Қалқаман-Мамыр
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Қазақтың қатаң рулық салты мен ғашықтар еркіндігінің қақтығысын шынайы баяндайтын классикалық дастан.
Өткен іс — ойға күңгірт, көзге танық,
Көрмесе де білгенге бәрі қанық.
Қазақтың Сыр бойында жүргені анық.
Әрі би, әрі молла, ғұламасы.
Сол кезде тоқсан беске келген жасы.
Мәмбетей ол Кішіктің бір ағасы.
Қатаған Тұрсын ханның ханышасы.
Бабаңның бір туысқан інісі екен.
Тоқалынан Байбөрі Қалқаманмен.
Бұл сөзім ертек емес, сөздің шыны.
Соның жайын айтайын тыңда, міне:
Мәмбетей өсіп, өнді бара-бара,
Сол таптан бір бай шықты жеке-дара.
Әрі сұлу, әрі есті, еркекшора .
Оны қыз деп еш адам айту қайда.
Байдың көңілі жабырқап қала ма деп,
Жұрт жүрді құда болам дей алмай да.
Мамырды жас күнінен біледі екен.
«Құрбымыз»деп құр ойнап-күледі екен.
Тымақ киіп, қолына құрық алып.
Біраз сөз сөйлесіпті, кез боп қалып.
Асық болса оны да күйдірмекке —
Жұмбақ-мысал сықылды бір сөз айтты,
Көңіліндегі мақсұтын түйдірмекке:
— Әй, Мамыр, адамды алла жаратыпты, Хауа-Ананы Адамға қаратыпты.
Екеуінен көп жанды таратыпты.
Балаларын өзінен өстіріп-ақ.
Сол арасын білуге ақылым шақ.
— Әй, Қалқаман, теңі жоқ, құдай жалғыз, Мұқтаж емес жолдасқа тіпті армансыз.
Өмір қызық дегенді естен қалғыз.
Ойлашы, керегі не дүниенің.
Бұл туралы білгенім осы менің.
— Тауып айттың, Мамыржан, ұқтым жайын, Сүйтсе-дағы тағы бір сөзім дайын.
Өлейін бе, қайтейін, кімге айтайын?
Қалқаманның мақсұтын Мамыр білді,
Аз ойланып үндемей сабыр қылды.
Тыншымады, тулады, жүз құбылды.
Бетке шықпай тұра ма жүрек ізі?
Іші ыстық, сыртқы дене суық тартып,
Салқын термен мөлдіреп нұрлы жүзі.
Байқадым сөз аяғы бізге таман.
Сүйтсе де үміт үзіп өлмек жаман...
Күн сайын Қалқаманнан сабыр кетті.
Қалқаманға бір күні хабар жетті.
Мен үшін қыз киімін киді ме деп.
Менен басқа біреуді сүйді ме деп?
Ол күнде жерге талас қазақ, қалмақ,
Атысып, ауыл шауып, жылқыны алмақ.
Тобықтының бәрі де тойға бармақ.
Жиылды той болған соң бірталай жан.
Жас жігіт, қыз-келіншек үйде қалған.
Мал сойып, жастар ойнап, бір жиылар.
— Азар болса бір тоқты шығын шығар».
Ойнады қыз-бозбала етінен жеп. 1 Бастан — әке-шешесі үйде жоқта қыз-бозбала мал сойып, құрбыларын жиып ойнайды (автор).
Ымдады «бір жауабың болмай ма?» деп.
Есітпеген кісі боп қалды кетіп.
Еш адамға елеусіз өлеңдетті:
«Ауылымның күнбатысы қалың қамыс,
Бүрсігүннен арғы күн болады алыс.
Болып кетіп жүрмесін жатпен таныс».
Бұл сөзі байқалмады басқа жанға.
Мен саған жоқ деді ғой байқағанға.
Таптым деп шешуінің анық өзін.
Келіп кірді сол ғой деп айтқан кезің.
Қалқаман айтты соңда көз танысқа:
Бүгін кешке осынан жолықпасаң,
Кетемін деп неге айттың тіпті алысқа?
— Әй, Қалқаман, аңғалсың аңқылдаған, Біржолата келген жоқ Мамыр саған.
Ертең құда түседі біреу маған.
Құдалықтың дап-дайын тұрғандығын.
Сол еді сөз ишарат қылғандығым.
Қайтейін сенде-ақ еді махаббатым?
Еркекше киімімнен ұялам деп,
Уақыт өтті, сол болды қатты оғатым.
Көзге тірі болсам да өліп тұрмын. '
Қалқаман, осы саған қоштасқаным,
Денемді емес, жанымды беріп тұрмын.
— Әй, Мамыр, бұл іс оңай, алдамасаң, Зорлық жоқ өзің сүйіп таңдамасаң.
— Молдалардан есіттім әлдеқашан.
Құдайға хақ, сөзім жөн шариғатқа.
Бәріне анық оқыған жамағатқа.
— Қалқаман, рас болса айтқан сөзің, Сен үшін келіп тұрмын, көрді көзің.
Не қылсаң да біле бер, мейлің өзің.
— Олай болса кетейін қазір алып, Тұрсақ жазым болармыз қапы қалып.
Тобықтыны жиярмын бара салып.
— Қыз алған жоқ жақыннан Тобықты әзір, Өлтірем деп жүрмесін бізді қазір.
Сен cay болсаң болар ем мен-ақ нәзір.
— Мамыр-ау, айтып тұрсың әлденені, Шариғат қосады екен немерені.
Алаңсыз сүйген болсаң анық мені.
- Мамыр айтты: — Мен сенсіз тірі тұрман, Үш қайырдым сөзіңді мен антұрған.
Жолында өлсем разымын, жаным құрбан.
Тәуекел деп аллаға тез, жылдам жүр.
Боз жорға атым белдеуде ерттеулі тұр.
Ауылға бір сағатта жетіп барды.
Бара сала Олжайға кісі салды.
Қысылшаңдық бар еді жүрісіңде.
«Неге келдің, асыққан жұмысың не? »
— Қалқаман қашып келді Мамырды алып, Қапы болдық өзгеміз білмей қалып.
Ақыл сұрай келіп ем сізге салып.
— Бір жаман түс көріп ем бүгін, — деді.
— Бітімсіз іс кез болып қалар ма екен, Көкенайдың мінезі қатаң еді.
Өзі батыр, мінезі қатты кісі.
Бабаңнан соң бұл елдің көп Жұмысы.
Тобықтыға хабар қыл бара сала.
Өзі оңдасын ақырын хақ тағала.
Атығай, Қарауыл мен бәрі жиын.
Сүйтсе де сөз аяғы болды киын.
«Қалың мал ал, біт» деген сөзге келмей.
Кетеміз деп Бабаңды тіпті көрмей.
Таспен атып өлтірмек - бұл іс емес..
Қанына ортақ болу дұрыс емес.
Бітім болмай, неше күн жұрт сандалды.
Мақал болып бұл елге сонан қалды.
Белгісіз кімнің соры, кімнің бағы.
Мамыр келді, тағдыр ғой ол баяғы.
Сол күні келген екен аңнан қайтып.
«Ол — Мамыр» деп бір қойшы қойған айтып.
«Мамырдан аулақ жүр» деп айғай салды.
Аямай дәл жүректен атып салды.
Қолтығын қолыменен тұрды басып.
Өзін атқан кісімен арыздасып:
— Көкенай, қарғамаймын, сөзіме бақ, Ісім жөн, бір құдайға көңілім хақ.
Болма енді Қалқаманның қанына ортақ.
Сүйсінбе бұл рақымсыз мінезіңе.
Деп тұрсың алғыс айтар кім өзіңе?
Тілегім келді орнына, арманым жоқ,
Артыңда Қалқаманның қалғаным жоқ.
Сүйткенмен жас жанымды алғаның жоқ.
— «Алла...» — деп алақанмен бетін басты.
Опасыз бұл жалғанға амандасты.
«Өлтірдім тентегімді өзім» дейді.
«Ол неге Қалқаманды өлтірмейді?!
Жақыным қызымды алды, ұнамаймын,
Қорлыққа тартып алған шыдамаймын.
Ел болып Кішікпен бас құрамаймын.
Менен басқа туысқан алсын тауып».
Сөзінен елдің бәрі қылды қауіп.
Жүрелік шариғаттың жолыменен.
Мәмбетей разы болсын соныменен».
«Ауамыз біз болсақ, — деп, — қор қылмағы,
— Әнет бабаң әділет қылмаған соң, Көз көрмеске жат болып кеттік-тағы».
Ем болмады жалынып айтқан жалы.
Болысты Мәмбетейге Қанжығалы.
— Әй, Баба, тәңіріге аян адал ісің, Сүйтсе де ел бүлінер бір бала үшін.
Бұл елдің обалына қалмаймысың?
Болсын да Мәмбетейдің бір айтқаны,
«Еркек тоқты құрбандық» деген қані.
Кетпей ме шаһит болып оның жаны?
Сол сөзге аударылды жұрттың бәрі,
Не қылсын көп наданға жалғыз кәрі.
Бабаңның шын кейіген шықты зары.
Қалыпты қайран Бабаң қиын іске.
Байлапты өлтірмекке ертең түсте.
Жазасыз жасқа ешкімнің қаны қызбай.
Қойдыңдар Абайға да не қылғызбай?
Аллаға Бабаң сонда сыйыныпты,
Аққан тер нұр жүзіне құйылыпты.
Көкенай сонда атсын», — деп бұйырыпты.
Аман кетсе, түк те жоқ, бітімі сол!
Мәмбетей шуылдады разымыз деп,
Осыған тамам Арғын басыпты қол.
Мәмбетей шығып тұрды бір биікке.
Дейтұғын «Арда күрең» бір жүйрікке.
Шолағын қарай гөр деп бұ жалғанның.
Қоштасқан сөзі мынау Қалқаманның.
Орнына бауыздадың айтқан малдың.
Қалдыңдар обалына мына шалдың.
Деймісің қалмақ сені тентіретпес.
Ісім ақ, қосылармын, еш нәрсе етпес.
Тұз-дәмін Орта жүздің жеп жүрмесім.
Рахымсыз, бауырсыз ел деп жүрмесін.
«А, құдай, сақтай көр...» деп бата берді.
Ажалға көпе-көрнеу байлап белді.
Қақ жарды ердің қасын оғы жетіп.
Оң жақта қара саннан өтіп кетіп.
Басына бір төбенің барып жетті.
Аузына жарасының тану етті.
Ажалдан қақты ғой деп хақ тағала.
Жабылды үйге жүр деп бара сала.
Жоққа есеп осы күнде менің барым.
Кетер ме өлгенімше ойдан зарым.
Ешкіммен ойнап-күліп жүре алмаймын.
Сендерге енді мойын бұра алмаймын».
Қуса да жеткізбеді жамағатқа.
Жөнелді соған қарай - Бұхар жаққа"
Қалқаман сол кеткеннен кетіп қалды,
— Халқына Әнет-Бабаң хабар салды.
Тобықты ат жаратып дайындалды.
Қазақ, қалмақ атысқан, мұны да біл.
Өзі батыр, соғысқа тым айлашыл.
Қорқаққа оңай емес шепке бармақ.
Бұл соғыста қазаққа түсті салмақ.
Үш есенің екеуін қырып салды.
Арқаға қазақ ауып кетіп қалды.
«Ақтабан шұбырынды» дегені сол.
Қорлық көріп қазақтың шұбырғаны ол.
Іздемейін деген жоқ, шама келмей.
Тірідей дөң басында қалған өлмей.
Шын болса, Ұлы жүздің жүр ішінде.
Білмейді кейінгісі бізді мүлде.
Оқығын осы өлеңді талапты ері.
Семейпалат облысы тұрған жері.
Егерде іздесеңдер, сонан ізде.
Басты кісі — біледі Орта жүзде.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру