықаралық консалтингтік компанияларды
тартудың тұңғыш тəжірибесі де. Атағы зор, тəжірибесі мол
консультанттар таңдалды. Мемлекеттік холдингті құруға
McKіnesey&Company компаниясы, ал Алматы өңірлік
қаржы орталығына байланысты əзірлемелерді жасауға Bos-
ton Consultіng Group шақырылды.
“Самұрық” мемлекеттік холдингі акционерлік қоғам
түрінде құрылады. Өйткені ол директорлар кеңесінен,
басқармадан, ережелер мен процедуралардан тұратын
жəне директорлар кеңесі мен басқарма мүшелері арасын-
да сенімді міндеттерді орнықтыратын ашық жəне айқын
басқару жүйесін қамтамасыз етеді. Холдингтің құрылымы
соншалықты үлкен де болмайды. Холдинг басшылығы
жеке секторда жұмыс тəжірибесі бар майталман маман-
дардан тұратын болады. Бастапқы кезеңде мемлекеттік
холдинг құрамына 5 ұлттық компания активтері кіреді,
олар: “Қазақстан Темір Жолы”,”КЕГОК”, “Қазақтелеком”,
“Қазпошта”, “Қазмұнайгаз”. 3 – 4 жылдан кейін мемлекеттік
холдинг портфелі мемлекеттің қатысуындағы басқа да ком-
паниялар есебінен кеңейтілетін болады.
Мұнай компанияларының активтері оған кіре ме деген
сұраққа келсек, бастапқы кезеңнің өзінде холдинг құрамына
“Қазмұнайгаз” компаниясының кіріп отырғанын айтуымыз
керек. Оның құрамында 40-тан астам еншілес жəне кіндіктес
ұйымдар, сондай-ақ 80-нен астам тумалас ұйымдар бар.
Осылайша мемлекеттік холдинг мұнай-газ секторындағы
мемлекеттің бүткіл активін қамтиды деуге болады.
– Мұндай құрылымды басқаруға кім-кім болса да
құмар шығар?
– Бастапқы кезеңде директорлар Кеңесі акционерлік
қоғамдағы сияқты 5 адамнан тұруы мүмкін: оған Қаржы,
Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрліктерінің
басшылары ( лауазым бойынша), мемлекеттік холдинг басқармасының төрағасы жəне 2 тəуелсіз директор кіреді. Оның біреуі директорлар Кеңесінің төрағасы болуы мүмкін. Кейін мемлекеттік холдингтің директорлар Кеңесінің мүшелері көбеюі де ғажап емес, бірақ кворум болу үшін олардың саны тақ күйінде қалады. Бұл холдингтің мемлекеттік компаниялардың тиімділігін арттыру үшін құрылып отырғанын ескеру керек. Өз кезегінде ол корпоративтік басқару жүйесін жетілдіре отырып, холдинг құрамына кіретін компаниялар акциясының құнын көтеруге ықпал етеді. Сонда олардың акциясы қор нарығында барынша бағалы болады. – Холдинг басқа компанияларды билеп-төстеп кетпей ме? – Оның миссиясы – компаниялар арасында акционер рөлін атқару. “Самұрық” компаниялардың қор нарығындағы өз күш-жігерін белсендірек етуге көмектесуі тиіс. Қор нарығының белсенді ойыншылары холдинг емес, тап сол компаниялардың өзі болуы тиіс. Осы арада кəсіби консультанттардың бағасы айрықша маңызды екенін атап көрсеткім келеді. Бұл тұрғыда Маккинзидің “мемлекеттік холдинг сияқты құрылымдарды құру барысында нені істемеу керек” деген кеңесіне құлақ түру маңызды. Жасалған тұжырымдамаларды əлемдік деңгейде ендіре білу ең күрделі міндеттің бірі. Сырттан шақырылған консультанттар қолға алынған жобалар қолайлы нəтиже бергенше көмектесуге дайын екендіктерін білдіріп отыр. – Мемлекеттік даму институттарының іс-қимылын үйлестіруге ерекше мəн беріліп жатыр. Құрамына барлық даму институттары кіретін Басқару компаниясын жасақтау жəне Əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациялар құру мəселесі Президент Жолдауында сөз болды. Осы бізде бірін-бірі қайталайтын құрылымдар көбейіп кеткен жоқ па?
– Бүгінде барлық даму институттары өздерінің қалыптасуының бастапқы кезеңінен өтті деуге болады. Тұтас алғанда олар инвестициялық жəне инновациялық жобаларға кешенді жəрдем жасайтын жүйені құрайды. Мемлекет тарапынан оларға жан-жақты қамқорлық жасалды. Даму институттарының жарғылық капиталы қазір 140 млрд. теңгеден асты. – Солардың пайдасы қаншалықты? Қаптаған инситуттардың өзара үйлесімді тірлігін көріп жатқан жоқпыз ғой. Бұл қалай? – Мен де соны сөз еткелі отырмын. Қаржылық даму институттарының қызметінде бірқатар олқылықтар бар. Оны жоққа шығара алмаймын. Проблемалардың жүйелі сипатынан өзге негізінен мынандай мəселелер шешілмей жатыр. Мемлекеттің акционер ретіндегі құқықтары мен мүддесі толық жүзеге асырыла бермейді. Бір деңіз. Екіншіден, директорлар кеңесінің қызметі əлі де тиімді боп жатқан жоқ. Үшіншіден, үйлеспеушілік көп. Оның үстіне бұл институттардың стратегиялық маңызды жобаларға инвестиция салуға келгенде қаржылық жағынан қауқары шамалы. Осындай проблемаларды шешу жəне Қазақстан экономикасын дамытудың қазіргі қарқынына орай іс-қимыл жасау үшін даму институттарын басқаруды жетілдіру керек. Басқару компаниясын құру ең ықтимал шара болып отыр. – Бəрі жабылып бітіре алмай жатқан жұмысты бірі келіп бітіре ала ма? – Мəселенің мəнісін дұрыс ұғынған жөн. Басқару компаниясының міндеті даму институттарын корпоративті басқару жүйесін жетілдіру. Экономиканың барлық секторында инвестициялық жəне инновациялық белсенділікті күшейтуге ынталандыру болмақ. Алдымызға қойылған стратегиялық міндеттерді тек осындай ұтымды жүйе құру арқылы ғана шеше аламыз. Бұл бағытта əлемдегі ең үздік тəжірибелерді оңтайлы пайдалану қажет болып отыр. Сонда да көкейге осының бəрінің қажеті бар ма деген бір сұрақ кептеле береді…
– Ойыңызды түсіндім. Бізде негізінен алғанда қор
нарығы дамымай жатыр. Бұл сол үшін қажет құрылым.
Үкімет бəрін жалғыз өзі істей алмайды. Сол үшін
Үкіметке
ұлттық
экономиканы
əртараптандыруға
жəрдем жасайтын осындай ккөмекші құрылым керек
екені рас. Басқарушы компанияның негізгі екі міндетін
атап айтайын: Бірінші – басқаруды корпоративті жүргізу,
екінші – үйлестіру.
– Сонда Үкімет не істейді?
– Үкімет өзіне мына функцияларды қалдырады: Даму ин-
ституттары қызметінің стратегиялық бағыттарын айқындау.
Бір. Даму институттарының инвестициялық жəне кредит
саясатының меморандумдарын бекіту. Екі. Болды.
– Үкіметтің ел экономикасын қарқынды дамытуға
бағытталған əрбір қадамын құптаймыз, əрине. Бірақ,
біраз нəрсе басталады да аяғы сиырқұйымшақтанып
кетеді. Мəселен, даму стратегиясы қабылданғалы біраз
болды, ал оның нəтижелері көрінбей жатыр. Неге?
– 2003-2005 жылдары бірқатар нақты шаралар қолға
алынғаны рас. Үкімет жоғары қосылған құны бар тауар-
лар мен қызметтер өндірісін дамытуға үміт артты. Оның
ішінде мемлекеттік даму институттарын құру мəселесі
де бар. Алайда, стратегияны екі жылдық іске асыру бары-
сында жоспардың алғашқы нұсқасындағы біраз олқылық
айқындалды.
– Ол қандай олқылықтар?
– Перспективті кластерлерде əрекет ететін шағын жəне
орта бизнестің бірқатар компаниялары үшін даму институт-
тары ұсынған құралдарға қол жеткізілмеді. Бұл ең алдымен
мұндай кəсіпорындардың төмен даму деңгейіне байланы-
сты болды. Орта жəне шағын бизнес бізде күткендегідей
дəрежеде дамымай отыр. Жеті кластер айқындалды. Соны
дереу жүзеге асыруда өңірлік даму ерекшелітерін қоса еске-
ру керек болды. Осыған қатысты Президенттің əлеуметтік-
кəсіпкерлік корпорациялар желісін құру туралы тапсырмасы
тап сол өңірлік бизнес-қауымдастықтарын жəне шағын, орта
бизнесті жедел дамытуға бағытталған.
– Байқасаңыз, бізде талай ірі кəсіпорын бар. Олардың
қаржылық жағдайы тұрақты. Шағын кəсіпорындар да
жеткілікті. Олардың жағдайы көбіне мəз болмай тұр.
Əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациялар бірінші кезекте
əр өңірдегі осындай ірілі-ұсақты кəсіпорындар жұмысын
үйлестіруге неге ұмтылмайды?
– Айтып отырғаным да сол ғой. Шағын жəне орта
бизнестің ірі, қаржылық жағдайы тұрақты кəсіпорындармен
байланысын нығайту керек. Өңірлердегі шағын жəне орта
бизнестің өніміне тұрақты сұраныс бар ма бізде? Өкінішке
орай, жоқ. Міне, осы мəселелерге жан бітіру керек. Со-
сын рентабелді емес кəсіпорындар бар. Оларды оңалту
қажет. Осылайша тұтас бір тізбек құру керек болып отыр.
Əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорацияларын құру арқылы біз
тұрақты экономикалық бизнес құрылымына қол жеткіземіз.
Мұның ең басты пайдасы: алынған табыс сол өңірдің
əлеуметтік, экономикалық немесе мəдени мақсаттарын іске
асыру үшін қайта инвестицияланады.
– Өз пайдалары өздерінде қала ма?
– Солай десек те болады.
– Бұл дұрыс екен. Енді бір өзекті мəселе бар. Прези-
дент Жарлығымен 2006 жылдың 1 шілдесінен бастап
Ұлттық қорға салықтарды қоса алғанда, барлық мұнай
түсімдері аударылатын болды. Демек, екінші жарты
жылдықтан бастап Үкімет мұнай кірістерінсіз жұмыс
істейтін болады. Үкімет енді не істейді: бюджетті түзете
ме, қайта қарай ма? Осы жылға арналған бірқатар
əлеуметтік бағдарламалар бар. Белбеуді қатты тартамыз
деп ышқынып кетпейсіздер ме?
– Ұлттық қордың жаңа тұжырымдамасына сəйкес
республикалық бюджетке мұнай секторынан түсетін барлық
салық түсімдері Ұлттық қорға жіберіледі. Ал Ұлттық қордан
бюджетке кепілдендірілген трансферт жіберілетін болады.
Қаржының қалған бөлігі Ұлттық қорда жинақталады.
– Бюджеттің кіріс бөлігі неден құралмақ сонда?
– Кіріс бөлігі толығымен экономиканың мұнай емес са-
лаларынан түсетін түсімдерден қалыптасады. Ал барлық
мұнай кірістері қорға аударылады.
– Бюджет тапшылығы тумай ма?
– Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін қордан бюд-
жетке трансферт қаражаты жіберіледі. Трансферт мөлшері
арнайы формуламен анықталады. Ол бюджет шығыстарының
тым өсіп кетпеуі үшін алынады. Кепілдендірілген трансферт
бюджеттік даму бағдарламаларын ғана қаржыландыруға
пайдаланылады. Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар, соның
ішінде əлеуметтік бағыттағы бағдарламалар мұнайдан басқа
кірістер есебінен қаржыландырылады. Бұл шешеім, мұнайды
есептемегенде, бюджет кірістері мен шығыстарын ұтымды
жоспарлауға мүмкіндік береді. Экономиканың шикізаттық
емес секторларын дамыту маңыздылығын арттырады.
– Ұлттық қор сонда мақсатты түрде жұмсалатын
болғаны ғой?
– Əлбетте. Ұлттық қор қаражатын адам капиталын
жəне инфрақұрылымды дамытуға арналған инвестициялар
сияқты нақты даму бағдарламаларына жұмсау мұнайдан
түскен табыстың əрбір қазақстандықтың өмірін жақсартуға
қалай əсер етіп отырғанын айқындауға мүмкіндік береді.
– Ал жаңағы əлуметтік бағдарламалардың жайы
қалай болмақ?
– Биылға жоспарланған əлеуметтік бағдарламаларға
ешқандай нұқсан келмейді. Республикалық бюджетте
биылға “əлеуметтік көмек жəне əлеуметтік қамсыздандыру”
бағдарламасы бойынша 388,8 млрд. теңге көлемінде қаражат
көзделіп отыр. Сонымен бірге экономиканың мұнай емес
бөлігінен түсетін кірістерді 1,1 трлн. теңге мөлшерінде алу
жоспарланып отыр. Сондықтан бұл мəселеге соншалықты
алаңдаудың жөні жоқ.
– Тағы бір өзекті мəселе бар. Бюджет шығыстары өсті дегенше инфляция кетті дей беріңіз. Ақшаның құнсыздануын ауыздықтау тұрғысында Үкімет не істеп отыр, Ұлттық банк не істеп отыр? Мемлекет құрған түрлі қаржылық институттар бұл тұрғыда не істей алады? – Инфляцияны ауыздықтау – экономиканың өсуін қамтамасыз ететін негізгі фоктор. Үкімет те, Ұлттық банк те қарап отырған жоқ. Инфляцияны ауыздықтаудың бірқатар құралдары да бар, бірақ олар толығымен пайдаланылып отырған жоқ. Үкімет пен Ұлттық банктің инфляцияны реттеу турасындағы бірлескен іс-қимылы ғана тиімді нəтиже береді. 2005 жылы инфляция деңгейі 7,6 пайыз болды. Ол 2005-2007 жылдарға айқындалған 5-7 пайыз шегінен асып кетті. – Бұған не себеп болды? – жылы инфляцияның шарықтауына ақша массасының өсуі, экспансиялық фискалдық саясат жəне елдің нақты қаржылай кірісінің өсуі себеп болды. Болжанған деңгейден инфляцияның біраз ауытқып кетуіне негізгі бағдар ретінде алынған мұнайдың əлемдік бағасының мың құбылғаны да əсер етті. “Брент” атты мұнай сортына əлемдегі орташа баға əр баррель үшін 35 доллардан деп есептелгенді. Іс жүзінде 2005 жылы мұнайдың орташа жылдық бағасы 54,43 долларға жетті. Халықтың нақты табыстарының өсуіне орай тұтыну жəне инвестициялық сұраныстар да жедел өсті. Халықтың нақты кірісі 11,4 пайыз өсті. Нақты жалақы 10,8 пайыз көбейді. Нақты жалақы мен нақты табыстардың өсуі экономикалық өрлеу қарқынынан асып кетті, яғни, еңбек өнімділігі жалақының өсуінен қалып қойды. Оның үстіне бағалардың өсуіне монополист кəсіпорындардың бағалары мен тарифтерінің жəне импорттың өсуі өзіндік “үлес” қосты. Мемлекет құрылыс, темір жол, телекоммуникация қызметтері мен электр энергиясын жеткізу мəселелерінде монополияны болдырмау мақсатында қаншама күш-
жігер жұмсап жатқанына қарамастан жекелеген салаларда бəсекелестіктің болмауы көрсетілетін қызмет құнының өсіп кетуіне əкеліп отыр. Сыртқы жəне ішкі қарыздың жиынтық өсуі де инфляциялық қысым факторына айналды. Бірақ тұтас алғанда, қазіргі инфляция деңгейі шарықтау шегіне жеткен жоқ. Сондықтан тым үрейлене берудің де қажеті шамалы. – Ұлттық банк тарапынан да тегеурінді іс-қимыл болмай жатыр-ау шамасы? – Ұлттық банк инфляциялық таргеттеу қағидаттарын енгізу барысында айырбас бағам саясатын назардан тыс қалдырып отыр. Нақты айырбас бағамын нығайту инфляцияны төмендетудің тиімді құралы бола алады. Ол ақша массасының төмендеуіне, тауарлар импортының арзандауына, халықтың нақты табыстарының өсуіне, шикізатты салаларға салықтық салмақтың өсуіне, тұрғын үй бағасының төмендеуіне мүмкіндік жасар еді. – Сіз енді қаржы саласының майталман маманысыз ғой. Инфляцияны ауыздықтау үшін бірінші кезекте не істеу керек деп ойлайсыз? – Инфляцияны төмендету үшін мынадай іс-шараларды қарастыру қажет: – теңгенің айрбас бағамын күшейту саясаты; – монополияларға қарсы реттеуді күшейту; – тауарлар мен қызметтерді өндірудің өзіндік құнын төмендетуге жағдай жасау; – мемлекеттік инвестициялық шығындардың өсу қарқынын əлеуметтік шығындардың өсу қарқынынан асыру; – қор нарығының дамуын ынталандыру. – Осы айтқандарыңыздан туындайтын сұрақ, теңгенің айырбас бағамын күшейту не береді жəне ол неден көрінеді? – Біздегі несие портфелі негізінен долларға тікелей байланған, ол 50-60 пайыз. Ал теңгелік несие долларға 30 пайызға дейін таңылған. Банктік бизнестің өзі-ақ доллар бағамын демеп тұруға ұмтылатыны сөзсіз. – Бұған тағы не қосасыз?
– Ұлттық банк инфляцияны бақылауға алудың нақты механизміне қол жеткізеді. Республиканың сыртқы жиынтық қарызының төмендеуіне де мүмкіндік туады. Шеттен тауар əкелу, яғни импорт баяу өсетін болады. Өйткені, біздегі тауар нарығы тығындалып тұр. – Құрылыс материалдарын арзандатудың жолы бар ма? – Бар. Егер инфляцияны шекті мөлшеріне жеткізбей ұстап тұратын болсақ, құрылыс бизнесі салынып жатқан нысандар құнын төмендетеді. Өйткені, олардың көбісі шетелдік материалдарды пайдаланады. Орта жəне шағын бизнес ойдағыдай жүріп кетсе, азаматтардың тұтыну деңгейі өсе түсетін болады. Ірі бизнес те бұдан ұтылмайды. Шеттен келетін өнімдерге жəне шикізатқа жұмасалатын шығындар азайса, өнімнің өзіндік құны төмендейді. Қазір бізде бəрі шетелдік өндіріс тауарларын тұтынып отыр. Азаматтардың жағдайы жақсарса, айнала қоршаған орта да жақсара түседі. Мəселен, адамдар жаңа автокөлік сатып ала бастайды. Ол өз кезегінде қалалардың экологиясын жақсартады.
– Соңғы сұрақ. Салық туралы. Қосылған құн салығының, əлеуметтік жəне табыс салығының төмендетілуі келесі жылғы бюджеттің қалыптасуына қалай əсер етпек? Олардың орнын қандай жолдармен толтырмақсыздар? Ставкалардың төмендеуі экономикаға қандай өзгеріс əкеледі? – Қосылған құн салығының ставкасы 2007 жылдан бастап 1 пайызға төмендейді. Мұнда қолданыстағы 15 пайыз ставкамен салыстырғанда, табыстардың шығындары 33,6 млрд. теңгені құрайды. Бірақ кейіннен өндірістің кеңеюі мен дамуы есебінен республикалық бюджет зардап шекпейді. 2007 жылдан бастап жеке тұлғалар үшін жеке табыс салығының тіркелген ставкасын 10 пайыз мөлшерінде енгізу орташа ставкасы 10 пайыздан жоғары болатын жеке облыстардан басқа, жергілікті бюджеттердің кіріс базасының
төмендеуіне əкеп соқпайды. Əлеуметтік салық 2008 жылдан бастап 30 пайызға төмендейді. Жергілікті бюджеттің шығындары 120 млрд.-қа жуық теңгені құрайды. Осы сомалар 2008-2010 жылдарға арналған ресми трансферттерді айқындаған кезде есепке алынады. – Бұл шаралар экономиканың көлеңкелі секторындағы қаржыларды бюджетке, яғни мына жарық дүниеге алып келе ала ма? – Əлеуметтік салықты төмендету есебінен біз “конвертпен” алынатын айлықтар мен салық салынбайтын еңбекақы қорының “көлеңкелі” айналымнан шығаруды көздеп отырмыз. – Бəрекелді! Іске сəт! Əлем өзгеруде. Айдан анық факт, ғаламдық өзгеріс жəне көптеген жағдайда күтпеген жерден төнетін, əлемде өршіп жатқан агрессия кезеңінде мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайту – кез келген ел үшін басты міндет болып табылады. Бұл тақырыпқа біз жайдан-жай назар аударған жоқпыз. Қазақстан Республикасының Қарулы күштері үшін мерейтойлық жылы, «KADEX-2012» қару-жарақ көрмесі қарсаңында «Қазақстан Инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Болат Смағұловты сұхбатқа шақырып, Қазақстанның қорғаныс өнеркəсібінде болып жатқан өзгерістерге көз жүгіртудің сəті түсті. – Болат Советұлы, үстіміздегі жылы Қазақстанның Қарулы күштері негізі қаланғанының 20 жылдығын тойлайды, ал Сіз басқарып отырған «Қазақстан Инжиниринг» Ұлттық компаниясы келер жылы өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтпек. Жеке өзіңіз соңғы ҚОРҒАНЫСЫМЫЗ МЫҚТЫ, ҚОЛДАНЫСЫМЫЗ НАҚТЫ МА?!.
уақытта еліміздің қорғаныс əлеуетін нығайту бойынша
компания қызметін қалай бағалайсыз?
– Өзіңізге мəлім, Қазақстан Президенті ХХІ ғасырдың
əлемдік əскери стандарттарына сай болатын заманауи Қа-
зақстанның Қарулы күштерін құру міндетін қойды, өзіміздің
қорғаныс өнеркəсібімізді серпінді дамытусыз ол міндетті
шешу мүмкін емес.
Қауіпсіздіктің заманауи қатерлерін жəне қорғаныс
өнеркəсібінің негізін қалау қажеттігін ескере отырып, ел
басшылығының шешімімен 2003 жылы бұрынғы Кеңес
Одағының ƏӨК кəсіпорындарының негізінде біздің Ұлттық
компания құрылды, 2006 жылдан бастап ол «Самұрық-
Қазына» АҚ құрамына енді. 2010 жылғы сəуірден ба-
стап ком пания Қазақстан Республикасының Қорғаныс
министрлігінің сенімді басқаруында.
Компания
құрамына
енетін
кəсіпорындар
негізін
қалаудың, дағдарыстардың қилы жылдарынан өтті, алай-
да Мемлекет басшысының қолдауының арқасында ахуал
айтарлықтай өзгеруде.
Өзіңіз алып қараңыз: бұрынғы жылдардың шығынды
ахуалымен салыстырғанда, соңғы жылдары компанияның
қаржылық-экономикалық көрсеткіштері еселеніп өсті.
Осылайша, 2011 жылы компанияның шоғырландырылған
кірісі 2,2 миллиард теңге межесінен өтті, бұл 2010 жыл-
дардағы көрсеткіштен бес есе артық. Компания тобы бой-
ынша өндіріс көлемі 2011 жылы 50 млрд теңгеге дейін жетті,
бұл 2010 жылғы көрсеткіштен 2 есе дерлік жəне 2009 жылғы
көрсеткіштен 3 есе дерлік артық.
Оң серпін қызметтің барлық дерлік бағыттары бой-
ынша байқалады – арнайы, екі мақсатты жəне азаматтық
мақсаттағы машина жасау өнімдерін əзірлеу, өндіру жəне
сервистік қызмет көрсетуден бастап, Қазақстан үшін жаңа
болып табылатын өндіріс салаларын: тікұшақ жасауды,
электроптикалық құралдар өндірісін, кеме жасауды, робото-
техника өндірісін құруға дейін. Бұл ретте, еңбек өнімділігі
60%, кəсіпорындар қызметінің рентабельдігі 3 есеге артты.
Бүгінгі күні компания құрамына 15 машина жасау зауыт-
тарын қоса алғанда 25 ұйым енеді, онда 6 мыңдай жоғары
бі лікті жұмыскерлер еңбек етеді. Компания əлеуметтік
қорғау мəселелеріне жіті назар аударады. Əр кəсіпорында
сақтан дыруды, медициналық қамтуды, материалдық көмекті
қамтитын «əлеуметтік пакет» бар, бірқатар кəсіпорындар
тіптен
жұмыскерлерін
тұрғын
үймен,
санаториялық-
курорттық емдеумен қамтамасыз етеді. Бүгінгі күні
компанияның барлық кəсіпорындарында жалақыны уақтылы
төлеу қамтамасыз етіледі, ол айта кетейік, соңғы жылда орта
есеппен алғанда 15-тен бастап 50% дейін артты.
Техникалық мамандықтар беделі біртіндеп өсіп келеді.
Кадрларды дайындау, жас мамандарды оқыту бойынша
ірі жоспарлы жұмыс жүргізілуде. ҚӨК кəсіпорындары
əзірлемелерде, ғылым мен технологияларда творчестволық
ізденістерді іске асыру мүмкіндігін бере отырып, талантты
жастар үшін тартымды ортаға айналуда. Бірнеше жыл бұрын
қорғаныс кəсіпорындары тұрып қалған еді, қарызға батып,
бағалы, «саусақ санарлық» мамандарды жоғалтып еді.
Сонымен
қатар
біздің
кəсіпорындар
заманауи
қондырғыларда жұмыс атқаруға қабілеті бар инженерлік
жəне техникалық мамандар тапшылығына кездесіп отыр, бұл
еңбек өнімділігіне жəне келісім-шарттық міндеттемелерді
уақтылы орындауға өз əсерін тигізеді. Білім беру жүйесіне
аса назар аудару қажет деп санаймын. Бұл проблеманы ше-
шуде басты рөлді мамандандырылған жоғары оқу орындары,
техникумдар ойнауы тиіс, олардан шыққан түлектер машина
жасау зауыттарына барады.
Сонымен бірге «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес ұйымы
болғандықтан компания корпоративтік аспектілерді дамытуға
ерекше назар аударады. Осыған байланысты біз болашақта
отандық жəне шетелдік капитал нарықтарына, оның ішінде
қорғаныс өнеркəсібінің жетекші ТҰК сияқты ІPO-ға шығу
үшін үстіміздегі жылы кредиттік жəне корпоративтік рей-
тингтерді алу міндетін қойып отырмыз.
– Компанияның халықаралық ынтымақтастықтағы
ахуалы қандай?
– Халықаралық ынтымақтастық мəселелерінде компа-
ния қызметін шартты түрде екі бағытқа бөлуге болады.
Бірінші – бұл Ресей, Белоруссия, Украина, Түркия, Изра-
иль, Франция, Германия, Испания, Италия жəне АҚШ-тың
ҚӨК кəсіпорындарымен тікелей іскерлік байланыстарды
қалпына келтіру жəне тығыз ынтымақтастық орнату. Бұл
бағытта біз жұмысты тұрақты түрде, соның ішінде «Се-
мей инжиниринг» АҚ, «ПАМЗ» АҚ, «Мұнаймаш» АҚ,
«КамАЗ инжиниринг» АҚ жəне басқалары сияқты əрекет
ететін кəсіпорындарымызды бірлесіп жаңғырту бойынша
жүргіземіз. «Укроборонпроммен» бірлесіп БТР-4 шығару
жоспарланып отыр.
Жəне екіншісі – заманауи технологиялар мен инжиниринг
мүмкіндіктеріне ие жетекші əлемдік компаниялармен тығыз
кооперацияда жаңа өндірістерді құру болып табылады. Бұл
жұмыс мақсаты офсет принциптерін қолдана отырып тікелей
инвестицияларды тарту, технологиялар трансферті, алдыңғы
қатарлы халықаралық стандарттарға сəйкес инженерлік-
техникалық персоналды оқыту, зияткерлік меншікке жəне
технологиялық құжаттамаға арналған құқықтарды алу, за-
манауи технологиялық желілерді жеткізу жəне орнату,
бөлшектер мен қосалқы бөлшектер өндірісі арқылы талап
етілетін локализациялауды қамтамасыз ету болып табылады.
Соңғы екі жылда ғана «Eurocopter» (Франция, Германия),
«Thales» (Франция), «Aselsan» (Түркия), «Іndra» (Испания)
сияқты əйгілі əлемдік компаниялармен əскери жəне екі
мақсаттағы өнімдері шығару бойынша бірнеше бірлескен
кəсіпорындарды құрды.
Соның нəтижесі ретінде шетелдік əріптестермен бірлесіп
жасалған осы жобалар бойынша тартылатын тікелей
инвестициялардың жалпы көлемі 256 млн евро деңгейінде,
технологиялар трансферті кем дегенде 100 млн евро сома-
сында, жоғары білікті инженерлік персонал үшін 1000 астам
жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр, бұл біз
таңдаған жолдың дұрыстығын куəландырады.
– Мұның бəрі, əрине, тамаша. Ал компанияның
қолжетімді болашақтағы негізгі міндеттері қандай?
– Сөз жоқ, бірінші кезекте – бұл мемлекеттік қорғаныс
тапсырысын
орындау.
Жақында
өткен
министрлік
алқасында Қорғаныс министрі Ə.Жақсыбеков атап өткендей
қазақстандық қамтуды арттыру, өндірістік қуаттарды
жаңғырту жəне шығарылатын өнім тізбесін кеңейту қажет.
Əскери техника паркі жыл сайын жаңаруы тиіс, өйткені
осыған бөлімдер мен бөлімшелердің əскери дайындығы
тəуелді болады. Бұл шаралардың барлығы Мемлекет
басшысының Қазақстан халқына Жолдауын орындау
мақсатында қабылдануда.
Біз сенімді басқарушы – Қорғаныс министрлігі, сол сияқты
акционер – «Самұрық-Қазына» АҚ тарабынан айтарлықтай
мемлекеттік қолдауды сезінеміз. Осыған байланысты
бүгінгі күннің өзінде республиканың бүкіл мемлекеттік
қорғаныс тапсырысының 60% орындадық. Қазақстан
Республикасының стратегиялық жоспарына сəйкес 2020
жылға қарай мемлекеттік қорғаныс тапсырысының 80%
отандық өндіріспен қамтамасыз етілетін болады.
Компания
кəсіпорындары
Үдемелі
индустриялық-
инновациялық дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын іске
асыруға тартылған, мұнай-газ, темір жол, агроөнеркəсіптік,
жылуэнергетикалық кешенді білдіретін тапсырыс берушілер
үшін өнімдер мен қызметтерді шығарады. 2012 жылы біз
бір адамға шаққанда 8600 мың теңгеге жететін өнімділікке
қол жет кізуді жоспарлап отырмыз, бұл ҮИИДМБ белгілеген
2014 жылдың мақсатты индикаторларынан 15% артық.
Бұдан басқа, біздің кəсіпорындарымыздың тұрақты жəне
орнықты жұмыс деңгейін қамтамасыз ету үшін Қазақстан
Республикасының Үкіметі мемлекеттік қорғаныс тапсы-
рысы бойынша шарттарды орындау мерзімдерін 3 жылға
дейін арттыру жəне жоғарыда көрсетілген шарттар бойын-
ша алдын ала төлемді 75% дейін іске асыру жөнінде шешім
қабыл данды.
Сонымен бірге «Самұрық-Қазына» АҚ Семей қаласында
броньтанкті қаруды жаңғырту жəне жылувизорлар мен түнде
көру құралдарын («Қазақстан Aselsan Инжиниринг» ЖШС)
шығару бойынша жаңа зауытты салу бойынша жаңа жоба-
ларды қаржыландыруды қолдап отыр. Біздің мемлекеттік
қорғаныс тапсырысын орындауымыз, соның ішінде біздің
əріптестермен жасалған бірлескен жобалардың арқасында,
заманауи талаптарға сай өнімді шығаруға мүмкіндік береді.
Келесі міндет – бұл шығарылатын өнімді тек қана ішкі
нарыққа ғана емес, сондай-ақ экспортқа бағдарлау болып та-
былады. Озық ғылыми-техникалық өрісті қалыптастыру, ар-
найы жəне екі мақсаттағы бəсекелестікке қабілетті өндірісті
дамыту үшін маңызды технологияларды əзірлеу жəне игеру
қажет.
Бұл міндетті орындау қолымыздан келеді деп санай-
мын. Компания жыл сайын өнімдерді экспорттау көлемін
арттыруда, ол 2011 жылы шамамен 17 млн АҚШ долларын
құрады. Біз арнайы бұйымдарды, авиациялық жəне басқа
да өнімдерді Үндістанға, Қытайға, Ресейге жəне Вьетнамға
экспорттаймыз. Ағымдағы жылы экспортты 30 млн АҚШ
долларына дейін арттыру жоспарланып отыр. Барлық күш-
жігеріміз экспортты, соның ішінде КО шеңберінде арттыру
үшін шығарылатын өнім тізбесін жəне жеткізулер геогра-
фиясын кеңейту арқылы арттыру үшін жаңа мүмкіндіктерді
іздеуге бағытталатын болады.
Сонымен қатар кəсіпорындарды түбегейлі жаңғырту
қажеттігі мəселесі өткір тұр. Алдыңғы қатарлы техноло-
гияларды пайдалануға мүмкіндік беретін бүкіл өндірістік
процесті оңтайландыруды жүргізу қажет. Мұндай жұмысқа
жеке бизнестен жоғары білікті басқарушыларды, техно-
логтарды, өндірісті ұйымдастырушыларды тарту қажет.
Əскери қабылдау жүйесін қалпына келтіру арқылы ҚӨК
кəсіпорындарында шығарылатын өнім сапасын бақылауды
күшейту қажет.
Бұл шаралар біздің еншілес тəуелді ұйымдарымыздың
қызметінің тиімділігін айтарлықтай арттыру мүмкіндігін
туғы затын болады.
– Бұл ҚӨК мүмкіндіктерінің шегі емес деп ұйғаруға
бола ма?
– Əрине. Қазақстанда 2011 – 2015 жылдарға арналған
Қарулы күштерді технологиялық жаңғырту жөніндегі
мемлекеттік бағдарлама қабылданып, іске асырылуда. Атап өтейін, біздің компания бағдарламаның негізгі орындаушысы болып табылады. Азаматтық жəне əскери ғылым мүмкіндіктерін жұмылдыру бойынша жүргізілген талдау негізінде сенімді, ұзақ мерзімді болжау алгоритмдері əзірленді, болашақтағы жəне заманауи талаптарға сай болатын негізгі міндеттер айқындалды. Бұл – жаңа қару мен əскери техниканың жыл сайынғы өсімін 7 пайызға жеткізуі жəне ҚӨК кəсіпорындарының қазақстандық қамтуды арттыруы. Бүгінгі күні біз қазақстандық қамтудың 56% көрсеткішіне қол жеткіздік, ал 2015 жылға қарай біз оны 80% дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Түрлі саладағы ғылыми-техникалық ілгерілеу қару сипатының сапалық өзгерісіне, ақпараттықкоммуникациялық технологиялардың дамуына, қару мен əскери техниканың жаңа үлгілерінің пайда болуына əкелді. Технологиялық жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасына сəйкес аналогты радиостансалардан сандық байланыс түрлеріне өту көзделген. Бұл ретте, біз сандық радиостансалар, түрлі мақсаттағы компьютерлер өндірісі мен жеткізуден бастап, қару мен əскери техниканы жөндеу мен жаңғыртуға дейін электроникаға деген ағымдағы сұранысты толығымен қамтамасыз етіп отырмыз. Бізге аутсорсингке броньтанкті жəне автомобильді техникаға сервистік қызмет көрсетуді орындауды беру туралы шешім қабылдануда. Халықаралық тəжірибеге жүгіне отырып, Қарулы күштер оған тəн емес, қосалқы функциялардан – қызмет көрсету, шаруашылық жəне басқаларынан арылуда. Бұл – мемлекеттік қорғаныс қабілеттілігін нығайту бойынша біздің жұмысымыздың бір бөлігі. Əскери техникаға сервистік қызмет көрсету – бұл болашақтың мəселесі, біз бүгінде мұнай-газ, темір жол жəне энер гетикалық секторларда толық сервистік қызмет көрсету спектрін орындаудамыз. Біздің мамандардың біліктілігі, оған қоса компания кəсіпорындарын жаңғырту, оған соңғы үш жылда 5 миллиард теңгеден астам қаржы құйылды, бізге
бұл жұмысты табысты орындауға мүмкіндік береді. Мұнда
маңызды рөлді елдің қорғаныс өнеркəсібі кешеніне деген
жүйелі көзқарас ойнайды.
– Компанияны дамыту үшін Сіз қандай болашағы зор
бағыттарды байқайсыз?
– Мемлекет күш құрылымдарын ауқымды техникалық
жарақтандыруға кірісті. Сондықтан ҚӨК үшін басым бағыт
– бұл əуе қорғанысы құралдары, заманауи байланыс, барлау
жəне басқару, радиоэлектронды күрес жүйелері, ұшқышсыз
ұшу аппараттары, əскери қызметтегілерді қорғаудың жеке
құралдары жəне дəлдігі жоғары қару.
Қорғаныс
өнеркəсібіндегі
мемлекеттік-жекеменшік
əріптестік принципі жəне алдыңғы қатарлы технологияларға,
тəжірибеге ие жəне қаражат құюға дайын жетекші
трансұлттық
компаниялармен
(ТҰК)
ынтымақтастық
қазақстандық
өнімнің
бəсекелестікке
қабілеттілігін
арттыруға, қойылған мақсаттарға мейлінше тиімді қол
жеткізуге мүмкіндік беретін болады.
Біз жоғары əлеуеттік маңыздылығы бар экономиканың
жаңа салаларын құрудамыз. Қазақстанда қазіргі таңға дейін
тікұшақтарды, жылувизорларын жəне түнде көру құралдарын
жинау іске асырылмаған еді. Қазір «Қазақстан Инжиниринг»
елде осындай заманауи өндірістерді орнықтыруды баста-
уда. Құрал-жабдықтар, техникалық жəне технологиялық
құжаттамалар сатып алынуда, автомобиль мен броньтанкті
техниканың жекелеген түрлерін жөндеуді жүргізу үшін ма-
мандарды даярлау жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар
жалғастырылуда.
Сонымен қатар үстіміздегі жылы Cessna Caravan
санатындағы ұшақтарды жинау өндірісін ұйымдастыру,
авиациялық-техникалық орталықты құру бойынша жобаны
іске қосу жоспарланып отыр.
Сонымен бірге біз Каспий теңізіндегі интеграцияланған
қауіпсіздік жүйесін құруға белсенді қатысатын боламыз.
Каспий айлағында жоспарланып отырған кең ауқымды
мұнай операцияларын назарға ала отырып, бұл біз үшін өте
маңызды жəне болашағы зор жұмыс аспектісі болып табылады. Киберқауіпсіздікті жəне ІT-қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ең жаңа технологияларды пайдала отырып, қарудың жаңа түрлерін бірлесіп өндіруді ұйымдастыру мəселесі бойынша əлемнің жетекші компанияларымен жұмыс басталды. «Қауіпсіз қала», «Қауіпсіз шекара» жəне «Қауіпсіз байланыс» жобалары бойынша жұмысқа кірістік. Бұрынғы жылдары Қазақстан негізінен əскери техника мен қаруды сервистік қызмет көрсетусіз импорттаған болса, бүгінгі күні – инжинирингті, сервистік қызмет көрсетуді дамыту біздің қызметіміздің басым бағыттарының бірі болып табылады. Іске асырылған жəне іске асыруға жоспарланып отырған жобалардың көптегені Мемлекет басшысының халықаралық кездесулерде қол жеткізген уағдаластықтарының нəтижесі болып табылады. Халықаралық аренада Қазақстан Республикасы Президентінің жоғары беделінің арқасында компания əлемнің жетекші трансұлттық компанияларымен тең əріптестік шарттармен ынтымақтастық орнатып, халықаралық əскери-техникалық ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда. – Компания алдында тұрған күрделі міндеттерді іске асыру ғылыммен тығыз байланыста болмай, мүмкін болмас. Əскери-техникалық зерттеулер мен елдің қорғаныс саласына арналған отандық кадрларды дайындау жағдайы қалай? – Бұл рас, күрделі əскери зерттеулерді дамытусыз не тиімді əскери, не əскери-техникалық доктрина болмайды. Əскери зерттеулердің қалыпты дамуы азаматтық ғылыммен əріптестікті орнатпай, біздің жетекші университеттердің əлеуетін пайдаланбай мүмкін болмайды. Ғалымдар оларды экономиканың қорғаныс саласында қолдану мүмкіндігін назарға ала отырып, өздерінің болашағы зор зерттеулерін бағдарлау мүмкіндігіне ие болу үшін ҚК жай-күйі мен даму перс пективалары, қару жүйелері жəне əскери техника туралы жеткілікті ақпаратқа ие болулары тиіс.
Қорғаныс өнеркəсібі дамыған барлық елдерде қорғаныс
саласындағы зерттеулер мемлекеттің инновациялық өсімі
мен экономикалық дамуының қуатты қозғалтқыштарының
бірі болып табылады.
Ғылыми құрамдауыш ҚӨК дамытудың негізі бо-
лып табылатындығын біз өте айқын түсінеміз жəне оны
жүйелі дамыту үшін шаралар қабылдаудамыз. Біз «Қаруды
басқару жүйелерін енгізудің бірыңғай орталығы» ғылыми
ұйымын құрдық, ол компанияның дамуын ғылыми тұрғыда
қамтамасыз етуде. 15 жылда алғашқы рет бұл ұйым ҚР
Қорғаныс министрлігінің өтінімдері бойынша 6 ғылыми-
зерттеулік жəне сынақтық-конструкторлық жұмыстарды
орындауға кірісті, сонымен бірге «Парасат» холдингі жəне
«Назарбаев университеті» АҚ бірлесіп 38 ғылыми-зерттеу
жұмыстарын іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл
жұмыстар нəтижесі конструкторлық бюролар қызметін
белсендіру,
кə сіпорындарға
əскери
жəне
азаматтық
мақсаттағы ірі тапсырыстарды орналастыру, компанияның
өнеркəсіптік əлеуетінің артуы болады.
Сонымен қатар компания Қазақстан Республикасының
Білім жəне ғылым министрлігінен тиісті мамандарды оқыту
бойынша аккредитацияны алды. Қазіргі уақытта компания
кəсіпорындарында үш жүзден астам конструкторлар еңбек
етуде, олар осы жұмыспен айналысатын болады.
Өндірістегі жаңа кадрларға білім беру жүйесі мен оларды
дайындауға ерекше назар бөлінуде. Көптеген кəсіпорындар
мамандар мен білікті жұмыскерлер тапшылығына кездесіп
отыр, бұл кəсіпорындардың дамуына жəне өнеркəсіпті
жаңғыртуға кедергі болады.
Сонымен бірге техникалық мамандықтардың беделі
мен талап етілуі біртіндеп өсуде. ҚӨК кəсіпорындары та-
лантты жастар үшін тартымдылық орталығына айналуы
тиіс, олар кеңес дəуіріндегідей əзірлемелердегі, ғылым мен
технологиялардағы творчестволық ұмтылыстарды іске асы-
ру үшін кең ауқымды мүмкіндіктерді беруі тиіс.
Заманауи технологиялық жабдықтарды басқару ең
жоғарғы біліктілікті, күрделі білім мен дағдыларды, тұрақты
оқуды талап етеді. Сондықтан тікелей өндірісте кадрлар біліктілігін арттыру бағдарламаларын жан-жақты қолдап отырмыз. Жаңартылған ҚӨК өзінің артынан түрлі салаларды: металлургияны, машина жасауды, химия, радиоэлектроника өнеркəсібі, ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялардың бүкіл ауқымын тартатын локомотивке айналады. Ол аталған салалардың кəсіпорындарына технологиялық базаларын жаңартуға ресурстар жəне де жаңа технологиялық шешімдерді береді. Бұл ретте, көптеген ғылыми жəне конструкторлық ұжымдар тұрақтылығын, яғни олардың азаматтық саладағы əзірлемелердегі орнын қамтамасыз ететін болады. Мысал ретінде, үстіміздегі жылы біз ресейлік жəне америкалық əріптестермен бірлесіп авиатехникалық орталықты құру бойынша жобаны іске асыруға кірісеміз. Бұл сс Ресейде өндірілген тікұшақтарға сервистік қызмет көрсету, ұшақтарды, ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіру жəне жинау. Бұл мəселелер бойынша түйткілді уағдаластықтарға қол жеткізілді. Атап айтқанда, өткен аптада болған «Қазақстан: америкалық жəне канадалық бизнес үшін тартымды инвестициялық орта» роуд-шоуында ұшақтарды жинау өндірісін ұйымдастыру бойынша жобаны іске асыру жөнінде америкалық Cessna Aіrcraft компаниясымен уағдаластықтарға қол жеткізілді. Біздің жоспарымызда үстіміздегі жылы мамыр айында өтетін «KADEX-2012» қару мен əскери-техникалық мүліктің халықаралық көрмесінде тағы да бірқатар келісімдерге қол қою межеленген. Барлық жаңа инновациялық жобаларды іске асыру тиісті қазақстандық мамандарды дайындауды көздейді. – Айтпақшы, көрме жайында. Қарудың осы көрмесінде Қазақстан «КADEX-2012» қатысушыларын қандай жаңалықтарымен таңғалдыратынын білу өте қызықтырады? – Бұл көрмеде алғашқы рет біз өзіміздің Т-72 танкісінің жаңартылған нұқсасын көрсететін боламыз. Сонымен қатар Қазақстанда жиналған ЕС-145 тікұшағы көрсетілетін
болады, ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік
органдарының міндеттерін орындауға кірісіп, еліміздің
көгінде еркін самғап жүр. Əлеуетті тапсырыс берушілер
мен көрермендер назарына «Мидивисана» ЖШС (Бела-
русь Республикасы) бірлесіп іске асырылған үлгі – жедел-
стратегиялық деңгейінде басқарудың заманауи командалық-
штабтық машинасы (модульдері) ұсынылатын болады.
Əңгімені аяқтай келе, атап өтетін бір жайт, біз қорғаныс
кешені үшін бүгінгі күні көптеген іс жасадық, алда одан да
көп міндеттер тұр. Жəне де қазіргі таңда «Қазақстан Ин-
жиниринг» АҚ» мемлекеттің қорғаныс өнеркəсібінің берік
негізін қалау бойынша жұмысты жалғастыруда, бұл бүкіл
Қазақстан экономикасы үшін мультипликативті əсер беретін
болады.
– Сұхбатыңызға рахмет.
ІІІ-БӨЛІМ
ҒҰМЫР ЖƏНЕ ҒИБРАТ
Жастайынан мемлекет ісіне ара-
ласып, кезінде Шымкент облыстық
комсомол комитетінің бірінші хат-
шысы болған Абдулла Ахметов
ағамыз Ыбырай Жақаев атамызға
қатысты мына бір əңгімені айтты.
Шынында да қызық жəйт екен.
«Бірде Ыбекеңе сəлем беру-
ге бардым. Жасы ұлғайыңқырап
қалған кезі. Сəлемімді алды. Сөзге сараң адам ғой. Онша
көп шешіле қоймады. Ақсақалды қалай сөйлетсем екен деп
ойланып отыр едім, кеудесіндегі екі алтын жұлдызға көзім
түсіп кетті. Қараймын: алтын жұлдыздың біреуінің түсі сəл
сарғыш та, біреуі ақшылдау. «Мынаның біреуі қзгеше секілді
ғой» деп едім, Ыбекең жұмсақ жымиды да:
– Е, мұның «жыры көп» деді.
– Айта отырыңыз онда, деп мен де əңгімеге тартым
– Бұл бір қызық оқиға, – деп Ыбекең сəл ойланы да сөз
бастады.- Ілгеріде, осы «Қызыл тудағы» бір құрдасымның
баласы Ташкентте оқитын. Сол баланы аяқ астынан оқудан
шығарып тастапты...
Ыбекең болған оқиғаны асықпай отырып баян етеді.
Мəн-жайға қаныққан соң Ыбекең əлгі шалды ертіп алады
да,Шиелінің вокзалына келіп, Ташкенге билет алады. Екеуі
ертесіне Өзбекстанның бас қаласына кеп түседі. Ташкент
вокзалында тұрған бір милиционерге таяп келіп:
– Əй, бала! Рашидов қайда отырады? – дейді.
– Оны не қыласыздар?
– Бізге Рашидовтың отыратын жерін көрсетіп жібер,
шырағым.
ЫБЫРАЙ
ЖАҚАЕВ
ПЕН ШАРАФ
РАШИДОВ
немесе Шиеліге
барған «Чайка»
Ыбекең сыртқы киімін сəл ысырып, омырауындағы екі жұлдызды көрсетеді. Милиционер Ташкенттің орталығына қарай баратын жолды сілтеп жібереді. Екі шал трамвайға мініп, итініп, тартынып жүріп қаланың орталы,ына жетеді. Трамвайдан түскен соң ентік басып алуға бір орындыққа отырады. Қасындағы ақсақал сол кезде Ыбекеңнің омырауындағы бір жұлдыздың жоқтығын байқап қалады. – Ойбай, Ыбеке-ау! Үйден екі жұлдызды бірдей тағып шығып па едіңіз? – Ия. – Біреуі қайда? – Осы екеу сияқты еді ғой.., – деп екеуі қарай бастайды. Сөйтсе, трамвайда тығыдысып келе жатқанда əлдебіреу бір жұлдызды қымқырып үлгеріпті. Үстіңгі жағы бар, астындағы жұлдыз жоқ. – Енді қайттік? – деп екі шал біраз уайымдайды. Ақыры «қой, Рашидовке барайық, соған келдік қой»,- деп Өзбекстан компартиясы Орталық комитетінің үйіне келеді. Күн жексенбі екн, Оған да қарамаған ғой. Орталық комитетке келіп, астындағы кезекші қызметкерге айтады. – Бізге Рашидов керек. Соған келдік. – Кімсіздер? Ыбекең кеудесідегі бір жұлдызды ақырын көрсетеді де: – Мен Ыбырай Жақаевпын, – дейді ақырын. Көмекші «қазір» деп жүгіріп кетеді де, бір кезде келіп: – Сəл күте тұрыңыздар, ол кісі қазір келеді, сіздер шəй ішіп отыра тұрыңыздар, – дейді. Айтқандай, бір сағаттай уақыт өтерөтпесте Шараф Рашидов келеді. Дереу Ыбыекеңді құшақтап сүйіп, асты-үстіне түсіп бəйек болады. – Ия, қандай шаруамен жүрсіздер? Келетіндеріңізді неге айтпадыңыздар? – дейді. Екі шал бір-біріне қарап, келген шаруаларын ұмытып та қалады. Сол кезде қасындағы қария «мына жұлдыздың біреуін осында жоғалтып алдық» дейді. Ыбекең де ыңғайсызданып отырадыү Рашидов дереу көмекшісін шақырып алып: – Таңертең дəл мынадай алтын жұлдыз дайын болсын!- деп тапсырма береді.
– Басқа не шаруа?
Сол кезде барып екі шалдың есіне мұнда келгендегі басты
шаруалары түседі. Рашидов баланың оқу орнын, аты-жөнін
жазып алады да «оған да алаң болмаңыздар, енді асықпай
дем алыңыздар» деп қонақ етіп күтеді.
Ертесіне алтын жұлдыз дайын болаы. Кеудеге тағылады.
Ыбеке айтады:
– Ал енді біз қайтамыз. Біз пойызға шығайық, – дейді.
– Ойбай, Ыбеке! Пойызыңыз не? Болмайды Сіз деген
тəбəрік адамсыз ғой! Сізді үйіңізге дейін апарып салады,-
деп Шараф Рашидов Ыбекеңнің қолын қайта-қайта сүйіп,
өзінің «Чайкасына» əкеліп отырғызады.
Алдында жолбастаушы кортеж, артында үкіметтік «Чай-
ка» еш жерге,ешкімге тоқтамастан
Шымкент пен Қызылорда облыстарының аумағынан
зырылдап отырып, Шиеліге жетеді. Ыбекеңді үйіне əкеліп
салған бетте, қайтадан зауылдап Ташкенге тартып кетеді.
Жол бойындағы ГАИ біткен аң-таң. «Чайка өтті,Чайка кетті»
дейтін көрінеді. Ол кезде Қазақстан бойынша «Чайкамен»
тек Дінмұхаммед Қонаев қана жүреді...
– Мына жұлдыздың тарихы осындай, – деп Ыбырай
атамыз əңгімесін бітіріп еді, – деген Абдулла ағамыз сөзін
түйіндеді.
– Жарықтық Ыбекеңдердің əулиелігі ғой! Ташкент-
ке тартып кеткенін айтсайшы. Рашидов те тегін адам емес
қой. Тектіні текті таниды деген сол. Қарапайымдылығы бір,
екінші жағынан тек құдай деген аам ғой, қиналғанға жəрдем
беру үшін туу сонау Ташкент тартып, Рашидовке бары
жүргені...Қазіргілер тап солай жасай алар ма?..
Расында, Ыбырай Жақаев Екі мəрте Социалистік Еңбек
Ері, Дала академигі атанған абзал жан. Көзі тірісінде та-
лай адамға шапағаты тиген, аты мен атағы дүние жүзіне
кеткен кісі, Таза еңбекпен табысқа жеткен адам. Шараф
Рашидовтың «Сіз тəбəріксіз ғой» деп қолынан қайта-қайта
сүюінде де үлкен гəп жатыр ғой!..
Тоқтар Əубəкіров туралы мақала жа-
замын деген ой үш ұйықтасам түсіме
кірген емес. Баспасөз күнін “Еге-
мен Қазақстанның” ұжымы Қосшы
ауылының іргесіндегі Нұра өзенінің
жағасында қарсы алғаны бар. Сонда сөзден сөз шығып оты-
рып, əңгіме қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы
Тоқтар Əубəкіров туралы өрбіп кетті. Сөз зергері Сауытбек
Абдрахманов, атақты Асанəлі Əшімов “журналистиканың
жорғасы” деп баға берген Жанболат Аупбай бастаған бір
топ журналист Тоқтар туралы əлде аңыз, əлде ақиқатқа
бергісіз біраз əңгіменің басын шалғанбыз. Редакцияда
Алаштың ардақтысына айналған, немесе есімі елдің есінде
жүрген қазақ азаматтарының мерейтойына арнап, арнайы
мақала жазуға тапсырыс беру талайдан келе жатқан үрдіс.
“Жақында Тоқтар Əубəкіров алпысқа толады, əнеукүнгі
əңгімелердің негізінде сіз бір нəрсе жазсаңыз қайтеді” деп
Сəукең қолқа салғанда, неге екенін қайдам, ойланбастан
келісім берген екенмін. Əдетте мерейтойлық мақалалардың
табиғаты біркелкі болып келеді: өмірбаян беттерінен дерек-
тер, азаматтың атқарған қызметі, жасаған жұмыстары мен
шыққан еңбектері тəспіше тізбектеліп, баяндалады. Тоқтар
туралы жазуым керектігі анықталып, алдағы “Етжеңді
Егеменнің” нөміріне материалды дайындау жайында Жан-
болат Аупбай тағы бір шегелеп өткенде, “Құдайым-ау, мен
атақты Тоқтар Əубəкіров туралы не жазамын, қалай жаза-
мын?” – деген ой басыма сарт ете қалды. Көмір, темір, ан-
да-санда өмір туралы жазып жүрген жазған басым тылсым
тақырыпқа келгенде еріксіз селт еткендей. Тура ғарышқа
қазір ұшатын адамша бойымды əлдеқандай бір үрей биледі.
Француздың атақты жазушысы, адамзаттың қиялына қанат
бітірген Антуан де Сент-Экзюперидің ұшқыш болғаны
белгілі. Оның “Бар болғаны бойыңдағы үрейді жеңе білсең
болғаны: бұл кəдімгі қатардағы кəсіптің біріне айналады да
шығады. Он мың метр биіктікке көтеріліп ұштың не, жерде
отырып, сəмбіталдан орындық өрдің не, бəрібір. Өйткені, сен
бойыңдағы үрейді жеңдің”- деген даналық сөзі санаға сəуле
ҚЫРАН
ҚАЗАҚ
шашқанда ғана үрей жайына қалып, төмендегі əңгіменің
тиегі ағытылды. Домбыраның құлақ күйін келтіргенде
бірінші пернеге көп нəрсе байланысты. Қажетті дыбысты
тап баса білсең, қалғаны сол заматта қалпына келеді. Біз
үшін Антуан ағатайымыз айтқандай, жазу – кəсіп болған
соң, бойды билеген үрейді қайтсек те жеңуге тырыстық. Со-
нымен...
Бірінші перне
немесе “Гауһартас”
Қиыр Шығыс. Əлде жаз, əлде қыс. Бəлкім көктем болуы.
Мүмкін күз бе екен?..Оны Тоқаңның өзі жақсы білетін бо-
луы керек. Тундраның бой тоңдырған түні ме екен? Əскери
қызметте жүрген Тоқтар тұнжыраса керек: туған жерден
жырақ жүргені жанына батты ма, жоқ əлде жүрегіне жақын
тұтқан сол бір жанның берген сертте тұрмағаны еңсесін
түсірді ме, əйтеуір не керек, жас жауынгер тайганың бір
шетінде, желдің өтінде тұрғанда өне-бойын өксік қысқан
сəт туған...Көңіл күйі болыңқырамай, кілең ішуге келгенде
алдарына жан салмайтын топтың ортасын түскенге қатты
қамықты ма, кім білген? Талғат Сүйінбайдың Тоқтар туралы
жазған “Тұңғыш қазақ ғарышкері” деп аталатын кітабында
батырдың əпкесі Гүлсімнің қыздар туралы сыр шертетін
тұсы бар. “Ойбай-ау, ондай жігіттің төресіне қыз ғашық бол-
маушы ма еді, өзің ойлап қарашы. Əрине, болды. Өткен өмір
ғой, оны несіне жасырайын. ...Екі жас бір-бірін жақсы көрді.
Тоқтар Армавирдегі əскери-ұшқыштың оқуын бітіріп, Қиыр
Шығыстағы бөлімдердің біріне ұшқыш болып кетерде,
үйленбек ойы да болған. Бірақ қыздың əке-шешесі “Ойбай-
ай, жердің түбінде не бар, қайдағы бір ұшқышпен” деп,
келісімін бермей қойды. Қысқасы, не керек, қыз да қанша
жерден жылап-сықтағанмен əке-шешесінің айтқанынан
шыға алмады. Əлі есімде, Тоқтар қатты булығып, екі-үш күн
ешкіммен сөйлеспеді. Үндемеген сол күйі өзі қызмет ететін
Амур өзенінің жағалауындағы горнизонға қайтып кетті.
Бəріміз де қатты қапа болдық, бірақ қолдан келер шара бар
ма?” – дейтін кезі болуы керек шамасы...Адамның мұндайда
өмірден түңіліп те кететін уағы болады. Сондай бір дай-дай
шақта Тоқтардың да қабағы қатуланып, сұры қашып, екі
иығына ауыр жүк артылғандай əбіржіңкіреп кетеді. Сүйген
қыз, сүйікті ел алыста. Бойды сағыныштан гөрі сарыуай-
ым көбірек билеген шақ. Өмірдің мəні жоғалғандай, кең
тайга қатар құлазығандай. Қапа көңілмен отырып Тоқтар
транзистордың құлағын бұрайды ғой баяғы. Əдемі бір
сыбызғы əуен естіледі.
Ажарың ашық екен атқан таңдай,
Нұрлы екен екі-ай көзің жаққан шамдай.
Анаңнан сені тапқан айналайын,
Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай.., – деп сиқырлы
сазы жанды баурап, жас жауынгердің жүрегін елжірете
жөнеледі. Əннің қайырмасына келгенде Тоқтар тіпті елітіп,
айдалада, бір қиыр шетте қамығып жүргені мүлдем естен
шығып, ерекше бір күйге бөленеді. Əсем əннің əуені жүрегіне
майдай жағып, өмірдің бар қиындығы ұмыт қалғандай бо-
лады. Қазақтың жезтаңдай əншісі Бибігүл Төлегенованың
орындауындағы “Гауһартас” осылайша өршіл жастың
жүрегінде жатталып қалады. Қамыққан көңіл орнына түседі.
Жас жігерін сонда Тоқтар былайша жаныған тəрізді: “Осын-
дай керемет əн тудырған біздің қазақ қандай ғажап халық.
Сол халықтың мен де бір баласымын. Қой, бүйтіп қамыға
бергенім жарамас. Белді бекем буайын. Ата жолын қуайын.
Қайратыма мінейін. Қапаланбай жүрейін. Елге қызмет
етейін. Мақсатыма жетейін”.
Арада біраз жыл өткен соң, Тоқтар Мəскеуде Бибігүл
Төлегенованы кездестірсе керек.
– Апай, мен сізді əуежайға дейін шығарып салайын, – деп
Тоқаң балаша қиылады ғой.
– Рахмет, əуре болма. Көлік бар. Рахмет, қарағым, – деп
Бибігүл апамыз да Əубəкіровті əуре еткісі келмейді. Сон-
да Совет Одағының Батыры қоярда қоймай отырып, Совет
Одағының халық əртісін “Домодедово” əуежайына шығарып
салады. Рулге өзі отырады. Жолда келе жатып:
– Апай, мен Сізге рахмет айтайын деп едім. Бір кезде ба-
сымнан осындай жағдай өтіп еді, сонда сіздің салған əніңізді
тыңдап, өмірге қайта келгендей болып едім. Қайратыма
– қайрат, айбатыма- айбат қосқан еді сіздің салған əніңіз.
Осындай əн шығарған біздің халқымыз шынында да керемет
ел емес пе?!. – деп алғысын айтып, сыр шертеді.
“Гауһартас”
əнінің
сиқырлы
сазы
талай
жүректі
тебіренткен, талай жүректі елжіреткен. Əлі де талайларды
тебірентіп, елжіретіп жіберері анық. Шын асылға екінің
бірінің қолы жетпейді. “Гауһартастың” ғаламаттығы да
сонда: оны екінің бірі дəл Бибігүл Төлегенова сықылды
елжіретіп сала алмайды. “Гауһартас” – ғұмырлы əн. Қазақпен
қатар жасайтын əн.
Екінші перне немесе Қонаевқа хат
Қазақ “Тəуекел ет те тас жұт” дейді. Ер адамның ең басты
серігі сол тəуекел. Тəуекелге екінің бірінің жүрегі дауалай
бермейтіні тағы анық. Тоқтар Əубəкіровтің сегізінші сынып-
ты бітіре салып, Теміртаудағы құю-механикалық зауытта то-
карь болып істеуі үшін де сол тəуекелдің керек болғаны дау-
сыз. Кешкі мектепті жұмыспен қатарластыра оқып шыққан
соң, 1965 жылы əуе қорғанысына қарсы ұшқыштар даярлай-
тын Армавир жоғары əскери авиация училищесіне түсу үшін
де үлкен тəуекел керек еді. Осы училищені 1969 жылы бітірген
соң СССР əскери-қарулы күштерінде қызмет етуге бел бай-
лайды. Былай қарағанда өмірбаян беттеріне тізбектелген осы
жылдар оп-оңай өте шыққан сияқты. Бірақ ол кезде қазақ
баласының ұшқыштар мектебіне түсуі шынын айтқанда,
талайлар үшін тек арман болатын. Тіпті Елбасымыздың өзі
жас күнінде ұшқыш болуды армандап, қанша талап қылса да
ол мақсатына жете алмағаны белгілі ғой. Өйткені, қаншама
бауырлас елміз дегенімізбен Советтер Одағының былайғы
бұратана халықтар үшін темір шымылдықты жерлері көп
еді. Қазақтың арманы аэроклубтан ары аспайтын. Ары қарай
тəуекел етуге екінің бірі бел байлай да бермейтін. Тұмсығы
тасқа тірелетінін білген соң да солай болды ма?..Біздің
кейіпкеріміз сынақшы-ұшқыш болуға Совет Одағының
Батыры А.Федотовпен кездескеннен кейін мықтап бел
байлағанын айтқаны бар. МИГ фирмасының атақты
сынақшы-ұшқышы жас жігіттің өміріне өмірлік өзгеріс
енгізсе керек. Училищені бітірген соң Қиыр Шығыста, Ком-
сомолск на Амуре қаласында əскери қызметін жалғастыра
береді. Сонда СУ-15 ұшағымен ұша бастайды. Төрт жылғы
əскери қызметінде Тоқтар ерекше қабілетімен көзге түседі.
Қиыр Шығыстағы ең үздік ұшқыш атанады. Сондағы авиа-
ция зауытына жиі барып, сынақшы-ұшқыштармен таныса-
ды. Олар əңгіме арасында егер сен эскадрилия командирі
болсаң, сынаққа мүлдем жібермей қояды деген сөзді айта-
ды. Өзін сынақшы-ұшқыштар мектебіне ауыстыруды өтініп,
қайта-қайта сұранады. Өтініші қанағаттандырылмай, арызы
кейін қайтарыла берген соң “жығылсаң нардан жығыл” де-
гендей, Тоқтардың ойына керемет бір идея сап ете қалады.
Ол дереу Қонаевқа хат жазу қажет деп шешеді. Отыра қалып,
хат жаза бастайды. “Мен, Тоқтар Əубəкіров, аға лейтанант-
пын. Сынақшы-ұшқыш болғым келеді. Оған денсаулығым
да, білімім де жетеді. Барлық сынақты ойдағыдай тапсыр-
дым. Бірақ Қорғаныс министрлігі мені бұл жаққа жіберетін
емес. Қазақтың бір баласы сынақшы-ұшқыш болса, несі жа-
ман? Маған осындай мүмкіндік жасауға қол ұшын беріңіз”-
деп үшбу хатты жолдап кеп жібереді. Арада алты ай өткенде
əскери бөлімнің топалаңы шығады: ойбай, Саяси бюро
мүшесіне арыз жазған кім? Бұл не ғып жүрген қазақ? Со-
нымен, мəн-жай анықталады. Қонаев ол кезде Коммунистік
партия Орталық комитетінің Саяси бюросының мүшесі.
Брежневтің досы. Дəурені жүріп тұрған кез. СССР Қорғаныс
министрі А. Гречконың тапсырмасы бойынша Тоқтар
Əубəкіровті Авиация өнеркəсібі министрлігіне ауыстыру
туралы жоғары жақтан пəрмен келіп түседі. Сөйтіп, Тоқтар
Оңғарбайұлы Мəскеудегі МИГ авиация фирмасына тап бола-
ды. Сол жерде көптеген сынақшы-ұшқыштармен танысып,
небір асау əуе тұлпарын ерттеп міне бастайды. МИГ – 23-тен
бастап МИГ-29 ұшағына дейін түгел сынақтан өткізеді. 1988
жылы бірқатар сынақ ұшуларын сəтті өткізгені үшін Совет
Одағының Батыры атағы беріледі.
Қиыр Шығыста жүріп Дінмұхамед Қонаевқа хат жазу,
онда да қазақтың бір баласының сынақшы-ұшқыш бол-
са, несі айып, – деп мəселені төтесінен қою үшін де жүрек жұтқан батырлық керек. Егер сонда Тоқтар солай тəуекел етпесе, қатардағы көп ұшқыштың бірі болып қала берер ме еді? Өмір жолы мүлде басқаша қалыптасар ма еді, кім білсін?!. Үшінші перне немесе Гиннес кітабына кірген қазақ Кейде ғұмыр кірпік ұшында тұрады. Көзіңді ашып-жұмғанша...Мəселені сағаттар емес, минуттар емес, секундттар шешетін уақыт болады. Бала Тоқтар Теміртауға келгенде, Қарағандыдағы аэроклубқа жазылып, кеудесіне ұшқыш болсам деген үкілі үмітті қондырғанда мұндай жағдайлар болады дегенді қаперіне əсте алмаған да шығар-ау! Алғаш жасы жетпегендіктен парашютшілер секциясына жазғанда, аэродинамика дегеннің не екенін ең алғаш білгенде, парашюттің қалай қалықтайтынын тұңғыш сезінгенде адам өмірінің кірпік ұшына байланған нəрсе екенін аңғарып үлгермеген де болар. Адамның жаны мұрнының ұшына келетін кез. Ойпырай, əлгі МИГ-29 ұшағын шторм уақытында крейсер палубасына қондырған ерлігі ерен болған екен. Қара теңіз – теңіз біткеннің ішіндегі қанқұйлысы. Алапат теңіз дауылы тұрғанда корабльдер желге қаңбақтай ұйытқып кетер еді. Шторм кезінде жал-жал толқын пайда болады. Бұл əрине, мұхит толқынынан шағындай болғанымен, зардабы зілбатпан. Бірінің артынан бірі келіп ұрғанда корабльдің пəршапəршасын шығаруға шамасы жетер-ді. Тоқтар Əубəкіров сондай сұрапыл теңіз дауылы ышқынып тұрған шақта дыбыстан жылдам ұшатын ұшақты кеме үстіне қондырып үлгерген ғаламат ерлік жасаған. Əдеттегі сынақ ұшуы деп есептелгенімен осындай күрделі жағдайда ұшақты кеме үстіне қондыру таза жүрек жұтқандық қой! Тоқтардың бұл ерлігі сол кезде еленбей қала бергенін қайтерсіз? Əскери шені көтерілмеген. Жалақысына да жарытымды ештеңе қосылмаған. Марапаттау деген атымен
жоқ. Судың жал-жал толқындарының салмағына ұшақтың
салмағы келіп қосылғанда 80 мың тоннаға тең келерлік
жойқын жүктен кеме шайқалғаны сондай: қауырсын секілді
шырқ айнала жөнелген ғой. Тоқтардың бойына сонда да
үрей ұя салып үлгермеген. Қорқыныш, үрейлену сезімі ұшақ
қонған соң барып келсе керек. Япыр-ау, мен мұнда қалай тап
болдым, бұған қонып нем бар? – деген ой ең соңынан кел-
генде қыр арқасын қара тер басқан...
Гиннестің рекордтар кітабына кірген ерлігін де осы
ұшақпен жасады. “Тбилиси” крейсерінен жаңа əдіспен
ұшақты көкке көтеру оқиғасына бүкіл əлем көз тікті десе де
болады. Совет ұшағы лып етіп көтеріле ала ма, жоқ, бұрқ етіп
жоқ бола ма, деп бүкіл дүние жүзінің мамандары демін ішіне
тартып, қарап тұрған еді. Тоқтар Əубəкіровке крейсердің
қамзолдың етегіндей қып-қысқа ұшаңқайынан МИГ-29
ұшағын лып еткізіп көкке көтеру міндет болды. Жаңа əдістің
ерекшелігі сонда: ұшақ құдды трамплиннен түскендей
төмен лықсып келіп, дүр етіп ұша жөнелген кептердей
тез көтеріліп ктеуі керек. Барлық мəселені секундтар ғана
шешеді. Ұшақтың моторына байланысты. Сəл іркіліс болса,
бітті: ұшақ судың астына кіріп кетеді. А деп ауыз ашқанша
құйрығы қайқаң етіп зеңгір көктен көрінетін дыбыстан жыл-
дам ұшқыр ұшақты сынақшы-ұшқыш Тоқтар Əубəкіров
сонда зыр-р еткізіп, көтеріп үлгерді. Асқан дəлдікпен аядай
жерге ұшақты қайта қондыру да ғаламат ерлік болатын. Ави-
ация тарихында бірінші рет мұндай əдіспен ұшуды жүзеге
асырғаны үшін Тоқтардың бұл ерлігі Гиннестің рекордтар
кітабына енгізілді. Бұл 1989 жылдың 1 қарашасында болған
оқиға еді.
Совет Одағының екі мəрте батыры Талғат Бигелдинов
ағамыздың Тоқтар Əубəкіровтің ерлігіне тəнті болғанда
айтқан сөзіне қосыла бас иземеске амал қайсы? “Мынау де-
ген кез келген ғарышкер-ұшқышыңыз сынақшы-ұшқыш бола
алмайды. Былай қарасаң, олардың дəрежелерінің бір-бірінен
еш кемістігі, не артықшылығы жоқ. Тек, ғарышкерлер елдің
алдында, халықтың алдында жүретін топ, ал сынақшылар
құпия өмір сүреді. Сынақшы мен ұшқыштың ара-жігін ажы-
ратып алу керек. Мəселе – олардың қызметінің сынақшылық
құпиялылығында да емес, бар мəселе – олардың жүрегінде.
Ең алдымен жүрек керек, жүрек!”
Жүрек жұтқан батыр ағасының жүрек жұтқан батыр інісі
туралы айтқан сөзі бұл. Қазақ “жүрегінің түгі бар” деп осы
Талғат пен Тоқтар сияқты кісілерді айтса керек.
Төртінші перне немесе Назарбаевтың қолқасы
Кім көрінген кесімді сөз айта алмайды. Адамның өз беті
болады. Өз бетінше өмір сүру, өз бетінше шешім қабылдау
ер мінез адамның ғана қолынан келетін шаруа. Тоқтарға
ғарышқа ұшу туралы екі мəрте ұсыыс жасалыпты. Оның
алғашқысында сүйікті ісін тастағысы келмегендігі себептен
бас тартса, екінші жағдайда оның келісімін алмастан-ақ жа-
рияланып кетіп, қызық болған екен.
Шымбұлақта демалып жүрген жерінде бір танысы теле-
фон соғып, “Теледидарды қосшы, сен туралы айтып жа-
тыр” – дейді. Онда Тоқтар Əубəкіров ғарышқа ұшуға дай-
ындалып жатыр деп хабарлайды. Өмірбақи өз бетінше өмір
сүріп келе жатқан батыр жігіт өзінің сыртынан бұлай тон
пішкенге күйіп-пісіп, “менің жеке өміріме, тағдырыма қол
сұққандары қалай?” – деп тұрғанда Президент Назарбаевтың
қабылдауына таңертең келіңіз деген хабар алады.
Ертесіне Президентпен кездесуге барады. Барған бет-
те ғарышқа ұшудан бас тартатынын мəлімдейді. Сонда
Нұрсұлтан Əбішұлы:
Тоқтар, бауырым! – деп майда қоңыр даусымен бауырына
тартып сөз бастайды.– Мені дұрыс түсін,бұл ұшу сен үшін,
я болмаса мен үшін қажет емес, біздің қазақ халқы үшін ке-
рек. Білесің бе: Байқоңырдан осынау отыз жылдың ішінде
ғарышқа кімдер ұшпады? Ал сол жердің иесі-қазақтар “Біздің
жерден біздің ғарышкер қашан шығады?”деп армандаумен
келеді. Өзіңді туған сол халықтың арманын орындаудан неге
бас тартпақсың, а? Оның үстіне сен барлық жағынан дайын
тұрсың...Керек десе, Кеңес Одағының Батырысың! – дейді.
Аталы сөзге тоқтаған қазақ емеспіз бе: Тоқтар осы сөзге
тоқтайды. Бірақ батырдың аты – батыр ғой, Елбасына өзінің
келісімін бере отырып, бірнеше шартын да қойып үлгереді.
Онысы Қазақстанның ғарыштық ғылыми бағдарламасы бол-
сын деген тілек еді.
Талғат Сүйінбайдың кітабында Елбасы мен Тоқтар
Əубəкіровтің арасындағы əңгіме түйіні былай көрініс тапқан.
“Қалайда осы қазір ұшуға тиіссің!” – деді Елбасы.
“Ұшамын!..” – дедім мен.
“Қазағың үшін басыңды қауіп-қатерге тігесің” – деді ол.
“Тігемін!..” – дедім...
Байқоңырдағы “Энергия” ғылыми-өндірістік бірлес-
тігінде “Халқым үшін, қазағым үшін өліп кетуге дайын-
мын!..” деген таспаға жазылған сөздер бар. Қажет деп
тапсаң, барып көруіңе болады...
Тоқтардың ғарышқа ұшу кезеңі қазақтың Азаттық тура-
лы арманының орындалуға бет бұрған уақытпен тұспа-тұс
келді. 1991 жылғы 21 қаңтарда Тоқтар Əубəкіровтің кан-
дидатурасы жедел түрде бекітіліп, бас-аяғы төрт айдың
ішінде бүткіл дайындықтан сүрінбей өтіп, 1991 жылдың 2
-10 қазаны аралығында қазақстандық бағдарлама бойынша
ғарышқа жол тартты. 7 тəулік, 22 сағат, 12 минут, 40 секунд
ғарыш кеңістігінде болған Тоқтар Əубəкіров тұңғыш қазақ
ғарышкері атанды.
Советтер Одағы ыдырауға бет алып, буыны босап
тұрғанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тоқтар
Əубəкіровке жоғарыдағы əңгімені айтып, қолқа салғаны
дұрыс болған тірлік екенін қазір бəріміз білеміз. Назарба-
ев ұлтының үмітін оятуға барын салған екен. Тоқтар бы-
лай қарағанда, СССР-дің соңғы космонавты іспеттес. Бірақ
бəрібір қазақтың тұңғыш ғарышкері! Дулат Исабековтің бір
əңгімесінде қазақтар капитализмнен социализмге жүн түтіп
отырып өтіп кетеді...Қоғамдық формациялардың ауысар
тұсында қазаққа аса көп ауыртпалықтың келмегені əуелі
Алла-тағалаға деген халықтың ынтызар тілегінен туса керек.
Тоқтар Əубəкіров – Жаратушы мен Азаттық аңсаған
халқының арасын жалғап жібергендей көрінеді де тұрады!..
Тоқтар ұшқан соң, арада небəрі бір жарым ай өткенде
қазақ халқының қолы ғасырлар бойы аңсаған азаттығына
жетті!
Бесінші перне немесе
“Шайтанкөл” хикаясы
2001 жылы “Жас Алаш” газетінің 80 жылдық мерейтойы
болды. Біз осы бір айтулы датаны “Атамекен” атты экцпеди-
ция ұйымдастырып, əуелгі сапарды Қарағанды облысынан
бастадық. Құрамында бірқатар белді-белді республикалық
басылымдардың жетекшілері бар арнаулы топ жүрген
жерде қазақтың бірлігін, ұлттық тұтастығын насихаттау
мақсатымен Қарқаралы өңіріне қадам басты. Сонда студент
күнімізден құлағымызға “Шайтанкөл” əні арқылы таныс
болып қалған атақты “Шайтанкөлге” келдік. Етектен ентіге
көтеріліп, биік төбенің басына шыға келгенде қарсы алды-
мыздан шап-шағын көл жарқ ете қалды.
– Ассалаумағалейкүм! – дедім даусымды соза амандасып.
Қасымызда жол бастап келе жатқан ұлттық қорықтың ди-
ректоры менің бетіме жалт қарады. Бірдеңе айтқысы келген-
дей...Мен о кісіге барлай қарап едім, сəл күлімсірей түсті де
көлге беттеді.
Суға түсуге бола ма? – дедім.
Беті-қол шайса да жеткілікті ғой, – деді де елағасы сөзінің
соңын жұтты.
Жаңа сіз “Ассалаумағалейкүм!” дегеніңізде менің есіме
Тоқтар Əубəкіров түсіп кетті.., – деп сосын сөзін сабақтай
түсті. – Қай жылы, Тоқтар ғарышқа ұшып, аман-есен
елге оралған соң осында, туған жеріне келді. Қарқаралы
халқы хан сықылды күтіп алды Тоқтарды. Содан осын-
да “Шайтанкөлге” келдік. Ол мұнда келген бетте дереу
шешінді де суға қойып кетті. Ай-хой, ой-хой деп ары-бері
əбден жүзді. Туған жерін сағынған ғой деп біз де еміреніп
жатырмыз. Содан не керек, оның арты қиын бір жағдайға
ұласты. Ертесіне ғарышкердің үстіне адам көргісіз бір жара-
лар пайда болды. Дереу дəрігерлер қарай бастады. Жақпаған
мазь жоқ. Кетер емес. Жағдайдан Алматы құлақтанса керек,
апыл-ғұпыл Тоқтарды сонда алып кетті. Сізге өтірік, маған
шын жаңағы жара оңайлықпен жазыла қоймайды. Бір күні
Тоқтар түс көріпті. Түсінде аппақ киімді, аппақ сақалды
бір ақсақал “Əй, Тоқтар! Сен менімен амандаспадың ғой!”
десе керек. Содан Тоқтар Қарқаралыға дəрігерлердің
қарсылығына қарамай салып-ұрып жетіп келеді ғой. Келе
сала осы “Шайтанкөлге” беттейді. Жоғары көтеріліп,
көлді көре сала “Ассалаумағалейкүм” деп амандасады.
Бір түн түнейді. Түсінде манағы шал ырза кейіпте көрініп,
Тоқтардың үсті-басын қолмен бір сипап өтеді. Қанша мықты
дəрігер емін таба алмай, жаза алмай қойған əлгі жара дем-
де, əп-сəтте жоқ боп кетеді. Тоқтар құлан-таза айығып шыға
келеді. Ғарышкерлердің денсаулығын қарайтын дəрігерлер
аң-таң деседі. Сіз əлгінде көлмен амандасып жатқаныңызда
менің есіме осы оқиға түсіп еді, – деп ағасы əңгімесін бітірді.
“Бұл не деген керемет!” десіп бəріміз таң қалып жатыр-
мыз.
Тоқтар ағамыз өткен Парламент сайлауында Қызылорда
қаласы бойынша депутаттыққа түсті. Көрші округ болған
соң, бір жағы ұлтымыздың маңдайына басқан перзенті, оң са-
пар болсын деп арнайы сəлем бере бардым. Сайлау науқаны
қызып, əлденеге көңілі алаңдап тұр екен. Шаршаулы секілді
көрінді. Көңілін көтермекке “Шайтанкөл” хикаясын айтып
едім, томағасын сыпырған қырандай жанары жалт етті.
Артынша балаша мəз болып күлді. Сөйтті де мені қапсыра
құшақтап, бауырына басты. Тоқаңның бойынан тараған
жылы нұрды сол сəтте жан-тəніммен сезінгенім бар...
Алтыншы перне немесе Тоқтардың туған жері
44-ші Қызылорда сайлау округі бойынша Мəжіліс
депутаттығына кандидаттардың арасында кімдер жоқ
дейсіз: əкімдер де бар, бизнесмендер де жетерлік, нанталап-
пен жүргендер де табылады. Солардың арасында шоқтығы
биік жандардың бірі де бірегейі де Тоқтар Əубəкіров болды.
Кейде қазақ десек өзімізге тиетіні бар.
Тоқтардың басқа облыста дүниеге келгені үміткерлер
арасында ең басты қарсы аргумент ретінде қарастырылды.
Кездесулер кезінде, ел аралағанда қасақана сондай мұқату
əрекеттері алдан шығып отырды. Сонда Тоқтар Əубəкіровтің
айтқаны бар.
Айналайын, халайық! Менің туған жерім, кіндік қаным
тамған жер Қарағанды облысы екен рас. Бірақ мен ғарышқа
осы жерден, мынау Байқоңырдан ұштым ғой. Менің жаңа па-
спортым бар! Менің мекенім – ғарыш, тұрағым – Қазақстан,
туған жерім – Байқоңыр. Мен аспанға ұшып, аман-есен
оралғанда табаным осы жерге тиді. Ана жаққа барып қайтқан
адам жаңадан туған сəбидей емес пе?!. Сонда менің бұл
жерге жаттығым қайсы? Біле білсек, қазаққа осы қазақтың
жерінің бəрі – туған жер емес пе?!. – деп баяғы Қаз дауысты
Қазыбек бабасы құсап таза қазақша сөз төгілткені бар.
Ұлттық тұтастық ұғымы əлі де болса талайдың санасы-
нан сырт қалып жатыр ғой. Бүкіл түркі дүниесі ардақ тұтып
отырған арда ұлға басқа өңірде тудың деп көзтүрткі жасауға
ұмтылғандар ақыры жеңіліс тапты. Осындайда қазақтың
намысы неге оянбай жатқанына қынжыласыз, еріксіз бас
шайқайсыз.
Саяси бюроның кезекті бір мəжілісі өтіп жатқан уақытта
партияның Бас хатшысы Михаил Горбачев бас конструк-
тор Ростислав Беляковқа: – Сіз бен біз осы қазір орыс əуе
флотының тарихын жазып жатыр емеспіз бе...солай ма,
жолдастар?! Ертең əлемдік авиацияда тұңғыш рет əскери
кемеге ұшақ қондырып, ұшырайын деп жатырсыздар. Мен
бұл əрекеттеріңізді өте құптаймын. Бірақ та, айтыңызшы,
сол “МИГ” фирмасы сынақшыларының арасынан осынау
аса жауапты міндетті орындайтын қалайша ғана бір орыс
фамилия табылмады?- дейді. Сонда Беляков: – Құрметті
Михаил Сергеевич! Қымбатты Саяси бюро мүшелері, егер,
біз орыстың əуе флотының тарихы қанмен жазылмасын де-
сек, бұл ұшақты крейсерге 1-сыныптағы сынақшы-ұшқыш
Тоқтар Əубəкіров қондыруы тиіс. Менің бұған басқа алып-
қосарым жоқ! – деп табандап тұрып алған екен. Жүз сексен
миллион халықты мойындатқан тұлғаны тоғыз миллион
халықтың арасында танығысы келмейтіндердің табылаты-
нына не дерсіз!
...Сол сайлауда елдің патриоты болып жүрген əжептеуір
бір кісінің Тоқтар Əубəкіровке қарсы уəжді пікір айта алмай:
Тұңғыш космонавт деп əлдеқандай қыласыңдар, аспанға
кім ұшпаған, əуелі ит те ұшып еді ғой,- деп тұқыртқысы
келгені бар.
Қаншалықты биікке шыға алатынымызды дəлелдеген ел
едік. Соншалықты төмен түсіп кетудің сыры неде екен, а?!.
Жетінші перне немесе
Дөңгелек дүние дидары
Кіршіксіз жан дүниесін неге кірлетеді екен, адамдар?!.
Қарқаралыда
болғанымызда
аудан
əкімі
Нихан
Омархановтың Тоқтар туралы шешіле төгілдірген бір сыры
тіл ұшына оралып отыр.
Тоқтар келгелі қасынан қалмай жүрдім. Көп сөйлестік.
Терең адам ғой. Бірталай əңгімесін бейнетаспаға жазып та
алдық. Бірде, түнде жұлдыздар жыпырлап төбемізден төніп
тұр еді. Тоқтар бір əңгіме айтып тұрды да кенет сөзін үзіп,
көкке қарай басын көтеріп тесіліп қарап тұрып қалды. Қарап
тұр. Қарап тұр. Біздің мойнымыз ауырып кетті. Бір кезде
барып: – Қайтқым келеді! – деді үздігіп. – Мұнда не бар?
Бəрі лас...Керемет ана жақта ғой! – деп аспанға тесіліп қайта
қарайды. Сонда ол жақ шынымен ғаламат болғаны ғой, ша-
масы!.. – деп еді.
Мен осы əңгімені айтқанымда “Егемен Қазақстанның”
Бас редакторы Жанболат Аупбай үнсіз тыңдап тұрған. Та-
яуда Жақаң айтады. – Сен сол əңгімені айтқанда менің
есіме Антуан де Сент-Экзюпери түсіп кетті. Ол да керемет
ұшқыш болған ғой. Аспанға көтерілген ұшақпен. Ары қарай
ешкім білмейді. Қайда кетті? Не болды? Сірə, ауа қабатынан
көтеріліп, кеңістікке шығып кетудің сырын білген болса ке-
рек!..Ұшқыш жазушы өз құпиясын өзімен бірге ала кеткен.
Солай!.. – деп Астана аспанына қарады.
Зеңгір көк аспан. Ар жағында не бар? Ол жағы əуелі бір
Аллаға, сосын біздің ғарышкерлерге аян болар...
Антуан де Сент-Экзюпери де адамдардың арпалысынан
қажыды ма екен?!.
Кіршіксіз жаратылған дүние дидарының кірлемегені
жақсы ғой!
Адамдардың ізгілікке құмартқаны, жақсылыққа жақын
тұрғаны жақсы емес пе!?.
Адамсүйгіштік қасиет ана сүтімен бойға даритын бол-
са керек. Тоқтар Оңғарбайұлы өз анасын əрдайым ыстық
ықыласпен еске алады. “Маған мақсатқа жетуді анам үйретті.
Жоғары білімі болмаса да ішкі мəдениеті мен жан-дүниесі
келіскен сондай асыл адамның маған қаншама ізгі қасиетті
қалай дарытып үлгергеніне қайран қаламын. Айналаңдағы
адамдарға жақсылық жаса, жасағаның өзіңе жақсылық
боп қайтады. Саған қайтпаса, балаңа қайтады. Əйтеуір,
жақсылық ізсіз кетпейді” – дейтін еді анашым деп толғанады
Тоқтар батыр.
Бала демекші, Тоқтар ағамыздың үлкен ұлы Тимур да
əкесінің жолын қуып, ұшқыштықты қалаған екен. Оған Аме-
рикадан “Боинг” фирмасында жұмыс істеуге ұсыныс түскен
көрінеді. Сонда Тимур Тоқтарұлы: – Бəріміз жан-жаққа жа-
мырап кете берсек, Қазақстанды кім көтереді? Елге тиме-
ген жақсылықтан не пайда?!. – деп Қазақстанда қалыпты.
Азаматтықтың жарқын үлгісі осындай-ақ болар.
Тоқтар Əубəкіровтің ой-толғамдарына құлақ түрсеңіз,
бойыңызды елдік сезім керней бастайды.
Бізге қуатты қорғаныс күші керек болса, одан қаржы
аямайық. “Қай ел өз əскерінен қаражатын аяса, басқа елдің
əскерін асырайды” деген Наполеон Бонапарттың сөзі бар.
Сондықтан, əскерден ештеңе аяуға тиіс емеспіз...
Біздің ата-бабаларымыз өзінің ұрпағына ес біліп, етек
жапқан кезден бастап қолына садақ беріп, атуға үйретіп,
найза мен қылышты серік еткен. Асау аттың жалына жарма-
сып өскен қазақ баласының қай-қайсысыда Отанын қорғауға
дайын болған. Қазір ше...баланың қолына бар блғаны қамшы
береміз, домбыра ұстатамыз, еркелетсек “Сникерс” сыйлай-
тынымыз бар. Осы дұрыс па?
Армиядағы өзгерістерді біз отбасынан, ошақ қасынан
бастауымыз керек. Авиациясыз əскер – қауқарсыз əскер.
Қанаты жоқ құспен тең. Кең-байтақ даласы бар Қазақстан
үшін мұның сипаты мен сапасы айрықша...
Қазақтың киіз үйіне не тең келеді? Кезінде Үштөбедегі
киіз үй зауыты жыл сайын жиырма мың киіз үй шығаратын.
Соны қайта қолға алып, көшсең де, тіксең де əрі тез, əрі
ыңғайлы осынау киіз үйді өндіріске неге қоймасқа?!.
Қазір дəулетті қазақтар элиталық еуро үйлерінің жаны-
на киіз үй қоя бастады. Қазақтың көне тарихынан тамыр
тартып, кешегі өткенімізді еске салып тұратын осындай
баспананың ішін ұлттық ою-өрнекке, қымыз бен шұбатқа,
құрт пен ірімшікке толтырып, тірліктің сəнін келтіруге неге
болмасқа?!.
Айта берсе, көп. Тоқтар байырғы ата-бабалары секілді
атқа құмар. естуімізше, Астана маңында мініс аттары бар
көрінеді...
Ер қанаты – тұлпар, – деген сөз бар. Асау тұлпарды да,
темір тұлпарды да ерттеп мінген нағыз батыр, нар тұлғалы,
көркем мінезді, келіскен қазақ жігіті – Тоқтар Əубəкіров ар-
шындап алға басып барады.
Нағыз қазақ!
Қыран қазақ!
Қанатың талмасын!
Дəл бүгін бар қазақтың осы бір нар қазаққа айтар тілегі
осындай.
Бəрінің басында СӨЗ болған...
Біз біле бермейміз:осыған дейін
жаратылыс болды ма, болмады ма,
дəл осындай өркениет өмір сүрді ме,
бізге дейінгілердің білім дəрежесі,
ақыл-парасаты, бітім-болмысы қаншалықты деңгейде бол-
ды; ғасырлардан ғасырларға адамзат баласы нені мұраға
қалдырды, қандай істі үлгі тұтты, ұрпақ санасына нені ама-
наттады? Тылсым дүние толып жатыр. Бірақ соның бəрінің
кілті бар, өзіндік сыры бар. Ал сол сырға біреу ерте үңілді,
біреу кеш мəн берді, қайткен күнде де біздерге көнеден жет-
кен күмбір сөздің кілтін табуға талпынғандар да бар арамыз-
КӨНЕДЕН
ЖЕТКЕН
КҮМБІР
да. Солардың бірі – белгілі журналист, «Қазақ елі» гаезті
Бас редакторының орынбасары, сөз зергері Заким Жайлы-
бай. Заким ағаның қаламынан туған «Кодекс Куманикус»
– бабалар болмысының баяны» деп аталатын кітап қазақ
оқырманына былтыр ғана жетті. «Ештен кеш жақсы» деп
жатады халқымыз. Сол айтқандай, қалың оқырман қолына
кештеу тиген кітаптың берер байлығы орасан.
Қазақ
Мемлекеттік
университетінің
филология
факультетінің студенті Заким Жайлыбайды көнеден жеткен
осы бір асыл мұраны зерттеуге итермелеген қандай күш?
Ол уақытта студенттердің басым бөлігі совет заманындағы
əдеби кейіперлер, əдебиеттегі коммунистер бейнесі деген
сияқты ешкімге керегі жоқ тақырыптардан диплом қорғап
жататын. Қаншама уақыт пен қайран сөздер өткінші саяси
науқанның нөпіріне «көпір» болды...Ал Заким Жайлыбай сол
кездегі оқытушылар мен студенттер ұғымындағы «қайдағы
бір» «Кодекс Куманикус» дегенді іздеп тапты. Ол дəуірде
«қазақта білім болмаған, сауаты кем, мəдениеті төмен» деген
сөздер сұқ саусақты безеп тұрып айтылатын. «Шеңберден»
шыққан студенттер бола қалса, артына қоңырау байланатын.
Сөйткен заманда осы бір жабық тақырыпқа қасқайып тұрып
қадам жасаған Закең ерлігіне таң қалмасқа лаж жоқ. Оның
үстіне «Халық жауының баласы» деген бетке басылған
«шіркеуі» тағы бар...Осы күнгі өлшеммен қарасаңыз, За-
ким ағаның сол уақытта «Кодекс Куманикус» деген кітаптың
болғанын, оның ішіндегі сөздер басқа басқа емес, таза
түркі тілінің айқын мұрасы екенін дəлелдеуге талпыны-
сын «көзсіз ерлік» деп бағалау керек. «Кодекс Куманикус»
ескерткішіндегі септік жалғаулары жəне оларды қазіргі
түркі тілдерімен салыстыру /қазақ, қрақалпақ, ноғай, құмық
жəне тува тілдері/ тақырыбымен қорғаған диплом жұмысы
З. Жайлыбайдың ғылымның терең сырына үңілуге жасаған
тегеурінді талпынысы болатын. Көне қыпшақ тілінің ең
іргелі, ең сүбелі ескерткіші болып саналатын «Кодекс Ку-
маникус» кітабының кілтін ашу арқылы біздің тіліміздің
тарихы мен болмыс-бітімін ғасырлар қойнауынан аршуға
ұмтылған əрекеті лайықты бағасын алуы тиіс.
Адамды басқа жаратылыс иелерінен артық қылып тұрған
нəрселер – сөз бен сана, парасат пен білім. «Кодекс Кумани-
кус» кітабын зерттеуге ден қойған студент Заким Жайлыбай-
ды бір ауыз жылы сөзімен жебеп, демеген қазақтың айтулы
ғалымы Бейсенбай Кенжебаев екен. Бұл жөнінде Закең былай
баяндайды: «Нағыз тарих – өмірдің өзі. Халық тарихының
жылнамасы – тіл екені ақиқат. Ал «Кодекс Куманикус» тілі
көне замандағы қыпшақтар тілінің ескерткіші болса, онда ол
қазақ халқының ата-тегі сөйлеген тарихи тіл болды ғой. Осы
бағытта талпынып көрсем деген ой келді. Кірісіп те кеттім.
Бұл ойымды профессор Бейсенбай Кенжебаевқа айтқанымда
«Күрделі мəселелерді жастар зерттемегенде, енді кім қолға
алмақ?», – деген еді. Ақылман тұлғаның осы айтқаны мен
үшін бəйге атын көтермелегендей əсер етті».
Өткен ғасырдың 60-сы жылдары шəкірттің мұндай
қадамға баруы, оған Бейсенбай Кенжебаев секілді небір
құқайды көрген ғалымның ақ батасын беруі кездейсоқтық
емес. Рух жалғастығы деген осы. Бейсекең де советтік
сойылдың соққысына арқасын төсеп жүрген жан, түбінде
таза ғылым түркітану саласының қайнар көзі «Кодекс
Куманикусқа» бір оралып соғатынын анық білген бол-
са керек. Студент Заким Жайлыбайды «бəйге атын
көтермелегендей» қанаттандырғанда ғалым ағамыз не ой-
лады екен? Қаншама баянсыз дүниелерді қаузап, ақ қағазды
көбік сөздермен көпірткенше, «елге пайдасы бар бір еңбек
қалсын» деп жас жігіттің бастамасына қолдау білдіруі де
даналық. Уақыт соны көрсетті. Қазір сол кезде қорғалған
дипломдық, кандидаттық, докторлық еңбектердің қайсысы
біздің қолымызда? Қай мұра бізге сыйлы? Əрине, «Ко-
декс Куманикус» секілді көнеден жеткен күмбір сөздің
артықшылығы бірден көзге ұрады.
Осы ретте 1964 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің
доценті Р. Муллинаның студент Заким Жайлыбайға «Кодекс
Куманикус» ескерткішіндегі септік жалғаулары жəне олар-
ды қазіргі түркі тілдерімен салыстыру идеясын ұсынуы таң
қаларлық. Университетте түркология саласын зерттеуге
ден қойыла бастағанымен, осындай кешенді еңбектің бар
екенін, оны терең зерттеу, зерделеу қажеттігін алға тартқан
доценттің парасат-пайымы қаншалықты терең болғанын
көруге болады.
Алтай мен Дунай арасын мекендеген қаншама халық бір
кезде бір тілде – көне қыпшақ тілінде сөйлеген. Тіпті Сұлтан
Бейбарыс билеген тұста бұл тіл Мысырда да қолданыста
болған көрінеді.
Автордың айрықша атап өткеніндей, тіл қай уақытта
да халықпен тағдырлас, мұңдас. Еуразияны мекендеген
көптеген халықтарда кейбір сөз тіркестерінің түбірі бір болып
келетіні неліктен? Мысалы, ағылшындар аяқты – бұт десе,
белдікті – белд, мүрдені – мүрд дейді. Олжас Сүлейменов
айтады, неге мəселен, түркінің алачугі/ал-ач-уг, қазақша –
лашық/ славянда лачуга – ла-чу-га болып құбылады? Қазақта
Алашат – орыста лощадь болып қалыптасты. Мəскеудегі
Арбат – түркі-қыпшақтың арба атынан шықты. «Айталық,
литва тілінің бір мысалына қарасақ, – дейді Олжас Омарұлы
– қас – «қазу» жəне қасба – «кен орны, шахта», /түркі тілінде
– «қаз» – «қазба»/...
Қазір Оңтүстік Еуропада көне қыпшақ тілінің кейбір ны-
шандарын анық табуға болады. Қыпшақтардың диалектілік
ерекшеліктерін алған латындар мен этрусактар екен.
Латынның «аула /мал жататын орын/ қотан, сарай, шошала,
дəліз» деген мағынаны білдіретін сөзін салыстырып көруге
болады. Грек тіліндегі етістікті атау тұлғаға айналдыратын –
ба, -ма жұрнақтары сол кездің өзінде болған ұрба –«ұрма»,
аран – «соқпа», тұрма –«мұннара», бұлар тұтас термин
ретінде түркіден алынған. Мəселен, терма – монша, терле-
ме, мұндағы «тер» түбір. Бəлкім мұның өзі «терлеу» етістік
мағынасында болды. Сол сияқты толма – тол, тіл – сөйле де-
ген мағынада. Толмач – тілмаш сөзінің негізі осында жатса
керек.
Бақытжан Əділұлының «Гунны заговорили» деген
кітабын, немесе Уервердтің «Көне континент Му» атты
кітабын оқыған адам түркі тілінің негізі адамзат баласының
тарихында ерекше орын алатынына көз жеткізеді.Түркі
тіліне мағыналас сөз тіркестері Пириней түбегіндегі ел-
дерде де кездеседі екен. Испан мемлекетінде Арагон
/Арғын/ провинциясы болса, Франк елінің түстігінде Арагон
жазығы бар. Испаниядағы Баск /басқа/ халқының астанасы
– Бильбар /Белбау/, Солтүстік Италяида бұдан 2800-2700
жыл бұрын жерленген адамның құлпытасында «Затл ат ай-
даш-жатыр ат йдаушы» деген латын əріптерімен жазылған
сөздер бар. Айт берсе, бір текті түркі халқына тəн атаулар
басқа халықтарда көптеп кездеседі. Белгілі ғалым Əділ
Ахметовтің «Америкалық үндістердің ата тегі бұл материкке
Азиядан ауып келген» деген тұжырымы ғылыми қуаттауға
тұрады. Əділ Ахмтеов көшпенділер Беринг бұғазы арқылы
олардың Аляскаға келгенін айта отырып, осындағы эски-
мос, алеуттердің сөздіктерінен айтылуы да, жазылуы да
түркі тілдеріне, оның ішінде бүгінгі қазақ тіліне сондай
ортақ сөздермен сəйкес келетінін айтады: ата, əке, аттасым,
атам, ағам, ана, əже, аулақтау, қайық, қырғи, тырна, шақпақ,
мына, мынау, ерте, ету. Бұның кейбірі алеут тіліне де ортақ
көрінеді.
Атақты ғалым Лев Гумилев: «Түркілер өздерін жер
бетінде тіршілік жаралғалы бері бармыз деп айтады», –
дейді. Ал Күлтегін жазуында «Астымызда Жер, жоғарыда
Көк аспан жаралғанда адам баласы дүниеге келді. Адам
баласының сол ұрпағына билік жүргізсін деп менің баба-
ларым Бумын қаған мен Естеми қаған таққа отырды» де-
ген түйін сөздің Гумилев сөзінен еш бөтендігі жоқ екенін
көреміз. Француз академигі, профессор А. Жарри де Мон-
си көнетүркілердің сөз тіркестерінің қазақ тіліне ерекше
жақын екенін айта келіп: «Ежелден бұл халық білімділігімен
белгілі болған. Ислам дінін қабылдағанға дейін олардың
əліпбиі қалыптасқан еді. Оңтүсті Сібірдің Обь жəне Ене-
сай өзендері бассейндерінен табылған жазба есерткіштерге
өте жақын бұл ұқсастық кейін ұмытыла бастады. Қазақ тілі
түркі халықтары ішіндегі ең таза тіл болып саналады» деп
жазады.
Дешті Қыпшақ жері атанған Шыңғыс Ханның ұлы
Жошыханға қараған ұлыстың, жалпы Алтын Орда тілі кешегі
қыпшақ, бүгінгі қазақ тілі екеніне ешкім де дау айта алмай-
ды. «Кодекс Куманикус» – қыпшақтардың жазба есерткіші
болса, қыпшақ, қапшақ атауының шығуына да арнайы
тоқталу керек деп тұжырым жасайды Заким Жайлыбай. В.
Радловтың айтуы бойынша, Оғыз ханның жаугершілікте
жүрген батырының əйелі ағаш қуысында босанып, дүниеге
келген ұлдың атын «Қыпшақ» немес ағаштан шыққан бала /
Шақа, шақалақ дейді қазақ жаңа туған нəрсестені/ деп атаған.
Ал «Селенгі тасы» жазуында «қапсақ» деп анық көрсеткен.
Арабтар қатаң «қ» дыбысын «Қаф», ұяң «к» дыбысын «Каф»
деп айтатынын ескерсек – қафсақ – қасақ – қазақ болмай
ма? Олай болса, ежелгі турандықтар Сырдария алқабынан
теріскейдегі Сібірді мекендеген көшпенділер атасы, ал
қафсақ – қасақ- қазақ ежелден келе жатқан турандықтар
ұрпағы. Дешті Қафсақ/далалық хафсақ, қасақ/ деп араб-иран
тілділер ұлы даланы мекендегендерді тұтастай осылайша
атаған еді. Арба жазуын қабылдап, Исламды мойындаған
түркілер қыпшақ терминдерін қолданысқа енгізді. Хазар
мемлекет тұсында Византия императоры Константин Богря-
нородный Солтүстік Кавказдағы елді Қасахия деп атағаны
жөнінде дерек бар. Бұл туралы Никопов жылнамасында
орыстың «Повести временных лет» тарихи мұрасынан, орыс
князі Святослав пен Мстиславтың «Қасақтармен шайқасы»
туралы да осы ескерткіштен оқуға болады. Қыпшақ тіліне ең
жақын тіл – қазақ тілі болса, қазір өзін қазақ деп айдар таққан
елден тілі бұрын пайда болған ба? Олай болмаса, қазақ де-
ген атаудың ежелден келе жатқанын дəлелдеу қиын болмаса
керек,»- деген Заким Жайлыбай тұжырымы қазіргі уақытта
«қазақ» атауы қайдан шықты деп бас қатырып жүрген кейбір
ғалымдарға «соқырға таяқ ұстатқандай» дəлел емес пе?!.
Айта берсе, сөз көп. «Аз сөз – алтын, көп сөз-күміс» де-
ген де бар.
Заким Жайлыбай осы бір еңбегін өткен ғасырдың алпы-
сыншы жылдары диплом жұмысына арқау етті де елдегі
анасының жағдайына алаңдап, ғылымнан қол үзіп қалды.
Егер сол қалпымен ғылым жолын қуса, Закеңнен айтулы
академик шығары сөзсңз еді. Бірақ, Заким Жайлыбайдың
журналистік ғұмыры өте мазмұнды əрі баянды болды.
Аудандық «Өскен өңір» газетінің редакторы бола жүріп,
қазақ журналистикасының қабырғасын ұстап отырған
бірқатар азаматтарға ұстаз болды. Өзі бейнетті сөз майданы-
на білек сыбана кірісіп, бедел жинады. Қазақ сөзінің маржа-
ны мен мəйегін терең білетін сөз зергері атанды.
Ұлттың тарихи жадын сергіту, сол арқылы жас ұрпаққа
серпін беру, екінəің бірінің қолынан келмейді. Біздің За-
ким ағамыз «Кодекс Куманикус» сияқты көнеден жеткен
сөз күмбірін қайта тірілту арқылы бүгінгі қазақ баласының
кеудесіне «бізде осындай мұралар болған, біз ірі ұлтпыз» де-
ген мақтаныш сезімін сеуіп отыр.
«Кодекс Куманикус» немес «Қыпшақ сөздігі» – орта
ғасырларда күн кешкен ру-ру, тайпа-тайпаларға бөлінген
қазақ, қарақалпақ, қырғыз, қарашай, татар. Башқұрт, ноғай,
құмық, қарайым секілді түркітектес халықтар тілдерінің
даму тарихын, олардың өзге ұлыстармен қарым-қатынасын
айқындап зерттеу үшін аса қажет те құнарлы шығарма. Де-
мек, бұл сөздік төл тіліміздің ерте кездердегі ерекшеліктері
жайында да көп мағлұмат береді. Өйткені мұнда жазылған
2940-қа жуық сөздің көпшілігі қазіргі қазақ тілінде
қолданылып жүр, – деп жазады Заким Жайлыбай.
Закеңмен əңгімелесе қалсаңыз, əр сөзді, əрбір деректі
нақты мысалдармен қабыстырып, сілтеме жасай отырып,
өрнектей жөнеледі. «Бəрінің басында сөз болған» дейді
жұмсақ жымиып...
Шынында да, бəрінің басында СӨЗ болған...
Театр мен кино актері.
Қазақстанның халық артисі
(1995).
Қазақстан
Республикасы-
ның Мемлекеттік сыйлығы (1996), Қырғызстанның еңбек
сіңірген артисі (1996), Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы
(1982).
КСРО Кинематографистер одағының мүшесі (1983).
ДОСХАН СЕРІ,
ДОСХАН САЛ
1951 ж. 7 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім
ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген. 1973 ж. Қазақ
Мемлекеттік Құрманғазы атындағы Өнер институтын
бітірген.
Фильмография
1975 — Гауһартас
1979 — Даладағы қуғын (арнайы жүлде ХІІІ КСРО БКФ)
1980 — Алтын күз (жүлде XІV БКФ)
1981 — Қош бол, Медеу
1981 — Бұлақ
1983 — Ай астындағы үй
1983 — Өтелмеген парыз
1983 — Ақ барыстың ұрпағы (Берлин кинофестивалі, Бас
жүлде)
1984 — Адам факторы
1984 — Монопат Утнапштити
1986 — Махаббат сағымы
1986 — Жəбірленушілерде шағым жоқ
1987 — Махаббат, достық пен тағдыр туралы
1990 — Құтырған иттерге құрылған қақпан
1990 — Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет
1993 — Үнсіздік кодексі – 2
1996 — Хомучи мерген
1998 — Омпа
2000 — Чек
2003 — Əркімнің өз Голгофасы бар
2006 — Көшпенді
2008 — Мика жəне Альфред
2009 — Біржан сал
Продюсер
Жоғалған жұмақ (2006)
Режиcсер
Біржан сал (2009)
Еңбек жолы
1971 жылдан қазіргі балалар мен жасөспірімдер
театрының актері. 1995 – 2001 ж. осы театрдың директоры
əрі көркемдік жетекшісі болды. Жолжақсынов театр мен
кинода 200-ден астам бейнелер сомдады. Театрда ойнаған
рольдері арасында Ақан, Сəмет (Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері
– Ақтоқтысында», «Қазақ солдаты» романы бойыншада),
Глумов (А.Н. Островскийдің «Адам аласы ішіндесінде»),
Əзберген (Ə.Таразидің «Індетінде», Қазақстан Мемлекеттік
сыйлығы,
1996;
Түркі
тілдес
халықтар
театрлары
байқауының бас жүлдесі, Қазан, 1998), т.б. бар. Актер
халық əндері мен қазіргі қазақ компози-торлар əндерін ше-
бер орындаушы ретінде де кеңінен танымал. Жолжақсынов
ұлттық кино өнерінің дамуына үлкен үлес қосты. Əскербек
(«Гауһартаста», 1976), Хамит («Даладағы қуғында», 1979),
Мұрат («Алтын күзде», 1979), Мұндызбай («Ақ барыстың
ұрпақтары», 1984, соңғы екеуі Қырғызфильмде), Дəуір
(«Омпада», 1997), т.б. рольдерді орындады. Қазақстан Ком-
сомол сыйлығының иегері (1982).
Досханның өнер жəне өмір жолына көз жүгірткен адам
оның талғампаздығын, дегдарлығын тап басып байқар еді.
Белгілі актер, менің құрдасым Болат Əбділмановтың: «До-
схан ағамыз өте талғампаз актер. Ол кез келген рөлді ой-
най салған жоқ. Қаламаған рөлінен бас тартты. Не ойнап,
не қоюды нұсқап тұратын уақытта ол Досхан үшін оңайға
түскен жоқ. Сахна мен кинода сомдаған əрбір кейіпкер
бейнесіне асқан талғампаздықпен қарай білді» деген
пікірі бар-тын. Осы пікірдің жаны бар: Досхан сомдаған
кейіпкерлердің дені ерекше талғампаздық сұрыптауынан
өткен, актердің ішкі түйсігі мен тегеурініне əбден лайық,
жүректен өткізген, жеріне жеткізген бейнелер; халық жа-
дында соншалық жақсы сақталған, əсіресе өз заманындағы
экшн-фильм «Даладағы қуғындағы» Хамит образы жас та
жігерлі Досханның өнер бəйгесіне қосқан ақбоз аты; əлі
күнге шейін ел-жұрт экрандағы Хамит пен өмірдегі Досхан-
ды бір-бірінен ажырат алмай қараса, ол шын шеберліктің, хас
өнерге деген жан толғанысы мен жан берілісінің барынша
айшықты үлгісі саналады. Қазақ кино өнерінен Досханның
ойып орын алуына осы рөлді беріле ойнауы, əйгілі кино-
режиссер Абдола Қарсақбаевтың сын тезі мен суреткерлік
шеберлігі шеңберінде айрықша талантын ашып көрсете
алуы арқасында мүмкін болды.
Бұл туралы актер “Даладағы қуғын” – менің кинодағы
алғашқы қадамым. Маған өте қымбат. Киноактер ретінде
менің өзімді, көрермендерімді қалыптастырған – осы
фильм” дейді.
Егер əйгілі орыс фильміндегідей, уақытты кері ай-
налдырып жіберетін жағдай туса, бүгінгі біздің Досхан
Жолжақсынов не Досхан Сері, не Досхан Сал болатын еді...
Неге десеңіз: Досхан Жолжақсыновтың бүткіл болмыс-
бітімі, жаратылысы, түр-тұлғасы, өнері мен таланты сол
баяғы қазақтың сал-серілеріне толық сай келеді. Осы та-
рапта Досханның өзі: – Менің өскен ортам өнерден кен-
де болған жоқ. Шешем: «Бала күнімізде ауыл арасында
Бейімбет Майлиннің «Шұғасын» жиі ойнайтынбыз», – деп
айтып отыратын. Ал əкем өле-өлгенше қолынан домбырасын
тастаған емес. Ауылдың ақсақалдары «əкең əн салғанда...»
деп əлі күнге дейін тамсана еске алып отырады. Ол суырып-
салма ақын еді. Əңгімелері де сұмдық болатын. Аузынан
Біржан сал, Ақан сері, Мəди, Жаяу Мұса түспейтін. Бай-
рон «Менің жазған өлеңдерім – бір жастан бес жасқа дейін
көрген-білгендерім» депті. Менің өнер əлеміне жол тартуы-
ма, домбыраға əуестенуіме осы əкемнің салған əндері мен
айтқан əңгімелері түрткі болды,-деп ағынан жарылған.
Бір-бірін сырттай біліп, күн сайын етене араласпаса
да, тонның ішкі бауындай сырласпаса да алыста жүріп-ақ
аралас, қатар жүрмесе де құралас адамдар болады. Біздің
Қазақстанның жəне Қырғызстанның халық артисі Досқан
Жолжақсыновпен ара-қатынасымыз дəл сондай. Тілектес,
ниеттес, қанаттас, қатарлас адамдармыз. Досхан əлемі – ру-
хани əлем. Рухани əлемде дабыра жасар дауыстың қажеттігі
шамалы; мұнда үнсіз ұғысу, алыстан араласу, сырттан сый-
ласу басым түсіп жатады. Адам жанын түсіну үшін күндіз-
түні бірге жүру міндетті емес. Құдай шебер ғой, мына дүние
қанша кең болса да адамдар үшін бір-бір шеңбер жасап
қойған. Ерте ме, кеш пе сол шеңбердің ішінде бір-бірімізбен
бəрібір жолығамыз. Досхан Қалиұлының жан əлеміне екінші
бір шеңбер ішінен қарап көруге бел байлап көрелік...
* * *
Досханның əу бастағы мақсаты өнер жолы болмаған.
Тоғызыншы сыныпта оқып жүрген кезінен ағасы оны ҰҚК
мектебіне дайындайды. Алматыға келсе, ол кəдімгі шека-
рашылар училищесі екен. Жолда пойызда келе жатып екі
құлағына суық тигізіп алады.. Содан училищенің гарни-
зонында жатқан бала госпитальдан бір-ақ шығады. Бір-екі
апта сонда жатады. Шықса жоғары оқу орнына қабылдау
емтихандары өтіп кетіпті. Ауыл шаруашылығы институты-
на, мединститутқа да, зооветке де. бəріне барады. Бəріндегі
қабылдау емтихандары өтіп кеткен. Ол кезде «пəленшенің
баласы Аламтыға оқуға кетіп, түсе алмай келіпті» деген
сөз жер бетіндегі ұят атаулының шыңы болатын. Ауылға
институтқа түспей оралу – нағыз масқараның өзі еді. Ал
енді əкесі жалғыз ауылға ғана емес, жалпақ бір облысқа
сыйлы адамдардың бірі болса, амал не?. “Жолжақсыновтың
баласы оқуға түспей келді” деген сұмдық сөз ауылдағы атқа
мінген азаматтың беделін түсіретін, бетіне шіркеу болатын
ауыр жағдай-тын. Абырой болғанда Досханның үлкен əпкесі
қыздар педагогикалық институтының музыка факультетінде
оқиды екен, сол кісі: “Мына Құрманғазы атындағы өнер
институтының театр бөліміне екінші топқа түлектер
қабылдап жатыр. Хадиша Бөкееваның сыныбына” деп бағыт
сілтейді. Досхан дереу барып, құжатын өткізеді. Бағы жанып,
емтихандардан сүрінбей өтіп, оқуға түсіп кетеді. Досханның
өнерге келу жолы осылай басталады. Бірінші курсты бітіріп,
ауылға келгенде үйлеріне ауылдың ақсақалдары жиналып,
бəрі бірдей тізіліп отырып жөн сұрайды:
– Е, бала! Қай оқуға түстің? Кім боласың?
– Құрманғазы атындағы өнер институтына оқуға түстім.
Актер боламын, – дейді Досхан.
Əкесінің Сəкен деген қалжыңбас құрдасы:
Апыр-ай десеңші, басқа оқу табылмады ма? – деп
миығынан күлген екен. Онысы – елдің баласы зооветке түсіп,
күні ертең бір совхозға директор бола ма деп жатқанда, қай-
қайдағы əртіс болам дегені несі деген нəраду байлам бола-
тын. Əкей сонда сəл ғана мырс етіпті. Онысы құрдасының
сөзін құптағаны ма, жоқ əлде ұлының талабын құп көргені
ме, белгісіз секілді. Өкінішке орай, Досханның өнердегі
жетістіктерін əкесі көре алмай кетіпті. Атақты Мейірман
Нұрекеев «əкем Рахметке –рахмет! ЖенПИ-ден басқа оқудың
бəріне түсірді, соның бірін толық аяқтағаным жоқ, ақырында
əртіс болып кеттім» дейтін. Марқұм Рахмет ағай сөйлесе –
алдына жан салмаған, қарасөзден қуырдақ қуырған, өкімет
пен партияның талай қызметін атқарған абзал адам еді;
ол да ұлының əртістік жолды таңдағанына көпке дейін
мойынұсына алмай жүріпті, келе-келе Мейірманның халық
құрметіне бөленгенін көріп, əу бастағы райынан қайтқан
екен. Сол секілді, былайғы жұрттың баласы басшылыққа
апарар білім баспалдақтарына түсіп, ауылдағы əке-шешесіне
«адам болар жолда» жүргенін білдіріп жатқанда, əртіс болу
деген «жын-перінің» ойыны секілді қабылданатыны жасы-
рын емес-тін.
Досхан 1969 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияға
түседі.. 1970 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы бала-
лар мен жасөспірімдер театрының қосалқы труппасына
жұмысқа қабылданады.. Сонда «Ақан сері – Ақтотыдағы»
Ақан серінің рөлін ойнайды. Досхан сол кезең туралы бы-
лай деп сыр ақтарады: – «Жалпы актердің қолында дом-
бырасы, көмекейінде əні, яғни, бесаспап өнерпаз болмаса
болмайды. Алдымен Алланың, одан соң əкенің қаны мен
ананың сүтінен дарыған болуы керек, актерлік кəсіпті тез
меңгердім. Менің рөлдерім театрдың ішіндегі көркемдік
кеңеске ғана емес, көрермендерге де ұнады. Негізі Ақан
сері туралы əркім əрқалай жазады. Мен болсам, образды
сомдағанда пластинкаға жазылған Шəкен ағаның дауысын
көп тыңдадым. Сол арқылы өз үнімді іздеуге тырыстым.
Ақан сері мен үшін Біржан əлеміне жол сілтеген қозғаушы
күш дер едім».
Кей-кейде Досхан Біржан сал өмірін кино арқылы
өрнектеуге не үшін барды?-деген сауал келеді көкейге.
Өзімше ой жүгіртіп, өзімше толғанған сəтте Досханның
Біржан салға баруында ішкі бір заңдылық бар сияқты көремін.
Кешегі Біржан сал, Ақан серілер – қазақтың ел ретіндегі
еркіндігінің бір белгісіндей: дəулеті тасып, мұртын көкке
шаншыған жүрттың басына бодандық қамыты кигізілді;
əуелі елдің еркі кетті, артынан еркіндігі кетті, бірте-бірте ел
кетті...Қазақтың жақсы-жайсаңдарының басына қара бұлт
үйірілді: Балуан Шолақ пен Иманжүсіп, ер Мəдилер алы-
стан атылған «қойдың құмалағындай» қорғасыннан мерт
болды; Ақан сері бастаған сал-серілер қайғы мен құсадан
азап шекті – астындағы ат кетті, қолындағы құс кетті...Абай
мен Ыбырайлардың басына қамшы үйірілді, Дəулеткерей
мен Тəттімбеттің, Құрманғазы мен Ықыластың домбырасы
мен қобызының шегі үзілді...Біржан да осы топтың ішіндегі
көрнекті бір жан еді...Оның да астынан ат кетті, алдынан ару
кетті..Ең жаманы қазақтың еркіндігін құрсаулаған қыспақтан
елдің Ары кетті...
Біржан салдың жанайғайы бүгінгі заманға жетті. Досхан
да сол Біржан салдың өзі. Өзі болмаса да көзі. Досханның
бойына құдай берген өнердің əйтеуір бір шығар тұсы бар
болса, ол өнер кешегі Ақан сері, Біржан сал өнерімен рух-
тас, сабақтас, мұралас. Досхан да «бұл заманда ойлы адамға
қызық жоқ екенін» біледі. Өйткені, алдыңғы сал-серілердің
басынан өткен жағдаяттар дəл сондай сипатта болмаса да
жанама күйінде Досханның да басынан өтті деуге болғандай.
Желтоқсанның ызғарлы желі соққанда жас Досханның дүлей
дауылдың ығында кете жаздағаны бар, əупірімдеп басқа тиер
қамшыдан құдайдың қаққаны рас; дүние-мүлік кімге жол-
дас болған, сөйтсе де бүгінде бедел мен биіктіктің өлшемі
ретінде саналатын «дүние-боқ» Досханға да біткен болатын;
біреулер келіп қол салып, қол салғанда мол салып, барынан
айыруға бет қойғанда, Досхан арынан айрылмауға жан сал-
ды. «Мал ашуы – жан ашуы» деген мəтелді маңдайына жа-
станып, жан ашуына ерік берсе, жетер жерге аяғы бар-тын,
қармайтын жерге қолы бар-тын, аяққаптай абыройын қорғап
қалар қолақпандай таяғы бар-тын...Пенделікке бой алдыр-
мау, пəтуасыздыққа ой алдырмау Досханның қолынан келді.
Осы тұста біздің қазақтың «батыр» деген сөзіне басқаша
реңкте қарайтыным бар. «Батыр» сөзінің бірінші мағынасы
ерлік жасау, ел қорғау дегенге сайса, екінші бір мағынасы –
батыр, суға батыр, қарасын батыр, амалын тап та құрт деген-
ге келеді. Баяғы батырлықтан қазір бытыраңқылыққа кеттік.
Бірақ «батыр» сөзін мықтап ұстанып қалдық. Бүгінде біз
бір-бірімізді батыруға келгенде алдымызға жан салмайтын
жағдайға жеттік...Досхан да сондай батыру əрекетін көрді,
басынан өткерді; жемтікке үймелеген құзғынша құнжың-
құнжың еткен қорқау пиғылды жан-дүниесімен сезінді;
малы ғана емес жаны да талауға түскен сəті болды, сондай
сəтте қасында ең сенімді бірлі-жарлы достары болмаса,
қалған қауымның сырт айналғанын, «шоқ-шоқ» деп табаға
салғанын, көзге түртпек, көтенге сүртпек аяр да даяр то-
быр мен тоғышар топтың тəлкегіне айнала жаздады...Соның
бəрін басынан өткізгеннен кейін ол Біржан салға бармағанда
қайда барушы еді?!. Біржан сал бейнесі – елдік пен еркіндік
қолынан кеткен, ерік пен еркелік жолынан кеткен тұтас бір
заманның жиынтығы болса; Досхан ойнаған Біржан бүгінгі
қазақтың жаһанданудан – жалаңаштануға бет алған, рухы
ұрланған, жаны жаншылған, еңсесі езілген, езіле-езіле
ертеңінен безінген бейдауа, бейшара халінің соңғы бір
тұяқсерпер нұсқасындай көрінеді. Дүниежүзі халқына түгел
таныс «SOS” деген белгі бар, Досханның Біржаны қалың
қазаққа берілген осындай бір ышқынған белгі. Даладай дар-
хан, баладай жарқын кешегі қазақтың дəулеті мен сəулеті, сəні
мен салтанаты Ақселеу аға Сейдімбекше айтқанда, «аққан
селдей, көшкен елдей» төңкеріліп түсті; бірнеше қоғамдық
қалыпқа зорлық пен зомбылық арқылы түсіп, барынан да
базарынан да айрылған қамкөңіл жүртқа əрбір жаңа ғасыр
өзінше төтен тартуын «сыйлап» келеді. Бай мен бағланды
мұрнынан тізіп, «итжеккенге» бір айдатып, бардың малын
жоқтың алдына салып, күштеп ұжымдастырып, кейіннен
ұжымның мүлкін қайта таратып, бөліске салып, нарық
заңдылықтарын көрінеу бұрмалап, ұрлық пен қарлыққа,
азғындық пен аярлыққа, жемқорлық пен құлқынқұмарлыққа
кеңінен жол ашып, елдің еркіндігі екі етікке тығылып,
жалпақ жүрттың жүні жығылып, не істерін білмеуге қараған
шақта таянарға тірек керек, жан аярға жүрек керек болады
екен. Досхан сол таяныш пен тіректі, аяныш пен жүректі
Біржан сал бейнесінен тапты...
* * *
Досхан актерлік жолдан өтіп, режиссураға келді. Қалай
келгені туралы былайша баян етеді:
– Бұрын режиссураға барған адамды көп сынайтынмын.
Оған актерлік қабілеті жоқтар амалсыздан барады деп ой-
лайтынмын. Белгілі режиссер Талғат Теменов екеуіміз 90-
шы жылдардың басында «Біржан сал» туралы фильм түсіре
бастаған едік. Сценарийге терең үңілмегендіктен бе, есімде
қалмапты. Онда Біржан туралы тек жалпылама айтылатын.
Қаражаттың жоқтығынан жұмыс орта жолдан тоқтады. Бұл,
əрине, маған оңай тиген жоқ. Өзімді Біржанның алдын-
да қарызы бар адамдай сезініп жүрдім. Ақыры, тəуекелге
бел буып, сері туралы фильмді қайтадан жалғауға кірістім.
Осы үшін театрдан кеттім. Қайта айналып театрға барған
жоқпын. Өйткені режиссура мені қызықтырып əкетті. Бұл
салада жұмысқа деген жауапкершілік əлдеқайда жоғары
екен. Бір сөзбен айтқанда, кино өнеріне деген көзқарасым
өзгерді. Ойлана келе, сценарий жазатын адам іздедім.
* * *
Кино да, театр да Досхан үшін өте қымбат. Екеуін бір-
бірінен ажырата қарамайды. Құстың қос қанатындай
көреді. Сөйте тұра аздаған айырмашылықтың бар екенін
жоққа шығармайды. Спектакльде жіберген қателікті келесі
қойылымда дұрыстап алуға мүмкіндік болады.. Ал кинода
жіберген қателікті жөндеу мүмкін емес. Досхан негізі театр
актеры болғанымен, талай киноға түсті. Танымал киноактер
болды. Кино туралы «Көшпенділерден» кейін ғана салмақтап
ойлана бастағаны туралы сөз еткені бар. Сол ой мұны
«Біржан Сал» фильмін түсіруге жетелеп əкелді. Досханға
бала кезінен-ақ əкесінің əншілігі мен домбырашылығы
жұғысты болған екен. Оның үстіне сайын даланы кезіп кетер
саятқұмарлығы, қаланың у-шуынан безіп кетер аңшылығы
жəне бар. Құсты да, «ит-құсты» да ататын өнері бір емес,
тоғызға тарта мылтық ұстатып қойғанға ұқсайды.
Бір ғажап нəрсені айналып өте алмаймыз. Құдіреті күшті
құдай адамға жолықтыратын нəрсесін түрлі нышан арқылы
ұқтыртады. Досхан Біржан сал өмірінен кино түсіруді
қаперіне де алмай жүргенде, үлкен ұлының атын Біржан деп
Ерік деген інісі атаған екен. Бір нəрсеге бірі себепші деген
осы шығар... Бір кезде жүрек түкпірінде қылаң берген ойлар
жылдар өте келе нақты идеяға, ұсынақты ұсынысқа айналып
шыға келерін кім ойлаған, кім болжаған?!. Ақан сері, Біржан
салдың есімдері Жолжақсын əулетінде жиі аталады екен,
айналып келгенде Досхан театрда Ақан серіні ойнаса, кино
актері ретінде Біржан сал бейнесін сəтті сомдап шықты.
Көкірегі қарақты көрерменнің есінде болар, Шəкен Ай-
манов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Біржан
сал» атты жаңа туындыны көрерменге таныстырған уақыт.
Фильмге қазақтың əйгілі əншісі, ақын һəм сазгер Біржан
Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығы арқау болған.
«Біржан сал» фильмінің тұсаукесері өткен Алматыдағы «Ала-
тау» кинотеатрында ине шаншар жер болмады. «Біржан сал»
фильмін тамашалағысы келген жұрт кинотеатрдың кең за-
лына симай кетті. Кинозалдан орын тимесе де жаңа фильмге
ынтыққан көрермендер залдың еденінде отырып, қабырғаны
жағалай тік тұрып, екі сағат бойы қойылымды тамашалады.
Сондай-ақ, Астана тойы кезінде «Самұрық» кинотеатрын-
да «Біржан салдың»таныстырылымы болды. Онда да жұрт
кинозалға сыймай кетті. Картинаның режиссері əрі филь-
мде басты рөлді сомдаған актер Досхан Жолжақсыновтың
сол кездегі марқайған түрі əлі есімде. Қазақ көрермені шы-
нында да ұлттық киноға сусап қалған болатын. Сол сусаған
көңілден «Біржан сал» жарқырап шыға келді. Алғашқы кад-
рлардан бастап-ақ қазақтың кең-байтақ даласының керемет
жерлері, сал-серілердің еркін де шат көңілді өмірі кеңінен суреттеледі. Қазақтың классикалық киносы – «Қыз Жібекте» режиссер Сұлтан Қожықовтың бүткіл асқақ мұраты қазақ деген халықтың барлық асыл қасиетін, байлығы мен дəулетін, ғажайып салт-дəстүрін, өзгеше өрнегі мен өнерін дүйім жұртқа паш ету болған. Сол «Қыз Жібек» экранға шыққанға дейін советтік сүзгіден өткен – қазақ халқының күллі жетістігі жоққа шығарылған, аста-төк байлығының жұрымпырымы шыққан, «сендерде мəдениет деген болмаған, жабайы халықта мұнша дəулет қайдан болсын» деген үстем де өктем пиғыл қайран киноны қайшының астына алған; содан қалған көріністерге де бұл күнде шүкіршілік айтамыз, Сұлтан ағаның қаншама дискіні əр жерге тығып, сақтауға жанталасқаны, ақырында «қорғасынды қайтару керек» деген желеумен жүрегі қан жылай отырып, соншама құнды дүниені өкіметке тапсырғанын, сөйтіп есіл еңбектің қор болғанын бүгінде біреу білсе, біреу білмейді. Шіркін-ай, дейсің осындайда, қазіргідей көшірме жасайтын мүмкіндігі болғанда Сұлтан аға Қожықов сондай асыл мұраны мұртын бұзбай бүгінгі ұрпақтың қолына ұстатып кететін еді-ау!.. Тəуелсіздіктің бір пайдасы – біздің ұрпақ қазақ өмірін шынайы бейнелеуге толық мүмкіндік алғаны. Кешегі «сендерде түк болмаған» деген астам пиғылдың күл-паршасы шыққаны қандай ғанибет! Қазақта небір көркем жер бар. Соның бірі – Арқаның Көкшетауы. «Қыз Жібекте» де Көкшенің келісті көркі бедерленген. «Біржан сал» фильмі де Біржан салдың кіндік қаны тамған жері Көкшетау өңірінде түсірілген. Қазақстанның əр өңірінде тарихи-өлкетану музейлері бар. Сол мұражайлардың көбінде қазақ халқының өткен тұрмысын көрсеткенде көбінесе жұлма-жұлмасы шыққан шидем шекпен, жұрым-пырым ескі көйлек киген адамдар сұлбасы тұратын. «Қазақта түк болмаған» дегенді айғақтайтын «тарихи жəдігерлер» еді ол. Кеңестік кинолардың көпшілігі сондай сұрқай, соншалық жұпыны, аш-жалаңаш, арық-тұрық бейнелерден тұратын; күн сайын
сондай жабайылықты көріп өскен жас буын шынында да
«бізде түк болмаған» деген түйсікпен өсіп-жетілген, ақыр
аяғында өз тарихын тəрк еткен, тілі мен мəдениетіне бір
шекесінен қарайтын, қазақ болғанға арланатын, осы елдің
өкілімін дегенге қорланатын тұтас бір ұрпақтың өркен жаю-
ына алып келген еді...
«Біржан сал» осы түсінікке тойтарыс берген, барын –
бардай, нарын – нардай көрсете алған фильм! Қазақтың та-
лантты перзенті, дəулескер күйші, «Біржан сал» фильмінің
сценарийін жазушы Таласбек Əсемқұловтың тебірене тұрып
айтқан сөзі құлақта жатталып қалыпты. Ол: – «Біржан сал-
да» біз өз ұлтын бейшара қылып көрсетіп, шетелден жүлде
алатын режиссерлерге тойтарыс беруді көздедік. «Міне,
қазақ – осындай салт-дəстүр мен мəдениетке бай халық» деп
киімнің, түр-тұлғаның, тұлпардың ең жақсыларын көрсетуге
барымызды салдық. Мəселен, серілердің əрқайсысы əр
аңның кейпіне енетін болған. Солардың біріне – аққудың,
біріне – қасқырдың, келесі біріне аю, түлкі, бұлғын,
сусарларға ұқсатып киім тігу қиынға соқты. Себебі, бұрын-
соңды тəжірибеде мұндай нəрсе болмаған. Мұны жасамасақ,
серілердің шынайы бейнесін бере алмай қалатын болдық.
Біржанның Ақсеркеш, Құндызқара деген аттарын табу да
оңай болған жоқ. Бірақ, киноның ұлттық бояуы қанық болуы
үшін өз мақсатымызға қол жеткіздік, – деген-ді.
Дайын сценарийді кино ету үшін актерлерді іріктеу, та-
ланттарды таңдау қажет. Бұл енді режиссер атаулының
«бас ауруы». Шаруаның ең қиыны – кастинг өткізу жəне
Біржанның даусын дубляж жасайтын əншіні табу болғанға
ұқсайды. Досқан Жолжақсыновтың кастингті қалай шебер
өткізгеніне білікті киногерлердің өзі тəнті. Басты рөлдерде
ойнаған профессионал актерлерден бастап көпшілік массов-
ка-сахналарда ойнаған ауыл адамдарына дейін, барлығы сол
Біржан өмір сүрген заманнан келе қалған типаждар сияқты
əсер беретінін бəрі де бір ауыздан айтады.. Біржанның ағасы
Нұржан байды – Мұхтар Əуезов атындағы қазақ мемлекеттік
драма театрының актеры Саят Мерекенов сомдаған.
Біржанның соңғы махаббаты Лəйлімді – жас əнші Аша
Матай, Мақпалды – Қыздар педагогикалық институтының
студенті Кəмшат Жолдыбаева, əйелі Əпішті – актриса
Гүлшат Тутова, Айжарқын бəдіктің рөлін – Дулыға Ақмолда,
Маңғабыл биді – Сəбит Оразбаев, Біржан мен Лəйлімнің
бір-біріне ғашық болғандығын емеурінмен жеткізуші Ма-
дияр кемпірді Қазақстанның халық əртісі Хабиба Елебекова
ойнайды. Сазгер Төлеген Мұхамеджановтың əсем əуенімен
көркемделген фильмдегі əндерді Еркін Шүкіманов, Қарагөз
Сүлейменова мен Қанат Жүніс, ал Жұбай домбырашының
күйлерін белгілі күйші Мұрат Əбуғазы орындайды.
Досханның ақпарат құралдары өкілдеріне берген бір
сұхбатында мынадай пікір өрбіткені бар. «Бəріміздің мойны-
мызда жаһандану заманында қазақы болмысымызды сақтап
қалатын ұлттық идеологияны жүзеге асыру міндеті тұр. Біз
мына фильм арқылы нені көрсеткіміз келді? Біржан — сурет-
кер, ұлы суреткер. Мүмкін, ол өмірде мүлде мұндай болмаған
да шығар. Бірақ, біз фильмде суреткер мен қоғамның, сурет-
кер мен биліктің арақатынасын көрсеттік. Əрине, фильмді
көрген көрермен Біржанның əнін тыңдап, сəн-салтанатын та-
машалап, сонымен бірге саят құрып кететіндей етіп түсіруге
де болар еді. Бірақ, одан келер ұрпақ не алады?!»
Досхан Жолжақсыновтың алғашқы режиссерлік жұмысы
жайында белгілі өнер тарланы, Қазақстанның халық əртісі
Сəбит Оразбаевтың кино түсірудің барлық тауқыметін ба-
жайлай тұрып айтқанын ұмытқан жоқпыз. «Досханның
Біржанды көп зерттегені байқалып тұр. Одан өзге Досханның
ұйымдастырушылық қабілетін атап айтқан жөн. Əртістерді
ұйымдастыру, барлық жағдайды жасау, декорацияларды құру
сияқты өте үлкен жұмыс жасалынды. Барлығы сағат сияқты
жұмыс істеп, бас аяғы 2 айдың ішінде фильм толығымен
түсіріліп бітті. Алайда түсірілімге кеткен уақыт оның са-
пасына мүлдем əсер еткен жоқ». . Бұл киноны түсіру үшін
350-ге жуық киіз үй тігіліп, 300-ге тарта ауыл тұрғындары
тартылған көрінеді. Ойнаған актерлердің ұзын-ырғасы 90-ға
жеткен.
Сал-серілер – ерекше бір құбылыс. Жаугершілік уақытта
сал-серілердің қолында найзасы болса, бейбіт уақытта олар
сол найзаны домбыраға, қобызға, жетігенге, сазсырнайға
ауыстырған. Елді аралап, жəй аралап қана қоймай, қалың
жұртты рухани құндылықтармен байытып жүрген. Салдық
пен серілік халықтың сүйген ұлдарына берген атағы. Серілер
біршама кірпияз, биязы болса, сал атаулы соншалық еркін,
ерке, тіпті шолжаң келетін. Қызды ауылдың тұсына кел-
генде аттан құлай кететін, содан қашан ауыл ақсақалдары
«барыңдар аналарға» деп пəрмен беріп, кілемге отырғызып,
арнайы отау үйге алдыртатын сəн-салтанаты болған. Кей-
кейде жеңілтек сал жігіттер ауыл-ауылды ығыр қылып, ауыл
тұсына келіп жатып алғанда – күздікүн қамыстың шетіне
от қойып, «қанша жатар екен, көрейік» деп сынаққа сала-
тыны да болған; сөйткен күннің өзінде көктүтінге қақалып
жатса да серттен таймаған салдар болушы еді, ел-жұрт
қайткенде де оларды алақанына салып сыйлаған, ерекше
құрмет көрсеткен. Бір есептен, осы сал-серілеріңіз қазақ ау-
ылдарына жəй ғана құдайы қонақ ретінде емес, бүгінгінің
тілімен
айтқанда
коммуникативті
ақпарат
жеткізуші
болғанын байқауға болады. Олар ел-елді аралай жүріп,
көрген-білгендерін айтып, кеңінен тарата жүрген, соның
арқасында интернеті жоқ, телефоны жоқ заманда қалың
қазақ елі «ұзынқұлақ» байланыстан қол үзбеген. Жаһан
жаңалықтарына құлақ түре отыратыны, ауылда отырып-ақ
тұтас кеңістіктегі ақпаратқа қанық болуы қазақтың ерекше
ойлау жүйесін қалыптастырды. Қазақтың кез келген шалы
қазір де ауылдағы шөп шабу, қой қырқуды сөз ете отырып,
алыстағы Америкада не болып жатқанына дейін, Барак Оба-
ма мен Никола Саркозимен құтты бір табақтас адамдай ете-
не ақпарат алмаса беретіні сол сал-серілер өткен жолдың
сарқыншағы іспеттес. Ауылдық деңгейден – ғаламдық
деңгейге дейін ойдың шарықтап шығуы жəне де осы
қасиеттің күні бүгінге дейін екі қазақтың бірінде сақталып
қалғанына ылғи қайран қаламын...
Досхан Жолжақсынов қойдың кезегі мен тезегін көріп
өскен адам. Оның жастай алған тəрбиесі мен тəлімі, өскен
ортасы, жеген тортасы сал-серілердің заманына тап кел-
месе де сол дəуірдің буы бұрқыраған, шуы шұрқыраған
елесіне ерте қаныққан секілді. Осы төңіректе Досханның
дала перзенті ретінде сал-серілер хақында сүйсіне сөз
еткені бар: – «Сал-серілер – қазақ киносында бұрын-соңды
болмаған, көтерілмеген тақырып. Бұрын тек əдебиеттерден
ғана оқитынбыз. Мені бұл тақырыпқа алып келген не
десеңіз, менің ортам дер едім. Мен осы Шығыс Қазақстан
облысындағы Күршім ауданы Ақсуат ауылында туып, өстім.
Кішкентай кезімде əкемнің қасынан бір елі қалмаушы едім.
Əкем Қали əнші, домбырашы, сері кісі еді. Француздың
Байроны “менің бүкіл жазғаным бір жастан бес жасқа
дейінгі түйсігім” деп айтқан екен. Сол айтқандай мені осы
“Біржан сал” фильміне алып келген, үлкен қозғаушы күш
болған өзімнің əкем, оның ортасы. Əкеге, анаға, елге деген
сүйіспеншілік арқылы ұлтымның құндылықтарына деген ма-
хаббатым оянды. Жүсіпбек Аймауытов “Мəдениет деген өз
ұлтыңды өліп-өшіп сүю” деген екен. Мен өз ұлтымды шексіз
сүйемін, ұлтыммен мақтанамын. Оның құндылықтарын
бойтұмардай сақтағым келеді. Міне, содан барып осы бір
қадамға бардым. Сондықтан сал-серілер тақырыбының мен
үшін орны бөлек».
Осы ретте дес бермес талантты тұлға Таласбек
ƏСЕМҚҰЛОВтың сал-серілер туралы ғылыми негіздегі
пікіріне құлақ түрмеске амал жоқ.
– «Қазақ əлеуметіндегі серілердің тұлғасы, алатын орны
сəл басқашалау болған. Көшпелі тайпалардың барлығы дерлік
жауынгер əулеттен тарайтын болғандықтан, қазақ əлеуметі,
қазақ халқы тұтастай əскери халық болып саналады. Шыңғыс
ханнан бұрынғы, жəне одан кейінгі жаугершіліктің тарихын
зерттеген ғалымдар көшпенділерге қатысты «əскер-халық»
(«народ-войско»), «мəңгі ел» («вечный народ» немесе «веч-
ный народ – войско») деген терминдерді пайдаланады.
Қазақтың сал-серілері соғысқа жеке шерік болып жəне
сауытсыз, жанболатсыз шығатын болған. Əрине, профес-
сионал əскери адамның қан майданға бұлай қамсыз шығуы
күмəнді сауалдарға жетелеуі мүмкін. Бұндай сауалдарға жа-
уап сал-серілердің, пидагер, құрбаншыл əскер екендігінде
жатыр. Немесе, қарапайымдап айтатын болсақ, сал-серілер
– өз еркімен тұтастай өлімге кесілген əскер. Бүкіл тарихы ат
үстінде, қанкешу соғыс үстінде өткен елдің қатыгез əскери
заңы. Оқырман, бұндай қатыгездік не үшін керек деуі мүмкін.
Тұтас бір шерік əскердің жауға сауытсыз шабуы – қалған
əскер үшін, ат жалын тартып мініп алғаш рет қан майданға
шыққан көкорай шалғын жас ұрпақ үшін ерліктің теңдесі
жоқ үлгісі, үлкен рухани жəне психологиялық көмек деп жа-
уап береміз бұндай сауалға. Қол бастап тұрған кəрі батырлар
«Əне, сал-серілер жауға сауыт кимей шапқанда, сауыт киіп
темір құрсанған сен неден қорқасың?» деп қаннан шошы-
нып тұрған жас ұландардың көңілін демдейді екен. Əрине,
көп жағдайда сал-серілердің шерігі тұтастай қырылатын
болған. Ал осы аяулы əскердің кездейсоқ тірі қалғандары
болса, бейбіт кезде олар елдің еркесі саналған. Қазақта
«аттың майы» немесе «аттың тері» деген ұғым бар. Біреудің
атын мінуге алған адам, атты иесіне қайтарғанда «аттың май-
ын» береді екен. Қазақта «аттың майы – бір тоқты», немесе
«аттың майы – бір қозы» деген мақал да бар. «Қылыштың
майы» да сол көне күндерден жеткен қасиетті ұғым. Ұрыстан
əлдеқалай аман шыққан сері ел шетіне, алғашқы кездескен
ауылдың сыртына келіп жығылады. Ауылдың адамдары
аңырап жылап кеп үстіне түскенде, сері «Қылышымның
майын бер» дейді. Бұл, серінің «қылышымды қапысыз шау-
ып, жаудың да қанын, өзімнің де қанымды аямай төктім, енді
сол қылышымның өтеуін бер» деген назы екен. Бүкіл аймақ
жиналып серіні кілемге салып немесе жатқан жерінде үстіне
отау тігіп, басына көтеріп ардақтайтын болған.
Қазақтың профессионал əн өнерін жəне аспаптық музы-
касы – күй өнерін тудырған осы сал-серілер. Үнемі ажалдың
өтінде жүретін адам – ерекше экзистенциалдық тəжірибе
иесі. Ажал менен махаббат – амбивалентті құбылыстар.
Сондықтан жорыққа аттанып бара жатқан сал-серілер
болашақ қанды ұрысты емес, қарындастың назы менен
қылығын жырлаған. Міне, көне күндерден жеткен жəдігер
осылай баян етеді.
Қазақ ордасы ұлы империяның теліміне түскеннен
кейінгі жерде сал-серілер бұрынғы мəртебесінен айыры-
лып басқа сапаға өтті. Қару-жарақ асынып жүруге тыйым
салынды, сол себепті сал менен серілер қылыш пен найза-
ны қабырғаға іліп қойып, енді қолдарына домбыраны алып
артистік богемаға айналды.
Қазақтың ұлы əншісі Біржан сал Қожағұлұлы, міне, қазақ
биліктен айрылып, тізгіні сырттан болған, малы мен жаны
талауға түскен, ардагер ұлдары абақтыға айдалған шерменде
заманда туып шерленіп өткен ер еді».
* * *
«Біржан сал» фильмінде мінсіз түсірілген эпизод-
тар жетерлік. Əсіресе, Біржан мен Лəйлімнің бірінші
жəне соңғы серуені. Досқан ағамыз фильм түсіру бары-
сында ұлы Абайдың «Махаббат тілі – тілсіз тіл, Көзбен
көріп, ішпен біл»,– деген қағидасын мықтап ұстанғаны
əр кадрдан көрінеді. Біржан мен Лəйлім суды кешіп келе
жатқанда, аттардың су астында алшаңдап басуы, керемет
музыка – бұл режиссердің, жасамыс Біржан мен албырт
Лəйлімнің арасындағы махаббатты тамашалауы емес, тіпті
Біржан мен Лəйлім екеуінің жүрек түкпіріндегі сезімнің
сыртқа шыққандағы көрінісі де емес. Бұл, Құдай қоспаған
екі адамның арасындағы, сыртқа шықпаған, сол сыртқа
шықпағандығымен, аян болмағандығымен қымбат биік
ықылас-пейілдің көрінісі. Біржан мен Лəйлімнің соңғы рет
кездесіп қоштасу эпизоды қазақты былай қойғанда бүкіл
əлем киносында өзінше өрнекті, өзгеше көрнекті көрініс
екенін айту қажет. Лəйлімге хабар жеткізем деп қолға түскен
Байкенжені босатып алу үшін Жанбайдың ауылына барып
қайтқан Маңғабыл би Біржанмен қоштасып тұрып «Айтты-
рылып қойған қызды бұзып алам деп еліңе пəлекет əкеліп
жүрме. Есіңде болсын, ұрғашы көп, ел біреу-ақ» деп елдіктің
жолын нұсқайтыны бар. Біржан заманында адамдар сөзге
тоқтаған. Лəйліммен ақырғы рет жүздесіп тұрып Біржан да
бəрінен бас тартады. Лəйлімге қайырылмайды.
Адамның өз еркін жеңуінен артық қандай ерлік бар?
Біржан ел мүддесі үшін сондай ерлікке барады. Өнер адамы
ретінде Досхан да өз еркін жеңе алатынын əрдайым дəлелдеп
келеді.
* * *
Еш нəрсе өздігінен болмайды. «Ұйықтаған ойды кім
түртпек» дегендей, біріне бірі себепші. Досхан белгілі
мəдениеттанушы Əлия Бөпежановаға жолықпаса, ол Та-
ласбек Əсемқұлов деген білімдар азаматқа Досханның түпкі
мақсатын жеткізбесе, екеуі бірлесіп жарым жылдай сцена-
рий жазумен айналысар ма еді?!.
Таласбек айтады:
– Дайын сценарийді шілденің орта шенінде Досқан
Жолжақсыновтың қолына табыс еттім. Досекең сценарийді
бірден ұнатты. Əрине, фильм бір күнде түсірілген жоқ.
Сценарийдің көркемдік кеңестен өтуінің өзі бір машақат.
Əрқайсысы өздерін Феллини мен Антониониден кем са-
намайтын режиссерлер, өздерін Франсуа Аркаллиден кем
санамайтын сценаристер Досқан Жолжақсынов екеумізді
қасқырша талады. Əйтеуір шегінумен өттік. Одан кейін де то-
лып жатқан қиыншылық. Досекең келешек күннен ешқашан
үмітін үзбейтін оптимист адам. Сценарий қабылданбай жа-
тып болашақ фильмге керек ат əбзелін, киім-кешек, түрлі
мүлікті жинай бастағанда қайран қалған едім.
Досхан айтады:
– Ол кездегі студияның басшылары ұлттық мəдениеттен
алыстау адамдар болатын. Сондықтан оларға сал-серіліктің
не екенін, қазақ үкінің орнына асыл таққанын, халқымыз
сал-серілерін қалай қастерлегенін түсіндіріп, біраз əлекке
түстік. Содан кейін ғана сценарий бекіп, қаражат бөлінді.
Алғашқы түсірілім өткен жылдың мамыр айында басталды.
Киноның ортасында мəйітті жерлеуге əкеле жатқанда
кішкентай қыздың жүгіретін жері бар. Ол эпизодты біз
Қордайда түсірдік. Əдейілеп барып, қызғалдағы көп жерді
көріп кеткенбіз. Төрт күннен кейін түсіру тобымен барсақ,
қызғалдақтың барлығы күйіп кетіпті. Енді қайттік? Басқа
жерге көшу мүмкін емес. Содан бір төбе тұр екен. Оның ар
жағы толған сары гүл. Мəйітті сары гүлдің үстінде түсірдік.
Қазақ «сары уайым» деп тегін айтпаған ғой. Түсірілімді 5
маусым күні бастап, 5 тамыз күні бітірдік.
Əр күнім қалай өткенін білмеймін. Құдды ертегідегідей.
Зымырап өтті де кетті. Əртістерім де көңілімнен шықты.
Экраннан байқасаңыз, əр актер өзін лайықты деңгейде
алып шықты. Көзқарасы да, жүріс-тұрысы да шынайы,
сенімді болды. Түсірілім аяқталған соң досым Иманғали
Тасмағамбетовке киноның алғашқы нұсқасын көрсеттім.
Талғамы жоғары азамат қой. Мен қаншалықты кəсіби ма-
манмын десем де, ол мен байқамаған кемшіліктерді көрсетіп
берді. Фильмді көргеннен кейін Иманғали: «Астана күніне
алып келсең қайтеді?» – деген ұсыныс білдірді. Келістім.
Уақыт тығыз. Тезірек қимылдап, киноның дыбысын қойып,
монтаждауға Мəскеуге тарттым.
* * *
Біржан сал əлемі –сыршыл да мұңшыл əлем. Құдай
берген өнері бір басына жетеді. Қазақтың нешеме буыны
таңдайын қаға тыңдайтын қаншама əн қалдырды артына.
Біржанның басынан өткен, ақырында шерлі де шерменде
күйге жеткізген ахуал айналып келгенде барша қазақтың
ұлттық қайғысы еді. Отарлаушы елдің табанына қазақ рухы
тапталды. Өз мəдениеті, өз дəстүрі бар ғажайып елдің басы-
на құлдық қамыты кигізілді. Торға түскен торғайдай тыпыр-
тыпыр еткен шарасыз хал ең еркін деген сал-серілердің аузы-
нан ыза мен азаға толы жалынды шығарды. Жалғыз Біржан
ғана емес, сол кезеңнен бастап бүткіл қазақ қоғамының
өмірі «кедейдің келте пішкен қамзолындай» шыр айналды.
Біржанның Алаш азаматы ретінде ең бір толықсыған кезін
алсақ, алдымен, ұлтына, жеріне деген махаббаты жоғары
тұрар еді. Бұл – Біржанның бүкіл болмысы. Ел үшін өзінің
сезімін, махаббатын құрбан ету пенде үшін оңайға соққан
ба? Досхан Біржан сал өмірін экрандау арқылы қазаққа
не керек деген сұрақтың төңірегінде көп толғанса керек.
Ұлт өзінің тілі, ділі сияқты ұлы құндылықтарынан айрыла
бастағанда, көнеден келе жатқан дəстүрдің керегесі сөгіліп,
кестесі сетіней бастаған тұста əрбір суреткер қарманарға
таяныш іздейді. Біржанға түбегейлі бет бұру арқылы До-
схан осы олқылықтың орнын көркем дүниемен толтыруды
көксеген екен. Онысының орамы ойдағыдай келгеніне жұрт
куə.
Фильмде қазақ ауылына кеудесін кере келген орыс əскері
бар. Жəй келмей, қазақты «Они свободные» деп кекете
келеді. Бір қарағанда, біздер тəуелсіздіктің тəтті дəмін татып,
өз алдымызға дербес ел болып үлгергендейміз-ау. Əйтсе де
шынайы еркіндіктің ауылы əлі алыста екенін бəріміз де іштей
ұғынамыз. Қазақ елінің тəуелсіздігін, еркіндігін, ел болуға
бет алғанын мойындағысы келмейтіндер, қолынан келсе
көлденең тұрып та, буынсыз жерден пышақ ұрып та алға
жылжытқысы келмейтіндер, тіпті ашық көре алмайтындар
да бар. Досхан «Біржан сал» фильмінде осы көрініс арқылы
барша қазаққа ой тастайды. Ол ойын былай сабақтағаны
бар: -«Қазақ қасқыр алса тазымен, еңбегімен алады емес пе?
Даланың еркін көкжалының жан тапсырған кездегі аспанға
қарап, Тəңірден жəрдем сұраған сəтінің Біржанға əсері –
екеуінің үндестігі. Қасқыр даланың еркін аңы болса, Біржан
халқының, қазақ даласының еркін қыраны екенін көрсетуге
тырыстым».
Досхан орындайтын рөліне, айтатын əніне өте жоғары
талғампаздықпен қарайтын өнер адамы. Осы талғампаздық
кинода Біржан Көлбайдың ауылына қонғанда, Лəйлімнің
салдың «Ғашығым» əнін орындайтын жерінде айқын
көрініс береді. бар. Бұл əнді Досханның жары, сөз зергері
Асқар Сүлейменовтің қызы Қарагөз орындайды. Талантты
жандардың ішкі үйлесімі кино тілінде де жақсы жарасым
тапқан.
Досхан бір сұхбатында бала тəрбиесіне жоғары мəн
беретінін айтады. Оның отбасында қазақ рухын бойы-
на сіңіріп келе жатқан жас толқын желкілей өсіп келеді.
Қояндыға Омбыдан ұлық келетін кезде əн салып отырған
Біржанды поштабай қамшымен тартып жіберетін сюжет
бар. Сол сəтте жиналған жұрттың ішінен бір кішкентай
қыз «ұрды» деп айқай салады. Сол қыздың рөлін ойнаған
Досханның қызы – Ділдə.
«Бұл кино тек қазақ үшін түсірілген. Он қазақ жиналып, киноны көріп, «ай, шіркін» десе, жетіп жатыр. Ішкі ұстанымым мені алдаған жоқ. Ішкі тегеурінім ұлттық дүниеге келгенде алдамайтынын білдім. Өзім ойнап, жүгіріп келіп, мониторға қараймын. Мынау дұрыс, мынау бұрыс деп түзетіп отырдым. Бұл фильм менің Досхан ретінде қалыптасқан болмысымның жиынтығы іспетті. Осыны халқым қабылдаса, одан артық ештеңе керек емес». Бұл Досханның ақжарма пікірі, ақ адал сөзі. Доскең баяғыда ақын Сағи Жиенбаевтың сөзін жазылған «Қарттарым, аман-сау жүрші» деген əнді шəшіне келтіріп орындайтын. Сол əнде «Құрыштан құйған құдірет, қарттарым аман-сау жүрші» дейтін жолдар бар еді. Осы сөзді сəл өзгертіп айтар болсақ, былайша шығады: Құрыштан құйған құдірет, Досханым аман-сау жүрші!! Қазақта Шерхан – біреу, Шархан – біреу. Шархан деген атты əкесінің інісі, Əзілхан ағасы қойған екен. Ол «Мың бір түн» деген кітапты оқып жатып, соның ішіндегі бір кейіпкердің аты Шархан екен, бір жағы өзіме ұқсас болсын деп қойған көрінеді. Шарханның өзі кейін «Мың бір түннің» 4 томын қанша қараса да одан Шархан деген атты таба алмапты. Сірə, ол 1956 жылы Қалмақан Əбдіқадыровтың аудармасымен шыққан алғашқы нұсқасында болса керек... Қазақтың талантты ақыны Есенғали Раушанов «шар» деген 4 деген мағынаны білдіреді. «Сен əлемнің 4 бұрышының ханысың» деп те түсіндіретін көрінеді. Шарханның өзі бұл «шарқ», яғни Шығыс деген сөзден шықты ма деп болжалдайды... Шархан жас кезінде атасы Кенжеғараның тəрбиесінде болады. Ол кісі Орынборда өткен бүкілқазақтық алғашқы сиязға қатысқан, кейін Шалқар аудандық партия комитетінің 2-ші хатшысы болған көкірегі ояу, көзі ашық адам. Сол ШАРХАН
сиязға Аралдан екі-ақ адам барған, бірі осы Кенжекең, екіншісі – Қосымов. Шархан мен інісі Алпысбайды ( Алпысбай Қазығұлов – қазақтың керемет суретшісі) атасы бауырына басады. «Мына қисықбастарыңды өзің тəрбиеле» деп қалған немерелерін баласына тапсырған екен. Шархан жас күнінде жалауық болса керек, атасы əзер дегенде «Шарханау, ананы қара, мынаны қара» деп жұбатады екен... Шархан Қазығұловтың өмірінде 4 деген сиқырлы цифр бар. Ол Балқаш аудандық газетінде 4 жыл, Іле аудандық газетінде 4 жыл, арасына үзіліс салып 4 жылдан екі рет Үкімет баспасөз қызметінде, 4 жылдай «Қазмұнайгаз» баспасөз қызметінде еңбек етеді. Өзі уығын көтерген «НұрАстана» газетінде де 4 жыл бас редактор болды. Қолға алған ісін шырқ үйіретін Шархан бүгінде «Анар-Медиа» ЖШС директоры, «Айқара» газетінің құрылтайшысы. «Айқара» жобасының авторы жəне жетекшісі. Атақты Шерхан ағасы сияқты Шархан да өмірбақи шындық іздеп шырылдап келеді... Халықаралық «Түркістан» газетінің Бас редакторы, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның мəдениет қайраткері Шəмші Паттеев ердің жасы – 50-ге келді. Ол қазақтың біртуар асыл азаматы Дінмұхаммед Қонаевпен бір күнде туған. Жылда Шəкеңнің туған күніне жиналған адамдар Димекеңнің атын атап, рухына бас иіп қояды. Шəкең де өз туған күнін алға тарта бермей, Димекеңнің дүниеге келген күнін ерекше екпін түсіре айтып отырады. Сөйткен Шəмшіні жақыннан білетіндер де, жаңа танысқандар да, алыстан сыйласқандар да «Шəкең» деп атайды. Осы бір сөзге халықтың ыстық ықыласы мен құрметі сыйып кеткендей... *** Шəмші туралы жазу бір жағынан оңай, бір жағынан қиын. Оңай болатыны – оның бүткіл саналы ғұмыры менің көз ШƏМШІ
алдымда. Осыдан отыз жыл бұрын біз КазГУ-ге түскенбіз.
Бірге оқығанбыз. Бірге өскенбіз. Содан бері бірге жүрміз.
Ал Шəкең туралы жазудың қиын болатыны – бір
жолғы мақалаға оның бүткіл болмысын, жаратылысы мен
табиғатын, мінезі мен адамдық қасиеттерін, қайраткерлігі
мен азаматтық жетістіктерін кеңінен сыйпаттай, сыйғыза
аламыз ба деген алаң көңілдің ойға шідер салатыны.
Тарих пəнін бəріміз де оқыдық. Осы тарих сабағын
оқыту əдістемесі бойынша біз бəрін де атам заманнан ба-
стаймыз. Біздің эрамызға дейінгі пəленшешінші ғасырда
деп алып, содан бері қарай тарта береміз. Бүгінгі күнге жет-
кенше оқушының ішегі айналып, кешегі оқығанын ұмытып
қалатындай жағдайлар болады. Ал енді сол тарих пəнін осы
күннен бастап, кешеге, одан арғы тарихқа қарай бойлап
оқытса, оқушы зердесіне жақсы сақталатын, миына мейлінше
сіңімді болатұғын көрінеді. Біз де сол əдіспен Шəкең туралы
сөз еткенде, кешеден бері қарай емес, бүгіннен кешеге қарай
жол тартып көрсек қайтеді?!.
Сонымен, бүгінгі Шəкең елдің көз алдында. Оның қазіргі
түріне қараған адам елуге келді демейді, одан үлкен жасты
еңсерген екен деп ойлайды. Былтыр Қызылорда облысының
70 жылдық, Ақмешіт шаһарының 180 жылдық тойы бол-
ды. Республиканың зиялы қауымын заманымыздың заңғар
жазушысы Əбдіжəміл Нұрпейісов бастап барды. Сол той-
ды ұйымдастырушылар «бұл кісілердің арасындағы жасы
үлкендері қайсы» деп менен сұрағаны бар. Сонда «ең үлкені
– Əбдіжəміл Нұрпейісов, одан кейін – Шəмші Паттеев,
қалғандарын сақалы мен шашынан анықтап аларсыңдар»
деп жорта айта салған едім. Той біткенше Шəкеңе бас
пен жамбас қатар тартылып, біраз сый-сияпат көргені
бар. Соған қарағанда, Шəмшінің жасы өз қатарластарына
қарағанда шынында да үлкен көрінетін болуы керек...Ме-
нен ешкім «Шəкеңнің жасы үлкен емес екен ғой» деп қайта
сұраған да жоқ. Сұраса, оған да айтар жауабым даяр еді:
«жазушылардың үлкені – Əбекең екені рас, ал одан кейін
жолы үлкені – Шəмші». Қазақ жас пен жол жағын ылғи да
естен шығармайтын ел ғой. Қасиетті Отырабатта туған,
киелі Түркістан қаласында өскен, қазақтың ата жолына кел-
сек, жасына қарамастан жолы үлкен болып шығатын жөні
бар болғасын, Шəкеңе былай да кəделі құрмет көрсетілуге
тиіс болатын...
Бүгінгі Шəмші – нағыз өскен, толысқан, кемеліне келген
азамат. Оның шашы ерте түсті. Қара басының емес, қара
халықтың жағдайын жиі ойлағандықтан болар деп ойлай-
мын. Елдің қамын ерте ойлау дағдысы оған ұстазы Қалтай
аға Мұхамеджановтан жұғысты деуге негіз бар. Шəмші
Қал-ағаң «Түркістан» газетінің бас редакторы болғанда
орынбасары болды. Оны былай қойғанда қани да, рухани
да інісі болатын. Қал-ағаңның тауып айтар айтқыштығы
біздің Шəкеңде де бар. Шəкең айтқан қанатты сөздерді
жинақтайтын Жаңабектер болса, олары бір кітаптың жүгін
арқалайтыны даусыз.
Бүгінгі Шəкең – ойшыл. Қашан да заманымыздың жан-
ды тұстарын жадынан шығармайды.Əшейінде сабырлы
Шəкеңнің еті қазақ дегенде қызады. Қазақтың қабырғасына
батқан қордалы мəселенің бəрі Шəкеңнің денсаулығынан
білінеді. Ұлт жайын ойлағанда ұйқысы қашады. Қазақтың
намысы таразы басына түскенде қан қысымы көтеріледі.
Уыс-уыс дəрі ішеді. Еріккендіктен немесе ермектен емес.
Шын жанына батқандықтан. Шын күйзелгендіктен. «Төс
айылдың батқанын иесі білмес, ат білер, ер жігіттің қадірін
жақыны білмес, жат білер» дегендей, Шəкеңнің ұлт мұратына
адалдығын алты Алаштың баласы жақсы біледі. Оның кескін
келбеті замандастарына қарағанда ересек, сəл үлкендеу
көрініп жатса, ол ойлылықтан деп білемін. Шəкең биік
мінберлерде шешен сөйлей алады. Ұлт мəселесіне қатысты
қадау-қадау ойлары кезінде «Күлтөбе» хабарында, Иманбай
Жұбай жүргізген «Бар мен жоқ» бағдарламасында, кейін тез
ашылып, тез жабылып қалған «Бас редакторлар клубы» атты
Бекболат Тілеухан жүргізген хабарда кеңінен көрініс тапты.
Қазір де ой іздеген адам болатын болса, Шəкеңді кез келген
хабарға тартсын, қандай сөйлейді, қандай ойларды айтады!
Шəкең – ұлтжанды. Тіпті ұлтшыл азамат. Ұлт мүддесі
жолында айтысқа да, тартысқа да барып жүр. Ол басқарып
отырған «Түркістан» газеті шын мəнінде ұлт қорғанына ай-
налды. Қазақ ұлтына қатысты кез келген мəселе осы газеттің
бетінде кеңінен көрініс тауып жатыр. Ұлт мəселесіне кел-
генде Шəкең мінезді. Алған бетінен қайтпайды. Бірбеткей.
Өз қағидасы мен көзқарасын өзгертпейді. Сондықтан да
ұлт мəселесіне қияс келгендер де, қағыс қалғандар да,
қарсы шыққандар да «Түркістан» газетінің бетінен тиісті
«сыбағасын» алады...Небір лауазымы жоғары мемлекеттік
шенеунік қия басқан қадамы үшін, жаза басқан жұмысы үшін
осы газеттің аяусыз сынына ілінеді. Бұл газетті басқарып
отырған азаматтың ер мінезін, байыпты байламын, биік ой-
өресін көрсетсе керек.
Шəкең – мемлекетшіл. Ол қазақ мемлекеті дегенде
ішкен асын жерге қояды деуге əбден болады. Бұған өз ба-
сым талай рет куə болғандықтан айтып отырмын. Қазақ
мемлекетіне қатысты кез келген мəселеге шыр-пыры шыға
араласады. Елдік мұраттарға шаң жуыттырмайды. Мемлекет
тағдырына қатысты ірілі-ұсақты істердің ешқайсысына бей-
жай қарай алмайды. Кейде «осы Шəкең анамен де жақсы,
мынамен де жақсы.., бəрімен жақсы болу мүмкін бе..» дейтін
сөздерді құлағымыз шалатыны рас. Басқаны қайдам, менің
аңғарғаным – Шəкеңнің адамдармен жақсы болатыны,
біріншіден, жаратылысынан, туа біткен тектілігінен бол-
са, екіншіден, кəкір-шүкір мəселені көңіліне алмайды, кек
тұтпайды, өлшемді ірі алады, пейілін кеңге салады. Ол қазақ
мемлекетінің ертеңі үшін кез келген адаммен кеңесуге даяр.
Осы елдің мемлекеті нығайсын деген тілектегі кез келген
адамды өзіне дос тұта алады. Пікірлес, ниеттес, тілектес
бола алады. Бұл менімше, үлкен қасиет. Көп ретте біздің
үлкен лауазымды қайраткерлеріміздің көбісіне жетіспей
тұрған қасиет...
Кезінде журналистика факультетінде оқып жүргенімізде
біздің курстың кураторы, марқұм Қабижан Паңгерейұлы
біздің əрқайсымызға сынай қарап отырып, былай дейтін еді:
«Осы сендердің мінездерің əрқилы. Мұржаларың қисық,
қисық. Бірақ түтіндерің түзу». Кең болуды, кең қарауды,
кеңінен ой толғауды, Шəкең сірə, осындай ұстаздардан да бойға сіңірген болуы керек... *** Қазақта Шəмші көп те емес, аз да емес. Ең атақтысы – Шəмші Қалдаяқов. Одан кейінгіде осы Шəкең. Жұрт «қай Шəмші» дегенде, елдің бəрі «Біздің Шəмші» деп жатады. Біз сөз етіп отырған Шəмшінің адамдық, азаматтық, адамгершілік қырлары мол. Ол өмірде адамдық қарымқатынасты бəрінен де жоғары қояды. «Адамның күні – адаммен» деген қағидатты қаперінде қатты ұстанады. Оның араласатын адамдарының қатарында кім жоқ дейсіз, санамалап жатсақ кейбіреудің көңіліне келер. Шəкең үлкенмен де, кішімен де тез тіл табысады. Сыйласқан адамына астындағы атын түсіп беретін мырзалығы бар. Сырласқан адамына жүрегі елжірей көрсететін ырзалығы бар. Біздің Шəкең қазақтың небір асыл қасиеттерін бойына сіңірген адам. Соның ішінде оны ерекшелейтін екі нəрсе: Шəкең торқалы той мен топырақты өлімнен қалмайды. Кез келген қазақтың басында болар осы екі жəйтті Шəкең ешқашан қалт жіберген емес. Сонымен қатар Шəкеңнің бойында құдай берген өнер бар. Ол əнді айтқанда жан-жүрегімен беріле айтады. Қазақтың Затаевич жинаған мың əнінінің мəтінін түгел жатқа біледі десем, артық айтқандық емес. Ол əншейінде бойындағы өнерін жұртқа жайып көрсете бермейді. Бірақ, елдік намыс ортаға түскенде, халықтың артықшылығын көрсетуге тура келгенде ештеңеден де аянбайды. Бұған қатысты өзім куə болған бір жəйтті айта кетпеске амал жоқ. 1995 жыл. Мысыр. ТМД елдерінің түкпір-түкпірінен жиналған журналистер мінген теплоход Ніл өзенін бойлай бес күн жүзді. Ежелгі Египеттің небір жауһар жерлерін аралап, көріп келеміз. Күндікке көрікті жерлерді аралаймыз, көне Мысырдың қатпар-қатпар тарихына бойлаймыз. Түнде кеме үстіне бəріміз жиналамыз. Осы жерде əр елдің журналисі өз өнерін көрсетеді. Біреу гитарамен əн сала-
ды, біреу би билейді дегендей. Сондай бір отырыста алқа-
қотан отыра қалып, баяғы КСРО əндері шырқалды. Орыстар
өзінше, украиндар өз бетінше, біздер – қазақ пен қырғыз
өзімізше отырған едік. Мысырға келгендердің елдері КСРО-
дан кіндік үзсе де, кеңестің əнін сағынып қалған ба, дауы-
сы айрықша шығып жатқан қазақ пен қырғыздың қасына
шырқ үйірілді. Оларды шырқ үйірген біздің Шəмші еді.
Шəмшінің бір ерекше қасиеті – жады мықты. Кеңестің
орысша əндерінің бəрін түп-түгел, бір сөзінен жаңылмастан,
бір сөзін бұзбастан айтып шықты. Одан кейінгі кезек укра-
ин əндеріне келді. Шəкең одан да сүрінген жоқ.Ұяңдықтан
ада украин қыздары ауыздарын ашып, көздерін жұмды. Бір
кезде белорустардың əнін бастады. Ақ балтырлы белорус
қыздардың да ауыздары ашылып, аңтарылып қалды...Кезек
қырғыз əндеріне келгенде, Жеңішкүл деген қырғыз қыз бар
еді, еркек біткенге елп етпейтін, сезім дегенде селт етпейтін
суықтау қыз секілді болатын, соның өзі Шəкең салған əнге
жүрегі елжіреп, көзіне жас алды. Қашан аттанып кеткенше
«бəйке-бəйке» деп жанымыздан бір елі қалмады. Содан не
керек, біздің Шəкең отырыстың гүлі болды. ТМД елдерінен
келген журналистердің барлығы да Шəкеңнің өнеріне тəнті
болды.
Осы сияқты бір жағдайға досымыз Жүсіпбек Қорғасбек куə
болған екен. Оны да айтпасқа болмас. Бір топ қазақстандық
журналист
Англияға
барады.
Лондонның
төрінде
ағылшындардың небір мықты бизнес өкілдерімен кездеседі.
Сондай кездесу барысында біздің Шəкең оларға сұрақтарды
қарша боратады. Банктердің капиталдандырылуы, биржа
бағамы, құнды қағаздар котировкасы деген сияқты анау-мы-
нау адамдар түсіне бермейтін қаражат əлемінің құпиясына
Шəкең дендей енеді. Осы саланың майын ішкен небір мықты
мамандар біздің Шəмшінің аузына қарайды. Шəкең ойға
салса, төске озып, төске салса, көшке озып, қаражат ісінде
жүйріктігін білдіреді. Қыл аяғында ағылшын мырзасының
бірі шыдамай кетіп, «сіз Қазақстанның қай банкінде қызмет
істейсіз» дейді ғой. Біздің Шəмші «жоқ, ешқандай банкте
істемеймін, жəй журналистпін» дейді. Анау біразға дейін
сенбей, ақыр соңында өз компаниясына қызметке шақырып, ұсыныс жасайды. Міне, біздің Шəмшінің алғырлығы. *** 1979 жыл. КазГУ. Журфак, Оқуға жаңа түскен бетіміз. Бір курс екі топқа бөлінеді. Мектепті жаңадан бітіріп келіп түскендер – бір топ. Оқуға өндрістен, не «подкурстан» келіп түскендер – бір топ. Бірақ бəрімізге де ортақ лекция. Сабақты бір жерден оқимыз. Тамақты да бір жерден ішеміз. Журфактың 5-ші жатақханасында жатамыз. «Подкурстан» келіп түскен жігіттердің ішінде қою қара мұртты, қалың бұйра шашты бір жігіт ерекше көзге түседі. Өзі біртоға. Көп күле қоймайды. Ұстамды. Салмақты, Сабырлы. Оның қасында мектепті жаңа бітіріп түскен біздер көбелек сияқтымыз. Ұшып-қонып жүргеніміз... Лекция басталысымен біздер оқытушының аузына қарап, əр сөзін бағып, апыл-ғұпыл конспект жазып əбігер болып жатамыз. Жаңағы жас жігіт сабаққа кейде дымнан дымсыз келеді. Конспект жазатын дəптері де жоқ. Қолында қалам да болмайды. Келеді де үнсіз ғана ұстазды тыңдап отырады. Бір нəрсе жазбайды. Бір нəрсе түртпейді. Кей-кейде өз лекциясын қатты қадағалайтын, мазасыздау оқытушы «жазып отырсыңдар ма?» деп бізге шұқшия қарайтыны бар. Сол кезде əйтеуір бір қағазды алып, бірдеңе түрткен кейіп танытып, қалған уақытта ештеңе жазбайды. Оған «Сессия басталғанда көрерміз бұл мықтыны» деп ара-тұра алакөзденіп қарайтындар да жоқ емес. Сөйтіп жүргенде қысқы сессия да келді. Сабақ басталғаннан конспект жазып, жазғандарымызды қайтақайта қарап, емтиханға ерекше дайындықпен келген біздердің «біліміміз» түк болмай қалды. Қожакеев «əй, мұрт» деп айдар таққан Шəмші Паттеев барлық емтиханнан сайрап жауап беріп, сүрінбей өте шықты. Алатыны – кілең «бес». Бір нəрсе түртпей, бір сөз жазбай да мұндай баға алуға болады екен-ау, деген ойға тірелгендер келесі сессияда сынақтан мұрттай ұшып жатты...
Сөйтсек, Шəмшіде туабітті қабілет бар екен. Оның есте
сақтау қабілетінің зор екеніне өз басым куəмін. Ол осы
уақытқа дейін кісілердің телефон нөмірлерін қағазға, не
қойын кітапшаға жазған емес. Бəрін есте сақтайды.
Қазақтың біртуар азаматы, Мемлекеттік сыйлықтың
лауреаты, жазушы, этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбек
мұндай қасиетті «далалық зерде» дейтін. «Далалық зерде»
отырықшы елде сирек болады, бұл көшпелі қоғамның айқын
белгісі, ататек шежіресі мен қазақтың аңыз-дастандары,
небір жауһар жырлары ауыздан ауызға, ұрпақтан ұрпаққа
осы «далалық зерде» арқылы жетіп отырған деп шегелей
түсетін. Осы «далалық зерде Нұрсұлтан Назарбаевта, со-
сын Қабылсаят Əбішевте бар» деуші еді. Ол кісі Шəмшімен
тығыз араласқан жоқ. Егер Ақаң онымен біз сияқты арала-
сып, Шəкеңді біз сияқты білетін болса, сөз жоқ «далалық
зерде Шəмші Паттеевте де бар» дейтіні анық еді...
Біздің курс Шəмшіге «Біздің Плеханов» деген айдар
таққан болатын. Оның себебі бар. Алғашқы сынақ бəріміз
үшін оңай болған жоқ. Талай адам екі алды, талай адам
қайта емтихан тапсыруға жіберілді. Бұл «қайтсек те жақсы
оқимыз» деген біздің талабымыздың тауанын шаққандай еді.
Енді қандай амал керек? Курста бір-екі озат болып, олардың
жеке дара қара үзіп шапқаны қалғандарымызға абырой
əпере ме? Əрі-бері ойласа келіп, бүкіл курс болып емтиханға
бірге даярлануымыз керек деген шешімге тоқтадық. Күн
ұзаққа Пушкин кітапханасынан шықпайтын Бейбіт Сапара-
лы, Алтынбек Сəрсенбаев, Еркін Қыдыр, Дархан Мыңбай
сияқты үздіктер оқыған кітаптарының мазмұнын жұртқа ба-
яндайды. Сол жерде сұрақтар қойылады. Бəріміз таңға дейін
отырып емтиханға əзірленеміз. Бұл бір жақсы əдіс болды.
Сабаққа мықтап кіріскендер де, қалай болса солай барып
жүргендер де барлық пəннен хабардар бола бастады. Сон-
дай кездері білім сайысында ылғи да Шəмші көзге түседі.
Жұрт сияқты кітапхана жағалап жүрген жоқ. Жатақханада да
кітап бетіне үңіліп жатқаны шамалы. «Қай уақытта оқиды?»,
«Кітапханаға қай кезде барады?»..Жатқан жұмбақ. Бірақ
білмейтін нəрсесі жоқ. Антикалық əдебиет десеңіз – одан,
шетел əдебиеті десеңіз – бұдан, қамшы салдырмайды,
Журналистика факультетінде тарих пəні тереңдете
оқылады. Соның бір саласы – КПСС тарихы. Оның ішінде
большевизм бар. Плеханов, Мартов, Ленин, Троицкий
арасындағы таластардың «мини көшірмесі» біздің емтиханға
əзірліктеріміздің кезінде де жүретін. Кім екенін қайдам, ду-
алы ауыз бір жігіт сол тұста Шəмшіге «Плеханов» деген ай-
дар таққан. Содан бастап, қашан журфакты бітіргенше, тіпті
одан кейін де талай уақытта біздер Шəкеңді «Біздің Плеха-
нов» деп атап кеткен едік...
Сондай дабырласқан, дауласқан ұзақты түндерде
сабақтың арты міндетті түрде қазақ мəселесіне ойысатын.
Ол кезде қазақ мектептері жабылып, қазақ тілі қоғамнан
ығыстырылып, кеңестік саясаттың «түбі бəріміз бір халық
– совет халқы боламыз» деген салмағы санаға батып
тұрған уақыт. Студент қауымы қайбір жарытып ас ішіп,
аяқ босатқан. Қыздардың бөлмесін жағалап сұрап алған
қара нанды пиязға араластырып жеп, бір литрлік банкімен
қара шəйды мұрнымыздың үстін терлетіп отырып, ұрттап
ішіп алғаннан кейін Шəкеңнің айтар сөзі: «Ал қарын той-
ды, енді қазақтар туралы айтайық» деген сөз еді. Қазақ
елінің болашағы, тағдыры, тілі мен жері туралы таң атқанша
даурыға сөз етуші едік...
Шəмшінің білімдарлығы мен бегдарлығы, азаматтығы мен
бекзаттығы ең алдымен тəрбиеден, сосын энциклопедиялық-
академиялық білім өресінің биіктігінен екендігіне дау жоқ.
Біздің Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетін, оның
ішіндегі журналистика факультетін бітіргендер арасында
мұндай білімдар адам өте сирек.
Менің көз алдыма журфак дегенде, КазГу дегенде
кілең сарауыз балапан секілді Бейбіт Құсанбек, Алтын-
бек Сəрсенбайұлы, Нұрлан Мəукенұлы, Бақыт Досымов,
Гүлзира Молдажаппарова, Шырай Шөпшекова секілді
бүгінде өмірде жоқ замандас достарым келеді.
Ал қазір қатар жүрген достар ішінен ең алдымен, өндірдей жас,албырт, қалың бұйра шашы жаурынын жапқан Шəмші еске түседі. Бұл да Шəкеңнің елден ерекшелігі болса керек. Шаш демекші, Шəкеңнің шашы мен мұрты оған ерекше көрік сыйлайтын. Қалың қара шашы болғанын Шəмшінің өзі де ұмытып қалған болуы керек. Анда-санда альбом ақтарғанда көрмесе, былайғы жұрт Шəкеңде шаш болды дегенге сенбейді. Тұп тура осы қазіргі қалпымен, тақырбас, тықыр шашымен туа салған сияқты көреді. Шəкеңде шаш түгілі, қою мұрт та болған... Бізде бəрі де болған... *** Шəкең 40-ка толғанда марқұм Алтынбек Шəкеңнін туган агасы Мұсаны корсетип: «Шəке, сені алдыңда тосып тұрған перспектива дəл мынандай» деп əзілдегені бар еді.. Сол айтқандай, Шəкеңнің ағалары Иса мен Мұсаны көрген адам осы əулеттің кез келген өкілін жазбай таниды. Олар да елге сыйлы, Түркістан қаласының құрметті азаматтары. Шəкеңнің əкесі Əшен ақсақал ел-жұртқа шарапаты көп тиген адам болса, анасы Бибіфатима да ел анасы атанған абзал жандар еді... Шəкеңнің асыл жары – Зəуреш туралы да ерекше ілтипатпен айта кету лəзім. Ол да КазГу-дың түлегі. Химия факультетін бітірген. Химия ғылымының кандидаты. Рахметолла, Мағжан, Данияр, Мұхтар дейтін төрт баланың анасы. Шəкеңнің денсаулығына алаңдап, балаша өбектеп күтетін, ардақты азаматтың басын сыйлап, алдын кесіп өтпейтін өнегелі əйел болса, дəл осы Зəурештей-ақ болсын! Ерін сыйлағаны – елін сыйлағаны. Өркені өссін, тезірек келін алсын, екі қолын жылы суға малсын деген сөз бүгінгі айтарымыз. Менің асыл ағам Ақселеу Сланұлы өз замандасы Əбіш Кекілбайұлы туралы жазған мақаласын «Өз басым Əбіштей бір туар тұлғамен бір кезде ғұмыр кешіп, қатар жер басып жүргенімді тағдырдың сыйы деп білемін» деп түйіндеген
еді. Менің де өз досым, замандасым, əріптесім, қанаттасым
Шəмші Əшенұлы туралы жазғанда дəл осы түйіндеуді
Шəкеңе бағыттап, қол қоюым ғана қалды.
Ғұмыр жасың ұзақ болсын, халқымызбен бірге жасай бер,
Шəке!
Жақында
Дархан
досымыздың
туған
күнінде
Бейбіт
Сапаралы-
ны көрген шымкенттік бір жігіт
«Бекең де сіздермен бірге оқып па
еді, мен бұл кісіні сіздерден үлкен
екен деп жүрсем» деп таңданыс білдірген еді. Ер жайлауы
– елуге Бейбіт те кеп қалды: таңдаған мамандығы – жур-
налист, кəсібі – жазушы-зерттеуші; алған атағы мен жет-
кен жетістіктері де жеткілікті – ҚР мəдениет қайраткері,
дінтанушы,
халықаралық
«Экология»
академиясының
академигі, «Қағанат» ғылыми-мəдени орталығы жəне
«Қағанат» консорциумының басшысы. Бейбіт бүгінгі биігіне
жету үшін бала кезінен талпынған, ой-өресі биік, жастай оқу-
білімге құмар, өзіне өршіл мақсат қойғыш, талапшыл, ойға
алған ісінің орайын келтіруде тегеурінді, үнемі өзін бəйгеге
шабатын жарау аттай ширақ ұстайтын, оны-пұны нəрсеге
опық жей бермейтін, елеусіз жəйттерді елең қылмайтын;
нақты мақсат, нəтижелі тірліктің үйлесімін тапқыш, қашанда
өз үдесі мен ұлт мүддесін тығыз байланыстырып, биіктен
қарауға, тереңнен ой толғауға бейім азамат.
Бейбіт бір күнде осындай бола қалды деп ешкім айта ал-
майды. Ол да жас болды: балалық шағы Семей жерінде, əйгілі
Қарауылда, Абайдың туып-өскен жерінде өтті, оқу бітіріп, Ал-
маты жетті, ҚазМУ-дің журналистика факультетіне түсті, дос
тапты, орта тапты; жоғары оқу орнын тəмамдаған соң бірден
Алматыда қалды, еңбек жолын бастады, Мұхтар Мағауин,
Сұлтан Оразалы, Рымғали Нұрғали сияқты үлкен ағаларының
тəлім-тəрбиесін алды. Қызмет сатысында да Бейбіт тез өсті:
Еңбек жолын «Қазақфильм» киностудиясының кіші редак-
торы (1983) қызметінен бастап, сол жылы ЮНЕСКО тап-
БОЙЫ ДА,
ОЙЫ ДА
БИІК
сырысы бойынша түсірілген «Шоқан Уəлиханов» деректі фильмі жəне тағы басқа бірнеше деректі-публицистикалық фильмдердің жарық көруіне тікелей атсалысты. 1984-1989 жылдар аралығында республикалық ғылымикөпшілік «Білім жəне еңбек» (қазіргі «Зерде») журналының қоғамдық ғылымдар бөлімі меңгерушісі қызметін атқарды. 1989-1992 жылдар аралығында республикалық балалар мен жасөспірімдердің «Қазақстан пионері» (1990 жылдан – «Ұлан») газетінің бас редакторының орынбасары, бас редакторы қызметінде жұмыс істеді. 1992-1994 жылдар аралығында Түркия мен Қазақстан Президенттері тікелей тапсырма беруімен ашылған Қазақстандағы бірінші халықаралық «Заман-Қазақстан», кейінде еларалық «Түркістан» газеттерінің Қазақстан Республикасы министрлер Кабинеті шешімімен тағайындалған бас редактордың бірінші орынбасары болды. 1994-1995 жылдары «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясының вице-президенті. Ол уақытта құрамында бүкіл Қазақстан бойынша жеті мыңнан астам қызметкерлері бар корпорация ел Президентіне тікелей бағынатын. Сол кездерде бірнеше діни хабарлар, Ислам мейрамдарынан тікелей репортаждар ұйымдастырылып, таңертеңгі телеэфир қасиетті Құран Кəрімнің аяттарымен ашылатын. 1995 жылы елімізде телехабарлар тарату мақсатында алғаш рет халықаралық «Интелсат» жерсерігі жүйесімен корпорация арасында шарт жасалып, «Хабар» агенттігі құрылып, оның басшылығына Д.Назарбаева шақырылды. Осы аталған жəне тағы басқа игілікті істердің басы-қасында Б.Сапаралы болды. 1996 жылдан бастап қазіргі күнге дейін жекеменшік «Қағанат» ғылыми-мəдени орталығының президенті. 1995 жылдан Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақ Халық «Экология» академиясының академигі Б.Сапаралы – «Адалбақан» (1992 ж.), «Құнанбай қажы» (1995 ж.), «Байшөгел» (1995 ж.), «Президенттің балалық шағы» (1995 ж.), «Олжастың балалық шағы» (1996 ж.), «Раббымыз бір Күншығыс, Күнбатыста – Восток и Запад – один Мир» (2002
ж.) жеке кітаптарының, «Құтты болсын, тойларың» (1990,
1994 ж.ж.), «Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы» (1993
ж.), «Əнет баба» (1997 ж.) жинақтарының, тарихи-танымдық
кітаптарының құрастырушы авторы.
Бейбіт Сапаралы осы дəрежеге жету үшін де күндіз-
түні бір тынбай етңбек етті Жігерін жаныды. Өзін қайрады.
Қамшылады. Ең бастысы – ол өз алдына нақты мақсат қоя
білді. Бейбіттен өз басым көп нəрсе үйрендім. Ол студент
күнінде Пушкин атындағы кітапханадан шықпаушы еді.
Кейде бір залда кездесіп қаламыз, сонда алдына оншақты
кітапты қалап қойып, кезек-кезек бас алмай қарап оты-
ратын. «Осының бəрін оқып шығасың ба?» деп таңдана
сұрағанымда, «тез оқу техникасы» деген бар деп жылы
жымиятын. «Наука и жизнь» деген журналдың жетпісінші
жылдардағы бір нөмірін қарасаң, өзің де осы əдісті меңгеріп
аласың»,- деп бағыт сілтеп жібереді. Дереу кітапханадан
аталған журналдың тігінділерін ақтарып, «Техника бы-
строго чтение» деген материалды тауып алып, тез оқу
жаттығуларын жасап, көзіміздің қарашығын ары аударып,
бері аударып талпыныс жасай бастаймыз. «Бұл əдісті кезінде
Лениннің өзі қолданған»,- дейді Бейбіт. Ленин атамызға
ұқсап бағуға жанталасатын кез, өзімізді дереу қамшылап,
«болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» дегендей
талпынамыз келіп. Бейбіт бəрібір жеткізбейді: бүгін ана
кітапты оқып келеді, ертең мына кітапты оқып келеді; ол
тұста курстас балалар арасында кітап оқудан бəсеке жүретін,
біреу келіп «мен мынандай бір кітап оқыдым» десе, қашан
соны тауып алып оқығанша, ішкен асымыз бойымызға
сіңбеуші еді. Білімпаздығымен Бейбіт, алғырлылығымен
Алтынбек, дархан мінезімен Дархан, еңбекқорлығымен
Еркін, жанкештілігімен Жүсіпбек, серілігімен Серғазы,
сыршылдығмен Нұрлан, балапандығымен екінші Бейбіт
сияқты группалас достар бір-бірімізге қарап бой да, ой
да түзедік. Мектеп бітіріп түскендер екінші группада,
өмір көріп, Сүндет құсап бес-алты рет құлап жүріп оқуға
іліккендер мен подкурстан түскендер бірінші группада
оқиды. Бірінші топтан алдына қара салмай үздік шыққан
біздің Шəкең – Шəмшіге оқу дəптерінің қажеті шамалы;
бар білгенін басына тоқиды. Кілең оқымыстылар жина-
лып, оқыған кітаптарының мазмұнын «қара халықтың»
алдына шығып баяндап береді. Соның арқасында курстың
бар баласы берілген əдебиеттердің бəрінен хабардар, кез
келген емтиханнан сүрінбей өтеді; осындай ұйымшылдық
нəтижесінде студенттердің бəрінің сабақ үлгерімі жақсы,
мақтаулы курсқа айналдық.
Бейбіт, Алтынбек, Дархан, Еркін, Серғазы, Мəрия сияқты
жеті-сегізіміз көбіне бірге жүреміз. Қазіргі Өнер академиясы
ол кезде КазМУ-дің оқу корпусы болатын, біз бірінші жəне
екінші курсты осында оқыдық, Ленин ескерткіші тұрған
гүлзарбақтың түбіне жиі жиналамыз. Театрға бірге барамыз.
Сабақтан шыға салысымен басымыз қосыла қалса, қызықты
əңгіме дүкен құрамыз. Ол кезде партияда жəне комсомолда
«сын жəне өзара сын» деген болатын, біз де соның негізінде
бір-біріміздің кемшілігіміз болса көзге шұқып көрсетіп,
«өзара сынның» садағын жиі тартып тұрушы едік. Сонда
өкпелеу деген жоқ, «менде нең бар» деп безірею жоқ, «сы-
налдым екен» деп сағымыз сынып жатпайтын; қайта өз
мінімізді тезірек түзеп, жолдастарымыздың алдында жүзіміз
жарқын болу үшін барымызды салатынбыз. Бірте-бірте біз
əр адамның мінезі, жаратылысы, қасиет-қалыбы болатынын
білдік. Құдай берген мінез бен жаратылысты əркімнің қалауы
мен ықтиярына қарай өзгерте беруге болмайтынын, адам-
ды – адам қалпында қабылдауды үйрендік. Əдетте өмірдегі
көп кикілжің біреуді –біреу өзгерткісі келіп тұратын жаман
дағдыдан шығады, айтқанына көніп, айдағанына көнбесе
қиғылық салады, оның арты қастық пен қысастыққа айна-
лады. Біздің курстың бір мықтылығы болса, ол бір-бірімізді
барлық жаратылыс, болмыс-бітімімізбен қабылдап, соған
сай қарым-қатынас құра білгендігімізде шығар...
Бейбіт мəнсап қуған жоқ. Егер ол қызмет сатыларымен
тез көтерілуді ойласа, соның қамын қылса, талай лауазымға
қол жеткізер еді.
Бейбіт қолына қаржы түссе, желігіп желпінетіндердің са-
натынан емес. Ол қызық қуған жоқ, оңғаққа ермеді. Бағдарын
білімнен тапты, имандылық жолына тұрғыластарының
көбісінен бұрын түсті. Бұған сонау Семей жеріндегі басы
Құнанбай, ортасы Абай мен Шəкəрім, соңы солардың
ұрпақтарының имани жолмен жүруі тікелей себепші болғанда
шығар; бірақ Сапаралы əулетінің де текті тұқым екені анық
– əкесі Төлеубайдың көзін көрдік, қолынан дəм таттық, ба-
тасын алдық. Төкең ағамыз ұлы Мұқтар Əуезовтің өзімен
пікірлес, сұхбаттас болған адам. Қан майданнан аман келіп,
оншақты ұрпақ өсіріп, бəрін əкім-ұлықпан халге жеткізіп,
немере-шөбере сүйіп, ақиреттік сапарына өз ұлы Бейбіттің
алдында Алладан иман тілеп аттанған арда азамат-тын. Өз
əулеті хақында сөз болғанда Бекеңнің: – «Əлхамдулилла,
діни көзқарас бойынша əулетімізде қайшылық болған
емес. Түрлі секталар мен ағымдарға кіріп кетіп, ел ішінде
іріткі салып жүрген жақын туыстар да осы күнге дейін
көзге шалынған жоқ. Оның басты себептерінің бірі – ата-
бабаларымыздың мыңдаған жылдар бойына Тауфиқты ата-
нып, ислам дінінің Имам Ағзам мазхабын бұлжытпастан
берік ұстануында деп білемін. Үш дара биге ұстаз болған
дана діндар Əнет баба, əділ де қатал үкімді Кеңгірбай би,
мұсылманда атақты Құнанбай тақуа, айдай əлемге мəшһүр
Ибраһим (Абай) данышпан, Əуез қожа, Ғабитхан дамолла,
шариғат білгірі Шаһкəрім, медресе ұстаған Көкбай қажы
сынды есімдері діндарлығымен елге тараған баба-əжелерді
ұзынсонар етіп, тізбелей беруге болады. Кеңес өкіметі
тұсында жастай қайтыс болған Сапаралымен бірге туыса-
тын Жүнісқали ақсақал, нағашы жұртымыздан анамыздың
анасы Күлипа əже бес уақыт қалайша намаз оқып, шілденің
аптабында қиналмастан ораза ұстап жүргендерін кішкентай
кезімізден көріп өскен біздер үшін ширек ғасыр бұрында ис-
лам құндылығына басыбайлы ден қою аса қиынға соқпады.
Туған ағам Айман Төлеубайұлы (1958-1997) Кеңес одағы
ыдырай салысымен Стамбулдағы медреседе 1992 жылы
діни сауат ашып келіп, Абай елінде ислам насихаты, мешіт-
медіресе салу, Би-Ата қайырымдылық қорын құру сияқты ізгі
істермен айналыса бастауы да əулетіміздегі имандылықтың
күшейе түсуіне өз септігін тигізді», деп сыр ақтарғаны бар.
Бейбіттің шығармашылығы өз алдына бір əңгіме, оның
бəрін қазбалауға гəзиттің көлемі көтере ме; ең соқталы
шығармасы «Елбасының жастық шағы» туралы кітап бо-
латын болса, оның Олжас пен Əбіштің жастық шағы тура-
лы қалам тербегісі келгені жасырын емес. Жалпы, таны-
мал тұлғалардың жастық шағы туралы жазу келер ұрпақ
үшін өлмес, өшпес жақсы бір тақырып. Əйтсе де Бекең өз
шығармашылығында туған жерінің топырағынан алыс кет-
кен жоқ, өзі туып-өскен өңірдегі қазақтың бір марғасқа азама-
ты Құнанбай бейнесін социалистік жүйенің күресінінен ар-
шып алды, тарихи шындықты нақты деректермен өрнектеп,
«Құнанбай» атты үлкен танымдық кітап жазып шықты.
Бір бизнеске бейім танысымыз «Бейбіт дін жолында
неге жүр? Сірə, осы салада қырауар қаржы болуы керек,
əйтпесе, Бейбіт тəп-тəуір мемлекеттік шенеунік болатын
еді..»,- деп өзінше бал ашып, болжам жасағанда бəріміз
күлгенбіз. Ризық-несібені əрбір адамға Жаратушы Жаб-
бар Иеміз ғана береді.. Ризық-ғайып, қонақ-ғайып, ажал-
ғайып деген шариғат мəселесін де осы тұста көкейге берік
тұтқан абзал. Алайда ғайыптан мол олжа келеді екен деп қол
қусырып қарап отыруға болмайды. Бейбіттен ара-тұра сыр
суыртпақтап, тіршілік жаайын сұрай қалғандар болса ол бы-
лай деп жауап қатар еді: -«Қолымыздан келіп, барша қулық-
сұмдығын біліп тұрсақ та, Халық дəулеті болып саналатын
бюджеттік тендерлерге кəсіпкерлік негіз артқан əуестігіміз
де болған емес. Мемлекеттік қызмет, жеке кəсіпкерлік,
қайыр тілеу сияқты үш түрлі кіріс көзі барлығын ескерсек,
соның ислами құндылық бойынша ең дұрысы болып санала-
тын жеке кəсіпкерлікті таңдап алғанымызға да (мемлекеттік
жауапты қызметтер атқарғаннан кейін) он бес жылдың
жүзі болып қалыпты. Аллаға сансыз шүкірлер болсын,
ғылыми, мəдени, баспагерлік ісінен бастап, құрылыс, кəсіби
халықаралық көрме, консалтингтік қызмет, ондаған түрлі су-
сабын шығаратын өндіріс орнына дейін қамтитын жиырма
шақты жекелей фирмалардан бас құраған «Қағанат» консор-
циумы табысымыздың басты қайнар көзі болып саналады.
Оның үстіне соңғы жылдарда кəсіпкерлік аясы айрықша
кеңейіп, Түркия, Ресей, Иран, АҚШ, Англия, Қытай, Гон-
конг, Мысыр, Сирия, Ауғанстан, т.б. елдердің жетекші биз-
нес өкілдерімен барыс-келіс арқылы ресми құжаттарға қол
қойылып, негізінен алғанда мұнай жəне газ, жаңа техноло-
гия, медицина, халық тұтынатын тауарлары бойынша соны
жобалар жүзеге асырылуда. Соңғы уақытта Алмания, Швей-
цария, Англиядан өте үлкен ауқымда қаржы көзін тиімді жол-
дармен Қазақстанға тарту мəселесін үкімет басшыларымен
талқылаудамыз. Инша Аллаһ, бірер айда игі нəтижелерге де
қол жеткізіп қалармыз».
Бейбіт шынында тек бір саланы ғана қаузап, мəселен,
тек газет-журнал шығарумен айналысса, оның да шыңына
шығар еді. Немесе, бірыңғай ғылым саласына ден қойып,
зерттеушілік
ісімен
айналысса
маңдайы
жарқыраған
ғалым, ойлы оқымысты болар еді. Оның құрған «Қағанат»
консорциумы – əмбебап құрылым, демек, «Қағанаттың»
бүткіл концепциясы Бекеңнің өн бойынан, ерік-жігерінен,
арман-мүддесінен туған. Сондықтан да ол осында жүріп
сүйікті ісімен қалауынша айналыса алады; кəсіпкерлік пен
іскерлікті өз еркінше үйлестіреді, арасында шығармашылық,
зерттеушілік жұмыстарын да назардан қағыс қалдырмайды.
Сондай өзекті мəселенің бірі – Қазақстандағы діни ахуалға
келетін болсақ, Бейбіт Сапаралы бұл орайдағы көкейтесті ой-
пікірлерін табаны күректей жиырма жыл бойына қазақ жəне
орыс тілдерінде баспасөз бетінде, теле-радио хабарлары
арқылы жазып келеді де, айтып та келеді. Оның қаламынан
туған ондаған кітапта бұл тақырып ең өзекті арқау болды.
Елбасы, үкіметбасы, парламент басшылары да бұл орай-
да статистикалық мəлімет жарияласа, «Қағанат» ғылыми-
мəдени орталығы мен «Қағанат» консорциумы мүшелерінен
артық ешкім де соңғы ондаған жылдар бедерінде əр жолы
тыңнан мəселе көтеріп, үн қатып отырмағанына көздері же-
тер еді. «Қағанат» ғылыми-мəдени орталығы 2002 жылғы
29 сəуірде Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан
Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Филосо-
фия жəне саясаттану институтымен бірігіп «Қазақстандағы
діни ахуал: талдама жəне болжам» деген тақырыпта
республикалық ғылыми-тəжірибелік семинар өткізді. Сол
сияқты Алматыда өткен бірнеше халықаралық Ислам
тақырыбындағы ғылыми конференциялардың өткізілуіне ат-
салысып, арнайы баяндамалар дайындады. Қасиетті Құран
Кəрімнің қазақ жəне орыс тілдеріндегі мағыналық жаңа
аудармалары Қазақстанның тұнғыш Елбасы атынан жарық
көру мəселесінде де өз тұрғысынан атсалысты. Қазақстан
Республикасы Үкіметінің арнайы тапсырмасы бойынша
«Қағанат» мекемесінің бірнеше ғалымдары «Дін мен кон-
фессия аралық қатынас жөніндегі мемлекеттік саясат тура-
лы» Тұжырымдама дайындап, оған Үкімет жанындағы діни
бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес төрағасы,
вице-премьер Б.Мұхамеджанов арнайы алғысын білдіріп,
аталмыш балама жоба мемлекеттік тұжырымдама ретінде
Кеңестің арнайы отырысында мақұлданды. Сол сияқты
«Қағанат» мекемесі басшысы Қазақстан Республикасы
Президенті Н.Ə.Назарбаевтың атына 2002 жылғы 8 тамыз-
да арнайы хат жолдап, мемлекет пен дін мəселесін, əсіресе
елімізде белсенділігі өте күшейіп кеткен секталарды қалай
ауыздықтау жөнінде, сөйтіп Ислам дінін қалай көркейту ту-
расында мəселе көтеріп, тың ұсыныстар білдірді.
«Қағанат» ғылыми-мəдени орталығы 1996-2002 жылдар
аралығында Қазақстанда Ислам дінін көркейту мақсатында
ондаған ірілі-ұсақты іс-шаралар атқарды. Ораза Айт, Құрбан
Айт уақыттарында, қасиетті Раджаб, Шағбан, Рамазан айла-
рында, басқа да діни айтулы күндерімізде қайырымдылық
істерін,
қажылық
сапарларын,
конференция-дəрістер
өткізу, жетім балалар, мұқтаждар, қарттар, оралмандар,
əскерилер,түрмедегі мұсылмандар ортасында діни іс-
шаралар атқару дағдыға айналған. «Қағанат» мекемесінің
ұйымдастырып-қаржыландыруымен Алматы қаласындағы
Орталық мешіт пен Ақсай ықшам ауданындағы мешітке
ұлттық ерекшелік сақтала отырып Қазақстанда бұрын-соңды
болмаған минбар жасалып, 2000 жылы қойылды. «Қағанат»
мекемесі қаржыландыруымен 2000 жылы отбасылық тəрбие
мəселесіне арналған «Əулет-Баракат» журналы 2500 да-
намен жарық көрді. «Қағанат» баспаханасында 1998-2001
жылдар аралығында «Ислам əлемі», «Шапағат-Нұр», «Ал-
даспан», «Отбасы жəне балабақша», «Денсаулық», «Атбегі»
журналдары мен жүзден астам діни, ғылыми жəне əдеби
кітаптар басылып шықты.
Біз Бейбітті бірде аннан, бірде мыннан көреміз. Бірде
Астанада жүрсе, енді бірде шет мемлекеттерде сапарлатып
жүреді. Мəселен, былтыр Қазақстан мен Иранның Арда-
бил провинциясы арасында сауда-экономикалық қатынас
жөніндегі келісімге қол қойылды. Келісім ауыл шаруашылығы
туризм жəне өндіріс саласындағы екіжақты ынтымақтастық
қалыптастыруды көздейді. Қазақстан кəсіпкерлері мен Ар-
дабил провинциясы арасындағы келіссөздерден кейін осы
құжатқа Қазақстан тарапынан «Қағанат» консорциумының
президенті Бейбіт Сапаралы, Иран тарапынан аталған
провинция губернаторы Мансұр Хақиқатпур қол қойды.
Аталған құжатта екі ел арасындағы сауда айналы-
мын арттыруға ықпал ететін тетіктерді іске қосу, экс-
порт-импортты арт тыру, мал шаруашылығы, егін шар-
уашылығы жəне өндіріс саласындағы əріп тестікті нығайту
жəне бау-бақша өнімдері бо йынша тəжірибе алмасу
көзделген. Со нымен қатар бірлескен сауда палатасы мен
кəсіпорындар құру, туризмді дамыту жəне өнімдерді экс-
портталатын елде өн діру жайлары да қарастырылған.
Екі ел арасындағы мұндай уағдалас тыққа құрамында Бейбіт
Сапаралы бар Қазақстан кəсіпкерлерінің Ардабил про в-
инциясына сапары барысында қол жет кізілді. Қазақстандық
делегация осы про винцияның өндіріс орындары мен
шаруашылықтарын, сондай-ақ туристік орындарын түгел
аралаған екен. Делегация сонымен қатар Резави Хорасаны
провинциясында да болып, екіжақты байланысты дамыту
мəселесін талқылапты.
Досыңыздың осындай биік мінберлерден көрініп, беделі
артып, мерейі үстем болып жатса, қалай қуанбайсыз?!. Біз
де қуанамыз.
Бейбітті қашан көрсең де ой үстінде жүреді. Тұңғиық
ойдың тереңіне үңіліп көрген кім бар? Əйтсе де біздің қазақ
халқының үш ғасырлық патшалық Ресей отарлаушылығын,
70 жылдық Кеңестік атеистік тасқұрсау тəртіп кезеңін ба-
сынан өткеруі оны толғандырмай қоймайды. Христиандық
миссионерлік идеология, мұсылман мен православие ара-
сынан көшпелі қазақ бұратанасы үшін жаңа дін жасамақ та-
лаптары, иуда-масондық қаншеңгел идеология, шамандық
қалдықтары,
зороастризм
сарқыншақтары,
антұрған
құдайсыз атеизм, міне, мұның барлығы да мың жылдан астам
Аллаһтың хақ діні исламды ұстанып келген атам қазақтың басына қарақұйын пəлекет болып төнгені Бейбіттің жанына батпай тұрмайды. «Қазіргі ұлттық идеологиямыздағы қайсыбір кері тартпа түсінік те тап сол 400 жылдай адасқан алақұйын мезгілдің сарқыншақтары десек те болады. Ең əуелі экономикамызды көтеріп алсақ əрі қарай рухани өркендеп дами береміз деген марксистік-лениндік түсініктің қателіктері, бүгінгі қоғамда үлкен кедергілері мен проблемаларын көрер көзге бадырайтып шығарып алдымызға тартып жатыр. Тəуелсіз мемлекет болған 20 жылдың ішінде əлемде де көптеген төңкерістер мен өзгерістер, «жаһандық жаңа тəртіп» деген шайтани ұстанымның алапат сілкіністері болды. Экономика, ФРС, банктікқаржы жүйесі арқылы бүкіл 7 миллиард адамзат баласын құрсаулап алған алпауыт топтар бар. Олардың да өзіндік жоспарлары бар. Біздің мемлекеттің ішінде де небəрі жиырма жылда əр түрлі жолдармен долларға шаққанда миллиондап, миллиардтап қаржы тауып байып алғандар жетерлік. Олардың да өзіндік іске асырсам деген ой-жоспарлары бар. Оның сыртындағы қарапайым халықтың күнделікті тіршілігін алып қараңыз. Осының бəрі қоғамда астасып, қойындасып келген жағдайда рухани, діни мəселені əлбетте бірінші кезекке шығарып отыр», – деп ол ағынан жарылады кей-кейде.. Абай атамыздың «бес нəрседен қашық бол» дегеніндей, ұлтты іштен ірітетін теріс діни ағымдарға қалай тосқауыл қоюға болады деген сұрақтардың төркініне де оның берер жауабы əзір. – «Біріншіден, діни топтар саясатқа белсене араласа бастаса қоғамдық өмірде сөзсіз қауіп күшейеді. Екіншіден, Саудия мемлекеттігі іргетасын қалап, түріктің Осман империясын күйреткен, одан бертіндегі бір ғасыр бойына жаһандағы мұсылман елдерінде жүздеген іріірі қантөгіс оқиғалары орын алуына себепші болған уаһһабшылдық-тəкфіршілдік сияқты өте радикалды топтардың тарих сахнасына шығуына да себепші болуда. Үшіншіден, Əбді-Уаһһабтың тікелей ұрпақтары діни мəселе тетіктерін мықтап қолға ұстап отырған қазіргі Саудия патшалығының іргесін шайқалта бастаған(2002-2006 жылдардағы эр-Риядтағы терактілер, полицейлермен
қақтығыстар, қауіпсіздік арнайы жасақтарымен жанберіскен
соғыстарды еске алсақ та жеткілікті) терроршыл топтардың
денінде – уаһһаби, сəлафи, такфири ағымдар өкілдері бо-
лып келуі де зұлымдықтың кері қайтара өздеріне шапқан
көрінісі болса керек-ті. Төртіншіден, 1990-шы жылдардың
басынан бастап қазақ қоғамына аз-аздап сіңісе бастаған бұл
теріс ағымдар ондаған жылдар бойына нақтылап шариғи
тұрғыдан зерттелмесе, заң жүзінде шұқшиып тексерілмесе,
қаржылық көздері əлеуметтік ушыққан аймақтарға еркін
жетіп барып жататын болса, насихатшы-уағызшылары Сау-
дияда бірнеше жыл «білім алып келіп» қалың жамағат ішіне
кедергісіз еніп кететін болса, діни басқарма мен мемлекеттік
құзырлы орындар тарапынан үздіксіз қолдау көрсетіліп жат-
са, міне, қауіптілік ахуалы осындай себептерден туындай
бермегенде қайтсін?! Бесіншіден, құрықталған экстремистік
топ мүшелері түрме ішінде айрықша қарқынменен наси-
хат жүргізетін болса, сол сияқты сыртқы əлеммен де бай-
ланысты күшейтіп, сыбайлас жемқорлыққа, парақорлыққа
бой алдырған құқық қорғау саласы қызметкерлерінің
немқұрайдылығы нəтижесінде жаңа сыпаттағы террорлық
əрекеттерін де ұйымдастырумен болады.
«Радикалды діни топтардың ел ішіндегі бірлікке сына
қағып, сырттан енген əсіре діншілдердің сойылын соғуы
мүмкін бе?» – деп Бейбіттен ақыл сұрайтын жамағат та
аз емес. Бейбіт сондай адамдарға былай депті: – «Алла
оның бетін ары қылсын. Алайда еліміздегі соңғы бір жыл
ішіндегі оқыс оқиғалар, жаһандағы жер-əлемді жаулап
бара жатқан лаңкестік, содырлық, бүліншілік өрт-апаты
не нəрседен де таң қалмау керектігін, керісінше сақтану,
қауіпсіздік шараларын өте күшейту қажеттігін көрсетеді.
21 қазандағы «Джунд əл-Халифат», яғни кезінде Ливан-
ды тас-талқан еткен «Халифат əскерлері» ұйымының
атынан қатқыл мəлімдеме жасаушылар, 31 қазан күні
Атыраудың тап орталығында бірінің артынан бірі екі жары-
лысты ұйымдастырушылар, Оңтүстік Қазақстан облысында
Құрбан айтқа байланысты балаларды құрбандыққа шаламыз
деп үнпарақ таратушылар, т.с.с. Қазақстанды мамыражай,
бейбіт аймақтан алаңдаулы, тиышы кете бастаған өлкелер
санатына жатқызуға итермелейді. Біздіңше, діни қызмет
туралы жаңа заң жобасына ғана байланысты діни радикал-
ды топтар жаппай бүліншілік əрекетке көшпейді. Ол көп
жылдар бойына қордаланған мəселелердің бір бүйірді тесіп
шыққан көрінісі ғана. 20 жылдан кейін əупірімдеп өзгерген
заң көп мəселені қамтиды. Дей тұрғанмен, заң мəтіні деген
де еш қарпі өзгермес қасиетті аяттар емес қой, уақыт өте
келе қоғамдық пікірге сай ол да толықтырылып, өзгертіліп
жатады. Сол себепті мəлімдемені кімдер, қандай мақсатпен
жасап жатқанына терең мəн беріп қарауымыз қажет».
«Адамның кім жəне қандай екені істі бастағанына
білінеді» деп Абай атамыз айтқандай, Бейбіт Сапаралының
ой-өресі, істеген ісі қалың жұрттың көз алдында. Жақын
араның өзінде «Қағанат» консорциумының бизнес жоспар-
ларымен Саудияда болып, 2003-2006 жылдары такфирлердің
бүлдіргі, лаңкестік əрекетіне қарсы уаххабилер отанын-
да қандай іс-шаралар қолданғанын, қазіргі уақытта атал-
мыш бағытта нендей күрделі жобалар жүргізіліп жатқанын
патша əулетінің белді адамдарынан, уаххабтың діни
басшылықтағы тікелей ұрпақтарынан, арнайы қызмет бас-
шыларынан қосымша мағлұматтар алып қайтқан екен.
Қазақстан такфирлерінің серкелері əлі күнге дейін Сауди-
яда бой тасалап жүргені елге белгілі. Теһранда Палестина
азаттығы тақырыбында өткен конференцияға арнайы қонақ
ретінде қатынасып, жаһанның 80 елінен келген жоғары
деңгейдегі мамандармен, «араб көктемінің» жақсылығы
мен зардабын бірдей тартып отырған Палестина, Мысыр,
Ливия, Йемен, Сирия, т.б. елдерден келген өкілдермен
пікір алмасулар, Иранның рухани көсемі аятолла Хоме-
неи мен Иран Президенті Махмуд Ахмадинежад, Иран
парламентінің басшысы Əли Лариджани, т.б. қол алысып,
құшақтасып есендесіп жүретін Бейбіт Сапаралы күндізгі
жиын, кешкі қонақасыларда лаңкестік тақырыбының түп-
тұқиянын талқылап, тарихи Теһран жиынында көкейге
түйген біршама мағлұматтармен халықты құлағдар етіп оты-
рудан да жалықпайды. Дін істері жөніндегі агенттіктің жаңа
заң баптарына сүйенген негізде ҚМДБ жұмысын жанданды-
ру да лаңкестік пиғылдардың алдын алады. Саудия, Сирия,
Түркия, Палестина, Ауғанстан, Пəкстан сияқты елдердегі
діни экстремизмге, лаңкестікке қарсы күрестердің мол
тəжірибе, тағлымдарын үйрену, оны өз елімізге лайықтап
ҰҚК,Сырбар, ІІМ мамандары арқылы батыл өмірге енгізу,
кезек күттірмейтін мəселе ретінде ұсынады. Тіпті көрші
қырғыз, тəжік еліндегі діни сектанттармен, такфир, уахха-
би, салафтармен күрес бағдарламаларымен таныс-біліс
болғанның өзі бірқыдыру жайттарға көзімізді ашып береді.
«Жау жоқ деме, жар астында…» деген бабалар өсиеті өткен
20 жыл бойына бейғам жатқан біздер үшін көптен-көп сабақ
болуы тиіс», – деп ой қорытады.
Кейде байыбына тереңдеп бара бермейтін нəрселерді
Бейбіттің аузынан естігенде соншалықты қарапайым болып
шығады. «Қазақ қоғамындағы тыныштық негізі неде?» –
деп сұрады бір əріптесім таяуда ғана. Оған Бейбіт байсалды
түрде былай деп дауап қатты:
– Қасиетті Құран Кəрімде Алла субхана уа тағала
ихтилафқа, өзара жанжалдасуға түскен қауымдарға Əл-
Ғымран сүресінің 105 аятында былайынша ескерту жібереді:
«Өздеріне ашық дəлелдер келгеннен кейін сондай бөлініп,
қайшылыққа түскендер тəрізді болмаңдар. Міне, соларға зор
азап бар». Ал Əбу Зəррі Ғифари р.ғ. айтуымен жеткізілген
мына бір хадисте ардақты пайғамбарымыз с.ғ.у. бұл турасын-
да былайша пікір түйіндейді: «Кім жамағатқа бір сүйемдей
қайшы келсе, ол өз мойнынан Исламның міндетін түсірген
болады». Демек, қазіргі қазақ қоғамындағы тыныштық
пен бейбітшілік дін ислам тұрғысынан ханафи мазхабын
мейлінше бекем ұстануымызда ғана жатыр екен.
Бейбіт Сапаралы түрлі деңгейдегі кездесулердің жиі
қонағы болады. Одан- балаларыңыз жəне бар болса
немерелеріңіз білімді қай тілде алып жүр? Қазақ тілінің
болашағына көзқарасыңыз қандай? – деп те сұрайтындар
жетерлік. Соның бəріне Бейбіттің берер жауабы даяр:
– Балаларым денінде қазақ тілінде білім алуда. Со-
нымен қатар орыс, түрік, ағылшын тілдерін де таңдаған
кəсіптеріне байланысты жақсылап меңгеруде. Қазақ тілінің
болашағы дегенде бізді оның сандық түрдегі қолданылу
аясы кеңеюі емес, тілдік құнарлылығы жұтаңсуы мəселесі
қатты алаңдатады. Қазақ тіліндегі оқулықтарды қолға алып
қарайтын болсаңыз мағыналық шатысулардан басыңыз ауы-
рып кетеді. Өзге ұлт өкілдері тұрмақ қазақ балаларының өзі
қиналып оқитын мұндай кітапты неге бизнес жасап жүздеген
мың данамен қайта-қайта шығара береміз. Ойымызды онан
əрі аша түсетін болсақ, үш мың жыл бойына көшпелілер
өркениеті əлдилеп тербеткен қасиетіңнен айналайын қазақ
тілі төрт түлік мал шаруашылығымен байланысты он
мыңдаған сөздік қордың қолданыстан шығып қалуына орай
айрықша жұтаңсып, бұрын-соңды болып көрмеген қасіретті
күйді бастан кешіруде. Бұл орайда қазақпен қазақ қазақ
тілінде сөйлесіп қана қоймай, ұлтымызды сауықтырып,
қала маңы жəне ауылды жерде табиғи мал шаруашылығы
өнімдерін өндіруді өрістетіп, байырғы əдеби қазақ тілінде
сөйлесуі тиіс деген ұран бірінші кезекке шығуда!
Құдай қосқан жары Лəйлə да көп балалы отбасыдан
шыққан, өнегелі əулетте өсіп-өнген жан. Оның анасы
Сəлима Жұмабекова алтын құрсақты ана, Еңбек Ері, атағы
Сыр бойына емес, бүткіл қазақ еліне кеңінен жайылған кісі.
Біз білетін Алматы интеллигенциясында қалада тұрып алты
бала өсірген заңғар жазушы Мұхтар Мағауин болса, біздің
қатарластарымыздың арасында өмірге алтын асықтай жеті
бірдей ұл мен қызды əкеліп, оларға имани тəрбие беріп,
адамдық бақыттың шаттығына кенеліп отырған бір азамат
болса, ол да осы Бейбіт Сапаралы.
Бірге оқып жүргенде оның фамилиясын француз мəнеріне
салып, «Сапарле» деуші едік. Бейбіт – Бекең – БиАға
атанған бала кезден бергі досымызға өмір атты сапарда ылғи
да жолың болсын деумен бүгінгі əңгіме тəмам.
ІV БӨЛІМ
СЫР – СҰХБАТ
СЫР – СҰХБАТ
– Нұреке, қазіргі кезде «қазақ журналистикасының деңгейі төмен, сапа жоқ» деген əңгіме жиі айтылады. Сіздің осы төңіректегі ойыңызды білсек. – Мұндай сөздерді мен де естіп жүрмін. Мұндай əңгімені айтатындар кімдер? Негізінен журналистикадан қашық жүрген адамдар айтады. Ал журналистиканың отымен кіріп, күлімен шығып жүрген жандар қазақ журналистикасының бағасын да, қоғамда алатын орнын да жақсы біледі. Қазақ журналистикасы – таза ұлттық журналистика. Ұлттық журналистиканың өз ерекшеліктері болады. Ұлттық журналистика ең алдымен мемлекетшілдікті жақтайды. Қазақстанның Тəуелсіздігі қазақ тілінде шығатын газетжурналдардың бəрінің негізгі құндылығы десем артық болмас. Тіпті оппозициялық деп ат қойылып, айдар тағылған баспасөз билікті, биліктің кейбір олқы тұстарын ашық сынап, жазып келе жатса да, еліміздің Тəуелсіздігін ашық күстаналағанын көрген емеспін. Демек, қазақтілді журналистика мемлекетті құраушы халықтың, яғни қазақ ұлтының сөзін сөйлеп келе жатыр. Қазақтілді журналистика – жауыққан, өшіккен, қатыгез журналистика емес, ол сұрқия сөз айтпайды. Ұлттық журналистика – ұстамды журналистика. Ең басты ерекшелік осы. Бұл əрине, əлдекімдерге ұнамауы мүмкін. Əсіресе, қазақтілді журналистиканың белең алып, күш алып, қайраттанып келе жатқаны базбір жандарға шаншудай қадалуы ғажап емес. Сондықтан да жоғарыдағыдай басы артық сөзді бұрқ еткізеді де қызығына қарап отырады, Мемлекеттік тіліміздің өркен жаюымен бірге қазақ журналистикасы да қанатын кеңге жая береді. Бұл анық нəрсе. Қазір Қазақстан халқының АЯҚ АСТЫНА ЕМЕС, АЛЫСҚА ҚАРАУ ҚАЖЕТ
75 пайызы мемлекеттік тілді біледі, түсінеді. Енді қазақ тілін
қолданатындар қатары арта түсетін болады. Осы орайда
Қазақ газеттері еш қалғымауы тиіс. Ақпараттық бəсекеде
алдыңғы саптан көрінуге ұмтылуымыз керек.
– Сіз шетелге жиі шығасыз. Шетелдік журналистер-
мен салыстырғанда еліміздің журналистерінің атқарып
жүрген жұмысына көңіліңіз тола ма?
– Тəуелсіздіктің арқасында талай шет мемлекетте болуға
тура келді. Аллаға шүкір! Шетелге барған сапарларымда
міндетті түрде сол елдердің газет-журналдарын қарайтын
əдетім бар. Көптеген елдерде полиграфия жағынан озық
кеткенін көруге болады. Газеттер жұтынып, құлпырып
шығады. Басылу сапасы жағынан тамсанып қарай беретін
жағдайлар кезігеді. Ал материалдарды жазу, беру жағынан
біз де қалысып жатқанымыз жоқ. Мəселен, кейбір елдер тек
мазмұнға мəн береді. Газеттері безендірілу жағынан сұрқай
болады. Ал Түркия сияқты елдерде газет макеттері анадай-
дан менмұндалап тұрады. Қазақстан газет-журналдарының
нарығы жалпы алғанда жаман дамып жатқан жоқ. Біз де
бірталай елден қалыспаймыз. Мұны ашық айту керек. Елдегі
журналистер шоғыры тəуелсіз елімізбен бірге өсіп, жетіліп
келеді. Сондықтан біздің журналистика ештеңеден ұтылып,
не болмаса соншылқты артта қалып жатқан жоқ.
– Көп жылдардан бергі қазақ басылымын басқарып
келе жатқан журналист ретінде жалпы қазақ баспасөзінің
жағдайы қалай, айтарын қалай айтып, беріп жүр?
– Қазақ баспасөзі – қазаққа жанашыр баспасөз. Қазақтың
тарихы мен мəдениеті, ұлтымыздың құндылықтары бүгінгі
қазақ баспасөзінде қай кезеңнен алғанда да кем жазылып
жатқан жоқ. Қазақ басылымдары ұлт, жер, тіл, дін, діл
мəселелеріне келгенде айрықша айбарлы. Бұл сөзіме нақты
дəлел келтіруіме болады. Естеріңізде болса, осыдан бір-екі
жыл бұрын «Дайджест» атты басылым шықты. Онда қазақ
тіліндегі газеттерде жазылып жатқан мақалалар орысша ау-
дарылып басылды. «Дайджест» газеті аз уақыт ішінде қалың
қазақстандықтарға танымал болды. Неге? Өйткені, осы га-
зет бетіндегі аударма мақалалар өте қызықты еді. Қазақтілді
журналистердің мəселе көтерудегі өткірлігін орыстілді
журналистердің өздері мойындады. Тіпті, «Қазақстанға
оппозицияның қажеті жоқ екен ғой, қазақтілді газеттер сол
оппозицияның орнын басқан сияқты» деген пікірлер де естіле
бастады. Соның салдары ма, кім білсін, «Дайджест» газеті
ақыры жабылып қалды. Сондықтан, қазақ журналистері ай-
тарын айтып, жазарын жазып келеді деуге болады.
– Журналистеріміздің білім-білігін қалай бағалар
едіңіз?
– Қазіргі таңда журналистер шетінен білімді, көздері
ашық, көкірегі ояу. Бір емес, бірнеше тілді білетін журна-
листер шоғыры өсіп келеді. Интернетті тиімді пайдаланады,
осы заманғы ақпарат алу құралдарын жетік меңгерген. Алай-
да, біздің қазақ журналистерінің салалық мамандануы əлі де
олқы соғып жатыр. Мəселен, құқық тақырыбын тереңдете
жазған Нури Муфтахтың ізбасар іні-қарындастары қанша?
Болмаса, саяси шолу ісінің білгірі Нұрмахан Оразбековтің,
қазақ көсемсөзінің қара нары Марат Қабанбайдың, эко-
номика саласын жіліктеп жазатын Ахас Тəжутовтың
ізбасарлары неге көп емес? Ойландыратын сұрақтар. Біздің
«Айқындағы» Алма Мұхамеджанова сияқты қаржы-қаражат
саласын індете жазып келе жатқан журналистердің арты-
нан ілесетін жас буын есімдерін саусақпен санауға болады.
Сонда қаптаған журналистика факультеттері жөнді білім
бермей ме? Жоқ, жас журналистер қиын тақырыптар мен
күрделі саланы жазудан жалтара ма?..Қалай болғанда да,
қазақ журналистері белгілі бір салаға жақсылап тұрып ма-
мандануы тиіс. Оның үстіне қазіргі заман ақпараттық тех-
нологиялар заманы. Тіл білетіндер заманы. Осы тұрғыдан
алғанда, қазақ журналистері ағылшын тілін терең білуі тиіс
дер едім. Міне, Астанада ЕҚЫҰ саммиті өтті. Осы сам-
митке келген қонақтармен ағылшынша тілдесіп, тікелей
сұхбат алатын бізде қанша қазақ-ағылшын тілді журна-
лист бар? Немесе, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың шет
мемлекеттерге жасайтын ресми сапарлары кезінде прези-
дент пулына қосылатын журналистер арасында қазақша-
ағылшынша ағып тұрғандары қанша? Алда – Ақ Азиада.
Онда да қазақтілді журналистер арасынан спорт тақырыбын
жазатын тілшілеріміз ағылшынша сұрақ жаудыра ала ма?
Қазақстан əлемдік қауымдастыққа еркін кірігіп отырған ел.
1995 жылы Мысырда болдық. ТМД елдерінен жиналған, арасында журналистері мен заңгерлері, банкирлері мен полицейлері бар үлкен делегация құрамында осы елде бір айдан астам уақыт болуға тура келді. Сонда бір байқағаным: бізден басқа елдердің көбісі ағылшын тілін еркін меңгерген; мəселен, Грузия журналистері тек ағылшынша сөйлесіп, сұрақ қоюмен болды. Тіпті мынау қырғыз бауырлардың өзі бұл тілге жетік болып шықты. Қазақтар мен түркпендер ғана шеттеп қала бердік. Сондықтан, қазіргі заман журналистері қазақша, түрікше, ағылшынша өте сауатты болуға керек. Түрікше деп отырғаным, бауырлас түрік елінің журналистері мен ақпарат құралдарынан көп нəрсені үйренуіміз керек. Түрікше білгеннің артықшылығын осы елдің ақпарат агенттіктерінің материалдарын тікелей оқи алатын болсаңыз, сонда көресіз. Біздің қазақ ұзақ жылдар бойына қыспақта болды. Қажымұқан сияқты балуандарымыз ылғи екінші планда жүрді. Алға шығуға, кеудені керуге еш мүмкіндік болмады. Қазақтың қазақ атын танытқанына осы соңғы жиырма шақты жыл ғана ғой. Тəуелсіздікті біз күн сайын қадірлей білуіміз қажет. Сол себептен, енді көкжиек ашылды. Кеңістік көбейді. Аяқ астына емес, алысқа қарау керек. Қазақ-ағылшын тілдерін еркін меңгеру қазақ ақпарат құралдарын нығайтады, журналистердің ақпарат айдынында желкен керуіне кең жол ашады деп білемін. – Журналистерді қолдау-қостау жағы көңіл көншітерлік пе? – «Журналистің жегені жантақ, еңбегі еш, тұзы сор» деп жүргендер бар. Қате пікір. Қазақ елінде журналистердің жағдайы соншалықты жаман емес. Жаман болса, жыл сайын Президенттің БАҚ саласындағы сыйлығы беріле ме? Жыл сайын Баспасөз қызметкерлері күнінде еліміздегі барлық министрліктер мен ведомстволар журналистерге тиісті сый-сияпат жасайды. Жергілікті əкімдіктер де қалыс қалып жатқан жоқ. Сондықтан, ауызды құр шөппен сүрту дұрыс болмас. Қазақстан журналистер Одағы, Қазақстан журналистер Академиясы тағайындайтын сыйлықтардан өзге, банктер мен «Самұрық-Қазына» сияқты əлеуметтік даму қорлары жазарман ағайынға қолдау көрсетіп келеді. Түрлі салаларға жарияланып жатқан бəйгелердің өзі бір төбе емес
пе? Демек, жазамын дейтін журналистке билік тарапынан
да, қоғам тарапынан да қолдау бар. Жас журналистер «Ша-
быт» фестиваліне қатысып, бақ сынап жүр. «Жүзден жүйрік,
мыңнан тұлпар» шыққандары республикалық «Дарын»
сыйлығына ұсынылып жатады. Мұндай қолдау кешегі кеңес
өкіметінің кезінде де болған емес.
– Журналистердің құқығы толық қорғалған дегенмен
толық келісесіз бе?
– «БАҚ» туралы заң бар. Біздің негізгі жұмыс істейтін
заңымыз осы. Ата Заң бар. Онда сөз бостандығы мен
шығармашылық
еркіндікке
кепілдік
берілген.
Былай
қарағанда, барлық мүмкіндіктер қарастырылған тəрізді.
Алайда,
қалың
журналист
ағайынның,
қазақстандық
БАҚ-тың аяғын тұсайтын бір жəйт бар. Ол «БАҚ» туралы
Заңымыздағы былқылдақ тұс. Осы заңның бірнеше бабы
бойынша, азаматтар ар-ожданыма нұқсан келді деп сотқа
жүгіне алады. Ол дұрыс та шығар. Бірақ сотқа жүгіну ісін
шектейтін уақыт-орысша айтқанда, срок давности деген,
нақтыланбаған. Яғни, кез келген азамат кез келген БАҚ-ты
жарияланған мерзімінің қаншалықты өткен-кеткендігіне
қарамастан сотқа тарта алады. Көптеген елдерде «срок дав-
ности» деген мəселенің басы ашық, яғни, бір жылдан асқан
жағдайда сот ондай істі қарамайды...
Қазақ журналистері əлі де болса өзінің құқықтық
сауаттылығын жетілдіре беруі тиіс. Осы ретте «Заң» газеті
əріптестерімізге үлкен көмекші бола алар еді. Газет жаны-
нан жас журналистердің құқықтық сауаттылығын арттыруға
бағытталған семинар-кеңестер мен түрлі тренингтер өткізіп
отыруға неге болмасын? Оған еліміздегі білгір заң маманда-
рын тартып, жылына екі-үш рет жиын өткізіп отырса, құба
құп болмас па? Сөз ыңғайында осы газетте жұмыс істеп
жүрген əріптестеріме жетістік пен табыс тілеймін. Алда
Тəуелсіздігіміздің мерейлі белесі келе жатыр. Оның арты-
нан Жаңа жыл келеді. Қашан да алдымыздан амандықтың
есігі ашық тұрсын! Қазақ елінің ертеңін нұрлы етуге үлкен-
кішіміз түгел атсалысайық, асулардан бірге асайық!
– Əңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан
Алтынай ЖОЛДЫБЕКОВА
– Сізді соңғы кезде қандай
сұрақтар мазалап жүр?
– Екі мəселе көбірек ойланды-
рады: біріншісі – Білім, екіншісі
– Тіл.
– Қазақ білімді халық деп жиі
мақтанып жүрміз ғой.
– Рас. Біз білім мен ілімге ұмтылған елміз. Күні кеше-
ге дейін соңғы сиырын сатса да қазақ баласын оқытуға
ұмтылды. Мұхаммед пайғамбарымыздың “Қытайда болса
да ғылым мен білімді игер” деген мазмұндас хадисі бар.
Оқығаннан қазақ баласы жаман болған жоқ.
– Қанша оқып-жетілдік десек те, көп тұста өзімізге
тəн үлес-сыбағадан айрылып қалып жататынымыз бар.
Оның себебі неде?
– Ақыл-ойы алқымынан аспаған елдер де бар. Қулық
сауған, қулығына құрық бойламайтын елдер де бар. Қазақ
елі соның қайсысына жатады? Баладай аңғал, даладай
шалқар қасиетімізді көлденең көк атты біткен жақсы
білсе керек. Жайылып жастық, иіліп төсек болып жата-
тын кезіміз көп. Қонақ келсе астындағы жалғыз атын сой-
ып тастап, шиеттей бала-шағасымен пəлен ай шулап оты-
ра беретін “мырзалығымыз” тағы бар. Кеңестік кезең тұяқ
қимылдатпайтын жаман дағдыға үйретіп кетті. Дайын асқа
тік қасық. “Сен салар да мен салар, атқа шөпті кім са-
лар”, дейтін нақылдарға со заман ерекше бой ұрдық. Одақ
тарқап, ел егемендігін алар тоқсаныншы жылдары білім мен
ғылымнан құн кетті. Инженерлік ғылым итке керек болмай
қалды: қарағайдай дипломы бар қабырғалы азаматтар ба-
зар жағалап, арба итеріп, жүк тасып жүнжіп кетті. Баланы
осы заманғы өмірге мектеп те, жоғары оқу орындары да
толық бейімдей алмады. Оларды өз бетінше əрекет етуге
үйрету, кəсіпкерліктің еркін рухын бойға сіңдіру қаперге
алына қоймады. Бойкүйездік, марғаулық, самарқаулық,
жалқаулық басты. Елдің еңсесін көтеретін техникалық
ғылымды қажет деп санайтындар сиреді. Оның орнына
баласын заңгер, банкир қылғысы келетін адамдар қатары
көбейді. Базалық білім беру жүйесі бұзылды. Не болса сол
ЖАРЫП
ШЫҒАТЫН
ЖЕРДІ ІЗДЕУ
КЕРЕК
мектеп бағдарламасына кіргізіле бастады. Инженерлік білім
беру ісінде тапқанымыздан жоғалтқанымыз көбейді. Бұрын
Мəскеу барып, Бауманға, МГУ-ға, тағы басқа дəрежелі оқу
орындарына түсіп, техникалық білім алып қайтатын қазақ
жастары қанаты қырқылған құстай алысқа ұзамайтын бол-
ды. Мектептердегі түрлі үйірмелердің ізі де қалмады. Пио-
нерлер сарайындағы сан алуан секцияның саудасы бітті.
– Соның бəрі қазаққа қолайсыз əсер етті дейсіз ғой.
– Əлбетте. Қанша білім министрі ауысты. Бірақ
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
жасалмай-ақ қойды. Білім министрлері қатарында Қырымбек
Көшербаев, Нұралы Бектұрғанов, Шəмша Беркімбаева,
Жақсыбек Құлекеев тұсында ғана бірқатар оңтайлы бастама-
лар көтерілді, бірақ олардың бірде-бірі бастаған ісін аяғына
дейін жеткізе алған жоқ. Үкімет жиі ауысып отырды. Ми-
нистрлер де қолғап тəрізді қайта-қайта ауысып жатты. Бір
министр келіп, білім беру жүйесін жөндеудің қамына кірісе
бастағанша болған жоқ, дереу оның орнына басқасы келді.
Ол бірдеңе жасағанша тағы алмасты. Сөйтіп, бас-аяғы он
жылға жетер-жетпес уақытта оншақты министр орынтақ ал-
мастырудан басқаға шамасы келмей, ұлттың ұлы мұраты –
білім беру саласына ұрандата кірісе алмай қалды.
– Ақселеу Сейдімбек Ы. Алтынсарин атындағы Білім
академиясының президенті қызметіне кіріскенде осы
саладағы ұлттық мəселелерді қотара көтеріп, қадау-
қадау дүниені қолға алған-ды. Өкінішке қарай, ол да бұл
қызметте ұзақ отырмады. Өмірзақ Озғанбаев, Асқарбек
Құсайынов секілді азаматтардың да қолы ұзармады.
Сонда бұл қалай: кадрларды жиі алмастыру арқылы
қазақты алған бағытынан жаңылыстыруға кейбіреулер
əдейі əрекет жасауы мүмкін бе?
– Талай жыл отаршылдықтың зардабын тартқан елдің
табан астында орнынан тік көтеріліп, еңсе тіктеп кетуі
оңай емес. Мұндай тұста ұлттың тастүйін тұтастығы ғана
қиындықтан алып шығады. 1949 жылы Үндістан ағылшын
отарынан азаттық алғанда елдің жақсы мен жайсаңы жиы-
лып, ақыл қосқан. Не істейміз, елімізді қалай өркендетеміз?
– деп. Содан олардың бірі химия, бірі инженерия, бірі ин-
дустрия, бірі кино саласына кеткен. Бұл қазір “Үндістандық
патриотизм” деген атпен тарихқа енген өміршең баста-
ма болатын. Радж Капурдың аты əлемге сол кезде шықты.
Ұлттың ірі мақсатқа жұмылуы көп ұзамай-ақ нəтижесін
берді. Қазір дүниежүзі бойынша ең мықты программи-
стер осы Үндістаннан шығып отыр. Күні кеше қолынан
ештеңе келмейді деп кемсітіліп келген үнді елінің азаматта-
ры бүгінде ақыл-ойдың жарысына түсіп, көп жағдайда дес
бермейтін халге жетті.
– “Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады”
дейсіз ғой. Əйтсе де сізді білім берудің бүгінгі мəселелері
қатты ойландыратын болуы керек. Солай ма?
– Білім де, тіл мəселесі де кейде қолдан күрделендіріліп
отырған сияқты көрінеді маған. Қазіргі мектеп бітірушілердің
орнына сол мектептің мұғалімдерін сынақ тапсыруға кіргізіп
көріңізші: қаншасы екі, қаншасы бес алар екен?
– Қызық екен.
– Қызық түгі де жоқ. Біздегі орта білім беру тіпті күрделі.
Біз Ресейдің білім беру жүйесінен алшақ кеткеніміз жоқ.
Солардың көшірмесі сияқтымыз тіпті. Таяуда Ресей маман-
дары да дабыл қағып жатыр. Жоғар сынып оқушыларының
пəндік жүктемесі масқара көбейіп кеткен. Бір аптада барлығы
168 сағат болса, оқушыларға берілетін тапсырмалар аптасы-
на 167 сағатқа жеткен көрінеді. Ересек адамның жұмыс ап-
тасы небəрі 40 сағат. Бұл заңмен бекітілген. Сонда есептей
беріңіз: балаңыздың миы аши ма, ашымай ма? Математика,
химия, физика, биология сияқты пəндер бойынша берілетін
сабақ көлемі американдық мектептермен салыстырғанда
екі есе көп екен. Бірақ Ресей мектептеріндегі балалардың
50 пайызы сол пəндер бойынша оқу бағдарламаларының
жартысын да игермейтін көрінеді. Мəселен, Ресейдің физи-
ка пəні бойынша оқулықтарында 1300, ағылшындарда 600,
америкалықтарда 300 түсінік бар екен. Соған қарамастан
физика саласынан АҚШ-тан – 61, Англиядан – 20, Ресейден
– 9 Нобель сыйлығының лауреаты шығыпты.
– Қазақтан Нобель сыйлығының лауреаты шықпауы
да мүмкін дейсіз ғой.
– Оны құдай біледі. Дегенмен, жоғарыдағы мысалдар
бізді ойландыруы керек. Қазір ХХІ ғасыр. Қазақ əлемдік
тайталасқа түсе бастаған ел. Мұнда құда күтіп отырғандай,
келе қойыңдар деп құшақ жайып, қол қусырып отырған
ешкім жоқ. Əр ұлт, əр ел өзінің орнын алуға ұмтылады. Біз
бір биікке шықсақ, осы ақыл-ойды шыңдау арқылы ғана
шыға аламыз. Жан-жағыңдағы ұлттар кимелеп, ығыстырып,
тіпті таптап кеткісі келіп тұрғанда қазақ додаға үскен шабон-
доз тəрізді ортадан жарып шығатын жол іздеуі керек.
– Қазір мұнай ғана көп жыртықты жамап тұр. Мұнай
бітсе не істейміз?
– Міне, осы сұрақты сіз бен біз өзімізге күн сайын қойып
отыруымыз керек. Құдай берген мұнайдың арқасында олқы
тұстарымыз əзірге ойсырап білінбей тұр. Біз технологиялық
тұрғыда алға ұмтылмасақ, артта қалып, шаң жұтып, отырып
қалуымыз да бек мүмкін.
– Сонда не істеу керек?
– Құдайдың берген байлығын ақылмен игеруге ұмтылу
керек. Мұнайдан да қымбат нəрселер бар бізде. Мəселен,
уран, тантал, бериллий, кремний, ниобий деген сияқты.
Қазақстандағы кремнийдің қоры 65 миллион тонна. Мұндай
байлық дүниежүзіндегі ешбір елде жоқ. Бір килограмм
кремнийдің бағасы 1 миллион тонна мұнайдың бағасымен
бірдей. Есептей беріңіз. Тап сол сияқты уран қоры бойын-
ша да біз əлемдегі алдыңғы орындамыз. Бұл металдарды
игеру, өңдеу, пайдалану технологиясы бізде жоқ емес, бар.
Мəселен, тантал конденсатын, уран түйіршіктерін алып та
жатырмыз. Жаңа реакторлар жұмыс істеуі үшін оған шикізат,
онда да дайын технологиялық тізбектен өткен өнім керек.
Бұл мұнайдан да зор байлық. Ал ол байлықтың кілті біздің
қолымызда тұр.
– Қаржы мен қуатты салатын жерге салу қажет дегіңіз
келе ме?
– Тауып айттыңыз. Қазақтың даңғаза мен дүрмекті серік
еткен жаңа байларына қарап тұрып менің көп ретте қарным
ашады. Ақшаны желге шашқанша, елге неге шашпайды
екен?
– Елге шашып жатқандар да бар ғой. Бір сүндеттойда пəлен машина бəйгеге тігіліп, вертолетпен ақша шашқандар да шықты емес пе? – Мен жанама мағынада сөз етіп отырмын. Қазақстан мектептерінің 35 пайызы спорт залдарынсыз отыр. Тым құрығанда соларға баскетбол, волейбол алаңдарын салып, күрес кілемдерін апарып беруге де болар еді ғой. – Тіл мəселесіне қатысты не айтасыз? – Бізде бұл мəселені нақты шешумен айналысудың орнына айғай салу, ұрандату көбірек. Тіл мəселесі еш уақытта айқаймен шешілмейді. Бұған байланысты менің біршама ой-толғамдарым бар. Оның бəрін айтып жатуға газет бетінің мүмкіндігі бола бермес. Тағы бір реті келер. – Келістік ендеше. Əңгімеңізге рахмет. – Сіз еліміздегі бірнеше басылымды басқардыңыз. Сіз басқарған уақытта «Жас Алаш» газеті оқырман көңілінен шығып, іздеп жүріп оқитын басылымның біріне айналғанына бəріміз де куəміз. Қазіргі «Айқын» газеті де ақпарат кеңістігінен ойып тұрып өз орнын алды деуге болады. Осындай жетістіктерге жету оңай емес шығар? Осы жолда қандай қиындықтарға кез болдыңыз? Толығырақ тоқталсаңыз... – «Жас Алаш» газетінде кілең желкілдеген жастар істеді. Олардың көбісі қазір бірқатар республикалық газет тізгінін ұстап отыр. Бұл «Жас Алаштың» журналистер ұстаханасы болғандығының бір белгісі. Біз үшін «Жас Алаштың» орны бөлек. Əрине, шығармашылық жұмыста қиыншылық деген де болады. Бірақ жастардың бір артық жері бар. Ол олардың жалын атқан жүрегі. Тау қопарар қажыр-қайраты. «Жас Алаштың» ел жүрегін жаулап алуы тек бір кісінің еңбегі ҚАЗАҚ БАСЫЛЫМДАРЫ ҚАНАТЫМЕН СУ СЕПКЕН ҚАРЛЫҒАШ СИЯҚТЫ...
емес, ол бүткіл ұжымның еңбек нəтижес. Сол тұстағы «Жас
Алашты» мен де сағынамын. Сағыныш адамның көкірегіне
сəулелі шуақ шашады. Бір кездегі «Жас Алаштың»
қызметкерлері негізінен қазіргі «Айқын» мен «Жас қазақ»
газеттерінде қызмет атқарып отыр. «Айқынның» да тез
арада танымал басылымға айналғаны сол ядроның арқасы
шығар деп ойлаймын.
– «Айқын» газетін жаздырып алушылар саны
жылдан-жылға артып келеді. Газет таралымын артты-
ру үшін қандай шаралар жасалып жатыр? Алға қойған
жоспарларыңыз бен мақсаттарыңыз туралы айтып
өтсеңіз қайтеді?
– Айтайын. Жыл сайын біз көктемді асыға тосамыз. Нау-
рыз айы нағыз мерекелерге толы. Соның ішінде бес жылдан
бері жүрегімізді лүпілдете келер бір күн бар. Ол – 6 наурыз.
«Айқынның» алғашқы нөмірі шыққан күн.«Айқын» ежелгі
эпос кейіпкерлері тəрізді тез өсті. Жыл санап, ай санап емес,
апта санап, күн санап, сағат санап өсті. Ақпарат кеңістігінде
өз орнын алу оңай тірлік емес. Оның үстіне күн сайын га-
зет шығару, ойлап қараған адамға, ғаламат еңбек. Осынау
зор жігер мен орасан қажыр-қайратты қажет ететін жұмысқа
жегілген шығармашыл ұжымның төккен тері зая кеткен жоқ.
«Айқын» Қазақстанның ақпарат кеңістігіне кимелеп кіріп,
тез арада танымал басылымға айналды.
Қазақта бұған дейін де шығып келе жатқан газеттер
бар. Олардың ең байырғысы –«Егемен Қазақстан». Бұл
газеттің шыққанына биыл 90 жыл толады. «Айқын» күн
сайын шығатын елдегі ең ірі екінші газет. Биыл 5-ке толып
отыр.
Қазақ тілінде шығатын басылымдардың қай-қайсысы
болсын, ең алдымен ұлттың жоқшысы, жақсылықтың
шырақшысы. Қанатымен су сепкен қарлығаш тəрізді қазақ
басылымдарының барлығы Тəуелсіздік деген қасиетті
ұғымды қызғыштай қорып келеді. Егемендік пен елдікті,
Тəуелсіздік пен теңдікті орнықтыру бағытында журнали-
стика саласының жаужүрек ұл-қыздарының баяғының ба-
тырлары секілді кірпік қақпай, қалғымай қызмет етіп жүр.
Бүгінгідей мерейлі күнде біз өз əріптестерімізді бірінші
болып құттықтағымыз келеді. Өйткені, газеттің əр нөміріне
тілекші, жанашыр болған да солар.
Мемлекеттік тілде шығатын басылымдардың негізгі
мұңы ұлттық мүдденің төңірегіне тоғысады. Қазақтың
тілін іскерлік тіліне, осы заманғы ақпарат тіліне айналдыру,
сөйтіп оның қолданыс аясын кеңіту мəртебелі міндет болса,
«Айқын» осы міндетті абыроймен орындап отыр деуге бо-
лады. «Айқын» Қазақстанның ақпарат тілін қалыптастыруға
өз үлесін барынша қосып келеді.
Бүгінгі «Айқын» алты алашқа ғана емес, алты құрлыққа
аты кеткен басылым. Газеттің сайты Қазақстандағы таны-
мал вев-сайттардың арасында алғашқы ондыққа, қазақ
тілінде шығатын газеттер арасында алдыңғы орында келеді.
Күн сайын жер жаһанның түкпір-түкпірінен жүздеген адам
«Айқынды» оқиды. Газеттің электронды нұсқасы арқылы
оқитын оқырмандар қатары күн санап көбейіп отыр.
«Айқынның» ең басты тірегі – қалың ел. Газеттің
алғашқы санынан бастап қалт жібермей оқып келе жатқан
оқырмандарымыздың қатары жыл сайын өсіп келе жатқанын
айту керек.
– Қазіргі кезде еліміздегі ең өзекті мəселелердің бірі
– қазақ тілінің ахуалы. Қазақ тілі бұқара халықтың
тілі ғана емес, ресми құжаттың да тілі болуы тиіс.
Мемлекеттік
тілд
көркейтуге
байланысты
Сіздің
пікіріңізді білгіміз келеді. Сіздің ойыңызша, қазақ тілінің
қоғамда жаппай қолданыста болуы үшін не істеу керек?
– Қазір республикада тұратын 15 миллион 700 мың халық
қазақ тілінің мемлекеттік мəртебесін толық мойындады.
Бұрынғыдай қазақ тіліне мұрын шүйіре қарау жоқ. Бұл үлкен
жеңіс. Сосын осы халықтың барлығы дерлік қазақ тілін
біледі. Түсінеді. Бізде 11 миллионның үстінде мұсылман
бар. Олардың дін бірлігі тіл бірлігіне əкелетін фактор. Басқа
ұлт пен ұлыстың өкілдері де қазақ тілін жақсы біледі. Бар
əңгіме бір-ақ мəселеде. Республика халқы мемлекеттік
тілді толық қолданып отырған жоқ. Қолдану үшін тілдік
мəжбүрлік керек. Ол үшін ең қарапайым нəрселерден ба-
стау қажет. Көше аттары екі не үш тілде емес, тек бір-ақ
тілде, яғни мемлекеттік тілде жазылуы тиіс. «Нан» мен «Ет»
деп дүкендерге бір тілде ғана жазу керек. «Хлеб»,»Мясо»,
«Молоко» деген жазулар қатар тұрғанда тілдік мəжбүрлік
болмайды. Төлқұжат алған азаматтар өз құжаттарын
тек мемлекеттік тілде толтыруы тиіс. Тілдің қоғамдағы
қажеттілігін орнықтыру əркімнің еркі мен қалауына салын-
бауы тиіс. Бұл мемлекеттік міндет болуы керек. Бұл бір.
Екінші, біздің мемлекеттік мекемелер мəселені қай тілде
шешеді? Тек орыс тілінде. Осы дұрыс па? Қазақ еліміз.
Қазақстанда мемлекеттік тілде мəселе шешілмейді. Бұл бо-
ламын деген ел үшін басты талап болуы қажет. Бұл үшін ең
бірінші кезекте мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тілді
білуі тиіс. Осы талап барлық жерде күшейтілуі керек. Онсыз
іс бітпейді. Мемлекеттік тілді білмейтін адам депутаттыққа
өткізілмесін. Мемлекеттік тілді білмейтін адам əкім,
не министр болмайтын болсын! Осындай талаптарды
халықтың өзі қоюы, көтеруі керек. «Жыламаған балаға ем-
шек бермейді» дегендей, біздің барлық күш-жігеріміз бен
қайратымыз қазақ тіліне мемлекеттік дəреже əперумен ғана
шектеліп қалды. Сол дəрежеге мастанып, масаттанып қана
жүргендейміз. Тіл үшін күрес күн сайын тоқтамауы тиіс.
Сонда ғана мемлекеттік тілдің мерейі үстем болады.
Сұхбаттасқан –
Нұргүл ҚАРАҒОЙШИНА
– Биыл Тəуелсіздіктің
20 жылдығын атап өтеміз.
Айтыңызшы, осы уақыт
аралығында Тəуелсіздіктің
бергенін сезіне алдық па?
Тəуелсіздіктің бір белгісі –
тіл десек, елдегі тіл саяса-
тына көңіліңіз тола ма?
– Елбасы 2008 жылы бізге – бір топ қазақ бас редакто-
рына арнайы сұхбат берді. Сонда «Біз үйренетін ұлттан
үйрететін ұлтқа айналуымыз керек» деген болатын. Сол
сұхбатта «Тəуелсіздікті күн сайын қорғау керек, ай сай-
МАҚТАНЫШ
СЕЗІМІ ЖОҚ
АДАМДАР
МЕМЛЕКЕТ
ҚҰРА АЛМАЙДЫ
ын қорғау керек, жыл сайын қорғау керек, нығайту керек,
өркендету керек» деп шегелеп айтты. Мемлекетіміздің бас-
шысы Тəуелсіздікті күн сайын бекіте түсетін тегеурінді
тетік бар екенін де атап көрсетті. «Қазақ тілі – Қазақстан
халқының басын біріктіруші бірден-бір фактор» деген сөзі
соның айқын дəлелі. Бір ел, бір ту, бір тіл, бір діл қағидатын
ұстану – жас ұрпақты елдікке, ерлікке жұмылдырады. Елдің
бірлігі мен достығына жаңа мазмұн, жаңа серпін береді.
Соңғы Халық санағында «мемлекеттік тілді білемін»
деген адамдардың саны 75 пайыз болды. Соның 57 пай-
ызы «қазақша оқи аламын» деген екен. Діні бір, ділі бір
өзбек, ұйғыр, түрік, əзірбайжан, татар, қырғыз, башқұрт
халықтарын қоса алсақ, олардың қатары арта түседі. Яғни, бұл
азаматтардың көпшілігі мемлекеттік тілді біледі, түсінеді де-
ген сөз. Мемлекеттік тілде сөйлемейтін кімдер? Мемлекеттік
қызметшілер. Мəселе шешетін де солар. Мемлекеттік тілде
мəселе қоятын азаматтар қатары алдағы уақытта көбеймесе,
азаймайды. Сондықтан қазақ тілін меңгеру ісінде біздін
мемлекеттік қызметшілер Президентімізден үлгі алуы тиіс.
«Майын тамызып сөйлемесе де, қазақ тілінде түсінісу үшін
тілді үйренулеріне болады ғой» деп Елбасы Ассамблея сес-
сиясында айтты да.
Тіл мəселесі кезең-кезеңімен жүйелі шешіліп келеді.
Тілге қатысты көп сөзден гөрі айкын да нақты істер керек.
Қазақстанда тілді дамыту үшін барлык жағдай жасалған.
Ендігінің бəрі өзімізге байланысты. Ал қазақ тілінің
болашағына күманмен, күдікпен қарайтын пессимистер-
ге айтарым: осыған дейін жойылмаған қазақ тілі өз елі, өз
Мемлекеті барда ешқашан жойылмайды.
– Нұртөре аға, егемен ел болған соң ақпараттық
тəуелсіздікке қол жеткізу аса маңызды екені белгілі.
Өйткені
ақпараттық
тəуелсіздік
жалпыұлттық
қауіпсіздігіміздің құрамдас бөлігі. Осы тұрғыда біз
ақпараттық тəуелділіктен арыла алдық па? Өзіндік
ақпараттық иммунитетіміз қалыптасты ма?
– Бұл өте маңызды сұрақ. Міне, Тəуелсіздіктің 20
жылдығы деген белеске шықтық. Осы уақыт аралығында
Қазақстанның ақпарат кеңістігін қорғау, ұлттық ақпараттық
тəуелсіздікті орнықтыру бағытында бірқатар шаралар
қолға алынды. Тиісті заңнамалар қабылданды. Əйтсе де
ақпараттық тұрғыдан толық тəуелсіз болдық дей алмай-
мыз. Қазақстан жағдайында мұндай үдеріс əлі де біраз
уақыт жалғасуы мүмкін. Біз көбіне Ресей сияқты алып елдің
ақпараттық ықпалында қалып отырмыз. Балама ақпарат
көздері ретінде түрік жəне ағылшын тілінде ақпарат тарата-
тын əлемдік ақпарат желілерін пайдалану əлі де кемшін түсіп
жатыр. Президенттің үш түғырлы тіл саясаты ақпарттық
тəуелділіктен құтқаратын бірден-бір жол деп білемін.
Сондықтан, бізге, қазақ журналистеріне, бірнеше тілмен
қарулану керек. Былтыр дүркіреп Астана саммиті, Ақ азиада
өтті. Мұндай халықаралық деңгейдегі жиындар елдік намы-
сымызды қозғайды. Астанадағы жол полицейлері, медицина
қызметкерлері, мейманхана мен мейрамхана қызметшілері,
тіпті қарапайым таксистерге дейін ағылшын тілін қысқа
мерзім ішінде меңгеріп шықты. Сол тəрізді біздің қазақ
журналистеріне де бірнеше тілді еркін меңгеру қажет.
Қажетті сұрағыңды қалаған тіліңде қоя алатын болсаң,
кез келген адамнан өзіңе керек ақпаратты ала алатындай
жағдайға жетсең, жаман ба? Ақпарттық тəуелділік деген
біреудің ақпаратын алу ғана емес, сонымен бірге қажетті
ақпартыңды ала алмау деген сөз. Ақпарат алу үшін тілдік
кеңістік күшті болуы тиіс. Қазақстанда журналист маманда-
рын даярлайтын бірқатар жоғары оқу орындары бар. Сондай
оқу орындары бірнеше тіл білетін журналистер толқынын
даярлап шығарды ма? Бізге кей ретте мақсатты жұмыс
жетіспейді. Мəселен, Никита Хрущевтің кезінде «Целин-
ный край» деген болады деп, қазақ журналистерін қазақша
жəне орысша еркін жаза беретіндей етіп даярлаған арнаулы
курстар болды. Біздің аға толқынның көбісі сондай мектеп-
тен өтті. Қазіргі таңда қазақша жəне ағылшынша, екі тілде
бірдей еркін көсілетін журналистер шоғыры шығуы тиіс.
Осындай мақсатпен маман даярлауды жедел қолға алған
дұрыс. Сонда ақпараттық тəуелділіктен шындап құтылуға
жол ашылады.
– Осы күні сөз бостандығы жайлы əңгіме қозғала
қалса «орыс тілді басылымдар ақиқатты жазады, қазақ
тілді басылымдар мемлекет қолынан жем жеп отырған
соң шындықты айтуға қорқақтайды» деген көлденең
пікірге тап боламыз. Бұл пікір шындыққа қаншалықты
жанасады? Жалпы осындай пікірдің астарында не жа-
тыр?
– Қазақстандағы ақпарат кеңістігі екі тілді болып бөлінеді.
Сіз айтып отырған пікірді мен де естіп жүрмін. Мұндай
əңгімелерді жалпылама сөз деп білемін. «Орыс тіліндегі
басылымдар ақиқатты жазады, ал қазақ тілді басылымдар
шындықты айтуға қорқады» деген бос сөз. Сізге қарсы сұрақ
қояйын: орыс тілді басылымдар «мемлекеттің қолынан жем
жемей отыр» дей аласыз ба? Мемлекеттік тапсырыс деген
бар. Ол тиісті заңмен бекітілген жүйе. Оған тек «қазақтілді
басылымдар ғана қатысады екен, содан кейін олардың үні
шықпайды екен» деген сөз түбірімен шындыққа жанаспай-
ды. Еліміздегі орыс тілді басылымдардың да мемлекеттік
тапсырыс арқылы күн көріп отырғаны жасырын емес.
Мемлекеттік тапсырыс – мемлекеттің саясатын жүргізу
үшін берілетін қаражат. Орыс тілді баспасөз де қазір қазақ
мемлекеттілігін нығайтуға бет бұра бастады. Тəуелсіздіктің
бас кезінде олардың көбісі қадағалаушы, байқаушы рөлінде
болды. Ал ұлттық баспасөз ə дегеннен Тəуелсіздікті,
мемлекеттілікті көздің қарашығындай қорғап келеді. Арзан
сөзбен оқырманды алдарқатуға болады. Қазақ басылымдары
ондай арзан жолға барған жоқ. Таразы басына Тəуелсіздік,
Тіл, Қазақ елі, Жер, Дін мəселелері қойылған кезде кез келген
қазақ басылымы осы қастерлі ұғымдардың қорғаушысы бол-
ды. Бола береді де. Өйткені, ұлттық баспасөздің байланған
қазығы бар. Кейбір жекелеген қожайындар еркіндегі орыс
тілді басылымдар өздерін тəуелсізбіз деп кеуде керсе, оларға
бəрібір шығар.., ал қазақ басылымдарының кез келгені
Тəуелсіздікке тəуелді. Біз осыны əрдайым есте ұстауымыз
керек.
– Бүгінде біраз дамыған елдер электронды газетке
көшті. Қазақ тілді БАҚ саласында да электронды газет-
тер, ақпараттық сайттар қалыптасып келеді. Алайда,
қазақтілді оқырмандар əлі де өзге тілдегі веб-ресурстарға
тəуелді. Қазақ интернет журналистикасының кемшілігі
– оның қолжетімсіздігінде ме, əлде біз əлі классикалық
нұсқадан ажырай алмай келеміз бе?
– Біз қай саладан болса да, біраз кенже қалып қойған
ұлтпыз. Олжас Сүлейменовтің бір өлеңі бар еді. «Из эпо-
са джигиты мчат, опаздывая на тристо лет» деген...Сонда
айтылғандай, біздің халқымыз бірнеше қоғамдық формация-
дан өтті. Феодализмнен – социализмге, одан – капитализмге
секірдік. Осы құбылыстардың бəрі біздің қазақ ұлтына, оның
дүние-танымына, жан дүниесіне қатты əсер етті. Бірінен
кейін бірі келіп, аласапыран жағдайда, уақыттың небір
сынағына төтеп беріп келеміз. Бірақ, қандай заман болса да,
қазақ ұлтының өмір сүргіштік, өмірге бейімделгіштік қасиеті
басым түсіп, ғасырлардан ғасырларға аман жетіп отыр. Ин-
тернет дегеніңіз де біз үшін түк емес. Қазақ тілді интернет
журналистика енді -енді дамып келеді. Рас, қазір өзге тілдегі
веб-ресурстарға тəуелдіміз. Бұл өткінші нəрсе. Бұл саланы
да ұршықша иіріп əкететін жастарымыз шығады. Сөз реті
келген соң, айта кетейін. Жақында Байланыс жəне ақпарат
министрлігі ақпарат жəне мұрағат комитетінің төрағасы Бо-
лат Берсебаевпен интернет желісін тиімді пайдалану туралы
пікір алмастық. Қазақстанның кең-байтақ ел екендігі белгілі.
Пошта қызметі қанша жанын салғанымен газет-журналдар-
ды дер кезінде оқырманға жеткізе алмай отыр. Осы жұмысты
жетілдіру бағытында газеттердің таралу ісіне жаңаша
көзқарас керек секілді. Айталық, қазіргі қағаз түріндегі
нұсқа оқырман үшін қымбатқа түседі. Бұған басылу, жеткізу,
тарату шығындарын қосатын болсақ, республикамыздың
шалғайлығын қоса алсақ, шын мəнінде үлкен мəселе бар
екенін көреміз. Байланыс жəне ақпарат министрлігі маман-
дары қазір осы қиындықтан шығудың жолын ойластырып
жатыр. Егер бəрі ойдағыдай болса, осы заманғы интернет
желісінің игілігін кеңірек пайдалануға мүмкіндік туады. Ол
өз кезегінде газеттердің оқырман қолына тезірек тиюіне жол
ашып жатса, мұндай бастаманы қолдауға тұрады деп ойлай-
мын.
– «Журналистика философияның қалың көпшілікке
ұғынықты тілде жетуіне мүмкіндік беруге, ал философия
журналистиканың ойлай білуіне жағдай туғызуы тиіс»
деген бір сөз бар ғой. Қазір батыс елдері журналистиканы
жалпылама оқытудан салалық білім беруге көшті. Бізге
де осы сала бойынша, нақты мамандыққа бейімделген
кадр даярлайтын уақыт жеткен жок па?
– Мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы ретінде
биыл əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
журналистика факультетіне жиі барып жүрмін. Сонда бір
білгенім, биылдан кейін журналистика факультетінде сырт-
тай оқу деген болмайды екен. Оқуды іштей оқыған дұрыс
па, сырттай оқыған дұрыс па? Əсіресе, журналист маман-
дарын даярлауда өндіріспен тығыз ұштасу керек емес пе?
Журналист кадрларын салалық бағыт бойынша оқыту, да-
ярлау мəселесі əр кез көтеріліп келеді. Бірақ, қазіргі тестік
жүйенің артықшылығы да, кемшілігі де бар сияқты. Актер,
журналист сияқты ерекше сипаты бар мамандықтарға емти-
хан алдындағы шығармашылық конкурстар, ауызекі сөйлесу
сынақтары ауадай қажет. Күні ертең телевизияға, радиоға
баратын мамандарды түріне, тұлғасына, дауысына, сөйлеу
мəнеріне қарап іріктеу аса маңызды. Тіл тазалығы үшін
жүретін күрес тоқтамайды. Сондықтан, көгілдір экранға
шығатын мамандар қазақтың қарасөзіне бай, кескін-келбеті
келіскен, дауысы құлаққа жағымды жандардан іріктелсе,
көп мəселеден ұтатын боламыз. Ал тестті сканворд шеш-
кендей басып, басып, оқуға түсе салған жастардан майтал-
ман маман шығару қиынға түседі. Өкінішке қарай, қазіргі
журналист мамандар газетке жоламайды. Таяуда Қарағанды
университетінің журналистика факультетінде шеберлік сы-
ныбын өткіздім. «Газетке жұмыс істеуге барғысы келетіндер
қолдарыңызды көтерсеңіздер» деп едім, екі-үш саусақ
қана шошайды. Ал телевиязияға бəрінің барғысы келеді.
Теледидардың адамды жұлдыз етуі оңай. Бір-екі рет көрініп,
танымал болуға болады. Ал газет журналисі танымалдыққа
үлкен еңбекпен жетеді... Жастар. сірə, осыдан қашатын болуы
керек. Қалай болған күннің өзінде де бізге журналистердің
салалық мамандануы керек нəрсе. Белгілі бір саланы ұңғыл-
шұңғылына дейін зерттеп жазу журналист адамға ат та,
абырой да əкеледі. Шынайы кəсіп иесі болуына мүмкіндік
туғызады.
– Елімізде 5 мыңнан астам БАҚ бар екен. Ал олардың қанша тілде жарық көріп жатқаны, хабар таратып отырғанын зерттеп жатқан да ешкім жоқ. Осы елдің егесі болған соң, қазақ баспасөзінің артықшылығы деп нені айтуға болады? – Мемлекетке атын беріп отырған қазақ ұлтының үні, көзі мен құлағы ретінде қазақ басылымдары да елдегі тұрақтылыққа тікелей жауапты. Қазақ баспасөзінің артықшылығы сонда. Біз мемлекет қалыптастырып жатқан ұрпақпыз. Біздің БАҚ-та сондай ізгі міндетті күн сайын жүзеге асырып отыр. Қазақ баспасөзі елді кешегі қиын кезеңдерде жұбата білді. Нарықтық жүйеге кірген кезде ақылшы да, дос та, сырлас та болды. Қазақ баспасөзі Тəуелсіздікке ынты-шынтысымен, барлық жүрегі мен тілегі арқылы қызмет етіп отыр. Ата-бабаларымыз аңсаған азат күндер біздің еншімізге бұйырған екен, біз оны көздің қарашығындай сақтауға, мемлекеттілікті дамытуға, елдікті өркендетуге тікелей мүдделіміз. Ең басты ерекшелік те, артықшылық та осы. – Аға буын – ақмылтық журналист ретінде айтыңызшы, қазіргі жас журналистердің қарымқабілеті, ізденіс-тапқырлығы қай деңгейде? Көңіліңізден шыға ма? Əлде жетіспей жатқан тұстары басым ба? – Қазіргі жас журналистердің қарым-қабілеті қандай деген сұраққа бір сөзбен жауап беру қиын шығар. Қазіргі заман – бəсекенің заманы. Қазақ мұндайды «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» деп айтып қойған. Қазақ тілінде шығатын барлық басылымды шамам келгенше оқып жүремін. Жас жеткіншектерден қамшы салдырмайтыны да, көштен қалдырмайтыны да баршылық. Бəлкім, маған солай көрінетін болар, бірақ жастардың көбісі өзімшіл келеді. Өздерінің мақалаларын жазса, болды, іс біткендей көреді. Авторлық материалдарды қорыту, хатпен жұмыс істеу, дерек көздерін жинастыру, шығармашылық жоспар құру деген талаптар сақтала бермейді. Мүмкін, капитализм талаптары солай шығар, өзімен өзі болу, өзімшіл болу сондай қоғамға тəн болар...Алайда, шын газет ісін меңгерем деген маман осы айтылғандардың бəрінен де өтуі керек.
– «Ел ағасы – елу» деген белеске жеттіңіз. Бірқатар
газет-журналдар сіз туралы жазды да. Шыныңызды
айтыңызшы, мақтанға, мадаққа қалай қарайсыз?
– Қалтай Мұхамеджанов деген ағам болды. Өте тапқыр,
қалжыңқой кісі еді. Сол кісінің бір сөзі бар-тын. «Мақтағаннан
өлген қазақтың моласын көргенім жоқ» деген... Тағы бір
ағам бар. Мұхтар Мағауин деген. Сол кісі айтқан бір сөз
бар: «Мақтай бер, мақтай бер, бірақ қанша мақтағаныңмен
дəл мен ойлағандай мақтай алмайсың» деген... Мұның бəрі
күлкі үшін. Мақтау мен мадақ пенде үшін керек те шығар.
Жұрт қанша мақтаса да мен өз кемшілігімді жақсы білемін.
Елдің мақтағанынан адам жақсы болып кететін болса, біздің
елде жаман адам болмас еді...Абай атамыз айтқандай, əр
нəрсенің де шегі бар. Мөлшері бар. Өлшемі бар. Мақтау
мен мадақтың ара-жігін ажырата білу керек. Асыра мақтау
əрине, артық. Бірақ, адамда мақтаныш сезімі деген болуы ке-
рек. Дүниеге адам болып келгеніңе мақтаныш, онда да қазақ
болғаныңа мақтаныш бізді биіктетеді. Қазақтың кешегісімен
де бүгінгісімен де мақтана білу керек. Мақтаныш сезімі
жоқ адамдар мемлекет құра алмайды. Мақтау сүймейтін
жан болмайды. Мақтау сөз жан семіртеді. Адамды өсіретін
де, биіктерге талпындыратын да қасиеті бар екенін көру
қиын емес. Өмірінде бір ауыз мақтау, не бір ауыз жылы сөз
естімеген адамдар рухани кембағал жандар болуы мүмкін.
Тарихқа қарап отырсаңыз, үлкен істерді жүзеге асырған
тұлғалар мақтау үшін, мадақ үшін жасамаған. Оларға мақтау
мен мадақ белгілі бір нəрсені тындырғаннан кейін айтылған.
Жалпы, қор адамнан Зор адам шықпайды. Қор адам өмір
бойы не зорланумен, не қорланумен өтеді. Қызғаныш – қор
адамға тəн. Мақтаныш – зор адамға тəн.
Алашқа айтар датым:
Жыл сайын қаншама жас түлек мектеп бітіреді. Солардың
аты-жөндері қаптаған қате. Қате деген Қазақстан азаматта-
рына қаншалықты зиян екенін ойлап қараңызшы: Бір əріп
басқа – адам басқа. Хат-хабар алмасу, ақша аударымдарын
жасау, төлемақы, өтемақы, жəрдемақы, зейнетақы, жалақы,
қаламақы алу сияқты талай мəселеде қате алдан шығады.
Өзіңді-өзің құжат жүзінде дəлелдеумен дал болып жүргенің.
Анықтама алу керек. Анда бару керек, мында бару керек.
Студенттердің жеке есеп карточкасын ашуы, стипендия
алуы, мүгедектердің жəрдемақы алуы, зейнеткерлердің
зейнетақы алуы оңайға түспейді. Əр құжаты əр түрлі
толтырылған азаматтар да бар. Мүлік мəселесінде, нотариат
жұмыстарында – өтініш, сенімхат, аманат мəселелерінде бір
қате əріп əр түрлі дауға жол ашуы да мүмкін. Бір əріптің қате
жазылуының кесірінен күні ертең талай азамат өзіне тиесілі
зейнетақыдан қағылмасына кім кепіл?
Түпқұжатты – метрикені, төлқұжатты – паспортты
қазақша толтыруға бола ма? Болады. Бірақ, əр қазақ өз
құжатын салауатты толтыру ісіне жауапкершілікпен қарап
отырған жоқ. Түпқұжат жəне төлқұжат толтырғанда оның
мемлекеттік тілде рəсімделуін екінің бірі талап ете бермейді.
Бұл ұлттық мəселе. Ұлт ретінде өзімізді өзіміз сыйламасақ,
бізді кім сыйлайды? Аты-жөні қате толтырылған басқа ұлт
өкілін кездестірдіңіз бе? Іс қағаздарын мемлекеттік тілде
жүргізуге көшкен Қазақстанның бақандай бес облысында
да негізінен түпқұжат та, төлқұжат та орысша толтырылады.
Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінде кімдер отыр?
Олар неге мемлекеттік тіл туралы Конституция талабын
орындамайды? Ең басты мəселе – Қазақстан азаматтарының
туу туралы куəлігін қалай толтыруда болып отыр. Біз өз
мемлекетімізді, оның Конституциясын сыйлайтын болсақ, ең
алдымен осы түпқұжат толтыруды МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ
жүргізуіміз керек! Сондықтан бірінші кезекте Үкімет, оның
Əділет министрлігі бұл мəселеге назар аударуы, сөйтіп орын
алып отырған олқылықты жоюдың нақты шарасын қолға
алуы қажет деп білемін.
- Əңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан
Дархан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ.
– «Бақыт деген не?» дегенге жауап іздеген Мұқағали ақын бір өлеңінде: «Бақыт деген – сенің бала күндерің, Б а қ ы т с ы з - ақ бақытты боп жүргенің...» деп, балалықтың өзін зор бақытқа балаған екен. Осы орайда, балалық шағыңыз туралы айтқанда ойыңызға ең əуелі нендей оқиға оралады? Балалық жəне жастық шағыңызға қатысты өзіңіз кейде іштей болса да мақтана немесе ұяла еске алатын қандай жайттар бар? – Шынында ақын Мұқағали айтқандай, адамның ең бір алаңсыз, қайғы-мұңсыз кезі – балалық шақ. Бала біткен шетінен аңғал, бейкүнə, таза болады. Бала дегенде саясат жоқ, қулық жоқ, сұмдық жоқ. Кез келген ұлттың баласы бір-бірімен тілсіз-ақ түсініседі, ойнайды. Сондықтан балалық шақ деген адамның ең бір бақытты шағы екені рас. Мен де бала болдым. Балалық шақ туралы сөз болса, кішкентай күнімде көргендерім еске түседі. Менен кейін 1963 жылдың 1 желтоқсанында дүниеге келген Еркін деген інім бар. Ол уақытта «роддом» деген бар болса, бар шығар, бірақ біздің аналарымыз үйде босанатын. Апамның толғақ қысып, қианалып отырғанын, бір топ əйелдің үйге келгенін, арқан керіп, абыр-сабыр болып жатқанын анық білемін. Пештің түбінде тұрған мені бір əйелдің «өй, мұнда саған не бар?» деп бөлмеден шығарып жібергенін, артынша сəбидің шар еткен дауысын естігенімді, əйелдердің «ұл-ұл, атұстар» деп дабырласқанын кино таспасындай көз алдыма келтіре аламын. Сонда екі жарым жаста екенмін. Жас кезімде көргендерімнің бəрі есімде. Ауылдағы ең алғашқы клубтың, балабақшаның, колхоздың атқорасының орындарын қазір ересек адамдардың өздері де нақты біле бермейді. Мен соның бəрінің қайда болғанын, орнына не салынғанын айтып, көрсетіп бере аламын. Жаңағы Еркін інім «таудың тойы» дейтінбіз, шопандар слеті тауда өтеді. «Майшы» деген жер бар. Үлкен жазық, көкмайсаға оранып жатады. СонҚАЙ ГАЗЕТТІ ШЫҒАРСАМ ДА КƏСІБИЛІККЕ, МАМАНДЫҚҚА АДАЛДЫҚҚА БАСА МƏН БЕРЕМІН
да бес тиын жұтып қойып, көкем ферма меңгерушісі болып
істейтін, дереу киіз үйді жықтыртып, бəрімізді машинаға
салып алып, ауылға қайтқан кез де есімде. «Дарбаза» деп
аталатын жерге келгенде інім «тамағымнан ары өтті» деп
жұтынғанын, көкемнің «бұл батыр ғой» деп оның басынан
сипағанын ешқашан ұмытпаймын. Көкем ылғи ат үстінде
жүретін. Машина деген кейін шықты ғой, малшыларды ат-
пен аралайтын. Кейде апталап жүруші еді. Сондай сапардан
оралған сəтінде аяғындағы етікті Еркін екеумізге шешкізетін.
Екеуміз тырмысып жүріп əбден жолсоқты болған əкеміздің
етігін шешіп алған кезде бір мəз болатын едік. Əкем қан май-
даннан бір оқ тимей аман келген, бірақ жас күнінде сал бо-
лып ауырып, бір аяғы тізесінен онша көп бүгіле бермейтін.
Атпен ұзақ жүргенде сол аяғы сіресіп қалушы еді, біз етігін
тартып жатқанда ақырын ғана жымиып, күлімсіреп отыра-
тын. Сол бір сəттер қашан да есімнен шыққан емес. Көкем
ырза болса, көңілім өсіп қалатын. Кейін сабақты кілең
«беске» оқыдым, мектепті бітіргенде мақтау қағазын алып
көрсеткенімде көкем «жарайсың, міне азамат» деп арқамнан
қаққан-ды. Сондағы менің кеудемді кернеген мақтаныш
сезімін айтып жеткізе алмаймын.
Бала күнімде «Дəу апа» дейтінбіз, əкемнің əпкесінің ба-
уырында болдым. Басқа балаларға қарағанда маған еркіндік
берілген. Қит етсе қорғаныш болар Дəу апам бар. Көкеме
де, апама да еркіндеу болдым. Ал ағаларым мен інілеріме
тіпті қатты еркінситінмін. Үлкен кісіні арқаланудың арқасы
шығар, жаман боқтампаз едім. Бетіме қараған адам – мейлі
ол кім болса, ол болсын, келген қонақ па, өтіп бара жатқан
адам ба, бəрібір, шетінен əке-шешеден дым қоймай боқтай
жөнелетін едім. Осы жаман əдетті алтыншы сыныпқа дейін
жалғастырдым. Мектепке барғанда алғашқы ұстазымыз Бек-
болат ағайды əкесінен бір сыбап, аудандық оқу бөлімінің
бастығы Тайманов деген кісіні ата-бабасынын бері қарай
тағы бір жіберіп, 1960 жылғы туғандармен бірге мектепке
барған жазған басым, оқудан шығып қалғам. Келесі жылы
өз тұрғыластарыммен мектеп табалдырығын аттағанда «ұят
болады» дегенді аздап ұғындым. Ал каникул кезінде, үйде,
аулада боқтай жөнелетін дағдым біразға дейін қалған жоқ.
Нартай Көкеев деген Социалистік Еңбек Ері атамыз болды.
Көкеммен бірге қойшыларды аралағанда машинаға мініп,
сол кісінің жайлауына, көктеуіне, қыстауына баратын едік.
Дəу үлкен кесеге айранға талқан былғап беретін, Еркін
екеуміз соғып алатынбыз. Бір күні ауылдағы үйге Нартай
атаның баласы мотоцикл мініп келді. Үсті-басы шаң-шаң.
Бет-аузы көрінбейді. Жалғызаяқ мотоциклді бірінші рет
көруім. Əлгі кісі бетін сүрткенде байқадым, мұрны таңқылау
келген адам екен. Қасымда Бектөре деген ағам тұрған, соған
қарап: -«Қарашы, біздің үйге пұшық келді, ана пұшықты
қара» дей беріппін қақылдап. «Өй, мынау кімнің баласы-ей»
деп келген кісі дереу жағымнан шапалақпен тартып жіберді.
Бетім ду ете қалды. Ал атасы тегін боқтықтың неше атасы
кетті дейсіз...Сол əрекеттерім үшін қазір де қатты ұяламын.
– «Жас кезімде бейнет бер, Қартайғанда зейнет бер» де-
ген сөз бар. Бұл ретте, сіздің жастығыңыз қаншалықты
бейнетті болды? Немесе алдағы зейнетті өміріңізге
кезінде қаншалықты негіз қалай алдыңыз?
– Біздің балалық шағымызда Совет үкіметінің барлық
солақай тірліктері болды. Мəселен, бізді, мектеп балаларын
күріштің отағы деген болады, соған салушы еді. Төртінші
сыныптан бастап арам шөп отау үшін таң ата суық су
кешеміз. Түске таман су ысиды, Күрішке «селитра» деген
дəрі себіледі. Ол мұздай болады. Кейін маған «ревматизм»
деген кесел осыдан жармасты. Ол айналып келіп жүрекке
шапты. Соның салдарынан 1978 жылы Қазақ Мемлекеттік
Университетінің журналистика факультетінде небары екі
ай оқып, аурухана төсегіне таңылдым. Жиырма бір күн
аяққа тұра алмай, екі көзім мөлтілдеп, «осылай, қор болып
қалғаным ба» деп жылап жатушы едім. Ақыры академиялық
демалыс алуға тура келді... Кейін басқа балалардан «сендерді
өкіметтің жұмысына апарушы ма еді» деп сұрасам, он-
дай жағдайды көбісі басынан өткермеген болып шықты.
Жас кездегі бейнеттің бір жақсы жері – ешқашан қиындық
атаулыдан қашпайсың. Төзімге, қанша ауыр болса да шы-
дай білуге үйретеді екен. Тек денсаулықты біраз жоғалтып
алғаным болмаса, көкемнің бізді еңбекке баулығаны өмірде
көп көмек болды. Біздің үйде алма ағашы мен өрік ағашы
көп болатын. Көшеттеп отырғызған күннен бастап, шілденің
ыстығынан аман алып шығу бізге жүктелетін. Фляг-фляг су
тасып, сол ағаштарға құйып шығудың өзі бейнетті жұмыс
еді. Оған малға шөп салу, малдың астын тазалау, отын бұтау,
үйдің маңйын айнадай етіп тазарту сияқты толып жатқан «тапсырмалар» қосылатын. Соның бəрі балаға бейнет сияқты көрінгенімен төзімділікке, шыдамдылыққа үйрететін істер екен. Көкемнің талапшыл болғаны үші кейде ренжитін де кезіміз болды. Уақыт өткен соң ол талаптың дұрыс екеніне көзіміз жетті. Қазір «шіркін, сол бір алаңсыз күндер қайтып келсе ғой» деп іштей аңсайтыным да рас. – Бүгінде бүкіл қазақ сізді талантты журналист, белді де беделді редактор ретінде таниды. Алайда сізді «Осы атақ-абыройға «Жас Алашқа» редакторлығы арқылы жетті жəне оған сол кезде ақпарат министрі болған курстасы Алтынбек Сəрсенбайұлының тікелей ықпалы болды» деп есептейтіндер де көп. Бұған не дейсіз? – Журналистік жолымды Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінен бастадым. Алты жыл сонда істедім. Ауыл шаруашылығы бөлімінде тілші, аға тілші болдым. Өнеркəсіп жəне құрылыс, советтер жəне əлеуметтік саясат бөлімдерінің редакторы болдым. Одан кейінгі алты жылым «Егемен Қазақстан» газетінде өтті. Мұнда да экономика бөлімінің тілшісі, аға тілшісі, бөлім редакторы, Бас редактордың орынбасары қызметтерін атқардым. 1996 жылдан 2002 жылға дейінгі алты жыл «Жас Алашта» өтті. «Жас Алашқа» келгенше журналист ретінде танылғаным рас. «Жас Алаш» менің редакторлық қабілетімді көрсептуіме кең мүмкіндік берді. Мені осы жастар басылымын басқаруға шақырып, ұсыныс жасаған Алтынбек Сəрсенбайұлы болатын. Ол Ақпарат министрі ретінде жалғыз «Жас Алашқа» ғана емес, сол кездегі қазақ басылымдарының бəріне тікелей қолдау көрсетіп отырды. «Мемлекеттік тапсырыс» арқылы қаржыландыру жүйесін қалыптастырған да Алтынбек еді. Біздің курстас екеніміз де рас. Көп жағдайда оның үлкен лауазым иесі болғанының пайдасы газетке тимей қалған жоқ. Оның өзі де «Арай»-«Заря» журналында, «Өркен»- «Горизонт» газетінде редактор болып істеген-ді. Редакция «кухнясын» жақсы білетін, газетті күнделікті шығару ісіне араласа бермейтін. Жалпы бағдар белгілі, менің алдымда осы заманға бейімделген, жаңарған, жаңашыл үрдістегі газет шығару міндеті тұрды. Мен соны шамам келгенше атқардым. Қандай редактор болғанымды сол кезде менімен қоян-қолтық жұмыс істеген жандар жақсы білетін шығар деп ойлаймын. Бағаны халық береді.
– Қалай болғанда да, кезінде сіз «Жас Алаштың» 10
мыңға дейін құлдилаған таралымының 70 мыңнан
асып, шын мəнісінде бүкілхалықтық басылымға айна-
луына, қалың оқырманның сүйіспеншілігін иеленуіне
бірден-бір себепкер болдыңыз. «Жас Алаштың» сіз
редакторлық еткен 1995-2000 жылдар аралығындағы
кезеңі газеттің мазмұн-мағыналық, бағыт-бағдарлық
тұрғыда қайта өрлеген, өркендеген тұсы болғаны анық.
Сіздің ойыңызша, сол жетістіктің сыры, құпиясы неде?
– Біріншіден, жасқа тəн жанкештілік, өршілдік пен
өлермендік, кəсіби шеберлік пен жауапкершілік.
Екіншіден, «Жас Алашта» сол кезде қызмет атқарған
жастардың ішкі ұғыныстығы, біз газетті ойнап-күліп жүріп
шығаратын едік. Бəріміз бір үйдің баласындай тату болдық.
Тез түсінетін, тез қимылдайтын, тез жазатын едік.
Үшіншіден, шығармашылық еркіндік. Ешкімнің қолынан
да, жолынан да қақпау. «Айтсын деп ақиқатты сөз берілген»
дегендей, сол тұстағы «Жас Алаш» «Бас кеспек болса да, тіл
кеспек жоқ» деген халық нақылына сай жұмыс істеді.
– «Жас Алаштағы» жалынды рух, ой еркіндігі мен
жастыққа тəн батылдық белгілі бір дəрежеде «Ақжол
Қазақстаннан» көрініс тапты. Яғни сіз ол басылымның
да өзіндік бет-бейнесін қалыптастырғандай едіңіз. Бірақ
ол да кезеңдік қана нəрсе болып қалып қойды. Оған
өкінбейсіз бе? Жалпы, «Ақжол Қазақстанның» оқырман
үшін, сіз үшін қандай маңызы болды? Жəне бүгінгі таңда
тап сондай басылымның жоқтығы неліктен?
– «Жас Алаштан» кеткен соң газет ісінен біржола қол үзіп,
жеке шығармашылығыммен айналыссам деген едім. Елге өте
сыйлы бір ағамыздың сақалды басымен келіп, «ең болмаса,
бір жыл шығарып, газетті қалыптастырып берші» деп қиыла
өтінген соң, «Ақжол Қазақстанды» шығаруға келісім бердім.
Газет жаман газет болған жоқ. Маған «ақпарат кеңістігінде
саяси газет шығару, оның үстіне партиялық басылымды
шығарып, елге танымал ету үшін кем дегенде 4-5 жыл керек»
деген де уəж айтылды. Менің сұрағаным – маған кедергі жа-
самай, газет шығаруға мүмкіндік беріңіздер деген сөз болды.
Сол еркіндіктің арқасында «Ақжол Қазақстан» бір жылға
жетпей-ақ Қазақстанның ақпарат кеңістігінен өз орнын
ойып тұрып алды. Онда менің редакторлық қолтаңбам жүз
пайыз көрініс тапты деп айта алмаймын, бірақ бұл ұжым да
сондай керемет тату, ұйымшыл, əрекетшіл еді. Редакциядағы
қыз-жігіттер жеке бастарына тиетін қауіп пен кедергілерге
қарамастан жанкешті жағдайда жұмыс істеді. Оларға
əрдайым алғыс сезімін білдіріп, құрмет тұтамын.
– Сіздің билікке, оның тізгінін ұстаған атқамінерлер
мен олардың ұстанып отырған саясатына қатысты
өткір сындарыңыз «Ақжол Қазақстанда» жиі жария-
ланып тұрды. Соны білетін жұрт сізді бүгінгі билікпен
ешқашан ымыраға келместей көретін еді. Бірақ сіз
«Ақжол
Қазақстаннан»
кеткеннен
кейін
шамалы
уақыттан соң бірден «ел газеті» – «Егеменнің» басшылық
қызметтерінің біріне бардыңыз. Қазіргі уақытта билік
партиясы – «Нұр Отанның» ресми органдарының бірі
– «Айқынның» бас редакторысыз. Бұл бастапқы прин-
циптен таю ма əлде нақты жағдайларға байланысты
тактиканы өзгерту ме?
– «Ақжол Қазақстаннан» кетейін деп кеткен жоқпын,
оның себебі бар. Сол кездегі партия басшыларының арасы-
на түскен сызат белгісін аңғарған соң, іштей тоқтамға ке-
лер, «менің бұл əрекетім ой салар» деген үмітпен бір күнде
өтінішімді жаздым да теңтөрағалардың бесеуіне де кіріп,
жақсы деп қоштасып шықтым. «Апырай, қатарымызда
жүрген жолдасымыз неге бүйтті, неге мұндай қадамға бар-
ды?» деген тірі пенде болған жоқ. Кетіп бара жатқанымда
Ораз Жандосовқа кіргем, ол «енді не істейсіз?» деп сұрады.
Əзірге дем алатынымды, сосын кез келген бесінші ұсынысты
қабыл алатынымды айттым. Ол күліп: - «неге бесінші?» деп
сұрады. Мен «биыл бесінші жыл ғой» деп жауап бердім де
шығып кеттім. Бір-екі ай үйде жаттым. Бір пендеге керегің
жоқ екенін сезінуден ауыр нəрсе жоқ. Қалжыңдап айты салған
сөзім шындыққа айналды. Бірнеше ұсыныс болды, қабыл ал-
мадым. Бесінші ұсынысты қабыл алдым. Сөйтіп, 2005 жылы
«Егемен Қазақстан» газетіне бас директор болып бардым.
Бұған себеп болған тағы бір жағдай – 1996 жылы Алтын-
бек маған «Жас Алашты» басқаруға ұсыныс жасағанда мен
«Егемен Қазақстанда» Бас редактордың орынбасары едім.
Сол кезде «кейін жұмыс ауыстыратындай жағдай болса, өз
орныма қайта барайын» дегенмін. Сол сөз бен 2005 жылғы
ұсыныс тұспа-тұс келді де мен қазақ баспасөзінің қара
шаңырағына қайта бардым. Сонда қызмет істеп жүргенде
Астана қаласының əкімі Асқар Мамин «Астана хабарына»
шақырды. Одан кейін «Айқынға» келдім. Бұл жерге келуіме
қатарлас досым, замандасым Сайын Есмағи себепші болды.
Ал «бұл принциптен таю ма, жоқ əлде нақты жағдайларға
байланысты тактиканы өзгерту ме?» деген сұрағыңызға кел-
сек, менің өзімнің қалыптасқан пікірім бар. Көзқарасым бар.
Билік пен журналистік кəсіпке деген де өз тұжырымым бар.
Билік – қалай болғанда да қазақтың билігі. Бəріміз де халыққа
қызмет етеміз дейміз ғой. Мемлекет – қазақтыкі, билікте де
кілең қазақтар отыр. Сонда билік дегеннің өзі де шартты
ұғым болып шығады. Мен журналистикаға мамандық деп
те, кəсіп деп те қараймын.
Қайда, қай жерде жұмыс істесем де кəсіби маман ретінде
өз атыма сөз келтірмеуге ұмытамын. Сондықтан қай гаезтті
шығарсам да кəсібилікке, мамандыққа деген адалдыққа
баса мəн беремін. Ал қалған бөлінулер – «мынау биліктің
журналисі, мынау оппозициялық басылымның өкілі» деп ат
қойып, айдар тағуды кешегі большевизмнің санада қатып
қалған сарқыншағы деп білемін.
– Былайынша, мінезсіз адам емессіз. Бірақ кей-
де өмірдің ығына жығылатын да сияқтысыз. «Қамыс
мінез» сізге қаншалықты тəн?
– Мінезім сонша керемет дей алмаймын. Айтарымды
айтып тастаймын. Жазарымды жазып тастаймын. Өмірдің
ығына жығылатын кезім де болады. Уақыт өте келе «осын-
шама арпалыс пен жұлқыныс не үшін?» деген пəлсапалық
сұрақ алдыңнан шығады. «Əр қазақ – менің жалғызым» деген
Сабыр Адайдың сөзіндей, əр қазақтың амандығын тілейтін
кез көбейеді екен. Сондықтан, уақыт кез келген асау адам-
ды жуасытады. Кез келген адамды өзінің ығына жығады,
дегеніне көндіреді. Жалпы, қаталдау адам едім, дүниеге егіз
қызым келген соң, мүлдем елжірек болып кеткендеймін...
– «Ақжол Қазақстанда» жарияланған бір мақалаңызда
«Əр дəуірдің өз анекдоты бар. Əр дəуірдің өз əншісі бар»
деп жазған едіңіз. Сіздіңше, дəл бүгінгі күннің анекдоты
қандай жəне əншісі кім?
– Одан бері анекдот та əнші де өзгерген жоқ-ау деймін.
Сол анекдоттар. Сол əншілер...
– «Жас арқалағаннан тас арқалаған ауыр» деген
бар. Мейлі жұмыста, мейлі тұрмыста болсын, əлдекімге
қиянат жасаған немесе біреудің обалына қалған
кездеріңіздің болуы мүмкін бе?
– Біліп жасаған қиянатым жоқ. Жұмыс барысында кей-
де тым қатал, кейде тым артық талап қойған да шығармын.
Білмей жасаған болсам, біреуге тізем батып, біреуге обал
болып жатса, Жаратушы иемнен үлкенді-кішілі күнəларым
үшін кешірім сұраймын.
– Қайсыбір жылы қажылыққа барып қайттыңыз.
Мұсылмандық шартына қаншалықты беріксіз?
– Қажылық – мұсылманға парыз іс. Бұл бес парыздың
біреуі жəне бірегейі. Алланың көрсеткен тура жолымен жүру
оңай емес пəндеге. Бірақ адал болу, ұрлық-қарлық жасамау,
біреудің ала жібін аттамау, ғайбат айтпау деген талаптарды
кез келген мұсылман баласы орындауы керек деп білем.
– Отағасы ретінде отбасыңызға, оның тəрбиесіне
қатысты қандай ұстанымдарыңыз бар?
– Ер адам отбасында шешуші рөл атқаруы тиіс. Бұл
əйелдерді кемсіткенім емес. Отбасының жауапкершілігі
толық отағасының мойнында болады. Əйел адам соның
тапқанын ұқсатушы, отбасының шырағын өшірмей, түтінін
түтетуші. Отбасында ата-баба дəстүрлерінің сақталуына
қатты мəн беремін. Ұлды – ұл, қызды – қыз, келінді – келін
деп, əр нəрсенің аты мен затына сай болуын құп көремін.
Біреулерге бұл «қазақбайшылық» болып көрінуі де мүмкін,
бірақ мен мұндай қазақбайшылдықты, дəстүршілдікті
жақтаймын. Қазақ өзіне тəне салт-дəстүрлерінен айрылған
күні қазақ болудан қалады. Сондықтан, үлкенге – құрмет,
кішіге – ізет көрсету дегенді үлкен өнеге деп түсінемін.
– Назым жеңгемізбен студент кезіңізде танысып, бас
құраған екенсіз. Сізді жарыңыздың қандай қасиеті тəнті
етті? Осы уақытқа дейін бір-біріңізге деген бастапқы
сезімдеріңізге сызат түскен сəттер болды ма?
– Назым - өте адал, турашыл адам. Ол педаогог отбасында
тəрбиеленген, өзі де педагог, бастауыш сынып мұғалімі. Ба-
лалармен жұмыс істегеннен лəззат алады. Өз ісіне берілген,
мамандығына адал. Жақында ғана бір кезде сабақ алған бір
оқушысы «апай, мен информатика факультетін үздік бітіріп
диплом алғанда, ең алдымен сізді есіме алдым. Егер сіз
маған бастауыш сыныпта математикадан сабақты жақсы
бермесеңіз, мен бұл дəрежеге жете алмас едім» депті. Сол
сөзге əлі күнге дейін жаны семіріп, қанаттанып ұшып жүр.
Мен үйленген жылы Антон Чеховтың «шынайы махаб-
бат – уақыт өткен сайын суымаған махаббат» деген сөзін
Назымға оқып берген едім. Сол сөзді кез келген уақытта
қайталай аламын.
– Ойыңызға келген өлең жолдарын қойын дəптеріңізге
түрте жүретін əдетіңіз барын білеміз. Сондай-ақ ескі
тарихқа, тосын оқиғаларға байланысты шағын хика-
яттар да жазып жүргенсіз. Оқырманға оларды қашан
ұсынбақсыз?
– «Сіз бұрынғыдай газетке көп жазбай жүрсіз ғой» дейтін
оқырмандарым да бар. Рас, көп жазып жүргенім жоқ. Бірақ,
біраз уақыттан бері жазған-сызған көркем дүниелердің бірін
Алла жазса, биыл қалың жұртшылыққа ұсынсам ба деген
ойым бар. Оған қоса балаларға арналған шағын кітапша
əзірлеп жатырмын. Ол да көп ұзамай жарық көретін шығар
сəтін салса...
– «Елу – ердің жасы» дейді. Күні бүгінге дейін
басыңыздан өткен оқиғалардың, түрлі жағдайлардың
ішіндегі ең қызықтысы немесе ең тосыны қайсысы?..
– Уақыт деген жүйрік екен. Міне, біз де елу деген биікке
ентелеп келіп қалыппыз. Басымыздан түрлі нəрсе өтті
ғой. Оның ішінде қызықтысы да, тосыны да, көңілсізі де
жетерлік. Оның бəрін баяндап жатуға, не болмаса ішінен
бөліп алып, мына жағдайлар деуге журналдың беті жете бер-
мес. Оқырманды да аяған дұрыс. Оның асыл уақыт алмаған
да абзал. Өмірден түйген нəселерден атап айтар бірер жəйт
бар.
Бірінші, адам болам деген адам Абай атамыз айтқандай,
күніге бір рет, болмаса аптасына бір рет өзіне өзі есеп беріп
отыруы тиіс.
Екінші, жамандық көрсеңіз, кектенуге жол бермеңіз, өкпе
мен ренішті тез ұмытыңыз.
Үшінші, біреуге жақсылық жасасаңыз, оны жария
қылмаңыз, жасаған жақсылығыңызды да тез ұмытыңыз.
Əрбір атқан таң мен батқан күннің арасында Алла разы
болатындай бір тірлік жасаңыз. Сонда өмір мəнді де сəнді
болады.
Сұхбаттасқан
Роза РАҚЫМҚЫЗЫ.
«Жұлдыздар отбасы».
V-БӨЛІМ
ЖОЛ ҮСТІНДЕ—
ЖУРНАЛИСТ
Есіңе
қай-қайдағы
жайттар
түседі.
Мектеп қабырғасында жүргенде
тарих пəнінен сабақ беретін Жан-
болат ағай Италия дегенде аузының
суы құрып тұрып айтатын. Рим тарихын таратып, жетім
қалған екі баланың бөрі емшегін таласа еміп өскенін,
Ромулдың құрметіне қаланың аты берілгенін өзі соның орта-
сында жүргендей, жыр етуші еді. Ал енді Италия мəдениеті
деген кезде Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль
есімдерін солармен бір класта оқығандай-ақ тəптіштеп ай-
тып, егжей-тегжей түсіндіруші еді. Италияға Қазақстан
Президенті Н.Назарбаевпен бірге баратын делегация
құрамына кіргеніміз белгілі болған сəттен бастап əлдебір
əуен кеудеге құйылғандай болды. Адамның миы қатпар-
қатпар. Сол қатпарлардың арасында кезіндегі оқыған-
білгенің, көргенің-түйгенің жатады. Пəнəйі себеппен кейде
соның бəрі астасып, ғаламат жылдамдықпен еске түседі.
Көрмей жатып көргендей, бармай жатып барғандай боласың.
Италияға қиялменен қанша рет барып қайтқаным есімде
жоқ, бірақ өңімде болмаса да түсімде, болмаса əйтеуір бір
ой қанатына жабысып барғаным рас. Санкт-Петербургтағы
Эрмитажды аралап жүріп те Рафаэль Сантидің туған каласы
Урбинода болған тəріздімін. Оның атақты «Сикст мадонна-
сы» көздің жауын алып, талай адамды алдына жіпсіз байласа.
Микеланджелоның атақты «Давиді» ес білгілі естен шыққан
емес. Ал енді Леонардо да Винчидің «Мона Лизасы» бұған
енді тіл жетпейді. Джаконданың жұмбақ жымиысы адамзат
баласының ашылмаған құпиясы сияқты...
ЕМГЕНІМІЗ –
БІР БӨРІНІҢ
ЕМШЕГІ
Италия деген кезде осының бəрі он қабат ойға оралып,
əлдебір əсем əуеннің əлдиіне бөленгендей əсершіл күй
кешкен жай бар. «Мың естігеннен, бір рет көрген артық»
дейді қазақ. Соның сəті түскенге шын қуандым. Осындайда
шүкіршілік етпесе де болмайды. Қазақстан өз тəуелсіздігін
алмаса, мұндай жағдай болар ма еді, болмас па еді... Билігіміз
біреуде тұрғанда естігенімізге ғана елітіп, арманға ғана алда-
нып жүре беретін бе едік. Бұның бəрі тəуелсіздіктің арқасы,
жігіттер!
Италия деген кезде. Рим деген уақта есіме неге екенін
білмеймін, Көк бөрі түсті. Жүрегімнің еті ауырғандай бір
бұратылып өтті. Ізінше нəзік бір сезім самал боп есті. Бір
жағы сағыныш, бір жағы қимастық, бір жағы өкініш, бір
жағы сыйластық тəрізді қат-қабат сезім жүректі ысқылап
өткендей.
Көк бөрі. Көк тəңірі. Таным мен наным, адамдық түйсік
отырған орнымнан жұлып алып, əлдеқайдағы алыс əлемге
көз көріп, құлақ естімес, бірақ қиял ғана жететін, қолмен
ұстап білмес, бірақ ой ғана орайтын қашықтыққа ала
жөнелгендей болды.
Қазір адамзат өркениетінің ошағы деп отырған Еуропаның
төріндегі Рим қаласының түп атасын қалаған жандар осы
Көк бөрінің емшегін таласа емген жоқ па еді?!.
Қазір Дала өркениетінің негізін қалады деп жүрген қазақ
халқы да бір кездері Көк бөріні өз Анасы деп білетін еді ғой,
демек біз де Көк бөрінің емшегін таласа емген ел емеспіз
бе?!.
Бəлкім, бəріміздің емгеніміз бір Бөрінің емшегі болар...
Кім білген?..
* * *
Президент ұшағы Бухарест қаласынан көкке көтеріліп.
Римге қарай бет түзеген тұста өз қиялым қалаған Рим
көшелерін əлденеше аралап та үлгерген едім. Рим қаласының
«Чампино» əскери əуежайына ұшақ қонған кезде өмірбойғы
арман-қиял адам табанының астында жатты. Міне, Рим!
Бізді Андриан Елемесов деген елшілік қызметкері карсы
алды. Күн каққан өңіне қарап, ылдым-жылдым қозғалысын
көріп, «дəу де болса Шымкенттің жігіті шығарсың» деп жо-
рамалдап үлгердік. Нағыз итальяндық. Сөзі де, мəнері де
ұқсап тұр.
– Атың Андриан болғанына қарағанда, 63-ші жылы туған
жігіт болдың ғой? – деп едім.
– Рас, оны қайдан білдіңіз? – деп күлді.
– Андриан Николаев 63-ші жылы аспанға ұшқан жоқ па?
– Дəл таптыңыз!
Андриан Оңтүстік Қазақстан облысының жігіті болып
шықты. Ат қою жағына келгенде біздің қазақтай интернаци-
оналист халық жоқ шығар...
Бұл да қазақы менталитеттің бір көрінісі.
Андриан самбырлап айтып келеді. Таныстырып келеді.
Ию-қию өткен кортеж Рим қаласының шетіне ілінді.
Спартак көтерілісі туралы фильмде құлдарды салбыратып
асып қоятын жер бар еді, əуежайдан қалаға кірер жол тап
сол көшенің бойымен өтеді екен. Салбырап тұрған құлдар
жоқ, бірақ сол дəуір, сол кезеңнің көріністері көз алдыңнан
ойша өтеді.
Ресми делегация «Эксельсиор» қонақ үйіне тоқтады. Келе
салысымен Президент «Ла Стампа» газетіне сұхбат беріп
тастады. Елбасының жұмыс істеу қабілетіне қайранмын.
Қанша жерден бірге ұшып, қаншама қарбалас сəтте біз
сүрлігіп, сүріне жығылып жүргенімізде ол кісі шаршаған түр
көрсетпейді.
Римде бір түстеніп алғаннан кейін «Куиринале» деп ата-
латын Италия Президентінің Сарайына журналистер жағы
алдын-ала келіп жайғастық. Президент Нұрсұлтан Назар-
баевты салтанатты жағдайда қарсы алу үшін сап түзеген
Италия сарбаздарының қатарында салт аттылар гвардиясы
да сапқа сəн беріп тұр. Кілең жарау жылқылар. Бір орында
тықыршып тұра алмай, жер тарпиды. Санап шықтым, тұп-
тура – 21 ат.
Қазақ та жылқыны қадірлеген халық қой. Ресми қарсы
алулар кезінде бізге де осылай ат ойнатып қоюға болмас па
еді деген де бір ой келді.
Салтанатты рəсім алаңына Италия Президенті 0скар
Скальфаро мырза келді. Бұл кісі бұрын Қазақстанда болған.
Біздің Президентті күтіп тұр. Жүріс-тұрысы ширақ. Жасы
сексенге келді демейсің. Əппақ қыраудай шашы бар. Былайғы
жұрт Италия Президентінің жеке басының жағдайын біле
бере ме? Журналистік дағдымызбен түртініп жүріп, Италия
Президентінің басынан бір кездері ауыр да қиын жағдай
өткенін білдік. Оның отбасында өте күрделі жағдай болған
екен. Əйелі аяғы ауырлап, босанар халге жеткенде өміріне
қауіп төніпті. Я əйелі, я баласы аман қалуы керек болып-
ты. Сол кезде Скальфаро мырзаның қандай халде болғанын
бір құдайым білсін, əйтсе де ол «бала аман қалсын» деп
ұйғарыпты. Сонда туған қызы қазір елуге келіп қалыпты. Өзі
содан қайтып үйленбеген көрінеді...
Ел мен елдің басшылары сыйлас болса, оның өзі де бір
біткен іс тəрізді болады екен. Қазақстан Президенті мен Ита-
лия Президентінің бір-біріне деген құрметі мен сыйластығы
менмұндалап көрініп тұрды. Салтанатты қарсы алу рəсімі
кезінде де, одан кейінгі кеңейтілген құрамда өткен кездесу-
лер барысында да екі ел басшыларының бір-біріне жылы шы-
рай білдіріп, оң қабақ танытуы анық байқалып, аңғарылып
тұрды.
Италия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық
қарым-қатынас 1992 жылғы 12 шілдеден бастап орнады.
Н.Назарбаевтың бұл жолғы ресми сапары – екінші сапар.
Алғаш рет Қазақстан Президенті мұнда 1994 жылы келді.
Былтырғы жылы көктемде Қазақстанға Италия Президенті
ресми сапармен келген еді. Сондай-ақ былтыр күзде Италия
Республикасының Премьер-министрі Романо Проди мыр-
за Қазақстанда болып қайтты. Сол кездесулер кезінде екі
елдің арасындағы саяси байланыстарды дамытуға кепілдік
беретін маңызды құжаттарға қол қойылды. Нəтижеде екі ел
арасындағы мəдени-экономикалық байланыстар жанданып.
Қазақстанға Италия инвестициясы келе бастады.
Италия Қазақстанға келіп, алғаш түрен салған шетел
инвесторларының бірі. Қазақстан мұнайы мен газын игеру-
ге итальяндық «Аджип» компаниясы алғашқылардың бірі
болып тілек білдірді. Қазір Қазақстанда 42 қазақ-итальян
бірлескен кəсіпорыны мен 8 итальян компаниясының
өкілдігі табысты жұмыс істеп жатыр. Екі ел арасындағы
ынтымактастық барлық саланы қамтиды: пайдалы кен
орындарын игеруден бастап, ауыл шаруашылығы өнімдерін
өңдеу, ұқсату кəсіпшілігін, ауыл шаруашылығы машинала-
рын жасау, энергетика, жеңіл өнеркəсіп, халық тұтынатын
тауарлар шығару жəне т.б. салалар бойынша іскерлік байла-
ныстар орныққан.
Экономикалық мəселелер жəне басқа да өнеркəсіп
мəселелері бойынша үкіметаралық жұмыс топрары өзара
ынтымақтастықты күшейту бағытында əрекет жасауда. Са-
пар барысында Қазақстан Президенті О.Скальфаро мырза-
мен кездесіп екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамы-
ту, өзекті халықаралық мəселелер төңірегінде əңгіме-дүкен
құрды. Италия Президенті ашық-жарқын жақсы адам екен.
Оның Қазақстанға, қазақ халқына деген ықыласы ерекше.
Ол біздің тарихымызды, ел басынан кешкен ауыр күндерді
жақсы біледі екен.
Қазақстан Президентінің құрметіне берген қонақасы
кезінде Оскар Скальфаро мырза былай деді:
– Мен Сіздің Италияға жасаған алғашқы сапарыңыз
ұмытқан жоқпын, былтырғы мамыр айында Алматыда
болғаным да есімде. Алғаш көрген адамың жылы шырайлы
жүздесу, емен-жарқын əңгімеден кейін туысың тəрізді бо-
лады екен. Мен қазақ халқының осыдан алпыс жыл бұрын
қандай азапты жағдайды бастан кешіргенін жақсы білемін.
Қазақ халқы зұлымдықтың құрбаны болды. Сонша ауыр
жағдайды бастан өткерген, тағдырдың салған тезінен аман-
сау өткен қазақтың ертеңгі күні жақсы боларына сенімдімін.
Өйткенті, адам төзгісіз азап тартқан елдің енсе көтеріп, өз
алдына егемен ел болуы тəнті етпей қоймайды.
Қазақ халқының көне дəстүрі, оның Еуропа мəдениетімен
байланысы итальяндықтар үшін өте маңызды. Римде
ашылған «Алтын Адам» көрмесі көп жайтты айғақтайды. 600 экспонат əр дəуірдің, Христостың туған ғасырынан бастап сонау замандарға, біздің эрамыздың бірінші ғасырларынан арғы дəуірдің тарихи жəдігерлері. Мəдениеті жақындасқан елдің жаттығы болмайды. Сіздің бұл бастамаңызға дəн разымын. Экономика деген бірде пайда береді, бірде бермейді, ал мəдениет бəрінен де берік, мəңгілік дүние, – деп Италия Президенті көргенді адам екенін байқатты. Мемлекет басшылары бір-біріне оң қағбақ танытса, түсінушілік оңай болады. Халық пен халықтың жақындасуына онша көп кедергі де болмайды. Осы тұрғыдан қарасақ, Италия Президентінің Қазақстан басшысына деген ықыласы айқын аңғарылады. – Біз Қазақстанда жүріп жатқан реформаларды жіті қадағалап отырмыз – деді Оскар мырза, – халықаралық қауымдастықта Қазақстанның беделі өсіп келеді. Əсіресе, ядролық қару сияқты қатерлі нəрседен бас тартып, барлық ядролық қаруды таратпау жəне ядролық сынауларды тоқтату туралы Келісім – шартқа қол қою – елдің бейбіт бағытын дəлелдейді. Аймақтық интеграция саясатында да Қазақстанның рөлі күшті. Азия континентіндегі тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған Азиядағы сенім шаралары мен өзара ықпалдастық жөніндегі Кеңесті шақыру жөніндегі бастама құптарлық іс. Италия Президенті атақты Ұлы Жібек жолын ауызға алды. Ол Қазақстанды сан ғасырлық тарихы бар, Еуропа мен Азияның түйісінде тұрған, мүмкіндігі мол мемлекет ретінде бағалады. Осы ретте əңгіме Қазақстанның жер асты байлығын игеру мəселесіне көп тірелді. – Біз Каспий теңізінің құқықтық мəртебесі проблемаларының Қазақстан үшін қандай маңызы барын жақсы түсінеміз, – деді Скальфаро – бұл тұрғыда жүргізіліп жатқан келіссөздерді тек құптауға дайынбыз. Каспий мұнайын бірлесіп игеру жөніндегі өзара түсіністік пен ынтымақтастық жемісін береді деп ойлаймын. Дүниежүзілік қаржы дағдарысы туралы да əңгіме болмай қалған жоқ. «Сырт көз сыншы» деген. Скальфаро
мырза Қазақстандағы экономикалық өзгерістердің он бағытына қолдау білдірді. «Халықаралық қаржы ұйымдары түгел мойындап отырған жағдайда Қазақстанның қазіргі жетістіктерін соқыр болмаса кез келген кісі көруі керек» деді ол. Италия Президенті Арал мен Семей қасіреті туралы да жақсы хабардар екен. «Бейбіт халықтың тағдырын тəлкек еткен билеуші топ ойланбастан оспадар əрекетке барды. Семей өңірінің экологиялық зардаптары бүкіл адамзат баласын ойландыруы тиіс. Ел мен жер алдында басшылар əр кез жауапты болуы қажет» деп өз ойын түйіндеді. Қазақстан Президенті сондай-ақ елдің Премьер-министрі Романо Проди мырзамен кездесіп, экономикалық саладағы ынтымақтастық туралы əңгімелесті. Романи Проди мырза 1939 жылғы 9 тамызда Скандиано қаласында туған. 1961 жылы заң факультетін бітірген. Ұзақ жыл ғылыми-зерттеу қызметімен айналысқан. Өнеркəсіпті, энергетиканы жетілдіру жөніндегі жəне Италиядағы мемлекеттік сектордың экономикадағы рөлі туралы көптеген ғылыми еңбектің авторы. Ағылшын жəне француз тілдерін еркін меңгерген. Скрипканы сызылтып жақсы тартады. Велоспротпен айналысады. Италия Премьер-министрі кезінде журналистік қызметпен де айналысқан. 1981 – 1983 жылдар аралығында «Экономика» дейтін журналдың Бас редакторы болған. «Коррьера дела сера», «Соле 24 Оре», «Ресто Дель Карлино» газеттеріне қатысып тұрған. Гарвард университетінде / АҚШ/ лекцияда оқыған. Италияда Үкімет жиі ауысады. Мұнда бірінің артынан бірі отставкаға кетіп жатса таң қалуға болмайды. Р.Проди есебінен жаңылыспасам, 57-ші Премьер-министр болуы керек. Қазіргі Проди Үкіметіндегі құрылым мынадай: Премьер-министр, оның бір орынбасары. Үкіметке 20 министр мен бір хатшы ғана кіреді. 58 миллионға жуық халқы бар Италия Үкіметі осындай шап-шағын құрылыммен жұмыс істеп жатыр. Ал біздің Үкімет... Мен айтпай-ақ біздің құрылымды жақсы білесіздер ғой. Салыстырыңыздар.
Мемлекеттің 94 процентін итальян халқы құрайды. 20 миллионнан астам итальяндық шет мемлекеттерде, атап айтқанда, АҚШ, Канада, Франция, Аргентинада тұрады. Италияда 0,5 миллионға жуық шетел азаматтары тұрақты мекен етеді. Италияның астанасы – Рим қаласы. Онда 2,8 миллион тұрғын бар. Қаланың шет жағындағы халықты қоса есептегенде 3,8 миллиондай болады. Ақшасы – итальян лирасы. Бір АҚШ доллары – 1700 лираға тен. Италия 20 облыстан тұрады. Облыстар 94 провинцияға, провинциялар – коммунаға бөлінеді. Елдің негізгі діні – католик. Италия біртұтас мемлекет ретінде 1870 жылы орныққан. 1948 жылдан бері Италия парламенттік республика саналады. Елдің конституциясы 1947 жылы қабылданған. Мұнда Президент 7 жыл мерзімге сайланады. Сайлау Парламент палаталарын жəне облыстар өкілдерінің қатысуымен бірлескен мəжілісте өткізіледі. Премьер-министр Р.Проди мырза да Қазақстан Президентіне зор құрмет көрсетті. – Баяғыда біздің аталарымыз біреу алыс жаққа жол жүргелі жинала бастаса, немене Үрімге кетіп бара жатсың ба деуші еді, – деді Нұрсұлтан Əбішұлы. – Сонда ел-жұрт алысты меңзейтін. Екеуі екі жақта жатса да Қазақстан мен Италия халықтары бір-бірін жақсы біледі. Мəдени-тарихи құндылықтар адамзат баласына ортақ. Біз жастайымыздан Карпинийдің, Марко Полоның жазбаларын оқып өстік. Олар қазақ жерін, халықтың тарихы мен салт-дəстүрін мəңгілік жазбалары арқылы бүкіл əлемге əйгілеп əкетті. Мен «Қазақстан-2030» атты кітабыма алғы сөз ретінде Вергилийдің сөзін алдым. Римнің беріктігі тəрізді Сіздің Үкіметке де берік болуды, нық жумыс істеуді тілеймін, – деп итальяндықтарды баурап əкетті. Проди мырза Қазақстан мен Италия арасындағы қарымқатынастарды əлі де жандандыра түсу қажеттігін атап өтті. Сөз сарынынан істің, нақты тірліктің адамы екені көрініп тұр. Ол Италияда жекешелендіру ісін өте батыл
жүргізген екен. Елдің əлеуметтік-экономикалық мəселелерін
шешуде Проди Үкіметінің жасап жатқан жұмыстары
шаш-етектен. Халыққа жұмыс тауып беруді Италияның
«ұлттық экономикалық приоритеті» деп атайды екен. Про-
ди үкіметі жұмыссыздықпен күресті бастап жіберіпті.
Əсіресе, елдің оңтүстігіндегі жұмыссыз əйелдерді, жастар-
ды жұмыспен қамтудың нақты бағдарламасы жасалып,
жүзеге асырыла бастаған. Жоспар бойынша 2001 жылға
қарай жұмыссыздықты 10 процентке дейін түсіруге бағыт
ұсталған. Үш жылдың ішінде 600 мың жаңа жұмыс орнын
ашу көзделіп отыр. Бұл мақсатқа үкімет 15 миллиард дол-
лардан астам қаржы бөлген.
Қазақстан Президенті сапардың соңғы күні Рим Па-
пасы Иоанн-Павел ІІ-шімен кездесті. Дəл соның алдын-
да Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Қасымжомарт Тоқаев мырза Ватикандағы Əулие пре-
стол мен ҚР арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы
Келісімге қол қойды. Былайғы кезде тышқан кіре алмайтын
Ватиканға бір топ қазақстандық журналист Қасымжомарт
Кемелұлының арқасында кіріп шықтық. Рафаэль мен
Микеланджоланың талай рет қолы тиген, тіпті бастан-аяқ де-
сек те болар сарайдың сəн салтанатын келтірген ғажайып ту-
ындыларын көз жүгірте қарағанның өзінде əсемдік əлеміне
еріксіз арбалады екенсіз.
Рим Папасының жазғы резиденциясы қаладан отыз
шақырымдай жерде, біздің Көктөбеге ұқсас əдемі бір орынға
орналасқан екен. Сарайдың қарсы алдында ғажайып көл бар
екен. Аққулар жүзіп жүр. Қоңыр самал еседі. Жер жаннаты
десе де болғандай. Көздің жауын алады.
Президент Н.Назарбаев пен Рим Папасы екеуара
əңгімеден соң Қазақстан делегациясы тұрған залға шықты.
Жапырлай қол беріп, Папамен амандасып шықтық. Католик
дінінің дінбасы бəрімізбен жылы шыраймен амандасты.
«Хабар» агенттігінің тілшісі Гаухар Керімова сəлем берген
кезде Нұрсұлтан Əбішұлынан:
– Казақтың қызы ма? – деп сұрады.
– Қазақтар. Мыналардың барлығы қазақтар, – деп
Президент Папаның өзін қалжынға кейіп, қолтығынан алып,
қоштасар сəтте амандық-саулық тіледі.
Ватикан-дербес
мемлекет.
Мұнда
рим-католиктік
шіркеуінің орталығы, Рим Папасының резиденциясы бар.
Паланың резиденциясы 0,44 шаршы километр жерді алса, біз
барған Кастель Гандольфо деп аталатын жер Паланың жазғы
резиденциясы болып саналады екен. Рим қаласы мен оның
айналасында əйгілі үш собор – Санта-Мария Маджоре, Сан-
Джованни-ин-Лəтерно мен Əулие Петр соборы Ватиканға
қарайды.
Ватиканның тұрғындары 1 мың адамға жуық. Оның көбісі
Ватикан мекемелерінің қызметшілері. Ватикан азаматтығын
700-ге жуық адам алған. Ресми тілі – латын жəне итальян
тілдері.
Ватикан – əлемдегі ең ірі акционерлердің, капитал
иелерінің бірі. Ол «Дженарал моторс», «Шелл», «Галф
Ойл», «Дженерал Электрик» сияқты ірі компаниялардың
акцияларына ие. Акциялар мен басқа да құнды қағаздарды,
оның ішінде алтын қорын қоса есептегенде Ватиканның
байлығы ресми емес дерек көздеріне қарағанда, 13 миллиард
доллардан асып жығылады деген сөз бар.
* * *
Сонымен, жоғары дəрежелі кездесулер өтті. Келісім-
шарттарға қол қойылды. Сапар бағдарламасы тығыз болды.
Көне Римді аралап, тамашалау үшін уақыт табу бізге оңай
болмады. Соның өзінде күнде көліп жатқан жоқпыз ғой
деп түнделетіп болса да бірталай жерді көрдік. Коллизейде
болдық. Көзінде Микеланджело атқылап жатқан бұлақ көзін
архитектуралық шешіммен Треви фонтанына айналдырған
екен. Сонда болып, күміс тиын тастадық. Римдіктердің ай-
туынша. Мұнда күміс тиын тастаған адам міндетті тұрде
Италияға қайтып келеді екен...
Қарап тұрсаңыз, Рим өзінін тарихи ескерткіштері мен
көне жəдігерлері арқылы қанша ақша тауып жатыр. Туризм
жақсы ұйымдастырылса, мемлекетке сауын сиыр сияқты ғой.
Италия экономикасына туризмнен жыл сайын түсетін табыс
аз емес. Бұл іспен І,5 миллион адам айналысады. Жылына 60
миллион адам келетін болса. Соның үштен бірі шетелдіктер.
Қазір Рим 2000-шы жылды қарсы алуға дайындалып жа-
тыр. Көптеген ғимараттар қайта жөндеуден өткізілуде.
Осындай өріксіз ой келеді: өнеге біз Түркестан мен Ары-
стан Баб маңайын осындай қасиетті орын етпейміз? Неге осы
өнірде туризм ісін жолға қоймасқа? Шетелдіктер Қазақстанға
келгенде қандай тарихы бар деп білгісі. Көргісі келіп келеді
ғой. Медеу мен Шымбұлақтан басқа көрсететін неміз бар?
Тіпті шетел меймандарына қандай сый, кəде ұсына аламыз?
Қазақ қолөнершілерінің жасайтын дүниелері көбіне үлкен,
бағасы да қымбат болып келеді. Оны екінің бірі ала бермейді.
Шағын, кішкентай, оңтайлы бұйымдар көп болса, бағасы да
соған лайықты болса, алмайтұғын шетелдік болушы ма еді?
Түркістанның мерейтойы қарсаңында осындай мəселелерді
де неге бір ретке келтірмеске? Əлде қазақтың той тойлағаны
тек қана ішіп-жеу, ат жарыстырып, көкпар тарту ғана ма?...
Көрсететін дүние бізде де жетерлік. Бір ғана «Алтын
Адам» көрмесін алайық. Биылғы 25 сəуірден 26 шілдеге
дейін Мантуя қаласында сол көрмеге бастапқы екі айдын
ішінде 50 мын адам келген екен. Бұл нені аңғартады?
Бұл Қазақстанның жарқыратып көрсететін тарихы мен
мəдениеті бар екенін, тарихи жəдігерлеріміздің ешбір
елдің мұрасынан қалыспайтындығын білдіреді. Тек қана
құнттылық жетіспейді.
Əйтпесе, біз емген Көк бөрінің емшегін римдіктер де ем-
ген.
Рим жұрты Көк бөрінің барлық қазынасын жарқыратып,
жайнатып ашып қойған!
Ал бізде Көк бөрінің көмбесі көмулі жатыр!...
Алматы – Рим – Алматы
Алматы əуежайынан көкке көтерілген ұшақ Ыстамбұлға қарай бағыт алды. Зеңгір көкке шығып, қанатымен ауаны есіп келе жатқан əуе кемесі кенеттен əбігерге түсті де қалды. «Дəрігер бар ма, дəрігер! Тез арада дəрігердің көмегі қажет..»Жолаушылардың бірі аса қиын жағдайға тап болыпты. Көк аспанда өмір мен өлім арпалысы басталды. Абырой болғанда жолаушылар арасынан дəрігерлер де табыла кетті. Дəрігер болғанда да өзіміздің қаракөз қазақ қызы. Дереу жəрдем жасап, əлгі азаматты ана дүниенің есігі алдынан қайтарып алды. Ұшақ командирі сонда да болса азаматтың өміріне алаңдаушылық білдірген дəрігер кеңесімен Баку əуежайына қонуға шешім қабылдады. Науқас жерлесімізді сонда қалдырып, Ыстамбұлға жеттік. Одан əрі Бухарест қаласының əуежайына табан тіреуге көп уақыт кете қойған жоқ. Бухарест – 500 жылдан астам тарихы бар, Еуропадағы көне қалалардың бірі. Мұнда 2 миллионнан астам адам тұрады. Постсоциалистік жүйеден кейін елде нарықтық қайта құрулар, жекешелендіру үрдісі жүрсе де, басқа бірқатар Еуропа елдерімен салыстырғанда, мұндағы тірліктің өңі əлі келісе қоймаған тəрізді əсер аласыз. ЕуроОдаққа мүше болғалы бұл елдің тұрмысы да қымбаттап сала берген. Дегенмен, өткенге салауат айтқан өнегелі жұрт кешегі күннің даурықпа кезеңінен гөрі бүгінгі тірлік ағысының кезегіне көбірек арқа сүйейтіні аңғарылады. Қала көшелерінде көлік көп. Мұндағы кептеліс Алматы мен Астанадағы көлік кептелегінен де сорақы ма деп қалдық. Қаланың бір шетінен екінші шетіне бару үшін Қазақстанда «шыңдалған» жүйкенің өзі бара-бара сыр бере бастайды екен... Біз барған бетте Қазақстан Республикасының Румыниядағы уақытша сенімді өкілі Қайрат Қалетаевпен жүздесіп, біраз жайттардың мəнісіне қанықтық. Ол алдағы қараша айында елде Парламент сайлауы өтетінін, сайлау партиялық жүйе бойынша емес, бір мандатты жүйе бойынша өткізілетінін айтты. КЕЛІСТІ КЕЛІСІМ
Бір мəселенің төбесі əлсін-əлсін қылтиып тұр екен. Пре-
зидент пен Премьер-министрдің арасындағы текетірес сай-
лау додасы жақындаған сайын қыза түсетін тəрізді. Бұрын
ауызбірлікте болған елдегі екі тұлғаның көзқарастарындағы
қайшылық тұтас елге өз əсерін тигізіп те жатқандай. Мұны
алысқа ұзамай-ақ, қала көшелеріндегі көптен жиналмаған
қоқыс қалдықтарынан – ақ аңғаруға болғандай. Əрі тарт та,
бері тарт дейтін итырғылжың жағдай қай жерде жақсы із
қалдырушы еді...
Біз қаланың дəл орталығындағы бес жұлдызды қонақүйге
орналасқан едік. Оның маңайындағы арам шөптер қау-
қау боп өсіп кеткен екен. Осыны көрген «Қазақпарат»
агенттігінің майталман журналисі Кежеболат Жолдыбай
мырза:
– Текетірестің зияны шөпке де тиіп жатыр екен-ау, – деп
байсалды үн қатқан.
– Шөпке де, көпке де тиіп жатқан болар.., – дедім мен.
Сапарымыздың негізгі мақсаты ел көру, жер көру емес.
Əуелден діттеп шыққан мақсатымыз айқын. Қазақстандық
журналистердің үлкен бір шоғырын Румыния жеріне
«Қазмұнайгаз» Сауда үйі арнайы алып келді. Жұртшылықтың
есінде болса керек, былтырғы жылы Қазақстан мен Румыния
арасында келісті келісім жасалған болатын. Дəлірек айтсақ,
біздің «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниямыз Румыниядағы
Ромпетрол акциясының 75 пайызын сатып алған болатын.
Содан бергі аралықта не істелді, Қазақстан қазынасынан
жұмсалған қаражат қайда, қалай кетіп жатыр деген көпшілік
көкейінде жүрген сұраққа нақты жауап алу мақсатымен
сапарлатқан болатынбыз.
Ромпетролдың бірден бір иесі Дино Патричиу мырзамен
дидарласқан кезде, ол бұл келісімге үлкен үміт артатынын
жасырмады. «Біздің компанияның акциясының 75 пайызын
«Қазмұнайгаз» сатып алғаны белгілі. Қазір Қазақстан тара-
пымен бірлескен іс-шаралар жоспары бойынша біраз тірлікті
бастап та кеттік»,-деді ол.
Компнаия бас директорының орынбасары Ион Стурза
мырза өз компаниясының тарихынан қысқаша хабар берді.
«Румыния Еуропада мұнайды алғаш өндірген бірден-бір ел,-
деді ол.-Біздің мұнай өндіре бастағанымызға 150 жылдан
асты. КСРО дəурені жүріп тұрған уақытта Румыния Солтүстік
Африкаға, Таяу Шығыс елдеріне мұнай өнімдерін жеткізіп
тұрды. Біздің компния 1993 жылы жекешелендірілді. 1998
жылдан бастап оның бірден-бір акционері Дино Патричиу
мырза болып табылады. Бұл кісі терең ойлай білетін жан.
Энергетикалық сектордың келешегін көре білген білікті
басшы. Кəсіпкерліктің қыры мен сырын барынша жетік
меңгерген. Міне, осындай азаматтың арқасында Ромпетрол
қысқа уақыт ішінде осы заманның кез келген құбылысына
бейім компанияға айналды. Ерте ме кеш пе, қай ел болса
да энергетикалық мұқтаждыққа тап болатынын ерте сезген
компания басшысы 1999 жылы кішігірім май құю станса-
сын сатып алды. 2000 жылы Румыния мен Молдова тара-
пынан келісімдер жасалды. Сол жылы біз «Мега» мұнай
өңдеу зауытын қайта жарақтандырып, іске қостық. Бұл за-
уыт ол кезде тоқтап қалған болатын. Сол кезеңнен бастап
Румыния құлашын кеңге жая бастады. Көрші мемлекеттерде
өзінің жүйесін кеңейте түсті. Молдова, Венгрия, Швейцария
елдерімен тығыз жұмыс істей бастадық. 2005 жылы тұңғыш
рет кіріс келтірдік. Енді біз Грузия, Албания, Ресей сияқты
елдермен жұмыс істей бастадық. Қазақстанмен арадағы
іскерлік байланыс та осы кезден басталды. Оның ақыры
2007 жылы «Қазмұнайгаз» бен Ромпетрол арасындағы
келісімге ұласты. Біздің мұнай сақтайтын қоймаларымыз
өзіміздегі Констанцада жəне Болгарияда бар. Негізгі бизнес
көзі төрт бағытта өріс тауып отыр. Ол мұнай өңдеу, сауда-
саттық, бөлшек сауда жəне мұнай өндіру. Компания бюджеті
мен басқа да сервистерімізді əрдайым жоспарлап, нақты
бағдарлама бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Қара Теңіз
жағалауындағы мұнай өңдеу зауыты жылына 4 миллион
тоннадан астам мұнайды өедеуге мүмкіндік береді. Оның
жанынан Дунай-Қара Теңіз каналы өтеді. 400 гектар жеріміз
бар. Бұл біздің активіміз. Біз оны мақтаныш тұтамыз. Егер
бəрі ойдағыдай болса, біз үстіміздегі жылдың қараша айын-
да өз терминалымызды іске қосатын боламыз. Оның бірінші
кезегінде 8 миллион тоннаға дейін мұнай өңдеуге мүмкіндік
туады.
Біз мұны бұрын да жоспарлаған болатынбыз. Əйтсе
де «Қазмұнайгаздағы» əріптестеріміз бұл бағыттағы ой-
жоспарымызға қызу қолдау білдірді əрі түсіністік танытты.
Осының арқасында біз мұнайхимия кешенін іске қосатын
боламыз. Ал бөлшек саудаға келсек, біз Франциямен жұмыс
істей бастағанымызға 40 жылдан асты. Бұл елде қазір біздің
компнаияға қарасты 165 АЗС бар. 450-дей АЗС Румынияның
өзінде. Грузияда 27 май құю стансасы бар еді, кешегі
кикілжіңнен кейін қалғаны 25. Мұнай өндіру ісін де қабат
жүргіземіз. Ресей, Солтүстік Африка, Латын Америкасы
елдерімен байланыс өрістей түсуде. Индустрияландырылған
сервистік жұмыс та басты қаперде. «Роминсерв» деп ата-
латын мыңдаған жұмысшысы бар үлкен ұжымымыз бар.
Инженерлік кадрларды даярлау, мұнай өңдеу зауыттарына
маман даярлау да ұдайы назарда. «Роминсерв» шеңберінде
арматура шығаратын арнайы зауытымыз да бар. Бұл ірі за-
уыт. Қазір біз мұнай өнімдерін еуростандартқа сай етіп
шығаруға ұмтылып жатырмыз. Бүгінде «Еуро-4» стандар-
тына сəйкес келетін өнімдер шығарсақ, келешекте «Еуро-5»
стандартына сай өнімдер шығармақпыз.
Қазақстан тарапынан Саудақас Мералиев деген жерлесіміз
Ромпетролда жұмыс істеп жатыр екен. Өзінің біліктілігі мен
кəсіби шеберлгінің арқасында румыниялық əріптестерін
əбден мойындатқан. Румын тарапынан кез келген маман бол-
сын, адам болсын Мералиевтің пікірін айналып өте алмай-
ды екен. Бұған біздің көзіміз сол жерде-ақ жетті. Садуақас
Аташұлы Атырау өңірінің тумасы. Мəскеуде жоғары білім
алған. Еңбек жолын бастаған кезден бастап осы мұнай са-
ласында жұмыстанып келеді. Өте білгір. Ағылшын, испан
тілдерін мейлінше меңгерген.
– Біз қазір «Пакет-2010» деп аталатын жаңғырту
бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатырмыз,-деді
Садуақас Аташұлы. – Бұл бағдарлама бойынша біз мұнай
өңдеу көлемін əлдеқайда ұлғайтатын боламыз. 4 миллион
тоннадан астам Қазақстан мұнайы осылайша өңделіп жа-
тыр.Сонымен бірге бірқатар экологиялық проблемаларды да шешу қажет. Қазір біз Иранның ауыр мұнайын сатып алып, оны осы арада өңдеп, нарыққа шығару үстіндеміз. Былтыр 1 миллион тонна Иран мұнайын қайта өңдедік. Қазақстан Президенті жүргізіп отырған көпвекторлы саясат осылайша жемісін беріп те жатыр. Келешекте Қазақстан мұнай өндіру ісін ұлғайта түседі. Қашаған жобасы іске қосылады. КТК, Алашонкоу бағыты да бар. Қазақстан серпінді қарқынмен өсіп келе жатқан ел ғой. Сондықтан біз қай тарапта болсын елімізге қолайлы мүмкіндіктерді қалт жібермеуіміз керек. Жас инженерлерді ҚМГ арқылы осында əкеліп, іске үйрету де өте маңызды. Мамандарды бірлесе даярлау жөнінде Румыния тарапымен жасалған арнайы бағадрламамыз да бар. Компания басшысы Дино Патричиу мырза «аймақтардағы стратегиялық тұрақтылық негізінен алғанда экономикалық тұрақтылыққа байланысты екенін» алға тартты. – Сондықтан да біз ҚМГ-мен жасалған келісімді экономикалық тұрақтылық ретінде бағалаймыз, – деді ол. Біз жүзеге асырылып жатқан істердің бəрін өз көзімізбен көрдік. Көрдік те көңіл тоғайттық. Қазақ елінің мұнайы Румынияға жеткізіліп, өңделіп жатқаны үстіне осы саланың барлық машақаты мол тірлігіне Қазақстан мамандары да белсене араласып жатыр екен. Мұның бəрі құптарлық қадам. Сапар қорытындысын түйіндеген Ион Стурза мырзаның мына сөздері құлақ түбінде тұр: – Біз ҚМГ-мен арадағы келісімге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ЕҚЫҰ-ға Төрағалық етуіне байланысты үлкен үміт арта отырып қол қойғанымызды жасырмаймыз. Екіншіден, бұл біз үшін сəтті де қолайлы бизнес. ҚМГөте үлкен компания. Қазақстан тарапынан жүргізіліп отырған көпвекторлы саясатты біз де қолдаймыз. Түпкі өнімге қол жеткізуге ұмтылу қажет. Үшіншіден, бұл біздер үшін логистикаға, жаңа технологияларға жол ашады. Төртіншіден, бұл келісім бізге не береді? Біз ықтимал 5 компаниямен жұмыс істедік. Таңдау Қазмұнайгазға түсті. Бұл компания тарапынан өте ауқымды жұмыстар тез арада істелді. Жүздеген мамандар іске қосылды. Қысқа мерзім
ішінде біздің талаптарымыз қанағаттандырылды. Екі елді
басшылары да келісімге қолдау білдірді. Бұл келісім Еуро-
комиссия тарапынан да қолдауға ие болды. Сондықтан да
біз бұл келісімді барлық жағынан сəтті жəне ұтымды деп
есептейміз!
Қай салада болсын маманның аты маман! Біздің қаракөз
қазақ бауырлар сонау Еуропа төріндегі Румыния елінде
өзін еркін сезінсе, ол сол мамандықтың майын ішкен
кəсіпқойлықтың арқасы. Біздің мұнай саласындағы маман-
дарымыз Еуропа нарығына кеуде жарып, кимелеп кіріп келе
жатса, ол Тəуелсіз елдің еркін ұландарының халықаралық
нарыққа емін-еркін құлаш сермей бастағаны!..
Елге оралып келе жатқанда ұшақ үстінде ауыр жағдайға
тап болған қазақ азаматын аман алып қалған қаршадай қазақ
қызы-қарапайым ғана дəрігердің іс-қимылы көз алдыма
келді.
Ия, біз өз мамандарымызбен мақтана алады екенбіз!
Алматы – Бухарест -Алматы
Мысыр.
…1995 жыл. Каир
қаласындағы
тарихи
мұражай. Мұндағы зал-
дар бірінен бірі өтеді:
адамзат баласына аңыз болған ежелгі Мысырдың қатпар-
қатпар тарихының əр кезең, əр дəуірінен нақты шежіре
шертетін талай дүние тұр; перғауын патшалардың тастан,
қоладан, алтын мен күмістен жасалған небір мүсіндері,
Патшалар жазығындағы мың сан үңгірден табылған мың-
миллион жəдігерге жағалай жүріп көз жүгіртіп өтудің өзіне
қанша уақыт кетер еді; солардың арасында перғауындардың
аты аңызға айналған жас перісі Тутанхамонның мəңгілік
мекенінен қазып алынған үлкендігі үйдей, бірінің ішінен
бірі шығып, белгілі бекзаданың бұла дəуренінен толық ха-
ТУТАНХАМОННЫҢ
АСЫҒЫ
бар беретін жеті сандықтан алынған заттардың бəрі самсап
осында тұр.
Қарайсың. Қызығасың. Қайта қарайсың.
Таңданасың. Таң қаласың. Таң боласың.
Ғажап! Баяғы ертегілер еліне кіріп кеткендей əсерде
болатыныңыз сөзсіз. Ертегілерде айтылмайтын ба еді: жер
асты патшалығы деген, жан іздегенде ол бір сандықтың
ішіндегі келесі бір сандықты кезек-кезек ашу арқылы та-
былмайтын ба еді?!. Міне, мына мұражайда сол жерасты
патшалығынан табылған жəдігердің бəрі тұр. Əсіресе, əлем
жұртшылығының назарын үйірген Тутанхамон тұтынған
заттар иін тіресіп, келушілерді өз құпиясымен қызықтырып,
еріксіз еліктіріп əкете барады.
Аралап жүрміз. Қарап жүрміз. Көріп жүрміз.
Бір кезде “Тутанхамонның ойыншықтары” деген бөлімге
келдік. Қарасам: қаздай тізілген асықтар тұр.
– Жігіттер, мынаны қараңдар! Асық. Біздің асығымыз
тұр, – деп қалай дауыстап жібергенімді байқамай қалдым.
Қасыма Шəмші Паттеев, Жанат Сейдуманов, Нұрлан
Сəрсенбаев жетіп келді. Біз, төртеуміз – Қазақстан
делегациясының журналистер құрамында бармыз. Бізбен
бірге құқық қорғау органдарының, салық, жол, статистика
жəне стандарттау мекемелерінің қызметкерлері де келген.
Олар өз салалары бойынша, біз өз саламыз бойынша бөлініп
кеткенбіз.
Жігіттер жетіп келді. Олардың да көздеріне бала күннен
ойнап өскен асық оттай басылған болуы керек:
– Ой, мынау асық қой, – деп қауқылдаса бастады. Біздің
даусымызды естіп қасымызға қырғыздар келді.
– Асық, асық,– деді олар да. Одан түркмендер келді.
– Ашык, ашык, – деді олар.
Гид аң-таң. Біздің бəріміз жаңағы жерге үйме-жүйме жина-
лып қалған екенбіз. Ресей, Украина, Белорусь журналистері
де жиналды.
– Бұл Тутанхамонның ойыншықтары,– деді гид. – Сіздер
мұның атын қайдан білесіздер? Мына ойыншықтардың аты
жоқ,– деп ол қаз қатар тізілген асықтарды көрсетті.
– Асық! Мұның аты асық! – дедік бəріміз.
– Асық, асық! – деді қырғыз бауырлар жамырап.
– Ашык, ашык, – деді түркмендер.
Гид дереу қағаз-қаламын алып, біздің айтқан атауымызды
басын қайта-қайта шайқап тұрып, жазып алды.
Тутанхамонның
асығы.
Тутанхамонның
ойыншық-
тарының қатарында біздің бала күнімізден ойнап өскен
асығымыз тұр! Таң қаласыз ба, жоқ па? Ойпырмай, –
дейміз. – Тутанхамон ойнаса бұл асықпен. Оның атын
мысырлықтардың өзі білмесе. Айдаладағы біз біліп тұрсақ.
Ең қызығы атам заманғы Тутанхамон ойнаған ойыншықпен,
яғни өзіміздің асықпен біз де ойнап отырмыз ғой. Сонда
біздің Тутанхамоннан қай жеріміз кем?
Жүректер дүрсіл қаға бастады.
Кеудені біртүрлі мақтаныш керней бастағандай ма, қалай?
ТМД журналистері арасында айдарымыздан жел есе ба-
стады. Тутанхамон тап біздің туған нағашымыз болғандай
иықты кере, кеудені көтере өзімізше болдық та қалдық.
Сол жолы Мысырда бір айдан аса уақыт болдық.
Мысырдың көретін жерінің бəрін көрдік. Керемет сапар бол-
ды. Ніл өзенінің бойымен бес күн теплоходпен жүздік. Əбу
Сүмбіл қаласына ұшақпен ұшып барып, Нілдің бойындағы
қаншама тарихи кесене, əфсаналарды аралап, Патшалар
жазығындағы ғаламат жерлерді көріп, үлкен əсерге бөленген
едік.
Сол жолы Тутанхамонның ойыншықтарын суретке
түсіріп алуға еш мүмкін болмады. Əттең-ай, деген өкініш
ойда кеткен.
Мысырға бір рет келіп, Ніл өзеніне бетін шайған адам
міндетті түрде мұнда қайта келеді деген нақыл сөз бар екен.
Сол сөздің растығына 2001 жылдың қараша айында көзіміз
анық жеткен.
Қазақстан Республикасының Мысырдағы күндері өтетін
болды да делегацияны сол кездегі Мəдениет, ақпарат жəне
қоғамдық келісім министрі Мұхтар Құл – Мұхаммед бастап
барды. Мемлекеттік делегация Мысырдың мəртебелі мемле-
кет қайраткерлерімен кездескен. Сол кезде бір байқағанымыз:
Мұхтар Абрарұлының Қазақстан секілді мемлекет аты-
нан кездесулерде көшелі сөз сөйлеп, ретті жерінде кесімді
пікірді кесіп айтар өткірлігіне, талай мықтыны иіп əкеп,
əңгімеге иліктіретін ілкімділігіне, білім мен білік сыналар
тұста қамшы салдырмай ағызып алып өтер айбарлығына
тəнті болғанбыз. Мəдениет, ақпарат саласынан тақырып
ауқымы ауыл шаруашылығына, Қазақстан экономикасына
ойысқан сəтте де сол салаға қатысты неше түрлі цифрлар мен
деректерді тілге тиек етіп, сөйлей жөнелгенде Мысырдың
сала жетекшілерінің мысын басып тастаған кезін де көрдік.
Сонымен, тақырыпқа оралар болсақ, біз Тутанхамонның
ойыншығы аталған, барлық қазақ баласы жас күнінде
қолынан тастамай ойнап өскен асық тұрған мұражайға он
қаруымызды сайлап асыққан едік. Бардық. Бардық та баяғы
көріністі сол қалпында суретке түсірдік.
Сол асық міне: талай ғасыр, талай дəуренді артқа тастап,
мұражай ішіндегі шынылы қораптың ішінде қаз қатар тұр.
Көзіңізге оттай басылары сөзсіз. Тутанхамон кім болған?
Біз кім болғанбыз? Тутанхамон да асық ойнаған. Біз де
асық ойнағанбыз! Осы арада не байланыс бар? Жалпы, біз
асық туралы не білеміз? Қазақ баласы урбанизацияға бой
ұрып, жаһанданудың жойдасыз жойқын нөпірінің астында
тұрғанда асық сияқты асылын бағалай біле ме? Бағалап отыр
ма? Бағалай ала ма?
Бір қарағанда, мұнда тұрған ештеңе жоқ сияқты. Асық
дегенді иісі қазақ баласы түгел білетіндей. Бірақ, күн санап,
сағат санап көшпелі өмір салтынан алыстап бара жатқан,
заман ыңғайымен мал шаруашылығына қатысты ұғым-
түсініктерден алыстай түсіп, неше ғасырлық тіл байлығынан,
бабалар мұрасынан – əдет, ғұрып, салт-дəстүр жиынтығынан
жерініп келе жатқан мына кезеңде асық деген де құр нəрсе
тəрізді көрінеді-ау! Оның балаларға да, үлкендерге де
берері мол, ойын лəззаты ерекше, жіті қимыл, əбжіл əрекет,
əдемі əдіс екені енді бір аз уақытта мүлдем ұмытылып та
кететіндей көрінген соң, еріксіз осы тақырыпқа тереңдей
үңілгенді жөн көрдік.
Алдымен, асық туралы қандай анықтама бар? Соны
іздедік. ”Қазақ совет энциклопедиясының 1 томының 538
бетінде мынадай жолдар бар екен:
“Асық ойыны – балалардың ежелгі спорттық ойыны.
Тақыр алаңға көлденеңінен түзу сызық сызады да, соны бой-
лай тігілген кенейді кезектесіп сақамен ату арқылы мергендік
сынасады. А.о-ның түрі: үш табан, бір табан, шығу, шеңбер
т.б. Қыз-бозбалалар кешкісін үйде отырып ойнайтын асық
ойындары – қора, хан, құмар т.б”.
Ал Қазақстанның Ұлттық энциклопедиясының 1-ші
томының 500-ші бетінде Б. Төтенайтегі сипаттап берген
анықтама бұдан сəл кеңірек.
“Асық ойыны – қазақ халқының дəстүрлі ұлттық ойыны.
А. о. Күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі мергендікке,
түнгісі ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай
Асық – алшы, тəйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы
қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқай
аталады. А.о.-ның мынадай түрлері бар: құмар, тəйке, омпы,
алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б.
ҚҰМАР. Ойынға 2-4 адам қатысады. Олардың жақсы
жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек. Ой-
ыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады
да, кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк,
не төрт шік, не төрт алшы, не төот тəйке түсірсе, жүлденің
жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген
жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді.
ОМПЫ. Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызуды
омпы дейді. Оны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме
ішінде ойнай береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса,
ойын соғұрлым қызықты өтеді. Мақсат – көп асық ұтып алу.
Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да, көмбенің
тең ортасына сызық бойына əрқайсысы екі асықтан тігеді.
Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысы-
нан тұрғызады. Балалар кезек-кезек сақаларымен он қадам
жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер
атушы омпыға бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол
алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне
тигізсе, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп,
ойын жалғаса береді. А.о-ның халық арасына кең тараған,
басқа да түрлері бар”.
Аюбай Құралұлының “Ұлттық дүниетаным” атты оқу
құралында асық түрлері мен атаулары былайша түзілген.
1.Кеней, кентай – асық ойынында ұпайға тігілетін асық.
“Кішкентай” сөзі “кіші” жəне “кентай” сөздерінен шыққан.
2. Сақа – асықтың ең үлкені, ірісі. 3. Ешкімер – ешкінің асығы. 4. Қойлақ – қойдың асығы. 5. Құлжаз – құлжаның асығы. 6. Топай, сомпай – сиырдың асығы. 7. Шүкейт – киіктің асығы. 8. Пүш – тəйке түспесін деп, алшы жағы жонылған асық.
“Пұшайман болу” деген сөз осыдан шыққан.
Оңқай – малдың оң жақ аяғының асығы.
Солақай – малдың сол жақ аяғының асығы. Алшы, Тəйке
(тəйкі), бүге (бүк), шіге ( шік), оңқа, шоңқа, қынжы ( жантай)
деген атаулары бар.
Асықтың атауы мен түрлерін бір түгендеп алдық. Ал енді
қандай асық ойындары бар? Ойын ережелері қандай? Осы
сауалды қазақтың этнобаянын біледі-ау деген бірлі-жарым
азаматқа қойып көріп едім, көбісі “асық ату”, “ханталапай”
дегеннен ары аса алмады.
Біз пəлен ғасырдан бері мал шаруашылығымен айна-
лысып, малға қатысты мəселенің бəрінің майын ішкен
халықпыз. Өмір салтымыз, əдет-ғұрпымыз төрт түлік малға
мейлінше байланысты; қаншама атау, ұғым-түсінік, таным
мен пайым соған қатысты; одан өрбитін сөз де, мақал-мəтел
де жеткілікті. Исі қазақтың баласының қой асығын көрмегені
жоқ шығар, сірə.
“Ақылы асса – аға қой,
Жасы кіші демеңіз.
Қолыңа жақса – сақа қой,
Қой асығы демеңіз”, – деген қазақпыз ғой.
Асық атаулары мен түрлері асықтың төрт жағындағы 4
түрлі пішімнен шыққанын білдік. Оның əрқайсысының өз
дəрежесі болады. Бірінші пішім – Алшы, ол бірінші дəрежеде,
екінші пішім – Тəйке, бұл екінші дəрежеде. Үшінші пішім –
Шік (шіге), үшінші дəрежеде. Төртінші пішім Бүк ( бүге), ол
төртінші дəрежеде.
Асық ойындарының түрлері көп. Соның көбісі бұл күнде
ұмытылған. Қазіргі ауыл жəне қала балаларының ойнап
жүргені “асық ату” ойыны. Бұл көбіне далада, тегіс жер-
де ойналатын ойын. Негізі асық ойындары жылдың төрт
мезгіліне орай шыққан. “Асық атыс” немесе “асық ату” ой-
ыны жылдың кез келген мезгілінде ойнала береді. Бұл ойын
балалардың тез қимылдауын қалайды. Мергендігін арттыра-
ды. Дəлдікке, есепке үйретеді.
Асық ойнау – балалардың дүниетанымын кеңейтетін
ойын. Ойынға бірнеше бала араласқанда əркім өз асығын
қателеспей тауып алу үшін апа-əжелеріміз кілем жəне киіз
жүндерін бояп жатқан қазанға асықтарды салып алатын.
Сонда əр асықтың түр-түсі əртүрлі болып шыға келер еді.
Қызыл, жасыл, қара, көк, сары, қоңыр деген бояу түрлерін
балалар екі-үш жасында-ақ еркін ажыратады. “Өзім де-
генде өгіз қара күшім бар” дегендей, əр бала өз асығының
санын тез-ақ біліп алады. Бұл санауға жақсы, балалардың
есепке жүйріктігі бала кезден қалыптаса бастайды. Асық
– кəдімгі санағыштың рөлін қоса атқарады. Асықтарды
қаз қатар тізу кезінде олардың санын алу, кейін ұтысты
есептеп, ұпай бөліскенде жапырлап асық санау кез келген
баланың математикаға бейімін арттырады. Қазақ баласының
есепке жүйріктігі міне, осындай ойындарды ойнаудан-ақ
қалыптасқан.
Бала көп қимылдайтыны, тез шаршай қоймайтыны анық.
Асық ойындары – қимыл-қозғалысқа құрылған ойындар.
Асық ойындарының əліппесі саналатын “Төрт асық” ойыны
балалардың жас кезінде, енді-енді қимыл-қозғалысы көбейіп
келе жатқанда ойналады. Əсіресе, ыстық кезде, бала аздау
қимылдасын, ыстықта тез шаршап қалмасын деген ниетте
дүниеге келген ойын. Бір жағы баланың танымдық қабілетін
арттырады.
“ТӨРТ АСЫҚ”. Бұл ойынды балаларға жас кезінде
үйретеді. Төрт-бес жасар балалардың ойнауына жақсы.
Ойын мақсаты белгілі: бала бір асықта төрт түрлі пішім
бар екенін жəне əр пішімнің əр қыры бар екенін зердесіне
тез түйеді. Ойынға қосылған балалардың əрқайсысы бір
асықтан иіреді. Кімнің асығы алшы түседі, сол бала ой-
ынды бастайды. Қолға алған төрт асықты ақырын шашып
жібереді. Сонда төрт асық төрт түрлі болып түссе, ойынға
қатысып отырған балалардан бір-бір асық алады да, ойынды
əрі қарай жалғастырады. Тағы да төрт асықты жерге ақырын
шашып жібереді. Сонда төрт асықтың төртеуі де не алшы,
не тəйке, не шік, не бүк болып түссе, соның əрқайсысында
да ойынға қатысушы балалар ойынды бастаған балаға бір-
бір асықтан береді. Ал алда-жалда төрт асықтың пішімі төрт
түрлі, немесе əртүрлі болып түссе, онда ойынды бастаған
бала 4 асықты екінші балаға береді. Ол ойынды бірінші бала
секілді қайтадан бастап жүргізе береді. Осылайша ойынға
қатысып отырған балалар асықтарынан ұтылып біткенде
ғана ойын тоқтатылады. Ұтыс есептеледі. Ұпай саналады.
Ұтқан баланың асықтары көп болса, ол қалған балаларды
қатарластыра сапқа тұрғызады. “Бір-біріңді қуыңдар, кім
ұстатпай кетсе, сол ойынды бастайды”, – дейді. Сөйтіп ойын
ары қарай жалғаса береді.
“АСЫҚ АТУ”. Көбіне жаз жəне күз айларында ойна-
лады. Ойынға əдетте 2 бала қатысады. Кейде одан да көп
бола береді. Ойынға қатысатын баланың əрқайсысында өз
сақасы болуы шарт. Сақа – деген қойдың ең ірі асығынан
таңдап алынады. Кей балалар сақа ауыр болсын деп оған шік
жағынан тесік жасап қорғасын құяды. Ауыр сақа атқанға
жақсы. Əрі асықтарға тигенде соққысының күштілігінен
бірнеше асықты ұшырып түсіреді. Сақаның жан-жағын
ептеп тегістейді. Əсіресе, тəйке жағы көбірек тегістеледі.
Сақаның иірген кезде жəне атқан кезде алшы түсуіне көп
нəрсе байланысты. Сондықтан сақасын сайлап алуға ойын-
шы бала қатты мəн береді. Сақасы алшы түскен бала ойын-
ды бірінші болып бастау мəртебесіне ие болады. “Асық ату”
немесе оны “асық атыс” ойыны деп те атай береді, ойынды
бастау үшін тегіс жерге арнаулы белгі салынады. Сызық сы-
зылады. Ол шеңбер түрінде, үш түрлі сызығы болады. Бірі
– өріс сызығы, бірі – табан сызығы, үшіншісі – орта сызығы.
Сол жерде, яғни өріс сызығында тұрып балалар асықтарын
иіреді. Өріс сызығы мен табан сызығының арасында кімнің
асығы алшы түседі, ойынды сол бастайды. Орта сызыққа екі
баланың асықтары тізіледі. Əр баланың үйінен алып келген
3-4 асығы болады. Ойынды бастаушы бала табан сызығын
сол аяғымен басып тұрып, оң қолындағы сақасымен орта
сызықтағы асықтарды атады. Соққы неғұрлым күшті болса,
тізілген асықтарды алысқа ұшырады. Өріс сызығынан екі-
үш асықты сыртқа шығарып жіберсе, бала ол асықтарды
ұтып алған болып есептеледі. Егер бірнеше асық өріс
сызығынан асып кете алмай, ортада қалып қойса, онда бала
табан сызықты сол аяғымен басып тұрып, сақасымен атып
шығаруға тырысады. Ойын үстінде сақасы алшы түсе қалса,
бала сол аяғын сол сақа алшы түскен жерге басып, өзіне
қолайлы, ең жақын жерде тұрған асықты атуға қақысы бар.
Ал ойынды бастаушы бала ешқандай асықты атып шығара
алмаса, ойынға екінші бала араласады. Ойын ережесі бəріне
бірдей, жоғарыда аталған ретте жүреді.
Орта сызыққа тізілген асықтарды əр бала өзінің асықтарын
төрт бұрышты ойын сызығынан шығарып болғаннан кейін
ғана ата алады. Ұтқан асықтарын санап шыққасын, кім
асығынан қанша ұтылса, сонша рет өлең айтуы, немесе төрт
бұрышты ойын сызығын сонша рет айнала жүгіруі тиіс.
Қазіргі қала балалары ұтысқа тиын-тебен тігіп ойнайды.
“ХАН ТАЛАПАЙ”. Ойынға 5-10 бала қатыса береді.
Асықтың көп болғаны жақсы. Көп асықтың ішінде біреуін
қызыл түске бояйды. Сол асық “хан” болады. Ойынды ба-
стайтын бала санамақ арқылы айқындалады. Ол асықтың
бəрін қос уысына жинып алып, отырған балалардың алдына
шашып жібереді. Балалар “ханның- қалай түскенін бақылап
отырады. Егер “хан” бүк, шік, не тəйке түссе, ойын бастау-
шы бала “ханның” түсуіне қарай жақын жатқан асықтарды
бас бармақтың көмегі арқылы сұқ саусағымен итере ыршы-
тып бір-біріне дəл тигізуі қажет. Тигізген асықтарды ол өзіне
алады. “Ханды” жатысы “хандыкіндей” ең соңғы асықпен
ғана атып алады. Сондықтан асықтарды атқан кезде есепке,
дəлдікке, мергендікке жүгінуге тура келеді. Ойын бастаушы
баланың қолы басқа асықтарға тисе, сондай-ақ атқан асығы
басқа асыққа барып тисе, ойынды келесі бала жүргізеді. Ал
“хан” алшы түссе, балалар жарыса “хан талапай” деп дауы-
стап, “ханды” өз қолына түсіруге тырысады. “Хан” кімнің
қолына түссе, сол бала жеңіске жеткен болып есептеледі.
Онда ойынды сол бала қайта бастайды.
“АТПАҚЫЛ”. Мұны кей жерде “көтеріспек” деп те атай-
ды. Бұл ойынға екі бала қатысады. Біреуі сақасын иіріп,
екіншісі сол сақаны атады. Егер сақаға дəл тигізсе, атқан
баланы екінші бала өз сақасы жатқан жерге дейін көтеріп
апарады. Осылайша екі бала бірінің сақасын бірі атып, бір-
бірін кезек-кезек көтерісіп ойнай береді. Бұл ойын балалар-
ды шымырлыққа, дене күшін жетілдіруге үйретеді.
“ҚАҚПАҚЫЛ”. Бұл ойынның шарты былай: 1 асықты
алақанға салып алып, жоғарыға жəймен лақтырып, асық
қайтып түскенше алақанды төңкеріп, асықты қолдың сырты-
мен қағып алу керек. Содан соң қолдың сыртындағы асықты
қайта лақтырып, төмен түсіп келе жатқанда алақанды ашып
қалу керек. Осылайша, уысын бір ашып, қолдың сыртын
бір тосып асықты қағып алуды “қақпақыл- деп атайды. Қол
қимылдарын меңгерген бала кейін мал бағып, атқа мінгенде,
асау үйретіп, жылқыға құрық лақтырғанда өте епті болады.
Жылдам қимылдауға, шапшаң əрекет жасауға үйренеді.
“Қақпақыл” ойынын тереңдете ойнауға да болады.
Ол үшін екі бала ойнаса, бірі асықты қағып алып тұрады,
екіншісі соны санап тұрады. Мысалы, асықты 4 рет қағып
алған бала кенет асықты жерге түсіріп алды дейік. Сол кезде
ойынға екінші бала кіріседі. Ол асықты 3 рет қағып алғасын
түсіріп алса, ойынды бірінші бала бастайды. Өйткені оның
бір асығы артық. Ол 10 асықты қос уыстап тұрып аспанға
қарай атып жібереді де манағы тəртіппен қолының сыртын
тоса қояды. Қолының сыртында екі асық тұрып қалса, оны
қайтып алақанымен қағып алуы керек. Сонда ол жерден
қосымша екі асықты таңдап алуға қақылы. Ал асықтар жерге
түсіп кетсе мұндай мүмкіндіктен айрылады. Қағып алғаны
бар, таңдап алғаны бар: 4 асық болды делік. Бұл асықтар
бастық асық боп есептеледі. Бала бұл 4 асықты бөлек бір
жерге қояды. Осы төрт асықтың біреуін оң қолымен алып
жоғары секіртіп жібереді де асық төмен түскенше жердегі үш
асықты алақанға салып, уысын ашып əлгі асықты тез қағып
алуы керек. Осындай ретпен ойнап, асықтарды ұтып ала
береді. Ұтыс асықтардың ішінен бастық асықты жолдасына
береді де “осы 1 бастық асықты 10 рет жерге түсірместен
қағып ал” дейді. Кейде 15 рет жерге түсірмей қағып ал деп
талап қояды. Оны орындаған бала ойын бастауға қақылы.
Бұл шартты орындай алмаса, ойынды бастаған бала бірінші
болып жалғастыра береді. Бұл ойынның шарты жерде шашы-
лып жатқан асықтарды тез-тез жиып алуға үлгеру. Жоғары
лақтырылған асық төмен түскенше жердегі асықтарды
алақанға сыйғанша тез жинап алып отырған бала ұтысқа ие
болады.
“Қақпақыл” ойыны баланы ширақ қимылға, жоғары-
төмен зулаған асыққа тез қарап, мойынын жиі бұру арқылы
епті болуға баулиды. Жердегі асықтарды қолға тез түсіру
үшін де есеп керек. Балалар бұл ойын арқылы өз бетінше
ойлауға, есеппен əрекет етуге үйренеді. Ішкі есебі дұрыс бо-
лады.
“ОМПЫ”. Асықты бір мұртынан немесе, жамбасынан
тұрғызуды “омпы” дейді. “Омпы” ойынына 2-ден 10 балаға
дейін қатыса береді. Бұл үшін ара қашықтығы 10–20 адым
бойынша жерге екі көмбе сызылады. Баланың əрқайсысы
көмбенің тең ортасына белгіленген сызық бойындағы
көнге екі асықтан тігеді. Ортасына бір асықты “омпы”
тұрғызады. Көмбедегі сызық бойына кезекке тұрып, балалар
қолдарындағы сақамен көнге тігілген асықты атып түсіруі
керек. Атып алған асықтар баланың өзінде қалады. Егер мер-
ген “омпыға” тигізсе, көндегі барлық асықты сол алады. Бұл
ойында неғұрлым көп асық ұтып алған бала жеңіске жеткен
болып есептеледі.
“ИІРМЕКІЛ”. Бұл ойын екі немесе төрт бала ойнауға
ыңғайлы. Ойынды екі бала ойнаса, тəртібі төмендегідей: əр
балада 5 – 10 асықтан болуы керек. Екеуі бір-бірлеп асық
иіреді. Қай баланың асығы алшы түссе, сол осы екі асықты
уыстап алады да жерге жайлап шашып жібереді. Екі асықтың
бірі алшы түссе, оны алады. Екінші асықты иіреді. Ол алшы
түссе, оны да алады. Бұдан соң екі бала тағы да асықтарын
бір-бірлеп иіреді. Асығы алшы түскен бала екі асықты сы-
пырып алып, жерге тастайды. Сол кезде бір асық алшы, бір
асық шіге түссе, екеуін де алады. Осылайша асығы алшы
түскен баланың тастаған асығы шіге түсіп отырса, ол ұтысқа
ие бола береді. Асық алшы түспей, басқа ыңғайда түссе шіге
ұтысқа саналмайды. Екі бала кезек-кезек иіріп отырып, ой-
ынды жалғастыра береді. Бұл ойын балалардың есте сақтау
қабілетін арттырады.
“ҚАНЖАППАЙ”. Бұл ойынды 2-5 бала ойнауға бола-
ды. Ойынға екі бала қатысқан жағдайда ол мына ретпен
жүреді. Екі баланың əрқайсысында 5 асықтан болуы керек.
Олардың бəрі негізінен бір түстегі асықтар болғаны жөн. Он
бірінші асық қана қызыл түске боялған болуы керек. Оны
“хан” деп атайды. Əуелгі кезекте бір бала өзінің 5 асығын
уыстап алып, жерге шашады. Алшы, тəйкі түскен асықтарды
бір шетке қатарлап қояды да қалған асықтарды тағы шаша-
ды. Осылайша не алшы, не тəйкі түскендерін жинай береді.
Екінші бала да осылай жасайды. Екеуі қанша алшы, қанша
тəйкі алғандарын санайды. Кімнің алшысы көп болса, сол
ойынды қайта бастайды. Ол барлық 11 асықты уыстап алып,
жерге шашып жібереді. Бүгені бүге, шігені шіге, алшыны
алшы, тəйкені тəйкемен атып, тигізген асықты бір-бірлеп
алып отырады. Бес асықты атып алған соң барып “ханды”
атуға болады. “Хан” асықты ол қай пішімде жатса, тек сол
пішімдегі асықпен ған атып ала алады. Сосын барып қалған
асықтарды атып алуға тырысады. Көздеген асығына тигізе
алмаса, қалған асықтарды екінші бала алып, жаңағы ойын
тəртібмен ары қарай ойнай береді. Абайсызда шерткен
асығы “ханға” тиіп кетсе, ол бала кезегінен айрылады. Ойын
соңына қарай, “хан” асық алшы түссе “ханжаппай” деп, ба-
лалар сол алшы түскен асықты қолға түсіруге ұмтылады.
Ұтқан бала ұтылған балаға түрлі шарт қоюы мүмкін: төбеңді
жерге тіреп, пəлен рет аударылып түс, деген сияқты. Осы
шартты орындаған бала ұтылған асығын қайтарып ала-
ды. Орындай алмаса, асығы ұтқан баланың олжасы болып
есептеледі.
“САСЫР”. Бұл ойын “Иірмекіл” сияқты ойналады.
Асықтарды жерге шашып жібергенде алшы, шіге түскен
асықтарды алып отырады. Кенет алшы асықтың жанын
тəйке түсіп кетсе, бала асып-сасып қалады ғой. “Сасыр”
деп соны меңзейді. Тəйке түскен сайын айып тартып отыра-
ды. Қанша тəйке түссе, өз асығынан сонша асықты ойынға
қосып, асықтарды қайта жаяды. Айып ретінде ойынға қосар
асығы болмай қалса, ойынды екінші бала қайта бастайды.
“ТОПАЙ” немесе “СӨКЕЛЕК”. Бұл ойындар жас шамасы
10 – 15 жас балаларға есептелген ойындар. Бұлар “Асық ату”
ойыны секілді ойналады. Көбіне қыс кезінде, мұз үстінде ой-
налады. Ойыншы балалар асықтың шіге жағын егеп, тегістеп
қояды. Сонда ол асықтар мұз үстінде зырылдап сырғанай
жөнелетін болады. Сақа иіріледі. Кімдікі алшы түссе, ой-
ынды сол бастайды. Сызық сызылады. Орта сызыққа асық
орнына сиырдың бақалшақтарын тізеді. Сақаны сайлап
алу керек, ол үшін оның екі жағынан тесік жасап, ортасы-
на қорғасын құйып алады. Мұндай сақалар көбінесе жылқы
майына суарылады, сонда сақа сынбайды.
“БƏЙГЕ”. Бұл ойынды екі баладан алты балаға дейін ой-
найды. Ол үшін ортаға 25 асықтан тігіп, шеңбер жасау ке-
рек. Бір асықтың қасына сөкелек жатқызып қояды. Ол жерді
“қақпа” деп атайды. Сол қақпадан екі асық асып түсіп 3-ші
асықтың жанына тағы бір сөкелек қою керек. Оны “мəйек”
деп атайды. Егер төрт бала ойнаса, олардың қолдарында екі-
екіден бір түсті асық болуы керек. Яғни бір баланың қолында
2 қызыл асық, екінші баланың қолында 2 көк асық, үшінші
балада 2 сары асық, төртінші баланың қолында 2 жасыл асық
болуы қажет. Осы асықтар “бəйге асықтары” деп аталады.
Осы 8 асықтан басқа əр балада тағы 20-дан қорын асықтар
болуы керек. Бұл қорын асықтардың түстері əр баладағы
асық түсімен сəйкес келгені дұрыс. Асықты түгендеп алған
соң əр бала қақпа түбіне бір-бірден қатарластырып 4 бəйге
асығын тігіп қояды. Қолдарында қалған бір-бір бəйге
асықтарын төртеуі қатар иіреді. Сонда қай баланың асығы
алшы түссе, сол бала əлгі төрт түрлі бəйге асықтарын уыстап
алады да, жерге жайлап шашып жібереді. Жасыл асық алшы
түссе, екі бəйге асығы жасыл түсті бала қақпа түбіндегі
өзінің жасыл асығын бір асық бойы алға жылжытып қояды.
Сөйтіп, төрт түрлі-түсті бəйге асықтарын жайлап жерге ша-
шады. Енді сары асығы бар баланың сақасы алшы түссе, ол
өз асығын алға жылжытады. Осы ретпен əйтеуір бір асық
мəйекке жетеді. Сол кезде ойын тоқтатылады. Кімнің кімнен
қанша асық ұтқаны саналады. Сосын мəйекке жасыл асық
бұрын жетсе, басқа асықтар мəйектен əртүрлі қашықтықта
қалып қойса, онда жасыл асықты баланың ұтысы:
Жасыл асықты балаға сары асықты бала 1 асық, көк
асықты бала 4 асық, қызыл асықты бала 9 асық беруі керек.
(1 + 4+ 9 =14).
Сары асықты баланың ұтысы: сары асықты балаға көк
асықты бала 3 асық, қызыл асықты бала 8 асық беруі керек.
( 3+ 8 =11).
Көк асықты баланың ұтысы: көк асықты балаға қызыл
асықты бала 5 асық беруі керек. (5).
Ұтысқа ие болған жасыл асықты бала ойын ережесі бой-
ынша, сары асықты баланы шақырып алады да “сен бір ауыз
өлең айт” деп бұйырады. Ол бала өлең білмесе, асығын
ала алмайды. Өлең айтып берсе ғана асығын қайтып ала-
ды. Мұнан соң жасыл асықтың иесі көк асықты баланы
шақырып, “сен төбеңді жерге қойып, 4 рет аударылып түс”
деп бұйырады. Осылайша ол қызыл асықтың иесіне “сен бір
аяғыңды көтеріп тұрып, 9 рет секір” деп əмір береді.
Сары асықтың иесі де осылай көк асықтың иесіне “сен
бір аяғыңды көтеріп, мені 3 рет айналып шық” дейді. Сосын
қызыл асықтың иесін шақырып, 8 қадам дөңгелек сызады да,
осыны 8 рет жүгіріп айналып шық дейді.
Көк асықтың иесі 5 қызыл асығынан ұтылған баланы
шақырып алып: сен басыңды мойыныңның түбінен 5 рет ай-
налдыр, – дейді. Қойылған талапты орындаған балалар ғана
асығын қайтарып ала алады.
“ОТЫЗ ҰРЫ, БІР ЕСЕПШІ”. Бұл ойын таза есепке
құрылған ойын. Мұны меңгерген бала тоғызқұмалақ ойы-
нын ойнауға қабілетті деп танылады.
30 ұры бір кісіні ұстап алады. Олардың заттары жоғала
бастайды. Сонда ұрыны табу керек болады. Есепші айта-
ды: “мен ұрыны тауып берейін, бірақ менің дегенім бол-
сын, қарсыласпаңыздар” дейді. Сөйтеді де 30 ұрының қол
ұстасып, дөңгелене тұра қалуын өтінеді. Сосын өзі біреуінің
қасына барып, “сенен бастап санаймын” деп оны белгілеп
кетеді. “Өзім де сендермен бірге тұрайын, есептен тыс
қалмайын” деп бір жерден қол ұстасқан екі адамды айырып
өзі тұрады. Ал енді 31 болдық,-дейді сосын. Менің ортаға
шығып есеп жүргізуім керек қой. Өз орныма 1 тас қояйын,
деп өз орнына бір тас қояды. “Сенен бастап санаймын”
деген кісіден бастап, оңнан солға қарай 10-ға дейін санай-
ды да, 10–шы адамды “сен ұры емессің” деп дөңгелектен
шығарып алып, екі қолы мен аяғын байлап тастайды. Бұл
адам шыққан жерден оңнан солға қарай тағы санайды да 10-
шы адамды шығарып, байлап отырады. Осылай келе-келе
есепшінің орнына қойылған тасқа жетеді.
Есепші тасты қай жерге қойды, – деп балаға 31 асық
береді. Бала соның шешуін табуы керек. Бұл ойын баланың
есеп-қисапты тез меңгеруіне жəрдемдеседі. Зеректігін
күшейтеді. Адалдыққа үйреніп, ұры-қарылықтан бойын
аулақ ұстайтын болады.
Міне, қазақ халқының асық ойындарының бірсыпырасы
осындай. Бұдан басқа да ойын түрлерін Жағда Бабалықұлы,
Сейіт Кенжеахмет, Ақселеу Сейдімбек, Қойшығара
Салғараұлы, Мұхтар Мағауин секілді қазақтың арда азамат-
тары жақсы білетін болуы керек. Сол сияқты кісілерден асық
ойындарының басқа да түрлерін, ойын жүйесі мен ретін жа-
зып алып, ұлт кəдесіне жаратуға болар еді. Тоғызқұмалақ фе-
дерациясы секілді Асық федерациясы құрылса, оған Қайрат
Сатыбалды сияқты ұлтына жанашыр азаматтар басшылық
жасаса, өзекті мəселе өрнегін табар еді-ау.
Қалай болғанда да қазақ зерек, епті, ойға, есепке жүйрік
халық қой. Əсіресе, асықтың баланың математикалық
қабілетін арттыруға келгендегі рөлі ерекше. Мəселен, асық саны арқылы есепке жүйріктікке баулитын мына жұмбақты алайық. Он-оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнайды. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап: – Қанша асық ұттың? – дейді. Ол: – онша көп ұтқыза қоймаппын, сегіз асығым қалыпты, – дейді. – Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, – дейді үшінші бала асығын түгендеп тұрып. – Ең көп асық ұтылған мен болдым, – дейді бірінші бала. Кім кімге қанша асық ұтылды? (Шешуі: екінші балада 10– 2 = 8 асық. Бірінші балада 10 – 6 = 4 асық. Үшінші балада 10 + (2 + 6) = 18). Асық ойындары – балаларға керек ойындар. Құр босқа компьютер алдында телміріп, көзін, миын ауыртып, жүйкесін шаршатқанша, бір мезет асық ойындарын ойнауды үрдіске айналдырған дұрыс. Жапондар бір ғана шəй құю рəсімін бүкіл əлемге жар салып, жария қылып жатқанда асық ойындары сияқты дүниетанымдық ойындарды бала зердесіне қайта құю – ұлтымыздың мерейін тасытып, мəртебесін биіктетін нəрсе емес пе?!. Назар аударсақ нетті!?. Алматы – Каир –Алматы Жыл сайынғы сүргін жұмыс, қым-қуыт жүгіріс, мазасыз күндер мен түндер, тынымсыз əрекет шаршатқан кезде кез келген адам жақсылап бір тынығуды көздейді. Егемен ел болғалы төрткүл дүниеге есік ашық: қай елге барып дем аламын, қай ТҮРКИЯ: ТАРТЫМДЫЛЫҚТЫҢ ТӨРТ ТАҒАНЫ
жаққа барып тынығамын деген мəселе туындай қалса, таңдау
негізінен Түркияға түседі. Неліктен? Біріншіден, бағасы аса
қымбат емес. Өзіміздің Бурабайдағы демалыс орындарының
құнымен салыстырғанда түрік бауырлар салған қонақүйлер
арзан əрі көрсетілетін қызмет түрлері саналуан. Екіншіден,
жылдың кез келген мезгіліне лайықталған демалыс түрлері
бар: жазда суға шомылып, күнге күйетін болсаңыз, Түркия
қазір қыста да жақсылап демалу мүмкіндіктерін қарастырып
жатыр. Үшіншіден, бұл елдің көне тарихы, аса құнды
мұражай-мұрағаттары тағы бар; қанша аралап көрсеңіз
де ішіңіз пыспайды, өз танымыңызды кеңейтесіз, тарихи
орындарға барып, өткен күн мен бүгінгі уақыт аралығын
ойша таразылай аласыз. Төртіншіден, бүгінгі Түркия тек
қана демалыс аймақтарын дамытуды межелеп отырған жоқ,
сонымен бірге медицина жəне спорт саласын өрістетуге
тікелей мүдделі болып отыр. Əрі дем алу, əрі ем алу кім
кімге болса да ауадай қажет дүниелер.
Əлемде төрткүл дүниеден келетін туристерге есігін
айқара ашып отырған елдер жетерлік. Солардың ішінде
Түркияның орны айрықша бөлек. Бұрын басқа елдерді
таңдайтын жұртшылық осы күні Түркияда дем алуды
ойланбай таңдайды. Оған не себеп? Түркия – ешкімге
кеудесін бастырмаған, Еуропа төрінде отырып, өінің салт-
дəстүрін, тілін,ділін барынша сақтап, экономикасын дамы-
тып отырған ел. Қазіргі таңда Түркия экономикалық дамуы
жағынан əлемдегі озық елдердің бастапқы жиырма легінде
келеді. Бүткіл Еуропаны қаһарымен тітіркендірген Түркия
кезінде қайқы қылышымен талай елдің тізесін бүктірсе,
бүгінде өзінің тартымдылығымен бəсекелестіктің биік
белесін бағындырды. «Кезінде ата-бабамыз андай болған,
мындай болған» деп кеуде кермей, жылы-жылы сөйлеуді,
ішке кіріп иіліп, именуді, туризм саласын жедел дамытып,
қызмет көрсетудің неше түрлі жолын тез меңгерді. Соның
арқасында жан-жақтан жұрт Түркияға ағылатын болды.
Түркия мен Германия арасында жарасымды қарым-қатынас
орнады. Түрік азаматтары Алманияға ағыла барып, ол
жерден өздеріне жұмыс тапты, нəпақалы болды. Есесіне,
немістер Түркияның төрін жайлап, жыл сайын бұл елдің
туризм саласының дамуына тікелей үлес қосты. Кеңестер
Одағы ыдыраған тұста Түркия Ресейге қатысты оңтайлы са-
ясат ұстанды. «Көршімен керіспейміз» деген Түркия саяса-
ты Ресеймен арадағы қарым-қатынасты жақсартып жіберді.
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айтуын-
ша, былтыр Түркияда дем алған орыстардың саны 3,5 мил-
лион адамға жеткен. Екі елдің сыртқы істер министрлері өз
азматтарының Түркияда болу визасын бір айға беру туралы
уағдаластыққа қол жеткізгеніне көп те болған жоқ. Енді бұл
мерзімді 2-3 айға создырту туралы сөз болып жатыр. Бұл
түрік компанияларының Ресейге инвестиция салуына бір
жағдай жааса, екінші жағынан ресейлік туристердің қатарын
күрт көбейтуге жол ашады. 2012 жылы 4 миллион ресейлік
Түркияда дем алатын сыңайлы.
Тек қана Ресей емес, Еуропа елдерінің басым бөлігімен
тығыз қарым-қатынаста болу, сол арқылы сауда-саттықты,
туризмді өрістету ел экнонмикасына орасан пайда əкелуде.
Бұған бұл елдің əлем картасындағы тұрған орны айрықша
жəрдемдесті. Төрт теңіздің ортасындағы елдің тартымды бо-
луы тегіннен тегін емес. Қара теңіз, Жер орта теңізі, Мəрмар
теңізі мен Эгей теңізі жағалауын шайып жатқан түрік жері
өзінің тарихымен де, жағрапиялық қолайлылығымен де, жай-
ылып жастық, иіліп төсек бола алатын қонақжайлығымен де
əлем назарын өзіне баурап ала бастады.
Түркия екі құрлықты бір-біріне жалғап жатқан, ауа райы
барынша қолайлы – субтропика десең, субтропика, конти-
ненталды десеңіз, континенталды, аспаны ашық, айдыны
шалқар, жайлы жағажайы, құнды мұражайы бар ел.
2011 жыл Түркия мемлекеті үшін экономика жағынан та-
бысты болды. Түрік экспорты 134,6 млрд.долларға көтеріліп,
рекордты деңгейге жетті. 2008 жылы экспорттан түскен
кіріс 132 млрд,долларды құраса, əлемдік дағадарыстың орын
алуына байланысты, 2009 жылы бұл көрсеткіш едəуір төмен
тартқан еді, алайда 2010 жылы экспорттық сауда-саттық қайта
өрістеп, 2011 жылы өнеркəсіп жəне ауылшаруашылығы сек-
торлары серпінді түрде дамыды. Соның нəтижесінде автомо-
биль жасау, тау-кен өндірісі, металл өңдеу салалары біршама
қарқын алды. Түркияның сауда əріптестері қатарында Герма-
ния, Ирак, Ұлыбританыия, АҚШ жəне Франция елдері бар.
Өткен жылдың қаңтар мен желтоқсан айлары арасында авто-
мобиль жасаудан 20,4 млрд,химия өнеркəсібінен 16,3 млрд,
трикотаж өнімдері мен киім-кешектен 16,2 млрд.доллар пай-
да келген көрінеді. 2011 жылдың қорытындылары бойынша
экспорт көлемінің үлесі былайша өрнектеледі:Германия-13,9
млрд, Ирак – 8,3 млрд, Италия – 8 млрд, Ұлыбриания – 7,8
млрд, Франция – 8,9 млрд, Əзірбайжан – 2,1 млрд, Украи-
на – 1,8 млрд, Түркменстан – 1,5 млрд, Грузия – 1,1 млрд.
доллар. Өкінішке қарай, Қазақстан мен Түркия арасындағы
сауда-саттық əлі күнге дейін ауыз толтырып айтарлықтай
көрсеткіштерге жете қойған жоқ.
Мұның бəрін неге айтып отырмыз? Түркия өзге ел-
дермен қарым-қатынас жасауға келгенде бірінші кезекте
ТАРТЫМДЫЛЫҚ формуласының маңызын терең түсінді.
Тартымды болу үшін не істеу қажет? Кез келген елге өз елін
қай тұрғынан алғанда да жақсы жағынан көрсете білу қажет.
Ол үшін қажетті нəрселер не? Бірінші – келген қонақтар
ұялмай түсетін жайлы да қолайлы қонақүйлердің болуы.
Екінші – келген меймандарға мүлтіксіз қызмет көрсету.
Үшінші – елдің бары мен нарын, тарихы мен бүгінін
айрықша əспеттеп, көрсете білу. Төртінші – келген адамдарға
тарихи орындарды аралатып көрсету, туризм мен спорт
түрлерін ұсыну, сонымен қатар емделу мүмкіндігін жасау.
Түркияда демалыстың түрі көп. Жазда жағжайда күнге
қыздырынып, суға шомылып, айдынды теңізге яхтамен
қыдыруға мүмкіндік бар. Сол сияқты дайвинг, яғи су астын-
да серуен құру секілді тынығу түріне ден қоюға болады.
Су астындағы жауһарларды қолмен ұстап көруге, сондай-
ақ теңіз түбіне шөккен ежелгі қалалардың қираған орнын
тамашалауға, суға батқан көне кемелерді көзбен көруге
мүмкіндік жетерлік. Ал таудан сарқырап аққан өзендер раф-
тингпен айналысуы əбден қолайлы. Джип пен мотто сафари-
ды жақсы көретіндер үшін де таптырмас орындар баршылық.
Тек қана тыныштықты жаны қалайтындар үшін трекинг,
яғни жаяу қыдыру, ақырын ғана атпен серуендеу, балық ау-
лап, таза табиғат аясында тыныстаудың небір мүмкіндігі
қарастырылған. Жазда дем алуға уақыт таппағандарға
Түркияның қысы да сондай қолайлы. Таудағы шаңғы ку-
рорттары қыста дем алушылар үшін таптырмас орындар.
Оны былай қойғанда жылдың кез келген мезгілінде ежелгі
дəуір ескерткіштері – Троя, Бергама, Дидим, Эфес сияқты
көне архитектуралық жəдігерлерді қарауға болады.
Түріктер сондықтан да қонақүйлерді қатырып салу-
ды үйренген. Бұл елде бес жұлдызды қонақүйлердің саны
басқа Еуропа елдерімен салыстырғанда анағұрлым көп.
Қонақүйлер жарқырап, жайнап тұрса, ішінде ішетін шəйің
бұрқырап қайнап тұрса, қайда барсаң да жоғарғы сервис
алдыңнан шықса, бір келген елге екінші рет келгің келіп
тұратыны, барған жеріңе шырқ үйіріліп, кеткің келмей
қалатыны өтірік пе; Түркияға келген адамдар бірінші кезек-
те ілтипат пен ықыласты айрықша сезінеді. Қонақүйлердегі
көптеген қызмет түрлері арнайы ақы төлеуді қажет етпейді,
тамақтану мен тынығу қызметтері топтастырылған, соның
арқасында келген туристер қалтасынан қайта-қайта қаржы
шығарып, əуре болып жатпайды. Кей елге барсаңыз, бір ста-
кан су алсаңыз да, бір кесе шəй ішсеңіз де ақысын төлейсіз.
Мұнда соның бəрі кеңінен оластырылған, бірінші кезекте
келуші үшін қолайлы жағдай жасау көзделген.
Анталия
«Барлық жол Римге апарады» демекші, Кемерден, Бур-
дурдан немесе Белек пен Аланиядан келетін жолдың бəрі
қаланың қақ ортасындағы сағатты мұнараға апарады. 1219-
1236 жылдары селджуктер тұрғызған Йивли мұнарасы
Анталияға келушілердің назарын бірден өзіне үйіреді. Төрт
бұрышты іргетас үстіне тұрғызылған мұнара тұтас кірпіштен
салынған. Содан сəл төмен кезінде византия шіркеуі болған,
бүгінде мұсылмандар мешітіне айналған көне ғимарат бар.
Осы маңайда бір кезде керуен сарай болған, қазір картиналар
галереясына айналған орын ұшырасады. Осы жердегі монша
бертінге дейін жұмыс істеп келген екен. Мешіттің оңтүстік жағында, шамамен алғанда 200 метрдей жерде 1250 жылы селджук уəзірі Қаратайдың салдырған Қаратай медресесі тұр. Жоғарғы жағы сталактитпен безендірілген, орталық есігі мəрмардан жасалған осы бір көне мешітті 18 ғасырда Паша Джами салғызған екен. Мешіттің іші де əдемі өрнектелген, біздің жолбасшымыз «Қазақстан-Заман» газетінің бас директоры Ахмет Аляз мырза осында кіріп, екі бас сапар намазын өтеді. Анталияның тарихы тым əріде жатыр. Қалада біздің эрамыздағы ғасырда Аттала ІІ-нің патшалық құрған тұсында салынған қамал қабырғалары мен мұнараларының қираған орындарын көруге болады. Қаланы қоршап тұрған қамал қабырғалары көне заман сырын шертіп тұрғандай. Кей жері мүлдем қирап, кейбір тұсы тамаша қалпында сақталған қамалға қарап тұрып селджуктердің ержүректігіне еріксіз тəнті боласыз. Осы қамал бойында Адрианус қақпасы біздің эрамыздағы 130 жылда рим императоры Адрианның осында келу құрметіне тұрғызылып, осылай аталып кеткен. Бұл қақпаны ерекщелеп тұрған нəрсенің бірі – осындағы үш арканың төбесінде кезінде Анталияда өсірілген өсімдіктер мен жемістердің гүлдері бедерленіп салынған. Қақпаның екі жағында мұнара бар, оның бірі рим дəуірінде салынса, екіншісі селджуктер заманында тұрғызылған. Түріктердің ежелгі дəуір құндылықтарын көздің қарашығындай сақтап, өткен тарихқа адалдықпен қарап отырғанын үлгі етуге əбден болады. Теңіз шамшырағы ретінде ұзақ жыл қызмет еткен Хидырлық мұнарасына келген адамдар ерекше тоқталады. Биіктігі 14 метр болатын осы мұнара төртбұрышты болып келеді де төбесі цилиндр тəрізді болып бітеді. Біздің эрамыздағы 2 ғасырда салынған осы ескерткіштен оң жаққа көз салсаңыз, Қара Əлиоғлы паркін көруге болады. Жасыл желекке көмкерілген осы паркте тамырын тереңге тартқан бір кəрі ағаш бар екен. Оны анталиялықтар «Ғашықтар ағашы» деп атайды. Твлай жас осы ағаштың түбінде бір-бірімен түсінісіп, тағдырын байланыстырса, көбісі сүйгеніне қосыла алмай, өзін өзі теңізге тастаған деседі.
Парк орналасқан жерден Бейдаглары тауы ап-анық көрінеді.
Коньяапты жағажайы да қол созым жерде тұрғандай,
оны қанша сағат қарасаң да жалықпайсың; теңізден
ескен салқын ауа тынысыңды ашады, төңіректегі табиғат
сұлулығына таңырақай қарайсыз. Жер Орта теңізінің шет
шегі көрінбейтін жағалауына осы жерден көз салып тұрып,
түрік бауырларымыздың жаугерлік қабілетіне тағзым етесіз.
Хидырлық мұнарасынан шығысқа қарай, бір 300 метрдей
жерде Кесік мұнара бар. Кесік десе кесік. Бір кезде мұнда рим
базиликасы, сосын византия шіркеуі кейіннен,1485 жылы
мешіт болған. 1919 жылы мешіт қираған, оның мұнарасына
жай түсіп, пышақпен кескендей қырқылып түскен. Осыған
байланысты Кесік мұнара аталған.
Біз Анталияға келгенде ауа райы 10 градус жылылықты
көрсетсе, Алматыда 25 градус, Астанада да сол шамада
суық болып тұр еді. Анталияның тарихи орындарын аралап
көруден бұрын ат басын осында өтіп жатқан көрмеге тіреген
едік. Анталияның Экспо орталығында ұйымдастырылған
бұл көрмеге қойылған заттар мен Түркияда өндірілген та-
уар түрлері тіптен керемет. Кереметтігі сондай, əншейінде
оны-пүныға таң қала бермейтін «Алаш айнасы» газетінің
бас редакторы Серік Жанболат қайта-қайта басын шайқап,
«жылағым келеді, неліктен біздің Қазақстан осының төрттен
бірін жасап, шығара алмайды» дей берді.
Шынында қайран қаларлықтай бар: жыл сайын осын-
дай талай көрме өтеді екен мұнда, қонақ күту, қонақүйлерді
безендіру,
қоғамдық
тамақтандыру
сеторын
дамыту
мақсатында нешетүрлі бұйымдар шығарылады. Соның озық
үлгілері осындай көрмелерге қойылады. Түпкі жиынтығында
орта есеппен 2 млрд.доллар қаржы түсімін жасайтын көрмеге
елдің түкпір-түкпірінен ықылас арта түскен. Тіпті шет
елдердің қызығушылығы дендеп артқан. 2011 жылы28212
адам, оның ішінде 41 елден 550 шетелдік келсе, 2012 жылы
келушілер санын 34000 адамға жеткізу көзделіп отыр екен.
Түркия қонақүйлер орталығының жетекшісі Осман Айык
мырзамен сұқбаттастық. Оның əкесі бір уақытта Түркияның
түйе палуаны атанған екен. Өзі де сондай мығым, екі иығына
екі кісі мінгендей, дембелше келген жігіт екен. «Əкем сіздердің
Дəулет Тұрлыхановтарыңыздың əкесімен бірге күрескен»
деп жылы жүзбен əңгіме бастады. Осман Айык 2003-2005
жылдары Ақтеңіз туризм конфедерациясының төрағасы.
2011 жылдың сəуір айынан осында қызмет етіп келеді екен.
Конфедерацияға 12 аймақ кіреді, оның 2000-нан аса мүшесі
бар. Осы құрылымның жемісті жұмысының бір көрсеткіші –
Түркияға 30,2 млн.турист келеді, ал Анталияға 11 млн.турист
келеді. Түркия АҚШ,Қытай, Франция, Германия, Үндістан
сияқты елдерден кейін 6-шы орынды иемденіп отыр. Осман
Айык айтады: – Біз қазір күніге 1 миллион мейманды күтуге
жағдайымыз бар. 2015 жылға қарай 60 миллион туристі
қабылдауды межелеп отырмыз. Ал Түрік Республикасының
құрылғанына 100 жыл толатын 2023 жылға қарата 100 мил-
лион туристі қарсы алып, күтуге əзірлік жоспарын жасадық.
Соңғы 10 жылда бұл саладағы біздің көрсеткіштеріміз
жыл сайын он пайызға жақсаруда. Біздің мұнайымыз жоқ.
Табыстың негізгі бөлігі осы туризмнен түседі. Түркия
туризмі – қонақүйлер-турагенттіктер – қызмет көрсетушілер,
міне осындай 3 бағытта дамып жатыр. Біз жылдың төрт мау-
сымын да тиімді пайдалануды ойластырып отырмыз. Біздің
елімізде көне мəдениет мұралары орасан. Ашық музейлер
бар. Осы бір ғана Анталияда 140 көне қала бар.Анталияға
40 қаладан ұшақ қатынайды. Сонымен қатар теңіз портта-
ры да жетерлік. Түркияның жағрапиялық жағынан қолайлы
орталық екенін бүгінде Италия, Испания, Франция сияқты
туризм саласында бəсекелес елдердің өзі ашық мойындай-
ды. Олардың қай қайсысы да біздегі қонақүйлер мен қызмет
көрсету саласына теңдесе алмай отыр. Келушілердің 85
пайызы көрсетілетін қызметке айрықша риза екендіктерін
жасырмайды. Біз үшін бұл да үлкен көрсеткіш. Туризм
былайша оңай көрінгенімен, өте ауыр сала. Мұнда қызмет
ететін адамдар жас та жігерлі, асқан төзімді болуы шарт.
Жол бастаушы гидтер жыл сайын арнайы дайындықтан
өтіп отырады. Тынығумен қатар спорт саласын да қоса да-
мытып отырмыз. Жаңадан гольф алаңдары салынып жатыр.
Анталияда үлкен футбол алаңын салу ойластырылды. Біз
тамақ өнімдері жағынан, текстил жағынан да алда келеміз.
Шынында да 2011 жыл Түркия туризмі үшін аса табы-
сты жыл болғанға ұқсайды. Елдің Мəдениет жəне туризм
министрлігінің мəліметтеріне қарағанда, былтыр бұл елге
31 456 076 турист келген екен. Бұл туристер легінің 2010
жылмен салыстырғанда 9,8 пайызға артқанын көрсетеді.
Түрік курорттарын өз үйіндей көріп, жылда келіп
демалатындардың алдыңғы қатарында Германия тұр. Екінші
орында орыстар, үшінші орында ағылшындар. 2011 жылы
Түркияға 4 826 031 неміс, 3 468 214 ресейлік, 2 585 054
ағылшын келіп дем алған екен.
Иран, Болгария, Голландия, Грузия, Франция, Си-
рия, АҚШ елдерінің азаматтары да Түркияда демалу-
ды қош көреді. Əсіресе, берер күнге келіп кетушілер
қатары желтоқсан айында еселене түседі екен. Мəселен,
желтоқсан айында келушілер 1 1940729 адам болса, соның
17 489 –ы бір күнге келіп кеткендер. Германия, Иран,
Болгария, Грузия мен Сириядан жыл соңында ағылып
келетіндер көп. Өйткені, Түркияның қысы жайлы, қатты
суық жоқ, сосын демалушылар үшін қажетті жағдайдың
бəрі бар. Бір-бірін қолтықтан сүйеп, демеп жүрген жа-
расымды егде кісілерді көптеп кездестіруге болады.
Анталия туристердің ең көп келетін өлкесі. Мұнда
былтырғы жылғы туристердің 33,2 пайызы келген, Анталия
тартымдылығы жағынан бүгінде Стамбулдың алдына түсіп
отыр.
Саяси текетірестерге қарамастан Франция азаматтары
да таңдауды Түркияға жасауда. 2010 жылға қарағанда был-
тыр қыдырушы француздықтар саны 3,63 пайызға артқан.
Сөйтіп, алакөзденіп отырған елдің өзінен 1 140 459 адам
келіп, демалып қайтқан.
Анталияның көрме орталығы бір жағынан жергілікті
тауар өндірушілердің өнімдерін жарнамаласа, екінші
жағынан туристерді тарту үшін таптырмас орын. Ақтеңіз
конфедерациясының жетекшілерінің бірі Шора Батыр, түбі
өзіміздің ноғай, сондай бауырмал жігіт екен; бізге біраз
жайтты хабарлады.
– Қазақстаннан 2010 жылы 142 500 адам келді Анталияға,
– деді ол. – 2011 жылы 188 300 адам келіп демалды. Біздің
өз бауырларымызға қашан да есігіміз ашық. 2012 жылы 200
000 адам келтіруді жоспарлап отырмыз. Анталия жағалауы
652 километр, 5 аймаққа бөлінген. Ақтеңіз конфедераци-
ясында 450 мүше бар болса, соның бəрі Түркия туризмін
тартымды ету бағытында жұмыс істейді. Негізгі орын –
қонақүйлер. Еліміздің қонақүйлері үш жерде тіркеледі.
Бірінші топқа элиталық қонақүйлер жатады,оны үкімет
тіркеуге алады. Екінші топта орта деңгейдегі қонақүйлер,
мұны жергілікті əкімшіліктер тіркейді. Үшінші топта төмен
деңгейлі қонақүйлер, олардың көбі дербес жұмыс істейді.
Жеті жүз мыңдай қонақүйдің 300 мыңы орта деңгейлі. Ал
бес жұлдызды қонақүйлердің саны 5 мыңнан асады.
Шора
мырзаның
айтуына
қарағанда,
Анталияға
туристерді көптеп тарту үшін спорт алаңдарын салу ісіне
басымдық бе ріліп отыр екен. 90 футбол алаңы салынады.
Яғни бұл жердің қысы-жазы бірдей қолайлы ауа райын
тиімді пайдалану көзделеді. Еуропа елдерінің көбісі суық бо-
лады, ал Анталияда футбол жарыстарын өткізуге, дайындық
жасауға өте қолайлы. Сондай-ақ кейінгі кезде гольф ойында-
рын дамытуға біршама күш жұмсалып жатқан көрінеді.
Ақтеңіз туризм конфедерациясының бір өкілі Мұстафа
бей Қазақстанда бірнеше рет болғанын айтты. – Анталия
көрме орталығында бір жылда 15 көрме өтеді, – деді ол. –
Германия осындай көрмелерден қыруар пайда табады. Ан-
талия қазір Париж бен Лондоннан кейінгі адамдар ең көп
келетін үшінші қалаға айналды.
Мақтанатындай жөні бар. Барды бар ғып, нарды нар ғып
көрсете алу – үлкен өнер. Түрік бауырларымыз ашығын айту
керек, осы өнерді мықтап меңгерген.
Анталияның көрікті жерлері көп. 1972 жылы есігі
ашылған Археология мұражайы өзінің аса құнды экспонат-
тарымен ерекшеленеді. Ерте замандағы Пампилия, Писидия,
Ликия сияқты антикалық дəуірдің көне жəдігерлері бір жер-
ге жинастырылып, топтастырылған. Сондай-ақ Белдиби, Ка-
раин, Оксюзни секілді жергілікті жерден табылған қаншама
мұра осында тұр. Анталияның археология мұражайындағы
əрбір коллекция тиісті тарихи жылнамаға сай рет-ретімен
қойылған. Ежелгі грек, рим, византия, селджук, осман
дəуірлерінің мол мұрасы бір мұражайда тоғысып, тарихтың
тылсым беттерінен сыр төгеді. Мұражайда 12 көрме залы
бар. Маған айрықша ұнағаны, жас ұрпақты мұражай ісіне
тарту, қызықтыру үшін «Балаларға арналған мұражай»
атты бөлім ашып қойғаны болды. Мұражай жанында келген
ата-аналар балаларын қалдыратын арнаулы орын бар екен.
Келуші кісіге қолайлы жағдайдың бəрін жасауды бізге де
үйренетін кез болды.
Археологиялық мұражайды аралап жүрміз. Əріптесіміз
Серік Жанболат Александр Македонскийдің ақ мəрмардан
құйылған ескерткішін қызықтап, айналшықтап жүр. Са-
парбай
Парманқұл
көне
жəдігерлердің
əрқайсысына
үңіле қарап, олардың қазақ жерінен табылған ескерткіш
бұйымдармен ұқсастығын іштей аңдап, салыстыра қарайды.
«Жұлдыздар отбасы» журналы бас редакторының орын-
басары Əлия Құдайберген Клеопатра заманынан қалған
сырғалар мен жүзіктердің сырына үңілсе, Алмас, Ас-
хат, Ғани бауырларымыз Перге қаласынан табылған
мифологиялық ескерткіштердің жанына барып, тарихи сəтті
фотоға түсіріп үлгеруде. «Түркістан» газетінің бас редакто-
ры Шəмшидин Паттеев пен «Қазақстан» ұлттық арнасының
бас продюсері Серік Абас – Шах о заман мен бұ заманның
арасын жалғастыра қарап,бір жағынан Гераклдің саркофагы-
на көз салып, екінші жағынан Қазақстанда өткен сайлауға
сөз салып, сол кездегі саясат пен бүгінгі саясаттан шығатын
əңгімелердің тиегін ағытты. «Қазақстан-Заман» газетінің бас
директоры Ахмет Аляз үшін де туған жердің тарихы қызық
қой, Ксанфе, Корделея қазбаларына қызыға қарап, тамсана
сүйсініп аралаумен болды. Жолсілтеуші Мұстафа Ялшын
мырза орыс тіліне ағып тұр, кез келген дерекке байланысты
туындаған сұраққа тұшымды жауап беріп жүрді.
Біз Анталия аймағының уəлиі, яғни біздің тілмен айтқанда
əкімі Ахмет Алтынпармак мырзаның қабылдауында болдық.
Кезінде Ататүрік түскен екі қабатты ескі үйде орналасқан
əкімшіліктің іші сондай жинақы, артық зат жоқ, бəрі қыздың
жиған жүгіндей жарасып тұр. Ахмет мырза Қазақ еліне,
Қазақ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына үлкен
ілтипат білдірді.
– Қазақ бауырларымыз да Анталияға ат басын жиі бұратын
болды. Екі елдің арасындағы жарасымды қарым-қатынас
арта беруі тиіс. Біз Қазақстан Президентін Анталияның аса
құрметті мейманы ретінде қарсы аламыз. Кейде сіздердің
əріптестеріңіз мені қазаққа ұқсатып, қазақ емессіз бе,
деп сұрақ қойып жатады. Бəлкім сыртқы келбетімнен қа-
зақтармен ұқсастық табатын болар. Мен бұл үшін қуанамын.
Біздің өлкенің экономикалық, əлеуметтік əлеуеті өте жоғары.
Туризмді біржақты дамыту мүмкін емес. Сондықтан біз Ан-
талияны бір жағы дем алатын, екінші жағынан ем алатын
қала ретінде дамытуды қарастырып жатырмыз. Көптеген
спорт алаңдары салынады болашақта. Жыл мезгілінің қай-
қайсысы да өзіндік ерекшелігі бар, соны ұтымды пайдалану
керек. Қалада, аймақта шешілмеген проблемалар бар шылық.
Соны шешу үшін күндіз-түні тынбастан жұмыс істеп жатыр-
мыз, – деп Ахмет Алтынпармак мырза Анталияның тыныс-
тіршілігінен егжей-тегжейлі хабар берді.
Ахмет Алтынпармак мырзаның айтуынша, Анталияға
2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында əуе
қатынасы арқылы 10,7 миллион адам келген көрінеді. Бұл
2010 жылмен салыстырғанда 12 пайызға көп. Ал теңіз
арқылы келген туристер саны 196,3 мың адам, яғни бұрынғы
жылмен салыстырғанда 8 пайызға өскен. Жалпы жиынты-
ғында Анталия былтыр 11,29 миллион шетел азаматын
қарсы алған. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда келушілердің
бір миллион адамға көбейгенін айғақтайды.
Кейінгі кезде Түркияға келушілердің алдын Ресей бермей
отыр екен.
Голландиядан 532 мың, Англиядан 435 мың, Швециядан
367 мың, Украинадан 348 мың, Франциядан 332 мың, Норве-
гиядан 277 мың, Австриядан 265 мың, Польшадан 259 мың,
Қазақстаннан 188 мың, Ираннан 138,9 мың адам келген екен
былтыр.
Алтынпармак мырза шетелдік туристерді көбейту үшін
туристік индустрияны дамыту бағытындағы жұмыстарды
жалғастыра беретіндіктерін айтты.
Анталиядағы Ақтеңіз медицина университеті біз барған
тұста əлемде теңдесі жоқ операция жасады. Бет-жүзінде
сау тамтық қалмаған бір адамға қайтыс болған жігіттің
бүлінбеген бет терісі жапсырылды. Осындай медицина
саласындағы озық жетістіктері де Түркияны, оның ішінде
Анталияны əлемге танымал етіп отыр. Түрік медицинасының
жедел дамуы бағасы қымбат Еуропа медицинасына жаңа
бəсекелестің
шыққанын
көрсетеді.
Түркияда
емделу,
пластикалық ота жасату, жүрек-қан тамыр ауруларын ем-
деу, онкологиялық ауруларға ота жасату бағасы Германия,
Франциядағы емханалардан біршама төмен, бірақ сапасы
ешбір кем түспейді.
Біз орналасқан Faіm Resіdence бесжұлдызды қонақүйі
Анталияның Kundy деген аймағында, бұ маңай кезінде
құнарсыз деп есептелген жер екен; содан кейін түріктер де
біз құсап енші берген кезде мұндай жерлерді қыздарға берген
көрінеді. Қыз демекші, түрік қыздары тоқыма ісіне өте шебер
болған. Анталияда тоқыма ісімен көшпелі түріктер ғана емес,
ауыл тұрғындары да айналысқан. Бір кездері өрнек сала ала-
тын кез келген қыз бала өзінің жасауын қолмен жасаған екен.
Той кезінде қыздың қолынан шыққан бұйымдар жұртшылық
назарына ұсынылатын болған. Анталияда қолдан тоқылған
жүн шұлық бір кезде сəнге ғана айналмаған, онда ерекше
мəн де болған. Егер қызға əлдеқандай жігіт ұнай қалса, қыз
жүн шұлыққа өрнек салып, өзінің сезімін аңғартады екен.
Кейінгі он-он бес жылда бұл маңайда туризм өркендеп,
ірі-ірі құрылыстар салынып, бесжұлдызды қонаүйлер
тұрғызылып, жердің құны көтеріліп кетіпті. Содан кейін ұл
мен қыздың арасында, кейде күйеубалалар арасында жерге
талас туындап, кішігірім кикілжіңдер де шыға бастапты.
Жер атауын «Қонды» деп те, «Құнды» деп те қабылдауға бо-
латын сияқты. Көшпелі тірлік кешкен түріктер жазда тауға
кетіп, қыста жылы жер деп теңіз жағасын мекендеген екен.
Бертінге дейін жазда тауға барып, самалдап рахаттанып өмір
кешкен бауырларымыз Ақтеңіздің қадірі мен құнын енді
біле бастағандай. Бүгінде Жер Орта теңізінің, оны түріктер
Ақтеңіз деп атайды, жағалауын адам танығысыз; күні кеше
құнсыз, жайдақ жатқан жерлерде еуропалық стандарттарға
сай келетін бесжұлдызды қонақүйлер желісі жағалай
орналасқан. Сауда-саттық орталықтары салынған. Бұрын
тып-тыныш, жағасына толқын ғана ұрып жатқан жағалау
бұл күнде қайнаған өмір базарына айналған. Соның бəрі
Түркияның тартымдылық саясатының нəтижесі.
Анталияның келген адам айналшықтап қарай беретін бір
жері бар. Ол осындағы атақты сарқырама. Мұрат Пашаның
ел басқарған тұсында Анталияда көптеген ирригация
жұмыстары жүргізілген екен. Анталияның сарқырамалар
қаласы атануында да сол Мұрат Пашаның еңбегі жа-
тыр. Сол сарқырамалардың бірегейі қанша заманнан бері
сарқырап ағып тұр. Дюден өзенінің ағынды суы Антали-
яны көктей өтіп, Ақтеңізге келіп құяды. Осы жер сырттан
келушілер мен қала тұрғындары үшін таптырмас дема-
лыс аймағына айналған. Жоғарғы Дюден сарқырамасына
келушілер тынығуы үшін қолайлы жағдайдың бəрі жасалған.
Сарқыраманың дəл астында үңгір бар. Оған кірген адамның
жан сарайы тыныштық табады. Шынында судың күші ке-
ремет қой, сол жерде сарқырап аққан су дыбысына құлақ
түріп отырып, Астана мен Алматыда ақ шұнақ аяздың ойнақ
салып тұрғаны естен шығады. Ал төменгі Дюден тікелей
теңізге құяды. Сарқыра маны теңіз жақтан келіп тамаша-
лайтындар да, дəл түбіне келіп қармақ салып, балық аулап
тынығатындар да табылады.
Біз Анталияның іргесіндегі Перге қаласына бардық.
Менің қайынатам Əмірбек Сейітов ақсақал көп оқыған кісі
еді. Ескі жыр-дастандарды жатқа білетін. Сол кісі айтып оты-
рушы еді, баяғыда Сүлеймен пайғамбарға дүниежүзіндегі
адам да, жан-жануар да бас игенде бір қана Белқыз деген
патша бағынбапты деп. Сүлеймен ашуланып, Белқыз пат-
шаны алдыртады. Белқыз айтады, сенің құдіретің осыған
ғана жетті ме?-деп. Сүлеймен тағы не керек дегенде, Белқыз
«сен менің астымдағы тағымды осы жерге алдыртсаң, мен
сендікпін» депті дейді. Ақыры Сүлеймен пайғамбар өзінің
жын-перілерін жұмсап Белқыздың тағын алдыртқан екен, –
деп əңгіме қылып отырушы еді. Тап сол Белқыздың тағын
алдыртқан жер осы Перге қаласында. Маңайда Белқыз өзені
ағып жатыр. О заманнан бері қанша заман өтті. Қазақтың
алыс ауылында жатып, көзі ашық, көкірегі ояу болған
атамыздың айтқан əңгімесін сол жерде есіме алып, тарихи
оқиғаның баянын қоса шерткендей күй кештім.
Сиде қаласында да көне жəдігерлер өте көп. Аралап
барғанға, аңдап қарағанға талай қызық мұра табылады.
Анталия өлкесінің əкімі Ахмет Алтынпармак мырза
Анталияда гольф алаңдары көптеп салынып жатыр де-
ген болатын. Біз Белек жақтағы Сиено гольф клубына
арнайы бардық. Жасыл желекке оранған, қолдан айдын
көлдер мен төбелер тұрғызылған, аумағы пəлен гектарды
алып жатқан жер жұмақтың төріндей екен. Мұндағы Си-
ено бесжұлдызды қо нақүйі де еуропалық стандарттарға
сай, іші де сырты да керемет. Бұл жерді де армансыз ара-
лап, гольф ойынының қыр-сырына қанығып, сапарымыз-
ды ары қарай Алания бағытына жалғастырдық. Екі ортада
Сиде қаласындағы Сема оқу колледжіне бас сұқтық. Ол
жерде Ердуған Ақер деген күйеубаламыз құшақ жая қарсы
алды. Біздің Қызылорда қаласында бес жыл тұрып, Алма-
тыда алты жыл жұмыс істеген Ариф Өзтұтқы деген бауы-
рымызды кездестірдік. «Қы зылорда халқына өте ризамын.
Мені ешқашан шет қаққан жоқ, қайда барсам да бауырымыз
келді деп маңдайымнан сипады, алақанына салып құрмет
көрсетті. Мен Қызылорда жерінде өткізген күндерімді
өмірімнің ең бір бақытты сəттеріне санаймын», – деді ол.
Колледжде жас шəкірттердің алаңсыз білім алуына барлық
жағдайлар жасалған. Оқу шылар да еркін, біздің балалар
құсап жасқаншақтап тұрмайды; мұнда оқыған балалар мек-
теп бітіргенде Түркияның ең таңдаулы оқу орындарына
көптеп түседі екен.
Аланияда GOLDCІTY туризм кешені салынған. Кəдімгі
біздің Көктөбе сияқты төбенің басында ғажайып кешен
тұр жарқырап. Мұнда 5,5 мың адамға арналған қонақүйлер
кешені бар. Коттедж керек пе, вилла керек пе, жоқ болмаса
көп қабатты қонақүйдің қанша бөлмелі нөмірлерін қалайсыз,
бəрі бар, таңдау сіздің еркіңізде.
Қонақүйдің клиенттермен жұмыс бөлімінде өзіміздің
бауырымыз Мирлан Баймолдаев деген жас жігіт қызмет
істейді екен. Аңқылдап алдымыздан шығып, барлық мəн-
жайды, жай-жапсарды ерінбей түсіндіріп, қонақүй бөлмелері
мен виллаларды аралатып көрсетіп, бəйек болып жатыр.
Өзі түрік тілімен қатар, ағылшын, неміс,орыс тілдерін де
еркін меңгерген. Оның айтуына қарағанда, қазір қонақүй
бөлмелерін өз меншігіне сатып алушылар қатары көбейген
көрінеді.
Түркияда жеке меншік мүліктеріне қаржы салу да
рекордтық деңгейге жеткен. Қозғалмайтын мүлікке салынған
тікелей инвестиция 2011 жылдың екінші тоқсанында 200
миллион долларға жетіпті. Соңғы екі жылда бұл өте жоғары
көрсеткіш саналады. Шетел азаматтары 2011 жылдың екінші
жартысында 781 миллион доллардың қозғалмайтын мүлкін
сатып алған. Ал шетелдіктерге сатылған дүние-мүліктің
жалпы жиынтығы 1 242 000 долларды құраған.
«Түркия – аспан астындағы ашық мұражайлар елі» деген
саясатты ұстанып, түрік бауырлар туризм саласының бұрын
қолға алынбаған тұстарын жетілдіру үстінде.
Алания – Түркияның ең əдемі жерлерінің бірі. Мұнда
келушілер қатары да жыл сайын артып келеді екен. Теңіз
деңгейінен 250 метр биіктікте орналасқан Алания қаласының
таулы қыраттарынан қала да, теңіз де алақандағыдай
көрінеді. Ескі жəне жаңа қала болып екіге бөлінетін Ала-
нияда жағалау жағында курорттар көбірек салынған. Осы
заманғы қонақүйлер самсап тұр. Азғантай жылдың ішінде
осы бір шеткері жатқан аймақта Алания қаласы жарқырап
бой түзей бастады. Түркияның ең бір курортты орталығына
айналған қалада көретін нəрсе көп екен. Əсіресе,теңіз
жағасында бəрінен де оқшау тұрған қамал біздің көзімізге
бірден түсті.
Қызыл қамал – Аланияның ең басты жері. Ол 1228 жылы
тұрғызылған. Қазіргі таңда мұнда этнографиялық мұражай
ашылған. Əйгілі Помпей осында болған. Бір кезде біздің
заманымыздың І ғасырында Марк Антоний бұл жерді Мы-
сыр Патшайымы Клеопатраға сыйға тартқан. Махаббат не
істетпейді десеңізші! О заманда патшалар осындай жерлерді
сүйген əйелдеріне сыйлап жіберетін болған ғой.
ХІІ ғасырда Аладин Кейқуат сұлтан бұл қаланы
визаниялықтардан тартып алады. Осы Кейқуаттың Алпа-
мыс жырындағы Кейқуатпен қаншалықты байланысы барын
бір Алла біледі, бірақ Кейқуат есімі қазақ үшін ескі аңыз-
əпсаналар арқылы қазаққа жеткені анық. Кейқуат сұлтанның
Қонақлы деген кент салдыртуына, Сұлтанжаны деп атала-
тын Керуен Сарай тұрғызуына қарағанда түбі біздің жаққа
тамыр тартатын сияқты... Кім білген?.. Тарих шіркін, талай
дүниені тылсым сыр ретінде көне қамалдар мен көмбелердің
астына жасырып қойған ғой. Сəкен Сейфуллин айтқандай,
«Сыр сандықты ашып қарау» адамзат баласының бір міндеті.
Біз Түркияның Анталия аймағына жасаған сапарымыздың
барысында туризм саласын дамыту арқылы бұл елдің ең
басты нəрсеге – тартымдылық тағандарына арқа сүйеп
отырғанына көз жеткізіп қайттық. Ал тартымды елдің
қарқынды дамитыны ешқандай дау тудырмаса керек.
Алматы – Ыстамбұл – Анталия –
Ыстамбұл – Алматы
Е в р е й л е р д е н
үйренетін
нəрсе
көп. Бірінші – елдік
мəселесі. Əрбір ев-
рей өз отанын жан-тəнімен сүйеді. Олар үшін Израильден
артық мемлекет жоқ. «Ата-бабасының аңсаған» мекені əрбір
еврей үшін қасиетті құндылық. Мұны олар ешкімнен жасыр-
ЕЛБАСЫ
ОТЫРҒЫЗҒАН ЕМЕН
майды. Еврейден басқа халықтың көңіліне келіп қалады-ау
деп əсте ойламайды. Тек қана еврей мүддесі үшін жұмыс
істейді. Израильде не көп – елдің туы көп. Əуежайдан
түскен бетте əрбір екі метр сайын бір ту желбіреп тұр. Қайда
бұрылсаңыз да көзіңіз еврейдің ақ туына түседі. Бұл ненің
белгісі? Бұл – өліп-тіріліп жүріп, қолдары əзер жеткен өз
мемлекетін қадірлеудің асқан үлгісі. Осы ретте біздегі көк
тумен қоқыс тасып жүрген жастардың дүние-танымы мен
елдік пен мемлекетті құрметтеу сезімінің арасында жер мен
көктей айырмашылық жатқанын аңғаруға болады...
Қазақстан мен Израиль арасындағы дипломатиялық
қатынастарға ерекше серпін берген Қазақстан Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев пен Израильдің сол кездегі басшысы
Шимон Перес мырза болатын. Биыл екі елдің арасындағы
дипломатиялық қатынастардың орныққанына 20 жыл тол-
ды. Осы атаулы датаға орай жəне өзінің дипмиссиясының
аяқталуына сəйкес Қазақстанның Израильдегі Төтенше
жəне өкілетті елшісі Ғалым Оразбақов бүгінде зейнетке
шыққан Шимон Перес ақсақалға арнайы барып, екі елдің
арасын жақындатудың бір белгісі ретінде ағаш отырғызсам
ба деген ойын айтады.
Менің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев-қа
деген ықыласым өте жоғары. Сіздің елдің басшысын аса
дарынды, өте қабілетті халықаралық дəрежедегі қайраткер
ретінде өз басым қатты сыйлап, құрмет тұтатмын. Екі елдің
арасындағы достық жəне іскерлік қарым-қатынастардың
негізін қалаған, міне 20 жылдан бері сол байланыстарға
сызат түсірмей, қашан да дəнекерлік көрсетіп келе жатқан
Нұрсұлтан Əбішұлына ұзақ ғұмыр тілеймін. Өз елінің
өсіп, өркен жаюына осыншалықты қайрат-жігерін жұмсап
келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаев біздің елімізге жасаған
сапарының бірінде Тель-Авив түбіндегі орманды алқапқа
арнайы барып ағаш отырғызған болатын. Сіз де елші ретінде
төрт жыл бойы екі халықтың жақындасуына, іскерлік қарым-
қатынастарды одан əрі дамытуға ерекше еңбек сңірдіңіз.
Сіздің ағаш отырғызу жөніндегі бастамаңызды құптаймын.
Қазақ халқында «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген
мақал бар емес пе. Мұныңыз өте орынды тірлік екен, -деп аталық батасын береді. Жиырма жыл былайша алып қарасаңыз, аса көп уақыт емес. Бірақ Қазақ елінің басшысы, əлемдегі алып державалардың жетекшілерімен иық тірестіріп тұрған, қазақ деген халықты төрткүл дүниеге танытқан Нұрсұлтан Назарбаевтың дүниежүзіндегі мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынастарды орнатудағы еңбегі мен рөлін айрықша атап көрсету керек. Қазақстан мен Израиль арасындағы байланыстардың бастауында тұрған бірден – бір адам болса, соның бірі де бірегейі де Нұрсұлтан Əбішұлының өзі,- дейді өзінің Израильдегі елшілік қызметін тəмамдап, Ресей Федерациясына Төтенше жəне өкілетті елші болып тағайындалған Ғалым Ізбасарұлы Оразбақов мырза. Шимон Перестен бата алған елші Қазақстан мен Израиль арасындағы дипломатиялық байланыстардың 20 жылдығының бір белгісі болсын деп, Елбасы отырғызған емен ағашының жанына бір шыбық шаншыды. Елбасы өз қолымен отырғызған емен ағашы бұл күнде бір мүшел жастан асқан, көкке қарай бой созып, жапырақ жайып, жайқалып өсіп тұр. Израильден үлгі алатын өнеге көп дейтін себебіміз де сондықтан. Осыдан 65 жыл бұрын тастақты, бірлі-жарым ағаштан басқа ештеңесі жоқ тұлдыр танапқа керемет орман орнаған. Салыстырмалы түрде айтсақ, қиясына қара тал бітпеген Қаратаудың орнында жасыл желегі жайқалған Көкшетау тұр деп көз алдыңызға елестетіңізші. Тақыр жерге тал егу жағынан Израиль жұрты қай елег болса да үлгі көрсете алады. Мұнда топырақты зерттеу, ағаш түрлерін өсіруді ғылыми жолға қою деген ерекше дамыған. Соның арқасында Израиль ормандары көздің жауын алады жəне арнайы күтім жасаудың жүйесі енгізілген. Жас шыбықты шілденің ыстығынан қорғаудың өз технологиясы бар. Сол тəрізді майда бұталарды, жеміс дақылдарын өсірудің де өзіндік əдіс-тəсілдері жетерлік. Ең бастысы – суғару жүйесі жетілдірілген. Тамшылатып суғарудың бүкіл ел бойынша кеңңінен қолданылатыны сондай – жағасына
өскін шықпайтын Өлі Теңіздің өзінде жайқалған гүлдер
мен ағаштарды кездестіруге болады. Əр өсімдіктің түбінде
тамшылатып суғаратын желі бар. Тарам-тарам осы желінің
арқасында мұндағы əр бұта есепке алынған жəне өсіп-өнуі
арнайы бақылауда болады. Бізде ғой, жыл сайын сенбілік
өткізіліп, қанша мың ағаш отырғызылады; соның көбісі
шілденің ыстығынан күйіп кетеді, не дұрыстап суғарылмайды.
Қанша ниеттеніп, қаншама қаржы жұмсап, арнайы «Жа-
сыл ел» деген бағдарлама жасап, əрекеттенгенімізбен ев-
рей еліндегідей еңбекқорлық пен ерекше күтім жасау жағы
бізден табыла бермейтіні өзекті өртейді.
«Керен Каемет ле-Исраэль» атты Еврей ұлттық қоры
Директорлар кеңесі Төрағасының орынбасары Игаль Яси-
нов орысшаға ағып тұрған жігіт екен, тамшылатып суғару
технологиясын Қазақстанда пайдалану туралы сөз болғанда
судағы балықша тақырыпққа тереңдей еніп, барлық мəселені
жіліктеп айтып берді.
Бізде ең бастысы білім бар, біз өз біліміміз бен білігімізді
барынша тиімді пайдаланамыз. Бізден үйренгісі келетін ел-
дер болса, үйретуге дайынбыз. Мынау ормандағы əр ағаш
қолдан отырғызылған. Оның бəрі айрықша күтімге алынған.
Біз əр талды елеусіз қалдырмаймыз. Соның арқасында біздің
Қасиетті жеріміз көркем өңірге айналды. Кез келген туристің
біздің елге табаны тиген бетте осынау игіліктің оңайлықпен
жасалмағанын сезінсе дейміз. Дəл осы төңіректе ған емес,
Израильдегі талай тастақты мекенде осындай көркі көз
тартатын ормандар жетерлік, оның бəрі де адам қолы мен
ақылының арқасында пайда болды, – дейді ол.
Шынында Израиль ормандарына адам таң қалады.
Осыншалық ұқыптылық пен ептіліктің арқасында Тель-
Авивтен елдің əр түкпіріне қарай тартылған жүздеген
жолдың бойында жайқалған жасыл орманды кездестіресіз.
Жол демекші, мұндағы жолдардың жосығы тіпті бөлек. Ай-
налма жолдардың неше атасы бар. Төселген асфальттың
сапасы сондай керемет, жол үстіндегі көліктің ішінде
стақандағы шəйіңіз бір шайқалмайды ғой. «Еврей үшін
өз елінің жолынан артық жол жоқ» деген тəмсіл бар екен.
Сонық ай мен күндей ақиқат екендігіне Израильдің жол-
дарымен сапар шексеңіз өзіңіздің де көзіңіз жетеді. Ежелгі
иврит тілінде «Иерусалимге көтерілу» деген тіркес талай
ғасырдан бері кез келген еврейдің тілінің ұшында тұрған сөз
екен. Теңіз деңгейінен 650-840 метр биікте орналасқан Иеру-
салим қаласына əкелетін жолдың бəрі белесті биікке шығуға
бағытталған. «Иерусалимге қарай жүрмейді, көтеріледі» де-
ген сөздің түп-төркінінде рухани əлемнің қайнары жатыр.
Дін атаулының кіндігі, өмір сүрудің өзегі іспеттес Иеруса-
лим қаласына дейінгі сан тарау жолдың сыры да жыры да
көп. Дəлірек айтсақ, Иерусалимге қарай қадам басқан адам
рухани биіктейтіні сөзсіз. Мұсылмандар ұшір мұндағы Əл-
Ақса мешітінің өзі неге тұрады?!. Жарықтық пайғамбарымыз
с.ғ.с. Мұхаммедтің Миғражға көтерілген жерінде оның таба-
ны тиген тұсты сипалаудың кереметін көрген, сезінген жан
анық біледі.
Тель-Авивтен «Квиш Эхад», яғни нөмірі бірінші шоссе
деп аталатын арналы көшені бойлап, ұзын жолға түссеңіз,
жолдың о шеті мен бұ шетіндегі жайқалған жасыл бақтарды,
ну орманды, желегі мол жазираны көзіңіз шалады. Еріксіз
«Шіркін-ай, Қазақстанды мынандай əдіс, мынандай техно-
лолгияны қолданатын болсақ, көкпеңбек далаға, жайнаған
жасыл елге айналдыруға болады ғой» деп іштей қиялға ерік
бересіз. Осы елдің осыншалықты өсіп, өркен жайғанын
көрген Елбасының «Жасыл ел» атты бағдарламаны жəйдан
жəй қолға алмағанын сезінесіз. Астана төңірегін нуға малын-
дырып, жасыл жолақты орман санын қолдан өсіріп жатқан
Қазақстан Президентінің қажыр-қайратына ерекше ілтипат
білдіргіңіз келеді.
Достыққа дəнекер болу – мерейлі міндет. Осы ретте
түрлі деңгейдегі қоғамдық ұйымдардың алатын орны мен
атқаратын тірлігі таусылмас. Қазақстан – Израиль іскерлік
қоғамының Төрағасы Шахмаран Сейілов мырза да екі ел
арасындағы дипломатиялық қатынастардың 20 жылдығы
құрметіне Елбасы отырғызған еменнің жанына бір шыбық
отырғызды. «Бір тал кессең, он шыбық отырғыз» деген қазақ
мақалы тегін айтылмаған ғой. Бүгінгі бір шыбық күні ертең
ну орман болып жайқалар. Екі елдің арасындағы қарымқатынас деңгейі уақыт өте келе байқалар. Қалай болғанда да тəуелсіз қазақ елі əлемдік дəрежеде өзінің дербес ел екенін, достыққа берік, стратегиялық серік екенін дəлелдеп келеді. «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз», дейді ұлы Абай. Сол айтқандай, əлем елдеріндегі жақсы өнегені қабылдап, оңды тəжірибені өзімізде пайдаланып, Қазақстанның қарышты дамуына кез келген қазақ азаматы мүдделі болса, туған топырағын сүйсе, атажұртын құрметтеп, Отанын қастерлесе деген игі тілек тіл ұшына орала берді. Алматы – Киев – Тель-Авив – Иерусалим – ТельАвивКиев – Алматы. Үндістан сапары ...1993 жыл. Мамыр. Алматы. Жыл сайын мамырдың бірі мен екісінде, сосын 9 мамырға қарай күн суытып, бұршақ соғып, кейде қар ұшқындап, гүлдеп тұрған жеміс ағаштарын, көктеп шығып келе жатқан көкөністі үсік шалып, ауа райы мың құбылып, өмірі жел тұрмайтын Алматыда кейде ішін тартып жел уілдеп, алағай да бұлағай бола беретін уақыт еді. «Бір топ Қазақстан журналисі Индияға барасыңдар, Үндістан Премьер-министрі Нарасимха Рао Қазақстанға ресми сапармен келеді, соның алдында екі ел арасын жалғайтын материалдар дайындауларың қажет» дегесін, тез арада жолға жиналғанбыз. «Қазақстандық журналистерді Оралхан Бөкей бастап барады», дегенді естіп, елден елгезек Алпағаң – кəдімгі Алпысбай Шымырбаев екеуміз бірбірімізге қоңырау шалысып, əуежай басында жолығатын болып келістік. Алматы əуежайына келгенімде Шымкентке ұшатын ұшаққа тіркеу басталып, Оралхан Бөкей бір шетте, əскери «АСАУ ЖҮРЕК АЯҒЫН ШАЛЫС БАСҚАН...»
киімді ер адамның жанында бір əдеміше əйел, үш-ақ адам тұр екен. «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Татьяна Костинаны бұрыннан білетінмін, мына əйел дəу де болса, Журбенко шығар деп шамаладым. Өйткені мен білетін Татьяна көріне қоймады. Алпағаң да жоқ. – Ассалаумағалейкум, Ор-аға! – деп əуелі Ор-ағаңа сəлем беріп, ана кісілерге «іздрастидің» ишаратын жасап, тіркеу құжаттарын ұсынып, үндеместен тіркеуден өттім. Оралхан Бөкей басқаға қайдам, маған тірі адамды көзіне ілмейтін менмен адам секілді көрінетін... кітаптарын қызыға оқып, Жазушылар одағында бір-екі мəрте сырттай көргенім болмаса, бұрын студент кезімізде Пушкин кітапханасында оқырмандармен кездесу кешінде көргеніміз бар... басқа уақытта бетпе-бет жүздесіп, сөйлесіп, пікірлескен адамым емес, сондықтан болар мен де елпілдеп кете қоймадым, ол кісі де бірден «е, Нұртөре деген сен екенсің ғой» деп іштарта қойған жоқ, амандасқаннан арыға бармай, ұшаққа отырғанша сол қалпы тұра бердік. Ор-ағаң оқшау, өзімен-өзі тұрды. Маған ол кісі əлденеге қатты қапалы тəрізді көрінді... Осы екі ортада əскери киімді адамның жанындағы əйел маған бұрылып: – Татьяна Журбенко, КазТАГ, – деді. Асығып-үсігіп Алпағаң да жетті бір кезде. Ебіл-дебілі шығып Татьяна Костина да келді. Бəріміз бір жерге жиналдық. Орағаң маңғаз қалпында қолына əлдебір қағаздарды алып, шұқшиып бір қарады да: – Еркін Қыдырдан басқамыз түгелміз, ол Шымкенттен қосылады, ал жол болсын! – деп қысқа қайырды. – Бұл кім өзі, жазушы ма? – деді Татьяна Журбенко. Үнінен бір түрлі Орағаңды місе тұтпағандай рəуіш байқалды. – Қазақ əдебиетінің классигі – Оралхан Бөкейді білмейсіз бе? Журбенко жаман ыңғайсызданып қалды. Менің сəл жақтырмай тіл қатқанымды көңіліне алып қалды ма, жоқ əлде, шынымен Оралхан Бөкейді білмейтіндігін жасырғысы келді ме, қипақтаңқырап тұрды да, əскери кісі күйеуі екен, онымен
тез-тез қоштасып, ұшаққа қарай беттеді. Əрқайсысымыз өз орнымызға жайғастық. Шымкентте бізді Еркін Қыдыр күтіп алды. Делегация құрамы толық болды. Жағдай былай екен: Үндістанға тек Ташкент арқылы ұшамыз, бүгін Шымкентте қонып, ертең ертемен Ташкентке баратын көлік даяр екен, сонда кетеміз... – Бір күнді Шымкентте жоғалтқанымыз қиын екен, – деп Орағаң сəл-пəл қапаланып қалды. Іле: – Менің мұнда Төлеметов деген досым бар, мен сонда боламын. Ертең бірден Ташкентке шығып кетейік, – деді де, бізбен қоштасып достарына тартты. Екі Татьяна мен Алпағаңды қонақ үйге орналастырып, Еркін екеуміз Үндістанға тұңғыш жасайтын сапарымызға дайындық жасауға кірістік. Бұрын шет елге кім шығып көрген? «Не керек, не киеміз, жолға не аламыз?» – деумен түннің ортасына дейін ұйықтаған жоқпыз. Еркін Қыдыр екеуміз Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде бірге оқыдық. Оқу бітірген соң, ол Шымкентке кетті. Мен Павлодарға кеттім. Ол кезде жоғары білімді жас маманға жұмыс табу оңай болмайтын. Шымкенттегі облыстық газетте корректорлық та орын болмай, Еркін жергілікті қорғасын зауытына жұмысшы болып кірген. Кейін облыстық газетке орналасты. Екеуміз 1990 жылы екі облыстан Парламент тілшісі болып Алматыда жолықтық. Сол жылы Шерхан Мұртазаның шақыруымен мен Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінен «Социалистік Қазақстанға» қызмет ауыстырдым. Еркін Қыдыр көп ұзамай, осы газеттің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі қызметіне орналасты. Алпысбай Шымырбаевты «Қазақстан пионерін» оқитын əрбір мектеп баласы жақсы білсе керек-ті. Жасы бізден үлкен болса да Алпағаң бала секілді елгезек, əрі аңқау, əрі аңғал кісі екен. Оралхан Бөкей – «Қазақ əдебиетінің» Бас редакторы, атағы жер жарған жазушы. Мемлекеттік сыйлықтың иегері. «Құлыным менің» атты пъессасын Жастар мен жасөспірімдер театрында талай көргенбіз. «Сайтан көпірін» жата-жастана
оқығанбыз. Қазақстан журналистері делегациясының бас-
шысы.
Татьяна Костина – «Казахстанская Правда» газетінің
тілшісі.
Ақпараттық
хабарлары,
республиканың
экономикалық-əлеуметтік өмірінен жазған материалда-
ры газетке жиі шығып тұратын. «Егемен Қазақстан» мен
«Казправданың» ежелден көршілігі бар, журналистер бір-
бірімен қоян-қолтық араласып, бір асханадан тамақ ішіп,
жиі-жиі жүздесіп тұратынбыз. Содан жақсы білемін.
«Татьяна Журбенко» деген фамилияны КазТАГ материал-
дарынан кездестіретінбіз. Ол кезде КазТАГ республикадағы
бірден-бір мемлекеттік ақпарат агенттігі болатын. Бұрын
КазТАГ-тан литермен келетін материалдарды республиканың
барлық газеттері сол күні басып жариялайтын.
«КазТАГ тілшісі» деген – жоғары мəртебелі атақ еді.
Ашық болмаса да Татьяна осы атақты иемденіп жүргенін
мақтан тұтатындығы байқалатын.
Сонымен, төрт көзіміз түгел жиналып, Ташкентке бара-
тын «РАФ» машинасына отырып, тартып кеттік.
– Терезені ашыңқырап қойыңдар. Шымкенттің күні жан-
ды ғой... Үндістан бұдан да ыстық шығар, – деп Орағаң жол
бойы желпініңкіреп отырды. – Түнімен карта ойнап не итіміз
бар еді! Шымкенттің жігіттерін түгел сыпырып...ой-хой,
өзіміздің Шымкентке жетпейді ғой...бытырлатып ұтқаным-
ай,– деп, ара-тұра Алпағаңмен қалжыңдасып, көңілі шатта-
нып, өте жақсы отырды.
Алыс жолға тұңғыш рет шыққанның əсері ме, бəріміздің
көңіліміз
көтеріліп,
ойнап-күліп
отырып,
Ташкентке
қалай жеткенімізді білмей қалдық. «Ташкент» қонақ үйіне
орналасуға тура келді. Бірден Ташкентке жетсек болды, де-
реу Делиге ұшып кетердей өрекпіген көңіліміз су сепкендей
басылды. Алматыдан берілген заявканы жаңсақ естіген бе,
əлде өзбек ағайындар əдейі жасады ма, белгіленген күннен
бір күн кешігіп ұшатын болдық. Орағаң Қазақстанның
Өзбекстандағы тұрақты өкілдігіне дейін барып көрді, реті
келмеді.
– Мұнда тағы бір күнімізді жоғалттық-ау. Шымкент анау,
Ташкент мынау... Бұл өзбектерің пəле қазір. Тастай. Мемле-
кет үшін барын салады. Бұл иттерді сатып та ала алмайсың...
білем ғой бұларды... Қазақтарды он орап кетуі мүмкін
бұларың. Сауда-саттыққа баяғыдан араласқан... сөздері май-
да... өздері өлермен... кей жерде үйрену де керек бұлардан
– деп, Орағаң қонақ үйдің үстіңгі қабатындағы дəмханаға
көтеріліп, бір-екі шыны шəй ішкенге шейін қызбаланып
сөйледі. Қонақүйге орналасар кезде кезекші администра-
тормен де ептеп қақтығысып қалған жайымыз бар. Орыс
ақшасын місе тұтпаған администратор бізден доллармен
есеп айырысуды талап етті. Күн сайын құнсызданып жатқан
орыстың сомы кəдеге жарамаған соң қайтерсің?!
– Далаға түнесек те доллар бермеспіз бұларға, – деп
Орағаң кəдімгідей сөзбен ұстасып, ақыры жеңістік бермеді.
Өзбекстан азаматтарына қонақ үйге орналасу бағасы бір
бөлек те, басқа елден келгендерге шетел ақшасы бағамы
бойынша жамбасақы белгіленіп қойылған екен. Алматыдағы
қонақ үй бағасымен салыстырғанда екі есе жоғары. Орағаң
бұған да күйіп-пісіп, біразға дейін сөз етумен болды.
Ташкенттің түні май тоңғысыз, жып-жылы. Сейілдеп,
көне шаһар көшелерімен қыдырыстап біраз жүрдік. Орағаң
алдыңғы түн жөндеп ұйықтамаған, шаршаңқырап жатып
қалды. Алпағаң қойын дəптеріне бірдеңелерді түртіп, хинди
тілінің сөздігін жаттап, сапарға дайындық үстінде. Алпыс-
бай Шымырбаев «Ғажайып Үндістан» деген жеке меншік
журналдың Бас редакторы болатын. Үнді елі туралы, оның
өнерпаздары, кино жұлдыздары жөнінде Алпағаң сағаттап
əңгімелеуден еш жалықпас еді.
– Алпағаң – басшы, біз – қосшы, сенің тіліңнің былды-
рынан бірдеңе шығады, басқамыз шет тілінен мақұрымбыз,
– деп Орағаң Алпысбайды қажайды.
Шынында, делегация құрамындағы журналистерден шет
тілін жетік білетін ешкім жоқ екен. Татьяна Журбенко «мек-
тепте ағылшынша аздап оқығаным бар» деді. Алпысбай əлде
урду, əлде хинди, əйтеуір бір тілде ежіктеп, сөздік бойынша
əлденелерді айтқан болады. Оның тіліне Орағаң күледі.
– Ораға, ресми делегация басшысы – Сізсіз, біз сізге
бағынамыз, – дейді Алпағаң аузын толтырып.
– Жиналыстарда мен басшы болайын, қиналыстарда сен
басшы бол, – дейді Орағаң.
* * *
Дели. «Узбекистон хаво иоллари» деген жазуы бар біз
мінген ұшақ халықаралық əуежайға келіп қонды. «Біссімілла»
деп Үнді жеріне аяқ бастық. Бір-бірімізден сəл ажырап
қалсақ, адасып қалып қоятындай бəріміз қоян-қолтық жүріп
келеміз. Бізді қолында «Қазақстан» деген жазу жазылған
қағазы бар ұзын бойлы, қараторының ішіндегі əдемі бір үнді
жігіті қарсы алды. Кеден бекетінен өткенімізше де біршама
уақыт болды. Əуежайдың іші сап-салқын. Қол жүктерімізді
алып, Үндістан жеріне табан тіредік. Əуежайдың іші
ертегідей: күндіздің өзінде электр жарығы көздің жауын ала-
ды, едені де, атшаптырым алаңдары да тап-таза. Байлық пен
барлықтың, сəн мен салтанаттың лебі еседі.
– Көшеде қайыршы көп. Біреуіне рупи беруші болмаңдар.
Қолдарынан ұстамаңдар. Ауыз суды қанша шөлдеп бара
жатсаңдар да қайнатпай ішпеңдер. Іш сүзегі, басқа да
жұқпалы аурулар өте көп, сақ болып жүріңдер, – деп бізден
бұрын Үндістанға барып келген жігіттердің əңгімесін
естігеніміз бар. Жайнап тұрған əуежайды, жүзіктің көзінен
өткендей əсем үнділіктерді көрген бетте «біздің жігіттер де
айта береді-ау, қайдағы қайыршы мұнда» десіп қалғанбыз.
Делидің орталығына қарай баруға бізге бөлінген көліктерге
отыру үшін сыртқа шыққанымызда ең əуелі бетті шарпыған
ыстық пен əуежайдан екі-үш метрдей жерде алба-жұлба
киімді, көрінгенге қол жайған қайыршылардың көптігі
бізді айран-асыр қалдырған. əуежай анау – іші хан сарайы-
нан бір кем емес. Көшесі мынау – шүпірлеп қолын созып,
қайыр сұрап қаптаған адам. Ə дегенде біртүрлі тіксініп
қалғанымызбен, біраздан соң бұл көрініске бойымыз да,
етіміз де үйренді.
Ми қайнатар ыстық бетті шарпиды. Дала сап-сары. Ресми
көліктері біздің баяғы ескі «Москвичтер» секілді қап-қара
түсті жеңіл машиналар. Олардың өзі əбден тозығы жетіп
ескірген.
– Мынау біздің Созақтың даласы сияқты ғой, – деді
Орағаң машина терезесінен сыртқа көз тастап отырып. –
Құдды біздің ауыл...
Орағаң Шығыс Қазақстанда туып-өссе де ауызекі əңгіме
арасында «біздің Шымкенттегідей», «өзіміздің оңтүстік қой»
деген сияқты сөздерді жорта қыстырып отырады екен. Ба-
сында біртүрлі көрінгенімен, келе-келе оған үйреніп кеттік.
Делидің көшелеріндегі көлік қозғалысы мүлдем ерсі
көрінген. Біздікіне қарама-қарсы: бастапқыда мінген ма-
шиналарымыз сол жақпен жүйткіп келе жатып соқтығысып
қала ма деп зəреміз ұшушы еді, біраздан соң оған да
көндіктік. Мұнда жол ережесі деген сақтала бермейтін
тəрізді: жүргізушілер бір-бірімен сигнал арқылы түсініседі
екен... ызың-ызың, ию-қию дыбыстан əдепкіде бас айнала-
ды, кім епті сол өтетін сықылды, «апырм-ай соғысып қалар
ма екен?» деп, деміңді ішке жұтып, зəрең қалмай отырасың.
Жоқ, бірде-бір көлік апаты көзге шалынбады.
Кортеж «Тəж-Маһал» қонақ үйіне тұмсық тіреді. Бұл
өзі аса салтанатты. сəулетті қонақүй екен. Сөмкелерімізді
əлекедей жалаңдаған қызметші жігіттер көтеріп ала жөнелді.
Əрқайсымызға атшаптырым болмаса да далиған-далиған,
бір-бір бөлме берілді. Сырттағы ыстық іште сезілмейді,
сөйтсек, барлық мекемелерде кондиционер бар екен, қоңыр
салқын... барған бетте мені осы қоңыр салқын «құртты».
Сырттан терлеп келген бетте іш салқын, дереу ұстай алды,
одан соң душтан шыққанда бөлмедегі кондиционер ең
жоғарғы дəрежеде жұмыс істеп тұр екен, оны білмеймін,
құлақтың түбінен суық ұстап, тамағым бітеліп, жаздың
күнінде «ауру» тауып шыға келдім...
Барған бетте Үндістан кəсіпкерлерімен, қоғамдық
ұйымдары мен Парламентшілер жүмысымен жəне басқа да
əртүрлі деңгейдегі кездесулер басталып кетті. Елде төтенше
жағдай жарияланған, ол Раджив жəне Индира Гандилердің
террористер қолынан қаза табуына байланысты əлі күшінде
тұрса керек: қай жерге барсаңыз да қару асынған полиция
қызметкерлерін жиі кездестіруге болушы еді... Кашмир
жағындағы қақтығыстар да үдей түсіп тұрған болатын,
соған да байланысты болар, біздің делегацияны көбінесе
қарулы полиция күштері бастап жүрді... Үндістанда тарихи
жəдігерлер өте көп, біздің елдің медени-тарихи мұраларымен
танысуымыз түрлі ресми жəне ресми емес кездесулердің
арасында жарыса жүріп жатты. Үнді киноларын тамашалап,
мұндағы тірлікті ойша елестеткеніміз болмаса. Үндістанның
нақты өмірін бұрын көріп-білмегенбіз, біз үшін бəрі таң, бəрі
таңсық. Бұл ел тұрмыс жағдайы жөнінен аса мақтана алмай-
тын халде екен: жұмыссыз, баспанасыз адамдар мүлде көп.
Көше бойында, тал-талдың астында үмітсіздіктен сарғайып,
сарылып жатқан жан қаншама. Үнді фильмдеріндегі астатөк
салтанат барлық жерде бірдей көрініс беріп жатпайды, қалың
бұхараның қал-ахуалы адам айтса нанғысыз, өте нашар. Сан
жағынан Қытайдан кейінгі орынды алатын бұл елдің шы-
найы бейнесі əуелгіде бізді ептеп шошытқаны да рас.
– Қандай қарама-қайшылықтағы ел?! Қандай контраст?!.
Байлары аттөбесіндей, кедейлеріне аяқ сүрінеді. Нарык
жағдайында өмір сүріп жатыр-ау бұлар да... Бізге байқау ке-
рек екен... Тым байлар мен өте кедейлері бар мемлекет еш
уақытта күшті болмайды. Орта слойы көп ел ғана дұрыс бо-
лады, – деп Орағаң алған əсерінен арыла алмай жүрді.
Құрылысы, зауыт-фабрикасы жедел өркендеп жатпағанға
ұқсайды. Көп жерде біздегі техника күшімен атқарылатын
шаруаларға құмырсқаша жабылып, қолмен атқарып жатқан
бір адам... Бірнеше жеңіл өндіріс орындарын аралап көрдік.
Асып бара жатқан түгі жоқ. Қайта Қазақстанның жағдайы
көш ілгері көрінді.
Басқа құрылыстарға онша мəн берер-бермес, ал, бірақ
қонақүй бизнесіне мұнда қатты мəн беріледі екен. Біз жатқан
«Тəж-Маһал» қонақүйі патша сарайын көзге елестетеді,
айнала мəр-мэр гранит... мың өрнекпен су атқылатқан хау-
ыздар. жоғалтқан ине табылатындай мөп-мөлдір бассейн,
шіліңгір ыстыққа қарамастан көкмайсаға оранған мейман-
хана ауласы, түнде самаладай жарқыраған мың сан шам əр
қабатта əр елдің рестораны ...қабаттан қабатқа зыр еткізіп
жеткізіп тастайтын бірнеше лифт.
Лифт демекші, əр лифт ішінде Шах-Жаһанның, Мұнтаз
Маһалдың, Бабырдың суреттері ілінген. Қылыш асынған,
жанары жалт-жұлт еткен, қою қара сақалды Бабыр бейнесі
кейде үнділіктерге қарай бұрылып кетсе, кей жерлерде
аумаған қазақ... Орағаң сондай суреттерді көре қалса, дереу
маңғазданып, кеудесін керіп, қасқиып тұра қалады.
– Қалай? Айнымаған Бабыр емеспін бе? – деп бізге
қарайды. Шынында Бабыр бейнесі мен Орағаңның келбеті
арасында едəуір ұқсастық байқалатын. Орағаң мұны
мақтаныш етті. Жəне онысын жасырмаушы еді...
Үнді жерінде жүрсек те Қазақстан ойымыздан бір
кетпейді: не көрсек те елмен салыстырамыз. Бірде үлкен
жолдың бойында аз-кем кідіріс тауып тұрып қалдық. Ығы-
жығы халық. Ара-тұра жүк машиналары, тіркегіш сүйреген
трактор өтеді.
– Əне, қараңдар, өзіміздің «Белорусь»... Қазақтардан
айнымайды-ей!.. Ана біреуі біздің ауылдағы кімнен айны-
майды... – деп.
Орағаң бар, Аппағаң, Еркін төртеуміз кезек-кезек күлеміз.
– Мақта теруге бара жатқан біздің жетісайлықтар сияқты
екен, – дейді Орағаң. «
Баспанасыз ел көп. Күннің ыстықтығы, қыстың суық
болмайтындығы ғана жан сақтауға мұрша береді-ау.
Əйтпесе, біздің жақтағыдай қар жауып, күн суытса, талай
адам боғымен қатып қалары сөзсіз. Шалаш құсаған баспана
астында, көлеңкелейтін жер болса болды, əйтеуір бір нəрсені
қапқалап, сиырларының жанында сирақтары сидыйып-си-
дыйып жатқан үнділіктер жетерлік.
– Бұлар да біз құсаған аграрлы ел ғой. Біз ауыл
шаруашылығына мүлдем мəн бермей барамыз. Тозып,
талан-таражға түскенде жетеріміз мынадай күй ме?.. Жоқ,
болмайды екен. Барған соң Терещенкоға айтпасам, қалайда
тіке өзіне кіруім керек.Ауылдың жағдайы құлдыраған сай-
ын, жергілікті халықтың, ең алдымен қазақтың жағдайы на-
шарлайды. Қазақтың есебінен басқалардың жақсы тұруына
жол беруге болмайды. Мұны мен Сергейдің өзіне айтам, – деді Орағаң. Премьер-министр Сергей Терещенкомен күнде бірге шəй ішіп жүрген адам сияқты Орағаң кесек-кесек сөйлейді. Біз аң-таңбыз. Орағаң басын кегжең етіп көтеріп, маңғаздана түседі. – Ақыры жолда жүрміз ғой, мен сендерге бір қызықты айтайын, – деді Орағаң. – Сендердің Премьер-министр деп үркіп отырған Терещенколарың бір кезде менің костюмімді көтеріп жүрген... Білдіңдер ме?.. Жазушы адамдардың кейде өз жанынан сəл-пəл қосыңқырап, кейде болмағанды болғандай етіп асыра сілтеңкіреп жіберетіні бар ғой, сондай бір «трюктің» бірі шығар деп Орағаңа сенімсіздікпен қараймыз. – Ол кезде Терещенко – Шымкент обком комсомолының бірінші хатшысы. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, білдей жазушымын. Шымкентке бардым. Ленин ауданында болдық. Қонақтан-қонақ... картадан-карта, не керек, қайтатын уақыт жақындағанда преферанстың қызығымен ауданнан кеш шығып, пойызға отыратын болдық. Осы Сергей сонда қолымызға су құйып, қызмет істеген бала еді. Мен костюмімді ұмытып кетіппін. Пойыздың уақыты жақын. Есінде бар ма, жоқ па, қазір, сонда қазіргі премьер-министр Терещенко машинамен заулатып барып, менің костюмімді тасығанын ұмытпауы керек, – деп жəне бір маңғазданып қойды. –Апыр-ай, Ораға, сіз неткен мықтысыз?! Бір елдің Премьер-министріне костюміңізді көтертіп қойған , – деп Алпағаң толтыра сөйлейді. – Нешеуа, Алпаға, сенің де костюміңді таситын Премьерлер шығады əлі. Ол үшін интеллигенция мықты болуы керек. Қазір ауыл проблемасы – ең өткір проблемаға айналып тұр. Мұны Үкімет, Президент ескеруі керек. Ауылдан айрылсақ, ұлт дағдарып, мəңгіріп қалады. Құлдық қамытты бір киген елдің рухы жоғалады. Сосын қайтып бас көтеру қиын... Сондықтан қазақтың зиялы қауымы, ұлттық интеллигенция қазір ұлттық, буржуазия тобын қалыптастыруға күш салуы
керек. Жол-жөнекей байыған жартыкеш ұрпақтың қолына
билік тисе, ұлтқа екі есе қауіпті. Асфальтта туған қазақтар
мен ауылда туған қазақтардың арасын тіл білмейтіндігіне
бола аша бермеу керек, қайта аналарды бауырға тартып,
ұлтжанды қазақ байларын, капиталистерді көбірек шығарсақ
қана, нарықтық экономикаға есемізді жібермейміз. Мұның
бəрі Елбасыға айтатын əңгіме, бір кездескенде айтармын
мұны.
Орағаң бізді осындай əңгімелерімен жанына үйіріп ала-
тынды шығарды. Сырт көзге қатал, менмен, кісіні көзге
ілмейтіндей көрінген Оралхан аға біртін-біртін бізбен
баяғыдан сырлас, баяғыдан жолдас адам сияқты болып кетті.
– Екеуің бірге оқыдыңдар, ə. Қазір заман сендердікі ғой.
Анау Жүсіпбектердің нағыз кезі ғой. Мен оны өзіме орынба-
сар қылдым. «Жас қой» дегендер көп болды. Жұмысты жас
кезде істеу керек. Менің нағыз жұмыс істейтін кезімде түрлі-
түрлі жағдай болды... Шіркін, газетті газет қылу деген...
күндіз-түні жазатын кездерің қазір. Жап-жассыңдар! Қандай
керемет! Мен мына Нұртөрені жазуына қарап үлкен адам
шығар деп ойлаушы едім. Сөз саптастарың, жазыстарың
сұмдық. Сен, Еркін, Шымкенттің мафиясын бет-жүзге
қарамай сойып саласың... Нағыз беріліп жұмыс істейтін,
жазатын кездерің ғой. Жазу керек. Тайсалмау, қорықпау ке-
рек. Шерағаңның бір мықтылығы ылғи жазғыш, талантты
жастарды қайдан болсын тауып ала қояды. Мен «Лениншіл
жасқа» Шерағаң арқылы келдім. Ол кісі болмаса, осы күні
май-май болып, бір жаман тракторды айдап жүрер ме едік,–
деп, өткен күндерінен сыр шертеді. Жазған əңгімелерінің кей
жерлерін қазір қайта жазар едім деп, өз туындыларына терең
бойлап, кейде ой қуып, жақсы, əсерлі əңгіменің қызығына
түседі.
– Мен атақ қуғам жоқ, кейбіреулер секілді мемлекеттік
сыйлыққа таласып, арыз жазып, артынан қуған жоқпын. Атақ
та, жақсы ат та өздігінен келді. Тіпті, кейбіреулер сияқты
тілім салақтап қыз қуған да жоқпын. Қыздар маған өздері
келетін... Міне, былай көшеге шығып қасқиып тұрамын,
олар өздері келеді, – деп, қасқайып тұра қалатын. Ол кісі жиі
жазған, аңсаған Кербұғы бейнесі Орағаңның тұла бойынан
табыла кететін. Маңғаздығы, кербездігі сəн үшін, салтанат
немесе сырт көз үшін жасалатын нəрсе емес, соншалық
табиғи, соншалық Орекеңнің өзіне ғана жарасар қалып еді.
ЖАРАТЫЛЫСЫ солай-ды!..
Неге екенін білмеймін, Еркін екеумізді ерекше іш тартты.
Бар сырын, ой-арманын ашық, бүкпесіз айтып, кейде ұзақты
түн сырласып отыратын болдық. Жаратылысы жұмбақтау
көрінетін жазушының біздей жас достарына ашыла кетуі,
жасырмай сыр айтуы екеумізді де қатты қайран қалдырған.
Бірде үнділердің ұлттық концертіне бардық. Кинодағыдай
би, əдемі əндер... Бір сəт ұлттық аспаптармен өзгеше бір му-
зыка ойналды. Орағаңның қасында отырғам. Диктофонын
шығарып, əлгі музыканы жазып алды.
– Ораға, мұны не қыласыз? – дедім құлағына сыбырлап.
– Ғажап музыка екен. «Құлыным меніңді» осы заманға
лайықтап, жалғастырып жазып жатырмын. Негізінен
Желтоқсан көтерілісі туралы, алаңға шыққан жастар,
олардың дүниетанымы... Рух шайқасы... мына музыка
соған сұранып тұр екен. Режиссерлер кейде түктің мəнісін
білмейді, көркемдейтін жерінде дұрыстап көркемдей алмай-
ды, мұндай музыка олардың түсіне кіріп пе?! Барған соң бір
кəдеге жаратармын, керек болады ғой, – деп күлді.
– Негізі, бұл жолы мен Түркияға баруым керек еді, – деді
бірде Орағаң. – Онда баратын делегация құрамы белгіленіп,
бекітіліп қойған. Алтынбекке айттым: «Түркияны күнде
көруге болады ғой. Индияны көрмеген едім, сонда ба-
рып қайтайын» дедім. Келгенім дұрыс болған екен...
Қанша нəрсе көріп жатырмыз. Қаншама тарих. Біздің ата-
бабаларымыздың аяғының ізі жатыр ғой мұнда. Анау
ескерткіштерді қарашы, бəрінде біздің ата-бабаларымыздың
қолтаңбасы тұр. Қаптаған мешітті, қаптаған кесенелерді
сала берген ғой, Бабыр əулеті. Екі ел арасында мəдени
қарым-қатынас жолға қойылса, мұнда əлі талай келуге бо-
лады, бір-бірімен табиғаты жақын ғой біздің елдердің. Бұлар
да өз бетімен біреулерге ұрынбайды, қазақтар да сондай
бейбіт, момын.
Адамдарын қарашы, қайсысына қарасаң да ақсия күліп,
қолдарын көтеріп, мəз болып қарайды. Елгезек, елпілдеген
ел екен. Ақкөңілділігі Алпағаңның көңіліндей... əппақ қой!
Əппақ! – деп, алған əсерін қолма-қол бөлісіп, бізді əңгімеге
тартып, баурап əкете беретін.
Ру сұрасатын қазақтың дағдысы емес пе?! Орағаң бірде
Еркін екеумізден елімізді сұрады.
– Ораға, «Ошақтың үш бұты» деген мақалаңызда бұл
мəселені жеріне жеткізіп жазыпсыз ғой, – дедік біз.
– Ə, оқыған екенсіңдер ғой. Мен ол мақаланы арнайы
жаздым. Біздің ағаларымыз бұл мəселеге келгенде былғанып
қалған. Сендердікі дұрыс «Қазақпыз»... бітті емес пе, соны-
мен. Өзі азғантай ғана халықпыз. Енді келіп ырың-жырың
болғанда бірдеңе таба ма бұл қазақ?! Көп қазақ өзінің
қабілетсіздігінен көрмейді, осыдан, ру-рудан іздейді бар
пəлені... Қолынан іс келмей тұрса да онысын жасырып-жа-
бу үшін «аналар маған істеткізбеді, өйтпеді, бүйтпеді» деп
қоңырсытып жүргені. Қазір Одақтың қадірі қаша бастады.
Жазушылар нағыз жазатын кезде тайсалып қалды. Кімнен,
неден қорқатындарын білмеймін. Жабық тақырып деген жоқ
қой қазір. Не жазсаң да ешкім қолдан қағып жатқан жоқ.
Кейде ұлы адамдардың ойы үндесіп жатады. Мысалы,
Шыңғыс Айтматов «Боранды бекетті» жазды. Ал мен одан
бұрын теміржол бекетіндегі стрелочник шал туралы жазғам.
Шыңғыс – Шыңғыс қой, сонысымен дүниежүзіне аты кетті.
Бірақ оның жазған оқиғасынан əлдеқайда бұрын мен жаз-
дым ғой... алыстағы бекет... пойыздар бірде батысқа, бірде
шығысқа қарай жүйткіп өтіп жатыр... Осыны Шыңғыстан
бұрын жазғанымды мақтаныш етемін.
Тоқырау деген тұста жазушылар ойдан-қырдан сығалап,
сыналап жүріп, қоғамның дертін, үлкен əлеуметтік,
қоғамдық-саяси проблемаларды көркем шығарма етіп жаза-
тын. Қазір бəрі ашық. Қай тақырыпқа қалам тартсаң да «қой»
деп жатқан адам жоқ. Бірақ ешкім жазбайды. Бұл қалай?
Еркіндікті аңсап келіп-келіп, бір күні «мə, саған еркіндік»
деп бере салғанда жазушылардың басы айналып қалды ма,
əлде айтатұғын, жазатұғын нəрсе жоқ па, білмеймін,– деп
Орағаң əдеби процестерге қатысты да ой толғайтын. «Тəж-
Маһал» қонақүйінде ресторан көп. Əр елдің кухнясы бар.
Үндінің тамағы керек пе, қытайдың асы қажет пе, итальян
ресторанына барасыз ба, бəрі тұр. Біз ресми делегация
болған соң ба, кез келген рестораннан тамақ ішуімізге бола-
тын. Тек соңында бөлме нөмірін көрсетіп, тиісті чекке қол
қойсақ, болды. Нақты ақша сұрап жатқан, есеп айырысуды
талап етіп жатқан ешкім жоқ. Əуелгіде үнді ресторанына
барғанбыз. Тамақтары қышқыл, ащы болып келеді екен.
Ащы тұздықтарды көп пайдаланады екен. Орағаң жұп-жұқа
қамыр қатырмасын ғана сүйсініп жеді де, қалған тамақтан
онша жемеді.
– Ащы нəрсе бауырға болмайды, – деп, ептеп мазасызда-
нып жүрді.
Бірде итальян ресторанына барып, спагеттиден дəм ауыз
тидік.
– Спагетти, спагетти дегенге ерекше нəрсе шығар деп
жүрсем, кəдімгі біздің кеспе ғой. Үйдегі жеңгелерің кеспені
бұдан да қатырып дайындайды, – деп үй-ішін, Айханы мен
Айжанын жиі еске алушы еді.
– «Жеңгелеріңді бір қуантайын», деп əдемі үнді көйлегін
барған бетте Алпағаңның «қымбат қой» дегеніне қарамастан
сатып алған еді.
Бір дүкеннен басында қолшатыры бар ерекше екі
қалпаққа қатты қызығып, «біздің Алтай жаққа, ауылға
барғанда балаларға керек болады, жақсы екен» деп табанда
сатып алған болатын. Шынында, əрі қалпақ, əрі қолшатыр
мұндай бас киім содан кейін еш жерде ұшырасқан жоқ.
Үй-ішін, балаларын айтқанда, Орағаңды сағыныштың
сазы баурап алатын. Өзі мұнда жүрсе де ойы, қиялы елде
болды. Бірде «тезірек елімізге қайтсақ екен» деп те қалғаны
бар.
– Қазақтың етіне еш нəрсе жетпейді екен-ау, – деді бір
күні Орағаң. – Мұнда пəтір наннан басқасы бізге келмейді
екен... Біздің «қызылсыраған» тілегімізді Алпысбай мыр-
за үнділіктерге жеткізді. Дели маңындағы бір ресторанда
арнайы қой сойылып, делегация құрамы түгелдей сонда
бардық. Бірнеше жілік етті жəукемдеп жатқанда. менің та-
релкама тобық түсе қалғаны. Елден сапарға шығарда дəл
осындай тобық бүйырып еді, оны орап қалтаға салып алғам,
жігіттерге соны айтып бердім. Орағаң:
– Мынаны да тастама, жалпы тобық деген жақсы ғой.
Бұрынғы қазақтар тобық ойнаушы еді. Бұл күнде тобық
түгіл, собықтың не екенін білмейтін қазақ көбейді. Тіл деген
құдіретті нəрсе ғой! Оның ішінде қазақ тілі – неткен бай, не-
ткен əдемі! Біз егер дүние жүзіне ағылшын тілі тəрізді үстем
болсақ, қазақ тілінде сөйлегісі келмейтін халық болмас еді,
əттең санымыз аз...
Тілге деген қажеттілік жоқ Қазақстанда. Нан сұрап жеу
деген не? Міне, жүрміз Үндістанда...ағылшын тілін біреуіміз
жақсы білмейміз, тіл білмеген соң сен де бір, судағы балық
та бір... Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері қазақ тілін
қанша сөздік шығарсаң да үйренбейді. Өйткені, тіл білуге
МƏЖБҮР емес. Мəжбүрлік болмаған соң, елді, халықты
менсінбейді. Тілі пүшайман елдің ертеңі не болады? Тым
болмаса, ағылшын тіліне ағып тұрған үнділіктер тəрізді
бола алмадық. Отарлау саясаты талай елде болған. Ал, дəл
біздей отарланған, тілі, ділі бұтарланған ел жоқ шығар...
Сен, мына тобықты тастама. Кейін қазақтар тобық деген не
деп түсіндірме сөздіктен іздеп жүргенде көрсетесің, – деп
жадырай күлді.
Жалпы, Орағаңның бір жақсы қасиеті – не болса да елдік
тұрғыдан қарап, салғастырып, салыстырып жүреді екен.
Ізбасар інілері үшін бұл да үлкен үлгі, өнеге.
Орағаңның
сыртқы
бейнесі
қаталдау,
сестілеу
көрінгенімен, шын ақтарылса, жас баладай аңқылдап
кететін кезі көп, сырласса – емін-еркін ақтарылып, сөйлессе
– ішегінің қырындысына дейін ашылып, ара-тұра əдемі
қалжың, мағыналы мимикасымен еліктіріп, ертіп əкетеді.
Əзіл-оспаққа да бір қазақты сілейтіп салар ебі бар.
Бір күні Еркін плавкиін жоғалтып алды. «Тəж-Маһал»
қонақүйінің ауласында атшаптырым бассейн бар болатын.
Соған күнде шомыламыз. Сырдың суы сирағымыздан кел-
мей өскен соң ба, Еркін екеуміз суға құмармыз: қырық-елу
градус ыстықта жүріп келіп, салқын суға қайта-қайта сүңгіп,
рахаттанып жүрдік. Орағаң мен Алпағаң суға үйірсек емес.
Бассейннен келген соң, Ерекең плавкиін қағазға орап, бір
шетке қоя салмай ма, сөйтсе қонақүй қызметкерлері əлгіні
ескі-құсқы зат екен деп алып кетіпті. «Сендер ойнап алып
қойған жоқсыңдар ма?» деп, Еркін бізге қайта-қайта келеді.
Бұл оқиғаны естіген Орағаң:
– Əй, Еркін-ай, қазақтардың бір плавкиді он жыл киетінін
бұл үнділіктер қайдан білсін!– деп бəрімізді күлдіргені бар.
Бірде сапарлас ханымдардың бірі қонақүй фойесіне
асығыс-үсігіс түсті де:
– Ой, я такая неглаженная.., – деді. Сонда Орағаң:
– Который день неглаженная?– деп сарт еткізгенде,
аңдамай сөйлегеннен ауырмай-ақ өлудің қандай болатынын
көргенбіз.
Əдебиет, өнер мəселелері туралы Татьяна Журбенко
Орағаңды жиі əңгімеге тартатын. Өзара шүйіркелесе кет-
кен кезде, Орағаңның орысшасы керемет еді: ой ауқымы
кең, небір ой-толғамдарын төгілте жөнелгенде аналар ау-
зын ашып, көздерін жұмып қалатын. Тегінде, мұндай сапар
пайдалы, адамдар бір-бірін жақыннан таниды, əңгімелеседі,
пікірлеседі. Көзқарастар түйісі, көзқарастар қайшылығы
осындайда көрінеді. Қос Татьяна Оралхан Бекейдің жан
əлемін осы жолы ашты ғой деп ойлаймын.
– Мен бұл жазушыны бұрын білмейді екенмін, – деді
Татьяна Журбенко. – Орысшаға, əлемнің басқа да тілдеріне
аударылған кітаптары көп көрінеді, барған соң маған орыс-
ша кітаптарын тауып беруге көмектесші, – деп қолқа сал-
ды. «Тəж-Маһал» қонақүйінің бірінші қабатында өзіміздің
бұрышымыз бар еді: күнде таңертең сонда асқа жиналамыз,
сосын күнде кешке төгілген музыка əуенін тыңдай отырып,
əңгіме-дүкен құрамыз.
Орағаң:
– Оралхан Бөкей,
Всегда 0 кей! – деп джентельмендер сияқты ишарат жа-
сайтын.
Сол қалпы, сəл керілген, сəл кербез, ақиықтанып тұра
қалатын сəті соншалықты жарасымды, соншалықты əдемі
еді. Бұл тек Орағаңның өзіне ғана жарасатын. Басқалар
қайталаса, əсері болмайтын, қайталанбас, ұмытылмас бір
сəт еді...
Делидің ар жақ, бер жағын түгелге жуық аралап шықтық
Ескіден қалған мазар, мешіт толып жатыр. Шығыстық ар-
хитектура үлгісі қадам басқан төбеде тұр. Қызыл қамалға
барғанда құтты Кремльдің əйдік қабырғалары сияқты
қорғанды көрдік?!
– Қараңдаршы, – деді Орағаң. – Кім кімнен ұрлап
алғанын. Міне, мəдениет, міне, керемет! Біздің Бабыр ба-
бамыздан қалған қаншама мұра, қаншама белгі бар мұнда?!
Шіркін, Өзбекстанға телмірмей, Алматы мен Дели арасына
өз ұшағымызбен катынап, екі елдің арасындағы мəдени бай-
ланыстарды жандандыратын болсақ, əлі сыры ашылмаған
қанша тарихқа кенелер едік?! Мына мұраларды, ашық аспан
астында жатқан қаншама музейді көрсету керек қой елге.
Награсимха Рао бізге барса, біздегілер мұнда келсе... Екі ел
арасындағы байланыстарды жандандыруға біз дəнекерміз,
біз – журналистер айтып, жазып, насихаттап, мына дүниенің
бəрін таныстыруымыз керек.
Орағаңның ой-арманы көп еді... бəрі өзімен кетті...
Агра. Үндістанның бұрынғы астанасы, атақты Тəж-
Маһал орналасқан Бабыр əулетінің алтын тақты ордасы
болған, əлемнің жеті кереметінің бірі – Тəж-Маһал тұрған
қасиетті Агра қаласына бет алып келе жатқанбыз.
Жолшыбай бір жерде аялдадық. Біздің алдымызда жол
бастап бір топ қарулы полецай келеді. Төтенше жағдай
сақталып тұрған соң, Қазақстан делегациясының ары-бері
жүріп-тұруына ерекше мəн берілген. «Сақтықта қорлық
жоқ» дегендері болар.
Алдыңғы машинада Орағаң, Алпағаң үшеуміз. Жол
бойы қазақ əдебиетінің қазіргі жағдайы, əлем əдебиеті мен
орыс əдебиетінің проблемалары туралы сөз қозғап келе
жатқанбыз. Мемуар жазу туралы да əңгіме болып кетіп еді.
Машина тоқтап, артқы есікті ашып, сыртқа шыға берген кез-
де Орағаң ойын-шыны белгісіз:
– Мен туралы естелікті мына сендер жазасыңдар, – деді.
Дəл сол кезде бұл сөзге Алпағаң да, мен де мəн берген
жоқпыз.
Аграға келдік. Тəж-Маһал! Керемет десе, керемет екен.
Əппақ мəрмəрдан тұрғызылған мұндай ғажап кесенені
естігеніміз болмаса, көрген емеспіз. Ғажап! Айтуға тіл
жетпейді. Сурет! Тіпті, жоқ, тірі ескерткіш. Сұмдық əсерде
болдық. Əсіресе, Орағаң. Тəж-Маһал – XVІІ ғасырда
тұрғызылған деседі Ислам дəстүрі бойынша бəйшешегі гүл
жарған əсем бақты жердегі жұмақ дейді екен. Тəж-Маһал
жап-жасыл бақ ішіне тұрғызылған, сұлулығы мен сипа-
ты мүлде бөлек ғажап, ескерткіш екен. Кесененің төменгі
қабатында атақты Шах-Жаһан мен Мунтаз Маһалдың
қабірлері бар, бастарына қымбат мəрмəрден құлпытас
қойылған. Мұнда келуші туристерге тек ғимараттың үстіңгі
жағы ғана көрсетіледі екен де, төмен түсіп, қабір басына зи-
ярат етуге рұқсат жоқ екен.
– Келіп тұрып, қалай көрмей кетеміз? – деп Орағаң қолқа
салған соң, біздерге төменгі қабатқа кіруге рұқсат етілді.
Білгенімізше дұға қайырдық.
Тəж-Маһалдың
сыртқы
қабырғаларындағы
аттылы
кісінің бой жетер жердегі небір лағыл тастар ағылшын,
француз отарлаушыларының талан-таражына ұшыраған.
Бəрін ойып алып кеткен. Айлы түнде осындай маржан та-
стар мың құбылады. Тəж-Маһалдың айлы түндегі келбеті
мүлде ғажап көрінеді.
– Иттер-ай, – дейді Орағаң. – Бізді варвар дейді, өздерінің
істегендерін қараңдаршы... Мынандай кереметке қалай дəті
барып пышақ сұқты екен...
Кесененің акустикасы керемет. Үш қайтара айналып
шықтық. Бір кезде Орағаң заулатып Құран оқи жөнелді. Да-
усы, мəнері келіскен. Əсем ғимараттың түбінде бəріміз естіп
тұрмыз. Орағаңның сондағы үні... Мақамы сұмдық өзгеше
еді...
Тəж-Маһалды 22000 құрылысшы 22 жыл бойы салған
екен.
Тəж-Маһалды салғызған – Шах-Жаһан деген пат-
ша. Əйгілі Бабырдың, Үндістанда патшалық құрған Ба-
быр сұлтанның немересі, Ақбардың ұлы Шах-Жаһанның
Мунтаз Маһал деген əйелі болады. Патшаның нақсүйерін
қаскүнемдер улап өлтірген деген де аңыз бар. Шах-Жаһан
Мунтаз Маһал өлгенде қатты қайғырыпты. Патшаның қайғы-
құсасын жеңілдеткен осы ескерткіш екен. Шын махаббат деп
осыны айтса керек. Шах-Жаһан бірте-бірте мемлекет ісінен
қол үзе бастайды. Есіл-дерті сүйікті Мунтаз Маһалдың ба-
сына əлемде жоқ ескерткіш тұрғызу болады.
Шах-Жаһанның үш ұлы болыпты. Үшеуі əкелеріне қастық
ойлап, тақтан тайдырады. Уранза деген кіші ұлы патша бо-
лады. Ол екі ағасын да өлтіреді. Жендетіне «ағаларының
басын кесіп алып кел» деп бұйырады. Туған ағаларының
басын таяғымен шұқып көреді де, өлгеніне көз жеткізеді.
Сол Уранза Шах-Жаһанды темір торға əкеліп қамап қояды.
Бұл қамалдан Тəж-Маһал кесенесі бұлдырап қана көрініп
тұрады екен. Таққа ие болған баласы əкесіне осындай жаза
бұйырған. Тек терезеден телміріп қарап отыруға ғана рұқсат
еткен.
Шах-Жаһан бес уақыт намазын өтеуге мешітке бара-
тын болған. Мешітке апаратын жол патша Сарайы арқылы
өтетін. Сарай маңындағылар кешегі əміршісін келемеждеп,
масқарасын шығарушы еді...
Шах-Жаһан осылайша 8 жыл Тəж-Маһалға қарап телміріп
жүріпті. Өмірінің соңғы кезінде Шах-Жаһанның көзі көруден
қалады. Əлде жас, əлде нала, əлде кəрілік... Бəлкім, жазасын
күшейту үшін оны ұлы əдейі соқыр етуі мүмкін деген де бол-
жам бар...
Шах-Жаһан патша болған баласынан бір-ақ нəрсені
өтінеді.
– Мені өлген соң Мунтаз Маһалдың жанына жерле, –
дейді.
Лағыл тастары мың құбылған Тəж-Маһал кесенесінің
түбінде тұрып осы деректерді естігенбіз. Біраздан соң Шах-
Жаһан терезеден телміріп отырған қамалға келіп, əміршінің
бөлмесіне бас сұққан кезде Орағаң ақырын ғана:
– Адамға бұдан артық ауыр жаза ойлап табуға болар ма
екен? – деп жүрегі қарс айрыла күрсінді.
Теріс айналып кеткен Оралхан аға маған жылағандай
көрінді...
Тəж-Маһалдың түбінде, мəрмəр орындықтың үстінде ке-
зек-кезек ескерткіш үшін суретке түстік. Идея – Алпағаңдікі
болатын.
– Мына тұс суретке түсу үшін таптырмайтын жер екен, –
деп Алпысбай аға елпең қаққан.
Сенің басыңа ғажап идеялар келеді, бізге неге келмейді
осы? – деп Орағаң маңғаз қалпы суретке түсті. Қасқайып
Алпағаң да түсті. Мен малдас құрып, жалаңаяқ отыра кеттім.
– Бабаларымыздың салтымен, қалай Ораға?– деп едім,
– Сенікі тіпті қатып кетті, Алпағаң айдалада қалды, – деп,
Орағаң балаша мəз болды.
Аградан айрықша əсермен, тебіреніп оралдық.
Мамырдың он алтысы күні, кешке қарай Қазақстан
делегациясының құрметіне салтанатты қонақасы берілді.
Он бесі күнгі кеште, Аградан келген соң біз көпке дейін
ұйықтаған жоқпыз. Талай əңгіме соқтық. Орағаң өзінің
жазғандары жөнінде, Анатолий Ким туралы, оның аударма-
сы туралы көп əңгіме айтты. Кейбір дүниелерін қайта жаз-
сам, қайта қарасам деп жүргенін естідік. Жас кезінде артист
болсам дейді екен. Сол мақсатпен талап та қылып көріпті...
Орағаң «Шұғаның белгісі» деген Бейімбет Майлиннің
əңгімесінен үзілдіріп тұрып үзінді окушы еді...
– Мен жаратылысымда акынмын. Біздің ақындар өлең
жазғанымен оны оқи алмайды. Оқылмаған өлең – өлең бе?
Жас уақытта қыздарға арнап талай өлең жаздық... Ал енді
шын ақын – Абай ғой. Абайы бар қазақтың құдайы бар.
Абайға жүгінбейтін қазақ жоқ. Ерте ме, кеш пе, əйтеуір
бір, қазақ Абайды оқып біледі. Абайды танығаны – өзін
танығаны. Қара шалдан асып сөз айтқан ешкім жоқ. Абайдан
сөз қалмаған. Мынау өлеңі сұмдық емес пе? – деп арқаланып
келіп:
– Өлсем, орным – қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл – бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат, ғадауатпен майдандасқан,
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?
Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма?
Біреуге жай, біреуге тез болмай ма?
Асау жүрек аяғын шалыс басқан
Жерін тауып артқыға сөз болмай ма?
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінə қойма!
– деген Абай өлеңін нəшіне келтіріп тұрып оқыса болар ма?!
Қазакстан журналистерінің делегациясы құрметіне арнап
өткізілген қонақасы кезінде Орағаң сөз сөйледі. Тебіреніп,
толғанып сөйледі.
– Қазақстан мен Үндістан – көп жағдайда ұқсас ел.
Үндістан өз тəуелсіздігін 1949 жылы алса, Қазақстанның
тəуелсіздік алғанына көп болған жоқ. Екі ел де отарлау сая-
саты дегеннің не екенін жақсы біледі. Екі халықтың болмыс-
бітімінде де ұқсастық көп. Сіздер сияқты біз де бейбіт елміз.
Ешкімге қақтыққан да, соқтыққан да емеспіз. Тілегіміз
– бейбітшілік. Қазақ қызы мен үнді қыздары арасында да
ұқсастық көп екен. Сіздердің қыздарыңыз өр, тəкаппар келеді
екен. Қазақтың қыздары да ешуақытта басына пəренже киме-
ген. Ерлермен бірге Отанын қорғаған. Атқа шапқан. Жаудың
бетін қайтарған. Біздің батыр бабаларымыздың Үңдістанда
сайраған ізі жатыр. Кешегі Бабырдың ұрпағымыз біз! Екі
халықтың да жан дүниесі бай. Мəдени-тарихи мұралары
мол. Əсіресе, қазақ пен үнді елінің музыкаға бейімділігі
айрықша сөз етуге тұрарлық. Осы ретте біз сіздерге көне
Отырар жерінде, екінші Аристотель атанған Əбунасыр əл-
Фарабидің Отанында жасалған мынау көгершін бейнесіндегі
сазсырнайды сыйға тартамыз, – деп, жергілікті шебердің
қолынан шыққан əсем бұйымды сыйға тартты.
Сол күні кеште Орағаң тағамнан, дəмнен, шарап мен сусыннан жарытып ауыз тимеді. Көңілі бір түрлі сынық тартты. Біздерге алаңдамасын деді ме, «Ептеп бауырым мазалап тұрғаны» деді де қойды. Қонақүйге келдік. Таңғы сағат тоғызда төменде, белгіленген орында кездесуге уағдаласып, бəріміз жайбарақат бөлмелерімізге тарқастық. Таңертең төмен түссем, қос Татьяна отыр екен. Амандасып, хал-жай сұрасып жатқанда Алпысбай аға жүгіріп келді. – Жүрші, жүрші... Орағаңа звондасам, телефонын көтермейді, есігін қақсам ашпайды... Он бірінші қабатқа зыр жүгіріп жеттік. Ораған 1108 бөлмеде жатушы еді. Есікті қақтық. Көрші бөлмеден телефон соқтық. Тым-тырыс. Қонақүйдің кезекшісінде артық кілт бар екен, сонымен есікті ашып ішке ендік. Сол жақта төсек бар болатын, соның үстінде ақ жайманы кеуде тұсынан жамылып...Орағаң ұйықтап жатыр... «Ұйқым келмейді» деуші еді... Қаннен-қаперсіз... Еш қиналыс жоқ... Балбыраған қалпында жантəсілім етіпті... Дəрігер келді, полицайлар келді... Солқылдап жылап жүрміз... Қазақстанға, елге хабар айталық дедік. Айттық. «Труд» газетінің Үңдістандағы тілшісі азамат екен, көп көмектесті. Орағаңды сонда жерлейміз деген де əңгіме болды. Біз «онда елге қайтпаймыз» деп мəлімдедік... Медициналық сараптама ажал «жүректен болды» деген қорытынды шығарды... Бальзамдалған, табытқа салынған Орағаңды алып елге кайттық. Дəл Орағаң қайтыс болған күні , Делиде, «Тəж-Маһал» қонақүйінде жылап отырып, табиғаттың бізбен бірге өз ұлын, қасқа құлынын, Кер-Бұғысын жоқтағанына куə болдық. Елу градус ыстықтан ауа бірден жиырма градусқа түсті. Аспан мен жер тұтасып, дүниенің бəрі лай түстес болып кетті. Ышқына жел соқты, шелек-шелек жаңбыр асты-үстіне құйды.., адам түсінбес алақұйын жүрді... – Табиғат та Орағаңды жоқтап жатыр.., – деді Алпысбай. Бəрі де көрген түстей. Кеше ғана жайраң кағып ортамызда жүрген Орағаң енді жоқ. Өлді деуге сенбейміз. Өлдіге
қимаймыз. Жылап-еңіреп жүргендегі басты мақсат – қайткен
күнде де Оралхан Бөкейді туған еліне жеткізу болды. Де-
лиден Ташкентке дейін қиналмай ұшып келдік. Өзбекстан
əуежайында «табытты ашыңдар, мүмкін сендер есірткі əкеле
жатқан шығарсыңдар...» дегенді де естідік... Қасарысып
жүріп, ашқызбадық...
«Тастай ғой бұлар...» Қайран, Орағаң!
Шымкенттен жеткен Үкімет жіберген ұшақта «Казах-
станская правда» газеті бар екен. Онда Оралхан Бөкейдің
суреті басылып, Президент қол қойған қазанама жарияла-
ныпты. Өзбектерге соны көрсетіп, доқ қылып жүріп, түннің
ортасында Еркін, Алпағаң үшеуміз қызыл ағаштан жасалған
табытты ұшаққа əрең дегенде салып... Алматыға беттедік.
Қуанып барып, қайғырып қайттық.
* * *
Тəж-Маһал ескерткішінің түбінде заулатып Құран
оқыған, Шах-Жаһан қамалған қамалда жанарына жас
үйірілген, Абайдың «Өлсем, орным қара жер сыз болмай
ма?-сын» оқып тебіренген, «Тəж-Маһал» қонақүйінің он
бірінші қабатында жатып, МƏҢГІЛІК ұйқыға кетер алдында
Орағаң – Оралхан аға Бөкей не ойлады екен?!.
Алматы – Ташкент – Дели – Алматы
МАЗМҰНЫ І бөлім. Тəуелсіздік тұғыры Асқақтай бер, Астана! ..............................................................4 Айтты. Айтты да орындады ....................................................5 Елбасының ең əдемі пікірі ......................................................8 Астананың архитекторы ........................................................10 Солақай атау сол күйі тұра бере ме? ...................................12 Бір минуттың қадірі ...............................................................14 Естимісіз?!. .............................................................................17 Қате қазақты қалай түзейміз? ...............................................18 Тіл үшін күресу – тəуелсіздік үшін тіресу ...........................24 Бауырлас елдердің ақпараттық бірлігі .................................26 Бір ұлттың тамыры қиылды .................................................32 Кіммен болса да қазақша сөйлессек қайтеді?!. ...................33 Қайтқан қазақтар ....................................................................34 Тілді түлетудің үш тетігі ........................................................36 Татулық пен тұрақтылық тіл тұтастығына айналсын! ........38 Электронды төлқұжат қай тілде толтырылады? .................39 Астананы да, баспананы да – тастама... ...............................40 Ақпанда атылған арыстар ......................................................43 Жамбыл жəкем сақалы... .......................................................44 Қай қалаға қойсақ та артық емес ..........................................46 Қазақ қызының кірпігіндегі Қазақстан ................................47 Мен Бораттың қарындасы емеспін! .....................................48 Қайда барасың, қазақ қызы? .................................................50 Жетімсіреп жер жатыр... ........................................................53 Əр ауылдың өз жылыжайы болса... ......................................54 Бұның бəрін əкім кеткен соң білдік... ...................................55 Ең бақытты ел .........................................................................58 Қазақтың байлығы – қалтада... .............................................59
Кеден одағы ма, кеңестер одағы ма?!. ..................................60 Жыл келгендегі жылы сөз .....................................................62 Келе жатқан құт-берекені қашыратынымыз қалай? ............64 Кеденнен өткізбеген жөн шығар ...........................................65 Ою да кетті оларға... ...............................................................66 Ақыл-ойдың саудасы .............................................................67 Құлдық санадан құтылмайтын шығармыз... ........................69 Məні кетіп барады, сəні кетіп... .............................................70 Орыстілді отаным менің!.. ....................................................71 Шоқындыдан шошын! ...........................................................72 Шолпың қайда, шырағым? ....................................................73 Қазақ қызын қалай ұзатады? .................................................74 Қай батыр мықты? ..................................................................75 Лениннің құрдасы қайтыс болды .........................................78 Гогольден ұят болды-ау!.. ......................................................79 Қазақтың алдындағы қарыз немесе қарыздар қазақтар .....80 Мемлекет аясында – мемлекетшіл, əлеумет аясында – əлеуметшіл ..............................................................................81 Той туралы ой .........................................................................85 Тоқал біткен туа бере ме? ......................................................89 Гүлдер неге жылайды? ..........................................................95 Өзін өзі өсірмейтін ел... .........................................................96 Пердеңді түр, Қазақстан! .....................................................101 Қаражат емес, қасиет құнсызданса қиын ...........................102 Пара – қорлық .......................................................................103 Қатардан қалып қойған жоқпыз ба? ...................................108 Қол. Қолтаңба... Анатомия сабағы .....................................109 Жаратушының жердегі үйін жекешелендіріп алғандары ма? ..........................................................................................110 Президент те бір, нотариус те бір .......................................114 Жақыныңды жаттай сыйла... ...............................................116 Кемел даму кепілі .................................................................118 Бір жол бар – біріктіретін... .................................................121 Таразы басы қалай теңелді? ................................................127 Халық қапы қалмасын .........................................................133 Ең бір ыстық уақыт ..............................................................138
ІІ бөлім. Сəті түскен сұхбат Иə, саралайтын кезең келді! ................................................144 Мемлекеттік тілді ең алдымен мемлекеттік қызметшілер білуі керек ......................................................153 Қазақстан жұмбақ болуы қажет ..........................................161 Негізгі жоспарлардың нəтижесі ..........................................175 Қорғанысымыз мықты, қолданысымыз нақты ма?!. .........190 ІІІ бөлім. Ғұмыр жəне ғибрат Ыбырай Жақаев пен Шараф Рашидов немесе Шиеліге барған «Чайка» .....................................................................203 Қыран қазақ .........................................................................206 Көнеден жеткен күмбір ........................................................220 Досхан сері, Досхан сал .......................................................226 Шархан ..................................................................................246 Шəмші ...................................................................................247 Бойы да, ойы да биік ............................................................257 ІV бөлім. Сыр – сұхбат Аяқ астына емес, алысқа қарау қажет ................................272 Жарып шығатын жерді іздеу керек .....................................277 Қазақ басылымдары қанатымен су сепкен қарлығаш сияқты... .................................................................................281 Мақтаныш сезімі жоқ адамдар мемлекет құра алмайды .284 Қай газетті шығарсам да кəсібилікке, мамандыққа адалдыққа баса мəн беремін ................................................293 V бөлім. Жол үстінде журналист Емгеніміз — бір бөрінің емшегі .........................................303 Келісті келісім .......................................................................314 Тутанхамонның асығы ........................................................319 Түркия: тартымдылықтың төрт тағаны .............................334 Елбасы отырғызған емен .....................................................350 «Асау жүрек аяғын шалыс басқан...» .................................355
“ҚАЗақпарат” баспасының директоры
Алмас АБУОВ
Редакторы Аян НЫСАНАЛИН
Корректоры Толғанай АУҒАЛИҚЫЗЫ
Көркемдеуші редактор Əсел БАТЫРБАЙ
Техникалық редакторы Нұркен СҮЙЕУБЕКҰЛЫ
Нұртөре ЖҮСІП
ЕГЕМЕНДІК ЛЕБІ
ЕЛ МЕН ЖЕР
ИБ №577 Теруге 15.03.2012 ж. берілді. Басуға 05.06.2012 ж. қол қойылды. Пішімі 84х108 1/32. Əріп түрі “Tіmes New Roman”. Офсеттік басылыс. Қағазы офсеттік. Көлемі 20 шартты баспа табақ. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №384. Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы Жангелдин–Мұхамеджанов көшесі, 30/26. “ҚАЗақпарат” баспа корпорациясы Тел.: (8-727) 397-41-63, 397-41-62 Эл. пошта: Kazakparat@іnbox.ru “ҚАЗақпарат” баспа корпорациясының баспаханасы
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру