Мизам шуақ
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Нұрлан Қалқа
Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Қалқа Н. Қ 27 Мизам шуақ: Өлеңдер, балладалар. – Алматы: «Жазушы», 2013. – 192 бет.
– «Жаңа заман əдебиеті. Поэзия» сериясы. ISBN 978-601-200-446-5 Бұл кітапқа автордың кейінгі жылдары жазылған өлеңдері, балладалары енген. Адамгершілікке үндейтін, отансүйгіштік рухтағы, достық пен махаббат тақырыбын қозғайтын ойлы да орамды жырлары өз оқырмандарының жүрегіне жол табады деген ойдамыз. Кітап жырсүйер қауымға арналған. УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-5 © Қалқа Н., 2013 ISBN 978-601-200-446-5 © «Жазушы» баспасы, 2013 УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-5 Қ 27 БІРІНШІ БӨЛІМ СЫРЫМДЫ АЙТАМ... Сырымды айтам сақтасаң, Жүректе жүрген толғантып. Қиын сәтте сатпасаң, Жүремін сені қорған ғып.
Мизам шуақ АСТАНАДА Көктем-ару жаныма шуақ құйып, Бозторғайдың үнiне құлақ түрiп. Мен келемiн бас қала көшесiмен, Сылдыр-сылдыр ағады бұлақ күлiп. Көктем-ару бойымды балқытады, Сезiмдерге бөлейдi жақұт таңы. Жусан исi келгендей əлдеқайдан, Көңiлiмдi көтерiп шалқытады. Көктем-ару қырларда түрленедi, Қыз-жiгiттер алуан гүл тередi. Беткейлердi жауқазын өрнектейдi, Туған жерiм ғажайып түрге енедi. АРМЫСЫҢ, АЛАТАУ Армысың Алатау, асыл арым, Сенде қалды ақ арман, жастық шағым. Самайыма ақ қырау қонақтапты, Жауқазындай бір кезде ашылғамын. Армысың Алатау, арман-дəйім, Жүрегімде бүршігін жайған қайың.
Нұрлан Қалқа ...Тіршіліктің қамытын сілкіп тастап, Аунап-қунап қайтуды армандаймын. ТУҒАН ЖЕР Туған жерден не бар екен киелі, Солай қарай бұрып тұрар жүрегім. Тау мен тасы, сылдыр қаққан бұлағы, Саф ауасы жан сергітіп, түледім. Туған жерден не бар екен қымбатты, Бір мен үшін Қулық тауым жұмақ-ты. Барғанымда жабырқаған көңілімді, Адамдардың ақ пейілі жұбатты. Туған жерден не бар екен қастерлі, (Сағыныштан көзге талай жас келді). Кіндік қаным тамған жерім мың артық, Қанша жерден мақтаса да басқа елді. ӨКПЕЛІМІН ДЕЙ АЛМАЙМЫН... Өкпелімін дей алмаймын өмірге, Ұсақтықты алмаймын да көңілге. Қиындыққа төзіп келем əлімше, Кездерім жоқ болмашыға егілген.
Мизам шуақ Өкпелімін дей алмаймын достарға, (Өтіп кеттік наз айтатын жастан да!) Кей қылығын кешіремін, себебі, Қас жасаудан қорқамын мен достан да! Өкпелімін дей алмаймын туысқа, (Сəл нəрсеге безер болсаң, жуыспа). Қысылғанда болысатын жат жақсы, Ағайынды алалайтын туыстан. Өкпелімін дей алмаймын жарыма, (Құдай қосқан болар менің бағыма!). Кейбіреулер жөн-жосықсыз тиіссе, Сөзім сөйлеп, шығар менің жағыма. Өкпелімін дей алмаймын тағдырға, (Мендей жанды бұл өмірде бар қылған). Амандығын, абыройын тілеймін, Ұрпағымның ерген менің артымнан. Өкпелімін дей алмаймын өмірге, Анам менен əкем отыр төрімде. «Тəубе!» деймін бір Аллаға күн сайын, Ойдан қуып пенделіктің бəрін де. Өкпелімін дей алмаймын өмірге!
Нұрлан Қалқа ТӘУБЕ Өмірге келгеніме, Əлемді көргеніме, Жер басып жүргеніме, Бəріне көнгеніме, – Тəубе! – деймін! Елімде жүргеніме, Тілімді білгеніме, Жадырап күлгеніме, Мəнді өмір сүргеніме, – Тəубе! – деймін! Қазақ боп қаларыма, Ұлт болып тарарыма, Кəдеге жарарыма, Барымды саларыма, – Тəубе! – деймін! ЖАУЖҮРЕК ҚАЗАҚПЫН Мен жаужүрек қазақпын, Бодандықтан азатпын. Елді жаудан тазарттым, Жеңіп шығып азапты.
Мизам шуақ Қайсар, батыр қазақпын, Талай ерлік жасаппын. Шетсіз-шексіз даланы, Қорғап қалған жасақпын. Тегі мықты қазақпын, Жолдан өткен азапты. ...Бабалардың қанымен, Келді бізге Азаттық! ҚУ ДҮНИЕ Мақтанады біреулер байлығымен, Ал біреулер қомақты айлығымен. Кейбіреуі жұмыссыз сандалып жүр, (Нан табудың өзі де қайғы кілең). Мақтан етер шетелдік машинасын, (Амал нешік қу дүние басынған соң?). Жолы болмай біреулер базарда жүр, Амалсыздан қор қылып асыл басын. Мақтанады кейбіреу малыменен, Қорадағы қойының саныменен. ...Біле тұра қу дүниенің баянсызын, Байлықтан іздейді екен бағын неге?!.
Нұрлан Қалқа СЫР Бұрын қандай едім мен, қазір қандай, Болады екен маңдайға жазылған жай. Тым өзгеріп кеткендей күй кешемін, Жастық жігер жоқ қазір, басылғандай. Бұрын қандай едім мен, қазір қандай, Шайтан-ойлар қаумалап азғырғандай. Шаң жуытпай жүруші ем еш пендеге, Дайын тұрам бүгінде жазғырғанға. Бұрын қандай едім мен, бүгін қандай, Ауыр тартып бара ма, жүгім сондай?! Жан баласын жаныма жақын тартып, Асты-үстіне түсуші ем түгім қалмай. Бұрын қандай едім мен, бүгін қандай, (Тұма-ойдың көздері жабылған ба?) Балғын күнгі кіршіксіз қайран көңіл, Есейгенде екіге жарылған ба? Бұрын қандай едім мен, бүгін қандай, (Күй кешемін қайраңға соғылғандай). ...Балаң кезден қалған бір пəк сезімім, «Тəк-тəк» деп мені, жүреді қорып ұдай!
Мизам шуақ МИЗАМ ШУАҚ Қыркүйек келді бүгін шуақ алып, Кеткендей өн-бойыма қуат дарып. Кеудемді ғажайып бір шаттық кернеп, Келемін Қуат досқа сыр ақтарып. Көз алдыда гүлдің де құлпырғаны-ай, Бойым сергіп, көңілге жыр тұнғаны-ай! Жан дүнием жеңілдеп сала берді, Болдым бір сəт ойлардан құтылғандай! Суығынан жылуы бұрын жеткен, Мамыражай айналам бүгін неткен! Мизам шуақ – Табиғат сыйы ғой бұл, Жүректерге мейірім нұрын сепкен. КЕУЕР АПА Кеуерхан, Кеуер апа, асыл жан, Елге келіп сағынышы басылған. Он бес жаста ұзатылып күйеуге, Тауқыметті тартқан екен жасынан. Елу бес жыл көзден жасы сорғалап, Елу бес жыл өткен екен жол қарап.
Нұрлан Қалқа Əке-шеше, бауырлардан көз жазып, (Жапа шеккен қаншама жыл, обал-ақ). Елу бес жыл! Құсалықпен құр өтті, Елу бес жыл! Қансыратты жүректі. ...Құдіреті шексіз екен Алланың, Шын тілесең береді екен тілекті! Елу бес жыл! Өтті! Келді еліне, Туыс-туған шығарды оны төріне. ...Əкесінен таралыпты бір əулет, Сүйсініп ол қарап тұрды бəріне!.. БОЛШЫ АМАН Асыл анам, Жаман балаң, Мұңлы бүгін, Болшы аман. Қызып тəнім, Қалым жаман. Мизам шуақ Ойлап сені, Көңіл алаң. Ғазиз анам, Жүрші аман. Құстай ұшып, Саған барам!
АНАМ АУЫРҒАНДА Анам ауырды дегенде, Ұшқым келді Кегенге. Дəрменсіз мен күй кештім, Қызмет қойды көгендеп. Анам ауырды дегенде, Күйге түстім шерменде. Іштен тынып, қайғырып, Құса болдым мен демде. Анам ауырды дегенде, Дұға қылдым мен демде. Жалбарындым Аллаға: «Жаза гөр, – деп, – тез емдеп!»... Нұрлан Қалқа АТ ҮРКІП... Ат үркіп, ала қашты асып тауды, (Хайуан да жақтырмайды жасықтарды). Сексенде аттан құлап, абайсызда, Қайран əкем əп-сəтте сасып қалды. Сексенде жүрген жанға шалғы тартып, Құрығын салғаны ма, əлде «қарттық»?! ...Атты емес, өзін сөгіп əкем жатыр: «Қойдым ба, – деп, –
тартпаны қатты тартып?!». ҚАМЫҚПА, КӨКЕ Қияға самғар қырансыз, Баhадүр болып туғансыз. Ел үшін еткен еңбегің, Жас өскінге жыр-аңыз, Қамықпа, көке. Ай тұяқты тұлпарсыз, Ерекше туған Тұлғасыз. Қандай қиын кезде де, Іздейтін сізді біз бармыз, Қамықпа, көке.
Мизам шуақ АЛТЫН ДIҢГЕК Тамырларың тереңге таратылған, Бақ пен сордың нəсiбiне жаратылған. Бiр бұтағы қуарса көктемеде, Бiр бұтағы сəбидей жаңа туған. Жапырағы ал бiрде жасыл-желек, Ботаң үшiн төгiлер жасың бөлек. Менiң алтын дiңгегiм қосарланған, Көршiң болып күн сүйген тасың ерек. Дауылдарда жығылмай, шайқаласың, Өмiр үшiн күрестiң, тайталастың. Қыстыгүнi ажарсыз қалғаныңмен, Көктем келсе түрлендiң – қайта жассың. Тарам-тарам бұтағың – паналарым, Əр жапырақ – сырласар ағаларым. Тамырыңнан сеземiн мəңгiлікті, Мұңданғанда саяңды жағаладым. Алтын дiңгек, тот баспас алтындарым, Бiлiп жүргей бiз үшiн парқың барын. Опырылып кетпегей деп күнде мен, Тəу етемiн Жаратқан алдында мың.
Нұрлан Қалқа Сендер маған мəңгiлiк көрiнесiң, Қашан болсын көңiлдiң төрiндесiң. Анам, əкем – мəуелi, алтын дiңгек, Жанымдасың, жүректiң көгiндесiң. АЛТЫН ҚАЗЫҚ Сізді берген Тағдырға мың разымын, Ақылшым сіз, менің алтын қазығым. Жаным жүдеп, жабырқап мен жүргенде, Жүрегімді жылытты ғой əз үнің. Апа, сізді Алла ғажап жаратқан, Ел қамын жеп, түн түрілген, таң атқан. Тілеу тілеп, медет тілеп Алладан, Иманың ғой бізге нұрын таратқан. Апа, сізді берген Аллаһ ғажайып, Сіздей жандар бара жатыр азайып, Дүниені ұстап тұрған иман ғой, Санама сіз құйған нəрді жазайын. Апа, сізбен тілдессем мен жайнаймын, Тарқатылып сала берер бар қайғым. Тіршілікке құмартамын соншалық, Білесіз бе, жаңа жауған қардаймын.
Мизам шуақ Қуат алдым батаңыздан, түледім, Жаңа ғана жасып, жүдеп жүр едім. Қызықпын ғой, қызық жанмын мен деген, Сəл нəрсеге ауырады жүрегім. Күш жинадым ақ ниетті батаңнан, (Керемет қой үлкендерден бата алған). Мұндай тілек естімеп ем əжемнен, Мұндай бата алмаған ем атамнан. Жылы сөзің жадыратты жанымды, Салам енді тек өнерге барымды. Сізге ұқсап, ақ тілеулі апатай, Кірлетпейін ұжданымды, арымды. ...Бір ауыз сөз көтеретін биікке, Бір ауыз сөз кетер жанға тиіп те. Аңдаусызда айтып қалсаң жөнсіз сөз, Қапелімде кетуің тез күйіп те.
Нұрлан Қалқа АМАН БОЛҒАЙ... Жастан-жасқа тола бергін, жарығым, Тілеймін мен жақсылықтың барлығын. Аман болғай, адам болғай ардақты, Өзің болсаң ұмытылар бар мұңым. Жастан-жасқа келе бергін, жан жарым, Жүзге жеткін – орындалсын арманың. Балалардың қызығына тоймағын, Тойға ғана шашылсыншы бар малың. Құтты болсын туған күнің, шырағым, Сөнбесінші менімен жаққан шырағың. Пенделікпен кейде өкпе болса да, Лайланбағай мендік тұнық бұлағың. Сен келіпсің дүниеге мамырда, Əсем көктем нөсерлеткен шағында. Артынша-ақ жанарыңнан Күн шығар, Ұласпайды бір жақсысы дауылға. Тілегім көп, арманым көп, қосағым, Биікке ұмтыл, алға атта қос адым. Жүз жас деген ғаламат бір биік бар, Мен өзіңді сол арадан тосамын.
Мизам шуақ СЕН ҮШIН Ой мазалап қабағым құрыстанды, Тiрлiк қалды жайына, жұмыс қалды. Достар шарап алғанда, сыра құйған, Мен көтердiм сен үшiн хрустальды. Күлiмдейдi нұр-бейнең көз алдымда, Тост көтердiм сен үшiн сөз алдым да. Суретiңдi сүйдiм де жайлап қана: – Кешiр, – дедiм, – сыныңа төзе алдым ба? Күлiп алды жолдастар: қыз жанды деп, Тiзiмінен бойдақтың сызған-ды кеп. Суретiңдi салдым да төс қалтама, Кете бардым: – пəлелер қызғанды, – деп. ГҮЛ НЕГЕ ҚЫЗЫЛ? – Гүл неге қызыл? – дедің-ау, қалқам, Айналдым сенің анаңнан тапқан. Шоқтайын жанып, үлбіреп тұрған, Гүлдей ғой сезім, қызарып жатқан. – Гүл неге қызыл? – дедің-ау, қарғам, Түсіну сырын біздерге арман.
Нұрлан Қалқа Уылжып пісіп, қызғалдақ байғұс, Айта алмай сөзін қызарып қалған. Шештім бе, сірə, жұмбақты қиын, (Бассамшы енді сезімді құйын). Əніңе елтіп, күй кештім ғажап, Көңілді қойшы, жырларым – сыйым! Мойылдай жанар, шиедей ернің, Жанымды баурап, сүйсінте бердің. Бойымды билеп, қызғалдақ-сезім, Ұмтылдым саған, еркіңе көндім! Сырыңды бүгіп, қызара бердің, Елігім-күнім, сол ма еді сертің?! Оралып қайта, қылықты күндер, Бұрды ма, əлде, сен болып бетін?! Бозбала шақта боз ала таңнан, Жастықтың балдай буына қанғам. Қырқымда тағы, көңілде көктеп, Шықтың ба, қалқам, қайтадан алдан!
Мизам шуақ Сен мендiк ең, өзгерiп барасың ба? Бiр сыр бар-ау мұңайып қарасыңда. Сенсiз жерде жалғызбын, көңiлсiзбiн, Жүргенiммен достардың арасында. Көзге күлем, көңiлiм жыламсырап, Жағдайыңды қалайда барам сұрап. Сенсiз жерде тамырсыз теректеймiн, Қызығынан өмiрдiң қалам жырақ. Жақсы көріп қалғандаймын өзіңді, Бастан кештім сиқырлы бір сезімді. Айтсам деймін жүрегімнің сырларын, Көздеріңе қадап тұрып көзімді. Жақсы көріп қалғандаймын сізді мен, Берілемін ұзақ ойға, үздігем. Əлде сіз бе, арман еткен сыңарым?! Сенсіз, қалқам, қайықтаймын ілбіген. Жақсы көріп қалғандаймын, о, ғажап! (Оралған ба, бастан өткен сол азап?!)
Нұрлан Қалқа «Тарих кейде қайталанар», – дейтін-ді, Пешенеме тағдыр қандай жол жазбақ? Қызғанғаным – сүйгенім деп ойлашы, Қашан болсын қызығыма тоймашы. Жаралама менің тұма жанымды, Жан дүниемнің тереңіне бойлашы. Кешіре сал, кінəм болса болмашы, Татулықтың біле білсең – сол басы. Қызғанғаным – қорған болған түрім ғой, (Қиын-қиын болу ақын жолдасы). Қызғанбас ем – сені жақсы көрмесем, Қамыңды жеп, сонша көңіл бөлмес ем. Жақсы көріп, мен өзіңді сүймесем, Сағым құшып сандалар ем, «өлмес ем». Қызғаныш кеп қапелімде талады, Аңғал жүрек қан-жоса боп қанады. Күдік-мысық аяусыз-ақ тырналап, Шайтан түртіп, ой-зынданға қамады.
Мизам шуақ Қызғанышты махаббаттың жауы дер, Сол қанденге көп таланған қауым ел. Жауды жеңу оңай тимес, байқаймын, О, Тəңірім, көңіл шаяр жауын бер! ЖЫЛДАР ӨТТІ... Жылдар өттi көрмегелi жүзiңдi, Махаббаттың нəзiк жiбi үзiлдi. Сарғыш хаттар арамызды жалғайтын, Сол бiр кездер көз алдыма тiзiлдi. Қатал тағдыр екеумiздi қоспады, Сезiм қаңсып, аққулы көл бос қалды. Өмiр заңы басқаша екен, аяулым, Сенсiз сүрген мəнсiз өмiр басталды. Бiр сен үшiн алмадым ба таласа, Деймiн кей күн ойға шомып оңаша. Жан дүниемдi баса қалса мұң-нала, Кетiп қалғым келер саған таң аса. Суаларын қайран көңiл бiлген бе? (Үзiп кеттi тəттi алманы бiр пенде). Сəби сезiм бозторғайдай шырылдар, Көндігіппін сенсіз өмір сүргенге.
Нұрлан Қалқа Содан берi талай заман өзгердi, Жақсылықты, жамандықты көз көрдi. Аппақ сезiм қалды балаң қалпында, Аңсап тұрам бiрге жүрген кездердi. ҚАРЫЗДАРМЫЗ АНАҒА Əйел заты – ғазиз анаң – ол деген, Бір сен үшін күн-түн тыным көрмеген. Жақсы ісің болса, сонша шаттанып, Кемшілігің болса, көңіл бөлмеген. Əйел заты – сүйген жарың – ол деген, Ерің жаман деген сөзге ермеген. Қандай қиын сəттер болсын қосағын, Жүрегінің жылуымен емдеген. Əйел деген – əпкең – қамқор бауырың, Көтеретін небір жүктің ауырын. Бар жақсысын тосып сенің аузыңа, Берер саған қолындағы тəуірін. Əйел деген – қарындасың – тілекшің, Саған – ол да, сен де оған – тірексің. Қабағыңа кірбің түссе, сезіп қап, Назыменен елжіретер жүректі.
Мизам шуақ Əйел деген – Алла берген – қыздарың, (Қамын ойлап жүрек талай сыздады). Еркелеп кеп асылғанда мойныңа, Еріп кетер көңілдегі мұздарың. Əйел деген – еркек үшін жаралған, (Қиындықты жеңе білер сан алуан). Бұл жалғанда қарыздармыз Анаға, Бар Адамзат тек анадан таралған. * Алыстап сенен барамын, Арсыздық ашып аранын. Қырықтан асқан шағымда, Артқа кетіп қадамым. Алыстап сенен барамын, Аузы аршылып жараның. Көңілге кірбің түсті ме, Күмəнмен саған қарадым. Алыстап сенен барамын, Не күй кештің, қарағым? Бала кезден дос тұтқан, Сен едің жақын адамым.
Нұрлан Қалқа Алыстап сенен барамын, Жанымды торлап нала-мұң. Маңдайға солай жазылса, Амал жоқ, жалғыз қаламын. БАҚЫТ ТУРАЛЫ ОДА немесе «бақытсызбын» деп кейіген ағаларға наз «Бақытсызбын», – дедің аға, ашынып, Кезің жоқ-ау жүрген бірақ ашығып. Баспанаң бар, арман болған мыңдарға, Болмас па екен осы ісің... асылық?! «Бақытсызбын», – дедің, аға, шырылдап Өкпелетіп жүр ме біреу, қырына ап?! Атағың бар, ел білетін атың бар, Білмейсің-ау, екенін сен – мұның бақ. Бақыт жайлы сөз қозғайын ал, тыңда, Бақыттысың осы отырған қалпыңда. Алла берген ризығыңды азсынып, Жетпей жүрсің баршылықтың парқына. Бақыт деген – дінің, тілің, тағдырың, Ұлтың барда, адамсың сен, бар құның.
Мизам шуақ Бақыттысың соңғы қазақ қалғанша, Бақыттысың елің барда, жарқыным. Жерді басып жүру – нағыз бақытың, Отбасың да ортаймайтын бар құтың, Ұрпағың бар, басатұғын ізіңді, Кеше өткен бабалардың сарқыты. Бақыт деген – бақыт жайлы ойлауың, Қызығына гүл-өмірдің тоймауың. Төрт мүшең де түгел, қате, бауырым, «Бақытсызбын» деген ойға бойлауың. Бақыт деген – арайланып атқан таң, Бақыт деген – гүл тергенің бақтардан. Бақыт деген – сезіне алмай жаныңмен, Бақытсыздық іздеуің сол шақтардан. Бақыт деген – туған жерде жүргенің, Бақыт деген – қуанғаның, күлгенің. Бақыт деген – жоқ іздеген əр күнің, Бақыт деген – тəубе деп өмір сүргенің.
Нұрлан Қалқа * «Ұйқым келмейді...» Оралхан Бөкей. Ұйқым келмейдi, Уайым тергейдi. Ар-азап, түнiмен Тыным бермейдi. Ұйқым келмейдi, Сенбегін, сен мейлi. Мұңлылау жанымды Кiм келiп емдейдi? Ұйқым келмейдi, Айтсам кiм сенбейдi. Қалып тұр сүлдерiм, Жұмысым өнбейдi. Ұйқым келмейдi…
Мизам шуақ * Қырық үш – есігіңді аштың бүгін, Барады тым алыстап жастық күнім. Бір жасқа есейіп мен шыға келдім, Ұйқысыздық құшағын ашты түнім. Тербеліп ой-теңіздің кемесінде, Баттым екен қиялға мен несіне! Жанымды шырылдатып шырмауық-мұң, Кім кепіл түбі мені жеңбесіне?! Қырық үш – қамал алар шағымсың ба? Биікке бастар əлде, бағымсың ба?! Қайрат бер, сəттілік бер, адал жолмен, Ащы тері жастықтың алынсын да!..
Нұрлан Қалқа МҰҚАҒАЛИДЫҢ МҰҢЫ (Монолог) Мəңгілікке өзіммен ала кеткен, Менің нəзік жанымды кім түсінер? Мұқағали Мақатаев. Иттер-ау, иттер талады-ау, Жаныма батып барады-ау. Күні ертең олар ұмыт боп, Артымда жырым қалады-ау. Сыртымнан иттер үреді, Ізімді аңдып жүреді. Кетермін бір күн, өтермін, Өлеңім өмір сүреді. «Ішкен» деп біреу сөгеді, Қара бұлт болып төнеді. Жаныма қадап қанжарын, Ақынға кəрін төгеді. Жүргені бекер қаралап, Жанымды өтті жаралап, Соңыма түсті, тыңшысы, Мүлт кетсем мені қамамақ.
Мизам шуақ Иттер-ау, иттер талады-ау, Даттау ғой ісі, қаралау. Қиянат нағыз, қиянат, Ақынды адам санамау. Достарым қайда жанашыр? Туысым қайда санасар?.. Мұңымды кім бар бөлісер?! (Пенде жоқ ұғып, қарасар). Жырларым ертең шығады, Болашақ түбі ұғады. Ол кезде бəлкім болмаспын, Жұлдызым оңнан туады. Жан-жақтан келіп, талады, Жаныма жара салады. ...Қайтейін қапа болдым ғой, Ашылмай тағдыр қабағы. Нұрлан Қалқа КЕЛ, ЖЫЛЫМ Кел, жылым, Ырыс алып кең далама, Бақыт алып, Қызыма, бел балама. Қазақ деген Қонақжай ел боламыз, Басқа жұрттан Бізді сен кем санама! Кел, жылым, Ырыздықпен,
сабырыңмен, Шуағыңмен, Төріме оз, Бар нұрыңмен! Əр таңымыз Арайлап атсын деген, Ақ тілеулі, ақ жарқын, Ақының мен! Кел, жылым, Бораныңмен, дауылыңмен, Шыдас берер сыныңа Тауұлымын! Мизам шуақ Аспанымды қара бұлт торламасын, Шайып өткін бəрін де жауыныңмен. Кел, жылым, Бастауы боп берекенің, Білмейік біз Дағдарыстың не екенін. Далам! Қалам! Қызыр қонған Отаным, Танытсын кең əлемге Ел екенін. Бастауы болғайсың бар берекенің! Кел, жылым!
Нұрлан Қалқа МҰРАЖАЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ Мұражайдан табасыз, Елімнің өткен тарихын. Шежіре етіп жазасыз, Оқиды оны бар жұртың. Мұражайдан көресіз, Тəуелсіз Отан дастанын. Тарихты сыр ғып төгесіз, Баурап алып жастарды. Мұражай – елдің мақтаны, Ертеңге жалғар бүгінді. Қаншама құжат сақтаулы, Көрсетер елдік үлгінді.
Мизам шуақ ЕЛ АҒАСЫ Ел ағасы – менің ағам, əз ағам, Мінезіне сондай қатты қызығам. Əр ісінен тəлім алам күн сайын, Кісіліктің келбетін мен жүз ұғам. Ел ағасы – еңбегімен еленген, Адалдықпен абыройға бөленген. Даламыздың кеңдігіндей кеңдікті, Бойыңыздан ылғи, аға, көрем мен. Ел ағасы – діңгегісің əулеттің, Бұлағысың ырыс пенен дəулеттің. Ұрпағыңмен мың жасағын, əз аға, Алла сізді қолдасын деп тəу еттім.
Нұрлан Қалқа СІЗДЕЙ ЖАНДАР КӨП БОЛСА... Бір жақсылық жасадыңыз ініме, Санаймын мен өзіңізді іріге. Бір Алладан бір сіз үшін тілеймін, Амандық пен бар бақытты күніне. Құтты болсын туған күнің, ағажан, Тек қуаныш күтіп алсын тағы алдан. Сіздей жандар көп болса ғой өмірде, Еш қиындық көрмес еді бар адам. Азаматсыз, абзал жансыз, ағажан, Сыйлайды ғой сол үшін де сан адам. Сізді туған айналайын анадан, Əкеңізге сый тілейін Алладан. Болаттайын сөзге берік адамсыз, Сіздей жанмен толықса ғой арамыз. Мына өмір бізге мəнді болар-ақ, Жазылар ед жанға түскен жарамыз. Ұзақ болсын Алла жазар ғұмырың, Аман жүрсін қуанышың – ұл-қызың. Сізді сыйлар адамдар бар жаныңда, Жарқырасын, ағатайым, жұлдызың.
Мизам шуақ АСЫЛ ЖАН І. Қиындықты кештiң талай басыңнан, Жалғыздықтың дəмiн таттың жасыңнан. Басымыздан сипап жүрiп өсiрдiң, Қайсар жансың жаралғандай жасыннан. Абзал ана, ғазиз ана, асыл жан, Өмiрiңдi көрем аппақ шашыңнан. Асылдың сынығындай – анашым, Терiскейдiң шуағындай шашылған. Ардагерсiң – тыл көрiгiн қыздырған, Табаныңа соғыс жылы сыз тұрған. Жығылмады қасиеттi шаңырақ, Бiр кездерi əкем жəне сiз құрған. Немере мен шөберелер қасыңда, Бұл күндерi бəрi бар ғой басыңда. Аман жүршi ақ жаулығың желкiлдеп, Көрсең деймiн көрмегендi жасыңда. ІІ. Өмiрдiң мəнiн жастай ұғынғаным, Анашым, өзiңсiң ғой жырым-барым.
Нұрлан Қалқа Тағдырдың тауқыметiн тартып жүрiп, Өсiрдiң – дауылдарда жығылмадың. Қайсар ең, қажымастай көрiнесiң, Əрқашан шаңырақтың төрiндесiң. Қаратау, Жынысата – киелi жер, Бақ қонған Созақтың жерiндесiң. Асылдың сынығындай анашым-ай, Жанымды жылытады қарасың жай. Жасыңда жасындайын жарқылдап ең, Сексенге бəлкiм солай барасың-ай! АНА САҒЫНЫШЫ Ойласам сені, жүрегім жиі сыздайды, Мұңайып көңіл, жан дүнием мұздайды. Аңдаусызда көз жазып сенен қалдық қой, Еңсені басып тұрады ылғи жүз қайғы. Жарқын жүзің жадымда тұрар жаңғырып, Көз алдымда бейнең қалды мəңгілік. Өзіңді қызым, тұрамыз жиі еске алып, (Сен бар кезде атушы еді таң күліп).
Мизам шуақ Көп еді сенің мақсатың менен арманың, Өміріңді ұстаздық іске арнадың. Еңбегің менен жақсы сөз қалды артыңда, Ісіңді бүгін шəкірттерің жалғады. Саған деген сағынышым ұлғайған, Суретіңе қарай берем сарғайған. Жатқан жерің пейіш болсын, құлыным, Өзіңді ойлап қайран анаң қартайған. СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ Толқып тұрмын гүлге толы құшағым, Қазiр ғана кесiлгендей тұсауым. Он жыл бұрын ертiп келген анашым, Бiлiм алып, қанат қағып, ұшамын. Естiп тұрмын қоңыраудың сыңғырын, Сезгендеймiн таңғажайып бiр сырын. Лүпiл қағып, тулап байғұс жүрегiм, Билеп алды сиқыр сезiм құрғырың. «Жолыңды тап, қалдың бүгiн ес бiлiп», Деген сөзi ұстазымның естiлiп. Ыршып түстi бiр түйiр жас көзiмнен, Қабақ түйдi қартаң кiсi сес қылып.
Нұрлан Қалқа Бұл не деген шат-шадыман кеш едi, Есейiптi ұл мен қыздар кешегi. Бiреулерi мақтаны боп ауылдың, Бiреулерi талантымен өседi. Қаншалықты қуаныш боп тұрар күн, Сан алуан тағдыры бар бұлардың. Бəлкiм бiрiн мүмкiн ұзақ көрмесiм, Бiреулерiн күнде көрiп тұрармын. Ойлап тұрмын келешегiн достардың, Ұстаздардың ақ тiлегiн қостадым. Соңғы рет сыңғыр қақты қоңырау, Қош бол, мектеп, жаңа өмiр бастадым. МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРГЕ Алдыңда қилы жол жатар, Адассаң өмір – ол қатал. Орныңды əлден таппасаң, Жалғанда саған сол батар. Өмір деген – ол сынақ, Алдыңда сансыз жол тұрмақ. Жолыңды тауып, алға түс, Адассаң шайтан тор құрмақ.
Мизам шуақ Күтеді талай белестер, Тосады алдан күрестер. Қиналсаң қинал, мойыма, Шынығар батыр күресте. Жығыларсың, тұрарсың, Басыңды тасқа ұрарсың. Пендеден қысым көргенде, Алладан медет сұрарсың. Қиындық өтер, күлерсің, Өтпелі бəрі, білерсің. Жер басып жүру – бір бақыт, Жадыңа тоқып жүрерсің. Тірліктен күдер үзбе тек, Сабыр жолдас – сізге бек. Адамдық ардан аттама, Ар-иман керек бізге тек.
Нұрлан Қалқа ӘКЕ ТІЛЕГІ Қызым, саған бақ тілейін бүгін мен, Ұзатып сап тұрмыз туған үйіңнен. Барған жерде бақытты бол, алтыным, Еш айныма жадыраңқы күйіңнен. Қызым, саған бар қызықты тілейін, Енді сырттай қамқоршың боп жүрейін. Алла қосқан қосағыңмен қоса ағар, Сендер жайлы тек жақсылық білейін. Қызым, саған тек қуаныш тілейін, Қызығыңа ешбір тоймай жүрейін. Шаңырағың биік болсын, құлыным, Қосағыңмен қол ұстасып жүр дəйім. Қызым, саған өсіп-өн деп тілейін, Толғаныстан алып-ұшып жүрегім. ...Құдаларым қызды болды дəл бүгін, Ұлды болдым, қанағат деп жүрейін.
Мизам шуақ ӘКЕ АМАНАТЫ Қызым, саған ақ жол тілеп тұрмын мен, Болашағың басталады бүгіннен. Сен қияға қанат қағып барасың, – Көріскенше! – десіп туған жұртыңмен. Қызым, саған бақыт тілеп тұрмын мен, Бара жатсың қол ұстасып құрбыңмен. Жазылмасын мəңгілікке жұптарың, Алла қолдап, отауыңды құрдың сен. Қызым, саған ғұмыр тілеп тұрмын мен, Нəр алушы ем шуақ шашқан күлкіңнен. Еркелікті ақыл-ойға жеңдіріп, Келешектің қамын қамда бүгіннен. Қызым, саған аманаттап тұрмын мен, Шаш жұртыңа мейіріңді күн күлген. Отауыңның түзу шықсын түтіні, Ақ батамды бердім бүгін жырыммен.
Нұрлан Қалқа ӨМІР ДЕГЕН ȃ ҰЛЫ КӨШ Өмір деген – ұлы көш, адаспаңдар, Адаспайды көңілі жарасқандар. Бақытым деп санаңдар бір-біріңді, Бақытына біреудің таласпаңдар. Өмір деген күнде той, жиын емес, Кей кездері болады қиын белес. Сабыр болсын сондайда сенер досың, Бірлік болса, басқасы бұйым емес. Ағытылып көңілден ақ тілектер, Ел-жұртың сендерге бақ тілеп тұр. Қол ұстасып түсіңдер үлкен жолға, Өмірдегі бұл-дағы сəттілік бір.
Мизам шуақ ЖАЗЫЛМАСЫН ЖҰПТАРЫҢ Бақыт тілеп тұрмыз біз екеуіңе, Ақ тілектер айтсам деп жұрт келуде. Ақтарылып батасын беріп əжең, Қол ұстасқан сендерді тең көруде. «Бағың басым болсыншы» деп тілейін, Ақ пейілін достардың жеткізейін. «Жазылмасын жұптарың мəңгілікке, Əр күніңді татулықпен өткіз» дейін. Бар қызығын өмірдің бірге көріп, Қиындыққа жүріңдер бірге көніп. Ақ босаға берік болсын қашан-дағы, Болмасыншы ешқашан ірге бөлек. ЖОЛ ҚАЛАР Барым менің, бағым менің балалар, Ырысым да өмірдегі сол болар. Білім алып, ел қорғаны боп өссін, Бұл өмірде солар салған жол қалар. Байлық емес, ұрпақ қалса артымда, Парқым болар бұл жалғанда халқыма.
Нұрлан Қалқа ...Сəбиімнің көнетоздау жөргегін, Айырбастамас едім тіпті алтынға! БАЛА ҒАШЫҚ Сағындым ғой, бала ғашық өзіңді, Құштарлығым барған сайын сезілді. Болмасақ та Лəйлə менен Мəжнүндей, Ойлай берем бірге жүрген кезімді. Жеткізе алмай тұнық бала сезімді, Келем мəңгі аңсауменен өзіңді. Сағыныштың бесігінде тербеліп, Сүрте берем жасаураған көзімді. Қайдасың сен, бала ғашық, қайдасың, Жылатпай ма алып қашқан жолдасың?! Тілейтінім – мен сыйлаған сол кеште, Жүректегі өмір гүлі солмасын. Сағыныштың сар шекпенін жамылып, Жылдар бойы жүрмін, жаным, қамығып. Жанарымда қалып қойған нұр-бейнең, Бəлкім содан атады ма таң күліп?! Уақыт салды жүзіме өз таңбасын, Қай қиырда жүр екенсің, қарғашым?!
Мизам шуақ Ғашықтарға қосылуды жазбаған, Көнеміз ғой, тағдыр басқа салғасын. Балдай тəтті қылығыңнан айналдым, Қалқам, саған тамырыммен байландым. Сəлем жолдап жүрем саған түн сайын, Ғашықтардың сырласындай – Айдан мың. СЫРДАН ҰШҚАН АҚҚУЫМ Ақ батасын беріп жатыр өз елің, Бұлағымның бастауы едің, көзі едің. Қуыршағың түспеуші еді қолыңнан, Ертең бесік тербетер деп сенемін. Шаңырақтың шамшырағы, боташым, Киең сенің, иең сенің – отбасың. Осы əнімді тұмарыңдай қабылда, Тіршіліктің дауылы еш соқпасын. Балапаным – Сырдан ұшқан аққуым, Өмірімнің өзегі сен, шаттығым. Ақ жүзіңе жел тигізбей өсірдік, Бақытыңды осы ұядан тап, күнім. Жол мен жолдың арасын із қосады, Ел мен елдің арасын қыз қосады.
Нұрлан Қалқа Таптың ба сен жүрегіңнің жартысын, Алыс кетсең – сағынышпен тосатын. Қалып қойды қолын бұлғап бала шақ, Күтіп тұр ғой екеуіңді болашақ. Асыл басың жазылмасын жұбыңмен, Ал жалғыздық бір Аллаға жарасар. ТАРЗАН Тарзанды бəрі де мақтайтын, Өйткені ол ешкімді қаппайтын. Жат пиғыл бейтаныс келгенде, Қыңсылап, түк тыным таппайтын. Ауланы күзетіп жүретін, Кісінің пиғылын білетін. Келгенде қауіпті пенделер, «Сақ болғын!» дегендей үретін. Қазына еді ғой – ол нағыз, Шындық қой бұл сөзім, жалғансыз. Екі үйдің арасын жол қылды, Қалмасын дегендей қорғансыз.
Мизам шуақ Мақтайтын бəрі де Тарзан-ды, (Білдік қой шынымен бағаңды!). Ауладан алысқа қуатын, Жат пиғыл, сұм ниет адамды. ҚУЛЫҚ ТАУЫМ Қулық тауым! Бөктеріңде мен өстім, Қарағайлар досым болып, кеңестім. Суың – балдай, ауаң – тымық, шөп – шүйгін, Ер жеткен соң «тез ұмыттым» демеспін. Қулық тауым! Сай-салаң мен белесің, Сағынғанда көз алдыма келесің. Ұзынбұлақ барсаң, Қыржол қол бұлғар, Астанада түсіме жиі енесің! 23.10.2012 ж.
Нұрлан Қалқа ҰЗЫНБҰЛАҚ ȃ АУЫЛЫМ Ұзынбұлақ – ауылым, алтын бесік, Біздер үшін тау менен тасың несіп. Қулық таудан бүлдірген тердік талай, Шарынның тек жағасын жүрдік кешіп. Ұзынбұлақ – ауылым, ыстық маған, Балғын күндер жадыда мəңгі қалған. Талай елде боп жүріп ұқтым енді, Жер жетпейді жалғанда білсем саған. 23.10.2012 ж. АЛЛА ҚОРҒАН БОЛМАСА Абайла, бала, абайла, Тап болмашы жалаға. Алла қорған болмаса, Еңбегің кетер далаға. Абайла! Абайла, бала, абайла, Алды-артыңа қарайла. Алла қорған болмаса, Жем боларсың талайға. Абайла!
Мизам шуақ Абайла, бала, абайла, Біліп жүргей, Ар-айна! Адам болып келген соң, Адал боп өт, қалайда! Абайла! Астана, 08.05.2012 ж. ЖЕТІСУ ȃ АЛТЫН БЕСІК Төр жайлауым – Шəлкөде, Құр-Қарқара, Хас сұлудың бөркiндей тұр Қарқара. Мыңжылқыда дəм татып бал қымыздан, Шертсем деймiн шiркiн-ай, сыр қалқама. Белден келер шiлдеде жасыл шалғын, Жасыл шалғын төсiнде асыр салдым. Шарын ассам, қол бұлғар Қулық тауым, Желкесiнде тұрғандай ғасыр-шалдың. Талай-талай сай-сала, тауыңды астым, Сар даламды мұншалық сағынбаспын. Жер жаннаты – Жетiсу – алтын бесiк, Пейiш iздеп сен барда сабылмаспын.
Нұрлан Қалқа РАЙЫМБЕК ҰРПАҒЫ Кiндiгiмдi шыр етiп, кескен жерiм, Кең далаңда алаңсыз өскен едiм. Хантəңiрi мұзарт шың – аппақ арым, «Ер Райымбек ұрпағы» дескен елмiн. Аспан таулар бұлт сүйген, сүйiктi жер, Табан тисе басылар күйiктi шер. Аң мен құсқа бай өлкем, Қызыр қонған, Кiмге сайран болмадың, киiктi бел! Шықсаң ғажап жаздыкүн Лабасына, Беткейде гүл, жатады қар басында. Қалың тоғай, ақ қайың, сыңсыған ну, Шырқап əнге қоймайды-ау салмасыма. Шоған абыз, Қожеке бабаларым, Көдек ақын, Бөлтiрiк даналарым. Ұзақ батыр, Əлмерек, əншi Қапез, Жүрген жолын саралап, сабақ алдым. Толып ағып жататын қайран Шарын, Торайғыр мен Жабырға жайған бағын. Мыңжылқы мен Қулық тау баурайында, Көкпар тартып, қыз қуып, сайран салдым.
Мизам шуақ Аңсағанда биiк тау, түз-даланы, Қырандардың жүрегi сыздар əлi… – Тау, дала, – деп əн салған сағыныштан, Туған жердiң мен де бiр мұзбалағы. ҰЗЫНБҰЛАҚ Балғын күндер, пəк кезiм, асыл шағым, Өткен ауыл, мен саған асығамын. Суың – мөлдiр, тау – заңғар, ауаң – тымық, Таудан талай қу отын тасығамын. Қой қарақат, өрiкке дарқан жерiм, Билеп кетер жел тұрса шалқар белiң. Етегiңде Торайғыр жусап жатыр, (Анам түйген келiден талқан жедiм). Қулық тауым жаздыкүн жасыл желек, Сағынышпен бiр ұлың бас ұрды кеп. Шұбап барып ұл-қыз боп егiстiктен, Бала кезде сан терген тасың бөлек. Моншалысай, Бұрғансай, Шұбарталым, Тасты жарып қасқайып шығар таңың. Терексай мен Сырғабай, Қыржол, Жабыр, Тынысыңды сезiнiп, ұғар жаным.
Нұрлан Қалқа Балғын күндер мекенi – Ұзынбұлақ, (Ұлың азып, жүрмегей қызың жылап). Шiл мен Құрды тұзақпен аулайтынбыз, Бапкерiмiз – баяғы «ұзынқұлақ». Күтiп алып Аласа, аттандырар, Ұзынбұлақ ауылым мақтан қылар. Қыржол ассаң бұлдырап көз алдыңда, Аққамбада бiз жатқан ақтам тұрар. Өлмесекте бiр жылы есек өлген, Болған нəрсе, демегей: өсек ерген. Қалмақсайда сарбаздар жауды жеңген, Құдайқұлда жап-жасыл шалғын белден. Көңiл-құйын, ауылға асығады, Тау көрсем-ақ қабағым ашылады. Ынтазармын суына тас бұлақтың, Бiр жұтымға бар шөлiм басылады.
Мизам шуақ ПЕНДЕЛІК ЕКЕН Үзіліп түсті жапырақ, Жамылып қайғы атырап. Қыршын жас жолда қиылды, Өгейсіп өмір, жатырқап. Қапыда сөніп шамшырақ, Аңырап қалды шаңырақ. ...Алдында алған ананың, Жазылмас дерті, ауыр-ақ. Кетеміз кейде артық тым, – Жалғаннан, – дейміз, – жалықтым! ...Пенделік екен онымыз, Қымбат-ау, қымбат Жарық Күн!
Нұрлан Қалқа БЕУ, БЕКЕЖАН... «Қыз Жібек» фильмін қайта көргеннен кейінгі ой. Төлегенді неге қидың өлімге? Отырғаның жөн еді ғой төрінде. Қайран Жібек қара шəлі жамылып, Қарға қарқ ғашықтардың елінде. Төлегенді қалай қидың ажалға? Онсыз аз ба айналған ер мазарға. Қайран Жібек уыз қалпы тұншықты, Жемтік болып қызғанышқа, тажалға. Беу, Бекежан, батыр едің білекті, Атыңды естіп қас жауларың дір етті. Ғашық қылып қойғанымен қу тағдыр, Жазбаған-ау кешірімшіл жүректі. ...Қанша ғасыр, қанша ұрпақ алмасты, (Сұлуларға талас – найза толғасты). Опасыздық кешірілмей келеді, Қарғыс, нала заманаға жалғасты.
Мизам шуақ ІБІЛІСТІҢ БАЛАНЫ АЗҒЫРУЫ «Əкенің көңілі балада, Баланың көңілі далада». Дəл тауып айтқан қазағым, Ібілістің біліп мазағын. Айдап сап іштей мəз болар, Баланы былай азғырар: «Жүрегін, жанын жазала, Шақырса барма, қарама. Əкеңе сенбе, анаңа, Өзіңнің сенгін санаңа. Жүргендер бар ғой əкесіз, Əкеңді сыйлап қайтесіз. Деп сөксін мейлі: жетесіз, Қамықпа бұған өте сіз. Тыңдама ондай мылжыңды, Ақылман пенде – шын жынды.
Нұрлан Қалқа Қамалып үйде, қынжылма, Бұзып шық сыртқа шынжырды. Еркіндік қандай тамаша, Үйіңе келгін таң аса. Өмірді баста жаңаша, Далаша емес, қалаша. Осы ғой менің кеңесім, Қыңырсың маған керексің. Басқалар саған теңессін, Азғырды шайтан демесін». ҚАПАЛЫМЫН Мен бүгін қапалымен, қапалымын, Қайраңына көңілді тартады мұң. Жалғыз қалып, сан ойға шомған сəтте, Өзге емес, өз кінəм артады мың. Бұрын қандай едім мен, қазір қандай, Қыртыс-қыртыс тартады əзір маңдай. Барлық жанды дос көрген пенде едім, Өзгердім ғой, пешенеме жазылғандай.
Мизам шуақ Кітап еді жан досым, сырласым да, Ғажап қиял тулайтын бір басымда. Елдің бəрін періште көретін ем, Енді қазір көңіл пəс, бұлт басымда. Бала кезді аңсаймын, армандаймын, Жақсы шағым тым артта қалғандайын. Есеюге асыққан қайран көңіл, Болып шықты ақыры жалған пайым. Кеше қандай едім-ау, бүгін қандай, Таулы, тасты жолдардың бұйырғаны-ай! Əппақ əлем мендегі кірбің шалып, Қай-қайдағы ойлардың жиылғаны-ай! СЕН ЕКЕУМІЗ Сен екеуміз бала кезден таныс ек, Көңіліміз, ниетіміз қалыс ед. Ұзақты күн «көрші» болып ойнаушы ек, Ертеректеу есейсек деп ойлаушы ек. Небір тəтті қиялдарға бойлаушы ек, Балалықтың қызығына тоймаушы ек.
Нұрлан Қалқа Харам ниет, арам пиғыл болмаушы ед, Біздер еккен гүлдер əсте солмаушы ед. Ұя жасап, құс біткенді қорғаушы ек, Шыр-пыр болып əлсіздерді қолдаушы ек. Сен екеуміз бала күннен таныс ек, Көңіліміз, ниетіміз қалыс ед. Десек-тағы бұл жалғанды өтпелі., Өткен күнде белгі бар ғой, көп белгі... МАХАББАТТЫҢ ЖАУЫ Қызғаныш кеп қапелімде талады, Аңғал жүрек қан-жоса боп қанады. Күдік – мысық аяусыз-ақ тырналап, Шайтан түртіп, ой – зынданға қамады. Қызғанышты махаббаттың жауы дер, Сол қанденге көп таланған қауым ел. Жауды жеңу оңай тимес, байқаймын, О, Тəңірім, көңіл шаяр жауын бер!
Мизам шуақ ӨЗІҢДІ ЖОҒАЛТҚАНЫМ... Өзіңді жоғалтқаным – Өзіме оқ атқаным. Өзімнен жаратылған Ұрпақты сорлатқаным. Өзіңді тастағаным – Өрге мен баспағаным. Өзегім өртеніп мың, Шабар-ау басқа қаным. Өзіңді кешіргенім – Қатемді кеш білгенім. Өкпеге қимай сені Жібекше есілгенім. ЖАРЫҢДЫ САТПА Жаныңда жүрген жарыңды сатпа, Жамандап оны мініңді тақпа. Пайғамбар емес, пенде ғой ол да, Жаманын жасыр, жақсысын мақта. Алланың құлы кез келген адам, Жаңылыс сен де басарсың қадам.
Нұрлан Қалқа Есіңде болсын: жарыңнан емес, Алладан болар, болса егер жазаң. Қол ұшын беріп, сыйлап өт мəңгі, Өзіңді сүйген бейкүнə жанды. Сырыңды жайма білмеген жанға, Қайтесің лайлап асыңды таңғы. Ұққан боп сені, сырыңды алар, Қамқор боп саған, аяқтан шалар. Тайғанда барып басыңнан бағың, Кеш болар бəрі, өкініш қалар. ТҮСІМЕ ЕНДІҢ... Түсiме ендiң, Кескiнiң сенiң бiр түрлi, Мұң-нала басқан секiлдi ғазиз күлкiңдi. Қасыма сенi шақыра алмай сол түнi, Сары уайымнан көкейге бүгiн жыр тұнды. Түсiме ендiң – Елестеп көзге қайдағы, Көрмедiм бiрақ мiнезiңдi де жайдары. Мен барда, сəулем, күлiмдеп ылғи жүрерсiң, Аппақ сүттейiн алынбаған қаймағы.
Мизам шуақ Түсiме ендiң – Сағынғандықтың белгiсi, Аңсаған жүрек келетiн шығар көргiсi. Дəл мендей бiр-ақ сағынбас сенi, сүйiктiм, Ұпайы түгел, дəтiне берiк əр кiсi. СЕН РЕНЖІСЕҢ... Сен ренжiсең, Түнде жаман түс көрем, Тұла-бойды шырмап алар күш деген. Тiл байланып, тыпыршумен төсекте, Талай түндер қара терге түскен ем… Сен ренжiсең, Түнде жаман түс көрем, Жаным жылап, ащы судан iшкен ем… Жүдедiм де, жүк түсiрiп алдым мен Жүрегiме ешбiр сызат түспеген… Ренжiме, Ұйықтайықшы алаңсыз, (Мейiрiмге неге сонша сараңбыз?) Бұл фəниде кешiрiмшiл болайық, Суымасын екеумiздiң арамыз.
Нұрлан Қалқа ИЕ БОП ЖҮРМIН ЖЫРАҚТАН О бастан, қалқам, ұнатқам, Сезiмiм тұнық бұлақтан. Сөзiмдi ашып айтпастан, Ие боп жүрмiн жырақтан. Тəңiрден байлық сұраман, Өзiңдей жарды сұрағам. Жанымның нəзiк жыры боп, Шаттанып, күнiм, жүр аман. Сиынып, сонша бас ұрған, Күйiмдi ендi жасырман. Ғұмырлық маған өкiнiш, Көз жазсам сендей асылдан. ТҮСІҢ ЖЫЛЫ... Түсiң жылы, ал мiнезiң жiбектей, Ақын жүрек қалай шыдар дiр етпей. Тiл байланып, көңiл кеттi шарықтап, Сендей жанды тұра алмаспын жыр етпей. Сүп-сүйкiмдi, иман жүздi, қарағым, Аңсап жүрген бақ құсыма баладым.
Мизам шуақ Суып қалған сезiмiмдi қозғап сен, Күлiп қана жалт етiп бiр қарадың. Сыр бөлiсшi, шындап саған сенейiн, Шуағымды, бар нұрымды төгейiн. Бiлсең екен: сендiк мына жүрегiм, Сезiм сендiк, одан басқа не дейiн?! СӨКСЕҢ ДЕ МЕНI… Қимаймын сенi, қимаймын жаным, басқаға, Тiрегiм сенсiң қасыңнан менi тастама. Сүйемiн сенi, берiлгем саған мəңгiлiк, Жүдетiп жанды жаман əдетке бастама. Еркелеп кейде, сөксең де менi жек көрмен, Əзiрмiн бiрге өтуге небiр өткелден. Көңiлiмдi ұғын өзiңдi ғана iздейтiн, Көгiлдiр аққу секiлдi түлер көктеммен… Елеңдеп күнде iздеймiн сенi жан жарым, Тиедi ауыр қабақ шытып та қалғаның. Наздана күлiп, еркелеп жүршi, елiгiм, Өзiңмен болу өмiрлiк менiң арманым.
Нұрлан Қалқа БАЛ АШПАЙМЫН Қабаған ой бойымда жоқ ұстағым, Жат пиғылмен ниетiм тоғыспаған. Бақытымды көп көрген қорқау пенде, Қақпан құрып кетiптi оқыс маған. Дауыл ұрып, теңселген ағаштаймын, Жалған сөйлеп, көпiрiп жақ ашпаймын. Бұйырғанын кəдеме жаратамын, Алмасына өзгенiң таласпаймын. Ұрын келген бақытпен жараспаймын, Менiмен де бiр мезгiл санас қайғым! Сыңарын бiр табар-ау мұңлы жүрек, Алла бiлер, пенде боп бал ашпаймын. ЖАНАРЫММЕН СИПАДЫМ Беймазалық реңiмде, Бiлдiң бе, ол – сағыныш. Соғып тұрсың жүрегiмде, Бейнең бейне – сағым түс. Бойды шарпып жалының, Мұз-көңiлдi ерiткен.
Мизам шуақ Бiлгiр терең танымың, Жан-сарайды кеңiткен. Қарай берiп ұрлана, Жанарыммен сипадым. Кетiпсiң ғой нұрланып, Изен сынды шипалым. ӘСЕМДIГIН СҰРАМА Ақтарылып күлгенде, Ақыл-естен тандырды. Жан-тəнiмен сүйгенде, Лапылдатып жандырды. Бал қылығын бiлгенде, Көңiл марғау тұра ма?! …Жайнаң қағып жүргенде, Əсемдiгiн сұрама! АУЫЛДЫ АҢСАУ Қалаға келсiн ел мейлi, Қалада тұрғым келмейдi. Шаң басқан ауыл шақырып, Сағыныш көңiл кернейдi.
Нұрлан Қалқа Шарасыз күйге жеткенде, Шулы жер мезi еткенде. Жетемiн Қулық тауыма, Бар амал сол-ақ тек менде. Көртоғай, қайран өзенiм, Түсiмде талай жүземiн. Қайтесiң мұнда оқу ғой, Сондықтан шыдап, төземiн. Сағынам сайын, сауырын, Қулықтың жасыл бауырын. Қаладан ығыр болғанда, Сергiтер барсам ауылым. АҚ ЖҮРЕК ТАЛМАСЫН Қарлығаш апа, қайдасың, Араны толқын жалғасын. Ақ батаңды алайын, Тағдыр-тас басты жармасын. Қарлығаш апа, қайдасың, Сіздей жанға бар ма сын. Асыл апа өзіңді, Қолдап жүргей Алла шын.
Мизам шуақ Ақылшым апа, киелім, Басымды əркез иемін. Кеңесіңді қашанда, Көңілге тоқып жүремін. Қарлығаш апа, қайдасың, Батаңды алам барғасын. Алла деп жүрген ақ жүрек, Тоқтамасын, талмасын. ӘКЕМ ЖАЙЛЫ СЫР «Əкесi ұрысса балаға, ол да – достық» Абай. Əкем менi өсiрмептi ерке етiп, Есейген соң кетпес үшiн жер етiп. Бiр жағына шығысуға талпындым, Бауырлардан ертеректеу ержетiп. Келешегiм жайлы ойлап, болжам қып, Əкем менi өсiрмептi шолжаң қып. Барды алып, жоқты сұрап көрмеппiн, Айтқандарын ала бердiм олжам қып.
Нұрлан Қалқа Əкем менi көзге мақтап көрмеген, Жығылсам да онша көңiл бөлмеген. Жастайымнан өмiр сырын ұғындым, Бəлкiм содан еш жаманат көрмегем. Ащы тiлмен талай мəрте сыбаған, Ауыр тиiп кей күндерi жылағам. Ендi ойласам қаталдық та жөн екен, Тым есiрiп кетпес үшiн бұл АДАМ. ӘКЕМЕ ХАТ «Бiз сендердi уайымдап, түннiң бiр уағына дейiн көз iлмеймiз…». Əкемнiң əңгiмесiнен. Хатқа төктiм жылдар бойғы сырымды, Көп шешiле бермейтiн ем бұрын-ды. …Аллаһ жар боп, жолын ашып бердi де, Астанадан шығарды ғой ұлыңды. Қайран əке! (Жасындасың пайғамбар), Азғырып жүр соңғы кезде сайтандар. Бiр Аллаға жүгiнемiн қысылсам, Жан емеспiн бөсiп сөйлеп, жай таңдар.
Мизам шуақ Аңдамадым досым ба, жоқ қасым ба? Барлық жанды бiрдей көрдiм жасымда… Шiркiн, өмiр! Мiнезiмдi өзгерттi, (Əппақ түске боялыпты шашым да). Сен – тамырсың, мен – мəуелi терегiң, Жылуыңның нəрiн алып келемiн. Жел айдаған тұл жапырақ емеспiн, Бiр күн менде жемiсiмдi беремiн. Өмiрiмнiң жалғасы бар – қызым бар, Қылығына көңiлiм көп қызығар. Шыр-пыр болған жайыңды мен түсiнсем, Жан сырымды түбiнде сол қыз ұғар. Абзал əке! Сенiң күнiң батпасын, Немерелер үмiтiңдi ақтасын. Жаныңды жеп жүрiп бiздi жеткiздiң, Қарт күнiңде көретiнiң бақ болсын! …Аллаһ əркез жақ болсын!
Нұрлан Қалқа АНАМА СЫР Бесiк тербеп өткiздiң-ау түнiңдi, Бiз ұрладық қымбат жастық күнiңдi. «Тудың тəте, неге сонша көп бала?» – Деп те бiрде жаман балаң бүлiндi. Лай тасыдың, қора салдың қыс-жазы, Жағажайда демалмадың қысқасы. Үйге келдiң: тапа-тапа нан жаптың, Бүкiр белiң сол күндердiң нұсқасы. Қадiрiңдi бағалаймын – бағымсың, Бүгiн барсың, (мүмкiн ертең сағымсың). Жақсы көрген пенде мендей болар-ау, Сағынатын болса, мендей сағынсын, Шырмауықтай жаным саған телiнген, (Менi артық көрме тегi келiннен). Сырттай мақтап, менi көзге сөге сал, Əмсе жырақ кетпеспiн-ау тегiмнен. Арманым жоқ ақ сүтiңдi ақтасам, (Кешiре сал көңiлiңдi таппасам). Қашан болсын беймаза бiр күй кешем, Кей күндерi қылығыммен жақпасам.
Мизам шуақ Титтей бөтен пиғыл жоқ-ау ойымда, Өкпелеткен болсам кiнəм мойнымда. Мен – өзiңнiң, қызым – менiң көшiрмем, Мiнезiмiз ұқсап бiткен бойымда! АУЫЛҒА БАРДЫМ Ауылға бардым, анамды көріп, қуандым, Көңілім босап, əкемді көріп, жұбандым. Туыстар келіп, арқа да жарқа, əн салып, Атап өтілді атажұртымда туған күн. Ауылға бардым, ауасы қандай, тұп-тұнық, Қулықтан1 келер бұлағы қандай, сұп-суық! Тауларым қандай, күзетіп тұрған ауылды, Аспаны қандай, шөкімдей бұлт жоқ,
тып-тымық. Жылысай барып, дəм таттым аға үйінен, Тірлігін көріп, қуандым іштей, сүйінгем. Қайқыны асып, құдаға барып, жыр оқып, Серпіліп қалдым, арылып сұп-сұр күйімнен. Ауылға бардым, бата алдым абыз ападан, (Жүрсемші енді қалмастан көштен, қатардан). 1 Қулық – тау аты. Нұрлан Қалқа Кегеннің желі шашымнан сипап, сергітті, Қуат ап қайттым ауылға барған сапардан. Шілде, 2007 жыл. КЕТКІМ КЕЛДІ АУЫЛҒА... Жүргенiмде нағыз өнер ортасында, Өлең болып сырласар жолдасым да. Көз алдымнан кетпей қойды мұңлы жанар, – Құлыным! – деп тұрғандай жол басында. Көндiккенмен тұрмыстың ауырына, Кеткiм келдi тезiрек ауылыма. Жырын тыңдап қайтайын,
сəлем берiп, Көнекөз қариялар қауымына. Кеткiм келдi ауылға тағат қалмай, Далалық қып тағдырым жаратқаны-ай! Таң атқанша дегбiрiм кетiп болды, Құс болсамшы ұшатын қанат талмай… * Жырымды саған арнадым, Мұңайып жүрген ардағым.
Мизам шуақ Жалғыздық көрген кездерi Жүрекке жүрек жалғадың. – Ұнатам, – дейсiң, ғұмырлық, Сезiмдi алдың туың ғып. Тiлдеспей жүрсем сөкпегей, Жүрегiмнiң жырын ұқ. Мен-дағы құссыз көлдеймiн, Сор жапқан елсiз шөлдеймiн. Нəрiңе iңкəр тамырмын, Қуарып жатқан белдеймiн. Мендегi сырға сiз қанық, (Жасасам кешiр қызбалық). Өзгеден сенi өлердей, Жүремiн ылғи қызғанып. ЖАНЫМНЫҢ СЕН БІР БӨЛШЕГІ Балалық дəурен өзiңмен өткен, ардағым, Есiме ап бəрiн, жырымды саған арнадым. Түсiнсең болды жанымның нəзiк сырларын, Қажет те етпен, керек те етпен қалғанын.
Нұрлан Қалқа Бұйыртса тағдыр серiгiң болып қалармын, Бақытым болсаң, жанымды жеген тарар мұң. Жүдеген көңiл серпiлiп қалар бiрдемде, Сағынған кезде күн сайын iздеп барармын. Құралай күнiм, жанымның сен бiр бөлшегi, Көп жылдар аңсап əзерге таптым мен сенi. Сүйкiмдi жүзiң нұрына бөлеп сүйсiнтер, Кең пейiл жаның көтерiп тастар еңсенi! КЕШIР МЕНI... Кешiр менi, жаныңды жараласам, Кейде өзiмдi асыра бағаласам. Тастап сенi кетпеспiн қиын сəтте, Қайта сенi бақытым санамасам. Кешiр менi, орынсыз қараласам, Түсiнуге күйiңдi жарамасам. Сенен артық дос жоқ қой, дос жоқ менде, Ой жiберiп тереңнен сараласам. Кешiр менi, əрдайым, алтыным-ай, Ниетiңнiң ағында бар құның-ай. Құшақ жайып күтiп ал iздеп барсам, Көңiлiңнiң бiлдiрме салқынын-ай.
Мизам шуақ * Жабырқау тартты көңiл жалғыз қалып, Келмедiң Аға, мен отырмын налып. Уайымсыз жандар бас қосып қап тағы, Той тойлап күнде, құр қызыққа қарық. Көңiлiм пəс-ау, құлазимын жатып, Мұңайдым жалғыз қалың ойға батып. Бiтiрген iс жоқ жұртым мақтан етер, Ауылым отыр маған үмiт артып. Жиырма бес шiркiн, бiрдемде кеп қапты, Өкiшiш қасгөй ақылды жеп жатты. Мəнсiздеу өткен күндер еске түсiп, Ойсыздау жүрген кезiм жанға батты. КЕЛМЕДIҢ… Тыншымас көңiл, Қасымда күнiм, сен жоқта. Жəудiреп көзiм, Қараумен болдым жол жаққа. Тосып ем сенi, Шығарып менi салар деп.
Нұрлан Қалқа Күтiп ем сонша, Қайтсе де келiп қалар деп. Келмедiң досым, Қамығып жүзiм сұрланды. Сан ойға шомдым, Қағазда кейiн жыр қалды. * Сенiм-соқыр, ашындырар сол ғана, Көңiл-боран ұйытқиды долдана. Ар-таразы кiмдi жақтар беймəлiм, Iзiм-ғайым жүрiп өткен жол мана. Сезiм-соқыр, ниет-қара, ой-харам, Бейне қорқау бөккен қанға тоймаған. Қастық қылып қандасына қаншама, Жүндей түтiп жiберудi ойлаған. Адам-қасқыр, талап жатыр бiр-бiрiн, Қызғаныш қып пенденiң аз тiрлiгiн. Қазған орға бiр күн өзi түсерiн, Ойламастан думандатып жүр бүгiн.
Мизам шуақ * Жас кезiңде ойна да күл, той тойла, Жақсы iстi жан-тəнiммен қостадым. …Қабiрiме гүл əкелiп қой, қойма, Шын сөзiм бұл: ол кезде мен басқамын. Өмiр-құйын зуылдайды, зырлайды, Мен кеткенде жыламаңдар жарандар. Жылағанмен жас та бiр күн құрғайды, Ғайбаттамай ғашық көзбен қараңдар. БIР КҮНДЕРI… Менiң жаным жұмақты да көрер ме? Қимас жандар кеткенiме сенер ме? Бар кезiмде қадiрiмдi ұқпаған, Жақындардың көзiне жас келер ме? Перiштелер жер бесiкке бөлер ме? Сүйген жарым қасiретке көнер ме? Бауырларым, жақсы достар қапа боп, Еске алып, көздiң жасын төгер ме? Бiр күндерi жоқ болсам мен… (бiрақ та, О, тағдырым, сəбиiмдi жылатпа…)
Нұрлан Қалқа Жүрейiн мен аңқылдаған күйiмдi, Бiр ай болсын, болсын мейлi бiр апта. * Мен жоқ жерде айтылса жайсыз сөздер, Сенбес деймiн өзiмдi көрген көздер. Бiрге жүрiп, бiр тұрған құрбы, құрдас, Ермес деймiн күндесе кейбiр ездер. Мен тұрғанда естiлсе өсек жалған, Кездерiм жоқ көңiлге бiрден алған. Жайлап қана күлемiн бөскен жанға, Деп ойлаймын: мұныкi қандай талғам?! Мен бiреудi көзiнше мақтан етпен, Алдап-сулап iшiне кiрiп кетпен. Жоқ кезiнде көтерем биiк шыңға, Деп шаттанам: еңбекпен адал жеткен. Мен ешкiмге соншалық салмақ артпан, (Мойнымдағы мiндетiм зiлдей батпан). Елдiң көбiн дос көрем, жақын тартам, Болсадағы бiр кезде менi сатқан. Мен сондаймын бiлсеңiз байқап қана, Болғым келмес халықтан асқан дана.
Мизам шуақ Еңбегiме сенемiн, ақыл – досым, Жақсы жандар қашанда маған пана. * Ойсыз, мұңсыз жүрген күнiм болмайды, Бұл өмiрге кейде көңiл толмайды. Байлық қуып безгендер көп бауырдан, Жанымды жеп, толғантатын – сол қайғы. Тоқ көңiлге мастануға болмайды, Тəубең болса Алла өзi қолдайды. …Iске епсiз, сөзге пысық пенденiң, Ұйқы басқан кейпiн көрсем – сол қайғы. Ет-жақының, бауыр болсын бəрiбiр, Еңбек етсiн – тiршiлiктiң мəнi бұл. Ал жемiсiн үлестiрсiн артылса, Сонда ғана болар оның жаны нұр. ЖАЛҒАНǧАЙ… Шаршап бiттiм, керегi жоқ жанжалдың, (Ағат кетсем алдай салғын жан жарым). Қайыс қыннан алынбағай деп тiле, Ашу деген болат жүздi қанжарым.
Нұрлан Қалқа Көңiл қалып, сынған сəтте сан сағым, Анық бiлдiм: шайтан-өсек жан-жағым. Əлдеқандай күндер өтер, кiм бiлсiн, Жүрегiмдi тiлiп түсер қанша мұң?! Иектептi, билеп кептi дау-дамай, Бетке күлiп, сырттай сөктi жау талай. Сенiп айтқан сөзiм қапты өзiмдi, Кiмге сенем, ей, алдамшы, жалған-ай! О, АЛЛА! О, Алла! Арбалып кеппiн сағымға, Отыздан асқан шағымда. Ниет еттiм дiл, дiнге, Iлеспей басқа ағымға. О, Алла! Өзiңнен өткен құдiрет, Жоқ екенiн iш бiлед. Пейiлiмдi алмағай, Күндiз-түнi бiр тiлек. О, Алла! Iзгiлiгiң – аманат,
Мизам шуақ Өзiмен кетсiн жаманат. Отаным тыныш, ел бүтiн, Көңiлiм барға қанағат. ЖАНСАЯҒА Бой жетіпсің, енді ғана білдім мен, Сене алмадым, ойлап жатып түнімен. Тұлымшағы желбіреген сəби ең, Рұқсат сұрап келіп тұрсың бүгін сен. Қызым, саған ақ батамды берейін, Бұйрық қой, дегеніңе көнейін. Туған үйден бүгін жырақ кетесің, Жолың болсын, одан басқа не дейін?! Қызым, сенің серігіңе сенейін, Ақ жүзіңнен тек қуаныш көрейін. Қосағыңмен қоса ағарып, Жансаям, Біз секілді ұрпақты бол сен кейін. Қызым, алыс жүресің ғой жол бүгін, Біздер үшін толғанысқа толы күн. Үлкен өмір күтіп тұр-ау өзіңді, Барған жерде тек бақытты бол, күнім. Астана, 15 маусым 2013 жыл
ЕКІНШІ БӨЛІМ ӨМІР – КҮРЕС Өмiр – күрес, сынға түссең, бауырым, Көтере бiл, жүктiң небiр ауырын. Келешегiң жайлы өзiң болжарсың, Өмiр көрсең, ұстамай-ақ жауырын. Өмiр – күрес, жеңiп жүргей, бауырым. Өмiр – бәйге, шаң қауып сен қалмағай, Жамандыққа, жауыздыққа бармағай. Тағдырыңнан қанша таяқ жесең де, Жақсылыққа толы деп бiл бар маңай. Өмiр – бәйге, қатарыңнан қалмағай.
Мизам шуақ ШАҢЫРАҒЫ БІЛІМНІҢ (Ұлттық кітапханаға 80 жыл) Кітапхана – қазынасы елімнің, Шаңырағы ғылым менен білімнің. Зиялылар басын қосқан ақ ордам, Құтханасы тарихым мен тілімнің. Ұлтым барда кітапхана бар болар, Болашаққа нағыз сара жол салар. Ғылым үшін көздің майын тауысар, Бұл ордаға ізденімпаз жас толар. Тəуелсіздік шежіресі – құт мекен, (Қанша ұрпақ тəлім алып шықты екен?!) Халқым үшін қызмет еткен сексен жыл, Ақ ордам да, ұжымы да мықты екен!
Нұрлан Қалқа ЖАРКЕНТТІК ОҚЫРМАНҒА Жаркенттен өлең іздеп келдіңіз бе? Бір уақыт қу тірліктен бездіңіз бе?! – Ақын болсаң жыр арна! – дедің бірден, Жақсы жыр сергітерін сездіңіз бе?! Жыр тумас нағыз бабың келмегенде, Үнсіз қалдым сөзіме сенбегенде. Мен ақының емеспін ұйқас қуған, Қалам алам шабыт кеп тербегенде. Қалам алам жаныма мұң тұнғанда, Тұңғиықтан шығуға ұмтылғанда. Жан емеспін алаңсыз күн кешетін, Ой азабынан ақының құтылған ба?! Өкпелеме мақтау жыр арнамасам, Түсінерсің Музаны бағаласаң. Сезім-патша əмірі болмай тұрса, Мен қалайша сөз қуып, жағаласам. Жыр жазу мақтан емес, мақсат емес, Өлеңші деген бізге жақсы ат емес. Жан сырым ағытылар бұлақтайын, Музаға ой-ниетім жақса тегіс.
Мизам шуақ Муза білсең – сиынар пірім менің, Жебеп берсе əсте еш сүрінбедім. Шабыт-пырақ тақымға тиген кезде, Нөсердейін құйылар жырым-кенім. Нұрлан Қалқа БІР ДОСЫМ БАР Бiр досым бар менi сөгiп, күндейдi, Бiр досым бар менi сырттай жүндейдi. Бiр досым бар «ештеңеден тайсалмай, Емен-жарқын, аман-есен жүр» дейдi. Бiр досым бар ылғи менi сөгедi, Бар қаһарын, зəрiн маған төгедi. Бiр досым бар ылғи менi қорғаштап, Бiр мен үшiн қажет болса өледi. Бiр досым бар сырттан мені сатады, Сол қылығы жанға қатты батады. Бiр досым бар оның берген кеңесi, Көңiлiмнен əркез шығып жатады.
Мизам шуақ АДАМ ЖАНЫ ȃ АМАНАТЫ АЛЛАНЫҢ «Досым, неге қиып кеттің өмірді?», Жүзің жарқын, жан едің ғой көңілді. Жем болыпсың тосын келген ажалға, Амал бар ма? Көзден жасым төгілді. Не күн туды түңілердей жалғаннан? Шайтан-пиғыл алдап құрық салған ба?.. Жұлдыздар да ағады ғой із тастап, Бұл фəниде, сірə, армансыз жан бар ма?! Ібілістің шырмауына шатылдың, Қармақта қап сабырың мен ақылың. Пенделерден жеріндің бе соншалық?.. Сұм ажалға арыстандай атылдың. Тірлік қымбат қыбырлаған пендеге, Нүкте қойдың тағдырыңа сен ерте. Тышқан мұрнын қанатпайтын жан едің, Жоқтығыңа қайран көңіл сене ме?!. Не күй кештің? Кімнен, неден безіндің?.. (Күресінге тастар оңай өзін кім?).
Нұрлан Қалқа Адам жаны – аманаты Алланың, Əттең соны сен білместен көз ілдің. СЕН ҰҚТЫРДЫҢ (Біржанға) Шақырмайсың бұрынғыдай кафеге, (Бастамайсың біздерді сен жат елге). Көрінбейсің биік мінбер, кеңседен, Доп қумайсың малшынып сен ақ терге. Курс болып жоқтап жүрміз өзіңді, Еске алып қылығың мен сөзіңді. Басымызды қосатұғын адамның, Жоқтығы да сен өткен соң сезілді. Жүретін ең арамызда жарқырап, Кететінсің бір іс айтсақ шапқылап. ...Амандықтың қадірін сен ұқтырдың, Жүргендерге байлық құрап, тақ сұрап.
Мизам шуақ ҚАЛҒЫП КЕТІП МӘҢГІГЕ... Өмірді мынау, жаным-ау, мəңгілік деме, Ұйықтап кетсем бір күні оянбай қалам. Табылды Досым. Ұйықтап жатып, оянбадың, арысым, Көз алдыма тізбектелді бар ісің. Жастай кеткен жоқтап жатыр ақынын, Алтай, Арқа, Жетісу мен Батысым. Ұйықтап кетіп, оянбадың, бауырым, «Өлді деген» бір мен үшін жəй ұғым. Əнің, жырың, жарқын ісің – мəңгілік, Еш ұмытпас муза сүйер қауымың. Бəрін қиып, қалғып кеттің мəңгіге, Өзің жайлы бастап беріп əңгіме. Гитара үні жадымызда жаңғырып, Айналады Табыл атың əн-күйге. Аласармас өнердегі тұғырың, Елің үшін еңбегің бар, бар құның. ...Ғазиз жаның шалқысыншы пейіште, Жүректерге көшін түзеп ғұмырың.
Нұрлан Қалқа ЕМТИХАН ҒОЙ БҰЛ ӨМІР Ілесбек Сейдахметовке Емтихан ғой бұл өмір біздер үшін, (Тапсырмасқа болмасын сіз де түсін). Өту үшін сынақтан дайындал да, Мықтырақ тарт ердің сен үзеңгісін. Емтихан ғой бұл өмір сауалы көп, Келу керек оған да жауабың дөп. Өтпей қалсаң бір жолы сағың сынар, Арқалайтын ешкім жоқ сауабын тек. Емтиханды тапсырдық мектепте де, Соңымыздан қалмады ержеткенде. Қоштастым деп ойлап ем емтиханмен, Диплом алып КазГУ-ден мен кеткенде. Тағы шықты бір күні сынақ алдан, (Қызметке алынбайсың құлап қалсаң). Жатпай-тұрмай оқыдық заңнаманы, Жаттық талай теректей сұлап, шаршап. Қыр соңыңнан қалмайды сынақ деген, (Кездерім жоқ бірақ та құлап көрген). ...Емтиханнан өтсем деп абыроймен, Тіршілікте бағымды сынап келем.
Мизам шуақ МІНЕЗ (Болат ағаға) Басыңды имей əркімге, Үміт артып əр күнге. Елуге толдың жан аға, Шыншыл мінез тəн сізге. Туғаның болсын – турасың, Бас бермес құдды «бурасың». Пейілі түзу дос-бауыр, Сырыңды іштей ұғар шын. Болсаң да кейде бірбеткей, Арыңды жүрсің кірлетпей. Пенделікпен кей жандар, Қадіріңізге жүр жетпей. Атадан қалған шаңырақ, Қалмасын əсте қаңырап, Əкеден қалған ақ отау, Тұяғына сендей аманат. Əжеден қалған ақ тілеу, Бұ жалғанда бақ-тіреу. Анадан қалған ақ мейір, Адастырмас нақ сүрлеу.
Нұрлан Қалқа АЛЛАДАН БОЛҒАЙ ШАРАПАТ Алпыс – тал түс. Ш. Мұртаза Алпыс – тал түс, Шаңқай түс, Өмір сүр, аға, Байқай түс. Алда талай асу бар, Баба жолын жалғай түс! Алпыс деген – Шаңқай түс, Қызық алда, Байқай түс. Дүбірлі күндер белгісі – Бозқырау шалса – самай тұс. Алпыс – ал, піс, Деседі, Сеніп, көңіл өседі. Алладан болғай шарапат, Өзіңдей жанға көшелі.
Мизам шуақ АЛТЫНШЫ БЕЛЕС Алпыс деген – алты белес емес пе! Көтерілдің асқаралы белеске. Маңдай термен абыройға бөлендің, Адамдығың, арлы ісің – бəрі есте. Достар үшін шаршамаған, тынбаған, Қиындықта əсте сағы сынбаған. Біздер үшін қымбатсың сен, бауырым, Алтынменен өлшенбейді, біл, бағаң. Салтанатың – барың, бағың, байлығың, Балалар мен немерелер – Ай, Күнің. Жарқыраған жұлдызың ғой – достарың, Іздей-тұғын туыс барда – бар құның. Құтты болсын алпыс жасың – асуың, Асқын талай бұл өмірдің асуын. Алпыс жасың, асқаралы тойыңа – Достарыңның осы болсын – шашуы!
Нұрлан Қалқа ҮЛКЕНІСІҢ ӘУЛЕТТІҢ Бауырлардан ертерек сен ер жеттің, (Бала бағып, талай бесік тербеттің). Үлкенісің өйткені сен əулеттің, Тез есейіп, еңбек қуып, сен кеттің. Қызың өсіп, түлеп ұшты ұяңнан, (Қарайлайсың, тілектес боп, қиядан). Қамқорыңды көріп өскен бауырлар, Алдан шығар амандасып жиі алдан. Құтты болсын мерейтойың, бауырым, Мақтан тұтар жұрт өзіңдей тау ұлын. Адамдығың, адалдығың сүйсінтіп, Игі ісіңді үлгі етер ауылың. Ата-анаң, бауырларың – бар құтың, Отбасың мен немерелер – бақытың. Алла жазсын ұзақ ғұмыр, мол дəулет, Елу жасың, құтты болсын, шаттығың.
Мизам шуақ ЖАЛАУЛЫДАН ТҮЛЕП ҰШТЫҢ Ердің жасы – елу деген белеске, Толдың бүгін, бұл да бақыт емес пе?! Ұлың өсіп, қыз бой жетіп, жетілді, Қиын күндер айналды да елеске. Адал еңбек осы күнге жеткізген, Шаңыраққа шаттық дəнін сепкізген. Құдалар мен құдағилар қаумалап, Қошемет сөз естиді əркез тек Сізден. Қамқор болдың арттан ерген бауырға, Сыйлы болдың дос-жаран мен қауымға. Алға басып келесің еш мойымай, Төтеп беріп дауылдар мен жауынға. Артта қалсын тіршіліктің күресі, (Қиындықпен күресе де білесің). Алда деп біл, қуанышы өмірдің, Шөбереңді ертең бағып жүресің. Көрші-қолаң,
туыстарға болыстың, (Тастап кеткен жерің жоқ-ты жол үсті). Жалаулыдан түлеп ұшқан қырансың, Қанша жасқа келсең-дағы бол күшті.
Нұрлан Қалқа АЗАМАТСЫҢ ТЕГІҢ МЫҚТЫ... Марат Əбдешұлына Арда туған азаматсың, тегің мықты, (Тік көтеріп келесің небір жүкті). Бес белестен астыңыз абыроймен, (Бейнеттеніп маңдайдан терің шықты). Ағаларың «іні» деп мақтан тұтар, Іні біткен «аға» деп арқа тұтар. Ағайын, дос тірегіндей көріп сізді, Танысың да сыртыңнан жақтап тұрар. Əулеттегі өзің боп алмас қылыш, Əке жолын келесің жалғастырып. Қамқор көңіл, ең ізгі ісіңменен, Ел ішінен жүресің алғыс жиып. Бастамашы боп жүрсің барлық іске, Дəн разы, Марат дос, халық Сізге! Əз көңілге түспесін деп ешбір сызат, Қас-қабағын жүресің бағып күнде. Құтты болсын елуің – бұл мереке, Отбасыңа тілейміз құт-береке! Тағы елумен құттықтап келейік біз, Ақ тілекті жеткіздім жырмен, көке!..
Мизам шуақ КӨҢІЛІҢ КӘУСАР БҰЛАҚТАЙ Рыскелді Ахметқалиұлына Елу деген – ер жасына толдың бүгін, Ауырсынбай арқаладың ардың жүгін. Айналаңа ағайын мен дос жиыпсың, Қадірін жоқтық пенен бардың біліп. «Елу жылда – ел жаңа», сен жаңасың, Жаңа қала, жаңа қызмет, бек табасың. (Алла сүйген құлдарын қолдап жүрер), Арамызда соның бірі – сен данасың. Көңілің – кəусар бұлақ, Асыдайын, Ар-ожданың – кім болса да асыл дəйім. Дос-жаранның қамын жеп қай кезде де, Жарқылдап сен жүресің жасындайын. Ісің – үлгі, сөзің – үлгі, жаның ізгі, (Ал ақының көңілдегі барын тізді). «Ел мақтаған жігітті қыз жақтайды», Жақсы көрмей тұра алмас бəрі сізді.
Нұрлан Қалқа ХАНТӘҢІРІНІҢ ҚЫРАНЫ Қанат Байеділовке Хантəңірінің қыраны, Кегенімнің ұланы. Бағындырдың биікті, Қанат, соның ұнады. Қатарының ірісі, Кəсібінің білгіші. Астанада сен бар деп, Мақтанады ел іші. Тауұлысың, дарасың, Биікті талай аласың. Қазақ үшін қызмет ет, Ардақ тұтсын Алашың. Аман-есен жүр деймін, Зор денсаулық тілеймін. Отбасыңа бақ қонып, Ұзақ өмір сүр деймін!
Мизам шуақ * Қырыққа да кеп қалдың ба, құрдасым, Құрдассың ғой, кем болғанмен бір жасым. Замандаспыз, курстаспыз, Ғабеке, Жалған айтпан, десем сені сырласым. Қырыққа да кеп қалдың ба, бауырым, Білер сені оқырманың, қауымың. Отызыңда орда бұздың, қаламмен, Сыйлықтың да алдың жастай тəуірін. Қырыққа да кеп қалдың ба, курстас, Орның бөлек жүргендерден иықтас. Еңбегің мен ақылыңды серік қып, Жүресің ғой айналаңа жиып жас. Қырыққа да кеп қалдың ба, шынымен, Мəн бермеуші ем соншалықты бұрын мен. Білсең, қырық – көгал тұнған қырқа ғой, Баурап алар бөлекше бір қырымен. Қырыққа да кеп қалдың ба, құрдасым, Арман-арбаң орта жолда тұрмасын. Алда талай асулар бар асатын, Көшті түзеп, аттың соған бұр басын.
Нұрлан Қалқа КҮНДЕРДІҢ КҮНІ БОЛҒАНДА... Талай достар табылар, Дұшпаның келіп табалар. Жаныңда жүріп, сыр алған, Жақының жанды жаралар. Достарың жауға айналып, Дұшпаның тағар бар айып. Күндердің күні болғанда, Қаларсың жалғыз сарғайып. Сырыңды ұғар жан таппай, Өмірден мынау мəн таппай, Басыңды тасқа ұрарсың, Ұйқы жоқ, кейде ас батпай.
Мизам шуақ ОТБАСЫҢ ȃ БАҚЫТ ҚҰСЫҢ Жанарға Ұзатылып барасың, балапаным, Алла жазса арайлап атар таңың. Ақ жол тілеп жатыр ғой үлкен-кіші, Таусылмасын өмірде татар дəмің. Ұзатылып барасың, қызым бүгін, Басталады ертең-ақ қызықты күн. Балалықты таста да байсалды бол, (Жеңіл болған емес-ті қыздың жүгі). Ұзатылып барасың, балам бүгін, Толқып тұрмын, көңілім алаң, күнім. Табыстадық өзіңді бір Аллаға, Құдағи мен құдаға, Саған ұлым! Барған жерде ашылсын бағың, қызым, Білем-білем, адалсың, ақылдысың. Бар тілегім: өсіп-өн, ұрпақты бол, Біле білсең, отбасың – бақыт құсың. Қорған болар жарыңның қасындасың. (Тек бақыттан айналсын асыл басың).
Нұрлан Қалқа Ақ батамды бердім мен ақ пейілмен, Құдай қосқан жұптарың жазылмасын! ҚУАТҚА Бес жасыңда сəби едің жүгірген, Бір жылаған, бір уанған, бір күлген. Есейгенде дұрыс қадам аттадың, (Ештеңе етпес бала кезде сүрінген). Он жасыңда бала болдың ақылды, Арқа тұттың ағайын мен жақынды. Асыл анаң жасапты зор бір ерлік, Дүниеге əкеп сендей ақын-ды. Он бесіңде ақын болдың дарынды, Өн-бойыңнан отты жырлар ағылды. Алаулаған сезімдерге елтіген, Талай ару алқа етіп тағынды. Жиырма бесте жүрдің досым, жалындап, «Таңшолпанда» қызмет еттің барың сап. «Егеменнен» ел таныды өзіңді, (Оңай емес жас күніңде танылмақ).
Мизам шуақ Отызыңда төрін берді Ақорда, Құрыштай боп шыңдалдың сен тап сонда. Елін сүйген, еңбектенген жан үшін, Таңдап барып қонады екен бақ қолға. Отыз бесте жолың сенің ашылып, Министрмен кеттің көштің басы боп. Төрағаға орынбасар болдың да, Кітаптарды шығардың сен жақсы ғып. Қырық жаста – қамал бұзар кезіңде, Беріктік бар ісің менен сөзің де. Ерен еңбек, маңдай терің ақталып, Медаль болып жарқырайды төсіңде. Адал доссың, мінезіңмен ардақты, Қашан болсын бола білдің салмақты. Арамызда аман-есен жүре бер, Тілейміз біз өмірдегі бар бақты. Астана,, 12.12.2012 ж.
Нұрлан Қалқа АСЫНЫҢ АЛТЫН САҚАСЫ Болат Ұзақовқа Асының алтын сақасы, Əзекеңдердің жалғасы. Еркелеп елге жүргенің, Талантыңның арқасы. «Үміттен» бастап өрледің, Ешкімге дес бермедің. «Жандауа» – соның жемісі, Көрермен сүйіп көргені. «Мұқағалимен» қауыштық, (Жан сырын аштың арыстың). «Кенесары-Күнімжан» – Түркияда өтті табысты. Сəтті қойып «Гамлетті», Көпшілікті тəнті еттің. Дарыныңмен тамсантып, Қазақ өнерін мəңгі еттің. Асының алтын сақасы, Үмітін елдің ақташы! Қорғасын Алла,
Мизам шуақ Қолдасын – Еліңнің берген батасын!!! Астана, 25.01.2013 ж. ДОСЫМА СЫР Досым мені сөкпе сырттай, жарай ма? Барып шығам көп кешікпей қалайда. Кейбір жандар арамызға түссе де, Саған деген көңілім-көл, шарайна. Мысық тілеу торлап алмақ жолымды, Созсамдағы саған қанша қолымды. Қасгөй пиғыл адастырмақ болады, Танысам да оңым менен солымды. Мінің ұмыт, табысыңмен мақтанам, Өн-бойыңнан тек ізгілік, бақ табам. Өсек сөзге ерік бермей келемін, Жақсың болса, нəр аламын, шаттанам. Жеңді менің аппақ арым, ниетім, (Дос налыса маған ауыр тиетін). Пенделіктен биік тұрдым осылай, Кейбір жандар қазанында күйетін.
ҮШІНШІ БӨЛІМ БАЛЛАДАЛАР Сылдырап аққан бұлағы, Желкілдеп өскен құрағы, Асы деген жайлау бар, Көңілім соған бұрады.
Мизам шуақ ӘЛТАЙ (Баллада) Нағашы атам Қадыр Байбалаұлының рухына бағыттаймын. Автор. Алтыннан қымбат маған асыл анам, Сағынышым ешқашан басылмаған. Барған сайын сыр шертер ақтарылып, Арал сынды бейне бір ашылмаған. – Балғын шақтан өзіңе сыр ашайын, Аңғал кезім, онда менің бұла шағым, Отыратын үйіміз Киікбайда, Жасыл шалғын көтерер құласаң мың. Қарап қалдым таңданып ағын суға, Отыр едім қолымды малып суға. Əлдене жып-жылтыр боп ағып өтті, Ұстай алмай, кетті сол сəт салым суға. Əкем келіп қалған-ды дəл қасыма, – Неге, қызым, ерік бердің көз жасыңа?.. – Сусып кетті қолымнан жылтыр нəрсе, – Дедім мен қорқынышым тез басылмай.
Нұрлан Қалқа – Əлтайым1-ау, алтын ғой ол көшпелі, Жақсы ырым жылыстап сол көшкені. Саусақтан қан ағызсаң тоқтайтын-ды, Қапаланба, бекер емес ол көргенің. Алдың ашық болады, қолың ұзын, Жорытқанда болады жолың, қызым. Қызыр бабаң өзіңді қолдап жүрер, Ұзақ өмір сүретін болдың, қызым!!! – Деп əкем берген еді ақ батасын, Тірі жүрмін балам, Алла сақтаған соң. Адамдардың бəрін де дос көремін, Ешқашан да болған жоқ бақталасым, – Деп анашым аяқтады естелігін, (Жаңғырады сол оқиға есте бүгін)... ...Алтын емес, əкеден ақ бата алған, Жыр еттім Əлтай қыздың естілігін. Ұзынбұлақ ауылы, 19.07.2012 ж. 1 Əкесі еркелетіп Əлтай деп кеткен.
Мизам шуақ АСЫДА (Баллада) Сылдырап аққан бұлағы, Желкілдеп өскен құрағы, Асы деген жайлау бар, Көңілім соған бұрады. Жайқалған беткей – Көкбұлақ, Асының төсі – кең тұрақ. Төс пен Жамбас, Дайын сай, Қарсы алар барсаң, жөн сұрап. Қарағай, шырша, көк майса, Қоңданар малың жеп, тойса. Желіде құлын бебеулеп, Өріске отар бет қойса. Жайлаудың көркі – ақ бұлақ, Арнаны қуар шапқылап. Асының бағы – саф ауа, Табиғат шіркін, тапқыр-ақ! Табаның тисе Асыға, Жорырсың оны жақсыға.
Нұрлан Қалқа Көзіңе ыстық көрінер, Қыналы қара тасы да. Шығыстан атса таң күліп, Сілкінер жатқан маң мүлгіп. Шырылы құстың сол мезет, Жайлауды тербер əн болып. Қиқу салып қаздар да, Айналар дала базарға. Ін қазып ойнар Ақтөбет, Қарамай берген асқа да. Жайлаудың таңы тез атар, Қалаға келер кез қайтар. Өшпестей əсер қалдырды, Алыстан Асым көз тартып...
Мизам шуақ ЕРЕУІЛТӨБЕ (Баллада) Он алтыншы, отты жылдар, айбатты Ерлер шықты елiм деген қайратты. Ұлық сөзi, ақ патшаның жарлығы, Кəрi-жастың зығырданын қайнатты. Қарқараға қалың нөпiр ағылды, Сасқан елге пана басшы табылды. Ұзақ батыр, Жəмеңке би, Жаңабай, Жиды елдi, шырақ белгi жағылды. – Берме бала, текке өлер, қансырап, Адам емес, патша алсын мал сұрап. Албанымның арын сатпа, ағайын, Бiз көнбеймiз тұрсақтағы қалжырап. Ант берейiк баламызды бермеске, Патша үкiмi кетсiн тегi келмеске. Ұрпақ үшiн жаным пида, аянбан, Ойлан елiм, неге маған ермеске? – Ұзақ батыр шықты өзiн құрбан ғып, Жансыздары Подворковтың тұр аңдып. …«Көнсек үнсiз бала өлер, ей, жұртым, Ал көнбесек шал өледi бұл анық», –
Нұрлан Қалқа Деп Жəмеңке саңқ еттi сол бiр сəт, Ұзақ батыр сөз сөйледi жол нұсқап. Батырларды қалың елi қолдады, Дестi олар: «жөн-жөн екен қол құрсақ»… …Жəрмеңкеге келдi халық ертесi, Қан жайлаудың қалың едi көрпесi. Жасыл шалғын, құлпырып тұр Қарқара, Естi алар қырмызы – гүл, жер төсi. …Ұлық састы, ертiп алған болысты, Қаһарлы топ көрдi ылғи жол үстi. Атқа мiндi момын Албан, тым сұсты, Құлшынып жүр «жайратам деп орысты». …Жеңдi халық, жүзi жарқын, шат бүгiн, Серпiгендей болды қапас түндiгiн. Тым ұзаққа созылмады бұл жеңiс, Шапты казак көтерiлiс кiндiгiн. …Ұмыт қалмас, өшпес мəңгi көңiлден, РУХЫ тiрi, (дене жерге көмiлген). Ереуiлтөбе – ескерткiшке айналған, Бабалардың қасық қаны төгiлген.
Мизам шуақ ЖАЗА (Баллада) I Адамды адам алаласа оңбайды, Түбінде ол опық жейді, сорлайды. Сондай халге душар болған дəрігер, Əлі күнге ұлын іздеп жоқтайды. Жырлайын мен болған жайды бір кентте, Ұмыт қалмас үшін сол жəйт құр текке. Дəрігердің қатыгездеу қылығы, Салмақ салған иманды əр жүрекке. Бірде болды адам сенбес уақиға, Кете барды жап-жас бала бақиға. Ажалменен арпалысқан боздақты, Безбүйрек бір дəрігерге тап қылған... II – Ағатай! – деп кіріп келді бір кісі, – Құтқара гөр!.. Қашып кеткен түр-түсі. – Бала қақтым, құтқара гөр, дəрігер! – Деді байғұс тым суыттау жүрісі.
Нұрлан Қалқа Жас медбике есік ашты жүгіріп, Сасқан адам бір шығады, бір кіріп. Қапелімде өзі қаққан баланы, Емханаға əкеліпті үлгеріп. Жүргізуші шыр-пыр болып, жылап тұр, Ал дəрігер өз қызметін пұлдап тұр. – Білесіз ғой, қол байлайды жоқшылық, – Деп жұқалап, одан пара сұрап тұр. – Құтқара гөр! Не сұрасаң беремін, Қазір барып қаржы жиып келемін. Мына бала көк өрімдей екен-ау, Құтқара гөр, тауып келем керегін! Аямаймын, сұрағанды берейін, Бір Аллаға, сосын сізге сенейін. Жас баланың жанын ап қал, дəрігер, Міне, кеттім, көп ұзамай келемін… III Жалпағынан басып тұрған жалғанды, Дəрігер ше... көрмеді кеп баланы. Медбикеге тапсырды да науқасты, Бөлмесіне жылдам кетіп қалған-ды.
Мизам шуақ Білмеді кеп жасөспірім жағдайын, (Енжарлықтан тартарын да сазайын). Есін білмей, бала жатты қансырап, Азап шеккен қасіреті аздайын. Тездетпесе жағдай ауыр, біледі. Медбикелер дəрігерге кіреді. – Қазір барам, күтсеңдерші сабырмен, Деп тіл қатты шымыр етпей жүрегі. Қайран боздақ, əлсіреді, қан кетті, Соры болар, имансыз жан тап кепті. Күрессе де ажалменен қаншама, Демі бітті, кеудедегі жан кетті. Күйзелген жан енгенінде бөлмеге, Бұрын-соңды мұндай азап көрмеген. Дəрігер жоқ, бала жансыз қалыпты, Тұла-бойын ашу-ыза кернеген. – Лағнет атқыр!.. Ботадайын боздады, Жас балаға Алла ғұмыр жазбады. Зыр жүгірген шарасыз боп медбике, Ал дəрігер көмек қолын созбады.
Нұрлан Қалқа IV Ол келгенде кенет болды бір жағдай, Қарап қалған барлығы да кіл барлай. – О, құдайым, не жазып ем мен саған! – Деп дəрігер басын ұрып, тұр зарлап. Құлқын қамын күйттеген бір пенде, Күңіренді, қайғы құшты бірдемде. Құтқарып та қалар еді баласын, Заматында келіп халін білгенде. Кеш, кеш енді, амал қанша, кеш бəрі, Дəрігерді жеп қоярдай, өш бəрі. Берген антын ақтамаған пендені, Мүмкін емес тірі жанның кешпегі. Ниет-қанжар қадалды кеп тəніне, Парақорлық нүкте қойды бəріне. Өз баласын арашалап қала алмай, Алланың ол ұшырады кəріне!
Мизам шуақ АҚҚУǧЖҮРЕК (Баллада) Аққу-жүрек бар боп шықты, таңғалғам, Жан екен-ау кiмге болсын алданған. Ар-əйнегiн сындырыпты сан мəрте, Некелi жар құр құлқынын малданған. Аққу-көңiл жоғалтыпты сыңарын, Намыссыздың ойранына шыдадың. Он алты жыл ащы суға тұншықтың, Неткен төзiм, неткен берiк шыдамың. Аққу-сезiм əлсiреген, жаралы, Оққа ұшқан шалқар сенiм маралы. Соншама жыл мехнат түнiн кешсе де, Жан сезiмi тапталмаған қар əлi. Аққу-ниет сол бiр балаң қалпында, Ауыр күндер өткен бастан ал тыңда! Жанарына жас келсе де бiлдiрмес, Мүжiлу жоқ əсте оның қанында. Аққу-бақыт бал-бұл ұшқан жанардан, Арман-мақсат тар қапасқа қамалған.
Нұрлан Қалқа Жан дүниесiн басқандай ма алапат?! Шерменде ой жүрекке кеп жамалған. Iздеп шықты келмей жүрген жолдасын, Сол күн оған шын мəнiнде болған сын. Жатақхана болып шықты тұрағы, Жүндей түтер төндi ойлар қорғасын. Есiк ашты азып-тозған бейшара, Арақ исi мүңкiп кеттi, не шара! Күйеуi тұр нақсүйерi қасында, Дегендейiн: «Түрiм осы, кел, қара!». – Өз үйiңнен безiп, талай қаңғыдың? Кешiрген ем,
қайта мiне даң қылдың. «Қосағым» деп жаманатқа қимағам, Ендi жабық саған көңiл-сандығым. Дедi-дағы тысқа бiрден атылды, (Кiрген кезде өжет сондай, батыл-ды). Өз үйiнен қашып-пысқан күйеуi, Тауып алған iшкiштеу бiр қатынды. – Қал, – деп қалды, – анау ойлар қамыңды… – Барам үйге, – деп күйеуi жалынды. Мизам шуақ – Жекеменшiк күйеуiң бе? Немене? – Нақсүйерi көкпеттiкке салынды… Өттi күндер, айлар жылжып қаншама, Дедi Қызы:
– Ұмыт, ойлап шаршама. Ондай əке керек емес маған да, Аман болсақ, өмiр сүрер бар шама!.. Өксiк қысты, жас төгiлдi жанардан, Ана мен Қыз уайым-торға қамалған. …Күйеу кеттi маскүнем боп бiреумен, Белгiсiз-ау шығар қандай таң алдан. Қалды жалғыз. Қыз əкесiз. Көңiл бос, Арын таптап, тауып апты көңiлдес. Қаншама жыл алдап келген сұмдық-ай, Көзiнен жас қалай ғана төгiлмес. Жазылар-ақ тəнге тиген пышақ-iз, Арқа тұтып кiмдi ендi құшпақ қыз. Түн-албасты ұйқы бермес мың арбап, Ой-зымыран тiлгiлейдi пышақсыз.
Нұрлан Қалқа Сатқындықты дұшпанға да бермесiн, Дос-жаранның артынан сөз ермесiн. «Шаңырағың шайқалмасын» деген сөз, Дөп басқандай мұңлы көңiл пернесiн. Аққу-жүрек, уақыт-шипа, емделер, Серiгi де табылар-ау тең келер. …Немерелер алдан шығар «апалап», Шашу шашар ақ ниеттi жеңгелер!
Мизам шуақ ЖАСА ЕЛІМ (Толғау) Нəубет келiп шаңырағым шайқалған, Адам азып асып түскен шайтаннан. Тұрар сынды хас батырлар санаулы, Кезi жоқ-ау шындық үшiн тайсалған. Небiр шешен тiлдерiнен бал тамған, Айрылды бiр үзiм нан, талқаннан. Қазағымның кiл қаймағы қуылып, Зиялылар «халық жауы» атанған. Шежiресiн дастан етiп айта алған, Қонақ келсе барын берiп қайтарған. Күйi қашты қазағымның қайтейiн, Сталиннiң сесi шықты қайта алдан. Қу жан үшiн жақынына тас атқан, (Үш əрiптер қара тiзiм жасатқан). «Халық жауы» отбасы да тоз-тоз боп, Көздерiнен қан аралас жас аққан. «Қызылдар» кеп елдi бұзды дiнiнен, Ұрпақ бездi ата дəстүр, дiлiнен.
Нұрлан Қалқа Кеңес халқы «ұлы тiлде» тiлдесiп, Жетпiс жылдай кемдiк көрдi тiлiнен. …Ел басынан өттi талай зауал күн, (Сөнгенiмен,
тыртығы бар алаудың). Бабалардың ар-намысы деп бiлем, Көк жүзiнде желбiреген Жалауды. * Той дегенде ет-жақынын iздеген, Жеңгелерi қайындарын «Сiз» деген. Ұмыт қалып бара жатыр дəстүрiм, Жақсылықтан күдерiн еш үзбеген. Шарап iшiп Жiбектерi қазақтың, Көрсеттi ғой сан түрлерiн мазақтың. Шылым шегер қалыс қалмай ерлерден, Айырмасы бөрiктiден аз-ақ тым. Подъезге тастап кеткен баласын, Интернатқа өткiзетiн анасын. Мезгiлiнсiз қартайтатын əкесiн, Көрсеттi ғой бейшаралық қарасын.
Мизам шуақ Тырналаймын мұңлы жүрек жарасын, Ақтарамын адамзаттың наласын. Қалай,
қайтiп оятамыз халайық, Мəңгүрт болған жеткiншектiң санасын. Қырқылыпты жасыл желек, ну орман, Арал, Балқаш өзендерiм қуарған. Бүлiнуде Жер-Анамыз, Табиғат, Ал Адамдар күй кешуде жыларман. Шетке сатып шикiзатты қолда бар, Қайран байлық талайларға қор болар. Зымыраннан запа шеккен ұрпақты, Ойлам кетсем көзден жасым сорғалар Шексiз шiркiн, жазиралы паң далам, Қорғап келген бабам қалай таң қалам. Өркендесiн туған елiм, жайнасын, Бiзге көзiн қадап отыр бар ғалам. Жырлай берсем түрiм жоқ-ау жалығар, Елдiң жырын елiм деген жан ұғар. Кел, қазағым, бiрiгейiк елдiкке, Қыспақтан да шығатын жол табылар.
Нұрлан Қалқа Мұның бəрi елiм үшiн болған мұң, Шерiмдi айтып алдарыңда толғандым. Жастар үшiн сабақ болсын дегенiм, Заман түзу, түзетермiз қалғанын. * Тəуелсiздiк тəу етерiм – гүл-бағым, Тарихымды келе берер жырлағым. Қазағымның саны өссе арман жоқ, (Шiлдетойда ағытылар жыр-ағын). Дами берсiн дiнiмiз бен тiлiмiз, Дос болайық бiрiмiз бен бiрiмiз. Дəстүрiмiз жалғас тапсын алда да, (Əруақтарға тас атпайық тiрiмiз). Ұсақтыққа барыспайық ұлт болып, Шаңыраққа Қызыр келгей, құт қонып. «Бөлiнгендi бөрi жейдi» ағайын, Игi iстер iстелiк тек жұп болып. Қазақстан – қазағымның Отаны, Əрбiр таңым тыныштықпен атады. Тағдыр жазса, өзге ұлттың өкiлi, Құшағына сыйып кетiп жатады.
Мизам шуақ Жаса елiм, үстем болғай мерейiң, Көк Жалауды Жеңiстерде көрейiн. Қазақстан – қазағымның Отаны, Бақыт-бақтан жемiсiңдi терейiн. Алматы. 19-20.04.1990 ж. – Астана. 12.2001 ж.
Нұрлан Қалқа ҒАСЫР ҚАЛАСЫ (Баллада) Астанам – бағым, баспанам, Жайқалған қайың, жас қалам. Жарасым тауып дүр-көңiл, Шырқалып жатыр асқақ əн. Шаң қапқан қала түрлендi, Бүр жарып терек, гүлдендi. Көшелер кеңiп, көркейiп, Жанарды арбар түрге ендi. Астана түнi ғажап-ақ, Ауасы тымық, таза бақ. Ауладан қоқыс көрмейсiң, Күн сайын тұрар тазалап. Бейне бiр иран бағындай, (Тұрмассың, сiрə, сағынбай). Сəулеттi үйлер қаншама, Көруге жұрттар ағылды-ай!.. Сенiм шырағы жағылды, Астана ашты бағымды. Пəтерге мұнда қол жетiп, Қуаныш жыр боп ағылды.
Мизам шуақ Есiмде бала тiлегi, Көршiнiң үйi кең едi. – Ойнаймын сонда, кеттiк, – деп, Қолымнан тысқа сүйредi. (…Тар бөлме бiткен мезi қып), Жаңа үйге тұрды қызығып. – Осында, көке, қаламын, – Тiл қатты жүзi құбылып. – Алған үй, көке, жақсы, – деп, Былдырлап, мақтап жатты кеп. Көзiмнен түйiр жас ақты, «Бақыттың таңы аттың деп. Сондағы күйiн атама, Қуаныш iште жата ма?! Елбасын танып суреттен, – Алғыс айт, – дедi, – Атама! Астанам – бағым, баспанам, Алматы – ару, бас қалам. Архив боп көштi тарихқа, Солтүстiкте – астанам.
Нұрлан Қалқа Ғаламат елдiң ертеңi, Астанам гүлзар, ертегi. Жанымның шаттық күйлерiн, Домбыра-көңiл шертедi. Астана – ғасыр қаласы, Болмас-ау сөздiң таласы. Нұрсұлтан салған қала деп, Үн қатар қазақ баласы. …Астана – ғасыр қаласы.
Мизам шуақ АСЫ ЖАЙЛАУЫНДА (Поэма) I Астанадан ағылдық Алматыға, Алла жазса, Асыдан дəм татуға. Туған жердің қастерлі топырағы, Бұлақ суын ішсең сен бал татуда. Рыскелді досымыз құрақ ұшқан, Бұл сапар тумап еді сұраныстан. – Асыда туылыпсың, ақын досым, Көрмегенің қалай?! – деп таң қалысқан. – Мен сені туған жерге апарайын, Көрсетейін Асының дала, сайын. Тəу еткін кіндік қаның тамған жерге, Тағзым ет! Топыраққа аунатайын. Өскенмен Қулық таудың етегінде, Туыпсың Асының бөктерінде. Қырық жыл болыпты көрмегелі, «Мұның қалай?» десем сен сөкпе мені?!
Нұрлан Қалқа Жинал дос, Асыға жол шегейік, Жұмысты бірер күн қой шегеріп. Бір күнің туған жерде – бір жыл азық, Асыдай асқар белге жол жүрелік! – Деген сөзін досымның қабыл алдық, Асыға бармаққа дайындалдық. Ілесбек, Марат пен Болат, Əділ, Рыскелді əзірленді барын салып. Астанадан аттанып Алматыға, Асықтық Асыдан дəм татуға. Бетке алып Бартоғайды жүріп кеттік, Туған жердің ауасы бал татуда. II Шелектің дəл үстінен өте бердік, Тоқтамастан өзенге кете бердік. Шелектің бағы тайған осы күнде, Өзен жоқ түсетұғын жеке келіп. Марат дос көріп мұны қайран қалған, Кезінде олар талай сайран салған. – Көрмесем сенбес едім мына жайға, Бұл көрініс жаныма жара салды.
Мизам шуақ Бір кезде тулап аққан өзен-тұғын, Ат бойламас ағынды, терең-тұғын. Иірімнен əрең шықтым сонда өзім, Ал енді таң қалумен келем бүгін, – Деп Марат болған жайға қамыққан-ды, Сөз етіп ауыртатын анық жанды. Асып, толып ағатын Шелек жоқ-ау, Қайда екен шоршыған балықтары?.. Масақтың ту сыртын жанап өттік, Өрдегі бұл ауылға қарап өттік. – Анау тұс бақша еді бір кездері, Тал-теректі саусақпен санап өттік. Алма бақ, ну тоғай, салқын мекен, (Нендей күйге түстің сен, жасыл өлкем?)... Тоғайды ағаш қып отқа жағып, Қатыгез болды сонша халқым неге? – Деп қалды Рыскелді жаны күйіп, Азамат қой намысты, ары биік. Алма бақ есімде менің-дағы, Алатынбыз алмасын барып жиып.
Нұрлан Қалқа Байсейіт ауылы ғой мына мекен, Қазақтан ұйғыр жайлы тұрады екен. Нарынқол, Кеген жұрты базар күні, Аттың басын алдымен бұрар мекен. Байсейіт қазақтың хас батыры, Ол жайлы басылған тасқа жыры. Аманаттап кеткенмен жерді бізге, Айтайын бұл ауылдың басқа сырын. Байсейіт ұйғырларға болған пана, Сауданың көрігі қонған дала. Жалқаулық қазақты басып алса, Ұйғырдың тағамы толған алаң. Байсейіт ұрпағымыз дегенменен, Қазақтың жағдайын келем көріп. Пұл жасауда саудагер, қазақ қалып, Амал жоқ теңгемді əрең берем. Шетсіз-шексіз жазығы Сөгетінің, Бұрын сонда қалың мал өре-тұғын. Мыңғырған отарды да табу қиын, Темір көлік жол бойы көретінің.
Мизам шуақ Бастауына жетпестен Райымбектің, Бұрылдық, ойлап біз жайын көптің. Жолына түсіп алып Бартоғайдың, Асыға апаратын сайына өттік. Су қоймасы Бартоғай – ел ырысы, Тəу еткен жөн, дестік, ең дұрысы. Тамашалап өңірдің ен байлығын, Бітіргендей болдық біз бір жұмысты. Бұл Асың Бартоғайдан басталады, Осы тұс ең тұнығы, бастау əрі. Дəм ұсынып жігіттер, құрақ ұшып, Ауыз тиді ниетпен астан бəрі. Қоршап жатқан Асыны қарағайлар, Жасыл мекен тамаша, барып жайлар. Жайлауға Асы деген көтерілдік, Көрген адам шаттанып, алақайлар. Болған мұнда Райымбек – қас батырым, Жырларын жазған екен бар ақыным. ...Көкпар десе қазақтың қаны қызар, Тұлпар мін де, бауырым, бас тақымын.
Нұрлан Қалқа ...Кім келмеген Асыға, кім көрмеген, Қайран жайлау білсеңіз не көрмеген?!. Жыр жампозы Ілияс1 та атын бұрып, Асы жайлы толғанып, жыр толғаған. Мұқатай2 да Асыда сайран салған, Ағыл-тегіл жыр жазып қайран ағам! Құт дарыған жайлауды жайлаған жан, Дастарқанын достарға, жайған маған. III Дастарқанын достарға, жайған маған, Қонақжай ғой қашанда қайран қазақ!.. ...Көкбұлақ – қарағаймен көмкерілген, Жасыл желек көркіңе қайран қалам. Бетегең биік, от қой қойның Көкбұлағым, Жағаңа кератпен кеп құладым. Тұнық бұлақ – жайлаудың нағыз құты, Текеметтей бейне бір көк құрағың. Рыскелді, Болат дос, өрге ұзап, Шақырады беткейден: 1 Ілияс Жансүгіров. 2 Мұқатай Жылқайдаров.
Мизам шуақ – Бірге тұрсақ!.. Ілесбек жаяу шықты демікпестен, Іңір жақын, құра алмайсың Күнге тұзақ. Əлден соң оза бердік Көкбұлақтан, Кетпейді достық үні тек құлақтан. – Бермен кел! Қол бұлғайды Болат бізге, Шып-шып тер шыққандай керқұла аттан. Есімін жазған екен тасқа қашап, Болмас сірə, бұдан асқан басқа ғажап!.. Киіз үйдің тапты орнын жаңылыспай, Бастау алған сол маңнан қасқа бұлақ. Отыз төрт жыл өтіпті сол бір жайға, Болат та келмеген-ді сол маңайға. Тасқа қашап жазған есім сақталыпты, Қайран қалып тұрдық көп сол маңайда! – Нақ осында киіз үйлер орнығатын, Көкбұлақты ата-анам жол қылатын. Бие байлап, көкпар беріп, қонақ күтіп, Көңілі түссе əкеміз той қылатын.
Нұрлан Қалқа Тоғыз жаста көкпарды мен əкелдім, Қуанғанын көрсең ғой жан əкемнің!.. Малын сойып тастады, тойын жасап, Ұғынды ол ат ұстары бар екенін! Мына тас сол күндердің елесіндей, Бала кез жылқы баққан əлі есімде... Əкем, анам жайлаған Көкбұлақ бұл, Дəл кинодай түсіп жатыр бəрі есіме, – Деп Болат дос іштегі сырын шертті, Келген еді бұл жерге ұлын ертіп. – Атаң атын байлаған Көкбұлақ бұл! Талай бастап келдік қой ұлы көшті!.. Туған жердің əр тасы шежірелі, Бағаламау пендеге кесір енді. Қандай бақыт тəу еткен ұлыңмен кеп, Мерейіңді бұл əркез өсіреді. IV Асыда кесіліп кіндігім, (Түрілген киіз үй түндігі). ...Бір-ақ жаз жайлапты Асыны, Білдім мен өскенде шындықты.
Мизам шуақ Ақын кеп беріпті батасын, Жайлауда қонақ боп жатқасын. Көшіпті біздің үй Кегенге, Сəбиі бір жастан асқан соң. Қулық тау – адам боп, өскен жер Асы екен – кіндігім кескен жер. Жайлауда келіппін өмірге, Шөп пісіп Шілдеде, ескен жел!.. Арада өткенде қырық жыл, Асыға арнаған жырым бұл. ...Аунатып қайтты ғой достарым, Атадан жалғасқан ырым бұл. Асы жайлауы, 26.07.2008 жыл.
Нұрлан Қалқа ǾСАРАЙǧҮЙДIҢǿ ТҰРҒЫНДАРЫ (Поэма) КЕШЕ 1. МЕН Құштар едiм кiтапқа балаң кезде, Мойын бұрмай жүрушi ем жалаң сөзге. Дейтiн əкем: – Намысты қолдан берме, Дейтiн анам: – Арлы бол шамаң келсе. Бауырлардың тұңғышы бала бақса, Қалғандары үй-жайды қарап жатса. Бауырмал боп өспеске шара жоқ-ау, Бiздiң үйден жылылық тарап жатса. Болып алды сенiмдi қалам досым, Қызығына кiтаптың қанам сосын. Газет-журнал күн сайын күтетiнiм, Мақсат еттiм: алдымен санам болсын. Мектебiмде мақтады ұстаздарым, (Қашып жүрдi сабақтан тұстастарым). Жазу жаздым балаң ой серiк болып, Пəле iздеп ешкiммен ұстаспадым.
Мизам шуақ Үйдiң iсiн iстедiм тындырымды, (Төгейiншi iштегi шын сырымды). Бұзау бақтым, қой айдап, отын тасып, Замандасым, түсiнгей мұң-жырымды. Бала кезден үш мақсат армандадым, Былай қойып өмiрдiң қалған бағын. Аңғалдықпен сол кезде сезiнбеппiн, Бұлдыр тағдыр, қаталдау жалған барын. Бiрiншi ой – оқуға табан тiреу, Таныс iздеп жатпады маған бiреу. (Жылдар салып араға қонды бақыт), Үйде жатып тiледi анам тiлеу. Солдат болу одан соң арман болған, Намыс едi жарамай қалған оған. Содан кейiн бұйрытса көңiл сүйген, «Бақыт» дедiм жарымды алған қолдан. Асыл арман жетелеп биiк белге, Алға жүрдiм мойымай күйiк-шерге. Кеше қандай болып ек соны құрбым, Таразыла, санаға түйiп көр де.
Нұрлан Қалқа 2. СЕН Қулық таудың ойнадық бөктерiнде, Таныс емес сол бiр маң көпке мүлде. Үй жасаймыз күн ұзақ «жұмыс iстепң, Мəз боламыз асыр сап шөпке күнде. Темiр аттың тұяғына таға қағып, Жүргенiмде, отырдың «бала бағып». Қуған кезде «пəтердiң қожайыны», Қора-жайға көштiк бiз, дала қалып. Ұмыттым мен жасымыз қай шамада, Жалғаны жоқ, бiр жүрдiк сай-салада. Соның бəрiн айтуға саған, құрбым, Көңiл кейде бiлмеймiн, тайсала ма? Көршi тұрдық, iргелес қақпамыз да, Көп-көп заттар келетiн «ақшамызға». Тату-тəттi тұрдық бiз «сарай-үйде», Жемiс-жидек өсетiн «бақшамызда». «Тамақ» iстеп көк шөптен асырадың, Жан сырыңды ешқашан жасырмадың. Үйшiк ойнап жүрген кез көз алдымда, Содан маған ыстықсың, асыл жаным.
Мизам шуақ Нүкə болса досымдай болып кеткен, (Қулық тауға сан мəрте жорық шеккем). Отын алып қаншама қайттық бiрге, Қорықшылар жүрсе де қорып көптен. Шөп тасыдық, бұзауды бақтық бiрге, Көлеңке жоқ, қызынып жаттық Күнге. Кесiрткенi жиып ап, дарға асып, Бақ-бақ жиып, тəж жасап, тақтық Гүл де. Өттi бастан қызық күн ойлап көрсем, Бəрiн еске аласың сайрап берсем. Балғын кездiң белгiсi секiлдiсiң, Қашан болсын жанымда жайнап жүр сен. БҮГIН 1. МЕН ҚазМУ, журфак – терең бiлiм ордасы, Құт мекеннен бастау алған жол басы. Арман еткен тұғырыма қондырды, Балаң кезгi талап, ынта болмашы. Оқып жүрдiм, еңбек еттiм, тырбандым, Қалың ойлар тербегенде жыр жаздым.
Нұрлан Қалқа (Борышымды өтем келiп ел қатар), Түн баласы жұлдыздармен сырластым. Талай қыздың жүрегiне шоқ салдым, Тап болдым ғой шарпуына токтардың. Сезiмiмдi тəрiк еттi сүйгенiм, Көпке дейiн жоламасқа тоқталдым. Жазу болып кеттi түнгi «ермегiм», Арсыз сезiм жетегiне ермедiм. Жырым болып ең сүйiктi серiгiм, Қызға деген махабатты жерледiм. Тағдыр жазып сенiменен жолықтым, Жадырадым көңiлiме қонып Күн. Сол бiр күнгi кездесудi балгерге, Ақша берiп жақсылыққа жорыттым. Үш айдан соң ақ некемiз қиылды, Тойымызға дос-жарандар жиылды. Бөктерiнде өзiң талай ойнаған, Туған жердiң дəм мен тұзы бұйырды. Балалық шақ əмсе есте қалмайды, Тəттi ойды жебiр тiрлiк жалмайды. Кейде сенi қатты зекiп тастаймын, Кейде көңiл сол күндерге самғайды.
Мизам шуақ Бүгiн бəрiн шолып шығып тыңайдым, Алға қарай шақырғандай тың айдын. Қулық тауда қалған балғын күнiммен, Кездескендей болып бiр сəт мұңайдым. Үш жыл өттi бiз шаңырақ құрғалы, Үш жыл өттi қызым қаз-қаз тұрғалы. …Салыстырсам – бүгiнгiмнен мың артық, Сенiменен «сарай-үйде» тұрғаным. 2. СЕН Жақсы көрдiң сыйлап жүрдiң басында, Қай кезде де бiрге болдың қасымда. Кейбiр күнi сөзге келiп қаламыз, (Ақ көбейiп бара жатыр шашымда). Сондай сəтте алшақтайды арамыз, Сəл нəрсеге күйiп-пiсiп, жанамыз. Отбасында берекемiз кетедi, Жалған сөзге уланғанда санамыз. Кей мезетте кiнə сенен болады, (Менен кетсе жаныма мұң толады). Ренжiп қалса туған-туыс, дос-жаран, Жүрек-гүлiм ыстық күнде солады.
Нұрлан Қалқа Ұрттап қойсам басқа қалмай амалым, Iштегiнi бетке айтып саламын. Ақиқатты сыр ғып шерттiм десем де, «Құрбаны» боп кете барам жаланың. Iшпей жүрсем сырдың құлпын ашпаймын, Арандатар жолға қадам баспаймын. Əсер етпес кей оспадар қылығың, Көңiлiмнен бəрiн сызып тастаймын. Зəрлi сөздi, кiнə артқыш пiкiрдi, Айтпау керек, ұмытқандай үтiрдi. Ұқтым соны басыма тас тигенде, (Мiнiн айтсам досым бетке түкiрдi). Үнсiздiк те болмас жақын жолдасым, (Тiлейтiнiм: тiлiм даудан қорғасын). Шындық билiк айтқан кезде жылатып, Маған күнiм, өкпе-назың болмасын. Сақтап қалам өзiм құрған отбасын, (Жалған күлiп азғырады көп қасым). Өзгелердiң өсектерiн тыңдама, Өз басыма, айналайын, жоқ па сын?
Мизам шуақ Екеумiздi түсiретiн сабаға, Келтiретiн анда-санда тобаға. Саған менi, маған сенi мақтайтын, Айданамды қалдырмайық табаға. 3. ОЛ Iшкен асым əсте онсыз батпайды, Ойнап жүрсе тыйылады сап қайғы. Бiр күн ғана көрмей қалсам қызымды, Жанды жеген қалың ойлар қаптайды. Күн нұрындай қызым маған көп керек, Мен – тамырмын, ол – тербелген көк терек. Кейде сенi сөгiп қойсам қаттырақ, Аппақ ботам шыға келер өкпелеп. «Сен ұрсып ең анам үнсiз жылады», Деп бұртиып төсекке кеп құлады. «Жылаған жоқ» деп жұбатпақ болсам да, «Айтшы неге ұрыстың?» деп сұрады. Қызды сөксең мен араша боламын, Көргiм келмес жылағанын баланың. Ұрсып қойсам сен араға түсесiң, «Соның iштей жөн шығар» деп қаламын.
Нұрлан Қалқа Бiз бiлемiз əлiмсақтан аспан көк, Дұшпан-пиғыл өгейлiктен асқан жоқ. Бұл жайында айтып жүр ғой адамдар, Байқаусызда артық кетiп басқан шоқ. Байқап көршi, жоқ кезiмде тамыр бас, Менен артық оған əке табылмас. Сенен артық оған ана жоқ мүлде, Жандармыз ғой сондықтан да тағдырлас. ЕРТЕҢ 1. МЕН Бүгiн – отыз, ал ертең… Құдай бiлер, Жарым болып қаласың құлай сүйер. Сағат сайын өзгерер жан емеспiн, Бүгiн былай, ал ертең былай жүрер. Арманыңа қол жетер, үмiт үзбе, (Бұйыратын шығар-ау түбiт бiзге). Бүгiн мейлi, ал ертең сақ бол, жаным, Қара мысық санаңа жүгiрткiзбе. Бүгiн менi кейбiреу жамандасын, Жүрем оған сонда да амандасып.
Мизам шуақ «Сабыр түбi – сары алтын» деген бабам, Шыдармын мен тұрса да жарам ашып. Басылады бойдағы селтең бiр күн, Үй де бiзге тиедi ертең күнiм. Күйiн кештiк екеумiз жолы болмас, Кейiпкерi секiлдi ертегiнiң. Ертең маған жүресiң құрақ ұшып, (Суретiмдi төрдегi тұра құшып). Кiтабымды көргенде сөрелерден, Жатасың-ау бақыттан «сұлап түсiп». Бүгiн сенiң күнiм-ау, қасыңдамын, Керек шығар алдыңда бас ұрғаным. Жоқ кезiмде бiлерсiң қадiрiмдi, Көлдей болып төгiлер жасың, жаным. Ертең бағым жанады мен сенемiн, «Менмiн» деген мықтыға тең келемiн. Есейгенде көз майын таусып қызым, Шығармамнан табады тек керегiн. 2. СЕН Бүгiн сенi жылатып қойған болсам, Сендей маған басқалар қайдан болсын.
Нұрлан Қалқа Ертең маған керегi сен ғанасың, Айтпай жүрген iштегi байлам осы. Талай мəрте қысылып, қамығармыз, Бiрiмiзден бiрiмiз жалығармыз. Ертең мен шал, сен кемпiр болған кезде, Өкпелескен күндердi сағынармыз. Байыз таппай қаламын кей күндерi, Əжiм торлап, құбылтар кейпiңдi əлi. Немеренi жаныңа жиып алып, Жыр ғып айтып жүрерсiң «кей күнəнi». Бүгiн сенiң ойыңда басқа «бақыт», Жүргiң келер ашумен жасқап алып. Бақыт шiркiн, басыңда тұрмас ұзақ, Алғаныңда бiлерсiң тасқа шағып. Қайнап тұрған кезiнде жастық жалын, Сенен гөрi ойлаппын достың қамын. Көңiл қалған сəттерде түсiндiм-ау, Алғанымды құлатып қостың талын. Ертеңгi күн ақылға бас ұрасың, Бастан кешiп қиындық басыласың. Бiздi қойшы, бiр амал табылады, Құдай берген қызымыз жасымасын.
Мизам шуақ 3. ОЛ Ертең қызым басады жолымызды, Бойжетедi ұзатып қолымызды. Басқан iзiн санаумен жүремiз ғой, Неше түрлi пəледен қорып қызды. Жылтыр жандар қызыма жаудай кiлең, Ондай кезде көңiлiн аулай жүрем. Бiлiм жолын қуғанын армандаймын, Өнер десе талабы таудай бiлем. Бiзге ешкiм мол дəулет тастамады, Пəтер iздеп күнiмiз басталады. Жүрегiмдi тiлгiлеп намыс-пышақ, Қожайыннан көңiл сəл жасқанады. Ниет еттiм жаңа бiр бастаманы, Қызым үшiн өмiрiм басталады. Бiзбен кетсiн сұрықсыз кезбе тiрлiк, Алла жазса, ап берем баспананы. 1. МЕН КЕШЕ бойдақ өмiрдiң дəмiн таттым, БҮГIН менiң келедi жалын атқым.
Нұрлан Қалқа ЖƏНЕ қыздың қамын жеп, қолдағының, ЕРТЕҢ тура келедi бəрiн сатқым. 2. СЕН КЕШЕ қамсыз жүргенде кергiдi бой, БҮГIН бəлкiм оянып сергiдi ой. ЖƏНЕ ендi тiрлiктi ойлаған жөн, ЕРТЕҢ кештең болары белгiлi ғой. 3. ОЛ КЕШЕ көрдiк құрсақты кесетiндi, БҮГIН елес қиналыс неше түнгi. ЖƏНЕ саған бердiк тек шетел сүтiн, ЕРТЕҢ салмақ түспесiн неше түрлi. КЕШЕ iздеп дəрiнi төзiм күйген, БҮГIН ыстық «əкелепң, кезiң күлген. ЖƏНЕ бақыт болғаның бiлгiр маман, ЕРТЕҢ тапқын iсiңдi өзiң сүйген. КЕШЕ тулап жаттың-ау жөргегiңде, БҮГIН тимес табаның жерге мүлде. ЖƏНЕ ылғи көтерiп жүршi дейсiң, ЕРТЕҢ шыңға құлашты серме күнде.
Мизам шуақ КЕШЕ қуып жүрiппiн думан-тойды, БҮГIН басқан секiлдi тұман бойды. ЖƏНЕ саған бар жағдай жасап кетсем, ЕРТЕҢ кешпес үшiн мен сумаң ойды. КЕШЕ ойлап, тiрлiктi жөндегенде, БҮГIН үйге, болмас ек жерге кенде. ЖƏНЕ қызым, сын айтып жүрмес едiң, ЕРТЕҢ мендiк мейiрге шөлдегенде. КЕШЕ үркiп көрмеп ем тамұқтан да, БҮГIН безем нелiктен жан ұққан ба? ЖƏНЕ мен боп қалады жыр кiтабым, ЕРТЕҢ өмiр күрсiнтiп, қамыққанда. Алматы, 14.12.1996 жыл.
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ АУДАРМАЛАР
Мизам шуақ ЧАНГАНЬ ӘУЕНДЕРІ1 А. Гитовичтен I. Кез еді шашпау тақпаған, Ойнаушы ем шықпай қақпадан. Үзіп ап гүлдер бақшадан, Сүйсіндім, шырқап асқақ əн. Ағаш ат мінген «жігітім», Шабатын, қуып үмітін. Қонаққа кейде келетін, Қараөрік əкеп беретін. Чанганьдық сəби кезбе едік, Еңбектің мəнін сезбедік. Бала едік ұзақ ойнайтын, Ұрсысу деген болмайтын. 1 «Чанганьские мотивы», А. Гитович.
Нұрлан Қалқа II. Ол маған күйеу болған-ды, Он төртке жаңа толғам-ды. Адамға тікке қарау жоқ, Ұяттан бетім алаулап... Жүзімді бұрып əкеттім, Жасырып қара түнекке. Шақырса-дағы мың мəрте, Бармаппын сонда мен текке... Он бесте бояп қасымды, Күндерді үркек ұмыттым. Ойландым алғаш: бəрін де Бөліседі екем – шын ұқтым. Тілегің тұрар жадымда, Өзіңдей маған сүйеу боп. Тұруға тағдыр жібермес, Мұнара – шыңда біреу боп. Он алты жасқа толғанда, Сен ұзақ кеттің, мен қалып. Цюйтан сайы – тым қашық, Тулайды тасқын, шың – алып.
Мизам шуақ Янцзы дүлей – жеткізбес, Бесінші жұлдыз өтсе де. Қамыққан маймыл үнін сен, Естірсің мұңды текшеде. III. Қалмапты ізің аулада, Біраздан бері байқағам. Жап-жасыл балдыр жауыпты, Көрінер ме екен қайтадан? Жасыл мүк қалың қаулаған, Жасырған сенің ізіңді. Күзгі жел гулеп бақшада, Жапырақ біткен үзілді. Қамыққан Ай да тым солғын, Көбелек жарық қуалап. Жұптарын олар жазбайды, Сүйсініп тұрмын, жылап ап. Күз – көбелектей мен-дағы, Қалтырап жүрген пендемін. Баяғы балғын түрім жоқ, Бозарып өңім, семгемін.
Нұрлан Қалқа IV. Ерте ме, кеш пе, сеземін, Ораларсың сен Саньбадан. Келесің енді аздан соң, Басқаны тағдыр жазбаған. Алдыңнан шығам сол күні, Жаратқан ием жар болса. Жетермін ұзақ жол жүріп, Чанфынсаға жаяу, бар болсам.
Мизам шуақ СҮЙКІМДІСІҢ, ӨТЕ ЖАҚСЫ БІЛЕМІН Николай РУБЦОВТАН Сүйкімдісің, өте жақсы білемін, Ешқашан да саған жалған айтпадым. Неге екенін, жасырып мен жүремін, Сүйе алмадым деп айтуға батпадым. Жақсы көріп кеттім білем өзгені, Көп күндерде оған сеніп кеттім бе?! (Құлай сүйген сендік жүрек сезбеді...) Өптім сені...соны ойлаған екпінмен. ТАБИҒАТ ТУРАЛЫ Николай РУБЦОВТАН Егерде ағаш пен жел қосылып, Тоғайды бейне тербеген, Егерде ай астында жосылып, Алуан гүлдер шөлдеген, – Жоқ болып кетсе кенеттен, Орнында қалып пенделер, – Коммунизм орнай қалса, Өмір сүрмес ем мен деген!
Нұрлан Қалқа БІР ЖЫМИЫСЫМ БАР ЖАНЫМ Анна АХМАТОВАДАН Бір жымиысым бар жаным, Ернімде аққан күй-ғалам. Оны да саған арнадым, Махаббат маған сыйлаған. Бəрібір, дөкір бол мейлі, Басқаны-ақ сүй құмартып. Өзіме ғана сыңарсың, Сен деген ынтық өлмейді. Мизам шуақ АДАМ ӨЛГЕН КЕЗІНДЕ Анна АХМАТОВАДАН Адам өлген кезінде, Бейнесі-дағы өзгерер. Ерні де, басқа, көзі де, Күлкісі бөлек – көз көрер. Қайтқанда жерлеп ақынды, Байқағам бұны, өкінгем. Сол кезден əсте жақын-ды, Көкейге бұл ой бекінген. БЕСІНШІ БӨЛІМ БАЛАЛАРҒА БАЙҒАЗЫ Сүп-сүйкімді бөбегім, Сондай жақсы көремін. Сенсің менің байлығым, Сенсің менің өлеңім.
Мизам шуақ БАТЫР АТА ȃ БАУЫРЖАН Батыр ата – Бауыржан, Жеңілмеген жауынан. Қайсар, батыл, ақылды, Түлеп ұшқан ауылдан. Момышұлы Бауыржан, Ел деп жаны ауырған. – Отан үшін отқа түс, Күймейсің, – деп салды ұран. ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ ȃ АЗАМАТ Халық қаhарманы Азамат Жұмаділовке Ана көңілі алаң-ды, Өрттің түрі жаман-ды, Азамат еш тайсалмай, Алып шықты баланы. Қарамастан жалынға, Барған батыл қадамға. Ол Қаһарман атанды, Өмір сыйлап адамға.
Нұрлан Қалқа ǾЖАС ҰЛАНǿ МЕКТЕБІ «Жас ұлан» – жас сарбаз мектебі, Ел болып мақтаныш етеді. Шынығып, шымыр боп жас ұлан, Ел қорғар деңгейге жетеді. Төзетін сарбаздар шартына, Қалқан да болатын халқына. Жас ұлан сап түзеп барады, Үйренген əскердің салтына. САҒАДАТ АТА ȃ НАР ТҰЛҒА Халық қаhарманы Сағадат Нұрмағамбетовке Сағадат ата – нар тұлға, Мақтаныш болған халқына. Жас сарбаздарды даярлар, Мектеп бар батыр атында. Қаһарман, ардагер атамыз, Баршаға ісі мен аты аңыз. – Шіркін-ай, Сіздей болсақ! – деп, Қиялға кей кезде батамыз.
Мизам шуақ ҚОС ҒАРЫШКЕР Қазақ ғарышкерлері Тоқтар Əубəкіров пен Талғат Мұсабаевқа Шарлап шығып алысты, Тындырған көкте бар істі. Тоқтар – тұңғыш ғарышкер, Бағындырған ғарышты. Елдің даңқын асырған, Күллі əлем бас ұрған. Талғат – ол да ғарышкер, Бір туатын ғасырда. БАУЫРЖАНДАЙ БОЛАМЫЗ Батыр болып өсеміз, Қиындыққа төземіз. Елімізді қорғаймыз, Жауға кетпес есеміз. Қаһарман ғой ағамыз, Одан тəлім аламыз. Есейгенде біз-дағы, Бауыржандай боламыз.
Нұрлан Қалқа ӘЛИЯ ȃ МӘНШҮК Қазақтың батыр қыздары, Шығыстың қос шынары. Батыл іске əрдайым, Шақырып бізді тұрады. Əлия – Мəншүк – əніміз, Үлгі аламыз əлі біз. Ел қорғаны қашанда, Болсақ дейміз бəріміз. АЙДАНА Жұбанышым – Айданам, Күн нұрындай жайнаған. Сенің сəби күлкіңмен, Құлпырады айналам. Қуанышым – Айданам, Ақыл-ойы сай балам. Өз жолыңды тапқайсың, Мына өмірден қайнаған. Əулетімнің жалғасы, Əке жолын жалғашы.
Мизам шуақ Адам болып қалуға, Ғұмырыңды арнашы. ҚАЙРАТ Томпаңдаған Қайратым, Сенсің бізді бағатын. Тез есейіп келесің, Соққан сайын сағатым. Өзгеріпті қылығың, Еркелік қап бұрынғы. «Тəубе!» дедім мен іштей, Байқап жақсы қырыңды. МАДИЯРҒА Алла берген бақытым бір өзіңсің, Байлығымның бұлағысың, көзісің. Адам болдың, бір жасқа толып бүгін, Өсіп-өнгін, қиындыққа төзіп сен. Құтты болсын туған күнің, құлыным, Əжең үшін балдай тəтті қылығың. Нағашы атаң беріп жатыр батасын, Туған күнің – біздер үшін ұлы күн.
Нұрлан Қалқа НЕМЕРЕ Айшаға Немере келіп өмірге, Шаттық толды көңілге. Нұрланып Ай да қарайды, Жарқырап Жұлдыз көгімде. Қорыққан сəттер əлі есте, Жия алмай тұрмыз сəл есті. ...Ұмыттық бəрін бірдемде, Өмірге келіп нəресте. Ып-ыстық неткен немере, (Түр-түсі бізге келе ме?!.) Шын тілесең ұрпақты, ...Осылай Алла бере ме! Жүре ме мені «аталап», Жүрем бе күнде арқалап! Жанардан ыстық болар ма, Бойжеткен мені «ағалап». Балдай тəтті немерем, Қуанышқа кенеген.
Мизам шуақ Таудай болып, өсіп-өн, Ақ батамды берем мен! Астана, 14 маусым 2012 жыл. БОТАҚАНЫМ, ӨСІПǧӨН Сүп-сүйкімді бөбегім, Сондай жақсы көремін. Сенсің менің байлығым, Сенсің менің өлеңім. Атаң сенің ақын-ды, Əжең сенің ақылды. Бір Аллаға мың мадақ, Бізге сені тап қылды. Сен өмірге келгелі, Шаңыраққа енгелі, Туғаныңа қырық күн, Ана сүтін емгелі. Шашың алар апалар, Жуынуға ап барар. Иткөйлегің, ботақан, Бұйырғанға бақ қонар.
Нұрлан Қалқа Ботақаным, өсіп-өн, Жырым болсын – Бəсірең. Алла жазған маңдайға, Ортаймасын несібең. ҚАЗǧҚАЗ БАСҚАН СӘБИІМ Қаз-қаз басқан сəбиім, Қалай бүгін жай-күйің?! Неше қадам аттадың, Қуантып тұр қарқының. Қаз-қаз басқан бөбегім, Келші бермен, өбемін. Қаз-қаз басқан қалпыңда, «Арғымаққа» кел де мін. Тұсауыңды кесейік, – Жүгіріп кет! – десейік! ...Ешқашан да сүрінбе, Кеткеніңде есейіп.
Мизам шуақ АРУЖАНҒА Əйəй бөпе, Аружан, Ұнар көпке, Аружан. Ата-Əжең күн сайын, Беттен сүйер, Аружан. Күндей нұрлы бола ғой, Гүлдей өсіп, тола ғой. Өскен кезде, Аружан, Үлкен тілін ала ғой. АЙДАНАМ ȃ АЙБЫНЫМ Аппақ əлем, ақ уыз, аппақ гүлiм, Сен жүргенде таң күліп, атпақ күнiм. Еркелете бермеймiн күнде сенi, Артық етпес қойсам мен мақтап бүгiн. Бір Алладан өзіңді сұрағамын, (Жанарынан жас аққан бұл ағаңның). Қызыл шақа күйіңде көріп тұңғыш, Естен кетпес жуыстан «құлаған» күн. Тұма бұлақ, ақ қайнар, айдынымсың, Ата-бабам көмбесі – байлығымсың.
Нұрлан Қалқа Жаның таза болсыншы, қолың таза, Сонда ғана Айданам - айбынымсың. БІЗДІҢ ҚАЙРАТ Біздің Қайрат, Сондай əйбат. Мақтап қойсаң, Болар жайсаң. Айтсаң дерек, Ұғар, зерек. Сөзге тоқтар, Көзде от бар. Кітап алғыз, Досы нағыз. Сурет салар, Жанға жағар. Деме: бұзық, Дегей: сөз ұқ! Сонда Қайрат, Берер сайрап.
Мизам шуақ БЕС САУСАҚ Атам шақырып алды да, Отырғызды алдына. – Бес саусақтың атын бiл, Тоқып алғын жадыңа! Бас бармағың – ата-анаң, Үлкендерден бата алған. Аман жүрсе қалқайып, Қалмас елден, қатардан. Балаң үйрек – бауырың, Ақыл қосар қауымың. Қысылғанда болысып, Берер соңғы тауығын. Ортан терек – нағашың, Сол үйде өскен анашың. Қамқор болып жүреді, Еркелеп те аласың. Аты жоқ саусақ – достарың, Жақсы болса қостағын. Жаман мiнез көрсетсе, Қатарыңа қоспағын.
Нұрлан Қалқа Кiшi бөбек – бiлiмiң, Терең болсын iлiмiң. «Ұлық болсаң – кiшiк бол», Дей көрмегiн: iрiмiн. Бес саусағың – бақытың, Сонда балам, бар құтың. Бес саусағың бiрiксе, Текке кетпес уақытың. ҚАЗǧҚАЗ, БАЛАМ Қаз-қаз балам, қаз, балам, Қадамыңды жаз, балам. Қарыс сүйем аттасаң, Қуанамын, мəз болам. Сүрiнем деп қорықпа, (Қадам бастар жорыққа). Қойған кеше ақ əжең, Жақсылыққа жорып та. Мизам шуақ ӘЙБӘТ БАЛА Əйбəт бала, Болғын дана, Айдана. Қолға қара, Дұрыс сана, Айдана. Жақсы баға, Алар жазса, Айдана. Артта қалма, Салмақ салма, Айдана. Қалам сұра, Өлең құра, Айдана. Шатақ болма, Тұрма жолға, Айдана. Сырттай мақта, Досты сатпа,
Айдана. Жақ бол аққа, Кiнə тақпа, Айдана. Нұрлан Қалқа …Көзiм тасқа, Тiлден жасқа, Тiфə-тiфə, тiфə. БАҚЫТ ДЕГЕН НЕМЕНЕ? Оу, Айдана, Айдана, Шекердейiн қылығың. Жымиғаның жəй ғана, Маған бақыт құлыным. Кейбiр кезде бұртиып, Күй кешесiң өкпелi. Қаларсың тез «қылтиып», (Ол мiнезiң өтпелi). Қасымызда жүргенде, Айтқаныңнан таймайсың. Көңiлденiп күлгенде, Күн нұрындай жайнайсың.
Мизам шуақ ШАҒАЛА – Ау, Шағала, Шағала, Қадiрiңдi бағала. Күл-қоқысқа қарама, Өзен-көлдi арала, – Ау, Шағала, Шағала, Келе бермей қалаға. Алыстарға самға да, Мұхиттарды жағала. ҚАЙРАТТЫҢ ҚЫЛЫҚТАРЫ 1. Ǿ МЕН БОКСШЫ БОЛАМЫНǿ Чемпион болды Артаев, Олимпиадада топ жарып. – Мен де боксшы боламын! – Деп қалды балам жар салып. Сүйсіндім бұл талапқа, Іштей тұрмын қалап та. – Атың – Қайрат емес пе? – Лайық бол, балам, – сол атқа!
Нұрлан Қалқа 2. ǾҚАЗАҚША ҒОЙ СӨЗДЕРІǿ Қызық болды бір жолы, Автобус іші лық толы. Қайрат сөйлей бастады, Тыным таппай қос қолы. Қарт таңырқай қарады, Қызық көріп баланы: – Қазақша ғой сөздері, Маған жағып барады! 3. ǾЕКІ...ǿ Төрт жастағы Қайраттың, Қылықтары əйбəт тым. – Р-р!-ды айт! – деп бір күні, Өзімше бір сайраттым. – Р! – деші, – Р! – Др-р! – деші, – Др-р! – Жарайсың! Бір! – деуге енді қалайсың? – Біл!
Мизам шуақ – Біл емес, балам: Бір! – деші! – Екі! – деді ол қуланып, Амал жоқ, дедім: – алдайсың. 4. ǾКӨЗІҢ НЕГЕ КІШКЕНЕ?ǿ – Көке, ашшы көзіңді? Деп састырды өзімді. Шындап жауап қаттым мен, Еске ап бала кезімді. – Тыңда балам, сөзімді, Болғын мендей төзімді. Күндіз-түні оқумен, Кішірейткем көзімді. Нұрлан Қалқа ҚАЗАҚСТАН Қазақстан, Ғажапстан. Туған елiм, Азатстан. Қазақстан, Ғажапстан. Келiп жатыр, Қазақ тыстан. Қазақстан, Ғажапстан. Тəуелсiз ел, Азатстан. ЕЛОРДА Елордам менiң – Астана, Осында жаңа бастама. Сəулеттi зəулiм үйлер көп, Көрiктi сондай жас қала.
Мизам шуақ ЕСКЕРТКІШ Ескерткiшті көрдің бе, Көңіліңді бөлдің бе?! Қатар тұрған – Үш Би ғой, Мақтанышы елдің де. Кенесары – батырым, Абай ата – ақыным. Ағалардай ел үшін, Қызмет жаса, ақылдым. ТӘУЕЛСIЗДIК Тоқтар ұшты ғарышқа, Талғат жеттi табысқа. Бекзат алтын əкелдi, Күллi əлемдiк жарыста. Əнұраны, бар Туы, Елдiң даңқы артуы, Мұның бəрi, балақай – Тəуелсiздiк тартуы.
Нұрлан Қалқа ОТАНЫМНЫҢ ЖҮРЕГІ Астанам – бағым, баспанам, Қарыштап алға, бас қалам. Отанымның жүрегі, Елорда менің – Астанам. МЕКТЕП Кездерiмде есiрген, Бар қатемдi кешiрген. Алғыс айтам мектепке, Бiлiм берiп өсiрген. БАЛМҰЗДАҚ Үйімде жалғыз қап, Жеп алдым балмұздақ. Тамағым ауырды, Тұрғаным сəл мұздап. Сүттей балмұздақ, Бейне қар-мұздақ. Тағы жер едiм, Тiсiм тұр сыздап. Мизам шуақ АРǧҮНІМ Ұланы бол еліңнің, Өскен кезде жарығым. Ақта Отан сенімін, Сенсің менің ар-үнім. ӘЙБӘТ ǾПОЙЫЗǿ Трамвайға мiнгенде, Жылдамдата жүргенде, – Мынау əйбəт «пойыз!» – деп, Қуандым қызым күлгенге.
Нұрлан Қалқа МЕНIҢ IНIМ ȃ ҚАЙРАТ Менiң iнiм – Қайрат, Өзi сондай əйбат. Шыр айналып билер, – Əй-əй! – десең жайлап. Менiң iнiм – Қайрат, Қойсаң өзiн қайрап, Тоқтамас-ау сол сəт, Былдыр-былдыр сайрап. Мизам шуақ ǾБАЛДЫРҒАННЫҢǿ ДОСЫ «Балдырғанға» құмар бала, Деп ойлама Қосай ғана. Құмар əрбiр шығармаға, «Балдырғанмен» дос Айдана. Əрбiр күнi Ағасына, Ерте тұрып ертеңгiсiн, Оқытқызып анасына, Тыңдайды өлең, Ертегiсiн… Өздiгiнен бiр бетiн де, Шамасы жоқ оқуға əлi. Қарап сонсоң суретiне, Əңгiмелеп отырғаны. Бiледi əр құс, Əрбiр аңды, «Балдырғаннан» ашқаны мол. Түн болғанда «Балдырғанды» Ұйықтайды жастанып ол.
Нұрлан Қалқа МАЗМҰНЫ БІРІНШІ БӨЛІМ СЫРЫМДЫ АЙТАМ... Астанада ............................................................................................. 4 Армысың, Алатау .............................................................................. 4 Туған жер ........................................................................................... 5 Өкпелімін дей алмаймын... .............................................................. 5 Тəубе ................................................................................................... 7 Жаужүрек қазақпын .......................................................................... 7 Қу дүние ............................................................................................. 8 Сыр ..................................................................................................... 9 Мизам шуақ ..................................................................................... 10 Кеуер апа .......................................................................................... 10 Болшы аман ..................................................................................... 11 Анам ауырғанда ............................................................................... 12 Ат үркіп... ......................................................................................... 13 Қамықпа, көке ................................................................................. 13 Алтын дiңгек ................................................................................... 14 Алтын қазық .................................................................................... 15 Аман болғай... .................................................................................. 17 Сен үшiн ........................................................................................... 18 Гүл неге қызыл? .............................................................................. 18 «Сен мендiк ең, өзгерiп барасың ба?..» ........................................ 20 «Жақсы көріп қалғандаймын өзіңді...» ......................................... 20 «Қызғанғаным – сүйгенім деп ойлашы...» .................................... 21 «Қызғаныш кеп қапелімде талады...» ........................................... 21 Жылдар өтті... .................................................................................. 22 Қарыздармыз анаға ......................................................................... 23 «Алыстап сенен барамын...» .......................................................... 24 Бақыт туралы ода ............................................................................ 25
Мизам шуақ «Ұйқым келмейді...» ....................................................................... 27 «Қырық үш – есігіңді аштың бүгін...» .......................................... 28 Мұқағалидың мұңы ........................................................................ 29 Кел, жылым ...................................................................................... 31 Мұражай қызметкерлеріне ............................................................. 33 Ел ағасы ........................................................................................... 34 Сіздей жандар көп болса... ............................................................. 35 Асыл жан .......................................................................................... 36 Ана сағынышы ................................................................................ 37 Соңғы қоңырау ................................................................................ 38 Мектеп бітіруші түлектерге ........................................................... 39 Əке тілегі .......................................................................................... 41 Əке аманаты ..................................................................................... 42 Өмір деген – ұлы көш ..................................................................... 43 Жазылмасын жұптарың .................................................................. 44 Жол қалар ......................................................................................... 44 Бала ғашық ....................................................................................... 45 Сырдан ұшқан аққуым ................................................................... 46 Тарзан ............................................................................................... 47 Қулық тауым .................................................................................... 48 Ұзынбұлақ – ауылым ...................................................................... 49 Алла қорған болмаса ....................................................................... 49 Жетісу – алтын бесік ....................................................................... 50 Райымбек ұрпағы ............................................................................ 51 Ұзынбұлақ ....................................................................................... 52 Пенделік екен .................................................................................. 54 Беу, Бекежан... .................................................................................. 55 Ібілістің баланы азғыруы ............................................................... 56 Қапалымын ...................................................................................... 57 Сен екеуміз ...................................................................................... 58 Махаббаттың жауы ......................................................................... 59
Нұрлан Қалқа Өзіңді жоғалтқаным... ..................................................................... 60 Жарыңды сатпа ................................................................................ 60 Түсіме ендің... .................................................................................. 61 Сен ренжісең... ................................................................................ 62 Ие боп жүрмiн жырақтан ............................................................... 63 Түсің жылы... ................................................................................... 63 Сөксең де менi… ............................................................................. 64 Бал ашпаймын ................................................................................. 65 Жанарыммен сипадым .................................................................... 65 Əсемдiгiн сұрама ............................................................................. 66 Ауылды аңсау .................................................................................. 66 Ақ жүрек талмасын ......................................................................... 67 Əкем жайлы сыр .............................................................................. 68 Əкеме хат ......................................................................................... 69 Анама сыр ........................................................................................ 71 Ауылға бардым ................................................................................ 72 Кеткім келді ауылға... ..................................................................... 73 «Жырымды саған арнадым...» ....................................................... 73 Жанымның сен бір бөлшегі ........................................................... 74 Кешiр менi... .................................................................................... 75 «Жабырқау тартты көңiл жалғыз қалып...» .................................. 76 Келмедiң… ....................................................................................... 76 «Сенiм-соқыр, ашындырар сол ғана...» ........................................ 77 «Жас кезiңде ойна да күл, той тойла...» ........................................ 78 Бiр күндерi… ................................................................................... 78 «Мен жоқ жерде айтылса жайсыз сөздер...» ................................. 79 «Ойсыз, мұңсыз жүрген күнiм болмайды...» ................................ 80 Жалған-ай… .................................................................................... 80 О, Алла! ............................................................................................ 81 Жансаяға .......................................................................................... 82
Мизам шуақ ЕКІНШІ БӨЛІМ ӨМІР – КҮРЕС Шаңырағы білімнің ......................................................................... 84 Жаркенттік оқырманға .................................................................... 85 Бір досым бар .................................................................................. 87 Адам жаны – аманаты Алланың .................................................... 88 Сен ұқтырдың .................................................................................. 89 Қалғып кетіп мəңгіге... ................................................................... 90 Емтихан ғой бұл өмір ..................................................................... 91 Мінез ................................................................................................ 92 Алладан болғай шарапат ................................................................ 93 Алтыншы белес ............................................................................... 94 Үлкенісің əулеттің ........................................................................... 95 Жалаулыдан түлеп ұштың .............................................................. 96 Азаматсың тегің мықты... ............................................................... 97 Көңілің кəусар бұлақтай ................................................................. 98 Хантəңірінің қыраны ...................................................................... 99 «Қырыққа да кеп қалдың ба, құрдасым...» ................................. 100 Күндердің күні болғанда... ........................................................... 101 Отбасың – бақыт құсың ................................................................ 102 Қуатқа ............................................................................................. 103 Асының алтын сақасы .................................................................. 105 Досыма сыр .................................................................................... 106 ҮШІНШІ БӨЛІМ БАЛЛАДАЛАР Əлтай .............................................................................................. 108 Асыда ............................................................................................. 110 Ереуілтөбе ...................................................................................... 112 Жаза ................................................................................................ 114 Аққу-жүрек .................................................................................... 118
Нұрлан Қалқа Жаса елім ....................................................................................... 122 Ғасыр қаласы ................................................................................. 127 Асы жайлауында ........................................................................... 130 «Сарай-үйдiң» тұрғындары .......................................................... 139 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ АУДАРМАЛАР Чангань əуендері ........................................................................... 154 Сүйкімдісің, өте жақсы білемін ................................................... 158 Табиғат туралы .............................................................................. 158 Бір жымиысым бар жаным ........................................................... 159 Адам өлген кезінде ....................................................................... 160 БЕСІНШІ БӨЛІМ БАЛАЛАРҒА БАЙҒАЗЫ Батыр ата – Бауыржан ................................................................... 162 Халық қаһарманы – Азамат .......................................................... 162 «Жас ұлан» мектебі ....................................................................... 163 Сағадат ата – нар тұлға ................................................................. 163 Қос ғарышкер ................................................................................ 164 Бауыржандай боламыз .................................................................. 164 Əлия – Мəншүк ............................................................................. 165 Айдана ............................................................................................ 165 Қайрат ............................................................................................. 166 Мадиярға ........................................................................................ 166 Немере ............................................................................................ 167 Ботақаным, өсіп-өн ....................................................................... 168 Қаз-қаз басқан сəбиім ................................................................... 169 Аружанға ........................................................................................ 170 Айданам – айбыным ..................................................................... 170 Біздің Қайрат ................................................................................. 171
Мизам шуақ Бес саусақ ....................................................................................... 172 Қаз-қаз, балам ................................................................................ 173 Əйбəт бала ..................................................................................... 174 Бақыт деген немене? ..................................................................... 175 Шағала ............................................................................................ 176 Қайраттың қылықтары ................................................................. 176 Қазақстан ....................................................................................... 179 Елорда ............................................................................................ 179 Ескерткіш ....................................................................................... 180 Тəуелсiздiк ..................................................................................... 180 Отанымның жүрегі ....................................................................... 181 Мектеп ............................................................................................ 181 Балмұздақ ....................................................................................... 181 Ар-үнім ........................................................................................... 182 Əйбəт «пойыз» .............................................................................. 182 Менiң iнiм – Қайрат ...................................................................... 183 «Балдырғанның» досы .................................................................. 184
«ЖАҢА ЗАМАН ƏДЕБИЕТІ. ПОЭЗИЯ» сериясы Нұрлан Қалқа МИЗАМ ШУАҚ Редакторы Сəндібек Жұбаниязов Көркемдеуші редакторы Нұрлан Тазабеков Техникалық редакторы Зайра Бошанова Компьютерде беттеген Гүлмира Өтенова ИБ № 7276 Басуға 15.07.2013 қол қойылды. Қалыбы 84×1081/32. Қаріп түрі «Times New Roman». Офсетті басылым. Шартты баспа табағы 10,0. Баспа табағы 12. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № Қазақстан Республикасы «Жазушы» баспасы, 050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру