Мазмұнға өту
Home

Тағдыр мен тағылым

ISBN: 978-601-7853-31-0 Беттер саны: 288 Жанр: Роман

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Тағдыр мен тағылым

Авторы: ISBN: 978-601-7853-31-0 Беттер саны: 288 Жанр: Роман

Тағдыр мен тағылым «Тоғанай Т» Алматы ТАҒДЫР МЕН ТАҒЫЛЫМ Ғұмырнамалық роман Несіп Қасенқанқызы ҚАЛЫМБЕТОВА Несіп Қалымбетова

Қ 30 Тағдыр мен тағылым: ғұмырнамалық роман, өлеңдер / Несіп Қалымбетова. – Алматы: «Тоғанай Т» баспасы, 2018. – 288 бет. ISBN 978-601-7853-31-0 ISBN 978-601-7853-31-0 ©Қалымбетова 2018 © «Тоғанай Т», 2018 Өнердің ең үлкені – өмір сүре білу. Адамша ғұмыр кешу қиынның қиыны. Оның қатып қалған қағидасы, белгіленген ережесі, бекітілген заңы жоқ. Әр адам тәуелсіз тірлік кешеді. Ол аз бола ма, әлде көп бола ма кедір-бұдыр жолы, қиынқыстау асуы жетеді. Қызықтары да бір таусылмайды. Өмірдің баламасы жоқ. Олай болуы әсте мүмкін де емес. Сондықтан бір-ақ рет берілетін өмірде төрт құбыласы тең, жан-жағы сақадай-сай адам некен-саяқ. Бірақ бақыттымын деген адамның өзі бақытсыздықты сезініп, құлазуы әбден мүмкін. Өйткені бақыт деген ұғымның өзі салыстырмалы нәрсе. Әйткенмен өмір сүре білу әркімнің өзіне тікелей байланысты. Көңіліңіз қалаған еңбекпен шұғылдана жүріп, отбасының үйлесімін жасай білсеңіз, бақыттың шыңы – осы. Ол үшін кесе-көлденең кезіккен қиындықтың бәрін жеңе білуіңіз қажет. Қолыңыздағы қилы-қилы оқиғалары мол, танымдық, тағлымдық мәні зор ғұмырнамалық роман кім-кімнің де жүрегін тербеп, ой салары күмәнсіз. Кітап көпшілік оқырмандарға арналған. ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5 Қаз) ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5 Қаз) Қ 30 Қалымбетова Н.Қ.

Тағдыр мен тағылым Өміріңнің өлшемі де Бір Алланың қолында, Мәнді етуге тырысып бақ Қысқа ғұмыр жолында. Автор

І мір-өзен былайша қарағанда өз арнасымен ағып, тиісті жеріне жетіп жатқандай бірқалыпты көрінетін сияқты. Бірақ біздің қатарластарымыз жақсы білетін «Ұлы Отан соғысы» деп аталған жойқын соғыстың қисапсыз зардаптары мен қасіреттері қазақ елінің әрбір отбасын айналып өтпей, сан мыңдаған шаңырақтарды шайқалтқаны да шындық еді. Осы соғыс қай адамның өмірінде де өшпестей ауыр із қалдырды. Сол кездегі енді ғана дүниеге келген сәбилердің жетімдігінен басқа – біреудің жары, біреудің ағасы, інісі, әкесі, тағы да басқа жақынжуықтары оралмады. Содан кейін сырт көзге соғыс бітіп, мамыржай тыныштық орнаған соң бәрі бұрынғы кәдуілгі қалпына келіп, күн артынан – күн, ай артынан ай, өтіп жатқандай болды. Егер өмір шіркінді дәл солай деӨ

Несіп Қалымбетова сек, онда қатты қателесер едік. Өйткені бұл алдамшы сырт көрініс қана болатын. Шынтуайтына келгенде қайғының аты – қайғы, орны толмас қасіреттің аты – қасірет, бітпейтін шексіз шерменді шер, жазылмайтын жара... Ол қалды... Менің де жүрегімде жатталған, санамда сақталған қасіретім – әкемнің соғыстан оралмауы мен анам­ ның мезгілсіз қайтыс болуы. Әкем сұрапыл соғысқа аттанғанда әлі үшке де толмаған сәби екенмін, сондықтан ол кісі туралы ештеңе айта алмаймын. Ал анамның аялы да аяулы нұр жүзін көз алдыма келтіріп, егжей-тегжейлі, дәйекті сәттерін бүгінгідей айтып бере аламын. Бәрі, бәрі, бәрі есте... Кіндік шешемді бірде-бір рет көрмеппін, тіпті Анамның айтқанымен де елестете алмаймын, әрине, өкінішті-ақ. Анамның айтуынша, Төлеу атты көрші әйел менің кіндік шешем екен. Анам марқұм бесалты жасар кезімде: «Алла-ай, қандай қайсарсың, осыншама қайратты болармысың? Тартпай кеткірай! Қалай ғана Төлеуге тартқансың, айнымай ұқсап қалғансың!» – деп майыспас мінезіме қайран қалатын. Бірақ арғы жағында зіл жоқ еді. Бәлкім, содан ба, мен шешемнің сол айтқан сөзін әрдайым есіме алып, өзімнің Құдай берген табиғи мінезімді одан әрмен шыңдадым, өйткені оның таңырқап айтқан сөзі, жағымды сезілетін үні де өзім ұнатқан ұғым-ырғақпен айтылатын-ды. Сондықтан да мен туа біткеннен бе, әлде шынымен дәл солай кіндік шешеме ұқсағанмын ба, әйтеуір, қалай болғанда да, өз мінезіме өзім ырзамын. Егер ынжық, ез, ұяң болсам, мына бір тартысқа толы тіршілікте өмірден өз

Тағдыр мен тағылым орнымды таппас едім деп те ойлаймын. Мақсатсыз өмірдің келешегі келте, болашағы бұлыңғыр болатыны да белгілі ғой. Халқымыздың ғасырлар бойғы болжамы мен байқауынан екшеліп жеткен ырымы мен ұғымына қарасақ, туылған сәбиді жерден кім көтеріп алса, оның мінезі сол адамға ұқсап кететін көрінеді. Анамның айтуынан білуімше, Төлеу мені өте жақсы көріпті. Өзінің кіндік шешелік міндетін, бүкіл жөнжоралғысының барлығын түз-түгел жасап, салтдәстүр үрдісімен бұлжытпай орындаған екен. Өзі басқа елге көшіп кеткенінше мені шын ықыласымен аялап, мейірімі мен шуағын аямай төгіпті. ІІ Менің нағыз өмірім тек Анам қайтыс болған күннен басталған секілді. Әкемнен небәрі үш жасымда, ал шешемнен жеті жасымда мәңгіге айырылып, тас жетім боп қалған мен өзімнің бақытты балалық шағымды көз алдыма елестете алмаймын. Бірде-бір қызықты, тәтті сәттерін ауыз толтырып сағына, аңсап айтатындай оқиғалар есімде қалмапты. Ауылды айналып далаға шыққан кездерім де тек шешемнің тірі кезіне тура, дөп келеді. Әйтеуір, түйетабан дейтін өсімдіктің тәтті тамырын жерге төселе өскен жапырағымен көтере суырып алатынбыз да, топырағын қағып-қағып, сыртын сүртіп жіберіп жейтінбіз. Ол қазіргі сәбіз сияқты, бірақ аппақ, дәмі тәттілеу болатын. Әлі күнге дейін ғылыми атын білмеймін. Талай рет бүлдірген теруге кетіп, ақ жауынның астында малмандай су болып,

Несіп Қалымбетова кейде бауырсақтай-байырсақтай бұршақ боранына ұрынып, үйге әрең келетініміз де есімде. Шөптердің арасынан шұбарланған құстың жұмыртқасын табатынбыз. Апам: «Ойбай, орнына апарыңдар, жармаңдар, беттеріңе секпіл пайда болады. Ол тарғақтың жұмыртқасы, қарғайды», – деп шыж-быж болатын. Содан соң біз оны термейтін де, тимейтін де болғанбыз. Анам бар болмысымен төркіншіл туысқаншыл, бауырмал еді. Аяулы анамның ақ сүтімен бойыма дарыған ибалы, сезімтал, кешірімшіл қасиетін тәрбиесін мәңгілік ұстаным етіп келемін. Анамнан айырылған күннен бастап басыма түскен тағдыр тауқыметінің бәріне де жасымай шыдап, ақ пен қараны ертерек ажырата білдім. Шешемнің көзі тірі кезіндегі жиі көріп, қоян-қолтық араласқан туысқандардың қандай жақын екендігін дөп басып ажырата алмасам да, солардың қай-қайсысына да ішім елжіреп, жақын тартып, бауырмалдығымды көрсетуге құлшынып тұратын едім. Дегенмен де, шешемнің тосыннан, мезгілсіз қайтыс болуы менің де мінезіме әсер етіп, көзқарасыма бірден үлкен өзгерістер әкелді. Өйткені, анамның тірі кезінде естімеген қиянат сөздерді ести бастадым. Бұрыннан келіп жүрген туыстар мен таныстардың да өзгерген солғын көзқарастарын бірден аңғаратын жағдайға жеттім. Олардың тай-құлындай тебісіп бірге өсіп жатқан сол үйдің балаларына ықыласы мен маған деген пейілін көріп, сыншыл, ойшыл бола білуіме тура келді. Тіршіліктің үлкенді-кішілі, ала-құла, тіпті, онша мән бере қоймайтын майда-шүйде келеңсіз

Тағдыр мен тағылым жайттарына бойым тез үйренді, көзім қанықты. Сезімшіл болдым. Сондықтан көп нәрсені алдын ала болжап та ескеруіме тура келетін, соған өзімді-өзім дайындайтынмын. Мейірімді, қамқор, адалдығы аңқыған Анамның арқасында әкемнің жоқтығын мүлде сезбеппін, қаперіме де келмепті, байқамаппын. Ал, аяулы анамнан көз жазуым күн санап көкірегіме мұң мен шерді ұялата түсті. Ет жүрегім езіліп, анамды қатты сағынған кездерде, әлі мектепке бармаған шүйкедей қыз болсам да, есіктің алдынан анадайдан көрініп тұратын зираттың басына қорықпастан, жападан-жалғыз барып, бар даусыммен жылап, кеудеме жиналған ащы шерімді төгіп-төгіп қайтатынмын. Қайтейін, енді басқа қайда барғандаймын?.. Қаршадай болсам да өмірдің тар жол, тайғақ кешулерінен өз білгенімше өтуге талпынып, бәріне шыдау керектігін түсініп, өршелене өмір кешіп жаттым. Менің есіл-дертім сол тәрбиеленіп жатқан үйімнің тыныс-тіршілігі ғана. Мені күнделікті үй шаруасын қалай, қайтіп үлгерсем екен, қайткенде дұрыс баға аламын деген ойлар ғана мазалайтын... Иә, сонымен, әрмен қарай өмірімнің романына кіріссем... ІІІ ...Анам қайтыс болған жылы, яғни 1947 жылғы жазда соғыстан аман-есен оралған немере қайнысы Тұрғанбай ауылға келді. Шешемнің қуанышында шек жоқ. Оның мініп келген мәшинесімен маңайдағы ауылдарды аралап, әрі мақтанып, әрі марқайып

Несіп Қалымбетова қалғаны да өмірдің бір қуанышты, қайталанбас ғажап көрінісі болатын. Сол қорапты мәшиненің артында қалатын шудаланған будақ-будақ шаңына қарамастан, соңынан ауыл балалары жарыса қуа жөнелетін, қызықтайтын. Ол кезде ағамның сондай мәшинемен келуінің өзі де лауазым-мәртебесінің биіктігін көрсететін еді. Апамның өзі «Кенже» деп атайтын осы қайнысы ойламаған жерден: – Жаңғаға, мен Жаңылды орысша оқытқым келеді. Күзге дейін орысша үйрене берсін, тілін жаттықтырсын, ертең бірге қайтамыз, – деді. Сол уақытта өзі ауырып мазасы болмай жүрген шешем: – Жарайды, Кенже, сен оқытамын десең қарсылы­ ғым жоқ қой, жолы болсын. Осы қызым оқып адам болса, мен үшін үлкен бақыт сол емес пе?! – деді. Ертеңіне мен де қуанып, шешемді сағынамын деген ой миыма да келместен, жиналып, шыттан және шөжімнен тігілген екі көйлегімді орамалға түйіп алып, шешемнің құрт-майын, ірімшігін, брынзасын, қаймағын тағы басқа сәлем-сауқатын артыныптартынып, қорапты мәшинемен Қарағандыға жүріп кеттік. Кенже қайнысының әскерден енді келген кезі, әлі бойдақ. Туған ағасы мен жеңгесінің қолында тұрады, яғни өзі де соларға кіріптар екен. Бірақ, олар оның қас-қабағына қарап санасатындығы көзге бірден көрініп тұратын. Дегенмен бір құпия, жасырын сыр бар сияқты көрінетін еді, әлде үй соныкі ма деп те қалатынмын. Өйткені ол кісі төргі үлкен бөлмеде жалғыз өзі жататын. Ағасының қайыненесі бар еді,

Тағдыр мен тағылым аты Төлеу. Әйтеуір мен Қарағандыға келген күннен бастап бәріміз капустаны жабыла турап, ағаш бөшкеге көп етіп тұздағанымыз да есімде. Картопты даладағы жерге жайып кептіріп, іріктеп қоймаға (погребке) толтырғанымыз да көз алдымда, себебі осы жұмыстардың бәріне қатыстым. Төрехан ағатайымның ол кезде қандай қызмет атқаратынын білмеймін, ал әйелі Бәтима жеңгем жұмыс істемейтін. Төлеу құдағидың, олар жоқ кезде, ретін келтіріп мені ұратыны болатын. – Картоптың қабығын қалың етіп тазалайсың, жартысын кесіп тастадың ғой, – деп менің екі бармағымды тістелейтін. Жұқа етіп тазалауға саусағым илікпейтін, олай болатыны біздің үйде картоп жоқ қой, тазалап үйренбегенмін. Жалпы, ауылда ешкімде картоп егілмейтін, тіпті көп адамдар оны көрмеген де шығар деп ойлаймын. Үйдегілерге оның сабағанын айтуға қорқатынмын. Қазір ойласам ол да әдейі істегендей сезінемін, өйткені мен оның қызына масыл боламын ғой. Алты жастан енді ғана асқанмын, айтарлықтай көмегім болмауы да мүмкін. Оның үстіне мектепке барсам, атқаратын ісі де көбейеді дегендей... Бірақ оның ондай ойын кім білсін... Сол уақытта менің жерсінбеуіме осы оқиғаның да кері ықпалы болғаны шындық. Әйтеуір күнде жылайтын едім. Тұрып жатқан пәтеріміз төрт бөлмелі. Есігі бөлекбөлек екі бөлмеде басқа екі отбасы тұрады, ол коммуналдық пәтер болатын. Олар – оқыған, газетжурналда істейтін сауатты, білімді адамдар. Бала болсам да сол кездегі көршілердің де жағымсыз мінездерін байқап қалатынмын. Сөйтіп, ортақ асүй

Несіп Қалымбетова мен дәлізге шыққанда тәртіп сақтап жүру керек екенін үйрендім. Бірақ, бұл пәтерлер өте қолайсыз еді. Оларға қонақ келсе, біз тыныштық сақтауға тырысамыз. Дәлізге де, асүйге де ретсіз шыға алмай қаламыз. Кейде келген қонақтар ішімдік ішіп алып ыңғайсыз жағдайлар да туындап жататын. Тұрғанбай ағам маған қала тәрбиесін үйрете бастады. Ауылда тіс шөтке жоқ болатын, ол жоқ болғаннан кейін ақұнтақ та жоқ. Таңертең мені асүйге апарып, міндетті түрде тісімді тазалатып, беті-қолымды иісі бұрқыраған сабынмен әбден жууды талап ететін, өзі қасымда қарап тұратын. Барлық қырсықтың басы менің ана бауырынан алты қадам алыстап шықпағаныма келіп тіреледі. Күнде анамды, ауылымды сағынып жылауды қой­ мадым. Ауладағы балалар да менімен ойнамайды, өйткені көбі орыс, мені танымайды. Ал, Тұрғанбай ағатайым мені сол жерге қалайда үйретудің амалын іздеді, барынша тырысып бақты. Көңілімді аулап, Қарағандыда тұратын туыстарға да: Досжан, Батырхан, туған нағашым Диханның үйлеріне қондырып та, қыдыртып та көрді. Ақыры, амалсыздан, жылағанымнан мезі болып қайтаруға мәжбүр болды. Ауылға келсек, анамның денсаулығы күрт нашарлап кетіпті. Оны осы мәшинемен Қарағандыға әкетуге тура келді. Анам үй-жайды өзі «Тентек» дейтін, Кенже қайнысының туған ағасы – Қайырхан мен Мәрия келіні екеуіне жақсылап табыстап, тапсырып кетті. Әрине, алдағыны Алла ғана біледі ғой. Мен Айдархан ағаның үйінде қалып қоятынымды білмедім, сондықтан көңілімде ешбір күдік жоқ еді. Қарағандыға

Тағдыр мен тағылым апаратын үлкен жол сол үйден үш-төрт шақырым жердегі «Көктал» колхозының Қопа көлінің арғы жағынан өтетін. Арлы-берлі зулаған мәшинелердің барлығы көрініп тұратын. Біз мәшинемен Айдарханның үйіне соқтық, шешем барлық жағдайды айтып кеткісі келді. Тұрғанбай ағам да, шешем де менің сол үйде қала тұрғанымды жөн көрді. Бәтес жеңгем қатты ауырып жатыр екен. Алты айлық Рахат деген ұлы бар, оған қарайтын көмекші қажет еді. Мені олар алдап-сулап көндірді. «Уақытша ғана, он бес-жиырма күн тұра тұр» деп, бақырып жылағаныма қарамастан қалдырып кетті. Менің жылағанымды тоқтату үшін шешем: «Тек, жылама! Сен екі ай қалада болып келдің ғой», – деп зекіді де, қайтарда соғып алып кетемін деп уәде берді, ал інімді өзімен бірге алып кетті. Осылай тамыз айында кеткен шешем әскерден оралған туған бауыры Диханның үйінде ұзақ жатып емделді. Келесі жылдың күзінде, қараша айының басында ғана елге қайтты. Берген уәдесі бойынша, мені алып кету үшін Айдарханның үйіне қайта соқты. Бұл 1947 жыл болатын. Бұл жолы да келіні қатты ауырып жатқан еді. Бірден мені алып қайтып кетуді ерсі көріп, келіні Бәтестің тәуір болғанын күтті. Сөйтіп он сегіз күндей жатып қалды. Тәуір болғанына шүкіршілік етіп, біраз тіршілігіне жәрдем берді. – Қызым, бүрсігүні қайтамыз. Су әкелші, қымыз күбіні жуып, ыстап беріп кетейін, – деді анам маған. Бұл кезде биелерді ағытып жіберген-тін, тек Бәтес жеңгеміз үшін ғана бір қысыр биені сауатынбыз.

Несіп Қалымбетова – Апа, жарайды, – деп жүгіріп барып су әкеліп, күбіні жууға көмектестім. Ішін сүртіп, желдетіп қойдық. Содан үйге кіріп кеткен едім. Әлден соң қораға шығып, апамды іздесем, ол кілеттің ішінде тобылғыны тұтатып, түтіндетіп, күбіні соның үстіне төңкеруге шамасы келмей бозарып, өңі қашып селкілдеп тоңып отыр екен. Бірақ күбіні төңкере алмай отырғанын білдіргісі келмейді. Оны өзім байқап қалып, әрі мынадай күйге түскеніне таңдана қарап: – Апа, немене, ауырып отырсыз ба? – деп сұрадым. – Жоқ, мен жай еркелеп отырмын, – деп ұнатпаған қатқыл дауыспен жауап берді. Шешемнің үнінен «көріп тұрып неге сұрайды?» дегендей реніш сезілгенін мен де бірден түсініп, жүгіріп жеңгеме келдім, көргенімді айттым. Екеуміз келсек, безгек ауруы ұстаған адамдай селкілдеп, қатты дірілдеп, құлаудың аз ғана алдында отыр екен. Екеулеп ет жеңді шешемді екі жағынан қолтықтап алдық. Менің бойым жетпесе де, сүйеген болып үйге кіргізіп, кереует үстіне жатқыздық. Сасқалақтап, үстіне қабат-қабат көрпе жауып, жылынуына жағдай жасап жатырмыз. Апамның аяғын тезірек жылыту үшін үстімдегі киімдерімнің етегін көтеріп, ішіме табанын басып, уқалап, аяғын құшақтап, тезірек жылытқым келді. Солай етсем анам тәуір болып кететіндей үміттендім. Әрі үйге де тезірек қайтсақ екен деген ойға шомып, төсектің аяқ жағында табанын ішіме басқан күйде қыбыр қақпай отырып қалыппын. Өмірінде мұндай дірілдеп ауырғанын көрмеген едім. Апамның қатты тоңғаны, қалшылдағаны мені

Тағдыр мен тағылым де үрейлендірді. Қорқыныштан көзімнен домалаған моншақ-моншақ жасты апам көріп қалып, маған аянышты сезіммен қарап: – Жылама, кәне, қайдағыны шығарма, – деп, қолымды алып, саусақтарымды сипап, қысып-қысып менімен қоштасқандай кейіпте отырды. Сөзбен айтуына да болар еді, бірақ өте салмақты мінезі, байсалдылығы басым анам мені алдын ала, күні бұрын қайғыландырмайын, абыржытпайын дегендей... Өзім осы бір сәтті есіме түсіргенде ана алақанының соңғы жылуын алғандай сезініп кетемін. Көңілім әлі де босап, көз жасымды домалатып аламын... Анамның қатты тоңғаны (озноб) сәлден соң басылып, енді ыстығы шектен тыс қатты көтерілді. Ол кезде термометр де жоқ қой, денесі күйіп-жанып алқынған кезде жеңгем екеуміз қатты абыржыдық, қандай шара қолдануды білмедік. Ауылда ол кездерде дәрігер мүлде жоқ. Оның үстіне дәл сол күні қараша айының басы еді. Өте қатты жел соғып, арты алай-түлей дауылға айналып, аспанды тез арада қара бұлт басып, қар аралас жаңбыр жауғаны да есімде. Соның салдарынан Айдархан ағам да үйге жете алмай, қыстақта қонып қалған еді. Үйге от жағып, жылыттық. Ауырған адамдарды аудан орталығы Қарқаралыға ғана жеткізіп, емдейтін. Ауданға жету де оңай емес, ат арбамен апару керек. Бәтес жеңгем қатты састы. «Айдархан да үйде болмады-ау, бір амалын ойластырар еді», – деді қайта-қайта. Түстен кейін ауырған анамның құлағының түбі­

Несіп Қалымбетова нен басталған ісік таң атқанша тез ұлғайып бұғағын салбыратып, басын төмен қарай июге мүмкіндік бермейтін үлкен күмпиген ісікке айналды. Анамнан әбден маза кетті. Қайта-қайта «таң атты ма?» деп сұрай берді, ал ертеңіне «күн батты ма?» деп сұраудан бір жалықпады. Сол күні түстен кейін тілі күрмеле бастады. Оны өзі сезген кезде жанына келіні Бәтесті шақырып алып, мені қатты тапсырды. – Бәтес, ақиретте мына қызды сенен сұраймын, саған аманат, – деді де, ал бес жастағы бауырыма келгенде «Қуанышты Кенжеге табыстаңдар, соған тапсырамын», – деп айтып үлгерді. Содан кейін тілі қатты күрмеліп, үшінші аманатын зорға айтты. – Мынаған терме алаша тоқып қоярмын деп көп етіп жіп иіріп, бояп қойған едім. Бірден сол жіптердің көзін құрт. Тездетіп алаша тоқыттырарсың. Термені тоқитындар сирек қой, жай жолақ алаша етіп тоқыта сал. Сол жіптер менің жамбасыма батады ғой, өйткені домалақ-домалақ, үлкен, – деген сөздерді үзіп-үзіп әрең айтты да, сөйлеуін мүлде тоқтатты. Қалған уақытта тек ыммен ғана бірдеңелерді айтқан болды. Оны жеңгем де, мен де түсіне алмадық. Әсте айтатындары және болған сыңайлы, ерні қимылдай берді. Өңі қашып кеткен, тек домалаған көз жасы көп нәрседен сыр шерткендей. Тірі қалу үміті үзілгендей, әрі реңінен мені аяған күйзелісі де қатты аңғарылды. Бет әлпетінен насихат, тәрбиелік көп өсиет айтқысы келгені сезілгенмен, тілі жоқ, тек айтсам деген ұмтылыс қана... Әлден соң бірден көзін жұмып, жүріп кете барды. Жеңгем екеуміз үйді басымызға көтеріп дауыс қылып жылағанда балалар оянып, көршілерге

Тағдыр мен тағылым хабар берді. Айдархан ағам үйде жоқ, бір кісілер фермаға хабар жіберген екен, сол күні түстен кейін бір-ақ жетті. Ал енді анамның небәрі екі тәулікке жетержетпесте қайтыс болуының себебін өз басым оның өмір бойы маңайына ізгілік дәнін сепкенімен байланыстырамын. Мейірімділік пен қайырымдылық жасауының, ел-жұртты ауызбірлікке шақыруының арқасында осылай болды деп тынбай дәріптеймін, айтып келемін. Шешем қашанда тек өзін ғана ойлаудан аулақ адам еді. Сондықтан да осындай Алланың ақ ажалы бұйырды. Өзі де қиналмай, маңайына да ешбір қиындық тудырмастан бақилық болғанын есіме алып, ырза боламын, шүкіршілік етемін. Сол жылы, яғни 1947 жылы, мен мектепке кешігіп бара алмай қалған едім. Келесі жылы бір-ақ бардым. Сөйтіп, осындай тағдыр бұйырып, мен табаны күректей он бір жыл сол үйдің отымен кіріп, күлімен шықтым. Бірақ, обалы кәне, тұрмыс-тіршілігі дұрыс отбасында өстім, жоқшылық көрмедім. Бұл да бір маған берген Алланың сыйы, оң қабағымен қарасқаны болды. ІV Анам көз жұмған кезде небары қырық тоғыз жаста еді. Жалғыз інім Қуанышты шешемнің аманаты бойынша Қарағандыда тұратын қайнысы Кенжеге табыстады. Шешем, ең жақсы көретін Кенже қайнысына шын сенетін. Ол кісі арақ ішпейтін, темекі тартпайтын. Әрі сол кездегі туыстардың ішіндегі ең сауаттысы, білімдісі еді. Жастайынан жетім қалып, аға мен

Несіп Қалымбетова жеңгенің тәрбиесінде болып шыныққан, шымыр, пысық, өткір жігіт болатын. Ол кісіге тағдырын­дағы көрген жетімдік тақсыреті аздық еткендей, Отан соғысына да қатысып үлгерген. Күрделі де қауіпті жа­рақаттардан аман қалып, қанды қырғынның талайын өз көзімен көріп, басынан кешкендіктен шығар, бейбіт өмірдегі ешбір қиындықтардан қорықпайтын өршіл адам болып шықты. Бет әлпеті де сұлу. Көзі тостағандай үлкен, қыр мұрынды, дене пішіні де, орта бойы да, бәрі-бәрі өзіне сай жарасып тұратын. Ал, мінезі сырт көзге ғана сабырлы, ұстамды көрінетін. Өте тәжірибелі, салиқалы, ұстаз болуға әбден машықтанған, ақылы мол, ешкімнен қалыспайтын психолог, өмірдегі ұстанымы мығым, ісіне тиянақты, адал еңбекпен ғана көздеген мақсатмүддеге жетуді ойлаған, өз жұмысының нағыз білгір маманы болатын. Ағайын арасында да өте беделді еді. Өмір жолында жоқшылықтың дәмін молынан татқандықтан, әрбір тиын-тебеннің қадірін қатты түсінген, оны көзін тауып жұмсай да білетін-ді. Ол кісіге бірге тұрып жатқан туған жеңгесінің қойған лақап аты «Қарынбай» болатын және бүкіл елге солай тарап кеткен. Көпшілік бұл өзі қалай тауып қойылған ат деп қайран қалатын. Дүниеден озғанша партия мүшесі, сол кездегі саясаттың насихатшысы болды. Өмірінің соңына дейін бір жерде ғана, яғни пединститутта «Партия тарихынан» сабақ берді. Ғылым кандидаты деген атақты 1955 жылдарда-ақ қорғап алған. Империяның қылышынан қан тамып тұрған кездеріндегі цензураға да төтеп бере алатын. Ұжымның да, институттың да

Тағдыр мен тағылым беделді мүшесі, ұзақ жылдар ректордың орынбасары қызметін абыроймен атқарды. Өзінің мансабын да, мінезін де ұтымды пайдалана білетін сегіз қырлы, бір сырлы ұстаз бола білді. Соның нәтижесінде беделі, абыройы, мәртебесі үнемі биіктеумен болды. Шәкірттері біліміне бас иіп, алға тартып, ақыл-кеңес алып тұратын. Әсірелеп айтсақ, өзінің көңіл-күйін иненің жасуынан өткендей нәзіктікпен жеткізе алатын әрі әрбір қадамын байқап басатын, сыр алдырмайтын айла-қулығымен де көзге түскен шебер ұстаз, қадірлі туысым еді. Өзінің әрбір іс-әрекетін ақыл мен парасатқа ба­ ғындырған, өмір ережесіне айналдырған және соны бұзылмайтын өмірлік қағида еткен. Өзі ешкімнен де ақыл-кеңес сұрамайтын. Небір күрделі жағдайларда шешімді өзі қабылдап, оңтайымен шыға білетін, тіпті, сүйікті жарының да кеңесіне мұқтаж емес-ті. Мәселен, кез-келген операцияны ауруханаға барып жасата салатын. Үй-іші тек дәрігерлер хабарлағанда ғана білетін. Ол ешкімді қорқытпай, үркітпей, абыржытпай, салмақ салмай, өз ісін өзі шешуге дағдыланған. «Ажал жетсе, ешкім де жаныма арашашы бола алмайды» деп, дәл солай болуы да мүмкін дегенді айтқан адам. Отбасы мүшелері оның бұрыс, артық іс-әрекеттерге ешуақытта бармайтынына әбден көздері жеткендіктен, кешіксе де еш алаңдамайды, өйткені сенеді. Бүкіл тұрмыс-тірліктің бәрі өз мойнында еді. Бірақ көбіне дәл өзінің ойындағыдай орындалмайтынына көзі жеткендіктен, оған бола жүйкесін жұқартқысы келмейтін. Осындай батыл шешімдерге еліктейтін,

Несіп Қалымбетова ұқсағысы келетін шәкірттері мен туысқандар таңтамаша болатын, өйткені оның ой-түйсігі ерекше еді. Әйтсе де, ол кісіні «идеал» тұтып, қанша тамсанғанымен, ішкі әлемінің, тірлік-танымының мазмұнын, сырын аша алмай, арманда қалғандар да жоқ емес. Міне, осындай білгір қайнысына шешем жалғыз ұлы Қуанышты сеніп тапсырып, аманаттап кеткенін өз құлағыммен естідім. Сол, Қуаныш інімді біресе балалар үйіне, біресе өзімен бірге тұрғызып, біресе интернатқа орналастырып жүрді. Бірақ ешкім оған бір ауыз сөз айтып, ақыл беріп араласа алмайтын. Әрине, оны жек көрді, жаман тәрбиеледі деп ешкім де күмән-күдік келтіре алмайды. Ол Қуанышты жан-тәнімен дұрыс тәрбиеледі, бірақ бауырым да тағдырдың сыйлаған сынақ-сынын, тауқыметін бір кісідей көріп өскені айдан анық... Қуанышты жазғы демалыста ауылға жіберетін. Мен оның тағдырынан бейхабармын. Бауырымды тіс жарып ештеңе айтпауға үйреткен екен. Сұрағыма тек «бәрі жақсы» деген жауап аламын. Оның қайда, қалай өсіп жатқанын көрмесем де, үлкен қалада орысша оқып, білімді менен гөрі дұрыс, жақсырақ алып жатыр ғой деп үміттеніп, көңіліме демеу ететінмін. Оның мінезінен Кенженің ықпалы ап-анық байқалатын. Өте өжет, қайсар, көп сөйлемейтін. Бүкіл жандүниесінің қуанышы мен реніші көзі мен бетінен бадырайып көрініп тұрады. Қуаныш ауылға келе жатыр дегеннен-ақ менің көзіме жас үйіріліп, сағыныштан жүрегім жарылып кететіндей, жағдайымды жасыра алмайтындай күй кешетінмін. Бірден құшағымды

Тағдыр мен тағылым айқара жайып қарсы ала алмайтынымды білген соң, анадай жерде көзге түспей тығылып, булығып жылап тұратын едім. Ол да әпкесінің осы әдетіне әбден үйренгендіктен, өзі іздеп тауып алатын-ды. Бірі­ мізді-біріміз құшақтап, жылап, әбден шер тарқатып, қайтадан өзімізді-өзіміз жұбататынбыз. Бәтес жеңгеміз сол екі ай демалыста қыстық отынды жарғызып, ананы істе, мынаны істе деп тапсырма беруден бір жалықпайтын. Сол тапсырмаларды естіген соң мен оған: – Қуаныш, ананы істей салшы, – деп жалынамын. Ұл бала болғандықтан ба, орындауды тіпті ойына да алмайтын, уайымдамайтын. Кейде кешке дейін үй бетін көрместен ойнап кететін. – Неге істемедің, жүгермек?! – деген Бәтестің сұ­ рағына ол қиналмастан, ұялмастан, қысылмай: – Мен мұнда жұмыс істеуге келгенім жоқ, демалуға келдім, – деп, жауап қайыратын. Ал, менің бетімнен отым шығып, жер тесік болса кіріп кететіндей халде ұялып тұрамын. Қайтейін, бірақ амалым жоқ. Ашу-ыза қысқан жеңгеміз сол сөзі үшін оған тамақ бермейді, ерегіседі. Бірақ, бауырым менің ашықтырмайтынымды біледі, өйткені қымызды да, айранды да, жалпы, бүкіл тамақты дайындайтын мен екенімді біледі ғой, кейде тіпті оны мысқылдап, кекетіп, қайтадан еркелікке салынып ойнап кетуін қоймайтын. Өмірдің кейбір сәттерінің көріністері мәнді-сәнді, құнды болмаса да, ұмытылмай есіңде сақталып қалады екен. Мәселен, бауырсақ пісіріп жатқан кезімде еркелеп келіп мәйкесінің етегін көтеріп,

Несіп Қалымбетова тосып, бауырсақты толтырып әкететін немесе басындағы қалпағын толтырып алып, басына қайта киіп жүгіре жөнелетін кездері болушы еді. Негізі, ол тек сұйық тамақтан ғана қағылатын, өйткені оны жеңгемнің өзі құйып, үлестіретін. Тағы да жиі қайталанатын эпизод-көрініс түрі: ойнап-ойнап келіп, дастарқан басына, ешкімнің қас-қабағына әдейі көз салмастан, қарамастан, бос орынға келіп екпінімен гүрс етіп отыра кететін. Дастарқандағы тамақтарды жапыра жеуге кірісетін. Әрине, бұл көрініс көбіне Айдархан ағайдың үйде жоқ кезінде болатын. Бәтес жеңгеміз алакөзденіп: – Жалмауыз, жүгермек! Қыдырып-қыдырып келіп, менің бар жұмысымды тындырып келгендей тамақты жапырып, қырып жеп-ішуін қарашы мұның! – деп тиіседі. Ол сөзді құлағына да қыстырмайды, үндемей іше береді. Кейде ортадағы тұрған ыдыстағы сары майға қолын созып ала бергенде жеңгем қолының үстінен ағаш қасықпен тарс еткізіп періп жібереді де: – Немене, тамағыңнан нан майсыз өтпей ме? – деп зекіретін. Ол қолын тартып алғанмен, үндеместен қолын қайта созып, майды нанға тіл қатпастан әдейі қалыңдатып жағып жейді. Жеңгеміздің ала көзімен атып отырғанын білгендіктен, ол жаққа басын да көтеріп қарамайтын. Жеңгем ешуақытта менің көңіліме келеді-ау демейтін. Дастарқан басында ініме неше түрлі сөздерді айтып ұрса бергендіктен, шай құйып отырған менің де көзімнен жас моншақтап ағып, үнсіз отырып қаламын. Басымды көтерсем, үстел басындағылар да

Тағдыр мен тағылым саған сол керек дегендей, үнсіздікпен рақаттанып отырғандай көрінетін. Осы жайтты көріп, бақылап отырған жеңгем: – Сен қыз неге мөлиіп қалдың? – деп, қолындағы қасығымен басымнан періп кеп жіберетін. Осындай ыңғайсыз тіршілік көріністерін көп көр­ гендіктен және ол үнемі қайталана беретіндігінен інім­нің демалысқа келген күнінен бастап Қараған­ дыға қайтып кеткенінше Бәтес жеңгем етімнен ет кесіп алса да ерегіспей жүремін, тамақ пісірумен боламын. Ондағы ойым жалғыз бауырымды аш қалдырмау амалы екенін есіме алсам, әлі де көзіме мөлтілдеп ыстық жас келеді... Неше түрлі ірілі-уақты эпизодтар болып, өтіп, өмір шіркін жалғасып жатады ғой. Бірақ, айтпауға болмайтын тағы бір күрделі жағдай – туысқандардың екіжүзділігі. Майда пасықтығын елемейін десең де, ол өз-өзінен көзге ұрып тұратынын қайтерсің. Балалық шақтағы ең басты қорлық – кемсітушілік қой, мысыңды басып, жетімдігіңді айғақтай түседі. Олар әр жылдағы демалыста, жаздыгүні балашағаларымен келіп қымыз ішіп, демалуды әдетке айналдырған. Өздерінше ақыл-ойлары мол, көкіректері көкте, ауыл адамдарының төбесінен қарағандай. Қазақша айтсақ, сол үйдің итіне дейін базарлық-сыйлық әкеледі, ал маған: – Жаңыл-ау, саған сыйлық әкелмедік, бәрібір өзінің қыздарына беріп қояды. Сенің көретін қызығың әлі алда. Құдай бұйыртса, мектебіңді бітірген соң, сені арнайы келіп алып кетіп, жоғарғы оқу орнына түсіреміз, оқытып-тоқытамыз, киіндіреміз, – деп ал-

Несіп Қалымбетова даусыратып қоятын. Олар қайтқанша жатып жастық болып, аяғымның ұшымен жүріп, кеш жатып, ерте тұрып, бауырсақ, нан, тағы басқа түрлі тамақтарды дұрыс әрі дәмді етіп дайындауға тырысып, әбден шаршаймын. Анда-санда олар жеңгемді де жамандап үлгеретін. – Сенің істеген ісіңді, еңбегіңді көрмейтін көрсоқыр ғой, – деп, мені мүсіркейтін. Осылай шағыстырып, қайрап қоятын. Өкінішке қарай, барлық өтіріктерін кейін түсіндім, көрдім. Ал оған дейін олардың жылы сөздері мен жаймалаған өтіріктерін уақытында сезбей, кәдімгідей малданып, арқа сүйеп, бауыр басып, күн сайын туысқандық сезімім артып, күшейетінмін. Ең өкініштісі, олар қайтарда көңілім бұзылып, солармен бірге еріп, кетіп қалғым келіп, қобалжып тұрғанымды, жылағанымды көріп қойып жеңгем: – О, қу ғана қар, сорлы! Оларды басыңа күн түскенде ғана түсінерсің! Сен оларға көк тиындай керек емессің, – деп кекетіп, оларды да мүмкіндігінше қарғап-сілеп, біраз жерге дейін сөзімен сыбап, қылықтарын әйгілеп айтып, апарып тастап, жүйкесін жұқартып тоздыратын. «Сен қыз мені масқара етіп жүрсің. Негізсіз күдік тудырасың, сенімсіздік сездіресің», – деп сабап та алатын. Аяғы үлкен жанжалға айналып, менен аямай өшін алатын. Осындай шиеленіс кезінде мен тамақ ішпеймін, шаруасын да істемеймін, қырсығып қатты қарсылық көрсетемін. Бір қызығы, қанша қорланып, ызалансам да ол үйден бір қадам ұзап шығып, бір минут та көрші-қолаңға кіріп, шағынып, масқаралап көрген

Тағдыр мен тағылым емеспін. Намысымның күштілігі сондай, ешкімге білдірмеуге тырысамын. Үйдің ішінде де әрлі-берлі жүрмеймін, қаққан қазықтай болып бір жерде ғана отырамын. Төсекке де жатпаймын, отырған жерімде киімшең қисайып ұйықтай кетемін. Шынын айтқанда бала болсам да Айдархан ағайдың абыройын ойлап, атына, лауазымына кір келтіргім келмейтін. Бәтес жеңгем, «бұл қыз тамақты ұрлап ішіп жүрген шығар» деп күдіктеніп, бүкіл тамақты жинап-теріп кілетке қойып құлыптап, кілтті жан қалтасына салып жүреді. Сондайда аштық екі күннен төрт күнге дейін ұласып кететін кездер де болады. Әншейінде көп шаруадан аулақтау жүретін жеңгем пысылдап сиырларды да, биелерді де сауып, басқа да тірліктерді өзі жайғастырып әбден титықтап шаршайды. Жайбасарлау болғандықтан, көп шаруаны үлгермейтін. Әсіресе, жылы мезгілдердегі таңертеңгі сағат алтыдан жетіге дейінгі сиыр сауу қиынға соғатын. Өйткені, ауыл малының өріске бет алғанын көрген сиырлар өрістен қалып қоямын деген табиғи түйсікпен (рефлекс) шелекті бір теуіп сауғызбайды, қашады. Үлгеріп жүр ме, үлгермей жүр ме, әйтеуір жамбасын басып отыруға мұршасы келмей, өзінің әдетімен мұрнын қайта-қайта тартып қойып, сылп-сылп етіп, бәрін тындырып жүргенсіп, бір көзімен мені аңдитын. Оның осы жайбасарлығын көріп-ақ шаршап кететін едім. Менің мойымайтын қайсар, қажырлы мінезімді көріп қатты ызаланып, жүйкесі шегіне жетіп

Несіп Қалымбетова жұқарған, тозған кезде менің отырған жеріме келіп қарғап-сілеп, теуіп-теуіп кетіп, өзінше рақаттанатын. Бірақ оның да шегі бар, менің өлсем де қайтпайтын қиқарлығыма төзімі таусылғанда маған тамақ әкеліп: – Іш, албасты, қу ғана қар, аштан өлейін деп пе едің? – деп зекитін. Сол кезде оның түрі сұрланып, көздері аларып, мүлде өзгеріп кететін. Осындай келбетін көргенде мен одан сайын қайсарланып, амалсыз қылығын, дәрменсіздігін сезгендіктен, қарсылығым күшейіп, намысым артып, аштық ішімді жалап бара жатса да әкелген тамақты түртіп те көрмеймін. Осы қайсарлығыма қатты қатуланып, ашына ызаланып, тілі одан сайын ұзарады. Қарғыстың неше түрлісі жаңбырдай жауады. Бірінен-бірі өткен ауыр да ащы сөздері етімнен өтіп, сүйегіме жетіп соғылып жаңғырығып, рухымды көтеріп, намысымды шың­ дап, қарсылығым ғарыштайтын. Әбден менің алдымда абыройы қалмаған, қорқыта да алмаған, әлсізденген кезінде: – Төрт аяғың төбеңде ойнағыр Айдархан! Осындай аю қызбен арпалыстырып қоятындай не жаздым құдайға? – деп, күйеуін де қарғап, күйінетін еді-ау... Әлден соң, ағасына айтып қоя ма деген күдік те болатын шығар, сірә... су сепкендей сабасына түсіп, өзінен-өзі менің алдыма келіп: – Құлыным-ай, баланың істегені білінбейді екен, көрінбейді ғой. Тамағыңды ішші, құлыным, – деп өтініп, бауырына басып құшақтап, бетімнен сүйеді. Мен оның әлде шын мейіріммен, әлде жалған айналғанын ажырата алмай дал боламын. Деген-

Тағдыр мен тағылым мен, бойымда балалығым бар, күнде бола бермейтін құбылыс болғандықтан жібіп сала беретін едім. Әмбе, өзімнің намысымды таптатпай, талап-тілегімді іске асырғанымды түйсініп, сезініп, екі-үш күн қарным ашқандықтан ба, тағы кешіремін. Сөйтіп, беймәлім күндерім әрмен қарай қайта жалғасады. Сол кездердегі жеңгемнің тәрбиесінің қаталдығы, күштілігі, дұрыстығынан мен ешбір тұрмыс-тірлік­ тің қиындығынан, тауқыметінен қорықпайтын­мын. Қайсарлық пен жігердің арқасында кейбір істерді үлкендердей атқара аламын. Өзіме өте сенімді, тиянақты болып өскенім рас. V Өмір атты тіршілік әлемінде әдемі ғұмыр кешу әр пенденің асқақ асыл арманы болғанмен, оны іске асыру көп адамдардың қолынан келе бермейтініні мәлім, ол өзі оңай шаруа емес. Қалай болғанда да, қателіктердің кетіп жататындығы да өмір заңдылығы шығар, ол жағы да көпшілікке аян ғой. Әр заманда күрделі жағдайлар тұрмыс-тірлікте қиындық тудырып тұратыны сияқты, ой-сананың да жаңаруы, өзгерістері болғанмен, еш ұмытылмайтыны –сүйектен өткен қарғыс сөздер екен. Өзімше шүкіршілік жасап кешіргендей болғаныммен, оның бәрі бекер сияқты сезіледі... Ағашқа қағылған жуан шегені суырғанда терең тесік қалады ғой, жүрегіңді жаралаған қарғыстың үңірейген орындары дәл солай бітпейді екен. Қарғыс сөздер жағымсыз жаман қасиетімен, әсіресе айтылған, қолданылған кездеріндегі көтеріңкі

Несіп Қалымбетова жағымсыз үнімен, екпінімен жаңғырығып, жадыңда шірімей жатып қалатын көрінеді. Оған уақыт та емші емес. Дін жолындағы наным-сенімге де сыймайтын ауырлығы, зілмауыр салмағы қорғасындай. Осындай көріністің тағы да бірін айтуға тура келеді. Бала болған соң еліктеушілік, тең құрбыларыңнан, достарыңнан қалыс қалмаушылық, өзіңді олардан төмен сезінгің келмейтін кездер, намыс ойнайтын сәттер туындап тұрады. Әрі колхоз басқармасының қызымын деген көкірегім тағы бар. Сөйтіп, кейде жеңгемнің көңіл күйін ысырып тастап, не де болса үйге барған соң көріп алармын дейтін нар тәукелге итермелейтін батылдығым да болатын. Сондай шым-шытырық тәуекелдің бірі көктемдегі болатын кезекті бір сайлау науқанына дәл келді. Ол кездегі, әсіресе, И.В. Сталиннің елімізді басқарған уақытындағы сайлау ерекше науқанмен, күшті дайындықпен той-думан сияқты өтіп, ауылды жерлерде үлкен мерекеге айналатын. Бірінші рет кәмелетке жетіп дауыс беретіндер мен жасы келген қариялар таңертеңгі сағат алтыда баруға тырысатын. Оларға арнайы сыйлықтар берілетін. Ал, мектебіміз оқушыларға ән айтқызып, би билетіп, сайлаушыларға қуаныш сыйлайтын. Мен де концертке қатынасып өнер көрсеткім келді, хорда ән айтуға және биге жазылдым. Күндізден бастап концертке қатысудың амалын ойлап, сол күнгі үй тіршілігінің бәрін мұқият орындап, үйге түскен сайлау өкілдерінің төсектерін, отбасы мүшелерінің де төсектерін өзімше жайлы, жұмсақ етіп әдемілеп салып, ыдыстарды да мұнтаздай етіп

Тағдыр мен тағылым тазалап жуып үлгердім. Әйткенмен, «бала, баланың ісі шала!» демекші, асығып-үсігіп жүріп керосинмен жанатын шамның білтесін басыңқырап, ала көлеңке етуді ұмытып кетіппін. Үйдегілердің бәрі концертте. Мен шыға салып, қараңғы түнде біресе еріп, біресе қатып жатқан соқпақ жолдың қытырлаған қарына сүріне-қабына үйге жеттім. Ентіккен күйімде бұрынырақ келіп үйде отырмақшы болып, әрі рұқсат сұрамағаным үшін сөз естимін ғой деп жорамалдап, уайымдап үйге кірген бетте: – О, албасты! Концерт сенің не теңің? – деп жеңешемнің долдана бас салғанын, не үшін ұрғанын кейін білдім. Есік, терезелердің саңылауларынан кірген таза ауа үйдегі оттегінің мөлшерін көбейтіп, шамның жануын күшейтіпті де, кигізілген шыны пиаласы шытынап сынып, қап-қара күйе болыпты. Әлбетте, сол кездегі тұрмысқа қажетті заттардың тапшылығы жеңгемнің мінез-құлқына әсер еткен шығар, бірақ ол адамның жанынан артық, қымбат емес қой. Әбден ашуды ат қып мінген жеңгем баскөзге қарамай, шымшуырмен сабап тастады. Оның денеме тиген жерлері таң атқанша әп-сәтте қанталап ісіп, көгеріп кетті. Жеңгемнің күйеуі Айдархан – әкемнің туған інісі, «Көктал» колхозының басқармасы. Ол әкемдей болғанмен де, менің тыныс-тіршілігіме көңіл аударып, араласпайды. Не киіп, не ішіп-жеп жатқанымда ешбір жұмысы жоқ. Әйтеуір сол үйде тірі көрініп жүргеніме көңілі тоқ. Соншалықты жұмысбасты кісі, сол себепті колхоздың барлық тірлігіне жауапты деген оймен кешіріммен қарап, өкпелемейтінмін.

Несіп Қалымбетова Бірақ, айта кетейін, осы оқиғаға дейін де Айдархан ағатайым бірнеше рет Бәтес жеңгемнің мені шырылдатып сабап жатқанының үстінен шыққан еді. Сонда араша түспей, аттап кеткеніне куә едім. Ең болмаса жеңгемді үстімнен итеріп жібермегеніне таңғалғанмын, сол үшін ренжіген едім. Мен оның туысқаны едім ғой деп қатты қапаланғанмын. Осы жолғы аямай соққанын ағайға айтқым келгені рас. Алайда оның болысып, ең болмаса, көзі жоғалған ағасы мен жеңгесінің аруағы үшін бір ауыз тыйым сөз айтпайтынына көзім жетіп, көңілім қалғандықтан, бос сөзді боздатқым келмеді. Өкпем қара қазандай қайнап, өзегім өшкенше өксіп-өксіп жылап, таң қылау бергенде ғана ұйықтап кетіппін. Таңертең күндегідей дастарқан жайып, шай жасамадым. Түнімен жылағандықтан, көзім көнектей, бет-аузым табақтай болып қатты ісініп кеткендіктен, ешкімнің көзіне түскім келмеді, қаламадым, арландым. Барлық тірлікті жеңешемнің өзі атқарды. Небәрі төртінші сыныпта оқысам да артымды ойладым, өйткені ағай колхоз шаруашылығымен фермаларды аралап, көбіне үйде болмайды. Кейбірде боран қатты соғып, атпен жүргендіктен, қонып қалатын жағдайлар жиі болады. Мәшине деген мүлде жоқтын, бір жағы айтпағаным да дұрыс болғандай. Сайлау көктемгі каникул кезінде өтетін, яғни ерте көктемде, өйткені колхоздардың негізгі жұмыстары егін салу, тағы басқа шаруалары бастала қоймаған кезге сәйкестендіріліп өткізілетін. Жерде әлі қар жатқандықтан, мал әлі қорада қолда тұратын. Жайылымға шықпаған, әрі жаңа төлдеп жататын

Тағдыр мен тағылым кез, қысқасы, колхоз жұмысының аз уақытында өткізілетін. Сайлауға жауапты өкілдер де атпен келетін. Қыста келетін қонақтардың аттарын және біздің үйдің қорасында қыстайтын малдардың астын тазалайтын, суаратын, жем-шөбін беретін, күтетін – колхоз жұмысынан қыста қолы бос Эльза атты неміс қызын ұстайтын. Ол кешкі малды жайғастырған соң, жұмысын бітіріп үйіне барып қонатын, өйткені өте кәрі шешесі бар еді. Жылда колхоздың егіні жиналып, тағы да басқа жұмыстары біткен соң ғана біздің үйге қолғабыс тигізетін. Ертемен Эльза әдеттегідей қонақтардың аттарын күтіп реттеуге келді. Менің бет-аузымның ісіп тұрғанын көріп, не болғанын анықтап сұрады да, менің денемді көріп шошып кетті. Ол дір етіп, ауыр күрсініп, көзіне жас алды. Маған аяушылықпен қарап: – Немене, сенде басқа туысқандар жоқ па? Әдетте қазақтарда туысқандар көп болатын еді ғой. Бар болса, солардың біреуіне неге кетіп қалмайсың? – деді. Бұл сөзі маған бірден қатты ұнады. Ойтүрткіге селт еттім. Ой жүгіртіп, туысқандарды түгендедім, сараптап сұрыптадым. Бірақ, ерте жетім қалғандықтан, кімнің қандай жақындығын анық ажырата алмайтын едім. Шешеме келіп-кетіп жүргендердің бәрін туысқан санаймын. Шын туысым деп санайтыным, арқа сүйейтінім де – туған ағайым Сырым, өзіміз Сыркен дейміз. Ол аудан орталығы Қарқаралының орыс мектебінде оқиды. Жылда ол каникулға келе жатқанда Айдархан ағайдың балаларымен қақтығыса бастаймын. Олар да оны біздің туған ағамыз деп

Несіп Қалымбетова иемденіп, меншіктеп, менімен таласады. «Біздің анамыздан туған» деген шикі сөздерді шығарып қалатын. «Сенің шешеңнің бауырында өскен, бірақ тумаған» деген сөздердің де анық-қанығын білмей, қызыл кеңірдек болып, айтыса кететінмін. Кейде өзім ойланып: «Осылардікі де дұрыс шығар, өйткені Анам мені осы Бәтес жеңгеме, інім Қуанышты Тұрғанбайға тапсырды, ал Сырым ағайымды аузына да алмады ғой» деп күмәнданатын болдым. Дәл осы сәтте есіме Сырым ағайым түсті. Ол әлі үйге каникулға келіп үлгермеген болатын, Айдарханның қолы сайлаудан босамады. Оған басқа адам жіберіліпті. Өзі небәрі сегізінші сыныпта оқитын ағамның қасында, сол үйде тұрып оқығым келді. Эльзаға айтып едім, ол: – Дұрыс-ақ, бүгін пошта таситын Бекжан ерте кетіп қалған шығар, ал ертең соның арбасымен жетіп аларсың, – деп ақыл берді. Эльза жиырма бестерге келген қыз болса да, Сырымның өзі мектеп оқушысы, біреуге кіріптар екеніне мән бермеген, өйткені оның да жан дүниесі менің тығырыққа тірелген мұңды шеріме ортақтасып, қиналып бірге жылаған. Сөйтіп ол кететініме қуанған еді. Эльза да, мен де Сырымның болғанына, ойға түскеніне қуаныппыз, дұрыс деп шешіппіз. Эльза екеуміз сөз байластық. Таңға жету арман мақсатым болды. Шын бақытқа кенелетіндей, қиял кеудемді кернеп, арман биігіне жетелеп, бар жақсылыққуаныш тек кетуіме тіреліп тұрғандай сезіндім. Түннің біраз уақытына дейін көз ілместен жатып, таң алдында ұйқыға батыппын. Қырсыққанда Эльза да кешігіп келіп, екеуміз де жоспардың сәтсіздікке

Тағдыр мен тағылым ұшырағанына қатты налығаннан, бір-бірімізге не айтарымызды білмей үнсіз қалдық. Күн де сол күні түнеріп, не қар, не жаңбыр жауатыны белгісіз күйде, тұман аралас ызғарлы суығы басым болып тұрды. Өзімнің шешімімді өзгертпестен, екі-үш шыт көйлегімді қабаттап киіп, күпәйкемнің түймесін жүре түймелеп, аяғымды әр жерден жылдамдата адымдап, үйдегілер әлі ұйқыда жатқанда жолға түсіп жүгіре жөнелдім. Арбаны мүмкін қуып жетермін деген ой да жетеледі. Арбаның дөңгелектері таптаған ізбен жүрсем де, ерте көктем болғандықтан, тездетіп жүгіру де оңай болмады. Қардың асты еріген су. Үстінен басқан сайын шала қатқан қар күртілдеп, аяғым суға батып, қолайсыздық туды. Артыма қарай-қарай жүгіріп, ауылдан біраз жерге алыстадым. Біздің үйге жақын Қопа көлің де жан ұшырып жүріп артта қалдырғаныма көзім жеткен соң, мұң басқан көңілмен алға қарай аяңдадым. Қалайда қайтып бару дәл осы сәтте мүмкін емес-тін. Ал біліп қойса, жазалаудың қатты болатынына күмән жоқ. Аяғымдағы суланған бәтеңкем де ауырлап, ішіндегі суға дыбыс бітіп, шырқ-шырқ етті. Бәтеңкемді шешіп алып, шұлғауымды сығып қайта орап кидім. Ұнжұрғам түсіп, қасқырдың да жолығуы ықтимал деген ой сарт етіп, бойымды үрей сезімі биледі. Пошташыны қуып жете алмадым, көрінбейді... Қарқаралының неше шақырым қашықтықта екенін де білмеймін, қай бағытта жүру керектігін де ескермеппін, уайымдамаппын. Ойыма мүлде келмеген жағдайлардың бәріне әлі бала болғандығым кінәлі. Маған екі үйдің арасы сияқты, әп-сәтте жете

Несіп Қалымбетова қоятындай көрінген. Енді міне, бейхабар күйде жүріп келемін. Қанша шақырым жүргенім белгісіз, күн көтеріліп, түнегі сейіле бастады. Менің осы қылығым кімге ұнайды, кімдер мені сағына күткендей?! Бірақ, бәрібір, үйге енді қайтпаймын деген қайсарлық сезім мен сенім қанша қорықсам да мені алға жетеледі. Су өткен аяқ-киіміме де көңіл қоймаппын. Ауырласа да тездетіп адымдап, аяғымның тоңғанын ескермедім. Әлден соң, менің бақытыма, Қарағандыдан Қарқаралыға бара жатқан үлкен ағаш қорапты мәшине көрінді. Зәрем ұшып қатты қорыққандықтан тауға қарай қаша жөнелдім. Шопыры орыс, қасында қазақ азаматы бар. Жолдан қашқан мені қолдарын бұлғап та, айқайлап та шақырып, біраз тоқтап мені күтті. Олар: – Адасып жүрсің бе? – деп сұрады. – Жоқ, менің Қарқаралыда туған ағам бар, каникулға шыққандықтан соған бара жатырмын, – дедім. Өзімше шындықты жасырып айтпай, тігісін жатқызып, қулық жасап жатырмын. Үйге дейін апарып тастағылары келді, бірақ мен баратын үйдің мекенжайын көрсетіп айта алмаймын, білмеймін. Олар мені машинаға отырғызып, қаланың ортасындағы базардың маңына дейін жеткізді. – Енді іздегеніңді таба аласың ба? – деп сұрады. – Әрине, таба аламын, – деп түсіп қалдым. Менің көзіме базар алаңындағы орналасқан үлкен екі жаппалы темір есікті дүкендер мен қоймалар көрінгенде жүрегіме шуақты бір жылылық ұялап, «жеттім-ау, енді тіпті де адаспаймын» деген қуаныш сезімі кеудемді кернеді. Себебі, анаммен бірге осы

Тағдыр мен тағылым жер арқылы туысқандарға барғанымыз есімде. Көңілімде ендігі жерде мекен-жайды білмесем де, бір таныс адам кезігер деген үміт оты пайда болды. Қараңғы түсіп кетер деген қауіппен тездетіп жүріп келе жатсам, алдымнан бір қария бәйбіше жолықты. Қариялар бір-бірімен жөн сұрасып, әңгімелесіп жүреді ғой, мүмкін, білетін шығар, айтсам апарып та тастар деген ниетпен: – Апа, Жамал апаның үйін білесіз бе? Фатима деген келіні, Асылхан деген баласы бар, – деп едім: – Әрине, жаным! Өзің кімнің баласысың? – деді. Әлі де Айдархан ағаның атын айтпай: – Сіз білмеуіңіз мүмкін. Мен Асқар деген адамның қызымын, – деп атын жасырдым. Ол кісі Асқар атты адамды білмейтін болды. Жолды көрсетіп: – Анау дөңестің астында, әдемі шатырлы үй бар, келіні орыс мектебінде сабақ береді. Мұғалімдерді бәріміз білеміз ғой, ал баласы Асылхан да абыройлы жұмыста істейді, – деп, көп мәліметтерді толық баяндап, жол сілтеп, шығарып салды. – Амансыз ба, апа! – деген дауысыма Жамал кемпір жалт қарады да, мені бірден таныды. Оның түрі бұзылып, естілер-естілмес күбірледі де, теріс айналып барып, сырмақ үстіне тоңқаңдап жетіп жайғасты. Қайта қарады да, амандық сұраған болып балдырлай бастады. Камзолының етегін жинап, зорға жайғасты. Басындағы ақжаулығы кіршіксіз аппақ, өзіне өте жарасып тұр. Майдан жарылардай болып ырсылдап зорға дем алады. Қып-қызыл екі бетінің терін жаулығының ұшымен сүртіп, бір күрсініп алды да, Айдарханның үй ішінің амандығын сұрай бастады.

Несіп Қалымбетова Сөйлеген кезінде де ентігіп зорға дем алады. Кейде шиқылдаған дыбысы ұстаның көрігінің дыбысына ұқсап қалады, бәрі семіздіктің салдары екені көрініп тұр. Қалай болғанда да далада қалмағаныма мен іштей қуаныштымын. Бала болғаныммен Жамал апаның ұнатпағанын бірден байқадым. Шаршап-шалдығып жеткендіктен оған онша мән бермедім, басқадай амалым да жоқ еді... Өзімнің қашып келгенім де жанымды жегі құрттай жеп, бетіме шіркеу болып, қалай келгенімді айтуға жауап іздеп қиналып отырдым. Оның үстіне бөтен қыздың тұратыны да мені қуантқан жоқ. Мен бұл қызды да өзімше іштей қатты аяп отырдым. «Ой бейбақ-ай, сен де мен сияқты жетім шығарсың, күнің үшін бәрін істерсің, көнерсің...» деп қоямын өзіме өзім. Сырым аға кетіп қалыпты, менің келетінімді қайдан білсін. Ішкі дүнием аударылып-төңкеріліп әлем-жәлем. Жетімдіктің бітпейтін мәселелері мен тауқыметінен ішім удай ашып, әрі аштықтан ішегім шұрылдады. Әлсін-әлсін алақаныммен ішімді ұстап, қысып, басып қоямын. Жамал апа болса қыздың мақтауын асырып, көтермелеп отыр. Олар менің екі күннен бері аш екенімді қайдан білсін. Кешкі ыстық тамақты баппен істеген қызды асықтырмады. «Көженің еті жай қайнаса дәмді болады», – деп қойды Жамал апа. Нанын баппен илеп, жайып, шаштай етіп кесілген кеспені пісіріп, жеке-жеке тәрелкелерге құйып таратқанша аштық сезімім үдей түсті. Тамақтың иісі мұрнымды

Тағдыр мен тағылым жарып барады. Шұбырған сілекейімді зорға ұстап отырмын. Әй, алдыма ас та келді-ау! Құмарлана ішіп, жылындым. Тамақ та, шай да ішіліп, үй иелері жайғасқан соң қалайша, неге жалғыз келгенімді сұрай бастады. Ұяла-ұяла болған жағдайды баяндап бердім. Менің көйлегімді көтеріп көріп, бәрі көгерген денеме аянышпен жабыла қарап, мүсіркеген болды. Үйде Асылхан ағатайым жоқ, іссапарда екен, ал Сырым ағаның үйге кеткенін де енді естідім. Мән-жайды сұрап, жағдайды енді білген Жамал апа шошып кетті де: – Айдархан бізді құртады. Сені біз азғырды деуі мүмкін. Дұрысы сен Қайырханның үйіне бар. Олар осында көшіп келген. Таңертең көрсетіп жіберемін. Біздің үйге қонғаныңды айтпа, аузыңа да алма, жарай ма? – деп тұтықты. «Неге кіргіздіңдер?» деп бізді айыптайды деген сөзін және қайталап, быж-тыж болды. Келіні Фатима тәтем сабырмен, салиқалы дауысымен: – Қызық екенсіз, тәте, баланы неге кіргізбеуіміз керек, не себепті? Ешқайда да жібермейміз, бізде тұра берсін. Кейін бәрі реттеледі. Өздері келіп алып кетеді, – деп жайғастырды да, – ертең сағат сегізде жұмысым бар еді, – деп ұйықтауға кетті. Жамал кемпірдің сұрақтары біткен соң дәлізге шықтым да, су болған аяқ киімімді таса жерден шығарып, жайып кептіретін жер іздедім. Жайып қайта кіргенде, жалаңаш аяғымды су әбден сорғандықтан, ақжем болып бүріскен өкшем мен табанымның бұжыр-бұжыры жазылып кете бастап-

Несіп Қалымбетова ты, оны көйлегімнің етегімен қымтап, сырмақ үстіне қайта жайғастым. Үй іші сол кездегі қала өміріне сай еді. Мұнтаздай таза. Терезе алдында үй гүлдері хош иіс беріп тұр әрі сәнді көрінеді. Арқасы жоқ орындыққа қойылған өте биік құмырадағы гүл үйдің сәнін ерекше көркейтіп, бөлменің ажарын аша түскендей. Астындағы орындық бүрмеленген мәрлімен айнала перделенген. Өзімше, «шіркін, мен де қалада тұрсам ғой» деген арман-қиялыма осы сәнді көрініс ойтүрткі болды. Еден де сырланған, жалтырап жатыр. Терезелерге әдемі тор перделер ұсталған, ал төменгі жағында аппақ жұқа матадан кішкене сырма перделер ілінген. Оны кешке қарай шам жағылып қараңғы түскенде ғана жабады екен. Қабырғада аумағы ет табақтай, пішіні дөңгелек қалпақтай қара радио сөйлеп тұр. Менің көзіме, ауылдан келгендіктен бе, бәрі мінсіз боп көрінді, қатты ұнаттым. Таңертеңгі шайды ішіп болысымен Жамал кемпір қуғыншы келе жатқандай сасқалақтап, менен тезірек құтылуға асыққандай, маған: – Жүр, Қайырханның үйін көрсетіп жіберейін? – деп аптығып ертіп шықты. Негізі ат басын осы үйге тіреп келгенімді айтайын десем Фатима тәтем де, Асылхан ағатайым да жоқ. Билігі басым кемпірмен сөз таластырудың мүмкін еместігін сезіп, түсініп соңынан ақырын еріп келемін. Ойым әр нәрсеге бөлініп, қапаланып келе жатқандықтан, кемпірдің көрсеткен үйін дұрыс түсінбеппін. Сол маңайдағы әр үйдің терезесінен ше-

Тағдыр мен тағылым шемнен қалған өзіміздің жүк-жиһазды қарап жүріп, танып, зорға таптым. Аулаға кірген мені көрген Мәрия тәтем: – Құлыным-ау, қайдан жүрсің? – деп бас салып құшағына қысып, бетімнен шолпылдата сүйіп, үйге қолтығымнан ұстап бірге кірді. Маған тетелес қызына қарап: – Кім келгенін білесің бе? Бұл сенің апаң Жаңыл ғой, – деп мығымдап таныстырды. Әлі жағдайды сұрап біле қоймаған тәтем шай қайнатуға шығып кетті. Шай ішіліп жатқанда Қайырхан ағатайымның өзі де келді. Екеуі де менің жалғыз келгенімнен сезіктеніп, күдіктеніп отырғандай. Бірақ бірден сұрауға батылдары бармай, ыңғайсызданды. Мәрия тәтем – шешемнің немере келіні. Сыйлас­ты­ ғы жарасқан, біріне-бірі өте түсіністікпен қараған, апалы сіңілідей болған, тағдырлары да ұқсас. Екеуінің де балалары тұрмай, жастайынан шетінеп қиналғанын айтып, көз жасын төгіп-төгіп алды да, бірден менің күмәнді келісімнің мәнін білмекке сұрай бастады. – Жағдайың қалай, құлыным? Жеңешемнің үй іші аман ба? Денсаулығы дұрыс па? Ақкемнің жұмысы дұрыс шығар? – деп, қайнағасын да қосып қойды. Мен оның барлық сұрақтарына төмен қарап басымды изеумен болдым. Мәрия тәтем менің көңіл күйімнің мәз еместігін түсінді де: – Не, жеңешем саған жаман қарай ма? – деді. Мен төмен қараған күйіммен басымды тағы да изедім, көзімнен жас домалап кетті. Көмейіме тығылған сөзді шығара алмай, солқылдап жылап отырып қалдым. Мәрия жеңгем қасыма келіп:

Несіп Қалымбетова – Айтсаңшы не болғанын! – деп бауырына басып, басымнан сипап жұбатып алды да, қайтадан сұрай бастады. Мен сөз айтпастан, аяғымдағы көгерген жерімді көрсеттім. Мәрия тәтемнің бірден өңі қашып кетті. Бозарып, жалма-жан көйлегімді көтеріп денемді тексеріп шықты да: – Құдай-ау! Жеңешем қалайша сені жәбірлеген? Өзі де бала асырап отырған жоқ па? – деп қатты күйінді. Сөйтті де, күйеуі Қайырханның көзінше өзінің жан айқайын анық әрі ашық етіп сыртқа шығарды. – Енді ол үйге бармайсың, осында оқисың, – деді. – Ақиретте бұл қызға тек Айдархан ғана жауапты. Ол бізге бере қоймас, – деген тұжырымын Қайырхан ағатайым да бүккен жоқ. – Ол бай тұрады, біз – кедейміз, бізге бермейді, – деді. – Кедей тұрсақ та қара нанды бөліп берерміз. Өзіміз не ішсек – соны ішер, аштан өлтірмейміз, – деп сөзін түйді Мәрия жеңгем. Мен бұлардың да Айдарханнан именетіндігін байқап қалдым. Баламын ғой, мүсіркеген жылы сөзді естіген соң арқам кеңіп, бәрі артта қалғандай, өзіме тете сіңлім Раушанмен шүйіркелесіп, үй ішіне көз жүгірттім, жағдайым түпкілікті түзелгендей, алдағы тағдырымның да түйіні шешілгендей боп ойнап кеттім. Бір-бірімізбен тіл табысып, темір бұғаудан алаңсыз құтылғандай еркін ойнап, сергіп, көңілімді енді ғана көтергенде, төрт-бес күннен кейін Айдархан ағай келді. Амандық-саулық сұрасқанда, даусында өкпе-назы бар ағатайым Мәрия жеңгем мен Қайырхан аға әдейілеп барып, азғырып алып келгендей кінә қойған зілмен сөйледі:

Тағдыр мен тағылым – Неге кіргіздіңдер? Ұялмайсыңдар ма? Аяп қалыпсыңдар ғой! Жақын бола қалған екенсіңдер ә?! – деп кінәлады. Қайырхан ағатайым сасқалақтап, үндеместен отырып қалды. Әулеттің үлкені деп немере ағасын сыйлады ма, әлде кедей болған соң ынжықтық көрсетті ме екен?.. Неге өйткені маған мүлде, әлі күнге дейін белгісіз, түсініксіз. Керісінше, келіні Мәрия тәтем әлі де кете қоймаған көгерген жерлерімді ашып көрсетіп, алаңсыз балапанын жыртқыштан қорғаған торғайдай қайнағасына ашуланып, қатты қарсы шықты. – Ұл-қыз өсіріп отырсыздар! Соншалықты қатты сабайтындай не жасап, нені бүлдіріп қойыпты? Шегедей қызды соншалықты жәбірлегені несі жеңешемнің? – деп жылады. Қайнағасына бұрын-соңды сөз айтпаған, қарсы келіп көрмеген Мәрия келінінің ащы дауысы пәрменді шықса керек, күйеуі атып тұрып, қолына белбеуін суырып алып сабап, алыса кетті. Айдархан осы кезде шыға жөнелді... VI Мәрия тәтем мені Қарқаралының атақты №1-інші онжылдық қазақ орта мектебіне әкеліп кіргізді. Ауылдан келгеніме қарамай, сабақты төрт пен беске оқимын. Сонымен, жиырма бес күндей қала мектебінің оқушысы болдым. Бір күні сабақ үстінде мұғалімді шақырып кетті. Ә дегенше ол менің дәлізге шығуымды сұрады. Мені сол мезгілде қасқыр терісі тұлыппен бас салып жа-

Несіп Қалымбетова уып, шанаға салды да, орап, байлап, дауысымды да шығартпастан, киім-кешегімді, оқулықтарымды да алдырмастан, Қайырхан ағаның үйіне де соқтырмай, Айдархан аға өз үйіне қайтадан алып кетті. Жол бойы қайғыланып, уайымдап жылап келемін. Жүрегімде қорқыныш бар. Ендігі күнім бұрынғыдан да нашар болатын шығар деп ойлаудамын. Осылайша оралған сорлы басым бұрынғы үйренген тұрмыс-тірлікке қайтадан алаңсыз араласып кеттім. Баяғы баз қалпыма қайта түстім. Екі-үш айдай сөз естімей, таяқ жемей өмір кешіп жаттым. Өзімнің осылай қашып кетіп, қайта оралуым бүкіл жан дүниемді түбегейлі өзгертті. Алдыма арман, мақсат қойған дәрежеге жеткізді. Негізгісі: мектепті бітірмей ешқайда жол жоқ екенін түсіндім. Ешкімнің маған араша түспейтініне, ешқайда кете алмайтыныма әбден көзім анық жетті. Айдарханның қаһарына қарсы келетін, құзырына төтеп беретін бірде-бір туысқанның жоқтығы, олардың шешімінің іске аспайтын әлсіздігі, дәрменсіздігі айқындалды. Ол үйден тек Алланың ажалы келсе ғана немесе мектепті бітіріп жоғары оқу орнына түсіп қана құтылатынымды болжадым. Ендігі қалған уақытта қашып-пысып та ешбір нәтиже шығара алмайтыныма көзім жетті. Түрлі ойларымды тоқтаттым. Алаңсыз, тек сол үйде жүріп білім алуды діттедім. Уақыттың, сол заманның өзінің қиыншылығы да көп болатын. Соғыстан кейінгі ел тұрмысының да әлі айтарлықтай түзеле қоймаған кезеңі еді. Әркімге өз бала-шағасын асырау да оңай емес-тін.

Тағдыр мен тағылым Айдархан ағаға келсек – колхоздың бастығы, бай, қуатты кісі. Тамақ мәселесі бұл үйде түбегейлі шешілген. Оның мысалы – кейбірде ауданнан, не облыстан тексеруші өкілдер келгенде, бір күнде екі қой сойылатын кездер болатын. Бидай ұндарын қысқа қарай қап-қабымен, ақ ұн, қара ұн, яғни бірінші сорт, екінші сорт деп таңдайтынбыз. Қысқа қарай жеті, сегіз қапқа дейін ұн түсіріп қоятын. Соғымға дейін күздік сойылып, желтоқсан айының аяғына таман негізгі соғым сойылатын.Қарынға салынған тұздалған сары майлар көктемге дейін сүрленіп жететін. Кәстрөл-кәстрөл шыртылдақ тоң майлар да баршылық. Шекілдеуік (күнбағыс) майы мен мақта майын тіпті көрген емеспін, ондайды білмейтінбіз. Қысқасы, тамақ туралы айтып жатудың өзі артық. Басқа туысқандардан, ауыл тұрғындарынан артық екендігін салыстырып жатуға болмайды, әйтеуір бұл үйде молшылық екені әмбеге аян. Әлі есімде ауылдағылар шай орнына шөп шай жинап, кептіретін. Ал, біз шайдың қалдығын кептіріп қойып, шайы мүлде жоқ зәру үйлерге таратып беріп жіберетінбіз. Біздің үйден шай өмірі үзілмейтін. Қытайдың қорғасынды он алтыншы нөмірлі, сыртында жасыл оюлы қағазы бар престелген тақта шайы таусылмайтын. Өзі үлкен, шетінен сындырып салатынбыз. Үйде кеседейкеседей ірі, көгілдірақшыл түсті, тастай қатты қант болатын. Оны «қант шаққыш» дейтін тістеуікпен зорға шағып, пайдаланатын. Домалақ, ішінде повидлосы бар, көп жатса еріп, біріне-бірі жабысып қалатын кәмпиттер де үзілмейтін. Мұның өзі құрметті қонақтарға таңсық

Несіп Қалымбетова тәтті ретінде қойылатын. Ол кезде ұнтақ қантты білмейтінбіз. Осындай молшылық – көптеген отбасының арманы болатын. Мен осындай жағдайда өскенімді мақтан етемін. Бірақ, солардың бәрін бүкіл отбасының игілігіне айналдыру, жарату, ұқсату, іске асыру, сүйсініп жейтін тамаққа айналдыру менің мойнымда еді. Мәселен, сиыр сауып, сүтінен қаймақ, май, айран дайындау; құрт, ірімшік қайнату; биелерді сауып, қымыз дайындау тағы да басқа бітпейтін тұрмыс тіршіліктері мол болатын. Нан, бауырсақ пісіруденақ жалығып кететінмін, шаршайтынмын. Сол колхозға келіп-кетіп жүретін атқамінерлердің бәрі біздің үйге түсіп, қымыз, шай ішпей кетпейтін. Бәтес жеңгем солардың дастарқанымен әлек болатын, өйткені ауылда асхана жоқ. Бәрі де ас-су ішіп, аттарын шалдырып суытып алуды әдетке айналдырған. Мен, өзімнің өмірімнің кейбір келеңсіз сәттерін өкінішпен есіме алған кездерімде жоғарыда айтылған жағымды жақтарға да баға бере білдім. Өйткені, сол үйде өскен кездерімде бір рет ауырған емеспін, ал өзім мұны табиғи тамақтың, молшылықтың арқасы деп ойлаймын. Денсаулығым – зор байлығым болды. Ата-анамның жеті ұл, үш қызы шетінеп кеткен екен. Кішкене кездерінде «қызылша» аруы қырғидай тиіпті. Осылайша балалары тұрмай жүргенде Алладан жылап, жалбарынып жүріп сұрап алған қызымын. Артымнан бір жарым жас кіші Қуаныш өмірге келген соң, мені «майлыаяқ» деп еркелетіп өсірген екен. Он бірінші және он екінші балаларының ау-

Тағдыр мен тағылым ырмай, сырқамай тіршілікке ілініп кетуінің өзі Жаратушының құзырындағы ғажайып тылсым сыр емес пе? Болмаса, сол әке, сол ана, жағдай да тым өзгермеген, өзгешеленбеген. Менің түйгенім: алдымен – Алланың бір өзінің көмегі, қолдауы, екінші кепілдік – осы үйдің молшылығы, ырыс-берекесі. Молшылықтың арқасында өзегім талған емес, әрине, ондайда өзім ерегісіп аштық жариялаған күндер есепке алынбайды. Қазіргі медицина ғылымының дәлелдеуінше, анда-санда ашығудан ағза тазарады. Денедегі жиналған керексіз улы, зиянды заттардың бәрі сыртқа шығарылады. Анам Хадиша – Игілік атты бақуатты адамның қызы. Садық, Тілеу деген ағалары, Қалихан, Дихан атты екі інісі болды. Соңынан ерген інілеріне әкешешесі шешеміздің атын ататпай, «Жалғыз аға» дегенін қалапты. Олардың тілі келмей, «Жаңғаға» деп атап кетіпті. Анамды елі мен төркіндері «Жаңғаға» дейтін. VII Өмір тауқыметі Анамды айналып өтпеген. Жалғыз қыз болып өсіп, бақытқа үздіге ұмтылғанмен, әкеміздің сүйікті жары бола тұра, қайғы-қасіреттен бір сәт арыла алмапты. Бақытты ана болуды Алла маңдайына жазбапты. Осылай балаларының шетіней беруі, әкемнің соғысқа кетуі, тағы да басқа толып жатқан қиыншылықтар басынан өтіп жатқан. Шешем де көппен бірдей қырманда колхоз жұмысының қандайын болса да істеп, бізді өсіру үшін аянбаған. Не көрсе де маңайымен, ауылымен бірге

Несіп Қалымбетова көрген. Барлығының жағдайлары ұқсас, тек біреуінің бір-екі сиыры артық, біреулердің бір-екі жылқысы кем дегендей. Шешемнің қолынан сол замандағы қыз балаларға үйретілетін өнердің бәрі келетін. Оның ең күрделісі – терме алаша, басқұр тоқу, сырмақ сыру, текемет басу; шәлі, бөкебай, шұлық тоқу; киім тігу, шекпен тоқу тағы да басқа толып жатқан өнерлері мол еді. Есімде қалған толып жатқан тіршілік істерінің бірі – бүкіл ауылға сабын қайнатуы болатын. Сабын қайнатқан күні күллі ауылға домалақтап, «бұзаушық» делінетін кішкентай домалақ қара сабынды тарататын. Балалықпен сабынның құрамын есіме сақтамаппын, өйткені оған мән бермегенмін ғой. Сол сабын күшті көпіретін. Қотырды бір-екі күнде жазатын, тағы басқа тері ауруларынан сақтайтын. Ауылда сіріңке де қат еді. Апам көрші-қолаң қамын ойлап, оттың шоғын да өшірмей, көміп сақтап отырушы еді. Үйге келіп, шоқсалғышына тамызықотынын тұтатып, түтіндетіп әкетіп жататын. Сол замандағы адамдардың өмірге бейімділігі мені әлі күнге дейін тамсандырады. Қандай шыдам, таңданарлық төзім, қайрат-күш десеңізші! Осындай өмір кешіп жүріп те, бейнет көріп жүрміз деген сөзді естімейтінбіз. Тек адам өлімінен басқаның барлығын өмірдің заңдылығы ретінде қабылдай білетін, көретін, көнетін. Шөп шабу, мал сауу, малды күту, қысқа ас-су дайындау дегендерді ойнап жүріп істейтіндей көрінетін. Қайран сол заманның адамдары-ай! Тәлім-тәрбиенің қайнар көзі. Бәрі Иман мен төзімділіктен ғана

Тағдыр мен тағылым жаралғандай. Болмаса ешқайсысының төрт құбыласы сай емес еді... VIII Шешем жаз айларында колхоздың брынзасын даярлайтын. Заман талабы солай болған болуы керек, өйткені сол кезде қой-ешкіні де сауатын. Ауылдағы әйелдер бір отар қойды бөліп-бөліп алып сауатын, бірақ неше қойдан екенін білмеймін. Әйтеуір сауылған сүттерін есепшіге (учетчик) тапсыратын. Ол ұзын темір сызғышы (линейкасы) бар шелекпен сүтін өлшетіп, флягаға құйып жинайтын. Әрбір сауыншының фамилиясын жазған кітапшаға қанша сүт өткізгенін тіркеп отыратын. Жиналған бүкіл сүтті біздің үйге әкеліп өткізетін. Шешемнің брынза жасаған әдісі әлі есімде сақталған. Әуелі сүтті екі-үш қабат мәрлі сүзгіштен өткізеді, қыл-қыбырдан тазартады да, үлкен тайқазанға құйып жылытады, пісірмейді. Сүт қанжылым болып жылыған кезде бір мөлшерде өкіметтің әкеліп беріп кеткен ақұнтақ (порошок) ұсақ қант сияқты ұйытқысын арнайы өлшеуіш қасықпен қосып, әбден араластырады да, бірнеше сағатқа қымтап жауып қояды. Қазандағы сүт қою боп ұйыған кезде, қақпағын ашып қойып, әбден суытады. Суытылмаса, сарсуы көбейіп кетеді. Осылайша ұйытылған айранды кенеп қапқа құйып асып қояды. Сарсуының тамшылағаны тыйылып тоқтаған кезінде биік үстелге төселген кенеп матаға қалыңдығын жиырма сантиметрдей етіп төртбұрыштап жайып, тегістеп, жан-жағындағы матаны қайтарып жауып, үстіне тегіс тақтай қойып,

Несіп Қалымбетова екі-үш күн тобарсытып ауыр заттармен бастырады. Тобарсыған, қатайған (престелген) ақ ірімшікті текшелеп кесіп, тұзды суы бар ағаш астауға салатын. Әрине, тұзы да қажетті мөлшерде өлшеніп салынатын. Әр күн сайын брынзаны аударып баптайтын. Сөйтіп, белгіленген күні өкіметтің қабылдаушысы келіп (приемщик) алып кететін. Қабылданған брынзаның салмағын кітапшаға жазып қоятын. Бұл қолдануға дайын брынза болатын. IX Шешемнің көзі тірісінде еркелетіп, орысша оқыту үрдіске (модаға) айнала бастаған кездердегі мені Қарағандының орыс мектебінде оқытамыз деген қайныларының өзі, Айдарханның рұқсатынсыз алып кете алмайтынын айтып, екі ұшты әнге сала бастады. Себебі, ол кезде шипажайлар аз және оған жолдама алу өте қиын, жеткіліксіз. Алған күнде де қызмет істейтін орны бір өзіне ғана береді екен, ал олар отбасында төрт адам ғой. Жылда-жылда бір адамға бермейді, шірет дегені тағы бар. Қарағандының түтінді ауасынан, ыстығынан қашқан туыстар ауылдағы біздің үйге келеді. Суға түседі, таза табиғи тамақ ішеді. Ауылда бәрі егінтегін. Сондықтан тегін тамақ ішетін, тегін қызмет көрсететін «курортқа» бауыр басатын. Енді оларды кім күтпек? Әрине, мен тегін қызмет көрсететін... Міне, сөйтіп, уәде етіп, алып кетіп бақытты өмір сыйлайтындардың, жарылқаушылардың мысы басылып, көмейлеріне құм құйылғандай боп ауыздары жабылды. Тоғызыншы сыныпты бітіргеннен

Тағдыр мен тағылым бас­тап маған жасырын жарылқаулармен уәде беріп, оңашада өсек айтушылар азайды. Бәтес жеңгем өте ақылды, орнықты әйел. Анаумынау майда өсек сөзге еріп ашыла қоймайтын, өзі де көп нәрсені айта бермейтін салиқалы адам. Көршіқолаңға да бейсауат сыр шашпайтын. Туыстардың да әйелдерімен өзімсініп сырласып, шүйіркелеспейтін. Олар тәтеме бірдеңе айтуға бата алмайтын. Ауыздарына тым берік. Үй тіршілігінде тыныш. Тамаша, мамыражай күндердің өзінде сезімге берілмейтін ұстамды, сөзге сараң. Көбірек тыңдап, барлығын ой елегінен өткізіп саралап, жадында түйетін төзімді, әдепті тыңдаушы. Аққұба өңінен тек таңданыс немесе өкініш қана көрінетін. Өте баяу қимылымен-ақ орнықтылық орнататын, алып ұшқан адамды орнына қойып, басып тастайтын. Қуанғаны мен қорыққанын да жүрегінен өткізіп, өз түсінігін пішінімен көрсететін, болмысымен сездіретін. Бәтес тәтемнің көп құрбыларынан тағы бір айырмашылығы – ісмерлігі. Соғыстан кейінгі жылдардағы киім-кешектің тапшылығы, табыла бермейтіндігі баршаға мәлім ғой. Сол кездерде ол отбасының үсті-басын жүдеткен емес. Көйлеккөншектен басқа да киімдерді: шапан, пальто, күпәйке, тон, қамзол, малақай, тымақ дегендерді аса шеберлікпен тігетін. Бас киімге арналған ағаш қалып болатын. Соған иленген түрлі терілерді керіп, өлшеп, пішіп немесе қалың матадан сырып малақай тігетін. Төсек орындарды да тоздырмай таза ұстау көп әйелдердің қолынан келе бермейтін шаруа емес

Несіп Қалымбетова пе. Көрпе де тігіп, құрақты да құрайтын. Арасында текемет басу, сырмақ сыру, тұскиіз кестелеу, шәлі, бөкебай, шұлық тоқу сияқты жұмыстар қиындықсыз орындала беретін. Қолынан осындай істер мен шаруалар келмейтін келіншектер мен әйелдер біздің үйдің қыруар жұмыстарына жәрдем беріп, қажетті заттарын тіккізіп алатын. Ойлансам, өне бойы Айдархан ағаның қонағы мен туыстарын күтіп келіпті. Өзінің төркіндерінің бір келгенін көрмеппін. Сол үйде он бір жыл тәрбиленгенде ағай екеулерінің бір рет сөзге келіп ұрсысып-қақтығысқанын да көрмедім. Кейде «өзінің бүкіл шерін мен арқылы сыртқа шығарған екен-ау», деген пендешілік ой туындап қалады. Бірақ, не керек, ең жақын туысым – Бәтес тәтем мен Айдархан ағатайым ауызбіршілікті, үлгілі отбасы ретінде жайдары өмір кешіп жататын. Айдархан аға шымыр, зерек. Мінезі өте тез, қызба «холерик» болғанмен, іште кек сақтамайтын. Қызмет, жұмыс қиындығын көрсе көрген-ақ шығар, алайда тұрмыс-тірлік қиындығын көрмеді. Ұйымдастырушылық қабілеті зор, іскерлігі мол жан еді. «Жақсының ашуы торғын орамал кепкенше» дегендей, жұмыс жөнінде тез ұрсысып, тез кешіретін. Аудан көлемінде абыройлы болатын. Әйтеуір, бір білетінім – ағаны артта қалып, ақсап жатқан колхозға жіберетін. Қарқаралының біраз колхоздарын басқарғаны рас. Үш-төрт жыл сайын көшетінбіз. Есімде қалған бір оқиға – өте артта қалған талай колхоздарды алдыңғы қатарға шығарғаны үшін, 1951 жыл болса керек, ауылдық кеңестің бастығы екеуі

Тағдыр мен тағылым Мәскеудегі халық шаруашылықтары жетістіктері көрмесіне (ВДНХ) қатынасып келгені бар. Ол кезде көрмеге бару – әркімнің маңдайына бұйырмайтын бақыт, өйткені Сталиннің заманы болатын. Қазіргі кездің тілімен айтсақ – «сенсация». Ол уақытта бұл қарапайым колхоз бастығы түгілі министрге бұйыра бермейтін құрмет еді. Мақтанарлық жағдай – адал еңбек ете білетін. Сталин заманында озат атанудың өзі «Нобель» сыйлығымен барабар сияқты-тын. Сөйтіп, ауылнаймен екеуі Мәскеуден аман-есен оралған соң, ауылдың бетке ұстар белсенділері (агроном, зоотехник, бухгалтер, мектеп директоры тағы да басқа адамдары) үйге шақырылды. Екеуі жарыса сөйлеп, көрген-білгендерін кезек-кезек айтып, тауыса алмай тамашалап жатыр. Төргі бөлмеде тек ер адамдар, ал ауыз үйде әйелдері отырып тыныштық сақтап тыңдауда. Мәскеуде көрменің арнайы қонақ үйіне орналасыпты. «Күнде таңертең бөлменің еденін тап-таза етіп жуады, соны біз сезбей қаламыз. Ал, басқа әйел келіп, аппақ кірлемеген төсегімізді күнде ауыстырады. Бір ғажабы қонақ үйде көк жалын шығатын пеш бар. Одан ешқандай түтін шықпайды. Сол көк жалынға қолма-қол шай қайнайды, тамақ пісіріледі», – деп таңдана әңгімелейді. Оны тып-тыныш тыңдап отырған ауыз үйдегі әйелдер естіп: – Әй, Айдархан-ай, айтасың-ау, жалынға тамақ тез пісіріледі дегеніңе кім сенеді? – деп күліп, беттерін шымшып жататын. «Ұят-ай, өтірік айтқанда сәл де болса шындыққа жанасымы, ұйқасымы болуы

Несіп Қалымбетова керек қой», – деп күмәнданып, Айдархан ағаны өтірікші еткілері кеп күлетін. Солармен бірге отырған мен де: «Неге сонша өтірік айтады, қандай жағдай мәжбүрлейді екен?» – деп, сол жерде ренжіп қалатынмын. Кейін, 1960 жылы Алматыға келгенде алдымен керогазды, одан кейін газды көргенде сол әңгімелер есіме түсіп күліп алғаным бар. Сонда «ағатайымның бар кінәсі осы газ пешті Мәскеуде ертерек көргені екен ғой!» – дегенмін. Айдархан ағаның өте зеректігінің бір көрінісі, төрт сыныптық сауатымен колхоздың есеп-қисабын (отчетын) тапсыру кезінде бухгалтер мен есепшінің қателіктерін үйде отырып көздерінше тексеріп, ағаш есепшотты алдарында тарсылдатып отырып қағып, қателіктерін тауып, есептеп беретін. Партия мүшесі, колхозды көтеру үшін аянбай еңбек етуге даяр, рухы биік адам-тын. Әрдайым мал басын көбейтіп, егіннен мол өнім алып, техникасын жаңалап, жоспарын артығымен орындап, басқарған колхозы алдыңғы орынға шығып отыратын. Сөйтіп, абырой-атаққа ие болатын. Бір колхоздан екінші колхозға көшерімізде сол жердің адамдары ай бойы шақырып, жеңгем екеуі үлкен құрметке ие болатын. Дәл көшерде, шақырып үлгермегендер көшімізге қой қосып, шамасы келмегендер тауық болса да әкеліп қосып, ырзалық көңілдерін білдіріп қалатын. Қимастықтан орта жолға дейін шығарып салатындар да табылып жататын. Жұмыс бабында ғана ұрсатынын да халық қатты бағалайтын.

Тағдыр мен тағылым Осындай, халық алдында абыройлы, сыйлы, жетістіктері мол бола тұра мен дегендегі ағаның селқос, енжар көзқарасы өзегімді өртейді. Үйінде сонша жыл тәрбиеленіп, оның бір рет жылы сөз айтқанын естімегенім өкінішті-ақ. Маңдайымнан ең жақын қарындасы ретінде бір сипамағаны, өлеөлгенше өз қолымен бір тиын ұстатпағаны да Аллаға аян еді. Сондықтан, оған деген менің адал көңілім мен аяушылығым, сезімім әбден сөнген-ді. Маған тек кеудесінде жаны бар «күң» ретінде қарағаны да көрініп тұратын. Туған ағасы мен жеңгесінің аруағы, рухы үшін мені бір рет қорғамай, көрсе де көрмеген кейіп танытқан кездері мені қатайтып, пісіріп тастады. Ашығын айтқанда, неге солай болғанын түсіне алмай күйіндім, күйзелдім, налыдым, өкпеледім... X Төртінші сыныптан бастап мал саудым. Ерте тұрып үш-төрт сиырды сауып, өріске қосып, биені Айдархан аға екеуміз байлап, қойды бағатын ауыл кезекшісінің алдына айдап қосып үлгеретін едім. Бір жарым-екі сағат сайын биелерді сауып, қымызды пісіп, сүтті сепаратордан өткізіп, май шайқап, тағы да басқа жұмыстарда атқарудан, орындаудан қолым бір босамайтын. Май шайқау, нан ашыту, бауырсақ пісіру, құрт-ірімшік қайнату, кір жуу, киім үтіктеу сияқты жұмыстар бітіп болмайды. Мен үшін сол кездегі ең ыңғайсыз жұмыс – үй ақтау болатын. Бұлт көрінгеннен Аллаға жалынған кейіпте боламыз, уайым шегеміз. Жаңбыр қатты нөсерлетіп жауса, үйдің төбесінен жаңбыр суы тез өтіп кететін де,

Несіп Қалымбетова жататын жеріміз тарылып қалатын, қиналатынбыз. Үй заттарының су болмауын қадағалап, үстін жауып, буып-түйіп қоятынбыз. Жаңбырдың сіркіреп, ептеп жауғанын қалайтынбыз, Құдайдан соны тілейтінбіз. Ондай жаңбыр егінге де жақсы, өйткені топырақты жуып-шайып кетпейтін, жерге әбден сіңетін. Бізге де баяу жаңбыр қолайлы, төбеден жаңбыр ақпайды. Ол кезде ізбес дегенді білмейміз. Ақ балшықпен ағартамыз, киімге, тағы да басқа нәрселерге қатты жұғатын, сондықтан, қабырғаның төменгі жағына айнала матаны қағып қоятынбыз. Еденде тақтай жоқ. Оның шаңын басу үшін сарбалшықпен сылап отыратынбыз. Кейін қара қағаз шығып, көзіміз кішкене ашылды. Оны үйдің төбесіне төсеп, таспен бастырып қоятынбыз, содан жаңбыр ақпайтын. Еденге төселген қара қағазды тақтай еден сияқты тазалап жуып алатын болдық. Ауыл өміріне кірген жаңалықтың бірі – «ілме» білте шам. Бөлменің ортасына төбеге ілінген шамнан әжептеуір жарық барлық жерге түсетін, өйткені төбесінде темір қалқаны бар, әрі төбеге күйесі жұқпайды. Үстел шамы сияқты алакөлеңке емес, қазіргі аспалы шам – люстраға ұқсайтын. Сол кездегі халықтың жаңалыққа құштарлығын айтып жеткізу қиын. Әсіресе, оқып білім алуға ұмтылысы, тұрмыс заттарына кірген өзгерістерді тез қабылдап, бетбұрыс жасап, тиянақты жұмыс істеу, адал істеуге құштарлық жоғары нәтижелі өзгерістер берді. Аккумулятормен сөйлейтін радиоқабылдағыштар патефонды ығыстырды. Кішкентай жаңалықтардың өзі тұрмыс-тіршіліктің түзелуіне айрықша ықпал етті.

Тағдыр мен тағылым Саз балшыққа туралған сабанды қосып, қолдан кірпіш құйып, кәдімгідей түзу көшелері бар үйлерді сала бастады. Ел нағыз отырықшылыққа бет бұрды, үйренді. Әрбір ауылда міндетті түрде бастауыш мектеп, кеңсе, клуб салынатын жағдай туды. Ауыл өмірінің гүлденіп дамуына, өсіп-өркендеуіне халықтың өзі белсене араласып, үлес қоса бастады. Клуб салынған соң әр жетіде бір-екі рет жылжымалы кино әкеліп көрсететін болды. Халықтың да еңсесі көтеріліп, болашаққа сеніммен қарай бастады. Жастар білім алуды армандады, асықты. Жылт еткен жаңалыққа қызығып, құлақ түріп, қайткенде қатарынан қалмауға тырысты, талпынды. Мен де тезірек мектеп бітіруді армандадым. Өйткені, ауылда жетіжылдық қана мектеп болатын. Сол кезде әрмен қарай жалғастыра аламын ба деген уайымның болғаны жасырын емес. Менің оқимын деп қыңқылдап жүргенімді ескеріп, аудандағы Шыңғыс ағатайымның үйіне жатқызып, сегізінші класты бітіртті. Келесі жылы бұл үйге Айдархан ағайдың қызы Қатира сіңілім сегізінші класты жалғастыруға жатты, ал мені сол үйдің құдағиының үйіне ауыстырды. Құдағи өте өнегелі, жайлы қария. Сыздық қажының бәйбішесі болды, екі немересі бар, төртеуміз тұрдық. Мені өз қызындай көріп, әлпештеді. Сол кезде жетпістен асқан кезі еді. Ал, оныншы класта үшінші үйге ауыстырды, өйткені Бибіажар жеңешемнің аяғы ауыр еді. Өміржан аға екеуі көп жылдар бір бала сүюді күткен, аңсаған жандар болатын. Нәрестенің аман дүниеге келуіне

Несіп Қалымбетова ыңғайсыздық туындамас үшін мені шаруашылығына көмекші ретінде сол үйге жатқызды. Мен жатқан үйлердің барлығы да маған өте түсінушілікпен қарағаны рас, тамақ тоқ, киім көп дегендей. Ол кездерде сегізінші класты бітірген соң орта оқу орындарына: медучилищеге, педучилищеге, зооветтехникумға түсуге болатын. Бәтес жеңгем менің тоғызыншы класқа баруыма қарсы болды да: – Жетер! Мен қыздың оқып инженер болғанын көрген жоқпын, – деді кесіп-пішіп. Мен тыңдамадым. Ол менің бірбеткейлігімді ескеріп, ел-жұрттан да ұялғаны байқалды. Тоғызыншы сыныпта оқып жатқанымда Сырым ағайым ауырып қайтыс болды. Бұл менің басыма үлкен қайғы әкелді. Қалай болғанда да арқа сүйейтін көзі ашық, көп нәрседен хабары бар ағайым маған: «Жаңыл, мен үйленген соң сені өз қолыма алып оқытамын», – деген-тін. Ол үйге келісімен ауылдағы өзі теңдес жігіттер күнде біздің үйге келіп, әңгімедүкен құрып, дойбы, шахмат ойнап, домбыра тартып, радио тыңдап отыратын. Ауыл жастары үйірсек болды, өйткені одан көп нәрсені үйренуге талпынатын. Денсаулығына байланысты жоғары оқу орнына бармады. Әлі есімде, Украинадан жолдамамен келген, жоғары білімі бар Сергейчук Людмила деген мұғалім қыз менің класыма орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін. Сырым ағатайыма қатты ғашық болды. Шетіне өте нәзік гүлдің суреті кестеленген бет орамалды менен беріп жіберді. Ағатайым жалт қарап: – Мұны кім берді? – деп сұрады. Қосымша жазылған

Тағдыр мен тағылым кішкене ғана қағазы тағы бар, соны қолына ұстата қойдым да шығып кеттім. Сол күннен бастап ол қыз үйге келіп Сырым ағайдың қасында көп отырып әңгімелесетінді шығарды. Орыс болғанымен сүйкімді, өте әдепті еді. Мәдениеттілігі мен сыпайы, ибалы тәрбиесі көзге ұрып көрініп тұратын. Кейбірде олар отырған бөлмеге кіріп келгенімде жымиып қарап, екі беті лезде алаулап қызарып кететін. Мен орысша түсінбеймін. Айтпаса да екеуінің ғашықтығын көрген мен ғана едім, кейін ағатайым қайтыс болған соң, әлсін-әлсін соны есіме алып жылап жүрдім. Үйленбестен, он екі де бір гүлі ашылмаған, қыршын кеткен ағатайым-ай! Жатқан жері жарық, топырағың торқа болсын! Қайтейін!.. Ағатайымның мәйіті өзіміздің әулеттің Қарқара­ лы­дағы қорымына жерленді. Жерлеудің бүкілі рәсімдері біткен соң, маған туысқандардың барлығы ауылға қайтып, Бәтес жеңгеме көмектесуді сұрады. – «Қайғыда ғой, оқу ешқайда қашпас, ендігі жылы жалғастырарсың» – деді Айдархан ағатайым. Мен табанда, тездетіп жатқан үйіме қайтып кеттім. Құдағидың жеке, есігі де бөлек бір бөлмелі үйіне кіріп, есікті ішінен іліп алдым, ашпадым. Кімнің есікті ұзақ уақыт қағып-қағып қайтқанын осы күнге дейін, жетпіс төрт жасқа келгенше білмеймін. Кейін де ешкім менен есікті неге ашпадың деп, кінә қойып тиіскен емес, сұраған да емес. Сонда менің есікті ашпағаныма екі нәрсе себеп болды. Біріншісі, мен шешем өлген 1947 жылы мектепке бармадым, бір жыл кешіктім. Екіншіден, тағы да бір жылдан кейін тоғызыншы сыныпқа отыруым керек.

Несіп Қалымбетова Соның өзінде олардан екі жас ересек боп бітіруім керек. Әрі өз класым емес, бөтен сыныппен бітіруім керек. Үйренген өз сыныбыммен бітіргенім маған тиімді әрі абырой, әрі бақыт сияқты-тын. Оның үстіне оқуды жалғасытырудың мүмкіндігі де екіталай... Осылайша ой түйген соң, әрі қатты шаршағандықтан келесі күнгі таңға дейін тұяқ серіппей қатты ұйықтаппын. Жатқан үйімнің иесі құдағи да тіс жарып неге есік ашпағанымды көзі тірісінде бір сұрамады. Сөйтіп, олар сегізінші сыныптағы өзінің қызы Қатираны алып кетіпті. Қатира содан соң оқуды қайта жалғастырған жоқ... Осы Қатира сіңілім мен ол үйде болмаған кезден ауру екен. Түбекке (горшок) дәретке отырғызамыз. Өзі сондай қиналатын. Дәрігерлерге қаратыпты, бірақ дөп басып сырқатын тауып, емдемепті. Түңгі мезгілде көбіне асты суланып қалатын. Мен ылғи да оның кіреуетінің алдында жерде ұйықтаймын, өйткені оны түнде бірнеше рет оятып түбекке отырғызып, ал асты су болса құрғатып жатқызуым керек. Оны ояту маған жүктелген, ол негізгі міндетім болатын. Кейде үй шаруаларынан қатты шаршаған күндері қатты ұйықтап қалып оята алмай қаламын да, суда жатып қалады. Ол кезде жеңгем мені сабайды. «Құдай басыңа бергір қу қатын! Осы ауруды саған неге бермеген?» – деп қарғап-сілейді. Жаялықты кезкелген жыл мезгілінде далаға жаюымды өтінеді, тез кебеді дейді. Ал, қыста зәрдің иісін аяз сорады деп, мәжбүрлеп далаға жайғызады. Үйге кіргізуді ұмытқан күндерде сол қатып тұрған ағаштай жөргектермен мені тағы да сабайды. Жазықсыздан-жазықсыз

Тағдыр мен тағылым таяқ жегеніме намыстанып, налып, ызаланып, ашуым басылғанша бірнеше күн оятпай қоямын. Сол күндері Бәтес жеңгемнің өзі оятуға мәжбүр болады. Ол қасына келіп бес-он минуттай әлпештеп, үгіттеп, мүсіркеп тұрғыза алмайды. «Тұра қойшы құлыным», – деп аяп, қолынан да тартып тұрғыза алмайды. Ақыры, тұрғыза алмаған соң жүйкесі шыдамай қорада қатып тұрған суық судан бір ожау суды алып келіп қызының үстіне құйып жібіретін. Қызы шар етіп шошып оянатын. – «Неге оянбайсың! Өліп қалған жоқсың ғой, албасты!» – деп, оны да қарғайды. Сөйтіп, Бәтес жеңгем аяқ астынан өзінің жұмысын көбейтіп алатын, өйткені бүкіл киімін, кейде тіпті бүкіл төсекті ауыстыруға тура келетін. Осындай қатыгездікті көргенде мен Аллаға жалбарынып, алғысымды жаудырып іштей тәуба ететінмін. Туған, ішінен шыққан қызына осындай қатыгездік көрсетеді. «Жаратқанға мың алғыс, егер өстіп қалсам менің жайым не болар еді?» – деп, ризашылығымды білдіретін едім, балдырап, балалық басымды иетінмін, бар білген алғысымды айтатынмын. Сол кездері де ішінен шыққан қызын ашу-араз мүсіркеп жүріп менің құлағыма: – Мұның қолынан қара жұмыс істеу келмес, ауру ғой! Осы қыз оқу керек. Сен қызды тасқа байласа да өлмессің! Оқымасаң да өмір сүре аласың! Өйткені, сенің дені-қарның сау! – деп құлағыма құятын. Қайткенде мені оқытпаудың бар амалын алдын ала ойластырып жүретін. XI Мектеп бітіретін уақыт та келіп жетті. Дәл сол кезде

Несіп Қалымбетова Айдархан аға бір жылқыны сойдырып, Қарқаралының базарына әкеліп сатқызыпты. Сақып жеңгем барып ет алыпты. Менің мектеппен қоштасу кешіме жиырма бес сом ақша сұрапты. Ағатайым бермей кетіпті және өзінің мені көрмей жүргеніне де біраз болған-тын. Сақып жеңгемнің туған жездесі халықты әлеуметтік қамсыздандыру бөлімін басқарады екен, яғни Қарқаралы ауданы бойынша (СОБЕС-тен) жәрдемақы алушылардың аты-жөнін, саны, тағы да басқа толып жатқан мәліметтерді білетін адам екен. Мен тек мектеп бітірерде ғана білдім, оны он сегізге келгенде тоқтатады екен. Сақып тәтем Айдархан аға ақша бермей кеткендіктен ренжіп, сол жездесі арқылы екі айлық жәрдемақыны өзіме алып берді. Бұл да өмірдің бір үзік құпиясы еді... Әкеміздің соғыстан қайтпағандығы, шешеміздің қайтыс болғанын куәландыратын құжаттар арқылы інім екеумізге де жәрдемақы төленіп тұрыпты. Оның үстіне Айдархан ағаның үйінде өсіп жатқандықтан біздің атымызға әскер семьясы ретінде қосымша артық мал (нормадан тыс) ұстайтын заң болыпты, сол бойынша мал ұсталыпты. Бұның бәрін тек мектеп бітірерде ғана білдім. Айдархан аға да, Бәтес тәтем де, басқа туыстар да менің бұл құпияны білгенімді әлі күнге дейін білмейді, әлі айтылған емес, айтудың сәті түспеді. Сөйтіп, Айдархан аға тағы да мені аттестатымды алғызбастан ауылға алып кетті, асығыстығын айтып мектеп бітіру кешіне де қатыстырмады. Үйге келсем Бәтес жеңгемнің немере апасы Сәруәрдің қызы Сағира келіпті. Оның күйеуі Бейсен бір жылдары «Бейбітшілік» колхозындағы

Тағдыр мен тағылым мектепте орыс тілінен сабақ берген еді. Бұрыннан апасының мінезіне әбден қанық-тын, мен жөніндегі қылықтарына таңданып қоятын. Үш-төрт жыл көрші тұрдық. Мені қатты аяйтын. Тұрмыстары өте нашар еді, өйткені күйеуі ғана жұмыс істейтін. – Саған көмектескім келеді, бірақ мені тыңдамайды ғой, – деп кейитін, өкпелейтін. Үлкен інісі Тоқтар үйленген, ал, кіші інісі Қайсар бойдақ. Әрине, апасымен ойласып жүрген-ау, деп ойлаймын, өйткені мен бітірісімен үйге келуі және үш-төрт күн жатуынан кейін оны анық байқадым, білдім. Бәтес тәтем түк білмегендей, сезбегендей кейіпте. Сағира сіңілісі маған көмектескен болып, биелер мен сиырларды сауысып, қайда барсам да қасымнан бір елі қалмай ілесіп жүрді. Ол төрт күннен бері айта алмай қиналған ойын зорға дегенде айтып тынды. Қашанғы жата берсін, үй-жайы басқа ауылда. Мен құдаша болғандықтан қыдырғаны екен деп ойладым. – Жаңыл! Сенің қандай ойың бар екенін білгім келеді, неше күннен бері бата алмай, айта алмай жүрмін. Жақсы ниетті, сүйкімді сөзді әркімге айтпайсың. Жақсы көріп ұнатқан адамға ғана айтасың ғой. Қайсаржанға серік боласың ба? Осы айтуға әрең батылым жетіп тұр. Әлде жігітің бар ма? Болса айта ғой, өкпелемеймін, – деді. Бірдеңені сезіп жүрсем де, солай деп күтпеген мен шошып кеттім де: – Тәте, менің оқығым келеді, тақауда кетемін. Бірінші тамызда емтихан басталады, – деп кесіп айттым. Оқуға барамын деген сөзді әлі үйге де айта алмай жүрген едім. Жібермеулері мүмкін деп күдіктеніп жүрсем де Сағирадан ести берсін деген

Несіп Қалымбетова едім. Тездетіп естігенін жөн көрдім, олардың не ойлап жүргенін менің де білгім келді. Олай болатыны, мүмкін өздері маған оқуға түс, қайда барғың келеді деген сұрақтарды қоятын шығар деп те есептедім. – Жарайды онда, мен көп жатып қалдым. Арманыңа жет, ойлағаның болсын, тілектеспін! Сен оқи аласың, ойың оңды, дұрыс. Мүмкін оқығың келмейтін шығар деп ойлап едім, кешір. Бәтес тәтеңе менің сөзімді айтпай-ақ қойшы, – деп өтінді де, бірден қайтып кетті. Бәтес тәтем талай күн үндемей, сыр бермей безеріп жүрді де, бір күні: – Сатушылық курсқа барасың ба? Жаман мамандық емес. Қыздың оқып инженер болғанын көрмедім, – деген сөзін тағы да қайталады. – Бақандай бес жыл оқу қыз балаға ұзақ әрі қиын. Біздің қаражатымыз жоқ. Бәріміз бір Айдарханның табысына ауыз ашып қарап отырмыз. Самат та биыл Алматыға КазПИ-ге ауысты, әлі үш жыл оқиды екен. Бір жылын шегеріп ауыстырған көрінеді, – деді. Мен тағы да үндемедім, ағай екеуі ақылдасып бір шешімге келер деген ойда болдым. Күндер зымырап өтіп жатты. Әлі ешқандай шешім, қорытынды жоқ. Белгісіздіктен де жүйкем жұқарды, шаршадым. Аңсарым тек оқуға ауып, қатты күйзелдім. Көп кешікпей Самат аға үйге келді. Ол келе салысымен мені көріп: – Жаңыл! Сен әлі үйдесің бе? Оқуға бармадың ба? – деп сасқалақтады. Абыржығаны сондай: – Құжаттарыңды да тапсырып үлгермейсің, қаншама анықтама, фотосурет керек. Жолға да күн керек... Оқудан қалды ғой, неге жібермедіңдер? – деп

Тағдыр мен тағылым әке-шешесіне дауысын көтере сөйледі. – Сәл болса да неге қаржы бермедіңдер? Түспеуі де мүмкін еді, сонда да жіберу керек еді! – деген сөзі маған қатты батты. Кеш қалғанымды да ұқтым. Ертеңіне Самат келген машинемен үйде қонып жатқан өкілдердің Қарқаралыға қайтатынын біліп қалдым. Соларды алып кетуге жіберілген мәшине екен. Тез-тез киімдерімді жинастырып, қабаттаса шығып мәшинеге отырып алдым. Ондағы ойым бөтен адамдардың көзінше мәшинеден түсіріп ала қоймас дегендік еді. Олар колхоздың жем-шөбінің дайындығын тексеруге келген облыс адамдары, инспекторлар болатын. Мен қателесіппін, бақыртып түсіріп алып отын қораға қамап қойды. Олар ұзаған соң Бәтес тәтем шығарып алып қатты сабады да: – Бізге сен қыз абырой бермейсің! Өкілдердің алдында масқара қылдың, ұятқа қалдырдың! – деп, толып жатқан қарғыс сөздерді жаудырды. Үсті-үстіне нөсер жаңбырдай төккен ауыр сөздері жүрегіме оқтай қадалды. Мен есік алдындағы, жаздағы қонақтарға арнайы тігілген ауладағы киіз үйге кіріп, есігін ішінен мықтап іліп алып, шықпастан екі күн жаттым. Үшінші күні: – Есікті ашпасаң сындырып кіреміз, – деп қорқытты. Есікті ашқан соң жеңгем мені үш-төрт рет теуіп жіберді де: – Кететін болсаң қазір кет, албасты, қу ғана қатын! Ауданға қазір мәшине жүреді, – деді. Есіктің алдына келген мәшинеге кіріп отырып алдым, еш нәрсе алмадым. Жеңгем мәуті (драп) матасынан өзінің қолымен тігілген күздік пальтосын алып келіп маған ұсынды. Мен ерегіспей ала қойдым.

Несіп Қалымбетова Қарқаралыға келсем мектеп жабық, тамыз айының алтыншы, жетінші жұлдызы болатын. Аттестатымды ала алмадым, барлығы да қырсыққан, тағы да үйге оралдым. Аттестатсыз қайда барамын, мүмкін емес қой, сөйтіп қыркүйек айы туып кетті. Аттестатымды алуға барайын десем тағы да қарсы. Биыл боса да оқудан қалып қойдың, ендігі жылы барарсың деген ызың сөздер алдымнан шықты. Бәрі әйтеуір есебін тауып оқуға жібермеудің амалы. Енді менің Қарағандының элеваторына қырманнан бидай таситын мәшинесімен қашып кетуіме тура келді. Бұл кезде қолымда Тұрғанбай ағайдың адресі (мекен-жәйі) мен қаладағы үй телефоны бар. Оны Самат ағай беріп кеткен. Ол кетерінде: – Жаңыл, мен сені Қарағандыда күтемін. Мен Алматыға кеткенше құжаттарыңды алып жетерсің, – деген еді. Самат Алматыға кетіп қалыпты, өйткені жаңадан КазПИге ауысқандықтан документтерін тапсыру тағы да басқадай мәселелерді шешуі қажет екен. Тұрғанбай аға мені үйіне кірісімен, асүйдегі орындыққа отырғызып қара нан мен ұнтақ қантты үстел үстіне қойып, қара шәйді құйып беріп, өзі біресе дәлізге шығып, біресе асүйге кіріп ерсілі-қарсылы жүріп барлық жағдайды баяндауда. Түсіндірген болып, қатты ойланып сөйлеп кетті, қарсылық көрсетті. – Ендігі жылы кел. Қазір барлық оқу басталып кетті ғой, шырағым! – деді. Оның үйінде туған ағасы Қайырханның қызы Раушан тұратын болыпты, ФЗУ-ға түсіпті. Әйелінің туған інісі Серік пединституттың екінші курсының студенті. Екеуі де сол үйде жатып оқиды. Өзінің Мұрат

Тағдыр мен тағылым пен Марат деген ұлдары бар. Мен ойландым да: – Аға, мен онда жұмысқа тұрайын, – дедім. Ол тез ойланып қалды да: – Раушан сегізінші класты бітіріп, тігін фабрикасының ФЗУ мектебіне түсті, тігіншілік оқуды оқиды. Ол екі жыл оқиды. Сен де сол оқуға барасың ба? – деп сұрады. – Сені алмауы да мүмкін. Оған емтихансыз алады, бірақ орын болмауы мүмкін, әрі кеш келдің. Дегенмен жарайды. Мен ертең барып толық мәліметін білейін, – деп сөзін аяқтады. Тұрғанбай ағай сол айтқан күні кешкісін толық мәлімет алып келді. Ол оқу фабриканың өзіне жұмысшылар дайындайтын болғандықтан қыркүйектің он бесінші, жиырмасыншы жұлдызына дейін қабылдай береді екен. Оныншы сыныпты бітіргендер бір жыл ғана оқиды. Әмбе қабылданғандардың өзі ет комбинатында уақытша жәрдем беру жұмысында жүр екен. «Сен тездетіп аттестатыңды алып кел» деп, мені Қарқаралының автобусына мінгізіп жіберді. Осылай, аттестатыма зорға жеткенім бар. Паспортым мен аттестатымды алып қайта жеттім. Менің ойым қайтадан үйге бармау. Оқудан бір қалып қойсам мүлде қалып қою қаупі мол, қорқынышы күшті... Әйтеуір, зорға сәті түсіп ФЗУ-ға түсіп үлгердім. Маған Раушанның қасынан орын бұйырды. Небәрі бір жарым айдың ішінде осы үйдің де бүкіл шаруасы, тіршілігі менің мойныма ауысып үлгерді. Сол кезде де кір жуатын мәшине бар еді. Бірақ оны пайдаланбаймыз, өйткені оған көп кір салу керек. Екі ұлдың киім-кешегін күнде жуамын, олар бақшаға

Несіп Қалымбетова барады, тамақ пісіремін тағы да басқа толып жатқан тіршіліктер бар. Сөйтіп, белгілі кестеге (режимге) бағынып жүріп жаттық. Жап-жақсы оқып, тату-тәтті өмір кешіп тұрып жатқанбыз. Сталиннің кезіндегі ақшамен жүз сексен сом стипендия (шәкіртақы) аламыз да, екеуміз де ағатайыма береміз. Фабрикаға жаяу барамыз, жолдан екі баланы бақшаға кіргізіп кетеміз. Өстіп жетінші қараша мейрамы да келіп жетті. Ол кезде мерекелік шеруге (парадқа) бару, қатынасу әркімнің парызы болатын. Міндетті түрде зорлап апаратын. Шеруден соң сіңілім Раушан: – Жаңыл, сен әлі ештеңе көрген жоқсың. Қаланы аралатып, біраз жерлерді көрсетейінші, – деді. Раушан осы қалада туылған, әкесі шахтада жұмыс істеген. Мен әр үйде жатып оқығандықтан, тұрып жатқан үйдің адамдарының көңіл-күйі мен қасқабағына қарап, солардың ыңғайына, тіршілігіне бейімделіп өскендіктен рұқсатсыз қыдырғанымызды ыңғайсыз көріп: «Реніш тууы мүмкін, үйге қайтайықшы», – дедім. Раушан сіңілім көнбей: «Сен күнде қыдырып жатқан жоқсың, бүгін мереке, ұрыспайды», – деді. Осылай екеуміз трамвайға мініп ескі қаланы тамашалауға кеттік. Жаңа қалаға қайтып келіп, Спорт сарайынан «Отчий дом» деген фильмді көрдік те үйге келдік. Күздігүні қараңғылық тез түседі ғой, түн сияқтанып. Мен өзіміздің бөлмеге кіріп, бетімді қайта-қайта қолыммен шымшылап, ұялып, қалай бөлмеден шығарымды білмей кібіртіктеп, терезенің алдында сүйеніп тұрған едім. Ал Раушан сіңілім бірден қолын жуды да асүйде тамақ ішіп отырғандардың қасына

Тағдыр мен тағылым қосылып тамақ іше бастады. Дастарқан басында сол күні қонаққа келген менің әкемнің туған ағасы Сырлыбайдың әйелі Қалимаш та отыр екен. Ол сексенге келген қария, әже дейтінбіз. Балдызы Серік, әйелі Бәзилә, екі ұлы және өзі отыр еді. Менің бөлмеден шыға алмай ұялып, қиналып тұрғанымды сезсе де, шығарымды, не шақпасымды ойлап жүрексініп қобалжып тұрғанымда күтпеген жерден Тұрғанбай ағай кіріп келіп: – Желдеткішті ашайын, былай тұршы, – деп сөз бастады. – Ертеңнен бастап осы үйдің жұмысын істейтін адам жалдаймын! Неғып тұрсың? Ештеңе істеме, – деді де батареяның үстіндегі сүлгілерді еденге лақтырып, құлақ-шекесі қып-қызыл болып бөлмеден шықты. Бөлменің де, асүйдің де, дәліздің де шамын сөндіріп өзінің бөлмесіне кіріп кетті. Асүйдегілер шамды қайта жағып, абыржығанмен үн-түнсіз, бірімен-бірі сөйлесулерін тоқтатып, тамақтарын тездетіп ішіп өз орындарына жайғасты. Маған бұл тосын іс-әрекет, күтпеген көрініс, тіпті де шектен шыққандық, әдепсіздік, ерсі, дөрекілік боп көрінді. Намысыма өте қатты тиді. Қалимаш әжемнің құлағы дұрыс естімейтін. Бірақ, барлық мән-жайды шамның оқыс сөнгенінен-ақ болжап түсініпті, көзіне жас алып: – Құлыным-ай! Қайда барсаң да мазаң болмайтын болды, осының бәрі жетімдігіңнің салдары. Жетімегім-ай, қайтейін! Сен жетімсің, Қуаныш – жетім, Шорман – жетім. Үшеуіңе де бір сәтті күн болмады-ау, – деп солқылдап жылады. Шорман оның туған немересі, әкесі Сталиннің қуғын-сүргінінде

Несіп Қалымбетова атылып кеткен-тін, ал шешесі басқа ерге шығып кеткен еді. Әжем барлық туыстарды он саусағындай білетін, барлық жағдайды түсінетін қария: «Әке-шешелерің болмаған соң көретін күндерің осылай болады да тұрады. Өз қолдарың өз ауыздарыңа жеткенше кемсіту мен жоқшылықтан шаршайсыңдар. Құлыным-ай, қайтейін», – деп бетімнен сүйіп, бауырына қысып, басымнан сипалап мүсіркеп, аяп жатыр. Мен болсам Қалимаш әжемнің әрбір аяған сөзінен кейін жетімдігімді жүрегіммен терең, қинала сезініп, қатты күйініп, өксіп-өксіп солқылдап жылаумен болдым. Таң атқанша көз ілмедім. Сабаққа кеткен болып шығып кеттім. Құрысыншы, кетсінші бәрі! Енді ешкімге тәуелді болмайыншы, аштан өлмеспін. Пәтер жалдап бөлек кетейінші деген қорытындыға келдім. Сөйтіп, сабаққа бармай пәтер іздедім. «Орталық Қазақстан» газеті редакциясының үстінен, үшінші қабатта тұратын, сол редакцияның кеңсе бөлмелерін жуып-сыпыратын орыс әйелінің үйіне кіретін болдым. Ол маған: «Сен жаныңа тағы екі қыз тап, сонда пәтерақы арзанырақ болады. Әрқайсың жетпіс сомнан төлейсіңдер», – деді. Кең, қырық шаршы метр бөлменің шетінен бізге фанерамен (аржа тақтай) бөліп бөлме жасап берді. Сол күні алыстан қатынайтын екі қыз Амантай мен Бағиға айтып едім, бірден келісе кетті. Өйткені Қарағандының тігін фабрикасы Бульвар мира көшесінде, тіпті автобусқа мінбейміз. Екеуінің де әке-шешелері бар, ауқатты отбасынан.

Тағдыр мен тағылым Мен пәтерді түске дейін тапсам да, шабаданым мен төсегімді алуға кешкісін, қараңғы түскен соң келдім. Күндіз келгенім өзіме ыңғайлы болса да ағатайымның абыройын, беделін ойлап көршілерге көрінбей кетуді көздедім. Үйге келгенімде Тұрғанбай аға да өкініп, ойланып тұрғанға ұқсады. Қателік жібергенін мойындағандай көңіл-күйі әдеттегі кейпінде көрінді. Раушан сіңілім менің кететінімді күндіз сабақта естіп білген еді, ағыл-тегіл жылап жүр. Мен заттарымды дәлізге шығарып, аяқ-киімімді киіп жатыр едім, ағатайым шығып: – Иә, сен қайда кетіп барасың? – деді. – Пәтер жалдадым. – Жоқ, сенің ешқайда кетуге хақың жоқ. Фабрика сені сотқа береді, өйткені сен одан ақша алдың. Соны төлеген соң, қайтарғанда ғана кетуге рұқсат аласың, – деді қорқытып. Менің ол сөзден қорықпайтынымды байқап: – Сені Айдарханның қолына тапсыруым керек. Саған мен жауаптымын. Менің де сотталып кетуім мүмкін, – деп басқаша қорқытуға кірісті. Мен: – Енді Айдарханның үйіне бармаймын, ешқашан да бармаймын! Аштан өлуге даярмын... Сол кезде жеңгем Бәзилә дәлізге шығып, мүләйімсіп, өтірік болса да сұранып: – Ағаңның бір ауыз сөзін кешірші, саған мен ештеңе айтпадым ғой, – деп ақталып жылады. Ағатайым Раушанға заттарымды қайтадан бөлмеге апартты. Мен қайта алдырып далаға шығып кеттім. Сіңілім киініп, жүгіріп шығып такси ұстауға көмектесіп шағарып салды.

Несіп Қалымбетова Міне, осылайша мен туысқандардың қорлауынан құтылдым. Кембағал «күң» ретінде ұстауынан, зомбылықтан рухым мен намысымның биіктігі мен күштілігінен, негізсіз түрлі қиянаттардан біржола құтыла білдім. Әсіресе, өзіме өзім қатты сенгендіктен ат құйрығын тез, бірден кестім, батыл шешім қабылдап құтылдым, өйткені, «шыдамның да шегі бар» деген... Мен үшін дәл сол күнгі пәтерге шығып кетуім өмір жолымдағы өте батыл шешім болды. Бақыттың негізгі бастамасы – «еркіндік» бірінші орында тұрды. Сол күні өзімді бақыттың биігін бағындырған адам ретінде сезіндім. Оны өмірімдегі алғашқы қуанышым деп есептеймін, себебі бірінші рет кемсітушіліктен (унижение) құтылдым. Бірінші рет қас-қабаққа қараудан айықтым. Бірінші рет тәуелділіктен, кіріптарлықтан құтылдым. Бірінші рет намысымды ешкімге таптатпайтын қадамым болды, яғни осылардың бәрін қамтамасыз ететін құндылық, байлық – еркіндік екеніне көз жеткен күн болды. Еркіндік алып, иығымнан бір ауыр жүк түскенін алғашқы рет сезініп, өзімнің санаммен тағдыр тауқыметінен, өмірдің сан алуан, қилы-қилы өткелдерінен өту кезеңдерінің алғашқы адымдары басталды. Ең әуелі ешкімнің бір тиынынсыз, көмегінсіз өмір сүруге талпындым. Бірінші әрекетім тігін фабрикасының басшылығының атына өтініш жазудан басталды. Өтінішімде әкемнің Отан соғысынан оралмағанын жаздым. Шешемнен жеті жаста жетім қалғанымды көрсеттім. Сөйтіп, пәтерге шыққан

Тағдыр мен тағылым күннен бастап асханадан тегін тамақ ішетін талон қағазын алдым. Талон бір айға бірден беріледі екен. Түскі және кешкі тамақты фабрика асханасынан ішетін болдым. Фабрикада әйелдердің қыстық жылы пальтосы тігілетін, сондықтан пальто мен аяқ киімді көмек ретінде тегін берді. Жүз сексен сом стипендияның (шәкіртақының) жүз бес сомын тамаққа қосымша ұстап қалады да жетпіс бес сомын қолыма береді. Оның жетпіс сомын пәтерақыға төлеймін, сонда қолымда бес сом ғана ақша қалатын. Ол кезде фабрика алты күндік кестемен жұмыс істейді, сондықтан асхана бір күн ғана жұмыс істемейді. Сол бір күннің сексен тиынын сенбі күні қолымызға береді. Айтары жоқ, сол тиынға сабын аламын, он бес тиынына моншаға барамын және бір бөлке нан аламын. «Түйеге жантақ керек болса, мойнын созады» деген, сондықтан да еңбек етуге ерінбедім. Бірінші сменада (ауысымда) жұмыс таңертеңгі жетіден басталады. Ол кезде мен сабақта боламын. Тамағымды іше салып екінші сменаға (ауысымға) жұмысқа барамын, өйткені сағат он төрттен басталады. Оқушыларға толық жұмыс күнін пайдалануға рұқсат жоқ, үш-төрт сағат жұмыс істеп қосымша қаржы (ақша) тауып жүрдім. Үшінші сменаға мүлде рұқсат етпейді. Кейде бізді мүлде кіргізбейді, өйткені біз әлі толық оқу бағдарламасын (жоспарын) оқып бітірген жоқпыз ғой, әрі тәжірибеміз де жоқ. Әрбір сменадағы бір бригадада, мысалы, ер балалар пальтосын тігетін цехта кем дегенде алпыс-жетпіс адам жұмыс істейді.

Несіп Қалымбетова Міндетті түрде өзі, немесе баласы ауырып жұмысқа шықпай қалатындар саны күнде табылып тұрады, ең кемі үш-төрт әйел жоқ болады. Сол, жұмысқа шыға алмаған әйелдердің тігу операцияларын, яғни орындайтын, тігетін бөлшектерін тігіп, операцияларын толық меңгеріп алдым. Үтіктеу, көктеу сияқты жеңіл жұмыстардан бастап, жең қондыру, қалтасын, жағасын тігу сияқты, тағы басқа күрделілерін толығымен үйреніп алдым. Осылайша ақша тауып, әжептеуір жақсы киініп алғанмын. Бұл жұмыс күнде табылады, өйткені жұмысшылардың дені әйелдер. Осылайша бүкіл тігу әдістерін үйреніп, меңгеріп алғаным, қорықпай кез-келген тігіншінің орнына отыру арқылы мамандығымды шыңдап тұрақты табыс көзіне айналғаны ақиқат. Сменаның соңында сол күні қанша ақша тапқаныңды да санап біле аласың, өйткені, әрбір тігіншінің орнындағы мәшинеде сол операцияның құны, бағасы жазулы тұрады. Бұл өте дұрыс тәртіп болатын, өйткені айлық алу кезінде де келіспейтін мәселелер шешіліп отыратын. Әрбір тігіншінің айлығы кем болса, ол өзінің конвейерден өткізілген пальтолардың нөмірін міндетті түрде тіркеп отырады, әрі ақауды да кім жібергенін анықтап тез табатын. Тіркелген ақауы бар бұйымның ақшасын айлығынан ұстап қалатын. Бір жыл бойы туысқандардың біреуі іздеп келіп қалар деген үміттен арыла алмадым, алаңдадым, күттім. Вахтадан шыққанда Тұрғанбай ағаның Раушан сіңіліме келіп тұрғанын көріп қаламын. Сіңілімнің әкесі оның туған ағасы, ол кісінің көзі тірі. Басын сол жақ иығына қисайтып, қолында болар-

Тағдыр мен тағылым болмас ұстаған сеткасы бар, мені көрмеген болып қала беретін. Бәрінің осылай тасбауыр болғанына таң қаламын. «Қалған көңіл шыққан жанмен бірдей» демекші, мендегі оларға деген үміт отының сөнгені, үзілгені қашан... Менің тағдырым ешкімді елеңдетіпалаңдатқан жоқ. Айдарханның бір-екі ай сайын Қарағандыға қатынап тұратыны мәлім. Ең бір таңданарлық мәселе – соғыста хабарсыз кеткен ағасын еске алып, сол отбасының аруағын сыйлап, қолдарынан дәм татқанын елеп-ескермегені. Жаңыл қыз бала ғой, қандай күйде жүр екен деп те тырп етпеді. Осылайша өздерінше тайталасқан, тірескен батырлардың ішкі ойы, мақсаты мен үшін белгісіз... XII Фабрикадағы оқуым аяқталысымен бірден жұмысқа орналастым. Өмірімдегі берілген бірінші он екі күндік демалысымды пайдаланбадым. Қайда барамын, кімге барамын?.. Шыны керек, тайқұлындай тебісіп өскен үйдегі бауырларымды өте қатты сағындым. Барып қайтқым келді, алайда қобалжыдым. Бір жыл бойы ешкімді көрмей, естімей, бірде-бір ауылдасымды көрмей, жападан жалғыз, тағдырмен жеке-дара күресіп жүрсем де олардың үйреншікті алып-қашты сөздерін естігім келмеді. Тағы да арланған, қорланған, жиіркенген сезімім жеңді. Он айдан кейін тағы да демалысқа шығатын болдым. Бұл жолы он сегіз күн беріледі. Қайда баратынымды білмедім. Алматыдағы оқитын сыныптас, жерлес қыздар хат

Несіп Қалымбетова жазып қонаққа шақырған-тын. Сөйтіп, бірінші мамыр мерекесін Алматыда өткізгім келіп 1960 жылдың 27сәуірінде пойызға отырдым. Таңертеңгі сегіз жарымда Алматыға келіп түстім. Ешкімге де хабар бермедім. Пойыз бірінші Алматының вокзалына келіп тоқтады деген радио хабарландыруды естігенде мен қорқып кеттім де: «Ойбай-ау, неше Алматы бар?» – деппін. Адасып кетемін бе деп жүгіріп жолсерікке келіп: «КазГУ қай Алматыда?» – деп сұрадым. Ол: «Қорықпаңыз, бірінші Алматының вокзалында жиырма минут тұрамыз да екінші Алматыға кетеміз, өзім айтамын», – деді. Пойыздан түскен соң орталыққа қалай жетуді адамдардан сұрастырып бірінші троллейбусқа отырдым. Айтылған аялдамадан түстім де, арайлы таңмен ерекше сәнге бөленіп тұрған Үкімет үйіне қызыға қарадым. Сол жерде біраз тұрып асықпай тамашалауыма тура келді. Бұл мезгілде біздің Қарағандыда көлеңке жерлердің бәрінде әлі үйілген қар жатады. Ал мұнда көктем әбден өз күшіне енген, ағаштар жапырағын барынша жайып жайқалып үлгерген. Үкімет үйінің айналасы көздің жауын алатын қыпқызыл қызғалдақтармен көмкерілген. Үлкен қызыл гүлді «канна» гүлдері, әр түрлі қылқан жапырақты ағаштар мен шыршалар, арша түрлері, тағы да басқа ағаштар көп отырғызылған. Сылдыраған тап-таза бұлақ суындай ағып жатқан арықтар да табиғатқа басқаша мән мен сән беріп, сол маңайға басқаша тазалық, қуат беріп тұрғандай. Атқылаған фонтанның өзі де ерекше пішінмен су шашып, маңайындағы өсімдіктердің бәріне нәр, қуат

Тағдыр мен тағылым беріп, көкпеңбек етіп, сол Үкімет үйінің маңайына ғана тән өзіндік микроклимат жасап, өзгеше әдемі көрінеді. Гүлзарлардағы қызғалдақтан басқа да гүлдерді тамашалаған мен өз көзіме өзім сенбегендей күйдемін. Бір ғажап жұмақ бағында тұрғандай әсердемін. Сол сәтте Қарағандының суық ызғарлы желі мен мамырдың аяғына дейін сіресіп жататын көлеңкелердегі ерімеген қар үйінділері көз алдыма келді де: «Табиғатты да осыншама көркем жаратады екен-ау!», – деп таңданумен болдым. Қуаныш сезімі ғажайып көріністерді тамашалаумен қатар қиялға да ұрындырды. Жұмақтың төрінде тұрғандай сезініп, айналама таңдана қараумен болдым. Тағы да сол кездердегі мен байқаған, көрген өзгешелік – күнде кешке қарай жаңбыр жауып, күні бойғы ағаш жапырақтарына, гүлдерге қонған шаңтозаңды, жолдарды, көшелерді жарқыраты тазартып, жуып тастайтын. Сондықтан да таңғы ауа сондай таза болатын, адамға өзгеше тыныс беретін. Ескі Үкімет үйі қазіргі Абылайхан, бұрынғы Коммунистер даңғылы мен Қазыбек би, бұрынғы Октябрь көшелерінің қиылысында. Менің әкемнің туған ағасы Сырлыбайдың баласы Досжан, яғни немере ағам Алматыға Өскеменнен көшіп келіп қоныстанған болатын. Оның мекен-жайының адресін қол сөмкемнен алып, бір адамнан сұрап едім: «Ешқандай көлікке мінбейсіз, сіз дәл қасында тұрсыз, – деді. – Мына жасыл шарбақпен қоршалған үйлер Коммунистер даңғылы мен Гоголь көшесінің қиылысы Панфилов

Несіп Қалымбетова көшесі мен Октябрь көшелерінің қиылысы, яғни төртбұрышынан қоршалған үйлер», – деп көрсетті. Төмен қарай түсіп, қоршалған аулаға кірсем, Майра жеңгем далада сазан балығын тазалап отыр екен. Мені алты, жеті жасымда Қарағандыға барғанымда көрген, орысша оқымай елге қайтып кеткенімді біледі, ұмытпапты, бірден таныды. Үйлері кәдімгі ауыл үйлері секілді көмір жағатын жер үй екен. Суы да, дәретханасы да далада. Керогазға табасын қойып балығын қуырып, үстел жасалып әңгіме-дүкен басталды. Өздері танитын тума-туыстың, ағайын-жұрттың бәрі сұралды. Менің қара басымның жаңалықтарынан мүлде хабарсыз екен. Оқуға түскім келеді, егер мүмкіндік болса дегенімді ағай да, жеңгей де қолдай қоймады. Өзіне қолқа салып көмек сұрайды дегендей қашырта сөйлеп отырды. – Алматыда оқуға түсу өте қиын, тіпті мүмкін емес. Емтихан алатындар ақша, пара алып қана істейді. Оның өзінде де адамын табу керек. Табу өте қиын, көпшілігі ұсталып қалудан қорқады, – деп қойды. – Майя мен Күлтайды «Шет тілдері институтына» түсірдім. Рахметтері де жоқ. Екеуі де өте нашар оқиды. Күлтай француз, Майя ағылшын бөлімінде. Мен сол институтта істегендіктен ғана ілігіп жүр, биыл екінші курсты бітіреді. Емтихандарды тапсыра алмай шығып қалуы да ықтимал, – деп қорқытып та қойды. Мен бұл ағайдың да ойын түсіндім, ләм-мим деп тіл қатпай отыра бердім. – Өзің қандай мамандықты ұнатасың? – деп сұрады ағай.

Тағдыр мен тағылым – Аға, юрист (заңгер) болғым келеді. – Тіпті де түсе алмайсың! Ол факультетке бір орынға он бес, он алты талапкер таласады, – деді ағайым. Кейін сұрастырсам арнайы заңгерлік институт жоқ екен, шынымен талапкерлер көп екен. Бұл тек КазГУ-дегі бір факультет қана екен. – Ал география факультеті ше, онда конкурс қалай екен? – дедім. – Ой, ол мамандық КазПИ-де де, ЖенПИ-де де, КазГУ-де де бар ғой, – деп сөзін жалғастырды ағай. Сөйтіп отырғанда КазПИ-дің физика-математика факультетінде оқып жатқан Айдархан ағаның ұлы Самат ағай келіп қалды. – О, Жаңыл! Сен қайдан жүрсің? – деп қуанып қалды. Таң қалып құшақтап, бетімнен сүйіп амандасып, жағдай сұрап бәйек болды. Оның да менің үйден қашан, қалай кеткенімді алматылықтарға айтпай жасырып жүргені сөзінен білініп қалды. Әке-шешесінің мен жөніндегі ой-пікірі белгілі ғой. Менің қайда, қандай жағдайда жүргенімді өзінің сұрастырмаған кінәсі тағы бар. Сондықтан да неге келгенімді, қандай мақсатпен екенін сұрауға ары жетпеді, аузы бармады. Ол сол үйден ыдыс-аяқ алып кетуге келіпті. Әрбір мейрамда Қарқаралының студент жастары жиналып «Горный Гигант» деген жерде жерлестердің кешін өткізеді екен. Маған ол: – Сені кешкі сағат алтыда келіп алып кетемін, даяр отырарсың, – деді. Айтылған уақытта келіп алып кетті. Бүкіл

Несіп Қалымбетова жерлестерімді бір күнде көріп, сол жерде туған нағашыларымның балаларымен танысып бір жасап қалдым. Бірге оқыған мектептес, сыныптас жерлестерім менің бірден осы жерде қалуымды қалап, өтініп жатты. Барлығы да Алматының жылы ауа-райын ұнатады екен. Әрі менің екі жылдан бері қарайып қалғанымды алға тартты, ескертті. Емтиханға дайындалуға уақыттың керектігін басып айтты. Әйтеуір, бәрі де білген ақылдарын айтып бағуда. Менің ең негізгі уайымым оқуға түсу де емес, барлығының қаржыға тірелетіндігі, ақша мәселесі еді. Қарағандыға қайту, қайтадан қайтып келу, пәтерде тұру, тамақ ішу, ал түсіп кетсем стипендия аламын ба, алмаймын ба? – деген сұрақтар болатын. Қиялымды тек қаржы жағдайы жаулап алып, күндізтүні тыншу бермей мазалады. Ең басты осы мәселені шешудің жолдарын ойлап, тығырықтан өз бетіммен шығудың мүмкіндігін іздестіріп, миым аталаға айналғандай. Намыс оты да кеудемді кернеп, кімнен ақыл сұрарымды білмей әбден уайымдадым. Ал бүкіл Алматыдағы жерлес студент жастардың барлығы Айдарханның ұлы Саматты да, оның әкесінің мансабын да, абырой-атағын да жақсы білетін. Ағасы Самат сияқты ақшаны шашып жүретін қыз деп те ойлауы ықтимал, мүмкін-ақ. Сырт көзге тұрмысы мен атағы елге әбден жайылған, атышулы, лауазымы жер жарғандай... Қарындасын Алматыға оқуға түсіріпті деген сөздері де тарқап кеткен. Менің Қарағандыда екенімді ел де білмейді. Жұрттың бәріне айта бермейсің, мүмкін де

Тағдыр мен тағылым емес, бәріне намыс үлкен кедергі. Әркімге айтқанмен де ұтымды ештеңе жоқ екенін түсінемін, ешкім жәрдем бермейді, бұл – аксиома. Босқа өсек өртін маздатып-алаулатудың қажеті жоқ еді. Естігеннің бәрі де құр мүсіркейді. Жүйкемді әркімнің есіркеумүсіркеу сөздерінің өзі жеп қояр еді. Осы жағдайларды ескеріп ешкімге тіс жармадым. Дұрысы аты шулы ағасы бар, ауқатты, абыройлы, күшті дегендері тиімдірек деп ойладым. Халқымыздың «Мата даңқымен бөз өтеді, әке даңқымен қыз өтеді» деген қағидасын ұстанғым келді. Өзімді-өзім қанша жұбатсам да, стипендия алмасам қайтемін, қалай күн көремін? – деген сұрақтар миымнан шықпады. Құрбы қыздардың: «Не жоғалтасың, түспесең осында да тігін фабрикасы бар шығар, жұмысқа тұрарсың» деген сөздері сәл де болса жаныма жақын, көңіліме демеу болды. Досжан ағатайым мені қайтқанымша Алматыдан қалай да қашыруды қарастырды, амалын ойластырды. Заңгерліктің ауылы алыс. Емтиханды орысша тапсыра алмайсың. Әрі қарай оқуды орысша оқытса, стипендия ала алмайсың, – деп қорқытумен болды. Сондықтан да мен ойлана-ойлана ЖенПИ-ге түсуге бел байлап, Қарағандыға қайттым. Студент жастармен алты-жеті күн араласқанның өзінде жоғарғы дәрежелі білім алудың қажеттілігін әбден түсіндім. Жұмысыма кірісіп кеткенмен, ойым қайткенде Алматыға оралып оқимын деген сұрақтармен бөлініп, екі ай бойы ақша тауып, қаржы жинаудың жолына түстім.

Несіп Қалымбетова XIII Фабрикада үш ауысыммен жұмыс істейтін. Мен үздіксіз екі ауысымда жұмыс жасап, тиянақты түрде қиын операцияларды қорықпай тігіп, орындап жүрдім. Пәтерде тұрамын ғой деп, басшыларға оқуға кететінімді айтпай, жасырып, жетімдігімді алға тартып, фабрикадан тегін мақта алып екі көрпе тігіп алдым. Жастық сатып алдым. Бұрынғы алынған қымбат бағалы киімдерімнің біразын бірге істейтін қыздарға саттым. Несиеге алынған алтын сағатымды да саттым, сөйтіп оқуға түсіп кеткенімше жететін азды-көпті қаражат жинадым. Оқуға кетуім керек деген оймен он бес, жиырма күн бұрын фабриканың кадрлар бөлімінің бастығына жұмыстан босату жөніндегі арызымды апардым. Арызымды оқыды да: – Сіз фабрикада тағы да екі жыл жұмыс істеуіңіз керек, өйткені сіз бізден тегін тамақ ішіп, тегін киім киіп оқыдыңыз. Сол шығындарды бізде жұмыс істеп өтеуіңіз, ақтауыңыз керек, – деп маған тесірейе қарады. Ағыл-тегіл жастың көзімнен сорғалап тұрғанын көріп: – Неге жылайсыз? Үш жылдан кейін ғана басқа жаққа мүлде кете аласыз. Үкіметтің заңы солай ғой, – деді. – Апа, мен мүлде жетіммін, тезірек оқып білім алуым керек, өйткені артымда жалғыз інім бар, соған да жәрдем беруім керек. Алматыда тегін оқитын Қыздар педагогикалық институты бар екен. Жіберіңізші мені! Екі жыл еңбек өтілімі (стаж) керек, сонда мен бәсекеден (конкурстан) тыс өтеді екенмін, сондай заң бар екен, – дедім.

Тағдыр мен тағылым Ол сол фабрика басшыларының ішіндегі бір ғана қазақ әйелі еді. Тіпті сол уақытта басшылар арасында еркек атаулы жоқ-тын. Өзі мүлде қазақша тіл білмейді, түсінбейді, орысша тәрбиеленген. Үш мыңдай адам істейтін жерде жалғыз болғандықтан ба, әлде қанына тартты ма екен, бірден еңбек кітапшама оқыған мерзімімді де стажыма қосып, дұрыстап: «Исправленному верить» деп жазып, сөз айтпастан үстінен мөрін басып, еңбек кітапшамды қолыма ұстатты. Арызыма қолын қойып, босатылсын, – деп бұйрыққа жіберді. Өзінің тілегін: – Түсіп кетіңіз, жақсы оқыңыз! – деп білдіріп қалды. Менің де алғашқы рет тілегімнің орындалған әрі шиеленіссіз өткен сәтті күнім болды. Осылайша тілегімнің қабыл болғанын бірден жақсылыққа жорыдым. Институтқа түсіп кететін сияқтымын деп үміттеніп қуаныштың құшағында, болашақтың қиялына бөленгендеймін. Бірден пойызға билет алып қойдым. Сөйтіп, Ленин көшесіндегі моншаға бара жатсам, өзімнің шешемнің туған інісі Дихан нағашым көшеде кездесіп қалды. Тұрғанбай ағамен араласады екен, мені сол үйде көрген болатын. Ол үйден кетіп қалғанымды білседе ештеңе сұрамады. Мен де сасып қалып оқуға баратынымды, тақауда Алматыға кететінімді жәй айта салдым. Тұрғанбай ағайдың жағдайды қалай жеткізгені маған белгісіз. Менің оқуға барамын дегеніме қуанышын жасыра алмады. Нағашымның менің дұрыс бағытта жүргеніме көзі жетті, өйткені өзі орта мектептің директоры еді, кісіні түсінетін қабілеті жоғары. – Алматыда сенің Құдайберген деген нағашың бар,

Несіп Қалымбетова Сыздық нағашыңның ұлы, үлкен қызметте. Оқуға түсіп кеткеніңше сол үйде жатуыңа болады, – деді. «Жолы болар жігіттің жеңгесі алдынан шығады» дегендей, күтпеген жерден өз үйінің телефонын да жазып берді. – Кетеріңде үйге соғып кет, нағашыңның адресі үйде ғой, – деді. Шешем қайтыс болғалы нағашыларыммен қатынас үзілгендіктен үйіне баруға ыңғайсыздандым да телефон соқтым. Нағашымның қаржы беретінін білсем де жақсы жағдайда емес, алақанымды жайып барғым келмеді. «Аузы күйген үрлеп ішеді» демекші, талай туыстардың тілін емізіп үйтеміз де бүйтеміз деген байлауы жоқ жалған сөздеріне сеніп, малданып алданғаным аз емес-тін. Бәрі бекер болып, көңілім әбден қалғандықтан сөзге де абайлап сеніп, ақырын аттап, аңдап басатын болдым. Жат болып кеткендіктен, нағашым да қапелімде кездескендіктен әншейін айта салды ма деп те күдіктенгенім рас. Барлық күдік пен қорқынышты әрең дегенде сырып тастап, өмірінде телефонын білмеген нағашыма қоңырау шалдым. Ол да оңай емес еді. Ол өте салмақты қоңыр дауысымен: – Жаным, үйге соғып кетпейсің бе? – деді. Сол бір ауыз жылы сөзді естігенде қуанышым шексіз, оқуға түсіп кеткендей сезіндім. Құдайберген нағашымның телефонын, адресін берді де қамқор дауысымен: – Кететін күніңді, пойыздың нөмірі мен вагонның нөмірін айтып телефон соғып қоямын, сені қарсы алсын, – деді. Қанаттанып, қуанышым қойныма сый-

Тағдыр мен тағылым май жүріп нағашымның тілегін орындадым. Алматының вокзалынан түссем, нағашымның баласы жұмыстан мәшинесін жіберіпті, яғни інісі Сәкен мен шопыры келіп күтіп тұр екен. Нағашы жеңгем ғылым кандидаты екен. Қырымда дем алып жатқан көрінеді. Үйде нағашыларымның балалары Сәкен мен Айбат қалыпты, ал Құдайберген нағашым жұмыс орнының саяжайында тұрады әрі жұмысына сол жақтан қатынайды екен. Жеңгеміз Саида оралған соң да сол саяжайда күзге дейін тұрды. Саида жеңгеміз саяжайдан шелек-шелек жеміс-жидекті қантымен бірге беріп жіберіп тұрады. Біздер оны алдымен тойып жейміз де, қалғанынан тосап қайнатып қойған боламыз. Тамақ та көл-көсір, жатқан бір молшылық. «Кең болсаң, кем болмайсың» дегендей, шынымен жеңгемізге бақытты бере салған екен деп қоямын ішімнен. Ағамыз бен жеңгеміздің бақыт жөніндегі түсінігі менің ойыма кіріп те шықпайды. Маған сол кездегі тамақтың көптігінің өзі бақыт сияқты, өйткені шектеу жоқ, есеп алмайды. Сол үйде жатып барлық емтиханды тапсырдым. Химиядан үштік баға алып қатты уайымдадым. Бірақ сол жылдары Н.С.Хрущёвтың жарлығымен екі жыл еңбек етіп келгендерге жеңілдік жарлығы шыққан еді, бәсекелестіктен тыс өту еркі беріледі. Сөйтіп, мен конкурстан тыс ЖенПИ-дің Жаратылыстану және биология факультетінің бірінші курсына студент боп қабылдандым. Осындай сәттерден кейін, жеңістерден кейін өзімеөзім іштей ант бердім. «Қандай қиындықтар кездес-

Несіп Қалымбетова се де жеңемін және жеңуге тиістімін», – деген биік мақсат қойдым. Өйткені институтты әрі қарай оқып кету, стипендия алмаған жағдайда қайтемін... дегендей салмағы зор жауапты міндеттердің бар екені санада сайрап тұр. Институтқа түсуім үшінші жетістігім еді. Екі жыл еңбек етіп қарайғаным бар, мектепті қазақша бітіргенім бар, орыс тілін жетік білмейтінім бар, бәрі қосылып қысқы сессияны, яғни емтиханды тапсырған кезде, «гистология» пәні орысша жүретін болғандықтан, білгенімді айтып бере алмай, екілік баға алдым. Сол кездегі тілмен айтқанда емтиханнан құладым. Бар-жоғы алып жүрген он төрт сомнан да айрылдым. Тек үш мезгіл тегін тамақ ішемін, ал тамақ болмаса ше?.. Әрине, оқуды тастап кетуім мүмкін еді, күн көруім қиын еді. Бұл жағдай маған үлкен сынақ, өмір сабағы болды. Жалпы стипендия бір үштік бағасы барларға берілмейді, өйткені тамақ тегін. Топтағы жиырма бес қыздың алпыс пайызына, яғни он үш қызға шәкіртақы (стипендия) берілуі тиіс. Бір қызымыз бес жыл бойы стипендия алмай оқыды. Оған стипендия алатындар сол күні бір сомнан жинап беретінбіз, ол он үш сом алатын. Осы жағдайдан кейін бітіргенше стипендия алып оқитын болдым. Сол аз ақшаның өзінің менің өмірімде шешуші ролі күшті болды. Сырттан көк тиын да келмейтін, сондықтан негізгі рөлді стипендия атқарды. Стипендиямыз әр курста екі сомға өсіп отыратын, бірінші курс он төрт сом, екінші – он алты, үшінші – он сегіз, төртінші – он сегіз, бесіншіде жиырма сом болатын.

Тағдыр мен тағылым Бірінші курсты бітіргеніме мәз-мейраммын. Елге енді ұялмай, кімнің бетіне болса да тура қарайтындай жағдаймен баруыма болады деген сенім мен көкірегім күшті, аспандап тұр. Үш жылдан бері үйдегілерді қатты сағындым. Қазіргі уақытта олар да дұрыс көзқараста шығар, сағынған болар. Дұрыс қарсы алатын болар деген үмітпен, қиялмен үйіме барғым келді. Өзімше айды аспанға шығарғандаймын. Үлкен бір істі тындырдым деп ойладым. Ең басты, негізгі ой-түйінім: «Өз күшіммен бір үлкен білім ордасына оқуға түстім, бұл да бір ерлік. Оқуға өз бетімен талпынып түсіп кету де әркімнің қолынан келмейтін... Аға-жеңгемді де ұятқа қалдырмадым. Шын студентпін. Білімді адам болуға батыл есік ашқаным ақиқат. Тіпті, олар менен артық қуанып мақтанатын шығар», – деп ойлағаным да рас. Айналымда Сталиннің кезіндегі берекелі де құнды ақшасы болатын. Қарағандыдағы туыстардың біріне де соқпастан, елу сом қарыз алып, базарлықтарды да ұялмайтындай етіп таңдап, кеудемді қуаныш кернеп үйіме де жеттім. Ол кісілер бұрынғы колхоздан басқа совхозға көшіп кеткен екен. Үй салып орныққан. Енді ешқайда көшпеуге ерлі-зайыптылар келісіпті. Бұл жаңа жерге менің алғашқы рет аяқ басуым. Есіктен кіре Бәтес жеңгемді құшақтай алып, жыладым. Жеңгем мені екі қолымен кеудемнен итеріп: – Көзің ағарғыр қу қатын! Өзің қашып кеткенсің! Көзіме көрінбей әрі жүр! – деді. Бұл сөзі менің өңменіме пышақ салғандай болды. Алып-ұшып, жүрегімді қолыма қысып, сағынышымды

Несіп Қалымбетова енді әбден түсінеді, ұғады деп сенгенмін. Білім алу үшін, оқу үшін қашқаным белгілі, баршаға мәлім. Күйеуге қашқаным жоқ қой. Адам болу үшін жасалған жағдайға әділ баға беріледі. Олар да маңайына мақтанады, мақтайды деген үмітім кенеттен күрт үзілді. Қуанышым су сепкендей басылды. Қандай қателік жасадым деп өте қатты қорланып, көп жыладым. Сол күні кетіп қалғым келді... Амалым жоқ. Автобус Қарқаралыға күнара жүреді екен, онда да автобусқа адам саны толық болса ғана. Тетелес сіңілім Қатираның қасына жатып түнеп, барлық мұңымды шағып жеткіздім. Ертеңіне Сәду деген көршілерінің үш аяқты мотоциклімен Қарқаралыға апарып салуын өтіндім. Тағы да олардың абыройын төккім келмеді де, көршіге: – Аға, тез арада Алматыға жетуім керек, телеграмма алдым. Егін жинауға тың өлкесіне кетеді екенбіз. Мен қалып қойсам стипендиядан алып тастайды, – деген жалған сылтау айтып жалындым. Сөйтіп, Қарқаралыға жеттім, ауыл көлігіне сенбедім. Үштөрт күн жатып қалуды қаламадым. Қалай болғанда да оларды сағынбаудың мүмкіндігі, амалы жоқ еді. Туған, өскен жердің топырағына аунапқунап, аяғыңды тіреп тізе бүгіп, ешқашан жадыңнан шықпайтын ел-жұртыңды сағынбау, көріп қайтпау мүмкін емес-тін. Тіпті ешкімнің есігінен қарамай, сығаламай, кірмей, қонақ болмай-ақ сырттан тамашалап, өркендеген, өзгерген жағдайларын байқап, қызықтап, бойымды сергітіп қуат алып, мақтанып кетуді аңсайтынмын. Қалай болғанда да туған жерім қиын-қыстау

Тағдыр мен тағылым балалық шақтарымның уайымы, қайғы-қасіретімнің куәсі. Топырағына көз жасым тамған, шаң тозаңын бірге жұтысқан, жыласқан елім еді. Ауыр ойлардан арылу, тазару үшін де ауасын жұтып, серпіліп қайту үшін ынтық едім. Тіпті, елімнің адамдарын, мүлде көрмеген жандарды Алматының автобустарында түрлеріне қарап танып: – Сен бәленшенің баласы, ағасы, інісі емессің бе? – деп сұрайтынмын, дәл солай болып шығатыны да шындық еді. Әрине, екінші курстан кейін елге бармадым. Шайлыққан жүрегімді қайта жаралай алмадым. Өзіммен бірге оқитын құрбым Ғалияның Мерке ауданындағы ауылына бірге кеттім. Ол көптен шақырып жүретін. Екеуміздің 1960 жылдан бүгінгі 2016 жылға дейін достығымыз ажыраған жоқ. XIV «Жығылған күреске тоймайды» деген емес пе қазақ атамыз, тағы да ел топырағына аяқ тіреп аунағым келді. Қалайда барып қайтқым келіп аласұрдым, аңсарым қатты ауды. Үшінші курсты бітірдім. Енді олар мені қарсы ала ма, жоқ па бәрібір, мән берместен сағындым. Мен есейдім, тіпті кластас достарым да кет демейді, далада түнемеспін, далада қалмаспын деген кәміл сенімде едім. Оңым мен солымды анық таныған, болжау, түйсіну қабілетім жоғары. Сөйтіп, тайсалмастан тағы да елге, кіндік қаным тамған топыраққа бет алдым. Бұл жолы үйге бірден бармадым. Қарқаралыда

Несіп Қалымбетова тұратын шешемнің үлкен ағасы Тілеудің үйіне ат басын тіредім. Ол нағашыммен де шешем қайтқалы көріспеген едік. Олар мұның қай келісі? – деп секем алыпты. Менің ойымда бөтен ештеңе жоқ. Үйлерінде екі күн болып қоштасып қайтуға келгенде нағашымның бәйбішесі: – Қарағым Жаңыл, не қалайсың? Кілем бе, сырмақ па, текемет пе? – деп сұрады. Менің ойымша, бірінші рет табалдырығынан аттағаным, көргенім. Әлауқаты жаман емес, бәрі ойдағыдай дұрыс екен. Шешемнің қайтыс болғанына он алты жыл толыпты. Содан бері мені бір рет көрмепті, қуанып қалатын шығар деген ойымның болғаны да жасырын емес-тін. Қолындағы екі баласы да, келіні де қызмет істейді. Көрген соң ең болмаса бір рет көмегін аямай, қаржылай көтеріп тастайтын шығар деген ойым болды, ақша дәметтім. Оның текеметін тағы басқа заттарын қайда апарамын, неге қажет? Тұрмысқа шықпағанымды біледі. Сөздеріне де, өздеріне де таң қалдым, іштей ызаландым. Ең қиыны, негізгісі – менің сол үйге түскенімді сол жердегі, Қарқаралыдағы әкемнің туыстарының барлығы естіп отыр. Менен олар міндетті түрде «нағашың не берді?» – деп сұрайды. Сонда не деп, қалай деп жауап беремін деген ойлар кеудемді кернеп, намыстан қара жерге қарап, жер тесік болса кіргендей шалажансар боп шығып кеттім. Жолда келе жатып өте қатты күйіндім. «Қайран, менің шешем-ай! Жатқан жерің жарық болсын! Төркінім дегенде жүрегің қарыс айрылып, айдалып кетті-ау деп «аһ» ұрып уайымдап, жылап, жоғалтқан жүйкең

Тағдыр мен тағылым мен денсаулығыңа тұрмайды екен. Сенің туған ағаң деп келген едім, неге ғана бардым», – деп өкіндім... Кеудеме осындай сан түрлі сұрақтар сыймай булығып келемін. Небір ойлар миымды мең-зең етіп мазалады. Балалар ауруханасында жатқан келініне келдім. Ол кішкене бөпесімен алдымнан шықты. Булыққан өкпемді оған айтып тындым. Ол: – Қайтейін! Өзім де осындай қатал отбасында күн көріп жатырмын. Атам мен енем екеуі біріне-бірі сай қосылған жандар. Екеуі де өте қатты адамдар. Ренжімеші, – деп жұбатып жатыр. Соқыр тиын ұстатпаған сабаздар-ай, ешбір дәстүрге де, салтқа да қарамаған қарау жандар болғанын қайтерсің деп, күрсіндім де қойдым. «Өзі жоқтың көзі жоқ» деген осы екен, рас екен дедім де, ешбір туысқанның көзіне көрінбей, ұяттан өлгендей күйзелісте, дәрежеде жүріп қала ортасынан жүретін автобустар аялдамасына жетіп Айдархан ағаның үйіне кетіп қалдым. Маған дәл сол сәтте, Бәтес жеңгем мен Айдархан ағаның көзқарасы ештеңе емес, түкке тұрмайтын майда-шүйде жағдай сияқтанып көрінді. Өйткені, ол үйде мен табаны күректей он бір жыл тәрбиелендім. Киіндім, ішіндім. Еңбегім сіңді деп бұлдансам да, олардікі дәл сол сәтте жұмақ іспеттес, иман таразы екен-ау деп ойладым. Мен оларға тәрбиеледіңдер деп алғыс айтып, айтқан сатушылық курсқа бара салсам, ойластырып қойған жерге тұрмысқа шықсам, айтылған талаптарын орындасам мені аспанға көтеруі мүмкін еді деп іштей толғандым. Әрине, ашуым тарқап, сабама түскен соң, бәрібір оларды

Несіп Қалымбетова тыңдамай оқуға кеткенімнің дұрыс шешім екендігін мойындап, ақылды іс болғанына көзім жете түсті. Құдайға шүкір, білім алып жатырмын. Басқаның бәрі түкке тұрмайтын тірліктер. Әрбірден соң солардың бір рет ақша беріп жарылқап, мүсіркегенінің де түкке қажеті жоқ. Егер бірдеңелерін алсам, сол үшін өмір бойы өзімді қарыздар санар едім деп, өзімдіөзім жұбатып, ызадан тулаған жүрегім мен жұқарған жүйкемді сабасына салдым. Осындай эмоциялық күйзеліс кезінде көп жағдайлар еске түсіп салыстырылатыны рас. Өмірінде бір рет қана көмектесіп, қырық жыл әңгіме етіп, көрге түскенше көзіне шұқитындарды да өмірде көріп қаламыз. Әсіресе адам бақилық болған кездердегі көріністерде ұмыт болып кеткен, қырық жыл өткен жағдайларды, түкке алғысыз нәрселерді естеріне алып көздерін сығымдайтындарды да байқап қаламыз. Абай атамыздың: «Қазақта қайтыс болған адамның жаманы жоқ, қалғанының аманы», – дегені еріксіз ойға оралады. Сондықтан тәубешілік еттім. Әлі-ақ оқуым аяқталады. Көбі кетіп, азы қалды. Жұмысқа ілігіп кетсем, бәрі де көрген түстей болады. «Алла жар бола гөр!» – деп, сыйынып та қойдым. Жол бойғы ойтүйінімнің қорытындысы осыған сайды. Үйіме де жеттім. Тіпті, қаперіме ештеңені алмадым. Олардың мінез-құлқына бойым үйренген. «Үйреніскен жау атыспаққа жақсы» дегендей. Бұл жолы олар жылы жүзбен қарсы алды. Беттері бері қарап қалған. Араға екі жыл салып қайта келгендігім жүректерін жібітті ме, әлде менің

Тағдыр мен тағылым жоғарғы білім иесі болатыныма анық, күмәнсіз көздері жеткендіктен бе, ол жағы маған белгісіз. Жорамалым тура келді. Бұл жолы жүз сом ақша, әдемі крепжоржеттен көлдей көйлектік мата сыйлады. «Көйлек тіктіріп киерсің» деп қалыпты жеңгеміз. Бұл құрмет маған алғашқы рет, әрі соңғы рет көрсетілді. XV Ауылдан келісімен студенттер отрядының тыңға кету үрдісі бойынша Қостанай облысына егін жинауға кеттік. Биыл үшінші рет осы облысқа бару бұйырды. Бірінші рет Орджоникидзе ауданына, екінші рет Амангелді ауданына, үшінші рет Қарасу ауданына барғанбыз. Үйреншікті әдетіммен бригада аспазы болдым. Кешкісін қыздармен қырманда істедім. Қаржыны тағы да басқалалардан екі есе артық таптым. Үш жылда да облыстың мақтау грамотасын алған едім (олар үй мұрағатында сақтаулы). Ешқашан жаман киінген емеспін. Талғамым да біраз құрбыларымнан жоғары болатын. Көбіне дүкендердегі киім пішіп беретін шеберге (раскройщикке) барып кестіріп, көктетіп алып, таныстардың немесе туыстардың үйіндегі мәшинесіне апарып тігіп киетінбіз. Кейде сән ательесіне де тіккізетінбіз, өйткені дүкендерден даяр киім табу өте қиын. Бірге оқитын қыздар менімен ақылдасып, матаны да, үлгіні де таңдататын. Киімдерімді құрбыларым маңызды кездесулерге сұрап та киетін. Жастардың сол кездегі өмірлері барлық қалалардағы оқу орындарында ұқсас-тын. Ең ба-

Несіп Қалымбетова стысы ауызбіршілік, тәрбие татулығы мен бірлігі көбіне бірдей-тін. Бірге туғандаймыз, өйткені бірімізді біріміз тыңдай білетінбіз. Сыйластығымыз күшті болатын. Дұрыс ақыл-кеңес беретінбіз, моральдық-психологиялық қамқорлығымыз күшті болатын. Қауіп-қатерден сақ болуды шын көңілмен, жанашырлықпен айтқандықтан сөзіміз әсер ететін. Бірінші курста үлкен бөлмеде жиырма бес қыз тұрдық. Соның өзінде ұрыс-керіс дегенді білмейтінбіз, естімейтінбіз. Жоғары курстарда ғана бөліну пайда бола бастады. Әркімнің өз түйгені, өз көзқарасы, өзіне-өзі сену деген категориялар, бойжету көріністері пайда болды. Көпшілікте сабаққа дайындалу қиындығы туындай бастады. Сол кездерде әркім өзінің жүрек қалауымен топтасып пәтер жалдайтын болдық. Біздірге екінші, үшінші курстарда жатақхана берілмейтін, тек бірінші, төртінші бесінші курстарға берілетін, жатақхана жетіспейтін. Сол кездегі заң бойынша жатақханамен институт қамтамасыз етпесе, әрбір студентке үш сом алпыс тиыннан пәтерақы беретін. Пәтерде тұрғандықтан тамақ талондарының да жиырма төрт сом сексен тиын ақшасын қолымызға қоса беретін. Әйтеуір, не керек, үйінен ақша келетіндер де, мен сияқты көк тиын көмекшісі жоқ қыздар да сол жиырма төрт сом сексен тиынның шеңберінен шығып ақша шығындамайтынбыз, өйткені тепе-теңдікті сақтайтынбыз. Сол ақшаның он сомын пәтерге, он төрт сом сексен тиынын тамаққа, ал үш сом алпыс тиынды сабын, монша, театр, кино сияқты майдашүйдеге жұмсауға бөлектеп қоятынбыз.

Тағдыр мен тағылым Бүкіл ақша менің қолымда. Ақша жұмсауға шеберлігім күшті. Күндегі кезекші қызға не алу керек, не пісіру керектігін есептеп ақша беріп отырамын. Сөйтіп, ортадан бірігіп ішкендіктен қашан да тамағымыз тоқ болатын. Қыздар да қалай жеткіземіз деген уайымнан аулақ, ондай ойдан құтылған. Қолда бар қаржыға ғана сенеміз. Сол кездегі қыздардың адалдығын да бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Арамызда бірге туғандай ауызбірлік орнаған. Ішімізде анда-санда үйінен ақша алып тұратындар бар, олар солай екенін де жасырмайды. Алып келіп ақылдасады. Кезекпен кімде не жоқ, соған жәрдемдесіп, ақшасын кейін қайтаратынбыз. Бізге дәл сол кездегі қажеттіліктен шыққанның өзі тегін бергендей қуаныш сыйлайтын, мейірбандық шуағын әкелетін. Бәрі де ешбір ренішсіз, түсіністікпен істелетін. Кейбірде сол аз стипендиядан да белгілі бір мөлшерде «касса» дейтін ойын ойнап, кезек-кезек киінетінбіз. Татулық пен түсінушіліктің арқасында танысқан жігіттерді де көріп, бірге сынайтынбыз. Достықтың күштілігі сондай, жігіт сыннан өтпесе, кездесуге жібермейтінбіз, тағдырға сенгенмен де көру міндет-тін. Жігітті бізге көрсету оңайға соқпайтын. Өзіміз тұратын пәтерге шақыруға бізде жағдай жоқ. Дұрыс дастарқан жаюға шамамыз келмейтін және толып жатқан қосымша себептер, кедергілер туындап қалатын. Сондықтан қызға ақыл-кеңес беретінбіз. Бізді киноға немесе театрға шақырсын дейміз. Көбіне солай істелінеді. Жігіттің түрін, киім киісін, сөйлеген сөзін тағы басқа толып жатқан қимыл-әрекетін есеп-

Несіп Қалымбетова ке алып, талқыға салып талдау жасаймыз. Әрбір қыз жігіттен байқаған жағымды, жағымсыз жақтарын жасырмай айтады. Қыз келесі кездесуге дейін біздің айтқанымызды ой елегінен өткізеді, несі дұрыс, несі бұрыс дегендей. Мүмкін артық мақтадық па, барлығын өз көзқарасы тұрғысынан ойланыптолғанады. Бізбен келіспейтін жерлерін де ашық айтады, сөйтіп кездесуге не барады, не бармайды. Бара қалған күнде уақытын белгілі бір сағатқа дейін белгілеп, шектейміз. Берілген уақыттан кешіксе, тобымызбен іздеуге шығамыз. Ұят-ай! Түнгі кинодан немесе театрдан келсек, тек сол тұрып жатқан үйдің маңайында бір сағатқа ғана қалдырамыз, өйткені сағат он бір, он екі болып қалатын-ды, кеш бітеді ғой. Кейін ойласақ, бұнымыз қыз бен жігітке жасалған қиянат екеніне көзіміз жетіп, ұялатынбыз. Бірін-бірі білмейтін екеуінің сөз тауып, ортақ тақырып тауып сөйлесуінің өзіне әжептеуір уақыт керек екен. Солай екенін әрқайсымыз өз басымызға түскенде ғана түсінгенбіз. Сөз таба алмай, кездесудің біраз уақыты үнсіздікпен ұласатын. Шінара біздің шектеуімізге шыдай алмай кілт бұрылып кетіп қалған жігіттер де кездесіп жүрді. Жігіттер қыздарды көбіне киноға, театрға шақыратын. Мейрамхана, кафеге, дәмхана, асханаға шақыруды ерсі көретін. Тіпті балмұздақ әперсе де қыздар қысылатын еді, аш жүргендей болмайықшы дегендей, ондай сөзді айтқызбайтынбыз. Кейде жігітті қатты ұнатқан қыз бірден кездесуге келісіп келеді. Алайда келіскен жігіті апталап, ай-

Тағдыр мен тағылым лап көрінбей кетеді. Үйде екі көзі төрт болып күтеді, сол кезде сын айтып ұрсып тастаймыз. Бір-екі рет шықпай қайырып жібер, сені жақсы көрсе, шын ұнатып қалған болса қайда кетеді, өзі-ақ келеді, – деп тезге саламыз. Бірақ, сол жігіт күтпеген күні келіп қалса, бәріміз қуанатын едік. Кейінгі түсінігіміз бойынша, ақшасы болмай үзіліс болып қалады-ау, сірә, өйткені түрлі сылтау айтып ақталады, оны да әр түрлі тұрғыдан қарастырып талдаймыз. Шынымен, сол жоқ-жұқа заманда алты қызға билет әкелу, жол қаражатын көтеру жалаңаяқ студент жігітке қиын екенін ойламаймыз, түсінбейміз, білмейміз. Бәрімізде де кешіккен түсінік, кешірімділік болды. Әрине, жігіттің ақшам болмай қалды деп ақталуы өте қиын, мүмкін емес, намысы жібермейтін шаруа емес пе?.. Қандай жағдай болса да бұйрықтан асқан ешнәрсе жоқ екен. Саған ұнамағанымен, сені өте ұнатуы мүмкін. «Жүгірген ала ма, бұйырған ала ма?» деген халық даналығы дұрыс айтылған ғой. Халықтан асқан қазына болған емес! «...Қызыма келер жүз кісі, жүз кісінің ішінен алып кетер бір кісі» демей ме? Маңдайыңа жазылған адамға тиеді екенсің... Бәрі Жаратушының қолында. Жастар тіршілігінің тағы бір эпизоды ойыма оралады. Қыз немесе жігіт кездесуге киетін киімін дайындап қояды. Оны өзі жоқта басқа бөлмеде тұратын досы немесе курстасы келіп киіп, кездесуге кетіп қалатын. Киімін дайындаған жігіт әрі күтіп, бері күтіп кездесуге бара алмай қалатын жағдайлар, кездер

Несіп Қалымбетова болып тұратын. Ондайда киіп кеткен жігітке де бір ауыз ренішін айтпайтын, өйткені өзі де осылай істеуі ықтимал емес пе? Кім бірінші кетсе, сол киетін. Бірге тұратын үш-төрт жігіттің ортақ бір ғана костюмы болуы мүмкін. Қыздар арасында мұндай қиындықтар сирек еді. Осындай эпизодтың бірі жерлес жігіт Ержанның басында болған еді. Ол Мәскеудегі Ломоносов атындағы университетте оқитын, ал Дәмеш Мәскеудің Темір­ жол институтында оқитын. Екеуі де Қарағанды облысынан. Ержан әрбір кездесуге әр түрлі костюм киіп келеді, түстері де әр түрлі, себебі қасында шетелдік студенттер тұрады екен. Студенттердің киіміне қарап әлеуметтік жағдайын білу, байқау мүмкін емес еді. Ержан әр түрлі костюм киіп, қалай да Дәмешке ұнауға тырысқан. Мәскеуде қарапайым адамдардың балалары көп емес, санаулы деген түсінік те болған. Дәмеш те оның киіміне қарап, ауқатты ата-анасы бар деп ойлапты. Қасындағы орыс қыздары да Дәмештің қалауын қолдапты. Ержанның әр келгенде әкелетін торты мен пирожныйына, балмұздағына үйреніп алыпты. Орыс қыздары: «Дәмеш, сенің миллионерің келе жатыр» – деп қуанатын көрінеді. Олар да Дәмешті әдемі киіндіріп жібереді екен. Ол үшін жатақханадағы қыздардан киім тауып қоятын көрінеді. – Үйлендік. Сөйтсек, ол бір кедей шаруаның ұлы, мен бір кедей теміржолшының қызы екенмін, – деп Дәмеш ішек-сілесі қатып күлетін. Міне, бақыттың өлшемінің де, шегінің де, ережесінің де жоқтығы осында шығар.

Тағдыр мен тағылым Олар ұлды, қызды болды, бәрі-бәрі жетеді. Тұрмыс-тіршіліктері ешкімнен кем емес. Ол кезде мәшине алу қиын еді ғой, таршылық көрмеді. Адал еңбек, қажырлы қайрат, ауызбіршілік, ынтымақтың арқасында маңдай терлерімен табылған дүниенің берекесі мол, рахаты шынайы, қызығы көп болды... Біздер де әрбір жылдың жылжып артта қалғанына қуанып, өсіп келеміз. Білімсіз қаламыз ба деген қорқыныш ұмытылған, жиырма бес қыздың біреуі ғана үлгермей шығып қалған-тын. XVI Диплом алып, көкірегіме «ромбик-значок» белгіні жарқыратып тағып баратын күн де тақап қалғандай. Көп кешікпей төртінші курстың да демалысы басталмақ. Үйді, ауылды қатты сағындым. Алматыдағы Досжан ағайдың үйімен ғана қатынасым бар. «Жауда да болса бір үйің болсын» дегендей, соларды бауыр тұтып, сенбі күні лекция бітісімен сонда барамын. Жексенбі күні кешкісін қайтамын. Жер үй, көмір жағамыз, күл шығарамыз, су тасимыз. Үйлері қазіргі «Юбилейный» гастрономының орнында. Сол үйге барғаныма мәзбін. Бір сәт тыныштық көрмей түнгі сағат үшке дейін кір үтіктеп үлгірмей кететін кездерім де болады, өйткені төрт баласы бар. Ақылым кіріп есейген кезімде, кейінірек ойға алғанымда: үш мезгіл әрі тегін әзір тамағымды асханадан уақытында ішіп жата қалатын жерден неге барғанмын? Тағы да кешіккен өкініш... Жеңгеміз Майра өте таза, шебер аспаз-кулинар, мен де ас пісіруді үйреніп алдым. Сол үйдің бүкіл шаруасын жалданып,

Несіп Қалымбетова ақы алып жүргендей мінсіз атқарамын, екі айтқызбай орындаймын. Менің маңдайыма жазылған ереже тәрізді, міндетім сияқты. Сондағы көретін ең қадірлі, жоғарғы сыйым, құрметім, рахатым қазіргі «Арасан» монша комплексі тұрған жерде кішкене ғана монша бар, он бес тиындық билетпен кіріп жуыну болатын, себебі жер үйде су да, ванна да жоқ. Әлі күнге дейін осы балалығым ба деп ойлаймын. Бірақ балалық деуге болмайды, мен жиырма төрт жастамын ғой. Бәрі сол бейсауат қыдыра да білмей ауылда үйкүшік боп өскендіктің салдары шығар. Бейнеттің ортасына өз аяғыммен барып, белшемнен батып, бір жетілік шаруаны тындыратынмын. Сол еңбектерім үшін киноға ақша немесе бес, он сом ұстатпапты ғой деп те еске аламын, кейде сондай ақмақтығыма қорланамын. Есепсіз еңбегімнің қай жерге барсам да еш болғанына өкінгенмен, сол еңбектің арқасында қыздар арасында беделді болдым. Көп нәрсені білгендіктен олар менімен ақылдасатын, үйренетін. Алайда оған өкінуге де болмайды, өйткені бұл да өмір мектебінің бір кезеңі, көрінісі, жетістігі. «Көш жүре түзіледі» деген, адам баласы қателігін де, жетістігін де жүре біліп, түзеледі екен, мұның да аты өмір. «Өлетінімді білсем, көрімді өзім дұрыстап қазып қояр едімнің» кері. Өмір сол қателіктер мен қызық, өлетін күніңді білмегендігіңмен, қалай, қашан болатындығының белгісіздігімен құнды сияқты. Тәубә! Қайтейін, солардың шаруасын барлық ынтышынты ниетіммен, ықыласыммен орындаймын. Ол кісілер алыс жерге жиырма, жиырма бес күнге

Тағдыр мен тағылым демалуға кетсе де төрт баласын маған сеніп тастайды. Сондай жүз пайыздық сеніміне де ырза болып, «құлды бәрекелді өлтіреді» демекші, тіпті тапсырылмаған шаруаларды істеп тындырып қойғанды мақтаныш тұтыппын. Әрине, кейінгі ақылым болса, ондай бейнетке кірісу үшін әуелі ойланар едім. Қазір мен жетпіс төрттемін. Бірақ бұдан кейін де қателіксіз өмір сүремін деп дәл басып кепілдік бере алмаймын. Әлі қанша қателік жіберетінім белгісіз, ол бір Аллаға ғана аян, мәлім мәселе сияқты... Балаларыма Алладан қайтсын деп тілеймін. Әумин! Бір Алла ғана асқанды да, артық басқанды да мезгілмезгіл тәубесіне келтіріп, теңестіріп тұрады екен. Сынақтан өткізіп барып алып, сол сыйды түсінбесе қайта сылқ еткізетін сияқты, бұл жалғанда... XVII Біздер, Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында оқитын қыздар, қазіргі Қарасай ауданының орталығы Қаскелеңдегі Абай атындағы қазақ орта мектебінде төртінші курстың жазғы емтиханының алдында оқу-тәжірибе сабақтарын тікелей сабақ беру арқылы үйренетін болдық. Педпрактика ең әуелі бір ай тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатынасып үйреніп, артынан біз өзіміздің қорытынды «зачётный» сабақтарымызды беріп, әрбір тәжірибе әдістемелік сабақтарға талдау жасап, сабақ берудің жетістіктері мен кемшіліктерін ашық айтып, талдап, сынап, сабаққа баға беруді ортаға салатынбыз. Қорытынды сабаққа сол мектептің көп жылдардан бері сабақ беріп жүрген тәжірибелі мұғалімі және

Несіп Қалымбетова оқыту-әдістемелерін (методикасын) үйрететін институттан келген методист мұғалім қатынасатын. Педпрактиканың мерзімі екі ай болғандықтан Қаскелеңнің өзінен жалға үй тауып тұрасыңдар, ақшасын институт төлейді дегеннен кейін жиырма төрт қыздың барлығы өз қалауларымен топтасып әр жерде тұрып жатты. Біз алты қызбыз: Жансая, Кәмшат, Нағима, Әлия, Гүлжан және мен. Көршіміз сол Абай мектебінің жоғарғы сыныптарында математикадан сабақ беретін ағай, ал әйелі бастауыш сыныпта мұғалім еді. Сол көрші апай ауырып қалғанда мен бір ай бойы бастауыш сыныпқа сабақ бердім. Олар өте қатты риза болып, жетімдігімді естіп қойып, берілген сабақтардың ақшасын төлетпек болды. Менің бүкіл қылықтарымды сыртымнан бақылап, ұнатып жүріпті. Риза болғандықтан баласын жіберіп үйіне шақырғаны да есімде. Бір күні Алматыға баратын автокөліктер аялдамасында Мәдина апай кездесіп қалды. Екеуміз қалаға дейін әңгімелесіп жеттік. Мен қаладағы көрнекті құралдар сатылатын арнайы дүкеннен «зоология» пәнінен берілетін ашық (зачёттік) сабағыма көрнекті материал іздеуге шыққан едім. Дүкен Әуезов көшесі мен Комсомол көшесінің қиылысында болатын. Мұғалім көршілеріміз Мәдина апайдың араласып, сыйласып жүретін, студенттерді жылда осы мектепке педпрактикаға әкелгендіктен әбден таныс болған адамдары екен. Біз де анда-санда сол үйден ыдыс-аяқ алатындай жағдайлар туындап тұратын. Сол көршілердің көзіне мен түсіппін, пысық деген сияқты, тағы да басқа мақтаулар айтылыпты. Бір күні

Тағдыр мен тағылым Мәдина апай мұғалімдер бөлмесінде менен: «Жігітің бар ма?» – деп сұрады. Мен барын да, жоғын да айтпай күлдім. Практикамыз бітіп, қалаға оралдық. Ол кісі мені іздеп жатақханаға келіпті. Қыздардың біреуі сұраса, «Маған Жаңыл есеп беру (отчёт педпрактики) дәптерлеріңді жинап әкелсін», – депті. «Мен староста емеспін ғой», – деп апармадым. Онша мән бермей, емтиханға дайындалуға қыздармен бірге аудиторияға кеткен едім. Бір-екі күн өткен соң, институттың аудиториясында бес-алты қыз кітап жетіспейтіндіктен емтиханға дайындалып отырғанбыз. Бес-алты қызға бір кітап берілетін, ал лекция (дәріс) бәрімізде де толық емес. Мәдина апай аудиториялардың есігін ашып жүріп тауып алып: – Жаңыл, сен менімен жүрші, автобусқа тапсырыс беруді жақсы біледі екенсің ғой, жәрдем беріп жіберші, дала практикасына кететін болдым, – деді. Шынымен, біздер әрбір курсты бітірген сайын бірден дала практикасына баратынбыз. Шөп-шалам, яғни түрлі-түрлі өсімдіктерді жинап гербарий кептіретінбіз. Шөптердің тұқымдастарын, қай түрге жататынын, атын анықтайтынбыз. Шыбын-шіркей, бақа-шаян, тағы басқа жәндіктер мен өсімдіктерді жинайтынбыз. Жыландар, кесірткелер, тасбақалар, кірпілер және басқа көзге түскен жәндіктерді аулайтынбыз. Кейбір лабораториялық сабақтарға керектілерін спиртке, формалинге салып институтқа әкелетінбіз. Оларды практикалық сабақ кезінде сойғызып, бүкіл ішкі құрылысын, дене мүшелерін көзімізге көрсетіп үйрететін. Дала практикасында бір айдан кем жүрмейтінбіз.

Несіп Қалымбетова Ол кездерде автокөлік дәл қазіргідей көп емес. Барған, жүрген жерлеріміздің барлығы өте алыс, жердің түбі сияқты болып көрінетін. Мысалы, Іле өзенінің Балқашқа құятын жеріндегі Топарда, Бақанаста, Есікте, Қапшағайда, Табақсовхозда, Ұзынағашта, Қарғалыда, Кіндіктаста (қырғыздармен шекара), Медеуде тағы басқа көп жерлерде практикада болдық. Қаладан алыс болғандықтан ұзақ уақыт сақталатын қант-шәй, ұн, тағы да басқа бұзылмайтын тағамдарды өзімізбен көбірек алып шығып, оларды мен қойға, сары майға айырбастап жүретінмін. Әйтеуір қыздардың тамағының қамы менің мойнымда болатын. Қаржыларын жеткізіп, дұрыс ұйымдастырып, ешқайсысын ренжітпеуге тырысатынмын. Күнделікті тамақты кезекші қыздар дайындайтын. Сонымен, Мәдина апай екеуміз №3 автобазаға барып автобусқа тапсырыс бердік. Апай енді үйіне шақырды да екінші өтінішін айтты: – Мен Ұзынағаш жаққа дала практикасына кетіп бара жатырмын. Жаңыл, мен сені Шолпан деген қызыммен таныстырып кетейін. Биыл он бірінші сыныпта оқып жатыр еді. Құдай қаласа, бітіреді. Емтихандарыңның арасында сұраған кітаптарын осы институттың кітапханасынан тауып апарып тұрарсың. Мектепті өте жақсы бітіруге талпынып жүр еді, – деді. Ол қиын шаруа емес қой деп ойлап, келістім. Өйткені өзім де әлі бір жыл оқимын, оқытушымның сөзін жерге тастамай сыйлағанды жөн көрдім. Мәдина апай «Горный Гиганттың» арғы

Тағдыр мен тағылым жағындағы таудың етегінде, бау-бақшасы жайқалған, тамылжыған тамаша табиғатпен көмкерілген, ауасы да керемет таза, құдды жұмақтай жерде, үлкен жер үйде тұрады екен. Үйге тақағанда аулада тұрған үлкен, сүт құйылған шәй түстес ескі модельді «Победа» мәшинесін көрдім де: «Апай, үйде кім бар? Мәшине тұр ғой» – деп едім, ол: – Ағаңның мәшинесі ғой, түстікке келіп қалған шығар, – дей салды. – Апай, мен кірмей-ақ қояйын, қызыңызды сыртқа шақырып таныстырыңызшы, – деп өтіндім. Өйткені үстімдегі көйлегімнен де ұялдым, аудиторияда сабаққа дайындалып отырған жерімнен алып кетті ғой. Күн ыстық болғандықтан көйлегімнің омырауы да ойықтау, декольте болатын. Апай маған: – Қойшы, соншама ит өлген жерден келіп үйге кірмегенің болмайды, ұят қой, – деп итермелеп үйіне кіргізді. Кірсек, екі ер адам тамақтарын ішіп болыпты. Екеуі де менімен танысып қолымды алды. Біріншісі Ғарифолла ағай, Мәдина апайдың күйеуі екен. Эксперименттік биология институтында Ф.Мұхаметғалиев басқаратын институтта фотограф екен. Демек, жәй фотограф емес, микроскоптың көрсеткен суреттерін түсіретін, препараттардың нәзік суреттерін түсіретін фотограф-маман екен, әрине оны кейін білдім. Ал, екіншісі – Бердіқұл, дәрежесін айтып: «О, біздер «коллега» екенбіз, мен де биологпын», – деп танысып, екеуі де кідірместен кетіп қалды. Үйленгеннен кейінгі естуім бойынша олар әбден күтіп, Ботаника институтында болып жатқан

Несіп Қалымбетова ғылыми кеңестің жиналысына кешігіпті. Жасалған үстелді ойласам, кездейсоқ дастарқан емес секілді. Ине шаншатын жер жоқ, жатқан бір молшылық, қазы мен қарта, жал-жая, күріш қосып дайындалған әсіп, түрлі жеміс-жидектер, толып жатқан шәй жемдері. Жәй ғана түстікке жасалған дастарқанға мүлде ұқсамайды, арнайы дайындықпен жайылған сияқты болып көрінді де тұрды. Тойдан кейін күйеуімнің айтуы бойынша жолдасы екеуі бізді ұзақ күтіпті. Апай сол күні Бекеңді арнайы түстікке шақырыпты, тек мені бір көрсетіп алу үшін амалдап, білдірмеймін деп ойын менен жасырып жүргенде көп уақыты кетіпті. Негізгі қорқыныштары жас алшақтығы болғандықтан екеумізге де ашық айта алмаған. Біз кіріп келгенде еттің бұрқыраған иісі бүкіл бөлмелерге таралған, мұрнымызды жарғандай. Сол кездерде қаланың да, қала сыртындағы үйлердің де 80-90 пайызында телефон желісі жоқ болатын, телефон орнату қиынның қиыны еді. Сондықтан да хабарласа алмай сарыла күтіп екеуі әбден шаршапты. Өте ұзақ күткендіктен қызы Шолпан етті өзі реттеп ұсынған екен. Мәдина апай дастарқан басында мені әбден сыйлай отырып: – Жаңыл, мынау менің жалғыз қызым Шолпан. Жол бойы өзіңе түсіндірдім ғой. Сен де емтихан тапсырып қиналып жатырсың, түсінемін, – деді де, жайғасып отырып әңгімесін үшінші өтінішіне бұрды. – Жаңыл, сен тігу біледі екенсің ғой, мына Мұрат ұлыма сәтеннен шалбар тігіп берші, – деді. Сол кез-

Тағдыр мен тағылым дерде балағына резеңке өткізетін кең сәтен шалбар сән үлгісінде болатын. Украин халқының кең балақты шалбары сияқты, триконың орнына киілетін. Оған да келістім, бірақ емтиханнан кейін тігіп бермекші болдым. Сөйтіп, кезекті емтиханды тапсырған соң барсам апай үйінде кір үтіктеп жатыр. Сасқалақтаған апайым амандасты да: «Ағаң мәшинемен келіп қалғандықтан балаларды көріп кетейін деп үйге келіп қалдым», – деп ақталды. Үй ішінде мантының иісі мұрын жарып тұр. Қонақ бөлмедегі үстел үсті де бірінші рет көргендегі сияқты түрлі тағамдарға толы, тағы да қайысып тұр екен. Мен апайға: – Қонақ күтіп отырсыз ба? Мен қайта берейінші, – дедім. Ол кісі анық жауап қайтармай есебін тауып бөгей берді. – Қазір ағаң келген соң мәшинесімен апарып тастаймыз, неғып кешігіп жатыр екен? – деп қойды. Уақыт кешкі сағат сегізге тақағанда ғана: – Жарайды, мен сені аялдамаға шығарып салайын, – деп киініп жинала бастады. Амалы таусылды. Бізді жатақханаға тек түнгі сағат он бірге дейін ғана кіргізетін тәртіпті білгендіктен шығарып салуға мәжбүр болды. Бізде сағат он бірден кейін келген қыздарды фотоға түсіріп алып, тәртіп бұзушылар деп әйгілейтін. Біз өзен үстіндегі көпірден өтісімен жарығын бізге түсіріп жүйткіп келе жатқан қара түсті «волга» мәшинесі қасымызға жеткенде кілт тоқтай қалды. Терезеден басын шығарған жігіт: – Мәдина апай, қайда бара жатырсыздар? Біз кешкі

Несіп Қалымбетова сағат ондағы киноға билет әкеле жатыр едік. Баратын болса, қарындасқа да билет табылады, – деді де: – Қарындасым, сіз киноға барасыз ба? – деп сұрады. – Жоқ, мен қайтамын. – Біздің билетіміз «Қазақстан» кинотеатрына алынған, сіздің дәл қасыңызда. Мәдина апай да, күйеуі де бізбен киноға барады, – деп бізді орта жолдан, аялдамаға жеткізбестен үйге алып келді. Мәдина апай бәрімізді күтіп бәйек болды. Бәрі жабылып мені алдапты, ешқандай киноға бару жоспарлары жоқ. Бұның бәрі әдейі микробиолог, биология ғылымдардың кандидаты досы Сейкетов Ғұбайдоллаға да көрсетіп алу үшін ойластырылыпты. Бірақ жатақханаға жеткізіп тастады. Бекен жолда: – Емтиханды қалай тапсырып жатырсыз? Келесі емтиханды қашан тапсырасыз? – деді. – Жақсы. Келесі емтихан «Шетелдерінің экономи­ ка­лық географиясы», өзі орысша, әрі кітабы да жоқ еді, – дедім. Сол кезде жалма-жан жұмыс орнының телефонын, институттың мекен-жайын жазып беріп: – Ертең күндізгі сағат он үште Киров көшесі мен Красин көшесінің қиылысына келіңіз. Ғылым академиясының кітапханасынан алып қоямын, күтемін. Қарындасым, сол да сөз боп па? – деп, оқулықтың авторы мен атын жазып алды. Ертеңіне, уәделескен уақытта кітапты алып кеттім. Ол: – Қарындасым, кітап кітапхананікі, әкеліп беруді ұмытпаңыз, – деп ескертті. Кейін екі емтихан тапсырылды.

Тағдыр мен тағылым Емтихандарды тапсырып, Мәдина апайдың да үйіне соғуға мұрша болмастан, ешқайда бармастан қырық сегіз күндік «ұзақ практика» (дальняя практика) делінетін ұзақ сапарға аттанып кеттік. Сол кездерде басқа ешбір факультетте жоқ, тек Жаратылыстану және биология факультетінің биология-география бөлімінің студенттеріне ғана бұйырған танымдық, қызығы мол практикалық сапар болатын. Практиканың жол қаражатын, тамағын, түрлі көрсетілетін: театр, музей, мавзолей, съездер сарайы, шіркеулер, тағы да басқа толып жатқан мәдени және тарихи орындарға кіретін билеттердің бәрінің қаражатын институт өзі көтеретін. Бұл біздер үшін қиял-ғажайып, қайталанбайтын мүмкіндік еді. Қызықты, мағлұматы мол практиканы өзіміздің Гурьев қаласынан бастадық. Теңіз жағасындағы жер астында салынған тоңазытқышты (холодильникті) тамашаладық. Қабырғаларының бәріне тоңазытқыш құбырлары тартылған. Ұзындығы үш-төрт метрден астам болатын «бекіре» балықтар тұтастай тоңазытқыштың қабырғаларына қаланған, бірінің үстінде бірі жатыр. «Жандыда балық үлкен» деген халқымыздың сөзінің куәсі болдық. Доссор, Мақаншы мұнай құбырларын көрдік. «Гурьев» қонақ үйіне орналасқан едік, кеткенімізше бәрімізді маса талап қотыр етті. Астрахань қаласына жетіп қана жанымыз қалғандай. Қаладағы бірінші көзге түсетін ескерткіш «Астрахань қамалы» аппақ боп алыстан көрінеді екен. Өте әдемі қала. Үйлері тек қызыл кірпіштен қаланған, төрт бұрышында шатыр суын қабылдайтын арнайы

Несіп Қалымбетова тұрбалар. Екінші бір әдемі, қонақтардың көруін қалайтын орын «Октябрь» кинотеатры, ортасында сол кездері биіктігі он төрт метрлік пальма өсіп тұр. Астраханнан «Украина» деп аталатын алып кемеге (теплоходқа) отырып Астрахань, Сочи, Ялта, Туапсе тағы да басқа қалаларға бардық. Кавказдың біраз қалаларында: Тбилиси, Гори, Руставиде болдық. Тбилисидегі тау басындағы саябақта орналасқан «Планетарийде», Горидегі Сталиннің үйін, Рустави қаласындағы болат, шойын, темір өндіретін толық циклді металлургиялық заводты да араладық. Батумидегі «Ботаникалық бақты», Сухумидегі шәй және кофе өндіретін, өңдейтін фабрикада болдық. Железноводск, Кисловодск, Минеральные воды курорттық қалаларын да тамашалап, тазалығы мен таза ауасына мән беріп, қызықтадық. Әскери-Грузия (военно-грузинская дорога) тас жолымен ауыр жүк мәшинесімен жүріп өттік. Өте қорқынышты, құздан құлайтындай сезімде отырдым. Қорыққаннан көзімді анда-санда ғана аштым. Мүмкіндік болғанша болған қалалардың тарихи мұражайларын да көруге тырыстық. Севастопольдегі «Севастополь панорамасы», «Севастополь диорамасы» сурет көріністерін де тамашаладық, қираған «Херсонес» қаласының іргетасының қалған, бұзылған орындарына бардық. Қара теңіз жағасындағы мұхит пен теңіз тірішілігінің түрлі-түрлі ғажайыптарын көрсетіп қойған алып аквариумды да жібермедік. Таң қалдырған ғажайыптардың бірі Үнді мұхиты және Тынық мұхиттан ұсталған екі алып тасбақа бол-

Тағдыр мен тағылым ды, өздері өте ірі. «Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген халық даналығының ғибратты шындығына көзіміз жетті. Қаншама мағлұмат, таңданыс, ләззат, білім-ғылымды ой мен бойға сіңіру, жинау, тағылым еді бұнымыз. Севастопольден пойызға отырып Мәскеуге аттандық. Сегіз күн Мәскеудің әдемі жерлерін араладық. Олар: Ленин мавзолейі, Съездер сарайы, Тарихи музей, Үлкен театр, Кремль ауласындағы «Алып қоңырауды», «Алып зеңбіректі», Кремль қоршауының ішіндегі шіркеулер, толып жатқан тарихпен байланысты құндылықтарды көріп, қызықтап мол рухани әсер алып қайтқанымыз хақ. Жолдан әбден шаршап келсем, Досжан ағайымның үйі күрделі жөндеу (ақтау, сырлау) жұмыстарын жүргізіп жатыр екен. Оларға жәрдем беріп болғанша да бірталай күндер өтіп кетті. Ел аралау кезіндегі қалалардан бізде табылмайтын киім-кешектерді қарызданып-қауғаланып алып қойған едім. Ақша тауып қайтару үшін құрылыс бригадасына (стройотрядқа) жазылдым. Ертеңгі сағат 10-да вокзалға жиналатын болдық. Билеттер алынған, онымыз басқарып апаратын жетекшілердің қолында. Сөйтіп, жолға жиналып жатқанда «экономикалық география» кітабы көзіме түсті. «Масқара-ай, ұят болды, апарып беруім керек, кітапхананыкі ғой» – деп ойлап жұмысына телефон соқтым, өйткені тағы да бір айдан астам уақыт құрылыста болатынымызды ескердім. Кітапты кеткенше беріп кетуді жөн көрдім. Жұмысындағылар «ол кісі демалыста, үйінде телефон жоқ, адресін

Несіп Қалымбетова берейік, Астрономическая 53, бесінші пәтер» деді. Айтылған мекен-жайға қалтамда қалған үш сомға такси жалдап зорға тауып келсем, үйінде жоқ екен. Шешесі есікке келіп: – Бұл кім қағып тұрған? – деп сұрады, дауысы кәрі адамдыкі. – Апа, мен, балаңыздың қарындасымын, кітап әкеліп едім. Ашыңызшы, тастап кетейін, – десем, ол: – Бұл Алматыда оның ешқандай қарындасы жоқ. Ол кеш келеді, тойға кеткен, келмеуі де мүмкін, – деді. Кемпірдің сөзіне сенбей ауладағы беседкада бір сағаттай отырып күттім. Кітаптан сол күні құтылғым келді. Күн де батып барады, қалтамдағы тиын-тебенім де белгілі, таксиге отыратын шамам жоқ. Үйге жетіп алмақшы болып транспорт түрлерін сұрастырдым. Бейтаныс адам: «Былай қарай, оңға жүріп Әуезов көшесінен бірінші троллейбусқа отырасыз, Гоголь көшесімен Коммунистер даңғылының қилысынан түсесіз», – деп түсіндіріп, жол сілтеді. Айтқан жаққа қарай жүріп келе жатсам, дәл сол үйден кейін үштөрт үйден соң шөбере ағайым Шорманның үйі тиіп тұр. Қуанып кеттім. Сол үйге қонып, ертерек тұрып таңертең апара салайын, пойыздан да қалмаспын деген ой келді. Сөйтіп, таңертеңгі сағат жетіде келіп Бекеңнің есігін тағы да қақтым. Ол пижама киген күйінде есік ашты да, тез кетіп қалып бөлмеден дауыстап: – Қарындасым, қазір-қазір, – деп, киініп дәлізге шықты. – Түнде тойдан келген едім, кешіріңіз! Келгеніңіз қандай дұрыс болды, – деп салдырап, сасқалақтап сөйлеп жатыр.

Тағдыр мен тағылым – Ағай, мен асығыспын, сағат онда вокзалда болуым керек, пойызға үлгеруім керек, – дедім. – Қарындасым, таңертеңгі шәйді тастауға болмайды, – деп лезде шығып кетті. Ол кездерде нан дүкендері сағат жетіде ашылатын; теп-тез қара нан алып жетіп келді, Н.С.Хрущёвтің кезеңі ғой. Шәй беру үшін қалбаңдап-ақ жатыр. «Шәй ішпей кетпейсіз», – деп тағы да қарсылық білдіріп қойды. Үш литрлік банкада бал бар екен. Қақпағын ашып үстелге тарс еткізіп қойды да, қасық беруді ұмытты. Үстел үстінде дастарқан жоқ. Үй іші өте жұпыны. Анасынан печенье сұрады, алып келіп еді, ашқызбадым. – Қарындасым, әлде ашыған күріш көже ішесіз бе? Анам ішетін еді, – деп сасқалақтап қалды, өйткені шәйға құятын сүт жоқ екен. Қара шәйді құйды да шешесінен енді кәмпит сұрады. Үстел кәдімгі тақтайдан жасалған, араларының жігі де қиюласпаған, астында бір себет қатқан нан тұр. Кейін білдім, қала сыртында тұратын туған жеңгесінің тауықтарына жинайтын көрінеді. Мен аң-таңмын. Әйелі қандай салақ адам деп отырмын. Үй-іші өте күтімсіз күйде екен. Осындай оқымысты ғалым адамдардың да әйелі салақ болады екен-ау, – деп іштей ырза болмай ойланып, налып отырмын. Залда бір бұрышта төбеге дейін үйілген жүк, яғни төсек-орын, темір кіреует, арқасында Совет өкіметі кезіндегі пойыздың вагонындағы сияқты ұзынша айнасы бар, екі басындағы домалақ басы екі жаққа итергенде ұзаратын ескі диван. Эллипс тәрізді үстел үсті кітаптарға толы, кесе қоятын жер таппайсыз. Ескі кітап шкабы бар, екі орындықтың үстіндегі

Несіп Қалымбетова қаптаған матасы да жыртылып тозған. Бар мүлік осылар. Бөлмедегі терезенің ортасына дейін кітаптар қаланған, перде үш терезеде де жоқ. Бұл кісіні ғылым докторы деген сияқты еді. Тұрмысы өте нашар ғой, өтірік айтқан екен деп, «доктор» деген атағына да күмәндандым. Біздің сол замандағы санамыз да «доктор» деген бір ғажайып білім иесі. Олардың тұрмысы көп адамдардан артық, өте жақсы болуы тиіс. Ғылыммен шұғылданған, оқыған адамдар еңбек адамдарынан гөрі ақшаны көбірек табады, сол үшін көп оқиды, бай болу үшін талпынады деп ойлаймыз. Әлеуметтікматериалдық тұрмысы көркейген, анағұрлым артық болады деген ұғым ойымызда қалыптасқан, сол себепті көрген көзге ыңғайсыз, ұяттау, ерсі сықылды көрінді. Екінші бір түсінік – оқымыстылар ақылды адамдар болғандықтан әйел тастайды деген ұғым жадымызда мүлде жоқ. Олар өте мәдениетті, мінсіз, мүлтіксіз, қателеспейтін адамдар деп есептейтінбіз. Менің асыққанымды Бекең құлағына да қыстырған жоқ. Маған: – Мәдина апай сіздің жағдайыңызды айтқан еді. Құрылыс қыз балаға өте ауыр жұмыс, бармаңыз. Әрі шаң-тозаң, лас жұмыс қой. Мәдина апай өтініш жасаған соң, мен сізге пионерлер лагеріне вожатыйлық орынмен келіскен едім. Өзі Медеу шатқалында, ауасы өте таза, 90 сом айлығы бар, төрт мезгіл тегін тамақ ішесіз. Келіскен адам жақын тұрады, телефоны жоқ, баруым керек. Сіз сәл күте тұрыңыз, пойызға үлгересіз, тез қайтып келемін, анықтайын, – деп шығып кетті. Мен дызылдап, ол кешіккендіктен кете бергім

Тағдыр мен тағылым келіп есікке келсем, құлыптап кетіпті. Шешесінде кілт жоқ. Пәтері екінші қабатта, телефон жоқ, келіп қалар деген үмітпен отырдым. Ол өте ұзақ кешікті. Осындай кездейсоқ жағдайға тап болып пойыздан қалып қойғаным және басқа жұмыс табыла қоймайды деп уайымдап жылап, көзім де көнектей боп ісіп кетті. Күні бойы кемпірдің қайта тігетін көрпесінің жуылған жүнін түтісіп отырдым. Ол: «Балам дәл осылай кешікпейтін еді, қайда жүр? Жылама, шырағым» деп, бірдеңені сезгендей мені жұбатып қойды, өйткені құлағы өте жақсы естиді екен. Кемпір күні бойы үздіксіз сөйлей берді. Мен бір сөзін түсінемін, кейбірін түсінбей қаламын. Әйтеуір жұбату сөзді көп айтқанын дауыс ырғағынан сездім, әредік түсініп қалғандықтан да білдім. – Қызым шәй ішейік, – деп бөлмесіндегі шәйнекті тоққа қосып, барлық ниетін маған аударғандай. Әбден шаршаған кемпір ұйықтаған кезде мен де диванда жатып ұйықтап қалыппын. Түннің бір уағында Бекең есікті ашып кіріпті. Түнгі сағат үш екен. Менің жұдырықтай боп қатты ісіп кеткен көзімді көріп: – Қарындасым, сіз неге жыладыңыз? Мен бұдан былай сіздің көз жасыңызды ешуақытта көрмейтін болайын! Туыстарым мен достарымды тойға шақырып келдім, екі күннен кейін үшінші күні той. «Гигант» деген совхоздың директоры Жиренбаев Ережепбайға барамын деп кешіктім. Бір қойды сыйлады, бір қойды сатып алдым. Оның совхозы шампан, коньяк, шарап шығарады. Менің арқамда ауыл шаруашылық институтын сырттай бітірген еді, әрі

Несіп Қалымбетова Ботаника бағына лаборант етіп жұмысқа алған едім. Мені қатты сыйлайды, – деп әңгімелерін жаудыртып айтып ақталып жатты. Мен: «Ағай, сіз қызық адам екенсіз. Мен сізді мүлде білмеймін және әйеліңіз бар адамға ұқсайсыз», – дедім. Ол: «Қарындасым, менің әйелдерімнің көп екені шындық. Рас айтасыз, заңды әйелдерім де, заңсыз әйелдерім де баршылық. Ендігі жерде сіздің көз жасыңызды көрмейтін болайын», – деген сөзін екінші рет қайталады да: «Я мало обещаю, много сделаю», – деп орысшалады. Артынан: – Бірақ, сіз жыл санауды бүгінгі күннен бастайсыз, ештеңені қазбалап сұрап қопармайтын боласыз, – деді де: «Сіз үшін жыл санау, «летоисчисление» бүгіннен басталады, сіздің келген күніңіз бүгін. Некеге тұра алмаймын. Өйткені, екінші әйелім жоғарғы сотқа дейін барып, ажыраспады. Ал, неке куәлігін ол құшақтап отырса да мен онымен тұрмаймын. Ол тек бір шарттылық, әншейін нәрсе! Тек әлеуметтік жағдайда, яғни алимент алу, пәтер алуға ғана қажетті құжат қағаз» деді. – Мен үйдің кезегіне тұрамын, өйткені Анам бар, ғылым докторымын. Менің өзіме тоғыз шаршы метр және атағыма жиырма шаршы метр артық беріледі, – деген сөздерін аяқтай келіп, осы үйге семьямды тіркеймін, екі балама үй керек, – деп түсіндірді. – Әрине, әйелім өте үлкен қателік жасады. Сол Ботаника бағының ішіндегі директорға салынған жер үйде тұра беруі керек еді. Қызметкерлерден ұялғаннан шешесінің тар екі бөлмелі үйіне тығылып көшіп кетіпті. Ең болмаса менің өзіме айтқанда қайтадан кіріп алатын едім, өйткені біз Тастақта пәтер жал-

Тағдыр мен тағылым дап тұратынбыз, – деп өкпесін, өкінішін жайып салып айтты да: «Сіз неке туралы алаңдамаңыз», – деп жұбатып, бірге тұруымды өтінді. Не керек, осылайша Бекеңмен бірге тұру өмірім басталып кетті. Стройотряд маған бұйырмады, аяқ астынан тұрмысқа шықтым, бұл өзіме де тосын сый болды. Сағат таңертеңгі он шамасында: «Жүріңіз, ательеге барып көйлекке тапсырыс береміз», – деп ертіп шықты. Гоголь көшесі мен Дзерджинский көшелерінің қиылысында жас жұбайларға тез, жеделдетіп «қалыңдық» көйлегін тігетін ателье бар екен. Жолда үйдің қасындағы жинақ кассасына соғып, жетпіс сом ақшасын алды да көйлекке тапсырыс бердік, екі күнде даяр болатын болды. Мен тағы да аң-таңмын. Тойды қалай жасайды, оқымыстылардың да ақшасы аз, мардымсыз екен-ау деп іштей таңданып қойдым. Өзім ойланудан қалдым, алжыған адамдаймын, бәрі ойланбаған, бәрі жедел боп жатқан жағдайлар... Бекең дүкенге шығып кеткен еді. Үйде тоңазытқыш жоқ болғандықтан тамақты күнбе-күн алуға тура келетін. Маған айтпастан, келісімімді сұрамастан, тіпті хабарсызбын ғой, «той» делінетін басқосуға уақытын, күнін белгілеп келіпті. Екі қойды сойып беретін адамды тауып, міндеттеп, адамдарды шақырып келгенін ескертті. Келмей жатып-ақ намыстанып үйдің ішін жуып-шаюға, реттеуге кірісіп кеткен едім. Кімдер келетінінде, кімдер көмектесетінінде менің жұмысым жоқ, тіпті де ойламаппын. Бір кезде есіктің қоңырауы шыр етті. Ашқанымда, өте арық денелі ер адам тұр екен. – Көкем үйде ме? – деп сұрады.

Несіп Қалымбетова – Дүкенге шыққан еді, қазір келеді, – дедім. Үйге кірерде ұялғанымен, бірден енемнің бөлмесіне кіріп кетті. Көкем деп кіргендіктен туысқаны екендігін жорамалдадым да шәй қойдым. Осы аралықта Көкесі де келіп қалды. Шәй жасалды, оны ішіп те болдық. Бірақ, көкесі екеумізді бір-бірімізге таныстырмады. Келесі күні оның анасы Аяткүл түске дейін жетіп келді. Тағы да Бекең шаруаларымен шығып кеткен еді. Аяткүл туған абысыным екен, ол маған: – Қызым, қай жақтың қызысың, ата-анаң бар ма, жұмыс істейсің бе, әлде оқисың ба? – деген сияқты сұрақтарды қойып, өзіне қажетті мәліметтерді біліп алды да: – Жаным, саған менің ішім жылып отыр. Кеше Бердібек деген балам келген екен. Маған Көкемнің үйінде бір қыз жүр екен деген соң хабар білейін, ол неғылған қыз деп шыдай алмай келдім. Білейінші, кімсің? – деді. Мен өзімді қалай таныстырарымды білмей, абыржып, тек атымды айттым. Шәйімізді ішіп болған кезде қайнысы келді де: – Аяткүл! Келгенің жақсы болды, барып айтуға қолым тимей жатыр, уақыт жоқ, бүрсігүні тойға келіңдер, – деді. – Ойбай-ай! Сен қалайша алдын ала айтпайсың? Ең болмаса Бердібекке неге айтпадың? Бұл қалай болғаны? Бүгін келмесем шақырмайды екенсің ғой, – деп жылап жіберді. Сөйтіп, ашуланған беті үйіне қайтып кетті. Бірақ, келесі той күні ертемен келді, өйткені көмектесетін ешкімнің жоқтығын ескерген болуы керек. Дүйсен ол кезде үйінде жоқ екен. Бердібек те келмеді, үйдің тарлығын ескерген бо-

Тағдыр мен тағылым лар. Ақжан апама бірден барып айтыпты, алдын ала көрсетпедің деп өкпелеп күйеуі екеуі де келмеді. Тойға әкелінген екі қойды досы Әлекең бір шалды әкеліп сойдырды да, өзімізге керек емес ішек-қарын, сирақтарын, тиісті қол кесерін, терілерін беріп жіберді. Шал енді кеткен кезде енем бөлмесінен шығып етті тексеріп түгендеді, теріні іздеді. Біз оның сөзін түгел түсінбей жатқанбыз. Дауыс ырғағының көтеріңкі шыққанынан ашуланғанын біліп, бізге көңілінің толмай жатқанын жобалаймыз, анық түсінбейміз. Баласы келіп қалып: – Апа, сен уайымдама! Мен тұрғанда бұл үйде ешкім билік жүргізе алмайды. Қойды сойған адамға өзіңе әдемілеп тулақ илеп берсін деп екі теріні беріп жібердім, даяр болғанда алып келемін, – деді. Сол кезде ғана біз ұрыстың не жайында екенін түсіндік. Енем бірден бөлмесіне кіріп, тынышталды. Баласына «Бұл не сұмдық? Келін келмей жатып билеп-төстеп жатқаны», – деп күйініпті енем. Ертеңіне қойды сойдырған досы Әлекеңнің әйелімен Аяткүл жеңгесі екеуі қонақтарға берілетін тамақтарды пісірді, дастарқанды жасады. Ренжісе де жеңгесі сөз айтпастан келіп көмектесті. Дастарқан мәзірі өте дәмді әрі сәнді болғаны ақиқат. Асаба Ташкенттегі Низами атындағы педагоги­ калық институтының доценті Бекбергенов Мақаш деген досы болды. Ол ұлы сөз зергері, жазушы Ғ.Мүсіреповтің шығармаларына талдау жасап, канди­ даттық диссертациясының жұмысымен айна­лыс­қан­ дықтан осында, Алматыда Ғабеңмен кездесуге келіп жұмыс жасап жатыр екен. Үйге тығыз отырғанның

Несіп Қалымбетова өзінде он жеті, жиырма адам ғана сиятынын ескергендей, тек самсаған ер адамдар келіпті. «Гигант» совхозының директорының әйелі Өзипа, Әлімбек досының әйелі Гүлнар және Аяткүл жеңгесі. Бекең екеумізді таныстырған Мәдина апай да күйеуімен кел­меді. Сөйтіп, той да тарқады. Жеңгесі енесінің қасына қонып қалды. Ертеңіне жеңгесі екінші рет назөкпесін айтып жылап алды. Мен татуласқандарына іштей қатты қуандым. Жеңгесі бізге бір жастық, бір көрпеше, бір көрпе әкеліпті. Енеміз бізге тек жас­тық­ ты ғана беріп, көрпелерді астына төсеп салып алды. Енеміз – он бес бала тапқан ардақты ана. Бекең сүт кенжесі. Күйеуі қайтыс болғанда іште қалып жеті айлық болып туылыпты. «Шала туылғандықтан, тымаққа салып керегенің басына іліп қойдым. Көршілер де дауысы шығып жылауға жарағанша, бір жарым айдай ешкім білмеді, тірі қалады деп өзім де ойламадым», – дейтін енем марқұм. XVIII Сөйтіп, біздер 1964 жылдың сегізінші тамызында тойды тәмамдадық. Әне-міне дегенше күз де келді. Институтқа қалай барамын, мұғалімдердің, қыздардың бетіне қалай қараймын? Не айтамын деген сұрақтар жүрегімді жегідей жеді. Өзімнен жиырма екі жас үлкен адамға тұрмысқа шыққаныма ұяламын. Ешкімнің ойына да келмеген, түсіне де кірмеген жағдай болған сияқты. Біртүрлі ыңғайсыздықты сезінемін, қалай жеңіп шығуды ойлаймын. Бәрінен де бұрын, қыздарға алғаш рет көрінуім қиямет-қайым сияқты, өте қиналдым.

Тағдыр мен тағылым ...Әрине, қыздар не десін... Барлығы да құшақтап, бақыт тілеп, қоршап алып түрлі сұрақтар беріп, кезек-кезек бетімнен сүйіп жатыр. «Тамұққа да үш күннен кейін үйренеді» деген, тіпті олардың сөзін, сұрақтарын, өсегін тыңдауға да уақытым жоқ. Мұғалімдерім де күдікпен қарап, қыздардан сұрап, «қалай тұрады, қандай жағдайы бар?» деген сұрақтарды көбейтіпті. Сол менің ғылым докторына шыққанымның өзін көре алмағандардың болғаны рас. Сан-саққа жүгіртіп, оның ақшасы былай да көп қой деп заңды, тиесілі стипендиямды заңсыз бергізбеді. Алғашқы кездерде күйеуіммен көшеге шыққанда қатты ұялатынмын. Көпке дейін үйрене алмай жүрдім. Табалдырықты аттағаннан қайтып оралғанымызша айналадағы жанды мен жансыздың барлығы бізге қарап: «Неге шалға шыққан? Жасы тым үлкен ғой!» деген секілді түрлі-түрлі сумаңдаған сүйкімсіз сұрақтарын қойып, аяп, өкініш білдіріп тұрғандай сезінетінмін. Күнделікті күйбеңмен күндер де ескен желдей зымырап өтіп жатты. Күнде сағат сегізден институтқа кетіп үшке таяу келемін. Тойдан кейін, бір айдан сәл асқанда біреу есікті қақты. Бекең жоқ еді. Жасы күйеуіммен шамалас, зікиіп қымбат әрі әдемі шетел киімдерін киінген толықша келген әйел тұр екен. Есікті ашысымен күйеуімді сұрады. Үйде жоқ екенін естісе де, өзін таныстырмастан кірді де бірден енемнің бөлмесіне еш кідірместен батыл басып еніп кетті. Мен еденді жуып жатқан едім. Аяқ-қолымды жуып ваннадан шықсам, енемнің бөлмесінің есігін тарс жауып алып,

Несіп Қалымбетова қасына жамбасын енемнің жамбасына тиістіре отырып алыпты. Енем дауысын бәсеңдетіп бірдеңелерді түсіндіріп, баяндап жатыр. Бөлменің есігі әйнекті болған соң бәрі де көрініп тұрды. Енем әйелдің қолын екі қолымен уқалап қысып қояды. Мен шәй қойып дастарқан жасап жүрмін. Біраздан кейін ғана екі беті қызара бөртіп, бөлмеден шығып шәйға отырды. Менің кім екенімді сұрады да: – Апама сәлем беруге келген едім, – деді. Адуынды енем дастарқанға келе алмай кібіртіктеп бөлмесінде отырып қалды. Біз шәй ішіп болғанша да енем шықпай төсегінде жатты да қойды. Мен ешкімге дес бермейтін, қаймықпайтын енемнің іс-қимылына қарап секем алып күдіктеніп қалдым, бір шикіліктің барын сездім. – Менің атым Ұлжан, – деп өзін таныстырды әлгі әйел. Әкелгені сүйексіз тамаша сұрпы еттер, содан астырды да Бекеңнің жұмыстан келуін күттік. Ет жеп, екеуі екі-үш рөмкеден арақ ішті. Ұлжан да бір шампан, бір коньяк әкеліпті. Енеме де арнайы әкелген сәлем-саухаты бар. Дастарқан басында пәлендей бөтен сөз айтылмады. Екеумізге бақыт тілеп үйіне қайтты. Кетерінде маған ертең соғып заттарын алып кететінін ескертті. Әкеліп қойған заттарының барлығы да ұзатылатын қызға даярланған жасаудай. Бәрі қымбат бағалы заттар. Таза түйе жүннен тігілген жібек көрпелер: екі қызыл, екі жасыл, екі сары түсті және қаздың жүнімен толтырылған жеп-жеңіл қампиған төрт жастық. Әкелген барлық заттары тапшы «дефицит», ол кездерде оңайлықпен табылмайтын, этикеткалары

Тағдыр мен тағылым алынбаған заттар. Ол заттарға қызыға қарағанымда рас-тын, өйткені үйде көзге түсетіндей басқа ешбір зат жоқ еді. Қабырғаға ілетін екі су жаңа кілем, еденге төсейтін екі кілем. Төртеуі де енемнің төсегінің үстінде. Тойдың алдында кереуетке жинағанбыз, өйткені басқа қоятын жер болмады, залды босату қажет-тін. Аузы құлыпталған екі үлкен шабадан заттар. Алты «венский» орындықтары тағы бар. Ең жақсы дүниелерді біздікі емес деп мені жуытпағаны несі деп ойланып: «Олар сонда кімдікі?» – дедім. Бекең: – Кейін бәрін толық түсіндіремін, – деп созды. Сонымен Ұлжан дүниелерін үш күн таксимен тасып алып кетті. Кейіннен естігенім, шынымен Ташкенттегі Төлеген деген геолог досының балдызы екен. Ажырасқан, бойжеткен қызы бар, Семейден көшіп келген, сауда-саттықпен айналысады. Бекеңнің бүкіл өмірін жатқа білетіндер екен. Бекеңнен тағы бір сұрағанымда маған: – Саудагер әйел. Үйіне тінту (обыск) қаупі төнгенде әкеліп қойған еді, – дегеніне сендім. Ұлжанның Бекеңе тұрмысқа шыққысы келіп, үйіне заттарды сылтауратып әкеліп қойғаны айқындалды. Шешесіне тамаша сүрленген қойдың құйрығын әкеліп тұрыпты. Енемнің төсегінің астында бір қағаз қап құйрық жататын. Қап үлкен бірнеше қабат сары қағаздан фабрикада тігілген, үкіметтікі. Тоңазытқыш жоқ болғандықтан бұзылмайтын сүрленгенін әкеледі екен. Дәмі әлі күнге дейін аузымнан кетпейді, сорпаның дәмін жақсы кіргізетін, құдды дәмдеуіш сияқты-тын. Оны біз бір жылдай жедік. Қазы, қарта,

Несіп Қалымбетова тіл, тағы басқаларды әкеліп тұрыпты. Енем баласы жоқ кезде ашу-ыза қысқанда мені менсінбей: «Қу ғана құдай-ай! Сорлы басым-ай! Ұлжанымнан да айрылып қалдым ғой! Аузымнан ақ май ағызып тұрушы еді», – деп әредік есіне алып қиналып кететін. Ондай қағаз қаптарға дүкендерде макарон салынатын. Сол құйрықтың бізге көпке дейін құт-береке болғаны шындық. Жүрекке тимейтін, тұздалғанда шыныдай сап-сары болатын әрі өте дәмді еді. Ұлжанның да сыры ашылды, ол енем арқылы белгілі болды. Енем екеуінің жоспарлары іске аспай қалыпты. Осылайша құйрыққа үйренген енем: «Арық, жасық еттің дәмі болатын ба еді? Баламның табысы жетеді, еттің семізін ал!» – дейтін, ал, майсыз етті кейде жемей лақтырып жіберетін. Үйленгеннен кейінгі Бекеңнің басты жұмысы мені анасына икемдеу, әдет-әдебіне үйрету болды. Атымды келген күннен атамай, еркелетіп Сұлуым дейтінді. Маған ол: «Апам абысын-ажындарымен бір қорада тұрған. Өмірінде олармен тіл табысып көрмеген. Ұрысып-таласып жүріп өмір кешкен. Мінезіне сол жағдайлар, өзгермейтін көп өзгерістер енгізген. Апама бір нәрсені жасырып беріп қоймасаң, жасырын алмаса, ондай өмір, шынын айтсам апама бір тиын. Өмірдің мәні мен мағынасын түсінбейді. Әбден абысын-ажындар бірінен-бірі ұрлап ішіп, тығып жеп, «ауру қалса да әдет қалмайды» дегендей үйреніп, бойына әбден сіңген. Әдет ауруға айналған. Мәселен, мен жалғыз өзім болсам тамақты асханадан, рестораннан тағы басқа жерлерден іше салар едім. Үйде тек шәй ғана ішер едім. Осы кәрі анам бар деп жүгіріп

Тағдыр мен тағылым келіп тамақ пісіремін. Ал, анамның ойына бұл еркек адам ғой, мен үшін дайындап жатыр ғой деген нәрсе қаперіне келмейді, мүлде түсінбейді. Сондықтан, Сұлеке, енді ұрлық көбейеді, өйткені үшеу болдық. Ет асқан кезде піскен етті түсіріп алып табағымен апамның алдына қой. Сәл де болса ол жаққа қарамауға тырыс. Бірдеңені сылтауратып шығып кетсең, тіпті жақсы. Анам міндетті түрде еттің майлы жерінен бір кесіп алып аузына салуы керек, тағы да бір кесіп алып дайындалған қағазына орап қамзолының қалтасына салып үлгеруі керек. Әйтпесе не ішсе де ас болмайды, бойына сіңбейді. Өйткені, ол шартты «условный рефлекске», әдетке айналған. Мен өзім ылғи да осылай жасап жүрмін. Көбіне теріс қарап тұрып, өзі жайып берген еттің нанын сорпаға салып жатқан боламын, немесе нанын сүзген боламын. Апам балдырбалдыр аузындағы етімен бірдеңелерді айтып рахаттанып жеп жатады. Апам осы әдет-дағдысын жасап, жұтып, бәрін орындап болған соң ғана басқа ыдысқа сүзіп алған қамырды саламын. Көңіл-күйін бұзғым келмейді. Кейде көріп қалды-ау деп сезіктенсе, ішкені ас болмай қалатыны да бар. «Қартайды ғой, қайран анам!» – деп мүсіркеп, менің де аяныш сезімімді селт еткізіп оятып қоятын. «Қазір үшеу болғандықтан, ұрлық үдейеді. Екеу­ ден-екеу отырғандағы істейтіні жаңағы айтқаным­ дай. Нанды да, кәмпитті де тағы басқа тамақты төсекте жатқан кезінде түртіп қалып қолына ұста­та қою керек. Біріншіден, анама ас болуы үшін, екін­ші­ ден тыныштық үшін солай істеші! Көп қисық қылық­ тарына онша мән бермеші» деп үйретумен болатын.

Несіп Қалымбетова XIX Келін болғаныма бір айдан енді ғана асқан еді. Енемнің бауырында өскен немере қызы Рыстайдың қызы, яғни шөбересі Шаһризада келді. Түс болып қалған-тын. Үшеуміз де оны қарсы алып, қуанып қалдық. Дәстүрлі шәй ішу бітер-бітпестен енем шөбересін өз бөлмесіне ертіп кетті. Сәлден соң енемнің оған дауыстап ұрсып жатқаны естілді. Мен үрейленіп енемнің бөлмесіне кірдім, аң-таңмын. Енемнің сөзін әлі де анық ажыратып түсіне алмаймын. Тісінің жоқтығынан тілі әлсін-әлсін, жыланның тілі сияқты дамыл-дамыл, тез-тез жылтыңдап шығып кетеді де аузына қайта кіретін, яғни сөздің анықтығына бөгет жасайды, әсіресе ашуланғанда тіпті жиі шығатын. Адам баласы бәріне де үйренеді ғой, кейін қалай сөйлесе де «а» деп ауызын ашқаннан-ақ түсінетін аудармашылық қасиет-қабілетке ие болып, автоматаудармашы дәрежесіне жеткенім де шындық. Күлкі... Абыржыған мен сөздің не жайында екенін білмей ыңғайсызданып тұрып қалдым. Менің кіргенімді байқамаған енем Шаһризадаға көзін қысып: «Ешқандай жүзік те, сақина да, білезік те жоғалған жоқ. Әншейін, түк көрмеген жетімек неме ұрлық жасап қоймасын деп алдын ала ескерту жасап жатқаным ғой. Сен ренжімеші, жарай ма?» – дегенін, байыппен анық айтқанын өз құлағыммен естідім. Шөбересінен неге көзін қысқанын сұрадым. Осы жағдай, сол көрініс менің көңіліме алаңдаушылық ұялатып, көңіліме кірбің кіргізгені анық. Болашақтағы тағдырымның мамыражай ты-

Тағдыр мен тағылым ныш болмайтынын, қайткенде де алда қиын-қыстау өткелдердің күтіп тұрғанын аңғартты, қатты ойлантты. Мен шәйін әлі ішіп болмаған күйеуімнің қасына келіп не айтарымды білмей тұрып қалдым. Бекең бұған тіпті де абыржып сасқан жоқ. Мені қорқытып алмайын деді ме, әлде өзінің еті үйреніп кеткен бе, шешесінің айғайына жәйбарақат қарады да маған бұрылып: «Анам байғұс қайтсін! Шыдаудайақ шыдады-ау! Мен мұндай жағдайды бір жетіден кейін күткен едім. Дегенмен, апам молодец! Ерлік, «героизм» көрсетіп, сонша уақыт тыныштықты сақтағанына қайран қаламын!» – деді. Сөзін әрі қарай жалғастырып: «Бұл да ұрыс боп па, тәйірі! Бұл анамның әншейін, айналып кетейін келінжан дегені. Бұл о-й-бой! Цветики, а ягодки впереди!» – деп, қарқылдап тұрып қатты күлді. Бірақ оның бұл күлкісі маған мүлде ұнаған жоқ. Мені арашалап, жақтап, ақтап қорғамайтынына көзім жеткендей секем алып қалдым. Шөбересі де аса көңіліне алмады. «Пустяки! Көңіліңізге алмаңыз», – деп отыра кетті. Сонымен, шөбересі Шаһризада келіп, енемнің айы оңынан туып, «Мың бір түннің хикаясының» басталуына себепші болды деп айтуыма әбден болады. Осы күннен бастап мен де өзімнің ақ көңіліммен ашық жарқын әңгімеммен бөлісуді тоқтатып, сақтана бастадым. Бірақ енем менің жетім екенімді, жеме-жемге келгенде араға түсетін іздеушімнің, қорғаушымның жоқтығын анық біліп алған-тын. Әрине, айтылып кеткен әңгіме-сырларға қатты өкіндім. «Айтылған сөз – атылған оқ» демекші, оқты орнына қайта жинап алу мүмкіндігі мүлде жоқ. Оның

Несіп Қалымбетова санасына сіңіп, тиісті орнына орныққаны қашан!.. Сабағым соңғы бесінші курста ауыр болғанмен, енемнің жайсыздығын көріп, түсініп алаңдасам да күнделікті тіршілікті мінсіз жалғастырып үлгеруге тырыстым. Азып-тозып кеткен пәтерді де шамам келгенше ақтап, бояп үлгердім. Екеуінің де үсті-бастарын, киім-кешектерін ретке келтіріп жөндеуге көңіл бөліп кірісіп кеттім. Күйеуім тек аяқкиімінің ғана өлшемін (размерін) біледі екен. Басқа киімдерінің өлшемін дәлдеп алуға да қиындық туды, өйткені дүкен аралауға уақыты жоқ. Дүкендерде оңай таңдай салатын киімдер болмайтын. Ал енем екі штапель көйлегін кезек-кезек киіп, бір жетіден соң ғана киімдерін жууға беретін. Өңі кетіп әбден тозған, екінші көйлегі шұрық-шұрық, гүлдерінен тесілген, қоңырлығынан ғана жыртығы байқалмайды. Камзолы да әбден оңып күлгін түске айналып бозарып кеткен. Осы жағдайлардың барлығы баласының екі рет ажырасып, анасын арқалап жүріп оқып ғылым жолына түскендігінен болғандығын, тозғандығын ескеріп аяушылық сезіммен түсіне білдім, бәріне шүкіршілік еттім. Іс тігуге фабрикада машықтанғаным бар, оқығаным бар. Тойға сыйлаған «Ржев» деген тоқ мәшинемен киімдер тігіп бергім келді. Ол кезде Киров көшесі мен Коммунистер даңғылының қиылысында жібек маталар сатылатын дүкен болатын. Енеме бірнеше түстісінен алып келіп көйлектер тіктім. Ал масатыдан (плющ) камзол мен бешпентті абысыным пішіп, үйіне алып кетіп тігіп әкелді. Өйткені, «Ржев» мәшинесі қалың қатты матаны тікпейді екен. Сол тігілген жаңа

Тағдыр мен тағылым киімдердің біреуін де бір рет кимей сандыққа салып тастады, «өлгенімде керек болады» деді. Үй болған соң келімді-кетімді қонағымыз бар. Үстіндегі ескі киімдерінен өте ұяламын. Мен жоқ кезде ешкім сынамаған шығар, ендігі жерде барлық жағымсыз, қисық өсек сөздердің менің намысыма тиетіні анық. Баласы оған мүлде көңіл бөліп жатқан жоқ, ер адам ғой. Мен анда-санда: – Апа, ана мен әперген көйлектер мен камзолыңызды киіп жарқырап отырсаңызшы. Келген жұрт сізде киім жоқ деп ойлауы мүмкін, – деймін. Осы сөзді үш-төрт рет айтқаным бар. Соңғы рет айтқанымда енем қатты ашуланып, өре түрегеліп: «Немене, әкеңнің үйінен әкеліп беріп пе едің? Қайтақайта мен әперген көйлек, мен әперген көйлек деп қақсап қоймайсың ғой тіпті! Әперсең өз баламның табысына әпердің! Неге қақсап айта бересің сен!?» – деп, екінші аузыма да алмайтындай етіп ұрсып, тиып тастады. Баласы да ептеп айтып көріп еді, тыңдамады. Ақыры, сол екі көйлектен құтылудың басқа жолын, амалын ойластырдым. Сөйтіп, штапель матасының бояуы өте ұқсас түсін, гүлдерінің сәйкес түрін тауып тігіп кигізуді көздедім. Білдірмей кигізу ойыма келді. Ұқсас екі көйлектік мата сатып әкелдім. Енемнің көйлегінің үлгісімен айнытпай пішіп, кеудешесі жоқ, белінде бүрмесі де жоқ, жас сәбидің ит көйлегі (распашонка) сияқты үлгімен тұтас етіп, жеңін жақсылап қондырып тігіп, жууға алынған көйлегіндегі қолдан соғылған күміс түймелерін қиып алып қадап, суға түсерде қолына ұстаттым. Гүліне де тесіле қарамады, абайлап мән бермей киіп алды.

Несіп Қалымбетова Келесі жетідегі кезекте екінші көйлек тұрған-тын. Оның түсі қоңырлау болатын. Енем аяқ астынан ашу шығарды. Жаңа екенін мүлде білмейді. Шешкен кір көйлегін қайта киіп алып ваннадан шықты да: – Ә-ә-й, балам-ай! Қатынға жарымаған сорлы болдың ғой сен! Кірді де дұрыстап ашып жуа алмайтын көргенсізге қайдан тап болдың, ә!? – деді де, өзінің бөлмесіндегі тоқ шәйнекке суды сақырлатып қайнатып жез шлапшынға (легенге) салып, өңінен жуылмаған көйлектің үстіне ыстық суды құя бастады. Мен көріп қалып шыр-пыр болдым. Матаның бояуы шығатыны мәлім ғой. Бөлмеден тез шығып Бекеңе айттым. Баласы сонша шыдамдылық көрсетіп жайбарақат дауыспен: – Дәл қазір араласуға болмайды. Ашуланып жүріп күйіп қалады, құя берсінші! Қалайда жыртық болмайды, бүтінделеді. Ана жыртық көйлегін білмей тұрғанда құртшы! Бояуы шыға берсін, ештеңе етпейді, – деді. Су құйылған көйлек шылапшында бір тәулік жатты. Тағы да таңданыс. Күйеуімді жан-тәніммен қатты аядым. Анасының барлық қылықтарына көз жұмған, әбден шаршап көндіккен. Барлық жағдайда анасының алдында дәрменсіз. Ойын қалжыңмен, өте нәзік ептілікпен сөзін өткізуге, жеткізуге тырысатын. Кейде тыңдайды, кейде зая кетеді. Осылайша жыртық-тесік екі көйлектен құтылғанымызды бақытқа баладық, үлкен жетістік санадық. Әлі күнге дейін сол тіршілік үзінділерінің көріністері есіме түскенде Бекеңді құшағыма алып бір сәт үнсіз отырғым келеді, өйткені, әрбір қылығы

Тағдыр мен тағылым тұнған тәрбие. Ата-анаға деген шексіз қадір-құрмет, философиялық даналық, мәңгілік естелік. Шынымен де, анасын өзі бірінші сыйламаса, басқа адамға сыйлату мүмкін емес екендігі ақиқат қой. Соншалықты білімімен туған анасының алдында әлсіз, жас баладай қарапайым, дәрменсіздігі әр кез қайталанып жиі көрініс табатын. Бірде Бекең маған: «Сұлеке, мен осы шешем үшін дүниеге келіп, шешем үшін соғыстан аман оралдым. Анам үшін жаралғанмын. Әкем өлгенде іште қалғанмын. Қарт анамның ақ тілегінің Алланың құлағына жеткендігінен аман оралдым. Осы анам болмаса, әр түрлі жағдайларға тап болуым әбден мүмкін еді. Анам күтіп отыр деп үйге қарай жүгіремін. Менің санамнан апама деген жауапкершілік бір сәт есімнен шыққан емес, неше түрлі жағдайлардан аулақтатты, қорғады. Үйде қарайып отырғанының өзі дәтке қуат беріп, көп нәрсені жүктейтін, міндеттеп күшейтетін. Сенің жоғары дәрежелі білімің бар, түсіне білші. Қолында шынымен де ештеңе жоқ қой. Тек тілі ғана ащы. Сөзінің сүйектен өтетіні рас. Басқа біреудің анасы болса, онда түсінбес едім. Бұл дүниедегі жалғыз жақыным осы кәрі анам ғана. Алдында мен дәрменсізбін, әлсізбін. Мені балам деуге ұялып немерем дейді екен. Үш ұйықтаса ойына менімен тұру келмеген. Ғұмырын ұзақ етіп маған арқалатып қою да Алланың ісі» деген еді. Өмірдегі тұрмыс-тірлікте мынау ірі, мынау майда деп бөліп жаратын істер мен жағдайлар жоқ, бәрі бірігіп тағдырға тәуелді етеді. Ірісі де, майдасы да шешуші рөл атқарып кетуі ықтимал. Өмірдің өзі осы

Несіп Қалымбетова майда мен ірі жағдайлардың жиынтығы болған­ дықтан мынасы дұрыс, мынасы қисық деп төрелік айту өте қиын. Құпиясы мен тылсым сыры мол. Ең негізгі қағидасы – шындық, шыдам, ақыл-парасат. Бекең соғыстан оралмаған ағасы Ысқақтың жалғыз баласы Кеңестің жағдайын әлі де жеңілдетуді мақсат еткен. Ол өз қолы өзінің аузына жеткен мамандық иесі, табақтай дипломы бар білімді жігіт. Екінші рет үйленіп үлгерген. Анасы мектепте оқытушы, Қызылорда қаласында тұрады. Тарихқа үңілсек, жеңгесі Тәжігүл қожа әулетінен. Күйеуіме туған құдаша. Ол атамыз Қалымбеттің бірінші әйелінен туған ұлы Ыбырайдың әйелі Шекердің сіңілісінің қызы. Жетім қалғандықтан сол үйде тәрбиеленіпті. Қайнағамыз Ысқақ Қызылордаға оқуға түсіп, туған ағасының үйінде жатып оқыпты. Сөйтіп, екеуі құдаша мен құда бала болып шаңырақ құрыпты. Екінші ағасынан қалған жалғыз тұяқ болғандықтан Кеңестің болашағына немқұрайды, бей-жай қарамаған. Сол кезде Қазақстанда жер қойнауының байлықтарын игеруге, геологиялық барлау жұмыстарына Қ.И.Сатпаевтың кезіндегі қарқынмен Политехникалық институттың Тау-кен факультетіне, кейін соның аспирантурасына түсуін қамтамасыз еткен. Кен орындарын көптеп ашу 19541964 жылдардағы ғылымдағы негізгі жоба, айшықты мақсат болып қатты қолға алыныпты. Оның бірінші әйелі бала көтермепті. Екінші әйелі Мәрия екі егіз ұлды өмірге әкеліп, енесімен Қызылордада тұрып жатқан болатын. Ол жақта жұмыс болмағандықтан осы Алматы маңындағы

Тағдыр мен тағылым барлау экспедициясының қызметкері еді. Әлі де қала сыртындағы Жандосов көшесі мен Яссауи көшесінің қиылысындағы автокөліктер аялдамасы «Экспедиция» деп аталады. Сол кездегі бүкіл мамандар секілді Кеңесті де пәтер мәселесі қинады. Ерке, әрі жалғыз өскендіктен оның қиындыққа төзімсіз, тұрмысқа оңай, тез бейімделе алмайтын уайымшыл ұшқалақ мінезін мен де көрдім. Стипендия алмай оқыған кездерінде Бекеңнің өзі айлығынан стипендияның сомасын төлеп тұрыпты. Пәтерде тұрып ішімдікке де ұрынып жүргендіктен Бекең маған: – Сұлеке, сен ренжімеші. Мынау бір ағамнан қалған жалғыз тұяқ. Әкесі өте білімді болатын. Соғысқа дейін Қызылордада ОБЛОНО-ның бастығы еді. Соғыстан оралмады. Бұның ақылы әлі орнықпай тұр, қылықтарының түрі нашар. Пәтерде тұрып мүлде араққа салынып маскүнем болып кетер, бізбен тұрсыншы, – деді. Мен: – Әрине, төртеу-ақпыз ғой, – деп келісім бердім. Оған босатып беретін жеке бөлме жоқ болғандықтан енемнің бөлмесінің бос жеріне жайма төсекке (раскладушкаға) жататын болды. Енемнің бөлмесінің есігі де бөлек емес. Дәл біз жататын бөлменің ортасынан шығады, асүйдің есігі де қасында, әйтеуір бір бөлмемізде үш есік бар. Халық мұндай жобалы үйді «хрущевка» дейтін. Әрі сол екі бөлмелі пәтердің көлемі жиырма тоғыз шаршы метр ғана болатын. XX Бір күні Қабдырахманның үйіне қонаққа баратын болдық. Ол биология ғылымдарының докторы, про-

Несіп Қалымбетова фессор Л. Клышевтың туған балдызы, Зейнеп апайдың туған інісі болатын. Олар күйеуіммен көп жылдардан бері, Қызылордада тұрған кездерінен араласады екен, өйткені Л. Клышев Ысқақ қайнағамыздың досы болыпты. Бекеңнің жақын достары қазақтың қалыптасқан әдемі дәстүрін сақтап бізге есік көрсетіп, танысып шақырып жатты. Бесінші курстамын. Кеңес қайным бізбен бірге тұрып жатыр. Ол енемнің қылықтарын жатқа біледі, әсіресе келіндерге қатысты әдет-әдібіне әбден үйренген, қалтқысыз қанық. Себебі оның анасы да көп жылдардан бері келіні ғой. Ол маған: – Жеңеше, қазір сіздер кеткен соң үйде тінту (обыск) бастаймыз. Газ пешінің астына бір үлкен кесе піскен сүт қойып кетіңізші. Тінту кезінде ештеңе таба алмасақ әжемнің көңілі пәс болады, ішкені де, жегені де ас болмайды. Білемін ғой, екеулеп жүріп тауып алған болайықшы, – деген өтініш айтты. Мен оған таңдана қарадым да: – Кеңес, мен сүтке күріш бастым ғой, – дедім. Енем оны «сыркүріш» дейді. Кеңес тұрып: – Ой, жеңеше-ай! Мәселе тамақта емес. Мақсат сіздің жасырған затыңызды тауып алып, әңгіме-сөз қылып, сізді екеулеп жамандасақ қатып кетер еді. Қарашы, бізден жасырып тыққан түрін! Ылғи осылай істейді деп өсектесек тамағымыз бойымызға жақсы сіңер еді, жұғымдырақ болар еді, – деп көзін қысып қойды. Бекең енемнің бөлмесіне кіріп: – Апа, біз қонаққа кетіп барамыз, немерең екеуің тамақтарыңды ішіп отыра тұрасыңдар, – дегені сол

Тағдыр мен тағылым екен, біз дәлізде енді киініп жатырмыз, әлі шығып үлгермедік, енем: – Кеңес, қайдасың? – деп асүйге кірді. – Әже, мен мұндамын. О-й-бой әже, мәссаған, мына бір кесе сүтті тығып кетіпті, күрішті суға бұқтырған ба, дәмін көрші, – деп жатты немересі. Біз қонақтан келгенде енем жиі-жиі дәретханаға шығып, әбден мазасы кетіп отыр екен. Оның үстіне сол күні әкелінген ораулы сатылатын 200 грамдық сары майды да күрішке бірден салып жеп, сүтті де ішіп, іші бұзылып отыр екен. Апам бізге білдіргісі келмегенмен үй іші иістеніп кетіпті. Кейбір киімдерін былғап алғандай... Баласы анасының көңіл-күйін тексеру үшін дөп басып, бас тартатынын біліп тұрып, жорта: «Апа, қарның ашып қалған шығар. Кеңеске «сыркүріш» пісіртейін бе?» – деді. Мазасы кеткен енем ернін зорға қимылдатып, дауысын әрең шығарып: – Ж-о-оқ, – деп қолын шайқады. Бекең де күткен жауабын алып, қауіптен құтылды. Іңірде дәретханаға жетпей еденді былғап қойды. Біздің көргенімізді қаламағанмен еденді біреу тазалау керек қой. Былғанған аяғын да жуу, тазарту керек. Осы жұмыстарды атқарып жатсам, енем намыстанып: – Әй, Құдай-ай! Қарашы мені қор қылғанын! Қожаның қызы болса тігісін білдірмей сүртіп алар еді! – деді. Осы сөзі менің де жүйкеме тық етті де: – Апа, енді қайт дейсіз? Қайтейін, мен жыншәйтан емеспін ғой көзге көрінбейтін. Мен адам болғандықтан жұрттың көзіне түсіп жатырмын, –дедім. Енем үндеместен отыра кетті.

Несіп Қалымбетова Енем баласының көріп қойғанын қаламай жатыр. Келінің сенің бар қылығыңды көтереді деген сөзді естігісі келмей байбалам салған түрі болатын. Кеңес немересі үш бөлмелі үй алған соң анасын, бала-шағасын көшіріп алды. Анда-санда бізді қонаққа шақыратын. Сол кездерде үйіне кірісімен апамның қолына алдынала, көңілін тауып қою үшін бешпентінің түймесін салған болып тақап келіп қойнына бір-екі тоқашты (булочки) тығатын. Сонан соң бізге қарап дауыстап: «Кто знает вдруг внезапно наступит голод!» – деп орысшалап күлетін-ді. Халқымыз «күлсең, кәріге күл» деп мақалдаған. Қалай қартаятынымызды бір Алла ғана біледі. Осындай майда көрініс-фрагметтерді маған тағдырдың өзі аямай көрсетіп, әбден шыңдап-шырылдатқаны аз емес. Қайнымның өзінің кілті бар. Ол біздің үйде тұрғызған құрметімізді бағаламады. Тамағы даяр, төсегі салулы, киімі жуулы болғанмен кісілігі шамалы. Түннің бір уағында мас болып келуін қоймады. Ішіп келгенде ұялып тып-тыныш жата қалуды білмейтін. Ұзақ түнде біресе асүйге кіріп шәй ішіп, біресе титанды жағып суға түсіп, тасыр-тұсыр жүрумен таң атыратын. Екі-үш ай өткен соң, тіпті жиі ішіп келетінді шығарды. Кейде үстіміздегі көрпемізді жұлып алатын жағдайға жетті. Күйеуім тағы да: – Сұлеке, мынау мүлде болмады ғой, тапқан-таян­ ғанын араққа жұмсайды, шектен шығып барады. Мүм­ кін келінді алдырсақ, қояр. Қалай қарайсың? – деді. – Алдырайық, әлі де дұрыс өмір сүруіне мүмкіндік (шанс) берейік, – дедім.

Тағдыр мен тағылым Сөйтіп, келініміз Марияны бір ұлымен алдырдық. Мен сағат сегізден күндізгі үшке дейін сабақтамын. Институтта талонмен түстік ішемін. Күндіз Мария келін енеме шәй береді. Тамақ пісіріп қоюды ойына да алмайды. Үй де жиналмайды. Сонда да бір жасқа толмаған ұлы бар ғой деп кешірім жасап жүрдім. Енем екеуі бірігіп маған қарсы шығатын болды. Кеңес ішіп келгенде сен тосқауыл болсаңшы, ең болмаса біздің кереуетке жібермеші дегенімді кек тұтты, айып санады. – Мен қалай тоқтатамын? Көкемнің беделі бар адам. Онан да бізге тезірек үй әперсін, – деп қарап тұр. Сөйтсек, Қызылордадағы Тәжігүл жеңгесі де, қайнымның, келінімнің де ойлары бізге осылай қиянат көрсетсек Көкеміз беделін сатып пайдаланып бізге тезірек үй әпереді деген шолақ ойда екен. Екеуміз сөзге келіп қалдық. – Немене, Көкеңнің өзі салдырған үйі бар ма? Сондықтан бермей жатырмыз ба? Үйді институт беру керек... Келін ұлын киіндіріп далаға шыққан еді. Тамақты пісіріп қойып күтсем, келмеді. Кешке қайным келгенде шығып кеткенін айттым. Ол да дереу шығып кетті. Екі күннен кейін Мәрия үйге келді. Енді мен: – Бүгін, қазір пәтерге кетіңдер! Мен енді мұндай концерттеріңді, қойылымдарыңды көтере алмаймын. Төзімнің де шегі бар. Жазықсыз жазғырып, ағайын арасында алаусыздық тудыратын қиянат сөздеріңді естігім келмейді, – деп ұрысты ұлғайтып алдым. Олар келесі күні пәтер жалдап кетті.

Несіп Қалымбетова Кейінгі деректер бойынша Геология институты Академияның қарауында екен. Әйтеуір Бекең араласып жүріп үш бөлмелі пәтер алды. Абысыным зейнетке шығып, көшіп келді. Отбасында тағы бір ұл, бір қыз дүниеге келді. Келініммен де сырлас, мұндас болып кеттік. Оның да енесінің небір мінездері шығып келіспей жүрген кездерінде менімен дос болып, шерін тарқатып жүрді. Әркім өз басына қиындық туғанда басқаның басындағы қиындықты қаперіне алып, тереңірек түсініп санадан өткізуі өмірдің жарлықсыз жазылған заңдылығы сияқты... XXI Енем ешқашан тамақты ортақ табақтан жемейді. Үйде маған дейін алынған үш алюминий тегеш бар. Соның біреуіне енеме тамақ салып береміз. Көбіне сүйсініп ішетін тамақтары асылған ет, палау, тұшпара, қазақша кеспе, қуырылған сазан балығы. Апам кеспені «үзбен» дейтін. Ыдыста қалған тамағын үнемі бөлмесіне әкетіп, тоқ плитасына ысытып ішіп алатын. Әбден үйренген, өйткені баласы күні бойы жұмыста болғандықтан солай етуге әбден машықтанған. Турап берген етті жемейді, өйткені ет міндетті түрде қомақты әрі семіз болуы шарт. «Арықтың жілігі татымайды», – деп отырады. Еттің майы аз болса, «адамға ас беріп көрмеген жетім ит!» – деп ыдысымен қоса лақтырып жіберген күндері де болды. Екі жылдан кейін, үйге тоңазытқыш алған соң, «Көк базардан» құйрықтың үш-төрт келесін бірден әкеліп қоятын болдық. Байзақов көшесі мен

Тағдыр мен тағылым Ғабдуллин көшесінің қиылысында тұрғандықтан базар бізден өте алыс және жүйкеміз бен құлағымызға тыныштық қажет, шетінен кертіп кесіп алып пісіріп беріп отыратынбыз. Ол кездерде нан дүкені таңғы сағат жетіде ашылатыны маған өте ыңғайлы болды. Күнде екі тоқашты (горбулканы) әкелемін де, баласы жұмысқа кетпей тұрғанда біреуін әлі ұйықтап жатқан енеме апарып көрпесін түртіп қалсам, қолын лезде шығара қоятын. Ұстата салып тез шығып кетемін, өйткені мен екенімді білмеуі керек. Орысша әсірелесем: «Хочешь жить, умей вертеться!» – дегендей. Өйткені, кешке баласының құлағының құртын жейді, «келіннің қолына қарап қалдым» деп жылайды. Осы екі тоқаштың жыры да мені әбден шаршатты. Дастарқан басында жесе ешкімнің одан тартып алмайтыны белгілі. Бірақ, баласы айтқандай: «ауруға не дауа бар, ауруға айналған әдет». Бұл Құдайдың құтты күні қайталанатын жағдай, қандай шыдам керек десеңізші... Осылайша, ойда жоқта жасы үлкен адаммен отасу, оның тұрмысының нашарлығы, анасының адуын шайпаулығы, қатігездігі әртүрлі өсек-аяңның өріс алуына бірден-бір себепші болды. Осы жағдайларды ойлаумен бірге әрі тағдырдың тосын жағдайларын болжай алмай алаңдадым, қатты қиналдым. Алты жыл бойы арпалысып, бүкіл білімге талпынған кездерімдегі қиындықтардың барлығынан өтіп, жеңіп, диплом алып, өз қолым өз аузыма жететін кез таяу еді. Жолдамамен бір мектепке маман ретінде барып, тиесілі жалақымды алып еңбек жолымды бастап кетуіме аз ғана уақыт

Несіп Қалымбетова қалғанда, осындай жағдайға тап болғанымның болашағы бұлыңғыр сияқтанды. Қоршаған адамдар көзқарасы, көңіл күйлері жан дүниеме қатты әсер етті. Бір ойласам тағдырымдағы ауыр жүк аударылғандай, артта қалғандай сезінемін. Күйеуімнің алғашқы күнгі айтқан бір сөзі: «Сіздің көз жасыңызды көрмейтін болайын. Я мало обещаю, много сделаю» – деген сөздері үміт үздірмей жүрегіме сенім ұялатып, күш-қуат құйғандай еді. Жәй айтылған бос, салғырт сөзге ұқсамайтын. Ерекше екпінді, рухты үн боп естіліп, болашаққа алаңдатпай, сендіргендей болатын. Сол кезде-ақ көп жылғы көкірегімді кернеген ар-намыстың, арман-мақсаттың орындалғанын, іске асқандығын көргендей едім... Күнделікті лекцияға барып, үйге қайтып келгенімде жылы жүзбен алдымнан ешкім қарсы алмайтын. Енемнің неше түрлі қылықтар көрсетіп жатқаны тығырыққа тіреп, қамықтыратын. Бекең күні бойы жұмыста, дем алуға да уақыты жоқ, себебі Ауылшаруашылық институтында бірінші жыл дәріс оқитын. Ешқайда мойын бұрып қыдыруға уақыты жоқ. Мен оның көңіл күйін бағып, қабағына қатты қарап жалтақтаймын. Оның үстіне баяғы жастық шағындағыдай селтеңдеп кинотеатрға жүгіруден, барудан қалғандығын, ақыл тоқтатқан жасында кездескенімді де ескердім. Сұлуымның іші пысқан шығар деген ойына да келмейді. Телевизорымыз жоқ. Кешкі асты ішіп болысымен газеттерді оқып, кішкене дем алады да лекцияға дайындалады. Тіпті ішкі сезімін білдіруге, түсіндіруге, анық сөйлеп, ашық айтып жұбатып

Тағдыр мен тағылым қоюға да талпынбайды. Сол бірінші күнгі түнгі сағат үште келіп айтылған сөзі туындайтын мәселердің бәрін түпкілікті шешіп түйіндеп қойғандай, өзіне сол жеткілікті сияқты. Ал, мен оның ашылып, анда-санда болса да болашағымызға көзқарасын, жоспарын білгім келіп, ойға батамын. Ол некеге тұрмайтынын бірден айтты, ескертті ғой. Ол да есі түзу адамға ой салып, күдік туғызатыны шындық қой. Осындай күйзелген күндерімде де бір ауыз сұрақ қойып мазаламадым. Байқағаным, оның көп уәдесіз, сөзсізақ өзімді бағалайтынына көзім жеткендей, ісіне, көңіліне қарап мен де үндеместен іштей бағалап жүрдім. XXII Бір күні бөлек шығып кеткен қайным Кеңес әйелімен, ұлымен қонаққа келе қалды. Ұлы Жан тұмауратып ауырып жүр екен. Жайма төсекке үшеуі сыймайды. Еденге төсек салсақ, балконнан суық соғып тұр, сондықтан темір кереуетімізді босатып үшеуіне ұсындық. Енемнің бөлмесіне екеуміздің жататынымыз айтылыпты. Енем тақырлатып ұйқы бермеген соң жарықты қостық. Жарық жанғандағы енемнің түрін көріп, баласы екеуміз селкілдеп тұрып күлдік. Біз жатқандықтан қараңғыда бүкіл қамзолдарын, бешпеттерін, шапандарын бірінің үстінен бірін жамылып, күркеде отырғандай күмпиіп қалыпты. Сол, жамылып алған киімдерінің қаптырмаларын екі қолының уысына жинап қысып ұстап отыр. Басына киіп алып, жамылып отырсам қаптырмаларымды

Несіп Қалымбетова ешкім кесіп ұрлай алмайды деген ой келіпті. Таңертең баласы шәй үстінде: – Апа, дұрыс істедің. Бүгін үйде екі келін бар. Кесіп алса қайтеміз? Солай болмауына кепілдік жоқ қой! – деді. Енем жұлып алғандай: – Мәрия момын, әке-шеше тәрбиесін көрген, алмайды, – деп екіұшты етіп сөйлеп, жұрттың назарын маған аударды. Қысқасы, үйде қанша сандық болса да, енемнің киімдері мен сақина-жүзіктерінің жоғалуы қаупінен құтыла алмадық. Сандықтар біздің отбасының таусылмайтын жыры, ертегідегідей негізгі тақырыбы болатын. Өзім араласқан туыстардың ішінен жаныма жақын болғаны абысыным Аяткүл еді, оны «Мамка» деуші едім. «Келіннің бетін кім бірінші ашса, сол ыстық» – деген ғой, ең бірінші танысып сөйлескен де осы кісі – «Мамка». Осы үлкен жеңгесі мені қатты ұнатып, қайнысының жағымды жақтарын айтып, менің сол үйге сіңіп кітуіме шын жүрегімен, ақ ниетімен ат салысып, жеміс-жидегін теріп әкеліп жиі қатынасып тұрады. – Балам келген соң есікті көрсетемін, – деді. Айтқанындай, ұлы келген соң екеумізді сол «Өсімдіктерді қорғау» институтында істейтін Жалғас Лұқпановты тағы да ерлі-зайыпты екі адамды қосып шақырып, қонақ етті. Мен де қолыма түскен бірдеңелерімді, кейде аз да болса тиын-тебен беріп қарасып тұрдым. – Қиналғанда ақылшы болдыңыз. Енеме де: «Бибі-ау! Тыныш отыратын кезің жетті ғой» деп,

Тағдыр мен тағылым басу айтатын едіңіз. Енем сонда сізге ұрысып: «Сен жарамсақтынбай тыныш отыр, ішкен шәйіңді біл» деп, зекіп тастайтын еді. Бәрі де сол кәзіргідей есімде, көз алдымда. Сіздің ақсары жүзіңіз, жаулығыңызды құлақтың артына түріп қойып әңгімелескеніңіз ұмытылмас күндер екен, естелік екен. Кейде: «Келінау, бұл кемпірдің қылығын сен бізге ашық айта аласың ғой, ал біз мүлде мылқау болдық қой. Не күйеуімізге, не жолдастарымызға, ешкімге тіс жарып бір сөз айту мүмкін емес болатын. Бұл кемпір қандай бақытты ана! Барлық балалары сұлу, ақылды, айтқанын екі етпейтін жандар болды ғой. Қалай тәрбиелеген, таң қаламын» дейтін едіңіз. Балалары ашса алақанында, жұмса жұдырығында болды. Менің күйеуім: «Бала (Бердіқұл) сияқты кемпірдің кәрі қойдың жасындай өмірі қалды, сыйлай сал» дейтіні есіме түседі, деуші едіңіз. Қазір міне, мен де кемпір болдым, алпыстан асып барамын, бұл әлі сол көкірегін түсірмейді, тілін тыймайды дегеніңізді жиі есіме аламын. Бір ауылға батаға, немесе тойға кеткенде шәйді уыстап өлшеп беріп кететін. Ет деген көп-ақ, соғым соятынбыз. Бірақ, жарытып тамақ істетпейтін, тақыр-тұқыр еді. Енем бір жаққа кеткенде балалары қуанатын. Өте ауыр ет салынған, ұзындығы 1,5 метрдей, әрі енді, әрі биік кебежені бәрі жабылып жылжытып, топсасындағы шегесін суырып алып ашып, етті көп етіп алатын да: «Аяткүл! Жақсылап пісірші, бір тойып алайық» дейтін балалары. Мен қорқып, кебеженің маңайына жоламаймын, бірақ, балаларына пісіріп беру менің міндетім болатын.

Несіп Қалымбетова Сонда, қанша ет алып пісіргенімізді білмейтіні сол молшылықтан емес пе? Ол келгенде түк көрмегендей, ештеңе болмағандай тымпиып отыратынбыз. Өзі сол адуындылығына қарамастан аңқау да болатын. Әйтеуір бастаңғы жасап тойлап қалатынбыз, сондай қатты болды ғой. Мен келін боп түскенде сенің күйеуің бес жаста еді. Бала (Бекең) киіз үйдің босағасында тұрып алып сәукелемді шыбықпен самайымнан аударып тастайтын. Ағасы да, енем де оған қой демейтін, бұзақы болып өсті. Ешкім маңдайынан түртпеді, қақпады, бәрі енемнен қорқатын. Бала (Бекең) соғыстан қайтқанда қызым Рыстай күйеуге шығып кеткен еді. Осы екі інісін Алматыға әкеліп, оқуға түсіріп көмегін аямады. Бізді көшіріп алып орнығып қалдық. Қайнымның баласы Кеңесті де осы бала ғой оқуға түсіріп, білімге баулыды, қатты көмектесті. Алдыңғы келін Ұлқай да жаман емес еді, дәрігер, оқыған. Ағасы тіпті жақсы адам екен, Ташкентте үлкен қызметте. Осы Алматыға артынан қуып, қайта қосылайық деп көшіп те келді, бірақ дәм-тұзы жараспады. Мына Бибіге қаланың қызы ғой, шыдамады, біз ауылда тұрдық. Ал, екінші келінді өте жақсы білдік. Ажырасқаннан соң тоғызыншы жылы үйленді, үш-ақ жыл тұрды. Екеуінен де айырылғанда көп азап шекті, көп қиындық көрді. Жұмысынан қуылды, аспирантурадан шығарылды, жоғарғы сот араласты. Қысқасы, бес жылдан соң өзің келдің. Кешірімді болғайсың. Бибі баласының тағдырын ойламайды. Бала осы Бибіні күтумен-ақ шаршады. Бала ғылымын тастамай, өзінің еңбегімен өсіп келеді. Бір Алла жар

Тағдыр мен тағылым болсын, қайтейін! Біз оған ғылым-білім жағынан да, қаржы-қаражат жағынан да жәрдем бере алмадық, – деп өкініш айтатын едіңіз. Аяулы ана, қадірлі абысыным Мамкам-ау, жатқан жеріңіңіз жарық болсын! Топырағыңыз торқа, жаныңыз жәннатта болсын. Жүрегімнен шыққан мына «Аналарға арнау» атты өлеңім сізді есіме алғанда туған еді, әні де бар, қабыл алғайсыз. Өмір гүлін бәрімізге беретін, Қасиетін бойымызға егетін Ана сүті бал ғой бізге туғанда, Ана біреу екі дүние жалғанда. Асыл ана – тіршіліктің тірегі, Әрқашанда пәк қой оның жүрегі. Балдан тәтті боп көрініп баласы, Мәпелейді жетілгенше санасы. Ана – бұлақ, ақ сүт беріп өсірген, Қатемді де жүрегімен кешірген. Ана біреу жасыңда да кәріңде, Ана біреу тіршіліктің бәрінде. Ағайының қандай, қанша болса да, Тағдырыңа ылайықты болсаң да, Байлық, бақыт, бар жақсылық қонса да, Ана біреу қай адамда болса да. Ана біреу қашан, қайда тусаң да, Ана біреу сен кім болып тұрсаң да.

Несіп Қалымбетова Патшасың ба, ғалымсың ба бәрібір, Ана біреу айдан келіп қонсаң да. Алақаны ыстық әр кез ананың, Бақыты ғой анасы бар баланың, Ақтайықшы ана сүтін алтын ғып, Әлпештейік жүзін оның жарқын ғып. Ардақты ана қасиетіне ылайық, Тіршілікте қадірлейік, сыйлайық. Тындайықшы, қалмайықшы арманда Ана біреу екі дүние жалғанда, – демекпін. XXIII Бірде Бекең базардан бірінің ішіне бірі салынған екі сандық сатып әкелді. Ең кішісін «қолсандық» яғни, тамақ салатын етіп қойды. Енемнің өзінің де сандығы бар болатын. Сандықты әкелудегі негізгі мақсаты менің тыныштығымды ойластырғаны, енемнің артық заттарын бос жатқызбай, заттарым ұрланды дегеннен сақтандыру екен. Бірақ «ұрланды» деген ұраннан, ұшқынды ұрыстан, басты-басты байбаламнан құтылған жоқпыз. Үйге Аяткүл абысыным қонып қалған күндері қайнысы қалжындап: – Апа, түнде бірдеңенің тықырынан оянып кет­ тім. Қарасам Аяткүлдің қолы сандығыңның құлпы­на тақап қалыпты. «Тарт қолыңды апамның сандығы­ нан!» деп қолын қағып жіберіп, ұрлықты тоқтаттым ғой, – дейтін. Сонда енем мені қараның қызы деп менсінбей:

Тағдыр мен тағылым – Қойшы! Ол қолымнан өсірген қожаның қызы, бір сабақ жібіме тиіскен емес, өзімнің қолдан тәрбиелеген итім ғой! – деп ақтап жатады. – Апа, бұл да бір кездерде «кәззап» ұры еді ғой, – деп қалжыңын қыздыратын. Сонда жеңгесі: – Бала-ау, тыныш отыршы, шәйімізді дұрыс ішейікші, – деп қоятын, бәсең дауысымен. Шаһризаданың келіп бастап берген әңгімесі жалғасын тауып, жиі-жиі ұрысқа ұласып, шаңымды қағып тұру әдетке айналды. Сандықта не барын Бекең екеуі ғана біледі. Мен мүлде хабарсызбын, айтқан да, көрсеткен де емес. Сол екі сандықтың ішіндегі сақина-жүзіктің көптігін тек енем қайтыс болғанда ғана көрдім. Білезіктер мен жүзіктердің әңгімесі бітпейтін, жыры аяқталмайтын дастан болғандықтан, күйеуім менің мемлекеттік емтиханымды ойлап, у-шудан құтқарғысы келіп: – Апа, мына кәззап ұры түгіңді қоятын түрі жоқ. Сандықтарды Аяткүл келініңнің үйіне апарсақ қалай қарайсың? Құдайым-ау, мені қарабасып ұмытыппын! Ол да баяғыдан ұрлықшы еді, болмайды екен! – деді Бекең. Енем бұл ұсынысты ұнатып: – Қойшы, бір сабақ жібімді алып көрген емес. Сонда апарайық, дұрыс-ақ, – деп қуанып кетті. Енем сақина-жүзіктерді өзіне сыйлаған, берген адамдардың атын атап санайтын. Сөйткенде жаңылатын болуы керек деп ойлаймын. Кейде ол: – Құдай-ау, өтірік айтқан болсам мені тап, мені ұр, болмаса алған адамды ұр! – деп сандықты сабалап, жұдырығымен тоқпақтап ұрып жылайтын.

Несіп Қалымбетова Екі-үш күн өткен соң енем үндемей үні өшіп, жуасып қалады. Өзінен-өзі тынышталады. Апамның жүзіктерін тыққан жерінен тапты ма, әлде санағанда шатасты ма? Әйтеуір болған істің дұрыс нәтежиесін білу үшін, тексеру үшін Бекең: – Әй, арғынның қызы! Апамның жүзігі қайда, тап! Таппасаң сабаймын! – деп мені жорта жұлмалайды. Енем ара түсіп: – Апырмай! Осы құлағыңа бірдеңе тисе қоймайды екенсің, – деп күмілжиді. Сөйтіп, жоғалған заттардың орнында екеніне көз жеткізетінбіз. Келесі бір дауылда сол жүзіктердің бітпейтін шуын басқым келіп: – Апа, қазіргі жастар күмісті тақпайды, тек алтын тағады. Мен де күмісті тақпаймын. Ол ескіше сәнмен соғылған ғой деймін. – Апам ернін сылп еткізіп, саусағын шығарып: – Ой, көпестің қызы! Мына ит тақпайды екен! – деп күйінетін, ашуы одан сайын күшейетін-ді. Сандықтарды абысынымның үйіне жеткізіп, тынышталдық. Бірақ абысынымның үйінде тұрғанмен енемнің уайымы жетерлік. Абысыным алпыстан асқан қария, қожаның қызы, жетім емес. Менің күйеуім қарашаңырақтың иесі. Жеңгесі атын өңі түгілі түсінде атамайтын «Бала» дейтін. Кенжем деп ешкімнің аузын аштырмапты. Кейде ызаланған ағасы: «мынау жынды болды ғой» дегенде, енем: «бәріңнің ортаңда бір жынды жүреді дағы» – дейді екен. Сандықтың жыры өлгенінше бітпеді. Бір-екі ай өткенде барып тексеріп, санап ревизия жүргізіп келмей тынышталмайтын. Ол үйде сандық екінші

Тағдыр мен тағылым қабатта тұратын. Бір күні өзі жалғыз шығып тексермекші болып баспалдақтан домалап құлап түскені де бар. Көзінің алды көгеріп, беті көгеріп келді. Келініме айтпаңдаршы деп жалыныпты, өзі жасырып. Келін болып түскеннен кейінгі бірінші жылғы екінші хикая екі қойдың терісі болды. Жеті сайын тулақ не болды деген сұрақтан құлағымыз сарсылды, сұрағанын қоймады. Сөйтіп, жарты жылдай өткен соң енем: «Бердіқұл-ау, ана тулақтар даяр болған шығар, қашан әкелесіңге» басты. – Апа, қолым тимей жүріп көп уақыт өткізіп алдым. Бүгін міндетті түрде кетіп барамын, – деп сендіріп, нығыздап айтты да моншаға кетті. Тулақтың жоқ екені маған белгілі ғой, уайымдап отырмын. Қайдан әкеледі, не болар екен? Қырғын ұрыс күтіп тұр ғой дегендей... Бекең моншаға түсіп келгенше үш-үш жарым сағаттай уақыт өтті. Енем тағатсыз, күндіз көз ілместен күтуде. Бірден алдынан шықты. Баласы: – Апа, шешініп алайыншы, қазір бәрін айтамын, – деді. Сөйтсем, Бекең тулақ жайлы мүлде ұмытыпты, сондықтан айтатын жауабын шындыққа жанастырып, сөздерін дайындап алуы керек болғандықтан шешінуді сылтауратыпты. Апамның қасына келіп: – Апа, тулақты илеген адамның жетісін беріп жатыр екен. Үйі толған адамдар. Бес-алты баласы бар екен, отбасы сорлап қалыпты. Әйелі балаларын бағып үйде отырады, жұмыс істемейді екен, – деді. Апам:

Несіп Қалымбетова – Неден қайтыс болыпты, ауырып па? – деді. Баласы: – Қайдан білейін, ешкімді танымаған соң. Құдайы тамағына қатысып, кешіктім. Тулақ тамаша иленіпті, жұп-жұмсақ боп шығыпты. Жерде, маған жақынырақ жатқанының шетін ұстап көрдім, бірақ сұрай алмадым, әйелін танымаймын. Апа, сен ренжімеші. Ең болмаса қырқын берген соң барайыншы. «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады» дегендей болмасын, кейінірек әкелермін, – деді. – Балаларының жұмыс істейтіні бар ма екен? – Қайдан білейін, әйтеуір көп екен. – Енем: – Балам, әкелмей-ақ қойшы, садақа болсын, соларға бұйырған екен. – Бекең: – Апа, екеуін бірдей садақа ету көп қой, ең болмаса біреуін алып келермін, – деп қоймай жатыр. Мен асүйде жүріп уайымдап тұрғанмын. Жауабы­ ның мінсіз шыққанына ырза болып, қуанып күліп жүрмін. – Әкеле ғой десе қайтесіз? Қойсаңызшы, – деп орыс­ ша­лап жатырмын. Бекең тулақтың тамаша шыққа­ нын айтып қайта-қайта тамсануда. Енем болса шырылдап: – Қойшы, тулағы құрысын! Тулақсыз да күн көрдік қой, бармашы, – деген соңғы сөзін, тыйым салуын айтқызып құтылды. Сөйтіп, Бекеңнің күшті психолог екендігіне тамсандым. Анасының әрбір тамырының қан ағысын, жүрегінің бүлкілдеген соғысын әбден игерген, байқаған. Есебін тауып өз аузымен тиым салдырып тынды. «Құда да тыныш, құдағи да тыныш» болды.

Тағдыр мен тағылым Енем де анда-санда өзіне өзі ырза болғанда «құрысын, садақа жасағанымыз дұрыс болды», – деп ешкімді кінәламайтын болды. Тағдыр өзінің түрлі-түрлі эпизодтарымен жалғасуда. Майда болғанымен маңызды тағы да бір үзінді ойыма оралады. Енді ғана келген жерге үйреніп, аяғымның ауыр екенін де білмеппін. Бекеңнен сұрауға да ұяламын. Уақыты жоқ. Қосымша қаржы табу үшін СХИ-ға жарты ставкаға орналасып дәріс оқитын. Кеш болысымен ол лекцияға, мен сабақ дайындығына отырамыз. Үлкендігін ескеріп «ағай» деп атап келемін. Кейбірде кібіртіктеп тұрып әңгімемді, ойымды бірден айта беремін. Қалай атарымды білмей қысылып, қиналып жүрдім, әсіресе қасымызда басқа адамдар болған кездерде ыңғайсыз. Екінші жылы қайныларыма еліктеп «Көке» дедім. Тек үш балалы болғанда ғана «Беке» деп едім, ол маған оқыс жалт қарап: – Иә, Сұлеке! Біртіндеп-біртіндеп басқа да шығып келемін деңіз, бір күні Бердіқұл деймін десеңізші, – деп әзілдеген болды. Бірақ, ұнатпағаны анық көрініп тұрды. Мені келген күннен «Сұлу» деп атады. Маған кекетіп айтқандай көрінді, бірақ мен ұялып ескерту айтпадым. Кейін азан шақырып қойған атым сияқты үйреніп кеттім, тіпті еркелетіп «Сұлеке» дейтін болды. Сабақтан шаршап келсем үйдің ішін құстың жүні алып кетіпті, аң-таңмын, бұл не жүн?.. – Апа, мына құстың жүні қайдан шашылған? – Білмеймін, жүн көргенім жоқ, – деп, ат-тонын ала қашты. Бір жетіден соң тағы да осы жағдай

Несіп Қалымбетова қайталанды. Мен тағы да сұрадым. Шынымен, бірінші жолы ойыма келмегені рас, тысы кигізулі болғандықтан көргенім жоқ. Жастықтың жүнін тексереді деп кім ойлаған? Жүнді жинау оңай емес. Жастықтың тысын шешсем бірінші тескені де, екінші тескені де айдан анық көрініп тұр. – Апа, жастықты неге тестіңіз? – дедім. Енем қатқыл дауысымен: – Сөгіп тексергенім рас. Оның ішіндегі жүні қаздікі болатын, қазір тауықтың жүні. Ауыстырып қойыпсың. Тастақтың базарынан, шешеннің әйелінен жиырма бес сомға сатып алған едім. – Мен тұрып: – Апа, есі дұрыс адам жалғыз жастықтың мамығын ауыстыра ма? – Енем ызаланып: – «Көп сөзің керек емес! Мені маймылша ойнатқаныңды қойып, жастықтың жүнін тап онанда», – деп айқайлап кетті. Мен түсіндіріп ақталайын десем өз дауысынан өзі ешкімді естімейді. «Түк көрмеген жетімек неме, жүнді тап дедім ғой», – деп бастырмалатып жатты. Күйеуімнің көңіліне қарап тіршіліктегі күнделікті майда сөздеріне, айғайына мән бермей өзгере бастадым. Мән беретін болсам күнде қырғи-қабақ күн туғандай. Кейбірде мен де пендемін ғой, енемнің аузы ашылар-ашылмастан кексініп үндемеуге, сөйлемейтін халге жеттім. Әсіресе, сүйегіне әлдеқашан қына шыққан ата-анама қатысты ғайбат сөздерді естігенде, сол сәтте бірден шығып басым ауған жаққа безіп кеткім келетін. Бірақ, «битке өкпелеп тоныңды қалай отқа саларсың?» Алтындай ақылды баласын аяйсың. «Үндемеген үйдей бәледен

Тағдыр мен тағылым құтыладының» санаңда сайрап тұрғанын ескересің. Енеме дәл ашу үстінде бірдеңені түсіндіру, анықтау, айту мүмкін емес. Екінші адамды естімейтін тас кереңге айналатын. Тек өзінің сөзімен әлек болады. Не айтып, қандай жауап қайырып жатыр деп құлағын да салмайтын, құлағын түру қаперіне келмейтін. Осындай, мен көрмеген бір сәтті баласының айтып бергені бар, ол әлі есімде. Ауылда екі көрші әйел ұрсысып жатыпты. Енем үстінен шығып қалып өзі ұнататын бір әйелге жақтасып, қолдап ұрыстарына кірісіп кетіпті. Екінші әйел «қожаның бибісі» ғой деп әдеп сақтап, сыйлап, ұрысты әрі қарай өрбітпей кетіп қалыпты. Ал, енемнің ара түскен, қорғаған әйелі ырза болып, енемнің жақтасқанын үлкен абырой, мәртебе санап шәйға шақырыпты. Олардың не жайында ұрысқанын енем шәй үстінде сұрап, анықтапты. Тіпті хабарсыз екен. Шәй беріп отырған әйел де енемнің білмеген ұрысқа килігіп кеткеніне таң-тамаша болыпты. Үйге келген соң өзі ішегі түйілгенше күліпті, «олардың ұрысында не шаруам бар» деп есіне алады екен. Бекең анда-санда анасының көңіл-күйін көтеру үшін: «Апа, бәрін қойшы, анау ұрысты сатып алғаныңды айтып жіберші, сондағы жеңісіңді айтсаңшы» дейтін. Енем марқұм дауысын шығармай сылқылдап күліп алатын. Мен қанша талпынып тыныштық пен ауызбіршілікті ойластырып, мүмкіндігімше кешірімді болып жүрсем де ұрысқа себеп табылып тұратын. Соның бірі тіпті сөз етуге болмайтын, тұрмайтын

Несіп Қалымбетова көрініс еді. Баласы енеме кәдімгі совет үкіметі кезіндегі жарты литрлік шыны бөтелкеге құйылған айранды беріп кетіпті. Мен институттан келісімен шәйға шақырдым. Шәй алдында айранды ұстап отырғанын көрдім, бөлменің есігі шыны ғой. Есіктің сырт етіп ашылғанын естігенде бөтелкені көрпесінің астына тыға қойды. Күйеуім үйреткендей, мен оны көрмеген болдым. Кешке ұлы келгенде: – Бердіқұл, мен мынауыңды аша алмадым, – деп қолына ұстатты. Күйеуім мән-жайды сұрамастан қатты, бар пәрменімен жағымнан тартып жіберді, құлай жаздадым. – Бір кемпірдің бабын таппасаң неге керексің? – деп шығып кетті. Бірер сағаттан соң, батылдау сөйлеу үшін ішіп келіпті, менен: – Ішіңде бала бар ма? Айт кәне! Бала болмаса, ертең кет! Учти, егер сен анамды күтпесең, сыйламасаң он балаң болса да тастаймын. Осыны есіңде мұқият сақта, – деп әлсін-әлсін қайталап мені қорқытумен болды. Оған мен: – Шындығында мен көрдім, бірақ аша алмай отырғанын білмедім. Әрі өзіңіз үйреткендей көргенімді білдірмедім. Сен аңдып жүрсің деген жалған жалаға тап боламын, сөзге қаламын ғой деп ойладым, – деп ақталдым. – Апамның өзі сұраса неге ашып бермеске? – дедім. Көз алдыма жетімдіктің қилы-қилы қырлары (ньюанстары) елестеп, өмірге келмеген іштегі тұңғышымның болашағын ойлап, адамша өмір сүріп, балаша шаршамай еңбек етіп, өмірімді өзім ғана көркейтуім керек екендігін терең түсіндім.

Тағдыр мен тағылым Сол сәтте күйеуіме сенімім бірден жоғалғандай күй кештім, жан-тәніммен күйзеліп жыладым. Екеуінің тек жетімдер санын көбейтетіндей көрінгені рас. Іштей, бір сөз қарсы қайырмастан, өмірлік шешім қабылдадым, яғни осы үйден мені кетіріп көріңдер... Өлігім осы үйден шығатын болады. Әбден сәл нәрсеге келіндерді кінәлі етіп, оңай тастай салуды әдетке айналдырған екенсіңдер. Ал, мен осы әдетке жол бермеймін деген ой-түйін жасап қойдым. Шамам келгенше сөз таластырмай, әрбір тұрмыс-тіршілік тауқыметінен шығу жолдарын қарастырып, өзімнің ұрпағымды қайткенде бақытты етуім керек деген іштей міндеттеме алдым. Нәтижелі мақсатты көздеп талпынуды ойластырдым. Өзімнің ешкімге керек болмағаным есіме түсіп, енді баламмен қайда барамын, кімге сыймақпын деген сұрақтар да жанымды жаралады. Жұрттың жалған өсек сөзіне жем болып, кезігіп қалатын сұрақтарға жауап іздедім. Өмір жолындағы қиындықтарға қалайда шыдауым керек, сонда ғана арманның биігіне шығады екенмін. Жөнсіз майдашүйдемен өмірімді өксітпеуім керек. Қалайда тығырықтан жол тауып шығып отыруым қажет. Сырт көзге әрі сәнді, әрі мәнді өмір сүру үлгісін көрсетуім керектігін сезіндім, ұғындым, білдім. Жанып тұрған отқа май құйып маздату оңай, ал оны сөндіру әлдеқайда қиынырақ екенін бірден түсіндім. Өзімді өзім тектен-тек кінәлі етуді жөн көрмедім, яғни нақақ, жалған сөздерден қорғадым. Оған осындай тағдыр ылайықты деп қуанатындардан қорықтым, қорғандым. Жәрдем бермек түгілі таба-

Несіп Қалымбетова лап, жығылғанға жұдырық жасап, көзімді шұқып, мораль оқитын «данышпандарды» бірден елестеткенім де рас. Бірақ, Бекең әдейі ештеңе сұрамастан аурудың алдын алып «профилактика» жүргізіп қойғысы келді деп ойладым да қайта-қайта ақталуды жөн көрмедім... Келесі күні институтқа бармадым. Көзім де, бетім де қатты ісіп кетті. Өте қатты тебіреніс пен күйзелісте болдым. Әлім тек екі көзіме жетті. Намыстанып, қорланып ұзақ, қатты жыладым. Дос қыздарға да шағым айту мүмкін емес. Біреуге айтсаң да уайымың жеңілдейді ғой, бірақ, айтудың өзі айып. Бекеңнің жас үлкендігі, білімі, атағы – бәрі тосқауыл, бөгет болатын. Күйеуім жұмыста. Өзім әліптің артын бағып, кешке не боларын болжай алмаймын. Жүрегім қорқынышқа толы. Үйдемін. Шәйдің самасын (қалдығын) мәрлі бинтке түйіп, көзімнің ісігін ертеңге дейін басып кетіруді көздеп диванда қисайып компресс қойып жатқанмын. Енем бөлмесінен шықты да, біздің темір кереуеттің үстіндегі көрпе-жастықтарды санап шықты. Өзі дауысын кәдімгідей қалыппен шығарып сөйлеп жүр. Бөлмедегі барлық заттарды түгендеп тексеріп шықты. Бөлменің бұрышындағы дастарқан жабылған үстел үстінде екі жағы да жабылатын «Трюмо» айна бар еді. Оны ашып-жауып көрді де, айнаға ерні мен қолын шығарып: «О-о, жетім иттің баласы. Осындай байлықты да бағаламай кердеңдейсің. «Семіздікті қой ғана көтереді» деген шын екен. Әй, балам-ай, қайдағы «жетімекті» қайдан тауып алдың?» – деді.

Тағдыр мен тағылым Компреспен жатқан мені көрмеді, өйткені диванның алдында дастарқан жабылған ұзын үстел тұратын еді. Сөйтті де туалетке кіріп кетті. Енем мені институтта деп ойлаған болуы керек. Енем туалеттен шыққанда мен асүйден саманы ауыстырып шығып диванға бет алғанмын. Мені көріп қалып селк етті де бөлмесіне кірді. Өзінің сөздерін естігенімді білді. Ал, мен енемнен де жаман қорықтым. Ондағы ойым: «апырмай, біз аман кезде, алдымызда, қолымызда қайтыс болса игі болар еді, бақыт, абырой болар еді... Мына түрімен біздің артымызда қалып масқара болмаса жарар еді» деген қауіпті ой туды, шынында үрейлендім. Анасы сүйектен өтетін ғайбат сөздерді айтқанда оған тиіспейтін. Ал маған: «көңіліңе алмашы, апам алжып жатыр, жүзге жетті ғой» деп жұбатып, қатты ұялатын. Дәл осы көрініс енемнің алжымағанын анық дәлелдеген, айқын көрсеткен фрагмент еді. XXIV Өмірдің өзі көбінесе майда тіршіліктерден құралады, тұрады емес пе? Майда болғанымен кейбір кездерде шешуші рөл, маңызды іске айналып кетуі ықтимал. Ұлғайып, істің теріс бағытқа, жағымсыз нәтижеге айналмауын, насырға шаппауын қадағалау үшін де ақыл-парасат, ой-сана қажет-ақ. Күйеуімнің айтуы бойынша Айдос деген досы болыпты. Үйлену тойының шақыру билетін айын, күнін, сағатын белгілеп таратып қойған екен. Жәмила деген қыз ЖенПИ-дің жатақханасында тұрады. Ай-

Несіп Қалымбетова дос сыртта күтіп тұрыпты. Жәмила сыртқа шыққан кезінде бір танымайтын қыздың Айдостың екі құлағын екі қолымен ұстап сілкілегенін көріп қалып, жатақханаға қайта кіріп кетіпті. Бейтаныс қыз бір топ дос қыздарына қосылыпты. Айдос келіп: – Қарындас, сіз не істедіңіз? Қызымды шақырып беріңіз, – дейді. Жәмила бейтаныс қыздың шақырғанына шықпайды. Белгісіз қыз Жәмиладан кешірім сұрайды. Мен оны танымаймын, дос қыздармен бәстесіп құлағын жұлғаным рас. Олар солай жасай алмайсың деді, ал мен соны жүзеге асырдым, бар болғаны осы деп ант су ішсе де, сенбейді. Сол күні Айдос сол бейтаныс қызбен киноға барады. Қыз, келесі күні қайткенде шығарып беруге уәде береді. Келесі күні де көндіре алмаған соң тағы да киноға барыпты. Қысқасы, үш-төрт рет қыдырған Айдос, асханаға тапсырыс беріліп, ақшасы төленіп қойған тойды болдырмау мүмкіндігі жоқтығын ескеріп сол қызға үйленеді. Екеуі өте тату отбасын құрып, үш балалы болғандығын дәлелдеген. Міне, осындай кездейсоқ жағдайлардың тағдырды түбегейлі шешіп өзгертіп жіберуі әбден мүмкін. Менің өз тағдырым да тікелей кездейсоқ жағдайлармен жалғасқаны шындық. «Бір қарын майды бір құмалақ шірітедінің» кері келмесін дегендей, бір бөтелке айран менің талай ойраннан аулақ болуыма жәрдемдесті. Алда не күтіп тұрғанын болжай білмедім. Бірақ бойымдағы төрт айлық баламның тағдырын тәлкек етпеуді бірінші орынға қойып, оны негізгі мақсат еттім. Екіншіден,

Тағдыр мен тағылым асқақ арманым оқуымды бітіру керектігін ескердім. Емтихан кезінде босанып қалмай өзімнің үйренген тобыммен (группаммен) диплом алып кетуді көздедім, армандадым. Боса да некеде жоқпын деп шығып кете беру опоңай шаруа болғанмен, тығырыққа тіреліп қайтып келудің қиындығы өліммен бара-бар сияқты көрінді. Өмірдің талабы басқаша, «қыздың жолы жіңішке...» деген нақылға бағынғандай. Өйткені, біздер өзіміз ұнатқан жігітке немесе ер адамға сөз айтып, күйеуге шыға алмайтын бойға сіңген қазақы қағидадан, тәртіптәрбиемізден аса алмайтын тамаша мұсылмандық, ұлттық қасиетімізді, менталитетімізді ұмытпаймыз, сақтаймыз ғой. Тағдырдың жазуымен келіп, бағынып қалғандықтан өз өміріңнің тамырына балта шаба алмайсың, қайткенде келген жерге балдай батып, судай сіңуді көздейді екенсің. Терең ойланып санаға салмасаң болмайды екен. Басқа, жақсы жар тауып алу мүмкіндігі нөл, ал үміттеніп ажырасу ертегі, миф сияқты. Бақытты болуға ешқандай кепілдік жоқ. «Таңдаған тазға жолығады» дегендей болуы да ықтимал, яғни бәрі керісінше болып кетуі мүмкінақ. Сөйтіп, әйел адам алды-артын ойлап отбасының берік болуын ойластырып, өмірін жалғастырып, үйлесім табуға талпынып бағады екен. Отбасылық өмірдің алғашқы кездерінде дүкеннен әкелінген тамақтарды: күрішті, макаронды, тағы басқа тамақтарды енем алдымнан шығып тексереді де, тең жартысын бөліп өз бөлмесіндегі сандыққа салатын. Оны баласы сұрап алып маған пісіруге беретін.

Несіп Қалымбетова Сандыққа сіңген «нафталиннің» иісі тамаққа шауып, ішуге жарамай қалып жүрді, оны төгіп тастаймыз. Қалай менің дүкеннен келгенімді біліп қояды десем, дәліздегі шамды жаққанда жарықты көріп шығады екен. Кейін келе үйге ептеп, жайлап кіріп, жасырынып жүріп тағамдарды асүйдің есігінің үстіндегі биік нишаға тығатын болдым. Төмендегі шкаптардың барлығын енем мен жоқ кезде тінтіп, керегін алып қоятын. Шашылған күріш, қант тағы басқаның ізі апамның кіреуетіне дейін жол салатын, бірақ апам мойындамайды. – Апа, неге алдыңыз, беріңізші, – деп өтінемін, өйткені нафталин сіңбей тұрғанда алайын деймін. Енем: «Жетім ит! Өзің кім көрінгеннің босағасында өсіп, саған молқолдылық қайдан келген? Өте көп, бопырым пісіреді екенсің, ә?» деп кемітетін. Небір кемсітулерді бастан кешіп жүріп, күйзеліп жүріп емтиханға да жеттім. Ойдағыдай бітірсем бес жыл бірге оқыған дос қыздарымды үйге шақырып, диплом алғанымды, тұрмысқа шыққанымды, барлық жақсылықтарымды біріктіріп, дұрыстап қоштасамыз, – деп Бекең екеуміз келіскеміз. Жағдаймыз мәз емес. Оның айлығының отыз үш пайызын алиментіне ұстайды. Тұңғышыма жүктімін, соңғы күндер тақалған. Н.С.Хрущёвтің басқарған 1965 жылдары болатын. Жұмыс күнінің аяғында дүкендердің сөрелері жылан жылағандай, тамақтар тез сатылып кетіп бос қалатын. Армандап жүрген дастарқанға қоятын бұзылмайтын тағамдарды біртіндеп ала бастадым, бірден алуға ақша шектеулі.

Тағдыр мен тағылым XXV Үшінші мемлекеттік емтиханды тапсырамын деп отырғанда тұңғыш ұлым – Алтайым дүниеге келді. Бекең екеуміз қуаныш құшағындамыз. Бекең ең биік мәртебеге, дәрежеге ие болғандай, өйткені ол кезде УЗИ жоқ, білместен ұлды болғаны шексіз қуаныш сыйлады. Перзентханаға мемлекеттік емтихан қабылдайтын комиссия мүшелерін, яғни оқытушыларды таксимен алып келіп емтихан қабылдатты. Төртінші емтиханды тұңғыш ұлыммен барып тапсырдым. Бәріміз көңілдіміз, өйткені институт бітті, перзент дүниеге келді, тұрмыс құрдым, бәрін қосып үлкен тойға ұластырдық, қызыққа айналдырдық. Ең үлкен жетістігіміздің біреуі дос қыздарды айғай-шусыз атқарғанымыз болды. Күйеуім жұмыста. Қыздарды қонақ етіп шаршағанмен, келесі күні түске таман жөргектерді, жаялықтарды жаюға балконға шықтым. Балкон енемнің бөлмесінде. Шыққан сайын бір жаман жағымсыз иіс мұрнымды жарады. Қартайған қария бірдеңелерін былғап алған болар деп иісті ажыратқан боламын. Жуып тастайтын зат болса екен деген оймен: – Апа, бірдеңенің жаман иісі шығып тұр ғой, – деп жайлап айтып едім, маған: – Сасыса менің бөлмеме кірме, неге кіресің? – деп дүрсе қойып ұнатпай қайтарып тастады. Күн де зорға батқандай... Бекең келісімен иіс жөнінде бірден айттым. Ол бөлмеге кіріп тексере бастады. Төсектің астындағы кастрөлге жабылған

Несіп Қалымбетова етті тапты. Шамамен екі-екі жарым келідей шикі ет жап-жасыл болып бұзылып кетіпті. Баласы: «Неге алдың? Жеке қазан аспайсың ғой, не істедің? Неге тұздамадың? Неге кеше бермедің?» деген сұрақтарды жаудырып күйіп-пісті. Бекеңнің дауысы да өктем шығып жатыр. Мен оның анасына бірінші рет әрі ақырғы рет дауыс көтергенінің куәсі болдым, мен үшін де соңғы рет болды. Енем баласының айғайына ләм-мим деп тіл қатпай жатып қалды, қателігін түсінді. Ет ұрлайды деген ой мүлде есіме келмеді. Тоңазытқыш жоқ болғандықтан бір күн бұрын ұлымды құшақтап барып бес-алты келе ет алғанмын. Оны ваннаға суық су ағызып кастролімен батырып, қақпағын жаппай ақ дәкемен жауып, қайта-қайта ванна суын ағызып, қайтадан суық су құйып әуреленіп ауыстырып жүрдім. Ертеңіне асарда қарасам азайып қалыпты. Бірақ, қатып тұрған ет жібігенде кішірейген шығар деп ойладым да, аздық етеді деп, ұлымды көтеріп барып ширетсіз ет сатып әкеліп қостым. Сөйтсем, алдыңғы еттің жылы-жұмсағын енем кесіп алыпты. Менің бір таң қалғаным, кәрі бола тұра қалай, қай кезде үлкен ептілікпен білдірмей, қанын тамызбай кесіп алғаны болды. Мен ешқайда шыққаным жоқ, баламен үйдемін, ет ваннада, біздің бөлме арқылы өтеді. Өмір-ай десеңізші! Бұл да ауыз толтырып айтылатын жағдай, эпизод емес. Дәл сол кезде құптай қоярлық мүмкіндік те жоқ, қаржының қалтыраған тапшылығы күйеуімнің дауысын шығаруға

Тағдыр мен тағылым мәжбүрлегені шындық. Уақытта тапшы. Дүкенде үнемі ет бола бермейтін. Жұрт, ет түсуі ықтимал деп, әлі түспеген етке кезек алатын. Ал біздің жағдайда жаңа ғана дүниеге келген сәбимен ширетке тұру, тамақты көтеріп үйге жеткізудің қиындығы мол болатын. Шын ашуланатындай іс болды. Тіршілікте қу дүние кімдерге опа берген дейсіз? Мен көріп жүрген өмірде «кедей байға жетсем деп, бай құдайға жетсем» деп жанталасқан өмір кешуде. Кедей байғұс байып кетпейтінін білсе де қу тірліктің күйбеңімен, қамымен жүріп өмір кешеді. «Малы көптің қайғысы көп» деп Құтып бабамыз айтқандай, байлар да уайымсыз өмір сүре алмайтын сияқты ғой. Сол байлықты ұры-қарыдан, табиғи апаттардан: өрттен, судан, тағы да басқадай толып жатқан кауіп-қатерлерден сақтау, қайткенде көбейтіп өмір сүруді ойластырып жүріп-ақ шаршайтын сияқты көрінеді. Сол сияқты, менің енем де үйдегі үш-төрт көрпе мен екі жастықты, екі темір кереуетті байлығым деп кеудесін кере шалқайып місе тұтқан. Байғұс қарияның баласының лауазымынан, дәрежесінен мүлде түсінігі де, хабары да жоқ. Анасының мінез-құлқын үнемі ескеретін баласы шешесінің небір қызықты қылықтарын әдейі есіне салып, өзіне айтқызып күлдіретін. Мамыражай күліп масайрайтын отырысымыз, күндеріміз аз болғанмен, талай оқиғаларды еске түсіріп тастайтынбыз. Енеміздің көңілі құлазып, өткен-кеткенді есіне алып, ой түбіне жете алмай, кімге тиісерін білмей арқасы қызып отырғанын баласы құдды индикатор

Несіп Қалымбетова сияқты бірден сезетін, назарынан тыс қалдырмайтын. Сол кездерде: – Апа, бәрін қойшы, «бәрін айтпай бірін айт» деген, әлгі баспақтың тұмсығын тістеп қыршығаныңды айтып берші!», – дейді. Енем бүкіл ашуын ұмытып кетіп күліп, баспақ жайлы айта жөнелетін. – Қайдағыны есіме саласың. Ол – бір арам қатқыр қашаған баспақ болды. Көбінесе үш-төрт күн ұстай алмаймын. Бірде төрт күндей ізіне түсіп әзер ұстадым. Әбден ызаланған едім. Ұсталғанда жерге алып соғып тұмсығын шайнап қыршыдым ғой! – деп, сылқ-сылқ күліп, ашуы тарқайтын. Баспақты қазір ұстап өшін алғандай қуанатын. Міне, ашу-ыза қайда жатыр?! Осылайша әңгіме-дүкен құрып отырғанда елін қатты сағынатынын білдіретін де: – Балам, мына түрмеде отыра береміз бе? Бір орыстың төбесіндеміз, екі орыс отбасы біздің төбемізде. «Күрекке боқ-шөп жоқ па?». Бір жұмысты елден де табарсың, ауылға кетейікші! – дейтін. Бекең бұл жерде де анасының үмітін үзбейтін, өшірмейтін жауап тауып қайтарады. – Апа, сөйлесіп жүрмін. Жақында перме бастықтық (завферма) жұмыс табылып қалар. Алла қаласа ауылға көшіп қалармыз. Қолдың майын ыстық таба нанға жағып жегізермін. Өзің қолдан қатық ұйытып, сүтін, ірімшігін, құртын дайындап жейсің. Уайымдама. Баратын жеріміз алтыншы ауылдан алыс емес, қасында, – деді де, Бекең маған орысшалап: – Апам өзінің әлін әлі білмейді, жаспын деп ойлайды. Өзінің қатарының бәрі баяғыда қайтыс болған. Біреуі де өмірде жоқ екені анық, қаперіне де

Тағдыр мен тағылым кірмейді. Өзінше ауылда әңгімесін гөй-гөйлетемін деп дәмеленеді. Жүз жасқа тақағанын сезбейді, түсінбейді, – деді. Баласының осы айтқан сөзінен кейін енем қанаттанып: – Мен қайда болмадым! Құдайға шүкір! Қарағойлыда болдым, Төменарықта болдым, Қосасарда, Жетімсарыда, Сарықұмда... – тағы басқа толып жатқан жер атауларын шұбыртып атап тізе жөнеліп, – бәрінде болдым ғой, – деп мақтанып кететін. Қайран елім дегенде көкірегі қарс айрылып, жарылып кете жаздайтын. Мен ұлынан: – Ол қай жерлер? – деп сұраймын. Баласы енемді көтермелеп: – Ой-бой! Менің шешемнің көрмеген жері кемдекем ғой, – дейтін де, менің сұрағыма орысшалап: – Да, все они в радиусе семидесяти километров, – дейтін. Осылайша, рахаттанып әңгімелесіп отырған енеміз елдегі тойлар мен баталарда сақина-жүзіктердің ең таңдаулысының, таза күмістен соғылған құсмұрын жүзіктің өзіне тиетіндігін де мақтан тұтатын. Абысын-ажындарының ашуланып ашынғаннан: «Қырға барғанда ана қақпас, Сырға келгенде мына қақпас тұрғанда бізге бірдеңе тиетін бе еді?», – деген шағым өкпелерін есіне алып та мәз болатын. Ашу-ыза демекші, тұңғыш ұлым Алтай әлі еметін. Бірде күйеуімнің үйретуімен үндемей құтылғым келіп, енем ашу шығарған кезде ұлымды өңгеріп отыра қалып емізе бастадым. Ызаланып, долдана сөйлеп менің қасыма жетіп келді де, қолын шығарып алып аузыма тигізіп:

Несіп Қалымбетова – Езуіңді айырайын ба осы! Атаңа нәлет жетім ит! Арыстан едім, тышқан болғанда келіп жаның қалып жүрсің! – деді. Ал, мен күйеуіме қарап: – Апама қараңызшы! Не деген масқара! – деп жылап жібердім. Көбіне күйеуім кітап, газет оқып, лекцияға дайындалып қасымызда отырса да бізден шу шыққанда басын көтермейді, естімегендей болады. Өзі аядай екі-ақ бөлме ғой. Енем бұзақылық өнерін біздер отырған бөлмеге келіп қырғын қып көрсетіп кетеді. Мен дауысымды кәдімгідей қатты шығарып жылаймын. Енем өз бөлмесіне кіріп тынышталғанда ғана күйеуім келіп: – Сұлеке, жүрші, шәй ішіп тамағыңды жібітейік, қарлығып қалды ғой, – деді, сөйтіп, шәй ішіп екеуміз жүйкемізді басатынбыз. Есте қалған оқиғалардың барлығын инені жіпке тізгендей етіп жаза берудің өзі ығайсыз, ұят әрі өзі таусылмайтын сияқты. Бірақ, осындай сүттей таза, бұлақтай тұнық, періштедей ақ баласын бағаламайтын аналар тек жалғыз менің енем ғана емес шығар, сондықтан тағылым етіп айтқан да, жазған да дұрыс, қажет сияқты... XXVI Мен келген 1964 жылы ораза айы қыста болды. Енем баласынан «Ораза» қашан басталатынын қайтақайта сұрай берді. Бір күні жұмыстан келісімен: – Апа, оразаның он үш күні қалыпты. Сен өзіңе тиесілі нормаңды, парызыңды өтеп болғансың. Қазір мен үшін ұстап жүрсің ғой. Маған осы қалғаны да

Тағдыр мен тағылым жетеді. Бүгін аузыңды бекітіп шығасың. Мен мешітке барып сұрадым, қаза болған күндерді кейін бөліпбөліп өтесең де бола береді екен, – деді. Маған анасына сәресі беруді жүктеді. Таңғы сағат төртте тұрып тамақ пісірдім, яғни тісіне жұмсақ құймақ құйдым да, енемді сәресіге шақырдым. Терезенің пердесі жабылмаған екен. Көшедегі бағана шамының жарығын көріп: – Тәрбиесіз неме! Осы уақытта кісі сәресі бере ме? Күн мына тұр ғой! – деп сәресіні ішпеді. Келесі күнгі кешкі сағат жетіге дейін нәр татпады. Баласы асығып-аптығып келіп аузын аштырды. Дастарқан басында баласы: – Апа, болмайды екен! Бүгіннен бастап сәресіні өзім беремін, өйткені оразаны маған арнадың, менің парызымды орындайсың ғой, – деді. Ертеңіне баласы сағат алтыда тұрып күнделікті жаттығуын жасап, қырынып, жуынып болғанша сағат жетіден асып кетті. Терезенің пердесін түсіріп қойып, екеуі сәресіні сағат сегізден асқанша әңгімелесіп отырып, жайғасып ішті. Енеміздің мен көрген бес жылғы оразасы осылайша ұсталатын болды. Кешкілік ауызашарда баласының жұмыстан келуі­ не байланысты болатын, өйткені ол асығып келіп үйге кірісімен дәліздегі жарықты қосатын, қараңғы ғой. Апам оны төсегінің үстінде отырып көретін, себебі есігі әйнектелген. Жылт еткен жарықты көрісімен: – Ойбай-ау! Ауызашар болып қалыпты ғой, – деп төсегінен түсе бастайтын, яғни сағат бесте келсе – бесте, жетіде келсе жетіде аша беретін. Кейде институтта ғылыми кеңес болып отырыстары ұзаққа

Несіп Қалымбетова созылатын. Транспорт та мәз емес еді. Сол кездерде кешігеді. Енемді аяп, ауызашар берейін деп дастарқанға шақырамын. Қыста күн ерте батады ғой, бағана шамы жанып тұрады. Енем: «Күн мына тұр ғой», – деп ішпейді, баласын күтетін. Аузын да ерте аштырып, сәресіні де кеш беріп баласы бәйек болатын. Ол анасының әлсізденбеуін қадағалайтын. Енем жарықтықтың жер бетіндегі жақыны да, періштесі де, Құдайы да тек жалғыз ұлы ғана болатын. Басқа ешкімге басын кесіп алдына тастаймын десе, сенбейтін. Тірлік-тіршілігіміздің бәрін енемнің көңілінен шығатындай етуге тырысамыз, бірақ қателігіміз шығып тұратын. Апама күріштен көже ашытамыз. Ғабдуллин көшесінің арғы бетінде біздің үйге бетпе-бет белгілі кинорежиссер Сұлтан Ахмет Қожықовтың жақыны Шәмсия апа тұратын. Күйеуі де, баласы да жоқ адам еді. Күн ыстықта шөлдегенде келіп көже ішіп тұратын. Екеуміз жайбарақат ас үйде көже ішіп отыр едік. Тез тұрып, енеме көрінгісі келмей дәліздегі есіктің артына тығылды. Енем дәретханаға кіріп, қайтадан бөлмесіне барғанша жасырынып тұрды. Артынша менімен қоштасып шығып кетті. Тоңазытқыш жоқ. Оны сатып алу Құдайдың азабы. Алматының бүкіл тоңазытқышқа мұқтаж тұтынушылары «Геологостройдағы» универмагқа барып ширетке жазылып, әрбір сенбіде тізімді тексеріп, әйтеуір бірекі жылда ғана қол жеткізетін. Үшінші балам дүниеге келгенше тоңазытқыш ала алмадық. Сондықтан тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау қиын еді. Бекеңнің көзіне жол-жөнекей шұжық түсіпті, үш

Тағдыр мен тағылым келесін алыпты. Бұзылып кетеді деп бәрін бірден қайнатып дәліздегі ең қараңғы әрі салқын есіктің артына ыдысымен қойған едім. Кешкісін содан ысытайын десем біреуі де жоқ. Көзіме де, өзіме де сенбей тұрып қалдым. Бірінші мамыр тақалып қалған-тын, күн өте ыстық. Шәмсия апа жұқа, жеңіл крепдешин матасынан тігілген көйлекпен келген. Тіпті ол кісі алды деу ақылға сыймайды. Өзім есіктен шығарып салдым, алған күнде де үш келені байқатпай әкету мүмкін емес қой. Бұл жағдайды күйеуіме өте таңданыспен айтып жатырмын. Күйеуім: «Ой, Сұлеке, сен әлі де апамды білмей келесің. Ұрыны алыстан іздеудің қажеті жоқ. Сен оны тікелей сұрама. Шаңыңды қағады, бәлеге қаламыз. Тамағын ішкен соң, шәйін беріп отырып, «балаңыздың орыс досы қонаққа келемін деген соң, соған дайындалған шошқаның колбасасы бар еді, соны таба алмай қалдым» деп, өзің дүкенге кетіп қал. Апам оның сарделки екенін білмей, жылқының шұжығы деп алған шығар. «Ұрының кәттасы» қасыңда отыр. Қазір орнына апарып қоятыны анық», – деді. Мен күйеуімнің сөзін өзгертпестен қайталадым. Енем: «Ит біле ме, сендердің не әкеліп жүргендеріңді! Айтпасаңдар, көрсетпесеңдер қайдан білейін», – деп күбірледі. Мен дәліздің шамын жақпай киініп жатырмын. Енем мен үйден шықпай жатып-ақ, «енді жемегеніміз шошқаның кәлбасасы еді», – деп дауыстап сөйлеп, камзолының етегіне салынған сиыр етінен жасалған шұжықты ыдысына төкті. Қараңғыда дүкенге бармай мен де шешіндім. Міне, айта берсем «Мың бір түннің» хикаялары

Несіп Қалымбетова сияқты бітпейтін оқиғалар біздің үйде де, күнделікті өмірде е жеткілікті болатын. Ауруды емдеуге, жазуға түрлі мүмкіндіктер, әдістер бар. Ал, әдетте дағдыны түзету өте қиындық тудырады екен. Болмаса, енемнің етті көгертіп сасытқаны, сондағы сөз естігені үлкен сабақ емес пе? Шұжықты ұрлау да өткенді қайталау, ұқсас жағдай ғой. Жеке өзі қазан көтеріп пісіре алмайды, енді қайтерсің... XXVII Алпысыншы жылдардан бұрынырақ қалыптасқан жерлестік, сыныптастық, ауылдастық деген үрдісұғымдар өте сыйлы, қадірлі болатын. Соғыстан кейінгі қазақ жастарының білімге талпынысының арқасында пайда болған дәстүр. Бұл үйінен алты қадам аттамаған, алыс кетпеген жастар сағынышынан туындаған жағдай болатын. Бір танысымызды көшеде көрсек, әкеміз базардан келгендей қуанатынбыз. Келген жеріміздің жағдайымен санасу, ескеру деген жоқ. Ауылда, елде жүргендегі ашық, ақкөңіл, қонақжай әдетпен, қалыптасқан менталитетіміз бойынша шын көңілмен мекен-жайды бірден жазып беріп, айтып, келіп тұр деп өтінетінбіз. Әсіресе студенттер қатты қуанатын, бір туысының үйі табылғандай күй кешетін. Жоқшылық кез. Қара шәйді шын көңілімен берсе де ризашылық білдіретін ғажап заман еді. Менің де мекен-жайымды жерлестердің біразы бірі-біріне беріп, таратып үлгеріпті. Өзімді тәрбиелеген ағам Айдарханның ұлы Бақыт інім СХИ-ға түсіпті. Жездеміз СХИ-да сабақ береді екен деп, сонда оқитын біздің елдің студенттеріне адрес

Тағдыр мен тағылым берілген екен. Екі күннің бірінде екеу-үшеу болып келіп кететін. Ол кезде келме деген сөзді ауызға алу, айту қиямет. Жетіспеушілікті мойындау, «жоқ» деген сөзді айту өліммен тең. Қанға біткен қонақжайлылық жібермейді. Мен тіпті намыстанамын, себебі күйеуім оқымысты, ғылым докторы, атағы дағарадай жер жарып тұр. Олардың санасында Бекең ақшаны қабымен алатын адам сияқты. Енемнің жайсыздығын да, алиментті де айтуға болмайды, ұяламын. Келмей жатып жағдай айтуды айып санаймын. Немере інім досымен келіп қонып жүретін болды. Төсек-орын жетіспейді. Диванға ақжайма төсеп досын жатқызып, ал ініме сеткалы кереуеттегі текеметті түсіріп төсеп, жамылуына бірдеме беріп жатқызып жүрдім. Енем таңғы намазға алтыда тұрады. Сол күні диванды тексерді де, жерде жатқан інімді көріп, астындағы текеметті ұстап: «Тұр былай! Бұл кім өзі? Әкемнің перзенті құсап шаниып жатқанын қарашы! Әй, қу жетім-ай, жалғыз текеметті сұраусыз жерге төсепті ғой, түгі қалмайтын болды, әкеңнің үйінен әкелген жоқсың ғой!» – деп текеметті аударып алып бөлмесіне әкетті. Осы айғайдан дивандағы досы да оянды. Бәріміз үрпиіп, абыржып тұрып кеттік. Олар шәйларын шала ішіп, таң атпай шығып кетті. Осыдан кейін келуін келгенмен, қонып қалуын тоқтатты. Анда-санда қаладан тыс жерде тұратын қонақтар қонатын жағдай туса Бекең өзі төсек сұрап, енемнен рұқсат алып жүретін болды. Енем сонда ғана қонақты мазаламайды. Енемнің үйреншікті, әрбір демалыс күні қай­ таланатын қалыптасқан әдеті болатын. Ұлы алты

Несіп Қалымбетова күн қызметте. Шаршағандықтан ұйқысын әбден қандырып жайырақ тұратын күні біреу-ақ. Енем шәйін күнде баласымен бірге ерте ішіп үйренген. Демалыс күні де киініп алып күтетін. Жалығып кетіп, ваннаға кіріп, мұздай сумен жуынады да сүлгімен сүртінбей біздің төсекке қарай беттейді де: «Әлде Бердіқұл кетіп қалды ма?» – деп, дауыстап сөйлеп келе жатады. Мұздай, су қолынан сақтанған баласы аяғын көтеріп апамның қолына қарай бұрады. Енем баласының аяғын құшақтап, құшып-құшып иіскеп: «О, қожанасырым! Үйде екенсің ғой, бүгін демалыс шығар», – деп бөлмесіне кетіп, алаңсыз ұйқыға кірісетін. Мен Бекеңе: – Қойыңыз, апам қолын жуып шықты ғой, аяғыңыз таза емес, – деймін. Ол: – Мен апамның кенжесімін, еркелеймін, – дейді. Сол уақытта елу жасқа келіп қалған кездері еді. Дәл осы қылығын енем марқұм әр демалыста қалтқысыз қайталайтын, менде көруден жалықтым. Есіме түскен сәттерде анасының баласына деген пәк сезімінің құдіреттілігін паш ететін мәңгілік көрініс көз алдыма келеді. Бұл аяулы ананың ақ жүрегінің айнасы емес пе?! Ұлының ел ағасы болғанын да ескермейді. Әлі де бала көреді. Көптен қалған жалғыз ұлы – бар байлығы, нары, сәні, бүкіл өмірінің мәні, таяныштаяғы. Оған енді басқа ештеңе керек емес... Басқаның бәрі құр пендешілік тірлік екеніне әбден көзімді жеткізген жағдай. Бекең мені шынымен анасына жақындатып, үйретіп, ендігі жерде дұрыс тұрмыс құрып кетуді аңсағандай...

Тағдыр мен тағылым Айлығының бірінші бөлігін (аванс) алған күні анасының: «Келіннің қолына қашанғы қарап телміремін? Қашан шәй береді, қашан май береді?» – деген сөздерінің алдын алып, қайталамасын деп, тісіне жұмсақ «Цитрон» кәмпитінің бір келесін, «Сливочное» печеньесінің бір келесін, сары майдың жарты келесін әкеліп ыдысына салып беретін. Айлығының екінші бөлігін (получканы) алғанда тура осылай әкеліп: – Арғынның қызы-ау, өне бойы апама жек көрініш­ ті, «жексұрын» атанбай, бүгін өзің берші, «балаңызға айтпаңыз деп қой, жасырып бергендей бол», – дейтін де, маған бергізетін. Әрине, енем тек алғанды ұнататын. Мені жек көргенімен, бергенімді намыстанбай қағып алып отыратын. Бірақ, бірімізден алғанын бірімізге тіс жарып айтпайтын. Менің бергенімді Бекең көрмеуі, білмеуі шарт, оның бергенін мен көріп, білмеуім керек, бұл – үлкен құпия. Күйеуімнің тілімен айтсам, «великое инкогнито». Менің, немесе сенің білетініңді сезсе, намыстанып лақтырып жібереді дейтін, бірақ мен дәл осы тамақтарды лақтырғанын көрмеппін. Тоқ шәйнекке шәй қайнатып ішу, тамақты ысытып ішу сөз емес. Жүзден асса да оны қалай қосуды толық меңгерген, розетканы көреді, тоқ ұрған емес. Бекең айлығын алған соң маған жарыққа, телефонға, үйдің ақшасын және келесі айлыққа дейінгі тамақтардың бұзылмайтын түрлерін (күріш, кеспе, вермишель, тағы басқа) алып қоюға ақша береді де, күнделікті жұмсайтын ақшаны енеме беретін, өйткені жетпей

Несіп Қалымбетова қалу қаупі күштірек болды. Мен енемнен бір рет ақша сұрамадым, баласы өзі сұрап алып беретін. Анасының орынсыз, жазықсыз менің жанымды жаралап, қарғап-сілеп, тіл тигізіп тиіскен кездерінде күйеуім: «Жүзге келді ғой, жүзден асуы да ғажап емес. Өзінің шешесі жүз сегізге, нағашы әжесі жүз онға келген. Сен апамның сөзіне мән беріп ренжімеші, алжыған деп ойла» дейтін. Кәмпит пен печенье алған кездерінде күйеуім: «Апам құпияны өте мықты сақтайды», – деп күлетінді, алжымағанына өзі куә-тін. Үшінші балама жүктімін, бір ай ғана жұмыс істеп декретке шығатын түрім бар. Көршіміз Шәмсия апаймен екінші қызымды бағып беруіне келістім де жұмысқа шықтым. Шамсия апай қызымды бес күн үйге келіп қарады да: – Жаным келін! Мына кемпірдің баласын әрі сені сыйлағандықтан бес күн әрең шыдадым. Сенің көрген күнің күн емес қой! Мына кемпірің масқара! Мені қимылдатпайды, артымнан шаршамастан жүреді де қояды, кешке дейін мені аңдиды, – деді. Шәмсия апайдың мінезі тік, орысшалау. Өзі ақ адам. «Кемпірің настоящая баба яга, бессмертный Кощейдің өзі ғой! Құдай сақтасын, мен жөргекті жуып болғанша қасымда тұрып сабынды сүрткен сайын сөйлейді және оны қолында ұстап тұрады. Айналайындар-ай, екеуіңнің де ниеттерің жақсы. Құдай саған нәрестені жылма-жыл беріп жатыр. Алланың бергенін ала бер, менде бала жоқ, өкінішті...

Тағдыр мен тағылым Мен бүгін соңғы рет қарадым. Кемпіріңе шыдай алмаймын. Бес күнде жынды бола жаздадым. Ешқандай ақшаға қарау мүмкін емес», – деді. Мен: – Ең болмаса тағы бір жеті қарап беріңізші, – деп жалындым. Ол қарамайтынын кесіп айтты. Жексенбі күні қызымның ыстығы көтеріліп ауырып қалды. Берілетін үш күндік еңбекке жарамсыздық бюллетенін, тағы да он күндік анықтамасын (справка) алып, бір жеті ғана жұмысқа барып лекерлеп декретке шыққаным бар. Декретте жүргенімде Қызылордадан туған абысыным Тәжігүл демалысқа келген болатын. Микрорайондағы баласының үйінде тұрып жатыр еді. Бізбен қайырласып, тақау арада билет алып кететінін келіп хабарлады. Содан ба аяқ астынан енемнің есіне шалы түсті. Қызылордаға барып, шалыммен қайырласып қайтамын. Туысқандардың басын қосып құран беремін деп көтерілді. Баласы анасының сөзімен келісе кетті де: «Апа, сен Тәжігүл келініңмен бара бер. Келінің босанған соң өзім барып алып қайтамын», – деді. Сөйтіп, енемді жолға дайындай бастадық. Бірінші дайындықты билеттен бастадық, өйткені жаз айларында адамдардың ең көп жол жүретін мезгілі ғой, билеттің кезегі өте үлкен болатын. Сол кездегі жолаушыларға арналған ереже бойынша екіқабат әйелдер жалпы (общий) ширетке жазылатын, содан соң әрбір бес адамнан кейін екіқабат әйелдер жіберіліп отыратын, соған құқылы болатын.

Несіп Қалымбетова Әйгілі «Алматы – Москва», яки №7 пойыздың купе вагонына екі билет алдым. Дайындық кезінде енем тоғыз шапанға материал, тоғыз көйлектік материалға, үнді шайына тапсырыс беріп, бәрін табуға бұйрық алғанбыз. Жібек маталар мен пүліш (масаты) маталарды табу қиын емес, Киров көшесі мен Коммунистер даңғылының қиылысында арнайы дүкенде қат-қат болып қалаулы тұратын. Шәй табу қиынырақ еді, бірақ оның да отыз әшмөңкесін таптық. Қысқасы, айтқанының бәрін әпердік те, сойылатын қойдың және шәй әбзеліне керекті заттардың ақшасын қалтасына салып бердік. Жолына тамақтарын пісіріп, жеміс-жидектер алып әбден баптадық. Енем Қызылордада пойыздан түскен соң бірге барған туған Тәжігүл келінінің үйіне де, немере қызы Әделдің үйіне де түспеймін, бармаймын деп қиғылық салып, қырсығыпты. «Елден қатты ұялдық. Туылғаннан осы қаланың тұрғынымыз, бізді танымайтын адам жоқ, ондайлар кемде-кем, бәрі таниды. Вокзалда ұрыс шығарып айғайлап тұрып алды. «Қайда барғың келеді?» деп сұрасақ, екінші атадан тарайтын Задақожа, енем «Ырғай» қайным дейтін ақсақалдың үйіне түскісі келіпті. Аруақтардан ұят. Қалай туған ұлының үйін аттап басқа үйге түсуі керек? Намыстандық. Тек енемнің өзі тауып бара алмайтындығы ғана мәжбүрлепті, әрең барыпты. Өзі таба алатын болса, бармайтыны анық еді», – дейді келіні. Сөйтіп, енемді үшінші күні Ырғай қайнысының үйі­

Тағдыр мен тағылым не жеткізіпті. Өзі он бес жылдай елінде мүлде болма­ ған екен. Қайнысының үйінде бір ай жатып Алматы­ ға қайтып келгені өкінішті. Ешқайда апармаған, құран шығарылмаған, ешкім шақырылмаған. Ешкім енемнің Қызылордада екенін де білмеген. Алып кеткен маталардың кімге берілгені мүлде белгісіз. Мен үшін ол әлі күнге дейін жұмбақ. Қызы мен келіні ат-тондарын ала қашты, «бізге бір әшмөңке шәй берген жоқ» дейді. Осылайша енем талан-таражыға ұшырап қайтып келгені ең әуелі өзінің ешкімге сенбегендігінен. Қойға, дастарқан жабдығына деп берілген ақшаларды Ырғай қайныма бердім, өзі кейін құран шығарады деп қайтып келді. Үйге келісімен бірге кеткен Тәжігүл келінін жамандаумен болды. «Келін-ау, сен салып берген тамақтардың бәрін пойызда теріс қарап отырып өзі жеді. Мен ауыз тимей аш бардым. Онда иман жоқ. «Өлсең өлігіңе келмеспін деп, босағасын теуіп кеттім, – дейді. Сөзіне қарағанда енем келінінен кейін өлмекші... – Ырғай қайнымның үйіне барғанша аш болдым. Сол үйге кіргенім ғана есімде. Үйден кеткелі аш болғандықтан Күләшқа: «Өзегім талып барады», – дедім. Ол бір кесе қолдан ұйытқан айранды ішкізді. Айран бірден аш өзегіме түсіп кетіп талып қалыппын. Есімді жиған кезімде Ырғай қайным бір кесе қаймақты шәй қасықпен аузыма тамызып, жегізіп болып қалған екен», – дейді. Бекең: «Шешемнің әңгімесі барон Мюнхаузеннің қиял-ғажайып әңгімесі сияқты, талып жатып қаймақты жұта беріпті», – деп күлді. Мен енеме: «Апа, мұныңыз дұрыс болмады. Үйден өзіңіз құран

Несіп Қалымбетова бағыштаймын, ағайындарды жинаймын деген ниетпен шықтыңыз. Ішіңізден шыққан екі балаңыз оралмады. Туған келініңіздің үйіне жақын-жұрағатты жинап, келген себебіңізді айтып, құран оқытып, атақабыройыңызды шығаруыңыз керек еді. Атамыздың «бибісі» жүзден асқанда келіп, ас беріп кетті деп аңыз-әңгіме боп есте қалатын едіңіз, шалын ұмытпай құран шығартты деп туысқандар сізге қатты ырза болатын еді. Бұныңыз үлгі тұтатын іс болатын еді, – дедім. Енем өз қателігін мойындағысы келмей: – О, жетімек ит! Сенің ешнәрсеңді шашқан жоқпын. Сенің тапқаның емес! Шашсам баламдыкін шаштым, доғар! Маған сын айтуыңды қой! Сен сөйлесең шалыма құран бұйырмайды! – деп ойбайлады. Енемнің тиым сөзін естіген соң, шынымен құран бұйырмай қалады екен деген күдікпен ойымды, сөзімді тоқтата қойдым. Діни сенімнің де қуаты күшті болғандықтан қорқып кеттім, қайталауға дәтім бармады. Қызы мен келінін енем әбден, енді көрместей болып жамандап келді. Ал, Қызылордада менің ішімді кептіре жамандапты. «Түк көрмеген неменің билет алған пойызы жолда төрт күн жүрді. Бір құрыған пойыз екен, қатты ашықтым. Бердіқұлжаныммен жүретін пойыз тез еді, бір күнде жетіп баратынбыз. Вагонда неше түрлі көржер көп сатылып, жол бойы ауыз жаппай жейтініміз түрлі тамақ болатын...» депті. Мен де енемнің көп сөзіне сенбедім. Толық айтқан жоқ. Нені айту керектігін абайлап қалыпты, әрі менен артық ешкімнің дұрыс күтпейтініне көзі жеткен.

Тағдыр мен тағылым Мен енем жоқта босандым, маған да қиын еді. Сондықтан да енемді күйеуім самолётпен алып қайтты. Енемнің денсаулығына баласы таң қалып оралды. Самолётке бірінші рет, жүзден асқанда отырса да ұшып келе жатқанын сезбепті. Қорыққаннан дәрет сындырып қояр деп ойлапты. Ұшып келе жатқанда енем: – Бердіқұл, қашан ұшады, гүрілдеп тұра бере ме? – депті. Баласы: – Маторын, майын қыздырып жатыр, дайындап болған жоқ, – депті. Қонған соң: – Апа, тұр, түсеміз, – десе: «Немене, ұшпайтын болдық па?» – деп сұрапты. – Жоқ, келдік, – дегенде енем таңқалыпты. «Тез жеттік қой» деп қуаныпты. Мен осы жағдайдан кейін қызына да, келініне де, қайнысына да іштей өте қатты ренжідім. Рас, енем жүзден асқан қария – ана. Ақыл-есі дұрыс. Енем түк апармаса да, алынған заттарды оларға бермесе де, ешбір сөзін елемей-ақ құран берулері керек еді. Әжеміз жүзден асқанда келіп қалыпты, атамыздың әруағына құран оқытамыз деп жариялап, шелпек, бауырсақтарды ұйымдасып пісіріп, бір қойды сатып алып сойып, ата-баба аруағына бола, шешелерімен санаспай-ақ, жасайтын реті келген шаруа еді. Олар осы кемпірдің бауырынан тараған шалдың тікелей екінші ұрпағы немерелері ғой. Солардан өсіп-өніп отыр. Келіні мұғалім, қызы облбольницада дәрігер. Жүзге келген кемпірдің мінезі белгілі. «Иесін

Несіп Қалымбетова сыйласаң, итіне сүйек таста» деген ғой халқымыз. Ағасының статусы, абыройы, өздерінің абыройы үшін де енемді әспеттеп-әлпештей салса артық емес еді. Өне бойы бір Бекеңе ауыз ашып жаман үйренген. Енемнің қайтып Қызылордаға оралмайтынын, бара алмайтынын ескермегендері де жаныма қатты батты. Ішім удай ашыды. Шығынымызға емес, бәрінің ой-саналарының, өрістерінің төмендігіне, тарлығына қамықтым. Олардың көздері ашық, көкіректері ояу болғанымен, намыстарының жоқтығы, рухсыздығы көңілімді құлазытты, қынжылдым, өкпеледім. Барлығының балаларын, інілерін оқытқан күйеуімнің бүкіл еңбегі құмға сіңгендей әсер етті. Енемді елеп-ескермегенінен тіпті күйеуімнен ұялдым. Қанша дегенмен жеңгеміз бен ағамызға айтады ғой деген ой ешкімнің есіне, қаперіне келмепті. Олар келгенде қанша қатал болса да енем арқаланып, іш тартып, серпіліп, көңілденіп қалатын. Қайткенде де жүз жасқа келгенін, соңғы келгендігін елеп-ескеруге тиісті еді. Дүние алма-кезек, кемпірдің жасы жүзге келгендіктен сөзіне де, өзіне де сенбейді деген ойда болғандары анық. Осы реніштерімді күйеуіме де, енеме де айтпадым. Қызылордадан келіп қойды. Қасымызда сол санасыздардың біреуі де жоқ, ешкім менің өкпеназымды естімейді, түсінбейді. Ал, үйдегі екеуінің жүйкесін тоздырғым келмеді, оларды босқа өкпелеткеннен пайда жоқ, сол себепті намыстарына тимедім. Ең болмаса бір түйір сыйлық та сыйламапты,

Тағдыр мен тағылым бір жаулық та салмапты. Киіп кеткен киімдерімен қайтып келді. XXVIII Өмір сүрудің жалпыға бірдей ереже-қағидасын ұсыну өте қиын. Бірақ, халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіліп, жалғасын тауып келе жатқан бай әдет-ғұрпы мейірімділік пен қайырымдылыққа негізделген, туған-туыс бірлігі – мәдениетіміздің ең асылы, биігі. Жеңгесі күйеуімнен он жас үлкен, қарындасы да Бекеңнің өкшесін басқан білімдар жандар. Әлемдік ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз: «Адамға ең алдымен білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» дегеніндей, ақыл-ойы толысқан жеңгесі мен қарындасы болғанымен, әдеп, абырой, намыс дейтін құндылықтардың құлдырап, құнын жоғалтқандығының бірден-бір айғағы болды... Қой, осымен өкпе-наздың барлығын өткеннің еншісіне қалдырайын да, әрмен қарай әңгімемді жалғастырайын. Бір күні Бекең қуаныш құшағында, тіпті туған әкесін көргендей болып үйге келісімен маған өзінің көңіл-күйін киімдерін шешіп жатып асыға баяндады. – Сұлеке, мен Әлмағанбетов Нұролла деген, фельдшерлер мектебінде бірге оқыған, бір партада отырған досымды кездестірдім. Ол – әскери адам, қазір генерал атағын алыпты.

Несіп Қалымбетова Сондай жақсы оқыды. Екеуміз дос едік, күшті математик болатын. Өзі сұлу адам, өзі жетім еді. Ол бір сатушы, тұрмысы дұрыс Әдия деген қызға үйленгентін. Әйелі екеуін және Онкология институтында радиолог болып істейтін Дәлел Мұсаев деген досым бар, әйелі орыс, Севастопольден көшіп келген-тін, соларды шақырайық. Дәлел де әскери дәрігер, фельдшерлер мектебін үшеуміз қызыл дипломға бітіргенбіз. Үшеуміз отырып, балалар үйін еске алып, шіркін-ай, бір әңгімелессек ғанибет болар еді! – деді. – Мен қарсы емеспін, бірақ ол генералдың тұрмысы жақсы ғой. Сол үйленген әйелімен тұрады, бес баласы бар, отбасы бұзылмаған дейсіз. Сүттей ұйыған отбасының жағдайымен өзімізді салыстыра алмаймыз. Бар-жоғы жиырма тоғыз шаршы метр үйімізді қалай көрсетеміз? Бір бөлмеде апам жатыр, сіз де ғылымның генералысыз ғой. Үйде не дұрыс жиһаз, үстел, орындықтар да жоқ, – дедім. – Ту-у-у! Әйелдердің сондайға мән беретіндерің бар. Мен өзім қонаққа барғанда ешкімнің дүниемүлкіне қарамаймын, көрмеймін. Кейде, тіпті не ішіп отырғанымды байқамайтын кездерім болады. Қонақтың алдына ас қойсаң, екі қолын бос қойсаң болды емес пе? Маған достармен жүздесіп, өткенкеткен жастықтағы оқиғаларды еске алып, әдемі әңгімелесіп отырудың өзі бір керемет қой. Даниярды қоссам, ол – білікті маман, – деп екеуінің де мақтауын келістіріп жатыр. «Жақсыны көрмекке» деген ғой, қарсылық көрсете беруге ұялып, ыңғайсыздандым да:

Тағдыр мен тағылым – Жарайды, бірақ қызымыз қырқынан шықсын, сәл-пәл ширасын, – дедім. Кісі күтуімнің өзі қиындау еді, өйткені тұңғыш ұлым екі жаста, екінші қызым бір жаста-тын, енемді қосқанда төрт бала. Тамақтың да ширеті үлкен, базардан алармыз деген ой түйдім де, келісім бердім. Менің де Бекеңе қойған талап-тілегім болды. Біріншісі: – Апам дұрыс киінетін болсын. – Ол: – Сен қам жеме, апамды өзім дайындаймын. – Мен: – Ал, апамның үстел үстіндегі тамақтарды қолымен ұстап тексеріп, бал, тосап сияқты сұйық тағамдарға саусағын малып алып, жалап, «қонақ келсе болды үстелге тамақ толып қалады» дегенін қайтеміз? – Ол: – Оның бәрін өзім туралаймын, уайымдама, – деді. Сол күннен бастап анасымен дайындық жұмыстарын жүргізе бастады. Жарты айдан артық уақыт бұрын үгіт-насихатты былай бастады: – Апа, өте алыста тұратын бір сұлтан сенің жүзге келгеніңді естіпті. Апырмай, бұл жүзге келген кейуананы көрген де арманда, көрмеген де арманда болады екен. Сол қарияның қолын алып, ұстап, батасын алсам екен, – деп хабар жіберіпті. Апа, өзіңнің жаңадан тігілген киімдеріңді киіп жарқырап, жайнап отыршы, досым сүйінсін, дұшпаным күйінсінші бір, – деді. Енем киімдерінің абысынымның үйінде екенін айтып күбірледі. Баласы: – Апа! Ол сұлтан өте алыста тұрады екен, мен

Несіп Қалымбетова де танымайды екенмін. Тек өзіңе сәлем беру үшін келеді. Ол келгенше бір жарты айдай уақыт өтеді. Екеуміз Аяткүлдің үйіне барып, қона жатып, ең әдемі камзолыңды, шапаныңды, көйлегіңді, кимешекжаулығыңды, мәсіңді, бәрін-бәрін таңдап алып келеміз. Өзіңе келе жатқан сұлтанды дұрыстап қарсы алмасаң болмас. Қолыңды алып бақытты боламын деп арнайы іздеп, ырым етіп келе жатыр екен, – деп әбден нығыздап, шегеледі. Апамның намысын қайрап, дұрыс киініп отыруын өтінді. Екі-үш күн қалғанда айтқандай қона жатып, сандықтан киімдерін таңдап алып, артыныптартынып қайтып келді. Шақырылған күн де ә дегенше жетіп келгендей. Апам бүкіл артық төсек-орынды – көрпе жастықтарды да сол үйге апарып қойған-тын. Мен өзімізге бірнеше көрпе тігіп алғанмын. Бүкіл жаңа көрпе-жастықты енемнің астына салып, ақжаймаларды аппақ қып төсеп, үстіне әдемі киінген енемді отырғызып қойған кезде ең сұлу қария менің енем болды да қалды. Өзі кішкентай, қуыршақтай, жинақы, қара торының әдемісі екен! Әттең, тісі жоқтықтан мұрны төмен қарай имектелген, армянкалардың мұрнына ұқсайды, қасы түксиген тіп-тік. Тісі жоқ болғанмен аузы да ықшам, ерні әдемі-тін. Генералдың әйелі Әдия апайдың әкелген сәлемсаухатын алмастан, өз қолымен енеме бергізіп, бөлмесіне апарып таныстырып қойдым. Апам да оны төсегіне отырғызып, әңгімесін балдырап айтып жатыр. Әрине, Әдия апай түсініп жатқан жоқ. Мен естіп,

Тағдыр мен тағылым не дегенін түсініп жүрмін. Енем оның қолын сипалап, қысып әбден ризашылығын білдіріп отырды. Мен балабастымын, ал баласы ескі достарымен отыз жылдан соң кездескен қуанышының шексіздігінен шешесінің бүкіл мінезін де, қылығын да ұмытқан. Үстел басына әкеліп отырғызуды да, шақыруды да мүлде есінен шығарған. Енем әрі күткен, бері күткен, тағаты таусылып, ашудың қаһарына мінгенін тек бөлмесінен дауысы шыққанда ғана сездік. Мен еттен бұрын манты бере қоймақ болып асүйде жүріп қалыппын. Бекең келген төрт адамның көңілін тауып, дастарқан басындағы әңгіме-дүкен енді ғана қыза бергенде, енем төргі бөлмеде ашу шығарып, бүкіл астына салынған көрпелерімді бөлменің ортасына үйіп қойып, үстіндегі киімдерінің бәрін шешіп тастап, ескі киімдерін киіп алып, баяғы таз қалпына түсіп туалетке шықты. Енем дауыстап: – Үлкенді сыйлайтын сұлтан қалған ба бұл күні? Сұлтан болса өзіне сұлтан шығар, би болса – өзіне би! Мен мұндай сұлтанды білгім де келмейді, – деді. Біз болсақ қонақтардың енемнің сөзін түсінбейтіндігіне ғана сеніп, қуандық қой. Екеуміздің де тек құры сүлдеріміз қалды, жерде тесік болса кірудің аз-ақ алдындамыз. Бекең бір сәтте қолымен үстелді тықылдатып отырып қалды да: «Осы бір кәрі анам үшін Ленинградтың қасындағы Пушкино қаласындағы ауылшаруашылық институтында кафедра меңгерушісі болуға шақырылған едім. Жүзге келген апамды қайда апарамын. Елімізден,

Несіп Қалымбетова Қызылордадан сен үшін кеттім деп зар жылайды. Осы «реликт» (сирек) анамды ренжітпейін деймін», – деді. Апам болса балдыр-балдыр сөйлей жүріп бөлмесіне кірді. Менің апарған тамағымды да қабылдамай, кері қайтарды. Өстіп қысылғанда әйтеуір бес-алты сағат өтпей қояды екен, мен үшін бір тәулік сияқты болып көрінді. Бекең қонақтарды шығарып салуға кетті. Ал мен болсам жайылған дастарқан басына келіп отырып, бар даусыммен ботадай боздап жылаудамын. Бекеңе де өкпелімін. Оған: – Осылай болатынын сездім ғой. Хрущёв келе жатқандағы сауыншылар мен қойшылардың үйжайын әдемілегендей, көз бояғандай, масқара болдық, – деймін. Бекең іштей анасына риза болмаса да, мойындағанымен, мені де аяп өзінше тоқтау айтып жатыр. – Сұлеке, болар іс болды, бояуы сіңді. Енді жыладың не, жыламадың не? «Жау кеткен соң қылышыңды босқа шаппа» деген, босқа жылап шаршама, қызымызға омырауыңдағы сүтің азайып қалады. Екеуміз отырып шай ішейікші, – деген үйреншікті сөзін қайталады. Мен де оны қатты аяп кеттім, жетісіп отырмағанын түсіндім. Тағы да шешесін еркелетіп: «Әркімнің өзінің шешесі – өзіне», – деп тамағын ішкізді. – Апа, шын айтасың, қайдан білейін! Сәлем айтқан соң дұрыс сұлтан екен деп қалсам, – деп мақұлдап та қойды, өйткені анасының тамақ ішкенін қалады. Шынымен енемнің көңілін аулап қойды. Содан

Тағдыр мен тағылым кейін апам да шаршаған екен, ұйқыға алаңсыз кірісіп кетті. Екеуі де тынышталды, тек қана менің жүрегім бей-жәй, Бекеңнің ұятқа қалғаны-ай, абыройы түсіп қалды-ау, деп өкінудемін. Осы досымен араласып кеттік. Бекең қайтыс болғанда сол досы Әлмағанбетов Нұролла ағай, біз Нұраға дейтін едік, жерлеу рәсімі кезіндегі Кеңсайдағы зиратқа дейін мәйітін мемлекеттік автокөлік инспекцияларына бүкіл жол бойына жасыл жарық, ашық жол жасатып, аттандырды. «Қанша дана, білімділер толғанды: Таба алмады таусылмайтын талқанды», – деп Ж.Баласағұн бабамыз күйзелгендей, Нұраға да қайтыс болып кетті. Жаныңыз жәннатта болсын, топырағыңыз торқа болып жайлы жатыңыз дей отырып: Түр мен тұлға бәрі өзіңнен табылған, Генерал ең түрлі ордендер тағынған. Күш-қуатты Отан үшін жұмсаған Асқар аға, абзал аға ризамын мен саған, – деп алғысым мен тілектерімнің қабыл болуын қалаймын. Әумин. Сөйтіп, Нұрағаның қонақ болуы осылайша хикаятқа айналған еді. Қонақтар келгендегі қыл үстінде отыруымыз үйреншікті жағдай болатын. Бірақ Нұраға сияқты арнайы шақырылмаған қонақтарды атқару оңайлау, жеңілдеу өтетін. XXIX Институтты да бітіріп, тұрмысқа да шығып, нәрестелер де дүниеге келіп, абыр-сабыр

Несіп Қалымбетова тіршіліктердің барлығы да өз ретімен жалғасып, бастан өтіп жатқан-тын. Төркіндерімнен тірі жан тырп етпей тыныш, хабар-ошарсыз қалған еді. Бұл тыныштық маған тек уайым әкеліп, жанымды жегі құрттай жегендіктен біраз жүдедім, жүйкем де жұқарды. Туған ата-анам болса кімге тұрмысқа шықсам да баяғыда шауып келіп, жағдайымды өз көздерімен көріп кетпейінше тынышталмас еді деп ойлаумен болдым. Тағы да оны жетімдігімнің салдары деп күйіндім. Көресісін көрсін деген мұқатумен өштерін алғандай. Сабаздар-ай! Айдархан – әкемнің туған інісі, әкесі де, анасы да бір. Ең болмаса он бір жыл сол үйдің отымен кіріп, күлімен шыққан күндерімнің тұрмыста бір селт еткізер көрінісі, сәті мен қылығымның жағымсыз жағының да естерінде қалмағаны ма? Тіпті жақсы жақтарымды бағаламаса да, шаруаларын істемей ерегіскенім де ойларында болмағаны ма? Қандай тасбауыр жандар? Ауылдасын, көршісін де адамдар жақын тартып, халін біледі ғой... Әрине, олар бір Алланың құзырындағы, қолындағы тағдырымды, өз қолымдағы тұрмыс-тіршілігімді түбегейлі түзетіп бере алмас еді. Бірақ, балаларынан кейінгі қан туысқанымын, қарындасымын. Жоғалған малды да іздейді емес пе? Мүмкін үйде жүргендегі менің пысықтығыма сеніп, өлмейтінімді болжаса да туысқандық намыстың нышаны қайда? Олардың осындай тасбауырлығы, қаталдығы мені ширатты, шыңдады...

Тағдыр мен тағылым Ұлтымыздың ертедегі тамаша дәстүрінде, ұғымында алыс жерге қолдан ұзатылған қыздың бүкіл сәнді, салтанатты жөн-жоралғылары жасалып, яки құдалар бірін-бірі шақырып, тағы да басқадай салт-дәстүр түрлері орындалып біткен соң екі-үш жыл қыздың артынан іздеп бармайды екен. Қыздарын сағынбағандықтан емес, оның сол жерге бейімделіп, үйреніп, әбден сіңіп кеткенін қалаған. «Бір қолдап тамақ ішкеніңде көрісерміз», – деген екен, яғни балалы бол, оған дейін бізді күтпе деген ескертуі болған көрінеді. Сөйтіп, қазақ қыздары сол әулеттің намысын, атақ-абыройын арттыратын, өзінің ата-анасына кір келтірмей, тәрбиесін келген жеріне көрсетіп үлгерген кезін күтеді екен. Балалы болып сүйінші хабар келсе ғана барған. Осылай туысқандықтың тамыры тереңге кеткен кезде іздегенді мәртебе, жөн санаған. Тәйтің-түйтің, берекесіз іздеудің құнсыздығын білген, жөнімен байқаған дейді. Менің өкпемнің жөні басқа, өйткені олар мені тек үшінші курстан кейін көрді, оның үстіне қолдан ұзатылмадым. Менің қара басымнан мейірімін аяған жандардың менің бала-шағама қандай мейірімі мен сезімі болуы мүмкін? Келген күнде де тек сынап, мүсіркеп, жан дүниеме не моральдық-психологиялық, не нақты материалдық көмек болмайтынын білсем де қатты сағынып жүрдім. Қазақша айтқанда, өз қотырымды өзім қаситындай халде едім. Ақиқатында күнімді жаратушының ешкімге қаратпайтына тәубе, шүкіршілік етемін. Жүйкем жүдеп жүргенде тай-құлындай тебісіп бірге

Несіп Қалымбетова өскен сіңілім Қатира дәрігерге қаралуға келіпті. Досжан ағайдың үйіне түсіпті. Өте байсалды. Өсек-аяңы жоқ, анасына тартқан. Көп жағдайды қас-қабағыңнан байқап түсінетін сүйкімді сіңілім. Қолынан келсе, менен көмегін аямас еді. Өзі аурушаң, сол үйдің екінші діңгегі, тірегі. Адамның көңіліне дақ салмайтын ұстанымы бар әрі оны мүлтіксіз сақтайды. Асүйде тамақ дайындап жүргенімде енем: «Кімсің?» – деп сұрапты. – «Құдашамын», – деп танысыпты. Әрине, ол біздің үйдің тыныс-тіршілігінен мүлде бейхабар, шындығын айтқан. Бәріміз кешкі дастарқандамыз. Енем палауды ұнатады, күйеуім ұнатпайды. Күйеуім күндізгі пісірілген кеспені ысытып беруімді өтінді. Енем одан: – Балам, не ішіп отырсың? – деп сұрады. – Күндізгі үзбен ғой, – деді баласы енемнің тілімен. Әлі де шәй ішілуде. Енем: – Бердіқұл қайда кетті? – деп маған қарады. – Уборнайда, – дедім. Сәлден соң енем алдындағы кесені лақтырып жіберіп: – Неге ол уборнайда ұзақ отыр? Ол сорлының іші өтіп отыр! Байғұс, бейшараның тапқанын ит жеп, арқасын бит жеген. Қалған тамақты неге бересің? – деп, есікке тағы да екінші кесені лақтырды. Аяқ астынан ұрыс шығарып, сарт-сұрт шынының сынып шағылған дыбысын естіген күйеуім дәретха­ надан атып шықты. Шыдамның да шегі бар, бірінші рет келіп отырған сіңілімнің көзінше себепсіз тасыр-тұсыр еткізіп ыдыстарды шағатындай ештеңе болмағаны анық. Мен:

Тағдыр мен тағылым – Апа, қайдан білесіз, мүмкін іші қатып қалған шығар! Тіпті, сіз араласпайтын ештеңе қалмады ғой! Тек осы жағдай, дәретхананы аңду ғана қалған екен! – деп ызаландым. Баласы: – Апа, не болды, жүр бөлмеңе, – деп анасын жетектеп алып кетті. Күйінгеннен екі көзіме әлім келіп жылап жатырмын. Сіңілім де үрпиіп, ыңғайсызданып ішкені ірің, жегені желім болғандай... «Мен Досжан ағайдың үйіне кетейін, сонда барып қонайын», – деп жинала бастады. Қараңғы болып кеткендіктен жібермедік. Осындай аяқ астынан, қапелімде шығып қалатын келеңсіздіктерді реттеп отырудың өзіне қаншалықты төзімнің керектігін түсіну өте қиын. Мұның мұңын, қасіретін тек көзімен көріп, басынан өткізген адам ғана терең түсініп, анық сезінеді. Енемнің көрсеткен бұл фрагменті есепсіз, салдырсалақ жәй көрсетілім емес. Жетімдігімді есіме салып, жанды жерімді тырнап, мысымды басып бағынышты ету. Бесінші жылы естеріне түскенімді беттеріне басқаны. Бірден, бірінші жылдары іздеп келгенде ең болмаса абайлап, тілін тартып сөйлер еді деген өкініш қой ... Басты тірегім, қорғаушым, іздеушім де тек Бекең екенін анық білемін. Өзім де ешқашан ешкімге жалынбас едім. Өз бетіммен өмір сүріп, тағдырымның тізгінін бір адамдай ұстай алатыныма өте сенімді, күмәнсіз едім. Өмір мектебінің жас жүрегімдегі бауырмалдылық деген құндылықты әлі әлсірете алмаған кезі еді.

Несіп Қалымбетова Күйеуімнің баққаны анасының қабағы. Мұңайып қалмауын қадағалау. Жұмысқа асығып жатқанның өзінде шешесінің шерін тарқатып, алдағы бір оқиғаға үміттендіріп, көңілін көтеретін әңгіме айтып үлгеретін. – Апа, бүгін бір ғажайып түс көрдім. Биік таудың басына шығыппын. Аяғымда тозып кеткен жаман аяқ-киімім шәркейім бар екен. Әйел ме, еркек пе аңдамадым. Әлгі тозған аяқ-киімімді көріп, «ту-у, мүлде тозған екен ғой!» деп, шешіп алды да лақтырып жіберді. Сөйтіп, тамаша, әдемі тігілген американ құрым етікті кигізіп жатыр. Оянып кетсем түсім екен. Түсімді жорып берші, бұл не, қалай? – Енем: – Тең құрбыларыңның алды боласың, мәртебең биік болады, – деп қипақтап күбірледі де қалды. Баласы маған қарап, апама естіртіп: – Арғынның қызы, сен шыға тұршы! Шешем екеуміздің түсімізді дұрыс жоруға да мүмкіндігіміз жоқ, – деп маған көзін қысты. Мен шығып кеттім. Енем асүйдің әйнекті есігінен еңкейіп қарап мені тексерді де: – Мына бәледен құтылады екенсің! – Бас бармағын көрсетіп: – мынандай бір қатын алады екенсің, – деп жорыды. Енді әйел алсаң аяғынан алшы, – деп ақылын да үйретіп үлгерді. Мен күйеуімнен: – Аяғынан алшы дегені не? – деп сұрадым. Ол: – Баласы бар әйел ал дегені ғой, – деді. Басқа күйеуден баласы бар әйел қиындыққа баласы үшін төзімді болады дегені екен.

Тағдыр мен тағылым Апамның көңіліне қарап қанша қорынсақ та, үй болған соң қонатын қонақ болып тұрады. Үйдің тарлығы да тосқауыл болмайтын жағдайлар туындайтын. Сондай себеппен Бекеңнің аға тұтып сыйлап жүрген, тойымызда асаба болған досы Мақаш Ташкенттен келген еді. Академияның аспиранттар үйіне орналасыпты. Түнгі сағат екіге дейін жұмыс жайлы сөйлесіп, сырласып, уақыттың өткенін білмей қалған-тын. Өзінің ой десе – ойы, бой десе бойы бар, толық, етжеңді, еңгезердей болғандықтан, ескі әрі тар диванға сыймайтындықтан кереуетке жатқыздық. Көбіне қонақтарды диванға не жерге жатқызатынбыз. Кереуетте қонақтың жатқанын ешқашан көрмеген енем онша мән берместен төсектің шетіне отырып әңгімесін бастап кетті. Асүйде таңғы асты дайындадым да дастарқан жасайын деп бөлмеге шықтым. Қонағымыз Махаңда үн жоқ. Төсектен қалай тұрарын білмей абыржып қалған. Енемді итере алмайды. Бекең ваннада жуынып жүр. Енем үйде қонақтың барын мүлде білмейді, қонғанынан хабарсыз. Баласымен шатастырған енем әңгімесін айта отырып, арасында дауыстап күліп алады. Бір кезде басынан сипады да: – Көтек! Мынау таз ғой, шашың қайда? – Апа, мен мұндамын, – деп ваннадан шыққан баласы қастарына барды. Апам енді өзінің баласы еместігін көріп: – Бердіқұл! Мынау тасшаң кім? Тұр былай! Әкемнің перзенті құсап шаниып жатуын қарашы

Несіп Қалымбетова мұның! Ойбай-ау, жалғыз жастықты тасшаның басына жастағаның не?! Көптен қалған жалғызға тазың жұғады ғой енді! – деп кіжінді. Қонағымыз енемнің сөзін түсінбесе де, жағымды сөз еместігін түсінгендей. Енемнің дауысы өктем, қатты, оның үстіне қолын сілтеп: «Тұр былай!» – дегенде, Махаң: – Шеше, қайда отырайын? – деді. – Ойбай, қайда отырсаң онда отыр, жастықта тазың қалды ғой! Апырмай Бердіқұл-ай! Таппағаның таз еді! Қайдағыны қайдан табасың осы, ә!? Апам ашумен бөлмесіне кіріп кетті. Махаңның көзі шарасынан шығып кеткен, өзі қос әйнекті көзілдірік киетін. Махаң жуынып шыққанша дастарқан жазылғантын. Ол тіл маманы бола тұра, әдебиетші болса да қапелімде сөз таппай сасып қалды. Тіпті қалжың сөзді мүлде көтермейтін адамның бір сөз айтпағаны біз үшін жұмбақ болды. Махаң таз емес, тек шашы жоқ, жып-жылтыр тақырбас еді. – Маха, отырыңыз, мен сізді таксимен апарып тастаймын, жолдан түсіріп кетемін, сағат он бірде СХИда лекциям бар еді, – деді Бекең. Махаң тек енемнің сөзін түсінбегендіктен ғана шайға отырды. Егер ол кісі түсінсе, бізбен қайтып көріспес еді. Осыдан кейін де талай рет қонақ болып жүрді. Біз де оның коньякты лимонадсыз ішпейтінін, тағы басқа қылықтарын ескеріп әбден еркелететінбіз. Бірақ Махаң есіктен кіре салысымен: «Бердіқұл, мені анаңа таныстырмай-ақ қойшы»,

Тағдыр мен тағылым – дейтін. Кейін төрт бөлмелі үйімізде талай қонақ болғанында тақыр басын жатарда түкті орамалмен орайтын, өйткені тоңады екен. Не айтса да құп көріп, бірін-бірі құшақтап талай демалғандары есімде. XXX Халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріссіз беріліп келе жатқан дәстүрінің ең қасиеттілерінің бірі – қонақжайлылық. Жаһанданған заманның өзінде жастарымыздың да бойына сіңген қасиет әрі қуанышты жағдай. Енеммен өмір сүрген жылдардың ең негізгі мәселесінің үлкені, маңыздысының бірі қонақта­ рымызды өкпелетпей, ренжітпей дұрыс жөнелту, атқару болатын. Халқымыздың «Қонақ аз отырып, көп сынайды», «Қонақ асыңа емес, қабақ-қасыңа риза» деген қағидаларын бойымызға сіңіріп өскен ұрпақпыз, күн тәртібінен қонақ күту мәселесі түспейтін. Тұрмыстағы барлық ғибратты жетістіктер де, ретсіз, ыңғайсыз кемшіліктер де араласқан адамдар арқылы тарайтыны көпшілікке мәлім. Бір рет қана жүздесіп көріскеннің өзінде-ақ белгілі болатыны жасырын емес. Жасы ұлғайғанмен, үсті-басының дұрыстығымен қатар қылығының сүйкімді, дұрыс болуының абыройы бізге сын, соны мұқият ескеретінбіз. Күндіз аз ғана уақытқа келген қонақтардың шыр­ қын бұзып алмайық деп енемді арнайы шақырып, төрге отырғызамыз. Сонда да тыныш отыра алмай-

Несіп Қалымбетова ды. Үстел үстіндегі қойылғанның бәрін тексереді. Бал, тосап тағы басқа сұйық тағамдарға саусағын малып жалағаны да ыңғайсыз еді, «біреу келсе болды, дастарқанға тамақ толып қалады» дейтін сөзі және бар. Сол кездегі үрдіспен арақ, шарап, лимонад, сыра сияқты ішімдіктердің қойылатыны рас, шындық еді. Ең қатты қынжылып, ұялатын жағдай енем қонақтармен отырып тамағын ішкен соң бөлмесіне кетіп қалмайды. Олардың кейде карта ойнап отырып қалатын, бөгелетін кездері болатын. Босаған бөтелкелерді жинап алып бөлмесіне апарып келіп, келесі бөтелкені телміріп күтеді. Түсі қоңыр бөтелкенің ішіндегісін көре алмаса, оны шайқап тексереді. Онымен қоймай, дауыстап: «Бөтелкені өткізсек ақша екен ғой. Шолақ биден бізге осының ақшасы бұйыратын шығар», – деп қоятынын қайтерсің! Бөтелкені өзі өткізіп келетіндей сөйлейтін. Баласы оның осы қылығын да кәрілігіне жабатын, мән бермейтін, тіпті елемейтін. Менің намыстан, ұяттан жүрегім жарылып кете жаздайтын. – Беке, мен үшін емес, Құдай үшін осы әдетін қойдырыңызшы! Менің көзімше апамның абыройын, беделін төкпеңіз. Мен жұмыста жүргенде түсіндіріп, ақылыңызды айтыңызшы, – деп жалынамын, кейде ренжіп жылаймын. Бекең болса менің жылағаныма күліп: – Қайран босқа төгілген көз жасым-ай! Мен бойдақ болған кездерімде апама оңаша отырып айтып, көп мәселелерді түсіндіргім келетін, тәрбиелейтінмін.

Тағдыр мен тағылым «Мешкей» деген жақсы ат па? Ана әйелін тастапты, мына әйелін тағы тастапты деген өсек сөздер құлағыма жетеді, өртеніп жүремін. Біреуінде ұлым кетті, сегіз жыл бойдақ болдым. Екінші рет үйлендім, онда ұлым мен қызым кетті. Енді сен келдің. Анам өзгеріссіз, ешбір қорытынды жоқ, «безрезультатно». Айттың не, айтпадың не, «об стенку горох, с гуся вода, бәрібір»... Сенің ақылың бар ғой. Жаныңды жегідей жемеші, – деп, жұбатып жалынатын. «Заманына қарай амалы» дегендей, қонақ келгенде «Столичное» деген арақ, «Ром», «Бренди» коньягы үйден табыла қалса көңіліміз тоқ, қонағымыз да қой сойғандай қуанатын. Араққұмар болмасақ та лимонад, баржоми, сарыағаш суларының бөтелкелері жиналып қалатын. Оны қабылдау орындарының ширеті тамақтың ширетінен де үлкен, көп, өйткені кемпір-шалдарға дейін ішкіш. Тастауға да уақыт жоқ, асүйдегі нишада жылдап жата беретін. Енем оны төсегінің астына біртіндеп тасып алатын. Ескі шабаданға салып толтырып, аузы жабылмағандықтан белінен арқанның үзіндісімен буатын. Шабаданның аузы бөтелке жұтып жатқан айдаһардай болып кереуеттің астында тұрады. Маңайының бәрі еденге жатқызылған бөтелкелер, қоятын жері қалмағанда баласына келіп: – Бердіқұл! Ана бөтелкелеріңді өткізсеңші! Менің астыма самсатып жинап қойғаның не? – дейді. Баласы ешқашан мен жинаған жоқпын демейді. Ол: – Апа, уақытым болғанда өткізермін, – дей салады. Бір күндері тағы да моншаға кетерінде апамның

Несіп Қалымбетова қапқа салып дайындап қойған бөтелкелерін қайтадан нишаға төгетін. Моншадан келген соң қалтасынан ақша беріп, қапшығын қайтарып жатып: «Түу, апа, жарты күн уақытым кетті, енді жинамаңызшы», – дейтін. Біраз уақыт өткенде сол шөлмектер біртіндеп, қайтадан сол орынға баратын, сөйтіп үздіксіз айналымда болатын. Балалар ауырғанда Совминнің емханасынан шақырумен дәрігерлер келетін. Олар «Почему она лежит как на вокзале?» – деп сұрайды. Не дейін, ол кісі кәрі, алжыған, – деп құтыламын. Сенді ме, сенбеді ме маған беймәлім. Кімнің аузына қақпақ, көзіне көлеңке боларсың? Амалым жоқ, қайтейін! Күнделікті өмір тіршілігімен күйбеңдеп жүргенімізде немерелері жылма-жыл өмірге келіп, қарбаласты. «Қарғайын десем жалғызым, қарғамайын десем жалмауызым» демекші, қорлығына зорға шыдайсың, кетіп қалуды ойлауға да мұрша жоқ. Аралары бір жастан (1965, 1966, 1967 ж.ж.) үш бала бар. Баласы Құдай берген адал адам. Негізгі, басты кемшілігі анасының алдындағы дәрменсіздігі. Қандай жағдай болса да, шындықты жүз пайыз біліп тұрса да анасын жақтайтын, қалтқысыз қорғайтын. Күнде, жұмыстан келісімен бірінші енемнің бөлмесіне кіріп: – Жатырмысың, құланым? – деп амандасады. – Келдің бе, Қожанасырым? – деп орнынан тұрады да: «Жатпай қайда барайын, өзің атып салған соң» – дейтін. Баласының бұлай амандасуы мен үйдемін деген ескерту белгісі «паролі» болатын.

Тағдыр мен тағылым Енем Бекең келісімен қасына отырып алып, күні бойғы тірлікті құлағына сыбырлап айтудан жалықпайтын. Отан соғысында екі рет «контузия» алғандықтан, сыбырды естімегендіктен тыныш отырып лекцияға дайындала беретін. Апама бөгет жасама демейді, естімесе де анасының көңілін аулап өзі білетін байырғы бір жағдайлардан үзінді айтып қарқылдап күлетін. Бұл да анасына көрсеткен құрметі, яки далада отырғандай болмасын, әңгімемді мұқият тыңдап отыр деп ойласын дегені... Екеуінің қосылып, анда-санда күлгеніне таңданып: – Апырмай, Беке, әртіс сияқтысыз! – деймін. Сонда күйеуім маған: – Әртіс болғанда да қатардағысы емес, атақтысы болар едім, – деп жауап беретін. Екінші қызым Сәуле сондай пысық, екіден енді ғана асқан. Бір жерде отырмайды, секіріп әжесінің төсегіне шығатын. Келген қонақтар: – Әже, мына немереңіз сізден аумай қалыпты, түрі де, қимылы да, – дегенде апам: «Е, маған тартса жаман болмайды. Жиырма бес, отыздағы жігіттерді алып соғып, жығып салып езуін айырады», – деп мақтанатын. Кейде қызды қуып шығып, «Немене, шешең тексеріп кел деді ме? Төсектің арасында әкеңнің басы бар ма, неге ақтарасың?» – дейтін. Немере жеңгем Раузия Қарағандының Коопера­ тивтік институтының соңғы курсында сырттай оқитын. Алматыдағы Халықшаруашылық (Нархоз) институтында бір ай оқып, мемлекеттік емтиханға рұқсат алып, дипломды осында қорғауы керек екен.

Несіп Қалымбетова «Аузы күйген үрлеп ішеді» демекші, үй болған соң, өмір болған соң өзіміз де күтпеген, ат басын тіреп түсетін қонақтар да болып тұратыны белгілі. Мен бұған қатты қорықтым, қалай таныстырамын әрі күнде ұрыс болса, қалай тұрады? – деп. Күйеуім мәнжәйді білген соң, сіңілім келгендегідей ұрыстың алдын алудың амалын ойлап, маған келіп: – Сұлеке, қорықпа! Жеңешемді апама өзім дұрыс­ тап таныстырамын. Біздің үйде тұра берсін, – деді де, енемнің бөлмесіне Раузияны ертіп кіріп: «Апа, ертеде Тәшкенде оқығанымда досымның үйінде жатқанымды білесің ғой. Сол үйдегі Раузия келінің. Бұл да осында оқуға келіпті. Мен біздің үйде жат, «сыйға – сый, сыраға – бал», – деп, ешқайда жібермей жатырмын. Үйдегі келінің тосырайып, жатқанына қарсы болып, ұнатпай жатыр», – деді. Сөйтіп, ақырында енем Раузия жеңешем келмей тамақ ішпейтін хал-күйге жетіп, ол кешіксе: – Біреуің айға қарап, екіншің күнге қараған соң, жақтырмағанды сезіп сталавайдан (асхана) тамақтанып жүрген шығар байғұс, – деп мүсіркеп, аяйтын болды. Өстіп, күйеуім анасының да, қонақтың да, менің де көңілімді тауып, тығырықтан әдемі шыға білудің жолдарын қарастыратын. Осылайша Раузия жеңгемізді Бекеңнің тапқырлығынын арқасында ұрыс-керіссіз үйіне қайтарып уһ дедік. Ал енді осы оқиғаны ой-санадан өткізіп сараптама (анализ) жасасақ, енемнің ақыл-есінде ақау жоқ, дұрыстығына күмән келтіруге болмайды. Бір айдан

Тағдыр мен тағылым артық жатқанда бір ауыз сөз айтып тиіспеді, өйткені оның туған баласына жағдай жасағандықтан өзінің аналық алғысын, парызын аямады. Баласының өтірік айтқанын сезбегендіктен, жеңгеміз келгенде тыныштық сақтай білді. Қолынан келгенінше жақсылыққа жақсылық жасауды жақсы білді, парыз санады, тіпті философиялық тұрғыдан алғанда саналы түрде қарады ғой. Күйеуім таңданып: – «Қайран шешем-ай, сауатсыздығың өкінішті. Сәл-пәл сауатың болып хат танығаныңда, жағдайың басқаша болар ма еді?! Наполеон, Ескендір Зұлқарнайын, Гитлерге ұқсап талай елмен жауласып, соғысып, басып алып отыратын ба едің?» –деп қоятын-ды. Бірақ, апамның үлкен ұтысы мен жетістігі де жеткілікті. Апамды ол кезде ешкім алмас еді, өзі жетім болғандықтан отырып қалған. Дүние-мүлік түсіне де кірмеген жұрдай қыз болған. Әкеме бергенде жиырма бесте депті, жымқырылған жасы бар екен, оны ешкім білмей кетті. Сорлы шешемнің бағына менің әкемнің әйелінің өлгенін көрмейсің бе? «Біреу өлмей біреуге күн жоқ деген осы», – екен дейтін. «Қорқақты қуа берсе, батыр болады» дегендей, күнде таңертең енемнің өз бөлмесінен шығып шәй ішердегі орындыққа келіп отырғанға дейінгі қимылынан көңіл-күйін бірден байқайтын психологқа айналдым. Оқыс (резко) қимылдап келіп отыра қалып: «Таң атпастан қуырдақ жегендей шөлдеген жоқпыз», – деп бір кесе шәйді шала ішіп, қалғанын оңға қарай шашып

Несіп Қалымбетова жіберетін әдеті болатын. Ол кімге шашырайды, нені былғайды, еденді ме, қабырғаны ма, шаруасы жоқ. Сол сәттерде Бекең маған қарап: – Анамның кеудесіне жел жиналып кеулеп тұр екен. Арғынның қызы, сен өкпелемеші. Толған желді шығарып кетейінші, – деп, түрлі түстер айтатын, соның бірі: – Апа, мен бүгін бір ғажайып түс көрдім. – Апам үндемеді. – Тағы да түс көрдім деп қайталады. – Апам тағы үндемеді. Үшінші рет қайталағанда ғана апам жұлып алғандай даусын көтеріп: – Әй, немене!? Саңырау емеспін ғой, айта бер! – Апа, түсімде келініңнің төбесінде тал, желкесінде жүгері, тұмсығында бидай өсіп желкілдеп тұр. Солардың желкілінен оянып кеттім, бұл қалай, не түс? – Енем, «О-о-ой бой! – деген сөзін созып: – Ойбай-ай! Осы сен қатыныңнан басқа түс көресің бе, түсіңде де көрмесең өлесің бе?!» – деп түрегелді де, бөлмесінің есігін тарс еткізіп, қатты жауып кіріп кетті. Бір тарының қауызына сыйып, қолын бір сермеді. Өзі қара адамның одан сайын қап-қара болып түтігіп кеткені тіпті қорқынышты екен. Күйіп-пісіп қайта шықты да: – Қатынға жарымаған сорлы балам-ай, байғұсымай! Жұрттың балаларына байдың қыздары тап болып бұйыра қалады, ал менің балаларымның маңдайына ылғи жетім иттер сарт ете түседі. Құдайға не жаздым, қандай жазығым бар, ә! – деп күйініп, менің жеті атамның түгін қоймай қарғайды. Баласы маған: – Сұлеке, ренжімеші, жетім иттердің ішінде екінші

Тағдыр мен тағылым жеңгем Тәжігүл де бар, сен жалғыз емессің. Апам өзінің жетімдігін ұмытып кетеді, жетімнің кәттасы өзі. Түсті сенен қызғанып жорымай жатыр. Сен туралы айтқан түсім өте тамаша, жақсы, сәтті түс. Дұрыстап, шын жорыса үбірлі-шүбірлі болады, өсіпөнеді екен деп жоритын шығар деп едім. Менің кінәм жоқ, Сұлеке, – деп қалжыңдап, көзінен жас аққанша күлді. Ештеңе етпейді, зато, апамның кеудесіндегі қара дауылдай құйындаған, қатты кернеген желі шықты, біразға дейін тынышталатын болды, – деп жұмысына кетті. Күйеуімнің анасына көрсетілетін күнделікті қылықтарын есепке алмағанның өзінде, осы бір түсінің өзі ғана анасына деген шынайы мейірімділігінің, сүйіспеншілігінің айқын көрінісі емес пе? Бекеңнің жылда жазда бір ай ғылыми-зерттеу жұмысына бағытталған жоспарлы экспедициясы болатын. Ғылыми жұмыстармен айналысатын қызметкерлер керекті материалдарын жинауға тиіс. Күйеуім екеуімізге ауызбірлік тілеп, амандық тілеп біріктіріп, міндетті түрде апама кетіп бара жатқанын айтып, ескертіп кететін, әрине татулықты меңзейтін. Баласы кеткен күннен бастап енем күн санап отырады. Әншейінде маған пысқырып та қарамайтын енем, ұлы кеткен күні-ақ маған тәуелді боп, бірден тағынан түсіп қалады. Асүйде қасымнан кетпей әңгімелерін айтып, немерелерін құшақтап, айналып-толғанып көңілін білдіріп қалады. «Әлгі өзіме тартқан қызым қайда?» – деп шақырып алып иіскейді. Кейбірде менде де пендешілік ой болатыны рас.

Несіп Қалымбетова Ойымды дауыстап ашылып, сыртқа шығарып айтпасам да ішімнен ренжимін. Құдай-ау, осы қасықтай немере қызына дұрыс сөз айтып, жылы қараса қайтеді екен? – деп ойлайтыным бар, тіпті, кек сақтап өшігіп те қаламын. Күйеуімнің «Шешем алжыған, босқа ренжисің» деп ақталғанына көніп, сеніп қаламын. «Басқа біреудің анасы болса, екінші қабаттан лақтырғандай мінез көрсетер едім. Қарттар үйіне де тапсырып жіберуім ықтимал. Мен оның ішінен шыққан баласымын, туған ұлымын. Бір тілім нанға зар қылып қою да қиын емес. Сонда менің адамгершіліктен жұрдай боп, көзі ашық, көкірегі ояу оқығандығымның құны бір тиын емес пе?»... – дейтін-ді. Апамның құнды қасиеті – ана. Мен соғыста жүргенде, «Бердіқұлымның еті тірі, қап түбінде жатпайтын мінезі бар, аман-есен оралады», – деп сеніпті. Алла ғұмырын ұзақ етіп жаратты. Ащы тілінен басқа ештеңе қалмады. Әбден қартайған, тек мірдің оғындай ащы тілі ғана қалған мүсәпірім ғой, – деп көзіне жас алады. Мен де оған қосылып көзімді сығымдаймын. Сөйтіп, Бекең ет жүрегімді елжіретіп, аяныш сезімімді арттырып қоятын. «Жалмауызға да жан керек» деген ғой дана халқымыз. Бүгін міне, баласы кетісімен асүйден шықпай, аяқ астынан немерелеріне көңіл бөліп, әңгімесін айтып мөлтеңдеп отыр. «Шолақ биің қайда?» – деп дауыстамақ түгілі жан қайғы сияқты... Күнкөрісі қиын жағдайға тап болғандай, тығырыққа тірелгендей кейіпте. Себебі, сыртқа шығып тамақ

Тағдыр мен тағылым әкеліп ішуге мүмкіндігі жоқтығын анық біледі, түсінеді. Өзі айтпақшы, арыстан кемпірдің бірден тышқан болуы өмірдің айтып жеткізе алмайтын қасіреті, қиындығы екені белгілі, шын тұңғиық сыры да осында емес пе?! Ұлы келгенше тыныш, дұрыс өмір сүріп, амалдап аман отырудың пендешілік қамы екендігі ашық мойындалмайтын шындық. Ешбір алжудың нышаны да, титтей ізі де, белгісі де жоқ. Ұлы үйде болған кездердегі тек ет, палау, тұшпара сұрайтын билігі мен бұйрығы, еркелігі құрыған. Немерелеріне дайындалған түрлі бөкпен-ботқаларды, тағы басқа жеңіл омлет, котлет сияқты тамақтарды жеп алады. «Дәмді болыпты» – деп, мақтау-комплиментін айтып қоятынын қайтерсің... Қайран, өмір-ай, десеңізші! Аз ғана уақыт болса да кіріптар, бағынышты, мүсәпір еткен... Ұлы кеткеннен күн санаудан жалықпайды, жаңылмайды. Төрт жеті өтті-ау дегенде қисық қылығын қайта шығара бастайды. Тамақ салып берген ыдысымды ысырып жіберіп: «Қаланың қазағы емес, даланың қазағымын ғой. Тұзы ащылау болған ба, – деп, немесе, – дәмсіз дайындалыпты, балаларыңа берерсің», – дегенді шығарады. Сол сәттерде енемді тексеру үшін шатастырып, дұрыс отыруын қалағандықтан, әдейі жорта: – Апа, бұйырса балаңыздың келуіне он екі күн қалды, – деймін. Енем жұлып алғандай: – Қойшы, қайдағы он екі күн? Төрт жеті өтті ғой! – дейді. Осылайша, енем жаңылмайды. Үш-төрт күн

Несіп Қалымбетова қалғанда менің үстімнен арыз-шағымдарын дайындай бастайтын. Бекең келісімен енеммен дәстүрлі сәлемдесуінен кейін: – Апа, қарның ашып қалған жоқ па? – деген екінші дәстүрлі сұрағын қоятын. Сонда енем баласының жамбасынан шымшып алып, немесе баласының тізесінен басып қойып: – Кейін айтамын, – деп ескертетін. Мен: – Қалай, арыз-шағым бар ма екен? – деп сұраймын, баласы: – Әрине, шамалы, ептеген шағым бар сияқты, – дейді. Бір күні жұмыртқаны бітеудей пісірген едім. Енем бірден үшеуін жеп алды, үшеуі көп қой деуге болмайды. Ауырлау тисе керек. Кекіріп әлек болды, зорға қорытқаны белгілі. Содан баласы келгендегі бірінші шағымы: – Келін жұмыртқа пісіріп бере қойды. Аршыдым да аузыма салып қызыл иегіммен басып қалғанымда біреуінің ішінен шөже шиқ ете қалды. Жеймін деп ұшынып қалдым, – деді. Бекең де шешесіне жалмажан, табанда, өзімнің көзімше жауап қатты. – Апа, келінің мыстан, сиқырлы ғой! Бұл пісірген жұмыртқаның ішіндегі шөже қайнатқанда да өлмейді. Апа-ау! Бәрінен бұрын аман қалғаныңды айтсаңшы! – деді. Енем де бірден сөздің төркінін түсініп әрі қарай әңгімені өрбітпеді. Анасының балаларға пісірілген жеңіл тамақтарды ішіп, асқазанының ас қорыту процесінің тұрақталып,

Тағдыр мен тағылым сәл де болса салмақ қосып, өңінің дұрысталып қалғанын айтпастан өзі бірден байқайтын. Сондай бір кездері осыған ұқсас бір хикаятты айтып бергені бар. Енесін ұнатпайтын келіншегіне күйеуі алыс жолға кетіп бара жатып: – Сен менің шешемнен тезірек құтылғың келсе, өкпені майға қуырып бере бер. Сонда ісініп тезірек өледі, – деген екен. Баласы келгенше, анасы жардай боп семіріп кеткен екен. Сен де өкпе-бауыр қуырып бергенсің-ау, сірә! – деп күліп еді. Мен екеуінің мінезіне үйреніп, төселіп әбден әккі болып қалғанмын. Бекеңнің жұмыртқа туралы табанда тапқырлық танытқанына, берген жауабына тәнті болып үнемі қуанып жүрдім. Анасын да, мені де ренжітпей ұтымды жауап беріп құтылды. Қызылордадағы туысқандар жылда келіп-кетіп жүргенмен, басымыз бірге қосылмайды, өйткені әркім әр мезгілде әртүрлі жағдаймен жүреді ғой. Бір жолы бәріміздің басымыз ойда жоқта қосыла қалыппыз. Аяткүл абысыным, Тәжігүл абысыным, Адель апам, Бекең, енем бәріміз дастарқанда өткенкеткен оқиғаларды еске түсіріп, естеліктерді еске алып мәз-мейрамбыз. Енем баласына қарап: – Бердіқұл, әлгі есектің өгізге ақыл үйреткенін айтайыншы, – деді. Айтыңыз деп бәріміз тыныштала қалдық. «Хайуан тілін білетін қожайын әйелін ертіп мал қораға барыпты, – деп бастады хикаятты енем. – Қораға кіргенде есектің өгізге ақыл үйретіп жатқанын

Несіп Қалымбетова қожайын естіпті. Қожайын келді. Ертең сені қосқа жекпекші, өтірік ауырып орныңнан тұрма депті. Қожайын есектің ақылына қарқылдап тұрып күліпті, қоймастан қайта-қайта қатты күле беріпті. Әйелі оған: – Неменеге жынды кісідей күле бересің, не болды саған, – деп сұраса, айтпапты. Айтса табанда өледі екен. Айтпағанына әйелі қатты ашуланып, немене басқа әйелдерің есіңе түсті ме? Айтпасаң ажырасамын деп білгісі келген құштарлығын қоймапты. Болмаған соң, қожайын ел ағасы болып алпыстан асқанда масқара болмай, мұны тастағаннан гөрі хайуан тілін білетінімді айтып, мойындап өле салайын деген шешімге келіпті. Өлер алдында соңғы рет дәрет алуға шығыпты. Сол сәтте ауладағы қораз қоқиланып, секіріп, көңілі көтеріңкі жүріпті. Қоразға қоян: – Сен неменеге жетісіп құтырып қалдың, Қожайынымыз өлейін деп жатқанда? – депті. – Ол неге өледі екен? – деп сұрапты қораз. – Әйелі ажыраспақшы, бірдеңені сұрап қоймай жатыр екен, – депті қоян. Қораз: «Ой сорлы, ой тобаай! Адам басымен бір әйелге шамасы келмесе өле берсін!» Қоян қожайынды аяп: «Қайтсін, не амалы бар? Көк қатыннан дәу қашыпты дегендей, абыройатағын сақтағысы келеді ғой. Сен өзің қожайынның орнында болсаң не істер едің?» – депті. Қораз: – Ал, мен қожайынның орнында болсам, көк шыбықты суға малып қойып, ондай әйелді бас демей, көз демей сабар едім. Сонда ол қатын ақ тоба, көк тоба! Үстіме тоқал алсаң ризамын дер еді.

Тағдыр мен тағылым Менің отыз-қырық мекиенім бар. Бірін шоқимын, бірін қанатыммен қағамын. Бәрін бағындырамын, барлығының бабын табамын. Ал, ол қандай қожайын? Адам басымен бір қатынға шамасы келмейтін? Онда оған шынымен өлім ылайық екен, – депті. Дәрет алып отырған қожайынға қораздың ақылы қатты ұнапты. Үйге шыбықты сүйрете кіріп әйелін сабапты. Әйелінің жан дауысы шығып, енді сұрайтын болсам жағым қарыссын! – депті. Қожайын сабағанын қоймаған кезде, үстіме тоқал алсаң ризамын, – деген екен. Сөйтіп, қожайын ажалдан аман қалыпты, – деп хикаятты аяқтады. «Адам басымен ойлау керек қой» деп сөзін түйіндеді. Біздер енемнің әңгімесінің өмір өнегесі, ережесі, тәлім-тәрбие екеніне көзіміз жеткен, түсінгенбіз. Ал, енеміздің ақыл-есі орнында екеніне мән, баға бергенбіз, көңіл аударғанбыз. Міне, құрғақ ақыл емес, осындай мысалды айтып отырып-ақ баласын өзі бақытсыз еткенін сезбегенін байқадық. Билік айту оңай болғанымен, біліп айтудың қиындығы осындайда ғой, орны бөлек. Әрине, қаншама оқып білім алған мен де қолмен қойғандай, өзіміз қалағандай, ойдағыдай етіп өмір тәжірибесін беретін, егетін қария-дариялар қатары жоқтың қасы, азайған заманда өмір сүрудеміз. Өмір мектебінің тиімді тұстарын тіршілікте үйреніп те, қолданып та өмір сүрген артық емес. Бірақ барлығын мүлтіксіз іске асыруға талпынғанмен үлгермей жатамыз, өйткені өмір мерзімі келте, қамшының сабындай қысқа...

Несіп Қалымбетова XXXI Тоқ мәшинемен балаларға киім тігіп отырмын. Табаным оқтын-оқтын дуылдап қышып қоймады. Мен оны тоқ мәшиненің педаліне «аллергия» шығар деп ойлап біраз үзіліс жасасам да қоймады. Бекең жұмыстан келді. – Беке, бүгін табаным дуылдап қышып басылар емес, не болғанын білмеймін, – дедім. Ол бірден: – Бауырың Қуаныш үйленеді екен, Сұлеке, тойға барасың, – деді. – Айтқаныңыз келсін, әумин! Бұл керемет жаңалық қой, – деп қуанып қалдым да – «Жақсы сөз-жарым ырыс», – деген халқымыз – дедім. Арада үш-төрт сағат қана уақыт өтті. Телефон шырылдап жатыр. Қысқа қоңырау емес, үздіксіз қалааралық қоңырау екенін түсіндік. Телефон тұтқасын көтерсем: – Қазір Қарқаралымен сөйлесесіз, – деді коммутатор. Бекеңнің айтқаны келіп Раушан сіңілім сүйінші сұрап тұр. Бекең де айтқаным келді деп қуануда. – Сұлеке, көрдің бе, менің періштем бар, – деп мақтанып жатыр. Менің қуанышым қойныма сыймай бір жылап, бір қуанып абыржып қалдым. Ең бастысы бір ата-анадан қалған жалғыз тұяқ туған бауырымның үйленгенін, басының құралғанын Құдайдан тілеп жүрген едім. Еңбекке араласып, бірінші жылы сабақ берудің қиындығын да түсінетінмін. Сабағын өткізіп үйге келгенде алдынан сүйікті жары шығып, даяр тамағы мен шәйін ұсынып тұрған көріністі көз алдыма

Тағдыр мен тағылым елестеттім. Қарағанды облысының қыстағы қақаған аязды суығында үйдің есігі ашылғандағы будақ бұлт көшкіні сияқты суық ауа кіргенмен, үйдегі жылы ауаның бетке леп беріп, ас иісінің бұрқырап тұрғаны кімге де болса ұнайтыны белгілі. Сырттан тоңып келгендегі жылы ұясына кіргені қандай ғанибет... Осы көріністерді қиялыммен құдды киножурнал сияқты, інімнің күнделікті тіршілік жағдайының алдағы болатын қуанышты сәттерін көз алдыма елестетіп алдым, «ой жүйрік» деген осы ғой. Жарымның жанына отыра қалып телефоннан естігенімді қайталап, оның орыс қызына үйленетіндігі өзегімді өртеп, қуанышым да, өкінішім де аралас жылап жатырмын. Анамыз қайтыс болып жетім қалғаннан бері біресе балалар үйінде, біресе интернатта өсіп орыстанып кеткендігін еске алып, өзімді өзім жұбаттым. Әйтеуір, сол күнгі кешіміз Қуанышты еске алып сөз етумен өтті. Күйеуім: – Сұлеке, уайымдама. Сен ғана оның жалғыз ет жақынысың. Ақша тауып беремін. Апаратын заттарыңды дайындай бер. Уақыт тез өтеді. Орыс келін сенің қазақша қабылған көрпелеріңді ұнатпас. Сен даяр, қалың фабрикада тоқылған одеял алудан баста, содан кейін басқа жоспарға кірісесің, – деп сөзін түйіндеді. Орыстан алады деп жылағаныңды қой. Менің бір досымның баласы орысқа үйленді. Әке шешесі жылапеңіреп алдырмауға тырысты. Баласы көнбестен үйленді. Қазір сол келіннен артығы жоқ. Кен байы-

Несіп Қалымбетова ту комбинатында келіні инженер, жоғарғы дәрежелі білімі бар, ал баласы сонда шофёр. Тойға Ресейдің бір қаласынан шешесі мен әкесі ғана келіпті. Тойдан кейін, ертеңіне екеуі шығып кетіпті. Досым мен әйелі екеуі бұлар қайда кетті, бұл жерді мүлде білмейді, бізді ұнатпай, менсінбей жүрген ғой деп уайымдапты. Сөйтсе, екеуі екі үлкен сетке толған тамақтарды көтеріп келіп тұр. Енді сіздерді біз сыйлауымыз керек деген екен. Толған консервілер мен арақтар, тауық, колбаса, май, сыр тағы басқа тамақтарды алып келіп бізді күтті. Біздің не беріп, қалай күтіп жатқанымызда шаруасы жоқ, сынамады, мінемеді. Ал «кит» деген тіпті ойларына кірмейді, білмейді. Бір күн олар, бір күн біздер кезектесіп күтістік, кейін бірлесіп тамақ дайындап қызыққа баттық. Құшақтасып, сүйісіп қоштастық. «Қалған екі ұлым да осы ұлттан алса қарсы емеспін» депті. Ресейден келерде хабарласады. Біздің жақта жоқ тамақтарды өздері ала келеді, Құдайдың рахаты болды, қой соймадың демейді. Қайтқандарынша тамақты бірігіп дайындап, бірге қыдырып дем аламыз. Бердіқұл-ау, өзбекше айтқанда «бір күн бізден, бір күн сізден» болып келіп-кетіп жүреді. Шығын жоқ, өсек жоқ, сынау жоқ, – деп рахаттана күлетінін айтып мені жұбатып жатты. Мен тойдан бір күн бұрын жетпек болып жолға шықтым. Оның тұрып жатқан жері «Карбушевка» делінетін неміс совхозы еді, Қарағандыдан екі жүз шақырымдай. Пойыздан түскен соң Қарқаралыға

Тағдыр мен тағылым баратын автобусқа мініп, совхоздың өзінің ішіне кірмегендіктен жол бойында (трассада) түсіп қалдым. Әрине, жүгім ауыр, өйткені, төсек-орын, ыдыс-аяқ тағы басқа тойға керекті біраз заттарым бар. Телеграмма берілгенмен ешкім қарсы алмады, өйткені сабақтары болыпты. Қақаған ауа райы 27-29°C, қолайсыз, қараша айының жиырмасыншы жұлдызы, желі бүкіл үстімдегі киімдерімді тесіп өткендей (насквозь). Үйді өзім адреспен тауып бардым, бейтаныс адам үш аяқты мотоциклмен апарып тастады. Екі күн бұрын Украинадан келген, Қазақстанды түсінде де көрмеген, мүлде естімеген, білмейтін қыздың шешесін, яғни құдағиды екі күндік сабақтарын жіберіп, директордан сұранып, Қарағандыдан қарсы алыпты. Бұйрыққа дауа жоқ қой. Бұл қыз сонау Украинадан институтты бітіріп екі жылға жолдамамен келген көрінеді. Екі жыл жұмысын ойдағыдай атқарып еліне қайтуға дайындалыпты. Бірақ сол жердің адамдарының ыстық ықыласына бөленгендіктен, мектеп ұжымының көңілін қиып кете алмай үшінші жыл жұмыс істеуге қалыпты. Менің інімді арнайы, әдейі күткендей... Орыс қызы, яғни келінім: – Мама, менің үйім үш бөлмелі ғой. Бір бөлмеге бос болғандықтан біздің мектепте істейтін, тарих пәнінен сабақ беретін қазақ жігітін кіргізді деп хат жазыпты. Хатты алысымен, ертеңіне шешесі құстай

Несіп Қалымбетова ұшып жолға шығыпты, өйткені қазақ деген халықты мүлде естімеппін, тіпті түсінігім жоқ дейді. Олар, құдағидың келуінен бір күн бұрын некеге отырған екен. Екеуі құдағиды қарсы алып, үйге кіргізіпті де, ешбір сөз айтпастан, шәйді өзіңіз іше беріңіз, сабағымыз бар еді деп, екі паспорт пен неке куәлігін үстелге қойып мектепке кетіп қалыпты. Әрине, жастар ананың жүрегін, көңілін, ниетін қайдан түсінсін... Байғұс құдағи да өзінің арманын айтып, күйеу баламның өз ұлтымнан болғанын қалағаным шын еді деп ағынан жарылып жылағаны, мөлт-мөлт көз жасын төккені көз алдымда. Неке куәлігін көргеннен кейін небір тамаша тілектерді тіледім. Олар мектептен келгенше куәлікті қайта-қайта кеудеме басып Құдайға сыйынып, тек балаларым бақытты болсыншы деп жалбарынумен болдым, – деп мені жұбатып жатыр. Екі күн бұрын келген құдағиым өзіне-өзі келген, тынышталған. Бекең айтқандай тойдың дайындығын жасауға бар ынтасымен кірісіп кеткен. Соғымға сойылған сиырдың бір сан етін еттартқыштан өткізіп қойыпты. Ол кездің еттартқышы қол күшімен айналатын еді ғой. Асүйде тегеш-тегеш тартылған ет (фарш). Мұны неге өткіздіңіз десем: – Котлет, пельмен, голубцы жасаймыз ғой, – деді құдағиым, өздерінің дәстүрімен. Кешке қарай бауырым мен келінім келіп жылау жалғасты. Ертеңіне Қарағандыдан Тұрғанбай мен Әсима апа келді. Қарағайлыдан Қайырхан ағатайым

Тағдыр мен тағылым мен Раушан сіңілім келді, осылай тойға толған туыс­ тан менен басқа төрт адам ғана қатысты. Той мектептің асханасында жасалды. Тойға сол совхоздың директоры мен атқамінерлері, мектеп директоры, бүкіл мектеп ұжымы, ауыл ардагерлері қатысты. Той өте тамаша, қызықты өтті. Тойды ұжымның өзі жасады. Сол кездегі үрдіс бойынша «Комсомол тойы» делінетін, өйткені екеуі де сол мектептің мұғалімдері. Неміс халқының дәстүрінде түнгі он екіге дейін қалыңдық той көйлегімен жүріп, он екіден кейін оған күнделікті сәнді киімін кигізіп, достары көрінбей «маскарад» костюмдерін киіп, күйеу жігіт пен қалыңдықты қоршап өлең айтып ұзақ билеп тамашалайды екен. Қыз бен жігіт костюм кигендердің кім екенін табу керек екен. Өте көп ойындар ойналып қызықталды. Той сенбі күнгі сағат кешкі бесте басталды. Ертеңіне сағат күндізгі бірге асханада қайтадан дастарқан жайылды. Совхоздың тұрғындарының басым көпшілігі неміс халқы болатын. Олардың дәстүрінде қалған тамақ ысырап болып бүлінеді деп, келгісі келгендер қайта жиналып жалғастырады екен. Арнайы, жаңадан тамақ пісірілмейді, жетпесе сынамайды, бас жазып, ішіп-жеп, билеп той қызығын жалғастырып аяқтайды екен. Бірақ құдағидың берекелі қолынан шыққан котлеттері, голубцылары бәріне молынан жеткені шындық, өйткені дәстүрлі той малы қой сойылып, ет берілген еді. Құдағидың қуанышында шек болмады. Тойдың дұрыс, жақсы өткенін еліме қалай айтып мақтанып

Несіп Қалымбетова көрсетемін. Шіркін-ай, бір аппарат болса ғой, барлығын түсіріп алатын деп таңданып, қуанышы кеудесіне сыймағандықтан жиі күрсініп отырды. Өзі тамақты бірге дайындасып, бүкіл бейнеттің бел ортасында жүріп, үстелді әдемілеп (сервировка) жасағанда да қатты қызмет етті. «Өмір деген өткен күндер емес, есте қалған күндер», деген екен бір ғұлама. Сөйтіп, бұл той ойдағыдай өткенмен інімнің де, менің де көңіліме тағы да көпшіліктің көзіне көріне бермейтін көлеңкелі бір сызат белгісі түсіп қалды. Әкемнің інісі Айдархан інімнің тұратын жерінен он сегіз шақырым жерде ғана тұрса да, жеңгем екеуі де, не бес баласының біреуі де тойға келмеді. Тұқымның үлкені болғандықтан солардың ықпалынан шыға алмаған ағайындар да келе алмады. Қуаныш інім өмірден озғанша, Айдарханның өзі де өмірден кеткенше ағасының «қарашаңырағына» басын сұққан емес. Бес жасында жетім қалған ініммен өлгенінше тіресіп өтті. Інім өзі барып тұратын. «Барған сайын менен қаймығатын, ұрыс-керіс, төбелес шығармаса деп қорқады, қауіптенеді», – дейтін. Кейде әдейі ішіп барамын, қыр көрсетемін. Мен кеткенше қыл көпірдің үстінде отырады. Бір рет те маған ақыл айтып, мораль оқып, қарсы келіп көрген емес», – дейді Қуаныш. Қайран, бауырым-ай! Өне бойы кемсітудің тауқыметін арқалап кеттің-ау, қайтейін! Аш-жалаңаш болмасаң да туысқандық жылы сөз естімей өткен өміріңе өкінбейтін едің. Өйткені сенің кіріп келгендегі

Тағдыр мен тағылым үрейдің өзі талай нәрседен түсінік, хабар беретін рухани үрей еді. Алла алдындағы қорқынышты сынақтың сұрауы іспеттес сияқты-тын. Қанша кемсітушілік көргенмен де білімді інімнің рухани деңгейіне ешкім бөгет жасай алмады. Бір жылдан соң бірден мектепте завуч болды. Екінші жылы партия қатарына мүшелігіне өтті. Үшінші жылы мектеп директоры болды. Кейін аспирантураға түсті. Оны бітірген соң Жезқазған педагогикалық институтында партия тарихынан (КПСС) лекция оқыды. Тарих факультетінің деканы болып қызмет істеді. Институттың кешкі «Марксизм-ленинизм университетінің» кафедра меңгерушісі болды. Политехникалық институтта да тарихтан лекция оқыды. Әйтеуір, жиырма бес жыл жоғарғы оқу орнында өмірінің соңына дейін дәріс бергені шындық. Халқымыз қатты көңіл қалғанда «қалған көңіл, шыққан жан» дейді де, әбден көзі жеткенде қатты қиналған кезінде «Құдайдың көзі түзу болсын» дейтін тәубешілік түйін сөзі бар. Дәл солай түзу болды. Айдарханның пейілі мен жылы сөзінің кеудесінде шер болып қатқаны болмаса, жұмыс бабында кедергі келтіре алмады. Өте білімді ұстаз болды. Өзін сыйлағанның бәрімен сыйласа білді. Екі ұлы, екі қызы өсті, құда-жекжатты, немерелі болды. Әрине, кез-келген адамның арманы бар, таусылған емес. Сол сияқты арманы аз болмады... Екеуі де өмірден озды, ұрпақтары өмірлерін жалғастырып жатыр. Аллаға шүкір! Ағамыз бен жеңгеміз де өмірден озғалы қашан.

Несіп Қалымбетова «Өзіңде болмаса туған әкеңе де жатсың» дегенді қазағым қалтқысыз айтса керек. XXXII Бойымды жаздырмай, ішім бүріп қатты ауырдым. Қазақ әйелдері қашанда сәл ауырдық екен деп бір­ ден жедел жәрдем шақырмаймыз ғой. Әсіресе шиеттей бала-шағаны тастап кетуіміз өте қиын, отағасын күтеміз. Мен де дәл солай, басылады, сәлден соң қояр деген үмітпен кешкі сағат жетіге дейін созып алдым, күйеуімді күттім. Дәл сол күні оның студенттерден емтихан алатынын білемін. Келген соң да бірден айтпадым, тамағын асықпай ішсін, дем алсын дегендей. Жаныма өте қатты батқан кезде ғана айттым. Ол өзі тексеріп диагноз қойды да жедел жәрдем шақырды. Барысымен операцияға алды, сәл кешіксек «перитонит» боп жарылады екен. Көрші, таныс әйелді балалардың қасына тастадық, өйткені түнгі сағат он болып кеткен еді, шошуы мүмкін. Үшінші балама тоғыз ай болатын, бәрі кішкентай еді. Кейін, сол Базиля апай көңілімді сұрап үйге келгенде: – Сіңілім, мына енеңмен қалай тұрып жүрсің? Бердіқұл келісімен бірден ұрыс шығарды, неге оны ауруханаға апарасың? Тырнағына тікен кірсе де доғдырға ала жүгіресің депті. Баласы мынадай жауап беріпті: – Апа, мен оны аяғаным жоқ. Бірақ, үш баласының

Тағдыр мен тағылым үш жағында шырылдап жылағанын көрген кезде доғдыр шақырдым. Үшеуі де ес білмейді, екеуміз баға алмаймыз деп қорықтым, – депті. Енем: – Жауырыным шаншып тұр, мен де «соқыр ішек» шығармын, доғдырға көрсетші, – деген екен. Базиля апай «сіңілім, Бекеңнің жауабын өз құлағыммен естідім де ырза болдым», – деді. Өмірдің неше түрлі қиындықтарын жеңу әрбір отанасының міндеті. Салт-дәстүріміздің негізгі, басты қағидаларының бірі – төзімділік екені аян. Жанұяның ішкі қиын жағдайларын үйлестіріп өмір сүріп жатқан әйел-аналар аз емес, екі үйдің бірінен көнтерлі аналардың кейіпкерлерін кездестіріп, үлгі тұтамыз. Алайда, төзімнің де шегі бар, менің көргенімді ешбір ананың басына тілемес едім. Бір әйел: «Мен не көрмедім, ат қиына (боғына) ас пісірдім, деп ауылға келін болғандағы тезек­ ті отқа жағып тамақ пісіргенін бейнет деп, қиыншылық көргенге санаған екен. Сол сияқты, ішкі қайшылықтардан басқа сырттан келіп тыныштықты, ауызбірлікті бұзғысы келген астыртын, жасырын жаулар да аз болмады. Өмірімде сондай құпия адамдардың болғаны да ақиқат еді. Есік қоңырауы шыр етті. Ашқанымда бір орта бойлы ер адам: «Бұл Бердіқұлдың үйі ме?» – деп сұрады. «Иә» деп жауап беруім мұң екен: – Рұқсат болса кірейінші. Кеген деген алыс жерден келген едім, тығыз шаруам бар еді. Үйде отырып күтейінші, – деп өтінді. Шәй ішіп отырғанымызда Бекең келді. Кешкі тамақтан кейін, балаларды

Несіп Қалымбетова ұйықтатамын деген соң екеуі асүйге кірді де түнгі сағат екіге дейін есікті қатты жауып қойып сөйлесті, ақыры қонып қалды. Әлгі адамның атын да білмеймін, сұрамаппын, олар да айтпапты. Ертеңіне Бекең әдеттегідей уақытында жұмысқа кетті. Бейтаныс адамды шәйдан кейін кететін шығар деп ойладым. Балаларыммен шұғылданып жатырмын. Енем де сол күні тып-тыныш. Қонағымыз жайбарақат газет, журнал оқып отырып алды. Телевизор жоқ қой. Күндіз бірмезгіл далаға да шықпастан бізбен тамақтанып, шәй ішіп, ұйықтап та алды. Кешкілік тағы Бекеңмен жасырын әңгіме-дүкен құрды, тағы да қонып қалды. Үшінші күні де таза ауаға шықпастан үйде омалып отырды да қойды, Бекеңді күтемін деді. Ал үшінші күні менде күдік ой пайда болды. Аяқ-қолы балғадай, дені сап-сау еркектің тапжылмай үйде отырғаны ойлантты. Үйдің тарлығына қарамастан екі күн қонып, әлі де кететін түрі жоқ, бұл не отырыс? Сөйтіп, бірдеңе ұрлауға келген секілді болған соң бүкіл документтерді тықтым. Кешкі тамақты ішіп болған соң Бекеңе: – Мені автобусқа шығарып салшы, – деді. – Сіз бала емессіз, шығармайды. Қалай тауып келсеңіз, солай қайтыңыз. Бұл не сұмдық, мен таңғалып тұрмын, қандай шаруамен келіп едіңіз? – деп Бекеңді жібермедім. Ол кеткен соң: «Бұл Кегеннің зоотехнигі, әйелімнің туысқаны, бұрын да келіп жүретін еді» деді де жатып қалды. Арада төрт-бес ай өткен соң Кеңес қайным үйге

Тағдыр мен тағылым келіп, ашық түрде сүйінші сұрағандай қуанышпен хабарлады. Осылай жеңгесінің қызды болғанын оның ашық айтуының өзіндік есебі, сыры бар-тын, өйткені ол арақ ішеді. Екінші жеңгесінің істеп жүрген жері «Қазақстан» қонақ үйі, қазіргі «Жетісуда» этажда кезекші екен, екі күн үйінде болып, үшінші күні бір сөтке жұмыс істейтін көрінеді. Туған қайнағамның жалғыз ұлы деп күте саламын, бірақ арақ бермеймін. Ол қонақ үйге барып арақ ішіп тұрады екен. Кеңес қайнымның сүйіншісінен кейін Бекеңнің қуанышы қойнына сыймай: – Сұлеке, менің періштем бар деп едім ғой. Түкірген қақырыққа көңіл бөліп қарамайтын қасиетімнің арқасында Алланың өзі мені түрлі қатерлерден сақтайды. Рабиға қыз босаныпты. Әлгі қонған зоотехник екі-үш күн бойы заңды балаларыңа қайтсаңшы. Ең болмаса менімен барып көріп қайтсаңшы деп үгіттеді ғой. Жаратушы жар болып, мені өзі сақтады. Егерде мен сол жолы балаларымды көруге барғанымда сөз жоқ арақ ішкізіп, балаларым түгілі көршілеріне де көрсетіп, суретке (фотоға) түсіріп алып, мына туылған қызға сот арқылы алимент алуы мүмкін еді. Қазіргі кезде екі куәгер жеткілікті, төлеткізетін еді. Бірбеткейлігім өзіме тек көмектеседі. Сол зоотехниктің қызына он сегіз жыл алимент төлейтін едім, – деді. Бекең қуанғанынан бір-екі рөмке арақ ішіп, өзінің үлкен қуанышымен бөлісті. Әрине, менің де қуанышым шексіз, өйткені күйеуімнің мүлде ешкімге айтуға болмайтын, ішіне зорға сыйып жүрген мұңды сырымен бөліскені мені сыйлағандығының, шын

Несіп Қалымбетова сенімінің шынайы көрінісі еді. Арқа сүйейтін сенімді серік тұтқанын, жан дүниесінің шындығы екенін бағаладым, түсіндім. Грек халқының ойшыл данышпаны әрі қоғам қайраткері Хилоннан не нәрсе қиын деп сұрағанда: «Құпияны ішінде сақтау қиын», – деген екен. Менің деңгейімді, мінезімді қатты бағаламаса, сенбесе өмірі айтпас еді ғой. Бірақ, сол зоотехник келгенде ол Рабиғаның жүктілігін айтпапты, Бекең білмейді екен. Ол тек ұлың мен қызыңды бір көрсеңші деп жалына беріпті. Осылайша, халқымыздың «аққа Құдай жақ» дегеніндей «пәрәнжі» жамылған түрлі құпия жаулардың да, басқа да толып жатқан әртүрлі қауіпқатерлерден ауызбірліктің арқасында бірге өтіп жататын едік. Екінші қызым Қазақфильмнің «Вечерняя окраина» деген теле түсіріліміне қала бойынша таңдаудан өтіпті. Қазақша сөйлейтін бес жасар қыз керек болыпты. Күннің жылы кездерінде бақшадан алып кетіп түсіріп жүрді. Кейін күн суығанда Өзбекстанның киностудиясын (1971 ж.) жалға алып, қызымызды алып кетеміз деді. Мен жіберуге қорықтым, ауырып қалады, басқа қыз тауып алыңыздар деп өтіндім. Олар «сізге де айлық төлейміз, күтуші ретінде бірге барасыз» деген соң, келістік. Сөйтіп, Ташкенттің «Россия» деген қонақ үйінде әртістермен бірге тұрдық. Күні бойы, таңертеңгі сағат оннан түнгі төртке дейін студияда боламыз. Студияның мәшинесімен алып кетеді, әкеліп тас­

Тағдыр мен тағылым тайды. Күндізгі және кешкі тамақты сол студияда ішкізеді. Осы фильмге Әмина Өмірзақова, Бикен Римова, Нүкетай Мышбаева апаларымыз, Елубай Өмірзақов, Әнуар Молдабеков сияқты өнер майталмандары, әйгілі актёрларымыз түсті. Сол апайлармен, ағайлармен бірге жүріп қаншама жағымды ой түйіп, сабақ алып үлкен мәртебелі қуанышпен оралдық. Біз келген соң үш-төрт күннен кейін Бекең Медеу жақтағы «Алатау» шипажайына кетті, өйткені үйдегі екі баланы бір ай бойы күтіп әрі жұмысын істеп шаршағаны рас. Ол кетісімен пошта жәшігінен орысша жазылған хат алдым. Мазмұны мынадай: мен Ташкентке қанша уақыт болсам, екінші әйелі біздің үйде сонша күн қонып жүргендей боп жазыпты. «Сенсіз өмірім өмір емес. Итшілік өмірден шаршадым. Саған қатты сенемін, бұрынғы семьяңды үйсіз қалдырмассың», – депті. Біз ол кезде үш бөлмелі үйді алып, төрт бөлмелі үйге айырбастап, сонда тұрып жатқанбыз. Оны кім жазса да, хатының менің қолыма күмәнсіз түсетінін айдай анық білген. Хатты алысымен жұмыстан сұранып шипажайға бардым. Көзім ісіп кеткен. Сол кезде жаныма Жантыққа ұқсап жармасып, аш кенедей жабысып еріп жүретін жалғыз жанашыр жалған досым бар еді. Жұмысын тастап ол да менімен еріп барғысы келді. Менің бүкіл сырымды сүліктей сорып жүргенін сезбеген, білмеген кезім ғой, ала кеттім. Мүмкін жалған досымның да тікелей

Несіп Қалымбетова қатысы бар шығар деген ойдамын. Өкінемін... Таксилетіп барып қалсақ, күйеуім мүлде бейхабар. – Сен бұл өтірікке, шантажға сенбеші. Ол мұндай хат жаза алмайды. Мұны менің басқа жауларым ұйымдастырып отыр. Оның мұндай әрекетке ақылы жетпейді. Сен мән берсең, екеуміз де ақымақ боламыз, – деді. Жалған досым екеуміз шипажайдан көңілді оралдық. Оған да қанағаттанбай, ісінің жүзеге аспағандығынан үш-төрт күннен кейін 23-ші ақпандағы «Қызыл армия» күнімен құттықтаған открытка (ашық хат) алдым. Открытка бетінде 8 март әйелдер күніне арналған және жазылған типографиялық құттықтау суреті басылған, ал екінші жағында адрес және «Береги и люби свою красавицу» деген сөзі жазылған. Хатты да сақтап жүрген едім, Бекең қайтыс болған соң жыртып лақтырдым, өйткені балалардың көзіне түсіп қалып, көңілдері құлазыр деп ойладым, ал открытка отбасылық мұрағатта сақталған. Осылайша менің бүкіл тағдырымды, жүргентұрғанымды басқалардың бақылауына қойыппыз. Күтпеген, ойламаған жағдайлар аяқ астынан туындап тұратын. Бірінші әйелінен 1948 жылы, екінші әйелінен 1959 жылдың май айында ажырасқан. Мен Алматыға 1960 жылы оқуға келіп, тек 1964 жылдың тамыз айында тұрмысқа шыққанмен, менімен күндестей болған күншілдерден де талай жоспарлы өсектер ақпараттанып тарап жатыпты. Оларды көрмесем де

Тағдыр мен тағылым күйеуімнің айтуымен мағлұматым мол еді. Оның өзі де шындық болмауы ықтимал. Ажырасқан әйелін ешбір ер-азаматтың мақтауы мүмкін емес қой. Мақтаған болса, неге тастадың деген заңды сұрақ туатыны сөзсіз. Осылайша өтіп жатқан өмір өткелдерінің қиындығы мен қисығын түзету кездерінде жазылған жараның бетін тырнамайтын едім, ушықтырмауға тырысатын едім. Енемнің күнделікті қойылымдарына шыдап, күйеуімнің жұқарған жүйкесін аялап, түсініп сүйеу болғанымды бақытқа балаймын. Түрлі-түрлі арандатушылыққа мән беруге уақытым болмайтын. Мән берсем де отбасының ауызбірлігі сүттей ұйып, қаймағының қалың түспейтіні анық еді. Әрқашан да жазылатын жараның тыртықсыз бітуін қадағаладым. Бекеңнің көңіліне дақ түсірмей, сенімін арттырып, шамам келгенше күтумен болдым. Осы оқиғалар халқымыздың «Күндестің күлі де күндес» дегенін еріксіз ойға оралтады. Екінші әйелінде қалған ұлы Берік мектепті бітіретін кезде күйеуім мазасыздана бастады. Жоғарғы оқу орнына түсе ала ма деген күдік туды, уайымы ұлғайды. Сол кездерде баласының мектебін тауып алып, Бекеңнің жұмыс телефонын, мекен-жайын жазып беріп кеттім. «Қандай мамандықты қалайтыныңды айт, көмек береді», – дедім. Әкеңмен жұрт мақтанады. Ол белді-беделді ғалым, ғылым докторы, профессор. Мен саған бізге бала бол деп келіп тұрған жоқпын, әкеңмен аралас.

Несіп Қалымбетова Үйге келмесең оқасы жоқ, жұмысына барып тұр, қалауыңша пайдалан. Ол диабетпен (сусамыр) ауырады, сен қатынасып тұрсаң, сәл де болса денсаулығы дұрысталады, жеңілдейді. Бірақ, баланың қимыләрекетінен тәрбиенің сызды сыры, салқын табы сезіліп тұрды. Бекең жұмыстан келе сала маған: – Сұлеке, біз Алла қаласа үй аламыз. Сен Рабиғаға телефон шалшы, мен Ыстықкөлге барып келгенше тіркеуден шығып қойсын. Келген соң осы үйге тіркеп қоямын. Үй бітейін деп жатыр, Фурманов пен Абай көшелерінің қиылысында, үш бөлмелі үй аламыз, – деді де, жұмыстағы телефонын теріп тұтқаны маған бере қойды. Мен: – Сәлеметсіз бе? Мен Б. Қалымбетовтың әйелімін, Сіз тіркеуден шығып қойыңыз, сонан соң біз отырған үйге тіркелесіз дедім. Ол мені боқтап: «Маған сіздің қалдығыңыз керек емес, рахмет!» – деп тұтқаны тас­тап жіберді. Мен отыра қалып жыладым. Бекеңе ренжідім, ажырасқан сізсіз ғой, мені боқтағаны несі? Бекен маған: – Сұлеке көрдің бе? Осындай әйелмен қалай өмір сүруге болады, тіпті өзінің қара басына да жақсылығы жоқ қой. Қуана-қуана заңды әйел ретінде тіркеліп, бізді қуып шықса, уақытша пәтер жалдап тұратын едік. Алматының жағдайында екі бөлмелі үйді қалдық деп көкірегін көтереді. Мен Құдай алдында қарызымнан құтылдым. Бір рет төрт бөлмелі үйімді тастадым, екінші рет тастайын деп едім, қайтейін... – деді. Сөйтіп тағы да: – Сұлеке! Сенен бақытты адам

Тағдыр мен тағылым жоқ. Осы Алматыда екі әйелім тұрады. Біреуінің есігінен сығаламаппын. Кеткен соң бір рет бармаппын, Құдай куә, – деп мені жұбатып, өзінің әдетінше шәй ішейікшіге басты. Өзінің бірбеткейлігімен мақтанып та, ақталып та жатыр. Әлі күнге дейін аяп кетемін. Содан кейін бұл жағдай ашық қалған сөз еді. Бір айдай уақыт өткен соң әйелі үйге телефон соқты. Телефон тұтқасын Бекеңнің өзі көтерген еді, екеуі қайтадан келісті. Паспортын Әлімбек Белқожаев деген досын жібертіп алдырды. Үй ведомстволық еді. Сөйтіп, үйге тіркемек болып бүкіл қағаздарын толтырып, Ғылым академиясының рұқсатын алып, Бекең тіркеуге барғанда неке туралы куәлікті көрсетуін талап етіпті. Бекең тағы да кішірейді. Мардан Байділдаевтың Райгүл деген қызын маған қосып берді, неке куәлігін алып келіңдер деп. Мен далада қалдым. Пастер мен Төлебаев көшесінің қиылысындағы анасының үйіне бардық. Райгүлге сөйлеп, Бердіқұл аулақ жүрсін деп куәлікті бермепті. Кешке келген соң мен Бекеңе: «Жарайды, қай жерде некеге отырған едіңіздер? Білесіз ғой, барып көшірмесін алып тіркеңізші», – дедім. Бекең әбден ренжіп, тағы да Әлекеңе Шиеліден келген күйеу баласы Әшімді қосып, паспортының арасына толтырылған бланкті салып беріп жіберді. Жұмыс орнына барған екі адам жағаларын ұстап қайтып келді. Біз түсіндіргенше бланкті алып жыртыпжыртып қоқыс шелегіне тастады дейді.

Несіп Қалымбетова Бұл жерде Бекеңсіз-ақ, №9 үй басқармасына куәлікті апарып көрсетіп өзі тіркеле салатын еді. Міне, осылайша екі бөлмелі үйге Ботаника институтында істейтін Короткова Таисия Михайловна деген әйел екі қызымен кіріп алды. Тағы да бір қызығы осы әйелдің құлағына Бекеңнің үйді некелі әйеліне қалдырады. Қағаздарын, құжаттарын дайындап жүр деген ақпар мәлімет құлағына жеткендіктен үйден айрылып қаламын деген оймен, бізге естігенін айтпай он шақты күн біздің үйге келіп қонып жүрді. Жиналмалы төсегін (раскладушкасын) әкеліп қойып, «давайте, разрешите мне ночевать у вас, а то я получу инфаркт», – деді. Біз де үш бөлмелі үйді төртінші қабаттан, қазіргі академик М.Шығаеваға қарама-қарсы, академик Павловтың пәтерінің үстінен алдық. Ескі үйіміз менің жұмысыма Ботаникалық бақ­қа жақын. Көлік күтпеймін, ешбір транспортқа мін­бей­ мін. Ол кезде үш баламыз әлі жас еді: төрт, үш, екі жаста болатын, әрі үшеуі де Тимирязев пен Байзақов көшелерінің қиылысындағы №163 қазақша балалар бақшасына баратын. Сондықтан да біз жаңа үйімізді айырбастадық. Сол тұрып жатқан үйіміздің төртінші қабатындағы төрт бөлмеге кірдік, екінші қабаттан көтеріле салдық, тіпті сол подъезден табылғанына қатты қуандық, өйткені, бұрынғы араласқан сырмінез көршілеріміз де біз үшін қымбат еді. Үй жөніндегі әйелі Рабиғаның қылықтары күйеуімнің денсаулығына қатты әсер етіп, айтарлықтай нұқсан келтірді. Қанты қайта-қайта

Тағдыр мен тағылым мөлшерден артық көтеріле берді, таблеткаға көнбейтіндей дәрежеге жетті. «Бала – бауыр етің» деген ғой, балаларын ойлап күйеуім оқтын-оқтын: – О-ой-бой, Құдай оған сана бермесе қайтейін! Оның топастығынан балаларым үйсіз қалды. Қазақша айтсам, «онымен қатар отырып дәрет сындыруға болмайтын адам» екендігін дәлелдеді. Әлі де балаларым үшін жақсылық жасап кетейінші деген едім, түсінбеді. Сен арқылы айтсам ой-санасы оянар ма екен дедім, өзінің бауырындағы балаларды менен гөрі жанашырлықпен өзі ойласын дедім. Кешірші, сен мені қатты қолдадың, саған ырзамын, рахмет, – деп қайталайтын. Ер адам болса да балаларын үнемі ойлап, жүрегінің мейірімін сезіп қалып, тоқтау айтып ұмыттыруға тырыстым. Беке, Құдай берерін тауыспасын, өзі уақыты келгенде реттеледі, көп уайымдама деймін. Бірақ, осы үйді қалдырудың оңайлығын, ведомствалық үйді заңды әйеліне тастау мүмкіндігін жоғалтқанын, екі бөлмелі үйден оп-оңай айырылғанын кешіре алмады, қатты соққы болды. Күйеуім: «Шайнап берген ас болмайды» деп халқымыз бекер айтпаған. Мені жоғалтуы, балаларға тиесілі жер үйді жоғалтуы және пәтерді жоғалтуы санасының саяздығынан» деп, көпке дейін өкініштен өзегі өртеніп жүрді. Денсаулығы айтарлықтай жақсара қоймады. Дәрігерлер оның «инсулинге» көшуін, укол (ине) қабылдауын өтінді. Инеге көшу үшін көп уақыт ойланды. Диабет туралы біраз ғылыми еңбектерді оқыды. Ақыры көшуіне тура келді, өйткені бір тәулікте

Несіп Қалымбетова қанттың мөлшері біресе қатты жоғарылап, біресе сәл төмендеп құбылып тұратын болды. Ойланып жүргенде екі рет есінен танып «комаға» ұрынды. Сөйтіп, айран ішкен құтылады, шелек жалаған тұтыладының кері келіп, ауруы қатты асқынып ине салдыруға көшті. Өте өкінішті, қайтейін... Балалық шағы да, жасөспірімдік шағы да Қызылорда қаласында өткен. Сондықтан негізгі дос­ тары да қызылордалықтар еді. Медучилищеде бірге оқыған Әлмағамбетов Нұролла, Мұсаев Дәлел, Райымбеков Асқар, Өміралиев Мақаш т.б. достарымен таныстым. Маған ылғи да Молда шәмші әулетінен Өміралиев Мақаш деген досым бар. Шашы өте қалың әрі бұйра, әрі әдемі, жігіттің сұлтаны деп мақтап жүретін. Соғысқа дейінгі бұзақылықтарын, жігіттік шақтарын еске түсірген кездерінде Махаңды бірінші еске алатын, өйткені аты шулы бұзық балалар тобын құрған Махаң мен Бекең болыпты. Бұл топтың негізгі жұмысы Қызылорданың басты, орталық Ленин көшесінен басқа ұлт пен орыстарды өткізбеу. Жергілікті орыстар мен басқа ұлттар бұдан құлағдар болғандықтан өтпеуге тырысады, ал білмейтіндер өте қалса соққыға жығады екен. Әсіресе, Бекең Махаңның бір рет өте қатты қорыққанын есіне алып күліп алатын. Қатты ауырып жедел жәрдем шақырыпты. Ауруханаға түскен бетте көшеден өткізбей май қылып сабап жіберген кәріс жігіті сол күні кезекші хирург дейді. Махаң оны бірден таныпты да өте қатты қауіптеніпті. Соқыр ішегімнің

Тағдыр мен тағылым ауырғаны қайда кеткенін білмеймін, диагнозымның соқыр ішек екені шындық. Ойбой, өлген жерім осы екен ғой, «Құдай біреу, кезек екеу» деген осы. Мынаның қолына өзім тірідей келіп түсіп тұрмын. Кетуге амалым жоқ, қайда барамын, қандай сылтау айтып құтылуыма болады, танып қойса не істеймін деген көп сұрақтар туындап қатты қиналыпты. Тек бір Аллаға сыйындым. Жанымды шүберекке түйдім. Ол мені танымады. Сөйтіп, ауруханадан шыққанша жаным мұрнымның ұшында болды деген екен. Осы досының әйелі Пәкиза істі болып сотталыпты. Үйінде төрт баласы қалған. Алматының түбіндегі Боралдай кірпіш заводында ауыр жұмыс істеп, бір жылдан соң шартты (условный) деген статьяға ілігіпті. Шығысымен Бекеңді іздеп Ботаника институтына барыпты. Біздің мекен-жайымызды алып үйге келді. Есік қағылған соң ашсам – елу жасқа келіп қалған, өте жұпыны киінген, қыдырған адамға ұқсамайтын әйел тұр екен. – Бердіқұлдың үйі ме? – деді. – Иә, кіріңіз, сіз Жаннаның мамасысыз ба? – дедім. Әйел: – Иә, – деді де жылап жіберді. Дәлізде шешінуге шамасы зорға келіп, бүкіл денесі дірілдеп кетті. Мен де абыржып қалдым. Қыс айы болатын, тоңып қалған ғой деп шәй бердім. Ол байғұс бізді тапқанына қуанғаннан жылаған екен. Дегенмен де, суға түсіп алыңыз деп ваннаны дайындадым. Жылынып, өзі-өзіне келген кезінде Бекең

Несіп Қалымбетова де оралды. Әйткенмен, менен ұялып бірден ашыла қоймады. Бекең екеуі кабинетке кіріп әңгімелерін жалғастырды. Пәкиза апай Махаңның көп жылдардан бері келе алмай жүргендігінің себебін түсіндіріпті. «Шешесі қайтқанда жерлеуге келмедім. Одан кейін кеш болса да көңіл айтып келуге жарамадым. Сен сотталды деп қалай алдына барамын, өзің бар. Одан басқа ешкім саған көмектеспейді» деп ақыл беріпті. Күйеуім, шынымен бір айдың ішінде Қызылорда­ дағы колонияға ауыстырды, условныйға шыққан­ дық­тан үйінен қатынап жүріп жұмыс істейтін болды. Өскеменге іссапарға бара жатып Махаң бізге соқты. Менің бірінші көруім. Бір күннен кейін самолётпен ұшып қайтып келіп, үш-төрт күн қонақ болды. Бекең екеуміз әбден күтіп жатырмыз. Мен күйеуіме, бұрыннан естіген ақпардың әсері болу керек, «Беке, арақ бермейікші», – дедім. Ол: «Сұлеке, біз бір рет бермеді екен деп ол арақты қойып кетпейді. Өзінің көп жылдан бері көрінгені, «решительным образом» ат басын тіреп келгенінің өзі мен үшін қуаныш. Арақ қоймасаң түйе сойсаң да пішту!» – деді. Сонымен үшеуміз әңгімелесіп отырмыз. Екі-үш рөмкеден кейін «ария» айтуға көшті, даусы өте тамаша, опера әндеріне ылайықты екен. Соғысқа дейінгі ғашық болған қызы Оразкүл апай екен, тіл-әдебиет маманы, үлкен ғалым, ғылым докторы. Қайта-қайта телефон құлағын көтеріп сөйлескісі келді. Бекең: – Сен шалапты шайқамай тыныштал, кеш

Тағдыр мен тағылым қалдың. Оразкүлдің тамаша күйеуі бар, Әбсадық Нұрмағанбетов, партия қызметкері, сені ұмытты. Соғысқа дейін алуың керек еді, – деді. Махаң: – Онда сен мені Оразкүлмен бір рет жолықтыршы, – деп жалынды. Сөйтіп Махаңды Ғылым академиясына апарып, жастық шақтағы сүйгенін көрсетіп, академияның палеонтологиялық музейін аралатып келіпті. Үш күнде де арақты жастанып жатып ішті, айғай-шу болған жоқ. Бекең күнде кешке ваннаға өзі суға түсіріп алып жүрді. Үстіндегі жұпыны киімімен Медеуге, т.б. жерлерге апарып әбден қыдыртты. Қайтатын уақыты келгенде менен ақша алған-тын, билетті купейный вагонға алып келіпті. Мен: «Жай вагонға неге алмадыңыз?» – дедім. Бекең: – Сұлеке-ай! Отбасына да, туыстарына да, өкіметке де қадірі кеткен досым ғой. Маған ырза болсыншы. Купейный вагоннан шаниып түссінші. Соның өзі бұған бір бақыт қой, бүкіл Қызылорда білетін досым ғой. Білесің бе, бұл маған келіп көріну үшін қанша пұт тұз жегенін? Жолына ет, тауық пісір. Тамақты дұрыстап салып берші. Үйіне бір рет рахаттанып жетсінші. Бұл бой жазып келген сияқты... Себебі көзінің жанары кетіп қалыпты. Әй-й, ұзаққа бара қоймас! Еркелеп, бой жазып келгендей ғой, қандай досым еді. Әрі кеткенде бір ай ғана өмірі қалғандай, – деді. Мен дәл сол кезде жаман ойлаған жоқпын. Жолына арақ, 50 сом ақша бергені үшін менің алдымда әншейін ақталып жатқаны шығар, аяушылық тудырып тұрғаны болар деп ойладым.

Несіп Қалымбетова Тура бір ай өткенде қайғылы жаман хабар келді. Махаң қайтыс болды. Бекең поштамен ақша жіберумен, телеграммамен шектелді. Өзі бара алмады, өйткені күнде шприц қайнатып, инсулин уколын қабылдайтын. Бекеңнің осындай жорамалдарының іске асқанын өз басым үшінші рет көрдім. Тіршіліктің «тылсым сырын» сезетін, яғни заттанған шыңдық кездері де болатын. «Тылсым сыр» болжамдарының бәрін жаза бергенім болмас, бірақ енем жайлы болжамын айту парыз шығар. Демалыс күні болатын. Бәріміз үйдеміз. Қонаққа келген екі досымен түстік тамақты ішіп болып, дос­ тары дастарқаннан тұра бастағанда салдыр-гүлдір құлаған ыдыс-аяқтың дыбысы шықты. Мен бірден енемнің ыдысының қақпағы құлады деп ойладым да, сыр бермей қонақтардың қасында отырып қалдым. Бекең бірден енемнің бөлмесіне кіріп кетті. Байқаса, енемнің күнделікті жеп отыратын сары майын сақтайтын кастрөлі жерге құлапты. Бекең қақпағымен кастрөлді көтеріп орнына қойып бөлмеден шыққан кезінде өңі қашып үрейі ұшып кеткен. Достарымен тез қоштасты да маған қарап бірден тапсырма берді. – Сұлеке, сен ертең Қызылордаға телефон соғып хабар беріп қой. Апам қатты ауырып жатыр де, өйткені олар қапелімде тез жинала алмай қалуы мүмкін, біліп отыруы керек. Ертең үйге участкелік дәрігерді шақыр, өйткені емханада апама амбулаториялық

Тағдыр мен тағылым карта ашылмаған. Қайтыс бола қалса, жер ала алмаймыз, берілмейді, – деді. Күйеуім сөзін жалғастырып: – Сұлеке, неге дейсің ғой, апам маған қамзолының төс қалтасынан тамақтың қалған ақшасын өз қолымен, өз еркімен, мен сұрамай-ақ берді. Өз бетімен ақшаны тексермей, сұратпай берді. Тарихта болмаған құбылыс және қайталанбайтын жағдай. Тез арада қайтып кетуі ықтимал. Сірә, Алладан «повестка», яғни шақыру қағазының келіп қалғаны шығар. Сөзге келместен ақшаны беруі осының хабары сияқты, – деді. Мен қазір Аяткүлді алып келейін деп, бірден қаланың сыртында тұратын туған жеңгесіне аттанды да, тездетіп таксимен алып келді. Енемде аурудың нышаны да жоқ. Бәріміз дәстүрлі шәйімізді ішіп, келінімен амандасып, әңгімелесіп, шүйіркелесіп қалдық. Сәлден соң абысыныма өзімнің ұсынысымды айттым. Мен осы үйге келгелі енемнің ваннаға өзі шомылып шығатынын талай рет айтып жүргенімді білетін. Арқасын жуып бергім келіп, көмектесіп, шомылдырайын десем, енем: «Сен кімсің менің денемді көретін? Қожаның қызы болсаң бір сәрі. Қараның қызына денемді көрсету күнә», – деп кіргізбейді. Ертең дәрігер келеді ғой, шақырамыз. Жүзден асқан апамның қалай жуынып жүргенін білмеймін, тек арқаңызды ғана жуып берейін десем де, «шық дедім ғой, хақың жоқ», – деп қуып шығаратынын айттым. Сөйтіп, абысыным екеуміз сол кеште су ысытып, жақсылап жуындырып алдық.

Несіп Қалымбетова Шашын өрдік, тырнақтарын алдық, киімдерін ауыстырдық. Енемнің абысыным екеумізге де қарсылық көрсетпей шомылдырғанымызға көнгенінің өзін оған құдіретті күштің жарлығы, үкімі келгенін сезінгендей болдық, тылсым күшке бағынғанын байқадық. Адуынды қарияның бірден қойдан жуас, жібектей мінез көрсетуі де күдік тудырды. Абысыным діндар адам еді, намаз оқитын, білгенін оқып қасында отырды. Түн ортасы ауғанда енем ыңқылдай бастады. Таңертең дәрігер шақырдық. Келген дәрігерге де: «Сен кімсің менің денемді көретін» деп, көйлегін көтертпей қарсылық көрсетті. Дәрігеріміз Каримова деген ұйғыр әйелі екен: – Апа, мен мұсылманмын. Ұзын ішкиім киемін, – деп калготкасын көрсетіп, барлық денем жабық деп киімдерін көрсетіп, қолымен ұстатып, зорға деп көйлегін көтеріп тыңдады. Дәрігер: – Ыстығы жоқ. Фенондоскоппен әбден тыңдап, өкпесі де таза, ешбір өзгеріс жоқ. Жүрегінің соғысы дұрыс. Жасы келгенмен қан қысымы да қалыпты, дұрыс, – деді. Сәл ғана іші кебіңкіреп тұр, желін шығаратын әрі зәрін айдайтын аюқұлақ шөбінің тұнбасына рецепт жазып берді. Сол рецеппен бірден дәрісін алып келдім. Енем ішпестен қалтасына салып алды. Баласы қызметте ғой, таңертең әкелген дәріні не абысынымның, не менің қолымнан да ішпей: – Әлгі жалғыз келеді ғой, өзі ішкізер, – деді.

Тағдыр мен тағылым Біз де екінші рет өтінбедік, өйткені бәрі бекер, келіндерге сенбейді. Біз баласына біздің қолымыздан ішпегенін айттық. Баласы: – Апа, мынау екеуінің қолынан дәрі ішпегенің дұрыс болды. Басқа бірдеңе қосып қойса қайтеміз, – деп дәрісін беріп жатып қалжыңдады. Бірақ, күн көрудің, өмір сүрудің оңай еместігін әбден бағалай білетін әккі қария біздің де көңілімізге қарайлап қалыпты. Баласына: – Сен қайда жүрсің? Мынау екеуі күні бойы бәйек болуда, түнде де қасымда болды, – деп бірінші рет екеуміздің еңбегімізді бағалап жуасып қалғаны бізді таңдандырды. Баласы: – Апа, енді ертең таңертең өзім ішкіземін, қалтаңа тығып қой, – деп, дәріні қолына берді. Осы дәріні таң­ ғы сағат сегізде екінші рет ішкізді де жұмысқа кетті. Сөйтіп, сейсенбі күні сағат он бірде дүние салды. Құдайдың берген қуатының арқасында ауырмайсырқамай, өмірінің ақырына дейін өз аяғымен жүріп, ешкімге бейнет артпай, бір күн де салмағын салмай, ақыл-есінен айырылмай, көптен қалған сүт кенжесі, он бесінші баласының алдында ақ өлім бұйырды. Қанша тілі ащы болғанымен бүкпентайы жоқ, ақылы да, ашуы да тілінің ұшында ғана, жүрегі таза адам екендігін осы «ақ өлімі» дәлелдегендей, бәрін баяндағандай. Бәрі тек пенделіктің басымдылығынан сияқты. Сол сәтте-ақ баласының жұмысына телефон шалдық. Ол верталётпен түскендей тез жетіп келді де, бетіндегі ақ жайманы ашып жіберіп тамырын

Несіп Қалымбетова ұстады. «Мүмкін емес», – деп кеудесіне басын қойып ағыл-тегіл жылай бастады. Жеңгесі жайлап: – Бала-ау, шешең жас кетті деймісің? Қой, жылама! Бибі иманды екен, сенің алдыңда «ақ өлім» бұйырғаны бақыт емес пе? – деді. Ал мен: – Елуге келіп, сізге ұқсап жетім қалсам арманым болмайтын еді. Оның үстіне осы бір Алматының өзінде үш ұлыңыз, үш қызыңыз, үш әйеліңіз бар, – дедім. Ол бірден басын көтеріп жалт қарап: – Шындығында солай екен-ау өзі, – деп түрегелді де, жерлеудің тағы басқа тіршіліктер қамына кірісіп кетті. Қызылордалықтар да келіп жетті. Үлкен абысы­ нымның үйіндегі үлкен екі сандық та, көрпежастықтар да үйге әкелінді. Енеммен бірге тұрған жылдарда үйдегі ұсақ-түйек неше түрлі қажет заттар: ыдыстар, қасықтар, кеселер, шәйнектер, тіпті үш, бес литрлік бидондар да сандыққа түсіп кеткен еді. Өйткені, мен перзентханаға жиі түсіп жүрдім. Енем сол кездерде өзіне ұнаған заттардың барлығын сандығына салып алатын. Бір-екі рет бидонды сұрағаным рас. Балаларға сүт әкелуім үшін өте қажетті әрі ол дүкенде де үнемі сатыла бермейді. Балаларды тастайтын ешкім жоқ, іздеуге уақыт та жоқ. «Апа, бидонды беріңізші» дегенімде, енем: «Мен келіндердің бір сабақ жібіне тиіскен емеспін. Әкеңнің үйінен әкелінген жоқ. Алсам баламның ақшасына алынған затты алдым, неге сұрай бересің?» – деп тиып тастайтын. Осы заттардың бәріне сырттан келген қариялар қарық болды, әсіресе

Тағдыр мен тағылым бір ет табақ, білезіктер мен сақиналар, жүзіктер шықты. Сол жүзіктерге елден келген қариялар таласып, тіпті анауыма, мынауыма жүзік, сақина керек деп өзді-өзі қызыл кеңірдек боп бөлісіп жатты. Алыстан келген қариялар да енемнен қалыспайтын адуынды екен. Үлкен абысынымды сақина-жүзік үшін жүндей түте жаздап, дауыстары өктем шығып, сөзталастар болып жатты. Ал, менімен ақылдасу, қатарға қосып көрсету қаперлеріне де келмеді. Сақина, жүзік, білезік, қаптырмалардың барлығы да таза күміс екен, таспиғы таза янтарь екен, түсі сары емес, сұрлау болатын. Қайран дүние, кімге опа берген десеңізші!? Ең болмаса үйдегі екі немере қыздарына да бір түйір естелік қалдырмады. Дәрет шәйнегі қайда, жез шылапшыны қайда деп түгендеп сұрап, жинап-теріп тәбәрік деп талап кетті. Үйден шығарғандағы шашылған күміс тиындарды қоспағанда жыртыстың алды панбарқыт, екіншісі пүліш, үшіншісі шәйі, төртіншісі торғын жібек, бесіншісі ши барқыт деп түр-түрімен алдырып тәбәрік деп тамашалап талады. Бұл өлім емес, бұл – той деп, көңілдерін демеді. Адамдардың тіршілікте мәңгілік қалмайтынына көз жүгіртсек Жүсіп Баласағұнның: «Туып едім жап-жалаңаш тырдай боп, кетіп барам барлығынан жұрдай боп», – деген даналығы еріксіз еске түседі. Содан бүкіл тұрмыс-тіршіліктің құны бір күндік жарық дүниеге жетпейтінін, татымайтынын,

Несіп Қалымбетова тұрмайтындығын ұғасың. Бәрі-бәрі бекер пенделік деп күйінеміз, өкінеміз. Неше түрліні армандағанмен бір Алланың әміріне бағыныштымыз, тәуелдіміз. Бір минут те аяқты артық баса алмаймыз. Жазу солай. Бүкіл ғалам, тіршілік бағынатын ұлы жаратушыға табынамыз. Бәрін өзі реттеп төрелік жасайды, өсіреді, өшіреді, көтереді, төмендетеді, аялайды, мүсіркейді тағысын тағылар... XXXIII Жиырмасыншы ғасырдың басында, 1905 жылы дүниеге келген Бәтес сол заманның кемшіліктарлығының иісі мұрнына да бармаған, сезбеген, көрмеген. Ата-анасының арқасында алаңсыз, емінеркін өскен жан. Өз заманының қаймағы бұзылмаған ұлттық тәр­ бие­сінің уызын емген, үздік үлгілерін ана сүтімен бойына әбден сіңірген ана. Мен, өзіме көрсетілген шамадан тыс қаталдығын, озбырлығын Бәтестің қателегі деп ойламаймын, есептемеймін, түсінбеймін. Оның барлық іс-әрекетінің тек күйеуінің назарынан тыс қалуынан көремін. Туыстарымыз толассыз қыдырып, айлап қонақ болатын. Айдарханның да аяқ астынан тез тұтанатын қызба мінезінен де, мансабынан да әбден шаршаған. Оған бір ауыз қарсы сөз айтып тиым салуға дәрменсіз. Айдархан мал – мүліктің иесі, қолында билік бар, өз ортасының айтулы тұлғасы – басқарма. Бәтес долданып, аспандаған ашуын, кеудесін кернеген өшпенділігін мені жәбірлеу арқылы басатын.

Тағдыр мен тағылым Мен оның – мысыққа ұсталған тышқандай ашу басар жанды бұйымы, дәрі-дәрмегі болдым. Мені сабаған кездеріндегі айызы қанғанша айтылатын сөздерінің басты мазмұны: «Төрт аяғың төбеңде ойнағыр Айдархан! Осындай аю қызбен алыстырып қойғаныңды қарашы!» – дейтін. Тамаша тәрбиесінің қастерлі қасиеттері мен үлгілері маған қатысты кездерде мүлде ұмыт болып жоғалатын. Аяусыз өшпенділігі неше түрлі қарғыс сөздермен өрнектеліп, дыбысталып қалатын. Өзін-өзі қанша тежегісі келгенмен бойына жиналған шайпау ой-түйіндері сыртқа дүмпіп шығып, бағынбайтын. Сөйтіп, сабаудың себеп-салдарын күйеуіне ауда­ ратын-ды. Тек өзінің ғана кінәсі еместігін мойындайтын, сездіретін. Не ерінің, не туыстарының, не атқамінерлердің бетіне тура қарап ләммим деп сөз айта алмаудың зардабы «ит ашуын тырнадан алады» дегеннің кері келіп таяғы – жетім, қорғаушысы жоқ қаршадай қыз маған тиетін-ді. Адамдар «уақыт емші, бәрі ұмытылады», – деп жұбату айтады ғой. Көкірегімде Бәтестің зілді, өктем, екпінді дыбысы жойылмаған. Әлі күнге дейін құлағымда жаңғырығады. Бастан кешкендерімнің қисық жолдарын өзімнің де түзетуге дәрменсіздігім қинайды, өкінемін. Түзетілмей, өткен шақта қалған­ дықтан өкпе-наз өміршең, ұмытылмайды. Уақыт та емші емес. Есесіне, тағдыр тізгінін өз қолыма алып, шаңырақтың ұйтқысы болған кездерімде ешбір қиындықтан қорықпадым. Бүкіл қажетті тірлікті бір

Несіп Қалымбетова кісідей ешкімнің көмегінсіз оңай игеріп, мүлтіксіз атқарып кеттім. Анығы мен ашығын айтқанда, алған өнегем жеңгем Бәтестің тәрбиесінің жемісі, нәтижесі екені шынайы шындық. Тек бір түйіннің шешіліп, Бәтес жеңгемнің көзі тірісінде бірімізді-біріміз кешіріп, алғыс сөзімізбен алмаса алмағанымыз «әттеген-ай!» дегізеді. Жеңгемнің табанды төзімділігінің арқасында Айдархан ағамның отбасының шаттығы шарықтап, абыройы артып, шаңырағы сақталып өмір кешкеніне мақтанамын. Ағайдың тарапынан соғатын тосын дауылдардың алдын алып, шиеліністірмей шешіп отыратын кездерін ілтипатпен, құрметпен есіме аламын. Бала кезімнен тәрбиенің ұлттық үлгілері өзімнің де бойыма дарығандықтан талай қауіпті қателіктерден қаққанын жасыра алмаймын, есімде... «Өмірдегі көп жетістіктерге жетелеген негізгі, бас­ ты ұстазым – Бәтес жеңгем», – деп мойындаймын, өте дұрыс. Бұл оның тәрбиесіне, еңбегіне берген биік бағам, шексіз алғысым деп есептеймін. Шынымен, аса қажетті тәрбие түрлерінің негізін ешбір жоспарсыз, жүйелі әдістемесіз-ақ, қайтіп, қалай үйретемін деген сұрақтарға қиналмастан бірден сіңіре білді. Ешбір білім ошақтарында үйретілмейтін, берілмейтін тәрбиенің негізгі қағидаларын қалыптастырды. Өзінің қатал шарттары мен талабын міндеттеп, жадымда жатталып, есімде сақталуын қамтамасыз еткен негізгі өкіл, басты – ұстаз. Осындай құндылығы күшті, баға жетпес тәрбиенің арқасында өз өмірімдегі

Тағдыр мен тағылым шешуші шешімдерді батыл қабылдап, дұрыс қолдана білдім. Жеңгемнің «тәрбие әліппесін» мүмкіндігімше, қажеттілік туғанда өмір жаңалықтарымен байытып, толықтырдым. Көргенім мен үйренгенімді тұрмыстіршілікте орнымен пайдаланып, қажетіме тиімдісін жаратып, дамытып отырдым. Үйренген, көп әйелдер қолдана бермейтін, ойына алмайтын немесе сирек қолданылатын «сабыр түбі – сары алтын» делінетін ұлттық даналықты, қағиданы өмірлік ұстаным, ұмытылмайтын өсиет, жоғалмайтын жолдас, ескірмейтін ережеге айналдырғаныма қуанамын, мақтанамын. Ұстамды жеңгем күйеуінің қызба мінезіне салын түсірмейтін, былқ етіп былжырамайтын, жүнжімейтін. Ал, мақтау айтылып жатса, селт етіп секірмейтін, елірмейтін, семірмейтін-ді. Өте ұстамды, шыдамы мол еді. Осындай қадірлі қасиеттерінің арқасында Айдархан ағаның сүйікті жары, сенімді серігі, балаларына аяулы ана, немерелеріне қадірлі әже, шаңырақты шайқалтпайтын «алтын діңгек» болғанын тамсана, әсерлі деректермен дәріптеуге болатын әйел екендігін айтпауға болмас. Өткен өмірдің толып жатқан қым-қиғаш оқиғаларын ой елегінен өткізгенде, бұл тек біздің отбасымыздың ғана проблемасы (мәселесі), қасіреті емес дегім келеді. Сол кезеңдегі аналардың еңбегіне селқос қараған ер азаматтардың, қоғамның кертартпа көзқарасы, елеусіз қалған әлеуметтік дерті деуге әбден болады. Толып жатқан күнделікті тірліктерді тізбегеннің өзінде, бала өсіріп тәрбиелеудің

Несіп Қалымбетова қиыншылығына мойымаған қажырлы тірлік, өлшеусіз еңбек еткен аналардың бағаланбай көлеңкеде қала бергендігіне өкінбеуге болмайды, амал жоқ... Бір мезгіл шынайы шындыққа жүгінсек, сол кездердегі аналардың ел қыдырып, жер көріп, бой жазуды үрдіске айналдырмағанын анық аңғарып, таңданамыз. Ондай олардың ойларына да келмеген. Тек толассыз, бітпейтін шексіз тіршіліктің күйбеңімен өмір кешкен жандар болғанына өкінеміз. Адамзатқа бағзы замандардан белгілі жағдай: «жаңылмайтын жақ, қателеспейтін пенденің жоқтығы» аян, яғни барлық қателіктерді өткен заманның еншісіне қалдырайықшы... Сонымен, Бәтес жеңгем менің тағдырымның балалық және жастық кездерімдегі тәрбие тізгінін ұстап тартқан, шыңдаған, басқарған басты ұстазым болса, екіншісін, тұрмысқа шыққан кезімдегі бөлімін енем – Зухра жалғастырды. Иә! Тағдырымның ең қиын-қыстау күрделі кездерін марқұм енем Зухраның иелігіндегі, билі­ гіндегі жекеменшік «университетке» «Ұлы жарату­ шының» жазуымен, ойламаған бұйрығымен, күтпе­ ген билігімен, әп-сәтте күмп етіп түсіп кеткен кезімнен басталады. Енем Зухраның қол астындағы тағдырымның өте ауыр, қиын болуы заңды. Өйткені мен енді жалғыз емеспін. Күйеуімнің, үш баламның – бәріміздің өміріміз, тағдырымыз бір-бірімізге тәуелді, бағынышты болдық та қалдық. Қазақша айтқанда: «тура жүрсек өгіз өледі, қисық бұрылсақ арба сынады» дегендей жағдайға тап болдық. Ал, Бәтестің

Тағдыр мен тағылым құзырында жалғыз менің ғана тағдырым болса, енем Зухраның құзырында бесеуміздің тағдыр тізгініміз тұрды. Дәл сол кездердегі басымыздан өтіп жатқан хикаяттар, яғни баяндалған деректі жағдайлар қазір қиял-ғажайып ертегі сияқты көрінеді. Бірақ, жазылған істер мен жағдайларға төзу – сол болған уақытында, сағатында, күнінде, айында, жылында оңай емес еді. Уақыт озғандықтан, өткенді еске түсіріп айтуға, батыл жазуға ғана мүмкіндік туғанда оңай сияқты. Рас, оны жазу түгілі еске алғанда екі көзден жас моншақтаған күндер болатын, зорға тоқтататынбыз. Тірелген тығырықтан саңылау тесік тауып шығу, құтылу амалдарын ойластыру, есепсіз көз жас пен жүйкенің жұқарып, тозып-қажуы арқылы іске асатын. XXXIV Ене мен келіннің арасындағы ыңғайсыз келіспеушіліктер, қайшылықтар көпшілік отбасында жиі кездесетін, бірақ өмірде тиісті шешімдерін, көріністерін тауып дұрысталып жататын жағдайлар, құбылыстар екені мәлім. Солай болғанымен, маған көргені мен түйгені көп, келіндерге қырғидай тиген, ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс боп отырған, реті келсе келіндерді қуып жіберуге дағдыланған, үйренген, арыстандай ақырған, жолбарыстай бақырған әккі ене бұйырды. Оның күнделікті қысымқылығына төтеп беру, төзу оңай болмады. Он тоғызыншы ғасырдың орта кезінде (18651968) дүниеге келген, жасы жүзге тақаған еңбек ста-

Несіп Қалымбетова жы (өтілімі) жетіп артылатын, енелік тәжірибесі өте ұзақ және мол, өзінің мүддесін қорғағанда ақылы дариядай, адуынды, ақ шашты қарияға тап болдым. Мінезін құрықтау, қалыптасқан дағдыларын (привычки) өзгерту, ақыл-айласының алдын алу, шара қолдану мүмкін емес-тін. Қарияның түсінігіндегі келін – сол отбасына «күң» ретінде келген, жұмысқа алынған жан. Шаршау дегенді мүлде білмейтін, ененің түрлі жағымсыз шайпау, ғайбат сөздеріне мән бермейтін, намыс­ танбайтын, қарсы сөз айтып жауап қайтармайтын, ештеңені қаперіне алып шамданбайтын, сөз айтып тіл қатпайтын тас керең жан болуы тиіс. Қысқасы, талаптілегі жоқ мылқау адамдай келінді аңсайтын. Алайда, армандаған келіннің қалайда бай болуын қалайтын. Осындай қиялына баласының он бес баладан қалған жалғыздығы, сүт кенжесі екендігі ескеріліп, келген келіндерден қатты қызғануы қосылатын. Өйткені, бірінші ажырасуынан кейін сегіз жыл, екінші ажырасуынан кейін бес жыл үйленбей жеке меншікке айналып кеткен жанпоз – жалғызы. Ұлы «қарашаңырақ» иесі болғандықтан дұрыс әйел жолығуы тиіс еді. Бірақ, мен «жетімек» жолығып бақытсыз етіппін. Осы ойдан шаршап, жетімектен қызғанған кезінде: «Ә-ә-әй, балам-ай! Бағың ашылмады-ау, сенің!! Қайдағы «жетім итке» қалай ғана тап болдың, ә!» – деп, шиыршық атқан шерін сыртқа шығарып, менің жер-жебіріме жетіп, кінәлап ұрсып жататын. Баласының семьясының қайта-қайта бұзылып бақытсыз болуының басты кейіпкері өзі екендігін

Тағдыр мен тағылым бір сәт те есіне алмайтын, санасына салмайтын. Байдың қызын әперіп бақытты еткісі келетін. Ол үшін қайткенде мені кетіруі керек, сол үшін маған маза бермеуді көздеген. Оқтын-оқтын негізсіз, себепсіз шу шығарып тиісе бергендіктен: «Апа! Болды! Мен енді кетемін, өйткені сіз менің о дүниелік болған, баяғыда сүйектеріне қына шыққан ата-анамды балағаттай бересіз. Олар бұл өмірден ешбір қызық, жақсылық көрмеген, ерте кеткен жазықсыз жандар ғой. Тіліңізді әруақтарға тигізе бермесеңізші», – деп өтінгенімде: «О, жетімек ит неме! Қазір ақырзаман! Таудан тары домалаған, жігітті қыз қуалаған заман. Бір қатын кетсе, екінші қатынның жетіп келері анық! Кете бер!» – деп, онан сайын күшейіп, қуанып, қолын сермеп, есікті нұсқап тұра қалған болатын-ды. Жүз жасқа келген қария осындай пәрменді сөздермен, күш-қуатпен келіннің жанын жаралайды дегенге кім сенер?! Сену өте қиын. Өлген адамның бақилықтан оралып, тірі адамдарға о дүниенің қиындығын баяндап бергенін ешкім көрмесе де, қазекем көрген қиындықты «тозақпен тең» деп теңеу айқанындай болып жататын. Ең бастысы, қаршадай кезімнен ілесіп бірге жасап келе жатқан «жетімек» сөзі ғой. Барлық кембағал адам ретінде қорлаудың негізгі нысаны, бұйымы болды. Осы «жетімек» деген ең жағымсыз, жәйсіз, жексұрын сөзді балаларыма кеудемде жаным бар кезде естірткім келмеді. Енемнің ашық айтып қуғанына құлақ аспай қалып отырдым. Алланың ажалы алып кетпесе, тірі болсам өз қолымнан «жетімек» етпеуді

Несіп Қалымбетова көздедім. Қазақша айтқанда «қайтып келер есікті қатты жабудың» қиындығын жете түсіндім. Ағат қадамның қатерлі қаупін ескердім. Күйеуімнің өзіме деген кіршіксіз, айнадай таза жансарайын түсіндім, бағаладым, құрметтедім. Өйткені, ол бірден анасының алдында дәрменсіздігін ескертіп, менен алдын ала кешірім сұрап қойды ғой, естен шыққан емес. – Сұлеке! Апам өте ауыр өмір кешкен адам. Өзі де жетім болған. Қазір бәрін ұмытып, өзіне көрсетілгенді қайталайды. Сенің апамнан айырмашылығың көп: жоғары дәрежелі білімің, ақылың, жасың... – деп тағы басқаны тізбектейтін. – Апамның тілінің удай ащылығы ғана қиын, шыдашы! Ойлап қарасақ, қолында ешқандай билік жоқ. Қатты сөз айтып бір тілім нанға зар қылып сүмірейтіп қою оп-оңай, қиын емес! Апамның дәрежесі – ана! Өте биік! Қанша жасы қалды дейсің, не істеу керек? Жауабы біреу: «Аналық тағынан түсірмеу, төмендетпеу! Өзінше билігім қолымда деген ойда отырсын. Қарттар үйіне тапсыру амалы ғана бар. Мен оны істемеймін, себебі ол – Ана! – деп, асықпай ақылмен (обстоятельно) түсіндіріп қойған еді. Қайран Беке!.. Сізден асырып не айта аламын! Бұдан артық Ананы қалай дәріптеуге болады, ә?! «Осы қарт анам үшін соғыстан аман оралған шығармын», – деп аянышты жорамалын қайталап қоятын. Сөйтіп, күйеуімнің ақылына ден қойдым, тыңдадым, қатты арқа сүйедім, сендім. Мен шаңырақтың шайқалмауын, биіктігін,

Тағдыр мен тағылым бүтіндігін сақтауға бүкіл білгенімді қолдандым. Балаларымды өз қолымнан «жетім» атандырмадым. Бұл негізгі мақсатым еді. Отбасыма үйелмелі-сүйелмелі сәбилер саны қосылған сайын жаратылыстағы бүкіл тіршілікке тән ортақ қасиет: ұрпағын аялау, қорғау, өсіру, ұядан ұшыру ата-ананың негізгі міндеті болғандықтан, ұлы сезімдердің: адамгершілік, сүйіспеншілік тағы басқа – барлығының балалардың бақытына бағытталғанын да байқадым. Жан дүниемнің бар асылы соларға ауысқандай. Олардан қымбат ешнәрсе жоқ сияқты сезінгенімді де жасыра алмаймын, ақтарыла ашық айтуыма болады. «Ана – алтын қазық» деген қасиетті даналықты өмірлік ұран, қасиеттті қағида, ұмытылмайтын ұстаным, негізгі заң тұттым. Әйткенмен, өмір барысында осындай анасы бар адамның кемшілегі болған емес, мүлде мүтіксіз еді дегенім де шындыққа жатпайды. Өмір тек шуақты, сәулелі күндерден ғана құралмайды екен. Кейбірде суық, көлеңкелі, жайсыз жақтары да жағаласып, араласып кетеді екен ғой. Әділдігін айтсам, мен Бекеңнен үш рет тентектікті көрдім. Біріншісі – айранды ашып бермедің деп жағымнан тартып жібергені жоғарыда жазылған-тын. Екіншісі, 1966 жылдың шілде айының оныншы жұлдызында көрсетілді. Реті келгенде кім кінәлі, кімнің қателігі екеніне көз жеткізіп, сөз арасында үзік сырдың ашық айтылғаны да жөн секілді, мойындаған да адалдық айғағы ғой. Осы оқиға былай өрбіген болатын.

Несіп Қалымбетова Қызылордадан немере қарындасы Адел телеграмма жіберіпті, жетінші – «Москва-Алматы» пойызымен Алматыға бара жатырмын депті. Бекең қарсы алғысы келді. Кешкі тамақты қарындасыммен ішемін деп, жеңіл жүрек жалғап, шәй ішіп, маған: «Сұлеке, қатты шаршап келдім, пойыз түнгі сағат он бірде келеді, екі сағаттай мызғып алайыншы. Сен анама кешкі тамақты өзің берші»,– деп тапсырма берді де жата қалды. Мен дайын тамақты ыстықтай ішіп алсыншы деген ниетпен алюминий тегешіне құйып алып бөлмесіне кіріп: «Апа, тамақты ыстықтай ішіп алыңызшы! Балаңыз кейінірек ішетін болды», – дедім. Енем: «Ол қайда? Мен тек сонымен бірге ішемін, апара тұр», – деп қабылдамай қайтарды. Енем үшін түнгі он екі өте кеш қой. Сөйтіп, Бекеңнің қасына барып: – Беке, апама өзіңіз ұстатып барып жатыңызшы, сонан кейін ұйықтарсыз, дей бергенімде, шиыршық атып сол жамбасына аунап түсті де, кереуетке жақын тұрған менің ішіме бір тепті. Мен құлап қалдым. Шыдамның да шегі бар емес пе! Тұрдым да бір тегеш тамақты туалетке төгіп ағызып жібердім. Ол кездегі су жиналатын бачок биікте болатын еді ғой. Судың сарылын естіген Бекең туалет есігіне жеткен екен. Аяғындағы шәркейін (тапочки) тез жұлып алды да дәл төбемнен бірнеше рет періп-періп жіберді. Киініп шығып бара жатып: «Біз келгенше үйді босатып қой!» – деді. Сөйтіп, сағат он бірде келетін пойызға сағат сегізде шығып кетті. Ілезде төбемде жұмыртқадай ісік пайда болды. Жағдайым табанастында күрт, бірден нашарлап кетті. Теле-

Тағдыр мен тағылым фонмен жедел жәрдем шақырдым. Жаз айында ағаш жапырақтарынан үйдің нөмірі көрінбейді екен, табу қиынға соғып машина кешікті. Балкон енеміздің бөлмесінен шығатын. Зорға, төрт аяқтап еңбектеп шығып машинаға қол бұлғадым, айқайладым. Бірінші қабаттағы Зинаида Захаровна деген көрші әйел біздің пәтерге көтерілді де: «Саған көмек керек пе?» – деді. Мен оны бір жастағы ұлым Алтайжанның қасына қалдырып кеттім. Перзентханаға келісімен босанып қойдым. Қызымның салмағы да өте аз, жеті айлық боп жетілмегендіктен нәзік, жиырма бір күн кюветте жатты. Оны балалар мен аналарды қорғау ғылыми зерттеу институтына уақытша күтімге беруімді өтінді. Мен келіспедім, өйткені дәл өзімдей күтпейтінін сездім, күдіктендім. Сол жиырма бір күн күндіз-түні ойлағаным екі балам болды. Күйеуім күнде ұлын көтеріп келіп тұрды. Ұлым – Алтайжаным өте ұяң, жүдеу. Мені сағынған түрін көріп егіліп жылаймын. Көзі тостағандай үлкен, жасаурап, жылауға қорқып, мұңайып қарап тұрады. Осындай түрін, күйін көргенде жүрегім жарылғандай күй кешемін. Перзентханадан үйге оралғым келмейді. Жалға бас­ пана іздестіріп көмектесетін де ешкім жоқ. Жапанда жалғыз өсіп жалғыз қалған теректеймін. Барар жер, басар тауым жоқ пенденің күйін кешудемін. Тағы да «жетімдік желінің» сөз, тіл жетпейтін айқын көрінісі. Ешқайда кете алмаймын, қайда барғандаймын!.. Әрине, менің адал асты төккенім қателік, бірақ арнамысым жоғары, күштірек... Не үшін?.. Үшінші жағдай – 1969 жылдың сәуір айының

Несіп Қалымбетова аяғында енемнің жетісін бердік. Дәл сол кезден бастап орталықтан жылу беру жүйесінің мерзімі біткендіктен үй өте салқын. Ертең май мерекесі деп үйдің ішін жинастырып, ретке келтіріп жатырмын. Енемнен екі зат қана қалыпты. Бірі темір кереует, екіншісі – күйеуімнің екінші әйеліндегі қызының «Индира, 1956 жыл» деп жазылған, қолдан тоқылған терме алаша. Басқаның барлығы «тәбәрік» делінетін талапайға түсіп кеткен еді. Бұл алашаны үлкен жеңгесі Аяткүл Алматыға қоныс аударғанда арнайы тоқып әкеліп тарту еткен, ұзындығы 3,5 метр, ені 2,0 метр еді. Жуылған еденге алашаны төседім, өйткені Алтайжаным 1965 жылы, Сәулем 1966жылы, Аидам 1967 жылы туылған кішкентай құлындарым ғой. Үшеуі тоңбай ойнайтын болды деп қуанып жүрмін. Үйде басқа төсейтін төсеніш жоқ қой. Қолыма билік тигендегі алғашқы батыл қадамым, ешкімнен рұқсат сұрау қажет емес деп ойладым. Бұрын енемнің астында жататын. Сөйтіп, аяқ-қолымды жуып ваннадан шықсам төрдегі алаша жоқ. Аң-таң болдым. Енемнің бөлмесіне кірсем Бекең алашаны нишаға тығып жатыр екен. Мен ваннада жүргенде келіпті де, алашаны көре сала жинап алыпты. Мен: «Мұныңыз қалай?» – дедім. Ол: «Бұл менің Индира қызымдікі. Тұрмысқа шыққанда апарып беруім керек», – деп қарап тұр. Бұл қылығына енді қалай шыдарсың?! Намысыма тық етіп қатты тиді, ашуланып: – Беке! Қызың ең әуелі тойға шақырсын! Ол шақыра қалса, бұған түкті кілем қосып апарамыз ғой! Ендігі жерде бұл үйде осы алаша қалсын, не мен тұруым керек, – деп суырып алып

Тағдыр мен тағылым балконнан лақтырып жібердім. Осы кезде ол үш-төрт рет жұмырығын жұмсады да, шығып кетіп алашаны алып кірді. Тағы да қайта лақтырдым. Ол қайтадан алып келіп қылығын қайталады. Ашуымды баса алмай үшінші рет лақтырдым. «Сізді семьяңыздан айырған мен емеспін! Мен келгенде алтыншы жыл бойдақ едіңіз! Мынау үш баланы мен айдан әкелдім бе?! – деген көп сұрақтарды жаудырдым. – Бәрі сіздікі емес пе? Әлде мені жынды санайсыз ба?! Мен сөз түсінбейтін адаммын ба? Бұл алашаны да басатын кінәсіз сәбилер! Аясаңыз етті! – деп жылап жүрмін. – Жарайды, мейрам күндерінде, тіпті күн жылы­ ғанша жатсын. Кейін жинап қой деп түсіндір­мейсіз бе? Ақылмен айтсаңыз болар еді ғой, – деп бақырдым. Ол киінді де шығып кетті, қайтып кірмеді. Таңға дейін көз ілмей күттім. Жан дүнием әлем-жәлем. Аяқ астынан көз алдымда өзімнің өзек жарған үш балам оған қапелімде екінші сорт, өгей сияқты көрінгендей сезіндім. Бұл қылығы мені қатты алаңдатты. Әмбе, жүйкемді енем марқұм тоздырған, жүдеткен шақ еді. Дәл сол сәтте, енем үшін ғана мені ұстап шыдап келгендей миымды сайтан ой шарпып өтті, құдай сақтасын, кешірсін!.. Сол жаман алашаға бола ажырасқан, көрмегелі пәленбай жыл болған әйеліне өз аяғымен сүмірейіп барды-ау! Ар-намысы мен абыройын жоғалтты ғой деп уайымдап, күйіндім. Үйді басыма көтеріп қатты жыладым. Түске таман Аяткүл абысыным келді де: «Ау, не болды сендерге? Бала (Бекең) алашаны өзіме әкелді,

Несіп Қалымбетова қонды», – дегенде ғана жүрегім жайланды, уһ деп тынышталдым. Бекең Аяткүл абысыныма: «Қызға өзің бере жатарсың», – депті. Абысыныма мен: «Мамкамау! Келгеннен бері көрген қорлығымды сізге айтудың қажеті жоқ. Өзіңіз қолында тұрдыңыз, көрдіңіз. Барлығын енемнен көріп, төздім. Қайныңыз да көп нәрсені дұрыс істемейді екен ғой, өзі де нашар адам екен», –дедім. Абысыным мырс етіп, күлімдеген жылы көзімен қарап: «Бибіден екеуміз де көресіні көрдік, рас. Балаларының арқасында екеумізді билеп-төстегені есте қаларлық жағдайларға толы. Ендігі жерде ауызбірлік сақтаңдаршы! Бала тату-тәтті өмірге ылайықты. Жаным, сен оны кешірші» деп, жақсы сөздерін, ақыл-кеңесін аямай айтып жатты. Екеуміз шәй-пайымызды ішіп қызу әңгімелерге бөгіп кеттік. Бекең бұл әңгімеге қайтып оралмады, ақталмады. Қалған өмірінде тентектігін бірде-бір қайталаған емес. Дәл менің енемдей ана-енелер аз, некен-саяқ, сирек кездеседі ғой. Бірақ, ол өз заманының өлшемімен, тәрбие-тәртібімен, әдебімен, әдет-ғұрпымен өмір сүрген өз ортасының еркін, ауызға ілінген өр мінезді айтулы өкілі болғаны да мәлім. Атамыз Қалымбет марқұм білімпаз, арабша өте сауатты, көп кітаптар жазған дін білгірі болыпты. Енемнің мен үшін ұнамсыз ұстаз, сүйкімсіз жан болғаны рас еді ғой. Дегенмен, оның әрбір ұрысқырғыны тәжірибе-сабақ, өмірлік әдістеме сияқты болғанын кейін мойындап отырмын...

Тағдыр мен тағылым Аналар тумысынан, жаралғаннан балаларының бақытын бірінші кезекке қоятын, ойлайтын жан иесі ғой. Шамам келгенше өз қолыммен жамандық, қиянат жасамаудың жолын табуға талпындым. Тек Жаратушының құзырындағы, билігіндегі жағдайлар мен құбылысқа әрекет ете алмайтынымды түсіндім, білдім. Екеуміздің де задымыз әйел болғандықтан, біреуміз – ана, біреуміз қызындай боп үйлесімді өмір сүріп, отбасының сыйластық сәнін, риясыз сенімін арттырып өмір кешуге толық, молынан мүмкіндіктер бар, жеткілікті еді. Енемнің құндылықтарды бағалауы мен көзқарасы өзгеше болғандықтан ортақ тіл табысу қиынға соқты. Үйдегі күнделікті тыныштық тынысы, яғни, атмосфера енемнің көңіл күйіне тікелей байланысты болды. Қиындықтарды шиеленіссіз шешіп отыру тек үндемеу, оның деңгейіне түспеу арқылы іске асырылды. Халқымыздың «Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса, үйренгеннен не пайда, қарымтасы қайтпаса», – дегеніндей бар білгенімді отбасыма қолдандым, тиімдісін пайдаландым. Татулықты, береке-бірлікті сақтауға тырыстым. Қазағымның «ұра берсең шайтан да өледі» дегеніндей, етің үйреніп елемейді екенсің... Енем мен күйеуімнің өзімнен көп үлкендігі, жас айырмашылығы да ықпалды әсер етті, сондайақ кедергілер тудырғаны да ақиқат. Өмірде кейде ай сияқты толып, кейбірде әлсізденіп солып

Несіп Қалымбетова жүрген шақтарымды екеуіне айтпай өзімнің шамашарқыммен ойланып, өткеріп жүрдім. Бақилық болғанынша Бекең анасын өмір символы етіп ұстап, құрмет тұтқанын: «Әй» демей анаңа Өмірден өттің-ау! Ардақтау, аялау үлгісін Ұрпаққа аманат еттің-ау! «Әй» демей әлпештеп Ақ сүтін ақтадың, Дұрысын, бұрысын Сын айтпай жақтадың. Мұңайған кезінде Рух беріп мақтадың, «Өз шешем – өзіме» дегенде Қалушы ед еркелеп, бақ дарып. Сен демей, серік қып, Даналық ектің-ау! Шеберлік сабақтың үлгісін Үйретіп, көрсетіп, жоспар ғып кеттің-ау! – деп суреттеп поэзиямен ұластырып, бейнелеп айтқым келді. Бала кезімде бастауыш кластарда (1949-1954 жж) дүлділ ақын Жамбыл атамыздың Сталинге арналған өлең жолдарын жаттап өскен едік. Атамыз: Туған күндей дер едім Күндіз бар да түнде жоқ,

Тағдыр мен тағылым Туған айдай дер едім Түнде бар да күндіз жоқ, Теңеу таппай, сөз таппай Қиналған Жамбыл жері осы, – дегеніндей, дөп басатын теңеу таппай отырмын. Осы өмірде жүз жасқа келген аналар да саусақпен санарлық қой. Анасын осындай жасқа келгенше әлпештеп, аялап келген адам екеу болса, біреуі – Бекең, ал, біреу болса, дәл Бекеңнің өзі дер едім. Өйткені ол өзінің қара басына қатысты тіршілігін тек анасы үшін арнаған, құрбан еткен азамат. Шынымен де теңеу, тіл, сөз жетпейді. Маңайындағы абысынажындырына, келіндеріне қырғидай тиіп құрмет көрмеген, абырой алмаған. Жалғыз баласына ғана сенген қария. Ал, енемнің аузынан шыққан алғыс сөз бе, жарлық па, бұйрық па, тілек пе бәрібір, бүкіл әрекетін орындаған, ана сыйлаудан алдына жан салмайтын адам – ұлы Бердіқұл, ол ана сыйлаушыларға үлгі – эталон деген дұрыс. Ертеден-ақ қазақ арасында, ауылда: «Жаман сөзге үйір болмаңдар, ермеңдер. Қарғыс, теріс бата алмаңдар» дегенді естіп өстік. Бәтес жеңгемнің бақылауында болғанда екі күннің бірінде қарғыс сөзді жазбақ түгілі, жалғыз отырғанда еске алуға қорқатын едім. Есіме алсам жүзеге асып нақты жағдайға айналатындай көретінмін. Көңіліме «естігенім – өтірік, көргенім – шындық» – деген сөзді демеу етіп, тәңірден іштей жалынып, жалбарынып өтірік болуын сұрайтынмын. Дыбыстап, дауыстап айтуға зәрем ұшатын, қарғыс сөз екенін түсінемін.

Несіп Қалымбетова XXXV 1978 жылы 16 ақпанда өмірсерігім Қалымбет ұлы Бердіқұл өмірден озды. Тауым құлап, қайғыдан қан жұтып зар илеп қала бердім. Қайғыда жүріп қарғысты ұмытып, есіме алмаппын. Бәтес жеңгем кенже қызын ертіп бата жасап жазда келді. Сол кезде оның төртінші қабатқа дауыс қылып көтеріліп келе жатқанын көргенде жүрегім дір етіп, қақ айырыла жаздады. Оның зарлаған дауысы жалған деп есептедім. Осы жағдайды маған тілеп, шындыққа айналдырды деп түйдім. Үйге де кіргізгім келмеді. Бірақ, оның ит өлген жерден, алыстан келгендігі мен жасын сыйладым. Кіре бергенде оның: «Барған жерде байың өлгір, байталдай кісінегір!» – деген әдепсіз, жаман, ащы, бейауыз жанды сөзі санама сарт етті. Жүзеге асқан жанды сөзі жанымды кеміріп, екі-үш күн қонғанда жақ ашып әңгімелеспедім. Тез қайтқанын қаладым. Қазіргі заманда сөздің құдыреттілігін зерттейтін ғылыми адамдар сөздің шындыққа (материализация) айналатындығын жоққа шығармайды. Құдыреттілігі күшті, ауыр ащы сөздерді астарлау (перефразировка) арқылы, әдеппен әрлеуді ұсынады, яғни тура, тікелей айтқанда мынадай мағана аламыз, ал астарлап айтқанда мынадай мазмұн аласыз дейді. Мысалы, «проблема» десеңіз үлкен бір ауқымды мәселені шешудің керектігін айтып тұрғандай қабылдаймыз. Ал, «проблема» сөзін «ситуация» сөзімен астарласаңыз, жеңілдеу шешілетін ахуалды, жағдайды елестетеміз.

Тағдыр мен тағылым Міне, «байың өлгір...» деген сөзді елестетсек аласапыран қайғы-қасірет, жылау-сықтау, астаң-кестең берекесіз тіршілік көз алдыңызда пайда болады. Бар гәп, мән-мағана бұйрық ретінде айтылып жатқан жоқ па?! Мұны қалай, қайтіп ұмытуға болады?! Жалған дүниеде 37 жасымда, 38-ге енді қарағанымда шиеттей бес баламен, алды 13-ке толмаған, 12 жас, 11 жас, 5 жас, 2 жас балапандарыммен шырылдап жесір қалдым. Шаршадым-ау!.. Жүрегімнің ең жанды жеріне жара боп жабысқан «жетімек» сөзі мен «байың өлгір...» деген қарғыс пәни дүниеде емі жоқ «мәңгілік таңба» болды, яғни осы екі сөз тек менімен қара жерге бірге кетіп қана ұмытылатын, артық айтылған арсыз сөздер еді. Елден кеткеніме алпыс жыл болыпты, бірақ ұмытылмады. Бұл ана сүтімен, әке қанымен туа біткен мінездің генетикалық ұстанымы ма, әлде менің қаттылығым ба? Түсініксіз. Сырт көзге менің шыдаған күндерім мен жылдарым қарапайым қу тіршілік боп көрінуі ықтимал, бірақ мен бүкіл ісәрекеттерімді, аналық парызымды атқарған ұланғайыр еңбегім деп бағалаймын. Таңғаларлық жағдай: мені үнемі Жаратушы жақтап, қолдағандай сезінемін. Қайда барсам да күтпеген, ойламаған жерден, тосыннан, автоматты түрде ырыздығым, несібем табылып, бұйырып тұрды. Мектептен кейін Қарағандының тігін фабрикасының ФЗУ мектебіне кешігіп келсем де қабылдандым. Тұл жетім ретінде талонмен тегін тамақтандым. Жұмысқа тұрып өзім табыс тапқанша ашықпадым. Тегін киім

Несіп Қалымбетова берді, стипендия алдым. Екінші дәлел (аргумент): екі жылдан кейін Алматыға келіп Мемлекеттік қыздар педагогиялық институтына түстім, конкурссыз қабылдандым. Тағы да бес жыл талонмен тегін үкімет есебінен тамақтандым, жатақханада тұрдым, стипендия алдым. Үшінші аргумент: институтқа түсе сала Табақсовхозға темекі теруге кеттік. Асханада аспаз (повар) болып істеп, тоқ жүріп, 90 сом айлық алып қайттым. Бұл көктен түскен тосын сый болды. Керекті дәптер, қалам, қағаз алуыма септігін тигізді. «Похвальный лист» делінген мақтау қағаз берді. Бәрі де күтпеген қуаныш болатын. Төртінші аргумент: институттағы студенттік жылдардың бірінші, екінші, үшінші курстарынан кейін жыл сайын Қостанай облысының Амангелді, Қарасу, Орджоникидзе аудандарының тың жерлерді игеру кезіндегі науқанында егін орағына қатыстым. Сөйтіп, үш жыл қатарынан студенттік бригада құрамында комбайншылар, трактористер, штурвальщиктерге және он қызға тамақ дайындайтын аспаз болдым. Қыздардың табыстары тамаққа зорға жететін. Ал, мен аспазға белгіленген (фиксированный) айлығымды аламын әрі қырманда кешкі сағат жетіден түнгі он екіге дейінгі істеген жұмысыма қосымша ақша алатынмын. Осылайша, жылда өзімнің табысыма киім-кешек алып, үсті-басымды тоздырмадым, жаңалап толықтырып отырдым. Осы үш жылда да Қостанай облысының мақтау грамоталарын алдым. Тіпті, 1956 жылы тоғызыншы класта алған «За освоение целинных земель» деген медалім де бар екен.

Тағдыр мен тағылым Барлық мақтау құжаттар үй мұрағатында сақталған. Бесінші дәлелім: өмірімде қиялдасам түсіме кірмейтін, жетпіс жыл тізе қосып өмір сүрген он бес мемлекеттер бірлестігі ыдырап, «Егеменді ел» атанған 1991-1993 жылдардағы өзімнің молшылығыма таң қаламын. Дүкен сөрелері жау шапқандай бос еді ғой. Менің үйімде ұн қабымен тұрды. Дастарқанымда күнде үйме табақ нан болды. Ырысым, берекем кеміген жоқ. Балаларымның төртеуі студент болғандықтан «Орбита-4» ықшам аудандағы наубайханаға «тестомес», яғни қамыр илеуші болып орналастым. Күніне 50 келелік тоғыз қап ұннан нан иледім. Сөйтіп, күніне келісілген мөлшерде тиесілі нанын (барлық жұмысшыларға бірдей) алып және бекітілген айлығын алып тұрдым. Осылайша бір Алладан несібем аспаннан жауып тұрғанын мақтан етемін. Жаратушыға мың да бір алғысымды жаудырып, шүкіршілік айтып есіме аламын. Бұл да бір тәңірден келген «тағдыр сыйы» сияқты жағдай, көмек болды. Балаларымның киімі де, ішкені де ешкімнен кем болмады. Бес құлыным – балаларымның қарнын ашырмадым. Шертер сыр аз емес, бірақ сыртқа шығарып жеңілдеу мүмкін емес-тін, яғни көз жасымды балаларға көрсетіп жасыту әлсіздік, тек жасырын жастыққа сіңіру қалатын. Қанша қайғырып қан жұтсам да, мұңайып мұз құшсам да қателіктерден қағыс, жамандықтардан алыс жолдарды тауып шығу амалдарын қарастырып отырдым. «Достарыңның

Несіп Қалымбетова алды болма көз тиеді, арты болма сөз тиеді» дегендей, алды болдым деу артық, соңы болмағаным шындық. Тағдырым түймедей тіршілік оқиғасынан, яғни кітап әкелуден басталып, менің түпкілікті түйедей ғұмырымды өзгертіп, отбасылық өмір өткелімнің басталуына себепші болды. Сол күннен басталған өміріміздің бүге-шігесіне әбден қанық Бекең ауруы асқынып жүрген кездерінде маған: «Мен өлімнен қорықпаймын. Өле беруге әбден болады. Балаларым әлі-ақ азамат боп өседі. Ханға сәлем бермейді – деп, маған сеніммен қарап: – Тек Сұлекем болмаса!..» дейтін-ді. Көзі тірісінде-ақ мені рухтандырып, жігерлендіріп, қайратымды бағалап, осы фразасын әлсін-әлсін қайталап қоятын. Оның негізгі ойын, мақсатын түсініп тұрсам да сезбеген болып, өкпе-наз айтқандай, жорта: «Менің арқамда сіздің балаларыңыз қашан ханға сәлем беріп еді?!» – деп, еңсесін, көңіл күйін түсіргім келмей қатқыл үнмен тоқтатып, қайтарып тастайтын едім. Өлім жайлы әрі қарай сөз өрбіткім келмейтін. Себебі, табанда қандағы қант мөлшері көтеріліп, денсаулығы күрт нашарлап кету қаупі тұратын. «Ердің уәзірі – әйел» дегендей, шын мәнінде бар­ лық істері мен жұмыстарынан хабардар едім. Өз білгенім­ше, мүмкіндігімше ақыл қосатын, айтқанын екі етпей­тін, мүлтіксіз орындайтын қосағы болдым. Оның ақылы азық, айтқанын алтын заң етіп қалыптастырдым. Бала тәрбиесі мен үй тіршіліктерінен мүлде босатылған. Бәріне өзім үлгіретінмін.

Тағдыр мен тағылым Уайымға берілмеуін, көңіл күйінің бірқалыпты болуын қадағалайтынмын, демеу болуға тырысатынмын. Оның айтқан сөздеріне, ақыл-нақылына мән бе­ріп жадымда сақтап қалуға тырыстым. «Ай түнде ке­рек, ақыл күнде керек» дегендей, айтылғанының бар­лығы өмір жолымда азық болып, қолданылып келеді. Жүрегім бірде жараланса, бірде жазылғандай көремін. Барлығын ой елегінен өткізгенімде артта қалған қыруар қиындықтарды жеңгеніме мақтанамын, таңданамын, бақытқа балаймын. Көп алдында перзенттерімнің аман-есен өсіп, өмірден өз орындарын тауып, біреуден ілгері, біреуден кейін отбасына ие болғанын, құрбыларының арасындағы абыройын ашық айтып мақтанып қойғанымды байқамай қаламын. Жер дүниедегі, тіпті әлемдегі қымбатым – балаларым көз қуанышым, өмірдегі негізгі байлығым. Делебем қозып, немерелеріммен де қатты мақтанып қоятын кездерім аз емес. Осылайша мен сырт көзге бәрі сақадай-сай, төрт құбыласы түгел, бәрі ойдағыдай бақытты жандардың бірімін. Көпшілік арасында көргенбілгенімді ашық айтып, өзімді еркін ұстап отырғаныма қызғананышпен қарап, бір тарының қауызына зорға сыйып, ұнатпай өртеніп отырған көзқарастарды байқамау мүмкін емес. Сәтті шыққан сөздерімнің өзін сан-саққа жүгіртіп, орман өртіндей лаулатып, өсекке айналып, түрленіп, құлағыма қайта жетіп өзегімді өртейтін жағдайлар да жетіп артыла-

Несіп Қалымбетова ды. Ол еңсемді езіп, рухымды басатын, тығырыққа тірейтін. Алайда, тіршілік бар жерде мұндай жағдайлар әркімнің басында болатыны хақ, мен солардың бірімін. Бақыт та басқа мәңгі орнамайды, қайғы да басқа жабысып тұра бермейді, бәрі де салыстырмалы, өзгереді... Қасіретімді мол еткен, еңбегімді сор еткен, көз жасымды көл еткен көп жылдар артта қалды. Үй болған балаларымның көмегі көлдей. Салмақтары жоқ, қуаныштарым көп. Барлық тауқыметті жеңе біліп, игі жақсылықтарды көре жүріп бақытқа жеткен адам бақыттың баянын, тұрмыстың қадірін көбірек, тереңірек бағалайды екен. Адамгершілік, сенім, мейірім, шындық сияқты құндылықтарды бойына сіңіріп жүріп еңбектенеді, өседі, қуанады. Жетімдік пен жесірлікті ешкімнің Тәңірден сұрап алмайтынын адамдар бағзы замандардан біледі, жамандығынан осылай болмайтыны да белгілі. Осы заңдылықты біле тұра жаныңды жаралайтын, болмысыңды қаралайтын, намысыңды қорлайтын сөздер мен қылықтарға әзір, бейім тұратынына таңқалмасқа болмайды. Бекеңмен бірге өмір сүрген кездерім еріксіз есіме оралады. Байлық та, барлық та, т.б. қажеттіліктердің бәрі ішкі рухани мәдениеттілікке жетпейді екен деген тұжырым жасаймын. Шіркін-ай, табиғи, адами қасиеттер бойымызда көбірек болса ғой деп күрсініп, туған елімді есіме аламын.

Тағдыр мен тағылым XXXVI Мен елден 1958 жылы кеттім. Мүмкіндігімше, алыс-жақын туысқандар дүниеден озғанда қазаның қайғысына ортақтасып барып жүрмін. Сонда анамның көзін көргендер, білгендер 20-30 жасқа келгенімше Хадишаның қызы екенсің-ау деп танып, қайтадан құшақтап, көрісіп жылап жататын еді. Өстіп жүрегіме жылу шашып, емірене елжіреп көзкөргендер шешемді есіме салушы еді. Мейрім-шапағат шашқан қадірлі, қайырымды адамдар солармен біткендей. Қарапайым елдің, ауылдың адамдарының ешбір өлшемге сыймайтын, баға жетпейтін, ештеңе дәметпей көрсететін құрметі, қасиеті, толып жатқан іс-әрекеттерінің шоғы солармен бірге сөнгендей, мәңгі жоғалғандай. Өкінішті... Міне, осындай көзге көріне бермейтін, әркім байқай алмайтын түйіршіктей ілтипат, риясыз ықылас менің жүрегімде. Арада алпыс жыл өтсе де жадыма мәңгі ұялап жатып қалғанын қарасаңызшы! Тамаша естелік емес пе? Нәзік, назды көрініс. «Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде» дегендей, алалықты алғаш рет анам қайтыс болысымен бірден, ерте сездім, байқадым.Туған анаммен және Айдархан ағамның отбасымен етене араласып жүрген туысқандардың алақол, арам пиғылдары тайға таңба басқандай боп бірден менің «бала көзіме» түсіп, шоқтай басылғаны рас. Дәлірек айтсам, мені тәрбиелеп жатқан Бәтес тәтемнің қыздарына сол кездегі метрлеп сатылатын атлас ленталар (шашбау) әкелетін. Қастарында тұрған

Несіп Қалымбетова маған титтей бірдеңе ұстатуға жарамайтын, бата алмайтын... Тек шешемнің арқасында ғана кемсіту мен тіңсіздікті білмеппін, көрмеппін деп мұңаятын едім. Үлкендердің осындай түкке тұрғысыз майдалығының арқасында жүрегімнің талай қансырап жараланғандығының, езілгенінің есебі жоқ. Көбінесе өзім осындай жағдайдың алдын алып, әкелінген сыйлықтарын үлестіріп, таратып берген соң ғана үйге кіретінмін, шақырғанда ғана баратынмын. Жаутаңдап сүмірейгім келмейтін, бірдеңені сылтауратып шығып кетуді жөн санайтынмын. Ұлтымыздың ұлы ақыны Абай атамыз да жалғызсырап, көңілі құлазыған кездерінде: «Атадан алтау, анадан төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ...» деп, наз өкпесін айтқанда, ол заттық, материалдық көмекке зәру емес, рухани қолдаудың жоқтығын, жетіспегендігін меңзеген. Түсініп, ақыл қосатын көмектің болмағанына қажып қиналған, налыған. Өмір сүрген заманының кереғар қайшылықтарын, олқылықтарын жоюды көксеген. Мен не қаржылай, не рухани қолдауды көрмей, иісін білмей, екеуінен де жұрдай, мақұрым болып бойжеттім. Бекең соғыстан оралған соң анасын арқалап жүріп оқыған кездерінде екі ағасынан қалған үш інісінің жоғары білімді болуын мақсат еткен. Алматыға көшіріп әкеліп қаржылай көмектесіп, үй алып беріп орнықтырып, оқуға түсіргені ағайындарға әйгілі. Біз үйленген соң келушілер көбейді. Алматыны қыдырып тамашалауды үрдіске айналдырды. Оқуға

Тағдыр мен тағылым түсу, емделу, тағы да басқа себеп-сылтаулармен келіпкетіп жататын, төріміз босамайтын-ды. Жетім-жесір отырғанда да қыдырушылар азайған емес. Бір ай, жарты ай жатып бір бөлке нан, балаларға бір рет балмұздақ әпермей қайтатын сабаздар табылатын. Беймәлім ақынның: Ақылсызға айтқан сөз Далаға атқан оқпен тең, Ойсыз кеуде мисыз бас Үйіп қойған боқпен тең, Қадіріңе жетпес көп туыс Бар болса да жоқпен тең, – дегеніндей болғаны шындық. Өмірден озғанына қырық жыл болса да ағасының ұрпақтарының басын қосып «көңіл шәй» берген емес. Бұл жалған өкпе емес, деректі мәлімет. Шындықтың шырылы – ұрпаққа естелік, тарих тәлімін білген ләзім. Біраз кейіпкерлердің дүниеден озғанына көп болды, топырақтары торқа, жандары жұмақта, иманы саламат болсын дей отырып, әруақтардан кешірім сұрай отырып, айтылған мен жазылғандар оларды түзету немесе кек алу емес, бәрі кеш, тек өмірімдегі тарихи дерек ретіндегі естелік. Туысқандардың бізді біржақты пайдалана білгенінен біз кедей болмадық, олар байып кеткен жоқ... Малға табынған надан, шіріген бір байдын мың жылқысын барымташылар айдап кетіпті. Бай жылқыларының қаншасы кемігенін сұрапты. Айдалған жылқының саны «мың» екендігін естігенде бай еріксіз ыршып, автоматты түрде атып тұрған

Несіп Қалымбетова екен. «Мың» деген сөз құлағына түрпідей, өте көп болып естілгендіктен шошып кетсе керек. Қалғанын өз көзімен көруге аттаныпты. Сөйтіп, өрісте жайылып жүрген жылқылардың шетіне келіп тоқтап қараса, ол шеті мен бұл шетіне көз жетпейтін, ұшы-қиыры жоқ көрініске байдың көңілі жайланып, орнығып: «Пай, пай,пай!!! Алғанына қарасам қалмағандай, қалғанына қарасам алмағандай!» – деп шүкіршілік еткен екен. Әрбір мысал әңгіменің астарында тағылым, үлгі жататыны баршаға белгілі ғой. Туысқандар қалыптасқан қазақы менталитетті жалау етіп, заман ағымына бір мезгіл қарап қарайласпастан сүйретіліп өмір сүріп, түкке тұрмайтын құнсыз қулыққа бой алдырып, ар мен абыройды, намысты жоғалтты. Біздің балконда мал, егін өсіріп отырмағанымыз белгілі ғой. Біздің құт-берекеміз ортаймады, ырысымыз қашқан жоқ... Күйеуімнің көзі тірісінде жараса беретін, тіпті мән берілмейтін, білінбейтін. Бұйырған тағдыр барысында көрген қызықтарымызды айтып, жетістіктерімізбен мақтанып, небір тамаша тәтті жан жібітер сөздерді тауып, бірімізді біріміз нәрсіз құрғақ сөзбен жарылқағанда алдымызға жан салмайтын туысқанбыз, қонақжай халықпыз, ұлы ұлтпыз. Ой ошағында әбден қайнап пісуі жеткен, бұққан өмір өнегелерін кейінгі ұрпаққа мысал ретінде, шындықтың кейбір түрлерін бүркелемей батыл түрде жазып кетудің өзі әділ, құнды үлгі сияқты. Өмірдің жақсы, жағымды жағын дәріптеу оңай, ыңғайлы. Жаһанданған заманның тілімен айтқанда менталитетіміз көтермейтін көп жағдайларды айт-

Тағдыр мен тағылым пай, жарияламай, рухани құндылықтарымыздың дәрежесін, деңгейін түсіріп аламыз деп қауіптеніп, абыройымызды қорғау мақсатында көп шындықты көлеңкеде қалдырып жатамыз. Ол рас. Менің пайымдауымша, өмірдің нақты, деректі жағымсыз жақтарын айтып, жазып көрсетудің үлгі алатындай, тәрбие болатындай үзіктерінен жиіркендіру де пайдалы, ұтымды болмақ. Қазақы тәрбиемізде ойтпеңдер, бүйтпендер деген жалаң, жалған құрғақ ақыл айтып, дәйексіз, дә­ лел­сіз қорғағаннан гөрі, «сұйық сөз – су» дегендей мы­салдардың әсері зор, тиімді көрінеді. Қанша бүр­ ке­лесек те, көбіне өмір өз шындығын өзі ашып жатады. Осы ретте Бауыржан Момышұлы атамыздың асыл сөзі ойға оралады: «Өтіріктің балын жалап өмір сүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық» деген екен жарықтық. Қашанда біреуге тікелей жасалған жақсылық пен түрлі ақпараттардан оқылған жақсылықтар естен тез шығатыны белгілі. Ал жағымсыз мысалдар бір оқылғаннан, бір естігеннен-ақ жадыңда жатталып жатып қалатыны, ой салатыны анық қой. Көп пенденің қиыншылыққа балайтын іс-әрекеті түкке тұрмайтын, иненің жасуындай ғана нәрсе болуы ықтимал. Кейде сол тарыдай іс-әрекеттің өзі адам тағдырын 360° С-қа бұрып, түзелмейтін жағдайға (проблемаға) душар етіп, шешілмейтін түйінге айналдырады. Мәселен, күйеуім Бердіқұл Әлімбек атты досымен

Несіп Қалымбетова Қазақ драма театрына қойылымға барыпты. Бірінші әйелімен келіспей жүргеніне аз ғана уақыт болған көрінеді. Театрдағы орын тура әйелі Ұлқайдың артындағы қатардан бұйырыпты. Қойылымға әйелі Бекеңнің қол астында қызмет істейтін Қасыммен барыпты. Оның әйелі қайтыс болған екен. Антракт болысымен Қасым Бекеңнің қасына жетіп келіп: «Беке сенің әйелің екенің мүлде білмедім, – депті де, артынша: – Өзі қандай әйел?» – деп сұрапты. Бекең табанда: «Қасым, сен қызық адам екенсің! Немене, сен базарда тұрсың ба? Сиыр сатып алуға келгендей! Сүтті ме, етті ме, – дегендейсің ғой. Біз тіл табыса алмадық, ал сен тіл табысуың мүмкін», – депті. Келесі күні Бекең бірден ажырасуға арыз беріпті. Ажырасуға сотқа барса тағы да Қасым алдынан шығыпты. Бекең: «Сен неге келдің, ажырасатын біздер ғой» дегенде Қасым: «Беке! Сіз сотқа Ұлқайды жамандамаңызшы, жаман фактілерді (деректерді) айтпаңызшы» – деп жалыныпты. Қасымға уәде беріп кіргендіктен тек «тұра алмаймын!» – деген сөзді ғана қайталадым дейтін еді. Шыққан соң екеуінің қолын қысып, бақыт тілеп тайып отырдым дейтін. Соттың міндеті екі-үш ай уақыт беріп татуластыруды қарастыруы қажет екен, өйткені ортақ ұлы бар. Сөйтіп, Бекең татуласу мүмкіндігінен бас тартқан. Міне, айтылған осы үзік сырының үзінділерін ойсана сүзгісінен өткізе жүріп, тағдыр тауқыметіне қауіппен қарап, өмір сүрдім. Осы эпизодтың өзі үлкен өнеге боп, ақыл мен сезімге тіреу болғаны

Тағдыр мен тағылым сөзсіз. Өмірге үстірт қарамай, тағдырымды түзеуге, сын көзбен қарауға себепші болды. Бекеңнің әрбір қалжыңы, анекдоты, анасына ойдан шығарып айтқан түстері өмірдің қилы-қилы жолдарын түсіндірді, сүйретті, үйретті. Алайда, мен өзімді бақытты жандар қатарына қосқанмен бір әттеген-ай ойымды мазалап тежеп тұрады. Жеткен жетістіктерімді балаларымның әкесі, қосылған қосағыммен бірге қызықтай алмағаным мұңайтады. Өмірдің ыстығы мен суығын Бекеңмен бірге көргенге не жетсін! Бірге қызықтағанда бұл кең дүниедегі ең бақытты адаммын, шынайы бақыттың шын иесімін дер едім-ау. Тегіне тартқан текті, алтындай үш ұлы, екі қызы бар. Барлығының жоғары дәрежелі білімі бар. Ақарлышақарлы семьялары бар. Бесеуінен өрбіген он тоғыз немересі өсіп жатыр. Осы балаларының біреуінің де қызығына қатыса алмады. Дүниеден озғанына қырық жыл болды, өкінішті... Бірақ, Алланың жазуымен болғандықтан шүкіршілік етеміз. Тәубә! Әрине, бүкіл жеткен жетістіктер мен бақытымның түп қызығында, негізінде сүйген жарым, серігім Бекеңнің ұмытылмас жарқын бейнесі, өсиет сөздері, үлгісі жатыр. Асыл тұяқ балаларының арқасында мәңгілік тұлға. Ғылымда абырой-атағы сақталған ғалым доктор, профессор, көптеген монографиялық кітаптары, ғылыми мақалалары әлемдік деңгейдегі қолданыста, мұрағатта бар. Дайындаған ғалым шәкірттері, студент болған шәкірттері Қазақстанның түкпір-түпірінде қызмет атқарып жүр.

Несіп Қалымбетова Саусақпен саналатын тұлғалардың қатарына жататын ірі ғалыммен отбасын құрып, бірге тұрып, ұрпақ өрбітіп өмір кешкенімді мақтан етемін. Қайда барсам да өзімнен бұрын сыйлы мәртебелі тұлға болғандықтан Бекеңнің аты-жөні бірінші аталады да, соңынан мені таныстырады. Ұмытылмақ түгілі Бекеңнің атақ-абыройы менімен бірге жүреді, ол менің бойтұмарым, кеудемдегі төсбелгім (бейдж), қолымдағы есімхатым (визитка) іспеттес. Бұл маған тағдыр тартуы, сыйы, өмірлік сыр, бітпейтін жыр десем қателік емес. Балаларыма мақтанарлық тұлға ретінде дәріптеліп келеді. Екі күннің бірінде сөзден сөз шығып, Бекең жайлы айтылып қалады. Балаларынан Бекеңнің қи­ мылын, әдебін, әдетін көріп қалғанда, еріксіз қайтала­ натын ұқсастығын байқаймын да әкелері жайлы біраз әңгімелер басталып, өмірбаяны ақтарылып, қайталанып жатады, есінде қалғандарын өздері де қоса айтады. Бұл дүниедегі бүкіл тіршіліктің, құндылықтардың бәрінің сұрауы мен жауабы бар. Ол – ақиқат. Амалымыз қанша, өзі арамызда болмаса да қасиетті, рухты әруағы үнемі бізбен бірге, ойға алынбайтын күн жоқ. Осындай айтулы азаматтың көзі тірісінде сүйікті жары, бақилық болғаннан кейін қадірлі, сыйлы жесірі болғанымды бақыт, мәртебе, жадымда жатталған рухани қазына, баға жетпес байлық санап марқаямын, мақтанамын. Менің қолыма қалам ұстатып, естелік жаздырып, ақындықтың оқуы жоқ қой, бірақ, менің ойыма

Тағдыр мен тағылым қозғаушы күш, жігер берген, тіпті композитор (сазгер) боп ән жазуыма себепші Бекеңнің құдіретті, қасиетті рухы деп есептеймін. Ой толқыны кеулеп келіп қанаттанған кезімде нағыз ақын, әнімен дүниені тербелткен сазгер, қаламы төселген жазушы боп кете жаздаймын. (Қалжың ғой). Шынымен де, жазылған жәйттердің көбісіне рухани азық болған, негіз болған Бекеңнің іс-әрекеті, түстері, анасына жасаған, көрсеткен ерекше құрметі, сыйы қолыма қалам алмасыма қоймады. Ал, сағынышым – ең негізгі «тамыздық», қозғаушы күш. Ой толқыны тасығанда туындаған, сағыныштың сарқыны: Ақ сөйлеп, әділ басқан ғалым едің, Өмірдегі байлығым, бағым едің.

Бөліскен аз жыл ғана тауқыметті Патшамдай сыймайтұғын жарым едің, – деген бір шумақ өлеңіме Бекеңнің бүкіл адами қадірқасиетін сыйдырғандаймын. Қадірлі Беке-ау: – Жүрегімнің қыл қобызы сарнайды, Зарлы дауысым құлағыңа бармайды. Өткен өмір көз алдымда көлбеңдеп, Жан-тәнімді өзіңменен жалғайды, – деп, шын, нағыз, тағдыр сыйы, шын тағдыр тартуы болғаныңды дәлелдейтін, айқындайтын өлеңіммен, көп сырларыммен, қыруар мұңдарыммен бөлісіп, тілдесіп отырғандаймын. Иә! «Құмырсқа тасты басса Тәңірге аян, бұл да бір тағдырдағы өмірбаян», – деп нүкте қоймақпын. Айта берсем деректі дастан сияқты. Жаратқанға

Несіп Қалымбетова құмырсқаның басқан ізі аян болғандықтан, әрине, жазылғанның бәрі шындық. Бір Алланың көктен көріп саралап тұрғанын сеземін, сенемін, білемін, қорқамын. Артық айтылғаны жоқ, кем айтылғаны көп... Беке! Тірлікте өмірімді жарық еткен Ақкөңіл адам едің нұрын төккен. Мейірің мен пейілің ұмытылмай, Көріп келем балларыңнан ұтылмай. Өмірі балалардың ұзақ болсын, Бақ-дәулет бастарына мәңгі қонсын. Ешқашан екеумізге сөз келтірмей Аяулы, ар-намысты адам болсын. Осы ғой ата-ананың тәтті арманы, Адамдыққа адалдық бас болғаны. Өмірде әділ жүріп еңбек етсе, Ата-ана мен елінің бақ қорғаны. Мақтаса ұрпағымды биіктеймін, Лағын сүйген кермарал киіктеймін. Қуанған мен қорыққан бірдей деген, Сол кездер көз жасымды ірікпеймін. Беке-ау! Сағыныш пен мұңым саған жетпейді, Бір күнім де сені ойламай өтпейді.

Тағдыр мен тағылым Әр уақытта ақ сағымға оранған Бейнең сенің көз алдымнан кетпейді. Бидай өңді келбетті еді дидарың, Білсең, маған нұрлы шуақ құйғанын. Бірақ маған Тәңірім соны қимады, Бар бақытты қара жерге сыйлады. Қайтейін...

Несіп Қалымбетова Б.ҚАЛЫМБЕТҰЛЫНА АРНАЛҒАН ӨЛЕҢДЕР Қалсам кейде оңаша Жылаймын, Беке-ау, балаша, Көз алдымнан өтесің, Қоштасқан боп кетесің. Сыр елінің сүйкімді, Сылқымы едің, сыры едің. Сөйлеген ғылым тілінде Ғалымы едің, ұлы едің. Жетім өскен мұңымды Тек сен ғана ұқтың ғой. Еркелетіп «Сұлу» деп, Сен де өмірде ұттың ғой... Орның толмас асқарым, Өмірден өткен мұң-зарым. Асылым, қалай қиямын? Жер бетіне сыямын? Өтсе-дағы отыз жыл Жүрегім ылғи жылайды. Артта қалған бес балаң Қалтқысыз мені сыйлайды.... Қойдым көктас басыңа, Кемдеу болса, жасыма. Жас қалды ғой балларың? Аузына қолы жетпеген, Ырза болғын осыған,

Тағдыр мен тағылым Кейін мен де қосылам. Орындалсын арманым, Артымда қалып жандарым. Басыңа жылда барамыз, Бала-шағаң жиналып. Жатқанменен көрінбей, Оқылып құран сыйланып. Ойланғанда еске алып, Өзіңде арман жоқ деймін. Тарихта да қалдың сен, Үлгеріп бәрін алдың сен. Еңбектерің ғылымда Мұра болып келеді. Доктор, профессор атағын Өте сирек береді. Ата жолын қуатын Дарын сирек туады. Еңбек етіп елі үшін Бар өмірін қияды. Ұлы адамдар көбіне Өлгеннен соң сыйланған. Қудаланап тіріде Көпшілігі қиналған. Қайталанбас асылым, Жүрегімдегі бар сырым. Аузымызда ертексің, Шежіресің бітпеген. Әке деп сені қимаймыз, Ғалым деп сені сыйлаймыз. Қиналғанмен қайтейік,

Несіп Қалымбетова Аллаға қарсы тұрмаймыз. Сау-саламат болғайсың Сытылып шыға алмайсың. Күт мені сол үйіңде, Фаниге сен күйінбе. 1998 ж. ҚАНАҒАТ Қасиетті, қадірлі ерім едің, Арқа сүйеп өзіңе еріп едім. Қайғы жұтып артыңда қалсам-дағы, Гранитпен басыңды белгіледім. Ошағыңның отын тек сөндірмедім, Айтарлықтай ешнәрсе өндірмедім. Күнделікті күйбеңнен аса алмай, Ғылымды да тастадым қорғап алмай. Қарапайым, жайдары жылылығың, Күш берді, қуат берді ұлылығың. Қолдап мені киелі аруағың Құт кірді, ырыс кірді шуағыңмен.

  • * Болашақты болжап сен Жоспар сызып кеткендей, Соза бердім қолымды Биікке мен кідірмей.

Тағдыр мен тағылым Қамсыз болсам қайғымен Әлдеқалай болар ед, Талпынбасам еңбекпен Талай мақсат солар ед. Өрмеледім биікке Әйтеуір шыңға шығам деп. Қасірет пен қайғыны Кеудемнен бір сығам деп. Осы арманым Алланың Құлағына жеткендей, Балаларым ержетіп, Қасіретім кеткендей. Мың рақмет Аллаға Айтып күнде ұйқтаймын. Бұрынғыдай уайымдап, Көз жасымды сықпаймын. Асылымның тұяғы Аман болғай әрдайым. Түзеліп менің көшім де Жақсарып келеді жағдайым. Мен өлмеспін аштықтан, Сақтай гөр Алла мастықтан. Несібеме ризамын, Қайырлы болсын жиғаным. 1999 ж.

Несіп Қалымбетова КҮЙЗЕЛГЕН КҮНДЕР Кейбір күндер өмірімді зерттеймін, Қате тауып күйіп кетем өрттейін. Өмір осы кейде қате жетістік Қаша алмайсың бұлқынғанмен күйініп. Күндіз, Беке, көңілімнен кетпейсің, Түнде түстен оқтын-оқтын өткейсің. Бар рухыңмен бізді қолдап жүргенмен Жарық дүние, мына бізге жетпейсің. Бұл дүниеде қанша ұрпақ қалдырдың, Дос-туысқан жүрегін сен жандырдың. Өміріңнің, әттең, қысқа болғаны-ай, Көп жоспардың іске аспай қалғаны-ай. Бауыр етің балаларың жылады, Жай түсіп бір құлағандай тұрағы. Әлі күнге сені әңгіме етеді, Таусылмастан сен жөнінде сұрағы. Еркелеткен Сұлуым деп жарым ең, Бар байлығым, өмірдегі бағым ең, Әттең менің ойым, тілім жетпейді, Сол сәттегі қайғым естен кетпейді. Аспап болса жазатұғын қайғыны, Тұрса тіркеп қасіретті әр күнгі.

Тағдыр мен тағылым Шығарса ғой қортындылап есебін Денсаулыққа келтіретін кеселін. Қайғы ешқашан із қалдырмай кетпейді, Жүйке, жүрек оқтын-оқтын тек дейді. Сақтанғанмен дәрі-дәрмек ішіп тек, Күйіп кетеді өкпе, бауыр, ішім тек. Іште жатқан қайғыны адам сезсе ғой, Сөз етпестен әділ баға берсе ғой. Шығармапты-ау аспапты әлі адамзат Қайғы-дертті жаза-тұғын кейбір сәт. Білінбейтін қайғыны аспап көрсе ғой, Осы жайды айқындап бір берсе ғой. Сонда ғана қояр ма еді пенделер, Дұрыс ойға түсіп мүмкін, жөнделер. Мені қойшы, қиындыққа піскенмін, Жеті жастан талай отқа түскенмін. Ұрпағымды уайымдап жыладым, Қолтығымның астына алып сыладым. Көздің жасын ағыл-тегіл бұладым, Өмірімді өтіп жатқан сынадым. Балалардың болашағын ойлап тек Белді буып, қайраттанып шыдадым. Жаман, жасық, тоз-тоз болып кетпедім, Дүниеде күлкі болып өтпедім.

Несіп Қалымбетова Құдай берген намыс отын лаулатып, Тура қарап, өрге қарай өрледім. Өсек өрті күшті кейде қайғыдан, Жаралайды жаныңды тек арғыдан. Үйренесің Алла салған қайғыға Жазылмайсың адам салған қайғыдан. Талай-талай өткелдерден өттім-ау, Алға қойған мақсатыма жеттім-ау. Олар мынау, балаларды үй қылдым Еміріне сүйіп құштым немере. Сақта Құдай тіл-көзіңнен бізді де, Туған-туыс, жолдас-жора, елді де. Қанағат қып айтам алғыс, рахмет Көрсетпегін қалған жерде тауқымет. 2000 ж.

Тағдыр мен тағылым МАХАББАТ МҰҢЫ Сөзі мен әні Н.Қ.Қалымбетованікі Жүректі түсінетін кірсіз, мінсіз Ерекше махаббат бар тілсіз, үнсіз. Түсінем дәл осындай мөлдір сырды, Сезінем алғандайын биік шыңды. Сағынам өзіңді, Қадірлі сөзіңді. Күлімдеп қараған Мөп-мөлдір көзіңді. От болып лаулап жанып, шаттанамын, Маңайға жылу шашып мақтанамын. Еске алсам сүйгенімді елестетіп Мәңгілік махаббатқа тап боламын. Сағынам өзіңді, Қадірлі сөзіңді. Күлімдеп қараған Сүйкімді көзіңді. Дүрсілі қос жүректің біріккендей, Сағыныш махаббатты тірілткендей. Көп жылғы қайғы-мұңнан серпілемін, Өмірлік күш-қуатты сезінемін. Сағынам өзіңді, Ақылды сөзіңді.

Несіп Қалымбетова Күлімдеп қараған Сүйкімді көзіңді. Қайтадан уайымға берілемін, Ол жақтан қайтпасыңды мен білемін. Шынайы махаббатың тірліктегі Ұялап қалған мәңгі жүрегімде. Сағынам өзіңді, Өсиет сөзіңді. Күлімдеп қараған Сүйкімді көзіңді. (3 рет) 2002 ж. АҚҚАН ЖҰЛДЫЗ Мейірімді, жылы жүзді жан едің, Өзіңе мен еркелеген жар едім. Ұмыта алмай келем әлі өзіңді, Шамшырақтай жарқыраған көзіңді. Ойда жоқта ағып түстің жұлдыздай, Сұлу едің баптап баққан құндыздай. Ақылыңа сай еді ғой мүсінің, Бір көргеннен қалатынсың жүрегінде кісінің. Ерекше еді барлық мінез, есімің, Кесіп айтқан ақылың мен шешімің.

Тағдыр мен тағылым Он екі-ақ жыл отасыппын өзіңмен Қалдым жесір артыңда бар сөзіңмен. Айта берем қай мұңымды таусылып, Кететіндей сөйлей берсем тау сынып. Талай сыр бар шерменде боп бұғатын Кімге айтсам жан дүниемді ұғатын?.. Түсінбейді қайғымды да дәл сендей, Тасқа соқсам қу басымды сор сендей. Мінездерге кейбір кезде таң қалам Тар болатын қызғаныштан бар ғалам. Қапелімде кеттің ағып жұлдыздай, Өзегіме қайғы салып тұрғызбай. Қалай ғана тірі жүрмін, білмеймін, Ажал жетіп, алып кетпей құзғындай! 2002 ж.

Несіп Қалымбетова ӨКІНІШ Асылымнан айрылып бұл өмірде Болған соң жаным бөлек жүремін де. Өмірдің заңдылығы бір Алладан Болған соң кейбір кездер күлемін де. Жүремін жүрегімді қайғы кернеп, Сүйемін ұрпағымды етіп ермек. Айтқан сөз, ақылыңды еске алам, Тілдескендей өзіңмен байып қалам. Қиындық өміріңде көптеу болды, Мақсатың өсімдікті зерттеу болды. Дұшпаның дос-жараннан көптеу болды, Өсірмей дәрежеңді шектеу болды. Аяусыз көрдің өзің таршылықты, Біреулер бағаламас баршылықты. Өмір жолын қалайда көрген артық, Кетпейді дүниені ешкім артып. Болсыншы шаңырағың есен-аман, Өмірде мәңгілікке кімдер қалған... Жауларың қалса-дағы аяқ шалған Өзіңе бәрібір де жете алман. Балларың өсіп-өніп өрбісінші, Кемімесін олардың төр кісісі.

Тағдыр мен тағылым Биіктен көрінсінші ұл-қыздарың, Ол дүниеде шалқысын сенің бағың. 2003 ж. САҒЫНЫШ Көп қасиет бір өзіңнен табылған, Бейнең тұрад ғайып болмай жадымнан. Жесір қалып әбден сағым сынса да, Сүйіктім-ау, күнде сені сағынам. Сырлы-қырлы тағдырыңа қанықпын, Мәңгілік мен сені сүйіп қалыппын. Бағаламай тіршілікте бағымды, Қайғы жұттым, талықсыдым, жаңа ұқтым. Көңілімнің басады ылғи мұң-зарын, Үлбіреген қыздарың мен ұлдарың. Сыртым бүтін, ішім түтін білсең сен Жүрегімді кeрнеп тұрад бір сaрын. Көп күндердің ізі мүлде белгісіз, Қайғыланам кейде адам көргісіз. Бірге жүрсең қол ұстасып тірлікте Бағалар ем бақытымды еш байлыққа бергісіз. Сағынамын күндей күлген көзіңді, Жүрегіме жылу шашқан кезіңді.

Несіп Қалымбетова Мәңгілік сен көз алдымда тұрасың, Жалғыз ғана ұмытылмас тұлғасың. 2003 ж. САҒЫНАМ СҮЙІКТІМ Жұлдыздай аспанда Тұрасың күлімдеп, Алаңдап көңілім Аңсайды сені іздеп. Қайырмасы: Сағынам сүйіктім, Шыңдайын биіксің. Қол жетпес қиялда Ұстатпас киіксің. Әдемі сөздерің Маржандай шашылған, Қиналған кезімде Ақыл боп қосылған Қайырмасы. Аяулым – алтыным, Айтылды бар шыным. Көрінші көзіме Сүйіктім – бал шырын.

Тағдыр мен тағылым Қайырмасы. Санамда сабырлы Сүйкімді мінезің. Қалыпсың ұялап Жүректе бір өзің. Қайырмасы. 2007 ж. МАХАББАТ – БАҚЫТ БАҒЫ Сөзі мен әні – Н.Қ.Қалымбетованікі Махаббат мұңы көзді ұялайды, Жанарда жасырынып қиялайды. Нұр шашып жүрегіңді жаралайды, Жаныңды «отшашу» боп аралайды. Сезімнің нәзік қылын көре алмайсың, Тарту ғып сыйлыққа да бере алмайсың. Жүректің лүпілінен қуаттанған Лаулаған жалынына төзе алмайсың. Махаббат – сенім, шындық мәңгілігі, Болмайтын онда мүлде күдік түрі. Бөлісе алмайтұғын ешбір жанмен Сезімнің ғажап түрі, биік шыңы.

Несіп Қалымбетова Махаббат – жан сезімдер жиынтығы, Көп оның қызық, қиын тылсым сыры. Ар-ождан, имандылық, мейірімділік Ұласса махаббатқа «тағдыр сыйы». Ақ көңіл, асыл сезім аяланса, Биігі махаббаттың саяланса. Бір-ақ рет берілетін бұл өмірде Махаббат «бақыт бағы» бағаланса. 2014 ж.

Тағдыр мен тағылым М А З М Ұ Н Ы Тағдыр ман тағылым (роман)................................................3 Б.ҚАЛЫМБЕТҰЛЫНА АРНАЛҒАН ӨЛЕҢДЕР Қалсам кейде оңаша...........................................................272 Қанағат.................................................................................274 Болашақты болжап сен......................................................274 Күйзелген күндер...............................................................276 Махаббат мұңы...................................................................279 Аққан жұлдыз.....................................................................280 Өкініш.................................................................................282 Сағыныш.............................................................................283 Сағынам сүйіктім...............................................................284 Махаббат – бақыт бағы......................................................285

Несіп Қалымбетова Редакторы Талғат АЙТБАЙҰЛЫ Суретші-дизайнер Бауыржан НАЙМАНОВ Беттеген Дархан ТАЛҒАТҰЛЫ Басуға 19.03.2018 ж. қол қойылды. Пішімі 60х841/16. Шартты б.т. 17,9. Есептік б.т. 18. Таралымы 100 дана. Баспаның Алматы қаласындағы мекен-жайы: Қожамқұлов көшесі 128-39. Тел.: 233-62-23. E-mail: ToganayT@mail.ru ТАҒДЫР МЕН ТАҒЫЛЫМ Ғұмырнамалық роман Несіп Қасенқанқызы ҚАЛЫМБЕТОВА

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙