Үркертолғақ
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Серікбай Әбілмәжін
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН ҮРКЕРТОЛҒАҚ Өлеңдер Алматы
УДК 821. 512. 122 ББК 84 (5 Қаз) - 44 Ә-20 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді ӘБІЛМӘЖІН С. ҮРКЕРТОЛҒАҚ. Өлеңдер/С.Әбілмәжін – Алматы, «Хантәңірі», 2014. – 108 бет. ISBN 978-601-03-0288-4 Жас ақын Серікбай Әбілмәжіннің бұл алғашқы жыр жинағы ақынның нүкте мен шексіздікке, өткен шақ пен бүгіннің жұмбақ елесіне деген аңсары һәм сағынышы шерлі жүрек шертпесіндей сыр аңғартады. Тауда туып, орман жырына сусындаған, көкжал мінезді, қаршыға серпінді жас шайырдың биіктікке ұмтылып, тұңғиыққа батқан, сағыныш пен махаббатқа тұнған сері жырлары жүректерге жол табары шүбасыз. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
УДК 821. 512. 122 ББК 84(5 Қаз) - 44 ISBN 978-601-03-0288-4 © «Хантәңірі», 2014 Ә-20 дат
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН КҮНӘ Туған жер-ай, кіндік үзбес киелім, құмықтырып шықпай жүрген күй едің. Қыңыр көшіп, қиыр қонған, сенделген, қисынсыздау тағдырыма күйемін. Маңдайыңда қырық әжім қорым бар, Маңдайымда қырық өрім сорым бар. Әжіміңде әруақтар қабірі, ал сорыма сатқындыққа орын бар. Алғы күнге алаңсыздық орнаған, сорым осы сағына алмай қор болам. Айырбастап жіберіппін қалаға, о, не қылған сатқын едім сорлаған. Қолым жайып жын-шайтанның жолына, қарғыс айттым ізгіліктің сорына. Менен асқан болмағасын ақымақ, менен аттам қалмай қойдың, о, күнә!! Сағынбаған сағынышым көп күнгі, ұятым боп жанарыма кеп тұнды. Алақанын айға жайған бір сәби мендей мәңгі бола алмайсың деп күлді.
ҮРКЕРТОЛҒАҚ ДАТ Дат, Тақсыр! Кесер болсаң міне бас, міне мойын. Тілді кесу сіз үшін ештеңе емес, Тісім қағып алсаң да үндемейін. Дат, Тақсыр! Қажығұмар тіліндей сала құлаш, жазығы бар тілдердің обалы жоқ. Қанын судай шашсаң да бүлік етпейтін, біздің халық тасбауыр, оба жүрек. Ең бастысы аяғы... сосын көзі... а, айтпақшы құлағы... Құрту керек! Аштық деген ашудың қайнар жері, кеңірдегіне аздаған күтім керек. Енді қайта тізгінге жармаспайтын, кесу керек қолын да қылыш құмар. Тілін кессең қайтадан бүр жарады, Сталинше у берген дұрыс шығар?! Енді болды. Бұл халық үндемейді, Сіз құдайсыз, ісі жоқ өзгесімен.
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН Жер бетін жеп, жер астын ішу керек, еш тартынба, барлығы өз несібең. Жұмыс емес, сөзге көп сүйеніңіз. Қылыш емес, көзге көп сүйеніңіз. Алтынсыз жер баспасын аяғыңыз, ен байлықтан кетпесін иегіңіз. Сары алтыннан болсын тек саптыаяғың, қара алтыннан болсын тек таңғы асыңыз. Түскі асыңа уранның қаймағын жеп, кешкі астан соң батыстық ән қосыңыз. Алғаныңнан аз болсын бергеніңіз, қор қызының тұрағы серуеніңіз. Ақын деген киелі құс – нысана, халық дейтін қоңыр аң – ермегіңіз. Ажалға да бір айла істеу керек, Әзрейілдің ниетін бүлдіріңіз. Біздің халық өлмейді, қалғиды аздап, оянғанша бәрін жеп үлгіріңіз.
ҮРКЕРТОЛҒАҚ БАЙҒҰС ҮНІ Алтайдың түнін әлдилер мұңмен, сұңқылдақ бір құс бар еді. Көресіні ол құс көрді екен кімнен, байғұстың жұмбақ әлемі. Мұң зарын анам түсінер еді, құлақ сап ұзақ тыңдайтын. Бүгінде сол үн түсіме енеді, белгісіз маған мұңды айтып. Зарыққан елдің зары бар шығар, бөлініп қалып арқадан. Сағынышыма жорыған шығар, жолымды тосқан қарт анам. Алтайда тіптен көбейді дейді, сұңқылдақ сол үн бүгінде. Сыңсыған орман үнін қосады, сөйлеген шүршіт тілінде. Әуені ме екен бақыты көшпелі, әлди де, әлди арманның? Қайырмасы ма қаралы көштегі, Елім-айлаған зарлы әннің?
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН Әйтеуір, сол үн көбейді дейді, сол байғұс нені бүлдірсін. Анам айтқандай жақсылық болар, Жақсылық шығар кім білсін. ҮРКЕРТОЛҒАҚ ҚАНАТ – Әке, маған қанат алып берші. (Төрт жасар Ұлпанның тілегі) Қанаты бар еркіндікті көктегі, қолмен қалай ұстармын. «Бодан халық өлеңі»
Тұран төсін дүбірімен тербеген, елі үшін ерегеспен ерлеген, ешкімге де басын иіп көрмеген, досым десе асын аяп қалмаған, қасым десе алдаспанын сермеген, тұранда ер көп түсірмеген еңсесін, сол ерлердің рухы менмін өлмеген, Арын, туын аждаһаға бермеген, Сарыарқаның самалына шөлдеген, Ата жұртқа қанат байлап келген ем. Көк байрағын көк аспанға көтеріп, көк шалғынға орда тіккен, сетерім! Шекесіне шер құйылған, күн өткен, жетесіне жез құйылған, жетелім. Алатауға арқа берген, Ардағым, Көкшетауға көсілдірген көлемін, ата жауын аттатпаған қарға адым,
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН қас жауына қас қақпаған, Беренім!! Алтай жақтан күн шығарған, Айбарым, Атырауда күн батырған, Дегдарым!! Жеті құлаш найзасымен көк тіреп, алты құлаш азу тісі от күреп, дүр сілкінген ерлердің, қаныменен қорғап қалған жерлер бұл! Сол ерлердің рухы менмін өлмеген, Қарт Алтай мен Тарбағатай, Ілені, қанша ғасыр күзеттім. Ау, менің де маңдайымнан күн өтіп, табанымнан сыз өтті. Әз басымды дулығаға толтырып, арсыз жауды аңдыдым. Шіріп кетті тебінгім, шөгіп қалды шекпеніме нар мұңым. Алғы күні Қас Сақтың ер ұрпағы, сауыт қылып кебенегін кидіріп, жауға салдым Зуханы. Аспанына «Шығыс Түркістан» деп жазып, ақ кизге көтеріп, хан сайладым Оспанды. Дүрлеріме ұран болды бостандық. Жер бетінің жауыздары жиылып, босағасын бүлдіріп, шаңырағын сындырды, ақыры Оспан қапыда жер жастанды. Қара санынан қадақ етін жұлдырып, Жауға аттанды жырын айтып Сұлубай.
ҮРКЕРТОЛҒАҚ Ел шұбырды қанды жасын сығымдай... Қайсыбірін айтайын, сол ерлердің кебенегін оқ тесіп, кебінделмей қан майданға көмілді. Қылыш кесті иілмеген басымды. Еңіреген ерлерімнің ұрпағы, Азияны көктей өтіп, Еуропаға шашылды. Елу жылда ел жаңа, Қазаным да жаңаруға шақ қалды. Қанатымды қомданып, жетілдіріп топшымды, Ата жұртқа аттандым. Емірене қолым қойып кеудеме, көк байраққа сүйініп, Ән ұранға ұйыдым. Тілімізді тірілтіп, Дінімізді төбемізге көтердік. қанатым бар тәуелсіз, кеңістігім жетерлік. Кеңістігім жетерлік, тау көшірер екпінім. Алты алаштың баласы, армандаған жетті күн. «Өзенге бие байлатып, төскейге орда орнатып, төрткілдеп ошақ қаздырып, төбел бие сойдырып,
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН төменде бидің кеңесін», біз де бір құрар жетті күн. Кең байтақ жатқан даламда, көсіле шабар жетті күн. Алаштың әрбір ұлына, бәсіре байлар жетті күн. Алаштың әрбір ұлдары көк байрағын көтеріп, тәуелсіздігін қанат қып, аспандап ұшар жетті күн!! Қызым, саған Тәңірі өзі сыйлаған, қанатың бар тым ұлы, ұшқаныңнан естілетін гүл үні. бабалардың аңсап өткен ғұмыры – бостандық деп аталатын бұл қанат, сен өмірге келгеніңде іңгәләп, азат болып туылғансың гүл – қанат. Бостандығың – қанатың, самға, Күнім, самғап бақ! Тамылжыған әніңді қос таңға әппақ. Жырла мына қанатыңды ардақтап, самға мынау сенің бұлтсыз аспаның, кеңістігің, кереметің, асқағың!! самға, мынау сенің еркін ғұмырың, Еркіндігің – айдын-шалқар тұнығың. Қанатыңнан айналайын, Құлыным!! Арманыңнан айналайын, Құлыным!!
ҮРКЕРТОЛҒАҚ ДАЛА Білмейтін уақыт өлшемін, соныңа қызығам мен сенің. Сағынтар әрбір тал бөлшегің, жанымды көмсе мұң. Сенде мен аңсайтын мың ән бар, әр мұңым ән болып жылаңдар. Шашымның ағартар әр талын, қаланы қартайтар ұрандар. Е, Дала, даланың інірі, ертеңін күтетін егілмей. Еңселі қасиет тым ұлы!! Арғымақ көретін түсінде, батырдың үзілер деміндей, даланың күбірі. Күзеткен шәйірдің мазарын, тіріде жылатқан ғазалы. Сені де әлдилеп тұрады, естіші мынаны!! О, қандай ғажап үн!! Өлген соң мұңымды күзетер, мен қашан сондай жыр жазамын.
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН Күлкісі тым қатты қаланың, секілді шайтанмен үйленген, мұңы да бөлекше күйге енген. Шаршаймын. Шәйірдің әдеті, шаршаса мәйхана паналау, Мен де оны үйренгем. Мұңлы айдың кірлеген ажары, Астында ақынның мазары. Тағы да құлазу, күрсіну, үздіккен арманның ажалы. Сағыну, қайғыру, жылауды, о, дала, сен ғана көтерер, еңселі һәм мұңлы, ғажабым!!
ҮРКЕРТОЛҒАҚ СОҢҒЫ ШАЛ. ЕРТЕК (Баллада) Алтайда, анау жон тауда, жалғыздан жортар қасқыры. Арғымақ кетпей арқаннан, жорықпен өткен жас күні. Оғылан туған Оспанның сенімді сарбаз жігіті. Оқ түйреп оң жақ тобығын, жүрекке шапқан уыты. Тапалдау бойы демесең, екі иық есікке ендемес, Қартайған нағыз ерлерше, жорғалап өткен пенде емес. Тереңге тартып жанары, әжімі сөйлеп тұратын, бар еді бір шал ауылда, белдеуден кетпес құр аты. Соғымның басы тартылған, қонақасыда кешкілік, «Мешіннің қысы еді»,- деп, әңгіме қозғар ескілік. «Мешіннің қысы еді...» деп, созатын сөздің бұйдасын.
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН Содан соң ауыр күрсінер, еске алған жандай қыймасын. «Сол жылы қатты жұт болды, қалғанды ел-жұрт тұралап. Жағаға жауы жармасып, қораға бөрі сығалап. Үдіре, үрке көшті ауыл, алды артын бірдей тұман ап. Отыздай жігіт сайландық, мылтығы осал, ат мықты. Білек пен жүрек сенімді ада етіп аман ап шықты. Бекініп тас пен төбеге, тұрғыда тұрған шақ еді. Жар астынан жау шығып, бір шымшып өтті зәрені. Дауылпаз ұлдың екпіні еңсені бірден көтерді. Жауына ажал түкіріп, шиті мылтықтар жөтелді. «Жәнібек!»... ұран әл беріп, қанды кектен қан кеуіп, қара қытайды қырдық-ай, жан алысып, жан беріп. Зымырап ұшқан қорғасын, екпеттеп жатқан жігіттің қасқа тісін қағып ап, қолтықтан шықты қан болып.
ҮРКЕРТОЛҒАҚ Он сегіздегі жігіттің, сіріленіп жаны үлгірді. Күйдірген құрым киізбен, он шақты күн мен түн жүрді. Ажалдан аман қалды ерім, қорғасын оқтан өлмеді. Кеудесін буып қанды кек, жарасын жалап емдеді... Қайран да, қайран ерлер-ай, шабынып өткен арыстан. Бір өлім ғана бұйырған, өлсе өлген жалғыз намыстан. Қа-и-и-ран...». Ертек деп ұқты былайғы ел, есіней сүртіп терлерін. Сипалап қойып сыздаған, тікенек кірген жерлерін. Сендіре алмай шал кетті, бүгінгі күннің ерлерін. Сол шал да кетті өмірден, күп-күрең ғұмыр өткеріп. «Мешіннің қысы еді»,- деп басталар ертек кетті еріп.
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН КҮЗ ӘНІ Көңілімнің іргесінен қыркүйектің бұлты аунап, мұңдастығын сылтау етіп сезімімді жылытар бақ. Жапырақсыз бәйтеректер, тыр жалаңаш емендер, жайрап жатқан жапырақар, жапырақтар – өлеңдер. Жастық тойы тоқыраған гүлдің еріні кезерген, Бұлбұлдардың бұла әнінен бір салқындық сезем мен. Бар тіршілік қақ бөлінген, екі үйекке жіктелген, Бірі мұңлы һәм самарқау, мезі болған күткеннен. Бірі асығыс, әр қадамы, әр тынысы есепте, Бақыты оның – байлығы мен бақастығы кесектеу. Бір бойжеткен көз бұлады армандасын жоғалтып, Бір бозбола кердең басты арманына қол артып. Бір жеткіншек мектебіне, ертеңіне асықты, Бір қария сөзін бұлдап ел төріне асықты. Бір келіншек жар төсегінде өртенуге асықты, Бір жұмысшы тұрмыс үшін тер төгуге асықты. Бір бұрышта иесіз ит налу да жоқ, қайғы жоқ, Бір бұрышта қаңғыбастар, асқақтық пен айбын жоқ. Құмығыңқы күздің даусы... Қала у-шу, даңғаза, Бұнда оқылған өлең жетім, бұнда салған ән қаза. Көгіс тартқан бетон сынды күл беттенген өтірік, Дәйегі жоқ сөз боратқан көрік сынды көкірек.
ҮРКЕРТОЛҒАҚ Тәубесімен өксік басып, өзін-өзі жұрт алдап, Көгіс тартқан көңілдерін сәл-сәл ғана жылытар бақ. Қайда барсаң дірдек көңіл, қайда барсаң құлазу, Тыңдап тұрар бір құдырет бар да шығар күз әнін. Күз реңді сары қызға ғашықтықтан шығар бұл, өзім осы көңілсіздеу күз әніне құмармын.
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН ТІЛ Телегейдей теңізім, Текті ауыздан лебізім. Таңдайымда бүрлеген, Тағдырлас егізім. Желтоқсандағы ерлігім, Өз жеріндегі мұңлығым. Шимай-шимай тағдырыңдай, Шұбарланбашы құлдығым. Еркіндігімнің тұғыры, Рухым сенде марқайған. Өшпесін сенің үнің деп, Келгенмін сонау Алтайдан. Тек-тең алтын көтеріп, Тезегіне сүрінген. Пенделерден нем артық? Тілім артық, пұлым кем. Өбектеп келген сан ғасыр, Даламның тілі, бабамның, Анамның тілі, арымның, Бауырдың тілі, қаламның. Болса екен тілі баламның, Болса екен тілі ғаламның.
ҮРКЕРТОЛҒАҚ АҢСАУ Туған жердің таңы әдемі, әні ыстық. Мына біздер сағынышқа қоса ішіп, төзімдерді тауыстық. Құба белі құшақ-құшақ гүл ала, Көктоғайға көктем келген шығар ә, көп тоғайға жаңалық кеп күн ара! Шимай-шимай шыңдарына Алтайдың, шығып алып лаула көктем, марқай күн. Таңдайында жұмыртқалап құстардың, әнге айналып кеткен шығар әр қайғың. Алтай асқан сонау бабаларымдай құсқа ілесіп мен де неге кетпедім! Бота көңіл менің махаббатымдай елжіреуік көктемім! Күз өртеген менің мұңлы жұртыма, сағыныш боп көктедің. Туған жердің таңы әдемі, әні ыстық, тұманы да өзгеше. Байлығыңды шүршіт алды демесем, шүлен киең сол баяғы, өзгеше. Жыл құсындай жыраққа ұшып кетпесем, қасиетіңді мұнша терең сезбес ем.
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН Тамыр тартқан топырағым тартып бір, сарыала қаз сағынышым талпынтып, қанат қақтым мен неше. Махаббат пен сағыныштың самалын, көктем үшін күнде іштім. Ата жұрттың ақ самалын өпсем де, бұл не деген бітпейтұғын үрдіс мұң. Көлден көріп туған жердің сағымын, Сарыарқаны мекен еткен бір құспын.
ҮРКЕРТОЛҒАҚ КЕЙІС Сол үміттің саусағынан ем іздеп, мен шаршағам сағынышым теңіз боп. Жол да әбден шаршап қалған күтуден, уақыт желі жүйкесін жеп бітірген. Қала мынау тым момақан күйге енген, сайқалдықты сайтандардан үйренген. Сан жүректің үміттері үгіліп, еншісінде – сезімсіздеу тірілік. Есінейміз біз тәуелсіз елміз деп, салт-дәстүр тек мұражайда көргізбе. Тексіз ұлы пұл қылып мәз иманын, ессіз қызы етегінен теңге іздеп. Далам анау баса алмаған өксігін, өз тілінде айта алмайды көп сырын. Имансыздың ішірткісі ішкені, үлкені мәз бір күн тоқтық – құс көңіл. Мағжан сенген жастарының екпіні өшіп қалған тігілген соң көк туы. Билік анау көп айқайдан еті өлген, халық мынау күлше – үмітін көтерген. Тыныш ұйқы аналардың арманы, «күміс күлкі» әкелердің арманы. Бүгінгісі бар байлығын тауса ішу, бос ыдыстар ертеңіне қалғаны. Өз алдына орда тіккенде өр елім!
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН Ертеңіме тым сенімді бек едім. Қазақпын деп қасқаямын деп едім. Мына сәби ертеңіміз көк өрім өз тілінде көгереді деп едім. Сол үміттің саусағынан ем іздеп, шалқығамын қуанышым теңіз боп. Жол да шалқып қолын бұлғап жататын, таң арайлап ән ұранмен ататын. Сол үміттер ұсқынсыз боп жетіліп, күліп жүрміз көңіл үшін өтірік. Сенер жасың тоқтығы үшін бір күнгі, Сенер ерің атақ үшін қылғынды. Есіл елім, кімге сенер екенсің!! Есіл ерім, кімге сенер екенсің!!
ҮРКЕРТОЛҒАҚ ЖОҚТАУ Айдаһар аузында Оспанның арманы жұтылып кеткенде, Алтайда ұйыған құт іріп кеткенде, коммунист көлгірлер жұтынып жеткенде; Санамыз сатылып, түкіріп өткенге, иманың иленіп, күпірлік көктерде, иманын айтуға үлгірмей Арыстар, Арманда атылып кеткенде; Өр басы қырқылып қабылан батырдың, от тілі кесіліп бағылан ақынның, кісәпір қолымен сатылып кеткенде, Ерлігі өлеңдей, өлеңі от сынды Махамбет тұранның төсінде аһ ұрып өткенде; Кененің әз басын олжа ғып құзғындар, қызыл қан төккенде, Бірлігің көкпар боп бұзылған бектерге. Қайырар қайраның азайып, түбіңе қасірет жеткенде, жауыңның алдында жыламай, қасқайып тұрып ең, құламай, Рухың қайда сол, қазағым!!
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН ӘУЕН Жылап қалған ойымды, жұбатады бұл ырғақ. Бұл ырғақты тақтым мен бой тұмар қып ырымдап. Балалығым өткелі мұңым жиы құлындап. Бұлтпен бірге жүрегім жасын жиі сығымдап. Ей, армандар, боз айғыр, боз үміттер үкілі. Көктен қолын бұлғаған, көк жасынның тұқымы. Ей, армандар, кіл жүйрік, кілең нұрға малынған. Сол әуенге еліткем, ұстап сенің жалыңнан. Ей, армандар, сағымдар, дала кезген мәңгілік. Менде барды алыңдар, сағынышымды қалдырып. ҮРКЕРТОЛҒАҚ Менде барды алыңдар, керек етсең, ей, құсым. Байлықсыз ер қуарып, құлап қалар деймісің. Жел сыздатып саз төккен, сыбызғыға құмар ем. Бойтұмарым болсын тек, баба сазы – бұл әуен.
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН ҚАҢҒЫРУ Ол өмірде жоқ болатын, оралды, Ол өмірде бар болатын жоғалды. Келгені мен кеткенінің арасын бір қою мұң орады. Содан бері санам бір сәт тыншымай, жынды бақсы жыны қонған жыршыдай. Ғарыш жаққа ұшып кеткен жалғыздық қайта оралды, қырсық-ай!! Тәңіріден тартыншақтап, тынысым үзілердей тілім істі, құрысын!! Суырға ін қазысқандай сүлкиіп, мынау болды тұрысым. Ессіздіктен ел бұзылып, ер өліп, естір құлақ қалмағанда, не делік? Адуакат етіп жалдап шәйтәнді, әзәзілге айтқызғамын төрелік. Оны қойшы, жоғалғаны орынды, ымырт шақта мысық кесті жолымды. Есігімді құлыптаусыз қалдырып, бағыттарға сілтей салған қолымды... жүр, кетейік!!
ҮРКЕРТОЛҒАҚ АЗАТТЫҚ Мен нені күтемін жұлдыздар ішінен, арманым кісінеп? Кеудемде тулаған қазақы жүрегім тілдесші ақиқат құсымен. Армансыз жырлаймын, армансыз күлермін, көк Туға сүйеніп. Бағзыдағы көк бөрілердің, кешегі көп серілердің, рухын оятып жіберсін күлкім. Кешегі кеудесімен көк тіреген көп шенділердің қолында қыңсылаған көк серектің Рухын ұшықтап бүгінгі даланың демімен, есіне түсірсін тілі мен ділін, есіне түсірсін ұлтын. Кеше біз кім едік? Біз кеше.... Айтуға тым ауыр. Кешегі күніміз тым мұңлы жыр дастан, бүгінгі күнімнің күмбірі бір басқа. Киелі қазақтың кең пейіл ұғымы, ғарышта оянған, ғарышқа үн қосқан. Кешегі қамкөңіл қазақтың желтоқсан қарыған ып-ыстық жүрегін, бүгінгі ұрпақтың үр жаңа тілегін,
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН Тәуелсіз әніммен әлдилеп, Тәуелсіз аспанға жазамын! Бүгінгі жап-жарық жұлдыздар ішінен, Кешегі ерлердің арманы кісінеп, Тілегі көк Ту боп желбіреп, Жүрегі күн болып елжіреп, шаттанған мен – Қазақпын! Беу, шіркін, Азаттық!!
ҮРКЕРТОЛҒАҚ ТУҒАН ЖЕР
«Ағажай, Алтайдай жер қайда-ай?!!» халық әні. Мысы басып Аналар, Мыналардың... маған әлі алыс па қуанар күн. Көктем сайын сарыала қаз мойнынан келеді ылғи құшақтап жылап алғым. Сағыныштан бұл көңіл менде сынық, киелі күн тілімен емдеші үміт. Жарық еткен жұлдыз арман бара жатыр, көктемнің жаңбырындай жерге сіңіп. Мендегі сағынышты, күрсінуді, шарап қылып үн-түнсіз түн сімірді. Туған жер, сенің көктем тойыңа арнап, жүрегімде көктетем бүршігіңді. Қазірше тым алыста, айда рухым. (Айда жүріп әбестік қайғыру тым.) Жүрегімде көктеген бүршігіңе, сынық көңіл сауады майдың бұлтын. Қазірше бұл ұлыңда алаң басым, «Ағажай...» деп шырқалса ән қалам жасып.
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН Ақ қарды жаулық қылған Ақжарыңа, тұрамын түсімде ылғи амандасып. Аспаныңа алақан жаям ұдай, аясаң бұл құлыңды ая Құдай. Баяғыдай Ертіске сең жүрдіме, Қараөткелде құс барма баяғыдай. Баяғыдай жоны сүт, бөктері май, еркелейме көз қысып көктеміңе ай. Айдаһармен қарт Алтай қақ бөлініп, арқа елінен адасып кеткенің-ай! «Ағажай, Алтай...» болды тыңдар әнім, мен қалай жазар екем бұл жараны?!
ҮРКЕРТОЛҒАҚ КҮЗ. ТҮН Жиып теріп мезгілдің жапырағын, бақ ішінде күз болып отырамын. Өлең етіп тіземін дәптеріме, туған жердің әр шымшым топырағын. Жазылмайтын дерт тапты жүрек енді, (Күншіл досым тағы да күле келді). Бір сағыныш бір басқа жетер еді, мың сағыныш несіне түрегелді. Жұлдыз біткен көз жасқа айналып ап, тырс-тырс етіп тамады айға құлап. Бара жатыр жерлеуге бір ғұмырды, бар ғұмырдың басына байланып ақ. Қыз ғұмырдың көз жасын мұң ішкен күн, құрбаны боп қомағай сүйістердің. Шашын жайып жылайды алдыма кеп, түн арудың арына тиіскен кім. Түн арудың пәктігі бүлінді уыз, ертеңіме айта бар мұңымды күз. Таңға асылып өледі қарада тұр, қасіретін құшақтап бұрымды «қыз»!!
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН ЕКІ ӨЛЕҢ Бодан халық өлеңі Мен ғашықпын аспанға, Мен ғашықпын қанатына құстардың. Аспан жаққа ұшуға бір құштармын. Қанаты бар еркіндікті көктегі қолмен қалай ұстармын. Еркін халық өлеңі Кеңдігін-ай даламның, кезе, кезе шаршадым. Өрлігін-ай тауымның, өрлей, өрлей шаршадым. Тереңін-ай көлімнің, бойлатпай серпіп шығарды. Өлеңін-ай елімнің, шерімді шертіп шығарды. Тұранның төсі қонақ үй, жататын бөлмем – жайлауым. Ашық аспан – айбыным, Сенімім – туым, байрағым. Аңдары – азық, суы – бал, Орманы – құрбы, жел – досым. Байлық пен бақыт туысым, Еркіндік менің жерлесім.
ҮРКЕРТОЛҒАҚ * “Сен бақытты бола алмайсың, білем мен...” Бекен СҰЛТАН «Сен бақытты бола алмайсың, білем мен», Көгіңдегі ай қарайып, күн өлген. Сыңсып жылап жалғыз тырна дауысы, Ауыр мұңлы алғы күнің түнерген. Мен бақытты бола алмаймын, себебі: есіл күнім есік қақса өледі. Екі дүние ортасында сенделем, тәтті жырға пысқырмайтын пендемен. Бақыт деген жоқ деп білем сол үшін, Бақыт деген алданышты келісім. Бақыт деген бақытсыздық мен үшін, Бақыт деген бақытты аңсау сен үшін.
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН АҒА (Мұрат ШАЙМАРАНҰЛЫНА) Аға-ау, Аға!! Өзіңдей асыл жанды ойлап, санада сағыныш салды ойнақ. Ертелі-кеш жыр жазам, бұйырар содан қандай бақ. Бал кештің тыңдап күбірін, өтеме деп ем ғұмырым. Аспандағы айға ұлып жүр, бөрі болам деп бұл інің. Сен жазған жырдай әдемі, айтылмас сырдай сәлемі. Санамда жүріп шаң басты, мінсіз бір музам бар еді. Тәбетім тартпай күлкіге, тағасыз аттай іркілем. Ініңді жасын үніңмен, сілкілеп алшы, сілкілеп. Тымырсық қандай тар әлем, сырлассам бағзы даламмен.
ҮРКЕРТОЛҒАҚ Алатау сынды тұлғаңды, сағынып жүрмін, аға мен! Елітіп шәйір жүрегін, есіней тыңдап тілегін, Алматы әлі жатырма Алатауға артып білегін?! Аруы – арман, кіл керім, мәйхана болған түнгі емім. Көне шаһарға көмілген, қайғысыз, қамсыз күндерім. Жырлары жаһұт, үні мұң, Шираздың сүйген сұлуын, кәйіпшіл сол бір шәйірдің, аңсаймын мен де ғұмырын. Сыймаған Алтай, Алатау, бұйырар бізге қандай бақ?! Жалау ғып жасын ән байлап, Татымсыз күнге қан қайнап, Тартып бір кетсем қайтеді, Бататын күнді маңдайға ап!? Аға-ау!!
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН АЛТАЙДАН... Алтайдан адырнам тартылып, қалаға қадалдым қан жебе күйімде. Ақ мамық қауырсын қанатым жұлынды, дос түгіл, албасты күйінді. Зымырап ұшуды ұмыттым, мені атқан адырна санамда. Оқталдым сұлуға, қадала қалардай, оқталдым ашылған толған ай – анарға. Оқтаулы қалпымда, атылмай содан мен, музейше меңіреу күйге ендім. Жесір боп жел, боран қалды да, жасанды жарықпен үйлендім. Қоңыр кеш (мәйхана төрінде) улатқан шағымда жанымды, жылт етіп өтеді бір елес, садақтай серпілтіп тәнімді. Сол кештің бірінде самарқау, әзәзіл аптығып келеді. Әулие қолымен бір шал кеп музейдің түбіне көмеді, жебені!!
ҮРКЕРТОЛҒАҚ АЛДАУ Ештеңе айтқам жоқ, ештеңе күткем жоқ бүгіннен! Сезімім жылаған, төзімім үгілген. Мына бір Арқаның жаңбыры жаздағы, барлығын қозғады... Кешені, бүгінді, ертеңді... Әр тамшы жаңбырың – жүрекке тамған жас, сезімім сімірген... Гүлдеген үмітті үсітті гулеген өсектер, мөп-мөлдір мұңымды жасытты кірлеген төсектер. Сезімді ұшықтап, көзімді бұладым, алдауға түсіп қап, арманнан құладым. жыладым, жыладым. Е, қойшы, үйреншікті өмір бұл, күн түссе көгерер көңіл – гүл. Мұратқа жетесің шыда деп, ертегі емізіп сенім жүр.
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН ХАТҚА ЖАЗЫП КЕТЕМІН Дыз етпе бұл сезімді қандатып ап, таба алмайтын сәтім көп жанға тұрақ. Хат жазбайды бұл күнде ел, соны білмей хат күтетін сенен көп мен де ақымақ. Ал сондағы жетерім нала ғана, сары күнде сабырлы ой санамалау. Қауырсын қып хат жазу самырсынның сабау-сабау саусағын саған анау. Хат жазбайды бұл күнде, соны білмей хат жазуға сүйрейді соны бір ой. Жер ортаға сүйреген күнді ескермей, басылмай жүр баяғы желігім ей. Бар салмағы менде жүр жер үстінің, бөліп-жара көтеріп, бөлісті кім? Шарап жасап берейін сағыныштан, ақын мұңы зәмзәм деп сен іш, күнім, Қуат алып бұлқынсын құлын денең! мен ақынмын, ағам – ән, інім – өлең. Жүректің көпіршіген күллі жырын, хатқа жазып кетемін түбінде мен.
ҮРКЕРТОЛҒАҚ * Ұлым боп келер ме екенсің, Қызым боп келер ме екенсің. Көбіктей өткен көп күнді жарығыңменен өтерсің. Жабығып жүрген шағымда ояттың қайта мені де. Күншілдік мүлдеп болмайтын, пенделік те онда болмайтын, арамдық өліп жөргекте, адалдық гүлі солмайтын, әкелсем деп ем өмірге. Жетпеген армандарым мен жетпеген жебелерімді, сен жеткіз, күнім, көгіме. Жүрегім еріп кетсін бір, «Әке» деп күлген шағыңда. Балам боп қайта жетсін бір, айналған арман сағымға. Арыстан жүрек ұл боп кел, көктемдей көркем қыз боп кел! Жарығы жетім бұл жерден жақсылық қана іздеп кел. Аман бол ұлым боп келсең! Аман бол қызым боп келсең!!
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН ҰЛПАНҒА Сен өмірге келген күннен былайғы, Күндеріме шүкір айтып жылаймын. Күбір толы кеудеме нұр құйылып, Маған тартқан ұлы сыйы Құдайдың. Сәби даусың естілген күн – ұлы күн, Әке болып қуанғамын, құлыным! Әке болып оянғамын ұйқымнан, сипағанмын тәтті үміттің бұрымын. Әлди, әлди, әлди, бөпем, сеніменен көзімдегі көкшіл мұңды емдегем. Қызым үшін садаға етем музамды, тынышымды алма менің енді өлең!
ҮРКЕРТОЛҒАҚ ҚОШ Сүйемін деп айта берем қашанғы, махаббатта жауыр болған осы әнді. Он алтымда жүрегіме орнатқан, құлпытасқа қашаулы. Сағындым деп айта-айта шаршағам, жолданбайтын хаттар жазып мен саған. Көкаршынның қанатына байлаулы егілтетін қаншама ән. Сені ойлаудан қажып біттім, көркемім, қара сөзбен айтылмайтын ертегім. Жеті түске бояп алып сезімді, жетіген қып шертемін. Сезім сондай мөлдір ме ең, қайдан ғана сені көргем мен бірден. Жастығымда сөз салатын мың қызға, саған ғашық болдым мен. Сүйемін деп айта берем қашанғы, махаббатта жауыр болған осы әнді. Өз қолыңмен жүрегіме орнатқан, құлпытасқа қашаулы.
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН Жырлай бермей құлын мүсін, тұлғаңды, ұмытсам ғой осы тәтті мұңлы әнді. Боз баланың жүрегінен жасалған, алқа тағып жырдан бір! ҮРКЕРТОЛҒАҚ ТАС МҮСІН ЖЫРЫ (Мұқағали Мақатаевқа) Тас мүсін сенде жүрек бар, жүрек бар сенде білем мен. Кеудеңде жанып тұр оттар, тас жүзің бірақ түнерген. Жылайсың сен білем мен, жаңбырмен бірге жылайсың. Аспанға қарап түнерген, адамға бақыт сұрайсың. Мүсінге бәрін жасырып, рухың жүр тірі жыр оқып. Тұрсың ба әлі ашынып, Тірі мұңдарды күзетіп?! Жалығып қайтқан өмірге, жалт етіп қайта қарашы. Салды ма қапа көңілге, аруақтардың қаласы. Жолдарға сыймай шектелген, шексіздіктерге жармасып.
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН «Мың жүрек болып көктеп ең, қайыңмен өмір алмасып». Қозғалса қайта сырларың, Кеңсайдың қойыны дүр етпек. Бұл күнде әрбір жырларың, соғады бір-бір жүрек боп. Жатырсың мұнда жылынып, өлеңнің жаққан отымен. Тірліктен кеше түңіліп, төзе алмай өліп кетіп ең. Бұл күнде жауың жүгініп, азайған шығар таласы. Тас мүсін қайта тіріліп, тірлікке қайта қарашы.
ҮРКЕРТОЛҒАҚ * Жаныма қалай жақын боп қалдың, шықпайсың неге түсімнен. Аузымдағы иман атың боп қалды, қинайсың удай ішілген. Мөлдіреп тұнған шарап көзіңнен аймалап өтсем – арманым. Сабырымды әбден сарқып бітеді, Саған бастайтын жолдарым. Жетпейтінімді білемін тағы, Жетпейтініңді білесің. Жанымды тағы жаралайсың ғой, Жасырып неге күлесің. Жаныма солай жақын боп қалдың, Мезгілсіз сүйген мұң ашты, ә. Сен өзің айтшы секемшіл елік, Ғашық болғаным рас па?!
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН * Мен саған ештеңе айтпайтын, Бір сұмдық халдемін. Сен болып мұңайып тұрады, Алдымда әлдекім. Сен жайлы ойламау күнә да, Ал ойлау ағаттық. Мен қалай жер басып жүргемін, Сен барда тағат қып. Желөкпе ақынның жырына, Бекер-ақ еліттің. Жылаған бақытты аямай, Сорыма сеніппін. Сен енді телефон шалма деп, Үзілген үніңді Естіген жүрегім ес жимай, Бақиға бұрылды. Қош деуге қимайтын бақытым, Кел дей де алмайтын арманым. Енді мен өзімді кінәлап, Өтермін өзіңе таң қалып.
ҮРКЕРТОЛҒАҚ ШОЛПАНҒА Алақай! Анаң тағы бесік жырын айтады, әкең тағы есіл жырын жазады. Күллі әлемді саған сыйға тартамын, Асыл мата, жасыл жөргек аз әлі. Бесігіңе жұлдыз шамын жағармын, Бәсіреңе планета байлармын. Тәңірі нұрына жуынғаныңнан айналдым, Тәуелсіз елде туылғаныңнан айналдым. Таңғы шуағым, мәңгі шырағым, Шолпаным, Ертеңім енді күлкіңе шомған кіл сағым. Әлемді сенің күлкіңе бөлеп күлдіріп, әлемді сенің нұрыңа бөлеп жылытамын. Шалықтап жатқан жүзіңе қарап егіліп, Мейіріммен шексіз шекеңнен сенің сүйген ем. Күнәсіз күнім, теңдессіз сенің нұрыңмен, Бақыттың бәрі басыма қонды үймелеп. Бақытым жайлы Алланың айтқан сәлемі, Уілің сенің, Уыз сәбиім, бұлағым.
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН Жеті қырқаның астында тұрған жерұйық, Жеті қат көктің астында тұрған жұмағым. Құлыным менің, шабыт боп кірші кеудеме, әрбір тынысың айналсын сосын әр әнге. Ұйыған бейбіт ұйқыңнің болар бесігі, Күнәсіз сенің күлкіңді берсін әлемге!!
ҮРКЕРТОЛҒАҚ СЫЛТАУ Әй, мынау бір өмір болды-ау тым қараң, Бөрі үміткер бөлтірік ем, кім болам? Күнде кеште ақыл айтып жатады, Көп пысыққа бір надан. Кейде байлық қанша есігім қақсада, Ашқым келмей ол тәкаппар патшаға. Талмаусырап жатқан менің рухымды, Айырбастап алғысы бар ақшаға. Бөрі үміткер бөлтірік ем, кім болам? Аш мысықтың табан үнін тыңдаған. Мені ойланбай жаратқан-ау ақ үміт, Ана сүтке қарыздар ғып бұл ғалам. Бас қатырып бассыз ойға не түрлі, Бұл басымнан не түрлі мұң жетілді. Адам болып қалғанына ақылым, Әй, келісіп өкінді. Жүзім қайтып жүздескеннің бәрінен, Жолым болмай... (қайдан қарғыс алып ем?) Ақыл сұрап бардым апақ-сапақта, Мезгіл дейтін миы ауысқан кәріден.
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН Ол шал айтты, жақ кірісін зорға ашты, Сен емессің ең ақырғы, алғашқы. Ашырқана шарабыңнан бір жұт та, Ары қарай тірлігіңді жалғастыр! Сосын, іштім.
ҮРКЕРТОЛҒАҚ АБЫЛАЙ Я, әруақ! Я, Абылай! Абылай!! Қас ұлдардың жолын оңғар, а, Құдай. Қаймана елдің басылмасын еңсесі, Қалың қазақ шашылмасын тарыдай. Я, Әруақ, құрбанымын намыстың, Рухын көтер, даңқын көтер Арыстың. Абылайлап алға ұмтылған ер Мансұр, Абылайлап басын кесті Шарыштың. Ордасына ақ ту ұстап оралды, Бағылан ұл шарт жүгінді хан алды. Қасақана қан сасытқан даланы, Қан құмар бас кесілмесе обал-ды. Түркістанда түмен қолын түнетіп, Сарыарқада сан сардарын түлетіп, Ата жаудың бұрымдысын тұл етіп, Екіленген ерсымағын құл етіп. Ақ ордасын айналдырып обаға, Арғымағын ер астында жүдетіп, Қашқан жаудың артынан оқ үдетіп, Қалмақ қолы қансырады күні өтіп.
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН Ер Абылай, хан Абылай, Абылай! Қалмақ басы шашылды бір тарыдай. Марқасқасы маң далада босты бір, Өскен ұлы өз әкесін танымай. Сарыарқаға көз алартып енді кім, Сыр бойына сұғын қадар енді кім?! Үш жүзімнің шаңырақ қып бірлігін, Кереге етіп орда тіктік кеңдігін. Қас Сақ ұлы, Абылайла, ұранда, Бізден мықты ел болған жоқ Тұранда. Абылайдың әппақ туы айналды, Көк жүзінде күн көтерген қыранға. Бізден мықты ел болмайды Тұранда! ескі дәптер
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН ҒАШЫҚ БОЛҒАН КҮННЕН БЕРІ... Сен білмейсің, менің мұңым бір түрлі, Қиялимын, кімдік1 жеңген күлкімді. Ең алғашқы ғашық болған күнімнен, Жанарыма құрғамас жас іркілді. Қай кез еді ол, қара қыздың жанары жүрегімді түйрегенде, о бәлі!! Содан бері, садан бері кеудемде, Мәжнүн болған басқа жүрек соғады. Ал айтып көр, айығып көр, күліп көр, Ол кезде оны балаға жат қылық дер. Өртенгенде жазған жырды көріп ап, Күлетұғын жұптары бар жігіттер. Ал мен болсам күні-түні көз ілмей, Ғашықтықтан өзге ештеңе сезінбей. Ойлайтынмын, әйел заты жалғыз сол, әлемдегі жалғыз еркек өзімдей. Әттең, әттең сүйісерге баламыз, Мөлдірейміз, тым-тым жақын арамыз. 1.Кімдік – көне сөз. Құса болудан болатын ауру.
ҮРКЕРТОЛҒАҚ Ертектерден шығып келе жатамын, Түсімде ылғи хан қызы боп қара қыз. Қара қызға ғашық болмау мүмкін бе? Деймін тосын сырлас болған кім-кімге. Жігіт болып кеттім сосын амалсыз, Төрт-бес жылға есейдім де бір түнде. Мәжнүн болдым миы шіріп ақылдың, әзәзіл кеп у іш десе мақұлмын... Ғашық болмай тұрған кезде баламын, Ғашық болған күннен бері ақынмын...
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН * Бақыттан кейде жылаймын, Бақыт та у ғой аштырақ. Мазасын алдым Құдайдың Мағынасыздау бақ сұрап. Бақыттан кейде күлемін, Бақытқа бәрі балама. Күдік ап күпті жүрегің, Күрсініп бір сәт қалады ә! Бақыттан кейде мастанам, Шарап қой ол бір, шалқып іш. Алдыңнан есік ашпаған Ессіздеу күнге тартылыс...
ҮРКЕРТОЛҒАҚ ЕРТЕГІ СЫНДЫ МАХАББАТ ЕДІҢ Ертегі сынды махаббат едің, Ертегі сынды сезім ең. Қарайтын едім қансырағанша, Ғашықтың мұңлы көзімен. Көретін едім көкірегіммен, Көңілді тұман мұң басып, Мөп-мөлдір өлең жазылатынды, Көзімнің жасы бір қасық. Өзіңе сондай өкпелейтінмін, Жарасы үшін жанымнің. Ғашықтығыма қуанатынмын, Бақыты бұл деп сары ұлдың. Басымды сүйеп бал елесіңе, Жылайтын едім, жылайтын. Қанаты сынған қаршыға жүрек, Қасыңа келіп құлайтын. Өзімнен артық білетін едің, Қанатсыз, әрсіз халымды. Ақыры бір күн сағыныш дейтін, Сатпайтын досым табылды.
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН Мәңгілікке орнын толтыра алмайтын, Айлы кештерде есем бар. Өмірлік ішіп тауыса алмайтын, Заһар құйылған кесем бар. Ғашықтығымды айта алмағанмын, Жасқаншақ сезім түрмелеп. Жасықтығымды жерлегем сосын, Жылағам ұзақ түнге кеп. Көріме бірге көмілер енді, Таба алмай өткен жүрек ем. Егіліп тұрып оқимын саған, Маһшар күнінде бір өлең!!
ҮРКЕРТОЛҒАҚ ЕСКІЛІК Барлығы да мына бізден қалған із, Алғаш ғашық, аңқау жігіт, алма – қыз. Хат жазамыз, хат ішіне от салып, Отпен бірге өзіміз де жанғанбыз. Қыздың бәрі қымсынады, көнбейді, Жігіт біткен бір бақытқа шөлдейді. Қыз сыр ашпай, жігіт барлық жарасын Қыз алдындағы «ерлігімен» емдейді. Үкісі боп алма қыздар үміттің, Білмейтінді бұзыларын тұнықтың. Қызды апасы шығармайды кешқұрым, Төзімдерін төгіп-шашып жігіттің. Алғаш ғашық алма қыздар жылайтын, Айлы түнге алқынатын сыр айтып. Алғаш ғашық аңқау жігіт хат жазып, Таң алдында төсегіне құлайтын. Алма – қызға үйленеді қиялда, Мына бақыт кеудесіне сия алмай, Жылап жатып оянатын түсінен, Езудегі пәк күлкісін жия алмай.
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН Аңқау жігіт хат беретін жасырып, Күйіп-жанып, Тәңіріге бас ұрып. Өп-өтірік қырсығатын алма қыз, Тұрса да іштей хат оқуға асығып. ...Егіз жүрек елемейтін ешкімді – аңқау жігіт, алма қызға ес кірді. Кестеленген орамалдар жоғалып, Есіңді алған естеме хат ескірді.
ҮРКЕРТОЛҒАҚ Қ-қа Жұбатты мені махаббат, Жүрген шағымда егіле. Кінәлаған жоқ бірақ, Сүйе алмай кеткен мені де, Сүйдіре алмаған сені де. Жұматайша айтсам: О, Ләйла, Сең болып соққан сезім ең. Кеудеме симас сыр болдың, айтылмас адам сөзімен. Қиялда сенімен сөйлестім, (Мәжнүндіктің әлегі). Бұл жара маған енді ескі, Ескілігімен әдемі. Жұматайша айтсам: О, Ләйлә, Нәркес көз, нұрлы бейнеңді, Ұқсатам әлі арайлы Аяқталмаған сөйлемге. Сол сезімдерді балалық, Жоғалтқан шығар мәңгіге.
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН Жоғалған жылдан нәр алып, Бітпеді біздің әңгіме. Сол сезімдерді, сол ойды, Әлсін-әлі айтам паң күліп. Жұматайша айтсам: О, Ләйлә... Жұмекенше айтсам: «жаңғырық»!!
ҮРКЕРТОЛҒАҚ КҮЗ КЕЛДІ КҮРЕҢ... Күз келді күрең бұл маңға, Күлімдеп жетті күреңім. Топырақ болып тапталар, Жапырақтарым – жүрегім. Тарылып мүлдем тынысым, Талықсып күткен сыңарым. Демігің басып желменен, Дертіңді жырмен сылармын. Жас келін кірген үй сынды, Мерекем еді мына күн. Қыз ғұмырлы гүлдерім, Түнімен неге жыладың. Түнімен сен де жыладың, Тамыздың шығы, мөлтеңім. Жазылмай жүрген өлеңім, Аяқталмаған ертегім. Тосытыма толтырдым, Тамыздың соңғғы нөсерін. Жапырақтарды – жүректі, Жолыңа сенің төседім.
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН КӨШЕДЕН КҮЛІП КЕЗДЕСТІҢ Көшеден күліп кездескен қарғам, Не дейін саған, не дейін. Жиырма бестегі ерлігім болсын, Жүрегімді алып берейін. Жүрегім берем, өтеуі болсын, Ән салып берші түнімен. Тірліктен шаршап оралдым бүгін, Келгендей тамұқ түбінен. Жүрегім берем, өлеңге орап, Жай ғана сыйлық емес бұл. Енді қайтейін, шаһар сыйлайтын, Ғафиздей жомарт емеспін. Өлеңнен өзге бере алман саған, Орны жоқ бұған өкпенің. Саған сыйлауға бір шаһар тұр ғой, Жарты лашығым жоқ менің. Десе де, баймын, кең далам бар ғой, Гүлін берейін тауымның. Жарлы ақындардың жарты байлығы – Лебізі сендей арудың.
ҮРКЕРТОЛҒАҚ ЖАМАНДЫҚ Не боп жатыр ішімде, Сыбырлайды мен болып. Жүрмін кеше түсімде, Жолбарысқа жем болып. Мынау ненің дыбысы, Мынау ненің дымқылы. Бұндай таңы құрысын, Ілінбеді кірпігім. Аруақтай елестеп, Аш жолбарыс қыңсылап. Жанары ма? Ол – өшкен маңдайында бір шырақ. Аянышты қандай бұл, Ажалым ба шақырған? Қолын қанға бояған, Әзірейілдің атынан. Айтеу өзім түсінбен, Сыбырлайды мен болып. Жүрмін кеше түсімде, Жолбарысқа жем болып.
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН ЖҮРЕК Бұл жүрек... Бәз біреуді сағынатын секілді, Үлбіреп... Іздегені табылатын секілді. Күлді кеп... Жын ұрғандай қағынатын секілді. Бұлқынды, Алқынды кеудеге сыймайтындай, Күрсінді, Бір дерті қинайтындай. Бұл жүрек... Сағы сынбасын деп, Соқсын, тынбасын деп Жұбатып жүрмін.
ҮРКЕРТОЛҒАҚ КҮЗ ЭЛЕГИЯСЫ Қас сұлудың төсегіндей суынған, Қандай мұңлы, қандай ғарып күз еді. Ақ қайыңның жасын сүртіп жұбатып, Шашын жұлып жапырағын үзеді. Ғаламат сол, жасыл түске өшіккен, Безереді сұрғылт тартып реңі. Сары кебінмен кіріп келіп есіктен, Жұлып алды ғашығының жүрегін. Сондай шақта сұлдерімді сүйретіп, Мәйханаға тартып кеткім келеді. Мұңға оранған мұңлық күнді күйретіп, Масаң күйде шалқып кеткім келеді. Ерлік біткен, еңсе түскен, ес кеткен, Тілі мылқау, ділі керең, рух өлген. Жатырынан жылап туған сол мұңның, Жөргегімен көз жасымды сүртем мен. Өшіп қалған отымды үрлеп жандырып, Іңірге мен сырымды айтып салам ән. Кеткім келді керең күнді қалдырып, Жындыхана секілді бұл қаладан.
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН Өмірде еш сағынышым қалмаған, Мәңгүрт күйде төсегімді жылытып. Көп отырып, асып әрең арнадан, Сені аңсаймын, сосын бәрін ұмытып... ...Сағыныштың телефонын тыңдасам, Арғы жағынан көрінесің мұнардың. Әлсін-әлі сен оятып тұрмасаң, Мәңгілікке көз ілетін шығармын!!!
ҮРКЕРТОЛҒАҚ ҰМЫТУ Қалай да қалай ұмытар екем, Осынау ғажап ескі үнді? Күн көтерілер анау бір тұстан, Тағы да даусың естілді. Мәңгіртіп өтер мәңгілік мекен, Тұрағың ба еді жүрегім!? Гүл болып мұнда өсіп алдың ба, Нұр болып ұшып жүр едің. Әлімді білмей әлек болып ем, Әлгі бір шырын шақта мен. Алтайдың әсем бақтарынан да, Өзіңе тең гүл таппап ем. Сондағы менің кеудеме сыйған, Махаббат толы өр күшке. Тең келмес еді таудың тасқыны, Тең келмес еді Ертіс те. Арнама сыймай тасып кетсем де, Асып кетсем де аңдамай. Ақылға сыймас ағыстарыма, Қасқайып тұрдың сен қалай?!!
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН Ал бүгін... Нөсер, тасқын басылған, Ақылым кірген анық бір. Әр кірпік қағыс, қимылдарымды, Сенің елесің бағып тұр. Қалай да, қалай ұмытар екем, Осынау ғажап ескі үнді. Күн көтерілер анау бір тұстан, Тағы да дауысың естілді.... ҮРКЕРТОЛҒАҚ ҚОРҚЫНЫШ Ей, Аллам, бергенің бе бұл, Ей, Аллам, бермегенің бе? Көк езу көлдің шетінде, Кезеріп шөлдегенімде Таңдайы кеуіп талыққан Құлыңа берген суың ба?! Кісәпір күнәм үшін бұл Ұлыңа берген уың ба?! Етегім жеңім жиналмай, Еңіремейін ерек бір. Күнәмді, Аллам, кешіріп, Күнәһар ұлға медет бер!! Ей, Аллам!!
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН ТОПЫРАҚ Сүмбіле сұлу қиялда, Сүйіктім сүркей өмірде. Сезімсіз серттер жиі алдап, Жалынсыз өрттер емуде. Туған жер саған сатқынмын, Тұнығың бойда қалмады. Арыма тіккен ақ туым – Оқ тиген жанның арманы. «Тұрғын-ау, сені сүйем» деп, Айқайлап айтпақ едім мен. Күйшісі тірі, күйі өлген Тірлікке дауысым көмілген. Ақшоқыдағы Абайдың, Алтайдағы анау бабамның Топырағына мінәжат Етейін деп ем, ессізбін. Абыройын сатып атамның Төбемді көкке жеткіздім. Желөкпе мынау күніме, Жерік боп туған арманым –
ҮРКЕРТОЛҒАҚ Асасын өртеп, тіріде Ақымға көміп ардағын. Кіндігімді үзген топырақ, Тұрғын-ау, енді не дейсің?! Көрмеген сенің жасыңды, Көзімнің шелі көбейсін. Жеріне табан тіремей, Жетім боп өскен оңбас ұл. Ақтармын арсыз жанымды, Ертіске жуып он ғасыр!!!
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН СЕН МЕНІ... Сен мені сезінер ең – Кеудеңді буындырса сезім ерен. Қарай білсең әлемге бейтаныс бір Жылап жатқан сәбидің көзіменен. Сен мені сезінер ең – Қарай білсең ақынның көзіменен, Жұмбақ түнді найзалап кірпігіңмен, Таң алдында талықсып көз ілер ең. Сен мені сезінер ең – Тұла бойды тулатып кезіп өлең, Түпсіз ой кеп кеудеңді тырмаласа, Айтып болмас адамның сөзіменен. Сен мені түсінер ең – Күрессең бір тылсымның күшіменен, Мына әлемге сыймайтын сезім билеп, Сонда еріксіз мені еске түсірер ең. Сен мені байқар едің – Бір адам боп көрінсе байтақ елің, Жек көрсең өзіңді-өзің жетімсіреп, Шарап құйған шараңды шайқар едің.
ҮРКЕРТОЛҒАҚ Сен мені байқар едің – Үзіліп бір, жалғанса қайта демің. Мен жайлы білсінші деп байтақ елің, Мен жайлы түсіндірме айтар едің, Бірақ сен... Серікбай ӘБІЛМӘЖІН САҒЫНЫШ Мен сені енді меңді қыз, Сүймейді десе ел сенбейді. Сағынысамыз енді біз, Сағыныш от, ол сөнбейді. Асық сен мейлі, алып ұш, Қырларға көз тік гүл басқан. Аралық емес сағыныш, Құмарлық та емес, тым басқа. Жалыну да емес, мұң да емес, Қуаныш та емес, қайғы да, Періште де емес, жын да емес, Етпейді өлшем айды да. Алыстан жеткен үні тым, Шексіздікте оның өлшемі. Сағынам сені күні, түн, Білмеймін бірақ, мен соны!
ҮРКЕРТОЛҒАҚ ТУЫЛҒАН КҮНІҢЕ Анау бақ біз табысқан көктем бағы, Жүректі жылмық нұрмен өпкен бағы. Содан бері көгіме ай қонақтап, Көңілдің көкке атылып кеткен-ді әні. Ал анау іңірдегі су сарыны, Жүректің тұнып тұрған тұмса мұңы. Жар етіп маған тәңір бір меңдіні, Жар еткен сосын саған бір сарыны. Көңілдің гүл құшақтап көбелегі, Жүрегім жұлқып қашты делебені. Қосу деп қосып қойдың қос сызықты, Білмеймін менің үнім не дегенін. Сен айттың, көзбен айттың, үндемедің, Мен айттым, сөзбен айттым, үндемедің. Кекілін кілкіген нұр тарап қалып, Анау ай есі кетіп күлген еді, Дүр етіп дуадақ жыр көкке атылды, Қағазға қонбай қалқып тұрды өлеңім. Малынған махаббаттың ақ нұрына, сезім – патша, жүректер – ақ тұғыр, ә.
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН Білмедің, сол түні мен мас боп қайттым, Шарап тамып кеткендей шаттығыма. Айналдық айдың барып өрісінде, Айналдық бір жүрекке сол үшін де. Содан бері ақ тілек айтар болдым, Жыл сайын желтоқсанның он үішінде!!
ҮРКЕРТОЛҒАҚ ТҮС Иә, Құдайым, сен қолдап, медет беріп жүрмесең, Төгілетін секілді өмір дейтін бір кесем. Қан жылаған жүрегім қозғалыстан қуылып, Өліп аппын түсімде ұятыма буынып. Қасапшының қолында жарты қадақ жүрегім, Құшақтайды ажалды қалтыраған білегім. Өлім терең болса да, тереңдік жоқ көзімде, Жұбатып тұр өлеңім көзір салып сезімге. Бәрінен де дос-жаран қашырады құтымды, Туған жерде жоқсың деп өлігіме түкірді. Анам тұрды жыламай, Әкем де тұр түнеріп, Тек сүйгенім жылады басын төмен жіберіп. Мен өліппін осылай сапар шеккен жолымда, Туған жердің тұманды картинасы қолымда...
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН ПИССИМИЗМ Мен өлгім келеді, Көзіме көк-ала шыбын жиылып, Құлағыма қорғасын құйылып, Тәнімді құмырсқа жеп, Жанымды жәбірейілдің сыйы қып; Жаназамды қарға оқыса, Жанарымды сауысқан шоқыса. Мыи орнына аралар дуылдап, Басымда қоңыз жыбырлап. Сосын қалған денемді аш қасқыр кергілеп, Арлан бөрінің аузында бас терім желбіреп, Жалғастырған сіңірлерім Қасқырларды араздастырып, Қалған ең соңғы қу жілігімді, Жемір қожайынның аш иті азанғы ас қылып, Құрысам өмірден, шіркін!!!
ҮРКЕРТОЛҒАҚ * Туған жерге ту тігілмей, Мұң тігілді, жын өсіп. Сенің демің біте қалса, Менің қаным түгесі. Кіндігімді көміп кеткен, Босағаммен бірге мен, Лас аяқ басқан сайын, Ластанып күнде өлем. Жатқа кетсе бар ырысың, Жалынымда сөнеді. Кіндігімнен өсіп шыққан Тамырлар ғой керегі. Мен туралы жұлдызнама, Бақыттысың дейді ылғи. Бар бақытым осы ма еді, Қан соқталы сор миым. Алғаш рет көзімді ашып, Алғаш рет күлгенім – Туған жерде. Туған жерім, туған елім – күн менің.
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН Үр дауысты сүйіншіңе өзім құрбан болайын. Туған жерің аман деші, Жұбататын ағайын.
ҮРКЕРТОЛҒАҚ ТҮН Түпсіздікке тұншықтырып түн мені, Тұнжырайды тылсым бір. Тоқтап қалды тіршіліктің үндері, Тек мен ғана күрсіндім. Жабылмаған жанарындай өліктің, өлімсіреп жұлдыздар. Жаназасын оқығандай көріктің, Түнгі ызғар. Ұмыттырып менің тыныш ұйқымды, Отырмын көз ілмей. Ашып бердім түнге мынау сиқымды, Ал түн тұр көз ілмей. ... Салып көр қане қиғылық қырсықтарыңды, Қазірше азатсың. Көремін түн сенің тұншыққаныңды, Таң атсын...
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН ҮНСІЗДІК Өтірік күле алмаймын, Күлмеймін қазір, Көктемін жоғалтып алған тілдейді жазын. Сен күлген көктем... Сол көктем ең соңғы көктем, Есіме түссе еріксіз күндей қызамын. Ол шақтың қателіктерін балалық дедік, Өзіңді сүю у берді, бал алып келіп. Біз осы, қалқам, бақытты тек түсте көріп, Сағынып айтар ән болып жаралып па едік. Махаббат деген – сағыныш, жұбату ғана, Желімен жырлап аңыз ғып тұратын дала. Өзіңе ешбір естілмеc сыр айтып келем, Жырменен сызған әдемі бұла тұлғаңа. Төрт маусым түгел сен жайлы бірдеңе дейді, Жұмбақтығымен жымитті күлмеген ойды. Үнсіздік біткен онсызда сырласым менің, Бір ғасыр бойы үндеме, үндеме мейлі!!
ҮРКЕРТОЛҒАҚ СЕН ТУРАЛЫ Сол бір шақтан бір естелік бүйырды, Сенің сүттей елесің. Таң бозындағы ең ақырғы жұлдыздай, Мөлтең қағып түсіме сен енесің. Маған қымбат сол естелік – бойтұмар, Нұрлы есім сол есім. Түсімде сен... Сенің сүттей елесің, Мен тірімін, тас мүсінім түбінде, жұлдыздарға араласқан гүл дестесін төгесің. Мынау түсім келесі, Қарт Алтайдың қыран ұшпас төбесі... Сен шынар боп көктеп тұрсың, тамаша, Мен түбінде жылап тұрмын, о несі? Бүгінгі түс тіпті ғажап, күй тілді, Тағы да сол сенің бейнең сүйкімді. Жүрегімді орап аппақ гүлдерге, әлдилейсің, күзетесің ұйқымды. Менің денем қалжырайды жүрексіз, Миым қалғып, ойсыз, мұңсыз, тілексіз. Таңдайымда жыр дәміндей сағыныштың дәмі қап, Оянамын қоңыраудан, трупканы жарым ап.
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН Тереземнен телміреді мұнар күн, Суық торғай басында отыр шынардың. Түсініксіз түс көбейіп барады, Сағыныштан мен шаршаған шығармын. Түсімде... ҮРКЕРТОЛҒАҚ АҚЫН. ЖАР Мен армандап жүргенім, Сандалу мен сағым ғой. Сен армандап жүргенің Мендегі асқақ арын ғой. Мен бақыт деп жүргенім, Өлең еді, жыр еді. Сен бақыт деп жүргенің, Жас ақынның жүрегі. Мен жетсем деп жүргенім, Өкіншсіз өлім ғой. Сен жетсем деп жүргенің, От жағатын жерің ғой. Менің сүйіп жүргенім, Қиялдағы мүсін де. Сенің сүйіп жүргенің, Алдамшылау түсің бе?! Мен ақын деп аталған, Сені жылтпас жылулық. Сен ана деп аталар, Әйелдегі сұлулық.
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН АРЫЛУ Бір сұмдық бар кеудемде жасырынған, Толып кеткен жүрек мұң, басым уға. Жар да емессің, жат та емес, қарындас та, Дос та емессің сен маған, ғашығым да. Әйтеу мені қинайсың, күйретесің, Түсіресің бір ғажап күйге тосын. Шанағынан шашалып шықпай жүрген, Жүрегімді тербетер күйме екенсің. Саған айтқым келеді әлденені, Өзім білмес бір сезім әуреледі. Сонау күнгі арманым жырға айналып, Музам болып қалып па ең әлде менің?! Сырың тұр ғой, нұрыңды шашпа мұнда, Жетер енді, мұрсат бер басқа мұңға. Ақшыл бетің ағарып, айға айналып, Тұрып алдың елес боп аспанымда.
ҮРКЕРТОЛҒАҚ ЕНЖАРЛЫҚ Е, мынау көктем екен ғой, Бүршігін жармаған әлі. Асығып жеткен екен ғой, Құстардың самғаған әні. Бір сұлу самалы да бар, Еркелеп қойыныма кірген. Албырттау бала қыздардай, Мойыныма асылған бірден. Ең алғаш сайраным өткен, Сағындым, далалығым-ай. Көктемге айналып кеткен, Беу, шіркін, балалығым-ай!
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН * Махаббат, сен мылқаусың, меңіреусің, Біздер жайлы, мұңлығым, не білесің. Қанжарыма мойын боп ораласың, Қабіріме қан болып төгілесің. Сайран салған көңілдің жазы қалып, Біз де, сен де адастық, ажырадық. Саған қойған ескерткіш дейтін шығар, Күл мүрдемді моламнан қазып алып. Сен жоғалсаң өзің айт, ұятты кім, (Жоғалмауға уәде сұрап тұрмын). Адам болып кеткенім жөн-ау менің, Ақын болып кететін сияқтымын. Зарлы еді ғой сенің де қашанғы әнің, Қайда бірге бақытқа шашалған күн. Жерұйық пен адалдық іздеп кеткен, Екі мұңлық: сен де – мұң, Асан да – мұң.
ҮРКЕРТОЛҒАҚ РЕНІШ Бүлдірдің ғой... Жүрек жүзге, жер үшке. (Жоламаспын бұндай жұмақ, бейішке). Сайтан сағым елесімен алдаған, Мен үшін сен бір күнәһар періште. Е, періштем, сені сүйген мендей кім, Бар бақытым сенде ғой деп шөлдеймін. Жүрегімді бала мысық тырнаған, Саған, сосын бақытыңа сенбеймін. Періште мұң, ол – бақыттың азабы, Жүрегімді жаралайды жазады. Мәжүнінше мәңгіріп-ақ кеттім-ау, Ләлісінің жұбата алмай назы, әні. Маған күзден жапырақ – мұң жеткенбе, Лағнетті неге айтамын өткенге? Ғазалдарын қайталаймын Ғафиздің, Мені ұмытып кеткен жұмбақ көктемге. ...Ешкіммен де сағынышты бөліспей, Бүліндім ғой. Жүрек жүзге, жер үшке. Саған айтам ғазалдарын Ғафиздің, Ей, мен сүйген періште!
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН САНДЫРАҚ Таныттың тандыр дүние, Тамыры кепкен бейбаққа. Сыбырлап шықтың түнімен: «Қой бақсаң қой бақ, ой бақпа»! Қойым жоқ менің. Ал бірақ... Ой бақпағанда мен не етем. Сандырақ бәрі, сандырақ, Сандырақ ойлар нөлге тең. Сандырақ ой не береді, Әлдилегенде мәпелеп? Өлең боп ойға келеді, Шырқырап, мені әкелеп. Мезгілі жетпей қартайып, Қайғы ойлау менің не теңім. Жатамын-дағы шалқайып, Елеске еріп кетемін. Шалқыған елес көріп шын, Шайтанның ессіз күйі де. Еститін құлақ беріпсің, Оған да шүкір, дүние. ҮРКЕРТОЛҒАҚ Оған да шүкір! Әй, бірақ, Естуден соны не таптым. Сандырақ бәрі, сандырақ, Сандырақ ойға тас аттым!
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН * Талықсып тұрдым аспанның арғы жағына телміріп, Күмілжіп қалды көктемнің көмекейіне жел кіріп. Мен сонда осы көктемнің мәңгілігінен түңілгем, Баянсыздыққа жанымды айнымас етіп сендіріп. Мен сені алғанш көргемін, көрікті едің, көркем ең, Күз күні еді онда сары мұң жапырақтарды өртеген. Мәңгілік сағынышым деп ойламадым ғой ол шақта, Ынтызарлықпен кеудемнен төгіліп еді ерке өлең. Көкірегіме байландың, мәңгілік сонда із қалып, Артынша қыс та келген-ді сұлу қайыңды сыз қарып. Көктем де келді жетінші... Көркі енді оның құрысын, Керемет сенің белгіңдей жапырақтарды қызғанып.
ҮРКЕРТОЛҒАҚ Тек қана бізді кебіндеп, қоса алатынын ұлы өлім, Сезеді ылғи іңірден сұмдық сүйреткен жүрегім. Көктем келгенде жабылып, адыра қалып сағыныш, Жаңбырдай тұнық жасыңмен көметініңді білемін.
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН ХАТ Халім ба? аман, тірімін, Ойлардан аздап шаршағам. Ғалам ба? Ғалам былыққан, Ылыққан иттей арсалаң. Жүрегім аздап ауырған, Ашыған айран ми деген. Сағыныш аулап сағымнан, Төзім де ақыр күйреген. Сен жаққан едің, сол отпен, Өртеніп ұзақ, басылғам. Жазғаным қазыр жыр емес, Албарынды айғай ашынған. Босқыннан бетер зарлы үні, Бостандық дейтін бір ән бар. өмірім толы дүрбелең, өзегіңді өртер ұрандар. Жалғызым, жарым, жырым да, Селдеген сезім еді бір. Жүдеген күнге жем болған, Жұлмалап жұтты оны іңір.
ҮРКЕРТОЛҒАҚ Телміріп тұрам тым ұзақ, Елеспен сызған мүсінге. Қап-қара қасқа тұлпарға, Ер салып жатам түсімде. Отаным Қазақстанды, Мекенім Алтай, жер үстін, Тұлпармен шарлап түсімде, Қайғысын, мұңын бөлістім. Түсімде сосын ән салып, Сері де, сетер күн кештім. Ақанмен, Асан қайғымен, Арқа төсінде тілдестім. Оянсам мезгіл таң алды, Беймаза көңіл баяғы. Еменнің санап саусағын, Бата алмай тұрған ай әлі. Көкжиек әне көзі іскен, Қызарған қабақ жаралы. Құлынын ертіп тарланбоз, Батысқа беттеп барады. Батысқа мен де асығам, Ол енді тым-тым күлкілі.
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН Еңсемді таудай тік ұстап, Есімді жиып бір күні, Құрбаны болып өлсем ғой, Қазақ деп туған дананың. Иманы болып енсем ғой, Азат боп туған баланың!
ҮРКЕРТОЛҒАҚ * Бұл қалған арман соңғы арман, Жорығы бітпей жол қалған. Жетім мұң жеген жүректе, Желегін жапқан сор қалған. Сезе алсаң мұны уайым, Серіксіз жүрмін, Гүлайым. Сергелдең жанға сен керек, Сертіме сенші, Құдайым. Еріксіз өртеп өлеңді, Толқынға беріп кемемді. Жанымды мұңға толтырып, Жоқ болып кетем мен енді.
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН СОҢҒЫ ХАТ Хатың келді. Қақ бөліндім, жыладым. Менікі емес мына бақыт, мына күн. Менікі емес мына жүрек, мына ми, Естілмейсің керең болған құлағым. Елес көкте. Елес кеткен құс болып, Елестеткен едім сені түс көріп. Сен жыладың, мен мұңайдым, ол күлді, Аспандағы ай аяқ асты түсті еріп.
Содан кейін мен де кеттім мәңгіріп, (Көк бөрілік туған жерде қалды ұлып). Шимай-шимай хат жазылған жүректі, Жібердің сен өз отыңмен жандырып. Хатың келді. Мен мұңайдым, ол күлді, Жасың тидың, жаның күй боп шертілді. Домбыра боп сөйлеп кеттің, сұмдығы-ай, Шек қылып менің сонау сертімді. Өткенімнің бәрін салып есіме, Тірі жүр деп тілегенсің несіне.
ҮРКЕРТОЛҒАҚ Көзім ағып кеткен шығар көп тұрып, Жанып жатқан жүрегіңе тесіле. Алжасып қап айта алмаған әнімді, Алаң болып қайта арнаған әнімді, Кім тыңдасын?!... Сен естісең болғаны, Ескі жырды еліткен сол жанымды. ...Кеудемдегі әп-әдемі елес ең, Сол кеудемді жарып ұштың неге сен?! Мені мәңгі кешірмей өт, жалғанда Кешіріліп жылап жүрсін демесең.
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН ҮРЕЙ Ай маңдайын айғыздаған өлімі, Елес көрдім ажал сүйген еріні. Жанарында қош-қош айтып өмірі, Құлағында жаңғырыққан көр үні. Қасіретін жасыра алмай түр-түсі, Адастырып, таба алмаған күлкісін. Енді мәңгі көре алмайды көктемді, Енді мәңгі қарсы алмайды жыл құсын. Өлім – ұлы тыныштық деп мойындап, Қуанышы, күрсінісі жойылған. Естелігі аяқталған сөйлемге Үшеу емес, жалғыз нүкте қойылған. Өлім елес арбады да мені де, Өмір – шалдың жасырындым жеңіне. Өлім күйі соңғы елесін әлдилеп, Мына бейбақ кетер болды-ау көріне.
МАЗМҰНЫ І бөлім. Дат Күнә.................................................4 Дат...................................................5 Байғұс үні.........................................7 Қанат................................................9 Дала...............................................13 Соңғы шал. Ертек.............................15 Күз әні............................................18 Тіл..................................................20 Аңсау..............................................21 Кейіс...............................................23 Жоқтау............................................25 Әуен...............................................26 Қаңғыру..........................................28 Азаттық...........................................29 Туған жер........................................31 Күз. Түн..........................................33 Екі өлең..........................................34 «Сен бақытты бола алмайсың, білем мен».......................................35 Аға.................................................36 Алтайдан.........................................38 Алдау..............................................39 Хатқа жазып кетемін........................40 «Ұлым боп келер ме екенсің»..............41 Ұлпанға...........................................42 Қош................................................43 Тас мүсін жыры................................45
«Жаныма қалай жақын боп қалдың»...47 «Мен саған ештеңе айтпайтын»...........48 Шолпанға........................................49 Сылтау............................................51 Абылай............................................53 ІІ бөлім. Ескі дәптер Ғашық болған күннен бері..................56 «Бақыттан кейде жылаймын»............58 Ертегі сынды махаббат едің................59 Ескілік............................................61 Қ-қа................................................63 Күз келді күрең................................65 Көшеден күліп кездестің....................66 Жамандық.......................................67 Жүрек.............................................68 Күз элегиясы...................................69 Ұмыту.............................................71 Қорқыныш.......................................73 Топырақ..........................................74 Сен мені..........................................76 Сағыныш.........................................78 Туылған күніңе................................79 Түс.................................................81 Писсимизм.......................................82 «Туған жерге ту тігілмей»..................83 Түн.................................................85 Үнсіздік...........................................86 Сен туралы......................................87 Ақын. Жар......................................89 Арылу.............................................90 Енжарлық.......................................91
«Махаббат, сен мылқаусың, меңіреусің»......................................92 Реніш..............................................93 Сандырақ.........................................94 «Талықсып тұрдым...»......................96 Хат.................................................98 «Бұл қалған арман соңғы арман».......101 Соңғы хат......................................102 Үрей.............................................104
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН ҮРКЕРТОЛҒАҚ Редакторы Алмагүл Ниязбекова Қате түзеуші Назерке Кәкен Көркемдеуші редакторы Айкерім Бақбергенқызы Техникалық сарапшы Ержан Жамалбаев ISBN 978-601-03-0288-4 ИБ № 66 Басуға 15.102014 ж. қол қойылды. Пішімі 80х100 1/32. Офсеттік басылым. Қаріп түрі “MM Academy”. Көлем 5,0 шартты баспа табақ. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № 66 «ҚАЗақпарат» баспа корпорациясының баспаханасы
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру