Қуыршақ
Әлібек Байбол
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Қуыршақ» әңгімесі – бүгінгі қоғамдағы маңызды шындықты ашып көрсеткен бірден-бір шығарма. Автордың ықшам, білдірер ойы мен идеясын тұспалмен жеткізген, онысы діттеген межеден артық шыққан әңгімесі кез келген оқырманды бей-жай қалдырмасы анық.
Сол бір кез есімнен әлі кетер емес. Қандай керемет адам еді! Аузың ашса жүрегі көрінетін адал кісі болған. Қазір ол жоқ. Саясат деген көршім оны жұтып қойған. Ол қуыршақтар театрында басты рөл ойнаған. Бірақ, қуыршақ болғысы келмеген-ді. Сыртынан көріп сөйлесуге «ынтық» болып жүргенмін. Саясаттың асқазанына түскен соң, көре алмай қалдым. Сәкеңмен бір күні жолығып қалдым. Мен одан:
– Қалыңыз қалай аға? Оны босатпайсыз ба? Әбден қиналып кетті ғой, – дегенімде, ол маған:
– Маған қуыршақтар ғана керек. Жаңа режиссер жалдағалы жатырмын. Асау екен! – дегені.
Үйге бара жатып жол бойы ұзақ ойландым. Ары таза режиссер бар еді, оны неге місе тұтпады екен? Әлде оның жаныдағылардың бәрі айтқанын істеп, айдағанына көнуі керек пе?! Схема ғой.
Көшемен келе жатсам бір бейтаныс:
– Балам тоқташы. Оны көрген жоқсың ба?
– Аға оны Саясат жұтып қойды ғой. Содан бері жұрт оны көрген! – дедім қабағымды қарс түйіп.
Оппозицияның Сол қолы жетіп келді:
– Оны көрмейсіңдер. Енді ол келмейді.
Бейтаныс:
– Адам сиқыларың жоқ. Ал, не болды? Не өнді?
– Оны менен емес Қуыршақ театрының директорынан сұраңыз.
*** Бір ай өткен соң Қуыршақ театрының директорына бардым. Барсам. Артистер ойнап жатыр екен. Екі қолынан, екі аяғынан, басынан жіп өткізіп алып, бір әлеуетті бір Қол арлы-берлі қозғалтып, ойнатып жатыр.
– Аға мені жұмысқа аласыз ба?
– Сен билей аласың ба?
– Түсінбедім.
– Мен тұр дегенде тұрып, мен жат дегенде жатасың ба? Мен айтқанда билейсің.
– Ондай өнерім жоқ.
– Онда жұмыс жоқ.
– Ол жұмыс емес қой.
– Ой, балам әлі жассың ғой. Көп нәрсені білмейсің. Түсінбейсің!..
– Сау болыңыз.
Шыны керек қуыршақтарға жаным ашып кетті. Байқұстар үйретілген иттерден айнымайды. Сондай кезде сол ағамызды сағынамын. Мықты режиссер еді. Мүмкін бір қойылымы ұнамаған шығар. Қазір бастықтарға ұнаудың өзі қиын ғой. Бір нәрсесі кем немесе артық болса... Болды. Жұмыстан мәңгілікке кетесің. Біраз адамдар кетті ғой. Қазір елестері театрды кезіп жүр. Қалай кезбесін! Аяқталмаған шаруалары бар емес пе?! Және шаруа өте көп. Жұмысын істей алмай шетел асып кеткендер де баршылық. Сол кісіні Саясат жұтты дегенде қатты өкіндім. Өкінуіме себеп, халқымыз жақсы перзентін қызметінен қуды. Ұзынқұлақтан естігенім: «Сол кісі қазір оппозицияның Сол қолымен бірге жұмыс істеп жүр екен. Және жақын аралықта оны ешкім көрмейтін сияқты...».
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру